12
15 маусым жұма 2018 жыл №24 (8429) Басылым 1930 жылдан бастап шығады [email protected] Облыс әкімі Ал- тай Көлгіновтің ауданымызға сапары аудан орталығындағы саз мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысудан басталды. Номиналдық қуаты 24 оқушыға арналған саз мектебінің жобалық құны 87 млн. 615,9 мың теңге. Бұл жобаға облыстық бюджет есебінен әзірге 44 млн. 500 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «ЖолаушыЖол» ЖШС жүргізуде. Алдағы уақытта саз мектебінде би, музыкалық аспаптарды үйрету сыныптары, кон- церттік залы, гардероб, санитарлық торабы іске қосылады деп жоспарла- нуда. Құрылыс нысанын аралап көрген облыс әкімі ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Ауданда ауқымды жобалар жүзеге асуда Кездесуде Алтай Сейдірұлы,- Қазталов ауданында ауықымды жобалар жүзеге асу- да. Өздеріңіз көріп отырғандай Жалпақталдан асқан қатқыл табанды жолдың аудан орталығына 35 шақырымы қалды. Ол жолдың да құрылысы басталып кетті. Алдағы уақытта орталықтарыңызға келіп жетеді. Сонымен қатар биылғы жылы аудандарыңызда 13 елді мекенді көгілдір отынға қосу жұмыстарын бастап жатырмыз. Соның сыртын - да Қазталов, Жалпақтал ауылдарының ішкі жолда- рын жасау да қолға алыну- да. Бұдан басқа тұрғын үй құрылысы да бар, -деді. Кез- десу барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы әңгімелеп берсе, ауыл ақсақалдары осындай жұмыстар үшін облыс әкіміне ел атынан алғыстарын білдірді. Бұдан кейін өңір басшы- сы ат басын Бозоба-Қайыңды бағытындағы Қараөзен арқылы өтетін қалқымалы көпір бағытына бұрды. Бұрынғы қалқымалы көпірдің істен шығуына байланысты Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерінің тұрғындарына аудан орталығымен қатынас қиындап, Жалпақтал арқылы айналма жолмен жүруге тура келді. Міне, сол мәселенің түйіні шешіліп, жаңадан жасалған қалқымалы көпір 15 мамыр күні ашылған болатын. Бұл қалқымалы көпірді Влади- мир Самсонов жетекшілік ететін «Орал жөндеу компа- ниясы» ЖШС 52 млн. 724 мың теңгеге салған. Ұзындығы 42 метр, ені 6 метр, жүк көтеруі 20 тоннаға дейін жететін көпір құрылысы сапалы салынған. Осы қалқымалы көпір арқылы өткен жолаушылар Қайыңды, Болашақ ауылдары арқылы Тасқала-Орал бағытындағы тас жолға тікелей шыға алады. Келесі кезектегі Ақпәтер ауылдық округіндегі Талғат Қабденов жетекшілік ететін «Перизат» шаруа қожалығында болған облыс әкімі шаруашылықтың жәй-күйімен танысты. «Перизат» шаруа қожалығы 2016 жылдан бері асыл тұқымды «Еділбай» қойын өсіруді қолға алған. Үкіметтің демеу қаржысымен асыл тұқымды «Еділбай» қойын са- тып алған шаруашылық бүгінге күнде осы қой тұқымын 1000 басқа жеткізіп отыр. Сонымен қатар шаруашылықта 100 бас жылқы, 300 бас тауарлы ірі қара малы бар. Ал Ақпәтер ауылын- да былтырғы жылдан бері «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауызсу құбырын қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қаржыландырып жатырған бұл жобаға 239 млн. 689,4 мың теңге бөлініп, ұзындығы 18,731 шақырымды құрайтын су құбыры таза ауыз- сумен 1014 адамды қамтымақ. Осы жұмыстардың басында болған облыс басшысы мерді- гер «БатысГазСтрой» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті. Ауданымызда жүзеге асып жатырған ауқымды жобаның бірі – Киров-Шежін каналының 3-ші кезеңін қайта құру жұмыстары. 3 кезең жұмыстарының ұзындығы 47,9 шақырымды құрайтын бұл канал іске қосылған кез- де Ресейдің Еділ өзенінен ке- летін су тәуелділігін азайтып, Жайық суын Қараөзенге әкелу мақсаты тұр. Жобалық құны 2 млрд. 291,123 млн. құрайтын бұл жұмыстарға республика бюджетінен 1 млд. 967,98 млн. көлемінде қаржы жұмсалып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру жыл сайын Жайықтан Қараөзенге 50 млн. текше метр көлемінде су айдауға, бұл өз кезегінде жылына 600-700 млн. теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «АзияТехСтрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Киров-Шежін каналының қайта құру жұмыстарын өз көзімен көрген Алтай Сейдірұлы,- Қазіргі атқарылып жатырған жұмыстарды уақытында және сапалы аяқтауымыз қажет. Алда 4-ші кезеңнің жұмыстарының жос- пары тұр,- дей келе мердігерге тапсырма берді. Ө ң і р басшысының соңғы аялдаған нысаны Жаңажол аулындағы кіре- беріс және ауыл ішінде- гі көшелердің жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары. Ж а ң а ж о л ауылының кіре берісі мен Жалпақтал ауы- лына апаратын шыға беріс жол- дарына және ауыл ішіндегі 3 көшеге ұзындығы 7,5 шақырым болатын қатқыл табанды жол салу жұмыстары басталған. Сонымен қатар 4 көшеге жаяу жүргінші жолы да жасалып жа- тыр. Бұл құрылыс жобасына республикалық бюджет есебінен 704 млн. 887 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстарын облыс жұртшылығына жақсы та- ныс «Айдана» ЖШС жүргізуде. Ауданымыздың бүгінгі тыныс- тіршілігімен танысқан облыс әкімі өз ризашылығын білдірді. Қайрат ЖАҚЫП

15 жылдан бастап Басылым 1930 [email protected] шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

  • Upload
    others

  • View
    52

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

15 маусымжұма

2018 жыл №24 (8429)

Басылым 1930 жылдан бастап

шығады[email protected]

Облыс әкімі Ал-тай Көлгіновтің ауданымызға сапары аудан орталығындағы саз мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысудан басталды.

Номиналдық қуаты 24 оқушыға арналған саз мектебінің жобалық құны 87 млн. 615,9 мың теңге. Бұл жобаға облыстық бюджет есебінен әзірге 44 млн. 500 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «ЖолаушыЖол» ЖШС жүргізуде. Алдағы уақытта саз мектебінде би, музыкалық аспаптарды үйрету сыныптары, кон-церттік залы, гардероб, санитарлық торабы іске қосылады деп жоспарла-нуда. Құрылыс нысанын аралап көрген облыс әкімі ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Ауданда ауқымды жобалар жүзеге асуда

Кездесуде Алтай Сейдірұлы,- Қазталов ауданында ауықымды жобалар жүзеге асу-да. Өздеріңіз көріп отырғандай Жалпақталдан асқан қатқыл табанды жолдың аудан орталығына 35 шақырымы қалды. Ол жолдың да құрылысы басталып кетті. Алдағы уақытта орталықтарыңызға келіп жетеді. Сонымен қатар биылғы жылы аудандарыңызда 13 елді мекенді көгілдір отынға қосу жұмыстарын бастап жатырмыз. Соның сыртын-да Қазталов, Жалпақтал ауылдарының ішкі жолда-рын жасау да қолға алыну-да. Бұдан басқа тұрғын үй құрылысы да бар, -деді. Кез-десу барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы әңгімелеп берсе, ауыл ақсақалдары осындай жұмыстар үшін облыс әкіміне ел

атынан алғыстарын білдірді.Бұдан кейін өңір басшы-

сы ат басын Бозоба-Қайыңды бағытындағы Қараөзен арқылы өтетін қалқымалы көпір бағытына бұрды.

Бұрынғы қалқымалы көпірдің

істен шығуына байланысты Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерінің тұрғындарына аудан орталығымен қатынас қиындап, Жалпақтал арқылы айналма жолмен жүруге тура келді. Міне, сол мәселенің түйіні шешіліп, жаңадан жасалған қалқымалы көпір 15 мамыр күні ашылған болатын. Бұл қалқымалы көпірді Влади-мир Самсонов жетекшілік ететін «Орал жөндеу компа-ниясы» ЖШС 52 млн. 724 мың

теңгеге салған. Ұзындығы 42 метр, ені 6 метр, жүк көтеруі 20 тоннаға дейін жететін көпір құрылысы сапалы салынған. Осы қалқымалы көпір арқылы өткен жолаушылар Қайыңды, Болашақ ауылдары арқылы Тасқала-Орал бағытындағы тас жолға тікелей шыға алады.

Келесі кезектегі Ақпәтер ауылдық округіндегі Талғат Қабденов жетекшілік ететін «Перизат» шаруа қожалығында болған облыс әкімі шаруашылықтың жәй-күйімен танысты. «Перизат» шаруа қожалығы 2016 жылдан бері асыл тұқымды «Еділбай» қойын өсіруді қолға алған. Үкіметтің демеу қаржысымен асыл тұқымды «Еділбай» қойын са-тып алған шаруашылық бүгінге күнде осы қой тұқымын 1000 басқа жеткізіп отыр. Сонымен қатар шаруашылықта 100 бас жылқы, 300 бас тауарлы ірі қара малы бар.

Ал Ақпәтер ауылын-да былтырғы жылдан бері «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауызсу құбырын қайта жабдықтау жұмыстары

жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қаржыландырып жатырған бұл жобаға 239 млн. 689,4 мың теңге бөлініп, ұзындығы 18,731 шақырымды құрайтын су құбыры таза ауыз-сумен 1014 адамды қамтымақ. Осы жұмыстардың басында болған облыс басшысы мерді-гер «БатысГазСтрой» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті.

Ауданымызда жүзеге асып жатырған ауқымды жобаның бірі – Киров-Шежін

каналының 3-ші кезеңін қайта құру жұмыстары. 3 кезең жұмыстарының ұзындығы 47,9 шақырымды құрайтын бұл канал іске қосылған кез-де Ресейдің Еділ өзенінен ке-летін су тәуелділігін азайтып, Жайық суын Қараөзенге әкелу мақсаты тұр. Жобалық құны 2 млрд. 291,123 млн. құрайтын бұл жұмыстарға республика бюджетінен 1 млд. 967,98 млн. көлемінде қаржы жұмсалып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру жыл сайын Жайықтан Қараөзенге 50 млн. текше метр көлемінде су айдауға, бұл өз кезегінде жылына 600-700 млн. теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «АзияТехСтрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Киров-Шежін каналының қайта құру жұмыстарын өз көзімен көрген Алтай Сейдірұлы,- Қазіргі атқарылып жатырған жұмыстарды уақытында және сапалы аяқтауымыз қажет. Алда 4-ші кезеңнің жұмыстарының жос-пары тұр,- дей келе мердігерге тапсырма берді.

Ө ң і р б а с ш ы с ы н ы ң соңғы аялдаған нысаны Жаңажол аулындағы кіре-беріс және ауыл ішінде-гі көшелердің ж о л д а р ы н күрделі жөндеу ж ұ м ы с т а р ы . Ж а ң а ж о л а у ы л ы н ы ң кіре берісі мен Жалпақтал ауы-лына апаратын шыға беріс жол-дарына және ауыл ішіндегі 3 көшеге ұзындығы 7,5 шақырым болатын қатқыл табанды

жол салу жұмыстары басталған. Сонымен қатар 4 көшеге жаяу жүргінші жолы да жасалып жа-тыр. Бұл құрылыс жобасына республикалық бюджет есебінен 704 млн. 887 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстарын облыс жұртшылығына жақсы та-ныс «Айдана» ЖШС жүргізуде.

Ауданымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі өз ризашылығын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП

Page 2: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

2 15 маусым 2018 жылАПТА АҚПАРАТЫ

12 маусым күні аудан әкімдігінің “Ашық есік” күндері Қазталов ауылдық округінің Сексенбаев, Бозоба, Қоныс елді мекендерінде және аудан орталығы Қазталов ауылында өтті.

Округ тұрғындарымен кез-дескен аудан әкімі Абат Шы-ныбеков ауданымыз бойынша атқарылып жатырған ауқымды істер мен жобалар туралы айтып, аудан орталығындағы атқарылып жатырған және атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

- Өздеріңізге белгілі биылғы жылы аудан орталығында саз мектебінің құрылысы жұмыстарын бастап кеттік. Бұл көптен бері шешімін таба алмай келе жатырған мәселелердің бірі болатын. Соны-мен қатар орталықтың 4 көшесіне қатқыл табанды жол төсеу жұмыстарын бастаймыз. Жұмыс атқаратын мердігер анықталып жатыр. Сондай-ақ басқа да көшелерге жаяу жүргінші жолда-рын жасап жатырмыз. Ал қалған көшелерге жобалық-сметалық

12 маусым күні Жалпақтал ауылында аудан әкімінің орын-басары Зәйлім Мәжитованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жалпақтал ауылдық округі әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы және ауылдық округтегі күнкөрісі төмен және қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасындағы суи-цидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесі комиссия жұмысында кеңінен талқыланды.

Комиссия отырысында оқушылардың жазғы демалыс кезінде түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында және көшелерде заңды өкілінсіз жүруін қадағалау жұмыстарын, жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жайы сөз болды. Осы жиын бары-сында Жалпақтал аграрлық және салалық технология-лар колледжінің, К.Меңдәлиев, Ғ.Молдашев атындағы білім ордаларының, Қараөзен мек-теп-лицейі, Ақпәтер орта білім ұйымдарының басшыларының оқу орындарында кәмелеттік жасқа толғандардың арасында «Құқық бұзушылықтың, қылмыстың ал-дын алу және ескерту туралы», «Құқық бұзушылыққа жақын кәмелеттік жасқа толмағандарды сабақтан тыс әр түрлі шараларға

Ұрпақ тәрбиесі – ұядан

қатыстыру бойынша ұйымдарының жұмысы туралы» хабарламалары тыңдалды.

