View
271
Download
1
Category
Preview:
DESCRIPTION
Toyalemy journal
Citation preview
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Шагабутдинов көшесі, 8,Жібек жолы көшесінің қиылысында.Тел: 253 58 73; 8 702 276 44 47 Флора
“Той әлемі” республикалық мәдени-
танымдық журналҚұрылтайшысы және меншік иесі«Астана Медиа Пресс» ЖШСБас директоры және редакциялық алқаның төрағасыМарат ТОҚАШБАЕВ
Редакция алқасының мүшелері:Сейіт КЕНЖАХМЕТОВ, Досымбек ҚАТРАН, Базарбай ИСАЕВ, Сәлім ЖУСАНБАЕВ, Қырғызбай НАҚЫСБЕКОВ, Жақсыгүл ҚАЛЖАНОВА.
Бас редакторы Раушан КАРШАЛОВА
Бас редактордың орынбасарлары:Бағдагүл ТҰРЫСОВА, Майра ДОСЫМҒАЛИ
ТілшілерБақытгүл БЕКТЕН, Сәуле ҚҰЛТАЕВА, Әсел ҚАМБАРОВА.
ФототілшілерҚайрат МАРАТ, Вячеслав ЦОЙ
ДизайнерСәбит БЕКТЕГЕН
Журнал Қазақстан РеспубликасыМәдениет, ақпарат және спортминистрлігі Мұрағат және ақпараткомитетінде 2005 жылғы 6-маусымда тіркеліп, 6042-Ж куәлігі берілген.
Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді.
Барлық құқықтары қорғалған. Журналда жарияланған материалдар мен суреттерді редакция рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды. Журнал редакцияның компьютер орталығында теріліп, қатталды.
Журналда ақын Қырғызбай Нақысбековтың өлеңдері, Оңтүстік қазақстандық суретші әрі дизайнер Ералы Оспанұлының суреттері пайдаланылды.
Журналдың жазылу индексі
75 519Журнал екі айда бір рет шығады. Редакция мекенжайы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 47, Офис 503, тел: 3 97 59 14; қалтафон:8 701 723 15 26Журнал «DOSTAR MEDYA group» баспаханасында басылып шықты.Пішімі-2,5; Баспа табағы - 2 Таралымы 14 000Жарнама мәтінінің мазмұнына және ұсынылатын қызмет пен тауар сапасына редакция жауап бермейді.
Қазақтың той дәстүрі ертедегі уақытпен салыстырғанда, тіпті
соңғы 3040 жылдың айналасында айтарлықтай өзгерістерге ұшы рады. Халықтың тұрмыс жағдайының көтерілуі, әлауқатының жақсаруы тойдың түрлерін де молайтып, мазмұнын әрлендіре түсті. Қазақ байыған сайын той өткізуге ұмтылады. Өйткені той өткізу белгілі бір қуанышты атап өту ғана емес, оны өткізуші отбасының қоғамдағы орнын нығайтады, той иесінің ағайынтуған арасындағы беделін көтереді. Содан барып той өткізу өзіндік бә секеге айналып кетті. Баласын немесе не мересін үйлендіру, мерейтойын өткізу бүгінде шақырылған адамдардың санымен, келген конақтардың арасында елге, жұртқа танымал адамдарының көп тігімен, тартусияпаттарының мөлшерімен мақтаныш еті летін болды. Бір қатар кәсіпкерлер қазақтың осы дарақылығын пайда табудың көзіне айналдырып алды. Оңтүстік Қазақстан, Жам был, Қызылорда облыстарында, Ал маты қа ла сында жүздеген адамдық тойханалар салынды. Салынып жат қандары қаншама?! Баршылықтың арқасы болар кәдімгі үй де қонақ күтудің өзін ауырсынып, мейрам ханаларға шақыру етек алып барады. Қазақта қалыптасқан орташа тойларға әдетте 100150 адам шақырылады. Бұл той иелеріне де, келген қонақтарға да өте ыңғайлы мөлшер. Әдетте туыстар мен жоражолдастардың ың ғайы да осыдан аспайды, 200 адам көптеу. Бұл арада дастарқан мәзірі қиындық туғызбайды. Ал қиыны соншама адамды игеруде, олардың көңілін табуда. Үйге қонақ шақырғанда 10 адамның көңілінен шығу оңай емес. Ал 1000, 1500, 2000 адам шақырып, той жасағанда кім келіп, кім кеткенін білу мүмкін бе?! Даңғаза музыка, абырсабыр. Сансапалақ той да қонақтар «тегін мейрамханаға» кі ріпшыққандай күй кешеді. Осыншама дарақылық бірақ нәрсе үшін керек. Ол той иесіне «бәленше мың адам шақырған той жасапты» деген атақ үшін ғана. Той иесі әйгілі туыстары болса ең алдымен соларды шақырады. Әрине, бұл өте дұрыс. Жақынжуықтың қуанышын бөліскен де ғанибет. Ал бірқатар той иелеріне ұнайтыны, «тойына пәлен келіпті», «түген келіпті» деген мақтан. Яғни «сондай әйгілі де атақты адамдармен туыстығы, таныстығы, сыйластығы бар көрі неді», «мықты екен» деп айтсын дейді. Содан таныстарының
таныстарын салып жатып атақты адамдарды іздейді. «Той ге нералдарын» алдырту үшін арнайы көлік жі берту, ұшақ жалдау көрініс беріп келеді. «Той ге не ралдары» дегеніміз кімдер? Олар кешегі кеңес дәуірінде ел басқарған, аудан мен облыстық партия комитеттерінде басшылық қызмет атқарған, министр болған ағалар мен көкелер. Жұртқа танымал өнер адамдары. Жұртшылық жадынан ұмы тыл май, той төрінен орын алу оларға да ұнайды. Той жасаушылар кетерінде шапан жауып, ат мінгізіп жіберетіні тағы бар. Той иесі болса, «атына ат қосып, данқына даңқ қосып» күпсініп қала береді. Қонақтарды шектен тыс көп шақыру, атақ үшін «той генералдарын” бетке ұстау шын мәнінде дарақылық. Бұл дарақылықтың материалдық төркіні – ысырапшылдық. Екеуі де құры күп сию, адамның иманын кемітетін бос мақтан. Жалпы тойға кімді шақырам десе де той иесінің өз еркі ғой. Дегенмен де атақ үшін “лайықты” қонақ іздеудің еш реті жоқ. Қандай адамзат баласын алып қарасақ та олардың көпшілігі туғантуыс тарын, ең жақын досжарандарын құр мет тұтады, өздерінің қуа ныш, қиыншылығын солармен бөліседі. Қан дай қиын жағдайда да осы кісілер қасыңнан табыла біледі. Сондықтан бұлардан артық лауазымды адамдарды іздеудің еш реті жоқ. Қатардағы қарапайым жұмысшының адам гершілік, азаматтық тұлғасы кейбір атақдаңқы жер жарған жаннан үстем болуы мүм кін. Адам баласы атақдаңқымен емес, адамгершілік қасие тімен қадірлі. Күл лі мұсылман қауымы өзіне пір тұтқан Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбарымыз: “Адам баласын оқыған намазына, тұтқан оразасына қарап емес, адамдармен қарымқатынасына, алысберісіне қарап бағалаңдар” деген сөзі бар екен. Яғни, адамның абыройбеделі оның лауазымымен өлшенбеуі қажет. Осыны әрдайым есте ұстасақ дұрыс болар еді. «Той генералдары» тойға тек атақ үшін ша қырылғанымен өздерінің атына сай өне ге көрсете алып жүр ме? Осы сауал төңірегінде ойлана жүрсеңіздер екен. Егер қуаныштарыңызға «той генералдарын» ша қырғыларыңыз келсе, ең алдымен кімді шақыруды жақсылап ойланып алыңыздар.
Раушан КАРШАЛОВА,“Той әлемі”
1
Шығыс Қазақстан өңірінде екі бала сөз байласқасын, құдалық шарасына дайындық бас
талады. Құдалыққа барардан бұрын жігіттің атаана сы құда түсу үшін алдын ала 12 адамды ескертуге жібереді. Онда қалыңмал мөлшері және қанша адамға
киіт кигізілетіндігі келісіледі. Мәмілелі әңгімеден кейін, жігіт жағы құдалыққа қызу кіріседі. Керегін қамдап алғасын құдалар келесі жақ тың жағдайын ескере отырып, 5, 7 немесе 9 адам бо лып құдалыққа аттанады. Құдалар барар кезде өзара ақылдасып іштерінен бас құда мен құдағи, қосалқы құдалар,
олардың ішінде жақсы өнері бар, сөзге ше шен, салтдәстүрді жетік меңгерген адамдар болуы ескеріледі.
Барғанда қоржындарын қомпайтып барады. Шаңырақтың ақтығы деген кәдеге ірі қара
атайды, жөніне қарай киітке жағалы киім, қымбат мата, зергерлік бұйымдар табыс еті леді. Мұнымен қоса күйеу және құдағи қор жын апарады. Қоржынға мата, тәттітұрым, құрт, ірімшік, жент, т.б. және де шикілей мүшелі ет салынады. Екі қоржынның да екі жағында ашқан адамға арналған кәдесі болады.
Құдалар барып түскен соң барып күйеу жігіт қасындағы серігімен ауылға жаяулатып келеді. Өйткені көлікпен баса көктеп келу көр генсіздік болып есептелінеді. Шығыста күйеу келді деген уақыт бар. Ол кешқұрым мал өрістен келіп ауыл азанқазан боп жатқан апақсапақта жетіп келіп, елдің
есін шығарады. Үйге жақындап барып, қысылып беттей алмай тұр ған
да, қыздың екі жеңгесі ал да рынан тәттіге толы табақты алып шығады. Күйеу жігітке табақты қа лыңдығы өзі ұсынады. Жігіт табаққа қол созғанда жеңгелері табақты тартып алып, арыбері айналдыра береді. Мұны та бақ жүгірту деп атайды. Ақыры күйеу қыз жеңгелеріне кәдесін беріп, құтылады. Екеуін үйге бастап ертіп келген соң аулада балдыздары қарсы алып, екеуін жанжақтан қыспаққа алады. Оларға да кәдесін беріп, қалыңдығын көруге асыққан сәт те, қыздың сіңлілері, тұрмыс құратын әпкесін бір бөлмеге немесе көршілерінің үйіне жа сырып
қойып, оны тауып алу ын сұрайды. Жігіт қалыңдығын тапса да, таппаса
да болашақ бал дыздарына кәдесін береді. Бұл — жігіттің жомарттығын
сы найтын сәт. Жігіт жолдасқа түсетін міндет — балдыздарының айтқанына
көніп, іші жұмсақтығын көрсетіп бағу
керек. Қызды тапқанға дейінгі сынақтың бәріне көнуі талап етіледі. Сынақ түрлері: қыз отырған бөлменің сыртына құлып салып, шұң ғыл үлкендеу ыдысқа салған кілтті, суды ішіп тауысып барып алуын уәжіптейді, немесе көңілден шығатындай ән, табанасты өлең шығару, би билеу. Жігіт осы сынақтан өткен соң жеңгелері алып барып әулеттің ақсақалдарымен және әжелерімен таныстырып, олардан бата сұрайды. Құдалықта күйеутабаққа төс салып, бір жеңгесі алып ба рады. Төсті жігіт жалғыз өзі мүжіп бітіргенше қадағалап тұрады. Болашақ күйеу баланың тамақ жесінен денсаулығы мықты екенін байқататын дәстүр қалыптасқан сыңайлы. Құдалар жағы өзге өңірдегідей құйрық бауыр асату рәсімін өтейді. Ерте замандарда екі жақтан той үстінде құда мен құдашаның айтысу өнері болған. Айтыс қысқа әзілден құралатынды. Жеңілген жақ кәдесін беретін болған. Той кешке басталып, ертеңіне түс ауа бірақ толастайтынды. Түс қай та аттандыру жоралғысы басталады. Қыз жақ қыздың жасауын арнайы көлікке тиетіп болған соң, кешкі мал келгенше шығарып жіберетін болған. Аттанар сәтте күйеу жігіт шыға беріс босағаға жағалы киім іліп кету дәстүрі бүгінгі күнге дейін бар.
