6
Бибісара – әлем чемпионы! Р Е С П У Б Л И К А Л Ы Қ А П Т А Л Ы Қ № 20 (167) 21 МАМЫР, СЕЙСЕНБІ 2013 жыл 2009 жылғы 30 желтоқсаннан шыға бастады E-mail: [email protected] Көлікте туып, көлікте көз жұмған... Ресейден 7 алтын, бір қола Жаңа ереже енгізілді Бапкерге білім де, білік те керек Саятшылық Париждегі қазақтың футбол командасы БОКС КҮРЕС ХОККЕЙ Қиыр ауылдағы қырағы бапкер Көгалдағы хокейден КСРО чемпионы және КСРО кубогының иегері, ауыл балаларын әлемдік жарыстарға бастап жүрген Сұлтан Қобыландин туралы толғау 2014 жылы өтетін хоккейден әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысатыны естеріңізде болар. Ал, кеше, яғни, 20 мамыр күні ел құрамасының топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды. А тобы: ШВЕЦИЯ, ЧЕХИЯ, КАНАДА, СЛОВАКИЯ, НОРВЕГИЯ, ДАНИЯ, ФРАНЦИЯ, ИТАЛИЯ. В тобы: ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ, ФИНЛЯНДИЯ, АҚШ, ШВЕЙЦАРИЯ, ГЕРМАНИЯ, ЛАТВИЯ, БЕЛАРУСЬ. Шахматтан әлем біріншілігі биыл грек шығанағындағы Халкидиде өткен. Оған қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, шахмат «тәжін» иеленді. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионаттарында үш рет үздік шықты. Бибісара Асаубаева 2010 жылдан бері Астана қаласында жаттығып келеді. Ол Х.Омаров атындағы шахмат клубының тәрбиеленушісі. Оның жеке жаттықтырушысы Азамат Әубәкіров жас қыздың талантына сүйсініп, мақтаныш етеді. «Бибісараның бұл алғашқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы үлкен. Өте еңбексүйгіш, жалықпай-талмай жасаған жаттығуының арқасында осындай биік мәртебеге ие болып жүр», – дейді жаттықтырушысы. Бибісара Асаубаеваның алтынынан басқа да мектеп оқушылары медалдар мен марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, шахматтан әлем біріншілігіне бірінші рет қатысқан Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын қолаға қол жеткізді. Ауылда жаттығып, Азияны мойындатқан Сұлтанның қыздар командасы. 17 елден 99 спортшы қатысқан бұл бәсекеде қазақстандық боксшылар 7 алтын, 1 қола алып, командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Атап айтсақ, Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Бақытжан Қожабеков (69 келі), Нұрдәулет Жарманов (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Антон Пинчук (91 кг) қола жүлде алды. Қазақстан командасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алдын ала іріктеу кезеңінен Біржан Жақыпов пен Ілияс Сүлейменов өте алмады. Нақтылай айтқанда, 18 мамырда Мәскеуде өткен ФИЛА конгресінде балуандарды жаңа жүйе бойынша бағалау, әйелдер арасындағы күрестің салмақ дәрежесінің санын көбейту, қазіргі екі минуттық үш кезеңнен тұратын жекпе-жек ұзақтығын енді үш минуттық екі кезеңге ауыстыру сияқты жаңа ережелер қабылданды. FILA президенті Ненад Лалович бұл өзгерістер күрестің Олимпиадалық ойындар санатында қалуына септеседі деген үміт білдіріп отыр. Десек те, күрес түрлерінің Олимпиада бағдарламасында қалу-қалмауы биылғы қыркүйекте Буэнос-Айресте өтетін жиында белгілі болмақ. Естеріңізде болса, 2013 жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиада Комитеті 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасынан күресті алып тастау туралы ұсыныс айтқан болатын. Ресейдің Хабаровск қаласында Кеңес Одағының Батыры Констан- тин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнир 19 мамырда мәресіне жетті. Халықаралық күрес федераци- ясы (FILA) спорттың аталмыш түрін Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру мақсатында қолданыстағы ереже- лерге кейбір өзгерістер енгізу туралы тоқтамға келді. Тоғыз жасар Бибісара Асаубаева шахматтан өткен әлем чемпионатында төртінші рет топ жарып отыр. СОЛ САҢЛАҚТАР ҚАЙДА ЕКЕН? Қарсыластар анықталды Жақында танымал спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлымен екеуара әңгіме тиегін ағытып отырып, тосын жаңалық естідім. «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде көгалдағы хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы бар». Таңданысымды жасыра алмадым: – Қалайша? – дедім. – Білдей бір елдің ұлттық құрамасы сонау қиырдағы һәм бар-жоғы 10 мың тұрғыны бар Тереңөзек кентінде қалайша болмақ?. Менің таңданысымды түсінген Қыдырбек мырза, ары қарай сөзін сабақтап: «Ол ауылда кезінде көгалдағы хоккейден атақты Эдуард Айрих баптаған КСРО-ның 19 дүркін чемпионы Алматының «Динамосында» ойнаған Сұлтан Қобыландин деген азамат бар. Сұлтекеңнің шәкірттері соңғы жылдары Қазақстан чемпионатын бет қаратпай ұтып жүр». Түсінікті. Содан жатып ойландым: біздің халық негізінен өте таланты жұрт, қарамайсыз ба, қиырда құм қауып жатқан, қарапайым ауылдан ұлттық құрама жасақтауға болады екен. Кезінде грек-рим күресінен еліміздің жастар құрамасының 70-80 пайызы, ұлттық құраманың 50 пайызы тек Үржар ауданынан екенін біліп бір таңданған едім. Бұның бәрі кездейсоқтық емес шығар, егер де бапкері келіссе, қазақтың әр ауылынан топырлатып таланттар туғызуға болады екен-ау... 5 3 4 6 6 Қазақстан ұлттық құрамасымен жолдастық матч өткізуді армандайды Құсбегілердің құсты қолға түсіру тәсілдері

Kazakh sporty

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Kazakh sporty

Citation preview

Page 1: Kazakh sporty

Бибісара – әлем чемпионы!

Р Е С П У Б Л И К А Л Ы Қ А П Т А Л Ы Қ№ 20 (167)21 МАМЫР, СЕЙСЕНБІ 2013 жыл

2 0 0 9 ж ы л ғ ы 3 0 ж е л т о қ с а н н а н ш ы ғ а б а с т а д ы

E-mail : kazakh_sporty@mail .ru

Көлікте туып, көлікте көз жұмған...

Ресейден 7 алтын, бір қола

Жаңа ереже енгізілдіБапкерге білім де,

білік те керек

Саятшылық

Париждегі қазақтың

футбол командасы

БОКС

КҮРЕС

ХОККЕЙ

Қиыр ауылдағы қырағы бапкерКөгалдағы хокейден КСРО чемпионы және КСРО кубогының иегері, ауыл балаларын

әлемдік жарыстарға бастап жүрген Сұлтан Қобыландин туралы толғау2014 жылы өтетін хоккейден әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысатыны естеріңізде болар. Ал, кеше, яғни, 20 мамыр күні ел құрамасының топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды.

А тобы:ШВЕЦИЯ, ЧЕХИЯ, КАНАДА, СЛОВАКИЯ, НОРВЕГИЯ, ДАНИЯ, ФРАНЦИЯ, ИТАЛИЯ.

В тобы:ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ, ФИНЛЯНДИЯ, АҚШ, ШВЕЙЦАРИЯ, ГЕРМАНИЯ, ЛАТВИЯ, БЕЛАРУСЬ.

Шахматтан әлем біріншілігі биыл грек шығанағындағы Халкидиде өткен. Оған қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, шахмат «тәжін» иеленді. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионаттарында үш рет үздік шықты.

Бибісара Асаубаева 2010 жылдан бері Астана қаласында жаттығып келеді. Ол Х.Омаров атындағы шахмат клубының тәрбиеленушісі. Оның жеке жаттықтырушысы Азамат Әубәкіров жас қыздың талантына сүйсініп, мақтаныш етеді.

«Бибісараның бұл алғашқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы үлкен. Өте еңбексүйгіш, жалықпай-талмай жасаған жаттығуының арқасында осындай биік мәртебеге ие болып жүр», – дейді жаттықтырушысы.

Бибісара Асаубаеваның алтынынан басқа да мектеп оқушылары медалдар мен марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ, шахматтан әлем біріншілігіне бірінші рет қатысқан Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын қолаға қол жеткізді.

Ауылда жаттығып, Азияны мойындатқан Сұлтанның қыздар командасы.

17 елден 99 спортшы қатысқан бұл бәсекеде қазақстандық боксшылар 7 алтын, 1 қола алып, командалық есепте бірінші орыннан көрінді.

Атап айтсақ, Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Бақытжан Қожабеков (69 келі), Нұрдәулет Жарманов (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Антон Пинчук (91 кг) қола жүлде алды.

Қазақстан командасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алдын ала іріктеу кезеңінен Біржан Жақыпов пен Ілияс Сүлейменов өте алмады.

Нақтылай айтқанда, 18 мамырда Мәскеуде өткен ФИЛА конгресінде балуандарды жаңа жүйе бойынша бағалау, әйелдер арасындағы күрестің салмақ дәрежесінің санын көбейту, қазіргі екі минуттық үш кезеңнен тұратын жекпе-жек ұзақтығын енді үш минуттық екі кезеңге ауыстыру сияқты жаңа ережелер қабылданды.

FILA президенті Ненад Лалович бұл өзгерістер күрестің Олимпиадалық ойындар санатында қалуына септеседі деген үміт білдіріп отыр.

Десек те, күрес түрлерінің Олимпиада бағдарламасында қалу-қалмауы биылғы қыркүйекте Буэнос-Айресте өтетін жиында белгілі болмақ.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиада Комитеті 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасынан күресті алып тастау туралы ұсыныс айтқан болатын.

Ресейдің Хабаровск қаласында Кеңес Одағының Батыры Констан-тин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнир 19 мамырда мәресіне жетті.

Халықаралық күрес федераци-ясы (FILA) спорттың аталмыш түрін Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру мақсатында қолданыстағы ереже-лерге кейбір өзгерістер енгізу туралы тоқтамға келді.

Тоғыз жасар Бибісара Асаубаева шахматтан өткен әлем чемпионатында төртінші рет топ жарып отыр.

СОЛ САҢЛАҚТАР ҚАЙДА ЕКЕН?

Қарсыластар анықталды

Жақында танымал спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлымен екеуара әңгіме тиегін ағытып отырып, тосын жаңалық естідім. «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде көгалдағы хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы бар». Таңданысымды жасыра алмадым: – Қалайша? – дедім. – Білдей бір елдің ұлттық құрамасы сонау қиырдағы һәм бар-жоғы 10 мың тұрғыны бар Тереңөзек кентінде қалайша болмақ?. Менің таңданысымды түсінген Қыдырбек мырза, ары қарай сөзін сабақтап: «Ол ауылда кезінде көгалдағы хоккейден атақты Эдуард Айрих баптаған КСРО-ның 19 дүркін чемпионы Алматының «Динамосында» ойнаған Сұлтан Қобыландин деген азамат бар. Сұлтекеңнің шәкірттері соңғы жылдары Қазақстан чемпионатын бет қаратпай ұтып жүр». Түсінікті.

Содан жатып ойландым: біздің халық негізінен өте таланты жұрт, қарамайсыз ба, қиырда құм қауып жатқан, қарапайым ауылдан ұлттық құрама жасақтауға болады екен. Кезінде грек-рим күресінен еліміздің жастар құрамасының 70-80 пайызы, ұлттық құраманың 50 пайызы тек Үржар ауданынан екенін біліп бір таңданған едім. Бұның бәрі кездейсоқтық емес шығар, егер де бапкері келіссе, қазақтың әр ауылынан топырлатып таланттар туғызуға болады екен-ау...

