8
САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ДӘЛЕЛДЕНГЕН БІЛІКТІЛІК Ұйым туралы жалпы ақпарат

САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

  • Upload
    others

  • View
    24

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

САЛА КӨШБАСШЫСЫЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ДӘЛЕЛДЕНГЕН БІЛІКТІЛІКҰйым туралы жалпы ақпарат

Page 2: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

Құрылыс Іске қосу Пайдалану жəнеқызмет көрсетуЖобалау Жобалау Жабдықтау Тапсырысшы

шешімдері

БІЗ FLUOR КОРПОРАЦИЯСЫМЫЗБіз 100 жылдан астам уақыт алдымызға күрделі міндеттер қоюдамыз.

Fluor компаниясы жобалау, жабдықтау, құрылыс, қызмет көрсету және жобаларды басқару саласында дүниежүзінде көш бастап келеді. Алты құрлықта қызмет етіп, біз дүниежүзінің көптеген ең күрделі де қиын ірі жобаларын жобалау, жасақтау және оларға қызмет көрсету ісінде мемлекеттермен және халықаралық компаниялармен бірлесіп жұмыс істейміз.

Біз ең қиын міндеттерді орындау мақсатында техникалық біліктілігі мен қаржылық қуаты бар, шешім қабылдауға негізделген компаниямыз. Fluor сенімді, жобаларды уақтылы әрі және бөлінген бюджет шегінде тапсыратын, қауіпсіздік бойынша үздік көрсеткіштерге жеткен және ең биік мінез-құлық стандарттарын ұстанатын компания ретінде белгілі. Біздің инженерлік жобалау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі танымал жетістіктеріміз сенім артуға тұратын компания деген беделге ие болуға және тапсырыскерлермен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Біздің

қосатын үлесіміз бен жетістіктеріміз экономикалық жағынан өрлеуге түрткі болады және дүние жүзіндегі миллиондаған адамның өмір сүру сапасын жақсартады.

БІЗ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЖАҚСЫ ШЕШЕМІЗТолық ауқымда қызметтер көрсете отырып, біз кез келген күрделі міндетті шешуге дайынбыз.

Тапсырыскерлер активтерін оңтайландыру, бәсекелесу мүмкіндіктерін жақсарту және ұзақ мерзімді іскерлік табысын ұлғайту үшін Fluor компаниясына қызметтер көрсетуді сеніп тапсырады. Үнемі дүние жүзінің ең сенімді мердігерлерінің қатарында жүретін біздің басты мақсатымыз – жобаларды үздік өндірістік тиімділікпен әзірлеу, орындау және жүргізу.

Fluor компаниясы тапсырысшылардың капиталдық инвестицияларына қолдау көрсету үшін пайдалану қызметтерінің толық ауқымын ұсынады.

Тапсырысшы шешімдері:

� Күрделі жағдайларда қиын жобаларды жүзеге асыру

� Әр түрлі жұмыс күшін жұмылдыру

� Стратегиялық жағынан тиімді орналасқан жұмыс орталықтары арқылы жаҺандық жобалау ресурстарын байланыстыру

� ЖаҺандық жабдықтау желісі мен жергілікті жеткізушілер арқылы материалдар жеткізу

� Тығыз мерзімдерде жұмысты үлгеру

� Жаңашыл және тиімді жоба қаржыландыруын дайындау

� Негізгі концепциядан бастап өндірістік операциялар мен техникалық қызмет көрсетуге дейін, нысанды пайдалану кезеңінде активтерді оңтайландыру

� Бірлескен кәсіпорындар мен одақтарды басқару

� Модульдік өндіру/құрылыс әдістерін пайдалану (Таяу Шығыстағы Қуат және химия жобасының модулі алдыңғы мұқабада сипатталған).

Page 3: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

Ұйы

м т

урал

ы а

қпар

ат

БІЗ ӨНДІРІС ЖЕТЕКШІСІМІЗДәлелденген өнімділік және техникалық біліктілік арқылы пайда әкелу.

Fluor компаниясының сенімділік, белгіленген уақыт және бөлінген қаржы шегінде жеткізу, қауіпсіздік көшбасшылығы және ең жоғарғы әдеп ережелерін ұстану жағынан беделі зор.

БЕДЕЛСоңғы 100 жыл ішінде Fluor компаниясы тапсырысшыларға пайда әкелу, әдепті мінез-құлық, орындау ісін оңтайландыру және қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту арқылы бедел жинады. Ethisphere журналы Fluor компаниясын қатарынан жеті жыл Дүниежүзінің ең әдепті компанияларына жатқызды.

ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢАШЫЛЫFluor компаниясының мамандары тапсырысшылардың дүниежүзіндегі ірі жобаларына стратегиялық құндылық беретін техникалық шешімдерді жасақтайды. Өндіріс салаларын қамтитын 100 аса патенттелген технологиясы бар Fluor компаниясы ең күрделі тапсырмалардың шешімдерін ұсынады. Әріптестер және аға әріптестер бағдарламаларымыз жобалау, құрылыс, мұнай мен газ, қуат, теңіз кеніші технологиясы мен мемлекеттік талаптарды орындауды қоса біліктіліктің техникалық тұстарында маманданған қызметкерлерді анықтайды және ынталандырады. Fluor компаниясының Knowledge OnLineSM деп

аталатын атақты білімді басқару жүйесі – дүниежүзінің әрбір түкпірінен мәселелерді шешу үшін қызметкерлерге аптасына тәулік бойы ақпарат пен техникалық сарапшыларға қатынасу мүмкіндігін беретін қор және жиын.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖЕТЕКШІСІҚауіпсіздік Fluor компаниясында басты құндылық болып табылады. Қызметкерлердің, тапсырысшылардың, өзіміз жұмыс істейтін жергілікті жұртшылықтың әл-ауқатын қадір тұтамыз. Күрделі жобаларды сәтті, қауіпсіз және қоршаған ортаға зиян тигізбей игеру Fluor компаниясында басты басымдық болып табылады. Күн сайын тапсырысшыларға қоршаған ортаны қорғауға, қуат көзін сақтауға, адам өмірін қорғауға және Fluor қызметкерлері жұмыс істеп, тұратын жұртшылықтың экономикасы мен әлеуметтік құрылымын күшейтуге көмектесеміз. Fluor компаниясы дүниежүзіндегі өндірістер мен мемлекеттер арасында керемет қауіпсіздік көрсеткіштерімен танылған.

ТАҢДАУЛЫ ЖҰМЫС БЕРУШІFluor компаниясы дүниежүзіндегі таңдаулы жұмыс берушіге айналуға барын салады Біз жобаларымыз үшін үздіктерді тарту, жетілдіру және ұстап қалу, қызметкерлерге іскерлік және техникалық машықтарын жетілдіру мүмкіндіктерін беру, сабақтастықты жоспарлау арқылы кадрларды дайындау және әрбір түкпірдегі қызметкерлер қабілетін және ойларын салу мүмкіндігіне ие жан-жақты жұмыс орнын қалыптастыру арқылы іскерлік талаптарға қызмет етуге көңіл аударамыз.

Page 4: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

©2008 Tengizchevroil, Courtesy of Tengizchevroil LLP

BASF YPC кешенді мұнай-химия нысаны Кезең II (IPS II)Наньцзин, Қытай Халық РеспубликасыIPS II – бастапқыда Fluor компаниясы мен оның серіктестері тұрғызған мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін өндіру қуатын арттырды, таза химиялық өнімді өндіру зауыттарын енгізді және нысанның инженерлік желілері мен инфрақұрылымын кеңейтті. Fluor компаниясы жобаның осы бөлігі бойынша жобалау үдерісін басқару, жабдықтау және құрылысты басқару үшін жауапты халықаралық одаққа кіреді. Осы жобаның сәтті аяқталуына байланысты BASF және Fluor компанияларының енді Еуропа, Азия мен Америкада жаҺандық одағы қалыптасты.

Теңізшевройлдың Шикі газды айдау/Екінші буын зауыты Нысандар құрылысы жобасыҚазақстанFluor бірлескен кәсіпорны Теңізшевройл (ТШО) компаниясына Каспий аймағында орналасқан аса ірі Теңіз кен орнында Нысандар құрылысы жобасы аясында жобалау, жабдықтау және құрылысты басқару қызметтерін көрсетті. ТШО (Шеврон, ЭкксонМобил, ҚазМұнайГаз және ЛУКАрко арасында құрылған бірлескен кәсіпорын) өндіріс қуатын жылына 13 млн. тоннадан 25 млн. астас тоннаға ұлғайту үшін Батыс Қазақстандағы мұнай мен газ өндіру нысандарын 6,9 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі ауқымды кеңейту жобасын қолға алды.

