20
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] ŸƋƈƓſ ť ! :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 31 ÂÆÊÒÆμ 20 ÎÁÔÑÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü ĩâéâĨýîýé âôôâï Īâéâïýîýé ðôôâï ôĮóñçóćï

№31 (3088) 2014-03-20

  • Upload
    -

  • View
    248

  • Download
    9

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №31 (3088) 20 наурыз 2014 ж.

Citation preview

Page 1: №31 (3088) 2014-03-20

!

31 20

Page 2: №31 (3088) 2014-03-20

814401 «Астана Опера» мемлекеттік опера және ба-лет театрын-да Наурыз мейрамына арналған «Ән шашу» концерті өтті.

Ұлттық академиялық кітапханада «Құнды тар-ту» атты кітап сыйлау акциясы өтеді.Басталуы: 15.00-де

«Қазақстан» спорт сарайы. КХЛ чемпио-наты Гагарин кубогының екінші айналымдағы плей-офф ойыны. «Ба-рыс» - «Салават Юлаев» (Уфа).Басталуы: 17.00

Астана қаласында бүгінгі күнде осынша адам тұратыны тіркелген.

Кәсіпкерлермен кездескен Сапар Қайратұлы Елбасының тапсырма-

сымен шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты елімізде көптеген шаралар қолға алынып жатқанын, соның бір айғағы –2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаң-тарына дейін шағын және орта бизнес субьектілерін тексеруге мораторий жария-лануы екендігін алға тартты.

– Президенттің бұл тапсырмасы – кәсібін жүргізіп отырған әр азаматқа үлкен көмек. Мұндай істен «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалы да сырт қала алмады. Бұл – жұмысымыздың басы ғана. Алдағы уақытта алдын ала жасалған кесте бойынша қаладағы барлық сауда орындары мен базарларда жұмыс істейтін кәсіпкерлермен ұдайы кездесу өткізіп тұратын боламыз, –деді Сапар Ахметов.

Партияның қалалық филиалы жүргізген көшпелі қоғамдық қабылдау жиынына елорданың Ішкі істер департаменті, Про-куратура, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қаржы полициясы секілді

Қазақстанның шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізімін статистикалық саралау нәтижесінде елордалық емдеу мекемесі осындай құрметті атаққа лайық болып танылған. Сонымен қатар, форум аясындағы «Ак-тивтер мен міндеттемелер көрсеткіштері» аталымындағы «Алтын рейтингке» де енгізілген.

Жоғары атаққа ие болған ауруханада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге «Жыл маманы» ресми ұлттық сертификаты және «Тиімділік үшін» төсбелгісі табысталды. Осылайша, бір топ ақ халатты абзал жандар Наурыз мейрамы қарсаңында үлкен қуанышқа бөленді.

Оқушылар «Адам іздеп жүр-мін», «Жүректегі жазулар», «Махаббат хаттары» кітап та-рынан үзінділер оқып, көкей-ле ріндегі сұрақтарына жауап алып, толғаныстарымен бөлісті. Жас ақын Еңлік Айымғазы ақынға жыр шумақ тарын оқып, көпшілікті өнерімен тәнті етті. Кеш соңында тәжірибелі ұстаз, шебер ұйымдастырушы На-

зым Ділтайқызы аузы дуалы ақыннан мектеп түлектеріне ақ батасын алды. Адам бойын -дағы ізгі қасиеттердің құдірет-ті лігін жырлаушы ақын мектеп ұжымына ризашылығын біл-діріп, бірнеше кітабын сыйға тартты.

Ләззат ІЛИЯСОВА, қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Наурыз мерекесі аясында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін 950 адамға және Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне жалпы көлемі 2 миллион 750 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, 22 наурызда медициналық-әлеуметтік мекемелердің қамқорлығындағы 30 мүгедек және жетім баланың қатысуымен «Нау рыз-думан» мерекелік қойылымы көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа қызығушылығы да назардан тыс қалмайды. 25 мүгедек «Наурыз мейрамы – көктем мерекесі» ұранымен өтетін салтанатты іс-шараларға және тоғызқұмалақ пен шахматтан жарыстарға қатысады.

мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Билік өкілдеріне мұңын шаққан жеке кәсіпкерлер орталық базардың арендалық құны аяқ астынан көтеріліп, әбігерге салып қойғанын айтты. Ол ол ма, саудагерлер электр шамын жаққанымыз үшін әрқайсымыз айына 10 мың теңгеге жуық ақша төлейміз деп қынжылып отыр. «Бұл базар алғашында адам аяғы тимеген иен дала болатын. Біз жоқтан бар жасап, әупірімдеп аяғымыздан тұрдық. Сол кезде сатып алған орнымызды базар әкімшілігі өзімізге қайтадан сатпақшы. Олар басымызға әбден шығып алды. Қылт етсе айыппұл салады. Қарсы сөз айтсаң, базардан қуып жібереміз деп қорқытады. Енді келіп аукцион дегенді шығарды. Оның бағасы удай. Біздің де қолымызға қарап отырған отбасы-мыз, бала-шағамыз бар. Артық жатқан ақшамыз жоқ» дейді кәсіпкерлер жы-ларман болып.

Жиында сөз сөйлеген Астана қалалық Қаржы полициясы департаменті

Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашу басқармасының бастығы Бақытжан Байханов Орталық базар әкімшілігі кәсіпкерлерге айыппұл салуға ешқандай да құқығы жоқтығын, бұл тек тиісті мемлекеттік органдардың өкілеттілігіне жататынын жеткізді. «Сіздерден жинаған қомақты қаржы қайда кетіп жатыр? Ақша жинау қаншалықты заңды? Біз осы мәселелерді бүгіннен бастап егжей-тегжей тексеріп, тиісті шешімдер қабылдайтын бола-мыз» деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкер азаматтардың арыз-шағымын «Нұр Отанның» қа ла лық филиа лы да ескерусіз қалдырмауға уәде берді. Сапар Қайратұлының айтуынша, кез келген бизнестің дамуына мемлекет мүдделі. Сондықтан, кәсіпкерлерді қолдап, олардың кәсібі алға басуына партия қолдан келген көмекті көрсетуге әзір.

Қымбат НҰРҒАЛИ

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] na-akshamy.kzna-akshamy.kz

!

Page 3: №31 (3088) 2014-03-20

Алдымен сөз алған Қазақстан халқы ассам-блеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов баршаны Нау рыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі. Осының алдындағы сессияда Қазақ-станның 2020 жылға дейінгі даму стра те гиясы қабылданғанын еске салды. Ассам блея-ның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындап, қоғамдық келісімді нығайту екенін айтқан ол, ұйымның алдағы 20 жылдық мерей-тойына қызу дайындық басталғанын жеткізді.

Оның айтуынша, қоғамдық келісімді нығайту ісі әсіресе ел аймақтарында белсенді жүргізіледі. Ол үшін әр өңірдегі Достық үйлерінің жұмысын дамыту тұжырымдамасы дайындалған. Сондай-ақ, ассамблея аймақтарға инвестиция тарту ісіне өз үлесін қоспақ екен. «Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімімен келісімге келдік. Сол облысқа

Оңтүстік Кореядан инвестиция тартпақпыз. Біздің мақсатымыз – сол елдің қаржысын Қазақстанның экономикасына жұмыс істету. Сол үшін Қазақстандағы корейлердің этномәдени бірлестігінің жетекшісі Роман Ким 2 апта бойы Шығыс Қазақстанда болады» деді ол жөнінде Ералы Лұқпанұлы.

Болашақта ассамблея Германиядан да инвес-тиция тартуы мүмкін. Төраға орынбасарының сөзінше, ол жаққа көшіп кеткен Қазақстан тумаларымен тығыз байланыс орнаған. Оның сөзін толықтыра кеткен Егор Каппель тарихи отандарына оралған қандастарымен жиі арала-сатынын, олар Қазақстанды сағынатындарын айтты. Тіпті, кейінгі 2 жыл ішінде 3 мың неміс елімізге қайта оралған екен.

Ассамблеядан сайланған тағы бір депутат Ах-мет Мұрадов посткеңестік елдер де Қазақстан үлгісіне қарап, ассамблеяға ұқсас ұйымдар құрғанын, алайда, ол ұйымдар еліміздегідей жүйелі жұмыс істемейтінін жеткізді.

Зухра Саяпова ассамблеяны «Тұрақтылық аралы» деп атаса, оның сөзін Орталық ком-муникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев «Тұрақтылықты экспорттаушы» деп дамыта түсті.

Надежда Петухова еліміздегі бірлік мәсе-лесін жоғары бағалады. Ералы Тоғжанов «Хал-қы мыз ішкі рухани келісімнен айырылмаса, алмас қамалымыз болмайды» деп брифингті қоры тын дылады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Бетті дайындаған: Ғалым ҚОЖАБЕКОВ. Дерек көздері: www.astana.kz, www.inform.kz, www.baq.kz, www.24.kz

-

-

-

Бұдан басқа, астаналықтар мен қала қонақтары бірқатар спорт жарыстарын та-машалай алады. Атап айтқанда, 18-23 нау рыз аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде таэквондодан жасөспірімдер ара-сында ашық қалалық жарыс, 20- 21 наурызда шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысы, 21-25 наурызда «Қазақстан» спорт сарайында су до-бынан ҚР чемпионатының шешуші кезеңі өтеді.

22-26 наурызда «Сайран» футбол алаңында балалар мен жасөспірімдер арасында футбол турнирін тамашалауға болады. 22 наурызда «Астана-Арена» стадионында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командаларының кездесуімен ҚР чемпионатының жаңа маусымы ашы-лады. 23-29 наурыз аралығында «Кеден» спорт кешенінде ерлер арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының төртінші кезеңі өтеді. Жеңіл атлетика жанкүйерлері үшін де Наурыз мейрамында тартысты жарысқа куә болмақ. 23 наурызда Астаналық саябақта 10 шақырымға жүгіруден IV қысқы Астана ку-богы өтеді. Ал 24 наурызда «Дәулет» спорт комбинатында теннистен халықаралық жарыс басталады. Наурыз мейрамына орай спорттық іс-шаралардың шеңберіндегі соңғы жарыс 25 наурызда «Еуразия» спорт кешенінде балалар үйлері шәкірттері арасында шағын футболдан турнирі болмақ.

Ұлыстың ұлы күніне орай өтетін тағылымды шараның бағдарламасына «Ең дәмді Наурыз-көже», «Ең дәмді бал қымыз», «Ең тәтті бауырсақ», «Ең дәмді самаурын шәйі», «Ақ тілек, Наурыз бата», «Ұлттық би», «Наурыз мейрамы» туралы ақындар айтысы, «Киім пірі-кимешек», «Бұрымды қыз», «Аталар сөзі – ақылдың көзі» мақал-мәтелдер, «Наурыз-шуақ» балалардың сурет салу және «Атадан қалған

ұлы мұра» қол өнер және «Спорт ойында-ры» байқаулары еніп отыр. Бұл байқауларға өз өнері мен шеберлігін көрсетемін деушілер қатыса алады. Ал қатысып көзге түскен ұжымдар мен жекелеген азаматтар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталатын болады. Олай болса, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде өтетін тағылымды той-думаннан табылайық, ағайын.

3www.astana-akshamy.kzwww.astana-akww.astana-akw

!

Жол Бейсекова көшесінің аталмыш бөлігіндегі су жүретін темір бетонды құбырларды жаңарту жұмыстарына байланысты жабылып отыр. Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге кептелекке түсіп қалмас үшін жолын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Құрылыс кезінде көлік иелерін ақпараттандыру мақсатында тыйым салу және ескерту белгілері қойылады.

Колледжде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді бағалау, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру жолында ерен істер атқарылып жатқанын қонақтар көзбен көріп, сүйсініп отырды. Колледждің оқытушылары мен студенттері қойған мерекелік концерт жоғарғы деңгейде болды. Әсіресе, арнайы жасалған сахнадағы ұлттық дәсүр бойынша көрсетілген көріністер көрерменге ерекше әсер сыйлады. Шара соңында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасынан қатысқан өкіл Көлік және комму-никация колледжінде өткен Наурыз мерекесіне өте жоғары баға берді.

Азат ЕСЕН

Page 4: №31 (3088) 2014-03-20

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

!

2013 жылы Астананың ішкі өңір-лік өнімі 2 трлн 700 млрд теңгені құрады. Макроэкономикалық өсім 6,5 пайызға жетті. Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары құны 263 млрд теңгеге тең өнім шығарған. Экономиканың нақты секторында 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, орташа номиналды еңбекақы 159 мың теңгені құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің шаруасы алға жылжып, бұл са-лада 190 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, мемлекеттік бюджетке қаламыздан 610 млрд теңге т үскен. Қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің ай-туынша, бұл көрсеткіштердің қағазға түскен саны емес, әрбір астаналықтың әл-ауқатына тигізер сапасы әлдеқайда маңызды.

2013 жылы Астананың «Индус-триялық парк» аумағында сегіз жаңа өндіріс орны ашыл ды. Соның арқасында қаланың өнер-кәсіп өнді рісінің көлемі соңғы үш жыл ішінде екі еседен артқан.

Апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді сүріп тастау жөнінде ар-наулы бағдарлама қабылданды. Осылайша тұңғыш рет нарықтық негізде қаражатты мемлекеттік бюджетке толықтай қайтару шарты бар жоба басталды. Нәтижесінде он бір апатты үй тұрғындары жаңа пәтерлерге кіріп, 139 отбасы қоныс тойларын тойлады.

Қала маңын дамыту бағдар-ламасы бойынша Күйген жар, Қазақ ауылы және Пригород-ный елдімекеніндегі жұмыстар толықтай аяқталды. 2020 жылға дейін осы сала бойынша іс жүзінде

қалаға қосылған кенттердің барлығы да абаттандырылады.

Қаланың қауіпсіздігі аясында ауқымды жоба жүзеге асырыл-ды. Енді, Астана қауіпсіздіктің жоғары технологиялық, ақ па рат-тық, инфра құрылымдық жүйесі қалыптасқан үздік қалалар қата-рына кіреді.

Елорда экологиясын сақтауға бағытталған әлеуметтік мәні бар жоба – барлық автобус паркін газ жабдығына жоспарлы түрде көшіру басталды.

Қала үшін өте маңызды нысан – Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға беріліп, Батыс жартылай айналма жол салу жобасы тәмамдалды. Өз кезегінде Сарыарқа және Тұран даңғылдарындағы көлік ағыны тәулігіне 30 мың автомобильге дейін азайды.

Қазіргі кезеңде қалада тұрғын үй құрылысы екі мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылуда. «Қолжетімді бас-пана – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы «Тұр-ғын үй құ рылыс жинақ банкінің» желісі бойын-ша жалпы алаңы 25,5 мың шаршы метр 477 пәтерлі үш тұрғын үй кешенінің қ ұ р ы л ы с ы а я қ т а л д ы .

Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында 4180 пәтерлі 11 тұр-ғын үй салынып жатыр.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қазір жалпы алаңы 261,5 мың шаршы метр бола-тын 5674 пәтердің құрылысы аяқталды. Алдағы уақытта 2384 пәтер пайдалануға бе-ріледі деп күтілуде.

Былтыр елордамыз 15 жыл-дық мерейтойын атап өтті. Осы уақытқа дейін бас шаһарды дамытуға қаншама инвести-ция тартылды. Бүгінде оның экономикалық пайдасы қаланы одан әрі кемелдендіру жолы-на жұмсалуда. Жалпы, Астана аяғынан нық тұра бастаған күннен бастап оның экономи-касын көтеруге 4,8 трлн теңге салынған екен. Ал, биыл шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім мөлшері 1 трлн 100

млрд теңгеге жетіп, екі есеге артты. Халықаралық «Moodys» агенттігінің зерт-теуінше, 2013 жылы Астана қаласының кредиттік рейтингі «тұрақтылық» дәрежесінен «жағымдылық» дәрежесіне көтеріліп, тиісінше қарызы аз, экономикасы қарқынды қала ретінде танылды. Бұл Ас-тананың өзін-өзі қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеп отыр. Бұйыртса, елордамыз донор қалалардың біріне айналады.

2013 жылы 1880 орындық сегіз балабақшаның құрылысы аяқталды. Биыл тағы 15 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі іске қосылады. Президент тапсырмасына сәйкес, 2013 жылы 4 орта мектеп пайда-лануға берілсе, ағымдағы жылы 9 мектепті тапсыру жоспарда бар.

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында емханалар жүктемесін азайтуға барынша мән берілуде. 2012-2013 жылдары екі аурухана мен екі емхана пайдалануға берілді. 2014 жылдың екінші жартысында сол жағалаудағы 500 орындық амбулаториялық-емханалық ке-шен мен Ильинка кентіндегі және Досмұхамедов көшесіндегі емхана-лар пайдалануға беріледі. Бұған қоса, қала үшін қажетті, мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері салыну-да. Мәселен, 250 орындық емханасы бар Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы 2015 жылы пайдалануға беріледі. Балалардың жұқпалы ауру-лар ауруханасы биыл тапсырылса, Туберкулезге қарсы диспансер 2016 жылы іске қосылады.

Бетті дайындаған: Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Page 5: №31 (3088) 2014-03-20

5www.astana-akshamy.kz

!

