93

Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

  • Upload
    others

  • View
    30

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде
Page 2: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ тақырыбындағы облыстық эссе

МАТЕРИАЛДАРЫ

Атырау қаласы 2019 жыл

Page 3: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

2

Жалпы редакциясын басқарған:Галимжанова М.А.-педагогика

ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Редакциялық алқа мүшелері: Г.Ә.Әлім, Э.А.Торебекова-магистр,

Г.С.Қаленова-магистр, К.А.Ханалиева, А.К.Ермагамбетова, Жалынды жастар-жарқын болашақ: облыстық эссе материалдар жинағы/

құраст. С.Джаманбаева, Атырау, 2019.92 б. Жинаққа жастар жылына орай жас мамандардың шығармашылық

әлеуетін өсіруге, сыни ойлау дағдысын жетілдіруге, тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік жасау және шығармашыл тұлғаларды анықтау, озық идеяларды іздеу, эссе жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жалынды жастар-жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген облыстық эссе конкурсының материалдары жинақталған.

Жинақ үздіксіз білім беру жүйесінің қызметкерлеріне және көпшілік оқырманға арналған.

Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.

© «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2019 жыл

Page 4: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

3

Мазмұны

Алғысөз 4 Бернияшова М.Ж.Жалынды жастар – жарқын болашақ 6 Жунусова А.Т.Жалынды жастар – жарқын болашақ 7 Сыралиева И.С.Жалынды жастар – жарқын болашақ 8 Әмірханова А.Қ. Жалынды жастар – жарқын болашақ 10 Қайрекешова М.Жалынды жастар – жарқын болашақ 13 Паронян – Ткаченко С.М.Целеустремленная молодежь – светлое будущее! 14 Тулешиева А.М.Жалынды жастар – жарқын болашақ 15 Басшиева К. Н.Жалынды жастар – жарқын болашақ 17 Ботагариева А. Қ.Жалынды жастар – жарқын болашақ 19 Ғарифоллақызы Р.Жалынды жастар – жарқын болашақ 21 Жанетова Д. М.Жалынды жастар – жарқын болашақ 23 Изтурганова Э.И.Жалынды жастар – жарқын болашақ 25 Нұрмұханова Г. Н.Жалынды жастар – жарқын болашақ 27 Нұртлеуова Ж.Ж. Жалынды жастар – жарқын болашақ 29 Сарсенбаева Т. С.Жалынды жастар – жарқын болашақ 30 Жылқышиева А. Білімді ұрпақ-ел болашағы 32 Мәдениетова А.Б.Жалынды жастар – жарқын болашақ 35 Сәбитова А. С.Жалынды жастар – жарқын болашақ 36 Қазмағанбетова Ә. Жалынды жастар – жарқын болашақ 39 Бермұханова Ә.Ш. Жалынды жастар – жарқын болашақ 40 Хасаинова А. З.Жалынды жастар – жарқын болашақ 44 Габбасова Б.К.Жалынды жастар – жарқын болашақ 46 Манасова А. Жалынды жастар – жарқын болашақ 47 Тәжбентай Ә.С.Жалынды жастар – жарқын болашақ 49 Ешжанова Ә. К. Жалынды жастар – жарқын болашақ 53 Темиралиева А.М.Жалынды жастар – жарқын болашақ 54 Оңайбаева М.О. Жалынды жастар – жарқын болашақ 55 Нугманова А. Б. Жалынды жастар – жарқын болашақ 57 Токтабаева С. Ж. Жалынды жастар – жарқын болашақ 58 Идрисова Н.Ш.Жалынды жастар – жарқын болашақ 60 Шутирова Э. Жалынды жастар – жарқын болашақ 62 Құспанова А. Жалынды жастар – жарқын болашақ 62 Багадатова Г. С.Жалынды жастар – жарқын болашақ 64 Исатаева А. Ж. Жалынды жастар – жарқын болашақ 67 Қабдренова М.Жаңашыл мектепте – жаңашыл ұстаз 69 Мухтаргалиева Ж.Жалынды жастар – жарқын болашақ 70 Камалиден М.Ж. Жалынды жастар – жарқын болашақ 72 Кабдешова Г.А.Жалынды жастар – жарқын болашақ 73 Орынбасаров Р.А. Жалынды жастар – жарқын болашақ немесе «Менің шектеусіз мүмкіндігім...»

75

Қабдешев А. Қ. Жалынды жастар – жарқын болашақ 78 Қайыржанова М. Ө.Жалынды жастар – жарқын болашақ 81 Токбаева А.Т.Жалынды жастар – жарқын болашақ 83 Азмуратова Г. А. Молодежная молодость- светлое будущее 85 Сагиндыкова А. З.Жалынды жастар – жарқын болашақ 86 Салауатова Н. А.Жалынды жастар – жарқын болашақ 89 Ахметова Ж. Қ. Жалынды жастар – жарқын болашақ 91

Page 5: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

4

Алғысөз Тарихы терең қазақ халқында «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»

деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл»,-деп атап өтті Елбасы.

Халқымыз білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін кейінгі ұрпағына үнемі айтып отырған. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды. Қай жерде-де, қашан да тұңғыш болудың жүгі мен жауапкершілігі ауыр екенін білеміз, сол себепті бірінші болып жол салу, бірінші болып жеңіске жету, бірінші болып бәйгеден келу, бірінші болып биікке көтерілу т.т. секілді үлкен тәуекелге бел буды.

Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде құрылады.

Тәрбие жұмысы —ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды.

Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады. Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы — бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 " атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің

Page 6: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

5

балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп, үлкен үміт артты. Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып, елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны өз керегіне қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екендеріңізді естен шығармаңыздар! Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты-жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн,еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»,-дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек ете білуі тиіс.

Page 7: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

6

БЕРНИЯШОВА МӨЛДІР ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы №32 орта мектептің мұғалімі

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...

Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы. Ілияс Жансүгіров

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен №32 орта мектепте еңбек жолымды бастап, ұстаздық етудемін. Мамандығым –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Мен өз мамандығымды шексіз сүйемін.

Халқымызда «Жас келсе—іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс —тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және aқпaрaттық—кoммуникaтивтік технологияларға бағытталған әдіс –тәсілдер. Менің пікірімшe, мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлу қажет. Ең бастысы-балаға деген мейірімділік. Мұғaлім–алдында отырған әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, oлардың әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын, міне осылардың бәрінің тілін таба білуі қажет. Ұстaз-әрдaйым aқылшы дoс, сырлaсушы.

Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты — жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді.

Page 8: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

7

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін,-деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк

байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар! Біздер, жастар- адалдық пен әділдікті паш еткен мерейі үстем, ұрпағы

ұлағатты деп басқа ел тамсанғандай еліміздің жарқын болашағына өз үлесімізді қосайық. Надандықтың емі–білім, тәкаппарлықтың емі–имандылық, яғни, мейірім, бауырмалшылдық. Олай болса, ойымыз түзу, ниетіміз таза болғай!

ЖУНУСОВА АЛМАГҮЛ ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Махабет ауданы Бейбарыс ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жиырмасыншы ғасырдың жыр саңлағы Мағжан Жұмабаев: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты- Мен жастарға сенімін!- деп болашақтың жастарына сенім артып кетсе,

бүгінде кемел көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы « Болашақ-жастардың қолында» деп нық сеніммен айтқан еді.Оның дәлелі биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы да тегін емес деп ойлаймын. Жастар –заманымыздың көшбасшысы. Еліміздің тірегі, соғып тұрған жүрегі деп айта аламын. Ал бүгінгі жастармыз қандай? Еліміз үшін жастарымыздың қолынан не келеді? Бұрынғы жастар мен қазіргі жастардың айырмашылығы неде? Жастар бойынан қандай қасиеттерді көре аламыз? деген сауалдарға жауап беріп, үңіліп көрсем.

Біріншіден, бүгінгі жастарды-кешегі жастармен салыстыруға келмейді. Арада жер мен көктей айырмашылық бар.Бүгінгі жастарда еркін ой, ұлттық рух бар.Олардың бойынан іскерлік пен талантты көре отырып, алға деген ұмтылысты байқаймыз.

Екіншіден, уақыт талабына сай шет елдерде оқып келіп, ғылым мен техника,білім мен мәдениетті үш тілде меңгеріп, қолдарынан келгенше елде өз кәсіптерін ашып, пайдасын тигізуде.Күні кешегі ауыл жастары «екі қолға бір күрек» таба алмай жүрген болса, бүгінде мемлекет есебінен берілетін несиелерді тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған жастарымыз бар. Бұрынғы жастарға тіл тигізуден аулақпын. Оларда өз кезеңінде жасындай жарқылдады. Сұлтанмахмұт, Әлихан, Ахметтер, Мұхтар сияқты дара тұлғалар да еліміз үшін өз үлестерін қосса, Махамбет пен Исатайлар жеріміз үшін қан төкті. Олардың еліміз үшін жасаған ерліктері де көзсіз ерлік

Page 9: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

8

дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде де бар екенін көреміз.Тек заман басқа, саясат басқа еді.

Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалаң ,-деп Абай атамыз айтқандай мен де еліме өз

үлесімді тигізіп келемін деген ойдамын. Ауыл балаларына сабақ беріп, ана тіліміздің қыр-сырын тереңнен үйрете жүріп,әдебиетіміз бен мәдениетімізді, тарихымызды білуге дәріптеп, саналарына сәуле құйып,рухани азық беріп жүрмін. Күніне жүзден астам шәкіртке дәріс беріп,көздерін ашып, көкіректеріне білім нәрін сеуіп жүрген ұстазбын деп мақтанышпен айта аламын.

Өз ойымды қорытындылайтын болсам, жастар-елдің келешегі. Жастар -тәуелсіз елдің қайсар ұландары.Жүрегі қазақ деп соққан жас ұрпаққа болашақта білім мен ізденіс,табандылық тілеймін.

СЫРАЛИЕВА ИНАБАТ СЫРАЛЫҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы, жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,

Мол бақыт күтемін жас ұрпақ сенен жасырман. Басқаны қайдан ұлылық күтемін өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан.

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы- білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші– жастар.Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты–біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан табылып келеді. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-

Page 10: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

9

жігіттеріміздің интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда,яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген моноторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз –жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай.

Кешегі күн кетті,көп нәрсе қолымызғы жетті, бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық.Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек- жастарда.Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар–жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана патриотымыз парасаты асқақтай түспейме? Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім.Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек.

«Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз.Ұлттық мүдде қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы-көтеру басты мақсатымыз».

Заманның заңғар тұлғаларының бірі–Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын»,- деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға

Page 11: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

10

болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытта не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білемін.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны- Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

ӘМІРХАНОВА АРДАҚГҮЛ ҚАЙРАТҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР– ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның күрделі және

қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский Биыл-Жастар жылы! Қуанышымда шек жоқ.Елбасымыздың биылғы

жылды «Жастар жылы» деп атауы біздей жас мамандарға армандарымызды жүзеге асыруға қанат бітіріп, үлкен-үлкен белестерді бағындыруға жол ашты.

Мен де кез келген мамандық иелеріндей жаңғыру жолында өз саламның білікті маманы болуды армандайтын жастардың бірімін. «Жаңа заман

Page 12: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

11

тәуелсiз ел мұраты—жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр»,-дейді Елбасымыз.

Мұғалімдік жолды таңдау маған көп қиындық тудырмады. Өйткені нәр алған қайнар бастауым-өңірімізге танымал ұстаздар әулеті. Сондай ортада өскен мен бала кезімнен ұстаздық жол- менің де жолым екенін түсіндім.

Өмірге келмесем де мақтан үшін Мұғаліммін,осы атақ мақтанышым,-деген ұлағатты ұстаз болған

атамның қойын дәптеріндегі осы бір жазуға қарай отырып, болашақта мен де өз мамандығымды шексіз сүйетін мұғалім болсам екен деп армандайтынмын. Ол арманым бүгінгі таңда орындалды.

Жас маман ретінде мен еліме қандай қызмет етемін? Мұғалім ретінде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосар үлесім қандай болмақ?

Мұғалім- адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық. Бүгінгі дамыған, жаңа технологиялық бағыт өрістеген уақытта жаңаша ойлау, оқыту мен тәрбиені ізгілендіру бағытын ұстану- кез келген мұғалімнің басты мақсаттарының бірі.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көп салалы.Бүгінгі таңда мұғалімдік қызмет менің жан-жақты білімді,педагогикалық шеберлікті, адами қасиет, табанды ерік-жігерді,парасатты мінез –құлық пен ұстамдылықты талап етеді.

«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді»,-деген екен өркениет философы атанған әл-Фараби. Жаңғыру жолындағы жас маман ретінде өзім көптеген білікті ұстаздардан, жаңартылған білім беру курстарынан өтіп, үнемі ізденіс үстіндемін. Ізденіс мені шексіз шығармашылық әлеміне жетелейді.

Жаңаша оқыту-еліміздің барлық ұстаздарын толғандырып отырған басты мәселе. Жаңаша оқыту мені қандай жетістікке жеткізбек? Сол білімімді жетілдіре жүріп, өз ісін сүйетін мұғалім адамды, оқушысын тани біліп,өте епті,сезгіш, шыдамды, сергек болу керек екенін түсіндім.Жаңғыру жолында нәтижеге апаратын басты жол-мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы, бірін-бірі сыйлау,сенімді сезімін тудыратын ұстанымы.

Менің өзіме қояр талабым өз оқушыңа сен, әр оқушыны жеке тұлға ретінде сыйла, бірақ оларға талап қоя біл, олармен қуаныш пен қайғыны шынайы бөліс. Өзіңе талап қой, шыдамдылық таныт, олардың бойынан жақсы қасиеттерін ізде, оқушыларды жақсы іске ұмтылдыр, танымдық кабілетін дамыт, өз оқушыңа өзін мақтауға мүмкіндік бер.

Балалық шақ - бала жүрегінен мәңгілік орын алатын таңғажайып әлем, болашаққа жетелейтін жарық нұр болса, ал ол ертең бала, ұрпақ үшін қандай болмақ? Осы сұрақтардың жауабын табатын жан-мұғалім.Мұғалім өмірінің мәні-оқушыда.

Мен –жаңғыру жолында болашақ ұрпақты биік белестерге ұмтылуға бағыт-бағдар беретін мұғаліммін. Менің таңдаған мамандығым бүкіл өмірімнің мән-мағынасы болып табылады. Менің мақсатым-әр балаға өмірдегі өз орнын табуға,бойындағы қабілетін ашуға көмектесу. Мен әр баланың өзгеге еліктемей,өзіндік қайталанбас жеке тұлғасын сақтап қалуына көмек беремін.

Page 13: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

12

Менің ұстанатын қағидам – баланы өзіне сене білуге үйрету. Өз пәнім мені әрқашанда ойландырады . Ағылшын тілі пәні мұғалімі

ретінде мен ең бірінші оқушыларма не үйретемін? Оларды нендей жетістікке жетелей аламын? «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-дейді көрнекті жазушы Ж.Аймауытов. Оқушыларыма ағылшын тілін үйрете отырып, алдымен оларға өз ана тілін құрметтеуге, ұлтымыздың рухани құндылықтарын дәріптей білуге үйретемін. Менің алға қойған мақсатым: сөз құдіретін меңгерту, туған тілі мен әдебиетін сүйетін, оның бүгіні мен келешегін ойлайтын азамат,дана бабаларымыз өсиет еткен сөз өнерін қастерлей білуге тәрбиелеу.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушыларыма ағылшын тілін меңгерте отырып, еліміздің көрікті де көркем, тарихи шежіреге толы қасиетті елді мекендер туралы,мәдениетіміз туралы сыр шерте отырып, олардың тілді еркін меңгеріп кетуіне мүмкіндік беремін. Оқушыларым ағылшын тілінде өз туған елі туралы еркін әңгімелеп тұруы мен үшін үлкен бақыт.

Сабақ-пікір алмасу, шындықты іздеу, қиыншылық пен қуаныш, жеңіс пен жеңіліс уақыты.

Сабақ-жаңа бір нәрсе ашуға ұмтылдыруға мүмкіндік беретін әлем. Ізденгіш мұғалімге кез келген сабақ шексіз шығармашылыққа жол ашады. Сол сабақта жаңа шығармашылық ізденістер пайда болады. Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы сол бұлақтан бастау алады.

Қай ғасырда болмасын даналар, ойшылдар тәрбие мен білім беруге ерекше мән берген. Бір дана мұғалімдерге: «Балалардың жанына адамгершілік дәнін себе біліңдер және оның қашан өсіп-өнетінін күтпеңдер. Күндердің күнінде өз жемістеріңнің нәтижесін көресіңдер» деп өсиет еткен екен.

«Мұғалім» деген сөзді «шәкірт» деген сөзсіз елестету мүмкін емес. Жас маман ретінде мен де өзім оқытып, тәрбиелеп отырған оқушыларымның жетістіктерін,өз еңбегімнің жемісін көріп келемін.

Ежелгі грек философы Сократ мұғалімді жаңбыр тамшысына теңеген екен. Нұрлы жаңбыр тамшысы жердегі әр тіршілікке нәр берсе, мұғалім ретінде мен өз оқушыларымның бойынан дарындылығын танып,оны аша білуге ұмтыламын.

Әрқашан өз шәкірттерімнің талай белестерді бағындырып жүретін жеңістерін мақтан етіп жүремін,олар жеткен табыстармен мақтанамын, олардың болашақта да түрлі білім сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның көз қуанышы бола беретіне сенемін.

Осының барлығы маған қанат бітіреді, күш сыйлайды. Жан-жағымда қаумалаған оқушыларым тұрғанында жүрегім қуанышқа толады.

Бір хан өз елін қайткенде бақытты ете аламын деп даналардан сұраған екен. Сонда олар ханға үш сұрақ қойыпты: «Дүниеде қандай уақыт ең маңызды? Өмірдегі ең басты адам кім? Өмірде қандай іс ең маңызды?» Хан бұл сұрақтарға жауап таба алмапты.Сонда даналар ханға былай жауап берген екен: «Ең маңызды уақыт-дәл қазіргі уақыт, жаныңда дәл қазір жүрген жан-ең басты адам, дәл қазір атқарып отырған ісің- ең маңызды іс».

Page 14: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

13

Абай атамыз айтқан бес асыл іс адам бойындағы ізгі қасиеттерге жол ашса, Мұқағали ақын жырлаған үш бақыт ұрпақтарды Отанға, халқына, туған тілге деген сүйіспеншілікке жетелейді. Ал мұғалім бақыты - осы ақындар жырлаған қасиеттерді бала жанына жеткізу, олардың жүрегіне адамдық дәнін себу.Оқушыларымды әр сабағымда білім нәрімен сусындату-бірінші бақытым. Мен үшін ең маңызды адам –оқушыларымды жақсы азамат етіп тәрбиелеу-екінші бақытым.Үшінші бақытым-оларға жүрек жылуымды арнау. Оқушыларымның кішкентай жүректеріне қызмет ету- өмірімдегі қияға қанат қақтырар үлкен шың.

ҚАЙРЕКЕШОВА МАЙРА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы №24 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Мен өз шығармамды еліміздің тұңғыш презтденті Н.Ә.Назарбаев

атамыздың мынадай кереметтей жолдауымен бастағым келеді. Н.Ә.Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер,бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын . Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты–біздің еліміздің көтерілу және гулдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер»,- деп пайымдаған.

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат–міндеттердің ең бастысы–өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл- парасаты мол, мәдени- ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды– оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше,

Page 15: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

14

еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани– адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Қазақтың әрбір жас жүрегі өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

ПАРОНЯН – ТКАЧЕНКО С.М. ЦЕЛЕУСТРЕМЛЕННАЯ МОЛОДЕЖЬ – СВЕТЛОЕ БУДУЩЕЕ! город Атырау средняя школа №24 учитель английского языка в начальных классах

Во все времена, во всех странах и государствах большое внимание

уделяли мол одежи! Почему? Я думаю, по тому, что молодежь – это прежде всего активные, умные, целеустремленные, полные сил люди. За молодыми людьми стоит будущее нашей прекрасной, цветущей страны, ведь строят это будущее молодые, амбициозные специалисты.

Все что сейчас в нас–молодежь,вкладывает наше государство обязательно вернется с лихвой! Если со школьной скамьи воспитывать у детей чувство гордости за свою страну, патриотизм и ответственность, то вероятнее всего эти дети будут гореть идеей развития своей страны. Они будут изыскивать пути для саморазвития и всестороннего улучшения как себя, так и своей Родины. Все начинается в раннем детстве,то, что закладывают в ребенка родители,друзья, школа и его окружение играет огромную роль. В выборе моей профессии я нисколько несомневалась, а все по тому, что у меня были яркие,активные,целеустремленные, умеющие заинтересовать учителя.

Сейчас, впрочем, как и всегда принято ругать молодое поколение. Ругать за безразличие,черствость, вялость и бездействие. Наверное, все это есть, но ведь все мы разные. Не бывает двух идентичных людей, у каждого свой характер, интересы, увлечения. Мне кажется, это результат нерешительности, ведь многие ребята окончив школу не определяются с выбором профессии. С детства нужно воспитывать активную жизненную позицию, нужно мотивировать и развивать своих детей. Начинать нужно с малых интересов. Научить детей заботиться о своем здоровье,животных, мотивировать их на благоустройство своей школы, двора, района. Если это умело организовать, то вырастая такой ребенок будет уверен в правильности своих действий, он непременно захочет стать активным, сознательным гражданином своей страны, за которым будущее!

Page 16: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

15

ТУЛЕШИЕВА А.М. ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы №24 мектептің ағылшын тілі пәнінін мұғалімі

Кез келген мемлекеттің болашағы–білімді жастар.Білімсіздің күні

қараң.Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі бестік.

Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшінеңбек ету әркімнің міндеті. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстатумемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.

Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда.Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Сан ғасырларды кері шегіндірген, тарихы тереңде жатқан қазақ халқының байырғы ақуалы бәрімізге бесенеден белгілі. Тарих төңірегіне көз жүгіртсек, елім деп, ақ найзаның ұшымен, ар-намыстың күшімен ел қорғаған батыр бабалар, алдына келген тура сөздің тігісін жатқызып, оймақтай аузымен ой саларлық құндылықтар айтқан би-шешендер, бертін келе, қанын төксе де арын төкпеген ақтаңдақтар, ұрпағын ұлықтаған ұлт-қайраткерлері, бостандық деп шырылдаған боздақтардың негізгі мақсаты ел тыныштығы мен тұрақтылығы еді. Елім деп еңіреп, жерім деп көз жас төккендердің бар арман, ойы- қазақ атты қараша халықтың бақытты ғұмыр кешуі болатын. Егемендік аңсаушылар «бақытты болудың нышаны бостандық» деп ұғынды. Ата- бабаларымыз бастамасын бастап, бодан болудан қашқан еліміз-бүгінде тәуелсіз қазақ мекені. Қандай керемет естіледі, ә?!

Тәуелсіз Қазақстан! Міне, ел тәуелсіздігіне 27 жылдың қарсаңы толып отыр. Осы атылмыш 27 жылдың ішінде Самұрық құс сынды қанатын кеңге жайған Қазақстан қарқынды түрде дамыған, даралар ішінен сараланған қайсар да айбарлы мемлекетекендігін танытты. Бұқара халық болашағы бар берекелі мекенде мерекесін асырып, бозторғай жұмыртқалайтын жайлы қоныста құт-берекесін тасытып, мамыражай күн кешуде. Тәуелсіздікті«тұғырым» деп білетін әр қоғам қайраткері, қарапайым халық бабалар салып кеткен даңғыл жолдың толастамауы үшін еңбек сіңіріп, бас біріктіріп, күш-жігерін жұмылдыруда. Сондай-ақ, самарқау жылдардың сұрқия сәттерін естен кетіріп, болашаққа бет алған егеменді еліміз–әлем елдері ішіндегі

Page 17: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

16

ойып аларлық орны бар, киелі де көне мекенге айналу барысында, саналыұрпақтың тигізер мол еңбегі бар екендігін атап өтті. Жастардың зиялы да білімді, білікті де білгір, сауатты да салауатты болуы ел болашағының айқын көрінісі.

