12
ǬDzǨǧǸȂ ǹǧǶǸȂǷȂǶ Ǭǫʵ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆÊÒÆμ 8 ÒģÔ¼Ñ ÇÜÌ 6+$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ÏĦóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì +7°..+8° 0°.. +1° ʻ˟˭˟ˮ˟˛˟ ˢ˟˵˧˳˵˧೮ ˙˘ˬ˘ ˙˘˵˲ ˘˲ˤˬ˘˲ ˘ˣ˘˥˱ ˙˘˲˘ ˢ˘˵˲ ˞˟˥˞˧ ೦˯˥ ʺ೪˘೦˘ˬˤ ˘˵˘˲ˬ˘˲ ˪ˮ ˳˘ˮ˘˱ ˳ˤ˲˟˛˟ˮ ˭˘˥˞˘ˮ˛˟˲ˬ˟˲˞˧೮ ˳˘ˬ˭˘೦ ˪ˮ ˳˘ˮ˘˱ ˘˲˵˘ ˵˳˪˟ˮ˧ˮ ˞˟ ˳˟ˣ˟˭˧ˣ ʽ˵˘ˮ˭ˣ˞ ˢ˘˶ ˯೦ˮ˘ˮ ˞˾˱˘ˮ ˵˘˙˘ˮˮ˘ˮ ೪˯˲೦˘೦˘ˮ ೪˘˲˵ ˢ˘˶ˮ˛˟˲ˬ˟˲˞˧೮ ˳˘ˮ ʤ˳˵˘ˮ˘ˮ೮ ˣ˧ˮ˞˟ ˟˪˧ ˢˣ˞˧೮ ˳˵˧ˮ˞˟ ೦˘ˮ˘ ǤǘǡǜǘǥǛǝǨϵ ¼ÇË×IJ¼Ç¼Ç×IJ ÍÁɽ³Ç³Æ   6-бетте ɳʣʃʈʧɶ ʊɯɼʈɯʇʍɫɯ ɳʅʁ ɳʅɾ 4-бетте VOXPOPULI.KZ

38 (3095) 2014-04-08

  • Upload
    -

  • View
    218

  • Download
    2

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №38 (3095) 8 сәуір 2014

Citation preview

Page 1: 38 (3095) 2014-04-08

8

+7°..+8°0°.. +1°

6-бе

тте

4-бе

тте

VOXPOPULI.KZ

Page 2: 38 (3095) 2014-04-08

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

35000Жыл басынан бері қала көлігімен осыншама тонна жүк тасымалданды.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында танымал суретші-зергер, про-фессор Сержан Башеровтың (Алматы) «Бәйшешек» атты жеке көрмесі ашылады.

ҚазҰӨУ-дің Орган за-лында «Сол күндерге тағзым етеміз» атты Жеңіс күніне арналған концерт өтеді.

«Конгресс холл» сарайында астаналықтар «Нысана» әзіл-сықақ театрының өнерін тама-шалайды.

Мұндай қой жүнінен жасалған табиғи өнімді өндіру холдингтің еншілес «ҚазАгроӨнім» акцио-нер лік қоғамы мен «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС-і бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде іске асып отыр. Енді италиялық сәнді киімдер қазақ-стандық қой жүнінен тігілетін болды.

«ҚазАгроӨнім» АҚ мен ита-лиялық «VICOTEX S.r.l.» ком-паниясы арасында өткен соңғы кездесудің нәтижесінде екі жақ

Еуропа нарығына таза жүнді жүйелі түрде жеткізуді ұйымдастыру негі-зінде ұзақ мерзімді ынтымақ тастық орнатқан. Енді еуропалық киім тігу-ден алдыңғы қатарлы «Benetton», «Zara», «Gruppo Marzotto», «H&M», «Fratelli Piacenza S.P.A.», «Lanerossi», «Marchi e fi ldi S.p.A.» компаниялары Қазақстанда шы-ғарылатын қой жүні өнімдерін пай-даланады.

Шынар ШӘКЕН

Экологиялық айлық аясында қала аумағын санитарлық таза-лау, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдық-тардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделуде.

Ал 19 сәуірде «Біз таза қалада т ұрамыз!» жалпы қалалық сенбілік өтеді.

Оған 8500 кәсіпорын мен ұйым, 170 оқу орны, 360 ПИК, жалпы 93000 адам және 450 техника жұмылдырылмақ.

Астана қаласы әкімі ап па-ратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қалалық Табиғи ресурстар мен табиғат пайда-лануды реттеу басқармасы биылғы сенбілікте 2700 көшет отырғызуды жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Алма-ты» ауданында – 1000 ағаш (Қалдаяқов және 46 көше ле-рінде), «Есіл» ауданында – 1500 ағаш (Жәнібек және Ке-рей хандар, Тұран даңғылы мен Еңбекшілер көшесіне дейін), «Сарыарқа» ауданында – 200 көшет (Тілендиев көшесінде) отырғызылмақ.

Бұл – Астана қаласының әкімдігі мен жыл сайынғы халықаралық «Но-вая волна» байқауын өткізуімен айналысатын ресейлік «АРС» ком-паниясы ұйымдастырып отырған поп әншілердің республикалық додасы. Жоба мақсаты – республикамыздың түкпір-түкпірінен дарын иелерін іздеу. Іріктеуге қалалардан бөлек, аудан, ауыл тұрғындары қатыса ала-ды. Байқау ұйымдастырушылары қатысуға тілек білдірген кез келген қатысушыға өз өнерін көрсетуге жағдай жасайды. Іріктеу кезеңі Қа-зақстанның 16 қаласында өтеді. Жас әншілерді Қазақ эстрадасының белді өкілдері Батыр Байназаров, Салта-нат Бақаева, Әсем Көпбаева, Гүлнұр

Оразымбетова, Иван Бреусов, Алмас Кішкенбаев, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Мөлдір Әуелбекова, АDAM, Данияр Өтегенов, Анель Аринова жинайды. Байқауға 8-12 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады. Сайыс үш кезеңнен тұрады: респу-блика бойынша іріктеу, жартылай финал және финал. Финалистер Ас-танаға келіп, кәсіпқой мамандармен жұмыс істейді. Жеңімпаздар есімі қала күні қарсаңында анықталады. Олар арнаулы ақшалай жүлде – бір миллион теңгемен марапатталып, Қазақстан атынан Халықаралық «Детская новая волна» ән байқауына қатысу мүмкіндігін иеленеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Атап өту керек, сенаторлар Ауыл шаруашылығы министрлігін сынап, «Агробизнес» бағдарламасына жұм-

салатын қаржыны қадағалауға алып, Елбасының ет экспортына қатысты тапсырмасын орындауға мән беру керектігін қадап айтқан болатын.

ҚР Ауыл шаруашылығы министр-лігінің жауапты хатшысы Арман Ев-ниев маңызды 29 азық-түлік түрінің (ет, сүт, ұн, жарма, көкөніс, т.б.) тек 6 түрінен отандық тауар үлесі 80 пайыздан кем екенін айтты. «Қант, құс еті, сары майға «Агробизнес» бағдарламасында басымдық беріп, үлкен көңіл бөлеміз. Жоспарлар әзірленіп, субсидиялау жүйесі бой-ынша тиісті қаржы бөлініп жатыр.

