30
1 Бекітемін Тапсырыс беруші Электротехника колледжі» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны Аты жөні: Баль Е.Р 2012 жылғы "__03_" мамырдың 125 шешімімен «Электротехника колледжі» КМҚК ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу бойынша (А4 литері қосымша құрылым, Б литері шеберхана, Д литері гараж) жұмыстарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА Тапсырыс беруші: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын Тапсырыс берушінің орналасқан жері: Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401; СТН: 511700026746; Банктік деректемелері: СТН 511700026746 БИН 990340005095 ИИ К KZ15319ТО10000402333 «БТА банкі» АҚ БИК АВКZКZКХ Кбе 16 Интернет-қордың электронды адресі: http:/ www.eko.edu.kz Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын Орналасқан жері: : Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401; СТН: 511700026746; Банктік деректемелері: СТН 511700026746 БИН 990340005095 ИИ К KZ15319ТО10000402333 «БТА банкі» АҚ БИК АВКZКZКХ Кбе 16 Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі. 1. Жалпы ереже 1. «Электротехника колледжі» КМ ҚК (А4 литері қосымша құрылым, Б литері шеберхана, Д литері гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуіне әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу жұмысына таңдау мақсатында конкурс тәсілімен өткізіледі. 2. Берілген конкурсқа мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша бөлінген сома

Конкурс кужаттамасы

  • Upload
    eko

  • View
    3.258

  • Download
    7

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Конкурс кужаттамасы

1

Бекітемін Тапсырыс беруші :«Электротехника колледжі» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны Аты жөні: Баль Е.Р 2012 жылғы "__03_" мамырдың № 125 шешімімен

«Электротехника колледжі» КМҚК ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу бойынша (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) жұмыстарды

конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Тапсырыс беруші: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын Тапсырыс берушінің орналасқан жері: Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401; СТН: 511700026746; Банктік деректемелері: СТН 511700026746 БИН 990340005095 ИИК KZ15319ТО10000402333 «БТА банкі» АҚ БИК АВКZКZКХ Кбе 16 Интернет-қордың электронды адресі: http:/www.eko.edu.kz Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын Орналасқан жері: : Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401; СТН: 511700026746; Банктік деректемелері: СТН 511700026746 БИН 990340005095 ИИК KZ15319ТО10000402333 «БТА банкі» АҚ БИК АВКZКZКХ Кбе 16 Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

1. Жалпы ереже 1. «Электротехника колледжі» КМ ҚК (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуіне әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу жұмысына таңдау мақсатында конкурс тәсілімен өткізіледі. 2. Берілген конкурсқа мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша бөлінген сома

Page 2: Конкурс кужаттамасы

2

13355040 (Он үш миллион үш жүз елу бес мың қырық) теңге. 3. Осы конкурстық құжаттамаға қоса енгізіледі: 1) осы конкурстық құжаттамада 1 қосымшаға сәйкес сатып алу жұмыстарының тізбесі; 2) сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің, талап етілетін техникалық сапалық және пайдалану сипаттамасы, берілген тәртіп бойынша бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы, техникалық ерекшелігі осы конкурстық құжаттаманың 2 қосымшасына сәйкес; 3) осы конкурстық құжаттаманың 3 және 4 қосымшасына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың конкурсқа қатысуға тапсырысы; 4) осы конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің жұмыс істеу туралы біліктілігі туралы мәлімет; 5) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы » (әрі қарай-Заң) 17- бабы, 4- тармағына сәйкес және мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесі ; 6)құрылыспен немесе нысанды қайта жөндеумен байланысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстың кезеңін, түрін және көлемін, және әрбір қаржы жылында осындай мемлекеттік сатып алу жұмыстарының сомасын ,егер олардың орындалу мерзімі жобалау алды құжаттамасында келісілген бір қаржылық жылдан аспаса, көрсету керек; 7) мемлекеттік сатып алу туралы келісім жобасында осы конкурстық құжаттаманың 10 қосымшасына сәйкес маңызды шарттарын көрсету ; 4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші бөлінген тауар,жұмыс,қызмет алу үшін бөлінген жалпы сомадан 1 пайыз көлемінде конкурсқа қатысуды қамтамасыз ету үшін тапсырыспен бірге төменде көрсетілген түрлерін енгізеді : 1) Келесі банк шотында орналастырылған кепілді ақшалай жарнасы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын СТН 511700026746, БИН 990340005095, ММ «БТА Банкі»АҚ , БИК АВKZKZКХ, Кбе16 2) Осы конкурстық құжаттаманың 6 қосымшасына сәйкес банктік кепілдеме. Конкурсқа қатысуға тапсырыстың қызмет мерзімі тапсырыстың өзіндік қызметінің мерзімінен кем болмау керек.Талап етілетін тапсырыстың қызмет мерзімі конкурстық тапсырыстарды ашу күнінен бастап 45 күннен кем болмау керек. 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі 5.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың түсіндірмесі ережесін жазбаша түрде сұрауға құқылы , бірақ 2012 жылғы 25 мамыр, 17 сағат, 00 минуттан кеш емес. Әлеуетті өнім берушінің сұрауларын мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысының келесі деректемелеріне жіберу керек: Мемлекеттік сатып алушының пошта адресі: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401. Сұрақ қабылдайтын бөлменің номері: 103 Қабылдау бөлмесі.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет ресурсында жариялауға міндетті. керек. 7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы 30 мамыр, 10 сағат 00 минуттан кеш емес мерзімде өз бастамасы бойынша немесе конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушінің сұрауы бойынша конкурстық құжаттамаға толықтырулар мен өзгертулер

Page 3: Конкурс кужаттамасы

3

енгізуі тиіс. Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістер бекітілген конкурстық құжаттамалар тәртібі бойынша рәсімделеді. Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді . Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің интернет қорында анықталған конкурстық құжаттамада енгізілген түзетулер мен (немесе ) толықтыруларды көрсете отырып жариялайды. 8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс кұжаттамасының көшірмесін алған әлеуетті өнім берушімен кездесу өткізеді немесе олардың өкілетті тұлғаларына конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіреді. Кездесу өткізу орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401, №107 бөлме (өзін өзі тану бөлмесі) Кездесу өткізу мерзімі: 25 мамыр 2012жыл; Кездесу өткізу уақыты: 10 сағат 00 минут. 9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушімен кездесудің хаттамасын толтырады,онда Әлеуетті өнім берушінің дереккөзді көрсетуінсіз конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұраулары, сол сияқты оған жауап көрсетіледі.Хаттаманы әлеуетті өнім берушімен кездесуден кейін екі жұмыс күнінен кем емес мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаларды алған,әлеуетті өнім берушінің журналында тіркелген, пошта деректемелері негізінде конкурстық құжаттамалардың көшірмесін алған соң конкурстық комиссияға жөнелтіледі. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушімен кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-қорында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған

конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы Конкурсқа қатысуға өтінім 10. Осы көрсетілген конкурстық құжаттамаларға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінім түрі әлеуетті өнім берушінің талаптар мен жағдайларға сай жұмыстарды орындауға келісімін білдіреді.Мемлекеттік сатып алуды конкурс түрінде өткізуге қатысуға тапсырыс ұсынғанда және мемлекеттік сатып алу келісімін жасағанда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңнамасын есепке алады. 11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосышаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімі;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін: құқықтық қабілетін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалардың заң жолымен іс-әрекет жасауға қабілеттілігі ( кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат,СТН, жеке куәлік көшірмесі):заңды тұлға заңнамамен бекітілген тәртіпте нотариалды расталған жарғы көшірмесін ұсыну керек. Қазақстан Республикасы Резиденті еместер сауда реестрінің нотариалды расталған ашық көшірмесінің үзіндісін мемлекеттік( немесе) орыс тілдеріндегі аудармасын ұсыну керек; нотариалды расталған лицензиялар мен/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың,дипломдардың және басқа құжаттардың көшірмесі әлеуетті өнім беруші сатып алынатын тауарларды жеткізуге және өткізуге, өндіріске,қайта жөндеуге құқығын растайды; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өту (қайта өту)куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі; Егер заңды тұлға өзінің қызметін заңнамамен бекітілген тәртіпте Бір үлгідегі жарғы

