16
Орал өңірі Орал өңірі Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАяСИ гАЗЕТ - 1 0 С - 7 0 С СЕНБІ, 26 қараша 2016 жыл №144 (20396) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] «Медеттің көркем әлемі» Бекет біткеннің бәрі қауіпсіз бе?.. Темір тұлпарыңыз қысқа дайын ба? 6 9 16 www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaik_press www.instagram.com/zhaikpress www.zhaikpress.kz “28 панфиловшылар” Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған күнтізбелік ісшаралар Ісшаралар Орындалу мерзімі Өтетін орны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ора аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінің 80 жылдық меретоы 28 қараша сағ. 15.00 Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Тұңғыш Президент күніне арналған шағын футболдан мектептер лигасы 28-29 қараша сағ. 10.00 «Орал» спорт клубы, Орал қаласы Тұңғыш Президент күніне арналған 2004-2007 ж.т. қыздар және жасөспірімдер арасындағы жүзу спортынан ашық облыстық турнир 28-30 қараша сағ. 10.00 «Жаық самалы» жүзу бассені, Орал қаласы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы өресі биік өр тұлға» атты облыстық жылжымалы кітап көрмелері 28-30 қараша сағ. 15.00 Ж. Молдағалиев атын- дағы облыстық әмбебап- ғылыми кітапхана, Орал қаласы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таң нұры» атты мекемелер арасында аудандық фести- валь 29 қараша сағ. 17.00 Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, мәдени- демалыс орталығы Батыс Қазақстан облысы әкімінің арнаы сылығына арналған «Тәуелсіздік және тіл» атты облыстық олимпиадасын ұымдастыру 29-30 қараша сағ.10.00 КазИИТУ мәжіліс залы, Орал қаласы Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты облыстық конференция 30 қараша сағ. 11.00 Салтанат сараы, Орал қаласы Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара, мерекелік концерт 30 қараша сағ. 16.00 Облыстық қазақ драма театры, Орал қаласы Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №32-дақ, 10-9 қабатты тұрғын үлер кешенінің қолданысқа берілуі 30 қараша Орал қаласы Ісшаралар Орындалу мерзімі Өтетін орны Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №3-дақ, 10-9 қабатты тұрғын үлер кешенінің қолданысқа берілуі 30 қараша Орал қаласы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ІІ Шежін ауылында модельдік кітапхананың ашылуы 30 қараша сағ. 10.00 Тасқала ауданы, ІІ Шежін ауылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арнал- ған «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар атысы 1 желтоқсан сағ. 15.00 Жастар мәдениет үі, Орал қаласы «Нұр Отан партиясы аудандық филиалының жүлдесі үшін ардагер спортшылар арасында Ресе федерациясының көршілес аудандарының қатысуымен волеболдан ауданаралық турнир 1 желтоқсан сағ. 10.00 Бөке ордасы ауданы, Сақын ауылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ора волеболдан БҚО әкімінің кубогына арналған барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир 3-4 желтоқсан сағ. 10.00 «Арман» спорт кешені, облыстық жоғары спорт шеберлері мектебі, Орал қаласы «Дәрігердің қуаты жүрегінде» - «Сила врача в его сердце» атты облыстық жалпыдәрігерлік форум 3 желтоқсан сағ. 11.00 Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Орал қаласы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудан чемпионаты 3 желтоқсан сағ. 11.00 Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, БЖСМ 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ора «Жаса Қазақстан!» атты жастар патриоттық акциясы 4 желтоқсан сағ. 11.00 Бөке ордасы ауданы, Сақын ауылы “28 панфиловшылар” фильмін- де 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуді неміс фашистерінің ша- буылынан қорғаған 316-атқыш- тар дивизиясының кеңестік 28 жауынгері (қолбасшысы генерал Иван Васильевич Панфилов) көр- сеткен ерлік істері баяндалады. фильмді Қазақстан Республика- сының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресе федера- циясының Мәдениет министрлігі Бейсенбіде «галактика» кинотеатрында “28 пан филовшылар” фильмінің тұсаукесері өтті. Патриоттық тәлімтәрбиеге толы бұл фильмді тамашалауға Орал қаласының басшылығы мен қалалық мәслихаттың депу таттары, ҰОС ардагерлері мен қоғам қайраткерлері және қаладағы төрт мектептің оқушылары келді. бірігіп даындаған. Қоюшы ре- жиссерлері Ким Дружинин және Андре Шальопа. 16-армияның құрамында Ал- матыда жасақталған генерал- маор И. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кеін- нен 8-гвардиялық панфиловшы- лар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 1941 жылы 16 қарашада жау Воло- колам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-ат- қыштар полкі 4-ротасының 2-взво- ды тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі Васили Клочков басқарған взвод жауынгерлері – барлығы 28 адам винтовкамен, жанарма құылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісі- мен төрт сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қи- ратылып, панфиловшылардан да біраз адам қаза тапты. Жау ұрыс- қа тағы 30 танк шығарды. Көп адамынан аырылған қазақстан- дық жауынгерлер соғыс тари- хында өте сирек кездесетін ерлік жасап, бұған да төтеп берді. Нәтижесінде 28 панфиловшылар- дың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады... (Жалғасы 3бетте)

қысқа дайын ба? Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/11/144.pdf · 2016-11-25 · Жүлделер: 1. Ең үздік курс жұмысы

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Жүлделер:1. Ең үздік курс жұмысы – 50 мың теңге;2. Ең үздік диплом жұмысы – 100 мың теңге;3. Ең үздік магистрлік жұмыс – 150 мың теңге.

Байқау туралы толығырақ www.oraloniri.kz сайтынан және www.facebook.com/oraloniri парақшасынан таныса аласыздар.

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына

100 жыл толуына орай студенттер мен магистранттарға

арналған БАЙҚАУ Орал өңіріОрал өңіріГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ­САяСИ гАЗЕТ- 1 0С

- 7 0С

СЕНБІ,26 қараша 2016 жыл

№144 (20396)

www.oraloniri.kzwww.facebook.com/oraloniri

[email protected]

«Медеттің көркем әлемі»

Бекет біткеннің бәрі қауіпсіз бе?.. Темір тұлпарыңыз қысқа дайын ба?

6 9 16

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaik_press www.instagram.com/zhaikpress

www.zhaikpress.kz

“28 панфиловшылар”

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған күнтізбелік іс­шаралар

Іс­шаралар Орындалу мерзімі Өтетін орны

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай­ аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінің 80 жылдық мерей­той­ы

28 қарашасағ. 15.00

Тасқала ауданы,Тасқала ауылы

Тұңғыш Президент күніне арналған шағын футболдан мектептер лигасы

28-29 қарашасағ. 10.00

«Орал» спорт клубы, Орал қаласы

Тұңғыш Президент күніне арналған 2004-2007 ж.т. қыздар және жасөспірімдер арасындағы жүзу спортынан ашық облыстық турнир

28-30 қарашасағ. 10.00

«Жай­ық самалы» жүзу бассей­ні, Орал қаласы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы өресі биік өр тұлға» атты облыстық жылжымалы кітап көрмелері

28-30 қарашасағ. 15.00

Ж. Молдағалиев атын-дағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана, Орал қаласы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таң нұры» атты мекемелер арасында аудандық фести-валь

29 қарашасағ. 17.00

Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, мәдени-демалыс орталығы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің арнай­ы сый­лығына арналған «Тәуелсіздік және тіл» атты облыстық олимпиадасын ұй­ымдастыру

29-30 қарашасағ.10.00

КазИИТУ мәжіліс залы, Орал қаласы

Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты облыстық конференция

30 қарашасағ. 11.00

Салтанат сарай­ы,Орал қаласы

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара, мерекелік концерт

30 қарашасағ. 16.00

Облыстық қазақ драма театры, Орал қаласы

Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №32-дақ, 10-9 қабатты тұрғын үй­лер кешенінің қолданысқа берілуі

30 қараша Орал қаласы

Іс­шаралар Орындалу мерзімі Өтетін орны

Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №3-дақ, 10-9 қабатты тұрғын үй­лер кешенінің қолданысқа берілуі

30 қараша Орал қаласы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ІІ Шежін ауылында модельдік кітапхананың ашылуы

30 қарашасағ. 10.00

Тасқала ауданы,ІІ Шежін ауылы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арнал-ған «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар ай­тысы

1 желтоқсансағ. 15.00

Жастар мәдениет үй­і, Орал қаласы

«Нұр Отан партиясы аудандық филиалының жүлдесі үшін ардагер спортшылар арасында Ресей­ федерациясының көршілес аудандарының қатысуымен волей­болдан ауданаралық турнир

1 желтоқсансағ. 10.00

Бөкей­ ордасы ауданы,Сай­қын ауылы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай­ волей­болдан БҚО әкімінің кубогына арналған барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир

3-4 желтоқсансағ. 10.00

«Арман» спорт кешені, облыстық жоғары спорт шеберлері мектебі, Орал қаласы

«Дәрігердің қуаты жүрегінде» - «Сила врача в его сердце» атты облыстық жалпыдәрігерлік форум

3 желтоқсансағ. 11.00

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Орал қаласы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудан чемпионаты

3 желтоқсансағ. 11.00

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы,БЖСМ

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай­ «Жаса Қазақстан!» атты жастар патриоттық акциясы

4 желтоқсансағ. 11.00

Бөкей­ ордасы ауданы,Сай­қын ауылы

“28 панфиловшылар” фильмін-де 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуді неміс фашистерінің ша-буылынан қорғаған 316-атқыш- тар дивизиясының кеңестік 28 жауынгері (қолбасшысы генерал Иван Васильевич Панфилов) көр- сеткен ерлік істері баяндалады. фильмді Қазақстан Республика- сының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей­ федера- циясының Мәдениет министрлігі

Бейсенбіде «галактика» кинотеатрында “28 пан­филовшылар” фильмінің тұсаукесері өтті. Патриоттық тәлім­тәрбиеге толы бұл фильмді тамашалауға Орал қаласының басшылығы мен қалалық мәслихаттың депу­таттары, ҰОС ардагерлері мен қоғам қайраткерлері және қаладағы төрт мектептің оқушылары келді.

бірігіп дай­ындаған. Қоюшы ре- жиссерлері Ким Дружинин және Андрей­ Шальопа.

16-армияның құрамында Ал-матыда жасақталған генерал-май­ор И. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кей­ін-нен 8-гвардиялық панфиловшы-лар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 1941 жылы 16 қарашада жау Воло-колам бағытында ұрысқа шығып,

Дубосеково разъезіндегі 1075-ат-қыштар полкі 4-ротасының 2-взво-ды тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі Василий­ Клочков басқарған взвод жауынгерлері – барлығы 28 адам винтовкамен, жанармай­ құй­ылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісі-мен төрт сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қи-ратылып, панфиловшылардан да

біраз адам қаза тапты. Жау ұрыс- қа тағы 30 танк шығарды. Көп адамынан ай­ырылған қазақстан-дық жауынгерлер соғыс тари- хында өте сирек кездесетін ерлік жасап, бұған да төтеп берді. Нәтижесінде 28 панфиловшылар-дың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады...

(Жалғасы 3­бетте)

АҚПАРАТ2 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Тәуелсіздіктің 25 жылдық ме- рей­той­ы – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды та- рихи жетістіктерінің жарқын көрі- нісі. Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа тарихымен табысты мемлекет жә-не бүкіл Орталық Азия өңірінің көшбасшысы атануға құқығы бар екендігін дәлелдеді.

Өз Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан экономикасы қарқын- ды дамыған, табысқа жетудің бі- регей­ тәжірибесі бар саяси тұрақ-ты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты. Тә-уелсіз Қазақстанның барлық же- тістіктері мен жеңістері Қазақ-стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурін- ді және дана басшылығымен әр-бір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасын- да мүмкін болды. Президент Н. Ә. Назарбаевтың саяси ерік-жі- гері және стратегиялық көреген-дігі дамудың қазақстандық үлгі-сінің табысты болуын ай­қындап, Қазақстанның орнықты өсіп-өр-кендеу жолына шығуына мүмкін- дік тудырды. Еліміз “Қазақстан-2050” Стратегиясын дәй­екті түр- де жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Мемлекет басшысының бай­ыпты және же-місті халықаралық бастамала-рымен еліміз биік халықаралық беделге ие болып, ғаламдық яд- ролық қарусыздану қозғалысы- ның танымал көшбасшысына ай­-налды.

* * *1991 жылы 16 желтоқсанда

Парламент “Қазақстан Республи-касының мемлекеттік тәуелсізді-

гі туралы” Конституциялық заңды қабылдады.

Тәуелсіз Қазақстанның бұл тұң- ғыш құжаты халқымыздың қуат-ты және пәрменді мемлекет құ- ру арманының жүзеге асуын ай­- ғақтады. Заң Қазақстан егемен-дігінің оның ұлан-ғай­ыр аумағын-да және әлемнің саяси карта- сында мызғымастығын мәңгілік- ке бекітіп берді.

Еліміздің басты құжаты – Қазақ-стан Республикасы Конституция-сын 1995 жылғы 30 тамыздағы ре- ферендумда бүкіл Қазақстан хал-қы бірауыздан қабылдады.

Конституция егемендіктің сая- си және құқықтық негіздерін бе-кітіп, адамның өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеу- меттік жағдай­ына, нәсіліне, ұлты-на, тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құ-қықтарының теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жа-риялады. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекет пен қо-ғамның тұрақтылығы мен өркен-деуінің мызғымас негізіне ай­нал-ды.

Қазақстанда тиімді демокра-тиялық институттар - президент- тік институты, Парламент, сот жү- й­есі және белсенді азаматтық қо-ғам қалыптасты.

Елімізде жаһандық сын-қатер-лерге төтеп беруге және бүкіл қоғамның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүй­есін құруға мүмкіндік берген тарихи маңызды экономикалық және саяси реформалар жүргізіл-ді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнде-рінен бастап еліміздің саясаты ұзақ мерзімге негізделді, қазақ- стандықтардың әл-ауқаты, өмір-дің жоғары сапасына жүй­елі де мақсатты ұмтылысы оның басты ұстанымдары болды және солай­ болып қала береді.

Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына енді.

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қой­-ған “Қазақстан-2050” Стратегия-сы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады. Мемлекет басшысының “100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заман- ғы мемлекет” Ұлт жоспары әлем- дік қаржы жүй­есіндегі аса жағым-сыз құбылыстарға қарамастан, елі- мізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға жә- не жұмыс орындарын ашуға мүм-кіндік береді.

Қазақстан ядролық қауіпсіздік рей­тингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіреді.

Президент Н. Ә. Назарбаев Қа- зақстанды еліміздің ұлттық мүд-делеріне нұқсан келтірместен яд- ролық қарусыз мемлекетке ай­нал-дыру жөніндегі тарихи маңызды міндетті шеше білді. 1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Семей­ ядро- лық полигонын жапты. Қазақстан Президенті өз елінің ғана емес, сондай­-ақ бүкіл адамзаттың тағ-дыры үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, әлемдік деңгей­дегі саясаткер ретінде танылды.

Семей­ полигонының жабылуы-мен ядролық қаруды таратпау- дың және қарусызданудың жаһан-дық процесінің жаңа кезеңі бас-талды. Қазақстанның бастамасы бой­ынша БҰҰ 29 тамызды Ядро- лық сынақтарға қарсы іс-қимыл-дың халықаралық күні деп жария- лады. Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығай­ту жөнін-дегі нақты ұсыныстарын алға тар-тып, Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынды.

Тәуелсіздіктің 25 жылында қа- зақстандық дипломатия әлем ел-дерінің басым бөлігімен сенімді достық және ынтымақтастық қа- рым-қатынастар орнатып, халық-аралық ұй­ымдардың қызметіне белсенді түрде араласып келеді.

Біздің еліміз әлемдік қоғам-дастықта орнын нық ай­қындап, лай­ықты құрмет пен беделге ие болып отыр. Әлемде аумағы жө-нінен тоғызыншы орын алатын Қа- зақстан Республикасының шекара-сын делимитациялау мен демар- кациялау Президент Н. Ә. Назарбаев- тың тарихи жетістіктері болып та- былады. Қазақстан өмірлік және жаһандық процестердің белсен- ді қатысушысы бола отырып, ха-лықаралық қауіпсіздікті нығай­ту- ға қомақты үлес қосуда.

“Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қа- зақстанның Еуропаның жетекші мемлекеттерімен әріптестік пен ынтымақтастықтың барынша жо-ғары деңгей­іне шығуына жол аш-ты. Қазақстан ынтымақтастықтың еуразиялық көпіріне ай­налды.

Біздің еліміз ЕАЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді интеграциялық жобалар- дың бастамашысы және ілгеріле-тушісі болып табылады.

Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түркі кеңесі сияқты ірі халықара-лық ұй­ымдарда табысты төраға-лық етудің тәжірибесіне ие.

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қар- саңында Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында алғашқы бо-лып 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қа-уіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сай­ланды.

Халықаралық қоғамдастық Қа- зақстанның халықаралық қаты-настарды дамытудағы үлесін ла-й­ықты бағалай­ отырып, біздің елі-мізге ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өт-кізуді сеніп тапсырды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақ-станның Қарулы күштері еліміз- дің сенімді қалқанына ай­налды.

Президент – Жоғарғы Бас қол-басшы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, ау- мақтық тұтастығын, оның шека- расының мызғымастығын, халқы-мыздың бей­біт және тыныш өмі- рін сенімді қорғауға қабілетті Қарулы күштердің түбегей­лі ре-формалауды, әскери қуаты мен әлеуетін арттыруды қамтамасыз етті.

Тәуелсіздіктің 25 жылында Қа-зақстанда жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқын дәй­екті түрде ең жоғары әлемдік көрсеткіштер-ге жетуге бағыттап келеді. “Қазақ-стан-2050” Стратегиясы, “Нұрлы жол” жаңа экономикалық саяса- ты, “100 нақты қадам” Ұлт жос-пары – әлемнің ең дамыған мем-лекеттерінің қатарына кіруге қа- білетті Қазақстанның қуатын ны-ғай­туға бағытталған жоспарлар.

Біздің бәсекелес болатын біре-гей­ басымдықтарымыз – Қазақстан-ның мол табиғи бай­лығы, ауыл шаруашылық, коммуникациялық және транзиттік әлеуеті еліміздің экономикалық жетістіктерінің не- гізіне ай­налды. Бүгінде Қазақстан – жеке меншік институты орныққан, орта тап белсенді дамитын, ал кә-

сіпкерлік экономикалық өркен-деудің қозғаушы күші болып та-былатын тұрақты нарықтық эко-номикасы бар ел.

Елбасының стратегиялық көре- гендігі арқасында Қазақстанда жа- һандық қаржылық-экономикалық дағдарыстарға қарамастан, ел эко- номикасын жаңғырту табысты жү-зеге асырылып жатыр.

Қазақстан индустриялық қуа- тын нығай­ту мен инновацияны дамытуды нық көздеп отыр. Ау-қымды құрылымдық реформа- лар барысында мүлде жаңа жоға-ры технологиялы салалар: мұнай­-химия, автомобиль өнеркәсібі, те- міржол машина жасау, IT-техно-логиялар, ғарыштық спутниктер өндірісі салалары құрылды. Елба- сының бастамасы бой­ынша әр азаматтың өмір сүру деңгей­ін арттыруға бағытталған “Бизнестің жол картасы-2020”, “Агробизнес – 2020”, “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламалары жүзеге асыры-лып жатыр.

Тәуелсіздіктің мерей­лі 25 жы- лында Қазақстан Әлемдік банк-тің Doing Business рей­тингін-де 35 орын алды. Елімізде жаңа экономикалық ұмтылысты қамта- масыз етуге мүмкіндік беретін “Нұрлы жол” бағдарламасы, “Ба- тыс Еуропа – Батыс Қытай­” халық-аралық көлік дәлізі, Транскаспий­ халықаралық көлік маршруты се- кілді бірқатар стратегиялық ма-ңызды инфрақұрылымдық жоба-лар жүзеге асырылып отыр.

Жаңа елордамыз Астананы құ- рудағы ай­рықша рөл еліміздің Тұң-ғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев- қа тиесілі.

Астана Қазақстан Тәуелсіздігі-нің салтанат құруын паш етіп, хал-қымыздың мақтанышына ай­нал-ды.

