12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 23 ÒÆμ 28 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -9°.. -7° -7°.. -5° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Құрметті елорда тұрғындары! 3 наурыз, сейсенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Абайұлы РАХМАНБЕРДІ оқырман сұрақтарына жауап беру үшін тікелей тілдесуге шығады. Өздеріңізді толғандырған сауалдар болса, 55-75-21 телефоны бойынша байланысқа шығуға болады. ʽ˲˵˘ˬ೪ ˳˘˥ˬ˘˶ ˪˯˭ˤ˳˳ˤͲ ˳ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘Ͳ ˳ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ˮ˧೮ ˪˟ˣ˟˪˵˟ˮ ˵˳ ˳˘˥ˬ˘˶ˮ ഉˣ˧˲ˬ˟˶ ˭˟ˮ ˵˪˧ˣ˶ ˢˮ˧ˮ˞˟˛˧ ˮ˟˛˧ˣ˛˧ ˧˳ Ͳ ˾˘˲˘ˬ˘˲˞೮ ˪ˮ˵˧ˣ˙˟ˬ˧˪ ˢ˯˳Ͳ ˱˘˲ˮ ˙˟˪˧˵˵˧ ʥˬ ˢˮ˧ˮ˞˟ ʽ˲˵˘ˬ೪ ˪˯˭˭˶ˮˤ˪˘˻ˤ ೪ˣ˭˟˵˧ˮ˧ˮ˧೮ ˙˲ˤ˹ˤˮ˛˧ ˙˘˲Ͳ ˳ˮ˞˘ ˪˯˭ˤ˳˳ˤ ˵˲˘೦˘˳ ˶˘ˮ˞೪ ˃˲೦˘ˮ೪ˬ˯˚ ˭ഉˬ˧˭˞˟˞˧ Мемлекет басшысының Жар- лығымен Президент сайлауы ағымдағы жылдың 26 сәуіріне белгіленгені аян. Қ. Тұрғанқұловтың айтуынша, президентікке үміткерлерді ұсыну 26 ақпаннан 15 наурызға дейін, жарты ай бойы жүргізіліп, тіркеу мерзімі 25 наурызда аяқталады. Үміткер сайлауға түсу үшін оны сайлаушылардың жал- пы санының кем дегенде бір пай- ызы қолдауы тиіс. Кандидаттарды ұсыну құқығы белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге берілген. Сондай-ақ, азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға түсе алады. (Жалғасы 4-бетте) ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫН ШАРТТАРЫН ТYСIНДIРДI ʮˬ˶ ˞˟˛˟ˮ ೦˭ˮ೮ ೪˘˞˧˲˧ˮ ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘ ˪˙˧˲˟˪ ೦ˮ˘˳ˣ ˳ ˣ˘೪೪˘ ˳˯ˣˬ˘˵ˮ ˟ˬ˯˲˞˘ ˾˧ˮ ˢͲ ˬ˶ ˾˱˟˥ ˳˵೪ ˳˶ ˣ˧ˬ˭˟˥ ˵˲೦˘ˮ ˭˘೮ˣ˞Ͳ ˘೪ ˲ ˱ഉ˵˟˲˛˟ ˢˬ˶ ˢ˟˵˪˧ˣ˧˱ ˪ˮ˧Ͳ˵ˮ˧ ˵ˮ˭ ˵˘˱˱˘˥˵ˮ ʤ˳˵˘ˮ˘ ʹ ˃˟˱ˬ˯˵˲˘ˮˣˤ˵ ˘˪˻ˤ˯ˮ˟˲ˬ˧˪ ೪˯೦˘˭ˮ೮ ˢ˘˶˘˱˪˟˲˾˧ˬ˧˛˧ ೪˘ˮ˾˘ˬ೪˵ ˢ˯೦˘˲ ˟˪˟ˮ˞˧˛˧ˮ ˯˳˞˘ˮͲ˘೪ ˙˘೦˘˭˞˘˶೦˘ ˙˯ˬ˘˞ ǂǗLJǗLJǗɅ ǍǗDžLJƼȽƼlj ʃnj əDžƿǁ DZ˃Ǵʵǹ˃Ǵʵ 6-7 ʶ˟˾˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ഉ˪˧˭˧ ˞˧ˬ˙˟˪ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚ ˟ˬ˯˲˞˘ˬ೪ ˙˧˲೪˘˵˘˲ ˭˟Ͳ ˞ˤ˻ˤˮ˘ ˭˟˪˟˭˟ˬ˟˲˧ˮ˧೮ ˢ˭˳˭˟ˮ ˵˘ˮ˳˵ ˘ˬ˘ ˙˘˳˾˳ ζϭ ʿ˟˲ˤˮ˘˵˘ˬ˞ ˯˲˵˘ˬ೪ ˙ˬ˯˪˵˘˲ˮ೮ ˙˧˲˧ˮ˞˟ ˘˾ˬ೦˘ˮ ˌˤ˱˘˛˟˲ ˯˵˙˘˳ˬ೪ ˞˟ˮ˳˘˶ˬ೪ ˯˲˵˘ˬ೦ˮ˞˘ ˙˯ˬ˞ ÞěĚĞĬĞģĖ ĢěĠěĢěġěĦ÷ģ ĖĦĖġĖĚı Ауысымына 250 келушіге есептелген орталық кемі 32 мың тұрғынға, соның ішінде 9 мың балаға алғашқы медициналық- санитариялық көмек көрсете алады. «Шипагерге» жақын маңдағы Пригородный, Тель- ман, Заречный кенттері мен басқа да алаптардың тіркелген тұрғындары қарайды. Сонымен қатар, Ә.Жақсы- беков жүкті және босанған әйелдерге, гинекологиялық науқастар мен жаңа туған сәбилерге қызмет көрсететін №1 Перинаталды орталықта болды. Заманауи медициналық құрал-жабдықтардың көмегімен қажетті процедура- ларды толық жүргізу арқылы дәрігерлер шала туылған нәрестелерге күтім жасайды. Жаңа медициналық жабдықтар ашық операцияларға қарағанда, ағзаға неғұрлым зақым келтірмейтіндей аз инвазивті оталар жасауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, орталық баланың дамуындағы туабітті ауытқушылықтарды түзетеді. (Жалғасы 2-бетте)

23 (3228) 2015-02-28

  • Upload
    -

  • View
    253

  • Download
    13

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №23 (3228) 28 ақпан

Citation preview

Page 1: 23 (3228) 2015-02-28

23 28

-9°.. -7°-7°.. -5°

Құрметті елорда тұрғындары!3 наурыз, сейсенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Абайұлы РАХМАНБЕРДІ оқырман сұрақтарына жауап беру үшін тікелей тілдесуге шығады. Өздеріңізді толғандырған сауалдар болса, 55-75-21 телефоны бойынша байланысқа шығуға болады.

Мемлекет басшысының Жар-лығымен Президент сайлауы ағымдағы жылдың 26 сәуіріне белгіленгені аян. Қ. Тұрғанқұловтың айтуынша, президентікке үміткерлерді ұсыну 26 ақпаннан 15 наурызға дейін, жарты ай бойы жүргізіліп, тіркеу мерзімі 25 наурызда аяқталады. Үміткер сайлауға түсу үшін оны сайлаушылардың жал-пы санының кем дегенде бір пай-ызы қолдауы тиіс. Кандидаттарды ұсыну құқығы белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге берілген. Сондай-ақ, азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға түсе алады.

(Жалғасы 4-бетте)

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫН ШАРТТАРЫН ТYСIНДIРДI

6-7

Ауысымына 250 келушіге есептелген орталық кемі 32 мың тұрғынға, соның ішінде 9 мың балаға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсете алады. «Шипагерге» жақын маңдағы Пригородный, Тель-ман, Заречный кенттері мен

басқа да алаптардың тіркелген тұрғындары қарайды.

Сонымен қатар, Ә.Жақсы-беков жүкті және босан ған әйелдерге, гинекологиялық науқастар мен жаңа туған сәбилерге қызмет көрсететін №1 Перинаталды орталықта

болды. Заманауи медициналық қ ұ р а л - ж а б д ы қ т а р д ы ң көмегімен қажетті процедура-ларды толық жүргізу арқылы д ә р і г е р л е р ш а л а т у ы л ғ а н нәрестелерге күтім жасайды. Жаңа медициналық жабдықтар ашық операцияларға қарағанда,

ағзаға неғұрлым зақым келтірмейтіндей аз инвазивті оталар жасауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, орталық б а л а н ы ң д а м у ы н д а ғ ы туабітті ауытқушылықтарды түзетеді.

(Жалғасы 2-бетте)

Page 2: 23 (3228) 2015-02-28

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Үндістан жыл басында Ресеймен еркін сауда аймағын құру мүмкіндігін зерде-леу үшін жұмыс тобын құрған еді. Енді соның нәтижесі бойынша таяуда екі мемлекет келісім шарт жасаспақ.

АҚШ президенті Барак Обама өз елінің ислам дінімен емес, дін атын жамылған лаңкестермен күресіп жатқандығын мәлімдеді. Экстремизммен күреске арналған саммитте сөйлеген америкалық көшбасшы діннің экстремизм үшін жауап бермейтіндігін айтты.