Осы бағыттарда өсім динамикасын бақылап отырмыз» деп атап өтті ол. Сүт өндірісі мен оны қайта өңдеу үшін шикізатты сатып алу бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындарға қолдау көрсету қарастырылған. «Бұл шара ірімшік, сары май және құрғақ сүт өндірісін арттыруға ықпал етеді. Ал, өзге индикаторлар бойынша көрсеткіштер 80 пайыздан асады, бірқатар көрсеткіштер бойынша ішкі нарық 100 пайыз қамтамасыз етілген» деді министрліктің жауапты хатшысы.

Еркежан СӘТІМБЕК

Page 3: 38 (3095) 2014-04-08

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

еккө

здер

і: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

– Биыл қалалық сенбілікке 93 мың-дай адам қатысады деп жоспарлануда. Алматы ауданында ұйымдастыру жұ-мыстары қалай жүргізілуде?

– Қаланы санитарлық тазарту, абат-тандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша арнаулы штаб құ рыл ды. Тиісті іс-шаралар бойынша жоспар бекітіліп, жұмыс тиімділігін арттыру үшін аудан аумағы сегіз орамға бөлінді. Атап айтқанда, орталық даңғылдар мен көшелер, Ақбұлақ, Есіл өзендерінің жағасы, Оңтүстік Шығыс алаптағы саяжайлар мен «Промышленный», «Достық», «Железнодорожный», «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» тұрғын алаптары бар .

Қазіргі уақытта тұрғындарды жалпы

қалалық сенбілікке қатысуын қамтамасыз ету мақсатында аудан тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылуда.

– Астана – жастардың қаласы. Биыл-ғы сенбілікте олардың белсенділігі қалай болмақ?

– Игі шараға біздің ауданнан 5800 сту-дент қатысады. Орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының ұжымдарына арнаулы учаскелер бекітілді. Мәселен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Б.Момышұлы даңғылынан «Рубеж» бекетіне дейінгі Астана - Қарағанды тас жолы бойын, Ғ.Мұстафин көшесінен Еділ көшесіне дейін, Оңтүстік айналма жолды, «Фламинго», «Ударник» саяжай алаптарын, «Шанхай» база рын, Алаш тас жолын және ЖЭО-2 аумағына

дейінгі жолдарды тазартады. Ал, гума-ни тарлық және медицина колледжінің студенттеріне Ғ.Мұстафин көшесінен Ақбұлақ өзегіне дейінгі бөлік бекітілді.

– Былтыр сенбілік жұмыстарына әскери бөлімнің жауынгерлері де атса-лысып еді...

– Әрине, №68665 әскери бөлімнің жауынгерлері биыл да шет қалмақ емес. Олар Индустриалды парк аумағы мен «Железнодорожный» тұрғын алабын жинастыратын болады.

Айта кету керек, дәстүрлі сенбілік жұмыстарына ауданымыздағы кәсіп-орындар мен ұйымдар, оқу орындары, ПИК қызметкерлері түгел қатысуға дайын.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

«Өткен жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама лар басқармасына көрмені өткізу туралы ұсыныс жасадық. Олар бізді қолдап, соның арқасында көрме жыл сайын ұйымдастырылатын болды. Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында өткен болатын. Оған 15-ке жуық жұмыс беруші тар-тылды. Ал биыл олардың саны 40-тан асады, бұл маңызды жайт» деді Туризм индустриясы Ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жүнісбек.

Ұйымдастырушылардың ай-т у ы н ш а , і с - ш а р а ж ұ м ы с с ы з жүрген азаматтарды жұмысқа

орналастыруға ғана емес, сондай-ақ, осы сала мамандарын дәріптеуге негізделген. Аталған іс-шара елор-дада туристік саланы одан әрі кеңейтуге және «ЕХРО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін кад-рлар даярлауға ықпал етеді.

« Кө р м е н і ң мақс ат ы – т у-ризм саласының мамандарын дәріптеу, т у ризм са ласында, қ ы з м е т кө р с е т уд і ң б ед е л і н көрсету. Меніңше, бұл өзекті мә-селе. Әсіресе, «Экспо-2017» қар-саңында, қызметтер мен қызмет көрсету салалары маңызды бо-лып табылады. Жыл сайын бұл үрдісті арттыратын боламыз» деді Г.Жүнісбек.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Режиссер Сәлима Тасеменова сах-налаған Серік Тұрғынбекұлының бұл туындысы Нұрхан ақынның өмірінен сыр шертіп, өткір поэзиясы мен үздік айтыс-тарын да қамтиды. «Нұрханның көзін көрген адаммын. Оған еліктеп өстім. Ол жалғыз менің ғана емес, Торғайдың киелі топырағынан шыққан Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбековтердің де ұстазы. Ауыз әдебиеті мен бүгінгі жазба өлеңнің алтын көпіріне айналған, Кене сарының батырла-рын жырлап, аштық туралы дастан жазып, шығармашылығының азабын тартқан тұлғамыздың өмірін көрсету көңілімде жүргеннен кейін осы тақырыпта қалам тербедім» дейді автор.

Оның айтуынша, 1980-2000 жылдары аралығында жазылған пьеса – ақынның өмірі ғана емес, тұтас бір өлкенің тарихы. Қойылым соңында сахна төріне Нұр-хан ақынның ұрпақтары шығып, басты рөлді сомдаған Орынбасар Қойбағаровқа алғыс айтты.

Мәдина ЖАҚЫП

Біздер жыл он екі ай арықтау процесінде жүреміз. Кім және қашан сұраса да «бүгін менде диета...», деп майысамыз. Иә, дәл осылай жылы жауап береміз.

Алайда, бір жерге қыдырып бара қалсақ, дие-таны ертеңнен бастайтын бола қаламыз... Оған қолымызды бір сілтеп, құрбылармен қолтықтасып, «керуендетіп, серуендетіп» кете барамыз. Бұл тез құбылғыш әрі жұмбақ жаратылыс – қыздар қауымына ғана тән мінез.

«Ертең, ертең...» деп жүргенімізде гүл көктем де шырайлана төрімізге еніп алыпты. Қалың қыстың қармауынан босаған қаламыз да күннен күнге көріктеніп келеді. Көшеде де қол ұстасқан ғашықтар мен сәбиін жетектеген отбасылар көбейді. Осының бәрін көргенде артық салмақтан арылып, өмірден жаңаша серпін алуға ұмтылатындар көп.

Арықтай алмай жүргендер аз емес қой, алайда тола алмай жүргендер де бар. Мәселен, әлемдегі ең толық әйел Америкада өмір сүреді, салмағы – 500 келі. Қызығы, ол Гиннестің рокордтар кітабына ену үшін әдейі салмақ қосуда. Күнде тәтті тамақпен еркелететін Майра Розалестің жары аспаз болып шықты.

Қытайда бір әйел арықтаймын деп 7 жыл бойы жылан етімен ғана тамақтанған. Біз ондай дәрежеге жеткен жоқпыз, әрине. Бірақ түрлі арықтататын шайлар ішіп, интернеттегі «жасыл кофеге» тапсы-рыс беріп, дәрігердің нұсқауынсыз түрлі дәрілер ішіп жатамыз. Жақында бір құрбым аталмыш «жасыл кофеге» тапсырыс беріп еді, екі аптада Мәскеуден жетуге тиіс «супер арықтатқышымыздан» ләм-мим хабар жоқ. Арада екі апта тұрмақ, үш-төрт ай өтсе де арықтаудан үміті үзілмеген құрбымның тапсырысын әлі де сарғая күтетіні көрініп-ақ тұр...