Еуразиялық одақ әу бастан-ақ бәсекеге қабілетті ғаламдық экономикалық бірлестік ретінде құрылуға тиіс. Бізді «модернизаци-яны қуып жету» принципіне ғана сүйенетін дамушы елдердің жиынтығына айналуға үміттің пайда болуы да, өзге әлемге табиғи ресурстар жеткізіп тұратын экспорттаушыға айналу идеясы да қанағаттандыра алмайды. Әлем жаңа технологиялық революцияның табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақстан индустриялық-инновациялық дамудың же-делдетілген бағытын ұстанды. Біз бола шақ-тағы ұлттық инновациялық экономиканың діңгегі ретінде заманауи талапқа сай өнімді күштердің жаңа құрылымын жасап жатыр-мыз. Ресей және бірқатар ТМД елдері де өз алдына осындай мақсат қойып отыр. Сондықтан, біздің Бірыңғай экономикалық кеңістігіміз инновацияның және қуатты технологиялық серпіндердің территориясына айналуы маңызды. Бұл үшін модернизацияның және еліміздің инновациялық дамуының жал-пы алгоритмін құру қажет. Бұған Франция, Германия, Ұлыбритания елдерінің 1970 жылы құрылған «AIRBUS» аса ірі халықаралық авиақұрылыс консорциумы мысал бола ала-ды. Кейіннен оларға Испания қосылды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша «AIRBUS» тасымал және ұшаққа тапсырыс беру бо-йынша америкалық «Боинг» және «Лок-хид» сынды компаниялардан басым түсті. «AIRBUS» компаниясының жыл сайынғы табысы 30 миллиард еуроға жетеғабыл. Компанияның бүтін Еуропада орналасқан кәсіпорындарында 53 мың адам жұмыс істейді. 2006 жылы «AIRBUS»-тың барлық акциялары ЕО елдерінің үкіметтерімен және ұлттық компанияларымен қаржыландырылатын Еуропалық «ЕАDS» аэроғарыштық консор-циумына тиесілі.

Дания мен Швеция Сканда бірлескен ин-новациялық орталық, «медикондық алқап» құрды. Бүгінде ол – түрлі зертханаларды, коммерциялық құрылымдарды, өндірістік кәсіпорындарды қамтитын Еуропадағы ең қуатты кластер. Бұл жерде құрамында 300 түрлі компания, 14 университет және 26 медициналық емханасы бар жеті ғылыми парк жұмыс істейді. Бізге дәл осылай халықаралық инновациялық орталықтарды ынталандыруға және жаңа технологияларды бірлесіп жасауға, жеке салалар бойынша екіжақты келісімдер арқылы бірқатар маңызды жобаларды біріге жүзеге асыру керек деп есептеймін.

Еуразиялық одақ еуроатлантикалық және азиялық даму аймағын жалғайтын мықты орталық болып қалыптасу ке-рек. Экономикалық жағынан біз Еуроодақ, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның жылдам дамып келе жатқан эконо-микасы арасында көпір бола аламыз. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі салынып жатыр. Уақыт өте келе бұл күретамырдың бойына заманауи көліктік-логистикалық жүйе салынатын болады. Ал ол өз кезегінде Еуропа мен Қытай нарығына тауарларды жеткізу уақытын 3,5 есеге дейін қысқартады. Болашақта жылдамдығы жоғары транс еуразиялық теміржолдың салынатыны да сөзсіз. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Еуропалық одақпен, Қытай Халық Республи-касымен, Жапониямен және Үндістанмен өзара ынтымақтастығын кеңейту тараптардың бәріне тиімді.

Еуразиялық одақ жаңа ғаламдық қаржы-валюталық жүйенің бір бөлігі бола ала-тындай жеткілікті дәрежедегі аймақтық қаржылық бірлестік болып құрылуы керек. Еуразиялық одақ пен еуроаймақты қанша сынап жатса да, ортақ валютаның арқасында олар дағдарыста өздерінің мығым екенін, жеке қабілеттерін көрсете білді. Біз қазір қиыншылыққа тап болған мемлекеттерге Еуроодақтың қолдау көрсетіп отырғанын көріп отырмыз. Ғаламдық рецессияның жаңа толқыны болуы мүмкін екенін және оның салдары тіпті күрделі болатынын ескерсек, бұл идея өзекті болып қана қоймай, нақты шешімді

қабылдауды қажет етіп отыр. Ерекше атап өткім келетіні, Еуразиялық одақ аясында валюталық одақ құру арқылы біз интеграцияның жаңа кезеңіне өтіп, қазіргі Еуропалық одақтың деңгейіне жақындай түсеміз. Біздің ең негізгі міндетіміз – біздің одақтың өміршең екендігіне нақты істер арқылы көршілеріміздің көзін жеткізуі. Сонда ғана біздің құрамымыз үш мемлекеттен әлдеқайда көп болмақ.

Геоэкономикалық, болашақта геосаяси ықпалдастыққа ұласатын еуразиялық интеграция эволюциялық және ерікті жол-мен жүруі керек. Интеграцияны жасанды жолмен жеделдету, жекелеген елдердің басқа бір тараптың түрткісімен мүшелікке кіруі тиімсіз болады. Бірыңғай еуропалық нарық 40 жылға жуық уақытта қалыптасқанын естен шығармағанымыз жөн. Еуразиялық интеграцияның платформасы айтарлықтай кең. Оның құрамына сан түрлі формадағы, әртүрлі мақсаты мен міндеті бар мемлекетаралық бірлестіктер – ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кедендік одақ – Қазақстан, Беларусь, Ресейдің біріккен экономикалық кеңістігі және тағы басқа ұйымдар сыяды. Басқа да құрылымдардың пайда болуы әбден мүмкін. Мысалы, өз басым Орталық Азия одағын құрудың жақтаушысы болып қала беремін. Бұл құрылымның құрылуымен аймақтағы елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму проблема-лары өз шешімін табады деп ойлаймын. Өз кезегінде Орталық Азия елдері азаматтарының әл-ауқатын жақсартып, аймақтағы күрделі мәселелердің шешілуіне септігін тигізер еді.

Еуразиялық одақтың құрылуы тек қана қоғамның жаппай қолдауына бай-ланысты болуы керек. Біздің елдеріміздегі «еуразооптимистер» мен оған сын көзбен қараушылардың болуы заңдылық. Олардың арасындағы пікірталастар интеграциялық үдеріске сергек қарауға өз көмегін тигізеді. Сонымен қатар, еуразиялық интеграциянын халықтық сипатын да нығайту маңызды. Яғни, еуразиялық көлемдегі қоғамдық бірлестіктердің санын көбейту қажет. Мысалы, ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесінің базасында еуразиялық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің конгресін құруға болады. Кедендік одақтың үш елінің форматында еуразиялық сауда-өнеркәсіп па-латасын құру да артық етпес деп ойлаймын. Олардың кеңселерін Астанада орналастыруға болады. Осы бағыттағы жұмыстарды күндіз-түні таралатын «Еуразия-24» жаңалықтар арнасын құрудан бастау керек. Бұл өз еліміздің азаматтарын интеграция жұмысы туралы объективті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін маңызды. Рас, бұл қаржылық жағынан шығын, біраз жүк болуы мүмкін. Бірақ еуразиялық интеграцияның бастамашысы ретінде орта-лықтың Қазақстанда шоғырлануы әділетті болар еді. Орталық кеңсенің Қазақстанда ор-наласуы біздің еуроазиялық одаққа байланысты түрлі күдікті де сейілтеді. Ортақ ұйымға үлкен сенім қалыптастырады. Кезінде ТМД-ның штаб-пәтерін Минск қаласына орналастыру ту-ралы шешім де дәл осындай негізде қабылданған болатын. Еуропалық одақтың штаб-пәтері Брюссельде орналасуы да кездейсоқ емес.

Жамаладен ИБРАГИМОВ,ҚР Заң шығару институтының

жетекші ғылыми қызметкері

Page 6: №31 (3088) 2014-03-20

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

!

Қысы аязды, жазы аптап шығыс Анадолының күнгей шет-қиырларында тұра тын

ауызы дуалы қариялардың әңгі ме-леріне қарағанда, «Джемре» деп аталатын және он екі күн мен тағы жарты күнге созылатын уақыт ара-лығында аспаннан үш рет от тү седі. Халқымыздың «Джемре түссе, қыс пен көктем бір-бірінен ай рылады», «Джемре – жаздың хабаршысы» деуі осыдан болса керек.

Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек бо ранды ақпан айының екінші он күн-ді гінде алғашқы Джемре ауаға түседі, яғни, ауа жыли бастайды. Осы айдың жиырма жетінші жұлдызында екінші Джемре суға түседі – су жылиды. Жыл аяғында, наурыз айының бесі күні соңғы Джемре жерге түседі, содан кейін жер жылиды. Осы кезде жер асты мен үстіндегі шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа жыбырлай бастайды!

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр ізімен ата-аналарымыз наурыздың алғашқы апталарынан бастап үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңын қағып, жуады. Әсіресе, құрамында мысы бар ыдыс-аяқтарды қалайышыға беріп, тазалатады. 20-21 наурыз түні үйдегі барлық қалайылы ыдыс атаулыны, табақтарды кәусәр бұлақ суына толты-

рады. Оларды үйдің ауласына жауын-шашынсыз, ашық аспанды күні ай мен жұлдыз сәулесінің нұры түссін деген ниетпен игі тілектер айтып таң қылаң бергенше қояды.

«Жыл бойы ақ мол, дән тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп осы суға бидай, тары, арпа, сұлы, жасымық, нұт сынды дәнді дақылдар мен мол ет салып, ас дайындайды. Таза қалайылы ыдыс-табақтарды аққа (сүт, йоғұрт, айран, сүт, сүтлаш т.б.) толтыру дәстүрі де бар. «Су – жасың, ас – үлкенің» дегендей, бұл дәмді алыс-жақын ағайынға, көрші-қолаңға, келімді-кетімді жолаушыларға сый-құрметпен жіберу ғұрпы да сақталған.

Наурыз түні ауыл бойжеткендері үлкен бөлмеге үш шам жағып, өздеріне «Бақыт құсын қондыру» тілегін айтқан.

Күнгей-шығыс Анадолы аңыздары мен әңгімелерін егжей-тегжей білетін көзі қарақты қариялардың айтуын-ша, есте жоқ ескі замандардан бұл күні жер жүзінде су қозғалыссыз тоқтайды екен. «Наурыздың жиыр-ма бірінде таң қылаң берген сәтте Ұлы Көк Тәңірінің өте қысқа мезетте күн секілді нұрлы жүзі су бетінде көрінеді» деседі. Су «Жүзіңді көрдім» дегендей, тына қалады. Осы күннен кейін жақсылықты, қасиет

және құрмет ретінде жаңбыр, қар жауады, мұхит толады.

Кіші Азия даласының құдай ұмыт-қан таулық оңтүстік-шығыс ауыл-дарының көнекөздері былай дейді: «Наурыз – ай десе аузы, күн десе көзі бар, кең маңдайлы, қыпша бел, қос бұрым, сары қолаң шашты, ою-

өр некші бір қыз болып, жеті қабат көк тің үстінде жатқан. Анадолы ша-рының шығыс бөлігінен түнгі сағат жетіден бастап, күн сәулесі се без-гілеп атқан таңғы сағат жетіге дейін батысқа қарай аспан жолымен кет-кен. Сондықтан, Анадолы түріктері Нау рыз түні көктен самал жел ессе

аспан нан нұрдың төгілгені, ырыстың құйыл ғаны деп ырымдайды. Ол ең таза жел саналады. Осы ырымнан бо лар, бақытты Анадолы даласында Нау рыз түні есік пен терезелер ашық болады».

Түрік тектес ежелгі жауынгер тайпалардың арғы аталарынан қалған деректерге сүйенсек, бұл күні ұлы бабаларымыз атының тұяғы жеткен жартасты Ергенеқон таулық өңіріне кіріп, сонда төрт жүз елу жылдай өсіп-өніп, ақырында сыймай, темір тауларды өртеп құлатып шыққан.

Қасиетті Анадолы жерін құша ғы-на бөлеген Наурыз мерекесі түрік тілді мемлекеттерде әр шаңырақтың ырыс-құты, қуанышына айналуда. Келген жаңа жыл түрік тілді ха лық-тарға береке орнатып, бірлі гімізді одан әрі нығайтқай!

Эрол ГЮНЕЙЛИГИЛЬ, зерттеуші- түріктанушы, сәулетші,

Газиантеп қаласы, Түркия

Page 7: №31 (3088) 2014-03-20

7www.astana-akshamy.kzwww.astana-akww.astana-akw

!

Жастайынан ұлағатты ұс-тазы Құрас бек Тыныбе-

ковтен тәлім алған ол бұл саланы тез меңгеріп, алтын қолды хас шебер атанды. Төл туын ды ла ры-ның негізгі арқауы – табиғилық, шынайы лық және тазалық. Барлық бұйым дарында осы үш таған әдемі үйлесіп, керемет көрініс тауып жатады.

Гобеленнің арғы атасы еуропа-лық тар десек те, ол боялған жіптен алуан түрлі ою-өрнектер құрап, тықыр кілем, алаша тоқуды білген қазақ үшін жат өнер емес.

Бәтима апай туындыларын, тіл жетпес сұлулықты қыз-ару, әйел-ана кейпінде өрнектеп жүр. Және бір қызығы, оларды еш жер-ден көшір мей, өз қиялынан са-лады. Бұл турасында өнер иесі: «Үнемі ізденісте жүр ген адам әйтеуір бір сәтте өз ізде ге нін та-бады. Мүмкін, ол бір минут бола ма, санаулы секундта сырғып өте ме, біз – суретшілер соны көңіл көзіне сырт еткізіп басып ала қоямыз. Мысалы, кейбір қыздардың б о й ы н д а ғ ы и н а б а т т ы л ы ғ ы , ізеттілігі, қара пайым дылығы, пәктігі, іңкәрлігі бетінде тұрады. Оған қарама-қарсы сырт кейпі сұлу көрінгенімен, ішінен бір суық есіп тұратын әйелдер де бар. Мен өзім солардың ішінен мейірімділік пен жылылықты, имандылықты тауып алам да, туындыма арқау етіп алуға тырысамын» дейді.

Ол кісі осы өнерінің арқасында ә л е м н і ң б і р а з е л д е р і н а р а -лады. Небір мәдени орындар-да шығармашылық көрмесін ұйымдастырды. Сондықтан, өзіміз бен өзге елдердегі өнерге деген көзқарас туралы сұрағанымызда:

Кешке Астана қаласының әкімдігі, Парламент депутаттары, Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті, Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Республикалық ұлттық ғылыми-әдістемелік орталық, Қазіргі заманғы өнер мұражайы, Тұңғыш Президент мұражайы, Тәуелсіздік сарайы, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестіктері және елорданың басқа да білім мекемелерінен қонақтар қатысты.

Көпшілікке дизайн мамандығы бойынша білім алып жатқан кол-

л е д ж с т у д е н т т е р і н і ң к ө р м е с і ұсынылып, «Ғасырлар мұрасы болған дәстүрлердегі менің дала қ и я л - ғ а ж а й ы п т а р ы м . . . » а т т ы т е а т р л а н д ы р ы л ғ а н м у з ы к а л ы қ қойылым көрсетілді. Сондай-ақ, сах-наға шыққан болашақ «Тігін өндірісі және киім үлгі леу» мамандығы иелерінің қолтума бұйымдары қонақ-тар дың қызығушылығын оятты. «Шаштараз өнері және сәндік косме-тика» мамандығының студенттері де өздері жасаған сәнді шаш үлгілерімен таныстырды. Кес кін деме, тері мен киізден жасалған ұлттық киімдер, кешкі көйлектер, тағы да басқа сту-

дент жастардың қол өнер бұйымдары шығар ма шы лығындағы шалқар ша-бытты көрсетіп тұрғандай.

Мерекелік іс-шара жастардың шығармашылық талантын ынталан-дырып, мамандықтардың мерейі мен имиджін едәуір жоғарылатқандай болды. Бұл көр ме үш жылдан кейін Астанада болатын «ЕХРО-2017» х а л ы қ а р а л ы қ к ө р м е с і к е з і н д е Қазақстанның халық тық-қолданбалы өнерін көрсету мақсатында алдын ала өткізіліп отыр.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Қазір елімізде гобелен жақсы баға ла нады. Себебі, қалталы азамат-тар бұл өнерге ден қойып, үйлерін сонымен сәндейтін болып жүр. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары, мұражайлар, мейрам ха наларға дейін тапсырыс береді. Бағасы картинаның көлеміне, орындалу күрделілігіне байланысты келісімді түрде шешіледі екен. Бәтима апайдың айтуынша, бір туындыға 100-150 жіп қолданылуы мүмкін. Сол кезде бағасы қымбаттау бола-ды. 5-6 ғана жіппен тоқылатын го-белендер, сәйкесінше арзандау. Ал, жіпті өзіміздің Қостанайдан және Белоруссиядан алдырады екен.