ҚУАТ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРЖердің ең шалғай жатқан аймақтарында мұнай мен газ табылған кезде бізді сол жерде таба аласыз.Мұнай саласының мамандары – Біз әдетте жаҺандық мұнай мен газ өндірісінде, құбыр желілері, мұнай өңдеу саласында, мұнай мен химиялық өнім нарықтарында әлемдегі ең ірі жобалау, жабдықтау және құрылыс ұйымдарына жатамыз. Fluor компаниясы дүние жүзінде техникалық және жеткізу тұрғысынан ең қиын бірқатар жобаны сәтті аяқтады.

Fluor компаниясының қуат және химия жөніндегі біліктілігі тапсырысшылардың капиталдық инвестициясының толық пайдалану кезеңін қамтиды. Біз әр түрлі энергетика және қуат салаларындағы тапсырысшыларға қызмет көрсетеміз:

� Биоотындар � Көміртекті төмендету � Химиялық заттар және мұнай химиялық

заттары � Газ өңдеу, газ тазарту және сұйылтылған

табиғи газ � Газдандыру, газды сұйықтыққа айналдыру

және газдалған көмірден электр қуатын өндіру

� Ауыр мұнайды жаңарту және мұнайлы құмдар

� Көмірсутекті тасымалдау – құбырлар � Теңіз кенішінде мұнай мен газды өндіру � Құрлықта мұнай мен газды өндіру � Мұнайды өңдеу � Полисиликон � Электр қуаты � Күкірт өндіру

Page 5: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

Оюу Толгой мыс кен орнының құрылысын салуОңтүстік Гоби шөлі, МоңғолияМоңғолиядағы қуаң, өте шалғай Гоби шөлінде Fluor компаниясы Ivanhoe Mines Ltd. компаниясының 6 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі Оюу Толгой мыс кен орнының құрылысын басқару жүйесін ұсынады. Бұл кен орны Моңғолиядағы аса ірі әрі аса күрделі жобалау-құрылыс жобасына жатады және 2013 жылы өнеркәсіптік іске пайдалануға берілгеннен кейін дүние жүзінің ең ірі мыс кен орындарының біріне айналады.

Сан-Франциско – Оукленд Бэй көпіріСан-Франциско, Калифорния, АҚШFluor компаниясы және Бірлескен Кәсіпорын серіктесі Калифорнияның Көлік Басқармасының тапсырысы бойынша құны 1,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын Сан-Франциско Бэй көпірінің ұзындығы 625 м Шығыс бөлігінің құрылысын жүргізіп жатыр. Өздігінен бекітілетін осы алғашқы аспа көпір Калифорния тарихындағы ең ірі мемлекеттік инфрақұрылым жобасы болып табылады. Құрылысы 2013 жылы аяқталғаннан кейін бұл аспа көпір Skyway және Oakland Touchdown бөліктерімен бірге Бэй көпірінің Шығыс бөлігін бітіреді. Көпірдің құрамдас бөліктері Құрама Штаттарда, Еуропада және Азияда құрастырылуда.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМТәжірибе бізге күш-қуат береді. Нысананы белгілеу бізді табысқа жетелейді.Жоғары талап қоятын жобалар үшін ең үздік жағдайлар қажет – Жоғары талап қоятын жобалар үшін ең үздік жағдайлар қажет – Тау-кен және металл өнеркәсібі, телекоммуникациялар, тасымал, өндіріс және медицина мен биология ғылымдары күшті жаҺандық экономиканың іргетасы болып табылады. Fluor компаниясы – тау-кен саласындағы тапсырыскерлерге тасымалдау тұрғысынан қиын әрі ірі жобаларды игеруде бүкіл дүние жүзінде және жергілікті жерлерде қолдау көрсете алатын, ат төбеліндей аз ғана жобалау, жабдықтау, құрылыс және қызмет көрсету компанияларының бірі. Өмірді сақтап қалатын дәрі-дәрмек өндіру үшін жаңа фармацевтік нысандар құрылысына, электр қуатына деген мұқтаждықты қанағаттандыру үшін жел стансаларын салуға немесе тозған инфрақұрылымды жаңарту қажеттілігі туындаған кезде Fluor компаниясы төмендегіні қамтитын жобалар бойынша шығынға және орындау мерзімдеріне қойылатын талаптарға сай келетін шешімдерді ұсынады:

� Баламалы қуат � Коммерциялық және ұйымдық

нысандар � Биология ғылымдары –

фармацевтикалық және биотехнология нысандары

� Өндіріс нысандары

� Тау-кен және металл өнеркәсібі � Іс-әрекет және қызмет көрсету � Пайдалануға дайындық � Телекоммуникация � Тасымал – ақылы жолдар, тас жолдар,