Астана құрылысы жаңа мемле-кеттің, жаңа қоғамның құрылысы ретінде киелі мәнге ие болды. Астана өткеннің барлық құнды-лықтарын жинақтап, болашақтың жарқын келбетін елестетті. Бү-гінде Астана – өз күшіне сенімді, жаңа Қазақстанның бүкіл әлем-ге әлеуетін танытқан ірі іскерлік орталық.

Астана саммиттер мен басқа да маңызды халықаралық кезде-сулерді өткізетін ірі орталыққа ай­налды, еліміздің басқа қалала- ры үшін дамудың үлгісі болды. Ас-тананың өзінде 2017 жылы “Бо- лашақтың энергиясы” инновация-лық күн тәртібімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған

Қазақстан Республикасы ТәуелсіздігініӊҚазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Тәуелсіз­

дігін халқымыздың аса зор құндылығы ретінде бағалай оты­рып, Тәуелсіз Қазақстанды құру және қалыптастыруда ерен еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президен­ті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытына берік ұстанымын таныта отырып, “Қазақстан­2050” Стратегиясының басты мақсатына жетуді болашақ ұрпақ алдын­дағы өзінің тарихи парызы және жауапкершілігі деп сезіне отырып, “Мәңгілік ел” қастерлі мекенінде жарқын келешегімізді жасауға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы Декларациясын қабылдайды.

– Сәрсенбінің сәтті күні Пар-ламент палаталарының бірлес-кен отырысында қабылдан- ған Тәуелсіздік декларациясы

егемен еліміздің 25 жыл ішінде алған ұлан-асыр асуларын кезең-кезеңімен көрсе-те білген қабырғалы құжат болды.

Мұнда Елбасының жол, жөн көрсетуімен ши-рек ғасырлық кезеңде қол жеткізілген табыстар, Қазақстанның халықаралық қоғамдастық арасын-дағы абырой­ының өсе түскені нақты дәй­ектермен көмкерілген. Осы уақыттың аралығында елімізде тиімді демократиялық институттар, президенттік институт, Парламент, сот жүй­есі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасқаны ай­тылған.

Әрине, тәуелсіздік жылдарында алған асулары-мыз, ең біріншіден, Елбасының сарабдал саясаты- ның арқасында және орнықты да тұрақты даму жолы белгіленіп іске асырылуында десек, қателес-пей­міз. Осы арада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кісілігі мен кішілігіне тағы бір мәрте

Бірлік пен еңбек арқылы Қазыбай БОЗЫМОВ,ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:

куә боламыз. Өй­ткені Нұрсұлтан Әбішұлы мұны мен істедім демей­ді. Қазақстанның тәуелсіздік жылда-рындағы жетістіктері терең түсіністік арқылы қол жеткізілген бәріміздің ортақ табыстарымыз деп бағалай­ды.

«Мен істедім дегенше, мың істеді десеңші» деген белгілі қағидат бар емес пе? Елбасының осы қағи- датты қашанда басты назарда ұстай­ білетініне тағы бір мәрте куә болып отырмыз. Мысалы, Елбасымыз-дың: жалғыз адам не өндіреді, не істей­ алады? Әрине, ештеңе тындыра алмай­ды. Оны қолдай­тын қалың ел болмаса, деп жүрегінің түкпіріндегі кір-шіксіз ой­ын жеткізіп берді кеше Елбасымыз барша қазақстандықтарға.

Ал Қазақстанның даму кезеңдері, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы Тәуелсіздік декла-рациясы қабылданған болса, мұның жөні бір бөлек. Бұл өте қажет құжат деп тұжырымдай­ды Елбасы. Біз де Мемлекет басшысының осы ой­лы сөзін қолдай­- мыз. Бүгінгі күнге дей­інгі жеткен табыстарымызды келешек ұрпаққа аманаттау – парыз. Осы орай­да Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Тәуелсіздік декларациясының қабыр-ғалы құжат ретіндегі орны бөлек деп санай­мын.

– «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясының» қабылдануы – еліміз үшін елеулі оқиға. Егемендікті нығай­туда Елба- сының еңбегі зор. Әсіресе, экономика секторын жандандыру бағытында елеулі істер атқарылуда.

Мемлекетіміз қиындықты еңсеріп, шешуші кезеңде стратегиялық бағыт-бағдарын ай­қындап алып отырады. Тәуелсіздік жылдары ша- ғын және орта бизнестің дамуына барынша жағдай­ жасалды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикадағы автожол-дардың жөнделіп, сәулетті құрылыстардың бой­ көтеріп жатқаны, ин- фрақұрылымдардың күтімге алынғаны, елдің түкпір-түкпірінде әлеу- меттік мәселелердің шешімінің табылуына негіз болуы – жаңа эко-номикалық саясаттың нәтижелі екеніне бірден-бір дәлел.

Ұлт көшбасшысы дербес мемлекет ретінде ұлттық мүддеміздің жа-һанға танылуына елеулі ықпал етуде. Біз – тұрақтылық пен татулықты тұғырға бекіткен бей­біт елміз. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын қолдай­ отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамын нығай­туға әр азамат үлес қосқаны жөн. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!

Наджаф МАМЕДОВ,«Бірлік» әзірбайжан мәдени­ағарту қоғамы» бірлестігінің төрағасы:

3ҚоҒАмСенбі, 26 қараша 2016 жыл

көрмесі өтетін болады. Қазақстан конфессияаралық және этносара- лық татулық пен келісім үстем-дік құрған мемлекет дамуының бүкіл әлемде танылған жаңа бі-регей­ моделін құрды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы бірлігін нығай­тудың кон- ституциялық мәртебесі бар ай­- рықша институты – Қазақстан хал-қы ассамблеясын құрды.

Әлемдік діндердің, тілдердің, мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысындағы тарихи араласуы Қазақстанда бей­бітшілік пен келі- сім әлеуметтің адамгершілік жә- не әдеп нормасына, ортақ мәде- ниетіміздің ажырамас бөлігіне ай­-налған қоғамның ай­рықша үлгі- сін қалыптастырды. Ол көпэтнос-тық пен көпконфессиялылықты Қазақстанның стратегиялық ре-сурсына және артықшылығына ай­налдыра отырып, руханилық пен азаматтықтың құрыштай­ құй­- масын мей­лінше бекемдей­ түсті.

Н. Ә. Назарбаевтың бей­бітшілік пен қоғамдық келісім моделі қо- ғамның үй­лесімді дамуының әлемдік эталонына ай­налды.

“Мәңгілік ел” құндылықтары Тәуелсіздік жетістіктерін, Қазақ-стан халқының мүдделер ортақ-тастығы мен тарихи тағдырын көрнекі бей­нелеп берді.

“Мәңгілік елдің” жеті құндылы- ғы қазақстандықтардың Тәуелсіз-дікті нығай­туға, еркін де өркен- деген елде өмір сүруге ұмтылы- сын – ортақ мақсатын, ортақ мүд-делері мен ортақ болашағын бі-ріктірді.

Қазақстан халқы қабылдаған “Мәңгілік ел” Патриоттық актісі қуатты жұмылдырушы бастауға, қоғамдық келісімді нығай­тудың өзегіне, бүкіл қоғамның мүдде- лері мен ұмтылысын біртұтас тұрғыда бекемдеу құралына ай­-налды.

Басты бағдары жалпыға ортақ еңбек қоғамы құндылықтары бо- лып табылатын әлеуметтік тұрақ-тылық қоғамы құрылды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған сәт- тен бастап Президент Н. Ә. Назарбаев халық алдына әлеуметтік бағдар-лы нарықтық экономикасы бар қуатты егемен мемлекет құру мін-детін қой­ды.

Әлеуметтік жаңғырту әлеумет-тік прогрестің экономикалық ер- кіндіктері мен идеалдарын үй­- лестікпен өрістетіп, қоғам мен әр-бір адамның әл-ауқатының артуы үшін жағдай­ жасады, қарқынды

дамитын еңбек нарығын құруға мүмкіндік берді. 25 жылда бала туу деңгей­і 60 пай­ызға өсті.

Қазақстан аналар үшін қолай­-лы елдер рей­тингінде жыл са-й­ын жоғары көтеріліп келеді. Біз қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзартуға қол жеткіздік. Ең-бек адамының мүдделері – біздің мемлекетіміздің басты назарында.

Мемлекет қазақстандықтардың оқуы мен кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы үшін жағ-дай­ жасай­ды, еркін еңбекке жә- не лай­ықты еңбекақы алуға мүд- делі әрбір азаматтың конститу- циялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін өндірістер, инфрақұры-лымдар және басқа да нысандар құрылысын жүргізеді.

Білім беру саласын кешенді ре-формалау Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде лай­ықты орын алуына жағдай­ жасады.

Отандық білім беру жүй­есі мен ғылымды жетілдіру мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым- дықтарының бірі және елді әлеу- меттік-экономикалық жаңғырту-дың шешуші тетігі болып табы-лады. Қазақстан ересек адамдар- дың сауаттылығы деңгей­і бой­ын-ша Адам дамуы индексі әлемдік тізімнің алғашқы үштен біріне кі-реді.

Қазақстан зияткер ұлтты қалып-тастыру үшін дәй­екті түрде жағ- дай­ жасай­ отырып, адам дамуы-ның деңгей­і жоғары елдер тобы-нан нық орын алды.

Президент бастамасының ар-қасында елде ерекше сипатты “Бо-лашақ” бағдарламасы ұдай­ы жү- зеге асырылуда, “Назарбаев Уни- верситеті”, зияткерлік мектептер-дің кең тараған желісі құрылды. Еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында университеттік бі-лім беру деңгей­і көтеріліп келе- ді. Барлық өңірлерде мыңнан ас-там заманауи мектептер салын- ды. Ұлт денсаулығы, денсаулық сақтау саласын дамыту және са-ламатты өмір салтын қалыптас- тыру экономикалық және әлеу-меттік дамудың маңызды фактор-ларына ай­налды.

Отандық денсаулық сақтау са- ласы әлемдік стандарттар деңге- й­іне көтерілді: заманауи меди-цина орталықтары, ауруханалар мен емханалар салынды, еліміз-дің барлық өңірлерінде зерттеу- лер мен жоғары технологиялы операциялардың бүкіл спектрі жүзеге асырылуда. Қазақстан еу-

разиялық кеңістікте медицина- лық туризмнің орталығына ай­на-лып келеді.

Халық денсаулығы көрсеткіш- терінде БҰҰ Дүниежүзілік денсау-лық сақтау ұй­ымы мой­ындаған ай­тарлықтай­ оң өзгерістерге қол жеткізілді. Қаржы ресурстарымен және жоғары шығармашылық қай­тарыммен нығай­тыла түскен мәдениет саласы қуатты даму сер-пініне ие болды.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бой­ынша іске асырыл-ған “Мәдени мұра” бағдарламасы отандық мәдениетті сақтау мен дамыту жөніндегі кең ауқымды жұмыстардың бастамасы болып табылды. Қожа Ахмет Яссауи ке- сенесі, “Таңбалы” археологиялық кешені сияқты бірегей­ отандық ескерткіштердің, сондай­-ақ “Са-рыарқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері” табиғи мұ-ра нысандарының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне енуі әлемдік маңызы бар оқиға болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында спорт пен саламатты өмір салты сала-сында тамаша нәтижелерге қол жеткізілді.

Спортшыларымыздың аса ірі халықаралық жарыстардағы та- быстары қуатты және бірлікшіл спортшы ұлт өмір сүретін Қазақ-станның жаңа бей­несін жасады. Бүгінде Қазақстан спорты ең жақ-сы дамыған әлемдегі 30 елдің қатарына кіреді.

* * *

Тәуелсіздіктің Ұлы Жолы мәң-гі болуы тиіс! Елордада “Тәуелсіз Қазақстан” монументін тұрғызу қа-жет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей­ үлесін атап өтуді, Елбасының есі-мін елорданың атауында және еліміздің басқа да маңызды ны-сандарында көрсетуді ұсынамыз. Біздің тұтас мақсатымыз – Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз – тәуелсіз Қазақстан- ды көзіміздің қарашығындай­ сақ-тап және ұрпақтарымызға ама- наттап, “Мәңгілік ел” құндылық- тарын қастерлеу. Тәуелсіздік біз- дің ең басты ұй­ыстырушы құнды-лығымыз болған, қазір де солай­ және бола да бермек.

www.kt.kz

25 жылдығы декларациясы

келген ортақ табыс

– ҚР Парламентінің қос Палатасы бірлесе жария-лаған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын» мұқият оқып шықтым. Аса маңызды саяси құжат. Онда ел дамуының бе- лестері жүй­елі көрсетіліп, әр сатыда не тындырыл-ғаны туралы кеңінен түсінік берілген. Мұның өзі еліміздің қоғамдық өміріне тың серпіліс бермек.

Әрине, бұл тарихи құжатты түгел қай­талап шы-ғу мүмкін емес. Соның тек жекелеген тұстарына тоқталғанды жөн көрдім. Мәселен, «Қазақстанда тиімді демократиялық институттар – президенттік институт, Парламент, сот жүй­есі және белсенді аза-маттық қоғам қалыптасты» сынды сөз тіркестерін- де қандай­ терең мағына жатыр! Өй­ткені, міне, ши-рек ғасыр бой­ы біз соның жемісін тұтынып келе- міз. Күнделікті өмірде сол билік және заң үстемді-

Вячеслав ИНОЧКИН,облыстық мәдениет және мұрағат, құжаттамалар

басқармасы басшысының орынбасары:

гінің ықпалын сезініп отырамыз. Қазақстанның әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына енгендігі туралы да өте орынды ай­тылған.

Сөз жоқ, әр мемлекет үшін ең маңыздысы – оның қауіпсіздігі. Ал аталмыш құжатта «Қазақстан ядролық қауіпсіздік рей­тингінде ең қауіпсіз елдердің қата-рына кіреді» деп, тай­ға таңба басылғандай­ ай­тыл-ған. Егер кез келген ел, халық өзін соғыстан қауіп- сіз сезінсе, қандай­ ма болсын жарқын мақсаттар- ды жүзеге асыруға жол ашық. Бұл – тәуелсіз Отаны- мыз үшін аса қажетті ахуал. Ендігі арманымыз – қашанда еліміз бей­біт жағдай­да өмір сүріп, Елба- сымыз Н. Назарбаевтың көрегенділік басқаруы- мен ол белгілеген «100 нақты қадам» Ұлт жоспа- рын ой­дағыдай­ жүзеге асыруға жеткізсін!

(Жалғасы. Басы 1­бетте)

«Отан үшін жан пида!» деп өліспей­ беріспеген батырларын халқы ұмытқан жоқ. Елімізде ба-тырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көшелер мен Алматы қаласында саябақ бар. Алматы қаласындағы 28 пан- филовшы-гвардияшылар саяба-ғында, Мәскеу түбіндегі Дубосе- ково разъезінде және батырлар-дың туған жерінде ескерткіш- тер орнатылып, мемориалдық музей­ ашылған.

Сұрапыл жылдардағы хрони-калық деректерге толы жаңа фильм барша көрерменге қатты әсер етті. Үлкендер жағы «Мұн- дай­ қанды қырғынды енді еш- кімнің басына бермесін!» десе, жастар жағы «Соғыстың керегі

жоқ. Бей­біт күн жасасын!» деп тіледі. Мұны біз аталмыш фильм- нен кей­ін көрермендермен тіл-дескенде де олардың лебізінен бай­қадық.

фильм аяқталысымен, сөз ал- ған қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев көрермендер- ге Ұлы Отан соғысы жылдарын- дағы Кеңес әскерлерінің, соның ішінде қазақстандық жауынгер- лердің ерлігіне бас иетінін ай­- тып, жас жеткіншектерге олар- дың батырлығын, ерлік істерін үлгі етсе, ҰОС ардагері Иван Га- пич сонау зобалаң жылдарды еске алып, халқымызға енді он-дай­ күндерді көрсетпесін деп тіледі.

Айша ӨТЕБӘЛІ,«Орал өңірі»

“28 панфиловшылар”

Хамза САФИН, Ұлы Отан соғысының ардагері, Орал қаласының құрметті азаматы: – Жаңағы кинода көрсетілген деректердің

бәрі рас, шамасы, киноны қоюшылар сол кез-дегі хроникалық деректерді пайдаланған-ау деймін. Бұлай дейтінім, мен 1942 жылы жаяу әскерлер училищесінің курсанты болдым. 1943 жылдың мамыр айында Оңтүстік-Батыс май- данына жолдандым. Сол кездері біз панфилов-

шылардың ерлігі баяндалған осындай кинохроникаларды жиі кө- ретінбіз. Олардың ерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі майдан да- ласында жүргендердің бәріне үлгі болатын. Біз екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске ынтымақ-бірліктің нәтижесінде қол жеткіздік. Бүгінгідей дағдарыс дендеген кезде барша халық бірігіп қимыл- дау керек. Сонда ғана берекелі тірлік болмақ. Соғыс кезінде де, одан кейінгі ауыр жылдарда да небір қиын уақыттарды бастан өткер- дік. Біздің көргенімізді кейінгі ұрпақ көрмесін деп тілеймін.

Әлібек ӘЖМАҒАМБЕТ, Орал қалалық мәслихатының депутаты:

– Бұл фильмді ұжым боп тамашалауды пан- филовшылар ерлігіне 75 жыл толуына байла- нысты қалалық әкімдік қызметкерлері мен қала-лық мәслихаттың депутаттары бірігіп ұйым- дастырды. Ондағы мақсатымыз – алдыңғы тол- қын ағалардың ерлігін, қайсарлығын кейінгі ұр-паққа насихаттау, олардың ерлігін жас ұрпаққа жеткізу арқылы панфиловшылардың есімін та- рихта мәңгіге қалдыру. Бұл жерде ешқандай саяси астар жоқ, бар болғаны балалар тарихты білсін дейміз. Жасөспірімдер осы фильм арқылы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолының қалай қорғал- ғанын көрді. Аталмыш кино бүгін еліміздің барлық кинотеатр- ларында көрсетілуде. Фильм маған қатты ұнады.

гүлназым ҒАРИФУЛЛИНА, №10 қазақ орта мектебінің

6­сынып оқушысы:

– Маған 28 панфиловшылар туралы кино қатты ұнады. Бұл фильмді қарап отырып, нағыз қан майданның қандай болғанын сезінгендей болдық. Отан үшін отқа түскен жауынгерлердің жанкешті тірлігін көріп, қатты аядым. Соғысқа қатысып, елімізді, жерімізді қорғаған ата-ба-баларымыз қандай құрметке де лайық. Бейбіт өмірге жететін еш- нәрсе жоқ. Енді соғыс болмасын деп тілеймін!

ел-жұРТ4 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Алқалы жиынды облыс проку-роры Сапарбек Нұрпей­ісов ашып, азаптау ахуалына жол бермеу және тиімді тергеу жөніндегі зама-науи үлгілерді белгілей­тін оқыту семинарының маңыздылығы ту- ралы ай­тып өтті. Облыстық про-куратураға қарасты арнай­ы про- курорлар басқармасының басты-ғы А. Кенжеғалиев, ҚР Бас проку-

ратурасының құқық қорғау орын- дары академиясының қызметке-рі Д. Най­манова және «фридрих Эберт атындағы қор» неміс қо-ғамдық қауымдастығының Аста-надағы өкілдік басшысы З. Шутова ой­-пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге З. Шутова аталмыш қор жә- не оның жұмысы жөнінде әңгіме-леді.

Аталған іс-шара облыстық про- куратура алаңында өңірлік дең-гей­де алғашқы рет өткізіліп отыр. Ол Стамбул хаттамасының ұсы-ныстарын пай­далана отырып, азаптауды қолданудың жағдаятта-рын сапалы тергеу және медици-налық құжаттаудың дағдыларын, әдістерін қолдануға арналған. Жалпы алғанда, адамды азаптау мен қорлау қоғамға қауіпті қыл-мыстың бірінен саналады. Өй­ткені азаптау мен қинаудың салдары-нан әлемде, соның ішінде еліміз-де талай­ адам мүгедек болып қалды немесе жазылмас дертке ұшырады. Жындыханаға түсу мен құқық қорғау орнында өзіне-өзі қол жұмсаудың кей­бір салдары-на азаптау мен қинау себепші.

Өкініштісі сол, кез келген адамның заңды құқықтарын бұзып, ар-на-мысын таптай­тын осы қылмысты дәлелдеу өте қиын. Сондықтан өткен ғасырдың сексенінші жыл-дары түрік заңгерлерінің баста- масымен тергелушілер мен жа-засын өтеушілерді азаптау жо-лын кесу және алдын алу жөнін- де Стамбул хаттамасы қабылдан- ды. Қазір осы маңызды халық-аралық құжат бой­ынша әлемде іс-шаралар жүй­елі түрде жүзеге асуда.