Жігіттің ауылына келген соң ауылдастар жиналып, беташар той басталады. Қыз жақтан бірге келген құдалардың көлігіне алдынан арқан кереді. Құдалар арқан керушілерге кәде беріп өтеді. Қыз жақтың құдалар саны тақ болуы тиіс және өздеріне келген құда санынан екі адам артық жібереді. Той үстінде бас құдалар сол әулеттің жасы кіші баласы жетектеп келген арнайы малға бата береді.
Жігіт жақтың тойына қыздың атаанасы келмейді. Кейін тойдан бөлек үй иелері құда жақты шақырып жеке күтеді. Келісім бойынша киіт кигізу сол кезде немесе одан бұрынырақ ұзату кезінде де бола береді.
Табақ тартқанда малдың басы қасқаланып (сыбағаланып) жеке табақпен бірінші бас құда ның алдына қойылады. Қасына құданың сыбағасы бастабақ, сыйтабақтар ретімен жайғасады. Басты қасқалау — төрт құбылаң тең болсын, екі көздің айналасындағы құйқасы бір жағына ауып кетпесін дегеннен шыққан. Малдың басы екі құлағы бүтін күйінде қойылады, отырған қонақтар өздеріне деген ықыластың толықтығын аңғарады. Құлақ бүтін болмаса, яғни бір құлағын кесіп алып қалса, білместікке балап, әбестікке санап жатады. Көргенді, сұңғыла адамдар өздері біліп оң құлағын сол үйдің кенже ұлына беріп жатады. Үлкен ұлы дүбірлі тойларда, ас бергенде ет мүшеге бөлініп, жаймасыз тек өзі ғана тартылады. Әйтпесе, берген асын аяды дегендей ұятқа қалуы мүмкін.
Қазақтың үйленуге байланысты салт-дәстүрлері ортақ десек те, өңірлік өзге ше-лік тер кездесіп жатады. Журналымыздың осы санында Шығыс Қазақстан өңірінің үйлену тойында орындалатын салт-дәстүрлер жайында Семей қаласының тұрғыны Бекзат Кемелханов баяндайды.
Шығыс Қазақстан тойлары
ҚОЛҰСТАТАР
Ұрын келген күйеу жігіт қалыңдығының әке-шешесіне бі реу арқылы шапан мен ақ жаулық сыйлайтын болған. Бұдан кейін ауыл әйелдері мен қалыңдығының жеңгелері екі жасты жүздестірудің қамына кіріскен. Кеш бата қалыңдықтың әкесінің үйінде жеңгелері төсек дайындап, қызды соған отырғызып, оң қолын жібек матамен орап шымылдық ілген. Ал ауыл әйелдері болса күйеу жігітті киіз үйге тақау әкеліп, керегедегі саңылау арқылы оның жібекпен оралған оң қолын ішке сұққан. Жастар бірінің қолын бірі қысқан соң, ұштастырған келіншектер оралған маталарды шешіп, өздеріне алған. Бұл кәдені қолұстатар деп атаған. Осыдан соң күйеу жігітті жетектеп үйге кіргізіп, қалыңдығының қасына отырғызған. Жүздесу барысында күйеу жігіттен көрімдік, босаға бойы, сөйлестіру, шымылдық ашар, шаш сипатар, қыз құшақтар секілді кәделер алынған. Ол таңсәріде шатырына қайтып оралып, тағы бір-екі рет жүздескеннен кейін ауылына оралған. Қайтарында қайындары оның үстіндегі әдемі киімдерін сыпырып алып, оның орнына тозған киімдер кигізіп жіберетін болған.
ДәстүрЕ.
Осп
анов
Сейіт КЕНЖАХМЕТОВ
ҚОЛҰСТАТАР
3
ҚАзАҚ ҰЛТТЫҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТүР АКАДЕМИяСЫ ҰСЫНАДЫ
Дәстүріңді дәріпте
Қазақ халқының ежелден келе жатқан әдетғұрыптарының қатарында атас
тырудың жөні бөлек. Атастыру досжаран жігіттердің, үзеңгілес батырлардың бірбірлеріне деген құрмет сезімдерін баянды етуге тырысып, өмірге келген немесе әлі келе қоймаған перзенттерін бірбіріне жар ету үшін алдынала жасалған келісімдері. Әдетте бұған бұрыннан сыйлас, сырлас, тілектес, тілеулес азаматтар өздерінің достықтарын, қан туыстығына айналдыру ниеті негіз болады. Атастыру әдетте құрсақтағы баладан бәлиғатқа толғанға дейінгі кезеңде жүзеге асы рылады.
Атастырудың классикалық үлгісін әй гілі “Қозы КөрпешБаян Сұлу” эпосынан байқауға болады. Сарыбай мен Қарабай аң аулап
жүріп сөз байласады. Егер бірінің әйе лі ұл, екіншісінің әйелі қыз туса, оларды қосып құда болуға, егер екеуінің де баласы ұл бол са, мәңгілік дос болуларына уәделеседі. Сарыбайдың келіншегі ұл, Қарабайдың келіншегі қыз табады. Ұлдың аты Қозы, қыздың аты Баян болады. Ержеткен кезінде Қозы атастырылған қалыңдығы бар екендігін естіп, оны іздеп шығатындығы жырда керемет баяндалған. Мұндай мысалдарды қазақтың ежелгі өмірінен көптеп кездестіруге болады.
Ұл, қыз өсірген атаана өнегелі, өсіпөн ген жермен құда болғысы келетіндігі белгілі. Алайда мінезі, қоғамдағы орны, ақылпарасаты белгісіз жандармен құдаласу көңілдерді ұзақ уақыт күпті етіп жататыны бар. Ал сыралғы, етенеден бірінбірі білетін
жандар құда болса, бұл екі жақты да ризашылыққа бөлейді. Әрі бұл балалардың бақытының баянды болуына да өз ықпалын тигізіп жатады. Жастардың өз беттерімен танысып, табысып құрған отбасылары кейде өмір мен уақыт сынына төтеп бере алмай жатады. Атааналары ықпал ете алмай қалады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда осы атастыру дәстүрі көрініс бере бастады. Әсіресе ауылдық жерлерде бұрыннан қыз алысып, қыз беріскен жақтар жегжаттық қарымқатынастарын жаңалау, сүйек жаңғырту үшін атастыру дәстүріне қайта бет бұруда. Шынында да жөргегінен атастырылған ұл мен қыз өсе келе басқаға алаңдамайды. Өзінің болашақ жары бар екендігін ойлап, ішкі жан дүниесімен келер күндерді күтеді. Бірбіріне деген құрмет сезімі жоғары болады.
Атастырылатын екі баланың тағдырына атаана үлкен жауапкершілік танытқаны абзал. Қыздың әкешешесі баласының барған жерінің жайлы болғанын ескеруі қажет. Барған жерінде жаман сөз естімей, мейірімді атаененің қамқорлығымен отбасылық өмір кешуін қыздың анасы да, әкесі де естен шығармағаны жөн. Ұл жағынан да дәл осылай. Қанында тектілігі бар, байлықтан бұрын адамгершілік қасиеттер жоғары бағаланатын отбасында қашанда жарасымдылық орын ала ды. Атастыру дәстүрінің бірінші кезекте көздегені босағасы мығым орнықты қазақ отбасын қалыптастыру, Алла Тағаланың алдындағы негізгі міндет — өмірге иманды ұрпақ әкелу, оны тура жолға салып тәрбиелеу.Атастыру таза қазақи салт, ол өміршең болуға құқылы. Оған ескіліктің сарқыншағы ретінде мұрын шүйіріп қарамай, реті келген жерде оңтайлы кәдеге жаратқан жарасымдыақ.
Сыңсу — қыз бала ұзатылып бара жат қанда айтылатын қоштасу
жыр. Ертеректе қыздар атаанасының үйі нен куйеуінің жұртына әкетілерде ішкі қи мастығын білдіріп ағайын туысымен қош тасып, жылайтын болған. Ол тек құры жы лау емес, ішкі жан дүниесінің тебіренісін көрсететін жырға айналған. Сыңсу бәсең дауыспен қыстығырылған реңкте айтылған. Этнографғалымдар мен мамандар сыңсудың әдетғұрпымыздағы рөлі туралы екі түрлі пікірде. Бір тарап сыңсуды жаңа заманға сүйрелеудің қажеті жоқ деп есептейді. Енді бip топ сыңсу да халқымыздың ескіден жеткен өз салтдәстүрі. Оған соны мазмұн, жаңа түр берсе неге пайдаланбасқа деген уәж айтады. Жалпы сыңсу айтуды міндеттеудің қажеті жоқ.
Сыңсу ерте кезеңде жат жұртқа өз еркінен тыс кетіп бара жатқан қыздың өкпе назын білдіру үшін айтылса, бүгінде ол аға йынтуысымен, балалық дәуренмен, қыз шағымен қоштасу үрдісіне айналып келеді. Қазір кей жерлерде ұлттық
дәстүрдің бір үлгісі ретінде сыңсуды тірілтуге әрекеттер байқалады. Көне дәстүрге жаңа мазмұн бере отырып қайта қолдануға жол ашсақ, одан еш ұтылмайтынымыз анық. Әдетте сыңсу мәтінін өлеңге ебі болса қыздардың өзі немесе ауыл ақындарының бipi майын тамызып жазып беретін болған. Қыз бала оң жақта отырып сыңсуға әзірленсе мәтінде негізінен қимастығын білдіргені, атаанасына пер зент тік алғысын арнағаны жөн. Сол күнге дейінгі еркелігін тастап, отбасылық өмірге ая қ басып, Алланың адам баласына берген үлкен бір бақыты жар сүйіп, бала сүюге қадам басқалы отырғанын назарда ұстағаны жөн. Атаанасының еңбегін бағалау арқы лы, болашақ атаенесіне де құрмет қа жет екендігін түйсінеді. Өзін атаанасы қан ша лықты маңдай термен өcipin жеткізіп, қаншама қиындықты бастан өткергенін се зінеді. Міне, осындай тәрбиелік жағынан алып қарағанда сыңсу дәстүрін жоғалтпай, жалғастырған жөн тәрізді.
Раушан КАРШАЛОВА
4
Қазақта ертеректе үкі тағу дәстүрі болды. Ондағы мақсат жақсы жердің
қызын басқалар құда түсіп алып кетпесін деген ниеттен туындайтын. Және де белгілі уақытқа дейін қалыңмалды өтеп болғасын, сонымен қатар бойжеткен физиологиялық тұрғыдан ана бола алатын жағдайға жеткен кезде ғана қызды келін етіп түсіретін. Үкісі тағылғаннан кейін қыз қалыңдық атанады. Үкілі бөрік киген қыздың қалыңдық екенін жұртшылық бірден байқаған. Қалыңмалын төлеп болғасын, күйеу жігіттің атаанасы мен ағайынтуыстары қызды өз еліне әкетіп, бо сағасын аттатқасын келін атанған.
Бүгінде үкі тағу дәстүрі сырға тағумен алмастырылды. Дәстүрдің өзгеріске ұшыра
Соңғы кездері БАҚтарда да өзекті мәселе болып көтеріліп жүрген
халқымыздың ұлттық киімі – шапан. Кезінде хансұлтандар иығынан тастамай, киелі санаған шапандарымыз бүгіндері көрінген көк аттыға сыйға беріліп, өзінің қадірқасиетін түсіргені шынымен жаныңа батады. Қарға бойлы қазақ үшін шапанның киелілігі мен қадірінің биіктігі сондай, тіпті дауласқан екі елді татуластыруға да осы шапан дәнекер бол ған. Аса сыйлы, мәртебелі деген қонағына шапан жабу халықтық үрдісі бүгінде де бар, дегенмен қаншалықты деңгейде екенін күнделікті өмірден кездестіріп жүрміз. Мыр залығымызды танытамыз деп ұлттық бренд ке айналдырмақ болып жүрген ұлттық құн дылығымыздың бағасын төмендетіп ал масақ болар еді, тәйірі.
Ұлттық салтдәстүрді қадірлеп, қалыптастыру, бүгінгі заманға лайықтау – ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін фактор екені белгілі. Бүгінде айтылып жүрген бәсекеге қабілеттілік идеясы экономиканың ғана емес, ол ұлттық өнердің, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің қабілеттілігі десек, бүгінгі заманда өзіміздің қазақ сияқты ұлтқа білімғылымның, руханияттың биіктігі керек. Осы биіктік біздің ұлттық құндылықтарымыздан табылады. Ендеше, барымызды бағалап, өш кенімізді өңдеп, қайта жандырайық.