P.S: Құрбымды осынша күттірткен «жасыл кофенің» астарында да бір кикілжіңнің бары анық. Тіпті, соның жарнамалық арбауына алда-нып қалған өнер жұлдыздары да өз шағымдарын жаудыруда. Бұның сыры журналистік зерттеуге сұранып тұрғандай-ақ...

[email protected]

Page 4: 38 (3095) 2014-04-08
Page 5: 38 (3095) 2014-04-08

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Елордамызда 27 этномәдени бір лес тік ресми тіркелген. Олардың жұмысы негізінен

ұлтаралық татулық пен ынтымақты, келісім мен бейбітшілікті сақтауға бағытталған. Мемлекетіміздегі тату-тәттіліктің салтанат құруы да біздің қызметімізден өзіндік көрініс та-буда. Елордалық этномәдени бір-лес тіктер қаланың қоғамдық тірші-лі гі нен ешқашан сырттап қалған емес. Керісінше, ауқымды істер дің ортасында жүріп, халықтар досты-ғы ның көрігін қыздыруда. Қазақ стан халқының салт-дәстүрлері, тари хы мен мәдениетін насихаттауда, Ел бірлігінің Доктринасы мен Қазақ-стан халқы ассамблеясының стра те-гия лық жоспарларын жүзе ге асыруға бағытталған іс-шара ла ры мыз бен мақтана аламыз. Көп ұлт ты елор да-мыз дың достық туын алып жүргендер қатарында белгілі тұлғаларымыз б а р . О л а р – М . Г о л ь д б е р г , С.Героев, Ш.Исмаилов. В.Салахов, М.Тохтибакаев. И.Берг, А.Романова, Т.Ширмер және басқалар. Бұл аза-маттар өз этномәдени орта лық та-рын дағы атқаратын міндеттерімен қатар, қалалық бірлестіктердің де жұмы сына бір кісідей атсалысады.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен өтетін түрлі шаралардың ортасында да осы азаматтардың жүретіні қуан-тады. Өткен жылдың орта шенін-де этномәдени орталықтар ара -сын да шахматтан турнир өткіз дік. Елордамыздың мерейтойы қар-са ңы на орайластырған шараға 16 жастан 86 жас аралығындағы 16 адам қатысты. Шахматшылар жеті айна-

лым жасап, жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды – Андрей Кван, екінші орынды – Анна Лян, үшінші орынды Әшімтай Әбдрахманов иеленді. Жастардың шығармашылық бастауларын қолдайтын «Менің отбасым – менің байлығым» атты фотоконкурс та осындай маңызды уақиғалардың бірі бол-ды. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін сайыстың мақсаты да жұртшылықтың назарын аудару бо-латын. Адами қасиеттерді, мейі рім-ді лік пен сүйіспеншіліктің көрінісін фото обьективке таңбалаған үздік-тер ді марапаттадық.

Жалпы, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырар кезде кейінгі толқын жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, Отан сүюге тәрбиелеу – біздің басты ұстаны мы-мыз. «Біздің Қазақстан» интел лект-шоуы – осының бір дәлелі. Ішкі саясат басқармасының тапсыр ма сы мен өткізілген шараның басты мақсаты – қазақ халқының тілі мен мәде ниеті тарихына және салт-дәстүріне басқа ұлт өкілдерінің қызы ғу шы лығын

Біз Елбасының көрегендігімен адамзат баласының бейбіт қатар өмір сүруінің негізін қалайтын тату лық пен бірлік деп аталатын құн ды лық тарын баянды ету арқылы жаңа қоғамы мыз-дың іргетасын қаладық.

Еліміздегі этникалық топтардың аза маттық-құқықтық дәрежесі бар. Оларға аз санды халықтың өкілі деп емес, елі міздің толыққанды мүшесі, Қазақ станның тең құқылы аза маты деп қараймыз. Бұл – елі міз дің ұлт сая сатындағы берік ұста ны мы. Кең ма ғы на сында, мұны мем ле кет құру-шы қазақ халқының ғасыр лар дан келе жатқан дархан пейілі мен, қалыптасқан

дәстүрімен байланыстыруға болады. Жалпы, мейірімділік пен сүйіс-

пен ші лік, ұлтаралық төзімділік орныққаны дұрыс. Бәріміз бір үйдің баласындай өмір сүруіміз керек. Және олай өмір сүруге де болатынына көзіміз жетіп отыр.

Асылы, адам мен оның өмірінен артық ештеңе жоқ. Қоғам мүшесі шыққан тегіне, әлеуметтiк жағдайы на, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, нанымына, өзге де айырмаларына байланысты кемсiтілмейді. Оны Ата заңымызда бекіттік.

Елбасы биылғы Жолдауында: «Өзара алауыздық пен жан-жаққа

тартқан берекесіздік талай елдің тағ-ды рын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама» деген еді. Шынында да, біз тарих тағылымдарынан, өзгелердің қате істерінен, жаза басқан жерінен сабақ алуымыз керек.

Бірнеше күннен кейін Ассам блея-ның кезекті сессиясы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төраға лы-ғымен «Қазақстан-2050» стратегия-сы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» деген тақы рып пен өтпек.

Расында да, мұны Ассамблея жұмы сы ның даму сатысы, уақытпен

сара ла нып келген жаңа белесі деп қарау ға болады. Осы жылдар ара-сында Қазақстанда тілдер мен ұлт-тық мә де ниет терді, салт-дәстүр лер ді қайта жаңғырту және насихаттау жұмыстарына мән беріл ді. Ұлт ара-лық татулық пен келісім ді ны ғай ту істері байыпталды. Ал да ғы уақытта қазақстандық және ұлттық отан сүй-гіштік сезімді қалыптас ты руда мәдени ділімізді қанықтыра білудің жолы күн тәртібінен түспейтін мәселе болуы тиіс.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты

арттыруды көздеген еді. Сайысқа Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Назар-баев университетінің студенттері қатысты. Қазақтың мәдени мұрасы, өнері мен спорты басқа да ел тарихын қамтыған сұрақтарға жауап берген студент жастар білімімен қатар өне-рін де ортаға салды.

Біз, аға ұрпақ өкілдері, өзіміздің және балаларымыздың бойында

отан сүй гіш тік сезімдерін ұштауымыз керек. Еліміздің бүгіні мен өткенін зерделеп, оның құндылықтары мен игіліктеріне мақтаныш пен құрметі сезімін ұялата отырып, осы мақсатқа қол жеткізе аламыз.

Роза ПАК, Астана қаласы корейлер

этномәдени бірлестігі төрағасының о

Page 6: 38 (3095) 2014-04-08

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)Бас шаһар қарт жауынгерлерге

құрметін аяп жатқан жоқ. Әрқайсысын жалғызындай мәпелеуде. Жеңіс күні тақағаннан қомақты жәрдемақысын береді, медицинасы қамсыз, басқа да көмектер ұшан-теңіз. Тек бір демалыс орны көңілдерін күпті етіп жүрген еді... Оның да көп ұзамай шешілетін түрі бар. Ең өкініштісі, жыл басталғаннан бері соғыстың өртін көрген он бес майдан-гер о дүниелік болыпты.