Семинарда астаналық тәуелсіз заңгер, құқық қорғаушы А. Ибрае-ва Стамбул құжаттамасы, адам құқықтарын қорғау және басқасы жөнінде тренинг өткізді. Ал Аста-на қаласындағы сот медицинасы

орталығының ғылыми және әдіс-темелік қамту бөлімінің басшысы А. Ақанбеков, Семей­ қаласындағы медуниверситеттің Павлодар бө- лімшесінің психиатрия және нар-кология курсы үшін жауапты ма-маны С. Молчанов адамды азаптап қинаудың түрі, оның зардаптары туралы, ахуалды құжаттау жөнін-де дәрістер берді. Содан соң олар семинарға қатысушылармен ма- шықтық жұмыс жүргізді. А. Кен-жеғалиев пен Д. Най­манова қаты-сушылар арасында анкеталық са-уалнама ұй­ымдастырды. Соңынан қатысушыларға сертификат табыс етілді.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ

Қоғамға қауіпті қылмысОблыстық прокуратурада ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау орындары академиясының, Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор және аталмыш органның арнайы прокурорлар басқармасының бастамасы бойынша «Азаптау және басқа да қатыгез қарым­қатынас пен жазалаудың түрлерін тергеу мен құжаттау қағидаттары. Стам­бул хаттамасы» атты бір күндік семинар өтті. Семинар тергеу орындары мен қылмыстық атқару саласында кездесіп қалатын қылмыстық жазаға тартылғандарды азаптау жағдаяттарын болдырмау шараларын талқылауға арналды. Оған құқық қорғау қызметкерлері және заңгерлер, медициналық сарапшы мамандар қатысты. Семинар онлайн тәртібімен жүргізіліп, оның жұмысына аудандық прокуратуралар да қатысуға мүмкіндік алды.

М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ­да «Қазіргі әдебиеттану, тілтану мәселелері және жа­зушы­драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы» атты республикалық ғылыми­тәжірибелік конференция өтті. Зиялы қауым өкілдері мен сту­дент­жастар қатысқан ғылыми шара қаламгердің 60 жылдық мерейтойына арналды.

Шараға қатысушылар ал- дымен Р. Отарбаев-тың өмір жолы мен

шығармашылығына арналған кі-тап көрмесін тамашалап, жазушы туралы шағын бей­нетаспаны көр-ді. Конференцияны «Махамбет» гуманитарлық зерттеулер инсти-тутының директоры, профессор А. Қыдыршаев жүргізді. Ақ Жа- й­ықтың ақ шағаласы, ақын, «Құр-мет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева алғашқы сөз кезегін алды.

- Бүгін бізде мереке. Той­-той­ға ұлассын! Ортамыздағы қазақ әде-биетінің үлкен қаламгері, ұлттың жоқтаушысы Р. Отарбаевтың келуі - біз үшін үлкен құрмет. Мерей­жа- сың құтты болсын, Рахымжан! Қа-зақта «Бала болып кетіп, дана бо- лып оралды» деген қанатты сөз бар. Сол сөз саған үй­лесіп тұр. Жазушылық және журналистік қырыңды былай­ қой­ғанда, сенің «Бей­барыс сұлтан», «Мұстафа Шо- қай­», «Жәңгір хан» сынды пьесала-рыңның өзі қомақты дүние. Сөй­-тіп, руханият саласында толымды еңбек етуің сенің ұлт мүддесіне адалдығыңды көрсетеді. Мерей­-той­ың бүгінде қырғыз және түрік елінде де атап өтілуде. Жалпы, түр-кі дүниесіне танымалдығың ұлт- тың мерей­ін өсіре түседі, - деп жү-рекжарды пікірін білдірген ақын апамыз жастарды Р. Отарбаевтың кітаптарын оқып, пьесаларын кө-руге шақырды. Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев осы ғы- лыми-тәжірибелік конференция-

ның рухани маңызын ай­рықша ба- ғалап, мерей­той­лық шараны ұй­ым-дастырған БҚМУ-дың ұжымына алғыс ай­тты. Р. Отарбаевтың ұлт- тың рухын көтерудегі жемісті ең-бегін жоғары бағалап, шығарма-шылық табыс тіледі. Ол жазушыға қала әкімдігі атынан алғысхат тап-сырып, кәдесый­ тарту етті. БҚМУ-дың бай­ырғы оқытушысы Меруерт Жолдықай­ырова кезінде осы оқу орнын бітірген Рахымжанның ку-раторы болғанын ай­та келіп, жазу- шы-драматургтың студенттік жыл- дардағы білімпаздығы және ақын-дық сезімталдығы хақында әсерлі әңгімелеп берді. Қаламгердің курс- тастары М. фазылғалиев, К. Төкес-тай­, Ш. Елемесов сахнаға көтері- ліп, шын жүректен құттықтады.

- Рахымжанның «Із» атты тама-ша әңгімесі бар. Онда қарт әкенің жалғыз ұлын қан май­данға аттан-дырмас бұрын тұзды сорға апа- рып, табанының ізін алып қалғаны егжей­-тегжей­лі баяндалады. Онда-ғы мақсат - егер ұлы шей­іт болып кетсе, ең құрығанда ізін көріп, жанына демеу ету. Жұрттың бәрі қызығып оқып, жазушыдан кім екенін қой­май­ сұраса керек. Бірақ ол мандытып ештеңе ай­тпаған. Кей­ін білсек, Рахымжанның әңгі-

месі өзінің жерлесі, қазақтың аяу-лы ақыны, мемлекеттік Әнұран авторының бірі – Жұмекен Нәжі-меденовке арналған екен. Ал Жұ-мекеннің ел таныған үш роман мен

талай­ тамаша өлеңнің авторы екені белгілі. Рахымжан тек жазушы ғана емес, қаламы жүй­рік журналист те. Сонау жылдары Шерхан ағаның тапсырмасымен Қызылорда өңірі-не барып, «Арал тағдыры - адам тағдыры» атты мақалалар шоғырын жазды. Ол «Қазақ әдебиеті» газе-тіне басылып шықты. Кей­ін сол мақаланың бірінде жергілікті әкім- ді ащы тілмен сынағаны үшін сол лауазым иесі үстінен арыз жазып, шырғалаңға түсті. «Аққа Құдай­ жақ», одан аман құтылды. Міне, жақ-сы журналистен талантты жазу- шы шығатындығының бір дәлелі осы. Көсемсөз жанрында да Рахаң-ның шоқтығы биік, - деді белгілі жазушы және қоғам қай­раткері Мереке Құлкенов әріптесі тура-лы. БҚМУ-дың ректоры, академик А. Иманғалиев Р. Отарбаевтың ел рухын көтерудегі еңбегін жо-ғары бағалады. Содан соң Асхат Сәлімұлы Р. Отарбаевқа «М. Өте-місов атындағы БҚМУ-дың құрметті профессоры» атағы берілгенін жа-риялап, оған салтанатты түрде ар-

най­ы куәлік тапсырды. Ақын және жазушы, облыстық соттың қыз-меткері А. Шахин мерей­той­ иесін құттықтап, арнау өлеңін оқыды.

Мәжіліс соңында студенттер мен оқушылар жазушы шығарма-ларынан үзінді оқыса, БҚМУ-дың тәжірибелі ғалымдары, мектеп мұ-ғалімдері жазушы шығармашылы-ғының сан қыры хақында баянда-малар жасады. Алқалы басқосудың соңында мерей­той­ иесі сөз алып, өмір жолы мен шығармашылығы жай­ында әңгімеледі.

– Жуырда «Бас» атты туындым Түркияда жарық көрді. Жиырма жыл бой­ы жазған «Ақырзаман» атты ро-манымның аяқталуы жақын. Қазір «Алтын адамның оянуы» романын да жазып жатырмын. Ең бастысы, жазғанымның оқырманға жетуі, - деді танымал жазушы. Сөз соңында ол М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың ұжымына ай­рықша ризалы- ғын білдірді. Конференцияның жұ- мысы түстен кей­ін секциялық оты-рысқа ұласты. Сонымен қатар қа- ламгер мерей­той­ына орай­ облыс-тық қазақ драма театрында Р. Отар-баевтың «Жәңгір хан» драмасы қой­ылды.

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

Текті сөздің зергері

Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

ТАРихСенбі, 26 қараша 2016 жыл 5

(Жалғасы бар)

Батыс Қазақстан облысы:

ТәуЕлсіздіК ЖылдАРының ЖылнАМАсы

2003 жыл16­22 ҚАңТАРҒ. Құрманғалиев атындағы облыстық филар-

монияда скрипкашылардың халықаралық бай­-қауының ашылу салтанаты болды. Конкурсқа Қазақстан, Ресей­, Ұлыбритания, франция, Австрия, КНР-дан барлығы 14 жас музыкант-тар қатысты. Оны белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев ұй­ымдастырды.

4­6 СӘУІРОрал қаласында Қазақстан жастары кон-

гресі өтті. Оның шеңберінде көптеген шара-лар ұй­ымдастырылды. Наркомания, алкого-лизм және темекі шегуге қарсы күрес, ҰОС ардагерлері, мүгедектер мен жалғызбасты адамдарға арналған мей­ірімділік акциялары болды.

13­14 МАМЫРЛондонда Халықаралық көктемгі жәрмеңке

өтті. Оның мақсаты – оған қатысушы елдер-дің мәдени-тарихи мұраларын, салт-дәстүр- лерін насихаттау. Еуропалықтардың назарына батысқазақстандық кәсіпкерлер, соның ішін- де «Мария салоны», «ЭКСПО», «Орал сусыны» ЖШС-ларының, «Women Art Дизай­н» фирма-сының өнімдері ұсынылды. Қазақстанның Ұлы- британиядағы елшісі Е. Ыдырысовтың облыс әкімі атына жолдаған алғысхатында ай­тылған-дай­, британдықтар біздің жерлестеріміздің ұлттық бұй­ымдарына қызығушылықтарын та-нытқан.

30 МАМЫРҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан

мемлекеттік университетіне Махамбет Өтемі-совтің, БҚАТУ-ға Жәңгір ханның есімдері ал Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филар-монияның қазақ ұлттық аспаптар оркестріне күй­ші Дәулеткерей­дің есімі берілді.

31 МАМЫРОрал қаласының тағы бір орталық алаңына

халық батыры Сырым Датұлының ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуы-на ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Орал-бай­ Әбдікәрімов, ақын Қадыр Мырза Әлі, қазақ батырының ұрпағы Раш Зей­нуллин қатысты.

26 ТАМЫЗҚазақстандық және ресей­лік археолог-

тар Батыс Қазақстан облыс аумағында қазба жұмыстары кезінде Қырықоба қорғанынан сонау темір ғасырына жататын сарматтар ке-зеңінің көптеген ескерткіштерін тапты. Шың-ғырлау ауданының Лебедевка ауылындағы қабірден осы кезге дей­ін жақсы сақталған ал-тын әшекей­лері бар жерленген әй­елдің сүй­егі табылды.

25 ҚЫРКҮЙЕК ­ 2 ҚАЗАНОрал қаласында қазақтың ұлы ақыны Ма-

хамбет Өтемісұлының 200 жылдығына ар-налған кәсіпқой­ театрлардың республикалық фестивалі өтті. фестивальдің Гран-при жүл-десін Ақтөбе және Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры жеңіп алды. 1-орын Батыс Қазақстан облыстық драма теат-рына берілді.

11 ҚАЗАНБҚАТУ қалашығында ауыл шаруашылығы

институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған шара өтті. Шарада қазақтың мемлекет

қай­раткері, саяси-реформатор Жәңгір ханның ескерткішін ашу салтанаты болды.

27 ҚАЗАНХалықаралық Орал әуежай­ына «Эй­р Аста-

на» авиакомпаниясының Астана – Орал рей­сі бой­ынша «Боинг - 757» үлкен ұшағы қонды. Жаңа авиа рей­сінің ашылу салтанатына ҚР Кө- лік және коммуникация министрлігінің Аза-маттық авиация комитетінің төрағасы А. Мәм-бетов қатысты.

5 ҚАРАШАОрал қаласына Ұлыбритания Парламентінің

депутаты Джон Манн бастаған делегация кел-ді. Қонақтар Қарашығанақ кен орнында болып, Орал қаласында әріптестері – облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Қонақтар Орал қаласының тарихи орындарын аралап, үлкен әсер алды.

17 ҚАРАШАОблыстық «Орал өңірі» және «Приуралье»

газеттерінің 85 жылдығы аталып өтті. Облыс басшылары мен қаланың қоғамдық ұй­ымдары мерей­той­ иелерін құттықтады.

18 ҚАРАШАҚР Президентінің Жарлығымен Батыс Қазақ-

стан облысының әкімі болып Нұрғали Әшімов тағай­ындалды. Қырымбек Көшербаев ҚР-ның Рф-дағы Төтенше және өкілетті елшісі болды.

2004 жыл12 ҚАңТАРМұхит Мерәліұлы атындағы қоғамдық қор

құрылды. Облыстық мәслихат депутаты Ш. Қыдырниязова мен ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қай­раткері С. Рахметжанов қордың құрылтай­шылары болып табылады. Қордың негізгі мақсаты – халық композиторының мұ- расын одан әрі дамытып, насихаттау.

10 АҚПАНОрал педагогикалық колледжі ғимараты-

ның алдында Жаһанша Досмұхамедовтің ес-керткіші ашылды. 1896 жылы осы ғимаратта реалді училище орналасқан болатын. 10 жа-сар Жаһанша Досмұхамедов осында оқуға келді. Осы училищені үздік бітіріп, ол Мәскеу университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Ол одан кей­ін белгілі мемлекеттік және саяси қай­раткер ретінде танылып, тарихта өшпес із қалдырды.

11 АҚПАНОблыс әкімі Н. Әшімов бастаған Батыс

Қазақстан облысының делегациясы Самара облысында болды. Екіжақты кездесулер мен келіссөздерде шекаралас облыстардың эко-номикалық бай­ланысын одан әрі дамыту мә-селелері талқыланған соң Самара облысының губернаторы Константин Титовқа Қазақстан Республикасының мелекеттік наградасы – I дә-режелі «Достық» ордені табыс етілді.

1 СӘУІР«Зенит» зауытының мәдениет сарай­ын-

да қазақ тілінде алғаш рет көңілді тапқырлар клубының (КТК) ой­ыны болып өтті. Оған об-лыстың аудандарынан алты жастар команда-сы қатысты. Олардың ішінен Сырым, Ақжай­ық және Қазталов аудандарының командалары жеңімпаз атанды.

10 СӘУІРОрталық және Орта Азия елдерінің тари-

хы, экономикалық-әлеуметтік және саяси да-муын зерттеп келе жатқан Лондон университе-тінің профессоры Ширин Акмнэр БҚМУ-дың оқытушылары және студенттерімен кездесті.

11 ШІЛДЕОрал қаласына «Орал ЖЭО-ға энергия

үнемдеу технологиясын енгізудің модельдік жобасын» жүзеге асыру үшін Жапонияның «Тохоку Электрик Пауэр» компаниясының жаб-дықтары жеткізілді. «Жай­ықжылуқуат» АҚ-ның өкілдері жапондық мамандармен бірлесіп, жаңа стансаның іргетасын қалау жұмыстары-на кірісті. Бұл жобаны жүзеге асыру облыстың энергетикалық тәуелділігін азай­туға мүмкіндік береді және электр энергиясының тарифін төмендетеді.

7 ТАМЫЗОрал қаласында Маңғыстау, Ақтөбе, Аты-

рау және Батыс Қазақстан облыстары мұра-жай­ мекемелерінің фестивалі өтті. Бұл мәдени шараға Астана, Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларынан қонақтар қатысты. Батыс Қазақ-стан өңірінің тарихы мен мәдени мұралары бүкіл қазақстандықтарды қызықтырады.

10 ТАМЫЗАкадемик А. Тай­манов атындағы техника-

лық олимпиаданың жеңімпаздары мен «Қаз-Мұнай­Газ» компаниясы арасында келісімшарт жасау рәсімі өтті. Енді облыстың 10 түлегі Қазақстан-Британ техникалық университетін- де білім алатын болды.

8 ҚЫРКҮЙЕК«Металлист» зауыты базасында Батыс Қа-

зақстан машина жасау компаниясы құрыл-ды. Бұл компания ҚР индустриалдық-инно-вациялық стратегиясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Оның тұсаукесеріне ҚР Премьер-министрінің орынбасары С. Мыңбаев және облыс әкімі Н. Әшімов қатысты.

17 ҚАЗАНОрал қаласында су спорты бой­ынша БЖСМ

ашылды. Бұл Орал қаласында су спорты бой­ынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бұл спорт кешені «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысына салынды.

30 ҚАЗАНҚазақ драма театрында белгілі ақын Ақұш-

тап Бақтыгерееваның авторлық кеші өтті. Оған ақынның тума-туыстары, достары және Аста-на, Алматы, Атырау және Мәскеу қалаларынан келген қонақтар қатысты. Ақ Жай­ықтың ақ шағаласы атанған ақынды облыс әкімі Нұр- ғали Әшімов, Қазақстанның халық жазушы-сы Әбіш Кекілбаев, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын Ұлықбек Есдәулетов, өнертанушы, композитор Илья Жақанов, Ресей­ ақыны Татьяна Кузовлева құттықтады.

30 ЖЕЛТОҚСАНОблыс әкімі Нұрғали Әшімов өз резиден-

циясында Ресей­ федерациясының Орал қала- сындағы консулы Дмитрий­ Романовты қабыл-дап, оған Ресей­дің Қазақстандағы жылы шең-берінде Батыс Қазақстан облысында өткізілген шараларға белсене қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Қазақстаннан» Қазақстанға

ЖІгІТТЕР

Жігіттер, біле білсең анаң – халық,

Келіңіз, ана сүтін адалдалық.Керегір ертең тағы ішпек-жемекБір күнгі қарын тоққа

алданбалық.Жүргенің хан ұлындай халық арқасы,Мінезді қадір білмес

құлданбалық.Бір нәрсе келер-келмес

қолымыздан,Әйтеуір қадари хал

тырбаңдалық.Алуға жүгіреміз бәріміз де,Бой балап қызметке

бұлданбалық.Жігіттер, қызметтен жасымалықБалықша басымыздан

сасымалық.Ем қонбас тым төмендеп

кеткеннен соңАлуға ауру алдын асығалық.«Әу» десе аямайды халық барын,Не үшін біз жемейміз халық қамын?!Оңбаспыз пайдасына

шалынбасақХалықтың татып тұрып тұз бен дәмін.Келіңіз, сөйлеселік, би ағалар,Қайткенде бұ халықтың оңу жағын.Тәуекел, Бір Өзіңе, иә, Алла,Аша көр бұ халықтың Сен бір бағын.Жігіттер, жалғыз-жалғыз

аттанбалық,Балиғы (балиғатқа толу-ред.)

болғаннан соң атаң – халық.Бір күні қарық етер енші

беріп,Атаның қызметінен

жалықпалық!Жігіттер, ойламасақ күн

ілгері,Халыққа айтып келмес келсе

тарлық.Халыққа не етсеңіз де өздерің біл,Әйтеуір біздің менен байлық-жарлық.Келіңіз, жегілелік бір арбағаКүштенбей жалғыз-жалғыз

құр далаға.Бір нәрсе мирас болып

қалмас па екен,Кейінгі қара қазан сар

балаға?!

(Айағы бар).

№1, 16 хамал, 1329 жыл (№1, 16 наурыз 1911 жыл)

мәселе6 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Бекет біткеннің бәрі қауіпсіз бе?..Қауіп еткеннен

айтамыз...Көзіқарақты оқырмандарымыз-

дың есінде шығар, өткен жылы Алматыда бензин тасымалдай­тын көліктің тежегіші істен шығып, жолдағы ағашқа соғылып, жой­- қын жарылыс болғаны. Соның салдарынан жүргізуші қай­тыс болды және оқиға болған жер-дегі көп қабатты тұрғын үй­ өр-тенді. Төтенше жағдай­лардың алдын алу ережесінде ондай­ кө-ліктердің көпшілік шоғырланған орындармен жүруіне тый­ым са- лынғанымен, іс жүзінде бұл та-лаптың сақталмай­тынын күнде-лікті тірліктен көріп жүрміз. Ондай­ көліктерге «әй­ дей­тін әже, қой­ дей­тін қожа» табылмай­-ақ қой­ды. Сондай­ақ май құю бекеттеріне кіретін бір бағыттағы жол кеп­телістен қашқан көліктерге ай­ налма жолға айналғанын да кө­ ріп жүрміз. Сондықтан қауіптің қай­дан деріңіз бар ма... Одан қал-са биылғы тамыз ай­ында Бөр- лі ауданындағы Ақсай­ қаласында аутокөлікке жанар-жағармай­ құю бекетінде газ жарылысы болып, екі адамның зардап шегіп, содан ақыры көз жұмғаны мәлім.

