60
1 Пайдаланушының басшылығы Клиент 1.0 нұсқасы БТА-ONLINE ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ ЖҮЙЕСІ

Пайдаланушының басшылығы Клиентbta.kz/files/ruk-kl_new_kaz.pdf · 2013-03-27 · керек. Пароль жоғары жəне төменгі тізілімде

  • Upload
    others

  • View
    67

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

1

Пайдаланушының басшылығы

Клиент

1.0 нұсқасы

БТА-ONLINE ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ ЖҮЙЕСІ

2

Мазмұны:

1. Жүйеге кіру ……………………………………………………………………. 3-бет.

2. Жүйеден шығу…………………………………………………………………. 3-бет.

3. Парольді ауыстыру…………………………………………………………… 4-бет.

4. Жүйеде құжаттар құру 4.1. Еркін пішінде құжаттар құру .………………………..................................... 10-бет.

4.2. Сатып алу/сату/айырбастау бойынша құжаттар құру…………………... 13-бет.

4.3. Шетел валютасында аударым жасау бойынша құжаттар құру………… 20-бет.

4.4. Көшіру əдісімен құжаттар құру…………………........................................... 22-бет.

4.5.

Қалып бойынша құжаттар құру……………………………………………. 24-бет.

5. Зейнетақы/əлеуметтік/жалақы тізілімдерін құру………………………… 26-бет.

6. Жүйедегі құжаттарды авторлау…………………………………………….. 30-бет.

7. Құжаттарды импорттау……………………………………………………… 33-бет.

8. Есепшоттар бойынша қозғалыстарды қарау/банк мөртабанымен үзінді алу………………………………………………………………………...

37-бет.

9. Өнімдер. Кредиттер…………………………………………………………… 39-бет.

10. Өнімдер. Депозиттер………………………………………………………….. 41-бет.

11. Жүйеде қалып құру…………………………………………............................

43-бет.

12. Жүйеде қалыптарды авторлау жəне қалыптарды қарау………………..

46-бет.

13. Анықтамалықтар……………………………………………………………...

47-бет.

14. Пошта……………………………………………………………………............ 50-бет.

15. Сертификаттарды қайта шығару…………………………………………... 54-бет.

16. Дербес саясаттар. Құжаттар құру…………………………………………… 55-бет.

17. Бізбен қалай байланысуға болады? ……………………………………….. 60-бет.

3

1. Жүйеге кіру *** «БТА-Online» жүйесімен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін «БТА-Online» қолдану барысында электронды құжаттармен алмасу ережелеріне» сəйкес «Жұмыс орнын баптау» пайдалану басшылығы» негізінде пайдаланушының жұмыс орнын алдын-ала баптау бойынша іс-əрекеттерді орындау қажет (барлық құжаттар Банктің http://bta.kz/ru/corp/btaonline/ сайтында берілген). Internet Explorer браузерін іске қосыңыз жəне мекенжай жолында көрсетілген мекенжайлардың бірін теріңіз: https://online.bta.kz/portal/ru - БТА-Online орыс тіліндегі нұсқасы https://online.bta.kz/portal/en - БТА-Online ағылшын тіліндегі нұсқасы e-token (kaztoken) дербес кілтін қойыңыз, парольді енгізіңіз жəне басты нысандағы «Кіру» басқышын басыңыз.

БТА-Online жүйесінің басты нысаны шығады.

2. Жүйеден шығу Жүйеден дұрыс шығу үшін экранның сол жағындағы жоғарыдағы «Шығу» басқышын басыңыз.

Маңызды! «Шығу» сілтемесі арқылы шығу пайдаланушының сервермен сессиясын дұрыс аяқтайды. Егер шығу терезенің бұрышындағы таяқша арқылы жүргізілген жағдайда (браузер терезесін жабу), сессия кідіріп қалады жəне

4

автоматты түрде 20 минуттан соң аяқталады. Демек егер Сіз жүйеден дұрыс шықпасаңыз, 20 минут күте тұрыңыз жəне қайтадан жүйеге кіріп көріңіз. Жүйеден дұрыс шығу Жүйеден дұрыс щықпау

3. Парольді ауыстыру Жүйедегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйеге бірінші рет кіргеннен соң парольді ауыстыру керек. Назар аударыңыз! Қолжетімділік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында парольді айына бір рет ауыстыруға кеңес береміз. Парольдің ұзындығы кемінде сегіз таңбадан тұруы керек. Пароль жоғары жəне төменгі тізілімде сандар мен арнайы таңбалардан тұруы қажет. Парольдің мысалы: 15*RoW%@ Парольді ауыстыру үшін тіркеу бетінде «Парольді өзгерту» сілтемесін басыңыз.

Парольді өзгерту терезесіндегі «Қолданыстағы пароль» өрісіндегі ағымдағы парольді енгізіңіз, сонымен қатар «Жаңа пароль» жəне «Жаңа парольді растау» өрістерін толтырыңыз жəне «ОК» басыңыз.

5

Егер сіз алдыңғы парольді Тумар Конфигураторында сақтаған болсаңыз, парольді ауыстыру кезінде Тумар Конфигуратор профайлында да парольді ауыстыру керек. «Іске қосу-Бағдарламалар-GammaTech- Tumar CSP» кіріңіз.

БТА Online жүйесіне кіру үшін пайдаланушыларға eTokenPRO (Java) жəне KazToken кілттерінің екі түрі беріледі.

6

Егер жүйеге кіру үшін сізге eTokenPRO (Java) кілті берілсе

Сіздің JavaToken кілтіңіздің атауына сəйкес келетін профайлды таңдаңыз. Профайлды басыңыз жəне «Профайлды өзгерту» əрекетін таңдаңыз.

Профайлды редациялау терезесі ашылады. «Пароль» өрісінде жаңа парольді белгілеңіз, оны «Растау» өрісінде қайталаңыз. «Сақтау» басқышын басыңыз.

7

Кілттерді алу процесі басталады. Оның аяқталуын күтіңіз.

Пароль дұрыс енгізілсе, кілттердің тізімдерінде сертификаттар тізбегімен 2 кілт табылады. Пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда, кілттердің тізімі бос болады.