көпірлер, темір жол, айлақтар және әуе тасымалы

Қызм

ет е

теті

н на

рықт

ар

Page 6: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

LOGCAP IVБірнеше нысан, Ауғанстан және Орталық АфрикаАҚШ-тың қарулы күштері Ауғанстандағы Бірлескен Күштер және Аймақты қалпына келтіру топтарына негізгі және әскери қызметтерін көрсету ісін Fluor компаниясына тапсырды. Біздің міндетімізге жеткізу, негізгі қалашық құрылысы, орналастыру, тасымал, отын, тамақтандыру, тазалық сақтау қызметтері және демалыс кіреді. Біздің жергілікті тобымыз бұл қызметтерді аптасына 24 сағат көрсетеді және осы маңызды міндет бойынша барлық жұмыстарды әскерилермен үйлестіреді.

Savannah River нысаныОңтүстік Каролина, АҚШSavannah River Nuclear Solutions, LLC (SRNS) – Оңтүстік Каролина, Эйкен мекенінде орналасқан Savannah River мемлекеттік зертханасымен бірге Энергетика Басқармасының Savannah River нысанын басқару мен іске пайдалану бойынша жауапты, Fluor компаниясы жетекшілік ететін серіктестік. SRNS серіктестігінде атом өнеркәсібінің 5 000 маманы жұмыс істейді және бұл ұйым АҚШ-тың ядролық қоры мен ядролық материалдарының қауіпсіз әрі тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді. SRNS келісімшарты жақында тағы 38 айға ұзартылды.

ҮКІМЕТӘлемдегі төтенше жағдайларда әрекет ету. Сенімді жұмыс істеу және қызметтер көрсету. Тапсырыскерге бағдар алған шешімдер.Біз шақыруға мақтанышпен жауап береміз – – 65 жылдан астам Fluor компаниясы дүние жүзіндегі қиын жобаларды игеріп, АҚШ-тың және шет елдердің мемлекеттік органдарына қызмет көрсетіп келеді.

Үкіметтерге қызмет көрсетуіміз алпыс жылдан астам уақыт бұрын Манхэттен жобасынан басталған еді. Бұл жұмыс қазір де жалғасын табуда және біз бірқатар күрделі нысандарға қызмет көрсетеміз және ел ішіндегі және шетелдегі мыңдаған әскерилерге аса маңызды қызметтер көрсетеміз “Жалпылама ойла да, нақты әрекет жаса” деген жұмыс қағидасын ұстанып, Fluor компаниясы Құрама Штаттардың Қорғаныс, Қуат, Ұлттық қауіпсіздік, Еңбекті қорғау басқармаларының және NASA ұйымының ең қиын жобаларына егжей-тегжейлі шешімдер ұсынуда қолдау көрсетеді. Біз АҚШ-қа көрсететін қызметтер Мемлекеттік тапсырыскерлеріміз:

� Төтенше жағдайда әрекет ету � Апаттардың салдарын жою � Негізгі өндірістік операциялар және

техникалық қызмет көрсету � Тасымал және тіршілікті қамтамасыз ету � Жобалау, жабдықтау және құрылыс � Қауіпсіз қызметтер

� Ядролық операциялар � Зарарсыздандыру және жою � Қоршаған ортаны қалпына келтіру � Электр қуаты және оның үздіксіздігі � Отын және тасымал � Оқыту және білім беру

Page 7: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

Minera Escondida Мыс кенішіЧили1980 жылдардан бері Fluor компаниясы дүниежүзінің ең ірі мыс өндіру кенішінің иелеріне зерттеу, жобалау, жабдықтау, құрылыс, басқару; жабдық пен техникалық қызметтерді ұсынуда. Minera Escondida жобасы Fluor компаниясының дүниежүзінің шалғай аймақтарында ірі ауқымды, күрделі жобаларды игерудегі жалпы жетекшілігінің бірден бір дәлелі болып табылады.

Қатты отынмен істейтін Luminant Oak Grove электр қуатын өндіру стансасыОук-Гроув, Техас, АҚШFluor компаниясы Техастың Робертсон провинциясындағы Luminant Energy (бұрынғы TXU) көмірмен істейтін бу-электр қуатын өндіретін станциясының өте маңызды 2 x 800–MW қондырғысына жобалау, жабдықтау, құрылыс және пайдалануға беру қызметтерін көрсетті.