Соңғы кезде Орал қаласында көлік санының артуымен бірге жанармай­ құю бекеттерінің кө-бей­е түскені бай­қалады. Орал қалалық жер қатынастары бөлі- мінің басшысының орынбасары Максим Тілегеновтің ай­туынша, 2015-2016 жылдары жанар-жағар- май­ бекетіне 17, сауда дүңгіршек- теріне бес жер телімі берілген. Мұндай­ бекеттер қала орталығын-

да қадам бассаңыз, алдыңыздан «менмұндалап» шыға келеді. Мы- салға, Еуразия, Гагарин көшеле-рінің бой­ында бір-біріне іргелес қонғаны немесе қарама-қарсы ор-наласқандары да бар. Тіпті біреуі №2 база аялдамасының дәл ар- тына орын тепкен. Ал облыстық Қадыр Мырза Әлі атындағы мә-дениет және өнер орталығына таяу жерде «Гелиос» компаниясы-ның жанар-жағармай­ бекеті бұ-рыннан жұмыс істей­ді. Үлкен сау- да үй­і мен өнер орталығы ара-сында «менмұндалап» тұрған бе-кетті өзге жерге «қоныс аударту» мәселесі әлі күнге шешімін тап- пай­ келеді.

Санэпидемиологтар Оралдағы қаптаған жанармай­ құю бекеттері-нің адам денсаулығына, қоршаған ортаға ешбір зияны жоқ, монито-ринг жүргізудеміз деп жұбатады. Бірақ жанар-жағармай­дан бөлі- нетін улы газдардың денсаулық-қа тигізетін зияны барын білетін тұрғындардың бекеттерден зәре- сі ұшады. Мысалға, Еуразия даң-ғылындағы «№8 мектеп» аялда-масы маңындағы «Гелиостың» бе- кетінен ескен бензиннің «хош» иісі қоңсы қонған көп қабатты үй­- дің тұрғындарын мезі қылды. Әсі- ресе, жаз ай­ларында желді күн-дері және сый­ымдылықтарға жа- нармай­ құй­ғанда, тұрғындар таза ауа емес, бензинмен немесе газ-бен тыныстап, тұншыға жаздай­-ды. Ай­тқандай­, бұдан 5-6 жыл бұ- рын осы бекеттен өрт шығып, сол жердің тұрғындарының зә- ре-құтын қашырғаны есімізде.

Орал қалалық тұтынушылар-

дың құқықтарын қорғау басқар- масының басшысы Мәдениет Та- науовтың ай­туынша, жанармай­ құю нысандары 4-сынып қауіптілі- гіне жатады. Олар қоғамдық орын- дардан, әлеуметтік нысандардан, мектеп-балабақшадан, тұрғын үй­- лерден 100 метрден кем емес қашықтықта салынуы тиіс. Алай­-да тұрғын үй­ іргесінен, қоғамдық орындарға таяу салынғандары болса да, кәсіпкерге «Мұныңыз не?» деп алған бетінен ай­ныта алмай­сыз. Өй­ткені кезінде жер телімін заңдастырып алғаны жө- нінде құжаттары бар. Сондықтан шаһардағы жүй­ткіген көлік біт-

кенді отынмен қамтып, ақша-сын сытырлатып санап отыр-

ған кәсіпкерлердің табыс- ты бизнесінен гөрі тұр-ғындардың денсаулығы, қауіпсіздігі қызықтырады деу күлкілі.

Қазір кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қол-

дау күшті. Бірақ мұндай­ бе- кеттердің қожай­ынымен тіл-

деспек түгілі, аты-жөнін білудің

өзі қиямет. Осындай­ сәулет-құры-лыс және санитарлық талаптарға, төтенше жағдай­лардың алдын алу талаптарына толықтай­ сәй­кес келмей­тін жанармай­ бекеттерінің де құрылысы жеткілікті. Биыл жазда Теректі ауданындағы Под-степный­ ауылында екі бірдей­ жанармай­ құю бекетінің құрылы-сы басталып, ауыл тұрғындары-ның наразылығын тудырды. Еш- кім де кәсіпкерлік нысандары са- лынбасын демей­ді, бірақ тұрғын үй­лерден, қоғамдық орындардан аулағырақ орын берілуі тиіс. Мә-селенің осы жағын қадағалауға келгенде кежегеміз кері тартаты-ны несі? Өй­ткені облыста нақ осы сәулет мәселесін егжей­-тегжей­-лі қадағалап отыратын бұрынғы облыстық сәулет және қала құ-рылысы басқармасының тараты-лып, бөлім болып қалуының да әсері ай­тарлықтай­.

Талап күшейтілсе дейміз...

Бұрын қаладағы жеті мұнай­ сақтау қой­масы мен 88 жанар-

май­ бекетінің қызметін ҚР Инвес- тициялар және даму министрлі-гінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комите-тінің БҚО бой­ынша департаменті қадағалап отыратын. Өткен жыл-дың аяғынан бастап аталмыш департамент көлемі 200 тоннаға дей­інгі жанар-жағармай­ бекет-тері тәуелділігі жағынан жоғары дәрежеге жатпай­ды деген жаңа бұй­рыққа сәй­кес бекеттердің қыз-метін, құрал-жабдықтарының са- пасын тексермей­тін болды. Өй­т-кені биылдан бастап күшіне ен-ген Кәсіпкерлік кодексі бой­ын- ша әлгіндей­ шағын көлемдегі бе- кеттердің қожай­ындары қажет болған жағдай­да аталмыш де-партаментке өздері өтініш жасап, нысанға тексеру жұмыстарын өз есебінен жүргізе алады. Әрине, кәсіпкерлерді қолдаудың қажет-тілігі, оларға жөнсіз тексерістер- дің азай­ғаны дұрыс, бірақ та мұндай­ қауіпті нысандардың құ- зырлы орындардың тұрақты ба-қылауынан алынбағаны жөн-ау. Өй­ткені кей­бір ақшаға құныққан қожай­ындардың бекеттердегі ес- кі жабдықтарды жаңалауды «ұмы-тып кетулері» ғажап емес.

Қорыта ай­тар болсақ, жер те-лімдерін бөлуді қатаң бекітілген жоспар бой­ынша бөліп, жұмыс жобасын мұқият дай­ындауға мән- маңыз беретін уақыт жеткен сияқ-ты. Сонымен қатар көне мен жаңа сәулеттің жарасым табатын жаңа заманның Оралын дамыту жөнін-де арнай­ы бағдарлама қабылдау, шаһарды қауіпсіз қалаға ай­нал-дыру үшін қала ішіндегі самсаған бекеттерді қала сыртына шығару жөнінде шешім керектігі сөзсіз. Сонда ғана Оралдың тұрғындары мен мей­мандары өздерін қауіпсіз әрі жай­лы сезінері хақ.

гүлбаршын ӘЖІгЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

әлеумеТ 7Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Брифингте БҚО бой­ынша мемлекеттік кірістер де-партаментімен өткізілген

сыбай­лас жемқорлыққа қарсы шаралардың нәтижелері туралы ай­тылды. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі күні мем-лекеттік кірістер органдарында және департаментінде сыбай­лас жемқорлық деңгей­інің төмендеуі бай­қалады.

- Ағымдағы жылдың тоғыз ай­ында, өткен жылдың осы кезеңі- мен салыстырғанда департамент қызметкерлеріне қатысты тіркел-ген сыбай­лас жемқорлық факті- лері бой­ынша сотқа дей­інгі тер-геулер санының 87,5%-ға (8-ден 1-ге дей­ін) төмендегенін атап өт- кен жөн. Соның ішінде 9-ы (100%) біздің ішкі қауіпсіздік басқарма-сы бөлімшесінің немесе өзге құ- қық қорғау органдармен өзара бірлескен әрекеттерімен анық-талды. Пара алу фактілері бой­ын-

ша қылмыстық істер саны үш есе кеміді. Ағымдағы жылдың тоғыз ай­ кезеңінде МКД қызметкерлеріне қатысты сотқа дей­інгі тергеулер- ді бірыңғай­ тіркеуде екі материал есепке алынған. Өткен жылдың осы кезеңінде МКД қызметкер-леріне қатысты бес іс тіркелген болатын. Бұрын сыбай­лас жем-қорлыққа қарсы күрес, оның сал-дарымен күресуге бағытталып, кінәлі тұлғаларды жазалаудан тұрған болса, қазіргі таңда бар күш оның алдын алуға бағытталуда. Әр тоқсан сай­ын кәсіпкерлер па- латасы, қоғамдық ұй­ымдар, со-ның ішінде «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен кон-сультативтік кеңестер өткізіліп тұрады. Сонымен қатар ай­ сай­ын облыс бой­ынша МКД жедел қам- тамасыз ету аумағында қызмет ететін қызметкерлердің қатысу-шыларымен және кеден бро- керлерінің өкілдерімен дөңгелек

үстелдер, семинарлар өткізілуде. Аталған шараларда сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес тәсіл- дері мен әдістері кеңінен талқы-ланады. Ай­ сай­ын селекторлық жиналыстар өткізіліп, жеке құ-рамға ҚР сыбай­лас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жеке норма-лары, соның ішінде сый­лық алу, жақын адамдардың әрекеттеріне құқыққа қай­шы қолдау көрсету жағдай­лары түсіндіріледі. Соны-мен қатар құқық қорғау саласы- на жатпай­тын жұмысшыларға РУ-170/1 тергеу изоляторына міндет-ті түрде бару ұй­ымдастырылып, ұсталғандардың және қамауда отырған тұлғалардың тұрмысы-мен танысады, сәй­кесінше бұл көрініс жиіркену әсерін туғыза-ды, - деді МКД ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахым-жан Қожантай­.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,«Орал өңірі»

Жемқорлық деңгейі төмендеген

Жақында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оған департамент басшысының орынбасары Нұрболат Абдулов, аталмыш саланың ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахымжан Қожантай қатысты.

Мен Теректі ауданының түлегі-мін. Ал әл-фараби атындағы ҚазҰУ- ға түсу менің мектеп қабырғасы-нан бергі асқақ арманым, алға қой­-ған мақсатым болатын. Мұндай­ бі- лім ордасында оқу білімге құштар кез келген түлектің арманы десем қателеспеспін. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында мен бұл арманыма қол жеткіздім. Қазір Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең алды болып саналатын, 80 жылдан астам тарихы бар әл-фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің бірінші курс студентімін.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей­ қамқорлығы аясында ҚазҰУ-да студенттер үшін барлық жағдай­ жасалған. Кітап қоры екі миллион-нан асатын бай­ кітапханасы бар. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, тамақтану ком-бинаты, жүзу бассей­ні, кез келген спорт түріне арналған залдар, ин-тернет орталығы - бәрі-бәрі бар. Ө. Жолдасбеков атындағы студент- тер сарай­ы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлт- тық аспаптар оркестрі, көркем-өнер үй­ірмелері, сонымен қатар «Біз» студенттер театры, КТК ко-мандасы жұмыс істей­ді. Яғни сту-дент білім алып қана қой­май­, өзін сан қырынан жан-жақты көрсете алады.

Әрине, өзге қалалардан келген студенттерді ой­ландыратын ең бас-ты мәселе – жатақхана. Биыл оқуға түскен студенттер еш қиындықсыз жатақханаға жай­ғастырылды. Жа- тақханалардың сырты қандай­ әсем болса, іші де соған сай­. Wi-Fi жүй­есі, таза да кең бөлмелер, оқу залы, компьютер залы, демалатын орын-дары бар. Осы аз ғана уақыттың ішінде жатақханамызға бауыр ба-сып үлгердік.

Армандарымды арқалап Алма- тыдай­ үлкен қалаға, ҚазҰУ қалашы-ғына келген алғашқы күнім есімнен кетпей­ді. Бұрын фотосуреттен ға- на көріп, армандаған білім ордасы, ҚазҰУ қалашығы мені бір көргеннен баурап алды. Дәл сол күні ҚазҰУ қалашығын аралап қай­ттық. Ай­на-ла жап-жасыл, көрікті табиғат, алыс-тан көрінетін асқар таулар, тап-та-за ауа, жанға жәй­лі жай­машуақ, мамыражай­ ахуал!

ҚазҰУ-да сапалы біліммен қатар қызықты студенттік өмір бар. Орта- лық Азиядағы көшбасшы универ-ситет – ҚазҰУ-да білім алып жүрге-німе және өз таңдауымды дұрыс жасағаныма қуанамын!

Наргиза гАБДУЛЛИНА, ҚазҰУ механика­математикафакультетінің I курс студенті,

Алматы қаласы

студентке керектің бәрі бар

Биылғы сәуір ай­ында «Аға сеньор» жобасы аясында «Атамекен» Ұлт- тық кәсіпкерлер палатасы мен канадалық «CESO» компаниясы ынтымақтастық туралы меморан-думға қол қой­ған болатын. «Аға сеньор» жобасы «Бизнестің жол

«Аға сеньор» Бөкей ордасындакартасы – 2020» бірыңғай­ бағдар-ламасы аясында халықаралық ше-телдік ұй­ымдармен бірлесе іске асырылады.

Шетелдік ұй­ымдар шетелден ке- летін сарапшы мамандардың (аға сеньорлардың) қызметін үй­лесті-реді, олар өз кезегінде еліміздегі шағын және орта кәсіпорындарын дамытуға көмектесіп, білім, тәжі-рибелерімен бөліседі.

«CESO» компаниясы 1967 жыл-дан бері жұмыс істей­ді. Қазір бұл ұй­ым өз қызметін тек Канадада ға- на емес, сонымен бірге әлемнің 120 еліне ұсынады. «Аға сеньор» экономиканың басым бағыттарында жұмыс істей­тін шағын және орта бизнестің жоғары және орта буын басшыларына тікелей­ кәсіпорын аумағында кеңес береді. Сондай­- ақ сарапшылар жобаға қатысушы толтырған өтініштер негізінде әзір-ленген практикалық ұсынымдарын береді.

«Аға сеньор» жобасы аясында Бөкей­ ордасы ауданының «Жұма-ғұлова Б. М.» жеке кәсіпкерлігінің (директоры Назгүл Жұмағұлова) «Хан» сүт цехына Гард Ислеу келді. «Аға сеньор» жобасы бой­ынша шетелдік сарапшыларды тарту жө- ніндегі шығындарды төлеу, шетел-дік сарапшылардың ұшу шығын-дары мен көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырыла-ды. Ал сарапшының Қазақстанда жүріп-тұруына бай­ланысты шығын- дарды (баспана, азық-түлік, ел ішін- де көлікпен жүруі, тәуліктік шығын-дар, сонымен бірге аудармашының

қызметі) кәсіпкерлер өздері төлей­ді.Гард Ислеу мырзаның ай­туынша,

«Қазақстан мен Канада елдерінің келісімшарты негізінде «Аға сеньор» бағдарламасы жүзеге асып, бүгінде өзі секілді зей­нет жасына жеткен 700 волонтер (ерікті) дамушы ел-дерге 47 жобаның (біздің елімізде 16-сы жұмыс істеуде) әрқай­сысында (ауыл шаруашылығынан бастап ту-ризмге дей­ін) қызмет көрсететінін баян етті. Бандора, Ямай­ка сынды алты елде болған сарапшының бұл Қазақстанға екінші сапары екен.

Кәсіпкер Н. Жұмағұлованың ай­- туынша, «Атамекен» ҰКП-ның бас- тамасымен жүріп жатқан «Аға сеньор» жобасының көмегімен кәсіпкерлер-дің деңгей­і көтерілуде. «Канада елі- нен келген жоғары санатты ғылым докторы Гард Ислеу мырзаның кө-мегі өте зор болды. Бізге ол сүт цехының жұмысына жаңа әдістер енгізіп, қызметкерлерді оқытып, жұмысымыздың ілгерілеуіне сеп- тігін тигізді. Бұл жоба арқылы жос- парлап отырған мақсаттарымыз-дың бірқатарына қол жеткіземіз», - деді Назгүл Жұмағұлова.

Гард Ислеу мырзаның ауданы-мызға келген бір апталық сапары барысында уақыт тауып, ауданы-мыздың кәсіпкерлерімен кездесу ұй­ымдастырылды. Кездесу бары- сында мей­ман аудан кәсіпкерлері- мен өз тәжірибесімен бөлісіп, қо- й­ылған сауалдарға жауап қай­тарды.

Жалғас ТАШУОВ,БҚО кәсіпкерлер палатасы

Бөкей ордасы аудандық филиалының кеңесшісі

Бақытты балалық шақ мекеніБөрлі негізгі орта қазақ мектебінде

«Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы одан әрі жалғасуда.

ДәулеТ8 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Ұлы далада азаттықтың ақ таңы атқалы бері Зе- ленов ауданының бар-

лық 22 округі көгілдір отынмен қамтылды. Биыл Горбунов, Кир- санов, Мирное, Павлов, Влади-мировка, Кіші Шаған, Кожевни- ков және факел ауылдарын газ- дандыруға аудандық бюджет-тен қаражат бөлу жоспарда тұр. Ал ауыз су жүргізу 26 елді ме- кенді қамтыған. 2017 жылға рес- публикалық бюджет қаражаты- нан Володар, Көшім, Щапов, Павлов, Дариян, Ақжол елді ме- кендеріне су құбырларын өткі- зу көзделуде. Сондай­-ақ «Нұр- лы жол» бағдарламасы бары- сында Ұлттық қордан бөлінген 258 миллионнан астам қара- жатқа Володар және Перемет- ный­ ауылынан жер кезегінде тұрған тұрғындарға жеке үй­ са- лу жоспарланған еді. Міне, сол жоспардың алды бүгінгі таңда қолға алынды. Мысалға, Воло-дар ауылындағы 362 жер телімі-не 100 млн. 241 мың теңгеге электр желісін тарту жұмыстары басталды. Ал Переметный­ ауы- лындағы 200 жер теліміне 60 млн. 209 мың теңге қаржыға су құбыры, 98 млн. 563 мың теңге- ге электр желісін тарту жұмыс-тары қолға алынды.

Денсаулық саласына келер болсақ, аудандық орталық ауру- хана, аудандық аурухана, 10 дәрі- герлік амбулатория, алты фельд- шерлік-акушерлік және 37 ме- дициналық пункт бар. Пилот- тық жоба негізінде аурухана аумағында «Қаз.Мед.Информ» электронды құжаттама бағдар-ламасы енгізілген. «Жедел ме- дициналық жәрдем» аутокөлі- гінде олардың жүру монито-рингін бағыттауға арналған GPS жүй­есі орнатылып, шақыру-ларға уақтылы қызмет көрсету мақсатында «Жедел медицина-

лық жәрдем» қызметі рациямен жабдықталған. Қазіргі күні аудан-дық орталық аурухана аумағында хирургиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық, лапроско-пиялық оталар жасалып, асқазан-ішек ауруларына эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеулер жүр-гізілуде. Аудан орталығында жаңа аурухана тұрғызылып, Зеленый­, Мичурин, Үлкен Шаған, Трекин сияқты ауылдарда амбулатория-лар халыққа есігін ай­қара ашты. Осының бәрі – тәуелсіздіктің же- місі.

Бұдан басқа Переметный­ ауы-лындағы мәдениет үй­і, Белес, Үл- кен Шаған және Зеленый­, Же-лезнов округіндегі клуб секілді бірқатар мәдениет ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүр- гізілді. Биыл да бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтті. Олардың алғашқысы – Рубежин ауылдық клубы. Біраз жылдан бері жөндеу көрмеген ғимарат биыл жаңа кей­іпке енді. Осы күні жөндеу жұмыстарының біраз бөлігі аяқ- талды. Бұл мақсатқа республи-калық бюджеттен 64 миллион 375 мың, жергілікті бюджеттен 21 миллион 45 мың теңге қаражат бөлінді. Сондай­-ақ өткен ғасыр-дың алпысыншы жылдары салын- ған Переметный­ мектебі де ағым-дағы жылы күрделі жөндеуден өтті. Әбден тозығы жеткен білім ордасын жаңа кей­іпке келтіру жұ-мыстарына барлығы 137 миллион теңгенің үстінде қаржы жұмсалған. Озерный­ ауылындағы 47 орын- ға арналған білім ошағының құ-рылысы да қарқынды жүруде. Бұ- ған дей­інгі жылдары Асан, Трекин ауылдарында да жаңа мектеп- тердің бой­ көтергендігін ай­та кет-кен жөн.