Page 4: Конкурс кужаттамасы

4

негізінде жүзеге асырса, онда нотариалды расталған мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің көшірмесін; құрылтайшы құжаттарынан нотариалды расталған үзіндісін(егер жарғы құрылтайшылар мен оның құрамы туралы мәліметтері болмаса), онда құрылтайшылар мен оның құрамы туралы бір айдан кем емес,конвертті ашу мерзімі алдындағы акция ұстаушы реестрінен үзінді мәліметтер; төлемге қабілеттілікті растайтын құжаттар: банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі басылған анықтаманың түпнұсқасы,әлеуетті өнім берушінің анықтама алу мерзімі алдындағы үш ай ішінде екінші дәрежелі банктер мен ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Типтік жоспары бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктер Басқармасы бекіткен осы конкурстық құжаттамалардың 7 қосымшасына сәйкес (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі банктер мен оның филиалдарының, сол сияқты шетелдік банктердің клиенті болып табылса, онда анықтама осы банктердің әрқайсысынан алынады ) барлық міндеттемелер түрінен банк немесе банк филиалы алдында қарызы жоқтығы туралы анықтама. Анықтама конкурстық тапсырыс конвертін ашудың алдындағы бір айдан ерте емес мерзімде берілуі тиіс; Бірінші басшының немесе оның міндетін уақытша атқарушының қолы қойылған қаржы жылының соңындағы бухгалтерлік балансты нотариалды растайтын көшірме мен түпнұсқа. Егер конвертті ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін өткізілсе,онда соңғы қаржы жылының алдындағы бухгалтерлік балансты нотариалды растайтын көшірме мен түпнұсқа; Үш айдан кем емес мерзімде міндетті әлеуметтік және зейнетақылық жарналарға салық мекемесі бекітілген формаға сәйкес ақша аударуларында қарыздың жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес төлемді ұзарту мерзімінен басқа), немесе конкурсқа тапсырыс конвертін ашу алдындағы салықтық қарыз бен міндетті әлеуметтік және зейнетақылық жарналарға аударуларда бір айдан артық емес, бір теңгеден кем емес қарыздың болуы. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарына сай Қазақстан Республикасының банк резиденттерінің бір немесе бірнеше банктерде келісімшарт бойынша төлеуге қабілеттіліктің көлемі мемлекеттік сатып алулар конкурсына қатысу туралы өтінімнің сомасының жүз пайызына сәйкес келетін құқығы туралы мәлімет болу керек. Әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу келісімшартының орындалуын қамтамасыз ету конкурстық құжаттамаларда бекітілген мемлекеттік сатып алу шартындағы міндеттемелерді толық мерзімде орындау үшін беріледі. 3) Әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерін(бірлескен орындаушысының) арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар: мемлекеттік сатып алу үдерісінде, осы конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес,арнайы біліктіліктің толық тізімдемесі , Әлеуетті өнім беруші мен оның қосалқы мердігерінің(бірлескен орындаушысының) осы және өзге талаптарға сай біліктілігі жөнінде мәлімет. Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерін(бірлескен орындаушысын) жұмысқа тартса,онда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жұмысқа тартылған қосалқы мердігерінің(бірлескен орындаушысының) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сай екендігі жөнінде құжат тапсыруы тиіс; Қызмет көрсетуде қосалқы мердігердің(бірлескен орындаушының) жұмысты орындауы жөнінде мәлімет,конкурстық құжаттаманың 8 қосымшасына сәйкес сатып алудың құралы болып табылатын және қосалқы мердігердің(бірлескен орындаушының) бірлескен жұмысы (құрылыстың құны), жұмыс көлемі мен қызметіне үштен екі көлемде болған жағдайда рұқсат етіледі;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамалары,тауар берудің орындалу мерзімі және (немесе) көлемі,тауарды пайдалануға сапалы кепілдік беру,тауарды пайдаланудағы шығын,тауар берудің орындалу кестесі(әдісі),қызмет көрсету;

5) Банкілік кепілдік немесе төлем құжаты түрінде,ақшалай жарнаны растайтын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банкілік шотында орналастырылған Заңмен белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

Page 5: Конкурс кужаттамасы

5

6) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысынан басқа, сенімхатқа қол қоюға құқылы, Әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес жеке тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысу құқығына қол қою және конкурстық комиссияның отырысына қатысуға сенімхат.

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, мөрімен (жеке тұлғалар үшін,егер ондай болса) куәландырылады. Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімнің техникалық бөлімі (тігілген түрде,беттері нөмірленген,соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолы және мөрімен расталған)( жеке тұлғалар үшін,егер ондай болса) және конкурсқа қатысу туралы өтінімді растайтын түпнұсқа бөлек салынады. 13. Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім терілген немесе өшпейтін сиямен жазылған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрмен бекітілген болу керек (жеке тұлға үшін,егер ондай болса). 14. Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімде аралық жолдарда ешқандай түзетулер немесе қосымша жазулар болмау керек, егер әлеуетті өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайдан басқа. 15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ» КМҚК (А4 ЛИТЕРІ – ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫМ, Б ЛИТЕРІ – ШЕБЕРХАНА, Д ЛИТЕРІ – ГАРАЖ) ҒИМАРАТЫНЫҢ ТӨБЕСІН АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕ КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС» және «2012 жылдың 4 маусымы 10 сағат 30 минутқа дейін ашпаңыз» Конкурсқа қатысу өтінімін ұсыну тәртібі 16. Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілетті тұлғаларымен конкурстық комиссияның хатшысынан арнайы немесе тапсырысты пошта байланысы арқылы мына мекенжайға: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401, №103 бөлме (директор бөлмесі). Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімді қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның Т.А.Ә: Кремер Анна Александровна мына мерзімге дейін: Конкурсқа өтінім қабылдау мерзімінің аяқталуы: 04 маусым 2012жыл Конкурсқа өтінім қабылдау уақытының аяқталуы: 10 сағат 00 минутты қоса есептегенде 17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының алған барлық өтінімдері мерзімі асып кеткен жағдайда ашылмайды және оларды жіберген әлеуетті өнім берушінің конвертінде көрсетілген конкурсқа қатысу жөнінде өтінім деректемелері бойынша немесе әлеуетті өнім берушінің өкілетті тұлғаларына алғаны жөнінде қолхатпен қайтарылады. 18. Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілетті тұлғасы арқылы тіркеледі,ал кейде,егер тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда – конкурстың хатшысымен өтінімдерді қабылдау мен тіркеудің арнайы журналында мерзімі мен уақытын көрсете отырып белгіленеді. 19.Осы конкурстық құжаттамада көрсетілген, конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдер талаптары бұзылған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

Page 6: Конкурс кужаттамасы

6

20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысу өтініміндегі өзгертулерде құқығын сақтай отырып, конкурсқа қатысу өтініміндегі көрсетілген мерзім ішінде өзінің өтінімін өзгертіп немесе қайтарып ала алады. Енгізілген өзгертулер дайындалып, теріліп және конкурсқа қатысу туралы өтінім сияқты ұсынылады. Конкурсқа қатысу туралы мәлімдеме пікірі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылады, әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен бекітіледі (жеке тұлға үшін, егер ондай болса). Конкурсқа қатысу туралы өтінімдегі өзгертулер, егер олар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға белгіленген мерзім ішінде алынса, заңды болып табылады. 21. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер конкурсқа қатысу туралы пікір сияқты көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін түзетілмейді және (немесе) толықтырылмайды. 22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар конкурсқа қатысу туралы өтінім мерзімі ішінде он күнтізбелік күннен кем емес аралықта әлеуетті өнім берушіден белгілі уақыт аралығында олардың өтінім мерзімін ұзарту туралы сұрау салуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші өз құқықтарын жоймай отырып, мұндай сұрауды қабылдамауға құқылы: 1) мемлекеттік сатып алуға конкурстық тәсілмен өтілім мерзімі аяқталғанға дейін қатысуға; 2) конкурсқа қатысу үшін мерзімі өткен өтінімді кері қайтарып алуға. 23. Әлеуетті өнім беруші ол қатысқан мемлекеттік сатып алудағы конкурстың барлық шығынын өтейді.

4. Конкурстық комиссияның мемлекеттік сатып алуға конкурстық тәсілмен қатысу өтінімдерінің конвертін ашу туралы

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім

берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия өткізеді. Конкурстық өнімдер конвертін ашу және конкурстық комиссия отырысын өткізу күні: 2012

жылғы 04 маусым Конкурстық өнімдер конвертін ашу және конкурстық комиссия отырысын өткізу уақыты:

10 сағат 30 минут Конкурстық өнімдер конвертін ашу және конкурстық комиссия отырысын өткізу орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401, кабинет № 107 (Өзін өзі тану бөлмесі). Ашылуға жататын өтінім конверттеріне мемлекеттік сатып алушының хабарландыруы бойынша осы конкурстық құжаттамаға белгіленген мерзім мен тәртіпте ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері жатады.

Егер конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда ол да конкурсқа қатысу өтінімі ретінде ашылады. 25.Конверттерді ашу рәсіміне қатысушы әлеуетті өнім берушілердің өкілетті тұлғалары өздерінің қатысуын дәлелдеп,өз құжаттарын ұсынады және әлеуетті өнім берушілердің журналында өз өкілеттіктерін нақтылау үшін тіркеледі: Тіркелу орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401, кабинет № 107 (өзін өзі тану бөлмесі). Тіркелу күні: 2012 жылғы 4 маусым Тіркелу уақыты: сағат 10.00-ден 10 сағат 30 минутқа дейін

Әлеуетті өтінім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді. 27.Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

Page 7: Конкурс кужаттамасы

7

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өкілінің ,ал кей жағдайда тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды осы конкурстық құжаттамадағы мәліметтермен таныстырады: конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы; конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілер санымен; конкурстық құжаттаманың ережесімен таныстыру туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен кездесуі, әлеуетті өнім берушілердің сұрауларының болу немесе болмауы; конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілерінің болуы немесе болмауы; конкурсқа берілген мерзімде өтінім білдірген,тіркеу журналында белгіленген Әлеуетті өнім берушілер туралы; 2) конкурс комиссиясының төрағасы немесе комиссия мүшелерінен төраға белгілеген: конвертті ашып конкурсқа қатысатын өтінімдердің құжаттарымен және өтінімнің қысқаша мазмұнымен таныстырады;

3) конкурс комиссиясының хатшысы: конверттердің ашылуына сәйкес хаттаманы рәсімдейді;

өнім берушілердің өкілетті тұлғаларын конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесін алу мерзімімен таныстырады. Конверттерді ашу жөнінде конкурс комиссиясының отырысының хаттамасының әр бетіне отырысқа қатысушы конкурстық комиссия мүшелері, оның төрағасы,төраға орынбасары, және конкурстық комиссия хатшысы қол қояды. Конкурс комиссиясының отырысының хаттамасының көшірмесі, екі жұмыс күнінен кем емес мерзімде беріледі, ал қатыспағандар олардың жазбаша сұраулары бойынша, сұрау салынған күннен екі жұмыс күнінен кем емес мерзімде алады.