Бүгінде Жалпақтал полиция бөлімімен қылмысты болдыр-мау мақсатында оқушылармен түсінік жұмыстарын уақытылы жүргізіп келеді. Жалпақтал поли-ция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік поли-ция инспекторы, полиция капита-ны Айдана Меңдібекованың ай-туынша жасөспірімдерге қатысты бір қылмыстық іс тіркеліп, үш жасөспірімдер есепте тұрса және басқалай әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Осы кездесу барысында жастарды қоғамдық бірлестіктер-ге тарта отырып, есепте тұрған оқушылардың бос уақытын да тиімді ұйымдастыру жайын-да аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліөмінің басшылары да баяндамалар жа-сады.

-Біздің мақсатымыз кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, бірлесіп жұмыс жасау. Тәрбие – отбасынан басталады. Оқушы ұстаздардан көрі ата-аналарының қасында көп болады. Сондықтан әрбір ата-ана балаға тәрбие бер-мес бұрын, бірінші өзін түзеуі ке-рек. Балаға үлгі болуы тиіс, -де-ген Зәйлім Исатайқызы мектеп жасындағы балалардың назардан тыс қалмау қажеттігін айтып, ко-миссия жұмысын қорытындылады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

«Нұр Отан» партиясының «Ке-дергісіз келешек» атты партиялық жобасы ауданымызда іске асыры-луда. Бұл орайда мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдар-ды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру, әлеуметтік бейімделуі-не қоғамды тарту, оларды белсен-ді әлеуметтік және экономикалық өмірге араластыру бағытындағы жұмыстар – ауданның бастауыш партия ұйымдары өздерінің бас-ты міндетіне айналдырып отыр.Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында жылдың ба-сынан 16 мүгедек жұмыспен қамтылса, соның алтауы бүгінгі күнде тұрақты жұмыспен, еке-уі оқуға, біреуі әлеуметтік, біре-уі жастар тәжірибесімен, алтауы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Аудан бойынша 968 мүгедек бар, солардың 34 арбаға

“Кедергісіз келешек” партиялық жобасы

таңылғандар, 46 көздері нашар көретіндер, 27 саңыраулар есепте тұр.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шекте-улі тұлғалар үшін инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін тексеру мақсатында «Нұр Отан» партиясының жанынан қоғамдық топ мүшелері құрылып, барлық нысан бойынша монито-ринг жүргізілді. Рейд барысын-да Қазталов ауданы бойынша 6 нысан тексерілді. Тексерудің қорытындысы бойынша бақылау объектісіне белгілі уақыт ішінде анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға қаулы мен ұсынымдар жолданды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

11 маусым күні аудан әкімі Абат Шыныбековтың тіке-лей қатысуымен Бостандық ауылдық округінің Бостандық, Қаракөл ауыл-дарында және Бірік ауылдық округінің Әжібай, Саралжын ауылдарында аудан әкімдігінің “Ашық есік” күндеріне арналған халық жиындары өтті.

Халық жиындарына аудандағы кейбір салалық мекеме басшыла-

ры және аудандық мәслихат хат-шысы қатысты.

Жиындарда аудан әкімі ауданы-мыз бойынша атқарылып жатырған жобалар жайымен бөліссе, салалық мекеме басшылары ауыл шаруашылық, ветеринарлық, халықты жұмыспен қамту салаларындағы тың жаңалықтар туралы айтты. Халық жиындарын-да ауыл тұрғындары өз округтерін-дегі көтерілген мәселелердің шеші-лу жолдары туралы ақпараттарға

қанығып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына тиісті жауаптар алды

Аталмыш округтердегі атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталсақ, Бостандық ауылдық ок-ругінде Бостандық, Қаракөл ауыл-дары “Ақбұлақ” бағдарламасы бойынша таза ауызсуға қосылса, Қаракөл ауылының көгілдір отынмен қамтылу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жасақталуда. Ал Бірік ауылдық округінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Әжібай ауылында ағайынды Сыралиев-тер өз қаражаттарынан жаңадан ФАП құрылысын салуды қолға алса, Саралжын ауылының ту-малары ата-бабаларының зи-раттарын қоршауға 1 млн. 500 мың теңге қаражат жинап, қоршау жұмыстарын жасап жа-тыр. Міне, осындай жұмыстардың куәсі болған Абат Абайұлы ауыл азаматтарының туған еліне деген сүйіспеншілігіне ризашылығын біл-дірді.

құжаттарын жасау үстіндеміз. Құжаттары аяқталған көшелерге қаражат сұрайтын боламыз. Тағы бір айта кететін мәселе, Алма Оразбаева мектебі орналасқан ғимараттың апатты жағдайда деп табылуына байланысты аудан орталығында 900 орындық мек-теп салу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

Бұл жоба алдағы жылдары өз шешімін табады деп ойлай-мын. Бүгінгі таңда ауданның экономикалық дамуы да

қарқынды. Аудан орталығында газ

құю станциясы іске қосылса, екі кәсіпкеріміз мейрамхана құрылыстарын бастады. Міне, осындай атқарылып жатырған жұмыстарымыз бар және де біраз жұмыстарды атқаратын боламыз,- деді Абат Абайұлы.

Кездесулерде ауыл тұрығындары қосымша ұсыныстары мен пікірлерін біл-діріп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауаптар алды.

Елді мекендерді аралап, тұрғындармен жүздесті

13 маусым күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан әкімдігінің “Ашық есік” күндері аясында Тал-дыапан ауылдық округінің Сарықұдық, Бейстерек, Қайшақұдық, Талдыапан, Қособа ауылдарында болып, ауыл тұрғындармен кез-десті.

Кездесулерде аудан басшысы

талдапандықтарға ауданымыздағы жағымды жаңалықтар және атқарылып жатырған жұмыстар турасында айтып, олардың тара-пынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Талды-апан ауылдық округінде іске асып жатырған жұмыстарға да тоқталып өткен аудан басшысы, -Міне, округтеріңізде былтырғы жыл-дан бері “Ақбұлақ” бағдарламасы бойынша таза ауызсу тартып жа-

тырмыз. Ол жұмыстар алдағы ай-ларда аяқталып, әрбір тұрғынның үйіне Жаңақала ауданындағы Дөңгелектен жеткен таза ауызсу тартылатын болады. Сонымен қатар биылғы жылы Талдыапан ауылдық округінің барлық елді мекендеріне көгілдір отын тарту жұмыстары қолға алынып жатыр. Жақын арада құрылыс жұмыстары басталады. Одан басқа Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, сараптамаға жіберуді көздеп отырмыз. Біртін-деп іске асып жатырған жобалар арқасында округ тұрғындарының жылма-жыл көтеріп жүрген негізгі мәселелері шешімін табуда. Бұл – мемлекетіміздің тыныштығы мен қарқынды дамуының жемісі деп білемін, -деді.

Кездесулерден соң аудан әкімі округтердегі әлеуметтік нысандар-ды аралап, ауызсу құбырын тарту жұмыстарымен де танысып өтті.

Қайрат ЖАҚЫП

Page 3: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

15 маусым 2018 жыл

3

Еліміз неткен дархан да кең еді?! Осындай дархан даладан небір өнерлілер, таланттар шықты емес пе?! Сондай жердің бірі – Мойынқұм. Бұл жерде әні мен күйі шалқыған Сарысу бар. Сары-суды халқымыз күйші, қобызшы Ықыластың елі деп те атайды. Сонымен қатар Ілия Жақановтың «Мойынқұмда ауылым» әнімен де данқы шыққан. Осы жерде Мәді деген күйші дүниеге келген. Ал бұл жердегі күйшілердің күй тартудағы үш қасиетін айтқан жөн. Біріншісі

Мәді күйші туралы не білеміз?

Нағыз қазақ – домбыра

– бұл өлкенің күй әуені қобыз са-рындас. Бозінгендей боз үні боздап тұрады. Екіншісі – күйлері ұранды, жедірмелі келеді. Үшіншісі – бағзы замандардағы шаңқобыз күйлерін еске салады. Осы күйлерді Мәді шебер орындай білген. Оның ре-пертуарында халықтың асыл қазынасына жататын «Қара жорға», «Бозайғыр», «Тепеңкөк», «Ақжелек», «Қазанкүйі» т.б. күйлер болған. Ол Ықыластың күйлерін тартуға келгенде алдына жан сал-майтын шеберлігі бір бөлек, өзі де тамаша туындыларымен елге танылған қобызшы болды. Со-нымен қатар Мәді Алтын Орда дәуіріндегі Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйін бізге жеткізуші болып саналады. Оның орындауындағы импровизациялық шеберлікті көп күйшілер қайталай алмайтын

көрінеді.Біз көбінесе күйшілер елі

саналғандықтан Құрманғазының адуынды, Дина апамыздың сезім-ге толы күйлеріне және басқа да күйлерге көп мойын бұрып жата-мыз. Ал енді бізге Жетісуды мекен еткен шаңқобызды еске түсіретін, бозінгеннің боз үнін кең далаға тарататын және қобыздың әуенін әкелетін Мәді орындаған күйлерді де шәкірттерге үйрету парызы-мыз болып табылмақ. Бұл күйлер енді күні ертең заманауи салынып жатқан музыка мектебінің домбы-рашылар бөлмесінде естілері анық деп санаймыз.

Әсемгүл ЖҰМАБАЕВА,Газеттің «Нағыз қазақ –

домбыра» айдарын жүргізушіЕлбасымыз өткен жылы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Бірінші-ден, қазақ әліпбиін біртіндеп ла-тын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» -деп айтқан еді.

Бұл мәселе қызу талқыға түсті. Бұлай болуы заңдылық. Алғашқы ұсынылған нұсқа тіл мамандарының тарабынан қатты сынға ұшырады. Олай болатын жөні де, жосығы да бар. Себебі қос әріптілік қағазбастылық пен әріптердің шығындауына әкеледі. Ал соңғы қабылданған нұсқа ше?! Біріншіден, тіл мамандарының тарбынан қолдау тапқан нұсқа. Екіншіден, ақпараттық-цифрлық заманда латын графикасының маңызы біз айтпасақ та көрініп тұр. Таяқтың екі ұшы бар десек те қай жағына басымдық бере-тінімізді өзіміз шешуіміз қажет. Мысалы, әлем халқының 57,7

Латын әліпбиі – өркениет жолы

пайызы осы әліпбиге көшкен екен. Ал өзіміздің түркі тілдес халықтарымыз бұндай баста-маны ертерек те қолға алып, жемісін көріп отыр. Бірақ асығыстық танытып, өздерінің төл дыбыстарын жоғалтып алған ағайын халқымыз да бар. Біз де осындай олқылыққа ұрынбау үшін тіл мамандары жұмыстанып, осы нұсқаны ұсынған. Бұл нұсқаның бірне-ше артықшылықтары да бар. Мысалы, қазақ тілінде «һ» мен «х» дыбыстарының ша-тастырылуы көп. Гаухар есімді қыздар кей жерде «Гауһар» деп те жазып жүреді. Осы мәселе де өз шешімін тауып,

Elbasymyz ótken jyly «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» maqalasynda «Bіrіnshіden, qazaq álіpbıіn bіrtіndep latyn álіpbıіne kóshіrý jumystaryn bastaýymyz kerek. Bіz bul máselege neǵurlym dáıektіlіk qajettіgіn tereń túsіnіp, baıyppen qarap kelemіz jáne oǵan kіrіsýge Táýelsіzdіk alǵannan berі muqııat daıyndaldyq» dep aıtqan edі.

Bul másele qyzý talqyǵa tústі. Bulaı bolýy zańdylyq. Alǵashqy usynylǵan nusqa tіl mamandarynyń tarabynan qatty synǵa ushyrady. Olaı bolatyn jónі de, josyǵy da bar. Sebebі qos árіptіlіk qaǵazbastylyq pen árіpterdіń shyǵyndaýyna ákeledі. Al sońǵy qabyldanǵan nusqa she?! Bіrіnshіden, tіl mamandarynyń tarbynan qoldaý tapqan nusqa. Ekіnshіden, aqparattyq-tsıfrlyq zamanda latyn grafıkasynyń mańyzy bіz aıtpasaqta kórіnіp tur. Taıaqtyń ekі ushy bar desek te qaı jaǵyna basymdyq beretіnіmіzdі ózіmіz sheshýіmіz qajet. Mysaly, álem halqynyń 57,7 paıyzy osy álіpbıge kóshken eken. Al ózіmіzdіń túrkі tіldes halyqtarymyz bundaı bastamany erterek te qolǵa alyp, jemіsіn kórіp otyr. Bіraq asyǵystyq tanytyp ózderіnіń tól dybystaryn joǵaltyp alǵan aǵaıyn halqymyz da

bar. Bіz de osyndaı olqylyqqa urynbaý úshіn tіl mamandary jumystanyp osy nusqany usynǵan. Bіrneshe artyqshylyqtary da bar. Mysaly qazaq tіlіnde “һ” men “h” dybystarynyń shatastyrýy kóp. Gaýhar esіmdі qyzdar keı jerde “Gaýһar” dep te jazyp júredі. Osy másele de óz qoldaýyn taýyp, “h”, “һ” dybystary latynnyń “Һ” dybysymen berіledі. Tól dybystarymyz tolyqtaı saqtaldy.

Bul bastama qoldaý taýyp BAQ, keıbіr JShS, AQ, memlekettіk mekemeler men jeke kásіpkerler óz logotıpterіn latyn grafıkasyna aýystyrdy. Qaladaǵy bılbord, led ekrannan berіletіn jarnamalardy latyn grafıkasynda kórіp júrmіz. Sonymen qatar dóńgelek ústelder men jınalystar ozdyrylýda.

Osy tusta tіl janashyry, fılolog, ustazym Abat Qydyrshaevtyń «Álіpbı aýystyrýdy belgіlі bіr eldіń tіlіne ne jazýyna qarsylyq bіldіrý retіnde qabyldamaı, qazaq tіlіnіń jazýyna reforma jasaý turǵysynda baǵalaý jón» degen pіkіrіne basymdyq bergіm keledі. Latyn grafıkasyna kóshý – qazaq tіlіnіń mártebesіn ósіrіp, jańǵyrýyna sebepshі bolmaq.

Gúlnur QAZBEK,mashyqker

«х», «һ» дыбыстары латынның “Һ” дыбысымен беріледі. Төл дыбыс-тарымыз толықтай сақталды.

