384
Нрпейіс БАЙАНИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ 3 том

юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

  • Upload
    others

  • View
    35

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Н�рпейісБАЙ АНИН

ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

3том

Page 2: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 5Б 17

Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

Жинақты басуға М.О.Əуезов атындағыƏдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған

Редакция алқасы:С.Қасқабасов, С.Қирабаев, С.Қосан, Ж.Ысмағұлов, С.Қорабай

Жауапты редактор:Р.Жұманиязова, өнертану ғылымдарының кандидатыҚұрастырған, ғылыми қосымшаларын дайындаған: А.Əбдірəсілқызы, филология ғылымдарының кандидаты

Байғанин НұрпейісБ 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы, «Қазығұрт» баспа-

сы, 2014. ISBN 9965-22-319-Х Т.3: Алпамыс батыр; Қобыланды батыр (Н.Байғанин нұсқа-

лары). – 2013. – 384 бет. ISBN 978-9965-22-478-2

Нұрпейіс Байғаниннің 3 томдық шығармалар жинағының ІІІ то-мына «Төрехан», «Қарасай-Қази», «Құбығұл» жырларының ақын жырлаған нұсқалары еніп отыр. Ақын репертуарындағы «Батырлар жырының желісі» мен «Қараүлектің Мамайды жоқтауының» байға-ниндік нұсқалары да осы томға енгізілді.

Жинақтың соңында томға енген мəтіндерге түсініктер, мəтіндерде кездесетін тарихи жəне діни есімдер, жер-су атаулары, сөздік, шартты қысқартулар қамтылған ғылыми қосымшалар берілген.

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 5

ISBN 978-9965-22-478-2 (Т.3)ISBN 9965-22-319-Х

© «Қазақстанның халық ақыныНұрпейіс Байғанин атындағымəдени қоры» ЖҚ, 2014© «Қазығұрт» баспасы», 2014

Page 3: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫ

ЖЕЛІСІ

Page 4: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

4

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ЖЕЛІСІ

Тыңда, халқым, бастайынБатыр батыр болғаннан,Ер жеделге толғаннан,Тұлар таңдап мінгеннен,Берік сауыт кигеннен, Жасанған жауға тигеннен,Жауды көрсе желігіп,Шаттық дəурен сүргеннен.

Жауды көрсе тербенген,Тербенсе, қалмақ жерге енген,Үш күн жауды көрмесе,Көкірегі шерленген,Біреуін бастап айтайынБұрынғы өткен ерлерден.

Тартайын жырдың желісін,Келтірейін келісін.Сөз білмейтін олақтайҚысқартпас бабаң өрісін.Балдан тəтті жырымныңХалқым татсын жемісін.

Өткен заман шағында,Батырлардың бағында,Қайырымсыз хандардыңЕл бастаған шағындаЕлге тыным болмаған,Хан мен бегі оңбаған,Оңбаған демей не дейін:Бүлініп жатқан халыққаТура көзін салмаған.Қайырымсыз хан залым,

Page 5: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

5

Мейірімсіз би залым,Халықты жеп, жалмаған.

Бұрынғының ерлеріБереңгі сауыт кигені,Беліне садақ ілгені,Жасанған жауға тигені,Ерлікпен дəурен сүргені.

Тұлпардан таңдап ат мінген,Ат құйрығын шарт түйген,Жасанған жауға кеп тиген.Қолындағы көк жебеҚара тастан өткізген,Жауыздықты жаулардың Кемесін құмға шөккізген.Алмасын тасқа қайраған,Жауды көрсе жайлаған,Маңдайы жаудан таймаған,Халықтың қамын ойлаған.Байтақ елін қорғаған,Басына ерлік орнаған,Қайраты асқан өңді адам.

Тебінгі терге шіріткен,Терлігін сүттей іріткен,Айғайласқан шағындаБасын қосып біріккен,Беттеген жауы үріккен.Алты малта ас еткен,Қатын-бала жат еткен,Қуантып халқан шат еткен,Ұрысқан жауын мат еткен.

Тұлпар мініп, «шу» деген,Жүрегі қызып гулеген.

Page 6: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

6

Астындағы тұлпардыңТабаны жерге тимеген.Қарсы келген жау болса,Балшықтай басып илеген.

Жау дегенде айбатты,Айбаты асқан қайратты,Астына мінген тұлпардың Ауыздығын шайнатты,Мінген атын ойнатты,Халқына бақыт орнатты.Арыстан, шер батырларХалықтың қамын ойлапты,Байтақ елін қорғапты.Береңгі сауыт кигеніБелгілі жауға тигені,Ұшқырлы найза қолға алып,Беліне садақ ілгені,Жасанған жауға тигені.

Салтанатпен самғады,Халқының арын арлады.Арлау – ердің арманы,Күшін күшке жалғады,Ер қайраттан танбады.«Ə» дегенде «мə» деген,Азын көпке теңеген,Қолындағы жебесінӨткізген сауыт көбеден.Қолына жасыл ту алған,Туды қанға суарған,Ерлігі елге сыналған,Бастары ердің құралған.

Тартайын жырдың желісін,Келтірейін келісін.Сөз білмейтін жыршыдай

Page 7: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

7

Қысқартпайын өрісін.Батыр батыр болғаннанСапарын ерлер оңғарған,Жауды көрсе, долданған,Қияқты найза қолға алған.Баба Түкті Шашты Əзиз,Едіге сұлтан, НұрадынХалықтың еткен мұрадын.Қызыл қанға бояғанКөк алмастың қияғын.Ешкім осал деген жоқМұның тұқым-тұяғын.Едігедей ер еді,Елге тиген себебі.Қалмақ деген халыққаІшкізген қаннан керені. Астана елдің сүйеніші –Едіге батыр керегі.

Арыстан батыр Едіге,Батырлығы білінгенМұсылман, кəпір шегіне.Басып қонған ер едіТоқтамыс ханның көліне.Қырғын берген ер едіКөп қалмақтың еліне.Ел қондырған ЕдігеҚалмақтың нулы көліне.Құлағың салып, халық, тыңда,Менің тартқан желіме.Жырым менің қара ...............Қартың жырды таппаса,Кəрі тарлан шаппаса,Обалы болсын өзіне.Жырдың міні бар болса,Балаларым, айт көзіме.Сонан туған Нұрадын,

Page 8: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

8

Еткізген елдің мұрадын.Халқының жаққан со күндеМанар шам мен шырағын.Он екі баулы халықтыңЖеткізген мақсат-мұрадын.Қартының айтқан жырынаБалаларым салсын құлағын.

Нұрадыннан хан Мұса,Ойлағаны ар Мұса.Еріккен күнде ер Мұса,Ерінген күнде би Мұса.Отыз ұлды сол Мұса,Дəулет пен баққа зор Мұса,Берекеті мол Мұса.

Үлкен тоқал баласыОн екі екен шамасы,Əліби екен ағасы.Бəрі батыр, бəрі би,Білік пен артық санасы.Ортаншы тоқал баласыОн бір туған шамасы.Біліктің асқан данасыТобаяқ екен ағасы.Кіші тоқал баласыКүніке менен би Сидақ,Ең үлкені кер Шойнақ,Мұның жайы солай-ақ.Бəрі қатар бір туғанƏліби, Смайыл, Тобаяқ.Айтайын деп жырласамСөз желісі оңай-ақ,Мұның жайы солай-ақ.Бəйбішеден АлшағырХалық билеп, хан болған,Қараңғыға шам болған.

Page 9: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

9

Батыр болған, паң болған,Ойлағаны ар болған.Көңіліне жедел зар толған,Жауға алды тар болған.

Онан туған хан Мамай,Хан Мамай атты жазған-ай.Талай жерге барған-ай,Талайға ойран салған-ай,Қылышын қанға малған-ай.Шежіреден сұрасаң,Мұнымның жоқ жалғаны-ай.Қанша патша болса да,Бір перзенттің зарынанКөп болыпты арманы-ай.

Інісі туған қанды Орақ,Қарт бурадай қарлы Орақ,Айдаһардай зəрлі Орақ,Салтанатты, сəнді Орақ.Жауға бүлгін салды Орақ,Қылышын қанға малды Орақ,Орақтайын орды Орақ,Ұрысқан жауын жойды Орақ,Терісін бітеу сойды Орақ.Қалмақтың басы Хан ЖөкеЕкі көзін ойды Орақ.Орақтайын орған ер,Қарсыласқан жау болсаҚарасын құртып, жойған ер.

Орақтан туған Қарасай,Ер Қазимен екеуіАйбатты Орақ баласы-ай.Алты мен жеті жасындаЖауға шапқан таласа-ай.Артық болған тұқымның

Page 10: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

10

Ерлік пен билік санасы-ай.Сансыз айта келсек теОсыған қояр санасы-ай.

Тыңдауыңа бұ қалай,Əр сүреге түсейін.Құлақ сал, халқым, жағалайЖеліктіріп жырлайын,Жеріне қашқан маядай.Мұным пəлен болмаса,Бұған көңілің толмаса,Жылжытайын шіркіндіТұяғы тайпаң жорғаша.Үлкендіктен танбасам,Аз ойымды шалмасам,Сары жорға базармын,Бұлбұл құстай сайрасам.Өкпелерсің, балаларым,Бір желіге бармасам.

Орақ, Мамай өткен соң,Дүниеден бұлар көшкен соң,Қарасай, Қази қос жетімБұл атадан жас қалды-ай,Əрі ақылдан бос қалды-ай.Баба Түкті тегіненОсы жерде бақыт тоқталды.Дəулет бітіп, бай қылған,Халықты риза, жай қылғанШаруаның тұқымы – Он екі баулы көп ноғайШынтемірді хан қылған.Дəулет малды айдаған,Шағанға бие байлаған,Самардың бойын жайлағанКең шаруа болған хан еді.Орақ, Мамай өткен соң,

Page 11: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

11

Хан дүниеден көшкен соң,Халық хансыз болмас деп,Хансыз халық оңбас деп,Өткен Орақ, МамайдыңӨксісек орны толмас деп,Бұ тұқымның қашаннан Өткірлігі алмас деп,Жақсы тұқым нəсібіКем орынға қалмас деп,Енді ноғай кеңесті,Кеңескенде не десті:Хандықтың жайын сөйлесті,Ноғайлының кəрісі,Ақсақалдың бəрісіШынтемір жай адам деп,Соны хан қоюға меңдесті.

Жастар үлкенге ақыл салмады,Жастың арын арлады:«Қарасай мен ер ҚазиАталы тұқым ер еді,Екі жағы тең еді,Шынтемірдің атасыҚимайысын байлағанҚойды баққан неме еді.Кем атаның баласыБайтақ елді баға алмас,Елдің көңілін таба алмас.Атасында ерлік жоқ,Ел шетіне жау келсе,Қарсы жауға бара алмас.Қарасай мен ер ҚазиАсыл несеп тұқымыКем орынға қала алмас.Ақсақал, тіліңді алмаймыз,Қаулыңа құлақ салмаймыз.Қарасайды хан қойып,

Page 12: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

12

Атасының алтын тақӨз жолына арнаймыз».

Ақсақалдар бас қосып,Жастарға ақыл салмады,Қаулысын қабыл алмады.Иесіз тұрған алтын тақШынтемірге арнады.Алпысқа келген шағында,Тұрғанда хан тағындаБір перзент көреді.Бала атаның керегі,Сүйеніш перзент тірегі.Бір ер бала көреді,Оның атын Əділ деп еді.Тоғыз жасқа келгендеƏділ патша хан болды,Хандығы халыққа таң болды.Батыр болды, паң болды,Ойлағаны ар болды,Жүрегіне зар толды.

Сыпырадай қартына:– Халықтың ханы мен, деді,Көпті көрген қартым сен, деді,Ерігіп тұрған ханыңаБір жау тауып бер, деді.Сүйдеп патша желікті,«Балам толсын мерейің,Сөзіңді қабыл көрейін.Лайықты жауыңдыХаным, тауып берейін.Адам аттың ізін салмаған,Бұрын ерлер бармаған,Он екі айлық жері бар, Үш айшылық жолы бар,Торпақ көл деген көлі бар,

Page 13: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

13

Қиғаштың қара белі бар.Батырлардың бағы бар,Керекті жауың табылар,Əскер алып, жол шегіп,Сол жауға барсаң неғылар?Білгенін айтар кəріңіз,Қартыңның тілін алыңыз,Қиғаштың қара тауындаҚызылбастың қанды жау, Салтанатты сəн мекенХаным, соған барыңыз».

Ерлерді жиды саралай,Тоқсанға келген қарт кемпірҚараүлекке ақыл салады-ай.Барған жауы Қиғаш тау,Қызылбас деген қанды жау,Қызылбасқа барған ер,Барып уығын салған ер,Он жеті қатар зынданға Қапияда түсіп қалған ер,Арманда болған жазған ер.

Тарттым сөздің желісін,Ерлердің айттым тегісін,Тыңдауыңа бұ қалай?Мұным бəлен болмаса,Бұған көңілің толмаса,Нұрекең ақын сөз табар,Тереңнен қиял ойласа.Жəне кім бар десеңдер,Асылы күннен жараған,Төре тұқым тараған,Арғы атасын айтайын,Руы баян Шыңғысхан,Шыңғысханнан Шынтас хан,Шынтас ханнан Бектас хан.

Page 14: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

14

Қаһарлы болған батыр ханАяғы ақсақ Темір хан.Бəйбішеден туыптыЖалқы туған Төрехан.Тоқалдан туған Егізбай,Егізбай мен Сегізбай.Бəйбішенің жаңғызғаКөп беріпті жəбір-ай.Қасиетсіз дейді жұртЕкі жарым көрімді-ай.Екі қатын баласыЕкі орда ел деп еді,Ескілік үлгі сөздері.Бəйбішенің жалғызыЕгізбай қорлық береді,Бұ да керек сөздері. Егізбай мен СегізбайЖаңғызға жəбір береді-ай,Тумадан қорлық көреді.

Бұ сөзім тұрсын мұнымен,Жыр жырлайын сынымен,Бұрынғы өткен ерлердіңКөрсетейін төрінен.Он екі баулы халықтыңКөтерейін түбінен.Астана байтақ елдерім,Елге қоныс жерлерім,Туырлықтай ту алып,Тұлпар мінген ерлерім.Жау дегенде кəрленіп,Қалмаққа шапқан ерлерім.Жау шайқаған серлерім.Ұзын өзен суларым,Қалың ағаш нуларым,Қайыршақ торбақ құмдарым.Бай дəулетін асырған

Page 15: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

15

Көлденең қара шыңдарым.Балдырғанды, балқаштыШалғын шыққан шымдарым.

Есілдерім, елдерім,Ел бастаған ерлерім,Көк алмасын қолға алып,Жау жаулаған ерлерім.Хандарменен қарысқан,Дұшпанменен алысқан,Арыстандай ерлерім.Дəулет, бағы бірдей тең,Бақытты тұрмыс елдерім.Ел дəулеті кен еді,Берекет елде көп еді,Азын көпке теңеді.Қаһарлы туған ерлердіңХалыққа тиген көмегі.

Бұлап-талап ел мүлкінБіреуді біреу жеп еді.Хандарменен қарысқан,Жауларменен алысқан,Батырларым данышпан.Қарсыласқан дұшпандыЖерге таптап жанышқан.Тітіреген жау дұшпанАйқайлаған дауыстан.

Қарасы менен ханы тең,Құлыны мен тайы тең,Батыры менен паңы тең,Қыры менен сайы тең,Мекен қоныс жері тең,Жерге лайық елі тең,Елге лайық ері тең.Кебеже қарын, кең құрсақ,

Page 16: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

16

Ойдық желке, кекшіл басЕрлердің мінген кері тең.Ақылы асқан пірі тең,Жүйрік шешен биі тең.Би кеңескен үйі тең,Үйге ұстаған шиі тең.Қойды мыңнан өткергенНарынның қара құмдары-ай,Жылқыны санға жеткізгенЕділдің иір сулары-ай.Арқаның алпыс саласыҚалың ағаш нулары-ай.Бұлбұл құстай сайрағанАқындардың жырлары-ай.Түйені қомды көрсеткенАтыраудың ащы сулары-ай.Жылқыны санға жеткізгенАрқаның тарау боздары-ай.Ер халықтың қорғаны-ай,Арыстан туған ерлерімКөк найзасын толғады-ай.

Батырларым бас қосып,Жасанған жауға тиген ер,Береңгі сауыт киген ер,Беліне алмас ілген ер.Жау дегенде шаттанып, Қуаныш етіп күлген ер.Қарына садақ ілдіргенƏскерге сауыт кидірген,Көрсе жауды бүлдірген,Қыз-келіншек, байлардыҚуанышпенен күлдірген.Дəулет пен бақты ел көрген,Ел тілегін ап берген,Кемді басқа теңгерген,Алдына сауыт өңгерген.

Page 17: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

��БЫ �Л

Page 18: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

18

ҚҰБЫҒҰЛ

Көк Еділдің бойындаУəли деген хан болған,Батыр болған, бай болған,Төрт түлігі сай болған.Ойлағаны намыс пен Қарал, жедел, ар болған.

Ықпалы жүрген күніндеБақыты асып, өрлеген,Дұшпандасқан жауына

10 Ешбір ерік бермеген.Тентек пенен телісінЖүргізбей қияс, жөндеген.Бақытты тұрмыс күніндеМаңына жан келмеген.Егер келсе дұшпан-шет,Ешбір ерік бермеген.

Ықпалы жүрген күніндеМалы менен бағы сай,Тəрбиесі тағы сай

20 Патша еді халыққа,Төресі ғаділ, сөзі жай.

Малы менен бағы тең,Тəрбиесі тағы тең.Шеттен дұшпан көз салса,Əскер, құрал бəрі тең.Сөйтіп жүрген УəлиТап жетпіске жас жетті,Жастағы дəуір – бақ кетті.Баласы жоқ, қубас хан –

30 Жайылып жұртқа ат кетті.Үлкендікке шаталды,

Page 19: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

19

Кəрілікке маталды,«Қубас хан» халыққа аталды.

Бақыты кеткен күнінде,Қартая келген шағындаХалқы ханға келмеді,Алдияр айтып ханына Елі сəлем бермеді.Əңгіме айтса Уəли,

20 Елі қабыл көрмеді.

Сол халықтың даулысыХан екен деп УəлидіңАлдына ешкім барған жоқ.Уəлиді адам деп Ешкім есіне алған жоқ.Қайғымен көрді тарлықты,Енді күні зарлықты.Елемеді еш адам Мінген тақыт, хандықты.

50 Құлдан көрді қорлықты,Əркімнен көрді зорлықты.

Алдына ешкім келмейді,Хан деп сəлем бермейді.Осындай көрген қорлықтыПатша өксіп, еңірейді.Енді ісі оңбады,Малында ерік болмады.Ықпалы қайтқан патшаныҚараша жұрты қорлады.

60 Уəли бір ой ойлады,Ойламасқа болмады,Хан ойламай неғылсын,Қартайған күнде оңбады.

Page 20: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

20

– Бүйтіп тірі жүргенше,Дүние жиып нетейін,Дүние, бақыт, малымныңБаршасын талақ етейін.Бір баланың зары үшінҚаңғырумен өтейін.

70 Ел қорлығы өтті ғой, Құлдардың берген зəбіріТүп-түбіме жетті ғой.Бір баланың қайғысыБасымнан бақты төкті ғой.Дүниеден күдер үзейін,Кешікпейін, жүрейін,Пірлерден тілек тілейін,Темір аса қолға алып,Темір кебіс киейін.

80 Хандық ауды басымнан,Пақырлық, міскін жолыменДүние кезіп көрейін.Мен патшамын демейін,Енді қалған өмірдіТалайымнан көрейін.Жердің жүзін кезейін,Бақ пен малдан безейін,Хандық, байлық күнімдіҚайыршыға теңейін.

90 Бүйтіп қорлық көргеншеМен кетейін, кетейін.Қайыры жоқ қоныстыЕнді талақ етейін.Қайғыменен қамығып,Қаңғырумен өтейін.

Ықпалым жүрген күнімдеҚайырлы патша мен болдым,

Page 21: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

21

Бақ, дəулетке кен болдым.Əскерді оймен жүргізіп

100 Қайыспас берен ер болдым.Бір баланың жоқтығы Қартайған күнде кем болдым.Тапталған тақыр, мысалы,Бейне қара жер болдым.Осындай тарлық көрген соң,Халық қайғы берген соң,Бір қылықты бастады.Дүние, мал, шаһардыТалақ етіп тастады.

110 Үлкейе келген шағындаБір бала – ханның тілегі.Қайғы, құса үдеді,Дүниеден күдер үзеді.Темір аса қолға алып,Темірден кебіс киеді.Талақ етіп елінен, Қоныс еткен жеріненЕнді Уəли жүреді.

Ел билеген патшаның120 Кеміген күні жүрегі

Дүние жүзін кезіпті.Əулие қоймай қыдырып,Халқынан солай безіпті.Ел билеген ер еді,Ақырында падишаОсындай тарлық көріпті.

Əулие қоймай тарығып,Бір бала үшін зарығып,Жүдеді патша жабығып,

Page 22: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

22

130 Қаңғырып кезіп жүрсе де, Еш дегені болған жоқ.Талабы ханның оңған жоқ,Бармаған жері қалған жоқ.Қаңғырумен жүреді,Есі дұрыс Уəли,Тек ақылдан танған жоқ.Тоғыз айдай қыдырған,Əулиеге сиынған,Маңдайдан тері шұбырған,

140 Патша еді саналы,Пірлерден себеп болмады,Еш ишарат қонбады.Іші оттай жанады,Қайғыға қайғы ұласып,Аяққа киген кебістіңТеңгедейі қалады,Қолға алған асаныңТебендейі қалады.Бар киімі жыртылған,

150 Патша қайтып барады.

Еш ишарат көрген жоқ,Тілегін пірлер берген жоқ.Таңдайы қатып, арықтап,Тек жаны бар, өлген жоқ.Енді қайтты еліне,Көк Еділдің өріне,Туып-өскен жеріне.Тап он айдың жүзінде Қайта келді Уəли

160 Ұлы өзен Жеміне.

Ұлы Жемді жағалап,Жердің жүзін аралап,Шетірлінің бойына

Page 23: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

23

Патша келді шамалап.Жүдеп келген УəлиҮш күн жатты паналап.

Оңғара ма Құдай деп,Оң ойлаған талапты,Үш күн жатып қарапты.

170 Үш күн жатып тынығып,Маңындағы халықтанСұрап ішті тамақты.

Шетірлі бойын жағалап,Тау мен тасты аралап,Шетірліде қара су Қасына келді шамалап.Көңілінде бір ой бар,Соны іздеп қарамақ.Шетірлінің бойында,

180 Баба түкті əулиеЖүреді көңіл, ойында.Қызыл жарды қарады,Қара судан су ішіп Шөлдегені қанады,Жан-жаққа көзін салады.Шырақ жанған зираттыУəли патша табады.

– Уа, Баба түкті пір бабам!Басыңа келдім мен, – деді,

190 Іздегенім сен, – деді,Халыққа патша мен, – едім,Бүгінде болдым кем деді.Ақсұңқар құс қыран ем,Қартая келген күнімдеҚарғаға болдым жем, – деді.Құлдардан көріп қорлықты,

Page 24: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

24

Жалшыдан көріп зорлықты,Көкірек қайғы-шер, – деді.Жасым жеткен шағымда,

200 Қараша көзін салмады,Менсінбеді ел, – деді,Елемеді ер, – деді,Ақырында халық қорлап,Ел тізгінін бермеді.Қиялы бүркіт қыран ем,Құзғын менен қарғағаҚартайып болдым жем, – деді.

Ықпалым тұрған күнімде Ғаділ патша болғанмын,

210 Халқыма қорғанмын.Қатарымнан озғанмын,Қырымға қолым созғанмын.Бақытым тұрған шағындаТалай жерге барғанмын,Талай жауды алғанмын,Дұшпанға бүлік салғанмын.Ғаділшілік хандықпен Халқымды баққан заңғармын.Сол күнімнен айрылып,

220 Ақырында сандалдым.Жердің жүзін айналдым,Басыңа келіп зарландым.

Тап жетпіске жас жетті,Қартайғанда бақ кетті,Астыма мінген тақ кетті,Падишамын тарыққан,Қайғы шегіп зарыққан,Тарлық көріп халықтанЖердің жүзін айналып

230 Келдім қаңғып алыстан.

Page 25: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

25

Халықтан көрген зорлықтан,Құлдар берген қорлықтанМұңымды айтып зарығып,Басыңа келдім сондықтан.

Қартайған күнде шаталдым,Мұндай күнге маталдым,Орта ноғай елімеҚайыршы қубас атандым.Басыңа келіп жыладым,

240 Пірден тілек сұрадым.Бір баланың қайғысы,Болмады халықта тұрағым.Бұрын патша болсам да,Бүгінде міне сияғым,Өле кетсем, артымдаҚалмас болды тұяғым.

Сізден тілек сұрадым,Неғылсаң да өзің біл,Бір перзентті сұрадым.

250 Орта ноғай еліндеМазасыз болды құлағым.Баба түкті пір едің,Басыңда тілек тіледім,Бір баланың жоқтығы, Суыды халықтан жүрегім.Батырлардың бабасы,Жығылғанды тұрғызып,Қисайғанды түзедің.

Соны айтты да Уəли 260 Қатып келген қабағы,

Шаршап келген бейшараҚалғып кетіп барады.Көзі ілініп ұйқыға,

Page 26: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

26

Көңілі кетіп барады.Мейірім болар бабаданҚасына келген пақырға,Жетпіске келген шағындаАса таяқ қолында,Ақ шалмасы басында,

270 Ақ шалмалы қарт адамОсындай келіп қасында,Ишаратпенен сөйлеп тұрЖылап келген пақырға:

– Уəли патша сен едің,Баба түкті мен едім,Көзіңнің жасын көремін.Тарығып келген азамат,Тілегіңді беремін.Жылап келген пақырым,

280 Сізге тисін себебім,Бақытты нақ күніңде Ел билеген ер едің,Айтулы ханның өзі едің.Ел намысын бермеген Білікті ханның өзі едің.Зарығып келген пақырым,Тілегіңді берейін,Көзіңнің жасын көрейін.Уəли, сені жебейін,

290 Қолыңды жай, бата берейін,Бір перзент берейін.

Шетірлінің бойындаБасыма патша келер депБар едің, балам, ойымда.Арынды нəсіп тұйғынсыңАшылдық сенің жолыңда.

Page 27: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

27

Бақытты жастық күніңдеҚорғаны едің халықтың,Шыңнан əскер жүргізіп

300 Талай жаумен алыстың.Дұшпандасқан жаулардыңТалайын таптап, жаныштың.Ықпалың қайтқан уақытта Басыма келіп зарықтың.

Қайғыңды, патша, жой, – деді,Қараңғыдан аршылсынҚамыққан қайғы, ой, – деді.Бір перзентті беремін,Дүние малың сой, – деді.

310 Садақа етіп барған соң,Кешікпей қыл той, – деді.Тарығып көрген жалғыздыңҚұбығұл атын қой, – деді.

Мерекеңе балаңа Ұлы жиын той болсын,[Бұл] тойыңа сойғаныңТу бие мен қой болсын,Ұзақ өмір, ұзақ күнБалаңның жасы мол болсын.

320 Мейірімді ұл болсын,Ықылас батам шын болсын.Қайтпас жүрек, қайратты ер Бір Құдайға құл болсын.Алтыннан түбек ойылсын,Уəли, қайғың жойылсын.Алтыннан түбек ойылып,Күмістен шүмек қойылсын.Менің берген бұл батамСізге қабыл болынсын.

Page 28: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

28

330 Сөйдеп қолын жаяды,Бір батасын қағады.Ұйқысынан оянып,Төңірекке қарады.Тұра келсе, ешкім жоқ,Мұнысы қалай болды деп,Көңіліне алады,Жүгіріп кетіп барады.

Сүйегі бекіп тыңайып,Тимеді жерге аяғы.

340 Көңілінде құса, қасіретКеткенге ұқсап баяғы.

Шынықпай сүйек неғылсын, Шын ишарат көріпті,Көңілі өсіп желікті.Көңілі өспей не қылсын,Ақ шалмалы бір адамАқ батасын беріпті.

Бір батасын береді,Қуаныш еткен жер еді.

350 Зарығып келген бұл қартқа Бабаның тиген себебі.Шыққан жері Жем еді,Көк Еділдің бойына Екі күнде келеді.Жəрдем беріп нашарға, Пірдің тиді себебі.Өзінің мекен жеріне,Орта ноғай елінеЕкі күнде келеді.

360 Елі-жұртын жияды,Адамның басын құрады,Садақа түске қылады.

Page 29: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

29

Пақыр менен міскінге Садақасын береді,Қожа менен молда, ишанОлжалы болған жер еді.Келгендерден бата алып,Сол зарыққан Уəли Көңілі тынды деп еді.

370 Үлкейгенде осындайУəли кемдік көріпті.Зарыққанда патшағаБір себебін беріпті.Қаныш тоқал – жас қатынОн екі айда-ай жеріпті.

Қызығына шыдамай,Қатты жүдеп, зарығып,Табылмай жерік тарығып,Зарығып ұзақ жүреді.

380 Қызығына шыдамай,Қыдырып жүрген шағындаКөкше таудан алмас тас Бұл əйелге табылды.Назары ауып сол тасты Ауызға салып шайнайды,Тастан тісі таймайды.Қуаныш кіріп көңіліАжарланып жайнайды.

Ажары кіріп желікті,390 Күннен-күнге тыңайып

Жүдеген əйел серікті.Жеті мүше бəрі деЖазылып тəні еріпті.

Бес айдың жүзі болғандаБалаға іште жан бітіп,

Page 30: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

30

Білініп іші қалады.Тоғыз ай, он күн болғандаҰл перзентті табады.

Дүниеге бала келген соң,400 Тілегін Құдай берген соң,

Айғыр сойып ақыртты,Бура сойып бақыртты,Қол астын қоймай шақыртты.

Той ететін ой болды,Хан тойына сойғаныАт, айғыр, түйе,қой болды.Хан тойына шақыртып,Дүйім халық ел келді,Бай менен бек тең келді.

410 Тұлпар мініп ту алғанЖау дегенде қуанған,Қайтпас берен ер келді.

Ел де келді ол тойға,Тұлпар мініп, ту алғанЕр де келді ол тойға.Асыл киіп, қырынған,Тойға құмар бұрыннан,Жүйрік мініп ұрынған,Той дегенде қызынған

420 Сері де келді ол тойға.Қызық тойға келмеген,Мереке, қызық көрмеген Кіл мүсəпір, пақырлар,Кем де келді ол тойға. Көптігін азға білдірген,Күш қылып елді бүлдірген,Зорлық қылған аздарға Көп те келді ол тойға.

Page 31: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

31

Үкімін жұртқа жүргізген,430 Ел бастаған би менен

Бек те келді ол тойға.Қол астынан сыртқары Шет те келді ол тойға.

Батыр менен жиынға Паң да келді ол тойға.Қарашысы қасында Хан да келді ол тойға.Дүние дəулет айдаған Бай да келді ол тойға.

440 Самайынан бит аққанТазда келді ол тойға.Буындары дірілдеп,Көзінің алды іріңдепШал да келді ол тойға.Ақ шалмасы басында,Шəкірттері қасында,Молда да келді ол тойға.Бағымдары соңында, Табиб кітап қолында,

450 Қожа да келді ол тойға.Сəлделері қазандай, Мал табатын амалды-ай,Мал табуға талаптыАузын ашып арандай,Атын қойып мал табу,Оқысып тамам намазды-ай.Мүлəйімсіп, мүлгісіп,Табатұғын мал үшін,Салып отыр азанды-ай.

460 Киім киіп, қырынған,Мінген аты ұрынған,Тойға құмар бұрыннан

Page 32: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

32

Жас та келді ол тойға. Кілең қайқы серілер,Мас та келді ол тойға.

Кер маралдай керіліп,Басуына ерініп,Той дегенде серігіп,Сауырдан шашы төгіліп,

470 Қос шашбауын тебініп,Хор қызындай көрініп,Құмырсқадай белі бар,Қас сүрмелі көзі бар,Сұлу, сымбат жүзі бар,Қылаң кердей қылаңдап,Ақ қайраңдай сылаңдап,Нəзік белі бұраңдап,Қиғаш қасы қиылып,Қыз да келді ол тойға.

480 Орай жібек салынған,Беті қызыл жалыннан,Ару жандар неғылғанƏзілдесе құрбысы Көріскенше сағынған.Балдан тəтті сөзі бар,Қас сүрмелі көзі бар.Мысалы, самал секілді,Əдемі сөз лебі бар,Көрген асық болатын,

490 Көрсе, көзі тоятын,Əзілдесіп сөйлессе,Арман кетіп көңілден, Қайғысын мүлде жоятынКеліншек те келді ол тойға.

Шекелері тоқпақтай,Жауырыны қақпақтай

Page 33: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

33

Ұл да келді ол тойға.Өзімдікі заман деп,Кім таласар маған деп,

500 Өзінен бөтен өзгеніБəрі менен жаман деп,Өзгеден артық көңілім,Жолдасым жақсы жаран деп,Бай мен ханның баласыМырза да келді ол тойға.

Еркіменен жүрмеген,Кеңшілікті білмеген,Құл да келді ол тойға!Иықтан қабы түспеген,

510 Қызыметін істеген,Дəмді тамақ ішпегенКүң де келді ол тойға.Біліктіден сөз алған,Ақыл сұрап жол алғанШешен де келді ол тойға,Ел бастаған білімдіКөсем де келді ол тойға.Той көрмесе еріккен,Тойды көрсе желіккен

520 Есер де келді ол тойға.

Сөзден шашу шашатын,Халықтың көңілін ашатын,Қалмай келді ақындар,Тентек пенен сақиларМүсəпір мен пақырлар,Ақсақ пенен соқырлар,Жиылып халық топырлар.Жəне қалмай келіпті Сары қарын қатындар.

Page 34: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

34

530 Неше түрлі көп малды Хан тойына арнаған,Домбыра, қобыз шерітіпБақсылар да қалмаған.Орта Ноғай еліненЖан қалмады бармаған.Сүрініп кетіп «көтек» деп,Бірін-бірі жетектеп,Бесікке салар кəдесінƏлдекім алып кетед деп,

540 Күңкілдесіп өсектеп,Кемпір де келді ол тойға.Осындай қызық қылғызып,Халқын қоймай жиғызып,Ортадан балуан тұрғызып,Үйдің аузын ашады,Шелектеп алтын шашады,Халық олжаға батады.Тамам мерген жиылыпАлтын қабақ атады.

550 Алтын қабақ аттырды,Ат бəйгесін шаптырды,Риза етіп халықты Қуандырып шат қылды.Сапырулы сары қымызКелген жанды мас қылды.

Молда, қожа көп еді,Ат қоятын жер еді,Ат қоюға таласып,Қожа менен молданың

560 Төбелесер жері еді.Ат қоюға таласты,Шариғаттың жолынанЕнді молда адасты.

Page 35: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

35

Бір-біріне жол бермей,Асаменен сабасты,Құндақтаған баланыңТұс-тұсынан қамасты,Төбелесті, салысты,Үй ішінде алысты,

570 Асаменен ұрысыпМолдалар басын жарысты,Басының қаны ағысты.Уəли сұлтан ханына Айтысуға барысты.

– Қожа, молдам сен едің,Қайырлы ханың мен едім.Дүние-малға таласып,Ақылыңнан адасып,Төбелескен нең еді?

580 Қуанышты күнімде Бəріңді бірдей көремін,Сан жетпейтін малымды Қолымнан санап бөлемін,Шашуы үшін баламныңДүние малды беремін,Жақсың менен жаманыңБəріңді бірдей көремін.Ізетпенен келіңдер,Шашуымды беремін.

590 Зарығып көрген бала үшінДəулетімді жоямын,Тірі болса жалғызым, Дүние-малға тоямын,Шашуымды алыңдар,Өзім атын қоямын.

Хан тілегі болған жер,Қызығы үшін баланың

Page 36: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

36

Дүние малды сойған жер,Пірі атап берген соң,

600 Құбығұл атын қойған жер.Көп дəулетті бөліпті,Қожа менен молдағаБірдей бөліп беріпті.Мүсəпір, пақыр, нашарлар,Жиып алып баршасын,Бірдей бөліп беріпті.Халықтан бата алады,Ел батасын қағады,Міскін, пақыр, нашарлар

610 Байып кетіп барады.

Бесікке салар жер болды,Бұ да талас сөз болды.Əр атаның ұлынанСансыз кемпір кез болды.Бесікке салар жолынаҮлкен талас сөз болды,Бұ да шатақ жер болды.

Кемпірлер сонда таласты,Дүние үшін таласып,

620 Кемпірлер жолдан адасты.Бірқатары қолға алдыЖерден көсеу ағашты,Көсеуменен сабасты.Бастарынан қан ақты,Төбелесті салысты,Бір-біріне жабысты.Кең сарайдың ішіндеСансыз кемпір алысты.

Опыр-топыр жығылып,630 Талайлары талыпты.

Page 37: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

37

Амалы көп бір қатын,Өзі жесір тұл қатын,Амалы асқан сұм қатын,Айласы көп қу қатын,Төбелестің ішінде Сол балаға барыпты.Құндақтаған баланыЕптеп ұстап алыпты.Ұлықсат сұрап анадан,

640 Баланы сұрап алыпты,Сол бесікке салыпты,Дым бітпеген қу қатынШала байып қалыпты.Мереке, тойын өткізіп,Көңілі патша тасқандай,Қуаныш өршіп аспандай,Шашуменен тарқасыпОлжаға халық мақтанды-ай.

Перзенті Құбығұл650 Қырқынан шығып күледі.

Қуанышқа толады Ата-ананың жүрегі.Көңілінде арман жоқ,Əке менен шешесіПерзентін сүйеді.

Дөңгелек жүзді көрікті,Бірге жасы келіпті.Зарығып көрген Уəли Осындай қызық көріпті,

660 Екі жаста жүріпті.Қадырлы ханның баласынХалқы қалап сүйіпті.Сияғына қарасаң, Құбығұл бала сүйікті.

Page 38: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

38

Үш пенен төртке келіпті,Ата менен анасы Ермек етіп желікті.Көңілінде қайғы жоқ,Қуаныш заман көріпті.

670 Бес пен алты жасындаБала ойлайды ақылды,Қанша ерке болса да,Тентек емес мақұл-ды.Қызығымен баланыңАта менен анасыМырзалығын асырды.

Кем-кетік келсе үйіне,Қайырым деп қолынанКүнде берер шашуды.

680 Қонақтан бойын тартпайды,Есігі күнде ашулы.

Жетіге келген шағында Ат жақсысын мінеді,Сəнді киім киеді,Хан мақсаты орынды,Қабыл болған тілегі.

Ардақты ханның баласыКөркем сөзді, көрікті.Ұйықтап жатса түсінде

690 Бір сұлу қыз көріпті.Қасына ару келіпті,Келе сөйлей беріпті:– Хан баласы сен едің,Ханның қызы мен едім,Сен болдың менің керегім,Сен мұнда да, мен онда,

Page 39: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

39

Түсіңде аян беремін.Ғашық болдым, Құбығұл,Дидарласып бас қосып,

700 Бір қосылсам деп едім.Мен сендікпін, ей, батыр!Уəдемді беремін.

Хан баласы сен, – дейді,Ханның қызы мен, – дейді,Ғашық болдым, Құбығұл,Ер болсаң іздеп кел, – дейді,Ғашық көңіл асығыс,Досым, іздеп кел, – дейді,Жеделсіз шіркін болмасаң,

710 Қолыңның ұшын бер, – дейді,Сен сұңқар да, мен аққу,Əуселемді көр, – дейді.

Түсінен шошып оянып,Əкесіне келіпті,Көрген түске сеніпті.Құбығұл бала желікті,Түсін айта беріпті:– Əке, түсті шын көрдім,Ай мен күннен нұр көрдім,

720 Оң қолыма ұстағанЖасыл ала ту көрдім,Бүгін көрген түсімдеАйдан да сұлу қыз көрдім,Ұялсам да айтамын,Осы түсті шын көрдім.Көрген түсім жөн, – дейді,Түске сендім мен, – дейді.Түсіме кірген сұлудыңМəнісін айтып бер, – дейді.

Page 40: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

40

730 – «Түс – түлкінің боғы» еді,Сені көрмей жүргенде Көкірек шерлі, қайғылы,Ішім жалын шоқ еді.Түсіңде көрген сұлуданЕш хабарым жоқ еді.

Түске нанба, шырағым,Сені көрмей қартайып,Болмады елде тұрағым,Орта ноғай елінен

740 Мазасыз болып құлағым,Бір баланың зарынанӨксіп талай жыладым.Əулие қоймай қыдырып,Темір кебіс аяқта,Қу таяқпен сыдырыпПірлерге барып үңіліп,Бақ пен малдан түңіліп,Жалғызым, тілеп алғанмын.Сені көрмей тұрғанда

750 Еңіреп өксіп зарландым.Ақылдан ауып сандалдым,Өлдім-өштім дегенде Пірлерден сұрап алғанмын.

Қорлық көріп халқымнан,Жылауменен шерлендім.Зарығып, шаршап, тарығып Қартайғанда көргенмін.Жеті жасар күніңдеТүске азып, неге желдендің?

760 Түске алданба, шырағым,Сені көрмей тұрғандаМазасыз еді құлағым.

Page 41: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

41

Ғайып түске алданыпМенен бұйым сұрадың.

Қол астымды жияйын,Халқымнан сұрайын.Сен дүниеге келген соң,Ашылды жүз бен шырайым.Тарығып көрген жалғызым,

770 Қатты айтсам, қайтар райың.Хабарын білсе сұлудың,Халқымнан оны сұрайын.Осы бүгін қайта тұр,Ертең баян қылайын.

Бала алданып барады,Əкесінің бұл сөзіБаласына жағады,Келер кешке болғандаКеше көрген сұлу қыз

780 Тынымын тағы алады:– Хан баласы сен, – дейді,Ханның қызы мен, – дейді,Жеделсіз жаман болдың ба,Желікпеген нең, – дейді.Жеделді туған ер болсаң,Алыстан іздеп кел, – дейді.Ғашықтықтан сарғайдым,Қолыңның ұшын бер, – дейді.

Толықсып тұрған жасымда,790 Қайғысы ғашық басымда,

Ұйқыға көзім ілінсе,Тұрасың, досым, қасымда.Жеделді туған жан досым,Қайғыға мені батырма,

Page 42: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

42

Іздегені жолында Жедел еткен батырға.

Тағы ұйқыдан тұрады,Ғашықтан іші қызады,Елең-алаң уақытта

800 Ордада жатқан қартыныңҚасына келіп тұрады.– Жалғыз балам сен едің,Қуанышты əкең мен едім,Мезгілсіз келген нең еді?Жұмысыңның айтып бер Кəрі əкеңе себебін.

– Қайғымды айтам мен, – деді,Сүйеніш бабам сен, – деді.Кеше көрген сұлу қыз

810 Тағы тыным бермеді.Кешегі айтқан сөз, – деді,Ғашығымның хабарын Хан əке, айтып бер, – деді.

– Елге хабар салғанмын,Халқымды жиып алғанмын,Халқым хабар білмеді.Не екенін біле алмай Аң-таң болып қалғанмын.Қарғадай бала күніңде

820 Неге мұнша зарландың?Қайғы салдың əкеңе,Ой таба алмай сандалдым.Сағынып көрген шырағым,

Əкеңе ақыл саларсың.Түске алданба, Құбығұл,Ержеткен күніңде

Page 43: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

43

Теңіңді іздеп табарсың.Астана ел халқыңнанҚалаған қызды аларсың.

830 – Қабартпа, ата, көңілді,Қалдырма ғашық зейінді,Түсте ғашық, айтып берСағынысқан теңімді.Жеделімнен танбайын,Өзге қызды алмаймын,Түсімде көрген ғашықтыІздемей, сірə, қалмаймын.

– Атаңның хандық бағы бар,Бұл жеделің шын болса,

840 Қайғымен əкең тарығар.Астана жұрт халықтан,Жалғызым, теңің табылар.Өксіп көрген жалғызым,Тілімді алсаң не қылар!– Əкем шынын айтпады,Өтінем, анам, саған-ай!Ғашықтың дерті жаман-ай,Білгенің болса айтып бер,Жалынып тұрған балаң-ай.

850 Түсте көрген тең құрбымТіпті есімнен кетпейді,Іште ғашық жанады-ай.

Құбығұлдың шешесіШыдамайтын балаға,Ананың, сірə, пешесі,Айтылар сөздің төтесі,Жалынып тұрған балағаАйтылар шындық көшесі.– Шырағым, менен сұрадың,

Page 44: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

44

860 Сені көрмей тұрғандаТалай өксіп жыладым.Түсіңді байқап сынадым,Сен туған соң, қарағым,Кеткен менен уайым.Əжекелеп өтіндің,Шын айтпай не ғып, шыдайын.Қайта келмесе игі едіБаяғы көрген уайым.Егер шынымды айтпасам,

870 Қайтады маған райың.Түсіңде көрген сұлуды,Қарағым, баян қылайын:

Төрт айшылық жер еді,Бір айшылық көл еді,Адам бармас ел еді,Хабар талып келеді.Теңгеліктің ар жағы,Шадыра ханның тұқымыƏділбайдың Ақбілек

880 Айдан сұлу деп еді.

Мұңымды айтып толғаймын,Қолымнан кетсең оңбаймын.Түсіңе кірген сұлудыСол болар деп ойлаймын.

Адам барар жер емес,Түске алданып, шырағым,Қыз іздеуің жөн емес.Ақбілектің хабары:Сымбат бойы, ажары

890 Ай мен күннен кем емес.Құралды, берік қаласыЕр баратын ел емес.

Page 45: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

45

Тілімді алсаң, шырағым,Сөзімді қабыл аларсың,Ханның қызы ханша бар,Байдың қызы паңша бар,Бұралған белі талша бар,Қасыңа қырық жолдас ал,Сұлуларға көзің сал,

900 Сансыз дүйім халықтанЖаратқан қызыңды таңдап ал.Əкеңде бар дүние-мал,Дəулетті айдап қызға сал.

– Ата-ана тілін алмаймын,Он сан үйлі халыққаАтымның ізін салмаймын,Ақбілектей аруды,Тіпті, іздемей қалмаймын.

Ғашығым енді табылды,910 Құдай ашар бағымды,

Қайта-қайта қайырыпСындырмаңдар сағымды.Хабарын біліп БілектіңІшімнен қайғы арылды.Кеспесе Құдай қарымды,Жібермей жауға арымды,Қалмақтан алып құшармынАқбілек сұлу жарымды.

Əке-шешем сен, – дейді,920 Жалғызыңмын мен, – дейді.

Алыс сапар жол шегем,Ризалықпен көн, – дейді.Ел билеген хан əкем,Жеделденген балаңмын,Тұлпар тауып бер, – дейді.

Page 46: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

46

Уəлидей хан əкем,Өзіме-өзім сенемін.Жазылған шығар маңдайғаБақытымнан көремін.

930 Үнемді күнім таусылса,Үйде отырсам да өлемін.Өтінемін, қарт ата,Бір тұлпар ат – керегім.

Сонда Уəли сөйлейді:– Ат бермей неғып шыдайынТарығып көрген балама,Қайғы салмаса игі едіҚараңғы түнек замана.Өрістегі көп жылқы,

940 Қарағым, бар да арала.Бөлек жатыр қара ала,Қолайыңа жаққан ат,Өзің сына, қара да.Тағы бөлек құла ала,Басқа жатыр сұр ала,Өзің байқа, сына да.

Ақты жылқы бір бөлек,Көкті жылқы бір бөлек,Торылы жылқы бір бөлек.

950 Сан жетпейтін көп жылқыІшінен тұлпар табылар,Құрық ал да, жүген сал,Көп жылқыға барып қал.Көңіліңе жаққанға,Шырағым, бар да құрық сал.Құбығұл, сенің жолыңа,Мал түгіл, құрбан кемпір-шал.

Белге жүген шалады,Қолға құрық алады,

Page 47: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

47

960 Көп жылқыға барады.Жүйрікті сынап қарады,Мақтауға сияр тұлпар жоқ,Тауы қайтып ҚұбығұлЖабығып кетіп барады.

– Уəли əкем сен, – деді,Тарыққан балаң мен деді.Мінуіме тұлпар жоқ,Кілең итті жиған нең? – деді.Халқыңда тұлпар бар болса,

970 Хабарын айтып бер, – деді.

– Сені көрмей тұрғандаКөкірек қайғы, шер еді.Жылаумен көзім көр еді,Мінуге тұлпар жоқ болса,Жиған жылқым сол еді.

– Бір тұлпар ат бермедіУəли əкем маған-ай,Өтінем, анам, саған-ай.Сан жетпейтін жылқыдан

980 Мінуге тұлпар таба алмай,Мен қайғылы балаң-ай.Білгенің болса, əжеке,Перзентіңнен аяма-ай.

Анасына өтіндіСағынып көрген баласы.Шыдамады жалғызғаШешесі байғұс шамасы,Тарығып көрген ҚұбығұлКөзінің ақ пен қарасы.

990 – Жалғызым, балам Құбығұл.Ғашық өрті ішінде,

Page 48: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

48

Ақбілектей аруды,Жалғызым, көрдің түсіңде.Жас та болсаң, Құбығұл,Досың менен дұшпаныңІші толар пішінге,Жақсылық пен жамандықҚұдіреттің күшінде.

Кетем десең, шырағым,1000 Көңіліңде ғашық іңкəр бар,

Оң қолыңа қондырасың,Жібек баулы сұңқар бар.Ұлы Құмсай бойында,Шалғынды көлдің ойындаЖетпіс құла тұлпар бар,Тез беліңе жүген сал,Шынжыр баулы құрық ал,Жайылулы жатқан тұлпардыңҚалағанын мініп ал.

1010 Бір ат түгіл, қара орман,Садақа сенен кемпір-шал.

Құбығұл бала қуанып,Қолға құрық алады,Белге жүген салады,Ұлы Құмсай бойына Жаяулап кетіп барады.Сол жетпіс бір құланыƏкесі бөлек бақтырған,Тəтті көлге жаптырған.

1020 Құландайын таңдатып,Құйрығымен ойнатып,Тұлпардың көңілін шат қылған.

Тұнық су, қалың шалғын көлде жатқан,Қарауылдап сыртынан құлдар баққан.

Page 49: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

49

Өзі хан неғылса да пұрсаты бар,Тұлпарға мұндай жайлы қоныс тапқан.Қолда құрық, белінде жүгені бар,Құбығұл келе жатты ауыл жақтан.Семіріп, ереуілдеп жараған ат,

1030 Көрген соң Құбығұлды үркіп қашқан.

Алыстан болжап тұрады,Құлаларды сынады.Мақтаулы тұлпар ат емес,Сынап көңілі тынбады.

Тұлпарды сынап жүреді,Əбден сынап көреді.Мақтауына сиярлықАсқан тұлпар ат емес,Біріндеп сынап келеді.

1040 Шешесінің айтқанынан,Санаса, бірі кем еді.Ұлы Құмсай тарауын,Кем болған соң біреуі,Тағы қарап келеді.

Талма-тал түс болғанда,Күнге қарап жусағанБір құла атты көреді.Алды-артынан шығады,Құлаша атты сынады,

1050 Сынап көңілі тынады.Қайшыланған құлағы,От орнындай тұяғы,Көрген жерден батырдыңЫқыласы құлады.Əр мүшесі келісті,Көңіліне ұнады.Назарын атқа салады,

Page 50: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

50

Көңліне Құла жағады,Құлаға құрық салады,

1060 Тоқтатпастан аяғынҚұлаша ат сүйреп барады.Табанын тасқа тіреді,Шынжыр баулы құрықпен Маңдайын бұрып ҚұланыңШықшыттап жүген салады,Құланы ұстап алады,Жануарға тіл бітіпАдамдай сөйлеп барады:

– Адастың, батыр, сен, – деді,1070 Мұнша адасқан нең, – деді,

Қанша тұлпар көп еді,Қартайып қалған тұлпармын,Бүгінде бəсім кем, – деді,Мəстекпен күшім тең, – деді.Баяғы жас күнімде Соққан желдей гуледім,Басқан ізім сүрледім.Қазандай тас кездессе,Балшықтай басып иледім,

1080 Тау мен тасты білмедім.

Уəли əкең мінгенде,Мені мініп жүргенде,Сансыз жауға тигендеТаймаған тастан тұяғым.Құбығұл, тыңда, шырағым,Қайырлы тұлпар мен болып,Əкеңнің еттім мұрадын.Жастағыдан кемігенШабыс пен қайрат, сияғым.

1090 Уəли əкең мінгенде,Мені мініп жүргенде

Page 51: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

51

Талай жерге барғанмын,Жау көргенде көсіліпБауырымды жазғанмын,Əкеңнің мен жолдасы,Барған жауын алғанмын,Жасым жетіп қартайыпШабысымнан танғанмын.Менің немді сұрайсың,

1100 Қырық сегіз жасымдаСар буын болған жазғанмын.

Жастағыдай шаба алман,Буын, мүшем босаған.Алыс жерге бара алман,Бауырымды жаза алман,Барған жауың ала алман.Кəріліктің жөнінен,Шырағым, көңілім қабарған.

Сырымды айттым, Құбығұл,1110 Шырағым, өзің білерсің.

Ұлықсат бер кəріге, Жастың бірін мінерсің.Жас тілегі қабыл-ды,Ғашық болған жарыңды,Ер Құбығұл, сүйерсің.

Мұнымды мақұл көріңіз,Мақұл ету жөніңіз,Жасы жеткен кəрімін,Қартқа рұқсат беріңіз.

1120 – Ұлы Құмсай тарауданҚұлаша тұлпар табылды,Ашар Алла бағымды.Тау қайырып, жануар,

Page 52: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

52

Сындыра көрме сағымды.Сені мінсем, құшармынАқбілек сұлу жарымды.Неғылсаң да өзің біл,Мінер атым табылды.

Сен болмасаң, жануар,1130 Ол жетпіс бір құладан

Мінуге тұлпар таба алман.Онан мінсем бір атты,Шадыра ханның елінеЖақын күнде бара алман.Бейнет шегіп бұл жолданҚайтып үйім таба алман.Самырлығың салынған,Күншығысқа қараған,Күйің түскен Құласың

1140 Бақытыма табылған.Əкем мінген Құлаша, Ақбілектей арудыАрзу едім сағынған.

Қос құлағың тігілген,Ор текедей жүгірген,Əр мүшеңе қарасам,Қартайсаң да, жануар,Тұлпарлығың білінген.Ол жетпіс бір құладан

1150 Көңілім сынап түңілген.

Сынауыма толғандай,Мақсатым менің болғандай,Үстіңе мінсем, жануарТаудай бақыт қонғандай.Ақ ниетте көңілім,Сапарды Алла оңғарғай.

Page 53: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

53

От орнындай тұяғың,Ұшқырлы жебе құлағың,Өзгеден артық сияғың,

1160 Жануар, сені сынадым.Егер мінсем бұл жолға,Ойлаған болар мұрадым.

Алды-артыңнан сынасам,Алысты қылған жуықтай,Толғаған мойның құрықтай,Көңілімді, құла, суытпа-ай.

Үкілі құйрық, майда жал,Сендей болмас өзге мал.Өтінемін, жануар,

1170 Өтінішім жадыңа ал!

Сауырлығың екі кез,Шүйел белің құрған тез,Сия берер айтсам сөз,Құлаша тұлпар, өзің біл,Талапты ерге келдің кез.Өтініш еткен сөзім бар,Жауабын бер енді тез.

– Бабымды таптың сен, – деді,Жылқыда жүйрік мен, – деді.

1180 Мақтаған мұнша нең, – деді,Сүйек-тəнім қыздырдың,Өзге ат менен кем, – деді.Қартайсам да, Құбығұл,Бір қимылдап көрейін,Бір қызығым көр, – деді.

Кəрі жасым, шырағым,Сенен неге аяйын,

Page 54: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

54

Бір қимылдап қарайын.Қартайсам да, батыр-ау,

1190 Жұмысыңа жарайын.Тек екі күн таң асыр,Сергіп тұяқ қағайын,Кіндігімнен жарайын.Төрт айшылық жеріңе,Шадыра ханның елінеҮш күнде алып барайын.

Айырылмасам барымнан,Кəрімін деп тарылман.Уəли ханның жалғызы

1200 Құбығұлсың жалынған.Қайырлы үстім тұлпармын,Ақбілекті құшарсыңҒашық болып сағынған.

Құлаға мініп шаһарғаҚұбығұл бала келіпті,Бала мінген Құланы Уəли хан енді көріпті.Балам болды есер деп,Жалғыз қолдан кетер деп,

1210 Кетеріне сеніпті.

Сонда Уəли толғайды:– Сен келген соң дүниегеЖастағыдай бағым бар,Ізгілікті, құрметті,Қадырленген шағым бар.Жаратпаймын жолыңды,Жалғызым, тілімді алыңдар.

Қабырғаң əлі қатқан жоқ,Шырағым, жасың жеткен жоқ,

Page 55: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

55

1220 Менің айтқан тілімді ал.Ықыласпен құлақ сал,Көрген түске алданба, Орта ноғай елінен Сүйгеніңді таңдап ал.Теңіңді тапсаң халқыңнан,Саған шашу дүние-мал.Егер кетсең тіл алмай,Не болады кемпір-шал?!Буын кетіп, қартайып,

1230 Бізде жоқ балам қуат, хал.Сүйгенің елден табылар,Перзентім, менің тілімді ал.

Ата шіркін не боларАрдақтап сүйген баласыз,Адал туған ұл болсаң,Атаң менен анаңныңАйтқан тілін аласыз.Сен тумаған күніңде Тарлыққа түстім шарасыз.

1240 Жердің жүзін аралап,Дүние кезіп жағалап,Əулие іздеп паналап,Өлдім-талдым дегендеСүйген ұлым сен едің,Қартайған əкең мен едім.Орта ноғай еліненДүние-малды сарп етіпАйдан сұлу аруды,Шырағым, алып беремін.

1250 – Көңілім кетті ғашыққа,Қанша айтсаң да тіл алман,Маңдай алған жағымнанАтымның басын бұра алман.

Page 56: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

56

Жақсылық пен жамандықЖазған шығар бір Аллам.

Сірə, балаң басылмас,Жаратып Құла ат мінбей,Ат құйрығын шарт түймей,Тепеден-тең қайратпен

1260 Ақбілек ару қыз сүймей.Батыр батыр бола ма,Жасанған жауға кеп тимей,Қолындағы көк найзаТүйреп жаудан өткізбей.Балаңның көңілі басылмас,Ғашық болған түсіндеАқбілек ару қыз сүймей.

Табылды Құла ат бағыма,Ақбілек асыл аруға

1270 Қосылатын шағыма.Бейнет етіп басыма, Жолдас алман қасыма.

Жолдас ерсе егерде,Көмектікке жарамай,Басқа қиын іс түссе,Жамандар қарар ма-ай?Əкем менен əжекем,Ақ батаң бер маған-ай.

– Алданбадың, балам, болмадың,1280 Жүруге қиял ойладың.

Тағы атаңнан күй кетті,Баяғы тарлық күн жетті.Сен тумаған күніңдеУəли хан атаңдыҚұл мен құтан билепті.

Page 57: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

57

Сен туған соң бақ білдім,Шыр етіп жерге түскен соң,Бақытым асып халқымаПатша болып тақ міндім.

1290 Айтқаныма болмадың,Əулие мен əнбие,Пірлерге, балам, тапсырдым.

Алмадың айтқан сөзімді,Сен кеткен соң, ҚұбығұлҚадірлемес халық өзімді.Сен тумаған күніңдеƏркімнен көріп зəбірді,Көзден аққан ыстық жас Қойынға талай төгілді,

1300 Қайта кимесем игі едіБаяғы таз кебімді.

Шешесі сонда толғады,Ботасы кеткен түйедейЕңіреп жылап боздады.Ата менен анасы –Тілекшісі баланың,Кемпір-шал байғұс – қорғаны.

– Қауырсыны қатқан соң Ұшады сұңқар ұядан.

1310 Бабына түсіп, желігіпКөргенін ілер қиядан.Əкең тілек сұраған,Тілегін, балам, бермедің,Көзінің жасын көрмедің.Ата менен анаға,Қайырылмастай қарттарғаМейірімсіз сен бе едің?

Page 58: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

58

Бір қыз үшін халқыңнан,Құбығұл балам, кеткенің.

1320 Ата-анаңды жылатып,Шырағым, сенің неткенің?!Сапар шектің алысқа,Амалы бар ма кемпір-шал,Қайғыменен өткенім.

Ата менен ананыңСүйеуі – сүйген баласы,Інінің қанат, құйрығы –Алдында өскен ағасы.Ерді берік сақтайтын

1330 Шығыршықты сауыттыңДулығалы жағасы.

Атаң менен анаңның,Балам, тілін алмайсың,Жеделіңнен танбайсың,Сапарыңнан қалмайсың.Көрген түске алданып,Түсіңде қызды таңдайсың.

Сындырмайық, балам, сағыңды,Байламайық бағыңды.

1340 Сəуел көрдім түсімде, Жаудан алып құшарсыңАқбілек сұлу жарыңды,Жібермессің арыңды.

Көрген түске қуандым,Кеше көрген түсімде Туырлықтай ту алдың.Астыңдағы Құла атты Бал-шекермен суардың.

Page 59: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

59

Түсімде биік тау көрдім,1350 Тау басында қар көрдім,

Құйрығын тауға сабағанАйдаһар көрдім, зəр көрдім.Осы түсті мен көрдім,Бер жағынан сол таудыңТу ұстаған ер көрдім.Айдаһарды құлатып,Қарлы таудың басынан Қарауыл салған қайтпайтынҚайыспас берен ер көрдім.

1360 Осы түсті, Құбығұл,Сапарыңа меңгердім.Ақ күн туар жолыңа,Ақ батамды тез бердім.

Бір жағыңнан ай туар,Бір жағыңнан күн туар,Осы көрген сəуелімӨтірік емес, шын шығар.Саған жəрдем тілеушіБақытыңа күн шығар.

1370 Ата-анасы балағаАқ батасын оң берді.Ұлықсатпен жол берді,Қаруын сайлап мол берді.

Берік сауыт кигізді,Садағын сала байлатып,Ер қаруы – бес қару,Бесеуін тамам ілгізді.

Бес қаруын іледі,Берен сауытын киеді.

1380 Алла деп атқа мінеді,

Page 60: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

60

Амалы жоқ кемпір, шалҚайғы отына күйеді.Ажарланып баланыңАлып ұшты жүрегі.

Кемпір, шал қолын жаяды:– Алла, Алла, Алла жар,Алла болғай пана, жар.Өзекті жауға өлім бар,Жалғызымның жолынан

1390 Қорқыныш қатты, қаупім бар.Жаныңа жолдас алмадың,Əскерменен бармадың, Əлдеқандай күнің бар.Жалғыз кеттің, қарағым,Осы жолдан қаупім бар.Сен кеткен соң ата-анаңҚайғыменен болар зар.Қайта айналып келгенше,Амандасып көргенше

1400 Тағы да болды күнім тар.Бата қағып, шырағым,Бердім саған ықтияр.Аман барып, есен қайт,Жауға өткіз, балам, зар.Амалдап қызды алып кел,Сыр білдірмей тілімді ал.

Ойлап, балам, ақыл тап,Құбығұл балам, басың бақ,Астыңа мінген Құлаша ат,

1410 Ақылмен ойлап жөнін тап.Білініп қалып қалмаққа,Балам, болма жауға мат.Сан қалмақтың еліндеҚуаныш болсын, көңілің шат.

Page 61: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

61

Есебін тапсаң егерде,Білінбей жауға алып қаш.

Кемпір, шалдан бата алып,Құла атқа мініпті,Ата менен анасы

1420 Ақылмен айтты білікті.Адырнасы бес қабатҮстіне сауыт киіпті.Балдағы алтын көк болатОрай белге іліпті.Ай балтасы тақымда,Көк найзасы қалтылдапБатыр жолға жүріпті.

Астындағы Құлаша ат,Əрі-бері сыдырып,

1430 Атын байқап қарады.Сауырдан тері шыққанда Жұлдыздайын ағады.Танауынан дем шығып,Қолтығынан жел шығып,Зулап кетіп барады.Тұяғы тиген жерлердіЖер ошақтай қазады.Ат бауыры жазылды,Басқан ізі қазылды,

1440 Қара терге боялыпҮдей-үдей шабады.

Түсінде көрген ғашығынКөргенше батыр сағынды.Соққан желдей аңқыды,Сүйегі қызып тұлпардыңТəн-сүйегі балқыды,Шалқая шауып шалқыды.

Page 62: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

62

Екі көзі жайнайды,Тісі сыздап тұлпардың,

1450 Ауыздығын жануарБытырлатып шайнайды.Кекіл қағып ойнайды,Ат шабысқа тоймайды.Екпінімен ҚұбығұлҰшармын деп ойлайды.

Батыр атты қыспады,Жер жүзінде зулады,Тек аспанға ұшпады.Ағынынан тұлпардың

1460 «Кетем бе, – деп, – жығылып» Ер қасынан ұстады.

Шабысы аттың мол болды,Басып кеткен іздеріҚазылып жатқан ор болды,Жүрген жері жол болды.Қара тері құйылып,Қажыры қайнап жиылып,Бүркіт құстай шүйіліп,Біресе бауыр жазылып,

1470 Біресе белі бүгіліп,Екі көзі жалтылдап,Сүйек-тəні қызынып,Құйрығын тігіп құландай,Жолдан соқты Құбығұл,Арқар аң мен бұланды-ай.

Осы келген жөнінен,Əжіғырдың бер жағы,Бозша таудың беліненҚаруы сай құралды

1480 Бір айдаһар бастаған

Page 63: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

63

Көрді батыр жыланды.Жеті басты айдаһарБаланы көріп күш қылды.Күш қылды да ысқырды,Ысқырғаннан таймады,Қара бұлт аспаннан... ...1 қайнады.Астына мінген Құлаша ат,Айдаһарды көрген соң,

1490 Орғып-орғып ойнады.Жақсы ырым болды деп,Құбығұл батыр ойлады.

Айдаһар бастап көп жыланЕрге қарап қаптады,Батыр мұнан саспады.Алмасты қолға алады,Батырды жылан қамады.Қылышпенен қиратып,Жолын ашып барады.

1500 Сонда айдаһар тулапты,Құйрығымен тастардыЫсқырып, сабап қиратты.Ат айналып шабады,Айдаһардың лебіІшіне тартып барады.

Алды қолға алмасты,Жаңа талап жас бала Қайтпайтұғын қайратты,Беттеген жерден таймас-ты.

1510 Жұмсады өткір алмасты,Тасты кескен алмастанСілтесе жəндік қалмас-ты.Айдаһарды құлатты,

1 Түпнұсқада бір-екі сөз түсіп қалған.

Page 64: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

64

Ырым болды жолына,Таудай қылып сұлатты.Құлаша тұлпар астындаМінген жүйрік пырақты,Жолын ашып Құлаша атТағы жазды құлашты.

1520 Бұрынғыдан мирас сөз,Осының бəрі рас-ты.

Бір күні өтті арада-ай,Тозаңы көкке борады-ай,Ертең тал түс болғандаТеңгеліктің суынаБатыр келіп қалады-ай.Ар жағында батырдыңКөзі түсті қалаға-ай.Қаланы болжап алады-ай,

1530 Сан жетпейтін халық екен,Байқап тұрды шамалай.

Берікте тұрған ел екен,Есепсіз, сансыз көп екен.Жаңа талап жас бала Қорықпайтын ер екен.Теңгеліктің терең суҮш шақырым ені екен,Ағыны тасты ағызған,Батырдың сасар жері екен.

1540 Теңгеліктен өте алмай,Ар жаққа өтіп кете алмай,Баратын жерге жете алмай,Енді батыр шаталды-ай,Түсуге суға бата алмай.

Түрі жоқ судың өткендей,

Page 65: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

65

Ердің көңіл талабыАрғы бетке жеткендей,Ағысы күшті су екен,Қазандай қара тас салса,

1550 Тоқтатпай алып кеткендей.

