557
1

УДК - skbis.kzтәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. ... дүбірлеп өткен

  • Upload
    others

  • View
    92

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

  • 1

  • 2

    УДК 37,0

    ББК74.56

    373

    «Оқушылардың білімдері мен ынталы еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету

    жолында»колледждар мен мектеп оқушыларының XIV аймақтық Ресей

    Федерациясы оқу орындары студенттерінің халықаралық қатысуымен өткізілген

    ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.

    «Знания и инициативу учащихся – на службу динамичного развития страны»

    Материалы ХIVрегиональной студенческой научно-практической конференции

    с международным участием образовательных организаций Российской

    Федерации- 2019 год

    ISBN-978-601-7195-11-3

    Конференция жұмысына Ресейдің Барнаул, Казан орта кәсіптік оқу орындарының

    студенттері қатысады.

    Конференция тақырыбы әртүрлі бағыттарды қатысуға қамтиды:экологиялық

    мәселелер,тарих және тіл, математика және химия мәселелері.Секция

    жұмыстарында экономикалық мазмұнды есептер, сұрақтар, зерттеу

    жұмыстарының мәселелері қарастырылады.

    Қатысушыларды зерттеу жұмыстарына негізделген баяндамалар өзекті,қызықты

    және танымдық сипаты бар.

    В работе конференции принимают участие студенты Российских средних

    технических учебных заведении из города Барнаул,Казань.

    Тематика конференции позволяет принять участие по самым разным

    направлениям: социальным,экономическим и экологическим проблемам,вопросы

    историй и языка, математики информатики и химии.На секциях рассматриваются

    вопросы проблемного характера, вопросы технологии в различных сферах

    деятельности.Доклады основаны на исследовательский работе участников, они

    актуальны и интересны и носят познавательный характер.Проведение научно-

    практической конференции способствует становлению современной личности с

    развитым интеллектуальным потенциалом, способным принять активное участие

    в развитии экономической, социальной жизни Казахстана.

  • 3

    СЕКЦИЯ № 1:ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӘДЕБИЕТ, ОРЫС ЖӘНЕ ШЕТЕЛ

    ФИЛОЛОГИЯСЫ

    СЕКЦИЯ №1: КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК, РУССКАЯ И ИННОСТРАННАЯ

    ФИЛОЛОГИЯ

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС ПЕН ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ

    САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚОЛДАНУ ТАРИХЫ

    Баяндамашы: Амангалиева Тоғжан

    Жетекшілері: Хасенов Қуаныш Мухитович

    Журсумбаева Гулдана Сайрановна

    «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

    Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар әлемдегі барлық халықтарда бар. Солар

    арқылы халықтың өмір салты, оның әдеттері, ұлттық ерекшеліктері білінеді. Салт-

    дәстүрлер – бұл тарихи қалыптасқан тұрақты және молынан тараған, ұрпақтан

    ұрпаққа беріліп отыратын, әлеуметтік пікірдің күшімен қорғалынатын

    адамдардың өзара қарым-қатынастарынан қалыптасқан ең мол тәжірибелерінің

    қалпы.

    Салт-дәстүрлер адамзаттың өзі сияқты өте көне, ескілікті. Олардың тарихи

    сипаты болады, өйткені олар адам еңбегінің және қоғами әрекеттерінің үрдісі

    барысында пайда болып қалыптасып, жеке адамның немесе адамдар тобының

    қалауы бойынша емес, объективті негізге байланысты туындаған.Ал

    мәдениетінен, тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылған халықтың ұлт

    ретінде жойылып кететіні өзінен-өзі түсінікті. Коммунистер елімізді осындай

    дәрежеге жеткізуге біртіндеп әкеле жатты… КСРО-ның құлауының арқасында

    мұндай бұлыңғыр болашақтан құтылдық.

    Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тарихи маңызы, қазіргі кездегі қоғамдағы

    орны. Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы айтқандай «өз тарихын, салт-дәстүрін

    сыйламаған халық, өзін де сыйламайды».Өйткені ол осы салт-дәстүрлерді

    туындатып қалыптастырған халықтардың мыңдаған жылдық белгілі бір

    экологиялық-географиялық кеңістік аясында қалыптасқан экономикалық-

    шаруашылық, діни-идеологиялық, әлеуметтік-саяси және мәдени қатынастарды

    реттеп отыратын салт-дәстүрлерге негізделген әдет-ғұрып заңдары мен

    идеологиялық тұғырнамасы, рухани құндылықтары жиынтығының ең бастысы

    болып табылады. Бұл жер діни тәртіптер мен ұлттық заңдылықтар, этикалық-

    эстетикалық саналық қалыптары қордалана тоғысатын бірден-бір құбылыс. Басқа

    да халықтар сияқты қазақ халқының да өте ерте замандарда қалыптасқан салт-

    дәстүрлер, ырым-жоралар жосыны аздаған өзгерістермен бірақ негізін сақтап

    бүгінгі күнге дейін келіп жеткен. Жазба немесе археологиялық, этнографиялық

    ескерткіштерді саралай келгенде айтарымыз, қазақ халқының рухани

    мәдениетінің қайнар көзі көне дәуірлер мен ортағасырларда даламызды

    мекендеген көптеген этникалық топтар мен тайпалар мәдениетінің қойнауында

    жатқанын айқын аңғарамыз[1].

    Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық

    екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда салт-дәстүрдің

  • 4

    орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми

    жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал

    бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен

    сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін

    құдіретті күштің аты - ғылым мен мәдениет . Ендеше сол ата-бабаларымыздың

    тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік»[2] деді еліміздің Президенті

    Нұрсүлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы сөзінде .

    Қазіргі таңда «Мәдени мұра » бағдарламасы бойынша, салт-дәстүрге ,

    жалпы мәдениетке, еліміздің тарихи ескерткіштеріне аса мән берілуде.Қазақ –

    көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік

    игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ

    даласындай кең де қонақжай халық

    Құдаласу дәстүрінің әр аймақтарындағы айырмашылықтары

    Үйлену салты негізінен құдалық, үйленуге дайындықтар, той және тойдан

    кейінгі әдет-ғұрыптардан құралады. Екі жастың бас қосып, отбасын құруы

    ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша құдаласудан басталады. Қазақтар , әдетте,

    «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, аралас-

    біліс, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған.

    Қазақта құда болудың бірнеше түрі болған. Осындай т.б. жағдайларға байланысты

    құдалықтың «бел құда», «бесік құда» және «қарсы құда» деген негізгі түрлері

    қалыптасқан.

