20

3.2 4. 5. 5.1. Жалпы ереже ҒылымиŸОЛОЖЕНИЕ НИРМ 2016 на...Магистрлік жоба ... болып табылатын ғылыми жұмыс; ҒЗЖ

  • Upload
    others

  • View
    23

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

1. Тағайындалуы мен қолданылу ауқымы: аталған ереже, магистрлер

дайындауды қамтамасыз ететін немесе дайындауға қатысатын, ҚҚЭУ

кафедралары мен бөлімшелерінде магистранттардың ғылыми-зерттеу/

эксперименталды-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу

тәртібіне қойылатын жалпы талаптарды белгілеу мақсатында әзірленеді.

2. Нормативтік сілтемелер Аталған ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылады: 2.1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» 27.07.2007

(өзгертулер мен

толықтырулары

03.12.2015 ж.)

2.2. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы заңы» 18.02.2011 ж.

(өзгертулер

13.11.2015 ж.)

2.3 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға міндетті

мемлекеттік стандарты. Магистратура

23.08.2012 ж.

№1080 ҚР

үкіметінің

шешімі

(өзгертулер мен

толықтырулары

13.05.2016 ж. №

292)

2.4 Жоғары және жоғры оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

қызметінің Типтік ережелері

17.05.2013 ж.

№ 499 ҚР

үкіметінің

шешімі

(өзгертулер мен

толықтырулары

29.01.2016 ж. №

108)

2.5 ҚҚЭУ-ПК-19-2014 «Жоғары оқу орнынан кейінгі және

қосымша білім беру процесінің картасы»

3. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар.

3.1. Терминдер мен анықтамалар: Ғылым

табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғат

байлықтарын ұтымды, тиімді пайдалану және қоғамды

тиімді басқару мақсатында болмыс туралы обьективті

білімді тұжырымдау және теориялық жүйелеу оның

функциясы болып саналатын, адам қызметінің аясы ;

Магистр

магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген

тұлғаларға берілетін, академиялық дәреже;

Магистранттың ғылыми-

зерттеу жұмысы

белгілі бір пәндік ауқымда жаңа білім алумен аяқталатын,

нақты обьектіге немесе қызмет пәніне теориялық,

эксперименттік зерттеуді орындаумен байланысты

магистранттың жұмысы;

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Магистерлік диссертация

Магистрлік жоба

белгіленген форма бойынша белгілі бір пәндік-кәсіби

ауқымға сәйкес ғылым саласының белгілі бір өзекті мәселесі

бойынша магистранттың дербес зерттеу нәтижелерін

жинақтауды білдіретін ғылыми жұмыс;

белгіленген ғылым саласында нақты мамандықтың өзекті

мәселелерінің бірі болып келетін магистранттың өзіндік

зерттеулер нәтижелерінің жинақталған қорытындысы

болып табылатын ғылыми жұмыс;

ҒЗЖ туралы есеп ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жүйеленген мәліметтерден

тұратын, ғылыми-зерттеу үдерісі мен нәтижелерін

сипаттайтын құжат.

3.2 Қысқартулар:

МҒЗЖ магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

ҚҚЭУ Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

ЖООК және ҚББД Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білу

департаменті

4. Жауапкершілік.

ҚҚЭУ магистрлер дайындауды қамтамасыз ететін кафедралардың

меңгерушілері, өзінің лауазымдық міндеттері шегінде магистратура жөніндегі

бас маман, аталған Ереженің орындалуына жауап береді.

5. Сипаттама.

5.1. Жалпы ереже.

5.1.1. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – магистрантты өздігінен

ғылыми-зертеу жұмысын жүргізуге даярлау, магистрлік диссертация жазу және

оны ойдағыдай қорғау оның негізгі нәтижесі болып саналады.

5.1.2 Ғылыми және педагогикалық бағыт магистратурасындағы ғылыми-

зерттеу жұмысы тиісті:

-магистрлік диссертация қорғалатын негізгі мамандық проблематикасына

сәйкес болуға;

- ғылыми жаңалық пен тәжірибелік маңыздылықты қоса алғанда, өзекті

болуға;

-ғылым мен тәжірибенің қазіргі замаңғы әдістемелік, технологиялық және

теоретикалық қол жеткізулеріне негізделуге;

- ғылыми зерттеулердің қазіргі замаңғы әдістерін қолдана отырып

орындалуға;

-негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеушілік

(әдістемелік, тәжірибелік) бөлімдерді қамтамасыз етуге;

- сәйкес білім саласының алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелеріне

негізделуге.

