4
Алматы облыстық қоғамдық газет Газет 2015 жылдың 6 шілдесінен шығады. [email protected] Ел бірлігі— ең асыл қасиет. Н. Ә. НАЗАРБАЕВ. №8 (8) 19 қыркүйек Сенбі. 2015 қой жылы Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатыстып, сөз сөйледі Қымбатты қазақстандықтар! 2 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі Таразда бір айдан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент салтанатты түрде ашылатын болады. Біз өзіміздің қасиетті жеріміздің тарихы бірнеше мыңдаған жылдарға кететінін есте сақтай отырып, өз бабаларымыздың естеліктері мен істеріне тиісті баға береміз. Ол Еуразияның өткен және қазіргі өркениетінің өсіп-өркендеуінде өзінің айрықша ою-өрнегімен шебер өрілген. Хроностың көзге көрінбейтін арқауы бізді Қытайдың мыңжылдық тарихымен және қазіргі кезімен, Таяу және Орта Шығыс, Азия құрлығының басқа да бөліктерінің өткенімен және бүгінімен байланыстырады. Тілдік және мәдени байланыстар мириадасы арқылы біз өз бауырларымызбен – бүгінде Мұзды мұхит жағалауларынан Жерорта теңізіне дейінгі жерді мекендейтін түркі халықтарымен байланысамыз. Ұлы Түркі Елі – ол біздің ортақ бабаларымыз бен батырларымыз, ортақ рухани байлықтарымыз бар ортақ арғы Отанымыз. Ол біздің бірлескен ұлы мұрамыз. Біздің Ресей халықтарымен, бірінші кезекте, орыс халқымен жүздеген жылдарға созылатын бірлескен тарихи жолымыз бар. Тәуелсіздік жылдары ішінде біз Еуропалық одақ, Америка, Ислам әлемі елдерімен тарихымыздың бірлескен парақтарына ие болдық. Олар жаңа заман уақытының көптеген халықаралық оқиғалары, оның ішінде, біздің елімізде болған оқиғалар туралы баяндайды. Қазақстан әрқашанда өз көршілерімен арадағы достықты және сенімді көздің қарашығындай сақтап, одан әрі дамыта береді, әлемнің бүкіл елдерімен ізгілікті қарым-қатынастар орнатады. ХХІ ғасырда да біздің жаһандық дамуға қосар үлесіміздің тек қана арта беретініне және әлемнің оны лайықты бағалайтынына сенімім мол. Біздің жеріміздің жүріп өткен және алда тұрған тарихи жолын ой елегінен өткізе отырып, бізге Қазақстанның жаһандық қоғамдастықта танымалдығы мен мәшһүрлігін кеңейе түсетіндей етудің маңызы зор. Әлемде қандай да бір халықтың өз мемлекетінің ресми атауымен бірге айрықша бейформальді ұғымды пайдаланатын мысалдары көп. Біздің Бастауыш ұйым: ардагерлер жиыны Қариялар бас қосты Алтын орақ - 2015 Райымбек ауданы қасиетті жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал біздерді – Ұлы Дала ұрпағы деп атады. Оны сонау ерте замандардан бері туған жерге деген халықтық махаббатты домбыраның, қобыз бен жетігеннің жүректі арбайтын әуеніне айналдыра отырып ақындар жырға қосты. Біз бабаларымызда ешқашан болмаған адам айтқысыз жаңа мүмкіндіктер мен персективалар бар жаңа Қазақстанды құрудамыз. Біздің көптеген мыңжылдық тарихы бар жеріміз көз алдымызда өзгеруде. Қазіргі заманғы Қазақстанның әр ауылы мен қаласында болып жатқан өзгерістерге көк аспан куә. Дала көгіндегі Күн біздің ізгі істерімізге нұрын шашуда. Аспан мен Күн – біздің Туымыздың түсі. ХХІ ғасырда далалық Еуразияның құшақ жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз өз Тарихымыздың жаңа Шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан – ол Ұлы Дала Елі! Ол – түлеген Ұлы Дала Елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін де, қазіргісін де, болашағын да бейнелейді. Онда қазақстандық мінез бен оның негізгі сипаттары көрініс тапқан. Олар – біздің жан-дүниеміздің ашықтығы мен кеңдігі, біздің жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық пен бейбітсүйгіштік, кемеңгерлік пен ойшылдық, еңбексүйгіштік пен іскерлік. Ол – сүйікті жеріміздің осы уақытқа дейін болмаған өркендеуіне қол жеткізудегі өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның осындай бейнесінің әрбір қазақстандықтың ой- санасы мен жан-дүниесінен орын табатынына, бүкіл әлемде мойындалатынына сенімдімін. Тағы да қайталап айтайын, біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын! Бүгінде халықтың тыныштығы мен бірлігін нығайтуда реттілік пен тәртіпті нығайтуда, жастар арасындағы тәрбиелік жұмыстарға әр ауылдағы ардагерлер қауымы айтулы жұмыстар атқарып келеді. Аудандағы 23 ауылдық округтерге ардагерлердің бастауыш ұйымы құрылған, 31 шағын ауылдарда цехтық ұйымдары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бастауыш ұйымдарда ардагерлердің есеп беру, сайлау жиналыстары өтуде. Жиында ардагерлер атқарылған істермен қатар кемшіліктерді де айтып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіруде. Кеген ауылындағы бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, аудан әкімі Жанат Тәжиев, ауылдық округ әкімдері, бастауыш ұйым төрағалары, мекеме, ұйым, баспасөз өкілдері қатысты. Ауылдық округтің әкімі Е. Сатыбалдиев күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасау үшін ауылдық ардагерлер төрағасы Шафхат Оспановқа сөз берді. Баяндамашы ауылдық округке қарасты Темірлік ауылының ауыз суы, Түменбай ауылының орталық көшесін жарықтандыруда айтулы жұмыстар қолға алынғаны, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Кеген ауылынан ескерткіш орнатылғанына тоқталды. Сондай- ақ алдағы атқарылар істерді де айтты. Сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық облыс көлеміндегі игі істерге жан-жақты тоқталды: -Райымбек ауданы қазақи салт- дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған, әсем табиғаты бар, облыстағы бетке ұстар ауданның бірі. Осы жиын басталмай тұрып, ардагерлердің ісіне риза болдым. Ұлы Отан соғысынан аман-есен келіп, еңбекке араласқан соғыс және тыл ардагерлеріне ескерткіш орнатылуы қуанарлық іс. Ардагерлер жас ұрпақ тәрбиесіне де көңіл бөледі екен. Қазіргі уақытта діни экстремистер жастардың ой- санасын улап, дұрыс жолдан тайдырмақ. Сириядағы соғысқа алдап, жібермек. Осы мәселелерді де ардагерлер назарынан тыс қалдырмай, жүйелі жұмыстар жүргізгені жөн. Қазіргі уақытта ата- бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан бата беру, тілек айту, жастар арасында ұмытыла бастаған сияқты. Осы жайларды ескеріп облыстық ардагерлер кеңесі бата беру, тілек айтудан облыстық байқау өткізілмек, осы шара ауданда өтсе нұр үстіне нұр болар еді. Ауыл ардагерлерінің жиынын аудан әкімі Жанат Тәжиев қорытындылады: - Ауыл қариялары көше комитеттерімен бірлесе отырып, ауылымыздың санитарлық –тазалығына да араласулары қажет. Ақсақалдар қандай іске араласса да оң шешімін тауып жүргенін бәрімізде байқап жүрміз. Басқа жұмыс салаларында ол кісілердің қол таңбалары бар. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, тамаша ұсыныс айтты. Ол- бата- тілек беруден конкурс ұйымдастыру. Ауданымызда әр ауылдық округтерден батагөй қарияларының берген баталары жинақталды. Жақын арада кітап болып, жарық көрмек. Осы жұмыстарымыз келешекте де жалғасын таппақ. Бүгінгі жиынға қатысушы ардагерлерге үлкен рахмет, дендеріңіз сау, жанұяларыңыз береке-қуанышқа бөленсін. Ауылдық ардагерлер кеңесінің жиынына қатысушылар ұйымдық мәселе қарады. Ардагерлер кеңесінің төрағалығына Шафхат Оспанов сайланды. Алқа мүшелерінің құрамы жаңартылды. Жиналыс қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады. Самат Төребек Райымбек ауданы Таулы аймақтың 1.Суретте: Қарқара ауылдық округінің әкімі Кеңес Қабылбеков диқаншылар арасында (ортада). Солдан оңға қарай Сағат Оразбаев, Серік Танатов, Сақыш Оразбаев астық алқапта. диқандары алтынорақты аяқтауға жақын. Жалаңаш, Нарынқол өңірінде өсірілген мол өнім ысырапсыз жиналып алынды. Аталған өңірлердегі ауылдық округтер картоп жинау жұмысын бастап кетті, түсім де ойдағыдай. Кеген аймағындағы өсірілген астықты ысырапсыз жинап алуға диқандар қауымы ауа райының қолайсыздығына қарамастан ұйымшылдық көрсетуде. Астықты мол егетін ЖШС ұжымы алтын орақты толығымен аяқтады. Ал Қарқара, Шырғанақ ауылдық округтеріндегі егістік алқаптағы қызу еңбек ұзақты күн толастамайды. Диқандар қауымы астықтың әр гектарынан орта есеппен 28- 29 центнерден өнім жинауда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ ауданда алдағы жылдың мол өнімі-күздік егу, сүдігер жұмыстары да ұштастыра жүргізілуде. Осылай аудан еңбеккерлері күзгі жиын-терінді суыққа қалдырмай жинап алуда.