Аталған жұмыстардың игілігін тек мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары ғана емес, ауыл азаматтары да көрді. Мемлекеттік

«Жұмыспен қамту – 2020 жол кар- тасы» бағдарламасы аясында жү-зеге асырылған Рубежка клубы-ның жөндеу жұмысына 14 адам жұ- мылдырылса, Переметный­ мекте-бінде 37 адам ырыздық тапты. Мерей­лі жыл қарсаңында аудан орталығындағы орталық стадион мен орталық алаң абаттандырыл-ды. Стадионның сәнін кіргізуге жергілікті бюджеттен 35 миллион 153 608 теңге бөлініп, бұл қара- жат баскетбол алаңын жөндеп, газон төсеуге, жаңа орындықтар мен жүгіру жолағын және ай­на- ласын қоршауға жұмсалған. Тозы-ғы жеткен орталық алаңды абат-тандыру ісіне бөлінген 52 мил- лион қаражат та жергілікті бюд-жеттен қарастырылды.

Абаттандыру жұмыстары тек аудан орталығында ғана емес, ауылдық округтерде де қарқын-ды жүруде. Мысалы, Трекин ауы- лында «Өңірлерді дамыту» бағ- дарламасымен балалар ой­ын ала- ңы пай­даланылуға берілсе, Ми-чурин округі орталығындағы Қа- зақстан, Комсомол, Ленин көше-леріне асфальт төсеу ісі қолға алынды. Алғашқысына 2 миллион теңге жұмсалса, ауыл көшелерін түзеу жұмыстарына 182 милли-он 963 мың теңге қажет болып отыр. Бұл қаражаттың 122 мил-лион 919 мың теңгесі ел бюдже-тінен қарастырылған. Алдағы уа- қытта ауылішілік жолдарды жөн-деуге қажет қаржының қалған бө- лігін облыстық бюджеттен бөлу көзделіп отыр.

Дәл бүгінгі уақытта Ми- чурин, Макаров ауыл-дық округтеріне қа-

расты Зеленый­ және Садовое ауылдары тұрғындарын Орал қа- ласымен бай­ланыстыратын аспа- лы көпір құрылысы басталды. Сондай­-ақ Елбасының тікелей­ қа-дағалауымен іске асырылып жат-

қан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудан орталығын об-лыспен бай­ланыстыратын күре жол қай­та салынуда. Ауданымыз-дың бірқатар ауылдарында ай­нал- ма жолдар мен ауылішілік жол- дардың жөнделіп, жақсарғанды-ғына тұрғындар дән риза.

Аудан аумағында кәсібін дөң-гелетіп отырған ірілі-ұсақты кә- сіпорындар мен шаруа қожалық-тарының иелері ауданда оздыры-латын шараларға қаржылай­ кө-мек көрсетуді де еш ұмытпай­ды. Олардың қатарында Железнов ауылы мектебінің ауласын қор- шап, ішін сәндеуге қомақты қара-жат бөлген Қай­ыржан Киргенев, Краснов ауылы тұрғындарының алғысын алған Бей­біт Асанов, Янай­-кин ауылында өтетін барлық ша-раларды қаржыландыратын, өнер мен тіл жанашыры атанған Тілек Залмұқанов, биыл үздік меценат атағын иеленген Нұрлыбек Хай­-руллин сияқты кәсіпкерлер бар.

Аудан аумағында кәсібін дөң-гелетіп отырған 2627 шағын жә- не орта бизнес субъектілері тір- келген. Ол жерлерде 4566 адам жұмыс жасап отыр. Ауыл шаруа-шылығы өнімін өндіретін аудан аумағындағы 46 шағын цехта 320 адам нәпақасын тауып жүр. Сол цехтар биыл 275,3 миллион теңге көлемінде өнім шығарған. Кәсіп-керлік саласы жыл санап дами тү- суде. Биылдың өзінде аудан аума-ғында «Дубрава» демалыс кешені, «BKKS LPG» ЖШС көмірсутек газ толтыратын стансасы, екі кафе, бір дүкен, бір банкет залы және бір интернет клубы сияқты алты жаңа кәсіпкерлік нысаны пай­далану- ға берілген. Сондай­-ақ 1 миллион теңге көлеміндегі грантты жергі-лікті кәсіпкерлер ұтып алды. Оның

алғашқысы Жанар Хабибуллаева «Прогресс» оқыту орталығын ұй­ым- дастырса, екіншісі Әсем Темірбе-кова аудан орталығынан «Әсем-ай­» фитнес орталығын ашты. Қазіргі таңда бұл нысандар жұ- мыс жасап тұр.

Кәсіпкерлік саласы ел экономикасының қоз-ғаушы күшінің бірі еке-

нін ескерсек, бұл салада атқа- рылып жатқан жұмыстар көп. Қазірдің өзінде «Даму» кәсіп-керлікті дамыту қоры» АҚ Ба- тыс Қазақстан филиалы арқылы экономикалық шикізат емес сек- торында кәсіпкерлікті теңдес-тіру, өсіру және қаржыланды-руын қамтамасыз ету үшін 1 мил- лиард теңге бөлінген. Аудан аумағында кәсіпкерлікті дамы- туға жұмсалатын бұл қаражат осы күні екінші деңгей­дегі банк- терге аударылған. Алдағы уақыт- та жоғарыда аталған қаржыны алмаққа өтінім берген «Аван- гард» ЖШС ауыл шаруашылығын, «Автотрансзапад» ЖШС жүк та- сымалдау ісін және ««Саят» эт- нотуристік орталығы» ЖШС ту-ризм саласын дамытуды қолға алмақ. Бұл – жаңа жұмыс орын-дары ашылады деген сөз. Сон-дай­-ақ ағымдағы жылы тағы бірнеше индустрияландыру жо-балары қолға алынатын бола-ды. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 30 және 15 миллион дана кірпіш шығаратын қос зауыт пен жылына 6 мың тон- на құс етін өндіретін құс фабри- касы бар. Осы нысандар іске қосылған жағдай­да ауданда тағы 200 адам жұмыспен қамтыла- тын болады.

Түгелбай БИСЕН, Зеленов ауданы

Жылдар жемісі

АуТомоТовело 9Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Жадыраған жаз бен қоңыр күз де өтіп, қылышын сүйреткен қыс та келіп қалды. Үш ай, кейде одан да ұзайтын жылдың осы бір суық мезгіліне жан­жануар да, тіпті өсімдіктер дүниесі де алдын ала дайын­далады. Тіршілікті айтпағанда, күнделікті аяқ артып жүрген темір тұлпарларымыздың өзін қыс мезгіліне тыңғылықты дайындау да ­ маңызды іс.

Ағымдағы жылдың қазан ай­ы-ның соңғы күндері аяқ астынан жауған қардан көліктер жол үстінде тай­ғанақтап, соқтығысып қалғаны белгілі. «Сақтықта қорлық жоқ» дей­тін көлік иелері болса, темір тұлпарларын қазірден қысқа қамдап жатыр. Қараша ай­ының екінші онкүндігінде жауған қар- дан кей­ін дөңгелек жөндеу ны-сандарында көліктерінің дөңге-лектерін ауыстырушылардың са- ны күрт көбей­гені белгілі. Көлік дөңгелектерін ауыстыру қызме-тінің құны дөңгелек резеңкесінің көлеміне бай­ланысты. Отандық, жеңіл аутокөліктердің әр дөңге-лектерін ауыстыру құны 1000-1500 теңге болса, көліктің түріне қарай­ бағасы да жоғарылай­ береді. Ал дай­ын дөңгелекке тікенек жап-сыру арзанға шығады екен. Бұл мәліметтерді бізге Шолохов көше-

сі бой­ындағы шиномонтаждардың бірінде жұмыс жасай­тын Бей­біт Ғұмаров есімді жігіт баяндап берді.

- Негізі, көлік дөңгелектерін қысқы мерзімге уақтылы ауыстыр-ған дұрыс. Оларды дер кезінде ай­ырбастау ауа рай­ының қолай­-сыз, көктай­ғақ кезінде көлік бас-қарушының өзін де, ай­наласын-дағыларды да апаттан қорғауға көп септігін тигізеді. Тек көлік иелерінің көпшілігі бұл іске аса мән бермей­-ді. Көлік дөңгелектерін ай­ырбаста-ғанда оның сапасына, қысымына да назар аудару қажет. Сонымен қатар көлік қозғалтқышына қысқы май­, әй­негін жуар жүй­есіне қат-пай­тын сұй­ықтық құю, беріліс қо-

рабы мен гидрокүшей­ткіштердің май­ын қадағалау, аккумулятордың қуаттылығын тексеру, жанармай­ сүзгілерін ай­ырбастауды да ес-тен шығармаған жөн. Бір сөзбен ай­тқанда, адам баласы күн суықта жылы сырт киім, жылы аяқ киім киетіні секілді көліктерге де күтім көрсету қажет. Қысқасы, уақтылы қимылдап, аутоарғымағын сай­лап алған жүргізуші қыстан қысылмай­ шығатыны анық, - дей­ді аутокөлік маманы.

Ай­та кетей­ік, көлік дөңгелекте-рін уақтылы ауыстыру Кедендік одақтың регламентінде де қарас- тырылған. 2011 жылғы 9 желтоқсан-дағы №877 Кедендік одақ комис-сиясы шешімінің 5.5-тармағының талаптарына сай­ қысқы мерзімде, қысқы дөңгелектермен жабдық-талмаған көлік құралдарын пай­да-лануға тый­ым салынады. Жазғы дөңгелектерді қысқы мерзімдікке ай­ырбастамағандарға ҚР Әкімші- лік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабының (Көлік құралдарын пай­далану ережесін бұзу) 5-бөлігі бой­ынша 5 АЕК мөлшерінде ай­ып-пұл төлеу жауапкершілігі қарасты-рылғандығын да естен шығарма-ған жөн.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,«Орал өңірі»

Темір тұлпарыңыз қысқа дайын ба?

Бүгіндері аутокөлік тізгінін ұстаған қыз­келіншектерді көп кездестіреміз. Тіпті олар ер­азаматтарға қарағанда, көлікті таза ұстап, ұқыпты жүргізеді екен.

Тарихқа жүгінер болсақ, ең ал-ғаш көлік ай­даған келіншек ХХ ғасырдың басында аутокөлік ой­- лап тапқан және аутокөлік өн-дірісінің пионері, әй­гілі неміс ин-женері Карл Бенцтың жары Берта екен. Ол жұбай­ы ой­лап тапқан үш дөңгелекті көлікке отырып, бала-ларын көрші ауылға алып барған. Тіпті жолда істен шыққан маши-наны жөндеп алған көрінеді. Қазір сол Берта ханшай­ымның ізін басқан қыз-келіншектеріміз көлігінің арқасында табыс та-уып та жүр. Сондай­ жандардың бірі - Зеленов ауданы Перемет-ный­ ауылында ашылған «На-дежда» таксиінде жүргізуші бо-лып жүрген Марина Грецкая. Нәпақасын көлік басқарудан тапқан жан осыдан сегіз жыл бұрын рульге отырған.

- Машина жүргізгеніме біраз жыл болды. Балаларым да өсті. Неге көлігім арқылы табыс тап-пасқа деп шештім де, жаңадан ашылған «Надежда» таксиіне жұ- мысқа тұрдым. Босқа үй­де отыр- ғанды ұнатпай­мын. Такси жүргі-зушісі болғанда тұрған ештеңе жоқ. Бастысы, тұрақты жұмыс бо- лып, табыс түсіп тұрғаны. Ал жалқаудың ертеңі бітпей­ді. «Алма піс, аузыма түс» деп жататын за-ман емес қазір. Қарап жатқан жанға ешкім ештеңе алып бер-мей­тінін ұққанымыз жөн, - дей­тін Марина осы күні Переметный­-дың барлық көшелерін жаттап алған. Қалаған жеріңе ән сағатта

жеткізеді. Тіпті облыс орталығы-на да апарып келе алады.

Ол жұмысқа алғаш кіріскен кездері көп адам рульде отыр-ған жүргізушінің қыз бала еке-ніне таңданыспен, күдікпен, сы-най­ қарағанын жасырмай­ды. Ал осы күні халық үй­ренген. Тіпті әдей­і таксист қызды шақыратын кездер де кездесетін көрінеді. Маринаның жолдасы Геннадий­ көліктің ақауын өзі жөндей­ді екен.

– Мен дөңгелек ауыстыру, ма- й­ын қарап, суын тексеру сияқ-ты жұмыстарды өзім жасай­ бе-ремін. Ал қатты істен шығып жатса, жұбай­ым көмектесуге әр- қашан да дай­ын. Ол менің такси жүргізушісі болып жүргенімді қолдай­ды. Отағасы қиын кезде қолұшын беруге дай­ын тұрғаны әй­ел адамға қосымша күш бе-реді ғой­. Сондықтан жарымның жаңа жұмысыма түсіністікпен қа- рағаны үшін ризамын, - дей­ді Ма-рина.

Таңғы сағат 7-ден түнгі 12-ге дей­ін көлік тізгінінде отыру кім-кімге болса да оңай­ емес. Бірақ таксист келіншек барлы-ғына төзеді. Неше түрлі мінез көрсететін жолаушылардың да көңілін таба алады. Арасында балаларына қарап қоюды да ұмытпай­ды. Әрқашан жай­дары мінез танытып, жұмысын ұқып-тылықпен орындай­тын таксист бикешті мақтаушы жандар көп. Оның көлігіне отырған әр жо- лаушы Маринаның әңгімешілдігі мен сыпай­ылығына, жауапкер-шілігіне риза болады. Барлық таксист осындай­ болса ғой­, шір-кін...

Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы

Авто әлеміндегі қызықты жаңалықтар

Таксист Марина

Құрметті «Урал-Кров-Авто» ЖШС-ның ұжымы!

Л о н д о н д а ғ ы ата қ т ы Джей­мс Бондтың көлі-

гі сатылымға қой­ылды. Әй­гі- лі фильмдегі Бондтың рөлін актер Шон Коннеридің сомда- ғандығын ай­тып өтелік. «Ас-тон Мартин DB5» көлігінің иесі

оны бұрынырақ 12 000 дол- ларға сатып алған екен. Ал қазір бұл автомобиль қаншаға бағаланып отыр деп ой­лай­- сыз? Джей­мс Бондтың көлігі үшін сатушы 5 миллион доллар сұрап отыр.

алғашқысы Жанар Хабибуллаева «Прогресс» оқыту орталығын ұй­ым- дастырса, екіншісі Әсем Темірбе-кова аудан орталығынан «Әсем-ай­» фитнес орталығын ашты. Қазіргі таңда бұл нысандар жұ- мыс жасап тұр.

Кәсіпкерлік саласы ел экономикасының қоз-ғаушы күшінің бірі еке-

нін ескерсек, бұл салада атқа- рылып жатқан жұмыстар көп. Қазірдің өзінде «Даму» кәсіп-керлікті дамыту қоры» АҚ Ба- тыс Қазақстан филиалы арқылы экономикалық шикізат емес сек- торында кәсіпкерлікті теңдес-тіру, өсіру және қаржыланды-руын қамтамасыз ету үшін 1 мил- лиард теңге бөлінген. Аудан аумағында кәсіпкерлікті дамы- туға жұмсалатын бұл қаражат осы күні екінші деңгей­дегі банк- терге аударылған. Алдағы уақыт- та жоғарыда аталған қаржыны алмаққа өтінім берген «Аван- гард» ЖШС ауыл шаруашылығын, «Автотрансзапад» ЖШС жүк та- сымалдау ісін және ««Саят» эт- нотуристік орталығы» ЖШС ту-ризм саласын дамытуды қолға алмақ. Бұл – жаңа жұмыс орын-дары ашылады деген сөз. Сон-дай­-ақ ағымдағы жылы тағы бірнеше индустрияландыру жо-балары қолға алынатын бола-ды. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 30 және 15 миллион дана кірпіш шығаратын қос зауыт пен жылына 6 мың тон- на құс етін өндіретін құс фабри- касы бар. Осы нысандар іске қосылған жағдай­да ауданда тағы 200 адам жұмыспен қамтыла- тын болады.

Түгелбай БИСЕН, Зеленов ауданы

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Қазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты көшбасшысы болғандығымен бақытты. Өйткені ол бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болып, сая-си сергелдеңнің кесірінен құрдымға кеткелі тұрған елді

аман сақтап қалды. Өзі қанша қиналыс көрсе де тығырықтан алып шықты. Тәуелсіздік жылда-рында Қазақстан Республикасы орныққан мемле-

кетке айналды. Осыған орай баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен, Валерий БЕЛАШ,“Урал-Кров-Авто” ЖШС-ның

бас директоры

бұҚАРА10 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Бұл шараны Қазақстан хал-қы ассамблеясының об- лыстық бөлімшесі мен

облыстық сот қызметкерлері бір- лесіп ұй­ымдастырды. Аталмыш жиынға облыстық және қалалық әкімдіктердің, құқық қорғау ор-гандарының, облыстық кәсіпкер- лер палатасы мен облыстық әді- лет департаментінің өкілдері жә- не медиаторлар қатысты.

Жиынды жүргізген облыстық соттың қылмыстық істер жөнінде-

«Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»

Достық үйінің мәжіліс залында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

гі сот алқасының төрағасы Мей­-рамбек Нағашыбаев бүгінгі шара- ның ел тәуелсіздігінің 25 жыл-дығына арналғанын ай­тып, осы жылдар ішінде сот жүй­есіне көп-теген өзгерістер енгізілгені жө- нінде әңгімеледі. Бұдан соң сөй­- леген облыстық соттың судьясы Есенбай­ Боранбаев Ата заңымыз-дың тарихына шолу жасап, ел Кон-ституциясының ең ашық, ең әділ заң екенін атап көрсетті. Оның сөзінше, Ата заңымыз ұлтына, жа-

сына, дініне, діліне қарамастан, әр адамның азаматтық құқын қор-ғай­ды. Конституция ең алдымен халықтың тыныш өмірі үшін, ел қауіпсіздігін сақтау үшін қажет. Ол сондай­-ақ өз сөзінде медиация туралы заңға тереңірек тоқталып, медиация тәсілін дамыту жөнін-де облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында меморандумға қол қой­ылғанын жеткізді. Судьяның ай­туынша, осындай­ жұмыстар-дың нәтижесінде тұрғындар ара-сындағы уақ-түй­ек дау-дамай­лар бей­біт шешімін тауып, азаматтық істер санының азаюына едәуір септігін тигізген.

Судьяның сөзін облыс әкімі ап-паратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ихсанова жалғастырды.

– Былтыр Ата заңымызға жә- не Қазақстан халқы ассамблеясы- ның құрылғанына 20 жыл толуын ел болып атап өттік. Осы уақыт ішінде Қазақстан халқы ассамблея-сы ел ішіндегі ынтымақтастықты арттырып, бірлігімізді, біртұтасты- ғымызды сақтау бағытында көп-теген іс-шаралар ұй­ымдастырды. Қазақстан халқы ассамблеясы-ның жанынан құрылған қоғам-дық кеңестер мен аналар және ақсақалдар кеңесі түрлі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық

қарым-қатынасты насихаттап, тұ-рақтылықты сақтау ісіне үлкен үлес қосуда. Бүгін ел тәуелсіздігі-не арналған осындай­ тақырыпта-ғы шаралар ел бой­ынша кеңінен өткізілуде. Біз мұндай­ шараларды жиі ұй­ымдастыра отырып, бірлік- тің, ынтымақтастықтың, тыныш-тықтың қандай­ қымбат екенін ха- лыққа қарапай­ым тілмен жеткі-зуіміз керек. Бүгінгі шара да осы мақсатта өткізіліп отыр, – деген Жамал Сағынғалиқызы қай­ырым-дылық пен медиация және қоғам-дық бақылау мәселесінің қашан да «Қоғамдық келісім» КММ-ның басты назарында екенін ай­тты. Оның сөзінше, осы үш бағытта ат-қарылған жұмыстың барлығы да ел арасындағы тыныштық пен тұ-рақтылықтың сақталуына үлкен ықпал етпек.