5.1.3 Бейіндік магистратурадағы эксперименталды-зерттеу жұмысы

тиісті:

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

-магистерлік диссертация қорғалатын негізгі мамандық

проблематикасына сәйкес болуға;

- өндіріс, техника және ғылымның заманауи қол жеткізулеріне негізделіп,

нақты тәжірибелік ұсыныстар мен басқару мәселелерінің өзіндік шешімдерінен

тұруға;

- алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялық құралдарды қолдана

отырып орындалуға;

- негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеушілік

(әдістемелік, тәжірибелік) бөлімдерден тұруға.

5.1.4. Магистранттардың ғылыми жұмысы нақты мамандық бойынша

магистрлерді дайындау спецификасын есепке ала отырып аталған Ереже

негізінде университеттің шығарушы кафедралары дайындаған, ғылыми-зерттеу/

эксперименталды-зерттеу бағдарламаларына сәйкес университеттің шығарушы

кафедраларында немесе ғылыми зертханаларында ұйымдастырылады.

5.1.5Магистранттардың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу

жұмысының бағдарламасының ішінде (нақты мамандық бойынша) келесі

бөлімдер мен олардың сипаттамасы болуға тиіс:

- жалпы ережелер;

-мамандық бойынша магистранттардың ғылыми-

зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысының мақсаты мен мәселелері;

-мамандық бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу

жұмысының мазмұны;

- МҒЗЖ/МЭЗЖ негізгі сатылары мен өткізу мерзімдері;

- МҒЗЖ/МЭЗЖ басқару мен бақылау .

5.1.6 Магистерлік диссертацияның бағдарламасы орындалатын

шығарушы кафедра, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша

бағдарлама бөлімінің дайындалуына қойылатын арнайы талаптарды

анықтайды. Арнайы талаптардың қатарына келесілер жатады:

- нақты білім саласындағы заманауи проблематиканы білу;

-нақты ғылыми проблеманың даму тарихын, оның рөлін және зерттелетін

ғылыми бағыттағы орнын білу;

- магистрант зерттейтін ғылыми проблема бойынша нақты өзіндік

білімнің болуы;

- магистрлік бағдарламамен (магистрлік диссертациямен) байланысты,

қандай болсын бір салада ғылыми зерттеулер, эксперименталдық жұмыстарды

іс жүзінде жүзеге асыра білу;

- интернеттің нақты ресурстарымен және нақты бағдарламалық

өнімдерімен жұмыс жасай білу.

5.1.7. Магистранттарды дайындауды жүзеге асырушы шығарушы

кафедралар магистрлік диссертация тематикаларының кафедраның ғылыми-

зерттеу жұмысының бағыты бойынша сәйкестігін қамтамасыз етіп,

магистранттарды шығарушы кафедралар мен университетің ҒЗИ жүргізілетін

ғылыми жобаларына тартулары тиіс.

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

5.1.8 Шығарушы кафедралар магистранттардың ғылыми-зерттеу

жұмыстарының орындалуы бойынша мониторинг жүргізіп, семестраралық

кафедра отырысында магистрант жұмыстарын талқылап, бағалайды.

Магистранттардың шетелдік ғылыми іс-тәжірибелерінің нәтижелілігі

шығарушы кафедралардың арнайы отырыстарында талқыланып, ары қарай

ғылым бойынша Үйлестірушілік кеңесте қарастырылады.

5.1.9 МҒЗЖ ғылыми атағы бар белгілі ғылым саласында белсенді жұмыс

атқаратын (магистрант оқитын мамандық бойынша) магистранттың ғылыми

жетекшісінің бастауымен жүзеге асырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда әр

түрлі ғылым салалары бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындалуы мүмкін.

5.1.10 Ғылыми жетекші МҒЗЖ ұйымдастырылуын, оның сапалы ғылыми

және әдістемелік қойылымын қамтамасыз етуге міндетті.