Қазіргі ел тұрғындарыныңдаалға қойған мақсаттары -боз бала, бойжеткендердің ертеңгі ел тағдырын шешуші адамдар боларын саналарына құю, жүректеріне орнықтыру. Жастардың жақсы білім алуы үшін қарастырылған жан жақты тұжырымдамалар бір арнада тоғысып, тәуелсіз елдің пайдасына асып жатыр. Елім деп еңіремесе де, жерімдеп бас біріктірген білімділердің алар белесі алуан. Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ заман адамы. Қазіргі таңда, жастар мәселесі ауқымды да тартымды ірі шаралардың бірі. Жаңа заман балаларына қолайлы орта қалыптастырылып, тиімді тіршіліккөру барысында жан-жақты жағдайлар қарастырылған. Мұның бәрі, болашақ қамы, ертеңгі күннің таным-тіршілігі. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарқынды дамуы, ел болашағаның кепілі. Даму барысында негізгі рөл жастарға артыларын ескерсек, сол жастар өз қара басының қамын қамдамай, ел болашағының беріктігін қалқалап жүруі керек.

Өрнегін салған өткен күндерді тарих сахнасына қалдырып, асығы алшысынан түсер алдағы сәттерді санасына түйіп, іс-әрекетке бет бұруы тиіс. Ол үшін негізгі міндет- сапалы білім. Білімді азамат атанып, ел мерейін асқақтатары тақиямызға тар келмесі анық. Сондай-ақ,айрандай ұйып, басы біріккен озық елдер қатарына қосылып көшбасшы атану көкірегімізде жалындап тұрған алау –үміттердің бірі.Тереземіз тең, керегеміз кең болуы үшін де зияткер ұл-қыз, білікті балалар тәрбиелеуіміз шарт. Ертедегі ақын, жазушы аталарымыздың кезінде білім алуы үшін сан соқпақты басып өтіп, өмір не өлім таңдаған, ұлт тағдыры үшін тамырын қиғандарын білеміз. Ал қазіргі таңдағы жастардың, төрт құбыласы тең, күн кешіп жүрген шақта білімге құлшынбауы нағыз ессіздің тірлігі. Сонымен қатар, ұрпағын ойлаған, «жастарға сенемін» деп өз ықыластарын білдірген қайраткерлердің сөзін қалай жерге тастамақ. «Қайыңның қырық бұтағы болады. Алайда, сол қырық бұтақтың ішіндегі біреуі ғана пайдаға асар түзу таяқ болады, ал қалғандары жәй ғана саптыаяқ пен қисық таяқ болады». Мұнымен не айтқым келді, әр бір Қазақстанның жас жеткіншектері қисық не қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Тәуелсіз елдің жастары қазақ елінің ертеңі екенін білсе, демек М.Мағауин атамыз айтқандай «ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан « XXI ғасыр Құлагері» атануымыз ақиқат. Татулығының арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған Қазақстанның алар асуы алда екеніне сенеміз. Дамыған елдерден даралану үшін, әр Алаш азаматы қол қусырып жатпасы хақ. Сондай –ақ, ұлт болашағы жастардың қолында екен, жүрегімізде «елім» деп лаулаған алау алаш жастарын бір сәтке де жәйбарақаттылыққа салынуына жол бермесі анық. Себебі, Қазақстанның гүлденуі- жастардың қолынд

Page 18: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

17

БАСШИЕВА КАМШАТ НУРЖАНОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы №24 орта мектептің І санатты тарих-география пәнінің мұғалімі

Сөзімнің басын алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің:

«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!», -деген жастарға жігер беретін шумақтарымен

ашуды жөн көрдім. Қазақстанның жарқын болашағы білімі мен білігі ұштасқан, ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, талабы таудай жастардың қолында! Қазіргі жастарға зер сала отырып, еліміздің болашағының баянды, зор екеніне көзім анық жетеді. Бүгінгі таңда еліміз әлемдегі 50 елдің қатарына енді. Оған да тәубә қылып, шүкір етеміз. Дегенмен, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы жолдауында "Қазақстан-2050" Стратегиясын таныстырған болатын. Стратегияда Қазақстанды әлемнің 30 елінің қатарына қосу көзделген. Әрине, осы жолда бойында жігері мен қайраты бар жастардың көш бастауы анық. Сол себептен де Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жастарға үлкен сенім артатынын әр жолдауында қайталаудан тайсалмады және жастар қазіргі таңда ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануы қажеттігін де назарға салды. «100 нақты қадам» ұлт жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2030», «Дипломмен-ауылға», «Жасыл ел» жобалары арқылы қазақстандық жастарды қолдау мемлекеттің дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болатын.

Биылғы жыл, яғни 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл-жастар жылы. Тұңғыш Президентіміз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Осыған орай, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты-біздің еліміздің көтерілуі және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңіріңіздер»,-деп айтқан. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі-тікелей жастардың қолында. Еліміз қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де жалынды жастардың көптігімен ерекшеленеді. Сол жастардың аға буынының бірі-менмін.

Мен тәуелсіз елдің кеудесінде оты бар азаматшасымын. Жүрегім дүние есігін ашқаннан бастап «қазақ» деп соғады. Әр адамның өмір жолы бір мамандықтың иесі болумен жалғасары анық. Мен-ұстазбын, мұғаліммін, оқытушымын, тарихшымын.Қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының дамуы бағытына тікелей байланысты.

Page 19: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

18

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,-дегені біздерге мәлім. Қазақстан Републикасының өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғамның қажеттілігіне сай болып жатса, бұл-ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім, ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да ұстаздар тәрбиелейді. Осы жолда еңбек етіп келе жатқаныма еш өкінбеймін, өкінген де емеспін. Ұстаз болу жоғары педагогикалық оқу орнын үздік бітірумен шектелмейді. Ұстаздық атты ұлы шыңға шығу үшін өмір бойы оқу міндет. Қазіргі таңда білім саласында түрлі реформалар жасалып жатыр. Соған орай 12 жылдық білім беру, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік курс, жаңартылған білім мазмұны бойынша білімімді жетілдіріп келемін. Соның арқасында алдымда отырған жас жеткіншектердің ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарым-қатынасы жететін азамат, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білім алуға, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретудемін. Менің ұстаз ретіндегі алдымдағы міндетім-жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу,қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерге біліммен қатар өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт-бағдар беру.

Қазақ халқында «Жас келсе-іске» деген керемет сөз бар. Олай болса, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым қажет. Болашақта қанат қақтырған оқушыларымды биік белестерден көрсем, өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен, өзімді бақытты ұстаз деп білемін. Ұстаздық еткен 10 жылдай уақыт ішінде қаншама білім алушыларға мамандық таңдауда кеңес беріп, икеміне қарай дұрыс жолға бағыттап отырдым. Сол оқушыларым бүгінгі таңда біреуі өз мамандығының білгірі болып Қазақстан Републикасына қызмет етіп жатса, енді бірі жоғары, орта оқу орындарында білімдерін жетілдіріп, сол оқу орнының беделдерін көтеріп жатқанына көзім анық жетіп отыр. Оқушыларым мұндай дәрежеге жету үшін мектептің орта буынына келгеннен бастап, оларды түрлі жарыстар мен қоғамдық жұмыстарға араластыра отырып, бойындағы қасиеттеріне қарай ашып, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастырдым. Мен өз тәжірибемде оқушыларды жарыстарға күштеп шығармаймын. «Жарысқа қатысқым келеді»,-деп өтініш білдіретін орташа білімді оқушы болса да оны дайындау менің міндетім деп білемін. Мен көбіне ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты жақсы көремін. Дайындаған оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық, тіпті, халықаралық жарыстардан да жүлделі орындар алып жатыр. Бір қызығы, бұл оқушылардың барлығы үздік оқушылар емес. Дегенмен, олардың жеңістері мен жетістіктері басқа оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларға да мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда осындай оқушыларымның саны күннен-күнге артып келе жатыр. Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын көкке самғатып, арманын биікке ұсындырушы басты тұлға. Осы басты тұлға ретінде жеке тұлғаны қалыптастыру, ол, менің, жалпы ұстаздардың міндеті. Осы міндетті жалындап тұрған жастық шағымда іске асырмасам, ертеңгі күні

Page 20: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

19

кеш болып, елімнің болашағына көлеңке түсіруім мүмкін. Ал, мен оны қаламаймын.

Тұңғыш Президентіміз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан ол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Тәуелсіз еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, әлемді шарлайтын, біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз, яғни жас өркен жастарымыз. Сол жастарымыздың бірі, мен және менің шәкірттерім екенін сезінсем кеудемді қуаныш билейді. «Біз әлі Қазақстанды әлемге танытамыз!», -деп бар дауысыммен айқайлағым келеді.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің соңғы шумағы:

«Мен сенемін жастарға Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!»,-деп біздерге үлкен сенім артқан болатын.

Қазақстанның тәуелсіздігі үшін қаншама хандарымыз, батырларымыз, қайраткерлеріміз осы жолда құрбан болды. Нәтижесінде біз осындай тәуелсіз, ешкімге бағынышты емес елде өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіз елімізді көркейту үшін аянбай еңбек етемін. Қорытындылай келе, Қазақстан Републикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңге бойлатып, халық мүддесін алдыңғы орынға қоятын, қазақ елін барша әлемге паш ететін, жастар, бар күшімізді салып, Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік! Тәуелсіз елдің ертеңі-айбынды жастар жасасын!

БОТАГАРИЕВА АСЕЛЬ ҚАНАТҚАЛИҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР– ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы №24 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

«Жастар еліміздің–жарқын болашағы» деген қанатты сөздер жиі

айтылып келеді. Расында, қазақ елінің ертеңгі күні қазіргі жастардың қолында. Осындай

жері үшін, елі үшін күрес қазақ халқын «Мың өліп, мың тірілген» күй кештірді, бірақ халқымыз ешкімге мойынсұнбай, тәуелсіздігі үшін, азаттығы үшін «Ереуіл атқа ер салды».Қазақ халқының басынан «Ақтабан Шұбырынды» заманы да өтті. Сол кездегі қилы заманның куәгерлері – Бұқар Жырау, Абылай хан.

Абылай–халық арманын, халық мүддесін жүзеге асырған алып, асқақ тұлға. Сондықтан, қиын-қыстау, қилы заманды бастарынан өткізіп, маңдай терімен қол жеткізіп алған тәуелсіздікті, азаттықты сақтау – елім деп соғатын жүрегі бар, ары мен намысы бар, жастардың міндеті, борышы.

Ал, «Қазақ» деген елдің кемел болашағын әрі қарай өркендету үшін Қазақстан жастары білімді болуы шарт. Білім мен тәрбие егіз ұғым

Page 21: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

20

болғандықтан, жастар осы егіз ұғымды бірдей, жан дүниесімен санасына сіңіруі керек. Сол тәрбиенің өзі отбасы, ошақ қасынан басталады. Ана сүтімен, алпыс екі тамырды иітіп, бойымызға дарыған тәрбие талбесіктен бастау алып, білім мен ұштасып, жербесікке жеткенше жалғасын табады. Осы егіз ұғымды бойына сіңіре білген жастар ғана болашақ, өркениетті елдің кепілі болмақ.

Қазіргі таңда жастарға еліміз құшағын кең жая барлық мүмкіндікті жасауда. Білім алып, одан әрі шыңдаймын десе, оған да жол ашық. Бұл – цифрландыру (сандық) заманы.Бұған дәлел ретінде елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында өркениетті елу елдің қатарына да қосылдық. Дамыған елдермен тереземіз теңесті десек артық айтқан болмас. Тек, жастарымыз «Еріншектің ертеңі бітпеске» салынбай, жалындап, құшырлана, еңбектенсе болғаны.

Еңбектеніп қана қоймай, «Жетелі жұрттың жеті белгісін» ар-намысымен қорғап, сақтағаны жөн. Ал, «Жетелі жұрттың жеті белгісі» ол еліміздің көкейінен, әрбір үйдің төрінен, әр азаматтың жүрегінен орын иемденіп, төтенше қастерлеп, тәжім, тағзым етіп, бас иер, елдің өзіне тән, өзгеге ұқсамайтын өзін бүкіл дүниеге паш ететін «Қазақ» деген елдің рәміздері. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран, Төлтұмар, Елтеңге, Ұлтжазу.

Ту. Көкірегімізді жаулар, көгілдір жылы түс қазақ елінің тұтастығы мен бірлігін сақтайтын, «Біз деген бірегей ұғымды білдіретін құдіретті белгі».

Елтаңба. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуіне дес бермейтін таймас пырақтық, болашаққа өрлеген, талмас қанаттың, құдіретті қара шаңырақты көгілдір аспан жүзінде жүздіріп, төбемізге көтеріп жүретін ұлттық нышанымыз.

Әнұран.Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын әр шумаққа, тармаққа екшеп сыйғызған сұлу ән. Ел әні.

Елұран. Жігеріңді қайрап, намысыңды оятар, жалындатар құдірет күші. Айбарыңды асқақтатар рух.

Төлтұмар. «Төлқұжат» деп айтылатын,кім екеніңді айқындатар тұмарымыз.

Елтеңге. Тәуелсіз, Егемен еліміздің ерекше белгісі – ақша. Ұлтжазу. Дөңгеленіп түскен қара әріптерге қарасаң, көзіне оттай

басылады. Бүкіл бітім, болмысынан иісі аңқып тұратын, кім екеніңді айтпай-ақ айқындайтын ұлтжазудың жөні бір бөлек.

Болашаққа ұмтылған кемел елдің кез-келген азамат жастары осы жоғарыда айшықталып көрсетілген, «Жетелі жұрттың жеті белгісін» көзінің қарашығындай, аманаттап сақтауға міндетті.Бұл рәміздер–еліміздің аманаты. Осы аманатты сақтауға жастарға алдымен махаббат керек. Егер жастардың бойында елге, Отанға деген махаббат болса, аманатқа қиянат жасамайтыны сөзсіз. «Махаббат әлемді тербетеді» деген сүбелі сөзде осыны айқындап көрсеткендей.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқата келе, болашақтың жалынды жастары егемен елде алған білімдерін, ел болашағының игілігі үшін жұмсап, «Өзге елде сұлтан болмай, өз еліңде ұлтан» болып, көрсе

Page 22: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

21

қызарлыққа салынбай, еңбек етсе ғана талай дамыған елдердің алдында көш ілгері жүретініміз хақ.

ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ РАЙГҮЛ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мамандық таңдау–адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.

Дүниежүзінде екі мыңнан астам мамандық бар екен. Бірақ заман талабына сай сол мамандықтардың бірі жойылып, бірінің мазмұны өзгерсе, енді бірі жаңадан пайда болып жатады. Денсаулық сақтау саласы мен мектеп мұғалімдері, жо-ғары оқу орындарының оқытушыларына деген сұраныс азайған жоқ. Өйткені, олар – қай кезде де керек мамандықтар. Бүгінгі жастар орта мектепті бітіре сала заңгер, кеден, салық, экономист, бухгалтер мамандықтарына түседі. Алайда, бұл мамандықтардың атауы қызықтырғанымен, жұмыс табу жағы қиын. Бұл салада мамандар өте көп.

Адамның отбасы, араласатын адамдары, өзінің сүйетін мамандығы болуы керек. Мамандық әрбір адамның өз жүрек қалауымен таңдалуы тиіс.

«Ұстазсыз шәкірт–тұл,шәкіртсіз ұстаз- тұл» деп Абай атамыз айтқандай, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе жақсы ұстазға байланысты.

Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамның жүрегінен орын алатыны, тек орын алып қана қоймай, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. «Ұстаз»– бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз деп танимын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр.Ұстаз–шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам. «Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық.Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт.Мен қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы - мұғалім мамандығын таңдадым.

Неге екенін,ата-анамның айтуынша, бала кезімде түрлі ойыншықтармен ойнаудан гөрі қолыма қағаз, қалам алып апай болып ойнаудан жалықпайды екенмін. Осы арман мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты мақсатыма айналды да, мұғалім болуды риясыз жақсы көрдім, жан-жүрегіммен шын қаладым. Өйткені кішкене кезімнен бастап, өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап, бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген, білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім А.Құнанбаев атындағы орта

Page 23: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

22

мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды бастадым. Мамандығым – бастауыш сынып мұғалімі. Халқымызда «жас келсе — іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.

Қазір жас маманмын. Менің алға қойған мақсаттарымның бірі – өзім білім алған ұстаздарым секілді білімді де білікті маман болу. Мұғалім – мектеп жүрегі болса, оның беделі–мектептің беделі. Ал, мектеп – мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда мұғалім білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жaс ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.Сондықтан әрбір мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек. Мектеп – балалардың екінші үйі болса, ал ұстаз – екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату - «ұстаз» деген ұлы тұлғаның парызы.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған стратегия – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға терең де тиянақты білім беруде ақпараттық технологияны жиі қолданамын. Осындай жұмыстaр aрқылы eң әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір- бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақтар қоя білуге дағдыланады. Менің пікірімшe, мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлуың қажет. Ең бастысы – балаға деген мейірімділік. Мұғaлім – алдында отырған әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, oлардың әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын анықтап, бәрінің тілін таба білуі қажет. Ұстaз – әрдaйым aқылшы дoс, сырлaсушы.

Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның болашағы – бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол– деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, ел үшiн жiгерлeне еңбектенуге мiндеттi. Ендеше, жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты – жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», -дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Ендігі

Page 24: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

23

алға қойған мақсатым—білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі– кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк»- деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын.

Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөзін, білімнiң шындығындa да бaғa жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық – рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені белгілі. Өйткeні, білім – тeк ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретaмыры, eл дaмуының aлтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толaстамайды. Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін елдeн бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлғa болды. Сондықтан мен шәкірттерімнің бойына білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге даярмын.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан тұтамын!

ЖАНЕТОВА ДАНАГУЛЬ МУЗДАКБАЕВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің арнаулы сынып дефектологы

Жас мұраты, білім, тәлім-талабы, Өнер, оқу-жастықтың қару жарағы, - демекші, әрине, болашақтың кілті

жастардың қолында.Мен өзімнің тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қуанамын.Болашаққа деген үмітім зор. Міне, еліміз Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп, еңсесін көтере бастағанына 27 жыл толып отыр. Жас жігіттің жасындай ғана азғантай уақытта Қазақстан адам танымастай өзгерді. Бүгінде біздің елімізге әлем қызыға қарайды.

Ал осындай еңсесін тіктеп келе жатқан елге ең алдымен білімді ұрпақ керек деп ойлаймын. А.Құнанбаев мектебінде дефектолог маман болып, ұстаздық қызмет етіп жүргеніме биыл төрт жыл толып отыр. Менің болашаққа қойған мақсатым - мүмкіндігі шектеулі оқушыларымды жарқын болашаққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын жетілдіріп, талпынысына жол ашу, бойына патриотық сезімін ұялату, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, болашаққа бағыт-бағдар беру.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылменен емдейтін, Болса дағы малға кедей өмірде Бар байлығым, шәкірттерім, сен дейтін.

Page 25: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

24

Осынау өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін, ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз–мақтан тұтар мамандық. Болашақ жастарды тәрбиелеу,әрине, отбасынан басталады. «Отан отбасынан басталатындықтан», ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды іс.Бүгінгі таңда елімізде 2019 жылды жастар жылы деп, еліміздің тұңғыш президенті жастарды қолдауда. Жастарға сенім артып, жастардың болашағының жарқын болуына өз қалауымен жастар саясатының жүзеге асырылуына ықпал жасап, үлесін қосуда. Атап айтсақ, жастарға арналған форумдар, инновациялық жобалар, семинар-практикумдар көптеп ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет болып отыр. Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Мемлекетіміздің мерейін биіктен көрсету – қазіргі таңда білімді жастардың қолында.

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында «Мен сіздер бүгінгі ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын» деген. Қазақстанымыздың өркендеуі, гүлденуі, көтерілуі бұл, әрине, жастардың болашағына тікелей байланысты.Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру - біздің жауапкершілігімізде екенін жақсы ұғынамын. Жастар – жердің,елдің иесі,қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін,-деп Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк

байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар! Менің ойымша, әрбір жас өзінің туған Отаны- Қазақстанды жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет деп ойлаймын. Олай болса, ата-бабаларымыздың мұрат еткен аманатын сақтап, осы өмірге өз септігімді тигізсем деймін. Келешек өсіп келе жатқан ұрпақтармыздың бойына рухани адамгершілік, тәлім-тәрбие беріп, олардың болашақтарының жарқын болуына үлесімді қосып, бағыт-бағдар беруім керек деп білемін!

Page 26: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

25

ИЗТУРГАНОВА ЭЛЬМИРА ИГАЛИЕВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау обылсы № 4 облыстық шипажайлы мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы... Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

Ілияс Жансүгіров

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Елбасы Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі, ұлт болашағы – жастардың болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Бірнеше жылдан кейін біздің бет бейнеміз болатын, бірнеше жылдан соң билік тұтқасын ұстап, қуатты ел тұғырына айналатын жастарға инвестиция құю - стратегиялық тұрғыдан ұтымды шешім. Өйткені, олардың бүкіл өмірі алда және болашағы зор. Жастарға жүктелетін міндет те салмақты. Бүгінгі таңда жылдам дамып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда қордаланып қалған, күрмеуі қиын мәселелер көп. Сонымен қатар, жастардың алдына да қойылып отырған мақсат-міндеттер аз емес. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы– білімді ұрпақ. Бүгінгі жастардың бақытына орай, бізде тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған. Дәл соларға тамаша білім алып, өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы дамытып, азаматтық қоғамды қалыптастыру, интеллектуалды ұлт тәрбиелеу және басқа да көптеген пайдалы әрі жағымды нәрселермен айналысуға тура келеді.

Қазақстан жастары–белсенді де жарқын топ.Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын.Ақылды да тапқыр,жас та жігерлі қазақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Бұдан бұрын өзімізге қойған сауалға келер болсақ, қазіргі жастарының келбеті қандай дегенге бір ғана тұжырым жасауға болмайды. Біз барлығымыз да қайталанбас бірегей тұлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссер, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионикалық протез ойлап тауып, робот техникасын зерттеуде, керемет фильмдер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды

Page 27: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

26

тудыруда. Дамыту мен құлшыныс туғызу үшін барлық жағдайды жасап, бұл бастамаларды жан-жақты қолдау аса маңызды. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал бұл жолда біз анықтап алуға тиістінің ең басты талабы мынандай болмақ: «Біздің ең маңызды әрі бағалы құндылығымыз – осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар». Ендеше талабымыз да, бағдарымыз да айқын:"Біздің ең басты құндылығымыз - осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз - қуатты мемлекетті құру.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде.Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды–оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани–адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар–жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.Алдымызда кездесетін талай асу белестерге қол жеткізуіміз үшін, еш қиындықтарға іркілмей, тек қана алға қарай жылжуымыз керек. Соның ішінде санасы сергек, жоғарғы технологияларды меңгеруге бейім, жаңа ұрпақ тізімін құру мақсатында, жастардың қоғамдық және саяси сауаттылығын арттыруымыз керек.

Мәселен, мәуелі жас шыбықты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриоттық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады. Түйіндей келе, біз, жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Page 28: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

27

НҰРМҰХАНОВА ГҮЛСЕЗІМ НАРМАГАМБЕТҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы №4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының информатика және математика пәні мұғалімі

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! Мағжан Жұмабаев

Мағжан атамыздың осы жырының өзінде-ақ жастарға деген сенімнің ерекше лебі есіледі. Ал жасампаз елдің жастары қандай? Олар нені армандайды? Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтқан ширек ғасырды ширеп, аз ғана уақытта қарыштап дамыған Қазақстанның болашағы кімдердің қолында? Әрине, білімді әрі білікті де дарынды жастардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Меніңше, бұл – өте орынды шешім. Мұның өзі елдің өркендеуіне үлкен сенімін артып, біз, жастардан зор үміт күтетіні айғақ. Иә, жастар еңбек етіп, сол еңбектің жемісін көруге бар мүмкіндіктер жасалуда. Абыройлы еңбек етіп, жастайыңнан өнегелі өмір жолына қадам басқанға не жетсін, шіркін! Міне, бүгінде, тағдыр тармағымен, болашақ өмірдің бағдарымен жоғары білімге ие болып, 21 жасымда мұғалімдік қызметпен алғашқы еңбек жолым бастау алды. Қандай бақыт десеңізші! Даналық пен даралықты, адамдық пен адалдықты үйрететін де, үйренетін де-осы мамандық. Жай ғана мамандық емес, бала жанын ұға алатын, білімімен тау тұрғыза алатын, кез келген қиындыққа қарсы тұра алатын, ұлы асуларды бағындыра алатын ұстаздық еңбек.