    Бел құда, өзара таныс-біліс, дос-жаран адамдардың әйелдері бірдей құрсақ

    көтеріп жүрген болса, ондай адамдар алдын-ала уағдаласатын болған. Яғни,

    бірінен ұл, бірінен қыз туса достар бел құда атанатын болған. Ал, бірыңғай қыз

    немесе ұл туса, әке-шешелерінің достығын жалғастырып, жолын бөлісетін болған.

    Мұны қазақтар «қарғыбау» дейді.Бесік құда, балалары бесікте жатқанда кейбір

    ниеттес адамдардың құдаласуын «бесік құда» деп атайды. Бұлайша құдаласу

    орташа дәулетті адамдар арасында болып, берілетін қалыңмал мөлшері

    әдеттегіден едәуір төмен және қалыңмалды ерте бастан-ақ, ақырындап төлеп

    отырған. Құдаласудың бұл түрі күні бүгінге дейін сақталған деуге боларлық.

    Қарсы құда, бір-бірімен өзара қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат

    құдаларды атаса, қарсы құдалықтың тағы бір түрі – қыз алған жақ қыздың

    қалыңмалын төлеуге шамасы келмесе, қалыңмал орнына өз жағынан бір қыз

    берген.

    1960-жылдардан бастап үйленіп, тұрмыс құру көбіне жастардың өз

    қалауларымен жүзеге асырылды. Сондықтан, өз еркімен бас қосуына байланысты

    болатын құдалық түрі халық арасында «құдай қосқан құда» деп атала бастады.

    Шығыс аймақтарда құдаласу жолы бойынша жасалып, алдымен қалыңдық

    жағының «ұзату тойы», одан кейінгі «үйлену тойы» немесе «келін түсіру

    тойымен» жалғасатын үйлену салты түрінде болады. Оңтүстік аймақтарда белгілі

    себептерге байланысты туындаған «алып қашу» немесе «қашып кету» арқылы

    үйлену салты сақталған. Құдаларға сондай-ақ «төскейде малы, төсекте басы

    қосылғанының» жосыны ретiнде төс те тартылатын салт кездеседі. Осы ұғым

    негiзiнде төс күйеу мен келiннiң де сыбағалы асы саналады. Күйеу қайнына

  • 5

    барғанда, келiн түскен соң табаққа төс пен асық жiлiк тартылады. Асық жiлiктi

    балалар ойнайтын асық болсын, әрi “ойын-ойнайтын балаларың көп болсын” деп

    ырымдап бередi. Бала асырап алғысы келсе, асық жiлiк апарып балаға ұстатып

    асырап алатын жосын бар. Сайып келгенде, төс пен асықты жiлiктiң тартылуында

    “төсекте төс, дастарқанда бастарың айырылмасын” деп екi жастың махаббатын

    дәрiптеу жатыр.

    Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата –

    бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп,

    жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер

    ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске

    тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі.

    Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық

    атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып

    отыр.Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық

    сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді.

    Зерттеу жұмысымыздың қорытындысы мен нәтижесі тақырыптың өзектілігі

    болып табылады, және баспасөз бетіне тақырыпқа байланысты мақаланың

    жариялануы. Қазақстанның шығыс пен оңтүстік аймақтарындағы салт -

    дәстүрлердің қолдану тарихын жан-жақты зерттеу өлкетану саласын толықтыруға

    өте қажет.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Мұратхан Қани «Қазақтың көне тарихы».- А., 1996. 272 бет.

    2. Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері».-А.,1998

    3.Әбділмәжінұлы Бауыржан //Тарбағатай нұры 2001-10 қараша5-б

    4. Сейдін Бизақов «Түбі бір түркілер».А.,-2002

    5. Қазақстан тарихы, 2010 жыл, наурыз 7-18-б

    ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ

    Баяндамашылар:Таңатқызы Шуақ, Зыханова Нұрай Жетекшілері:Далбина Жанар Кайрбековна, Акимжанова Гульнар

    Байкаловнақазақ «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық

    мемлекеттік мекемесі

    Киелі Елі мен Жерінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда

    батыр қазақ халқы астындағы атының беліне, өзінің сом білегінің күшіне, алып

    жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруының айбатына сеніп, арқа сүйеген.

    Қыпшақтардың – қазақтардың қару-жарағының айрықша қуатты болып, жауының

    құтын қашырғаны, батырларының мәртебе-мерейін асырғаны тарихтан ән-жыр,

    дастан, аңыз болып, жазба ескерткіштері, құжаттар арқылы бізге жеткен ақиқат.

    Алайда қазіргі жас ұрпақ ата-бабаларының осынау әскери қару-жарақтарының

    көптеген түрінің атауын да ұмытып бара жатқандай. Сол себепті біз бүгін

    қазақтардың әскери қару-жарағының бір шоғыры жөнінде ғана сөз

    қозғамақшымыз.

  • 6

    Халқымыз ғасырлар бойы жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін,

    тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Ел мен жердің қамы үшін ат

    үстінде күн кешіп, қолындағы бес қаруына сеніп жауының құтын қашырып,

    мысын басқаны ауыздан-ауызға таралып бүгінге жетті.

    Қару-жарақ – қай елдің де мәдениетінің, соғыс өнерінің ерекше құбылысы. Қазақ

    қару-жарағының қысқаша тарихы, қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жүйесінің

    тарихы тереңде. Жалпы қару-жарақтың пайда болуы мен оның қолданылу тарихы

    өте ертеден басталса, Ұлы Даланы мекен еткен көне халықтардың қару-жарағына

    тән белгілер б.з.д. І мыңжылдықта қалыптаса бастады. Әр түрлі дереккөздер,

    археологиялық қазбалар мен басқа да материалдар қазақ халқының арғы түбі

    саналатын сақтардың әскери ісінің деңгейі, жауынгерлік өнері өте биік дәрежеде

    болғанын көрсетеді.

    Ерте замандағы халықтардың қару-жарағын зерттеген ғалым Қ.Ахметжанның

    көрсетуінше, сақтардың жеке жауынгерлік қару-жарақ комплексі алыс, орта және

    жақын қашықтықта қолданылатын шабуыл қарулары мен денеге киіліп, қолға

    ұстап қорғанатын қорғаныс жарағынан тұрды. Бұдан кейінгі дәуірлерде даланы

    дүбірлеп өткен батыр бабаларымыздың қару-жарағы металдардың өңдеп-

    өндіруіне байланысты түрленіп, өзгерістер қосылып отырды. Ғұн-сарматтардың,

    кангюлердің, үркілердің, қимақ-қыпшақтардың қару-жарақ соғу өнері даму

    сатысында бірнеше кезеңді бастан өткерді және жалпы адамзаттық өркениетке

    өлшеусіз үлес қосты.