5.1.11 Магистранттардың ҒЗЖ міндетті түрде ғылыми жетекшілерімен

бірге құрастырылған жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.1.12 Жеке жұмыс жоспарында көрсетілетін барлық жұмыс түрлерінің

уақытылы, толық және сапалы орындалуына магистранттардың ғылыми

жетекшілері жауапты.

5.1.13 Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың алғашқы 2 ай мерзімі

ішінде магистратураның оқу бағдарламасы бойынша барлық оқу жылына

дайындалып, қажет болған жағдайда жыл сайын жаңарып отыруы мүмкін.

5.1.14 МҒЗЖ оқытушымен жүргізілген жұмыс уақыты аралығында

(бекітілген кестеге сәйкес) және магистранттың өзіндік жұмысы шеңберінде

жүзеге асырылады.

5.1.15 МҒЗЖ (МЭҒЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспары

бойынша міндетті түрде шетелдік ғылыми іс-тәжірибеден өту қарастырылған.

5.2. Магистранттың ҒЗЖ мақсаттары мен міндеттері.

5.2.1. ҒЗЖ магистр даярлау бағыттарының негізгі білім беру

бағдарламаларының құрамында, инновациялық қызметтің алуан түрлерін

орындауға дайын, жоғары білікті мамандар қалыптастыру мен тәрбиелеуге

көмектеседі.

5.2.2. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттары болып

мыналар саналады:

– аталған пәндік саладағы теория мен тәжірибе үшін зор маңызы бар жаңа

нәтижелер алу;

– ғылыми шығармашылық әдістемесін игеру, шығармашылық ұжым

құрамында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын алу;

– аталған пәндік саладағы обьектілерді (үдерістер, әсерлер, құбылыстар,

құрылғылар, жобалар) зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін

игеру.

5.2.3. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері болып

мыналар саналады:

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

– неғұрлым дарынды және талантты магистранттарды анықтау, ғылым мен

техниканың өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық және

интеллектуалдық әлеуетін пайдалану;

– магистранттардың ғылыми шығармашылық қызығушылығын

қалыптастыру, оларға ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі

мен тәсілдерін үйрету;

– магистранттарды ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы мен тәжірибесін

оқытуды ұйымдастыру;

– магистранттардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту,

алған теориялық және тәжірибелік білімдерін тереңдету және бекіту;

– неғұрлым қабілетті және үлгерімі жақсы студенттер қатарынан,

«магистратура – докторантура» траекториясы бойынша «толассыз» оқытуды

ұйымдастыру жолымен университеттің ғылыми-педагогикалық және ғылыми

кадрлар резервін даярлау.

5.3. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының сатылары мен

формалары

5.3.1 Магистранттың ғылыми жұмысының негізгі формалары болып

мыналар саналады:

- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – ғылыми-зерттеу жұмыс;

- бейіндік бағыт бойынша – тәжірибелік-зерттеу жұмысы.

5.3.2 Магистранттың ғылыми/тәжірибелік зерттеу жұмысының (ҒТЗЖ)

негізгі формалары болып мыналар саналады:

- ғылыми-зерттеу жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес ғылыми

жетекшінің нақты тапсырмаларын орындау (магистерлік диссертация

тақырыбы бойынша библиография құрастыру, туындаған мәселе бойынша

зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу, эмпиритикалық мәліметтер

жинау мен оларды магистерлік диссертацияның тақырыбы бойынша

интерпретациялау және т.б.);

- кафедрааралық, теоретикалық семинарларға (зерттеу тематикасы

бойынша), сонымен қатар кафедраның ғылыми жұмысына қатысу;

- университет өткізетін жас ғалымдар конференциясына үлес қосу,

сонымен қатар басқа да ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысу;

- тезис, ғылыми мақала дайындау мен басып шығару;

- ғылыми-зерттеу бағдарламаларының шеңберінде кафедрада өткізілетін

ғылыми-зерттеушілік жобаларға қатысу;

- МҒЗЖ/МЭҒЗЖ орындау туралы есептерді дайындау мен қорғау;

- магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау.

5.3.3 Магистранттардың ғылыми/эксперименталды зерттеу жұмысын

жүргізу формалары магистрлік диссертация, магистрлік бағдарлама

спецификасына байланысты магистранттың жеке жұмыс жоспарында

нақтыланып, толықтырылады.