8

Жүйеге кіру үшін сізге KazToken кілті берілсе

Сіздің KazToken кілтіңіздің атауына сəйкес келетін профайлды таңдаңыз. Профайлдың үстінен басыңыз жəне «Профайлды өзгерту» əрекетін таңдаңыз.

Профайлды редакциялау терезесі ашылады. «Пароль» өрісінде жаңа пароль белгілеңіз, оны «Растау» өрісінде қайталаңыз. «Сақтау» басқышын басыңыз.

9

Кілттерді алу процесі басталады. Оның аяқталуын күтіңіз.

Пароль дұрыс енгізілсе, кілттердің тізімдерінде сертификаттар тізбегімен 2 кілт табылады. Пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда, кілттердің тізімі бос болады.

10

4. Жүйеде құжаттар құру БТА-Online жүйесінде құжаттарды төмендегідей құруға болады:

• еркін пішінде • бұрын құрылғандарды көшіру арқылы • қалып бойынша

4.1 Еркін пішінде құжаттар құру Құжат құру үшін «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.

«Төлемдер» нысанының үстіне басыңыз. Бұдан əрі «Құру» басқышын басыңыз.

11

Төлемді құру үшін нысан ашылады. Қалыпсыз еркін пішінде төлем құру кезінде «Қалыптың коды» өрісі толтырылмайды. Құрғыңыз келген құжаттың типін таңдаңыз (біздің жағдайда «Жалақыны есепке алуды» таңдаймыз).

Бұдан əрі төлем тапсырмасының өрістерін толтыру керек: төлемнің нөмірі, төлем жасаушының шоты (мəзірден сіздің шотты таңдаңыз). Бенефициар анықтамалыққа енгізілген жағдайда, мысалы, ЖСН/БСН енгізіңіз жəне «Лупа» дегенді басыңыз . Бенефициар автоматтты түрде анықтамалықтан алынады. Бенефициар анықтамалыққа енгізілмеген жағдайда, бенефициардың деректемелерін толтырыңыз жəне аталған бенефициарды сақтау қажет болған жағдайда, «Сақтау»

өрісіне белгі қою арқылы сақтауды белгілеңіз . Бұдан əрі төлемнің тағайындалуын, ТМБК, БЖК (салық аударымдары үшін) көрсетіңіз.

12

Келесі құжатты құру жоспарланған жағдайда, тізілімі жоқ төлемдер үшін «Сақтау» немесе «Сақтау жəне жалғастыру» дегенді басыңыз.

Тізілімі бар төлемдер үшін «Жарналар» дегенді басыңыз , олар «Сома» өрісінің жанында болады. Тізім құруға арналған нысан ашылады.

Тізімде қызметкерді құру үшін «Жаңа» дегенді басыңыз. Назар аударыңыз! Төлем нысаны арқылы құрылған тізімдер дербес болып табылады жəне тізілімдегі қызметкерлер (салымшылар) бойынша ақпаратты қайталамайды. Өрістерді толтырыңыз жəне «Сақтау» дегенді басыңыз. Құжатқа қайту үшін «Кері қарай» дегенді басыңыз.

Құжатты жүйеде сақтау үшін «Сақтау» басқышын басыңыз немесе егер келесі құжатты құруды жоспарлап отырсаңыз, «Сақтау жəне жалғастыру» басқышын басыңыз.

Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұл жағдайда құжат сомасының сілтемесін басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесі арқылы құжатты қарауға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы

13

құжатты жоюға немесе авторлау журналын қарауға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарастыруға мүмкіндік береді.

Құжатты авторлауға жібергеннен кейін, ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

4.2. Мысал үшін шетел валютасын сатып алу, сату, айырбастау бойынша құжаттар құруды қарастырайық. Құжаттар-Төлемдер дегенге кіріңіз, Құру басқышын басыңыз. Толтыру үшін нысан ашылады. Транзакцияның типін көрсетіңіз – валюта сатып алу, валюта сату, валюталарды айырбастау.

Назар аударыңыз! БТА Online жүйесіндегі бағам салыстыру үшін көрсетілген жəне Банкте орындалуы үшін міндетті болып табылмайды. Жүйеде осындай төлемдерді құрудың екі типі бар – Жедел (күнбе-күн) жəне Алдын-ала (келесі күні).

14

Жедел

Валюта сатып алу Валюта сатып алу кезінде шығарып алу шоты таңдалады – теңгелік, есепке алу шоты – шетел валютасында.

Жүйедегі бағам жасырын белгіленген жəне пайдаланушының тарапынан өзгертуге жатпайды. Бұдан əрі Сома бағанында сатып алу қажет валютадағы соманы көрсету қажет. Аталған соманың есепке алу сомасы екендігін көрсету керек. Бұл жағдайда бағам бойынша есеп жүргізіледі жəне есепке алу сомасы мен есептен шығару сомасы бағандарында бағамға сəйкес есептелген сомалар жазылады.

Төлемнің тағайындалуын, ТМБК көрсету керек. «Сақтау» басқышын басыңыз. Валютаны сату Валютаны сату кезінде пайдаланушы есептен шығару шотын таңдайды – шетел валютасында, есепке алу шоты – теңге бойынша.

15

Жүйедегі бағам жасырын белгіленген жəне пайдаланушының тарапынан өзгертілмейді. Бұдан əрі Сома бағанында сату қажет валютадағы соманы көрсету қажет. Аталған соманың есептен шығару сомасы екендігін көрсету керек. Бұл жағдайда бағам бойынша есеп жүргізіледі жəне есепке алу сомасы мен есептен шығару сомасы бағандарында бағамға сəйкес есептелген сомалар жазылады.

Төлемнің тағайындалуын, ТМБК көрсету керек. «Сақтау» басқышын басыңыз. Валютаны айырбастау Валюта айырбастау кезінде пайдаланушы есептен шығару жəне есепке алу шоты-валюталық шоттарын таңдайды.

16

Жүйедегі бағам жасырын белгіленген жəне пайдаланушының тарапынан өзгертілмейді. Бұдан əрі Сома бағанында сату қажет валютадағы соманы көрсету қажет. Аталған соманың есептен шығару сомасы екендігін көрсету керек. Бұл жағдайда бағам бойынша есеп жүргізіледі жəне есепке алу сомасы мен есептен шығару сомасы бағандарында бағамға сəйкес есептелген сомалар жазылады.

Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек. «Сақтау» басқышын басыңыз.

17

Алдын-ала сатып алу Валюта сатып алу Валюта сатып алу барысында пайдаланушы есептен шығару шотын таңдайды – теңгелік, есепке алу шоты – шетел валютасында.

Сома бағанында теңге бойынша есептен шығарылуы тиіс соманы көрсету керек. Бұл жағдайда аталған сома автоматты түрде есептен шығару сомасының бағанына жазылады. Шетел валютасын сатып алу көлемінің сомасы төлемнің мақсатында жазылады. Бұл жағдайда төлемдегі валюталау күні болып ағымдағы операциялық күн көрсетілуі керек, себебі қаражаттарды сақтық қорда сақтау Банкке өтінім түскен уақытта жүргізіледі. Алдын-ала сатып алу бойынша сомалар клиенттің шотына келесі жұмыс күні есепке алынады.

Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек. «Сақтау» басқышын басыңыз. Валютаны айырбастау Валюта сатып алу кезінде пайдаланушы есептен шығару шотын таңдайды – валюталық шот, есепке алу шоты – теңге бойынша.

18

Сома бағанында теңге бойынша есептен шығарылуы тиіс соманы көрсету керек. Бұл жағдайда аталған сома автоматты түрде есептен шығару сомасының бағанына жазылады. Төлемдегі валюталау күні болып ағымдағы операциялық күн тұруы керек, себебі қаражаттарды сақтық қорда сақтау Банкке өтінім түскен уақытта жүргізіледі. Алдын-ала сату бойынша сомалар клиенттің шотына келесі жұмыс күні есепке алынады.

Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек. «Сақтау» басқышын басыңыз. Валюталарды айырбастау Валютаны айырбастау кезінде пайдаланушы есептен шығару жəне есепке алу шоттарын таңдайды – валюталық шоттар.

19

Сома бағанында валюта бойынша есептен шығарылуы тиіс соманы көрсету керек. Бұл жағдайда аталған сома автоматты түрде есептен шығару сомасының бағанына жазылады. Төлемдегі валюталау күні болып ағымдағы операциялық күн тұруы керек, себебі қаражаттарды сақтық қорда сақтау Банкке өтінім түскен уақытта жүргізіледі. Алдын-ала айырбастау бойынша сомалар клиенттің шотына келесі жұмыс күні есепке алынады.

Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек. «Сақтау» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді. Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

20

4.3. Шетел валютасында аудару үшін құжат құру Құжаттар-Төлемдер дегенге кіріңіз, Құру басқышын басыңыз.

Толтыруға арналған нысан ашылады. «Шетел валютасында аудару» транзакция типін көрсетіңіз. Соманы жазыңыз, есептен шығару шотын таңдаңыз.

Бұдан əрі бенефициар бойынша деректерді толтырыңыз. Бенефиар банкінің таңдауын келесі тəртіпте жүзеге асыру керек: банктің SWIFT енгізіңіз жəне іздеуді басыңыз . Банктің атауы мен орналасуы бойынша өрістер толтырылған.

21

Бұдан əрі егер бенефициар сақталмаған жағдайда, барлық өрістерді толтыра отырып, оның деректерін көрсетіңіз жəне бенефициардың сақталуы туралы белгі қойыңыз. Бұдан əрі бенефициар сақталған жағдайда, СТТН өрісінің жанындағы іздеу басқышына басу жеткілікті, шетел бенефициарларының базасы ашылады.

Əрі қарай банк комиссиясын көрсетіңіз, комиссия есептен шығарылатын жағдайда, есептен шығару шотын көрсетіңіз.

Тізімнен көрсетілген бенефициарға сəйкес келетін келісімшартты таңдаңыз. Төлемнің тағайындалуы мен ТМБК толтырыңыз жəне төлемді сақтаңыз.

22

Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді. Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

4.4. Бұрын құрылған құжаттарды көшіру арқылы құжаттар құру Назар аударыңыз! Егер сіз жүйеде 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған құжатты көшірген жағдайда, ЖСН/БСН өрісіндегі мəнді өзгертуді ұмытпаңыз (жіберуші, бенефициар), себебі бұл өрісте көшіргеннен кейін оның атауына қарамастан СТТН мəні қалды. Құжаттар-төлемдер мұрағатына кіріңіз.

Төлемдерді іздеуге арналған нысан ашылады. Іздеуді орындаңыз.

23

Əрі қарай оны сол жағынан «белгімен» белгілеу арқылы көшіруге арналған төлемді таңдаңыз жəне «Көшіру» басқышын басыңыз.

Егер төлемді алдын-ала қарастыру қажет болса, «Соманы» басыңыз жəне қарап болғаннан соң «Көшіру» басқышын басыңыз.

24

Жүйе көшірудің сəтті түрде жүзеге асқандығын хабарлайды.

Көшіруден кейін құжат «Төлемдер» нысанына ауыстырылады.

Төлем сомасының үстінен басыңыз, оны редакциялаңыз жəне сақтаңыз Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді. Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

4.5. Қалып бойынша нысаны арқылы құжаттар құру Құжатқа арналған қалыпты алдын-ала құру қажет (1.1.-т. Жүйеде қалып құруды қараңыз) Құжат құру үшін «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.

25

«Төлемдер» нысанын басыңыз. Əрі қарай «Құру» басқышын басыңыз.

Төлем құруға арналған нысан ашылады. Қалып бойынша төлем құрыңыз: қалыптың кодын көрсетіңіз жəне іздестіру лупасын басыңыз.

Қалыптан алынған деректер төлем тапсырмасының өрістерін толтырады

26

Қалған өрістерді толтыру жəне құжатты сақтау керек. Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді. Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

5. Зейнетақы, əлеуметтік, жалақы төлемдерінің тізілімдерін құру Тізілімі бар төлемдер үшін басты нысандағы «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз. «Зейнетақы, əлеуметтік, жалақы тізілімдері» нысанын басыңыз.