– Бұл жерде неғып тұрайын,Басыма түсті уайым.Өткізетін су емес,Бұған не амал қылайын.Хан баласы асылмын,Артық туған нəсілім,Теңгеліктен өте алмай,Көңілім, мұнша жасыдың.Арғы бетке өтпедім,

1560 Ақбілекке жетпедім,Астымдағы Құлаша ат Бекер қинап өктедім.Арғы бетке бір өтіп,Мақсатыма жетпедім.

Өткелсіз судан өте алмай, Қиындық батыр көріп тұр.Ақбілектің елінеБатыр жақын келіп тұр.Сүйегі қызған Құлаша

1570 Тарпып жерді теуіп тұр.

– Атаның тілін қылмадым,Айтқанына тұрмадым.Осы тарлық қиын жол, Құлаша, сені қинадым.Кəрілігіңді айтсаң да, Жануар, мені қимадың.Су басында тарықтым,Өте алмай мұнан зарықтым,

Page 66: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

66

Астымдағы серігім,1580 Сізге ақыл салыппын.

Жоғары ерні жыбырлап,Төменгі ерні қыбырлап,Ашылғанша сөйлер тіл,Құла ат тұрды сыбырлап:– Тарықпа, батыр, сен, – дейді,Астыңдағы тұлпар мен, – дейді,Шын тарығар болар маҚыз іздеген ер, – дейді.Астыңдағы Құланың

1590 Қимылын, батыр, көр, – дейді,Келгенің алыс жер, – дейді.Кемімесем егерде,Теңгеліктің суынанАяғымды малмастан,Тұяғымды тигізбейӨткіземін мен, – дейді.Олай-бұлай қыздырып,Орғып шауып жүр, – дейді,Берік мініп үстіме,

1600 Батыр, қамшы ұр, – дейді.Мықтап ұстап шоқтықтан,Бала, көзің жұм, – дейді.Шаршамайын, талмайын,Өзімді-өзім барлайын,Жасым жетіп үлкейдім,Кəріліктен танбасам,Сар буын болып қалмасам,Тұяғымды тигізбейӨткізейін мен, – дейді.

1610 Олай-бұлай шабады,Шоқтығынан Құланың Мықтап ұстап алады.

Page 67: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

67

Ор қояндай орғытып,Құлаша ат қарғып барады.Су шетіне шыққандаБір аяғын малады.Аяғы суға малыныпАзалап жатып қалады.«Кəріліктен тандым» деп,

1620 «Ұятты болып қалдым», деп,Көңіліне алады.«Тұр», деді батыр, тұрмады!Құла атты бала сыйлады,Тұрмаса да ұрмады.Тұрмаған соң Құлаша ат, Ер Құбығұл жылап тұр,Тұрмасын аттың сынап тұр.

Айналып атқа қарайлай,Тастап атын кете алмай,

1630 Жолда тұрды зарығып,Баратұғын жеріне Жолда қалды жете алмай.«Ақбілек ғашық қатарым,Оңбады ғой сапарым,Құлаша ат, сенің қасыңа Жануар, бүгін жатамын».Кеш болып жатып қалады,Түн ортасы болғандаАқ шалмалы шал адам

1640 Қасына жетіп барады.

– Жолдасың, балам, мен, – деді,Су басында тарығып,Жылай берген нең? – деді.Тарығып жылар болар маСапарға шыққан ер?! – дейді.Қорғаушы бабаң мен едім,

Page 68: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

68

Мен тілекші шал, – дейді,Құйрығынан тұлпардыңБір тал қыл жұлып ал, – дейді,

1650 Тез қалтаңа сал, – дейді.Қару, киім баршасынАт үстіне таң, – дейді,Құрым тауып ки, – дейді,Əділбайдың ордағаМүсəпір болып бар, – дейді.Сапарың болар оң, – дейді,Қайырлы болар жол, – дейді.Ақбілектің əкесі Əділбай атты патшаға,

1660 Шырағым, малай бол, – дейді.

Шамаң келсе жақ, – дейді,Ақыл, айла тап, – дейді.Үй айнала оттайтын,Түс болғанда тоқтайтын,Шырағым, қозы бақ, – дейді.Менің тілім ала бер,Айтқанында сол ханныңАйтқанына бара бер.Өріске шығып кетпейтін,

1670 Алыс жолға жетпейтін,Шырағым, қозы баға бер.

Айтқаныма көн, – дейді,Ықыласқа сен, – дейді.Керекте тұлпар, қыл тұтат,Астыңа мінер Құлаша атТапсырармын мен, – дейді.

Атты күйлеп бағайын,Аттың күйін табайын,Бағуын рас табайын.

Page 69: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

69

1680 Қыз іздеген жалғызданЖəрдемім неге аяйын.

Тарыққан күнде жебейін,Сені бөтен демейін.Керек кезде даярлапҚару-жарақ, атыңдыАман сақтап берейін.

Айтқан тілімді аларсың,Əділбай ханға жағарсың.Аулақ кетпей жақыннан

1690 Қозы-мозы бағарсың.

Атаңның сөзін алыңыз,Ұмытып, балам, қалмаңыз.Пақыр бол да, балам, бар,Осы тапқан айламыз.

Айттым сырмен барымды,Қалмаққа бермен арыңды.Ақырында құшарсыңАқбілек ханша қосағың,Жолдас болар жарыңды.

1700 Қарттың тілін алады,Қару-жарақ, киімдіАт үстіне таңады.Бір шоқ қыл жұлып құйрықтанҚалтасына салады.Алама киім жыртықтыҚұбығұл іздеп табады.Атасына атты тапсырып,Əділбайдың ордағаПақырлықтың жолымен

1710 Құбығұл кетіп барады.

Page 70: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

70

Ақсақал қорған азамат,Тұлпарды да қазанат,Қару, киім – бəрін деТапсырды қартқа аманат.

Шалыменен қоштасыпҚұбығұл кетіп барады.Əділбайдың ордасынСұраумен іздеп табады.Қайыршы болып жас бала

1720 Хан үйіне барады.Лұқсат сұрап келеді,Тақ үстінде сол ханға Келіп сəлем береді.Жас баланы көрген соңАрызыңды айт деп еді.

Сонда ханның айтқаны:– Қалмақта көзге түспегенҚайдан жүрген баласың,Қайда кетіп барасың?

1730 Өтірік қоспай сөзіңе,Расын айт, расын.Тəуір екен сияғың,Жұмысыңды сұрадым,Қайдан жүрсің, шырағым,Арыз айта келдің бе,Арман мен не мұрадың?

– Ата, тыңда арызым,Мен, мен едім, мен едім,Ата менен анадан

1740 Жетім қалған кем едім.Қайыры жоқ халқымның,Сол себепті қайырлыСізге жетсем деп едім.

Page 71: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

71

Паналатсаң егерде,Сізден қайыр көремін.Жаста жетім қалыппын,Кемшіліктен тарықтым,Қайырлы деп, ей, ханым,Сізден хабар алыппын.

1750 Жеткенімше асығып,Шаршап жолда шалдықтым.Халқымның кəрісі,Ақсақалдың бəрісі:«Бүйтіп жүрме, шырағым,Қалмақ деген халықтаƏділбай деген хан» деді.«Əрі батыр паң» деді,«Əр керектің бəрі сай,Есепсіз дəулет мал» деді.

1760 «Мүсəпір мен пақырғаҚайыры көп жан» деді.«Əділбайға бар» деді,«Айтқан тілді ал» деді.Даңқыңды естіп алыстанІздеп сені келемін,Мүсəпір, пақыр, кем едім,Іздегенім сен едің.Менің жайым осылай,Нашарға тисе себебің.

1770 – Ер жетпеген баласың,Қатпаған, балам, шаласың.Қорғайын да қоршайын,Маған қалай жағасың?Ханың менен ханымныңҚалайша көңілін табасың?Қызмет ете келіпсің,Нешік малды бағасың?

Page 72: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

72

– Шамам келсе, ата, жағайын,Жетіммін рас, талайым.

1780 Ірі малды баға алман,Шаруа жөнін таба алман,Ауылға жақын оттайтын,Түс болғанда тоқтайтын,Қозы-мозы бағайын.

Жас бала сөзге зерек тақ-тақ болды,Сол ханға бала қозы бақпақ болды.Баланың ақыл менен айласы көп,Алдында Əділбайды мақтап болды.

– Жас бала, маған əбден жақ, – деп айтты,1790 Шырағым, шаруа күйін тап, – деп айтты.

Берейін тілегіңді енді, балам,Ұлықсат, енді қозы бақ, – деп айтты.

Əділбайдың қатыныСыншы еді тұқым-нəсілі,Артық еді ақылы.Айтылар шындық мақұлы,Сынаудың жоқ ғапылы.– Əй, Əділбай, Əділбай, Үйге келген бəлені

1800 Жалдаймын деген нең, – деді,Жалдай көрме сен, – деді.Келбетіне қарасам,Келісті туған ер, – деді.Сияғына көз салсам, Қайтпайтын жаудан шер, – деді.Бұл бəлені жалдасаң,Бөрідей сілкіп жер, – деді.

Келбетіне қарасам,Келімді туған ер екен,

Page 73: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

73

1810 Сияғына көз салсам,Айтулы ердің өзі екен.Жетіммін деп тұрғаныСені алдаған сөзі екен,Сымбатына қарасам,Хан баласы бек екен,Айла, ақылы көп екен.Мүсəпір болып ақылменАлдыңа сенің келген-ді.Жаратпаймын сияғын,

1820 Қиындық бізге төнген-ді.

Тағыңнан аудың, Əділбай,Келіп сəлем бергенде.Бұл бəлені жалдасаң,Бүлік салар еліңе,Ылаң түсер жеріңе,Зауал төнер еріңе.Айламенен, амалмен Қайғы салар өзіңе.Алданбаңыз, Əділбай,

1830 Арбап айтқан сөзіне.

Айламенен, амалменЖетім болып келген-ді,Мұны көзім көрген-ді,Көкірегім шерленді.Жаратпаймын ажарын,Амалменен үйіңе Мүсəпір болып кірген-ді.Сұрғылт екен ажары,Арыстандай айбатты,

1840 Сыртына шыққан қажыры.Бұл бəлені жалдасаң,Халықтың суыр базары.

Page 74: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

74

Жалдай қойсаң егерде,Басыңнан дəурен күн асар,Патшам, қайғың ұласар,Халқыңды жылатар.Бүгін пақыр болғанмен,Ерлігін ертең сынатар.Амал, ақыл, түрі сай,

1850 Келбет-ақыл, – сияғыБіреуіне бірі сай,Сынаудың жоқ бұрысы-ай.Жалдай қойсаң егерде,Берекет елден шын кетер,Халқыңнан бақыт күн кетер.Жалдаймын деме бибекер.Ақырында, Əділбай, Өзіңнен бақыт шын кетер.Бəлелікпен келген-ді,

1860 Ақырында түбіңе Мүсəпірсіп бұл жетер.

Сонда Əділбай сөйледі:– Сыншы едің, қатын, сен, – деді,Сынауың сенің жөн, – деді.Олай болса баланы Жалдамайын мен, – деді.

– Аяп едім, əй, бала,Пақырлық айтқан сөзіңе,Ұлықсат берем өзіңе.

1870 Алуға сені болмады,Кете бер енді жөніңе.

– Əй, Əділбай, батырым,Қатынның айтқан сөзінеАйнып неге жасыдың.Ерге билік бермеген

Page 75: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

75

Мықты-ақ екен қатының.Жанға залал етер меМен секілді пақырың.Қатынның тілін алғаның,

1880 Өзіңе сын болмай ма Айтқаныңнан танғаның?Алдыңызға келгенше,Дидарыңды көргеншеКөп болып келді арманым.Өзіңе сынық болмай ма, Ей, тақсыр, айтқаныңнан танғаның.Басыңызға мін шығар,Қатыннан кем қалғаның.

Сонда Əділбек сөйлейді:1890 – Олай болса, пақырым,

Əйелдің тілін алмайын,Уəдемнен танбайын.Қалай болар жағдайың,Өзің айтшы, мүсəпір,Қызметке жалдайын.Не жұмысқа келеді,Жас бала, сенің жағдайың?

– Олай десең, Əділбай,Жетімдіктің жөнінен

1900 Кемдіктің көрдім талайын.Келгенінше əлімнің,Батыр, сізге жағайын.Ірі малың баға алман,Жөндеп жабу жаба алман.Үй айнала оттайтын,Түс болғанда тоқтайтын,Қозы-мозы бағайын.

Баланы қатын сынап тұр,Сөзін естіп Құбығұлдың

Page 76: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

76

1910 Ханымы ханның жылап тұр.Бір бəленің боларынЗалым қатын сезіп тұр.Қатын залым сынапты,Хан жалдаймын дегендеШын еңіреп жылапты.Келбеті келген келістіҚұбығұл бала сияқты.

Əділбай жетім сөзін қабыл көрді,Бағуға сонда қозы ерік берді.

1920 Алама киім киіп, таяқ алып,Қозының сонда бала соңына ерді.

Жас бала таяқ алып қозы бақты,Алаңсыз баққан малдың бабын тапты.Айнала жанып тұрған ыссы күндеҚозыны үш қайтара суға жапты.

Күн ыссы талай шөлдеп, таңдай қатты,Көрмеген мұндай қорлық ешбір затты.Өзінің тура істеген қызметі,Ақылмен Əділбайдай ханға жақты.

1930 Арадан неше талай күндер өтті,Хабар жоқ ғашығынан, жүдеп кетті.Салпылдап көп қозының соңында жүр,Ажар жоқ, қатқан қабақ, жүдеп кетті.

Құбығұл ақыл ойлады-ай,Ойласа ойға тоймайды-ай.Қатты жүдеп тарығып,Мойны болды ырғайдай,Жүдеушілік зарпынанБиті болды торғайдай.

Page 77: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

77

1940 «Ойламасқа болмайды-ай,Сияғым жоқ, ажар жоқ,Əлім кетті, қажыр жоқ,Ғашығымнан хабар жоқ.

Қайбір ісім келіскен,Ойлайын ақыл кеңістен.Қозыны тастап кетейінБағылып жүрген өрістен.

Енді қылық бастайын,Өріске қозы тастайын,

1950 Жалғызбын деп саспайын.Іздеп келген ғашықты Неге іздеп таппаймын.Тауып алып Білекті,Қалмақ деген халықтыңБасына садақ жастайын.

Қозы бағып нетейін,Өріске тастап кетейін,Қосылар күнім бар шығар,Ақбілекке жетейін.

1960 Шаһардан іздеп БілектіҚаңғырумен өтейін.

Білекті іздеп таппасам,Ерлігіме кір болар,Бұл жүрісім мін болар.Түсте көрген БілеккеҚосылуым сын болар,Жолдасым, пірім болмаса,Ақыл айтар кім болар?!»

Құбығұл батыр саспады,1970 Бір қылықты бастады.

Page 78: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

78

Үстінде құрым киімдіШешіп алып далаға Лақтырып тастады.

Қозыны тастап далаға,Теңгелікке келеді,Суға түсе береді.Суға түсіп жүргенде,Екі шелек иіндеХанның күңі көреді.

1980 Келбеті артық ҚұбығұлТым көрікті ер еді.Жалқын айдар төбедеҚұбығұлды көреді.

Күңнің ауды назары,Келбеті зор келімді,Көрікті айдай ажары.Көзі көріп қара күң Балаға ауды назары.Қасына жақын барады.

1990 – Суға түскен жас бала,Қасыңа келдім мен, – деді.Айыптама, шырағым,Жөніңді айтып бер, – деді.Көп қалмақтың елінен Көргенім жоқ мен, – деді.Қайдан жүрген баласың,Мəнісін айтып бер, – деді.

Жаңа өспірім баласың,Жас болсаң да данасың.

2000 Жөніңді айтшы, шырағым,Қай сапарға барасың?Қайырлы болсын, шырағым,

Page 79: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

79

Шыққан сапар жөн, – деді.Хан баласы сияғың,Келісің келген ер, – деді.Қай сапарға барасың,Жөніңді айта көр, – деді.Көргенімді айтпаймынЕш қалмаққа мен, – деді.

2010 – Қайбір ісім келіскен,Тастап кеттім қозымды,Бағып жүрген өрістен.Қысқа жерден айтайын,Көп сұрама кеңістен,Ақыл шықпас əр нешікОй ойламас кемістен.

Мен айтайын шынымды,Шын айтайын мұңымды.Хабарың болса егерде,

2020 Рас айт маған сырыңды.Əділбайдың АқбілекАян беріп түсімде,Кетірді менен тынымды.Ақбілек үшін тастадымХалық, Отан, қаламды.Ғашық үшін жылаттымҮлкейген ата-анамды.Адамға ғашық жаман-ды,Келгеніме көп болды,

2030 Біле алмадым хабарды.

Ей, қара күң, қара күң,Қауышқан саған күнімдеСырымды айттым өзіңе,Түсіндің бе сөзіме?Сыр айтысар адам жоқ,

Page 80: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

80

Келдің бүгін кезіне.Хабарың болса айтып бер Ақбілектей сұлумен Қосылар күнім болар ма Сондай ғашық теңіме?Кең заманым тарылды,Тарлықпен күнім арылды.Хабарың болса айтып бер Ғашық менің жарымды.Көңілдегі мүде сөзАйттым сырым, барымды.

– Қабыл екен, бала, тілегің,Қуанғаннан, шырағым,Жарылмасын жүрегің.

2050 Ақбілектің күңі едім,Қызмет етіп жүр едім.Меніменен қауыштың,Қабыл екен тілегің.Қауыштырар өзіңе, Алыс болмаса сүрегім.

Толықсып тұрған жасында,Қырық қыз бар қасында,Халқына ол жағулы,Бөлек орда салулы,

2060 Ақбілектің есігін Күң мен құлдар бағулы.Беркіндегі жас бала,Күтуі мықты бақшада.Қадірі артық халыққа Тілегін тілейді астана.

Екеуіңнің араңаБіту болып қарайын,Білдіруге Білекке

Page 81: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

81

Ақыл ойлап табайын,2070 Қосуым қызға тағайын.

Екі жақсы жолықсын,Екеуіңді қосуғаЕсебін өзім табайын.Ақбілек сұлу асылдыЖемісті сайдың бойына Алдап алып барайын.

Айтқан тілді ал, – дейді,Көтеріңкі көңілім,Қырға салған бақшасы

2080 Жемісті сайға бар, – дейді.Қарағым, тілім ал, – дейді.Айтқаныма көн, – дейді.Ақбілек сұлу тең, – дейді.Ертең сəске болғандаАқбілектей сұлудыАпарайын мен, – дейді.Жемісті сай бақшадан,Шырағым, күтіп тұр, – дейді.

Орындармын тілекті,2090 Ертеңге кестім сүректі,

Шамам келсе, амалменАпарам алдап Білекті.Не болғанын білмеймін,Айдан сұлу Ақбілек Бұрынғыдан жүдепті.

Қосармын сені теңіңе, Құбығұл батыр, əбден нанКүң шешеңнің сөзіне.Жемісті сайдың бойында,

2100 Ертең түсте қосармын,Ертіп алдап апарып Ғашық болған теңіңе.

Page 82: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

82

Күң тілін Құбығұл ер алмақ болды,Амалдап қызды ертіп бармақ болды.Ойлады неғылса да барайын деп,Бұл күңнің уəдесі салмақ болды.

Сол күңмен ер Құбығұл уəде етті,Байласып уəдені күң де кетті.Ерге етті сол қара күң қызметті,Күн батып, қараңғылық түн де жетті.

Қара күң айламенен амал етті,Сұлуға Ақбілек қыз ұйқы жетті.Ұйқы жоқ күң ақылды ойлап отыр,Ауады түн ортасы, таң да жетті.

Төбеден жұлдыз ауады,Таң сімері жауады.Ақбілек ару сұлудыңМазасын күң алады.– Айласы көп саналы,

2120 Күң де болсам, жолдасың Қасыңдағы мен, – деді,Тілейтұғын тілек бар, Тілегімді бер, – деді.Осы сапар қасымаЖолдас болып ер, – деді.Жемісті сайда алма ағашПісіп тұрған секілді,Миуадан жеміс тер, – деді.Шын тілеймін тілекті,Тілегімді бер, – деді.

Білекте болар даналық,Көңілімде жоқ қаралық,Ішімде жоқ алалық,Жемісті сайға баралық,

Page 83: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

83

Ағаштан алма қағалық.Ермеймін деп, қарағым,Ете көрме балалық.

Ақбілек, сенде төрелік,Жолдастыққа сенелік,

2140 Қарағым, маған ерелік,Жемісті теріп бақшадан,Көтеріп көңіл келелік.

Қызмет еттім мен, – деді,Бір сапар маған ер, – деді.Мəуеден миуа тер, – деді.Өтінемін, қарағым,Салтанатпен, сəнмененБақшадан миуа тер, – деді.

– Жолдасым, күңім сен едің,2150 Хан ханшасы мен едім.

Саған қалай еремін,Аяғым қадам баспаған,Ата-анам бағып сақтаған.Қыз да болсам, қарағымБағыңда тұрған мен едім.Əкем бағып сақтаған,Жаяу жерді баспаған,Жаяу жүріп баратынМен емеспін ақ табан.

2160 Жемісті сайың құрысын,Жүр дегенге бармаймын,Айтқан тіліңді алмаймын.Сенің тілің алғандай,Қараша күңім, қандаймын?!Бағымда жазған сертім бар,Мен сертімнен танбаймын.

Page 84: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

84

Тіпті, саған сенбеймін.Айтқаныңа көнбеймін.Жемісті сайың құрысын,

2170 Бақшадан жеміс термеймін.Ұйқымды бұзып, қара күң,Ала берме мазамды.Бағымда жатқан ханшамынЕш көрмеген адамды.Егер барсам бақшаға,Сонда жүрген қалмақтарАлар менің мазамды.

– Олай десең, шырағым,Есебін өзім табайын.

2180 Еш адамға көрсетпей,Амалдап алып барайын.Жыныс ағаш ішіне,Шырағым, сені жіберіп, Қарауыл өзім қарайын.Уəде саған берейін,Бір сапар ет мерейім.Еш адамға көрсетпей,Кешке алып келейін.

Азаттық, кеңдік көрмедім,2190 Уайым айтып сөйледім.

Бір тілегім бермедің,Бір сапарға ермедің,Бақшадан жеміс термедің.Тілегімді берместей,Жек көрген күңің мен бе едім.Өтінішім көрсейші,Бір сапарға ерсейші,Миуадан жеміс терсейші,Еш адамға көрсетпен,

2200 Шырағым, маған сенсейші.

Page 85: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

85

Қарғадай бала күніңнен Сені бақтым, шырағым,Тілегіңді сұрадым.Тілімді алсаң, бұл сапарШешеңнің еткін мұрадын?Анаңнан артық баққанмын,Ата-анаңа жаққанмын.Не керек десең, шырағым,Даяр етіп тапқанмын.

2210 Тілегім менің сен болдың,Елік сүт беріп асырап Сенің анаң мен болдым.Тілек тілер күніме,Ақбілек, бүгін кез болдың.Тілегімді бермесең,Қайғыландым, сел болдым.

Анаңнан артық қарағанАқбілек едің, қарағым,Осы сапар өзіңнен

2220 Бір тілегімді аламын.Тəрбие менен құрметтепЖібектей шашың тарадым.Қабағыңды шыттырмай,Еркелетіп қарадым.Ақылменен ойласаң,Əрі күңмін, шырағым,Тілегіңді тілегенБөтен емес, анаңмын.Мақұл көрсең, сыйласаң,

2230 Жемісті сайдың бойынаБүгін алып барамын,Миуадан жеміс қағамын.

Сүйенішім сен едің,Елік сүтін емізген,

Page 86: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

86

Сені баққан мен едім.Тілек берсең, шырағым,Бүгін саған еремін.Бақшадан жеміс теремін,Жемісті сайдың бойынан

2240 Көтеріп көңіл келемін.

Қарағым, етпе балалық,Таң мезгілі таянды,Айтқаным анық, аян-ды.Ақылменен ойласаң,Ардақтап баққан қара күңБөтен емес, анаң-ды.Сонда Ақбілек сөйлейді:– Көп өтініп қоймадың,Бармаймын десем болмадың,

2250 Ертуге ойладың.Қорқатұғын себебім, Қалмақтарда арсыз көп,Жемісті сайға бармай ма?!Жеміс теріп жүргенде Ерлер көріп қалмай ма?!

Мені көріп қызығар,Мен қорқамын, ей, шеше,Қапыда көріп қалар деп,Аламын деп қызығып

2260 Басыма қайғы салар деп,Айдан көркем ажарым,Шашылар елге хабар деп.Менің үшін бүлініп,Ел арасы жау болып,Халқым қырғын табар деп.

– Есебін өзім табамын,Еш адамға білдірмей,

Page 87: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

87

Алып барам, қарағым.Жемісті сайға апару

2270 Тілеген тілек, талабым.Тілектің берсең керегін,Жолдас болып еремін.Міндет алдым, шырағым,Еш адамға көрсетпей,Қайтып алып келемін.

– Олай десең, ей, шеше,Енді не ғып шыдайын?Қайта-қайта қайырсам,Ауырларсың, жолдасым,

2280 Айтқаныңды қылайын.Өтініп айтқан сөзің-ай,Көңіліңнен шығайын.Айтқан тілің алайын,Қырық қызды ертіпСалтанатпен барайын,Мəуеден жеміс қағайын.

Асыл киім киейін,Төбеме шашым түйейін.Ардақтаған анадай

2290 Қадіріңді білейін.Ойымнан кетсін уайым,Бір айтқаның қылайын.Қайта-қайта жалындың,Сізге не ғып шыдайын.

Боламын саған аманат,Еш адамға көрсетпей,Əкел мені саламат.Көрініп қалсам бөтенге, Бəрімізге жаманат.

2300 Қапыда көрсе, қалмақтыңКөңілінен кетер қанағат.

Page 88: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

88

Бір тілегің бермеске,Жолдасым, саған амал жоқ.Бір тіліңді алмасқа,Сүйікті жолдас, шарам жоқ.Көрініп қалсам қапылда,Ойлап табар амал жоқ.

Түн ішінде жүрмеккеАсыл киім киініп,

2310 Қырық қыз жолдас қасында, Бұралып белі үзіліп,Кірпігі оқтай тігіліп,Ырғала басып иіліп,Қаламдай қасы қиылып,Адамзаттың аруыАқыл ойлап қыдырып,Ішінде орда жүреді,Көрінбеске ешкімге Ішінен тілек тіледі.

2320 Уайым етіп шыққанын Толықсиды жүрегі.Жолдас басы қара күңҚызды апармақ тілегі.Жемісті сайдың бойына,Ғашық болған батырға,Уəде еткен сүрегі.Ертең тал түс болғандаАпарам деген күн еді.

Алтын тонын жамылып,2330 Өрттей беті қабынып,

Қара күң алды билігінАқбілектің жалынып.Күңге ерік берген соң,Енді тұрсын нағылып.Таң сімері болады,

Page 89: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

89

Қырық қыз қосшы қасында,Күңнің тілін алады,Ордадан шығып барады.Ақбілектей аруды

2340 Ғашық болған еріне Апару күңнің тілегі.

– Ханның қызы мен едім,Өтініш еткен сен едің.Қайда апарсаң, онда апар,Саған билік беремін.Миуадан жеміс теремін,Қасымда қырық қызбененКөтеріп көңіл келемін.

Төбелдірік басымда, 2350 Толықсып тұрған жасымда,

Не ойласаң, қара күң,Ісің келер мақұлға.Айтар сырың бар болса,Менен тіпті жасырма.Алтын шашқап шашымда,Асыл телпек басымда,Алтын кебіс аяқта,Өзің бастап жүре бер,Жемісті сайың қай жақта?

2360 – Өле-өлгенше, Ақбілек,Тілегіңді тілейін,Мəуелі жеміс сайынаТура бастап жүрейін.

Тура бастап жөнелді,Ақыл менен амал көп,Қара күң асқан өнерлі,Рауан таң білінеЖемісті сайдың бойынаБастап келді ол енді.

Page 90: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

90

2370 Жүзім, жиде, алма бар,Мұндай жеміс қайда бар?Əуелден хан ектірген Түрлі миуа сайда бар,Бір жағынан қараса,Мұнартқан биік тау да бар.Бір жағынан көз салса,Жылмиған жазық жайлауыШалғын шыққан кең өріс,Мал жайлауға жай да бар.

2380 Ұзақ малға өріс бар,Қалың ағаш тегіс бар.Неше түрлі жеміс бар,Құрма менен өрік бар.

Қалың миуа ішінеҚыздар кіріп барады,Көп жемісті көрген соң,Көңілдері ауады.Ағаштан жеміс қағады,Бұл жеміске алданып

2390 Қайғысы кетті манағы.Ойында жоқ ешнəрсе, Жемісті жию талабы.Уəде еткен сөзіменҚасындағы қара күңЕш адамға көрсетпей,Қарауылдап бағады.Қарауыл сырттан қарады,Күн тал түске толады.Бұл бақшадан ауады,

2400 Бір бақшаға барады.

Қара күң бастап келеді,Мұнан да жеміс тереді.Қызға ғашық балаға

Page 91: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

91

Қара күңнің уəдені Байлаған берік жері еді.Қыз бастаған күң еді,Қалың шалғын ішінде Ұйықтап жатқан ер еді.Айламенен күңекең

2410 Құбығұлды көргенде«Көтек» деп қарғып жөнеді.Айла-амалы көп еді,Өп-өтірік шошығанКүңекеңнің ебі еді.Мұндай амал ойлағанКүң ақылы терең-ді.Құбығұл мен БілектіҚауыштырар жер еді.

Тағы күңің сөйледі:2420 – Жолдас күңің мен, – деді.

Ардақты қызым сен, – деді.Қапыда көрдік жас жанды,Жауабыңды айтып бер Кіммен сөзің бар еді,Мына жатқан нең? – дейді.

– Қасымда басшы қара күң,Бармаймын десем, болмадың,Тіпті еркіме қоймадың,Ұшыратып бəлеге,

2430 Нешік қиял ойладың?Анамдай баққан сен едің,Ардақтаған қорғаным.Келмеймін деп көп айттым,Еркіме мені қоймадың.Не, жақсы ма, жаман ба,Өліп қалған адам ба,

Page 92: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

92

Өкпесіне қолың сал,Орындап сөзім тамамда.

Қыздың тілін алады,2440 Күңнің қалай амалы.

Ептеп басып барады,Өкпеге қол салады.Мұрнын шымшып баланың,Төбетейін қағады.Күңнің қалай амалы,Мұрнын шымшып оятып,«Көтек» деп қарғып барады.Ақбілек көзін салады,Алтынменен қаптаған

2450 Алтын айдар сұлудыңКөзінің жауын алады.Қыздың түсті назары,Көңілі əбден ауады.Сұлу жүзін көргендеАқылдан Білек танады.

Құбығұл сонда сөйледі:– Қалмақтың күң мен қыздары, Ұйқымды бұзба сен, – деді.Оятқан мені нең, – деді.

2460 Қалмақтардың күңдеріМеніменен тең бе еді?Менің теңім сен емес,Сенің теңің мен емес,Ұйықтап жатқан жерімненОятқаның жөн емес.Жеделін берік тұтпаған,Қажырлы туған ер емес.Айтқанымның бəрі рас,Келемеж ету жөн емес.

Page 93: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

93

2470 Ақбілек назар салып тұр,Əр уақытта түзеліп,Əр уақытта ауып тұр.Іші оттай өртеніпҒашық оты жанып тұр.Қайғы, ғашық зарпынан Өліп кетпей не ғып тұр.Талықсиды əр уақ,Қырық қыз сүйеп бағып тұр.

Қара күң сонда сөйледі:2480 – Ақылыңды байқасам,

Білікті заңғар баласың,Шырағым, сөзің сынасам,Өзге жаннан данасың.Сымбатыңды сынасам,Көргенім жоқ қалмақтан,Патшадан туған баласын.Шыныңды айтшы, шырағым,Қай сапарға барасың?Ажарыңа көз салсам ,

2490 Жайнап күндей жанасың,Жөніңді білдір, шырағым,Қай сапарға барасың?

Түрің қалмақ елі емес,Шын айтпауың жөн емес,Ханнан туған ханзада,Байдан туған мырзаның,Бəрі саған тең емес.Сымбатыңа түрің сай,Өзге сендей ер емес.

2500 Жөн сұраймын, шырағым,Жөн айтпауың жөн емес.

Жаңа өспірім баласың,Білікті бала данасың,

Page 94: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

94

Қай сапарға барасың,Айт сөзіңнің тазасын.Шыныңды айт бізге, шырағым,Сапарыңды сұрадым,Қай жер сенің тұрағың?Қай нəсілден боласың?

2510 Хан баласы секілді Көрінеді сияғың.Патшадан туған баласың,Өтірік айтпа, рас айт,Қайда жүріп барасың?

Ханның қызы АқбілекАдал ниет, ақ жүрек.Хан баласы секілдіСіз де асыл ақсүйек.Тілейтұғын бар тілек,

2520 Ханның қызы ханшаменДидарласқан күн сүрек.Бұлданба, балам, шыныңды айт,Тілейтұғын бір тілек, Уақытында кімде-кімҚосылар күн бар сүрек.– Қара күң, мұның жөн, – деді,Руымды сұрасаң,Орта ноғай ел, – деді.Ұлы Еділдің басында

2530 Біздің тұрмыс жер, – деді,Уəли ханның жалғызыҚұбығұл деген мен, – деді.Ұйықтап кетсем түсімде,Ақбілек тыным бермеді,«Хан баласы сен» деді,«Ханның қызы мен» деді.«Ғашық болдым түсімде,Алыстан іздеп кел» деді.

Page 95: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

95

Үстінде төсек қисайсам, 2540 Осы қыз тыным бермеді.

Астыма мінген Құлаша Ақбілек үшін мінгенмін,Шығыршықты сауытты Ақбілек үшін кигенмін.Балдағы алтын ақ алмасАқбілек үшін ілгенмін,Түсімде көріп Білекті,Отына ғашық күйгенмін.Сапардың несін сұрайсың,

2550 Осы қыз үшін жүргенмін.Ғашықтықты өткердім,Машақатты көп көрдім,Арада талай күн өтіп,Мінген атым жүдетіп,Ғашығыма жеткенмін.Жападан жалғыз, жолдассыз,Ақбілек үшін жеткенмін.Ата менен анамды,Қайырлы орда қаламды

2560 Бұл үшін тастап кеткенмін.Ғашық едім көргенше,Қара күң, мені жеткердің.

Сонда Ақбілек сөйлейді:– Өңім бе, менің түсім бе-ай,Түсімде көріп ғашық боп,Көріп едім қысымды-ай.Өңім болса егерде,Сүйіскен таптым тұсымды-ай.Іздегенің мен болсам,

2570 Ғашық ерім сен болсаң,Мені іздеген ер болсаң,Батыр, бермен келіңіз.

Page 96: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

96

Бұлдана бермей досыңаҚолыңның ұшын беріңіз.Түсім болып кетпесе,Қауышар бүгін кезіміз.Ғашық дертпен қан жұттым,Ғашықтың отын көріңіз.

Қауышатын күн шығар,2580 Қосылу бүгін шын шығар.

Кел де көріс, жан досым,Аузымнан жауып от, жалын,Лебімнен түтін, бу шығар.Көріскенше, жан досым,Не ғып біздің жан шыдар?!Күні бұрын түс көріпБолған жанмын ынтызар.Қауышуға мен құмар,Іздеп келген сен құмар.

2590 Көріселік, жан досым,Енді не ғып жан шыдар.

Сол қолынан батырдыңҚара күң ұстай алады,Жетелеп кетіп барады.Ғашық болған екі асылЖемісті сайдың бойындаБірін-бірі табады,Қыз ішінде АқбілекІшіндегі шырағы.

2600 Қасындағы қырық қызҚуанышпен тұрады.Құшақтасып көрісіп,Қуаныш кіріп көңілгеҚайғылы көңіл тынады.

Бірін-бірі ғашықтарАмандасып көреді.

Page 97: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

97

Көргенін жанға айтпасқаҚасындағы қырық қызСерт, уəде береді.

2610 Ортаға алып баршасы Еш адамға көрсетпей,Ақбілек жатқан күмісті үй Құбығұлды алып келеді.Ғашық болған жандарға Күңнің тиген себебі,Əзілдесіп, күлісіп,Ғашық жарын сүйісіп,Қосылған осы жер еді.

Еш адамға білдірмей,2620 Қырық күндей бағады,

Қызметі батырға Қыздардың əбден жағады.Ақбілек ақыл ойлады,Ойламасқа болмады,Ақылын тоқсан толғады.Ешкім білмей тұрғандаКетейік деп ойлады.

– Ғашық жарым сен, – деді,Ғашық болып қосылған,

2630 Алған жарың мен, – деді.«Ер игісі қос табар»Сайран сəнмен жүргенде Сезіп қалар ел, – деді.Амандықта, саулықта,Тілімді алсаң, жан досым,Бұл шаһардан кетелік,Қалмақты талақ етелік,Қалмақ сезбей тұрғанда,Еліңе, досым, жетелік.

Page 98: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

98

2640 Ақылы артық, санаң бар,Жалғызы кетіп қалмаққа,Аңсап жүрген анаң бар.Жалғызы кетіп қолынан,Сағынып жүрген бабаң бар.Жақсы бала қашандаАта менен ананың Ауыр хақын тамамдар.Сағынған ата-анаңыз,Кеткеніңе көп болды

2650 Ашылған көптен араңыз.Ақылға салып қараңыз,

Тілімді алсаң, кетелік,Еліне қалмақ білінбей Теңгеліктен өтелік.Қосылысқан достықта,Қуаныш көңіл хоштықтаАта-анаңа жетелік.

Жаман адам белгісі, –Бет алған жүрер жөніне.

2660 Жақсы адамның белгісі –Қорған болар еліне.Енді жүрме, қосылдыңАқбілек ғашық теңіңе.Қызмет етіп көрейінАта-анамның төріне.

Жүремін десең, көңіл шат,Екеумізге табыладМінуімізге тұлпар ат.Жадыңа ұқ та, сөзім түй,

2670 Сақтаулы тұрған сауыттанҚалағаның таңдап ки,Сыр білдірмей қалмаққа

Page 99: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

99

Жүрер болсаң, жылдам жүр.Ғашық болған жан досым,Жолдасыңның бұлын біл.

Қосылдым сізге, көңілім жай,Көп қайғыдан арылып,Оңынан туды күн мен ай.Тəуекел еткен адамға

2680 Өзі жəрдем бір Құдай.Оңғарған болсын əуелде,Ашылар жарқын жүз, шырай.Бес қарудың бəрі сай,Көп айналып қалдың жай,Ат пен тұлпар сайма-сай.Бүгін түнде кетелік,Теңгеліктен өтелік.Көп айналсақ, мін шығар,Халқыңа, [батыр], жетелік.

2690 Құбығұл да қуанып,Қайтуды мақұл көріпті.Алған жары Ақбілек,Досына берді ерікті,Бір-біріне сеніпті.Ақылды адам белгісі,Алыстан ойлайды өрісті.

– Ақбілек, сөзің шын болды,Қайтатұғын күн болды.Ки дегенің сауытты,

2700 Маған қиын сын болды.Тұлпар берем дегенің, Ер басыма мін болды.Ғашық болған жан досым,Осы сөз маған кір болды.

Page 100: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

100

Ертең елге барғандаƏзілдессең де айтарсың,Сауыт таңдап кигізіп,Тұлпар атқа мінгізіп,Бес қару тамам ілгізіп,

2710 Артықтығым көрдің деп, Асылдыққа сендің деп,Қару-жарақ, тұлпар ат Бəрін тауып бердім деп, Жаяу жүріп қалмақта,Арқамменен келдің деп.

Бетке соғып, досым-ай,Əзілменен күлерсің.Бүгін түннің ішінде-ақАлған ерің Құбығұл

2720 Кім екенін білерсің.

Қайтуға болды талабым,Өзім тұлпар табамын.Қалмақты шаппай сау тастап,Елге не деп барамын.

Құбығұл мен Ақбілек жүрерінде қасындағы қырық қызға «бізді жақсы көргендерің, еріңдер» дейді. Сонда қырық қыз ай-тады:

– Біз сендердің жолдарыңызға шырмау болармыз. Сен-дердің амандықтарыңызға тілектеспіз, біз сіздерден садақа. Сендерге келген сөз болса, осыдан күттік, – деп ермей, қош айтысып қалады. Енді жүруге таянғанда Құбығұл тұлпарын шақырады:

Қалтадағы бір шоқ қылБатыр қолға алады,Атасының айтқан сөз,Қылды өртеп жағады.

Page 101: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

101

Ағашта жатқан тұлпарға 2730 Қоңырсы қылдың иісі

Мұрнына барады.Иісін біліп жануар,Оқыранып шабады.Адамнан есті жануарИесін іздеп барады.

Жал-құйрығы төгілген,Жыныс ағаш ішіндеЖалғыз жүріп семірген,Күйіне түсіп бұл тұлпар,

2740 Төрт тұяғын тебінген.Иесін танып елірген,Оқыранып тағы даҰсынып мойнын берілген.

Қаруларын таңдаған,Таңған күйден аумаған,Арқасын жерге салмаған.Үстімде жүгім ауыр деп,Аяқ, төсін, бауырын,Жерге төсеп, аунаған.

2750 Болат тұяқ тұлпардыңКөзі оттай жайнаған.

Атқа мініп алады,Ғашық жары Ақбілек,Құбығұл тағы барады.«Атты қайдан тапты» деп,«Қайда атын бақты» деп,Ақбілек аң-таң қалады.

Ақбілекке келіпті,Қайтуға батыр желікті.

2760 Жолдас қызға Ақбілек Кезек-кезек көрісті.

Page 102: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

102

Ырзаласып қоштасыпҰлықсат бəрі берісті.

Ат баққан жəмшік ішіненАқбілек тұлпар таңдады.Көк тұлпарды өзінеЛайықтап, оңдады.Ақбілек жүген сұққанда,Аузын ашып есінеп,

2770 Көк тұлпар да паңданды.Ақылы көп Ақбілек,Ырымын аттың аңдады.Жолыма ырым болды-ау деп,Сапарым болар оңды-ау деп,Атқа тоқым салады,Ерді ерттеп алады.Ат үстіне АқбілекАсыл киім таңады,Қош айтысып қыздармен

2780 Күңді қасқа алады,Қыз ордада қалады.

– Басшы болған жолдасым,Елік сүт берген сен едің,Ақбілегің мен едім,Жемісті сайдың бойында Ғашыққа тиген себебің.Еліне жаудың тастамай,Алып кетсем деп едім.Сен де тұлпар мін, – деді,

2790 Асыл киім ки, – деді,Əрі досым, басшымсың,Бізбен бірге жүр, – деді.

– Жұлдыздың шықтың оңына,Айналайын Ақбілек,

Page 103: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

103

Мені жаудан қорыма,Тілеуің едім, шырағым,Мен ермей-ақ қояйын,Болмасын кесел жолыңа.Мен қалайын қалада,

2800 Мені жаудан аяма.Сен екеуің сау кетсең,Болайын, пəлі-ай, садаға.

Ақбілек мұны қимады,Құрметін бек сыйлады.Жолдасын қимай жылауменКөзінің жасын тыймады.Қара күңді қия алмай,Көрісіп қайта жылады.Амандасып, қоштасып,

2810 Енді екеуі шығады.Астындағы атына Орай қамшы ұрады.Тартпа қиып кетер депБауырға жібек орады.Түн ортасы толады,Теңгелікке барады,Екі ғашық шырақтыңҚабыл екен тілегі.Өткізбейтін терең су

2820 Бұларға өткел болады,Қайраң өткел табады.Өткелден өтіп қуанып,Екеуі кетіп барады.

Əділбайдың қатыны Сыншы еді тұқымы, нəсілі.Əйелдің білгіш мақұлы,Байынан артық ақылы.Көрген түстен жасыды,

Page 104: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

104

Сол күні көрген түсінде:2830 Ақ иық бүркіт төнеді,

Ардақтаған аққудыКөп аққудың ішіненІліп алып жөнеді.Осы түсті көреді,Түстің қалай себебі?

Сол күні көрген түсіндеШаң басыпты қаланы,Кіл қайғылы жан көрді.Бұрынғы кең көшесін

2840 Қысаңшылық тар көрді.Теңгеліктің ар жағыТұман басқан қараңғыƏжіғырдай тау көрді.Тау басында бүлгіндік,Соғыс көрді, жау көрді,Жылға сайдан жылжығанСарқырап аққан қан көрді,Кіл қайғылы жан көрді.

Шошыды түстен шамасы,2850 Осы түсті көреді

Ақбілектің анасы,Күлдей болып құлағанƏділбектің жатқан қаласы.Түстен шошып ояныпХанды оятты шамасы.

– Ұйықтап жатпа сен, – деді,Ұйықтап жатқан нең, – деді.Үйге келген бəленіЖалдама дедім мен, – деді.

2860 Жалдап едің сен, – деді,Ақбілектің ордасын

Page 105: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

105

Қазір байқап кел, – деді.Көзіңменен көр, – деді.

Қайғымен өмір өшкен-ді,Қас масқара еткен-ді,Қозы баққан жас бала Түп-түбіңде жеткен-ді.Түсім ғайып болмаса,Ардақтап баққан Білекті

2870 Сол залым алып кеткен-ді.

Бүлдірген шығар сол бала Білек жатқан сарайды.Қазір бар да, тез қара,Сен падиша болсаң да,Ақылға асқан мен дана.Ғапылдық бізге жетті ғой,Қызық дəуір өтті ғой,Ақ сарыбас аққуды Бүркіт іліп кетті ғой.

2880 Сол жалдаған жас бала Ақыр түпке жетті ғой.

Айрылған шығар балаңныңЕнді бізден арасы.Анық түстің тазасы,Білек жатқан орданыТүнде барып қарашы.Болмаған шығар тілегің,Таусылған шығар үнемің.Бір қызбенен тек кетпес,

2890 Қуа қойсаң егерде,Талай жанның сол залым Бітірер деп қорқамынАсыл, тыныс жүрегін.

Page 106: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

106

Бектерін қасқа алады,Ақбілек жатқан жақсы жайТүнде барып қарады.Қыз ішінде Білек жоқ,Оттай іші жанады.Қыздарды қысып қамады,

2900 Бəрінен жауап алады.Сонда қыздар шулады,Біреуі қорқып тұрмады.Көргенін айтты баршасы,Қорғалап айтып бұрмады,Қыздарды патша қорлады.

Зəрін шашып жендеткеҚыздарды қыр деп ақырды,Жендеттерін шақырды,Кілең жасты қимаған

2910 Бірқатары халықтың Күнəсін кеш деп бас ұрды.

Ашуы қатты хан залымБосамады, күшейді.Ашу қысып желікті,Елге салмады ерікті.Жендеттерге ақырыпҚыр деп əмір беріпті.Айтпадың деп көргенің,Қыздардың қанын төгіпті.

2920 Есік баққан құлдарды,Күңдерді түгел жияды.Қара күңнен бөтеніЕш нəрсені сезген жоқ,Көрмегенін баршасыТүгел айтып жылады.Айтқанына нанбады,

Page 107: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

107

Бұларды да қырады.Қара күңнен өздеріЖеке жауап алады.

2930 Жауабын байқап қарады,Күң білікті, саналы.

– Мен айтайын шынымды,Шын айтайын жөнімді.Хан баласы ҚұбығұлАлтын айдар тұлымды,Су басында жолығып,Айттым соған сырымды.Жемісті сайдың бойындаБітуəжа мен болып

2940 Қауыштырдым қызыңды.

Өлуіме сенгенмін,Неғылсаң да, Əділбай,Өзім риза, көнгенмін.Уəде етіп ерменен,Жемісті сайдың бойындаҚолымнан ұстап бергенмін.Ақбілекті қосуға Құбығұлға арманмын.Теңін тапты Ақбілек,

2950 Хан баласы екенінКөрген шақта аңғардым.Екеуі аман, сау кетті,Екеуінің жолынаҚұрбан болып қалғанмын.

Бітуəжа мен болдым Екі ғашық араға,Құбығұл батыр, АқбілекСағынысқан балаға.Жанымды қидым сол үшін,

Page 108: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

108

2960 Аман кетсе сен жаудан,Солардан жаным садаға.

Жендеттер ұстап қамады,Шаштан ұстап алады,Алмаспен басын қағады.Əділшілік тілекпен Күңнің жетті ажалы.Ашу қатты, кəр күшті,Қыз бен күңге тарттырдыОсындай ауыр жазаны.

2970 Əулиелік дəрежеНиетінен табады.Жеті күннің соңынанБасында шырақ жанады.Ханда ашу қайнады,Азаматтарын сайлады.Көк найза, өткір қылыштыӨткірлеп əбден қайрады.Шаһарындағы əскердіБіреуін қоймай айдады.

2980 Жиылған əскер мол болды,Сансыз əскер қол болды.Ту көтерген қолына Əділбайдың інісіƏсірбек деген ер болды.Ту көтеріп əр жерденҚашқынды қуар жер болды.Қуды патша дұрыстап,Ақбілекті алып кеткен соңЖатсын неғып тыныстап?!

2990 Əділбай қолға сөйлейді:– Əскер қолым сен едің,

Page 109: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

109

Халықтың ханы мен едім.Осы залым дұшпандыДенесін шауып қор қылып,Кегімді алсам деп едім.Бұл жауымды мұқатсам,Ерлерім, сыйлық беремін.Соны өлтірген батырдыӨзіммен тең көремін.

3000 Басын кескен ерлерге Үлкен сыйлық беремін.Даяр қылып керегін,Қолымнан сыйлық кең берем.Өз алдына шаһар сап,Айдынды шалқар көл мененРахатты жер берем.

Ат жүйрігін сайлаңыз,Өткірлеп алмас қайраңыз,Еркек кіндік жас, кəрің,

3010 Біреуің шаһарда қалмаңыз.

Сонда халық шаттанды,Қуанып ерлер мақтанды.Қару-жарақ, көк найза,Бəрі даяр саптаулы.Тастан қайтпас ақ алмас Буылып белге қаптаулы,Қол астының халқыХанның сөзін ақтаулы.Əскерді хан айдады,

3020 Еркектен адам қалмады.

Əр жерінен ту ұстап,Сан жетпейтін қалың жау Құбығұлменен ұрыспақ.Ақбілектей аруды

Page 110: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

110

Құбығұлдан айырмақ.Дегеніне келтіріп,Қайтып елге қайырмақ.Əскерінің құралынБаршасын тамам даярлап.

3030 Қу желқом салып ермененƏскердің атқа мінген жер.Оқ өтпейтін сауытты Ерлер енді киген жер.Бес мың əскер ауыр қолТұс-тұсынан ту байлап,Ерді қуып жүрген жер.Ақбілек кетіп халқынан,Ханның іші күйген жер.

Құралын тамам сайласып 3040 Қаруларын қайрасып

Əмір етіп бастыққа,Көп əскерді айдатып,Сарбаздарын ойнатып,Əскер мінген жүйріктің Ауыздығын шайнатып.Барабан тартып, ту алып,Сансыз əскер шығарып,«Қызды айырып қалам» деп,«Басын кесіп жетімнің,

3050 Əкеліңдер маған» деп.Ашу тұтып қуарып,Біресе тұрды қызарып,Əскербек шықты қол бастап,Жалбыраған ту алып.

Теңгеліктің өткелменƏскер өтіп барады.Түн ортадан ауады,

Page 111: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

111

Күн шыққанда ҚұбығұлƏжіғырдың тауынан

3060 Қарауыл тұрып қарады.Жердің жүзін қаптаған Əскерді көзі шалады.

Сан жетпейтін көп қалмақҚұбығұлды өлтіріп,Айырып Білек қызды алмақ.Осы сансыз əскерді Құбығұл байқап тұрды аңдап.– Сүйіскен жарым, Ақбілек,Жан жолдасым сен едің,

3070 Сүйісісіп қосылған Жаным бірге деп едің.Сансыз əскер қауіпті,Əжіғырдың тауынанҚарауыл салып көремін,Ақылдасам өзіңе,Қашып кетсем бұл жаудан,Сынықтық болар деп едім.

Əскер сансыз мол екен,Сансыз қуған бұл жаудан

3080 Қашпағаным жол екен.Ұрлап алып кеткенімМаған қорлық сол екен.Сұрағаным сансыз жауАқ сапарым оң екен.

Ерге сынық болмай ма?Дұшпанменен алыспай,Қашып кетсем, Ақбілек,Екеуімізге намысты-ай.Ажалым жетсе, өлермін,

3090 Пендеге қаза алыс па-ай!?

Page 112: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

112

Сонда Ақбілек сөйлейді:– Құралды қалмақ ел еді,Елінде батыр көп еді.Қарсы келген жауыныңҚасықтап қанын төгеді.Əскерің жоқ, құрал жоқ,Батырсынба, Құбығұл,Тұрудың жоқ керегі.Жердің жүзі қыбырлап

3100 Сансыз əскер келеді.

Кел, қашалық, қашалық,Атқа қамшы басалық.Көмегің жоқ, жолдас жоқ.Əжіғыр таудан асалық.

Атса мылтық өтпейтін,Шапса алмас кеспейтін,Атақты талай ері көп.Əділбектей батыр бар,Қарасбек атты жас ұл бар,

3110 Ерлерінің кемі жоқ.Ұрысам деме бұл жауға, Бұл тұрудың жөні жоқ.

– Олай деме, Ақбілек, Сансыз жаудан саса алман,Көп деп қорқып қаша алман.Қашып кетіп көп қолдан,Елге барып жата алман.Мың қалмақтан жау болсын,Осы жаудан саса алман.

3120 Ақбілек сонда жылап тұр,Жан жолдасы батырдыңҚашпасын жаудан сынап тұр.

Page 113: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

113

Ақбілектің көзіненТөгіліп аққан қара жасМысалы аққан бұлақ-дүр.Қайта-қайта жалынып«Кетелік» деп сұрап тұр.

– Неғылғаның, Ақбілек,Ерге қайғы салғаның.

3130 Атың əйел, нашарсың,Мұнша неге зарладың?Өлімменен тең боларҚашып кетіп қалмақтан,Елге аман барғаным.Жаудан аумас маңдайым,Жүр деп тілек тілеме,Бұл тіліңді алмаймын.Жаудан қашып кеткендей, Ақбілек, мен қандаймын.

3140 Сенің тіліңді алғаным,Ойласам, маған сын шығар,Ер басыма мін шығар.Ұрысуға бұл жауғаБолдым қатты ынтызар.Араласып əскермен, Соғысқа болдым шын құмар.

Атың əйел, нашарсың,Көрінбей жауға тасаменАстына жалдың бара бер,

3150 Менің тілімді ала бер.Қайрат қысқан едім ер,Төркінің мен досыңныңСоғысқанын сырттан көр.Қайғыланбай, Ақбілек,Енді маған рұқсат бер.

Page 114: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

114

Ақбілектің батырға Айтуға жоқ амалы,Іші оттай жанады,Құбығұл мұнда қалады.

3160 Көзінің жасы бұршақтапАқбілек кетіп барады.

Қайрылып тұрып сөйлейді:– Ғашық болып қосылған,Алған ерім сен едің, Сүйікті құшқан, алғаныңАқбілек ару мен едім.Жаудан аман құтылып, Елге жетсек деп едім. Айтқанымды қылмадың,

3170 Ұрыспай жауға тынбадың. Қанша тілек тіледім, Майыспадың, сынбадың,.Арыздасып нетейін, Жамандық болса егерде, Жолдасың болсын иманың. Аман келсең бұл жаудан,Мен садаға, құрбаның.Тіл алмадың, амал жоқ, Тоқтатуға заман жоқ.

3180 Есепсіз, сансыз жаулар көп, Көңілімдегі сөзімді Айтып едім тоқтар деп.

Заман қандай, түр қандай, Алдыңдағы күн қандай.Қош аман бол, жолдасым, Арыздасып қоштастым Қеңшілікте тұрғандай, –

Деді дағы Ақбілек, Жүре берді жөніне.

Page 115: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

115

3190 Жыраға атты арқандап, Қарауыл қарап отырды Бозбелес жалдың белінде.

Құбығұл батыр жалғыз тұр, Қолында туы жалбырап, Отты көзі жаудырап, Ашу қысып жайнайды Екі беті албырап. Таланым қалай болар деп Көрген соң жауды қуанып,

3200 Жолдасы жоқ қасында, Қолға тұрды ту алып. Жердің жүзі жыбырлап, Шықты жау да шұбалып.

Қуғыншы жау – сансыз көп, Көп əскердің басшысы – Ту ұстаған Əділбек. Жауға кекті бермеген, Қашаннан нəсіл тұқым тек. Ішінен батыр ойлайды,

3210 Шығарса деп жекпе-жек.

Ақбілектей аруды Көрсетпей жауға асырды,Бозбелес тауға қашырды, Жау жақындап келгенде Құбығұл бала ақырды, «Жекпе-жек» деп шақырды. Қуғыншының қалың жау Сөзге тоқтап тұрады, Жекпе-жекке қалмақтан

3220 Қарасбек батыр шығады.

Жекпе-жек деп келісті, Қашпа-қашпа десіпті,

Page 116: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

116

Қарсыласа берісті, Найзаменен салысты. Қармақ болып қалысып, Аударысып салысып, Ат үстінен алысып, Бір-біріне жабысып, Балтаменен ұрысты.

3230 Ұңғысынан сынысты, Тастан қайтпас ақ семсер, Шапқыласты қылышты.

Болат сауыт киген ер, Бірін-бірі ала алмай, Қатты ашуға күйген ер Ат үстінен алысты. Екеуінің жеделі Бірін-бірі арбаған, Батырларға намыс-ты.

3240 Тартысқанда тіресіп, Аттың белі талысты. Түсе қалып атынан Белге шынжыр шалысты. Күреске ерлер барысты, Теуіп кеткен жерлерін Жер ошақтай қазысты.

Күні-түні екі күнАлысқанға болмады. Алысумен жүргенде

3250 Ұлтандары тозады. Екеуі шаршап талысты, Қатты шаршап қалысты, Ер шаршамай неғылсын, Екі күндей алысты. Көрген адам қорқатын Қарысбектің келбетін,

Page 117: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

117

Бұрын жанның көрмеген Ешкім мұндай бəндесін. Қабағы түкті, жабылған,

3260 Қарысбектің қашаннан Ұрысқан жауы алынған. Талай батыр алысып, Жеңілген де, бағынған. Талайдың күні тарылған Айтулының өзі еді. Садақпен атса өтпеген, Қылышпен шапса кеспеген, Адамның əлі жетпеген, Кигені сауыт көк берен

3270 Айласы қалмақ тағы артық, Ақыл менен ой терең. Екеуі тыныс алады, Əділбек жақын барады. – Қарысбек, неден тарылдың, Қалай күштен арылдың? Неге басын кеспейсің Атадан дұшпан залымның? – Əділбек батыр, пұрсат бер, Пұрсат беріп азырақ,

3280 Менің сөзім тыңдап көр, Көңіліме кірді уайым, Жаратпаймын ал, басшым,Бұл дұшпанның сыңайын. Қайтпас қайрат берен ер, Қайтарды менің райым.

Тірілігім болмаса, Тұла бойдан əл кетті, Ажар кетті, сəн кетті, Тұла бойға тараған

3290 Күш беретін қан кетті. Тірілігім болмаса,

Page 118: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

118

Шаршап тұрмын мен, – депті, Азырақ дем алуға, Жолдасым, мұрсат бер, – депті. Жаратпаймын сыңайын, Осы дұшпан меңдетті.

– Сенің басшың мен едім, Қайтпаған жаудан ер едің. Сан жетпейтін жау болсын,

3300 Жалғыз барам дер едің. Жалғыз келген баладан Тарыққан, батыр, нең, – деді. Қорғанысың халықтың, Екі күндей алыстың, Жігері жоқ жамандай, Шыны қорқақ адамдай, Мұнша неге тарықтың? Талай жауға барғанда Дұшпаныңды жаныштың.

3310 Ер сыналар болды жер, Талайды шапқан едің сен, Көпке бар да, деміңді ал. Осы дұшпан жауменен Ұрысамын, маған бер.

Сынықтық көрді бұл жауды Əділбекке беруге, Не болса да ойладыМаңдайынан көруге. Бергенім сынық болар деп,

3320 Риза болды өлуге.

Ер жеделі намысты, Арланғаны анық-ты. Ашу қысып ақырып, Құбығұлға барысты.

Page 119: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

119

Бір-біріне жабысып, Екі батыр алысты.

Қайрауы жеткен қайсар ер, Құбығұл атты еріңді Көтеріп келіп алыпты.

3330 Айландырып, үйіріп, Қара тастың үстіне Батыр сілтеп қалыпты. Екі аяғы сарт етіп Қара тасты жарыпты. Шың үстінде қара тас Талқан болып қалыпты.

– Қайрат берген қорғаушы, Пірəдəр бабам ерімсің, Мен балаңа қуат бер,

3340 Кереметім көрінсін. Өзің қуат бермесең,Таршылық келді балаңа, Тарыққанда сиындым Жəрдемші, қорған бабама. Өзің жəрдем бермесең, Бұл балаңнан əл кетті, Мұрынымнан қан кетті, Енді дұшпан меңдетті, Қырық шілтен, пір, бабам,

3350 Шаршауыма көз жетті. Өзің қуат бер, – депті, Бабам, жəрдем бол, – деді.Ерендердің ескі аруақ Еңсеме орнап қон, – деді. Бұл қалмақтың келбеті, Қара Обадан зор, – деді, Бергенің жəрдем шын болса, Балаңды етпе қор, – деді.

Page 120: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

120

Самұрық ұшты қиядан, 3360 Үш түлеген жануар

Түлеп ұшқан ұядан. Қанатын сулап қағады, Оңтүстіктен келді де, Қалықтап ұшып төмендеп, Құбығұлды арқаға Оң қанатпен салады. Баланың кіріп ажары, Тасиды күші, қажыры Қарысбекпен алысып

3370 Күркіреген күндей-ақ, Күңіреніп көтерді, Үйіріп келіп алады. Мұны тастың үстіне Шалқасынан салады. Ақ қанжарын суырып, Қақ жүректен салады. Көтеріп салып санатын, Жеткізді жауға қазаны. Қарысбек сынды батырдың

3380 Сол жерде жетті ажалы.

Туысына шыдамай Сансыз қолдың ішіненƏділбек батыр шабады. Жекпе-жек майдан жеріне Əділбек батыр ақырып, Қару-құрал бəрі сай, Жекпе-жекке барады.[Құбығұлдай еріңіз] Шығарды қайрат, қажырды.

3390 Əділбекті көргенде, Жəрдем беріп бабасы, Нұрланыпты ажары.

Page 121: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

121

Келген жерден қағысты, Ауыр батпан шоқпармен Əділбек кезек алыпты. Өлер жерің осы деп, Толық мидың тұсы деп, Тас төбеден салыпты. Төбеде болат қалқаны

3400 Талқан болып қалыпты.

Жəрдем беріп бабасы, Есін жиып тұрады. [Құбығұл кезек алады], Ашуы қайнап қызады, Белді бекем буады, Батырсынған Əділбекті Шоқпарменен ұрады, Басы айналып есі ауып, Жығылып, қайта тұрады,

3410 Кешікпей есін жияды, Екі ерді ашу құрсады, Алмас қылыш жұмсады, Күннің ыссы күнінде, Шөлдеп ерлер сусады. Найзаменен серместі, Салған найза қайрылды, Қу қурайдай көрмеді. Көрмеді пайда қылыштан, Екі батыр ұрысқан,

3420 Балтаменен шабысты, Ұңғысынан салысты.

Құбығұл сонда ақырды:– Кеміген мұнша нем, – деді. Жəрдемші пірім сен, – деді, Болдым ба жасық мен, – деді.

Page 122: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

122

Күнəлі болып кетпесем, Пірлер, жəрдем бер, – деді.

Көңілі сезіп қуанды, Бір ишарат білінді.

3430 Əділбекті көтеріп, Олай-бұлай жүгірді. Жан өкпесі сығылды, Қысқанда жүрек аузына Əділбектің тығылды. Алысқан жері қара тас, Бір-біріне дұшпан-қас. Балдырғандай майысып, Болып тұрған бала жас.

Азамат ердің шырағы, 3440 Пірлер жəрдем қылады.

Көтеріп алып ұрады. Қара обадай Əділбек Ұзынынан сұлады. Есектейін ақыртып, Нар түйеше бақыртып, Аузына алмас тығады. Оныменен қоймады, Өкпесінен батырдың Қос тіземен сығады.

3450 Күн батқанша Құбығұл Өлтіре алмай қалмақты Амал ойлап тұрады. Жұлдыз шыққан мезгілде Ауыздан жаны шығады.

Қарысбек пен Əділбек Қол бастаған ер еді, Егесті жер болғандаДұшпанды қырған бөрі еді. Екеуінің өлгенін

Page 123: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

123

3460 Көп қалмақ көзі көреді. Екеуіне тайлас жоқ, Өзгелері кем еді.

Сөйлесе сөздің жүйі бар, Ежелден толық миы бар, Əділбайдың уəзірі Ақмаман деген биі бар. Сол уақытта халқына Ақыл айтар түрі бар, Ақылды, толық миы бар.

3470 Сондай білгіш адамдыҚайтаратын кімі бар.

[Сонда Маман сөйлейді]: – Айтамын ақыл, көп халық, Қарысбек пен Əділбек Арыстаны еді елімнің, Медеуі еді белімнің, Қиындық көріп тарығып,Еңіреп жылап егілдім.

Бұл қиындық жер болды,3480 Уақыт тарлық халқыма

Осы бүгін кез болды.Қалай болды замана?Енді ойлайтын жер болды.Екі нəннен айрылып,Көкірек мұңлы шер болды.

Мақұл десең, о, халқым,Жекпе-жекке баруғаҚарсыласар адам жоқ.Əскер шөп те, ол – орақ,

3490 Соғысуға шараң жоқ.Қарсыласып тіресерЕнді бізде адам жоқ.

Page 124: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

124

Əділбай, патша данамыз,Ақылға салып қараңыз.Осы айтқан санамыз, Ақбілек сіздің балаңыз, Теңін тауып сүйіпті,Тілімді алсаң, тараңыз. Алдыратын ер емес,

3500 Ойласып, халқым, қараңыз.

Бөтен бар ма сөзімде, Əділбай, сына мұнымды, Ел билігі өзіңде.Қарсы барар адам жоқ, Ойға салсам еліңде. Сонда Əділбай сөйледі:– Бұл сөзіңді алайын, Ағасы жалғыз Ақмедет Соны ертіп барайын,

3510 Олай десең, қайтейін Батамды беріп қалайын, Оң бермеймін батамды, Теріс қолым жаяйын, Теріс бата қағайын.

Сонда Əділбай патша тұрып былай дейді:– Мен əрі хан едім, əрі ер едім. Халықтың арын арлаған,

талай жауды жаулаған. Бұл бір балаға əлім жетпейді деп қорқып тұрғаным жоқ. Мен қызымды алып қашқан жас баламен алысып жүруімді өзіме сынық, бойыма мін көремін. Сондықтан мен оларға теріс батамды берейін, халық, сендер қайта беріңдер.

Ту тастап Əділбай мен қыздың ағасы таудың басына шығады. Ақбілек пен Құбығұл екеуі жау қайтар ма екен, немесе тағы да жекпе-жекке шығар ма екен деп қарауыл қарап тұр екен. Сонда Ақбілек əкесі мен ағасын көріп айтады:

– Ғашық болған жолдасым, Əке менен ағамды

Page 125: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

125

Танып тұрмын мен, – дейді. Тілейтұғын тілек бар,Бір тілегім бер, – дейді.

3520 Кіресі бос сол əкем,Ардақты қызы мен, – дейді.

Əкем маған шыдамас,Бұл айтқанды етпесең, Маған да ісің ұнамас.Жанашыры болмаса,Бөтенге ешкім жыламас.

Кіресі бос атамаҚол қусырып баралық,Аяғына бас ұрып,

3530 Қарттың қолын алалық.Əкем менен ағамаТатуласып қалалық.Атаның хақы көп еді,Ақ батасын алалық.