5

3

4

66Қазақстан ұлттық

құрамасымен жолдастық матч

өткізуді армандайды

Құсбегілердің құсты қолға түсіру

тәсілдері

Page 2: Kazakh sporty

ЖАРЫС КӨРІГІ - НАМЫС№ 20 (167) /21 МАМЫР / СЕЙСЕНБІ / 2013 ЖЫЛ

E-mail : kazakh_sporty@mail .ru

2

Нибали басты қарсыластарынан озып тұр

Форман мен Емельяненко Қазақстанға келуі мүмкін

*ВЕЛОСПОРТ

*ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕК

Нибали басты қарсыластары – Кадель Эвансты 1 минут 26 секундқа, Ригоберто Уранды 2 минут 46 секундқа, ал Микеле Скарпонидi 3 минут 53 секундқа артқа тастады.

Ал, «Vini Fantini» командасының велошабандозы Мауро Сантамброджио 14-кезеңнің жеңімпазы атанды.

«Ag2R La Mondiale» клубының велошабандозы Карлос Альберто Бетанкур үшiншi болып келдi.

Бұл туралы Vesti.kz порталына Alash Pride клубының директоры Асхат Ерболатов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы біз Президент кубогын «Сарыарқа» велотрегі алаңында өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған еліміздің үздік спортшыларын шығарамыз. Қазіргі уақытта оларға лайықты танымал қарсыластар іріктеудеміз. Сонымен қатар Федор Емельяненконың және атақты спортшы, аты аңызға

айналған боксшы Джордж Форманның өкілдерімен келіссөздер жүргізудеміз. Оларды құрметті қонақ ретінде шақырғымыз келеді», – деді ол.

Бастапқыда бұл турнир мамыр айының соңында өткізілуі тиіс еді. Кейіннен оның мерзімі шілде айына ауыстырылды. Ұйымдастырушылар мұндай қадамға жанкүйерлердің өтініші бойынша барып отырған көрінеді.

«Astana Pro Team» командасының капитаны Вин-ченцо Нибали «Джиро д Италия» көпкүндiгiнің 14-кезеңiнде мәре сызығын екінші болып кесті.

800-ден астам астам спортшы бақ сынамақ

СПАРТАКИАДА

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаменті директорының орынбасары Бекболат Байжановтың сөзіне сүйене сөйлесек, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған мүгедек жандар арасындағы IV республикалық спартакиадаға аймақтардан, Астана мен Алматы қалаларынан 16 құрама қатысуда. Жарыста 800-ден астам мүмкіндігі шектеулі қазақстандық спортшы бақ сынамақ. Бәсеке бағдарламасында спорттың 10 паралимпиадалық түрі қамтылған. Олар: жеңіл атлетика, би, үстел теннисі, волейбол, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, суда жүзу және оқпен ату.

Бұл бәсекеде Жамбыл облысының намысын 55 спортшы қорғамақ. Олар жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ және т.б. жарыстарда өз шеберліктерін паш етпек.

«Біздің жүзуден медаль алуға үміттіміз. Өйткені онда мүмкіндігі шектеулі жүзу шеберлерінің арасында бірінші саналатын Лондондағы IV Паралимпиада ойындарының қатысушысы Зүлфия Ғабидуллина өз өнерін көрсетеді», – дейді Жамбыл облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Жолдасбеков.

Жарыс қорытындысы бойынша жастар құрамасы және ұлттық паралимпиадалық команданың негізгі құрамы қалыптаспақ.

Тараз қаласында жалауы көтерілген жарыс 27 маусымға дейін жалғасатын болады.

Таразда спорттың паралимпиадалық түрлері бойынша республикалық бәсекенің жалауы көтерілді.

2013 жылдың шілдесінде ережесіз жекпе-жектен Астанада өтетін Прези-дент кубогы үшін сайысқа еліміздің мықты спортшылары қатысады әрі танымал шетелдік спортшылар қонақ болады деп күтілуде.

Ел құрамасының рейтингі өсіп келеді

*ФУТЗАЛ

Сонымен, әлемдік рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы үш сатыға жоғарылап, 32-орынға тұрақтады. Ал, еуропалық рейтингіде 17-орынға жайғасты.

Әлемдік алғашқы бестікке мына елдер кіреді: 1. Бразилия2. Испания3. Италия4. Ресей5. ПортугалияТМД және Балтық елдерінің әлемдік

рейтингтегі орындары:8. Украина13. Әзірбайжан22. Өзбекстан29. Беларусь32. Қазақстан37. Қырғызстан51. Грузия53. Латвия64. Тәжікстан68. Литва69. Молдова73. Түркіменстан77. Армения106. Эстония.

Шымкентте мергендер бас қосты

*СТЕНД АТУ

Бұл жарысқа Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен қатар Астана және Алматы қалаларынан 70-ке тарта жас спортшылар қатысуда.

Сайыскерлер арасында атын әлем білетін, жастар арасында рекорд шебері атанған Василий Стручаев сынды саңлақтар бар. Келер аптаның басында жеңімпаздар есімі белгілі болады. Жеңіс шыңына көтерілгендер республикалық құрамаға мүшелікке алынады. Сондай-ақ, тамыз айының 10-24 аралығында Қытайдың Нанжинг қаласында өтетін ІІ Жастар Азия ойындарына берілер жолдамаға ие болады.

«Элдорадо» спорттық кешенінде стенд атудан Қазақстан чемпиона-тында бақ сынаған мергендер әзірге өзара мықтыны анықтауда.

Футзалдан құрама командалардың кезекті рейтингісі жарияланды.

Ерекше өткен чемпионат

Әлем кубогынан қола медаль

Жайлауов «жылы орнын» суытпайды

*УШУ-САНЬДА*ЕСКЕК ЕСУ

*ХОККЕЙ

Биылғы біріншіліктің бірнеше ерекшеліктері бар. Ұйымдастырушылар тар залда спортшылардың тынысын тарылтпай, жекпе-жектерді ашық аспан астында өткізуді ұйғарыпты.

Біріншілік қорытындысында топ жарып, мықтылығымен мамандар көзіне іліккендер Ұлттық құрамаға алынды. Енді қазан айында Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтетін дүниежүзілік додада ел намысын қорғайды.

Сондықтан, бәсекелестік деңгейі аса жоғары. Тіпті, кей салмақтарда халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионаттарында жүлде алып жүрген жігіттер үздік үштіктен тыс қалды.

Тартысты өткен жекпе-жектер қорытындысында Ризайдин Райлин, Әділбек Жантілесов, Руслан Либеров сынды тегеурінді жігіттер өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Ал, биыл Ұлттық құрамаға қойылған басты міндет – екі жылда бір өтетін жаһандық жарыста табысты өнер көрсету.

Тілек Юсупов, ҚР Ушу-саньда федерациясының вице-президенті:

Осының алдындағы әлем чемпионатында командалық есепте үздік үштікке енген едік. Биыл да кем дегенде екі алтын алуды жоспарлап отырмыз. Күміс пен қола жүлдеден де үмітіміз бар.

Ескек есуден әлем кубогының екінші кезең қатысушыларын Чехияның Рачица қаласы қабылдады. Үш күн бойы 37 мемлекеттен келген 700-ге жуық спортшы ұзындығы 2350 метрді құрайтын ескек есу арнасында шеберлік байқасты.

Еліміздің атынан жарыс жолына шыққан 17 саңлақтың аянып қалғаны жоқ. Бірақ ел қоржынына алғашқы медаль жарыстың тек үшінші күн ғана түсті.

500 метр қашықтықта бақ сынасқан Оңтүстік Қазақстан облысының ескек есу мектебінің шәкірті Сергей Емельянов мәре сызығын үшінші болып кесті.

Екінші орынды Беларусь спортшысы Хараша Дзионис иеленсе, алтын медаль Чехиялық Фукса Мартипқа бұйырды.

Сергей Емельянов, ескек есуден әлем

кубогының қола жүлдегері:20 мамыр – туған күнім. Қола медальді жеңіп алып,

өзіме сыйлық жасадым. Бірақ бұдан да жақсы өнер көрсетемін деп жоспарлағанмын. Әзірге, үшінші орынға қанағат.

Ал, әйелдер арасында өнер көрсеткен жерлестеріміз Наталья Сереева мен Инна Клинова алғашқы ондықта.

Денис Жарменов, ескек есуден Қазақстан Ұлттық құрама командасының жетекшісі:

Еліміздің намысын қорғаған 17 спортшының 9-ы шешуші бәсекеге жолдама жеңіп алды. Бұл біз үшін жақсы нәтиже. Енді қазақстандық спортшылар осы Рачица ескек есу арнасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Шығыс Қазақстан облысының түлегі Талғат Жайлауов үлкен спорттағы алғашқы ойындарын 2002 жылы жергілікті «Казцинк-Торпедо» командасының құрамында өткізген. Ал, 2007 жылы «Барыс» командасына келді,

ҚХЛ-дың биылғы, яғни, 27-ші жазғы маусымында ол 52 матч өткізіп, 33 ұпай жинады. Сондай-ақ, Жайлауов 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жеңімпазы

Алматы облысында ушу-саньдадан Қазақстан чемпио-наты мәресіне жетті. Бұл ел біріншілігінде 16 өңірден келген 100-ден аса спортшысы бақ сына-сты.

500 метр қашықтықта бақ сынас-қан жерлесіміз Сергей Емельянов мәре сызығын үшінші болып кесті.

«Барыс» командасының ойыншысы Талғат Жайлауов осы ұжым сапында өнер көрсете бермек. Ол бұл командамен 2 жылға жаңадан келісім шартқа отырды.

Винокуров – құрметті докторҚҰРМЕТ

Атақты велошабандозға бұл ғылыми дәрежені Астанада өткен салтанатты шарада әлемге белгілі Еуропа университетінің президенті Дирк Крайен табыстады.

Бұл – кәсіпқой қазақстандық спортшыға бұйырған мерейлі мәртебе. Ал, осы шарадан кейін Александр Таразға аттанып кетті. Себебі, осы өлкеде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында төртінші спартакиаданың алауы тұтанды.

Александр – мұндай «Құрметті доктор» атағын Еуропалық университет тарихында

екінші рет алған велошабандоз. Бұл дәреже оған дейін аты аңызға айналған спортшы Эдди Меркске бұйырған.

Александр Винокуров, Олимпиада чемпионы:

Менің кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Еуропа университетінің «Құрметті докторы» атағын алу бақыты бұйырған мен үшін бұл зор мәртебе, мақтаныш. Бұл тек менің жетістігім ғана емес, жалпы отан алдындағы құрметім деп білемін. Бұдан былай осы атақты ақтауға, биік белестерден көрінуге күш саламын.

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров «Құқық саласындағы құрметті доктор» атанды.

Page 3: Kazakh sporty

БАПКЕРЛІК ДЕГЕН - БІР ҒЫЛЫМ№ 20 (167) /21 МАМЫР / СЕЙСЕНБІ / 2013 ЖЫЛ

E-mail : kazakh_sporty@mail .ru

3

Бапкерге білім де, білік те керек

Курс кім үшін керек?

– Волейбол бапкерлерінің курсы Қазақ елінде тұңғыш рет өтіп отыр, – деді Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев. – Осыдан екі жыл бұрын Халықаралық волейбол федерациясына (FIVB) жазбаша өтініш түсірген едік. Шындығын айтсам, осыған қолымыз әрең жетті. Соңғы кезде Иран, Тайланд, Түркия елдерінің волейболы қатты көтерілді. Өйткені, олар жыл сайын осындай курс өткізеді. Мұндай курстан өткен бапкерлер бар білгендерін балаларға үйретеді. Біздің жасөспірімдер, жастар құрамаларындағы ұлдар да, қыздар да Азия құрлығында өзіндік ойын өрнектері бар командалар. Бойлары да биік. Бірақ техникалық, тактикалық жағынан ақсап жатады. Қытай, Жапония, Корея құрамалары бұл жағынан бізден жоғары екені көзге ұрып тұрады.