Міне, әсем сөзбен әсемдеп жеткізген, менің өмірімді әсем еткен еңбек жолымның табалдырығын аттағаныма он жыл толғалы отыр. Ұстаздықтың алғашқы қадамы маған білім алу мен білім берудің үлкен айырмашылықтарын ұқтырды. Өмірге деген, ортаға деген жаңаша көзқарас қалыптастырды.

«Мұғалім–ол әрбір адамды алғаш ашатын кілт»,- деген екен М.Горький. Шәкірттерімнің адамдық кілтін ашып, өмір баспалдағының алғашқы сатысын айқындап берген болсам, болашағына аз да болса дұрыс бағыт сілтесем, онда бақытымды баладан тапқаным деп түсінем.

Шәкірттерім – менің бақытым әрі маман ретіндегі мерейім.

Page 29: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

28

Сыныпқа еніп, оқушыларымды көргенде өмірдегі кезігіп жататын жағымсыз сәттерді бір мезет ұмытып та кетемін.Бұл менің ұстаз–ана ретінде балаға деген шексіз сүйіспеншілігімнен болар.

Әр бала–қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан олардың тұлғалық, жоғары парасаттылық, ақылдылық пен адамгершілік негізін қалыптастыру – мұғалімнің басты парызы. Ал әр оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың басты талабы.

Қазіргі таңда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін мұғалімнің кәсіби қызметіне үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Заманның талабына сай білімнің бағдары да жаңаруда. Себебі сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың қолында. Сол себепті, мұғалімнің жұмысы шығармашылық шыңдалуды, білім-біліктілікті дамытуды қажет етеді. Бұл орайда өзімнің біраз жетістіктерім бар, ақпаратты даму қарқынымен біліктілігімді ұштап, шәкірт бойына есептік технологияның нәрін сіңірудемін.

Еңбек етіп жүрген шақтарымда талай қызыққа да, қиындыққа да кезіккен сәттерім болды. Ұстаздық жолдың талай асу, белестері әлі алда екенін сезіндім. Ұстаздың еңбегі шәкірттерімен ақталады. Олар қай сында да, қандай тараптан болса да биік көрінсе, жеңіс тұғырына көтерілсе – ұстаз үшін басқа қуаныш жоқтай. Өйткені, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей, шәкірттерімнің жеңісі- менің жемісім.

Н.Ә.Назарбаев:«Қазақстанның болашағы–білімді жастардың қолында»,- деп болашақтың бағдарын атап көрсеткендей, бұл жолда ұстаз алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны сөзсіз. Осы бағытта білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу жолында тамшыдай болса да үлес қосу парызым деп білемін. Осындай қиын да күрделі жолды таңдаған ұстаз үнемі ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Мен де оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы сабағымды қызықты өткізуге тырысамын. Алдағы уақытта да өзімнің бар білгенімді оқушылардың санасына жеткізу міндетім деп санаймын. Білімімді үнемі жетілдіріп отыруды жөн көремін. Өйткені, заманауи ұстаз жаңа идеялар үшін көп еңбектенуі керек деп есептеймін. Себебі, заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Сондықтан, біз өз шәкірттеріміздің бойында адамгершілік пен ұлтжандылық сияқты ең жақсы қасиеттерді қалыптастыра білуіміз қажет. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, мол білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысушылық қасиетімен асқақ. Өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана мұғалім мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға керегі де осындай ұстаздар. Заманауи білімді мұғалімі бар мектептің балалары да заманына сай білімді болары сөзсіз.

Уақыт өткен сайын артылатын жүк те, қойылатын талапта көбейіп, өзгере түспек. Сондықтан үнемі өз білімімізді жетілдіріп, бір сатыға шыққан сайын, келесі биіктікке ұмтыла берсек, жаңашылдыққа қол жеткізе аламыз. Қазіргі заман талабына сай заманауи жетілдірілген, теориялық білімі кеңейген, үйренгенін тәжірбиеде қолдана алатын жанды жаңашыл ұстаз деп танимын.

Page 30: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

29

Біздің қоғамда өркениеті жоғары, өресі биік ұстаздар қауымы көбейе берсін дегім келеді.“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп, Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Менің мамандығым– әлемдегі ең қастерлі әрі ұлықты мамандық. Сондықтан мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Осындай қасиетті мамандығыма арнаған ой желісін ақын болмасам да,ақындыққа жақын қабілетіммен жүректен шыққан жыр шумақтарыммен түйіндеймін :

Елбасымыз жариялады өз Жолдауын, Қолдады жылды арнап ел жастарын. Жеріміздің болашағын құру міндет, Сол үшін де парызым деп қоштадым. Бүгінгі күн нақты бағыт ұстанып, Жаңғырумен еңбек жолын бастадым. Мектепте білім алар бар шәкіртке, Нұр себетін жаңашыл жас ұстазбын!

НҰРТЛЕУОВА ЖАЗИРА ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Атырау облысы №4 облыстық шипажайлы мектеп –интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі [email protected]

Мен болашаққа деген үмітім зор екенімді білемін, қазіргі уақытта өмір

сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның тұрғынымын. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты–біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Page 31: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

30

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4, 5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

САРСЕНБАЕВА ТАТЬЯНА САРСЕНБАЙҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Атырау облысы №4 облыстық шипажайлы мектеп –интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі [email protected]

Мен жанбасам лапылдап Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ . Мен өз шығармамды осы бір тамаша Назым Хикмет Ранның

шығармасымен бастағым келеді. Жастар- кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. 2019 жылдың- Жастар жылы болып жариялануы, әрине біз үшін үлкен бір тосын сый болды десек артық етпес. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағамы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата - бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демдері қалғанша күресіп, бізге бостандық, егемендік алып берді.Ендігі болашақ жастардың қолыңда деп өлеңдедіп жазған ақын аға-апаларымыздың өлең жолдарынан көруге болады.

Арқау ерен ерлік дастанның, Қайраты елге әйгілі жастарының. Желбіріеп көк байрағы тұрған шақта, Жұлдызы жарқырайды аспанының. Олай болса елімізді өркендету үшін білімді жастар қажет. Елімізді

көркейту, оны өзіміздің кейінгі ұрпаққа жеткізу - біздің борышымыз деп

Page 32: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

31

білемін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын" - деген тамаша сөзері бар қазіргі кезде белсенді жастар көбейіп келеді. Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынына дайын болу керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынықтардан сүрінбей өте алмақ. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, тәрбие басым болған жөн. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ. Елбасы қайсы біреулердің қатаң сынына ұшыраған «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын ұсынды. Мұндағы негізгі мақсат — үшінші мыңжылдықта қарқыны жеделдей түскен жаһандану, шекара талғамайтын экономика-қаржы және, ақпарат, ағымдары заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігін арттыру мәселесі көзделген болатын. Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттік тіл —қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі — орыс тілін және халықаралық тіл—ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп бөлігінің меңгеруіне бағытталады. Осы жерде ерекше назар аударатын нәрсе, мемлекет басшысының «тілдердің үштұғырлығы» идеясын бүкіл ұлттық идея-деңгейіне көтеру қажет. Неге десеңіз, біріншіден, бұл идея халқымыздың болмысында ежелден-ақ бар «жеті жұрттың тілін біл» деген бағалау өлшеміне сай келеді; екіншіден, қазіргі бәсекеге негізделген өмірлік қағидалардың өзі, яғни жас ұрпақ буыннан осыны талап етіп отыр. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз.

Білімді ұрпақ-еліміздің болшағы, ертеңі тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеп қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Биылғы жыл жастар үшін айрықша мәнді болатыны рас, жастардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шараларға бөлінген қаржы ұлғайып, жастар мәселелері еліміздің барлық бағытының саясатында елеулі түрде ескерілетін болады. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған “Жасыл ел”, ”Жастар кадрлық резерві”, ”Дипломмен-ауылға“, ”Серпін–2050” және тағы да басқа бағдарламалар жұмыс атқаруда. Жастардың табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үдерістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізіп, биіктерге көтерілуге болатынын түсінуі маңызды. Қазіргі қоғамдағы жастар тез жетіліп, тынбай еңбектеніп келеді. Мысалға ала

Page 33: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

32

отыра, мен өз ортамдағы жастарды білімді әрі интеллигент деп айтар едім. Ешбір қиыншылыққа қарамай, жастарымыздың алдағы болашаққа ұмтылып, мақсаттарына жетуге деген талпынысына шын жүректен риза боламын. Мені қуантатын тағы бір жайт – 10-15 жас аралығындағы жастар оқи отырып, білім ала жүріп түрлі жаңалықтар ашуда. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады. …Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын. Сондықтан олар қазір қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етуі қажет "Бой емес, ой жарыстыратын заманда" жастардың сын тұрғысынан ойлау қабілеті мен бәсекелестікке деген ынтасы жоғары болуы шарт. Бойда жастық жалын мен жігер барда Елбасымыз діттеген жолда нәтижелі жұмыс атқарады деген үміт басым. Менің ұққаным әр адам өз кәсібімен, ісін сүйіспеншілікпен атқарса жетістікке қол жеткізуге болады. Біздің басты мақсатымыз қазіргі кезде сапалы білім беріп, Елбасының жолдауын жас ұрпақ қолдап яки аяғына нық тұрған, мүмкіндігі мығым мемлекеттің болашағы жарқын боларына сенімім зор.

ЖЫЛҚЫШИЕВА АЙГЕРІМ БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 2 cанатты информатика пәні оқытушысы

Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп

санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Осының бәрі – Қазақ-станның әлемдік аренада мойындалғанының айқын белгісі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы еліміздің әл-ауқатын арт-тыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп санаймын. Жас буын өкілі ретінде, әсіресе, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, болашақ технологияға байланысты, технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізу басқа салаларға да серпін береді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.

“Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да

Page 34: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

33

перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты”.

Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы –мақсат-деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында.«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.

“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар. Бірінші–ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп,

еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі–мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші – IT мамандарды даярлау. Құжаттарды есепке алу, сақтау және медико-психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы сөз алып, Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, эконо-микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.

Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде»

Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.

Елбасы: «Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор», ‒деді. Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.

Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты

Page 35: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

34

сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.Сымсыз телефондар, желілік телеарна – осы бағдарламаның жемісі. Жаңа дамып келе жатқан жасанды интеллект белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалануға жолашады. Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT саласын басымдықберіледі.Жалпы, Қазақстанда ақпараттық тех-нологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал келтіруге болады, ол – «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі.

Жолдауға сәйкес жазға қарай елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылуы белгіленді. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып бара жатқан мына заманда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде аталған бағдарлама аясында елімізде 244 радиотелевизиялық станса іске қосылмақ.«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.

Цифрлы технологияның халқымыздың жартысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақасын айырып отырған ауыл шаруашылығы саласына да берері көп. Әлемге белгілі «Microsoft» компаниясының қожайыны Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайы-лымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелерінің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Демек, «Цифрлы Қазақстан» бағдар-ламасы аясында Билл Гейтстің «Оракулы» да елімізде кең қолданысқа енуі әбден мүмкін.

Цифрлы технология бұдан бөлек денсаулық сақтау және білім беру сала-ларында да қолданыста. Биыл оны жетілдіру мақсатында Қазақстан мектеп-

Page 36: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

35

терінде электронды күнделік қолданысқа енгізілмек. Сонымен қатар, педагогтар да атқарған жұмыстарының есебі мен жоспарларын қағаз күйінде емес, электронды үлгіде тапсыра алады. Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақы-рыптардан тыс қалуына болмайды.

Пайдаланған әдебиеттер 1.Оқу–тәрбие үрдісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері» 2008 жыл, №4 Ж.Сатыбекова 2.Интернет ресурс www.prezi.com 3.Интернет ресурс http://bilimdiler.kz мақала «Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» 4. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030 » Жолдау. 5.Қазақстан Республикасының Білім заңы. 6.Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу».

МӘДЕНИЕТОВА АЙСАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!-деп Мағжан бабамыз жастарды қырағы, алғыр,

қайсар жаратылысқа теңеген. Осындай киелі жаратылыс иелеріне теңей отыра, ақын ел болашағы да, оның өркендеп, жетілуіне де ат салысатын жауапты тұлға жастар екенін айқындап отыр.Жастар– кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі– жастар екенін әсте естен шығармаған абзал.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Жастар, яғни мына біздер, сол бабалар артқан сенімге жауапты болып, үкілі үміттерін ақтауға міндеттіміз. Біздің жанарымызда мына әлемге керексіз дүниелердің көрінісі емес, мәңгі өшпейтін жалын тұруы керек. Кезінде Жәнібек пен Керей іргетасын қалаған, алып тұлғалардың кіндік қаны тамған жерімізді көркейту үшін анық мақсатпен алға қадам басамыз! Біз өмір сүріп жатқан заман тыныш.

Page 37: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

36

Жастарды қолдау мақсатында қазіргі таңда елімізде қаншама жобалар мен бағдарламалар енгізілген.

Биыл елбасымыз жастарды қолдау мақсатында 2019 жылды 《Жастар》 жылы деп енгізген болатын. Н.Ә.Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар» – деді. Осылай сөзін бастаған Елбасы жастарға үлкен қолдау көрсететінін нақты айтты. Бұдан бөлек жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша әртүрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Өңірлерде жастарды дамытуға арналған орталықтар,еріктілер ұйымы құрылып жатыр. Осындай көптеген мүмкіндіктеріміз бар біз бақыттымыз. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек.Санасы сергек,замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Жаңару мен биікке өрлеуді алдымен өзімнен бастасам деймін. Мен биылғы жылғы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жас маман ретінде білімімді әрі қарай жоғарлатып, ізденіп, жаңартылған бағыттағы курстарға барсам деген ойым бар. Білімі терең мұғалім болсам менің шәкірттерім де алғыр боларына сенімдімін. Елімнің жарқын болашағының іргесін қалауда өзім бір кірпіш болып, дамуға көмектессем - бұл да бір бақыт. Өйткені мен секілді жалынды жастар - жарқын болашақ кепілі!

СӘБИТОВА АСЫЛЗАТ СӘБИТҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы, «Аяла» бөбекжай балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі

«Сeндeр,тәуeлсіз қaзaқ eлінің білімді жaстaры, өз соқпaқтaрыңды сaлып,

оны eлді дaмуға бaстaйтын дaңғылғa aйнaлдыруғa тиіссіңдeр!» Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз есімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіc»,-деген еді. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, оларды іске асырып отыруымыз керек. Яғни, кез-келген мақсатқа жету үшін, оны іске асыру болашақ өскелең ұрпақтың қолында, сол себепті білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу ұлағатты ұстаздың қолында.

Page 38: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

37

Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанымен қатар, табыс тізгіні – білімді болашақ жастарда екені мәлім. Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстаз атаулыны ерекше құрметтеді. Ол «Ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздарда екенін» атап айтқан болатын. «Тек сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шыға алады» - деп бірегей тұлға – ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін әрбір жолдауында айтып, жаңашыл жас ұстаздарды биік шыңға жетелеп отырды.

Еңбек жолын мектепке дейінгі ұйымда, немесе мектептен бастап жатқан жас мамандар тек қана бітірген оқу орнымен шектеліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде жүріп, және білім саласындағы болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден үнемі хабардар болып отыру керек. Бұл кезекте «Жаңғыру жолындағы жас маман қандай болу керек? Болашағымыз жарқын болу үшін жалынды жастар не істеу керек? Олардың алдында қандай міндеттер тұр?» деген сұрақтар туындайды. Ол үшін мұғалімнің мақсаты әрбір жеке тұлғаның бойында рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Әрбір жас маман мынаны білу керек деп ойлаймын: Біріншіден, алдында отырған әрбір тәрбиеленушіні жасына қарамай өзіңмен тең ұстау және оның көзқарасымен, пікірімен санасу, бөлісу; екіншіден, әр мұғалім өзінің пәнін жетік білу; үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде үнемі меңгеріп отыру. Осының барлығы жас маманның бойынан табыла білу қажет. Мен өзімнің мамандығыма лайық жас маман ретінде еліміздің дамуына қолымнан келгенше үлесімді қосып келемін. Балабақшада қызмет ету aйтуғa ғaнa оңaй іс болғaнымен, бұл мaмaндықтың қоғaм үшін қaншалықты мaңызы бaрлығын сол кәсіпті тaңдaғaндaр, осы жолдa еңбек етіп жүрген менің әріптестерім жaқсы түсінеді. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Балабақша мамандарының әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – мен секілді жастарға артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін біз жанымызды салып, қызмет етіп келеміз. Бастапқыда мен өзімді маман иесі болып келген жас маман деп есептесем, ал қазір мен мамандық таңдаудан қателеспегенімді түсінемін. Мамандығым «Тәрбиеші» болмаса да, тәрбие көзі саналатын балабақшада ағылшын тілін үйретумен қатар, бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Бір қуантарлығы өзім де, тәрбиеленушілерім де бағдарламаны меңгеру арқылы, әр түрлі деңгейдегі сайыстардан жоғары көрсеткіш көрсетіп келеміз.

Қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, өз тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесі қaлыптасқан ұстаздардан біршама дүниені үйреніп келемін. Мartebe.kz ақпараттық білім порталының ұйымдастыруымен өткізілген II Республикалық «Жас маман» байқауының «Бас жүлдесін» иемденіп, жеңімпаз атансам,дәл қазіргі уақытта 4 кезеңнен тұратын Республикалық «Ең үздік инноватор» сайысының 2-кезеңінде өзімнің бағымды сынаудамын.

Page 39: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

38

Қазіргі таңда елімізде жас ұрпаққа үш тілді білу міндеті де артып отыр. Сол себепті, жас маманның үш тілді меңгеріп, сол тілдерде сөйлеуі еліміздің дамуына да өз септігін тигізеді. Қазақ тілі-өзіміздің ана тіліміз, орыс тілі-мемлекеттік тіл, ағылшын тілін үйрену, сол тілде сөйлеу баланың да, ұстаздың да ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.

Сонымен қоса жас мамандарға қойылатын талап, жаңа технологиялардың тілін біліп, оны оқу қызметінде қолдана білу және оларды балаларға үйрету олардың бойынан табылатын жауапкершілік.

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында білім саласындағы үдерістерге айрықша тоқталып, Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу үшін жасалуға тиісті істерді атап көрсеткен болатын. Соның ішінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» тарауында оқу орындарына жүктелер сенім мен міндетті айқындады. Ұрпақ тәрбиесі – ең бір қасиетті де жауапты қызмет. Ұрпақ тәрбиелеу– ұлтқа қызмет ету. Олай болса, жас мамандар Елбасының саясатын жүзеге асыруда көп еңбектену керек деп ойлаймын. Ол үшін мәселен, Атырау қаласында мамандарды дайындайтын және қайта даярлайтын «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты біз секілді жас мамандарға әрдайым көмек беретін оқу орны деп білеміз. Осыған байланысты,осы институтта білім берудің ұлттық моделін жаңарту жағдайында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасалуда.

XXI ғасыр–білімді,талантты,әлемнің, елдің және отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін жастардың дәуірі. Ендеше, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу міндетінен жастар да шет қала алмайды, қайта соның нақ ортасында болады деп сендіремін. Жаңа формация жас маманы–білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.

Жаңғыру жолындағы жалынды жастардың, жас маманның рөлі - білім беріп, тәрбиелеп отырған оқушылардың, болашақ өскелең ұрпақтың алдында білімімізді кеңейтіп, елмен бірге дамып, үнемі ізденіс жолында жүру біздің алдымызға қойған маңызды мәселеміз болып табылады.

Қорытындылай келе,өз ісіне берік, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, олардың бойынан жоғары дәрежелі білім мен біліктілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін, қандай жағдай болмасын алған білімін дұрыс қолдана алуына жағдай жасайтын ұстаз болу–біздің міндетіміз.Сондықтан да, «Жалынды жастар–жарқын болашақ» тақырыбындағы түйінді ой толғауымды өлең жолдарымен аяқтаймын...

Ойыма мына менің бет бұр елім, Халықпыз қадірлеген тектілерін. Рухани жаңғыруға әрбір адам Үлесін қосу керек деп білемін! Есігін ұстаздықтың ашқан едім, Еңбекпен алға қадам басқан едім.

Page 40: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

39

Биылғы «Жастар жылы» қарсаңында, Дамытар жалындаған жастар елін. Бірі емеспін көш соңы қалғандардың, Жаңғыруға барымды салған жанмын. Елбасының айтылған тіл туралы Жолдауын басшылыққа алған жанмын. Ұстаздық қиын жолды ұғып жүрмін, Жаңалыққа құлақты түріп жүрмін. Ағылшынды үйретіп жас буынға Жас маман боп қызмет қылып жүрмін. Деп кіріссе әр іске халқым үшін, Жастарың жоғалтпайды талпынысын 30 елдің енерміз қатарына, Ағылшынды меңгеру арқылы шын.

ҚАЗМАҒАНБЕТОВА ӘСЕМГҮЛ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

2019 жыл еліміздегі жастар үшін ерекше жыл, себебі тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында осы жылды жастарға арнайтынын жеткізген болатын. Осылайша елбасымыздың үлкен бастамасынан кейін, жастарға үлкен мүмкіндіктер беріліп, кәсіпкерлікке, әлеуметтік белсенділікке, жоғары оқу орындары мен шетелдерде тегін білім алуға мүмкіншіліктер қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту мәселесі биылғы жылы басты назарда. Міне, осының барлығы бүгінгі жастарға беріліп отырған керемет мүмкіндіктер. Елбасының жастарға сенім артып отырғанының басты себебі, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, өнерпаз жастардың қолында екендігінде. Әр уақытта да қоғамның қолдаушы да қозғаушы күші білімді жастар. Ертеңгі ел ағасы. Бүгінгі жаһанданған ғаламда, ел болашағының қалай болатындығы әрбір саналы Қазақстан азаматына уайым. Баянды мемлекетіміздің тәуелсіздігін жалғастырар да елсүйгіш, ұлтжанды, білімді жастар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздің 4,5 миллионнан астамы жастар екен. Демек, халық санының 30 пайызын жастар құрап отыр. Ендеше, тәуелсіз елдің болашағына баланып отырған жастардың, оқу-біліммен, жұмыспен, рухани тәрбиемен қамтамасыз етудің алғы шартын бастаған елбасымыздың ұшқырлы саясатын оң деп білемін. Сондай-ақ, қазіргі мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта осы жылғы жастар жылындағы барлық жобаның үздіксіз жалғасып отыруына кепілдік берген болатын.

Мен бүгінгі күндері Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы «Жасұлан» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілік қызметте жұмыс жасап жатырмын. Демек мен еліміздің болашақ жастарын, болашақ

Page 41: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

40

мамандарын, болашақ ел азаматтары мен азаматшаларын тәриебелеп жатырмын. Жас шыбықтай қалай исемде, сол жаққа икемделе түсетін бүлдіршіндер алғашқы тәрбиені ата-ана мен біздерден алып жатыр. Яғни біз олардың бойына адамгершілік пен ұлтжандылық тәрбиесін дұрыстап сіңірте алсақ, бұл біздің ел болашағына, ел егемендігінің беріктігіне қосқан орасан зор үлесіміз болатын еді.

БЕРМҰХАНОВА ӘСЕМ ШЫНТАЙҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау энергетика және құрылыс колледжінің Арнаулы пән мұғалімі

Қоғамның қазіргі заманғы дамуы білім берудің жаңа жүйесіне –

«инновациялық технологияларды қолдана отырып оқытуға» көшуді талап етеді. Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бүгінгі оқыту технологиясы жаңа өзгеріс үстінде. Білім берудің парадигмасы өзгеріп, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Жаңа технологиямен оқытудың негізгі мақсаты – берілген үлгі бойынша «өнім» алу, оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.

Ресейлік ғалым В.М.Глускин АЖТ–ның пайдалы жақтарын өзінің «Технические средства в обучении иностранному языку» атты зерттеуінде былай деп атап көрсеткен: -мұғалімнің студенттерге ақпараттық мәліметті беруге мүмкіндігін кеңейтеді; -оқу үдерісінде студенттердің іс–әрекеттерін реттеп, оларға бағыт–бағдар беруге көмектеседі; -ауыз–екі біліктіліктерді дамыту барысында жаттығуларды қызықты әрі белсенді ете түседі [1].