Бұл бастама қолдау тауып БАҚ, кейбір ЖШС, АҚ, мемлекеттік ме-кемелер мен жеке кәсіпкерлер өз логотиптерін латын графикасына ауыстырды. Қаладағы билборд, лед экраннан берілетін жарна-маларды латын графикасында көріп жүрміз. Сонымен қатар бұл тақырыпта дөңгелек үстелдер мен жиналыстар оздырылуда.

Осы тұста тіл жанашыры, фило-лог, ұстазым Абат Қыдыршаевтың «Әліпби ауыстыруды белгілі бір елдің тіліне не жазуына қарсылық білдіру ретінде қабылдамай, қазақ тілінің жазуына реформа жасау тұрғысында бағалау жөн» деген пікіріне басымдық бергім келеді. Латын графикасына көшу – қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, жаңғыруына себепші болмақ.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,машықкер

Бәріңізге белгілі әлеуметтік желі-де исі қазақ қасиет тұтатын бесікті қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған суреті елді дүрліктірді. Иә, тал-бесік қоқысқа лақтырылды. Бұл лақтыру – болашағыңды лақтыру болып табылады.

Мұхтар Әуезов айтқан «Ел бо-лам десең, бесігіңді түзе!» -де-ген сөзді бүгінгі жаһанданудың құйынына ілескен ересектер де, жастар да санасынан шығарып тастады. Тағы бір сорақылық біздің қаракөздеріміз Дубайда, Оңтүстік Кореяда «қызмет» жасауда. Бұны естігенде төбе шашың тік тұрады. Ақын Қадыр Мырза Әлі ағамыздың мынандай өлең жолдары бар:

“Ел болам десең, бесігіңді түзе!”

Рухани жаңғыруды айтқан кезде ұлы Абайдың ғибратты сөздеріне үңіліп жүрміз бе? Айтуға қиындау. Дұрысына қалғанда рухани жаңғыру дегеніміздің өзі адамның бүкіл болмысын өзгерту болып та-былады.

Рухани жаңғырудың өзі рухты жаңғырту. Рух – қолмен ұстап білетін заттық әлемге жатпай-тын құпия түсінік. Сондықтан да рухтың ішкі мәнін түсініп алмай, ешкім де рухани жаңғыра алмай-ды. Күнде көріп жүргеніміздей те-ледидарды қосып қалсақ немесе газетке үңілсек рухани жаңғыру үшін көптеген шаралардың өтіп жатқанын көреміз. Оның ішінде тарихымызға үңілу, кітапхана-ларды, музейлерді қалпына кел-тіру, үгіт-насихат жұмыстарын жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру тәрізді

Рухани жаңғырудың ішкі мәні – жүректің көзін ашу

ұсыныстарды көреміз. Бірақ бұлар рухани жаңғырудың

мәні болып табыла ма? Әрине, бұлардың барлығы да қажетті дүниелер. Бірақ ішкі мәнін түсінбеген жағдайда Абай сөзімен айтқанда олар тартымды бермес жеміс.

Егер халықтың рухани болмы-сы көтеріліп, қажеттілік тумаса, әліпбиді өзгертуге жұмсалған қаражат өз нәтижесін бермей, кіта-пханалар, музейлер қанша көбейсе де, алдағы күндері баратын адам болмай, жасалған барлық іс-әрекет нәтижесіз болады.

Рухани жаңғыруда да оның ішкі мәнін түсінудің маңызы өте үлкен. Рухани жаңғырудың ішкі мәні – адамның адами қасиеттерін өсіру.

Жүректің көзі ашылса,Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі,-дейді Абай. Рухани жаңғырудың

ішкі мәні – жүректің көзін ашу. Жүрек көзі ашылса, хақтың сәулесі түсіп, адам болмысы өзгереді. Хик-метке толу дегеніміз – жан-дүниенің тазарып, сана-сезімнің өсуі. Жан тазарғанда ұят оянып, рухани сәуле адам болмысын жаңғыртады.

Сондықтан да ойлау жүйесін жетілдіріп, рухани жаңғыру жолы-на түсу үшін адам әуелі өзінің бол-мысын түсініп алу керек.

Бүгінде жан-дүниені жаңғыртар сан-алуан істер жүргізіліп жатқанда, солардың адамдардың жүрек көзін ашатындай нәтижесіне жетіп жүрміз бе? Осыны ойлағанда рухани жаңғыру оңай шаруа емес. Тәнді жетілдіру қандай екенін білеміз, ал жанды жетілдіру одан да күрделі. Міне, осыған да көз жі-берейік!

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

...Білесің бе, қызыңыз қайда болды?

Оңашада, тасада, сайда бол-ды...

Кинодағы көргенін жасаймын деп,

Баласы бар балалар пайда болды.

Осы ой салар пәлсапалық өлең жолдарын мектептің қыздарға арналған тәрбие сағаттарында ай-тып, көрнекі құрал ретінде пайда-ланып жүрміз бе?! Жоқ, пайдала-нып жүрген жоқпыз. Міне, қателік қайдан кетіп жатыр?

Ал күні кеше ғана әлеуметтік желіде Астана қаласында бір қазақ жігіті екі қытай азаматын мек-

теп жасындағы оқушы қыздарға қырындап, оңашаға шақырғаны үшін сыбағасын берді.

Міне, азамат! Бұзақылық деп танылса да ұлты үшін осындай әрекетке барған азаматты нағыз батыр деуге болады.

Егер осындай азаматтар өздерінің қарындасын, бауырын қорғап жүрсе мына кең шалқар даламызға ие болатын ұрпақты дүниеге әкелетін қаракөздеріміз дұрыс жүрер еді. Бұның өзі де айталып, жазылып жүргенде ру-хани жаңғырудағы жан рухын жаңғыртқан болып табылады.

Әсем БОЛАТ

Адам болғасын кім қателеспейді, бәріміз қате жасаймыз. Сол қатені дер кезінде түзетуіміз керек деп ойлаймын. Болмысымызды жарқырап көрсеткенмен өзіміздің төл құндылығымызды – рухани қазынамызды ұмытпасақ екен деп ойлаймын. Адамгершілік – ол халық алдындағы сыпайылығыңды, мәдениеттілігіңді, төл болмысыңды сипаттайтын құбылыс. Рухани жаңғырудың да басты мақсаты

Адамгершілік – басты қазынамызосы. Егер біз өз құндылығымызды жоғалтсақ, ешкім асыл қасиетімізді кері қайтара алмайды.

Адамгершілік ол – бірінші қарапайымдылық. Қанша жерден басшы болсын, лауазымды адам болсын, адамгершілік болмаса, көппен тіл табыса алмаса, оның ел басқаруы да көпке бармайды.

Адамгершілік қасиеттің де ең бастысы – қарапайымдылық, халықпен тең дәрежеде өзіңді

көрсете білу. Сәлемің түзеу бол-маса, адамгершілігің де көпке бармайтыны анық. Сондықтан да асыл қасиет – адамгершілігімізді ұмыт қалдырмайық.

Өзіміздің төл болмысымыз – қарапайымдылық және адамгер-шілік екенін естен шығармайықшы!

Айтолқын КЕРЕЕВА,Болашақ ауылы

Latyn álіpbıі – órkenıet joly

Page 4: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

415 маусым 2018 жылҚОҒАМ

13 маусым күні БҚО жер қатынастарының басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова және осы басқарманың бөлім бас-шысы Гүлмира Сейфуллинаның қатысуымен ауылдық округ әкімдерімен ҚР-ның жер ко-дексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысын аудан әкімінің орынбаса-ры Зәйлім Мәжитова жүргізді.

- Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беруді ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өздерінің құзыретi шегiнде жүзеге асыра-ды, -деді басқарма басшысы. Жер учаскесін беру туралы шешім жер комиссиясының оң қорытындысы және жерге орналастыру жоба-сы негізінде қабылданады. Жер учаскелері қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін сұралған жағдайда, жер учаскесін беру ту-ралы шешім жер комиссиясының оң қорытындысы, жерге орналас-тыру жобасы және осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдардың оң келісуі негізін-де соңғы қорытынды келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні

Жер Кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді

ішінде қабылданады. Бұл ретте әзірленген және бекітілген жерге орналастыру жобасы мемлекеттік органдарға жоғарыда көрсетілген шешімнің жобасы дайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс. Шешім жо-басын келісу жер комиссиясының оң қорытындысы мен жерге ор-наластыру жобасы келісуге келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жер учаскесін беруден бас тарту ту-ралы шешім жер комиссиясының теріс қорытындысы негізінде жер комиссиясының қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. Жер учаскелерін алып қою, оның ішінде осы Кодекстің 84-бабы-на сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруден бас тарту аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен рәсімделеді және ол уәжді болуға тиіс, -деп айта келіп, кодекстегі енгізілген басқа да өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел барысында түрлі сауалдар қойылып, оған тиісті жау-аптар қайтарылды.

Гүлнұр ҚАЗБЕКЕлбасы Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай өткен жыл-дан бері бұл бағдарлама іске қосылып, жүзеге асыру жұмыстары басталды.

Бағдарлама цифрлық,

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту басталды

ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті арттыруды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді.

Ұзақ мерзімді бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. 2022 жылы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 83%-ға жет-кізу көзделуде.

Бағдарлама шеңберінде биылғы жылы облысымызда

17000 адамды адамды оқыту жоспарланған. Осыған орай ауданымыз бойынша 12-28 мау-сым аралығында Қазталов және Ғ.Молдашев орта мектептері базасында 229 адам цифрлық сауаттылық деңгейін жоғарлату үшін арнайы оқыту курсынан өтеді.

Оқыту 4 бағдарлама бойын-ша теориялық және практикалық тұрғыда жүргізіледі:

1. «Базалық цифрлық дағды»;2.«Электрондық үкімет

және электрондық мемлекеттік қызметтер»;

3. «Ашық үкімет»; 4. «Электрондық коммерция». Екі мектепте өтетін дәріс

кезінде тұрғындар ең алды-мен компьютерде жұмыс істе-уді меңгереді. Сондай-ақ e-Gov электронды порталына тіркелу мен ғаламторда онлайн сауда жасау тетіктерін біліп шығады.

Гүлнұр АЙДАРБЕК

Қазталов ауданы даламыздың сұлу жануары – ақбөкендердің отаны. Осы кең далада қасиетті де сұлу жануарлар өсіп-өнеді. Төлін өргізеді. Көздері мөлдіреген құралайлар ен далада көсіле шабуда. Көбейіп те жатыр. Қуанарлық жағдай. Тіпті ақбөкендер зеңгі бабаның, шопан атаның «несібесіне» ортақтасуда екен.

Табиғатта артық-ауыс ештеңе жоқ қой. Оның үстіне қыс ұзақ болғанмен, жауын-шашын аз болуы, ылғалдың төмендігі шабындық жерлерде шөптің шығымдылығына әсер етіп отыр. Нәтижесінде ауданымыздың

Талбесік

Тиімді шаралар қолға алынбақ

Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Бірік, Бостандық ауылдық ок-ругтері аумағындағы шаруа қожалықтарының маңындағы көлдерде, шабындық-жайы-лымдарда киіктер лақтарын өргізіп, көптеп жайылуда. Ша-руа қожалықтары бұған аздап мазасыздық білдіруде... Бірақ бір жақсысы – сұлу жануарға тиісіп жатырған жоқ. Олар жануарларды әлсін-әлсін шабындық жерлерден шығаруға әрекет жасауда.

Қазіргі күнде ауданымызда сұлу жануарларға да мүмкіндік жасай отырып, халықтың қолындағы малға да табиғи шөпті даярлау алулары үшін тиімді шараларды жүргізу бағыттары қарастырылуда.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Құқыққорғау органда-ры үшін азаматтардың өтініш білдіруі өте маңызды. Қылмыстың алдын алу мақсатында Қазталов аудандық прокуратурасының ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н Жалпақтал ауылында «Ашық есік күні» озды-рылып, аудан прокуроры Нұрлыбек Мұсағалиев ауыл тұрғындарымен кездесті.

Аудан прокурорымен ашық әңгіме

Кездесудің басты мақсаты –аудан бойынша мал ұрлығының өсу себептеріні, оған жол бермеудің тиісті шараларын қабылдау, «Ме-диация туралы» Заңды түсіндіру. Ауыл тұрғындары аудан прокуро-рымен болған кездесуде өздеріне қажетті құқықтық мәліметтерге қанықты. Қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шара барысында тұрғындар өз мәселелері бойын-

ша шағымын айтып, жер-гілікті құзырлы орган басшы-сы заңбұзушылық деректері байқалған істерді тікелей өз бақылауына алатынын жет-кізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары Жаңыл Құспанова, Жамбыл Нұғыманов, Қанат Есенов көкейкесті сұрақтарына нақты жа-уап алды.

-Бұл кездесудегі басты мақсатымыз ауыл тұрғындарының шеше алмай жүрген өзекті мәселелерді шешу. Ауылдас-тар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Алдағы уақытта осындай кездесулер әр тоқсан сайын өтеді деп жоспар-лануда, -дейді аудан прокуроры Нұрлыбек Маратұлы.

Жиын соңында аудан проку-роры Нұрлыбек Мұсағалиев же-келеген сұрақтар бойынша ауыл тұрғындарын қабылдады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

14 маусым күні Қазталов ауылы ардагерлер бастауыш ұйымының есеп-беру сайлау жиналысы өтті.

Жиынға аудандық ардагер-лер кеңесінің төрағасы Уәлиолла

Ардагерлер бастауыш ұйымы есеп берді

Әбішв, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиналыста ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың есебін берді. Жина-лыста ауыл тұрғындары Сансыз-

бай Уәресов “Еділбай” мәйітінің Қарасу жағының қоршауын жөндеп, қоқыс контейнерлерін орнату, Жұпар Мұхамбетова мұражайды жабдықтауды ұйымдастыруға қолдау көрсету мәселелерін ай-тса, Ғалымжан Неғметов еңбек ардагерлеріне демалу-сауықтыру орталықтарына жеңілдетілген жол-дамалар беруді көтерді. Сонымен қатар ауылға техникалық су кір-гізуді аяқтау мен садақа беруде-гі ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері тілге тиік етілді.