уын, біріншіден, үкінің тапшылығынан десек, екіншіден, заман талабынан деуге негіз бар. Себебі, қазіргі кезде қыздар бөрік киіп, оның басына үкі тағып жүрмейтіні ақиқат. Бөріктің өзін киетіндер де сирек. Жастар емес, қарттардың өзі дәстүрлік киімдерді кие бермейді. Сондықтан болар үкі тағудың орнына бүгінде сырға тағу дәстүрі кең етек жайып барады.
Ал енді бұл дәстүр қай кезде орындалуы қажет деген сауалға келер болсақ, оның құдалықтан ары кеткенде бір ай уақыт бұрын орындалғаны жөн. Егерде оған да мүмкіншіліктері келмей жатса, құдалықпен бірге өткізуге де болады.
Халқымыз қашанда қыз балаға «қыз – өріс», «қыз – жат жұрттық», «қыз
– қонақ» деп бөлек қараған. Үкілеп өсі ріп, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» алақанда аялаған қызын қазақ үйінен жасаусыз шығармаған. Жасау – жігіт жағынан әкелінетін қалыңмал мөлшерімен байланысты ұзатылатын қызға берілетін малмүлік. Ол үйлену және үй болуға байланысты келе жатқан салтдәстүр бүгінгі күні де қол даныста бар. Жасау – жаңа отау құрғалы отырған жастарға ең қажетті мүліктерден тұрады.
Соңғы кездері қыз жасауы құрамындағы жалтыраған шетелдік маталардан жасалған көрпенің орнын өзіміздің әжелеріміздің әнін айтып отырып әзірлейтін қолөнер бұйымдарының бірі құрақкөрпе басыпты. Оны құлағымыз естіп, көзіміз көріп, ішіміз жылып жүр. Бұны қала орталығындағы «Қыз жасауы» дүкенінен де білдік.
Енді бір «әттегенай» деп бас шайқайтынымыз, ұзатылмақ қыздарға берілетін жасаудың бірі сандықтың сыртындағы еріндері жабысқан аққулардың көрінісі. Жарайды, аққу – киелі құс, махаббат символы дейік, дегенмен сол аққулардың орнына қазақы оюөрнек, мысалы, мифтік ұғымдағы өрнектер – қошқармүйіз, түйетабан,т.б. бедерленсе… деген тілек біздегі. Өйткені уақыт өзгерді, талғам жоғары, ендеше біз де өзгеше бо лайық.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.Атырау облысы
Шапанның қадірін кетірмейік
Қазақы ою -өрнек салынса...
Киіт кигізу — қазақ халқының ежелден қалыптасқан ұлттық
дәстүрлерінің бірі. Ол құдалық қатынастарда жүзеге асырылады. Әдетте киіт 5, 7, 9, 11 адамға дейін кигізіледі. Кей жағдайда одан көп болуы мүмкін. Кейде 3040 адамға да киіт апаратын жағдайлар кезігеді. Алайда бұл — атаққа ұмтылған дарақылық. Киіт бұл құдаласқан жақтардың бірбіріне көрсететін сыйсияпаты. Киіт ки гізудің мәнісі қыз алысып, қыз беріскен жақтардың бірбіріне деген құрметінде. Киіт қыз тәрбиелеген, ұл өсірген жақтың өнегелі тәлімтәрбиесінің өтеуі. Сіңірілген еңбекке көрсетілген ризашылық.
Ұлттық дәстүріміздің осы бір тұсы өте бір нәзік әрі кіршең келеді. Құдалықта ки ген киітіне риза болмаған адамдар өкпе леп кететін кез де болады. Сондықтан ки іт таңдауға, оны тапсыруға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Ең алдымен, алынатын киіт берілетін адамдарға дәл, шақ болғаны ескерілгені жөн. Ол үшін қарсы
жақ ұлқыздары немесе ортақ таныстары, әлде тікелей хабарласу арқылы әзірленетін киіттердің саны, еркек, әйелдерге қарай түрлері, размерлері туралы ақпарат алма сулары қажет. Құдалықтан киген киімі өзіне ұнап, жарасып тұрса, ол кімде де болса ризашылық сезімін туғызады.
Біз төменде әдеттегі орташа құдалық деңгейінде алынатын киіт туралы сөз етпекпіз. Орташа деңгейдегі киіттер көбінесе тоғыз немесе он бір адамға алынады. Оның кемінде төртбесеуі жағалы киім болға ны дұрыс. Әдетте киіт кигізуде қыз жағына қарағанда ұл жағының салмақтырақ кө рінгені жарасады. Қыз жағына киіт кигізу тұрғысынан қарастырайық. Ең алдымен, бо лашақ келіннің атаәжесі ескеріледі. Оларға және атаанасына жағалы киім алынады. Әдет те бұл пальто, тон, костюм, плащ, курт ка түрінде болады. Егер жағдайы келісіп жат са, құданың аға, інілеріне, құдағиларға да осындай киімдер алынады.
5
Ұлттық киім
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де кие ді. Мәсіні жұмсақ был ғарыдан немесе құрымнан тігеді.
Кебіс – былғарыдан тігілген аяқ киім. Он ың басын жұмсақ былға рыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді.
Кебісті оюлап әшекейлеп тігеді.
Саптама етік – қазақтың ұлттық қысқы аяқ киімдерінің бірі. Оны ерлер киеді, кең қонышы тізені жауып тұрады. Саптама етікті қыста киетін болғандықтан, оны сапалы былғарыдан тігеді, ішінен киіз байпақ киеді.
Байпақ – жылы киім. Киізден жасалады, саптама етіктің ішінен киіледі. Байпақтың қонышы етіктің қонышынан ұзын болады, тізені жауып тұруы керек. Тізебасары былғарыдан, барқытпен, басқа да матамен көмкеріледі.
Шапан – қазақ үшін өте сыйлы киім. Оны қалың матадан қазақтың оюөрнегін салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі: сырмалы ша пан, қаптал шапан, қызкеліншектерге арналған қи ма лы шапан. Шапанды ерлер де, әйелдер де, бала лар да киеді. Қазақ
халқында сыйлы қонаққа шапан жабу дәстүрі әлі жалғасып келеді.
Ішік – аң терісінен немесе мал терісінен матамен қапталып тігілетін қыстық сырт киім. Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, сәнді мол жаға салынады.Тігілген терісіне байланыс ты ішіктің әртүрлі атауы болады: бұлғын ішік, құндыз ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік.
Тон – қойдың терісінен жүн жағы ішіне қаратылып тігіледі, әрі жылы, әрі жұмысқа өте ыңғайлы киімнің түрі. Тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тонға мол жаға салынып, екі өңірі, жеңінің ұшы, етегі түсті матамен немесе елтірімен көмкерілген.
Шекпен – қазақтың ұлттық сырт киімінің
бір түрі. Ол қойдың немесе түйенің жүнінен тоқы лып, көбінесе, шапан ға ұқсас үлгімен тігіледі. Шекпеннің арасына жүн немесе мақта салып тігілген түрі жеңіл пальто немесе қаптал шапан орнына киіледі.
Камзол – жеңсіз жеңіл киім. Жас ерекшелігіне қарай: бір түсті едәуір қалың матадан, жібектен, мақпалдан, атластан тігі леді. Қыздарға арнал ған камзолдың өңі ріне кесте тігіліп, ою өрнек салынады. Кам золдың етегі кең болып келеді. Қазақ
хал қына кең тараған ұлттық киім.
Көйлек – әйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі, үш етекті қоса тігеді. Кең етекті көйлекке ештеңе қоспай тігеді. Тік етек пен кең етек көйлекті әжелер, бүрмелі көйлекті жас қыздар мен жас келіншектер киеді. Етегінің қатпарына сай, жеңіне де қатпар түсіріледі.
Белбеу – киім сыртынан бел бууға арналған, бір ұшы айылбасты былғары (1,52 м), қайыс немесе (23 м) шүберек. Шүберекте айылбас болмайды. «Бел» және «Бау» сөздерінен қосылып, фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Былғары сыртына кейде алтын, күміс әшекей орнатылады.
Биялай – қолға киетін киім. Иленген қой терісінен, былғарыдан тігіледі немесе жүннен тоқылады. Бармақтан басқа төрт саусағы біріктіріліп, кейде қажетіне қарай сұқ саусағын даралап та жасайды. Биялайды кей жерлерде қолғап деп те атайды. Ол бес саусақты болады.
Білім ғауһар – бағасы жоқ Надандық кесел – дауасы жоқ
Сұңкар қиясын сағынады, Торғай ұясын сағынады.
Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туыпөскен ел қымбат.
Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол.
Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды.
Ынтымақсыз елді – Ұрысы билейді. Ынтымақты елді – Дұрысы билейді.
Бір кісінікі – мақұл, Екі кісінікі – ақыл.
Алтын алма, алғыс ал, Алтын деген – жер сыйы, Алғыс деген – ел сыйы.
Ер сүрінбей, ел танымас. Ат сүрінбей, жер танымас.
“Малы жоқ” деп Ерден түңілме. Егіні жоқ деп Жерден түңілме.
Ер үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
Оқ жетпес жерге қылыш суырма.
Ер қартайса, қазаншы болады, Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Шын ер – жеңсе, тасымас, Жеңілсе, жасымас.
Ат басына күн туса, Ауыздығымен су ішер; Ер басына күн туса, Етігімен су кешер.
Үйде шешен, дауға жоқ, Үйде батыр, жауға жоқ.
Батыр мақтанса, Жауға шапқанын айтар. Қу мақтанса, Алдап қаққанын айтар.
Түпкі айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер. Ер жігіттің қадірін Ағайын емес, жат білер.
Сіз білесізбе? Алтын алма, алғыс ал,
6Халық даналығы
Раушан апай, отыз жыл отасқан жұбайымның екінші әйелі бар екеніне жуырда көз жеткіздім. Ол әйел менен он жастай кіші екен. Көрікті көрінеді. Жоғары білімі бар. Жұбайым көп уақытын отбасымен өткізудің орнына сол әйелге қарай қашады. Мерекелердің өзінде сылтауы көбейіп, үйден сытылып шығып кетуге тырысады. Менімен бірге болу жұбайыма қызықсыз секілді. Екі баламыз бар. Олар да азамат болып есейді. Олар өзімен-өзі. Мен қалам жалғыз өзім көп жағдайда. Жұбайымның табысы ел қатарлы, ой-өрісі кең. Мерекелік дастарқандарда ортаның көркі деп айтуға болады. Бір әттеген-айы қыз-келіншектерге жақын. Енді міне жуырда басқа әйелмен жақындасып жүргенін естіп, жаным ауыратын болды. Не істеймін?
Жанна, Солтүстік Қазақстан облысы
Құрметті Нұргүл, қазақта «басқа түссе бас пақшыл» демекші, басыңызға түсіп отырған жағдай өте ауыр екен. Әсіресе пер зенттеріңізді солардың қолына тапсырып, оның бақытының баянды болуына тілектес болып отырған сіздердің әрекеттеріңіз үлкен адамгершілік. Егерде күйеу балаларыңыз жақ сы болса, онда жағдайға көндігесіздер. Қызыңызды сыртқа теппей, жақсы қараса он да жабулы қазақ сол күйінде қалғаны жақсы. Оны ажыратып алып жатсаңыздар, ертеңгі күні одан жақсы адам кезігеді деп ойлау артық болар. Ал қызыңыз перзентті болса, онда өз әкесінен артық әке табу тіптен қиын. Сондықтан сіздер ол кісілерді сол қалпында қабылдаңыздар. Олардың теріс қылықтарына бас қатырмаңыздар. Сырт көзге сіздер емес, ол адамдардың қылықтары жиіркенішті еке ніне еш шүбә келтірмеңіздер. «Көп көреген» дейді халқымыз. Ақ-қарасын Алла тағаланың өзі ажыратады. Бәрін орнына қоятын уақыт.Оған титтей де күмәніңіз болмасын.
Аяулы Жанна, сіздің басыңыздағы жағдай бүгінде көптеген әйелдердің басында кездеседі. Оған себеп, басы бос қыздарға лай ық азаматтардың аздығы. Сондықтан отырып қалған қыздар жеке өмірін жасырын түрде отбасылы азаматтармен байлап отыр. Бұл әрине, харам әрекет. Амал қанша, ақиқаты осы.