Тізілім құру үшін «Жаңа» басқышын басыңыз.

«Тізілім құру/өзгерту» нысанында зейнетақы немесе жалақы тізілімін құруға болады. Тізілімнің типін таңдаңыз: «Зейнетақы» немесе Жалақы» (біздің жағдайда зейнетақы тізілімін құруды таңдаймыз). Тіркеу коды мен тізілім сипаттамасын толтырыңыз. Бұл деректер құрылған тізілімдер тізімінен қажетті

27

тізілімді тез таңдауға көмектеседі. Бұдан əрі шыққан терезеден бенефициарды таңдаңыз. ТМБК орнатыңыз жəне «Сақтау» басқышын басыңыз.

Əрі қарай «Салымшылар» нысанына өтіңіз. Салымшылар бойынша деректерді толтыру үшін «Жаңа» басқышын басыңыз. Нысанның барлық өрістерін толтырыңыз жəне «Сақтау жəне жалғастыру» басқышын басыңыз.

Барлық салымшыларды сақтағаннан кейін «Төлем» нысанын басыңыз. Есептен шығару шотын көрсетіңіз. Барлық салымшылар бойынша сома жиынтықталады. Төлемнің тағайындалуын редакциялаңыз. Егер аталған кезең салымшыларда көрсетілген жағдайда, «Жарналардың типін» көрсетіңіз. «Жарналар кезеңі» өрісін тазалау керек. Олай болмаған жағдайда, жарналардың кезеңін көрсету керек. «Сақтау» басқышын басыңыз.

28

Дəл осылай міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша тізілім құрылады, тек тізімнен қажетті бенефициарды таңдап, тиісті ТМБК белгілеу керек. Осыған ұқсас жолмен жалақы төлеу бойынша тізілім құрылады. Тек «Тізілімнің типі» нысанында «Жалақы» дегенді таңдау шарт. Бенефициар ретінде банк əрекет етеді, олардың карточка ұстаушылары (жеке шоттар) болып қызметкерлер табылады. Бенефициардың осы тізілімін құру үшін бенефициарлар анықтамалығына алдын-ала сақтау қажет, содан кейін тізілім құру кезінде «Сақтау» басқышын басыңыз.

Əрі қарай «Салымшылар» нысанына өту керек. Салымшылар бойынша деректерді толтыру үшін «Жаңа» басқышын басыңыз. Нысанның барлық өрістерін толтырыңыз жəне «Сақтау жəне жалғастыру» басқышын басыңыз.

29

Барлық салымшыларды сақтағаннан кейін «Төлем» нысанын басыңыз. Есептен шығару шотын көрсетіңіз. Барлық салымшылар бойынша сома жиынтықталады. Төлемнің тағайындалуын редакциялаңыз. «Сақтау» басқышын басыңыз.

Сақтағаннан кейін тізілімнің деректері Аударымдар тізіліміне жəне Құжаттар-Төлемде сақталады

30

Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді. Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

6. Құжаттарды авторлау БТА-Оnline жүйесінде құжаттарды авторлау пайдаланушылармен қол қою құқықтарымен (қол қоюшылар) жүзеге асырылады: ұйымдарда бұл əдетте компания президенттері, бас директорлар, қаржы директорлары жəне т.б. құжаттарды авторлау – жүйемен жұмыстың соңғы сатысы, одан кейін құжат автоматты түрде банкке жіберіледі. Құжатты өңдеу процесінде оның жағдайы ауысады (Жіберуді күту, Жеткізілді; Жүргізілді). Құрылған құжатты авторлау процесін бастау үшін басты нысандағы «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.

31

«Авторлау» нысанын басыңыз. Қол қоюды талап ететін құжаттар тізімі пайда болады, оны қажетті параметрлер қою арқылы сұрыптауға болады. ***Назар аударыңыз! Signatures сұрыптау параметрін таңдаған жағдайда, жүйе қол қоюдың көпдеңгейлі жүйесі жағдайында құжаттарға қол қою процедурасын қарапайымдыландыруға мүмкіндік береді, мысалы: алғашқы қол қою құқығына ие пайдаланушы екінші қол қою пайдаланушысымен қол қойылған құжаттарды сұрыптай алады.

Редакциялау үшін – құжатты орын алған қателерді түзеу үшін кері қарай құжатты құрастырушыға жібереді. Одан кейін ол құжатты қайтадан қол қоюға жібере алады. Жою – құжатты жүйеден жояды. Барлығын авторлау – құжаттар саны көп болған жағдайда, барлық құжатты бірден авторлауға мүмкіндік береді. Құжатты авторлау (қол қою) үшін оны таңдаңыз (белгі қойыңыз) жəне «Авторлау» басқышын басыңыз. Сонымен қатар «Төлемдерді қарастыру арқылы авторлау» -> «Иə» параметрін таңдау арқылы құжаттың мазмұнын көруге болады.

32

«Төлемдерді қарастыру арқылы авторлау» опциясын таңдау жағдайында төлемдерді қарастыру терезесі ашылады. Төлем мақұлданған жағдайда, ол өз түсін жасылға өзгертеді, сондай-ақ қол қойылады. «Аяқтау» басқышын басыңыз.

Бұдан əрі құжаттарды авторлау нысаны пайда болады, құжатқа қол қою үшін «Сандық қол қою» басқышын басыңыз. Назар аударыңыз! «Сандық қол қою» басқышын басқаннан кейін құжат автоматты түрде банкке жіберіледі.

33

«Құжаттар» нысаны бойынша «Қарастыру» сілтемесін басу арқылы құжаттың жай-күйін бақылауға болады. Жақында жіберілген құжат «Жіберу үшін» жағдайында болады. Банкпен өңделген құжаттар «Жүргізілді» жағдайына ие болады.