Жиында жаңа құрам сайла-нып, бастауыш ұйымның төрағасы болып қайтадан Мұқанғали Бек-тілеуов таңдалды. Сондай-ақ ұйым төрағасының жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріл-ді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Page 5: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

515 маусым 2018 жыл ХАТҚОРЖЫН

Е л б а с ы м ы з Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы ая-сында Нұрсай аулының Жаңақұрылыс және Болат Айтмұқанов атындағы көшелерінің көше тойы мере-кесі аталып өтті.

Салтанатты шара аталмыш көше ақсақалының батасымен басталып, әсерлі концерттік

Нұрсайдағы көше тойы

бағдарламамен жалғасын тапты. Көшелердің бүлдіршіндерінен бастап қариялары тегістей қатысқан концерттік шара соңы спорттық ойындарға ұласты. Күш сынасу, отбасылық командалық эстафета, нысанаға оқ тигізу және қой көтеруден жарыстар көрермендердің көңілінен шығып, қызығушылықтарын ұлғайтты. Келген қонақтарға арналып ақ дастархан жайылып, түрлі қазақтың ұлттық тағамдарынан

дәм ұсынылды. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс өткен мереке-де бүлдіршіндерге арнайы ба-тут алдырылып, ауылымыздың балаларының қуанышында шек болмады. Көше мақтаныштары мен жетістіктерінен бұрыш жасалып, көрме қойылды. Жаңақұрылыс көшесіне көше атауы тақтайшалар безендіру бағытындағы баннерлер де орна-тылды. Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген шарада арнайы тігілген киіз үйге ауылымыздың ораза ұстаған жандарына ауыза-шар ұйымдастырылды.

Көңілді де қызыққа толы той ел көңілінен шыққаны байқалды.

Еліміздің келер ұрпағын тәрбиелейтін, тарихымызды талдататын осындай мәні мен тәрбиесі мол іс-шаралар жалғасын таба берсін демекпіз.

Ару МАХОШ,Нұрсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы

“Туған жерге тағзым” акциясының аясында Көктерек ауылында “Көркейткен көркін көп терек, ауылым – Көктерек” атты жерлестер форумында Көктерек мәдениет үйінің сахнасынан түлеп ұшып, қазіргі күнде облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп жүрген танымал өнерпаздар Көктерек мәдениет үйіне өз қаржыларына вокалды аспаптар табыс етті.

Бұның өзі олардың арттарынан ерген бүгінгі жас өнер иелерінің та-ланттарын ұштауына септігін тигі-зері сөзсіз.

“Ауыл айнасы” ақпарат

“Мәңгілік мақтан етемін, бөбекжай – жылы мекенім”

Жалпақтал ауылындағы “Ертегі” бөбекжай балабақшасының “Ақ қоян” тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мәңгілік мақтан етемін, бөбекжай – жылы мекенім” атты балабақшаман қоштасу ертеңгілігі өткізілді. Балаларымыздың кішкен-тай болып кіріп, ақыл-ой-лары толысып, жақсы мен жаманды айыра білу-ге үйреткен тәрбиешілері Гүлмира Қалдығалиқызы мен Нұржанат Нұртілеуқызы.

Ертеңгілік бағдарламасына сай концерттік нөмірлерде тақпақтар оқылып, билер биленіп, әндер орындалып, балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Шарада алдымен “Ерте-гі” бөбекжайының меңгерушісі А.Қинашқызы ата-аналар мен бүлдіршіндерге арнап құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тіледі.

«Ақ қоян» тобының бүлдіршіндері «Балабақша – бақ ұям» әнімен ертеңгілікті бас-тап, ұл қыздарымыз өздерінің тақпақтарын мәнерлеп оқып, жеке-жеке өнерлерін көрсетті. Бүгінде елімізде үш тілділікке баса мән беріп жатырғанда. балабақша да бұл үрдістен тыс қалмағанын айтуға болады. Соның айғағындай балабақшаның ағылшын тілін-де өткен байқауларының жеңімпаздары да өз өнерлерін көрсетті. «Ғажайып сәт» атты көрініс тамашаланып, ортаға мұғалім келіп, қоңырау да соғылды.Балаларға сұрақтар қойылып, олар тапсырмаға жауап берді. «Мектепке дайындық» ойындары ойналып, бүлдіршіндер көріністер арқылы мектепке дайын екендік-терін білдірді. Сондай-ақ әртүрлі музыкалық аспаптардан құралған «Ертегі бөбекжайы» оркестрі құрамы да өнерлерін паш етті.

Мектеп жасына дейін-гі балалардың тәрбиесі қашан, қайда басталады? Әрине, ал-дымен отбасынан, қалаберді балабақшадан басталады. Осы кішкентай бүлдіршіндердің тәрбиесіне атсалысқан Гүлмира Қалдығалиқызы мен Нұржанат Нұртілеуқызыың еңбегі зор. Тәрбиешілер ертеңгілікте балдырғандарға сәттілік тілеп, бауыр басқан бүлдіршіндермен қимастықпен қоштасып, көздеріне жас алды.

Енді, міне, балаларымыз мектеп табалдырығынан аттамақ. Осы кезге дейін оларды тәрбиелеген тәрбиеші ұстаздарды мақтан етеміз. А.Қинашқызы бастаған ұжымға шығармашылық табыс тілейміз.

Ф.АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

Жалпақтал ауылының тұрғыны

Баланың ең тәтті де ұмытылмас балғын балалық шақтары кіш-кентай кездерінде де-мекші, «Нұрбалапан» бөбекжайында «Алпа-мыс» және «Ертөстік» топтарының тәрбиеленушілерін мек-тепке шығарып салу ертеңгілігі оздырыл-ды. Ертеңгілік «Қош бол, балабақша», «Әр бала – бір жұлдыз» тақырыптарында өткізілді.

Шараны бөбекжай меңгерушісі М.Кадимова құттықтау сөзімен ашып, бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тілеп, бөбекжайда тәрбиеленген тәрбиеленушілердің осы уақыт аралығында мерекелерде ат салысып, көмек қолын созып, жақсы байланыста болған ата-аналарды марапаттады.

Зал әсем безендіріл-ген, балалар да әдемі киініп, тәрбиешілерімен жарасып-ақ тұр. Ал ертеңгілікте не жоқ деп сұраңыз... Өнердің бәрі бар. Ән де, би де, білім де, аспапта ой-нау да. Балалар барлығын игер-

ген. Ақыл ойлары толысып, оң мен солын айырып, жақсы мен жаманды білді. Балаға бұның бәрін меңгертуді ойласақ осы тұста, тәрбиеші мамандығының сан қырлылығы мен қиындығы көрінеді.

«Ертөстік» тобының тәрбиешілері Н.Жалиева мен А.Құспанованың ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н «Балабақшадағы бір күн» желісі бойынша көрермендерді жалықтырмай өткізсе, ал «Ал-памыс» тобының тәрбиешілері А.Әйтімова мен А.Жапақова әр баланың өнерін ортаға салып, күні бүгінге дейін үйреніп білген-дерін әдемі көрсетіп бере алды. Ертеңгілік соңында тілек шар-лары ұшырылып, балалардың естерінде сақталатындай қуанышты сәт болды.

Көрермендерге жағымды көңіл-күй тарту ете отырып, бар-ша бүлдіршіндерге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, ты-ныш өмір, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілегі айтылды.

Ж.АЛТАЕВА,«Нұрбалапан» бөбекжай-

балабақшасының психологы

“Қош бол, балабақша!”

Өнерпаздар вокалды аспаптар тарту етті

Өздеріңізге белгілі бұдан бұрын хабарлағанымыздай жабдықталып жатырған аудандық музейге ауданы-

Музей қызметкерлері құнды деректер жинауда

мыз тарихына қатысты жәдігерлер, құнды дере-ктер жинау жұмыстары жүргізілуде.

Соның бір айғағындай, аудандық музей қызметкерлері аудан орталығындағы аудан та-рихын жетік білетін және ескі-ден келе жатырған деректер бар шаңырақтарға әдейілеп барып, музей жәдігер жинау жұмыстарын бастап кетті.

Енді осы жұмысқа әлі біз-дерге беймәлім құнды деректер және жәдігерлер болса аудан тұрғындарының өздері де бел-сенділік танытып қатысуларын сұраймыз. Себебі өткен тарихты бүгінгі ұрпаққа үйрететін, мағлұмат алуға негіз қалайтын деректер мен басқа да құнды дүниелер жеке адамға қызмет етпей, халыққа қызмет етуі қажет.

Сондықтан ел үшін жасалып жатырған істен шет қалмайық, ағайын!

“Ауыл айнасы” ақпарат

Page 6: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

6 15 маусым 2018 жыл МӘДЕНИЕТ

8 маусым күні Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан мекемелер арасындағы өнер фестивалі аясында Қазталов аудандық орталық аурухана, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Ақ желеңділер өнер көрсетті

орталығы, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама орталығы мекемелері бірлесе отырып концерт қойды.

Концерт Аққанат Аяпбергеннің

әуелеген әнімен басталса, өз жалғасын жан тебірентіп құлақ құрышын қандырар поэзиямен тапты.

Сонымен қатар өнерпаз Темір-хан Мұрат домбыраның күмбіріне салып екі күйді тарту етсе, жастар жағы сюжеті әдемі флешмобын ұсынды. Ал мекеме ішіндегі әсем дауыс иелері құр алақан емес екендерін көрсетіп залды жанды дауыстарымен ұйытты. Аталмыш ұжым мерекелік концертін соңын Роза Әлқожаның «Атамекен» әнімен хор арқылы өз межесіне жеткізді. Мерекелік концерттен соң Қазталов ауылдық округі әкімі Жүсіп Шакуов, аудандық орталық ауруханың директоры Қайырбай Алтаев сөз алып, ұжымдарға ризашылықтарын айтты.

Гүлнұр АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

9 маусым күні Астананың 20 жылдығы және ауданымыздың 90 жылдығына арналған “Туған жер – тұнған тарих” өнер фестивалі аясында “Достық” саябағында Қошанкөл ауылдық округінің күні өтті.

Фестивальдің ашылу салта-натында сөз алған Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Радж Шәріпов аудан тұрғындарын келе жатырған жарқын мерекемен құттықтап, қошанкөлдіктердің ыстық ықыласын жеткіз-ді. Концерттік бағдарламаның бір ерекшелігі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар-ланды. Сонымен қатар “Руха-

...Қошанкөлден қуат алып қайтарсың...

ни жаңғыру” бағдарламалық мақаланың идеясына сәйкес ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кішкентай баланы алғаш рет атқа мінгізу “Ашамай” және киіз басу дәстүрлерін сах-налады. Сахнада қошанкөлдік өнерпаздар ән-жыр мен күйден көрермендерге шашу шашты. Сонымен қатар жауқазындай бишілердің қимылы құбылып тұрған ауа райының “тентек” мі-незін саябырсытып тастағандай болды... Қазталовтың аспанын-да Арман Биғалиевтің әні мен сөзіне жазылған “Қошанкөлім” әні қалықтап, Сарыөзеннің жағасында орналасқан округтің тарихын да,

тынысын да, бүгінгі іргелі істерін де көремендердің көз алдынан өткізгендей әсер берді...

... Туған жерім жүрек толқи сағынар,

Көктерегім, сай-саламыз тағы бар.

Сағынышпен келсең ғана ауылға,

Қошанкөлден қуат алып қайтарсың...

Қошанкөлдіктердің өнер кешінде тек аудан тұрғындары ғана емес, сонау Ақсайдан кел-ген қонақтар және дәл осы күні үлкен өмірге қос аққудай қанат қаққан жас жұбайлар Мереке ауылының тұрғыны Асхат пен оралдық Гүлжиянның неке қию рәсіміне қатысушылар да тамаша бағдарламаның куәсі болды.

Сондай-ақ тігілген ақшаңқан үйде қошанкөлдіктердің әзірлеген ұлттық тағамдарынан көрермендер дәм татып, ризашылықтарын біл-дірді.

Осындай әдемі бағдарлама ұсынған қошанкөлдіктерге Қазталов ауылдық округі әкімнің алғысхатын округ әкімінің орын-басары Баймағамбет Сағадденов Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Радж Шәріповке табыстап, аудан орталығы тұрғындары атынан рах-метін білдірді.

9 маусым күні Жалпақтал ауылында Елордамыз – Астананың 20 жылдығы ме-рекесіне орай және “Туған жер – тұнған тарих” өнер фестиваліне орайластырған халықтық Баян Қабиеваның жанұялық ансамблінің “Туған елім, бар өнерім өзіңе!” ән-ду-ман кеші өтті.

Кеште 30 жылдық тарихы бар бұл жанұялық ансамбльдің мүшелері өнерге деген құштарлығы мен туған ауылдың халқына деген сүйіспеншілігін ән-жыр арқылы паш етіп, мәдениет үйіне жиналған ағайынды бір серпілтіп тастады. Ансамбльдің бүгінгі күнде өмірден озған мүшелерінің ұл-қыздары және Баян апамыздың ұлдары Әділ, Асылхан өздерінің тамаша әндерімен көрерменді баурап, кештің сәнін аша түсті. Сонымен қатар Баян Қабиева жетекшілік

“Туған елім, бар өнерім өзіңе”

ететін “Қыз Жібек” термешілер ансамблі мен “Шапағат” әжелер ансамблі көременге әннен шашу шашып, кештің шоғын үрлеп, отын маздата түскендей әсер берді. Кеш соңында “Ажарлы ауылым” әнімен сахна төрінен табылған ансамбль жетекшісі, “Жалпақталдың Ақ Ба-яны” атанған Баян Құбайқызы кешті тамашалауға келген ауыл-дастарына ризашылығын білдіріп, көп балалы аналарға жанұясы атынан сыйлықтар табыс етті. Кештің қонақтары – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Са-мал Жангереева мен Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орын-басары Меңдіхан Халимуллин Баян Қабиеваға жалпақталдық ағайынның атынан рахмет ай-тып, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің алғысхатын табыстады.

Қайрат ЖАҚЫП

Мамыражай маусым айының 7 жұлдызында Қазталов аудандық саз мектебі табиғаты әсем, ауасы таза «Алау» балалар жазғы демалыс лагеріне жол тартты.