Қариялар бас қостыold.baq.kz/storage/78/7803c368a9fe42b16bde98f2b38e2783.pdf · 2016-06-12 · одан әрі дамыта береді, ... бізге Қазақстанның

  • Upload
    others

  • View
    17

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Қариялар бас қостыold.baq.kz/storage/78/7803c368a9fe42b16bde98f2b38e2783.pdf · 2016-06-12 · одан әрі дамыта береді, ... бізге Қазақстанның

Алматы облыстық қоғамдық газет

Газет 2015 жылдың 6 шілдесінен шығады.

[email protected]

Ел бірлігі— ең асыл қасиет. Н. Ә. НАЗАРБАЕВ. №8 (8)

19 қыркүйекСенбі.2015

қой жылы

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатыстып, сөз сөйледі

Қымбатты қазақстандықтар!2 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі

Таразда бір айдан кейін Қазақ хандығының

550 жылдығына арналған монумент

салтанатты түрде ашылатын болады.

Біз өзіміздің қасиетті жеріміздің тарихы

бірнеше мыңдаған жылдарға кететінін

есте сақтай отырып, өз бабаларымыздың

естеліктері мен істеріне тиісті баға

береміз. Ол Еуразияның өткен және

қазіргі өркениетінің өсіп-өркендеуінде

өзінің айрықша ою-өрнегімен шебер

өрілген. Хроностың көзге көрінбейтін

арқауы бізді Қытайдың мыңжылдық

тарихымен және қазіргі кезімен, Таяу

және Орта Шығыс, Азия құрлығының

басқа да бөліктерінің өткенімен және

бүгінімен байланыстырады. Тілдік және

мәдени байланыстар мириадасы арқылы біз

өз бауырларымызбен – бүгінде Мұзды мұхит

жағалауларынан Жерорта теңізіне дейінгі

жерді мекендейтін түркі халықтарымен

байланысамыз. Ұлы Түркі Елі – ол біздің

ортақ бабаларымыз бен батырларымыз,

ортақ рухани байлықтарымыз бар ортақ арғы

Отанымыз. Ол біздің бірлескен ұлы мұрамыз.

Біздің Ресей халықтарымен, бірінші кезекте,

орыс халқымен жүздеген жылдарға созылатын

бірлескен тарихи жолымыз бар. Тәуелсіздік

жылдары ішінде біз Еуропалық одақ, Америка,

Ислам әлемі елдерімен тарихымыздың

бірлескен парақтарына ие болдық. Олар жаңа

заман уақытының көптеген халықаралық

оқиғалары, оның ішінде, біздің елімізде

болған оқиғалар туралы баяндайды. Қазақстан

әрқашанда өз көршілерімен арадағы достықты

және сенімді көздің қарашығындай сақтап,

одан әрі дамыта береді, әлемнің бүкіл елдерімен

ізгілікті қарым-қатынастар орнатады.

ХХІ ғасырда да біздің жаһандық дамуға

қосар үлесіміздің тек қана арта беретініне

және әлемнің оны лайықты бағалайтынына

сенімім мол. Біздің жеріміздің жүріп өткен

және алда тұрған тарихи жолын ой елегінен

өткізе отырып, бізге Қазақстанның жаһандық

қоғамдастықта танымалдығы мен мәшһүрлігін

кеңейе түсетіндей етудің маңызы зор. Әлемде

қандай да бір халықтың өз мемлекетінің

ресми атауымен бірге айрықша бейформальді

ұғымды пайдаланатын мысалдары көп. Біздің

Бастауыш ұйым: ардагерлер жиыны

Қариялар бас қосты

Алтын орақ - 2015Райымбек ауданы

қасиетті жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал

біздерді – Ұлы Дала ұрпағы деп атады. Оны

сонау ерте замандардан бері туған жерге деген

халықтық махаббатты домбыраның, қобыз

бен жетігеннің жүректі арбайтын әуеніне

айналдыра отырып ақындар жырға қосты.

Біз бабаларымызда ешқашан болмаған адам

айтқысыз жаңа мүмкіндіктер мен персективалар

бар жаңа Қазақстанды құрудамыз. Біздің

көптеген мыңжылдық тарихы бар жеріміз

көз алдымызда өзгеруде. Қазіргі заманғы

Қазақстанның әр ауылы мен қаласында болып

жатқан өзгерістерге көк аспан куә. Дала көгіндегі

Күн біздің ізгі істерімізге нұрын шашуда.

Аспан мен Күн – біздің Туымыздың түсі.

ХХІ ғасырда далалық Еуразияның құшақ жетпес

кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз

өз Тарихымыздың жаңа Шамшырағын

жақтық. Сондықтан да бүгінде және

әр кезде де біздің Қазақстан – ол Ұлы

Дала Елі! Ол – түлеген Ұлы Дала Елі.

Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық

аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың

өткенін де, қазіргісін де, болашағын да

бейнелейді. Онда қазақстандық мінез

бен оның негізгі сипаттары көрініс

тапқан. Олар – біздің жан-дүниеміздің

ашықтығы мен кеңдігі, біздің

жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық

пен бейбітсүйгіштік, кемеңгерлік пен

ойшылдық, еңбексүйгіштік пен іскерлік.

Ол – сүйікті жеріміздің осы уақытқа дейін

болмаған өркендеуіне қол жеткізудегі

өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізге

деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның

осындай бейнесінің әрбір қазақстандықтың ой-

санасы мен жан-дүниесінен орын табатынына,

бүкіл әлемде мойындалатынына сенімдімін.

Тағы да қайталап айтайын, біздің қасиетті

жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп,

ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары

деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз,

Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең

байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың

бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан

дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз –

ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала

Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің

таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік

пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!

Бүгінде халықтың тыныштығы мен бірлігін нығайтуда реттілік пен тәртіпті нығайтуда, жастар арасындағы тәрбиелік жұмыстарға әр ауылдағы

ардагерлер қауымы айтулы жұмыстар атқарып келеді. Аудандағы 23 ауылдық округтерге ардагерлердің бастауыш ұйымы құрылған, 31 шағын ауылдарда цехтық ұйымдары жұмыс істейді.Қазіргі уақытта бастауыш ұйымдарда ардагерлердің есеп беру, сайлау жиналыстары өтуде. Жиында ардагерлер атқарылған істермен қатар кемшіліктерді де айтып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіруде. Кеген ауылындағы бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, аудан әкімі Жанат Тәжиев, ауылдық округ әкімдері, бастауыш ұйым төрағалары, мекеме, ұйым, баспасөз өкілдері қатысты.Ауылдық округтің әкімі Е. Сатыбалдиев күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасау үшін ауылдық ардагерлер төрағасы Шафхат Оспановқа сөз берді. Баяндамашы ауылдық округке қарасты Темірлік ауылының ауыз суы, Түменбай ауылының орталық көшесін жарықтандыруда айтулы жұмыстар қолға алынғаны, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Кеген ауылынан ескерткіш орнатылғанына тоқталды. Сондай-ақ алдағы атқарылар істерді де айтты.

Сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ

Сыдық облыс көлеміндегі игі істерге жан-жақты тоқталды:-Райымбек ауданы қазақи салт- дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған, әсем табиғаты бар, облыстағы бетке ұстар ауданның бірі. Осы жиын басталмай тұрып, ардагерлердің ісіне риза болдым. Ұлы Отан соғысынан аман-есен келіп, еңбекке араласқан соғыс және тыл ардагерлеріне ескерткіш орнатылуы қуанарлық іс. Ардагерлер жас ұрпақ тәрбиесіне де көңіл бөледі екен. Қазіргі уақытта діни экстремистер жастардың ой-санасын улап, дұрыс жолдан тайдырмақ. Сириядағы соғысқа алдап, жібермек.Осы мәселелерді де ардагерлер назарынан тыс қалдырмай, жүйелі жұмыстар жүргізгені жөн. Қазіргі уақытта ата- бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан бата беру, тілек айту, жастар арасында ұмытыла бастаған сияқты. Осы жайларды ескеріп облыстық ардагерлер кеңесі бата беру, тілек айтудан облыстық байқау өткізілмек, осы шара ауданда

өтсе нұр үстіне нұр болар еді.Ауыл ардагерлерінің жиынын аудан әкімі Жанат Тәжиев қорытындылады: - Ауыл қариялары көше комитеттерімен бірлесе отырып, ауылымыздың санитарлық –тазалығына да араласулары қажет. Ақсақалдар қандай іске араласса да оң шешімін тауып жүргенін бәрімізде байқап жүрміз. Басқа жұмыс салаларында ол кісілердің қол таңбалары бар. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, тамаша ұсыныс айтты. Ол- бата-тілек беруден конкурс ұйымдастыру. Ауданымызда әр ауылдық округтерден батагөй қарияларының берген баталары жинақталды. Жақын арада кітап болып, жарық көрмек. Осы жұмыстарымыз келешекте де жалғасын таппақ.Бүгінгі жиынға қатысушы ардагерлерге үлкен рахмет, дендеріңіз сау, жанұяларыңыз береке-қуанышқа бөленсін.Ауылдық ардагерлер кеңесінің жиынына қатысушылар ұйымдық мәселе қарады. Ардагерлер кеңесінің төрағалығына Шафхат Оспанов сайланды. Алқа мүшелерінің құрамы жаңартылды.Жиналыс қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

Самат ТөребекРайымбек ауданы

Таулы аймақтың

1.Суретте: Қарқара ауылдық округінің әкімі Кеңес

Қабылбеков диқаншылар арасында (ортада). Солдан

оңға қарай Сағат Оразбаев, Серік Танатов, Сақыш

Оразбаев астық алқапта.

диқандары алтынорақты аяқтауға жақын. Жалаңаш, Нарынқол өңірінде өсірілген мол өнім ысырапсыз жиналып алынды. Аталған өңірлердегі ауылдық округтер картоп жинау жұмысын бастап кетті, түсім

де ойдағыдай. Кеген аймағындағы өсірілген астықты ысырапсыз жинап алуға диқандар қауымы ауа райының қолайсыздығына қарамастан ұйымшылдық көрсетуде. Астықты мол егетін ЖШС ұжымы алтын

орақты толығымен аяқтады. Ал Қарқара, Шырғанақ ауылдық округтеріндегі егістік алқаптағы қызу еңбек ұзақты күн толастамайды. Диқандар қауымы астықтың әр гектарынан орта есеппен 28-29 центнерден өнім жинауда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ ауданда алдағы жылдың мол өнімі-күздік егу, сүдігер жұмыстары да ұштастыра жүргізілуде. Осылай аудан еңбеккерлері күзгі жиын-терінді суыққа

қалдырмай жинап алуда.

Page 2: Қариялар бас қостыold.baq.kz/storage/78/7803c368a9fe42b16bde98f2b38e2783.pdf · 2016-06-12 · одан әрі дамыта береді, ... бізге Қазақстанның

Райымбек Сенбі, 19 қыркүйек, қой жылы 2015

,2

Таң қылаң бере тысқа шыққан Мәкең-Марат Тақабаев салқын ауадан бойын тез жинап алды. Күндегідей емес, айнала әппақ шықтан ақ торқа жамылыпты. Ол өзі отырғызып, жыл он екі ай күтімілдеген жеміс ағаштарының қызыл сары түске боялған жапырақтарына сүйсіне қарап: -Күз де келді-ау,- деп жеңіл күрсінді. Иә, бұл оның жетпісінші күзі. Туған жеріне алтын күз келіп, бау бақшаның уылжи піскен жемістері, дала төсі дүбірлі еңбекке бөленіп, ел ырысы –алтын дәнді жинап алу, тағы басқа да күз айларында атқарылатын жұмыстардың қызған шағында өмірге келді емес пе. Содан да болар өмірі алтын күздегі қарбалас шақ сияқты қызу еңбекпен өтуі. Шығыс жақты қызыл өртке бөлеп, алтын күнде қулық тауының қарағайлы шыңдарына нұрын шаша, ауадағы салқындықты ысырып жіберді. Қызыл-сары жапырақтардағы мөлдір тамшылар күн нұрымен шағылыса, сәуле шашты. Мәкең осы бір сәттің қайтып, қайталанбайтын көрнісін қызықтай қарап, бір сәт ой қиялына да беріліп кетті.

