32
BAZIS NEWS №2-3 01/03 2016 Мұнда өмір сүргің келеді! Биіктікті бағындырған арулар «БАЗИС» – спортты серік еткендер одағы Назарбаев Мұз сарайында кеңес өткізді 16-шы ақпанда мемлекет басшысы Нұр- сұлтан Назарбаев «БАЗИС» құрылыс компаниясы Алматының Алатау ауданын- да салып жатқан 12 000 орындық Мұз са- райының құрылысымен танысып, нысан- да Алматы қаласының дамуы мен 2017-ші жылғы XXVIII дүниежүзілік Қысқы Уни- версиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Толығырақ 2 бетте. Қымбатты арулар! Сіздерді нәзіктік пен сұлулықтың тамаша мерекесі – 8-ші наурызбен құттықтаймыз! Арулар ықылым заманнан бері өнер жауһарларының өмірге келуіне, ғылыми жаңалықтардың ашылуына, рухани дамуға бастаған шабыттың қайнар көзі міндетін атқарып келеді. Ер азаматтарды жеңістер мен жасампаздықтарға жетелейтін де – әйел. Әйел – ол анаң, қызың, әпкең, сіңлің, қарындасың, құрбың, әріптесің, тәлімгерің. Әйелдердің иығына ауыртпалық аз артылмайды, алайда, сіздер қашанда нәзік те мейірімді қалыптарыңыздан айныған емессіздер. Сіздерге көктемнің осынау ғажайып күнінде сұлулық, қуаныш, табыс пен амандық тілейміз! 27-ші ақпанда Астанада «БАЗИС» ком- паниясы қызметкерлерінің жыл сай- ынғы «қысқы» спартакиадасы өтті. Коньки мен шаңғы теуіп, арқан тартып, қардан мүсін жасаған әріптестеріміз ден- саулықтарының мықты екендігін, коман- далық рух пен жеңіске деген ұмтылыста- рының ерен екендігін тағы да байқатты. Астанадағы спартакиададан әзірленген фоторепортаж 30 бетте. «БАЗИС»компаниясы Алматының келешегі мол, өркендеу үстіндегі Алатау ауданында салынып жатқан «Алмалы» жаңа тұрғын ауданы- ның бірінші кезегінің құрылысын бастады. 20-шы ақпанда құрылыс алаңында өткен рәсім мен жаңа тұрғын ауданның ерекшеліктері ту- ралы 3 беттен оқыңыздар. Біздің аруларымыз қандай құрметке де лайық, себебі, олардың жұмысы -ауыр, жауапты, жоғарыбіліктілікті, қажырлылықты, мықты жүйке мен рухты талапетеді. Құрылыста ерлер істейтін ауыр да жауапты міндеттерді нәзік жандыларымыздың қалай атқа- рып жүргендігі жайында 8 беттен оқыңыздар. 8 Наурыз! Осы саннан оқитындарыңыз:

BAZIS NEWS - kk.bazis.kz fileөмірге келуіне, ғылыми жаңалықтардың ашылуына, рухани дамуға бастаған шабыттың қайнар

  • Upload
    others

  • View
    24

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

BAZIS NEWS№2-301/03

2016

Мұнда өмір сүргің келеді!

Биіктікті бағындырған арулар

«БАЗИС» – спортты серік еткендер одағы

Назарбаев Мұз сарайында кеңес өткізді16-шы ақпанда мемлекет басшысы Нұр-сұлтан Назарбаев «БАЗИС» құрылыс компаниясы Алматының Алатау ауданын-да салып жатқан 12 000 орындық Мұз са-райының құрылысымен танысып, нысан-да Алматы қаласының дамуы мен 2017-ші жылғы XXVIII дүниежүзілік Қысқы Уни-версиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Толығырақ 2 бетте.

Қымбатты арулар!

Сіздерді нәзіктік пен сұлулықтың тамаша мерекесі – 8-ші наурызбен құттықтаймыз!

Арулар ықылым заманнан бері өнер жауһарларының өмірге келуіне, ғылыми жаңалықтардың

ашылуына, рухани дамуға бастаған шабыттың қайнар көзі міндетін атқарып келеді.

Ер азаматтарды жеңістер мен жасампаздықтарға жетелейтін де – әйел.

Әйел – ол анаң, қызың, әпкең, сіңлің, қарындасың, құрбың, әріптесің, тәлімгерің.

Әйелдердің иығына ауыртпалық аз артылмайды, алайда, сіздер қашанда нәзік те мейірімді қалыптарыңыздан

айныған емессіздер.

Сіздерге көктемнің осынау ғажайып күнінде сұлулық, қуаныш, табыс пен амандық тілейміз!

27-ші ақпанда Астанада «БАЗИС» ком-паниясы қызметкерлерінің жыл сай-ынғы «қысқы» спартакиадасы өтті. Коньки мен шаңғы теуіп, арқан тартып, қардан мүсін жасаған әріптестеріміз ден-саулықтарының мықты екендігін, коман-далық рух пен жеңіске деген ұмтылыста-рының ерен екендігін тағы да байқатты. Астанадағы спартакиададан әзірленген фоторепортаж 30 бетте.

«БАЗИС»компаниясы Алматының келешегі мол, өркендеу үстіндегі Алатау ауданында салынып жатқан «Алмалы» жаңа тұрғын ауданы-ның бірінші кезегінің құрылысын бастады. 20-шы ақпанда құрылыс алаңында өткен рәсім мен жаңа тұрғын ауданның ерекшеліктері ту-ралы 3 беттен оқыңыздар.

Біздің аруларымыз қандай құрметке де лайық, себебі, олардың жұмысы -ауыр, жауапты, жоғарыбіліктілікті, қажырлылықты, мықты жүйке мен рухты талапетеді. Құрылыста ерлер істейтін ауыр да жауапты міндеттерді нәзік жандыларымыздың қалай атқа-рып жүргендігі жайында 8 беттен оқыңыздар.

8 Наурыз!

Осы саннан оқитындарыңыз:

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

2

16-шы ақпанда Алматыдағы жұмыс са-пары аясында мемлекет басшысы 2017-ші жылғы Универсиаданың басты нысаны – 12 000 орындық Мұз сарайында болып, құрылысымен танысты. XXVIIIҚысқы Уни-версиаданың ашылу және жабылу салтанаты мен қысқы спорт түрлерібойынша жарыстар дәл осы үлкен спорт нысанында өтеді.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы са-лып жатқан ірі спорт нысаны үш блоктан тұрады: «А» блогында концерт залы, ба-скетбол, волейбол, футбол, қол добы және тағы басқа спорт түрлеріне арналған спорт аренасына транформацияланатын 12 000 орындық арена орналасады. Сонымен қа-тар, бұл блокта жаттығу залы мен қазылар отыратын аймақтар, телерадиохабар тарату компанияларына арналған жайлар, баспасөз мәжілістеріне арналған зал, фуд-корт пен мейрамханаға арналған орындар болады. «В» блогында мәжіліс залдары, әкімшілік жайлар, фитнес-залы мен екі бассейн, қоғамдық тамақтану орны салынады. «Б» блогында 478 орындық трибуналары бар жаттығу айдыны, SPA-орталық, бокс, күрес, стол теннисі, хореографиямен айналысуға арналған жайлар, сондай-ақ, акробатикалық дайындық, жалпы дене даярлығы және екі жаттығу құрылғысы залы орналасқан.

Мұз сарайы шайбалы хоккей Халықара-лық Федерациясы (IIHF), Құрлықтық хоккей лигасы (KHL) мен Халықаралық студенттік спортФедерациясының(FISU) талаптарына сай, қазіргі заманғы технологиялар қолда-ныла отырып салынуда.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИАДАНЫҢ БАСТЫ НЫСАНЫНДА БОЛДЫ

Мемлекет басшысы «БАЗИС» құрылыс компаниясы Алматының Алатау ауданында салып жатқан 12 000 орындық Мұз сарайының құрылысымен танысты.

12 000 орындық Мұз сарайы құрылысы-ның барысымен танысқан Мемлекет басшы-сы нысанда Алматы қаласының дамуы мен XXVIIIдүниежүзілік Қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске ҚР министрліктері мен ведомство басшылары, Алматы әкімдігі мен 2017-ші жылғы Универсиаданы өткізуге жауапты адамдардың барлығы қатысты.

«Универсиада аясында бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілмек. Олардың бірқатарымен таныстым. Мұндай бірегей-нысандар Алматының тарихында ешқашан болмаған. Олар тек қаланың ғана емес, бүкіл елдіңде мақтанышы болады. Тури-стердің келуіне ықпал етеді. Жастарымыз бен олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасалуда», - деп атап өтті Елбасы Нұрсұл-тан Назарбаев кеңесте сөйлеген сөзінде.

«Мен бүгін негізгі нысандардың мерзімін-де бітетініне көз жеткіздім. Универсиадаға тура бір жыл қалды. Үлгереміз. Мемлекет қомақты қаржы бөлді – 127 миллиард теңге. Сондықтан, қанша жанкүйер, неше туристтің келетінін және қаржы қайтуы үшін қандай шараларды өткізу жоспарланып отырғанын есептеу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Универсиада нысандары-ның келешекте қандай мақсатта пайдаланыла-тынына үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.

Универсиада өткеннен кейін 12 000 орын-дық Мұз сарайы ең үлкен сұранысқа ие мәде-ниет және спорт нысаны болады: мұз жабы-лады да арена спорттың өзге түрлеріне қарай трансформацияланады. Бұған қоса, «он екі

мыңдықта» нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалғанда танымал брендтердің әлемдік эстрада жұлдыздарының ең жоғары талапта-рына жауап беретін жарық дыбыс қондырғы-сы орнатылады. Бұл – келешекте осында үл-кен шоулар өткізуге мүмкіндік береді.

Мұз сарайы пайдалануға берілгеннен кей-ін алматылықтар мен қала қонақтары осында күн сайын көптеген спорт түрлерімен айна-лысып, жаппай сырғанақ тебуге келе алады.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы «Б» және «В» блоктарының құрылысын толығымен аяқтады, ал 9-шы мамырға таяу басты арена-дағы жұмыстар тәмамдалып, сынақ жарыста-ры өткізіле бастайды. «БАЗИС» компаниясы 2017-ші жылғы Универсиаданың басты ны-саны – 12 000 орындық Мұз сарайын салуға қатысты барлық жұмысты 2016-шы жылдың тамызында аяқтауды жоспарлап отыр.

BN-нің анықтамасы Қымбатты әріптестер, 16-шы ақпанда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017-ші жылғы Уни-версиаданың басты нысаны – 12 000 орын-дық Мұзды аренада болып, жұмысымызға көңілі толатынын жеткізді. Нұрсұлтан На-зарбаев Сіздерге, құрметті құрылысшылар, тамаша жұмыстарыңыз үшін қызу алғысын білдірді! Мұндай нысанды Алматының тарихында ешкім салған емес. Бұл спорт нысаны тек Оңтүстік астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның да мақтанышына ай-налмақ!

«БАЗИС» компаниясының құрылысшылары оңтүстік астананың келешегі мол әрі қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданында орналасқан «Алмалы» атты жаңа тұрғын ауданының бірінші кезегін салуға кірісті. Пәтерлерді дайын күйінде тапсыру көзделіп отыр. Ниет танытқандар қазірдің өзінде 1 немесе 2 бөлмелі пәтерлерді нақтылыбағамен сегіз миллион теңгеден бастап сатып ала алады.

Сапа мен қауіпсіздік эталоныАлматы әкімі Бауыржан Байбек үнемі өзінің

сөйлеген сөздерінде Алатау ауданының келеше-гі мол екендігін және оның дамуына қала бас-шылығы үлкен көңіл бөлетінін атап айтып оты-рады. Компаниямыз қазіргі заманға сай, жайлы тұрғын үй кешендерін сала отырып аталған ау-данның өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келеді.

Жаңа тұрғын аудан құрылысының басқа-рушы директоры Мұхитжан Тоққожаевтың ай-туынша, «Алмалының» жалпы аумағы 10 гектар жерді алып жатыр. Мұнда 39 тұрғын үй мен 340 орындық жеке балабақша салынады. Қазір ны-

санда 120 адам еңбек етуде. «Алмалы» тұрғын ауданы 12 және 14 қабатты

монолитті үйлері бар бес тұрғын үй кешенінен тұрады. Құрылыстың бірінші кезегін Момышұлы көшесінің бойында орналасқан бес 12 қабатты үй құрайды.Оларды бір жылдың ішінде салып бітіріп, 2016-шы жылдың желтоқсан айында тапсыруды ұйғарып отырмыз. Барлығы 40 нысан салынады (балабақшамен бірге)», – дейді басқа-рушы директор.

Үйлер қазіргі заманғы технологиялар бойын-ша тұрғызылудажәне сапа мен қауіпсіздік этало-ны болып табылады.

«Біз туннельді қалыптың көмегімен салып жатырмыз. Үйлердің қабырғалары мен жабында-ры монолитті темір бетоннан жасалған. Армату-ралық қаңқасы сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылатын «А 3» класты қаңқа. Құрылыс жаңа технологиялар бойынша жүргізілуде, үйлер 9баллдық сейсмикалық салмаққа есептелген», – дейді басқарушы директор.

Бүгінгі күні үйлердің бірінің астыңғы қаба-ты аяқталуға жақын. «Онда сорғы бөлмесі, жеке жылыту бекеті, ПИК арналған бөлме секілді жай-лар орналастырылады», – деп түсіндірді Мұхит-жан Тоққожаев.

Үйлердің жылуды сақтауына ерекше назар аударылады. «Үйлердің сырты арнайы қабырға панельдерімен әрленеді.Олар сонымен қатар, жылытқыштың да қызметін атқарады. Үйлер мен пәтерлер соңғы әрлеуімен беріледі және санфаян-сы орнатылған. Кешен пайдалануға берілгеннен

кейін адам өзінің пәтеріне көшіп келе алады», – дейді Тоққожаев.

«Алмалы» тұрғын орамының барлық аула-сы абаттандырылады, демалуға және серуенде-уге жайлы орындар жасалады. Аумақ бойынша қазіргі заманғы көпфункционалды спорт және балалардың ойын алаңдарықарастырылған.

«Аула толығымен абаттандырылады, бала-лардың ойын және спорт алаңдарына көп орын бөлінген. Автотұрақтың аумағы үлкен», – дей-ді«Алмалы» құрылысының басқарушы директо-ры Мұхитжан Тоққожаев.

Аулаға бір де бір автомобильді кіргізбеу ұй-ғарылып отыр (тек жедел қызмет машиналарына ғана рұқсат етіледі), сондықтан,ата-аналар бала-ларын қыдырып, аулада ойнауға алаңсыз жібере алады.

Тұрғындарға ыңғайлы әрі жайлы болуы үшін «Алмалы» аумағында дүкендер, сұлулық салон-дары, шеберханалар, химиялық тазалау, ателье-лер және басқа да тұрмыс қажетін өтеу нысанда-рына арналған жайлар қарастырылған.

Пәтерің - қорғаның«БАЗИС» құрылыс компаниясында армату-

рашы, қалып жасаушы және бетон құюшы болып істейтін мамандар «Алмалыдағы» жұмысын рет-ретімен түсіндірді.

«Шұңқыр қазылғаннан кейін құрылыс алаңы-на бетон құюшылар келеді де бетон құюға қа-жетті әзірлік жұмыстарына кіріседі. Оларды ар-матурашылар алмастырады да үйдің іргетасына

3

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МҰНДА ӨМІР СҮРГІҢ КЕЛЕДІ! «АЛМАЛЫ» ЖАҢА АУДАНЫ

арналған арматураны байлай бастайды. Біз сыз-балар бойынша ғана жұмыс істейміз. Жоба мен сызбаларда көрсетілген арматураны ғана қолда-намыз. Іргетасты құйып болған соң қабырғалар-дың вертикальді конструкцияларына көшеміз. Қазір біз монолитті қабырғаларға арналған ар-матура қаңқаны өріп жатырмыз. Жұмысымыз-ды аяқтағаннан кейін қалып жасаушылар келіп, қалыптарды орнатады. Барлық қажетті тексе-рулерден соң бетон құюшылар бетон қабылдай бастайды. Қабырғалар дайын болғаннан кейін бригадамыздың жабындардың горизонтальді плиталарының арматуралық қаңқасын байлауға маманданған бөлек звеносы келеді. Осыдан кейін бетон құйылады», – дейдіАндрей Самородовтың бригадасында жұмыс істейтін Арман Көпбаев. Айтпақшы, осындай технологияның арқасында пәтерлер тұтас текше пішіндес болып шығады. Бұл - үйді сенімді әрі сейсмикалық салмаққа төзімді ете түседі.

Арматурашылардан кейін қалып салушылар жұмысқа кіріседі. Құрылыстың келешегі солар-дың жұмысына байланысты. «Әріптестеріміз – арматурашылар арматуралық қаңқаны құра-стырғаннан кейін біз оны қалыппен жабамыз. Барлығы тексеріліп, геодезистердің келісімін алғаннан кейін бетон құйылады. Бетон қатқан-нан кейін қалыпты мұнаралы кранның көмегімен шешіп, тазалап, майлап, келесі жұмысқа дайын-даймыз. Шынын айтқанда, жұмысым қиын емес, өзіме ұнайды», – дейдіқалып орнатушы Медеу Дәулетбаев. Оның инновациялық қалыппен жұ-

мыс істеп келе жатқанына екі жыл болды және жаңа қалыпқа көңілі толады. Қалып орнатушы-ның айтуынша, жаңа технологиялардың арқасын-да нысанның құрылысы анағұрлым тез жүруде.

Монолитті құрылыстың көптеген ар-тықшылықтары бар: әр пәтер ешқандай зілзала да, сыртқы әсерлер де зиянын тигізе алмайтын қамал секілді болып шығады.Себебі, барлық үй тұтас, берік әрі төзімді болып шығады. Алма-тының сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақ екендігін ескере отырып компаниямызқұрылы-стың сапасы мен адамдардың қауіпсіздігіне айы-рықша көңіл бөледі.

Арматуралық және монолит жұмыстарын атқару оңай еместігін атап айтқан жөн – армату-рашылар кез-келген ауа-райында – аптап ыстықта да, суықта да, жаңбырда да ашық аспан астында жұмыс істейді. Олардың жұмысы – бүкіл ғима-раттың «сүлдесі», оған кейін басқа мамандар «ет» өсіреді (бетон құяды), «күретамыр мен көк-тамыр» тартады (су құбыры, кәріз жүйесі, элек-трика және т.б.), «нерв жүйесін» жүргізеді (өртке қарсы жүйелер, вентиляция және т.б.), «терімен» қаптайды (ішкі және сыртқы әрлеу, аумақты абат-тандыру).

Дәл есептеу – табыс пен әсемдіктің негізі

Ғимараттың бүкіл организмі дұрыс жұмыс істеуі үшін мамандарымыз қысқаша сипаттаған құрылыс процестерінің барлығын геодезистер нивелирлер мен тахеометрлердің көмегімен жіті қадағалап отырады. Тақыр жерге бірінші болып келіп, нысанды соңғы түп раушан гүлі отырғы-зылғаннан кейін ғана тастап шығатын да дәл солар.

Геодезистердің құрылыс алаңындағы жұ-мысы туралы «Алмалы» нысанының геодезисті Нелля Коваль айтып берді.

«Шұңқырды дайындау кезінде болашақ ғи-мараттың орналасатын орнын белгілейміз, оның қалай орналасатынын анықтаймыз. Қабырға-лардың іргетасқа қалай орналасатынын, жабын плиталарының қалай түсетінінқараймыз. Қа-баттардың барлық конструкцияларының дұрыс орналасуын қадағалаймыз. Ғимараттың барлық негізгі конструкциялары – іргетастарын, қабы-рғаларын, жабын плиталарын топтастырамыз, нысанды абаттандыру процесіне қатысамыз. Жол жұмыстары мен бүкіл жүйелердің тартылуын бақылаймыз. Қазір монолит жұмыстары атқа-

рылуда, біз ешқандай ауытқу болмауын қарап отырмыз», – дейді Нелля Коваль.

Инфрақұрылымды абаттандыру мен ғимарат-ты әрлеу де геодезистсіз бітпейтін болып шықты. «Біз инфрақұрылымды абаттандыру, ғимаратқа әрлеу жұмыстарын жүргізуге қатысамыз. Ақтық әрлеуде, еденде, қандай да бір коммуникациялар-да ешқандай ауытқу болмауын қараймыз», – дей-ді Нелля Коваль. Бұдан шығатын түйін геодези-стер – бақылаушы және бағыттаушы звено.

«Біз конструкциялардың дұрыстығы-на, әдемілігіне жауап береміз. Ешқандай да кемшіліктің болмауын қадағалаймыз», – дей-ді Нелля. Нелляның «БАЗИС» компаниясында жұмыс істеп келе жатқанына- бес жыл.Компани-ямызда бір-біріне ұқсайтын жобалардың болмай-тындығына үйреніп қалған. «Әр нысан – өзінше бөлек. Түрлі осьтер, түрлі биіктіктер, өзгеше ор-наластырылуы тиіс түрлі монолиттік «кесектер», әлдебір шұңқырлар, терезелер – барлығы әрқилы болып келеді. Әр қабырғаны, әр іргетасты бөлек қарауға тура келеді. Осьтердің орналасуын, бар-лық белгілердің керекті деңгейде болуын қамта-масыз ету үшін, осьтер керекті белгілерде ор-наласуы үшін, биіктіктегі айырмашылықтарды сақтау үшін әрбір ғимаратты қайта есептеу қажет. Тіпті, блоктар бірдей болған күннің өзінде әрбір блокты жаңаша есептеу керек, салыстырып, қай-сыбір тұстарды ескеру қажет», – дейді геодезист Коваль. «Ғимараттың конструкциясы неғұрлым күрделі болса, геодезистің жұмысы да соғұрлым ауыр. Себебі, тік бұрыштар болады, сол секілді түрлі иін мен басқа да күрделі конструкциялар болады», – дейді геодезист қыз.