Күні кеше елордадағы ардагер-лер кеңесінің төрағасы Амангелді Хамзеұлымен тілдесе қалғанымыз бар еді. «Астанада тұратын әр май-дангер көңілден тыс емес һәм баспа-насыз емес. Проблемалары түгелге жуық шешілген» деді. (Айтпақшы, ол жақында Қаматай деген қариямыздан айырылып қалғанымызды да өкінішпен жеткізді). Әлдебір ағайындарымыздың қайбір жылы ауылдағы «бір аяғы көрде, бір аяғы жерде» тұрған атасын Астанаға сүйрегенін көзіміз көрген. Сондағы пиғылы – пәтер алу ғой. Бұл – «байдың асын байғұс қызғаныптының» кері емес. Атаның маңдай терінің ра-хатын ұрпағы көргенге не жетсін?! Ол рахаттың өтеуі ұрпақтан қайтса, тіпті, игі!.. Иә, бас қала қарт жауынгеріне үйден қағажу көрсеткен жоқ.

Жуырда тағы бір жайсыз жаңалықты құлағымыз шалып қалған-ды. Жалғыз басты соғыс ардагері кеудесіндегі бүкіл орден-медалін қолды қылыпты. «Журналистпіз. Газетке шығарамыз» деп үйіне барған алаяқтар қарияны «суретке түсіреміз» деген сылтаумен марапаттарының бәрін кеудесіне ілгізіп, артынан қалталарына басып, зым-зия жоғалған ғой. «Періштені жолдан тайдырған алтын» мен платина Совет заманындағы орден-медальдің құнын тәуелсіз елде де жоғалтпаған екен... Біздің естуімізше, майдан даласындағы өр ерліктің өлшемі болған «темір-терсектің» бағасы бүгінде бір қымбат көлікпен пара-пар көрінеді.

«Сендерге ертегі ғой» деп күрсінетін еді апам зұлмат жылдардың алағай да бұлағай күндерінен естелік шерткенде. Иә, ертегі-сынды. Адамның қанын белуарынан кешіп, от пен оқтың бел ор-тасынан бүгінге аман-есен жеткен әлгі ақсақалдар соғыстағы солдат өмірінен сыр ақтарса, миығынан күлетіндеріміз бар. Тыныштық пен бейбітшілікте, баршылықта жетілген буынбыз ғой. Құдай дүрбелеңінен сақтасыншы дүниені, бізді, әйтеуір...

Асхат РАЙҚҰЛ

Біздің қазақ – ұлы халық. Ұлылық – халықтың санымен емес, оның тарих сахнасын-да қалдырған ізімен, адамзат тыныштығына қосқан өзіндік үлесімен өлшенеді. Өткенге үңілсек, көптеген халықтар адамзаттың ұлы көшіне іліге алмай, жолда қалғанын көреміз. Кейбіреулері мүлде жойылып кетті. Жорытқанда жолы болып, жолдасы Қыдыр болып, аман-есен, өсіп-өніп, өзгелермен иық тіресіп келе жатқан қазақ не

көрмеді?.. Жұбанша айтқанда, «мың өліп, мың тірілді» ғой.

Самодержавиялық Ресейдің жазалаушы отрядтары, моңғол, қытай, жоңғар басқыншылары елімізге дүркін-дүркін шабуыл жасап, халқымыздың мазасын талай қашырған. Жайшылықта, ел ішінде суға, жерге, тіпті, жесірге таласып, дауласып жататын қазақтың бір жақсы қасиеті – сырттан келген жауға «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», төтеп бере алады. Әлгіндей аласапыран-дарда да осындай бірлігіміз мызғыған жоқ. Арқасында Ал-тай мен Атыраудың, Арқа мен Жетісудың арасын дін аман алып қалдық.

Халқымызды оңдырмай кет-кен бір жағдай – отызыншы жылдардағы аштық пен Ста-лин жүргізген саяси қуғын-сүргін еді. Сталиннің «со-циализмге жақындаған сайын тап күресі күшейе түседі» деген қағидасының негізінде көзі ашық талай қандасымыз «халық жауы» деген жалған жалаға қалып, түрмеге жабыл-ды, атылды, итжеккенге айдал-

қарап телмірді, етегін жасқа толтырды, жарын күтті, ұлын сағынды, жесір қалды... Бұл сызаттың орны еш дәуірде де толмақ емес. Адамзат баласының жартысын шарпыған соғыс өрті осылай жалмады талайымызды. Мен соғысты Украина жерінде өткіздім. Отқа жанып жатқан қалалар мен село-лар, фашистер айуандықпен өлтірген кінәсіз жандарды, шал-кемпірлерді, жас балаларды көрдім. Олардың сұмдық көрінісі осы күнге дейін көз алдымда, кеудемде.

Осындай қиын-қыстау, аумалы-төкпелі замандадарда Каспийден Алтайға дейін көсіліп жатқан ұлан-байтақ жерді аман сақтап қалған осын-дай қазақты осал деп кім айтады? Бұл – қайсарлық пен мықтылықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің айғағы. Абайы, Шәкәрімі, Мұхтары, қазақ халқын дүниежүзіне паш еткен Қажымұқаны бар қазақ – ұлы халық.

Бостандық пен тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы болған күресте ата-ба-баларымыз қаны мен терін төкті. Бірақ олар аңсаған армандарына жете алмай кетті. Оған, міне, біз – ұрпақтары жетіп отырмыз. Егемендігіміздің көк туын қолымызға ұстағалы жиырма жыл-дан астам уақыт өтті. Халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарды. Білім беру, денсаулық сақтау жүйелері жетілді. Бұл табыстарымызға шетел басшы-лары, белгілі сарапшылар өте жоғары баға беруде.

Бүгін дүниежүзінде қазақ халқын білмейтін ел жоқ. Міне, даңқымыз осылай асқақтап тұр.

ды. Солардың бірі, көрнекті қаламгер Ахмет Байтұрсынов өзінің ақырғы сөзінде «Қиын емес абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асып, атқаны, қиын екен өз аулыңның иттерінің қапқаны» депті. Иә, осындай жағдайлар да, өзімізді өзіміз құртқан оқиғалар да болған.

Т а р и х т ы ң с а р ғ а й ғ а н б е т т е р і н д е қ а т т а л ғ а н дүрбелеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы. Кәдімгі, мен секілді көзі тірі куәгерлері бар қақтығыс. Ел үшін, жер үшін болған бұл айқаста миллиондаған азаматтары-мыз жат топырақта жер жас-танды. Миллиондаған бала жетім қалды, миллиондаған ана көкжиекке сіңген соқпаққа

С о ғ ы с а р д а г е р л е р і н е « Қ а р а ғ а й » р е с п у б л и к а л ы қ б ейі м деу орталығына жә не басқа да емдеу мекемелеріне тегін жолдама берілетін бол-ды. Денсаулығына байланысты үйінен шыға алмайтын ардагер-лерге сый құрмет көрсету аудан әкімдіктеріне жүктелген. Соны-

мен қатар, білім мекемелерінің қатысуымен «Көктемгі шуақты күндер» атты кең көлемде акция өтеді.

Айта кеткен жөн, барлық ардагерлерге жергілікті бюд-жет есебінен тұрақты көмек көрсетіледі.

