14
БЕКІТЕМІН Теміртау қаласының білім беру бөлімі ММ-ң эксперттік кенесі ___________________ « 3 » қыркүйек 2018ж БЕКІТІЛДІ Теміртау каласының білім беру, Дене шынықтыру және спорт бөлімі Теміртау қаласы әкімдігінің «№13 « Кораблик» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының басшысы _______________А.А.Ильичёва « 3 » қыркүйек 2018ж. Вариативтік компонент бағдарламасы «Сөйле, балдырған» 5 жастан 6 жасқа дейін Автор: жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі Кабдымананова Р.Т. Теміртау қаласы 2018ж

бағдарламасы - korablik-temirtau.kzkorablik-temirtau.kz/images-new/1/4/6.pdf · Міндеттері: ... меңгереді. Сондықтан да тәрбиешінің

  • Upload
    others

  • View
    36

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

БЕКІТЕМІН

Теміртау қаласының білім беру

бөлімі ММ-ң эксперттік кенесі

___________________

« 3 » қыркүйек 2018ж

БЕКІТІЛДІ

Теміртау каласының білім беру,

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

Теміртау қаласы әкімдігінің «№13

« Кораблик» балабақшасы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорынының

басшысы _______________А.А.Ильичёва

« 3 » қыркүйек 2018ж.

Вариативтік компонент бағдарламасы

«Сөйле, балдырған»

5 жастан 6 жасқа дейін

Автор: жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі

Кабдымананова Р.Т.

Теміртау қаласы 2018ж

Түсінік хат

Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе. Үлкендердің қайраткерлігі,

жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, өскен кезде жұмыста да көбнесе

сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын

арқылы алады.

А. С. Макаренко.

Тақырыптың өзектілігі:

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму

стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі

болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі

тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының

кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке

дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының

қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа

мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық

үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен

қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050»

Стратегиялық бағдарламасында «Қазақ тілі-рухани негізіміз. Біздің міндетіміз-

оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға

бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді

үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілімізді мұраға қалдыруға тиіспіз... «деген

талабына орай, ҚР «Білім туралы» заңын (2007ж), ҚР «Білім туралы» заңына

«Өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы (2011ж), Қазақстан

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасына, «ҚР білім беру жүйесін дамыту

тұжырымдамасына» ҚР «Тілдер туралы» заңына, « Тілдерді дамыту мен

қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ,

Балабақша - мектеп - коллежд - жоғары оқу орны жүйесіндегі мемлекеттік тілді

деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты.Астана-2014ж және ҚР Үкіметінің

қаулысымен бекітілген ҚР МЖМББ стандартына сәйкес, тіл мамандары үшін

құрастырылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандартының «Қатынас» білім беру саласының мазмұнына

сәйкес, орыс тілді топтардағы балалардың қазақ тілінде коммуникативтік-тілдік

құзіреттілігін қалыптастыру заман талабы десек елбасымыз «Қазақстан білім

қоғамы жолында» тақырыбындағы баяндамасында «Озық халықаралық

тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда заманауи оқыту

әдістемелерін енгізу керек. Олар инновациялық білім беру технологиялары-

креативті болуы тиіс» деген. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді

үйретуге арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз»

бағдарламаларды пайдалана отырып тиімділігін арттырамыз.

Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлетуге

қызықтыратын, айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша аталуын үйрету

үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – ойындар. Мектепке дейінгі

оқытуды ойын технологиясын қолдану арқылы ұйымдастыру - ең басты

мәселелердің бірі. Баланың жасына және психологиялық ерекшелігіне қарай

берілетін бағдарлама материалдарын тындалым, айтылым, тілдесім әрекетін

қалыптастыру арқылы меңгерту, үйренген білім дағдыларын бекіту жұмыстары

ойын арқылы жүзеге асырады. Қазақ тілі дыбыстарына арналған альбомдар,

ойын-жаттығулар, аударма сөздіктер, санамақ, өлеңдар жинақталуы керек.

Әсіресе қолданылатын материалдар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін

танытарлықтай болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірге

қадам басардағы алғашқы қимыл – қозғалысы – ойын, сондықтан да оның мәні

ерекше. Сабақ үрдісінде түрлі ойын технологиясын тиімді пайдалану арқылы

қатысымдық әрекетті қалыптастыру жұмыстары бүгінгі күннің өзекті мәселесі

болып отыр.