7. Құжаттар импорты «Файлдың импорты» нысаны жүйеге келісілген пішінде клиент құжаттарының сыртқы файлдарын импорттауға мүмкіндік береді. Жүйе (жасырын, үнсіз) импорттың келесі көріністерінен тұрады: МТ102 пішініндегі жалақы жəне зейнетақы (əлеуметтік төлемдер) Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні «Төлемдер жүйесі – айырбастау процедуралары жəне хабарламалардың пішіндері» құжатының талаптарын қанағаттандыруы керек («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептер орталығы» РМК). МТ100 пішініндегі құжаттар Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні «Төлемдер жүйесі – айырбастау процедуралары жəне хабарламалардың пішіндері» құжатының талаптарын қанағаттандыруы керек («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептер орталығы» РМК). 1С құжаттарының экспорттық файлдары Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні экспорт файлы пішінінің

34

талаптарын қанағаттандыруы керек (нұсқа 7.7. конфигурациясынан төмен емес). БТА-Оnline жүйесінің ішкі көрінісі Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні «BTA Online жүйесінің импорт/экспорт файлдарының ерекшелігі» құжатының талаптарын қанағаттандыруы керек. БТА-Оnline жүйесіне файлдарды импорттау процедурасы біркелкі болып табылады жəне оның құрамына импорттың төмендегі тəртібі кіреді: 1. толық тізімнен импорт көрінісін таңдау; 2. файл-бастаманы көрсету; 3. файлдың кодын көрсету. DOS – MS DOS кодтау Win – Windows кодтау Зейнетақы/жалақы аударымдарының импорты мысалын қарастырып көрейік Зейнетақы/жалақы аударымдарының импорты зейнетақы/жалақы бағдарламаларымен құрылған файлдар импортымен жүзеге асырылады. Зейнетақы бағдарламалары (swift файлдар) – ЗТМО, 1С жəне т.б. бағдарламасы. Жалақы бағдарламасы– TotalPay(БТА) бағдарламасы *Маңызды! БТА-Online жүйесінде импорттайтын файлды алдын-ала шығарып тастаңыз жəне оның сақталған жерін (папка) есте сақтаңыз. Қажетті файлдарды құрғаннан кейін БТА-Online жүйесіне кіріңіз. Басты нысанда «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз, панельдің сол жағындағы «Импорт» сілтемесін басыңыз.

«Файл импорты» нысанын басыңыз. Бұдан əрі «МТ100/МТ102 пішіні файлдарының импорты» импортына арналған көріністі таңдаңыз (зейнетақы/жалақы файлдарына арналған жалпы пішін)

Импортталатын файлды іздеу үшін «Шолу» басқышын басыңыз. Қажетті файлды таңдаңыз жəне «Ашу» басқышын басыңыз.

35

Файл сақталған кодтауды табыңыз.

Əрі қарай «Файлды жүктеу» басқышын басыңыз. Файлдың ішіндегіні қарағыңыз немесе кодтауды дұрыс таңдағаныңызды тексергіңіз келсе, «Файлды қарау» басқышын басыңыз.

Файлды алдын-ала жүктеу хаттамасы шығады. Толтырудың дұрыстығын тексеріңіз. Қателер табылған жағдайда, «Кері қарай» басқышын басыңыз. Импортталатын файлдағы деректерді түзеңіз жəне қайтадан жүктеңіз. Егер файлды алдын-ала жүктеу қатесіз жүргізілсе, «Жаңа құжат» жазуының үстіне белгі қойыңыз жəне «Импорт» басқышын басыңыз.

Бұдан əрі суреттегі тəрізді қызыл жазу шығады. Бұл құжаттың дұрыс құрылғандығын білдіреді.

«Төлемдер» нысанына кіріп, құжатты авторлауға жіберу процесін бастау керек. Импорт кезінде барынша көп кездесетін қателіктер

36

Егер жүйе құжатты құрудың мүмкін еместігін көрсетсе, импорттағы қателіктер импорт хаттамасында көрсетіледі – Бенефициар/Қателіктер бағаны. Мысалы, Валюталау күнінің дұрыс емес көрсетілуі - егер құжатты құру кезінде валюталау күні дұрыс көрсетілмесе, күнді дұрыс көрсету арқылы файлды қайта құру керек немесе қарастыру үшін қандай да бір бағдарламамен файлды ашу арқылы күнді қолмен өзгертуге болады (FAR, Notepad). Өрісте: 32A: (:32A:070111KZT6000,00) файлында. Біздің мысалда 2007 жылғы 11 қаңтар күні көрсетілген, 2007 жылғы 12 қаңтарға өзгерту керек, осы күнге өзгертесіз 070112(:32A:070112KZT6000,00).

Қызметкердің ЖСН дұрыс көрсетілмеген – егер импорт мүмкін болмаса жəне жүйе төлем сомасының салымшылар тізілімдерінің сомасына сəйкес келмейтіндігін көрсетсе, төмендегі тізілімді көрсету керек жəне ескертуде қателік көрсетіледі. Мысалы СН. Қызметкердің ЖСН тізілімді дұрыс көрсетілмеуі мүмкін/немесе ол жоқ.

37

8. Есепшоттар бойынша қозғалыстарды қарастыру/банктің мөртабанымен үзінді алу Жүйеде шоттар бойынша барлық қозғалыстарды қарауға, шоттардың ағымдағы балансын білуге, банк мөртабанымен үзінді алуға – жəне осының барлығын офистен шықпай жүзеге асыруға болады. Шоттар бойынша барлық осы күнгі қозғалыстарды қарастыру үшін, басты нысандағы «Үзінді жəне Есептер» қосымша парағына өтіңіз.

«Есепшоттар» сілтемесін басыңыз. Шоттардың тізімі жəне олардың əрқайсысының ағымдағы балансы шығады. Шот нөмірлері сілтемесін басыңыз (қызыл түспен белгіленген). Бүгінгі күнгі шоттар бойынша қозғалыстар шығады. Бұрынғы қозғалыстарды көру үшін алғашқы күнді қажетті күнге ауыстырыңыз (мысалы 01/12/2006) жəне «Белгілеу» басқышын басыңыз. Бүгінгі күн

Бұрынғы күні

Таңдалған кезең үшін шоттар бойынша барлық қозғалыстар шыққаннан кейін құжаттың мазмұнын көру үшін құжаттың сомасына басыңыз.

38

Əрі қарай банк мөртабанымен үзінді алу үшін «pdf пішініндегі құжаттың мөрі» сілтемесімен жүріңіз.