Ғалым М.Д.Рыбаков компьютерді шетел тілі пәні сабағында қолданудың төмендегідей тиімді жақтарына тоқталады: -компьютер оқушының ауыз–екі сөйлеуін тездетеді; -тілін үйреніп жатқан ел туралы кең мәліметтер береді; -оқушыға шетел тілінің түрлі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық т.б. ерекшеліктерін көрсетеді; -оқушы мектептен тыс жерде де компьютер арқылы шетел тілін оқуды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады; -оқушының өз бетімен жұмыс істеу біліктілігін арттырады; -компьютерді қолдану оқу–тәрбие үрдісіндегі музыкалық, түр–түстік, сандық, ойындық т.б. мәліметтерді жеңіл шешуге қолайлы жағдай тудырады.

Шетел тілін оқу үрдісінде жаңа мультимедиалық технологиялар үздік әдістемелік тәсілдермен шебер әрі дұрыс ұштастырылса, өте тиімді нәтиже беретінiн уақыт өзі көрсетіп отыр. Шетел тілі сабағында компьютер арқылы атқарылатын жұмыстарды екі түрге бөлуге болатындығын айтады М.Д.

Page 42: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

41

Рыбаков.Танымдық әрі білімдік компьютерге арналған бағдарламалар сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді қолдануға өте қолайлы. Ойын элементтері бар бағдарламаларды қолданып, мұғалім оқушылармен жеке және топтық жұмыстарды жасай алады [2].

Адамзат дәуірі басынан сан түрлі даму кезеңдерін өткерді. Ал біз қазіргі XXI –ғасырдың жаһандану заманында өмір сүріп отырмыз. Қазіргі уақытта техно жаһандану бүкіл әлемге өзіндік ықпалын тигізіп жатыр. Бізде сол көштен қалмауға тырысып бағып жатырмыз. Соның ішінде біз,педагог ретінде қазіргі таңда инновациялық технологияларды өзіміздің білім беру саласында тиімді қолдана білуге тырысып жатырмыз. Педагог дегеніміз – бұл жәй ғана адам емес, осы болашақ біздің жастарымыз яғни елдің тұтқасын ұстар азаматтарымызды дайындайтын тұлға десекте болады. Ұстаздың орны әрқашан сыйлы болған себебі, ұстаздар білім нәрімен сусындатады тұтастай бір елдің болашағының жарқын немесе көлеңкелі болуы осы педагогтарға байланысты болмақ. Қазіргі таңда біз білім саласын осы инновациялық әр түрлі технологияларды қолдану барысында көптеген жетістіктерге жетіп отырмыз. Соларды атап көрсететін болсақ: интерактивті тақта немесе көркем аудиоторияларға қол жеткіздік, неше түрлі ұйымдастырыушылық жұмыстар жасалып жатыр демек соны әрі қарай жалғастыру жандандыру мақсатында әр түрлі оқу технологиялары өмірге келіп,шет елдің тәжірбиесінен өткен тәсілдерді қолданып жатырмыз. Мектеп бағдарламасында түрлі өзгерістер болып жатыр.Сөзіме дәлел ретінде атап көрсетсем, бағалаудың өзгеріп жатқандығы. Критериалды бағалау, жинақтаушы бағалау, оқушылардың өзін–өзін дамытуға, тәрбиелеуге үйренуі осының барлығы біздің болашаққа деген бір қадам басуымыз болып саналады және де жоғары оқу орындарындағы дамудың белгісін қазіргі таңдағы қашықтықтан оқыту бағдарламасынан білуімізге болады. Сонымен қоса көптеген электорнды кітапханалар пайда болды.Ол тек қана жоғары оқу орынының студентеріне ғана емес сонымен қатар мектеп оқушыларына да қол жетімді болып табылады. Жаңа бағытта білім беріп жатырған мектептерде электронды журналға көшуі, барлық қағаздардың элекронды түрде жазылуы.Бұл ақпараттық технологиялардың дамығанын білдіреді.

Ал,қазіргі XXI–ғасыр ол ізденісті талап ететін ғасыр болып табылады. Яғни, біз, педагог ретінде оқушыдан көп білуіміз қажет. Сол үшін педагог күнделікті ізденуді талап етіп отыратын мамандық болып табылады. Қазіргі дамыған ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабы. Біз өзіміздің елімізді дамыту үшін, өзіміздің болашағымызды құрастыру үшін, дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін біз олардың ғылымын білімін өзімізге алуымыз керек. Ал сол білімді алудың ең негізгі жолы ағылшын тілін үйрену болып саналады қазіргі жастарымыз ағылшын тілін үйрену арқылы болашақта сол шет елмен тәжірбие алмасуды одан әрі дамытып сол елдің технологиясын елімізге сіңіру арқылы бізде өзіміздегі бар байлықты пайдаланып осындай жаңа технологиялар бәсекеге қабілетті жоғарғы компьютерлер,түрлі телефондар, ноутбук жасап шығара алатындай боламыз. Қазақстандағы ең көп көңіл бөлініп отырса да дамуы жағынан нашар болып

Page 43: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

42

келе жатқан бұл IT саласы яғни технология жасау, нанотехнологя деген салалар болып табылады. Осы салалардың болашақта өсіп өркендеуі үшін біз осы үш тұғырлы тілді оқыту үшін жәнеде ағылшын тілін әрі қарай жалғастырып оны одан әрі қолданысын дамыта беруіміз қажет. Болашақта жастарымыздың сол болашаққа деген қызығушылықтары жолында кедергілердің болмауы қазіргі таңдағы біздің білім беруімізге байланысты болып табылады яғни қазіргі жаһандану кезеңінде біздің жастарымыз көбі еліктеушілікке, белгілі бір нәрселерді жаңалықтарды ашуға құмар болып келе жатыр біз олардың алдынан есікті айқара ашып беруіміз қажет. Сол үшін заманауи көп тілде білім берудің Қазақстан үшін тиімділігі көп болмақ.Мен өзім педагог ретінде осы нәрселерді қолдаймын. Себебі: қазіргі таңдағы жастардың қызығушылығы тек қана біздің Қазақстанның ғана шеңберінде емес осы шет елде болып жатырған оқиғалар, әртүрлі нәрсеге қызығуы олардың болашақта үлкен азамат болып саяси аренада болсын елімізді танытуда болсын олардың үлесі өте жоғары болатындығын біз байқай аламыз. Жастар біздің болашағымызды қалаптастырушы яғни біздің қазіргі таңда әлемге аяғымыз нық басып, нық басқан күйімізде қалуымызға себепші осы жастарымыз болып табылады. Қазіргі таңда физика, биология, математика,химия салаларында ағылшын тілінде оқыту, Осы біздің жоғары технологияларда қол жеткізу көптеген кедергілерді жояды. Мысалы: болашақ дәрігер болғысы келетін оқушы ол қазірден бастап биологияны ағылшын тілінде оқып осы болашақта шыққан технологияларды емін еркін меңгеріп кетуге қабілетті болады.

Кем дегенде үш тілді меңгеру–заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық–коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды [3].

Көптілді білім– көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту–жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты–бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой–өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Маманға шет тілін меңгеру кез келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады.Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болады, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай,сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады,оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым–қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.

Page 44: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

43

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл жобаның еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік деп жүргенде өз тілімізді соның бірі ретінде қолданып қалмаймыз ба деген ой туындауы әбден мүмкін. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани– адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан– жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық–технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу–әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білу қажет. Оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым–қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік–мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру–өмір талабы. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет– халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Әлемдік білім беру іс–тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс–тәжірибесінде қолданыс тапқан модельдерін енгізу–жаңа педагогикалық проблема,себебі ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс [4].

Page 45: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

44

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Глускин В.М. Технические средства в обучении иностранному языку. – М., 1990.–С. Көпжасарова Ү.И., Далабаева А.С. 2.Рыбаков М.Д. Использование компьютерных технологий на уроке иностранного языка // Современное образование в России.2005. № 5. 15–27. 3.ҚР Президентінің Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»// Егемен Қазақстан. – 2007. –№ 55. – 11–13–б. 4.Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері.–Алматы: Білім, 2009. – 189, 190–б.

ХАСАИНОВА АЙДАНА ЗУЛПУХАРОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Міне, еліміз Тәуелсіздік алып көк туымызды желбіретіп, еңсеңімізді

көтергенімізге биыл 28 жыл толып отыр. Аз ғана уақытта Қазақстан адам танымастай гүлденіп, өсіп келеді. Бүгінде біздің елімізге қаншама ілем қызығып қарауда. Елімізді одан әрі көркейту , оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Ел бламын десең бесігіңді түзе дей келе, осындай еңсесін тіктеп келе жатқан елге, ең алдымен білімді, дарынды, жігерлі ұрпақ керек деп ойлаймын.Елбасымыздың өзі ұрпақ тәрбиесіне аса назар аударып, өз жолдауларында «Елдің ертеңін ойлау керек 21 ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмір сүруге бағыштауымыз керек» деген сөздерді бекер айтпаса керек.Олай болса, әрбір мемлекеттің келешегі мектебінде шыңдалатыны анық. Болашақта ел тізгінін ұстау-біздің қолымызда екені анық. Сондықтан бойымдағы бар жақсылығымды елімнің болашағы үшін жұмсағым келеді. Ата- бабаларымыздың мұрат еткен аманатын, сенімін ақтап, Тәуелсіз елімнің тізгінін ұстар азаматшасы болғым келеді.

Арман. Мақсат. Талпыныс. Әр адам ұйықтар алдында өзінің болашағының қалай болатынын елестетеді, армандайды. Арманнан мақсат пайда болады. болашағымыздың жарқын болуы үшін әр адам алдына мақсат қойып, соған жету үшін барынша тырысуы керек. Болашаққа жасаған әр қадамымыз маңызды. Адам алдында не күтіп тұрғанын білмейді, болжай да алмайды. Барлығы бір Алланың қолында. Біздің қолымызда мақсат қойып соған ұмтылу, нәтиже шығарып, барлығы жақсы болатынына сену келеді. Біз болашағымыздың қандай болатынын білмесек те, елестете аламыз. Қиялымыздағы нәрсенің шынайы болуы үшін тек әрекет ету жеткілікті.

Болашақ дегеніміз -ол біздің маман болып шығуымыз,отбасын құрып ұрпақ тәрбиелеуіміз. Болашаққа басқан әр қадамымыз сәтті болсын.Алда бәрімізді жарқын болашақ күтіп тұрғанына кәміл сенімдімін.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі

Page 46: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

45

біреулер үшін – жаңалыққа талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң деген бағытта барады. Мен қазіргі таңда оқу орнын жаңадан бітіріп келген жас маманмын. Тәжірибем аз, үйренетінім көп. Болашақта мен білімін жетілдіру курстарынан өткен білікті маман иесі болғым келеді.Жақсы мұғалім—бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылығы мол тұлға. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандықты меңгереді. Ол үшін тек табандылық, еңбекқорлық, мақсаткерліктің арқасында мансапқа жете алатыныма сенімдімін. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында». Болашақта оқушыларды жарыстарға дайындап, сол дайындаған оқушыларым жетістіктер алатынына сенімдімін.Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім ретінде, өз пәніме қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық-психологиялық деңгейімді өсіріп отыруға міндеттімін деп білемін. Мен 5 жылдан кейін өзімнің нағыз ұстаз екендігімді жан-жақты дәлелдеген мұғалім боламын деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде қандай да бір семинар немесе іс-шараларда жүретініме сенімдімін.Оқушыларды жылда пән олимпиадаларына апарып жүлдегер ету менің мақсатым. Себебі беріп жатырған білімімнің жетістігін көргім келеді. «Үш тұғырлы тіл-болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбында әдіс алмасу семинарларында ашық сабақтар өткізу алға қойған мақсаттырымның бірі.

Ұстаз-талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан, «ұлағатты ұстаз» деп ауыз толтыра мақтауға лайық жандардың бірі болғым келеді.«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші,білімді шәкірт тәрбиелеген ұстаз–толағай жетістіктер мен марапаттаулар алған, ұжым алдында жаңашыл,еңбекқор,беделді ұстаз болатыныма сенімдімін.Мен өзімді әруақытта жас ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие беру жолында бағыт–бағдар беруді үлкен жауапкершілік деп танитын тұлғамын деп санаймын.

Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани–адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай игілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы.Жастар–жердің,елдің иесі,қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны–Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деген сөзімен аяқтағым келіп тұр. Жұмысына аңсап барып, қуанып қайту, өзінің не бітіргеніне, енді не істейтінін білу, бұл-мамандығын сүйген адамның ісі.

Page 47: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

46

ГАББАСОВА БАЗАР КАЗТУГАНОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің зеттеуші педагог «Музыка және ән сабағының» мұғалімі

Мен жастарға: «Алдарында таудай талап тұр.Өмір заңғарлары үніме

биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер дер едім.» Ғабит Мүсірепов

Иә, жалындаған жастарға қаншама ғұлама тұлғаларымыз үлкен үміт артып,зор сенім артты емеспе?!

Жастар дегенде де әр қоғамның өз жастары болады,олардың да қабілеті, психологиялық дамуы,түсінігі әр қилы Жалынды,өр ақын Мағжан атамыз «Мен жастарға сенемін!»-деп өз заманының надандығына қарсы шығып,жалынды,сауатты жастардың шығуын армандаған.

Тіпті, қай тұлғаларымыз,ақындарымыз болсын өз заманының жастарынан үміт күтіп отырғаның ақпарат беттерінен жақсы таныспыз. Ал, енді қазіргі XXI ғасыр жастары қандай болмақ?

Бүгінгі эссемде өз заманың жастары туралы ой толғамақпын. Міне, Қазақстан өз тәуелсіздігімізді алып, XXI ғасырдың жаңа 10 жылдығына қадам басты бүкіл әлемге танылған Қазақстан күннен-күнге көркейіп келеді. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «мен сіздерді,бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты-біздің еліміздің көтерілуі және гүлдену уақыты.Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» деген болатын. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі-тікелей жастардың қолында екенін біздер ұғымуымыз керек.Оның үстінде,Елбасының 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауы тегін емес.

Яғни, Елбасымыз жастарға үнемі сенім артып келді.Сол сенімді қазіргі жастар орындап келе ме? деген сұрақ мені мазалайды. Керісінше, жастар әлі де болса еріншек.Үнемі ата-анасына қарап қол созып,ата-әжелерінің зейнет ақысына күнелтіп отырған ауыл жастарын көріп отырмыз... Жастардың қазір санасын ұялы телефондардағы көрсетіліп, жіберіліп жатырған мәнсіз-мағынасыз түрлі бейнебаяндар улап тастаған.Қазіргі жастар ешқандай көркем әдебиет оқымайды, кітапханалармен байланыс жасамайды. Ақпарат құралдарынан хабарсыз.Осындай ауыл жастарын көріп отырғанда,елді көркейтіп жатқан қімдер деген ойда қаламын.

Менің ұстаздың еңбек жолында жүргеніме он сегіз жыл. Ең әуелі еңбек жолымды музыка пәні мұғалімінен бастап, кейін қазақ

тілі мен әдебиеті пәні бойынша мамандық алдым.Мен алғаш еңбек жолымды 2001 жылы мектептегі музыка және ән сабағының мұғалімі мамандығы бойынша осы салада он сегіз жыл жұмыс жасап келдім. 2016 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр бітірдім.Ендігі мақсатым: осы қазақ

Page 48: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

47

тілі мен әдебиетін терең меңгеріп ғана қоймай, өз ана тілін құрметтеп, ана тілін сүйе білетін , сөздік қоры бай ұрпақ тәрбиелеу.

Болашақта ұстаздар,соның ішінде жас ұстаздарға үлгі болу басты міндетім деп ойлаймын.Өзім көпбалалы ана бола тұра үлкен отбасы тірегімін.Ешқандай еңбектен қол үзгенім жоқ.Үлкен екі ұлым да еңбекке араласқан.

Жастардың оқып,білім алып,еңбекке араласуына да ата-ананың ықпалы, өте зор болады. Себебі, елге үлес қосатын осы жас ұрпақтар.

Қазіргі жас ұрпақ,Тәуелсіз елдің ұрпақтары.Оларға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, әр ата-ана балаларын тек ұстаздарға,қоғамға артып тастамай,отбасында да тәрбие беруі керек.

Егер де қоғам,отбасы,ұстаз бірігіп тәрбие мен білімді қатар беретін болсақ, біз нағыз жалынды жастар тәрбиелей аламыз.

Қазір білім реформасында оң өзгерістер болып жатыр. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы – ұрпақты креативті ойлауға, өз пікірлерін еркін айтуға,өзін-өзі бағалап, өз бетімен ізденуге бағыттап білім беруде.

Яғни, мектеп бітірген түлек өз бетімен оқып, өзі ізденіп, өзі шығармашылықпен айналыса білетін ұрпақ болуы тиіс.

Жаңа отырғызған жас ағаш баптап-күтсең ғана жайқалып өседі ғой. Міне, жастарды мектеп табалдырығында, отбасын да жүргенде дұрыс

бағыт беруіміз қажет деп ойлаймын. Мен де жастар қатарындамын, жас ұстаздардың бірімін. Мақсатым:

білімді,саналы ұрпақ тәрбиелеу. Аянбай еңбек ету, шәкіртімнің жеңісін көру.Сол мақсатта әлі де

жалықпай жұмыс жасай бермекпін. Сондықтан қазіргі жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек.

Өйткені жастар-еліміздің болашағы.Менің ойымша, тек санасы сергек, жаңа технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриотттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алады.

Жастар жердің, елдің емес, қахзақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Өз Отанын, жерін, елін сүйген ұрпақ ғана нағыз патриот болады. Ендеше, Тәуелсіз еліміздің жалынды, жастары көп болғай! Болашақ жастарымыз еліне үлес қосатындай білімді де болуға тиіс.

Міне, менің жастар туралы пікірім осындай. Ендігі жерде еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

МАНАСОВА АЙЗАДА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Тасшағыл орта мектебінің мұғалімі Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін,-деп,

Page 49: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

48

Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да–жастар! Жастар–үлкен күш.Жастар–жалын от. Жастар–жарқын болашақ. Еліміз қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де жалынды жастардың көптігімен ерекшеленеді.Тәуелсіз Отанымызда елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет ететін жастардың шоғыры көбейіп, жаңа келбетті жас толқынның өсіп келе жатқанын көргенде, көкірегімде мақтаныш сезімі оянады.

Мен де өзімді келешектің іргетасын қалау үшін саналы ұрпақ тәрбиелеуде күш салып, қызмет етіп жүрген жастардың бірі санаймын. Адам бір жылын ойласа–дән себеді, бар ғұмырын ойласа–ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа– ұрпақ тәрбиелейді. Иә, расымен ақылдың кені болған бабалар сөзі тегін айтылмаған.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Филология» мамандығы бойынша оқуға түсіп, кейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен оқуымды жалғастыруым арманымның жүзеге асуы болды. Білім жолында педагогика ғылымдарының докторы, доцент Нұрша Оразақынова, профессор Тебегенов Темірхан Сақаұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Алпысбай Тамаев, үнемі Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында қойылымдары қойылып жүрген Серік Асылбекұлы сынды ұстаздардан дәріс алып, ұлағатты ұстаздардан білім алғанымды мақтанышпен айта аламын.

Ұстаздарымызбен қатар, әжеміз бен анамыздың «бірінші мақсатың – отбасын құру, саналы да салиқалы ұрпақтың анасы атану, содан кейін ғана ғылымға бет бұру» деген сөздерін жадымызға тоқи жүрдім. Арқа сүйейтін тірегім, жолдасымның қолдауы арқылы жетістікке жетуге өмірлік жарыммен бірге жарқын болашаққа қадам жасадым.Жас отбасы,білім мен өнер саласында жас маман болсақ та бір–бірімізді түсінуге,қолдауға тырысамыз.

«Жастардың оқу–тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген Ахмет Байтұрсынұлы.Біз секілді жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу–білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Өркениетті, дамыған мемлекеттер қатарына енген Қазақстан жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктету – білімді жастардың қолында.

Тұңғыш елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел» жобалары, биылғы жыл «Жастар жылы» деп жариялануы жастарға ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануды қажет етеді.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр» -деп, жастарға зор сенім мен үміт артты. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету,

Page 50: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

49

елімізді өркендету, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастардың басты міндеті.

Жарқын болашақ білімі мен білігі толысқан, ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, озық ойлы, өресі кең, рухы биік, талабы таудай жастардың қолында!

Ойымды қорыта келе, рухты оятар өлең жолдарын барша қазақстандық жастарға жолдағым келеді.

Оян, жастар, оянатын кез келді. Бұрынғыдай замана жоқ өзгерді. Әуел баста ақша болса, құндылық, Қазіргі таң білім күші тең келді. Біліміңді дәлелдесең, нақтылып, Жүрек жұтсаң, тәуекел ет, бақ сынап. Пайдаң тисе, заман мен қоғамға Гүлденбей ме, дамымай ма шартарап? Дарындылар заманасы дәл қазір, Бәсекелес, өзгеріске бол әзір. Абай айтқан ақыл, қайрат, жүректі, Біріктірсең, болмаймысың, нық әзір. «Әл – Фараби, Қашұариге қарасаң, Абай атаң, Ахметтерді санасаң, Өз дарынын дәлелдеген тұлғалар Дәл соларды ұстаздыққа баласаң, Арман қуып, мақсат қойып алға бас, Ұмтыл, самға, білімдіге жарасаң. Елімізді қолдай білген, түсе білген араша, Тұңғыш Президент айтқан дәл тамаша. «Қазақстан болашағы – қазір жастар қолында» Дәстүр сақтап, ғылым қуған, ойлай білген жаңаша.

ТӘЖБЕНТАЙ ӘСИЯ САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Дефектолог - логопед «Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі

Еңсесі биік егемен елдің ұрпақтары білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі

ояу кез- келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай тер төгеді. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланған болатын. Бұл жолдауда еліміздің болашағы жастарға, яғни біздерге айрықша көңіл бөліп, жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырып отырғандай.

Page 51: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

50

Бүгінгі еліміздің елдігін айқындап, беделін асқақтатар біздің келешегіміз белсенді жастар.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның қатарында бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы түсінемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Осындай тұғыры биік тәуелсіздікті нық ұстаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы деп білемін. Ал, осы тәуелсіздікті сақтап қалу, ел үшін еңбек ету біздер, яғни жастардың қолында.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың « Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса-ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас – отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады » деген қанатты сөзі біздің жадымызда.

Қазіргі таңда елімізде жастарға барлық жағдай жасалуда. Жастар жылын пайдалана отырып, жастар өз кәсіптерін ашып, өз бастамаларын халық игілігі үшін көрсетіп келеді. Менде, қазіргі таңда еліміздің дамуына өз үлесімді қосып, еңбек жолына енді қадам басып келе жатырған жас мамандар қатарындамын. Мен, Тәжбентай Әсия Сайлаубайқызы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында өмірге келіп, Е.Ағелеуов атындағы орта мектепті білім алып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін үздік аяқтап, қазіргі таңда Атырау облыстық көмекші мектеп-интернатында дефектолог маманы қызметін атқарудамын. Жалпы еңбек өтілім 2 жыл. 2017жылы Ақтау қаласында, 2018 жылы Алматы қаласында ТОО «Центр САТР» арнайы мамандарға өткізген «Арнайы мектептерде ақыл-ойы және дене бітімі дамуының бұзылулары бар балаларға арналған түзете-дамыту құралдарын пайдалану, жүргізу» тақырыбындағы оқу-семинарына қатысып, білімімді жетілдірдім.

Дефектология ғылымда жаңадан тұсауын кескен сәбидей алғашқы қадамын елімізде енді бастап келеді. Ананың денсаулығынан ба, әлде әке қанының улануы ма, ауаның ластануы шығар мүмкін жазмыш болар әйтеуір күні бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны азаймай отыр. Мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі үлкен болса, дефектологтың жауапкершілігі одан он есе зор болмақ. Бүгінгі таңда елбасымыз мүмкіндігі шектеулі жандарды ел қатарлы қоғамда бірге оқып, бірге қоғамдық істер атқару жолында үлкен үлес қосып отыр. Педагог К.Д.Ушинский « Мұғалім - ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»,-деген. Сол үшін де мен дефектология мамандығының қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім.Оқыту мен тәрбие, түзету мен дамытушылық жұмыс барысында жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі оқушының білім деңгейін, қабілетін сараптап, әлеуметтік ортаға дұрыс бағыт - бағдар беруді, оларды егемен еліміздің қоғамындағы заманауи талабына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндетім деп есептеймін.