С о н д а й - а қ , Ұ л ы О т а н соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға 20 мың теңгеден көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, жеңілдіктер м е н к е п і л д і к т е р б о й ы н -ша соғысқа қатысушыларға

теңестірілген басқа да санаттағы адамдарға, соның ішінде соғыс жылдарында тылда еңбек ет-кендер мен қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына да 10 мың теңгеден беріледі.

Сағи ОРАЛ

Page 7: 38 (3095) 2014-04-08

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Әдеби жиынды ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Ма-рат Әбсеметов ашып, қонақтарды Мақтұмқұлының өміріне байла-нысты тың деректермен, арнайы бейнефильммен таныстырды. Осы шараны ұйымдастыруға ұсыныс білдірген Қазбек Майлыбайұлы бастаған қоғам белсенділеріне алғысын білдірді. Бұдан кейін

Түрікменстанның еліміздегі елшісі Мақтұмқұлы Ақмырадов екі ел арасындағы мәдени сабақтастықты сөз ете келе, осыдан үш ғасыр бұрын дүниеге келген, халық жа-дында «фраги», яғни мұңлы ақын болып сақталған Мақтұмқұлының ұлы туындыларын ұлықтап жатқан бауырлас қазақ еліне рахмет айтты.

Жиында Мақтұмқұлының

«Түрікмен ордасы», «Ел жақсы» өлеңдері оқылып, дәстүрлі әнші Серік Оспановтың орындау-ында қазақшаға Ғали Орманов аударған тамаша әні шырқалды. Конференцияға қатысушылардың баяндамаларында Махтұмқұлы жырының тілі жеңіл болғанымен, философиясының тамыры тереңде екені айтылады. Ұлы ойшылдың

озық ойларын қазақ тіліне аударған Дүйсенбек Қанатбаевтың жинағы жақында 12 сәуір күні арнайы кітап болып жарыққа шығатынын және Мақтұмқұлы еңбектеріне байла-нысты құжат-деректер Ұлттық мұрағатымыздың қорына енетінін мұрағат басшылары хабарлады.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Бұл – еліміздегі алғашқы халықаралық жиындардың бірі. Форумда әлемдегі ең көкейкесті мәселелер мен оны шешудің жол-дары туралы дүние жүзіне таны-мал журналистер, саясаткерлер мен сарапшы-мамандар ой-пікір алмасады.

Ж ы л ы н а 5 0 0 - д е н а с а қатысушылардың басын қосатын алқалы жиын бүгінде Орталық Азия аумағындағы түйткілді мәселелерді шешудің жолын қарастыратын ашық алаңға айналды. Елімізге ат арытатындар кейін де бір-бірімен жарасымды байланыс орнатып, ақпараттармен алмасуға мүмкіндік алмақ.

Биыл медиа алаңында гео-саясат пен медиа саласындағы және экономикалық тақырыптар қызу пікірталасқа айналмақ. Атап айтқанда, үшінші дүниежүзілік соғыстың туындап кетпеудің жол-дары, Иран ядролық бағдарламасы, Таяу Шығыста өшпей тұрған от-жалын туралы, Украинадағы жағдай, Еуразиялық ықпалдастық, тағы да басқа көптеген жаһандық мәселелер күн тәртібіне шығады.

Айтыс ақындары мен жыр-шы, термешілердің халықаралық одағының құрылғанына көп бола қоймаса да, оның төрағасы, ақын Жүрсін Ерманның айтуынша, ұйым біраз нәрсе тындырып тастапты. Соның ішінде Тараз бен Қызылорда қалаларында ғылыми-практикалық конферен-циялар, жас айтыскерлер үшін 5 рет шеберлік сабағы өткізілген. А й т ы с т ы ң е к і т о м д ы ғ ы д а дайындалған. Айтыс ақындары арасында 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты бар екен.

«Қазақстан айтыс ақындары» жинағын шығарудағы түпкілікті мақсат – барлық айтыскерлерді бір кітапқа топтастыру екенін аңғартқан Жүрсін Молдашұлы «қазір елімізде 150-ге тарта айтыс ақыны бар» деді. Алай-да, айтыскерлердің кейбіреуі өздері туралы дер кезінде мәлімет ұсынбағандықтан және жинақты дайындағандардың да кінәсінен кейбір ақындар кітапқа енбей

қалыпты. Бұл олқылықтың орны алдағы күндері толтырылатын болады.

М е м л е к е т ж ә н е қ о ғ а м қайраткері Мырзатай Жолдас-беков айтысты қазаққа берген сый ретінде бағалады. Өзбекәлі Жәнібековтің осы өнерге жасаған қамқорлығын еске алды. Қонысбай Әбіловке, Әселхан Қалыбековаға және Әсия Беркеноваға Халық ақыны атағы қалай берілгендігін сөз етті. Жүрсіннің айтысқа жасаған еңбегін атап өтті.

Қазіргі таңда жас айтыскер ақындарды тәрбиелеу мәселесін қозғады. Сол үшін Астанадағы Ұлттық өнер университетінде айтыс бөлімін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мәдениет министрлігінің қолдауы арқасында айтыстың 7 томдығы шыққанын, оған арғы-бергі үздік айтыс үлгілері енгенін сүйіншіледі. Кешегі Жамбыл, Шөже, Сүйінбай сынды майтал-мандар өле-өлгенше айтысқанын

айтып, қазіргі ақындардың айтыс-тан ерте кетуін құп көрмейтінін білдірді. Бүгінгі ақындардың ішінде Жандарбек Бұлғақовты өзгелерден ерек көретінін де жасырмады.

Ж ү р с і н Е р м а н ө т к і з е т і н айтыстарға кейінгі кездері алматылық кәсіпкер Құсайын О м а р о в қ а р ж ы л ы қ қ о л д а у көрсетіп жүр. Сөз сөйлегендердің арасында сол кісі де болды. Одан бөлек Л. Гумилев атындағы Еу-разия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, ғалым На-мазалы Омашев, айтыстың «сары тентегі» Қуаныш Мақсұтов сөз сөйледі. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас-шысы Ербол Тілешов фило-логия ғылымының кандидаты Айтбай Жұмағұлов еңбегінің мәніне тоқталып, оның қолға алған мәселесімен Бейсенбай Кенжебаевтан кейін ешкім жа-рытып айналыспағанын айтты. Филология ғылымының докто-

ры Тұрсын Жұртбай айтыстың халқымызға бергеніне және беріп келе жатқанына тоқталды. Ақын Дәулеткерей Кәпұлының ана-сы, 1989 жылы Қазақстандағы айтысқа алғаш рет қатысқан Егеу-хан Мұқамәдиқызы «Айтыс – ананың сүті, атаның құты» деді.

Қ а з а қ ұ л т т ы қ ө н е р университетінің профессоры, жы-рау Алмас Алматовтың «Өнерге адам бір күнде келмейді және бір күнге келмейді» деген сөзі көпшіліктің көкейіне қона кетті.

