415

УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

  • Upload
    others

  • View
    38

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Page 2: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

УДК 821.512.122ББК 84 (5 Қаз)Ә 58

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

Әмірбек К.Ә 58 Көрмейін десем көзім бар./ К. Әмірбек – Алматы: «Ой-

Сана» баспасы, 2014, – 416 бет. ISBN 978-601-80245-5-9

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” ордені-нің иегері, Президент сыйлығы мен Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, көпке танымал Көпен Әмірбек-тің бұл жинағы әзіл сүйгіш әлеуметке арналған.

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)

ISBN 978-601-80245-5-9© Көпен Әмірбек, 2014© «Ой-Сана» баспасы, 2014

Page 3: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

БIРIНШI Б¤ЛIМ

Page 4: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

4

ЕЛ НЕ ДЕЙДІ, МЕН НЕ ДЕЙМІН?

Акуланың түрі көп. Соның бір түрі уылдырықтан өс-пей, бірден акула боп туады. Өзі өте ірі, өте салмақты тұқым болса керек. Сондықтан да болуы керек, өмірге келе сала жүзіп, жүзіп жүріп өлетін көрінеді. Жүзбесе, судың түбіне кетеді. Өйткені ауыр. Жүзіп жүргенде бі-лінбейді. Сәл тоқтаса қауіп, өлім...

Мен Көпен бауырымды көптен білем. Оның бір асық-пай жүргенін, жұмыссыз жүргенін, алаңсыз тыныш отырғанын көргенім жоқ. Үнемі шаруа үстінде, үнемі іздену үстінде. Әйтпесе, әлгі акула секілді құрдымға кететін түрі бар. Жақсы қасиет, жақсы қылық! Жасы-ратыны жоқ, мен өзім де осындай адаммын. Демек, Көпенді жақсы көруім, табиғи туысым деп есептеуім заңды құбылыс...

Жақсы көрудің де жақсы көруі бар... Тіпті, Көпен өлеңдерін оқып отырып, сол дүниелерді өзім жазған-дай сезінемін. Материалды игеруіне қызығамын. Тап-танды нәрсеге табиғаты қарсы. Үнемі жаңалыққа ұм-тылады. Ал, жаңалық шашылып жатқан жоқ. Оны іздеу керек! Іздеу аз. Міндетті түрде табу керек. Көпен соны қайтсе де табады! Ол табады – мен қуанамын. …Ал-пыс жасқа акула боп жету де оңай шаруа емес-ау.

Қадыр МЫРЗА-ӘЛI2010 жыл

Қалың қазаққа мәшһүр қаламгер, бүгінгі қазақ әзіл-оспағының Оспанхандай сықақшысы – Көпен Әмірбек.

Бақыт САРБАЛАҰЛЫ

Page 5: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

5

Жалғанда жалғыз ер бар Көпен деген,Адам жоқ мұның сөзін көтермеген.Басын кесіп аламын біреу айтсаКөпені Оспанханнан бөтен деген.Бата беріп аузына түкіргенмін,Содан кейін Көпенім жөтелмеген.Дегенменен Көпенім қарыз маған,Бұл ғасырда өтемі өтелмеген...

Оспанхан ӘУБӘКІРОВ4 мамыр 1985 жыл

* * *

«Тамаша» ойын-сауық отауының авторлары көп болған жоқ. «Тамаша» ұзақ жылдар қалыптасты. Соның ішінде белдісі де, беделдісі де Көпен болды. Көпеннің көп дүниелері өте өткір, терең мағыналы екені жұрттың бәріне белгілі.

Жақында Көпен қарап жүрмей Шерхан Мұртаза екеу-мізге пародия жазды. Басы былай басталады:

Елім, саған айтам,Елбасы, сен де тыңда.Камал дос,Сен де құлақ түр.Себебі, сен – соқа,Мен – трактор!

Мен бұған онша келісе алмаймын. Дегенмен де «Көпен келе жатыр!..» деген пародия театры өзінің көрерменін, өзінің тыңдармандары мен оқырманын тап-қан әдемі дүние.

Камал СМАЙЫЛОВ

Page 6: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

6

* * *

Көпен, қаламыңды тастама, сен қазаққа керексің.Әбіш КЕКІЛБАЙ

* * *

Мен Оспанханды өте жақсы көруші едім. Өте бір мінезі жақсы, айтқан сөзі мірдің оғындай. Міне, осы Оспанханның ізін басып келе жатқан Көпеннің әзіл-сықақтарына менің айызым қанып отырады. Оның туындыларын күлкі кештерде көргенде рахаттанамын. Мәдениетті күлкі. Мәселе – сонда.

