21
КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі», арнайы пәндер оқытушысы Мухаметжанова Ардак Ерлановна, организатор: Майтайбаева Асель Ергазыевна КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» Бекітілді: Келісілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Колледж әдіскері ________ Дюсенбаева Г.А . _________ Дюсегулова Ж.О., _________ Бозекенова Э.О (қолы) (аты-жөні, тегі) (қолы) (аты-жөні, тегі) Ашық сабақтың әзірлемесі Пән: Материалтану Сабақтық тақырыбы: Ағаш жоңқалы плиталар (АЖП,ДСП), Оқытушы: Мухаметжанова Ардак Ерлановна Топ: 16-АЖШ-1

мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі», арнайы пәндер оқытушысы

Мухаметжанова Ардак Ерлановна, организатор: Майтайбаева Асель Ергазыевна

КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі»

Бекітілді: Келісілді:Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Колледж әдіскері ________ Дюсенбаева Г.А. _________ Дюсегулова Ж.О.,

_________ Бозекенова Э.О (қолы) (аты-жөні, тегі) (қолы) (аты-жөні, тегі)

Ашық сабақтың әзірлемесі

Пән: МатериалтануСабақтық тақырыбы: Ағаш жоңқалы плиталар (АЖП,ДСП), Оқытушы: Мухаметжанова Ардак ЕрлановнаТоп: 16-АЖШ-1

ҚАРАЛДЫ ПЦБ отырысы _________________

Хаттама №___ «___» __________ 2017 ПЦБ жетекшісі ________ Тұмабаева Д.С. (қолы) (аты-жөні, тегі)

Page 2: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Сабақ жоспары

Күні: 03.03. 2017 ж Топ:16-АЖШ-1 Кабинет: № 202

Сабақтың тақырыбы: Ағаш жоңқалы плиталар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге ағаш жоңқалы плита материалымен толығымен таныстыру .

Дамытушылық: ойлау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, мамандыққа деген

сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер:слайд, видео, АЖП материалдыры.

Техникалық құрал-жабдықтар: Интерактивты тақта.

Пәнаралық байланыс: Ағаш және жиһаз өндірісінің технологиясы және

ұйымдастыру, орыс тілі, геометрия, сызу.

Өндірістік байланыс: ИП « Магзумов»

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, термин сөздер, бейне

материал қолдану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1-2 мин)

1. Кабинетке кіріп, оқушылармен сәлемдесу. Дәрісханананың тазалығына,

балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.

2. Сабақтың тақырыбын таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

ІІ. Үй жұмысын қайталау (25 мин)

Үй жұмысына студенттерге ағаштың түрлері және ағаштың қасиеттері туралы

слайд немесе реферат дайындап, термин дәптерлеріне термин сөздерді теріп оларды

үш тілде жазып келу.

Page 3: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Студенттерді қосымша тексеру мақсатында карточка таратылады.

Карточка

1.Ағаштың қандай түрлерін білесің?2.Грек жаңғағы сипаттама бер?3.Ағаштың физикалық қасиетіне не жатады?

1.Емен ағашына сипаттама бер?2.Ағаштың қандай қасиеттерін білесің?3.Ағаштың құрамында қандай химиялық қоспалар болады?

1.Ағаш дегеніміз не?2.Ағаштың механикалық қасиеттеріне не жатады?3.Шышра ағашына сипаттама бер.

1. Ағаштың қандай түрлерін білесің?2.Алмұрт ағашына сипаттама бер.3.Ағаштың құрамында қанша пайыз лигнин бар?

1.Қарағай ағашына сипаттама бер.2.Кепкен ағаш құрамында қанша пайыз көмір қышқылы бар?3.Жаңа кесілген ағаш ылғалдылығы қанша пайызды құрайды?

1.Ақ қайың ағашына сипаттама бер.2.Ағаштың неше қасиеті бар және оларды ата.3.Саз аспаптары мен жиһаз жасауда өте көп қолданылатын ағаш?