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті

өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу 28. Конкурстық комиссия Әлеуетті өнім берушілер арасында конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер арасында конкурстық құжаттаманың талаптарына сай және конкурсқа қатысушылар оларды құптаған өтінімдерді қарастырады.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия: 1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді

қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

Page 8: Конкурс кужаттамасы

8

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған. Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер

бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету

енгізілген жағдайда, енізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттамаға сәйкес деп таниды.

31. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімде конкурстық құжаттама талаптарға сай болмаса, егер:

1) конкурсқа қатысу өтінімінде орындалу мерзімі жеткіліксіз болса; 2) конкурсқа қатысуға арналған өтінім дұрыс рәсімделмесе,конкурстық комиссияға қажетті

мәліметтер болмаса: конкурсқа қатысу жөнінде өтінім берген тұлға; мемлекеттік тауар,жұмыс, қызмет түрлерін конкурс тәсілімен сатып алу өтінімін қамтамасыз

етудегі атаулар; өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімі және (немесе) сомасы, сол сияқты оны ұсыну

шарттары; конкурсқа қатысу жөнінде өтінімді алған тұлға; конкурсқа қатысу жөнінде өтінім пайдасына қамтамасыз етілген тұлға. Басқа негіздемелер бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес емес өтінімдер жіберілмейді. 32. Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді

(конкурсқа қатысушы болып танылмайды), егер: 1)ол және (немесе) оның қосалқы мердігерінің(бірлескен орындаушысының) біліктілік

талаптарына сәйкес болмаса; 2)Заңның 6-бабының талаптарын бұзса; 3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың тараптарына сәйкес

емес деп айқындалса. Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша

конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда: конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа

қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі; Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген

тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады. 33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия: 1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар)

конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды; 2) Заңның 17-бап 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің

проценттік мәнін қолданады: - Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген барлық өтінімдерді бағалауда және

салыстырғанда конкурстық құжаттамада айтылған Заңның 17-бап 4-тармағында көрсетілген өлшемдерді есепке алады.

Егер конкурстық комиссия конкурстың баға сұранысына әсер ететін, өлшемдерге сай құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстың баға сұранысына азайту шартын қолданбайды.

Әлеуетті өнім беруші ұсынған конкурстың баға сұранысын азайту шарты мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа енгізілу керек.

- Мемлекеттік тауар,жұмыс, қызмет түрлерін конкурс тәсілімен сатып алу конкурсына әлеуетті өнім берушінің қатысуында конкурстық комиссия осы конкурста алынған тауарларды жеткізу нарығындағы іс-тәжірибесін қарастырады.

Бұл жағдайда конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің бірінші жылдан бастап тауар,жұмыс, қызмет түрлерін сатып алу нарығындағы іс-тәжірибесін, бірақ бес пайыздан көп емес мөлшерде конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) төмендетеді.Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді. Конкурстық өтінімде шартты баға өлшемдері сомалық пайыздық әсер етуі бес пайыздан аспау керек.

Конкурстық комиссия техникалық қамтамасыз ету мен жөндеудің ең төменгі пайдалану шығынының құнын белгілейді және бұл конкурстық өтінімдегі шартты бағаны екі пайызға төмендетеді. Конкурстық өтінімде шартты баға өлшемдеріне сомалық пайыздың әсер етуі екі пайыздан аспау керек.

Page 9: Конкурс кужаттамасы

9

- Конкурстық комиссия конкурстық өтінімде шартты бағаны басқа әлеуетті өнім берушіге қарағанда санаты жоғарылау бейімге сәйкес жұмысшыларды ұсынғаны үшін конкурстық өтінімдегі шартты бағаны бес пайызға төмендетеді.

- Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу заңнамаларына сәйкес ерікті сертификаттауды растайтын құжаты болған жағдайда мұндай конкурстық өтінімдегі шартты бағаны екі пайызға төмендетеді.

- Конкурстық комиссия мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес тауар, жұмыс, қызмет түрлерін сатып алудың менеджмент жүйесін растайтын сертификаты болған жағдайда мұндай конкурстық өтінімдегі шартты бағаны үш пайызға төмендетеді.

- Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға сәйкес, жеткізілетін тауарлар мен орындалатын жұмысты қамтамасыз ете отыра, ұсынылған тауарлар мен қызметтің пайдалану сиапаттамасына кепілдік береді. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын конкурстық құжаттамада көрсетілген кепілдік мерзімі базалық мерзімнен ұзақ болған жағдайда әр жыл сайын жарты(0,5%) пайызға төмендетеді.Бұл жерде конкурстық өтінім өлшемінің әсер етуі екі пайыздан аспау керек.

- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдегі шартты бағанының бір пайызын ұсынылған тауар, жұмыс, қызмет түрлерінің маңыздылығына, техникалық және сапалық көрсеткіштеріне тағайындайды. Конкурстық өтінімде шартты баға өлшемдеріне сомалық пайыздың әсер етуі бір пайыздан аспау керек.

- Конкурстық комиссия қазақстандық деңгейде болған жағдайда конкурстық өтінімдегі шартты бағаны (0,1) пайызға төмендетеді.

Тауарда қазақстандық деңгейдің болуы СТ-КZ түріндегі тауар шығару туралы сертификатпен расталады.

Егер әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың отандық өндірушісі болса, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім беруші қазақстандық деңгейдің болғаны үшін

өтінімдегі шартты бағаны он пайызға төмендетеді. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алудағы келісімшартты орындау үшін қызметті

тікелей, сонымен қатар мердігерлік келісімшарт арқылы қазақстандық деңгейінің болуы Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекақысын төлеудің пайыздық мазмұнымен, тауарда (тауарларда) белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңделуімен немесе тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттерінің толық өндіруімен қазақстандық еңбекті төлеу және құн үлесі (үлестері) қызметінің жалпы қорымен, жұмыс, қызметті берілген конкурс (лот) бойынша сатып алу қарастырылған пайыздық мазмұнымен анықталады.

- Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушінің конкурстық өтінімдегі шартты бағаны он пайызға,отандық жұмыс ,қызмет ұсынушыға бес пайызға төмендетеді;

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құн ұсыныстарын, конкурсқа қатысуға жіберілген (конкурсқа қатысушылар) туралы хаттаманы рәсімдейді (конкурсқа қатысушылар) конкурсқа қатысу күнін,уақытын,орнын белгілейді.

34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді (электронды почтасына), сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға

ұсыныстарын ресімдеуі

35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны өшірілмейтіндей басылуы тиіс немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы тиіс және оған әлеуетті өнім беруші қол қойып мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітуі тиіс;

Page 10: Конкурс кужаттамасы

10

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс; 36. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ» КМҚК (А4 ЛИТЕРІ – ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫМ, Б ЛИТЕРІ – ШЕБЕРХАНА, Д ЛИТЕРІ – ГАРАЖ) ҒИМАРАТЫНЫҢ ТӨБЕСІН АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН» Конкурстық баға ұсынымы бар конверттерді беру уақыты, күні және орны конкурсқа қатысуға жіберу хаттамасында көрсетіледі.

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді. 7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

41. Конкурстық комиссия: 1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін

қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды (әлеуетті өнім беруші жұмысының тапсырыс технико-экономикалық негіздемеде көрсетілген бағадан (жобалық-сметалық құжаттаманы жасау үшін) және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес өткізілген мемлекеттік немесе ведомстволық сараптаудан өткен және белгіленген тәртіп бойынша, он пайыздан артық бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада төмен болған жағдайда депингтік баға болып есептеледі. Р050481);

Page 11: Конкурс кужаттамасы

11

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды. 42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру

және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

8. Конкурсқа қатысу тапсырысын қайтару 44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті тапсырыс берушінің тапсырысын келесі жағдайларда үш жұмыс күні ішінде қайтарады: 1) конкурсқа қатысу үшін тапсырыс берудің соңғы мерзімі біткенге дейін әлеуетті өнім беруші өзінің тапсырысын қайтарып алуға өтініш берген жағдайда; 2) конкурсқа қатысу жөніндегі рұқсат хаттамасына қол қою. Конкурсқа қатысушы ретінде танылған әлеуетті тапсырыс берушіге бұл ереже жүрмейді. 3) конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі қорытынды хаттамаға қол қойылғанда. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып табылған қатысушыға қатысты емес. 4) мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының конкурстық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты жүзеге асыруды қамтамасыз етуі. 5) әлеуетті тапсырыс берушінің конкурсқа қатысу үшін тапсырыс мерзімі аяқталғанда. 45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу тапсырысын қайтармайды, егер: 1) тапсырыстарды конкурсқа ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін әлеуметтік өнім беруші конкурсқа қатысу тапсырысын толықтырса және (немесе) өзгертсе; 2) конкурс қатысушысы деп танылған әлеуетті тапсырыс беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын уақытылы ұсынбаса; 3) жеңімпаз деп саналған әлеуетті тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімшарттан бас тартқан жағдайда; 4) конкурс жеңімпазы, мемлекеттік сатып алу келісімшартына отырып, конкурстық құжаттамада көрсетілген мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартты орындау мерзіміне қатысты талаптарды уақытылы орындамаса.

9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт

46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалады.