Ал енді жұбайыңыздың бөтен әйелмен қарым-қатынас орнатуы ислам талаптарына қайшы. Сіздің қолданар ең бірінші амалыңыз – жұбайыңызды шариғат
Құрметті Раушан апай, орта жасқа келсем де жауабын таба алмай жүрген бір сауал жолдап отырмын. Қызымызды осыдан бес жыл бұрын ұзатқан едік. Жасы он тоғызда болатын. Жоғары білім алып үлгермеп еді. Жолдасым екеуміздің де жоғары біліміміз бар. Мен ұстазбын, жолдасым инженер. Үш баламыз бар. Құдағиым үй шаруасындағы адам, ал құда мыз мемлекеттік қызметте. Біздің көзқарасымызша, олардың тұрмыстық жағдайы ел қатарлы. Көлігі, үйі бар. Жеке бизнес ашып, бәленбай адамға қаражатты қалтасынан төлеп отырған жоқ. Бірақ ол кісілер өздерін өте бай әрі көп адамдардан артықпыз деп санайды. Жолдасым екеумізге көпшіліктің көзінше артық сөздер ай тады. Қызымыз сіңсін деген ниетпен тіс жарып қарсы сөз айтқан емеспіз. Біл местігі болар деп, кешіріммен қараумен келеміз. Бірақ ол кісілердің жаңағыдай те ріс әдеттері күшеймесе азаяр түрі жоқ. Қонаққа шақырса, «өзімізді қалай ұстаймыз?» деп басымыз әбден дал болады. Бармайын десек, қызымыздың тағдырына алаңдаймыз. Барсақ қарадан-қарап тұрып өзімізді қорлаған сөздерді естіп, сорлап қайтуымызға тура келеді. Раушан апай, айтыңызшы, құдаларымызбен қандай қарым-қатынас жасаймыз?
Нұргүл,Батыс Қазақстан облысы
Email: toyalemy@mail.ru
Құдаларыңыз менсінбейтіндей, олардың сіздерден артық бір де бір мүшесі жоқ. Бә рі міз де Алланың құлымыз. Ал мал мен дү ние, бала — Алланың адам баласына берген сы нағы. Егер адамға дүние, мал, жан бітсе, Алланың берген сол сыйына ризашылықпен қарап, шүкіршілік ету керек. Ал енді «менде бар екен» деп дандайсыған адамды Алла бір-ақ сәтте орнына қояды. Сондықтан әр адамның қылығына бола жаныңызды ауыртпаңыз. Әр кімнің ісіне Алланың берер жауабы дайын. Ғадистерде бір мұсылманға бір мұсылманның күліп қарауының өзі сауапты іс деп жатады. Алла тағала сіздердің әр істеріңізді сауаптан жазсын. Бойыңызда иман, ұят бар екен. Иманды адам Алланың сүйген құлдарынан дейді. Адамға жаққанша Аллаға жаққан әл-деқайда жақсы емес пе! Қашанда сабырды серік етіп, жүрегіңізге иман ұялай берсін.
талаптарына жа қындату. Мүмкіндігінше, балаларыңызды да ислам талаптарын орындауға жұмыл ды рыңыз. Сонда сіздің, еріңіздің, бала ла рыңыздың барлық мәселелеріңіз шешіледі. Ислам талаптары орнаған жерде еш дау-дамай орын алмауға тиісті. Себебі, ер адам өз міндетін, әйел адам өз міндетін, ба лалар өз міндетін орындауға көшеді. Алла та ға лам сіздердің көкірек көздеріңізді ашып, исламның нұры жүректеріңізге құйыла берсін.
7
Ұстаз – ұлы есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, олардың
бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, бағытбағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қастерлі тұлға ретінде ерекшеленеді.
Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін мәртебелі мамандықты бала күнінен армандаған Балзия Ысқаққызы осы салада қызмет еткеніне 37 жыл болыпты. 1969 жылы Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогика институтының физикаматематика факультетіне оқуға түседі. Білімділігі мен кә сіби шеберлігінің арқасында оқуды үздік аяқтап, туған жеріне маман болып оралады. Жолдасы Рысбек Алданұлы 1975 жылдан бастап Жам был ауданына қарасты елді мекендерде 23 жыл басшылық қызметтер атқарды. Жарының таңдаған мамандығына қолдау көрсеткен Рысбек Алданұлы ұрпақ тәрбиесіне қашанда қолдау көрсетіп келеді.
Бұл шаңырақтың қоғамға сіңіріп келе жатқан еңбегін өз басым бір кісідей жақсы білемін. Осы өңірде туыпөстім. Білім алдым. Жамбыл ауданы Жайсаң орта мектебінде Балзия апайдан дәріс алу бақыты маған да бұйырыпты. Мұғалім — оқушы үшін ең үлгілі жан. Балзия Ысқаққызының әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық сезімнің ыстық лебі есіп тұрғандай сезілетін бізге. Мектеп бітіргенімізге 15 жылдай уақыт болса да, ол кісінің «балапандарым» деген сөздері барлық шәкірттерінің
есінде. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» демекші, апай шеберлік тұрғысынан да, шығармашылық тұрғысынан да шәкірттеріне өнеге. Шынында да әрбір адамның өмірге деген өз қөзқарасы ұстаздардың берген бағытбағдарымен қа лыптасады. Ұстаз — адамның өмір жолының бастаушысы. Күні кеше имене басып табалдырығын аттаған, оқып білім алып, өнерге үйренген, Балзия апайдай ұстаздан білім алған өзім де кеше шәкірт болған мектебімнің, бүгін ұстаз болып есігін аштым. Қызығы да, қиындығы да мол мамандықты мен де таңдадым. Осы бір жауапкершілікті мамандықтың иесі болғанымды мақтан тұтамын. Сондықтан да болар мен үшін ұстаз болу бақыты – кез келгеннің уысына түсе бермейтін бақыт. Ұстаздың жақсы ұстаз атануы, тәрбиелеген оқушыларының қол жеткізген жетістіктері мен бағындырған белестерінің нәтижесінен көрінеді.
Өз жаратылысына сай өмірді нұр ландырып, шаңырағына шаттық нұрын сеуіп, жүрек жылуымен әрқашан айналасына шуақ сыйлайтын Балзия апай бүгінде бір қыз, үш ұл тәрбиелепөсірді. Немере сүйген бақытты әже. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?! Өзіңізге бақыт, шаңырағыңызға шаттық тілеймін, Балзия апай.
Шолпан БӨБЕКБАЕВА, журналист
Жете бер аңсап күткен тілегіңе, Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе. Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол, Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
ҚҚттыҚтау
Алматы қаласының тұрғыны Қамбаров Фархадты әкесі Серік пен анасы Ұлтуған, әпкесі Әсел, ағасы Ренат туған күнімен құттықтайды.
Алматы қаласының тұрғыны Назгүл Нұғырдырқызын туған күнімен жұбайы Талғат пен қыздары: Махаббат, Толқын, Әйгерім, Аружан құттықтап, төмендегідей жыр жолдарын арнайды:
Алматы қаласының тұрғындары Марат пен Гүлбану Шымбатаевтарды күміс тойымен қыздары Алуа құттықтап, төмендегідей тілектерін білдіреді.
Ұстазым менің, ұстазым...
Ақ тілек
Өзіңді біз жүреміз арқаланып, Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.Жүзге жет, жүзің жарқын, денің сау боп,Оны да аманесен қарсы алалық.
Аса қадірлі менің атаанам, көктеммен бірге келген күмістойларыңыз құтты болсын. Әрқашанда дендеріңізге саулық, жандарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Шаңырақтарыңыз бақыттың ұясына айналсын.
8
Қоңыр күздің мамыражай жанға жайлы күндерінің бірінде ару Алматының төрінде шаңырақ көтеріп, отау тіккен жас жұбайлардың қатарында Гүлназ Саясатқызы мен қара ғандылық Жанайдар Сәдуақасұлы да болды. Жанайдар Сарыарқаның, дәлірек айтқанда Жаңарқаның тумасы.
Мына сәйкестікті қараңыз: Өткен ғасырдың отызыншы жылдары жүрегі қазақ деп соққан Алаш арыстарының бірі, Жанайдар Сәдуақасұлы деген қоғам қайраткері болғаны белгілі.Ол да Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында 1898 жылы дүниеге келген. Әкесі Жағалбайлы руынан шыққан. 19171919 жылдары Омбыдағы гимназияда дәріс алады. Кезінде Омбыда «Бірлік» атты жастар сиезін өткізіп, «Жас қазақ» құйымын құрып, С.Сейфуллинді Қолчак түрмесінен құтқарып қалған, Әділет Халық комиссары және республиканың Бас прокуроры болған, қазақ тiлiнде iс жүргiзудi енгiзу жөнiндегi Орталық Комиссияның алғашқы төрағасы болып тағайындалады. Кезінде «Социалистік Қазақстан» газетін басқарған журналист, зиялы азамат еді. Зұлмат заманның құрбаны болған ұлт жанашыры 1937 жылы 17қыркүйекте қамауға алынып, 1938 жылы 25ақпанда «халық жауы» деген жалған жаламен атылып, әмiршiләкiмшiл жүйе ұйымдастырған қуғынның құрбаны болды.
Ал мына суреттегі осы заманның ұрпағы, Алаш қайраткерімен аттас әрі бір өңірдің тумасы, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншегі, бүгінгі Жанайдар Сәдуақасұлы. Азат еліміздің айтулы азаматы болып, өзінің жүрек қалауы Гүлназбен шаңырақ көтеріп отыр. Екі жас та жоғары білімді, оңы мен солын таныған, текті жердің тәрбиелі азаматтары. Бүгінгі жастарға аспандарың ашық, ұлтымыздың нағыз жанашырлары, аталарың аңсаған азаттықтың көк байрағын биікке көтерген белсенді ұрпақтары болыңдар деген ізгі тілек айтамыз.
Әсел ҚАМБАРОВА
Тойдан репортаж
9
«Әркім іздер тіршіліктен өз бағын,Қолға қонды «жұлдыз» деп қол созғаның.Қосағыңмен қоса ағарғын, алтыным,Махаббатың – маңдайыңа жазғаның!» деп жыр жолдарын тебірене
оқыған Гүлнәр Әділбайқызы көктемнің шуақ шашқан алғашқы күндерінде үлкен қуанышқа кенелді. Тұла бойы тұңғышы Ермек айдай ару Әлия есімді бойжеткенмен отау тікті.
Ермек Алматы қаласындағы №12 орта мектепті 2003 жылы үздік тәмамдап, Б.Момышұлы атындағы әскери мектепті де үлкен абыроймен аяқтады. Ермек табиғатында ізденімпаз. Ол осы әдетімен тағы да Т. Рысқұлов атындағы университеттің қаржынесие факультетіне түсіп, оны да үздік бітірді. Өткен жылдан бері Д.Қонаев атындағы университеттің 1курс студенті. Болашақ заңгер. Алла тағалам амандығын берсе, Ермек білім қуудан жалығар емес. Оқумен қатар еңбек етіп, анасы мен сүйікті қарындасы Салтанатқа да қамқоршы болып жүр. 2005 жылдан бері «Алматытакси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автоколонна бастығы қызметін атқарады. Ермектің алға қойған мақсаттары көп. Соның бірі жуырда жүзеге асып, ол өзіне лайық тамаша жар таңдады.
Әлия Маратқызы Қазақтың инженерлітехнологиялық университетінің 3курс студенті. Ол да жары секілді атаанасының
тұңғышы. Інісі Жанболат пен сіңлілері Әйгерім мен Ақботаға үлгілі әпке болып келеді.
Екі жастың атаанасы да қоғамда өзіндік орны бар, өмірден түйгені мол азаматтар.
Ермектің анасы Гүлнәр Әділбайқызы отыз жылдан аса оқуағарту саласында жемісті еңбек етіп келеді. Балаларына
да адамгершілік сабақтарын үйретті. Нәтижесінде Ермек пен Салтанат секілді қоғамға пайдалы азаматтарды
тәрбиелеп шығарды. Гүлнәрдің балалары жүрген ортасына қашанда үлгі. Кенжесі Салтанаты
Халықаралық бизнес академиясының 2курс студенті. Қоғамдық жұмыстарға да белсене
араласады. Ермектің қазақи тәрбие алуына, ең бек
қор болып өсуіне нағашы әжесі Күлтай Әбуқызының сіңірген еңбегі зор. Ол кісі осыдан он бір жыл бұрын дүниеден озды. Ермек әжесінің үмітін ақтап, жаман атқа қалған кезі жоқ. Өз міндетіне қашанда жауапты.
