8
+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +23 +33 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018 Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Апталық басылым №27 (7114) 3 шілде 2018 жыл Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті орда жұлдызы www.ordazhuldyzy.kz +34 +26 Сәрсенбі, 4.07.2018 +37 +25 Сейсенбі, 10.07.2018 Аудан әкімдігінде Қазақы салтпен меймандарға қош келдіңіздер айтқан Нұрлан Сағынтайұлы Нарын өңірінің тарихымен, халықтарының қазіргі тұрмыс-тіршілігімен, сая- си-діни ахуалының тұрақтылығымен таныстырса, Еркебұлан Ыбырайымұлы жоғары діни білімді Мысырдан алғанын, Атырау қаласында қызмет жасаған кезінде Оралда да әлденеше рет болғанын, батысқазақстандықтар қатарына қосылғалы төрт ай ішінде ауданға келудің сәті енді түскенін айта келіп, аудан басшылығына ата дінге бет бұрған тұрғындарға көрсетіп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын жеткізді. Қабылдауға өкіл имамның серіктері Бөрлі аудандық мешіті имамы Қанат Жакенов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы, Қазақстан Журналис- тер одағының мүшесі, филология ғылымының магистрі Нұрлан Саматұлы, ауданымыздың имамы Назымбек Иманғалиев және ішкі саясат бөлімінің бас- шысы Асқар Әжіғалиев қатысты. Карим БӨРШЕКОВ. Облыс имамының сапары Аудан орталығындағы күйшілер аллеясындағы шара «Дом- бырам асыл мұрам» атты бағдарламамен айшықталды. Оны тамашалауға жас та, жасамыс та көп жиналды. Аудандық кітапхана ұжымы жасақтаған көрмеден ке- лушілер марғасқа күйшілеріміздің өмірдерегімен, ұлттық музыкалық аспаптардың тарихымен танысуға мүмкіндік алды. «Орда гүлдері» би ансамблінің ұл-қыздары өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етсе, Диана Жексен мен Айгерім Ақонова орындаған «Қолбасшы», Жоламан Сисенғалиев төгілткен «Қазақ осы» әндерін жұртшылық қосыла шырқады. Дәулеткерейдің «Қосалқа», Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя», Секен Тұрысбековтың «Ақ жауын» және өзге де шығармаларды демалыс орталығы өнерпаздары мен саз мектебі шәкірттері киелі аспаптың асқақ үнінде шарықтатты. Сондай- ақ, зейнеткерлер Айжан Хасенова, Сисемәлі Қуаншәлиев, Аққаным «Сүттіген шыққан шөбім биыл құмға, Не берем осы қыста жиған малға?» Осылай басталатын шағын толғауды 1972 жылдың жазында сол кездегі «Орда» совхозының №2 бөлімшесі тұрғындары аузынан естіп едім. Беймәлім автор бөлімше меңгерушісі атынан қуаңшылыққа байланысты жыр толғап, мал азығын қайдан дайындарын біл- мей аңырады. Сол Орда ауданы қайта құрылған жылы «Орда», «Би- сен» М.Мәметова атындағы совхоз ұжымдарының Жамбыл облысынан пішен дайындағандары жұртшылыққа белгілі. Одан кейінгі қуаңшылықтарда пішеншілеріміздің Волгоград облысының Калач, өз облысымыздың Жаңақала аудандарына барғаны баршаның есінде шығар. Биылғы ауа райы да көңілімізге кірбің ұялатуда. Сәуір айында там-тұм сіркірегені бол- маса, мамырдан бастап бір тамшы да тамбады. Сайқынның көк шаңына аптап ыстық қосылып, мал-жанның берекесін алуда. Жанынан бұрын малының амандығын сұрайтын шаруақор қазақ отары мен табанын судан қақсытпау, қысқа азық әзірлеу үшін зыр жүгіруде. Редакциямызға бисендік зейнет- кер, бұрынғы «Орда» совхозы №2 бөлімшесі пішеншілер бригадасының автомобиль жүргізушісі (шөп тасушы- сы) Есенболат Өтегенов телефон шал- ды. «Шағын ғана шаруашылығымыз барын өзің білесің. Биылғы шыққан шөптің шауып алу түгіл, жайылысқа жарамайтын түрі бар. Ылғалы жақын құм өңірі осылай болғанда қырдағылардың жағдайы қалай екен? Аудан орталығындағылар не қарекет жасап жатыр?»-деп сауал тастағаны. Біз осы сұрақтарды аудандық ауыл шаруашылық бөлімі басшысы Сүйінбек Хайроллинге қойдық. – Аудан бойынша 9,2 мың тонна өткен қыстан қалған шөп бар, биылғы жоспарымыз 134,4 мың тонна. Иә, жаңбыр жоқ, шөп шығымы төмен. Дегенмен, Ұялы ауылдық округінен басқа жерде шалғынға орақ түсті. Барынша тырбынып жатыр. Іргеміз- дегі әскери полигон басшыларынан шабындық жер сұралуда. Олардың оқу-жаттығулары аяқталған соң ордалықтар мен сайқындық пішен- шілер іске кіріспек,-деді ол. – Был- тыр осы мезгілде 15-20 мың тонна- дай шөп қыстақтарға тасылса, биыл ондай қарқын жоқ. «Курорт» шаруа қожалығы иесі Насихат Саматов «Са- пар вышка» төңірегінен бір аптада 38 рулонды әрең шығарғанын қынжыла баяндады. Қылтиған шөп көрінсе, орып алып, қысқа сақтау, қор жинау малды ауылдың ежелгі әдеті. Соны ұстанып, ниет білдіргендерге орталық ір- гесіндегі Сатан, Саралжын, Далбын көлдері шөбін шауып алуға рұқсат берген Сайқын ауылдық округі әкімдігі шешімімен келіспейтіндері де табы- луда. Осы арада бір айта кетерлік жайт, тұрғындардың меншігіндегі мал санын нақтылап, орталықтан шеткері аймақтарға бақтыруды ұйымдастыру. Жағдайды, мүмкіндікті екшеп, тұяқ са- нын шектеуді де ойластырған жөн-ау. «Аман болса басым, қайта шығар ша- шым» деген емес пе, мал орны толар. Ынтымақ-бірлік, үйлесімді іс-қимыл болса, жеңбес қиындық, алынбас асу жоқ. Мал азығы мәселесі де шешілер деген үміттеміз. Каримолла ҒАЙСИН. Бүгінгі күннің тақырыбы Назар аудар: жаңа мейрам Домбыра – асыл мұра Шөп сұйық, өнім аз қуаңшылықты биыл жаз Ауданымызға іссапармен келген Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) облысымыздағы өкіл имамы, Орал медресесінің дирек- торы, дін ғылымының магистрі Еркебұлан Қарақұловты аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қабылдады. Елбасы Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам Ұлттық домбыра күні енді жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде ата- лып өтілетін болады. Ғаббасова да қос ішектен күй төгілтті. Арайлым ӘЖІҒАЛИЕВА. * * * Бөкей ордасы тарихи-музей кешені ұжымы ұйымдастырған «Домбыра – даламыздың үні, данамыздың жыры» шарасы да ауқымдылығымен ерек- шеленді. Онда мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарынан құралған оркестр Құрманғазы, Дина, Сейтек, Дәулеткерей шығармаларын бірінен соң бірін асқақтата орындады. Музей қорында сақталған дәулескер күйші Есел Қазиевтің, айтыскер ақын-cаз- гер Кенжеғали Балабасовтың, кезінде Орда ауылдық мәдениет үйі жанынан қырық адамдық оркестр жасақтап, соған жетекшілік еткен Жанғазы Темірәлиевтің, 1957 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттердің алтыншы фестивалінің дипломанты Биболат Аюповтың, На- симолла Бихановтың ұстаған домбы- ралары көрмеге қойылып, келушілер қызыға тамашалады. Қазақтың қазақтығын танытатын төл аспабымыз дәріптеліп, оны ше- бер меңгергендер қатары көбейсін, домбырамыздың даңқы арта берсін! Мира ҚҰТЫШЕВА.

орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

  • Upload
    others

  • View
    24

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

+35 +24

Жексенбі, 8.07.2018

+23+33Сенбі, 7.07.2018

+31 +21

Жұма, 6.07.2018

+32 +26

Бейсенбі, 5.07.2018

+36 +22

Дүйсенбі, 9.07.2018

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық басылым№27 (7114) 3 шілде 2018 жыл

Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті

орда жұлдызыwww.ordazhuldyzy.kz

+34 +26

Сәрсенбі, 4.07.2018

+37 +25

Сейсенбі, 10.07.2018

Аудан әкімдігінде

Қазақы салтпен меймандарға қош келдіңіздер айтқан Нұрлан Сағынтайұлы Нарын өңірінің тарихымен, халықтарының қазіргі тұрмыс-тіршілігімен, сая-си-діни ахуалының тұрақтылығымен таныстырса, Еркебұлан Ыбырайымұлы жоғары діни білімді Мысырдан алғанын, Атырау қаласында қызмет жасаған кезінде Оралда да әлденеше рет болғанын, батысқазақстандықтар қатарына қосылғалы төрт ай ішінде ауданға келудің сәті енді түскенін айта келіп, аудан басшылығына ата дінге бет бұрған тұрғындарға көрсетіп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын жеткізді.

Қабылдауға өкіл имамның серіктері Бөрлі аудандық мешіті имамы Қанат Жакенов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы, Қазақстан Журналис-тер одағының мүшесі, филология ғылымының магистрі Нұрлан Саматұлы, ауданымыздың имамы Назымбек Иманғалиев және ішкі саясат бөлімінің бас-шысы Асқар Әжіғалиев қатысты.

Карим БӨРШЕКОВ.

Облыс имамының сапары

Аудан орталығындағы күйшілер аллеясындағы шара «Дом-бырам – асыл мұрам» атты бағдарламамен айшықталды. Оны тамашалауға жас та, жасамыс та көп жиналды. Аудандық кітапхана ұжымы жасақтаған көрмеден ке-лушілер марғасқа күйшілеріміздің өмірдерегімен, ұлттық музыкалық аспаптардың тарихымен танысуға мүмкіндік алды. «Орда гүлдері» би ансамблінің ұл-қыздары өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етсе, Диана Жексен мен Айгерім Ақонова орындаған «Қолбасшы», Жоламан Сисенғалиев төгілткен «Қазақ осы» әндерін жұртшылық қосыла шырқады. Дәулеткерейдің «Қосалқа», Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя», Секен Тұрысбековтың «Ақ жауын» және өзге де шығармаларды демалыс орталығы өнерпаздары мен саз мектебі шәкірттері киелі аспаптың асқақ үнінде шарықтатты. Сондай-ақ, зейнеткерлер Айжан Хасенова, Сисемәлі Қуаншәлиев, Аққаным

«Сүттіген шыққан шөбім биыл құмға,Не берем осы қыста жиған малға?»Осылай басталатын шағын

толғауды 1972 жылдың жазында сол кездегі «Орда» совхозының №2 бөлімшесі тұрғындары аузынан естіп едім. Беймәлім автор бөлімше меңгерушісі атынан қуаңшылыққа байланысты жыр толғап, мал азығын қайдан дайындарын біл-мей аңырады. Сол Орда ауданы қайта құрылған жылы «Орда», «Би-сен» М.Мәметова атындағы совхоз ұжымдарының Жамбыл облысынан пішен дайындағандары жұртшылыққа белгілі. Одан кейінгі қуаңшылықтарда пішеншілеріміздің Волгоград облысының Калач, өз облысымыздың Жаңақала аудандарына барғаны баршаның есінде шығар. Биылғы ауа райы да көңілімізге кірбің ұялатуда. Сәуір айында там-тұм сіркірегені бол-маса, мамырдан бастап бір тамшы

да тамбады. Сайқынның көк шаңына аптап ыстық қосылып, мал-жанның берекесін алуда. Жанынан бұрын малының амандығын сұрайтын шаруақор қазақ отары мен табанын судан қақсытпау, қысқа азық әзірлеу үшін зыр жүгіруде.