Оқу үрдерісіндегі бағдарламаның рөлі және орыны

Осы бағдарламаның мемлекеттік тілге үйрету кезіндегі оқу тәрбиелеу

үдерісінде алатын орыны ерекше, маңызы зор. Өткені тақырыптарды бекіту

үшін ойын арқылы сабақ өткізу басты рөл атқарады. Бағдарламаның негізгі

мақсатының бірі ойын арқылы мемлекеттік тілді үйрету болғандықтан, бұл

жерде ойынның маңызы көп.Ойын-балалардың тілді үйренуге деген сенімін

оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де бір-бірімен

міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі.Ойын балалардың тілге деген

қызығушылығын арттыру қажет. Өйткені тапсырмаларды қызығушылықпен

орындай отырып, қайталау кезінде мұғалім тілдің дыбысталу мәдениетіне

тәрбиелейді, тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастырады,

байланыстырып сөйлеуге үйретеді, шығармашылық сөйлеу әрекетіне баулиды.

Тәжірибелік қолданылуы

Мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын

өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы

шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен

проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін

қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.Баланың нақты ақыл-ойы мен

тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық,

тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;

Ойын арқылы оқыту технологиясы мектепке дейінгі ұйымдарда кеңінен

қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін

мынандай жағдайларды ескеруі қажет.

1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала

жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының

эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.

3. Балалардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне,

сөздік қорына сәйкес келуі.

4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің балалардың ынтасын тартып,

пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін оқып үйрету барысында

ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды

пайдаланып отыру балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы

мен зейінін арттырады.

Тәрбиелік аспект:

Осы бағдарлама мектепке дейінгі 4-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен

дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады. Ойын баланың білім-білік

дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейін мекемелерде

адамкершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде ір түрлі іс-

әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олар мен ойынның әр түрін

ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,

жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Мақсаты:

Мемлекеттік тілді үйренуге дайын, ересектер мен және құрдастарымен

қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала

тұлғасын қалыптастыру. Тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын

қалыптастыру Ойын технологиясын қолдану арқылы баланың тілге деген

қызығушылығын дамытып қалыптастыру және ұлттық ойын элементтерін

қолдану арқылы салт-дәстүрді білуге, сүюге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту

- Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану

- Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру

- мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын қазақтың

ұлттың ойыны арқылы арттыру

- бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға

мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;

- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала

әрекеті түрлерін қалыптастыру;

- ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде

тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпыадамдық, мәдени және адамгершілік

құндылықтарды дарыту;

- полиэтникалық және полимәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастардың

үйлесімділігін сақтауға негіз болатын ұлтаралық қатынас мәдениеті негіздерін

қалыптастыру;

- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында

тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен

мүмкіншіліктерін пайдалану;

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі

қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны

іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер

негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту

Сабақ өту кезеңінде сабақты қатаң ережемен өте бермей, бір мезгіл еркін

тақырыпта ойын, сұрақ-жауап арқылы өту балаларға еркін ойлауға, өз ойларын

тартынбай айтуға, сөйлеу мәдениетін меңгеруге бағыттайды. өз ойынан ойын

ойлап табу, ұйқастар табу, жұмбақтар шешу, үйренуге тәрбиелеу баланы

сабақта ойсыз, бейғам отырудан сақтайды.

Тәрбиелеу және оқыту формалары және әдістері

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін

ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды

дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға

бағытталған іс-әрекет түрлері:

- балалардың өз бетінше еркін іс-әрекеті: ойын, сурет салу, мүсіндеу,

жапсыру, көркемдік-тілдік әрекет, құрастыру, дидактикалық ойындар мен

жаттығулар, т.б.;

- үлкендердің балалармен бірлескен іс-әрекеті: ойын, сурет салу,

танымдық-зерттеу, тәжірибе жасау, қатынас жасау, музыкалық-сергіту,

мерекелер мен сауықтар, дене шынықтыру-сауықтыру, жобалау және т.б.

Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарымқатынас негізінде әр баламен

жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.

Сонымен қатар, күнделікті үлкендермен ойнауына да арнайы уақыт

бөлінуі тиіс. Бұл ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, үлкендер

тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-

әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен,

түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі

қажет.

Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп,

дұрыс, дәл орындауын қадағалау керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін

арнайы ережелері бар қозғалыс ойындары ойнатылады.Оқу мен ойын

әрекеттерін де баланы жалықтырмайтындай тартымды, мейлінше түрлендіріп

ұйымдастырған жөн. Өйткені осы әрекеттер арқылы бала жаңа ұғымдармен

танысады, өзіне таныс емес заттардың қызметі мен оларды қолдану тәсілдерін

меңгереді. Сондықтан да тәрбиешінің алдында баланың шығармашылығын,

дербестігін, ерік-жігерін шыңдауға бағытталған түрлі ойындарды

ұйымдастырып, оны дұрыс, тиімді тәсілдерді қолданып жүргізу міндеті

тұр.Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет

кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен

ерекшеленетін дамытушы орта құру — оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өте

маңызды рөл атқарады.

Күтілетін нәтижелер:

Баланың тындалым, айтылым, тілдесім әрекеттерін қалыптастырады.

Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:

- дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-

әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);

- дамытушылық (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына

елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы

шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);

- тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және

дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті,

тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);

Қорытынды:

Қосымша білім беру – балабақшадағы баланы тәрбиелеу мен оқытудың

негізгі компонентінің құрамдас бөлігі.

Қосымша білім берудің мақсаты – жалпы білім беру үдерісінде жеке

педагогикалық психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланың

үйлесімді дамуы.

Қосымша білім беру жүйесіндегі баланың қызметі олардың өз халқының өнері

мен мәдениетіне, әртүрлі білім салаларына деген қызығушылығын дамытуға

мүмкіндік береді. Қосымша білім беру бойынша жұмыс балалармен күннің

екінші бөлігінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тиісті деңгей

көлемінде жүргізіледі. Сабақты жоғары білікті мамандар жүргізеді. Мектепке

дейінгі ұйымдардағы жабдықталған жағдай әрбір баланың дамуына және

жақсы бейімделуіне, қажетті білім мен білік алуға көмектеседі.

Оқыту бағдарламасы балалармен өзара іс-қимыл қазіргі бар білім деңгейінде

жүзеге асырылады және жоғары және төмен шапшаңдықта оқуға

қабілеттілігімен негізделеді.

Балалар сәбилер жүрегінде әдемілікке деген махаббатты жандыратын,

өнердегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесетін тамаша педагогтармен

кездеседі. Сабақ балалар шығармашылық әлеміне жақындай алатын және оның

тікелей қатысушысы болатын арнайы жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.

Егер мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға тіл үйретуде ойын

технологиясын пайдалану негізінде тындалым, айтылым, тілдесім әрекеті

қалыптасатын болса, баланың белсендік тілдік әрекеті дамиды.Мектепке

дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың қорытынды нәтижесі

-үлкендермен және құрдастарымен қалыпты қарым-қатынаста бола

алатын,негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлғаны қалыптастыру болып

табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ Заңы, 2007ж.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292

қаулысының 1 қосымшасына сай, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012

жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан

Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарты.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12

тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.

4. Балабақша - мектеп - коллежд - жоғары оқу орны жүйесіндегі мемлекеттік

тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты.Астана-2014ж

5. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту

тұжырымдамасы

6. Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі

туралы ереже. – Астана, 2013.

7. Сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу. Әдістемелік құрал – Астана, 2010.

Вариативтік компонент бағдарламасының ересектер тобына

арналған перспективтік жоспары.

Тақырыбы Міндеттері.

1 Менің отбасым Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз

жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын

арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас

дағдыларын дамыту. Отбасына деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2 Ата - баба дәстүрі

амандықтың белгісі

Балаларды киіз үй құрлысымен

таныстыру.Баланың сөздік қорын молайту

арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын

қалыптастыру. Балалардың бойына ата – мұра

құндылықтарын қастерлеуге салт – дәстүрді

біліп – үйренуге тәрбиелеу.

3 Қоян, қонжық

Аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы

түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3

сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі

сөйлеулерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

4 Қуыршақты

шомылдырып

ұйықтатамыз

Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету,

киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай

білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін

сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа

баулу.

5 Киім дүкені Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен

қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Үш-төрт

сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу

тілдерін дамыту.. Қоғамдық жерлерде жүріс-

тұрыстарын бекіту, сөз сөйлеу этикет

дағдыларын қалыптастыру.

6 Бауырсақтың

саяхаты.

Балалардың қазақ тілге деген

қызығушылығын арттырып, ойын әдісі арқылы

мемлекеттік тілді үйрете білу. Балаларды

жабайы аңдармен таныстырып, олардың

мінездері туралы сипаттай білу.Ойлау және

сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-

келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға,

көмек бере білуге тәрбиелеу

7 Жыл мезгілдері

Жылды төрт маусымға бөліп, маусымына қарай

құбылыстары туралы түсініктерін

қалыптастырып, білімдерін тереңдету.