    Дәстүрлі қоғамда затты қолданғанда оның символдық мәні ескеріліп

    отырады. Жауынгер скифтер мен спарталықтар үшін құлдарды өздеріне теңеп,

    олармен қару алып соғысуы қаншалықты мүмкін емес болса, өздеріне тең, азат

    әскери адамға қамшы жұмсау соншалықты мүмкін емес[4].Барлық түркі

    халықтарының қаһармандық эпостарында соғыс кезінде батырлардың жекпе-жек

    айқастары 5 қару түрімен сайысу – садақ ату (1), найзаласу (2), қылыштасу (3),

    балталасу (4) мен шоқпарласу (5) түрінде өткен. Көшпелілердің соғыс өнерінде

    батырлардың жекпе – жегі ғана емес, бүкіл әскердің ашық майдандағы айқасы,

    оның тактикасы осы жауынгерлік қару түрін қолдануға қатысты құрылды. Ұрыс

    алыс қашықтықтан садақпен атысудан басталып, адамдары шығынға ұшыраған

    жау әскерімен жақын қашықтықта бетпе – бет айқаста найзаласумен жалғасты,

    одан әрі қарай қоян-қолтық шайқаста қылышпен шабысу, айбалта, шоқпар сілтеу

    секілді тәсілдерге көшетін. Күштің тепе–теңдігі бұзылған жағдайда, қаша ұрыс

    салып, қайтадан шауып келе жатып артқа қарай садақ атуға көшіп, жаудан

    айласын асыруға тырысатын. Бұл әскери тактика барлық түркі-монғол

    халықтарына ортақ әдіс болды.Соғыста қолбасшылар әскери тактиканы

    ойластырғанда бес қару түрін айқаста қолдану мүмкіншілігін ескеріп, ұрыс салу

    әдісі соған негізделген.Әскери тактикаға негіз болу – ер қаруының бесінші

    ерекшелігі. Сонымен, жекпе-жек өткізетін, әскери бөліктер құратын, әскери

    тактиканы анықтайтын қарулардың ішінде де қанжар мен қамшы жоқ.Соғыс

    қаруының тағы бір ерекшелігі, — ер қаруы ретінде олармен жоғары дәрежелі

    әскери лауазымдарды белгілеу, әр түрлі символдық мағынада қолдану. Түрік

    сұлтандары таққа отырғанда, қазақ хандарын ақ кигізге көтергенде олардың

  • 7

    белдеріне қылыш байланатын. Еуропада рыцарь дәрежесін алғандарға корольге

    семсер таққан, Шыңғысханның кешітендері (жеке ұланы) “қылыш ұстаушылар”

    деп аталған, оғыздарда жақ хандықтың белгісі болды. Түрік сұлтандарының жеке

    ұландарының (гвардиясының) арнаулы бөлігі (солақтар) белгі ретінде жақ пен

    жебе ұстап жүрген. Шығыс шахтары, хандарының “үзенгішілерінің” (үзеңгі

    ағасы), орыс патшаларының жеке күзетшілері “рындалардың” лауазым белгісі –

    айбалта. Шоқпар – казак атамандарының, поляк гетмандарының лауазым белгісі.

    Иран, түрік қолбасылары да, дәреже белгісі ретінде, шоқпар ұстайтын. Байрақ,

    шашақ тағылған найза – көп халықтарда әскербасылық белгі. Мұнда да әскери

    дәреже белгісі ретінде қолданылған қарулар бесеу екенін көреміз: семсер

    (қылыш), найза, айбалта, шоқпар және садақ. Әскери дәрежені бейнелейтін

    қарулардың ішінде де қанжар жоқ. Қанжарды көбіне күнделікті өмірде, серуенде,

    үйде т.б. жағдайларда таққанын көреміз.

    Тарихқа терең үілсек, ата – бабаларымыз қазақ даласын жаулап алу саясатын

    жүргізген жауларының шапқыншылықтарынан қорғауда ғасырлар бойы күресіп

    келген. Осындай жаугершілік заманында қазақ батырлары қолдарына қару алып

    елді, жерді азат еткен ерлердің есімдері ұранға айналып, олар ұстаған қарулар

    ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырған. Ер азаматтың жаугершілік заманда

    жаумен шайқасқанда жеңіске жетуі оның астындағы тұлпары мен үстіндегі

    сауыты, қару-жарағына байланысты екені белгілі. Халқымыз бұл ойды «ер қанаты

    -ат»,«ер қуаты–қаруы» деп тұжырымдаған.Осы тұрғыдан алғанда қазақ

    халықының қаруы оның ерлікке толы өмірінен мәлімет беріп,еркіндікке ұмтылған

    мақсатын көрсетеді. Қазақ халқы күні кешеге дейін «аттың жалында, түйенің

    қомында» жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін қорғауда

    ата-бабаларымыздың басында дулығасы, арқасында жығасы, жүрек тұсында

    шарайнасы, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде

    оқшантайлы белдігі т.б., халық ауыз әдебиеті мұраларында сақталған әскери қару-

    жарақ атау-сөздері қаншама десеңізші…

    Соғыс кезінде батырлардың жауынгерлік жекпе-жегі бес қарумен

    айқасу,садақпен атысу, найзаласу, қылыштасу, балталасу, шоқпарласу түрлеріне

    қарай бөлінген. Бес қарудың әр түрін жете меңгерген жауынгерлерден арнайы

    садақшылар, найзагерлер, қылышкерлер, айбалташылар, шоқпаршылар әскери

    қосындары құрылған. Ал бірнеше қаруды меңгерген, бес аспап батырлардан ауыр

    қаруланған бөліктер жасақталған. Шайқас алыс қашықтықтан садақпен атумен

    басталып, адамдары, аттары шығынға ұшыраған жау әскерімен жақын

    қашықтықта бетпе-бет айқаста найзаласумен жалғасады. Одан әрі қарай қоян-

    қолтық шайқаста қылышпен шабысу, айбалта, шоқпар жұмсау арқылы

    жүргізілегн. Ер қаруы-бес қаруды қадірлеу қазақтардың халықтық дәстүрінде осы

    уақытқа дейін сақталған. Қазақ батырларын бүгінгі ұрпақтары бабаларынан

    қалған ер қаруының жұрнақтарын киелі зат ретінде әлі де қастерлеп ұстап келеді.

    «Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды,

    жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне

    сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қаракетін мансұқ етеді, қайсыбір қаракетін

    қасиеттеп дамытады»,- деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай біз батырлар

  • 8

    жырындағы қазақ батырларының қолданған қару түрлеріне тоқталып, олардың

    шығу тарихын жан-жақты зерттей отырып, қазақ халқының қару түрлерінің

    жастар үшін танымдық маңыздылығын айқындадық.