Грекия парламенті 65 жастағы бұрынғы ішкі істер министрі Прокопис Пав-лопулосты президент етіп сайлады. Дауыс беру барысында оның кандидатурасын 180-нен астам депутат қолдады. Бұл – бірінші турда-ақ сайлау үшін жеткілікті дауыс.

Таяу Шығыс пен Африка елдерінде лаңкестікпен күрес шараларын арттыруға Жапония үкіметі 1,83 миллиард иен (15,5 миллион доллар) бөлді. Елдің сыртқы істер министрі Фумио Кисиданың айтуынша, бұл қадамды халық қолдап отыр.

Өткен жылы елорданың негізгі капиталына 644 млрд теңге инвестиция тартылды.

«Астана» ұлттық сурет галереясында «Сарыарқа» халықтық ансамблінің «Астарлы күй, әзіл ән» атты концерті өтті.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылады.

Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан – Еуразия кіндігі» атты көрме ұйымдас-тырылады. Басталуы: 11.00

2015 жылдың наурыз айында өтетін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарау ына « Жастарға мемлекет тік қол дау көрсет уді қамтамасыз ет удің және оларды елорданың қоғамдық өміріне қатыстырудың жай-кү йі мен шара л ары т у ра л ы » мәселе енгізіледі.

Осы мәселе бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз болса, Астана қаласы мәслихаты аппаратының мына телефондарына 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37 және сайтқа htt p://www.maslihat.astana.kz хабарласуларыңызға болады.

С.ЕСІЛОВ, Астана қаласы мәслихатының хатшысы

(Басы 1-бетте)

Астана әкімі №2 қалалық ауру-ханаға да ат басын тіреді. Жалпы ауданы 34 мың шаршы метрге жуық

аумақта 23 емдеу-диагностикалық бөлім жұмыс істейді. Жоғары технологиялық жабдықтаудың арқасында интервенттік кардиоло-гия мен кардиохирургия енгізіліп, табысты қызмет етіп келеді. Аз инвазивті операциялар отадан кейін қалыпқа келу кезеңін тезде-туге және асқыну жағдайларын азайтуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ, Астана әкімі №1 қалалық аурухананың заманауи бөлімдерін аралады. Бүгінгі таңда бұл – жоғары дәлдіктегі меди -циналық жабдықтармен жаб-

дықталған, жедел және жоспар-лы тәртіпте кәсіби медициналық көмек көрсететін заманауи көп-салалы клиникалық орталық. Ау-рухана 638 орынға есептелген,

оның құрамында Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінде шы-ғарылған қондырғыларымен жаб-дықталған 28 клиникалық бөлім бар. №1 қалалық аурухананың ерекшеліктерінің бірі – аурудан кейін ағзаның қызметін қалпына келтіру, қайталау жағдайларының алдын алатын инсульт орталығы.

Денсаулық сақтау нысандарын аралаудың соңында әкім 2012 жылдың желтоқсан айында жаңа ғимаратқа көшкен №2 балалар ауруханасында болды. Ғимарат 8 блоктан тұрады: 5 блокта стацио-

нар орналасқан, емхана корпусы жалпы ауданы 62 мың шаршы метр-лік 3 блокты алып жатыр. Ауру-хананың төсек қорының 75%-ын хи рургиялық төсектер құрайды.

Әділбек Жақсыбеков Астанада медициналық нысандарды ашудың 2015 жылғы жоспарымен танысты. Атап айтқанда, биыл ауысымына 150 науқас қабылдауға лайықталған алғашқы медициналық-сани та-риялық жәрдем орталығын, сол жағалаудағы амбулаториялық-ем-хана кешенін, Ильинка кентіндегі 150 адамды қабылдауға есептелген отбасылық денсаулық орталығын, онкологиял ық д испансерд ің желілік жылдамдатқышы мен пси-хохрониктерге арналған емдеу-өндірістік шеберхана жапсаржай-ларын пайдалануға беру көзделген.

Бұған қоса, 250 орындық Бала-лар жұқпалы аурулар емханасы (жоспар бойынша пайдалануға б е р у м е рз і м і - 2 0 1 5 ж ы л ғ ы 4 тоқсан) және 250 орындық 150 адамды қабылдауға арналған М е д и ц и н а л ы қ - ә л е у м е т т і к оңалту орталығының құрылысы аяқталмақ.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша Ә. Жақсыбеков қалалық емханаларда халыққа қызмет көр-сету сапасын арттырып, кезекті азайту жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Page 3: 23 (3228) 2015-02-28

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Шарада мұражай директоры Несіпбек Айтұлы сөйлеп, ұлт жолында құрбан болған Алаш арыстарының мұрасы ұрпақ үшін ескірмейтінін әңгімеледі. «Сәкеннің барлық жәдігерлері бүгінгі халықтың жадында. Зерттеушілер біртуар ақынның күллі қырын қазаққа танытты, көрсетті . Сондықтан қайраткердің рухы өз ұрпағына разы

деп ойлаймын. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, 1938 жылы дәл осы күні – 25 ақпанда отыз тоғыз адам, ал 26 ақпанда Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бастаған қырық азамат ату жазасына іліккен. Алматы қаласында наурыздың 13-іне дейін барлығы 631 халық жанашыры атылған» деді Н.Айтұлы. Мұражай директоры руха-

ният орталығының тыныс-тіршілігі мен атқарылған жұмыстар жөнінде сөз етті.

Басқосуда жазушы Сұлтан Ораза-лин, ақын Серік Тұрғынбек сынды қаламгерлер және Сәкеннің ұрпақтары сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Кеш барысында көпшілік №38 мектептің оқушылары дайындаған сахналық көріністі тамашалады.

25 ақпанда АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда өткен ша-рада 1300 қызметкердің атынан марапатты қабыл алған «Air Astana» басшысы Питер Фостер әуе компаниясы еңбегі жоғары бағаланғанына ризашылығын жеткізді.

«Air Transport World Awards»-тың бас редакторы Карен Уолкер компанияның табысқа ұмтылысын, тұрақты қаржы көрсеткіштерін мадақтады. Осыдан 13 жыл бұрын 7 млн доллардай бастапқы капиталмен негізі қаланған компания жыл сайын қосымша инвестиция мен кепілдік көмексіз жұмыс тиімділігін арттырып келеді. Бес жылдың ішінде батыс елдерінде жасап шығарылған ұшақтардан толыққанды авиа парк жасақтай білді.

«ATW Airline Industry Achievement Awards» жүлдесі – авиа ция саласындағы ең беделді марапаттардың бірі саналады. Биылғы лауреаттар қатарында Лондонның Хитроу халықаралық әуежайы, «Боинг» және «Люфтганза» компаниялары да бар.

Астана қаласының Білім беру басқармасы және Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы ұйымдастырған шараға 6 мыңнан аса бала қатысып, бес күнге созылған байқаудың жеңімпаздары мара-патталды. Додада үздік деп танылған оқушыларға 28 алтын, 40 күміс, 56 қола медаль және оларды дайындаған педагогтарға 250 диплом мен 124 сертификат табыс етілді. Астана қаласы білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, биылғы сайыс Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған.

Шұғайып СЕЗІМХАН

Астана қаласы Статисти-ка департаментінің мәлі ме-тінше, қала халқының саны Алматы ауданында – 11916 адамға, Есіл ауданында – 12955 адамға, Сарыарқа ау-данында 13639 адамға артты.

«Астана қаласы халқы-ның саны 2015 жылғы 1 қаң-тардағы есеп бойынша – 852985, оның ішінде, Алматы ауданы бойынша – 379943 (44,5%), Есіл ауданы бо-йынша – 126799 (14,9%), Сарыарқа ауданы бойынша - 346243 (40,6%) адам болды» делінген хабарламада.

2014 жылғы қаңтар -желтоқсанда х а лықтың табиғи өсімі - 20630 адамға, көші-қон өсімі 17920 адамға жетті.

Сонымен қатар, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда Астана қаласы бойынша 24216 сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 10,8%-ға артық. Ал, биыл халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанмен са-лыстырғанда 12,6%-ға өсіп, 20630 адам болып отыр.

Мәслихат депутаты А.Байгенжин төрағалық еткен кеңес отырысының күн тәртібінде ішкі істер органдарында жаһандық бәсекелестік индекстерін жақсарту жолындағы қолға алынған шаралар қаралды. Сондай-ақ, құқық саласындағы заңдарға қатысты өзгерістер, жол полициясы мен патрульдік полицияның біріктірілуі, полиция қызметіне енгізілген ин-новациялық технологиялар мен ІІД-нің негізгі көрсеткіштері туралы жан-жақты талқыланды.

Мәселен, департаменттің Тексе-ру басқармасының басшысы Талғат

Жұмановтың айтуынша, жаңа Қыл-мыстық-іс жүргізу кодексіне шетел-дердің озық тәжірибесіне сүйене жасалған, азаматтар мен мем ле кет-тің мүддесін қылмыстық озбыр-лықтан қорғайтын оң өзгерістер ен-гізіліпті. Ал, Әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаев жол полициясы мен патрульдік полицияның біріктірілуі нәтижесінде тек жолдағы емес, жал-пы қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қырағы қадағалайтын жасақ қатарының көбейгенін жеткізді.