47. Тапсырыс беруші келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

48. Заңның 37-бабының 5,6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда келісімшарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

49. Келісімшарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

Page 12: Конкурс кужаттамасы

12

49-1. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен келісімшарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты жасасудан жалтарған болып саналады.

51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

1-қосымша Сатып алынатын қызметтер тізбесі

«Электротехника колледжі» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс тәсілімен

Лот №

Тапсырыс берушінің атауы

Қызмет атауы Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарты ( ИНКОТЕРМС сәйкес 2000)

Жұмыстың орындалу мерзімі

Қызмет терді көрсету орны

Аванстық төлем көлемі (%)

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сомма, теңге

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Шығыс

Қазақстан облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорыны

«Электротехника колледжі" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын(А4 литері – қосымша құрылым, Б литері –

жұмыс

1 2012 жылдың 25 маусымы нан, 2012 жылдың 25 тамызына дейін

Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы

30 13355040

(Он үш миллион үш жүз елу бес мың қырықі) теңге

Page 13: Конкурс кужаттамасы

13

шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуді

* тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің толық сипаттамасы мен мінездемесі техникалық ерекшелікте көрсетілді, Ұйымдастырушы/ мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: Директор Баль Е. Р.__________________ Күні __________________ М.О.

2 – қосымша Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі

«Электротехника колледжі» КМҚК (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуді конкурс тәсілімен мемлекеттік

сатып алу бойынша конкурс тәсілімен Ғимарат бойынша жалпы мәлімет

А4 литері – қосымша құрылым

Салынған жылы – 1971 ж; Қабырғалардың материалы - кірпіш Қабат саны – 2; Жалпы ауданы – 909,3 кв.м

Б литері – шеберхана Салынған жылы – 1971ж; Қабырғалардың материалы - кірпіш Қабат саны – 2; Жалпы ауданы – 1207,8 кв.м

Д литері – гараж Салынған жылы – 1971ж; Қабырғалардың материалы - кірпіш Қабат саны – 2; Жалпы ауданы – 189 кв.м

Сатып алынатын жұмыстың ерекшелігі № п/п

Жұмыс пен шығын атауы Өлшеу бірлігі Саны

1. Асбесцементті парақтардың жабындарын бөлу м2 1193,25 2. Брустан тармақталған орындарды бөлу м2 954,6 3. Болат тақтайлары мен брусоктардың құрылымы м2 954,6 4. Ағаш элементтерінің төбесінің құрылымы брустан стропиланы ауыстыру м 48

5. Мыс парақты карниз құрылымы м2 15,06 6. Карниз бойы кірпіштен қалау м3 1,71 7. Профильді парақтан ғимаратын жабу монтажы м2 1193,25

8. Н 35 – 1000 0Н 18 – 1000 -7 профилді мысты төсем т 0,3055 9. Профилді төсемді бекіту үшін бекітпе бөлшектері м2 11,87 10. Парақты мыстан конек құрылымы м2 1125,3 11. Кровля астынан өрттен қорғаныс м3 26,71 12. Ағаш құрылымдарының өрттен қорғанысы балка, стропила мауэрлат. шт. 2

Page 14: Конкурс кужаттамасы

14

13. Естілетін терезелердің құрылымы м2 1,28 14. Естігіш терезелер комплект 2 15. Естігіш терезелер скобты бұйымдар м 12,8 16. Естігіш терезелерге трап құрылымы м2 78

17. Тақтайшаларды ауыстыру м2 78 18. Колермен бояу, ағаш тақтайшаларды м 141 19. Кровель периламен қоршаудар м2 1315,27 20. Асбестцементті парақтардан кровля жабындарын бөлу м2 1052,22

21. Брустан тармақталу орындарды бөлу м2 1052,22 22. Тақтайшалармен брус аралықтарының тармақталу құрылымы м 48 23. Ағаш элементтерінің төбесінің құрылымы брустан стропиланы ауыстыру м2 1315,27 24. Мыс парақты карниз құрылымы м2 1454,69 25. Профильді парақтан ғимаратын жабу монтажы м2 16,75

26. Н 35 – 1000 0Н 18 – 1000 -7 профилді мысты төсем м2 1315,27 27. Профилді төсемді бекіту үшін бекітпе бөлшектері М3 23,8 28. Парақты мыстан конек құрылымы м2 15,4 29. Кровля астынан өрттен қорғаныс м2 15,4 30. Ағаш құрылымдарының өрттен қорғанысы балка, стропила мауэрлат. м 109 31. Тақтайшаларды ауыстыру м2 312,47 32. Колермен бояу, ағаш тақтайшаларды м2 249,6 33. Кровель периламен қоршаудар м2 249,6 34. Асбестцементті парақтардан кровля жабындарын бөлу м 36 35. Брустан тармақталу орындарды бөлу м2 11,16 36. Тақтайшалармен брус аралықтарының тармақталу құрылымы 37. Ағаш элементтерінің төбесінің құрылымы брустан стропиланы ауыстыру 38. Мыс парақты карниз құрылымы 39 Тақтайшалармен брус аралықтарының тармақталу құрылымы м2 312,47 40 Ағаш элементтерінің төбесінің құрылымы брустан стропиланы ауыстыру м2 345,59 41 Мыс парақты карниз құрылымы т 0,08 42 Профильді парақтан ғимаратын жабу монтажы м2 289,6 43 Н 35 – 1000 0Н 18 – 1000 -7 профилді мысты төсем м3 9.6 44 Автокөлікпен тасымалдауда кұрылыс қоқсықты тиеу т 26,6 45 Автокөлікпен жүкті тиеу – самосвалмен/карьердан тыс жұмыстеуде/, тасымалдау

қашықтығы 18 километр, 1 жүк класс т 26,6

Қажетті ақпарат сметалық құжаттамада берілді.

Сатып алынатын жұмыстардың сапалық және техникалық мінездемесі

- Барлық жабдықтарға немесе қолданылатын тауарға өндіруші зауыттың сертификаты

немесе паспорты болуы тиіс; - Сатып алынатын жұмыстың, сонымен қатар құрылыс материалы ретінде қолданылатын

сатып алынатын тауарлардың сапасының кепілдік мерзімі 3 жылдан кем болмауы (базалық кепілдік мерзім). Базалық кепілдік мерзімінің құрамына сатып алынатын тауардың сапасы, құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын тауардың пайдалану мінездемесі кіреді;

- Смета құжаттамасында тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің толық сипаты мен мінездемесі көрсетілген. Сметалық құжат техникалық ерекшеліктің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Барлық орындалатын жұмыс пен сатып алынатын материал сметалық құжатпен сәйкес болу тиіс.

- Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының құрылыс жөніндегі нормалар мен ережесіне сай болу керек.

Ұйымдастырушы/ мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: Директор Баль Е. Р.__________________ Күні __________________ М.О.

Конкурстық құжаттамаға

3- қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)

Page 15: Конкурс кужаттамасы

15

Кімге ______________________________________________________________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) Кімнен _____________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы (электронды почтасы) және байланыс телефондары

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады. 6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы

шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________ ______________________________/__________________/ ____________________________________________________________ (Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы) Толтырылған күні___________________________________ М.О.

Page 16: Конкурс кужаттамасы

16

Конкурстық құжаттамаға 4-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)

Кімге__________________________________________________________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен__________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы көрсетіледі)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекен-жайы

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (банктің немесе оның филиалының толық атауын, СТН, БСН мен мекен-жайын қоса алғанда)

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почталық мекен-жайы мен электрондық почтасының мекен-жайы (ол болған кезде)

2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді. 3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды. Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді. 4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және

Page 17: Конкурс кужаттамасы

17

өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды 5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады. 6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі). 7. . Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады. __________________________________________________________________ (Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы) Толтырылған күні_____________________________________________

Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

1.Әлеуетті өнім берушінің атауы ______________________________________________ __________________________________________________________________________ 2. Әлеуетті өнім беруші соңғы бес жыл ішінде көрсеткен қызметтердің көлемі (егер болған

жағдайда), теңгемен__________________________________________________________________________.

Объектілердің тұрған орны мен атауы

Тапсырыс берушілердің атауы мен олардың телефондарының нөмірлері

Жұмыс түрі және объектіні аяқтау жылы

Келісімшарттың құны, теңге (көрсетілмесе де болады)

3. Қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушіде мынадай жабдықтар (құрылыс

механизмдері, машиналар), қосымша растайтың құжаттардың көшірмесімен. Әлеуетті өнім беруші төмендегі кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруге тиіс:

Жабдықтардың (құрылыс механизмдердің, машиналардың) түрі

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жекеменшік, жалға алынған (кімнен), сатып алынады (кімнен)

4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот)

бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)

Page 18: Конкурс кужаттамасы

18

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі

Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры*

Р/с №

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін)

Лауазымы Азаматтығы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау уақытындағы жалақысы

1. 2. 3. Жалпы еңбекақы төлеу қоры

ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы

*толтырмауға болады. 5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы

мәліметтер. _____________________________________________________________________________________________

6. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсынымдық хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың

пікірлерін санамалау және қоса беру қажет _________________________________________________________________________. Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Қолы____________________

Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша

Банктік кепілдік

Банктің атауы:____________________________________________________ (банктің атауы мен деректемелері) Кімге:____________________________________________________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

N_________кепілдік міндеттемесі ______________________________ ____ж. "___"______________ (орналасқан жері) Біз _________________________

Page 19: Конкурс кужаттамасы

19

(әлеуетті өнім берушінің атауы) (бұдан ары «Өнім беруші») ______________________________________________ ұйымдастырған (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы) ___________________________________________________________________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және жеткізілімдерді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) __________________________________________________________________ жүзеге асыруға дайын (конкурс (лот) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі) екендігінен хабардармыз. ____ж. "___"______________ жоғарыда көрсетілген конкурстың конкурстық құжаттамаларында әлеуеттік өнім берушінің конкурстық тапсырысты банктік кепілдеме түрінде қамтамасыз етуді енгізуі көзделген. Осыған байланысты біз ________________________ Сіздің ақы төлеу жөніндегі жазбаша талабыңыз (банк атауы) бойынша Сіз талап еткен ________________ тең соманы Сізге қайтарымсыз төлеу міндеттемесін өзімізге (сомасы цифрмен және жазумен) аламыз және сондай-ақ Өнім беруші: конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алғандығын немесе өзгерткендігін; конкурстың қатусышы бола тұрып белгіленген мерзімге дейін өзінің конкурстық бағалық ұсыныстарын кері қайтарып немесе ұсынбағандығын; конкурстың белгіленген жеңімпазы бола тұра мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағандығын; мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасағаннан кейін конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегендігін жазбаша растауды алғаннан кейін ________________________________ (сомасы цифрмен және жазумен) тең соманы төлеуге қайтарымсыз міндеттемені өзімізге аламыз. Аталған міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.