Шота-Аман УӘЛИХАНОВ

* * *

Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!Әзілімен танытады әкеңді!Бір қарасаң – Алдаркөсе атасындай пып-пысық,Бір қарасаң – Қожанасыр атасындай «әпенді».

Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!Қалжыңымен түсіреді... бөпеңді!...Танымасаң – Жібереді «пешкі» қылып «ферзіңді».Танымасаң – Жібереді «ешкі» қылып «текеңді».

ӘБДІРӘШТІҢ Жарасқаны

Page 7: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

7

* * *

Біздің қазіргі қазақ әдебиетінің бір өкілі – өзіміздің осы мынау азаматымыз Көпен мырза. Көпен Әмірбек десеңіз, жұрттың бәрі біледі. Неге десеңіз, бұл аузын ашса аузынан шоқ түседі. Ол шоқ адамды күйдірмейді, күлдіртеді. Оның өзі үлкен өнер. Жыртылған көңілді жа-майды, мұңайған көзді жадыратады. Тіпті қиын-қыстау кезеңнің өзінде де елге қуат береді.

Мінеки, осындай тұлға біздің қазақ халқына керек-ақ. Өйткені, оның көкірегінде, оның санасында халыққа де-ген жанашырлық сезім бар. Ал ондайлар халықтың тірі тірегі, ірі тұлғасы болады. Егер де осындай азаматтар көп болса біздің халықтың бақыты. Өйткені оны білетінім, көп жыл қызмет істестім. Өзі өтімді, сөзі жалынды, әрбір сөзінің салмағы бар.

Шерхан МҰРТАЗА

* * *

Көпен – талантты сатирик. Оған таласым жоқ. Рас, ол өлеңдерінде мені де пародиялап жатады. «Сіз оған қалай қарайсыз?» деп сұрайтындар бар.

Мен өнерде үш биіктік бар деп түсінемін. Біріншісі – қалыпты биіктік. Оған аса қиналмай-ақ көтерілуге бо-лады.

Екіншісі – таланттардың тұғырына айналған биіктік.Үшіншісі – космостық кеңестік. Оған таланттың

таланты, дарынның дарабозы ған шыға алады. Мен Көпен ініме кей-кейде ұсақ-түйекке ұрынып кетпей, сол космостық кеңестікке көтерілуін тілер едім.

Мұхтар ШАХАНОВ

Page 8: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

8

* * *

Ерлігіңді түсіне алмай қауым дал:Соғып жатыр тұс-тұсыңнан дауылдарСен неше жүз пародия арнасаң,Соншама жүз бітіспейтін жауың бар!

Жүрсін ЕРМАН

* * *

Көпен Әмірбек – қазіргі қазақ әдебиетіндегі сатира жанрында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп ке-ле жатқан көрнекті қаламгеріміз. Қазіргі біздің қазақ әдебиетінде сатира жанры кенжелеп дамыған. Бұл орыс әдебиетіндегі сияқты оның үлкен, ұлы тұлғалары біздің әдебиетімізде аздау деп айтсақ – ол артық айтқандық емес. Сондықтан бір өзі бір театрға айналған Көпен ол тек сатирик-ақын ғана емес, өзінің жазғандарын өзі орын-даушы Петросянымыз. Көпен – өз сатираларын сахнаға бейімдеп қоюшы ретінде де, оның қоғамдағы ең өзекті проблемаларын арқау ете білген публицист ретінде де қазіргі қазақ әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД

* * *

Азаматсың аты бар,Жүрегінің оты бар.Тұрған жерің – Алматы,Туған жерің – Отырар.Барыс жылғы барыссың,Бұғып жатып атылар.

Несіпбек АЙТҰЛЫ

Page 9: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

9

* * *

Сатира – жауынгер жанр. Жауынгердің жауы көп бо-лады. Баз біреулер жауынгер Көпеннің бойынан кемшілік іздеуге тырысады. Шын іздесе – таздың басынан да бір-екі бит шығады. Бірақ, мен адамның бойынан кемшілік іздемеймін. Кемшілігін сынағаннан гөрі, керісінше, осы Көпеннен бірдеңе біліп қалсам екен, ішкі дүниесіне үңіле алсам екен, танысам, үйренсем екен деймін. Жасының, жолының кішілігіне қарамастан, өзінің істеп жүрген ісінде ұлылығы, жүйріктігі болса, соған ілесе шапқылағым кеп тұрады, артында, қасында демеп жүргім келеді.

Сатирадағы Көпеннің орны басқалардан мүлде бөлек, Көпен – шын сатирик, шын суреткер.

Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ

* * *

Арқалы ақыл айтар ағаңа тең,Бұл күнде Көпен – «Ара», «Ара» – Көпен.Сатираның сардары болғанымен,Қазақтың баласы ғой қара көтен....Парақор, жалақорды шағады екен.