Сондай-ақ, қоғамда титтей тәртіп-

бұзушылықтың өзіне «мүлдем төз-беушілік» иммунитетін қалыптас тыру жолында 1 ақпаннан бастап қабыл-данған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің септігі тиіп жатыр.

Жиналысты қорытындылаған ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров 2015 жыл «Халық сенімі – полиция пәрмені» ұранымен өткізіліп жатқанын айт-ты. Ал, полицияның қаншалықты пәрменділігін қоғамдық тәртіп сала-сының жыл соңындағы қоры тын-дысынан көретін боламыз.

Әділ АЛАШ

Page 4: 23 (3228) 2015-02-28

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Еліміздің барлық аймақтарында қоғамдық жұмыс жүргізетін ұйымдардың басын біріктіріп отырған қауымдастық мүшелері қолдаған үндеуді Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл жария етті. Жауынгер-интер-националистер жақтаған үндеуде «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің «Қазақстан ардагері» қауымдастығы Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу тура-лы бастамасын қолдайды, әрі бұл саяси шара бүгінгідей әлемдік экономикалық дағдарыс дендеп тұрған кезеңде еліміздегі тұрақтылықты, береке-бірлікті сақтап қалу үшін, сонымен қатар келешекке көзделіп отырған мемлекеттік бағдарламалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы үшін қажет. Сондықтан да от кешкен Ауғанстан соғысы жауынгерлері кезектен тыс

президент сайлауын өткізуді қолдайды» деп жазылған.

Еліміздің өркендеуіне бағытталған айту-лы шараның маңыздылығы жөнінде жауын-гер-интернационалистер, Астана қаласының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ассоциациясының атқарушы директоры Қайрат Елубаев, «Астана қаласы Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Кенжебеков, «Астана қаласының Жұмыс берушілер одағы» ұйымының төрағасы Александр Житников, кәсіпкер Есләм Уахитов өз ойларын ортаға салып, саяси науқанға белсенділікпен қатысып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Қазақ хандығының құры луынан бастап Тәуелсіз Қазақ станға дейінгі жол бейнеленген театрландырылған қойылымда жастар түрлі этност ардың ұлттық биін билеп, ел бірлігін, халықтың ауызбіршілігін дәріптеді.

Аталмыш шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев, ҚР Парла-мент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары А.Башмаков қатысты.

«Бүгін біздің студенттеріміз мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауын қолдап,

патриот екендерін танытты. Жас тар қоғамдағы позитивті өзгерістердің барлығы Елбасы есімімен тікелей байланысты екенін біледі. Алдағы уақытта Елбасымен бірге еліміз биік белестерді бағындыра береді деп нық сеніммен айта аламын» деді университет басшысы.

Флешмоб соңында ҚазАТУ студенттерінің атынан Әділет Ахметов 26 сәуір күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына жастарды белсенді қатысуға шақырған үндеу жариялады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

(Басы 1-бетте).Үміткерге қойылатын талаптарға

келсек, ол қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, туғанынан Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын адам болуы керек. Кан-дидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органда-рына 2015 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сәйкес табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруы қажет. Президенттікке үміткер тіркелгенге дейін оның Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ, үміткерді қолдап жиналған қолдардың рас-тығы тексерілгеннен кейін ол Орталық сайлау комиссиясының шотына 1 млн 60 мың теңгеге жуық мөлшерде сайлау жарнасын салады.

Қазақстан Республикасы прези-дент тігіне үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жұмысы 26 наурыз-да басталып, 24 сәуірде аяқталады. Сайлау өтетін күні және оның қарсаңындағы күні кез келген үгіт

жүргізуге тыйым салынады. Үгіт жұмыстарын жүргізу шығыстары Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде мемлекеттің кепілдігі ретінде бюджет қаражаты есебінен ішінара жабылады. Со-нымен бірге президенттікке кан-дидаттар үгіт науқанын жүргізу үшін өзінің жеке қаражатынан, үміткерді ұсын ған қоғамдық бір-лестіктің қаржысынан және аза-маттар мен ұйымдар ерікті түрде көрсететін қаржылай көмегінен тұратын сайлау қорларын құруға құқылы. Сайлау қоры 577 млн теңгеден аспауы тиіс.

Қ у а н д ы қ Т ұ р ғ а н қ ұ л о в т ы ң мәлімдеуінше, еліміз бойынша науқан барысында 9,9 мың сайлау комиссиясы құрылады. Олардың әрқайсысында 70 адамнан жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдары бұл комиссияларға сайлаушылардың толық тізімдерін 5 сәуірден кешіктірмей жолдап, 10 сәуірге дейін азаматтарға та-нысу үшін ұсынуы тиіс. Азаматты сайлаушы тізіміне енгізу үшін оның нақты сайлау уческісінің аумағында тұрғылықты жері бой-ынша тіркелуі негіз болып табы-лады. Дауыс беру күні сайлаушы тұрғылықты жерінде бола алмаса,

ол учаскелік комиссияға өзге өңірде дауыс беруге құқығын беретін, өз учаскесінен есептен шығару туралы куәлігін ала алады. Оны бұл 10 сәуірден бастап, 25 сәуірдің сағат 18.00-ге дейін атқара алады.

Сайлаудың өзі 26 сәуір күні сағат 07.00-де басталып, 20.00-ге дейін жалғасады. Ал, Орталық сайлау ко-миссиясы 3 мамырдан кешіктірмей қорытындысын шығарып, тиісті қаулы қабылдауы тиіс.

Осының бәрін айтқан Қуандық Тұрғанқұлов: «Сайлау науқаны барысында сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастыру, әзірлеу мен өткізудің негізгі халықаралық қағидаттарының сақталуына, сон-дай-ақ, сайлау үдерісінің оның

барлық кезеңдерінде ашық, жа риялы және транспарентті болуына ерекше көңіл бөледі. Бұған сайлау үдерісін бақылауға

отандық және халықаралық сарап-шылардың белсенді қатысуы да ықпал ететін болады. Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, халықаралық бақылаушылардың институты ашылады» деді сай-

лаудың әділ өтетіндігін меңзеп. Сондай-ақ, Орталық сайлау ко-миссиясы сайлау органдарына қажетті ұйымдастырушылық,

әдіс темелік және ақпараттық көмек көрсететінін, сол мақсатта тиісті әдістемелік құралдар мен кітапшаларды, баспа, дыбыс және бейнематериалдарды әзірлейтінін жеткізді. Сайлау науқанында жұмыс істейтін баспасөз орталығы ашылатындығын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясына сәйкес ел Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзіміне сай-лайды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 5: 23 (3228) 2015-02-28

5www.astana-akshamy.kz

Былтыр 1 қыркүйекте басталған мүлікті жария ету науқаны жөнінде жұртшылықты кеңінен хабардар ету мақсатында өткізілген бри-фингке Астана қаласы Қаржы бас қар масының басшысы Руслан Досаев, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депар та менті басшысының орынбасары Алмат Иманғожин және Алматы, Са-ры арқа, Есіл аудандары әкім де-рі нің орынбасарлары, мүлікті заң дастыру бойынша аудандық комис сиялардың төраға лары Әлихан Қуат беков, Ришат Тұрды-беков және Әнуар Қайыр жанов қатысып, жур налистердің сауал-дарына жауап берді.

Жиынды ашқан Қаржы бас-қармасының басшысы Руслан До-саев 2014 жылдың 1 қыркүйегінде мүлікті жария ету бойынша құ-жаттар қабылдау басталғанын, жұрт шылыққа ыңғайлы болу үшін Астананың әр ауданында комиссия құрылғанын атап өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінге дейін үш аудан әкімдігіне барлығы 10 мыңнан астам адам хабарласып, комиссияның ақыл-кеңесіне жүгінген. Ал биылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша Аста-на қаласындағы аудандық комис-сиялар жалпы құны 16 млрд 195 млн теңге болатын жылжымай-тын мүлік бойынша 1474 өтінішті тіркеген. Соның ішінде жалпы со-масы 5 млрд 849 млн теңге болатын 1292 нысанды заңдастыру туралы шешім қабылданған. Жылжымай-тын мүліктен басқа, Астана қаласы бойынша 5 заңды тұлғаның жалпы сомасы 457 млн теңгені құрайтын қатысу үлесі жария етілген.

– Қазақстан Республикасы Ұлт-тық банкінің мәліметтері бо йынша, елордада екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» 971 млн теңгеден астам сомаға 9 әлеуметтік шот ашқаны белгілі болып отыр, – дейді Руслан Маратұлы.