Тұрғын үй орамы арнайы туннельді қалып қолданыла отырып жаңа технологиялармен са-лынып жатқандықтан мұнда есептің дәлдігіерек-ше маңызға ие.

«Болмашы ғана ауытқу болған күннің өзінде қалып дұрыс қонбайды. Сондықтан, біз шұңқыр қазудан бастап шатыр жабуға дейінгі бүкіл про-цесті бақылаймыз. Осы сәттен бастап ешқандай ауытқушылықтың болмауын қадағалаймыз, се-бебі, туннельді қалып басынан қойылады және жоғары көтеріле береді. Қазір біз нөл деңгейіне шығу процесін бақылап отырмыз, ары қарайқа-лыпты қандай да бір қиындықсыз сәтті қондыру үшін әрбір миллиметр қадағаланады», – дейді Нелля Коваль. Ғимарат бүкіл талаптар қатаң сақталаотырып салынса әрлеу жұмыстарын жа-сау оңай болады.

«Әрине, бригадалар барын салып, өз жұмы-сына құрметпен және жауапкершілікпен қарап жатса бұл бірден көрініп тұрады. Қабырғалар тегіс болады, ешқандай да ауытқушылық бол-майды. Бұл қуанатын жайт. Келесі қабатқа кө-теріле отырып олардың барлығын тиісті деңгейде атқарғанын және бізге жұмыс істеу жеңіл болаты-нын түсінеміз. Бригадамен жақсы қарым-қатынас жасасаң геодезистің қажеттілігін түсінеді, өзінің орнын ұғынады. Геодезист топтау жасап, бірақ, құрылысшылар немқұрайлы қараса еңбек зая кетуі мүмкін, сондықтан, арматурашылар, қалып орнатушылар, бетон құюшылар бригадаларымен тізе қосып жұмыс істейміз», – дейді Нелля Ко-валь.

Бұдан бөлек,геодезистер лифттерді орната-тын ұйымдармен де жұмыс істейді. «Лифттер лифт шахталарымен түзу жүруі керек, ешқан-дай ауытқу – вертикальді де, горизонтальді де

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

4

ауытқушылық болмауы тиіс. Бұған қоса, барлық есіктердің ойықтары мен терезелерді тексереміз. Олар мінсіз түзу болуы қажет, себебі, бұл да ғи-мараттың сұлулығы мен болашақ тұрғындардың жайлылығының бір бөлігі», – дейді «Алмалы» тұрғын ауданының геодезисті Нелля Коваль.

Жаратушының разылығымен саламыз

25 жылдың ішінде компаниямыздың өздәстүрлері қалыптасты. Құрылысшыла-рымыздың жұмысы жеңіл болуы үшін, бо-лашақ тұрғындардың өмірі жайлы болуы үшін 20-шы ақпанда «Алмалы» жаңа тұрғын ауданының құрылыс алаңында құрбандық шалынды. Жаңа нысанның құрылысының бас кезінде іске асырылған осынау дәстүр-лі шараға мұсылман және христиан дінінің өкілдері шақырылды.

Құрбандық шалу рәсімі басталмас бұрын «БАЗИС» құрылыс компаниясының президенті Жеңіс Нұрбосынұлы Нұғыманов пен «БА-ЗИС-А» Корпорациясының президенті Данил Раифович Ахметшакиров құрылысшыларға ізгі тілектерін білдірді.

«Ақсай» мешітінің имамыҚуанышӘбі-шевқұрылысшыларға тағылымды сөздерін айтты.

«Алматыда тағы бір тұрғын ауданның құрылысының басталуымен құттықтаймын. Жеке баспанаға ие болу – әр адамның өмірін-дегі қуанышты оқиға. Осы тұрғын ауданды салатын құрылысшыларға болашақта осында тұратын адамдардың өміріне деген үлкен жа-уапкершілікті сезініңіздер, жұмыстарыңызды адал атқарып, үйді сапалы етіп салыңыздар де-мекпін. Мұнда өздеріңіз Алла алдында жауап беретін отбасыңыздың мүшелері, туыстарыңыз тұруы да мүмкін екенін естен шығармаңыздар. Басшылықтың жұмысшыларды қолдап-деме-уін, жалақының уақытында төленіп отыруын тілеймін. Әркім өзінің қаншалықты маңызды екендігін сезініп, жауапкершілігі мен жұмысы-ның маңыздылығын түсіне отырып жұмысын сапалы атқаруын,жұмыстарыңыздың ойдағы-дай болуын тілеймін. Барлықтарыңызға аман-дық, ырыс-береке мен табыс тілеймін! Бар-лықтарыңызға Алла разы болсын», – деп тілегін білдірді Қуаныш Әбішев. «Ақсай» мешітінің имамыҚұран оқып, Жаратушыдан құрылыс-

шылардың жұмысына береке сұрады, дендеріне саулық, бақыт пен құрылыстың сәтті аяқталуын тіледі. Дұға жасалып, құрбандық шалынды. Тоқтының еті мұқтаж адамдар мен тұрмысы төмен отбасыларына таратып беру үшін мешітке берілді.

Алматыдағы Құтқарушы Христос Храмының аға попы протоиерей Александр Гайченяда дұға жасап, құрылысшыларға ақжол тілеп, құрылыс алаңын тазалау рәсімін жасады.

«Сіздер өте жауапты әрі білікті адамсы-здар. Қазір пәтерлерді сатып алып, осы үйде тұратын болашақ адамдардың болашағы қа-ланып жатыр. Балаларыңыз, немерелеріңіз бен шөберелеріңіз осында бейбіт ғұмыр кешсін. Жаңа тұрғын ауданының құрылы-сын бастау арқылы «БАЗИС» компаниясы баршаға ауыр соғып тұрған осынау кезең-де көптеген жұмыс орындарын ашып отыр. Жаратушы, адамдардың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне көмектесу үшін осындай күрделі уақытта жаңа тұрғын ауданының

құрылысын бастауды ұйғарған компания басшылығын жарылқай гөр. Тәңірім сіздерге денсаулық берсін», – дедіҚұтқарушы Христос Храмының аға попы протоиерей Александр Гайченя. Дұға оқығаннан кейін дін қызметкері жерге қасиетті суды бүркіп, құрылысшыларға сәттілік тіледі.

Рәсімнен кейін шағын концерт қойылды. Домбырашы-вокалшы Олег Никитинқұрылыс-шыларға домбырамен қазақша ән салып берді, «Алаша» би ансамблінің солистеріқазақтың әдемі ұлттық биін биледі.

BN-нің анықтамасы Жаңа қазіргі заманғы «АЛМАЛЫ» тұрғын

ауданы Алматыныңэкологиялық жағынан таза, өсіп-өркендеп келе жатқан Алатау ау-данында,Б.Момышұлы көшесінің бойында, Рысқұлов даңғылының солтүстік тұсында ор-наласқан. «АЛМАЛЫның» қарама-қарсысын-да Универсиада-2017-нің басты нысаны –12 000 орындық Мұз сарайы тұр. Тұрғын аудан-ның жанында 7000 орындық мешіт салынып жатыр. Әйелдерге арналған жеке залы бар бұл Алла үйі Алматыдағы ең ірі мешіттердің бірі болмақ. Екі аттам жерде – «Алатау» кинокон-церт залы, Domillion, Prime Plaza, Aport жә-неMagnum Сash&Сarryгипермаркеті секілді ірі сауда-ойын-сауық орталықтары тұр. Жақын маңда Авто ХҚКО бар.

«АЛМАЛЫ» аумағында 340 орындық жеке балабақша қарастырылған. Жанында мектеп са-лынуда.

«Алмалы» жаңа тұрғын ауданы 12 және 14 қабатты үйлері бар 5 тұрғын үй кешені-нен тұрады.Аумағы 34 м2, 36 м2, 58 м2 бола-тын 1 және 2 бөлмелі пәтерлер дайын күйінде тапсырылады.

5

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЕУРОПА МЕН ШЫҒЫС АРХИТЕКТУРАСЫ АСТАНАНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА

Біздің компаниямыз Қазақстан астанасында архитектурасы өзгеше ауқымды тұрғын үй кешендерін салуда. Бүгін біз түрлі архитектуралық стильмен салынған тұрғын үй орамдары кіретін ең ерекше жобалардың бірі - «Қалалық романс» жайында айтпақпыз. Құрылыс аумағы өте үлкен – 55 га. «Қалалық романс» жобасының құпиялары мен артықшылықтары туралы BN-ге басқарушы директор Павел Николаевич Блажко айтып берді.

Бақытты өмір сүруге арналған үй – Павел Николаевич, «Қалалық романс»

жайында айтып беріңізші. Оның ерекшелігі неде?

– «Қалалық романс» «Француз ора-мы», «Италия орамы», «Ағылшын орамы», LONDON ТК, England ТК секілді әлемдік архитектураның ең талғамы биік табынушы-ларына арналған бірнеше таңдаулы тұрғын үй кешенінен тұрады. Бұдардан бөлек тағы бірне-ше орам салынады.

«Қалалық романстың» басты ерекшелігі - оның аса биік емес 6, 8, 9 қабатты үйлерден тұра-тындығы. Еуропаша салынған үйлердің архи-тектурасы ықшам әрі әдемі. «Қалалық романс» аясында салынған тұрғын үй кешендерінің барлығы таңдаулы үйлер болып саналады. Бір алаңшада 4 және 6 пәтерден бар. Бір ортақ кіре-берісте аса көп адам тұрмайтындықтан біраз уақыттан кейін-ақ тұрғындар бірін-бірі жақсы танитын болады. Мұның өзінің артықшылығы және ыңғайлы тұстары бар. Адамдар қонақүйде жүргендей әсерде болмайды.

Бұған қоса, әр орамның өз ерекшелігі бар. Мәселен, үш тұрғын үй кешені - «Ағылшын

орамы», LONDON ТК, England ТК бір тақы-рыпта салынған, солай бола тұра, бәрібір өзіндік өзгешеліктері бар. «Ағылшын ора-мы» – бұл аталған бағыттағы алғашқы 8 үй. Олар ішкі әрлеуімен салынды – пәтерді сатып алған адам жиһаздың аздаған бөлі-гін алып, көшіп келе алады. Ондағы пәтер-лердің аумағы үлкен. LONDON тұрғын үй кешенінде әр үйдің тек бір ғана кіреберісі бар. Пәтерлердің терезелері үйдің екі жағы-на да қарайды. Мұндағы пәтерлердің ау-мағы кішірек - 54 м2 мен 146 м2 аралығында. England тұрғын үй кешенінде 8 үй салына-ды. Үш үй тұрғызылып бітті, тағы үш үй салынуда, екеуі өз кезегін күтуде. Бұл үй-лердің пәтерлерінің аумағы шағын -47 м2 мен 105 м2 аралығында, бұл - пәтер сатып алушының қалтасына көп салмақ салмайды.

«Италия орамының» тұжырымдамасы басқа. Ол италиялық палаццо дәстүрінде са-лынған. Кешеннің үйлері жабық аулалық кеңістікті құрайды. Бұл - тұрғындарға қосым-ша артықшылықтар береді. Астанада үнемі жел соғып тұратыны белгілі, ал, мұндай аула ең желді және суық күндердің өзінде де серу-енге шығуға мүмкіндік береді.

Архитектурадан бөлек әр кешеннің абат-тандырылуының да өзіне тән ерекшеліктері бар. «Француз орамы» Д’Артаньян мен Кон-станцияның мүсіндері бар салтанат қақпа-сымен безендірілген, «Италия орамының»-негізгі қасбеті алдында римдік Fontana di Trevi-ді еске түсіретін тамаша композиция тұр, орамдар ағылшын стилімен тұрғызылған, архитектурадан бөлек әлемге әйгілі Лондон-ның Биг-Бэнін сипаттайды. Барлық тұрғын үй кешендерінің аумағы абаттандырылған, күн-діз-түні күзетіледі және бақыланады. Үйлер-дегі барлық инженерлік жүйелер толығымен автоматтандырылған.

– Кешендердің орналасқан орны мен олар-ды қоршаған инфрақұрылым жайында кеңірек айтып берсеңіз. Кешен маңында мектептер, де-малыс орындары, СОО және кеңселер бар ма?

– «Қалалық романс» қаланың тыныш ау-данында Есіл өзенінің оң жағалауында, Тәу-елсіздік, Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов көшелерінің ортасында орна-ласқан. Дәл жанында Президенттік парк тұр. Тұрғындар онда бос уақытын өткізіп, демалып, балаларымен қыдыра алады. Инфрақұрылы-

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

6

мы жақсы дамыған – айналадағы жолдар са-палы, терезеден Есілдің жағалауы көрініп тұрады, жақын жерде айтулы Haileybury мек-тебі бар. «Қалалық романс» үйлерінен қашық емес жерде Тәуелсіздік алаңы, «Қазақ Елі» монументі, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Қазақстан тарихының Музейі, Тәуелсіздік са-райы, СОО бар – демалуға және өмір сүруге өте ыңғайлы орналасқан.

«Қалалық романстың» инфрақұрылымы өзгеше. Ол «қала ішіндегі қала» принципімен салынуда. Құрылыстың бүкіл аумағы арқылы бау-бақшалы паркті саяжол өтеді. Әр тұрғын үй кешенінің жанынан үлкен спорт алаңын салу қарастырылған. Қазір тек аулалық ба-лалар алаңдары ғана салынған, болашақта «Қалалық романс» алабында екі балабақша, жалпы білім беретін мектеп, елшіліктер қа-лашығы салынады.

Тұрғын үй кешендерінің ортасынан шағын архитектуралы формалары бар жасыл желек-жол өтеді. Жобада сондай-ақ, желекжол орта-сынан фонтан салу қарастырылған.

Біз адамдарға, олардың және балаларының жайлы өмір сүруіне арнап соғамыз. Тұрғын үй кешендерінің аулаларында жасыл желек көп – қылқанды және жапырақты ағаштар, тал-шіліктер, гүлзарлар мен көгалдар оты-рғызылған. Бірер жылда ағаштар өсіп, ау-лалардың сәнін кіргізетін болады. Ағаштар көлеңке түсіріп, адамдарды аптаптан қорғап, қасбеттердің біраз бөлігін жабады. Бұған қоса, үйлердің айналасында сәкілер қойылған сая-бақтар тұр. Адамдар осында келіп демалып, әңгіме-дүкен құра алады.

Аулаларға көлік кіргізілмейді. Балалар және спорт алаңдары орналасқан стилобат бөлігі мен барлық саябақтарға шлагбаум қойылған, оны тек үйге қызмет көрсетуші мекеме ғана адамдар жөндеу жұмыстарына керекті материалдар не-месе жиһаз алып келгенде аша алады, қалған уақытта аулаларда тек жаяу жүргіншілер ғана жүреді, яғни, аулалар балалар үшін қауіпсіз.

Әрбір тұрғын үй кешенінің – футбол не-месе мини-алаң болсын не болмаса баскетбол не волейбол алаңы болсын өзінің спорт алаңы бар. Спорт алаңдарының жабыны арнайы ре-зинадан жасалған.

– Тұрғын үй кешендерінің аумағында қо-нақтарға арналған паркингтер болады ма?

– Кешендерге қарасты аумақта қонақтарға арналған үлкен көлік қоятын орын қара-стырылған. Ол жерге тұрғындарға келген қонақтар да, паркингке кіру қажет болмаса тұрғындардың өздері де көліктерін қалдыра алады. Орын барлығына жетеді.

Қауіпсіздік пен жайлылық – «Қалалық романстың» тұрғын үй ке-

шендерінің инфрақұрылымы жайында айт-саңыз.

– Әр кешенде арнайы салынған жайлар бар. Оларды дәріхана, нан дүкені, дүкен, фит-несс-орталық секілді қызметтің түрлеріне жабдықтауға болады. Коммерциялық жай-ларда керекті нәрсенің барлығы бар, оны ары қарай қандай мақсатқа пайдаланатынын оның иелері шешеді. Мәселен, «Француз орамын-да» кафелер, дүкендер, дәріханалар жеткілікті. Қазірдің өзінде «Ағылшын орамында» кафе пайда болды. LONDON тұрғын үй кешенінде де адамдар әбден орналасып болғаннан кейін уақыт өте келе осындай қызмет түрлері ашы-латын болады.

– Тұрғын үй кешендері күзетіледі ме? – «Қалалық романс» тұрғын үй кешен-

дері түгелімен күзетіледі. Кешендер күні-түні күзетіледі, бейнебақылау жүйесі бар. Жера-сты паркингтерінің кіреберісі мен жоғарғы стилобатты бөліктерде күзетке арналған ар-найы жайлар бар. Кіреберістерге ену жүйесі шектелген – онда карточка және кодпен кіру жүйесінен өзге консьерж кезекшілік етеді, ол керекті пәтерге хабарласып, олардың қонақ күтіп отырған, отырмағанын біле алады. Әр пәтерде домофон бар. Кешеннің ішкі күзеті міндетін атқарумен қатар консьерждер кіре-берістердегі (кірер орындар мен холлдардағы) тәртіпті де қадағалайды. Тұрғындардан сан-техниктерді, электриктер мен басқа да қажетті мамандарды шақырған өтініштер қабылдай алады. Әр үйде консьерж алдында үлкен дема-лыс аймағы орналасқан. Онда жұмсақ жиһаз тұр, қонақтар тұрғындарды жайлы диванда отырып күте алады.

– Павел Николаевич, «Қалалық романс» жобасын салу кезінде қандай да бір жаңа тех-нологиялар қолданылды ма?

– Баспана құрылысында жекелеген нормалар мен талаптар бар, сондықтан, құрылыс пен әрлеу жұмыстары кезінде қолданылатын барлық материалдар - са-палы, барлық стандарттар мен талаптарға сай. Кешен тұрғындарының келешек өмірі ешқандай қиындықсыз болуы үшін ешкім материалдан үнемдеген емес. Егер әрбір технологияны алып жеке қарайтын бол-сақ, ол жаңа болуы да мүмкін, тек біз бұл технолгияларды пайдаланып үйреніп кет-кенбіз, сондықтан да қазір біз оларды жаңа екен деп есептемейміз де. Ғимараттар мен паркингтердің барлық қаңқасы монолитті темір бетоннан жасалған.

– Үйлер дайын күйінде беріледі ме? – Пәтерлер дайын күйінде беріледі десе

де болады. Пәтерлердің қабырғасы тегіс,

сыланған, қырылған. Бүкіл электрика, сан-техника құбырлары тартылған, жылыту жүйесі тартылған, жақтаулар жасалды, те-резе алды тақтайлар тұр, еден ламинаттан төселген, санитарлық тораптарға есіктер қойылған, пәтерлердің сыртқы есігі темір-ден дайындалған. Пәтер иелері жөндеу жұмыстарына болмашы ғана шығын шыға-рып, керекті жиһазын әкеліп ары қарай тұра береді. Ортақ пайдаланылатын орын-дардың барлығына әрлеу жасалған, әр үй-дің өзінің бірегей дизайны бар. Пәтерлерде иелері жөндеу жұмыстары мен дизайнды өз қалауы, талғамы мен қалтасына қарай жасай алады.

Егер минимум жағдайды қарайтын бол-сақ – адамдардың пәтерді сатып алғаннан кейін санфаянсты орнатып, тұсқағаз жапсы-рып, өмірге қажетті құралдардың ең керек-тілерін ғана қойып, қысқа мерзімде көшіп келуіне болады. Терезелер мен витраждар жүйесі белгілі-бір климаттық аймаққа есеп-телген – үйлерде терезелер мен басқа да конструктивті шешімдерге уақытпен тек-серілген және өзінің беріктігін дәлелде-ген сапалы материалдар пайдаланылады. Құрылыс материалдарын жеткізушілер мен монтаждау ұйымдары да уақыт сынынан өтіп, өздерінің біліктілігін дәлелдеді. Біздің аймақта ең маңыздысы – бұл жылы үй, жылытудың жақсы функционалды жүйесі, энергия үнемдейтін терезелер. Компания-мыз салған үйлер өте жайлы.

– Астананың жерасты сулары көп жер қыртысының аса күрделі екендігін ескер-сек, паркингтер ылғалданып, дымқылданып жүрмейді ме?

– Жоқ, бұдан қорқудың қажеті жоқ. Бар-лығы сонау жобалау кезінде-ақ ойласты-рылған. Себебі, қайсыбір нысанның жоба-сын әзірлеп, құрылысына кіріспес бұрын геологиялық іздеулер мен топырақ құрамын сараптаудан бастап көптеген шаралар атқа-рылады – барлығын конструкторлар мен жобалаушылар есептейді, сондықтан, пай-далану барысында ешқандай да қиындық болмауы тиіс.

BN анықтамасыПавел Николаевич Блажко «БАЗИС» ком-

паниясында 2011-ші жылдан жұмыс істейді. Жұмысты Александр Васильевич Брызгало-впен бірге оның орынбасары болып бастады. Екеуі бірге «Француз орамын» салып бітірді, «Ағылшын орамының» бірінші кезегін салып бастады. LONDON ТК – Павел Блажконың жетекшілігімен салынған бірінші дербес жоба.

Павел Николаевичке құрылыс саласы бұрыннан ұнайтын. «Арам шөп басып, бос жатқан жерде тұрсаң, біраз уақыттан кейін сол жерде үйлер пайда болып жатса – бұл қызық. Дәл осы үшін құрылыс компаниясында жұмыс істеп, кәсібіңді сүюге болады», – дейді Павел Блажко. Сондықтан да ол өмірін құрылысқа арнаймын деп шешті.

7

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

БИІКТІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН АРУЛАР«БАЗИС» құрылыс компаниясының Алматы мен Астанадағы нысандарында жұмыс істеп жатқан қыз-келіншектер қандай құрметке де лайық. Себебі, құрылыста жұмыс істеу - ауыр, жауапты, жоғары біліктілікті, қажырлылықты талап етеді. BN сіздерді, қымбатты оқырмандар, мұнаралы кран машинисттері, қойма меңгерушісі, жүк көтергіш лифт операторы мен арматура құюшы арулармен таныстырады. Бұл сүйкімді нәзік жандылар ауыр да жауапты жұмыстарды атқарады.