    ӘДЕБИЕТТЕР:КІТАПТАР, ОҚУЛЫҚТАР:

    1. Қырымның қырық батыры. Алматы: «Арыс», 2005. 2. Мәдиева.Г. Иманбердиева С. Ономастика. 3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі:Он томдық. Т2: Б-

    Алматы:«Ғылым»,1976.

    4. Исқақов . Халық календары. Алматы: «Қазақстан», 1980. 5. Дәуітұлы С. Алмас қылыш: батырлар жыры. –Алматы: Жалын, 1973. – 6. "Ақсауыт" - қазақ батырлар жырларының екі томдык ғылыми

    жинағы.1977 ж.

    ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ

    Баяндамашылар:Зейнолла Дана Серікбекқызы, Сыдықова Аружан

    Амангелдіқызы

    Жетекшілері:Далбина Жанар Кайрбековна, Акимжанова Гульнар Байкаловна

    «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен

    мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін,

    тарихы мен өнерін қастерлеп, әдеби мұрасын аялап, ардақтай білуге тәрбиелеу-

    басты міндеттердің бірі.Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

    мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға

    мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында

    Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете

    алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен

    болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін

    қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік

    тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің,

    ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. [4.1 б]

    Осы мақсатта бізде жерлесіміз, Тарбағатай ауданының тумасы, ұлы ұстаздар

    көшін жалғастырушы атақты орыс ғалымдарымен тең түсіп, үзеңгілес болған,

    қазақ әдебиетінде өзіндік үні бар ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаева апамыздың

    өмірі жолы мен шығармашылығымен таныстыруды санадық. Ұстаздың өмір

    жолы, жаңашыл, тың ізденістері, оның рухани әлемі әсіресе, жас ұрпаққа, мұғалім

    мамандығын қалап жүрген талапкер жастарға үлгі боларлықтай. Қанипа

    апамыздың жасампаз жаңашылдығы да таңғалдырады.Функционалдық

    сауаттылыққа баулитын жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей

    нәтижелерге қол жеткізді: функционалдық сауаттылықтары артты;сөздік қорлары

    молайды;жазба жұмыстарына, көркем жазуға төселді;алған білімді тәжірибеде

    қолдана білу машықтары артты.Осынау есімі аңыз боп тараған Қанипа

    Омарғалиқызының ұстаздық еңбек жолын, адами ізгілікке тұнып тұрған қасиетті

  • 9

    істерін бүгінгі жас ұрпақ біліп, сол игі істерден үлгі алып өсулері керек десек

    артық емес. Сондықтан да тағылым көзіне айналып отырған ұстаздың рухани

    мұраларын болашаққа да жеткізетін өзіміз екенін ұмытпайық. «Ұстаз мұрасы,

    даналығы – тәрбиенің көзі»,-десек, сол тәрбие көзінен тағылым алуға ұмтылдыру

    – біздің парызымыз.Ұлы ұстаздар көшін жалғастырушы Қанипа Бітібаева - қазақ

    әдебиетінде өзіндік үні бар ұлағатты ұстаз. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ

    жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтап бала

    жүрегіне ізгілік пен білімнің нәрін септі, мұраларын шәкірттерінің санасына

    ұялатты.Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының

    ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған.[2. 10 б]

    Бітібаева Қанипаөз өмірі жайлы «Мен өзі негізінен Тарбағатай өлкесінің

    перзентімін ғой. Бала күннен-ақ әкем де, анам да «Сен мұғалім боласың,

    артыңдағы бауырларыңды өсіріп жеткізесің» деп айтып отыратын. Бұл

    мамандыққа мен аяқ астынан келе қалған жоқпын. Мұғалім мамандығына жан-

    тәнімменен, балалық романтикалық сезімімменен мақсатты түрде келдім. Оның

    үстіне өскен ортамның өзі әдебиетке жақын болды. Әкем Омарғали Бітібаев ақын

    еді. Ол кісі «Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Мұңлық –Зарлық»

    секілді эпостық жырларды жатқа білетін жыршы да еді. 1952 жылы бірінші

    сыныпқа бардым. Сенсеңіз, біз үш-ақ айдың ішінде тез хат танып кеттік. Қазір ол

    кездегі мұғалімдер қандай методикамен сабақ берді екен деп таңдай қағамын.

    Мен өзі атақты мұғалімдерден білім алдым. Солардың бірі – Сұлтанмахмұт

    Торайғыровтың шәкірті Шомбин Смағзам деген мұғалім еді. Бізге ренжігенде:

    «Сендер мені кім деп ойлайсыңдар, мен Сұлтанмахмұттың шәкіртімін» дейтін еді.

    Әрине, біз ол кезде баламыз. Сұлтанмахмұттың кім екенін білмейміз.

    Ұстазымыздың «Сұлтанмахмұттың шәкіртімін» деген сөзі «бастықтың

    шәкіртімін» дегендей әсер қалдыратын. Сонда мен Торайғыровтың шәкіртінің

    шәкірті болып тұрмын ғой» деп өзінің Сұлтанмахмұттай ұлы адамның шәкіртінің

    шәкірті болғанына мақтан тұтқан... Жарты ғасырға жуық ұстаздықтың жалауын

    жоғары ұстаған Қанипа Омарғалиқызы бүгінгі таңда авторлық эмпирикалық –

    ілімдік оқыту жүйесі қалыптасып, дамыған, педагогика ғылымының зерттеу

    объектісіне айналған тұлға. Ш.А.Амонашвилидің дәстүрлі оқытуды оқушылардың

    ынтамен, саналы түрде білім алатын ортасына айналдыру, Ю.К.Бабанскийдің оқу

    – тәрбие үдерісін оқушылардың мүмкіндіктеріне сай жүргізу арқылы нәтижеге

    бағыттау сынды әдістерін педагогика ғылымы толық мойындаса,

    Қ.О.Бітібаеваның оқушыларға ой салу, ойланту, ойландыру қағидасы өміршең

    өзектілігімен таңғалдырады. Жасампаз жаңашылдығымен таңғалдырады.бүгін

    барлығымызды өмірі мен ерен еңбегінің өнегелі өрнегімен тәнті еткен Қанипа

    Омарғалиқызы Бітібаеваның ұстаздық тұлғасынан өткен ғасырдың 50 – 70

    жылдары көрініс тапқан, уақыт өте келе телегей теңізге, асқаралы арманға,

    парасатты пайымға айналған. [3.20 б]

    М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен мұхитқа сапар шеккенмен

    тең деген сөз. Сабақ типтері мен түрлері, проблемалық, ұжымдық, дамыта оқыту,

    даралап, саралап оқыту технологиясына сүйене отырып, ұлы жазушы

    шығармашылығын оқытудың өзекті мәселесін көтереді. Оқушылардың

  • 10

    шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. «Абай жолы» эпикалық аса

    ірі туындыны оқыту ізденістерін мектепте М.Әуезовті таныту ғылымына

    қосылған сүбелі ізденіс деп айтуға болады. Ең алдымен ұстаз «Абай жолын»