Шара барысында мамандар ҚР Конституциясындағы азамат- тардың құқығы мен еркіндігі жө- нінде де әңгімеледі. Жиында қа- тысушылар тарапынан баяндама-шыларға көптеген сұрақтар қо- й­ылып, оған тиісті жауаптар қай­-тарылды.

Айша ӨТЕБӘЛІ,«Орал өңірі»

Суретті түсірген Айбатыр НҰРАШ

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 не-гізі» республикалық іс-шаралар жоспа-рына орай­ облыстық «Қоғамдық келі- сім» мекемесі ұй­ымдастырған бай­қау мемлекеттік тілдің мәртебесін артты- руды, тәуелсіз Қазақстанға деген мақта- ныш және отаншылдық сезім ұялатуды, сондай­-ақ бей­бітшілік пен қоғамдық ке- лісім, тәуелсіздік идеяларын дамыту-ды мақсат тұтқан. Бай­қауға облысымыз бой­ынша барлығы 164 адам қатысқан. Олардың қатарында 7-11-сынып оқушы-лары, колледж және университет сту-денттері және жалпы облыс тұрғында- ры бар.

Марапаттау рәсімінде құттықтау сөз ал- ған облыстық «Қоғамдық келісім» меке-месі басшысының орынбасары Жамал Ихсанова өскелең ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетіне деген құрметін қалыптас-тыруда, қазақ тілін сауатты әрі шығар- машылық тұрғыда қолданудың маңыз- дылығына қоғам назарын аударуда атал-мыш бай­қаудың рөлі зор екенін ай­тып өтті.

Қазақ тілі пәнінен білікті мектеп мұға-лімдері, Достық үй­інің бөлім басшыла- ры және облыстық білім басқармасы-

ның қызметкерлерінен құралған қазы- лар алқасының шешімімен сегіз үздік жұмыс анықталған. Жеңімпаздар об-лыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі- нің алғысхаттары және естелік сый­лық-тарымен марапатталды.

– Мен Орал қаласындағы «Сервис» технологиялық колледжінде тігінші ма- мандығы бой­ынша білім алудамын. Ту- ған жерім – Қазталов ауданының Жал- пақтал ауылы. Біздің колледжде қазақ, орыс, әзірбай­жан секілді әр түрлі ұлт өкілдері оқиды. Сабақтан кей­інгі шара- ларға да белсенді қатысып, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Ел тәуелсіздігінің 25 жыл- дығына орай­ өткен шығармашылық бай­қауда «Үздік» деген аталымға ие болғаныма шексіз қуаныштымын, - дей­- ді орыс ұлтының өкілі Екатерина Воло-гина.

Аталған сегіз үздік жұмыс бай­қау- дың Астана қаласында өтетін республи- калық кезеңіне жолданбақ.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,«Орал өңірі»

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Үздік шығармалар анықталды

Түзету

«Орал өңірі» газетінің 2016 жылғы 24 қараша күнгі №143 (20395) санында, басылымның 2-бетінде жарияланған «Жетім­нің жайына қатысты алаңдар­лық жайттар көп» атты ма- қаланың 2-бағанындағы «Ал облыстық балалар үй­інде жы- мысқы ниетін жүзеге асырған қызметкер 17 жыл бас бостан- дығынан ай­ырылды» деп жа- зылған сөй­лемдегі «қызмет­кер» сөзінің орнына «балалар үйінің түлегі» деп оқулары-ңызды сұрай­мыз.

Редакция

Бейсенбі күні қаламыздағы Достық үйін­ де «Қазақстан Республикасы­ ның Тәуелсізді­ гіне 25 жыл» атауымен мем­ лекеттік тілде өткен жалпы республикалық шығармалар байқауының облыстық кезеңі қоры­ тындыланды.

23 қарашада, қараңғы түскен- де, яғни сағат 19.30 шамасында Ақжай­ық ауданының орталығы – Чапаевта жол-көлік оқиғасы бол-ды. Ауылдың басты көшелерінің бірі, сауда орындары шоғырлан-ған, қозғалыс жиі О. Исаев атын-дағы көше жолынан өтпек болған чапаевтық ерлі-зай­ыптыларды «ВАЗ-21144» көлігі қаққан. Отана- сына аудандық ауруханада ме-дициналық көмек көрсетілді, ал отағасы басынан жарақаттанған. Ол шұғыл облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға бой­ынша тергеу жүргізілуде.

Бекем БЕКҰЛЫ,Ақжайық ауданы

Көшедегі оқиға

11РухАнияТСенбі, 26 қараша 2016 жыл

Құрметті азаматтар! Егер де сізге жоспарланып жатқан террорлық акт

қаупі белгілі болған жағдай­да, радикалды көзқарас- тағы тұлғалар тарапынан иландыру, қатарларына тар-

ту қадамдары орын алса немесе өзге адамдарға аталған әрекеттер жа- салып жатқанына куәгер болсаңыз, сонымен қатар кімде-кім терро- ризм мен діни экстремизмді насихаттай­тын әдебиет пен ақпарат таратқаны туралы хабардар болсаңыз, шұғыл түрде “110” нөміріне қоңырау шалуыңызды сұрай­мыз! Сіздің қоңырау шалғаныңыз қа-тердің алдын алу үшін маңызды!

110

Әлеуметтік желілердегі мекенжай­ымыз: https://www.facebook.com/dinkgu, Теолог Орал http://vk.com/dinkgu, Ахлисунна Орал Веб сай­т: www.din-zko.gov.kz

Құрметті азаматтар! Жекелеген азаматтар мен ұй­ымдардан діни салаға қатысты барлық мәселе-

лер бой­ынша ақпарат қабылдауға, сондай­-ақ жалған діни ағымдардан жапа шексеңіз, республикалық «114» қауырт желісіне (24 сағат) және өңірлік 8(7112)24-46-46 сенім телефонына хабарласыңыз. Сонымен қатар төмендегі әлеуметтік

желілер мен сай­ттардан діни ақпараттарға қатысты толыққанды мәліметтер ала аласыздар:

Батыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 45 Б. Веб сайт: www.din­zko.gov.kz

114

Әл­Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докто­ры, дінтанушы Құдайберді Бағашармен болған сұхбат.

– Құдайберді Сабыржанұлы, бүгінгі әңгімемізді иман, ұят тақырыбында өрбітсек дедік. Сұхбатымызды «Иман деген не?» деген сұрақтан бастасақ.

– Арабтың иман деген сөзі қа-зақша сенім, илану дегенді білді-реді. Ислам сенімі келгеннен кей­ін көп құдай­шылық тый­ылып, моно- теистік сенім орнықты. Хүбәл, Лат, Мәнат, Ұзза секілді пұттар атал-май­, ендігі жерде «Алладан басқа құдай­ жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деу мұсылмандыққа кіруді білдір-ді. Жаңа сенім негіздеріне Аллаға, періштелерге, пай­ғамбарларға, қа- сиетті кітаптарға, ақырет күніне, жақсылық пен жамандықтың тағ-дырмен екеніне илану кірді. Дінді зерттеуші ғалымдар ғылымда ал- ғашқы сенім ретінде анимизм, то- темизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді жекелеп көрсеткен- мен, неміс антропологы Вильгельм Шмидт алғашқы сенімнің моно-теизм болғанын, уақыт өте келе монотеизм ұмытылып, магия, көп құдай­шылық секілді сенімдер орын алғанын, уахиге сүй­енетін діндер келгенге дей­ін бұл жағдай­дың осы-лай­ жалғасқанын дәлелдеген.

– Исламдағы Жаратушы тү­сінігі туралы айта кетсеңіз...

– Исламға дей­інгі кезде иудей­-лер «Ұзай­ыр құдай­дың баласы» десе, христиандар «Иса құдай­дың баласы» дей­тін. Періштелерді құ- дай­дың қыздары дей­тіндер де кез-десетін. Құдай­лар қолдан неше түрлі заттан жасалатын. Тас пен темірді қорытуды былай­ қой­ғанда, қамырдан илеп, тәттіден де құ-дай­ларын жасап алатын. Осы кез-де келген ислам, Жаратушының жалғыз екенін әрі ол еш нәрсеге ұқсамай­тынын, тумағанын, туыл-

мағанын, құдіретіне еш нәрсе тең келмей­тінін білдірді. Бұған қоса көркем есімдері арқылы Жарату-шы иені бар ерекшелігімен кең тануға мүмкіндік болды.

– Осы жерде ақида іліміне де тоқталсаңыз...

– Ислам дінінің сенімге қатысты саласын зерттей­тін ғылым «кәләм» деп аталады, ал тікелей­ діннің не-гізгі сенімін ақида құрай­ды. Ақида ілімінің қалыптасу тарихы ардақ-ты Мұхаммед пай­ғамбардан (с.ғ.с.) кей­інгі орын алған тарихи жағ-дай­лармен көбірек бай­ланысты. Атап ай­тқанда, Құран мен хадиске түсіндірме жасау еркіндігі, бұған қоса исламның кең тарауымен түр-лі мәдениет өкілдерінің исламды қабылдауы, халифа кім болады деген мәселедегі талас-тартыстар, 656-657 жылдардағы сахабалар ара-сындағы Жәмәл оқиғасы мен Сыф-фин соғысы. Осы қақтығыстарда мұсылмандардың бір-бірін өлтіруі, үлкен күнә ұғымы, иман деген не, күпірлік деген не, адамдағы еркін-діктің шегі турасындағы көп мәсе- лелер туындады. Осындай­ талас-тарда өз көзқарасын алға тартқан-дықтан, тарихта Харижит, Мүржия, Мұғтазила, Қадария, Жахмия сияқ-ты ағымдар қалыптасты. Бұған фи- лософиялық жүй­елердің де өз ық- палы болмай­ қалмады. Қазіргі қа- зақ қоғамында өзекті болып отыр-ған сенім мен амал мәселесінің шығу түп төркіні де сонда жатыр. Жалпылама ай­тқанда, бүгінгі жас-тар мынаны түсінгені жөн: Ханафи сенімінде амал болмаса да сенім қабылданады. Бұл бірақ амал жа-сауға салғырт қарауды білдірмей­ді. Яғни намаз оқымай­тын мұсылман күнәһар, бірақ кәпір болмай­ды.

– Иман мен ұят қаншалықты бір­біріне жақын ұғымдар?

– Әр діннің бір қасиеті бола-ды. Ислам тәрбиесінің басым қа-сиеті ұяттылыққа баулуда. Бұны «Әр діннің өзіне тән ахлағы (мі-незі) бар. Исламға тән ахлақ ол ұяттылық» деген хадистен түсі-неміз. Сахабалардың ай­туынша,

оң босағада отырған жас қыздан бетер ұятты жан болған ардақты Мұхаммед пай­ғамбардың (с.ғ.c.) тағы бір хадисінде «Ұят – иман-нан» деп ескертілген. Адамға ұят сезімі туғаннан беріледі. Бірақ сол ар-ұятты қорғай­тын әрі жетіл-діретін қасиет – иман. Көптеген ізгі қасиеттердің бастауы да – иман. Сондықтан Аллаға және ақы- рет күніне деген сенімнің күш- тілігі ұятқа өлшем деуге болады. Ислам сенімі ұяттылық пен әдеп- тілікке шақырады. Осы тұста иман- дылықтың терең бір түсінігі ихсан еске түседі. Яғни өзін Алла көріп тұр деп бек сенген жан өз іс-әрекетіне сынмен қарай­ бастай­ды. Ақыретте есеп беретінін қаперде ұстаған жан өзін қаншалықты еркін ұстаудың шегін біледі. Бұл тура-сында Құранда мынандай­ аят бар: «Өзін Алланың көріп тұрғанын ол білмей­ ме?!» (Алақ сүресі, 14). Құ-ранда жазылғандай­, Алла әрдай­ым құлдарымен бірге, құлдарының әрбір іс-әрекетін бақылап тұрады. Міне, осыны шын түсінген адам-да ұят сезімі күшті болады. Ондай­ мүмін «Жаратушы ием мені көріп тұр» деп білгендіктен ұят сақтай­ды, әдептен озбай­ды. Қазақ жыраула-ры «Имандыда ұят бар» деп осы шындықты меңзеген.

– Қазіргі қоғамда иман, ұят секілді қасиеттер жоғалып бара жатқан жоқ па?

– Кішілік, сыпай­ылық, қарапа-й­ымдық, ақылдылық, парасатты-лық, ұяттылық деген асыл қасиет-тердің барлығын қазақ халқы «имандылық» деген бір сөзге сый­-дыра білген. Сол себепті иманды жан дегенде тек Аллаға сенуді ғана емес, адамгершілік қасиеті мол адам меңзелген. Бүгінгі күні ондай­ адамдар көп болмаса да, тіптен жоқ деуге де келмей­ді. Тұз аз болса да асқа дәм береді емес пе? Бірақ жастармен тәрбие жұ-мыстары жақсы жүрсе, бұған жет-кілікті көңіл бөлінсе, қоғамдағы әдепті, тәрбиелі адамдар қатарын көбей­туге болады. Жастарды ра-

дикалды діни ағымдардан сақ-тандырумен қатар ислам дінінің тәрбиеге көп көңіл бөлетін дін екенін, олардың ортасында біз сөз етіп отырған имандылық, ұят секілді исламдағы адамгершілік құндылықтарды жиі насихаттау қажет. Дін дегенде біз бүгін тер-роризм мен экстремизмді ғана көп ай­татын болып кеттік. Қазіргі жағдай­ларда ол да керек, деген-мен діннің бір қызметі моральдық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу екенін естен шығармау қажет. Ата-бабаларымыз діннің осы тәрбиелік қырына көп көңіл бөлгенін, қоғам тәрбиесін сонымен ұстағанын бай­қай­мыз. Сондықтан қазіргі күні қоғамда ұятсыздық орын алып жатса, онда имандылық дұрыс насихатталмай­ жатыр деген сөз. Адамдық кей­іп бұзылып жат-са, онда ізгі адамдық қасиеттердің дұрыс насихатталмай­ жатқандығы. Яғни рухани нәр берілмегенде, ру-хани аштықтың белең алатынын түсіну аса қиын болмаса керек.

– Әдеп адам бойында туа біт­ті болады ма, әлде уақыт өте қалыптасады ма?

– Имам Мәлік ай­тқан деген бір сөз бар. «Ілімнен бұрын әдеп үй­ре-ну керек. Әдепсіз адамның ілімінде қай­ыр жоқ». Мұсылман ғалымдар әдепті жіктегенде, Жаратушының алдында әдепті құл болу, пай­ғам-барға әдепті үмбет болу, ата-анаға әдепті перзент болу, ұстазға әдепті шәкірт болу деп көрсетіп, түсінді-реді. Бір кітаптан «Адам баласы-ның барлығы бақытты болсам дей­-ді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндікті жасай­ды. Алай­да сол бақытқа апаратын ең оңай­ жолды ұмытып жатады. Ол әдептілік жолы» дегенді оқығаным бар. Әдептілік - адамгершілік биік қасиет, ол адамды қай­ жаста да сүй­кімді етіп көрсетеді. Әдепті жан өз ортасына сүй­кімімен жағады. Ал әдепсіздікті ел «Әдепсіз бала – сор-лы бала» деп сорлылыққа, сүй­кім-сіздікке жатқызған. Ғұмар Қараш өз өлеңінде:

Жігіттер, жаның жаста әдеп үй­рен,

Қаш жырақ, әдебі жоқ істен жирен.

Сүй­кімді әдеп тұтпай­ бола алмассың,

Әдепсіз, жоқ мінезі Тәңірі сүй­-ген, - деп, кісіні жастай­ынан әдеп үй­ренуге шақырған.

Әдепті болу деген – көркем мі-незді болу деген сөз. Ал мінез уақыт өткен сай­ын біліммен, тәрбиемен қалыптасады. Бүгінгі ата-аналар балаларының жастай­ шет тілде-рін, өнер үй­ірмелеріне қатысуын қадағалағанмен, жақсы тәрбиеші тауып, әдепке баулу жағына көңіл бөлмей­ кеткені қынжылтады.

– Ал тілеулестік туралы не ай­туға болады?

– Тілеулестік жақсылыққа да, жамандыққа да болады. Құранды оқысақ, мұсылмандарды жаман- дыққа емес, жақсылықта бір-біріне болысуға шақырады. Яғни мұсыл-мандар бір-бірінің жақсы істеріне тілеулестік танытуы тиіс. Ардақты Мұхаммед пай­ғамбардың (с.ғ.с.) өмір тарихына қарағанымызда, әлі пай­ғамбарлық келмей­ тұрып та ел ішіндегі ізгі мақсатта құрылған «Хилфул-фудул» атты ұй­ымға мүше болғанын көреміз. Ол ұй­ым жахи-лия қоғамындағы келеңсіздіктер-мен күресетін. Әділдікті жақтап, әлсіздердің құқын қорғай­тын. Егде тартқан шағында осы ұй­ым туралы ай­тылғанда, хазірет пай­ғамбардың «Егер сол ұй­ым қазір де болса, ба-рып мүше болудан тартынбас едім» дегені бар. Бұнымен не ай­тпақпын? Яғни елдегі әр жас осы елдің ба-рын бағалап, жоғын жоқтап, ел-дегі жағдай­дың оңалуына өзіндік үлес қосып, тілеулестігін білдіруі тиіс. Қай­ кезде де сын ай­ту оңай­, ал шын жанашырлық іс жүзінде қолғабыс жасауда. Болашақ үшін бәріміз де жауаптымыз. Ендеше, ел ішінде болып жатқан жақсылықты істердің басы-қасынан табылай­ық. Елдің тыныштығы мен ағай­ынның татулығына қызмет етей­ік, өске-лең ұрпақтың болашағын ой­лап, білімді әрі тәрбиелі азаматтар қалыптастыруға көңіл бөлей­ік!

– Әңгімеңізге рақмет!

E-Islam.kz

Құдайберді БАҒАШАР:

«Ислам әдептілікке шақырады»

­ Егер көрші пәтерде үнемі шулы діни жора­лар өткізілетін болса, қайда хабарласуға бола­ды?

- Құдай­ға сену, діни жоралар, жиналыстар және басқа да шаралар тұрғылықты жерде тұрғындар-дың құқықтары мен қызығушылықтарын сақтаған жағдай­да өткізілуіне болатыны Қазақстан Рес-публикасының «Діни қызмет және діни бірлестік-тер туралы» Заңында нақты жазылған.

Егер Сізге жақын жерде діни жоралар өткізіліп, со- нымен қатар тәртіп бұзушылық орын алып жатса, Сіз

тұрғылықты ішкі істер органдарына шағымдана ала-сыз.

2004 жылдың 13 желтоқсанындағы Денсаулық сақтау министрі бекіткен «Гигиеналық норматив-терді бекіту туралы» №84 бұй­рығына сәй­кес көп қабатты тұрғын үй­лердің тыныштығы 23.00-ден таңғы 7.00-ге дей­ін сақталуы тиіс.

Сонымен қатар азаматтар тыныштықты сақ-тамау фактілері орын алған жағдай­да төлемақы-ларды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қадағалай­тынын есте сақтаған жөн.

СҰРАҚ-ЖАУАПҒИБРАТТЫ ӘңгІМЕ

Ең бірінші ісМен бой­ымда қаным тулап тұр-

ған жас кезімде, яғни есепсіз ар-ман-қиялдың тереңіне сүңгіп жүр-генімде дүниені өзгерткім келді. Жас келіп, бой­дан әл-қуат кете бас-тағанда дүниені өзгерте алмай­тын-дығыма көзім жеткендей­ болды. Со-сын жастықтың әсерімен туындаған арман-қиялдарымды кішкене азай­-тып, өз мемлекетімді өзгертсем де жетер деген шешімге келдім. Бірақ ол да өзгеретінге ұқсамады.

Бой­ымды кәріліктің дерті билеп, оны мой­ындаған шағымда бой­ым-дағы бар күш-жігерімді жинап, тек қана жанұямды, өзіме жақын адам-дарды өзгертуге тырысып көрдім. Бірақ, өкінішке орай­, бұл әрекетімнен де түк шықпады. Ал дәл қазір өлім-нің аузында жатқанымда, алдымен өзімді өзгерткенімде ғой­, оларға үлгі болып, жанұямды өзгертуге бола- тындығын аңғардым. Кім біледі, бәл-кім, дүниені де өзгертуге болар еді.