Арматура өру – ілмекпен тоқу емес

Малика Утеева 2009-шы жылдан бері Астанадағы нысандарымызда армату-рашы болып еңбек етіп келеді. Ол нәп-нәзік қыздың арматураны жоғары деңгейде өріп, ауыр жұмысты да атқара алатынын дәлел-деп, бүкіл стереотипті жоққа шығарды.

– «БАЗИС» компаниясында жұмыс істеп келе жатқаныма - жеті жыл, ал, жалпы құрылыс саласында 2005-ші жылдан бері ең-бек етіп келемін. Қыз баласының арматурашы болуды ұйғарған шешіміне барлығы таңқа-латын, мұның әйелдерге арналған мамандық еместігін, қыздар ешқашан арматурашы бо-лып істемегенін айтып мені компанияға жұ-мысқа алғысы келмеді. Бірақ, мені жұмысқа алуын талап етіп тұрып алдым. Себебі, Аста-наға келгенге дейін Қостанайдағы құрылыс компаниясында істегенмін, тәжірибем бар бо-латын. «БАЗИСке» келген кезімде «Сулы жа-сыл желек жолы» бизнес-орталығы салынып жатқан. Өте талдырмаш болдым – салмағым небәрі 45 килограмм. Маған «Қалай жұмыс істемексің, жел тұрса ұшырып әкетеді ғой сені» дейді. Көз жасыма ерік берген кездерім де болды, алайда, бұл жұмыстың қолымнан келетінін барлығына дәлелдеп бақтым. Мен 25-ші қабатта жұмыс істедім және жүктілікке байланысты демалысқа осы нысаннан кеттім. Демалыстан екі жылдан кейін қайтып оралға-нымда бригададағы әріптестерімнің барлығы қуанды.

Әрине, құрылыс оңай емес, әсіресе, қоспа-ны құйып жатқанда жанталас басталады. Қазір біз 16-шы, 12-ші арматурамен жұмыс істейміз,

«Зүбаржат кварталда» 32-ші, 28-ші арматура-мен істегенбіз, ол кезде арматураны өру өте ауыр болатын. «Зүбаржат кварталда» жұмыс істеп жүргенімізде барлығы мені екі айдан кейін шыдай алмай жұмыстан өзі шығып ке-теді деп ойлады. Әйтсе де, нысандарда жұмыс істеп жатқаныма жетінші жыл. Кету ойымда да жоқ. Қазір қатысушыларға арналған «ЕХРО – баспанада» қаңқаларды тоқып жатырмыз. Үйді салып бітірдік, пандуста жұмыс істеп жа-тырмыз. Біз кейін қалыппен жабылып, бетон құйылатын монолит қабырғаларға арналған қаңқаларды тоқып қана қоймаймыз, сонымен қатар, жоғарыда да жұмыс істейміз – жабын плиталарын да ораймыз. Әрине, арматура өру – ілмекпен тоқыма тоқу емес, бірақ маған ол айтарлықтай қиын емес. Барлық арматураны білемін, олардың қалай өрілетінін білемін.

Мен Қостанайдың тумасымын. Білімім бойынша педагог–психологпын, бірақ, кеңсе-де отыра алмаймын. Қағазбастылықты суқа-ным сүймейді, маған құрылыста жұмыс істеген ұнайды. Жолдасыммен құрылыста 2005-ші жылы таныстым. Екі аптадан кейін ол мені алып қашты, содан бері 11 жыл біргеміз, қызымыз өсіп келеді, жасы 4-те, балабақшаға барады. Маған істеп жүрген жұмысым қатты ұнайды, алайда, расын айтқанда жолдасыма аса ұнай бермейді. Қызым да сұрағандардың барлығына «Анам арматура тоқиды, ал, әкем дүкенде жұмыс істейді» деп айтып жүреді.

Биыл «БАЗИС» компаниясының атынан құрылыс колледжіне оқуға қабылдандым. Сы-збаларды үйреніп жүрмін, автокадпен жұмыс істеймін. Кәсіби білім алып, құрылыс сала-сында қалғым келеді. Арматураның темірдей қаттылығы секілді мен де ер мінездімін. Жұ-мысымның өзіме ұнайтындығы да сондықтан.

Әріптестерім маған құрметпен қарайды, қашанда хал-жағдайымды сұрап жатады. Тіпті, краншы қыздардың өздері «Аязда арматура-ны қалай өресің?» деп сұрайды, мен қыстың суығына да, жаздың аптап ыстығына да, жаң-бырға да үйреніп қалғанмын. Кейде адамдар менен «Қарындас, күнге қайда жүріп қызды-рынасыз?» деп сұрап жатады. Оларға салынып жатқан нысанның ең ұшар басында керемет солярий бар екенін айтсам таң қалады.

Жақында 4-ші дәреже алуға емтихан тапсырдым. ҚТжЕҚ бойынша емтиханда жа-уаптарымды естіген емтихан алушы: «Мұнда неге отырсың? Сен менен артық білесің ғой, бара бер» деді. Колледжде бүкіл студент қы-здардың ішінде тек мен ғана арматурашы бо-лып істеймін, менің таңдауыма оқытушылар таң қалады. Бос уақытымда қызым екеуміз бассейнге барамыз, «Хан шатырды» аралай-мыз, коньки тебеміз.

Әке жолын қуды

Бағдат Қаленова «Базис» компания-сында 2007-ші жылдан бері еңбек етеді. Қазір Қазақ ұлттық хореография академи-ясында қойма меңгерушісі. Ауа-райының қолайсыздығы да, жұмыстың көптігі де оны қорқыта алмайды.

– 9 жыл бұрын «БАЗИС» компаниясына транспорт жөніндегі диспетчер болып орнала-стым. Алғашқы нысаным Астанадағы MEGA СОО құрылысы болды. Кейін «Мәскеу» бизнес орталығының құрылысына жіберді. «Шабыт» салынып жатқанда транспорт жөніндегі дис-петчер қызметі жойылды да мені қойма меңге-рушісі етіп тағайындады. Содан бері қойма мең-герушісі болып істеп келемін. Жұмыс аса қиын емес. Ең бастысы - нысанға материал алып келген кезде оны қабылдап, дұрыстап санап, құ-жат бойынша рәсімдеп, қажетті мөлшерде про-рабтарға босатып отыру керек. Менің міндетім – жұмысшыларды керекті құрылыс материалда-рымен дер кезінде қамтамасыз етіп отыру.

Туған жерім - орталық Қазақстан – Қа-рағанды облысында туып-өстім. Ол жақтың табиғаты да дәл осы Астанадағыдай. Сон-дықтан, маған суық та, аптап ыстық та кедергі келтіре алмайды. Құрылыс адамды шыңдай-ды. Адам таза ауаға үйренеді, себебі, құрылыс-шы уақытының көбін далада өткізеді.

Екі баланы жалғыз өсірдім. Екеуі де - Әсел де, Ғлымжан да университет бітірді. Ғалым-жан менімен бірге «БАЗИС» компаниясында транспорт жөніндегі диспетчер болып істейді. Биыл сәуір айында оны үйлендіргелі отырмыз. Әсел - тұрмыста, ұлы мен қызы бар. Анам – 81 жаста, Астанада тұрады.

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

8

Менде бос уақыт деген көп емес – жалғыз демалыс күні - жексенбі. Еңбек демалысын да алмаймын, сұранбаймын да. Сенбінің кеші мен жексенбі немерелерімнің жанында бола-мын. Немере қызым екінші сыныпта оқиды, немере ұлым - бесте. Қандай да бір хоббиге уақыт қалмайды – таңертең жұмысқа кетемін, кешке үйге келемін – бар өмірім құрылыста өтіп жатыр деуге болады. Әкем құрылысшы болған, сондықтан, құрылыстың не екенін жақсы білетінмін және таңдауымды саналы түрде жасадым.

Ауа-райымен санаспаса болмайды

Светлана Янышева 2005-ші жылдан бері компаниямызда мұнаралы кран ма-шинисті болып еңбек етеді. Қазір «ЕХРО плаза» ТК екінші кезегінің құрылысында жұмыс істеп жатыр. Кез-келген адаммен ортақ тіл табыса алады.

– Мен «БАЗИС» компаниясында 2005-ші жылдан бері мұнаралы кран машинисті болып еңбек етемін. Мұнда алғаш келгенімде аздап жүрексіндім, себебі, компания - үлкен, ал мен ешкімді танымаймын. Уақыт өте танысып, білісіп, кейін барлығымен достасып та кеттік.

Біз, мұнаралы кран машинистері адамдар-мен жұмыс істейміз. Бригадалар әр түрлі бола-ды, адамдардың мінездері де әр түрлі. Біз бел-гілі-бір дәрежеде психологтармыз да, себебі, адамдардың барлық категориясымен ортақ тіл таба білуіміз керек.

Қазір «ЕХРО плаза» ТК екінші кезегінің құрылысында істеп жатырмын. Бұған дей-ін «ЕХРО плаза» ТК бірінші кезегін салдық, Қазақ ұлттық хореография академиясында, «Салатанатты» ТК, «Италия орамы» ТК және компания Астанада салып жатқан басқа да ны-сандарда істедім. Маған «БАЗИС» компания-сындағы ыңғайлы жұмыс кестесі ұнайды.

Мұнаралы кран машинистінің әйелдердің кәсібі еместігі туралы түсінік бар. Алайда, менің құрылыста жұмыс істеп жатқаныма бір-неше жыл болды және маған өзімнің маман-дығым өте ұнайды. Әрине, қатты жел тұрғанда кранда жұмыс істеуге болмайды. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инструкторлар нысанда жүреді, егер желдің күші рұқсат етілген дең-

гейден асып кетсе кран жүргізушілерінің жұмысын тоқтатады, себебі, бұл тек мұна-ралы кран машинистіне ғана қауіп төндір-мейді, сонымен бірге, төменде жұмыс істеп жүргендерге де қауіп туғызады – жүк әрі-бері теңселе бастайды да оның соңы түрлі жағдайларға алып келуі мүмкін. Краншы-ларға табиғат жағдайларын ескермеуге бол-майды. Мен Астанаға Қарағандыдан келдім. Бос уақытымды үйдің шаруаларына арнай-мын. Жақында ТҚЖБ арқылы пәтер сатып алдым, қазір сонда жөндеу жұмыстарын жа-сап жатырмын.

Ерлермен бірдей жұмыс істейміз

Рауза Прохорова 2013-ші жылдан бері «Миллениум парк» ТК жүк көтергіш лифт операторы болып істеп келеді. Ол үшін ең үлкен қиындық – күн райы. Алайда, қан-дай жағдай болмасын құрылысшылардың жұмысын тоқтатпауына бар мүмкіндікті жасайды.

– Мен «БАЗИС» компаниясында 2013-ші жылдан бері жүк көтергіш лифт операторы болып істеймін (оны қасбеттік көтергіштер деп те атайды). Жұмысымыз ауыр емес, бірақ, өте жауапты. Мен үшін кәсібімнің ең қиын тұсы – бұл ауа-райы. Жазда да, қыста да, аптап ыстықта да, аязда да дала-да жүреміз. Жұмыстың өзі күрделі де емес – жүктерді керекті қабатқа уақытында жет-кізіп, адамдарды уақытында жоғарғы қабат-тарға көтеріп, төмен түсіру керек. Егер біз болмасақ, адамдар жоғарыға жаяу көтеріліп, материалдар мен құрал-саймандарды 20-шы, 30-шы қабатқа дейін арқалап, жетемін дегенше күші де, жұмысқа деген ынтасы да қалмайтын еді.

Құрылысшылардың өздері белгілеген нақты мерзімдері бар, олардың жоспарын бұзуға қақымыз жоқ. Лифттеріміздің бар-лық уақытта жұмыс істеп тұруына бары-мызды саламыз. Біз тек жүк көтергіш ме-ханизмдердің операторлары ғана емеспіз, сонымен қатар, механикпіз де. Ұсақ-түй-ек тетіктер істен шыққан кезде оларды өз күшімізбен жөндей береміз, себебі, бізде басқа нысаннан механик келгенше күтіп

отыратын уақыт жоқ. Әрине, ақау үлкендеу болатын болса оны жөндемейміз – оларды механиктер ретке келтіреді, ал ұсақ ақаулар-ды өзіміз жөндей аламыз.

Жүк көтергіш механизмдер операторлары жұмысын негізінен әйелдер істейді. Кәсібіміз әйелдерге тән емес болса да оны жақсы атқа-рып келеміз.

Қазір біз «Миллениум парк» ТК 11-ші бло-гында жұмыс істеп жатырмыз. Мен КЕГОК, Қазақ ұлттық хореография академиясы секілді «БАЗИС» компаниясы салған басқа да көпте-ген нысандарда еңбек еттім. Біздің жұмысы-мыз бен міндеттеріміз барлық жерде бірдей.

Бір жағынан әйелдерге құрылыста жұмыс істеу - ауыр. Алайда, осы эмансипацияны өзіміз сұрап алдық, енді ерлермен бірдей осы ауыр жұмысты атқарып жүрміз. Жұмысымыз ұнайды, қашанда адамдардың ортасындамыз. Әріптестеріміз де жақсы адамдар, бір-біріміз-ге деген қарым-қатынасымыз да дұрыс, ұжым - ынтымақты, сенімді – ең бастысы осы.

Қызым бар. Тұрмыста, екі немерем өсіп келеді – бірі 10-да, бірі 7-де. Бос уақытым-ды солармен бірге өткізуге тырысамын. Бала күнімнен кітап оқығанды жақсы көремін. Іс тігіп, тоқыма тоқитын уақыт өтті. Қазір менде оқуға деген құштарлық үлкен.

Адамдардың қауіпсіздігі бірінші орында

Светлана Смирнованың компания-мызда жұмыс істеп жатқанына тоғыз ай болды. Қазір ол «Алмалыдағы» мұнаралы кран машинисті. «Алмалы» – «БАЗИС» Алматының Алатау ауданындағы 12 000 орындық Мұзды аренаға қарама-қарсы салып жатқан жаңа тұрғын үй орамы. Жұ-мыстағы ең басты нәрсе – мұқияттылық пен қауіпсіздік техникасын сақтау деп есеп-тейді мұнаралы кран машинисті.

– Алматыға Шығыс Қазақстаннан келіп, «БАЗИС» компаниясына жұмысқа орнала-стым. Қазір «Алмалыда» жұмыс істеп жа-тырмын. 14 қабаты үйлер салып жатырмыз. 1988-ші жылы кранда жұмыс істеуді үйрен-дім. Кранда жұмыс істеп келе жатқаныма жал-пы 27 жыл. Қанша қауіпті болса да мұнаралы

(Басы. Соңы 11 бетте)

9

ҚҰРЫЛЫС БАСЫНАН СҰХБАТ

ҰЖЫМДА ОРТАНЫҢ СӘНІ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТА БІЛІКТІ МАМАН

Ұлттық хореография академиясында инженерия бойынша қойма меңгерушісі Алмас Әбдіқұлов жақсы қызметкер және сенімді әріптес қана емес, сонымен қатар, асқан дарын иесі. Ол лирикалық өлеңдер жазады, ән шығарады, ән айтады және гитара тартады. Алмастың шығармашылық шабыты көбіне түнгі уақытта оянады – түн ортасында өлең туып жатса оны сол мезет сүйікті жарына оқып береді.

Алмас – әуесқой-дарын– Алмас, музыкалық қабілет сізге қайдан

қонды? – Ақмола облысының Аршалы ауда-

нында тұрдым. Отбасымыз көпбалалы болды да мені ағайымыздың тәрбиесіне берді. Жастайымнан ән айтуды ұнаттым. Өзімнің алғашқы гитарамды өзім құра-стырдым – есімде, ескі дағыра тауып алып, оған гриф бекітіп, қармақ жібін бай-лап, олардан ішектер жасап тартатынмын. Ауладағы балалардың гитара тартқанын бақыладым, аккордтарды есімде сақта-дым, кейін үйге келіп естігенімді өзім тар-туға тырыстым.

Маған алғаш гитара сыйлап, ән айта бастағанымда жасым әлі 10-ға да толмаған еді. Кейін үйге жақын жерде музыка үйір-месі ашылды. Бұл шағын үйірме болатын, барлығымыз ән айтатынбыз, түрлі кон-церттерде өнер көрсететінбіз. Кейін бізді аудандық және облыстық ән байқауларына алып бара бастады. Музыка үйірмесінен басқа менде ешқандай музыкалық білім жоқ. Есту қабілетім жақсы болса керек. Ақыры мен және екі досым бар, өзіміздің «Импульс» атты музыкалық тобымызды құрдық. Көрші ауылдарға гастрольдерге жиі шығып, концерттер қоятынбыз. Бұдан аздап ақша түсетін. Бірде бізді үйлену той-ына шақырды, бардық, өнер көрсеттік, бәрі тамаша өтті де біздің тобымызды тойларға тұрақты түрде шақыра бастады. Ол кезде мен 20-да болатынмын.

– Өлеңді қай уақыттан бері жаза баста-дыңыз?

– Өлең жаза бастағаныма көп бола қой-ған жоқ. Негізінен менің шығармаларым-ның дені махаббат жайында. Өлең жазу қабілетімнің пайда болуына әйеліме де-ген махабатт ықпал етті. Өзімнің тұңғыш өлеңімді де жолдасыма арнадым. Шығар-машылық идеялар түнгі уақытта келеді. Ұйқыда жатқанда өлең жолдары келе бастайды да телефонға жазып аламын. Кейін әйелімді оятамын да: «Мен өлең жаз-дым! Тыңдап көрші, әйтпесе ұмытып қала-мын» деймін.

Как я люблю тебя, родная,Об этом много говорил,Но всех тех чувств кипящей страстиЯ выразить душой хочу. Не знав тебя, я был один,

Как медальон – лишь половинка,И все те поиски тебя всегда кончались непрерывноИ я прозрел, ко мне дошло: О боже, я все понял! Не в красоте моя любовь и не в богатстве тоже,Любовь нашел свою в душеВ той, с кем слилися воедино.

Бұдан бөлек, шағын шумақтар жаза-мын. Достарыма арнап әзіл өлеңдер шыға-рамын. Есімде, тіпті, мектепте жүргенде бір-бірімізбен өлеңмен жазысатынбыз. Бірақ, кәсіби түрде жазуға ұмтылып көр-меппін.

– Бәлкім, сіздің шығармаларыңыз дәл осы-лай шын ықыласпен жазылатындығымен де құнды шығар?

– Ия, өлеңдерімнің барлығы шын ниет-пен жазылған. Мен үшін бұл жай ғана сөз-дердің жиынтығы емес. Кез-келген шығар-мада мағына болу керек деп есептеймін.

Мен ұйқас қумаймын, олар өздері келеді. Любовь не может быть иначе, Как возбуждение симпатийИ чем сильней тебя влечетВ любовный омут приведет.Но главное в любви одно:Тонущих двое быть должно.

Тыңдарман ұнайтын әнді орындайды

– Алмас, өлең мен музыкадан басқа немен әуестенесіз?

– Мен «Импульс» тобының бұрынғы солистімін. Ән айтқанды ұнатамын. Үйде кешке гитарамен ән саламын. Қонаққа шақырса міндетті түрде гитарамды ала ба-рамын. Жұрттың көңілін көтерген ұнайды. Кейде жиындарда адамдар жабырқаңқы күйде отырады. Сондайда гитараны алып, елдің бәрі ұнататын әнді бастап кеп жібер-сең айналаңдағылар оған қосыла бастай-

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

10

ды, көңіл-күйі көтеріледі. Вокалмен кәсіби түрде айналыспаймын, бірақ, ән айту керек болса – барлық уақытта дайынмын – өлең жазып, ән айтып бере аламын, кез-келген мерекеде өнер көрсете аламын. «БАЗИС» компаниясына жұмысқа келгенге дейін ұжымға қызық болсын деп әр нәрсе ойла-стырып жүретінмін – қайсыбір сахналық көріністерді ойнайтынмын, көңілді ән шығаратынмын.

– Балаларға музыка үйретпейсіз бе?– Үйде немере інілеріммен отырған-

ды ұнатамын. Үйге қонаққа келгенде оларға аспапта қалай ойнау қажеттігін, әуеннің қалай шығатынын көрсетемін, олар болса отырып тыңдайды, қайтала-уға тырысады.

– Сіздің шығармаларыңыз қай тілде? – Негізінен мен әнді орыс тілінде сала-

мын, бірақ, қажет кезде – әнді қазақша да айта беремін. Топ құрамында өнер көрсетіп жүргенде түрлі ән айтатынбыз.

– «БАЗИС» компаниясында қашаннан бері еңбек етесіз?

– Қазақ ұлттық хореография акаде-миясының құрылысында жұмыс істеп жатқаныма наурыз айында бір жыл то-лады. Нысан - үлкен, түрлі құрылыс материалдары өте көп, сондықтан, екі қойма меңгерушісі бар. Осында қойма меңгерушісі болып істейтін Бағдат тә-тенің жұмысын біраз да болса жеңілдету үшін мені инженерияға қойды. Себебі, мен бұған дейін сантехник болып жұмыс істегенмін, барлық бөлшектерін - ненің қалай аталатынын, оның қайда жұмсала-тынын, қалай монтаждайтынын және т.б. жетік білемін, сондықтан да мені инже-нерия бойынша қойма меңгерішісі етіп қойды. Мен жұмысшыларға электрика, сантехника, вентиляция бойынша түрлі материалдар беремін.