Ал, курсты өткізудегі мақсат – балалар волейболы бапкерлерінің деңгейлерін көтеру. Кезінде еліміздің құрама командаларында ойнаған Елена Павлова, Инна Матвеева, Ирина Зайцева, Сергей Троцкий, Дмитрий Загородный, Дмитрий Воробьев, Наталья Кержаева, Людмила Перевертова, Игор Никольченко сияқты біраз мықты спортшылар осы курста жүр. Қазір олардың көпшілігі бапкер.

Осы жерде курсты өткізушілерге де тоқталған жөн. Курс директоры Петер Калны Чехословакия құрамасының бас бапкері болған танымал маман. Ал, түркиялық Неджат Санчак бұрын ел құрамасының бас бапкері болған. Осы екі маман 25 адамға екі апта

Алматыда волейболдан халықаралық бапкерлер курсы өтуде

Әлия Баткулина деген жас волейболшыға үлкен үмітпен қарап отыр сарытіс мамандар.

– 20 жыл бойы осындай курстар өткізіп келемін, – дейді Петер Калны. – Словакия, Австралия, Біріккен Араб Әмірлігі, Шри-Ланка, Барбадос, Мексика сияқты көптеген мемлекеттерде курстар өтті. Халықаралық волейбол федерациясының тапсырмасымен жыл сайын әр елге сапар шегемін. Бірақ менің негізгі жұмысым – бапкерлік. Бір кезде Чехословакия, Словакия, Австрия құрамаларының бас бапкері болдым. Көптеген клубтық командаларды тәрбиеледім. Сол клубтар Чехословакия, Словакия, Австрия чемпиондары болды. Ал, өзім волейболға он үш жасымда келдім. Чехословакия жастар құрама командасында ойнадым. Братислава денешынықтыру және спорт университетін бітіргеннен кейін жиырма бес жасымда бапкерлік қызметке ауыстым. Ал, ойыншы ретінде доп шығарушы болдым.

Петер Калны қазіргі әлемдік волейболда қорғанысқа ерекше көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Шабуыл мен қорғаныстың тепе-теңдігі арқылы доптың ойын сәтіндегі ұзақтығын сақтау, жанкүйер үшін волейболдағы ең тартымды кезең екенін жеткізді. Әрине, қазіргі дүлей шабуыл, доптың ғаламат жылдамдығы, сырғауылдай бойлы жігіттер көбейген заманда доптың жерге түспеу ұзақтығын сақтау оңай емес. Бірақ ондай сәтте қалың жанкүйердің бүкіл ішкі әлемі доппен бірге мың мәрте аунап түсіп жататыны даусыз.

– Мен қазір Алматыда өте ықыласты топпен жұмыс істеудемін – деді Петер Калны. – Курсты ұйымдастыру жоғары деңгейде.Тыңдаушы бапкерлер жұмысында жетістік болатынына сенемін. Ел федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев үлкен ұйымдастырушы. Қонақ үй жайлы, тамағымыз тоқ. Сондықтан жұмысымыз да жақсы жүруде. Барлық елде мұндай жақсы жағдай бола бермейді.

Жараған жүйріктей лыпып тұрған Калнының үлкен баласы да бапкер екен. Германия жасөспірімдер құрамасының бапкері.

Балдақты волейболшы

– Біз волейболшымыз, – деді бір кездегі Қазақ елі құрама командасының капитаны Елена Павлова. – Мұндай курс волейболшының, бапкердің кәсіби

деңгейін көтеру үшін өте керек. Ойыншы мен бапкердің ойын барысын көруі, сезінуі екі басқа. Мына мамандар өте пайдалы, қызықты мәліметтер беруде. Осы алған білімдерін, көкейге түйгендерін жас бапкерлер өздері тәрбиелеп жүрген балалардың бойларына сіңіреді. Бұл өте пайдалы курс. Ә дегеннен волейболға келген баланы дұрыс тәрбиелеу басты дүние. Әртүрлі жаттығулар, техника, тактиканың дұрыс жолдарын ертерек бойына сіңірген баладан жақсы ойыншы шығады. Мұндай курстың танымдық жағы да осында. Әрине, кейбір ойыншылар бар, кішкене кезінде ойын техникасын бапкері дұрыс үйретпеген. Бірақ жақсы ойыншы. Есейген кезде ол ойыншының қолтаңбасын өзгерту өте қиын.

Бапкер жұмысы өте ауыр еңбек. Мысалы, жарыс алдында қарсылас командаға қарсы белгілі бір тактика белгілейді. Ал ойын сәтінде ол тактика нәтиже бермейді. Қолма-қол басқа тактика ұстану керек. Сол кезде бапкер үзіліс алады. Шабуылға, немесе қорғанысқа өзгерту енгізеді. Кейде тығырықтан шығу үшін өзіміз бір шешімге келіп, тың әрекет жасаймыз.

Тағы бір айтарым, Азия волейболында жылдамдық басым. Мысалы, жапон қыздары көп командалармен бой таластыра алмайды. Бірақ сол кемшіліктің орнын жылдамдықтарымен толтырады. Жапондар керемет еңбекқор. Алаңға шыққанда жанып кетеді. Олардың еңбекқорлығына тек құрметпен қарау керек. Жапондардан кез келген уақытта тосын әрекет күтуге болады. Табан астында қан қақсатып кетуі мүмкін. Олар ойын тактикаларын аяқ астында өзгерте алады.

Елена Павлованың есімі волейбол жанкүйерлеріне кеңінен таныс. Қазақ елі қыздар құрамасының капитаны болған Павлова өзінің ойын шеберлігімен, топ бастаушы қабілетімен команданы талай биіктерге шығарды. Осы Елена біраз уақыт волейболдан қол үзіп кеткен еді. Жақында Вьетнамда клубтық командалар арасында Азия чемпионаты өтті. Сол жауапты жарыста «Жетісу» командасының намысын қорғау үшін талантты волейболшы Павлованы шақырған болатын. «Жетісу» тілеулестерін ду еткізіп құрлық додасында күміс медальға қол жеткізді. Бірақ Елена сол жарыста аяғынан ауыр жарақат алып қалды. Операция сәтті жасалды. Қазір шынтақ тіреуіші бар қос таяққа сүйеніп жүр. Аяғына арнайы қалып кигізілген. Жарақат алған аяқты сүйрете көтеріп, баяу қозғалады. Соған қарамастан курс

басталғалы үзбей қатысып келеді. Таңертеңнен түске дейін Балуан Шолақ спорт сарайындағы теориялық лекцияны тыңдайды, түстен кейін басқа ғимараттағы спорт залында тәжірибелік сабақтан ой қорытып, блокнотына қажетті мәліметтерді түртіп алып, сызбалар жасап отырғаны. Бұл – жүрегін волейболға арнаған жанкешті спортшыға ғана тән қасиет.

Көлеңкенің бес қызы да волейбол ойнайды

Қазақ елінің қалқанындай болып алып Ресеймен шекарада тұрған Орал қаласында Көлеңке Ғұбашев атты бапкер бар. Жоғарғы лигадағы «Грация» командасының бас бапкері. «Грация» ел біріншілігінде соңғы жылдары үшінші орыннан түспей келе жатқан команда. Осы курсқа сол Көлеңке бапкердің екі бірдей волейболшы қызы келіпті. Әсел мен Айнұр қазір облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер. Айтары бар мамандардан бірдеңе үйренсек, білсек, соны балғын шәкірттеріміздің бойына сіңірсек деген арманмен қиырдан қанаттарын талдырып жетіпті. Отбасындағы үшінші қыз Айна жоғарғы лигада ойнайды. Одан кейінгі Мира мен Диана да волейболдың соңында жүр.

Елдің шетіндегі, желдің өтіндегі сол Орал қаласында қазір де қаптаған шіркеу екен. Білетіндердің айтуларына қарағанда, Қазан төңкерісіне дейін қалада 17 шіркеу болған деседі. Атының өзі үрей тудыратын монастырь да бар. Бір емес, екеу. Еркектер мен әйелдерге арналған. Қазақ елінде мұндай пәле бар деп кім ойлаған?! Католиктер шіркеуі тағы бар. Сол сыңсыған шіркеулер арасында мұңды әуенінен күн тұтылған қос мешіт. Қазақы салт- дәстүрдің, имандылықтың қандай деңгейде екенін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Бірақ сондай қаланың өзінде сексеуілдей небір намысты жастардың қаулап өсіп келе жатқанын да айта кетейік.

Қазақ елі ұлттық құрамасының ең мықты ойыншыларының бірі Сана Жарылғасованы Ресейден алып келген де осы Көлеңке. Зарина Сейітқазина сияқты талантты волейболшы тәрбиелеп, азулы топқа қосқан да осы бапкер.

Түйін

Петер Калны мен Неджат Санчак сенбі күні теориялық лекцияда доп беру жылдамдығы мен дәлдігі, алаңдағы қимыл-қозғалыс сауаттылығы, нәтижелі ойын туралы көп деректер айтты. Мезгіл-мезгіл бейнематериалдармен ойларын тұздықтап отырды. Қабырғадағы доп үлкендігіндей нүктеге қос қолмен лақтыру арқылы дәлдікті шыңдау жаттығулары тартымдылығымен жұртты ұйытты. Соққан допқа тосқауыл қою (блок) техникасына да арнайы тоқталды.

Тосқауыл қою – нәтижелі шабуыл. Қорғаныс әрі қарсы шабуыл. Сәтті, ойлы тосқауылда ұпай олжалауға болады. Түстен кейінгі залда өткен тәжірибелік сағатта допқа тосқауыл қоюдың ұтымды сәттерін спортшыларды алаңға шығарып көрсетті. Тосқауыл кезіндегі қимыл-қозғалыс, сетка бойлай жүгіру кезіндегі спортшы аяқ алысының дұрыс-бұрыстығын дәлелдеді.

Мамырдың 15-де басталған игілікті шара 26-да аяқталады. Курсқа қатысушылар екі жетінің ішінде білікті мамандардан өздері білмейтін талай нәрсені үйреніп, бойларына сіңіретіндері даусыз. Мұндай курстар Қазақ елі волейболының көкжиегін кеңейтіп, білікті бапкерлердің өсіп шығуына мүмкіндік туғызады. Сауатты балғын волейболшылардың қаулап өсуіне ерекше ықпал жасайды. Білімді де білікті бапкер қашанда іштей буырқанып, булығып тұрған тұмадай таланттың көзін ашады.

/ Зейнел ЖЕКЕЙҰЛЫ / Алматы.

бойы үзіліссіз лекция оқиды. Түске дейін теориялық лекция, түстен кейін спорт залында практикалық сабақ. Курс халықаралық болғандықтан еліміздің ғана емес, сонымен қатар Түркия, Ресей, Иранның да бапкерлері қатысуда.

Келген мамандар курстың ұйымдастыру деңгейіне дән риза. Қазақ елі Волейбол федерациясы келесі жылы осындай курстың екінші деңгейін сұрамақ. Одан кейін ең жоғарғы үшінші кезеңді өткізуге де күш саламыз деп отыр. Бұл ел волейболының өсуіне зор ықпал жасауға тиіс. Курсқа қатысқан барлық мамандарға сертификат беріледі. Ол сертификатпен жастар құрамасында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Ал, үшінші дәрежедегі сертификатпен ұлттық құрама бапкері болып еңбек ете алады.

Бұл курсқа қатысушылар негізінен жоғарғы лига бапкерлері. Көбісі волейболшы балаларды тәрбиелеп жүр. Осы жерде біз еліміздегі сырттан келген бапкерлер, олардың біздегі үлес салмағы туралы айтқанымыз жөн шығар. Қазір еліміздің волейболына сырттан үйір-үйірімен бапкер шақыру дерті жоқ. Хромтау қаласына Ресейден, Павлодар ұжымына Беларусь елінен бас бапкерлер келіпті. Екеуі де ерлер командаларының бапкерлері. Ал, әйелдер командаларында жат жұрттың өкілі мүлдем жоқ.