* Маңызды! Мөртабан қойылған үзінді алу үшін компьютерде PDF пішініндегі файлдарды қарастыруға арналған бағдарлама болуы керек. Мөртабан қойылған үзінді алғаннан кейін жүйеде оны принтерден басып шығару жəне қатты дискте сақтау мүмкіндігі болады.

Есепшоттар бойынша үзінді құру үшін «Есепшоттар бойынша үзінді» нысанына кіріңіз.

Есептің типін, кезеңін, шотты таңдаңыз жəне «Орындау» басқышын басыңыз.

39

Экранда қалыптастырылған үзінді шығады, оны «Print» басқышын басу арқылы басып шығаруға, «pdf пішініндегі үзінді» сілтемесін басу арқылы банктің мөртабанымен басып шығаруға, үзіндіні «Үзінді.xls» сілтемесі арқылы Excel пішінінде аударуға болады. 9. Өнімдер: Кредиттер Аталған мəзірдің функциялары кредиттік шарттар бойынша сұратуларды өңдеуге арналған. «Сұрату» нысаны «Сұрату» нысаны пайдаланушыға қолданыстағы КШ параметрлерін алу бойынша өтінім жасауға мүмкіндік береді.

Мысалы: Сұратудың негізінде кредиттік шарттың параметрлерін қарап шығуға болады. Жұмыс сұлбасы: Өнімдер -> Кредиттер -> Сұрату -> Сұрату құру ->Сұратуды авторлау.

Сұрату құру үшін «Құру» басқышын басыңыз. Сұратудың параметрлерін енгізіңіз: шарттың нөмірі, сомасы, валютасы, сұратудың нөмірі жəне «Сақтау» басқышын басыңыз.

40

Əрі қарай оны белгілеп қою арқылы өтінімді таңдаңыз жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз.Белгі қою арқылы «Құжаттар -> Авторлау» дегенге кіріңіз, сұрату жəне «Авторлау» дегенді басыңыз. Бұдан əрі электронды-сандық қол қойыңыз. Қол қойылғаннан кейін сұрату банкке кетеді. Сұрату өңделгеннен кейін кредиттік шартты қарау мүмкіндігі шығады. «Қарау» нысаны «Қарау» нысаны пайдаланушыға жүйеде сұрату бойынша тіркелген кредиттік шарттардың параметрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Нөмір» сілтемесі таңдап алынған шарттың («Заем шарттары») деректемелері мен параметрлерін қарауға бастамшы болады. «Сома» басқышы – заем шарттарының мөрі. «Заем шарттары» беті уəкілетті пайдаланушыға маңызды мəндермен танысуға көмектеседі:

• КШ өтеу кестесі • Шоттар жəне олардың ағымдағы қалдықтары • Кепілді қамтамасыз ету • КШ бойынша ставканың % • Транштардың шарттары жəне оларды өтеу кестелері

41

10. Өнімдер: Депозиттер БТА-Оnline жүйесі клиенттің уəкілетті тұлғаларына клиентпен қолданылатын банктік өнімдерді басқару, бақылау жəне қарастыруға, оның ішінде депозит ашу үшін өтінімдер дайындау жəне депозиттік шарттардың параметрлерін қарастыруға мүмкіндік береді. «Депозиттік конструктор нысаны «Депозиттік конструктор» нысаны пайдаланушыға төмендегілер бойынша өтінімдер жасауға мүмкіндік береді: • жаңа депозит ашу;

• қолданыстағы депозиттің параметрлерін алу; • депозиттік шартты бұзу; • мерзімді ұзарту; • толықтыру;

«Сома» сілтемесі құрылған өтінімді редакциялауға мүмкіндік береді. «Құру» басқышы жаңа өтінім құру процесін бастайды (банкте жаңа депозит ашу туралы сұратуды толтыру үлгісін төменнен қараңыз).

42

Көрсетілген «Сұратудың типі» мəніне қарай жүйе сұрату параметрлерінің қажетті міндетті тізімін талап етеді жəне бақылайды.

Əрі қарай оны белгілеп қою арқылы өтінімді таңдаңыз жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Белгі қою арқылы «Құжаттар -> Авторлау» дегенге кіріңіз, сұрату жəне «Авторлау» дегенді басыңыз. Бұдан əрі электронды-сандық қол қойыңыз. Қол қойылғаннан кейін сұрату банкке кетеді. Сұрату өңделгеннен кейін кредиттік шартты қарау мүмкіндігі шығады. «Қарау» нысаны «Қарау» нысаны пайдаланушыға жүйеде сұрату бойынша тіркелген депозиттік шарттардың параметрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Нөмір» сілтемесі таңдалған шарттың деректемелері мен параметрлерін қарастыруға бастамшы болады (Талдап тексеру). «Сома» басқышы – шарт талаптарының мөрі. Параметрлер:

43

Операциялар журналы:

11. Жүйеде қалып құру Қалыптар жүйеде құжат құрудың негізі болып табылады, яғни алдымен қалып құрылады, содан кейін соның негізінде – құжат құрылады. Жұмыстың сұлбасы: Қалып құру->Қалыпты авторлау->Құжат құру->Құжатты авторлау. «Құжатты авторлау» кезеңінен кейін құжат автоматты түрде банкке жіберіледі: Мысал: Қалып құру үшін басты нысандағы «Қалыптар» қосымша парағына өтіңіз.

«Құру/Редакциялау» басқышын басыңыз. «Құрубасқышын басыңыз. Сізге құруыңыз қажет «Құжаттың типін» таңдаңыз (мысал үшін Төлем тапсырмасын аламыз). Жұмысты жалғастыру үшін «Іздеу» басқышын басыңыз.

44

Жүйедегі қолданыстағы бенефициарлардың тізімі пайда болады, жаңа тізім құру үшін «Жаңа» басқышын басыңыз.