Балалардың қазақ тілге деген қызығушылығын

қалыптастырып, сөздің қорын молайту, ой-

өрісін кеңейтіп,тіл байлығын дамыту.

Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлыққа

тәрбиелеу.

8 Ертегілер еліндегі

шалқан.

Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат

бере отырып диалогты сөйлеуін,әлеуметтік

құзыреттілігін қалыптастыру.Балаларды ертегі

мазмұнымен таныстыру,әртүрлі тапсырмалар

орындату, жұмбақ жасыру,бейне тақта арқылы

ертегі желісі туралы білімдерін бекіту.

Ақыл-ой,ес,зейін қабілеттерін,диалогты сөйлеу

мәдениетін,сөздік қорын дамыту.

Адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

9 Үй жануарлары

қалай дыбыстайды?

Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың

дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату

арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?»

сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға

қамқорлық жасау керектігін түсіндіру..

Не қалай

дауыстайды?

Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату

арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге

үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға

жауап беруге дағдыландыру. Жануарларға деген

сүйіспеншіліктерін арттыру.

10 Ормандағы аңдар

Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін

тереңдету. Олардың үрлерін бір-бірінен

ажыратуға үйрету. Аңдарды сипаттауға

жаттықтыру, тақпақтар арқылы тілдерін

дамыту.Сөздік қорларын байыту, мұғалімді

тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем

құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік

сезімін ояту.

11 Ормандағы саяхат

Балалардың сөз байлықтарын дамыту.

Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік

қорларын молайту, сөйлем құрап өз ойларын

жеткізе білуге, айналадағы өмірді бақылау

арқылы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,

мұғалімнің сұрағына түсініп, жауап беруга

үйрету.Көңіл- күйлерін көтеруАдамгершілікке,

ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы

жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге

тәрбиелеу.

12 Тазалық - таза

баланың досы

Тазалық бұйымдарымен таныстыру. Сүлгі,

сабын сөздерін қатыстырып, 2-3 сөзден тұратын

сөйлем құрастыра білуге үйрету. Балаларды таза

жүруге үйрету. Еңбекқорлыққа, тазалыққа

баулу.

13 Дәмхана.

Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің

еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға

рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет

етуге көмектесу, өз беттерімен қажетті

құрылыстарды салуға үйрету, балалардың

тілектестік-қарым қатынас дағдыларын

қалыптастыру. Балаларды қоршаған орта туралы

алған білімдерін ойын барысында кеңінен

қолдануға ықпал ету.

14 Азық түліктер Балалардың тіл байлығын дамытып,сөйлеу

дағдысын қалыптастыру, қазақ тіліне тән

дыбыстарды дұрыс айтқыза білу.

Балалардың сөздік қорын байытып, тәрбиешіні

тыңдай отырып, өздігімен жауап беруге

дағдалану.

Ас тағамдарын қадірлеу арқылы балаларды

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

15 Кітапхана

Ойын барысында қоршаған орта туралы алған

білімдерін, кітапханалардың әлеуемттік

маңыздылыған көрсету. Кітапхана

қызметкерлері туралы түсініктерін нақтылау,

қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесін

бекіту. Ойынды ойластыруын өз құрбыларының

ойымен келістіру. Ойын барасында рөлдерді

ауыстыру. Балалардың есте сақтауын, тілдерін

дамыту.

16 Пошта

Ойын кезінде балаларға ауыспалы заттарды

қолдануды үйрету, өз қиялынан туған жағдаятты

түсініп соған сәйкес әрекет ету. Байланыс

торабы қызметкерлерінің жұмысымен

таныстыруды, пошта қызметшілеріне құрметпен

қарауды қалыптастыруды жалғастыру, ойын

барысында ересектердің еңбегін, адамдар

арасындағы қарым-қатынасты көрсетуді, сан

мен санау туралы алған білімдерін қолдануды,

заттармен және заттарсыз әрекеттену біліктерін

дамытуды, орындалып жатқан әрекеттер туралы

айтуды үйрету.

17 Мұражай

Мұражай қызметі, оның қажеттілігі туралы

балалардың түсініктерін бекіту. Ойын

барысында қарым-қатынас жасауға, өз өтінішін

білдіруге, сұрақтар қоюға, әрекеттеріне

түсініктеме беруге, бір-біріне қайырымды

болуға үйрету.

