5
Атырау қаласы №11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер. 106 – 108 – жаттығу. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтың тәрбиелігі: Жаттығу барысында заттың қимылы бойынша сұрақ қоя отырып талдауға үйрету. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті – құралдар: сурет М.Әуезов суреті Пайдаланатын әдіс – тәсілдер; сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау. Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау. а). 105 – жаттығу. Тақтада орындау. 1. Сөздерді оқыңдар. Аружан, Үсен, Баянауыл, Ақбілек, Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қуаныш, Қызылжар, Айдар, Алакөл, Хантәңірі, Түркістан, Іле, Ұлытау. 2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер – су аттарын теріп жазыңдар.

45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАтырау қаласы 11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева

  • Upload
    others

  • View
    21

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАтырау қаласы 11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева

Атырау қаласы№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектепБастауыш сынып мұғаліміЖұмағалиева Күлән ҒабдыжанқызыАна тілі Сабақтың тақырыбы: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер. 106 – 108 – жаттығу.Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.Сабақтың тәрбиелігі: Жаттығу барысында заттың қимылы бойынша сұрақ қоя отырып талдауға үйрету.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақта пайдаланатын көрнекті – құралдар: сурет М.Әуезов суретіПайдаланатын әдіс – тәсілдер; сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.Психологиялық дайындықБіз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.Дүниені аралап,Оқып білім аламыз.II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.а). 105 – жаттығу. Тақтада орындау. 1. Сөздерді оқыңдар. Аружан, Үсен, Баянауыл, Ақбілек, Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қуаныш, Қызылжар, Айдар, Алакөл, Хантәңірі, Түркістан, Іле, Ұлытау. 2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер – су аттарын теріп жазыңдар. Бірінші бағанға кісі аттарын, екінші бағанға жер - су аттарын жазу.Кісі аттары Жер – су аттарыАружан БаянауылҮсен АралАқбілек МаңғыстауҚуаныш КөкшетауАйдар Қызылжар Алакөл Хантәңірі Түркістан

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАтырау қаласы 11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева

Іле Ұлытауә). «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімені мәнерлеп оқытып, мазмұнын айтқызу.III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Ережені сұрау. ( Кісінің аты - жөні, жер – су аттары бас әріптен жазылады)

Кісінің аты – жөні бас әріптен басталып жазылады: Серік, Айгүл, Ысмағұлұлы.

Жер – су аттары бас әріптен басталып жазылады: Қазақстан, Астана, Алатау, Жетісу, Нұра.

- Біз кім? сұрағын кімге қоямыз? - Не? сұрағын неге қоямыз? Ереже айту: Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер

адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді: Айсұлу, қоян, кітап. Кім? кімдер? деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: ата, аға, ұшқыш,

аналар. Не? нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады:

тоқылдақ, қайың, машиналар.IV. Жаңа сабақ:

Суреттер бойынша жұмыс: Сұрақтарға жауап алу, түсіндіру.

V. Оқулықпен жұмыс: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер. 106 – 108 – жаттығу. VI. Дәптермен жұмыс: Күннің жадың жазып, көркем жазу жазып алайық. Наурыздың он біріҚқ Ққ ҚқҚұлагер Құлагер106 – жаттығу. Диктант түрінде жазғызу. 1. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Құлагер – жүйрік ат. Ол маған үйір. Мен оған күнде қант беремін.2. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАтырау қаласы 11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева

ЕРЕЖЕ: Үй жануарларына қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады: Таймас, Құлагер, Ұшар, Тайбурыл.

107 – жаттығу. Көркем жазу. 1. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Талап – саятшы. Оның Еркекүрең деген аты бар. Ол аңға тазыларын ертіп шығады. Әсіресе Алғыр деген тазысы аңнан олжасыз қайтпайды.2. Жануарлардың аттарының астын сызыңдар.3. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?108 – жаттығу. Үй жұмысы. Ауызша талдау. 1. Сөздерді оқыңдар. Месторы, Ақтөс, Сырттан, Маңмаңгер, Алыпсоқ, Тайбурыл, Құтжол, Мойнақ.2. Ат пен иттің аттарын бөлек – бөлек топтап жазыңдар.

Әдеби мәтін тапсырмасы 1. Әңгімені  түсініп оқыңдар.  Ақын тілегі 

М. Әуезов (1897 – 1961) Қазақтың әйгілі жазушысы. Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс болысында дүниеге келген. «Абай жолы» романын жазған. «Ақын тілегі» - осы романна алынған үзінді.2. Абайдың ауылына келген кімдер еді?3. Абай ақындардан не үйренді?4. Абайға Барлас қандай тілек айтты?5. Абай өскенде кім болды?

Абай Құнанбаев 1845 ж қазіргі Семей облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Шын аты – ИбраҺим . Әкесі – Құнанбай, шешесі – Ұлжан. Мақал. Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен.* Сұрақтарға жауап беріңдер. а). Адам туралы сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? ә). Заттар мен жануарларға қандай сұрақтар қойылады? б). Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?VII. Жаңа материалды пысықтау:

а). Ой қозғау. - Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем - Көктемнің қай айы? Наурыз - Аптаның қай күні? Жұма 1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз) 2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАтырау қаласы 11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева

3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз) 4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады) 5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады) 6. Әріптен не құралады? (буын) 7. Буыннан не құралады? (сөз) 8. Сөзден не құралады? (сөйлем) а, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и, ө, ү, я, ю, ё, э дауысты дыбыстар.

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.

Т, П, Н, Р, Ғ, Л, У, Ш, Й, Қ, Д, М, Б, С, Ж, Ұ, ң, К, З, Г, Х, Һ, В, Ф, Щ, Ц, Ч, ь, ъ - дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.VIII. Үйге тапсырма, қорытындылау, бағалау: Әңгімені түсініп оқып, мазмұндап келу.