1.Ағаштың қаттылығы дегеніміз не?2. Жалпақ жапырақты ағашта қанша пайыз целлюлоза, лигнин, гемицелюлоза бар?3. Ағаштың физикалық қасиетіне не жатады?

1. Қызыл ағашқа сипаттама бер.2.Ағаштың серіпімділік күші дегеніміз не?3.Кепкен ағаш құрамында қанша пайыз азот қышқылы болады?

1.Ағаштың қандай түрлерін білесің?2. Ағаштың құрамында қандай химиялық қоспалар болады?

Page 4: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

3. Саз аспаптары мен жиһаз жасауда өте көп қолданылатын ағаш?

1.Ағаштың физикалық қасиетіне не жатады?2.Шырша ағашына сипаттама бер.3. Жалпақ жапырақты ағашта қанша пайыз целлюлоза, лигнин, гемицелюлоза бар?

1. Ағаштың механикалық қасиеттеріне не жатады?2. Қызыл ағашқа сипаттама бер.3. Ағаш күлінің құрамында қандай химиялық құрам бар?

1. Ағаштың құрамында қанша пайыз лигнин бар?2. Қарағай ағашына сипаттама бер.3. Саз аспаптары мен жиһаз жасауда өте көп қолданылатын ағаш?

1.Ақ қайың ағашына сипаттама бер.2. Қылқан жапырақты ағашта қанша пайыз целлюлоза, лигнин, гемицелюлоза бар?3.Ылғал дегеніміз не?

Термин сөздерді сәйкестендіру:

1. Ағаштың ақауы – пороки древесины - wood defects2. Ағаш құрылымы - структура дерева - tree structure3. Емен – дуб - oak4.Терек – тополь - poplar5. Ақ қайың – белая береза - White birch6.Шамшат – бук - beech7.Қызыл қайың - красная береза - red birch8.Қарағаш – вяз - elm9.Үйеңкі – клен - maple tree10.Қылқан жапырқты – хвойный - spruce wood11.Алқоры – слива – plum12.Көктерек – осина – aspen13.Қандағаш – ольха - alder

ІІІ. Жаңа тақырып ( 30-35 мин)

Жоспары:

1.Ағаш жоңқалы плиталар туралы түсінік2.Ағаш жоңқалы плиталардың түрлері3.АЖП жасалу технологиясы

Page 5: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Ағаш жаңқалы тақта (ДСП)Жаңа сабақ:АЖП(ДСП) - дегеніміз ағаш жоңқаларын ыстық престеу арқылы алынатын ағаш материал немесе ағаш жоңқаларын желімге араластырып нығыздау арқылы шығарылатын шала фабрикат. Қатты нығыздау жұмыстары бір қабатты, үш қабатты бес қабатты болып шығады. Бір қабатты АЖП түрлері сападағы ағаш ұнтақтарының ортасынан нығыздау арқылы жаймаланып жасалады. Бұл процесс өнімнің тығыз әрі сапалы бірігуіне, тегіс шығуына көп әсерін тигізеді және жеңіл желпі судан, ылғалдан қорғайды. АЖП материалдарының тығыздығы орташа, жоғары және өте жоғары, беткі қабаты тазаланған, тазаланбаған, сыртқы көрінісіне бет қабаты жүргізілген және жүргізілмеген болып бөлінеді. Бет қабаты жүргізілген АЖП деп бетінде шпон материалын немесе жиһаз қағаздарын желімдеп, синтетикалық пленкамен өңделген дайын түрін айтады.

Шпон деп- қатты ағаштан бір миллиметрлік қалыңдықта кесілген материал.

Page 6: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

АЖП – ны 1930-жылы неміс өнартапқышы Мак Химмельхебер ойлап тапқан. Алғаш рет бұл материал 1941-жылы Бермен фабрикасында фенол біріктіргішімен, қарағай ұнтағынан жасалып шығарылды.