ҚР «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында қоныстауға арналған ықтияр хаты бар азаматтардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық туралы» заңына сәйкес, еліміздің аумағынан тыс орналасқан жыл-жымайтын мүліктер де жария етуге жатады. Алайда бүгінгі күнге дейін Астана қаласы бойынша Қазақстан

аумағынан тыс орналасқан мүлікті заңдастыру мәселесімен әлі бірде-бір адам хабарлас-папты. Астана қаласы бо-йынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орын басары Алмат Иманғожин бұл жағдайды мүлікті жария ету туралы ақпараттың жұртқа әлі де дұрыс жетпей жатқанымен түсіндірді. «Мұндай мүлікті жария ету науқандары бұрын да елімізде өткізілгені белгілі. Сол кездегі тәжірибені алып қарасақ, жұртшылықтың белсенділігі науқанның мерзімі аяқталар тұста артатыны дәлелденген. Сондықтан еліміздің аумағынан

Оның айтуынша, елордада біраз уақыт бұрын компанияның филиалы «Астана МАЗ Центр» ЖШС ашылған. Соның иелігінде кеңсе ғимараты, тех-никалық қызмет көрсету стансасы және сауда алаңы бар. Енді алдарына қызметтерін кеңейту мақсатын қойып отыр. Тоқетерін айтқанда, оларға Аста-нада арнаулы техниканы құрастыратын кәсіпорынды ашу үшін жер керек. «Бастапқы кезеңде бізге 13 мың шаршы метрді құрайтын өндіріс алаңы қажет. Қазіргі таңда компанияда 90 адам жұмыс істесе, кәсіпорын ашылғанда олардың санын 270 адамға жеткіземіз деп отырмыз. Кәсіпорын алғашқы жылдары 15 тоннаға дейін жүк көтере алатын 100-ге жуық «МАЗ» само-свалдарын, 80 тіркегіш пен жүк тиегіш секілді 50-ге жуық коммуналдық тех-никаны шығармақ. Одан кейін жолау-

тыс жердегі мүлікті заңдастыру ту-ралы өтініштер биылғы қыркүйек-қазан айларында көбейетініне се-неміз», – дейді Алмат Отжанұлы.

А л мүлікті заңдастырудың қалай жүріп жатқанын аудандар бойынша жіктесек, Алматы ау-дандық комиссияға 681 өтініш келіп түскен. Солардың ішінде 550 өтініш қарастырылып, 1252 нысан заңдастырылған. Оның жалпы со-масы 5 млрдтан асады.

Сарыарқа ауданы бойын-ша бүгінгі күнге дейін мүлікті заңдастыру мәселесімен 5400-дей адам хабарласып, комиссия 506 өтінішті заң шеңберінде деп таныған. Жария етілген мүліктің жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайды.

Ал Есіл ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 2 млрд 440 млн теңгенің мүлкі заңдастырылған.

Мүлікті заңдастыру 2015 жыл-ғы 31 желтоқсанға дейін жал ға-сатын болады. Бұл туралы ақ-па раттар Астана қаласы Қаржы бас қармасының сайтында апта сайын жарияланып отыратынын естеріңізге саламыз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

шылар тасымалдайтын көліктерді құрастыруды көздеп отырмыз. Мақсатымызға жету үшін әкімдіктің бізге 5 гектар жер телімін бөлуін сұраймыз. Біз салатын инвестиция-лар көлемі 800 млн теңгеге жетеді. Техника Астанада құрастырылатын болса, оның өзіндік құны едәуір ар-зандайды. Сонымен бірге біздің өзге елдерде серіктестеріміз бар. Яғни, техниканы ТМД аумағында өткізе аламыз. Басқаша айтқанда, экспортқа жолымыз ашық» деді ол.

Жоба қолдау тапса, зауыт №1 индус триялы парк аумағында орна-ласпақшы. Өз тарапынан «Астана – жаңа қала» арнаулы экономикалық

аумағы басшысының орынбаса-ры Архат Саябаев бүгінгі таңда жаңа зауытқа 5 гектар емес, 4 гектар жер телімін беру мүмкіндігіне ие екендіктерін жеткізді.

Бәрін тыңдап болған қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов бұл өте тартымды жоба екенін ай-тып өтті. Алайда, асығыс шешім шығармай, артық-кем тұстарын са-ралау керектігін ескертті. Одан кейін Астана әкімдігінің алаңына айдап әкелінген техниканы арнайы барып көрді. Жоба әлі де талқыланады. Соңғы шешім Үйлестіру кеңесінің отырысынан кейін қабылданады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Page 6: 23 (3228) 2015-02-28

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Оның алғашқы қадасының қағылуы Тың өлкесі орталығының құрылуымен тұспа-тұс келді. С о л ж ы л д а р ы С а р ы а р қ а т ө с і н д е қ ұ р ы л ы с қ а р қ ы н д ы жүргізіліп, соған сай сырттан қоныстанушылардың да көбейгені белгілі. Қаланың қарқынды дамуы-на байланысты соған сай келетін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесі қажет бол-ды. Ал осы міндетті қалтқысыз орындау үшін құрылысы басталған Целиноград ЖЭО кешенін (қазіргі 1- ЖЭО) салуды тездету керек еді. Шаруа шұғыл қолға алынып, жылу орталығының құрылысымен бірге магистралдық және жылу тарату-шы желілер сызбасының алғашқы кезеңін жобалау қатар жүрді.

1961 жылдың 22 желтоқсанында Ц е л и н о г р а д ж ы л у э л е к т р орталығының алғашқы турбинасы іске қосылып, қаланың өндірістік аумағындағы нысандарға жылу таратылды. Кейін 1964 жылы қалалық жылу өткізгіші және кезіндегі 9 май, Пушкин, Линей-ная көшелері бойындағы жылу трассалары пайдалануға берілді. Бұл қаланың орталық бөлігін жап-пай орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстарының басы болатын.

Әлбетте, қала кеңейіп, жылу т о р а п т а р ы к ө б е й г е н с а й ы н оның жұмысын ұйымдастырып, р е т т е п о т ы р а т ы н а р н а й ы мамандандырылған мекеме қажет. Осы мақсатта 1965 жылы Це-л и н о г р а д қ а л а с ы н ы ң Ж ы л у тораптарының басқармасы дүниеге келді. Ал, қазіргі «Астана-Тепло-транзит» акционерлік қоғамы осы басқарма базасында құрылған болатын.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-на биылғы 5 қаңтардан бастап жаңа бас-шы тағайындалды. Ол – Василий Ку-

рисько (суретте). Бұрыннан осы салада жұмыс істеп келе жатқан азамат. 2004 жылдан бүгінге дейін осы кәсіпорын бас директорының өндіріс жөніндегі орын-басары болған. Жылумен қамтамасыз ету саласының жұмыстарымен етене таныс Ва-силий Владимирович өз сөзінде «Астана–Теплотранзит» АҚ қарқынды дамып келе жатқан, материалдық-техникалық базасы толыққанды кәсіпорын екендігін айтады.

– « А с т а н а – Т е п л о т р а н з и т » кәсіпорнының түбегейлі жаңғыртылуы

елорданың қалыптасып дамуымен сәйкес келді. Бүгінде мұнда диаметрі 300-ден 1000 мм құрайтын елуден аса жылу магистралі бар. Ішкі орамдық, магистралдық және бу трассаларының жалпы ұзындығы 567,6 шақырымды құрайды. Бұған қоса, 10 сорғы стансасы мен бір жылу таратушы пунктіміз бар, – дейді басқарма төрағасы.

Астана қаласы неғұрлым дамыған сайын соғұрлым жылу тұтыну көлемі өсетіні белгілі. Бұрын шағын қалаға шақталған құбыр, желілері үлкен шаһарды қамтуға дәрменсіз. Сондықтан да елордада жаңа тораптардың құрылысы жүргізіліп, ескісі ауыстырылып жатыр.

Бүгінде төртінші және бесінші жылу магистралі жобасын әзірлеу жүргізілуде. Бұл жаңа желілер келешекте «ЭКСПО – 2017», «Ботаникалық бақ», «Абу Даби Плаза» мен «Мыңжылдық аллеясында» орналасатын ны-сандарды жылумен қамтамасыз ететін болады.

2013-2014 жылдары «Астана – Тепло-транзит» АҚ инвестициялық бағдарлама шеңберінде қаладағы 1032 тұрғын үйге жылу энергиясын есептейтін құрылғы орнатыпты. «Бұл – біздің қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі. Соның нәтижесінде тұтынушылардың нақты қанша жылу энергиясын пайдаланаты-нын есептеп қана қоймай, тұтынылатын жылу жүйесін бақылауға мүмкіндік алдық», – дейді Василий Курисько.

«Астана–Теплотранзитте» елордаға жылу энергиясын беретін және тарататын 10 сорғы стансасы бар екендігін жоғарыда айттық. Соның бесіншісі кәсіпорынның аумағында орналасыпты. Әр тұтынушының пәтерін жылумен қамтамасыз етіп отырған стансаның жұмысымен жақын танысу үшін

Page 7: 23 (3228) 2015-02-28

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

біз де солай қарай бет түзедік. Әрине, өте жоғары кернеумен жұмыс істейтін стансаға бөтен адам кіруге қатаң тыйым салынған. Біз арнайы рұқсатпен ішке ендік. Темір есікті ашқанымыз сол еді, гүрілдек дауыстан құлағымыз тұнып кетті. Бірақ, іші жып-жылы. Жылу өндіретіні көрініп-ақ тұр. Осынау үлкен нысанды бір өзі бақылап, басқарып отырған машинистің кабинетіне өттік. Бізді қарсы алған жылумеханикалық қондырғыларды іске қосу қызметінің басшысы Сергей Тютрин жұмыстарының мән-жайын түсіндірді.