– Біздің балалардың тактикалық, техникалық дайындықтары төмен, – дейді Сырлыбаев. – Сондықтан балалармен жұмыс істейтін бапкерлердің осындай курстан өткені өте пайдалы. Мысалы, біздің қыздар командасы Азия құрлығында бой жағынан Қытай волейболшыларынан кейін екінші орында. Жетіспей жатқаны ой ғана. Сонымен бірге, балалардың халықаралық жарыстардағы ойын тәжірибелері өте аз. Кейінгі үш жылда ғана «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры жақсы қолдау көрсете бастады. Соның арқасында Венгрия, Италия, Болгария, Ресей, Түркия елдерінде өткен жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.

Жалпы, еліміздегі волейбол ахуалына тоқталсақ, ұлттық құрама сапына ұмтылып тұрған 30 талапты да, талантты қыз бар екен. Осы 30 қыз үш топта жаттығады. Ал, ерлер құрамасындағы ойыншылардың орнын басатын спортшылар жоққа тән, 5-6 жігіт қана.

Жақында әйелдер ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады. Соған 1992-93 жылдары туған бес жас волейболшыны қосып отыр. Бойлары 1,85 метрден жоғары. Шығысқазақстандық

Халықаралық волейбол федерациясының курс директоры Петер Калны, нұсқаушы Неджат Санчак Қазақ елінің бапкерлерімен бірге.

Аса үлкен тартысқа үміттенбеген жанкүйерлерді ойынның алғашқы 5 минутында швейцариялық команданың қорғаушысы Роман Йосидің соққан шайбасы таң қалдырды.

Оған жауап ұзақ күттірген жоқ – швед Эрик Густафсон есепті теңестіріп, көп ұзамай швециялық команданың позициясын Хенрик Седин нығайтты.

Кейінгі үш шайба 10 минуттың ішінде соғылды. 48-ші, 56-шы, 57-ші минуттардағы Симон Яльмарссон, Луи Эрикссон және Хенрик Сединнің белсенділігі құраманы жеңіске жеткізді.

Матч аяқтала салысымен, шведтер алдын-ала дайындалған алтын шлемдерін киіп алды.

Қалай болғанда да, спорт мамандары әуелден-ақ Швейцарияны хоккей алпауыттарының тізімін «үлкен сегіздікке» дейін кеңейтетінін айтып отыр. Кезінде финндер оны «алтылық» етіп, словактар – «жетілік» қылған еді.

Швеция 1986 жылы Мәскеуде финалда КСРО құрамасын жеңгеннен бері чемпион болмаған еді.

Ал, Швейцария 60 жылдан бері чемпионат тарихында күміс медаль иеленбеген. Швейцария құрамасы финалға дейін тоғыз қарсыласын да ұтқан еді.

Қола жүлдені жартылай финалда Финляндияны 3-2 есебімен ұтқан АҚШ құрамасы иеленді.

«Манчестер Юнайтед», «Престон Норт Энд», «Реал Мадрид», «Милан» және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарында өнер көрсеткен 38 жастағы Бекхэм өзінің кәсіби спорттан кететінін 16 мамырда мәлімдеген болатын.

Әйгілі футболшыны үлкен спорттан шығарып салу рәсімінде Бекхэм көзіне жас алып, жанкүйерлері алдында толқыған көңілін жасыра алмады.

Аршавин Англия чемпионатының 2012/13 маусымында жеті ойын өткізіп, бірде-бір гол соға алмаған. Сол кезде британдық БАҚ Аршавиннің «Арсенал» құрамындағы дәурені біткенін айтып шуласқан болатын. Олардың айтқаны нақ келіпті. Өйткені, британдық клубқа дабыра атақ емес, нақты шебер ойыншы керек еді. Ал, Аршавин «Арсенал» басшыларының күткен үмітін ақтамады.

Аршавин «Арсенал» құрамында 2009 жылдан бері ойнаған. Енді оны бұл клубтан шығарып тастағаннан кейін желөкпе жігіт Ресей құрамасының сапына да ілікпей қалды. Ресей құрамасының бапкері Фабио Капелло Аршавинді Ресей құрамасының сапына алудан бас тартыпты.

Араға 27 жыл салып…

Бекхэм үлкен спорттан біржола кетпек

Аршавин «Арсеналмен» қош айтысты

Әлем чемпионатының шешуші кезеңінде Швеция құрамасы осы чемпионатта сенсация болған швейцариялықтарды жеңді. Швей-цария құрамасы турнирдегі 9 кездесуінің барлығын жеңіспен өткізгенімен, финалда оңбай сүрінді.

Францияның ПСЖ («Пари Сен-Жермен») клубының футболшы-лары мен жанкүйерлері кәсіби спорттан кеткен Дэвид Бекхэммен қоштасу шарасын өткізді.

Лондонның «Арсенал» клубы Ресейдің мақтаулы футболшы-сы Андрей Аршавинді өз сапынан шығарып тастады.

Петер Калны тәжірибе сабағын өткізуде.

ЖАҺАН ЖАРЫСТАРЫ

Page 4: Kazakh sporty

АСЫЛ МҰРА№ 20 (167) / 21 МАМЫР / СЕЙСЕНБІ / 2013 ЖЫЛ

E-mail : kazakh_sporty@mail .ru

4

Құсбегілер бүркітті «қолбала» және «түз бүркіт» деп екіге айырып атайды. «Қолбала» деп бала-пан кезінде ұядан алып, қолға үйреткен құсты ай-

тады. «Түз тағысы» немесе «түз бүркіт» деп, есейіп ұшып жүрген жерінен қолға түсірген құсты айтады.

Түз бүркітті бағындыру оңайға түспейді. Көк аспанда еркін самғап үйренген түз тағысы намыстан құсаланып өліп те кетеді. Өлмегеннің өзінде ашу шақырып, бағынбай отырып алады. Ондайда асау бүркітті бағындыру үшін құсбегілер ырғақ әдісін қолданады.

Оны ауызекі тілде бүркітті ырғаққа отырғызу деп атай-ды. Ол үшін арасы 2-3 метр болатын екі қазықша немесе діңгек орнатылады. Қазықша-діңгектердің арасына арқан тартып, жіптің тура бел ортасына ағаштан бүркіт отыра-тындай балдақ жасайды. Қолға үйретілетін бүркіттің ба-сына томаға кигізіліп, осы балдаққа отырғызылады.

Құсбегі бүркіт отырған балдақ ағашқа немесе көлденең тартылған арқанға қосымша жіп байлап, оны қозғап ырғайды. Ырғақ кезінде құлап қалмас үшін бүркіт балдақ ағашты қыса түседі. Қыса-қыса тегеуіріні шаршап, әбден қалжырайды. Одан кейін адамдар бірінен соң бірі кезектесіп ырғақты үзбей, тіпті екі-үш күнге дейін созады.

Ұйқысы қашып, қатты шаршаған бүркіт миы шайқалып құсады, ақырында есінен танып құлайды. Сол сәтте иесі, яғни, құсбегі оны өзінің шапанына орап қояды.

Ораулы шапанның ішінде есін жиған түз тағысы сол сәттен бастап өзінің бұрынғы еркін өмірін толық есінен шығарып, ұмытады. Анадан жаңа туғандай күй кешеді. Бойына шапанның иісі сіңіп, бұдан былай сол иістің иесіне мәңгілікке бағынышты күйге түседі.

Міне, бұл қазақтардың түз тағысын бағындыру үшін ой-лап тапқан көптеген әдістерінің бірі.

Ырғаққа отырғызу

Ертеде, яғни, 1253-1255 жылдары қазіргі қазақ даласын көктей өтіп, шығысқа сапар шеккен еуропалық сяахатшы Гильом де Рубруктің күнделік жазбасында: «Көшпенділер бүркіт, сұңқар сияқты аңшы құстарды көп ұстайды. Оларды қолдарына отырғызып аң аулайды» десе, итальяндық жиһанкез Марко Поло: «Ұлы ханның (Құбылайды айтады) Баян және Минган атты ағайынды бектері бар. Халық оларды «Құсбегі» деп атайды. Себебі, олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегі мен аңшы басқарады. Минган басқарған 10 мың адам қызыл түсті киім киіп, Баян бастаған 10 мың адам көк түсті киім киіп, ханмен бірге саятқа шығады. 10 мыңдықтың 2 мыңы аңшы иттерді жетектеп жүреді. Екіге бөлінген аңшы-құсшылар күншілік жерден шеңбер жасап аң-құстарды қыспаққа түсіреді. Дәл осы сәтті көру керемет тамаша әсер береді» дейді.

Жоғарыдағы деректерге назар аударсақ, біздің ата-

бабаларымыз өте ерте кезден бастап саятшылық құрған. Көптеген этнограф зерттеушілер саятшылық Орта Азияда пайда болып, кейін әлемнің басқа жерлеріне тараған дейді. Оған дәлел ретінде: археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған және біздің дәуірімізден көп бұрын жасалған аң-құс стиліндегі жәдігерлерді алға тартады. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан жеріндегі «Шілікті» қорғанынан: басы артына қайырылған, шеңгелі мен көзі перуза тастармен көркемделген 36 дана бүркіт тәрізді құстың құйма қапсырмасы табылды. Сол сияқты, Өскемен қаласының маңынан табылған Құрық қорғанынан (б.д.д ІV-ІІ ғ.ғ) мәйітпен бірге жерленген төрт бүркіттің қаңқасы шықса, «Алтын адамның» (Есік қорғанынан табылған) бас киіміндегі құс бейнелі стилдер біздің жеріміздегі саятшылықтың тамыры тым тереңде жатқанын аңғартса керек. ХVІ ғасырдың соңында қабылданған һәм Қазақ хандығының басқару жүйесін реформалаған атақты «Жеті жарғыда»: «Аңшы құсты өлтірген адам олардың иесіне бір құл немесе күңнің құнын төлесін» деген бап бар.

Құсбегілердің құсты қолға түсіру тәсілдері

Қазақ бүркітті құстың төресі деп әспеттеген. Оны қолға түсірудің сан қилы айла-тәсілдерін білген. Атап айтқанда: киіз үйдің керегесіне салмағы жеңіл адамды таңып-байлап, оған арқан тағып биік құзда орналасқан бүркіттің ұясына төбеден салбыратып түсіру арқылы балапанын алу, тор құру арқылы түз бүркітті ұстау, тояттаған бүркітті атпен бастырмалатып қуып ұстау,

Саятшылық

қақпан немесе тұзақ құрып қолға түсіру, жемтұзақ құру, сусоқты құсты қуып ұстау, қолбала мен түз бүркітті шеңгелдестіріп ұстау, шырақ жағып немесе жаба тоқып ұстау сияқты көптеген әдіс-тәсілдер бар.

Ұядан балапан алу. Бұл ең көп тараған әдіс. Оның бір түрі жоғарыда айтқанымыздай керегеге адамды таңып ұяға түсіру арқылы іске асады. Екіншісі, құс ұя салған аумақтың ыңғайына қарай арқанмен адам түсіріп, балапан алуға да болады. Ол үшін желсіз тымық күн таңдалады, әрі өте епті адам ұяға түседі. Арқан байлап түскенде оның төменгі ұшындағы адам айналып кетпес үшін қолына қысқа бақан ұстатып қояды. Ұяға түсуші адам балапанды орап құндақтап алып шығады. Қазақ ұядан алынған құсты «Қолбала» деп атайды.