    тереңдете оқытуды негізгі ұстаным ете отырып, оны меңгертудің жеңіл, оңтайлы

    жолдарын қарастырады. Осынау мұрадан сусындау, нәр алу – бүгінгі біздердің

    еншімізде.«Ұстаздық – ұлы жол»,-деген екен дана халқымыз, осынау

    мамандықтың киелі жолында Әл-Фараби байлықтан бас тартса, Темірдің немересі

    Ұлықбек бабам хандықтан, биліктен бас тартқан екен. Ұстаздық киелі

    мамандыққа бар өмірін арнаған, әр сабағында «Абай, Мұхтар» деп

    ұлыларымызды тірілтіп, ұлылықтарын ұлықтаған, әр сабағында қиялдың ақ боз

    атына мінгізген аяулы ұстаз еңбекқорлығымен, академиялық білімімен қаншама

    жандарды, қоғам қайраткерлерін таңдандырғаны, мойындатқаны да рас...Ұлы

    тұлға- ұстаздардың артында қалған өшпес мұрасын, шығармашылықтарын

    тұмардай аялап, құрандай қасиеттеп, өмірінің алтын шамшырағына айналдырған,

    туған тілі мен әдебиетінің қадір-қасиетін жас өспірімдерге жеткізу үшін тың жол

    іздеп, аянбай еңбек етіп, соларға еліктеп ғұмыр кешіп жүрген Қанипа

    Бітібаеваның шығармашылығын үлгі ету ұрпақ еншісінде. Сондықтан да тағылым

    көзіне айналып отырған ұстаздың рухани мұраларын болашаққа да жеткізетін

    өзіміз екенін ұмытпайық. «Ұстаз мұрасы, даналығы – тәрбиенің көзі»,-десек, сол

    тәрбие көзінен тағылым алуға ұмтылдыру – біздің парызымыз.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы: Мектеп,

    2003.

    2. Ізтілеу Д. «Әдебиетті оқытпау -шәкірт алдындағы ауыр қылмыс!» ұстаз, Шығыс

    Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы дарынды балаларға

    арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

    оқытушысы, профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева туралы /Д.Ізтілеу //Ана

    тілі. -2010. -25 қараша-1желтоқсан.

    ЖЕРЛЕС АҚЫНЫМЫЗДЫҢ ТАҒЛЫМЫ

    Жапаева Айдана

    Жетекшісі Шамсутдинова Альфиса Хакимуллавна

    «Н.Баймұратов атындағы орта мектеп»КММ

    ШҚО,Бесқарағай ауданы

    Адамға керегі үш–ақ нәрсе: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат.

    Данышпан Абай осылай айтқан екен.Осынау үш қасиетті бойына сіңіре

    білгендердің бірі –Нұрлыбек Баймұратов.Қаншама таршылық, тапшылық

    заманға ұшырап,соншама қиын әлеуметтік –саяси дағдарыстан шыға алмай

    тығыраққа тірелгенмен,тәуелсіздік әкелген сөз бен құқық бостандығы егемендік

    алған ел еңсесін көтеріп,рухани дамудың алдына жаңа бір көкжиек ашты. Егер

    бұрын халық жырлары жырымдалып, ұлттық тарих тарамдалынып,селсоқ назар

    аударылып келсе,егемендігіміздің арқасында оған зерделі зейін қойып,бар-бар

    құндылықтарымызды риясыз көңіл көзінен өткізіп,кәдеге асыратын заман

    туғаны аса ғанибет сезімді оятады. Ақынның ең алғашқы өлең-жырлары 1924

  • 11

    жылы алғаш рет баспасөздерінде жарияланды.Алғашқы көлемде шығармасы

    «Қала сұлуы» поэмасы 1925жылы «Таң» журналында жарияланыпты. Бұл

    шығармасында ол қаланың кейбір жеңіл мінез, көрсеқызар, опасыз, қуыс кеуде,

    бояма «сұлуларының »жағымсыз бейнелі жат қылықтарын әшекерленген. Ал

    шығармалар жинағы 1957 жылы кітап болып басылып шықты. Ақынның

    «Майдан хаты», «Жүрек қуанышы», «Батыр ұлыма», «Аттаныңдар», «Колхоз

    радиосы» атты жырлары соғысты ерлерге арналған. Оның жырлары алыс

    көкжиектерге бет алғандарға үзеңгілес жан жолдас.

    Оның қайталанбас дарынын астанамыз Алматы ғана емес, бүкіл одақтың сол

    кездегі орталықтың жан-жүрегі боп танылған Мәскеуде екі мәрте көріп жете

    танығанын тарихи тұлғалар, зиялылардың еңбегінен, айтқан сөздерінен көреміз.

    Оның еңбектерімен, шығармаларымен танысқан адам қазақтың ұлы

    азаматтармен дос-жолдас болып, тығыз байланыста болғанына көз жеткізеді. Ол

    бүкіл дүниежүзін палуандылықпен аралап танылған қазақтың нар батыры

    Қажымұқанмен де, Парижде әйгілі әнімен танылған Әміре Қашаубайұлымен,

    халық артісі Калибек Қуанышпаевпен бірге замандас болған, олармен тығыз

    байланыста болып, араласқан.

    Нұрекеннің 1945 жылы Төлеу Көбдіков ақынмен айтысы Төлеу ақынның

    «Жырларым» атты кітабына кіріп, 1975 жылы 10 000 дана боп шықты.

    Ақын Ұлы Отан соғысының батыр жауынгерлері Т.Тоқтаров және М.Габдуллин

    туралы алғашында «Қос қыран» атты өлең шығарған. Сонымен бұл тақырыпты

    зерттей жүріп, Отан сүйгіш ерлердің жауға қарсы ересен ерлік істерін көркем

    тілмен суреттеп көлемді дастанға шейін көтерген. Дастанда Б.Момышұлы,

    Б.Жетпісбаев, А.Мұхамедияров, Ж.Ү.Батталов сынды Панфиловшы жаужүрек

    батырлардың шынайы бейнелерін сомдай білген. Бұл шығармасы Дмитрий

    Снегиннің аударуында орыс тілінде жарияланыпты.

    Нұрекеннің қарағандылық ақын Маясарамен айтысы 1966 жылы Алматы

    «Жазушы» баспасынан шыққан «Айтыс» кітабының 3 томына кіргізіліпті.