Редакциямызға бисендік зейнет-кер, бұрынғы «Орда» совхозы №2 бөлімшесі пішеншілер бригадасының автомобиль жүргізушісі (шөп тасушы-сы) Есенболат Өтегенов телефон шал-ды. «Шағын ғана шаруашылығымыз барын өзің білесің. Биылғы шыққан шөптің шауып алу түгіл, жайылысқа жарамайтын түрі бар. Ылғалы жақын құм өңірі осылай болғанда қырдағылардың жағдайы қалай екен? Аудан орталығындағылар не қарекет жасап жатыр?»-деп сауал тастағаны.

Біз осы сұрақтарды аудандық ауыл шаруашылық бөлімі басшысы Сүйінбек Хайроллинге қойдық.

– Аудан бойынша 9,2 мың тонна өткен қыстан қалған шөп бар, биылғы жоспарымыз 134,4 мың тонна. Иә, жаңбыр жоқ, шөп шығымы төмен. Дегенмен, Ұялы ауылдық округінен басқа жерде шалғынға орақ түсті. Барынша тырбынып жатыр. Іргеміз-дегі әскери полигон басшыларынан шабындық жер сұралуда. Олардың оқу-жаттығулары аяқталған соң ордалықтар мен сайқындық пішен-шілер іске кіріспек,-деді ол. – Был-тыр осы мезгілде 15-20 мың тонна-дай шөп қыстақтарға тасылса, биыл ондай қарқын жоқ. «Курорт» шаруа қожалығы иесі Насихат Саматов «Са-пар вышка» төңірегінен бір аптада 38 рулонды әрең шығарғанын қынжыла баяндады.

Қылтиған шөп көрінсе, орып алып, қысқа сақтау, қор жинау малды ауылдың ежелгі әдеті. Соны ұстанып, ниет білдіргендерге орталық ір-гесіндегі Сатан, Саралжын, Далбын көлдері шөбін шауып алуға рұқсат берген Сайқын ауылдық округі әкімдігі шешімімен келіспейтіндері де табы-луда. Осы арада бір айта кетерлік жайт, тұрғындардың меншігіндегі мал санын нақтылап, орталықтан шеткері аймақтарға бақтыруды ұйымдастыру. Жағдайды, мүмкіндікті екшеп, тұяқ са-нын шектеуді де ойластырған жөн-ау. «Аман болса басым, қайта шығар ша-шым» деген емес пе, мал орны толар. Ынтымақ-бірлік, үйлесімді іс-қимыл болса, жеңбес қиындық, алынбас асу жоқ. Мал азығы мәселесі де шешілер деген үміттеміз.

Каримолла ҒАЙСИН.

Бүгінгі күннің тақырыбы

Назар аудар: жаңа мейрам

Домбыра – асыл мұра

Шөп сұйық, өнім азқуаңшылықты биыл жаз

Ауданымызға іссапармен келген Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) облысымыздағы өкіл имамы, Орал медресесінің дирек-торы, дін ғылымының магистрі Еркебұлан Қарақұловты аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қабылдады.

Елбасы Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам Ұлттық домбыра күні енді жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде ата-лып өтілетін болады.

Ғаббасова да қос ішектен күй төгілтті.

Арайлым ӘЖІҒАЛИЕВА.* * *

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені ұжымы ұйымдастырған «Домбыра – даламыздың үні, данамыздың жыры»

шарасы да ауқымдылығымен ерек-шеленді. Онда мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарынан құралған оркестр Құрманғазы, Дина, Сейтек, Дәулеткерей шығармаларын бірінен соң бірін асқақтата орындады. Музей қорында сақталған дәулескер күйші Есел Қазиевтің, айтыскер ақын-cаз-

гер Кенжеғали Балабасовтың, кезінде Орда ауылдық мәдениет үйі жанынан қырық адамдық оркестр жасақтап, соған жетекшілік еткен Жанғазы Темірәлиевтің, 1957 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттердің алтыншы фестивалінің дипломанты Биболат Аюповтың, На-

симолла Бихановтың ұстаған домбы-ралары көрмеге қойылып, келушілер қызыға тамашалады.

Қазақтың қазақтығын танытатын төл аспабымыз дәріптеліп, оны ше-бер меңгергендер қатары көбейсін, домбырамыздың даңқы арта берсін!

Мира ҚҰТЫШЕВА.

Page 2: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл2 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Туған өлке тарихынан

– Жәңгірдің қазасы патша өкі-метінен болды... Оның жеке шаш-таразын азғырып, сақал-мұртын бастырып жатқанда улы бәкімен бір тамырын қиып жіберген...

Болды. Өзбекәлі аға бұдан әрі ештеңе айтпады. Мен де «мұндай деректі қайдан алдыңыз?» деп елп ете қоймадым. Бірақ, осы күнге дейін «ол кісі маған мұны неге айт-ты, ханның ажалы неден, қалай болғанын індетіп неге сұрамадым?» деп ойлай беремін.

Ішкі Орданың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1845 жылы 11 тамыз күні «кенеттен апоплексикалық соққы алады, қазіргі тілмен айтқанда, қан қысымы – инсульттен қаза тапты» делінеді. 5 тамыз күні тұмауратып қалған хан 10 тамызға дейін дәрігерлік көмексіз жатқан. Тек 10-ынан 11-іне қараған түні Сара-тов қаласынан медицина докторы Н.Троицкий алдыртылады. Ханның өлімінен 19 сағат бұрын келген дәрігер ешқандай көмек көрсете алмаған.

Доктор Н.Троицкий ханның ауруға шалдығуының физикалық себептеріне аптап ыстықты, ал, психикалық және моральдық се-бептеріне ханша Фатиманың жа-зылмайтын дертке душар болуын, тақ мұрагері Сақыпкерейді асыға күтуін, ұлы кенет келген кезде қуаныштан қан қысымы артып кет-кенін жатқызады.

Бөкейліктер әлеуметтік-экономикалық қысымға душар болғанымен ел басшысының өліміне қуанбаған және оған кінәлі Патша өкіметі деп тапқан. Ордалықтар отарлаушы биліктің мұндай әрекетке баруын жер мәселесінен іздеген. Олар ең алдымен, Орал казактары мен Бөкей ордасы арасындағы ше-караны анықтау үшін 1835 жылы генерал-майор П.Черкасовтың төрағалық етуімен құрылған ме-желеу комиссиясының жұмысын еске түсірген. Жәңгір хан алғаш рет осы комиссияның құрылуы туралы құлағдар болғанда рубасыларға халықты хабардар етуді тапсырған еді. Межелеу жұмысының басталуы қарсаңындағы ханның жұмбақ өлімі көшпелілердің санасына сенімсіз-дік ұялатты. Халық арасында пат-ша үкіметі «қазақтарды басыбайлы шаруаларға айналдырып, әскерге алады екен» деген алыпқашпа әңгімелер тарайды. Патша өкіметі Ішкі Ордада қалыптасқан саяси

Нұртөре ЖҮСІП

Ақпарат саласының ақ семсері Шерхан Мұртаза 1990 жылы мені Өзбекәлі Жәнібековтің үйіне жұмсап жіберді. «Бар да сөйлес!». Бар әңгіме де, бұйрық та осы. Өз-Аға үйінде түйе жүн шекпенін желбегей жамылып отыр екен. Екі сағаттай емін-еркін әңгіме-дүкен құрдық. Көп нәрсе айтылды. Сөз арасында Өзбекәлі ағамыз маған «Жәңгір ханды білесің бе?» деп сұрақ қойды. Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың» деп келетін өлең жолын бәріміз білеміз ғой. Соны айтқан болдым. Ойланып қалды. Іле «Сен Жәңгір ханның қалай өлгенін білесің бе?» деп қайыра сұрады. Сөйтті де, өзі жауап берді.

дағдарысты пайдаланып, хандық билікті түпкілікті жоюға тырысты.

Барон Ф.Бюлердің 1844 жылғы 24 қарашадан 1945 жылғы қыркүйек айы аралығында Кіші Ордаға жасаған сапарында Жәңгір ханның ставкасы туралы, оның отбасы мүшелері жайында өте құнды де-ректер бар. 1845 жылғы қазан айында Санкт-Петербор қаласында жазылған мына бір хабарламасына көз жүгіртейік. «На днях получил печальное известие о внезапной

кончине хана Джангера. Потеря чувствительная и для киргизской Внутренной Орды, который он был преобразобателем, и для прави-тельства русского, которому был чрезвычайно предан. Вместе с этой вестью дошла до меня и другая: очаровательная ханша Фатима, ласковый прием которой всегда бу-дет мне столь же памятен, как и по-нимание, оказанное мне ее мужем, незадолго перед ним скончалась».

1845 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекеттік мүлік министрлігінің басқарушысы, тайный советник Н.Гамалеяның Николай І императо-рына жасаған баяндамасында бы-лай делінген: «Состоящий при хане Внутренней Киргизской Орды для особых поручений гвардии поручик Гусеинов донес, что хан сей Орды генерал-майор Джангер Букеев пос-ле кратковременной болезни, 11-го сего августа умер».

Осы хатқа Николай патша былай деп бұрыштама жазыпты: «Весьма жаль, он был человек весьма пре-данный; кажется, в пажах старший его сын, малый весьма способный, но слишком молод, что бы ему мож-но было вверить управление; он отпущен был недавно на родину к больной матери».

1845 жылғы 15 тамызда Кіші Орданың бір топ сұлтандары мен би, старшындары Орынбор әскери губернаторы В.Обручевке Жәңгір ханның қаза болғанын хабарлайды. «Глубокое нечастье постигло Орду, 11-го числа августа скончался, пос-ле шестидневной горячки, отец, на-чальник наш, хан Джангер».

1845 жылғы 23 тамызда Орынбор шекаралық комиссиясы коллеж со-ветник И.Бикмаевқа Жәңгір ханның өлімінің себебін анықтау, оның дүние-мүлкінің есебін алу және Кіші Орданы уақытша басқаруды ұйымдастыруға тапсырма береді. Кіші Орда ханының ставкасында қызмет істері жөніндегі аға аудар-машы Первухин 11 тамыздағы №190 хабарламасында Комиссия төрағасына генерал-майор Жәңгір Бөкеевтің 5 тамыздан бастап ауырып, апоплексистік соққыдан тамыздың 11-інде түс ауа қайтыс болғанын хабарлаған. Жәңгір өз орнына ұлы Сақыпкерейді лайық

көріп, Паж корпусында арнайы оқытқан екен. Заңдық тұрғыдағы тақ мұрагері Сақыпкерей Жәңгірұлы «кәмелеттік жасқа толмауына және Паж корпусында білім алуына» байланысты билікке жіберілмеді. 1845 жылдың 23 тамызынан бас-тап Орынбор басшылығы Уақытша билікті қалыптастыруды қолға алды. Орынбор шекаралық комиссиясы «Принимая в соображение, что сын покойного хана Сагиб-Гирей, достиг-ший только 16 лет, на основании 215-й статьи Х тома Свода законов, не имеет права по несовершенноле-тию на полное распоряжение и уп-равление, как именем оставшимся после отца, так и Ордою, Комиссия сочла необходимым представить 17 августа за №8205 это обстоятель-ство во внимание г. Оренбургского военного губернатора» деп жазады.