Р.S. Сол күні елордадағы «Шұбар» бильярд клубында Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен ай-тыс ақтангерлерін еске алуға арналған турнир де өтті. Онда Ерік Асқаров, Есенқұл Жақыпбеков, Әзімбек Жанқұлиев, Оразалы Дос босынов атындағы жүлделер сарапқа салынып, марқұмдардың аруақтары бір аунатылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 8: 38 (3095) 2014-04-08

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Бармасаң, келмесең, жат бола-сың» деп, ағайын арасындағы сый-лас тықтың да, бауырлас халық тар арасындағы байланыстың да мәнін бір сөзбен бейнелеген қазақтың жолымен Ресей мәдениет және ғылым орталығында болған едік. О бастан іргесі сөгілмеген екі елдің гумани тария саласындағы ат қа рып жат қан жұмыс барысымен Қазақстан Рес публикасындағы «Россотрудни чество» өкілдігінің жетекшісі Виктор Шулика таныс-тырып берді.

– Біздің қызметіміз халықтар арасындағы достық байланысты сақтап, нығайтуға бағытталған. Негізгі мақсатымыз – екі мемле-кет арасындағы гуманитарлық қарым-қатынастарды жаңғырту болып табылады. Мәдениет, әдебиет, ғылым, білім беру және отандастарды қолдау аясында осы міндетті атқарып келеміз. Осы орайда түрлі тақырыптық кеш-тер, кездесулер мен концерттік

– Суреттердегі бейнелердің бәрі – жа-сымнан таныс, жүрегіме жақын бейнелер. Олардың қуанышы мен қайғысын, ішкі толғанысының қас-қағым сәттерін обьектив-ке басып алуға тырыстым, - дейді суретші. – Мен үшін басты нәрсе – сұлулық. Адами, рухани, табиғи болсын, оны көре білу үшін де жан сұлулығы қажет.

Фотосуретшінің айтуынша, Алтайдың табиғаты мен байлығын таныт у үшін басталған жоба уақыт өте келе рухани жағы басым түсіп, жаңаша сипат алыпты. Уақыттың сынағына төзе біліп, рухани тазалығын сақтаған жандардың тыныс-тіршілігінің көрінісі көпшілік көңілінен шықты.

бағдарламалар ұйымдастырамыз. Сонымен бірге Ресей, Қазақстан және ТМД елдері тарихындағы ма ңызды даталар мен уақиғаларды осы орталықта бірлесе атап өтеміз. Ресей Федерациясының мем ле-кеттік мерекелері қарса ңын дағы ресми қабылдаулар, соғыс және еңбек арда герлерін марапаттау да осы орта лық та бар сән-сал-тана тымен өтеді, - деді Виктор Николаевич.

Ол осында өткізілген фотоэк-спозициялар, ғылыми-техникалық, көркемөнер т уындыларының көрмелері және танымал сазгерлер мен жазушылардың, өнер қай рат-керлерінің қатысуымен өткен әдеби-сазды кештер жайында кеңінен әңгімелеп берді.

– Бүгінгіміз бен өткеніміздің нақты дәйегі – фотоөнер барлық өңірде да-мып келеді. Талантты суретшілердің туын дылары астаналықтар наза-рына ұсы нылып қана қоймай, ондай кеш тің соңы концерттік бағдар ла-

маға ұласып жатады. Сондай көр -ме лер дің бірі Мәскеу қаласының тарихына қатысты өтті. Өмірінде бір рет ұлы шаһарда болып, осында өткізген кезеңдерін еске салатын фотокөрмені астаналықтар жылы қабылдады. Жасамыс қазақ әйелі келіп әсерімен бөліскен еді. Оның әкесі Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысып, сонда қаза тапқан екен. «Әке ме топырақ бұйырған бауыр-ластар зиратына кезінде ұлымды апа-рып тұрушы едім. Жаныма жақын қасиетті орынның суреті көзіме от-тай басылды. Енді немерелерімді де аталарының басына апарып қайтқым келеді» деді. Әрине, ортақ тарихы-мыз бізді жақындастырады. Мұндай шаралардың бәрі тарихқа тағзым, жастарға өнегесі болсын деген ниет-ті жадымызда сақтайтынымыз да сондықтан, - дейді Виктор Шулика.

Қазіргі заманғы мультимедиялық және дыбыс күшейткіш құралдардың және видеопроекторлар мен үлкен

экран арқылы Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан, РФ аймақтарынан видео семинар-лар, таныстырылымдар өткізуге мүмкіндік береді екен. Арнаулы мамандармен бірге түрлі оқу бағ-дарламалары талданып, ресейлік жаңа фильмдердің тұсаукесерлері де осында өтеді.

Орталықтың ғылыми бағыты ауқымды көрінді. Дөңгелек үстел отырыстары, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, орыс тілі маман-дарының күздік сессиясы осында өтеді. Қазақ және Ресей ғалым дары бас қосып, екі елдің іскер азамат-та рының ортақ мәселелерді талдап ше шетін орны да осында екен.

Ресейліктердің Елдік үйлестіру кеңесінің отырыстары мен журна-листерге арналған брифинг, баспасөз мәжілістері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің жиындары мұнда тұ-рақты түрде ұйымдастырылады.

Жақында Астана қаласы Білім беру басқармасымен бірлескен жас

ақындардың «Поэзия, бейбітшілік, тіл!» деп аталатын поэтикалық кеш өтті. Өлеңге таласы бар жас-тарды бастап келген Б.Хамзина осы кештің жүргізушісі болды. Кеш қонақтары қатарында орыс тілі мен әдебиеті бойынша олимпиа-да жеңімпаздары болды. Кештің ар наулы қонағы М.В.Ломоносов атын дағы Мәскеу мемлекеттік уни вер ситеті филиалының про-фессоры Г.Власов пен Қазақстан қорғаныс күштерінің ардагері, ақын В.Петров құттықтау сөз ай-тып, оқушыларға алғысын білдірді.

– Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасын дағы байланыс тату көршілік, ынты-мақ тық келісімшарттары арқылы айқын далған. Одан бөлек, халық-тарды жақындастырып, ортақ құн-дылықтарын дәріптеуде әлем клас-сикасымен қатар орыс әдебиетінің орны бөлек дер едім. Жастар ара-сында ақыл-ой кемеңгерлерінің мұ ра сын насихаттау арқылы, жалпы адам затқа тән рухани байлыққа қол жеткіземіз. Жадымда қалған әдеби кездесу Толстойдың әдеби мұра сына қатысты болды. Балалар шығар машылығына ерік берген осы кезде суге ұлы жазушының ұрпағы қа тысты, - дейді Виктор Николаевич.

Халықаралық мәдени-гумани-тарлық ынтымақтастықтың түрлі пішімдерін дамыту – біздің ел сая сатының да басымдық берген бағыт тарының бірі. Білім беру, ғы-лымды дамыту және жаңа техноло-гиялармен алмасу кеңістігін аша отырып, халықтар арасындағы достықтың діңгегін нығайтуда аталмыш орталықтардың қызметі зор екеніне көзіміз жетті.

Алтай өңірінде православиенің көне дәстүрі бар. Он жетінші ғасырдың екінші жартысында осы өңірге көптеген ескі ғұрыпты ұстанушылар қоныстанған екен. Олардың бүгінгі жалғасының тыныс-тіршілігі бейнеленген суреттер өзгеше тартымды. Қалың қар басқан үйлерден шыққан түтін, шырақ ұстаған қалыңдық, шәкірттер, әжім торлаған мейірімді көздер мен қалың ойға шомған дінбасылардың бейнелері тереңге кет-кен тарихтың бір үзігінен сыр беріп тұрғандай.