1951-жылы 27-ші қаңтарда потент алды да осы материалдарды дайындайтындарға 80 лицензия берді.

АЖП жихаз, есік үй құрлыстарында көп қолданылады. Бұның мемлекеттік стандарты (МемСТ) 10632-2007. Тығыздығы 0,5-1,0г/см3 Суда ісінуі 5-30% Созғандағы беріктілік шегі 0,2-0,5МПа Иілгендегі беріктігі 10-25МПа Ылғалдылығы 5-12%

АЖП өлшемдері: Ұзындығы: 1830,2040,2440,2500,2600,2700,2780, 2800,2840,3270,3500,3600,3690,3750, 4100,5200,5500,5680. Ені: 1220,1250,1500,1750,1800,1830,2070, 2135,2440,2500. Қалыңдықтары: 10,13,16,19,22,25мм Ауытқу шегі: +3,0мм

Кемшіліктері. Екінші рет бұрағанда немесе шегені қаққанда орнықсыз бекітіледі. Біріктіргіш смола адам өміріне зиян зат фармальдегит бөлінеді. Сондықтан Е2 класындағы ағаш материалдарын көп шығармайды.Сыну кезіндегі төмен дәрежедегі қаттылығы (тақтайға қарағанда мықтылық қасиеті төмен ж/е бұрыштары мен қырлары оңай істен шығады).

АЖП-ның артықшылығы:Кебу кезінде көлемі оңай кішіреймейді, елеулі ылғал кезінде беті бірқалыпты ісінеді, оңай жарылмайды, отқа төзімді, оңайшылықта жанбайды, шіру процессіне өте берік.

Page 7: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Конструкциясы жағынан АЖП 1 қабатты, 3 қабатты, көп қабатты болып бөлінеді. Сорттарына қарай 1-ші, 2-ші және сортсыз болып бөлінеді. 1сорт – тегістелген, тікендері жоқ ешқандай ақаулары болмайды. 2 сорт- минималды ақаулары бар тікендері аз. Сортсыз қалыңдық өзгеру ақаулары бар тығыздығы аз. Кебу кезінде көлемі оңай кішіреймейді.

АЖП классына қарай 2ге бөлінеді.

Е1 класс стандартты көрсеткіш 8мм -100гр қоспа. Бұл қоспалар қауіпсіз болып табылады. Сондықтан бұл классқа жататын материалдардан кез-келген жиһаздарды соған қоса балалар бөлмесіне арналған жиһаз жасауға болады.

Е2 класс стандартты көрсеткіші концентратты қоспа 30м – 100гр қоспа. Бұндай өлшемді қоспа түрі шамадан тыс болып табылады.

Ламинатталған АЖП түрі.

Page 8: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Экструзиондалған дсп бұл материал көбінесе құрлыста пайдаланылады.

АЖП-ның бірінші сорты.

АЖП-ның екінші сорты.

Page 9: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

АЖП-ның сортсыз түрі.

АЖП-ның жасалу технологиясы видео.

Термин сөздер:

Ағаш жоңқалы плита – древесно-стружечная плита - wood shavings

Шпон – шпон – interline

Мемлекеттік стандарт – государственный стандарт - state standard

ІV. Жаңа сабақты бекіту: (10-12 мин)

«Білім ағашы» ойынында – жаңа сабақты пысықтау мақсатында әр түрлі сұрақтарға жауап арқылы оқушылардың білімін бағалау.Бұл ойынның шарты интерактивті тақтада алма ағашы беріледі, сол алма ағашынан қалаған алмаларын таңдап, сол таңдап алынған алмада берілген тапсырманы орындайды, яғни  сұрақтарға жауап береді.

Page 10: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

1. АЖП дегеніміз не?

2. Шпон дегеніміз не?

3. АЖП материалын нешінші жылы кім ойлап тапқан?

4. АЖП – ның МемСТ

5. АЖП тығыздығы қанша г/м3 құрайды?

6. АЖП ылғалдылығы қанша пайыз?