Page 52: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

51

Сонымен қатар, ауданымыздың көркейіп дамуына түрлі салаларда қызмет атқаратын жергілікті жастардың қосып келе жатырған үлесі айтарлықтай зор. Ұжымда жалғыз жас маман өзім болсамда мектепішілік, аудандық, облыстық шараларды ұйымдастыруға ат салысамын. Жалпы ауданымызда, үкіметтік емес ұйымдардың саны аз. Қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер жоқтың қасы. Соның негізінде, 2019 жыл 9 ақпан күні « Жарқын болашақ » Жастар қоғамдық бірлестігі ашылған болатын. Осы бірлестіктің мүшесі болып сайландым. Ауданның белсенді жастарынан құрылған бұл қоғамдық бірлестіктің ашылу салтанатын облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев мырзамен Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметов мырза салтанатты түрде ашып берген болатын. Жалындаған жастарды бір арнаға тоғыстырып, жаңа серпін беріп, тың ерекше идеяларымен әркез бөлісіп отыратын бірлестігіміздің президенті және 10 адамнан құралған бірлестік мүшелері және ерікті жастар жасағы бар.

«Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің алдағы жылы атқарар міндеттері көп. Яғни, 2019 жылға оқушылардың дебат клубы, жастардың тиімді тынығу клубы, қыз - келіншектердің рухани танымдылық клубы, ерікті жастар жасағы, отбасылар сайысы, әуесқой жастар театрының жастарға және балаларға арналған сахналық қойылымдары, спорттық - зияткерлік ойындар,тур-саяхат, өнер фестивалі, облыстық жастарға арналған білім беру және сауықтыру лагері, облыстық жастар форумы, зияткерлік ойындар және рухани кездесу кештері жоспарланған болатын. Біздің ендігі мақсатымыз, осындай шараларды ұйымдастыру арқылы, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға жұмылдыру, рухани жан азығын беру арқылы қоғамдық белсенділікті арттыру. Ұнамдыны ұтымдымен ұштастыру, жастардың мәдени тынығуын қамтамасыз ету.

Жан-жақты болғанды,әрқашан ізденуді қажет етемін, өз мамандығыммен еңбек етіп келе жатсам да, өзімнің сүйікті ісімді болашақта қолға алу басты мақсатым. Яғни, өз жеке кәсібімді ашу алдағы уақытта жоспарланып отыр.Осының негізінде елімізде жалындаған жастарға көптеген мүмкіндіктер беріліп жатыр, «Zhas project» гранттық байқауына да қатысып, өз бағымды сынамақшымын, бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Жастар үшін керемет мүмкіндіктер сыйлап, жастарды қолдап, демеу беріп, бағыт - бағдар көрсететін осындай елде туылғаныма, еңбек етіп, әлі де елім үшін қызмет атқаратыныма өте қуаныштымын.

Қорыта келе, бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда елімізде осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалынған.Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден - бір куәгері болмақ!

Page 53: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

52

Жастар жылы құтты болсын! Болашағымыз жарқын болғай!

Page 54: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

53

ЕШЖАНОВА ӘСЕЛ КЕНЕСБАЙҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы, "Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін №7 М.Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлкеттік мекемесі

Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ.

Назым Хикмет Ран

Жастық шақ–адам өміріндегі қайтадан кері оралмас ең керемет өмір кезеңі. Дүниеге шыр етіп келіп, өмірді жаңа- жаңа танып, балалық шақта отбасыңнан, жан-жағыңнан алған тәрбие-тәліміңді жастық шақта дамытып, өз-өзіңді көрсете аласың. Жалындаған жастық шақта бәрі тамаша: әрбір атқан таңмен қайталанбас күн туады, адамдардың бәріне деген сенімділік орын алады, кеудеңдегі алпауыт күштің барын сезесің. Осы тұста қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғасы Міржақып Дулатовтың керемет сөзі бар: «Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады.Ағаш, шөп те, гүлдер, жапырақтар бір-ақ рет жарасады» осы секілді адам баласына жастық екі келмейді. Жастық-біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз, қыс келеді.Сол сияқты жастықтан соң кәрілік келеді. Шаруасына жинақы кісілер жаздың күні қыстық азық-түлігін даярлап қояды.Адам да жасында өнер, білім, жақсы мінездерді бойына жинақтауы тиіс.Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды!

Жастың аты– жас. Жас адамның денсаулығы да, ақыл ойы да, үйренуге, меңгеруге деген құлшынысы да зор. Сол себепті де осы алтын кезеңді босқа өткізбей, оны тиімді пайдаланып, өмірдің жақсылығын бойға сіңіріп, жамандығынан сабақ алып үлгеру- әр адамның да басты міндеті болмақ.

Ақпараттарға сүйінсек, жас дегеніміз 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар мен азаматшалар. Қарап отырсақ, адам өмірінің нағыз дамитын, білім алатын, өнер үйренетін ең бір табысты жылдары емес пе?

Мен де осы ұлы мемлекеттің бір бөлшегі, жалындап тұрған жас қызымын! Біздің елімізде жастарға көп қолдау көрсетіліп, мына өмірде өз орныңды табуға барынша жағдай жасалған. Әрбір Қазақстан адамы сияқты тегін білімімді алдым, денсаулығыма тегін көмек алдым, орта білімін коллежде оқыдым, университетте жоғары білім алдым. Қазір өзім де мектеп қабырғасында жас маман болып, болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне жауапты ұлы қызмет, мұғалім болып қызмет етудемін. Біз - Қазақстанның ең бақытты ұрпақтары, тәуелсіз елдің ұландарымыз.Тәуелсіздіктің құрдасы болғанымды, осы бейбіт те қамсыз елде өмір сүргеніме мақтанамын! Елімізде әрбір жасқа ұлт болашағы ретінде қарап, бар жағдай жасалуда: «Болашақ» бағдарламасы арқылы қаншама жастар өз білімін шетелде алып, біліктілігін жетілдірді; «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша қанша отбасы

Page 55: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

54

баспаналы болды; ал 2019 жыл тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың ұйғаруымен «Жастар жылы» деп белгіленді. Жастарға қанша қолдау, көмек көрсетілуде. Өз кәсібін ашқан жас кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетіліп, жұмыссыз жастарды қамту да қолға алынған болатын. Осы мүмкіндіктердің арқасында қаншама жастардың өмірінде оң өзгерістер болды.

Жастық шақта бәрі қайратты, қуатты болады. Сол себепті де осы жігерлі уақытты алдымен білім алуға, жақсылық үйреніп, өнер игеруге жұмсауымыз керек.Сол кезде ғана біз жарқын болашағымызға жол ашамыз.Ата– анамыздың үмітіп ақтап, мына дамыған, алпауыт заманның бір кірпіші болып қалану әр жастың арманы деп ойлаймын. Әр адамның бақыт кілті өз қолында.Сол себепті де қамшының сабындай қысқа да алтын ғұмырымызды, құлпырған бәйшешектей, жарқыраған жұлдыздай аз ғана мезгілін құр босқа өткізбейік!

ТЕМИРАЛИЕВА АЙНУР МУРАДЫМОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Құрманғазы ауданы Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп –интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Жас келсе іске»-дейді дана халқым. Расында да, күш –қуаты бойында

жігері мен қайраты жүрегінде тулаған кезде, жастық шақты жалындатып жандыру қажет. Себебі адам өміріндегі еш қиындықты сезбей, қанша сүрінседе елемей, намысқа тырысып бәсекеге түсетін шақ осы – жастық шақ.

«Жастар– қоғамның қозғаушы күші» деп те бекер айтпаған. Тәуелсіз елімізді дамытып,Қазақстан жерінің атын шығарып, әлемге таныту жастарымызға жүктелді. ХХІ ғасыр- технология мен интернет заманы. Болашақты ойлаған қабілеті мен білімі толықсыған жас буын өкілдері еліне адал қызмет етіп, бәсекеге қабілетті елдермен тең түсуді мақсат етіп отыр. Ел игілігіне бағытталған жастардың мұндай бастамаларына мемлекет тарапынан әрқашанда қолдау беріліп отырады. Мен 2009 жылы Атырау мемлекеттік университетінің «филология»факультетін тәмамдағам.Сол жылы Елбасымыздың «Дипломмен ауылға» бағдарламасы күшіне енді. Мен үшін де, басқа да ауыл жастары үшін де тың серпіліс болды. Себебі бір жолғы көтерме ақша, төмен пайызбен тұрғын үй сатып алуға несие бөлінді. Осындай қолдаудан көп жастар ауылға ағыла бастады. Менде сол мүмкіндікті пайдаланып, ата –анам мен бауырларымның көз алдында жүріп, ауыл балаларының білім нәрімен сусындауына үлес қосуды көздедім.

Міне, содан бері кіндік қаным тамған Құрманғазы ауылымда ұстаздық еткеніме бақандай 10 жыл болыпты. Әрине 10 жыл аз да емес, көп те емес. Дегенмен, менің әрбір атаулы жылдарым мен күндерім еліміз үшін маңызы бар тарихи жылдармен тұспа –тұс келіп жатады.

2019жылы «Жастар» жылы деп Елбасымыз жариялаған болатын. Қазақ халқы қай заманда болмасын жастарға сенім артқан. Мағжан атамыздың

Page 56: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

55

«Мен жастарға сенемін» өлеңінің өзі қазіргі тәуелсіз жастардың ұранына айналып отыр. Өлеңді оқыған кезде бойыңдағы рухың көтеріліп, намысыңды қайрап, өз–өзіңе деген сенімділігің арта түседі. Қазіргі қоғамдағы жастардың ролі өткен ғасырмен салыстырғанда едәуір жоғары. Оған дәлел басқа облыс, ауданды айтпағанда өзімнің туған өлкем киелі Құрманғазы аудан орталығындағы әкімшілік, жастар ресурсы, ішкі саясат, «Нұр Отан», мәдениет үйі, кітапхана, ХҚКО, жұмыспен қамту орталығы т.б мекемедегі мамандар мен қызметкерлердің басым көпшілігі осы жалынды жастар. Адамның ең сенімді байлығы– ақыл мен білім болса, ХХІ ғасырдың жастары сол екі байлықты ұштастырып, өмірде пайдалана білуде. Өнертапқыштар мен түрлі саладағы жас ғалымдардың жаңалықтары көпшіліктің таңдайын қақтыруда. Осындай әлемдік дәрежеге жету жастарымыздың тынымсыз еңбектері мен ізденгіштерінің арқасы. Мен партада отырған әрбір оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына күш –жігерімді аямаймын. Себебі жастардың ақылды, саналы, білімді, патриот болып өсуіне ұстаздар мен ата –аналар тікелей жауапты. Ұстаздық міндетімді атқарудан жалықпаймын. Ең бастысы елімнің ертеңгі жастары халқымыз бен туған жеріміздің игілігіне қызмет етсе болғаны. Әр дәуірдің білімді де жалынды жастары өздерінің адал, еңбексүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерімен өскелең ұрпаққа үлгі болып, болашағымыздың жарқын болатынына сенімдімін.

ОҢАЙБАЕВА МЕЙРАМГҮЛ ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, жас маман

Біз жастар туралы сөз қозғағанда, үнемі тарихи тұлғаларымызды мысал

етіп жатамыз. Әр елдің қозғаушы күші, ол - жастар. Жастар жанып тұрған от болса, ол елдің келешегі зор болмақ. Мәселен, өз тарихымызды алайық. Бабаларымыздың басым көпшілігі ұрпақтарының көзі ашық, көкірегі ояу болуды армандап, жастайынан ауыл молдасынан болса да сауат аштырып, оқуға, білімге берген. Қай-қайсысы да тек білімнің ұшпаққа шығаратынын айтқан, дәлелдеген. Білім деп отырғанымыз, біздің қазіргі түсінігіміздегі қалайда "диплом алу" немесе докторлық қорғау емес, бірнеше тіл меңгеріп, ұлтына қызмет ету, қазақ қоғамының өркендеуіне атсалысу. Оған дәлел көп-ақ. Ұлы ақын Абай "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" деп өкінсе, өр ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам" деп ұран тастады. Ұлты үшін күрескен Міржақып ақын қазақты "оятуды" мақсат етсе, қазақ тілінің негізін қалаған Ахмет бабамыз халықты сауаттандыру мақсатында ана тілімізді бір жүйеге келтірді. Қазақ балаларына тұңғыш рет оқулық жазып, қай кезде де білімді насихаттаған ағартушы Ыбырайды қалай ұмытайық? Ел-жерді аралап, салт-дәстүрі мен тарихын зерттеген этнограф Шоқанды ше? Жазу, сызу болмаған заманда да, би-шешендеріміз қазіргі соттың, ақынның, ұстаздың ролін бір адамдай атқарды,

Page 57: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

56

ел болып қалыптасуына қызмет етті. Тарихқа қарасақ, тағдырлары әртүрлі болса да, өмірлік ұстанымы бір болған бабаларымыздың жасы сол кезде небары отыздың ар жақ, бер жағы еді. Олар ұлт алдындағы қызметтерін азаматтық парыз санап, халқына адал қызмет етті. Осындайда Алашорда жетекшісі, ғалым Әлихан Бөкейхановтың "Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден" деген сөзі еске түседі.

Осыдан-ақ адам бойындағы қасиеттер - мінез, рух, отансүйгіштік, күш-қайрат жастардың бойынан табылса, мемлекет мүддесіне пайдаланатынын байқауға болады. Кез келген көреген басшы тұтқаны жастарға ұстатыны сондықтан. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жастарға жіті көңіл бөліп, қолдау білдіріп, биылғы 2019 жылды Жастар жылы атауы да бекер емес. Елбасымыз айтпақшы, "қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман". Бүгінгі күні жастарға артылған жүк ауыр. Неғұрлым заман жаһанданған сайын соған ілесе отырып, ұлттық салт-дәстүрімізден ажырамаған күйі ділімізді ұрпағымызға аманат ету - басты мақсат. Роботтардың адам өміріне енуі жұмысты жеңілдеткенмен, жалқаулыққа, енжарлыққа әкелетіні айтпаса да түсінікті шығар. Әрине, бәрін бірдей кінәлаудан аулақпыз. Шет елдерде еліміздің туын желбіретіп, атын асқақтатып, жас болса да, бас болып жүрген жастарымыз баршылық. Бірақ жер көлемі мен жер асты байлығымыздың көлемділігін, халық санынының аздығын ескерсек, ол бізге аздық етеді, біздерге біраз тер төгу керек. Қазіргі кезде сауық-сайран қуалағаннан, білімнің бағаланатынын замандастарым да біліп алған. Бірақ біразы болашағын біздің елмен емес, шетелмен байланыстыратыны көп ойландырады. Оған себеп те жоқ емес. Кейбірінің білімі жеткіліксіз болса, білімдісінің бар білімді тәжірибеде көрсететін жұмыстың болмауы немесе жастардың қабілеті бағаланбауы да әсер етеді. Оның үстіне "жастар қатыгез" дегенді көп естиміз. Абай атамыз айтпақшы, "Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын" деген соның дәлелі болмақ.Оған бәріміз кінәліміз. Себебі жоғарыдағы айтылған мәселелер тек жастардың қолында болса, қане?! "Сын тағылмай, мін түзелмейді" демекші, біз өз-өзімізді мақтап, арқадан қаға беретін болсақ, өсетінімізге күмәнім бар. Аға ініге қамқор боп, жол көрсетсе, іні ағаны құрметтеп, жол берсе, біздің ұлттық тәрбиемізге де, бүгінгі жаһандану дәуіріне де жат дүние болмас еді.

Сондықтан жастарға жағдай жасау - жарқын болашақ кепілі. "Болар баланың бетін қақпа, белін бу" дегендей, білімді жастарды ауыл, қала деп бөлмей, оларды білікті маман ғып тәрбиелесе, нәтиже шығары анық. Бізге, жастарға, сенім артылса, біз алмайтын қамал жоқ. Біз бүгінгіні өзгертеміз. Біз болашақты жасаймыз. Ол біздің қолымыздан келеді. Ендеше сөзден іске көшетін кез келді.

Page 58: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

57

НУГМАНОВА АРАЙЛЫМ БАҒЫТЖАНҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облыстық Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «Журналистика» мамандығының оқытушысы

ХХІ ғасыр–білімнің ғасыры. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген керемет сөз бар. Қазіргі жаңа заман Тәуелсіз елдің мұраты - жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. Қазақ елінің келешегінің кемел болуы да білімді жастардың қолында десек артық айтқандығымыз емес. Жастар білім мен кәсіби маман болуға ұмтылу қажет. Бұл үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек те, қолдау да бар.

Егемен еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев әркез жастарға сенім білдіріп, өз сөзінде «Сендер, Тәуелсіз Қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!» деген еді.

Биыл 2019 жыл–Жастар жылы!Жастар жылы деп тегіннен-тегін жарияланып отырмағандығы белгілі. Жастар жылы – білімді жастарға өздерін танытуға, жас кәсіпкерлердің кәсіптерінің алға басуына ықпал етіп, жастардың тәрбиесі мен тәліміне ерекше назар аударып, рухани жаңғыруына жол ашатын жыл. Міне, сол үшін де жастарға жігер беретін, жалын беретін тағылымы мол тәрбиелік шаралар көптеп өткізілуі керек. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі сен екеніңді ұмытпа» деген қанатты сөзі бар. Бұл қанатты сөздің астарына үңіліп көрсеңіз, жастардың еліміздің келешегінің жарқын болуында жастардың алар орнын айқындап, оларға үміт пен сенім артып отыр.

Мемлекетіміздің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», – деп атап өткен болатын.

Мемлекеттің негізін қалаған тұңғыш Елбасымыздың өте маңызды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мәнін тереңірек түсінсек, рухани жаңғыру кезеңінде халқымыздың рухани түлеуіне бағыт беретін, ұлттық кодымызды айқындайтын мәселелердің егжей-тегжейлі зерделеніп, ел мүддесіне пайдаланылуы, жастар тәрбиесіне бағытталуы туралы жақсы айтылады. Өйткені мемлекеттің тұтқасын ұстар

Page 59: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

58

азаматтарды қалыптастыруда зиялылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі барған сайын айқындалып келеді. Күн сайын өзгеріске ұшараған қазіргідей қоғамда ойып тұрып орын алу үшін әр адамға, оның ішінде әр жасқа жан-жақты, күнделікті даму керектігін уақыт дәлелдеп отыр.

Ұлттық мүдде тұрғысынан қарар болсақ, жастардың – туған жерін, туған топырағын шексіз сүйетін, мамандықты жетік меңгерген, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды сыйлайтын, коммуникативті және бірнеше тіл білетін, адал да ашық, жоғары мәдениетті азамат болып қалыптасуын талап етеді. Міне, осы талаптарға жауап берген кезде ғана жастарымыз бәсекеге қабілетті болып, кез келгеннен сыннан сүрінбей өтеді.

Қазіргі жастардың өз мамандығын жақсы меңгеруімен қатар, қазақ қоғамының әлеуметтік үміттерінің үдесінен шығатындай толыққанды зиялы азаматы болып қалыптасуы лазым.

Жастардың бәсекеге қабілеттілігі–өркениеттің даму өзгерістеріне орай заман мен қоғам талаптарына сай келетіндей іс-әрекет дағдыларының болуы. Бұл – қандай жағдайда да қоғамнан өз орныңды тауып, оның сұраныстарына жауап бере білу қабілеті. Жастарымыз жаһандану жағдайында өзінің өмір сүру жағдайын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік саясат пен ұлттық мүдде тұрғысынан әрекет етіп, өмір шындығына белсенді ықпал жасап, жақсы жағына қарай өзгертетін білім, білік және дағдыларға ие болулары керек. Қазіргі заман талабына сай білім алушыларға кәсіби құзыреттіліктер қалыптастыруда жоғары оқу орындарының алдында орасан зор міндеттер тұр. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістер оқытушыдан студенттерді тек білімге ғана емес, өмір сүруге үйрететін қабілеттерді талап етуде. Болашақ мамандардың осынау ақпараттық қоғамнан қалыспай жете ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, іскер ұйымдастырушы, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі уақыттың талабы.

Міне, өз ойымды қорытындылай келе, жастарға сеніммен қарап, оларға үміт артып, жарқын болашақтың тұтқасын ұстар жалынды жастарға жігер сыйлай білейік.

ТОКТАБАЕВА САМАЛ ЖЕТПИСБАЕВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса–ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады».

Н.Назарбаев Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты

Page 60: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

59

Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін, -деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк

байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар! Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Жастар - бұл болашақ негізі, Айналаға қараңызшы! Қандай ғажап әлем, онда көп қызықтар!

Бұл – біздің кең даламыз, Тәуелсіз Қазақстанымыз. Біз тамаша елде өмір сүреміз және біздің сүйікті Қазақстан үшін, оның

болашағы үшін не істей аламыз? ! Бұл бір ұрпақтан екіншісіне берілетін нәзік шыны шар. Бұл шарды түсірмеу, ұрпақтары үшін сақтау, оны мықты қолдарына беру – бұл біздің міндетіміз.

Ал аға ұрпақтың міндеті – жастарға осы қиын әлемде өзінің лайықты орнын анықтауға көмектесу, өздерін барынша жүзеге асыру, өйткені олардың қолында туған қаланың, өңірдің, елдің болашағы-бұл қолдардың мықты әрі сенімді болуын қалаймын

«Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді», -деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.

Өйткені жастар–елдің болашағы. Кез келген өркениет, мемлекеттің тағдыры жас ұрпаққа, оның тәрбиесіне тікелей байланысты деп санаған. Жастар өмірге қаншалықты жақсы дайындалатын болады, ол рухани және моральдық жағынан қаншалықты дамиды – жастар салған мемлекеттің болашағы соншалықты жарқын және бақытты болады. Ол тек мемлекеттік саясатқа ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматқа да байланысты. Қоғам жастарға белсенді қоғамдық күш ретінде, инновациялық мемлекет құрушы прогресстің қозғаушы күші ретінде қызығушылық танытады.

Дамыған жастар озық көзқарасты дамыған мемлекеттің құрушысы болады, сондықтан балалардың лайықты білім алуы маңызды, әрі әрбір бала жан-жақты дамуы тиіс. Тек жан-жақты дамыған адамнан ғана кез- келген мемлекеттің тағдыры тәуелді болатын тұлға қалыптасады.

Әрқашан ізденіп, білім алуға, ғылым үйренуге құлшыныс танытқан біздің жастар да, Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Бірқатар болашақ түлектері қазіргі таңда ел дамуына үлестерін қосып, қызмет атқаруда.

Бірақ, елді көркейтіп , әлемге таныстыруға ықпал ететін жалғыз жол –білім деп қателеспеуіміз керек. Жастардың моральдық қасиеттері, олардың рухани құндылықтары мен Отанға деген махаббаты маңызды. Әрине, онсыз сау қоғамның болуы мүмкін емес!

Біздің халқымыз адалдық пен әділдікті паш еткен мерейі үстем, ұрпағы ұлағатты жұрт болатыны сөзсіз. Надандықтың емі – білім, тәкаппарлықтың

Page 61: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

60

емі– имандылық, яғни, мейірім, бауырмалшылдық. Олай болса, ойымыз түзу, ниетіміз таза болғай!

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету–Отанға деген сүйіспеншілігі бар білімді жастардың қолында.

Тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз!

Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік.

ИДРИСОВА НҰРСАУЛЕ ШАРІПҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Тәуелсіз еліміздің ертеңі мемлекетіміздің болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Біздер, жастар, алдыңғы буын аға-апаларымыздың лайықты жолын жалғастырып, өздеріміздің жігерлі, сенімді ізбасар екенімізді дәлелдеудеміз. Қай заманды алсақ та, жалпы қоғамның қозғаушы күші –жалынды жастар. Бүгінде жастар өздерінің терең ойлы, озық идеяларымен еліміздің өркендеп дамуына үлестерін қосып келеді. Осыған сәйкес, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты-біздің еліміздің көтерілу мен гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер.»-деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!– деген Мағжан Жұмабаевтың ХХ ғасырда айтқан

сөздері қазіргі күнде өз құндылығын жоғалтқан емес, себебі мемлекеттің болашағы- жастар. Келер уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңге жайып, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, демек болашағымыз жастардың жауапкершілігінде.Сондықтан жастар қатары қашанда қоғамымыздың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі қажет.Әрбір жастың санасы сергек, замануи сандық технологияларды жетік меңгерген Отанымыздың нағыз көшбасшы патриот жастары ғана кезіккен сынақтан сүрінбей өте алмақ. Статистика агенттігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздің адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Сонда бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайыздайын жастар құрап тұр деген сөз.Ендеше еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отансүйгіштік

Page 62: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

61

қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет.Дегенмен жастарымыз өз Отанымызды қорғаудағы борыштарын мүлтіксіз орындауда. Өз борыштарын сезінген жастар сол міндетпен қоса рухани адамгершілік, ұлтжандылық, саяси интеллектілік, құқықтық тәрбиені бойына сіңірерлері сөзсіз.