Бұған дейін мен сантехника сату жөніндегі менеджер болып істегенмін. Бұл саланы жан-жақты зерттегенмін. Бұған қоса, электриканы бала күнімнен жақсы білемін. Электриктің арнайы білімі мен-де жоқ, барлығы тәжірибемен келді. Бірде маған біреулер хабарласып, Қазақ Ұлттық хореография академиясына адам қажетті-гін айтты. Содан бері осындамын. Жұмыс ауыр емес, бірақ, жауапкершілігі өте үлкен – үнемі жаңа материалдар келіп жатады, оларды қабылдап, барлығын жүкқұжат бойынша тексеріп үлгеру қажет. Матери-алдарды қабылдап жатқанымда құрылыс-шылар келеді, оларға бөлшектер беруім керек. Сондықтан, менің жұмысымда өте абай, жинақы, ұқыпты және жауапкер-шілікті болу қажет. Бастапқы кезде қиын болды, соңыра ненің қайда жатқанын біліп алғаннан кейін барлығы автоматты түрде жүре береді – біріне жоба бойын-ша керекті материалдарды беріп жатсаң, екіншісінен жаңа материалдарды қабыл-дап алып, орынына қоясың. Жұмыс күні осылай өте береді.

кран машинисті мамандығы қатты ұнайды. Мұнда абай болу қажет. Қауіпсіздік техника-сын қатаң сақтау керек. Онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Әр краншы өзінің машинасы-ның техникалық мағлұматтарын білуі тиіс, двигательдердің қалай жұмыс істеп жатқанын тыңдай алуы керек, ақаудың бар-жоғын қарап отыруы қажет. Краншы мамандығында бұл өте маңызды. Мұнаралы кран машинисті жұ-мыс істеп жатқан адамдардың қауіпсіздігіне өте үлкен көңіл бөлінеді. Краншы төменде-гілердің өмірі мен қауіпсіздігіне жауап береді. Бір ғана абайсыз жасалған қимыл қасіретке әкеп соғуы мүмкін.

Құрылыста күрделі жағдайлар да бо-лып жатады. Алайда, байланысқа бей-імділіктің арқасында кез-келген мәсе-лені шешуге болады. Краншы психолог та болып келеді, себебі, егер бригадамен түсінісіп жұмыс істесең, жұмыс та қиынға соқпайды. Адамдармен жұмыс істеген кезде олардың көңіл-күйін біліп отырасың – егер краншы байсалды жұмыс істеп жат-са, жұмысшылар да тыныш.

Үш балам бар. Алматыда үлкен қызым-мен бірге тұрамыз. Күйеу балам жұмыс істейді, қызым үйге қарайды, немерем – 12-де. Ортаншы қызым 22-де, жолдасымен бірге Шымкентте тұрады. Ұлым құрылыс және транспорт колледжінде оқиды. Өткен жазда «БАЗИС» компанииясында тәжіри-беден өтті. Оқуын бітіргеннен кейін оның да біздің компаниямызда жұмыс істегенін қалаймын. Біз жекеменшік үйде тұрамыз, жазда бақша өсіремін, қыста демаламын. Үйге қызым қарайтындықтан хоббиге де уақыт қалады – тігемін, тоқимын. Қолым бос уақытта кітап оқығанды, сканворд шеш-кенді жақсы көремін.

Сақтықта қорлық жоқДиана Карпунина 2004-ші жылдан бері компаниямызда мұнаралы кран машини-сті болып істеп келеді. Қазір Алматыдағы ең ірі нысан – 12 000 орындық Мұзды аренаның құрылысы жүріп жатыр.

– «БАЗИС» компаниясында мұнаралы кран машинисті болып жұмыс істеп келе жатқаныма 12 жыл болды. Біз биікте жұ-мыс істейміз, кәсібіміздің қыр-сыры көп. Биікте жұмыс істеп үйреніп қалғанмын, десе де өте сақ және абай болу керек. Алматы-дағы 12 000 орындық Мұзды арена секілді ең күрделі нысандардың бірінің құрылысының алғашқы күнінен бастап жұмыс істеп келемін. Мұзды аренаға дейін «Нұрлы Тау» полифунк-ционалды кешені, «Мирный» ТК құрылысын-да еңбек еттім, Бейбітшілік пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында «Ақ әлем» тұрғын үй кешенін салдық.

Қазір құрылыс алаңында адам көп – нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалғанда монолит құюшылар да, әрле-ушілер де, шатыр жабушылар да, қасбет жасаушылар да және басқа да көптеген мамандар бір мезетте жұмыс істейді. Бри-гаданың әр мүшесіне - әрлеушілерге, арма-тура салушыларға, ағаш ұсталарына, ша-тыр жабушыларға керекті жүкті жеткізіп үлгеруіміз керек. Барлығына кран керек.

Сондықтан, жанталаса жұмыс істеуге тура келеді. Тапсыру мерзімі жақындаған сайын бар күшімізді сала жұмыс істейміз.

Мамандығым айтарлықтай күрделі. Краншы мамандығын сонау Кеңес заманын-да оқыдық. Ол кезде бұл кәсіп кең тараған еді. Еңбек жолымды зауыттан бастадым – Павлодар трактор зауытында цехта көпірлі кран машинисті болдым. Тұрмысқа шығып, Алматыға келдім, ал, мұнда машинажасау аса қатты дамымаған, мұнаралы кран ма-шинисті оқуын қайта оқуыма тура келді. Мұнаралы кран машинисті болып істеп келе жатқаныма 12 жыл болды. Балаларым есейіп кетті, ұлым бөлек тұрады. Қызым немереммен бірге бізбен тұрады. Балалар сауданы кәсіп етуде. Күйеуім типографияда механик болып жұмыс істейді.

Біз отбасымызбен жекеменшік үйде тұра-мыз, ондай үйде шаруа шаш-етектен болады. Менің хоббиім – бақша мен шаруашылық. Бос уақытымда немереммен аулада серуендейміз, шанамен сырғанаймыз.

Тұрмысқа шыққанымда жолдасымның ата-анасы мамандығымды ауыстыруға көн-діруге тырысқан. Ата-енем – педагогтар. Олар менің педагогикалық білім алып, өз-дерінің жолын қуғанымды қалады. Бірақ, мен мұның маған қол еместігін бірден айт-тым. Жылдар өткеннен кейін олар менің шешіміммен келісті.

BN-ненКомпаниямызда міне, осындай кере-

мет нәзік жандылар еңбек етеді! Оларға қашанда сенім артуға болады, себебі, олар - жоғары білікті мамандар. BN ре-дакциясы сіздерді, қымбатты арулар, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге отба-сы бақытын, амандық, махаббат пен жан жылуын тілейміз! Көңілдеріңізде көктем мәңгі ұяласын!

(Соңы. Басы 9 бетте)

ІРІ ПЛАНМЕН

11

Валентина Михайловна Плотникова «БАЗИС» компаниясында қызы Ольга және күйеу баласы Сергей Кирилловпен бірге 9 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Қазір бұл отбасы (техникалық шешімдері бойынша) оразан зор әрі күрделі, Универсиада-2017-нің басты нысаны – 12 000 орындық Мұзды аренада еңбек етуде. Жақында Плотникованың 10 адамнан тұратын бригадасы Қоскөлден іссапардан келді. Онда олар қолайсыз ауа райы мен жағрафиялық жағдайларда жұмыс істеді. Валентина Плотникованың отбасы мен командасы – компанияның алға қойған міндеттерін мұқият орындайтын мақсатты және табанды адамдар.

ОПТИМИЗМ, ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН

МАҚСАТТЫЛЫҚ БАРЛЫҚ ІСТЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

12

Отбасы көп жылдан бері тізе қосып еңбек етіп келеді

Біз Валентина Михайловнамен өткен жылдың қысында өзінің бригадасымен бір-ге «Мирный» тұрғын үй кешенінің ішін әр-леп жатқанда танысқанбыз. Алғаш көрген-нен-ақ үнемі күлімдеп жүретін, әріптестері еркелей «Валя тәтей» деп атайтын әйелді құрылысшылардың қатты құрметтейтінін байқауға болатын. Валентина Михайловна-мен әңгімелесудің өзі бір ғанибет – жаның жадырап қалады.

Валентина Михайловна Плотникова «БА-ЗИС» компаниясындағы жұмысын 2007-ші жылы сылақшы-бояушы болып бастады. Бір жылдан кейін құрылысқа қызы Ольганы шақырды. Күйеу баласы Сергей компанияда 2006-шы жылдан бері еңбек етеді. Барлығы да – әрлеуші. «Сылаймыз, бояймыз, еденді де құямыз – әрлеуші құрылыста атқаруы тиіс

барлық жұмысты атқарамыз», – дейді Вален-тина Михайловна. «Ольга компанияда жұ-мысқа кіріскен кезде әрлеу жұмыстарының бірер түрін ғана білетін, қазір ол – өз ісінің шебері. Күйеу балам да кәсіби әрлеуші. Қы-зым және күйеу баламмен бірге іссапарларға жиі шығамыз», – дейді Плотникова.

Жуырда Валентина Михайловнаның бри-гадасы кезекті күрделі іссапардан оралды. Олар компаниямыз Қоскөлде салған нысан-дарда әрлеу жұмыстарын жүргізді. «Ол жерде өте ауыр болды. Менің бригадамнан өзге еш-кім шыдай алмады. Біз өзімізден талап етілген барлық жұмысты толығымен орындадық», – дейді Плотникова.

Рухы мықты адамдар – компаниямыздың көркі, мақтанышы

Іссапарлардың саны мен олардың күр-делілігі жөнінен «БАЗИС» компаниясында

Валентина Михайловнаның бригадасынан озар ешкім жоқ десек жаңылыспаспыз. «Біз Ақтауда, Шымкентте, Құлсары-да, Жезқазғанда, Қоскөлде, Пиджим-де, Құрғақ портта болдық – бір сөзбен айтқанда, бізді «БАЗИСтің» құрылысы жүріп жатқан барлық жерге аттандырады. Соңғы іссапар бір жарым жылға созыл-ды», - дейді ол.

Валентина Михайловна - өте жауапкер-шілікті және тәжірибелі маман. Барлық күр-делі жағдайдан абыроймен шығады. Қатты қиналса да еңсесін түсірген емес.

«2015-ші жылдың12-ші қарашасында Қоскөлге іссапармен бардық. Бара жатқанда күн райы бұзылып, жолда адастық. Діттеген жерімізге жете алмайтын шығармыз деп те ойладық. Мобильді байланыс атымен жоқ, көмекке шақыратын да ешкім жоқ. Көлігіміз шұңқырда қалып қойды. Әйтеуір жолай өтіп бара жатқан машина тартып шығарып, Көк-талға жеткізіп тастады, ары қарай тепловоз-бен кеттік», – дейді Валентина Михайловна.

Іссапарларда ол үнемі бригада мүше-лерінің көңілін көтеріп отырады. Нәтижесін-де барлық қажетті жұмысты атқарып, жеңім-паз болып шығады.

Қоскөлде бригада демалыс үйі, өрт сөн-діру депосы, шеберхана, бірінші сорғы стан-циясы, су қоймаларында әрлеу жұмыстарын атқарды. Осының барлығы айдалада орна-ласқан, айналада бір де бір елді-мекен жоқ.

«Біз келген кезде ол жерде әлі құрылыс жүріп жатты. Құм тізеден келетін. Қазір онда коттедждер салынған, барлық әрлеу жұмы-стары жүргізіліп, нысандар тұрғындарды қарсы алуға дайын», – деді Плотникова.

Осындай жағдайда үйлесімді жұмыс істеу үшін бригада ұйымшыл болуы тиіс.

«Бригадамыз өте ұйымшыл, егер іс-сапарға шығу керек болса, барлығы ұй-ымдасқан түрде чемодандарын дайындай бастайды», – дейді Плотникова жымиып.

Бригада барлық қиындық пен ауырт-палықты көтеріп, жұмысты сапалы атқа-рып, Алматыға келгенде оларды тағы бір үлкен шаруа күтіп тұрды. Плотникованың бригадасын Алматыдағы ең ғаламат әрі күрделі нысан – 12 000 орындық Мұзды аренаға жіберді.

«Біз Мұзды аренада өзімізге тапсырылған барлық жұмысты орындағанша боламыз. Одан кейін бізді Жезқазған сапары күтіп тұр», – дейді Плотникова.

13

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Сауатты бригадир, тамаша командаВалентина Михайловна – әрлеушілердің

жас буынын тәрбиелеп жүрген тәжірибелі бригадир. Ол көмек қолын созып, ақыл-кеңесін айтып, көрсетіп, үйретуге қашанда дайын. Валентина Михайловна өзінің брига-дасын өзінің отбасы санайды.

«Біз бригадамен бір отбасындай болып кеттік. Егер қандай да бір даулы мәселе-лер туып жатса, барлық уақытта әріпте-стерімізбен кеңесеміз, түрлі жолдарды қарастырамыз, нәтижесінде бәрі оңынан шешіледі. Біз жасаған жұмысты соңымыз-дан ешкім түзеткен емес», – дейді Плотни-кова. Компанияда жұмыстың тұрақты, жұ-мыстың жеткілікті екендігін, адамдардың жақсы ақша тауып жатқанын көргеннен кейін бригада мүшелері құрылысқа бала-ларын тартуда.

«Менің бригадамда Бақыт Құспекова жұмыс істейді. Ол - тәжірибелі маман, көп жылдан бері бірге еңбек етіп келеміз. Осы-дан бес жыл бұрын Бақыт бізге ұлы Дастан-ды алып келді. Бастапқыда қолынан ешнәрсе келмейтін. Бар білгенімізді үйреттік, қазір ол жас әрі келешегі мол маман. Бригадамда әр-леу жұмыстарының кез-келген түрін жасай алатын жақсы мамандар еңбек етеді. Алдын ала бізден не талап етілетінін, қанша уақыт-та аяқтау керектігімізді түсіндіргеннен кейін оларға ең күрделі деген участоктың өзіндегі кез-келген жұмысты алаңдамай сеніп тапсы-ра аламын», – дейді өзінің бригадасы жайында

Валентина Плотникова. Валентина Михайловна өзінің көп жылғы

еңбек жолында көптеген жас маманды тәр-биелеп, білім берді. Шәкірттерінің бірі жайында былай деп еске алады: «Эльдар Қожайбековтің бізге жұмысқа жаңа келген кезі болатын, оған «Білікшені алып кел» де-сем – шашақ алып келеді, «Егеуқұмды әкел» десем – қолараны алып келеді. Ал, қазір ол өз жұмысын сапалы атқаратын маман. Эль-дар жеті жылдан бері бізбен бірге жұмыс істеп келе жатыр және жұмыстан кетпек ойы жоқ», – дейді Плотникова.

Ол перзенттерінің ғана анасы емесАйтпақшы, Плотникованың бригадасы

қай жерде жұмыс істемесін, ол бірінші ке-зекте ешнәрсеге алаңдамай еңбек етуі үшін адамдарға барлық қажетті жағдай жасау-ды ойлайды. Мұзды аренадағы құрылыс алаңында да солай болды. «Балаларыма жаным ашиды. Олар қаптарды үшінші қа-батқа тасып жүрмес үшін барлық әрлеу ма-териалдарын кранмен көтеруді сұрадым. Қайта-қайта суды шелекпен үшінші қабатқа тасымас үшін ыдыстарды суға толтырдық. Бізде барлығы өзіміздікі – құбыртектер де, сорғылар да. Қазір де біз әбден дайындал-дық, енді бізге еш нәрсеге алаңдамай тек жұ-мыс істеу ғана қалды», – дейді Плотникова.

Валентина Михайловнаның біліктілігі мен ұйымдастыру қабілеті көп жерде көмек-теседі: бригадасының жұмысын сауатты

ұйымдастырады, бұл бүкіл жұмысты уақы-тында және сапалы атқаруға мүмкіндік береді. Плотникова бригаданың құрылы-ста 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан мүшелерімен жиі ақылдасады, кеңесе отырып дұрыс әрі оңтайлы шешім-дер табады. Оның бригадасы ақылды қолбасшының сенімді сарбаздарын еске түсіреді, ал, бригаданың мүшелері Вален-тина Михайловнаны «Шеше» деп атаған-ды ұнатады.

Ешбір қиындық кедергі бола алмайды

Құрылысшы мамандығы ең күрделі кәсіптердің бірі саналады. Әрлеушілердің қашанда жұмысы көп, ал, уақыттары шекте-улі. Бос уақыт жоқ десе де болады – демалыс күні – жексенбі, бұл күні адамдар үйдегі ша-руаларын бітіруге тырысады. Валентина Ми-хайловна қашықта – Есікте тұратындықтан жұмысқа уақытында жету үшін таңғы сағат бесте тұрады. Қызы мен күйеу баласы одан кішкене жақынырақ тұрады.

Плотникова өзінің бригадасын отбасым деп есептейді. Ол - жастарға үлгі. «Әрине, біреулерге ұрысатын да кездерім болады. Бірақ, адамдар барлығын түсінеді, ешкім еш-кімге ренжімейді», – дейді Плотникова.

Отбасының алдағы жоспары – компани-яда жұмыс істеу, жұмысын сапалы әрі адал атқара отырып қоғамға пайда әкелу.

ЭРДЫНЖАП РАДНАЕВИЧ ЖИГМЫТОВ – «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Барлығы қалай басталған еді– Эрдынжап Раднаевич, өзіңіз туралы ай-

тып беріңізші. Неліктен құрылыс саласын таңдадыңыз?

– Әкем майданда 1942-шіжылы қаза тап-ты, 1952-шіжылы шешем өмірден өтті. Әжем мен атамның қолында өстім, еңбектің дәмін бала кезден таттық, 50-ші жылдары бәрін үй-ренуге тура келді. Балта мен балға қолымнан түспейтін. Еңбек жолымды Бурятияда 1958-ші жылы құрылыс материалдары комбина-тында бастадым. Қазақстанға 1976-шы жылы көшіп келдім, әскери қызметші болатынмын, алайда, денсаулығыма байланысты азаматтық жұмысқа ауыстым –«Атакенттегі» халық ша-руашылығы көрмесінде агроном, аға агроном болып істедім. Онда Қазақстанның елдегі және шет елдердегі бүкіл көрмелерін безендіретін өндірістік-көркемөнер шеберханалары бола-тын. Ағаш шеберханасында жұмыс істедім, ағаш шеберлігі, картонаж жұмыстарын атқар-дым, ол жерден көп нәрсе үйрендім. Жастай-ымнан еңбекке жақын болып өскендіктен маған қиынға соқпайтын. Әлдене үйренгің келсе, ерінбесең, саған міндетті түрде көмек-тесетін.Онда мен 10 жылға жуық еңбек еттім. ХШЖК акционерлік қоғамға айналып, бар-лығы жаңа ережелермен жұмыс істей бастаған кезде көрмелер өтпейтін болды, соған сай жұ-мыс та қалмаған соң құрылысқа кету керек деп шештім. Газеттен «БАЗИС-А» құрылыс мекемесінің жұмысшылар алып жатқаны жай-ындағы хабарландыруды көріп қалдым. Кеңсе Навои көшесінің бойында болатын. Осылай-ша, компанияға 1994-ші жылы15 – 18 адамнан тұратын ағаш ұсталары бригадасына келдім. Бригадир Петр Матвеевич Бекетов болатын. Онымен әлі күнге дейін хабарласып тұрамын.

Сегіз ай жұмыс істегеннен кейін маған бригадир болуды ұсынды, мен қабыл алдым.

Бригадир, «БАЗИС» құрылыс компаниясының №2 ҚМБ бесінші дәрежелі ағаш ұстасы Эрдынжап Раднаевич Жигмытов көп жылғы адал еңбегі мен құрылыс индустриясының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда –«Еңбекардагері» медалімен марапатталды. Еңбек ардагері, өзісінің майталманы Эрдынжап Раднаевич өте қарапайым адам. Ол ең бастысы – өз жұмысыңды сапалы атқару, өзіңнің және басшылығыңның алдында адал болу деп есептейді.

Бастапқыда компанияда құрылыс материал-дары, құрылыс саймандары тапшы еді. Қиын болды. Кейін Қазақстанда бұрын қолданыл-маған жаңа құрылыс материалдары пайда бола бастады. Кілемді (ковролан)қалай төсеуді біл-мейтінбіз,қазіргідей арнайы кескіш пышақтар да жоқ еді – пышақты қарапайым аралардан жасайтынбыз – соларды қайрап, пайдалана-тынбыз. Бірақ, мұндай «саймандар» керекті сапаға қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін. Соңыра арнайы құрал-саймандар сатып алдық та мұндай жұмыстарды атқару жеңілдеді. Ал-матыда гипсокартонмен жұмыс істей бастаға-нымызда компаниямыздың басшылығы екі қы-зметкерді – бригадамдағы Павел Стратинский мен Юрий ХмелевтіМәскеуге біліктілігін арт-тыруға жіберді. Олар оқып, технологияны мең-геріп қайтты, гипсокартонмен жұмыстың қа-лай атқарылатынын айтып, көрсетті. Алматыда гипсокартон аралықтардықолдана бастаған алғашқы құрылысшылардың бірі болдық. Кей-ін қосымша модификациялар, қосымша оқу-лықтар, саймандар пайда бола бастады. Қазіргі заманғы құрал-саймандар ала бастадық.

1999-2000-шы жылдары Астанада ҚР қаржы Министрлігінің ғимаратын салып жат-тық, үлкен көлемде ковролан төсеу қажет бол-ды. Жеңіс Нұрбосынұлы Нұғыманов біздің прорабымыз болатын. Бірде Александр Яку-бович прорабтың ауқымды жұмысты атқа-ру үшін қандай құрал-сайманның керектігі жөнінде сұрап жатқанын естіп қалып, барлық қажетті саймандардың тізімін жасауды өтінді. Кейін бастық іссапарға кетіп қалды да біраз уақыттан кейін бізге көптеген құрал-сайман алып келді, олардың арасында ковролан ке-суге арналған арнайы пышақтар да бар еді. Мен сол пышақтарды әлі күнге дейін сақтап жүрмін, осы күнге дейін қолданамын. Осы саймандардың арқасында жұмыс тез жүрді.

– Мемлекет пен компания енді аяқтан тұрып келе жатқан кезең мен бүгінгі күнгі құрылыс жұмыстарының айырмашылығы үлкен бе?