Советник И.Бикмаевқа жедел түрде Кіші Ордаға бару, бара са-лып мына мәселелермен айналысу тапсырылады. «1. Дознать о смерти хана, не облекая. Впрочем, это в

форму следствия». Екінші пунктте ханның барлық дүние-мүлкінің есе-бін алу, оның ұрпақтарын қамқор-лыққа алу, уақытша басқарушы адамды тағайындау, ханның ама-наты жазылған болса, соны табу, көшірмесін комиссияға жеткізу, ру басшылары мен сұлтандарға ханның мұрагері айқындалғанша тыныштықты сақтауды қамтамасыз ету тапсырылады.

Бұл аралықта Кіші Орда толқу үстінде болды. Жәңгір ханның өлімін орыс ұлықтарынан көру белең алады. Осыған байланысты 1845 жылғы 28 тамызда Нижнеуральск линиясы Нижний дистанциясының бастығы есаул А.Назаров Уральск казак әскерлерінің полковнигі, ата-ман К.Гекеге Кіші Ордада Жәңгір ханның өліміне қатысты неше түрлі сыбыстардың шығып жатқанын хабарлайды. «Нарочито послан-ный мною в Ставку покойного хана Джангера Букеева и во внутрь Орды ныне возвратился и передал мне, что при ставка хана скорую смерть его приписывают к русским, будто бы хан помер не своею смертью и что русское правительство наме-рено обратить их в подушный ок-лад и солдатство, по причине этой между ордынцами происходит раз-ногласие, одни избирают слабых к правлению двух султанов – Тяуку и Мендогирея, дабы воспользоваться этим случаем и нынешнею зимою перейти за Урал, другие, благомыс-лящие ордынцы, желают иметь пра-вителем Орды султана Кучук-Галия Шигаева, в уверенности на российс-кое правление и благоразумного его распорядительность остаться на прежнем их положении».

Сонымен, ханның ажалы неден болды?

Саратов дәрігерлік басқарма-сының мүшесі, медицина докторы, коллеж асессоры Н.Троицкийдің Орынбор шекаралық комиссиясы-ның советнигі И.Бикмаевқа Жәңгір ханның өлімі себебін баяндаған хаты бар. 1845 жылғы 11 қыркүйекте жазылған. Онда былай делінген: «На отношение вашего высокобла-городия от 6 сентября за №2 сим честь имею уведомить, что прибыв в летнюю кочевку при р.Торгун в ночь с 10-го на 11-е число августа,

за 19 часов до кончины хана Внутрен-ней киргизской орды генерал-майора Джангер Букеева, нашел его одержи-мым поражение мозга, сопровождав-шимся признаками нервной горячки с сильным приливом крови к голове, к которому он по сложению своему был расположен. Болезнь эта, находясь в причинной связи с влиянием солнеч-ных лучей в знойные дни, началась, по уверению окружающих, от про-студы вечером 5-го числа августа и, был оставлена без должных пособий, развилась да того, что все предпри-нятые мною в последние 19 часов его жизни врачебные пособия остались бездейственными. Сделавшийся 11-го числа, в исходе 6-го часа пополудни, внезапный приступ апоплексического кровяного удара, привел его в совер-шенное беспамятство, окончившееся, при конвульсивных движениях конеч-ностей, смертью, последовавшей в 6 ½ пополудни. Кроме, врожденнего предрасположения к апоплексическо-му удару, зависящего от телостроения хана Джангера и полнокровного его сложения, и кроме упомянутых слу-чайных причин, состоящих во влиянии солнечных лучей и простуды, никаких других физических причин, содейство-вавших к ускорению смерти его, мне неизвестно».

Мемлекеттік мүлік министрі Н.Гамалея Орда билеушісінің қазасын оның төртінші рет некеге тұруымен байланыстырған. Жәңгір 1844 жылы Қарауылқожа Бабажановтың қызы Салихаға үйленген болатын. Министрдің ойынша хан Фатиманың науқастығына орай енді өзінің жас әйеліне ынтық болып, алғашқысынан алшақтай бастаған. Сөйтіп, шенеу-нік ханның өз туысқандары тара-пынан қасақана түрде қымызбен уланғандығын алға тартқан. Ханның ажалына ханша қызғанышы себеп бо-луы мүмкін бе? Егер инсульт себепкер болса, ханның аяқ-қолы жансызда-нуы керек еді... Жәңгірдің денсаулығы мықты болғандығын зерттеушілер жа-сырмайды.

Мемлекеттік мүлік министрлігінің басқарушысы Н.М.Гамалеяның Орынбор әскери губернаторы В.Обручевке Кіші Ордадағы жағдай ту-ралы баяндаған хатының түпнұсқасын ұшыраттық. 1845 жылғы 28 тамызда ол былай деп хабарлаған. «Есть разные толки относительно скоропостижной

смерти хана Джангера, хотя трудно всему верить; но, с другой стороны, зная лицемерие азиатцев и корыс-толюбие жен их, иногда невольно неоднократно повторямые слухи кажутся как бы достоверными. Хан Джангер в прошлом году женился на другой, молодой жене – простой, необразованной киргизинке и по бо-лезни первой жены, а более слабос-ти человеческой, в нем замечаема была более и более привязанность к юной, прелестной собою супруге и некоторое охлаждение к первой, которая между тем всегда владела им и всем имуществом, что стано-вилось для него уже отяготительно, имела слишком сильное влияние по родству своему на все управление и окружающего хана. Все родные ее и старший сын паж, хотя пользо-вавшись всегдашнею и неизменною привязанность к нему хана, смот-рели на второе бракосочетание его весьма завистливом глазом, так что ныне, по приезде ханского сына из Санкт-Петербург в Ставку и во все продолжение болезни отца, он ви-дался с ханом очень редко. Болезнь же покойного состояла в том, что он, будучи совершенно здоров, даже заботившись о празднике по слу-чаю приезда своего сына, почувс-твовал тяжкую боль во внутренних частях тела. Полагая причинною тому кумыс (обыкновенный напиток хана), он еще прежде приезда меди-ка принял рвотное и тем довершил болезнь свою, обратившуюся в род апоплексического удара. Ни крово-пускание, ни горчичные синонизмы не были в состоянии восстановить ослабевающие силы хана, и он, то-мимый жаждою, выпил чашку чаю, лег отдохнуть, и спустя час времени прислужник застал его охолодев-шего. Хан похоронен на другой же день после своей кончины. Вот слу-хи – довольно однообразные и не-однократно повторяемые разными лицами».

Қалай болғанда да, Жәңгір хан жұмбақ өліммен өлді. Небәрі – 44 жаста! Оның артынша әйелі Фати-ма, төрт-бес баласы да өледі. Кейін-гі жас әйелі де құпия жағдайда көз жұмады. Соның бәрінің себебі бар еді... Оны кейін жазармыз...

(«Айқын апта» газетінен, №88 (3356) 9 маусым

2018 ж.).

Жәңгір ханның

ажалы неден болды?Жәңгір ханның

ажалы неден болды?

Page 3: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл 3E-mail: [email protected] ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Нарынның нар ұлдары

«Шәке» деп отырғанымыз Шыныбай Шарафедди-нов. Ол кісі 1984-1985 жылдары ауданымыздың атқару комитеті төрағасы, кейін Жәнібек аупарткомының бірінші хатшысы болды. Қазталов аудандық ауыл шаруашылық басқармасында, облыстық мекемелер-де, облыстық партия комитеттерінде бөлім басшы-сы қызметтерін атқарған ол 1985 жылы Қазақ ССР Жоғары Советінің (11-шақырылымы) депутаттығына да сайланды. Айта кетелік, Шәкеңнің қандай тұлға болғаны оның «Өмір өткелдері» атты шағын кітабы-на енген облысымызға белгілі азаматтардың естелік-терінде айқын көрсетілген.

– 1990-1991 жылдарда ішкі саяси ахуалдың Одақ бойынша да, соның ішінде, біздің облысымызда шиеленісіп тұрған кезі еді. Сол тұста экстремистік бағыттағы әртүрлі партиялар, қозғалыстар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Белгілі мем-лекеттік және қоғам қайраткері М.Исенәлиевтің басшылығымен құрылған республикалық «Азат» қозғалысы ұйымының құрылғанын естіген Шыныбай маған кіріп, облысымызда осы ұйымның филиалын ашу жөнінде ұсыныс жасады,-деп еске алады сол кездегі облыстық партия комитетінің бірінші хатшы-сы болған Н.Есқалиев. – Орал казактарының қаланы казак ордасы етуді мақсат тұтып, Ресей Президен-тіне Федерацияға қосылу жөнінде ашық хат жазуы да саяси жағдайды күрделендіріп жіберді. Керек десеңіз, КСРО-ның барлық өңіріндегі казактар Орал казачествосының құрылғанын атап өтпекке жина-ла бастады. Мұны «қазақтарды басынғандық» деп қабылдаған барлық қандастарымыз өре түрегеліп, жер-жерден облыс орталығына ағылды. Сол сәтте олардың арасындағы қақтығысты болдырмау үшін мен Шыныбайдан жергілікті ұйымдастырушыларды сабырлыққа шақыруды және мүмкіндігінше басқа об-лыстардан келген «қонақтарды», әсіресе, экстремистік

Ел-жұртына «Шәке» атанған азамат

мысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тари-хи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды»,-деді.

Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұжымы аяқталған оқу жылында «Менің Отаным – Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, мекемемізде-гі үйірмеге қатысатын оқушылармен жерлесіміз, Кеңес Одағының Баты-ры М.Мәметованың туылғанына 95 жыл толуына орай «Жарық жұлдыз», «Алтын адам» (конференция-сабақ), «Туған өлке тарихы – ұрпаққа тағылым» (өлкетанулық сайыс), «Жеті қазына», «Отбасы құндылықтары», «Туған өлке, экология, мен» тақырыптарында шара-лар өткізіліп, Бөкей ордасы тарихи-музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Оздырылған шараларды тізіп кетсем, газеттің бір бетіне сыймас. Тек руха-ни жаңғыру бағытында белгіленген отызға жуық жоспардың орындалғанын мәлімдесем жарар.

Орталығымыздағы тәрбиеленушілер аудан, облыс көлеміндегі шараларға да ынталылықпен қатысуда. «Мен өз өлкемді зерттеймін» жобасы аясындағы оқушылардың «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында аудандық слетте де, «Тарих қойнауында», «Сөн-бес жұлдыздар», «Рухани қазына», «Ескерткіштер – ел тарихы», «Табиғат және экология», «Туған өлке соқпақ-тары» тақырыптарында өткізілген сайыста да біздің шәкірттеріміз өз командаларының жүлделі орындардан көрінуіне сүбелі үлес қосты. Жас ту-ристер, өлкетанушылар, экологтар мен зерттеушілердің «Табиғатты аяла!» атты аудандық форумы да өткізілді. Ол пленарлық және сарамандық бөлімнен

Шәкірттер жетістігі көңіл марқайтты

Қазақстан Республикасының Прези-денті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның бол-

олардың шәкірттері облыстық шаралар-да да оң нәтижелерге қол жеткізуде. Орал қаласында Х «Батыс – Азимут» спорттық бағдарлаудан оздырылған ашық жарыста «Таңдау» қашықтығы бойынша Ақмарал Нұрболатова (жетекшісі М.Асқаров) II, қосыша білім беру педагогы Ж.Мақсотов «Түнгі бағдарлаудан» II және «Супер-спринт» қашықтығынан III орынды ие-ленді. «Атамекен» үйірмесінің жетекшісі, М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп-тің тарих пәні мұғалімі, қосымша білім беру педагогы Ф.Мұқатовтың оқушы-лары облыстық экскурсиялық бағдарлау жарысынан I орынмен оралды.