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

5.3.4 Магистранттардың ғылыми/эксперименталды-зерттеушілік

жұмыстары бойынша жүргізілетін есеп формалары МҒЗЖ/МЭҒЗЖ жоспарлы

формаларына сәйкес ғылыми жетекшімен анықталады (тақырып, магистрлік

диссертацияның бөлімі, ғылыми басылым, ғылыми конференциядағы доклад,

жобаға қатысу және т.б.)

5.3.5 Магистранттың ғылыми/эксперименталды зерттеу жұмысын жүзеге

асырудың негізгі кезеңдері :

- ғылыми бағыт және магистрлік диссертация тақырыбын таңдау;

- ғылыми - зерттеу жұмысын орындау кезінде қызмет түрін және негізгі іс-

шараларды анықтау, соның ішінде магистрлік диссертация бойынша;

- ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу;

- магистранттың ҒЗЖ бойынша нәтижелер есебін құрастыру;

- жалпы біліктілік деңгейін МҒЗЖ орындау барысында қалыптасатынын

анықтау;

- магистрлік диссертацияны қорғау алдындағы шараларды өткізу ;

- магистрлік диссертация шараларын өткізу автордың сілтемесіз және

ақпарат көздерінің қатысы бойынша ( плагиаттық затқа сәйкес диссертацияны

тексеру) тексеріледі.

- магистрлік диссертацияны қорғау.

5.4 Магистранттың ғылыми-зерттеушілік/эксперименталды-

зерттеушілік жұмыстарының нәтижелері мен МҒЗЖ/МЭҒЗЖ орындау

жолында құрастырылатын компетенциялар.

5.4.1 МҒЗЖ/МЭҒЗЖ оқу процессі аралығында, одан тыс уақытта да

ұйымдастырылады. Ғылыми және педагогикалық бағытта оқитын

магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға магистрлік

диссертацияны орындау қоса есептелгенде 7 кредит беріледі. МҒЗЖ жүргізудің

нәтижелілігі мен қажет кредиттердің игерілу мерзімі семестраралық бекітілген.

5.4.2. 1 семестрдегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

(жұмыстың жалпы көлемі – 1 кредит) болып табылады:

- университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген диссертация тақырыбы;

- негізгі шаралар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіле отырып

дайындалған және бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспары;

- диссертациондық зерттеудің мақсаты мен мәселелерін құрастыру;

- зерттеу заты мен обьектісін анықтау;

- таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу мен зерттелетін мәселенің

қазіргі замаңғы жағдайын сипаттау;

-қолдануы мүмкін болатын, әдістемелік аппараттың сипаттамасын

дайындау;

-зерттеудің теоретикалық базасы ретінде қолданыла алатын негізгі

әдебиет көздерін жинау мен талдау. Әдебиет көздерін талдаудың негізін

талданатын мәселенінің теоретикалық аспектілерін толық ашатын ақпарат

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

көздері, ең алдымен ғылыми журналдардың басылымдары мен ғылыми

монографиялар құрауы тиіс;

- зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық жұмыстың 25% кем емес

көлемін орындау;

- магистранттың жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған басқа да

шараларын орындау;

- МҒЗЖ нәтижелері бойынша семестрлік аттестациядан өту.

5.4.3 2 семестрдегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

(жұмыстың жалпы көлемі – 4 кредит) болып табылады:

-өзекті ғылыми-зерттеушілік басылымдарға негізделетін және

жүргізілетін зерттеу саласының алдыңғы қатарлы мамандарының көмегімен

алынған, негізгі нәтижелер мен ережелерден тұратын магистрлік

диссертацияның тақырыбы бойынша теоретикалық материалдарды жүйелеу;

- мәлімет жинау әдістерін іздестіру, нәтижені талдау әдістерін табу,

олардың нақтылығын тексеруді қоса алғанда, магистрлік диссертацияға қажет

тәжірибелік материалдарды жинау мен талдау;

- зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық және эксперименталды

жұмыстардың 50% кем емес көлемін орындау;

- зерттеу тақырыбы бойынша 1 ғылыми мақала жариялау және зерттеу

нәтижелерін ғылыми конференцияларда апробирлеу;

- кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына міндетті түрде қатысу, сонымен

қатар ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды ұйымдастырып, ғылыми

кафедралық тақырыпты орындау;

- магистранттың жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған басқа да

жұмыстарды орындау;

- МҒЗЖ нәтижелері бойынша ұпай қоюмен жылдық бағалаудан өту.