– Қазір құрылысшыларға қойылатын талап анағұрлым қатаң. Компанияға, бригадамызға келіп жатқан адамдар уақыт талабына сай бо-луға тырысады. Жобалаушыларымыз құжат бойынша бергендердің барлығының дұрыс орындалғаны, барлық құрылыс нормалары мен ережелерінің қатаң сақталғаны өте маңызды.

Қазіргі ең басты талап – жұмысты тез, мерзімінде және сапалы атқару. Біздің жұмы-сымыз үшін бірізділік, жоспарлылық, іс-қимыл реттілігі маңызды екендігін ұмытпау қажет.

Біздің бригадамызтөбелерді монтаждай-ды. Вентиляцияшылар, электриктер қайсы-бір жұмыстарын аяқтай алмай жатса, бізге барлығын қайта аршуға тура келеді, ал, бір жұмысты екі мәрте істеуге көп уақыт пен күш кетеді. Бәлкім, мұндай сәттер кез-келген құрылыста болатын шығар, оларды айналып өту үшін реттілікпен жұмыс істеу керек.

«БАЗИС»компаниясындағы20 жылдан астам еңбек өтілі

– Эрдынжап Раднаевич, бригадаңызда неше адам бар, олар қандай мамандық иелері?

– Қазірбригадамда 17 адам бар, бір кездері адам саны 60-тан асатын. Астанаға барып, көптеген маңызды нысандар тұрғыздық. Қазір бригадамызкүрделі нысан –12 000 орындық Мұз сарайында еңбек етуде. Көптеген жігіт-тер жоғары білім алды, маман атанды, прораб, участок бастықтары болды. Бұрын менің бри-гадамдаМұнаждин Кибиров болды, ол қазір участок бастығы. Тағы бір әріптес – Мүслім Топашев участок бастығы болды. Менімен бірге ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан адамдар - менің тірегім. Олар -Дәуіт-бек Мусин, Мұхитдин Нәбиев және басқалар. Үш жыл бұрын Жарқын Шойынов келді. Ол - жақсы маман, әулетімен құрылысшы,оның менің бригадама келгеніне қуаныштымын. Оның әкесі өмір бойы құрылыста ағаш ұста-сы, бригадир, прораб болып еңбек етті. Сыз-балармен өзі жұмыс істей береді. «Алмалы» жерасты СОО құрылысында менімен бірге осыдан үш-төрт жыл бұрын Сергей Антоно-вич Швагордың басшылығымен жұмыс істе-ген жастар оралды. Оқып, жетілгісі келген балалар қазірдің өзінде компанияда жақсы қызметтерді атқаруда. Мәселен, Астанада участок бастығы болып жұмыс істеп жатқан Хмелев, Асан Мұхаметжанов және басқалар.

Бригадамыздың ауызбірлігі мықты, көбі ересек – қызметкерлердің жартысына жуығы - жасы елуді еңсергендер. Екі адам жақында зейнеткерлікке шығады. Былтыр бір әріп-

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

14

тесіміз зейнеткерлікке кетті. Құрметті дема-лыста жүрсе де бригадамызбен байланысын үзбейді. Біз үнемі хабарласып тұрамыз, олар біздің не істеп жатқанымызды білгісі келеді, кейде нысан басына келеді. Себебі, құрылыс-шының өмірі негізінен жұмыста өтеді.

– Өміріңізде өзгертсем деген нәрселер бар ма?

– Жүріп өткен жолыма қарап отырып «БАЗИС» компаниясына келгеніме, онда жұмыс істейтін жақсы адамдардың ортасы-на түскеніме қуанамын. Қаржылық қиын-дықтар да болды – болмашы жалақы алдым, бірақ, мен қашанда компания тарапынан түсіністік пен қолдау көріп отырдым. Маған жұмыс берді, табыс табуыма мүмкіндік туды. Өмірімнің 20 жылдан астамы «БАЗИС» ком-паниясымен байланысты және мен мұны қадір тұтамын. Демалысқа шығатын уақыт та таяп келеді.

Жұмыс барысында №2 ҚМБ директоры Анна Денисовна мен участок бастығы тарапынан үнемі түсіністік пен демеу тауып отырдым.

Табысқа жету үшін білім алып, өзін-өзі жетілдіру қажет

– Жетістікке жетіп, өз мамандығына сіз секілді құрметпен қарау үшін жастардың не істеуі керек?

– Әр адам өзін өзі жасайды. Жігіттер мақсаттылық, әлдене істеуді үйренуге тал-пынудың арқасында табыстарға жетуде. Бел-гілі-бір жетістікке жеткісі келетін кез-келген мақсатты адамның оқып, дамып, машықта-рын жетілдіруіне мүмкіндігі бар. Басшылық жасауға деген ұмтылысы бар адам сауатын арттырады, уақыт өте келе түрлі деңгейдегі өндіріс жетекшісі болады. Егер адам қолымен ғана емес, басымен де жұмыс істегісі келсе онда оған оқу қажет. Менде бір жас жігіт бар. Колледжде оқып жүріп тәжірибесін бізде өтті. КТУ бітіріп, қазір біздің бригадамызда жұмыс істейді. Мамандығын тәжірибе жүзінде мең-герген мұндай адамдардан жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кәсіби білікті құрылысшы-лар мен сауатты басшылар шығады.

– Эрдынжап Раднаевич, жоғары еңбек көр-сеткіштеріңіз, тәлімгерлігіңіз, білікті жұмыс күшін дайындағаныңыз үшін сізге«Еңбек ар-дагері» медалін табыс етті. Қандай сезімдесіз?

– Медальмен марапаттағанына өте қуа-ныштымын. Маған ойда-жоқта хабарласып, Астанаға баруым керектігін, ол жақта маған медаль тапсыратынын айтты. Бірақ, мара-паттау рәсіміне бара алмадым да медальді мен жұмыс істеп жатқан нысанға алып кел-ді. Мен үшін және менің жақындарым үшін бұл марапат өте қымбат.

– Отбасыңыз туралы айтып беріңізші. Балаларыңыздың арасында ізіңізді қуып, құрылыс саласына барғандар бар ма?

– Менің екі ұлым бар. Олар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқыды. Кіші ұлым шағын нысандар салатын фирмалардың бірінде жұмыс істейді. Бірақ, ол көбіне құрылыс-шыдан гөрі ұйымдастыру жұмыстарымен

айналысады. Үлкен ұлым қазір менімен бірге ағаш ұстасы болып еңбек етеді. Жол-дасым зейнеткерлікте.

– Сіз салған нысандардың қайсысы өзіңіз-ге жақын?

– Мен үшін мен және жолдастарым салған нысандардың барлығы да қымбат. Нысан-дардың жанынан өтіп бара жатып олардың көркіне тамсанамыз. Салынған нысандарға қарап, биіктігі, сыртқы келбеті мен архитек-турасы жөнінен оқ бойы озық екендігімізді түсінеміз. Сапалы орындалған жұмыстарды көріп көңілім марқаяды. Біз тұрғызған үйлер-ге қоныстанған адамдардың құрылыс сапасы-на көңілі толады деп үміттенемін.

Құрылысшыны құрылыс үнемі тартып тұрады

– Эрдынжап Раднаевич, қандай да бір хоб-бимен айналысуға уақытыңыз болады ма? Бос уақытта немен шұғылданасыз?

– Жазда әредік табиғатқа шығамын.Жас келген соң көбіне үйде боламын. Қазір әлемдегі қаржылық-экономикалық жағдай күрделеніп келеді, одан аман өту үшін жұ-мыс істеу керек. Әрине, мұндай ахуал ұзаққа созылмайды, жағдай түзеледі. Ең бастысы – барлығы жұмысбасты болып, жалақының уақытында төленуі.Адам бірнәрсеге байлан-баса өмір сүруі қиын болады.

– Ал, сіз не нәрсеге байланғансыз? – Мен құрылысқа таңылғанмын. «БА-

ЗИС» компаниясына. Нысанды салып бітір-геннен кейін демаламын. Немерелеріммен де бірге болғым келеді. Бұрынғы әріптестерім-мен – зейнеткерлермен хабарласып тұрамын.Олар «БАЗИСтің» қалай жұмыс істеп жатқа-нын, біздің немен айналысып жатқанымыз-ды, компаниямыздың болашақта не салғалы жатқанын білгісі келеді.

– Демек, құрылысшы ешқашан құрылы-стан бас тартпайды және оны барлық уақыт-та салынып жатқан нысандарға тартады да тұрады, солай ғой?

– Әрине. Кейде адам қандай мамандық бойынша болмасын еріксіз немесе мәжбүр-ліктен жұмыс істейді де кейін үйреніп кетеді, қолынан іс келе бастайды, еңбегінің нәтиже-сіне көңілі толады да келе-келе мамандығын ұната бастайды. Оны құрылысқа тартады да тұратын болады. Алайда, уақыты келгенде кез-келген адам демалысқа кетеді.

Мен бір айтарлықтай еңбек сіңірген жоқпын. Бригадирлердің еңбегі сол -біз адамдарды бірік-тіреміз, оларды ұйымдастырып, жақсы табыс табуы үшін жұмыстарды көбірек тапсырамыз. Әр адамның өзінің жұмысына деген жауапкер-шілігі деңгейін түсініп, еңбегіне қарай табыс табуына жағдай жасауға тырысамыз. Әркімнің өзінің және басшылықтың алдында адал болға-нын қалаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда менің арым таза деп ойлаймын.

– Эрдынжап Раднаевич, BN редакциясы сізді шын жүректен құттықтап, сізге және жақында-рыңызға мықты денсаулық тілейді! Ұзақ ғұмыр мен табыс тілейміз! Бейнетіңізге рахмет!

BN анықтамасыЖигмытовЭрдынжапРаднаевич1942-ші

жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген. 1969-шы жылы Бурятия Ауылшаруашылығы институ-тын агроном мамандығы бойынша бітірді. Ең-бек жолын 1960-шы жылы Хоронхой құрылыс материалдары комбинатында Кірпіш зауыты-ның жұмысшысы болып бастады.

1961-1962-ші жылдарыКеңес әскерінде қызмет етті.

1962-1964-ші жылдары Улан-Удэ ма-шинажасау зауытында кесуші болыпістеді. 1969-шы жылы Бурятия ауылшаруашылығы институтын тәмамдады. Улан-Удэ ауданы-ның «Қызыл Оронгой» ұжымшарында бас агроном болып жұмыс істеді. Сол жерден әскери қызметке шақырылды.

Кейін денсаулығына байланысты азамат-тық жұмысқа ауысты, ұзақ жылдар Қазақ ССР-інің ХШЖК жүйесінде еңбек етті.

1994-ші жылдан бері «Базис» құрылыс компаниясында жұмыс істейді. Тамаша ұйымдастырушы, жақсы тәлімгер және өз ісінің маманы. 2005-ші жылы зейнеткерлік-ке шықты, бірақ, әлі күнге дейін компания-да өзінің тәжірибесін жас мамандарға үйре-те отырып жұмысын жалғастырып жатыр. Өзіне және қарамағындағыларға талапшыл, ұжымдағы еңбек тәртібін биік деңгейде ұстапотырады. Өзінің қызметтік міндетте-мелерін кәсіби және сауатты орындайды. Ұжымда үлкен құрметке ие. Үлгілі отағасы. Балалары өзінің жолын қуды.

Жигмытов басқаратын бригада Астана, Алматы мен Ақтаудағы нысандарды салуға белсене атсалысты. Жигмытов «Алмалы» СОО, «Променад» СОО, «Астана орталығы», «Фантазия», «Овация», «Шығыс жұлдызы», «Новый мир», «Ботаникалық бақ», «Раушан гүлдері алабы», «Достық», MEGA TOWER ALMATY, «Шахристан», «Бойтұмар», «Рапсо-дия», «Кәусар», «29 квартал», «Чайковский-дегі клуб тектес үй» тұрғын үй кешендерін, ҚР ҚМ Әскери-клиникалық госпиталін,«ВКГ 70-разъезд», «ст. Пенжим» ҚТЖ құрылысына қатысты. Қазір Жигмытовтың бригадасы 2017-ші жылы өтетін Универсиаданың басты ныса-ны – Алматының Алатау ауданындағы 12 000 орындық Мұзды аренада жұмыс істеп жатыр.

Жигмытов Эрдынжап Раднаевич «Базис» компаниялар тобы басшылығының алғыс хаттарымен және мақтау қағаздарымен, оның ішінде алты мақтау қағазымен бірнеше мәрте марапатталған. 2015-ші жылдың жел-тоқсан айында жоғары еңбек көрсеткіштері, білікті жұмыс күшін дайындап, тәлімгер-лік еткені, мінсіз еңбегі үшін «Еңбек арда-гері»медалімен марапатталды.

Еске сала кетейік, «Еңбек ардагері» мем-лекеттік наградасымен экономиканың түрлі салаларының қызметкерлері мен 10 жылдан астам бір салада еңбек еткен, жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асқан зейнет жасына жеткен тұлғалар, сондай-ақ, еңбек қызметінде аса жоғары нәтижелерге қол жеткізгендер мара-патталады.

ІРІ ПЛАНМЕН

15

«БАЗИС» ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫ: БІРЕГЕЙ ҚҰРЫЛЫМ

«Базис» жобалау институтының жоғары білікті қызметкерлері жобалау жұмыстарының барлық түрін атқарады. Жобалаушы кәсібіндегі ең басты нәрсе – логикалық ойлау және ҚНмЕ бойынша жұмыс істеу. Өз кәсібінің қыр-сыры жайында BN-ге «Базис» жобалау институтының қызметкерлері айтып берді.

Жобалаушы кез-келген тығырықтан үш бірдей жол табады

Антонина Ю-БО-ДЖАН «Базис» ЖИ 1992-ші жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ол - «Сумен қамтамасыз ету, су тарту» бөлімінің бастығы. Бұл бөлім құрылысшыларымыз са-латын ғимараттарды сумен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Бөлімде 11 жобалаушы ең-бек етеді. «Бастапқыда бізде шағын нысандар болды, кейін ғимараттар үлкейе берді. Балала-рыммен қаланы аралап жүрген кезде нысан-дарымызды мақтанышпен көрсетемін. Ғима-раттарға қарап отырып бойыңды компанияңа, жұмысыңа деген мақтаныш сезімі билейді», – дейді Антонина Фуновна.

«Мен - сантехникпін. Маңдайыма технарь болуды жазыпты. Мектепте бізде үй шару-ашылығы болған жоқ. Біз ағаш ұстасы, сле-сарь мамандықтарын игердік. 1974-ші жылы техникумды «техник-сантехник» мамандығы бойынша бітірдім. Бізде ОДШ жақсы тәжіри-бе болатын – құбырларды кесетінбіз, вентиль-дерді бұрайтынбыз. Қондырғының қалай жа-салғанын, қалай жұмыс істейтінін білемін», – дейді Антонина Фуновна.

Астананың тақыры мен батпағы әлі күн-ге дейін Антонина Ю-БО-ДЖАНның есінде. 1999-шы жылы «БАЗИС» Астанада алғаш рет биік ғимараттарды жобалап, сала бастады. «Астанадағы көлік және коммуникация Мини-стрлігінің ғимаратын салу тәжірибесі қызықты болды. Ол - бүкіл ТМД бойынша ең алғашқы биік ғимарат болатын. Бұрын-соңды мұндай нысан салып көрмегендіктен канадалықтар-мен, мәскеуліктермен кеңестік. Кейін «Зүбар-

жат квартал», «Сулы-жасыл желек жолы» биз-нес-орталығы, кеме формасында салынған 120 пәтерлік тұрғын үй секілді бұдан да күрделі ғимараттар сала бастадық. Ғимараттар ай сай-ын өсіп отырды, жолдар пайда болып жатты. Бұл - ғажап еді. Жұмысым мен мамандығым-ды сүйемін. Ұжымымыз - өте жақсы, білікті, ынтымақты. Адамның бойындағы құлшыны-сты тек жұмысқа деген махаббат қана оятады деп есептеймін. Әр нысан - өзгеше, олардың әрқайсысының арнайы техникалық шешім-дері бар», – дейді Ю-БО-ДЖАН. ЕХРО-2017 тұрғын үйлерінің сумен қамтамасыз ету жүй-есін де Ю-БО-ДЖАН жобалады.

Қазір Антонина Фуновна басқаратын бөлім Ремизовкада салынатын тұрғын үй кешені секілді жаңа нысан бойынша жұмыс істеуде. «Нысан - өте күрделі. Ол шөгу жөнінен екінші типке жататын және топырағы күрделі болып келетін тауда орналасқан. Осының барлығын ескеру керек, су құбыры мен кәріз жүйесін то-пыраққа бір де бір тамшы тамбайтындай етіп жобалау қажет. Астананың топырағы лайсаң болып келеді, сондықтан, ол жерде шірімейтін құбырларды тарту керек. Алматыда құбырлар-ды сейсмикалық ахуалға, топырақтың шөгуі-не қарай пайдаланған жөн. Әр өңірдің өзінің ерекшеліктері бар. Жұмысқа мән-жайды әбден зерттеп, зерделеп барып кіріскен дұрыс», – дейді Антонина Фуновна.

Жобалаушылар үшін әр нысан ерекше – үйдің неше қабат болатыны, көлемі, қабатқа қойылатын талаптар ескеріледі. «Барлығы су құбыры мен кәріз жүйесінде ешқандай күрделі нәрсе жоқ деп ойлайды. Алайда, әр мамандықтың өз қиындығы болады. Біздің жұмысымыздағы басты нәрсе тек логикалық ойлау ғана емес, сонымен бірге, үнемі ҚНмЕге жүгініп отыру», – дейді жобалаушы. Антони-на Фуновнаның айтуынша, кез-келген шешім, мейлі ол таптырмас шешім болсын, бір ны-санға дөп келсе, екіншісіне басқаша шешім қабылдау керек болады.

«Жобалау институтында кездейсоқ адам болмайды. Барлығы да схемалармен құлшы-на жұмыс істейді, жұмысты ерекше ынтамен атқарады. Қазір біздің жастарымыз Астана-дағы «Сити Палас» СОО инженерлік шешім-дерін жасауда. Бұл - өте қызықты нысан», – дейді Ю-БО-ДЖАН.

Жобалаушылар үшін әр нысан перзент секілді, бірегей. «Нұрлы-Тауды» алайық. Оны салып жатқан кезімізде Алматыда ондай биік ғимарат болған жоқ. Мұнда аймақтық сумен қамтамасыз ету жүйесі бар. Техникалық қа-баттарда сорғылар, бактар бар. Су аймақтар бойынша беріледі. «Салтанатты» ТК алайық, «Mega Tower Almaty» ТК болсын – әр нысан

төл перзентіңдей. Нысанның аты аталған-нан-ақ барлық қабылданған шешімдер, бар-лық схемалар көз алдыңа келе қалады», – деп ағынан жарылады Антонина Ю-БО-ДЖАН.

Тәжірибесі мол жобалаушы тарқатылмай-тын түйін болмайды деп есептейді. «Маған шешімін таба алмағанын айта келген жобала-ушыларымызға үнемі кез-келген тығырықтан шығудың үш жолы болатынын, сол үш жол-дың бірін таңдауға болатындығын айтамын. Мұнан соң адам сәл ойланады да қалайда бір шешімін табады. Жобалаушы бірінші кезекте ақыл-ойын іске қосуы тиіс, ҚНмЕге кереғар келмейтін шешімдерді табуы қажет», – деп есептейді Антонина Фуновна.

BN-нің анықтамасы:Антонина Фуновна Ю-БО-ДЖАН құрылыс

техникумын 1974-ші жылы бітірді. 1975-ші жылы тұрмысқа шығып, 1976-шы жылы ұлы дүниеге келді, ал, 1988-ші жылы қызы туыл-ды. Ұлының мамандығы - конструктор, бірақ, басқа салада еңбек етеді. Ал, қызы анасының жолын қуды – су құбыры мен кәріз жүйесі бойынша жобалаушы болып жұмыс істейді. Антонина Фуновнаның үш немересі бар. «Ба-лаларым мен немерелерімді мақтан тұтамын. Олар маған үлкен қуаныш сыйлайды», – дей-ді Ю-БО-ДЖАН. 1990-шы жылы Антонина Фуновна ҚазБСҚА-ны сырттай оқып,«инже-нер-құрылысшы» мамандығын алды.

Жобалаушылар сапер секілді: бір-ақ мәрте қателеседі

Инга Чернова – жобалау бөлімінің бас ма-ман-конструкторы. Мамандық таңдайтын сәт

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

16

туғанда Инга Александровна ұзақ ойланып жатпастан құрылыс саласын таңдады. Себебі, ата-анасы құрылысшы болатын.

«Біздің кәсібіміздің ерекшелігі сол - мұнда бірінші кезекте баспен ойлану қажет. Шешім-дерді қабылдау жылдамдығы өте маңызды, себебі, құрылыс қарқын алған сайын жобалау жұмыстарын орындау жылдамдығы да арта-ды. Үлкен шешімдер қабылдауға жұмсалатын уақыт та азая береді. Мұнымен қоса, біздің жұмысымызда өте ұқыпты әрі шыдамды болу керек, материалды білу және тез шешім қа-былдау да маңызды. Біздің мамандығымыз осынысымен өзгеше», – дейді Инга Чернова.

Бізде жобалау ісінің денін әйелдер атқара-ды, мамандар «Жобалау – әйелге қол емес» де-ушілермен келіспейді. «Жобалау – нағыз әйел атқаратын жұмыс деп есептеймін. Ол үлкен шыдамдылықты талап етеді. Біздің біліміміз ерлердікінен кем емес, ақыл-ойымыз да қа-лыспайды», – дейді бас маман-конструктор.