Құбығұл қорқып саспайды,Ақбілектей арудыңӨтінген тауын шақпайды.Бір қылықты бастайды,«Олай болса, Ақбілек,

3540 Ибаменен барам» деп,Қолындағы бес қару Сауытын шешіп тастайды.

Əділбайдай батырға Енді болды атам деп,Қол қусырып келеді,Иіліп сəлем береді.[Əділбайдай батырың]Ішке сақтап ашуын,Өлтірер келді кезеңі.

Page 126: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

126

3550 – Тілекті берді маған деп,Ақылынан адасыпҚаруын тастап келген соң, Жеткіземін ажал деп, Алмаспенен шабам деп, Орайыма келген соң, Өлтірмей неғып қалам? – деп Кешегі екі нəнінің Енді кегін алам деп, Ашу қысып тарылып,

3560 Қабандай-ақ залымныңҚабағы түкті жабылып, Ерлерінен айрылып, Тұрған патша тарығып, [Ақбілекке сөйлейді]:

– Не жазығым бар еді, Ей, Ақбілек, Ақбілек, Бүлік салып жеріме, Қайғы салдың еліме, Мезгілсіз ажал келтірдің

3570 Екі арыстан еріме. Енді келді дұшпаным Кек алатын жеріме. Таңдап сүйген еріңе Жеткізейін қазаны, Обалың сенің өзіңе.

Суырып алмас алады, Көтеріп алып сермеді. Ақбілектің ағасы Əкесінің қарынан

3580 Шапшаң ұстап алады. – Кейіме, əке, сен, – дейді. Ашуыңды бер, – дейді. Қол қусырып тұрғандаӨлтіруің жөн емес,

Page 127: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

127

Ақбілек тапты тең, – дейді. «Ер дұшпаны өзінен Мықты болсын» деген сөз, Ақбілекке ризамын,Өзіне тапты тең, – дейді.

3590 Əділбай қолын жаяды, Батасын беріп қарады. – Теріс қолым жаяйын, Теріс бата қағайын. Жамандық болса, Ақбілек, Сенен неге аяйын. Тілегіңді бермегір, Көзіңнің жасын көрмегір, Жолдасыңнан айрылып, Қанатыңнан қайрылып,

3600 Қайғыменен еңірегір. Қайғыменен қамыққыр, Құса басып тарыққыр, Жолдасыңнан айрылып, Жалғыз қалып зарыққыр. Дүниеде оңбағыр, Жүрсең, жолың болмағыр, Мені мұнша зарлаттың, Өзіңді Құдай қорлағыр,Менің берген батамды

3610 Аққа Құдай жолдағыр.

Бір-бірінен айрылсын Сүйіп құшқан теңдесің, Тілегіңді бермесін, Көзіңнің жасын көрмесін. Байынан жолда айрылып, Қайғыменен еңіресін.

Қайғыменен ішің от болсын, Менің батам оқ болсын,

Page 128: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

128

Жасыл соғып төбеңнен, 3620 Өмірің өшіп жоқ болсын.

Теріс қолын жаяды, Теріс бата қағады. Енді Əділбай қайрылмай,Шаһарына қайтып барады.

Ақбілектің ағасы, Бір-біріне шыдамас Бір кісінің баласы, Ақылға асқан толық ед, Көңілінде артық санасы.

3630 – Бауырымсың, шырағым, Алған ерің сынадым. Қайырлы болып алғаның, Баянды болсын тұрағың. Сен теңіңді тапқансың, Жедел қылып нетейін. Жан жолдасың еріңмен Досты болып кетейін.Жат жұрттықсың, шырағым, Ақбілек, өріс етейін.

3640 Тілегімде жалған жоқ, Іште сырым қалған жоқ, Патша қызы əр уақыт Теңін тауып барған жоқ, Көңілде мүдəм қалған жоқ. Өрістесім, шырағым, Көңілімде арман жоқ. Сырымды айтып өтейін, Сен теңіңді тапқан соң, Жедел етіп нетейін?!

3650 Екеуі құшақ жаяды,Құшақтасып дос болып,

Page 129: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

129

Татулық көңіл қош болып, Қуанышпен тарады.

«Өрісімсің, қалқам», – деп, Ақбілектей баланыңАқ бетінен бір сүйіп, Қош айтысып, достасып,Ағасы кетіп барады. Татуласып, келісіп,

3660 Құшақтасып, көрісіп,«Өрісімсің, Ақбілек», – Деп сүйісіп, өбісіп, Қош айтысқан жер еді.

Құбығұл мен Ақбілек Қос тұлпармен желеді. Көлденең жатқан бір тауды Кеселей басып жөнеді. Ар жағында сол таудың Шалқып жатқан айдын көл,

3670 Бұлардың көзі көреді. Теңгеліктен өткелі, Қалмақпен соғыс еткелі Өздері де, аты да Сонан бермен шөлдеді.

Төбесінен күн өтіп, Ақбілек шөлдеп келеді. Шөлдеп келген Білектің Бір су еді керегі. Тілегіне кездескен

3680 Мөлдір тұнық көл еді. Мал баспаған жағасын Бұрын-соңды бұл көлдің, Көрген жоқ адам қарасын, Жыныс ағаш ну дейді Көл айнала жағасын.

Page 130: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

130

– Рахатты шөпті көл, Жағалай шалғын көкті көл, Бақытқа бізге тап болды, Жыныс ағаш нулы көл.

3690 Ей, Ақбілек, Ақбілек, Дем алуға лайық, Рахатты көл екен, Жағалай жыныс бəйтерек,Семіруге тұлпарға Шүйгін шалғын шөп екен, Хош иісті көк екен, Ат суарып, тынығып, Түсіп кетер жер екен. Аттың ерін алалық,

3700 Көптен бері шөлдедік, Суын ішіп қаналық. Шалыққан шөлдеп тұлпарды Біз суарып бағалық, Осы көлдің бойында Бүгін тыным алалық.

– Ақыл салма, ер, маған, Қайтсең де өзің біл, – деді. Ғайыптан көрдім бір түсті, Ренжіп көңілім кірленді.

3710 Тілегім берсең, түспеймін, Өткен түнде түсімде Жайын жұтып жүр, – деді. Түсем десең бұл көлге, Қайғылы менің заманым. Таудай жайын мен көрдім Құйрығын көлге сабаған.

– Қасыңда досың жүргенде Еш қорықпа сен, – дейді, Атың əйел нашарсың,

3720 Қорыққаның нең, – дейді.

Page 131: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

131

Құбығұл жарың қасыңда, Жоқ нəрседен қорыққан, Ақбілек, сенің нең? – дейді. Көп қайырмай тілімді ал, Шатырың тіге бер, – дейді.

– Тіл алмайтын заман жоқ, Тіл алмасқа шарам жоқ, Мен сендікпін, Құбығұл,Көңілімде алаң жоқ.

3730 Осы көлге сен түссең,Ғашық жарың саған жоқ.Түсте көріп қауышқанБатыр досым маған жоқ.

– Ғашық болып қосылғанАқбілек ару сен едің, Тəуекел етіп бел буып,Сені іздеген мен едім. Атың əйел болған соң, Сен ерліктен кем едің.

3740 Асыл зат жерде қала алмас, Жан жолдасым замандас. Ерің тірі тұрғанда, Ешкім көзін сала алмас. Көрдің жайын қалмақтың, Қабыртқалы қайсармын, Айырып ешкім ала алмас. Қайыспайтын қайсармын. Əйел болған себепті, Уайым айтып қайтардың.

3750 Мың болмақтан сан болсын, Сан жетпейтін жебені Қайсарып жауға тартамын. Осы көлде жата бер, Қарауыл салып алыстан, Сыртыңнан бағып байқармын.

Page 132: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

132

– Көп өтініп жыладым, Жылап тілек сұрадым. Осы көлге сен түссең, Болмай ма деп қорқамын

3760 Жолдастыққа тұрағым. Қанша өтініп айтсам да, Көнбесіңді сынадым. Сапарың болсын оң, – деді,Құтты болсын жол, – деді, Көріскенше күн жақсы, Досым, аман бол, – деді.

Садақты белге шалады, Мылтықты қолға алады. Аң жайлауы Қаратау

3770 Батыр кетіп барады. Киік пенен құланды Сонда таудан қағады. Батыр тауға кеткенде, Бұлт торлап, жел соғып, Сартылдап бұршақ жауады. Шатырда жатқан сұлуды Суда жатқан айдаһар Лебімен тартып барады. Қараңғы бұлт төнеді,

3780 Құбығұл жоқ қасында, Жеті басты жыланға Қару қылсын кім енді? Қаңбақтайын ұшырып, Жылан жұтып жіберді. Аңын атып қуанып, Ақбілекке мақтанып, Жайнатып қолға ту алып Көлден атын суарып, Көңілденіп желікті.

3790 Көргенінше сағынып,

Page 133: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

133

Қасына шатыр келіпті. Ат үстінен Құбығұл «Ақбілегім, қайдасың? Шық» деп хабар беріпті.

Шатырдан шығар Білек жоқ, Қуанатын жүрек жоқ, Асық болып қосылған Шын тілеген тілек жоқ.Аттан түсіп қараса,

3800 Өзі түгіл, сүйек жоқ. – Мынау қалай болды, – деп, Көңілге қайғы толды, – деп, Кең дүнием тарылып, Қараң күнім солды, – деп, Ғашық болып қосылған Аруым шандоз сен едің, Сені іздеген ер едім, Еңбек қылып қосылып,Кызығың көрсем деп едім.

3810 Ғайып болдың көзімнен, Сүйенішті сұлу жар, Сені қайдан көремін?!Сүйенішті сұлу жар, Бір көруге болдым зар, Түспе десең, болмадым, Ақырында болдым зар. Түспе деп айтып өтіндің, Бермедім саған ықтияр. Айналам болды қараң-тар.

3820 Қайғы түсіп басыма,Қиындық бүгін болды тар.

Енді қайда барамын, Іздеп қайдан табамын, Сүйгенімнен айрылып, Заманның көрдім қараңын.

Page 134: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

134

Бас сапарым келісіп, Оңдырмадың, Құдайым, Бұл ісімнің аяғын. Қорғаушы бабам сен едің,

3830 Тарыққан күнде, тар жерде Жəрдем берем деп едің, Қайғы басты ұлыңды, Тигіз, ата, себебің!

Ердің қорған бабасы, Соны айтып болғаншаҚасына келді бабасы. Бабаның келіп қалғаны Қас қаққанның арасы. Тілекші болып сыртынан

3840 Қорған болған панасы.

– Тарықпа, балам, сен, – дейді, Тарыққан мұнша нең, – дейді. Мұңая берер болар ма? Қайтпас жүрек ер, – дейді. Ақбілектей қызымның, Балам, тілін алмадың, Үлкендік келіп көңіліңе, Сөзіңнен айтқан танбадың. Жан жолдастан айрылып,

3850 Ақырында зарладың.

Мен қорғаушы шал, – деді.Алмасың қайрап ал, – деді. Сабыр ет, балам, сабыр ет, Мезгілсіз кетпес жан, – деді. Сабырлық ет сен, – деді, Риза болып көн, – деді.

Əділбайдай залымның Теріс бата бергені,

Page 135: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

135

Қабыл болып батасы3860 Міне, балам, келгені.

Ақыл ойлап тап, – деді, Басыңнан қайтпас бақ, – деді. Ақ алмасты қолыңа ал, Көл басына жылдам бар. Саған болған дұшпанның Бүгін болар күні тар. Мекен еткен су ішін Жеті басты айдаһар – Суда жатқан жылан бар.

3870 Құр қайғыдан пайда жоқ, Уайымменен болма зар. Көрген түсін Ақбілек Саған баян еткені, Түстің рас, шырағым, Қызыма баян еткені.Ақбілектей аруды Көлде жатқан жыланның Анық жұтып кеткені. Алмасты қайрап алады,

3880 Көлге жетіп барады. Жапырлаған нар қамыс, Батыр көзін салады.Ақбілек ғашық еткен жер,Жапырылған бұл қамысАқбілектей сұлудыСуға түсіп жүргендеАйдаһар жұтып кеткен жер. Суырма алмас қылышпен Жалаңаш түсе қалады.

3890 Жеті басты айдаһар Лебімен тартып барады. Жел ұшырған қаңбақтай Тоқталмады аяғы. Суға ұрды құйрығын, Айдаһар соғып, сабалап,

Page 136: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

136

Лебіменен тартқанда, Қаңбақтай ұшты домалап.

«Иə, Алла!» деп жылады,Пірінен жəрдем сұрады.

3900 Жұтар жерге келгенде, Ер қайраты қызады. Мойнынан ұрады, Алты басы кесіліп, Жалғыз басы тұрады. Енді тыныс алады, Бір басын да қағады. Судан сүйреп дұшпанды Шетке алып барады. Алмаспен ішін жарады,

3910 Қарынының ішінен Суырып сұлуды алады.

Ақбілектің кетіпті Айдан сұлу ажары. Көшкенге де ұқсайды Сұлулықтың базары. Қансыз бетін көргенде Қайтыпты ердің қажыры.■тттш..Ердің қайтып назары, Қорғаншы болған піріне

3920 Ақбілекті алып барады.

– Зарыққан балам сен, – дейді, Сүйеуші бабаң мен, – дейді. Қызымды маған бер, – дейді, Азырақ тарлық көргенге Риза болып көн, – дейді.Теріс қарап арман тұр, Мен тілекші бабаң бір, Қуаныш кіріп көңілге Көңліңнен кетсін қайғы, кір.

Page 137: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

137

3930 Сенің бабаң мен, – дейді, Ақбілек қызым сен, – дейді. Басыңды көтер, шырағым, Қатты ұйықтаған нең, – дейді, Асамен тартып сермейді.– Атаеке, мұнша неттім, – деп, Қатты ұйықтап кеттім, – деп, Ұйықтап жатқан жерімде Қай жерден келіп жеттің, – деп, Көтеріп басын алады.

3940 Төңірекке қарады,Кірді қыздың ажары.

Пірі жəрдем береді,Əділбайдың батасыКесел болып қызынаТаршылық көрген жері еді. Қалыбына келеді, Осы көлдің бойындаБейнет шеккен жер еді.Уəлидің еліне

3950 Қос тұлпармен жөнелді. Көңілі өсіп екеуі Əнін қосты сол енді. Алыс емес тұлпарға Уəли ханның елі енді. Уəли ханның бəйбіше Ұйықтап жатып түсінде,Түсінде көрген ісінде Бір жағына қисайған, Құлауға жақын ордасы.

3960 Дүниесі азуда,Əр мүлкі де тозуда.Сол күні көрген түсіндеТүс қорқыныш болуда,Көңілге қайғы толуда.

Page 138: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

138

Ақбоз орда құлап тұр, Бəйбіше өксіп жылап тұр, Осы көрген қиын түс Жамандыққа жорып тұр. Тұр екен орда қаңырап,

3970 Құлаған екен шаңырақ, Солып тұр екен аңырап. Əйелдің түсі сол болды, Бұл түсінен қорқып, Бəйбіше жылап қор болды. Таң мезгілі болғанда Түс аяғы оң болды.

Оң болғанның мəнісі, Құлауға тұрған боз орда Қалыбында тігіліп,

3980 Боз орданың ішінде Азамат отыр жиылып. Келіп жатыр байтақ ел Тұс-тұсынан құйылып, Алдияр деп көп халық Хан алдында келіп тұр. Тақ үстінде көрісіп, Халыққа қолын беріп тұр. Қараса, халқы жиылып, Бұқаралар төніп тұр.

3990 Айтысқандарға Уəли Төресін тура беріп тұр.

Бəйбіше еді əуелден, Жалғызы кетіп жылаған, Көз жасын төгіп бұлаған, Тігілді орда құлаған. Ақбоз орда ішінеАсыл киім салулы, Неше түрлі асыл зат Үйде жайнап жаюлы.

Page 139: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

139

4000 Жаңа көрді бəйбіше, Ілулі жанат ордада Неше түрлі қаруды.

Бір жақсы түс білінді, Керегенің басына Сауыт, қару ілінді, Көрген түсі бақ болды, Ұлан жиын ел келіп, Бəйбіше түске шат болды. Айналасы орданың

4010 Байланған бедеу ат болды. Қуаныш түстен оянып, Азамат басын құратты, Халқына түсін сынатты. Білімпаздың баршасын Басын қосып сұрапты. Осы түсті айтқан соң:– Бұл қуану – ел бағы, Ел тілегін берген-ді, Ардақтысы халықтың

4020 Құбығұл жақын келген-ді. Құбығұл жауға кеткен соң Көкірегің шерлі еді. Қиядан келіп байланған, Екі тұлпар ат көрсең, Қуаныш пенен шат көрсең, Халыққа қонған бақ көрсең, Іздегенін Құбығұл Жаудан алып келгені,Ел тілегін бергені.

4030 Қуаныш болар халыққа,Қожа, молда, ақсақал,Түзу жорып анықта. Түстің жөні осылай, Сынап, халық, парықта. Қуаныш болды хан, ханым, Бұрынғыдай қамықпа.

Page 140: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

«Осы жору дұрыс», – деп, Халық қабыл алады. Жақсылыққа баста деп,

4040 Ақсақал бата қағады. Халық тарап жатқанда-ақ Қос тұлпармен жарысып, Басыменен алысып, Аузын ашып қарысып, Құбығұл келіп қалады. «Сүйінші» деп патшаға Көрген жандар барады.

Хан, ханымның қабыл-ды Шын тілеген тілегі.

4050 Қуанғаннан бұлардың Жарылмады жүрегі. Елі-жұртын жияды, Садақа тойын қылады. Жалғызы аман қосылып, Орта ноғайлы халқының Кемпір мен шал қартының Еткен жер осы мұрадын.

Бұрынғы ала түлек озған заман,Хикаят осылайша болған заман.

4060 Əркімдер бет алдында, бет-бетінде,Жоқ еді еш сүйеніш қорған заман.Баласы Уəлидің Құбығұл ер,Халқым, осылайша болды тамам.Сөзімде кемдік болса, сөге көрме,

4065 Білгенше тапқаны осы кəрі бабаң.

Page 141: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Т�РЕХАН БАТЫР

Page 142: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

142

ТӨРЕХАН БАТЫР

Баяғыда Темірхан деген хан болыпты. Темірхан Нұрадын ханның Сəуле сұлу деген қызын алыпты.

Сəуледен көпке дейін бала тумайды. Дүниеден перзентсіз өтемін бе деген қауіппен Темірхан түрікпеннің Қараман деген ханының Қарашаш деген қызын елшілікпен кішілікке алады. Қарашаштың нағашысы Қоңырбек деген хан бегісі қалмақ екен. Қарашаш түскен жылы төсегімен ұл туады. Артынан жалғасы бола ма екен деп, ұлының атын Егізбай қояды. Егізбай екіге келгенде, Қарашаш тағы ұл табады. Мұның аты Сегізбай болады. Темірхан Егізбай, Сегізбай мен Қарашашқа арнап салтанатты сарай салдырады да, өзі екі балаға айналып, Қарашаштың үйінде болады. Сəуленің ордасына айда, аптада бір келеді. Хан келмегесін, Сəуле: «Қарашаштың өзі өзімнен, тұқымы тұқымымнан артық емес еді, менің төркінім хан Нұрадын еді де, оның нағашысы Қоңырбек деген қалмақ еді. Менен ханды аударып кеткен екі баланың қызығы-ау» деп зарығады да қамығады.

Сөйтіп жүріп, қырық тоғызға шыққан жылы Сəуле жүкті болып, бір ұл, бір қыз – егіз бала тапқан. Ұлдың атын Төрехан да, қыздың атын Ханбибі қойыпты. Қызық дəуірде жүріп, бір күні Темірхан ауырады. Сəуленің ордасында жатып Темірхан қайтыс болады.

Халықтың кəрі-жасы: «Ел тірегі хан еді. Хансыз тұру жөн болмас» деп, хан қою жөнін сөйлеседі. Бұл кезде Егізбай жиырма үште де, Сегізбай жиырма бірде еді, ал ханның кенжесі Төрехан он тоғыз жаста болатын. Əкесі өлген кезде, Егізбай мен Сегізбай дауға барса дауды алған, жауға барса, жауды алған белгілі ер азаматтар еді. Төрехан еркелікпен ештеңеге араласпаушы еді. Хандық жайын сөйлескенде, əрі жасы аға, əрі ісі аға, кемдігі жоқ, ер еш міні жоқ шешен Егізбайды таққа отырғызуды жастар қолдаған екен де, қариялар: «Хан болу Егізбайға жол емес, оның түп нағашысы қалмақ еді, Төреханның түп нағашысы хан Нұрадын текті еді, хан тағы Төреханға лайық еді» депті.

Page 143: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

143

Қариялар жастардың тілін алмай, хан тағын Төреханға арнайды. Төрехан алтын таққа отырады. Айтқандары болмаған соң, жастар шамданып, ортасынан зерексінген біреуін Егізбай, Сегізбайға хабар салуға жібереді.

Сөзге шебер сұңғыла,Елден шыққан бір залымАстына мінді сұр құла.Егізбаймен замандасЖасы қатар құрбы да.Сұр құламенен желеді,Егізбай мен СегіздіАзғыруға келеді.Сөзге шебер неме еді,

10 Келе сөйлей береді:– Егіз бен Сегіз, сен, – деді,Бұзылған халық ел, – деді,Хабарға келдім мен, – деді.Туғаннан туға таласқанПатша болды Төрехан,Мұнда жатқан нең? – деді.Халықтың үлкен, кəрісіЖастарға билік бермеді,Сендерге хабар келмеді.

20 Егізбай менен СегіздіңТүп нағашысы қалмақтан,Бір нəсібі кем, – деді.Егізбай елге хан болса,Ыңғайында болмасақ,Еріксіз елді жер, – деді.Төрехандай төреніңНағашысы ер Нəсіп,Екі жағы тең, – деді.Төрехандай төрені

30 Хан қою болар жөн, – деді.Тақ берді халық балаға,Екеуің қалдың далада.

Page 144: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

144

Өзің ойла, Егізбай,Аға тұрып інісіТөрден орын ала ма?!Жас қорланар іс болды,Туғаным деп аяма!«Артымнан өскен інім» деп,Дұшпан болған шіркінді

40 Туысқанға балама.Ағаға ерік салмағанЖаман іні оңа ма?!Аға тұрып інісіХалыққа тұлға бола ма?!Арқызыл мен СарқызылҚос тұлпарға мін, – деді.Адырналы бек сауытЕкі батыр, ки, – деді.Көк сүңгіні қолға алып,

50 Беліңе алмас іл, – деді.Туғаным деп аямай,Сəуленің алтын ордағаЖаушылықпенен ти, – деді.Айбаттанып, шамданды,Жаушылықпен баруғаҚаһарланып қамданды.Қатты жедел ойға алды,Ашу қысып долданды.Жылқыдағы Сегізге

60 Ер Егізбай жолданды.Жедел қуды батырды,Тентек ісі өзіне Егізбай ердің мақұл-ды.Жылқыдағы Сегізді«Бермен кел» деп шақырды.Ажары кетіп қуарған,Екі көзі қызарған,Ашуын сыртқа шығарған.– Туған інім сен едің,

Page 145: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

145

70 Сенің ағаң мен едім.Суық сөз естіп құлағым,Ашу қысып келемін.Ашуланған себебім:Темірхан атам өлгесін,Темірхан жиған халықты,Өз аузына қаратып.Атадан қалған алтын тақПараменен алыпты.Бізге хабар берген жоқ,

80 Беруді мақұл көрген жоқ.«Бірге туған ағам» деп,Туыстыққа сенген жоқ.Біз жүріппіз бекерге,Туғаннан туға таласқанҚорлығы естен кетер ме?Мұның берген зəбіріКөкіректен өшер ме?!Арқызыл мен СарқызылТұлпарға мініп алалық.

90 Бірге тума десек те,Төрехан еткен алалық,Көкірегі қаралық.Туысқан емес бұ да жау,Дұшпан болып шабалық.Басын кесіп арамныңҚанын ішіп қаналық.Атадан қалған алтын тақЖалғыздан тартып алалық.Сегізбай да долданды,

100 Солқылдақ құрық қолға алды.Ағасының жауабынТеріс демей жолға алды.Арқызыл мен СарқызылТұлпарды ұстап алады.Қарашаштың ордағаЕкі батыр барады.

Page 146: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

146

Жау көргенде мінетінАтқа ерді салады.Береңгелі бек сауыт,

110 Шығыршықты көк сауытБеркіне киіп алады.Алтын балдақ ақ алмасКəрленіп шапса, жан қалмасБелге орай салады.Жабылыңқы қабағы,Төреханды өлтіру –Екі залым талабы.Алды-артына қарамай,Қарулары жарқылдап,

120 Қос тұлпары аңқылдап,Екеуі кетіп барады.

Қарашашқа бармады,Сыр айтып, ақыл салмады.Сапарынан қалмады,Жеделінен танбады.Білігі артық ҚарашашЕкеуінің жүрісінАқылмен байқап аңдады.Қарашаш сонда ойлайды:

130 «Екі балам есер» деп,«Отырмаймын бекер» деп.«Түрі жаман бұлардың,Ашу қысқан секілді.Төрехандай төреніЕкеуі жазым етер деп,Өзімнен туған бала-ды,Өтінейін жалынып.Білігі болса ашуынАнам деп маған кешер» деп.

140 Егізбай мен СегізбайҚос тұлпармен жөнеді.Кигені сауыт береңгі,

Page 147: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

147

Рауан жолға кенелді.Қырыққа келген ҚарашашАртынан қуды сол енді.– Егізбай, – деп ақырды,Сегізбайжан, – деп шақырды.Шақырды екі батырды,«Балам» деп айқай салады.

150 Егіз, Сегіз ерлердіңҚұлағына барады.Айқайына тоқтамай,Егіз бенен СегізіҚос тұлпарын сабады.

Қарашаш жылап еңірейді:– Екі балам, сен, – дейдіМаған ақыл салмаған,Шешеден ұлықсат алмағанЕкеуіңнің нең? – дейді.

160 Перзенттерім, шырағым,Бір қайрылып кел, – дейді.Қай сапарға барасың,Жөніңді айтып бер, – дейді.

Сонда Егізбай сөйлейді:– Ал, Сегізбай бауырым,Артыңнан қуды анаң-ай.«Қос балам» деп шақырған,Дауысы құлақ жарады-ай,Қайрылмай кетсек жаман-ай.

170 Қарғыс берер Қарашаш,Қайта айналып баралы-ай.Төрехандай інігеҚорған бола барам, – деп,Алдап кетіп қалалы-ай.

Егізбай менен СегізбайҚарашашқа келеді,

Page 148: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

148

Келіп сəлем береді.Дүзі жанбай анадан,Өтірік дəлел тереді:

180 – Темірхан атам өлгесін,Қалмақ деген көп халықЕл шабуға келіпті,Еңсеге дұшпан төніпті.Ел қысылып көп жаудан,Егіз бен Сегіз келсін, – деп,Бізге хабар беріпті.Əрі батыр, əрі данамын,Əрі елге ағамын.Қуырам жаудың заманын,

190 Тоқтатып дұшпан табанын.Ел қорғаны батырмын,Бірге туған бауырымТөрехандай інімеҚорған бола барамын.

– Ей, Егізбай, Сегізбай,Өтірік айтып алдама,Анаңды, шіркін, арбама.Туған шешеңді алдайсың,Мақшарға не деп барасың

200 Жаратқан Жаббар Аллаңа?Шайтан кірді кеудеңе,Жеделіңнен танбайсың.Жаратпаймын түріңдіЕкеуіңде он қару,Төреханға арнайсың.Шамаң келсе жалғыздыңҚанын ұрттап жалмайсың.Өтірік айтпа анаңа,Емізген ақ сүт мамаңа.

210 Темірхан атаң өлгесін,Хан болған шығар Төрехан,Байтақ елге жана да.

Page 149: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

149

Кəрге мінген ажарың,Не жүріске жүргеніңТанып тұр көңілім назарың.Суытуға барасыңСəуленің қызық базарын.Қайыруға барасыңЖас тілектің қажарын.

220 Айтқан шығар бір залым Төрехан бала хан болған Азғырумен хабарын.Тілімді алсаң, сындырмаБауырыңның назарын.Екі балам, сындырмаШын тілегін сағымды,Өшірдің бастан бағымды.Ашуланып арлансаң,Ініңнен алып берейін

230 Таласқан, балам, тағыңды.Төреханжанға барайын,Барып тілеп қарайын.Арланғаның тақ болса,Төреден сұрап алайын.

– Ей, Қарашаш, алжыған,Жасы жетіп қажыған,Сөзіңе құлақ салмаймын.Қолымдағы көк алмасТөреханға арнаймын.

240 Ол жалғыз да, біз екеу,Қу бастың басын жалмаймын.Айналдырма, Қарашаш,Сапарымнан қалмаймын.Жау жақыннан табылды,Ажалды соған арнаймын.Бұл қорлыққа көнгендей,Қарашаш шешем, қандаймын?!

Page 150: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

150

– Көзімнің жасын көр, балам,Шын тілегім бер, балам.

250 Жығыла тілек тіледім,Бермеген тілек нең, балам?Ақ сүт берген мен едім,Ішімнен шыққан сен едің.Екі шырақ, керегім –Төрехан бөтен кісі емес,Мен үшін таста жеделің.Екеуің үйде жата бер,Төрехан мінген алтын тақІніңнен алып келемін.

260 – Қалдырып жолдан былшылдап,Сындыра берме сағымды.Байлаймын деме бағымды,Жеделге мінген шағым-ды.Суығасын көңілім,Елдікпен алман тағымды.Шын қаһарға мінгесінКелтірмей қайтпан жазымды.

– Жығыла тілек тіледім,Тілегімді бермейсің,

270 Көзімнің жасын көрмейсің,Қисық істі жөн дейсің.Нағашысы Төрехан –Хан сұлтан еді Нұрадын,Айтулының өзі еді.Төрехан жалғыз беренімСоның нəсіл көзі еді.Төрехан бала хан болса,Жаман менен жақсыныңБəрін бірдей көреді.

280 Қара қылды қақ жарып,Əділ төре береді.Пақыр менен міскінге

Page 151: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

151

Төренің тиер себебі.Егізбай егер хан болса,Қазіргі сиқы мынау ғой,Елді басып жер еді.Тілек тілеп зарладым,Тілекке құлақ салмадың,Сөзімді қабыл алмадың.

290 Көзімнің жасын көрмесең,Қолымды теріс жаяйын,Теріс бата қағайын.Пиғылың арам болған соң,Балам деп неге аяйын?Жеделің қабыл болмағыр,Бұл дүниеде оңбағыр.Төрехандай төреніƏулиелер қолдағыр,Бабалары қорғағыр!

300 Ер ашуы қызады,Айтқан сөзі ҚарашашЕрлердің жанын сығады.Өзінің тапқан шешесінЕкі батыр қуады,Қамшыменен сабады.Шашынан алып шыңғыртып,Қос бұрымын жұлады,Табанда ұрып жығады.Екі бала қамады,

310 Қамшылап қуып сабады.«Батыр болсаң, сондай бол» –Ананың басын жарады.Қарашаш ана басынанСорғалап қан ағады.Қатты таяқ зарпынанҚарашаш сұлу талады.Ұрып жығып шешесін,

Page 152: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

152

Сəуленің алтын ордағаЕкеуі кетіп барады.

320 Қарашаш сонда жылады,Көзінің жасын бұлады.Көзден аққан ыстық жасОмырауын жуады:– Тоғыз ай, он күн көтергенЕңбекті анаң мен едім.Өзімнен туған перзентімІзгілік етер деп едім.Қара жүрек арам ит,Анаға жоқ керегің.

330 Ақ сүтімнің айы ұрсын,Хазіреті баба ұрсын,Еңсеңнен басып тағы ұрсын!Осыны айтып Қарашаш,Қос бүйірін сығадыКөзінің жасын бұлады,Орнынан талып тұрады.Ордасына өзініңАсыға қадам ұрады.Бір қайнысын тауып ап:

340 – Астыңа ат мін, – деді, Қарыңа қамшы іл, – деді.Төреханның ордағаШабарман боп жүр, – деді.Төреханның ордағаШабарман боп бара көр,Айтқан тілім ала көр.Екі ағасы тақ жаулап,Өлтіруге барады.Қапыда төре қалмасын,

350 Құлағына сала көр!

Жеңгесінің бұ сөзінҚайнысы мақұл алады,

Page 153: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

153

Атына қамшы салады.Төбеден жұлдыз ауғанда,Таң сімері жауғанда,Төрехан жатқан ақ ордаІшіне кіріп барады:– Төрехан, құлдық, алдияр,Елдің ханы сен, – деді.

360 Қарашаштай анаңныңХабаршысы мен, – деді,Сөзге ұлықсат бер, – деді.Хан болғаның есітіп,Егізбай мен СегізбайАнаңа билік бермеді.«Өлтіріп, басын алам» деп,Жалаңдап сұмдар өрледі.Келіп қалар ұзамай,Абайсыз жатпай ордада,

370 Қамданып, ханым, көр, – деді.

Төсегінен ТөреханШошынып сонда тұрады.Шешесі жатқан бөлмегеТөрехан қадам ұрады.Хабардың түрі тым жаман,Баланың сағы сынады.Есіткеннің баршасынСəулеге баян қылады:– Сəуле, анам, сен, – деді,

380 Жалғыз балаң мен, – деді,Əже, ақыл бер, – деді.Хабардың түрі тым жаман,Жалғыз балаң қысылды.Бере ме деп ойлаймынДұшпан залым қысымды.Жылы жаздың ішіндеСары аязды қыс қой бұл.Жаратпаймын пішінін,

Page 154: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

154

Əжептеуір іс қой бұл.390 Хабар жалған болмаса,

Қиындық басқа төніп тұр.Осындай зауал жаман ісЖалғыз ұлың көріп тұр.Атадан қалған алтын тақӨлтіріп мені алам деп,Егізбай мен СегізбайЖаушылықпен келіп тұр.

– Темірхан атаң өлгесін,Халқың тақты бергесін,

400 Ел алдыңнан өргесін,Сен падиша болғасын,Басыңа бақыт қонғасын,Егізбай мен СегізгеХалқың хабар салмаған.Екі тума ағаңдыМəжіліске алмаған.Хан боларда, қарағым,Ағаңа хабар бармаған.Өкпеменен екі ағаң

410 Тағыңды сенің арлаған.Егізбай мен Сегізбай –Бұлар да ердің данасы.Азғыруға халқыңнанАрам ниет бір залымАйтқан шығар шамасы.«Түбі бірге түтпек жоқ,Жат болмайды деген сөзБір кісінің баласы».Баланың қорған панасы –

420 Ата менен анасы.Інінің қорған панасы –Алдында өскен ағасы.Бауырына шыдай маБір кісінің баласы?

Page 155: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

155

Араз болып адассаң,Дұшпанның қанар табасы.Туысқанға жаттық жоқ,Өзің ойлап қарашы.Егіз бен Сегіз екі ағаң

430 Көңілі сенен қалмасын,Көңіліне қайғы алмасын.Көзімнің ақ пен қарасы,Тілімді алсаң, шырағым,Екі ағаңа сене көр.Аға – басшы, сен – қосшы,Айтқанына көне бер.Арланғаны тақ болса,Өз қолыңнан бере көр!

– Ана, айтқан сөзіңе,440 Мақұл деп жауап берейін.

Егізбай мен Сегізбай –Бірге туған екі ағамСірə де бөтен демейін.Елшілікпен келсе егер,Атамнан қалған алтын тақЫқтиярыммен берейін.Дұшпандықпен келсе егер,Қорлыққа қалай көнейін?!

450 Сауыттан тон жамылған,Қуарып беті қабынған.Арамдық залым ниеткеЖүректері малынған.Бес қаруын сайланған,Алмас өткір қайралған,Белге қылыш байланған.Қолына жебе, найза алған,Шамырқанған, шамданған,Қаны қайнап арланған.

460 Ентіктіріп тұлпарын,Егізбай мен Сегізбай –

Page 156: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

156

Екі батыр желікті.Қан құйылып көзіне,Тарылып алқым демікті.Желігіп те демігіп,Сəуленің алтын ордағаЕкеуі жетіп келіпті.Даярлаулы қаруы,Қақпасына орданың

470 Емініп жетіп барулы.«Орда ішінде кім бар?» деп,Жынданып айқай салулы.Айқайлаған дауысыТөрехан менен СəуленіңҚұлағына барулы.Құлаққа дауыс жеткесін,Төрехан төре саналыТерезеден қарады.Көрді сонда жас дана

480 Егіз бен Сегіз ағаны.

– Ініге аға серік-ті,Сəуледей асыл анамыз,Екі балаң келіпті.Ажар-түсі тым қату,Бұлар неге желікті?Атасы басқа жаттай-ақҮйіріп қолда найзасын,Терезеге төніпті.Тума болса екеуі,

490 Үйге неге келмейді?«Жасы жеткен анам» деп,Неге сəлем бермейді?Қанша тума болса да,Бұларға көңілім сенбейді.Дұшпандықпен келсе олар,Жалғыз да болса қарашыңҚорлығына көнбейді.

Page 157: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

157

– Төрехан, шық! – деп ЕгізбайҚақпадан айқай салып тұр.

500 Ақылмен байқап қараса,Дұшпандығы анық-дүр.

Сонда Сəуле сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:– Алыстан емес жақыннан,Жаттан емес туғаннан,Жауың, балам, табылды.Жауың жақын болғасын,Тартпа, балам, қарыңды.Кеудеден жаның кеткенше,

510 Қолдан берме арыңды.«Туысқаным, інім» деп,Түрі жоқ сені аяған.Ол екеу де, сен жалғыз,Сескеніп бойың баламан.Жасық туған ұл болсаң,Тегімнен бол садағам.Ер жүректі болмақ жоқ,Кекті жерде қарыспай,Дұшпанмен қарсы алыспай.

520 Жақыннан дұшпан болғасын,Қаса жасық болмасаң,Жалғызым, қойма жанышпай.

Шешесінің бұл сөзіЕрге қайрат береді,Бойына жігер толады.Булығып ыза-ашуға,Теңізде асау толқындайЖүрегі тулап соғады.Қаһарға бала тынады,

530 Бой, денесі қызады,Көзінен ұшқын шығады.Бес қаруын асынып,

Page 158: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

158

Қақпа аузында сұмдарғаТөрехан қадам ұрады.Төрехан сонда сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:– Туысқан ағам – сен, – дейді,Туған інің – мен, – дейді.Ат үстінен, қос батыр,

540 Түспегенің нең? – дейді.Сəуледей асыл анаңа, Түсіп сəлем бер, – дейді.Тіл қатпады қос батыр,Екі жақтан қамады.Өлтірмекке ұмтылдыТөрехандай баланы.Бірақ Төре қынаптанСуырып қанжар алады.Олар екеу, бұл жалғыз,

550 Қарсы келіп қалады,Көздері оттай жанады.Тоғысып қайта келгенде,Жақындай тағы бергенде,Сегізбайдың санына Төрехан қанжар салады.Бірге туған бауыры Өлтіруге аяды.Қанжар тиген СегізбайСанын басып құлады.

560 Кенет батыр ТөреханАлыса кетіп Егізбен,Астына бүктеп ұрады.Таянғанда қанжарыАлқымына Егіздің,Арасына бұлардыңСəуле келіп құлады:– Төрешім, балам, сен, – деді,Сенің анаң мен, – деді.Бөтен емес, өз ағаң –

Page 159: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

159

570 Егізбай мен Сегізбай.Ашумен бір іс істегенАғаңды жықтың күшпенен.Бұрынғыдан нақыл бар«Түбі бірге түтпеген,Сауғаға жанын бер» деген.

– Бопса қылған аға еді,Кешірейін, көнейін.Анам, тілек тіледің,Мұның бөтен демейін.

580 Өкпелеген ағамныңЖолына тағын берейін. Туысқаным, екі ағам,Ордаға түс те, қонақ бол,Құрмет етіп көрейін!

Ордаға кілем салдырды,Үстіне мақпал жайдырды,Алуан тағам алдырды.Қонақ етіп құрметпен,Арақ пенен шарапқа

590 Екі ағасын қандырды.Татулыққа той етіп,Малды түрлеп сойдырды,Халықты жиып той қылды.Келген жанның бəрінеТағам, шарап қойдырды.«Достасқанды көрсін» деп,Қарашашқа тезіненЖіберді шабар «келсін» деп.Егізбай мен Сегізбай

600 «Жалғызды жазым етті-ау» деп,Отырған жылап еңкілдеп,Көзінің жасы мөлтілдеп.Шабар хабар бергесін,Қуанып көңілі еркіндеп,

Page 160: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

160

Үш баланың достығынҚарашаш сұлу ойға алып,Қуаныш ойын толқытып,Ақылмен тоқсан толғанып,Сəуленің мекен ордаға

610 Қарашаш жүрді жолданып.

«Қарашаш қашан келед» деп,Сəуле менен ТөреханЖолын күтіп қарады.Күн еңкейіп келгенде,Мінген аты Боз тұлпар,Қамқадан асыл кигені,Достасқан үш перзентінКөруге көңілі боп іңкəрТөрехандай ұлына

620 Шашуға деп қондырыпИығына ақ сұңқар,Астындағы Ақбозын,Ескен желдей сулатып,Қос танауын пырлатып,Ел көңілін қуантыпСарыжаның жебе оғындайҚарашаш келіп қалады.Сəуле менен ТөреханАлдынан күтіп алады.

630 Қарашашқа құрметпенБел бүгіп, қолын жаяды.Ақбоз аттан түсіріп,Сүйемелдеп екеуі,Ордаға алып барады.Қарашаш кірер ордасынКілең қызға бақтырған.Кілем жайып үстіне,Хош иісті шаштырған.«Ордасы көркем болсын» деп,

Page 161: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

161

640 Ақ мақпалдан жаптырған,Гауһардан шамдар жақтырған.

Үй ішіне келгесін,Балаларын аман көргесін,Төрехандай баланыңСаулығына сенгесін,Егізбай мен Сегізбай,Төреханмен үшеуінҚарашаш сұлу шақырды:– Егізбай мен Сегізбай,

650 Қара ниет неме едің,Ақылсыз, мисыз кем едің.Төрехандай баланыңҚанын төгіп өлтіріп,Тағын алам деп едің.Қайғылы мені еткенде,Ұрып жығып кеткенде,Екеуің де ер едің.Төрехан жалғыз, сен екеу,Айтқаныңа жетпедің.

660 Ақ сүт берген анаңдыСыйлап құрмет етпедің.Ақылсыз, мисыз жарымсың,Анаңды сабап өктедің.Тоғыз ай, он күн көтергенЕңбегім босқа кеткенің.Ісіне қарап іс қылмай,Жаулық қылған жақындыТөрехандай балам-ау,Өлтірмегенің не еткенің?!

670 Сəуле сонда сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:– Айтқаның жөн, Қарашаш,Əзəзіл шайтан азғырса,Бір-біріне тума қас,

Page 162: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

162

Жастықпен артын ойламас.Адасып азған күніндеАраз болып кім тұрмас?!Уа, Қарашаш, Қарашаш,Татулық шегін шешейік.

680 Атадан қалған үш жетім –Тілегінде өтейік.Жастықпенен болған іс,Кел, күнəсін кешейік.– Күнəңді кештім, шырағым,Үшеуің тату болғасын,Болып та тұр, міне, мұратым.Өмір, заман өткенше, Татулық болсын тұрағың.Осыменен, балаларым,

690 Батамды тамам қыламын!

Қарашаштың келген жер –Татулыққа той етіп,Халық қызық көрген жер.Көп жиналған халқынаҚарашаш, Сəуле бəйбішеАлтыннан шашу берген жер.Жасы жеткен қарияларДостығының ерлердіңШашуы деп ат алды.

700 Шашу елге беругеҚысырақ бөліп, мата алды.Тізе бүгіп, қол жайып,Балалар елден бата алды.Алтын табақ атқан күн,Ел қызыққа батқан күн.Бірлігіне үш ердіңҚарашаш, Сəуле бас қосып,Табақтап алтын шашқан күн.Халық қызық көрген күн,

710 Тумаға тума сенген күн.

Page 163: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

163

Достығына баллардыңЕсепсіз шашу берген күн.Егізбай мен СегізбайТумасымен табысып,Достасып құшақ жайған күн.Екі тума ағасыСияпат, сыйлық алысып,Ырзаласып қоштасып,Екеуі қайтты аулына

720 Арқызыл мен СарқызылҚос тұлпармен жарысып.Дана Сəуле қасындаҚарашаш сол күн қалады.Ерлігіне ТөреніңАна кеулі толады.

Шыққаннан соң аулаққа, Егізге Сегіз сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:– Ай, Егізбай, басшымсың,

730 Батыр, сенің не еткенің?Алдағанға алданып,Қалай болды кеткенің?Серт ойлаған ағасың,Сынық болды ерлікке,Мақсатты тамам етпедің.

– Тұлпар міндік баптаулы,Ұшқырлы найза саптаулы,Өткір алмас таптаулы,Қынапқа қылыш қаптаулы.

740 Алдап едім, Сегізжан,Дұшпандығым сақтаулы.Ат басын кейін бұралық,Ат – жігіттің қанаты.Ұрлап алып Қара атын,Қос қанатын қиялық.

Page 164: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

164

Жедел еткен жігіткеОсы болар лайық.Бұ секілді зəбіргеНе себепті шыдайық.

750 Ойлаған ойға жетейік,Бірге туған бауырыҚарындасы ХанбибіҰрлап алып шіркінді,Шын қайғылы етейік.Көрген қорлық баршасынҚараманға баяндап,Іштегі сырды шешейік.Сонда Сегіз сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:

760 – Су тасады сағадан, Ақыл өсер ағадан.Айтқаныңның бəрі жөн,Қара көркей ТөреніТуысқа тіпті санаман.Сенің айтқан сөзіңдіЕгізбай, көңілім қалаған.Қара ат пенен Ханбибі Ұрлап алып екеуін,Бүгін-ақ шығып кетейік

770 Сəуленің сəнді қаладан.

Елдің шығып шетіне,Осы ақылды ойлады.Арамдығын қоймады,Зұлымдыққа тоймады.Бір-бірі сөзін мақұлдап,Қаралдарын қолдады.Пиғылы арам, залым итАқырында оңбады.Түн ортасы болғанда,

780 Екеуі келіп торыдыСəуленің сəнді орданы.

Page 165: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

165

Сонда Егізбай сөйледі:– Жеделге кім нық тұрса,Бəтуалы ер, – деді.Уəдені, Сегізім,Берік ұстар жер, – деді.Ұйықтаған ба Төрехан,Көзіңменен көр, – деді,Көріп хабар бер, – деді.

790 Ағасының айтқанын Інісі қабыл алады.Төрехан жатқан ордаға Ұрлана басып барады.Терезеден көредіҰйқыда жатқан дананы. Қатты ұйқысын біледі,Алып-ұшып жүрегіЕгізбайға асығып,Бүкшеңдеп басып жүреді.

800 «Төрехан ұйықтап жатыр» деп,Қуанады, күледі.Қара ат пен ХанбибіҰрлап кету – тілегі. Қара атты баққан сарайғаЕгізбай бұғып барады.Топсасынан талқандап,Қақпа есігін шабады.Қарға жүнді қара аттыЕкеуі ұрлап алады.

810 – Ей, Егізбай, ағайым,Түрікпеннің елінеЖүру болды тағайын.Алмасты қайрап алайын,Жолда біреу тап болса,Кім екенім білдірмей,Шықшыттан басын қағайын.

Page 166: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

166

Терезесін талқандап,Аузы-басын таңайын.Осы арада күтіп тұр,

820 Ханбибі атты ханшаныӨзім-ақ ұрлап алайын.

Ұлықсат алып ағадан,Алмасын қайрап алады.Ханбибі жатқан орданыңТерезеге барады.Қыз күзеткен азамат Сегізді көріп қалады.Ұстауға жақын келгенде,Қанішер залым Сегізбай

830 Алмасымен шабады.Қапыда қан боп бейшара,Қылыш тиіп құлады.Терезені қиратып,Ұйқыда жатқан жеріндеБибіні ұрлап алады,Аузы-басын таңады.Еш дыбысын шығармай,Бауырына алып барады.Қыз бен атты алғасын,

840 Екеуінің көңілі өседі.Залымдықпен жауыздар Дегеніне жетеді.Талақ салып халықты,Елден шыққан сұрқия Егізбай мен СегізбайСол түннің-ақ ішіндеТүрікпен жаққа кетеді.

Түн ортасы болғанда,Төбеден жұлдыз ауғанда,

850 Сегізбай шапқан күзетшіЕсін жиып алады.

Page 167: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

167

Ақыл тоқып көңіліне,Жан-жаққа көзін салады.Демі бітіп, алқынып,Мойнынан қан ағады.Əр бұтаға сүрініп,Қан жылыстап шұбырып,Төрехан жатқан ордағаСүйретіліп барады.

860 Төреханның құлағыЫңырсыған дауысынҰйқыда жатып шалады.Ұйқысынан оянып,Көтеріп басын алады.Аласұрған шыбын жан,Үсті-басы қызыл қанАққан судай жылыстап,Қойынына құйылған.Күзетші сонда сөйлейді,

870 Сөйлегенде бүй дейді:– Халықтың ханы Төрехан,Басыма қорлық жетті ғой,Асылы арам жаман ит –Егізбай мен СегізбайТүп-түбіме жетті ғой.Қарауылда тұрғанда,Иықтан шауып кесті ғой.Сарайға барсам, Қара ат жоқ,Атыңды алып кетті ғой.

880 Арам жедел қуған ит,Ел батасын бұзған итАқылсыз, Құдай ұрған ит,Асылы жақсы атаданАзғын болып туған итУағдадан тайып, ант ұрып,Абыройын төкті ғой.

Page 168: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

168

Төрехан сонда шамданып,Ашуланып, сандалып,

890 Қара ат тұрған сарайғаЖүгіріп барды қамданып.Аңсызда іс өтіпті,Адалдықтан көңілі жоқ,Арамнан еткен кəсіптіЕгізбай мен СегізбайМақсатына ойлағанЗұлымдықпен жетіпті.Талқан қылып есігін,Қара атты алып кетіпті.

900 Орала беріп Төрехан,Ханбибі жатқан сарайдыңТерезесін қирағанКөзі көріп қалады.Алып-ұшып жүрегі,Жүгіріп шапшаң барады.Бірге туған БибідейҚарындасы тағы жоқ,Қайғымен Төре жанады.Тұла бойы тітіреп,

910 Алғыр бүркіт секілдіҚарыс түсіп қабағы,Жынданған пілдей шамданып,Сəуле менен ҚарашашАнаға жетіп барады,Бара сауал салады:

– Қарашаш, Сəуле анам-ай,Егіз бен Сегіз балаң-ай,Істеген ісі жаман-ай.Қорлығы еске түскенде,

920 Ішім оттай жанады-ай.Екеуі ұрлап кетіптіАтамнан қалған Қара атты,Ханбибідей баланы-ай!

Page 169: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

169

Миығыма мұз тоңып,Бұрылмастай күн болды.Қапа қалың қар жауып,Қайрылмастай күн болды.Жарқыраған жарық күн Қараңғы түнек түн болды.

930 Қайғырамын қапамен,Ер басыма сын болды.Көңіліме дақ түсіп,Көкірегім кір болды.Арт жағыма қарасам,Өткел бермес терең жар,Асырмас алдым қыр болды.Қара орманым – жиғаным,Ақырында тұл болды.Қаптан биік Қаратау

940 Үстіме менің құлады.Жан сүйегім сықырлап,Қабырғам күйреп сынады.Ашу қысқан көңілімҚайда барсам тынады?!Екі сұмның азабыЖас кеудемді сығады.Бірге туған бауырым,Бауырым еске түскенде, Қайғының көрем ауырын.

950 Иесіз қалар екі анам,Алтын орда ауылым.Жауға кеткен секілдіҮйрек жүнді оттасым,Қарға жүнді қаттасым,Серпіп қаққан қанатым,Ханбибідей бауырым,Осы айтқаным анық-ты.Тума қорлық бергесін,Ашумен Төрең зарықты.

960 Ханбибі мен Қара атты

Page 170: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

170

Екі ағам ұрлап алыпты.Бауырым жауға жіберіп,Көрмен сəуле-жарықты.Ұлықсат бер, іздеймін, Естісін халқым даңқты.Əркімге де бақ керек,Патшаларға тақ керек.Ақ сүт берген екі анам,Төреханға ат керек.

970 Сонда Сəуле сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:– Саспа, балам Төрехан,Енші атың арнаулыКөрінбей жанға бағылар.Қайғы шекпе, жалғызым,Мінуге тұлпар табылар.Өзің аман қалғасын,Жат-жұрттыққа жаралғанЖауға кеткен бір қызды

980 Қумай-ақ қойсаң не қылар?!Ақыл салсаң анаңа,Еш қайғырма, құлыным,Қарға жүнді қара ат пенХанбибідей балаға.Өзің аман қалғасын,Қара ат пенен ХанбибіТөрехан сенен садаға!

– Сұрама, анам, тіл алман,Енді мұнда тұра алман.

990 Жақсылық пенен жамандықЖазған шығар бір Аллам.Қаһарлансам, жау қалмасБелімдегі құралдан.Етегін түріп жау қашарБалаң салған ұраннан.

Page 171: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

171

Сыр алдырып дұшпанға,Сірə да, шешем, сыналман.Ханбибіні алып қайтармынЖасанған жау құралдан.

1000 Қайтпаймын алған бетімнен,Тіл алман, анам, тіл алман!

Екі анасы қасында,Атты баққан сарайғаБатыр Төре келіпті.Ардақтап баққан тұлпардыӨз көзімен көріпті.Төңкерілген сауыры,Келбетті құла келіс-ті.Денесінің бəрі тең,

1010 Қабырғасы шеңберлі,Жоны тұтас тегіс-ті.Арпа менен сүт беріп,Бағып Сəуле мас қылған.Уайымсыз тұлпардыЖақсы баққан, шат қылған,Торқадан жабу жаптырған.Шылбырына Құланың Жібектен есіп тақтырған.Қос құлағын тігілткен,

1020 Ортекедей ойнатып,«Құланың көңілі өссін» деп,Еш адамға көрсетпей,Оңашада жүгірткен.Кем бақпаған анасыҚарға жүнді Қара аттан.«Керек болса мінсін» деп,Бабыменен жаратқан.«Жалы жұмсақ болсын» деп,Жез тарақпен таратқан.

1030 Көтендігі шығыңқы,Келбеті артық əр аттан.

Page 172: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

172

Қос жұдырық сиғандайҮңірейген сағақтан.Жал-құйрығы салынған, Азырақ аттың еті ауырЖоны майға малынған,Ардақтап жақсы бағылған.Төрехан ердің бағынаҚулықтан құла табылған.

1040 Асығып тұр ТөреханҚұла атқа мініп алуға,Тезірек жауға шабуға.Ізгі қолын беругеҚапаста жатқан бауырға.Құлашаның басынаАлтын жүген салады.Ширата күміс құйысқанНақышты ерге тағады.«Түгіне жұмсақ тисін» деп,

1050 Мақпал тоқым салады.Еріттеп алып, саймандап,Атын сынап қарады.Тұрманы атқа жарасқан,Батырға тұлпар жағады.Аттың көзін жайнатып,Ауыздығын шайнатып,Құрығыменен ойнатып,Олай-былай сыдыртып,Ортекедей жүгіртіп,

1060 Құлын сауыр, құлан жалЕрекше белін бүгілтіп,Атты баптап алыпты.Көңілінде қалмай уайым,Қуанғаны ердің анық-ты.«Рұқсат бер, анам» деп,Қарашаш пен СəулегеБала тілек салыпты.

Page 173: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

173

– Анаңның тілін алыңыз,Астыңа Құла ат мінгесін,

1070 Кетпес жауға арыңыз.Хабарсыз жатқан халқыңаБүгін хабар салыңыз.Ханға лайық сол болар,Əскер жиып алыңыз.Құралданып қол жиып,Салтанатпенен барыңыз.Ақылменен ойласам,Осы болар сəніңіз.

Анасының бұл сөзін1080 Төрехан мақұл көреді.

«Жиылсын, – деп, – азамат»,Халқына əмір береді:– Елімнің батыр ұлдарыАлмас қару қайрасын!Атқа мінген азаматБіреуі кейін қалмасын!Жеделге мінсін байтақ ел,Ат жүйрігін таңдасын!

Елге əмір салыпты,1090 Ерлерін жиып алыпты.

Қаруланып келді ерлерАтағы шыққан даңқты.Қарашаш сонда сөйлейді:– Қайырлы болсын, шырағым,Жинаған батыр жолдасың.Нағашыңның ескі əруақҚысылған күнде қолдасын.Қастық қылған дұшпаныңБұ дүниеде оңбасын.

1100 Əруағы бабаңныңЕңсеңе келіп орнасын.Дұшпандық қанша қылса да,

Page 174: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

174

Асылы бірге түрікпенҚараманның талқандап,Бұза көрме ордасын!

Жабдықтап ерлер ат мінді,Ат құйрығын шарт түйді.Жарқылдап күнге найзасыСапар шекті, жол жүрді.

1110 Тыным алмай күндіз-түн,Азғана емес мол жүрді.Төрехан батыр алдында,Артында қалың қол жүрді,Түстік жерге соң жүрді.Күндіз жарыс, аударыс,Түнде айтыс, өлең-жыр,Көңілі шад боп жүрді.Қол алдында ТөреханАтын сынап алуға,

1120 Санға қамшы басады.«Шүу» дегенде жануарАрандай аузын ашады.Əрі-бері шапқан соң,Ақ көбігін шашады.Белес-белес қырқаданСоққан желдей аңқылдап,Жануар құла асады.Төрт аяқты аңдарды,Тура келіп кеткенін

1130 Тұяғыменен басады.Сапардың жүрген орнынаТұяқпен қағып жөнелді.Аң кездессе жолында,Шаңын-шаңға қосулы.Киік пенен құланныңАлдынан орап тосулы.Жүрген жері жол болып,Қазылып ордай осулы.

Page 175: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

175

Бір құлағы тігіліп,1140 Бір құлағы жығылып,

Ақ маралдай бүгіліп,Сауырынан аққан терҚұндыздықтан құйылып,Тебінгісі терлейді.Шапқан сайын өрлейді,Құлашын жайып сермейді.Қатар ұшқан қаз бен қуҚапталына ермейді.Жоны қызып жануар,

1150 Сай-саланы көрмейді.Кекіл қағып шұлғыды,Орғып жануар құлашаОқ жыландай ырғыды.Жал-құйрығын жел соғып,Жұлдыздай аққан сырғыды.Бір жабынды астынан Шыға келіп бір түлкі,Бұлаң етіп жөнеді.Астындағы тұлпарды

1160 «Жетпеймін бе бұған» деп,Тебінгіден тебеді.Соғарына түлкініСол бойымен ТөреханБір төбеге жеткенде,Қырық қыз нөкер қасында,Қараман қызы Ақмаржан Қарсы шыға келеді.Ат сабылтып далада,Түлкі қуған жолшыны

1170 Ақмаржан да көреді.Көреді де бір қызға:«Шақыр, – деп, – ана жолшыны» Ханша əмір береді.Алып келді нөкер қыз

Page 176: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

176

Ханның қызы ханшағаТақ иесі Төрені.

Сонда Маржан сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:– Жолаушысың, жас түлек,

1180 Сияғыңа көз салсам,Нəсілі тұқым ақсүйек.Батыр, саған кездестім,Тілеймін саған бір тілек.Көріселік, жас жігіт,Ұсынып тұрмын ақ білек.Намыс буған ТөреханСөзін қабыл көрмеді.Жалынып тұрған МаржанғаҰсынып қолын бермеді.

1190 Айласы артық Маржан қызТолғанып сонда сөйледі:– Бел, бел асқан, бел асқан,Беліңе садақ жарасқан.Астыңда тұлпар Құла атТүн қатырып жаратқан.Əруағың аспандаБұлттарменен таласқан.Жалғыз атты жолаушы, Жөніңді айтшы, кім едің

1200 Ел-жұртыңнан адасқан?

Артық туған ТөреханСауалын қабыл көрмеді,Қызға жауап бермеді.Ханның қызы ханшағаПаңсынып көңіл бөлмеді.Сонда Маржан сөйлейді:– Айтпасаң да білемін,Асылың – төре, сүйегің.Менің жездем – Темірхан,

Page 177: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

177

1210 Сен – сонан туған жиенім.Қарашаш пенен Сəуленің Бөтен демеймін тілегін.«Ханбибіге келер» деп,Қасыма ертіп қырық қыз,Алдыңнан күтіп жүр едім.Қайырлы болсын жол, – деді,Сапарың болсын оң, – деді.Жемісті ағаш ішіндеАлтыннан тіккен шатыр бар,

1220 Сонда қонақ бол, – деді.

Төрехан сонда сөйлейді:– Е, Ақмаржан, Ақмаржан,Айта берме сөзіңді,Сөз сұрайтын кезім-ді.Алдаймын, – деп, – амалменСала берме ебіңді.Ұстай келдім екі ұры –Егіз бенен Сегізді,Талқандай келдім төріңді.

1230 Қарамандай ханыңаБере келдім зəбірді,Көрсетпей қайтпан көрімді.Төреханның бұл сөзінТыңдаңыз да сеніңіз.Қарамандай əкеңе«Ауыр қолмен ТөреханКелді» деп хабар беріңіз.Болсын осы тау басы –Соғысатын жеріміз.

1240 Қараман болса теңдесім,Егізбай мен СегізбайҚорыққанынан бермесін.Бермес болса ерлердіОсы таудың басында

Page 178: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

178

Əскерін жиып кездессін.Батыр болса шамданар,Əскерін жиып қамданар.Жиенін қолдан беруге Хан Қараман арланар.

1250 Арлансын да шамдансын,Соғысқа ертең қамдансын,Ерлерін жиып қармансын.Егер хабар бермесем,Қапыда ісім өтті дер.Аңсыз жатқан күнімдеЕлімді əлек етті дер,Ұрланып шауып кетті дер.

Ханның Маржан шырағыТөреден сағы сынады.

1260 Қараманның ордағаАтының басын бұрады.Қырық жолдас қасында,Əкесінің алдындаҚол қусырып тұрады.Ажары кеткен ақ жүздің«Неге түсің қашты?» деп,Қызынан хан сұрады:– Ардақты қызым, базарым,Неге кетті ажарың?

1270 Есіттің бе, шырағым,Бір жамандық хабарын?Сайранға шығып жүргендеБіреу зəбір көрсетіп,Сынды ма сонан назарың?

Маржан сонда сөйлейді:– Қайғырып, əке, келгенім,Қаһарлы дұшпан көргенім.Айдаһардай ысқырғанАйбатты көріп шерледім,

Page 179: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

179

1280 Қарыспа туған паң көрдім.Темірхан ұлы Төрехан Ашуы қатты хан көрдім.Қылышынан қан тамған,Найзасынан зəр тамған.Егіз, Сегіз, ХанбибіҚарасын іздеп ел торғанЖас арыстан жан көрдім.Қаһарлы қабақ түйгені,Астына құла мінгені,

1290 Болат сауыт кигені, Бес қару түгел ілгені,Жеріңе басып кіргені.Қолыңнан жоғын бермесең,Ордаңа анық тимегі.Тусам да нашар анадан,Сөзіме, əкем, көн, – деді.Халық аман, бас сауға,Егіз, Сегіз, БибініӨз қолыңнан бер, – деді.

1300 Айтқаныма сенбесең, Өз қолыңнан бермесең,Не қылғанын ТөреніңЕртеңгі күн көр! – деді.

Қараман сонда сөйлейді:– Ел шегесі хан болар,Қаһарланса, əкеңніңЖауға алды тар болар.Ажал қуған ТөреханТиіп көрсін осыдан,

1310 Кеңшілікке зар болар.Қорғалап келген жиендіҚолдан бермек ар болар!Ел басшысы əкеңеЖаббар не жар болар!Келді деп жаушы саспаймын,

Page 180: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

180

Қонағымды сақтаймын.Ат жүйрігін баптаймын,Жасағымды саптаймын.Көк сүңгіме ту байлап,

1320 Жалғыз атты жолшыданҚара бет болып қашпаймын.Нөсердің қара бұлтындайТүнеріп келіп төбеден,Табанға салып таптаймын.Өлімтігін қаңғыныңТүрікпендегі көп төбетАлдына сүйреп тастаймын.

Ашу буған Қараман«Жиылсын, – деп, – алаңға!»,

1330 Еліне əмір таратты.Ханның берген əміріЛезде елге тарапты.Намаздыгер болғанда,Жиылып болған ел-жұртынаҚараман сонда сөйледі.Сайлаулы қару-жарағы,Əскерлерін санады.Көп жасақтың ішінен Таңдап жүріп Қараман,

1340 Алты жүзін алады.Қараман сонда сөйлейдіТоқталып тұрған сапына:– Уа, ержүрек ұландар,Құлақ сал менің жарыма! Жеделденіп жауға ти,Түсіріңдер ТөреніӨлімнің құрсау торына!Қаңғырып жүрген жалғыздыңСалыңдар сауал жанына.

1350 Ашыққан иттер тойынсынЕті менен қанына!

Page 181: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

181

Хан əмірін екі етпейХалыққа міндет – тіл алмақ.Жиылды əскер құралды ап,«Алла-Алла» деп ұрандап.Ертеңгі күн сəскедеЕрлердің шебі сыналмақ.Ертең сəске болғанда,Қараман, Төре қолдары

1360 Бір-біріне қаптады.Астарында аттары,Ауыздығы қаршылдап,Дүбірінен жер қалтылдап,Құтырып, орғып аттады.Құс боп ұшты аспанға,Тұяғы тиген тастарыЕрегіскен екі жақӨңмеңнен көз қадасып,Кірпіктерін қақпады.

1370 Жақындап қарсы келісті,Сүңгісін дəлдеп дұшпанғаҰмтылып атын тебісті,Бір-біріне төністі.

Көп алдында ТөреханТүнеріп нөсер бұлтындайҚұладан тұлпар мінген ер,Бес қабат сауыт киген ер.Жалаңдатып найзасын,Ойнатып көкке шүйген ер.

1380 Қараманның қолбасыЖаны шығар бірге жолдасы,Күш қайраттың қордасы,Қаһарбекке қадалып,Қабағын қарыс түйген ер.Ағызған бойы Төрехан Əскерін бастап дұшпанға,Арыстандай тиісті.

Page 182: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

182

Қараманның інісіҚаһарбек батыр сүйікті.

1390 Бұл жау емес бұрын да,Талай жауға тиіпті.Тисе жауын ойрандап,Салыпты талай бүлікті.Бүгін де сондай жынданып,Сар тұлпарын мініпті.Ерге басып төстігін,Күдісті белін бүгіпті.Төрехандай балағаЖыландай көзін тігіпті.

1400 Төрехан мен ҚаһарбекАғызған бойы аттарын Қарсы келіп қалысты.Төрехан мен ҚаһарбекЖүрегіне ТөреніңСүңгісін салып қалыпты.Жау найзасын дарытпай, Сүңгімен Төре қағыпты.Бірін-бірі ала алмай,Ағып өте барыпты.

1410 Араласты, қолдастыҚаптаған қалың қол енді.Айласы көп өнерліЕкі жақ та айқасып,Қызып ала жөнелді.Екі жақ та екшелген,Жаудан қайтпас берен-ді.Ат үстінде алысты,Қарсы келсе, қасқарып,Семсерменен шабысты.

1420 Ат бөксесін жалт берсе,Көк сүңгіменен шанысты.«Алдырман өлмей жауға» деп, Сарбаздар таймай қарысты.

Page 183: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

183

Қос қаһарман кез келсе,Семсерлерін жанысты.Сынғанда қылыш, найзасыАт үстінен алысты,Бір-біріне жабысты.Білегі күшті палуандар

1430 Тақымы босты аударып,Ат үстінен алыпты.Реті келсе атынан Жерге түсе қалыпты.Бірін-бірі шалыпты,Алып ұрып, бес бүктеп,Шалқасынан салыпты.Қаһарлы мықты беренненТалай жасақ талыпты.Күн төбеге жеткенде

1440 Екеуі қарсы келгені.Бірін-бірі көргенненҚаһар мен Төре қос періНайзаласа бергені.Алдырмас та айласы,Біріне-бірі күшін бермеді.Жекпе-жегі екі ердіңКүшейді де өрледі.Екеуі де айлакер,Алар жерін селдеді.