    Ақынның «Қазына» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы 1982 жылы Алматыдан

    аз таралыммен басылып шыққан. Бұл кітапқа ақынның «Ер Төлеген », «Қаңды

    жорық» дастандары енген. «Қанды жорық» поэмасы 1962 жылы жеке кітап болып

    басылған. Мұнда азамат соғысы жылдары атаман Анненков бастаған ақ

    гвардиялардың қазақ ауылдарына жасаған бүліншілігі мен оған қарсы Семей

    маңындағы бұқара халықтың күресі туралы суреттелді.

    Нұрлыбек суырып-салма ақындардың ішіндегі өзінше бір ерекше тұлға десек,

    асыра айтқан болмас. Жаңа бір ағымға арнап берген асқар қия.

    Қазақтың Абайдан ұлы ақынын ұстаз тұтып, оның шығармаларын жастайынан

    жаттап өскен Нұрлыбек Баймұратов есейе келе, өлеңдерді ешбір дайындықсыз

    суырыпсалып айтатын шеберлікке жеткен.

    Белгілі ақын Тәңірберген Әміренов –«Нұрлыбек жай әңгімеде болсын, өлеңінде

    болсын Абайға ләйім ден қоятын...»-деп еске алады.

    Нұрлыбек ұлы Абайдың шығармаларын үнемі өзіне үлгі ретінде қабылдаған.

  • 12

    Бірінші рет Нұрлыбек Баймұратов Жамбыл Жабаевты 1939 жылы қараша айының

    10-12 күндері күндерінде Алматыда өткен халық ақындарының республикалық

    слетінде көріп еді. Осы шақыртуымен екінші рет келіп тұрған еді.

    Бірінші рет осы Алматыда 1939 жылдың 21-22 маусым күндерінде өткен

    Қазақстан жазушыларының 2 сьезінде көріпті. Сол кезде Нұрлыбек аға 52 болса,

    ал Жамбыл атамыз 93 жастағы кезі еді.

    «-Пау, шіркін! Өзі де Алатаудың алып шындарына қарғып доп түсетін алып

    арқарларына құлжасындай екен » -деп сүйсінеді қарт Жамбыл оның өнері мен

    тұлғасына риза болып. 1940 жылы Жамбыл ауылдағы Нұрлыбек Баймұратов пен

    Жамбыл Жабаевтың кездесуін айнытпай полотноға белгілі қылқалам шебері,

    дарынды суретші Борис Чекалин түсіріпті.Осы сурет Жамбыл Жабайұлының

    Ұзынағаштан 12 шақырым жердегі Жамбыл ауылындағы өзінің әйгілі мұражайда

    болып тұр.

    Қазақ халқының алыбы Жамбылды, данышпан Абайды пір тұтқан Нұрлыбек

    өзінің жырында сол кездегі халықтың ауыр күндерін айтады. Қазақстанда Кеңес

    өкіметі орнатылғанда оның істеріне белсене қатынасып, жаңадан құрылған жас

    мемлекеттің қаз тұрып кетуіне де ақынның қосқан үлесі аз болған жоқ. Оның

    «Ұлы еңбектің олжасы » деген өлеңінде қазақ революция мен Одақ кезі туралы

    баяндайтыны бар.

    Сонымен бірге 1931 жылдары болған бұрмалаушылық заманында ашық

    жырлады. ақынның заманы туралы да айтылды.

    Жоқшылықты көрген, халықтың ауыр жағдайын айтқан.Ақынның өлендері шың

    мәнінде халықтық өлеңдер. «Ақын өз халқымен, Отанымен бақытты»-деген

    сөздің бағасын беруге болады. деп Нұрлыбектің поэзиясы, терең идеясы- саяси

    жағынан өміршең поэзия болды, оның шыңдығы мен күші де осында. Оның

    өлендері шың мәнінде халықтық өлендері.Ол- халықтың көзі, ескінің сарқыты.

    Бесқарағай өңірінің тумасы, тума талант Нұрлыбек Баймұратов артында

    өшпестей іс қалдырған жан. «Тау алыстаған сайын биік көрінеді» демекші,

    жылдар жылжып өткен сайын оның бейнесі, тұлғасы кесектеліп сомдала түсіп,

    абыройы асқақтап, өрісі өсіп келеді десек, артық айтқандық емес.

    Нұрлыбек Баймуратов-Бесқарағай өнерінің атақты ақыны, өз атынан өшпестей із,

    өнегелі іс қалдырған. Оның әрбір жырының, шығармаларынан әділдіктің,

    адамгершіліктің асыл қасиеттердің иісі аңқып тұр. Нұрлыбек есімі қашанда

    ұрпақтарының жүрегінде, оған деген халықтың ілтипаты еш уақытта суымайды,

    ұмтылуы да мүмкін емес.

    Сондықтан қазақи дәстүр айтыс өнерінің жақтаушысы, насихаттаушысы біртуар

    өнер иесі Нұрлыбек Баймұратов-Қазақстан Республикасының ұлы мәдениет

    қайраткері, Бесқарағай өңірінің таланты және оны қазақ мәдениетінің

    насихаттаушысы, жалғастырушысы ретінде толық зерттеуден өткізу алдағы

    кезектегі мәселе. Ақынның шығармаларын толық зерттеп, талдап, өткен

    деректерді интернет сайттары арқылы әлемдік айналысқа беру, тарихи

    жадымызды жаңғыртып, тарих қорына енуін іске асырсақ деп ойлаймын.

    Президентіміздің «Мәдени мұра» және биылғы Халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-

    экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталуының

  • 13

    бірден бір себебі білім сапасы мен өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін шетен

    тыс қалдырмау.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. // «Бесқарағай тынысы» №8,9,15,19Асылбек Қожахметов 4

    беттер(Әдебиет әлемінде ) қаңтар, 2012 жыл

    2. //«Қазақ әдебиеті» №37 Р.Қорабаев «Абайдың хатшысы »(21011) 15сентябрь 1989

    НАРОДНЫЕ ПРИМЕТЫ И ИХ ЗНАЧЕНИЕ В ЖИЗНИ ЛЮДЕЙ

    Автор:Сеилгазина Дилара

    Руководители:Кажигулова Гульмира Кадыровна,

    Кусаинова Анар Сактасыновна

    КГУ «Средняя общеобразовательная школа №39»

    На Земле существует свыше 200 стран. А народностей ещё больше.

    Каждый народ представлял и представляет мир по - своему. А примет и

    суеверий у каждого народа, наверное, не счесть. Мир находится в постоянной

    борьбе добра со злом. Каждая из этих сторон попеременно брала верх над другой,

    и в природе или жизни человека соответственно происходили благоприятные или

    неблагоприятные события. Пытаясь понять эти события, наблюдая за ними, у

    народов складывались плохие и хорошие приметы и суеверия.