Гобелен – өте күрделі өнер. Де-генмен, істiң адамы үшiн ерiншектiк жат. Жасыратыны жоқ, көненiң көзiндей қария әжелер бiр күнде бiрнеше сырмақ сырса да, ешкiм таңғалмайтын. Икемдiлiкпен үндесетiн бұл өнер қолөнершінің ш ы д а м д ы л ы ғ ы н ш ы ң д а й д ы . Әсіресе, өз жаныңнан, қиялыңнан туған дүниелер жіп, бояу таңдаудан бастап, көп еңбекті талап етеді. Сондықтан болар, гобеленшінің қызы суретші Елдана Шалабаева бұл өнерден бірден бас тартып-ты. Бүгінде апайдың осы саланы жетік меңгерген басқа да білікті шәкірттері жетерлік.

P.S. Гобеленнің отаны – Фран-ция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Гобелен мен қазақтың тақыр кілемінің а р а с ы н д а а й т а р л ы қ т а й айырмашылық жоқ. Тек фран-цуздар ерте қимылдап, оны өздерінің төл өнері, бренд ретінде қалыптастырып үлгерген. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.

Еркежан СӘТІМБЕК

тапсырыстар бойынша жұмыс істеуге тура келді. Содан кейін Түркияда үш жыл тұрдым. Олар аса түсіне бермейді. Кейін көргеннен кейін аса ризашылықпен менің туындыларыма «Бәтима ханымның қызлары» деген ат қойып алды. Елге оралғанымда өнерге де-ген көзқарастың көп өзгеріске ұшырағанын байқадым. Қарапайым адамдардың суретті қабылдауынан бастап, суретшілердің жағдайына

дейін біршама жақсарып қалыпты. О л ж а қ т а ж ү р г е н д е т а л а й коллекционерлерді көріп, «бізде неге осындай адамдар жоқ?» деп ойлаушы ем, келсем, ондай жәдігер жинаушылар бізде де бар екен. Нарық қалыптасыпты. Осыдан үш жыл бұрын ғана картиналарды тек шетелдіктер ғана алатын болса, енді өзіміздің қазақтар да өнер ту-ындысына қызығып, сатып алатын болыпты» дейді.

«Рас, мен шетелде көп болдым. Бәлкім, гобелен өнерінің өте сирек кездесетіндігінен болар, әлде өздері осы өнердің отаны болғандықтан ба, әйтеуір Францияда маған деген ілтипат ерекше болды. Шыны керек, ондай ыстық ықыласты өз елімнен көп кездестіре бермегендіктен, біршама уақыт сол жерде қалып едім, қолда бар туындыларымның барлығы дерлік өз иесін тауып, тіпті жетпей қалған соң, арнайы

Page 8: №31 (3088) 2014-03-20

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

!

Әрбір элементінің орналасу ретіне қарап қазақ халқының экономикалық біліктілігі байқалады. Аспан әлемін түндікті түріп қойып бақылап жатқан қазақ оның есептеу жүйесін де жақсы меңгеріпті. Киіз үйдің ішкі дизайнынан оның мәдениет пен өнердегі талғамы тым биік екенін көреміз. Иә, біздің бабаларымыз осындай болған.

Баспана ғана емес сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері сияқты бірнеше өнердің өлшеусіз өрнегі – ғажайып туындының тарихы бүгінде кеңінен зерттелуде.

Қазақ даласында өмір сүрген атақты хандар мен билер, байлар орда тігіп, салтанатты өмір сүрген. Тарихтан мәшһүр, Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ор-дасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған ақ шатырлар

көп болған. Дәулетімен даңқы шыққан Орта жүз Тоқа Байсақал да қызын ұзатқанда арнайы отау әзірлетіпті. Бұл жайлы белгілі этнограф, ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әдемі суреттейді:

«Байсақалдың қызы Сапақтың орда-сына келін болып түскенде бес отау, бір алтын шатыр, жеті жетіммен түсіпті. Сонда қыздың өзіне арнаған отаудың уығын атпен жүріп байлаған. Керегенің басында тұтам күміс, аяғында тұтам күміс, уық қанша болса уықтың бау өткізер жерінде тұтам күміс, қаламында тұтам күміс, шаңырақтың өзінде де, күлдіреуішінде де тұтам күміс. Түйе ауғанда, түйе басына екі бұрау – ұзындығы уықтай ағаш, оның екі ба-сында да тұтам күмістен болған».

Жақсы Жаңғұтты, Саққұлақ би, батыр Ерден, Тұрысбек қажының қасиетті қара шаңырағы да асқан сән-салтанатымен қазақтың дархандығын танытып тұрғандай! Тіпті ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Шоқан Уәлиханов та кезінде айтып кеткен.

Киіз үй қазіргі уақытта да дүниежүзінің назарын аударып, халықаралық э т н о г р а ф и я л ы қ к ө р м е л е р д е «экологиялық таза үй» ретінде бүкіл әлемді таңдай қақтырып отыр.

О ғ а н д ә л е л , 1 8 6 1 ж ы л ы П а р и ж д е г і дүниежүзілік көрмеге киіз үй апарылғанда еуропалықтар таң қалған екен. Сонда киіз үйіміз тұңғыш рет бәйге ол-

жалап қайтқан. 1876 жылы Мей-рам қажы Жанайдарұлы (Кенесары ханның бас батыры, Жанайдардың бел баласы) Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарған. 1872 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей пат-шасы I Николайға киіз үй сыйлаған. С о н д а й - а қ , Е у р о п а н ы ң Г а м -бург, Франкфурт қалаларындағы мұражайларынан қазақтың киіз үйін тамашалай аласыз.

Ал, жапондықтар киіз үйдің ішінде өмір сүріп жатыр екен. « I n t e r n a t i o n a l D o m e H o u s e » қ ұ р ы л ы с к о м п а н и я с ы е л д і ң сейсмикалық аймақтарына киіз үй қалашықтарын салыпты. Бірақ, киіз үйлер ағаштан емес, арнайы п е н о п л а с т а н қ ұ р а с т ы р ы л ғ а н . Тау бөктерінде, өзен жағасында, табиғаттың аясына салынған бұл

үйлердің негізгі ерекшелігі олар шағын отбасыларға арналған, тез жиналып-құралады. Жылу тем-пературасын бірқалыпты сақтап тұратын, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлерден сақтайтын, қатты желдің қуатына төтеп берердей берік, ешқандай шеге, цементсіз тек қана пенопластан жасалынған. Бүгінде жер сілкінісі жиі болатын аймақтарға келген туристердің көз қуанышына айналған.

Арнайы фото-суреттерге зер салсақ, қуыршақ киіз үйлер іспетті, алайда, үйдің ішкі дизайны заманауи үлгіде. Бір қызығы, сол үйлердің атын атал-мыш компания «Киіз үй» деп заңды түрде бекіткен. Әр күмбезді үйдің бағасы 30 мың долларды құрайды.

Жапондардың қазақ киіз үйіне деген қызығушылығы қалай басталды? Олар алғаш рет маңғыстаулық шебердің қолынан шыққан киіз үйді көргенде таңғалып, бірден Осако қаласындағы этнографиялық мұражайына берген еді. Оны ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізуге де үлестерін қосты.

АҚШ-тың «Colorado Yurt Company» компаниясы отыз жыл-дан астам уақыт бойы қала сырты-на арнайы киіз үйлер салумен айна-лысады. Компания қожайындары Дэн Кигер мен әйелі Эмманың қазақстандық тілшілерге берген сұхбатында, олар 1977 жылдан бері қала өмірінен алшақтап, табиғат аясына көшіп, киіз үй пішіндес дәмханалар, кейін қонақ үйлер сала бастағанын, сол игі бастама-лары бүгінде толайым табыс көзіне айналғанын жасырмады.

Қазіргі уақытта АҚШ-та 75 мың долларға люкс киіз үйлер сатылуда деп хабарлайды отандық баспасөз құралдары. «Rainier» компаниясының «Dream Folly» атты киіз үйі шыны тәрізді түссіз пластмассадан жасалған. Оның ішкі көрінісін әйгілі амери-ка дизайнері Ребекки Визардтың жетекшілігімен өңдеген. Америкада люкс киіз үйлерді сату саудасы нағыз бизнес көзіне айналған, олар тіпті жаңа жылдың қарсаңында да бір-біріне киіз үй сыйлауды игі дәстүрге айналдырған.

Ш е т е л д е р д е о с ы н ш а л ы қ т ы құрметке ие болып жатқан «қара шаңырағымыз» өз елімізде қалай ұлықталады?..

Қазақтың байырғы ата-салтының айқын көрінісі киіз үйімізді

бәзбіреулер «бомждың панасына» не-месе «novate.ru» сайтына «Что общего

у японцев с жителями Чукотки? К узким глазам и маленькому росту добавился еще один «общий» пункт, - и те, и другие жи-вут в круглых домиках-юртах» деп кекесін тіркестермен қанша жазса да бұрышсыз үйдің бренді бағасын еш түсірген емес. Оны 2017 жылы тағы бір мәрте дәлелдейтініміз ақиқат. Мәселен, «Астана ЭКСПО–2017» АҚ жариялаған халықаралық байқауына әлемнің ең үздік 50 сәулетшісінің 100-ге тарта жобасы қатысты.

Оның ішінен «Adrian Smith + Gordon Gill Architecture» компаниясының «Киіз үй» жобасы жоғары бағаға ие болды. Жақын болашақта сәулетті ғимарат ретіндегі киіз үй күллі қазақтың брендіне айналмақ.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Page 9: №31 (3088) 2014-03-20

– ҚАЗІР ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ЕКІГЕ ЖАРЫЛЫП ТҰР. БІР ТОП «БІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ АЙНАЛДЫҚ. ЕНДІ СОНЫ ҰСТАП, САҚТАУЫМЫЗ, КЕЛЕСІ ҰРПАҚҚА АМА-НАТТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ» ДЕСЕ, ЕКІНШІ ТОП «БІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ 2050 ЖЫЛДЫҢ ШАМАСЫН-ДА ЖЕТЕМІЗ. БҮГІНДЕ СОЛ МАҚСАТҚА БЕТТЕП БАРАМЫЗ» ДЕЙДІ. ОСЫ ТҰРҒЫДА СІЗДЕР НЕ АЙТА-СЫЗДАР?

Оразақ СМАҒҰЛ: «Мәңгілік ел» ұғымы еліміздің тарихында ежелден бар. Бұл термин Түркі қағанаты тұсында да қолданылған. Түркілер өздерінің ұлы мемлекетін «Мәңгі ел» деп атағаны тарихтан мәлім. Орхон ескерткіштерінде, Күлтегін жазбаларында да «Мәңгі ел» сөзі ұшырасады. Демек, бұл кездейсоқ келген этнотермин емес. Қазақтар – бағзы заманнан қалыптасқан ұлт. Біздің тарихымыз – өз бой-бітімімізде, өз сүйегімізде таңбаланып қалған. Кейбіреулер «қазақ деген болған емес, бұл – қолдан жасалған ұлт» дегенді ай-тып жүрді. Мұның бәрі – шындыққа жанаспайтын, ғылыми дәлелсіз бос сөздер. Мықты болса, ғылыми дәлелдемелерін алға тартсын.

Мен «Қазақ халқының антро-пологиялық тарихы» атты кіта-бымда қазақтың 4 мың жылдық эволюциялық биоәлеуметтік тари-хын ғылыми негіздемелерге сүйене отырып жазып шықтым. Осыдан 4 мың жыл бұрынғы жерімізде ме-кендеген көне тайпалардың қаңқа сүйектерін қазіргі қазақтардың қаңқа сүйектерімен салысты-ра зерттей отырып, анықталған ұқсастықтар мен антропологиялық және генетикалық байланыстар-ды осы еңбегімде жан-жақты көрсеттім. Сондағы анықтағаным, қазақтардың тек өзіне ғана тән морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар. Генетикалық жағынан қазақ жеке-дара ұлт екені дәлелденді. Осыдан 4-5 мың жыл

бұрын қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың гендік ерекшелігінің үштен бір бөлігі қазіргі қазақтардың бойында сақталып қалған. Демек, бүгінгі ұрпақтың атакіндігінде, өз елінде тұрып жатқанына 40 ғасырдан аса уақыт болды. Қазір айтылып жүрген «Мәңгілік ел» ұғымы қазақта ғасырлар бойы қалыптасты. Мыңжылдық тарихы бар еліміз қандай аласапыран за-манда да өзін сақтай білді. Егер 4 мың жыл бойы өз құндылығымызды жоймай, ұлт ретінде өзімізді сақтап келсек, келесі мыңжылдықтарда да ұрпақтар сабақтастығы үзіл-

мейтініне сеніміміз кәміл. Қазақ қазақ болып қалыптасқалы мәңгілік елдің түп негізі әлімсақтан берік қаланды деп ойлаймын.

Орақ ӘЛИЕВ: Философия ғы-лымында қалыптасу теориясы деген ұғым бар. Яғни кез келген нәрсе алдымен қалыптасу кезе-ңінен өтеді. Оның төрт сатысы бар. Әуелі белгілі бір зат өзінің атына сай болуы үшін оның абстрактілі алғышарттары қалыптасуы ке-рек. Содан кейін абстрактілі ал-ғышарттар нақты алғышарттарға ұласады. Бұдан соң қалыптасу

үдерісі басталады да, әлгі зат нағыз толысу шегіне жетеді. Оразақ ағамыз осы теорияны нақты ғылы-ми негіздермен дәлелдеп отыр. Қазақ халқының 40 ғасырлық тарихы бар деп жатырмыз. Демек, қазақтың нақты ұлт болып қалып-тасуына тарихи алғышарттар жа-салды, ол кезеңдерден өтті. Енді біз теория жүзінде «Мәңгілік ел» ретінде қалыптасу үдерісі са-тысында тұрмыз. Әлі толыққанды деңгейге жете қойған жоқпыз. Өзіндік идентификацияның 13 деңгейі болса, біз соның бесінші-алтыншы сатысында ғана тұрмыз.

Оның көптеген себептері бар. Біз ішкі және сыртқы қайшылықтарды жеңіп, әрі қарай кедергісіз дамуға жан-жақты жағдай жасай алғанда ғана мәңгілік қазақ елі болуға мүмкіндігіміз бар.

Нәубет ҚАЛИЕВ: Қазіргі тәуел-сіз Қазақ мемлекеті өзінің бағыт-бағдарын анықтау үстінде. Жи-ырма жылдан аса уақыт ішінде бірнеше тұжырымдамалар ұсы-нылды. Ең соңғысы – қалып тас-қан мемлекет және оның жаңа стра тегиясы. Осында Елбасы «Мәң гілік ел» тұжырымдамасын

9www.astana-akshamy.kzwww.astana-akww.astana-akw

!

Page 10: №31 (3088) 2014-03-20

ұсы нып отыр. Сіздердің қойып жатқан сұрақтарыңыз еліміздің әр азаматының көкейінде тұр. Әлемде шындығында мәңгілік елдер болмаса да, мәңгі дейтіндей елдер бар. Мысалы, Қытай, Иран мәдениеті. Осы мемлекеттер адам-зат жаралғалы өркениеттің бір-бір бағыты, тірегі болып келді. Солар-мен қатар,Түрік қағанаты немесе мемлекеті де бірде күшейген, бірде әлсіреген. Әлемдік саясатта алпа-уыт мемлекеттермен тайталасқан. Біздің ата-бабаларымыз мемле-кет құрған, бақуатты, баянды өмір сүрген. Оны есепке алсақ, «Мәңгілік ел» атанып жүруімізге заттық, материалдық, рухани негізіміз бар.

«Мәңгілік ел» ұғымын праг-матикалық тұрғыдан бүгінге бұрсақ, уақыт пен заман сынына төтеп беретін ел болу дың бірінші саты-сы – Қазақ елі деген ұғым сияқты. Мәңгілік елдің эволюциялық дамуының алғашқы кезеңі – Қазақ елі. Сондықтан, біз бүгінгі Қазақ елін нығайту мәселесіне келейік . Жаңа айтылғандай, мемлекеттің тіректері, ұстындары көп. Экономикалық, материалдық, әл-ауқаты – бірінші тірегіміз. Өйткені, адамның тіршілігі ең алдымен санасымен, деңгейімен, оның болашаққа көзқарасымен, бүгінгі материалдық-заттық сапа-сымен анықталады. Идеологиялық тұрғыдан тіл мәселесі де айтылып жатыр. Сонымен бірге, кейінгі оқиғалар көрсеткендей, Қазақ елінің маңызды бір тірегі – оның әлеуметтік қуаты мен қоғамдық бірлігі. Мысалы, ТМД елдерінде, әсіресе, Украинада өрбіп жатқан оқиғалар сол елдің қоғамдық бірлігінің, татулығының жоқтығын көрсетеді. Мемлекет құраушы жүйенің жоқтығын әшкерелеп берді. Сондықтан, Қазақ елінің тірегі – осы жердің иесі қазақ ұл-тының сапасы, оның мемлекетте алатын орны. Қазақ елінің беріктігі, мәңгілігі осы елдегі жүйе құраушы, мемлекет құраушы ұлттың үлес салмағымен өлшенеді.

