Upload
-
View
9.557
Download
1
Embed Size (px)
Citation preview
GeoGebraСабақ 3
Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңбер салу
Дайындаған: Байназаров Талғат
Пайдаланған ресурс: http://mathandmultimedia.com/2010/10/01/geogebra-essentials-triangles-
incircles-and-circumcircles/
Бұл сабақта осындай сызбаны салуды үйренеміз
ГеоГебра бағдарламасын ашқаннан кейін Тор мен Осьтерді жасырамыз
Құралдар тақтасынан Көпбұрыш құралын таңдаймыз
Графикер алаңына рет-ретімен үш рет басамыз да, С нүктесін белгілегеннен кейін, қайтадан А нүктесін басамыз
Үшбұрышқа сырттай шеңбер салу үшін , шеңбердің центрі болатын орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін белгілеу керек.Ол үшін Орта перпендикуляр құралын таңдаймыз
Орта перпендикуляр құралын таңдағаннан кейін үшбұрыштың қабырғаларының әрқайсына бер рет басамыз
Екі объектінің қиылысуы құралын таңдаймыз
f және e түзулерін басқаннан кейін олардың қиылысу нүктесі болатын D нүктесі пайда болады
d,e,f түзулерін Алгебралық көрініс алаңында дөңгелектердің ортасына басу арқылы жасырамыз
Нүкте және центр арқылы жүргізілген шеңбер құралын таңдаймыз.
Алдымен центрі болатын D нүктесін, кейін C нүктесін басамыз
Енді іштей шеңбер сызамыз. Ол үшін биссектриса құралын таңдаймыз
Рет-ретімен үшбұрыштың барлық қабырғаларына басып шығамыз
Екі объектінің қиылысуы құралын таңдаймыз
i және m түзулерін шерту арқылы олардың қиылысуы болатын E нүктесі пайда болады
Алгебралық көрініс алаңында h,i,j,k,l,m түзулерін жасырып қоямыз (алдында тұрған дөңгелегін шерту арқылы)
Перпендикуляр түзу құралын таңдағаннан кейін, Е нүктесі мен а қабырғасын шертеміз
Екі объектінің қиылысуы құралын таңдағаннан кейін, n түзуі мен a қабырғасын шертеміз.F нүктесі пайда болды.
Алгебралық көріністе n түзуінің алдындағы дөңгелекті шерту арқылы түзуді жасырамыз
Нүкте және центр арқылы жүргізілген шеңбер құралын таңдаймыз
Алдымен Е, кейін F нүктесін шертеміз. P шеңбері пайда болды
Интерактивті сызбамыз дайын. Файл мәзірінде сақтау командасы арқылы сақтап қойыңыз