    Плохие приметы связываются с верой наших предков в нечистую силу,

    которая воплощалась в домовых, чертях, ведьмах, леших и тому подобных

    мистических существах у славян, вджинов, шайтанов у тюрков, которые вредили

    людям или даже могли иногда брать над ними верх. К примеру, по одной версии

    считалось, что домовой душит людей по ночам, садясь им на грудь, а по другой –

    домовой, хозяин дома, хранит его обитателей.

    Хорошие приметы ассоциируются в первую очередь с действиями светлых

    сил, которые помогают людям и оберегают их от промыслов злых сил. Эти

    приметы связаны с различными жизненными ситуациями. Например, если

    родившийся мальчик похож на мать, а девочка – на отца, то они в жизни будут

    счастливыми. Повстречать на пути женщину, несущую полные ведра – верный

    признак удачи, а с пустыми – к неудаче. У торговцев есть своя примета, если

    первым покупателем будет мужчина, значит, день будет удачным.

    Народные приметы и суеверия существуют столько же, сколько

    существует само человечество. Приметы дошли до нас из самых далеких глубин

    древности именно потому, что значение народных примет и суеверий было

    абсолютным и неоспоримым для народов всего мира. Имея самые различные

    формы и проявления, народные приметы и суеверия порой невероятно точно они

    подмечают истинную суть происходящих процессов.

    Народные приметы это наблюдения людей, передаваемые из уст в уста и

    накопленные таким образом за долгие тысячи лет. Случается так, что одни и те же

    приметы и суеверия толкуются очень по - разному у разных народов. Для

    русского человека черная кошка, перебежавшая дорогу - крайне скверная

    примета, для египтянина кошка, неважно какого цвета - к удаче.

  • 14

    В древние времена народные приметы и суеверия имели крайне важное

    влияние не только на отдельных людей, но и оказывали определенное влияние в

    решении государственных вопросов. Иной раз судьба войны могла зависеть от

    того, с какой ноги утром встал предводитель.

    Народные приметы это приметы и суеверия, которые вышли из народа и

    до сих пор оказывают влияние на поступки. Рассыпал соль - к ссоре. Зачесалась

    правая рука - к деньгам, ну коли зачесалась левая - к драке.

    Еще один крайне популярный раздел во всем многообразии народных

    примет и суеверий - свадебные приметы.

    Вообще свадебные приметы скорее похожи на советы молодоженам, просто

    изложены они в простой и доступной форме. В соответствии с народными

    приметами даже месяц, в который будет сыграна свадьба, имеет значение.

    Вообще, имея различные формы проявления, народные приметы и суеверия

    порой достаточно четко отражают истинную суть происходящего. Зачастую

    человеческому разуму очень сложно познать и освоить окружающий его мир.

    Двигаясь к знанию, человек сталкивается с непонятными, загадочными, а порой и

    просто чудесными вещами.

    Однако следует так же учитывать, что в народных приметах и суевериях

    имеется множество неверных предположений и заблуждений, объясняющих

    практически любое таинство проявлением сверхъестественных сил. И поэтому

    можно сделать вывод, что народные приметы и суеверия не являются

    исключительно верными объяснениями происходящего, а могут вернее

    натолкнуть на некий внутренний путь.

    Верить или не верить приметам – дело субъективное. Лучше

    считать народные приметы и суеверия устным народным творчеством, которым

    оно и является. Так как суеверия отдаляют нас от истинной веры в высшие силы.

    Возможно, кому-то положительный смысл приметы помогает настроиться на

    нужный лад. Если человек очень сильно чего-то желает, то старается это

    осуществить. Положительный результат гадания или приметы придают ему

    уверенность в себе. Таким образом, создаётся необходимый настрой.

    По сути, гадалки – психологи, которые настраивают человека на нужную

    «волну». Не хотите быть зависимым от чужой воли? Верьте в высшую

    справедливость и Божий промысел. Не стоит оправдывать свой страх решиться на

    поступок встречей с чёрной кошкой или со священнослужителем. Верить в

    приметы просто потому, что они предлагают соблюсти простые ритуалы, чтобы

    защититься от несчастий или получить что-то. Гораздо сложнее жить по

    религиозным заповедям.

    Немаловажно и то, что суеверия задают определённую программу. Человек

    начинает нервничать, и затем уже не может адекватно реагировать на

    происходящее. Лучше просто не придавать значения суевериям. Нужно просто

    жить по чести и совести.

    Приметы и суеверия… Как было выше сказано, их лучше считать устным

    народным творчеством. У каждого народа есть свои приметы и суеверия, но в

    наш век, век, в котором мы шагаем в мировой паутине, в интернете, они

  • 15

    расширяют свои границы. Совсем недавно пришла к нам примета европейских

    народов – кидание невестой букета, девушка, поймавшая букет, будет следующей

    невестой; до свадьбы нельзя жениху видеть невесту; пятница 13 и т.д.

    В заключении хотелось бы добавить, что только Вам решать, верить или не

    верить в приметы и суеверия. Ведь если Вы верите, что разбитое зеркало — это к

    несчастью, то беда обязательно придет в Вашу жизнь. Поэтому примета разбить

    зеркало не всегда может означать плохие события, которые Вас ожидают. Каждый

    человек сам выбирает, во что ему верить, а во что — нет.

    А используют ли литературные герои приметы и суеверия? Кто из

    писателей в русской, казахской и английской литературе использует данный вид

    устного народного творчества?

    Этот вопрос я обязательно исследую в следующей работе.

    Приложение

    И всё - таки я провел опрос. Верите или нет в народные приметы и толкования

    каждого события? Потому что этим вопросом хотя бы единожды в жизни

    задаются даже самые закоренелые скептики.

    Я опросил 25 взрослых людей, и провеланкетирование в 6,8,10 классах.

    Результат опроса взрослых людей, 23 человек из 25 верят в приметы.