Көп мемлекеттер мемлекеттік институттардың мықтылығына арқа сүйейді. Аристотель айта-ды: «Бар құрылымдардың ішінде ең мықтысы, әсемі – институт. Дүниедегі ең бақытты адам – өзінің тіршілігін мемлекетпен байланыстырған, сол мемлекеттің заңын мойындап, оған бағынған, мемлекетке қызмет ететін адам». Осы тұрғыдан алғанда, алдымыз-да тұрған ең бір маңызды мәселе – мемлекеттік институттардың нығаюы. Ол институттар қазақтың мақсат-мүддесіне еңбек етуі керек.

Шәкір ЫБЫРАЕВ: Бізде «Мәң-гілік ел» идеясының базасы толық жасақталды. Бірақ, мемлекетіміз соған дайын деуге әлі ертерек секілді. Өйткені, осы ұғымға сай болу үшін атқарылатын жұмыстар көп. Қазір мұның алғашқы іргетасы

қалана бастады деп айтуға болады. Екінші жағынан, бұл мәселені көтеретін кез келді. Тек қиялда, ойда жүрген аңсар-арман емес. Рас, бір кездері отар елге айналдық. Түрлі қиыншылықтарға ұшырадық. Халқымыздың бұл идеядан кішкене алыстаған тұстары да болды. Бірақ, мүлдем жоғалып кеткен емес.

Ал, енді егемендігімізді алып, тәуелсіз мемлекетімізді құрып, дербес экономикамызды қалыптас-тырып жатқанда дәстүрлі ұғымның күн тәртібіне қойылуы – әрине, заңды құбылыс.

Енді осының алғышарттарына келсек. «Мәңгілік ел» туралы айтқанда «Оның негізгі сүйенетін тірегі қандай болу керек?» деген сауал туындайды.

Біріншіден, «Мәңгілік елдің» үлкен идеологиялық негізі болуы шарт. Идеологиялық негіз неден тұрады? Сөз жоқ, біріншіден, тіл мәселесі. Мемлекеттік тілді өз тұғырына қондыру керек.

Екіншіден, тарихи сананы қа-лыптастырғанымыз абзал. Біз – өз тарихымызбен мақтанатын елміз. Біздің тарих ұялатындай, ешбір тарихтан кем емес, қажет болатын болса, тіпті, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы өркениеттердің сапында болған, кешегі ұлы түріктің ұрпағы, арғы дәуірлерде ұлы мәдениет жасаған этностың қазіргі жалғасы дейтін тарихи сананы өзіміздің ғана емес, осы елде тұратын ұлт өкілдерінің де санасына сіңіруіміз керек.

Айтқым келгені, бұл қапелімде жел тұрса, дауыл соқса қисайып қалатын ел емес. Сондықтан, тари-хи сананы тұғырына қондыру, осы бір оңтайлы, ұрымтал сәтті ұтымды пайдалана алуымыз керек. Мұның алғышартын Елбасының өзі қалап берді.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: «Мәң-гілік Ел» ұғымының ақпараттық жүйемізде, қоғамдық-саяси ортада айтылып келе жатқанына біраз болды. Өз көзқарасымды білдірсем, бізде белгілі бір терминдерді, атау-ларды шатастырады. Осы жиырма жылдың өзінде елге әжептеуір белгілі азаматтарымыздың өзі «біз әлі халық емеспіз, ұлт емеспіз» деген қисынсыз әңгімелерді айтып жүр. Қазақтың сөздік құрамында ұлт, халық, ел деген сөздер болса, сонда біз белгілі бір ұғымдарымызды не-месе терминдерімізді халықаралық ұғымдағы, халықаралық дәре жедегі кейбір ұғымдармен, саяси ланған дүниелермен қайта парық тауы-мыз керек пе? Қазіргі парық тауы-мыздың көбісі советтік заман-дағы марксистік-лениндік көз-қараста екені байқалады. Осыған кейде қарным ашады. Осыны ғалымдарымыздың өзі анықтай алмай келе жатыр. Тіпті, держава ұғымын білдіретін бір ғана «ұлыс» сөзін апарып, «народность» деген-ге байлап бере салдық. «Ұлыстың ұлы күні жасасын!» дейміз. Наурыз

мейрамы «народносттардың» күні емес қой енді. Айналып келгенде өз сөзімізге, өз ұғымымызға өзіміз қайшы келіп жатырмыз.

«Мәңгілік ел» атауына келсек, заман дамыған сайын өз атау-ларымызды, терминдерімізді анықтап алуымыз керек. «Мәңгі ел» дегенге «Егеменді Қазақстан» сияқты «лік» деген жалғауды жалғадық. Тахауи Ахтанов кезінде «Егеменді» сөзінен «ді» деген жалғауды алып тастатып еді. Са-ралап көрейікші, «ізгілікті ниет» емес, «ізгі ниет» қой; «түнгілік аспан» емес, «түнгі аспан»; «Астаналық ақшамы» емес, «Астана ақшамы». Естеріңізде болса, «көкекті» Горбачев үшін «сәуірмен» алмастырдық. Қазір Горбачевтың қайда екенін ешкім білмейді, бірақ сәуір сол қалпы тілдік қолданысымызға еніп кетті. Мұны айтып отыруымның себебі – «Мәңгі ел» деген ұғымды ай-тар кезде кешегі тарихымызды қаперден шығармайықшы.

Өз басым «Мәңгі ел» ұғымын – арқау деп есептеймін. Осыған ғалымдар өздерінің парасат-білімдерімен атсалысып жатыр. Орыстар «к несчастью» демекші, біздің бақытсыздығымызға қарай саясаткерлеріміздің көбісі та-рихтан мақұрым. Әдебиетті оқы-майды. Сіздердің жазып жатқан нәрселеріңізді оқымайды. Со-сын теле дидардан, ақпарат құрал-дарынан өздері мәнісін ұғып бол-майтын сылдыр сөзді, жалаң ұран ды айта береді.

Тәуелсіздігіміздің жиырма жыл дығы ішінде бір сабақ ала-тындай кез келді деп ойлаймын. «Қазақстандық мемлекет, Қа-зақ стан ұлты болайық» деген ой ортаға тасталды. Негізі, арғы жағындағы ой дұрыс, осы Қазақ-станды мекендеген, 17 миллион халықты біріктірейік деген ізгі ниет жатыр. Ал, енді «қазақстандық ұлт» идеясынан, шынын айту ке-рек, жасандылығы көрініп тұр ғой. Қазір «Қазақ елі мен Мәңгілік ел ұғымдарын біріктірейік» деген пікірлер шаң беріп жатыр. Қарасақ, бұған басқа этнос өкілдері қарсы емес сияқты.

Оразақ СМАҒҰЛ: Термин де-геннен шығады, осы біз әлі күнге дейін «расаны» «нәсіл» деп ау-дарып жүрміз. Бұл – өте сауатсыз аударма. Раса – раса болып қалуы керек. Бұл – араб сөзі. Оны фран-цуз, орыс, ағылшын, немістер өз тілдеріне аудармай-ақ, раса деп алып жүр. Біз ғана кез келген т е р м и н д і т ә р ж і м а л а ғ ы ш п ы з . Кезінде мен Қазақ энцикло-педиясында расаны сол күйі қалдырдым. Ал, Конституцияда нәсіл деп кетті. Әлемде 200-ден аса ел бар. Солардың бірде-біреуінің конституциясы нәсілдік д е ң г е й д е е ш к і м н і ң қ ұ қ ы ғ ы н қорғамайды. Ал біздің баяғы с о л к ө ң і л ш е к т і г і м і з қ а л м а й

келеді. Сондықтан, бұл терминді қолданарда дұрыс-бұрысын айы-рып алуымыз керек.Қанат ЕҢСЕНОВ: «Мәңгілік ел» бүгін ғана айтыла салған атау емес. Тарихымызға көз жіберсек, түркі дәуірінде Тоныкөк абыздың айтқан сөзі бар екен: «Мәңгілік ел болып қалыптасуымыз керек. Біздің бектеріміз бен қағандарымыз өзге жұрттың алдауына түспеу керек. Аға буын қателессе, ол кейінгі жас ұрпаққа да қиындығын тигізеді. Сондықтан, біз шектес-ше-каралас елдермен сарабдал саясат жүргізуіміз керек» деген. 2003 жылы шыққан Елбасының «Та-рих толқынында» атты кітабында біздің қазақтың ата тарихы он екі асқарлы белеске бөлінген. Соның бір белесінде Түрік қағанаты ту-ралы айтылған. «Мәңгілік ел» қалыптасты деп нақты көрсетілген.

«Мәңгілік ел» идеясының көтерілуі мен «Мәңгілік ел» қақпасының ашылуы өте орынды. Себебі, бұл жаһандық жағдайда елдігімізді, тұтастығымызды сақтау үшін аса қажет, үлкен идея деп білемін. Тіпті, мәңгілік ұлттық идея деп айтуға негіз бар.

«Мәңгілік ел» идеясы төңі-регінде біздің қазақ халқы ти-тулды ұлт, ал біздің жерімізде мекендеуші өзге этностар сол ұлттың төңірегінде топтасып, әрмен қарай бейбіт өмір сүріп, саяси тұрақтылықты сақтауы керек. Ол үшін қазақ халқы бе-кем болса дейміз. Қай жағынан мықты болуы керек? Алдымен өз тілін құрметтеу, үйрету тетіктерін

жетілдіруі қажет. Одан кейінгісі діл мәселесі. Біз салт-дәсүрімізді дәріптеген халықпыз. Салт-дәстүрін көздің қарашығындай сақтаған халықтың болашағы жарқын бола-тыны белгілі. Одан кейінгісі – дін мәселесі. Діни сауатты мамандар ислам дінінің негізгі қайнарларын дұрыс түсіндіріп, жастарды түзу жолға бағыттағаны абзал. Бір сөзбен айтқанда аталмыш идея уақытында көтеріліп отыр.

Шәкір ЫБЫРАЕВ: Мен мына мәселені баса айтқым келеді. Идея-ның негізгі қозғаушы күші – адам. Оның ішінде нақтырақ айтқанда, осы елдің иесі – қазақ. Жақында те-ледидардан Англияның ханшайы-мы «Біз британдық болғанымызды мақтан тұтамыз» дегенде бүкіл Лондон көшелері гуілдеп кеткенін көрдім. Мысалы, бір французбен отырсаң, ол да біз сияқты көп нәрсеге селқостау қарайтын қара-пайым адам сықылды көрінеді. Бірақ 10 француз қосылса, сапа басқа болып салады. Армяндар да солай. Кемшілігі бар, бірақ 10 армян қосылып кетсе, сапа бірден өз геріп кетеді. Осы ретте айтайын, Ере ван ның тең жартысы – та-стан салынған әдемі үйлер. Бірақ түнде жарығы жоқ. Неге бұлай десем, мұның иесінің бәрі шетелде жүрген армяндар екен. Олар өзі тұрмаса да, Ереванда бір үйіміз болуы керек деп есептейді. Яғни, бір тиын болса да өз еліне беруді ойлайды. Жалпы, Арме нияны шетелдегі диаспорасы асырап жатыр.

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] na-akshamy.kzna-akshamy.kz

!

Page 11: №31 (3088) 2014-03-20

Енді бізге оралайық. Қазақ қазақпен қазақша сөйлеу, бол-маса қазақтың атына, намысына тиетін сөз айтылғанда үндемей қалмау сияқты елдігімізге сын, ұлттығымызды ұстап қалатын механизмді бізге ешкім әкеп бере алмайды. Мәңгі елде болатын бір-ақ тетік бар. Егер, әр қазақ, мейлі ол қолында билігі жоқ, қарапайым маман иесі болса да өзінің ұстанымынан айнымаса, біз Мәңгілік ел боламыз. Сол себепті, қазақтың әр азаматының сапасын көтеру – бірінші кезектегі мәселе.

– СІЗДЕРДІҢ ОЙЛАРЫҢЫЗША, ҚАЗАҚ ЕЛІ ДЕП АТАУ ДҰРЫС ПА, ӘЛДЕ ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКА-СЫ ДЕСЕК ДҰРЫС ПА? ӘЛДЕ КЕЙБІРЕУЛЕР АЙТЫП ЖҮРГЕНДЕЙ ҚАЗАҚИЯ АТАУЫНА ТОҚТАЙМЫЗ БА? ТЕР-МИНГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРЕ КЕТСЕҢІЗДЕР.

Орақ ӘЛИЕВ: Қазақ елі атауы дегенде есіме мына жәйт түседі. Осыдан тоғыз жылдай бұрын м е н « Қ а з а қ с т а н т а н у » а т т ы теориялық-әдістемелік семинар құрғаным бар. Араға бір жыл салып, оның атауын «Қазақ елін тану» деп жазып жүрдік. Содан қаншама жыл өтті. Меніңше, «Қазақ елінен» артық атау жоқ. Тек осы стратегиялық атауды мемлекетімізге қашан телуіміз керек? Мәселе сонда.

– СОНДА, МЕМЛЕКЕТІМІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ ДЕП ҚАШАН АТАЛУЫ КЕРЕК? БҮГІН БЕ, ЕРТЕҢ БЕ, ӘЛДЕ МЕЖЕЛІ 2050 ЖЫЛЫ МА?

Орақ ӘЛИЕВ: Бұл мәселені жан-жақты таразылап, әбден сүзгіден өткізіп алуымыз керек. Алдымен мемлекетіміз неге Қазақ елі бо-лып аталуы керек? Оның мән-маңызы қандай? Артықшылығы неде? Осының бәрін халықтың құлағына сіңіріп, ұлттық тұрғыдан, ғылыми, идеологиялық жағынан ешкім қарсы уәж айта алмайтындай негіздеп алуымыз қажет. Жалпы кез келген мәселенің екі жағы бар. Біріншісі, идеологиялық жағы бол-са, екіншісі, оның ғылыми тұрғыдан зерттелуі. Біз белгілі бір терминнің қаншалықты дұрыс екендігін ғ ы л ы м и т ұ р ғ ы д а н д ә л е л д е п шығамыз. Ал, оны қолданысқа енгізер сәтте саяси-идеологиялық, әлеуметтік жағдайдың ырқынан асып кете алмайтынымыз анық. Қазақ елі атауы да осы тәріздес.

Шәкір ЫБЫРАЕВ: Президент Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясы айтылғаннан кейін, көп ұзамай «Қазақ елі» деген ұғымды ортаға шығарды. «Қазақстан Рес-публикасы» деген атаудың орнына Қазақ елі дегенді қолданайық» деген орынды пікір айтты. Мұның астарында үлкен идеологиялық мән жатыр. Бүкіл патриоттық, идеологиялық болмыс, ақпараттық қорғаныс осы ұғымға сыйып кетеді. Әрі-беріден соң, «Қазақстан»

дегеннің қайдан келгені белгісіз. Ба-тыс Еуропа елдерінде мұны Ауған-стан, Пәкістан елдері қатарын дағы мемлекет деп қарайды. «Стан» – парсының сөзі. Бізге «Қазақ елі» ұғымы әлдеқайда жақын.

«Ел» – ежелден келе жатқан түр-кінің сөзі. Ес жиып, етек жап қанда, ел болғанда қолданылған сөз. Соны қайтадан орнына келтіріп, «Қазақ елі», «Мәңгілік ел» деген егіз ұғымды қатар алып жүруге болады. Мұның астарында идеологиялық негіз жатыр деп ойлаймын.

Екіншіден, «Мәңгілік ел» ұғы-мы ның байланатын бір қазығы – экономика. Экономикамыз әлсіз, шаруашылығымыз, әлеуметтік жағ -дайымыз төмен болғанда біз бола-шағы баянды ел бола алмаймыз.

Шүкір, бүгінде ел экономикасы қоңды. Бірақ, алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біз шикізат шығаруды тежеңкіреп, өндеуші елге айна-луымыз керек. Жапондар сияқты жоқтан бар жасайтын, немістер секілді сапалы бұйым ойлап та-батын мемлекетке айналуымыз қажет. Күндердің күнінде шикізат қоры таусылғанда, «Мәңгілік ел» ұғымы да бұлыңғыр тартпас үшін біз шын мәнінде ғылыми қамтымды, интеграциялық-инновациялық жүйеге негізделген экономика-ны дамытуды жолға қоятын кез келді. Сол арқылы тұтынушы емес, өндіруші елге айналғанда ғана алға сенімді қадам басамыз.

Үшіншісі, мемлекеттің қорғаныс механизмі. Біз «Мәңгілік ел» деп шауып жүргенде кез келген саяси шиеленіске қорғаныс қабілетіміз

әлсіз болатын болса, алып күштің тақымында кете баруымыз мүмкін. Сондықтан, қорғаныс қабілетімізді арттыру керек. Бұл әлгі қару ұстап, аңғал батыр секілді оңды-солды қылыш сермеу емес. Біз қорғаныс қабілетімізді энтикалық, географиялық, саяси шарттарды үнемі бақылауда ұстап, реттеп отырғанда нығайтамыз. Мұның этникалық сипатын жоғалтып алсақ, тағы қауіп бар. Географиялық шартымызды ұмытып кетсек, тағы да тығырыққа тірелуіміз мүмкін. Айналамыздағы саяси шараларды ұмытып кетсек, оның да салқыны тиеді. Сондықтан, этно, геосаяси шарттарды үнемі таразыға салып, оң мен солды аңдап отырғанымыз абзал.