Астана қаласының 20 жылдығына арналып, 31 мамыр мен 2 мау-сым аралығында Орал қаласында оздырылған «Шырқаған жастық шақ» атты бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалінде «Орындаушы» бағытынан Инабат Асқар мен Фариза Ғабіл-Манапова II, «Жас қанат» ансамб-лі I, қазақ ақындарының шығармаларын гитарада орындауда Фариза Ғабіл-Ма-напова мен Милана Шаппазгереева I орындардың жүлдесін қоржынға салса, жалпы, командалық есепте бөкейлік команда II орынға табан тіреді. Талап-ты оқушыларды дайындаған коман-да жетекшісі, аудандық саз мектебінің мұғалімі, қосымша білім беру педа-гогы А.Зайноллинге ОБЖТжЭО-ның директоры В.Фоминнің алғысхаты та-бысталды. Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Қадырованың мадақтамасы да беріл-ді. «Туған жер» бағдарламасы аясында 7-9 маусым күндері Теректі ауданында өткізілген облыстық су туризм техни-касы жарысында командамыз «Қысқа қашықтықта қақпадан өту» бойынша III жүлдені еншіледі.

Биылғы оқу жылын осындай жетістік-термен қорытындылаған АБЖТжЭО-ның ұжымы алда да осы қарқыннан таймай-ды деген сенімдеміз.

Кенжебек ҚҰРМАШЕВ,аудандық туризм және экология

орталығының директоры.

тұрды. Пленарлық бөлімде туризм, эко-логия және өлкетану бағыттарындағы баяндамалар көпшілік назарына ұсынылса, сарамандық бөлімде Сайқын ауылындағы тарихи ескерткіштер бел-гіленген маршруттық карта бойын-ша экскурсиялық бағдарлаудан, ту-ризм орталығы ауласындағы жасанды жартасқа өрмелеу және туристік ке-дергілер жолағынан өтуден, «Турист өз терегіңді отырғыз» акциясы шеңберінде жеміс ағаштарын отырғызудың әдіс-тәсілдерінен (Мәмбет ауылындағы Алма бағында) шеберлік сыныптары өтті.

Аудандық орталық қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтары мен

сөзбен біздің Шәкең, сіздердің Шәкелеріңіз, олардың Шәкелері – ұлағатты аға, қарымды қайраткер, данагөй ақылшы, есімі бас әріппен жазылатын адам де-гім келеді»,-деп ағынан жарылған. Профессорлар М.Ержанов пен Б.Ғұмаров та осындай пікірде.

Өз замандасы, әрі досы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ғарифолла Көшенов Шәкеңе арнаған өлеңінде:

Болмасаң да баяғының батыры,Батырдай-ақ азамат ең аты ірі.Жасын сынды жалын ғұмыр кешіп ең,Жарқ еттің де, жанып кеттің ақыры, – депті. Шәкең туралы тереңірек білгілері келетіндер «Өмір

өткелдері» кітабын аудандық кітапханадан алып

пиғылдағыларды оқшаулауды сұрадым. Ол іске бел-сене кірісіп, алаңдағы, одан да тыс жағдайлардың бел ортасында жүрді. Ардагерлермен, жастармен сөйлесіп, казактардың уәкілдерін, ұлттық-мәдени орталықтарын, басқа да қоғамдық ұйымдарын тұрақтылыққа шақыра бастады. Орал қаласындағы 1991 жылғы 15-17 қыркүйек оқиғасының бейбіт аяқталуына Шыныбайдың сіңірген еңбегі зор.

Шынекең туралы пікір білдірген тағы бір белгілі азамат Бақтыгерей Өксікбаев «Ол жаратылысынан басшы болып туған» деп, оның Қазақстан Республи-касы Жоғары Советінің сессиясында сөйлеген сөзінде қандай терең ой жатқандығын, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жасаған талдауларын келтіріпті.

– Біздің Шәкеңді теориялық тұрғыда айтсақ, ол өзінің мамандығын (ғалым-зоотехник атағы бар) бір адамдай-ақ білетін еді. Өндірісті ұйымдастырушы есебінде облысымызда оған тең келер адам некен-саяқ. Орал өңірінің экономикасына, мәдениетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз,-деп еске алады облыстық партия комитетінің хатшысы болған Сүйербаев Рах-метолла Хамитұлы. – Шәкең шешіліп сөйлегенде, тыңдаушысын ұйытатын. Ақылыңа ақыл қосылғандай сезінетінсің.

Ал, Қазақстан Республикасы Жоғары Советінің де-путаты болған Гүлжу Мәжитова Шәкеңнің білімділігін академиялық деп дәріптесе, ардагер Ихсан Құтқожин: «Шәкең туралы көп айтуға болар еді, алайда, бір ауыз

оқуларына болады. Ол Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенінде де бар.

Енді қолыма қалам алып, «Орда жұлдызына» осы корреспонденцияны жолдауыма себеп болған жай-ды баяндайын. Аудандық газетте хабарланғанындай («О.ж. 24 сәуір 2018 ж.), Сайқын ауылдық округі қоғамдық кеңесінің отырысында көшелерге ат беру мәселесі талқыланып, облыстық ономастикалық комиссиядан өтпей қалған бисендік жерлесіміз, КСРО Жоғары Советінің депутаты (1965 ж.) Рахи-ла Боранғалиеваның орнына еліміз тәуелсіздігінің бастауында тұрған мемлекет қайраткері Шыныбай Шарафеддиновтың кандидатурасын ұсынып едім. Басым көпшілік «Кісі есімін бәрібір өткізбейтінін» же-леу етіп, «Астана» атауына тоқтам жасады. Меніңше, бұл арада «танымасын сыйламас» қағидасы үстемдік құрғандай. Әйтпесе, ел үшін шыр-пыры шығып, еңбек еткен азаматтан гөрі жалпылама атауға ұсыныс беріл-мес еді. Әрі бүгінгідей «Рухани жаңғыру» таңы атқан кезде осындай тұлғаларымыздың есімін біздер елеп-ескермегенде, кейінгі толқынға не деп өкпе артамыз?!

Ойланайықшы, ағайын!Сақтар ХАЙРОЛЛИН,

еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы.

Суреттерде: 1. Шыныбай Шарафеддинов;2. Шәкең әріптестері ортасында.

Page 4: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл4 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДаwww.ordazhuldyzy.kz

Елорда мен Елбасы егіз ұғым, Мақтанышпен айтады ел мұны бүгін!..

жиырма жылдық мерейтойы. Әрине, тарих үшін бұл қас-қағым сәт. Дегенмен, аз ғана уақыттың ішінде бас шаһарымыз жер жаһанға танылды, ажары айшықталып, әлеуеті артты. Ер-болат Қабденұлы, осы уақыт аралығындағы өзгерістерге өзіңіз де куә болдыңыз. Ен-дігі әңгіме желісін осы арнаға бұрсақ...

– Менің Астанамен байланысым сонау Ақмола кезінен басталды. Қызмет бабымен бұл қалаға талай жол түскен-ді. Әрине, ол кездегі қала мен бүгінгі бас қаламыздың келбеті жер мен көктей ғой. Инф-раструктура дамымаған, ғимарат-тар саны аз, ескі үйлер, иесіз жатқан бос дала. Жазда масалары талап, мазамызды алса, азынаған желі мен боранын да ұмытпай-тын шығармыз. Қиын заман еді ғой ол кез. Сауда-саттық тұралап, өндіріс тоқтаған. Үнжырғасы түскен тұрғындар. «Ақмоланы астана орталығына айналдыра-мыз» дегенде көбісі сенімсіздікпен қарағаны жасырын емес. Қоғамдық ортада сан алуан пікірлер туды. Сол кезде Елбасымыздың айтқан мына бір сөзі есіме түсіп отыр: «Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз – Аста-на! Қазақша әдемі естіледі. Бұл атауда батылдық, айқындық рең бар». Осылайша, Елбасымыздың көрегендігінің арқасында тек қала тұрғындары үшін ғана емес, бар-ша қазақстандықтар үшін тарихтың жаңа беті айқара ашылды. Оны тарқатып айтсақ, бір сұхбаттың көлемі көтермес. Өткен жылғы ЭКСПО көрмесінің өзі ғана қазақ елін күллі әлемге танытты емес пе?! Біздің үлкен-кіші біраз жер-лестеріміз Астана ажарын өз көздерімен көріп қайтты. Бәрінің жүрегінде бір-ақ тілек: көркейе бер, Астана – бас қала!

Жасқайыр ағамыздың отбасы-мен Елордаға қоныс аударғанына он жылға жуықтапты. Бұған дейін ол М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универси-тетінде қызмет етті. Сәулеті мен сәні келіскен ажарлы Астанаға көшуіне үлкен ұлы Жаннұрдың медицина университетіне түсуі (ол бұл күнде №12 емхананың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі жетекшісі) се-беп болған екен. Сөйтіп, 2011 жылдан бастап Қарағойшиндер жанұясы астаналықтардың қатарын толықтырады. Келіні Гүлназ да медицина қызметкері. Қызы Құндыз ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің 4-курс студенті, ал, кенжесі Назерке орта мектептің үздік оқушысы. Зайыбы Гүлшат Ұлттық хореография академиясында жұмыс жасайды.

Еңбек жолын бас шаһардағы Л.Гумилев атындағы университетте жалғастырған ағамыз іргелі оқу ор-нында деканның орынбасары, оқу

бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқара жүріп, ғылыми жұмыстардан қол үзбейді. Еңбектері Ресей, Қытай, Болгария, Түркия жорнал-дарында жарық көрді, он бес ма-гистрлік жұмыстарға жетекшілік жасап, бірталай шәкірттерді ғылым жолына баулыды. 2013 жылы «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы» атты экспедицияға қатысып, «Шоқан жолымен» монографиясын жарыққа шығарды. Білімге қосқан үлесі де лайықты бағаланып, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гран-тын, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісін иеленді. Сондай-ақ, ол «National geographic Қазақстан» ғылыми-танымдық жорналының кеңесшілер мүшесі. Бүгінде Жасқайыр Мұханғалиұлы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін-де «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасында аға оқытушы.

Қасиетті Нарын құмынан түлеп ұшқан жерлестеріміздің біразы бүгінде Сарыарқа өңіріндегі әсем қалада бар ынта-жігерімен, қалтқысыз қызмет қылып жүр. Солардың бірі – Бисен ауылына қарасты Жиекқұм елді мекенінің тумасы, биология ғылымдарының кан-дидаты Жасқайыр Қарағойшин.

– Мемлекеттік қызметкер болу дегеніміз қарақан қамынан елдің мүддесін биік қою деп түсінуіміз керек сияқты. Бұл салада да айшықты із қалдырғаныңызды жерлестеріңіз жақсы біледі. Осы бағытқа бет бұрған жас толқынға не айтасыз?