Қазіргі кезде Қазақстан жастарының бәсекеге қабілетті, білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, жоғары білім алуға ниетті жастардың дамыған шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да мүмкіндік берілген. Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы еліміздің жастары әлемнің озық үлгідегі жоғары оқу орындарында білім алуына жол ашты. Аталмыш бағдарлама бойынша биылғы жылы 700 стипендия бөлініп отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған жастар шетелден жинақтаған тәжірибесін еліміздің дамуы үшін жұмсайды. Елбасы тағайындаған сти-пендия бойынша әлемдегі дамыған мемлекеттердің танымал оқу орындарында білім алған жастардың көпшілігі қазір елге келіп, мемлекеттік аппаратта жұмыс істеуде. Болашақтықтар оқу бітіргеннен кейін де мемлекет назарынан тыс қалмақ емес. Бұл туралы Мемлекеттің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен 5 институционалдық реформада да атап көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы «Болашақ» бағдарламасының түлектері, шетелде білім алып келген жас мамандар үздік жұмыс үлгісін көрсетуде.Мәселен,үстіміздегі жылдың мамыр айында «Болашақ» бағдарламасының түлектері Алматы қаласында алғаш рет жас кәсіпкерлер форумын өткізіп, өз өнімдерін көрсетіп, брендтік тауарларымен таныстырды.Тұңғыш елбасының саясатының арқасында жастарымыз көптеген жетістіктерге жетіп келеді.

Сөз соңында айтарым, мен еліміздің болашағы шәкірт тәрбиелеуде ауылдық мектепте еңбек етіп келемін.«Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Шәкірттеріміздің саналы, білікті де білімді болуына қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнымен дәріс берудемін. Ұстанымым-бар білімдерін кез-келген жерде қолдана алатындай, ұлттық құндылығымызды бойына сіңірген жас ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге ауыл жастарының мәдениетін көтеруде түрлі ұлттық сайыс- шараларға қатысып, өз үлесімді қосудамын. Жастар–жеріміздің, еліміздің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!

Page 63: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

62

ШУТИРОВА Э. ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Индер ауданы, Көктоғай ауылы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір

жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Қазақстан жастары – белсенді де жарқын топ. Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі қазақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр.Біздің ең басты құндылығымыз басты мақсатымыз - талантты жастарды дайындап,қуатты мемлекетті құру.

ҚҰСПАНОВА АҢСАҒАНЫМ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының психологы

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары

жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.»

Н.Назарбаев Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! – деп жастарға ұранды үміт тастаған, жалынды

жырларымен жастарды жігерлендіре білген Мағжан ақын болашағымыздың

Page 64: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

63

жарқын боларын болжап кеткен бе дерсің?! Біле-білсек, ақын заманындағы жастарға ғана емес, болашақты, ұрпақтар ауысымын, мына біздерге айтып кеткендей.

Иә, кез-келген ел өз болашағын жастарымен байланыстырады. Өйткені, жастар еліміздің болашағы ғана емес, бүгіні де. Біз егеменді, тәуелсіз елдің жастарымыз. Бұл бізге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастарға берілген мүмкіндік де көп. Бүгінгі күн – білімді, талантты, жігерлі, еңбекқор, өз-өзіне сенімді жастардың уақыты. Осыны білген Елбасымыздың еліміздің жастары үшін жасаған мүмкіндіктері қаншама?! Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы негізінде білімді жастарымыз шет елдердегі жоғары оқу орындарынан білім алып, сол жастарымыз бүгінде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көптеген ауыл жастары баспаналы болуда. Биыл 2019 жыл жастар жылы болып жарияланды. Елбасымыздың 2019 жыл жастар жылы деп жариялағаннан кейін, белсенді жастармен арнайы кездесіп, алдағы күннің жоспарымен бөлісіп, оларға бағыт-бағдар беруі жастарға деген сенімнің, қамқорлықтың белгісі. Бұл да Елбасымыздың көрегендігі, болашақты бағамдай білетін қырағылығы дер едім.

Еліміздің даңқын әлемге танытатын еліміздің қозғаушы күші де, жарқын болашағы да–ол жастар. Мен елімнің жастарын жалынды да жігерлі, талантты жастар деп айта аламын. Өнер, білім, ғылым, спорт саласында жеткен жетістіктеріміз қаншама?! Жастарымыз түрлі инновациялар мен идеяларды ойлап табуда, түрлі кәсіп көзін игеруде. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастарымыз да бар. Соның барлығы да жастардың жалынды жігері мен еңбекқорлығының арқасында.

Болашақ бүгіннен басталады десек, Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көру өзімізге байланысты және біздің қолымызда. Біз тәуелсіз елдің жастары ретінде қоғамның қай саласында болмасын белсенді болуға тиіспіз. Сондықтан еліміз үшін қызмет етіп, жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып, өз еліміздің нағыз патриоты екенімізді дәлелдейтін кез келді. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – білім. Бүгінгі жастардың, яғни біздің, бақытымызға орай тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.

Біздің болашағымыздың жарқын болуы жастарға, яғни өзімізге байланысты. Мен көптеген жетістікке жеткен, ел экономикасының, мәдениетінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген көптеген жастарды білемін. Өзім дүниеге келген қойнауы құтқа толы қасиетті Қызылқоға өңірінде болашағынан зор үміт күттіретін елім деген жастарымыз өсіп келеді. Бір кездері бірде-бір орыс ұлты жоқ қазақи қаймағы бұзылмаған қарапайым ауылымыздың бүгінде көркейіп, гүлденіп, өсіп келе жатқанын айтпай кетуге болмас. Бұл әрине ауылымыздағы жалынды жастарымыздың арқасында деп білемін.

Page 65: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

64

Иә, Елбасының сенім артқан жастарының бірі ретінде мен де білім беру саласында психолог болып жұмыс жасап келемін. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Мамандығыма деген махаббатым мен жұмысыма деген күш-жігерім маған шабыт береді. Биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланғаны маған зор мүмкіндіктердің есігін ашқандай. Сондықтан жұмысымды ерекше сүйіспеншілікпен жасап, қоғамда белсенді жастардың бірі болуға барымды салдым. Бар уақытымды қоғамға қызмет етуге арнадым. Мен өзімдегі бар біліммен шектелмей, білім жетілдіру курстарынан бөлек, шет ел психологтарының тренинг, курстарынан онлайн оқып, өз білімімді әркез дамытып отырдым. Мен мұнымен тоқтап қалмай, үздіксіз білім алу, ізденіс үстіндемін. Білім мен талаптылық, ізденіс пен еңбекқорлықтың нәтижесінде болашағымның жарқын боларына сенімім мол. Мен де Қазақстанның белсенді жастарының қатарында болғым келеді. «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, қоғамның бір кірпіші боп қаланып, өзімнің тың идеяларымды ұсынып, өз елімнің патриоты болуды қалаймын.

Сөзімді түйіндей келе, Бернард Шоудың«Жастық шақ – тамаша кезең, оны рәсуа ету қылмыс» дегеніндей, жастық шағымызды кейін бармақ тістейтіндей күйде емес, кеудемізді қуаныш сезім кернеп елімізге пайдамыз тиетіндей етіп өткізсек дегім келеді.

Мәңгілік ел қатарына қосылу үшін жастарымызды аянбай, адал еңбек етуге шақырамын. Қазақстанның жарқын болашағы жалынды жастар дегім келеді. БАГАДАТОВА ГУЛНАР САЙЛАУОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР- ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау жалпы орта мектебінің Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас– ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.

Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының биыл «Жастар жылын» жариялап, Жарлыққа қол қоюы еліміздің тарихында ұлт Көшбасшысы мен мемлекет тарапынан жастарды қолдауға жасалған теңдессіз қадам деп білемін.

Қарап отырсаңыз, биыл тұтас бір жыл жастарға арналып отыр. «Осы кезеңде қандай нәрсеге баса назар аударған дұрыс? Біз, жастар өзгеріске қалай дайындалуымыз керек? Мемлекет пен қоғамға пайдамыз тию үшін не

Page 66: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

65

істеуіміз керек?» деген сауалдарды мақсаты бар әр жас азамат өзіне қою керек.

Иә,ақын,педагог М.Жұмабаев айтпақшы мына қоғам «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артады, соларға сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. Иә, 2019 жыл «Жастар» жылы болып бекітілді. Яғни бұл дегеніміз, жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсету. Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға осы жыл таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Мен де жас маман ретінде, елімнің болашағы үшін еңбек етемін. Таңдаған мамандығымның арқасында, көп нәрсені біліп және әлі де ізденіп келемін. Ізгілік пен ізденісті тұмар қылған мен жан-жақты білімділікті, шәкіртке деген шуақты көзқараспен қарауды, әр оқушының бойына үңілуді, олардың жан дүниесін түсінуді, мүмкіндік беруді үйреніп келемін. Үнемі шәкірттеріммен тығыз байланыста болып, олардың ойымен санасып, көкейіндегі арманын тыңдап, сол бойынша бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқап, екінші анасы ретінде көмектескенім үшін өзімді ерекше бақытты сезінемін.

Мен – жас маманмын: соның ішінде ұстазбын! Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар көзі - білім. Даналыққа жету жолы қиын да ұзақ

Ұстаз – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Бүгінде жаңа өмір жолын бастаған жас мамандар арасында педагогикалық мамандықты таңдаған менің қатарластарым жыл сайын көбейіп келеді.Бұл болашаққа жасаған ой-жоспарыңды қиялдатады, көңілге қуаныш ұялатады.

Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін және алған білімін әлемдік өркениетпен үндестіре білетін өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі жастар өкінішке қарай, қандай да бір ақпаратты кітаптан емес, ғаламтор желісінен алатыны баршамызға белгілі. Егер заманауи элементтерді қолдана отырып, тарихи фильмдер түсірілсе, жаңа технологиялардың көмегімен ерекше көрмелер ұйымдастырылса, жас ұрпақтың қызығушылығы артатыны сөзсіз.Сондықтан да мен кішкене де болса Нұржау жалпы орта мектебінде аталған бағдарлама тұрғысында жұмыс жасап келемін. Өзім ағылшын тілі пәні мұғалімі болғандықтан, тұңғыш Елбасымыз әрқашан айтып жүрген үш тілділіктің жүзеге асуына бар мүмкіндігім мен күшімді жұмсаймын. Ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы» деген еді. Ал, жазуымыздың латын әліпбиіне көшуі өте дер кезінде қозғалған бастаманың бірі деп едім. Өйткені, тарихтан белгілісі, бұған дейін де қазақ халқы латын

Page 67: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

66

қарпін қолданды. Мен алдағы уақытта және болашақта әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетін байланыстырып, Абай бастаған әдебиет асылдарының туындыларын ағылшын тіліне аударып, оны әлемге танытқым келеді.

Мектеп ұжымының, оның ішінде мектеп басшысы Гульбаршын Жақимқызы маған деген ниеті де, пейілі де тіпті ерекше болды десем артық айтқандық емес. Міне, ұйымшыл ұжымның бірлігінің арқасында көп нәрсені үйреніп, өзімнің шәкірттерге сапалы білім беріп жүргенімді мақтаныш етемін. Елбасымыздың жас мамандарға деген қамқорлығына ,әрине, бәріміз шексіз ризамыз.

«Жастар жылы» – жастарға арналған зор мүмкіндік, онда бастау алатын «Жас маман» бағдарламасы жастарға кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету,жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында да игілікті шаралар қолға алынып жатқаны қуантарлық. Әрбір маманның өз жұмысы, сол жұмысының қиындығы мен қызығы бар. Медицина саласы адам жаның дәрі-дәрмекпен, мейіріммен емдесе еліне шипа берсе, экономика саласы еліміздің экономикасын қадағаласа, ал мұғалім баланың шабытын оятып, білімін жетілдіре түсуге көмектеседі. Ұлы ағылшын ағартушысы, Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»- дегендей осы мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, себебі мен еліміздің жас білім алушыларына шамшырақ қылып жағу,болашаққа бағыт-бағдар беру, «менін» қалыптастыру шығармашылыққа баулу, бәсекеге қабілетті тұлға етіп шығару мәртебесі- біздің елімізде және осы сенімнен шығуда аянбай еңбек ететін боламын!

Бізде, шыны керек, бүгінде білімді әрі еңбекке икемді болғанымен өз бағдарын білмей жүрген жастар көп. Сондықтан да біз оларға үлгі бола отырып, сол жас буыннан құралған еліміздің қуатты күшін бір арнаға тоғыстыруымыз керек есептеймін.

Осындайда айтқым келетіні: жоғарыдағы, әртүрлі саладағы аға буын жастарға жоғарыдан төмен қарап, «бұларды үйрету керек» деген психологиядан әлі арыла алмай келеді. Бірақ, бұл бүгінгінің басты өлшемі емес деп есептеймін.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға: «Біз тәуелсіздікті алдық, ұстадық. Тәуелсіздікті алу бар да, сақтау бар. Енді сендер сақтаңдар» деді. Бұл – аманат. Аманатқа сай жастар бар, бірақ, олардың қатарын көбейтуіміз керек. Елбасымыз «Қазақстанның болашағын жастарға сеніп тапсыруға болады» деді. Сондай-ақ, болашақта жастардың білім алуына және арнайы жеңілдіктер қарастырылған бағдарламалармен үй алып, еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалатынын жариялады. Оған дейін жастарды қолдап жатқан әртүрлі жобалар мен бағдарламалар аз емес. Бір-екеуін тілге тиек етсек: «Болашақ» бағдарламасы мен «Димломмен ауылға» жобаларын айтуға болады. Еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша қаншама талантты, білімді, вундеркинд жастарды шетелдерде оқытты. Оның астарында дамыған елдерді көзімен көрсін, ой түйсін, шешім қабылдасын, Отанына шын мәніндегі патриот болып оралсын деген аталық тілек,

Page 68: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

67

философиялық түйін жатыр деп ойлаймын. Қазақтың жолбарыс жүректі батыры, Бауыржан бабамыз: «Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әр азамат әзір болу керек» дейді. Енді соған жастардың атсалысып,белсенді болатын уақыты келді. Мұғалім – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Себебі: мұғалім жаңаша ойлайтын, жоғары білімді шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жауапты.Иә, біздің ауданымыздың жас мамандарынан осындай қабілет пен қасиеттерді кезтіруге болады.

Сөз соңында түрік ақыны Назым Хикметтің бір шумақ өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап Біз жанбасақ лапылдап Аспан қалай ашылмақ?! Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан

тұтамын! Иә, жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жар-қын болашақ кепілі.

Бүгінде білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман — біздерміз!

Ұстаз деген ұлы мамандықтың тұтқасын ұстап, тамырдай жан-жаққа тарамдалған мектеп тынысына, ұстаздың тынымсыз тіршілігіне қанығып, келе жатқан жас мамандар,алар асуларыңыз алда болсын!

ИСАТАЕВА АҚНҰР ЖАРҚЫНБЕКҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы, Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті

Отан... Тарих... Ұлт... Тіл... Тәуелсіздік...Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар, қазақ халқының асқақ армандары мен қайсар рухтарының жемісі, жарқын болашақтың ұмытылмас көрінісі. Адам өмірге келіп,ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты.

Page 69: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

68

Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

Қазақ ұлты... Қазақ мәдениеті...Қазақ тілі...Қазақ әдебиеті... Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлттық болмыс, ұлтық сана, ұлттық

құндылықтар мен ұлттық кодты халық жадында жаңғыртты. Еліміздегі сіз бен біз секілді жас ұрпақтың ұлт тарихынан, әдебиетінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен хабары аз, білімі таяз, пікірі жасық, ермекке асық болмасын, елін, жерін қолдасын зейіні бөлек, зердесі нық болғасын Тәуелсіз жастардың күшті рухы ұлттық болмысты қашан да асқақтарына зор сеніммен сенді.Болмыс пен тарихымызды танытар істер - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 28 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Ата-бабамыздың ұрпаққа айтар сан ғасырлық арманы мен аманаты. Қазір Тәуелсіздік таңында, жастар жадында жаңғырып тұрған– «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ», «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» және «МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ». Тәуелсіздік ұрпағының- дара, дана, азат, ғажап жолы мен жолдауы. Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын, «Мұғалім мәртебесі заң жобасы» мен «Жастар жылының» ашылу салтанатын зер сала көрдім, оқыдым, ықыласпен ойыма түйдім, тоқыдым. Ішкі руханиятымызды дамытып, ұлттық кодымызды сақтап, тарихымыз бен салт-дәстүрімізді жаттап, жоғары технологияларды меңгеріп, жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастырып келеміз. Оған дәлел білім... ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім... Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарға, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар-ұстаздар. Ғалым да, шахтер де бас иетін ұстаз мәртебесі- рухани жаңғырудың жаңалығы. Атыраудай алып шаһарда алғаш ұстаздық жолды Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия атты алтын мектептен бастадым. Іргесі нық қаланған мектеп тірегі – білімді ұрпақ.. Бар-жоғы алты ай ғана... Үрей де, қорқынышта бар. Алайда, маған ерік-жігер берер, жауапкершілігім мен біліміме сенер оқушыларым мен ұжымым бар. Жас ұстаз ретінде білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда жаңашылдыққа ден қойып, елімнің тарихына, тіліне, діліне, мыңдаған жыл бойы қалыптасқан салт-дәстүріне деген шын махаббатымды көрсетерім хақ. Ұрпаққа қазақ тілі мен әдебиетінің сонау мұраларын бүгінгі тәуелсіздік таңымен саралау, сараптау менің басты мақсатым. Және рухани жаңғыру жарқын болашақта латын әліпбиіне көшуі хақында біраз түйінін тарқатар түйткілді дүниелерді көтерді. Ендігі меже, кириллицадан бас тартып, латын әліпбиіне нық қадам басу.

Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың

Page 70: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

69

алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Тәуелсіз, егемен, тұғырлы, зайырлы ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызды сіз бен біз бір сәтте естен шығармауымыз керек. «Жастар жылы» жас маман атандым. Жарқын болашақтың жарқын боларына кепілім мол. Еліміз артқан үміт пен үлкен мүмкіндіктердің қозғаушы күші бізбіз.

Иә, жүректегі батырлық күшімді қозғап, ұстаз болуды қаладым, қалауым кірпіш болып қаланды. Енді міне ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТА- ЖАС МАМАН – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗҒА айналуға нық қадам бастым..

ҚАБДРЕНОВА МӨЛДІР ЖАҢАШЫЛ МЕКТЕПТЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ Атырау облысы Исатай ауданы Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің

жүрегі» Ы.Алтынсарин

Еліміздің ертеңі білімді де, білгір жас ұрпақтың қолында. Болашақта дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде өмір сүруіміз үшін жас буынды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы тұрғыда мектеп қабырғасынан бастап сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздардың алдына қойған мақсаттары.

Қарыштап дамып келе жатқан заманда технология сағат сайын өркендеп, жаңару үстінде. Оқушылардың қызығушылықтары да өзгеріп, дәстүрлі білім беру жүйесі оқушының бәсекелестік қабілетін шыңдайтындығына күмәнмен қарай бастадық. Сол себепті жаңаша білім беру жүйесі заман талабына айналып отыр.

Мен де жастар қатарында болғандықтан да, мектеп оқушыларының қызығушылығын, қажеттіліктерін ұғынуға тырысамын. Оқушыларымды білімді, саналы ұрпақтың қатарынан көріп, өз ойын еркін жеткізе алатын, табысты азаматтардың қатарынан көруді армандаймын. Осы бағытта жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда пайдаланып, баланың денсаулығы мен шымырлығына қоса, ой өрісінің кең болуына да өз үлесімді қосамын деп сенемін.

Жаңартылған білім беру бағдарламасынан алған теориялық білімімді тәжірибеде ұштастыру – менің басты міндетім. Жаңартылған бағдарлама дәстүрлі білім беру жүйесімен салыстыруға келмейді. Себебі бұл бағдарламада оқушының тек білім деңгейі ғана емес, айналасындағы оқушылармен ынтымақтастық, достықта білім алу. Сондай-ақ оқушылардың сыни тұрғыда ойлай алуына, жеке тұлғалық қабілеттерін ашуға мол мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде өзіне сенімді, жауапты, тәуелсіз тұлға қалыптасып келе жатқандығына нық сенемін.

Page 71: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

70

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» дей келе , ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп жолдауында айтқан болатын. Заман талабына сай жаңашыл ұстаз болу – міндетім деп есептеймін. Менің түсінігімдегі жаңашыл ұстаз – әдіс-тәсілдерге бай, баланың жеке қабілеттерін ашып, дамыта алатын, рефлексияға қабілетті, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, белсенді және де оқушының жан дүниесіне үңіле білетін ұстаз деп есептеймін. Осы қабілеттердің барлығы бір мұғалімнің бойында жинақталса, міне сол нағыз «жаңашыл ұстаз» болмақ.

Сабақ соңында дәлізде оқушылар менің сабағымнан алған әсерлері мен білімдерін бір-бірімен риза көңілмен бөлісіп келе жатса, мен үшін үлкен жетістік болмақ. Ол берген білімім мен еңбегімнің нәтижесі деп бағалар едім.

Қорытындылай келе, «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, жаңашыл мектеп талаптарымен білім алған шәкірттеріміздің мектеп қабырғасынан кейінгі үлкен өмірде ортаға қабілетті, білімді, білгір болып шығатындығына сөзсіз сенемін. Жарқын болашақ ұрпақтарына барымша сүйікті «жаңашыл ұстаз» болу үшін бар еңбегімді, күш жігерімді, бағдарлама аясында алған білімімді арнаймын.

МУХТАРГАЛИЕВА ЖАЙНАР ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Біздер, жастар алдыңғы буын аға-апаларымыздың жолын жалғастырып, өзіміздің сенімді ізбасары екенімізді дәлелдеуге тиіспіз. Қай заманда болмасын қоғамның негізгі қозғаушы күші жастар деп ойлаймын.

Қазақстанда дүниеге келіп, сонда білім алғасын, қазіргі жастық шағымызды босқа өткізбей, еліміздің көтерілуіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын одан әрі тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекететтің біріне айналдыру біздің қолымызда. Сондықтан жастар уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп бере алатындай болуы керек. Санасы кең, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алады деп есептеймін. Бүгінгі күнде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Сондықтан биылғы 2019 жыл -«жастар жылы» болды. Сол себепті жастар бойына рухани-адамгершілік, саяси интелекті, саналы тәрбие басым болуы керек. Жастар-жердің, елінің иесі, қазақ елінің тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Page 72: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

71

Мен қазір ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Менің ойымша, ұстаз бойындағы білім мен сауаттылықты үйлестіре отырып, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса, өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ. Жақсы ұстаз — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық деңгейі мол тұлға. Ұстаз шәкірттерге оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық мамандықтардың бірі деп есептеймін және солай болмақ.

Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалыптасатын әдет деп есептеймін. Бүгінгі күні ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оларды дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға тәрбиелеуі тиіс. Әр бала–болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай уақытта көңілі ояу, көкірегі ашық, кез келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын, көзқарасын білдіріп, шешімін таба білу шарт. Ізденіссіз еңбегің жемісті болмайды. «Болмасаң да, ұқсап бақ»-деп Абай атамыз айтқандай,өз іс–тәжірибемде жаңашыл ұстаздардың әдіс-тәсілдерін басшылыққа алып, оқыту жүйесін түрлендіріп өткізуді ұстаздық міндетім деп білемін.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне,ойлау деңгейіне байланысты. Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білуімен мөлшерленеді. Ұстаз шәкірттіңбілім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені мұғалім тақырыпты бастан- аяқ талдап, өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығу орындауына ғана көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты оқушы білім алуды өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөлісіп, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»-деген болатын. Егеменді еліміздің тағдыры–жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Мен өзімнің әрбір шәкіртімнің пікірін тыңдап, оны түсінуге тырысамын, егер олардан ұяңдық байқасам, оның шешімін табуға көмектесемін. Әрбір сабағымды қызу еңбекке құрамын. Оқушыларды тыңдаушы дәрежесінен еңбек етуші,білімді өз еңбегімен және қасындағы достарының ықпалымен білім алу дәрежесіне көтеруді мақсат тұтамын. Сыни тұрғыда ойлануға қалыптасқан менің шәкірттерім білім негіздерімен толығып, болашақты болжауға құлшыныс алады.