Ондағы мақсат –тынығушылардың көңілін бір серпіп, өнерлерін паш ету еді. «Аялаған Астана» атымен барған концерттік бағдарлама саз мектебінің директоры Жадыра Ті-леубаева мен лагерь басшы Елжан Қабылтаев алғыс сөзімен баста-лып, мың бұралған бишілердің биімен, әуелеген әсем әнмен, күбірлеген күймен, үйлесімді ком-пазициямен жалғасын тапты.

Бағдарламада саз мектебінің фольклорлық ансамблі орындаған күйлер, ұстаздар Гүлшат Ізмағамбетова, Әсем Бекжан, Гауһар Мерғалиева,

Алаулық тынығушыларды

қуантты

Әсемгүл Жұмабаева және вокалдық-аспаптық ансамбльдің орындауындағы әндер балғын оқушылардың көңілдерін бір көтеріп тастаса, «Шаттық» бишілер тобы да мың бұралған биімен лагерьдің шырайын әрі қарай аша түсті. Концертті тамашалаған балалардың осындай кешке риза болғандары олардың жүздерінен байқалып тұрды. Тынығушылар атынан күбірлеген қоңыр дауыс иесі жұлдыздық оқушы Асылжан Хайреденов алғысын әнмен жет-кізді.

«Алау» балалар жазғы демалысының бірінші кезеңінде 44 оқушы демалуда. Оларға барлық жағдай жасалған. Дема-лушы оқушылар жоспарға сәйкес түрлі бағытта демалыс шаралары-на қатысуда.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

“Сауапты істен тыс қалма”

Ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын та-буды қалаған жандар үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Қадір түні қарсаңында аудандық мешіттің қолдауымен, “Қожа” әзіл-сықақ театрының ұйымдастыруымен “Са-

уапты істен тыс қалма” атты кеш өтті. Кеште Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажаұлының Қадір түнінің қасиеті жөнінде айтқан бейнеролигі көрсетілді. Имандылық, тәрбиелік,

адамгершілік, ата-ана, өмір жайын-да айтылған әндер мен поэзиялар көрермендердің жүрегіне жол тапт-ты... Бір уақыт өмірдің қарбалас кезеңдерімен жүріп, пендешілікпен нағыз имандылықты бойымыздан алыстатып жатамыз. Бірақ осы ке-ште көрсетілген барлық туындылар адам баласының жүрегіне бір сәтке болса да иман нұрын төккендей болды... Міне, ғажап! Шынайы өмірді сахналап және өлеңмен жеткізген өнерпаздарымыздың шеберліктерін ерекше атап айтуға болады.

Кеш соңында “Қожа” әзіл-сықақ театрының жетекшісі Қайрат Аб-дулов концерттен түскен қаржыны қолдауға мұқтаж жандарға табыс-тады. Алла істеріңізді сауапқа жаз-сын!

Жұлдыз АСҚАР

Page 7: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

715 маусым2018 жыл ӨНЕГЕ. ӨНЕР

Жалпақтал балалар өнер мектебінің бір топ оқушылары 4-7 маусым күндері Алматы қаласында өткен І Халықаралық

Бәрекелді!

“Қазақстан таланттары” рухани-патриоттық байқауға қатысқан Жалпақтал балалар өнер мектебінің “Желдірме” фольклорлық ансамблі (жетекшісі Ж.Ержанов) бас жүлдеге және ансамбльдің басқобызшысы осы номинация бойынша бас жүлдені Серік Аңсаған (оқытушысы – А.Ғұбайдуллин) иеленді. Сондай-ақ терме номинациясы бойынша Азамат Мәліков (оқытушысы – А.Досқалиев) жүлделі үшінші орын иеленді.

Алатау бөктеріндегі әсем қала Алма-

4-7 маусым аралығында Алматы қаласында «Қазақстан талант-тары» атты оқушылар арасында Халықаралық байқау өтті.

Сол байқауға аудандық музыка(саз) мектебінің шәкірттері вокал жанры бойын-

ша Кәмшат Аюпова (ұстазы – Гауһар Мерғалиева) қатысып, екінші орынды иеленді. Ал баян жанры бойынша екінші орынды Сұлтан Бақытжан, үшінші орын-ды Бақдәулет Жасбуын (ұстазы – Ерлан Уаресев) иеленіп,

ауданымыздың мәртебесін бір көтерді. Ауданнан барған жас таланттар Кәмшаттың әдемі дауысы Алатаудың ұшар басы-на қалықтаса, Алатаудың басынан бас-тау алатын сылдырлай аққан бұлақтарға Сұлтан мен Бақдәулет сырнайдан шыққан сазды әуендері үн қосты деп айтамыз.

Өнерлерің биіктей берсін, жас таланттар!

Жұлдыз АСҚАР

11 маусым күні аудан әкімдігінің және ішкі саясат бөлімінің, аудандық аналар кеңесінің қолдауымен «Тоғжан» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Шара Елордамыз – Астананың 20 жылдығына арналып өткізілді. Мәдени шара байқауға қатысушы отбасылардың көрмесімен танысумен бастау алды. Көрме – отбасылардың айнасы болды деуге болады. Көрмеде әр шаңырақтың өзіндік ерекшілігін бейнелейтін қолөнер бұйымдары мен әулеттің тарихынан сыр шертетін көне жәдігерлер, олардың кәсібіне қатысты дүниелер мен жеткен жетістіктері шоғырланған.

Салтанатты шараның сахна шымылдығын Сыйлық Құсайынованың «Перзент парызы» әуені ашты. Одан әрі мерейі асқан үлгілі от-басыларды әдемі сах-на төріне шақырылып, әрқайсысы өз номи-нацияларын иеленіп, дәріптелді.

Саламатты өмір салтын ұстанып, кітапты қазына деп танып жүрген талдыапандық Жапа-ровтар отбасы «Жас ұрпаққа үлгі етер от-басы» деп танылса, еңбектері еленген еңбекқор қарасулық Қойшыбаевтар отбасы «Ауыл мақтанышы» номинациясына ие бол-ды. Маңдай тер, табысты еңбектерінің арқасында ауыл шаруашылығын дамы-тып, өзіндік қолтаңбаларын қалдырып жүрген қошанкөлдік Жұмағалиевтар мен тереңкөлдік Ғұмаровтар әулеті «Елі-не еңбегі сіңген отбасы» номинация-сын иемденді. Жаңажолдық жас отба-сы Нұрғалиевтер өнегелі істерімен ел қуанышына айналып «Ұлттық тәрбиені ұлықтаған отбасы» деп танылса, өнерді жанына серік еткен әжібайлық Ақаевтар «Белсенді отбасы» аталымын иеленді.

Отбасындағы ұйымдастырушылық қабілеттері еленіп «Бірлікті, татулықты ұлықтаған отбасы» атауына Қайыңды ауылдық округінің Табылдиевтер отбасы лайық деп танылды. Ал өнерге жақын, қоғамдық-мәдени шарадан алыс емес қараобалық жанұя «Өнегелі отбасы» но-минациясын иемденді.

Ал «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының номинанттары тарихы шежі-

реге толы қараөзендік Стамғазиевтер әулеті «Шежірелі отбасы» аталса, білімді жанына серік еткен жаңашыл Талдықұдық ауылының жанұясы Мұхамбетқалиевтер «Білім көкжиегіне ұмтылған отбасы» атауына ие болды. Берекелі, елге сый-лы, өнерлі, спортты сүйетін Бостандық ауылдық округінің Жүсіповтер отбасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп танылды. Ал Қазталов ауылдық округінің атынан қатысқан Ерекешовтар әулеті ұстаздық қызметті отбасылық кәсіпке айналдырып, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөліп келеді.

Ұрпақ тәрбиесіндегі қызметтері еленіп, жанұя «Ұстаздар әулеті» атауымен байқаудың номинанты болды.

Салтанатты шараның соныңда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -Бүгінгі «Мерейлі от-басы» байқауына қатысқан отбасылар басқаларға үлгі болғандай.

«Отан – отбасынан басталады» де-сек, егемен еліміздің болашағын жасап,

мәңгілік елге айналдыратын да осын-дай отбасылар, олардың өсіріп отырған ұрпақтары. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық кодты, дәстүрді әрі қарай жалғастыратын да, оны наси-хаттайтын да бірлігі бекем, тату-тәтті, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасы болып табылады.

Сондықтан да сіздерге алдағы уақытта да жанұялық бақыт, жемісті еңбек тілеймін. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіздер!- деді.

Байқау нәтижесінде «Мерейлі от-басы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне бостандықтық Жүсіповтар от-басы мен қазталовтық Ерекешовтар жанұясы жолдама алды. Сонымен қатар байқауға қатысқан отбасылар өздерінің өнерлерімен көремендерді тәнті еткенін айтқан жөн. Ал облыстық байқауға жол-дама алған отбасыларға сәттілік тілей-міз.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

“Мерейлі отбасылар” дәріптелді

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,Қыз қайда құдашадай көзі күлген.Алыстан ат арытып келгенімде,Шақыртпай еш адамға өзі келген.

Ахау-ау, сәулем-ай,Өзі келген-ай,

Аха-ха-ау арманай...Кең де ашық дауыс сахнаға сыймай

көкке өрледі. Бұл – қазақтың халық әні «Ақбақайды» шырқап тұрған жерлесіміз, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мұқан Төлебаев әндері байқауының лауреаты Ай-бар Қайырханов болатын.

13 маусым күні Айбар аудандық мәдениет үйінде «Әнім сенсің, туған жер!» атты кешін өткізді.

Айбардың әндерін Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі сүйемелдеді. Осы кеште Айбар Б.Тәжібаевтың «Ақбұлақ», Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін орындаса, сонымен қатар И.Кальманның «Ария Мистера Х», Э.Ди Капуаның «О соле мио» классикалық әндерін де шырқап, көрермендердің құлақ құрышын бір қандырды.

Сонымен қатар осы кеште Айбардың әріптестері күйші Асылбек Бектасов «Төремұрат» күйін және Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін камералық оркестрмен бір-ге орындап, күй құдіретінің мықтылығын

«Әнім сенсің, туған жер!»

тағы бір дәлелдеді. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші Эльмира Усаева «Гәккуді» төгілдірсе, Айбар екеуі қосылып классикалық шығармаларды да өз деңгейіне жеткізе әуелетті. Сондай-ақ камералық оркестрдің орындауындағы «Симфония Сол Можор» шығармасы және оркестрдің вокалдық тобы да ұлтымыздың классикалық шығармаларымен бірге әлемдік туын-дыларды да сахна төрінен асқақтатты. Аудандық мәдениет үйінің сахнасын-да көп уақыттардан бері классикалық шығармалардың үні естілмегендіктен бо-лар, көрермендер оны сағынып қалған екен. Әрбір орындалған нөмірлерге ұзақ қол шапалақтау мен ықлас білдіріліп отырылды.

Кеш Төлеген Мұхамеджановтың «Отан» әнімен аяқталды. Аудан әкімінің орынбаса-ры Зәйлім Мәжитова жерлесіміздің осын-дай рухани демалыс сыйлағаны үшін және облыстық камералық оркестрдің ұжымына аудан жұртшылығы атынан рахмет айтып, аудан әкімінің алғысхатын табыстады. Осы кеште аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина және аудандық саз мектебінің директоры, Айбардың алғашқы ұстазы Жадыра Тілеубаева өнер иесі-не ризашылық тілектерін жеткізіп, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

тыда жүлдеге ие болған өнер таланттарына алар асуларың биік болсын дейміз.

“Ауыл айнасы” ақпарат

Page 8: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

8 15 маусым 2018 жылТОПЖАРҒАН

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінде 2013 жылғы мектеп түлектері достары Гүлдана, Гүлбақыт, Жанасыл Диасқыздарын еске алып, волейболдан аймақтық турнир ұйымдастырды.

9 маусым күні ҚР Елорда-сы – Астана қаласының 20 жылдығына және Қазталов аудан әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасындағы ашық біріншілік өтті.

Аудан әкімінің кубогі Ақжайықтың еншісінде

Ашық біріншілікте сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді да-мыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахме-тов, -Елімізде үлкен, жарқын ме-реке жақындап келеді. Ол – Елор-дамыз Астананың 20 жылдығы.

Осыған байланысты түрлі мәдени-спорттық шаралар өтуде.

Бүгін соның бір айғағындай Елорданың 20 жылдығымен сабақтастырыла аудан әкімінің ку-богі сарапқа салынғалы отыр. Бұл ашық біріншілікке облысымыздың аудандарымен қатар шекара-лас Ресейдің Александров-Гай командалары қатысуда. Барлық командаларға жеңіс тілеймін,- де-ген тілегін жеткізді.

Ашық біріншілікке жалпы саны 6 команда қатысты.

Жарыстың жабылу салтана-тында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова сөз алып, бар-ша командаларды жеңістерімен құттықтады. Тартысты өткен біріншілікте 1 орынды Ақжайық, 2 орынды Бөкей ордасы, 3 орынды Қазталов ауданының командала-ры иеленіп, алғысхаттармен, кубок-термен марапатталды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Волейболдан аймақтық жарыс

ҚР Гимні орындалғаннан кейін Көктерек ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлы, мек-теп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сабырғали Омарғалиұлы, қыздардың ата -аналары, достары атынан Ті-

леухан Төлеуғалиев сөз сөйлеп, ұйымдастырушы достарына алғыс білдіріп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Көктерек ауылдық ок-ругінен 4 команда және Ақпәтер, Қараөзен ауылынан волейбол-шылар қатысты. Жарыстың бас төрешісі Ерасыл Фатихов ойын ережесін түсіндірді.

Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынға Көктерек, 2 орынға Ақпәтер, 3 орынға Қараөзен ко-мандасы ие болды. Жеңімпаз ко-мандалар кубок, диплом, медаль және сыйлықтармен марапаттал-ды.

Сонымен қатар мектеп түлектері сыныптас құрбыларын еске алып, құран бағыштады.