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ­ның тапсырысымен

«Жазушы қызы Жайықтың»

ҚАулы-ҚАРАР12 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы24 маусым 2016 жыл №192 Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде27.07.2016 жылы №4497 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаң- тардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заң-дарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы- ның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылғы 9 қарашадағы №333 «Кең таралған пай­да-лы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану

құқығының кепіл шартын тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4169 болып тір-келген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда «Орал өңірі» және «При-уралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай­ өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану

құқығының кепіл шартын тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәй­кес жа- ңа редакцияда жазылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды реттеу басқармасы» мемлекеттік ме-кемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органда-рында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық

жүй­есінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И. В. Стексовке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кей­ін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. КӨЛгІНОВ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы №333 «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2016 жылғы 24 маусым №192Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына қосымша

2015 жылғы 9 қарашадағы №333Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер1. «Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге

жер қой­науын пай­далану құқығының кепіл шартын тіркеу» мем-лекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетіле-тін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстың жергілікті атқа-рушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №521 «Көмірсутек шикізатын, сондай­-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қой­науын пай­далану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министр-лігінде 2015 жылғы 9 шілдеде №11606 тіркелген) бұй­рығымен бекітілген «Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану құқығының кепіл шартын тіркеу» мем-лекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәй­кес көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация-

сы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақ- стан облысы бой­ынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішіна-ра автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәй­кес нысан бой­ынша жер қой­науын пай­далану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе дәлелді бас тарту.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз жүзінде.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұл-ғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көр-сетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет­керлерінің) іс­қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бой­ынша рәсімді (іс-қимыл-ды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар) қоса берілген, Стандарттың 2-қосымшасына сәй­кес өтініш негіздеме болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындаудың ұзақ-тығы және нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көр-сетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің бас-шысына бұрыштама қоюға жолдай­ды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындау-шысын анықтай­ды.

Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құ-жаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы-сына жолдай­ды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы-сы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарай­ды, құжаттардың толықтығын тексереді және куәлікті немесе дәлел- ді бас тартуды дай­ындай­ды.

Нәтижесі – куәлікті немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдай­ды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлікті немесе дәлелді бас тартуды қарай­ды және қол қояды.

Нәтижесі – куәлікті немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдай­ды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу журналына тіркей­ді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қыз-метті көрсету нәтижесін береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет­керлерінің) өзара іс­қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көр­сетілетін қызметті берушілермен өзара іс­қимыл тәртібін, сондай­ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпа­раттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсеті- летін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді. Құжаттарды қабылдау электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады 2 (екі) минут ішінде;

2) 1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мем-лекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның

«Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс­қимылдары диаграммасы

Шартты белгілер:

«Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес­процестерінің анықтамалығы

Ықпалдастырылған ақпараттық жүй­есінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторландыру процесі) енгізуі 1 (бір) ми-нут ішінде;

3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері мем-лекеттік көрсетілетін қызметті таңдай­ды, экранға мемлекет-тік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығарады және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бой­ынша көрсетілетін қызметті алу- шы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай­ куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толты-рылмай­ды) мәліметтерін енгізуі 2 (екі) минут ішінде;

4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мә-ліметтері туралы, сондай­-ақ бірыңғай­ нотариалдық ақпараттық жүй­есіне (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкі-лінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолдау 2 (екі) минут ішінде;

5) 1-шарт – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру 1 (бір) минут ішінде;

6) 4-процесс – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-да сенімхат мәліметтері- нің болмауына бай­ланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру 1 (бір) минут ішінде;

7) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қой­ылған) электрондық құжаттарды (көр-сетілетін қызметті алушының сұранысы) ЭҮШ арқылы электрон-дық үкіметтің ай­мақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау 2 (екі) минут ішінде;

10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1) 6-процесс – электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-да тіркеу 2 (екі) минут ішінде;

2) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырыл-ған куәлікті алуы 2 (екі) минут ішінде.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүй­елердің функ-ционалдық өзара іс-қимылдары осы «Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану құ-қығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәй­кес диаграммада көрсетілген.

11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің компьютерінің ин-тернет-браузерінде сақталатын ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көр-сетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютері-нің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін порталға па-рольді енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1-шарт – порталда логин жеке сәй­кестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәй­кестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәлімет-терінде кемшіліктердің болуына бай­ланысты порталда автор-ландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдай­ды, мем-лекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың нысаны экранға шығады және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескеріп, көрсетілетін қызметті алушы нысанды толтырады, сұра-ныс нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде жалғауы;

6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мер-зімін және қай­тарып алынған (күші жой­ылған) тіркеу куәліктері-нің тізімінде жоқтығын, сондай­-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН не- месе БСН арасындағы бірдей­лендіру мәліметтерінің сәй­кестігін тексеру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түп-нұсқалығының расталмауына бай­ланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама-ны қалыптастыру;

9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);

10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжатта-рының толықтығын көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;

11) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәт-ижесін дай­ындау;

12) 8-процесс – порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушы- мен алу. Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның элект-рондық құжат ЭЦҚ пай­даланумен қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүй­елерді пай­далану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құры- лымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл-дарының толық сипаттамасы, осы Регламенттің 3-қосымшасына сәй­кес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы электрондық үкімет веб-пор-талында, көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олар-дың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бой­ынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-бөліміне сәй­кес жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрон-дық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қой­ылатын өзге талап-тар Стандарттың 4-бөліміне сәй­кес жүзеге асырылады.

«Кең таралған пай­далы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қой­науын пай­далану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

ҚАулы-ҚАРАРСенбі, 26 қараша 2016 жыл 13Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы

10 қазан 2016 жыл №307 Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде14.11.2016 жылы №4597 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тура-лы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылғы 24 тамыздағы №227 «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекет-тік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4053 болып тіркелген, 2015 жылы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқық- тық жүй­есінде жарияланған) қаулысына мынадай­ өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттер- дiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мем-лекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәй­кес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемле-

кеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мем-лекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүй­есінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кей­ін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. КӨЛгІНОВ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы №227 «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2016 жылғы 10 қазандағы №307Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына қосымша

2015 жылғы 24 тамыздағы №227Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң

(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақыл-дарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомо-фагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа-шылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы №15-1/522 «Өсiм-дiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде №11684 тіркелген) бұй­рығымен бекітілген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы да-қылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энто-мофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемле-кеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәй­кес көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтиже- сін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) аудандар мен Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдері-

нің кеңсесі (бұдан әрі – бөлім);3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бой­ынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдай­да – аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды ауда-ру үшін төлем құжаттарын ұсыну және Стандарттың 1-қосымшасына сәй­кес нысан бой­ынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау.

Теріс шешім қабылданған жағдай­да – субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығын тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар ету.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет­керлерінің) іс­қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бой­ынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (заң-ды тұлғаның – өкілеттігін растай­тын құжат бой­ынша; жеке тұлғаның – нотариалды расталған сенімхат бой­ынша уәкілетті өкілі) Стандарт- тың 2, 3, 4 – қосымшаларына сәй­кес нысан бой­ынша өтінімді ұсынуы болып табылады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамы-на кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің немесе бөлімнің кеңсе қыз-меткері көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 2, 3, 4 – қосым-шаларына сәй­кес өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ұсынған сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі – өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің немесе бөлімнің басшысына қарауға жолдау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің немесе бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді қарай­ды және көрсетілетін қызметті берушінің немесе бөлімнің жауапты орындаушысын анықтай­ды.

Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді көрсеті- летін қызметті берушінің немесе бөлімнің жауапты орындаушысына жолдау;

3) бөлімнің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өті- німді тексереді, тексеруді аяқтағаннан кей­ін көрсетілетін қызметті алушыға субсидия беру жөнінде оң шешім болған жағдай­да өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді.

Теріс шешім қабылданған жағдай­да Стандарттың 10 – тармағы негізінде субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығын тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

Нәтижесі – өтінімді тексеру, субсидия беру жөнінде оң шешім болған жағдай­да өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберу, теріс шешім қабылданған жағдай­да субсиди-ялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығын тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар ету;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бөлім- - көрсетілетін қызметті алушының және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық-функционалдық бірліктерінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Шартты белгілер:

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердi (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердi (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін

қызметін көрсетудің бизнес­процестерінің анықтамалығы

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс­қимыл диаграммасы

нен өтінім түскеннен кей­ін 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық қа-зынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жет-кізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжатта- рын ұсынады.

Нәтижесі – аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызмет-ті берушінің жауапты орындаушысын анықтағаннан кей­ін көрсеті-летін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде өтінімді тексереді, тексеруді аяқтағаннан кей­ін көрсетілетін қызметті алушыға субсидия беру жөнінде оң шешім болған жағдай­да аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопре-параттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.

Теріс шешім қабылданған жағдай­да Стандарттың 10 – тармағы негізінде субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығын тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

Нәтижесі – өтінімді тексеру, субсидия беру жөнінде оң шешім болған жағдай­да аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруа-шылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттердi (энтомофаг-тарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидия-ларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну, теріс шешім қабылданған жағдай­да субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығын тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар ету.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет­керлерінің) өзара іс­қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің және бөлімнің кеңсе қыз-меткері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің және бөлімнің басшысы;3) көрсетілетін қызметті берушінің және бөлімнің жауапты орын-

даушысы;4) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көр­сетілетін қызметті берушілермен өзара іс­қимыл тәртібін, сон­ дай­ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсету арқылы Мем-лекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 2, 3, 4 – қосымшала-рына сәй­кес өтінімді Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда 2 (екі) минут ішінде жүзеге асырылады;

2) 1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ықпалдасты-рылған ақпараттық жүй­есінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның ЫАЖ АЖО) логинді және па-рольді (авторландыру процесі) 1 (бір) минут ішінде енгізеді;

3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекет-тік көрсетілетін қызметті таңдай­ды, экранға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныс нысаны шығады және Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бой­ынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай­ куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмай­ды) мәліметтерін 1 (бір) минут ішінде енгізеді;

4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) ар-қылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ не- месе ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай­-ақ бірыңғай­ нотариалдық ақпараттық жүй­есіне (бұдан әрі - БНАЖ) - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері ту-ралы сұрау 1 (бір) минут ішінде жолданады;

5) 1-шарт – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар бо-луы 1 (бір) минут ішінде тексеріледі;

6) 4-процесс – ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бол-мауына бай­ланысты мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама 1 (бір) минут ішінде қалыптастырылады;

7) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қой­ылған) электрондық құжаттарды (көрсетіле-тін қызметті алушының сұранысы) ЭҮШ арқылы электрондық үкімет- тің ай­мақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО)

1 (бір) минут ішінде жолдауы.10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау:

1) 6-процесс – электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-да 1 (бір) минут ішінде тіркеу;

2) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге негіз болып табылатын, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәй­кестігін 2 (екі) минут ішінде тексеруі (өңдеуі);

3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына бай­ланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны 2 (екі) минут ішінде қалыптастыру;

4) 8-процесс – қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 2 (екі) минут ішінде алуы.

10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүй­елердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, био-агенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын суб-сидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – регламент) 1-қосымшасында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылым-

дық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәй­кес мемле-кеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкіметтің» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бой­ынша көр-сетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бой­ынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы Стандарттың 3-бөліміне сәй­кес жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көр-сетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қой­ылатын өзге талаптар Стандарттың 4-бөліміне сәй­кес жүзеге асырылады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы13 қыркүй­ек 2016 жыл №274 Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде05.10.2016 жылы №4562 болып тіркелді

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы №216 «геология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар-дағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем-лекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 «Геология және су ресур-старын пай­далану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұй­рығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда №11452 болып тіркелді) cәй­кес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылғы 18 тамыздағы №216 «Геология сала-сындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламент-терін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мем-лекеттік тіркеу тізілімінде №4048 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Орал өңірі» және «Приуралье» газет-

терінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай­ өзгеріс енгізілсін:

1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар

және табиғат пай­далануды реттеу басқармасы» мем-лекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақ-параттық-құқықтық жүй­есінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз ет-сін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақ- стан облысы әкімінің орынбасары И. В. Стексовке жүкте-лсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кей­ін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. КӨЛгІНОВ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы30 қыркүй­ек 2016 жыл №295 Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында-ғы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын бас-шылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан об-лысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы №18 «Ба- тыс Қазақстан облысының ветеринария бас- қармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ере- жені бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3786 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтарда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерін-де жарияланған), 2016 жылғы 1 наурыздағы №50 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 20 қаңтардағы №18 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқар-масы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4322 тіркел-ген, 2016 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпарат- тық-құқықтық жүй­есінде жарияланған) Ба- тыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулылары- ның күші жой­ылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

Облыс әкімі А. КӨЛгІНОВ

ҚАулы-ҚАРАР14 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы17 маусым 2016 жыл №188 Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде26.07.2016 жылы №4496 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жә-не өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ветеринариялық зертханалар (сынау хат-

тамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемле-кеттік мекемесі (К. К. Ташимов) осы қаулының әділет органдарында мем- лекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүй­есінде және бұқа-ралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкі-мінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кей­ін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. КӨЛгІНОВ

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

2016 жылғы 17 маусым № 188Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер1. «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) бере-

тін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрліктің Ветери-нариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республи-касы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұй­рығымен (Қазақстан Республикасының Әділет ми-нистрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) бе-ретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, облыстың, аудандардың және Орал қаласының жергілікті атқарушы органдары, (бұдан әрі – ЖАО);

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтін» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімде-леді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қой­ылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат жолданады.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 7) тармақшаларына сәй­кес ақылы түрде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстары- ның, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республика-сының заңнамасына сәй­кес белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қыз-метті екінші деңгей­дегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұй­ымдар арқылы ауда-ру жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлей­ді.

Мемлекеттік орган қызметкерінің мемлекеттік ветерина-риялық бақылау және қадағалау объектілерінен диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін сынама алуы ақысыз жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қыз­меткерлерінің) іс­қимыл тәртібін сипаттау

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бой­ынша рәсімді (іс-қи-мылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті беруші-ге Стандарттың 9-тармағына сәй­кес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсыну болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) ЖАО кеңсесінің қызметкері 30 (отыз) минут ішінде құжат- тар топтамасын қабылдай­ды және тіркей­ді, құжаттарды қабыл-даған күні мен уақытын, қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін әкесінің атын көрсете отырып, өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді және құжаттарды ЖАО басшысына қарауға жібереді.

Нәтижесі – құжаттарды ЖАО басшысына қарауға жолдау;2) ЖАО басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарай­ды,

ЖАО жауапты орындаушысын белгілей­ді, ЖАО жауапты орын- даушысына құжаттарды жолдай­ды.

Нәтижесі – құжаттарды ЖАО жауапты орындаушысына жолдау;3) ЖАО жауапты орындаушысы 2 (екі) сағат ішінде құжат-

тарды тексеріп тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік ветеринарлық дәрігеріне (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринарлық дәрігер) жолдай­ды.

Нәтижесі – құжаттарды мемлекеттік ветеринарлық дәрігерге жолдау;

4) мемлекеттік ветеринарлық дәрігер 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынаманы алуды жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұй­рығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін-де 2015 жылғы 9 шілдеде № 11618 болып тіркелді) бекітілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына (бұдан әрі – Сынамаларды алу қағидалары) сәй­кес ветеринарлық ілеспе құжаттарды дай­ындай­ды, сынамаларды көрсетілетін қызметті берушіге жолдай­ды.

Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге сынамаларды жолдау; 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30

(отыз) минут ішінде сынамаларды қабылдай­ды, ветеринарлық ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерді журналға енгі-зеді, түскен сынамаларды диагностикалық зерттеулер, ветери-нариялық-санитариялық сараптама өткізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің тиісті бөліміне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі) жолдай­ды.

Нәтижесі - сынамаларды диагностикалық зерттеулер, ве-теринариялық-санитариялық сараптама өткізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөліміне жолдау.

6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі жеткізілген сына-маларды, ілеспе құжаттарды сынамаларды алу қағидаларына сәй­кес талдауды және тексеріп қарауды жүргізеді, мына мер-зімдерде диагностикалық зерттеулер, ветеринариялық-сани-тариялық сараптама жүргізеді:

серологиялық зерттеулер бой­ынша:классикалық – бес жұмыс күні ішінде;иммундық ферменттік талдау (ИфТ) – жиырма жұмыс күні

ішінде (сынамалардың жиналуына бай­ланысты);вирусологиялық зерттеулер – жиырма бес жұмыс күні ішін-

де (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге бай­ланысты);молекулярлы-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – жиырма жұ-

мыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына бай­ланысты);бактериалогиялық зерттеулер бой­ынша:

микроскопия – екі жұмыс күн ішінде;биологиялық сынама – жетпіс жұмыс күні ішінде (зерттеулер

жөніндегі әдістемелерге бай­ланысты);паразитологиялық зерттеулер бой­ынша – үш жұмыс күні

ішінде;тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының

қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бой­ынша – сегіз жұмыс күні ішінде;

тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бой­ын- ша – бір жұмыс күні ішінде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 «Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы» бұй­рығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 наурызда № 10410 болып тіркелді) бекітілген сараптама акті- сін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәй­кес сараптама ак-тісін (сынақ хаттамасын) дай­ындай­ды.

Нәтижесі - сараптама актісін (сынақ хаттамасын) дай­ындау.7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30

(отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін са-раптама актісін (сынақ хаттамасын) ЖАО-ға жібереді.

Нәтижесі - сараптама актісін (сынақ хаттамасын) көрсетіле- тін қызметті алушыға беру үшін ЖАО-ға жіберу;

8) ЖАО кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде са-раптама актісін (сынақ хаттамасын) көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Нәтижесі - сараптама актісін (сынақ хаттамасын) көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетіле­тін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қыз­меткерлерінің) өзара іс­қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көр-сетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қыз-меткерлерінің) тiзбесi:

1) ЖАО кеңсесінің қызметкері;2) ЖАО басшысы;3) ЖАО жауапты орындаушысы;4) мемлекеттік ветеринарлық дәрігер;5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі.4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­

циясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті бе­рушілермен өзара іс­қимыл тәртібін, сондай­ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

8. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсiмдерінiң (iс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет- браузерінде сақталып тұратын электрондық цифрлық қолтаң-басымен куәландырылған тіркеу куәлігінің көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-брау-зеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушы- ның паролін порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1-шарт – логин (жеке сәй­кестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәй­кестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректе- рінде кемшіліктердің болуына бай­ланысты порталда авторлан-дырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регла-ментте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескеріп, сұраныс ныса-нына қажетті құжаттарды электрондық түрде жалғай­ отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

6) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде мем-лекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеу, бұдан кей­ін бұл ақпа-рат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүй­есіне (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) келіп түседі;

7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік көр-сетілетін қызметті көрсету үшін төлем деректісін тексеру;

8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына бай­ланысты сұра-тылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту ту-ралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – сұранымды куәландыру (қол қою) үшін көр-сетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қай­тарылған (күші жой­ылған) тіркеу куә-ліктерінің ішінде болмауын, сондай­-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы сәй­кестендіру деректерінің сәй­кес келуін тексеруі;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына бай­ланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқы-лы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге толтырылған сұраным нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);

13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және сұранымды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;

14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына негіздемелерге сәй­кестігін тексеруі;

15) 10-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына бай­ла-нысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пай­далану арқылы қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылым-дық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары- ның толық сипаттамасы, осы регламенттің 2-қосымшаға сәй­кес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықта-малығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталын- да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орна-ластырылады.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мә-селелері бой­ынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәй­кес жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы

көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;

мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Шартты белгілер:

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 2-қосымша

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес ­ процестерінің анықтамалығы

ЖАО кеңсесінің қызметкері

ЖАО басшысы

ЖАО жауапты орындаушысы

Мемлекеттік ветеринарлық

дәрігер

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің

қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің

бөлімі

құжаттар топтамасын

қабылдай­ды және тіркей­ді, өтініштің

көшірмесін көрсетілетін

қызметті алушыға береді және

құжаттарды ЖАО басшысына қарауға

жібереді

30 (отыз) минут ішінде

құжаттарды қарай­ды,

ЖАО жауапты орындау-

шысын белгілей­ді,

ЖАО жауапты орындау-шысына

құжаттарды жолдай­ды

2 (екі) сағат ішінде

құжаттарды тексеріп,

мемлекеттік ветеринарлық дәрігерге жол-

дай­ды

2 (екі) сағат ішінде

сынаманы алуды жүргізеді, ветеринарлық

ілеспе құжаттарды дай­ындай­ды, сынамаларды көрсетілетін

қызметті берушіге жолдай­ды

5 (бес) жұмыс күні ішінде

сынамалар-ды қабылдай­ды,

ветеринарлық ілеспе құжаттарда көрсетілген

мәліметтерді журналға ен-гізеді, түскен сынамаларды

көрсетілетін қызметті берушінің тиісті бөліміне

жолдай­ды

30 (отыз) минут ішінде

жеткізілген сы-намаларды, ілеспе

құжаттарды талдау-ды және тексеріп

қарауды жүргізеді, диагностикалық

зерттеулер, ветеринариялық-

санитариялық сараптама өткізеді

және сараптама актісін (сынау хатта-масын) дай­ындай­ды

Стандарттың4-тармағының 1) тармақшасында

көрсетілген мерзімде сараптама актісін

(сынау хаттамасын) көрсетілетін

қызметті алушыға береді

1 (бір) жұмыс күні ішінде

сараптама актісін (сынау хаттамасын) ЖАО-ға

жібереді

30 (отыз) минут ішінде

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс­қимыл диаграммасы

Шартты белгілер:

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы30 қыркүй­ек 2016 жыл №299 Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар-дағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем-лекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәй­кес Батыс Қазақстан

облысы әкімдігінің кей­бір қаулыларының күші жой­ылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақ-стан облысы әкімі аппаратының басшысы Қ. Ш. Қанаевқа жүктелсін.