Ал Әлияның атаанасы болса үш бала тәрбиелепөсірген ибалы жандар. Әлияның әкесі Азат Маратұлы көп жылдардан бері Көліккоммуникация са ла сында басшылық қызметтер атқарып келеді. Айналасына жанашыр, қиналғанға қамқор, отбасына қашанда жауапкершілікпен қарайтын Азат Маратұлы жақындарының мақтанышы әрі қадірлі сі. Ал Әлияның анасы Мағрипа Тұрғалиқызы болса, балаларына тәлімді тәр бие бере білген асыл ана әрі ұлағатты ұстаз. Алақандарына салып мәпелеп өсірген қыздары Әлияны наурыздың 26сында қазақи дәстүрмен ұзатты. Ермек Салтанатын алып, өз шаңырағының босағасын аттатты. Екі жастың қадамдары оң болып, бақыт құшағына бөленсін деп тілейік Алла тағаладан.
Раушан БЕКТЕНҚЫзЫ,“Той әлемі”
Махаббатың –маңдайыңа жазғаның
Ермек Наурызбаев
Қлия Маратова
10
Болған соң тіршілікке мәңгі ғашық,Дүбірлі думандарға болдым асық. Шаттықтың шаңыраққа шамын жағам,Тойларың жатсын мәңгі тойға ұласып.
Уық қостың сен менің уығыма,Жылынамын жаныңның жылуына.Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,Өбектеп менің ыстық-суығыма.
Шаттықтың тіршілігін тең бөлісіп,Аққудай аялайсың көлбеп ұшып. Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,Сонау бір алғаш көрген кезден ыстық.
Аяулым, жаулап алған ер жүрегін,Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.Бар бақытым – бір менің басымдағы,Қарашы, жанарыңның мөлдіреуін.
Той-шашу
11
Бауыржан: — Клип деген — әншінің жарнамасы ғой, сондықтан неліктен сәнге ай налғаны түсінікті. Қанша жерден дарынды болсаң да клипсіз халыққа таныла алмайсың. Әсіресе біз сияқты жас топтар үшін бейнеклип түсіріп, көрерменге көрсету маңызды. Біздің бір бейнеклипіміз бар, оны қыста түсірген едік, әні Жақсыбектікі, сөзін журналист досымыз Серікбол Хасан жазған «Үкілі қыз».
Жақсыбек: — Атынанақ көрініп тұр. Үкілі қыз деп қазақ қызын ғана айта аламыз. Басқа халықтарда мұндай кездеспейді. Мазмұны соған байланысты: киім үлгісін көрсету жарысы өтіп жатады. Соңында бір қыз үкілі бөрік, қазақи ұлттық киім киіп шығады. Әрине, жеңіске жетеді. Осы бейнеклип арқылы өзіміздің ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге тырыстық, қазақ қызына тән киімдерді, ұзын көйлектерді көрсетуді мақсат тұттық.
Бауыржан: — Иә, қала әкімшілігі, қарапайым халық тарапынан да шақыртулар алып тұрамыз, жиі болмаса да, Құдайға шүкір, өнер көрсетіп жүрміз.
Ермек МЕДЕНОВ: — Негізінен ұзату тойларында ән айтамыз, жоғарыда аталған «Үкілі қызды» орын даймыз.
Жақсыбек: —Тойда әркім сөйлеп, тілек айтып қалуға тырысады ғой, дегенмен кейде бүкіл жиналғандар ойлары мен түйгендерін ақтарып, ұзақ сөйлейтін адамдар болады. Бұған өз басым қарсымын, тойға халық көп жиналады, көңіл көтеруге жиналады, сондықтан қысқа да, нұсқа сөйлеп, тілек білдіру керек деген ойдамын.
Тойымызға батыс мәдениеті әсер еткені
анық, бұл ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан үрдіс, оны бірақ күнде өзгерте алмаймыз. Ең қуантарлық жайт, Иншаллаһ, халал тойлар, арақшарапсыз тойлар көбейді. Ата дініміз ислам елімізге оралғалы жастарымыз да қарқынды түрде дінге бет бұра бастады, бұл өте қуан тарлық жайт.
Жақсыбек: — Барлығы бір Алланың бұй рығымен болады деген ойдамын. Намаз оқитын болғандықтан, ша риғат амалдары бойынша ертерек үйленген дұрыс. Кей кездері материалдық жағдайы нашар болып, кеш үйленіп жататын адамдар болады. Қазір оқуымды бітіріп барып үйленем деген пікір кең таралған. Жалпы бұл айтарлықтай маңызды емес, ілімбілімді Алланың өзіақ береді.
Бауыржан: — Қызықты жайттар көбіне техникалық ақаулар салдарынан туындайды. Мысалы, кейде менің гитарамның дауысы шықса, Жақсыбектікі шықпай қалады, Жақсыбектікі шықса менікі шықпай қалатын жағ дайлар болды. Барған жерімізде көбіне жанды дауыспен өнер көрсетуге тырысамыз, бірақ аппаратура жағы сай болмай қалады. Кәсіпқой деңгейдегі әншілердің тірі орындаудан қашатындығы сондықтан: олар аппаратура істен шығып, келеңсіздіктерге ұрынып қалуымыз мүмкін деп қорқақтайды.
Саксафонды жүрегім қалаған соң таңдадым, Батырхан Шүкенов ағамыздың шығармашылығы әсер етті. Ал М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжде оқып жүргенімде фортепьяно, флейта, т.б. аспаптарда ойнауды үйрендім.
— Бұл байқауларда мен үлкен тәжірибе жинақтадым: үнемі дайындалып, өнеріңді шыңдау керектігін, бастаған істі жарты жолдан тастамай, соңына дейін күресу керектігін түсіндім. Жалпы әртүрлі байқауларға, жарыстарға қатысу керек деп ойлаймын, олар сенің тұлға ретінде қалыптасуыңа үлкен әсер етеді.
Жақсыбек: — Әлбетте. Той да — сахна. Тыңдарман қайда болса, сол жер — сахна. Сондықтан үлкендікішілі сахна лар да ән айту арқылы әншілер өздерін жар намалайтындығы ақиқат.
Қатып қалған баға болмайды ғой әрине, Той иесінің мырзалығы біледі.
Сәуле ҚҰЛТАЕВА, “Той әлемі”
Бауыржан ЖЫЛҚЫБАЕВ: — Біз дің тобымыз 2008 жылы құрылды. Жақсыбек екеуіміз Жүргенов ат ындағы Өнер ака демиясында, гитара бө лімінде бір ге оқығанбыз. Топ құру ойы бұрыннан бол ған. Кейін студиялардың бірінде Ермекті жо лық тырып, ойымызды айттық, бізге қосылу жө нін де ұсыныс жасадық. Ол ойланып, келісті. Сөйтіп «Ғасыр» тобы пайда болды. Қазір ре пертуарымызда 10ға жуық ән бар.
Жақсыбек ХАЛЕЛБЕК: — Әр топтың, әр орын дау шының өзгешелігі болады ғой. Біз кәсіпқой деңгейде музыкалық аспаптарда ойнаймыз, жеке композициялар шығарамыз.
Бауыржан: — Иә, басты ерекшелігіміз му зыкалық аспаптарда кәсіби деңгейде ойнаймыз. Мен сегіз жыл, Жақсыбек төрт жыл Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдық. Ермек те консерваторияны бітірді. Оған қоса, біз тек әндерді орындап қана қоймаймыз. Мысалы, Жақсыбек композитор, өлеңдеріміздің әуенін жазады, жай жаза салмайды, біздің дауыс ерекшелігімізді ескере отырып бізге және көптеген адамдарға ұнайтындай әуендер шығарады. Табиғаты қазақи. Әндеріміздің сөздерін де өзіміз жазуға тырысамыз.
Бауыржан: — Бірнеше компози торлармен жұмыс жасаймыз. Ретро әндерді орындаймыз. Нұрғиса Тілендиев ағамыздың репертуарындағы «Құстар қайтып барады» әнінің инструменталдық нұсқасын жасадық. Оған гитара, саксофон кірді.
- Топтарыңыздың ерекшелі гі қандай?
- Ал қандай композиторлармен бірлесе жұмыс істейсіздер?
- Бейнеклип түсіруге қалай қарайсыздар?
- Тойларда жиі өнер көрсетесіздер ме?
- Қазіргі тойларға қандай баға бересіздер?
- Сіздердің тойда өнер көрсету қызметтеріңіз қанша тұрады?
- Сіздердің пікірлеріңізше, отбасын қанша жаста құрған дұрыс?
- Тәжірибелеріңде қызықты жайттар орын алып па еді?
- Ермек, сіз халық арасында саксафоншы-музыкант ретінде танылдыңыз. Неліктен осы аспапты таңдадыңыз және басқа қандай аспаптарда ойнай аласыз?
- Сіздің көптеген ән байқауларына қатысқаныңыздан хабарымыз бар. Олардан қандай әсер алдыңыз, не түйдіңіз?
- Әншілердің танылуына тойлардың әсері бар деп ойлайсыздар ма?
- «Ғасыр» деп айтып тұрғанындай топтарыңызды ХХІ ғасырдың басында құрдыңыздар ма?
Той ажарын әнші ашар12
Жалпы, ертеректегі ғұламағалымдардың па йым да уын ша, ел
болып қалыптасу үшін бірқатар ті ректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар: діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салтдәстүрлері мен әдетғұрыптары. Сондайақ, әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.
Қазақ халқының ұлттық салтсанасы мен әдетғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салтсана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды.
Қазақтың киелі топырағынан қаншама ғұламалар шықты. Аты әлемге мәшһүр, екінші ұстаз атанған әлФараби, ақыншайыр, сопы Қожа Ахмет Иассауи, атақты ғалым Сүлеймен Бақырғани, т.б. Олар үлкен ғалым болумен қатар барлығы діннің аса білгір маманы да еді. Біз, өскелең ұрпақ осындай ұлы адамдардың жерлесі болғандықтан, олардың атына кір келтірмеуге тиіспіз.
Жалпы, дін мен дәстүрдің өзара байланысы аса қажет. Қазақ халқының күнделікті тұрмыстіршілігі, әрбір ісәрекеті Исламмен астасып жатыр деуге толық қақымыз бар. Мәселен, қазақтың ең үлкен дәстүрлі тойларының бірі – шілдехана. Баланың дүниеге келуі – тек бір ғана отбасының емес, бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған. Бала – өмірдің қызығы. Атам қазақтан: «Балалы үй – базар, баласыз үй – қумазар» деген аталы сөз қалған. Сондықтан да, атабабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салтдәстүр бойынша жаңа туылған нәрестеге арнап қой сойған. Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа» деп аталады. Ал қазақ салтдәстүрі бойынша «қалжа» делінеді. Атаулары бөлек болғанымен, негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни, туылған нәрестенің амандығы және де жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа» қойы ер балаға екі, не, бір қой соятын болған. Ал қыз балаға бір қой сойылған. Өйткені, ер бала қыз балаға
қарағанда қомағайлау болатындықтан, (анасын көбірек емеді) екі қой сойылатындығы айтылады. Сонымен қатар, бұл үрдіс жаңадан босанған әйелдің аяққолын бауырына алып, ыстық сорпа ішіп, өзінеөзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп, қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына тигізер әсері көп. Атабабаларымыз босанған әйелді 40 күн бойына жылы үйде ұстап, ерекше күтім жасаған. Асыл дініміз Исламда да әйел босанған уақыттан бастап, 40 күн бойы бірқатар жеңілдіктер берілген. Яғни, етеккірі кезінде намаз оқымайды, ораза ұстамайды, күйеуіне жақындаспайды. Тағы бір мәселе ақиқаға сойылатын малдың үкімі жайында. Сойылатын қойдың барлық жағынан алғанда семіз әрі күтімді болуы тиіс.