Жаңа бенефиар құру процесі басталады. Бенефициар банктің БСК енгізіңіз жəне «Лупа» белгісін басыңыз . Жүйе анықтамалықтан енгізілген БСК-ге сəйкес банкті таңдайды. Бұдан əрі клиенттің деректерін енгізіңіз. «Сақтау» басқышын басыңыз. Егер мұндай клиент ашылған, бірақ басқа банктік деректемелер көрсетілмеген жағдайда, бұдан əрі «БСН/СТТН» өрісіне клиенттің БСН/СТТН енгізіңіз жəне «Лупа» белгісін басыңыз . Жүйе тізімнен клиентті таңдағаннан кейін «Сақтау» дегенді басыңыз. Аталған клиент екі рет, бірақ əртүрлі банктік деректемелермен сақталады.

Пайда болған компанияның атын басыңыз (қызыл түспен белгіленген).

45

Қалыптың барлық қажетті өрістерін толтырыңыз. Қалыпта тіркелген құжаттардың деректемелері «сол қалпында» құрылып отырған құжатқа көшіріледі жəне құрылған құжатта өзгертілмейді. Мысалы, «Сома» өрісін толтырған жағдайда, бұл сома осы қалып үшін тұрақты болып табылады жəне Сіз оны құжат құру барысында өзгерте алмайсыз. Толтыру үшін міндетті өрістер – Қалыптың коды, есептен шығару шоты. Қалған өзгертілетін өрістерді бос қалдырған дұрыс (Нөмір, Сома жəне ТМБК). Əрі қарай қалыпты сақтау үшін «Сақтау» басқышын басыңыз.

Сіз қалып құрдыңыз жəне енді оны авторлауға жіберу қажет. Қалыпты таңдаңыз (белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз.

Қалыпты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» нысанына кіреді. Енді

46

қалыпты авторлау керек. 12. Жүйеде қалыптарды авторлау жəне қалыптарды қарау Қалыпты авторлау (бекіту) – қалыпты құру кезеңінен кейінгі міндетті процесс. Жүйенің саясаткерлері қалыпты құрушылардан олардың өз қалыптарын бекітуді талап ете отырып, қалып құрушыларының құқықтарын ажыратуды қарастырады. «Қалыптар» қосымша парағына өтіңіз жəне «Авторлау» басқышын басыңыз.

Бұрын құрылған қалыпты басыңыз (белгі қойыңыз) жəне «Авторлау» басқышын басыңыз. Сонымен қатар бұл жерден атын басу арқылы (қызыл түспен белгіленген) қалыптың мазмұнын көруге, оны редакциялау үшін кері қарай жіберуге немесе жоюға болады. Редакциялауға жіберу немесе жою үшін қалыпты таңдаңыз (белгі қойыңыз) жəне сізге қажетті басқышты басыңыз.

Сіз қалыпты таңдап жəне оны авторлауға жібергеннен кейін авторлау хаттамасы шығады. Бұл қалыптың жүйеде бекітілгендігін білдіреді. Енді құрылған қалыптың негізінде жүйеде құжаттар құруға болады.

Құрылған қалыптарды қарау үшін «Қарау» дегенге кіріңіз. Мұнда жай-күйлерін

47

көрсетумен бірге қалыптардың тұтас тізімі беріледі.

13. Анықтамалықтар «Шарт» қосымша парағының бірнеше нысаны бар. «Шартты таңдау» нысанында пайдаланушыны бір шарттан екінші шартқа ауыстыру мүмкіндігі бар. Шарттың нөмірін басу керек, шарттың ағымдағы сессиясының автоматты түрде жабылуы жəне жаңа сессияның ашылуы жүргізіледі.

«Хабарландыруды баптау» нысанында пайдаланушы e-mail/SMS хабарландыру қызметін қосады.

Хабарландыруды пайдаланушының электронды мекенжайына орнату мысалын қарастырайық. Хабарландыруды жеткізу каналын таңдау керек: e-mail, электронды мекенжайды

48

көрсету, əрі қарай «Хабарландыруды қосу» басқышын басу қажет.

Хабарландыруға «Жазылым» опциясы ашылады. «Таңдау» жолында хабарландыру бойынша қажетті жазылымды таңдаңыз жəне «Қосу» басқышын басыңыз.

Ол үшін жазылым бапталатын шотты таңдаңыз.

49

Хабарлау үшін жазылым қосылады.

Жазылымды жою үшін тізімнен жойылатын жазылымды таңдау жəне «Жою» басқышын басу керек. Жазылымды толығымен тазалау үшін «Тазалау» басқышын басыңыз. Барлық жазылымдар жойылатын болады.

Барлық құрылған жазылымдар бойынша БТА-Оnline жүйесі мен электронды пошта арқылы хабарламаларды алу қызметі белсенді болады.

Хабарландыруларды қарастыру үшін хабарлама тақырыбы бойынша кіріңіз. Бұл жағдайда хабарландыруды қарастыру терезесі ашылады. Сонымен қатар қосылған файлда төлемнің өзін де көруге болады.

50

SMS арқылы хабарландыру құру осыған ұқсас түрде қалыптастырылады, ол үшін SMS жеткізу каналын басу жəне телефон нөмірін көрсету керек. «Анықтамалықтар» қосымша парағында пайдаланушының жұмысына қажетті түрлі анықтамалықтармен бірге нысандар көрсетіледі.

14. Пошта Мəзірдің қызметтері электронды-сандық қолды қолдану арқылы қорғалған хаттама бойынша авторланған банктік поштаны жіберу жəне алу үшін қажет.

«Банкке шығарылатын шығыс поштасы» «Банкке шығарылатын шығыс поштасы» нысаны пайдаланушыға банкке хабарламалар/өтініштер жіберуге мүмкіндік береді. Шығыс хабарламасын құру үшін «Құру» басқышын басыңыз.

51

Хабарлама құру бойынша нысан ашылады, содан кейін бөлімшені – банктегі алушыны таңдаңыз. Назар аударыңыз! Егер сіздің филиалда ЕКБ болса – атауына қарай сізге қызмет көрсетілетін ЕКБ таңдаңыз. Егер сіздің филиалды ЕКБ болмаса – атауы бойынша өзіңіздің филиалды таңдаңыз. Хаттың тақырыбын көрсетіңіз жəне файлдарды бекіту үшін «Шолу» басқышын басыңыз. Содан кейін «Сақтау» басқышын басыңыз.