1450 Үйіріп алып шоқпарын,Бірін-бірі ұрады.Ұрғанда шоқпар шыдамай,Сағағынан сынады.Ердің мықты болмағыБасқа қонған бағынан.Қаһарлы ер ед күші асқанТүрікпеннің тобынан.Сағақтан шоқпар сынғасын,Айбалтаға қол салды.

Page 184: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

184

1460 Екі ер де қажыған,Шабысқанда құлаштап,Балта шіркін шыдамай,Сынып түсті сабынан.Шегінісіп тұрады,Қорамсақта жебегеЕкеуі қолын сұғады.Жасы үлкен Қаһарбек:Кезек бер, – деп сұрады.

Төрехан сонда сөйлейді:1470 – Түрікпеннің ері едің,

Атағың шыққан сен едің.Күшіңе сенген, Қаһарбек,Талайды сойып жеп едің.Еліңе келген қонақ ем,Қорыққаннан, сасқаннанСұраған кезек нең едің?Көмусіз қалам мен өлсем,Сыйлар сені өз елің.Анадан нашар туған ит,

1480 Қаймықпаймын оғыңнан,Жолсыз да болса көнемін.Қасқайып қарсы тұрайын,Қапы қалмай, дəлдеп атҚоян жүрек, қорқақ ит,Кезегіңді берейін.

Қаһарбек сонда долданды,Төрехандай төреніАтамын деп оңдалды.Тастан өткен жебесін

1490 Толғап-толғап қолға алды.Сарыжаға оғын кереді,Қозы жауырын көктеме оқҰзындығы кез еді.Толғап тартып жебесін,

Page 185: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

185

Ататұғын кезі еді.«Алтын ердің қасы деп,Қақ жүректің басы деп,Ажал оқтың тұсы деп,Өлер жерің осы» деп,

1500 Толғай тартып қалады.Үзеңгіге тіреліп,Шіренгенде табаны,Бес қабат берік сауыттыңТөртеуін жебе жарады.Бесіншіге жеткенде,Оғы тоқтай қалады.Оқтан есен қалғасын,«Оғыңнан аман қалдым» деп,Толықсып жүзі Төрехан

1510 Сарыжаға жебе салады.Тарс түйіп қабағын,Шірене тартып қалады.Қаһарбек атты қаһарманОқ қадалып жүректен,Сар тұлпардың беліненТөңкеріліп барады.«Апа!» деп құлап табанда,Топырақты қабады.

Күн төбеден ауғанда,1520 Əскерге жетті Қараман.

Астына мінген тұлпардыңЖал-құйрығын тараған.Үстіне киген ақ сауытКөп сауыттан қалаған.Тұяғынан атыныңТозаң көкке бораған.Айқайлап кірді соғысқа,Қарт бурадай жараған:

Сарбаздарым, жолдас, – деп,1530 Жау жаққа маған жолды аш, – деп,

Page 186: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

186

Мен тиіссем бəлемге,Қаңғырған төре оңбас, – деп.Қаһарбегім өлгесін,Қимылдамай болмас, – деп.Төренің қанын сімірмей,Қаһарбек орны толмас, – деп,Бас боп өзі ҚараманҚыздырды қырғын соғысты.Екі жақтың əскері

1540 Жігермен қайта тоғысты.Найзаменен шанышып,Қылышпенен қағысып,Шоқпарменен соғысты.Қараман ханды көргесін«Əлəһалап» ақырып,Айқайлап ұран шақырып,Түрікпендер өрледі.Төренің қолын жапырып,Бұршақтай жауып түйдектеп,

1550 Қу жебелер атылып,Шуылдасты түрікпен,Əруағын асырып,Төренің қолын қарқынменБелден-белге қашырып.Төрехан қолы сасады,Сасқан емей немене,Бытырап кейін қашады.Бере алмай төтеп дұшпанға,Үш белестен асады.

1560 Шыға келіп сол кезде,Тосқауылда тосқан ерМайданға қарай ағызып,Атына қамшы басады.Түрікпен көп қолменҚарсы келіп қалысты.Қынабынан қылыштыСуырып-суырып алысты.

Page 187: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

187

Ерге іліп тізгінін,Шылбырды белге шалысты.

1570 Бұлан-талан екі жақАраласа қалысты.Қанды соғыс болып жүр,Ерегіскен ерлердіңКөзіне қан толып жүр.Қараман хан ерлікпенЕл намысын қорып жүр.Топ ішінде ТөреханҚараманды торып жүр.Ашу қысып екі жақ

1580 Толғанды да тебіренді,Өлім дейтін ойда жоқ,Кеуделері желденді.Екі талай соғыстаСыналатын жер келді.Сол уақыттар болғанда,Қараман мен ТөреханЕкі сері кез келді.Қарсы келіп қалысты,Бірін-бірі шабысты.

1590 Шабысқанға шыдамай,Балдағынан үзіліп,Қылыш сынып қалысты.Жын қаққандай екеуі,Бір-біріне жабысты,Белдерінен алысты.Қайраты басым жас батырҚарамандай патшаныЕрінен жұлып алыпты.Алғанмен қоймай Қараны,

1600 Тақымына салыпты.Қысып-қысып қойғанда,Мұрнынан қан ағыпты.

Қараман сонда зарлады:– Мен, Қараман батыр текті едім,

Page 188: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

188

Апырмай, менің неткенім?!Өзімнен кіші баланыңТақымында кеткенім.Уа, дариға, дүние-ай,Арманда болып өткенім.

1610 Амалым бар ма, сұм заманДегеніме жетпедім.

Қараманды ТөреханБөктеріп атқа алады.Шынжырменен шыңғыртып,Берік етіп таңады.Құнан қойдай бөктеріп,Алып кетіп барады.Қалың қолды қасқайтып,Жарып кетіп барады.

1620 Қылышынан қан жосып,Жау қолына ойрандыСалып кетіп барады.Өзінің де Төренің Самайынан қан жосып,Ағып кетіп барады.Күн бесінге жеткенде,Жау тозғындап тарады.Дұшпан қолы қашты енді,Бетіне алып қаланы.

1630 Жеткендерін шабақтап,Төреханның көп батырҚуып кетіп барады.Сол кеткеннен қалағаКіреді Төре жарағы.Соғысқан жауын қашырып,Жарқылдатып қаруды,Қалаға кіріп барулы,Қол қусырып алулы.Төремен бітім жасауға,

1640 Хан ханшасы Маржан қыз

Page 189: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

189

Халқына хабар салулы.Төреге өзі келулі,Қол қусырып «жиен» деп,Көтеріп аттан алулы.Қызметі ханшаныңТөреханға жағулы.

Маржан қыз сонда сөйледі,Сөйлегенде бүй деді:– Жаулық қылды, Төрехан,

1650 Егіз бен Сегіз өзіңе.Жау шыдамас батырсың,Садағыңның кезіне.Жаман туған ЕгіздіңКесірі тиді еліме.«Қонағымды бермен!» деп,Өлім жетті еріме.Қызмет етіп қарайын,Қонақ бол, Төре, төріме.Тілегім бар тілейтін,

1660 Беремісің өзіме?Ойлаған батыр қаралдыЕгізбай мен СегізбайҚара көңіл арам-ды.Кесірі тиіп солардың,Мал мен басым таланды.Қаһарың күшті жиенсің,Халқыма бер сауалдыӨтінемін, Төрехан,Қанжығаңа бөктергенҚапастан құтқар бабамды?!

1610 Төрехан сонда сөйлейді:– Нағашы, айтқан сөзіңдіЕнді бөтен демейін,Айтқаныңа көнейін, Тілегіңді берейін.

Page 190: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

190

Ашу кернеп келгенде,Ақыл болмас адамда.Жеделденсе кімде-кім,Берік тұрар қаралда.Бермен қарап жүрерде,

1620 Белге қару ілерде,«Қараманды сақта» деп,Өтініш көп айтқан Қарашаштай анам да!Өтінішін ақтайын,Қараманды сақтайын,Қарашаш үшін, сен үшін.Алжыған атаң ҚараныАтпайын да шаппайын.Маған, Маржан, жалындың,

1630 Күнəсін кешіп атаңның,Жалынғанда бағындым.Кеткеніне көп болды,Ханбибімді сағындым.Қызмет етер жеріңіз,Бауыр тəтті-ау жалғанда,Бұл сөзіме сеніңіз.Сағынғаннан аңсаймын,Осы түннің ішіндеБибімді тауып беріңіз.

1640 Ал, Ақмаржан, басшы бол,Сенімен бірге ерейін.Сағынып келдім алыстан,Шырағымды көрейін.Артымнан ерген жалғасым Ақ бетінен өбейін.Сағынғаннан сарғайғанІштен шерді төгейін.

«Апар мені!» деп еді,Төрехандай батырды

1650 Қарындасы Бибіге

Page 191: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

191

Маржан бастап келеді.Жиылып тұрған көп халықЖолын аша береді.«Төрехан келді» деген сөзБибіге жетіп, о-дағыКөкесін күткен жер еді.Бұрын барам дегенде,«Соғыста жазым болар» деп,Жібермеген нөкері.

1660 Қырық қыз жолдас қасында,Төреханды көргесін,Құшақ жая береді.Қарындасын ТөреханАқ бетінен өбеді.Жүрген бала тарығып,Қайғы-шермен қамығып,Жүрегі тулап, қабынып,Жан көкесін көргесінШыдап тұрсын нағылып?!

1670 Қуанғаннан жылайды,Көзінің жасын бұлайды,Мауқын басып болған соң,Сəуле менен ҚарашашАналарын сұрайды.– Сағынғаннан БибісінЕкі анаң тарыққан.«Көреміз, – деп, – қай күні»,Ұйқысы қашып зарыққан,Көңілі түсіп жабыққан.

1680 Кеткеніне көп болдыТуып-өскен халықтан.Ана мен ел аман-сау,Сəлем жолдап жатқан-ды,Ханбибім, саған алыстан.Амандық сұрап білістің,Көп тұрмайық бекерге.Егізбай мен Сегізбай

Page 192: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

192

Екі сұмның қорлығыКөкіректен кетер ме?

1690 Ұрықсат бер, барайынЕкі жарым-есерге.Бауырым, енді барамынСұмдардың басын кесерге.Мені əлек еткенде,Қара ат пенен өзіңдіҰрлап алып кеткенде,«Төрехан – жалғыз, мен – екеу,Кегімді алам!» деп еді.Қара ниет залымның

1700 Туғанға бар ма керегі?Мен – жалғыз, ол – екеу, Шайқасып бір көрейін,Ит сазайын берейін.Ұлықсат бер, бауырым,Есіл қанын төгейін.Жаман туған жақыннанАтасы басқа жат артық,Жанын алып келейін.

Ханбибі сонда сөйледі,1710 Сөйлегенде бүй деді:

– Айтамын арыз, жан көке,Бір іс қапыл өткен-ді.Арадағы сөзге азып,Екі ағаң əлек еткен-ді.Жасы үлкеннің хақы бар,Олардың сөзі өктем-ді.Мен үшін таста, хан көке,Туысыңа өкпеңді.

Төрехан сонда сөйледі:1720 – Көрген қорлық көп еді,

Көрмеген қорлық жоқ еді.Қорлығынан иттердің

Page 193: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

193

Ішім жалын, шоқ еді.Екеуіне керегіСарыжаның улы оғы еді.Берер ем сұмның сазайын,Сен үшін кештім күнəсін.Сонда да, бірақ, барайын,Іздеп тауып алайын.

1730 Есіне түссін екінші, Кетпес таңба салайын!

Ұлықсат сұрап алады,Екеуі жатқан жерінеСалдыртып жетіп барады.«Төрехан келіп қалды» деп,Жанашыр бір құрбысыЕгізге хабар салады,Екі батыр сасады.Жүректері дүрсілдеп,

1740 Уһілеп аузын ашады.Адырайып көздері,Құттары əбден қашады.Арқызыл мен СарқызылМініп ала асады.Қашқанын көріп Төрехан,Құлаға қамшы басады.Төрехан жетіп келіпті,Еңсесіне ЕгіздіңЖелекті найза төніпті.

1750 Қорыққанынан Егізбай,Өкіріп жылай беріпті.Төнген найза еңседенҚылт-қылт етіп тұрады.Жалғаншыда жан тəтті,Өкіріп Егіз жылады.Қарсыласар күні жоқ,Шығатұғын үні жоқ.Қол-аяғы құрысып,

Page 194: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

194

Ат үстінен бүрісіп,1760 Ерден ауып жылысып,

Егізбай жерге құлады.Көзін тастай жұмады,Қойнына басын тығады. «Жан сауға, көке, жан сауға»Деген үні күрмеліп,Əзер-əзер шығады.«Көрген халық күлсін деп,Есіне түсіп жүрсін» деп,Төрехандай батырың

1770 Аттан түсе қалыпты.Егізбайдай жарымныңҚұлағын кесіп алыпты.

Бұл уақытта СегіздіңЖүрегі əбден сығылған.«Төрехан көріп қалар» деп,Бір жыраға тығылған.Қос өкпесі дүрсілдеп,Бағы тайған тұғырдан.«Біраз мезгіл өтті-ау» деп,

1780 Кідіріп мұнда жатқанда,«Бір қоян қашып кетті-ау» деп,«Жан ұшырған бейшара –Қоян қасқа епті-ау» деп,«Түрікпеннің жеріндеЖыра мен шұқыр көпті-ау» деп,«Қай шұңқырдың тасасынСорлы кеуек етті-ау» деп,Жағалап жүріп қарады.Бір қазынды шұңқырда

1790 Сегізбайдай ағаңныңҮстінен шығып қалады.

Ентігіп жатыр күрсілдеп,Жүрегі соғып дүрсілдеп.

Page 195: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

195

Кеуектегі қояндайМойнын тығып бүлкілдепҚуарыпты ажары.Кездесе кетті сол жердеЕкеуінің назары.Алмас қылыш қолға алып,

1800 Қасына жетіп келіпті,Үстіне келіп төніпті.Ұшып тұрып СегізбайҚол қусырып тұра кеп,Төреге сəлем беріпті.«Бауырым» деп жылады,Қол қусырып тұрады.Жан сауғалап қалшылдап,«Күнəмді кеш» деп сұрады:

– Азғырумен азғанмын,1810 Ақылым жоқ жазғанмын.

Саған қастық қылам деп,Ханбибі мен Қара аттыОрдаңнан ұрлап алғанмын.Бүлік қылдым мен, – дейді,Не етсең де, бауырым,Істегенің жөн, – дейді.Күнəмді кешір, Төрешім,Бір шыбындай жанымдыЖан сауғаға бер, – дейді.

1820 – Іс қылдыңдар бекерге,Екеуіңнің қорлығыңӨмірде естен кетер ме?!Қарашаш, Бибі көңілі үшінАмалсыздан күнəңдіКештім залым, есер, – деп.Ер Төрехан екеуінАттарына мінгізді,Қатарға алып жүргізді.

Page 196: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

196

Жиналған көп халыққа 1830 Даналығын білгізді.

Тамашаға таңданып,Жиылған халық көп еді,Ханбибідей балағаЕкеуін алып келеді.Үсті-басы қызыл қан,Егізбайды сол кездеХанбибі бала көреді.Ханбибінің ТөрегеСондағы айтқан сөзі еді:

1840 – Өтініп едім мен, – дейді,«Өтінішіңді бердім», – деп,Айтқан едің, сен, – дейді.Құлақ бастың сəні еді,Құлағын кескен нең? – дейді.Күлкісі болар ЕгізбайЕртеңгі күн халықтың.Бастың құлақ ажары ед,Құлағын кесіп алыпсың,Басына бүлік салыпсың.

1850 Егізбай сонда сөйлейді:– Өкпелеме Төреге, Ханбибі қалқам, сен, – дейді.Əуелінде бүліктіБастаған ағаң мен, – дейді.Ісім бұзық болғасын, Төрештікі жөн, – дейді.Тілегенде тілек бермедімАқ сүт берген анама.Өлімді жер кездесті,

1860 Шыбын жанымды алғын текТөреханнан қала да! Бұрынғыда нақыл бар:«Атқа келген бəледен

Page 197: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

197

Айыл-тұрман садаға.Басқа келген бəледенБастан құлақ садаға».Сөйтіп жатқан жеріндеХан хабаршы салады:«Жиенім қонақ болсын деп,

1870 Ордама халық толсын деп.Бүгін-ертең ТөреханЕрлерімен қонсын» деп.Шақырып өзін алады,Даярлаулы тағамы.Құюлы арақ-шарабы,Тартулы алуан табағы.Ортасында орданыңМейізбенен ашытқан Қымызбен қойды сабаны.

1880 Мақпал көрпе жабады,Гауһар шамды жағады.Қонақтармен күлісіп,Мамырлаған аққудайМаржан қыз жүр көлбеңдеп,Қасында қырық жараны.Əзілдесіп қыздармен,Нағашыға ырза боп,Төрехан отыр жоғары.Егізбай жүр құнтиып,

1890 Құлақсыз басы сымпиып.Төрехандай інігеОл да ырза болады.Сол шаттықты думанменТүрікпенге ТөреханЕкі күн бойы қонады.Үшінші күн болғанда, Қараманмен достасып,Құшақтасып қоштасып,«Апаларын көрсін деп,

1900 Көріп сəлем берсін» деп,

Page 198: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Маржан қызды ерітіп,Төремен Егіз, Сегізбай,Ханбибі бала, көп əскерҚайтады кейін елінеТуып-өскен жеріне.Темірхандай əкеніңБерекелі төріне.Бірге туған бауырларДостасып қол берген жер.

1910 Ұмыт болып өткен күн,Шын достыққа енген жер.Бір жарым ай жол жүріп,Сəуленің сəнді ордасынКөз ұшынан көрген жер.Туып-өскен мекенгеТөрехандар келген жер. Соныменен, тыңдаушым,Ерлік пенен ізгілікЗұлымдықты жеңген жер.

Page 199: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

�АРАСАЙ– �АЗИ

Page 200: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

200

ҚАРАСАЙ – ҚАЗИ

Қалмақтың ханы Қабартиын мен Нұрадынның əкесі бөле бол-ды екен. Нұрадыннан хан Мұса туады. Мұсаның бəйбішесінен Мамай, Орақ туады, тоқалынан отыз ұл туады, Мамайдан бала болмайды, Орақтан Қарасай мен Қази туады.

Қабартиынның балалары Палуан сұлтан, Батыр хан деген-дер болады. Палуан сұлтан мен Батыр хан Орақ пен Мамайдың тұсындағы хандар еді.

Бір күні Мамай ауырады, ауырып жатып ел қайғысын ойла-ды. Көп ұзамай осы ауруынан жазылады.

Жазылған соң, елінің биі мен бегін, уəзірін шақырып алып, Мамай өсиет айтады.

– Жиылып келген елдерім,Ел ішінде ерлерім,Билер менен бектерім, Палуан сұлтан, Батыр ханІшінде жүрген кек еді. Ойлағаны көп еді. Бір күні көзім жұмылса, Сендерге қысым береді.«Еділ, Шаған суларды,

10 Қалың жыныс, нулардыҚоныс қып алсам» дер еді.Көзім тірі шағында Сендерге ақыл салайын, Мақұл көрсең барлығың,Хан қалмақты алдайын, Кезі келсе, дұшпанның Қанын ұрттап, жалмайын.Еділ, Сақмар суларым, Жыныс ағаш, нуларым,

20 Елек пен Қобда, Ойылым Қалмаққа кетіп қалмасын.

Page 201: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

201

Мұным қалай, Сыпыра? Сізге ақыл салайын.

Сыпыра:

– Халықтың қамын ойламай,Ғаділ сұлтан бола ма, Пайдасын айтпай халықтың, Хан адамдар оңа ма?Ханым, айтқан бұл сөзіңКеледі тура жобаға.

30 Ғаділ ханым – Мамай – сенХалықтың қамын ойлаған. Сөйледі сонда Мамай хан:– Алты жолдас ал, – деді, –Палуан сұлтан, Батыр хан –Падишаға бар, – деді. – Іште болсын кек деген,«Дос болам» деп, амалмен Өзіңе тартып ал, – деді. – Арғы жағым бөле еді,

40 Өмірлік тату болуға. Ал, жеті елші барыңдар,Менің айтқан сөзімді Ойыңа тоқып алыңдар.

Алыс емес, қалмақтың Жақын екен арасы.Бес күн сапар жол шегіп,Сыпыра келді қалмаққа.Екі ханды дос қылып Сыпыра дана ақылгөй,

50 Абыройды өзі алмаққа.Сыпыра қартың жырлайды,Жырламай қарт тұрмайды. Көңілі дана қарт еді,

Page 202: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

202

Айтса, жырға ыңғайлы: – Халықта дана хан едің, Қайыспас қара нар едің, Асырмас биік тау едің,Сыртқа зəрді шығармай,Бізбенен іштен жау едің.

60 Мамайменен екеуіңХалықты тату бағуға, Ішке пікір сақтамай, Адал досты болыңдар.Жамандықтан, хандарым,Бір-біріңді қорыңдар. Палуан сұлтан, Батыр хан –Ақыл, ойлы артық жан,Ел бастығы, ер еді,Əрі батыр, əрі паң.

70 – Ей, Сыпыра, Сыпыра!Сөзіңді байқап, аңдаймын. Айлалы Мамай сөзіне Өлгенімше нанбаймын.Мамайдың менен кем емес Жиған əскер, құралы.«Дос болам» деп ханыңыз Қандай шартқа тұрады?Шын дос болса менімен, Байлау болсын ортада

80 Мұсылманның Құраны.Осы сертке тұралық Əскермен келсін хан Мамай.Əскерменен, сəнменен Біз де алдынан шығалық.Адал ниет көңілменШын достықта тұралық.Екі патша сап түзеп, Əңгіме дүкен құралық.

Page 203: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

203

Палуан сұлтан ханменен90 Қатты уəде байлады.

Уəде етіп ханменен,Елге қайтып Сыпыра, Берік сөзін сайлайды.Хан Мамайға келеді,Көргенінің баршасынБаяндап айтып береді.– Е, хан Мамай, хан Мамай!Палуан сұлтан батырдың Бір сөзінің мерті бар.

100 Ханның айтқан сөзінде Жанған оттай өрті бар.«Құран алып, құшақтасып, Анттасу», – деген серті бар.Сол сертке көнесің, Құранмен ант бересің.Сонда Мамай ойлайды,Ойламасқа болмайды.– Қараға ант берген жан Əуелден де оңбайды.

110 Ақылгөйім, жолдастар, Ой ойлайтын жер болды.Халқым, ойға салайық. Құранмен ант бермесек, Палуан сұлтан сенбейді. Палуан сұлтан залымғаДəлелмен ант берейін.Бір болат біз аламын,Жеңіме тығып барамынАнттасар уақытта

120 Жең ішіне біз тығып, «Біз алдасақ, бізді ұрсын! Сіз алдасаң, сізді ұрсын!» Құранмен бізді қағамын.«Бізді ұрсын!» деп Құранмен

Page 204: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

204

Көкірекке ұрайын. Бүктеме семсер, ақ алмас Жең ішіне тығайын.Құшақтасқан шағындаЖүрегінен жарайын.

130 Бір қатары сөйлейді: – Не десең де, хан Мамай, Сөзіңді қабыл аламыз.Халық бастаған хан едің,Білімге артық данамыз.Билік, Мамай, өзіңде, Ақылмен ойлап қараңыз!– Өлтіруге сол хандыКөкірегім ынтызар.Бұрын өлсем залымнан,

140 Ноғай, Қазақ халқымнан Қарсы оған кім шығар?Қаста жолдас, нөкерменСалтанатпен келеді. Уəдесі ханменен Ортадағы көл еді.Қалың ағаш, ну жыныс, Бір жағы құба бел еді,Уəде еткен жеріне Екі жасақ келеді.

150 Палуан сұлтан, Батыр хан Көрнекті оба басына Еш нəрседен қаперсізҚарусыз барып шығады. «Досым Мамай, қайдасың?Кел бері» деп тұрады. Дулыға, бөрік басында,Хан Мамай шығады.Көрген адам таң қалып, Қызыққа қарап тұрады.

Page 205: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

205

160 Бірін-бірі «досым» деп, Екеуі құшақ жаяды.Жең ішінде ақ алмас, Көк сауытын көтеріп,Қалмақты Мамай жарады.Құлаған соң Батыр хан, Соғысқа бастар басшы жоқ,Жылап-сықтап қалмақтар, Шарасыз қайтып барады.Өлтірген соң патшаны,

170 Мамайдың көңілі өсіпті,Жең ішінде болат бізЖадынан шығып кетіпті.Ордасына келеді,Жиылған халық көп еді.Жең ішінде болат бізЖеңін шешкен шағындаШынтағына кіреді.Аққан қанды сорғалап Елемеді хан Мамай.

180 Ақырыңда сол бізденАжалдың болған себебі.

Аурудың беті жаман болған соң өлеріне көзі жеткен Мамай елімен арыздасып былай дейді:

«Қайран жұртым сен едің, Халыққа басшы мен едім.Қанаттыға қақтырмай,Тұмсықтыға шұқытпай, Қорғап бақсам деп едім. Қараға ант бергенім: Сенің қамың жеп едім.Ат жалын тартып мінген соң

190 Халқымның ары үшін,Бермеске жауға намысын

Page 206: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

206

Тұлпар мініп, ту алдым,Тас кесетін ақ алмасТалай қанға суардым,Арқарлықтың алты жау,Айқай салып, мұны алдым.Қазақ, Ноғай елі үшінҚысқарттым жаудың өрісін. Шапса қолы жетпеген,

200 Басына қонған бағы артық.Қайрат, күші тағы артық,Құрал-сайман, сəні артық Қалмақтың басы Қараман, Қан жаудырып, мұны алдым. Туып-өскен жер үшін,Қазақ, Ноғай елі үшін.Жауды көрсе, қайтпаған.Үш қырлы найза саптаған.Ертістің ханы – ер Шабан

210 Еңіретіп мұны алдым.Құралмен іздеп барғанмын,Он төрт күн ойран салғанмын,Он бес күнде алғанмын. Жау табылса, қуандым. Үрімнің басы – Ертіс хан,Үн салдырып мұны алдым.Сансыз халық елі бар, Жан бармайтын жері бар,Мұсылманмен қашаннан

220 Атасының кегі бар,Біздің байтақ халықты,«Шабамын», – дейтін сөзі бар,Хабарына қанған соң,Бұйырдым би мен бегіме,Есепсіз ауыр қол болып,Есебі жоқ мол болып,Аттандым Қытай еліне.

Page 207: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

207

Алдырмайтын жау екен,Жері де биік тау екен,

230 Қытайдың ханын қан етіп,Қырғын салып, мұны алдым.Қыс болмайтын жері бар,Берік жатқан елі бар,Алдырмайтын алыссаТалай мықты ері бар,Еліне жау келмеген,Жауласқан жауы жеңбеген,Екі талай жер болса, Қайтпай, қылыш сермеген,

240 Бұрын-соңды еш жауданҚорлық-зорлық көрмеген,Қызылбаста Қырым хан, Қырғын салып, мұны алдым.Шүршіттің басы – Шүмен хан,Түн жаудырып, мұны алдым.Сен ырза болсаң, мен ырза, Жауға айдасам, тіл алдың,Қырқарлықтың қырық жұрты, Қырғын салып мұны алдым.

250 Халқымыз айтқан өсиет:Ынтымақпенен жүріңдер,Азаматым, қорған болБайтақ халық еліңе.Ынтымақты болсаңдар, Кіре алмас дұшпан шегіңе.Мен өлген соң, бұл дұшпан Ескі кекті еске алар.Палуан сұлтан батырдың Төгілген қаны жоқталар.

260 Орақтан қалған қос жетім Жетіспеген жас еді,Қабартиын тұқымы Жеті атадан қас еді», –

Page 208: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

208

Деп қоштасып халқымен, Дүниеден Мамай өтеді.

Орақ, Мамай өткен соң,«Хансыз халық оңбас» деп.Сыпырадай кəрі бар,Кешегі өткен Мамайдың

270 Есіз қалған тағы бар,Нұрадын ердің нəсілі –Қарасай менен ҚазидыңАтасының даңқы бар. Алған жауы көп еді.Ауызға толы сөз еді,Қарасай мен ҚазижанКешегі Орақ, Мамайдың Артында қалған көзі еді. Кешегі өткен хан Мамай,

280 Қази атты баланы«Менің балам» дер еді. «Өскен соң Қази бар болып,Мен мінген таққа мінсін» деп Талай айтқан сөзі еді.Қараүлек сонда сөйлейді:– Жиылған халқым сен, – дейді, –Өтінем сізге мен, – дейді. –Қара ағаштай қайран жұрт,Бір тілегім бер, – дейді. –

290 Жеті мен тоғыз жасындаҚарасай менен Қазиым Жетіспеген жас, – дейді. – Хан болып, елді баға алмас,Ел шетіне жау келсе,Қасқайып қарсы бара алмас.Халықтың Сыпыра қорғаны, Жібекпен жағын торлады.Халық алдыңда толғады.

Page 209: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

209

Толғамасқа болмады. 300 Елінің қамын ойлады.

– Алтын Орда, Сарайдан Елге басшы қарт едім, Сөз бастаған талайдан. Қарасай, Қази – қос жетім,Аталыдан хан болса,Халық жетер мақсатқа Жиылып келген көп халқым,Қараүлек тілін алсаңыз,

310 Қарасай менен ҚазижанКəміл жасқа келгенше, Шаруа еді мал баққан,Мінезі елге бек жаққан,Қапияда сөз тапқан,Бұзаубақтың баласы – Шынтемірдей мырзаныңОйлаймын бар деп санасы.Хандықты соған берейік,Қара боп, соңына ерейік!

320 Сыпыраның бұл сөзін Халқы мақұл көреді. Есіз тұрған алтын тақШынтемірге береді.Халыққа басшы ғаділ хан,Екі кісі айтысса, Береді тура төрені.

Палуан сұлтан өлген соң, қалмақтың ханы Палуан сұлтанның баласы – Жаседіл бір күні азаматтарын жияды да, солармен ақылдасады. «Мамай атамды алдап, өлтіргенін білесіңдер. Атаның кегін алуды мақұл көрсеңдер, Қарасай, Қази болса, атадан жас, ақылдан, бос қалды. Бұзаубақтың Шынтемірі қазақ халқына хан болған секілді. Оның бізге қарсы келуге ерлік, серілігі жоқ. Оның халқын шауып, Еділ, Шаған, Сақмар жерін

Page 210: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

210

алып, атамыздың кегін алалық», – деді. Халқы бұл мəслихатты мақұл көрді. Сөйтіп, араға елші жібереді. Елшілер Шынтемір ханға келіп мəнісін айтады. Шынтемір хан: «Бір айдың ішінде көнсек те, көнбесек те, жауабын береміз», – деп, уəде байла-сады. Бұлар кеткен соң Шынтемір хан халқын жиып, былай дейді:

«Атаңа нəлет Жаседіл – Айтулы мықты ер, – дейді. –Палуан сұлтан батырдың

330 Қанын жоқтап жүр, – дейді. –Мақұл көрсең, халқым,Жол шығар деп, – ойлаймын, –Күшті жаудың алдына Қарсыласып бармаған. Бұл қоныстан көшелік, Шалғысы жетпес қалмақтыңКең қонысқа жетелік». Хан айтқан соң, халық көнеді,Билікті ханға береді,

340 Есебі жоқ көп халық Қоныстан көшкен жер еді.

Қараүлек: «Жаудан тайған жоқ еді, жеті атадан дұшпан көзін

салған жоқ еді, қалмақ кегін алған жоқ еді. Қарасай, Қазидың жас уақытында Орақ, Мамайдан қалған орда қалмаққа мирас болатын болса, жау мені шапсын», – деп, көшпей қалады. Ма-май өзінің тірі шағында Қарасай мен Қазиға күміс пен алтын-нан сақа құйдырып беріп еді. Екі бала асық ойнап жүріп босқын елді көреді. Қарасай, Қази ордаға келіп, Қази төсектің үстінде ұйықтап қалады. Сонда Қарасай анасы Қараүлекке толғайды:

– Қараүлек анам – сен , – дейді. – Қарасай жетім – мен, – дейді.Сөгіле көшті ел, – дейді,Неге көшті көп халық,

Page 211: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

211

Хабарын айтып бер, – дейді.Сонда Қараүлек сөйлейді:– Орақ, Мамай барындаХалқымның ары кетпеген,

350 Ел намысы кетпеген,Дұшпанның қолы жетпеген. Екеуінің барында Жау халқымнан шеттеген.Қалмақтың ханы – ЖаседілАтасының төгілген Қара қанын кектеген.«Орақ пенен Мамайдың Қос жетімін өлтіріп, Қанын ұрттап, қанам», – деп,

360 Ханыңа хабар салыпты.Хан болып тұрған Шынтемір,Бойында жоқ ерлігі,Жасқанып жаудан қалыпты.Орақтан туған Қарасай,Енді болды тамаша-ай. Алтын Орда – бұл шаһар –Мамай, Орақ қаласы-ай.Тоғызға келдің, жетімім.Жастық қылар болар ма

370 Текті атаның баласы-ай?Атадан бала туса игі,Атаның жолын қуса игі.Атаның жолын қумаса,Атаға тартып тумаса,Жасық туған жаманның Барынан да жоғы игі.Атаға тартсаң, Қарасай, Алтын сарай ішінде

380 Қабан құлақ қара ат бар.Мамайдан қалған көк сауыт,Тас кесетін ақ алмас,

Page 212: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

212

Орақтан қалған садақ бар.Жетесіз, жаман болмасаң, Қабан құлақ қара атқа,Қарасай жетім, мін, – деді. –Бадана көзді көк сауытМамайдан қалған ки, – деді. –Сан жетпейтін қол болсын,

390 Есепсіз қалмақ мол болсын.Қайтпай, шіркін, ти, – деді. –Жалаңаштан да, жауға шап, Ажалдан бұрын өлмейсің. Ал, немерем – Қарасай,Кім шыдайды, шырағым, Сен долдансаң, ашуға!?«Жалғызбын» деп, «жаспын» деп, Дұшпаныңа бас ұрма! Келбетіңе қарасам,

400 Атаға тартқан секілді.

Сонда Қарасай сөйлейді:– Қараүлектей анайым,Жұмсадың, тіліңді алайын.Батаңды бер, қарт шеше,Қасыма жолдас ертпей,Жападан-жалғыз көп жауғаӨзім-ақ қимыл салайын.Қашып кеткен халқыма,Ана, хабар бермейін.

410 Атамнан қалған көк болатСансыз жауға сермейін.Батыр батыр бола ма, «Жалғызбын» деп, торықса,Жауды санап, қорықса. Жауды көрсе, қайтпайтын Тұқым едім қарыспа.Құралды халық ағайын

Page 213: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

213

Қорыққаннан қалмақтан,Кетті босып алысқа.

420 Байтақ халық елімнің Өзім-ақ арын арлайын.Қайырлы болса сапарым,Қалмақтың ханы – Жаседіл Қара қанын төгемін.Аттанар жауға болды жер,Қарасайдай балаңды Осы жолда сынап көр.Қараүлектей қарт анам, Ықыласпен батаң бер.

430 Сонда қолын жаяды, Батасын беріп қарады,– Ирандар болсын жолдасың! Əулиелер қолдасын!Ескі аруақ торласын!Мамай ханның бағы кеп, Басыңа, балам, орнасын!Шешесі бата берген жер,Қарыспа туған Қарасай Атадан қалған сауытты

440 «Кебінім» деп киген жер,Тас кесетін алмасты «Сайғағым» деп ілген жер, Атадан қалған қара атты Жауға тұңғыш мінген жер.Көк садағын асынып,Жауға жалғыз жүрген жер.Қарасай жауға аттанды. Көтеріліп көңілі, Көкірегі желденіп,

450 Қарасай батыр шаттанды.Қаруларын басқарып,Жаседілдің жауынаЖападан-жалғыз қасқарды.

Page 214: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

214

Ұйықтап жатқан ер Қази Ұйқыдан шошып тұрады.Орақтан қалған жас жетім – Қараүлектің шырағы «Қарасай қайда кетті?»– депШешесінен сұрады.

460 Сонда Қараүлек сөйлейді:– Шынтемірдей ханыңныңАйла-ақылы кем екен.«Қалмақ келді», – деген сөз –Босқа айтылған кеп екен.Бейбітшілік болған соң,Босып кеткен халқыңа Хабар бере кетіпті. Сонда Қази сөйлейді:– Алдама, анам, сен, – дейді, –

470 Жаседіл берген қысымнанБосқан халық-ел, – дейді. –Өп-өтірік алдайсың,Жаселді сынды жауыңдыҚарасайға арнайсың.«Екі жасы кіші», – деп,Мені неге қорлайсың?Қарасайға не жаздым,Қатарына алмастай.Серік қылып қасына,

480 Екеу болып жауға бармастай?Ерлерді жауға шаптырған Намыс пенен ар шығар.Қысқа ма, өмір ұзақ па? Болжалды күнім бар шығар.Жеті жасар күнімдеЖетімдікпен зарлатқан Əмірден болған кəр шығар.Қарасай – қорғау, мен – сүйеу, Жалғыз кеткен батырға,

Page 215: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

215

490 Барып, жəрдем беремін.

Сонда Қараүлек сөйлейді: – Қазиым, тыңда сырымды. Тек екеуің болмаса, Сүйеу болар балам жоқ.Қабыртқаң, балам, қатпаған,Омыртқаң, балам, өспеген,Былбырап тұрған қауынсың.Сонда Қази сөйлейді:– Қараүлек едің анайым,

500 Сізге тілек салайын,Қарасай жауға кеткен соң,Үйде неғып қалайын?Қарасай – қанат, мен – құйрық, Жəрдем бере барайын.Қару-қапшық жетімге,Тауып бер, ана, тұлпар ат.Қараүлек сонда сөйлейді:– Пірлерден бөтен панаң жоқ.Қолыңа құрық ал, – деді, –

510 Беліңе жүген шал, – деді, –Елсізде жатыр көп жылқың,Көп жылқыңа бар, – деді. Сыншы болсаң, білерсің.Қарағанын бетіңе, Тай да болса, мінерсің.

Белге жүген шалады,Жылқы аралап қарады. Үсті қотыр лықыған Қызыл шолақ көк құнан

520 Оқыранып, ҚазиғаҰсынып мойнын барады.Борбайында қоңы жоқ,Мойнында жалы жоқ,

Page 216: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

216

Жал-құйрығы тағы жоқ, Қызылды жаяу қуады, Аттан сағы сынады.Шешесіне келді де– Ат тауып бер, – деп жылады. – Сансыз жылқы мол, – дейді. –

530 Сапарың болсын оң, – дейді, – Тағы да бар сен, – дейді, –Қайта келсе алдыңнан, Тəуекел ет те, міне бер,Бұйырған атың – сол, – дейді.Жылқыға тағы келеді.

Қызыл құнан Қазиды Келген бойда көреді,Оқыранып, желеді,Ұсынып мойнын береді,

540 Басына жүген салғанда,Басының кірді ажары.«Құл-құтан мазамды алар» деп. «Жылқышы мініп шабар» деп, Қотыр болып жүр екен,«Қази іздеп табар» деп. Сəн-сайманды салған соң,Тұлпардың көңілі шат болды,Сағынып жүрген жануар, Мінер иесі тап болды.

550 Айыл-тұрман салған соң,Таутекедей ат болды «Сен – шарыққа шыққан бүркітсің,Қанатың қайтпас сұңқарсың, Жем тастаса, қайрылма.Сен – қарағайға қарсы біткен бұтақсың, Балталаса да айрылма.Сен – қайсар қара болатсың,Тасқа шапса, жасып, майрылма».

Page 217: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

217

Белестен белес, бел асып,560 Емен садақ, сай кез оқ,

Беліне алмас жарасып,Қырқа-қырқа жерлерден Қарауыл Қази қарасып,Қарауыл салған ағаның Артынан жетті жанасып.

Бес жүз шатырмен, есепсіз қолмен тау жарған көк бұлақта жатқан қалмақты көріп, Қарасайдың Қазиға айтқаны:

– Бауырым Қази – сен, – дейді, –Алдыңда қорған мен, – дейді, –Есіз тастап қалаңды, Еңіретіп анаңды,

570 Артымнан келген нең? – дейді.Сонда Қази сөйлейді:– Қарасай, сөзіңді алмаймын, Сөзіңе құлақ салмаймын. Жеделмен атқа мінген соң, Талабымнан танбаймын.Қорлық бердің, Қарасай, Зəбіріңді арлаймын.Жауға қарсы бармастайҚази сенен кем бе еді?

580 Берсең де, батыр, бер, деді. –Бермесең де, бер, – деді. –Жақсы атыңды қимасаң,Қай мықтымыз барайық.Сынасайық, кел, – деді,– Бауырым едің, қарағым, Қайтпасын сенің талабың. Қарағым, етпе балалық,Екеуміз бірге баралық,Жаседілдің ханына

590 Тізе қосып шабалық.

Page 218: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

218

Ей, ерке туған Қазиым,Енді болмас амалым, Қарашоқының басында Қарауылда қаламын. Қиындық саған іс болса,Мен де артыңнан барамын.

Қызыл атты жаратып,Аспанға басын қаратып, Қамшыға бұтын таратып,

600 Тұяқтан шыққан тозаңынЖауға қардай боратып,Белестен белес, бел асты, Мінген аты, сəн-сайман Бір-біріне жарасты.Қарауылшы қалмақтарҚазиды көріп алыстан,Ақылынан адасты.Азаматын шақырып, Хан əңгіме құрады.

610 Сыншыларын жияды.Олар келіп, алдынанҚазиды сынап тұрады.Мінген аты терлеген,Алдыңда тұрған ерлерді Бір кісідей көрмеген.Сыншылары сынады.Сынап, көңлі тынады: «Бұл – атаның баласы,Қази екен шамасы.

620 Қарасай мен Қазиға Кімнің болар шарасы?Қайтпас ердің өзі екен,Баба түкті нəсілі,Шын батырдың тегі екен.Егер айла қылмасақ,

Page 219: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

219

Көрсетер бізге көрімді,Əлек етер елімді». Сыншылардың бастығы Отаман деген ер еді,

630 Асқан сыншы, айлакер,Амалға озған кен еді.Жаседілге келеді. Келе жылай береді.Көзінен аққан ыстық жас Қойынына төгеді.

– Ей, Жаседіл, ханымсың,Халықтағы барымсың, Арымас, биік тауымсың, Құламас биік жарымсың. Келбеті асқан ер көрдім,Жау сағынған шер көрдім,Айла-ақылын кең көрдім, Қабағынан қар жауған,

640 Мұртынан мұз тамған, Қанды Орақтың баласы –Қази атты ер көрдім.Айла, ақыл табалық,Алдап, арбап қаралық.Ақылы көп ер екен,Қазида артық даналық.Шамамыз келсе, жағалық. Алдамасақ егер де, Құртатын шығар шараны.

650 Айла-амал қылыңдар, Болаттан жебе құрыңдар «Қази ер, саған сенем, – деп. – Не айтсаң да, көнем», – деп,Қол қусырып тұрыңдар.Болат жебе үстінеЖібек кілем салыңдар.

Page 220: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

220

Үстіне мақпал жайыңдар.Есікте тұрсын қос батыр,Алмас семсер қолға алып,

660 Төрде тұрсын төрт батыр.Сыртынан басқын шатырдың. Даярланып барша жау,Қамсыз болып тұрады.Қази ердің алдынан Отаман сыншы шығады.

– Аталы Қази сен едің, Жеті атадан ер едің,Ернің қанды бөрі едің. Орақ пенен Мамайдың

670 Артында қалған көзі едің.Жаудан қайтпас ер болсаң, Сескенбес Қази сен болсаң, Алтын шатыр ішінде Жаседілдей ханым бар.Кілең батыр сайланғанБағып тұрған бағы бар.Батыр болсаң сен, – деді, –Жаседілдей патшаныңДидар жүзін көр, – деді.

680 Қол қусырып сəлем бер.Егер ханға бармасаң,Ер емессің, сасқаның,Шатырына кірмесең, Қорыққаннан қашқаның.

Мұнан Қази саспады,Қази халық бастады.Астындағы тұлпарын Берік қаңтарып тастады.Қарыспа туған Қази ер

690 Жалаң қылыш қолға алды,

Page 221: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

221

Ашуланып, долданды. Қабағын түйіп, сұрланып,Жаседілдің шатырына Шапшаң басып жолданды. Самсап тұрған көп жауға Қайрылмай кетіп барады.Есіктен еніп, өрледі, Ханға сəлем бермеді,Құрып қойған жебені

700 Қу қамыстай көрмеді Жолға құрған көк болат, Басқаныңда, қырады.Отыра қалған шағында, Жебе тіреп қолтықтан,Өтірік емес, шын, расЖебелердің сынғаны. Даярланған батырларҚалтырасып, дірілдеп, Тырп етуге əлі жоқ,

710 Бəрі жылап, шулады.Жаседіл хан сөйледі:– Қазимысың сен? – деді, –Жаседілмін – мен, – деді.Ханға сəлем бермеген, Төрге қарап өрлеген, Қази, сенің нең? – деді.Сонда Қази ақырды,Ақырып сөйлеп, жапырды,– Қалмақтың басы – Жаседіл,

720 Кесе келдім басыңды,Шаба келдім еліңді, Сындыра келдім беліңді,Көрсете келдім көріңді. Бейпіл жатқан халқыма Саласың неге көзіңді?Тақта отырған қалмаққа

Page 222: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

222

Сыбанып жетіп барады,Сескенген ерден Жаседіл: – Сынау үшін қол жидым,

730 Ашу тұтпа, сабыр ет,Орақ пен Мамай шырағы.Түп несептен бөле едің,Орақтан туған сен едің,Палуан сұлтан баласы –Жаседіл хан мен едім. «Орақтың екі баласын, Жүздесіп, көрсем», – деп едім.Қази ер, саған сенемін,Не десең де, көнемін.

740 «Досың болсам», – деп едім. Айыбыма, ер Қази, Тұлпарымды таңдап мін, – деді. –Ақ кіреуке қамқаданКиімді таңдап ки, – деді. –Оң қолының басы алтын,Қиғаш қара қасы – алтын,Сары алтынмен қаптаған, Сұлуымның шашы алтын, Аруымды сүй, – деді. –

750 Қазижан, ақыл саламын, Халқыңның көңлін табамын.Шын достыққа той етіп, Қызмет етіп, жағамын.

– Осы айтқаның шын болса, Мұныңды бөтен демейін.Қарасай ағам – туысым. Ақылдасып көрейін.«Мақұл» десе Қарасай, Бұл тілегің берейін.

760 Өтірік айтсаң егер де,Көңліме кір болар. Саны қалың қалмағың

Page 223: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

223

Кеңшілікке мұң болар.Кейін қалған ағасы –Қарасайға келіпті,Уəдесін, көргенін Түгел айтып беріпті Қалмақпенен Қази ер Уəдеге сеніпті.

770 Қайырмады Қарасай, Қазидың айтқан сөзіне Қуанышпен көніпті.

Екеуі Жаседіл ханға қонаққа барады. Жаседіл қонақ етіп, құшақтасып, дос болады.

Қарасай, Қази, Жаседіл Бір-біріне сеністі, «Ақыреттік доспыз», – деп,Дос шартына көністі. Жаседіл хан жадырап, Жар салды жалпы халқына. «Ту көтеріп, той етем

780 Шын достықтың шартына.Жасыңыз бен кəріңіз,Əйел, еркек – бəріңіз,Салтанатпен келіңіз.Қызығымды көріңіз!»Қарасай менен Қази ер Дос болып қайтты еліне. Хабар берді: «Келсін», – деп, Еліндегі еріне,Шынтемірдей ханы мен

790 Халықтың би мен бегіне. Қуанышқа халық толады. Ел қуанбай не қылсын,Ойлаған мақсат болады.Босып кеткен көп халықҚонысына қайта қонады.

Page 224: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

224

Сол кезде Жаседіл ханнан мынадай хабар келеді.

– Қарасай, Қази – жан досым,Шын достыққа нан, досым!Даярландым мен тойға, Халқыңа хабар сал, досым.

800 Құрметін, сыйын көп қалмақАлдыңыздан сайласын.Кемпір, шалдар жəне де Көпті көрген дана даКелмей тойға қалмасын!Хабарды естіп Шынтемір,Елін жиып алады,Халыққа ақыл салады. «Алпысқа жасым келгенше Бір балаға кем едім.

810 Осы тойға барған соң, Ұлдыны да көремін,Қыздыны да көремін, Іштегі шерім қозғалып,Қорланып, топта шөгемін.Соның үшін жиынға,Мақұл көрсең, Қарасай,Бармай-ақ қойсам деп едім».

Хан бармайды, қалады,Халықты бастап Қарасай

820 Қалмаққа кетіп барады.Жаседіл патша халқын Қасына жиып алады:– Қонақты келген бағыңдар, Көптің бабын табыңдар.Біреуің кейін тұрмай-ақ,Етіңдер қызмет құлдай-ақ. Қарасай менен Қазидың Халқыменен жау болдық,Боларын мұндай білмей-ақ.

Page 225: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

225

830 Алтын жамбы аттырып, Ат бəйгісін шаптырып, Теңселтіп балуан тұрғызып,Назарын көптің бұрғызып,Сапырып беріп шарабын, Тік тұрып қалмақ, бас иді.

Келген қонақтар жеті күн жатып, еліне қайтпақ болады. Жаседіл хан тарту-таралғы сыйлық беріп, разы етеді. Аттанар алдында Қарасай тұрып: «Ұлсызға, қызсызға қызық жоқ», – деп, елімнің ханы – Шынтемір бұл жиынға келмей қалып еді. Шын көңліңізбен сол кісіге батаңызды беріңіз, ала барайын», – деді. Жаседіл хан қолын жайып: «Бір ұлды, бір қызды болсын!» деп бата берді. Жаседіл бастаған қалмақтың құрметіне ырза болып, екі батыр еліне келеді. Шынтемірдің тоқалы Ақханым сол кезде қырық екі жаста екен. Ұзамай Ақханым жерік болады:

Күндердің күні өткендеАқханым жерік болады.Ақханымның жерігі Қара тастан қанады.

840 Тоғыз ай, он күн көтеріп, Егіз бала табады.

«Жаседіл ғаділ патша еді, осы перзент соның батасынан

болып еді, бұ да ер жеткенде, сондай ғаділ болар», – деп, ұлының атын Еділ қойған екен. Еділ жеті жасқа келгенше халық тыныш, ел бейбіт болды. Қарасай, Қази біреуі он алтыға, біреуі он төртке келді. Қалмақ пен Қазақ, Ноғайдың арасы жіксіз, жақсы тату болды. Еділ жеті жасқа келген соң, Шынтемір ауырды. Қарасай мен Қазидың ауылы Шынтемірдің ауылына сəске түстік жер еді. Ауру мендетіп, жеңе бастады. Ауырып жатып Шынтемір былай деп толғады:

«Жалғыз еді балам, – деп. – Жетімнің күні қараң, – деп. – Қалай болар заман? – деп. –

Page 226: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

226

Əуелден жазу осылай. Нешік болар шарам?» деп, Ауырып жатып толғайды.Толғамасқа болмайды.«Өлерде көрген Еділді

850 Қарасай мен Қазиға Тапсырам», – деп ойлайды.Қайғысын ойлап жалғыздың,Ажары кетіп, түнерді,Жанынан үзді күдерді.Қос тұлпармен хабаршы Қарасай ерге жіберді. Шынтемір жатқан ордағаСəске түсте келіпті.Қол қусырып, есіктен

860 Иіліп сəлем беріпті. Бұларды көрген Шынтемір Көтеріп басын сөйлейді:

– Қарасай, Қази – сен – деді, –Шынтемір ханың – мен, – деді, –Көңілге келген бір сөзді Айтып кетсем деп едім.Ой-өрісі кеңеймей,Артымда жас қалып Еділім,Мойын ұсынып қарсы алам

870 Жаратқан Алла əмірін.«Санаулы күнің бітед», – деп, Қағып тұр ажал дабылын.Ерлер киген көк сауытБерік болмас жағасыз,Астыңа мінген шын тұлпар Тасқа шаппас тағасыз.Орақтан туған ұл болсаң,Жетім қалған Еділді Қапталыңа аласыз.

880 Жалғыз қалған Еділжан

Page 227: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

227

Сүйеусіз де панасыз.Сонда Қарасай сөйлейді:– Қамқорым, ханым сен едің,Қарасай, Қази мен едім,Тірі болса, Еділді Қазимен қатар көрермін.Өлсек, шұқыр бір болар,Шықсақ, басы төбенің.Қарасай, Қази, Еділ боп,

890 Тізе қосып, жабармызАшылған жерін көбенің.Ел шетіне жау келсе,Ер басына дау келсе,Сағасын қанға малармызСегіз қырлы жебенің, –Деп, Қарасай көтеріп Ақ алмасын, ант берді.Тізе бүккен Қази мен Еділді жатқан хан көрді.

900 Батасын беріп балаларға, Шынтемір хан жан берді.

Шынтемір хан өткен соң,Шын дүниеге кеткен соң, Сыпыра – дана кəріңіз Елге көңіл бұрады.Би менен бекті жияды.Елге басшы хан іздеп,Əңгіме дүкен құрады.«Халыққа қорған батыр да

910 Елдің қамын ойлаған.Баба түкті шашты Əзіз,Ер Нұрадын нəсілі, Ежелден жаумен ойнаған.Қарсы келер жан болса, Қасарған беті таймаған.Халықтың халық болғаны –

Page 228: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

228

Бұл тұқымның себебі.Орақ, Мамай өлердеҚарасай, Қази жас қалды.

920 Жас болса да, жалындап,Самсаған қолды басқарды.Өлерінде хан Мамай:«Қази мінсін тағыма,Əділ болар, – деп еді, –Қалың елдің бағына».Соны естіген СыпыраАлыстан сөзбен орады:– Атадан қалған алтын тақ,

930 Мақұл көрсең əлеумет,Қазиға мирас болады.

Жиылған көп мақұлдап, Сыпыра қартты қостады.Халықты ертіп дана қарт,Ордаға қарай бастады.Тобын жазбай келеді,Игі жақсы, бектердіңКелгенін Қараүлек көреді.Мамайдан қалған орданы

940 Көк майсаға тігеді.Жиылып келген халқынаТу биені сояды,Жал-жаяны керітіп, Астаумен тартып, қояды Сабаны пісіп жігіттер,Сапырып қымыз, құяды.Қараүлек сынды дана ана Жиылып келген халқына Тік тұрып қызмет қылады.

950 Сөздің реті келгенде, «Бұйымтайың бар ма?» – депҚараүлек ана сұрады.Сыпыра сонда толғады,

Page 229: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

229

Тереңнен сөзді қозғады.Кəріліктен түскен қос жағын Жібекпен таңып торлады.Сөзге шешен сұр таңдайСүрінер сірə болмады.

– Əйел де болсаң, Қараүлек, 960 Ер атанған сен едің.

Ақылменен ана боп,Он сан елге тел едің.Тегіңе ерлік орнаған,Қарауыл таумен тең едің.Ежелден сұлтан НұрадынХалықтың көздеп мұрадын, Орақ, Мамай батырлар Шеккенде сапар жыладың.Көз нұрың, қолда ермегің –

970 Қарасай, Қази шырағың.Көп тілегін, қалауынСізге баян қыламын.Қази сынды ұланыңХанға лайық тұлғасы,«Хан болар», – деп сынадым.Өлеріңде Мамай хан Тапсырған сөзі көп еді «Тірі болса Қазиым, Таққа отырар», – деп еді.

980 Сол Қази толды он төртке,Дүние салды Шынтемір. Билік берсең халыққа, «Хан қойсақ», – деген бар көңіл. Айбыңды ана – Қараүлек Қарасайды шақырады, Жан еді туған ақылды. – Қарасай, Қази – шырағым, Бір хабар шалды құлағым.Ізгі жанды ерлердің

Page 230: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

230

990 Өсірер Алла мұрадын.Хан болып өткен өлгеншеМамай, Сұлтан Нұрадын, Хан қоймақ сені, Қазижан,Елдің қалпын сынадым.Қарасай, Қази – бөбегім,Қос қыраным, түлегім, Қызығыңды сендердің Көріп өлсем деп едім.Көрдім, шүкір Құдайға

1000 Балаға ана шыдай ма? Екі сөйлеу ерлерге, Ойлаңдаршы, ұнай ма?Кешегі өлген ШынтемірТапсырған еді Еділді. Дос болып ең, анттасып. Бұзбаңдар, жаным, əмірді.Қызықпаңдар хандыққа, Бермеңдер жасқа зəбірді.Атасынан қалған алтын тақ –

1010 Мирас жетім Еділге.Жоғары көтер достықты Болғандай үлгі өмірге.Екі сөйлеу – ерге өлім, Алыңдар тоқып көңілге. Ерлікпен өткен жеті атаң, Айрылмаңдар сол жолдан. Ел қорғау ерге жеңіл ме? Хан болсын Еділ достарың Ойлаңдар, жаным, дос қамын.

1020 Көпті көрген көне едім, Сендерге ақыл қосқаным.Билер мен бекті, Қарасай, Хан ордасына бастағынАғаңның тілін қайырмай,Қазижан, сен қостағын, –Деп, қарт ана тоқтады.

Page 231: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

231

Қостады мұны топ-дағы.Шынтемір ханның ордасына Топ та келіп, тоқтады.

1030 Халықты ханым қарсы алды,Хан ордасын күн шалды.Еділді таққа мінгізіп,Басына тəж кигізіп,«Хан!» деп елге жар салды.Жеті жасар Еділ хан Жұртты аузына қаратты. Жасы жастық қылмайды, Туса бала талапты.Он сан елді тең ұстап,

1040 Алдынан бəрін таратты.Қарасай, Қази – қол басы, Сайлады əскер жарақты. Ерлеріне сайма-сайСансыз тұлпар жаратты. Қарасай, Қази, Еділ хан – Үшеуі қатар ер жетті.Жау шыдамас бетіне,Арыстандай келбетті,Əділдік, ерлік жолыңда

1050 Тасын қырға өрлетті.Он сан елі орнығып, Тыныштықта гүлдепті.Ең байлықта еркін елДауды, жауды білмепті.Күндерден күн өткенде,Көтерілер күн жеткенде,Қарасай сынды ағасына Еділ хан келіп сөйледі:– Бізден бұрын өткен хан,

1060 Ерлігі артық өктем хан. Жау жағасын сөккен хан,Дұшпанның қанын төккен хан,

Page 232: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

232

Мұрадына жеткен хан.«Жау!» дегенде, аттанған,Жау табылса, шаттанған,«Қалмақ» десе, қасарған,Мінген аты бапталған. Үш қырлы жебе, көк найза Қарағайға сапталған.

1070 Астана халқын басқарған. Талай жауды жылатқан,Жігер менен қайратынЕсіткен жан ұнатқан.Ерлігіме сын болар,Хандығыма мін болар,Көңіліме кір болар,Атаның жолын қумасам,Тас кесетін ақ алмасБеліме құрсап бумасам.

1080 Ала көбең жаулар көп,Бастап барып халқымды, Дұшпанымды қырмасам, Кектескен жаудың кегі үшін, Керегесін отын қып,Қызын қатын қылмасам.Көншір емес көңлім,Соғысар маған жау тап, – деп,Қасарып Еділ болмады.

Қарасай сонда толғады:1090 – Əміріңді екі қылмайын,

Сөзіңді жақсы тыңдайын.Осы айтқаның шын болса,Қарайын жаудың ыңғайын. Ағада болар ағалық,Жастықта болар шалалық.Жай жатқанда жау іздеп,Шырағым, етпе балалық. Алда-жалда болмасаң,

Page 233: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

233

Тілімді айтқан алмасаң, 1100 Қараүлекке баралық.

Қараүлек анам жау табар,Содан сұрап қаралық, Қарттан ақыл алалық. Халыққа басшы ханымсың.Не айтсаң да, көнеміз,Айтқаныңа сенеміз,Сізге тізгін береміз.

Қараүлек тұрған ордағаЕкі батыр жүреді.

1110 Талма-тал түс кезінде Ордаға келіп кіреді. Желіккенін ерлердің Ақылды ана біледі.«Жолдарың болсын, жаным», – деп, Миығынан күледі.Сонда Еділ сөйледі:– Жас күнімде хан қойдың, Соңымнан ерді ел, – деді. –Ойыма түсті бір қиял,

1120 Өзіңіз ақыл бер, – деді. –Ой мəнісін айтайын, Жақсы тыңдап көр, – деді. – Жан жолдасым – Қарасай,Көпті көрген көнеге Бұйымымды айтып бер, – деді.Сонда Қарасай сөйледі:– Жеті жаста ЕділіңХалыққа ғаділ хан болды.Ойлағаны ар болды.

1130 Сескенер емес батыл ер: «Бұрынғы өткен хандардыңМен де жолын қуам, – деп. –Беліме алмас буам, – деп, –Ел көңлінен шығам, – деп, –

Page 234: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

234

Жау табылса, қырам», – деп,Еділің тыным бермеді,Айтқаныма көнбеді.«Жауласуға жас жетті, Жау іздеуім жөн», – деді. –

1140 Тегі сұлтан Нұра хан,Орақ, Мамай заманнан Кекті дұшпан бар ма еді?

Қараүлек сонда сөйледі:– Еділ ханым – шырағым,Келген бойда-ақ сынадым.Орақ, Мамай барында Көздеген елдің мұрадын.Балалықпен шешеңе: «Жау тауып бер», – деп сұрадың.

1150 Ауыр тиді анаңа Күтпеген жерден сұрағың.Қазақ қазақ болғалы,Талай хандар орнады,Қызылбас, қалмақ жауласып, Тыныштық елге болмады.Шауып, шаншып қазақты,Талай дұшпан қорлады.Сенен бұрын бəрі өтті,Талай батыр, хан өтті.

1160 Атандың елге «Əділ хан». Төреңді кім кемітті? Жау іздеп, жаным, жауықпа,Дүрліктіріп ел-жұртты.Жауың келсе өзі іздеп,Көрінер сонда кім мықты?Тілімді алсаң, Еділжан, Ел ұйтқысын бұзбай-ақ,Сақтайтын тыныш күн жетті.

Сонда Еділ сөйледі:1170 – Болғаным жабы ұнай ма?

Page 235: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

235

Ел намысын жоқтамай,Жатуға ер ұл шыдай ма?Соқтықпай жауға тынбаймын, Тапсырып ақырын Құдайға.Өткен хандар жауласқанМенен артық Құдай ма?Қарасай, Қази – екі ағамАқырып кірсе майданға, Қашпай жауы шыдай ма?

1180 Қауырсыны қатқан соң, Бүркіт құс жатпас ұяда.Белгілі берен ер жігіт Көк сауытқа сыя ма?Қас жаманның белгісі –Ел үшін жанын қия ма?Халықтың намыс-ары үшін Елден жаным садаға!

Қараүлек сонда сөйледі:– Олай болса, шырағым,

1190 Осы айтқаның шын болса, Құлыным, өссін мұрадың.Ұзақ өмір, ұзын жас, Қарағым, саған сұрадым.Іздесеңдер ел кегін,Құтты болсын талабың!Шын жау болса керегіңАлдырмайтын ауыр қол – Ата жауды табамын.«Қайта оралып келер!» – деп,

1200 Қуанып, көңілім күтедіОрақ, Мамай заманын.Жау сағынсаң, Еділжан,Қуандырдың өзімді.Құлағың салып, тыңдай берАуыздан шыққан сөзімді.

Page 236: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

236

Кешегі Мамай барында Қара қыпшақ Қобланды Осы ордаға келгенде,Маған сəлем бергенде,

1210 Мамайменен екеуі Билік айтып, кеңесті,Ерлік айтып, егесті.Сонда Қобылан не десті?– Он екіге келгенде, Туырлықтай ту алдым«Жау!» – деп айтса, қуандым.Мен қалмақтың елінен Таңдап Құртқа қыз алдым.Барсакелмес шөлді алдым.

1220 Алдырмайтын ханды алдым.Кеңдік күнге зар қылып,Тарылттым сонда заманды.Көбікті деген көп қалмақ, Есепсіз саны жоқ қалмақ,Тағы шаптым Қазаңды.Өзім Қобылан болғалыТалайға бердім ажалды».Қара қыпшақ ер Қобылан Осылайша деп еді.

1230 Алты айшылық жері бар,Үш айшылық шөлі бар. Сондай асу кезеңде Қызылбастың елі бар. Іздегенің жау болса, Керегің менен табылар.Сол жауға барсаң, не қылар?Жау іздеуің шын болса,Халыққа хабар салыңдар. Жеделді туған ерлердің

1240 Бəрін жиып алыңдар.Пайдасы тиер əр жерде,Ақыл табар тар жерде

Page 237: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

237

Сыпырадай кəріні Қалдырмай ала барыңдар.

Қалмасын елде бихабар, Жай бұлтындай жайнаған,Сансыз жаудан таймаған,Жауды көзі көргенде, Жігері оттай қайнаған,

1250 Қолындағы ақ қылышҚанға, жасып, тоймаған,Ата тегі – алып күш,Ежелден ерлік орнаған,Талай жерді шарлаған,Соғысар жауын таңдаған,Айдаһардың лебіне Қолын салып, барлаған.Барған жауын тындырған, Шойыннан шоқпар құйдырған,

1260 Қанша дұшпан келсе де, Бір қауызға сыйдырған.Ахмет сынды батырды Қасыңа ал, Еділжан. Қарасай, соған жылдам жет,Сол ағаңда қайрат көп, Ерлігі мықты, құдірет.Алшынның ұлы – Алау бар,Оған да, ерлер, хабар сал.Көн садақты Көрбет бар,

1270 Жау сескенер келбет бар, Оны да шақыр, Еділжан, Осы күннен қасыңа ал.Мінген аты қасқа азбан,Ертеңнен шапса, кешке озған,Ылдидан шапса, төске озған,Қоңыраулы найза қолында,Қоңыр салқын төске алғанҚарулы батыр Қартқожақ,

Page 238: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

238

Сол батырды-ай қоссаңыз,1280 Жауға жетер шамаңыз,

Қиғаштың қызыл тауында, Қызылбастың жауындаЖыртыла қалмас жағаңызЖаңбыршының баласы –Ағыс батыр жəне бар.Алдынан жау қайтпайтынЖолдастыққа Ағысты ал, –Деп Қараүлек анаңыз,Ерлерге кісі шаптырды.

1290 Ерлердің естіп хабарын,Сыпыра қартың сап құрды.Іріктеп алып жүз кісі,Жолды бастап тартты өзі.

Айтулы батыр Ахмет –Алдырмас жауға асыл тек,Нөкер алып жүз кісі,Киініп сауыт, ол келед.Арлы туған Алау ер, Ақылы терең, балуан ер,

1300 Хан хабарын алған оң,Бойынан күш, ақты сел.Нөкері бар жүз кісі,Батырмен туған бəрі тел, Сайланып, самсап келедіҚайысқандай қара жер.Алысқан жауы маталған, Соғысқан жауы оталған,Ызғары күшті ер еді, Көрбетті содан атанған.

1310 Ізденіп келіп талай ер,Көрбеттіден бата алған.Хабарды естіп Көрбетті, Жадырап жаны, желікті,Көптен бері жау көрмей,

Page 239: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

239

Үйде отырып ерікті.Қарына қару іледі, Бесін уақыты болғанда,Қараүлектің үйіне Бұлар да жетіп келеді.