Елбасы айтқандай, «Қазақ елі» – көнеден келе жатқан ұғым. Біз кейде қызықпыз, «анау не дейді, мынау не дейді» деп жұрттың пікіріне алаңдап тұрамыз. Егер осы жалтақтықтан, жершілдіктен, енжарлықтан арылмасақ, кесек мәселені шеше алмаймыз.

Б і р н ә р с е н і е с к е р е й і к . Еліміздегі нөмірі бірінші саяси тұлға – Президент. Ол кісі жан - жағын өлшеп, ойланып барып айтатыны анық. «Мәңгілік ел» де, «Қазақ елі» де сол кісінің аузынан шыққан көшелі сөз. Мұны бүкіл қоғам, көпшілік бо-лып үдетіп алып кетуіміз керек. Біздің рухымызға, іштегі ой-мүддемізге толық сәйкес келіп отыр. Енді қоғам соны кәдімгі өз баласындай мәпелеп, әрі қарай жетілдіруі тиіс.

Нәубет ҚАЛИЕВ: Әлемде демо-кратиялық мемлекеттердің екі-ақ формасы бар. Монархия және республика. Егер біз өркениетті, қазіргі заманғы демократиялық ел болғымыз келсе, әсіресе, дәл қазіргі жағдайда, ТМД елдеріндегі ахуал, саяси дүрбелең басылмай-ынша Қазақ Республикасы деген атау қала бергені дұрыс. Респу-блика деген сөз – демократиялық мемлекеттің айқындаушысы. Дәл қазіргі сәтте осы қолайлы. Біз не көрмедік? Осыған да тәубе дейік. Бірден Қазақ елі деп жалаулатпай-ақ, Қазақ Республикасы деген өркениетке жақын, қалыптасқан, этнос өкілдері де мойындайтын атауға асығыстықпен нұқсан келтірмегеніміз дұрыс.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: Ұмыт-пасам, соңғы Конституциямызды қабылдар кезде Елбасымыздың өзі сұхбат беріп, «Біздің Респу-б ликамыздың аты–Қазақ Респу-бликасы болады. Ауызекі тілде Қазақстан болып қатар аталып жүре берсін» деп айтқан. Оған басқа емес, өзіміздің Парламентіміздегі сыйлы деген азаматтар қарсы шығып, «Қазақстан Республика-сы» болсын деді. Мұрат Әуезов кейінгі сұхбатында «Біз «Респу-блика» деген сөзге акцент бердік. «Республика Казахстан звучит» деп сол кездегі жіберілген есемізді ақтағандай сыңай танытады.

Мен атаумен, терминологиямен ойнағанды аса дұрыс көрмеймін. Қазақ елі – Мәңгілік елді қазіргі кезеңде біріктіру үшін шығып

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected] www.astana-akww.astana-akwE-mail: info@asmail: info@asE-

Page 12: №31 (3088) 2014-03-20

жатқан ой, идея деп есептеймін. Ал, енді мемлекеттің атауына келсек, Қазақ Республикасы деген атауды қолдаймын. Жақшаның ішінде Қазақ елі деп жазылсын. Әлемдік тәжірибеде ондай бар.

Бәріңізге түсінікті классика деген дүние бар. Оның қазақша ұғымы үлгі дегенге келеді. Сол сияқты біздің тарихи дәуір-леріміздегі мемлекеттік құры-лымды қарасақ, нағыз клас-сикасы – Алаш автономиясы, Алаш зиялыларының еңбегі. Біз дің қазіргі иммунитетіміздің әлсіреп қалғаны – Алаштың рухы жоқтығынан. Мемлекеттік билікте де, сапада да, елді басқаруда да. Бізде Алаш қайраткерлерін бірыңғай ұлтшыл қылып көрсетті. Қазір Алаш десе, әлі күнге дейін ұлтшылдар деп ойлайды. Алаш үкіметіндегі 25 портфельдің 10-ы басқа ұлттарға берілген. Қырғызды қазақ емес, басқа ұлт ретінде есеп-теп отыр. Сонда, тіпті, тең жар-тысына, 11 ұлтқа саяси ерік беріп отыр. Мұның қай жері ұлтшылдық?

Ал, енді бір айтатыным, дәл қазіргі таңда Астанада Алаш рухы, Алаштың парасаты қалай көрінеді? Біз осындай сауалдарға жауап беруіміз керек сияқты. Меніңше өте әлсіз, өте көмескі.

Оразақ СМАҒҰЛ: Осы сіздер қан дай анықтамалықтарға сүйене-сіздер?

Меніңше, қазіргі ғалымдар 1 9 - ш ы ғ а с ы р д ы ң а я ғ ы м е н 20-шы ғасырдың басындағы К . К а у т с к и й д і ң э т н о м ә д е н и терминдерге берген анықта-маларынан арыла алмай жүр. Отаршылдық дәуірдегі барлық б а т ы с е л д е р і н і ң к ө н е р г е н анықтамалығы бүгінгі зама-науи көзқарасқа мүлде сәйкес к е л м е й т і н і н к ө п а з а м а т т а р естен шығарған. Ал, шығыс елінің анықтамалары туралы әлі ешқайсымыз аузымызға алған жоқпыз. Ескі ұстанымнан арыла-тын кез жеткелі қашан. Тәуелсіздік туын желбіреткелі жиырма жыл-дан астам уақыт өтті. Бірақ әлі күнге дейін жалтақтаумен келеміз. Біз кімнен қорқамыз?! Осы елдің о бастағы иесі – өзіміз, қазақтар емеспіз бе?! Бұл – өз жеріміз, өз еліміз. Сондықтан, қазақтың ұлттық мүддесіне қатысты кез кел-ген мәселені мемлекеттік деңгейде орындауға міндеттіміз. Ол үшін өзге этностар не дейді екен деп жалтақтаудың қажеті жоқ. Кірме этнос өкілдерінің біздің ұлттық мәселемізге қарсы шығуға тіптен хақысы жоқ. Қазақ елі деп аталуы керек болса, ол туралы өзгеден рұқсат сұраудың қажеті шама-лы. Ешкімнен қорқып-үрікпей, мемлекетімізді Қазақ елі деп ата-ғанымыз дұрыс.

Орақ ӘЛИЕВ: Өзгелер «буын-сыз жерге пышақ ұрма сын» дей сіз ғой...

Оразақ СМАҒҰЛ: Ия. Тағы бір қосарым, «Мәңгілік ел» атауымен Астанада үлкен символикалық арка жасап қойдық. Бұл түркі әлемінде бұрын-соңды болмаған айрықша тарту дер едім. Енді сол арка орналасқан көшеге «Мәңгілік ел» деген атау берілсе... Алыс-жақыннан ат терлеткен адамдарға елімізді танытудың тамаша жолы болар еді.

Қанат ЕҢСЕНОВ: «Қазақ елі» атауына келсек, ұлттық мұрағатта жұмыс істегенімде қазіргі заман тарихын қайтадан қарап шықтым. Шынында, бір кездері елдегі жағдай қиын еді. Халқымыздың үлес салмағы елу пайызға да жетпейтін.

БҰҰ шарты бойынша тұрғы-лықты жерінде үлес салмағы 50 пайыздан аспайтын халық тәуелсіздік алуға толықтай құқылы емес. Бірақ, соған қарамастан біз өзге ұлт өкілдерімен қойын-қолтық араласып, өмір сүріп отырмыз. Тәуелсіздігімізді жарияладық.

Жалпы, жиырма жылдықты екі негізгі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – сындарлы 10 жыл. Екіншісі – жаңа әлемдегі Қазақстан.

Менің ойымша, «Қазақ елі» мемлекетіміздің нақты атауы. Дәл қазір осы атауды береміз бе, бермейміз бе? Ол жағын ойла-нуымыз керек. Неге? Өйткені, бұл төңіректе біраз қауіптер де жоқ емес. Мысалы, елімізде 17 млн халық бар. Оның 10 милли-оны – қазақ. Ал, шетте жүрген қазақтың саны – 5 млн шамасында. Қазақтың үштен бірі шетте жүр. Ал, іште қазақпен бірге тұратын 7 млн этнос өкілдері таразы басын теңшейтіндей халде. Сондықтан, «ертең Қазақ елі атанғанда басқа ұлттар наразылық білдіріп, осы татулығымыздан айрылып қалмаймыз ба?» деген қауіп қыр астынан қылтияды. Ғалымдарымыз, қоғам қай рат керлеріміз жақсылап ойлан ғаны жөн. Асығыс шешім қабылдап жіберсек, ертең оның соңы қалай болатыны белгісіз.

Конституцияда «Мемлекеттің басты байлығы – халық» деп көрсетілген. Сол халық саны жағынан аздығымыз – біздің әлсіз тұсымыз. Қазақты өз жерінде елдің тұтастығын сақтайтын ти-тулды ұлтқа айналдыру, демо-гра фиялық жағынан сапалы өр-кендетуге мемлекеттік деңгейде жағдай жасау – кезек күттірмейтін мәселе. Егер 50 миллионға жетсек, маңдайымыз жарқырап, айдары-мыздан жел есетін халыққа айна-лып, сөзіміз де нық, айқайласақ та даусымыз талайға жетер еді.

– АСТАНАҒА МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БАС ҚАЛАСЫ БО-ЛУЫ ҮШІН НЕ ЖЕТПЕЙ ЖА-ТЫР ДЕП ОЙЛАЙСЫЗДАР?

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: Астана солтүстікке көшкенде ономас-тикалық комиссия құрамында

болған едім. Сонда сол жағалау дағы көшелерге Сақ, Ғұн деген атаулар-ды береміз деген бастама көтерілді. Бірақ, қалалардың аттарын, елдік құрылымдарының аттарын қояйық деген ұсыныс қолдау тауып кетті. Ал, Астана «Мәңгі Ел» идеясының, мұратының үлкен темірқазығы бо-луы керек деп ойлаймын. Астанада мәдениетіміздің барлық бөлігі, қатпарлары көрініс табуы ке-рек. «Мәңгі Ел» ескерткішіміз, қақпамыз да сияқты. Бірақ, арғы та-рихымызды ұмытпайықшы. Астана дегенде Кенесары еске түседі. Осы екі жылдың бедерінде Кене-сары сарбаздарының сүйегі ескі қорымда жатқандығы анықталды. Соны жастарымызды тәрбиелеу үшін әспеттеуіміз керек.

– БАСҚОСУЫМЫЗ НАУ РЫЗ МЕРЕ КЕСІНІҢ ҚАРСАҢЫНДА ӨТІП ЖАТҚАННАН КЕЙІН МЫНАНДАЙ СҰРАҚ ТУЫН-ДАП ОТЫР: БҰЛ МЕРЕКЕНІ БІЗ ҚАНШАЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ТОЙЛАП ЖҮРМІЗ?

Оразақ СМАҒҰЛ: Жыл басы Наурыз – күн жылынып, жаз-д ы ң ж а қ ы н д а ғ а н ы н с е з і н і п көңілденетін әдемі бір кезге сәйкес келе ді. Күн мен түн те-ңеліп, табиғат пен жан-жануар түлеген шақ – кім-кімге де ұлық мереке. Бүгінде осы ұлт тық мерекеміз мемлекеттік дең гейде ұлықталып келеді. Дәл Наурыз кезінде басқа мерекеден көбі-рек демалыс жария ланудың өзі ұлыстың ұлы күніне деген құрмет болса керек. Әрине, Қазақ еліндегі наурыздың өзіндік ерекшелігі бар. Оны тойлау деңгейі күннен-күнге жоғарылап келе жатқанын атап өту қажет. Әрине, кемшіліктер жоқ емес. Бірақ «көш жүре түзеледі». Болашақта Наурыз мерекесі салт-санамызға терең сіңіп, нағыз жаңа жыл мейрамына айналады деген үміттемін.

Орақ ӘЛИЕВ: Наурыз мерекесі маған бала күнімнен таныс. Өзім 1945 жылы дүниеге келдім. Мен туып-өскен Сыр өңірі есімді білгелі Наурызды тойлап келеді. Оларға компартияның адуын-ды әмірі де әсер ете алмаған. Ауылдық деңгейде болса да біздің жақтың Наурызы керемет өтетін еді. Балалық шақтан санама сіңіп қалған Наурыз мейрамы кейін мемлекеттік деңгейде өткізіле бастағанына ерекше қуандым. Бүгінде ұлыстың ұлы күні туралы, оның шығу тарихына байланы-сты көптеген зерттеу еңбектер бар. Алайда, біз зерттеуге көбіне дәстүрлі білім мен ғылыми білім тұрғысынан келеміз. Наурыз дегеніміз – өз алдына үлкен ұғым. Сондықтан, бұл мейрам білімнің жеті түрі тұрғысынан зерттелуі керек деп есептеймін. Оның шығу

тарихы, мифологиялық жағы, діни және көркемдік тұрғысынан жан-жақты сарапталуы қажет. Бүгінде Наурызды ұлықтауда кемшіліктер көп. Сол кем-кетікті түзетудің жолдарын қарастырып, ұлық мейрамның қадір-қасиетін әр адамның жүрегіне жеткізетіндей шараларды қабылдау керек. Әйтпесе, біздің Наурыз бірнеше киіз үй тігу мен көже таратудан әрі аспай келеді. Нәубет ҚАЛИЕВ: Сыр елі секілді жылы жақтарда Наурызды осы мезгілде атап өтуге болады, ал, солтүстікте, ақ қар, көк мұзда тойлаған мерекенің сәні қалай? Меніңше ғимаратта өткізген тиімді. Сосын әр ұжым да бұл мерекені өз деңгейінде тойласа екен. Кейбіреулер ойлайды: Нау-рыз – киіз үй тігіп, көже ішетін мереке деп. Олай емес, оның идеологиялық, тәрбиелік жағын ұмытпауымыз керек. Наурызға келгенде әр адам бір ән әкеліп, өлең айтып ұлттық дәстүрді дәріптеп, көрініс ретінде қойылса көп көңіліне қонар еді.

Шәкір ЫБЫРАЕВ: Бес жыл бойы Түркияда Наурыздың кон-ференциясын өткіздім. Түркі дүниесінен түрлі ғалымдар келіп, олардың зерттеулерімен кеңінен таныстым. Осыны біз қалай той-лаймыз? Менің қазіргі тойлауға көңілім толмайды. Киіз үй тігіледі. Оның ішіне таңдаулы кісілер ғана дәм татып, қалғаны сілекейін шұбыртып қайтады. Жалпы, мұндайды қою керек. Көпшілік мерекеге айналдыру үшін ең қолжетімді тамақ – кө жені үйіп-төгіп пісіріп, сол көже ден ішпеген адам қалмауы керек. Түгел тойып ішу керек. Екінші шарты, қыстан бері көрмеген кісілер бір - бірімен көрісіп, жақсы тілектерін айту керек. Ренжіп, өкпелеп жүрген адамдар татуласқаны абзал. Осы күні басқа да ұлттың өкілдері әдемі тілек айтып, бірігетін, іш кірнесін ақтара сырласатын күн. Бізде осы жағы ескерілмей жатады.

Мерекені әсіре саясиландырып, күрделендіріп, бесігімізге дейін көшеге алып шығуды қоятын кез келді. Ең бастысы, мазмұнын жоғалтпай, негізге алуымыз керек

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: Нау-рызды ескіше тойлап жүрміз және этнографияны айта береміз. Киіз үй мынау, шаңырақ мынау деп. Жаңа нәрсені айтуымыз керек қой. Бабаларымыз «о заман да бұ заман» дегенде жаңа нәрсені айтқан шығар деп ойлаймын. Мәселен, өз ұжымымызда Нау-рызды «Астана көктемі» деген атпен нағыз көктем шыққан сәуір айында тойлаймыз.

Дайындағандар: Аманғали ҚАЛЖАНОВ,

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] na-akshamy.kzna-akshamy.kz

!

Оразақ СМАҒҰЛ: «Қазақтардың тек өзіне ғана тән морфологиялық , физиологиялық ерекшеліктері бар. Генетикалық жағынан да қазақ жеке-да-ра ұлт екені дәлелденді. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың гендік ерекшелігінің үштен бір бөлігі қазіргі қазақтардың бойында сақталып қалған. Демек, бүгінгі ұрпақтың кіндік қаны тамған өз жерінде, өз елінде тұрып жатқанына 40 ғасырдан астам уақыт болды».

Орақ ӘЛИЕВ: «Наурыз дегеніміз – өз алдына үлкен ұғым. Сондықтан бұл мейрам білімнің жеті түрі тұрғысынан зерттелуі керек деп есептеймін. Оның шығу тарихы, мифологиялық жағы, діни және көркемдік тұрғысынан жан-жақты сарапталуы қажет. Наурызды ұлықтауда кемшіліктер көп. Сол кем-кетікті түзетудің жолдарын қарастырып, ұлық мейрамның қадір-қасиетін әр адамның жүрегіне жеткізетіндей шара-ларды қабылдау керек».

Шәкір ЫБЫРАЕВ: «Біз өз тарихы-мызбен мақтанатын елміз. Біздің тарих ұялатындай, ешкімдікінен кем емес, қажет болатын болса, тіпті, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы өркениеттердің сапында болған, кешегі ұлы түріктің ұрпағы, арғы дәуірлерде ұлы мәдениет жасаған этностың қазіргі жалғасы дейтін тарихи сананы өзіміздің ғана емес, осы елде тұратын ұлт өкілдерінің де санасы-на сіңіруіміз керек».