Басқа сала секілді, бұл араға соңғы үлгідегі тың технологиялар келіпті. Ешкім бұрынғыдай қондырғыларды қолмен басқармайды. Бәрін компьютер реттейді. Машинист тек монитор арқылы насостардың температурасын, вибрация-сын, қысымын, кернеуін қалыпты мөлшерде болуын кірпік қақпай қадағалап отыруы тиіс.

Қабырғада ақпараттық тақтайша ілулі тұр. Мұнда қаладағы қай стансада қанша насос жұмыс істеп тұрғаны жазылады екен. Күн жылы кезде қондырғылардың кейбіреуі резервте тұрады. Ал қақаған қыста барлық сорғы стансасы қатар жұмыс істейді.

Жалпы «Астана –Теплотран-зитте» барлығы 700-ден астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде сорғы стансаларында жұмыс істейтін машинистердің саны – 40. Жылу өндіретін кәсіпорында осы мамандарға ерекше жауапкершілік жүктелген. Әлбетте, күллі бір қала қарап отырған сорғы стансалардың, ондағы қондырғылардың жұмысын реттеп отыру – оңай емес. Энерге-тика саласының қыр-сырын жетік меңгерген мамандар ғана осында келеді екен.

Жұртшылыққа жылу тара-тып, тұтынушылармен тікелей байланыстағы мекеме болғаннан кейін мұнда арыз-шағымдар бол-май тұрмайды. Әсіресе, жылу мау сымы қызатын қыстың кезінде жедел диспетчерлік қызметтің телефондарында дамыл жоқ.

Нұрқұсайын Абитов басқаратын бөлімде барлығы 40-тан аса адам жұмыс істейді. Жылу магистралда-ры мен жылу таратушы желілердің диспетчерлері, апаттық бригада құрамы да осы бөлімге қарайды.

Біз барғанда пәтерлерге жылу тара-ту желілері бойынша Елена Волохович атты диспетчер кезекшілікте отыр екен. Оның алдында күллі қаланың пәтеріне баратын жылу желілерінің картасы тұр. Диспетчерлер осы картаға қарап, қандай жылу жүйесі істен шыққанын, апаттың қаншалықты деңгейде екенін анықтап, арнайы бригадаларға хабарлайды.

– Бізге келіп түсетін арыз-шағымдардың көбі пәтерлердегі жылу температурасына қатысты болады. Көпшілігі «үйіміз салқын, жылуды неге аз беріп жатырсыңдар» деп шағымданса, енді бірі «үйіміз тым ысып кетті, жылуды азайтыңыздар» деп хабарласады. Біз бүкіл қалаға бірдей мөлшерде жылу жібереміз. Біреуге аз,

Биылғы қыста қар шамадан тыс көп жауып, оны тазалаумен айна-лысатын қаланың коммуналдық қызметтерін біраз әбігерге салды. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қараша айында жауған қар 35,1 миллимет-рге жетіп, айлық нормадан 130 пайызға асып кеткен. Желтоқсан мен қаңтар айларында да осындай жағдай қайталанды.

Бүгінгі таңда қызыл суға қарсы негізгі шара - қарды қаладан шеткері аймақтарға шығару болып отыр. Б ұ л ж ұ м ы с п е н к о м м у н а л д ы қ қызметтердің жұмысшылары екі ауысымдық режимде, яғни күні-түні айналысуда. Тазалауға жататын жал-пы аумақ 7 млн 620 мың 634 шаршы метрді құрайды. Соның ішінде қала көшелері мен жолдарының 899 шақырымы механикалық тазалау аумағына жатады.

Жалпы, қыс мезгілінде 27 қазан мен 19 ақпан аралығында қаладан 2 608 444 текше метр қар сыртқа шығарылды. Соның ішінде Алматы ауданынан - 1 016 846, Сарыарқадан - 753 700 және Есілден - 909 898 текше метр қар арнайы полигонға апарылды.

Қазіргі кезеңде су тасқынына қарсы құрылған жұмыс тобы су жинақталатын коллекторларды,

арықтар мен құбырларды, суды ө т к і з е т і н а р н а л а р д ы т а з а р т у жұмыстарын өз бақылауына алды. Бұдан басқа түйткілді жерлерде жылжымалы сорғы стансаларын орнату, судың жолын бөгейтін инертті материалдарды даярлау, гидротехникалық құрылғыларды тексеру мен оларды сәйкес кезеңге дайындау істерін қадағалап отыр. Сондай-ақ, гидрологиялық бақылау бекеттерінде ұйымдастырылған тәулік бойғы кезекшілік арқылы Есіл өзенінің арнасындағы жағдай мамандардың назарына алынды.

Қазіргі таңда Есіл өзені мен оның тармақтарындағы мұз бен қардың қалыңдығын тексеру жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Бұл жұмыс еріген қар суынан елдімекендер, ғимараттар мен құрылғылар зардап шекпес үшін және қала тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар тасқын астында қалмас үшін атқарылуда. На-урыз айының басында да жалғасатын аталмыш шара «Казгидромет» РМК мен Есіл бассейндік инспекциясы қызметкерлерімен бірге жүргізіледі. Сондай-ақ, бұл кезеңде Астаналық су қоймасы мен «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суы басып қалуынан қорғау» гидротехникалық нысаны да тексеріледі.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

біреуге көп жылу тарату дегеніңіз – ақылға қонбайтын нәрсе. Мұны жұртшылық түсіне бермейтіні қынжылтады. Біздің басты мақсатымыз – тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіп, жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, – дейді Елена.

Санитарлық талап бойынша жабық ғимараттың ішіндегі қалыпты температура – 20-22 градус болуы керек. Егер одан салқын болса, есік-терезелердің бүтіндігін байқастаған жөн дейді мамандар. Үйдің жылылығы тұрғын үй құрылысының сапасына да байланысты болса керек. Онда да кінәрат болмаса, кілтипанды тұрғын үйдің ішінде орнатылған жылу желісінен іздеу қажет. Егер үйдің ішіндегі жылу пункті дұрыс болмаса, ол жылуды дұрыс жеткізе алмайды да содан барып, үйдің температурасы төмендейтін көрінеді. Яғни, жылудың қалыптылығы энергияны қалай таратуға байланысты. Бұл істе жылу энергиясы құрылғыларының тілін білетін білгір маман қажет. Одан да көмек болмаса, онда «Астана –Теплотранзит» мекемесіне хабарласып, инженер-жөндеушілердің кеңесіне жүгінуге болады.

«Астана –Теплотранзит» АҚ кәсіпорнынан шыға берісте «Слесарь Амантай» деген ескерткішке көзіміз түсті. Қарапайым еңбеккерге ескерткіш орнатқанын алғаш көргендіктен мән-жайды сұрадық.

Сөйтсек, бұл ескерткішті орнату осы кәсіпорынның бұрынғы басқарма төрағасы Айтмұқан Жұмабаевтың идеясы екен. Кезіндегі Целиноград қаласындағы 1600 көпқабатты тұрғын үйге 1200 адам қызмет еткен екен. Солардың 70 пайызы – слесарь-сантехник болған. Қазір де жылу желілеріндегі кем-кетікті ретке келтіретін, ең ауыр жұмысты атқаратын осы мамандық иелері. Су алып кет-кен жертөлелерде, жағымсыз иісі мүңкіген кәріз құдықтарында, сорғы стансаларында жүретін де – слесарьлер. Бірақ керзі етігімен батпаққа батып, шалшық суды кеше жүріп, зақымданған желілерді жөндесе де, олардың еңбегі еленген емес. Сондықтан «Астана – Теплотранзит» басшылығы машақаты көп мамандық иелерінің еңбегіне құрмет ретінде осындай ескерткіш орнатуды жөн деп тауыпты.

Айтпақшы, осыған ұқсас ескерткіш Омбы қаласында да бар. Кезінде Омбы қаласының магистралдық су желісінде үлкен апат болып, қалалықтар ұзақ уақыт сусыз қалған екен. Небір инженер-жөндеушілер апаттың себеп-салдарын таба алмағанда, Степан атты қарапайым слесарь ақауды әп-сәтте тауып, омбылықтарды құтқарып қалған. Кейін көп ұзамай бой көтерген «Слесарь Сте-пан» атты ескерткіш әлі күнге дейін Омбыда сақталған.

Жалпы, әр үйге жылу сыйлайтын мамандардың жұмысы оңай емес. Жылу жүйесі – қаланың негізгі қан тамыры. Жер қазу жұмыстары кезінде абайсыздықтан бір жылу желісі үзіліп кетсінші, қаншама қалалықтың берекесі кетер екен? Сондықтан бүгінге дейін Астанада жылудың үзілмей, үйіміздің жып-жылы болып тұруы осы энергетиктердің қажырлы еңбегі деп білеміз. Ендеше, биыл 50-інші жылу маусымын қарсы алып отырған «Астана – Тепло-транзит» АҚ ұжымын осы мерейлі мерекесімен біз де құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Page 8: 23 (3228) 2015-02-28

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Үлкен атам ол тұста жиырма алты жастағы жас жігіт болыпты. Жұрт қатарлы әскерге шақырылып, Ота-ным деп таныған Кеңес одағын қор-ғауға атсалысқан. Украина жерін дегі майданда жауға қарсы шайқасыпты.