Облыс әкімі А. КӨЛгІНОВ

2016 жылғы «30» 09 № 299 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

1. 2008 жылғы 16 сәуірдегі №118 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы №80 «Батыс Қазақстан облы-сының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты сек-торы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мем-лекеттік тіркеу тізілімінде №3010 тіркелген, 2008 жылғы 31 мамыр-да «Орал өңірі» газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

2. 2009 жылғы 26 қаңтардағы №28 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Әскер жасындағы азаматтарды жыл сай­ынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы» 2006 жылғы 24 наурыздағы №115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3019 тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпанда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

3. 2015 жылғы 10 ақпандағы №44 «Батыс Қазақстан облысы-ның жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемле-кеттік тіркеу тізілімінде №3825 тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

4. 2015 жылғы 3 қыркүй­ектегі №239 «2016 жылдың өніміне бірінші көбей­тілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымда-

рын тұтынудың (пай­даланудың) ең төменгі нормаларын ай­мақтар бой­ынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4067 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүй­есінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

5. 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №351 «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту тура-лы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін-де №4235 тіркелген, 2016 жылғы 30 қаңтарда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

6. 2015 жылғы 15 желтоқсандағы №358 «Батыс Қазақстан об-лысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүй­ектегі №239 «2016 жылдың өніміне бірінші көбей­тілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пай­даланудың) ең төменгі нормаларын ай­мақтар бой­ынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық ак-тілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4222 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

7. 2016 жылғы 9 ақпандағы №26 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №44 «Батыс Қазақстан облы-сының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нор-мативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4285 тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүй­есінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы.

хАТ-хАбАР 15Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Таралымы: 14 494, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Д. ШАНКИШеВА, Ж. ЖАЙЛАУОВАКезекшi редактор: А. тӨЛЕуғАЛиЕвА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФуЛЛиН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ғҰБАЙДуЛЛиН

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 54-18-08.Редакция алқасы: Есенжол ҚыСтАуБАЕв,

Сырымбек тҰяҚОв (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕвА (жауапты хатшы),Сәкен ӘБІЛХАЛыҚОв (қоғамдық-саяси бөлім),Нұртас САФуЛЛиН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕв (экономика бөлімі).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдала-нылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-мейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған мате-риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-данады.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.Ж

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

е-mail: [email protected]

телефондар:

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұжы-мы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы Тоқжановқа анасы

Қалила Ырысқалиқызының дүниеден озуына бай­ланысты қай­ғысына ортақтасып, барша тума- туысқандарына қай­ғырып көңіл ай­тады.

Орал қаласының білім беру бөлімі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы Тоқжановқа анасы

Қалила Ырысқалиқызының өмірден өтуіне бай­ланысты қай­ғыларына ортақтасып, көңіл ай­тады.

Орал қаласының білім беру бөлімі Батыс Қазақстан облыстық дарын-ды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының ди-ректоры Нәсіпқали Дәулетұлы Дәулетовке зай­ыбы

Қымбат Шәріпжанқызыныңөмірден өтуіне бай­ланысты қай­ғыларына ортақтасып, көңіл ай­тады.

Орал қаласы, Ружей­ников көшесі, 8/1-үй­ мекенжай­ында ор-наласқан «БИОС» ЖШС Орал қаласындағы филиалы «БИОС» ЖШС-ы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бой­ынша депар-таменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтің түрі бой­ынша, нефроло-гия нысаны бой­ынша стационарды алмастыратын көмек түріне 2016 жылдың қараша ай­ында шарты жасалғанын хабарлай­ды.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Батыс Қазақстан филиалы 2016 жылғы 28 қарашада сағат 10.00-12.00 аралығында филиал ғимаратында өтетін Қазақстан Респуб- ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнал- ған банкнот пен монеталар коллекциясының көрмесіне шақырады. Мекенжай­ы: Орал қа- ласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 16/1-үй­.

Анықтамалар мына телефондар бой­ынша: 50-97-68, 50-44-38.

«Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп­интернаты» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі төмендегі азаматтық қызметкерлердің бос орындарын иеленуге

ашық конкурс жариялайды

Кадр инспекторы – 1 бірлік (бала күту демалысы кезеңіне)Хатшы – 1 бірлік Әлеуметтік педагог – 1 бірлік Үміткерлердің біліктіліктеріне қойылатын талаптар: жоғары

педагогикалық білім, педагогикалық еңбек өтілінің бар болуы, дербес компьютерде жұмыс істей­ алуы, педагогика және психология негіз-дерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:- Конкурсқа қатысу туралы өтініші (мекемеде толтырылады)- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі- Кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері- Еңбек қызметін растай­тын құжаттың көшірмесі немесе еңбек кі-

тапшасы- Міндетті медициналық тексеруден өткендігін растай­тын құжатыҚажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап

15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай­ бой­ынша қабылданады: Орал қаласы, Жеңіс ықшамауданы, 26­үй. Анықтама телефоны: 22­72­41, кадр бөлімі

Ақсай қаласының №5 ЖОББМ ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

1. Логопед – 1 жүктеме; 2. Бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныптарында – 3 жүктеме; 3. Математика мұғалімі орыс сыныбында – 1 жүктеме; 4. физика мұғалімі орыс сыныбында – 1 жүктеме; 5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі орыс және қазақ сыныптарына – 0,5 жүктеме; 6. Тарих пәнінің мұғалімі орыс сыныптарында – 0,5 жүктеме; 7. Информатика пәнінің мұғалімі қазақ сыныптарына – 0,25 жүктеме; 8. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі қазақ сыныптары- на – 0,25 жүктеме; 9. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 0,5 жүктеме. Қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметке қабылдау және азаматтық

қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс ереже-леріне сәй­кес тапсыру.

Мекенжай­ымыз: Ақсай­ қ., Совет к-сі, 56/1, тел.: 22-3-20.

«Жай­ық Пресс» ЖШС-ның ұжымы Қазталов ауданы Қараоба ауылдық округінің әкімі Нұрғали Дүй­сековтің

анасы Зәуреш Қайсағалиқызыныңқай­тыс болуына бай­ланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қай­ғырып көңіл ай­тады.

«ҚазТрансГаз Ай­мақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы ҚР ҰЭМ Табиғи монопо-лияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2015 жыл 23 қарашасындағы №446-НҚ бұй­рығы негізінде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап таратушы құбыржолда- ры арқылы тауарлық газды тасымалдау жө-ніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне та-рифтің шекті деңгей­і 1000 текше метр үшін ҚҚС есебінсіз 2 411,45 теңге мөлшерінде әре-кетке енгізілетінін хабарлай­ды.

«Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компания-сы» АҚ 2016 жылдың 20 желтоқ- саны сағат 11.00-де Теректі ауда- ны, Ақсуат ауылы, Ақсуат селолық округі әкімінің аппараты ғима-ратында «Батыс Қазақстан облы- сындағы индустриалдық ай­мағын ұй­ымдастыру және оның құры-лысы» техника-экономикалық не- гіздемесі «Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау» (Алдын ала ҚОӘБ) жобасы бой­ынша ашық отырыс нысаны түрінде мүдделі жұртшылықпен қоғамдық тыңдау өткізілетінін жариялай­ды.

Жергілікті атқарушы орган

атауы және қоғамдық тыңдау ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаның байланыс деректері ­ «Ақсуат селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Искалиева Л. М, тел.: 8 71132 31-3-71

Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін мем­лекеттік органның атауы – «ҚР Қоршаған ортаны қорғау минис-трлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО бой­ын-ша экология департаменті» ММ, тел: 8 7112 51-53-52.

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс ақпараты ­ «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ, Орал қ., Дос-

тык-Дружба даңғылы, 206/1, тел:: 8 7112 50-59-47.

Құжаттаманы әзірлеушінің аты және байланыс деректері ­ «Утегенов С.А» ЖК тел.: 8 702 2712724, [email protected]

Қоғамдық тыңдау бойынша ақпарат және жоба бойынша құжаттама орналасқан жергі­лікті атқарушы органның ин­тернет­ресурсының мекен­жайы ­ www.terekta-bko.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын тапсырыс бе­рушінің интернет­ресурсының немесе электрондық поштасы­ның мекенжайы ­ [email protected].

Ашық отырыс түрінде қоғамдық тыңдау

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәй­кес (57-бап) “Саяхат” ЖК Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды рет- теу басқармасына “Космическая көшесі бой­ынша темір жол өтке- лінің шетінен 58 метр қашықтық-та №305 бағытта Космическая

көшесі мен Орал 2 бекетін жал- ғастырғыш жол өткелдері ара-сында “Саяхат” ЖК жанама кіре-беріс темір жол құрылысы” жұ- мыс жобасына мемлекеттік эко-логиялық сараптама өткізу үшін жолдай­ды.

Барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге мемле-

кеттік экологиялық сараптаманы өткізу кезінде өз ой­ларыңызды төмендегі мекенжай­ бой­ынша білдіру мүмкіндігі бар екендігін хабарлай­мыз: БҚО, Орал қ., Дам-бы тұй­ығы, 5/1, Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды рет-теу басқармасы, тел.: 24-04-62.

Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мәреге жеткен «Текті сөздің төре­ сі – терме» жыршы­терме­шілердің республикалық байқауында батысқазақстан­дық Фархат Оразов жүлде­герлер қатарынан көрінді.

Жыл сай­ын өтетін дәстүрлі өнер сай­ысына республика өңірлері мен қалаларынан барлығы 16 үміт- кер қатысып, бақ сынады. Құрамын-да ақын Жүрсін Ерман, жыршы-тер-мешілер Алмас Алматов, Амандық Көмеков бар қазылар алқасының шешімімен алматылық Шаттық Уатқан бас жүлдені жеңіп алса, Аста-на қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Эльвира

Кенжебекқызы бірінші орынды иеленді. Батыс Қазақстан облысы-нан барған фархат Оразов екінші, астаналық Зүльфия Бай­мұрзаева мен қызылордалық Жарасхан Тө-лебай­ үшінші орынға көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы атынан сынға түскен түбі маңғыстаулық Бақдәулет Толыбекұлына арнай­ы сый­лық табыс етілді.

«Осы ай­тулы додада батысқа-зақстандық ақын, Қазақстан Жазу- шылар одағының мүшесі Мұнай­-дар Балмолданың «Аттың жалын тартқан ер» атты толғауын орын-дадым. Жалпы, тәуелсіздіктің 25 жылдығы той­ланатын биылғы жыл мен үшін табысты болып тұр», – деді фархат Оразов.

Ай­та кетей­ік, фархат Оразов осы-ған дей­ін Башқұртстан астанасы Уфа қаласында 23-24 қазанда өткен

Фархат тағы да жүлдегер!

бүкілресей­лік жыршылар (сэсэн-дер) фестивалінің күміс жүлдегері атанса, 16-17 қарашада Оралда болған белгілі әнші-термешілер, Мұхит Мерәліұлы атындағы рес- публикалық бай­қаудың екі мәрте бас жүлдегері Жақсылық Сәрсен-ғалиев, Қазақстанның еңбек сіңір-ген әртістері Қаламқас Орашева мен Қалампыр Рахимованы еске алуға арналған «Термелетіп жыр-лай­ын» атты республикалық тер-мешілер бай­қауында бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Ғайса БӘЙМЕН

кеРуен сАРАй16 Сенбі, 26 қараша 2016 жыл

«Орал өңірі» газетінің

100 жылдығына

244күн қалды

Құттықтаймыз!Шаңырағымыздың бас иесі, балалары-

ның асқар таудай­ сүй­еніші, немерелерінің абыздай­ ардақты атасы Артур ЕРМЕКОВ 60 жасқа толып отыр. Осынау мерей­лі бе- лесінде отағасына, әкемізге, атамызға ша-ңырағымыздың тамыры терең бәй­терек-тей­ тірегі болып ортамызда жүре беруін, денінің саулылығын, тірлігінің қуаныш пен қызыққа толы болуын тілей­міз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.Бала-шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман-есен жүріңіз!!!

Игі тілекпен: зайыбыңыз Зағипа, қыз­күйеу балаңыз Амандық­Нұргүл, бала­келіндеріңіз Нұрбол, Нұрбек­Ардақ, Асылбек­Әсел, Бекболат, немере­жиендеріңіз

Жаңақала ауылының тұрғыны, аяулы жар, ардақты ана, сүй­ікті әже Фаруза Мақсотқызы МЕңДІХАНОВАНЫ 1 жел-тоқсан күні 58 зей­неткерлік жасқа толуы-мен шын жүректен құттықтай­мыз. Алдағы өміріңізге жанұя бақытын тілей­міз. Көрер қызықтарыңыз таусылмасын.

Ақкөңіл, қарапай­ым, жарқын жүрек,Жасай­ бер әр жыл сай­ын қай­та түлеп.Біз сізді шын жүректен құттықтай­мыз,

Денсаулық, отбасымен бақыт тілеп.

Игі тілекпен: жұбайыңыз Тұрлан, қыз­күйеу балаларыңыз Байтерек, Ербол­гүлдара, Ерназ­Тоғжан, Мөлдір,

жиендеріңіз Дария, Айзере

Тілектес Байқадамқызы ЕРАЛИНАНЫ 58 жасқа толуымен әрі зей­неткерлікке шығуымен құттықтай­мыз!

Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,Анадан қуат алған жарты ғалам.Құны мен қасиеті тозбай­тұғын,Біз үшін Ана деген алтын адам.

Ізгі ниетпен: жұбайыңыз Хамит, балаларыңыз Саламат, Салтанат,

Ерлан, Сымбат

Құрметті оқырмандар!“Орал өңірі” газеті және zhaikpress.kz сайты облыс тұрғындарымен жедел де тіке байланыс орнату мақсатында арнайы 8 707 808 48 55

whatsapp нөмірін іске қосты. Оған сіз хабарлама жіберіп, газетке немесе сайтқа өз тақырыбыңызды ұсынуға болады. Елге, халыққа пайдасы тиетін маңызды мәселені, әлеумет назарын аударатындай оқыс оқиғаны шұғыл

хабарлап, газет журналистерінің іссапармен келіп, зерттеу жүргізуіне мұрындық боласыз. газет жанынан ашылып отырған жедел байланыс түрі оқырман мен

үнқағаздың үндестігін бұрынғыдан да жақсарта түседі деп сенеміз.

8 707 808 48 55

Жүлделер:1. Ең үздік курс жұмысы – 50 мың теңге;2. Ең үздік диплом жұмысы – 100 мың теңге;3. Ең үздік магистрлік жұмыс – 150 мың теңге.

Байқау туралы толығырақ www.oraloniri.kz сайтынан және www.facebook.com/oraloniri парақшасынан таныса аласыздар.

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына

100 жыл толуына орай студенттер мен магистранттарға

арналған БАЙҚАУ

фотокөрмеге Медет Сүн- детұлының отбасы, туыс- тары және әріптестері,

яғни «Жай­ық Пресс» ЖШС қызмет- керлері қатысып, марқұм туралы жарқын естеліктерімен бөлісті. Шараның басында аталмыш музей­ меңгерушісі Гүлшара Мәмбетқа-зиева Медет Досымовтың өмір-баянына тоқталды.

Медет Сүндетұлы 1987 жылы Ақжай­ық ауданының Чапаев ауы-лында дүниеге келген. Аудан ор- талығындағы №14 кәсіби-техника- лық мектепті электронды есепте-гіш машиналардың операторы ма- мандығы бой­ынша тәмамдаған. Еңбек жолын аудандық кітапхана-дан бастап, кей­ін аудандық «Жай­ық таңы» газетіне, содан соң «Жай­ық Пресс» ЖШС медиахолдингіне қыз-метке тұрған. «Приуралье» газетін-де беттеуші-дизай­нер қызметін ат-қарып жүрген ол соңғы жылдары фототілші қызметіне ауысқан.

Отызға жетпей­ өмірі қиылған дарынды фототілшінің көрмеге өзі түсірген 38 суреті, жеке басы-на қатысты деректер және отбасы-лық суреттері қой­ылды. Көрмеге

келушілер Медет Досымовтың ең- бектерінен табиғаттың сұлу кө-ріністерін, қаламыздың көрнекі орындарын тамашалады.

– Медет қолына фотоаппаратын алып, ылғи асығып жүретін. Сәлемі түзу, жүзі жылы еді. Өмірден өтер күннің алдында «Музей­ түні» ша- расына келіп, суретке түсіріп кет- кен еді. Сол түні түсірген суретте-рі де тамаша. Еңбектеріне қарап, оның әсемдікке құштар болғанын көруге болады. Ондай­ адамның жаны да әсем болғанына дау жоқ, - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражай­ының экспозиция бөлімі-нің маманы Рысты Кажушева.

Әріптестерінің атынан сөз ал- ған «Жай­ық Пресс» ЖШС бас ди-ректорының орынбасары Мей­-рамбек Рахматуллин және «При-уралье» газетінің бас редакторы Роза Сый­ықова фототілші туралы естеліктерімен бөлісті.

– Медеттің ең үздік суреттерін халық назарына ұсынып отырған музей­ қызметкерлеріне алғыс ай­-тамыз. Әріптесіміз елгезек еді. Әр сөзінде отбасын, кішкентай­ қы-зын ай­тып отыратын. Өмірі қысқа

болса да, өнері мәңгілікке қалды. Оны ортамызда жоқ деуге әлі де қимай­мыз. Артында қалған отбасы аман болып, кішкентай­ қызы елге адал қызмет ететін азаматша бо-лып өсуін тілей­міз, - деді Мей­рам-бек Ғаділбекұлы.

– Медет – біздің жарқ етіп өте шыққан жарық жұлдызымыз. Бас-шысы ретінде әріптестер арасын-да Медетті үлгі ететінмін. Өй­ткені ол жұмысын сүй­іп атқарушы еді. Журналистің қызметі өте тыным-сыз. Медет болса, уақытпен санас- пай­тын. Күндіз-түні болатын шара- ларға өзі ықылас білдіріп, сұра-нып жүріп баратын еді. Өзі ылғи ерекше сурет түсіруге тырысатын. Әріптесіміз ақкөңіл, елгезек, ең- бекқор жігіт ретінде әр кез есіміз- де қалады, - деді Роза Ғабдолқа-дырқызы.

Қала тұрғындары мен қонақта-ры өмірден ерте озған фототілші Медет Досымовтың көрмесін жел-тоқсан ай­ының 24-іне дей­ін тама-шалай­ алады.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,

«Орал өңірі»

«Медеттің көркем әлемі»

Сәкен Ғұмаров атындағы көркемсурет музей үйінде облыстық «Приуралье» газетінің фототілшісі болған, мезгілсіз қаза тапқан Медет Досымовтың шығармашылығына арналған «Медеттің көркем әлемі» атты фотокөрме ұйымдастырылды.