Ұядағы балапанды үркітіп ұстау. Бұл тәсілді қолдану үшін балапанның қанаты қарайып, марқайған кезін күту керек. Сол сәтте төбеден арқанға байлап, балапанды шошытып-үркітетін заттар түсіреді. Ол көбінесе салдырлаған ыдыс-аяқ, жеңіл темір-терсек болып келеді. Темір-терсектің салдыр-күлдірінен үріккен балапан ұядан құлап ұшады. Оны етекте, яғни төменде күтіп тұрған адамдар ұстап құндақтап алады. Егер де балапан тым жас болса, сол маңдағы адам аяғы жетерлік биікке жаңадан ұя салып, балапанды аяғынан арқандап тастап қояды. Ұябасар анасы балапанын тауып асырай береді. Балапан қара қанаттанған тұста ен салып, иелік еткен адам алып кетеді.

Мұндай жағдайда құсбегілер балапанды қанаты қарайғанға дейін маңында күзетіп қонып жүреді.

Шырақ жағып ұстау. Ол үшін айсыз қараңғы түнде қонағында ұйықтап отырған түз бүркітке аса ептілікпен дыбыс шығармай таяп келіп, қолдағы ұзын сырықтың ұшына өткір шырақ жағып ұйқылы бүркіттің көзіне ұстайды. Бүркіт есін жия алмай отырып қалған сәтте мойнына құрық салып ұстап алады.

Тор құру әдісі. Бұл өте кең таралған тәсіл және тор құрудың көптеген түрлері бар. Тор аспандағы құсқа айқын көрінетін ашық, ұрымтал жерге құрылады. Торға бүркіттің көзіне түсе бермейтіндей берік әрі жіңішке жіп таңдап алынады. Тордың көлемі: биіктігі – 1-2 құлаш, шеңберленген түрде диаметрі – 10-15 құлаш болады. Ішіне тірі аң-құсты байлап қояды. Тәжірибелі құсбегілер көбінде құзғынды тордың ішіне байлайды. Себебі, құзғын бүркіттің ұясына түсіп, жұмырқасын тесіп, сарыуызын ішіп кететіндіктен екеуі бір-біріне өте өш келеді. Әрі құзғын аштыққа шыдамды, ұзақ уақыт байлауы күйінде тұра береді. Сонау биіктен жердегі құзғынды көрген бүркіт шүйіледі, сол кезде құзғын жанұшыра далпылдап тордың ішінде қашады. Құзғынды шүймекке төніп келген бүркіт торға шырмалып ұсталады. Торға шымалған бүркітті жазып алу үшін де ептілік қажет. Оның қанат-құйрығын сындырып алмай, өте еппен қимылдаған дұрыс. Сондай-ақ, бүркіт пен үкі бір-біріне өш болғандықтан торға үкіні байлайтын құсбегілер де кездеседі.

Қақпан құрып ұстау. Ұсақ аңдарға (суыр, түлкі, тараққұйрық т.б.) арналған қақпанның серіппесін бостау етіп, (қыранның аяғын қиып кетпес үшін) қандыаузына жұмсақ зат (киіз, мата) орап, биік жерге құрады да, қақпанның маңына жем тастап, қасына сарша, қыранқара, кезқұйрық сияқты бүркіт тектес құстарды байлап қояды. Ол құстардың алдындағы жемді жұлмалап жеп отырғанын сонау биіктен көзі шалған бүркіт іркілмей келіп жемге (қақпанға) түседі. Кейбір жағдайда құсбегілер түз бүркіттің жеп отырған жемін көрсе оны үркітіп жіберіп, жоғарыдағыдай қақпан құрып кетеді. Тастап қашқан олжасына қайта оралған бүркіт қақпанға түседі. Бұл тәсілді құсбегілер «жемтік айыру» деп атайды.

Бүркітті тояттатып ұстау. Кәнігі құсбегілер бүркіт жиі көрінетін аумаққа арнайы жемтік тастайды. Жемтікті тастау үшін де жердің ыңғайы таңдап алынады. Бір жағы жазық, келесі жағы өрлеуіт болуы керек. Аш бүркіт жемтікке түсіп, әбден тойған кезде ұшқыр жүйрік атты әзірлеп дайын отырған құсбегі еңіс жақтан келіп, тұра ұмтылады. Тояттаған құс өрлеуіт жаққа қарай ұша алмай қанаты далпылдап жер бауырлап қашады. Сол кезде қуып жетіп ұсап алады. Сол сияқты кейбір бүркітшілер далаға кесек-кесек ет тастап, оның ішіне жұмыр тас нығап қояды. Етті көрген бүркіт көктен шүйіп келіп, жағалай қылғытады. Тас толы ет құстың асқазанын керіп ұша алмай қалады. Кәнігі құсбегілер құсты ұстап алған соң, ішіндегі тасты әдіс қолданып қайтадан құстырып тастайды.

Жем тұзақ құру. Өлген малдың ойынды еттін сылып алып, оны жіңішке жіппен орап домалақтайды. Жіптің бір ұшын қазыққа байлап тастайды. Аш бүркіт алыстан келіп домалақ етті жұтып жібереді. Асқазанға түскен жұмыр еттің қазыққа байланған түбі бүркітті ұшырмай ұстап қалады.

Жаба тоқып ұстау. Бұл тәсілді жазық өлкенің құсбегілері көп жасайды. Өйткені, бүркіт жазық жерге қона бермейді, сол себептен құсбегілер дала бүркіт көп жүретін аумаққа биік оба (тас үйіп) тұрғызады. Оған бүркіт міндетті түрде келіп қонады. Сол обаның қасына киізден үйшік тәрізді жаба жасап, ішіне қоян немесе түлкінің күшігін бос қояды. Оны көрген бүркіт жабаның ашық төбесінен түсіп аңды ұстайды. Сол сәтте арнайы жіптер босап, жаба құстың үстіне құлап, басып қалады.

Шеңгелдестіріп ұстау. Түз бүркіті көрінген кезде қолға әбден үйренген қолбала бүркіттің шеңгеліне түспейтіндей етіп жем байлап, қатар ұшырады. Қолбала өзінің тектесімен жұптасып ұшу үшін қасына барды. Сол кезде түзде жүрген аш бүркіттің көзі қолбаланың аяғындағы жемге түседі. Екі құс шеңгелдесіп бірін-бірі сүйреп жерге қонады. Сол сәтті аңдып отырған құсбегілер түз бүркітті ұстап алады.

Шалғысын қырқып атып ұстау. Бұл өте-мөте мерген адамның қолынан келетін шаруа. Мерген жақын маңына қонған түз бүркітті аңдып отырып, оқпен шалғысын қырқып атады. Кенеттен шалғысы қырқылған құс бастапқыда ұша алмай қалады. Сөйтіп қолға түседі. Құстың шалғысы кешікпей жетіліп кетеді.

/ Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ /

Түз тағысы бүркітті қолына қондырып, оны өзіне құлақкесті бағындырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алды-рып, саятшылық құратын ғаламда қазақтан басқа халық жоқ. Көк аспанның тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.

№ 1

Егерде құйрық шыбығындағы ноқат белгілері қызғылтым болса, қызыл тарлан дейді. Бұл – қыран бүркіттің сипаты. «Тарлан салған тарықпас» деген сөз осыдан қалған.

Осал бүркіттердің жүні қарға жүнді, өлгек болады. Бүркітті құсбегілер мекеніне қарап ой бүркіті, қыр бүркіті, құз бүркіті деп атайды. Құз бүркіті мелжемді кесек тұлғалы болады. Оның екі иығындағы ақ теңбіл белгісіне қарап, ақиық, ақсеңгір деп әспеттейді.

Ой бүркіті мен құз бүркітінің ерекшелігі олар ықшам, жинақы бітімді келеді. Бұларды сипатына қарап: мұзбалақ, төртперен, төртсары деп атайды. Бүркіттің ұрғашысы алғыр келетіндіктен оны қыран дейді, ал, еркегін шәулі немесе сарша деп атайды. Еркек бүркіт денесі шағын, қуаты әлсіз, нашар болады.

Бүркіттің сипаты

Бүркіттің ана жасына (төрт жасқа) толғанға дейін құйрық пен қанатының астында ағы болады. Бес жасқа болғанда ағы жоғалады. «Бүркіт қартайса қараяды, адам қартайса ағарады» деген сөз осы-дан қалса керек. Жас бүркіттің құйрық шыбығында шашыранды қара ноқат белгілер болса, оны қара тарлан немесе жай тарлан деп атайды. Одан қыран шықпайды.

Page 5: Kazakh sporty

«Тараз»: Нұрмұхамедов, Диакате, Томич, Курту (Заречный, 80), Лечич (Эссомба, 46), Одита, Бауыржан, Әмірханов, Сергиенко (Д.Евстигнеев, 90), Н.Нестеренко, Айтбаев.

«ЖЕТІСУ» (Талдықорған) - «ТОБЫЛ» (Қостанай) – 1:4

Гол: Богданов, 3 (0:1), Юнузович, 22 (1:1), Жұмасқалиев, 40 (1:2), Бугаёв, 84 (1:3), Бугаёв, 90+4, с пенальти (1:4)«Жетісу»: Цирин, С.Сариев, Климавичюс, Эр-гашев, Даутов, Джалович, Коробов (Саломов, 77), Скорых, Юнузович, Аверченко (Мужиков, 66), Щёткин (Перич, 46);«Тобыл»: Бекбаев, Кургулин, Джоннес, То-нев, Волков, Богданов, Шливич (Қуантаев, 70), Красич, Әбішев (Сүлей, 66), Жұмасқалиев (Малышев, 89), Бугаёв.

«ЕРТІС» (Павлодар) - «ҚАЙРАТ» (Алма-ты) – 2:1

Гол: Струков, 23 (1:0), Байжанов, 77 (1:1), Говедарица, 90+3 (2:1)«Ертіс»: Котляр, Чичулин, Юрин, Говедарица, Кучера, Чучман (Чернышов, 85), Халмуратов, Мухутдинов, Бақаев, Струков (Шабалин, 72), Дәулетханов (Аллаяров, 90+1);«Қайрат»: Рихард, Гурман, Михалик, Кисли-цын, Кейлер, Гетериев, Сақалбаев (Дафф, 82), Шестаков (Т.Байжанов, 62), Кнежевич, Не-дашковский (Аддо, 90+2), Сисей.

«АҚТӨБЕ» (Ақтөбе) - «ОРДАБАСЫ» (Шымкент) – 1:0

Гол: Логвиненко, 23;«Ақтөбе»: Сидельников, Бадло, Мулдаров, Харабара, Мирошниченко, Праймас, Гридин (Лисенков, 72), Кенжисариев (Тағыберген, 90+2), Логвиненко, Ковальчук (Арзуманян, 90), Кападзе;«Ордабасы»: Отарбаев, Мвесигва, Мұхтаров, П.Алиев, Нұрғалиев, Карпович (Касьянов, 75), Әшірбеков (Бабатунде, 63), Гуйе, Қожабаев (Лёвин, 46), Бейсенов, Арури.

«ШАХТЕР» (Қарағанды) - «ВОСТОК» (Өскемен) – 2:0

Гол: Тарасов, 12 (1:0), Каньяс, 81 (2:0)«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Тарасов, Васи-льевич, Порываев, Каньяс, Вичюс, М.Байжанов (Вишняков, 73), Лунин (Мұртазаев, 80), Фи-нонченко, Тәжімбетов (Жанқылышбай, 85);«Восток»: Р.Нестеренко, Нұрлыбаев, Молту-синов, Әбу Бакір, Мур (Соболев, 56), Кос-тюк, Сонья, Санчес, Удалов (Досмағамбетов, 76), Оразбахтин, Ньянг (Әлиев, 46).