Анамның айтуынша, Иса атам көзі өткір, сөзге шешен, сөзді ұйқастырып сөйлейтін кісі болған екен. Бұрынғы заманның ақсүйектеріндей үстіне үнемі аппақ жейде, костюм-шалбар киіп, басынан фетр қалпағын таста-майтын болыпты. Жағасы кір бол-мауы үшін күн сайын таза беторамал тағып қояды екен.

Мені қызықтырғаны, атам ешқа-шан өзінің соғысқа қатысып, қан майданды көргенін жыр қылып айт-папты. Кім біледі, туған ел мен жерге қамқор болуы барлық ер-азаматтарға тән міндет болғандықтан, өзінің елін қорғау үшін үш жылын соғыс

Қазақ осы күнге жеткенше «талай тар жол, тайғақ кешкені» белгілі. Отанын найзасымен қорғап, көз алартқан жауға кейін мылтық ұстап қарсы тұрды. Қан мен тер төгілген қаншама жылдардың жемісі – Тәуелсіздік. Осы күнге аңсап жеткен азат қазақ Жеңістің қадірін біледі.

«Соғыс адамзат баласына үл кен қасірет әкелдi. Оның әр шаңыраққа тигізген зардабын айтудың өзі – ауыр» дейтін әжем майдангер атам жайлы жиі естелік айтып отырады.

Атамның есімі – Тәжібай Сәдуа қас. Әжемнің айтуы бой-ынша, ол соғысқа 1941 жылы 17 жа сында аттанған екен. Сонау қиын-қыстау кезеңде ер-азаматтар жаппай соғысқа аттанғанда ауырт-палықтың бәрі әйелдердің, балалар мен қарттардың мойнына арты-лыпты. Әжем оның бәрін терең күрсініспен еске алады.

Әжем атамды жас кезін де өте шымыр, зор денелі, еңселі, тепсе темір үзетін нағыз ер тұлғалы азамат болған деп сипаттайды.

Менің санамда атамның бейнесі осылай қалыптасты. Естуімше, ол кісі қару-жарақ қолданудың хас шебері болған екен. Шайқаста бірнеше жерінен жарақат алып, басының зақымданғанына қара-мастан аяғына дейін соғысыпты. Қайтпас қайсарлығы мен жанкеш-тілігінің арқасында еліне аман-есен оралған. Майдандағы ерлі гі үшін көптеген медаль мен мара-патқа ие болды.

Біз жазғы демалысымызда ауылға барғанда мін дет ті түрде атамның зиратының басында болып, құран бағыштаймыз. Жыл сайын бүкіл ел болып Жеңіс күнін тойлап жатқанда, осы қуанышқа менің атам да себепкер болған деп мар қаямын. Майдангер аталары-мыз дың ер лігін тек жеңіс күні қарсаңында ғана емес, әр сәт еске алып, құрмет көрсетсек артық болмас.

Әсем ТИЫШТЫҚБАЕВА, Әлкей Марғұлан атындағы

№40 орта мектептің8-сынып оқушысы

А д а м з а т қ а а у ы р қ а с і р е т әкелген ядролық қарудың про-блемасы, жаһандық қауіпсіздік құрылымдарының тиімділігін арттыру, осы бағытта әлемдік экономикалық-қаржылық жүйені қалыптастыру қажеттілігі жайында конференцияға қатысушыларға институт деканы Алмат Аманбаев әңгімелеп берді. «Нұр Отан» пар-тиясы Астана қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ақпараттық-насихаттық тобының жетекшісі Ақерке Берлібай өзекті тақырып бойынша баяндама жа-сайтын студенттерге сәттілік тілеп, өз замандастарын бүкіл әлемдегі ядролық қаруды қолданбау бойын-ша өткізілетін шараларға қолдау білдіруге шақырды.

Өзінің баяндамасын «Қолдан жасалған апат» деп атаған студент Әйгерім Байғара алпауыт елдердің жедел қарулануының нәтижесінде ХХ ғасырдың ғалымдары ядро-лық қаруды ойлап тауып, түрлі

сынақтарды өткізіп, тіптен оны соғыс қаруына айналдырып, жалпы адамзат баласына қасірет әкелгенін, атап айтқанда, Хиросима мен На-гасаки қалаларында болған ойран туралы егжей-тегжейлі жеткізе білді. Қазақстан еліндегі Семей қаласымен АҚШ-тың Невада штатындағы сынақтардың зардабы жөнінде екінші курс студенті Сұлтан Нұрдоллаев мазмұнды баяндама оқып берді. Ядролық энергияны соғыс қаруы ретінде қолданудың адамзат үшін қаншалықты қайғы-қасірет әкелетіні, сонымен қатар оның бейбіт мақсатты пайдаланылуы туралы Анастасия Зубань, Нұрәділ Ғалымжан, Мәди Түкібаев, Салтанат Жәкенова, Зарина Балмағанбетова, Темірлан Ерғазиев деректі әрі дәйекті баяндамалар жасады. Кон-ференция барысында студенттер келешекте Қазақстанда салынуы жоспарланған атом станциялары жайында да ойларын ортаға салып, осы тұрғыда жасалған сауалнаманы

да назарға ұсынды. Жастардың ба-яндамалары негізінен бейбіт өмірге үндеуге бағытталғаны аңғарылды.

Бір атап өтерлігі, ядролық тағырыпты қазық қылған конферен-ция аталмыш институтта екінші рет өтіп отыр. Бұл ретте институттың тәрбие істері жөніндегі проректоры Ярослава Оспанова осы конферен-цияны ұйымдастырушы шет тілдер кафедрасына, өткізу шараларына тікелей жетекшілік жасаған кафедра меңгерушісінің орынбасары Гүлжан Ареноваға, баяндама жасаған сту-денттерге институт ректораты аты нан алғыс жариялап, жастардың ел тіршілігіндегі барлық қоғамдық-саяси шараларда белсенді болуына тілектестігін жеткізді.

Түптеп айтқанда, «Бейбіт атом» конференциясында оқылған баян-дамалар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың азаматтық әрі танымдық көзқарастарына зайырлы серпін бергеніне сенімдіміз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

алаңында өткізгенін бұлдағысы келме-ген шығар... Бәлкім, ол кісі өзінің ой-арманын, әңгімесін тек қана туған Ота-ны – қазақ даласымен байланыстырған шығар... Мен, әрине, солай ойлай-мын. Өйткені, атам қазақшылықта өмір сүрген кісі екен. Қай кезде де ұрпағының «қазақ азаматы» деген атқа кір келтірмей, тектілік мінезден, туралықтан, жігерліліктен айнымай өткенін тілейтін еді. Ең бастысы, ол еркін адам болыпты. Жүрген жерінде дарылдап сөйлеп, ақсақалдың сөзін айтып жүреді. Анамның айтуынша, мектептен қайтқанда ішінде атасы отырған автобусқа міне қалса, үлкен кісінің бар екені бірден білінеді екен. Өйткені, қай тұста отырса да, бүкіл дүние еститіндей нағашы атам дарыл-дап сөйлеп жататын көрінеді. Оның қасында кез келген адам, тіпті, өктем ұлт өкілдері де мысы басылып, именіп қалады екен.

Анамның әкесі Арыс қаласындағы әскери бөлімде қызмет етіпті. Сон-да 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан азаматтардың тізімі тұрған журнал-ды жаңартпақ болады. Қаз-қатар кісі есімдері жазылған журналдағы мәтінді тегіс жаңа журналға көшіреді. Осы жұмысқа әкесіне көмектесу үшін анам да барған екен. Сол жолы анам

мыңдаған ер-азаматтардың аты-жөндері арасында өз атасының да аты тұрғанын көріп тебіренгенін айтады.

Иә, үлкен нағашы атам майдангер болған. Ол да соғысқа қатысып, басын қатерге тікті. Ұйқы көрмей жаумен алысып, ашқұрсақ күндерді де өткізді. Алайда, онысын ешқашан ешкімге міндетсіген жоқ. Соғыс көрмегендей, жігерлі, рухы биік қалпында өзге ер-азаматтарға үлгі боларлықтай әдемі өмір сүрді.

Айтпақшы, әлгі журналда қанша кісінің есімі болғанын, Арыс қаласынан қанша адам соғысқа қатысқанын білмейді екенмін. Білетінім, дәл сол журналдағыдай Қазақстанның барлық аймағында қалың-қалың жазба дәптерлер бар. Сонда есімі жазылған азаматтардың бәрі – соғыс көргендер, Кеңес одағын қорғау үшін жаны азап шегіп, тәні жарақат алғандар. Демек, әлемдегі ең әсем қалалардың бірі – Мәскеу бүгінге дейін гүлденіп, дамып келе жатқан болса, оған менің үлкен атам тәрізді жүз мыңдаған қазақ сарбазы көмектескенін бәріміз біліп жүруге тиіспіз.