Аталған кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін орындамасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Аталған кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

Конкурстық құжаттамаға 7-қосымша

Берешегі жоқтығы туралы анықтама

Банк (атауы_________________) _______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі №275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің

Page 20: Конкурс кужаттамасы

20

шот жоспарына сәйкес осы анықтама берілгенге дейін банк алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).

Күні Ќолы M.О.

Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша

Конкурста сатып алу мәні болып табылатын, жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ

әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері

(конкурстың толық атауын көрсету қажет)

Р/с №

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) - Т.А.Ә.

Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) салық төлеушісінің тіркеу нөмірі, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетіле- тін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі

Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша барлығы

теңге көлемінің %

Осы қосалқы мердігер (қосаорындаушы) бойынша барлығы теңге көлемінің %

Барлық қосалқы мердігерлер (қосаорындаушылар) бойынша жиыны

теңге көлемінің %

Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім

берушінің қосалқы мердігері(лері) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына) қатысты

Page 21: Конкурс кужаттамасы

21

бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігер (қоса орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә.

Қолы

Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен

қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс. Конкурстық құжаттамаға 9-қосымша

Әлеуетті өнім беруші бағаларының кестесі (әлеуетті өнім берушінің атауы әр лотқа жеке толтырылады) № Мазмұны Тауарлар, жұмыстар,

қызметтер атауы

1. Қысқаша сипаты 2. Шығарылған елі (жұмыстарды сатып алу кезінде алынып

тасталады)

3. Өлшем бірлігі 4. Баға_______бірлікке___________

ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _________ (белгіленген пункті)

5. Саны (көлемі) 6. Барлық бағасы =__________

б. 5 х б. 6,

7. Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар

Әлеуетті өнім беруші басқа шығыстарды да көрсетуге құқылы, оның ішінде: жеңілдіктер берілетін жағдайда, оның көлемі

Page 22: Конкурс кужаттамасы

22

Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз

__________________________________________________________________ (егер олар болса) __________________________________________________________________ (төлемнің балама шарттары көрсетіледі) немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ ______________) бұл ретте________________мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз __________________________________________________________________ (ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет) ________________________ _______________________

(Қолы) (лауазымы, тегі)

М.О. Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл

ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.»

«Электротехника колледжі" КМҚК(А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс тәсілімен ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі ЖҰМЫСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША № __КЕЛІСІМШАРТ Мерізімі: « » маусым 2012 жыл. Орналасқан жері: Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің білім басқармасы «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, ары қарай – Тапсырыс беруші, тарапынан жарғы негізінде әрекет істейтін директоры Баль Евгений Робертович бір тараптан __________ , ары қарай - Өнім беруші атынан, жарғы негізінде әрекет істейтін директоры ________________ екінші тараптан «Мемлекеттік сатып алулар туралы» (ары қарай - Заң) Заңның және 2012 жылдың ____ маусымынан конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар қорытындысының, сондай-ақ Заңның 28-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы Келісімшартқа (ары қарай - Келісімшарт) отырды және төмендегідей келісімге келді: 1. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы - Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің білім басқармасы «Электротехника колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын ғимараты төбесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «Электротехника колледжі" КМҚК(А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) мемлекеттік сатып алуға конкурс жариялады және Мердігердің (____)___________теңге (ары қарай – Келісімшарт бағасы) сомасындағы осы жұмыстарды атқаруы үшін конкурстық тапсырысын қабылдады. 2. Жұмыстар Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401 мекенжайы бойынша орналасқан, «Электротехника колледжі" КМҚК(А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу» смета бойынша орындалады Сметаны құрастыру бойынша орындаушы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «Азимут»ЖШС . 3. Осы келісімшартта көрсетілген ұғымдардың түсініктері төмендегідей: 1) «Тапсырыс беруші» - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беруші акциялардың (үлестің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, және оларға үлестес заңды тұлғалар;

Page 23: Конкурс кужаттамасы

23

2) «Бас мердігер» (ары қарай - Мердігер) – мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісімшартта Тапсырыс берушінің контрагенті, сондай-ақ консорциум (сатып алуларды жүзеге асыру Ережелерінде қарастырылған жағдайда) болып табылады. 3) «Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы)» - объектіде жұмыс істейтін Келісімшарт бойынша жұмыс бөлігін орындау үшін Мердігермен келісімге және (немесе) келісімшартқа отырған тұлға немесе мекеме. 4) «Техбақылау» - Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге Келісімшарт шарттарына сәйкес Мердігердің мердігерлік жұмыстарды атқаруын бақылайтын тұлға; 5) «Объект» - Келісімшартта қарастырылғандай Мердігердің Тапсырыс берушіге беретін және жөндеуге, құрылысқа жататын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы анықтайтын ғимарат, құрылыс. 6) «Учаске» - жұмыс жүргізілетін немесе Объект құрылысы үшін арналған территория, аумақ. 7) «Келісімшарт бағасы» - Тапсырыс беруші қабылдаған және Мердігер өзінің конкурстық тапсырысында көрсеткен Келісімшарттың жалпы сомасы. 8) «Келісімшарт» - Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ғимарат құрылысына және жөндеу-құрылыс жұмыстарына қатысты Мердігер мен Тапсырыс беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық акт. Қол қойылғаннан кейін Келісімшарттағы барлық өзгертулер мен толықтырулар өзгерту енгізу арқылы қабылданады. Келісімшарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен қосалқы мердігерлер арасында қандайда бір келісімшарттық қатынастар жасайтындай түсіндірілмеуі керек; 9) «Уақытша құрылыстар» Мердігер салатын, орнататын және объект салынып болғаннан кейін алып тастайтын Объектінінің жөндеу жұмыстары және құрылысы үшін қажет барлық ғимараттар мен құрылыстар; 10) «Материалдар» - Мердігер мен қосалқы мердігер Объектіні салуға қолданатын барлық шығын материалдары; 11) «Құрал-жабдықтар» - Объектіні құрылысы үшін уақытша учаскеде табылатын Мердігер мен қосалқы мердігердің барлық машиналары мен механизмдері; 12) «Құрылыс мерзімінің ұзақтығы» - Мердігер Объект құрылысын аяқтауы тиіс мерзім; 13) «Күндер» - күнтізбелік күндер, «айлар» - күнтізбелік айлар; 14) «Өзгертулер» - Тапсырыс беруші Келісімшартқа қол қойғаннан кейін енгізілген өзгертулер; 15) «Ақау» - Келісімшарт шарттары бұзылғандықтан туындаған жұмыс бөлігі. 16) «Бітпеген жұмыстар мен ақауларды жою мерзімі» - атқарылған жұмыстарды тексеру кезінде анықталған бітпеген жұмыстар мен ақауларды жою мерзімі. 4. Төмендегі құжаттар мен оларда қарастырылған шарттар осы Келісімшартты құрайды және оның бөлінбес бөлігі болып табылады. Олар: 1) Осы Келісімшарт; 2) келісімшарт пәні: «Электротехника колледжі» КМҚК (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу» сметасы бойынша Мердігердің жұмыстарды жүзеге асыруы; 3) сатып алынатын жұмыстардың тізімі (конкурстық құжаттамаға №1 қосымша); 4) техникалық спецификациясы;(конкурстық құжаттамаға №2 қосымша); 5) келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамаға №11 қосымша). 6) смета құжаттамасы: Құжат: Смета құжаттамасы; Атауы: «Электротехника колледжі" КМҚК (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу». 5. Өнім беруші Келісімшарт жасалғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде Келісімшарт сомасының 3% кем емес сома көлемінде Келісімшарттың жүзеге асуын қамтамасыз ету керек. Өнім беруші Келісімшарттың жүзеге асуын қамтамасыз етудің келесі түрлерінің біреуін таңдап алуға құқылы: 1) Тапсырыс берушінің банктік шотына немесе мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған шотқа аударылатын кепілдікті ақша жарнасы; 2) банктік кепілдеме. 6. Өнім берушінің үшінші тараптардың Келісімшарт бойынша міндеттерді толық орындағанға дейін аударылған кепілдікті ақша жарнасына толық немесе жартылай талап құқығы туындауына алып келетін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.