Турнир кестесі№ Команда О Ұ Т Ж Д-А Ұп.1 Ақтөбе 11 7 3 1 14-5 242 Астана 11 7 2 2 20-13 233 Шахтер 11 5 2 4 13-13 174 Ертіс 11 4 4 3 10-8 165 Қайрат 11 4 3 4 15-13 156 Тараз 11 3 4 4 11-13 137 Атырау 11 3 4 4 5-13 138 Восток 11 3 3 5 6-10 129 Ордабасы 11 2 5 4 7-10 1110 Тобыл 11 2 4 5 15-14 1011 Ақжайық 11 3 4 4 18-14 7*12 Жетісу 11 1 6 4 8-16 6**Дауларды шешу палатасының шешімімен «Ақжайықтың» - 6, «Жетісудың» 3 ұпайы кеміді.

Мергендер: 1. Игорь Зенькович («Ақжайық») – 7 гол;2. Мамоду Сиссей («Қайрат»), Олег Не-

дашковский («Қайрат»), Мануэль Курто («Та-раз»), Игорь Бугаев («Тобыл») – 4 доптан.

12-турдың ойындары 22 мамыр күні өтеді.

«Ақжайық» - «Тараз»; «Тобыл» - «Аты-рау»; «Қайрат» - «Астана»;

«Ордабасы» - «Жетісу»; «Восток» - «Ертіс»; «Шахтер» - «Ақтөбе».

Ел біріншілігінде ең көп гол соққан 5 фут-болшы:

Олег Литвиненко – 147 гол;Нұрбол Жұмасқалиев – 145 гол; Нүркен Мәзбаев – 142 гол;Мұрат Тілешев – 136 гол;Андрей Мирошниченко – 115 гол.Нұрбол Жұмасқалиев премьер-лига ой-

ындарынан бөлек, Қазақстан кубогында – 3 гол, ұлттық құрамада – 6 гол, еурокубоктық жарыстарда 7 гол соққан. Барлығы – 161 гол.

Дайындаған / Едіге ОРАЗБЕКҰЛЫ /

Бас редактор Амангелді Қияс

Бас редактордың орынбасарыЗейнел Жекейұлы

Жауапты хатшыЖолдыбай Базаров

Газетті есепке қою туралы № 10557-Г куәлікті 2009 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген.

Астана қаласы, Ә. Жангелдин көшесі, 12, 5-пәтер.Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 77, 4-қабат.

E-mail: [email protected]Таралымы 11 365 данаТапсырыс № 731

Көлемі 3 баспа табақ

Байланыс телефондары: 32-22-49 (Астана); 296-12-27 (Алматы).

«Жарыс.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің компьютерорталығында теріліп, беттелді.

Газеттің құрылтайшысы: «Жарыс.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газет аптасына бір рет, сейсенбі күні шығады. Автордың пікірі редакция

көзқарасын білдірмейді.

Қолжазбалар авторға қайтарылмайды.

Газет «Алматы-Болашақ» АҚ-да басылды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, С. Мұқанов, 223 «в»

Мекен-жайымыз:

Бекен ҚайратұлышолушыНұралы Мұхтарұлытілші

ЗАМАНЫНАН ОЗЫП ТУҒАН

ӨМІР-ДОДА№ 20 (167) /21 МАМЫР / СЕЙСЕНБІ / 2013 ЖЫЛ

E-mail : kazakh_sporty@mail .ru

5

Көлікте туып, көлікте көз жұмған...

Сұрмерген Жұмасқалиев

Мәскеу қаласы. Түн. 1948 жылдың қаңтар айы. Орталық көшені бойлап «Волга» көлігі жанұшыра зулап келеді. Машинаның ішінде толғақ қысқан жас әйел еріксіз бебеулейді. Соғыстың салдарынан әлі толық арылмаған олпы-солпы қирандының кесірінен дөңгелегі тұсалған машина лықсып кеп тағы бір тұйыққа тірелді. Сол сәтте волганың ішінде шыр еткен сәбидің үні естілді. Сөйтіп, жарқ дүниеге сәби келді. Бұл нәресте анау-мынау емес болашақ спорт жұлдызы, атақты хоккейші – Олимпиаданың екі, әлемнің сегіз дүркін чемпио-ны, Еуропа кубогының 11 мәрте иегері, КСРО-ның 11 ретжеңімпазы Валерий Харламов болатын.

Валерийдің әкесі Борис Сергеевич 1930 жылы 12 жасында Испаниядан КСРО еліне қоныс аударған болатын.

Анасының аты – Арибе Орбат Херман. Ол күйеуі Сергеймен бірге қаладағы «Коммунар» өндіріс орнында еңбек ететін. Жас отбасы сәбилеріне ырымдап, атақты ұшқыш Валерий Чкаловтай болсын деп атын «Валерий» қояды. Бірақ, сәби аурудан көз ашпады, тым нәзік еді. Қит етсе, жөтел қысып, өкпесі алқынып, тынысы тарылатын. Тіпті дәрігерлер «мына баланың болашағы бұлыңғыр...» дегенді ашық айтатын.

Қайран әке жеті жастағы әлсіз ұлын шынықтырмаққа жас балалардың хоккей үйірмесіне жетектеп алып барады. Бірақ ол қателекен жоқ еді. Кенже туған тоқтының қозысындай сүйкімді ұл бір аптаның ішінде мұздың үстінде сырғанауды үйренді. Баланың лып-лып еткен икемді қозғалысына сүйсіне көз тастаған ЦСКА-ның жөсөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Борис Кулагин, «мына баладан бірдеме шығуы әбден мүмкін, әттең денесі тым кішкентай...» ақыры ұзақ ойланып, өзінің қарамағына қабылдайды.

Арада азғана жыл өткенде сүйкімді Валерий бапкердің көңілінен шықты. Борис Кулагин оның қолынан жетектеп, аға бапкер Анатолий Тарасовтың алдына алып барады. – Мына бала, – дейді Борис Павлович. – Болашақ хоккейдің жұлдызы болады, қазірден бастап ұлттық құраманың дайындық сапына қабылдасақ қайтеді. Анатолий Владирмирович жеткіншектің тұла бойына ұзақ қарап, «денесі тым кішкентай екен, үлкен хоккейші шыға қоймас...» деп басын шайқайды.

Қысқасы, Кулагин бапкер шәкіртінің үмітін үзбейін деген оймен оны екінші лигада өнер көрсетіп жүрген Свердловск әскери округының «Звезда» командасының сапына қабылдатады. Бұл – 1966 жылы болатын. Харламов әскерилердің сапына бара салып, алғашқы маусым ойындарында қарсыластар қақпасына 34 шайба соғып, команданың тарихында болмаған рекорд жасайды. Әскери команданың бапкері В.Альфер мырза, қолма-қол Кулагинге телефон соғып, «Борис Павлович, сіз маған кімді жібергенсіз, келе салып қырып барады. Мынауың ЦСКА-ның негізі құрамында ойнайтын жігіт екен...».

Сүйінші хабарды естіген Кулагин ұшаққа билет алып, әдейі барып Харламовтың ойынын тамашалайды. Қайран қалады. Харламов сылқылдатып шайбаны соққанда, Кулагинның бүйрегі бүлкілдеп, көзіне мөлдіреп жас үйіріледі. Шапқан күйі бас бапкер Тарасовқа барады. Бірақ бас бапкер бұны «кездейсоқтыққа» санап, құрамаға маңайлатпайды. Кулагин де қадалып қалмайды.

Ақыры, 1967 жылдың соңында 19 жасар Харламов ЦСКА-ның негізі құрамына қабылданады. Осылай туған қаласы Мәскеуге қайта табан тіреген жігіт 1968 жылы ЦСКА-ның КСРО чемпионы болуына атсалысады. Әлемдік хоккей спорты тарихында Михайлов-Петров-Харламов үштігі дәл осы жылы пайда болады.

Арада үш жыл өткенде Харламовтың атағы аспандап шыға келді. 1971 жылғы

КСРО чемпионатында бір өзі 40 шайба соғып рекорд жасады. 1972 жылы КСРО құрамасы Олимпиада жеңімпазы болған сәтте Харламов тоғыз шайба салып, «үздік шабуылшы» атағына ие болды. Осы жылы американдықтармен болған ойында айырықша шеберлік танытқаны үшін Торонто қаласындағы атақты «Хоккей музейіне» еуропалықтар ішінен тұңғыш рет Харламовтың есімі мәңгілік тақтасына жазылды.

1975 жылдың шуақты бір күні Харламов 19 жасар Ирина Смирнова дейтін көркем бикешпен танысады. Жас қыз оны «такси жүргізушісі» болар деп жорамалдайды. Онымен қоймай жас жігіт бикешті «ОО-17 ММБ» сериялы волга машинасына отырғызып үйіне жеткізіп салады. Ирина анасына такси жүргізушімен танысқанын айтады. Бірде «таксиші» Ирина мен анасын Үлкен театрға шақырады. Елдің бәрі «таксишіге» сәлем беріп құрмет көрсетуі Ирина мен анасына бір түрлі қызық көрінеді. Анасы айтады: «қызым мынау таксиші емес шығар, зерттеу керек екен, бір гәп бар». Олар кешікпей «таксишінің» атақты хоккейші екенін біледі. Ирина мен Валерий отау құрып, 1976 жылы тұңғыш ұлы Александр туады.

Осы жылы (1976) Харламов әйелімен бірге «8-Март» мерекесін тойлап келе жатып, машинасымен апатқа ұшырайды. Хоккейшінің аяғы, қолы, қабырғасы сынады, басы ауыр жарақаттанады. Спорт сүйер қауым, «Харламовтың дәуірі тәмәм» деген жорамалға көшеді. Бірақ жеті айдан кейін

В. Харламовтың жұлдызды жылдары • 1962 жылы «ЦСКА»-ның хоккей клубына тіркелді.• 1968 жылы наурызда алғаш рет КСРО чемпионы атанды.• 1968 жылы күзде әлемге аты әйгілі үштік (Харламов-Михайлов-Петров) қалыптасып, 1-4 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен халықаралық турнирде алғашқы ойын өрнегін көрсетті. • 1968 жылы 6 желтоқсанда Кеңес Одағының негізгі құрамасына қабылданды. • 1969 жылдың 19 қаңтарында негізгі құрамада ойын көрсетіп алғашқы шайбасын енгізді. Кешікпей 30 қаңтарда Канадамен ойында қос шайба енгізіп дубль жасады.• 1969 жылы 15-наурызда әлем чемпионы атанды.• 1969 жылы қыркүйекте Еуропа кубогын жеңіп алды. • 1972 жылы ақпан айында алғаш рет Олимпиадаға қатысып, Финляндия хоккейшілерімен болған алғашқы сайыста хет-трик жасады.• 1972 жылы 13 ақпанда Олимпиада жеңімпазы атанды. • 1972 жылы мамыр айында Харламов 42 ұпаймен (26+16) КСРО-ның ең үздік шабу-ылшысы атанды. • 1973 жылы желтоқсан айында Харламов КСРО-дағы ең үздік 10 спортшының бірі атанды. • 1974 жылы желтоқсанда ең үздік 10 спортшының бірі ретінде екінші қайта есімі аталды. • 1976 жылы 14 ақпандағы Олимпиадада КСРО құрамасы Чехословакиямен өткізген шешуші айқаста (4:3) жеңіс шайбасын Харламов орындап, екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды.• 1979 жылы 27 сәуірде сегізінші рет әлем чемпионы болды. • 1980 жылы 23 ақпанда Олимпиаданың күміс жүлдегері болды.• 1981 жылы мамырда 11-ші рет КСРО чемпионы атанды.• 1981 жылы 9 тамызда 11-ші рет Еуропа кубогын жеңіп алды.• 1981 жылы 18 тамызда КСРО құрамасындағы соңғы ойыны Хельсинки қаласында Финдермен өткізді. Құрамада болған 13 жыл ішінде қарсыластар қақпасына 193 шайба енгізген.