Тәуіржан АЙТМАХАНОВ,Көкшетау қаласындағы

Ақан сері атындағы музыка колледжінің студенті

Page 9: 23 (3228) 2015-02-28

9www.astana-akshamy.kz

Алаш азаматтарының соңғы тұяғы қазақтың Қайымының, Қайым Мұхаметхановтың мектебінен

ұшқан Арап Еспенбетовтің ғалымдық жолдағы ұстазы көрегенді Бейсембай Кенжебаев болды. Адамның кісілік келбеті мен тұлғалық қасиетіне жаратқан берген санамен қоса, туған топырағы, өскен ор-тасы, су ішкен бұлағы әсер ететіні сөзсіз. А.Еспенбетов қарт Шыңғыстың баурайын-да дүниеге келіп, Сарыарқаның самалымен тыныстап, бесікте жатып қазақтың саф, мөлдір әдеби тілі сақталған өңірде ауыз әдебиетімен нәрленсе, қазақтың маңдайына жазылған адамзаттың Абайы мен тыл-сым тұңғиық иесі – Шәкәрім мұрасымен аузынан ана сүті кеппеген шағынан-ақ таныса бастады. Есейген шағында қазақтың қазынасы – Мұхтардың үлгісі мен өнегелі ісін жалғастыруды өзіне парыз санады. Бұның барлығы – жердің киесі арқылы жүзеге асатын табиғи құбылыс.

Туған жердің абзал азаматы болу халқына адал қызмет етумен екшеленеді. А.Еспенбетовтің азаматтық өмір жолы ұстаздықпен етене байланысты. 50 жылға тарта ғұмырын туған өңірде «бо-лам деген балаға» ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан, Алаштану, Әдеби өлкетану, Абайтану, Сұл тан мах-мұттанудан дәріс оқуға арнады. Білікті ұстаздан дәріс алған сан мыңдаған студент бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде бала оқы ту мен айналысады. Жігіттік шағынан мол білімділігімен қатар, айна-ласындағыларға жол сілтер басшыға тән қабі летпен ерек шеленіп, 33 жасын-да Семей мемлекеттік педагогикалық инс титуты филология факультетінің деканы болып тағайындалады. Сол 1978 жылдан бергі бүгінгі күнге дейін басшылық қыз меттерде еңбек етіп келеді.

Осы уақыт аралығында еңбегі еленіп, 1987 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озы ғы» белгісімен, 2001 жылы Қазақ стан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2004 жылы «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері», 2013 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атақтарымен марапатталды.

Ғалымдық жолда Сұлтан махмұт То-райғыровтың өмірі мен шығар машы-лығын ғылыми-зерттеу өзегіне айнал-дырады. Ізденістердің нәтижесінде «Сұл-танмахмұт Торайғыров», «Сұлтан махмұт және Шәкәрім» монографиялары жарық көрді. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына Сұлтанмах мұттану элективті курсы енгізілді.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне, кеңес дәуірі әдебиеті тұлғаларына, ХХ ғасыр басындағы ұлттық мерзімді басылымдардағы мә селелерге байланыс-ты ғылыми мақалалары үздіксіз ха лық-аралық, республикалық кон фе ренция материалдарында, ғылыми жинақтарда жария ланып тұрды. Ғалым зерт теулерінің өзегіне айналған абай тану, шәкәрімтану, алаштану, сұл тан махмұттану мәселелері қазақ әдебиеттануында кенжелеп қалған сала – әдеби өлкетану контексінде қа-растырылды.

С.Торайғыровтың акаде мия лық жина-ғының, «Сұл танмах мұттану», «Шәкәрім-тану» тұл ғалық энциклопе дияларының ре дакциялық алқа мүшесі.

Абайдың ірі шәкірті Шә кәрімге қатысты тың ойлар, байлам-тұжырымдар жасай-ды. Шәкәрімтану саласында атқарылмай жатқан дүниелерді, аса көңіл бөлетін тұстарды екшеп көрсетеді. Ең алдымен, «М.Әуезовтің Абай өмір ше жіресін

жазу үлгісін өнеге қылып, Шәкәрімнің азаматтық, шығармашылық өмірбаянын жазу, шығармаларының текс тологиясын зерттеу, ақындық кітапханасының мөлшерін межелеу мәселелері тұрғандығын» қадап айтады. Жалпы, өнер иесінің мұра сын зерттеуде оның ғұмырбаяны, өмір дерек-тері маңызды фактордың бірі екен дігін назарында ұстады. «Қаламгер өмір баяны оның шығармаларының тарихы мен философиялық-дүниетанымдық көз қара-сындағы эволюцияны айқындауда жетекші қызмет атқаратындығын» айтып, Сұл-танмахмұт Торайғыровтың өмірбаяндық шежіресін жазады.

Негізін М.Әуезов қалаған Абайдың ақындық мектебі, Абайдың ақын шәкірт-тері мәселелері төңірегінде ұстазы Қ.Мұхамедхановтың ұстанған бағыты мен нысанын жіті түсінген А.Еспенбетов ғылыми сабақтастықты үзбей, Абайтану саласында келелі еңбек жасап келеді. Абайдың ақын шәкірттері Көкбай Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Уәйіс Шондыбайұлы, Тайыр Жо март-байұлы, Абай дәс тү рін жалғастырушы ақындар Шәкір Әбенұлы, Төлеу Көбдіков, Қалихан Алтынбаев, Сапарғали Әлім-бетов, Нұрлыбек Баймұ ратұлы сынды тұлғалардың әдеби мұрасын жинақтау, зерттеу, жариялау ісін мақсат етіп, шәкірт тәрбиелеп, ғылыми мектеп қалыптас-ты рады, 18 кандидаттық диссертация, «Абайдың әдеби ортасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғалды.

Ағалы-інілі болып сыйласқан жерлесі, ғылым жолындағы сырласы болған акаде-мик Р.Нұрғали А.Еспенбетов бойындағы үш тоғыс қасиетін жоғары бағалады. Студенттік шағынан замандас досы, фило-соф ғалым Ғ.Есім «достықтың сыны - заманның тезінде» достық пейілдеріне

дақ түспегендігін ризашылықпен айтады. Халқына аяулы, досына адал, адамгершілік қасиеті жоғары, келе-шекке үлгі тұлға ның шәкірті бол-ғанымызды мақтан тұтамыз.

Әсемгүл ӘБДІЛМАНАТҚЫЗЫ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің докторанты

Аталмыш жиынға Еуразия университеті та-рих факультетінің деканы Тілеген Садықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Төлеутай Сүлейменов сияқты бір топ зиялылар қатысты. Жиын барысында сөз алған Камал Бұрханов «ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгі Ел» идея сы – мемлекеттілік идеологиясының негізі» деген тақырыпта баяндама жасап, тамыры тереңде жатқан тарихымыз туралы ой толғады. Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі болған Төлеутай Сүлейменов «Сыртқы сая саттың көпқырлылығы» тақырыбында сөз қозғап, шет мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастың өзектілігін айта келіп, ұлттық тарихымызға тоқталды. «Тарихшыларды дөңгелек үстелге шақыруымыздың мақсаты: Қазақ хандығының – 550, Қазақстан халқы ассамблеясының – 20, Қа-зақстан Республикасы Конституциясының – 20 жыл-дығымен қатар келген Шоқан Уәлихановтың – 180, Абай Құнанбаевтың – 170, Ілияс Есенберлиннің – 100 жыл дықтарын атап өтіп, тұғырларды дәріптеу» деді әсерлі әңгімені түйіндеген Тілеген Садықов.

Шұғайып СЕЗІМХАН

Жиында академик, филология ғылымының докторы Мырзатай Жолдасбеков сөз сөйлеп, қай-раткердің есімін ұрпақ жадында кеңінен жаңғырту үшін жасалып жатқан жұмыстардың көңіл көн-шітпейтінін айтты. «Жұмабек қазақ шекарасының тұтастығын сақтауда, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының халқымен қайта қауышуына, өнер майталмандарымыздың биікке өрлеуіне көп еңбек сіңірді. Оның өз ұлтына жасаған қамқорлығы ұшан-теңіз. Сондықтан Жұмабек Тәшеневтің еңселі ескерткішін орнатып, атына әр облыс орталығынан бір-бір көше, мектеп, тіпті, бір қаланың атауын берсек те, артықтық етпес еді» деді М.Жолдасбеков.

Басқосуда қайраткердің еңбек жолы мен өнегелі істерін зерттеп, зерделеп жүрген өзге де ғалымдар, Ж.Ахметұлының ұрпақтары, қоғам қайраткерлері Саян мен Мұрат Тәшеневтер сөз сөйледі.

Көрмеге Жұмабек Тәшеневтің көзі тірісінде қолданған жеке заттары, фотосуреттері, құжат-тары, қолжазбалары, кітаптары, киген киімдері және басқа да дүниелері қойылған. Шара 25-наурызға дейін жалғасады.

Page 10: 23 (3228) 2015-02-28

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

26.02.2015

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Респу-бликасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, елді мекендерді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы жер заңнама-сының нормалары мен талаптары сақталған жағдайда, елді мекендердің жері санатынан

мемлекеттік меншіктегі жалпы ауданы 0,3001 га жер учаскесі қоса беріліп отырған сызба мен қосымшаға сәйкес жиырма жылға дейінгі мерзімге резервке қойылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат бас-қармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Р/с№

Жер учаскесінің ауданы

(га)

Жер учаскесінің орналасқан жері

1. 0,3001 Астана қаласы, Манас көшесі (жобаланудағы), № 4 және 21 учаскелер

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы «26» ақпандағы

№ 197-291 қаулысына қосымша

1. Астана қаласы Білім басқармасының «Ар-ман» сауықтыру-спорт лагері директоры лауа-зымына – 1 бірлік (лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылдарына байланысты – 71 832 теңгеден 79 424 теңгеге дейін).