Хабарламаны жіберу үшін поштаны авторлау керек. Хабарламаны таңдаңыз жəне «Авторлау» басқышын басыңыз.

52

«Қол қою» басқышын басу арқылы электронды-сандық қол қойыңыз. Жіберуді болдырмау үшін «Болдырмау» басқышын басыңыз.

Хабарламаға қол қойғаннан кейін авторлау хаттамасы шығады, оны сақтауға жəне басып шығаруға болады.

Жіберілген хабарламаларды қарау үшін мұрағатқа кіріңіз.

53

Банктен кіріс поштасы «Банктен кіріс поштасы» нысаны алушыға банктен хабарламалар/өтініштер алуға мүмкіндік береді. Кіріс хабарламалардың тізімін көру үшін «Банктен кіріс поштасы» нысанына кіріңіз.

Оны белгілеу арқылы қарау үшін хабарламаны таңдаңыз жəне «Ашу» басқышын басыңыз.

Бұдан əрі хабарламада бекітілген файлды ашуыңызға жəне сақтап алуыңызға

54

болады.

Сонымен қатар авторлау хаттамасын көруіңізге болады, онда банкте берілген хабарламаның кіммен жəне қашан құрылғандығы көрсетіледі.

15. Жүйеде сертификаттарды қайта шығару Пайдаланушының eToken таратқышына жазылған кілттері мен сертификаттары БЕҚО КО 1 жыл мерзіміне беріледі. Осы мерзімнің аяқталуынан 40 күн бұрын жүйе автоматты режимде сертификаттар мен кілттерді қайта шығару туралы ұсыныс жасайды.

Қайта шығару үшін 1-3 əрекеттерін орындаңыз. Сертификаттар мен кілттер алу процесі іске қосылады. Процестің аяқталуын күтіңіз. Назар аударыңыз! Қайта шығарудың созылмалы процесінде браузердің басқа беттеріне өтпеңіз.

55

Ондағы соңғы қадам процестің аяқталуы болып табылатын сертификаттарды қайта шығару хаттамасы көрінгеннен кейін процесс толығымен аяқталған болып есептеледі.

16. Жеке саясаттар. Құжат құру Еркін пішінде құжаттар құру. Құру/Редакциялау нысаны Еркін пішінде құжат құру үшін «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.

«Құру/Редакциялау» басқышын басыңыз. Келесі нысанда «Құру» басқышын басыңыз.

Сізге құру қажет құжаттың типін таңдаңыз (біздің жағдайда біз «Төлем тапсырмасын» таңдаймыз). Еркін пішінде құжаттар құру үшін курсорды «Иə» өрісіне орнатыңыз жəне есептен шығару шотын көрсетіңіз. «Іздеу» басқышын басыңыз.

56

Сіздің алдыңызда жүйеде бар бенефициарлардың тізімі шығады, жаңасын құру үшін «Жаңа» басқышын басыңыз.

Жаңа бенефициар құру процесі басталады. Бенефициар банктің БСК енгізіңіз жəне «Лупа» белгісін басыңыз . Жүйе анықтамалықтан осы БСК сəйкес келетін банкті таңдайды. Бұдан əрі клиенттің деректерін енгізіңіз.

«Сақтау» басқышын басыңыз. Егер мұндай клиент енгізілген, бірақ басқа банктік деректемелер енгізілген болса, тағы да осылай банкті таңдаңыз, бұдан əрі «БСН/СТТН» өрісіне клиенттің «БСН/СТТН» енгізіңіз жəне «Лупа» белгісін

57

басыңыз . Жүйе тізімнен клиентті таңдайды, «Сақтау» басқышын басыңыз. Осылайша аталған клиент екі рет, бірақ əртүрлі банктік деректемелермен сақталады. Бенефициардың барлық қажетті деректемелерін толтырыңыз жəне «Сақтау» басқышын басыңыз.

Пайда болған компания атауын басыңыз (қызыл түспен белгіленген).

Бенефициар төлем құжатына шығады. Барлық өрістерді қажетті мəндермен толтырыңыз (Күні, Сомасы, Құжат нөмірі, Төлемнің тағайындалуы, ТМБК). «Сақтау» басқышын басыңыз.

Құжатты жүйеде сақтау үшін «Сақтау» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді.

58

Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

Құру/Редакциялау нысаны қалыбы бойынша құжаттар құру Сіз қалып құрып, оны бекіткеннен кейін (1.1.-т. Қалып құруды қараңыз) құжаттар құрудың кезегі жетті. Сіз құрған қалып негізінде құжат құру үшін «Құжаттар» «Құру/» қосымша парағына өтіңіз.

«Құру/Редакциялау» басқышын басыңыз. Келесі нысанда «Құру» басқышын басыңыз.

Сіз құратын құжаттың типін таңдаңыз (біздің жағдайда құрылған қалып негізінде құжат құру үшін «Төлем тапсырмасын» таңдаймыз). Қалыпты тез арада табу үшін сізбен берілген қалыптың кодын енгізуге болады.

59

Қажетті қалыпты табу үшін «Іздеу» басқышын басыңыз. Қалыптың кодын басыңыз (қызыл түспен белгіленген) .

Барлық өрістерді қажетті мəндермен толтырыңыз (Сома, Құжат нөмірі, Төлемнің тағайындалуы, ТМБК). Егер бұл мəндер қалыпты құру кезінде қолданылған болса, мұнда олар редакциялау үшін қолжетімсіз болады. Егер сіз оларды бос қалдырсаңыз, оларды осы жерде өзгертуге болады.

Құжатты жүйеде сақтау үшін «Сақтау» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) жəне «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан əрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап жəне тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді.

60

Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.

17.Бізбен қалай байланысуға болады? Байланыстар Клиенттер – БТА-Оnline пайдаланушылары үшін кеңес беру қызметтерін көрсетуге арналған Call-Center ұйымдастырылған. Сіз бізбен төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 2500-200 – Алматы қ. үшін; 8-8000-800-111 – ҚР барлық аймақтарына арналған бірыңғай нөмір (қоңырау соғу тегін) Жұмыс режимі Дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, жұма: 08:00 - 21:00. Сенбі, жексенбі, демалыс күндері: 09:00 - 18:00.