Page 24: Конкурс кужаттамасы

24

7. Бір қаржылық жылдан көп мерзімге жасалған мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт мемлекеттік сараптаудан өткен жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылған, келесі (кейінгі) қаржылық жылда (жылдарда) аяқталатын жұмыстар алынған жағдайда мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар арасында жедел басқару құқығында жасала алады. Жоғарыда қарастырылған жағдайларда бір қаржылық жылдан көп мерзімге жасалған Мемлекеттік сатып алулар туралы бұндай келісімшарттар жасау тек конкурс негізінде, мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша анықталған өнім берушілермен жасалады. Конкурс нәтижесі бойынша жасалатын мемлекеттік сатып алулар туралы Келісімшарт көрсетілген және шартты баға арасындағы айырмашылықтан туындаған кірісті пайдалану туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алулар бойынша уәкілетті органға ұсыну туралы өнім берушінің келісім беру шарттарынан тұруы тиіс. Шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беруші акциялардың (үлестің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, және олармен үлестес заңды тұлғалар аталған тұлғалардың жоғары органы немесе басқару органы бекіткен, даму жоспарында (бизнес жоспарда) белгіленген, келесі (кейінгі) қаржылық жылда (жылдарда) аяқталатын іс-шаралар үшін қажет жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша ұзақмерзімді келісімшартты жасай алады. 8. Мердігер осы Келісімшартта және смета құжаттамасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыруға міндетті. 8-1. Отандық жұмыс өнімін берушілермен жасалған мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартта жұмыстарды жүзеге асыруда алдын ала төлем және толық төлем шарттарынан тұрады, және толық төлем шарттары осы келісімшарт бойынша міндеттерді орындау күнінен отыз күнтізбелік күннен аспайды. 9. Мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт Қазақстан Республикасының бейрезидентімен Жасалған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын ескере отырып, олар ұсынған түрде мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартты ресімдеуге жол беріледі. 10. Келісімшарт орыс тілінде жасалады. Келісімшартты арбитражда қарастыру қажеті туындаған жағдайда Келісімшарттың орыс тіліндегі данасы қарастырылады. Келісімшартқа қатысты барлық қатынас хаттар мен басқа құжаттар осы шарттарға сәйкес келуі керек. 11. Мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартта мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартқа өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылуы керек. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапа мен басқа шарттарды өзгертпеу шартымен қол қойылған келісімшартқа келесі өзгерістерді енгізуге жол беріледі: 1) егер мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жүзеге асырылған мерзім ішінде ұқсас сатып алынатын жұмыс түрлерінің бағалары азайған болса, тараптардың өзара келісімімен жұмыс бағасын, тиесінше, келісімшарт бағасын азайту бөліміне енгізуге жол беріледі; 2) егер мемлекеттік сараптаудан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа заңнамасында анықталған тәртіпке сәйкес сондай сома көлемінде қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданып, өзгерту енгізілсе, қосымша ақша келісімшарт сомасын көбейту бөліміне енгізуге жол беріледі; 3) осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаның өзгеріссіз қалу шартымен осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген жұмыстардан басқа тартылатын жұмыстардың көлемінің көбеюі немесе азаюына байланысты келісімшарт бағасын көбейту немесе азайту бөліміне енгізуге жол беріледі. Жасалған мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты осылай өзгерту аталмыш жұмыстарды алу үшін мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарында қарастырылған сома шегінде мүмкін. 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты материалдық ресурстар мен еңбек құнын немесе салық, кеден және басқа салалардағы заңнама өзгерістерінен туындаған, сондай-ақ мемлекеттік сараптаудан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға тиесілі өзгертулер енгізу шартымен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда келесі (кейінгі) жылы (жылдары) мерзімі бітетін жұмыстарды жүзеге асырудағы келісімшарт сомасын көбейту немесе азайту бөліміне өзгерту енгізуге жол беріледі; Жоба немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартқа Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында қарастырылмаған негіз бойынша, өнім берушіні таңдауға негіз

Page 25: Конкурс кужаттамасы

25

болған өткізілген мемлекеттік сатып алулардың мазмұнын және ұсынысын өзгертетін өзгерту енгізуге жол берілмейді. 12. Объект құрылысының сұрақтарына қатысты Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы ресми қатынас тек жазбаша түрде күшіне ие. 13. Мердігер жалпы жұмыс көлемінің 2/3 көлемінен аспайтын жұмыс көлеміне қосалқы мердігер ұйымдармен келісімшарт жасай алады, және Келісімшартты үшінші тарапқа Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігер мен Тапсырыс беруші арасындағы Келісімшарт шарттарын өзгертпейді. 14. Учаскеде қосалқы мердігерлер болған жағдайда Мердігер өзінің жұмысын онымен үйлестіруі керек. 15. Тапсырыс беруші Мердігерге объектіні жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттамасын береді. 16. Мердігер тұтқалы орындарға біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген жұмысшыларды тағайындайды. Егер Мердігер бұл адамдарды өзгерткен жағдайда Тапсырыс берушінің келісімін алуы қажет. Жаңа жұмысшылардың біліктілігі біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілгендей немесе одан жоғары болуы керек. Мердігердің жұмысшылары еңбек техникасының қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаулары керек. Жұмыс уақыты – сағат 09.00-ден сағат 17.45-ке дейін. 17. Егер Тапсырыс беруші Мердігерден себептерін көрсете отырып, Мердігердің немесе қосалқы мердігердің жұмысшысын Объектідегі жұмыстан шеттетуді сұраса, Мердігер 72 сағат ішінде ол жұмысшыны құрылыс объектісінен шеттетуі тиіс және бұл тұлға осы Келісімшарт бойынша атқарылатын жұмыстарға еш қатысы болмауы керек. 18. Мердігер Келісімшарт жүзеге асу барысында туындайтын Тапсырыс берушінің мүлкіне келтірілген барлық қауіп пен шығындарға, өз жұмысшыларының денсаулығы мен мүлкіне, сондай-ақ өз жұмысшыларының қазасына жауап береді. 19. Тапсырыс беруші қауіптің/тәуекелдің/ ерекше түрлері үшін, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, төңкеріс, азаматтық соғыс, толқу, жаппай тәртіпсіздіктер қаупіне жауапты (егер ұйымдастырушылар мен қатысушылар Тапсырыс берушінің жұмысшылары болса). Конкурс құжаттамасында көрсетілмеген топырақтың зиянды, жарылғыш заттармен улануы және бұл жұмысты жүзеге асыруға тікелей әсер ететін болса, бұл Тапсырыс беруші тарапынан туындаған қауіп ретінде танылады. 20. Мердігер жұмыстар басталған мерзімнен аяқталған мерзімге дейін, ақауларды жою уақытын қоса ала отырып, Тапсырыс берушінің атына сақтандыру өтелімін қамтамасыз етеді. 21. Сақтандыру полистері мен сертификаттарын Мердігер Тапсырыс берушіге жұмыс басталған Мерзімге дейін бекітуге беруі керек. 22. Егер Мердігер талап етілетін сертификаттарды ұсына алмаса, Тапсырыс беруші Мердігер көрсетуі тиіс сақтандыруды жүзеге асырып, оның шығындарын Келісімшарт құнынан ұстап қалуы керек. 23. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандырудың ешбір шарттарын өзгерте алмайды. 24. Екі тарап та сақтандыру полистерінің барлық шарттарын сақтаулары керек. 25. Әр тарап олардың ортақ істерінің және қателіктерінің салдары болып табылатын, келтірілген шығындар, залалдар мен залалдар бойынша шағымдар, адамдардың денсаулығына келтірілген зиян мен өліміне жауапты болып табылады, екінші тарапқа оны өтейді. 26. Мердігер Объектідегі жұмыс барысының қауіпсіздік техникасына толықтай жауап береді. 27. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектінің құрылысына берілген барлық учаскені пайдалануға рұқсат береді. Егер құрылысқа берілген учаске бөлігі Учаске тапсырылатын мерзімде тапсырылмаса, сол себепті жұмыс барысы тежеуілдесе, бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстың аяқталу мерзімін осы учаскені тапсыру тежелген уақытқа ұзарту керек. 28. Тапсырыс беруші және оның уәкілетті өкілі, сондай-ақ сметалық құжаттарды дайындаушылар әрқашан Келісімшарт бойынша жұмыстар жүзеге асатын Учаскеге немесе басқа жерлерге баруға құқылы. 29. Тапсырыс беруші мен Мердігер Келісімшарт бойынша немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер барысында шешуге барлық күштерін салулары керек. 30. Егер осындай бейресми келіссөздер 21 (жиырма бір күннен) күннен асып кетсе, Тапсырыс беруші мен Мердігер Келісімшарт бойынша дауды бейбіт жолмен шеше алмаса, кез келген тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді сұрауға құқылы.