Лауазымдық міндеттері. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, ұйым жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қосымша білім беру ұйымына басшылық етеді. Мәдени-демалыс қызметі, дене тәрбиесі мен спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беру, коммуникативтік қызметтерді көрсету жұмыстары мен құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігін ұйымдастырады. Қазіргі заманғы басқару әдістері негізінде жұмысты болжамдайды және жоспарлайды. Ұйымдағы тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық етеді.

Білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі жақын және алыс шетелдердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын айқындайды, қосымша білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асы-рады. Педагог қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуына есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналасты-руды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмасты-ратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Кон-ституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 568 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 болып тіркелген «Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының бейінін және оның ерекшеліктерін; жеткіншек және жасөспірім кезеңінің жас ерекшеліктерін; әртүрлі әлеуметтік ортадағы психологияны, әлеуметтануды және жұмыс ерекшеліктерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін, экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін ақыл-кеңес өткізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмыстарды ұйымдастыруды, педа-гогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымының және практиканың жетістіктерін, эконо-мика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педа-гогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық лауазымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жергілікті газеттерде хабарландыру жарияланған күннен кейін 15 күн ішінде 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 722-кабинетке тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефондары: 55-68-55, 55-68-57.

Негізгі қызмет түрлері: Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық ұйымдарда Кәсіпорын мүддесін білдіреді, шарттар мен өзге де мәлімелер жа-сайды, сенімхаттар береді, банктік есепшоттар ашады, кәсіпорынның ағымдағы және алдағы жоспарларын, қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын қарайды және бекітеді. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу мен жазалау шараларын қолданады, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кәсіпорын Жарғысына сәйкес өзге де міндеттер орындайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғарғы кәсіптік білім, осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларына және басшы лауа-зымдарында бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.

Конкурс бұқаралық ақпарат құралында («Егемен Қазақстан» газеті 2003 жылғы 18 шілде, «Казахстанская правда» газеті 2003 жылғы 15 шілде) жарияланған 2011 ж. 8 қараша № 1353 «Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және атестаттау ережесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және атте-статтау ережесінің негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Мәдениет басқармасында конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізіледі.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізу кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын; 2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін

(жалпы және ерекше бөлімдер);3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-1 Заңын;

4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1-наурызындағы № 413-ІV Заңын;

5) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурызындағы № 349-1 Заңын;

6) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 ж. 21 шілдедегі № 303-ІІІ Заңын;

7) Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық кесімдерін білетіндігі тексеріледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында (газет) жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000 Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,11. 757-бөлме.

Анықтамалар үшін телефон: 55-67-75, 55-74-11

1. Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) төрағасы Астана қаласы әкімінің орынба-сары, ВАК мүшелері «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы», «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы», «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспек-ция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, «Астана қаласы «Алматы» ауда-ны әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратты», Аста-на қаласының Кәсіпкерлік палатасы өкілдері, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi болып табылады.

2. ВАК құрамының саны 11 адамнан тұрады, бұл ретте ВАК мүшелерінің үштен екі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. ВАК хатшысы ВАК мүшесі болып табылмайды.

3. ВАК–тың жұмыс органы «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

4. ВАК–тың Жұмыс органы:1) субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдау

басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және құжаттарды қабылдау мерзiмi мен басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК жұмыс тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жария-лауды қамтамасыз етедi;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес субсидия алушылар тізіміне қосу үшін Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден (бұдан әрі – АШТӨ) өтінімдерді қабылдайды;

3) өтiнiмдерді АШТӨ алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ВАК қарауына енгiзедi. АШТӨ құжаттар жиынтығын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар 5 жұмыс күні ішінде АШТӨ-ға пысықтауға қайтарылады.

5. Субсидиялауға жататын тыңайтқыштар және (немесе) гербицидтерді Жұмыс органы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асы-

рады және ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге құжаттарды қабылдау күнi толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама берiледi.

6. ВАК Жұмыс органы ұсынған құжаттарды ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi суб-сидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны Астана қаласының әкiмiне (бұдан әрі – Әкім) бекiтуге жiбередi. Бұл ретте субсидиялауға жататын көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне тең белгiленедi.

7. Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда Жұмыс органы АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.

8. ВАК үш жұмыс күнi iшiнде Жұмыс органы ұсынған құжаттарды қарастырып, субсидияларды алуға үмiт артқан АШТӨ тiзiмiн жасайды, басым-ды ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялау көлемiн бөледi, Әкiмге бекiтуге жібередi.

9. Субсидиялар алу үшiн АШТӨ егiс науқаны аяқталғаннан кейiн, белгiленген себу мерзiмiнен кешiктiрмей, Жұмыс органына дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны тура-лы жазбаша ақпарат ұсынады.

10. Жұмыс органы ақпаратты алғаннан кейiн өскiндердiң болуын, сондай-ақ, АШТӨ-нiң егіс айналымына алаңдарды орналастыру картасында (сызбасында) көрсетiлген егіс айналымдарының сақталуын көзбен шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде ВАК мүшелерiнiң шаруашылықтарға баруын ұйымдастырады. Себу алаңдарының мәлiмделген көлемге сәйкестiгiне АШТӨ жауапты болады.

11. ВАК тексеру қорытындысы бойынша егістікті қабылдау актiсiн (бұдан әрі – Акт) үш данада жасайды, оның бiреуi АШТӨ-де, бiреуi – ВАК-та және бiреуi – Жұмыс органында қалады.

12. ВАК Актi негізінде және АШТӨ Жұмыс органына ұсынған құжаттарды егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде субсидиялар алуға АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн құрастырады және Әкiмге бекiтуге жол-дайды.

13. АШТӨ-нi тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, тексеру жүргiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде Жұмыс органы АШТӨ-ге бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi.

Page 11: 23 (3228) 2015-02-28

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2015 жылғы 15 сәуірден бастап елорда аумағында орналасқан, жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 2015 жылы субсидия алу үшін құжаттарды қабылдайды.

Өтініштерді және өтінімді қабылдау мерзімі 2015 жылдың 15 сәуірден бастап 20 маусымға дейін мына мекен-жайда қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11 үй, 203 бөлме.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 55-54-84, факс 8 (7172) 55-72-87.

Астана қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Астана қ. коммуналдық меншік қоры» МКК ШЖҚ «Аквапарк» ЕМКК бойынша банкроттық туралы мәселе қозғалды. БСН 011140007430. Кредиторлардың талап-шағымдары мына мекенжайда қабылданады: Астана қ., Тәшенов көш., 25-үй.

рапшылар, қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері, Қазақстан Республикасындағы діни қызмет жайында, ислам құндылықтары мен қазақи дәстүрдің ұштастығы, діндарлықтың жаңа формалары сынды маңызды тақырыптар көтерілді. Со-нымен қатар, тақырыпқа сай бейнефильм-дер көрсетіліп, ой-пікірлер, ұсыныстар ортаға салынды.

Айта кету керек, Астана қаласының Жас тар саясаты мәселесі басқармасының жетекшілігімен өткізіліп отырған шараға Мәдениет басқармасы мен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры тікелей атсалысты. Жастар мен дін мәселесін көтеретін мұндай маңызды шаралар жыл бойы жалғасын таппақ.

Жайық НАҒЫМАШ

ЕҰУ оқытушысы, қалалық Ардагерлер кеңесі жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі В.Алексеев, қалалық ардагерлер коллегия-сының мүшесі Б.Душаев, Алматы ауданы про-куратурасының өкілі А.Әміршин қатысты.

Кездесу қонақтары оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымына қатысты түсінік беріп, оған тосқауыл қоюдың жан-жақты шаралары туралы, осынау тоғышар құлыққа қарсы бітіспес күрестегі жастардың алатын орны мен рөлі жайында кеңінен әңгімеледі.

Оқушылар көтерілген тақырыпқа аса ынта-лылық танытып, көкейлерінде жүрген көптеген сұраққа тиянақты жауап алды.

Жетегек БАЯНҰЛЫ

Оған Алматы аудандық «Нұр Отан» пар-тиясы филиалының қоғамдық кеңес мү шелері, ардагерлер – құқықтанушы Қ. Кен жеболатов,

«Конгресс-холл» сарайында «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге елімізге танымал теологтар, дінтанушы са-

Page 12: 23 (3228) 2015-02-28

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

4-6.03 1830

29.03 1830

8.03 1830

10.03 1830

14.03 1830

15.03 1830

20.03 1830

21.03 1830

22.03 1830

25.03 1830

26.03 1830

28.03 1830

31.03 1830

17.03 1200 1400

18.03 1200 1400

19.03 1000 1200 1400

11.03 1700

12.03 1600 1830

13.03 1500 1830

ПРЕМЬЕРА!

ПРЕМЬЕРА!

ПРЕМЬЕРА!

ПРЕМЬЕРА!

ПРЕМЬЕРА!

08.03 1900

04.03 1900

05.03 1900

07.03 1900

06.03 1200

07.03 1400

08.03 1400

01.03 1900

04.03 1900

08.03 1600 1900