    Используемая литература:

    1.Русские народные пословицы, поговорки, приметы "Московский рабочий", 1958

    год

    2."Приметы русского народа" В. Песков газета "Комсомольская правда",1994 год

    № 326

    3.http://www.portal-slovo.ru

    http://www.portal-slovo.ru

    http://www.licey.net/lit/istok/folklorTurgenev

    http://ru.wikipedia.org/wiki

    МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ

    ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    Баяндамашы:Тойганбаева Даяна

    Жетекшісі Балажанова Ғалия

    Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі бақшасы КММ

    «Сөз - сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші. Кәзіргі уақытта

    балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында

    екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер

    етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының

    арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп

    шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету

  • 16

    ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді,

    көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық

    жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ,

    жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды. Осы ауқымды мәселеге байланысты

    мектеп жасына дейінгі мекемелердің тіл мамандарына төмендегі құрастырылған -

    тапсырмалар жүйесін ұсынып отырмыз. Бұл -тапсырмалар мектеп жасына дейінгі

    балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру негізінде беріліп

    отыр, ойын түрінде жүргізіледі.Тапсырмаларды құру барысында балалардың жас

    ерекшеліктеріне, сөйлеу тіл мүмкіндіктеріне, -тапсырмаларды қалай түсінетініне,

    белсенді және енжар сөз қорының қалпына назар аудардық;

    -тапсырмалар ауызша және көрнекілік арқылы берілді. Балалардың сөз өзгерту

    дағдыларын қалыптастыру бойынша алты -тапсырма берілді. Яғни қазақ тілінің

    төрт жалғауына сәйкес. Мысалы: Біз қазір ойын ойнаймыз. «Ненің

    құйрығы?»ойыны, «Мен, сен, ол» деген т. с. с. Сен өзіңді «мен» деп, мына

    қуыршақты «сен» деп, ал мына қуыршақты «ол» деп айтасың. Мен саған бір сөз

    айтамын сен оны «мен, сен, ол» сөздерге қосып айтасың т. с. с.

    Көптік жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру бойынша -тапсырмада, бала

    көптік жалғаудың сөзге сай нұсқасын қолданып, сөзді көпше түрге ауыстырып

    айту керек. Сонымен бірге қазақ тіліне тән үңдестік заңына сай. Екінші, үшінші,

    төртінші -тапсырмалар ілік, табыс. Жатыс септіктерінің жалғауын қолдану

    дағдысын қалыптастыруға бағыталып отыр.Ойын. « Ненің құйрығы»

    Мақсаты: Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын қолдану дағдыларын

    қалыптастыру.

    Нұсқау: 1 -тапсырма

    Ойын. « Біреу - көп»

    Мақсаты: зат есімнің жекеше түрін көпше түрге өзгерту дағдыларын

    қалыптастыру.

    Нұсқау: Біз қазір «біреу - көп» ойының ойнаймыз. Мен затты аз мөлшерде

    айтамын, ал сен көп мөлшерде айт.Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға

    1 Алма

    2 Шие

    3 Қарандаш

    4 Күшік

    5 Мысық

    6 Өрік

    2 -тапсырма

    Кеше кешкісін қатты жел соққаннан жануарлар құйрықтарын жоғалтып алыпты.

    Қане, құйрықтарды тауып иелеріне берейік. Алдымен ненің құйрығы екенін

    айтып өтейік.

    № Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға

    1 Ит

    2 Маймыл

    3 Қоян

  • 17

    4 Мысық

    5 Мысық

    6 Түлкі

    3 -тапсырма

    Ойын. «Қоянға нені берді?»

    Мақсаты: Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын

    қалыптастыру.

    Нұсқау: Мына суретке мұқият қара, қоянға не нені бергеннін есіңе сақта. Енді не

    нені бергенін айтып бер.

    № Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға

    1 Шар

    2 Бантик

    3 Гүл

    4 Доп

    5 Алманы

    6 Кесе

    4-тапсырма

    Ойын. «Кімде не бар?»

    Мақсаты: Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын

    қалыптастыру.

    Нұсқау: Мына суретке мұқият қарап, неде не бар екенін айтып бер. Ұсынылған

    заттар Баланың жауабы Баға

    1 Қоян

    2 Кірпі

    3 Ит

    4 Мысық

    5 Есек

    6 Құс

    5 -тапсырма

    Ойын «мен, сен, ол»

    Мақсаты: Зат есім сөздерді жіктік жалғауында қолдану дағдыларын

    қалыптастыру.

    Нұсқау: Қазір біз «мен, сен, ол» ойынның ойнаймыз. Мен саған сурет көрсетемін,

    сен сол суреттегі маман иелеріне мен, сен, ол деп берілген сөзге қосып айтасың.

    Қорытынды: Осы сияқты тапсырмалармен өзіммен бірге оқып жатқан

    оқушыларымның тілінің дұрыс қалыптастыруға пайдасы зор.

    Пайдаланылған әдебиеттер 1. Абдошов Гарифолла Шинушұлы : Ол туралы //Ақжайық ақберендері.-

    Алматы: Өлке,2005.-

    2. М.Жұмабаев. Шығармалар. I том. Алматы, 1995 3. Ш.Елеукенов. Мағжан. Астана, 2008 4. Кенжахметұлы С. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматы, 2004ж.

  • 18

    КӨШЕ ЖАРНАЛМАЛАРЫН ЛАТЫН ҚАРПІМЕН ЖАЗЫП КӨРСЕК

    ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

    Авторы: Айдарханова Аружан

    Жетекшілері: Улыкбекова Амангул Ертугановна

    Мантиева Балжан Берікқанқызы

    «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:

    рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің

    кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар

    жүргізілуі керектігін қадап айтты...

    Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында

    кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне

    көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың

    өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің

    таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің,

    барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени

    құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық

    табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал,

    жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани

    әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

    Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан

    белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың

    түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті

    бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы

    болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы

    құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті

    жайт.

    Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті

    тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып,

    кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін

    жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне

    көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Бұл мәселені көтеру –

    Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани

    жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі

    ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

    Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ,

    соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа

    бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда

    отырып- ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда

    көбісінің аты- жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да солай.

    Менің ойымша, латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен

    көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін

  • 19

    әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа

    туындыларын түп нұсқада оқуға жол ашылады.

    1.3. «Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары»

    Латын әліпбиінің қолдану аясы. Латын әліпбиінің қолдану аясы. Латын әліпбиі

    бүгінде жер шарының түкпір-түкпіріне тараған. Олардың қатарына Солтүстік

    және Оңтүстік Америка, барлық Африка елдері, Австралия, кейбір Шығыстағы

    елдерін қоспағанда Еуропа құрлығы, Малайзия, Сингапур мен Индонезия қоса

    алғандағы халқы тығыз қоныстанған және экономикалық қуатқа ие Оңтүстік-

    Шығыс Азия елдері кіреді. Латын әліпбиіне көшудің 5 пайдасы. Себебі:

    1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица

    жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі

    халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен.

    2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл

    – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі.

    3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы

    тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз

    оқи алуы керек.

    4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80

    пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы

    айтпаса да түсінікті.

    5. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге

    көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі

    сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын

    қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Осы уақытқа дейін ұсынылған

    әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-

    алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине. Бастысы, халық болып, «бір жағадан бас,

    бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп

    ойлаймын.

    Латын әліпбиін үйренудің жолдары.

    Латын графикасына көшкенде жаһаңдану процесіне және озат технологияға

    сәйкес біздің қоғамымызға әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруге мүмкіндік

    ашылар ед