1320 Қатулы батыр ҚартқожақЖүз кісіден қол алып, О да келді бір жақтан.Күйіне түскен бедеулерОр текедей орытқан.Жау құмар батыр ежелден Сарқып ойын қорытқан. Баратын жаудың жері алыс,Көрмеген жанға жол шалыс,Сексен кісі серімен

1330 Келіп жетті ер Ағыс. Көрікті ерлер жиылды, Көруге бірге қиынды.Дыбысын естіп ерлердің, Жан-жақтан əскер құйылды.Жиналып халық болған соң,Сыпыра қартың сөйледі:– Қараүлек атты ана едің,Көпті көрген дана едің.Болашақты болжап көр,

1340 Айтқаныңыз келетінƏдетіңіз бар еді.Қараүлек сонда толғады.Сөйлер сөзге жорға-ды:– Егеліп тұрған ерлерім,Сыртынан қоршап аласың,Іздеген жауды табасың,Қойға тиген бөрідейОйран-топыр саласың. Жан таласқан жауыңның

1350 Құртасыңдар шарасын.Анық жете білмедім,

Page 240: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

240

Аяулы ердің біреуі Жау қолында қаласың. Батырлар киіп сауытын,Садақтарын асынды.Қоржындарын бөктеріп,Айбалта ерге асылды.Қараүлекпен қоштасып,Аттанғанда батырлар,

1360 Іздемеді еш адамҚази сынды жас ұлды. Қазиды көріп Қараүлек, «Қалдың, – деп, – неге?» сұрады.– Батаңды жеке алам, – деп,Қасқайып Қази тұрады.Қазиын сүйіп Қараүлек,Батасын сонда береді:– Ал, қолымды жаяйын.Сенен немді аяйын?

1370 Қырық шілтен, Ғайып Ерен,Қолдасын сені Құдайым.Қайрылмай кетті Қарасай, Сол болар маған уайым.Жараланар майданда,Жəрдем ет соған, сұраймын.Жолың болсын, құлыным.Сендер аман келгенше,Не көрсем де, шыдайын, –Деп, Қараүлек түюлі

1380 Бір зат ерге ұсынды Не екеніне түсінбей,Қази сонда қысылды.Қамқор болған қарт анаҚайыра тағы сөйледі:– Қырық болаттың қылауымен Уыттаған дəрі еді.Ала кет, жаным, майданға.

Page 241: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

241

Жөнелді Еділ ту ұстап,Реттеп қолды, дұрыстап.

1390 Жаз күнінде, күн ыстық.Күндіз-түні дамылсыз,Қонбай жүрді, тыныстап. Алты айшылық жер еді,Арада үш ай шөл еді.Ерігіп ерлер жарысты,Күйіндегі кіл бедеу Ауыздықпен қарысты,Басыменен алысты.Астындағы тұлпардың

1400 Табанынан жер соқты,Маңдайынан күн соқты.Енді шөлейт жер келді,Адам да, ат та шөлдейді,Шөлдеуменен меңдейді.Жалды аттардан жал кетті,Батырлардан əл кетті.Əуе айналған аңызақ Кептіріп аңқа, шөлдетті.Еділ хан сонда сасады,

1410 Бетінен өңі қашады.Батыр мен бегін жиып,Ақылға ақыл қосады,Қолдың жайын баяндап,Көптен көмек тосады.Ахмет батыр тіл қатпай,Қамшы басып тұлпарға,Қарауыл жаққа жөнелді,Атына жедел мінеді.Қарауыл шоқы басынан

1420 Қияға көзді салады.Жарқырап жатқан бір көлдіАлыстан көзі шалады.Көлге қарап шабады. Қақтығып батыр барады.

Page 242: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

242

Ат суарып алады.Өзі суға қанады.«Тəтті көл» деген көл екен,Қуанып, көңілі тынады. Аспанға атып шапшыған

1430 Таудан аққан бұлағы.Басы – бұлақ, аяғы –Айдын көл, жасыл құрағы.Бір жағына көз салса,Адыр биік тау екен,Қалың орман арасы,Белден шабын, бау екен.Бір жағына көз салса,Жоңышқалы көк шалғын, Кілең тілкем сай екен.

1440 Ат отына жай екен.Күннің көзі көрінбесТаласа шыққан ағаштан. Шортаны қара бақандай,Бақасы шөккен атандай,Жапырақтың жалпағыЕрлер киген шапандай.Айналасы сол көлдің,Ат шаптырса, жеткісіз.Суы тəтті шекерден,

1450 Ішкен жан қиып кеткісіз.Қалмақтың ханы – қожасыАлма бағын ектірген.«Ел қонбаған нулы көл,Ақ сары бас қулы көл,Елсіздегі еркін көл,Шалқып жатқан шалқар көл, – Ахмет батыр, – көрдім», – деп, –Хан алдына барады.Аңсаған қол шілдеде

1460 Көлге қарай шабады.Шырадай ашылып көздері,

Page 243: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

243

Шөлдеген ерлер қанады.Бойы ширап, ес жиып,Қияға көзді салады.Жеңсік болған жемістен Жеп, мейірі қанады.

Жеті күн жатып батырлар,Жиды тегіс бойларын.Аттанар жауға күн жақын,

1470 Ортаға салды ойларын.Ұшынып кетіп сөзден сөз, Өзара сонда керісті.Бірімен бірі егесіп,Басылар, сірə, болмады,Найзаларын тіресіп,«Қой!» – дегенге қоймады.Сонда Ағыс сөйледі:– Осыларың жөн бе еді?Бұздыңдар бүгін бірлікті,

1480 Бет алған ісің өнбеді.Ер ынтасы бытырап,Біріне бірі көнбеді.«Атым – қазақ» дегенде,Ерлер неге кірледі?Бұл – масқара, не сұмдық?!Хан əмірімен жүрмеді.Сонда Еділ хан бұйырды,Самсаған қол жиылды.– Соғысыңдар жекпе-жек,

1490 Сынаңдар, күшті, қиынды.Біріңді бірің аяма, Аясаң, соғыс бола ма?Күш сынасып бағыңдар,Алысқа тентек тоя ма?Мұны естіген Сыпыра қартОрнынан ұшып тұрады.Көптен тілек сұрады:

Page 244: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

244

– Татулықпен сына күшіңді, –Деп жалынып, жылады. –

1500 Тау басында қара тас Жатыр, əне, қарашы.Жауласпаңдар өзді-өзің, Болайын мен арашы.Ашуды тастап, батырлар, Соны атып қарашы.Онша да, мұнша қамал жоқАлмаған адам баласы.Кезекпен бəрің атыңдар,Қалмасын тасқа жаласы.

1510 Содан анық көрінерБатыр мен батыр арасы.

Батырлардың баршасыҚарт сөзіне көнеді.Садақтарын асынып, Тауға қарай жөнеді.Қазандай қара тас жатырТау басында, көреді.«Батырлардың ішінде Ахмет үлкен», – дер еді.

1520 Үлкенге кезек береді.Садағын Ақаң кезеді.Көздеп тартып қалады,Өтпеді тасқа садағы. Алау алды кезекті,Үші өткір жебесін Сарыжаға керіпті.Толғап тартып қалады,Зуылдап оғы барады,Қара тасқа қадалып,

1530 Төрт елідей жарады.Көн садақты батыр КөрбеттіАлаңғасар ер еді,Кезек соған келеді.

Page 245: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

245

Садағын қолға алады,Толғап тартып қалады.Қара тасты бұл-дағы Қарыс сүйем жарады.Қартқожақ батыр желденді, Желігіп, жетіп келді енді,

1540 Қара тасты көрді енді.«Талқандайын тасты» деп, Толғап тартып қалады,Атқан оғы оның да Төрт қарыстай барады. Бармағын тістеп Қартқожақ,Жан-жағына қарады.Ақырып Ағыс келеді.Құлаштап садақ кереді,Жебесі зырлап кетеді,

1550 Қара тасқа жетеді,Бес қарыстай барады,Майрылып оғы қалады.Қатуланып Қазбан сұр,Асығып кезек сұрап тұр,Кезегін енді алады,Садағын тартып қалады,Қара тасты шатынатыпЖеті қарыс барады,Майрылып оғы қалады.

1560 Орақтан туған Қарасай Енді кезек алады.Қасқайып жетіп барады,Садағын тартып қалады,Зуылдаған сұр жебе Қара тасты жарады. Тастан өтіп болат оқ,Қара жерді қабады.Қайратына батырдың Хан Еділ таң қалады.

1570 Білдірмейд бірақ Еділ хан,

Page 246: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

246

Білдіруге арланды.«Өзімнен артып кетер», – деп,Қызғанып сонда шамданды:

– Байқадың ба, батырлар,Аталы ердің атысын?Қара тасты қақ жарып,Қарасай тапты қапысын. Қатардан қалғым келмейді,Келіп тұр менің қатысқым?

1580 Қарасай сынды ерменен Күш сынассам деп едім.Садағын Еділ қолға алды, Əлденеге долданды.Талабын жастың бір АллаСағатында оңғарды.Атқан оғы Еділдің Қара тастан өтіпті,Таудың талай шоқысынТөңкеріп-ақ кетіпті.

1590 Атқан оғын оздырып, Еділдің көңлі өседі.Қайратына мастанып,Хан Еділ желдей еседі:«Арық аттар жалданды.Жүдеген ерлер əлденді.Рақатта жан, хош кеуіл,Баршаңа да əл берді.Ерлік сынап, егесіп,Көл басында шаттандық.

1600 Қол бастаған Ахмет,Атақты басшым сен едің.Қиғаштың биік тауынан Қарауыл, батыр, қарап кел.Жау шамасын болжап көр,Аумағы қанша ел екен?»

Page 247: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

247

Хан əмірін қайтармай,Мойнаққа тоқым салыпты,Ерді ерттеп алыпты.Бес қаруын асынып,

1610 Мінгені атқа анық-ты.Шарықтады, шалқыды, Астындағы боз мойнақСоққан желдей аңқыды.Қара терге боялып,Аттың бойы балқыды.Ор қояндай ырғытып,Сайлау жерден қарғытып,Көбелеп тау желеді.Өтуіне жол қиын

1620 Көлденеңнен кез келді.Тауды төмен ағады,Жағалап кетіп барады.Өтетұғын бір кезеңАқаң батыр табады.Сол кезеңнен асады,Атқа қамшы басады,Жігер қайнап, тасады.Өтейін десе, өте алмай,Төтеден өтіп кете алмай,

1630 Ақыл-ойға батады.Қалың қолдан Қарасай Ахметке ереді.Асудың талай қиынын Қияда ерлер көреді.Асырмайтын бұл таудыҚиялап басып, өрлейді.Қара атқа да күш түсіп,Жануар содан терлейді.Жан ұшырып жайсаңдар,

1640 Өрмелеп тауға шығады.Тауға шығу қиын-ды,Қос өкпені сығады.

Page 248: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

248

Ақырды кенет айдаһар.Сескеніп бұлар бұғады.Жата қалып тұлпарлар,Елеңдеді құлағы.Қарасы таудай айдаһар Леппен тартып барады.Қатулы батыр Қарасай –

1650 Халықтың сенген қарағы: – Кесірткеден қорыққан,Ойласам, маған сын екен,Ерлігіме мін екен.Маңдайыма тап болғанАйдаһардың күні екен.Мұны мен «жау» демейін,Кесірткеге теңейін.Тас кесетін алмаспенОртасынан бөлейін.

1660 Сыпырып алып қабығын,Құс таңдай қылып өрейін.

Құйрығымен тау соғып,Лебімен тартып барады.Ат аяғы тоқтамай,Жақындап батыр қалады.Əулиеге ат айтып,Буынын бекем қатайтып,Орақтан қалған семсермен Оралта келіп салады.

1670 Айбат шеккен айдаһарБүктетіліп қалады,Аға батыр АхметҚарасай сынды балағаҚадала сонда қарады.Жаусыраған батырлар Қараобаның басынанҚарауыл қарап тұрады,Қаланы болжап қарады.

Page 249: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

249

Он екі қатар қақпалы,1680 Бекінген бекем ел екен.

Бұрын-соңды жаулардыңЕш бармаған жері екен.Шаһардың сырты айналаОн жеті қатар ор екен.Айналасы болаттанЖағалай құрған тор екен.Мұны көріп Қарасай,Дулығасы көк болат,Басына киді бөрікті.

1690 Жауға жалғыз шабуға Өзіне батыр сеніпті.Гүрзіні қолға алады.Қорғанға жақын барадыГүрзіменен салады.Айбалтамен шабады,Талқан қылад қаланы,Мұны көрген қалмақтар,Барабанын қағады.Сан жетпейтін қалың қол

1700 Батырды қамап алады.Қас жауымен қасқарыпҚарсыласып барады.Қабан құлақ қараменҚашқан жауын орады, Құрыды қалмақ амалы,Еркін шауып, еліріп, Еріңнің жүрді талабы.Қу томардай құлатып, Талайдың басын қағады.

1710 Қарсы келген жаулардыҚарсысынан шабады.Жылға-жылға жерлерденЖылжып қан да ағады.Тебінгіден тесе атты,Үзеңгіден кесе атты.

Page 250: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

250

Қабаттасып келгенін Қабатынан қоса атты.Талайларын құлатты,Батырларын сұлатты,

1720 Алмасы өткір қияқты,Арыстандай сияқтыЖалғыз жүріп Қарасай Осындай салды бүлікті.Қарауыл хан еңіреп Қарасайдың алдындаҚол қусырып тұрыпты,Аяғына бас ұрыпты.Қаһарлы туған Қарасай

1730 Мойнына арқан салады,Жетектеп ханды алады.Екі көзі қызарып,Ұшқын атып жанады.Хан Еділдің алдынаСүйретіп алып барады. – Елдің басы – ер Еділ, Əміріңмен барғанмын.Мекені берік жау екен,Көрген шақта таңдандым.

1740 Айтқан сөзі анамныңӨтірік емес, жөн екен.Қауіп-қатер көп екен.Беріктегі ел екен.Бұрын-соңды бұл елгеЖау бармаған жер екен.Сол қалаға бардым мен, Ойран-бүлік салдым мен.Қарауыл ханның қол астынТүгел шауып алдым мен.

1750 Қалмақтың ханы мінекей, Қолыңа əкеп бердім мен.

Сонда Еділ сөйледі: – «Ханын айдап келдім» деп,

Page 251: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

251

Өтірік айтпа сен маған.Қолыңа оңай түспейдіҚалмақтың ханы ол, – деді. –Бұл сөзіңе нанбаймын,Сөзіңе құлақ салмаймын.Қарасайға сөз бермей

1760 Қази атып тұрады:«Садаға кет, ант ұрған,Баба түкті бабамнан!Хан қойған соң, құтырып,Алдың ба енді жағамнан?Ала алмай жүрген бар ма өшің Жауыңды жеңген ағамнан?Боққа шыққан сүйрік ең,Жаңылдың ба тобаңнан?Шақырды ашу хан Еділ,

1770 Болды сонда көп дабыр.Ерлердің сезіп арасын,Сөйледі Сыпыра – қарт бұлбұл:– Жеті ханды өткергемСендерден бұрын, балалар!Данышпан хандар қашан даЕр ерлігін бағалар,Ер де елді сағалар.Өзді-өздерің керіссең, Дұшпаның білген табалар.

1780 Ала ауыз болсаң, Еділ хан, Аузыңдағы жоғалар.Жанжалды қойып, жауға шап.Дұшпаның білген табалар.

Қарт сөзі екі болмады.Мақұлдап, көп те қолдады.Суыт жүріп батырлар, Қызылбасты шаппаққа Тəуекелдеп бет алды.

Page 252: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

252

Жау тұсына келеді, 1790 Шамалап ерлер көреді,

Əр батырды бас қылып,Жүз кісіден бөледі.Тұс-тұстан жауға тимеккеБекініп ерлер жөнеді.Алшынның ұлы – АлауыТастады іліп жалауын,Жүз батырын жүздіріп,Бұзды жаудың қамалын.Айсаның ұлы Ахмет,

1800 Айбыны күшті құдірет, Бір бүйірден ол тидіЖауар күндей күркіреп,Қамалды бұзып, кетті өтіп,Сілкініп дүние, дүрілдеп.Тигеннен жауды еңіреттіКөн садақты Көрбетті,Тас қорғанды талқандап, Тар кезеңнен ол да өтті.Қатулы батыр Қартқожақ

1810 Азу тісін қайрады,Ақ көбік шашып тұлпары,Ор қояндай ойнады,Жүрген жері жосадай,Көпіршіп қаны қайнады,Найзаға тізіп өлігін,Тірісін қойдай айдады.Қызылбасты қыруға Құмартты сондай, тоймады.Жаңбыршының ұлы Ағыс-ты,

1820 Бір тұстан салды соғысты, Тасыған дария сеңіндейӨлік пен қан тоғысты.Тоғыз жасар Қазбансұр,Жау еді жастың тілегі,Жау ішінде жайнаңдап,

Page 253: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

253

Сыбанулы білегі,Қанша қалмақ қамасын,Айнымады жүрегі,Жаудың күнін салдырды.

1830 Қарасай мен ер Қази: «Бабам!» – деп ұран салып жүр, Тізгін қосып екеуі,Семсерін қанға малып жүр,Талайдың басын қағып жүр.Қаланы алып болғанда, Қарауытқан түн болды.Батырлар бəрі бас қосып, Сапарлары оң болды. Тыныс ала бергенде,

1840 Тыңнан келді бір хабар: «Жау алды, – деп, – бар жолды».Қарасай естіп, ақырды,Аруағын шақырды,Қараға басты тақымды.«Қайдасың?» деп ҚазидыҚатулана шақырды.Қарасай мен Қази ер Ақырып жауға тиеді.Қаннан бұлақ ағызып,

1850 Өліктен оба үйеді.Қара жүрек ҚызылбасЖерден кебін киеді.Ердің ерлік істерінЖырлауды жаным сүйеді.

Жау қырылып болады,Жол да еркін қалады.Əскерлерін түгендепБатырдың бəрі санады.Жүз нөкер мен Еділ хан

1860 Жоқ болып топта шығады.«Аламыз, – деп, – ер құнын»,

Page 254: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

254

Ерлер қайта аттанды.Кектенсе, көрмес ер тыным,Егеліп, тегіс саптанды.«Қара да емес, хан құны»Деп батырлар оқтанды.Ашу, намыс, кек кернеп, Көздерінен от жанды.Жанталас майдан басталды,

1870 Домалап доптай бас қалды.Қарасай, Қази – екі өрен Батырларды басқарды.Жердің көгі жабысып,Боялып қанға тас қалды.Тұманнан күнді көрмеді, Семсерін кезек сермеді.Құлаштап салып найзаны,Бұқтырып жауды, өрледі.Осылай тасып жүргенде,

1880 Жараланды Қарасай, Қызумен өзі білмеді.Сорғалап аққан ыстық қанҚұртып барад сүлдені.Аққан қаннан əлсіреп, Қарасай аттан құлады.Қабан құлақ қарасы Қасынан кетпей тұрады.Тұлпарды көріп Қази ер, Атының басын бұрады.

1890 «Қарасай жазым болды-ау!» деп, Жүрегі ердің ұрады.Екпіндеп Қази келеді,Ағасын жатқан көреді.Жатқанына арланып, Түйдектеп сөйлей береді:– Ініден төмен болар ма Алдында өскен ағасы? Ер жігітке бата ма

Page 255: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

255

Жаудың салған жарасы? 1900 Қарасай, саған не болды?

Қанды-ау қызылбас табасы!Ашуланып Қарасай, Қайраты тасып қызады,Қанын тартып ішіне,Суытып түсін, бұзады.– Не болды бүгін маған? – деп, –Тілі тиді Қазидың,Өңменен өтті жаман, – деп. – Бірге туған Қазидан

1910 Қалайша кейін қалам? – деп,Шамырқанып, шамданып,Қарасай батыр арланып,Пірлерден жəрдем сұрады.Сауытының сыртынаТүгі тұтам шығады.Есін жинап алады.Енді ұмытты батырыңДенедегі жараны.Айбаттанып ақырып,

1920 Жан-жағына қарады.Қанталаған қара көзҚазиды шолып қарады.Темір тікен секілдіБетінің түгін көреді.Түйіліпті қабағы,Кейігенін біледі. Жараны таңып жалма-жан,Қабан құлаққа мінеді.Айбаттанып ақырып,

1930 Қайта жауға кіреді.Бұрынғыдан артықшаБойына қуат барады.Кеуде ашуға толады.Келген жерден талайын Қарасай ерің жояды.

Page 256: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

256

Еш нəрсені білмеді,Үш қырлы өткір жебеменКез келгенін түйреді.

Бір кезде майдан басылды,1940 Қара түнек ашылды,

Самсаған қол, сарбаздар Біріне-бірі қосылды.Қызылбас жерін шарлады,Жабыла іздеп, жамырадыЕділ сынды жас ұлды.Қайтпайтын беті қасқарған Қази сондай ер еді.Тастан салған зынданның Есігін бұзып кіреді.

1950 Қапаста жатқан қаріптіңБосатып бəрін жіберді.Көзіне түспей Еділ хан,Түтігіп батыр, жүдеді.Алыстан талып зарлы үнҚұлағыңа келеді.«Елім-жұртым, ерлерім Хабарсыз қалды алыста. Ен жауда қалып, ерлерім,Кім салар құлақ дабысқа?

1960 Қарасай, Қази – қаһарман, Кеттіңдер ме шыныменБір бұрылмай намысқа?»Сонда Қази тыңдады,Зарлы үн ерді шыңдады.Үн шыққан жаққа жөнелді,Дəт тұтып батыр тұрмады.Жапырып жауын келеді,Самсаған қолды көреді,Арбада Еділ жегулі.

1970 Мойнында қамыт тұр еді.Арбаны тізіп, тіркеген.

Page 257: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

257

Құрыммен бетін бүркеген.Денеден кеткен торы еті,Тірі адамның суреті,Еділді Қази біледі.Сонда батыр долданды,Тас шоқпарын қолға алды.Құлдарды ұрып, жапырды,Жүрегін жара ақырды.

1980 Еділ ханды босатып, Қызылбас көзін батырды.Ханын ертіп, Қази ерЕрлерге келіп қосылды.Елдің жоғын тауып кеп, Қуандырып қосынды.Қызылбас елін талқандап,Тентектерін тұтқынға ап, Алдына салып жылқысын,Тыйды жауды күлкісін.

1990 Қызылбас сынды дұшпанныңСындырды азу бар тісін.

Кекті жаудан кек алып, Батырлар елге жол шекті.Қазыналы көп олжа Ер көңілін желдентті. Жырлаған еркін шаттық үн Ен даланы күңірентті.Ежелгі жауын жанышып,Еліне бəрі бет алды.

2000 Естеріне ел түсіп,Ер жүрегі от жанды.Тау мен тасты тербетіп, Қосылып бəрі əн салды.Қашаннан сақ Қарасай Тоқтай қалды кенеттен.Алыстан сонда естілдіҚоңырау даусы күңіренткен.

Page 258: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

258

Дыбысқа қарай бой ұрып,Ізімен Қази шабады.

2010 Көзді ашып-жұмғанша Қасына жетіп барады.Қоршаған əскер төрт жағынКөк күймені көзі шалады.Ағып өтіп жанынан, Алдынан қарсы орады– Кім болад? – деп, бұрылып,Күймені Қази сұрады.Сонда тұрып бас уəзір Батырға жауап береді:

2020 – Ханымыздың еркесі,Екі анаға тел еді.Күлсе, күміс төгілген,«Күнсұлу» атын дер еді.Тең құрбыға сөйлесе, Бикештің сөзі өр еді.Екі көзі шамшырақ,Қараған жігіт қадала Көзінен жүзін көреді.Тізілген тісі ақ маржан,

2030 Ақ патша басқан мөр еді.Білгің келсе, ей, мырза,Ерке бикеш зерігіп,Серуендеп келеді.Сонда Қази сөйлейді:– Көрсем деймін хан қызын,Күннен сұлу ақ жүзін. Ұнатсам, өзім аламын.Ұнатпасам, бикештіАт көтіне саламын,

2040 Еліме алып барамын.Менің атым – ер Қази, Орақтан туған баламын. Ұрпағымын ...............Қаһарман қазақ боламын.

Page 259: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

259

Қыз нөкері қызарып,Серпіле берді күймеден.Күймеге келіп ер Қази,Ашулы үнмен сөйлеген: – Басыңды көтер, керік қыз,

2050 Көруге сені келдік біз.Тербетіп тұрар уақыт жоқ,Мініңіз атқа, келіп сіз!Дегеніме көнбесең,Көнгеніңді білесің.Сыйлағанды білмесең,Жер басып, тірі жүрмессің!Күймеден түсіп хан қызы,Батырға басын иеді.Шыдай алмай қорлыққа,

2060 Жалындап іші күйеді.Батырдың айтқан əр сөзіЖанына оқ боп тиеді.Бикеш қолын қусырып,Сонда сөйлей жөнелді:– Қазақтың батыр ұлы даМұндай долы болар ма?Заманы бірге құрбыға Сөзбен жара салар ма?Төреле өзің, батырым.

2070 Мұны да мін деп ойласаң,Сөзіңе көңілім толар ма?Қарсы тұрар халім жоқ,Дегеніңе көнемін.Қорғап алар жарым жоқ,Жетегіңе еремін.Болғанда мен хан қызы,Сен – батыры қазақтың.Лайықта да, алып жүр,Ерікті саған беремін.

2080 Қази ер сөзден жеңіліп,Не дерін сонда білмеді.

Page 260: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

– Күймеңе мін, Күнсұлу!Қосынға қарай жүр, – деді.«Хан қызына мін боларЖайдақ атқа салғаным.Ерлігіме мін боларКүнсұлуды алғаным»Деп ойлаған Қази ерҚосынға алып келеді.

2090 Қосындағы көп қолыТұтқын қызды көреді.Тарту қылып олжасын, Еділ ханға береді.Салтанатын өзгертпей,Күнсұлу сынды сұлудыЕлге алып жөнеді.Алысқан жауын адақтап,Қарасай, Қази ерлердіңЕліне қайтқан жері еді.Ел айтқан ертектіңБір саласын жыр етіп

2092 Қарт жырауың береді.

Page 261: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

�АРА�ЛЕКТІ МАМАЙДЫ ЖО�ТА�АНЫ

Page 262: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

262

ҚАРАҮЛЕКТІҢ МАМАЙДЫ ЖОҚТАҒАНЫ

Туырлықтай ту алған Мамай,Қылышын қанға суарған Мамай,Жау көргенде қуанған Мамай.Ертістің басы ер Шаған,Еңіретіп мұны алған Мамай.Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Əскерге қару ілдірген Мамай,Айбатты əскер жүргізген Мамай.Береңгі жаға, бек сауытБелсендіріп кигізген Мамай.Тастан өткен көк садақ Белге орай ілгізген Мамай.Досын сыйлап сақтаған Мамай,Сансыз əскер болса да,Мұнан қорқып саспаған Мамай.Нашарды бағып сақтаған Мамай, Дұшпанды жерге таптаған Мамай.

Қырымнан əскер жүргізген Мамай, Қуантып халқын күлгізген Мамай, Қарсыласқан жау болса, Қан жаудырып бүлдірген Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің көп ноғай?!

Сансыз əскер құра алған Мамай, Жауды көрсе қуанған Мамай, Ерлігі елге сыналған Мамай, Үртістің басы Үрім хан, Үн салдырып мұны алған Мамай. Сөйткен патша МамайғаНе көрсеттің көп ноғай?!

Page 263: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

263

Үлкендер айтса тіл алдың, Мамай, Жақсылыққа қуандың, Мамай, Беренге беркін ту алдың, Мамай, Қалмақтың басы Қараман,Қан жаудырып мұны алдың, Мамай.Сөйткен патша Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Досын көрсе сүйінген Мамай,Құралдап əскер түйінген Мамай.Жау көрмесе, күйінген Мамай,Жаулары жаннан түңілген Мамай.Құрал жиған дүйімнен Мамай,Қырымның басы Қытай хан,Қырғын салып мұны алған Мамай,Салтанатын сан халықтан оздырған,Алтыннан орда салдырған Мамай,Қара түн жауға жаудырған Мамай.Сан жетпейтін көп əскерҚарсыласып келгендеҚалдырмай есін тандырған Мамай.Еңселескен жау көрсе,Қайғының отын жандырған Мамай.Сөйтіп жүрген МамайғаНе көрсеттің, көп ноғай?

Ерлікке елге сыналдың Мамай,Белге буған ақ алмасҚызыл қанға суардың, Мамай.Қуаты сен халықтыңҮлкендер айтса тіл алдың, Мамай.Орыстың басы одаман Ойран салып мұны алдың, Мамай.Сөйтіп жүрген МамайғаНе көрсеттің, көп ноғай?

Page 264: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

264

Шығыршықты көк сауытБелге орай ілгіздің, Мамай,Шалқытып дəурен сүргіздің, Мамай.Байтақ ноғай халқыңдыҚуанышпен күлгіздің, Мамай.Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Жау дегенде желіккен Мамай,Жау көрмесе еріккен Мамай.Ойлаған ақыл-кеңестен Мамай,Талай жаумен егескен Мамай,Əскерін жиып теңескен Мамай.Əскерге қару ілдірген Мамай,Егескен жауын бүлдірген Мамай.Орағай садақ, сайкез оқБеліне құрсай ілгізген МамайҚұмырысқа бел, құмар көзНоғайлының ерлергеҚалмақтан сұлу сүйдірген Мамай.Ақ кіреуке қамқаданАсыл киім кигізген Мамай.Құрал-сайман бəрі сай,Ноғайлының жігітінСансыз жауға тигізген Мамай.Сөйтіп жүрген МамайғаНе көрсеттің, көп ноғай?

Нұр сəулесін жаудырған Мамай,Табанын жаудың аудырған Мамай.Қалмақ деген халыққаҚайғының отын жандырған МамайТалайдың есін тандырған МамайКейінгіге үлгі сөз Мирас етіп қалдырған Мамай.

Page 265: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

265

Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Байтақ елді меңгерген Мамай,Жез аяққа жем берген Мамай,Азды көпке теңгерген Мамай,Адасқанға жөн берген Мамай,Жау дегенде тербенген Мамай,Тербенсе, қалмақ жерге енген Мамай.Үш күн жауды көрмесе,Көкірегі шерленген МамайСөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Жау дегенде шаттанған Мамай,Табысына мақтанған Мамай.Беліндегі көк алмасСары алтынға қапталған Мамай.Қолындағы көк найзаШын шынарға сапталған Мамай.Егескен жауды еңіретіп,Қара жерге таптаған Мамай.Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Бақытқа артық жүлделім Мамай,Сөйлеген сөзді үлгілім Мамай.Топтан озған дүлдүлім Мамай,Бақшадағы бұлбұлым Мамай.Ақ киіктің діңгірі Мамай,Ақ боз үйдің уығы Мамай,Боз орданың сырығы Мамай,Қашағанның құрығы Мамай.Хан Мамайдан айрылып,Қор болдың, көп ноғай!

Page 266: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

266

Алтыннан ожау ойдырған Мамай,Күмістен піспек құйдырған Мамай.Үйге мейман келгенде, Ат семізін сойдырған Мамай.Нашар менен пақырдыңБəрін сыйлап, тойдырған Мамай.

Жез аяқ тұлпар байлаған Мамай,Алмасын шарға қайраған Мамай,Жауды көрсе жайнаған Мамай,Табаны жаудан таймаған Мамай.Еділдің басы – үш ақ шат, Жаз күнінде жайлаған Мамай.Шыңғыртып құлын байлаған Мамай,Халықтың қамын ойлаған Мамай,Жаудан елді қорғаған Мамай,Өргізген халықты ордадан Мамай,Төресін тура жолдаған Мамай.Буыршынның бұйдасы Мамай,Көк найзаның сидасы Мамай,Сырлылардың сырласы Мамай,Мұңлылардың мұңдасы Мамай,Пақырлардың мұңдасы Мамай,Патшалардың құрдасы Мамай.Көп ақылдың ордасы Мамай,Біліктінің жолдасы Мамай.Адамның өткір алмасы Мамай,Хан Мамайдан айрылып,Ақырында қор болдың, көп ноғай!

Басымнан бағымды арылттың, Мамай,Кең күнімді тарылттың, Мамай.Сексен жаста зарықтым, Мамай. Қайғыланып, қамықтым, Мамай,Құса басып тарықтым, Мамай.Жасым жетіп келгенде,

Page 267: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

267

Артыңда жылап қалыппын, Мамай.Тар құрсағым кеңіттің, Мамай,Тұла бойымды еріттің, Мамай,Тас емшегімді жібіттің, Мамай,Астана елге сүйіктім Мамай,Қасіретке күйіппін, Мамай.Хан Мамайдан айрылып,Ақырында қор болдың, ноғай!

Белдемшесін белсенген Мамай,Соғысқан жауын еңсерген Мамай,Хандарды тақтан төңкерген Мамай.Хан Мамайдан айрылып, Ақырында қор болдың, ноғай!

Алтын орда бақшасынГүлдендіріп жайнатқан Мамай,Бақшада бұлбұл сайратқан Мамай,Сарбаз əскер ойнатқан Мамай,Еменді найза толғатқан Мамай.Хан Мамайдан айрылып,Ақырында қор болдың, ноғай!

Қуантып халқын күлдірген Мамай,Құралды əскер ерлерінАсқар шыңнан жүргізген Мамай.Асырмайтын қара тау,Ортасынан тілдірген Мамай.Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?

Ай, Орағым, Орағым,Сөзімді тыңда шырағым!Екеуің қатар тұрғандаМақсұт пен біткен мұрадым.Бас кес десе, тас кескен

Page 268: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Өткір алмас қияғым,Егізіңнен айрылып,Сексенде еңсеп жыладым.Асырмайтын алтын тауЖелі соғып топанныңҚарағым Мамай, құладың.Болар ма еді арманым,Артыңда қалса тұяғың?

Жылар ма едім шырағым,Айбаты артық өктем ер,Жау сауытын сөккен ер,Бір баланың зарынанКөздің жасын төккен ер,Айтып-айтпай немене,Арманда болып кеткен ер!Жасым жетіп келгендеБасыма түсті уайым,Қайырын хақтан сұрайын.Со секілді МамайғаЖыламай неғып шыдайын?!Арманда болған хан Мамай,Иманың болсын сыбайың!

Page 269: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

ЕСТЕЛІКТЕР

Page 270: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

270

Қуандық ШАҢҒЫТБАЕВ

АЗАМАТ. АҚЫН. АТА.

1942 жылдың ноябрі. Ұлы Отан соғысының ең бір сын кезе-ңі. Сталинград маңына дұшпан еселеп күш-құрал төгіп, жан-таласып жатыр. Барша халқымыздың қабілеті мен қайраты – майдандағы жауынгерлердің қасарысқан қайсарлығы, елдегі еңбек адамдарының табан ет, мандай тері, ғалымдардың ой-парасаты, ақындардың отты жүрегін жарып шыққан жалынды жыр шумақтарының ызғарлы ызасы мен ұранды үні – түгелдей бір мақсатқа, қайткен күнде де жау жасағын тоқтатып, оны күйрете жеңіп шығу мақсатына қызмет етіп жатқан аса бір ауыр кез.

Осындай қысталаң, қиын апталардың бірінде Алматының Горький атындағы мəдениет бағында танк қорына қаражат жи-нау мақсатымен əдебиет-өнер жексенбілігі өткізілді. Астана ар-тистері ашық алаңдарда əн салды, ақындар өлең оқыды.

Кездесуге дейін бақ ішін аралап келе жатыр ем, аллеялардың бірінде Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Қадыр Хасанов тағы да басқа таныс ақын-жазушыларға ұшыра-сып, сəлем бердім. Орталарында жауырыны жап-жалпақ, қалың қабақты, өзгелерден бойы едəуір биік, қапсағай қарт келе-ді екен. Өңіріндегі ордені аппақ жібек сақалының астынан кей-де көрініп, кейде көрінбейді. Алыстан-ақ байқағам, қолындағы қара таяғын кербез сілтеп, қасындағы қосшыларын күлдіре сөй-леп келе жатқан. Қасына барғанда мен оның европаша киінген мінсіз мүсініне емес, жалын толы жіті жанарына, екі бетінің қып-қызыл нұрына айран-асыр қалдым. Ондай келбетті, ондай кербез қартты бұрын-соңды көрмеген едім.

Page 271: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Сəбит аға мені нұсқап:– Нұреке, мынау сіздің балаңыз болады, Ақтөбеден, – деп

таныстырды.Əлгі пайғамбардың атақты Нұрпейіс Байғанин екенін мен

сонда ғана білдім. Білдім де, үлкендердің соңына үнсіз ілесіп жүре бердім.

Дəл сол жолы Мұхтар ағай Нұрекеңнен «аран» деген сөздің мағынасын, қайдан шыққанын сұрады.

– Басқа жерде қалай екен, білмеймін, – деп, Нұрекең əуелі кешірім сұрап алды да, сосын ерте кезде киік аулағанда далаға айналдыра тағаша ор қазып, киік үйірін жан-жақтан қаумалап сол ордың ашық аузына қуып тығатынын, ол орды қазақтың «аран» деп атағанын түсіндірді.

Қарттың байсалды жауабы жұрттың бəрін ырза қып таста-ды. Көп көріп, көп түйгенін бір-ақ көрсетіп кетті.

Сол күнгі кездесуде Нұрпейіс ақсақал өзінің Сталинград туралы жырын айтты. Нағыз жауынгерлік жыр болатын ол. Пафос қандай, көркемдігі қандай! ҚазГУ-дің жатақханасында мен түнімен Нұрекеңді ойлап шықтым. Енді бір жарты айдан кейін оған əдеби хатшы болып Ақтөбеге кететінімді мен ол түні білген де жоқ едім.

Табиғи ажал жеңгенмен, рухани ажалдың əлі жетпейтін, есімі ел аузында ықылым заман қайталанып, барған сайын ра-зы жұрттың жүрегіне жылы ұшырай беретін адамдар болады. Нұрпейіс Байғанин дəл осындай адам еді.

Дүниеде тоқсан шамалы көктемнің көрікті гүлін жұлып, жұпар лебін жұтқан бұл көне шежіренің ақырғы үш жыл өмірі менімен бірге өтті. Осы уақыттың ұдайына мен оған əдеби жəр-демші болдым, оның талай-талай тамаша жырларының дүниеге қалай келгенін көрдім, азабы да, рахаты да мол ақын твор-чествосына сол қарт адамның қаншалықты жауапты қарайты-нын бір емес, бірнеше қайтара көзбен көріп, көңіліме түйдім.

Page 272: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

272

* * *

Байғаниннің əрбір жаңа жыры шын толғанып, тебіренуден туатын.

1944 жылғы мартта Москва радиосы біздің əскеріміздің Со-вет Одағының мемлекеттік шекарасы – Прут өзеніне жеткені туралы, Совет командованиесі оларға шабуылды одан əрі есе-леп жүргізіп, жауды толық талқандап шығу жөнінде бұйрық бергенін хабарлады.

Əдетте Нұрекең екеуміз жұмыс күнін күндізгі сағат он екі-лерде бастайтын едік. Əлгі қуанышты хабарды естіп, мен бұл жолы күндегіден ерте, тоғыз жарымда келсем, Нұрпейіс серіп-пелі биік кереуеттің үстінде жібек тысты мамық жастығына шынтақтап елегізіп отыр екен. Репродуктордан қуанышты ха-бар қайта-қайта айтылып жатыр.

Орысша сөйлей білмейтін Нұрекең диктор Юрий Левитан-ның дауысын естісе, əрқашан да зор ықыласпен тыңдап, қызыл-шырайлы жүзі өзгеше бір нұрланып сала беретін. Бұл жолы оның өңі одан да өзгеше нұрға толып, бал-бұл жанып кетіпті. Мен кіріп келгенде Нұрекең:

– Айналайын-ай, келдің бе?! Осы хабар тегін емес, не деп жа-тыр? – деп, басын көтеріп алды.

Мен жаңа хабарды баяндап бердім. Сол сəттегі қарт ақынның түрін көрсеңіз! Жанары жасқа толып, екі иығы селкілдеп, қарт ақын ұзақ үнсіз қалды. Əрине, Нұрпейістің жағдайы маған тү-сінікті еді. Соғыс басталысымен ол жас жігіттей жалындап, ұлы майданға, жеңіс ісіне бойындағы бар қайраты мен алып та-лантын түгелдей бағыштады, қарттығына қарамай, Ақтөбенің ауылдарын аралап, жалынды жырларын айтты, жауынгерлер-ге жылы киім жинады, соғыстың алғашқы айларындағы сəтсіз-діктер оның ақын жүрегіне атқан оқтай қадалып, жанына қатты батты. Əлгі сəтте, мүмкін, ақын атаның көз алдына сол кездер келіп, радио хабарындағы қуанышта ол өз еңбегінің де үлесі барын түсінген болар. Отанын, ел бақыты мен болашағын ел-жіреп сүйген қарт жүректегі қуаныш сыртқа көз жасы болып шыққан шығар.

Page 273: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

273

Жоқ, жалғыз көз жасы ғана емес, ол шабытты жыр болып та шықты. Нұрекең:

– Алшы қаламыңды! – деп, өзі қолына домбырасын алды. Бір ғажабы, Нұрпейіс жаңа жырын домбыраға қосып, бастан-аяқ айтып шығатын да, кейін менің жазып алғанымды қайтадан тыңдап отырып, əр сөзге жаңа синоним іздейтін, кейде: «Осы бір сөз Жамбылда, Доскейде немесе Нартайда бар сияқты еді-ау», – деп, күдікті жолдарды алдыртып тастайтын.

* * *

Нұрекеңнің əзілі əдемі еді.Үш жылдың ішінде мен оның талай жарасты əзілін, орын-

ды қалжыңын, кейде біреудің бойындағы ұнамсыз мінездерді мінеп айтқан ащы əжуəсін көп есіттім. Бұл əжуəлардың негізін-де ауыр зіл емес, жолдасқа көмектесейін, оның жаман əдеттен арылуына себепкер болайын деген ізгі ниет жататын-ды.

Жоғарыда біз Нұрекеңнің орысша сөйлей білмейтінін айт-тық. Бір күні Нұрекеңнің үйіне Ключевой ауданының орталығы Алға поселкесінен бетінде шешек дағы бар, мінезі оғаштау бір қызметкер келіп түсті. Кешкі астан кейін ол бір жолдасынікіне кетті де, тым кеш оралып, есік қақты. Қарт бұл кезде дəреттен жаңа келіп, енді ғана есік жапқан бойы еді. Сыртта біреудің есік қағып тұрғанын естіп:

– Бұл кім? – деп сұрады ол.– Открой двор, – деді сырттағы дауыс.Ішке өзінің манағы қонағы кіргенін көргенде, Нұрпейіс:

Алғадан келген шұбар-ай,«Откройте двор-ай»,Əліпті таяқ деп білмей,Орысшаға құмар-ай, –

деп, мырс-мырс күліп, орнына келіп жатты. Ертеңгі ас кезінде Нұрекең əлгі кісіге ақылын айтты.

Page 274: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

274

– Сырт естуім, – деді ол күле отырып, – сен орыс тіліне жүй-рік көрінбейсің. Мен де өзіңдей білгіштің бірімін, балам. Ен-деше, орыстың дверін двор етіп бұзбай-ақ қояйық. Қазақ тілін дұрыс білсек те жарамай ма?

* * *

Нұрпейіс Байғанин мейірбан адам еді.Ақтөбе облысының еңбекшілері оны Еңбекшілер депутат-

тарының облыстық Советіне депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсетті. Көптеген сайлаушылар өз депутатымен жиі кездесіп, үнемі ақылдасып тұратын.

Бір күні Нұрекеңнің үйіне жасөспірім бір жігіт келіп, ФЗО мектебіне оқуға түскісі келетінін, бірақ оның басшылары оқу басталып кеткендіктен мектепке қабылдамай отырғанын айт-ты.

– Олай десе, дұрыс болар. Өтірік айтып неғылсын. Балам, заңға біз де қарсы болмайық, өзің ертең келіп жолықшы. Мүм-кін, бір ретін табармыз, – деді Нұрекең.

Ертеңіне ол əлгі баланы облыстық атқару комитетіне ертіп апарып, барған шаруасын тындырып қайтты. Сонысына өзі ба-лаша қуанып, мəз болып оралды.

– Өзі отты бала екен. Адам болайын деп тұр. Түбінде жақсы жұмысшы болады, – деп сүйсінді.

Арада бір жылдай уақыт өтті. Бір күні жаңа келген почтаны оқып отырып, əлгі жігіттің хатына кездестік. Ол өзінің ФЗО мектебін жақсы бағамен бітіргенін, қазір Чкалов облысының бір заводында жұмыс істеп жүргенін жазыпты. Хаттың ұзын ырғасы: «Мен қазір маман болдым, ата! Осы жұмысым өзіме өте ұнайды. Соғыс жылының ауыртпалығына қарамай өз дегеніме жетіп, дербес өмір жолына түскенім – сіздің көмегіңіздің ар-қасы. Мен сіздің қарыздар балаңызбын».

Хат қарт ақынды қатты қуантты. Мұндай қуаныш оның күн-делікті тұрмысында жиі болып тұратын жағдай еді.

Page 275: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

275

* * *

Нұрпейіс Байғанин тамаша ақын, адамгершілігі мол азамат болумен бірге, кіршіксіз патриот еді.

1944 жылдың күзінде ол қатты сырқаттанып, Ақтөбенің тү-біндегі Табантал деген жерде тұрды. Үйіне жеті сайын жолдас-жоралары, Ақтөбе жұртшылығының өкілдері келіп, денсау-лығын сұрап қайтып тұратын.

Мен бір келгенде қарттың сырқаты жанына тым қатты бат-қанын байқадым. Əдетте келген қонағын жайдарлы қарсы ала-тын Нұрекең бұл жолы олай емес, қалың қабағы көзіне түсіп, əжімдері тереңдеп, күңгірт отырды. Мейман тарап, үй іші оңа-шаланғаннан кейін ол домбырасын алып, жəймен ғана шертіп отырып, өзінің «Мен өлмеймін, өлмеймін» деген жырын шы-ғарды. Бұл жырдың поэтикалық тамаша қасиеттерін айтып жатудың бұл арада қажеті аз. Себебі, ол – оның бай творчест-волық мұрасының ең бір асылдарының бірі десек, асырып айтқан болмайды. Ел басына түскен ауыр сын, қаһарман ха-лықтың жанқияр күресі, коммунизм ісінің салтанатына деген кəміл сенім, туысқан Коммунистік партияға, Совет өкіметіне шексіз берілгендік – осының бəрі «Мен өлмеймін, өлмеймін» деген өлеңде толық баяндалған. Бұл Нұрпейістің соңғы шығар-маларының бірі болатын. Одан кейін ақын өлеңге көп қайтып оралмады.

...Күзгі түн. Колхоз ауылы тыныштыққа шомған. Егіні жи-налып болған дала еркін тыныстап, керіліп кең жатыр. Нұрекең екеуміз үй сыртында əңгімелесіп отырмыз. Не айтқаны түгелдей есімде емес, бірақ оның бақыт, ақын қуанышы, өмір мақсаты тақырыбына ұзақ əңгіме айтқанын, кесек-кесек терең пікірлер түйгенін əлі ұмытқан жоқпын.

– Аурудың аяқ алысы жақсы емес, балам, – деді ол əңгіменің ақырында. – Əлгі өлеңде «Мен өлмеймін, өлмеймін» деп мен қайта-қайта бекер айтқам жоқ. Тоқсан жасаған адамның өмірге деген асықтығы басқаға ерсі болуы да ғажап емес, бірақ мына соғыста қанша бауыр, қанша етене жақын дос-жаран, қанша боздақ жеңіс үшін құрбан болды, қанша үйдің отбасына сусып

Page 276: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

276

суық қайғы кірді. Қас жаудан соның есесін қайтарған күнді көрмей өлу маған қиянат боп көрінеді.

Нұрекеңнің осы əңгімесі менің жадымнан əлі күнге дейін шыққан жоқ. Дарынды адамдардың бір өзгешелігі – неғұрлым уақыт озған сайын, соғұрлым олар қомақтанып, ірейіп, барша жақсылығы жарқырай, жайнай түседі. Нұрпейіс те сол сияқты. Ол қайтыс болғалы талай-талай жылдар өтіпті. Осы ұзақ ай -күндердің өне бойында Нұрпейіс біздің əдебиетімізбен бірге жасасып келеді, оның жырлары сахналардан айтылады, мектеп программаларынан белді орын алып келеді.

* * *

Нұрпейіс Байғанин 1860 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында туған. Жас кезінен-ақ өлең өнеріне бар ықыласымен беріліп, ақын атағы ел аузына тым ерте ілінеді. Əсіресе бай, молдалар «Шүрен баланың» мір оғындай мысқылынан жаман қорқады. «Өлеңнің кілтін мен Əбубəкір Кердеріден үйрен-дім», – дейтін Нұрекең. – Ол оқыған адам еді ғой. Мен болсам, қысқа жіп күрмеуге келмей, оқусыз қалдым. Əттең, қолыңа қа-лам алып, ойыңды ақ қағазға емін-еркін төгіп отырғанға не жетсін! Домбырамен айтқан ақынға обал-ақ. Басқаны қайдам, өлең айтқанда өзім көтермешілердің ортасына түскен бəйгі аты сияқты болып отырамын. Бір жағынан домбыра асықтырады, бір жағынан көңілдегі ойың ұйқасқа сыймай қинайды. Сөйтіп екі оттың ортасында отырғанда аяғыңды шалыс басып, сөзде-рің шашырап, кейбір ұйқастарың қайталанып кетеді. Бұрын біл-меуші едім, мұны өз өлеңімді қағаздан оқығалы сезіп жүрмін. Сондықтан, балам, сақ болайық. Жазып алғаныңды маған ізін суытпай оқып отыр. Біреу-міреу надан ақын екен десе, масқара ғой»!

Бұл – маған Нұрекеңнің айтқан ең алғашқы да, ең соңғы да өтініші еді. Əдетте ол кішіпейіл, қуақы, көңілді боп көрінге-німен, өзіне де, өзгеге де қатал адам болатын. Əсіресе адам бойындағы кемшілік атаулыны кешірмейтін. Əлі есімде, бір

Page 277: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

күні мен біреуді ақкөңіл деп мақтадым. Сол сəтте Нұрекең жа-нары жалт етіп маған тіп-тіке қарап қалды. Неден жазғаным-ды білмей, мен де əжептеуір сасып қалдым. Үлкен психолог қой, менің жағдайымды түсініп, сəл езу тартты да:

– Балам, біреуді ақкөңіл деп бұдан былай мақтама. Ол – дат-таған сөз. Ақкөңіл адам алаңғасар болады, – деді.

Нұрекеңмен бірге өткен үш жылым маған адам танудың, адам сыйлаудың үш жылдық мектебі боп қалды. Жастай жетім өссем де, осы үш жылдың ішінде ақылгөй атаның, талғампаз ақынның, байтақ халқымның со бір аяулы азаматының тəрбие-сін көргенімді өз өмірімдегі үлкен бақыттың бірі деп санай-мын.

Нұрекең 1945 жылғы 9 апрельде ауыр сырқаттан кейін Қы-зылорда қаласында қайтыс болды. Республика үкіметі марқұм-ның денесін Ақтөбе қаласына əкеліп жерледі. Қазір сол қала-да оның сексен жасында туған жалғыз баласы Момынжан тұ-рады.

«Н.Байғанин. Естеліктер. Таңдамалы шығармалар» кітабынан. Құраст. Ж.Асанов (Алматы, 2006).

Page 278: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

278

Дихан ƏБІЛЕВ

ЖЫР ТАРЛАНЫ

Ақтөбеге келгеніме бүгін үшінші күн. Мұнда да көктем. Жаз лебі. Адам жаны қоңыр самалға еркелей ме, əлде самал адам жанына еркелей ме, əйтеуір бір ғажап ерке шақ.

Облыстық партия комитеті хатшысының қабылдауында болдым, мұнда бір өте игілікті жұмыспен келгенімді айттым.

– Халқымыздың, бүкіл совет халқының даңқын дүние жүзі-не керемет жырлармен танытқан тоқсандағы Жамбылдың ақын-дығына жетпіс бес жыл толу тойы өтпек Алматыда... – дей бе-ріп едім, басшы отырып:

– Білем! Білем. Өте жақсы жұмыс. Игі жұмыс! – деді.– Сол тойға облыс-облыста дайындық ретінде ақындар сле-

тін өткізіп, ақындардың ішінен ең ығай мен сығайларын ақын тойына, яғни Жамбыл тойына жіберу лайықталмақ. Сіздің об-лысқа Жазушылар одағы мені жіберіп еді. Шаруам осы.

Маған қарап үн қатқан жоқ, кнопканы басып қап, көмекші-сін шақырып алды да, дереу аппараттағы жауапты қызметкер-лерін, газет редакторын жидырып алды. Мені таныстырды. Ме-нің келген шаруамды айтты.

– Əбілев жолдас осында, бізде ақындар слетін өткізбек боп келіпті, – деді.

Сол түні ұйықтай алмай дөңбекшіп көп жаттым. Ол – бөл-менің тарлығынан емес (бір бөлмеде бір өзім), көңілімнің жар-лылығынан. Сөйтіп, жаңа ғана көз шырымын алып ұйықтай бергенімде есік қағылды. Таң жаңа ғана атқан кез болар. Кере-наулап, кешігіңкіреп көтеріліп есік аштым. Қанафия Мұстафин екен.

Менің келген сапарымның көңілсіздікке ұшырап тұрғаны-на менімен бірдей қиналып жүрген досым осы Қанафия екенін сезетінмін. Екеуміз жиі-жиі кездесетінбіз.

– Тапқан сияқтымын! – деп Қанафия көңілді кірді.– Рас па?– Рас! Күт! Қазір алып келем.

Page 279: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

279

II

Қанафия менімен бірге Алға ауданына барып, ел аралап, ақын іздесіп те қайтқан. Одан түк шықпағасын қала ішінен іздестіріпті. Бармаған түкпірі бұл қалада қалмапты. Ақыры бір адамды тауыпты.

– Адам танысам, сөз танысам, өлең танысам сол кісі нағыз ақын. Менен гөрі сен өзің жетіксің ғой ол жағына, мына мен тапқан кісінің ақындығы Бұқар жырау, адамшылығы мен ақылдылығы «Адам пайғамбардай» шығар! Пайғамбар дегенге шошыма! Ол – менің ұғымымда ұлылық! Келтірейін бе, алып келейін бе?

– Келтір, Қанафия! Əлде, мен барайын, екеуміз барайық! – дедім сонша қуанып кетіп, асығыс киініп жатырмын.

– Жоқ, сен күт. Ертіп келейін. Солай келіскенмін. Қанафия асығыс шығып кетті. Мен жуынып, асханадан

алас-күлес тамақтанып кеп, бүгінгі газеттерді алып қарап отыр едім, есік қағылды. Атып тұра кеп есік аштым. Қанафия өте кішіпейіл, мəдениетті жігіт еді. Есікті өзі ашып, бірақ өзінен бұрын ақсақалды, ұзын бойлы, зор денелі, сол қолында қырғыз қобыздарындай шағын, арқаның əн домбырасын қымтып ұс-таған үлкен кісіні кіргізді.

– Кіріңіз, Нұреке! Төрлетіңіз! – дейді.Басындағы қоңыр барқытпен қайта тысталған көнелеу

пұшпақ бөркі толық шекесіне масаттанғандай орнығып, көне тартқан ат жақты ақ құба жүзін кере қарыс кең маңдайы то-лымдыра түскен, кеудесіне төгілген (аққу қанаты түстес) ақ сақалына қою ақ мұрты табиғи келістілік – келісім тапқан, ең-селі дене бітіміне сай сабырлы басып кіріп келе жатқан осы-нау қарияны жалт етіп шала қалған көз жанарым ішкі сезім дүниемді электр тоғындай шымыр еткізді. Қос қолдап сəлем беріп амандасып тұрмын. Тұлғасына лайықты ірі саусақты үл-кен алақанында менің нəзік саусақтарым шортан жаңа ғана жұтқан шабақ балықтар тəрізді лажсыз. Сонда да, неліктен екенін білмеймін, қолымды қайтып алғым келмейді.

– Бұл кісі – Нұрпейіс Байғанин ақын! – деді Қанафия.

Page 280: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

280

Енді ғана байқадым Нұрекең жалғыз келмепті. Қанафиядан басқа екі адам жəне бар екен. Біреуі – жас ақын, газет қызмет-кері Жаңабаев Мəселе. Ұяң жүзді сарша жігіт. Екіншісі – би-дай өңді, орта бойлы, қой көз əйел адам. Жасы қырықтарға жуықтап қалған тəрізді ме, қалай? Осында үш айлық курста оқып жатқан ауыл Совет председателі екен. Көркем əдебиетке, өлең-жырға құмар адам екен. Нұрекеңмен ере келіпті. Отырыс-тұрысында, сыр-сипатында өрескелдігі жоқ, нағыз биязы мінез қазақ əйелдерінің бірі тəрізді.

– Атамның (Нұрекеңнің) өлеңін естімегеніме үш ай болып еді. Сағынып жүр едім. Оқудан босамаймыз. Ұят та болса еріп келіп қалғаным ғой, кешірерсің, қайным! Атым Құштаргүл, – деп таныстырды ол өзін.

– Дұрыс! Келгеніңіз жөн, хош келіпсіз! – дедім.Бір адамдық бөлмеде кеңдік қайдан болсын. Екі орындық-

тың біріне Нұрекеңді, екіншісіне жаңағы Құштаргүл жеңгей-ді отырғызып, Қанафия, Мəселе, үшеуміз менің кереуетімде отырмыз.

Мен Нұрекеңе өзімді таныстыруды жөн көрдім. Ақтөбеге келген шаруамды айттым. Жамбыл тойына əр облыстан халық ақындары қатынасуы ғанибет екенін сөз еттім. Партия да, үкі-мет те, жазушылар қауымы да соны жөн көретінін баса айт-тым.

Тоқсаннан асқан Жамбылым,Жыр дүлділі даңғылым.Тойланады екен ғой,Құтты болсын тойларың! –

деді Нұрекең. Лебізінен ақ жүрегі, адал тілегі таңғы самал та-залығымен еседі. Мен солай сезіндім де:

– Олай болса, Нұреке,Болғай деп тойда береке! –

дей салып орнымнан тұрып, алдына барып жəне өлеңдетіп жі-бердім:

Page 281: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

281

Нұреке, Алматыдан сіз деп келдім,Ақын деп сырттан естіп іздеп келдім!

Нұрекең маған сынай қарап қойды. Байсалды да есті көне көз сенің сырыңды ғана емес, бүкіл ішіңді, көкірегіңді сəтте тінтіп, ондағы бар шыныңды түгел əрі көріп, парасаттап шыққандай дана білгірлік сипат береді.

Асханадан тағам алдырып, оның соңынан күрең шай (Нұре-кеңе бола) ішіп, əңгіме-дүкен құрып отырмыз. Көпті көрген Нұ-рекең өзінің қазіргі өмір жайын айтты. Əйелі қайтыс болғалы бірсыпыра жыл өтіпті. Одан кейін үйленбепті. Жалғыз еркек баласы бар екен. Ол осында облыстық прокурор көрінеді. Аты Ғалым деді. Осыдан бірер күн өткенде Ғалыммен де кездестім. Орта бойлы, дембелше, қара торы жігіт екен. Ауыз сөзге сараң. Сақтығы басым, сабырлы жігіт тəрізді. Нұрекең осы баласының қолында болғанымен тордағы кəрі жолбарысқа ұқсап отыра бермей, ел-жұрт арасына барады екен. Өлең-жырдың көкірек кернеген теңіз толқынын халық ортасында сапырып, көңіл қо-шын табады екен. Бұған жаңағы прокурор баласы Ғалым риза емес екен.

– Қартайдыңыз, сауатыңыз болса жоқ. Өлең айтам деп бір-деме сөйлеп қойып, заңға кіріптар болып жүрерсіз. Отырыңыз! Ешқайда шықпаңыз! – дейді.

Көкірегін кернеген жыр толқын Нұрекеңді отырғызбайды, тыңдаушысы сағынады. Халық сүйікті жырауын сағынады. Шақырып алып кетіп отырады...

Кең əңгімелесіп отырмыз. Қанафия ғана болмаса, жас ақын ұяң мінез Мəселе де, қоңырқай жеңгей Құштаргүл де сөзге ара-ласпайды. Жай тыңдаумен рахаттануда. Тек, анда-санда Құш-таргүлдің дөңгелек қоңыр көзі мөлдірей күлімсіреп, жетімсі-реп, жүрегі қуанышпен тербелгендей, екі бетінің ұшы нұрла-нып, бал-бұл жанады. Өлең түсінетін, ақындар жанын түсіне білетін ибадатты қазақ əйелінің жақсы парасатын аңдатады.

Нұрекең тыңдағымыз келіп отырғанын түсінулі тəрізді. Кө-зінің астымен бағып, қас-қабақтан сыр тыңдап алып, соған сай сөйлейді. Сабырлы да салмақты сөздері Сарыарқаның мол бітімі тəрізді келбетіне келістілік береді.

Page 282: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

282

– Нұреке, – деді біраздан соң Қанафия, өзімсінген үнмен. – Дихан балаңыз бар, біз бəріміз боп жыр дəме етіп отырмыз.

Нұрекеңнен бұрын Құштаргүл күлімсіреп сүп-сүйкімді бо-лып алып:

– Атамда жыр деген көп! «Тайбурыл», «Күлбаршынды» да, «Қырық батырды» да, «Күлше қызды» да – бəрін біледі, бəрін айтады... Талай естіп рахаттанғанбыз, – деді.

Қазақы отбасының əйелі ғана емес, жаңа заманның жалыны-на тербеліп жайраң ашыла бастаған совет əйелінің еркін үнімен еркелей айтты.

Құштаргүлдің мұнысына қанша риза болсам да, бұрыннан бар жаттанды фольклорлық дүниелерді тыңдаумен жыраудың ақындығын танып бола ма?

– Олар белгілі ғой. Бізге Нұрекеңнің өз көкірегінің күркірі керек-ау осы, ə, Қанафия?! Солай емес пе? – деп едім. Сезімтал Нұрекең:

– Жөн, шырағым! Жүйрік өзі жүгірмей өзгені жүгіртіп жүй-рік атанған болып па? Мен сонша бір топ жарған жүйрік бол-маспын. Қаражаяулығым да жоқ. Ақын жанын басқалардан бұрын ақын түсінетіні рас болса, əлгі өлең сөзіңнен түсінік алғандаймын. Түсіндім, өлең тілеп қамшылап өттің ғой мен кə-ріңді. Жарытпасам жазғырма! Суынған бой, сұрғылт тартқан ой кəрілігі болмаса, бір кезде құлаштап сілтейтін, түйдектеп толғайтындардың өзі болмағанымен, жаман шəкірт емес еді бұл Нұрекеңдерің. Жарытпасам айып етпеңдер, қарақтарым, – деп жымиып қойды. Осы бір күлімсіреуінде көкіректегі жыр құдіретінің нұры білінгендей болды.

– Нені айт дейсіңдер, қалауларың білсін?! – деді шағын, оң-тайлы қоңыр домбырасын қолына алып.

Қанафия екеуміз бірімізге-біріміз қарай қалып едік, Нұрекең домбыраны қыл мойнынан ұстаған күйі:

Сексендегі шайырмын,Сауатым жоқ айыбым.Не айтуды тілесең,Шырақтар, соған дайынмын! –

Page 283: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

283

деп жіберді. Мен сəл ойланып қалдым. Октябрь, совет өкіме-ті, Ленин, халықтар достығы, жаңа заман, бақыттылық тəрізді өміріміздің тамаша тақырыптары газет-журналдарда көп жазы-лып еді. Бұлар жөнінде Алатау төңірегіндегі халық ақындары да көп сілтеп тастаған емес пе? Сондықтан бұл кісіге соны тақырып берсек деп ойлап отыр едім: жүйіткуді тіленген Нұре-кең шыдамады білем:

Балаларым бас қосып,Тілесең жырдың базарын,Бабына түскен тұлпардай,Бауырымды мен де жазамын! –

деп жіберді. Бұдан əрі кідіру Нұрекеңнің көңіл күйіне, көкіре-гінде бұлқынып «мені айт, мені айт, мені жырла!» деп отырған жыр толқынына қиянат тəрізді сезіндім де:

– Жаз шықты ғой, Нұреке, көктем туралы айтсаңыз қайте-ді? – дедім.

– Көктем туралы дейсің, балам, ə? – деп ұйқыдан жаңа оян-ған тарлан арыстанша ыңыранып домбыра пернесін салалы саусақтарымен басып-басып жіберіп, ішіне жел тартқан тар-ландай ышқына дем тартып, «А-пы!» деп ақырып жіберді.

Тына қалдық, Нұрекең сілтеп берді.

...Жаз шықты, нұр төгілді алтын күннен, Əн шырқап, сайрайды құс неше үнмен. Түгіндей көк мақпалдың құлпырды жер, Бөленді айдын дала хошты гүлмен. Қалада жұмыс қызды, еңбек тасты, Ырыстың ұлы еңбекпен көзін ашты. Еңбектің жаңғырыққан дабылына Толқыған еңбек əні араласты. Жырт жерді, сеп тұқымды дер күнінде. Тұқымның сенім күшті өнуіне! Күні ертең еңбегіңнің нəтижесін Орарсың мезгілінде піскенінде! –

Page 284: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

284

деп мамыр баяулатып кеп, пернелерге жүйткіп отырған сол қолының салалы саусақтарын домбыра сағағына сырғыта қы-сып, оң қолының алақанымен домбыра күймесінің кеудесін шарт басып тына қалды. «Болды. Айтып болдым» дегенін біл-дірді. «Қалай?» – дегендей менің жүзіме көз тоқтатты.

Жақсы! Көңілдегі сөз көркем жырланды! – Сабырлы мінезді Құштаргүл жеңгей:– Япырай, ақын атадан біз ылғи тек батырлар хикаясын

тыңдай беріппіз ғой. Жаңағы өлең бізге, біздің колхоздарға қандай əсерлі сөз еді! – деді. Ақтөбеде отырып аулын ойлап айтып отыр. Сүйсінесің!

Кең көкірек жаңағы жырын місе тұтпай, ұзақ жүйткуді ке-рексініп, тұлпарша тарпынып отырған сияқты. Түсіндім. Бірақ ондай үлкен желіні, бұл кісінің өзіне дағдылы дүниеден гөрі (оны уақыт та көтермейді бұл кездесуімізде) əрі жаңа, əрі ша-ғын өлең қырларын (əдейі, байқау үшін) тыңдағым келеді. Қа-нафия да солай. Қарт жырау соны əулиеше сезгендей.

– Енді не туралы, кім туралы жырласам екен, балалар? – деді, кең тыныспен келісті пішінмен жайбарақат айтады. Тар-тынар да, тосырқар да тарлан емесін сезінеміз.

Байқаймын, ақын «бол-бол» қағып шабытты отыр. Біз бөге-ліңкіреп қалып барып:

– Ленин туралы айтыңыз. Ленинді жырлап беріңіз! Сол-ақ екен, Нұрекең жыр аруағын шақырғандай: «А-пп», –

деп ақырып жіберді де, жырлай жөнелді.Нұрекең «А-пп» деп бастай жөнелгеннен оны тез-тез жазып

алып отырмаққа жан ұшырдым. Алғашқы «Көктем» өлеңін күрең книжка-блокнотыма жазып отырғанымда Нұрекең көз астымен қарап қойып, кейде тіпті кəдімгідей қымсынып қап отырғанын аңдап едім. Бұл жолы, Ленин туралы жырлағанда басқа дүние əлемді ұмытқан тəрізді. Жазып отырған-отырмаға-ныммен жұмысы болмады. Еркін сілтеп, күйіне келген жүйрік-тің жүйткудегі қызуындай, қуаң ақшыл жүзіне жұқа қызғылт қан теуіп, нұрлана толқып, елти жырлады. Ұлы көсемге деген жыр жүрегі ақ бұлттардың арасында ойнақ салған ақиық ла-шындай шабытты шарықтайды.

Page 285: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

285

Ақындығына шын жүректен риза болдым. Орнымнан атып тұрып, қолын алып, мойнынан құшақтадым. Нұрекең сол отыр-ған күйі домбырасын жанына қойды да менің маңдайымнан сипап, бетімді төсіне басты.

Нұрекең аузынан жазып алған əлгі өлеңдерді ол кісіні қонақ үйден шығарып салысымен тəртіпке келтіріп, қайтадан көші-ріп, облыстық «Социалды жол» газетіне жолдадым. Ертеңінде бірінші өлеңі, одан кейінгі күні екінші өлеңі басылып шықты.

