Нәтижелі білім алудың жолдары

Preview:

Citation preview

Нәтижелі білім алудың жолдары

проф. Кшиштоф Рыбиньскиректор

Білім алу дегеніміз тек жаттап алу дегенді білдірмейді.

(ЗЗЗ/ ЖТҰ)

Ол - көргеніңді, естігеніңді және істегеніңді ұғынып,

есте сақтау.

Біздің кездесуіміздің барысында сіздер:

• Жақсы жұмыс табу үшін қандай біліміңіз болуы қажет?

• ЖЭУ-де оқу барысында сіздерге қажетті білімге қалай қол жеткізуге болатындығы жөнінде

• Білім алу барысында сіздерде қандай жаман әдеттер болуы мүмкін

• Нәтижелі білім алудың жолдары: барлық емтихандарды өте жақсы тапсырып, диплом алған соң, алған білімдеріңізден мақұрым қалмаудың жолдары жөнінде білетін боласыздар.

Сіздердің мектепте білім алудағы мақсаттарыңыз

1. ҰБТ-ы жақсы тапсыру2. Грантқа түсу

3. ?????

Сіздердің ЖЭУ-де білім алудағы мақсаттарыңыз:

1. Үздік дипломға ие болу2. Уақытты қызықты өткізу3. Жақсы жалақысы бар жұмыс

табуға даярлану немесе өзіңіздің жеке ісіңізді сәтті ашу.

4. Жоғарыда айтылғанның барлығы

• СІЗ НЕНІ ҮЙРЕНГЕНІҢІЗ ЖӨН?

• ҚАЛАЙ ҮЙРЕНГЕНІҢІЗ ЖӨН?

top 10 қабілеттілік1. Топта жұмыс істей алу2. Шешім қабылдай алу, қиын мәселелердің түйінін шешу3. Кез келген ұйымда да, одан тыс жерде де адамдармен тіл

табыса білу4. Жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыра білу5. Ақпаратты қабылдап, өңдей алу6. Есептік мағлұматтарды талдай білу7. Мамандығы және жұмысы бойынша білімі8. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу тәжірибесі9. Жазбаша баяндамаларды құрастыра және түзей алу қабілеті 10. Сату қабілеттілігі және басқаларға ықпал ете алу қабылеттілігі.

Дереккөз: Forbes мақаласынан, http://onforb.es/10Xsizr

Білім алудың негіздері• Нейропластика: сіздер оқу барысында миыңыздың

қабілетін дамытасыз, осылайша сіз өзіңіздің зияткерлік мүмкіндіктеріңізді жақсарта бастайсыз.

• Оқу барысында қаншалықты көп тер төксеңіз, соншалықты миыңыздың мүмкіндіктерін күшейте түсесіз .

• Білім алуда: фокустық және диффузия тәсілі• Жадымыздың қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді

түрлері және “білім қиялы” түрі бар.• Білім алудың пассивті түрі және активті түрі.

Нейропластика• табан – аяқ-киім• пішін – дөңгелек• спорт – футбол• тамақ – суши• сусын – Спрайт• машина – Форд• ермек – би• мемлекет – Испания

• қол – қо_бақ• түс – қа_а• музыка – р_к-н-ролл• тамақ – п_цца• сусын – фа_тa• машина – То_ота• ермек – ә_ cалу• мемлекет – Гр_ция

Фокустық тәсіл vs. диффузия тәсілі

„Біл

ім қ

иялы

Екі аптадан соң біз есте сақтауға бейімбіз....

Білім алудың пассивті және активті түрі.

.

• оқығанымыздың 10%-ыноқу

• естігеніміздің 20%-ын Сөздерді есту

• көргеніміздің 30%-ынКөру

• көріп және естігеніміздің 50%-ын

Кино көруӨрмені тамашалауҚойылымды көру

Істелген істі бақылау

• айтқанымыздың 70%-ын

Пікірталастарға қатысуБаяндама жасау

• Айтып және жасағанымыз-дың 90%-ын

Көрнекті презентация жасауШынайы тәжіребие жасау

Нақты істер жасау

«Мен естимін және ұмытамын.Мен көремін және есімде сақтаймын. Мен істеймін және түсінемін.» Конфуций

пассивті

активТі

Нәтижелі білім алудың жолдары – 1 Істегеніңіз жөн!