Нәубет ҚАЛИЕВ: «Қазақ елінің тірегі – қазақ ұлтының сапасы, оның мем-лекетте алатын орны. Қазақ елінің беріктігі, мәңгіліктігі осы елдегі жүйе құраушы, мемлекет құраушы ұлттың үлес салмағымен өлшенеді.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: «Держава ұғымын білдіретін бір ғана ұлыс сөзін апарып, «народность» дегенге бай-лап бере салдық. «Ұлыстың ұлы күні жасасын!» дейміз. Наурыз мейрамы «народносттардың» күні емес қой енді. Айналып келгенде өз сөзімізге, өз ұғымымызға өзіміз қарсы шығып жатырмыз».

«Біздің тарихи дәуірлеріміздегі мемле-кеттік құрылымды қарасақ, нағыз клас-сикасы – Алаш автономиясы, Алаш зиялыларының еңбегі. Біздің қазіргі иммунитетіміздің әлсіреп қалғаны – Алаштың рухы жоқтығынан. Мемлекеттік билікте де, сапада да, елді басқаруда да.

Қанат ЕҢСЕНОВ: «Менің ойымша, «Қазақ елі» мемлекетіміздің нақты атауы. Дәл қазір осы атауды береміз бе, бермейміз бе? Ол жағын ойлануымыз керек. Неге? Өйткені, бұл төңіректе біраз қауіптер де жоқ емес. Мысалы, біздің елімізде 17 млн халық бар. Оның 10 миллионы қазақ. Ал, шетте жүрген қазақтың саны – 5 млн шамасында. Жалпы, қазақтың үштен бірі шетте жүр.

Page 13: №31 (3088) 2014-03-20

13www.astana-akshamy.kz

!

рып тоқтайды. Содан кейін бұққан түлкі алыста ма, әлде жақын маңда ма, соны білу үшін иесі құсына томағасын қайта кигізіп, аздан соң сыпырып оны бүркіттің көз алдына көлденең ұстай қояды. Егер бүркіт томағадан асып үстінен қараса, түлкі алыста, ал қолдың астынан қараса түлкі жақын жерде жүр деген сөз.

Тастың астында немесе үңгір ішіне бұққан түлкіні көзі шалған бүркіт сол маңның бір жеріне қонып, оның шығуын ұзақ күтеді. Бірақ түлкі бұққан жерінен әсте шықпайды. Аңшылар түлкінің осы-лай бұғып жатып алуын «қорып қалу» дейді де, бүркіттің аңдып отырғанын «қорытып отыр» деп атайды. Ал, түлкі тас-бұтаны па-налап бүркітке алғызбаса, оны «қорғалады» деп атайды.

Қорғалауға мұршасы келмей, сасқан түлкі дереу тұра қалып, бүркітке қарай арсылдап үреді. Тісін қайрап ырылдайды, айбат шегеді. Көктен сорғалап, тақап қалған бүркітке құйрығын көлденең тартып, алдағысы келеді. Мұндайда өзіне-өзі сенген бүркіт болмаса, көп ретте сәтсіздікке ұшырайды да, түлкі құтылады. Өз жауына түлкінің

көрсеткен осы қарсылық ай-л а с ы н қ ұ с б е г і л е р

« к е р г е н і » д е п атайды.

Өте айлалы, әдісқой бүркіт бол-маса, керген түлкіні ала қою оңайға түспейді. Өйткені, жоғарылап барып, қайта шүйілген құстың екпіні өте қатты болады да, жерге жақындап қалғанда, өзін тежеу мүмкіндігі де азая түседі. Қыранның екпінін мұқият байқап, керіп тұрған

түлкі бүркіт таяған кезде ыршып кетеді де, қыран өз екпінімен барып жерге соғылады. Егер құс жерге қатты соғылса, мертігеді, өледі. Керген түлкінің айласынан болған осы сәтсіздікті құсбегілер «жер соқтыру» деп атайды.

Жер соғып қалу көбінесе әдіс-айласы аз, нашар бүркітте немесе тәрбие кермеген қолбала бүркітте көбірек кездеседі. Ал, өз әлін білетін сарша сияқты қорқақ құстар керген түлкіге түспейді. Тайқып шыға береді. Әлді құстар оның кергеніне қарамастан түлкіні сыпыра іледі де, басып қалады немесе сол ілген бойы көтеріп алып, басқа жерге апарып басады.

Кейбір қыран керген түлкіге түспестен, үстінен сыпырып өте шығады. Мұндай сәтте аман қалған түлкі жалма-жан тұра қашады. Түлкінің қашу сәтін әдейі өзі тудырған қыран жарқ етіп қайта айналады да, түлкіні басып қалады. Осылай алғыр қырандар керген түлкінің өзін алдап түсіреді.

Түлкі мен қыран арасындағы арпалыста қызық сәттер өте көп кезігеді. Бүркіт қашқан түлкіні қуалап, тегеурінімен артқы таңынан іле бергенде, түлкі кенет қайырыла қарманып, ауыз салады. Сол кезде бүркіттің екінші аяғы көз ілеспес шапшандықпен аузын аштырмай ноқталап ұстап, таңындағы екінші аяғын ауыстырып, өкпесіне шер-шеулей салып, тырп еткізбей басып қалады. Бүркіттің жыртқыш аң ұстаудағы көбірек қолданатын тәсілі осы. Тағы бір тәсілі – қырандардың ұзақтан қашқан түлкіні т ілеп алуы. Ондайда түлкі бүркіттің өзіне түсетін, түспейтінін қанат қағысынан, суылдаған айбынды екпінінен біледі.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

қалады. Үкіні бүркіттің бірі алса, бірі ала алмайды. Оның қауіпті қаруы – инедей өткір тұяқтары. Сол тұяқтарымен шеңгелдеп, бүркіттің денесін жарақаттап, жемсауын жа-рып жібереді. Көбіне, бүркіт оны ұшып жүрген кезінде екі аяғын бір аяғымен қабаттай бүріп, шеңгелдеп ұстайды.

Бүркітке мәлінді ұстау өте қиын. Мәліннің тұлыбы кең, майы қалың болады. Терісі көлкілдеп бос жата-ды. Бүркіт келіп ұстағанда мәліннің басы мойынтерісінің ішіне айна-лып кіріп кетіп, аузымен бүркіттің аяғын шайнап тастайды. Мәліннің тістеген жері мен жарақаты көзге біліне бермейді, бірақ соңынан бітеу жараға айналып, уыттанып, асқынып бүркітті өлімге соқтырады. Оның өткір тістерінің уыты күшті болады. Мәлінді білетін алғыр бүркіттер оның аузын бүре ұстап, өлтіреді.

****Саятшылықтың ең қызықтысы

да құндысы – бүркіттің түлкі алуы. Қазақ құсбегілері қара үйек,

қылшықтары күмістей жылтыраған, пұшпақтары қолтығына дейін қара, сыртқы қызылы өрттей дала түлкісі, бағасы қымбат, кезі келсе «қара түгілі, ханға да байламайтын», аса сирек кездесетін қара түлкі, өте қымбат қырдың қырмызы түлкісі және қырдың қызыл түлкісі деген түрлерін ажыратады.

Түлкі басқа аңдардай емес ды-быс, иіс, дүбірді алыстан сезеді, дереу жасырынады. Бүркітті көрген түлкі шамасы келсе қыранның тасасын сығалап, қараған-бұтаны аралай қашады. Түлкінің бұлай ж ы қ п ы л д а т а б о й т а с а л а у ы н құсбегілер «жабыттап қашу» дейді. Ал, жасырынған түлкінің үстіне қағушы немесе ит барып қалмаса, жатқан жерінен тыпыр етпейді. Көбінде бүркітті алыстан байқап, осылай бұғып қалады.

К ә н і г і а ң ш ы л а р б ү р к і т і н і ң томағасын сыпырып жіберіп, ай-наласын бір шолдырады. Алыстан түлкіні байқаған құс ұмсынып ба-

Бабы қанған құс қасқырға түседі. Қасқыр түлкідей емес, аңғал, алаңғасар келеді. Бастабында не болғанын түсінбей, тұмсығынан шеңгелдеп алған бүркіттен құтылу үшін секіріп, тулай береді. Алда-жалда бүркіттің шеңгелі босап кетсе, дереу боршалап өлтіреді. Сондықтан алғыр қыран қасқырды шеңгелдеген күйі көзін шығаруға тырысады. Ең бастысы, құсының қасқырға түскенін білген құсбегі дереу жетіп, қолындағы жарақпен қасқырдың шабын немесе ішін жа-рып үлгергені жөн.

Үйретілген бүркіт қоңыр аңдарға да (бұғы, марал, киік, тауешкі, т.б) түседі. Көбіне биік құз шағылдардың бетінде, тасқа шығып, серейіп тұрған сәтінде қоңыр аңды қатты тебінмен түйіліп келіп соғып, тастан құлатып жібереді. Кәнігі құсбегілер бүркітті қайырып баптаған кезде, елік, арқар, тауешкі сияқты қоңыр аңдардың өлі басын алып келіп, екі мүйізінің арасына ет байлап, оны жегізіп

дәніктіреді. Кейін а ң ғ а с а л ғ а н к е з д е дәніккен құс үйренген әдетімен қоңыр аңның басына келіп қонады да, оның екі көзін шоқып, алады. Соқыр болып қалған аң ұзай алмай, айналып тұрып қалады.

****Бүркітке оңай алдырмайтын

аңның бірі – ұлар. Бүркіт шүйіліп келіп қалған кезде ол құйрығын дөңгелете жайып, басын жауып, бұға қалады. Бүркіт ұлардың құйрық қауырсынын сыпыра уыстып, қапы

Page 14: №31 (3088) 2014-03-20

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

!

Ұлы Жібек жолының ізі қалған Саудакентті сағалай қонған кішкене ауылдың бұйығы тіршілігі бұл мезгілмен бір сілкінгендей. Көптен бері бас қоспаған қариялар ұзын көшенің бойындағы поштаның алдына жиналып, қауқылдасып қалыпты. Өкінішті, биыл бұлардың ортасында төбедей болып оты-ратын, мәжілістің салмағы мен сәніндей болған Орынбай ақсақал жоқ. «Әй, ертең әр шаңырақтан бір адам күрегі мен қайласын алып Тұңғышбайдың талына жинал-сын. Ынталы каналынан егістікке су келетін арықты күл-қоқыстан арылтып тастайық» деп елді игі іске бастап отырушы еді, жарықтық. Енді қай атам Орекеңдей жол бастар екен?! Айтпақшы, әлгі алып канал-ды ұжымдастыру заманында ауыл азаматтары қолдан тұрғызғанын айтады көнекөздер. Содан бері айналасындағы алты ауылдың егістік алқабын сумен нәрлендіруге жарап-ақ тұр. Қайран, ағалардың ізі әлі талай ғасыр жасары анық. Өйткені, егін шаруашылығымен күнелткен елдің иігілігіне қызмет етуде канал.

К ө к т е м ш ы қ қ а н н а н ш а ғ ы н ауылдың әжелеріне де тыным жоқ. Етегіне сүрініп-қабынып жүріп, үй ішінің бәріне іс тауып береді-ау, шіркіндер! Әне, менің апам да киіз үйдің жабдықтарын бүтіндеп әлек. Бұл – басы, әлі әулеттің келіндерінің басын қосып, қыс бойы сарайда жа-тып шұрқ-шұрқ тесілген киіздерді жаңартады. Оның артынан міндетті түрде екі түсті текемет, сырмақтық ақ, қара киіз басады. О-о, ол кезде бір мереке ғой! Жеңгелерім сампылдап ши тоқиды, жыртыңдап өсек соғады, аңқылдап бар сырларын ақтарады. Арагідік «Әй, Еркебала, қауғамен су тарта сал», «Қаражігіт, арқанға қол жалғай ғой» деп жұмсайтындары бар. Қайындарының атын атамай-тын алтын жеңгелер ғой...

Бір уақытта улап-шулап жүрген бүкіл қарасирақтар оралып жатқан киізді тебуге жиналады. Апамның

екі құрбысының – Тұмаркүл мен Дәмеш әжелердің ою сала отырып, әндететіні тағы бар.

«Алма ағаштың гүліндей-ау,Текеметтің түріндей-ау.Өтіп дәурен бара жатыр,Сіз бен бізге білінбей-ау...»Әуелей қалықтаған үндерінде

қарттықтың белгісі болғанымен, сазы құлаққа жағымды еді, әлдебір күйге бөлеп, баурап алатын. Әжелердің әніне елітіп, беймәлім ойға шома кететінбіз. Содан кейін келіндердің бастаңғысы бастала-ды. Ол да бір думан! Онда да ән шырқалады.

«Бойында Арыстың,Өзіңмен таныстым. Жайнаған гүлдей құрбым сен,Жағада тұрдың сен...»Жеңгелер көбіне Шәмшінің

әндерін айтады. Бәрінен де киіз үй құруды

айтсаңшы! Бұл кезде біздің үй жаққа көшедегі күллі еркек кіндікті келеді. Әне, аузы бір жабылмайтын Мұхтар әнеукүнгі көкпардың қызығы мен шыжығын майын тамызып айтуда. Керегенің жиегін байлап тұрған

Талғат қосылды әңгімеге. – Шубайдың Қарагерін Аманғали

мінгенде ғой, серкені тақымынан босатпас еді, иә!

– С о н ы а й т с а ң ш ы , м е н і ң күреңім де бабында болмай, до-дадан үрки берді. Әйтпесе бар ғой, Жаңаталаптың жігіттерінің жанын шығарар едім... Бұл – мақтаншақ Манарбектің сөзі.

Расымен, наурыздың басында өткен Үсейдің асындағы көкпарда ауыл шабандоздары сан соғып қалып еді. Шаңырақты бақанмен тіреп тұрған ұзынтұра Саят шақшасынан бір атым насыбайды ерніне салып, былш еткізіп бір түкірді де:

– Келесі жұма Саудакенттегі пірәсеншік Сәуір бәйге береді. Сонда есе қайтарамыз. Пішән анау жылы Әулиеатадағы бәйгеде бірінші келген сары айғырын суытып жүр ғой, - деді.

...Киіз үйдің түндігі жабылысы-мен апам наурыз көженің қамына кіріседі. Онда да өзінен бастап, сенделіп жүрген немерелеріне дейін

жұмыс табылады. Алдымен, қара келі мен келсапты дайындайды. О-о, бұл көнерген құралдың көрмегені аз, тарихы тым тереңде. «Бұл келіні енемнің енесі ұстаған. Наурызбай аталарың емен ағашынан жоныпты, жарықтық. Өзегінің мықтылығы ғой, анау алағай да бұлағай заманда бір әулетті аштықтан алып қалған». Бұл – апамның әр жылы айтатын сөзі. Сондықтан болар, «қара келінің киесі бар» дейді. «Бабаларыңның көзі» дейді. «Сендер де көздеріңнің қарашықтарындай сақтаңдар» дейді. Сөйтеді де күзге салым ауыл сыртындағы қырманға ерінбей барып, іріктеп алған жүгерілерін үгітеді, жуады, кептіреді. Содан кейін бидайын әзірлеп береді. Ал, енді соқ келсапты! Көрші үйдің ба-ласы – Әсембек, інім – Шоқан және мен, айналдыра түйгіштейміз.

Күн батып, қас қарайғанда жүгері де бітеді, біздің де діңкеміз құрып, сілеміз қатады. Тамағымызды ішер-ішпестен кеше ғана тігілген киіз үйдің төріндегі құрақ көрпені маңдайымызбен сүзе құлаймыз. Бір уақытта апам «Мына тұқымың

өскірлер, төсек салмай жантая салыпты-ау» деп күбірлеп, үстімізге бірдеңе жауып жүреді.

Таңертең көзіңді ашып, ояна бергеніңде, алдымен мұрныңа сексеуілдің шоғы басылмаған самаурынның иісі келеді . Не деген жағымды, тәтті! Іле-шала үлкендердің әжің-күжің әңгімесін құлағың шалады. Іргесі түрілген кереге торынан тысқа көз салғанда, Таймас жатады. Енесі өріске кеткен қара ала бұзаудың мөңірегені, қара есектің ақырғаны, шұбар тайдың пысқырынғаны, шымшықтардың әлденеге таласып шиқылықтағаны естіледі. «Ертең – бейсенбі, - дейді апам, - әкелерің тойға үш күн қалғанда дүние салып еді. Әруағы бір аунап түссін, наурыз көже тара-тып, құран оқытайық». Жылда осы, біздің үй наурыз көжені Ұлыстың ұлы күніне үш күн қалғанда, он тоғызыншы наурызда таратады. Осы күні атамыз мәңгілік сапарға аттанған.

Біздің ауылда апамның көжесін сағынбайтын жан кемде кем. Үлкеннің де, кішінің де «Тазаш апаның наурыз көжесінің тәттісін-а й » д е п т а м с а н ғ а н ы н т а л а й көргенмін. Қағытпа Қалдыкүл де, керең Көрпеш те, үндемес Үміт те «Тазашқа айтып бар, түйілген жүгерісінен бес-алты келі дайын-

Page 15: №31 (3088) 2014-03-20

«Баяғы өткен заманда,Жиделі Байсын жерінде,Қоңырат деген елінде, Байбөрі деген бай бопты,Төрт түлігі сай бопты...»