Өмір - қымбатсың маған

Ұясынан шыққан таңғы күн сәулесі бойына жылылық ұялатты. Жолдасы Бүбіхан екеуі өсірген шағын ауланы күз суретіне бояп, көзге ерекше көрінеді. Той. 70 жылдық мерей той. Ойына асыл жары Бүбіхан оралды. Осы жақсылықтың басы- қасында, той қамында жүретін еді, амал не, мейірімсіз ажал ерте келді. Бір ойын бір ойы қуалап, біраз уақыттың өткенін де байқамады. Қулық тауында сыңси өскен қалың қарағайға қарады. Бала кездегі көрніс, өзгеріс байқалмайды. Ал, адамдар ше? Мына өмірде бар тірліктерін жасап, қарбалас сәттердің ортасында жүргені. Өмір белестерін артқа тастап 60, 70-тің шыңдарына да шықты. Алда әлі талай асулар бар... Ол өмір асулары. Өмір-сол үшін қымбат.

* * *

* * *

Астана.Бәйтерек

* * *

* * *

* * * Мына жарық дүниенің есігін 13 қыркүйек 1945 жылы ашыпты. Шыр етіп өмірге келген жері табиғаты сұлу Ақтасты ауылы. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей әкесі Тақабай қария өмірдің ең қиын кезеңдерінен өтіпті. Әңгімешіл, әзіл-қалжыңы аралас, еліне сыйлы да құрметтісі бола білген Тақабай бабамыз да 1916 жылы атақты Албан –Қарқара көтерілісі басталғанда тайға мініп жүрген 10 жасар бала еді. Көтерілісті басқарушылар мен қатысушыларды көзімен көрген, кейін Қарқара көтерілісі жайлы адамдар жиналған жерлерде айтып отыратын. Әкесінің айтысына қарағанда алғаш Ұзынбұлақ, Жылысай өңірінде мектеп ашқан, ағартушы Майлы Ормановтың алдынан дәріс алған шәкірттерінің бірі. 1928 жылы Түргендегі педагогикалық училищені бітіріп, Ұйғыр, Кеген, Нарынқол аудандарында бар ғұмырын ұрпақтарға білім беруге арнапты. Мәкең- Мараттың да әке жолын қуып, ұстаз болуының бір сыры да осында секілді. Әкесі Тақабай 1916 жылғы дүрбелеңнен бастап, 1928 жылғы колхоздастыру, 1931-33 жылдардағы ашаршылық, ауыл-ауылдан үдіре көшіп, Қытайға өтуі. 1937-1939 жылдардағы «Халық жауы» деген сылтаумен аудандағы зиялы адамдарды түрмеге жабу, итжеккенге айдау, ату. Ал, 1942-43 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, өлім мен өмірдің бетпе-бет келген шағында Москва түбінде ауыр жараланып, елге қайтуы бәрі-бәрі Мәкеңнің-Мараттың көз алдында. Анасы демекші Күлпара ананың орны ерекше. Соғыс жылдарында ауылдағы ауыртпалықты бір кісідей көтерген, жанның бірі. Астық орып, бау байлап дегендей, ауылдағы балаларға сабақ беріп, ұстаз болды. Әкесі екеуі жанұя құрып, өмірге он екі бала әкеліп, тәрбиеледі, өсірді. Ардақты ана атанды. Ананың бар бақыты ұрпағын өсіріп, жан-жағына нұрын шашу

емес пе. Сондай ананың бірі - Күлпара анамыз. Мәкеңнен біреу туған күнін сұрай қалса, құрдасы ақын Серікбай Оспанұлының: «Жау жеңіліп, Жеңіс келген дәуірде, Тау көрініп, Қол созып ел тәуірге. Тұрған жақта, Өскен гүлден туыппын, Мың тоғыз жүз қырық бесте, Сәуірде,-деген өлең жолдарын оқып, күле жауап береді. Мәкең алғаш Көмірші ауылындағы бастауыш мектептің бірінші сыныбына 1952 жылы қабылданыпты. Сарыжаз ауылындағы орта мектепті 1962 жылы бітірген. Құлын- тайдай тебісіп, бірге өскен Сайлау, Амангелді, Естеу, Тергеу, Мұхтар сынды жолдастарымен ала жаздай колхоз жұмысына араласып, жаңа оқу жылы басталысымен мектепте бірге оқыды. Балалық бал дәурен де қас қағым сәтте өте шыққанын байқамай да қалды. Ауылдан алысқа ұзап шықпаған балалар, кәмелеттік жасқа келіп, азамат атанды, төлқұжат алды, мектепті ойдағыдай бітіріп, қолдарына орта білім туралы аттестат тиді. Ендігі таудай талап, балалық шақтағы арман- қиялдарын жүзеге асыру. Қызығы да қиындығы мол,Өмір-

атты қайнаған қан базарға қадам басты. Алғаш еңбек жолын мектепте мұғалім, пионер вожатый, комсомол ұйымының жетекшілігінен бастап, қыры мен сыры беймәлім, қызықты да қиын, жастармен араласа жұмысын бастап кетті. Алматы қаласындағы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетіне оқуға түсті. Жастар мен жұмыс жүргізудегі іскерлігін байқаған аудандық комсомол комитетін сол жылдары басқарған Болат Қырғызбаев Мәкеңді Ұзынбұлақ совхозына комсомол ұйымының хатшылығы қызметіне жіберді. Сан-салалы шаруашылық жұмысында жүрген жастардың басын қосып, ұйым беделін көтеруде айтулы істер атқарды. Әсіресе ауданда өтетін спорт саласындағы жарыстар, көркем өнерпаздардың аудандық байқауын өткізуде жүлделі орындардан көрінді.Жастардың бос уақытын көңілді

өткізуде ауыл жастарының сүйікті орнына айналған клубта әртүрлі кештер мен диспуттар ұйымдастыру, би кештері, кездесулер бәрі-бәрі Мәкеңнің басшылығымен өтетін. Осылай аудандағы озық ойлы, істе тындырымды, қабілетімен көрінген Мәкең

аудандық комсомол конференциясында аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына сайланды. Бұл Мәкеңнің өмір жолындағы, жастық шағындағы үлкен белесі болды. Елі мен, жастар сеніміне ие болу, келешекке деген үлкен бетбұрыс басталғанын көңіліне ұялатты. Ауданда ауыл шаруашылығын өркендетуде комсомол- жастар бригадасын ұйымдастыру, оларға идеялық-тәрбие беру жұмыстарын тікелей аудандық комсомол комитеті жүргізді. Әрі олардың материалдық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарына, жоғарғы оқу орындарына баруға, шаруашылық есебінен жастарды оқуға түсуге ықпал жасады.