чемпионы атағын қайталып қорғайды. Бірақ 1980 жылы Лейк-Плесиде өткен қысқы Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болады. 1981 жылы Харламов хоккеймен қоштасатыны жайлы мәлімет таратады. Бұған бапкерлермен ара қатынасының оңалмауы әсер етсе керек. Әйтпегенде, оның шеберлігінде шәк жоқ еді. 1981 жылы NHL командалары арасында өтетін ойынға Харламовты бапкерлер қатыстырмай тастайды. Ол өзінің командалас достарын әуежайдан шығарып салып, қол бұлғап қала береді.

Содан жаны жай таппай әйелі мен ұлын ертіп, қаланың шет жағында орналасқан туысқандарына тартады. Қызы Бегонита туысқандарының үйінде еді. Ертеңінде, яғни, 27 тамыз күні Валерий таңмен таласа тұрып, әйелін және туысқаны Сергейді машинаға отырғызып қалаға қарай жолға шығады. Таңғы сағат 7.00-де 74-ші шақырымда Харламовтар мінген көлік ауыр жүк машинасымен соқтығысып, нәтижесінде атақты хоккейші Валерий Харламов, әйелі Ирина, туысқаны Сергей үшеуіде жан тәсілім етеді. Көліктің ішінде туған азамат, көліктің ішінде көз жұмды.

Жуықта танымал режиссер Николай Лебедов әйгілі хоккейші В.Харламовтың өмірі жайлы «17-нөмірдің аңызы» атты фильм түсірді. Кино азғана уақытта 7,6 миллион доллар пайда тауып үлгерді. Соған қарағанда, аты аңызға айналған азаматты көрермендер әлі ұмыта қоймаған екен.

/ Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ /

Харламов аттай тулап қайта оралады. 1977 жылы ЦСКА-ның құрамында жетінші рет КСРО чемпионы атанады. 1978 жылы қызы Бегонита дүниеге келеді.

ЦСКА-ның бас бапкері болып В.Тихонов келген соң екеуара келіспеушілік туындай бастайды. Сөйте тұра Харламов 1978, 1979 жылдары Еуропа, әлем, КСРО

Өткен аптада ел футболы елеулі оқиғаларға толы болды. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан құрамасының бұрынғы ой-ыншысы, «Тобыл» командасының ка-питаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің ел біріншілігіндегі 145-ші голына көрімдік сұрады. Қазақстан футболы тарихында ең көп гол соққан марқұм Олег Литвиненко десек, сол Литвиненконың көрсеткішіне «Тобылдың» капитаны біртабан жақындай түсті. Кезінде «Елімай», «Тараз», «Қайрат» клубтарының намысын қорғаған Олег Лит-виненко 147 голдың авторы атанған. Енді Нұрболға Қазақстаның ең мерген футбол-шысы атану үшін үш гол соқса жеткілікті.

Өткен аптада Талдықорғанның «Жетісу» клубына қонаққа барған Нұрболдың коман-дасы алаң иелерін 4:1 есебімен ойсырата жеңіп қайтты. Нұрбол ойынның 40-мину-тында мергендік танытты. Ел біріншілігін тәп-тәуір бастаған талдықорғандық аяқдопшылардың қарқыны тур өткен сайын бәсеңдеп барады. Онсыз да ойындарының мәні кете бастаған «Жетісу» командасы өткен аптада басшысыз қалды. Клубтың баспасөз орталығының берген мәліметіне сүйенсек, клуб президенті Бақыт Онланбекұлы өз еркімен отставкаға кетіпті. Жаңа қожайынның есімі алдағы уақытта белгілі болады.

Астанаға қонаққа келген «Тараз» клу-бы керісінше, өткен аптада бас бапкерін жұмыстан қоя берді. Әлемдегі ең тәжірибелі мамандардың бірінен саналған сербиялық Любомир Петрович аяқ астынан қызметімен қош айтысты. Бас бапкер мұндайды күтпесе керек. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген сербиялық маман өзін не себепті жұмыстан босатқанын түсіндіре алмады. Қысқасы, Петровичтің бұрынғы командасына өкпесі қара қазандай.

Павлодарда Алматының «Қайратын» қабылдаған «Ертіс» футболшылары қонақтардан 2:1 есебімен басым түсті. Керекуліктер 10-турда «Тобылмен» тең ой-нап, турнир кестесінің белортасына орнала-сып еді, бұл жолы Талғат Байсуфинов бап-тайтын команда үш ұпайды қоржындарына салып, турнир кестесінің 4-сатысына көтерілді. Дегенмен, бұл ойында «Қайрат» бапкері Владимир Вайсс төрешілерге көңілі толмағанын жеткізді. Ойынның 53-мину-тында Александр Гаузер «Ертіс» қақпасына 11 метрлік айып добын белгілеген еді, алайда бас төреші өз шешімін дер кезінде өзгертіп, алаң иелерінің қақпасын аман алып қалды. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Владмир Вайсс бас төрешінің қылығын сынға алып, мұндай жағдайды бұрын-соңды көрмегенін айтты. Жалпы, соңғы кездері Владимир Вайсс футбол федерациясының басшыларына қатты-қатты сын айтып жүр. Словак маманының Қазақстанда енді қанша жүретінін уақыт көрсетеді.

11-турдың нәтижелері«АҚЖАЙЫҚ» (Орал) – «АТЫРАУ» (Аты-

рау) – 4:0Гол: Хлебоун, 16 (1:0), Черны, 54 (2:0),

Зенькович, 62 (3:0), Забродин, 81 (4:0) «Ақжайық»: С.Покатилов, Омаров, Воротни-ков, Хлебоун, Любимкин (Әбдірахманов, 81), Зотов, Шевцов, Черны (Коструб, 75), Саджо (Забродин, 69), А.Мальцев, Зенькович;

«Атырау»: Бойченко, Чуреев, Овшинов, Пахолюк (Антуан-Кюрье, 64), Самченко, Нұрыбеков, Миланкович, Фомин, Дарабаев, Пейкришвили (А.Родионов, 76), Тәтішев (Ма-ров, 68).

«АСТАНА» (Астана) - «ТАРАЗ» (Тараз) – 3:1Гол: Кетевоама, 23 (1:0), Конысбаев, 33

(2:0), Кетевоама, 43 (3:0), Бауыржан, 72 (3:1) «Астана»: Эрич, Киров, Дмитренко, Зелау, Бейсебеков, Нұрдәулетов, Коробкин (Оста-пенко, 16), Қонысбаев, Шахметов, Кетевоама (Қуат, 75), Нөсербаев (Кояшевич, 56);

ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ

Қазақстан премьер-лигасында соққан голдарының санын 145-ке жеткізді

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-тур ойын-дары өтіп, футболшылар бірінші айналымды аяқтады. Бұл турдың орталық кездесулерінің бірінен саналған «Астана» мен «Тараз» командалары арасындағы ойында елордалық команда жеңіске жетті – 3:1.

Page 6: Kazakh sporty

Осылайша, ой жетегінде жүргенде кенет Тереңөзекке барып-қайтуға жол түсе қалмасы бар ма?! Оның өзінде ұшақпан емес, кәдімгі қара жермен. Сөйтіп Астанадан аттандық. Жолай: Қарағанды - Балқаш - Шу - Меркі - Жамбыл - Тұраркент - Шымкент - Түркістан - Қызылорданы көктей өтіп, тура мамырдың 1 күні сағат түскі 12.00-де Тереңөзекке ат басын тіредік.

Ауылдың шетіне тұяқ іліктерген соң, Сұлтан ағамызға хабар салдық. Телефонның арғы жағынан құлаққа жағымды жылы-жұмсақ дауыс: «Төтесінен жүріп, келе беріңіздер, мен ойын алаңында жасөспірімдерді жаттықтырып жатырмын...». Түсінікті. Бүгін ел көлемінде демалыс, яғни, 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні. Күллі Қазақия «халықтар достығын» тойлап, үйлерінде шалқалап жатса, мына біздің Сұлтан ағамыз ақ тер- көк тер болып доп қуған балалармен бірге далада жүр. Бұл тегін адам болмады.

Сонымен, Сұлтакең нұсқаған бағытқа қарай машинаның басын бұрдық. Қарсы алдымызда көгалдағы хоккей ойнауға арналған ат шаптырым алаң. Алаң толы шыпырлаған жас бала. Қолдарында имек таяғы бар емпең-емпең етіп, аққу құстың жұмыртқасындай ақ допты қуып жүр...

Жеңіл көлікпен сырғып келіп тоқтаған бізге қарай бірнеше адам беттеп келеді. Топтың басында: күнге тотығып әбден сіңірленген қоңырқой жүзді, жасы ұлғайса да жанарының ұшқыны от шашқан, бет әлпетінен арайлы жылы шуақ ескен, ықшам денелі, әбден піскен даланың торы тобылғысындай мық та нық, аяқ алысы құмда жосылған киіктің серкесіндей ширақ жігіт ағасы келе жатты. Мен: «Іздеп келген Сұлтан көкем сен боларсың» деп сәлемімді дайындап, қарсы жүрдім.

– Ассалаумағалейкум!– Уағалейкумассалам!Ойдан-қырдан құралған қазақтар

жамырай амандасып жатырмыз. Түйсік шіркін алдамаған екен, ақ серкедей алшаң басқан көкем мен іздеген Сұлтан болып шықты. Көкемнің көзінде, «сонау итарқасы қияндағы Астанадан ат арылтып, бізді іздеп келіп жүрген мына жігіт не спортқа жанкүйер біреу немесе ел кезіп қаңғыған көп сорлының бірі болар...» деген ойлы ұшқын жылт еткендей сезілді маған. Оған қарап жатқан мен жоқ сәлемнің артын сұраққа айналдырып жібердім:

– Сұлтеке, ісіңіз ілгері болсын, көгалдағы хоккейден ел құрамасы осында дейді, сіздердің қал-ахуалдарыңызбен танысуға келіп қалған жайымыз бар.

– Рахмет. Әрине, көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионатында сырдариялықтар жеңіс тұғырын ешкімге берген емес. Республика бойынша 7 команда бар. Сырдария ерлер командасы ел біріншіліктерінде жақсы өнер көрсетіп, ересектер арасында 6 дүркін Қазақстан чемпионы атанды және 2 дүркін ҚР кубогын ұтып алды. Құрамада шеттен алынған бір адам жоқ. Тек өзіміздің ауылдың ұл-қыздары.

– Басқа командаларда легионерлер ойнай ма?

– Мысалы, Талдықорғанда Алматы облысының командасы бар. Онда Ресей, Өзбекстаннан келген легионерлер ойнайды.

– Халықаралақ жарыстарға қатысып жүрсіздер ме?

– Өткен жылы Тайланд елінде өткен Азия кубогына Сырдария ерлер командасын алып бардым. Біздің ауданның командасы кубокқа қатысқан

Қиыр ауылдағы қырағы бапкер

СОЛ САҢЛАҚТАР ҚАЙДА ЕКЕН?№ 20 (167) /21 МАМЫР / СЕЙСЕНБІ / 2013 ЖЫЛ

E-mail : kazakh_sporty@mail .ru

6

АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫН

Көгалдағы хокейден КСРО чемпионы және КСРО кубогының иегері, ауыл балаларын әлемдік жарыстарға бастап жүрген Сұлтан Қобыландин туралы толғау

Қазақстан ұлттық құрамасымен жолдастық матч өткізуді армандайды

– «Париж Қазақспор» қазір қай лигада ойнауда?– 6-шы лигадамыз. Бірақ, қазір 1-ші орында келеміз, 5-ші лигаға шығу

мүмкіндігіміз жоғары. – Білуімше Франция кәсіпқой лигаларының ең төменгісі CFA лигасы,

оған шығу үшін әлі қанша лига ұтуларыңыз керек?– Оған дейін әлі 3 лига.– Командада кәсіпқой лицензиясы бар ойыншылар бар ма?– Әзірге жоқ. Өйткені Францияда ондай лицензия алу оңай емес. Бірақ, мен

кезінде Софьян Фегулимен (Валенсия және Алжир құрамасының ойыншы-сы) бірге ойнадым және онымен бала кезімізден доспыз. Сондай танымал ойыншылармен бірге ойнаған ойыншыларымыз көп.