– Әлбетте, мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Мемлекет-тік қызметтің тұтқасын ұстаған адамның мақсаты – туған жерінің болашағын жарқын ету, халық мүддесі үшін аянбай еңбектену бо-луы керек. Лауазымдық қызметті мүлтіксіз орындаған маманның жұмысы да сапалы болмақ. Бүгінде талап жоғары, қамқорлық та жеткілікті. Әр маман кәсіптік біліктілігін үнемі арттырып оты-руы қажет. Әрі тек заң аясында ғана әрекет жасауға тиіс. Сонымен қатар бізде ашық қоғам құрылуда. Атам қазақтан келе жатқан «Ұлы дала демократиясының» болмы-сы да осыған жақын. Сол арқылы еліміздің кез келген азаматы мем-лекеттік басқару ісіне белсене ара-ласа алады. Біз халықтың өтініш тілектерін заң аясында шешіп, іске асыруымыз керек.

– Жақсы әке, жақсы жар, жақсы жолдас дегенді қалай пайымдар едіңіз?

– Әркімнің өз орны бар. Жақсы жар – сенімді серігің, ақылшы досың, өмірдегі екінші жартың. Әке ұл-қызының құпия сырын бөлісумен қатар, отбасының ай-бары, қорғаны, асыраушысы, ең бастысы беделді тұлға болуы ке-рек. Меніңше, жанұя деген – ол адамның ең асыл қазынасы. Бұл өмірде жанұяның бүтіндігінен артық ештеңе жоқ. Әйелдер де, ер-азаматтар да шын бақытты болғысы келсе, шаңырақ шаттығын бірінші орынға қою қажет.

– Адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалай-сыз?

– Адалдық пен мейірімділік, жа-уапкершілік.

– Достыққа беріксіз бе? Жасы-рын болмаса, жаныңызға жақын жандарды атасаңыз?

– Достық дегенімізді адамдардың бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүддеде, ортақ көзқараста бо-луы деп түсінемін. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Жанымда жақындар көп және достыққа берікпін деп есептеймін. Бәрін атап шығу мүмкін болмас. Жұмыстас жол-дастарым, ауылдағы дос-жаран, мектепте бірге оқыған көптеген сыныптастарыммен әлі күнге дейін тығыз байланыстамын. Өзіміздің ортамыз бар. Қуанышымызды, қиыншылықтарымызды үнемі бөлісіп, жанұяларымызбен бірге атсалысып келеміз.

– Қазақы қонақжайлықты қадірлейтін азамат деп естиміз. Бұған не дейсіз?

– Қонақжайлылық пен мейман-достық – бұл қазақтардың дүние танымы және өмір салтымен астасқан ұғымдар. Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ шаңырағымызда бейбітшілік пен тыныштық сақталып отыр деп есептеймін. Ауданда 40 жылдай еңбек етіп келемін. Осы жылда-ры біраз адамдармен дәмдес болдық. Қонақ шақырғанды және адамдардың біздің дастарханға келгенін өте жақсы көреміз, қонаққа барғанды да шет көрмейміз.

– Айып болмаса, жиі қолданатын мақал-мәтеліңіз?

– «Ат болатын тай саяққа үйір, адам болатын бала қонаққа үйір». Тағы біреуін айтайын ба? «Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ».

– Сұхбатыңызға рақмет!Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА.

үлкен сахнаға жол сілтейді. Бүгінде жерлесіміздің түрлі республикалық, халықаралық байқауларда топ жа-рып жүргенін мақтанышпен айта аламыз.

Арайлым ФАРИДОВА.

* * *Мұратсай ауылында жарық дүние

есігін ашқан Біржан Бектасовтың өнеріне бүгінде елордалық жұртшылық та тәнті. Қазақтың қара домбырасынан күмбірлете күй төккен дарын иесі 2010 жыл-дан бері сол қалада қызмет етіп келеді. Көңіліне өнер ұялаған Біржанның астаналық болуына әкесінің «Домбыраны серік етіп, өнеріңмен елді сүйсіндірсең» де-ген үкілі арманы жетелепті. Күй өнерін құрметтеп, қадірлей білетін жандар, ауылдас ағасы Алтай Есе-кешев пен өзі білім алған Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің мұғалімі Света Жұмабаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Өнер» университетінің профессоры Дүйсен Орынбай Біржанның бойындағы ерекше музыкалық қабілетін аңғарып,

Елордалық болған бөкейліктер

«Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ»«Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ»

– «Жұмысқа жарап тұрға-нымда, мен өзімді кәрілердің қатарына қоса алмаймын» деген екен атақты Бауыржан Момышұлы. Аллаға шүкір, әлі де ат үстіндесіз. Абырой-бе-делден де кенде емессіз. Өткен өміріңізді ойша шолғанда нені көресіз?

– Жүріп өткен жолдарыма қарасам, өмірімде адамгершілік-тері мол, қарапайым, ізгілікті жан-дар аз кездеспепті. Солардың әрқайсысының жақсы қасиеттерін өз бойыма сіңірдім. Бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріме соның ықпалы тиді деп толықтай айта аламын. Әрине, пендешілігі ба-сым жандар да көптеп ұшырасты. Бірақ, оларға да қарап, ой түйіп, қателіктерінен сабақ алдым. Адамның бойындағы ең жақсы қасиеттер ананың сүтімен, әкенің қанымен даритынын жоққа шығаруға болмайды. Бір әкенің

тәрбиесін жүз мектеп бере ал-майды деген тағылым тағы бар. Тағдырым оңынан туып, бел-гілі бір дәрежеге жетіп, табысқа кенелуіме, өмірлік бағытымды айқындауыма аяулы ата-анам негіз қалады. Олардың алдында мәңгілік қарыздармын.

Аллаға шүкір, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміз көркейіп, жедел қарқынмен дамып келеді. Аз ғана уақыттың ішінде бізді әлем таныды, алпауыт мемлекеттермен иық теңестіре алатындай дәрежеге жеттік. Биік белестерді бағындырып отырғанымыз осы егемендігіміздің арқасы. Сол себепті Қазақстанның жарқын болашағы үшін және азаттығымызды баянды ету жо-лында алда да адал еңбек ете берейік.

– Осы ретте, көкейімізге бір сұрақтың кептеліп тұрғаны. Күні ертең ел жүрегі – Астананың

Осынау мереке қарсаңында аудандық мәслихат хатшы-сы Ерболат Таңатовпен сұхбаттасқан болатынбыз.

Page 5: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл 5E-mail: [email protected] ЖҰЛДЫЗЫОрДаwww.ordazhuldyzy.kz

Елорда мен Елбасы егіз ұғым, Мақтанышпен айтады ел мұны бүгін!..

Астана қаласында өткен кәсіпкерлердің V съезін-де «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы А.Мырзахметов палатаның аудандық филиалы директоры Бибігүл Жұмағұлованы құрмет грамотасымен марапаттады. Онда «Қазақстанның әлеуметтік дамуына және кәсіпкерлік қауымдастықты нығайтуға қосқан үлесі, ісіне адалдығы мен кәсіпқойлылығы үшін» деп жазылған.

Иә, ауданымызда палата ашылғалы бері кәсіпкерлерге заңнамалық, экономикалық кеңес беріп, қажет кезде не-сие рәсімдеуге қол ұшын созып жүрген байырғы кәсіпкер Бибігүл Мұқасқызының әлі талай жерлесіміздің осы салаға бетбұруына мұрындық болары хақ. Ол «Бизнес-бастау» жобасы негізінде аудан тұрғындарына кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету курсын ұйымдастыруда. Соның арқасында бүгінде өз кәсібін ашуға ниет еткендер қатары көбейе түсуде.

Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында марапатқа ие болған Бибігүл Мұқасқызына ауданымыздағы бизнесмендер көшін биіктерге бастай бер дейміз.

Раушан БАҚЫТОВА.

Еліміздің жүрегі Астана қаласының биыл жиырма жылдық мерейтойы. Осыған орай Жәңгір хан атындағы орта мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінің жетекшілері Света Ғұбашева, Балауса Өтегенова, Аль-фия Аксенова апайларымыздың ұйымдастыруымен «Келбетті қала Астана, туған күніңмен!» атты әдемі де әсерлі шара өткізілді. Біздер, яғни, лагерь демалушылары суреттер са-лып, қолөнер бұйымдарын жасап, белсенділік таныттық. Осы байқауда Диляра Бектемірқызы, Гүлнафис пен Гүлфайруз Төлегеновалар, Ақнұр Жанболаттың суреттері, Дәулет Батырхановтың шығармасы жоғары бағаланса, ақ парақтан «Бәйтерек» монументін жасаған Оралбек Зай-

ноллин «Ең үздік мүсінші» боп та-нылды. Барлығы да арнайы диплом-дармен марапатталды. Сонымен қатар, Астана қаласына қатысты викториналық сұрақтар қойылып, флешмобпен жалғасын тапты. Шара соңы ән шырқап, би билеген концерт-тік бағдарламамен түйінделді.

Дияс СЕРІКОВ, оқушы.

* * *Астана ақ Ордасы қазағымның, Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.Сарыарқа сауырында, Ерке Есіл бауырында,Келеді бой көтеріп арман қала,Арман қала!

Асыл дала!Жаңа Астана! Әз Астана! – деп

әнде шырқалғандай, бас қаламызға жиырма жыл. Жыл сайын ажарланып, көркейіп келе жатырған шаһарымыз қазақ халқының мақтанышы. Мен Астанаға алғаш барғанымда өте керемет әсер алдым. Биік ғимараттарды, «Бәйтерек», «Пира-мида», «Ханшатыр», т.б. нысандарды көріп, таңқалдым. Неткен әдемі еді, шіркін! Көшелері де тап таза, адам-дары да сондай жылы жүзді екен. Әрине, қаламыздың дамып, гүлденуі Елбасымыздың арқасы деп білемін. Жайнай бер, жасай бер, Астанам!

Дәулет БАТЫРХАНОВ,оқушы.

Нұрлы болашақтың үміттері

Бас шаһарды жалынды жастықтың қаласы деп бекер айтпайды. Жылма-жыл осынау әдемі де ғажайып ордамен жарқын келешегін байланыстырған ұл-қыздар қарасы көбейіп келеді. Сондай арман-шыл, мақсаты айқын жастардың қатарында өзіміздің жерлесіміз, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі Жұпаргүл Қайратқызы да бар. Аталған оқу ор-нын үздік аяқтаған Жұпаргүл бүгінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында аға са-рапшы болып қызмет етуде.

– 2010 жылы еліміздегі ең іргелі оқу орны саналатын Гумилев атындағы университеттің студенті атану бақыты бұйырды маған. Мұнда ғылым-білімнің биік шыңын бағындырған ұлағатты ұстаздардан тәлім алдық, көп нәрсені көкейге түйдік. Бір қызығы мен бұл қалаға ең алғаш 2005 жылы келгенмін. Әлбетте, ол кездегі шаһардың бет-бейнесі бүгінгідей емес-тін. Астаналық болып тұрақтауым біріншіден, Алланың қалауымен, екіншіден, ата-әжем мен әкемнің арқасында. Бүгінгі күнде жеткен жетістігім мен армандарымның орын-далып, жүзеге асуының бәрі де жақындарымның қолдауы, еңбегі, сенімі деп білемін. Бұл үлкен қалада үнемі қайнаған тіршілік қой, республикамыздың әр түкпірінен жиылған жастар көп болғасын, бәсекелестіктің де жоғары болуы заңдылық. Демек, саналы бәсекелестік бар жерде алға жылжып, дами түсуге мүмкіндік мол. Маған сенім артқан ұстаздарым мен жақын жандардың үмітін ақтадым. Осында білім беру саласында қызмет еткеніме 3 жылға жуық уақыт болыпты. Жастық шағымның мол мүмкіндіктер тоғысында өтіп жатқанына шүкір етемін.