5.4.4 3 семестрдегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

(жұмыстың жалпы көлемі – 1 кредит) болып табылады:

- диссертациондық жұмысқа арналған нақты материалдарды талдау мен

сараптамадан өткізу,зерттеу тақырыбы бойынша графикалық суреттер мен

басқа да иллюстрацияларды дайындау мен құрастыру;

- зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық және эксперименталды

жұмыстың 75% кем емес көлемін орындау;

- зерттеу тақырыбы бойынша 1 ғылыми мақаладан кем емес басылым

жариялау;

- магистранттың жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған басқа да

жұмыстарды орындау;

- МҒЗЖ нәтижелері бойынша семестрлік аттестациядан өту .

5.4.5 4 семестрдегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

(жұмыстың жалпы көлемі – 1 кредит) болып табылады:

- магистерлік диссертацияның соңғы мәтінін дайындау мен оны рәсімдеу,

зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық және эксперименталды жұмыстың

100% орындау;

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

- шетелдік ғылыми іс-тәжірибеден өту.

5.4.6 1 семестрдегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

болып табылады:

- университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген диссертация тақырыбы;

- негізгі шаралар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіле отырып

дайындалған және бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспары;

- диссертациондық зерттеудің мақсаты мен мәселелерін құрастыру;

- зерттеу заты мен обьектісін анықтау;

- таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу мен зерттелетін мәселенің

қазіргі замаңғы жағдайын сипаттау;

- қолдануы мүмкін болатын, әдістемелік аппараттың сипаттамасын

дайындау;

- зерттеудің теоретикалық базасы ретінде қолданыла алатын негізгі

әдебиет көздерін жинау мен талдау. Әдебиет көздерін талдаудың негізін

талданатын мәселенінің теоретикалық аспектілерін толық ашатын ақпарат

көздері, ең алдымен ғылыми журналдардың басылымдары мен ғылыми

монографиялар құрауы тиіс;

- зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық жұмыстың 50% кем емес

көлемін орындау;

- магистранттың жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған басқа да

шараларды орындау;

- МҒЗЖ нәтижелері бойынша семестрлік аттестациядан өту

5.4.7 2 семестрдегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

(жұмыстың жалпы көлемі –3 кредит) болып табылады:

- өзекті ғылыми-зерттеушілік басылымдарға негізделетін және

жүргізілетін зерттеу саласының алдыңғы қатарлы мамандарының көмегімен

алынған, негізгі нәтижелер мен ережелерден тұратын магистрлік

диссертацияның тақырыбы бойынша теоретикалық материалдарды жүйелеу;

- мәлімет жинау әдістерін іздестіру, нәтижені талдау әдістерін табу,

олардың нақтылығын тексеруді қоса алғанда, магистрлік диссертацияға қажет

тәжірибелік материалдарды жинау мен талдау;

- зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық және эксперименталды

жұмыстардың 100% кем емес көлемін орындау;

- зерттеу тақырыбы бойынша 1 ғылыми мақала жариялау және зерттеу

нәтижелерін ғылыми конференцияларда апробирлеу;

- кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына міндетті түрде қатысу, сонымен

қатар ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды ұйымдастырып, ғылыми

кафедралық тақырыптарды орындау;

- магистранттың жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған басқа да

жұмыстарды орындау;

- МҒЗЖ нәтижелері бойынша ұпай қоюмен жылдық бағалаудан өту.

5.4.8 Ғылыми және педагогикалық магистратураны бітірген соң

магистрант жан-жақты болуы керек:

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

- ғылыми зерттеу әдістемесі аясында ;

- университеттің ғылыми және ғылыми – педагогикалық қызметі аясында;

- жаңаша білім технологиясы сұрақтары бойынша ;

- ғылыми жобалар және зерттеу орындаудың мамандандырылған аясында ;

- білімін жаңашаландыру әдісі бойынша тұрақты қамтамасыз ету және

өзінің талабы мен мамандық мансабын кеңейту.