• Күнделікті тәжірибе жаса және әрдайым ізденісте бол

Сен бір мәтінді оқығанда немесе дәрісте түртіп алған мағлұматтарыңды қайталау барысында мәтінге қарамай, сәл кідіріс жасап, өзіңе:

Бұл мәтіннің басты мән-мағынасы қандай? Маған қандай жаңа терминдер немесе қандай ұғымдар таныс емес? Мен оларды қалай түсінсем болады? Бұл ұғымдар менің бұған дейінгі білетіндеріме қандай қатысы бар?деген сияқты сұрақтар қоя біл.

• Әр аптаның соңында өзіңді-өзің ,апта сайын өткен мағлұматтар бойынша тексеріп, қайталап отыр.

Істемегеніңіз жөн!

• Мәтінді бір реттен артық қайталамаМәтінді біршама уақыт өткен соң қайталасаңыз болады. Жазбаларыңызды қайта-қайта,әсіресе, емтихан алдында оқи бермеңіз.Бұл “білім қиялын” құрастырады,яғни,қысқа мерзімді жадыңызды пайдаланып, жаттағандарыңызды тез ұмытуға әкеліп соғады.

Істегеніңіз жөн!• Өткенді қайталауды дұрыс

жоспарлаңызКейбір мағлұматтарды ұмытқан шағыңызда келесі күні қайталаңыз, кейін бір аптадан соң тағы, содан соң тағы біршама апта өткен соң қайталап отырыңыз. Екі немесе бірнеше тақырыптарды кезекпен қайталаңыз.

Қандай да бір мәселеге тап болған жағдайда және оларды шешу мақсатында, емтихандар мен өмірдің шынайы қиындықтары бірнеше пәнді бірден білуді талап етеді.

Істемегеніңіз жөн!

• Тым көп қайталай беруден аулақ болыңызСіз миыңызды дұрыс дамытпай, ақпаратты қысқа мерзімді жадыңызға жай ғана жүктеп қоясыз.Сіз емтихан алдында тым көп қайталау арқылы дұрыс ұйқыдан қаласыз, осылайша миыңыз шаршап, емтиханнан қанағатсыздандырарлық баға аласыз.

Нәтижелі білім алудың жолдары – 2

Нәтижелі білім алудың жолдары – 3

Істегеніңіз жөн!• Ақпаратты өз

сөздерңізбен жазыңызЕмтихан уақытында сіз жауапты өз сөздеріңізбен жазасыз, яғни, сіздің кітаптан көшіруге мүмкіндігіңіз болмайды.

Осылайша сіз миыңызда жаңа байланыстардың ірге тасын қалай отырып, жаңа ілімді ұғынудың тереңірек жолын саласыз.

Істемегеніңіз жөн!• Ақпаратты кітаптан

немесе слайдтардан көшірмеңіз

Бұл білімді ұзақ мерзімді

жадымызда сақтауға мүмкіндік бермейтін, жай ғана механикалық іс-әрекет.

Нәтижелі білім алудың жолдары – 4 Істегеніңіз жөн!

Мұқият ойлану – жаңа ұғымдарға жаңа деңгейдегі мағына табуға тырысу.

Жаңа мағлұматты бұрыннан білетін мәліметтеріңізбен байланыстырыңыз. Жаңа ақпаратқа қатысты жаңа ділді нысандар құрастырыңыз, мысалға, қиын формулаларды оңай жаттау үшін ұйқасты мәтіндерді пайдаланыңыз. Немесе жаңа ақпаратқа қатысты ойша көрініс құраңыз.

Істемегеніңіз жөн!

• Жаңа мағлұматты жаттап алмаңыз. Оқу дегеніміз әртүрлі тұжырымдамаларды бір-бірімен байланыстыру дегенді білдіреді, ал жаттау бұндай байланыстар құрай алмайды.

Нәтижелі білім алудың жолдары – 5Істегеніңіз жөн!

• Дамуға тырысыңыз – шешім көрсетілмей тұрып, өз бетіңізше жауабын табуға тырысыңыз. Сіз қандай да бір қиындыққа тап болғаныңызда (сыныптан немесе кітаптан), өз бетіңізше мұғалім жауабын айтпай тұрып немесе кітаптан жауабын көрмей тұрып-ақ, мәселені өзім қалай шешер едім деп бір ойланып, өз бетіңізше жауап беруге тырысыңыз.