Қанафия Мұстафинмен біздер Нұрекеңнен алғашқы өлең тыңдаған күні-ақ өзінің бөлім бастығына баян еткен екен. Ал енді газет бетінде Нұрекең ақынның өлеңі жарияланған соң обкомдағы басшы жолдастар да қуанды. Нұрекеңе машина жіберіп, шақыртып алдырды. Қарсы алу, қабылдау – бəрі де көңілдегідей құрметті басталды. Мен сонда:

– Сіздердің Нұрпейіс Байғаниндеріңіз екінші Жамбыл! – де-дім, алғашқы өлеңі шыққан «Социалды жол» газетін ала ба-рып, оқып беріп отырып айттым бірінші басшыға. Ол кісі:

– Рас айтасыз ба! Рас айтасыз ба?– Өлең жалған айтуды, көңіл аулауды сүймейді. Өнерді

сүйеді. Ол шындық перзенті!Алайда облыс басшылары өз көздерімен көріп, өз құлақта-

рымен Байғанин өлең-жырларын естігісі келді. Құба-құп! Бақ тəуекел! Қартая бастаған ақбоз нар тəрізді келісті Нұрекеңді көргеннен-ақ облыс басшылары Фирдоуси немесе Лев Толстой тіріліп кеп тұрғандай құрметпен қарсы алды. Осының ішінде Нұрекеңнің жыр толғауына «тыйым салып» жүрген өз баласы Ғалым да бар еді. Ол түс көргендей таң-тамаша маужырай ма, естен тана сұрлана ма! Біліп болар емес күйде. Мейлі!

Маған да сеніңкіремей ме? Əлде, шынында өз құлақтарымен естіп, Нұрпейіс ақындығына шүбəсіз болғысы келе ме, əйтеуір «Нұрекеңнің лебізін тыңдасақ», – деп тілек етті. Мен сенімді халдемін. Нұрекеңнің ақылдығына шек жоқ, шек те жоқ!

Нұрекең «А-пп!» – деп алып толғап кетті.Тыңдағандар Нұрекең ақындығына ден қойды. «Ақын!»,

«Төгіліп тұрған ақын!», «Көкірегі – өлеңнің теңізі болар», «На-ғыз ақын!» – десті.

Page 286: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

286

– Барасыз, Нұреке, тойға! Жібереміз!– Мынандай ақынды тойға жібермегенде!– Уа, бізден де бір Жамбыл шықты делік те!Дегенмен бірінші басшы Нұрекеңе жаңа тақырып беріп, өз

құлағымен тыңдағысы келді.– Клим Ефремович туралы... Яғни Ворошилов жолдас тура-

лы айтсаңыз! Ол кісі Отан қорғау комиссары, – деді.Нұрекең сəл ойланып қалды да, домбырасын қайта бұрап,

еңсесін отырған күйінен сəл көтеріңкіреп, өзіне тəн байсалды қалпымен жырлай жөнелді.

Клим батыр туралы айтылып, жазылып-жарияланып жүрген өлең-жырлардың дайын сүрлеулерінен мүлде аулақ. Нұрекең өз тебіренісімен, өз теңеулерімен, өз көкірегінің жыр ұясынан, өзінің ұйтқы ұйқасымен нақыштап толқытқан жыры мені тағы да қуантты. Облыс басшылары алдында осынау тамаша жыр-ды өз жүрегімнен толғағандай хош алып:

– Уау, деген-ау! – деп қалып отырғанымды да ерсі көргем жоқ. Нұрекең толғауы басшыларға да қатты ұнады. Бірақ мен кешегімдей жазып алып отырмадым, жұрт қатарлы жай тыңдап рахаттандым. Есімде қалғаны Клим батырдың азамат соғысындағы ерлігі, соғыс ісін білгірлігі, жаңа ғана құрылған Совет өкіметін интервенттерден де, ақ бандылардан да қорғап, оларды кездескен жерде кескілеп жойған қаһарман қимылы.

Басшылар мəселені несиеге қалдырмай сол отырыста өзара ақылдасты да Нұрекеңе хатшы (ауызша айтқан өлеңдерін жа-зып алып отыратын) етіп Жаңабаев Мəселені ұйғарды. Жам-был тойына Нұрекеңді жіберуге жақсы əзірлік керегін шешті.

Мен бұдан кейін де төрт күн Ақтөбеде болдым. Нұрекеңді тыңдай түскім келді. Күндіз Қанафия екеуміз Нұрекеңді ер-тіп обком машинасымен жақын колхоздарды аралаймыз, мек-тептерде, əскер бөлімдерінде де болдық. Радио арқылы Нұре-кең екі рет жыр толғап та жіберді. Газетте өлеңдері басы-лып шығып жатыр. Сөйтіп, бүкіл Ақтөбеліктерге «Нұрпейіс Байғанин» ақын даңқы жарқ етті. Ал мен болсам, кəрі ғұламаны қимайтын мүриті тəрізді, кіндігінен тарамыспен Нұрекеңнің жыр қазығына арқандап тастаған құлындай кете алмаймын.

Page 287: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

287

Тыңдай бергім келеді, тыңдай бергім келеді. Келісті сымба-тына да, кең адамшылығына да, көсіле жүзетін кемедей жыр-шежіре көкірегіне де мүритпін! Осы бір даңғыл жырау мені дуалап алғандай!

Қайран, Қанафия марқұм! (1973 жылы қайтыс болып кетті ғой) кең қарақты еді ғой. Жыраудың жыр жаннатын менің жас ақын жанымның сонша сүйетіндігіне ден қойып, мүмкіндіктер туғыза берді.

Мейманхана бізге қолайлы болғанымен, үлкен кісіге (Нұре-кеңе) онша көңілдегідей болмауы мүмкін. «Социалистік Қазақ-станның» Ақтөбедегі тілшісі Нұрекеңді, мені қонаққа шақыр-ды. Бізбен тілдеспестен-ақ Қанафия уəде беріпті.

– Кең көсіліп отырып, Нұрекеңді бір армансыз тыңдайықшы осы! – дедім.

– Барамыз! – деді маған Қанафия.Нұрекең кəрі серік домбырасын Мəселеге көтертіп ала

келіпті. Жерге жасалған ақ дастарқанның төрінде отырып, шай ішіп болған соң, Мəселе ешкім айтпастан Нұрекеңнің қоңыр домбырасын бөбекше көлденең көтеріп əкеп Нұрекеңнің жа-нына қойды...

– Өй, мұның не? Нұрекең шаршаған шығар? Аз тынықсын! – деп едім.

Нұрекең өзі:– Неге шаршайын, шырақтарым! Осы бір алты-жеті күннен

бері қайта туып, қайта жасаруым басталған шағым емес пе? Ме-нің көңілімді бұл, мұның көңілін мен қалдырып көрген жоқ едім... Хош кепсің, қоңыр серік! – деп домбыраны қолына алды.

Нені айтайын, қайсысын айтайын деп тіленіп отырған Нұре-кеңе:

– Бес-алты күннен бері ылғи да біздің тілегенімізді айтып жүрсіз, – дедім. – Енді осы жолы қалау өзіңіздікі болсын! Мүм-кін, батырлар жыры болса да...

– «Қырық батырды» да, «Қобыланды», «Алпамыс батыр-ды» да, тіпті ана «Күлше қызды» да қоя тұрып, өзімнің «Нарқы-зымды» айтып берейін, балалар! Ал, тыңдандар! «А-пп!» – деп жіберді.

Page 288: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

288

Шай дастарқанды жаңа ғана жинап ала берген, бетінің сəл ғана білінер-білінбес қорасан дағы бар, ашаң жүзді, сида бой-лы қараторы Қалиша жеңгей селт етіп, дастарқанын кеудесіне жұмарлай басқан күйі тұрып қалды.

Нұрекең бастап кетті. Тағы да сол баяғы биязы кең үні, са-бырлы да салмақты қалпы. Ақ сақалды ақ пайғамбардың өзі жыр толғап беріп отырғандай бізге. Жай қоңыр үнімен сызат-тай бастады.

* * *

Ақтөбеден Алматыға оралғаныма бір жетідей боп қалды. Сол бір сапарыма көңілдімін де. Жамбыл тойының күні жақын-даған сайын қиялым Ақтөбе жақта болатынды шығарып жүр-ген. Оным – Нұрекең тəрізді ақын-шежіре жырауды, көкірегі теңіздей толқыған көне жырауды тауып қайтқаным... Оның Жамбыл жыр тойына қатысуын мақтаныш тұту. «Қашан ке-лер екен?» деп асығамын. Сөйтіп мазасыз жүрген күндерімнің бірінде, той басталуға екі-үш күн қалғанда Ақтөбеден теле-грамма келді. Нұрекең шығыпты.

Өзіміздің Жазушылар одағының қара «Эмка» машинасы-мен Нұрекеңді қарсы алдым. «Алатау» мейманханасынан əзір-леген екі кісілік номерге түсірдім де, аз жеңілденіп, дем алысы-мен үйге алып келдім. Нұрекеңнің өнер өрмектерінің желісін де, сан алуан беткей-бедерлерін де əкеме айта келгем.

– Ол елде де сондай адам бар екен ғой? Ол кісің мұнда келе ме? Келсе үйге əкел! – деген еді əкем.

Сонымен қазір біздің үйдеміз.– Əбеке, – деді Нұрекең, – мына Дихан қарағым, сіздің ғана

балаңыз емес, менің де балам десем қызғанбайсыз ба?– О не дегеніңіз, Нұреке? Көптің бірі болмай, көптің баласы

болса, одан артық не тілеппін?!Қарттар жайылған кілем, көрпе үстінде кеш бойы рахатта-

нып əңгімелесе берсе керек, өйткені мен той дайындығы ша-руасымен айналысып кеткен едім.

Page 289: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

289

Ертеңіне Жазушылар одағының машинасын алып, Нұрекең-ді соған мінгізіп Алматыны аралаттым. Мəуелі көк толқынға көміліп тұрған Алматы бұрын көрмеген қарт жырауға ғажап əсер етті.

– Өзім жүйрік емес, көңілім мен көзім жүйрік еді. Ал мына машинаң одан да жүйрік екен. Тоқташы, жерге түсіп көрейін! Оһ! Дүние мұнда екен ғой, – деді Нұрекең. Көше бойлай көз жүгіртіп, көк толқынға көміліп тұрған сан үйлердің қатарын көріп, онан соң Алатаудың күміс шыңдарына көз жүгіртіп:

– Жүйткіттіре бергенше, манадан бері осыны көрсетпейсің бе, Дихан?

Сол күні кешінде тағы да біздікінде отырғанымызда:– Əбеке, – деді біздің əкейге майда, биязы үнімен, – мына

қаланың адамдары бəрі шетінен ақын болмасқа лажы жоқ қой тегі. Солай ма деп қалдым.

– Пайғамбарлық əр сахабаға келе бермегені бар емес пе, Нұреке? Сол сияқты ақындық та кез келгенде бола бере ме?!

– Жөн, Əбеке, жөн! Жөн айтасыз, Əбеке!Күн жарым бойы қаланы аралап шыққан Нұрекең «Көрім-

дік» (Алматыға) деген өлең толғапты. Бүгінгі кеште, мен кел-генсін (ол кезде кешкілікте қызмет етеміз) соны айтты. Бұл жолы ешкімнің тілегінсіз-заказынсыз өз бетімен жырлап жі-берді.

Ассалаумағалейкум,Алматымыз – шаһарымыз!Сəлемін берді халықтыңСексенге келген кəріңіз... –

деп толғай жөнелді.Төрт тұяғы түйдек-түйдек шаң боратып жүйткіген тұлпар

сияқты:

Астанамды – ордамды, –Деп едім қашан көремін? Сені көріп арманды

Page 290: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

290

Түйдектеп жырды төгемін. Ақтөбенің ақсақал Қарт жырауы мен едім. Саған арнап мен бүгін.Жібектей жырды төгемін... Көкірек мұзын сөгемін, Айға астасқан Алатау, Күн астасқан кемерін, Жырыммен сені өбемін!

– Уау, пəле Нұреке! – деді Əбекең. Содан соң өкінішті бір сыр ашты.

Орта жүзді əнмен қырған сал Біржанның жазғы жайлау-да Өлеңті өзені бойындағы бір ауылда кешкілікте салған əні Шідерті өзені жағасында отырған ауылға шалқып жеткенін Əбекең жас кезінде өз құлағымен естіген екен. Нұрекеңе соны айтты. Бірақ Біржанның сол бір керемет əнін естісе де, өзін көре алмағанын өкініш етті.

– Өкінішің өте орынды екен, Əбеке! Ал мен осы сап-сал-мақты-ақ сияқты қалпыммен Біржан əндерін Қали Байжа-нов айтқанын естігенде жауырыным теңіз шайқаған кеме-дей ырғатылып, орнымда отыра алмастай қозғалақтап кетем, Əбеке! Ол жарықтық əн құдайы ғой.

Əні сондай болғанда, сөзі қандай, Жүрегіңді тіл мен жақ суырардай! –

деп Нұрекең Біржанды пір тұтып, алыс ойға шомып кетті.Нұрекеңде де өкініш бар. Сол күні жұрт тарағасын жатар

алдында, төсек үстінде отырып сонысын айтты.Ғұлама академиктердей мəдениетті де сыпайы қария еді

ғой Нұрекең. Сүйек-басы қандай таза, кескін-келбеті қандай көрікті де келісті еді.

Соның бəрі, ойлап тұрсақ, жан тазалығы, ар тазалығы, өлең-жырының тазалығы, ой сұлулығы-ау деп ойлап, жүзіне қарай бердім. Онымды сөкет көрмеді. Дана жырау: «Ақын жас

Page 291: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

291

кəрі жаныма үңіліп отыр-ау. Үңілсін! Үңілсін!» деп отырған сияқты. Сөйтіп, Нұрекеңе арналған қонақ бөлмемізде екеуден-екеу оңаша едік.

Нұрекең тіпті жастайынан өлең айтып, жыр толғап өсіп-ті. Алғашқы «үні» топас жандардың, дəулетке мас надан бай-лардың ерсіліктерін мысқылдап, түйреп өтетін туындылары екен.

– Совет өкіметі келмегенде азулылар мені ит жеккенге жібе-ретін еді, – дейді Нұрекең. Ол жылы (Совет өкіметі құрылғанда) не бары елу үш жаста ғана екен.

– Дегендей жыр сілтер шағыңыз екен, Нұреке! Неге кешеу-леп көзге түстіңіз? – деймін.

– Оның себебі өзімнен, Дихан қарағым. Өзім демей не дейін, өзімнен туған жалғыз ұл Ғалымымнан болды.

– Ол қалай?Ғалым Совет үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап белді

қызметтерде болыпты. Бір жағынан əкесінің «жырау» боп жыр толғап жүруін «ар көріпті». Оның ұғымында ақын-жырау де-гендер (ескі заманда) жыр толғап, мақтау өлең айтып мал та-бады. Ғалымның əкесі (Нұрекең) олай болмасқа тиісті. Ғалым əкесі Нұрекеңе осы түсінікпен үйде, жай отыруын, жырламау-ын тілек етеді. Бірақ жыр толы ақын көкірек күркіремей қалай шыдай алар? Қонаққа барған жерде, ел ортасында Нұрекең толғап тастап жүреді. Соны сезген, естіген баласы – Ғалым қатты қиылып өтініш жасайды. Тоқтайтын уəж айтады.

– Жасыңыз болса келді, əке! Сауатыңыз жоқ. Өлең шығарып айтатын көрінесіз. Саясаттан хабарсызсыз. Қателесіп кетесіз, де сотталасыз. Қойыңыз! Қырсығыңыз мына маған тиеді...

– Жалғыз ұлыма қастығым бар ма! Тыйылдым да қалдым. Алайда ол жоқ ортада халық дастандарын, өзім шығарған хикая-ларымды («Төрехан», «Ақкенжем», «Нарқыз») толғап тастап жүрдім. Бойым сергіп, көңілім ашылып рахаттанып қалам.

– Сөйтіп, өзім өлең шығаруымды балам ауыздықтап тастап, «қапаланып» жүргенімде радио тыңдауды, əн-жыр тыңдауды шығардым. Бір күні (бертінгі жылда) «Майымбет жырау» де-геннің өлеңін тыңдадым. Өлеңшілігі өзімдей ғана.

Page 292: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

292

«Қызыл керуен» туралы айтсам, мен де сондай айтатын өнерім жатқан сияқты көкірегімде. «Балам бекер бағымды бай-лап жүр-ау менің?» – деймін ішімнен. Содан бір күні Жамбыл өлеңдерін сайрады радио. Үй оңаша еді, рахаттана тыңдадым.

Қызметінен келгенсін балама айтып едім:– Аурусыз! – деді.– Ия, аурумын. Ауруым – өлең-жыр. Емдеушім де сол! – де-

дім. Содан кейін түйіліп қалдым. Көкірегім жауар бұлт тəрізді құрыстап кетті, құрыстап жүрмін. Сөйтіп жүргенімде, айналай-ын Диханым, Алматыдан сен келіп мені таптың. Əлгі Қанафия Мұстафин азаматқа рақмет! Мені саған айтқан да, кездестірген де сол ғой! – деп Нұрекең үлкен ризашылықпен толқыды.

Нұрекең ендігі бір сөзінде: – Əттең, шіркін, қолыңа қалам алып айтар ойыңды ақ қағазға емін-еркін өзің кестелеп тө-гіп отырғанға не жетсін?! – деп күрсінді. – Домбырамен айт-қан ақынға обал-ақ, – деді. Өзі шығарып өлең айтқанда көтермешілердің ортасына түскен бəйгі аты тəрізді болатынын сөз етті. Сөздерің шашырап, кейбір ұйқастарың қайталанып кетеді. – Оны бұрын білмеуші едім, мұны өз өлеңдерімді қа-ғаздан оқытып көргелі сезіп жүрмін. Ол – алғашқы өзің жазып алып жариялаған, ең тұңғыш рет газетке шыққан өлеңдерімді оқытып тыңдағанымда алған түйсігім. Содан бері ойлаймын, – деді Нұрекең.

Осы бір ақын жанының асыл шындығын өзіне соңғы үш жыл бойы хатшы болып істеген Қуандық Шаңғытбаевқа да айтқан екен. 1974 жылы «Жазушы» баспасы басып шығарған Нұрекеңнің «Нарқыз» атты өлең-кітабында «Азамат. Ақын. Ата.» – деген алғы сөзінде Қуандық өте орынды айтыпты.

* * *

Соғыс басталды. Мен майданға кеттім. Бірақ Нұрекеңнің өлең-жырларын республикалық газеттер бетінен оқып жүрдім. Тірлік тынысы да, жыр қайнарын да халықтан тапқан қарт жы-рау отаншыл үлкен жүрекпен, ыстық сезіммен, жауға деген

Page 293: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

293

қаһар сезіммен толғап отырыпты. Елдікті, ерлікті тебірене жыр етіпті. Мен сол жылдардағы Нұрекең поэзиясын от ішіндегі балапандары үшін ызалы, саңқылдап шарқ ұрған кəрі қыран тəрізді сезіндім.

Соғыс жылдарында туған ерлік дастандарының бірі Нұре-кеңнің «Жиырма бесі» дер едім. Мұндағы Төлегеннің батырлық жалын бейнесін, намыскер, өмір үшін, Отан үшін күрескер от қимылын халық жыр-дастандары өрнегімен жырлайды.

Кешегі жүрген ТөлегенҚай батырдан кем еді?Кем емес еді ТөлегенҚобыландыға тең еді! –

деп айшықтап, «Қаруын кекке егеген» – біздің Совет заманы батырының, жас батырының жағаласқан жауын жайратпай тынбайтын, найзағай құдіретті күшін бейнелейді. Төлеген ерлі-гіне, жүрегіне қандай сүйсіне риза болсаң, Нұрекеңе де сондай рақмет айтқың келеді.

Дастанның түйінінде бүгінгіге де, келешек ұрпақтан ұрпаққа да былай деп өшпес үн тастайды:

Тұлпардан шыққан із қалар, Сұңқардан биік құз қалар, Жаңбырдан жерде нұр қалар. Жасанған жасыл қыр қалар. Шеберден біткен іс қалар,Шешеннен асыл сөз қалар, Ез орнында дақ қалар, Ер өлгенде даңқ қалар. Ердің аты өшпестейЕл аузында қатталар.Ердің еткен еңбегінҮлгі қылар басқалар!Төлегеннің ерлігінНеше жүз жыл өткенде,

Page 294: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Неше заман жеткенде,Сонда тыңдар жыр құмар,Сонда жырлар жыршылар!

Қыршын кеткен жас батырдың – шын батырдың өліміне күйініп, ерлігіне сүйсініп жан түкпірінен теңселе тебіренеді. «Ер өлсе, елі тірі. Ел тіріде ер есімі өлмейді. Ел аузында жат-талады. Төлеген сондай батыр», – дейді. Шындық. Ұлы Отан соғысында, қан майданда, қаһар жауға қарсы қаһармандық жа-саған шын мағынасындағы батыр – осы Нұрекең жыр еткен Төлеген!

«Менен кейінгі жыршылар да Төлегенді жыр етер» деп сөз тастайды, Төлеген ерлігі сан ғасырлар, сан ақын жырлар ерлік деп ізгілік білдіреді.

Иə, Нұрекең осындай ізгі, кішіпейіл ақын еді. Өзі сонша ірі ақын-жырау бола тұра өзгенің талантын кішірейткісі, өзін зор санап тəкаппарланғысы келмейтін. Бұл – хас талант адамда-рында ғана кездесетін қасиет.

«Н.Байғанин. Естеліктер. Таңдамалы шығармалар» кітабынан. Құраст. Ж. Асанов (Алматы, 2006).

Page 295: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

295

Əбділда ТƏЖІБАЕВ

АТАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жыраулық дəстүрі – хан ордаларының маңында туып, онда-ғы ақылшы ақындардың сəуегейлігін сөйлеп, заман жайын толғайтын мінбесіне айналған сияқты. Сондықтан болу ке-рек, бұл дəстүр Алтын Орда маңында, оған шектес өлкелерде басымырақ орын тепкен жəне бұзылмай сақталып келген. Жыраулық дəстүрі Шығыс жəне Орталық Қазақстанда да кездеседі, бірақ олардың жыраулығын батыс облыстардағы жыраулыққа салыстыруға болмайды. Батыста Мұрын сияқты он күндеп жырлайтын жыраулар кейінгі кезге дейін кездесе беретін, олардың сөзін ұзақ күндер бойы тыңдау дəстүрі де сақталған болатын. Ал Шығыс жəне Орталық Қазақстанда мұндай құбылыстар əлдеқашан ұмытқа айналған.

Маған Нұрпейіс Байғанин осы ұлы жыраулық дəстүрін бе-рік ұстанған жырау-ақын боп көрінді.

1943 жылы Жазушылар одағы мен Əдебиет жəне тіл инсти-туты бірігіп Гурьевтен белгілі Мұрын жырауды, Ақтөбеден атақты Нұрпейіс Байғанин ақынды шақырды. Сол жолы Мұ-рыннан қырық мың жол «Қырымның қырық батыры», Нұр-пейістен «Қобыланды», «Құбығұл», «Төрехан» сияқты дастан-дар жазылып алынды.

– Біздің үйге Нұрекең түсетін болды, – деді апам маған сы-най қарап. – Қалай, қонақасы бере аламыз ба?

– Оны үлкен хозяйка сіз білесіз де, – деп мен де күле жауап бердім.

– Қиын екенін білем. Əйтсе де мал тауып сой.– Іздейік, – дедім.Қазақтың «Құрыққа сырық жалғап» деген сөзіне осы жолы

түсіндім. Бір қой алу үшін, əсіресе, оны аз ақшамызға шақтап арзанға түсіру үшін қанша «Құрық пен сырық жалғасқанын» мен-ақ білейін де қояйын. Əйтеуір бір қой табылды. Ас ішетін бөлмедегі ағаш атаулы түгел шығарылып, текемет, кілем жай-ылды, көрпе төселді, жастық тасталды, біз осы бөлмемізде

Page 296: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

296

Нұрпейіс ақынды тік тұрып күтіп алдық. Ол сыртынан киген кең желеңін шешіп, бойына шақ сыпайы тігілген қара бешпетімен, мəсімен төрге шығып, жүресінен отырды. Əуелі шешемізбен сөйлесіп, саулық сұрасты, содан соң қалғанымызбен аман-дасты.

– Айманкүл, төрт-бес күн мейманың болғалы, Əбділдаңмен жақын біліскелі келдім. Оным ағат емес пе? – деді.

– О не дегеніңіз, Нұреке? – деп апам қонағының қасына жа-қындады. – Сіз біздің шақырып келтіре алмайтын адамымыз емессіз бе? Айлап жатыңыз, Əбділдам əкелерін сыйлауға шар-шамайды.

Нұрекең оң қолын кеудесіне басып, рақмет айтты.Мінеки, сол сағаттан бастап, қашан қоштасқанша менің кө-

зім Нұрпейіс ақында болды.Бірінші аңғарғаным: Нұрекең барынша қалша, сыпайы адам.

Бір отырысынан кешке дейін айнымай, аумай отыруға бар. Жантаймайды, ыңырсымайды, жөтелмейді, түкірінбейді.

Екінші аңғарғаным: таза киінеді, тұла бойында олпы-солпы ештеңе жоқ. Кеудесін жапқан күмістей сақалы да тап-таза. Жай отырғанда ақыннан гөрі оқыған моллаларға көбірек ұқсайды. Ол төңірегін сабырлы көзінің астымен бағып, кезекті сөздерін қысқа-қысқа салмақпен айтады екен. Ас жегені, шай ішкені де осы ұстамдылығына жарасымды сияқты. Ащы айқайлап сөйле-мейді, кеңкілдеп күлмейді. Шай аяқтала бергенде Нұрекең сəл ғана жастыққа жантайған еді, домбыра қабығына қарап кү-бірлеп қалды:

– Мынау не, қарағым?– Домбыра, Нұреке, – дедім қарияға қақпағын ашып ұсы-

нып. Нұрекең домбыраны жай ғана алып, жай ғана шалып қалды. Арфаның құлақ күйіндей бір үн сыңғыр-сыңғыр етті. Жаңа ғана сөзі əрең естіліп отырған салмақты қарт елең етіп, жантайған қалпынан тіктеле бастады. Нұрекеңнің лезде-ақ се-зімталдыққа ауысып, қызарып отырған шырайының бояуы лыпылдай қалғанына іштей сүйсініп отырмын. «Бəсе!» деймін үнсіз айқайлап. Ақын осылай болуы, домбырамен осылай та-бысуы керек қой. Əйтпесе, шабыт қалай келмек! Жыр қайнары

Page 297: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

297

қалай ашылмақ?! Менің денем мұздағандай, əлденеден түшір-кенгендей сезіндім. Нұрекең жаңа ғана оянған арыстандай ыңырана бастап, содан соң ішін тарта ақырып қалды. Мұнысы да мені қатты қуантты. Ап-ашық аспанда лезде құрыстаған бұлт шатыр-шұтыр нажағай атпаса, күн қалай күркірер еді, жауын қалай құйылар еді! Домбыра даусы қоламтада көміліп жатқан шоқты жел үрлегендей үрледі. Нұрпейісті шапшаң тұтандырып, жалындатып жіберді.

Ақын сау желген аттай селкілдей жөнелді. Мен дəстүрлі ұлы жыраулардың бірімен жаңа беттестім деп ойладым.

Расында да солай. Нағыз эпик жыраулардың дайын дас-тандарды айтумен бірге оған өз көңілінің шабытты күйін ту-ралауы қызық процесс. Мысалы, қырғыздың атақты манас-шылары да қаумалаған қалың жұртқа жалт-жұлт қаранып алмай, олармен ішкі байланысын əбден түйіндеп болмай, жо-сылып кете бермейді. «Манасты» тыңдаушылар еркін əбден билеп, өз жетегіне тартынбай еретін қып баураған соң ғана ұлы дастанның айдын жолына түседі. Оған дейін тыңдаушы болатын құлақтарды өзге көлденең дыбыстардан тазартып, тек өзіне қарататын əрекеттер жасайды. Содан соң басталады жойқын жорық.

Нұрпейіс те алдымен өзін қоршаған қауымды бас білдіріп алуға кірісті. Ə дегеннен-ақ бəрімізді жыннан тазартардай, үнімен, көзімен де жылан арбағандай арбап алды. Қасындағы жастыққа дейін кейін сырып тастап, өзінің қозғалақтар алаңын кеңітті. Біз де кейін серпіліңкіреп отырдық. Мінеки, дəл осы кезде:

Ағайын, тыңдармысыңдар, –

деп бастай келіп:

Не қаласаң соныңды ал, Алдыңа бəрін жаяйын Жұртымнан немді аяйын, –

деп өзінің атақты «желісін» тартты.

Page 298: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

298

«Желіні» жоғарыда аз да болса ескерткенбіз. Енді соған Нұрекеңе байланысты тағы да аялдасақ, «желі» жырауларға тəн нəрсе екенін өте анық көреміз.

Нұрпейіс біздің үйде де əуелі «желісін» тартты. Сонда ол тек «ананы айтайын ба, мынаны айтайын ба?» деп білетіндерін тізіп шықпады. Əрбір үлкен дастанның қысқаша, сығымдалған мазмұнын жырлап шықты. Мəселен, «Қобыландыны» айта-йын ба? – десе, біз біріне-бірі қатарласа, ұласа тұрған дастан кейіпкерлерінің тірі портреттерін көрдік. Құстан озған Тайбурыл үстіндегі жас батыр екпіні еріксіз көз тартады, қызықтырады. Батырын аттандырған, ұзақ жолға ақ тілекпен қараған, əрі сұлу, əрі ақылды қыз Құртқа бейнесін де тамашаладық.

«Құбығұлды» айтайын ба? – дейді. Тағы да көз алдымызда жанды суреттер. Төрт айшылық жол, бір айшылық шөлден əрі-дегі Ақбілек сұлуға түсінде ғашық болған жас Құбығұл ұшып барады. Мұнда да Тайбурылдай Аққұла аталатын тұлпар бар. Осының бəрін түгел айтамын деп қызықтырады жырау. Ол осындай əдемі, бейбіт баяндаулар, суреттермен қатар, Қаракүң трагедиясын айтатынын да ескертеді.

Қызы қашып кеткен хан, Ақбілектің нөкер қыздарын түгел қатал жазаламақ болғанда Қаракүң ара түседі. Ол барлық «күнə-ні» өз мойнына алып құрбан боп кетеді. Қаракүң текке өлмейді, махаббатты ұқпаған, жақсылықты білмеген, білмек тұрсын оны құлағына да ілмеген, қайырымсыз ханның тас жүрегін əш-керелей өледі.

Нұрекең осы жерін айтамын дегенде, еріксіз елбеңдейсің, айтса екен сонысын ертерек дейсің. «Төреханды» да жырау осылай сипаттады. Өзінің «Нарқызы» мен «Ақкенжесін» де баяндап берді.

Біз əдетте «Қырымның қырық батырын» Мұрын жырау айт-ты дейміз. Ол рас, бірақ бұл батырларды Нұрпейістің де бір кез-де айтқанын ұмытпауымыз керек. Нұрекең өзінің «желісінде» осы батырларды жырлайтынын да айтты.

Əрине, Мұрыннан Нұрпейістің айырмасы бар. Мұрын «Қы-рық батырын» жырлаудан аспай қалған (бұл азсынғанымыз емес, шындығын айту). Бұл жағына келгенде орыстың скази-

Page 299: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

299

тельдерін еске түсіреді. Ол – үні жақсы, ұзақ дастандарды жа-дында берік сақтаған, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізуге ұлы еңбек сіңірген ғажайып адам. Бірақ өзі көп білетін бай жырау-ларға өз ақындығын сабақтастыруға онша құлшынбаған. Ал Нұрпейіс тіпті басқаша жаратылған жан. Ол жастай үйренген-дерін бүгінге жеткізудің үстіне, өзінің келелі ақындығына да кең жол ашқан.

Халық аузындағы «Нарқыз», «Ақкенже» сияқты қызықты аңыз əңгімелерді өз тарапынан, өз атынан жырлап, оқиғаларын да ұзарта толықтырып, меншікті поэмаларына айналдырған. Сонда ол бұл поэмалардың қаһармандарына бүгінгі тұрғыдан қарап, бүгінгі рухтағы қуат беруді де ұмытпаған.

«Желі» тартылып болды. Таңдауды анама қалдырдық. Ол кісі көп ойланбастан кілең əйелдер тағдыры жыр болатын Нұ-рекеңнің өз дастандарын, яғни «Ақкенже» мен «Нарқызды» таңдады.

Біз «Ақкенже» айтылып болғанша судай тынып қалдық. Əсіресе, апам сан түрлі құбылып, көзінің жасына ие бола ал-май қалды.

– Айта берейін бе? – деп Нұрекең сəл кідіріп, маған қа-рады.

– Айта беріңіз, Нұреке, аяғына дейін тыңдаймын, – деп Айе-кең өзі жауап берді.

Əрі-беріден соң шешемізге қосылып келіншегімізбен екеу-міз де көзімізді сүрте бастадық. Ақкенже тағдырының көп жері Айманкүл тағдырының дəл өзі сияқты. Мал-мүлкін тона-тып алған жас əйел, чиновник, тілмəштардан дəл осындай қор-лық көрген. Арыз бергені үшін қайындарының бірінен таяқ жеп, басы да жарылған. Мен шешемнің ақ маңдайынан жарыса аққан екі тарам қанды өлгенше ұмытпаймын. Нұрпейіс маған дəл соны жырлап отырғандай көрінді.

Поэмадағы панасыз Батырбек, хайуан сипаттас Дербес, пара алып, жалған сөздер айтып тұрған тілмəштар өзіміздің таныс адамдарымыз тəрізді. Ақын осылардың бейнесін өте дəл жəне айқын суреттейді. Кəдімгі жеті буын термемен аса реалистік суреттер салынған.

Page 300: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

300

Батырбектей кəріпті,Талапайға салыпты.Он бес кісі құралмен,Малын қуып алыпты –

деді. Қандай жеңіл, қандай анық айтты. Жырау бізге балаларға айтатын ертек сияқты өлшеумен өте күрделі, трагедиялық оқиғаны жырлап берді.

Əнеки, баласы өлді Ақкенженің:

– Аялаған, алданышым,Аңыраттың анаңды.Қуанышым, қуатым,Сенсіз күнім қараңғы.Сергелдеңде жүргенде,Сен жазып едің жарамды.

Бір сөзін алып тастауға болмайды, ауыстыруға да көнбейді. Дастан ақырына жақындап қалды. Оны біз Нұрекеңнің ырғалған қимылынан да, қонуға айналған құстай төмендей берген дау-сынан да танып отырмыз.

Тағы да Нұрекең жеңіл қанатты, музыкадай үндес өлеңмен:

Ақкенже байғұс торықты,Тор етінен айрылып,Өлер халге жолықты.Жайнаған сұлу ажарыТопырақтай болыпты.Өзегіне өрт толды,Айдай сұлу АқкенжеМезгілі жоқ мерт болды, –

деп тоқтады.Апам көзінің жасын сүртіп біраз отырды да, тұрып барып

Нұрекеңнің қолын алды.– Көп жасаңыз, ағатай! – Көптен естімеген əңгіме есіттірді-

ңіз ғой, – деді. Сол екі арада қайта қыздырылған самаурын да

Page 301: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

301

келіп қалды. Жырау желпініп алған соң шайға қайта кірісті. Екі ақ шəйнектің бірі самаурынның үстінде бапталса, екіншісі ескі подностағы жалтыраған шоғы кетсе де ыстық табы кетпе-ген отта тұр. Екеуінен ақ тауықтың қып-қызыл қанындай шай кесенің түбінен асар-аспас боп қана құйылады. Соған бал қасық шамасында араласқан қаймақ əлгі шайды бұйра тартқызып, бір түрлі өрлендіріп жіберді.

– Айманкүл-ау, мынау нағыз біздің Ақтөбенің шайы ғой, – дейді Нұрпейіс кесесіне сүйсіне қарап.

– Алыңыз, Нұреке, көңіліміз түзу болған соң шайымыз да түзелген шығар, – деп апам да ойнақы жауап қайырады.

Шайға кеткен ұзақ уақыттан кейін Нұрпейіс домбыраны қайта шерте бастады. Сəл ғана бұрауын босатты, сəл ғана бой-ын тіктеп алды. Содан соң ақын Айекеңе қарап тіл қатты:

– «Ақкенжем» ауырлау тиді білем, сізге енді бір өжет қыз жайын айтып берейін.

– Алдыразы болсын, Нұреке!Нұрекең бастай жөнелгеннен-ақ біздің жүрегімізге жігерлі,

қуанышты леп құйыла бастады. Құлағымыз да бұрынды-соңды естіп көрмеген соны сөздерге ерекше түрік сияқты еді.

...Ару еді нұр шалқып,Балуан еді даңқы артықЖаурыны жерге тимеген,Талай мықты балуанды,Тымақ құрлы көрмеген,Жығылуды білмеген.Бəйгесіне ат салған.Айша сұлу жасынанБалуандығы асқан соң«Нарқыз» болып атанған.

Менің құлағым жырда, көзім шешемде, оның жаңағы Ақ-кенже тұсында жүдеп-жадап қалған ажары лезде жасарып, нұрланып қалды. Ал мен қыз суретінің орнына алып денелі қож-қож, бож-бож біреуді көрем бе деп қауіптеніп отырмын.

Page 302: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

302

Жырау қыздың əзілге жүйрік, құрбыға қадірлі екенін айта ке-ліп:

Жауырыны қақпақтай,Желкесіне орағанБұрымы бар тоқпақтай, –

деп бір сипаттап өтті де, тағы да алып əйелге нəзіктік, сезімтал-дық, сүйкімділік беретін суреттер сыза бастады:

Əсем сұлу əніненТау бұлағы төгілген:Өнер, келбет, балуандықБір өзіне берілген.Домбырасы қолында,Сөзін елге тыңдатқан...Сол заманда, сол жақтаЕл билепті Мəмбетхан.Хан ағасы таз екен, Ақылы да аз екен, Інісі хан болғанға Қарап жүріп мəз екен. Өмірі зор Мəмбетхан, «Қыз берсін деп ағама»Сейітке күшті сөз айтқан.Хан айтқан соң амал жоқ,Көнбейтұғын заман жоқ,«Хан сөзінен шығатын, –Депті Сейіт, – шамам жоқ».

Қыз əкесі Сейіт амалсыз «көндім» деген жауап береді. Бірақ Нарқыз көнбейді. Көнбек тұрсын, бұрынғы қайсар мінезіне, қайратты күшіне жан еркіндігін қосып, кең далада желдей есіп кетеді:

Өз теңімді таңдаймын,Ол сертімнен танбаймын!

Page 303: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

303

Осыны айтып ботакөзАқ боз атқа мінеді,Ер қасына шашақтыДомбырасын іледі,Қайда сауық, жиын той,Ортасында жүреді.

Біз осыдан кейін Нарқызбен туыстық та кеттік. Барлық ма-хаббатымыз, барлық ақ тілегіміз Нарқыз жақта. Ақбоз аттың үстіндегі ботакөз Айшадан титтей де көзімізді ала алмаймыз. Ақбозат қанат қаққан жалғыз аққу сияқты. Қамаулардан қақ жарып шыққан жануар ботакөзді ұшырып алып жөнелді. Жаңа ғана əн салған сылқым сұлу қыз бір кезде Нарқыз екенін ұмытпай ізіне түскен бес жігітті аттарынан түсіріп, тағы да ұялтып кетті. Осының бəрін жырау ерекше жігермен төгіп ай-тады. Оның да барлық жан сезімі түгел Нарқыз жағында.

Біз Нарқыздың Мəмбетханның балуандарымен күреске түскен жерін жырлаған кезінде Нұрекеңнен көзімізді ала алмадық. Ол бұл шақта айтушы ғана емес, əрбір рольді ойнап көрсетуші ұлы артиске айналып кетті. Бірде алысып жүрген Нарқызды оның ағалары қайрап əлдендірсе, ендігі кезек-те күрестегі інілерін Мəмбетхан қайрамақ болады. Осы екі мезетті де жырау үнімен де, ойынымен де керемет көрсетеді. Əсіресе, Нарқыздың жыққан кездегі суреттерін ақын аса дəріптеп, мақтан етіп айтады. Айтушы ақынның айтқыштық өнері қосылған кезде дастанның нөсерше құйылған сөздері айрықша қуатты бір құдіретке айналады...

– Апырмай, тамаша болды-ау, Нұреке, – деді апам қартқа нұрлана қарап. – Бастан-аяқ күліп қуанып отырдық. Ақырында Айшаны құтты орнына қондырып тындық, қазақ қызы тура-лы мұндай əңгімені бірінші естуім, оның үстіне өте келісті айттыңыз.

– Дариға қыз бар емес пе? – деп шешеме қарадым. Бұл менің оны неге есепке қоспайсың дегенім еді.

– Дариға қазақ қызы ма? – деп о да маған қарап қойды. – Ол Əзірет Əлімен алысты дейтін ертек қой, ал, Нарқыз қазақ қызы, мына бізбен замандас емес пе?

Page 304: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

304

– Айманкүл жөн айтады. Нарқыз беріде туып-өскен адам, – деп жырау апамды қостады.

– Сайқали деген парсы ақынының «Зейпүн» атты иран қызы туралы қиссасы болған («Қисса» шешемнің поэма дегені), Нұ-реке, о да аңызға айналған, əрі батыр, əрі сұлу қыз бопты. Өз басының еркіндігі үшін, жау қолындағы жарының бостандығы үшін талай жыл соғысады. Сөйтіп сүйгеніне қосылады. Нарқыз сол Зейпүн сияқты екен.

– Əже, мені шақырдың ба? – деп екі жасар өзіміздің Зейпүн кіріп, əжесінің мойнына асылды. Біз тағы бір дуылдай күліп рахаттанып қалдық.

– Шақырдым, құлыным, шақырдым. Мə, ыстық бауырсақ, мə, – деді апам немересін сүйіп. Жалаң аяқ Зейпүн жүгіріп қайта шығып кетті.

Мен жасым 83-ке жеткенде осыншалық тың сезінген, жыр қа-натымен аса биік ұша алатын адамды көргенім осы. Нұрекең қолына домбырасы тиіп, аузына өлең түскенде бір түрлі жа-саратын сияқты, я ентікпейді, я даусы қарлықпайды. Айтқан сайын ашыла, ашына түседі. Ол бізге «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды» дастандарынан да ұзақ-ұзақ жырлап берді. Со-ның бəрін де шарқ ұрған шабытпен, асқан жігермен айтты. Бұл сияқты айтқан сайын қыза беруді де мен жыраулықтың бір белгісі деп түсіндім.

Эпос уызымен ауызданған, эпос рухында тəрбиеленген арқалы ақынның өз шығармалары да – эпос. Ол Нарқыздың күреске түскен жерлерін, Нияздың соңынан қуып атқа шапқан кездерін суреттегенде, жыр «Қобыланды» дастанымен үндесіп отырады.

Жасы сексеннен асқан жыраудың көне дастандарды айтуы, соларға ұсаған «Нарқыздарын» жырлауы əбден түсінікті. Егер Нұрпейіс осы көне көлемнен аспаса да, біз оны кінəламаған болар едік. Бірақ ақын өйткен жоқ. Ол бізге бүгіннің сан алуан өлеңдерін айтумен бірге «Жиырма бес» деген Төлеген Тоқтаров туралы жаңа дастан да жырлап берді.

Бұл қарт ақын бойындағы ерекше қасиет еді. Тағы да жырау эпос үлгісінде, өзімізге мəлім термемен төгіп отыр. Кеше ғана

Page 305: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

305

«Қобыландыны», «Нарқызды» жырлаған ырғақ, сондағы дом-быра сазы, кейде сондағы термеге келісіп тұратын секіртпелі, кейде шұбыртпалы ұйқастар да қайталанып қалады. Бірақ ырғақ пен саздан жаңғырған қуат лебі еседі, бізді жаңаға бас-тайды. Осындай күйдің үстінде жыраудың өз жаны да ерек-ше көрінеді. Ол дастаншыл ақын-жырау болуының үстіне дас-тан қаһарманының ең жанашырындай, тіпті əкесіндей сөйлеп отыр.

Мұнда да қаһарман Төлеген батыр Қобыландыға ұқсас май-данға аттанған қосынның артынан қуып жетіп тұр.

Құланнан атты қодықты,Көлден тартты борықты.Аттанған жауға қосынғаҚалам ба деп жете алмайЖас батыр сонда торықты, –

дейді басталған жерде жырау. Біз мұны тіпті де ескісінбейміз. Бұл көне ақынның дəстүрлі машығы, көне батырлардың да дəстүрлі əдеті. Ақын бұрынғы үйреншікті машығымен өзін қыздырып алады, үнін, екпінін тауып болған соң ағытады ат басын. Сонда біз «Чапаев сынды батырдың үзеңгілес жолдасы» Панфиловтың қолбасы екенін көреміз. Ол жауынгерлеріне:

Артың Москва, алдың жау,Көремісің ерлер-ау! –

деп тұр. Жырау əңгімені шұғыл кешегі Москва түбіндегі шай-қасқа бастап кетті.

Садаға кетсін бар немісЖалғыз менің арымнан, –

деген Төлеген сөзіне, совет батырының отаншылдығына:

Сағасы сайдың бөгелдіҰйыған жаудың қанына, –

Page 306: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

306

деген эпостық көтеріңкілік жарасып тұр. Төлегеннің соғыста ішінен қатты жараланғаны, есін жиып алғанда өзі сияқты жа-ралы немісті автоматымен ұрып өлтіргені де оқиғаның шын-дығымен бірдей айтылды. Бірақ Нұрекең аузымен айрықша қуатты айтылды.

...Күйініп батыр қарады,Тұрайын десе əлі жоқ,Зығыры қайнап барады,Ақтарылған ішегінІшіне жинап салады.Сол қолымен темірдейСығып ұстап жараны,Оң қолына айқараАвтоматын алады.Теңселе басып жүгіріп,Жауына жетіп барады.Жалтарғанша дес бермейӨлетін жерің осы деп,Көкжелкенің тұсы деп,Құлаштап бастан салады.Жалғыз ұрып жайратып,Ер құмары тарады.

Біз қуана отырып жыладық, жылай отырып тағы да қуандық. Бұл осы күндері «Халық ақыны» деп сирек айтылатын топ-тан шыққан, Жамбылмен үзеңгі қағыса шыққан жырау-ақын Нұрпейістің қуаттылығы еді.

Біздің кейбір тікбақай білгіштер «халық ақыны, жырау» де-ген сөздер енді болмайды, олардың сауатсыздыққа байланыс-ты дүрілдеген дəуірі бітті деп есептейді. Соның салдарынан қазір Жазушылар одағы бұрынғы ақындар секциясын жауып тастады. Оларды одаққа мүшелікке алу, оларға көмектесу, өлеңдерін жинап бастыру да тоқталды. 1975 жылы Кененнің тоқсан жылдығы тойланғанда оны «ақырғы халық ақыны» де-ген сөздерді де есіттік.

Page 307: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

307

Мен қазір Нұрпейіс Байғанин туралы жазып отырып, осы тікбақайлардың қылықтары үшін өзімнен-өзім қысыламын. Кеше ғана өткен ұлы аруақтар, бүгінгі елді жырымен қуантып жүрген олардың шəкірттері алдында ұяламын:

– Мына жарық күн жанып тұрғанда, мына қазақ деген хал-қың шарқ ұра өсіп тұрғанда сендердің ақындықтарың бітпейді, Жəке! Тоқталмайды, Нұреке!

Нұрекең біздің үйден аттанар күні жақын достар түгел жи-налдық. Нұрекең өз қолынан сарқыт асатты бізге. Бірақ қоштасу сондай ауыр болды, біз жылауға да жақын едік.

Апам киініп отырған Нұрекеңе тақау отыра беріп:– Нұреке! – деді даусы дірілдеп. – Аз ғана күн сұхбаттас бол-

дық, өз қолымнан дəм таттырғаныма қуаныштымын. Сіз жүре-мін дегенге мен де, мына Əбділда да қиналып отырмыз. Шын сөзім, қимаймыз сізді Нұреке, – деді жылай жаздап. Содан соң өзін мықтап іштей ширатын алып, қайта сөйлеп, қысқа қайыр-ды: – Не қалайсыз, Нұреке, қалағаныңызды алыңыз!

– Сендер қимасаңдар, мен де қимаймын. Айеке, қимасам да қайтемін, сый-құрметтеріңді, ықыластарыңды айта жүремін. Еңді жүрер алдымда бата берейін, – деп қарт дұғаға қолын кө-терді. Бəріміз де ақын лебізін тыңдап ұйып қалдық. Нұрекеңнің батасы оның біздің үйде айтқан соңғы жыры болды. Барлық жақсылықтарды бізге, біздің семьямызға тілей келіп:

– Іші томпайған келінім аман босансын, ұл тусын! Сол ұл Айманкүл, Əбділда, сендерге баянды болсын! Мына домбыра маған баянды болсын! – деп бетін сипады. Мен:

«Əумин» деп қимас домбырамды қимас атаның қолына ұс-таттым.

«Н.Байғанин. Естеліктер. Таңдамалы шығармалар» кітабынан. Құраст. Ж.Асанов (Алматы, 2006).

Page 308: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

308

Ханафия МҰСТАФИН

НҰРПЕЙІСПЕН КЕЗДЕСКЕНДЕ

Нұрекеңнің үйіне көбірек барып, əңгіме тыңдайтын едік. Нұрекең əңгіме айтуға, жыр толғауға тіпті қажымайтын, бүкіл кеш бойы өлең шығаруға əзір болатын. «Шаршаған болсаңыз, енді тынығыңыз» десек, «қалжырағандарыңды маған жаппаң-дар» деп күлетін еді. «Отыра тұрыңдар, немене, əлде көңілсіз бе? Судың да лайы мен тұнығы болады, менің жырыма да мына «Жаман Қарғалының» суы қосылып кетті ме?» деп қулана сөй-лейтін.

Ол заманда бала жыршы, «жаяу жыршы» атанып, біздің за-манда, совет заманында түрі ұлттық, мазмұны социалистік мəдениетіміздің көрнекті қайраткері Нұрекең мынадай бір жайды айтқаны бар еді. Байлар мен молда, күшеншек ақындар Нұрпейіске қарсы болып, оны ұстатып тұтқындатады; жазды күні, шілдеде үйдің сыртына екі қолын екі жағына керіп бай-лап қояды, аяғын керегеге таңады. Дəл қарсы алдынан ыстық күннің көзі шыжытса, іште ыза-кек қайнайды... Мұны айтқанда ол көзіне жас та алып қойып еді, қарқылдап күліп те алып еді. Көзіне жас алғаны – сол бір күндерде басынан кешкені, көрген қорлығы есіне түседі екен, байлар да, молдалар да Нұрекеңе қаншама шара қолданып, оны өздеріне тартқысы келгенімен, оның тілін тиғызамыз деген есептерінің іске аспағанына күйінетін еді. «Қайта менің оларға деген өшпенділігім күшейе түскен-ді, олар маған не қылар?!» дейтін Нұрекең. Осы жөнінде оның мынадай өлеңі бар:

Елдің сөзін жаттағам,(Асылдарын сақтағам),Мені халық жақтаған.Күресіне – тіресіп,Шалысына – алысып,Қағысына – қағысып,Атысына – шабысып,

Page 309: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

309

Тілімді сонда тартпағам.Мені халық жақтаған,Халық маған күш берген,Мен де оған мақтанам...

Бірде Ақтөбе партия ұйымының кезекті конференциясының президиумына келіп отырған Нұрекеңді делегаттар ду қол ша-палақтап қарсы алды. Ақын конференцияны құттықтап сөз сөйледі. Ол сөзін бітіргенде делегаттар орындарынан тұрып, қызу қол шапалақтап, Нұрекеңе зор құрмет көрсетті. Оның сол құттықтау сөзін орысшаға (əрине, мазмұнын) мен аударған едім. Сол конференцияда ақын Нұрпейіс Байғанин жəне оның творчествосы туралы сөз сөйлегенім есімде. Нұрекеңнің ол сөзі «Ленин туы астында» деген атпен ақынның 1940 жылы тұңғыш шыққан «Ақын шабыты» деген жинағында кіргізілді. Нұрекең конференцияны құттықтай, табыстарды, бірлікті айта келіп, сөзін былай деп қорытқан еді:

Ленин туы астындаСан табысқа жеткенбіз,Ленин туы астындаХалықтардың достығын Бір туғандай еткенбіз.Осы туды қолға ұстап,Нелер қиын асуданЖеңіспенен өткенбіз.Осы тудың астындаЖеңілмейміз, жеңеміз,Жеңеміз тағы жеңеміз!

Нұрекең конференциядан үйіне барса, үйі толы кісі, ауыл-дан таныстары келген екен. Нұрпейістің партия конференция-сына қатысқанын таңырқап, отырғандардың бірі Нұрекеңнен:

– Сіз партияда жоқ емес пе едіңіз? – деп сұрайды.– Оны кім айтыпты? – деп оған қарсы сұрақ қояды Нұре-

кең.

Page 310: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

310

– Қайдам, кейбіреулер солай деп жүр ғой.– Менің жүрегімнің қалай соғатынын, миымның қалай қи-

мылдайтынын біле ме екен оларың?! – депті Нұрекең сонда. Бұл əңгімені Нұрекең маған Алматыдан Ақтөбеге қайтып

бара жатқанымызда вагонда айтып еді.Еңбекшілер депутаттарының Ақтөбе облыстық Советіне

Нұрекең депутат болып сайланды, оны депутаттыққа кандидат етіп облыстық баспахананың коллективі ұсынды. 1940 жылы, январь айының 9 күні облыстық Советтің бірінші сессиясын Нұрекең ашып, онда ұзақ сөйлеп, жыр толғады. Депутаттар мен қонақтар Нұрекеңді ду қол шапалақтап қарсы алып, ол сөзін аяқтағанда бүкіл залдағылар орындарынан тұрып ұзақ ду қол шапалақтап, оған зор құрмет көрсетіп еді.

Нұрпейіс Байғанин Шығанақ Берсиевпен сыйлас болатын. Бір күні Шығанақ қартпен бірге Нұрекеңнің үйіне келдік. Онсыз да қонақжай Нұрекең Шығанақты орнынан тұра келіп қарсы алды, екеуі қолдарын қатты қысып, қуанышты түрде амандасты. Үйде Нұрекең, Шығанақ үшеуімізден басқа адам болған жоқ. Екі алып сыпайы əзілдесіп, əңгіме шертісіп отыр-ды.

– Қанша дегенмен, Нұреке, сен сөз иесісің, мен дəн иесімін ғой, – деді Шығанақ күле сөйлеп. Оның ойын бірден түсіне қой-ған Нұрекең сақалын бір сипап қойып, орнынан бір қозғалып отырды да:

– Пай-пай, Шығанақ-ай, – деді, – сөз бен дəнді бөлгенің қа-лай? Дəнсіз – жан болмас, жансыз – сөз болмас. Одан да сен маржандай дəн дариясын тасыт, мен сөз кестесін төгейін. Сонда қос шал көпірді демес, құбылтты дер халық – осыған жарысқа түсейік, Шығанақ! – деп күле сөйлеген ол домбырасын қағып-қағып жіберді. Шығанақ та бұған ризалығын білдірді.

Нұрекеңнің ісі мен өмірі – оның артында қалдырған жы-рында жасайды.

Нұрекеңнің көптеген жыр-өлеңдері басылып шықты. Бірақ оның жырының кезінде жазылып алынбай қалғандары, ел ішінде айтылып жүргендері де аз емес. Соны жинауды ұйым-дастырған жөн болар еді. Бұл мəселемен Қазақ ССР Ғылым

Page 311: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

академиясының тіл мен əдебиет институты шындап шұғылдан-са деген тілек білдіргіміз келеді.

Ақтарылар асыл жыр,Көкіректі кернесе,Байтақ жұрт кезек бергенде,Қанекей сөйле дегендеСөйлейтін күнім ендеше, –

деп өзі айтқандай. Нұрекең өз күнінде жырлаған, жырлай біл-ген. Қазір де ақын арамызда əсем жырымен, жалынды жүрегі-мен сүйген халқына қызмет етеді.

«Социалистік Қазақстан»,26 октябрь, 1960 жыл

Page 312: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

312

Момын БАЙҒАНИН

«ƏКЕМ ОСЫНДАЙ АДАМ ЕДІ»

Халқының аяулы азаматы болған əкемнің жарқын бейнесін мүшелі тойына байланысты бала кезде есімде қалғандар арқы-лы қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім.

Əкем ұзын бойлы, жылы жүзді, қызыл шырайлы аппақ май-да сақалды адам еді. Оның келбеті əлі көз алдыма елестейді. Үстіне ақ жібек шапанын желең жамылып жүретін.

Хатшысы Ахмет Іскендіровпен қызмет үстінде отыратын еді, ол уақытта анам қызметіне кедергі жасамасын деп мені кө-ше жаққа ойнатып, алып кететін. Біздің үй қонақтан арыл-майтын. Ал қонақтан қолы бос уақытта мені алдына алып, домбыраның пернелерін салалы саусақтарымен ұстап, маған домбыраның қағыстарын үйрететін. Мен де зейін қоя үйренуге тырысатынмын. Алғашқы үйреткені өзінің жырын айтардағы «Сазы», халық күйлері «Кеңес», «Арынғазы», «Келіншек», «Қарасай». Соңғы күй осы біздің батыста өмір сүрген Қарасай, Қази деген ағайынды екі батырға арналған күй еді, əкемнің өзінің де осы батырлар туралы жырлайтын «Қарасай-Қази» поэмасы бар.

Біз алғашқы кездерде Фрунзе көшесінің шет жағындағы үйде тұрдық, содан кейін Герцен көшесіндегі 13-үйге көшіп келдік. Бұл үй үш бөлмелі, кірер жердегі верандасы өте кең еді. Білетінім, теміржол жақын болатын. Вагондардың сартылы, паровоздың айқайы анық естіліп тұратын. Əскери дайындық жасап жатқан солдаттарды көретінмін.

Кейін Фрунзе көшесі 32-үйге көштік. Бұл үй жеке қақпасы бар 8 бөлмелі еді, сыртында шыныға жазылған белгісі бар бо-латын.

Мені əкем өзімен бірге темір жол клубына концерт, кезде-су, сайлау т.б. жиындарға алып жүретін. Енді ойлап отырсам, менің есімде қалсын дегені екен.

Жоғарыда айтқанымдай, үй іші қонақтарға толы болушы еді. Олар – газет қызметкерлері, облысқа белгілі азаматтар, тіпті жеке шаруасы бар адамдар. Халық депутаты ретінде өздерінің

Page 313: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

313

мұқтаж жайларын шағынатын. Біздің үйде 3 – 4 семья бірге тұратын. Бұлар əкемнің туыстарының жас балалары мен жұ-байлары еді, ерлері соғысқа кеткен соң əкем оларды өзінің қам-қорлығына алған. Бұл əкемнің үлкен жүректі, кеңпейілділігі мен азаматтығының бір көрінісі деп ойлаймын.

Соғыс кезінде əкем үйде көп болған жоқ, себебі аудандар-ды аралап, жырлап, халықтың жабырқау көңілдерін көтеріп, соғыста жүрген жауынгерлерге жылы киім, қаржы, азық-түлік жинаушы еді. Жасының ұлғайғанына қарамастан өзін өте қуат-ты сезінетін. 1943 жылы Алматыға республикалық ақындар ай-тысына шақырылды. Осы жолы маған сырты қапталған өте əдемі домбыра əкелді.

Бұл домбыраның өз алдына тарихы бар. Алматыда əкем Əб-ділда Тəжібаев ақынның құрметті қонағы болған екен. Кетерін-де ол «құрметті ақын ата, біздің үйден не қалайсыз», – дегенде, əкем: «ренжімесең мына домбыра», – депті. Сол домбыраны қимас атаға деп тарту еткен. Əкем өз өсиетінде анама: «Мына домбыраны балам 10 жасқа толған кезде қолына берерсің» де-ген. Бұл тілегіне қарағанда, ол менің болашағымды болжаған екен деуге болады. Əкем айтқандай мен 10 жасымнан мектеп сахнасында өнер көрсетіп, көпшілік көңілінен шығып жүрдім. Сондай жиындардың бірінен кейін байқамай домбырамды қи-ратып алғаным өкінішті-ақ. Кейін білсем, қимас домбыра марқұм ағамыз Құдайберген Жұбановтікі екен. Осындай құрметті аға-дан қалған мұраны өз қолыммен ұстағанымды үлкен мақта-ныш етемін.

Əкем мені алдына алып:

Момыным – менің өмірім,Өмірім – менің Момыным, –

деуші еді. Сол өзі беріп кеткен өнерін де, өмірін де алға апа-рып, халқымыздың алдында осы уақытқа дейін қалтқысыз қызмет етіп, ұрпақтарын атасы сияқты адал азамат болсын деп тəрбиелесем деген арманым бар.

«Коммунизм жолы», 23 маусым, 1990 жыл

Page 314: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

314

Жайшылық АЙМАҒАМБЕТОВ

ТҰЛПАРДЫҢ ТҰЯҒЫ

Алатаудың бөктері. Əсем астана жадыраған жаз тамызына еркелеген жасыл жапырақ пен нұр шашпауындай алуан түрлі мəуесін таққан гүлге оранып тұр.

Қазақтың ұлы ойшыл азаматы Шоқанның ескерткіші еңсе-лі Алатаудың бауырындағы əсем көшенің дəл ортасында жет-кіншектерін ғылымға шақырғандай. Қазақстан ғылымының үлкен үйі – Ғылым академиясы да осы жерде. Бұл күні Ғылым академиясы салтанат құшағында еді. Əсіресе Əдебиет пен өнер зерттеу институтының үйіндегі мереке өте ерекше өткен-ді. Сол түні қалың шашты, көзілдірікті, толық денелі жігіт дом-бырамен күй шерткен еді. Қазақстанның облыстарынан жинал-ған жəне де астанадағы белгілі өнер адамдары оны ерекше ықыласпен тыңдаған-ды.

Бұл 1972 жылдың маусым айының сегізінші жұлдызы бола-тын. Поэзия алыбы – Жамбылдың 125 жылдығына арналған осы салтанат кезінде топ алдында күй тербеген Нұрпейіс ақынның кенже ұлы – Момын Байғанин еді. Сонау жылдары Нұрекең:

...Қазақстан халқыныңСексендегі қартымын.Сөзін айтып отырмын,Тілегі бір жалпының.Шабыттанып жырладым,Аймағымның алтынын, –

деп мақтанышпен бүкіл əлемге жар салған еді. Сонда Нұр-пейіс ақынның қарт жүрегі жас баладай тулап, көз алдында болып жатқан тамаша өмірге шаттанып, оның бəрін өз қол-дарымен жасап алға самғаған, бүкіл жаңалық атаулының ав-торы болған жастардың жалынды ісін көріп, шабыттана жыр төкті.

Page 315: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

315

...Ұлым болып инженер,Қызым болып дəрігер...

Иə, осы жолдарды домбыраға қосқан сексен жастағы асыл сөз зергерінің алдында үш жасар қара домалақ бала отыратын. Кім білсін, қасиетті əке, көреген ақын кенжесінің болашағынан не күтті, кім болар деп бағдарлады?

...Сол кездегі үш жасар қара домалақ бала бұл күнде бүкіл Ақтөбе мен Атырау өңіріне əйгілі, тіпті қала берді республикаға танымал домбырашы – Момын Нұрпейісұлы Байғанин.

Қазақтың Жамбылдан кейінгі екінші жыр алыбы атанған халық қадірлісі дүние салғанда Момын небəрі жеті жаста еді. Алайда асқар таудай əкенің аяулы алақаны, дуалы сөзі есін жаңа біле бастаған балаға дарымай қалмады. Сол кезден бастап-ақ ақын ата кенжесін алдына алып, домбыраның пернесін өзі басып, қағуын Момынға қақтырып баули бастаған. «Баланы жастан» демекші, əке дəрісі Момынның бойына дарыса керек. Мектепке бармай тұрып-ақ ұстаған домбырасын күні бүгінге дейін жансерік етіп, оны тастаған емес. Бірде əңгіме арасында: «Мен мектепке барғанға дейін де бірсыпыра əндерді, «Кеңес» күйі сияқты бірлі-жарым жеңіл күйлерді тартып үйренген едім», – деген болатын. Əрине алғашқы «тырнақ алдысын» əке-сінен үйренген ол домбыраны серік етіп, өнер жолын өмірлік жол етті.

– Əкем ақындық дарынына қоса жақсы домбырашы да еді. Əсіресе, ескі күйлерді, Қазанғаптың, Түркештің күйлерін тар-татын. Əуелі мен домбыраны алдына отырып, содан үйрендім. Мектепке оқи бастағаннан пионер жиындарында жəне əр түрлі концерттерге қатысып, домбыра тартып жүрдім. Содан бері келе біздің облыстық филармонияның артисі, марқұм Балтұрсын Сарыбаевадан, Жəлекеш Айпақовтан, Əлмұрат Өтеғұловтан үйрендім. Одан бертін келе Ысқақ Раймбергенов басқарған педагогика училищесінің оркестріне қатыстым. Содан кейін мəдени-ағарту училищесінің музыка бөлімінде үйрендім. 1964 жылы Гурьев қаласында музыка училищесіне түсіп, біті-ріп шықтым. Содан кейін астанамыз Алматы қаласындағы

Page 316: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

316

Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік консерватория-сын тəмамдадым, – дейді Момын өткен ізін еске алып.

– Қазіргі күндері өзім де орта жастан асып бара жатсам да, осы өткен уақыттарымның бəрінде де елге танымал, халқына құрметті əке атағына лайық болуға тырыстым. Əрине, бүкіл ел білетін үлкен адамның баласы болу өте құрметті. Бірақ ол екінші жағынан өте жауапты да. Олай дейтінім, жаман баланың əке атына кір келтіруі қиын нəрсе емес. Сондықтан болар, ха-лық «жақсы əке жаман балаға өмірлік азық» дейді ғой. Не бол-са да осындай атаққа ие болмай, əке атына кір келтірмей өмір сүруге тырысып келемін. Мұны халқым көріп отырған болар, байқап жүрген болар. Не болғанмен бəріміздің де сыншымыз халық қой.

Абзалы, «Асыл тас тотықпас» деген ғой. Момын музыка училищесіне түспестен бұрын-ақ табиғи дарынының, ізденім-паз, еңбекқорлығының арқасында халық композиторлары мен қазіргі қазақ совет композиторларының шығармаларын меңгеріп қалған еді. Сондықтан да ол Ақтөбе қаласындағы ме-рекелік концерттерге, ел ішінде сапар шеккен үгіт бригадала-рына жиі қатысып жүрді. Бұл сияқты қоғамдық істерге ара-ласу, халық алдына жиі шығып тұру оның орындаушылық шеберлігін шыңдай беруіне үлкен ықпал жасады.

Момын үлкен топқа, маманданған салиқалы, беделді комис-сия алдына тұңғыш 1957 жылы түскен еді. Осы жылдың мау-сым айында Алматы қаласында Бүкіл дүние жүзі жастарының Москвада өтетін фестивалінің программасына сəйкес Алматы қаласында өткізілген республика жастары фестиваліне қаты-сып, тұңғыш рет лауреат атанды. Жаңа ғана буыны бекіп, кəмелетке тола бастаған бала жігітті алғашқы бəйге пысытып, алысқа меңзеген болатын. Момын облыстың мəдени өміріне осыдан кейін-ақ атсалыса бастады. Сол кезде облыстық мə-дениет үйі жанындағы халық аспаптар оркестрін басқарды. Сондай-ақ күн санап өзінің орындаушылық шеберлігін де жетілдіре түсті. Гурьев музыка училищесіне түскенге дейін екі рет республикалық байқауға қатысып, тағы да екі рет респуб-лика лауреаты атағын жеңіп алды.