Біздің жобалаушыларымыз биіктігі мен күрделілігі әрқилы кез-келген нысанның жоба-сын сыза алады. Астана мен Алматыдағы но-байын жобалаушыларымыз сызған көптеген нысандар қалалардың маңдайалды ғимарат-тарына айналды. «Маған Астанада салынған 45 қабатты «Зүбаржат квартал» қатты ұнайды. Онда өте қызықты шешімдер қолданылды. Ол уақытта мұндай нысанды жобалау мен салу Қазақстан үшін де, біз үшін де жаңалық еді. Үй көпқабатты, ғимараттың конфигурациясы күрделі, бізге өте қызықты болды. Тағы бір есте қалатын нысан – Астанадағы оқушылар Сарайы. Конфигурациясы өте күрделі болды – онда конструкциялар да, металл да, темірбетон да бар. Бұл – қиын, солай бола тұра қызықты нысан болатын. Жастар сарайы өзгеше – онда биік ғимарат та, гараждар да, түрлі конфигу-рациялы ғимараттар да болады. Әлемдік дең-гейдегі колледжді жобалау барысында батыл шешімдер қолданылды. Ғимараттың эскиздері асқан шығармашылық тұрғыдан жасалды, жо-баның өзі ерекше, формасы өзгеше, ортасы бос кеңістік, ғимарат арнайы күмбезбен жабы-лады. Бұл - мүлдем басқаша нысан болады», – дейді Инга Чернова.

Тәжірибелі маман жобалаушының жұмы-сын сапердің жұмысына ұқсатады. «Егер біз қате шешім қабылдасақ, біздің конструкци-яларымызды (темірбетон болсын) алмасты-ру мен түзету өте қиынға соғады. Егер біз қайсыбір жерде қателікке жол берсек, оның соңы неге алып барып соғарын ешкім біл-мейді, сондықтан, мұндай жағдай ешқашан болмайды деп үміттенеміз. «Жобалаушы са-пер секілді, бір-ақ рет қателеседі» деп тегін айтылмайды. Әрине, барлығымыз адамбыз, бәрі де қателік жіберуі мүмкін, сондықтан, біз жұмысты бірнеше мәрте тексереміз. Алматы-ның сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан-дығын, зілзала көптеген адамның өмірін алып кететінін ескере отырып бұған жол бермеудің бар амалын жасаймыз. Біздің тәжірибемізде мұндай болған емес, ешқашан болмайды деп үміттенемін», – дейді жобалау бөлімінің бас маман-конструкторы.

«Сәулетшілер қиялға ерік береді, ал, біз оларды жүзеге асырамыз. Бейнелеп айтқанда, архитекторлар – бас болса, біз, жобалаушылар

олардың қолымыз. Олар 50 немесе 100 қабат-ты үй салғысы келсе, біз осы идеяны қалай іске асыруды ойлаймыз», – дейді Инга Чернова.

«Қандай идеяны іске асырғыңыз келеді?» деген сауалымызға Инга Александровна «Жо-балаушы ретінде менің Дубайдағы секілді 200 және одан да көп қабатты ғимаратты жобала-уға қатысқым келеді. 60 қабатты ғимаратты жобалау да қызықты болар еді. Қалай болып шығады? Қандай шешімдер керек? Бұл жер-де не қажет? Ол жерде не нәрсе керек? Бұған қоса, бәрі де әдемі, қолжетімді және берік болуы тиіс. Астана – мемлекетіміздің орда-сы. Әлемдегі астаналардың барлығы биік үй-лерімен аты шыққан – мысалы, Мәскеуіңіз де солай. Сондықтан, еліміздің ордасы да Алматы мен басқа қалалардан бір дүниесімен ерекше-леніп тұруы керек деп есептеймін. Даламызда готиканы сала алмайсың, менталитет басқа. Сондықтан, жоғарыға ұмтылу керек, әлемнен өзгешелейтін биік ғимараттар салу керек. Ду-байдағы секілді», – дейді Инга Чернова.

BN-нің анықтамасы:«Базис» ЖИ жобалау бөлімінің бас ма-

ман-конструкторы Инга Чернова – жоғары деңгейдегі маман. Қызы бухгалтер болып жұмыс істейді. Инга Александровна жану-арларды жақсы көреді. Көшедегі ит пен мы-сық біткенге тамақ беріп жүргені. Чернова үй жануарын далаға қаңғыртуға болмайды деп есептейді. «Мысық асыраған екенсің, ақыры-на дейін қара», – дейді Инга Александровна.

Ғимарат неғұрлым өзгеше болса, техникалық шешімдер де соғұрлым қызықты

Оксана Гречкина - ЖВ (жылу және вен-тиляция) бөлімі тобының басшысы. «Жылу» және «вентиляция» сөздері мен нәзік жанды-лардың екеуі екі бөлек ұғым екендігіне қара-мастан Оксана Георгиевна өзінің мамандығын нағыз әйелдердікі деп есептейді.

«Біздің кәсібіміз әйелдерге тән, себебі, біз үйге жылылық береміз. Қыс кезінде біз адамдарды жылумен қамтамасыз етсек, жазда аптаптан қорғаймыз. Біз ғимараттарды жылы-тумен, вентиляциямен және кондициялаумен айналысамыз. Біз әр нысанға бөлек арнайы

жобалар әзірлейміз, монтаждаушылар біздің жобаларымыз бойынша бүкіл жүйені монтаж-дайды, ал, бекітушілер жөндеп, іске қосады», – деді Оксана Гречкина.

«Жобалаушы мамандығы меніңше, ең қы-зықты да, бейбітшіл әрі ең жасампаз кәсіп. Ұжымымыз - өте жақсы, әріптестерімізбен қа-рым-қатынасымыз тамаша», – дейді Гречкина.

Оксана Георгиевнаның айтуынша, бәрінен бұрын оған қызықты әрі өзгеше нысандардағы вентиляция мен кондициялау жобаларын жа-саған ұнайды.

«БАЗИС» компаниясы салып, біздің жоба-лау институтының қызметкерлері жобалаған барлық ғимараттардың ішінде маған ең ұнай-тыны - «Зүбаржат квартал». Бұл – техникалық шешімдері жөнінен өте ерекше және күрделі нысан. Маған «Лукойлға» арнап салынған кеңсе ұнайды, «Шабыт» та өзгеше. Ғимарат-тардың формасы өте өзгеше, онда мүлдем бөлек техникалық шешімдер пайдаланылған», – дейді Оксана Георгиевна. Ол «БАЗИС» ком-паниясы мен «Базис» жобалау институтында қарапайым архитектуралық шешімдер бол-майды» дейді. «Біз жобалайтын нысандардың барлығы ерекше. Бізде ұқсас жобалар атымен жоқ», – дейді маман.

Әңгіме кезінде мәлім болғандай, жобала-ушыларға тапсырыс берушілер мен технолог-тардың қате тапсырмалары, архитекторлар-дың қате сызбалары ұнамайды. «Себебі, кейін осының барлығын біздің түзетуімізге тура келеді, ал, уақыт күтіп тұрмайды, құрылыс мерзімі кешігеді. Біздің жұмысымызда шешім қабылдау, есептеулер, қондырғыларды таңдау үлкен маңызға ие. Сызбалар дайын болған-нан кейін шектесушілердің қарауына беріледі, одан кейін сараптамаға жөнелтіледі, одан соң түзетіледі (қажет болған жағдайда)», – дейді Оксана Гречкина.

BN-нің анықтамасы:Оксана Георгиевна Гречкинаның «Базис»

жобалау институтында жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдан асты. ЖВ бөлімі то-бының жетекшісінің айтуынша, «БАЗИСке» жұмысқа орналасқанда «Бұл – уақытша» деп ойлаған. Алайда, содан бері қаншама жылдар өтті, Оксана Георгиевна өзінің жұмысы мен ұжымын жақсы көреді. Жолдасы екеуі ұрпақ өсіріп, немере сүйіп отыр. Әр қайсысы өз жо-лын тапты. Қолы қалт еткенде отбасымен та-биғат аясына шыққанды ұнатады.

BN-нен «Базис» жобалау институты 1991-ші жылы

құрылды. Бүгінгі күні мұнда жоғары білікті мамандардан құралған, 200-ден астам адамнан тұратын ынтымақты ұжым еңбек етеді. Олар кез-келген күрделі нысанның нобайын жасай алады. Ендігі еліміздің бүкіл әлемдегі маңдай-алды ғимараттарына айналған біздің жобалау институтымыздың туындылары қазақстан-дықтарды ғана емес, сонымен бірге, шетелдік-терді де таңқалдыруда.

МАМАНДЫҚ

17

ЖАТАҚХАНАНЫ ЖАЙЛЫ ЕТКЕНBN-нің бұл санында біз Астанадағы «БАЗИС» құрылыс компаниясы жатақханасының қызметкерлері жайында айтпақпыз. Мұнда 680-нен астам құрылысшы тұрады. Жатақхана меңгерушісі Роза Нам экскурсия жүргізіп, 18 адамнан тұратын шағын бірақ жауапкершілікті әрі ынтымақты команданың осынау шаңырақта жайлылықты қалай жасайтынын айтып берді.

Өз күшімізбен және шығынсыз жөндейміз

Жатақхана ғимараты 1978-ші жылы, яғни, 40 жылға жуық бұрын салынған. Роза Намның осында тұрып келе жатқанына се-гіз жыл. Меңгеруші оны тұрғындар үшін барынша жайлы етуге тырысады. Былтыр жатақханада жөндеу жұмыстары басталған. Нысанды тапсырғанда қалып қоятын ар-тық материалдар пайдаланылды. Жатақ-хананың әрлеу жұмыстары тұрғындардың күшімен атқарылды – бөлмелердегі барлық есіктер ауыстырылды, терезелер, батарея-лар сырланды, асхана мен душ бөлмелеріне кафель төселді, әйелдер әжетханасындағы аралықтарға ысырмамен жабылатын есік-тер салынды. Асханаға жаңа төрт оттығы бар электрлі плита мен азық-түлікті өңдей-тін столдар қойылды.

«Тапсырылған нысандардағы артылып қалған материалдар мен қоймаларда жатқан бояу, су эмульсиясы, керамикалық плит-ка қалдықтарын пайдаланып, өз күшіміз-бен жөндеу жүргіздік. Жатақханамыздың нәзік жанды қызметкерлері бұрандалы шеге бұрағышымен, шарқайрақпен және басқа да саймандармен жұмыс істей береді. Дәлізге ламинат төседік, қабырғаларға тірі гүлдер отырғызылған құмыралар ілдік. Тор түрін-де жасалған гүлдерге арналған тіреуіштерді өзіміздің металл конструкциялары цехымы-зда жасаттық. Асхананың қабырғалары мен еденіне кафель жапсырдық, тұрғындар өздері ас әзірлей алуы үшін жаңа электрлі плиталар-мен жабдықтадық. Жатақхана қызметкерлері пердені өздері тікті», – дейді Роза Нам. Жа-тақханадағы бар дүние жарқырап тұр.

Роза Нам

«Барлық есіктердегі тұтқаларды ауы-стырдық – бұрын бізде тұтқалары бар ойма құлыптар пайдаланылатын, адам оған шын-

тағымен сүйенгенде түсіп қала беретін де бүкіл механизмді алмастыруға тура келетін. Құлпы бөлек, тұтқасы бөлек құлып іздеп бірнеше фирманы аралап шықтым, себебі, не құлыпты, не тұтқаны жеке жөндей салу анағұрлым арзан, қазір жатақханада тұтқа-сы сынған есік жоқ», – деді Роза Нам. Тұрғындар жуынып, су алатын жайлар-да да барлығы ойластырылған – кәдуілгі шүмектердің арасында арнайы биігі де бар, ол адамдардың суды пластикалық бөтелке-лерге құюына ыңғайлы. Душ бөлмелерінде жаңа шүмектер орнатылған.

Жатақхана қызметкерлері тұрғындар-дың денсаулығына үлкен көңіл бөледі. Бөлмелерде темекі шегуге қатаң тиым са-лынған, ал, түтіндеткенді ұнататындар үшін желдетілетін арнайы бөлмелер бөлінді. «Құрылысшылар демалып, ұйықтайтын, тамақтанатын бөлмелердің жайлы болға-нын қалаймыз. Адамдардың жұмыстан келгеннен кейін таза жерде демалғаны өте маңызды», – деп түсіндіреді Роза Нам. Айтпақшы, биыл бірінші қабаттағы холлда Астананың политехникалық колледжінің студенттері дипломдық жұмыс аясында үл-кен жобаны жүзеге асыруда - арнайы әзір-ленген дизайн бойынша әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы газетіміздің ал-дағы сандарында айтатын боламыз.

Тазалық пен жайлылық – жатақхананың басты ерекшелігі

Жатақханада барлығы ұсақ-түйекке дей-ін ойластырылған – тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін онда қазіргі заманғы кір жуғыш машиналармен жабдықталған кір жуатын бөлме мен киімдерді қыста кептіруге бола-тын арнайы жайлар бар.

«Кір жуатын бөлмеміз тегін. Тұрғындар кір жуғыш ұнтағын өздері әкеліп қалаға-нынша жуа алады. Жаңа жылдың алдында ғана бірнеше жаңа кір жуғыш машина сатып алдық. Бір машина 170 000 теңге тұрады. Бұдан анағұрлым арзанын да табуға бола-тын еді, алайда, бұлардың сыйымдылығы 8 килограмм және барабаны кең. Олар кір жу-атын әйелдің жұмысын жеңілдетеді, электр энергиясының шығыны азайды. Адамдар өз-дерін үйдегідей сезінуі үшін сапасы жақсы, ұнамды түстегі ресейлік төсек-орын жайма-ларын сатып аламыз», – деді Роза Нам. Кір жуатын бөлмеде кірді жуып, кептіретін арнайы қызметкер бар. «Жуу кезінде жай-малардан ұнамды иіс шығып тұруы үшін кондиционер мен жұмсартқыш қосамыз. Жұмысшыларға үйдегідей жағдай туғызуға тырысамыз. Өкінішке орай, кейбір тұрғын-дар жиыстырушы әйелдің, вахтердің, кір жуушының жұмысы жеңіл деп ойлайды

және олардың еңбегін бағаламайды. Бірақ, тұрғындардың басым бөлігі тазалық пен тәртіпті күні-түні қадағалау оңай еместігін түсінеді. Басшымыз Роза Жақсылыққызы-ның (Нам) арқасында бейнетіміз біршама азайды», – дейді жатақханада 2006-ші жыл-дан бері вахтер және қосымша кастелянша болып істеп келе жатқан Наталья Власенко. Жатақхана қызметкерлері тұрғын жайлар-дағы тазалық пен тәртіпті сақтаумен қатар ауладағы тәртіпті де қадағалайды – қыста қар тазалайды, жазда аумақты көгалданды-рады, гүл отырғызады.

Наталья Власенко

«Тұрғындар осының барлығын өздері үшін жасап жатқанымызды түсінеді және бізге қолдарынан келгенінше қолдау көр-сетеді, көмектесуге тырысады. Ұжымы-мыз жақсы, ұйымшыл – электриктер, сан-техниктер, ағаш ұсталары және басқа да мамандар бар. Бір-бірімізге көмектесіп, қолдауға тырысамыз. Ұжымымызды және басшылығымды мақтан тұтамын», – дейді Наталья Власенко.

Жатақхана қызметкерлерінің тұрғындар үшін жай қызметкер ғана емес, сонымен бірге, белгілі бір дәрежеде психолог екен-дігін айтқан жөн – олар қашанда адамның мұң-мұқтажын тыңдап, түсініп, көмекте-седі. Қызметкерлердің тұрғындарға деген осындай қарым-қатынасы бағаланса дей-міз.

Тазалық пен тәртіп перизаттары Экскурсия кезінде жатақхана қызметкер-

лерімен жақынырақ танысқан сайын олар-дың тұрғындар үшін нағыз үй перизаттары екеніне көзіміз жете түсті. Светлана Алам-бергенованың «БАЗИС» компаниясының жатақханасында жиыстырушы болып істеп келе жатқанына бір жарым жылдан асты.

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

18

Таңертең ол ауланы жинастырады, одан кейін екінші қабатқа көтеріліп, ылғалды тазалау жасайды. «Аптасына екі мәрте тұрғындардың бөлмелерін аралап, тұрғын жайлардағы тазалықты тексереміз, қандай мәселелердің, шағымдардың, өтініштердің барлығын сұраймыз. Бөлмеде лампа күй-іп кетсе немесе сөндіргішті ауыстыру ке-рек болса, жаңа розетка жасау қажет бол-са тұрғындарымыз бүкіл жатақхананы адақтап электрикті іздеп жүрмейді, олар мәселелерін маған айтады, мен оны маман-дарға жеткіземін. Жаңадан келгендердің бөлмелерге орналасуына көмектесеміз», – дейді Светлана Аламбергенова.

Светлана Аламбергенова

Бөлме жиыстырушының жұмысы қа-шанда кәсіптердің ішіндегі ең ауыры болға-ны құпия емес, өкінішке орай, олардың еңбегі көзге көрінбейді – еденді қанша жер-ден жусаң да тез кір болады, шаңды неше мәрте сүртсең де қайтадан пайда болады. Алайда, қызметкерлер бұл қиындықты та-бысты еңсеріп келеді және мұнда барлығы мұнтаздай таза.

Анна Власенко

Көркіне көз тоймайтын қыз – Анна Вла-сенко үй жиыстырушы болып 2007-ші жыл-дан бері еңбек етіп келеді. «Осында жай-лылық туғызғымыз келеді – жаңа перделер ілдік, барлық жерде тазалықты сақтаймыз. Адамдар жұмыстан шаршап келеді, олар-дың демалып, күш жинағанын қалаймыз.

Әрине, біз де шаршаймыз. Барлығының жұмысы ауыр, көбіне біздің еңбегіміз еле-не бермейді. Бірақ, кейбір тұрғындар бізде таза, жайлы екендігін бірден айтып жатады. Тұрғындардың өмір сүруіне жайлы ахуал жасауға тырысамыз. Кешке бөлмелерді ара-лап шығамыз. Ұжымымыз жақсы, бәріміз бар күшімізді салып еңбек етуге тырыса-мыз», – дейді Анна Власенко. Жатақханалардағы тағы бір маңызды ма-ман – вахтерлар, олар да тәртіпті қадағалай-ды. «Тұрғындардың тыныштықты, тәртіпті сақтауын бақылаймыз. Құрылысшылар ұйқысын қандырып, жұмысқа күш-қуатқа толы шықса дейміз. Біздің міндетімізге сонымен қатар, ұйықтап қалып, жұмыстан кешікпес үшін жігіттерді ояту да кіреді», – дейді өзінің міндеттері жайында вахтер Сайран Омарова.

Сайран Омарова

Вахтерлар тәулікпен кезекшілік етеді және көп ретте әріптестерінің де міндетін қоса атқарып жатады. «Мен ауысыммен жұмыс істеймін – бір кезекшілік 24 сағатқа созылады. Жұмысқа кешкі сағат 17:00-ден

кейін кірісемін. Кастелянша жоқ кезде оның орнына төсек жаймаларын жууға қабылдай-мын. Адамдар таңертең жұмысқа тынығып, ұйқысы қанық болып шығуы үшін тұрғын жайларда тазалық пен тыныштықты қамта-масыз етуге тырысамыз, тәртіптің сақталуын бақылаймыз. Егер қажет болып жатса – таңер-тең жұмыстан кешігіп қалмас үшін адамдар-ды оята аламыз», – дейді жатақхананың өзге блогының вахтері, компанияда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Гүлсім Әлімжанова.

Он саусағынан өнері тамғанБөлме жиыстырушы, вахтерлар, кір

жуушылардан басқа тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйенің жұмысын қадаға-лап отыратын электриктер, сантехниктер, ағаш ұсталары және басқа да мамандар секілді тұтас бір штат бар. Солардың бірі – ағаш ұстасы Анзат Шәмшиденов кез-кел-ген нәрсені жөндей алады.

«Біз бұзылған нәрселердің барлығын жөндейміз. Есіктерді, терезелерді, құлып-тарды ауыстырамыз. Үш айдың ішінде біз 50-ге жуық есік ауыстырдық. Гипсокартон жұмыстарын да атқарамыз – бір сөзбен ай-тқанда, қажетті нәрсенің барлығын жасай-мыз», – деді ағаш ұстасы.

Жатақхананың электригі Ефим Капулов электрмен жұмыс істейтін заттардың бар-лығының дұрыстығын қадағалайды. «Лам-паларды ауыстырамын, жұмысшылардың бөлмелеріне қосымша розеткалар орната-мын. Ескі алюминий сымды жаңасына ауы-стырамын. Мұнда жұмыс жетеді, адамдар электр тогынан зардап шекпес үшін бар-лығын бақылау керек. Электрмен байланы-сты нәрсенің барлығы қауіпсіз болуы тиіс», – дейді электрик.

Айтпақшы, жатақханада розеткалар мен есіктердің ғана дұрыстығы қадағаланбайды. Тұрғындардың кереуеттерінің, матрастары-ның, жастықтарының, көрпелері мен төсек жаймаларының жай-күйіне де кем көңіл

Анзат Шамшиденов и Ефим Капулов

БІЗДІҢ АДАМДАР

19

бөлінбейді. Ольга Прохорованың жатақха-нада жұмыс істеп келе жатқанына төртінші жыл. Оның жұмысы өте жауапты – Прохоро-ва төсек жабдықтарының барлығының түгел және пайдалануға дайын болуын қарайды. «Адамдар жұмыстан шаршап келеді, олар ұйқысын қандырып, тынығып, әл жинауы керек. Сондықтан, біз адамның ұйықтайтын орнына үлкен көңіл бөлеміз», – дейді Прохо-рова. Қажет кезде Ольга төсек жаймаларын бүтіндеп, матрастарды, жастықтар мен көр-пелерді ретке келтіре алады.