Зымыраған уақытта тоқтау болсын ба? Қызықты комсомол өмірі де өте шықты. Жастық шағын еңбекте шыңдаған Мәкең енді аудандағы білікті кадрлардың бірі болып, қалыптасты. Аудандық, облыстық партия комитеті тарапынан жастарға үлкен сенім білдіріп жатқан кезде Марат Тақабаев енді партия өміріне араласты. Алғашқы партиялық қызметін Ұзынбұлақ совхозында өткен партия жиналысында оған үлкен сенім білдіріп, партия комитетінің хатшылығына сайланды. Тағыда жауапкершілік пен талабы зор жаңа жұмысты

бастады. «Ұзынбұлақ» совхозы облыс, республикадағы танымал архар меринос қойын өсіретін ірі шаруашылық. Мәкең партия жұмысын шаруашылық жұмысымен ұштастыра жүргізу керектігін түсініп, өз білімін көтеруге Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтына сырттай оқуға түсті. Партия және шаруашылық жұмыстарын ырғақты жүргізіп, осы саладығы озық тәжірибелерді пайдаланды. Адамдармен сыйласа жұмысына ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу арқылы шаруашылық экономикасын көтеруге атсалысты. Сол жылдары «Ұзынбұлақ» совхозынан одақтағы республикалармен қатар шет ел- Ираннан архар меринос қойын сатып алды. Таза жүні пайданың негізгі көзі болды. Шаруашылық

әр жылда таза пайдамен аяқтап, аудандағы өзін- өзі ақтаған совхоздың біріне айналды. Өмір алға жылжыған сайын жасына жас қосылған Мәкең де үзбей ізденіп, білімін көтеріп отырды. Енді ол саналы да басқару жұмыстарында шыңдалған, байыпты басшы, әрі ұйымдастыру жұмысындағы қабілеттілігімен жоғарғы орындарының назарына ілікті. Аудандық партия комитетінің хатшысы, кейін екінші хатшысы болып сайланды. Енді аудан экономикасын көтеру халықтың әлеуметтік, мәдени тұрмысын жақсартуда атқарылар істер қомақты екенін сезінді. Бұл жұмыстарға жауапкершілікпен қарады. Одақ көлеміндегі қаулы, қарарлар, ел экономикасын жақсартудағы түрлі нұсқауларды жүзеге асыру. Мал шаруашылығын өркендетуде және экономикалық оқуға еңбекшілерді тарту. Осы жайларды ойластыра келе аудандық «Сельхозтехника» бірлестігі жанынан

«Экономикалық ойлану мектебі» ашылды. Оған аудандағы есепші, экономистер, партия, комсомол активтері тартылды. Сондай-ақ шаруашылық, мекеме басшылары үшін арнайы сабақтар өтті. Аудан шаруашылықтарында малшылар үйі ашылды. Сауыншы-бақташылар, шопандардың мал өнімін өндірудегі көрсеткіштері көрнекі жазылып, ілінді. Өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету, тағы басқа да экономикалық көрсеткіштер таблицасы жасалды. Еңбек адамдарының бір мезгіл демалып, жаңалықтармен танысуда теледидар, газет-журналдармен қамтамасыз етілді. Осылай аудандағы идеологиялық жұмыстар талап деңгейіне сай жүргізілді. Кеңес одағы ыдырап, әр республика өз алдына мемлекет болып қалыптаса бастаған кезде М. Тақабаев Жылысай совхозына директорлыққа жіберілді. Алайда аудандағы шаруашылықтар таратылып, барлық мүлік жеке адамдардың қолына берілді. Жекешелендіру жұмыстары жүргізілген кезде кемшіліктердің орын алғанын, ашына айтқан, әрі құнды ұсыныстар берген Мәкең еді. -Мен жекешелендіруге қарсы емеспін Алайда, өте асығыс жасалуда. Аудан экономикасына елеулі зияны тиеді. Мұның арты жұмыссыздыққа әкеледі. Мал басы азаяды Сол себептен жекешелендіру әр шаруашылықтың ыңғайына қарай, екі-үш жылға созылу керек. Оғанға дейін ұжым мүшелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілу қажет,- деп аудан активінің жиынында ой-пікірін ашық айтқан-ды. Бұл ойын Марат Тақабаев ұзақ жылдардағы жинақтаған еңбек тәжірибесіне сүйенді. Әрі архар-меринос қойын өсірудегі дала академиктері атанған, Еңбек Ерлері Ыдырыс Әбдіғұлов, Жолсейіт Молдасанов, озат шопандар Пыштақ Рахметов, Күнесбай Қабылбеков, Құрман Адасбаев, Әлдибек Бақбергенов сынды қой өсірудің майталмандары айтқан ұсыныс –пікірлері де орынды еді. Жекешелендіру барысында мектептердегі бала саны азайып , ауыл тұрғындары жаппай

Шыңғыс Тұрсынов, “Райымбек”

Мерейқала жаққа көше бастады. Балабақша, о қ у ш ы л а р д ы ң жазғы демалыс – сауықтыру орындары

жабылды. Сол жылдары басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, Ұзынбұлақ ауылдық округіне әкім болып тағайындалды. «Әкім бол, халқыңа жақын бол » деген қағиданы берік ұстанды,ауыл тұрғындарымен қоян- қолтық арласып араласып, жекешелендіру барысындағы қиындықтарды жеңе білді. Осы жұмысты зейнеткерлік жасқа жеткенше істеді. Мәкең зейнетке шықтым деп қарап жатпады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Өмірден жинақтаған мол тәжірбиесін айтып, ауыл тентектерін жөнге салуда , ауыл әкімінің бір жағына шығысты.

Өмірінің 45 жылға жуығы еңбекпен өткен Мәкең осы жылдарда қаншама адамдармен қызмет барысында танысып, аудандағы көптеген мәселелерді шешуге қатысты. Мәселен, Қазақстанда ұзақ жыл бірінші басшы болған Д.А.Қонаевтың ауданға арнайы сапармен келіп, халықпен кездесуі. Айтылған нұсқауларды орындауда олардың қатарында Мәкең де болды. Облыс басшысы Асанбай Асқаров ауданға жиі келіп, жас кадрлармен кездесіп, ағалық ақылын қалай ұмытсын. Облысты басқарған Кеңес Аухадиев, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Өзбекәлі Жәнібеков келгенде ауданымыздағы қаймағы бұзылмаған қазақи салт-дәстүрімізді, мәдени ескерткіштерді қорғаудағы жұмыстар жайлы Мәкең бірнеше рет ол кісімен әңгімелесіп, пікірлесті. 1987 жылы Албан-Қарқара көтерілісіне қатысушыларына ескерткіш орнату қолға алына бастаған кез. Ескерткіш орнататын биік төбенің басына адамдар көп жиналды. Әлдебір нәрсеге ренжідіме, әлде көңіліне жақпады ма, ауданның бірінші басшысы Бекең- Бексырға Данышпанов ашуланып қалды. Осы сәтте Марат Тақабаев Бекеңнің алдын орап, мән- жайды түсіндіріп үлгерді. Ескерткіш орнатылатын төбенің алғашқы топырағы алынып, қызу жұмыс басталып кетті. Сөйтіп, аудан тұрғындарының бастамасымен Ереуілтөбеге ескерткіш орнатылды. Осы жұмысты көріп, танысқан Өзбекәлі Жәнібеков оң бағасын берді. Облыстық партия комитетіне хатшылық қызмет атқарған Шәмшия Беркімбаева, Зәуре Қадырова, ауданның бірінші басшысы болған Ү.Нұрғазиев, З.Мыңбаев, Б.Данышпанов сынды адамдардың жұмысты ұйымдастырудағы қабілеттерін Мәкең үнемі жоғары бағалап отырады. Ауылы аралас-құралас отырған Ұзынбұлақ, Жылысайдан аудан орталығы Кегенге қызметке келген замандастары, ұзақ жыл аудандық газеттің редакторы болған Ж.Бікебаев, ауылшаруашылығының жетік мамандары Ш.Жүнісжанов, Ж.Аманжолов, комсомол, партия қызметкері болған Б.Сәменовтармен қатар Б.Алпысбаев,