Page 317: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Дарынды домбырашы, шебер орындаушы, жоғары білімді музыкант ендігі жерде бұрынғы шəкірттік үйренушілікті артқа тастап, ұстаздық үйретушілік міндетін атқаруға құлшына кірісті. Сөйтіп, отыз жылдан астам уақыт Ақтөбе музыка учи-лищесінде мəдени-ағарту жəне педагогика училищелерінің музыка бөлімдерінде мұғалімдік міндетін атқаруда. Тағы бір айта кететін нəрсе, ол оқу орындарында ондаған дарынды му-зыканттар даярлап, жоғары оқу орындарына жəне еңбекке аттандырумен қатар облысымызда қаулап өсіп келе жатқан көркемөнерпаздарға тəлім беруден жалыққан емес. Қазіргі кез-де халықтық атаққа ие болған Қазанғап атындағы Байғанин аудандық оркестрінің, Ахмет Жұбанов атындағы Қарабұлақ аудандық жəне Шалқар аудандық оркестрлерінің жеке орындау-шы домбырашыларын даярлауға үлес қосты. 1969 жылы Қа-занғап атындағы халық аспаптар оркестрі Москва қаласында болып, бірнеше жерлерде концерт бергенде Момын оның жеке орындаушысы ретінде де үлкен табысқа ие болды.

Момын Байғанин педагогикалық жұмыстармен қатар өзінің орындаушылық шеберлігін шыңдау жолында салғырттыққа еш уақытта бой ұрған емес. Тек қана ізденумен келе жатқан өнер иесі. Ол кейінгі жылдардың өзінде ғана бірнеше дүркін рес-публикалық жəне облысаралық, облыстық сайыстардың лау-реаты деген жоғары атақты иемденді.

«Əкенің бір қасиеті балада қалады», – дейді халық нақы-лында. Ол өте дұрыс айтылған əңгіме. Момын – жыр алыбының кенжесі. Оған, əрине, əке дарыны – ақындық дарымапты. Бірақ қоңыр үнді домбыраны сөйлеткен күйшілік қасиеті дарыған екен. Балада қалған əке қасиеті осы болса керек. «Тұлпардың тұяғы» деген ақиқат та дəл осы болса керек.

«Коммунизм жолы», 23 маусым, 1990 жыл

Page 318: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

318

Үбіл КӨЗДІБАЕВ

«БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫМЫЗ»

Ақын атамыз Нұрпейіс Байғаниннің 130 жылдығы облысы-мызда кеңінен аталып отырғаны белгілі. Осыған байланысты шаралар оның туған жері – Темір ауданында, сол сияқты есімі берілген Байғанин ауданында, басқа да жерлерде өткізілді. Біздің газетіміздің бетінде де көптеген материалдар жарық көрді. Біз бүгін штаттан тыс тілшіміз Еркін Құрманбековтың Нұрпейіс ақынның немере туысы Үбіл Көздібаевпен сұхбатын жариялап отырмыз. Бұл кісі соғыс жəне еңбек ардагері, Темір ауданының «Кеңесту», Ленин атындағы совхоздарында бух-галтер, зоотехник болып қызмет істеген.

Еркін Құрманбеков: – Үбеке, енді өзіңіз Нұрпейіс ата ту-ралы айтып өтсеңіз. Əуелі Нұрекең қай жерде туды, соны айт-саңыз. Себебі: əр жерде, кітаптарда əртүрлі жазылып, бірде Байғанин, бірде Темір ауданында туған делінеді. Онан соң Байғанинмен тума-туыстық жағын да айта отырсаңыз.

Үбіл Көздібаев: – Нұрпейістің руы – шүрен. Ол Байғанадан, мен Шоқаннан туғанмын, олар ағайынды кісілер, бір əкенің балалары. Нұрекең қазіргі Темір ауданы, Ленин атындағы совхоздың Сүлікті атты жерінде дүниеге келген. Кейін сол жер «Байғанин» колхозы деп аталды, онан соң колхоздар қосылып, совхоз болды. Өкініштісі, Нұрекеңнің туған жері Сүліктіде еш белгі – ескерткіш тақта жоқ. Үлкендер білсе де, жас ұрпақ бұлыңғыр біледі. Үлкен баласы Ғалым да осы біздің аудан-да жұмыс істеп қайтты. Оның ұрпақтары қазір біздің аудан-да тұрады. Мен өзім жəне біздің рулас ағайын-тума бəрі сол ата-баба мекенінде тұрып жатырмыз. Ал бел баласы, кенжесі Момын осы Ақтөбеде педучилищеде, жиені Сəкен Есенаманов (Нұрекеңнің қарындасы Зылияның баласы) деген жігіт Ақтөбе-де облыстық ғылыми-методикалық орталығында қызметте.

Е.Қ: – Үбеке, енді Нұрпейіс ақсақалдың ел ішіне, жұртқа, ағайын-тумаға, жеке өзіңізге қамқорлығы, адамгершілік аза-маттығы т.б. асыл қасиеттері жайлы айтып берсеңіз?

Page 319: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

319

Ү.К: – Нұрекең, шынында, ағайын-тумаға қамқор, қолында-ғы мүмкіндігінше ел ішіне, жұртқа көмектесіп отыратын азамат адам еді. Мəселен, біздің семья 30-жылдары қатты қиындық, таршылық көрді. Ел басына күн туған ашаршылық кезең еді. Сол кезде Нұрекең біздің семьяны өз семьясына қосып алып бақты. Бір үйде тұрдық. Халі келгендер бөтен жақтарға қоныс аударып кетті. Бізде ондай жай болмай, Нұрекеңді паналадық. Мен оның баласы Ғалымменен қатар бірге өстім. Қазір əкем қайтты. Ал сол кезде Нұрекең үйінде болған, о кісінің жақсы келіні болған менің шешем – қазір қолымда, тоқсанның орта-сындағы жаста. Көзі көрмейді, күші аз, қарт адам. Нұрекең жайында білетіндерін айтып, ризашылық сезіммен еске алып, сүйсініп отырады. Нұрекең кейін семьясымен Ақтөбеге көшіп кеткенде, Фрунзе көшесіндегі үйде тұрғанында да өзім ылғи барып, хабарласып тұрдым. Тұрмыс күйі тəуір болды. Ал ол кісінің азаматтық істері мен қызметін айтсам, соғыс кезінде домбырасын «мылтық» етіп, аудан, ауыл аралап, соғыстағы əскерге қаржы, жылы киім, азық-түлік жинап, көмектесті, жыр-лап, термелетіп концерт қойды, колхозшылардың көңіл-күйін көтерді, жырларымен жеңіс үгітшісі болды.

Тағы бір айтатын факт. Ақтөбе қаласында 101-ұлттық ат-қыштар бригадасы жасақталып, оның дайындығын К.Вороши-лов келіп тексереді. Сондағы шығарып салу жиынында обком, облатком командирлерге ат мінгізеді. Солардың бірі Кəкім Бекішевке Нұрекең: «Қарағым, «Ат – ер қанаты» деген қазақ, мынау менің қамшымды ал, қамшы қару болсын, аманат бол-сын, жауды жеңіп, аман орал», – деп батасын береді. Айтқаны келіп, командир аман оралады. Кейін ол есіндегілерін 101-бригаданың тарихы етіп, «Батальон, алға!» деген кітап жаза-ды. Онда Нұрекеңнің аманат етіп берген қамшысын жоғалтпай алып келгенін, қазір сол қамшы Қазақстанның Орталық музейінде сақтаулы тұрғанын айтады.

Е.Қ: – Өзіңіз жігіт болып, оң-солыңызды танитын кез-ге дейін Нұрекеңді көріп-біліп қалдыңыз ғой, əрі өзіңіз 1942 жылы соғысқа кеткенге дейін Нұрекең семьясымен аралас болдыңыз. Енді Нұрекеңнің бет-əлпеті, мінез-құлқы, бейнесін

Page 320: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

320

еске түсіріп, суреттеп берсеңіз. Ақын Əбділда Тəжібаевтың «Жылдар, ойлар» деген кітабындағы естелік – біздегі қазір бар естеліктер ішіндегі құндысы. Онда былай дейді: «Бірінші аңғарғаным: Нұрекең барынша қалша, сыпайы адам. Бір оты-рысынан кешке дейін айнымай, аумай отыруға бар. Жантай-майды, ыңырсымайды, жөтелмейді, түшкірмейді. Екінші аңғарғаным: таза киінеді, тұла бойында олпы-солпы ештеңе жоқ. Кеудесін жапқан күмістей сақалы да тап-таза. Ол төңірегін ұзын, сабырлы көзінің астымен бағып, кезекті сөздерін қысқа-қысқа, салмақпен айтады екен. Ас жегені, шай ішкені де осы ұстамдылығына жарасымды сияқты. Ащы айқайлап сөйлемейді, кеңкілдеп күлмейді». Осы туралы не айтар едіңіз?

Ү.К: – Бəрі де дұрыс, нақ солай суреттелген. Нұрекең таза киініп жүретін, қызыл шырайлы еді. Саусақтары жіңішке емес, жуан, ірі болатын. Жүрген жерінде домбырасын бір елі қалдырмайтын, бұл қасиетін шешем де айтып отырады. Ал балдыздарына ылғи қалжың өлеңдер шығарып, күлдіруші еді. Балдыздары өлең айтып бер деп, Фрунзе көшесіндегі үйде тұрғанда мазалайды əрі ойнайды. Ал, хатшысы болған Қ.Шаңғытбаев Нұрекеңді қорғап, шаршатпай, олардың алды-на кездейсоқ өлеңдетуге рұқсат етпейді. Əйтсе де, Нұреке бал-дыздарына арнап табанда əзіл-оспақ өлеңдерді айтып тастап, оларды сөзден ұтып, тосылдырып отыратын.

Е.Қ: – Ə.Тəжібаев өз естелігінде Нұрекеңнің ақындығын былай суреттейді: «Нұрекең ілезде-ақ сезімталдыққа ауысып, жаңа оянған арыстандай ыңырана бастап, содан соң ішін тар-та ақырып қалды. Домбыра даусы қоламтада көміліп жатқан шоқты үрлегендей үрледі. Нұрпейісті шапшаң тұтандырып, жалындатып жіберді.

Ақын сау желген аттай селкілдей жөнелді. Мен дəстүрлі ұлы жарулардың бірімен жаңа беттестім деп ойладым. Ə де-геннен-ақ бəрімізді жыннан тазартқандай үнімен, көзімен де арбағандай арбап алды. Қасындағы жастыққа дейін сы-рып тастап, өзінің қозғалақтар алаңын кеңейтті. Біз де кейін серпіліңкіреп отырдық», – деп жазыпты. Ал енді Сіз өзіңіз Нұрекеңнің ақындық шеберлігі, домбыра тартуы, дауыс əуені туралы не білесіз, соны айтсаңыз?

Page 321: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Ү.К: – Шыныда, осы айтылғандай, Нұрекең – қайталанбас жырау. О кісінің айтқан жырларын бала кезімде табалдырық қасында отырып тыңдадым. Себебі, бізге үлкендер арасындағы орынға отыру қайда. Ал ер жетіп, жігіт болған кезімде жақы-нырақ отырып талай тыңдадым. Бір ғажабы ол кісінің жыры бір таусылып, үзілгенін көрген емеспін. Шеті, соңы жоқ. Күні-түні жырлағанда таусылмайды. Домбыраны əдемі тартып, өзінің елге белгілі сазы «Қос теппеге» салып алып əндетеді. Сонда қанша ұзақ жырласа да, адамдар не тарап, не ұйықтап кетпейді. Дауысын кейде саңқылдатып көтеріп, кейде жұртты күлдіріп алады, жалықтырмайды, ұйықтатпайды. Ал өзі болса əбден шабыттанып алғанда, айнала тербетіліп, жорғалап, қозғалақтап отырады. Оған біршама жер, орын қажет болады. Нұрекең «Қырымның қырық батыры», «Қарасай-Қази», «Қобыланды» т.б. батырлар жырларын жырлайтын, «Қыз Жібекті» айтатын.

Е.Қ: – Нұрпейіс ақсақалдың биылғы мерейтойын аудан, туған совхозы, жерлес халқы қалай атап өтуде? Халық осы бас-таманы қолдап, мақұлдап отыр ма, олардың көңіл-күй бағыты қалай, сол туралы əңгімелесеңіз.

Ү.К: – Құптап, қолдап отыр. Аты ұмытыла бастаған баба-сын жұрты мақтан етеді. Оның атын ұрпақ білсін деп отыр. Рахмет айтады, істелген іске, жасалған қызметке риза. Аудан орталығы Шұбарқұдықта кеш өткізілді. Оған өзім, Момын семьясымен қатыстық. Есте қалғанды айтып, халық алдын-да сөйледік. Нұрекеңнің шөбересі Талғат домбырамен терме, өлең айтты.

Е.Қ: – Үбеке, əңгімеңізге көп-көп рахмет!

«Ақтөбе», 6 қараша, 1990 жыл

Page 322: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

322

Т. ШОЙҒАРИНКСРО Журналистер одағының мүшесі

АҚЫН ƏРІ ҮГІТШІ

«Сарықамыс» колхозының колхозшылары сабанды доғар-ғаннан кейін үйлеріне бармай, Нұрпейіс отырған үйге келді. Бұл кезде осы үйде колхозшы əйелдер мен ересек балалар лық толы болатын.

Ауылдағы қарттардың үлкені Қойшығара, Мұқан, Алмат, Бөрібай, Əлжан, Сейітжандар еді.

– Ал, замандасым, – деді бір кезде Есіркепов Бөрібай қарт. – Сіз келді дегенге сабаншылар үйіне бармастан осында келіп отыр. Осы отырғандардың барлығы да майдан жауынгерлерінің семьясы. Бұлар да «Барлығы майдан үшін, жауды жеңу үшін» деген ұранмен тылдағы күшті шыңдап, еңбек етушілер. Сіздің лебізіңізді есіткісі келеді.

Нұрекеңнің əрі жолдас серігі, əрі хатшысы Ахмет Іскендіров үй толы колхозшыларға Нұрекеңді «халық ақыны» деп таныстыра бастады. Ол сөзін былай аяқтады:

– Бейбітшілік кезінде:Сексенде шайыр Нұрпейіс,Көкейден жыры төгілген.Бəйшешектей желектеп,Мəуелейміз өмірмен.Мəңгілік біз жасаймыз.Қауіп жоқ қартқа өлімнен, –

дейтін-ді. Қазіргі өлең Отан қорғау майданына арналып айты-лады. Неміс-фашист басқыншыларын жеңу үшін халықты ең-бекке, жауынгерлерге көмек беруге, Отан қорғау қорын көбей-туге, жылы киімді көптеп беруге сіздерді шақыра сөйлейді, – деді.

Ақын Ахмет сөзін аяқтамай-ақ Нұрекең «Қарулан, халық, қарулан» деген өлеңін домбыраға қосып қоя берді. Өлеңнің ая-ғында:

Page 323: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

323

Жасақталсын қалың қол,Қала, село, ауылдан,Аяйтұғын не жан барОтан, халық, бауырдан.Жүрген жерін жайлағанКүштіміз біз дауылдан.Партияның нұсқауын Орында, халық, қарулан!Жаулар тапсын қазасынҚаһарлы біздің қарудан, –

деп бір тоқтады.Аз тыныс кезінде ауыл əйелдері Ұзман, Маржан, Айжан,

Қоңыршалар көзінің жасын сүртіп отырғаны байқалды. Ақын ендігі шумақтарын колхозшыларды еңбекке жұмылдыруға ар-нады.

«Шыңда күрес жеңісін» деген өлеңін төгіп жіберіп, былай деп аяқтады.

Үгітімді жырлаймынҚыз бенен ұл балама,Күндіз болсын, түн болсын,Еш мезгілге қарама.Құрал, азық көп болса,Құртамыз жаудың өрісін.Ұзартпай-ақ қиямызЖауыздардың желісін.Шаруаңды тегісте,Болмасын ешбір кемісің.Жылдағыдан үш есеАртық болсын егісіңЖеңіс күшін шыңдай бер,Сендер – елдің ерісің.Шыңда, ерлер, шыңдаңыз,Ұлы күрес жеңісін!

Page 324: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

324

Бұл 1942 жылдың көктемі еді. Қыс қатты болып, жұмыс кө-ліктері жүдеп шықты. Кейбір сабаншылар – күндік тапсырма-сын орындай алмай жүрген Емжар, Қуандық, Сейдулла сияқты-лардың маңдайынан ақын сөзінен қысылғаннан тер шұбырып қоя берді. Ақынның бір ауыз өлеңі еңбек сүйгіштерге екі есе күш-қуат берді. Нұрекең ауылдан аттанғанда Қараөлең жазы-ғындағы егіс алқабына еңбектеген баладан басқа ауылда адам қалмай егіске шықты. Міне, сөз құдіреті!

Нұрекең осы сапарында Шалқар станциясындағы теміржол-шылардың В.И.Ленин атындағы клубында қала халқының жи-налысына қатысты. Жұрт жиналғанша ақын қарап отырмай домбыра шертіп, өзінің «Ақын шабыты» өлеңінің бас жағын суырып салмалылығына басып, төгіп-төгіп жіберді.

Күйдің сəні келер ме,Алқалы топты көрмесе?Жырдың сəні келер ме,Жібектей есіп өрмесе.Жыршыда қанша қасиетҮлгілі сөзді бермесе.Бейпіл сөзден не пайда,Тыңдаушы тəуір көрмесе.Əнде қанша қасиет,Қаумалап халық келмесе.

Сол кездегі Шалқар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы И.Т.Шириченко ақынға күле қарап, жұрттың келіп болғанын хабарлады.

Көп жиналған халыққа ризашылықпен қарап Нұрекең Ахмет пен маған «Сөз тақырыбы не болады» дегендей шара білдірді. Біз «Жеңіс үшін о, халқым, мал-мүлкіңді аяма» деген өлеңді еске түсірдік. Нұрекең өлең тиегін ағытып жіберді. Сол өлеңнің осы бір шумағы əлі есімде:

Ел қорғаны ерлердің Керегін сірə аяма.Көркейсін, елім көркейсін,

Page 325: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

325

Бойыңды тартып балама!Беруге берім жалғасыпҰласа берсін жаңада.Əрбір тиын сен берген –Болашақ бақыт балаңа!Тыныштық өмір – əлдилепСені өсірген анаңа.Жайдың оғы дұшпанға –Қол салған сенің жағаңа!Үсті-үстіне бере бер,Бергеніңді санама.

Осы кездесуден кейін Нұрекеңе Ақтөбеде жолығып, сəлем-дестім. Өлеңнің осы шумағын ауызша айтып беріп: «Сіз «бер-геніңді санама» десең де мен санап едім. Үгіт өлеңінің нəтиже-сін есептегенде аудан еңбекшілері Отан қорғау қорына жəне армияға жылы киім үшін 300 мың 755 сом ақша, 604 мың сом-ның облигациясы, 48 түрлі 7927 киім беріпті», – дегенімде, қы-зыл шырайлы ажарлы нұры қуанғаннан одан да бетер ажар-ланып кетті, бауырына қысып бетімнен сүйді.

Нұрекеңмен көптен жолдас едім. 1938 жылы май айында ха-лық ақыны Жамбылдың творчестволық еңбегінің 75 жылдық тойына жəне келесі 1939 жылдың май айындағы Қазақстан жа-зушыларының екінші съезіне делегат болып бірге барғанбыз. Ол – ақын əке, мен – қосшысы.

1940 жылы мамыр айында Ақтөбе қаласында Нұрекеңнің 80 жасқа толу мерейтойы өтті. Осы тойға Шалқар ауданынан делегат болып қатысып, Нұрекеңнің үстіне бұрынғының қым-бат «Ақманарас» жібек шапанын жауып президиумда тұрып:

– О, Нұреке,Орамал тон болмайды, жол болады,Істесе жолдың ісі оң болады.Көп жырда ел сүйетін тəтті жырдыХалықтың тілегені сол болады, –

деген бір шумақ өлеңімді айтып бердім.

Page 326: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Нұрекең сол сапарда да мені құшақтап, бетімнен сүйген-ді.Нұрекеңнің «Жеңіс үшін о, халқым, мал-мүлкіңді аяма»

деген өлеңі кейіннен аудандық «Социализм туы» газетіне жа-рияланды. Шалқар ауданының талай жастары көпшілік жерде жатқа айтып жүрді.

Нұрекең тек халық ақыны ғана емес, сонымен қатар үгітші болатын.

«Коммунизм жолы», 23 маусым, 1990 жыл

Page 327: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

327

И. СҰЛТАНОВ

«АҚЫНДЫ КӨРГЕН ЕДІМ»

Халқымыздың даңқты ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туға-нына биыл 130 жыл толады. Ақын атындағы ауданда осы-ған байланысты мереке өткізілді. Онымен дəмдес болып, пі-кірлескен адамдар естеліктерін ортаға салды. Бүгін біз Ұлы Отан соғысы əрі еңбек ардагерлері Əжім Əбдіров, Қамаладин Қабиев жəне қарт ана Тұрышева Ақзерге сөз беріп отырмыз.

Əжім Əбдіров: – Мен 1939 – 1942 жылдар ішінде аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқардым. Ау-дан орталығы Жарқамыс селосы еді. Аудандық партия комите-тінің бірінші хатшысы Манасов ауылда жоқ-ты. Екінші хат-шы Атымтай Смағұлов біздерді шақырып алып, ауданға халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің келетінін айтып, дайындалуды, ақылдасып, сол жұмысты басқаруды маған жүктеді. Бұл 1942 жылдың желтоқсаны еді. Күн суық, жерде едəуір қар бар. Біз бір апта бұрын ақынға түлкі ішік пен тымақ тіктіріп əзірледік. Қолдан келетін құрметімізді ойластырып қамдандық.

Нұрпейіс келді. Сұңғақтау келген сары кісі екен. Үлкен ақ сақалы, ақ мұрты бар иман жүзді адам бəрімізбен жылы аман-дасты. Ол кезде қонақ үй деген жоқ. Кеткенше сол Атымтайдың үйінде жатты. Халықпен кездесуді мектепте өткіздік. Ел көп жиналды. Ақын жырларын, дастандарын жырлап берді. Оның келуі ауданға өзінің есімін берумен байланысты еді. Сол 1942 жылы Жоғарғы Советтің Указы жарияланды. Аудан оған дейін «Табын» ауданы деп аталып келген болатын. Ауданның жаңа есімін жылы шыраймен қарсы алдық.

Ұлы Отан соғысының қауырт кезі ғой, азаматтар майданға күнбе-күн аттанып жатыр. Жұмыс ауыртпалығы бірте-бірте əйелдер мен балалардың иығына ауа бастаған шақ. Байғаниннің көп толғаулары халықты жеңіске үндеді. «Совет елі жеңеді, əзірге уақытша шегініп, күш жинауға жұмылудамыз. Фашис-тер сөзсіз күйрейді, себебі олар басқыншылық жасады, опа-

Page 328: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

328

сыздық істеді бізге. Советтік Қызыл Армия жасанған жаудың талқанын шығарады. Оған сенім бар. Еңбек қазанын қайнатып, Қызыл Армияға көмек көрсетейік. Самолет, танк жасауға көмек берейік. Ақша жинайық. Əскерлерге киім керек. Жылы етік, тон, байпақ, шұлық керек. Майдан үшін, Жеңіс үшін ешнəрсені аямайық. Халыққа осыны жеткізейік, жұмылдырайық», – деген идеяны көкірекке қонымды əуенмен жырлады. Ол кісі жасының ұлғайғанына қарамастан сондай жігерлі де қуатты еді.

Нұрпейіс Қызыл Армияның жеңістерін, жеке батырлар жай-ында да əлденеше шығармаларын сол бойда шығарып отырды. Ауданның мекемелерінде, колхоздарда осындай патриоттық жырымен елдің еңсесін көтерді, жеңіске жігерлендірді. Со-дан кейін ССРО Қорғаныс Комитетінен ауданға «Сіздер Отан қорғауға белсене қатысып танк, самолет жасауға көп қаржы жəне көптеген киім-кешек жібердіңдер, көп рахмет! Жеңісті жақындаттыңдар, қымбатты байғаниндіктер! Жеңіс біздікі!» деген мазмұнда хат келді.

1947 жылы əскерден жеңіспен оралғаннан кейін аудандық партия комитетінде жауапты жұмыстар атқардым. Нұрпейіс Ақтөбе қаласындағы Фрунзе көшесінде екі қатарлы ағаштан жасалған үйде тұратын. Бəрімізді қонаққа шақырды. Момын сонда 6-7 жас шамасындағы бала еді. Оның ағасы Ғалымжан облыстық прокуратурада тергеуші боп істейтін. Міне, мен Бай-ғанинді көрген, дəмдес болған, оның жырларын, дастандарын тыңдаған кісілердің бірімін. Салмақты, орасан ақылды, нұрлы жүзді кісі еді. Əлі күнге көз алдымда. Ол халықтың ақыны бол-ды, солай қалды да.

Қамаладин Қабиев: – Он төрт жастағы бала едім. Ұлы Отан соғысы басталып кеткен. 1941 жылдың желтоқсаны бо-латын. Ат шанамен қасында екі адам бар, Нұрпейіс келді. Ол кезде клуб деген атымен жоқ. Біз оқып жатқанбыз. Жем жеті жылдық мектебінде. Ауыл басшылары елді сол мектепке жи-нады. Стол да тапшы. Жиналған халық мектептің жіңішке дə-лізіне симай кетті. Нұрпейіс ата жиналғандарға елдегі жағ-дайды қысқа əңгімелеп, жерге малдас құра отырды да, дом-бырасын күңірентіп қоңыр дауыспен ырғақтап толғап кетті.

Page 329: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

329

Ел басына төнген соғыс қатерін айтып, Қызыл Армияның не-міс фашистерін сөзсіз күйрете жеңетініне сендіре жырлады. Майдандағы шайқастар көз алдымнан өтіп жатты. Қаһарман совет жауынгерлерінің жауды қия бастырмай желкесін қиып жатқанын аса бір көтеріңкі əуенмен жырлады дерсің.

Қызыл Армияға азық-түлік, танк жасауға қаражат керек-тігін, тылда еңбектің қарқынын ешқандай бəсеңдетпеу қажет-тігін түсіндірді. Жалпы Нұрпейістің сондағы жырлары сая-си патриоттық, үгіттік қуаты орасан мол жырлар еді. Оның қасындағы екі адамды Ахмет, Əсет деп таныстырғаны есімде қалыпты. Бірақ ол кісілер Нұрпейістің үсті-үстіне үдемелете айтқан əуенді жырын қағазға жазып отырмағанын байқадым. Сол магнитофон табағына да жазылған жоқ. Ол уақытта ондай нəрселер бəлкім жоқ та шығар. Оны анық білмеймін. Содан кейін ауылда «Бəрі майданға», – деген ұран əуеледі. Колхоз-шылар көмекке тізіліп, танк жасауға ақша жинады. Оған менің əкем де қатысты. Одан кейін де бір келді.

Кейін ақынның бір томдық шығармасы шықты. Көзіміз көр-ген, жырын, дастанын тыңдаған біздер ол кітапты əлденеше оқыдық. Өзіміздің термеші Нəби Байжанов деген азаматымыз соларды жаттап, тойларда талай жырлады.

Соңғы жылдарда Нұрпейістің кітаптары шықпайды деуге болады. Еш жерде жоқ. Бұл, меніңше, ақынға қиянат. Екінші бір жəйт, Нұрпейістің сол сапарларында болған жерлеріне «1941 жылы халық ақыны Нұрпейіс осы үйде болды», – деген се-кілді ескерткіш жазулар да қойылмайтын боп кетті. Оның жас ұрпаққа мақтаныш сезімін ұялататынын сезбеуіміз қалай? Ау-данда Нұрпейіске арналған музей бөлме де жоқ. Ол Ұлы Отан соғысында əр жауынгермен бір сапта, тылда еңбекшілермен бірге жүргенін неге ұмытамыз? Ауылдық жердің тұрғындары Байғаниннің 130 жасқа келгенін газеттен оқымаса, білмейді де. Облыстық деңгейдегі жақсы шығармаларға Байғанин атында-ғы жүлде неге тағайындалмасқа? Басқа аудандарға қарағанда біздің ауданда ақын-жазушылар көп. Солардың шығуына Бай-ғаниннің ықпалы жоқ деп кім айтады? Облыс орталығында осы күнге дейін Нұрпейістің үлкен ескерткіші жоқ. Нұрпейіс Жам-

Page 330: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

330

былдан, Кененнен бір де кем емес. Халық ақынын қастерлемесе не оған бас имесе, біздің оңғандығымыз қайсы? Бүгін осы бір көкіректегі мұңымды айтудың сəті түскеніне ризамын. «Өзі-мізді өзіміз сыйламасақ, өзге бізді сыйламайды», – деген сөз ойға оралады. Нұрпейістің көркем образы жасалған жоқ. Мар-құм Тобық Жармағамбетовтың «Бəйтеректің жас шағы» деген повесінен басқа не бар? Республика Жазушылар одағы ойлан-бас па екен?

Ақзер Тұрышева: – Қазір жас ұлғайды, көп нəрсе ұмытылды жадымнан. Небір күндер өтті ғой. Сол соғыс басталған жылдың желтоқсаны ғой деймін. Менің шалым Қоштанбек Тұрышев сол 1940 – 1942 жылдары Көктүбек ауылдық советінің төрағасы боп қызмет атқарды. Ауданнан аулақтап келген қонақтар біздің үйге түсетін. Бір күні күн батарда біздің үйдің кісісі екі-үш адамды ертіп келді. Қонақасымызды беріп, барымызды ал-дына қойдық. Шай құйып отырғанда құлағым шалды.

– Нұреке, жүрген жерлерің амандық па? Тұрмыс-жай қа-лай? – деді біздің отағасы.

– Неміс фашистері елге шабуыл бастады. Қарқыны басым əзірге. Түбі біріктіріп, еңбекті еселеп арттыруға жұмылдыру мақсатында өзімнің жырларыммен үлес қосайын деп атқа мін-дім, шырағым. Көп отыратын уақыт жоқ, – деді ақ сақалды адам. Оның Нұрпейіс Байғанин екенін соңынан білдім. Ол Темір, Кеңқияқ, Бəшенкөл, Қопа, Құмжарған, Қожасай колхоз-дарын аралап келе жатқанын, елдің Жеңіске деген ынтасын, ықыласын біраз əңгімеледі. Осыдан жағалап аудан орталығына баратынын, көлік жайын да ескертіп қойды.

Шай жиналып болғанша ауыл адамдары жиналып қалды. Домбырасын қолына алып қарт ақын жырлауға кірісті. Ешкім бөлген жоқ, тыныштықпен ұзақ тыңдады. Көбіне ата-бабаның ерлігін, дəстүрін айтып, оны сол күндердегі Қызыл Армияның ерлік-күресіне ұштастырды. «Танкке қарсы атылып, самолетін сұлатып» деген жаңа сөздерді де сол ақынның аузынан есті-генбіз.

Ертесіне «Жем» колхозына жүріп кетті. Міне, Байғанинді мен де көрген едім деуім осы еді.

Page 331: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Ақынды көрген, онымен үзеңгілес жүрген адамдар облыста аз емес шығар. Ақын жөніндегі естеліктерін, ойда қалған өлең, толғауларын тауып, іздеп, ой қозғасқан жөн болар еді. Бұл бір үнемі естен шықпайтын елдік шаруаның бірі дер едік. Осын-дай естеліктерді жинап, кітап етіп шығару да қолға алатын іс. Себебі Нұрекең – халық ақыны, ұлы бейне. Замана жыршысы ғой.

«Коммунизм жолы», 14 тамыз, 1990 жыл

Page 332: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

332

Сағындық НИЯНҚҰЛОВ

ӨЛЕҢНІҢ ТАСЫҒАН БІР ДАРИЯСЫ

(Ақын Н.Байғаниннің 130 жылдығына арналған Ақтөбедегі ғылыми-практикалық мəслихаттан)

Сонау жаз айларынан басталған бабамыз Н.Байғанин тойы күздің осы бір қысқа айналған шағына дейін созылды. Жері кең, еңбеккері жомарт облыстың қай бұрышын да ақын рухы дүр сілкіндіргені баршамызға аян. Бір шеті Темір, бір шеті Орынбор облысында да Нұрпейіс жырлары шалқыды.

Басшы органдардан бастап, жерлес дүлдүл ақынымыздың мерейін асырып, жігерін тасытуға мəдениет жөніндегі облыстық комитет, радио-телевизия хабарларын тарату жөніндегі облыс-тық комитет белсене атсалысты. Осы коллективтердің ара-ласуымен Ақтөбеде бірнеше рет барлық аудан өнерпаздары қамтылып, жыр сайысы, айтыс-терме байқаулары өткізілді. Осыдан бірер ай бұрын ол сынақ қорытындыланып, жүлдегер-лер тиісті бағасын алды.

Енді міне, сол Н.Байғаниннің 130 жылдығына арналған ғы-лыми-практикалық мəслихат та тыңдаушыларға үлкен əсер қалдырды. Өйткені басқосуда Нұрпейіс жөнінде бұрын ай-тылмаған естеліктер жұртшылық құлағына жетті. Кездесуге астанадан ақын Д.Əбілев, жазушы Ə.Нұрпейісов, драматург Қ.Мұхамеджанов қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Мəслихатты Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің екінші хатшысы Т.Ə.Сəдуов ашып, ақынның өмірбаяны мен творчествосына тоқталды. Шығармашылық жолының əлі де толық зерттелмей отырғандығына, жастар арасында үгіт-наси-хат жұмысының нашарлығына, Нұрпейіс шығармалары мектеп оқулығынан түсіп қалғандығына қатты өкініш білдірді.

Біз бұл бетте өз сөзімізбен баяндағаннан гөрі сонда сөйле-ген азаматтардың ой-пікірлерін, естеліктерін сол күйінде боямасыз беріп отырмыз. Шын көңілден ақтарыла шыққан лебіз ешқандай түзетуді қажет етпесі ақиқат. Олар бір-бірін

Page 333: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

333

толықтырып, ақын бейнесін қазіргі күнге жақындата түседі. Ендеше, əңгіме желісін ағытайық.

Д.Əбілев – ақын, Қазақ ССР халық жазушысы:– Нұрпейістің ақындығы отызыншы жылдардың аяғы мен

қырқыншы жылдардың басында қалыптасып дамыды. Бұлақ жырлары оқырмандар жүрегіне сол кездерде жол тапты. Егер кешігіңкіреп барып танылуына не себеп дейтін болсақ, ол Нұрекеңнің сауатсыздығы. Прокурор ұлы Ғалым əкесін көп уақыт «білімің жоқ, саяси қателікке ұрынасыз» деп отырғызып қойған. Əрине, ақын шабыт шақырған кезде байыз таба ала ма, ондайда орталыққа барып, базаршылап келген ауыл адамдары алдында сұлу жырларын төгіп-төгіп, шерін тарқатып қайтады екен.

1938 жылы маған Ақтөбеге жол түсті. Мақсатым – жыршы-термешілер еңбектерін жинастыру. Облыстың сол кездегі бірінші хатшысы қатқылдау үнмен «Бізде ақын дейтін жоқ» – деп кесіп айтты. Осы өңірде алты күн болдым. Сонда маған досым – Қ.Мұстафин деген азамат «қазақтың қаны тамған киелі жерде ақын-жыраулар болмауы мүмкін емес» деп, мені Н.Байғанинмен таныстырды. Алғашқы көргеннен-ақ мен Нұ-рекең сауатсыз болса да түйсігі мол, өткенін ұмытпайтын, əр нəрседен хабардар жан екенін байқадым. Жамбыл, Доскей жыр-ларын радиодан тыңдап, рахаттанып отырады екен. Бірде орыс ақыны П.Кузнецов Москваға астық жөнелтіп жатқан қызыл керуеннің үстіне келеді. Шілденің ми қайнатар ыстығына қарсы тұрып, алтын дəн өсірген дала ерлеріне арнап, Нұрекең сол сəтте лезде «Қызыл керуен» деген өлең шығарады. Павел сол өлеңді сауатты адамдарға аудартып, «Правда» газетіне бер-ген дейді. Əрине, берілген аз ғана уақыт ішінде дүлдүл ақын жөнінде жан-жақты айтып жеткізу мүмкін емес. Менің 1981 жылы жарық көрген кітабымда ол кісі туралы естелігім бар. Бəлкім содан оқыған да боларсыздар.

Ə.Нұрпейісов – жазушы, ССРО Мемлекеттік сыйлығы-ның лауреаты:

– Өзіміз ғұмыр кешіп жатқан осынау ұлан-ғайыр даланың қайсыбір жеріне зəуде жолың түсіп бара қалатын кезің болады

Page 334: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

334

ғой. Сонда сен өзің əлгі ат басын туралап келген елдің шетіне кірмей жатып көш жерден əруағына басыңды иіп тағзым ететін ел киесіндей арқар ұранды ұлы перзенті болса десеңізші! Олар өзі осы далада онша көп те емес. Олар анау Семейде – Абай, Мұхтар болса, мына Арқада – Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, сонан соң қос ішектен сылқылдатып күй сауған Тəттімбет, Жетісуда – Жамбыл, Оңтүстікте – Төле би, Батыста – Құрманғазы, Махамбет, Ақтөбеде – Нұрпейіс.

Осы бір үркердей шоғырланған топ, садағаң кетейін жайсаң жандар, кешегі қара түндікті қазақтың жабығынан бірі ай, бірі жұлдыз болып жарқырап туып, жарық сəулесін ұлан байтақ даламыздың шалғай түкпір-түкпіріне түсіріп, шұғыла нұрына бөлеп, өздерінің құдіреттей өнерімен мерейімізді биіктетіп, бір-бір көтеріп тастап еді-ау!

...Туған жердің топырағына келгенде қара тастың қайтерін кім білсін, ал адам, С.Мұқановша айтқанда, кəдімгі ет пен сүйектен жаралған адам, тебіренбей тұра алмайды екен. Сəу-летті сарайдың шаңырағы астында сіздермен жүзбе-жүз дидар-ласып отырған салтанатты кеште Нұрекең салған ізбен өнер қуған əдебиет түлектері мына көрнекті қазақ ақыны Д.Əбілев, қоңқақ мұрын нарқасқа Қ.Мұхамеджанов – бəріміз де толқып тұрған жайымыз бар.

...Бүгінгі күні дүниеден сол жайсаңдардың өздері өтсе де, бірақ олардың сөздері өлмеген. Қас өнер қия тасқа ылғи да қасқайып қарсы бітетін емендей қасарысып болатын қайсар. Өнер сүйген халық өнерлі ұлын əсте ұмытпаған ғой. Сіз бен біз де бүгін міне, иісі қазақ қауымына аты мəшһүр ұлы бабамыздың əруағына бас иіп, тағзым еткелі ойдан, қырдан жиналып отыр-мыз.

Өз басым көзі тіріде Нұрекеңді көргем жоқ. Бірақ көп есіт-тім. Ол кісі жөнінде, əсіресе, Сəбең (Мұқанов) жылы-жылы пікір айтушы еді. Оның сөзіне сүйенсек, Нұрекең төре сүйек, сұлу кісі болыпты. Сөзі сыпайы, мінезі сырбаз, иманы ылғи бетінде дірілдеп тұратын инабатты жан берігірек кеп қартайғанда да сол баяғы жас жігіт кездегі нұры таймапты. Ұзақ жасаған, өмірде көргені мен есіткенін көкірегіне көп жинап, жадында

Page 335: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

335

жазылған хаттай сақталып қалатын сақ құлақ, сахаба кісі бол-ған көрінеді. Не бір алқалы жиында иініндегі сусылдақ шапан-ның екі өңірін ашып тастап, ат жақты бетінде салалы аппақ сақал күміс толқынданып, кеудеге түсіп тұратын көнекөз қария ақын қаумалаған жиынды түгел аузына қаратып, өзіне баурап алатын дейді. Үй-іші құлақ тігіп, сілтідей тынып қалған жым-жырт тыныштықты Нұрекең тіп-тік қалпы сұлу бойын шалқая ұстап, қызыл тілді безеп отыратын көрінеді. Сол замандағы ауыз əдебиетінің алдына жан салмайтын ақиық дүлдүлдері На-ртай, Шашубай, Кенен, Жамбыл жан-жақтан жиналып, астана-да бас қосқан жиындарда Сəбеңнің айтуына қарағанда, Мұхтар Əуезов ылғи да Нұрекеңнің қасына қатарласып отырып, əр сөздің тегін сұрап түсінік алатын көрінеді. Сондай бір сəтте Мұхаң «қазақта «аран», «арандатты», «аранға жықты» деген сөз бар. Осының түп қазығы қайдан шықты?» деп сұрапты. Сонда Нұрекең «Баяғы мылтық əлі шықпаған садақ, найза заманында осы даланың сол кездегі киік аулайтын аңшысын араншы деп атаған. Далада жел құйындай жосып жүретін түз тағысына не атқан садақ, не қосқан ит жетпейтін болғасын биік жалдың үстіне кереге жалдап кісі бойы тас өріп, оның сырты-на ор қазған. Сол ордың қарсы бет кенеріне ұшын істіктеген білектей нар қамысты тізілте шаншып, аран құрған. Екі аңшы о шеті мен бұ шеті жүз, жүз елу метрдей доғадай иілген екі басында бұғып отырғанда, ал ұшқыр, жүйрік ат мінген үшінші аңшы жақын маңда жайылып жатқан киіктің үйірін өзіне тиімді жағынан кеп үркітеді екен. Ал киікке құдай берген əдет кімнің болса да алдын кесіп өтуі керек. Аты жүйрік аңшы ал-дын бермей əлгі аранға маңдайын туралап алып келеді екен. Жарысқанда жанын беретін жел құйын киіктер тобымен құстай ұшып аранға тақап келе бергенде екі жақта бұғып отырған екі аңшы айқайлап, атып тұрады екен. Сонда мына жақта қиқуға басып, айқайлап келе жатқан кісі болғандықтан жалтара алмай, бір үйір киік өзінің тобымен, түйдегімен ағызып кеп алдындағы кісі бойы кереге жал тас қамалдан лажсыз қарғығанда ар жа-ғындағы ордың қабағында самсаған найза істікке құралайы, киігі, текесі – бəрі түгелдей қарнынан қарналып қалады екен».

Page 336: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

336

Ақ сақалы күміс толқынданып кеудесіне түскен, өң біткен-нің ажарлы сұлуы қарт ақын осыны асықпай, нəшіне келтіріп айтыпты да, жанында ықыласпен ұйып тыңдап отырған ұлы жазушыға бұрылып: «Мұхтаржан, қазақтың əлгі «арандатты», «аранға жықты» дегені сонан қалған» депті.

Сол Нұрекең көз жұмып, жамбасы жерге тигелі жарты ға-сыр. Бірақ, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын ар-тына сөз қалдырған?!» Жоқ, ол кісі тірі! Жырымен бірге жа-рықтықтың рухы да дəл қазір бізбен бірге. Кейінгі келешек ұрпақ жүрегінде де жасай бермек!

Қ.Мұхамеджанов – драматург:– Нұрекеңді көрген, сөзін естіген Дихан ағамыз өте жақсы

айтты. Нұрекеңнің соғыс кезіндегі жырларын өздеріңіз оқыған да боларсыздар. Совет Одағының батыры Т.Тоқтаровқа арна-ған толғауының өзі неге тұрады? Сосын бір айта кететін жəйт, ақынның екі ғасыр шежіресін салыстыра жырлауында. Оның жырлары кəусар бұлақтай, ішсең мейірің қанатын. Мысалы, «Нарқыз» поэмасын алайықшы. Тіл қандай, суреттеу қандай! Мақтансақ, мақтануға да тұрарлықтай. Қазақ қыздары кешегі қаралы заманда да, одан кейінгі кезеңде де ерлік үлгісі бола білді. Жауына бас имеді. Мысалы, Ұлы Отан соғысына аттанған 30 мыңдай қыз-келіншіктердің ішінен қос шынарымыз Əлия мен Мəншүк батыр атанды.

Өз өлкеңнің тарихын, оның белгілі азаматтарының өмір-тарихын біліп өсу қажет. Жасыратыны жоқ, бізде осы жағы əлі де жетіспей жатыр. Жастардың көпшілігі ақындардың өз топырағынан шыққан қайраткерлерін біле бермейді. Бұл сөз жоқ, насихаттың нашарлығы. Осы жағына баса назар аударған жөн.

К.Оспағамбетов – ақын, Шұбарқұдық поссоветі атқару комитетінің төрағасы:

– Мен ұлы бабамыз туып-өскен, табанының ізі қалған өл-кенің азаматымын. Көп уақытқа дейін Нұрекеңнің қай жерде туғаны жөнінде əртүрлі пікір, айтыстар болып келді. Ақыры оның біздің ауданның Ленин атындағы совхозының Сүлікті деген жерінде дүниеге келгені анықталды. Ақын тойы биыл

Page 337: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

337

мерейлі болды. Сонау шілде айынан басталып, қара күзге дейін созылды. Бұл Нұрекеңнің қайта туғаны деп есептеймін. Енді Нұрекеңе деген ойымды поэзия тілімен жеткізсем деймін:

Ертеден салса кешке озған,Дүбірлі талай жарыстан.Күмбір де күмбір көкірекӨлең-жыр тұнған ағыстан.Шырқайды қайта көгімненАқ берен күйі аңқылдап,Тайпалған жырлы тарланымЖоғалып барып табысқан!

Жыр сауған асау көкірекЖыршысын іздеп шарқ ұрған.Қарлықты даусым бір күндерШілдеде соққан салқыннан.Домбырасын тағы қолға алса,Нұрекең атты жыр-пырақТолқиды сыймай кемергеСүйікті суы тартылған.Түйдек те түйдек өлеңіАрғымақ мініп ай маңдай,Ақыны қайта оралса,Айтылмас бүгін əн қандай!Тебіреніп ақса Жем-ТемірЖыраудың айтып жан-сырын,Шілікті бойы у да дуөшкені қайта жанғандай!Жатқа айтып жырын жыршыныңМəре де сəре бауыр жүр,Ебіл де себіл етегіТолғатып тойға ауыл тұр!Еміренген жұртын бүгінгіЕрекше күймен елітіп,Ақтөбе үстін желпидіНұрпейіс атты дауыл-жыр!

Page 338: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

338

Б.Отарбаева – көп балалы ана:– Мен ұлы Нұрекең атындағы өңірдің қызымын. Бірнеше

жыл ауданда білек сыбана еңбек еттім. Қазір демалыстамын. Бəріңізге белгілі Байғанин жері де ақын-жыршылардан кенде емес. Оны мен айтпай-ақ өздеріңіз де жақсы білесіздер. Олар-дың есімдерін бүгінде республика біледі. Мен ана ретінде ба-лаларыма, замандастарыма «тілдеріңізді ұмытпаңыздар» дегім келеді.

Өзім 1966 жылдан бері аздап өлең жазамын. Кезінде жырла-рым аудандық газетте жарық көріп те жүрді. Бірақ кейін қалаға ауысып, балаларым үйленіп, немерелі болған соң қолым да тие бермейді. Мына өлеңім 1977 жылы Ұлы қазанның 60 жылдық мерекесіне арналған еді. Нұрекең атамыздың əруағы риза бол-сын, осы өлеңімді оқып берейін:

Жем – Сағыздың өрлей берсең өресін,Ерлерімнің жарқын жүзін көресің.Кең даламның шалқып жатқан шаттығын,Көзің көріп, өзің баға бересің.Жем – Сағызда мəуелеген ырыс-бақ,Алпыс жылда еңбегімен тыныстап.Еңбек Ері, жаңашылдар көбейіп,Алда келед жарыс туын нық ұстап.Ақындары ауылдарын жыр еткен.Азаматы мəуелетіп гүл еккен.Ұйымдасқан шопандар бар жастардан,Қаһармандық ерлік ісін түлеткен.Октябрьде биік менің мəртебем,Шалқып жатыр малға толы əр төбем.Еңселі үйім, дəулетім мол сəулетім,Əлдеқашан адыра қалды жертөлем.Алпыс жылдық Октябрім бұл есім,Еңбекпенен қосты елім үлесін.Москвадан үш мəртебе ту алып,Ауданымыз үдетуде күресін.Ұлы Октябрь – алпыс жылдық жеңісім,

Page 339: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

339

Правом бір, ерлерменен тең ісім.Компартиям Бақыт берген мəңгілік,Баянды еткен Алтын Заңым жемісін.

М.Бейсенбайұлы – Орынбор облысынан келген өкіл:– Біздер көршілес Орынбор облысындағы қазақтар, баба

есімін білеміз, құрметтейміз. Жырларын өнеге тұтамыз. Бірақ, шынын айту керек, жеткіліксіз. Əсіресе, жастар жағы біле бермейді. Шүкір, осы өңірде шамамен 111 мыңдай қазақтар тұ-рады. Соль-Илецк қаласында, Дамбар жəне Ақбұлақ аудан-дарында қазақтар көбірек шоғырланған. Соғысқа дейін қазақ мектептері болатын, газет шығатын. Ал соғыстан кейін бəрі жа-былып қалды. Осыны енді жаңғыртып, қолға алып жатырмыз. Мен «Қазақ тілі» қоғамының төрағасымын. Қоғамдық жұмыс мəселесімен қазақтар арасында көп боламын. Жақсысын үйренуге тырысамыз. Талабымыз таудай. Ал оның қаншалықты жүзеге асырылатынын уақыт көрсетер.

Ү.Көздібаев – ақынның немере інісі:– Атам жөнінде бүгін небір керемет ойлар, пікірлер, есте-

ліктер айтылды. Мен, əрине, олардай сөз майын тамызып, тың-даушының құлақ құрышын қандыратындай асыл сөздермен жеткізе алмаспын. Өйткені қарапайым еңбек адамымын. Шы-ғып сөйлеген азаматтарға алып-қосарым жоқ. Тек менің айтай-ын дегенім – семьялық қарым-қатынасымыз жөнінде. Байбақты деген үлкен атамыздан Мақан, Шоқан, Байғана деген үш бала туыпты. Байғанадан Нұрпейіс, ал Нұрпейістен Ғалым, Момын деген ұрпақтары өмірге келген. Ғалымның прокурор болып, кезінде əкесіне еркін тізгінді бермегенін бағана ағайлар айтып өтті. Онысы рас. Ғалымнан Өтеміс деген ұл жəне үш қыз өмірге келген. Момын жөнінде өздеріңіз білетін боларсыздар.

Əсіресе, мейрам күндері атамыз жайнап кететін. Үйге көр-ші-қолаң, тума-туыстар көп жиналатын. Біздер шиеттей қара сирақ балалар үйдің жабығынан сығалап, жыр тыңдайтынбыз. Əділдікті жанындай сүйетін адам еді. 1928 – 1929 жылдары асы-ра сілтеу елде белең алды ғой. Ауылдағы шолақ бастықтардың күні туып, қарапайым халықты қуырып кете жаздады. Біздің

Page 340: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

340

жақын ағайынымыз да соларға еріп, елдің көжесіне қатық қылып отырған аздаған астығын зорлықпен тартып алудан тайынбаған. Бұған бір тойтарыс берсе, Нұрекең берер деп бір топ адамдар ақынға келіп, шағым айтыпты. Сонда Нұрекең терең күрсініп алып, інісін шақыртып, өлеңмен батырып-ба-тырып айтқаннан кейін, «Түу, Нұреке-ай» деп үйден шығып жүре беріпті. Сонан кейін ол қылығын қойған екен деседі.

1931 жылдан біз сол кісінің қанатының астында тəрбиелен-дік. Ғалымның саяси қателікке ұрынасың деп, көп жыр бəйгеге əкесін қоспағанын кейіннен өкінішпен еске аламыз. Жырларын жазып алатын хатшылары болған. Əсіресе, соғыс жылдарында Байғанин, Темір, Шалқар аудандарын аралап, өнер көрсетті. Халықты болашаққа үндеді.

С.Өтенов – қазақтың ұлттық «Дəстүр» мəдени орталы-ғының төрағасы:

– Біз бағанадан бері Нұрекеңнің тойы деп жатырмыз. Менің-ше бұл бас қосу той емес, жəй ғана еске алу десе де болғандай. Өйткені той болса дүркіретіп, ақын көңіліндей кең жазира дала-да, ат тұяғының сыртылы естілетін жазықтықта неге өткізбес-ке? Мұның басты себебі – бүгінде кешегі асылдың сынығындай азаматтарға деген сый-құрметтің жоғалып бара жатқандығы. Тіліміз мемлекеттік тіл болды, статус алды. Ал оның жүзеге асуы облысымызда ешкімді де қанағаттандырмайды. Үлкен басшылар отыратын мекемелердің қай-қайсысына барсаң да орысша жазылған сілтемелерге тап боласың. Сонда біз қашан, қайтіп жүріп Н.Байғанин сияқты саңлақтарымыздың əсем жы-рын, үнін, азаматтық кескін-келбетін келешекке қалдыра ала-мыз? Бұл жағдай кім-кімді де ойлантуы керек.

М.Байғанин – ақынның ұлы:– Аталарын сыйлап, рухына табынып келген мынау өрен

жастарға, астанадан ат арытып келіп, жақсы да жүрек тебірен-терлік пікір білдірген аяулы азаматтарға шын көңілден алғыс айтамын. Бүгін осы мінберден біраз пікірлер айтылды. Оның ішінде партия органдарында жасайтын азаматтар атына сын-дар айтылды. Мен оған толық қосылмаймын. Əрине, ол кісінің де сөзін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ елдегі қазіргідей

Page 341: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

341

ауыр жағдайға, не болмаса дағдарысқа тек партия кінəлі деп, бар салмақты соған аударсақ əділдік пе? Əрине, жоқ. Мы-нау жариялылық пен демократия жағдайында өткен күнді қайта оралту (əрине, шуақты жақтарын) оның батырларын елге таныту, ақын-жырауларын қайта түлетуге совет-партия қызметкерлері елеулі үлес қосты десем, артық айтқандық емес. Əкемнің биылғы 130 жылдық тойын өткізуге облыстық партия комитеті, жергілікті радио-теледидар, баспасөз коллективтері де атсалысты.

Мен əкемнен сегіз жасымда қалдым. Анамның айтуына қарағанда қарапайым, сөзшең, өзім деп келген адамға барын ұсынатын жаны жомарт пенде болса керек. Радионы таң атқанша жаптырмайтын көрінеді. Бірде ертеңгілік сайрай жөнелген радионы анам барып, ұйқысын қимай, өшіре салыпты. Соны сезіп қалған əкем: «Əй, кəне аш, сенен көп сөйлемейді ғой» деп қайта қостырыпты. Сауатсыз болғанмен түйсігі мол, естігенін ұмытпайды екен. А.Ескендіров, Жаңабаев сияқты хатшылары болған. 1943 жылдың аяғында хатшы болып жерлесіміз, ақын Қ.Шаңғытбаев келеді. Қай хатшы болса да ол кісіге алдымен елдегі жағдайды, не болып жатқанын түсіндіреді екен. Со-сын барып əкем ұзақ ойланып, жырын төгіп-төгіп жіберетін көрінеді. Көптеген жырлары өзімен бірге кетті. Ол кезде жа-зып алатын қазіргідей магнитофон жоқ. Бар болса да бізге түсе бере ме? Бала кезімде есімде қалғаны – осы күнгі теміржол мəдениет үйінде ол кезде де ойын-сауық көп болатын. Соған əке-шешеме еріп, мен де барамын. Халық сыйлап, əкейді президиумға отырғызып қояды. Еліне сыйлы, беделді екенін мен қайдан білейін, залдан ол кісіге (президиумда отырған) қайта-қайта барып, мазасын ала беретін көрінем. Сол кезді ой-ласам қазір ұяттан бетім дыз ете қалады. Домбыраның құлағын ұйықтар алдында босатып қоятын дейді анам.

Тапқыр, сөзге шешен екендігіне анам мынадай оқиғаны ай-тып берген еді.

...Бірде ертеңгілік біреу есікті қағып алып бара жатады. Анам қорқып дыбыс бермейді. Ой үстінде жатқан əкем «ашсаңшы» деп дауыстайды. «Бұл кім ай?» деп анам сөйлегеннен кейін ар

Page 342: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

342

жағынан біреу «Откройте двор-ай («Дверь» дегені болар)» деп сыздана жауап береді. Есік шиық етіп ашылғанда ішке шұбар бет біреу кіріп келе жатады. «Дай мешок» деп тағы «орысша-лайды». Əбден күйініп кеткен əкем:

«Откройте двор-ай,Басып кірген мынаны-ай.Дым білмейтін шұбардыңОрысшаға құмары-ай, –

деп қоя беріпті. Сұраған бұйымын аларын да, алмасын білмей қалшиып тұрып қалған ол жалтақтап, айналасына қарай беріп-ті. Кейін айыбын мойындап, əкемнің алдында кешірім сұрап, шақырып қонақ етіпті.

Ол кісінің бізге қалдырған өсиетін ұрпақ ретінде шама-шарқымызша орындап келе жатырмыз. Алдымен ақын атасын осынша құрметтеп, рухына бас иген халқымнан айналдым!

М.Арынов – Ақтөбе педагогика институтының ректо-ры, Қазақ ССР халық депутаты:

– Ұлы бабамызды бүгін қайта тірілткендей болдық. Қан-шама ұлағатты, мағыналы сөздер, естеліктер айтылды. Бұл тыңдаушы үшін де өте пайдалы. Жүздеген мағынасыз лекция-лардан гөрі осындай пайдалы кездесулердің құны мың есе артық. Əңгіменің шыны керек, кейбір жолдастар мұндай мəдени шараларға селқос қарайды. Өткізілуі қажет пе деп дау да айта-ды. Олармен келісуге болмайды. Жұртшылықты тəрбиелейтін сезім қажет. Баспасөз беттерінде «Өлкеден шыққан өрендер» деген айдармен материалдар беріліп тұрса да артық болмас еді. Əрбір жас өз өлкесінің өткен-кеткенін жатқа білсе қандай жақсы! Мұндай шараларды белгілі бір топқа жүктелген жұмыс демей, көп болып бөлісе көтергеніміз абзал.

Бағана сіздер жезқазғандық Ш.Ділдебаевтың, студент Ж.Көшербаевтың əн-жырларын, термелерін тыңдадыңыздар. Солардың өзінде қандай шындық жатыр?! Бұл мəслихатқа сон-дай-ақ, республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген Қ.Əбілев, Ə.Қалыбекова, Қ.Бердіғалиев

Page 343: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

343

сияқты саңлақтар да атсалысуға тиіс еді. Бірақ, Шынболаттан басқасы келе алмады. Əселханның өзі келмесе де:

Армысың асыл Ақтөбем,Қағазға жазып хат берем.Аралап қалың қазақтыӨзімнен бұрын тапты өлең.

Өмір ғой бітпес бір кейіс,Көңілге демеу жыр-пейіш.Əруағынан айналдым,Кешірсін атам Нұрпейіс.

Борыштар ақын баршаға,Өтіндің кел деп қаншама.Жетуі керек ƏселдіңЖердегі жалғыз болса да.

Уақыт шіркін жетпеді,Көтерем енді өкпені.Төтелеп тартып кете алмай,Төменге түсіп кеткені.

Ақкөңіл бар ма ақыннан,Артылмай қойдым жақыннан.Садаға болсын Əселхан,Ақтөбе деген атыңнан.

Уақыт талай өзгерер,Естігеніңді көз көрер.Тұз-дəмің тартса ағайын,Тағы бір жолым кез келер, –

деген жыр жолдары жетті.Ендігі басты мəселе қолда барымызды қадірлей білу. Бүгінгі

əңгімеде ақын мұрасын зерттеу, оны дамыту жолдары көп ай-

Page 344: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

тылмады. Міне, осы жағын алдағы уақытта дамыта түссек. Ой-ланатын кез жетті, ағайын!

...Төрт сағатқа созылған ұлы (олай деуге толығырақ үңілсе дəлелдер де бар) ақынға арналған ғылыми-практикалық мəс-лихат кезінде кім-кім болмасын оған қатысқандығына өкін-бейтіндей əсер алды. Көптеген, белгісіз болып келген естеліктер көмбесі ашылды. Бұрынғыдай емес, сосын бір көзге түскен жақсы жəйт – қалалықтардың осындай мəдени басқосуларға көптеп қатысуы. Бұл біздің тіліміздің жоғары мəртебеге ие болғандығынан да шығар.

Сонымен Н.Байғаниннің 130 жылдығы облысымызда үлкен мереке ретінде аталып өтілді. Əрине, бұл тойдың соңы емес, жалғаса бермек.

«Ақтөбе», 22 қараша, 1990 жыл

Page 345: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

345

Ертай АШЫҚБАЕВ

СЕКСЕННЕН АСҚАН СЕРГЕКТІК

Осы заманғы айтыс ақындары аяқ астынан таң қалдырады. Əрине бəрі емес. Тек мықтылары. Мысалы, Шорабек, мысалы, Мэлс.

Мен Шорабек өлеңдерін студент кезімде тыңдағам. Түбі ай-тысқа қатыссам деген ой ол кезде Шорабектің басында сірə, жоқ. Менің сəуегейлігім жоқтығы жəне аян.

Баянғали сатиралық прозада қалам сілтеді. Қонысбай өлеңге əуен жазды. Ал бұлардың айтулы айтыскер болу себебі неде? Сөз жоқ, бойда талант бар. Оған қоса, əрине, білім бар. Оған қоса, əрине, əлгіндей шаруалардың басын қайырып тастады.

Бұлар қазағы бар, орысы бар, немісі немесе ағылшыны бар, алуан елдің алпауыт ақын -жазушыларын оқыды. Сөздегі ай-шықты теңеу, ұшқыр жауап, ұйымшыл ұйқас осы оқымысты-лыққа да тəуелді.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, сыншы Тұрсынжан Шапаевтың бір мақаласында («Ұйқасы өлеңімнің сыңғырласын») мынадай жолдар бар:

Күйіндей домбыраның құлдырасын, Суындай Алатаудың сылдырасын.Сөздердің асыл, көркем тасын қала,Ұйқасы өлеңімнің сыңғырласын, ─

деді шабытты ақын Ілияс «Құлагерде». Əйтсе де Ілияс ақынның тұсындағы сыңғыр бүгінгі құлаққа таза естіле қоймас». Рас-ақ. Прогресс өлеңнің де деңгейін көтермек.

Қайтыс болғанына елу жыл толып отырған Нұрпейіс Байға-наұлы туралы əңгімені Шорабек немесе Мэлстен бастауымыз-дың себебі осы арадан өріледі.

Қазіргідей ғылыми-техникалық немесе мəдени жетістік жоқ заманда ел тамсанар ақын болуға екінің бірі жете алмады. Же-ту қиын еді. Зерделі һəм зерек бассыз жалғыз талантпен алысқа шабу қайда...

Page 346: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

346

Нұрпейіс Байғаниннің таланына тағдыр оған сол кездегі иен дала жыршысына қажетті қасиетті үйіп берген.

Қазір Мұқағалиді немесе М.Шахановты іркілмей жатқа со-ғатындар көп. Бұл заңды. Мұқаң мен Мұхаңның кітабы сөреде тұр. Ал да жаттай бер. Тек анау айтқандай түйсіксіз болмасаң біраз өлеңді миға тоқып-ақ аласың. «Капиталды» немесе «Бір адым алға, екі адым кейінді» түн қатып конспектілеген жоғарғы білімді саналы азамат үшін жақсы өлең жаттау бұйым ба?!

Кітапханасы жоқ, кітапханасы болмаған соң дастандары бірнеше қайыра оқып жаттап ала қояр кітаптары жоқ кезеңде ауылдың алты ауызын айтуға əлі əзер жетер көптің бірі емес, атағы алты алашқа жайылар ақын болу қандай қиын еді...

Ол кездің кітапханасы – Нұрпейіс пен Жамбыл... Абайдың жөні, əрине бөлек.

«Оян, қазақ!» немесе «Маса» бергі кезеңнің еншісі. Бергі кезеңнің еншісі дейтін себебіміз – Дулатов пен Байтұрсынов жазба əдебиет өкілдері.

Ал қолынан домбырасы түспеген Нұрпейістің жөні басқа. ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл туралы естеліктер

көп. Сол естеліктерінде, əрине Нұрпейіс бейнесі де қалыс қа-лып көрген емес. Мəселен, Есмағамбет Ысмайылов былай дей-ді: «1942 жылы бір жағынан сырқаттанып, екінші жағынан өзінің бірқатар көлемді жырларын жаздыру мақсатымен Ал-матыға Нұрпейіс Байғанин келді. Нұрпейіс Жамбылдан 14 жас кіші, ол Жамбылды «ақын ағам» десе, Жамбыл «батыр інім» дейтін. Шынында Нұрпейістің өзі кесек денелі, тұлғалы, келбетті адам болатын, жас күнінде ақындығымен қатар ба-луан болыпты. Оның үстіне Нұрпейіс батырлар жырын көп біледі. Көп жырлайды. Осы жайларының бəрін білетін Жамбыл еркелетіп, оны «Батыр інім» деп атап кетті.

Екі ақын Алматыда, одан кейін Жамбылдың үйінде əр мезгіл бірге болып, ұзақ уақыттар отырып кеңесіп, ішкі сырларын ақтарғандай, өздерінің жастық кезіндегі бастарынан кешкен кейбір қызық əңгімелерін де көңіл жадырата айтысатын. Мұн-дай өзара араласқандарында қасында өзі құрбылас қариялар-мен отыруды ұнатушы еді. Осындай кеңесулерден кейін Жам-

Page 347: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

347

был жеңіл-желпі сырқатынан айығып, бір жасарып кеткен-дей болушы еді. Мұндай кездесулердің бірінде біздің қатысуы-мызбен Нұрпейіс Қобыланды, Құбығұл, Нарқыз туралы дас-тандардан жырлады. Жамбыл бұл жырларды қызыға тыңдады, əсіресе «Батырлар жырының желісі» деген толғауын қатты ұнатты. «Шабысыңнан бір таймаған кəрі тарланым-ай, ұзаққа шабатын жүйрігімсің ғой. Сен де қара жердің құшағына ке-тесің-ау» деп, бір жағынан сүйсіне, екінші жағынан кəрілігі жеңіп келе жатқан қарт жолдасын басқа əлемге қимағандай өкініш айтады. Осы кезде Жамбыл Жазушылар одағы мен Ғылым Академиясы тарапынан Нұрпейістің барлық жырын түгел жазып алу жұмысымызды қатты қолдады. Нұрпейістің бірталай жырын жазып алуға ақын Мəриям Хакімжанова, Қуандық Шаңғытбаев қатысты.

Енді Жамбыл қызығып тыңдаған «Батырлар жырының же-лісі» туралы Əбділда Тəжібаев айтқан естелікке құлақ салайық: «...Жаңа ғана аппақ сақал-мұрты кеудесін жауып, екі қолын тізесіне қойып, ақыннан гөрі қазіретке көбірек ұқсап отырған қызыл шырайлы Нұрпейіс қарт лезде өзгерді. Домбыра қолына тие бергенде: – А-а! – деді ақырып. Өзгелер жым-жырт тына қалды. Содан соң Нұрекең шұбырта, шулата жөнелді термесін. Əуелі үлкен-кішіге сəлемдесті. Жамбылға бас иетінін, жас қауымға арқа сүйейтінін айтты. Бұл да тыңдаушы халыққа өзін таныстыра келіп:

Салмаққа салсаң, батпанмын, Тереңге салсаң, океанмын. Жарыста талай шапқанмын,Талайдың жынын қаққанмын, –

деп бір өтті. Бұдан кейін ол білетін жырларының аттарын атап, мазмұнын баяндады. Нұрекең қырық күн бойында «Қырым-ның қырық батырын» жырлайтынын бірінші рет сонда есіттік. Ақын осы жырларының мазмұнын өлеңмен айтуды «желі» дейді екен. «Желінің» өзі толық айтылғанда екі сағат бойы жырланатынын кейін тыңдағанда білдік».

Page 348: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

348

1938 жылы Жамбылдың 75 жылдық тойын көзімен көрген-дердің бірі Дихан Əбілов былай дейді: «Төрде өлең-жыр ала-бы Жəкең, оған тізелес Нұрекең (Нұрпейіс Байғанин), жерге жайылған кең дастарқанды айнала басқа да көп ақындар отыр-ғанды».