Қажытай ІЛИЯСҰЛЫ

* * *

Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыз Көпен жайлы «Жанры да бөлек, жаны да бөлек жігіт» деген еді. Алып-қосары жоқ. Дәл айтылған сөз.

Намазәлі ОМАШҰЛЫ

Page 10: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

10

* * *

Жалпы, өмірдегі табысын қайдам, өнердегі табысы жағынан Көпен тау тұрғызғандай, тау басындағылардың өзіне қол ұрғызғандай. Бағалай білгенге, әлбетте.

Қайнар ОЛЖАЙ

Қадірменді қалжың сүйер қауым!Мақтағанды кім жек көрсін, марқайып қалдым.

Өзін-өзі мақтап жүргендер де баршылық қой. Оған қарағанда шүкіршілік. «Өзіңді өзің мақтамасаң өмір бойы мақтау естімей кетуің мүмкін» деген еді-ау Қалтай ағам да қағытпалап.

Мақтағанға масайрап «Шынында да солай екем-ау!» деп сендім. Бәрі де ағынан жарылып ақтарылған сияқты. «Шолақ сай тез тасиды» дейді ғой. Тез тасығаным жараса ма? Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың «Сені біреулер мақтап тұрса «Е, Жаратқан ием, бұл білмей-тін күнәларымды кешіре көр!» деген хадисін оқыдым да сабама түстім.

Жасырып-жабатын не бар, көк тіреген көкелеріміздің көбісі марапат сөзден кенде емес. Ел-жұрт Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлын мақтағанда қандай, майын тамызады. Дұрыс! Нұрағаң бүгінгі дәуірдің бүтіндей тұтас тұлғасы ғой. Мұндайда қазақ «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демей ме? Әбіш Кекілбай ағамыздың сөзіне жүгінсем «Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау – өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік». Ендеше...

Қызыл тілде сүйек жоқ, байлам бар ма?Ұлықтасақ ұлықты қайран қалма.– Адамзатты құтқарған топан суданНұрағам ұқсайды Нұқ пайғамбарға!

О, Нұраға!Шерағаң1 солай деді,Қиыстыру қиыннан оңай ма еді?

Page 11: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

11

Қолды қысып, арқадан қағатұғынҚолпаштауға құмар-ақ қолайлы елі.

Қызыл тілде сүйек жоқ, байлам бар ма?Елбасыны мақтасақ қайран қалма.Фариза2 ақынНұраға, өзіңіздіТеңеп еді Мұхаммед Пайғамбарға.

Патшаларын пір тұтпас, сірә, қай ел?Сізді мақтап қойған жоқ бір-екі әйел.Аузы жеткен ақынның арасынанЖыр да жазды былай деп Рафаэль3:

«Жауына жебе боп та қадалатын,Абыздан азамат ер бата алатын.Алланың тоқсан тоғыз есімі бар,Бірі – Нұр, бірі – Сұлтан аталатын.

Көгінен ой туғанда қияқтанып,Көңілден отырғаны күй ақтарып.Ол кейде көрінеді жерде жүргенАлланың көлеңкесі сияқтанып».

Көп мадаққа көңілді бөлесің бе?Дүкенбай4 да мақтады – ел есінде.Елбасының есіміАқ періштеДәптерінің тұр деді төбесінде.

Елден қалмай Мырзекең5 елеңдеді,Естен кетпес былайша дегендері:«Ұлтымыздың ұлысы,Көшбасшысы, Көріпкелі, Көсемі, Кемеңгері!»

Page 12: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

12

Ауыз ашып, аңқиып тұратын ба ек?Мақтамаған патшаны бір ақын жоқ.Прозаик Досанов6 өлең жазып,Жарты әлемге жар салды, – «Ұлы ақын!» деп.

Жұлдыз ағам,Күн ағам,Ай Нұрағам,Айтқан сөзі – атқан оқ айнымаған.Мақтағыштар байқауы бола қалса,Өзім сөзсіз бірінші бәйгіні алам.

Аттылы адам,Қаншама папкілі адам,Сізді көкке көтеріп шапқылаған.Айыбы жоқ кешірім сұрайтындай,Әділ хансыз, Нұраға, пәк күнәдан!

Екінші бөлім

Немістің ұлы ақыны Гете бес рет министр болған. Патшаға оқта-текте ода жазып, мадақ өлең арнап тұрған. Сондай оданың бірін оқыған Бетховен «Әй, Гетежан, мен сені ақындардың патшасы ма десем, патшалардың ақыны екенсің ғой» десе керек.