Қазақ елін дүние жүзіндегі жетекші елдердің қатарында көрінсе дейтін, сол жолда бар күш-жігері мен білім-білігін жұмсауға дайын ауылдасымыз Азат Мырзағалиевтің ұлтжандылығы, жарқын ойлары көптеген жасқа үлгі болары хақ. АҚШ-та оқып, алпауыт компаниялар-да жинақтаған тәжірибесін бүгінде отандық өндіріс орындарында қолданып келеді.

– 2008 жылы Сайқын ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектепті бітірдім. Содан кейін, бір жыл Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде оқып, «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы Аризона мемлекеттік универ-ситетіне түстім. Бұл жерде ағылшын тілі мен инженерлік механика мамандығын меңгеріп, 2014 жылы еліме оралдым. Өз мансап жолымды Назарбаев Универси-тетінде профессор ассистентінен бас-тап, 2015-2017 жылдары магистр дәрежесіне қол жеткіздім. Қазіргі уақытта мен еліміздің қорғаныс өндірісі саласындағы «Қазақстан Парамаунт Инжи-ниринг» компаниясында жоба инженері болып жұмыс істеймін. Болашақта елімізді күллі әлемге танытып, жетекші елдердің қатарына шығаратын машина құрау, жаңартылатын энергия өндірісін, аграрлық өнеркәсіптерді дамытуға үлесімді қоссам деймін. Астанада тұрақтағаныма төрт жыл болса да ол мені өзінің даму қарқынымен таңқалдырып келеді. Жыл сайын ерекше архитектуралық ғимараттар, саябақтар және көрмелердің ашылуына куә бо-ламыз. Мұнда халықаралық маңыздағы іс-шаралар жиі өтеді, өткен жылғы «ЭКСПО – 2017» көрмесін тамашалуға шетелден қанша қонақ арнайы келді. Осындай оқиғалар бізді дүние жүзіне танымал етеді.

Еліміздің көк байрағы желбіреген егемендіктің қасиетті ордасы Ас-танамен болашағын байланыстырған тағы бір жерлесіміз, бисендік Айсәуле Халидуллиева. Талант-ты да талапты Айсәуле қызымыз «Жас кемеңгер» балаларды дамыту орталығында ұстаздық етеді.

– Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, осынау ғажап мекенді бір көруді армандағанмын. Астананың көрсе көз тартар көрікті жерлері, көк аспанмен теңескен заңғар ғимараттары, ерке Есілдің әсем жағалауы бәрі-бәрі мені өзіне елітті. Алайда, Орал қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжді аяқтай салысымен, бірден бас қалаға тартып кетудің сәті түспеді. Аудандық «Орда жұлдызы» газетінде бірнеше ай қызмет еттім. Кейін ата-анамның батасын алып, үлкен шаһарға аттан-дым. Армандар орындалады деген рас екен, солардың бірқатары жүзеге асты, мақсатыма бір табан жақындадым. Елордалық шәкірттерге қазақ тілінен сабақ бергеніме екі жыл болып қалыпты. Жаңа орта мен жаңа идеялардың бір арнаға тоғысқан әсем Астананың тұрғыны болғаныма қуанамын.

Арайлым ӘЖІҒАЛИЕВА.

Бедел сыйлаған бизнес

«Астана – жастар қаласы. Соны-мен қатар әр тұсынан тәуелсіздік лебі есіп тұрған қалалардың бірегейі,-деді Елордадағы Н.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сту-денті, ордалық Жанна Темірболатова бізбен әңгімесінде. – Мәселен, ескі қаланың шығыстан батысқа қарай созылып жатқан автомагистралдық даңғылы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ұлы қолбасшы, аты аңызға айналған Бөгенбай батырдың есімі-мен аталады. Аңырақай шайқасында ерекше көзге түскен Қабанбай, Қарасай батырлардың атындағы даңғылдар да бар. Күн санап көркейіп келе жатқан Астанамыздағы Аман-гелді Иманов, Сәкен Сейфуллин,

Мұхамеджан Тынышбаев, Бауыр-жан Момышұлы, Мәншүк Мәметова және басқа да мақтан тұтарлық тұлғаларымыздың атындағы көшелер егемендігімізді паш етіп тұр емес пе? Мен тұратын Ғабит Мүсірепов көшесі де солардың қатарында. Елордамыздың сол жағалауындағы монументтер мен архитектуралық кешендерден тәуелсіздік идеясын аңғару еш қиын емес. Астанамызды жаяу араласаңыз Тәуелсіздік даңғылы «Қазақ елі» монументіне алып ке-леді. Ал, этникалық мемориалдық кешенінің орны мен үшін тіптен бөлек. Өйткені, онда кезінде атам Темір-болат Мақымов, бүгінде ағам Ғайса Мақымов басқарып жүрген Бөкей

Астана, туған күніңмен!

Жаннаның жарқын жолы

ордасы тарихи-мұражай кешенінің макеті бар. Және туған топырақтағы Жәңгір хан, М-С.Бабажанов, Дәулет-керей бабаларымыздың кесенелері-нің кішкене нұсқасын көргенде елге деген сағыныш сезімі сәл де болса сейілетіндей көрінеді маған».

Жастайынан атасы мен ағасынан, оған қоса анасы, музей қызметкері Гүлзада Әбілқайыровадан ел та-рихына қанығып өскен Жаннаның тарихқа ден қоюы заңды болар еді. Алайда, математика пәнінің мұғалімі, әжесі Рәзия Қилышқызы кішкентайы-нан немересінің жеке ұстазы болып, нақты ғылымға деген көзқарасын оятты. Жәңгір хан атындағы алтын ұяны үздік бітірген Жанна бүгінде механикалық математика саласында білім алып жатыр. Тобымен Бурабайға саяхаттап, ондағы табиғи және тари-хи ескерткіштерді тамашалап келген

ол жақында ғана туған топыраққа табан тіреді. І курсты тәмамдаған Жанна Әділгерейқызын білімге деген құштарлығы мен қоғамдағы белсен-ділігі үшін Астана қалалық әлеуметтік және азаматтық департамент бас-шысы Ә.Мәдибеков алғысхатпен марапаттады. Сондай-ақ, өзі оқитын механикалық метаматика факультетінің деканы Н.Жәйішбеков те Жаннаның ата-анасына Әділгерей мен Гүлзада алғысхат жолдапты. Ра-ушан гүлін ұнататын бойжеткен қызға тәуелсіздіктің символындай болған Елордамызда бөкейліктердің даңқын асырып жүре бер дейміз.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ.

Page 6: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл6 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Комиссия отырысы

Құлағыңыз түрік жүрсін!

Аудан әкімдігі жанындағы сыбай-лас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның (төрағасы аудан әкімі Н.Рахымжанов) кезекті отырысында «Білім беру са-ласында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу» жайында аудандық білім бөлімі басшысы Е.Иманбаев пен Бөкей ордасы колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орын-басары Н.Омарова, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойын-

ша округ әкімі аппараттарындағы атқарылған жұмыстар» туралы Ұялы ауылдық округі әкімі Б.Оразғұлов пен Саралжын ауылдық округі әкімі мін-детін уақытша атқарушы А.Мәмбетов, «Кәсіпкерлердің құжаттарын жинақ-тау, толтыру, несие алуы кезінде сыбайластықты болдырмау және алдын алу шаралары» хақында аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшы-сы Е.Нүркенов пен кәсіпкерлер пала-тасы аудандық филиалы директоры Б.Жұмағұлованың хабарламалары тыңдалып, талқыланды.

Комиссия төрағасы атап көрсеткендей, ауданымызда сыбай-лас жемқорлық фактісі орын алған жоқ деп тоқмейілсуге тіптен болмай-ды. Заңдар өзгерісін жіті қадағалап, оқып-үйрену, бұқараға насихаттау әр сала қызметкерінің ең бірінші мін-деті. Ережелерді бұлжытпай сақтап, халыққа адал қызмет ету – пары-зы. Сондықтан отырыста алда да қырағылықты кемітпеу бағытында хаттамалық шешім алынды.

Дәулет ӘЛИЕВ.

Қырағылықты кемітпеу шарт

Аудандық аурухананың бас дәрігері қызметі-нен зейнеткерлікке шыққан ауданымыздың құрметті азаматы, КСРО және ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Әділгерей Ғаббас жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп (лицензия нөмірі 01562DL), «Емші» емдеу орнын ашты. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Әділгерей Уәлиұлы денсаулық сақшылары қатарына қосылғаннан халықтық медицинамен айналысуды армандаған-ды.

Сәл кейін шегінсек, ХХ ғасырдың аяғында әлемде «Су-Джок» терапиясы сенсациялық жаңалық ретінде тарағаны белгілі. Кореядағы Сеул халық университетінің профессо-ры Пак Чже Ву Шығыс медицинасын зерттеу барысында адамдардың бойындағы түрлі кеселдерді өздері емдей алатындығын паш етті. Сол «Су-Джок» әдісі бойынша кезінде Кореядан, Пак Чже Вудың өзінен дәріс алған Әділгерей Ғаббас өзге де дәстүрлі медицина: рефлексо-терапия және табиғатта жаралған заттармен, мануалдық, гомеопатия, гирудотерапия (сүлік салу) сынды ем түрлерін пайдаланып, оң нәтижелерге қолы жеткен. Енді, міне, білім-білігі толысқан азамат орталық базар жанындағы жеке дүкеннің («Дария») бос тұрған екінші қабатын жалға алып, іске кірісіп жатыр.

Хан ордасы – шежіресімен де, табиғатының әсемдігімен де туристерді тартатын өлке. Тарихи мұражай кешенін тамашалауға келетіндердің қатары тіптен көп. Демалушы-ларды ұялмай қабылдау үшін қасқайған қарағайлар ара-сынан қонақ үй де салынған. Ауасы дертке ем осы арадан шипажай орын тепсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Бұл да іс-кер жанның ойы.

Қасиетті Рамазан айында өзі де ауыз бекітіп, Тәңірдің тартуын ризалықпен қабылдайтын жаны ізгі кейіпкеріміздің бөлмесіндегі ислам дініндегі бес ерекшелік жайында жазылған «Дәрігерді құрмет ету уәжіп. Дәрігерді құрмет еткен адам, Пайғамбарды құрмет еткенмен бірдей» деген сөздерді оқып, біз де еріксіз ойға қалдық.

Иә, бірінші байлық – денсаулық. Сіздің де ем-домыңыздың жерлестерімізге шапағаты тисін дейміз, аға!

Гүлнар ҚАДЫРОВА.