5.4.9 Бейіндік бағыт бойынша магистратураны бітірген соң магистрант

жан-жақты болу керек:

- ғылыми зерттеу әдістемесі аясында ;

-жаңаша дүниежүзілік экономика мәселері аясында және ұлттық

экономиканың шағын шаруашылық әрекеттеріне қатысу ;

- кәсіпорынның қызметін басқару және ұйымдастыру кезінде ;

- әр түрлі кәсіпорындармен, оның ішінде мемлекеттік қызмет

мекемелерімен өндірістік қатынастарын жүргізу ;

- білімін жаңашаландыру әдісі бойынша тұрақты қамтамасыз ету және

өзінің -талабы мен мамандық мансабын кеңейту.

5.4.10 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми және

педагогикалық бағыт үшін ғылыми- тәжірибелік конференцияларда бір

баяндамамен және кем дегенде 2 мақаламен, ал бейіндік бағыт үшін кем

дегенде 1 ғылыми мақала болу керек, оның ішінде шетелдік басылымдарда

көрсетілуі тиіс.

5.4.11 Ғылыми-зерттеушілік жұмыстың нәтижесі болып магистрлік

диссертация есептеледі; эксперименталды-зерттеушілік магистрлік проект

есептеледі.

5.5. ҒЗЖ орындалуын бақылау және баға беру.

5.5.1. Жақсы нәтижелерге жету мақсатында Ғ/ЭЗЖ ұйымдастыруға

түзетулер жасау үшін ұсыныстар әзірлеу бақылаудың негізгі міндеті болып

табылады.

5.5.2. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын бақылау оның орындалу

барысына жоспарлы және ағымдағы бақылау жасауды көздейді.

5.5.3. Ағымдағы бақылау жұмыстың кез келген сатысында жүзеге

асырылады және оны магистранттың жетекшісі жүргізеді. Магистрант бақылау

жүргізу үшін ғылыми жетекшіге қажетті материалдар мен құжаттарды табыс

етуі тиіс.

5.5.4. Ағымдағы бақылауды магистранттың жетекшісі келесі формаларда

жүзеге асырады:

–орындалған жұмыстардың жекелеген нәтижелері бойынша магистранттың

есептері;

– орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша әңгімелесу;

– магистрант жұмысының әрбір кезеңінде дайындық деңгейін бақылау.

5.5.5. Жоспарлы бақылаудың нәтижелері семестрдегі магистрант жұмысы

туралы кейінгі қорытындыларда ескеріледі.

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

5.5.6. Жоспарлы бақылау оқу жылы ішінде жүзеге асырылады және оны әр

семестр сайын кафедралардың отырыстарында талқылаумен және

МҒЗЖ/МЭҒЖ семестр бойынша қорытындысы «аттестат/аттестат емес» деп

немесе ДҒЗЖ оқу жылы үшін қорытындысы 49-100 ұпай аралығында жауапты

тұлғалар қол қоятын «магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының орындалуын

қадағалау» ведомостісінде көрсетілуі қажет. Жұмыстың бірінші бөлім

жұмысының орындалуы магистранттың ғылыми жетекшісінің баға беруімен

орындалады, екінші бөлім – ҒЗЖ кафедра бойынша жауапты адамға және

кафедра меңгерушісіне тапсырылады (Қосымша 1,2,3).

5.5.7 МҒ/ЭЗЖ қорытындысы жазбаша түрде орындалып, келісі үшін

ғылыми жетекшіге берілуі қажет.

5.5.8 МҒ/ЭЗЖ қорытындысы магистратура бойынша кафедраның

жауапты тұлғасының қолдарымен расталуы қажет (Қосымша 4 ).

5.5.9 МҒЗЖ орындау бойынша бақылау ведомосі бағалау

парақтарымен бірге кафедрада магистранттардың жұмысын

қорытындылаудан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей ЖООК және

ҚББД тапсырылады.

Бітіруші кафедраның қоргау қорытындысы бойынша (координаттық

кеңеспен) «аттестат/аттестат емес» деген шешім шығарылып, әр семестр

сайынғы аттестация болған жағдайда немесе жылдық аттестацияға 49-100

ұпай арасындағы баға қойылған жағдайда, егерілді (игерілмеді) статусына

сәйкес магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының кредиттер санына

байланысты шешім шығарылады.