7. АЖП – ның стандартты ұзындығы, ені?

8. АЖП – ның кемшілігі?

9. АЖП – ның артықшылығы?

10.АЖП неше класқа бөлінеді?

11.АЖП – сортына қарай нешеге бөлінеді?

12.АЖП – дан қандай жиһаз жасауға болады?

13.АЖП – ның бірінші сортын көрсет

14.АЖП – ның екінші сортын көрсет

15.АЖП – ның сортсыз түрін көрсет

Тест жұмысы: Тарауды қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын таратып,

студенттердің білімін тексеру. (10-11 мин)

Page 11: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Тест сұрақтары.1.Ағаш дегеніміз не?А. Жапырақтары мен тамырлары бар өсімдікБ. Биіктігі 2 м асатын көп жылдық өсімдік В.Биіктігі 2 м аспайтын көп жылдық өсімдікГ. Белгілі бір ақауы бар жадығатД.Дұрыс жауабы жоқ

2. Ағаштың діңі мен тамыры қанша пайызды құрайды?А. 60-90Б. 90-100В.2-3Г. 45-50Д.12-25

3. Қарағай ағашы қанша жыл өмір сүреді?А. 120 жылБ. 6000 жыл В.МәңгіГ. 600 жылД.500 жыл

4. Орман шаруашылығында қанша млн м3 ағаш қоры бар?А. 250 млн м3Б. 300 млн м3В.400 млн м3Г. 150 млн м3Д. 350 млн м3

5. Ағаштың негізгі кемшіліктері?А. Суды көп жұтпайдыБ. Шіруге бейім емес, отқа оңай жанадыВ. Отқа оңай жанбайдыГ. Дұрыс жауап жоқД. Суды көп жұтады, шіруге бейім , отқа оңай жанады

6. Ағаштың неше кесіндісі бар?А. 7Б. 4В. 2Г. 3Д. 5

7.Ағаштың құрылысы неден тұрады?А. Қабығы, радиалды кесінді, сызықты талшықтарБ. Өзек, ядро, өзек сәулесі, камбий, қабығы, жылдық сақина

Page 12: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

В. Жылдық сақина, қабық, жақындатылған сызықГ. Өзек, өзекше, ядрошықД. Барлық жауаптар дұрыс

8. Бөлмеде кепкен ағаш ылғалдылығы?А. 8-12Б. 12-15В.50-100Г. 16-18Д. 25-309. Жаңа кесілген ағаш ылғалдылық дәрежесі?А. 12-13Б. 8-12В.100Г. 50-100Д. 150-200

10. 15. Ағаштың ақауы деп-...А. Оның белгілі бір бөлігінде сапасын төмендететін және оны келесі өңдеуге мүмкіндігін шектеуді айтадыБ. Биіктігі 2 м-ден асатын көп жылдық өсімдікВ. Ағаштың ортасында болатын қоңыр түсті белгіД. Биіктігі 2 м аспайтын көп жылдық өсімдікЕ. Дұрыс жауабы жоқ

11. Ағаш ақауының МемСТ қандай?А. МЕМСТ (ГОСТ) 2140-81Б. МЕМСТ (ГОСТ) 2240-95В. МЕМСТ (ГОСТ) 2250-36Д. МЕМСТ (ГОСТ) 1022-36Е. МЕМСТ (ГОСТ) 1062-96

12. Тақтайлар депА. Қалыңдығы 100 мм және одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 4 еседен көп кесінді материал.Б. Қалыңдығы 100 мм және одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 5 еседен көп кесінді материал.В. Қалыңдығы 100 мм және одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 6 еседен көп кесінді материал.Д. Қалыңдығы 100 мм және одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 3 еседен көп кесінді материал.Е. Қалыңдығы 100 мм және одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 7 еседен көп кесінді материал.