Көрме әлемнің алпысқа тарта елін араламақшы.

Бетті дайындаған: Айгүл УАЙСОВА

Page 9: 38 (3095) 2014-04-08

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Рыскелді:

– Иә, сіз нақты тұрып жатқан орныңыз бойынша біздің емханаға бекітіле аласыз. Ол үшін учаскелік терапевке бекітілу туралы өтініш пен жеке куәлігіңіздің көшірмесін ұсыныңыз.

Мүслима:

– Иә, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы №786 бұйрығына сәйкес, белгілі ауру лармен ауыратын адамдар амбу латориялық деңгейде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрі-дәрмектермен және меди ци налық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Балаңыз дис пан серлік есепте тіркелген болса, тегін медициналық көмек көрсету кепілді көлемі шеңберінде учас келік дәрігер балаңыздың сырқатына байланысты тегін дәрі-дәрмектерге рецепт жазып береді. Сол бойын-ша «Гиппократ» дәріханасынан өзіңізге қажетті дәрілерді ақысыз ала аласыз.

Риза:

– Қазір балаңыздың салмағы қанша?

– Бұл екпені баланың салмағы екі келіге жеткен соң ғана алуға болады. Ол үшін участкелік дәрігеріңізге ба-рып, жағдайды түсіндіріп айтасыз. Медбике сізге екпе жасала тын ар-найы күнді белгілеп береді. Сосын емханаға барып БЦЖ вакцинасын ала сыз дар. Жалпы, балаңыз бір жас қа келгенге дейін емханаға ай сайын балаңыздың ден сау лы ғын тексертіп отыруыңыз керек.

Мұрат:

– Денсаулық сақтау минист рлігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы №145 және 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №887 бұйрықтарына сәйкес, биыл 1968 жылы туғандардың, яғни, сіздің де скринингтік тексеруден өтуіңіз керек. Ол үшін алдымен учаскелік дәрігеріңізбен хабарласыңыз. Ол сізге скринингтен өтуге жолдама жазып береді.

Сайра:

– Болады. Қазақстан Респуб ли касы Үкіметінің 2012 жыл ғы 31 қазандағы №1241 қау лы сы ның 2-тармағының 23-тар мақ шасына сәйкес, емдел-ген дәрігеріңізге мән-жайды түсін діріп айтыңыз. Біздің елімізде екі жерде жұмыс іс тей тін азаматтар аталған қаулының негізінде еңбек ке жарамсыздық қағазын екі жұмыс орнына да ала алады.

Мереке:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 жел тоқсандағы №2136 қаулы сы мен бекітілген тізімге сәйкес, дәрігердің жолдамасы бойынша сіз тегін компью тер лік томография-дан өте аласыз.

Марал:

Үміт:

– Қазақстан Респу бликасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 жел тоқ-сандағы №1472 «Тұрғындарға стационар алмастырушы көмек көрсетуді бекіту туралы» қау лы-сына сәйкес, алдымен участ келік дәрігердің қабылдауына келіңіз. Тексерілген соң, қазіргі уақытта үй жағдайында тегін медициналық көмектің қажеттілігі анықталса, дәрігерлер сізді үйіңізге барып емдейді.

Валентина:

– Егер сізге жедел меди ци налық көмек көрсету қажеттігі туын-даса, онда Қазақстан Республи-касы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Кепіл ден-ді рілген көлемдегі тегін меди ци-налық көмектер тізімін бекіту тура-лы» қаулысына сәйкес, сіз ге тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Қызғалдақ:

– Көрсеткішіңізге байланысты учаскелік дәрігердің жолдауы-мен сіз Бурабайдағы «Қарағай» санаторийіне бара аласыз. Ол үшін кезекке тұруы ңыз керек. Алды-мен тексеріліп жүрген учаскелік дәрігерге бары ңыз, сосын кезекке жазылыңыз.

Бақытбек:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №726 бұйрығына сәйкес, өзіңіз бекітілген емхананың учаскелік дәрігері көрсеткішіңізге орай сізге рецепт жазып береді. Сол бойынша дәріханадан бұл препаратты тегін ала аласыз.

Орынтай:

– Бар. Біздің №6 қалалық емханада амбулаторлық хирургия орталығы жұмыс істейді. Сіз осында келіп, хирургтың кеңесінен кейін балаңызға операция жасата аласыз.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

– Иә, Кемел көше сі №6 қалалық емха на ның аумағына жата тын-дықтан, сіз біздің медициналық мекемеге бекітіле аласыз. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1263 қаулысына сәйкес, алдымен №6 емханаға келіп, мекеме басшысының атына өтініш жазасыз. Сосын жеке куәлігіңіздің көшірмесін ұсынып, емханаға тіркелесіз. Содан кейін дәрігерге қаралуыңызға болады.

Page 10: 38 (3095) 2014-04-08

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

/

( )

1. 21-320-068-984 1,5093 1,5093

)

/

( )1. 21-320-068-983 3,7002 3,2261

2. 21-320-068-984 3,1002 0,4274

(Жалғасы. Басы газетіміздің №36 (3093) санында)

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

Кез

ек

нөмі

рі

Page 11: 38 (3095) 2014-04-08

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз!

Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34

автобустарымен келуге болады. Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Îòàí îòáàñûíàí

áàñòàëàäû!

www.kaztube.kz

сенім телефонының орнатылғандығын хабарлайды

Телефон 8 (7172) 27-42-86Сағат 09.00 ден 18.30 дейін

% %

C

Page 12: 38 (3095) 2014-04-08

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ФИНАЛҒАЖАРТЫЛАЙ

ЖЕТПЕЙ ЖЫҒЫЛДЫҚ

Әп дегеннен Андрей Голу-бев әлемнің үшінші мықтысы саналатын Станислас Ваврин-каны қапы қалдырып, жаһан жұртшылығының таңдайын қ а қ т ы р ғ а н . О с ы ж ө н і н д е шетелдік бірнеше ақпарат құралдары жарыса жазып, жер-жерде қазақ спортының қазіргі жай-күйі туралы көлдей мақалалар жариялана бастады. Әлемдік рейтингте 711 ұпаймен 64 орындағы Андрей үшін де, күллі Қазақстан үшін де бұл үлкен жеңіс еді.

Т ө р т с е т к е с о з ы л ғ а н кездесудің алғашқысында Голу-бев 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де Станислас 2:6 есебімен ұтылып, біздің жігіт суырылып алға шыққан. Алайда үшінші сет (3:6) Вавринканың пайдасына шешілді. Осыдан кейін қолда тұрған жеңістен айы-рылып қалу қаупінің туғандығын сезген Андрей Голубев төртінші сетте (7:5) ширақ қимылдап, ж а л п ы е с е п т е Қ а з а қ с т а н құрамасын 1:0 есебімен алға шығарды.

Кейін әлемдік рейтингтің төртінші сатысындағы Род-жер Федерер мен Михаил Кукушкин арасындағы тар-тыс алғашқысының пайдасы-на шешіліп, Швейцариямен арадағы жалпы есеп теңескен болатын.

О л о й ы н д а т е н -н и с т а р и х ы н д а ғ ы а ң ы з ойыншылардың бірі болып үлгерген Федерер қазақстандық теннисш іден ай тарлықтай қарсылық көрмей, оп-оңай ж е ң і с к е ж е т т і . Ү ш с е т к е созылған кездесуде (6:4, 6:4, 6:2) қарсыластың мықтылығын мойындауға тура келді.