18 Қазақ тіліне тән Балалар қазақ тіліне тән дыбыстарды

дыбыстары қайталау тақырыбы бойынша толықтыру,

дамытуды ұйымдастыру,сөздерді,

тапсырмаларарқылы сөздерді

аударып, талдау арқыл балалардың біліктілігін

дамыту, балалардың тілге, сабаққа

қызығушылығын арттыру.

19 Химиялық тазарту

Рөлдерді орындау сапасына бағытталған

бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру. Қажет

болған жағдайда басқа затты қолдану. Қызмет

көрсету саласы туралы түсініктерді ойында

бейнелеу, химиялық тазарту қызметкерлері

жайлы балалардың білімдерін бекіту. Есте

сақтауды дамыту, балалардың сөйлеу тілін

белсендіру.

20 Құтқару қызметі

Әлеуметтік шығармашылыққа жағдай жасау

және ынталандыру, ойын желісіне сәйкес шағын

топтарға бөліне білуді және белгілі бір ойын

әрекеті аяқталғанда тұтас ұжымға біріге білуді

қалыптастыру. Құтқару қызметі жұмысының

гуманистік бағыттылығы, оның қажеттілігі,

төтенше жағдайларда олардың жылдам әрекет

ететіні туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Балалардың тілін дамыту.

21 Редакция

Сюжетті-рөлді ойын барысында әлеуметтік

өмірде болып жатқан жағдайларды көрсету,

саяхат, бақылау барысында көргендерін ойынға

айналдыру біліктерін қалыптастыру. Редакция

қызметкерлерінің рөлдік әрекеттерін бекіту,

олардың еңбектері ұжымдық және бір

қызметкердің жұмыс сапасына бүкіл ұжымның

жұмыс нәтижесі байланысты екенлігін жеткізу.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы, біздің

өмірімізде газеттер мен журналдардың

маңыздылығы туралы білімдерін бекіту.

Балалардың тілдерін дамыту.

22 Көрсет және

қайтала!

Ойын диалогын үлгілеуге үйрету, өткен оқу іс-

әрекетінде алған білімдерін бекіту. Өлеңнің

мазмұнын түсіне білуге үйрету. Тазалыққа баулу

туралы білімдерін бекіту.

23 Театр Өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге

үйрету, балалар арасындағы жағымды

қатынастарын қалыптастыру. Балаларды мәдени

мекеме мен олардың әлеуметтік маңыздылығы

туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың

театр, театр тобы, театр қызметкерлері туралы

білімдерін бекіту, театрдағы ұжымдық жұмыс

түрлерін көрсету, мәнерлеп сөйлеуін дамыту.

24 Дизайнерлік студия Ойында рөлдік өзара әрекеттестікті құруға

және рөлдік өзара қарым-қатынастарды

меңгеруге мүмкіндік туғызу. Өздігінен ойын

желісін құра білуді, тақырыбын келісе білуді

дамыту. Тапсырманы орындау сапасын

бағалауға, көпшілік алдында өз пікірін білдіруге

үйрету; қоршаған өмір туралы білімдерін бекіту,

дизайнерлік студия қызметкерлерімен

таныстыруды жалғастыру.

25 Сәндік құрақ құрау Сәндік құрақты құрау жолдарын үйрету.

Қазақ халқының терең тамырлы өнегел әдет

ғұрпын салт-дәстүрін, мәдени мұрасын,

окушылар бойына дарытып, іскерлікке баулу.

Оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру,ой-

өрісін, өзіндік іс-әрекетін, шығармашылық

қабілетін дамыту. Пәнге деген

қызығушылығын, таным белсен-ділігін арттыру.

Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету.

Эстетика-лық тәрбие беру. Теориялык

білімдерін ұштастыра отырып, имандылыққа,

еңбекшілдік және адамгершілікке тәрбиелеу.

26 Наурыз мерекесі.

Асхат пен Сауленің

тойы

Ойында ұлттық мерекелермен салт-дәстүрлерді

айқындап көрсету. Өз бетінше рөлдерді сәйкес

бөлу олармен бірге іс әрекетті, диалогты рөлдік

моделдеуге қоғамдық өмірде ойын түрін

айқындап үйретуді жалғастыру. Өзі тұратын

еліне құрмет, мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

27 Қандай? Түстер: қызыл, сары, жасыл, көк, жасыл

сөздерін дұрыс айтуға және түстердің атауларын

қазақ тілінде айта білуге үйрету. Сөздік қорын

молайтып, байланыстырып сөйлеуге

жаттықтыру. Байқағыштық қабілетін арттыру,

түрлі түстерді анық айта білу.