З.Мыңбаев, Б.Нұрғожаев, М.Қожамбердиев, Ә.Ыбырайымов, А.Шынқожаев, Ә.Қапалбаев, Т.Мұқанова, Б.Тоқмолдаев, Б.Сегізбаев, И.Жақсыбаев, тағы басқа ауданда белді қызмет атқарған азаматтармен ортақ пікірге келіп, жұмыстар жүргізді. Мәкең-Марат Тақабаев жасынан қалыптасқан асыл қасиеттерінің бірі жаңалыққа жаны құмарлығы. Мерзімді басылымдарды жібермей оқып, өзі де газет-журналдарға шағын хабарлар жазды. Алғашқы мақаласы «Пионерлер үлесі» деген тақырыппен аудандық газетке жариялануы, оның қабілетін шыңдай түсті. Осыдан былай газетке үзбей мақалалар жазып тұрды. Лауазымды қызмет атқарып жүргенде де осы бір сүйікті ісін өзіне серік етті. Сол кездегі аудандық «Коммунизм нұры» газетінің бас редакторы Тағаш Байжанов жайлы есіне алғанда былай деп айтатын: -Газетке мақалаларым шыға бастаған кезде, Тағаш ағамыз жылы шырай білдіре, зор ілтипат көрсетіп: «Біздің жас қоғамдық тілшілеріміз газеттің тірегі, ойың жинақы, жазуың мәнерлі екен, бар жаңалықтарды жазып тұр»,- дейтін. Сол асыл қасиет жылдар өте қаламы қарымды, ойы ұшқыр, журналистика саласынан тәп-тәуір хабары бар азамат болып қалыптасты. Жұмыстан босай қалған сәттерде қолына қалам алып, еңбек адамдары жайлы мақала, очерктерді үзбей жазып жүрді. Осының жемісі 2006 жылы «Бақыт баспалдақтары», 2014 жылы «Ағалар аманаты» атты кітабының жарық көруі. Оқырмандар қауымының қолына тиген кітаптар әділ бағасын алды да. Мәселен, ауданда ұзақ жыл жауапты қызмет атқарған, Ащысай ауылында тұратын Ж. Сокуров, ұлағатты ұстаз Л. Әкімбекова, ардақты ана Ф. Мәштекова, Талғар ауданының тұрғыны Ә.Көшекова, тағы басқа да оқырмандар өз пікірлерін айтып, Мәкеңе творчестволық табыс тіледі. Мәкең болса Өмір жолындағы қызықты

сәттерді ағалардың әзіл –қалжыңдарын қағазға түсіріп, мерзімді баспасөзге беріп келеді.

Ж а н ұ я . Ө м і р г е келіп, азамат болып

қалыптасқан әрбір жастың жанұя құруы- табиғат заңдылығы. Мәкең он екі баланың ішіндегі тұңғышы әрі анасы мен әкесінің тұнығы. Қызмет бабында жүріп, жас мұғалім Бүбіханмен танысты. Екі жас бір-бірін ұғынысты. Далайты пионер лагеріндегі кездесулерді Мәкең әсте ұмыта ма? Сол бір мөлдір сезім махаббатқа ұласып, екеуі шаңырақ көтерді. Қызмет бабымен аудан елді мекендеріне ауысқан жылдары қиындықтарды көтеріп, шаңырақтарын шайқалтпай, татулық туын биік ұстады. Мәкеңнің әкесі мен анасы көтерген шаңарақтан түлеп ұшқан бауыр, қарындастары жан-жақта түрлі қызметтер атқарып, ұрпақтарын өсіруде. Мәкең- Марат бүгін де Шортановтар әулетінің мәуелі бәйтерегі атанып отырған облыс, аудандағы танымал азамат. Республика, облыстан алған жоғарғы наградалары мен Құрмет грамоталары қаншама? Райымбек ауданының «Құрметті» азаматы.Мәкең жары Бүбіхан екеуі төрт бала тәрбиелеп, өсірді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Шортановтар әулетінің бір-бір бұтақтары болып, өз алдына отау құрған. Мәкеңнің үлкен ұлы Айбек Іле аудандық ішкі істер бөлімінде жауапты қызмет атқарады. Полиция майоры. Жұлдызы Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясында, Олжас аудандық әкім аппараты, аппарат басшысы, Кенже қызы Бота ғылым кандидаты, ЖенПИ-де ұстаз. Ұлын ұяға, қызын қияға ұшырған Мәкең үлгі тұтар ардақты әке, үлгі алар жанұя.

Page 3: Қариялар бас қостыold.baq.kz/storage/78/7803c368a9fe42b16bde98f2b38e2783.pdf · 2016-06-12 · одан әрі дамыта береді, ... бізге Қазақстанның

Сенбі, 19 қыркүйек, қой жылы 2015 3 Райымбек

Жазушы Досан Жанботаев - 80 жаста

Даладай дархан азамат

Қазақ хандығына 550 жыл

Хақназар хан — (1538—1580) билік құрған.

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар)

хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп

дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42

жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық

тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген

хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау,

әскери-саяси істері жағында қажырлы да

қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса

күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық

дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Билігі

Хақназар хан таққа отырған соң хандық

үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге

қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы

Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында

бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын

қайта біріктірді.1523—1524 жылдары

жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын

үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына

Тәуекел хан — 1583-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы,Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті.

Хақназар ханҚазақ ханы1538 — 1580

Ізашары: Бұйдаш хан Ізбасары: Шығай хан Діні: Ислам Қайтыс болуы: 1580 жыл Әкесі: Қасым хан

Анасы:Ханыкей Сұлтан

Тәуекел ханҚазақ ханы1582 — 1598

Ізашары: Шығай хан Ізбасары: Есім хан Діні: Ислам Дүниеге келуі: белгісіз

Дешті Қыпшақ Қайтыс болуы: 1598 жыл

Бұхара

Хақназар хан Тәуекел хан

Жанботаев Досан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1964 ж. ҚазМУ-дің тарих факультен бітірген. 1964-74 ж. Қазақ мемлекеттік телерадио комитетінде, 1974-86 ж. “Жалын” баспасында жене “Жалын” журналында редактор болды. 1986-96 ж. Қазақ энциклопедиясыңда қызмет істеді. “Біз соғысты көрген жоқпыз” (1968), “Тастар сыр шерткенде” (1972), “Шыңдағы шынарлар” (1974), “Далаоттары” (1977), “Жер жылуы” (1982), т.б. кітаптары жарық көрген

Белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Досан Жанботаев 1935 жылы 10-мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылында дүниеге келген. 1958 жылы осы ауданның Жалаңаш орта мектебін, 1964 жылы Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 1964-74 жылдары Қазақ мемлекеттік телерадио комитетінде, 1974-86 жылдары «Жалын» баспасында және «Жалын» журналында редактор болды. 1986-96 жылдары Қазақ энциклопедиясында қызмет істеді. «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Тастар сыр шерткенде», «Шьңдағы шынарлар», «Дала оттары», «Жер жылуы», т.б. кітаптары жарық көрген. Қазақ көркемсөзінде өзіндік орны бар қаламгерді осынау мерейлі жасымен күллі оқырмандарымыздың атынан құттықтап, шығармашлық жаңа табыстар тілейміз. Төменде белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұловтың мерейтой иесі жайлы мақаласын жариялап отырмыз.Пәлі, құдай, Досекең де сексен жасқа келіп қалыпты! Кеше еді ғой оның Кеген даласын дүрілдетіп атын әйгілеген жылдар... Ол еңбек жолын сауыншылықтан бастады!