Алдын ала тартылған жере-бе бойынша жұптасып өнер көрсетуде Қазақстан сапынан Александр Недовесов пен Ан-дрей Голубев швейцариялық қос мықты Станислас Вавринка мен Роджер Федерерге қарсылас атанған болатын. Осы кезде-суде де ешкім күтпеген нәтиже тіркеліп, Қазақстан құрамасы олимпиада чемпиондарын сан соқтырып кетті.

Б і р і н ш і с е т т е б і з д і ң пайдамызға 6:4 есебі тіркелсе, екіншісінде ойын тай-брэйкке дейін созылып, жергілікті теннисшілер қазақстандық жұпқа тағы да қарсылық таныта алмады (7:5). Үшінші сетте ғана жанкүйерлердің қолдауынан қанаттанған Федерер-Ваврин-ка жұбы 6:4 есебімен сәл де болса таразы басын теңселте алды. Бірақ, Голубев пен Недо-весов төртінші сетті өз пайда-ларына шешіп (8:6), тағы бір сенсациялық жаңалықтың баста-уына айналды. Мұндай нәтижені ешкім күтпеген еді. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есеп-те қайтадан алға шықты.

Қуанышымыз ұзаққа бармады. Біздің жартылай финалға өтуіміз үшін қалған қос кездесудің кем дегенде біреуін өз пайдамызға шешу керек болатын. Бірақ, екеуінде де жолымыз болмай, келесі кезеңге Швейцария құрамасы өтті.

Жұптық кездесуден кейін кортқа Михаил Кукушкин мен Станислас Вавринка шықты.

ATP рейтингіндегі үшінші үздік теннисші отандасымыз-ды үш сетте де 6:4 есебімен ұтып, Швейцария-Қазақстан а р а с ы н д а ғ ы ж а л п ы е с е п т і теңестірсе, ақтық кездесуде Роджер Федерер Андрей Го-лубевтен (7:6, 6:3, 6:2) айла-сын асыра алды. Міне, осылай-ша Швейцария құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарты-лай финалға жолдама алды. Енді олар Италия құрамасымен бірге ақтық сынға шығу үшін сайысқа түседі. Ал екінші жұпта – Чехия мен Франция.

Жеңістің қолымыздан соңғы сәтте сусып кеткені жаман-ақ. Дегенмен осы жолы көп нәрседен сабақ алуға болады. Фе-дерер мен Вавринкаға жеңілістің ащы дәмін таттырғанымыздың өзі неге тұрады?! Мақтануға да әдбен лайық. Енді алда бола-тын жарыстар үшін жең түре дайындыққа кірісуден басқа жол жоқ. Кездесуден кейін құрама капитаны Диас Досқараев осы-ны айтты.

ШВЕДОВА– «Family Circle

Cup» иегері-

-

--

Олар тартысты өткен жартылай финалдық бәсекеде жергілікті теннисшілер Ракель Копс-Джонс пен Эбигейл Спирстен 7:5, 6:7, 10:8 есебімен басым түссе, ақтық сында тайпейлік Хао-Чин Чан және Янг-Жан Чан дуэтін 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Осы жеңістен кейін Шведова мен Гарри-гес 38 мың доллар ұтып, WTA рейтингісінде 470 ұпайдан иеленді. Ал, Чарльстонда өткен доданың жалпы сыйақы қоры 710 мың АҚШ долларын құраған болатын.

Естеріңізде болар, премьер-лига ойындарының кезекті турында «Аста-на» өз алаңында «Таразды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түскен болатын. Сол ойындағы жанкүйерлерден түскен қаржы Аманның еміне жұмсалатыны туралы алдын ала айтылған еді. Солай болды да. Енді сәбидің Испанияға барып ем-дом алып қайтуына мүмкіндік туып отыр. Бала денсаулығына аз да болса оң ықпал еткен спортшылар, міне, осылай-ша қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Елордалық футболшылар қазір ел біріншілігінің 4-турынан кейін 10 ұпаймен көш бастады. «Ақтөбе», « А т ы р а у » , « Ж е т і с у » командаларының тең нәтиже көрсетуі астаналықтардың алға шығуына сеп болды. «Астанадан» кейінгі үш команданың еншісінде 8 ұпайдан бар.

Алматыда өткен кездесудің 52 келілік бірінші жұбында

М и р а с Ж а қ ы п о в пен Ронни Беблика

өнер көрсетіп, жеңіс алғашқысының айқын

пайдасына шешілді. 3:0. Кейін 60 кг салмақтағы

Самат Бәшенов Артур Бри-лядан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға де-ген сенімімізді нықтай түсті.

Рингке үшінші шыққан 69 келілік боксшылардың арасындағы кездесу жергілікті команданың келесі кезеңге өтуіне тікелей қатысты бола-

тын. Егер «арландар» жеңіске жетсе, жартылай финалға ал-дын ала шығып қойып, қалған қос кездесу немістер үшін негізсіз болар еді. Себебі, осыған дейін командалардың Германиядағы текетіресінде 2:3 есебімен қазақ жігіттерінің мерейі үстем болған-ды.

Десек те, осы салмақтағы Мейірім Нұрсұлтановқа күмәнмен қараудың өзі қай-қайсымызға да ар саналар еді. Боксшымыз бабында екен, қарсыласы Вячеслав Керберді 3:0 есебімен таза жеңіп, «Астана арландарына» жар-тылай финал жолдамасын

уақытынан бұрын алып берді.81 және +91 салмақтағы

Хрвое Сеп пен Руслан Мырса-таев та басқа командаластары-нан қалыспай, Серж Мишел мен Эрик Пфайферден басым түсті.

Осылайша «арландар» неміс боксшыларының ады-мын аштырмай, жалпы есепте 8:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Олардың ендігі қарсыласы – «Baku fires». Алғашқы кездесу Алма-тыда 25 сәуірге жоспарланса, қарымта жекпе-жек 2 мамыр күні Губа қаласында өтпекші.

АМАНДЫҒЫ ҮШІН

«АРЛАНДАР» ШИРЕК ФИНАЛДА ШИРАҚТЫҚ ТАНЫТТЫ

АМАННЫҢ

ңізде болар, премьер-лига ның кезекті турында «Аста-

аңында «Таразды» қабылдап,ен басым түскен болатын. Сол жанкүйерлерден түскен қаржы еміне жұмсалатыны туралы айтылған еді. Солай болды

әбидің Испанияға барып ем-қайтуына мүмкіндік туып денсаулығына аз да болса оң

ен спортшылар, міне, осылай-ымдылықтың жарқын үлгісін

лық футболшылар қазір ел гінің 4-турынан кейін 10 ш бастады. «Ақтөбе», у » , « Ж е т і с у » рының тең нәтиже станалықтардың ына сеп болды.ан» кейінгі үш ың еншісінде 8

р.

бМ

пеөне

алғашпайда

КейінСамат Бәлядан 2:түсіп, жарген сенім

Рингк69 келіларасындағкоманданөтуіне тік

«АР«ААР«АР

Дайы

ндағ

ан: Н

ұрис

лам

ҚҰС

ПАН

ҒАЛИ