Істемегеніңіз жөн!

• Дайын жауапты оқымаңыз.Шынайы өмірде сіз қиындыққа тап болған жағдайда, шешімді бір жерден көшіріп ала алмайсыз, яғни, сіз өзіңізде бар біліміңізді мәселені шешуге қолданасыз. Сіз жауаптарды жай оқи салатын болсаңыз, оларды тез ұмытып қаласыз, осылайша, әртүрлі қиындықтарды шешуге қабілетті болмайсыз.

Нәтижелі білім алудың жолдары – 6

Істегеніңіз жөн!• Күнделікті ойлануға

дағдыланыңызКүнде кешке, жатар алдында, бір параққа бүгін ең маңызды не нәрсені үйренгеніңізді жазып отырыңыз. Жазғандарыңызды оянған кезіңізде бір шолып өтіңіз. Ойланудың шашыранды тәсілінің іске қосылуына мүмкіндік беріңіз.

Істемегеніңіз жөн!• Сыныпта

естіп/көргендіктен ғана бірнәрсені үйрендім деп есептемеңіз. Егер де сіз қайталап тұрмасаңыз, пассивті түрде жаттаған біліміңіздің 70%-ын ұмытып қаласыз.

Сондықтан сізге емтихан алдында тым көп қайталауға тура келеді. Осылайша, университетті бітірген соң, сіздің жадыңызда ешнәрсе қалмайды.

Нәтижелі білім алудың жолдары – 7Істегеніңіз жөн!

Тәжірибенің ең жақсы түрлерін сыныпта қолдануға тырысыңыз

• Сабаққа келмес бұрын, силлабуста берілген ақпаратты шолып шығуға тырысыңыз, сіз үшін жаңа ұғымдар бар болса, дәптеріңізге түртіп алыңыз.

• Егер түсінбеген болсаңыз,әрқашан қолыңызды көтеріп, сұрақ қойыңыз.

• Егер сіз бір нәрсемен келіспесеңіз немесе сіздің сын-пікіріңіз болса, қолыңызды көтеріп, міндетті түрде айтыңыз.

• Мұғалім сұрақ қойса, үнемі қол көтеріп, жауап беруге тырысыңыз.

• Сабақ біткен соң басты мәселелерді группаластарыңызбен талқылаңыз.

Істемегеніңіз жөн!

• Сабаққа немқұрайлы қарап, қатыспай отырудан аулақ болыңызСабақта отырып, естігеніңізді жай ғана жазып отыру дегеніміз, сіз өте аз білім алып жатыр дегенді білдіреді және жиі қайталап отырмаған соң, сабақта естігеніңіздің барлығын дерлік ұмытып қалуыңызға әкеліп соғады.

Нәтижелі білім алудың жолдары – 8Істегеніңіз жөн!

• Емтихан уақытында/тест жазғанда миыңызды іске қосудың диффузиялық тәсілін қолданыңызАлдымен бүкіл емтихан/тест сұрақтарына шолу жасаңыз.(1 минуттың ішінде). Ең қиын сұрақты таңдап, сонымен жұмыс істеуге тырысыңыз,егер кідіріп қалсаңыз, жеңіл сұраққа көше беріңіз, қиын сұраққа диффузия тәсіл арқылы миыңыз ойлана береді.

Істемегеніңіз жөн!• Тест сұрақтарын міндетті

түрде ең алғашқы сұрақтан бастап аяғына дейін шешуге дағдыланбаңыз.

• Емтихан сұрақтарын алғашқы сұрақтан ғана бастап жазбаңызБұндай жолды қолданар болсаңыз, сіздің миыңыз тек фокусты тәсілде жұмыс істеп, диффузия тәсілін іске қоспай қалады.

Сіздер үнемі ең қиын сұрақтарды соңына қалдыратындықтарыңыздан, күйзеліс оны шешуді одан да қиындата түседі.

Есіңізде болсын!• Сіз дұрыс білім алып үйренгеніңізде,

миыңызды жаттықтырып, ақылыңызға ақыл қоса түсесіз;

• Жаттап алмаңыз, әрқашан ұғынуға тырысыңыз;

• Сабаққа белсенді қатысып, көп сұрақ қойыңыз;

• Білім алу барысында диффузия тәсілін де фокустық тәсілді де қолданыңыз.

Қызықты білім алуға тілектеспіз!

Recommended