деп сарнаймын келіп, сарнаймын келіп.

Қ а р и я л а р қ а й т а қ ы р ы п т ы қаузамайды дерсіз. Мылтықбай биыл қардың қалың болғанын сөз етті. «Егіс бітік шығады. Бір жарылқап қалатын болдық» дейді көріп келгенсіп. «Қыстың шілдесі шыдатпап еді, жазғы шілде алқапты күйдіріп тастамаса, игі» деген Тілеубай ата күдігін жасырмады. Марқұм Тоқсанбай құрдасының қызықтарын, Жұман шалдың мәрт қасиеттерін тілге тиек етті Құдайберген шал.

Әңгіме тойға дайындық барысы-на ауды. Бәйгеге кімнің қандай ат жаратып жатқанын, түйе палуанда кімнің жауырыны жерге тимейтінін, көкпарда қай ауылдың шабандозда-ры мықтылық танытатынын, арқан тартыста қай көшенің бағы жана-тынын қариялар таласа болжады. Бәрінің сөзінің жаны бар, тек уақыт төреші, тойда көреміз...

«Біздің үйдегі жүгермек Астанаға кетем деп жүр. Икіспо дей ме, екіспе дей ме, бірдеңенің құрылысы басталатын көрінеді. Қайсыңның балаң барады-ей?» деген Жүзтай апаның даусы естіледі бір кезде дастарханның төменгі жағынан. Бұл тақырып, әрине, жалғассыз қалмайды. «ЭКСПО» көрмесінің дақпырты бұл ауылға да жеткен-ді. Үлкендер өмірлерінде көрмеген астаналарын тамсана сөз етті.

Наурыз көже ішілді, аяқ бо-сады. Артынан шоғының қызуы басылмаған сары самаурын келді. Мұның соңынан тағы бірнеше са-маурын кіріп-шықты.

Молда құран оқып, алақан жайдық. Аталарымыздың аттарын атап бола бергенде, апам «Сарын-бек қайнағаны айт» деп саңқ ете қалды. Әруақтардың бәрін-дерлік риза қылып, бет сипадық.

Апамның Сарынбек қайнағасын ұмыттырмайтындай жөні бар, бізбен рулас, мұқым ауылға сыйлы болған Арынбек атамыз ол. «Бір қолтығына өгізді, бір қолтығына ботаны көтеріп, жүре беретін» деседі ел. Атқа мінгенде екі аяғы жерге сүйретілетін еңгезердей кісі болған ғой.

Қонақтарды шығарып салып көшеге шыққаным

сол еді. Ойнап жүрген бес-алты бала жүгіріп келіп, қолымды алды. «Тазаш апаның көжесі биыл да тәтті болыпты» дейді танауларын тартып.

Асхат РАЙҚҰЛ

15www.astana-akshamy.kz

!

дап қойсын. Жаман қатынның жүгерісінің көжесі дәмді бола-ды» дейтін. «Жаман қатынның не қасиеті бар-ей, қолынан шыққан асы тіл үйіреді ғой?!» дегендерді де талай естігенмін.

Апамның «жаман қатын» деген ныспысын марқұм атам таңып кетіпті ғой. Өзінің айтуынша, өле-өлгенше кемпірінің атын атамай, «жаман қатын» депті. Соңғы деміндегі сөзінде де «Жаман қатын, балаларға ие бол» деген екен. Міне, осыдан кейін апамды замандастарының бәрі жаман қатын дейді. Оған шамданатын апам ба, күледі де қояды.

...Біздің үй наурыз көже тара-татын күні апам мені таң сәріден оятады. «Айналайын, тұра ғой, жамағайынды көжеге шақыр. Болат молданы ұмытпа» дейді. Ұйқымды ашар-ашпастан зыта жөнелемін. Бұл уақытта ел малын өріске ай-дап тастап, таңғы шайларын со-раптап отырады. Алдымен көрші Тұмаркүл әженің үйінен бастаймын. Есіктен басымды қылтитып, «Сағат он екіде біздікіне наурыз көжеге келіңіздер» деймін. Әже қолындағы оюлы кесесін үстелге қойып жатып, «Ә, атасының баласы ма, мә, ала ғой» деп, дастархандағы тәттіні уыстап қойныма төге салады. Со-дан кейін Мылтықбай атаның үйі, оның көршісі – Кәкіш аға, одан ары Дүйсен, Орынтай, Қажымдардың үйі...Олардың шаңырағында әжелері жоқ. Яғни, маған тәтті де жоқ.

Содан кейін жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Болат мол-даны, Кеңесбек көкені, Мұхтар, Орынбасар, Пернебай, үлкен ұлы менімен құрдас Түлкібайдың үйлерін шақырамын... Күн сәскеге тақағанда үйге жетемін ентігіп.

К ө п ұ з а м а й ш а қ ы р ғ а н қонақтарымның алды келе бас-тайды. Алғашқы легі киіз үйге, сыймағандары үлкен үйдің дәлізіне жайғасады. Үлкендермен ілесіп, ба-лалары, немерелері келеді. Олардың қолдарында, әдеттегідей, ыдыстары болады. Өйткені, көпшілікпен сый-майды. Сондықтан наурыз көжені құйып алып, өз үйлеріне барып ішеді.

Қ о н а қ т а р ғ а н а у р ы з к ө ж е қазандай-қазандай қос шарамен жеткізіледі. Бірі – киіз үйге, бірі – үлкен үйге. Жеті түрлі тағамнан дайындалған дәмді төрдегі шалдар-мен бірге мен де сораптап отыра-мын. Әңгімелерін естісін дей ме, әлде, шаңырақтың иесі дей ме, апам мені үнемі үйге келген қариялардың қасына отырғызатын. Олар да бала-сынбайтын, бәлсінбейтін, әр нәрсені сұрап, үлкен кісілерше әңгімеге тар-тады. Кейде, ас келгенше Алпамыс батыр дастанын айтқызатын.

– үйірлі қасқырдың бастаушысы, көсемі. «Алтау болар, бес болар,Ішінде абаданы бір болар,Абаданынан айырылса,Әрбір итке жем болар.» (Шалкиіз ақын)

– киіз үйдің кереге мен уығын ай-налдыра қысып ұстайтын әрі сәндік қызмет атқаратын бау. (Кей жерлерде басқұр деп те атайды.)

– азық-түлік әкелуге арналған шом-ды түйе керуені.«– Иә,- деді Томан немқұрайды әуезбен, – қар сөгіле егінші жігіттерді арнайы жасақ, ақшомды керуенмен Арқаға аттандыратын-быз.» (М.Мағауин)Ұңғыру – ағаштан жасалатын ыдыстардың,басқа қуыс бұйымдардың ішін оятын сайман.

– Көшіп бара жатқан елдің уақытша жиналатын тұрағы. (Әбілғазы Шыңғысхан заманында бір күренде мыңға дейін үй болған деп жазады.)«Ақыры ілгеріде тұрған көк күймелер мен көтермелер шоғыры тым аумақты күрендердің бірінен жиырма шақты атты шықты да сұлтан тобының жолын қиып, көлденеңдей шапқан.» (М.Мағауин)

– бүркіттің қалған үш тұяғына қарсы біткен дара тұяғы (басбармақ) Тегеуіріні теріс біткен,Тепсем жілік сындырған,Қыран бүркіт мен едім.» (Есет би)

– 1.Қасқырдың, иттің ұрғашысы. Қаншық.«Ашиналар өлекшін қасқырды тотем етіп алған.» (Нәдірбек Әпсәлемов)2.Өлексе жейтін құс. (Қарақұс, күшіген)

– көктемгі қар суымен өсіп шығатын майда шөп. «Ол жерге раңот көктеп пе?» (Несімен артық деген мағыналы.)«Жаттық қылып сөйлейін,Жазыққа біткен раңдай.» (Мұрат Мөңкеұлы)

– алабота, қалақай, торғайоты сияқты ащы ө с і м д і к т е р д і ң , т е р е к т і ң қ а б ы ғ ы н ы ң қайнатылып, сүзіп күлінен алынған ұнтақ. (Сақарға май, су қосып қайнатып сабын жасайды.)

– сәресі ішетін мезгіл. – сабын бұлғаған қазанда қалған

қалдықтан жасалған кішкентай сабын. – бурадан бірінші рет шыққан

қаймал іңген. – Юпитер. Жеті қат көктегі

тоғызыншы мүшел жұлдыз, мерген тобының көгі. «Шоңай – күннен кейінгі көктердің зоры. Шоң – үлкен, үлкен Ай, Латинше – Юпитер, Арабша – Муштари, Грекше – Зевс)» (Ақжан Машани)

– 1.Тұмсығы үшкір, өкшесі тайқы былғары етік.2.Түйеге шөп артудың бір тәсілі.

Аталмыш колледж елімізде тіс техниктері мен оптиктерін, стоматологтар мен фарма-цевт-провизорларды даяр-лайтын бірден-бір орта ар-наулы оқу орны екен. Кол-

ледж директоры, медицина ғылымының кандидаты Айгүл Жанатқызының айтуынша, оқу орны келешекте кеңейіп, үлкен оқу ордасына айналатын түрі бар.

Наурыз өтетін колледждің

акт залы қазақтың ұлттық атрибуттарымен безендіріліп, қ а б ы р ғ а л а р ы н а қ а з а қ ы о ю - ө р н е к т і , т ү р л і - т ү с т і к і л е м ш е л е р , с ы р м а қ т а р , қ а с қ ы р д ы ң , т ү л к і н і ң

терілері іл ініп, әдемі де айшықты көркем жазулар-мен көмкерілген екен. Кол-леджге қонақ ретінде келген белгілі ақын, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лау-реаты Бақытжан Тобаяқов

Жаңа жылқы жылына арнаған жырынан шашу шашып, ақ батасын берді. Тілдерді да-мыту басқармасының маман-дары Ержан Еңсебаев пен Бағлан Асылбеков құттықтау сөз сөйледі.

К ө к т е м м е р е к е с і н і ң концерттік бағдарламасы да мазмұнды өтті. Мұнда ата салт-дәстүрімізге байланысты түрлі скетчтер, интермедиялар қойылып, колледж шәкірттері әуелете ән салып, нақышына келтіріп би биледі. Сонымен бірге осында енді-енді қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басар бөбектің тұсаукесер рәсімі өткізілді. Соңыра директордың орынба-сары Балтабай Ибрагимбеков Ш.Сариевтің сөзіне жазылған К.Дүйсекеевтің «Ойлан, ба-лам» атты әнін шабыттана орындап берді.

Сағи ОРАЛ

Page 16: №31 (3088) 2014-03-20

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

!

Ы д ы с ы т о л ғ а н с а у ы н ш ы -лар да қалған тірлікті желінің басындағы балаларға тапсы-рып, үйлеріне қарай аяңдайды. О с ы к ө р і н і с к ү н і н е б е с -алты рет қайталанады. Кеш-ке дейін сауылған сүт күбі , сабаларға құйылып ашытылып, п і с у і қ а н ғ а н қ ы м ы з қ а з а қ ы дастарханымыздың сәніне ай-налады.

А у р у ғ а ш и п а , с а у ғ а қ у а т беретін қымыздың баптауына байланысты әртүрлі аты бар. Бойына бар құнарын жинап, жаз ортасында толысып өскен шөпке жайылған биенің сүтінен сары қымыз ашытады. Ол әрі тәтті, әрі құнарлы, қою келеді. Түнемелі – қор салынып, ашы-тып, екі тәулік сапырып, пісуі жеткен қымыз. Одан бөлек құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз және бұлардың бәрінен күшті асау қымыз бо-лады. Бұлай деп үш тәуліктен бастап, бес-алты тәулікке дейін ашытылған түрлерін айтады. Баяу ашытылған немесе са-у м а л қ о с ы п т ұ щ ы т ы л ғ а н ы н жуас қымыз дейді. Одан бөлек, қорабалы қымыз бен сірге жияр қымыз бар. Бұл қымыз түрлерін бие ағытарда жинап алатын себепті «жабынды» деп те атай-ды. Бабы болса, жемі жетсе, биені сегіз айға дейін саууға болады екен.

– Біздің биелеріміздің сүті құнарлы. Шамамызға қарай, жылына бес-алты бие байлай-мыз. Күніне 10 литрден астам с ү т а л а м ы з . О н ы а ш ы т ы п , ішкенімізден артылғанын сата-мыз. Онда да «қымыздарыңыз т ә т т і » д е п қ о л қ а л а п к е л і п жатқан соң береміз. Әйтпесе, балалардан ауысса, таза қымыз ағайын-туғандардың несібесі

КАЙРАН

ғой. Жылқы бағу оңай емес, он шақты қарадан тұратын үйірді қыстай жемдеп, ауылдың айнала-сында ұстаймыз. Жемге үйренген жылқы ауылдан алыстап кетпейді, күнде кешкісін қорасына қайтып келеді. Биыл биелеріміз ертерек құлындады, алғашқы төл наурыздың басында туды. Оны да жақсылыққа балап отырмыз, - дейді Рахат Ибра-ев. Ол – жеке иелігіндегі жылқысын бағып, оның өнімін өндіріп, жемісін жеп жүрген жылқышылардың бірі. Шаруашылықтары аса үлкен емес. Солтүстікте көктем кеш түсетін себепті, мамырдың ортасынан бастап бие байлайды. Қымыз бап-тау жеңгеміздің үлесінде. «Бие сауып, қымыз ұстаған соң, бабында болмаса, обал ғой. Өзім ашыта-мын. Қымыз піскен сайын бабына келеді. Сондықтан бір сағат, кейде бір жарым сағат уақытым қымыз пісуге кетеді. Қымыздың сапасы-на күбіні «ыстаудың» да әсері мол. Өзім қайыңның қабығымен күнара ыстаймын, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығып тұрады» дейді жеңгеміз, «құпиясымен» бөлісіп.

« Қ ы м ы з а п а » а т а н ы п , а с т а н а л ы қ т а р д ы қ ы м ы з б е н қамтамасыз етіп жүргендердің бірі – Бибігүл Ділдарова. «Соңғы жыл-дары қала тұрғындарының ұлттық асымызға сұранысы артып барады. Кезінде ермек болсын деп, қалалық базарда ағарған сатуды бастап едім, бұл күнде жұмысымыз жан-данып, саудамыз дөңгеленіп келеді. Оның бір себебі – қымыз сатамын. Бұрындары жергілікті халықтың ұлттық тағамымызға аса әуесі жоқ еді. Елорда болып, қала халқының саны артып, сүйікті асымызды іздеп

жүріп ішетіндер де көбейді. Әрине, қалада тұрып жатқан менің бие байлауға жағдайым жоқ. Ал өнім өндірушілердің базарда тұратын уақыты жоқ. Демек, дәмді асты тұтынушыларына жеткізуде біз сияқты апаларыңның орны бөлек» дейді ол. «Жеке кәсіпкер» ретінде тіркелген апамыз қаланың орталық базарларында бірнеше орын алып, қазақтың ұлттық тағамдарымен қоса қымыз сатуды кәсіп етеді.

Жыл он екі ай бойына үзбей қымыз сатудың да ерекшелігі бар. Бие байлап, жылқы бағатындар алыс ауылдарда орналасқан. Жазды күндері қымыз жеткізу қиын. Кейде бабы болмай ашып та кетіп жатады. Ондайда Бибігүл апа қымызды пісіп, ашуын басып, қалпына келтіреді. Өзі күбіге май, қаймақ жағып ыстай-ды екен. Ең жақсысы, қазының май-ымен ыстаған дейді. Асау қымызды саумал араластырып, мейіз қосып тұщытады. Қыста «жабынды» қымыз сатады. Яғни, қоңыр күзде жылқының сүтін жинап ыдысқа құйып, қалыпты температурада сақтайды. Базарлардағы қымыздың сапасы жайында сұрағанымызда, Бибігүл апай: «Мамырдың сары қымызы бал татып, қою келеді. Ал шөптің алды қуарып, нәрі кеткен кезде жылқының сүті де сұйылады. Қымыздың хош иісінде тобылғы, қайың не киікотының иісі болса, онда ысталғанның белгісі. Жалпы, жылқы малы қасиетті ғой. Оның сүтіне әр нәрсе қосып, құтын кетіруге болмайды. Әйтсе де, ор-тада жүріп, қасиетті астың дәмін кетіретіндер де табылады».

Сатып алушы мен өндірушінің ортасындағы жолды қысқартып, екі жақтың да көңілін тауып жүрген

Бибігүл секілді апайларымыз көптеп саналады. Олар да қымыз өндіру ісінің бір шетін ұстап жүргендер. Қымыз жеткізетін, сақтайтын, оны ыдысқа құйып, тарату ісі жолға қойылғанда қымыз көбіміздің сүйікті сусынымызға айналып, шетелден ағылып келіп жатқан небір энергетикалық сусындарға тосқауыл болар еді.