28 Ұшады - ұшпайды Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға,

олардың аттарын атай білуге үйрету. Табиғатта

ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы

түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау

қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу

29 Құстар біздің

досымыз

Балаларды жергілікті жердің құстарымен

таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,олар-

ға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар

туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген

сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-

ға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын

молайту.Балаларды табиғат арқылы

адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық

білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

30 Теңізшілер.

Балықшылар.

Балаларда ойын барысында бірнеше

әрекеттерді логикалық бірізділікте

байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл

алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету

біліктерін қалыптастыру. Балалардың позитивті

және топта игілік қарым-қатынас дағдыларын

қалыптастыру.

31 Ғарыш

Ғарыш саласында жүргізілген зерттеулер

туралы, зерттеушілердің еңбегінің өзіндік

жағдайлары туралы балалардың білімдерін

бекіту. Ойдағы жағдаятты елестету, түсіну және

сол жағдаятқа сәйкес әрекет ету. Ойын

диалогын модельдеуге, түрлі

құрастырғыштарды, құрылыс материалдарын,

ауыстырғыш заттарды қолдануға үйрету.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін,

байланыстырып сөйлеуін дамыту.

32 Бұл қандай пішін? Балалардың сөздік қорын молайту, пішіндерді

ажырата білу.Затты пішініне қарай қазақ тілінде

айта алуға үйрету. Пішіндердің атауларын қазақ

тілінде айта білуге үйрету. Сөздік қорын

молайтып, байланыстырып сөйлеуге

жаттықтыру.Суреттен көрсету. Үш бұрыш,

текше, шеңбер, сопақ –деп қазақша дұрыс

айтуға үйрету.Балалардың байқағыштық

қабілеттерін дамыту. Пішіндерді көрсете

отырып, қазақ тілінде түсіндіру.Ойын арқылы

пішіндердің атауларын айта білуге үйрету.

33 Құрылысшылар Ойын жоспарларына сәйкес іс әрекетпен айтыс-

тартысты әділдікпен шешу, сюжетке сәйкес

конструктор, құрылыс материалдарын қолданып

келісіммен берілген ролдерді бөлуге ойнауға

үйрету. Балалардың тілдік мәнерлігін,

шығармашылығын, айналаны қоршаған ортамен

ойын арқылы жүзеге асыру.

34 Ертегі әлеміне саяхат Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін

тиянақтау. Жабайы андардың, тағамдардың, үй

жануарларының атаударын дұрыс айтуын

бекіту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс

айтуын қадағалау. Тіл мәдениетін жетілдіру,

балалардың сөздік қорын молайту,

байланыстырып сөйлеуді дамыту. Бір-бірін

сыйлауды, достарына көмектесүді, айтқандарын

тындауды тәрбиелеу, қазақ тіліне деген

қызығушылықты арттыру. Тіл үйренуге

қызығушылығын арттыру.

35 «Білгіш» атты жарыс

сайысы

Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ

тіліндегі білімін жетілдіру.Өткен тақырыптар

бойынша сөздік қорын бақылып,сөйлемдер

құрастыру, диолог түрінде әңгімелесу.Халық

педагогикасын насихаттай отырып, қазақ тіліне

деген құрмет пен қызығушылығын

қалыптастыру. Еңбексүйгіштікке және Отанды

сүюге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу

36 Мектеп

Балалардың мектепке, мұғалімнің әрекетіне

қызығушылығын іс жүзінде іске асыру үшін

жағдай туғызу. Балаларды өздігінен рөлдерді

бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет

етуге үйрету. Ойдағы жағдаятты түсіну және

соған сәйкес әрекет ету. Баланың әлеуметтік

белсенді саласын және оның ересектер мен

балалардың түрлі позицияларда (мұғалім-

оқушы-мектеп директоры) орын алатын

мүмкіндіктерін айтып мектеп тіршілігі туралы

ұғымын кеңейту

37 Біз қазақша сөйлеміз Балалардың оқу жылындағы алған білімдерін

жүйелендіру. Қазақ тілінде дыбыстарды дұрыс

айтуға жаттықтыру, сөздік қорларын молайту,

ауызекі сөйлеу дағдаларын жетілдіру.

Отанға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу, қазақ

халқының салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.