Үміткер ЖҰМАКЕЛДІҰЛЫ,Көктерек ауылы

Сейдахмет Бердіқұлов ағамыздың «Арбаған мені бір сыйқыр…» кітабында әлемді дүбірлеткен теңбіл доптың қыр-сырын ашып жазған. Жасыл алаңда атой салған дүлдүлдер елінің атын машһүр жасап жатқанда, біздің футболшыла-рымыз да осындай күллі әлемді таңдандырса екен деген қиял туады. Миллиондардың жан-дүниесін баурап алған футбол, соның ішінде әлем чемпионаты есте қаларлық дода болып та-былады.

14 маусым күні көрші елде әлем көз тігетін доп дода-сы басталды. Футбол королі анықталады. Футбол десе ішер асын жерге қоятын жанкүйерлер барлығын ысырып қойып көгілдір экранға үңіледі. 14 маусым күні Мәскеудің «Лужники» стадио-нында алғашқы ойын Ресей мен Сауд Арабиясы командалары арасында өтті. Көрші еліміздің қасымыздағы Самара, Волго-град қалаларында 25 маусым күні Уругвай-Ресей, Сауд Араби-ясы-Египет кездесетін болады.

32 елдің футбол командасы

Дүниені дүбірлеткен доп додасы

қатысатын бұл додада чемпион болған команда көп қаржыға ие болғалы тұр.

Жалпы сомада әлем чемпи-оны болған құрама команда 38 миллион доллар алады. Бұнымен қоса әрбір ел өзінің командала-рына беретін сыйақылары да бар.

Мәселен, Бразилия әлем чемпионы болып жатса әр футболшыға 1 миллион доллар беретін болса, Ресей құрама ко-мандасы өз тобынан шығып, алға жылжыса 4 миллион долларды еншілейтін болып отыр. Міне, футболға деген қызығушылық қайда жатыр?

Ал біздер дүниені дүбірге бөлеген теңбілдоп додасын қызықтап отырып, болашақта әр ауылда жасалған футбол алаңдарында доп қуып жүрген қарадомалақтардан Месси, Ро-налдулар шықса екен, көк туы-мызды желбіретсе екен деген тілек тілейік!

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

4-6 маусым күндері Орал қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында II республикалық спартакиада өткен болатын. Бұл спорттық жарысқа біздің спортшылары-мыз да қатысып, аудан намысын қорғады. Шахматтан (ерлер ара-сында) Оралхан Әубекеров және дзюдо күресінен 81 келі салмақ дәрежесінде Жақсылық Ақмурзин 3 орындарды иеленсе, ал үстел теннисінен Ерлан Қадыров қала

командасының атынан шығып, 1 орынды қанжығасына байлады. Тағы бір қуантатын жәйт – шах-маттан 3 орынға ие болған Орал-хан Ақтөбе қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алды.

Ендеше, спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарысқа сәттілік тілейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат

Бостандық ауылында жергілікті тариxи тұлға, ақын, әнші, xалық жанашыры Ерғали Аязбаевты еске алуға арналған бокстан 2001-2002, 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазталов ауданының ашық турнирі өтті.

Турнирге Ресейдің Александ-ров Гай ауданынан, Маңғыстау облысынан, Орал қаласынан және Ақжайық, Зеленов, Қазталов аудан-дарынан командалар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатын-да сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Аxметов және Бостандық ауылдық округі әкімі Манарбек Сүндетов сөз сөйлеп, жарысқа кел-ген командаларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған турнир-де 2009-2010 жылғы туылған жасөспірімдер арасында 22 келі салмақ дәрежесінде Ермек Абы-лай, 24 келі салмақ дәрежесінде Миран Жүсіпов, 2007-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында

Бокстан аудандық ашық турнир

24 келі салмақ дәрежесінде Ар-мат Жұмагерей, 26 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Бариев, 40 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Мақсотов, 2005-2006 жылғы туылған жасөспірімдер арасында 46 келі салмақ дәрежесінде Бе-гарыс Маратов, 2003-2004 жылғы туылған жасөспірімдер арасын-да 44 келі салмақ дәрежесінде Санжар Марксов, 52 келі салмақ дәрежесінде Мереке Ерме-ков, 2001-2002 жылғы туылған жасөспірімдер арасында 57 келі

салмақ дәрежесінде Наурызбек Есенов, 46 келі салмақ дәрежесінде Ғасырбек Бариев, 2000 жылғы туылған жасөспірімдер арасын-да 49 келі салмақ дәрежесінде Тұрарбек Қалиев 1 орынды ие-леніп, жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапаттал-ды.

Қайрат НАУХАНОВ,аудандық жастар

ресурстық орталығының кеңесші маманы

Оралхан Республикалық спартакиадаға жолдама

алды

Page 9: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

915 маусым 2018 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

Жақында Жалпатал аграрлық және салалық технологиялар коллед-жінде «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-ма-шинист» біліктілігі бойынша «Үздік механизатор» байқауы оздырылды.

Студенттердің кәсіби даярлығы мен білім деңгейін бағалау, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау – байқаудың басты мақсаты болып табылды.

Байқауға ІІ курс студенттері Райымбек Батырбеков, Дархан Қапезов, ІІІ курс студенттері Нұрсәт Еркінов, Әділхан Мусин, Мырзабек Амангелдиев қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Байқау бекітілген ереже бойынша үш кезеңмен оздырылды.

Байқаудың әр кезеңіне арнайы бақылау жүргізіліп, колледж бойынша техника нұсқаушысы Е.Қалиев, арнаулы пәндер оқытушысы С.Сұлташев, өндірістік оқыту шеберлері Р.Сатиев, Ә.Мыңбаев төрешілік жасады. Байқаудың жалпы қорытындысы бойынша Дархан Қапезов – “Бел-сене қатысқаны үшін”, Райым-

Колледж үздіктері анықталды

бек Батырбеков – “Жеңіске деген жігерлігі үшін” номинациялары бойынша мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болса, жүлделі І орынды Әділхан Му-син, ІІ орынды Мырзабек Аман-гелдиев, ІІІ орынды Нұрсәт Еркіновтер өз қанжығаларына бай-лады. Жүлдегерлерді Жалпақтал колледжінің директоры, байқау төрағасы Мағауия Есмагұлов пен өндірістік оқу ісінің орынба-сары Талғат Бегалиев марапат-тап, мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Біз өз тарапымыздан колледж аумағында ойдағыдай өткізілетін, сапалы білім алудағы болашақ механизаторлардың шеберлік-терін арттыратын осындай түрлі байқауларға қолұшын беріп, көмектерін көрсетіп отыра-тын барлық әріптестеріміз бен өндірістік серіктестіктерімізге ризашылықтарымызды білдіреміз.

Болашақта колледжіміздің білім сапасы артып, жұмысшы мамандықтарының қатары көбейе берсін.

Амангелді ДҮЙСЕНБАЕВ, колледждің өндірістік

оқыту шебері

Ақпәтер орта мектебінде психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беруде логопед пен дефектологтің рөлі» тақырыбында аудандық білім беру әдіскері, орта мектептер және ин-клюзив кабинетінің дефектолог, логопедтеріне арналған аудандық педагогикалық сот оздырылды. Педагогикалық соттың мақсаты – психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мамандарымен байланысты нығайтып, инклю-

Аудандық педагогикалық сот

зивті білім беру туралы білім-дерін кеңейту, арнайы мамандар өз пікірлерін қорғай білуге да-мыту, қарсы пікір білдірушінің ойлаған мақсатын аша білу, іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Педагогикалық сот барысында «Ауданда инклюзиті білім беру-де кездесетін қиыншылықтар мен мүмкіндіктер» мен «Ауданда инклю-зивті білім беруде бағыт-бағдар бе-руде логопед, дефектологтардың рөлі», «Ата-аналар мен педаго-гтерге кеңес беру механизмі» тақырыптарында іскерлік ойын ой-натылып, жадынама жасалып, пос-

тер қорғатылды. «Ойлаймыз, қиялдаймыз, да-

мимыз» тақырыбында Ақпәтер орта мектебі дефектологі А.Мұстажапова мен «Тұтықпасы бар балалармен жұмыстануда қолданылатын логопедиялық әдістер» тақырыбында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім-логопе-ді Э.Ғұбашева сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері және жаттығуларымен бөлісті.

Педагогикалық сотқа қатысушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында «Тимбилдинг» тақырыбында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-пси-хологі Г.Нұрпейісова тренинг ұйымдастырды.

Педагогикалық сот соңын ка-бинет меңгерушісі Д.Салыхова қорытындылап, кабинет мамандарының әдістемелік құралдарын таратты. Арнайы ма-мандар бір-бірлерімен пікір алма-сып, өздеріне көптеген қажетті мәліметтер алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Г.ГАЙСИНА, психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің әдіскері

«Арифметика – математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» -дегендей, әрбір өскелең жастың талантын ұштау, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған зерек болуы – за-ман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Міне, мектебімізде жыл сай-ын өткізілетін, дәстүрге айналған математика, информатика және физика пәндері бойынша «Ақыл-ойдың патшалығы» атты апталығы өткізіліп, қорытындыланды. Биылғы жылғы ерекшелікке 5-10 сыныптар арасында «Кім жыл-дам?» (екі таңбалы санды 99-ға ауызша көбейту) сайысы өткізіліп, «Ең жүйрік» атағына 7 сыныптан Ақманар Тоғжанова, 9 сынып-тан Нұрбек Балақаев ие болды. Дәстүрге айналған «Минутқа есеп»

«Ақыл-ойдың патшалығы» сайысында 5-10 сыныптар арасын-да үздік көрсеткіш көрсеткен 10 сынып оқушысы Ербатыр Тілекеш дипломмен марапатталды.

Оқушылардың логикалық ой-лау қабілетін, шапшаңдығын, көру аймағын кеңейтуді дамыту мақсатында «24 судоку» 5-10 сыныптар арасында өткізіліп, жеңімпаз болып 7 сынып оқушысы Құндыз Тұржан танылды. Со-нымен қатар жалпы 5-10 сы-ныптар аралығында өткізілген «Математикалық викторина» жылдам сұрақтар сайысын ма-тематика, физика және инфор-матика пәндерінің мұғалімдері Гүлнар Аймұқашева, Ақылжан Батай, Әдемі Сармалаева өткізді. Машықкер Лунара Чапаева мен тәлімгері Гүлнар Аймұқашеваның ұйымдастыруымен 6 сыныпқа «Математикалық сандық» атты сыныптан тыс шара өтті. 5-10 сы-ныптар өздерінің ұшқыр ойлары-

мен қабырға газеттерін шығарып, шығармашылық тапсырмаға барлық сыныптар белсене қатысты. Оқушылармен қатар мұғалімдерге «Жаппай математи-ка» білім беру акциясы бойынша логикалық тапсырмалар беріліп, нәтижесі бойынша марапатталды.

Апта бойы өткізілген сайыстарға қатысқандар да, көрермендер де жақсы әсер алды. Олар интеллек-туалды тұлға бола білуді, алғыр болуды, тез шешім қабылдай алу-ды үйренді. Бір сөзбен айтқанда математика-информатика-фи-зика апталығы балалардың аталған пәндерге деген қызығушылықтарын оятып, одан әрі талпындыра түсті.

Г.АЙМҰҚАШЕВА,математика пәнінің мұғалімі

Л.ЧАПАЕВА,машықкер

Жақында БҚО МКҚБ ММ 2-ПБ-Қазталов ауда-ны (Жалпақтал ауылы) 4-взводы жеке құрамы ІІО МКҚ қызметкерлерін п а т р и о т т ы қ тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын насихат-тау бойынша «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында К.Меңдәлиев атындағы орта мектебін-де орналасқан тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі Лариса Калимул-линамен экскурсия өтті.

Мұражайға шолу барысын-да ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мектептің ұстаз-ардагерлері туралы, соғыстың тарихы жөнінде мәліметтер мен су-реттер жиналған тақталарын, соғыс орындарынан қазылып әкелінген құнды экспонаттар-ды, соғыс майдангерлерінің медальдары, сол жылда-ры жазылған үшбу хаттарын көрсетіп, таныстырды.

А.АЙТЖАНОВ,БҚО МКҚБ ММ 2-ПБ

Қазталов ауданы 4-взвод командирінің көмекшісі

Жеке құрам – мұражайда

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың «туған күніне» дайындық жұмыстары бүгінде басталып та кетті. Бұл түсінікті де, өйткені Астана күні әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған.

“Елімнің жүрегі – Астана”

Талдықұдық ауылының мәдениет үйінде осы мереке аясында ауылдық ардагер ұйымының төрағасы Елемес Салақиұлының бастауымен, «Ақбосаға» әжелер ансамблінің жетекшісі Айсұлу Насиболлақызының ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана» атты мерекелік

концерт өтті.Мерекелік бағдарламада

«Ақбосаға» әжелер ансамблінің орындауында «Ауылым қандай көңілді» әні шырқалса, ансамбльдің жетекшісі Айсұлу Иманғалиева Ескендір Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» әнін әуелетсе, «Ауылым – әнім» әнін Мұхамбет Жақияұлы, «Қайдасың» әнін Зиядаш Меңдіғазиева шы-райын келтіре шырқады.

Сондай-ақ «Дедімай-ау», «Су самыр», «Елімнің жүрегі – Аста-на», «Қайықта», «Ауылым», «Ата-мекен» әндері де нақышына кел-тіріле орындалды.

Шара соңында округ әкімі Ар-ман Болатұлы аналарымыз бен аталарымызға үлкен алғысын білдірсе, көрермендер де өз ризашылықтарын айтты.

Надежда НАРИМАНҚЫЗЫ,Талдықұдық ауылы

Page 10: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

10 15 маусым 2018 жылМАМАН МІНБЕРІ

Жемқорлық – мемлекетіміздің алға дамуын тежейтін құралдың бірі. Осыған байланысты біздің мемле-кетімізде 2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сы-байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданған болатын. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылдар жөніндегі салалық бағдарламалар», Қазақстан Республикасы Ішкі іс-тер министрінің орынбасарымен 2016 жылдың 20 ақпанында тәрбие жұмысты ұйымдастыру бойынша “Жол картасы” бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген Заңға тоқтай кетсек, осы Заң сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сы-

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазталов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қағаз және электронды түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация коммерциялық емес АҚ, www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб–порталы арқылы және www.elicense.kz ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. 2018 жылдың 5 айында қызмет алушыларға 456 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемле-кеттік көрсетілетін қызметі бойын-ша бір заңды, 10 жеке тұлғаға қызмет көрсетілді.