Дәмді әрі пайдалыАдамның көңіл-күйінің жақсы бол-мағы - астан. Үйлестірілген мәзір әсіресе ауыр физикалық еңбекпен айналысатын құрылысшылар үшін маңызды. Сондықтан, жатақхана меңгерушісі Роза Нам тұрғын-дарға арналған тамақтың сапасына жіті на-зар аударады – жатақханада жеке асхана бар, онда бес тәжірибелі аспаз қолжетімді бағаға түрлі дәмді және пайдалы ас әзірлейді. «Жұмысшыларымыз күні бойы ауыр фи-зикалық еңбекпен шұғылданатындықтан олар толыққанды тамақтануы қажет. Сон-дықтан, мен асханамызға Марат пен Бақыт Әшебековтерді шақырдым. Олармен мен «Салтанатты» тұрғын үй кешенінде табель жасаушы болып істеп жүрген кезімде бір-ге еңбек еткенбіз. Олар келгелі асханамыз

жайлы дәмхананың кейпіне енді. Олар осында бұрын тұрған ебедейсіз орын-дықтарды алып тастады да адамдарға жай-лы және ыңғайлы болуы үшін жаңа стол мен орындықтар сатып алды. Жаңа пер-делер мен картиналар ілді. Асханаға кір-ген кезде үйге енгендей әсерде боласың», – дейді Роза Нам. «Біз асханада бір жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Жаңа столдар, орындықтар қой-дық, жаңа ыдыстар әкелдік, жөндеу жұ-мыстарын жүргіздік, жарық әрі әдемі бо-луы үшін қабырғаларды түрлі түстермен боядық. Құрылысшылардың еңбегі ауыр. Біз олар үйлеріне келгенде дәмді ас ішіп, жақсы тынықса дейміз. Асты дәмді етіп пісіруге тырысамыз. Өзім «БАЗИС» ком-паниясында 2006-шы жылдан бері істей-мін. «Салтанатты» ТК құрылысы басталған кезде сол жерден асхана аштық, содан бері 10 жыл компанияда жұмыс істеп келеміз. Адамдарға жағымды, дәмді және арзан бо-луы жолында тырысамыз», – дейді асхана иесі Марат Әшебеков.Оның жолдасы асханада бас аспаз болып істейді және асты дәмді жасайды. Біз асханаға келгенде түскі ас уақыты да болып қалды. «Түскі асқа пигоди, лағман, котлет, қуы-рылған балық, қуырдақ, мәнті, тефтель, го-лубцы, тауықтың сан еті секілді түрлі тағам ұсынамыз. Бізде самса, чебурек, беляш,

картошка мен капуста салынған тоқаш, нанға оралған сосиска, тәтті тоқаш бар. Сусындардан айран, компот, шай мен кофе ұсынамыз. Адамдар жұмыстан келгенде дәмді ас ішсе дейміз», – дейді Бақытгүл Әшебекова. Асхананың барлық қызметкері өзінің жұмысына жауапкершілікпен және үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Бұған біз осынау қонақжай үйде түстенуге қалып көз жеткіздік.

BN-нен Жатақханада өткен жарты күн ішінде осын-да еңбек ететіндердің барлығының мей-ірімді және бауырмал екендігін байқадық. Олар өздерінің жұмысына өте құрметпен қарайды және әрбір тұрғын үшін шын жаны ашиды. Меңгерушіден бастап вахтер-лерге дейін барлығы осынау үлкен шаңы-рақта жайлылық туғызуға тырысады, әрбір ұсақ-түйекке уайымдайды және жұмысты жан-тәнімен беріле істейді. Жатақхана – олардың өз үйі, ал, тұрғындарды өздерінің отбасыларының мүшесі санайды. Жатақха-наның барлық қызметкеріне олардың күн-делікті ауыр еңбектері, құрылысшыларға жасап отырған қолайлы жағдай үшін, мей-рімділігі мен ықыласы үшін үлкен рахмет айтқымыз келеді.

Гульсум Алимжанова

Асхананы ұжымы

Ольга Прохорова

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

20

ӨМІРІН ӘУЕНМЕН ӘРЛЕГЕН Бекболат Сайлауұлы Омаров 2011-ші жылдан бері Астанада «БАЗИС» құрылыс компаниясында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі инженер (ҚТжЕҚ) болып еңбек етіп келеді. Қолы бос уақытында музыкамен айналысады. Музыкалық білімі болмаса да кез-келген шығарманы кез-келген музыкалық аспапта ойнап бере алады.

Жағымды әуен - жанға дауа – Бекболат Сайлауұлы, музыкамен қай

уақыттан бері айналысасыз? – Мен музыка тартуды өздігімнен үйрен-

генмін. Бала кезімнен-ақ барлық дерлік сазды аспапта ойнай беремін. Қызым Әсел менің жо-лымды қуды, бірақ, ол кәсіби музыкант бола-ды. Қазір музыкалық академияда білім алуда. Түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты. Фортепиано мен аккордеонда ойнайды. Өзі оқып жатқан музыкалық академияның ансам-блімен бірге өнер көрсетіп жүр.

– Қандай музыканы ұнатасыз? Музыка жазасыз ба?

– Негізінен мен классиканы жақын тұта-мын. Нұрғиса Тілендиев пен Секен Тұрысбек секілді ұлы сазгерлеріміздің шығармаларын орындаған өте ұнайды. Анағұрлым күрделі қазіргі заманғы шығармалар да бар. Өзім жазған туындылар да жоқ емес. Бірақ, мен ән салмаймын. Тек музыкалық аспаптарда ойнаймын. Қазақтың күйлерін ерекше жақсы көремін. Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлі кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбы-ра» демеп пе еді. Домбыра тартсаң жаның де-малады. Орыстың мандалин, балалайка, баян, гармошка секілді халық аспаптары мен форте-пианода да ойнаймын.

– Жұмысыңыздың жүйке жұқартар-лықтай ауыр екендігін білеміз. Себебі, күн сайын адам өміріне жауап беру екінің бірінің қолынан келе бермес. Музыка сіз үшін шар-шау басар дүние секілді.

– Дәл солай. Біз күн сайын қызметкерлері көп аса ірі нысандарда жұмыс істейміз. Егер бұрын құрылыс саласы мамандарын кәсіби

техникалық- училищелерде дайындаған бол-са, қазір ондай жоқ – көшпелі оқыту комби-наты болуыңа тура келеді – барлығына тек қауіпсіздік ережелері туралы ғана айтып қой-майсың, сонымен бірге, құрылысқа байланы-сты түрлі сұрақтарға жауап бересің. Астанаға жұмысқа Қазақстанның түрлі өңірінен және тіпті жақын шетелдерден де адамдар келеді. Біз оларға қауіпсіздік техникасы мен жұмыс өндірісінің негіздерін үйретеміз. Әрқайсысына барлық ережені үйретіп, оның айтқандарың-ның барлығын ұққандығына көзіңді жеткіз-генше қатты шаршайсың. Тіл мен жағыңның ауыратыны соншалықты үйге келген кезде тіпті сөйлегің де келмей қалады. Ондайда саз-ды аспапты аласың да әдемі әуенге берілесің.

Шабыт жексенбіде келеді– Шығармашылық шабыт қай кезде келеді? – Демалыс күндері. Апта бойы жұмыста-

мын – сенбі бізде қысқартылған жұмыс күні, жексенбі – демалыс. Сенбі күні кешке немесе жексенбіде бізді түрлі шараларға шақырады. Онда біз қызым екеуміз түрлі шығармалар-ды орындаймыз. Қызым аккордеонда (кейде фортепианода), ал мен домбырада ойнаймын. Осылайша дуэт болып өнер көрсетеміз. Егер музыкамен айналысатын болсаң, аптасына тым болмағанда бір рет аспапты тарту керек, өйтпеген жағдайда икемің кетіп қалады.

– Бекболат Сайлауұлы, сонда саз бен нота-ларды естігеніңіз бойынша ойнай бересіз бе?

– Ия, барлығын естігенім бойынша тар-тамын. Елдер мені құймақұлақ деп жатады. Жасымда Қарағандыдағы Тәттімбет атын-дағы музыкалық училищеге оқуға түскенмін. Алайда, оқуға қабылдана салысымен ойлана бастадым. Музыкалық біліммен мен ертең кім боламын? Қарапайым музыкант боламын ба? Отбасымды қалай асырамақпын? Кей-ін музыкалық училищеден құжаттарымды қайтарып алдым да бұдан гөрі салмақтырақ кәсіпті меңгерген жөн деп шештім. Теміртау-дағы № 24-ші КТУ автомобиль кранының ма-шинисті мамандығына оқуға түстім. КТУ-ды бітіргеннен кейін Қарағанды политехникалық институтына инженер-механик мамандығына оқуға қабылдандым. Айтпақшы, Тәттімбет атындағы музыкалық училищеде менің сазды қабылдау қабілетімді аса жоғары бағалады. Кез-келген әуенді тыңдай салысымен оны қай-тадан айнытпай орындап бере аламын. Қызым да - құймақұлақ.

Талантты отбасы – Бекболат Сайлауұлы, отбасыңыз туралы

айтыңызшы. – Үш қызым бар. Үлкені Әсел Астанадағы

музыкалық академияның екінші курсында оқиды. Ортаншым – Шейла биыл дайындық сыныбына барды, ал кенжеміз – Аида екі жа-рымда. Жұбайым – Дана денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде бас бух-галтер болып істейді. Қазір бала күтіміне бай-ланысты демалыста. Ортаншы және кіші қы-зымның да музыкаға бейімі бар – ортаншым би билейді және добмыра тартады, ал кіші қызым әнші болатын секілді – дауысы ашық.

– Кез-келген мерекеге әр беретін осындай өнеріңізді туыстарыңыз бен достарыңыз да жоғары бағалайтын шығар?

– Ағайын-туыстарым да өте өнерлі адамдар. Әулетімізде алты ағайындымыз (алты қыз және мен) және барлығы да музыка-лық аспаптарда ойнайды. Және өте шебер ой-найды. Үлкен әпкем гитарада кәсіби деңгейде орындайды, кіші қарындасым әнді жақсы ай-тады, өзгелері домбыра тартады. Олар вокал-мен кәсіби түрде айналысады. Мен олардың бригадирімін десем де болады. Бұрын Шах-тинскіде отбасылық көркемөнерпаздар үйір-мелерінде өнер көрсететінбіз, бірінші орынды иеленетінбіз, сыйлықтар алатынбыз. Қазір әрқайсысы әр қалада, жиі жиналып, өнер көр-сетуге мүмкіндік жоқ.

– Балаларыңыздың кім болғанын қалар едіңіз?

– Үлкен қызым музыкант болады, ортан-шым суретті жақсы салады және ағылшын тіліне қызығады. Менің ойымша ол тіл ма-маны болатын секілді. Ал кіші қызым опера әншісі болады. Алайда, олар қандай маман-дықты таңдамасын, ең бастысы - олардың жақсы адам - мейірімді, бауырмал, әдепті болғаны керек.

BN-нің анықтамасы Бекболат Сайлауұлы Омаровтың инже-

нер-механик және тау-кен инженері-эконо-мист секілді екі бірдей жоғары білімі бар (Қарағанды мемлекеттік техникалық универ-ситетін үздік бітірген). Спорт мектебінде оқы-ды. Биатлоннан спорт шебері. «БАЗИС» ҚК ЖШС Астанадағы филиалының қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері ол құрылыс-шылардың еңбегі мен өмірінің қауіпсіздігіне жауап береді. Оның жұмысы өте жауапты, қы-зықты, күрделі. Оларды қорғаушы-періштелер деп атайды, себебі, олар құрылысшының жұ-мысын аяқтағаннан кейін үйіне аман-сау ора-луына жауапты. Ал, осындай жауапкершілігі мол адамның шығармашылық және қызықты хоббиі болса бұл оны одан сайын қадірлі ете түседі.

ІРІ ПЛАНМЕН

21

СТУДЕНТТЕРМЕН ЖАСАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТСӘТТІ ӨТТІ

26-шы ақпанда Астана политехникалық колледжінің дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алып жатқан экспериментальді тобының студенттерібеделді мемлекеттік комиссия алдында өндіріс жағдайында орындалған нақты дипломдық жобаны сәтті қорғап шықты. Дипломдық жобаны қорғау базасы - «БАЗИС» компаниясының жатақханасы болды. Қорғауға Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының, Аймақтық және Ұлттық кәсіпкерлер палаталарының, колледж басшылығының өкілдері және компаниямыздың жобаға жетекшілік ететін қызметкерлері қатысты.

Барлығы жұмыспен қамтамасыз етіледі

«БАЗИС» - базасында студенттер нақты дипломдық жобаны табысты жүзеге асырып, диплом қорғаған Қа-зақстандағы тұңғыш құрылыс компани-ясы атанды.

«2013-ші жылы мемлекет басшысы Қазақстанда оқу орындарының жұмыс берушімен бірге жұмысшы мамандарын сапалы дайындауға мүмкіндік беретін дуальді оқыту жүйесін енгізу керектігін айтқан болатын. Білім және ғылым ми-нистрлігі республика бойынша жобаға енетін 25 оқу орнын белгіледі. Біздің колледжіміз Елбасының бастамасына алғашқылардың бірі болып үн қатты. Біз «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен үлкен меморандум бекіттік, «БАЗИС» Холдингтік компа-ниясы» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Якубович Беловичтіңбаста-

масымен осы жобаны жасадық», – дейді осынаубірегей жобаның тарихы жөнінде Астанадағы № 1 политехникалық кол-ледж директоры Виктор Ильич Старунов.

Колледж басшысының айтуынша, жобаның жүзеге асуы оңайға түскен жоқ, себебі, мұндай іс алғаш рет қолға алын-ды, бастапқыда колледж де, компания да, Білім және ғылым министрлігі де қай-бағытта жүру керектігін білмеді.

«Қандай топтарды алу қажеттігін, оқу жоспарын қалай өзгерту керектігін біл-медік, себебі, бұған білім берудің мем-лекеттік стандарты мүмкіндік бермейтін. Одан ауытқу қатаң шаралар қолдануға алып келуі мүкін еді», – дейді Старунов.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дуальді оқыту идеясының маңызын түсіндіріп берді, ол бойынша, студенттер 40% теория мен 60% тәжіри-бе арақатынасы негізінде білім алады. Бұған дейін бұл арақатынас 70% теория

мен небәрі 30% тәжірибе болатын. Біз теоретиктерді дайындап шығаратын-быз. Бұл экспериментальды жоспарды орындай алдық, біз Кәмилә Серікқызы Төлендиеваға («Базис» ҚК ЖШС ұй-ымдық даму және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі вице-президенті) оқу жоспарын жасауға тікелей атсалысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Екеуміз Білім және ғылым министрлігінде оқу жоспарларын бекіту жөніндегі сарапшы-лар кеңесінің мүшесі болдық. Бұл іске Оксана Ивановна Битнер, Надежда Ни-колаевна Гутовская, Сергей Федорович Гутовский атсалысты, ал, Александр Якубович Белович осының барлығына жетекшілік жасады. Студенттер білім алған оқу жоспарын біз жасадық, ал, оны үйлестіру және бекітумен жұмыс беруші айналысты. Сондықтан, ол әмбебап бо-лып шықты», – дейді Виктор Ильич.

«Ең бастысы – балалар бір жыл те-

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

22

ория бойынша оқытудан кейін тоғыз айлық тәжірибеге шыдай алды. Біз сту-денттер мұндай ауыртпалықты көтере алмай қалады ма деп қауіптендік. Егер сіздер бұрын тәжірибеге ары кеткен-де 4 ай мерзімге шыққан болсаңыздар, бұл жерде бірден 9 айлық тәжірибеге шықтыңыздар, қалай болар екен деп қат-ты уайымдадық», – деп студенттердің есіне салған Старунов сөзін ары қарай жалғады: «Сіздермен бірге етене жұ-мыс істеген және өндірістік тәжірибе-ден өтуге көмектескен «БАЗИС» компа-ниясының барлық қызметкеріне үлкен

ризашылығымды білдіргім келеді. На-дежда Николаевна Гутовская студент-терімізге тікелей жауапты болды, біздің түлегіміз – Эльси Исмаилов «Базисте» жұмыс істей жүріп әр студентке жетек-шілік жасады, сіздердің қалай жұмыс істеп жатқандарыңыз туралы құлақдар болып отырдым». Виктор Ильич Стару-нов ойын былай қорытты: «Нақты ди-пломдық жобалау мен дуальді оқытудың тиімділігі сол - балалар осы бастан ке-лешек жұмыстарының белгілі бір еңбек жағдайларымен байланысты болатын-дығын біледі, колледжді тәмамдағаннан

кейін өздерін жұмысқа алатынын білетін болады. Олар жұмысқа міндетті түр-де орналастырылады және арқайсысы қай мамандық бойынша еңбек ететінін біледі. Бұл - өте маңызды».

Мемлекеттік дәрежеде маңыз берілдіТехникалық кәсіптік білім беру жүй-

есіне дуальді оқытуды енгізудің қа-зақстандық үлгісін жасауға көптеген жауапты тұлғалар қатысты. Олардың бірқатары студенттердің дипломдық жұ-мысының қорғауына келді.

Олар: Аймақтық кәсіпкерлер пала-

Старунов Виктор Ильич

23

КАДРЛАР БАРЛЫҒЫН ШЕШЕДІ

тасының, Ұлттық кәсіпкерлер палата-сының, Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-әдістемелік ор-талығының өкілдері. Бұл - жас, білікті жұмысшы мамандарын дайындаудың маңыздылығын көрсетеді.

Техникалық кәсіптік оқыту мен ма-мандық алудың Республикалық ғылы-ми-әдістемелік орталығынан әріптестік және талдау департаментінің директоры Тимур Бимағанбетов пен бас менеджер Динара Пикирова қатысты. ҰКП-нан Динара Шәріпбаева мен адами капи-талды дамыту жөніндегі сарапшы Инна Егерь келді. Астананың аймақтық кәсіп-керлер палатасынан Астана қаласы ҰКП даму және адами капитал бөлімінің ба-стығы Жарас Байбосынов, сонымен қа-тар, «БАЗИС» компаниясының тәуелсіз сарапшылары: әрлеу жұмыстарының сапасын бақылау бөлімінің бастығы Алма Қадырова, «БАЗИС» ҚК филиа-лы кадрлар бөлімінің бастығы Оксана Битнер, «БАЗИС» ҚК қызметкерлерді оқытубөлімінің бастығы Валерия Юди-на мен студенттердің тікелей кураторы – Надежда Гутовская қатысты.

Жоба еліміздің 14 облысы мен 2 қала-сында іске асырылуда және қазірдің өзін-де нәтижесін беруде. «Мемлекет басшы-сының тапсырмасы бойынша 2013-ші жылдан бері жоба республикамыздың 16 өңірінде 23 мамандық бойынша 25 кол-леджде енгізілуде. Жоба қазірдің өзінде нәтижесін беріп жатыр. Биыл 300-ден астам адам дайындап шығардық. Олар-дың 89%-і жұмысқа орналастырылды. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Биыл осы жоба бойынша 600-ден аса студент оқу бітіреді. Астананың политехникалық колледжі барлық 25 колледждің арасын-дағы үлгілі экспериментальді алаң болып саналады. Бағдарламаның әлеуметтік

әріптесі – «БАЗИС» құрылыс компания-сы - Қазақстандағы үздік құрылыс ком-панияларының бірі. Колледж бен әріпте-стің үйлесімді жұмысын көріп отырмыз. Бұл - өте маңызды», – деп атап көрсетті өз сөзінде «РҒӘО» (Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен маман-дық беру республикалық ғылыми-әдісте-мелік орталығы) өкілі.

Сондай-ақ, Астана қаласының кәсіп-

керлер Палатасының студенттерді дуаль-ді оқыту жүйесіне қатысу аясында 17¬¬ колледжбен 1141 студентті оқыту жөнін-де келісім-шарт бекіткені айтылды. «Дуальді оқытудың пайдасы мол. Егер бұрын студенттер өндіріске жұмысқа дайын болмай келетін болса, қазір олар қайда баратынын, кіммен және қандай қондырғымен жұмыс істейтінін білетін болады. Жұмыс берушілер де жұмысқа

Гани Бейсембаев

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

24

өзін көрсеткен жас мамандарды алады. Бұл қаламыздың экономикалық дамуы-на жаңа серпін береді», – деді астаналық кәсіпкерлер Палатасының адами капи-талды дамыту бөлімінің бастығы Жарас Байбосынов.Шәкірттер тәлімгерлердің сенімін ақтады

Дипломдық жұмысының қорытын-дысында студенттер комиссия мүшелері-не жатақхана тұрғындарының студент-тердің жұмысы жайындағы пікірлері бар шағын фильмді көрсетті. Сұхбат бе-рушілердің барлығы бірауыздан студент-тердің атқарған жұмыстарына көңілдері толатынын айтып, «БАЗИС» компани-ясы жатақханасының бірінші қабатын түрлендіргені үшін студенттерге алығы-сын білдірді.

Студенттерді алғашқы күннен бастап қадағалауға алған компания қызметкер-лері де диплом қорғаушылардың жұмы-сына разылықтарын жеткізді. Мәселен, «БАЗИС» ҚК Астанадағы филиалының сапаны бақылау бөлімінің бастығы Алма Қадырова студенттерге еңбектері үшін алғыс айтып, мамандықтарына адалбо-луға шақырды: «Балалар, мына ғима-раттың ғұмырын тағы бірнеше жылға ұзартқандарыңыз үшін көп рахмет. Жа-тақхана тұрғындары құрылыста шаң мен кірдің, айқай-шудың ортасында жүреді. Әрине, үйге келгеннен кейін демалғы-сы келеді. Сіздер барлығын өте дұрыс жасадыңыздар. Осындай жобалар көп болсын. Әрине, бұл оңай жоба емес, бірақ, «Көз - қорқақ, қол - батыр» деме-уші ме еді. Жарайсыздар, жігіттер. Ма-мандықтан кетпеңіздер. Бұл - ең жақсы

мамандықтардың бірі», – деген тілегін білдірді сапа жөніндегі маман.

Кадрлар бөлімінің бастығы Окса-на Битнер де жігіттердің бүкіл қиын-дықтарды оңай еңсергендерін айтты: «Біз студенттердің жұмыс процесін әу бастан бақыладық. Қиындықтар көп болды, алайда, жігіттер жарады. Барлық ауыртпалықты қайыспай көтере білді. Бәріде әдемі болып шығуы үшін еденді де жуды, электр құралымен қашадыда. Әрине, бізолардың барлығын жұмысқа шақырамыз», – деді Битнер.