13.Фанера сөзін неміс тілінен аударғанда қандай мағына береді?А. Шпалдар

Page 13: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Б. БеттестіруВ. Жалғау Д. Желімдеу Е. Бұталар

14. Ағаштар түріне қарай қалай бөлінедіА. Қылқан жапырақты және жапырақтыБ. Жапырақты және бұталыВ. Жапырақсыз және жапырақтыД. Қылқан жапырақты және бұталыЕ. Ағаштар ешқандай түрге бөлінбейді

15. Ағаштың ылғалдылығы деп ...А. Су сіңіретін ағаштарды айтадыБ. Сулы ағаштарды айтады В. Үлгісін кептіргенде салмағы қаншалықты өзгертетіндігін айтадыД. Қылқан жапырақты ағаштарды айтадыЕ. Ағашта 100% су сіңірілген ағаштарды айтады

16. . Ылғал нешеге бөлінеді?А. 5Б. 4В. 3Д. 2Е. 6

17. Ағаштың шөгу көрсеткішін қандай формула арқылы анықтайды.А. ab – akbk

Б. ab +akbk

В. ab - abk

Д. ab + abk

Е. ab / abk

18. Қарағай тұқымдасына жататын ағаштар А. Шырша, емен, аршаБ. Қарағай, балқарағай, шырша, майқарағайВ. Көктерек, алқоры, еменД. Үйеңкі, терек, талшын Е. Емен, жөке, шаған

19. Ағаштар түріне қарай қалай бөлінедіА. Қылқан жапырақты және жапырақтыБ. Жапырақты және бұталыВ. Жапырақсыз және жапырақтыД. Қылқан жапырақты және бұталыЕ. Ағаштар ешқандай түрге бөлінбейді

Page 14: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

20. Кең табанды темір жол үшін шпалдардың ұзындығы қанша болу керекА. 3-5 мБ. 2,5-2,7 мВ. 4-7 мД. 8-9 мЕ. 1-3 м

21. . Діңнің кесіндісін көрсетА. ұзындығы бойынша және көлденеңБ. Радиалды, тпнгенциалдыВ. Радиалды, ұзыннан, көлденеңД. Көлденең, радиалды, тангенциалдыЕ. Тек көлденең

22. Қарағай орманның неше бөлігін құрайды?А. 1/8Б. 1/7В. 1/6Д. 1/5Е. ¼

23. Брустар дегеніміз не?А. Төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 5 см – ден кем емес материалдарды айтадыБ. Төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 11 см – ден кем емес материалдарды айтадыВ. Төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 7 см – ден кем емес материалдарды айтадыД. Төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 9 см – ден кем емес материалдарды айтадыЕ. Төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 8 см – ден кем емес материалдарды айтады

24. Фанер дегеніміз не?А. Жұқа тақтайлар жиынтығыБ. Көп жыл қызымет ететін материалдар түріВ. Еден төсеуге арналған қысқа, әрі жіңішке өзегімен жотасы бар тақтайша не осындай тақтайшалардан қилыстырып төселген еденД. Жиһаз бетін жабуға арналған тақтайЕ. Үш не одан да көп шпондарды – ағаштан жұқа парақ түрінде өндірілетін өнімді бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын материал.

25. Ылғал ... деп бөлінеді.А. Стандартты , механикалық Б. Капилярлық, механикалықВ. Гигроскопиялық, химиялық

Page 15: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Д. Капилярляқ, гигроскопиялықЕ. Механикалық, химиялық

Жауаптары:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25

Б А Г Б Д Г Б А Г А А Д Б А В Д А Б А Б Д Е Б Е Д

V. Жаңа сабақты қорытындылау: (3 мин)

Стикерлар арқылы студенттердің сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

VI. Бағалау. (2 мин).

VII. Үйге тапсырма. АЖП материалдарынын қандай жиһаздар жасалады, қосымша ақпарат жинақтау және термин сөздерді жаттап келу.

Page 16: мухаметжанова ардак разработка открытого урока

Ашық сабақ көріністері

Page 17: мухаметжанова ардак разработка открытого урока