5.5.10 Теріс қорытынды келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін:

- магистранттың көрсетілген мерзімде қажетті есеп беруді себепсіз

өткізбеген жағдайында;

- ҒЗЖ толық емес көлемде орындалуы;

- мәнді ғылыми қорытынды жоқ болуы (бітіруші кафедраның

қорытындысы бойынша).

5.5.11 Жылдық есеп бойынша аттестатталмаған магистрлік

диссертацияның қорытындысы бойынша магистрантқа жаздық семестр

шеңберінде меңгерілмеген кредиттерді ақылы түрде оқу мүмкіндігі бар.

6. Ережені шығару және тарату. Аталған ереже кафедралардың

меңгерушілеріне, Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру

департаментінің қызметкерлеріне жіберілуі тиіс.

7. Құжаттау (немесе сақтау). Тіркеу, есебін жүргізу, көбейту, жіберу және

сақтау ДП-2 «Құжаттаманы басқаруға» сәйкес жүзеге асырылады. Ереженің

түпнұсқасы СМО, көшірмелері кафедраларда, Жоғары оқу орнынан кейінгі

және қосымша білім беру департаментінде сақталады.

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Келісу парағы

№ Кафедра

Кафедра

меңгерушілерінің аты-

жөні,тегі

Уақыты Қолы

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Өзгертулерді тіркеу парағы

№ Өзгертуге қатысты бөлім,

бөлімше №

Парақ

нөмірі

Өзгертуді

енгізу

уақыты

Негізі

(бұйрық күні

мен №)

Өзгертуді

енгізу күні

Өзгертуді

енгізген

тұлғаның

қолы

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Танысу парағы

Лауазымы Аты-жөні, тегі Күні Қолы

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Қосымша 1

Магистранттың ғылыми/зертханалық-зерттеу жұмысы бойынша

(МҒЗЖ/МҒЭЖ)

бағалар критерииі

1 бөлім- Жүргізілген зерттеудің (эксперимент) тақырып

бойынша тапсырмаларының орындалуы

баға

1 Ұсынылған әдебиеттер дереккөзін іздеу және өңдеу 49-100

2 Магистрлік диссертацияның теориялық және

зерттеу/эксперименталды бөлімінің орындалуы

49-100

3 Магистрлік диссертацияның жазылуы мен ғылыми/зерттеу

жұмысының орындалуы бойынша ғылыми жетекшінің

ұсыныстарның орындалу деңгейі

49-100

4 Жеке жұмыс жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шаралардың

орындалу жоспар-факті

49-100

1 бөлім бойынша орташа баға 49-100

2 бөлім- Ғылыми/эксперименталды зерттеудің компоненттері баға

1 Ғылыми кафедралық тақырыпты орындауға қатысу;

Кафедра, вузда өткізілетін ғылыми және ғылыми-

методологиялық семинарларға қатысу

49-100

2 Ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау, сонымен қатар,

шет елдерде, және де ғылыми конференцияларға қатысу

49-100

3 Облыс пәніне байланысты жобалық құжаттарды дайындауға

қатысу

49-100

4 Университетаралық ғылыми зерттеулерге қатысу, сондай-ақ

бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарлмалар

49-100

2 бөлім бойынша орташа баға 49-100

1 ЖӘНЕ 2 БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА 49-100

Көрсетілген критерийлердің орындалу жүйесіне баға

Ұпай

(пайыз)

Орындалу критерийлерінің жобамен баға

деңгейі

Семестр

бойынша

жұмыс бағасы

90-100 Критерийлердің орындалу реализациясына

байланысты барлық іс-шаралар мен әрекетінің

жедел, сапалы, тиянақты және техникалық

тұрғыда дамыған болды;

Магистрлік диссертацияның жазылуы уақыттан

бұрын (немесе көрсетілген уақытта) және

қорытындылы болды, кафедраның

(университеттің) ғылыми жұмыс орындалуына

Магистрант

аттестатталды

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

белсенді ат салысты, сондай-ақ ғылыми

тақырыптың, ғылыми жарияланым немесе

ғылыми конференцияға қатысу.