Мен бақыттымын, өйткені мен шәкірттеріме өзімнің жан жылуымды беремін. Бұған қоса, маған күш жігер беретін өз ата-анам бар. Олардың

Page 73: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

72

арасында өмірдің мәні мен маңызын түсінемін және олар мені қанаттандырады.

Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны-Қазақстанын, елін жанындай сүйіп, оған табынып, өз үлесін қосуы керек. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемелдене түспек.

КАМАЛИДЕН МЕЙРАМГҮЛ ЖАНҒАБЫЛҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы Қ.Сәтпаев атындағы № 19 мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ел болашағы-жастар десе көз алдыма қазақтың аса дарынды ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың жастарға арналған өлеңі есіме түседі: Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін-деп жастарға зор үміт артқан өлеңінің астарында

терең мән-мағына жатыр. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар - бүгінгі жастар.Жастардың жақсы болуыда,болмауыда әрине сана-сезімге байланысты. Барлығы дерлік ақылсыз,ар-намыссыз емес.Сенім артып,үміт ақтарлары да бар. Олар көп болса ,қоғам жақсы жағына қарай бет бұрады. Ал сондай ұрпақ тәрбиелеу ол әрине-ұстаздың қолында.

Мен жас ұстаз ретінде өз елімнің жарқын болашағына үлесімді қосуда аянбай еңбек етудемін.Ұстаз болу бала кезімнен бергі арманым еді. Кішкентай кезімнен бастап үйде ойыншықтарымды оқушы етіп отырғызып,өзім мұғалім болатын едім. Журналды ашып,баға қойып,оларға атау беруді қызық жұмыс санайтынмын. Орта мектепті аяқтап еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп,үздік дипломен аяқтадым."Бала-ойынмен жетіледі"деген рас екен. Міне бүгінде,Атырау қаласы Қ.Сәтпаев атындағы №19-мектеп гимназиясының ағылшын тілі мұғалімімің, тағдырымның тармағында ұстаздық қызмет ету небары 19 жасымда бұйырды. Қандай бақыт десеңізші!

Алғашқы жұмыс күнім әлі есімде... Бір түрлі қобалжып,не істерімді, қалай жүрерімді білми,мектептің ішінде сыныптарды табалмай шатасып жүрдім.Алайда оқушыларға қарадым да өзімді үйіме келгендей сезіндім.

Тіл маманы болғандықтан, өзге елдің тілін үйрету қиын әрі қызықты жұмыс.Тіл игеру бөлек әнгіме,ал сол тілді оқушы санасына дарыту қиын зат. Түсінгенім, "өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін"демекші,дамыған 30

Page 74: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

73

елдің қатарына кіретін ойымыз болса ,түрлі тілді біліп,оны өскелен ұрпаққа үйреттіп әрекет жасау қажет.

Даналық пен даралықты, адамдық пен адалдың үйрететін де, үйренетін де осы мамандық. Жай ғана мамандық емес, бала жанын ұға алатын, білімменен тау құра алатын, кез келген қиындыққа қарсы тұра алатын бейне бір ерекше жан іспетті.

Даңа xалқымыз "дарын жанып тұрған жалын"-дейді,әр оқушының талантты болады.Сол талантты аша білу менің басты мақсатым. Алайда,тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға тырысамын. Әл-Фарабидің "Адамға ең бірінші білім емес,тәрбе беру керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы"деген ұлағатты сөзі әр кез санамда. Шәкірттің ой өрісімен болашағына аз да болса өзгеріс енгізу,тетігіне кірпіш қалау менің басты ұстанымым.ұстаздың жеңісі- шәкірттерімен ақталатыны. Олар қай сында да, қандай тараптан болса да биік көрінсе, жеңіс тұғырына көтерілсе-ұстаз үшін басқа қуаныш жоқтай...

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында" деп, болашақтың бағдарын атап көрсеткендей, бұл жолда ұстаз алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны сөзсіз.Осындай қиын да күрделі жолды таңдаған ұстаз үнемі ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Ұстаз болудың негізгі қағидаларын жиып жүрмін. Уақыт өткен сайын, артылатын жүк те, талапта көбейіп өзгере түспек. Сондықтан үнемі өз білімімізді жетілдіріп, бір сатыға шыққан сайын, келесі биіктікке ұмтыла берсек, жаңашылдыққа қол жеткізе аламыз. Қазіргі заман талабына сай заманауи жетілдірілген, теориялық білімі кеңейген, үйренгенін тәжірибеде қолдана алатын жанды- жаңашыл ұстаз деп танимын.

Биылғы жылды елбасымыз жастар жылы деп арнауы бізге үлкен шабыт, зор сенім жүктеп отыр. Бұл жастарға артылған сенім деп түсінемін. Жастар жылы сенім, жалын, жаңғыру.

Біздің қоғамда өркениеті жоғары, өресі биік, шығармашыл жас ұстаздар қауымы көбейе берсін дегім келеді. Ұлы Абай атамыз айтқандай, "дүниенің бір кірпіші болып қаланайық."

КАБДЕШОВА ГАУХАР АСХАТОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің мұнай бөлімінің арнайы пән оқытушысы

Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан дамудың ең биік шыңынан көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше мен, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеуді, білікті мұнайшы мамандар даярлауды мақсат етемін.

Page 75: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

74

Әрине, білікті мамандарды даярлау үлкен жауапкершілікті, еңбекті қажет ететін іс. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, оқытушының жан-жақты білімінің болуы, әрдайым өз-өзіңді жетілдіріп отыру, екіншіден, оқытушының өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті білім алушыға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.

Осы оқытушылық қызметті атқарғаныма бес жылға таяп қалды. Қазіргі уақытта аталған оқу орнында «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану», «Мұнай өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы»мамандықтары бойынша мамандарды даярлау үстіндемін.

Жас оқытушы, жас маман атансамда осы бес жыл уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздім.Алғашқы колледж қабырғасынан ұшырған түлектерім қазіргі уақытта Атырау облысының ірі мұнай өндіруші мекемелерінде қызмет атқаруда. Білім берген әрбір студентімнің мұнай саласында үлкен жетістіктерге жетуі мен үшін үлкен бақыт.

Кәсіби білікті жас маман,елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр.Тәуелсіздік жылдарында көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді бұрғынғыдан да белсенді болуы керек.Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.

Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында оны–Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Елбасының «бес бастамасы» аясында «Жас маман» бағдарламасы құрылған болатын. Атап айтқанда, Үкімет «100/200» қағидасы бойынша «Жас маман» бағдарламасын әзірлейді. Үш жылда жоба еліміздің барлық өңірінде 200 мыңға тарта жас азаматтарымызды қамтуы тиіс. Оның аясында сұранысқа ие индустриалдық әрі сервистік 100 кәсіп бойынша жетілдірілген 200 оқу орны базасында мамандар даярланады.

Осы орайда Мемлекет басшысы әр облыста заманауи технологиямен қамтамасыз етілген үздік 10 колледж қамтылуы қажеттігі айтылды. Яғни бұл шаралар 100/200 қағидасы арқылы іске асырылады.Жаңартылған оқу бағдарламасына, білікті оқытушылық құрамына назар аударылады. Осы жұмыстарға қажетті қаржы бөлініп, мамандарды оқыту бойынша қазіргі заманғы жабдықтар сатып алынатындығы айтылған болатын.

Осы орайда, мен қызмет атқарып жатқан оқу орны аталған үздік 10 колледждің қатарына қосылатынына сенімім мол. Мемлекеттің ұсынып

Page 76: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

75

отырған осындай мүмкіндіктерін жібермей, жаңартылған оқу бағдарламаларын, заманауи технологияларды, әдіс-тәсілдерді, жабдықтарды пайдалана отырып, білікті мамандарды даярлауда өз үлесімді қоссам деген мақсатым бар.

Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер жас оқытушы үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу оқытушыларға зор жауапкершілікті жүктейді.Ол оқытушыдан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.

Елбасымыз жас қазақстандықтарды бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жақсы білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты.

«Жастар – қоғамның қозғаушы күші», «Кемел келешек кейінгі буының қолында»... Осындай тіркестер ел арасында айтылып-ақ жүр. Сұлу сөздер дерсің. Бірақ сүйексіз тілден төгілген сөздерді нақты іске асыратын кез жетті. Қазір елге бағдары айқын бастамалар қажет! ОРЫНБАСАРОВ РАХЫМЖАН АСҚАРҰЛЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ НЕМЕСЕ «МЕНІҢ ШЕКТЕУСІЗ МҮМКІНДІГІМ...» Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жер бетінде қанша жұмыр басты пенде болса, сонша пікір болатындығы әмбеге аян. Осы тұрғыда «Тағдыр деген не?» деген сұрақ қойылатын болса, әркім «көрпесіне қарай көсіле» жауап беруі заңдылық.

Менің ұғымымдағы тағдыр – адамның өзгертуіне болатын, өз ғұмырының даңғыл жолы. Бұл сөзімнің дәлелі болуы үшін өз тағдырымнан қысқаша естелік жаза өтейін.

Туып-өскен жерім Махамбет ауданы, Жалғансай селосы. 3 жасымда, яғни 1999 жылдың жазында алаңсыз доп қуып жүріп, абайсызда сүрініп, қос жанарымның бірінен мәңгілікке айырылдым. Ол кездегі түйсігімнің дамымағаны соншалық бұған аса қайғыра қоймадым. Жалғыз шешем ғана шырылдап, тіпті өз еліміздің дәрігерлерін қойып, шет елдің ақ халаттыларының көмегіне жүгінді. Техника қарыштап дамыған заманда «сіздің ұлыңыздың жанарын қайтаратындай технологияның қауқары жоқ!» деген жауапты есту де оңай болмады.

Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе? Шешем үміт үзген соң, заңды тұрғыда жанармның жарығының өшкендігін дәлелдеп, мемлекет тарапынан «3-ші топтағы мүгедек, яки мүмкіндігі шектеулі» деген «атақ» алып берді.

Page 77: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

76

Мен бұған түкте қиналмадым. Тіпті, мүмкіндігімнің шектеулі екендігінде ескергенім жоқ. «Адамның мүмкіндігі шектеусіз, мен әлі кім екенімді дәлелдеймін» деген ойлар мысықша мияулап, мишығымды тұрып алды.

Уақыт шіркін сынаптай сырғи берді. Сөйтіп, орта мектепті бітіріп, Алматыда өткен Жеке «Сәби» Қайырымдылық қорының ұйымдастырған республикалық мүшәйрасына қатынасып, жүлдегер атанып, тегін оқу (грантта) мүмкіндігіне ие болдым. Тағдырыма бағынып, ел қатарлы үнсіз жүре бергенімде бұл күнге жетемін бе, жетпеймін бе? Мені дәл бүгінгі күнге дейін жетелеп келген жалғыз-ақ мақсатым болды. Ол: «Жалғыз жанарымның нұры тайғанша, өзім қалаған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» атанып, Тәңір берген талантымды шәкірт бойына ұялатып, жеңіс тұғырына бағыттау».

Шүкір! Құдайда қанша сынар дейсіз?! Мақсатым орындалды десем де болады. Қазіргі таңда Ару Ақ Жайықтың жағасында бой түзеген еңсесі биік, абыройы асқақ Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің оқытушысы атандым. Баптаған тұлпарларым да түскен аламанында топ жарып, жүлделерін қанжығаға байлауда.

«Бұл неге сонша мұңға батып, тақырыптан ауытқып, өз қара басының қайғысын жазып отыр?» деген ойға қалған шығарсыздар? Ол да дұрыс! Бұлайша жазып отырған себебім, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялады. Ойпырмай, бөркімізді аспанға атып қуандық. «Жастар жылы» деп көсеміміздің жариялауы - көрегендігінің белгісі. Дегенмен, біз бірқатар шараның бағдарынан жаңылып, жоспарынан ауытқыдық.

Мәселен,жастар–сол қоғамдағы үлкен күшке ие жандар. Олардың талантымен, талабымен, тәрбиесімен ел болашағын байланыстыруымыз да құптарлық іс. Бірақ, жастарды дұрыс қалыптастыратын «үш күшті» назардан тыс қалдырмауымыз керек. Олар: моральдық, физиологиялық және психологиялық күштер.

Моральдық күш – жастардың тікелей еңбекқорлығымын байланысты. Яғни, «бесіктен белі шықпай жатып-ақ» балаға еңбек етудің жемісі қандай болатынын, мамандықтың маңызды рөл атқаратындығын құлағына құйып отыруымыз керек. Осы жердегі ең басты қателік, бала болашағын болжайтын үштіктің (отбасы, балабақша, мектеп) тәрбиеге келгенде бірізділігінің болмауында. А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаяны» секілді, үшеуі үш жаққа кетіп,бала санасының сарсаңға әкеп соғуына жеткізулері әбден ықтимал.

Физиологиялық күш–психологиялық күшпен тығыз байланысты. Мен жоғарыда өз тағдырымнан сыр шертіп кетуім де жәйдан-жәй емес. Өз өмірімді айта отырып, кей «барына мастанған» жастарды сабасына түсіргім келген. Я, менің физиологиялық мүмкіндігім шектелген: ауыр көтеруге болмайды, ұзақ жүгіруге тыйым салынған секілді. Ал, мені бұл тығырықтан алып шыққан психологиялық күш. Көп замандастарымның физиологиялық күші шектелген. Оған қоршаған ортасы да, қауіпті жұмыс та, тұқымқуалаушылық аурулар да әсер етуі мүмкін. Бірақ, ең бастысы психологиялық күшінің мықты болуында. Ол мейлі моральдық және физилогиялық күші «тасып» тұра берсін. Егер,

Page 78: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

77

психологиялық күші сыр беретін болса, онда түптің-түбінде бәрі құрдымға кетеді.

Қазақ «Темірді қызған кезінде соқ» демей ме?! Жоғары жақ «Жастар жылы» деп жариялап, бізге үлкен мүмкіндік берген екен, «қолдан келсе қоныштан басуымыз керек». Себебі, біз уақытты күткенмен, уақыт бізді күтпейді. Қазір сағат сайын дүние өзгеруде. Асықпасқа болмайды.

Сан ғасырлық тағылымды тарихымызды, әлемге әйгілі әдебиетімізді, мәйегіміз болған мәдениетімізді жастар бойына сіңіріп, соның жадында, жүрегінде сақталып қалуына жұмыстар атқаруымыз керек. Жарқ-жұрқ еткен шоудан, я болмаса түкке қажеті жоқ, ішінде бір іліп аларлық тәрбиелік мәні жоқтың қасы форумдар мен жиналыстар бізге зиянын тигізбесе, пайдасын тигізбейді.

Біздің басты міндетіміз, ұлылар ұрпағының ұсақталмай, керісінше іріленуіне жағдай мен жұмыстар жасау. Шапқан аттың тұяғы тозатын, ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр атырапты кімге мұра қылып қалдырамыз? Шашын тотықұстай ала-құлаға бояп, сырға таққан ұлдарымызға ма? Әлде, еркектен еш айырмасы жоқ, иба мен ардан жұрдай қыздарымызға ма?

Өнерді өмірмен шатастырмауымыз керек. Әрине, шет елмен де тәжірибе алмасуымыз керек. Бірақ, менталитет деген ұғым бар. Менталитет – ол сол ұлттың діңгегі. Қай нәрсені елге әкелсек те ұлттық менталитетке қарай бағыттауымыз қажет.

Жастарды жеңіл ойдың жетегіне желіккізбей, болмашы сынаққа морт сынып кетпеуіне тәрбиелеуге тиіспіз.

Қорыта келгенде, әр жастың көкірегінде «Мен кіммін?», «Мен кім болам?», «Менің не істеуім керек?» деген секілді сұрақтар толқындай тулап тұруы қажет. Шеге тағаны ұстайды, таға атты ұстайды, ат ерді ұстайды, ал ер елді ұстайды. Өнер мен өлеңнің шекарасы жоқ уақытта, «ұлтсызданып» кетіп жүрмейік. Жастар, біз келешегі кемел елдің ізбасарларымыз, дархан даланың мұрагеріміз. Жылтырағанның бәріне қызығып, ақыр соңында сан соғып қалудан сақтануымыз керек.

Эссемнің соңын өз шығармашылығыммен аяқтағым келеді: Тарих жайлы жазып жыр мен дастан жүз, Еркін елді ертеңіне бастармыз. Айбаты мен қайратына сенетін, Мағжан ақын жырлап өткен жастармыз. Идеялар мақсатыммен түйісті, Көңілдерден күмбір-күмбір күй ұшты. Алашымның әдебиеті, дәстүрі Отқараққа айналуға тиісті. Мылқау тастан тағылымды таныдым, Өткенімнен сыр шертеді әр ұғым. Жастар жылы танытайық әлемге, Қазағымның жастарының қарымын!

Page 79: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

78

ҚАБДЕШЕВ АЛМАЗ ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мен -туған елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Ол

мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, тәлімін, тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан кең дала мені жомарттық пен кеңпейілділікке, адалдық пен аңғарымпаздылыққа тәрбиеледі. Ай жаныма тыныштық сыйлап, анда-санда әрлі-берлі сипап өтіп, бауырмалдық пен шыдамдылыққа үйретті. Барары мен келер жері беймәлім ерке жел еркіндікке, табандылыққа жетелесе, сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен – ару бір байыппен сылдырап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулыды. Төбесі көкті тіліп, бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті, жайқалған жасыл желігінен өмірге сүйіспеншілікті, жылы жүзділікті, қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқорлықты, өмір сүрудің жолын үйрендім. Таудай талабым, үкілі үмітім алысқа жетелейді. Асау өмір арнасы сан тараулы жолын тосуда. Сірә, адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, мәдениетті, елжанды азамат атанудан артық ештеңе болмас. Сары даланың нөсер жаңбырымен көгеретіні секілді өскелең ұрпағы ісімен, өнегелі сөзімен өсері ақиқат. Жас болсам да білім мен еңбектің дәмін татып, ардақты ата-анамның, аяулы ұстаздарымның тәрбие мектептерінен дәріс алып, қанатымды қатайтып, қияға қанат қағып келемін. Мен жанымды жадырататын, өзімді де, өзгені де қуаныш пен жақсылық нұрына бөлейтін мамандық иесі болдым. Ұлт тұлғасын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеуші - ұстаздық мамандықтың жолына түстім. Ұстаздық ұлы жолдың ауыр да тағылымы мол жолына түскеніме өте ризамын. Туған жердің амандығы мен адамдардың бақыты үшін еңбек ету-басты парызым. Біле білгенге тіршіліктің мәні де осында емес пе? Дүниеге шалалықпен селқос қарамай, дәуір үніне өзіндік ой-пікірімді білдіріп, елімнің ертеңі үшін, баянды ғұмыры үшін жүрегіммен де, тіліммен де күрес айдынында білек сыбана жүруді басты мұратыма баладым. Адам баласының түпкі мақсаты - дүниені және өзін тану. Түпкі міндеті-өзі және басқалар үшін игіліктер жасау. Ал бұларға жету үшін ізденіс, еңбек, жасампаздық және нәтиже керек. Осылар үшін бәсеке қажет.Өзіміздің нақты бір салаға қатысты мүмкіндіктерімізді, қабілеттерімізді дұрыс бағалай білуіміз керек. Алдымызға қандай да бір мақсат қойып, соңында неге жетпек ойымыз бар, міне, сол бағыт бойынша жүріп отырсақ қателеспейтінімді де түсіндім. Әрине, ол жолда кедергілер мен қиындықтардың туатыны сөзсіз. Ұстазымның «Өзіңнің маңдай теріңмен

Page 80: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

79

еңбек ете есейіп, дарыныңмен даралана біл, іскерлігіңмен, ұйымдастыру шеберлігіңмен ғана абырой биігінен көріне аласың» деген сөздері қанат бітіріп, шынайы бақытты, шығар биігімді жобалап та қойғандаймын. Тәтті үмітті үкілеп, көңілдегі күйді күмбірлетіп, өмір теңізіне құлаш ұрған тамаша кезеңдерді бастан кешіріп келемін. Елімнің ертеңі мен болашағы - менің іс-әрекетім, ол-менің жаңа тәжірибем, жаңа әдісім, жаңа жеңістерім... Адамзат өмірі жүрек қалауымен, арман- тілегінің өрнегімен өрілетіні хақ. Қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды, өз өмірінің сәулетшісі болады екен. Өмір сүруіміздің әр күні мен түні қалыптасқан заңдылықтардан тұрады. Адами қасиеттердің ғұмырнамалық айшықты ғибратын ұстаздық мамандықтың аясына сыйғызып келемін. «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей, ұшы-қиыры жоқ әлем, өзіңді қоршаған орта, таным-түйсіктер асыл арнаға, көкжиек көгіне жетелейді. Қолының ұшын, жүрегінің жылуын танытатын адамдар көп болса, өмірде тек жақсылардың тірегі болады. «Адамзат баласының бұл өмірде 3 түрлі міндеті болады екен: біріншісі -ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру; екіншісі-ұстаздық етіп, шәкірт баптау; үшіншісі -ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету» десек, жеке адамның, әлеуметтің рухани жаңғыруы, өмірге, уақытқа ақыл-парасатымен, білімімен бейімделе білуі де ұстаздық ұлы еңбектің жемісі деп түсінемін.

Біз, жастар, болашаққа апаратын алтын көпір іспеттеспіз. Әрбір жастың жеке қабілеті мен кәсіби деңгейіне сай қоғамымызда өз орнын табатыны да хақ. Бүгінгі жастарды асыл мұратпен, таза ар-намыспен мүсінделген зәулім сарай деуге болады. Сол құпия сарайдың есігін келбетті, адами қасиеті, рухани қуаты асқан парасат иесі, өмірлік дағдысы қалыптасқан маман ғана аша алады. Бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлғааралық қатынастар мен жағдайлар жасауда жас мемлекетіміздің жігерлі жастары жалындайтыны сөзсіз. Өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау және оларды түсінуге деген құлшыныстан, оларға төзе білуден тұратынын аңғаратын жастардың қоғамдағы орны да салмақтана түсті. Кемел келешегіміз жарқын қадамын, ұлттық нақышын, береке-бірлігін танытып, үкілеген үмітімізді көкжиекке жетелеп келеді. Дара да даңғыл жолымыз айқын. Ендігі жол- өсу жолы. Бұл жол-жастардың биік белестерден көрінуіне жетелейтін жарқын жолы. Бұл жол- менің де жолым. Тұңғыш Президентіміздің болашақ жастарға үлкен аманат жүктеуі мен үшін өте маңызды, зор бақыт. «Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін » деген сөздері маған рух берді, жауапкершілік сезім ұялатты. Тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты үмітімді қанаттандырып, санамды сергітіп, талабымды ұштап, сүбелі міндет-мақсаттарды зор жауапкершілікпен атқаруға жетеледі. Әрине, уақыт төреші ғой. Бейбітшіліктің бесігінде тербеліп, бүгініміз кешегіден, ертеңіміз бүгінгімізден де артық және жақсылыққа толы болады деген сеніммен уақытты алмастырып, өмірді жалғастырып келемін. «Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз» деп данышпан

Page 81: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

80

Абай айтқандай, барды ұқсатып, кемді түгендеп, ортаны толтырып, жоқты тауып, ел бірігіп білек, жұмылып жұдырық болу мен сияқты жастардың еншісіне тиіп отыр. Бағзы заманда елінің болашағы үшін қатты алаңдайтын бір патша елінің данагөй қартынан: «Елімнің болашағын болжап берші, деп өтінген екен. Сонда қарт: «Сен маған алдымен, еліңнің жастарын көрсет, содан соң жауап берем» деген екен. Осы қазыналы қарияның сөзін бойтұмардай ұстана келе, еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаз қолында» екенін терең сезіндім. Қазіргі таңда іске асырып жатқан жобаларымыз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерімен астасып жатыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ұмтылысты біздер, жастар, дамуымыздың ең басты қағидасына айналдырып келеміз.Біз өмірде қандай қадамдар жасасақ та қандай қадамға баратынынымызды түсінеміз. Мен үш негізгі қасиетке : шешім шығару, құрмет, жауапкершілікті дарытуға баса көңіл аударамын. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағындағыларға құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын жігерлі жастың бейнесін өзіммен көрсетуге тырысамын. Егер бізге шын мәніндегі жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азамат болсақ, алар асуымыз да, шығар биігіміз де жоғары болатыны сөзсіз. Кез келген адам өз ісінде табысқа талпынады. Табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады: сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу», байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, ептілік, қабілеттер, жеке қасиеттер, жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау. Табыс бар жерде сол табысқа жету жолы да бар. Бұл жол сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдаудан, оларды түсінуге деген құлшыныстан , оларға төзе білуден тұратынын да аңғардым. Мен сияқты жалынды жастар тарихтың сабағын айқын түсінеді. Тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай да білеміз.