Оук-Гроув жобасы 2010 жылы Fluor компаниясының Hugh Coble табысты жоба сыйлығына ие болды. Сыйлық қауіпсіздік, құндылық жасау және тапсырысшы мен жұртшылықпен қарым-қатынасты қоса бірнеше салада керемет көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін беріледі.

ЖАҺАНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРЖаңа белесті ашатын жұмысты істеу құрылыс мамандарын қажет етеді.

Ауыр салмақ осы жерде бастау алады – Жергілікті жабдықты, қор көздерін және техникалық біліктілікті құрылыс нысанына жеткізіп, Fluor компаниясы тапсырысшы жобаларын құрастыруға кешенді ұстаным ұсынады.

Fluor компаниясы құрылысты орындау мамандарымен барлық жобалау, жабдықтау және құрылыс жұмыстарына орындау қызметтерін жеткізеді, соның ішінде құрылыс технологиясы, өнімділікті басқару, сапа, орнату, дәнекерлеу, бағдарламалық жасақтама жүйелері және модульдендіру. Қызметтер:

� AMECO жабдығы, құралдар және техника қызметтері

� Құрылыс:• Құрылысты басқару• Құрылыс үздіксіздігі• Мамандарды іріктеу және оларды оқыту• Ашық және кәсіподақ жоспарлары• Сапаны реттеу• Қауіпсіздік бағдарламалары

� Құрылыс қызметтері:• Орнату• Дәнекерлеу• Құрылыс технологиясы• Мамандар деңгейін тексеру• Модульдендіру• Өнеркәсіптік қатынастар

� Өндіру

� TRS Staffing Solutions ұйымы

Қызм

ет е

теті

н на

рықт

ар

Page 8: САЛА КӨШБАСШЫСЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ... · 2017-08-04 · мұнай-химия кешенін кеңейту. Жоба этилен өнімдерін

50% түгелдей қайта өңделген қағазға соя сиясымен басып шығарылған.

© 2013 Fluor корпорациясы. Барлық құқықтары сақталады. Fluor корпорациясының тіркелген қызмет белгісі.

BRAV070813_KZ.indd

Бас кеңсеFluor корпорациясы 6700 Las Colinas Blvd. Irving, TX 75039 АҚШ Тел Tel: +1.469.398.7000

www.fluor.com Нью-Йорк Қаржы Биржасы: FLR

Азия62 жыл

Африка53 жыл

Австралия63 жыл

Еуропа65 жыл

FLUOR КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Таяу Шығыс66 жыл

Солтүстік Америка101 жыл

Оңтүстік Америка76 жыл

ЖАҚСЫ БЕДЕЛДІ САТЫП АЛУ МҮМКІН ЕМЕС. ОНЫ ҚОЛДАН ЖАСАУ КЕРЕК.

Беделді әрі салада көш басында келе жатқан – Fluor компаниясы Fortune журналының американдық аса ірі жобалау, құрылыс корпорациялары тізімінде 1-ші орында тұр Сондай-ақ Fluor компаниясы Fortune журналының дүние жүзіндегі ең сыйлы беделі бар сол санаттағы компаниялар туралы жылдық сауалнамасында 1-ші орынды алады. Fluor компаниясы FORTUNE 500 компаниялар тізімінде 124-ші орынды иеленеді.

Бүкіл әлемдегі көп салалы сан алуан өндіріс – 79 елде 41 000-нан аса қызметкеріміз бар. Бүгінгі таңда Fluor компаниясы 40-тен астам мамандандырылған салада 1 000-нан аса жоба бойынша жұмыс атқаруда. Біздің сенімділік, біліктілік және қауіпсіздік бойынша тамаша көрсеткіштеріміз біз қызмет көрсететін нарықтарда бізді айрықша көрсетеді.

Техникалық мамандар – Fluor компаниясының мамандары тапсырыскерлердің ірі жобаларына стратегиялық құндылық беретін жетекші өндірістік шешімдер мен технологияларды әзірлейді.

Қаржылық тұрақтылық – Біздің жақсы жұмысымыз бен қаржылық қуатымыз жобалау мен құрылыс саласындағы ең сенімді балансқа жетуімізге үлес қосты.

Әлеуметтік жауапкершілік және жұртшылықпен араласу ниеті – Қызметкерлердің ерікті мол үлесі мен қаржылық көмек көрсету арқылы біз өзіміз жұмыс істейтін жерлердегі адамдардың өмір сүру сапасына үзбестен жақсы ықпал етуге ұмтыламыз. Біз іскерлік мінез-құлық пен адалдықтың ең биік деңгейлерін қалыптастырамыз және ұстанамыз.