Қазақтың ең үлкен дәстүрлерінің бірі – шілдехана тойы да Ислам дінімен тығыз байланысты. Бұл дәстүр жаңа туылған баланың туылғанына қырық күн толғанда жасалады. Осы тұста шілдехана сөзінің қайдан шыққандығына тоқтала кетсек. Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил – «40», хана – «той» деген мағынаны білдіреді. Яғни босанған әйелге 40 күн толған күні елжұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Діни тұрғыдан айтар болсақ, босанған әйелге 40 күн аяқталған соң намаз оқып, ораза тұтуы, қажылыққа баруы, Құран кітабын ұстауға, күйеуімен жақындасуына рұқсат етіледі. Біздің қазіргі қоғамда, әртүрлі діндер мен түрлі өркениеттер тоғысқан тұста мұндай елдік, діндік дәстүрлер толыққанды сақтала бермеуі мүмкін. Немесе дінді ұстанғансып, ділдік дәстүрлерімізден қалып қоятын жағдайларға жол беріліп жатады. Керісінше, салтдәстүрлерді ұстандым деп, діни қайшылыққа да орын берілетін кездер аз емес. Жалпы, жоғарыда айта өткендей, дәстүрдің дінімізбен, діліміз дәстүрімізбен өзара астасып жатса нұр үстіне нұр.
Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ
Махаббат талап етпейді, өтінеді. Мен келіншегіме әмір берген кезде, мен
– әкемін, ол – сәби. Үш жасар балаға не істеп, не қою керек екенін әке ғана айта алады. Осылай болуы керекақ. Себебі, өмірдің тулаған сансыз толқындарында өз бетінше жүзе алмайды ғой. Алайда жұптасып отау құрғанда біз бірдейміз. Әлбетте, біз мінсіз періште емесіпіз, есесіне көпті көрген ересектерміз, әрі әріптеспіз. Егер өзара сыйластық күшті болсын десек бірбіріміздің
мәнері. Жұбайыңызға өтініп сөйлеу арқылы сіз
оның бағасы мен намысын нықтай түсесіз. Шындығында сіз оны бағалау арқылы оның сіз үшін өте пайдалы һәм маңызды нәрсе жасауға дайын екендігін көрсетесіз. Талап еткен кезде сіз жақсы көруші күйеу емес, тирансыз. Сіз жолдасыңызды қолдамайсыз, керісінше оны жер қыласыз. Өтініш әманда таңдауға орын қалдырады. Жұбыңыз өзінен өтініп тұрған нәрсені жасау керек пе, жасамау керек пе таңдайды. Махаббат – әрқашан таңдау. Олай болмаған жағдайда махаббатта мән қалмаған болар еді. Егер әйелімнің мені сүйетініне және менің өтінішімді жерде қалдырмайтынына сенімді болсам оның маған деген қамқорлығын, менімен мақтанатындығын, маған ұнау үшін үнемі бірдеңе істегісі келіп тұратынын сезіп тұрамын. Әмір беріп сөйлеумен махаббатқа қол жеткізе алмайсыз. Әйелім маған бағынуы мүмкін, бірақ махаббаттан емес. Бұл – қорқыныш, кінә, немесе тағы басқа сезім болуы мүмкін. Әйтеуір махаббат емес. Сау ақылдың көзімен қарағанда өтініш, махаббатты білдіруге жәрдем береді. Ал әмір махаббатты өлтіріп тынады.
Чэпмен ГАРРИ
көңіл қалауымызды біліп тұру керекақ. Егер біз бірібірімізді сүйгіміз келсе жұбымызға не керек екенін біліп тұруға тиіспіз. Осы арада көңіл қалауын қандай жолдармен білдіреміз, сол нәрсе өте маңызды. Егер біз талап етіп, зілмен сөйлесек онда жақындықтықтың бәрін жойып, жұбайымызды өзімізден қашырып тынамыз. Егер көңіл қалауын білдіріп, өтініп отырар болсақ бұл әрекет етуге жетекші болар еді. «Мен сенің пирогтарыңды сондай жақсы көремін. Мүмкін осы аптада алма пирогын пісіріп қоярсың. Сенікі керемет дәмді шығады» деп үнемі айтып отыратын еркек әйелінің махаббатын білдіріп, жақындықты жақсартуына жәрдем беріп отырады. Ал енді «Соңғы рет қашан пирог жегенім есімде жоқ, өміріміздің соңына дейін енді жемей кететін де шығармыз» деп сөйлеп отыратын еркек өзін ересек кісі сияқты емес, бала секілді ұстайды. Талап етумен жақындықты жақсарта алмайсың. Егер әйелі «Сен осы демалыста су ағатын құбырларды тазартып тастамас па екенсің?» десе махаббатын білдіріп тұр. Себебі, ол өтініп отыр. Ал егер ол: «Ана құбырға барып қарашы, ішінде тал өсіп тұр. Сен өзі оны биыл тазалайтын ойың бар ма, жоқ па?» десе, онда оның ерінен көңілі қалған. Бұл бәрін билептөстегісі келіп тұратын адуынды шешенің сөйлеу
Дін мен дәстүр сабақтастығы
Құдайға шүкір, еліміз егемендігін алғалы етек-жеңімізді жиып, рухани дүниелеріміз түгенделуде. Ұлттығымыздың негізгі белгілері - дініміз бен діліміз, тіліміз қайта түлеп, жаңғыра бастады. Бұл ең әуелі Ұлы Жаратушы Аллаһ тағаланың бізге деген сыйы деп ұғынуға тиіспіз.
Имандылық 13
Біз мінсізперіште емеспіз
Той қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Бар жиғантергенін тойына еш қиналмастан жұмсайтын халқымыздың қасиетті той шарасына қызмет етіп жүргеніме он жылға тарта уақыт болды. Осы кезеңде ондаған тойларды басқардым. Талайталай қызығы мен шыжығы көп жағдайларды басымыздан өткердік. Әр тойдан өз басым ой түйіндеп, тәжірибе жинақтай бастадым. Мен асабалықты бастаған кезде асабалардың басым бөлігі жаттанды сөздермен зырылдап тұрса, өтімді болатын еді. Ал қазіргі таңда жұртшылықтың талғамы өсті. Асабаның ойөрісіне, жүрістұрысына, киім киісіне қатаң талап қоя бастады. Десе де бүгінгі таңда да кемшіліктер жоқ емес. Асабалардың біразы ізденбейді. Асабалыққа өнер ретінде емес, күн көріс көзі ретінде қарайтындығында. Ал шын мәнінде, асабалық – үлкен өнер. Кезінде қазақтың маңдайалды өнерпаздары үлкен жиынтойларды, астарды басқарған. Оларды жағдайы келетін ауқатты адамдар әдейілеп алдыратын болған. Олар той басқаруды бүгінгінің тілімен айтқанда «халтура» ретінде қарастырмаған. Халықтың алдында жанын салып өнер көрсеткенінің арқасында ел ішіне атағы жайылып, құрметке бөленген. Сол себепті де бүгінгі асаба бауырларымыз той басқаруға үлкен жауапкершілікпен қарағандары жөн. Осыдан екіүш жыл бұрын «Той әлемі» журналында асабалар курсы ашылған болатын. Сол игі дәстүр жалғасын тапса жақсы болар еді. Асабаларға өздерінің білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасу қажет. Сонымен қатар актерлік шеберлікті дамыту
да маңызды. Мәселен шетелде көптеген тойлар асабасыз өтеді екен. Ал біздің қоғам оған әлі дайын емес. Көпшілікті бір арнаға тоғыстырып, оларды игеріп отыру керек. Және де біздің қазақи менталитет бойынша құдаласып жатқан екі жақты таныстыру, құдаларға құрмет көрсету тек асабаның көмегімен жүзеге асады. Қазақта «көңіл бір асым насыбайдан» қалады дейді ғой. Мұндай нақыл сөздер қазақ халқының жанының нәзіктігінен туындаған секілді. Сондықтан бүгінгі таңда асабаның той басқарудағы маңызы ерекше. Дастарқаны майысып, мейрамханасы керемет болса да қонақтарға ерекше құрмет көрсетіп жақсысын асырып, жаманын жасырып, қызмет етпесең, тойдың көңілді өте қоюы неғайбыл.
Өз басым той басқаруда суырыпсалма ақындық, дәстүрлі әндерді орындау өнеріне жүгінемін. Тілек
айтушылардың аузына сөз салып
беріп отырамын. Әзілге кезек берген кезде астарлап айтуды, ыммен жеткізуді жөн санаймын. Күлдіремін деп бүлдіріп алғаннан сақтану керек. Негізінен асаба әр сөзін ойланып айтқаны жөн. Дүйім жұртшылықты басқарып тұрған асаба бос сөзбен елді жалықтырмай, көпшіліктің бойына рухани дүниелерді жинап, іштей ризашылықпен қайтуына жағдай жасап, соған барын салғаны жөн. Тағы бір ескеретін жайт, асаба той ерекшелігін басты назарда ұстағаны дұрыс. Егерде үйлену тойы болса, жастарға қысқа да, нұсқа ұлағатты тәмсілдер айтып, осы тақырыптағы әндерге кезек берілуі керек. Ал мерейтой болса, онда той иесінің жас шамасына орай дәстүрлі әндер орындалғаны жөн. Және де той иесінің осы кезеңде не атқарды соған көз тастайтындай салиқалы, салмақты әндер орындалғаны жөн.
Асабалардың тағы бір ескеретіні тойды дәстүрлік тұрғыдан байыту керек. Кірме дәстүрлерден арылғанымыз дұрыс болар еді. Мысалы, қалыңдық гүлдестесін лақтыру, алкогольді ішімдіктерді ішу, болашақ немеренің атын қою мақсатындағы құдағилар жарысын ұйымдастыру сияқты өрескелдікті ұмыту керек. Айта берсем осы сияқты көңілге қонымсыз жағдайлар қазақ тойының төрінен орын алып жүр. Мүмкіндігінше, қазақтың қазынасына айналған қазақ тойы – ұлттық мәдениетімізбен толыға берсе екен деп тілеймін.
Біздің ңоңам асабасызтойңа дайын емес
Аузына келгенді сөйлеу – наданның ісі,Алдына келгенді жеу хайуанның ісі
Қазанат қамшы тигізбейді,Азамат жоғын білгізбейді.
К.Әзірбаев
Жақсылық жолға келе жатып, жаман әдет көрсетпе.
С.МұқановБақытсызды көріп тұрып бақытты болуға болмайды.
МольерБасқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз.
ПлатонБас аман болса, бөрік табылады.
ҚорқытҚанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы.
Абуль ФарадиСөз бен қылық суық көңілді жылытады, жылы көңілді суытады.
Ғ.МұстафинОйласаң мың бір пәле тілден туған,Шешендер топ ішінде тілді буған.
Шал ақынЖүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,Тіліңді мәпелей біл ала қылмай.Аямай арам шөбін отап отырТаза сақтап көзіңнің жанарындай.
М.РыльскийӘдептің басы – байқап сөйлеу.
А.Югнаки
Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,Сұраса, жауабың да қысқа болсын.
Ж.БаласағұнСаулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,Жарамайтын сөз шығарма тісіңнен.
Ж. БаласғұнӨз тіліне әлі келмеген адамда шынайы шындық болмайды.
М.ГандиСипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт.
Ғ.Мұстафин
Байлауы жоқ шешеннен,үндемеген есті артық
Қазақтың беташарына байланысты жұртшылық арасында түрлі қайшылықты пікірлер айтылып жүреді. Бұрындары бұған соншалықты мән бермеуші едім. Ал бүгінде өзім асабалықпен айналысқалы бері шынымен де беташар дәстүрінің бұрмаланып жүргенін байқадым. Ұлттық дәстүрлерге байланысты кітаптар мен «Той әлемі» журналының сандарында жарық көрген материалдарды оқи жүріп, дәстүрдің бұрмаланып келе жатқандығына көз жеткізе бастадым. Мұның себебі асабалардың ұлттық дәстүрді әрі шариғат амалдарын білмейтіндігінде, білуге талпынбайтындығында болып отыр. Мұсылман баласы болғасын, ел алдында шариғатқа қайшы әрекет жасау әбестік деп санаймын.
Мәселен, беташар айтып тұрған өнерпаз немесе асаба «дүниеден өткен бәленбай атаңа бір сәлем» деп жатады. Бұл Аллаға серік қосу болып саналады. Аруаққа керегі келінінің иіліп сәлем салғаны емес, Алла разышылығы үшін бағышталған Құрани Кәрім мәтіні. Міне, осы мәселе асаба әріптестерімнің көкейінде жүрсе екен деген ой білдіргім келеді.