Мемлекет меншігіндегі, елді ме-кен шегінде объект (дүкен, тойхана, қонақ үй, монша, шаштараз, ше-берхана т.б.) салу үшін жер учас-кесі сұралған кезде жер учаскесін беру мынадай ретпен жүргізіледі:

1.жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;

2.жер учаскесін алдын ала таңдау;

3.келісу органдарында қағаз жеткізгіштерде жер учаскесін ал-дын ала таңдауды келісу;

4.жер-кадастрлық жоспар жасау;5.ауылдық округ әкімінің жер-

кадастрлық жоспарды қоса, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

6.уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пай-далану шар-тын жасасу;

7.жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу;

Объект салу үшін жер учаскесін жер пайдалануға беруді, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі.

Өтініштің, келісу органдары қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын орталық уәкілетті орган бекітеді.

«Құрылыс және реконструк-ция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемле-кеттік қызметін алу үшін: белгі-ленген нысан бойынша өтініш, жеке тұлғаның жеке куәлігі, тап-сырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі, жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты-на сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы.

Техникалық және (немесе) техникалық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырма-сын және техникалық шарт-тарды беруге 6 (алты) жұмыс күні. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға: сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды бе-руге – 15 (он бес) жұмыс күні; Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға- – 15 (он бес) жұмыс күн.

«Эскизді (эскиздік жобаны) келі-суден өткізу» мемлекеттік қызметті

Мемлекеттік қызмет көрсету

10 жеке тұлға алды. Бұл қызмет түрін алу үшін өтініш, жеке басын куәләндіретін құжат, эскиз (эс-киздік жоба), сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі қажет.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері;

Техникалық және (неме-се) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін(эскиздік жобасын) келісу – 10 (он) жұмыс күн. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі обьектілердің эс-кизін (эскиздік жобасын) келісу – 15 (он бес) жұмыс күні. Қолданыстағы обьектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерту кезінде эскизді (эскиздік жобаны) келісу мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні. Дәлелді бас тарту – 5(бес) жұмыс күні. «Тіреу және қоршау конструк-цияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй -жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызмет 53 жеке тұлғаға көрсетілді. Мем-лекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: белгіленген нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің өзгертілетін обьектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және керек болған кезде обьектінің мен-шік иесінің (тең меншік иелерінің) көзделіп отырған өзгеріске және оның параметрлеіне нотари-алды куәландырылған жазба-ша келісімі; өтініш берушінің меншігінің өзгертілетін бөлмесінің техникалық паспортының көшірмесі; болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиз-дік жобалар). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметі берушіге немесе мемле-кеттік корпорацияға құжаттар топ-тамасын тапсырған сәттен бастап-15 (он бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызмет түрлерінің бөлім бойынша басым бөлігін «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру» қызметі құрайды, жыл басынан 373 жеке тұлғаға қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: белгілен-ген нысан бойынша өтініш; жеке тұлғаның жеке куәлігі; жылжымай-тын мүлік обьектісіне техникалық паспорттың көшірмесі. Жылжы-майтын мүлік обьектісінің мекен-жайын нақтылау туралы анықтама – 3 жұмыс күні;

Жылжымайтын мүлік обьектісіне мекенжай беру және жою туралы анықтама – 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша тұрғындарға қолжетімді және ақпараттандыру мақсатында мекеме ғимаратында көрнекі ақпарат стенды орналастырылған.

Көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты сұрақтары бойынша толық мәлімет Қазталов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне келіп, немесе 31-6-77 нөмеріне хабарласула-рына болады.

Н.ХАСАНОВ,Қазталов аудандық сәулет, қала құрылысы және

құрылыс бөлімінің бас маманы

Пастереллез – геморрагиялық септицимия қоздырғышының қанға енуімен және ішкі ағзалардың шырышты қабықшаларының қабынуымен, жануарлардан адамға жұғатын болғандықтан зооназды ауруға жатады. Бұл ау-румен ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Жұқтырудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 5 күнге созылады. Пастереллез қоздырушының негізгі берілу көзі болып пастереллезбен ауырған немесе лажсыз сойылған, өлген малдардан алынған сүт, ет, со-нымен қатар тері, жүн және басқа шикізаттар болып табылады. Қоздырушының механикалық та-

Пастереллез туралы не білеміз?сымалдаушысы жабайы хайуандар және қансорғыш жәндіктер болуы мүмкін. Адам ауруды аэроген-ді жолмен, ауру малды ұстаған кезде олар тістел-ген кезде және мысықтар тырналғанда жұқтырады. Пастереллезбен ауырған малдың тыныс алу, ішек-қарын жолдарының кіле-гей қабығы қабынып ісі-

неді. Ауру малдың дене қызуы көтеріледі, жем-шөптен қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер тыныс алу жолдары қабынса танауынан іріңді сұйық ағады, көзі коньюктивит болады, тыныс алуы нашарлап, жөтеледі. Ішек-қарынның кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойыны ісінеді.Ауру асқынса мал өледі. Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың күтімін жақсарту керек. Мал дәрігерлік-санитариялық шаралар-ды қатаң сақтау. Адам пастерел-лезге шалдықса, қабынған абцесс және флегмона түрінде өтуі мүмкін. Көбінесе пастереллез болған адам-да остеомиелит, бронхопневмания

ауруы жиі кездеседі. Ауру адамға малдан жұғатын болғандықтан, пастереллез малды күткенде ги-гиена-санитариялық шараларды сақтау қажет. Сондықтан бұл ауру-дан сақтану үшін мынадай шара-лар қолдану қажет. Міндетті түрде аула иелерімен ауыл шаруашылық құрылымындарының иелері ветеринариялық қызметпен бірле-се жаңадан келген жануарларды алдын ала 30 күн бойы оқшаулап ұстағаннан кейін ғана жалпы табынға жіберуге болады. Ауру жануарларды ертерек анықтауды және емдеуді, ветеринариялық-санитариялық қадағалауды, қора-жайларды тазалап, кемірге-штермен күресуді (дератизация), дезинфекция жүргізуді, ауру жану-арлар мен құстарды күту кезінде қорғаныш шараларын сақтауды (арнайы киіммен жұмыс істеу, ауру малмен жанасқаннан кейін қолды жуу).

А.ОРЫНҒАЛИЕВ,аудандық аумақтық

инспекциясының мемлекеттік

ветеринариялық-санитариялық инспекторы

Еліміз тәуелсіздік алғалы дүниежүзілік қауымдастықтық мүшесі бола тұра халықаралық қатынастар аясында өзіне құқықтар алып, міндеттер жүктеді. Қазіргі таңда осылардың ішінде ең маңыздысы – зияткерлік меншік құқығын қорғау болып отыр.

1996 жылы 10 маусым-да «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заң авторлық құқықтың мемлекет аумағындағы қолдану аясы мен алатын орнын нық анықтап берді.

Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік және зи-яткерлік меншіктің маңызды құрамасы бола тұра, ғылым, әдебиет және өнер туынды-лары, эфирлік және кабель-дік хабар тарату ұйымдарының орындалуы, қойылымдары, фо-нограммалары мен хабарла-рын жасауға және пайдалануға қатысты қатынастарды реттейді.

Сонымен қатар өнертабыс, пайдалы үлгілері, өндірістік

Зияткерлік меншік құқығын қорғау – экономикалық дамудың негізі

үлгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросызба топо-логиялары, ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, тауарлар шығарылатын жерлердің атауларына байланыс-ты қатынастарды реттейді.

Аталғандардың иегерлері жеке тұлғалар болғанымен, жал-пы еліміздің зияткерлік ресур-сы және адамзаттың мұрасы болып табылады. Нақтырақ айтқанда зияткерлік меншік құқығын қорғау – тұрақты дамуға өз ықпалын тигізеді. Сол себептен де мемлекеттің міндеті – мейлін-ше зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы және қосаралас қалыптасуы мен ин-дустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таралуы-на және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауына мүмкіндік туғызады.

Қазіргі нарықтық экономи-

ка кезеңінде зияткерлік меншік құқығы адам мен қоғамның руха-ни өмірінің негізін құрап, нарықтық қатынастарда тауардың ере-кше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі ретінде қалыптасты. Бүгінгі күннің объек-тивті үрдістері, алға ілгерілістері ең алдымен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы, руха-ни игіліктер шығарушылары ғана емес, ол тұтынушыларға жаңа бе-лестер, жаңалықтарды ашуда.

Мемлекетіміздің тарапынан қазірдің өзінде зияткерлік мен-шік құқығы саласын дамытуға бағытталған кең ауқымды шаралар атқарылуда, себебі дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына сай болу, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру сияқты маңызды мақсаттарды орындауда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Аягүл ТЕМРЕШЕВА,аудандық әділет

басқармасының бас маманы

байлас жемқорлыққа қарсы сая-сатты іске асыруға бағытталған.

Өздерініз білетіндей, «Мемлекет-тік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тура-лы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары азаматтық қорғау гарнизон жұмыс жағдайымен тығыз байланысты екенін және бәріміздің мемлекеттік қызметкер болғанымызды байланыстыра оты-рып, заңдылықтың қатаң сақталуы керек деп есептеймін және бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін айта кеткім келеді. Біздің қызметте сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу және болдырмау басты міндетіміз. Өздеріңіз білетіндей біз-дер өзіміз жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жібермеуге тиістіміз және бұндай әрекеттер жөнінде орын алуы мүмкін екенін білген уақытта басшыларға немесе құзіретті қызметтерге уақтылы жет-кізуге тиістіміз.

Біз күнделікті қызмет барысын-да Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы” Заңдарының қойылған талап-тарын қатаң сақтап, мүлтіксіз орындап, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің оны бұзуына жол бермеуміз керек.

Н.СИСЕНОВ,аудандық төтенше

жағдайлар бөлімінің аға инженері

Page 11: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

1115 маусым 2018 жыл АУЫЛ АЙНАСЫ

(Жалғасы. Басы өткен санда)

3 тізім Тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік, бюджеттік ұйымдардың қызметкелерін

есепке алу тізіміР/

с Тегі, аты – жөні Тіркелген күні,тіркеу №

Тұрғылықты жері

Жұмыс орны, әлеуметтік жағдайы

Аудан әкімдігінің 2011 жылы 1 шілдедегі № 141 қаулысы, № 1 қосымшаАудан әкімі аппаратының 2011 жылы 13 сәуірдегі №5 хаттамасы

3 Имашева Гулизат Куанышкалиевна

9.12.2010ж№161

Казталов ауылы

С.Садыков 3/3

Казталов орта мектебін-де мұғалім

4 Жубанова Гулнар Рамазановна

13.04.2011ж№41

Казталов ауылы

Аудандық метиобекетін-де метеоролог технигі

5Амангалиева

Айнагуль Сапаровна

15.04.2011ж№43

Казталов ауылы

Аудандық орталық ауру-ханада кіші қызметкер

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2011 жылы 20 қазан №7хаттамасының шешімі

6 Мукатаева Жемис Самиголлиновна

07.09.2011ж№115

Казталов ауылы

Аудандық мәдениет үйінің есепшісі

7 Зайнуллин Ергали Саткалиевич

07.09.2011ж№122 Ажбай ауылы ГКП «Казталов аудандық

веренариялық станция» Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012ж 11 қаңтардағы

№1 хаттамасының шешімі8 Наурызова Айдана

Айгалиевна12.12.2011ж

№134Казталов ауылы Даниалов 16/2

Аудандық МСЭҚБ-да жетекші маман

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012жылғы 4 қыркүйек

№7 хаттамасының шешімі

9 Буйрашева Шалыкканым 14.08.2012ж Казталов ауылы Интернат тәрбиешісі

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013жылғы 2 мамырдағы

№3 хаттамасының шешімі

10 Альмурзина Айнур Шамшидденовна 02.05.2013 Казталов ауылы

Желтоқсан 8

Аудандық жер қатынастары бөлімінде

еден жуушыАудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013ж 5

қазандағыдағы №4 хаттамасының шешімі

11 Ахметжанов Жаныбек Хадерович

06.06.2013ж№А-00049/0

Казталов ауылыИ.Тайманов 7/3

Аудандық прокуротурасында іс

жүргізуші

12 Мырзагалиева Гулсая Туяковна

01.07.2013ж№ М-00060/0

Қараоба а/о Еңбек ауылы Коммунист 1

Аудандық білім беру бөлімінде есепші

13 Қапезов Қуаныш Нурболатович

06.07.2013ж№ Қ-00061/0 Казталов ауылы

Жакупов 2/2

БҚО СЭСО РМҚК филиалы автокөлік

жүргізушіАудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013ж 4

желтоқсандағы №5 хаттамасының шешімі

14Жұмагалиев

Жасулан Избасарович

26.12.2013№Ж-00096/0

Казталов ауылы Садықов көшесі

№3

Аудандық мәслихатта автокөлік жүргізуші

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014ж 30 сәуірдегі №5 хаттамасының шешімі

15 Қосетова Алия Жумагерейевна

11.05.2014ж№ Қ-27

Казталов ауылы Имашева №11

Аудандық орталық ауруханада кіші қызметкер

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014ж 20 маусымдағы №8 хаттамасының шешімі

16 Аяпов Ербол Бекболатович

16.06.2014ж№А-38

Теренкөл а/о, Беспішен ауылы

Бірік а/о әкімі аппараты бас маман

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014ж 24 қыркүйектегі №1 хаттамасының шешімі

17 Мырзагалиев Адил Елемесович 24.09.2014ж

Казталов а/оСексенбаев

ауылы

Аудандық білім беру бөлімінде бас маман

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014ж 21 қарашадағы №3 хаттамасының шешімі

18 Бисенов Тимур Кайржанович

05.11.2014ж№ Б-48

Орал қ. Ружейников 9/168

Казталов АІІБ Жалпақтал полиция бөлімінің тергеу тобының аға тергеушісі

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014ж 27 қарашадағы №4 хаттамасының шешімі

19 Сүндетова Жадыра Болатовна

08.11.2014ж№ С-52

Казталов ауылы Бабажанов көшесі

№2

Казталов аудандық экономика және қаржы

бөлімі басшысының орынбасары

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015ж 28 қаңтардағы №1 хаттамасының шешімі

20Утебалиева Айгуль

Габбасовна 14.01.2015ж№У-2

Жалпақтал ауылы

Өтемісов көшесі №8

«Жалпақтал аграрлық және салалық

технологиялар коледжі» МКҚК арнаулы пән

оқытушысы

21Калдешева Слухия

Насимовна 28.01.2015ж№ К-5

Казталов ауылыЖеңістің 50 жылы

көшесі,7/1

«Казталов аудандық ауруханасы» МКК-да кіші

қызметкер

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015 ж 13 наурыздағы №2 хаттамасының шешімі

22Сагитов Акылбек Хамидоллаұлы 03.03.2015 ж.