Page 26: Конкурс кужаттамасы

26

31. Егер Мердігер келісімшарт құжаттамасының талаптары бұзылып орындалған жұмыстарды түзету бойынша өз міндеттерін орындамайтын болса, сондай-ақ Мердігер сметалық құжатқа сәйкес жұмысты аяқтай алмайтын жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге тоқтату себептері жойылмайынша, жұмыстарды толық немесе жартыдай тоқтату туралы жазбаша ұйғарым бере алады. 32. Егер Мердігер жұмысты жөндей алмаса немесе жөндегісі келмесе (оны сметалық құжатқа сәйкестендіргісі келмесе), Тапсырыс берушіден жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жауап бермесе, Тапсырыс беруші жеті күндік мерзім өткеннен кейін өз талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігердің келесі жеті күндік мерзім ішінде Ақауларды жөндеуге мүмкіндігі болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқа әсер ету әдістерін пайдалану құқығын қолдана отырып, бұл жұмысты өз күшімен атқара алады. Осындай жағдайларда өзгертулер туралы бұйрық негізінде Мердігерге төленетін сомадан осы Ақауларды түзетуге кететін сома мөлшері, Тапсырыс берушінің қосымша шығындарға кеткен өтемақысы алынып тасталады. Егер Мердігерге төленетін сома осы шығындарды өтеуге жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс берушіге айырманы өз есебінен төлеуі тиіс. 33. Осы Келісімшарт жасалғаннан кейін Мердігер 10 күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысы бойынша жұмыс мерзімі мен тәртібі көрсетілген еңбек өндірісінің кестесін, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан төлем төлеу кестесін оның конкурстық тапсырысына сай бекітуге береді. 34. Тапсырыс беруші өзі ұсынған, егер форс-мажор жағдайлар және ауытқулар қосымша уақытты қажет етсе, сондай-ақ егер жұмыстар атқарылған кезде қосымша еңбек шығындарын қажет ететін, жасырын Ақаулар анықталған жағдайда атқарылатын жұмыс мерзімін ұзартады. Бұл жағдайда Мердігер Тапсырыс берушіге азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіпке сәйкес жазбаша хабарлауы тиіс. 35. Мердігер барлық бар білімі мен мүмкіндіктерін қолдана отырып, жұмысын бағыттауы және бақылауы тиіс. Мердігер атқарылатын жұмыстардың сапасына, бірізділігіне, техникасы, әдістері мен құралдарына, сондай-ақ Келісімшарт бойынша барлық жұмысты үйлестіруге бақылау жасайды және жауап береді. 36. Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз жұмысшыларының, қосалқы мердігерлердің, қосалқы мердігерлердің сенімді тұлғалары мен жұмысшыларының, сондай-ақ Келісімшарт аясында Мердігермен жасалған келісімшарт негізінде жұмыс бөлігін жүзеге асырған басқа да тұлғалардың жіберген қателіктері мен әрекеттеріне жауап береді. 37. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ өткізе алады. Егер тексерістен кейін тексерілген жұмыс немесе құрылыс ақаулы болып табылса, Мердігер жұмыс Ақауын жөндейді және (немесе) құрылысты ауыстырады. 38. Тапсырыс беруші Мердігерді анықталған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды жөндеу мерзімін көрсете отырып жазбаша таныстырады. 39. Ақаулар туралы ескерту хат алғаннан кейін Мердігер Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт ішінде Ақауды жоюы керек. 40. Төлем түрі: ақша қаражатын Мердігердің есеп шотына аудару. 41. Төлемдердің түрлері мен мерзімдері: «Электротехника колледжі" КМҚК (А4 литері – қосымша құрылым, Б литері – шеберхана, Д литері – гараж) ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу» Тапсырыс беруші жұмыстарын бастауға дейін кем дегенде бір күнтізбелік күн қалған мерзімде Мердігерге - __________________ сома көлемінде аванстық төлем төлейді, _________________ сомасындағы соңғы төлемді Тапсырыс беруші атқарылған жұмыстар актісіне қол қойылғаннан соң отыз күн ішінде жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші соңғы төлемнің алдындағы ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру құқығын өзіне қалдырады. 42. Соңғы төлемнің алдындағы қажет құжаттар: шот-фактура, атқарылған жұмыстар актісі, жұмыс комиссиясының актісі, жұмыс комиссиясының актісі мен ҚР Заңнамасында қарастырылған басқа құжаттар. 43. Тапсырыс беруші Мердігерге_____________ теңге сомасындағы аванстық төлемді (алдын ала төлемді) жүзеге асырады. Мердігер төленген авансты тек осы Келісімшарттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажет материалдарды, еңбекақы, құрал-жабдықтарды төлеу үшін пайдалану керек. 44. Тапсырыс беруші аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда, атқарылған жұмыстар көлеміне пропорционал мөлшерде ай сайынғы төлемдер аванстық төлемдер сомасынан алынып тасталып түзетіледі.

Page 27: Конкурс кужаттамасы

27

45. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге оған тиесілі соманы Келісімшартта көрсетілген мерзімде төлемесе, бұл жағдайда ол Мердігерге әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1% көлемінде кешіктірілген төлемнің тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздығы айыбы келесі төлеммен бірге төленеді. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем төленуі керек күннен есептеледі де, соңғы төлем төленген күні аяқталады. 46. Келесі жағдайлар жұмыс уақытын ұзартуға немесе Мердігерге ақшалай өтемақы беруге әкеледі: 1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскесін пайдалануға рұқсат бермейді, бұл өз кезегінде жұмыстарды орындауды тежейді. Бұл ретте Тапсырыс беруші осы Келісімшарт бойынша атқарылатын жұмыс мерзімін ұзартуға міндетті; 2) Тапсырыс беруші Мердігерге Келісімшартта жоспарланбаған сынақты өткізу үшін жұмыстарды тоқтату туралы нұсқау береді. Егер бұл сынақтар қандай да бір Ақауды анықтамаса, жұмыстардың тоқтатылу мерзімі келісімшартта көрсетілген жұмыстарды атқару мерзіміне қосылады; 3) аванстық төлем кешіктіріледі; 4) Объектіде бірнеше мердігер болған жағдайда Тапсырыс берушінің басқа мердігерлер үшін жасаған жұмыс кестесі осы Келісімшарт бойынша Мердігер жұмысының орындалуына кері әсер етеді. Өтемақы сомасы Мердігермен келісіледі. 47. Қаржылай өтемақы Мердігерге барлық жұмыстар аяқталып, Ақаулар мен аяқталмаған жұмыстар қатары жойылғаннан кейін ғана төленеді. 48. Тапсырыс беруші Мердігерге келісімшарт бойынша келіп түсетін материалдар мен құрал-жабдықтар техникалық ерекшеліктер мен сметалық құжаттамаға сәйкес келетіндігі, жұмыстың, оның сапасын смета құжаттамасына сай келмейтіндей төмендететін, ақауларсыз орындалатыны жөнінде кепілдеме береді. Бұл талаптарға сай келмейтін, сонымен қатар негіздемесіз және санкцияланбаған өзгерістер ақаулы болып табылады. Мердігер беретін кепілге Мердігер (Қосалқы мердігер) тарапынан жіберілмеген модификация, пайдалану ережелері бұзылса, мазмұнындағы қателік пен техникалық қызмет көрсетуі жеткіліксіздігінен, сондай-ақ дұрыс пайдалану жағдайында құрал-жабдықтардың істен шығуы мен бұзылуы себебінен ақауды түзету немесе залалды орнын толтыру кірмейді. Тапсырыс берушінің талабы бойынша Мердігер материалдар сапасы мен құрал-жабдықтың техникалық ерекшеліктерінің жұмыс жоспары мен сметалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды ұсынуы керек. Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалану мерзімі __ (_______) жылға кепіл береді. 49. Егер қандай да бір тарап жағынан Келісімшартта қарастырылған түбегейлі шарттарды жоятындай қателік жіберілсе, Тапсырыс беруші мен Мердігер Келісімшартты Келісімшартта көрсетілген мерзімге дейін-ақ бұза алады. 50. Келісімшарт шарттарының айтарлықтай бұзылуына келесі жағдайлар кіреді, бірақ аталған жағдайлармен ғана шектелмейді: 1) Тапсырыс беруші егер Мердігер жұмыстарды орындау кестесінің мерзімін бірнеше мәрте бұзған болса; 2) Мердігер жұмыстарды 3 күнтізбелік күн мерзіміне тоқтатса, жұмысты тоқтату Тапсырыс берушімен санкцияланбаса; 3) Мердігер Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды Тапсырыс беруші анықтаған уақыт мерзімі ішінде жоймаған болса; 4) Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыс барысын тоқтату туралы нұсқау берсе, бұл нұсқау 1 (бір) жұмыс күні бойы өзгертілмесе, қайтарылмаса; 5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер банкрот болса немесе қайта құрылу немесе біріктірілуден басқа қандай да бір себептер бойынша таратылса; 6) Тапсырыс беруші Мердігерге Тапсырыс берушінің Техбақылауы растаған соманы сома расталған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төлемесе; 7) Мердігер жұмыс өндірісінің ережелерін, келісімшарт құжаттамасы мен жобалық құжаттамада көрсетілген нұсқаулықтар мен тәртіптерді ескермесе; 51. Егер Келісімшарт Мердігердің шарттарды бұзуы салдарынан бұзылса, Тапсырыс беруші жаңа Мердігер таңдауға кететін аванс және шығындарды шегеріп тастап, Мердігерге нақты атқарылған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің Келісімшарттың бұзылуына байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып

Page 28: Конкурс кужаттамасы

28

кетсе, айырмашылық Тапсырыс берушіге төленетін қарыз болып табылады. 52. Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Келісімшартты бұза алады. Хабарламада Келісімшартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Келісімшарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс. 53. Бұл жағдайларда барлық атқарылған жұмыстар, алынған материалдар, Объектіден механизмдер мен машиналарды шығаруға кеткен шығын және Объектіні консервациялау құны үшін төлем төлейді. 54. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Келісімшарт жойылған кезде, Мердігер Келісімшарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. 55. Келесі жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы Келісімшарт кез келген кезеңде бұзылады :

1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулерді бұзса; 2) Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы Өнім берушіге Заңда қарастырылмаған