Көп тойларда үлкен ақсақалдарымыз бата мен тілекті шатастырып алып жатады. Мұндай қателіктердің алдын алу үшін асаба той иесінен бата беруші адамның батадан хабары баржоғын анықтап алғаны жөн. Ол адам бата білмейтіндей болса, алдын ала бата мәтінін қолына ұстату керек. «Батамен ел көгерер» деп халқымыз батаға ерекше мән береді. Кез келген мерекелік дастарқан аталы сөз батамен басталып, батамен аяқталады. Өкініштісі, бүгінде кейбір бұрынғы коммунист ақсақалдарымыз ұзағынан тілек айтып, елді жалықтырып, соңында шатастырып, тіпті кейде алып қойға ұштасып кетіп жатқанына бір емес, бірнеше рет куә болған жайымыз бар. Сондықтан «Той әлемі» журналында «Бота бір күндік, бата мың күндік» айдарымен беріліп жүрген баталарды бата білмейтін ақсақалдарымыз мұқият оқып әрі жаттап жүрсе дұрыс болар еді.
Бата мен тілекті шатастыруға болмайды
Той екі жастың қуанышын бөлісумен қатар олардың болашағына жөн сілтейтін үлкен мәдени шара деп айтуымызға әбден болады. Өкініштісі, асаба бауырларымыз тойды өзінің деңгейіне қарай орайластырып жіберіп жатады. Мәселен, үйлену тойларында менің көңіліме онша қоныңқырамайтыны екі жасқа бірбіріне «жаным, күнім, сүйіктім» деген сияқты сөздерді айтқыздырту. Қауымның көзінше екі жастың бірбіріне мұндай сөздер айтқызу біздің менталитетімізге сай келе бермейді. Меніңше, жастарды әзілге шақырудың басқа да түрлері жеткілікті емес пе?!. Сондықтан жастардың сезімін білдірту, анайы әзілдер айту естіген құлаққа түрпідей тиеді. Сондықтан асабалар өздерінің білім деңгейін, ойөрісін жетілдіре түссе екен.
«Жаным, күнімді» қою керек
Аруаққа керегі келінінің сәлемі емес, оқылған Құрани Кәрім мәтіні
Көңіл көркіБіздің жұмысымыз таңертеңгі
сағат тоғызда басталады. Мен күндегі уақыттан кешікпей жұмысқа сағат он жарымда келдім.
(Түсініктен)
Мұнда иттердің құтыруына қарсы дәрі егіледі. Келем деушілерге есік ашық.
(Есіктегі жазу)
Ұзын бойлы, әдемі, тісі бүтін, шашы кесілмеген еркектер фотопробаға шақырылады.
(Киностудияға хабарландырудан)
Бұл тамаша көзілдірік қатты көргіштердің көзін қалыпқа түсіріпті.
(Реклама)
Дөңгелек қатты айналған кезде басым шыр айналып кетті.
(Мас шофердің автоинспекторға берген түсінігінен)
Ызам келгенде тісім шақырлап азуым сынып кетті.
(Дәрігерге айтылған шағым)
Көзім жарқ ете қалғанда анық көрдім, көршім күліп тұр екен.
(Жәбірленушінің айтқанынан)
Бір топ шалға қой сойылып алдарына бас тартылғанда бір шал екінші шалға:
— Ал, ал, басты, — дейді.— Мен албасты емес, сен албасты, —
деп екінші шал төбелесе кетіпті.
Күн шілдеде шөліркеп, қаталаған біреу жолдасымен бірге үйіне кіре салып, сенекте тұрған тары көжені бас салып, ожаумен сіміре бастайды.
Бір ожауын ішіп: «Уһ, өліп қалыппын ғой», — дейді.
Екінші ожауды ішіп: «Уһ, өліп қалыппын ғой», — дейді. Үшінші ожауын да ішіп: «Уһ, өліп қалыппын ғой», — дейді. Тағы да іше бергенде, шыдамаған жолдасы:
— Әй, әкелші ожауыңды, біз де бір өліп көрейік, — депті.
Ойын-күлкі – дәрумен
Тойға кешігетін
болдым.
Саспа, уақытында жеткіземін. Түсіп үлгерсең болғаны..
Кенже САҒИДОЛЛАЕВ,асаба.
Әділбай ЖҰМАНИязОВ,асаба
Қанша айырмашалық бар? Қай тағам екенін табыңыз?
15
кейін қалыңдық күйеуінің меншігіне айналады.
Бүгінгі жапон тойын екі түрге бөлуге болады:
1. жапон азаматтарының дәстүрлі тойы (буддалық) онда будда жоралғылары орындалады. Күйеу жігіт пен қалыңдық той кимоносын киіп, ол будда храмында өтеді.
2. Европалық үлгіде. Мұндай той кейінгі жылдары жапон жастарының арасында кеңінен етек алуда. Қалыңдық пен күйеу жігіт европалық үлгіде киінеді. Той европа дәстүрлері бойынша өткізіледі. Некені тіркеу кішігірім шіркеуде немесе той орталықтарында тіркелінеді. Жапонияда тойды кез келген адамның қалауы бойынша өткізетін орталықтар бар. Тойды өткізу қызметі 4000нан 20 000 доллар шамасында. Тойдың құны жастардың немесе олардың атааналарының талғамы мен талабына орай ұйымдастырылады. Жапонияда платинадан жасалынған неке сақиналары өте әйгілі.
Ал қызды айттыру күні күйеу жігіт қалыңдығына сөз айтқанының белгісі ретінде көзі бриллиант сақина салады. Жағдайы келмесе басқа да сыйлық жасауына болады. Жапонияда той киімдерін жастар көбіне жалға алады. Бір түнге бола көп қаражат жұмсау жапондықтар үшін артық шығын. Той салондары жапондық және еврей модельерлерінің өте әсем киім үлгілерін ұсынады. Тойда қалыңдық пен күйеу жігіт ресми бөлімнен кейін қалыңдық кешкілік көйлек киеді.
Тойда жастар билемейді. Тек әдемі ән тыңдап, караокемен ән салғанды тәуір көреді. Жастарға әдемі тілектер көп айтылады. Үлкен тойларда тамаданың болуы міндетті. Жапон тойларында қонақтардың барлығына сыйлық жасалынады. Ол сыйлықтар кофе, чай және тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттар болуы мүмкін. Жапонияда той қонақтарына арналған арнайы сыйлықтар сатылады. Тойға дайындық төртбес ай бұрын басталады. Жастар той саяхатына Гавайға немесе жапонияның әдемі жерлеріне аттанады. Жапондықтар тойды жылдың жылы мезгілінде өткізеді.
Бақытгүл БЕКТЕНҚЫзЫ
Бүгінгі технологияның дамыған кезеңінде өзінің ұлттық
дәстүрлерін қатаң сақтайтын елдердің қатары көп емес. Ал ұлттық мәдениетін қатаң сақтап, оны құрмет тұтатын елдердің алдында келе жатқан Жапон елі екені кімге де болсын жақсы мәлім.
Ұлттық дәстүрлері мен заманауи технологиялық жетістіктері әдемі үйлесім тапқан Жапонияның өмір сүру тәртібін тәптіштеп сөзбен айтып жеткізу қиын. Десек те әлемді өзіне тарта білген күн шығыс елінің үйлену дәстүрлері оқырманға өте қызықты.
Жапонияда осы күнге дейін накодо деп
аталатын жеңгейтайлар жігітке қалыңдық іздеу қызметін көрсетеді. Барлық талапқа сай келетін қалыңдық табылғасын, екі жақтың атаанасы танысып, құдалық шарасы өткізіледі. Жігіттің атаанасы болашақ келіндерінің атаанасына 5, 7 немесе 9 ашықхат сыйлайды. Бір ашықхатқа той шарасының шығынын жабуға қажетті қаражат салынады. Ал қалған ашықхаттар бос беріледі. Яғни олардың ішінде ұзақ өмірге, бақытқа, жақсы ұрпаққа және отбасылық бақытқа орын қалдырылады. Көңілдегідей өткен құдалықтан кейін той өткізу шарасына қызу дайындалады.
Той болатын күні жастар жақын туыстарымен храмға барып некелерін діни тұрғыдан заңдастырады. Священник жастарға батасын беріп, жаңа құрған отауларының берік болуларына тілектестігін білдіреді. Жас жұбайлар храмда өздеріне арнайылап дайындалған үш чашкадағы
сакеден ауыз тиіп, бірбіріне адал болу жөнінде священниктің және жақын туыстарының алдында ант береді. Храмы бірінші болып кірген қалыңдық заңды некеден кейін өзінің бас иесі ретінде күйеуінен бірекі қадам кейін ілесіп жүреді. Осыдан кейін жастарға еуропалық үлгідегі киім киюлеріне рұқсат етіледі.
Жапондықтардың үйлену дәстүрлері бірнеше кезеңнен тұрады. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы, діни жоралғының орындалуы. Бұл талаптарға будда, синтоистік және христиандық үйлену дәстүрлерінің элементтері кіреді. Ертеректе діни жоралғылар күйеу жігіттің үйінде орындалса, бүгінде храмда немесе үлкен салтанат залдарында өткізіледі. Салтанатты шараның әр кезеңінің уақыты алдын ала қатаң белгіленді. Күйеу жігіт ата тектік таңбасы салынған еркін пішімдегі «хакама» деп аталатын киім киеді. Ал қалыңдық қалың және ауыр матадан тігілген ақ кимоно киеді және басына қызыл түсті «цунокакуси» үшкүл жаулығын салады.
Тойдың алдында қонақтар жастарға сыйлық ретінде ақша ұсынады.
Дәстүр бойынша күйеу жігіт пен қалыңдық той үстінде киімдерін бірнеше рет ауыстырады. Бұл дәстүр салтанатты түрде орындалады. Жастар киімінің жарасымдылығы олардың атааналарының материалдық жағдайына байланысты болып келеді. Қалыңдық алғашында ақ киім кисе, одан кейін түрлітүсті кимоно немесе кешкілік көйлек киеді.
Тойдан кейін екі жас туыстары мен достарына, әріптестеріне мерекелік қабылдау ұйымдастырады. Еуропалық тойлардағы сияқты мұнда да құттықтау тілектері айтылады. Жастар сыйлықты чек күйінде алады. Бұл екі жастың жұмсаған шығындарының орнын толтыру үшін жасалынады. Той соңында екі жас атааналарына гүл сыйлайды.
Көптеген жапондықтар тойдан кейін той саяхатына аттанады. Тек келгесін ғана заңды некелерін арнайы мемлекеттік органдарда асықпай тіркейді. Мемлекеттік тіркеу олар үшін діни тіркеуден маңызды емес. Тойдан
Әлем елдерінің тойларынан16
Қазақтардағы секілді еврейлерде де атастыру дәстүрі бар. Екі жас көңілі жарасып, жұптарын мәңгілікке біріктіргісі келген жағдайда атаанасымен келісімге келеді . Одан кейінгі кезекте атастыру дәстүрі орындалады. Атастыру еврей халқында тноим деп аталынады. Ол талап деген мағынаға ие.
Бұл шарада екі жастың отбасын құруға дайын екендіктері және атааналарының рұқсаты анықталады. Бұл шешім жазбаша түрде бекітіледі. Мұнымен қоса күйеу жігіт киньян символикалық белгісін көрсетеді. Яғни, өзінің үйленуге дайын екендігін беторамалын көтеру арқылы білдіреді. Және де атастыру кезінде екі жастың тойына кететін шығындар мен оларға қажетті тұрмыстық заттарды жабдықтау мәселелері сөз болады. Екі жақ та ортақ шешімге келсе, қос құдағи тарелкаларды сындырады. Бұл сынған тарелкаларды қайта қалпына келтіру мүмкін еместігі сияқты, қабылданған шешімнің де кері күшінің жоқтығын білдіретін рәсім. Той уақытын
құдалар мен құдағилар шабат күні
мен діни мерекелерінен басқа уақытқа белгілейді.
Тойдың алдында қалыңдық миква бассейніне түсіп, тазалануы міндетті. Бұл рәсім кезінде қалыңдық еврей заңдарын білуі шарт.
Екі жастың той киімі мерекелік көңілкүйді білдіруі басты назарға алынады. Ер адамдардың басы жабулы болуы керек. Ал қалыңдық көйлегі ақ матадан тігіледі. Ақ түс – пәктіктің, тазалықтың белгісі болып есептелінеді. Бұл күні екі жастың алғырттықпен жасаған барлық күнәлары кешіріледі.
Қалыңдық көйлегі ұстамдылықты талап ететін еврей заңдарына орай тігіледі. Қалыңдықтың денесі ашықшашық болмауы өте маңызды. Және де матадан қалыңдықтың денесі көрініп тұрмауы ескеріледі. Тойға жиналған басқа әйел адамдардың киімі де ұстамды болуын еврей заңдары талап етеді. Қалыңдық киімін жалға алып кисе, ол үлкен әбестік саналады.