Әзірге, Астананың дүкендері мен базарларынан қымыздың түр-түрін таңдап ішуден тапшылық болмаса да, өзге облыстармен салыстырғанда, бие сауу, қымыз өндіру ісінің кемшін дамуы сезіледі. Мұны шаруа қожалықтарының, фермерлердің белсенділіг інің төмендігімен де байланыстыруға болады. Әрине, үйірлеп жылқы бағып, бие байлап, қымыз өндіру зор еңбекті қажет етеді. Түрлі суб-сидиялар мен бизнесті қолдаудың б е л с е н д і ш а р а л а р ы ш а ғ ы н қожалықтарды айналып өтуде. Ал, осы істі жандандырамын, елордалық қымыз өндіру ісіне үлес қосамын деушілер жеткілікті. Солардың бірі Сайрамбай Дөненбаев Қоянды ауы лында жылқы ұстайды. Осы іспен айналысқанына он жылға тақап қалды. Былтыр 35 бие бай-ласа, алдымыздағы жазда 100 бие байламақ ниеті барын айтты. Қымызыңыз қалай өтеді дегенімізде: «Желінің басынан келіп, ыдыстары-на құйып алып кетіп жатады. Кейде қымызымыз жетпей қалатын кездер де болады» деді. Сұраныс болған соң, Сайрамбай жылқының басын көбейтіп отыр. Яғни, таза өнімге сұраныс болғанда, ауыл арасын ешкім қашықсынбайды екен.

А у р у ғ а ш и п а д е м е к ш і , қалалық Туберкулезге қарсы д и с п а н с е р д і ң б а с д ә р і г е р і Болат Болдыбаев қымыздың емдік қасиетіне тоқталып, оның науқастарға үзбей берілетінін айтып берген еді. «Қымыздың өкпе ауруларына пайдасы зор. Аурудың алдын алумен қатар, ем алу кезінде ағзаның қорғаныс күшін арттырып және басқа ішкі ағзалардың қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді. Бұрындары көктем-күз айларында да ғана пай-далы сусынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар еді, қымыз дайын-дау ісі біршама жолға қойылғалы бері жыл он екі ай бойына ас мәзірінен басты орын алады» деді бас дәрігер.

Соңғы кездердегі зерттеу лерге қарағанда, қымыздың құрамындағы спирт пен сүт қышқылы ас қорыту безінде сөл бөлінуін күшейтеді. Сүт қышқылдары бактериялары тоқ ішектің жұмысын жақсартады. Осы қасиеттеріне қарап, қымызды ас қорыту, ішек жолы, созылмалы га-стрит, асқазан мен он екі елі ішектің жараларында, өт жолы, сонымен қатар өкпе ауруларының жеңіл түрлері мен жүрек-қан тамырла-ры аурулары, гипертоникалық, атеросклероз, анемия, тағы басқа дерттерге дауа екені белгілі болып отыр. Оның құрамында жеңіл қорытылатын белок, майлар, сүт қышқылы, сүт қанты, фермент-тер мен минералды заттар бар. Саумал ішіп, асқазан жараларын жазғандар жайында талай естідік. Демек, істің көзін білетін иесі табылса, биенің желінінен сүт емес, телегей теңіз табыс ағызуға болады екен. Кезінде, Алматы облысындағы Мыңжылқы жай-лауына жаны үшін түу Германи-ядан бір топ адамдардың айлап жатып саумал ішкенінің куәсі болып едім. Қазіргі күнде ол елде де өз қымызын өндіруді жолға қойыпты.

М ә ж і л і с д е п у т а т ы А л д а н Смайыл қымыз өндірісін да-мыту туралы ұсыныстарын ай-тып, сауал жолдаған еді. Халық қалаулысы «Жылқы санын 5 млн басқа жеткізген АҚШ, 12 млн-нан асырып отырған Қытай мен Ресей осы түлік арқылы ел әлеуметінің мәселелерін шешуде. Ал 120 млн гектар жайылымы бар Қазақстандағы жылқының саны 1 млн 400 мың ғана. Тари-хи құндылықтарды құрметтеу арқылы ұлтты қастерлейік» деген-ді.

Б о л а ш а қ т а н е б і р а р з а н қ о л « К о л а л а р -мен» шөл қандырған

ұрпақтың таңдайында бал татыған сары қымыздың дәмі қалсын десек, бұл мәселені к е ш е н д і т ү р д е ш е ш у к е -рек. Тиісті заңнамаларын қабылдап, ұлттық тағамдардың нарықтағы орнын белгілеп, құнарлы сусынның пайда-сын насихаттап, дайындау ісін, қолданыс мәдениетін қалыптастырмай бие байлап, қымыз сапырған шаруаның ісі алға баспайды.

Айгүл УАЙСОВА

КЫМЫЗ...

Page 17: №31 (3088) 2014-03-20

17www.astana-akshamy.kz

20.0311:00

20.0312:0020.03 11:0020.0318:30

20.0318:30

20:00

14.04

16:0011:00

21.03

18:30

18:30

19:00

18:30

18:30

16:00

16:00

16:00

14:00

10:00

11:00

18:30

18:30

18:00

19:00

19:00

11:00

17:00

11:00

18:00

18:30

18:30

19:00

14:00

19:30

19:00

19:00

18:00

18:30

18:30

19:00

19:00

!

Page 18: №31 (3088) 2014-03-20

Қазақстан Республикасының 1994 жыл ғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодек сіне, Қазақстан Республикасының «Қазақ стан Республикасындағы жергі-лік ті мем ле кет тік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақ стан Республикасы астанасының мәр те бесі туралы» 2007 жылғы 21 шілде дегі, «Мемлекеттік м ү л і к т у р а л ы » 2 0 1 1 ж ы л ғ ы 1 наурыздағы заңдарына, «Мем ле кеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес, Аста-на қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жалға берілетін коммуналдық мүлік үшін жал төлемінің мөлшерлемесі осы

қаулыға №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Астана қаласының Қаржы бас-

қар масы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімдік басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген ин-тернет-ресурстарда және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жария-лаумен, әділет органдарында мемле кеттік тіркеуді жүргізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақы лау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жария-ланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Әкім И. Тасмағамбетов

1. Астана қаласының коммуналдық меншігі болып табылатын жылжымай-тын мүлікті жалға берген кезде жалға беру төлемінің мөлшерлемесі:

Астана қаласының мектеп оқу шы-ла рын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар үшін, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық-мәдениет орталықтар үшін – айына бір шаршы метрге 200 (теңге);

мемлекеттік қорлар үшін – бір шаршы метрге 0 (ноль) теңге;

басқа да заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін – айына бір шаршы метр үшін 1 000 (бір мың) теңге;

банкоматтарды, базалық станция жабдығын және ұялы байланыс антен-насын орнату үшін терминалдар үшін – айына бір шаршы метрге 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткіш);

жергілікті маңыздағы тарихи және мәдениет объектілері – коммерциялық ұйымдарды есепке алмағанда айына бір шаршы метрге 1000 (бір мың) теңге болып белгіленеді.

2. Жабдық, автокөлік құралдары және басқа қолданылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) берген кезде

жылдық жалға беру төлемінің есебіАп = С х Nam /100 х Кпформуласы бойынша жүзеге асыры-

лады, онда:Ап – жылына жабдықтар мен көлік

құрал дары үшін жалдау ақысының ставкасы;

С – бухгалтерлік есеп деректері бой-ынша жабдықтардың қалдық құны.

100 пайыз тозуы есептелген жаб дық-тар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;

Nam – «Салық және бюджетке төле не тін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 110-ба-бына сәйкес амор ти зацияның шекті нормалары;

Кп – төмендету коэффициенті (жаб-дық тар мен көлік құралдары алпыс пайыз дан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөл ше рінде, сауда-сатып алу (дел-далдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).

/

1

2

:6

18www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] na-akshamy.kzna-akshamy.kz

!

Page 19: №31 (3088) 2014-03-20

[email protected]..

[email protected].

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы Есімова Гузаль Серікбайқызына әкесі

Үсенов Серікбай Айдарханұлыныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

19

!

Page 20: №31 (3088) 2014-03-20

20www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

!

– Ұ л т ы м ы з д ы ң н а ғ ы з б и өнерінің құдіретін барша дүние жүзіне таныттыңыз. Қазақ биін шетелде қалай қабылдайды?

Ғазиза, ЕҰУ студенті– Ө т е ж а қ с ы . Қ а з а қ б и і н і ң

өзіне тән ерекшелігіне тамса-нып, құрметтейді. Бірақ қазақтың б и ө н е р і н е ө з г е л е р қ ы з ы ғ а қарағанымен, өзіміз мән бере алмай жатамыз. Қазақ биі үшін ж а н ы к ү й і п , ш ы р - п ы р б о л ы п жүргендер санаулы-ақ. Сенесіз бе, Қазақстанда қазақ биін билейтін, оны үйрететін мамандар тапшы. Биші көп. Бірақ қазақтың шынайы, өзіндік биін билейтіндер аз.

– Сіздің сахнаға алып шыққан «Бөртенің биі» мен «Патша құс» биіне таңданбай, тамсан-бай қарау мүмкін емес. Сондай-а қ , к е с е л е р м е н д е б и л е й т і н

е д і ң і з . М ұ н д а й е р е к ш е б и д і қанша жасыңызда және кімнен үйрендіңіз?

Динара, психолог– Мұның еш қиындығы жоқ. Бұл –

өз кәсібін сүйген, дұрыс жаттыққан адамның бәрінің қолынан келетін іс. Бар құпиясы «1 пайызы – та-лант, 99 пайызы – еңбек» деген қағидаға саяды. Сосын Пекинде би факультетінде сабақ берген мықты ұстаздарымның еңбегі деп білемін.

– Қай елдің биін билегенді ұ н а т а с ы з ? Қ а н ш а ұ л т т ы ң б и қимылдарын білесіз?

Шынар, медбике– Бишілер де өз ішінде сан

салаға бөлінеді. Біреулері ұстаз-б и ш і , е к і н ш і л е р і р е ж и с с е р -б и ш і , ү ш і н ш і л е р і с а х н а л ы қ орындаушы-биші. Орындаушы бишінің басқалардан ерекшелігі – би талғамауында. Оларды әу бас-тан әмбебап болуға тәрбиелейді ә р і б и д і т е з қ а б ы л д а п а л у ғ а дағдыландырады. Сондықтан әр ұлттың биін билей береміз. Әрине, үйренуге қиынға соғатын қимыл-әрекеттер болады. Тіптен, жылдап меңгеретін тәсілдер де кездеседі. Бірақ кәсіби биші болғаннан кейін біз бәріне дайынбыз. Бірақ, қай елдің сахнасында өнер көрсетсем де, ең алдымен қазақ биін билеймін. Қазақтың биі – бойтұмарым.

– Көптеген бишілер кәсібінің денсаулығына тигізетін зияны туралы айтып жатады. Сіздің денсаулығыңыз қалай?

Мақсат, оқырман– Біз спортшылар секілдіміз.

Би де спорт сияқты денсаулыққа өте пайдалы. Бірақ кәсіби түрде

айналысатындарға өзіндік зия-нын да тигізбей қоймайды. Қол-аяқтың сіңірлерін ары-бері созып, жаттығып жүрген жастық шақта ештеңе білінбейді. Ал, адамның жасы ұлғайған сайын бұрынғы жастық пәрмені азайып, бойынан күш-қайраты кетіп, жаттығуды да бәсеңдете бастайды. Әр буын мен сүйекке түскен салмақ сыр береді. Жаттығу кезінде, тіпті, кейде сахна-да да бишілер жарақат алып жатады.

– Сіздің жарақат алған кезіңіз болды ма?

– Әрине, онсыз бола ма?! Та-лай рет жарақаттанғанмын. Бірақ айтарлықтай ауыр емес.

– Қазіргі қазақ биінің дамуына көңіліңіз тола ма?

Самал, қала тұрғыны– Б і з д і ң б и ө н е р і м і з д а м ы п

келе жатыр. Қазақ биінің өзіндік ерекшеліг і мол. Қазақтың биі де ұлттық салт-дәстүріміз бен тұрмыс-тіршілігімізден туындаған. Ө м і р д е н а л ғ а н ә с е р і ң і з д е н , күйініш-сүйінішіңізден ән не-месе өлең-жыр тумай ма?! Би де сол сияқты. Бірақ бұндағы ішкі сезімдерді бейнелеу құралы – қимыл-қозғалыс. Әрине, ойды тілмен емес, қимылмен жеткізу – қиын нәрсе. Мысалға, өзбек биі дегенде, иық қозғалыстарынан-ақ біз оларды бірден ажыратамыз. Сол сияқты үнді биі болса, оны да бірден танимыз. Міне, сондай ұлттық нақышты бейнелейтін, басқа ұлттарға өзін таныстыратын би элементтері бізде де бар. Заман ағымына қарай біз ұлттық бейнені сақтай отырып, қазақ биін одан әрі дамытуымыз керек. Мысалға, мен білім алған оқу ордасында барлық ұлттардың биін үйретті. Бұнда бір халықтың биін үйретпес бұрын сол елдің тарихы, салт-дәстүрі, табиғаты, өзіндік ерекшелігі мен философиясы оқытылады. Сол халықтың болмысын ұққаннан кейін оның биін түсіну қиын емес.

– Әдемілігіңіздің сыры неде? Бишілер қауымы дене пішімдерін қ а л ы п т ы , ә д е м і с а қ т а у ү ш і н жаттығумен қатар, қатаң диета да ұстанып жатады. Сіз қандай диета түрін ұсынасыз?

Мөлдір, косметолог– Ө з б а с ы м м ү л д е д и е т а

ұстамаймын. Өйткені, өзім дәмді тамақ жегенді жақсы көретін адам-мын. Дене пішімімді ешқашан у а й ы м д а ғ а н е м е с п і н . С е б е б і , артық-кемді жаттығу арқылы-ақ қалыпқа келтіріп аламын. Мен

билейтін билердің бәрінің техни-касы өте ауыр. Оларды орындау үшін маған кәдімгідей күш керек. Ал бойымда күш болу үшін жақсы тамақтануым қажет қой. «Ас – адамның арқауы» демей ме?! Бетіме күтімді уақытымен жасай-мын. Әйел болып жаратылғаннан кейін бұл – міндетті нәрсе. Оның үстіне халық ең алдымен сыртқы к е с к і н - к е л б е т і м і з г е қ а р а й д ы . Өзін құрметтеген адамды ел де қадірлейді. Өз басым сұлулықты ерекше бағалаймын.

– Өзіңіз биші болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?

Айару, оқушы– Әрине, бірақ биші болуыма

ешкім ықпал еткен емес. Жал-пы, отбасымызда менен басқа ө н е р а д а м ы ж о қ . А л л а м е н і ң

өмірімді бимен байланыстырды. Мен мұны маңдайыма жазылған т а ғ д ы р д е п т ү с і н е м і н . Б а с т а -уыш сыныпта оқып жүргенімде би үйірмесіне бала қабылданып жатқандығын кездейсоқ естіп, елден қалмай мен де сол жерге бардым. Қателеспесем, тоғыз жас-та болатынмын. Бәрі ойламаған жерден басталып кетті. Ол кез-де үлкен биші болуды емес, тек сыныптастарымның арасындағы е ң ү з д і г і б о л у д ы ғ а н а о й л а й -тынмын. Бәрінен биік секіруді, өзгелердің қолынан келмеген іс-қимылдарды жасауды, жалпы, өте жақсы билеуді мақсат ететінмін. Осы талпыныспен оқыдым. Есейе келе балалық қызығушылығым кәсіби, білікті биші болу туралы арманға жалғасты. Бейжiңдегi Ұлттар университетiне түскеннен кейін биік шыңды бағындырған танымал биші болсам дедім. Бұл – Қ ы т а й д а ғ ы ж о ғ а р ы б i л i м д i бишiлер даярлайтын ең беделді оқу ордасы. Сол жерде би өнерінің қ ы р - с ы р ы н т е р е ң м е ң г е р г е н бiлiктi мамандардан дәріс алдым. Негізі, арман мен дұрыс қойылған м а қ с а т т ы ң а д а м д ы б и і к т е р г е жетелейтіні рас . Бәрі осылай бас талды. Оқуды біт іргеннен кейін Қытайдағы мемлекеттік теа-трда жұмыс істедім. Сонда жүріп талай мәртебелі халықаралық байқаулардың жеңімпазы болдым

– Ж е к е ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ к е ш і ң і з д і ө т к і з б е г е л і б і р а з ж ы л д а р ө т т і . Х а л ы қ с і з д і сағынып қалды. Кешіңізді қашан өткізесіз?

Мәрия, зейнеткер– Кеш өткізуден, елге тама-

ша көңіл-күй сыйлаудан қашқан емеспін. Құдай қаласа, мамыр а й ы н д а А с т а н а м е н А л м а т ы қалаларында өтеді.

– Қытай елінде туып, білім алып, бой жеттіңіз. Ол жақта наурыз мерекесін қалай тойлау-шы еді?

Дастан, оқырман– Ешқандай ерекшелік жоқ.

Ол жақта әр отбасы өз үйінде атап өтеді. Наурызкөже жасап, бір-бірін қонаққа шақырады. Ал, бізде наурыз тойын тойлауға жұрт

тайлы-тұяғы қалмай мерекелік шеруге шығады. Жиылған жұрт ақын-жыршылардың, танымал ә н ш і л е р д і ң ө н е р і н т а м а ш а -лайды. Өз басым үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Күн жылынып, жерге көк шығып, тіршіліктің жанданатын кезі қатты ұнайды.

Еркежан СӘТІМБЕК