қолғабыс етсе; Келісімшарт бұзылған жағдайда, Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етіп, Тапсырыс берушіге белгіленген тәртіп бойынша тапсыруға тиіс. 56. Объектідегі барлық жабдық және уақытша қойылған қосалқы құрылыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары Мердігердің Келісімшарт шарттарын айтарлықтай бұзуына байланысты Келісімшарт бұзылған жағдайда, Келісімшарт бұзылуына байланысты туындаған қаржылық дау шешілгенше, Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады. 57. Егер дүлей апат, соғыс қимылдар немесе басқа да Тапсырыс беруші мен Мердігердің бақылауына жатпайтын форс-мажор жағдайлар Келісімшартың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Келісімшарттың кідіртуін куәландырады. Мердігер Келісімшарттың кідіртуі туралы ескертілгеннен кейін, қысқа мерзімде жұмысты тоқтатады және Объектіні консервациялайды. Тапсырыс беруші Мердігерге Объект тоқтатылған мерзімге дейінгі орындалған барлық жұмыс көлемі және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді. 58. Мердігер орындалған жұмыстарды, құрылыс материалдарды, барлық жабдықты жауын-шашын, аяз, өрт, су тасқыны, ұрлық т.б. себептерге байланысты келетін залалдан, сынудан, бүлінуден, қорғауға міндетті. Өз жұмысын атқарған кезде, Мердігер жоба бойынша атқарылатын басқа жұмыстарды және Тапсырыс берушінің мүлкін, басқа құрылыстарды, жолдар, ғимараттар, материал қоймалары мен жылжымалы және жылжмайтын мүліктің басқа түрлерін қоса алғанда (осымен ғана шектелмейді), зақымданудан немесе басқа жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Мердігердің жоғарыда айтылғандарға байланысты шығындарын Тапсырыс беруші өтемейді. 59. Тапсырыс беруші Мердігердің жұмысына келген қандай болса да залал үшін жоғарыда айтылған себептермен жұмыс толығымен аяқталғанынша және тапсырылғанынша жауап бермейді. Мердігер жоғарыда айтылғанға сәйкес қандай да бір залалды, зиянды және басқа ақауларды қосымша қаржыландырусыз өтейді. 60. Барлық материалдар мен жабдықты Объектіге жеткізуді ұйымдастыру, тасымалдау, түсіру және сақтау үшін Мердігер жауапты. Жеткізілім тек Мердігер атына жасалады. Тапсырыс беруші ешбір жағдайда жеткізілім шығындары, көлік құралдарын жөндеу,сақтау және тұрып қалғандығы үшін төлем төлемейді. Ешбір жеткізілім Тапсырыс берушінің атына жіберілмеуі керек. 61. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен құрал-жабдықтарды алу кестесін ұсынуы тиіс. Тапсырыс беруші санкциялаған учаскелер ғана сақтау, төсеу және штабельдеу жұмыстарына пайдаланыла алады. Егер Мердігер өз материалдарын және құрал-жабдықтарды түсіру мен сақтауды кешіктірсе, бұл жұмыстың орындалуына тікелей әсер ететін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің құрал-жабдығы мен материалдарын түсіру мен сақтауды (Мердігер есебінен) жүзеге асыруына болады (бұлай істеуге міндетті емес). Бұл жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстың басталу күні мен уақытын көрсете отырып, кем дегенде бір жұмыс күні бұрын хабарлауы керек. Егер осындай түсіру мен сақтауды Тапсырыс беруші жасаса, келтірілген зиян мен залалға байланысты барлық қауіп үшін Мердігер жауапты. 62. Тапсырыс беруші жеткізетін материалдар мен құрал-жабдықтар Тапсырыс беруші және Мердігермен тексеріледі. Құрылыс алаңына түсіруге Мердігер жауапты. Осындай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуы тиіс. Материалдар мен құрал-жабдыққа қатысты кез келген залал мен жеткіліксіздік қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты көрсетілуі тиіс. Осындай материалдар мен құрал-жабдықтарды қабылдағаннан

Page 29: Конкурс кужаттамасы

29

кейін Мердігер материалдар мен құрал-жабдықтарды жөндеу, сақтауға толықтай жауапты болып табылады, және оларды жоғалтқан немесе зақымдаған жағдайда жауапкершілікке ие. Мердігер жұмысын аяқтағаннан кейін қалған материалдар мен құрал-жабдықтардың кез келген қалдығы Тапсырыс берушіге қайтарылуы тиіс. 63. Егер Келісімшартта Тапсырыс берушінің материалдар немесе құрал-жабдықтарды жеткізуі қарастырылса, Мердігер Тапсырыс берушіні жеткізу мерзімінің уақыты туралы күні бұрын хабардар етуі тиіс. Бұл мерзім Мердігердің жұмыс кестесінде қарастырылу тиіс. 64. Егер Келісімшартқа сәйкес Тапсырыс беруші Келісімшартта қарастырылған жұмыстарды атқару үшін негізделген мөлшерде электр және сумен қамтамасыз етуі қажет болса, Мердігер электр және суды Тапсырыс беруші анықтаған қосылу көздерінен алуға жауапты болып табылады. Бұл қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыс ұзақтығының мерзімін өзгертуге негіздеме болып табылады. 65. Мердігер Учаске территориясының тазалығына жауапты. Мердігер барлық құрылыс қоқысын шығаруға және Учаскені жедел жинастырып отыруы керек. 66. Егер Мердігер Учаскені, Келісімшартта көрсетілгендей, таза күйінде ұстай алмаса, Тапсырыс беруші бұл жұмыстың шығындарын Мердігердің есебінен алып жүзеге асыра алады. 67. Келісімшартта қарастырылғандай Мердігер барлық жұмысты аяқтаған соң, тапсырыс берушіге жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн ішінде Келісімшарт негізінде жұмыстың аяқталуын бағалау үшін комиссия тағайындайды. 68.Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі. 69. Жұмыстың аяқталу күні жұмыс комиссиясының Акт күні болып есептеледі. 70 .Жұмыс комиссиясы аяқталмаған жұмыстағы кемшіліктерді жою тізімдемесін жасайды. Кемшіліктерді жою күні Келісімшарттың аяқталған күні болып табылады.. Барлық бітпеген жұмыстарды жою фактілері объектінің пайдалануға қабылдануға берілген Актімен анықталады. (Жұмыс комиссиясының Акті). 71. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды. 72. Жұмыстың басталу мерзімі – 2012 жылдың 25 маусымы. 73. Мердігер барлық жұмыс түрлерін Келісімшартта көрсетілгендей 2012 жылдың 31 маусымынан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті. 73-1 .Өнім беруші (Мердігер) конкурстық өтінімге сәйкес қазақстандық өніммен қамтамасыз етуге міндетті (ол бар болған жағдайда). 74. Тапсырыс беруші Мердігерге осы Келісімшартта көрсетілген төлемақыны төлеуге міндетті. 75. Ай сайын тапсырыс беруші мердігердің орындаған жұмысынан 5 % құнын ұстап қалып, оны аяқталмаған жұмыстар мен ақаулықтардың тізімін жойған соң төлейді. (Әрі қарай – толық төлем) 76. Келісімшарт бойынша толық төлем Мердігер Ақаулықтарды жою бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін, Келісімшарт бойынша Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында жүзеге асырылады. 77. Осы Келісімшартта Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы шарттарға сәйкес немесе Қазақстан Республикасы заңына қайшы келмейтін айыппұлдың басқа түрлері де, өзге шарттар да қарастырыла алады. 78.Конкурстық құжаттамаларда қарастырылғандай, Мердігер Келісімшарттың орындалуының түрін,көлемін қамтамасыз етуге міндетті. 79. Осы Келісімшарт Мердігер Келісімшарттың орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда күшіне енеді. 80.Тараптардың мекенжайы мен деректемелері: Тапсырыс беруші Мердігер Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Электротехника колледжі" Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын, Н. Морозов көшесі, 141, Семей қаласы,

Page 30: Конкурс кужаттамасы

30

Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы, 071401 СТН: 511700026746 БИН 990340005095, ИИК KZ15319ТО10000402333, БИК АВKZKZKХ Баль Е. Р. _________________

Конкурстық құжаттамаға 11-қосымша

Банктік кепілдік

(мемлекеттік сатып алулар бойынша келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету формасы)

Банктің атауы:____________________________________________________ (банктің атауы мен деректемелері) Кімге:____________________________________________________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

N_________кепілдік міндеттеме ______________________________ ____ж. "___"______________ (орналасқан жері) "Өнім беруші"_______________________ _________________________ ұйымдастырған (әлеуетті өнім берушінің атауы) (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы) ___________________________________________________________________________________ (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығы туралы _____ж. «_____» _________ № келісімшарт жасады (бұдан ары- Келісімшарт) және Келісімшартта қарастырылғандай «Өнім беруші» жалпы сомасы_________ теңге мемлекеттік сатып алулар бойынша келісімшарттың орындалуын қамтамасыз етуге банк кепілдігін ________________________ аталған Келісімшарттың кепілгері болып табылып, Осыған байланысты біз_______________________ Сіздің ақы төлеу жөніндегі жазбаша (банк атауы) талабыңызды алғаннан кейін Сіз талап еткен ________________ теңге соманы Сізге қайтарымсыз төлеу, (сомасы цифрмен және жазумен) сондай-ақ Өнім берушінің өз міндеттерін Келісімшартқа сәйкес талапқа сай орындағаны немесе орындамағандығы жайында жазбаша түрде растауды өз міндеттемемізге аламыз.

Аталған кепілдік міндеттеме қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Келісімшарт бойынша міндеттемелерін толығымен орындаған уақытқа дейін жарамды.

Аталған кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

(Банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасарының және бас бухгалтерінің тұлғасында)

Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы * Заңның 8-бабының 8-тармақшасында көрсетілген жағдайда