Еврейлердің үйлену тойы хупа деп аталатын балағанның астында басталады. Хупа ұғымын көпшілік еврейлер той сөзінің синонимі ретінде
қабылдайды. Ал ақиқатында, хупадаңқ пен атақтың символы. Және де хупа күйеу жігіттің үйі болып есептелінеді.
Мұнымен қоса еврейлерде күйеу жігіттің маңдайына күл жағу, қалыңдықтың атаанасымен бірге жүріп күйеу жігітті жеті рет айналуы, хупаның астында тұрып күйеу жігіттің қалыңдығының алдында жазбаша түрдегі міндеттерін оқуы сияқты дәстүрлері басқа халықтарда кездесе бермейді. Еврейлер үшін ең маңызды дәстүрдің бірі әрі бірегейі екі жастың саусақтарына сақина салуы. Бұл рәсім кезінде жастар бірбіріне «Осы сақинамен сен маған Моше және Израил Халқының заңымен арналасың» деген анттарын айтады. Осы сәттен бастап қалыңдық күйеуіне арналған әйел болып есептелінеді. Келесі кезекте күйеу жігіт оқаста қаза болып немесе ажырасқан жағдайда әйеліне төленетін материалдық «сақтандыру» шартының көлемін көпшіліктің көзінше жария етеді.
Бұдан соң Шева Брахот деп аталатын жеті той батасы оқылады. Шара соңында күйеу жігіт бокалдарды сындырып, мерекелік күннің өзінде ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан Храмның қирағанын еске түсіреді.
Хупадағы шарадан соң жастар біраз уақытқа Хедер Ихуд бөлмесінде жеке қалып, ерлізайыпты болған қуаныштарын бөліседі.
Бұдан кейінгі кезекте қонақтар мерекелік дастарқанға жайғасады. Той өте көңілді ұйымдастырылады. Тойдан кейінгі жеті күннен соң, екі жастың атаанасы отбасы құрған балалары мен тойға келмей қалған қонақтарға арнап мерекелік дастарқан жаяды.
Раушан КАРШАЛОВА,“Той әлемі“
17
Сәлеметсіздер ме, қымбатты «Той әлемі» редакциясы! Санамды саналуан сауал мазалаған соң сіздерге хат жолдап, бірауыз ақыл-кеңес сұрағанды жөн көрдім. Жолдасым екеуміз отау құрғалы үш жылдың жүзі болса да, арамыз алшақта, жү регіміз жырақта. Өмірлік жан жарым мен үшін жақындағы алысым, алыстағы жақыным. Өзімді қанша жұбатсам да, оның шаңырақ құруға перзентіміз үшін ғана келіскенін енді түсінгендеймін. Ол мені сүймейтінін білсем де, кездесіп жүрдік. Ақ отаудың ошағын жаққан соң оның көңілінде ашылған гүл секілді маған деген сұлу да сырлы сезімі оянар деген тілегім тілінді. Алайда, аяғым ауыр болған соң ғана ол маған үйленуге мәжбүр болған тәрізді. Жолдасымды жанымдай сү-йетіндіктен, жарысқан жылдардай оның жоғалып кетуінен, күндердің- күнінде екеуміздің өмір жолымыздың екіге бөлінгенін ойлаудың өзінен іштей қатты қорқатыным рас. Одан айырылып қалмау үшін енді мен не істеуім керек?
Жұлдыз Т.Алматы қ.
Сіздің жапырақтай бұл хатыңыздың астарынан рухани жалғыздықтың
лебі айқын сезіледі. Жұптары жарасқан жас жұбайлар атанып бір шаңырақтың қазығын қаққандарыңызбен, екеуіңіз бірбіріңізді әлі толық танымайтын белгісіз жандар іспеттісіздер. Сөзіңізге сүйенсек, өмірлік жол дасыңыз адамзат баласына көрінбейтін аспан күмбезіндегі айдың арғы қараңғы беті секілді сізге таныс әрі бейтаныс әлем. Жарыңыз сізді көңілінің кең сарайына кіргізу тұрмақ, тіпті үнсіз үңілдіргісі келмейтін тәрізді. Тағдырларыңыздың түптамырлары бірбірінен бөлініп кетсе, ол қайғының қара қапасына қамалып қалмасы сөзсіз. Бірақ, әлі жанұяңыздың жағдайын жақсартуға тым кеш емес. Шаңырағыңызға шуақты шаттық кіргізгіңіз келсе, шексіз шыдамдылық танытып, сарқылмас сабыр сақтағанда ғана сынақтан сүрінбесіңіз сөзсіз. Шыдамдылық шекарасынан аттап кетсеңіз, басыңызға қон ған бақыт құсын өз қолыңызбен ұзаққа ұшырып жіберуіңіз әбден мүмкін. Ол кеткенмен, көңіліңіздің көкжиегінен ешқашан кетпейтіні күмәнсіз. Мұның арты өзі ңізді өзекті өртейтін өкініш пен өксікке апарары айдан анық. Бұл маңызды мәселені шешудің бірден бір «жақын» жолы жарыңыздың жүрегіне жол тауып, оны өзіңізге мәңгілік ғашық қылу. Жарыңыздың ішкі әлеміне апарар жол «ұзақ». Бірақ, оған бірден жетуге өзіңіз де асықпаңыз. Жолдасыңыздың жансарайына жетелер жолда алдыңыздағы қаншама «жоталар мен асулардан асып, өткелдерден өтуге» өзіңіз алдынала дайындалып, психологиялық тұр ғыдан «қуатты» қаруланып алғайсыз. Жан жарыңыздың жансарайына жақындау үшін әрбір қадамды алғашында тек сіз ғана жасайтыныңыз әсте көңіліңізге кірбің түсірмесін.
«Сұлуға соқырдың да көзі түседі» демекші, қонаққа барғанда ғана тотықұстай түрленбей, үй ішінде әрдайым әрленіп, қызғалдақтай құлпырып жүру үшін өңіңізге басты назар аударыңыз. Өзгеге емес, тек күйеуіңізге ғана әсемденіп, соған ғана әсемдігіңізді арнап жүргеніңізді байқатыңыз.
Ас үйден шықпай, тамақ пісіруге бо йыңыздағы күшжігеріңіз бен бар өнеріңізді салыңыз. Жайнаған дастарқаныңыздағы өз қолыңызбен әзірлеген тәтті тағамдармен таң ғалдырып, таңдай қақтырыңыз. Жарыңыз ды сиқырлы саусақтарыңыздан бал тамған та ма ша өнеріңізбен таңғалдырудан еш қашан шаршамаңыз. Міне, осылайша жол дасыңызды бойыңыздағы бар жақсы қасиеттеріңізбен біртіндеп таныстырыңыз. Айтпақшы, отба сымен таңғажайып таби ғат аясына шығып, серуендеу жанұяны жақындататынын жақсы білетін шетелдіктерден үлгі алу құптарлық қарекет. Осы бастан әке мен бала арасын жақындату жолдарын қарастырыңыз. Отбасындағы басты мәселе – перзент тәрбиесі туралы жиіжиі кеңесу бірбіріңізді жақындатар жақсы мүмкіндік.
Әдемі әрекеттеріңіз арқылы екеуіңіздің араларыңызды жалғайтын «көпір» салыңыз. Адамгершілік асыл қасиеттеріңіз сол «көпірдің» негізгі кірпіші болсын. Алғашында сұлу сезіміңіз бен ыстық ықыласыңызға салқын сезіммен және ұзақ үнсіздікпен жауап берсе де, мойымаңыз. Кейбір күңіренген кез дерде де көңіліңіздің ашық аспанын бұлт торламасын. Оның көңіліндегі сезімінен сал қын самал ессе де сезіміңіз суымасын. Қатулы қабағынан қа лың қар жауып, ажары ашуланып тұрса да әрдайым күйеуіңіздің көзіне қарап күндей күлімсіреп, жанжағыңызға шырайлы шуақ шашып жүргейсіз. Араларыңыздағы мұзды ерітіп,
көзге көрінбес, көңілден кетпес қабырғаны жою үшін өз әлемінде үнтүнсіз ғана өмір сүретін күйеуіңізді әдемі де әсерлі әңгімеге тарта білуден қорықпаңыз. Араларыңыздағы үнсіздік пен алшақтықты жоюға талпыныс жасағанда қанатыңыз талмағай.
Әдептілігіңізбен, әдемілігіңізбен және бойыңыздағы көз сүйсінтерлік қарекеттеріңіз бен қасиеттеріңіз арқылы жолдасыңызды ішкі әлеміңіздің таңғажайып табиғатымен таныстырып, ауырғанда аялайтын, мейірімін аямайтын ақылды жар екеніңізді білдіртпей байқатыңыз. Ол сіз үшін жалғандағы ең қымбат, дара және дана жан екенін жиіжиі есіне салыңыз. Оны ақылды азамат әрі жолдасыңыз ретінде құрметтеп, ардақтайтыныңызды сез діртіңіз. Ажарына ақылы сай инабатты да ибалы қазақ келіні бола білсеңіз, оның алдында қадірқасиетіңіз арта түсері анық.
Әйел заты ер адамды перзент арқылы жанына мәңгілік байлап алуы мүмкін емес. Жарыңызды жаныңызға сұлу да сырлы сезіміңізбен сиқырлап «байлап» алуға тырысыңыз. Мейірімді мінезіңізбен, сұлу сезіміңізбен өзіңізге баурап алсаңыз, сырттай сүйсініп қана қоймай, жарыңыздың жүрегі жібіп, құшағын жайып, сізге жан сарайының есігін айқара ашары сөзсіз. Жарыңыздың жапырақтай жүрегіндегі ғаламшардай ғаламат ғажайып сезімі мен ықыласын игілікті ісәрекеттеріңізбен осылайша оята білгейсіз. Оған лайықты ақылды жар екеніңізді ізгілікті істеріңізбен көрсетсеңіз, өлшеулі өмірде жар таңдауда қателеспегеніне, шұғыла шашқан шырайлы шартарапта сізден басқа оған лайықты ару жоқ екеніне көп ұзамай көзі жеткізері айқын.
Балнұр Ахметова“Той әлемі”
Оқырман сауалына журнал тілшісі Балнұр АХМЕТОВА жауап береді
Оқырман сауалы
18
8 701 405 03 40
Танымал асаба Алмас Байырбеков жетекшілік ететін топ той өткізу қызметін көрсетеді.
ӘділбайЖұманиязов
8 701 472 72 10
Данияр8 701 121 11 66Қуанышбай НҰРПЕЙІСОВ8 701 459 88 40Алмас БАЙЫРБЕКОВ8 777 29 398 47Қанат ИБРАИМОВ8 701 611 32 42ҚадырІЛИяСОВ8 701 799 17 808 701 392 90 10Гүлзира НҰРЕЛОВА8 724 5 14 288 777 561 00 90Хамит 243 40 14
Дихан Әділханұлы“Күлкістан” әзіл-ысқақ отауы8 701 628 14 328 777 247 57 23Бағдат 8 701 545 13 565
Болатбек 8 701 181 39 69Дарын 8 701 493 84 06Досбол 8 777 251 43 08Ерқуат8 777 259 37 41Есбол 8 705 197 17 90Сырым8 777 24 761 72Дәулет 260 97 428 777 561 56 71;8 700 454 35 19Ғалымжан 8 701 617 97 99Мұхтар ТҰРТАЙҰЛЫ8 701 65 46 441Укаша8 701 441 72 72;8 /727/ 317 64 70Кенже САҒИДОЛЛАЕВ8 707 383 98 938 701 830 25 15
19
Қалтафон:+77025147912
Алматы қаласындағы №173лицейдің 1сынып оқушысы Жалғасов Бекасыл Мақсатұлын 7 жасқа толуымен атасы мен әжесі құттықтайды.
– Бекасыл, саған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз. Бірінші кезекте, денсаулығың мықты болсын. Оқуда озат, ата-әжеңе, әке-шешеңе мейірімді, дос-құрбыңның алды бол. Таэквондо спортымен айналысып, жүлделі орындарды иеленіп келесің. Алдағы күндерде де жүлделі орындарға ие болып, шыңдала беруіңе шын жүректен тілектеспіз.
Құттықтаушы: атасы Жалғас Сүйеубайұлы мен әжесі Шәмша Ыбырайқызы
Recommended