Ата-бабамның аманаттаған елі-қазақ елі болса, сол елдің қорғаны да, қорғанышы да – мен және мен сияқты рухты жастар. Қазақ- менің жаным да, қаным да. Сары даланың нөсер жаңбырымен көгеретіні секілді жастардың ісімен, өнегелі сөзімен өсері ақиқат. Сүтпен бітіп, сүйекпен қайнасқан ата-бабамыздың асыл рухы бойына біткен қазақ жастарының көк бөрілігімен даралана жосылып, алпауыт елдің алдына шықпаса, артында қалмайтындығына сенімдімін.

Page 82: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

81

ҚАЙЫРЖАНОВА МӨЛДІР ӨТЕҒАЛИҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің жас маманы

Жастықтың бойынан парықсыз паңды емес, өз өнерінің күшіне сенер

мығымдық тапқан қандай жақсы. Ғабит Мүсірепов

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты–біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Жасыратыны жоқ, Республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылып келеді. Тұңғыш президеніміздің Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни жауапкершілігімізде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы - оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. Еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай.

Page 83: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

82

Кешегі күн кетті, көп нәрсе қолымызғы жетті. Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек- жастарда. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Біздің, жастардың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана патриотымыз парасаты асқақтай түспейме? Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім. Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек. Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз.Ұлттық мүдде қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы – көтеру басты мақсатымыз.

Заманның заңғар тұлғаларының бірі Міржақып Дулатов: «Алыстан Алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», - деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауы болмақ.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Тұңғыш президентіміздің Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем.

«Ел боламын десен, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Тұңғыш Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр» деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны - Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Н.Назарбаевтың Халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр»

Page 84: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

83

деп,жастарға зор сенім мен үміт артып отыр.Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық!!!

ТОКБАЕВА АЛИЯ ТУКЕЙОВНА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы Бесікті орта мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы

күші. Сондықтан ел тірегі– жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастар саясатының мақсаты–жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген.

Біз ұстаздар қауымы, мамандығымыздың қасиетті де құдыретті екендігімен мақтанамыз. Себебі, біз болашақ еліміздің құнды байлығы жас ұрпақты оқыту жолындағы еліміздің ертеңгі жастардың тәлімгер ұстаздарымыз.

Білімді ұрпақ–еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына бүгінгі ұстаздар қауымының ықпалы зор екені анық.

Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастырады. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып,нұсқау беруі–бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден–бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Біз жалынды жастар қазіргі уақытта Елбасы ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы– 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Дипломмен–ауылға!», «Жасыл ел» жобалары арқылы жарты миллион қазақстандық жас қамтылған. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсатының бірі әлемдік стандартқа сай білім жүйесін енгізу. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте әрине, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Осы ақиқатты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев

Page 85: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

84

Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050», «Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында одан әрі тереңдете түсіп, бай идеялармен еселенеді.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы–оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.

Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын,заман талабына сай ойлайтын, ғылыми –әдістемелік білімі жеткілікті ,педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім болуымыз керек. Бұл біздің кәсіби шеберлігімізден көрінеді. Қазіргі таңда білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды.Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды қолдай отырып, өз ұсынысымды білдіргім келеді. 1. Биыл 2019 жыл жастар жылы болғандықтан жастардың жаңашыл бағытта жұмыс жасауын жүзеге асыру, жаңашыл идеяларына қолау көрсетуді арттыру. 2. Қазіргі ұрпаққа білім беруде инновациялық әдістерді қарқынды дамыту. 3. Қазіргі оқу үрдісінде жастардың қосымша тегін білім алатын орындарын ашу. 4. Әлемдік білім беру кеңістігінде бағдар тұтқан жастардың ғылым мен білімге деген көзқарастарын жаңаша тұрғыда қарастыру. 5. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер беру.

Қорыта келгенде алдымызға тұрған мақсатқа жету үшін талаптануда тырысуда өз қолымызда.Қазақсанның рухани және экономикалық жағынан стратегиялық дамуы үшін маңызды қадамды бастайтын ел ертеңі Қазақстан жастары болмақ.Сондықтан да Қазақстанның жалында жастары ертеңгі күнге болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйені құрумыз керек.

Жарқын болашақ білімі мен білігі толысқан, ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, талабы таудай жастардың қолында!

Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

Page 86: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

85

АЗМУРАТОВА ГАУХАР АЙТБУЛАТОВНА МОЛОДЕЖНАЯ МОЛОДОСТЬ- СВЕТЛОЕ БУДУЩЕЕ Учитель русского языка и литературы школа имени Жумабая Мырзагалиева молодая специалист Исатайский район Аккыстауский район село Тущыкудык

«Вы не просто будущее страны. Вы то поколение, которое будет реализовывать те цели, которые определены мной. Я призываю вас многогранно развиваться, заниматьсяспортом и искусством, изучать иностранные языки, более глубже изучать наследие отечественной и мировой литературы и самое главное, стать передовыми специалистами в своей сфере».

Н.А.Назарбаев Молодежь во многом определяет не только настоящее, но и будущее

государства. Молодежь — сила нашей страны, стратегический и кадровый ресурс. Молодежь – это будущее страны! И это не банальный лозунг. Мы должны будем обеспечить не только благополучие наших детей, но и родителей, мы станем ответственными за три поколения людей! И чтобы достойно справиться с возложенной на нас задачей, необходимо уже сейчас приступать к участию в политической жизни страны.

Молодость–это время, когда хочется, чтобы все проблемы решались быстро, препятствия преодолевались легко, а мечты сбывались. Этот период надо использовать в полную силу. Молодые люди должны понимать, что их идеи, возможно где-то рискованные, где-то фантастические, но однозначно передовые помогут взрослым коллегам достигнуть улучшений в стране.

Нынешняя молодежь способна сама модернизировать свои силы и направить их в то русло, которое им ближе по духу. Да, у нас в городе функционирует, и довольно успешно, молодежный парламент.

На сегодняшний день в нашей стране молодёжь является самостоятельной, активной и ответственной частью гражданского общества. Принятие закона Республики Казахстан в 2004 году 7 июля «О государственной политики молодежи» стала основой для дальнейшей реализации молодежной институциональной политики. Проводимая с первых дней независимости, государственная политика молодежи играет в жизни общества стабилизирующую роль, дает возможность молодежи преодолеть трудности жизни, обеспечивает социальную возможность.

Так с социально-экономической точки зрения принимаются все меры на повышение уровня доходов молодежи и молодых семей, улучшения экономического климата и долгосрочного кредитования и поэтапного внедрения системы, через расширение экономического образования, повышения деловой активности, для полноценного снабжения жилища и хозяйства, правовых, организационных мер по созданию условии для всех. Например, можно подчеркнуть применения льгот проезда студентам, применения льготного ипотечного кредитования молодых граждан и

Page 87: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

86

молодых семей, механизмы государственного обеспечения интеграции молодых специалистов на рынке труда, квоты, предоставляемые сельской молодежи, повышенного внимания молодежи едущих в село. В истории всех времен и народов молодежь всегда играла ключевую роль. И это не случайно, потому что молодым присущи активные качества - жажда справедливости, отвага, честь. А если кто-то склонен в молодости усмотреть одни лишь недостатки, тому мы ответим словами американского поэта Лоуэлла: «Возможно, молодость–порок, но только чересчур быстро излечиваемый возрастом». Так что, пока от этого «порока» мы не излечились, не будем зря терять времени! Я верю, что наша молодежь – кладезь талантов, мастерства и умений, нужно не растерять тот потенциал, который заложен в нас, и суметь направить его в нужное русло, чтобы, несмотря на все трудности и препятствия, суметь поднять Казахстан на должный уровень!

Молодежь восприняла ценности рынка, поставив популярность жизненных стратегий социального успеха на первые места: среди целеполагающих ценностей молодежи доминирует образование, которое оказывается на самых верхних ступенях иерархии, а также принцип индивидуального планирования собственной жизни самим человеком, личная инициатива, ценность свободы личности, ее суверенитет, свободная конкуренция, плюрализм, важность влиятельных друзей и знакомых, помощь нужных людей, гедонистические ценности, прагматизм.

В лице современной молодежи в казахстанском обществе сформировался абсолютно новый культурный тип, существенно отличающийся от прежних поколений: сформировался слой молодежи с новыми ориентирами, ценностными установками на достижение успеха, рациональным экономическим поведением. Нынешняя молодежь исключительный и важный фактор перемен, носитель новых идей. В связи с этим и необходима современная государственная молодежная политика, отвечающая запросам ХХI века.

САГИНДЫКОВА АЙНУР ЗУЛХАРНАЙҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы, КМҚК №19 «Шұғыла» балабақшасы, педагог - психологы

«Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз... Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз»

Баубек Бұлқышев Тарихта әр кезеңнің ұрпақтарына әрқилы, уақытына сай жағдаяттар мен

себептерге байланысты әртүрлі атаулар беріп отырған. Мысалы, сексенінші жылдардың ұрпақтарын «қайта құру» балалары деп жатса, тоқсаныншы жылдары дүниеге келген азаматтарды «тәуелсіздік құрдастары» немесе «Х буыны» дейді, ал екі мыңыншыларды жаңа заман буыны «нөлдік кезең

Page 88: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

87

балалары» немесе «миллениум ұрпағы» деп атап жатады, яғни жаңа техника мен ақпараттың дамыған дәуірінің құрдастары. Бұлай дегені, қағаздан гөрі компьютерге жақын ұрпақ дегені болар бәлкім.

Мен 1986 «Қайта құру» жылы дүниеге келдім, бұл жылы КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға «Желтоқсан көтерілісі» болды. Көтеріліске қатысқан жастардың бойындағы батырлық, қайсарлық, өжеттілік қасиеттері қазіргі әрбір жастың бойында болу керек. Осындай тарихы терең, көркем елдің азаматы болғаныма, «Қазақ» деген батыр халықтың ұрпағы болғаныма мақтанамын. Көк туымыз көкте желбіреп, қыран құсымыз қалықтап ұшқанда, қазақ елінің беделі асқақтап, ынтымағы мен берекесі арта бермек.

Жастар деген кім? Әрине, ол мен, сіз, біздер. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есептелінген. Олар әрқашан қоғамдағы оң өзгерістердің алдыңғы қатарында болды. Негізінен, жастар – мемлекеттің стратегиялық қоры. Олар дамудың жасампаздық қуаты мен ұлттық күшін жинақтап, дамыта алады. Ол үшін

Жастар қандай болу керек? • Менеджер • Білімді, білікті маман • Жаңашыл • ІТ маман • Кәсіби шебер • Ұйымдастырушы • Коммуникативті. Бір сөзбен айтқанда, «Өз ісінің мән – жайын жетік білетін маман» болу

керек. Осындай маман болу үшін алдымен педагогикалық менеджментті меңгеру керек деп айтамын.

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани–адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған модел, ол - педагогикалық менеджмент.

Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін – өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту. Жаңашылдық ықпал үздіксіз интеллектуалды, рухани білім алу, өзімізді дамыту, жетілдіру.

П.ғ.к., доцент Ш. Майғаранованың «Рухани дамыту мәселелері» атты мақаласында:

«Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға

Page 89: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

88

қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін, сана-сезімін, дүниеге көзқарасын кеңейтеді», - деп айтқан.

Мен өз білімімді жетілдіріп отыру үшін, жұмыс жасап отырған мекемем педагогтердің біліктілігін көтеретін арнайы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына жіберді. Онда өз мамандығым бойынша курстық оқуды оқып, сертификат алдым. Біліктілікті көтерудегі негізгі міндет – әдістемелік сауаттылық. Яғни әр жас маманның ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеттерін ашу, қалыптастыру, дамыту.

Қазіргі жастар яғни біз өзіміздің алған рухани білімімізді жетілдіру мақсатында түрлі ақпарат көздерінен алған деректерді қорытып, тәндік жаратылыс пен жандық жаратылысын түсіне білуіміз керек. Ол үшін тән тазалығы мен салауатты өмір салтын ұстану, денесін шынықтырумен бірге ізгілік қағидалармен үйлесімді өмір сүру, өз ақыл-ойын үнемі жағымды, сабырлы қалыпта ұстай білуі тиіс. Адамның бойындағы Жаратушыдан дарыған құдыретті күш – Рухты өз денсаулығын сақтауға, шығармашылық істерге пайдалануға, өзін-өзі жетілдіру жолдарын меңгеруге қолдануы қажет.

Қорытындылай келе, міне, бүгінде күллі әлемді мойындатқан қасиетті Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын тойлап отырған Отан – Ананың сенім үдесінен шығу мақсатында білімді жастар болып ғылым мен техниканың биік деңгейін бағындырып, жігерлі ұл – қыздар спорт саласында ерен ерліктің үлгісін көрсетуде. Еліміздің сұлу табиғатынан, әсем әнінен, шалқар күйінен, дана ойынан, көркем сөзінен ләззәт алып, жанына өнерді серік еткен жастары рухани байлығымызды, өнерімізді тәнті етуде.

Әрқайсысымыздың бойымызға ананың ақ сүтімен тарап, ана тіліміздің нәрімен дарып, ақ батасымен бекіген қасиеттер: еңбекқорлық, білім мен өнерге деген құштарлық барда «Мәңгілік елдің» ертеңі жарқын болатынына сенгім келеді. Ол үшін бойымызда «Күйзелісті қалыпты қабылдау» қасиетін дамыту. Жұрттың пікірінен қорықпауға үйрену. Байқайсыз ба, өмірде қандай да бір жетістікке, табысқа жеткен адамдар жұрттың айтқанын елемейді де. Өйткені, олардың алға қойған мақсаты айқын. Сол мақсатқа жету үшін ол елдің сөзін емес, өзінің жүрегін ғана тыңдайды.

«Болашақ–жастардың қолында», - деп осы сөзді ұран етіп, болашаққа нық қадам басу, көк туды көкте желбірету біздің айқын мақсатымыз болуы тиіс. Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың көшбасшысы болумен қатар, еліміздің еңсесін көтерер азамат болуымыз керек. Айқын мақсатқа жете отырып, жетістікке жетеміз. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш екенін ұмытпайық.

Page 90: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

89

САЛАУАТОВА НАЗЕРКЕ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың

тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә. Назарбаев

Ұстаз!!! Сапар ұзақ жол алыс! Бұл жолда талмайтын талап пен білуге, білімге деген «ашқарақтық» қанатының қауқарынан діңгегі мықты тал қозғалатын бүркіттің жас баласындай «жас ұстазды» көздеген мақсатына жеткізеді. Заңғар көктің патшасы қыран бүркіт баласын өмірге икемдегенде биікке ұшып барып уысынан шығарып жібереді екен. Егер баласы жерге жетпей қанатын жайып ұша алса, онда ол үлкен жетістік болғаны.

Мен тәлім алған білім ордалары Исатай орта мектебі мен Жаhанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі мені өмірге осылайша баулып жіберді. Осы аталған білім ордаларының берген білімі мен тәрбиесі мені Зинеден ауылының Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы атануыма себеп болды. Мектеп табалдырығын оқушы болып аттағанда осынша үлкен жауапкершілікті сезінгенде емес едім.Алайда, еңбек жолын бастар кезде мүлдем басқаша. Түсінгенім, талап жоғары, сұраныс көп. Алдымда отырған әрбір жәудір көзге жасқана, әрі үлкен бір қызығушылықпен қарадым. Бастауыш сатысын жаңа аяқтап, орта буынға енді аяқ басқан бүлдіршіннің өміріндегі алғашқы ұстаз болу еңбек жолын жаңа бастаған жас ұстазды жасқандырмай қоймады. Алайда өзіме үлкен сенім артып, әр бүлдіршіннің жан дүниесіне үңілдім. «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз» деген орыс жазушысы Лев Толстойдың нақыл сөзін жадымда ұстандым. Өйткені ұстаз-мақтан тұтар, ұлы мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, шәкіртжандылықты, сүйіспеншілікті қажет ететін мамандық - ұстаздық мамандық. Олай дейтін себебім, мұғалім еңбегі біріншіден, сапалы білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен тығыз қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманын жүзеге асыратын маман.

Мен бүгінгі таңда өз мамандығым бойынша үшінші жыл еңбек етіп келемін. Бұл аз ба, көп пе, бірақ мен үшін биік мақсаттарға жетудегі ізденістер мен ұмытылмас қызықты жылдар.

Мен өзімнің алған білімімді әр баланың жан дүниесіне жеткізіп, дағдыларының қалыптасуына арнаймын. Жас маман ретінде өз бойымдағы білгенімді өз әріптестеріммен бөлісіп, білмегенімді тәлімгерім Жарылғасова Гүлшаттан әрдайым сұрай отырып, мектептің озат тәжірбиелі ұстаздарымен тәжірибе алмасудан жалықпаймын.

Қазіргі таңда «Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру жолдары» атты тақырыппен жұмыс жасап

Page 91: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

90

келемін. Мектеп партасындағы бүгінгі шәкірт - қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі. Тәуелсіз мемлекетіміздің байырғы болашағы оқушыға тікелей байланысты десек, қазақ аулында, қазақ сыныбында оқитын оқушының көркем әдебиетке, ұлттық құндылықтарға құштарланбайтыны, өз ойын шебер тілмен таза жеткізе алмайтыны, рухани дүниесінің жұтаңдығы, белсенділікке ұмтылмайтыны ауыл мектебінің ұстазы ретінде мені қынжылтты. Сол қынжылыстан туған ізденістер мен еңбек тәжірибесін ұштастыра отырып, тығырықтан шығудың амалын тапқандаймын. Оқушы өз ойын еркін жеткізіп, өзгенің пікірімен санасатын, өзіндік түйіп айтар салмақты сөзі бар жеке тұлға болып қалыптасу үшін ең алдымен оқушының танымдық белсенділігін, шығармашылық әрекетін, сөйлеу тілін байытып, дамыту керек. Ол үшін әр қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жан-жақты, шығармашылыққа бейім, ізденгіш, тілге шешен, «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуы шарт деп білемін. Осы орайда өзімде осы пәннен дәріс бере жүріп, «өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім, жағада тұрып жүзуді үйреткен су жабдықтырушысына тең» деген пікірді басты қағида ретінде ұстанамын.

Заман күннен-күнге дамып, өркендеу үстінде. Бүгінгі таңда жаңашылдыққа толы XXI ғасыр талабына сай лайықты, шығармашылыққа жаны құмар, дарынды, сауатты да саналы жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз.Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырған.Жастарға қолдау көрсетілсе, еліміздің түкпір-түкпірінен жаңашыл мұғалімдер санымен толығар еді.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу-сезімнің ақындығы. Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын-адамның алтындығы,- деп ақын Ғ.Қайырбеков айтқандай

мен де жас маман ретінде ұстаздық еңбектің қыры мен сырын, бейнет-зейнетін, мақсат-маңызын танытсам деп,ұлылар пікіріне сүйеніп ой өрбіттім.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндесем деймін:

«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп чех педагогі Я.А.Коменский айтқандай мектеп табалдырығын аттаған жас баланы ертеңгі елдің тұтқасы етіп шығару менің басты борышым. «Алғашқы ұстаз» жас өреннің өмірінде алғашқы білім дәнін себуші «Диқан».

Page 92: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

91

АХМЕТОВА ЖАДЫРА ҚОЖАБЕКҚЫЗЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Атырау қаласы Б.Нысанбаев орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі

Ел ертеңі- білімді жастардың қолында болары анық. «Жалынды жастар-жарқын болашақ»-бұл тақырыпты ойға алған кезде мен өз мамандығым туралы,сол өшпес мамандыққа деген тигізер үлесім жөнінде , жаңашылдықты осы эссе арқылы білдіргім келеді. Себебі, мен жас маман ретінде болашағымды өз мамандығымнан көремін.“Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет” деп Бауыржан атамыз айтқандай, мен өз мамандығымды сүйемін және сол ұлы қызмет жолына өзімді арнадым.

Баланың келешекте мықты маман болып қалыптасуына ұстаз орасан зор ықпал етеді. Осыны ең алдымен өзімнің түсінігімнен өткізгеннен кейін ғана, саналы жас ұрпақты тәрбиелеуде кездесетін қиындықтармен күресіп келемін. Қазіргі кезде жаңа жүйемен оқушылар ғана емес, біздер мұғалімдер қауымы бірге дағдылану үстіндеміз деп ойлаймын. Жаңашыл жалынды жас ұстаз қандай болу керек? Мен осы сұраққа көп іздендім. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігіндегі жаңа стратегияларды оқып, өсіп келе жатырған балалардың алған ақпаратты жүйелей алуы үшін, функцияналдық сауаттылықты дамыту барысында Кембридж бағдарламасында айқын көрсетілген. Ендеше, Елбасымыздың айтқан саралы сөзі «Ғасырлар мақсаты- саяси–экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген жаңа ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» мақсатында менде үлес қосқым келеді. Бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың еншісіне тиері анық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Бұл жаңашыл, жалынды жас мұғалімнің алға қойған мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Осы бағытта жаңашыл жас ағылшын тілі ұстазы ретінде өзіме алдымен оқушыны ағылшын тілінде еркін сойлеуге бағыттаймын деп мақсат қойдым. Өзім жаңа техналогияның басым бағыттарына назар аударамын. Сабағымда оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін үнемі арттырып отырамын. Балаларды жалықтырмау мақсатында ұстаздар жиі әдіс-тәсілдерді ауыстырып, жаңашылдыққа бет бұратын кез келді деп ойлаймын. Жаңашылдық қазіргі мұғалімдердің басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Бұрынғыдай оқушыларды «5» балдық жүйемен қатаң бағаламай, оқушылардың өзін-өзі бағалауға немесе өзгені бағалауға және өзінің ойын ашық, емін-еркін айтуға дағдыландыру .Сонда ғана болашақта бәсекеге қабілетті, экономиканы ұғынатын тұлғаны қалыптастыра аламыз деген сеніммен қараймын.

Page 93: Э.А.Торебекова магистр,orleu-atr.kz/wp-content/uploads/2020/02/Эссе...8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде

92

Осы орайда оқушыдарға ағылшын тілін жетік меңгерту үшін өзім жаңа бағыттарды іздеп келемін. Міне, қазір сондай жаңа бағыттың бірін ұсынғып келеді. Бұл жоба аясында қаламызда ағылшын орталығы салынып, бұл орталыққа оқушы бір күнін арнау керек. Сол орталықта тек қана ағылшындықтар жұмыс жасап, яғни мұғалімдер, асхана қызметкерлері, спорт ұстаздары т.б. Жоба басында тәжірибе ретінде екі мектеппен келісімшарт жасасып, екі сыныпты алып, алты ай ішінде нәтижесін күту керек. Бұл орталыққа оқушы таңертенгі сағат сегізде келіп, кешкі бесте үйіне қайтады. Осы аралықта ол барлық қажеттілікті тек ағылшынша сөйлеу арқылы ала алады. Басында қиыншылық туғызып, бала түскі астан немесе демалыс бөлмесінен, жүзу бассейндерінен құр қалуы мүмкін. Бірақ келесі келгенде бала күнделікті қажеттілігін барынша ағылшынша айтып алуға тырысады. Ең болмағанда аш қалмау үшін сол бағыттағы сөздерді үйден жаттап келеді. Бара–бара ол оқушыда ағылшын тіліне деген қызығушылығы артып, сөздік қорын молайта береді. Ақырында белгілі бір нәтижеге жетеміз деген сенімім зор.Осылайша болашақта үш тілді меңгерген жас ұрпақты тәрбиелей аламыз. Көп үлес қоспасақ та, әлемдік тілді үйретуде кішкене ғана кірпішін қалассақ, соның өзі бір мәртебе!

Қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай «алты алаштың басын қосқанда төр-мұғалімдікі». Ұстаздың ұлы тұлғаны қалыптастыру үшін шебер шығармашылық, кемел ізденіс пен жаңа заманауи дағды мақсаттарды меңгертуге жалықпай, жаңашылдықтың жаршысы, ел ертеңі, білімді жастарды тәлім мен тәрбие беру қазақ ұстазының басты міндеті деп білемін.