«Емші» есік ашты

«Аударым үшін планшет» акциясына сіз де қатысып көріңіз

Заманауи құрал-жабдықтар өміріміздің қай саласына болмасын дендеп ен-гені шындық. Дегенмен, жырақта жүрген адамдардың өзара қарым-қатынасын үзбеуіне пошта байланысы да айрықша рөл атқарып келе жатқаны жасырын емес. Керек десеңіз, енді аудан орталығында газет-жорналдарды тарататын екі пошташы арнайы қалта телефонымен кез келген жерден төлемдер қабылдап, түрлі қаржылық қызметтерді де көрсетпек. Көп ұзамай, мұндай жаңашылдық ауылдық жерлерге де жетеді. Жалпы, ақпараттық ағыннан тыс қалмаған «Қазпошта» акционерлік қоғамы жеке тұлғаларға post.kz, ал, заңды тұлғаларға интернет банкингті қолдануға кеңес беруде. Мұны біз Елбасы көтерген цифрландырудың айқын көрінісі деп ұғындық. Демек, шалғай ауылдардағы тұтынушылар осы қосымшалар арқылы бүгіннен бастап-ақ қажетті қызметтерді ұялы телефондарымен жүзеге асыра алады. Айта кету керек, аталмыш интер-нет ресурстарды пайдаланып, төлем карталарынан қаржылық аударымдар жасағандар автоматты түрде «Аударым үшін планшет» акциясына қатысады.

Аудандық пошта байланысы торабы басшысы Гүлнар Мұқанованың мәлімдеуінше, «Қазпоштаның» құрылғанына 25 жыл толуына орай «Kazpost-тан сыйлықтар жылы» акциясының алғашқы ойынында бөкейлік бір клиент 50 мың теңгенің сертификатына ие болыпты. Мерейтой аясында заңды тұлғаларға есепшот ашу да тегін жүргізілуде.

Тұтынушыларға көрсетілетін қызмет түрлері де жыл санап көбеюде. Олар: автокөлікті сақтандыру, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозитін ашу, кредиттік тарихыңызды анықтап беру, «Хоуммен» қоса екінші деңгейлі «Аль-фа-Банктен» несие рәсімдеу. Әрі тауарды Қытай елінен жеткізетін Aliexpress интернет-дүкеннің арнайы карточкасы да тегін беріледі екен. Егер кімде-кім көрсетілген қызметке наразылығы не ризашылығы болса, ол пікірді 1499 call-орталыққа телефон шалып немесе post.kz ресурсына орналастыруларына болады.

Ауданымыздағы пошта байланысы торабы өз клиенттерінің сұранысын қанағаттандыру жолында өзге де бірқатар жұмыстарды атқаруда. Ендеше, біз де озық технологияларды пайдаланып, заман ағымының жаңалықтарын игере білейік, ағайын!

Раушан АППАҚОВА.

11 шілде – Бисен ауылдық округі әкімін сайлау күні

Сайлау комиссиясының хабары

Округ әкімі лауазымына тіркелген үміткерлер тізімі

Рет саны

Үміткердің аты-жөні

Атқаратын қызметі Мекенжайы

Туған күні, айы,

жылы

1Құрмашев Кенжебек Асқарұлы

Аудандық білім беру бөлімінің

«Балалар-жасөспірімдер туризмі және

экология орталығы» директоры

Сайқын ауылы

14.08.1976 ж.

2Хайроллин Сүйінбек

Жексенбайұлы

Аудандық ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы

Сайқын ауылы

22.02.1965 ж.

3Шәмшетдинов

Ақболат Ғиниятұлы

Аудандық ветеринария бөлімінің бас

маманы

Бисен ауылы

17.04.1967 ж.

Лариса ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 18-бабы-на сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы 2018 жылғы 11 шілдеге аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залына сағат 11:00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:

1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылға 15 желтоқсандағы №13-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу ту-ралы.

2. Басқа да мәселелер.

Сағындық СӘРСЕНОВ,сессия төрағасы.

Төраға шешімі

Кезектен тыс ХVIІ сессияны шақыру туралы

Бөкей ордасы колледжінде биылғы түлектерге кәсіби білімі жөніндегі диплом табыстау салтанатын дирек-тор Бағдат Лұқпанов ашып, төрт мамандық бойын-ша («Тракторшы-машинист», «Аспазшы», «Сатушы»,

«Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері») 50 адам бітіріп отырғандығына тоқталды. Оларға дипломға қоса кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың біліктілік сертификаты беріліп, қоғамдық шараларда белсенділік танытқан және шығармашылығымен ерекшеленгендер алғысхатпен марапатталды. Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталықтың басшысы Исатай Құрмашев жас мамандарды құттықтап, алған білімдерін өмірмен ұштастыруды тілесе, ата-аналар атынан сөз алған Орынғаным Бекенова білім ұясына ризашылығын жет-кізді. «Тракторшы машинист», «Аспазшы» топтарының түлектері Мейрамбек Мұқаев пен Айгүл Аязбаева: «Бүгін қобалжуға толы күн. Үш жыл ішінде колледж бізді біліммен қаруландырды, тәрбие берді, кәсіпке баулыды, өнерімізді шыңдады. Білім ордасына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ұстаздарымыздың үкілеген үмітін ақтау үшін аянбай тер төгеміз»,-десті.

Салтанатты шара соңы студенттердің шағын концерттік бағдарламасына ұласты.

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ.

Сәт сапар, жас маман!

Колледж түлектеріне диплом табысталды

Бірінші байлық - денсаулық

Page 7: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл 7E-mail: [email protected] ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Мекенжайымыз: 090200 Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. Телефондар: Редактор: 21-5-30. Тілшілер: 21-8-42 (факс).

Біздің электронды поштамыз: [email protected]А белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып

есептелінеді.

Меншік иесі:«Жайық Пресс» ЖШС

Бас директор Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШСБөкей ордасы филиалы

«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы:Бисенов Бауыржан Махутұлы

Газет БҚО Әділет департа-менті, Бөкей ордасы аудандық Әділет басқармасында 09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу №7-1926-15-ф-л.

Газет Бөкей ордасы аудандық «Орда жұлдызы» газеті редакциясында компью-терлік әдіспен теріліп, беттелді.

«Полиграфсервис» ЖШС баспаханасын-да басылды.

Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6

Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады.Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 27Таралымы: 1658 дана.Корректор: Меңсұлу Сұлтанғалиева.

Газетті есепке қою тура-лы №12259-Г куәлікті 2012 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті берген.

Астана – 20 жыл

Сайқын ауылдық округіне қарасты Жәрмеңке елді мекенінің тұрғыны болған асыл жар, ардақты әке, сүйікті ата Абдоллин Шайдөк Абдоллаұлы арамызда жүрсе 80 деген мерейлі жасты тойлап отырар едік... Әттең, қу өмір жет-кізбей кетті, амал не? Әкешім, біз үшін мәңгі тірісіз...

Жаның болсын жәннатта, әке, жаным,Тек осыны тілейді балаларың. Мамық болып топырағың желеп-жебеп,Тілеуші боп жатқайсың, әке, жаным.Желеп-жебеп жата бер

ұрпағыңды,Есіркеп жан-жарыңды, гүл бағыңды.Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер,Ардақтап өтер әркез тұлғаңызды.

Сағына еске алушылар: зайыбы Ғайнижамал, ұл-келіндері Қанат-Қантаза, Жасқайрат-Асылғаным, Қалқаман-Жазира Ықылас-Нұргүл, қыз-күйеулері Зура-Ораз,

Света, Раушан-Нұрлыбек, Фарида-Болатбек, Дариға, немере-шөберелері,

жиен-жиеншарлары.* * *

Бисен ауылының тұрғыны болған аяулы жар, ардақты әке Асқар Құрманғалиевті сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне бір жыл болыпты. Әкемізді 64 жасқа то-луына орай сағына еске алып, топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта нұрлансын дейміз.

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,Сенбей Сізді көп іздедік біз жылап.Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,О дүниені мекен қылып тұрақтап.Әке – деген асқар тауың, орманың, Әке – деген жұбанышың, қорғаның.О, адамдар, бар кезінде әкені,Қадірлейік, өкініште болмағын.

Еске алушылар: зайыбы Азина, ұл-келіндері Есқайыр-Нұрбақыт, Нұрқайыр-

Диляра, Ерқайыр, қыз-күйеулері Құндыз-Биболат, Гүлсара-Құрманғали,

жиендері, немерелері Нұрайна, Әліби, Расул.* * *

Мұратсай ауылының тұрғыны болған адал жар, сүйікті әке, қымбатты ата Баймұқашев Ерболат Қабдолуахитұлы арамызда бол-са 63 жасқа толар еді. Жатқан жеріңіз жайлы, иманыңыз жол-дас болсын деп өзіңізге дұға бағыштаймыз.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда?Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.Өзімізді санаушы едік бақытты,Өзің, әке, ортамызда болғанда.

Еске алушылар: зайыбы Гүлбағида,

ұл-келіндері Шынарбек-Айнагүл, Махамбет-Нұрсәуле, Сұлтанбек-

Кәмила, Исатай-Зарина, Ержан, немерелері Ермұрат, Аңсағаным, Айым, Сара, Нұрқанат,

Ерболсын, Айша, Айлана, Адила.

Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына орай облыстық велоэстафетаға бөкейліктер де үн қосты. Бұған мекеме басшы-лары, қызметкерлері мен аудан жастары, жалпы 30-дан аса адам қатысты. Шараның ашылу салта-натында аудан әкімінің орынба-сары Лариса Қайырғалиева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш эстафетаны арнайы дайындалған видеоролик түрінде жаңақалалықтардан қабылдап алғанымызды айта кетелік. Біздер өз кезегімізде эстафетаны жәнібектік ағайынға тапсырдық.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ, аудандық мәдениет, тіл-

дерді дамыту, дене шынықтыру және

спорт бөлімінің бас маманы.

Велоэстафета жалғасын тапты

«Арай» туристік-сауықтыру лагерінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбековтің қатысуымен ұлттық ойындарымыздың бірі асық атудан жарыс оздырылды. Онда Тілеген Керейұлы шәкірттерге ел жүрегі бас қаламыз ту-ралы біраз мағлұмат беріп, өзінің жылы лебізін жеткізді. Асық атуға ер балалар қатысып, кім мерген екенін анықтады. Бисен-дік Мұхаммед Бақтыгереев І орынды жеңіп алып, «Сұрмерген» атанса, сайқындықтар Ұлан Ғайнетдин мен Жалғас Оңатәлиев жүлделі орындардан көрінді.

Сондай-ақ, лагерь ұжымы «Нарын жастары» қоғамдық бір-лестігімен (төрағасы Мұхтар Жоламанов) бірлесе демалушылар арасында «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен спорттық-

эстафеталық сайыс өткізді. Лагерь меңгерушісі Нұржан Сариев нашақорлықтың зардаптарына тоқталып, зиянды әдеттерден аулақ жүру керектігін айтса, Мұхтар Жоламанов жастарды спорт-пен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. «Жас Ұлан», «Татулық», «Жігер» топтарына бөлініп, сайысқа түскен оқушылардың әрқайсысы намысқа тырысып бақты. Нәтижесінде «Жас Ұлан» тобы І, «Жігер» ІІ, «Татулық» ІІІ орын-дарды жеңіп алды. Ал, Бексұлтан Елеубайұлы «Үздік ойыншы», Әдемі Тайырқызы «Ең жас ойыншы» аталымдарын иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйлықтар (доп, дойбы, т.б.) табыс етілді.

Досжан КЕНЖЕБАЕВ.