* * *

Таңғалмаңыз, кәдімгі сиыр сауу. Қолында ақ шелек, белінде ақ халат. Бір қора сиырды бір өзі сауады. Қолы қарулы. Мал өсірген ауылдың баласы болған соң, ақ шелек ұстағанның несі ерсі. Саусын. Әйелдерге көмек. Мұнысын ерсі көргендер болды ма? Әрине, болған шығар. «Жоқ» деп кесіп айта алмаймыз.Мен Досекеңмен сол жылдары танысқан ем. Кеген аудандық комсомол к о м и т е т і н і ң аппараты түгел артта қалған «Ұзынбұлақ» совхозын көтеруге аттанған! Сұмдық жаңалық! Соның « Ж а л а у л ы » фермасында сиыр сауатын жігіт те бар. Оныншыны бітіріп, оқуға түспей еңбек жолынан өтпек. Дұрыс қой. Жаңа бастама! Ел қарайды, ел қорғайды. Жігіт өзі ықылас білдірсе, оған не дерсің! Мен сол 60-жылдары «Ленин¬шіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер болып жасайтынмын.Кеген ауданына бардық. Облыстық «Коммунизм таңы» газетінен – тілші Көрік Дүйсеев. 60-жылдың қысы аяқтала қоймаған кез. Наурыз айының орта шамасы. Таныстық: топ-толық, орта бойдан жоғры ақсары жігіт. «Қалай дейміз, мамандықты өзің таңдадың ба? Әлде бұл қазіргі күннің саясаты ма» деп

сөз бастадық. Күлімсіреген ақ сары жүзінде көздері бір жайнап өтті де: «Жоқ өзім ғой, ешкім емес, өзім таңдадым. Несі бар, қолдан келіп тұрғанда. Әйелдер мен қыздардан қалыса қоймаспын».– Біздерді газеттерден

келген тілшілер деп жасқанған жоқ, суырылып сөйлеп кетеді кейде.Сонымен, не керек, Кеген аудандық комсомол комитетінің ғажап бастамасы деп «Лениншіл жасқа» бір рет очерк, « К о м м у н и з м таңына» бір рет очерк жарқ ете қалды. Қ у а н ы ш ы м ы з д а шек жоқ! Қазақстан Орталық Комсомол комитетінен қоштау, қолпаштау алып жатырмыз. Сөйтсек « К о м с о м о л ь с к а я правда» газеті бұл жаңалықты

қолдамайтынын білдіріп «Соңғы почтадан» сынап жіберген ғой. «Бір ферманы емес, бүкіл аудан комсомол жастарының барлық шаруасын көтеруге атсалысулары керек» деп.Мейлі, сөйтіп ол оқиға елді бір шулатып өтті де кетті.Досекең КазГУ-дың тарих факультетіне түсіп, оны бітірген соң Қазақ радиосында редактор боп, ақырында 1977 жылы «Жалын» баспасынан бір-ақ шықты ғой. Мен басқа¬ра¬тын проза редакциясына тап болды. Баспа жұмысына «сиыр

сауудан» келген азаматқа әуелде бәрі оңай соққан жоқ. Бірақ: «Талап, еңбек, терең ой», өз ең¬бегі екі жақтап алып шықты. Қа¬тар¬дан қалған емес.Баспада жүріп көрнекті мем¬лекет және қоғам қайраткері Асан¬бай Асқаровпен танысып, ол кі¬сі туралы шығарма жазбақ болыпты.Міне, Досан Жанботаев осы¬дан жазушы болып шы¬ғып¬ты. Қа¬зақ¬стан Жазушы¬лар ода¬ғына да мүшелікке өткен. «Ме¬нің талант қабілетімді біле бермейсіңдер ғой» деп Досекең миығынан сылқ-сылқ күледі қазір. – Мен Жамбыл Жабаев ту¬ра¬лы романдар циклін жа¬замын. Материалдарын жинап, дайын¬дап қойдым. Қа¬зақ әдебие¬тін¬де Жамбыл туралы үл¬кен эпопея жазған ешкім жоқ. Ол ойымды мен Елбасымыз Нұ¬ре¬ке¬ңе білдіріп едім. Ол те¬ріс деген жоқ. Мақұл деп есеп¬те¬ді. «Қазан ауыз жоғары» деп жа¬тады ағайындар бір қуан¬ған¬да.Біз жазушылар не дей¬міз? Дұ¬рыс, жөн-ақ демеске шара жоқ. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын». Даладай дархан мінезіңе ақ кө¬ңі¬лің сай, жасай бер, жасай бер! Қа¬ла¬мың қолыңнан түспесін! Сен Райымбек батырдың ұр¬па¬ғы¬сың! Даладай пейілің кең, жаның жомарт, Алатаудың бір бәй¬те¬ре¬гі¬сің!!! Алла оған ұзақ өмір беріп, өзі жар бола көр¬сін! Еркінбай ӘКІМҚҰЛҰЛЫ Алматы қаласы

сүйене отырып, Моғолстан хандарының

Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу

әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық

құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

АңызҚазақ жүздерінің бөлінуі жөніндегі халық аңыздарының Хақназар есімімен байланысты екенін ғылым да жоққа шығармайды. Қазақ жүздерінің Хақназар тұсында пайда болғанын ауыз әдебиетіміздің асыл мұраларының бірінде:“Алаштан қазақ тараған, Ноғайлыға қараған.Жауға алдырмай ноғайлар, Бір-біріне жараған.Ноғайдан қазақ бөлініп, Үш жүз болып тараған”—, деген тарихи жолдар дәлелдей түседі. Алғашқы жол қазақтың тегі алты алаштың бірі екенін меңзесе, екінші жол қазақ хандығы ыдырап елді жекелеген сұлтандар бастап қазақтардың Ноғай ордасына қарап кеткен кезін көрсетеді. Шумақтың үшінші, төртінші жолы құлауға айналған хандықтың елін еншілеп, жерін кеңейтіп алуға ұмтылған қырда қалмақтардың, ойда шайбанилықтар мен моғолстандықтардың әрекетінен көрініс береді. Бұл жоғарыда айтылған Хақназар бастаған қазақтардың төрт тарапта майдан ашып жүрген кезіне тұспа-тұс келеді. Және Ноғай ордасының орыс бодандығына қарап, Қазақ хандығынан біржола ірге ажыратқан кезінен хабар береді. Міне, қазақ жүздерінің де пайда болған кезі осы тұсқа келеді. Жырау жырлаған “Ноғайдан қазақ бөлініп,

үш жүз болып тараған”, — деген жолдар осыған куә.

Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылыШығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзініңДешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады. Жаңа шапқыншылық1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді.Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды.1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылһұмин хан болды. Иран шахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған Тәуекел хан шапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды. Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды.

Page 4: Қариялар бас қостыold.baq.kz/storage/78/7803c368a9fe42b16bde98f2b38e2783.pdf · 2016-06-12 · одан әрі дамыта береді, ... бізге Қазақстанның

Райымбек Сенбі, 19қыркүйек, қой жылы 20154

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: АҚ “Бірлік“ компаниясының президенті Стахан БЕЛҚОЖАЕВ

МЕНШІК ИЕСІ: “Орда- Бек- Нұр” ЖШС.Директор- Бас редактор Сырым ТҰРСЫНОВ.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігіБайланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мерзімді баспасөз басылымын

және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы №15087- Г

30. 01. 2015 жылы куәлігі берілген.

Авторлардың пікірлерін редакцияның түпкілікті көзқарасы деп түсінбеген жөн.

Мекен жайымыз: Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Мүсірәлі көшесі 10 үй, 3 пәтер.

Индекс: 041400. Телефондар:

8 (72777) 2- 25- 42. Ұялы телефондар:

8 775 372 96 45,8 705 221 09 79 Эл.поштамыз: [email protected]

“Райымбек” газетінің компьютер орталығында теріліп, беттеледі.

Газет аптасына бір рет шығады.

Газет Алматы қаласында “Медиа- корпорация “ЗАҢ” ЖШС баспаханасында

басылады.

Әлемдеталайқызық

бар

Анакондалар (лат. Eunectes) — жалғанаяқтылар

тұқымдасының бір туысы, қазіргі кездегі

жыландардың ең ірісі. Денесінің ұзындығы 10

м-дей (1944 ж. Колумбияда ұсталған анаконданың

ұзындығы 11,4 м-ден асқан). Анаконданың жон

арқасында 2 қатар қоңыр түсті ірі дақтары, танау

тесігінде терілі қатпары болады. Суда жақсы

жүзеді, әрі сүңги алады. Анаконданың 4 түрі бар.

Олар Оңтүстік Американың тропиктік зонасында

тіршілік етеді. Омыртқалы жануарлармен

қоректенеді. Кейде үй жануарларына, адамға

шабуыл жасайды. Құрғақшылық кезде батпақ

арасына тығылып, уақытша ұйқыға кетеді.

Анаконда 28-42-дей тірілей ұрпақ береді, кейбір

Анаконда

түрі жұмыртқа салып көбейеді. 5-6 жыл (кейде

28 жыл) өмір сүреді. Жергілікті үндіс тайпалары

анаконданы “Амазонка рухы”, “Су анасы” деп атын

атамай, өзіміздің “Арғы тегіміз” деп табынады

және оның бағалы терісі, еті, майы үшін аулайды.

Сегізаяқ – ең ақылды және толығымен зерттеле Сегізаяқ

А к у л аАкула (Selachіoіdeі, көне норвегше haccal — балық) —

тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балық.

Қазір акуланың 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық

теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазонка өзені, Ганга)

кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін

тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық

қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті,

тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында

5-7 жұп желбезек саңылаулары бар. 1500-2000 -ға жуық тістері бар.2 қатарлы.

Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген

және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі

қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері кит

акуласы (15 метрге дейін) мен алып акула (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер

тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады, көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа

салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып

саналады. Олар көп жағдайда күндіз адамдар көп шомылатын тропикалық суларда

жағаға жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар.

Акуланың көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен

тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісін де пайдаланылады. Қазақстанда акуланың

қазба қалдықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең тараған уақыты — палеоген кезеңі.

Қызықты деректер• Еңірітеңізбалығы—китпошымдыакула.

қоймаған моллюска түрі. Оның денесіндегі уға

толы қалташасы жақсы қорғану мен аң аулауға

мүмкіндік береді. Бірақ егер сегізаяққа қандай да

бір қауіп төнетін болса, ол улы сиясын шашып

жібереді. Әйткенмен, ол оның жалғыз ғана

қорғанышы емес, сонымен қатар жаудың

иіс сезу мүшесін нашарлататын сұйық зат

бөледі. Оның есте сақтау қабілеті өте қысқа,

қиын жағдайға тап болғанда өңін өзгерте

алады. , Ұзындығы: 1 сантиметрден (Ar-

gonauto argo еркегі) 4 метрге дейін жетеді.

Салмағы: Кейбір сегізаяқ түрлері үлкен

мөлшерге ие болады - жалпы ұзындығы

300см және 50 кг-ға дейін жетеді (

Несис, 1982; Филлипова және т.б., 1997) Басқа

мағлұматтар бойынша Дофлейна сегізаяғының

ұзындығы 960 см және массасы 270кг болады,

Өмір сүру уақыты: Орташа уақыты 1 -

2 жыл, тек анда-санда ғана 4 жылдан асады.

• Ақакула

— каркарадон —

теңіз етқоректі

балықтарының ең

үлкені.

• Акула1000

л суда ерітілген 1 г

Баспасөз -баршаға! 2016 “Райымбек” 2016 газетіне жазылыңыз! Алдағы жылға жазылу пошта бөлімшелері мен газеттің редакциясында жургізіледі. Жазылу : Бір жылға- 3120 теңге, алты айға- 1560 теңге.

Индекс: 66139Бенефициар

ТОО “Орда- Бек- Нұр”БИИН (ИНН)141140004928.ИИК KZ23563В350000063832

БИК KPSTKZKAКБЕ 17

АО “Казпочта” РайымбекскийРУПС г. Алматы.

БИН 010841003446.

Байланыс телефондар: 8 (72777)2-25-42,

ұялы: 87753729645, 87052210979

Жаңа ән жаттайық

Сендермен бірге туып еркелеткенмінЕшкімнің жақсысына тең етпедім.

Жабыққан көңіліме демеу еніп Өлеңмен өмірімді өрнектедім

Қайырмасы:

Сөзі мен әнін жазған Шақан Әбдіғаниқызы МәсімбаеваБауырлар

Алматы обылысының қорықтары

Көңіл толқып дамылдар,Алды- артымды бауыр бар.

Қайда жүрсең аман жүр Туған туыс бауырлар.Бойға күш, дәтке қуат

бауырларым,Көрсем деп мен сендерді

сағынамын.Өзгенің отын жағу өмір заңы,

Біргемін мен сендердің жаныңдамын.Қайырмасы:

Аяулы келіндермен жеңгелерім

Силасып сырласқанды жөн көремінАнамның жаққан отын жалғастырған

Сендерді сол анама тең көремін.Қайырмасы:

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы “(lang-ru|Алакольский государственный природный заповедник}})” , Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы обылысы Алакөл

және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың

330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына

да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның

Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Алакөл көлі

Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік

шығысында жатқан тұзды көл минералды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен

қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен

басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз.

Алтын күз