– Команданың мақсаты қандай? Жоғары деңгейге жету ме, әлде жәй бас қосу немесе спортпен айналысу ма сіздердікі?

– Әрине, жоғары деңгейге шыққымыз келеді, біздің ойыншыларымыз шы-нымен де қабілетті ойыншылар. Кәсіби деңгейге жете алатын ойыншылар баршылық. Мысалы, өткен жылы күзде «ПСЖ»-ның 3-ші командасымен 2:2 есебімен тең ойнадық.

– Командада қазақтардан басқа қай ұлт өкілдері ойнайды?– «Париж Қазақспор» клубында 2 команда бар. Қос команда да әуесқойлар

лигасында және Париж Түркілер Лигасында ойнайды. Барлығы – 60 футбол-шымыз бар, олардың 50-і қазақ, 10-ы басқа ұлттан.

– Францияда басқа командаларда ойнайтын қазақтар бар ма?– Жоқ, тек біздің командада қазақтар.– Қазақстанда ойнағысы келетін жігіттер бар ма?– Францияда жаңа айтқанымдай кәсіпқой деңгейге жету қиын. Егер ойын-

шыларым Қазақстаннан шақырту алса, бұл олар үшін жақсы мүмкіндік болар еді. Ондай шақыртулардан қашпас едік.

– Шақырту алу үшін алдымен өздерін көрсетулері керек қой? Егер сіздерді біздің командалар жолдастық кездесуге шақырса келер ме едіңіздер?

– Біз Қазақстанның ұлттық құрамасымен ойнағымыз келеді. Осы сұхбат арқылы ҚР Футбол федерациясына сәлем жолдаймыз. Біз өзімізді көрсеткіміз келеді, сондай-ақ, ата-бабаларымыздың мекендеген жерлерін бір көрсек деп армандаймыз. Футболдың әлемдік жұлдыздары Платини мен Зиданның елінде өскен жас таланттарды бауырларымызға танытып, ұлттық құрамамен жолдастық матч ойнайтын күнді асыға тосып жүрміз.

/ Аршат ОРАЗ /

азулы тоғыз команданың ішінен жетінші болып ойынды қорытындылады. Өзіңіз білесіз, көгалдағы хоккей ойыны Азия құрлығында жақсы дамыған. Мысалы, Үнді хоккейшілері бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы болса, пәкістандықтар 1984 жылы Лос-Анжелес олимпиадасында топ жарған және 1990 жылы әлем біріншілігін бағындырған жетістіктері бар. Ал, малайлықтар аталмыш ойын түрін корольдік кубок деңгейіне көтерген жайы бар. Осындай азулы командалармен жата-жастана айқасып тәжірибе жинақтап қайттық.

– Оқу-жаттығу жиындарын қайда өткізесіздер?

– Осында өткіземіз. Соңғы жылдары облыс спортына Садық Мұстафаев басшы болып келгелі жағдайымыз жақсару үстінде, өткен жылы спортшыларымыз Малайзияға оқу-жаттығу жиынына барып, әрі көгалдағы хоккейдің қыр-сырымен танысып, мамандық сертификатын алып келді.

– Мына әп-әдемі ойын алаңы бұрыннан бар ма еді?

– Мұндай корт, яғни, ойын алаңы Қазақстанның еш жерінде жоқ. Біздің балалардың жетістігіне орай облыс басшылары салып берді.

– Бұл корт әлемдік стандартқа сай ма?

– Сай. Жалпы ойын өрнегін: көгалдағы хоккей және дендар хоккей деп екіге бөлінеді. Қазір біз дендар хоккейді дамытуды қолға алып жатырмыз. Ол футзал сияқты залда ойнайды. Облысымызға жаңадан басшы болып келген Қырымбек Көшербаев мырза 43 миллион теңгеге дендар хоккей клубын салып беруде...

– Көгалдағы хоккейден еліміздің ерлер және қыздар ұлттық құрмасы осында екенін білдік. Құрама сапындағы спортшыларға мемлекет тарапынан айлық төлене ме?

– Қыздар командасына ұлттық

құрамадан айлық төлейді. Келер жылдан бастап ерлер командасына айлық төлейміз деп отыр.

– Сіздің бақылауыңызда ерлер және қыздардың ұлттық құрамасы бар екен және алаңда жөсөспірімдердің де жаттығып жатқанын көріп отырмыз. Қысқасы, сізде қанша адам жаттығып жүр?

– Бізде үлкен-кішісі бар барлығы 250 адам жаттығады. Бәрі – қазақ!

– Сізден басқа жұмыс істеп жүрген бапкерлер бар ма?

– Бар. Бапкерді алыстан іздемеймін, өзім осы ауылдан тәрбиелеп аламын. Шәкірттерім: Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сәрсенбаев, Бақытбек Тәженовтер бапкер болып маған көмектесіп жүр.

– Тереңөзек кентінен басқа ауылдарда бөлімшелеріңіз бар ма?

– Қазалы кентіне бөлімше ашқан едік, оны әлі де жандандыру қажет. Ал, мына қасымыздағы Шаған орта мектебі жанынан ашқан бөлімшеміз жақсы жұмыс істеп тұр.

– Жалпы сіздерге деген халықтың ықыласы қандай?

– Өте жақсы. Қазір ауылда алып бара жатқан жұмыс жоқ. Ауылдың балалары бір жағынан спортпен шұғылданып, әрі ұлттық құрама сапына ілініп, айлық алып отырса, халықта ықылас болмай қайтсін.

– Болашақ жоспарыңыз...– Алда болатын Азия чемпионатына

қатысып, Олимпиада лицензиясына ие болу.

****Атүсті суыт жүргендіктен Сұлтан

ағамен жата-жастана әңгіме тиегін ағыта алмадық. Бірақ, нағыз спортқа берілген, өз ісін жан-тәнімен сүйетін, туған ауылын аялай білетін, болашағын бағамдай алатын, азаматтың сом тұлғасын аңғардық.

Астанаға келген соң Сұлтан ағамыз жайлы аз-маз ақпарат жинап

танысқандай болдық. Оның қазіргі қызметі – көгалдағы хоккейден Қызылорда облысының және республикалық ерлер құрама командасының аға бапкері екен. Сонымен қатар, өзі де көгалдағы хоккейді бір кісідей ойнаған. 1985 жылы Алматының атақты «Динамосының» негізі құрамында өнер көрсетіп, КСРО чемпионы және КСРО кубогын ұтып алғаны өз алдына бөлек әңгіме.

1977 жылы Тереңөзекте орта мектепті бітірген соң Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында жоғары оқу орнында спорт, дене тәрбиесі мамандығы бойынша білім алады. Осында оқып жүріп көгалдағы хоккей ойынына құмартқан. Құмартып қана қойған жоқ, Тәжікстанның ұлттық құрамасында 6 жыл ойнаған. 1984 жылы атақты Эдуард Айрихтің шақыртуымен Алматының «Динамосына» қабылданған.

Спорт жанкүйерлеріне аты мәлім, көгалдағы хоккейден КСРО-ның алты дүркін чемпионы, КСРО құрамасының белді шабуылшысы Берікқазы Сексенбаев өзінің естелігінде Сұлтан ағасы жайлы: «Сұлтан Қобыландин намыс десе жанын жалдайтын азамат еді. Бір күні мынадай қызық оқиға болды. Сумгаит қаласында жергілікті «Иншаатчи» мен Алматының РШВСМ командасы ойнайтын болдық. Әзірбайжандар барын салып ойнады. Жан алып, жан беріскен шайқас болды. Екі жақ бірін-бірі еңсере алмай қатты қиналдық. Есеп – 1:1. Біз кезде Әзірбайжан шабуылшысың бар күшімен ұрған добы сарт етіп Сұлтанның дәл тізесіне тиді. Ойын ережесі бойынша өзінің айып алаңында аяғыңа доп тисе жеті метрлік пенальти соғылуы керек. Әзірбайжандар «Пенальти! Пенальти» деп шу етті. Ұрылған доптың жылдамдығы соншалық төреші тізеге тигенін аңғармай қалған екен. Мұндай соққы тиген ойыншы талып түсуі тиіс. Сұлтан болса, түк болмағандай секіріп жүр. Төреші аң-таң. Ақыры әзірбайжандар дәлелдей алмай дымы құрыды. Ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп қарасам, Сұлтекеңнің тізесі адам көргісіз күп болып ісіп кетіпті. Бұндай төзімді, бұндай қайсар, бұндай намысшыл қазақты екінші қайта жолықтыра алмадым» дейді. (Қ.Рысбекұлы. «Берікқазы», 2007 ж. Алматы, 37-38 б.).

****Сұлтаннан он жас кіші, ізін басқан інісі

жоғарыдағыдай баға беріпті. Расында бұрынғы командаластары ауыл иісі аңқыған Сұлтан Ибрагимұлын көгалда қамшы салдармайтын нағыз жүйрік екенін айтады. Сонымен қатар, оның қайсарлығы жайлы аңызға бергісіз әңгімелер бар екен.

Сол заманда КСРО құрамасының белді ойыншысы, соққысы өте қатты Гончаров деген сойқан болған. Оның соққан добы адамға тисе оңдырмайды. Тіпті алаң сыртына әлсіреп жеткен добының өзі мысыққа тиіп, сеспей қатырған кездері болыпты. Осы Александр Гончаровтың алапат соққысына қарсы тұратын ғаламдағы жалғыз адам осы Сұлтан екен.

Осы оқиғаға бір емес бірнеше рет куә болған бапкер Эдуард Фердинандович: «Сен қазақ, Гончаровтан қаймықпайсың, жүрек жұтқансың-ау» деп, «байқап жүрсейші» дегендей басын шайқайды. Ал, Сұлтан болса: «Жеңіс үшін жан пида» деп саңқ етеді. Атақты Айрих айналып келіп ержүрек қазақтың арқасынан қағыпты.

Тағы да айналып келіп Берікқазы Сексенбаевты тыңдайық: «Алғаш көгалдағы хоккей ойынына келген кезімде «Шіркін, Сұлтан ағамдай қайсарлық маған да бітсе ғой» деп армандаушы едім. Өйткені, Сұлтекең жаттығудан жанын аямайтын. Басқалар «Мына қазақтың жаны неткен сірі» деп таңырқағанын талай көрдім. Әсіресе, команда бойынша төзімділік сынағынан алдына жан салмады...» дейді.

Егер де осы қарқынмен кете бергенде Сұлтан Қобыландин әлем таныған көгалдағы хоккей жұлдызына айналар еді. Бірақ ауылдың кеңқолтық бұла тірлігіне үйренген арда азамат бәрін тастады да, 1986 жылы туып-өскен еліне оралды. Келді де, Тереңөзектің түсіне кірмеген көгалдағы хоккейді қолға алды.

– Келген жылы алдымен қыздар командасын қолға алдым, – дейді бапкер ағамыз: «Артынан ерлер командасын жасақтадым. Арада нарықтың толқыны шайқап біраз жыл тоқырап қалдық. Қазір Құдайға шүкір, қайдадан жанданып келеміз...»

Қалай десек те, қиыр ауылда отырып, күллі Қазақстанды бағындырған бапкер көп емес шығар. Ісің алға баса берсін Сұлтан көке!!!

/ Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ / Тереңөзек кенті, Қызылорда облысыСұлтан баптаған Тереңөзек тастүлектері.

Ол команда «Париж Қазақспор» деп аталады. Команда Франция футбол федерациясының әуесқойлар лигасында ойнайды. Команда ойыншыларының дені – қазақ жастары. Команданың жасы үлкен ойыншысы, әрі бапкері Сельчук Быйыклымен сұхбаттасқан едік.

Соңы. Басы 1-бетте

Париждегі қазақтың футбол командасы