75-89 Іс-шаралардың көп бөлігі мен критерийлердің

орындалу реализациясына байланысты

қорытындылы, қойылған мерзімге сәйкес

ғылыми жетекшімен қоса орындалуы;

магистрлік диссертацияның жазылуы көбіне

қойылған мерзімде қорытындыланып,

орындалды, кафедраның (университеттің)

ғылыми жұмыс орындалуына белсенді ат

салысты, сондай-ақ ғылыми тақырыптың,

ғылыми жарияланым немесе ғылыми

конференцияға қатысу.

50-74 Іс-шаралар критерийлерінің орындалу

реализациясына байланысты қойылған

мерзімнен кешіктіріліп, сапасыз, магистранттың

талпынысынсыз; магистрлік диссертацияның

жазылуы дұрыс орындалмай, кафедраның

(университеттің) ғылыми жұмыс орындалуына

ат салыспай, сондай-ақ ғылыми тақырыптың,

ғылыми жарияланым немесе ғылыми

конференцияға қатыспау.

49 Іс-шаралар критерийлерінің орындалу

реализациясы магистрантпен орындалмады.

Магистрант

аттестатталмады

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Қосымша 2

Ф.П-42-01

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Магистранттардың ғылыми – зерттеу жұмысын орындағанын бақылау

Ведомость №____

Топ ____Курс___

Семестр ____Оқу жылы______

Кафедра ___________________

Кридит ______

№ Магистранттың

аты-жөні

Сынақ

кітабының

Ғылыми

жетекшінің

аты – жөні

МҒЗЖ

орындаған

үшін баға

МҒЗЖ

жауапты

тұлғалар

қолы

1

2

Оқу тобының орташа балл :

Жоғары оқу орнынан кейінгі және

қосымша білім беру департамент

директоры, э.ғ.к., профессор __________________

(қолы)

Тіркеуші _____________________

(қолы)

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Қосымша 3

Ф.П-42-02

Магистранттардың ғылыми – зерттеу жұмысының қорытындысын

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

баллдық критерий бойынша

Әрбір критерий 100-баллдық шкалада бағалнады:

тобы ________

№ Магистранттың аты-жөні 1 блок – Өткізілетін

зерттеу тақырыбы

бойынша

тапсырмаларды

орындау

2 блок –

Ғылыми/эксперимента

лды зерттеу

компоненттерін

орындау

Қорытынды

1 2 3 4 1 2 3 4

Мгистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже 4 нұсқа

2016

Өзг.№

Тексеріс уақыты:

ҚҚЭУ-П-42-2016 20 беттің 2 беті

Қосымша 4

Магистрантының есебі

_____________________________________

__ курс ____________ мамандығы

Ғылыми-зерттеу/ эксперимнталды-зерттеу жұмысының орындалуы туралы семестр __оқу жылы _____________

1. Ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименталды-зерттеу жұмысы) бойынша –

берілген бөлімде көрсетіледі:

1. магистерлік диссертацияның орындалуы туралы ақпарат (жоспарланған

теоретикалық және эксперименталды зерттеулер шеңберінде орындалған жұмыстардың

түрлері мен сипаттамасы, диссертацияның аяқталу дәрежесі (дайындығы), бүгінгі таңда

орындалып жатқан жұмыс түрлері және т..б.)

2. келесі форма бойынша ғылыми конференцияларға қатысу мен ғылыми

мақалалардың басылымдары туралы ақпарат:

№ Атауы Жұмыс

түрі

Басылым, журнал, атауы, нөмірі,

жылы, парағы

Көлемі

(б.б.)

Бірлескен

автордың

аты-жөні

1 2 3 4 5 6

3. магистранттармен универсиет кафедралардың ҒЗЖ шеңберінде жүргізілетін

ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ақпарат (ғылыми кафедралық тақырыптарға қатысу мен

оларды орындау, нақты жобалар мен ғылыми тақырыптарға қатысу, материалдар дайындау

мен ғылыми, әдістемелік семинарларға, дөңгелек үстелдерге және т.б. қатысу)

2. МҒЗЖ орындауын бақылау – берілген бөлімде магистранттың жеке жұмыс

жоспарының орындалу дәрежесі туралы ғылыми жетекшінің шешімі көрсетіледі және

ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының оырндалуы бағаланады.

Магистрант (Аты-жөні, қолы)

Ғылыми жетеші (Аты-жөні, қолы)

Кафедра меңгерушісінің кафедрасы (Аты-жөні, қолы)