Лагерьдегі спорттық ойындар

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Алты командаға бөлініп, өзара сынға түскен жас спортшылардың тар-тысты ойын нәтижесінде «Достар», ПСЖ, ФКМ командалары тиісінше жүлделі орындардан көрініп, диплом-дармен марапатталды. Белсенділік-терімен көзге түскен Біржан Серік «Үздік ойыншы», Едіге Әбдіәшімов «Үздік қорғаушы», Жалғас Оңатәлиев «Үздік қақпашы» атанды.

Дәурия ДҮЙСЕНОВА,БЖСМ қызметкері.

Футболдан өткен жарыс

Page 8: орда жұлдызы+35 +24 Жексенбі, 8.07.2018 +33 +23 Сенбі, 7.07.2018 +31 +21 Жұма, 6.07.2018 +32 +26 Бейсенбі, 5.07.2018 +36 +22 Дүйсенбі, 9.07.2018

3 шілде 2018 жыл8 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДаwww.ordazhuldyzy.kz

Мұражайдағы көрмеСіз кітап оқисыз ба?

Гүлмира Ғайсина, аудандық кітапхананың кітапханашысы:

– Қазіргі таңда кітапханамызда 27571 кітап қоры және 1813 оқырман бар. Бізге көбіне жұмыссыздар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шек-теулі жандар және жастар келеді. Жас оқырмандардың бірқатары фантастикалық шығармаларды сұрайды. Қазақшасын таппаса, орысшасын алып жатады. Жалпы, балдырғандар кітап оқудың орны-

на күндіз-түні компьютерге тел-міретіндіктен, көркем әдебиетке қызығушылықтары азайған. Мер-зімді баспасөздерге де құлықсыз. Айта кетелік, кітапханамызда оқырмандарды көбірек тарту мақсатында мектеп шәкірттерімен қатар, тұрақты оқырмандарымызбен түрлі шараларды жиі өткізіп тұрады.

Гауһар Талғатова, 15 жаста:– Мен кітапты уақыт өткізу үшін

емес, ой-өрісімді кеңейтіп, тілімді

Көне жәдігерлерді тамашалаған ауылдың ақ жаулықты әжелері Күләш Жармұхамбетова, Рәзия Жаманғарина, Гүлжиян Қарабалина, Кәкима Мол-дашева, Рауза Айтқалиева, Таня Хайрошева, Күлсем Бектасова, Сыпайы Жұмағалиева, Бадигүл Хамитова, Мәнет Мырзағалиева,Талшын, Гүлмира Жәрдемовалар мен Жәңгір хан атындағы орта мектеп жанындағы күндізгі ла-герь оқушылары мен жетекшілері қызықты ақпараттарға қанықты. Келушілер назарына пішіні, көлемі, сырты түрлі оюлармен бедерленген шоқ, ток, кәдесый самаурындардың 25 түрі ұсынылды. Айта кетейік, ауыл тұрғындары Рауза Айтқалиева, Гүлмира Сақауова, Бибіфатима Шәкіржановалардың үйлерінде сақталған самаурындары да көрмеге шығарылды.

Самаурын жасау ісі Ресейде ХVІІІ ғасырда қарқынды дамыған екен. Жез ыдысты ең алғаш орыс еліне Петр патша Голландиядан алдыртыпты. Ресей-дегі самаурынның тұңғыш нұсқаларын Тула қаласының қару-жарақ зауытының шеберлері Иван мен Мазар Лисициндер жасап шығарады. Олар 1778 жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып, осылайша, самаурындардың жаңа түрлері тұтынушыларға жол тартады. «Самаурындар-дың королі» атанған әйгілі Баташев, Воронцев және Шемариндердің қолынан шыққан туындылар ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді.

Ал, қазақ жерінде самаурын ХІХ ғасырдан бастап қолданылыпты. Дастарханның сәні ғана емес, самаурындар байлықтың, молшылықтың белгісі саналған. Бір қызығы, ыдыс неғұрлым ауыр болса, соғұрлым құны қымбатқа бағаланыпты. Мысалы, ХІХ ғасырда сиырдың құны 1 рубль, жез самаурын жәрмеңкеде 25 рубль тұрған.

Шара барысында сөз алған әжелеріміз көгілдір отын тартылғалы самаурындардың қолданыстан шығып қалғанын, алайда, онда қайнатылған су шайдың хош иісін шығарып, дәмін келтіретінін дәріптеді. Ұйымдастырушылар слайд арқылы оқушыларға жұмбақтар жасырып, тақырыпқа қатысты тақпақтар оқылды. Содан соң кешен ауласында шоқ самаурындар салынып, үлкенді-кішіге шәй ұсынылды.

Ғалия ҚҰТМАНБАЕВА,тарихи-музей кешенінің

мұрағатшысы.

Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанын-дағы баласына:

– Мынау сенің мектебің емес пе?

– Иә – Осыдан 20 жыл бұрын

мен де осы мектепте оқығанмын.

– Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым.

– Директор саған не деді?– Дәл сендей топасты көрмегеніме

20 жыл болды,-деді ғой.

* * *Үш талапкер тарих пәнінен емти-

хан тапсырып отыр. Біріншісі жақсы баға алу үшін өгіз беріп қойса, екін-шісі қой берген. Ал, үшіншісі жағдайы нашар болғандықтан, ештеңе бер-мепті.

Ұстазы біріншісінен:– Алғашқы атом бом-басы қай елде жа-

рылды?– Жапонияда– Бес!Екіншісінен:– Алғашқы атом

бомбасы қай елде жарылды?– Жапонияда

– Қай жылы?–1945 жылы.– Бес!Үшіншісінен:– Қай қалада?– Херасимода.– Өлген адамдардың саны

қанша?– Екі жүз тоқсан төрт мың.Сонда сасып қалған ұстазы:– Өлгендердің атын атап шықшы,-

депті.Жинастырған Айша АСҚАР.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Бөкей ордасы тарихи-му-зей кешені қор бөлімінің ұйымдастыруымен ұмыт болған ыдыс түрлерін насихаттауға арналған «Самаурынның сыры бөлек» атты көрме өткізілді.

ХІХ ғасырдажез самаурын 25 рубль тұрған

Әзіліміз жарасса...

Жас оқырманмен сырласу

дамыту үшін оқимын. Айналамнан өзім секілді кітап оқитын жандарды іздеп, олармен пікір алмасқанды ұнатамын. Кішкентай кезімнен ойын-нан гөрі бос уақытымды кітапханада өткізгенді жөн көретінмін. Баста-уыш сыныпта жүргенімде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесін оқыдым. Қазақ жазушыларынан Мұхтар Әуезовтың шығармаларына қызығушылығым басым. «Кітапқа үңілген адамның көзі ашылады» де-ген сөзді үнемі әдебиет пәнінен бере-тін ұстазым Айнұр Әділбекқызынан естіп отырамын. Көбіне детектив пен фантастикалық, қазақ және орыс ақын-жазушыларының, әлем әдебиетінің осы жанрындағы шығармаларын іздеп оқимын. Фан-тастика – қиялдан туған қаһарман, өмірде болмаған және жоқ, тек адамның ақиқатқа ұқсас арманда-рын бейнелейді. Сондай-ақ, Кез Дэниелдің «Цветы для Элджерно-на», Пауло Куэльоның «Алхимик» романын бітіріп, жақында ғана Сюзен Жаклиннің екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан кейінгі Нью-Йорк өмірі туралы айтылатын «Долина кукол» атты шығармасын оқып бітірдім. Мектепішілік шараларға қатысып жүргендіктен кітап оқуға көп уақыт болмай жатады. Бірақ, оны кешіктіріп болса да оқып бітіремін. Мектепке барғанда сыныптас құрбыларыммен бірге оқыған кітаптарымызды бір-бірімізге айтып түсіндіріп, талдай-мыз. Ол біз үшін жақсы. Тіпті, кейде әр оқыған кітабың жаңа ойларға же-телеп, адамды өзгертеді екен.

Эльназ Таңатова, 15 жаста:– Иә, бүгінде кей заман-

дастарымыздың кітап оқымай-

тындығы, кітапханаға сирек баратыны жиі айтылып жүр. Барлық жанрдағы әдебиеттерді, классикалық шығармаларды оқығанды ұнатамын. Мысалы, Л.Толстой, М.Булгаковтардың кі-таптарын көп оқимын. 4-сыныпта жүргенде Жаклин Уилсонның «Лола Роза» атты орыс тіліндегі кітабын оқып, құмарлығым ояна бастады. Содан Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», тағы басқа кітаптарды жаныма серік еттім. Арасында кітапханаға барып, орысша, қазақша томдық оқулықтарды жаздырып алсам, кей-де қалаға қосамын. Шынымды айт-сам, осы уақытқа дейін жүзге жуық кітап оқыппын. Оның ішінде орысша оқығандарым көп. Оқитын адамға уақыт табу оңай. Қазіргі дамыған заманда оқимын деген адамға неше түрлі мүмкіндік бар ғой. Кейін әлеуметтік желілерге қосылғаннан соң, кітапхана сөрелерінен таба алмаған кітабымның электронды нұсқасын интернеттен тауып жүрмін. Әсіресе, психология жағынан.

Ақшуақ Асқар, 12 жаста:

– Мен алғаш кітапханаға әкемнің қолдауымен барған болатынмын. Үнемі аудандық балалар кітапхана-сына барып, ең бірінші «Айгөлек», «Балдырған», «Ұлан» журналда-ры мен ертегі кітаптарды үзбей алып, ішіндегі тапсырмаларын да орындап отыратынмын. Қазіргі уақытта үлкен әдеби туындыларды да екі тілде оқып жүрмін. Мысалы, Ш.Мұртазаның «Соғыстың соңғы жесірі», одан бөлек «Балалық шақ – балдәурен», «Русские народные сказки», фантастикалық жанрдағы Катя Оковитаяның «Мора – Мрукс», Риджина Будзидің «Опасное при-ключение», т.б. кітаптарды оқыдым. Болашақта білікті маман болғым ке-леді.

* * * «Өзіңді-өзің тану үшін кітап ке-

рек, өзгені тану үшін де кітап керек» депті авардың атақты ақыны Расул Ғамзатов. Адам айнаға қарап, бет-жүзіндегі өзгерістерді көретіні сияқты кітап арқылы да жаңа әлемді тани-ды. Қолынан газет-журнал түспейтін ата-ананы көрген бала оларға елік-тейді. Сол себепті, ата-анасы ба-лаларына бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін ұсынып, оқушы кезінен оны құрметтеуге және күтіп ұстауға баулығаны жөн. Балаларға арналған «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен», «Ұлан» сынды басылымдарға жа-зылып, оқытса, олардың білімі мен танымы өсері хақ.

Айша ҚҰРМАШ.

«ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»,-дейді Елбасымыз Н.Назарбаев. Жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің рөлі қашанда маңызды. Бүгінгі таңда оқушылардың көбінің көңілі компьютерлік ойындарға ауып, кітапханашылар мен ата-аналар балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігінен айырылып қалған ба деп ойлайсың?! Өңіріміздегі рухани қазына ордасы – мек-тепішілік пен ауылдық кітапханалар. Мектеп кітапхана-сы оқушыларды керекті оқулықтармен қамтамасыз ету-мен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін алып отырады, білімдерін толықтырады. Қазіргі күні де кітапты өздеріне серік ет-кен жас оқырмандар жоқ емес.

Осы бағытта кітапхана қызметкерлеріне жаңа технологияларға ден қойған жастардың кітап құмарлығы азайып кеткені рас па деген сұрақ қойып, кейбір оқырмандармен де тілдескен едік.