Біздің естеліктерді келтіріп отырған себебіміз, сол кезең-дегі ақындық ортаның тазалығын еске салып өту еді. Сірə, ол кезеңде кішілердің үлкендердің сыбағасына орынсыз жар-масуы, əлдеқандай бір сыйлық үшін жаға жыртысып жатуы болмағаны, айтыстың дəміне емес, айтысушының тамыр-та-ныстығы көптігіне орай көлденеңнен бəйге ұсынушы желөк-пелердің жоқтығы өнерге деген көзқарастың дұрыстығын аң-ғартатын тəрізді...

Əуелі қой соңында күн өткізген бала Нұрпейістің соңына 16 – 17 жастар шамасына жеткенде «бала жыршы» деген атақ ереді. Көзқарас өзгереді. Бала жыршы үлкен өнер жолына тү-седі.

Айтты-айтпады, Нұрекеңнің шырағы кеңес дəуірінде ғана жарқырап жанғаны рас-ақ. Əбділда Тəжібаев айтқан мына де-рек те соны айғақтайды: «Жамбылдың жарып шыққан даңқы бүкіл Одақты жаңғырықтырады... Біздің облыстарда да халық ақындарының өнеріне айрықша көңіл бөлінетін болды... Ақ-төбе облысында Нұрпейіс Байғанинге, Қарағандыда Доскей ақынға үй соғылды, қаржы бөлінді, хатшы бекітілді... Сөй-тіп, ақындарға деген ілтипат, жасыратыны жоқ, жазатын жазу-шылардан артылыңқырап кетті».

Ендеше осындай дəуірді Нұрекең неге шабыттана жырла-масқа? Ленин мен Сталиннің ұлылығын, кеңестік өкіметтің жақсылығын сөзге қосқандарды есептен шығара берсек, қазақ əдебиетінің тұтас бір дəуірінен айырылып қалар едік.

Нұрекең Алматыға алғаш рет 1938 жылы Жамбыл ақынды-ғының 75 жылдық тойына шақырылды. Ал келесі жылы Қазақ Кеңес жазушыларының ІІ съезіне делегат болып қатысып, үздік талантты ақындардың бірі есебінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Сол жылы «Қазақ ССР-інің искусствоға еңбек сіңірген қайраткері» атағын алып, Қа-

Page 349: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

349

зақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының грамотасымен на-градталды. 1940 жылы Қазақ ССР-інің ХХ жылдық тойына бай-ланысты «Құрмет белгісі» орденімен наградталып, ол орденді М.И.Калининнің өз қолынан алуы да елеулі оқиға. Осы сəтке орай шығарған «Қуаныш жыры» толғауы «Известия» газеті арқылы шар тарапқа тарады.

Ұлы Отан соғысы жылдары сексеннен асқан Нұрекең ерекше қайратқа мінеді. Ірілі-ұсақты өлең-жырларын былай қойғанда, Төлеген Тоқтаров туралы «Жиырма бес», жиырма сегіз панфиловшы туралы «Ер туралы жыр» тəрізді көлемді дастандарға қол созу, сірə оңайға түспегені анық еді.

Қысқасы, екі дəуірдің өзгерісін өз көзімен көрген, көргенін қорытарлық ұзақ жыл ғұмыр кешкен Нұрпейістің əр сөзінен сол заманның тынысын тап басарлық жолдар кездестіріп оты-руымыз заңды.

Бірақ, өкінішке қарай, Нұрпейіс аузынан шыққан сөздер-дің бəрі бірдей кейінгі заманға аман-есен жетпегені де рас. Бұл – сол кездегі оқу-жазуы аз елге тəн құбылыс. Оның үстіне қанша қамқорлық көргенімен, Нұрекең бергі заманның кейбір ащы шындықтарын батырып айта алмағаны да даусыз. Осы ретте белгілі жазушы Тобық Жармағамбетов еріксіз еске тү-седі. Жазушы «Бəйтеректің жас шағы» атты повесінде Нұр-пейістің өнердегі ілкі қадамдары мен сол кезеңдегі өмір шын-дығын тартымды суреттейді. Бірақ, неге ол осы повеспен ір-кіліп қалады? Ақынның төңкерістен соңғы өмірі Тобыққа тіпті жақын емес пе?! Сірə, жазушы кей жайттарды жазудың мүмкіндігі болмайтынын алдын-ала білген тəрізді. Əдебиетке адал жазушы жауырды жаба тоқығысы келмеген болуы керек. Əрине, повеске жазушы үлкен дайындықпен келгені даусыз. Жинаған деректердің барлығы бір повеске сыймаған да шығар. Тоқаң осы кезеңге тірі жеткенде Нұрекең туралы тағы бір шыншыл дүние беруі де мүмкін еду-ау деген ой келеді.

Қалай десек те, Нұрекеңнің сонау 1939 жылдан бері жарық көріп келе жатқан шығармалар жинақтары – ақынның қадірлі халқына тастап кеткен асыл мұрасы.

Ақынның ұрпақтары да əке-ата есіміне лайық. Баласы Мо-мын талай жарыстарда топ жарған дəулескер күйші екені ел-

Page 350: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

350

ге мəлім. «Халыққа білім беру ісінің озық қызметкері» атан-ған Мəкең бұл күнде Қ.Жұбанов атындағы педагогика инсти-тутының аға оқытушысы. Зайыбы Манар екеуі тəрбиелеп өсір-ген ұл-қыздары, келін-күйеу балалары да тəрбиелі. Əрқайсысы əр мамандық иесі. Мəкеңнің өзі қызмет істеп жүрген инстиутта келіні, филология ғылымдарының кандидаты Нəзия, Санкт-Петербургтан білім алған қызы Гүлмира бірге еңбек етіп жүр. Мəскеудің халықаралық жастар институтын бітірген ұлы Ер-болат – Алматыда, Мəлік – Алматы теміржол институтының түлегі, Алпысбай – суретші. Марат əскер қатарынан хат жолдап тұрады. Жанна мен Серік – Нұрекеңнің шөберелері. Серік, сірə, Момын атасының жолын қуатын тəрізді. Күйші Ə.Райымбергенов өмірге əкелген «Мұрагер» сабағына қаты-сып, домбыра тартуды үйреніп жүр. Қысқасы, Нұрекең атамыз өнерде де, өмірде де сəулелі із қалдырған адам.

Ұлы Жеңістің елу жылдық мерекесі Нұрекеңе де тікелей қатысты. Сексеннен асқан қарттың Жеңіске жырмен қосқан үлесі ұмытылмақ емес:

Ел іші толып уайымға,Іркілген кезде дария əн.Жырлады Жеңіс жайындаСексеннен асқан қариям.

Елеусіз іске көнер ме,Ерлікке ерді байлап бел – Еңсесі биік өнерге Еңбегі сіңген қайраткер.

Сезімі неткен сергек-ті, Тыңдады халық тік тұрып. Серпінді жырды селдеттіСексеннен асқан мықтылық.

Кетпеген қартқа күрт сыныпЕліктер еді бала ақын.

Page 351: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

351

Айқанын тамам жұртшылық Табанда жаттап алатын.

Көз жасын тыйып жетімдер,Жесірлер мініп қайратқа,Бүкпеуге тізе бекінді ел,Төгілді арай аймаққа.

Бір парыз солай өтелдіОйласаң көңілің толатын. Сенімін елдің көтердіСексеннен асқан сол ақын.

Тайғақтай берсе қаламым,«Қуатым аз ба, күш кем бе?» Деймін де қуаттанамынЕсіме сол қарт түскенде.

Қанағат етсем барыма,Жалқаулық енсе бойыма,Сексеннен ақсан қарияТүседі дереу ойыма.

«Жатыр ғой жүріп жалақым,Боламын көк тер несіне?» Дей қалсам болды, сол ақын Түседі дереу есіме.

Жыр болып түскен құйылып,Темірдей берік текті адам. Тұрғандай бейне бұйырып,«Сергектік керек» деп маған.

Таусылмас мəңгі мол мұра –Сексеннен асқан сергектік.Сол жырмен шерттік домбыра, Сол жырмен бесік тербеттік.

Page 352: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Сөз етіп сол бір мұраныЕлеңдеп жүріп ержеттік. Отызды ойландырадыСексеннен асқан сергектік.

«Ақтөбе», 22 сəуір, 1995 жыл

Page 353: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

МА�АЛАЛАР

Page 354: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

354

Есмағамбет СМАЙЛОВ

НҰРПЕЙІС АҚЫН

Заманымыздағы кең парасатты, алысты болжай, жақынды толғай жырлайтын жүйрік шешен, қария жыраудың бірі – Нұр-пейіс Байғанин. Нұрпейіс 1860 жылы бұрынғы Орал губерния-сы, қазіргі Ақтөбе облысы, Темір ауданында туып-өскен. Əкесі Байғана қара қасқа кедей болып, көп өмірін кісі есігінде жал-шылықта өткізген. Əкенің, үй тұрмысының, жоқшылық салда-ры жас Нұрпейісті жастайынан, өмір тіршілік жайында көп ой-ландырып-толғандырып өсіреді. Нұрпейіс бала күннен кіші жүз-дің əйгілі ақын, жырауларының сөздерін, ұзақ дастандарын тың-дайды. Сонау Абай, Абыл, Қашаған, Кете-Шернияз, Əубəкір-Кердері, Аласа-Байтоқ, Марабай, Махамбет, Мұрат сияқты əйгілі жыршылардың асыл сөздері саналы, сезімді Нұрпейіске ең қы-зықты, ең тəтті нəрден саналады. Бəрін де қызығып тыңдайды. Көп уақыттар бойы Кердері Əубəкірмен жолдас болып жүріп, оның өткір, мағыналы сөздерінен тəлім алады.

Нұрпейіс 17 жасқа келгенде өзі суырып салып өлең шығара-тын болады. Жасы жиырмаға жақындағанда Адайдан шыққан белгілі Ақтан дейтін ақынмен үлкен бір тойда қағысып, алды-на жан салмай жүрген өр көкірек есер ақынды өлтіре жеңеді. Ақтанды қолына қаршыға қылып қондырып жүрген байлар, болыстар Нұрпейіске күш көрсетпек болады, кейін өтірік арыз жаламен жалындап тұрған жас талантты түрмеге жаптырады. Нұрпейіс бұған жасымайды. Ол ел өміріндегі шындықты айту-дан қаймықпайды, мұнан кейін де Қазақбай, Нұрым сияқты та-лай ақындармен айтысып, бəрін де бет қаратпай жеңеді.

Нұрпейіс елге аса қадірлі ақын болады. Оның қадірлі бо-луына ақындығының екі түрлі қасиеті бар. Бірі – Нұрпейіс айтысқан ақындарын асқан тапқыр шешендікпен жеңе біледі, жеңгеңде жалпы лепірме айқаймен емес, салмақты, мағыналы сөздермен өмірдің шындығын жасырмай тура айту арқылы жеңеді. Екінші – Нұрпейіс қазақтың батырлар жырын айтушы жүйрік жырау.

Page 355: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

355

Ол Ақтөбе, Орал, Сырдария, Торғай, Қарақалпақ, Хиуа, Тү-рікпен, елдерін түгел аралап жүргенде көбінесе жырлап айт-қандары ─ ел қамын жеген Едіге батырдың жыры, Едігенің ұрпақтары Нұрадын, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази, Мұсахан, Қазтуған батырлардың жырлары; Қобланды, Ер Тарғын, Қы-рымның қырық батыры, Құбығұл батыр, Тама Есет батыр, Бекет батыр, тағы басқа батырлар жырлары. Нұрпейіс бұл батырлық жырларын жырлағанда, халық аса құмарлықпен ынта қойып, ұйып тыңдайтын болған. Сүйтіп, ақын үнемі қазақ халқының ерлік даңқын, батырлық тарихын көп уақыт ұзақ дастан етіп жырлаумен халықтың ерлігін ардақтай білген. «Батырлар жы-рының желісі» атты көптен айтып келе жатқан толғауының бірінде былай дейді:

«Асып туған ерлерім, Беренгі сауыт кигені,Беліне садақ ілгені, Жасанған жауға тигені,Ерлікпен дəурен сүргені.Тұлпардан таңдап ат мінген, Ат құйрығын шарт түйген,Жасанған жауға көп тиген.Қолындағы көк жебе, Қара тастан өткізген,Алмасын тасқа қайраған,Жауды көрсе жайнаған.Маңдайы жаудан таймаған,Халықтың қамын ойлаған.Байтақ елін қорғаған,Тебінгі терге шіріткен,Терлігін сүттей иіткен,Жарты малта ас еткен,Қатын-бала жат еткен,Қуантып халқын шат еткен. Ұрысқан жауын мат еткен.

Page 356: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

356

«Батырлар жырының желісінде» ақын ел қорғаны ерлер-дің жалпы қасиетін айтып, олардың ерлік, жауынгерлік əре-кеттеріне халық көзімен баға береді. Батырдың айбынды тұлғасын, образын суреттейді, сөйтіп батырлардың жырын жырлауға ақын айрықша ақындық махаббатын жұмсайды. Батырлардың ерлігін, жауынгерлік жорықтарын айтуды ол халықтың қорғаны, елдің қамқоры саналған ұлы адамдарды үлгі етіп жырлау деп, халықты, замандастарды батырлыққа шақыру деп түсінеді.

Нұрпейіс ол кездерде ақындықтың тек айтыс, тарихи жыр-ларды жырлау саласымен айналып қоймайды, өте-мөте күнбе-күнгі халық тіршілігімен байланысты көптеген өлең, жырлар шығарады. Қалың еңбекші бұқараның патша отаршылығының қысымында қазақтың бай феодалдарының қанауында езіліп, жаншылып, ауыр аянышты халде екенін суреттеп, замана жа-йынан күңірене толғанып жырлайды. Əділдік жоқ, адалдық жоқ, ылғи қиянат,зорлық үстемдік алған қоғамның жауыздық, зұлымдық қылықтарынан қатты түңіліп, қайғырып, күрсініп отырып өлеңдер шығарады. Əсіресе 1916 жылғы көтеріліс уа-қытында Нұрпейіс көтеріліс жасаған елмен бірге домбырасын өңгеріп жүріп, халықты Едігедей, Қобландыдай, Махамбет, Наурызбайдай батыр болуға шақырды. Ақынның бұл арманы ойлағандай шықты. 16-жылы Аманкелді сияқты батырлар, ер-лер туды. Олар жауға қарсы айбынды ерлікпен соғысты. Міне, ақын осы өзі көрген батырларды аса сүйсініп жырлайды. Ақын 1916 жылғы көтерілістің жеңіліс тауып, халқының қырғын та-лау көрген аянышты жақтарын еңіреп отырып жырлады; жау-дан кек алар əділ заманды аңсады.

Социалистік ұлы революция болды, совет үкіметі орнады. Ақынның жырында жаңа дəуір басталды. Қазақ халқының қолы бостандыққа жеткенін, еңбекші бұқара байларды конпескелеп жерін, малын алғанын, ел жұмылып, колхозға ұйымдасқанын қарт жырау Нұрпейіс жаңа шаттық күйімен жырлады.

Революцияға дейін Нұрпейіс өзі аралаған жерде ғана аты белгілі болып, қалың қазақ еліне танылмаған еді. Енді ақынды бүкіл Қазақстан таныды. Барлық қазақ елі боп ақынның асыл нəрлі, мағыналы сөздерін айрықша сүйсініп тыңдады, оқыды.

Page 357: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

357

Нұрпейістің ақындық жолы Сталиндік конституция дəуі-рінде жаңа өріс алды, оның ақындық қуаты, таланты қайта туды, қайта түрленді, қайта жасарып құлпырды. Оның ақындығына қуат берген, шабыт күй берген біздің бақытты заманымыз, ол заманның кемеңгер басшысы ─ Ұлы Сталин.

Сексенге келгем шағымда,Домбырамды көлбетіп,Асырайын өлеңдіАлатаудан өрлетіп.Мен жырламай, кім жырлар,Бақыт құсы басымда,Түгенделді кем-кетік.Теңдікке қолым жеткізгенСталин данам, сен едің,Сексенінде əн салғанКəрі жырау мен едім.Өлеңнен ойып оюды,Сөзден өрім өремін,Ерте шапса кешке озғанӨргіл менің өлеңім.Шаттық жырын шапшытып,Шабамын да, желемін.Қысқа күнде қырық ретƏнге шырқап саламын,Соққызамын үнімнен,Жаздың жібек самалын.Көпті көрген көнемін,Сөз керегін табамын,Шайқалған жорға тарланмын,Таймай шабар табаным,Бұлбұлдай мені сайратқанТағы айтамын қарағым,Сталин, сенің заманың! –

дейді ақын жырын түйдектетіп.

Page 358: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

358

Шынында Нұрпейіс «ерте шапса кешке озған», «қысқа күнде қырық рет» бəйге алған кəрі тарлан жүйрік ақын. Жүзі-нің нұры қайтпаған, жастық қуаты əлі нарттай жанып, тасып тұрған, бурыл шашты, күмістей ақ сақалды, толықсыған қарт. Денесін нық, еркін ұстап, шалқая отырып, шалқыта сөз сөйле-ген, сурылып той бастаған дана жырау Нұрпейісті көрге-ніңде өткен тарихымыздағы даналылығы мен сөзге жүйрік, тіл-ге шешен қария жыршы – Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұраттар қайта туып, бүгінгі өмірді көріп, көп алдында жырлап тұрған тəрізді. Нұрпейіс тек сырт тұлғасындағы осындай толым-ды жарастығымен ғана емес, ол əрбір толғау сөзінде заман-ның асыл терең сырларын бере білуімен көзге ерекше тү-седі.

Нұрпейіс көптеген өлең, жырды, дастанды соңғы екі-үш жылда жырлап шығарды. Ленин, Сталин, Молотов, Вороши-лов, Қызыл Армия, Қазақстан байлықтары, Жаз, Май айы, Ғылым табыстары, Конституция, Жастар, Колхозшылар жай-ында айтқан толғау жырлар бүгінгі өсіп, дамып келе жатқан қазақтың совет поэзиясына асыл қазына болып қосылды. Нұр-пейіс бүгінгі ел байлығын, Ұлы Сталиннің қамқорлығы арқа-сында бақытты өмір сүрген совет халқының шат өмірін, осы замандағы айбынды батырлардың қайратын, жауынгерлік істерін зор ақындық шабытпен жырлайды. «Ленин», «Тау қы-раны» деген толғауларында Ленин мен Сталиннің асқан ке-меңгерлік образдарын жырлап айтады. Бұл дəуірде Нұрпейіс «Өрістеген өмір», «Ақын» атты 1916 жылғы өзі көрген уақи-ғадан алып екі поэма шығарды. Сүйтіп біздің дəуірімізде ақынның шығармасы нағыз жемісті, нəрлі, құнды бейнесімен көрінді.

Нұрпейіс жырларының бір артықшылығы, өзінен бұрынғы қазақтың дана жыршыларының ауыз əдебиет үлгілерінің ең асыл көркемдік қасиеттерін өлеңдерінде жетілген күйінде жарқын бере білетіндігінде. Нұрпейіс қандай теманы жырла-са да бөгелмейді, сұлу мағыналы жырды түйдек-түйдегімен толғап айтып отырады. Мəселен, ол Жамбылдың мерекесін құттықтаған толғауында былай дейді:

Page 359: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

359

Құттықтау саған арналад Ұлан байтақ еліңнен, Қызғалдақтай жастар менЗаманы қатар теңіңнен.Қыпша белді келіннен,Раушан жүзді қызыңнан, Бəйшешектей серіңнен,Бетегелі беліңнен,Ұзын дария өлкеден, Күмістей сұлу көліңнен.

Осындай біркелкі ұйқаспен 60 – 70 жолға дейін апарып түй-дектеп толғайды. Толғауды бұлай көсіліп жырлау ақынның сөзге еркін сыпайы жүйрік екендігін көрсетеді.

Нұрпейістің толғау жырларының қайсысы болсын, мəтелді-мақалды, тақпақты түрде, сонымен бірге күрделі көркем теңеу-лі, бейнелеулі, əсерлеулі образдармен келіп отырады.

«Ақын шабыты» деген өлеңінде:

Тобынан торай шалдырмас, Баптанып тұлпар терлесе,Ақтарылар асыл жыр, Көкіректі кернесе.Таймай басып табанын,Көпіртіп егіс алабын,Трактор жортты белімнен.Үйрек ұшып, қаз қонып, Аққу жүзіп мəз болып, Тулады жайын көлімнен.Торлаған бұлтты айырып,Нөсерді бөгеп қайырып,Самолет кезді көгімнен.Сұлу ай мен кербез күн,Жол беріп жұлдыз неше мың,Көбесі көктің сөгілген.

Page 360: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

360

«Май толғауы» деген өлеңінде:

Талмайтын құрыш дене, өткір жебе, Қиғаштап көктің жүзіп шарлап ұшқан, Ерлерім, ұл мен қызым қанаттанып,Жүлде алды жүйріктерім ұшқан құстан, –

дейді. Ақын теңеусіз, көркем бейнесіз бір сөз айтпайды, сөзінің бəрі де сұлу сурет, көркем теңеу, образдарға бөленіп айтылады.

Нұрейіс қазақтың батырларын жырлаушы ірі жыршы ақын дедік, ол өмір бойы батырлықты, ерлікті ардақтап, жырлаумен келеді. Сол ақындық салтын бұл күнгі жырларында да толық дамытып отыр. Ол бір жағынан бұрынғы өзі білетін батырлар жырын айтса, екінші жағынан сол батырларды сипаттайтын көркемдік тіл, ақындық өнерді бүгінгі заманның батырларын жырлауға шебер түрде пайдаланып отыр.

Қызыл Армияны ақын былай сипаттайды:

Қызыл əскер ерлерім,Елін берік қорғаған.Ақ алмасын қолға алып,Көк найзасын толғаған.Айбары күшті Армия,Қиратты жауды торлаған.Батыр туған ұлдарымБолаттан сауыт киінді.Ел шетіне жау келсе,Алғыр қыран бүркіттей,Қанатын қомдап шүйілді.Хасан көлі маңында,Халкин көлдің үстінде,Бұрынғы Польша жеріндеЖау желкесі қиылды.

Совет халық поэзиясының алыбы үш орденді Жамбыл бас-таған Нұрпейіс, Доскей, Нартай, Нұрлыбек сияқты белгілі ха-лық ақындарымыздың өз жырларында бүгінгі батырлардың

Page 361: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

361

тұлғасын халық əдебиеті стиліндегі көркемдік бейнемен бе-руі өте орынды. Қалқан, сұр жебе, көк берен, балдағы ал-тын ақ алмас, болат найза, кіреуке сауыт, дулыға, тұлпар ат, тағы басқа халық ұғымындағы батырлыққа тəн қасиеттерді бүгінгі батырлардың бойына сыйғызып айту халық ақындары жырының халықтық қасиетін көрсетеді.

Нұрпейіс жаңа заманның батырларын ардақтап, жырлау-мен бірге қазақ тарихында халқына қорған болған айбынды ерлерді де ардақтап жырлап беріп отыр. СССР Ғылым акаде-миясының Қазақстандық филиалының Əдебиет жəне халық шығармашылығы секторында Нұрпейістің жырлап берген аса бағалы «Батырлар жырының желісі», «Қара-үлектің Мамай-ды жоқтағаны» деген жырлары жəне «Қобыланды батырдың» 9000 жолдық ұзақ дастаны бар. Мұның бəрі 1939 – 1940 жыл-дардың ішінде ғана ақынның жатқа айтуынан жазылып алын-ды. Нұрпейіс «Қырымның қырық батырын», кіші жүздегі Исатай, Есет, Бекет, Көтібар батырлардың талай ұзақ жырла-рын, Ноғайлы заманындағы Едіге ұрпағындағы батырлардың жырларын, Кенесары, Жанқожа батырлардың жырларын, та-ғы сондай жырларды көп біледі. Бұл жырларды Нұрпейістің аузынан жазып қағазға түсіру – үлкен ғылыми мəдениеттік ма-ңызы зор жұмыстың бірі. Нұрпейістің бұл тарихи жырларын тыңдап отырғаныңда бір қайран қалатын нəрсе – оның үлкен шежіреші, тарихшы, ақын екендігі, көпті көрген, көпті білген қария, білімді ақын екендігі, өз халқының тарихын жанындай жақсы сүйіп жырлайтындығы.

Нұрпейіс биыл 80 жаста. Бұл 80 жастың ішінде оның қазақ-тың ауыз əдебиетін дамытуда сіңірген еңбегі орасан зор. Ол – халық творчествосының Жамбыл сияқты ірі алыбының бірі. Нұрпейістің асыл қазыналы жырлары, талантының қайта гүл-деніп дəуірлеген шағының жемістері бүгінгі социалистік мəде-ниетіміздің игілігіне пайдаға асып отыр.

Нұрпейістің қазақ халық əдебиетін өркендету жолындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері тек бүгінгі сталиндік заман-да ғана толық бағаланып, кең өріс алды. Сондықтан да қазақ үкіметі 1939 жылы Нұрпейіске «Көркем өнерге еңбегі сіңген

Page 362: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

362

қайраткер» деген құрметті атақ берді. Сондықтан да Қазақстан жұртшылығы болып дана қария жыршының 80 жасқа толған шағын мерекелеп қарсы алды. Халық талантының өрісіне жол беріп, асыл еңбектерін бағалау тек біздің дəуіріміздің ғана та-маша бір салты болып отыр. Мұндағы қасиетті салтты бізге Ленин-Сталин берді.

1940 жыл, 13 шілде

Н. Байғаниннің «Ақын шабыты» жинағына жазылған алғы-сөз (Алматы: Қазақстан көркем əдебиет баспасы, 1940).

Қалмақан ƏБДІҚАДЫРОВ

НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН

Нұрпейіс – халық ақындары ішінде Жамбылдан соңғы қарт ақын. Ол 1859 жылы бұрынғы Орал губерниясында Темір ау-данында, Қалмақ қырған болысының 1-аулында Байғана де-ген жалшыдан туған. Əкесі байдың есігінде жүріп аяғы ісіп, мүгедектікке ұшыраған. Еңбек істеуге жасы толмаған Нұрпейіс қайыршы болып ел қыдырып күн көре жүріп домбыра тар-тып, сыбызғы тартып, өлеңге əуестенген. 17 жасына жетіп көп ақындардың жақсы өлеңдерін жаттап, үйренген өлеңдерін ел-дің басы құралған жерге айтып беріп жаттығады.

Нұрпейіс 17 жастан бастап өз жанынан өлең шығара бастай-ды. Жеті уезд елдің қосқан Оразбайдың тойында ойламаған жер-ден көзге түседі. Той істеген қыздың арнап тіккен үйіне жақын келіп тұрған адай Ақтан ақын көпті көзге ілмей кимелеп келіп, үйге сүйеніп тұрған баланы тартып жібереді. Елден айрықша басына түскен қорлыққа бетіне жан қарай алмайтын тəкаппар Ақтан ақынды Нұрпейіс өлеңмен жағасынан ала түседі, оның тентектігін, өзін көпшіліктен көтеріңкі ұстайтынын, жел көкі-ректігін, онымен өрісінің ұзамайтынын бетіне басады:

– Ақтан тентек, адайсың,Байлығыңа мас болып,

Page 363: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

363

Өктемсініп сабайсың.Елге тұлға сен емес,Жұртты қалай қамайсың?

деп аяқ астынан жағасына жармаса түскен балаға Ақтан еш-нəрсе тауып айта алмай сасып қалады. Жұрт Нұрпейісті көте-ріп алып кетеді. Тойға келген елдің бəріне бала ақын атағы жайылады. Сонан былай қарап жалғыз Ақтан емес, болыс, билердің содырлы сойқан мінезін талай-талай өлең қылады. Ақырында өшпенділікке айналып Нұрпейісті түрмеге жабады, патшаға қарсы деген приговор жазады. Өзі қамауда жатқанда қарындасын сатып жібереді. Түрмеден босанған соң туған елінен безіп, Торғай, Сырдария, Қарақалпақ, Хиуаға барып, халқының тұрмысымен танысады. «Ойда да, қырда да елге құлдық қамыты киілген екен» деп қорытынды жасайды. Бай-ларды, би-болысты түйреген үстіне түйрей түседі. Байлар, «қу қобыз, сабалақ, қарадалбай» деп ат қойып оның сөзін елеусіз қалдырмақ болады. Бірақ Нұрпейістің аты ел ішінде өрістей береді.

Байлардың шашпауын көтеріп жүрген Қазақбай, Нұрым ақынмен айтысып, озбырлығын бетіне басып сөйлетпеген. Асы да, айты да өлең болған Нұрпейіс 50-ден асып, кəрілік меңдеген кезде өте нашар халге ұшырап жүрген күндеріне 16-жылдың ауыртпалығы айқасып ақын қан жылады. Ұзамай революция болып елге еркіндік берілгенде, «жаңа дүние бойын ширата береді», азамат соғысының тұсында өлеңді қойыңқырап келіп, 24-жылы кедейлердің бірінші съезінде айтады. Содан бері советтік жырын айтып кетеді. 27-жылы жер бөлісінде жер алып қонысқа қонған ел туралы, 28-жылы конфеске туралы өлеңдер айтқан. Бірақ Нұрпейісті Қазақстан көпшілігі кеш білді. Оның бетін əдебиетке араласқан халық жаулары бүркеп келді. Ол жалынды жарқын жырымен Ста-линдік конфескацияның шығуымен байланысты көзге түсті. Нұрпейіс халық үшін көп жыр айтып, көп еңбек сіңірген қарт ақын. Оның бұл жинағына бір поэмасы мен бірнеше өлең-дері ғана кіріп отыр. Нұрпейістің 70 жылдай айтқан өлеңдері

Page 364: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

364

жиналған жоқ. Оны жинап алып, əдебиет қорына қосу – Жазу-шылар ұйымының кезекте тұрған міндеті.

Осы азғана жырдың өзінде Нұрпейістің жүрегінде сақталып келген асыл сөздер, Ленин, Сталин, Ворошилов, Каганович, Киров, Куйбышев туралы жырларында арындай қуылды. Ол сексенге келген жасын Отан қорғау жолына сарп қыламын деп халық алдында ант ішеді. Елдің ұлын Отанды қорғауға ша-қырады. Нұрпейіс – Сталиндік дəуірдің қайта жасаған патрио-ты, қарт ақыны.

Н.Байғаниннің «Өрістеген өмір» (Алматы: Қазақстан көркем əдебиет баспасы, 1939жыл)

жинағына жазылған алғысөз

Сəбит МҰҚАНОВ

НҰРПЕЙІС АҚЫН

Нұрекең қазіргі Ақтөбе облысының Байғанин ауданында 1858 жылы туады. Руы – Əлім, оның ішіңде – Шекті, оның ішіңде – Шүрен.

Нұрекеңнің əкесі – Байғана өмір бойы байдың жалшысы боп күн кешкен адам. Көп жыл жаз жаңбыр, қыс боранда жылқы баққандықтан, бертін келе Байғана аяғынан мешел боп отырып қап, қалған жасында мүгедек боп өлген.

Жеті жасында шешесінен жетім қалған жалғыз баласы – Нұрпейісті күн көрісі нашар Байғана байдың қозысын бағуға жалдайды. Сол кезден-ақ, сəби Нұрпейіс өлең-жырға, əнге, домбыраға, ертегі айтуға əуестеніп, «Əнші бала», «Ертекші бала», «Домбырашы бала» деген аттарға ие болады.

Таудың, құмның арасына қозы бағуға келген Нұрпейістің соңынан ауылдың балалары еріп кетіп, қозыларын бағып жү-ріп ертегілерін, əндерін тыңдайды. Сүйтіп жүрген кезеңде ба-лалармен əңгімелесіп отырған Нұрпейіс қозыларына қасқыр шапқанын аңғармай қап, бір ұя қасқыр көп қозысын шығындап

Page 365: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

365

кетеді. Оның бұл қылығына ыза болған бай, төлеуге əкесінің жалғыз түйесін алып, баланы қаңғыртып жібереді.

Бірақ Нұрпейіс елді аралағанда қайыр сұрамайды, оның ер-мегі де, кəсібі де жыры мен домбырасы болады. Осы кəсіппен тамақ асыраған ол, аз уақытта халыққа дарынды ақын екенін танытып, елде «жаяу жыршы» атанады.

Кіші жүзге қараған он екі ата Байұлын, алты ата Əлім ұлын, жеті ата Жетіруды аралап жыр айтқан Нұрекең, сол кездегі қа-зақтың атақты ақындары Марабайға, Нұрымға, Мұратқа, Əбу-бəкір Кердеріге тағы басқаларға кездесіп, олардың тамаша ақындық мектебінен сабақ алады.

Еш уақытта молда алдын көрмеген, хат танымаған Нұрекең, жаңағы аттары аталған ұлы ақындардың үлгісімен бұрын қазақ арасында айтылып жүретін ұзақ желілі батырлық жырлары: «Қобыландыны», «Қарасай-Қазиды», «Алпамыс-ты», «Қырымның қырық батырын», тағы басқалардың өзі шығарған жүйелерін ай тып жүреді. Өзге ақынның айтуында 3000 жолдық «Қобыланды» – Нұрекеңде 12000 жол өлең. Ол əр-бір батырлық жырды да осылай кеңейте, байыта жырлайды. Желілік жырлар айтуда Нұрекең ел ішінде бар, даяр сюжетпен ғана қанағаттанбайды. Ол «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз ба-сынан ұзақ жырлар шығарады.

Жырлар айтумен қатар, Нұрекең қазақ ақындарының əде-тіндегі айтыс жанрын да қолданып, ірі ақындармен айтысқа түседі, талайын жеңеді, солардың біреуі – Қазақбай ақын.

Революцияға шейін Нұрекеңнің ақындық жолында негізгі қолданған жанры – желілік ұзақ поэмалар. Ғашықтық жырла-ры, қалжың-əзіл жырлары, əдет жырлары сияқты жырлар шы-ғарумен де көп шұғылданған, бірақ олары қазір біздің қолда жоқ. Көбін 86 жастағы қарт ақынның өзі де ұмытқан.

Социалистік Октябрь революциясы халқына да, өзіне де бос-тандық, бақытты тұрмыс бергенін көрген Нұрекең револю-цияның алғашқы күндерінен бастап жырларында бостандық ұранын шақырып, халықты Ленин-Сталин партиясының туы-ның астына жинауға бойындағы барлық ақындық өнерін ая-майды. Еркін, бақытты Қазақстанның, Советтер Одағының та-

Page 366: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

ту семьясында 25 жыл жасаған өмірінің барлық тарауында да Нұрекең жалынды жырын арнайды.

Ұлы Отан соғысын 83 жасында кездестірген тарлан ақын майданның жəне тылдың ерлік істері туралы ешбір жас ақын-нан кем жырлаған жоқ. Көп жағдайда шабандау жас ақындардан ол асып түсіп отырды. Оның «Жиырма сегіз» атты, Советтер Одағының батыры Төлеген Тоқтаров туралы шығарған поэ-масы, «Қазақстан – майданға» дейтін толғаулары, тағы басқа ондаған өлеңдері – Ұлы Отан соғысы кезіндегі совет ақыны-ның жігер-қайратын, намысын көрсетететін тамаша дəлелдер.

Қарт патриоттың халыққа адал көңілмен, жігерлі ынтамен атқарған қызметін халық та, өкімет пен партия да ерекше елеп, лайықты құрмет көрсетті.

1938 жылы Қазақстан Жоғарғы Советі «Искусствоға еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ берді; 1940 жылы Бүкілодақтық Жоғарғы Советі «Құрмет белгісі» орденін сыйлады; 1942 жыл-дың ноябрь айында Нұрекеңе салтанатты жағдай жасалу тура-лы Қазақстан Орталық партия комитеті мен Халық Комиссар-лар Советі ерекше қаулы алды.

Қазақстан Жазушылар одағының құрастыруымен Қазақ-стан Біріккен Мемлекет Баспасы кітап қып бастырып отыр-ған Нұрекеңнің бұл жинағына оның кейбір таңдамалы шығар-малары ғана кетті.

Қадірлі ақынның еңбектерін толық жинап бастыру – алдағы күндердің міндеті.

Н.Байғаниннің «Таңдамалы шығармаларына» (Алматы, Қазақтың Біріккен Мемлекет баспасы, 1945

жыл) жазылған алғысөз

Page 367: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

�ЫЛЫМИ �ОСЫМШАЛАР

Page 368: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

368

ТОМҒА ЕНГЕН МƏТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

Батырлар жырының желісі

Нұрпейіс ақынның батырлар жырын бастар алдында тар-татын атақты желісі. 1940 жылы ақынның айтуынан Ахмет Ескендіров жазып алған.

Желі ақын жырлайтын дастандардың қысқаша мазмұнымен таныстырып, халықты қызықтыра отырып, тыңдалатын жыр-ды таңдату үшін айтылған. «Ақын шабыты» жинағына жазған кіріспе мақаласында көрнекті əдебиеттанушы Е.Ысмайылов Нұрпейіс ақын жырлаған «Батырлар жырының желісіне» тоқталып, одан 21 жол үзінді келтірген. «Батырлар жырының желісін» 1943 жылы ақынның өз аузынан естігені жайлы өзінің «Жылдар, ойлар» атты кітабында белгілі ақын Ə.Тəжібаев жа-зады. «Желі» тартудың жырауларға тəн дəстүр екенін, желіде əрбір үлкен дастанның қысқаша, сығымдалған мазмұны жыр-ланатынын айта келіп, Ə.Тəжібаев Нұрпейіс ақынның «Желісі» туралы біршама кең мəлімет берген. «Бұдан кейін ол білетін жырларының аттарын атап, мазмұнын баяндады. Нұрекең қырық күн бойында «Қырымның қырық батырын» жыр-лайтынын бірінші рет сонда есіттік. Ақын осы жырларының мазмұнын өлеңмен айтуды «желі» дейді екен. «Желінің» өзі толық айтылғанда екі сағат бойы жырланатынын кейін тыңдағанда білдік» деп жазады Ə.Тəжібаев1.

«Желінің» мазмұнына қатысты Е.Ашықбаев, Ж.Асанов сынды авторлар ішінара пікір білдіргенімен, жырдың толық мəтіні бұған дейін еш жерде жарияланған жоқ. Осы жинақта ОҒК қорындағы араб əріпті қолжазбадан (Ш 843) транскрип-цияланып, алғаш рет баспаға ұсынылып отыр. Мазмұнынан «Желінің» толық аяқталмағаны аңғарылады. «Желінің» бірқатар жыраулардың шығармашылығында кездесетін көп нұсқалы, дəстүрлі туынды болуына байланысты батырлық

1 Мына дереккөзінен алынды: Ашықбаев Е. Сексеннен асқан сергектік. // Ақтөбе, 1995, 22 сəуір

Page 369: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

369

дастандардың байғаниндік нұсқалары қамтылған осы томға енгізіліп отыр. Батырлар жырының кіріспесі іспетті «Желі» Нұрпейіс ақын жырлаған «Құбығұл», «Төрехан», «Қарасай-Қази» дастандарынан бұрын берілді.

Құбығұл

«Құбығұл» эпосы – Нұрпейіс Байғанин жырлаған батырлық дастандардың ішіндегі ең көлемділерінің бірі. Ақынның жыршылық, шығармашылық шеберлігі жарқырай ашылған ту-ындыны 1941 жылы Н.Байғаниннің əдеби хатшысы, ақын Ах-мет Ескендіров хатқа түсірген. Жырдың қолжазба нұсқасы ОҒК-нің Қолжазба қорында (Ш. 705, 3-дəп.) сақтаулы. Қолжазбаның соңғы бетінде А.Ескендіровтің мынадай ескертпесі бар:

«Жазылып алынды 22-июнь, 1941 жыл, Ақтөбе қаласы Байғанин Нұрпейіс. Латын əрпінде.

Нұрпейістің бұл жыры өзінің айтуы бойынша сол қалпында, ешқандай өзгеріссіз жазылды. Бұл өзінің жас кезінен айтып жүретін жыры екен. Машинкаға басуға мүмкіндік болмай, қолжазба қалпында жіберіп отырмын.

Ахмет Ескендіров. 22.06.1941 жыл».«Құбығұл» дастанының қазірге дейін үш басылымы

белгілі: алғаш рет жыр 1964 жылы шыққан «Батырлар жырының» 3-томында жарияланды. Жырдың екінші басы-лымы белгілі ғалым, байғанинтанушы О.Нұрмағамбетова дайындаған 1991 жылғы жинаққа енген мəтін болып табыла-ды. Жинақтың алғысөзінде ғалымның «Құбығұл» дастанына қатысты бірқатар талдаулары орын алған. Үшінші рет дас-тан М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты шығаратын «Бабалар сөзі» сериясының аясында жарық көрді. Түпнұсқадан тікелей дайындалған «Құбығұл» дастаны көне эпостар қатарында аталған жүз томдықтың 52-томында жа-рияланды. Жырдың қысқаша сюжеттік желісі, өзге көне эпос-тармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, томға енген мəтіннің дайындалу барысы туралы басылымның түсініктерін

Page 370: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

370

əзірлеген белгілі фольклортанушы Б.Əзібаева мақаласында жан-жақты айтылған. «Құбығұл» дастаны бізге белгілі эпик-ақын, жыршы Н. Байғанин айтуынан жетіп отыр. Н. Байғанин ел аузында жүрген мəтінді əрі қарай өңдеп, түрлендіріп, ал-дына қойған мақсаттарына, өзінің таңдауына орай өзгерістер енгізіп өзінше жырлауы əбден мүмкін. Қалай болғанда да бұл дастан – көне сюжеттің кейінгі замандағы интерпретациясы екенінде дау жоқ. Халық жадында ғасырлар бойы сақталып келген бұл көне сюжет кейінгі дəуірлерде ғана жыр өзегіне айналып, басқа жанрлардың əсерінде, ықпалында болып біраз трансформацияланған»1 деп жазады ғалым.

Нұрпейіс Байғаниннің көп томдық шығармалар жинағының 3 томына енгізіліп отырған «Құбығұл» жырын дайындауда Əдебиет жəне өнер институты жариялаған басылым негізге алынды. Жыр мəтіні барлық басылымдардағы нұсқаларымен салыстырылды. Мəтінге бақылау редакциясы жасалып, ғылыми аппараты қайта дайындалды.

Төрехан батыр

«Төрехан батыр» – атақты «Қырымның қырық батыры» жырының бір саласы. Нұрпейіс Байғанин репертуарындағы «Қарасай-Қази», Құбығұл» жырлары да осы жыр цикліне жата-ды. «Нұрпейіс ақын «Қырымның қырық батырын» жырлаған» деген мəлімет бар болғанымен, циклдің толық мəтіні ақынның айтуынан жазып алынбаған. Хатқа түсіріліп, ғылыми айналымға енгізілгендері – аталған жеке жырлар ғана.

«Төрехан батыр» жырының Н.Байғанин нұсқасымен қатар А.Мəмбетов жырлаған жəне Б.Сариманов ел аузынан жазып алған белгісіз жыраудың нұсқалары да сақталған. Байғанин нұсқасын 1940 жылы Раха Шəріпов хатқа түсірген. 1910 жол-дан тұратын кирилл əріпті қолжазба М.О.Əуезов атындағы

1 Бабалар сөзі: Жүз томдық. –Астана: «Фолиант», 2008. Т. 52: Көне эпос. –327 бет.

Page 371: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

371

Əдебиет жəне өнер институтының Қолжазбалар қорында (Ш 106) сақтаулы.

Аталмыш жыр алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген «Таңдамалы шығармалар» жинағында басылды. Бұдан кейін Н.Байғаниннің 1956, 1974, 1991 жылдары жарияланған жинақтарына жəне «Батырлар жыры» (Алматы, 1961), «Ақсауыт» (Алматы, 1977) секілді жинақтарға да «Төрехан ба-тыр» жыры енгізілді. Барлық басылым нұсқалары 1945 жылғы жинақ мəтініне негізделіп жарияланған. Жырдың мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері туралы О.Нұрмағамбетова, М.Ғұмарова секілді белгілі əдебиет зерттеушілері біршама пікір қалдырды.

«Төрехан батыр» жырының соңғы жарияланымы М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты дайындаған «Бабалар сөзі» жүз томдығының 46-томына енгізілген нұсқасы болып та-былады. Аталмыш академиялық басылым жыр қолжазбасынан (Ш. 106.) тікелей əзірленген. Жырға ғылыми түсініктер жазған зерттеуші Қ.Алпысбаева: «Нұрпейіс Байғанин жырлаған «Төрехан» жырының тілі көркем, оқиғасы қызықты. Мəтінде қиял-ғажайып элементтер мен басқа тілден енген сөздер кездеспейді. «Төрехан» жырының Н.Байғанин нұсқасы мен Қарақалпақстанның Қоңырат қаласында туып-өскен Атау-бай Мəмбетов (Ш. 920/15. ƏӨИ) жырлаған мəтінді салысты-рып, текстологиялық жұмыс жүргізу барысында, Атаубай ақын Н.Байғанин жырлаған эпосты жетік білген жəне сол нұсқаны өз ортасына ешбір өзгеріссіз жырлап таратқан деген қорытындыға келдік» деп жазады1.

Нұрпейіс Байғаниннің көп томдық шығармалар жинағының 3 томына енгізіліп отырған «Төрехан батыр» жырын дайындау-да Əдебиет жəне өнер институты жариялаған басылым негізге алынды. Жыр мəтіні барлық басылымдардағы нұсқаларымен салыстырылып, жекелеген сөздердің фонетикалық вариант-тарымен берілуінен басқа өзгерістердің жоқтығы анықталды. Мəтінге бақылау редакциясы жасалып, ғылыми аппараты қайта дайындалды.

1 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2008. Т. 46: Батырлар жыры. – 486 бет.

Page 372: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

372

Қарасай – Қази

Қазақ фольклорындағы көп нұсқалы, көркем жырлардың бірі – «Қарасай – Қази» дастаны. «Қырымның қырық баты-ры» жырының бір саласы болып табылатын эпосты Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Құдайберген Шоқан, Мүстежеп Ахметұлы, Ш.Кəрібаев, Қобылаш Бекмағамбетов, Нұртуған Кенжеғұлұлы секілді көптеген айтулы жыршылар жырлаған.

Нұрпейіс Байғанин жырлаған «Қарасай – Қази» дастанын ақынның айтуынан əдеби хатшысы А.Ескендіров жазып алған. Жырдың қолжазба нұсқасы ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы (Ш 887, 2-дəп.), көлемі – 342 бет. «Қарасай – Қази» дас-таны алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген «Таңдамалы шығармалар» жинағында жарияланды. Жырдың екінші басы-лымы 2007 жылы М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты дайындаған «Бабалар сөзі» жүз томдығының 41-томында басылым көрген нұсқасы болып табылады. 2008 жылы Н.Байғаниннің қазақ жəне орыс тілдерінде басылған «Нарқыз» атты кітабына да «Қарасай – Қази» эпосының байғаниндік нұсқасы енгізілді. Соңғы екі басылым мəтіндері 1945 жылғы жинақ мəтініне негізделіп дайындалған.

«Қарасай – Қази» дастаны туралы салиқалы зерттеу филоло-гия ғылымдарының кандидаты, фольклор зерттеушісі С.Сəкенов қаламына тəн. Жыр сюжеттерінің тарихи оқиғалармен сəй-кестігі, дастан кейіпкерлерінің тарихи прототиптері, тарихи шындықтың фольклорлық туындыда бейнелену ерекшеліктері секілді күрделі мəселелер аталған зерттеушінің «Қарасай – Қази» жырына жазған ғылыми түсініктерінде кеңінен талданған. «Фольклор туындылары арқылы халықтың асыл арманы, эсте-тикалық мұраты паш етілуі əдетте жағымды кейіпкер атаулыны мінсіздендіре сипаттау арқылы жүзеге асырылады. Қарасай, Қазилардың іс-əрекеттерін баяндау мақсатында айтылатын туындылар ішінде бұл поэтикалық ұстанымға адалдықтың та-маша үлгісі Нұрпейіс жырлаған «Қарасай – Қази» жырында əсіресе жақсы танылады. Бұл нұсқада өзге нұсқалардағыдай

Page 373: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

373

Ноғайлы батырларының бірін артық, екіншісін кем етіп көр-сетудің байқалмауы – осы пікіріміздің дұрыстығына дəлел. Бұл нұсқаның соңында баяндалған оқиғалар да жырдың өзге нұсқаларында қайталанбайтын сонылығымен дараланады»1 деп жазады зерттеуші аталған мақаласында.

Нұрпейіс Байғаниннің көп томдық шығармалар жинағының 3 томына енгізіліп отырған «Қарасай – Қази» жырын дайын-дауда Əдебиет жəне өнер институты жариялаған басылым не-гізге алынды. Жыр мəтіні барлық басылымдардағы нұсқалары-мен салыстырылды. Мəтінге бақылау редакциясы жасалып, ғылыми аппараты қайта дайындалды.

Қараүлектің Мамайды жоқтағаны

ХVІ ғасырда өмір сүрген ноғайлы-қыпшақ ұлысының атақты батыры хан Мамайды анасы Қараүлектің жоқтауы. 1940 жылы ақынның айтуынан əдеби хатшысы, ақын Ахмет Ескендіров жазып алған. Н.Байғаниннің 1940 жылы жарық көрген «Ақын шабыты» жинағында жырға мынадай түсінік берілген: «Бұл жырды Нұрпейіс 1939 жылы жырлап берді. Бұл бұрыннан ел аузында көп таралып айтылып жүрген жоқтау салалы жырдың ең бір күштісі. Қараүлектің Мамайды жоқтаған жырлары революцияға дейін де көптеп басылған, революциядан кейін де басылған. Нұрпейістің жырлағаны мотив, сарын жағынан бұрынғы айтылғандармен бірдей болса да, көркемдік стилі, мазмұны жағынан недəуір айырмашылығы бар. Орақ пен Ма-май ноғайлы-қыпшақ ұлысының ұлы батырлары, ХVІ ғасырда Еділ-Жайық, Ырғыз, Арал, Каспий, Астрахан төңірегіндегі кіші жүзге кіретін қазақтарды бастап, ноғайлы ұлысын қорғауда сыртқы жауларға қарсы айбынды ерлік көрсетіп, көп соғысқан... Екеуі де «ел қамын жеген Едіге» батырдың шөбересі. Едігеден Нұрадын, Нұрадыннан Мұса, Мұсадан он екі бала туады, соның ең атақтысы – Мамай мен Орақ.

1 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2007. Т. 41: Батырлар жыры. – 416 бет.

Page 374: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

374

Қараүлек – Мұсаның əйелі. Қараүлек Орақ пен Мамай өліп, Қарасай, Қази екеуі ер жетіп, батыр болған уақытқа дейін қартайып, тірі отырады. Ұзақ дастандардың бəрінде Қараүлек ақылды, данышпан, білгір əйел бейнесінде суреттеледі. Нұрпейістің дастанында «ел қорғаны, халық қамқоры еді» деп, Мамайға тарихи дұрыс баға береді».

«Қараүлектің Мамайды жоқтағаны» ақынның 1940, 2006 жылғы басылымдарында жəне «Ақтөбе» газетінде (28 ақпан, 2006 жыл) жарияланған. Үш басылымдағы мəтіндері бірдей. Қолжазба нұсқамен салыстырғанда жекелеген жолдардың түсіп қалғаны анықталды («Табанын жаудың аудырған Мамай», «Халықтың қамын ойлаған Мамай», «Мұңлылардың мұңдасы Мамай»). Осы жинақта жоқтау жырының қолжазбадағы нұсқасы (ОҒК, Ш 843) негізге алынды.

Мəтіндерде кездесетін тарихи жəне діни есімдер

Алла (Аллаһ) – ислам діні бойынша бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін жəне қиямет-қайымды жаратушы, жалғыз жəне құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кəрімнің «Ықылас» сүресінде (112-сүре) айтылғандай: «Ол Алла жалғыз, Алла мұңсыз (əр нəрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Əрі Оған ешкім тең емес». Ол адамдардың тағдыры – жазмыш-ты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пəнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді.

Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала əрбір қауымға пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)1 – Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жəбірейіл періштенің дəнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті.

Алла Тағаланың құдіреттілігін, əділеттілігін, қайырымдылы-ғын, т.с.с. өзіне ғана тəн қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі

1 «Салла Аллаһу алəйһи уа саллəм» – «Оған Алланың рахымы мен берекеті жаусын» деген сөз, Мұхаммед пайғамбардың есімі аталғанда үнемі бірге айтылады.

Page 375: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

375

сипаттайды. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кəрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шəріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мəңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафур (кешірімді), т.б. Бұл есімдер «Əсма-ул хусна» – «Көркем есімдер» деп аталады.

Иман келтіргендерге кəлима айту, бес уақыт намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажыға бару парыз етілген. Алла есімін «Аллаһу акбар», «Əлхамдулиллаһ», «Субхан Аллаһ» сөздерін отыз үш реттен айтып, тасбих тарту арқылы зікір етуге бола-ды.

Айсаның ұлы Ахмет – «Айсаның ұлы Əмет», «Айсылдың ұлы Амет» деген атпен де кездесетін тарихи тұлға. Қазақ, та-тар, ноғай халықтарының қаһармандық эпостарында негізгі кейіпкерлердің біріне айналған. «Қырымның қырық батыры» атты жырлар циклында Мұрын жырау жырлаған «Айсаның ұлы Ахмет», «Əмет» атты жырлар бар. Кейбір жыр нұсқаларында Əмет Айсаның інісі деп берілсе, кейбірінде Ахмет пен Əмет екеуі Айсаның ұлдары, ағайынды батырлар ретінде бейнеленеді.

Алау – Кіші жүз руларының атасы саналатын «Айсылдың ұлы Амет», «Қарасай-Қази» жырларының эпикалық кейіпкері. «Қырымның қырық батыры» циклында «Алау батыр» атты жеке дастан бар.

Баба Түкті Шашты Əзіз – Қазақ фольклорында баласыздық мотивіне орай жиі кездесетін пір бейнесі. Осы əулиенің басы-на түнеп, батасын алған баласыз жандар Алланың құдіретімен перзентті болып жатады. Ол туралы аңыздардың бірінде Баба Түкті Шашты Əзіздің өз есімі Баба Туклас, əкесінің есімі Баба Құмар деп көрсетіледі. Кей деректерде əкесінің аты Керемет Əзіз делінеді. «Баба Түкті Шашты Əзіз ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген, исламның түркі халықтары арасында кеңінен тарауына атсалысқан» деген мəліметтер бар. Кей аңыздарда Баба Түкті Шашты Əзіз Едігенің əкесі (кей нұсқаларда – атасы) делінеді.

Page 376: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

376

Баба Түкті Шашты Əзіздің кесенесі Қаратаудың күнгей бетінде, ежелгі Саудакент қаласына жақын Қызылкөл маңында. Кезінде əулиенің кереметімен пайда болып, өңірді қуаңшылықтан сақтап қалған Жылыбұлақтың орны да кесене маңында сақталған.

Батыр сұлтан (Батырхан, Палуан сұлтан) – Қырым ханы Мұхаммедгерейдің ұлы, ханның қалғасы (орынбасары, тақ мұрагері) – Баһадүргерей. Палуан сұлтан – Баһадүргерейдің фольклорлық туындылардағы есімі делінеді.

Едіге – ХIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ал-тын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында ел басқару істеріне араласқан. Ұлы Ноғай Ордасын құрған (1396-1419жж.) қайраткер тұлға. «Ел қамын жеген Едіге» деген атпен халық жа-дында қалған. Едіге жайлы көптеген жыр-аңыздар сақталған.

Ер Көкше – ХV ғасырдың соңы – ХVI ғасырдың басында өмір сүрген қазақ батыры. Шежіре бойынша Орта жүздегі Уақ руының атасы болып саналады. «Ер Көкше» жырының қазақ арасында бірнеше нұсқасы сақталған. Ер Көкше «Қырымның қырық батырының», қырғыздың «Манас» жырының да кейіпкері.

Ер Қосай – Ер Көкшенің ұлы, қазақ батыры. Қазақ халқында «Ер Қосай» атты бірнеше жыр бар. Ер Қосай «Манас» эпосының да бас кейіпкерлерінің бірі.

Ер Тарғын – Ноғайлы дəуірінің батыры, бірқатар қазақ жəне ноғай эпостарының бас қаһарманы.

Жаңбыршы – Мұса бидің інісі. Ағасы қайтыс болған соң Ноғай ордасының биі болған. Кей деректер бойынша Мұсаның көзі тірісінде де Жаңбыршы билікке араласқан.

Қарасай, Қази – Алшағыр ұлы Орақ батырдың ұлдары. ХVI ғасырдың соңына қарай Қырым маңында Кіші Ноғай ордасын

Page 377: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

377

құрған билеушілер. Қызылбас, қалмақ халықтарымен ерлік шайқастарда ел-жұртын қорғаған эпикалық қаһармандар. Қазақ арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық нұсқалары сақталған.

Қырымның қырық батыры – ХІV–ХVІІ ғасырлардағы Ноғайлы дəуірінің қаһармандары, қазақтың белгілі «Қырымның қырық батыры» эпостық жырының кейіпкерлері. Жырда қырыққа жуық батырдың ерлігі тізбектеле тұтас алы-нып жырланады. Олардың ішінде Орақ – Мамай, Қарасай – Қази, Едіге батыр, Қосай батыр, Ер Бегіс, Төрехан батыр, Еділ (Əділ) хан, Телағыс, Ахмет, Алау, Қартқожақ, Нұрғожа, т.б. айтулы батырлар бар. «Қырымның қырық батыры» деген ортақ атпен танылған бұл ерлердің көпшілігі туралы жекеле-ген көлемді де көп нұсқалы жыр-дастандар бар. Фольклордағы көпқабаттылық əдісімен аталған батырлардың ішіндегі бір кезеңде өмір сүрмеген кейіпкерлердің де бір жорыққа қатысушылар ретінде бейнеленетін мысалдары кездеседі.

Мұса – Едігенің шөбересі, Нұрадынның Оқас (Уаққас) атты ұлынан туған, Ноғай Ордасының атақты биі. 1493-1507 жыл-дары інісі Жаңбыршымен бірге Ноғай Ордасын басқарған. «Қырымның қырық батыры», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Қобыланды» эпостарының кейіпкері.

Нұрадын – Едігенің тұңғыш ұлы. Едіге билеген ұлыстың үлкен бір бөлігін басқарған, Едігенің жауларына қарсы күресте ерліктерімен танылған. Нұрадын əкесінің көзі тірісінде ауы-рып, қайтыс болған.

Орақ-Мамай – ХVI ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар, Көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарын басқарған қаһарман ерлер. Эпикалық кейіпкерлерге айналып, есімдері мен ерліктері көптеген жыр-дастандарға арқау болған. Мамай – Мұсаның ұлы, Орақ – Мұсаның немересі. Зерттеушілердің пікірінше, Орақ жастайынан Мамайдың тəрбиесінде болған, жыр-аңыздарда екеуінің есімі үнемі бірге аталатыны сондықтан.

Page 378: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

378

Пір – парсы тілінен аударғандағы негізгі мағынасы «қария, шал» деген ұғымдарды береді. Сопылық дүниетанымда «пір» ұғымы «ұстаз» мағынасында қолданылады. Жалпыхалықтық ұғымда, фольклорлық мəтіндерде қолдап-қорғаушы, желеп-жебеуші қасиетті күш иесі ретінде танылады. Əдетте əулие адамдар осындай күшке ие деп саналады. Əулиелік дəрежеге тек Алла жолынан өзгені мақсат етпеген, дүние сөзін сөйлеп, дүниелік істермен айналыспайтын, шариғат бұйырған істерді толық орындап, тариқат мақамына ұласқан рухани дəрежесі биік, Алланың таңдаулы құлдары ғана жете алады. Олар қарапайым адамдарға екі дүниеде де шарапатын тигізе алатын күшке ие болады.

Сəтемір – Орта Азияның билеушісі, ұлы жаһангер Əмір Темірдің (Ақсақ Темір, 1336-1405) қазақтың халық ауыз əдебиеті үлгілеріндегі есімі.

Сыйдақ – Мұса бидің екінші əйелінен туған Саидахмет (Шейдяк) ел арасында осылай аталған. 1533 жылы Ұлы Ноғай ордасының биі болып сайланған. XVI ғасырдың қырқыншы жылдары биліктен кетіп, Орта Азияға қоныс аударған.

Сыпыра жырау – қазақ, қарақалпақ жəне ноғай халықтары эпосының кейіпкері, данышпан жырау. «Едіге», «Жаңбыршы-ұлы Телағыс», «Ер Тарғын», «Қарасай-Қази», тағы басқа дас-тандарда хандар мен қараша халықтың ақылгөй қариясы, бірнеше ханның тұсында кеңесші болған қарт жырау ретінде бейнеленеді. Сыпыра жырау аталған халықтардағы жыршылық мектептің атасы саналады. «Қырымның қырық батырын» Сы-пыра жырау шығарған» деген Мұрын жыраудың сөзіне сүйене отырып, зерттеушілер Сыпыра жырауды Ноғайлы заманында немесе одан да ертерек кезеңде өмір сүрген деп есептейді.

Телағыс (Ағыс) – Жаңбыршы бидің ұлы. Жаңбыршыдан кейін Хорезми, одан кейін Ағыс би болған. Ағыс біршама уақыт Мұсаның сенімді серігі болғанымен, Мұхамедгерей хан

Page 379: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

379

мен Баһадүргерей өлімінен кейін араларында алауыздық пайда болған. Ағыс би Қазан ханы Сапагереймен қақтығыста қайтыс болған.

Тобаяқ – Ноғай Ордасының биі Ысмайыл бірқатар жырлар-да «Тобаяқ» аталады, бұл Ысмайылдың аяғының кемтарлығын білдіреді. «Қарасай, Қази» жырының кейбір нұсқаларында «Тобаяқ» сөзі жеке адамның – Мұса бидің отыз ұлының бірінің есімі ретінде келтіріледі.

Ысмайыл – Ноғай Ордасының биі, Мұсаның бірінші əйелі Хандазадан туған. Өз ағасы Жүсіпті өлтіріп, Ноғай Ордасының билігіне қол жеткізген. Ордада көп алауыздықтардың туында-уына себеп болған.

Жер-су атаулары

Дербент – Кавказ-Иран шекарасындағы орта ғасырлық бекіністі қала.

Еділ, Көк Еділ (Волга, ежелгі атауы Ра, ортағасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен, Валдай қыратынан баста-лып, Каспий теңізіне құяды.

Жем – Ембі – Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе жəне Аты-рау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 шақырым. Жем өзені Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталып, Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады.

Қазан – Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан автономиясының орталығы, Еділдің сол жағалауындағы қала.

Қаратау – Қазақстанның оңтүстігіндегі тау жотасы. Осы ат-тас тау биіктіктері еліміздің оңтүстік батысында да кездеседі.

Page 380: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Қырым – Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Ауданы 25,5 мың шаршы шақырым. Қара теңіз, Азов теңіздерімен, Шығыс Еуро-па жазығымен ұштасады.

Самар – Орынбор жəне бұрынғы Куйбышев облыстарының жерімен ағатын өзен.

Сарай (Сарайшық) – Алтын Орданың астанасы. «Сарай» аттас екі қала болған. Олардың бірі – Батудың Сарайы, екіншісі Беркенің Сарайы деп аталған.

Шаған – Ақтөбе облысының Шалқар жəне Байғанин аудан-дарының жеріндегі өзен. Шығыс Каспий аймағында.

Page 381: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

381

СӨЗДІК

Амалкер амалшыл, айлакерАсық ғашықБайрақ ту, жалау

Баялыш шөлді, құмды жерде тырбиып өсетін бозғыл түсті тікенді өсімдік, бұта

Беренгі /к/ болаттан жасалған батырлар киетін сауыт

Беркін берікБүйім /ж/ бұйымтайҒапыл /а/ қапы, қамсызҒаріп /а/ мүсəпір, бейшараДаң /ж/ даңқ, атақДарбаза биік қақпаЖад жады, есЖана /ж/ жəне

Жаппар /а/ құдіретті, алып; Алла Тағаланың99 есімінің бірі

Жақ /к/ садақЖар /ж/ қабырғаЖедел қайрат; қимыл-қарекетЗарпы /п/ қайғы, дертКемал /а/ кемел, толық

Күрзі /к/ басына қорғасын құйып жасалғансабы қысқа шоқпар

Қажар күш-қуат, қайрат-жігер; қажырҚайт болу беті қайту, тауы шағылуҚамтемесіз /ж/ қамтамасызҚар тарту қол тарту; бой тартуҚорамсақ /к/ жебе салып жүруге арналған қалтаҚосын əскер, жауынгерлер тобы тұратын жерҚулық бірінші рет құлындаған жас биеҚызғын қызулыМат болу ұятқа қалу, жер болуМəулет /а/ уақыт, мерзім

Page 382: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

382

Медет /а/ демеу, сүйенішМиясар /а/ лайықты, жарасымдыМіскін /а/ бейшара, мүсəпірОзаған жүйрікПешат /о/ мөрПұрсат /а/ мұрсат

Саржа сүйекпен əшекейленген əдемі садақ, садақтың оғы

Сарық ұзын құйрықты мəліш қойСияқ түр, келбетСрок /о/ уақыт, мерзімСүдін /ж/ сыртқы бейне, кескін, ұсқынСығыну қысылу, қиналуТағайын/а/ айқын, анықТамам /а/ толықТербену тебіренуШарайна /к/ сауытШəр /п/ шаһар, қала

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ƏӨИ – М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтыОҒК – Орталық Ғылыми кітапханаҚҚ – Қолжазба қорыШ – шифрдəп – дəптер/а/ – араб/о/ – орыс/п/ – парсы/т/ – түркі/ж/ – жергілікті/к/ – көнерген сөз

Page 383: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

МАЗМҰНЫ

Батырлар жырының желісі ........................................................ 4Құбығұл .................................................................................... 18Төрехан батыр.......................................................................... 142Қарасай-Қази ........................................................................... 200Қараүлектің Мамайды жоқтағаны ....................................... 262

ЕстеліктерҚ.Шаңғытбаев. Азамат. Ақын. Ата .........................................270Д.Əбілев. Жыр тарланы ...........................................................278Ə.Тəжібаев. Аталармен кездесу ..............................................295Х.Мұстафин. Нұрпейіспен кездескенде .................................308М.Байғанин. «Əкем осындай адам еді» ..................................312Ж.Аймағамбетов. Тұлпардың тұяғы .......................................314Ү.Көздібаев. «Бір атаның баласымыз» ...................................318Т.Шойғарин. Ақын əрі үгітші ..................................................322И.Сұлтанов. «Ақынды көрген едім» ......................................327С.Ниянқұлов. Өлеңнің тасыған бір дариясы .........................332Е.Ашықбаев. Сексеннен асқан сергектік ...............................345

МақалаларЕ.Смайлов. Нұрпейіс ақын ......................................................354Қ.Əбдіқадыров. Нұрпейіс Байғанин .......................................362С.Мұқанов. Нұрпейіс ақын .....................................................364

Ғылыми қосымшалар Томға енген мəтіндерге түсініктеме ........................................368Мəтіндерде кездесетін тарихи жəне діни есімдер ................374Жер-су атаулары .......................................................................379Сөздік .........................................................................................381Шартты қысқартулар ...............................................................382

Page 384: юя 0 9 3 0 = 8 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7289.pdf · 2016-10-03 · Байғанин Нұрпейіс Б 17 Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы,

Кітапты шығаруға жауапты –«Қазығұрт» баспасының директоры

Темірғали КӨПБАЕВ

НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН

Үш томдық шығармалар жинағы

ІІІ ТОМ

Редакторы Əділхан КҮЛІМБЕТОВСуретшісі Жəмила АЙДОСТехникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВАБеттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ

ИБ № 422Басуға 28.07.2014 ж. қол қойылды.

Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.Қарiп түрi Times New Roman. Шартты баспа табағы 20, 0.

Таралымы: мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана + баспаның тапсырысы бойынша 160 дана. Тапсырыс №

«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелдi.«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,

Абай даңғылы 143, 405-офис. Телефон (факс): 8(727) 394-42-86

e-mail: [email protected]

ЖШС РПБК «Дəуір», 050009, Алматы қаласы,Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 8(727) 394-39-22, 394-39-34, 394-39-42

e-mail: [email protected], [email protected]