44

лекция Alua

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: лекция Alua

2.3 Қонақ үй кәсіпорындарындағы персонал маркетингі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қонақ үй кәсіпорнының персоналын басқару» пәні

Page 2: лекция Alua

Қарастырылатын сұрақтар:

• Қонақ үй кәсіпорынында персонал маркетингінің түсінігі, оның мәні мен мазмұны.

• Персонал маркетингінің функциялары.

• Персонал маркетингінің ақпараттық қызметі.

Page 3: лекция Alua

Әдебиеттер:

1. Роглев Х.Й. Основы гостиничного менеджмента: Учебник. - К.: Кондор, 2009

2. « Қонақ үй шаруашылығы » Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М. Оқу құралы. 2007 жыл.

3. Интегрированные маркетинговые коммуникации: учеб./под.ред. И.М.Синяевой.-М:ЮНИТИ-ДАНА, 2012г.

4. А.В.Кирьянко. Маркетинг персонала:учеб.пособие/ СибАГС.-Новосибирск, 2013г.

Page 4: лекция Alua

Персонал маркетингі

- кәсіпорынды адам ресурстарымен ұзақ мерзімді қамтамасыз етуге бағытталған басқару қызметінің турі. Бұл ресурстар нақты мақсатты міндеттерді шеше алатын стратегиялық кадрлық әлеуетті құрайды.

Page 5: лекция Alua

Персонал маркетингі

Кең мағынада

• Адам ресуртарын басқарудың философиясы мен стратегиясы

• Персонал (кәсіпорында жұмыс істейтін және әлеуетті) кәсіпорынның ішкі және сыртқы клиенттері ретінде қарастырылады.

Тар мағынада

• Персонал маркетингі персоналды басқарудың спецификалық қызметін ұйымдастыруды көздейді: маркетингтік қызметтің бағытын анықтайтын сыртқы және ішкі факторларды талдау, персонал маркетингі бағыттары бойынша іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру.

Page 6: лекция Alua

Персоналды басқарудағы маркетингтік қызметтің бағыттары:

персоналға қойылатын кәсіби талаптарды әзірлеу;

персоналға деген сандық және сапалық қажеттілікті анықтау;

персоналды қабылдау және ары қарай басқаруға кеткен шығындарды есептеу;

Персоналға деген қажеттілікті қамтамасыз етудің жолдары мен көздерін таңдау.

Page 7: лекция Alua

Персоналға деген қажеттілікті қамтамасыз ету бойынша маркетингтік қызмет кезеңдері:

1 •персонал маркетингі бойынша маркетингтік зерттеулер жургізу;

2 •еңбек нарығын талдау және қажеттілікті қамтамасыз ету көздерін негіздеу;

3 •персоналды тарту жолдарын анықтау;

4•әлеуетті қызметкерлерге қойылатын сапалық және сандық көрсеткіштердің

талаптарына талдау, персоналды тартуда қолданылатынн белгілі бір көзі мен жолына кеткен шығындарды талдау;

5 •кадрлық шешім қабылдау ( адам ресурсына деген қажеттілікті қамтамасыз етудің көздері мен жолдарын таңдау).

Page 8: лекция Alua

«Адам ресуртарының» көздері:

Оқу орындарыЕңбек күшінің халықаралық

нарығы

Коммерциялық оқу орындары

Персоналды іріктейтін

консалтингтік фирмалар

Кәсіби ассоциациялар

мен бірлестіктер

Еркін еңбек нарығы

Кәсіпорынның ішкі көздері

Page 9: лекция Alua

Персоналға деген қажеттілікті қамтамасыз етудің жолдары.

Сыртқы көздері

Активті

• қызметкерлерді оқу орнынан іріктеу;

• жергілікті және аймақтық жұмыспен қамту мекемелеріне бос вакансиялар бойынша өтініштерді ұсыну;

• персоналды іріктейтін консалтингтік фирмалардың қызметін қолдану;

• жаңа персоналды өз қызметкерлері арқылы тарту.

Пассивті

• Вакансиялар бойынша ақпаратты БАҚ және арнайы басылымдар арқылы жарнамалау;

• Жергілікті сипаттағы хабарландыру ілу.

Page 10: лекция Alua

Ішкі көздер:

• қызметкерлердің бір бөлімшіден екіншіге жылжуы;

•лауазымның жоғарылауы (қосымша білім алу немесе білікті жоғарылату);

•қосымша кәсіби білім беру арқылы қызметкердің қалыпты жұмыс орнында жаңа функционалды рөлін қалыптастыру.

Page 11: лекция Alua

Қонақ үй кәсіпорындарындағы персонал маркетингі үшін ақпарат көздері:

•кәсіби оқу орнында мамандарды дайындау бойынша оқу бағдарламалар мен жоспарлар;

•мамандарды қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары мен оқу орындарындағы қосымша білім алу бағдарламалары;

•еңбек және жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік органдардың талдау материалдары, мамандандырылған журналдар;

•көрмелер, конференциялар, семинарлар, салалық газеттердегі мақалалар, бәсекелес кәсіпорындардың жарнамалық материалдары;

•оқу орындарындағы ашық есік күндері.