Студенттердің тәлімгері, «БАЗИС» компаниясының қызметкері Ғани Бей-сембаев мұндай нәтиже шығады деп күтпегенін айтады: «Менің өзім осын-дай жақсы нәтиже шығады деп ойлаған жоқпын. Бұл жігіттерді қазірден-ақ шебер және прораб ретінде жұмысқа ала беруге болады. Қайсыбір тұстарда жігіттерге қаталдық таныттым. Бірақ, кешіріңіздер, бұл - өмір, жұмыс. Рахмет сіздерге», – деп тәлімгер шәкірттеріне алғысын білдірді.

Биіктерді табандылар мен талаптылар бағындырады

Студенттердің жұмысын қорытын-дылап, бағаларын қойған сарапшылар әділдік танытты. Қорытынды тұжы-рымдамада мақтаумен бірге сын да ай-тылды. Студенттер өндірістік тәжірибе кезінде «ағаш ұстасы», «тас қалаушы», «сылақшы-сырлаушы», «қасбетші» ма-мандықтары бойынша дәрежелерге ие болды. Барлығы да «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» деген баға-лар алды. Бағалар жарияланғаннан кейін кейбір студент қыздар көзжастарына да ерік берді.

Өндірістік тәжірибеден өткен жігіт-тердің барлығы 3-ші біліктілік разрядын алды. Студенттердің бірі – Лидия Бутен-ко тәжірибе кезінде «сылақшы-сырла-ушы» мамандығы бойынша 4-ші білік-тілік разрядын дәлелдеді.

«Біріншіден, бригадама рахмет – со-лардың арқасында жоғары разрядқа ие болдым. Ынтам мен ұмтылысым күшті болды. Алдыма мақсат қойып, соны іске асыруға тырыстым. Жігіттер туған бауырларымдай болып кетті, жақсы жұ-мыс істедік, сегіз айлық тәжірибеміз аяқталған кезде бригададан кеткім кел-меді. Тәжірибеден кейін жұмыс істеуге қалдым. Нәтижесі, міне – 4-ші разряд алдым. Жоспарларым - үлкен. «БАЗИС» компаниясында қалып, жұмысты жалға-стырғым келеді. Жоғары қызметтер істеп, мансап жасасам деймін. Бізден кейін тәжірибеден өтуге келетін барлық студентке өмірде алға мақсат қоя білуді және төзімді болуды тілер едім. Бұл - ең бастысы. Егер шын тілесең барлық нәр-сеге қол жеткізуге болады», – дейді Ли-дия Бутенко.

«Қатты толқып тұрмыз. Балалар жа-рады. Олар өздерінің жұмыстарын жақ-сы орындап шықты. Салыстырып айта

Лидия Бутенко

25

КАДРЛАР БАРЛЫҒЫН ШЕШЕДІ

аламын, бұл диплом жұмысы сапалы жасалды, студенттердің шеберлігі жыл-дан-жылға шыңдалып келеді. Балалар өте жақсы жұмыс істеді. Оларды мақтан тұтамын! Елімізде дуальді оқыту жоба-сын алғаш болып біз жүзеге асырдық. Мен бұған өте қуанулымын және ары қарай дадами береміз деп үміттенемін», – дейді Надежда Николаевна Гутовская. Өндірістің қыр-сыры

«Астананың политехникалық кол-леджінің дипломдық жобалауды тәжіри-беге енгізгеніне көп уақыт болды. Бұрын студенттер нақты дипломдық жобаларды өздерінде, колледж базасында орындай-тын – колледждежөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жасайтын. Бала-лар дипломдық жобалауды кәсіпорын базасында атқаратын мынадай диплом-дық жоба Қазақстан бойынша алғаш рет қолға алынып отыр. Колледжде құрылыс мамандықтарынан өзге дизайнерлер топтары бар. Олар үшін де бұл жоба ди-пломдық болып есептеледі. Олар эскиз-дер әзірледі, бізге сызбалар ұсынды, барлығы неден жасалатындығы туралы ақпараттар берді. Жоба әріптестеріміз – «БАЗИС» компаниясының қызмет-керлерімен бірге жасалды – оған смета және жобалау бөлімінің қызметкерлері атсалысты – біз студенттердің жобасын өзімізге ыңғайладық. Мұндай бірлескен жұмыс барлығына да тиімді: колледжге де, студенттерге де және біздің компания-мызға да. Сонымен қатар, студенттермен бірге олардың жұмысына жетекшілік ететін өндірістік бірлестіктің шеберлері де жұмыс істейді. Дипломдық жобаны 23 студент – 7 қыз, 16 ұл әзірледі. Балалар жұмысқа 5-ші қаңтарда кірісті, ал, 26-шы ақпанда қорғады», – дейді «БАЗИС» құрылыс компаниясының нақты диплом-дық жобалау жетекшісі Эльси Исмаилов.

Исмаиловтың айтуынша, студенттер жауапкершілігі бойынша үш звеноға бөлінді. Олар прорабтардың, тәлімгер-лер мен «БАЗИС» компаниясы маман-дарының жіті назарында болды. Ағаш ұсталары, сылақшы-сырлаушылар, пли-та төсеушілер студенттерге көмектесіп, тәжірибелерін бөлісті.

Осының барлығына қоса, студент-тердің өздерінің дипломдық жобасы ая-сындағы барлық жұмысына ақы төленді. «Студенттер компания қызметкерлері ретінде рәсімделіп, жеке бригада құрыл-ды, атқарылған жұмыс көлеміне қарай жалақы алып отырды. Студенттердің бірі бригадир болып тағайындалды. Балалар осылайша әлеуметтік ортада өмір сүру тәжірибесіне ие болды», – дейді Эльси Исмаилов. Ол біздің компаниямыз бұл тәжірибені жаңа топтармен де жалғасты-рады деп үміттенетінін жеткізді. Олар да нақты дипломдық жобалауды жүзеге асыра алар еді – шүкір, оған қажетті ғи-мараттар жетерлік.

Диплом жұмысы тек компаниямыз-дың мамандарының студенттермен үй-лесімді жұмыс істеуінің арқасында ғана табысты аяқталған жоқ, сонымен қатар, тәлімгерлердің студенттерге қалай жұ-мыс істеу керектігін көрсетуі де нәтиже-ге қол жеткізді.

«Менің тікелей міндетім – студент-терді дұрыс жолға салу, бағыт беру, бел-гіленген жұмыс жоспарын орындауға көмектесу. Менің міндетім – жұмысты барлығы жоба бойынша сапалы және уақтылы орындалатындай етіп ұйымда-стыру. Барлығы жұмысқа бар күшін салды», – дейді прораб-тәлімгер Ғани Бейсембаев. Оның айтуынша, көпте-

ген студенттер жақсы жұмыс жасады. «Лидия Бутенко 3 га-да тәжірибеден өту кезінде көзге түсті, студент Жігер келешекте керемет шебер болады, До-схан қазірдің өзінде дайын маман. Ди-плом алған кезде оларды еш қорықпай бригадаға алуға кеңес беруге болады, жақсы мінездеме жазуға болады, себебі, олар барлық әрлеу жұмыстарын біледі, өндірісте қалай жұмыс істеу керектігін біледі», – дейді Ғани Бейсенбаев.

Студенттердің өздері нақты өндірісте жұмыс істеген ұнағанын айтады. «Біз-ге мұнда өте қызық. Біз үшін бұл жаңа ғимарат, жаңа жоба, жаңа адамдар. Біз бүкіл топ нағыз бригада болып бірге жұ-мыс істейміз. Бұлбізді одан сайын бірік-тірді, достығымыз арта түсті. Жұмысы-мыздың нәтижесін көрген бізге қызық. Бүкіл түрленудің барлығының біздің қолымызбен жасалғанын ұғынудың өзі көңілімізді марқайтады. Бұлбізге мақта-ныш сезімін сыйлайды», – дейді диплом қорғаушы Эльмира Рахымжанова.

Балалар «БАЗИС» компаниясында қы-ркүйекке дейін жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Біреулері ары қарай оқып, жоғарғы оқу орнына түсуді жоспарлауда, енді бірі «БАЗИС» құрылыс компаниясының ны-сандарында мамандығы бойынша жұ-мыс істеуге нық бекініп қойған. Себебі, тәжірибе кезінде алынған шеберлік пен машықтар жұмысты сапалы атқаруға, үл-кен жұмыс көлемін меңгеруге, соған сай жақсы қаражат табуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, тәлімгерлердің - «БАЗИС» компаниясының тәжірибелі қызметкер-лерінің кез-келген уақытта көмекке келіп, дұрыс жолды көрсете алатындығы тура-лы сенім де жігіттерге күш береді.

Эльси Исмаилов

Надежда Гутовская

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

26

Диплом жұмысын нақты жобасы

27

КАДРЛАР БАРЛЫҒЫН ШЕШЕДІ

2015-ШІ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БРИГАДАЛАРЫ!!!

Төбесін орнату ҚМУ, АлматыБригадир: Жетібаев Н.

Инженерлік жүйелер және абаттандыру ҚМУ, АлматыБригадир: Әлімбет О.

ҚМУ тасқалаушылар, Алматы Бригадир: Изенов Б.

Арнайы ҚМУ – желдету монтажшылар, Алматы Бригадир: Абдибеков М.

BN««БАЗИС» компаниясының үздік бригадалары» байқауының аяқталғанын қуана хабарлайды.2015-ші жылы ай сайын үздік бригадалардың фотосурет-терін жариялап отырдық. Үздік бригада құрметті атағы бірнеше өлшем бойын-ша тағайындалды: 1. Еңбек өнімділігі. 2. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы. 3. Атқарылған жұмыстың сапасы. 4. Қызметкерлердің тұрақты жұмыс істеуі.

Осы аталған факторларды бағалау нәтижесінде әр ҚМБ ұсынған үміткер-лердің арасынан 2015-ші жылдың қоры-тындысы бойынша 11 бригада барынша көп жағымды пікірге ие болды.

Құрметті достар! Байқау жеңім-паздары! BNсіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтайды.Сіздер жыл бойы өздеріңіздің жоғары білік-ті екендіктеріңізді, жұмысқа жауап-кершілікпен қарайтындықтарыңызды дәлелдедіңіздер.

Сондай-ақ, BN байқауға қатысқан барлық бригадаларды да құттықтай-ды, себебі, бұл сайыста жеңімпаздар ғана бар, жеңіліс тапқандар жоқ, се-бебі, әр бригаданыңсуреттерініңга-зетіміздің беттерінде жариялануы-ның өзі жеңіс.

Биыл да бұл байқауымызды жалға-стырамыз жәнежаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

28

2- ҚМУ, ағаш ұсташылар бригадасыБригадир: Мыктыбеков А.

3- ҚМУ желдету монтажшылар, Астана Бригадир: Мигель В.

2- ҚМУ, облицовщиктер, АстанаБригадир: Кожагельдинов Е.

5- ҚМУ, тасқалаушылар, АстанаБригадир: Кеншимов Г.

7- ҚМУ – сылақшы-бояушылар, АстанаБригадир: Хопобаева П.Х.

3- ҚМУ – сантехниктер бригадасы, АстанаБригадир: Башков Г.

5 ҚМУ-тасқалаушилар, АстанаБригадир: Бейсбеков Т.

29

ӨНДІРІС ОЗАТТАРЫ

«БАЗИС» – СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕНДЕР ОДАҒЫ27-ші ақпанда Астанадағы «Жерұйық» саябағында «БАЗИС» компаниясы қызметкерлерінің жыл сайынғы «қысқы» спартакиадасы өтті. Жарысқа № 2-ші ҚМБ, № 3-ші ҚМБ, № 7-ші ҚМБ, № 10-шы ҚМБ, «БАЗИС – Астана», «Фасад ЕХРО» және басқа да құрылымдардың ұжымдары қатысты. Жігіттер мен қыздар денсаулықтарының мықты екендігін, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыстарының ерен екендігін тағы да байқатты.

«Ұрыс алдындағы» бой қыздыру ретінде үздік фотосурет байқауы өтті.

Аниматорлар мен жүргізушілер көпшілік-ке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Спартакиаданы ашқан кәсіби спортшы, сапаны бақылау департаментінің директоры Мақсұт Кәрімұлы Сармантаев алғаш болып сөз алды:

– Құрметті қатысушылар, қымбатты «БА-ЗИС» компаниясының қызметкерлері, сіз-дерді қысқы спартакиаданың басталуымен құттықтаймын! Барлық командаға тілейтінім - жеңіс! Барлықтарыңызға мықты денсаулық пен табандылық тілеймін! Қашанда және кез-келген нәрседе жеңімпаздар қатарынан табылыңыздар!

Астанадағы «БАЗИС» құрылыс компани-ясы директорлар кеңесінің төрағасы Сейітжа-пар МұхамедәлиұлыӘлімжановқұрылысшы-ларды құттықтады:

– Құрметті әріптестер! «БАЗИС» компани-ясы қызметкерлерінің қысқы спартакиадасын күн райы осындай болса да өткізуді ұйғардық! Сіздерді құттықтай отырып спартакиаданы ашық деп жариялаймын! Спорт сайыстарында табыстар тілеймін!

Спартакиаданың ресми ашылуы өзгеше өтті – «Барыс» турнирінде бірінші орынды, Екібастұзда екінші орынды, Курьяновты еске алу турнирінде үшінші орынды алғаны үшін медальдармен марапатталған «Барыс» хоккей клубының қорғаушысы 7 жасар Кирилл Крут-скихСейітжапарӘлімжановпен бірге қолдан жасалған қақпаға хоккей таяғымен допты та-стау рәсімін жасады. Қақпашы роліне енген аниматоршайбаның қақпаға енуіне бар күшін салып бақты, ал, құрылысшылар Сейітжапар Мұхамедәлиұлы мен Кириллгеқызу қол шапа-лақтап алғыстарын білдірді.

Қатысушыларды конькимен жүгіру, шаңғы жарыстары күтіп тұрды. Жарыс дәстүрлі түрде де – ерлер жеке, әйелдер жеке, аралас түрде де өтті. Кейінгісінің міндетті шарты -командада қыздардың болуы еді.

Спартакиада қысқы мүсіндерсіз өткен жоқ.

Жарыстың бұрмалаусыз өтуін шаңғы жа-рыстары федерациясының тұңғыш президенті Никита Сергеевич Девяткин; ҚР шаңғы жары-стары ұлттық құрамасының жаттықтырушы-сы Андрей Александрович Зайцев; шаңғы жарыстары бойынша бірінші дәрежелі төреші Валерий Борисович Керзо; Сергей Анатолье-вич Климов, Владимир Николаевич Куденов, Светлана Юрьевна Лобода секілдікәсіби және әділ қазылар қадағалады.

Негізгі спорттық сайыстармен қатар ани-маторлар қойған сауықтық флеш-мобтар да ұйымдастырылды.

Спорттық бәсеке жанкүйерсіз болған ба? Жанкүйерлер Галина Прокопенко, Айжан Ауадинина, Екатерина Нартова өздерінің ЖТБ техникалық бөлімінің қызметкерлерін қолдап, оларға спорттың барлық түрі бой-ынша табыс пен жеңіс тіледі.

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

30

№ 10-ші ҚМБ монолит құюшылар коман-дасы қатты дайындалыпты – олар өздерімен бірге күрек, шелек секілді керек-жарағын ала келіпті. Айналасы бір сағаттың ішінде қардан «Астанасалтанаты» ТК дәл көшірмесін жасап шықты. Нағыз кәсіби мамандар ретінде фо-тосессияға алаңдамай, жұмысты мерзімінде аяқтау үшін уақытқа қарап отырды.

Коньки тебушілер арасында жарыс қызды: жанкүйерлер «Қайрат, алға!» деп жарыса ай-қайлап жатты.

Шаңғы жолына ә дегеннен өзгелерден оқ бойы озып кеткен кәсіби спортшылармен қа-тар шаңғыны аяғына өмірінде алғаш рет бай-лағандар да шықты. Олар жұрттың күлкісін шақыра бір жығылып, бір сүрініп, жарысын ары арай жалғастырып жатты.

Қызметкерлердің біразы коньки тепсе, екіншілері шаңғы тебуді меңгеруге тырысып жатты, ал, үшіншілері мүсін жасады, жанкүй-ерлер сахнаға шығып секірмекпен секіріп, арқан тартысты.

Ең батыл дегендері жіптің үстінен үшеу-леп секірді. Қатысушылар да, жанкүйерлер де мәз-мейрам болды.

Физикалық белсенділіктің ең қызу түрі мынау болған секілді – арулар сыртқы киім-дерін шеше бастады, енді бірі аяқ киімін де шешіп тастады.

Әбден секіріп болған соң спартакиадаға қа-тысушылар ламбадаға көшті. Қатысушылар-дың міндеті – тіркемелерді барынша көбейту.

Би батлы басталды. Жігіттер сахнада ба-рын салды.

БерікбайОзаумен оның достары № 2-ші ҚМБ-да хореография академиясында брига-дир Жомарт Бейсембековтің басшылығымен ағаш ұстасы болып еңбек етеді: «Спартакиада керемет өтті! Өте қуаныштымыз! Уақытты та-маша өткіздік. Сырғанадық, арқан тартыстық, секірмекпен секірдік. Бұл деген керемет! Батл өте ұнады».

№ 7-ші ҚМБ «Бәйтерек» командасы (ағаш ұсталары) «Хан Шатыр» мүсінін саймансыз жасады.Тіпті, көпірді де салып, оның үстімен автомобильдерді де «жүргізіп қойды».

№ 3-ші ҚМБ командасы (электрмонтажда-ушылар) Олимпиада қонжығын мүсіндеді. Ол көздері әдемі әрі кірпіктері ұзын болып шықты. Көпшілікті «Бұл аналығы ма, әлде, аталығы ма?» деген сауал мазалады.

Жарларына жанкүйер болуға келген мате-риалдық-техникалық қамтамасыз ету департа-менті (МТҚД) қызметкерлерінің жұбайлары уақытты бос өткізбей ақшақарды балалармен бірге жасады.

«БАЗИС» құрылыс компаниясының тағы бір қатысушылар тобы 2017-ші жылғы Уни-версиадаға мұз сарайын салуды ұйғарды.

БІЗДІҢ АДАМДАР

31

Электриктер – «Олимпиада аюы» мүсінінің авторлары: «Керемет шара! Ұзақ уақытқа дей-ін жететін керемет позитив алдық! Біз, элек-триктер, үнемі кернеумен жұмыс істейміз және мұндай сәттер біз үшін ұмытылмайды. Мәңгі есте қалады! Осындай шаралар жиірек өткізіліп тұрса жақсы болар еді. Керемет әсер алдық».

Спартакиада мәресіне жетті. Шараның ұй-ымдастырушысы Валерия Юдина алдын ала нәтижелерді хабарлады, ал, медальдарды «БА-ЗИС» ҚК филиалы кадрлар бөлімінің бастығы Оксана Ивановна Битнер мен жарыстың бас төрешісі,шаңғы федерациясының бірінші ви-це-президенті Никита Девяткин тапсырды.

Қысқы мүсін жасау, арқан тарту, секірмек пен батл да жалпы нәтижеге енгізілді.

Медальдар мен кубоктардан өзге спорттық жарыстардың жеңімпаздары қосымша төле-нетін демалыс күндеріне де ие болды: бірінші орын үшін – үш күн, екінші орын үшін – екі күн және үшінші орын үшін – бір күн.

Барлық сайыстардың балын есептеудің қорытындысы бойынша бірінші орын СМУ-3 екінші орын СМУ-10+СОБ және үшінші орын «Базис- Астана» бұйырды. Құттықтаймыз!

Спартакиадаға қатысушылар: «Еліміздің үздік командасы – Астанадағы «БАЗИС»!».

Автордан: Күннің күрт жылынып, еріген қардың

жылға болып ағуы «БАЗИС» компаниясы қызметкерлерінің астананың бас саябағында өткен жарыстарға қатысуға деген ынтасына кедергі бола алған жоқ. Қатысушылар мен жанкүйерлердің езуінен күлкі кетпеді, күні бойы көтеріңкі көңіл-күйде жүрді.

BN газетініңредакциясы кадрлар бөлімінің қызметкерлеріне және шараны ұйымдасты-рушы Валерия Юдинаға шын жүректен алғы-сын білдіреді.

BAZIS NEWS корпоративтік газетіМеншік иесі: «Базис» құрылыс компаниясы» ЖШСЖоба жетекшісі: Элла ПоповаБас редактор: Юлия Тошматова«BAZIS NEWS» газеттің қазақ тіліндегі нұсқасының редакторлары:Камила Толендиева, Зеин АлипбековРедакторлар: Любовь Ульбашева, Әдеби редактор: Елена КимДизайн және беттеу: Надежда Мубаракшина

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінен Баспа басылымды есепке қою туралы №15072-Г куәлігі 23.01.2015 жылы берілген Газет Астана және Алматы қалаларында таратыладыГазеттің шығу мерзімділігі: айына 1 ретТираж: 3 000 данаОфсеттік баспа«Print House Gerona» ЖШС баспаханасында басылып шығарылған, мекен жайы: 050040, Алматы, Сәтпаев көшесі, 30а/3,124 кеңсе, тел.:+7 (272) 398 94 59Редакция мекенжайы: Алматы, Әл-Фараби даңғ., 5/1, «Нұрлы Тау» жартылай функциялы орталығы, 3 «А» ғимараты

Мекен-жай: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5/1, 3А ғимаратыРедакцияның телефоны: 8 (727) 2 777 645

e-mail: [email protected]Тарату аумағы:

ЖШС «Базис» құрылыс компаниясының Қазақстан бойынша филиалдарыwww.bazis.kz

Газетте жарияланған материалдарды редакцияның жазбаша руқсат хатынсыз қайта басуға (жариялауға) тыйым салынады.

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016