№С-8

Жалпақтал ауылыМасалиев көшесі

№29 п 2

БҚО ТЖД Казталов ауданының Төтенше

жағдайлар бөлімі инженері

(Жалғасы келесі санда)

Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған

тұрғын үй беру кезегі (28 ақпан 2018 жыл)

«Қазталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жо-лаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік

мекемесі бос азаматтық қызметші лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды

«Қазталов ауданы әкімдігінің Қазталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны» директоры

Функционалдық міндеттері:Коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласы бойынша шарушылық

қызметін жүргізеді. Елді мекендердің тыныс-тіршілігін (энергия, газбен, сумен, жылумен жабдықтау және коммуналдық қалдықтарды көму) қамтамасыз ету, мемлекеттік авто-мобиль жолдарын күтіп ұстау, мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауданның инженерлік құрылыс, отын-энергетикалық инфрақұрылымы және коммуналдық шаруашылық объектілерінің сапалы және ұйымдастыру түрде жұмыстарын жүзеге асыру.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржыларды тиімді жұмсалуын жүзеге асыру,сондай-ақ кәсіпорын жарғысында көзделген өз құзіретіне сәйкес талаптарды жүзеге асырып отырады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім және кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда 1 жылдан

кем емес жұмыс өтілі немесе кәсіпорнының бейініне сәйкес 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Мемлекеттік басқару органы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейі, мамандығы бойынша экономика саласы осы кәсіпорынның қызметін реттеуде ҚР «Конституциясын», «ҚР Азаматтық кодексін», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік тура-лы» Заңдарын, ҚР осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастары реттейтін нор-мативтік-құқықтық келісімдерін және т.б. заңдарды білу қажет. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Қазталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жола-ушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:

-Белгіленген үлгідегі өтініш;-Түйіндеме-Кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс-парағы;-Жеке куәлігінің көшірмесі;-Нотариуспен куәландырылған немесе өзге де белгіленген тәртіптегі білімі туралы

құжаттардың көшірмесі;-Нотариуспен куәландырылған немесе өзге де белгіленген тәртіптегі еңбек

кітапшасының көшірмесі;-Белгіленген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама (№086-у)-Тұрғылықты не уақытша жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі-Соттылығы бар не жоқ екені туралы анықтама-3х4 өлшемдегі екі фотосурет

Конкурсқа қатысуға ұсыныс берген үміткерлердң құжаттарын 5 жұмыс күн ішінде зерделенгеннен кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі жанынан құрылған комиссия 3 жұмыс күн шінде қатысушылармен әнгімелесу жүргізеді.

Конкурсқа қатысты қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру аудандық «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішін-де төмендегі мекен-жайға жіберілуі керек.

«Қазталов ауданы әкімдігінің Қазталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны» есепшісі (бухгалтер)

Функционалдық міндеттері:Коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласы бойынша шарушылық

есебін жүргізеді. Бөлімнің бухгалтерлік есебін жүргізу. Бөлімнің жылдық шығыс жо-басын әзірлеу, бекітуге ұсыну. Тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбек ақыларын есептеу, төлеу. Сәйкес бағдарламалармен бөлінген бюджеттік қаржының ретті түрде пайдалану жүзеге асыру. Қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуын қадағалау. Тиісті органдарға есеп беріп отыру. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:Жоғары білім. Арнаулы орта білім болғанда есепші лауазымына 1 жылдан кем емес

жұмыс өтілі. Мемлекеттік басқару органы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейі, мамандығы бойынша экономика саласы осы кәсіпорынның қызметін реттеу. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Қазталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жол-дары бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:

-Белгіленген үлгідегі өтініш;-Түйіндеме-Кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс-парағы;-Жеке куәлігінің көшірмесі;-Нотариуспен куәландырылған немесе өзге де белгіленген тәртіптегі білімі туралы

құжаттардың көшірмесі;-Нотариуспен куәландырылған немесе өзге де белгіленген тәртіптегі еңбек

кітапшасының көшірмесі;-Белгіленген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама (№086-у)-Тұрғылықты не уақытша жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі-Соттылығы бар не жоқ екені туралы анықтама-3х4 өлшемдегі екі фотосуретКонкурсқа қатысуға ұсыныс берген үміткерлердң құжаттарын 5 жұмыс күн ішінде

зерделенгеннен кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі жанынан құрылған комиссия 3 жұмыс күн шінде қатысушылармен әнгімелесу жүргізеді.

Конкурсқа қатысты қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру аудандық «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішін-де төмендегі мекен-жайға жіберілуі керек.

БҚО, Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Қазталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі. Анықтама телефондары: 8(71144) 31-3-08, 32-1-07

Page 12: 15 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/24.pdf · 15 маусым жұма 2018 жыл

АУЫЛ АЙНАСЫ 12 15 маусым 2018 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 3 баспа табақ

Тапсырыс 24Нөмірдің таралымы:

3534 дана

Меншік иесі«Жайық Пресс» ЖШС

бас директорЖантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС Қазталов аудандық

филиалы «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы:Серік Ғабитұлы

Жұмағалиев

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті

көзқарасы болып есептелмейді.

Редакция оқырман хаттарына жауап

бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін

автор жауапты. Мақалалар электрондық нұсқада

қабылданады

Мекен-жайымыз:090700Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы, Қазталов ауылы

Шарафутдинов көшесі, 13Телефондар:

Редактор: 31-4-68 Жалпақтал ауылы: 21-3-70

Біздің электронды поштамыз

E-mail: [email protected]

Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып

есептеледі

Газет Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газеті

редакциясында компьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.«Полиграфсервис» ЖШС

баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л.Толстой

көшесі: 27/6

Газет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінде 2012 жылы

19 қаңтарда тіркеліп, №12263-Г куәлігі берілген

Индексі 65794

Есіңе мені алғайсыз

Шын жүректен!

Құрметті аудан тұрғындары!

Бостандық ауылының тұрғыны болған Тұрарбек Сағырұлы Айтжановтың өмірден өткеніне 21 маусым күні 5 жыл толады. Сүйікті әкемізді және бауырымызды сағына еске аламыз.

Жадымызда қалады жарқын бейнең,

Үлгі-өнегең, ізгілігің біздер көрген.Батамызды бағыштап, қол

жаямыз,Жәннатта да шалқысын нұрың

сенің.

Жатқан жеріңіз жарық болып, рухыңыз бізді жебей жүрсін.

Еске алушылар: бауырлары, жолдасы Меруерт, балалары Мирас, Фариза, Ілияс, Диас

Бостандық ауылының тұрғыны болған қимас бауырымыз, аяулы жар, асқар таудай әке, аға, немере-жиендерінің сүйікті атасы Қадырғали Патхадинұлы Оразымбетовтің өмірден өткеніне 16 маусымда бір жыл толуына орай сағына еске аламыз.

Күліп-ойнап жүрер ең ортамызда,

Сұм ажал арамыздан алмағанда.Жұмбағы мен сырлары көп дүние,

Көзде жас, көңілде мұң толып отыр,

Өзін жоқсың бүгінде ортамызда.

Еске алушылар: апа-жез-десі Гүлнар-Ғарифолла, жиені Фархат, інісі Нұржан-Нұргүл, Әділхан, Тұрлыхан, жұбайы

Шолпан, бала-келіні Нұрлан-Нұрсұлу, баласы Оразғали, неме-ресі Ақнұр, Аянұр

Қараөзен ауылының тұрғыны болған ана-мыз (әжеміз) Зағипа Аймағамбетқызы Мұқашева 2018 жылдың маусым айында 110 жас, яғни 9 мүшел шөпшек сүю жасы-на толар еді. Міне, анамыздың бұл өмірден өткеніне де 14 жыл толып отыр. Анамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын деп ұрпақтары сағынышпен еске алады. Ұрпақтарын жебеп-желеп жатқай.

Еске алушылар: Есниязовтар, Дау-летияровтар әулеттері

Жарамсыз деп танылсынЛукпанова Айганым

Алипкалиевнаға 28.12.2009 жылы берілген №024043437 сан-ды жеке куәлігі жоғалуына байла-нысты жарамсыз деп танылсын.

Есмуханова Жанерке Гинаятоллақызына Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінен 2014-2015 оқу жылында берілген ЖОБ№0915011 санды аттестаты жоғалуына байланысты жарам-сыз деп танылсын.

Қазталов ауылының тұрғыны болған ардақты әке, аяулы жар, сүйікті ата Тұрарбек Шамұратовтың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай сағына еске аламыз.

Қандай алтын адам едің, аташым, Әркез беріп отыратын батасын.Көңілі ақ, қайратты, дана едің, Еркелетіп отыратын баласын.

Сағындық, ата, күлімдеген жүзіңді, Мейірімге тұнып тұрған көзіңді.

Ұл-қызыңды желеп-жебеп жүргейсің, Сағынышпен аяқтаймын сөзімді.

Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын!Сағына еске алушылар: немересі Әсет, барша

Шамұратовтар әулеті

Қазталов ауылының тұрғыны, ардақты жар, асқар таудай әкеміз, немерелерінің сүйікті атасы Сатыбалды Ғұмарұлы Ера-ховты 17 маусым күні толатын мерейлі 63 жасымен және зейнеткерлікке шығуымен шын жүректен құттықтаймыз. Әкемізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Алдымызда ақылшы болып жүре беріңіз.

63 деген құтты болсын жасыңыз,Ден сау болып, аман болсын басыңыз.

Артқа тастап бейнетті жыл белесін,Сыйлы болып, жүзден де әрі асыңыз.

Игі тілекпен: жолдасы Жаңылсын, бала-келіні Еркебұлан-Айжан, немелері Ерасыл, Еркежан

Қазталов ауылының тұрғындары, әулетіміздің сыйлысы, ақылшысы Бе-кет Гайсинді 21 маусым күні 51 жасқа толуымен және ардақты жар, аяулы ана Талшын Гайсинаны 23 маусым күні толатын 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.

Елудің еңсесіне жеттіңіздер,Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Құттықтаушылар: анасы Нұрсұлу және барлық Гайсиндер әулеті

Хабарландыру“Мадина” жеке кәсіпкерлігі

жаңа үлгідегі сапалы пластикалық терезелер дайындайды. Кепілдік мерзімі бір жыл. Кермелі төбелер (НАТЕЖНОЙ) мен “ОТАУ-ТВ” спутникалық телеқондырғы орна-тамыз. Тұтынушыларға қолайлы уақытта қызмет көрсетеміз. Артық шығынсыз төлемдер мен тиімді бағалар. Ең арзан бағалы тауарлар кепілдігімен қоса беріл-ген жеңілдіктер.

Біздің мекен-жайымыз: Жалпақтал ауылы, Абай көшесі, №11. Анықтама те-лефондарымыз: 8/71138/21-484, 8771-565-8202, WhatsApp: 8701-849-8281

Аудандық “Ауыл айнасы” газетіне 2018 жылдың 2 жартыжылдығына жазылу жүргізілуде.

Жекелер үшін 6 айға – 1200 теңге;Мекеме-ұйымдар үшін 6 айға – 2100 теңге;

Аудан жаңалықтарымен жұма сайын танысып отыру үшін газетке ұйымшылдықпен жазылайық, ағайын!

Қазталов ауданы әкімдігі, аудандық мәслихат және аудандық ар-дагерлер кеңесі Талдықұдық ауылының тұрғыны, ғасырдан астам ғұмыр кешіп, абыз әже атанған

Мафтуха Айтқалиеваның өмірден өтуіне орай отбасы мен ағайын-туыстарының қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

Көңіл айту

14 маусым күні кәсіби «Дәрігерлер күні» мерекес-іне орай «Рухани жаңғыру» орталығында аудан жаста-ры мен мектеп түлектеріне кәсіби бағдар мен рухани бағыт беру мақсатында дәрігерлер Жалпақтал ау-руханасы бас дәрігерінің

Дәрігерлермен кездесу өтті

орынбасары, дәрігер инфек-ционист Гүлнар Сапақова мен Қазталов орталық ауруханасының жүйке аурула-ры дәрігері, нарколог, психи-атр Жанна Жәрдемалиевамен кездесу оздырылды.

Кездесуге мектеп оқушылары қатысты. Орталық жетекшісі Мир-

бол Адаялиев келген қонақтарға арнайы төсбелгі тағып, оларды «Рухани орталық» жұмысымен та-ныстырды.

Кездесуді Қазталов орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Набия Төлегенқызы жүргізді. Ашық форматта өткен кездесуде дәрігерлер өз өмір жол-дары туралы, бұл мамандыққа қалай келді, кім әсер етті, дәрігер адам неден сақ болу керек, неге жақ болу керек, дәрігерде кәсіби біліктілік пен шеберліктен басқа қандай қасиеттер болу керек, от-басы, ұрпақ тәрбиесі туралы өз өмірлік ұстанымдарын айтты. Со-нымен қатар дәрігерлер «Цифр-ландыру» мен «Медициналық сақтандыру» бағдарламалары ту-ралы да түсініктер берді. Сондай-ақ саламатты өмір салтын сақтап, жаман әдеттерден қашық болуға кеңестер берді. Кездесу соңында дәрігерлер «Құрметті мейман-дар» кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды.

«Ауыл айнасы» ақпарат