(Тарихи оқиға)

Бұлаңдаған бір адамАнаған да мынаған:– Қылаудай да мінім жоқ,Пәкпін, – депті, – күнәдан.Әлқиса, соры қайнаған сол пендеге бір балгер-бақсы:

«Сенің күнәң бар ма, жоқ па – оны бал ашып білейін. Бірақ, балды құмалақпен емес, таспен ашам. Ол үшін

Page 13: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

13

қиқымдай-қиқымдай қырық тас пен қазандай бір қара тас әкел» депті.

Жазған құлда жан бар ма, айтқанын айнытпай орын-дайды. Бытырадай-бытырадай қырық тасты ойдан-қырдан теріп әкеп, қазандай қара тастың түбіне үйіп қояды да:

– Ал, тапқыш болсаң тапшы, менің қандай күнәм бар? – дейді.

– Асықпа! – дейді балгер-бақсы бажырая қарап. – Енді осы тастарды алған жеріңе қайта апарып қой. Сосын айтамын.

Пәкпін, ақпын деп өрекпіген жұмырбастың жүні жығылып, әбден әбіржиді. Қазандай қара тасты қай жерден алғанын білсе де, қида-қида қырық тастың орнын таба алмайды.

– Міне, – дейді балгер-бақсы, – әр пенденің біліп істеген үлке-е-ен күнәсі қазандай қара тас секілді. Оның ошақтай орны өзіне мәлім. Ал адамның білмей істеген күнәлары әлгі майда-шүйде қырық тас сияқты. Қайсысын қай жерден алғаны есінде жоқ.

Осы бір әпсананы ел аузынан естігенімде мемле-кет және қоғам қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов көз алдыма елестеді.

Ұлағаттап жүретін ұлтымызды,Салт сананы, әдет пен ғұрпымызды.Анаңыздан, Имеке, айналайынДүниеге әкелген ұл тым ізгі!

Иманғали дегенде, Иманғали,Бір өзіңе татымас жиналған би.Мұражайға айналып қалар түбіӘр талантқа қамқор боп сыйланған үй.

Тұранды ойлап тұла бой азалы ма?Тіл тағдыры алады-ау мазаны да.Ұлтымыздың рухын байытсын деп,Құдай Сізді сыйлаған қазағыма.

Page 14: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

14

Арғымақты оздырмай тізгіндейміз,Бәйге алатын кезіңіз Сіздің дейміз.Атаңыздың атында алтын «Тас» бар,Қырық тас жоқ та шығар, біз білмейміз...

Үшінші бөлім

Қазақ поэзиясының қара нары Қадыр Мырза-Әлі ағамның «Энгельстей досың болса, Маркс болу қиын емес» деген афоризмі кәнігі кәсіпкер,меценат,өнер жанашыры Өмірзақ Сәрсеновке арналғандай.

Арқа қағу түспейді енді күшке,Әр ісіңіз парапар ерлік іске.Марқа мінез ЖүрсініңМаркс болса,Сіз ұқсайсыз, Өмеке-ау, Энгельске!

Қанша азамат қамығып ой бөлісіті,Анадайдан байқайсыз оң-терісті.«Бар қазақтың ақыны, бірігіңдер!»Деп жасайсыз Лениндей төңкерісті.

Жүгірмейсіз жұмысқа пайдалырақ,Арыстандай жүрмейсіз Айға құлап.Тырнақтайға тырысып,Тым-тым қаталСталин боп кетесіз кейде бірақ.

«Шөк!» дегенге түйедей шөкпедіңіз,«Шөге алмаймын, керуенім көп!» дедіңіз.Жұрттың бәрін жүгіртіп,«Жүгері ек!» деп,Хрушевтай арам тер төкпедіңіз.

Шөп шығарған үстіне айтақырдың,Бақанастай дейсіз бе байтақ ұлмын.

Page 15: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

15

Қазақ пенен арабтыңҚанын қосып,Горбачевтай өмірді қайта құрдың.

Сізден артық болады дана қандай?Көз салсаңыз періште қарағандай.Алдырмайтын,Ешкімге шалдырмайтынСаясатқа беріксіз «Н.Ә.Н.»7 ағамдай.

Түйін

Бойдағы мінді санасам,Тау тасынан кем емес

(Абай)Ел біледі менің де есімімді,Демеңіздер «Тұтамыз несін үлгі?»Беу, Өмеке!Бір күнәм есімде жоқ,Сұрар едім әйтпесе кешірімді.

«Шаг» баспайсыз шаруаға рабайсыз,Сіз қазақтың Нобелі,Ірі ағайсыз.Бір күнәңіз түспесе есіңізге,Сірә, Сіз де кешірім сұрамайсыз.

Құлдық етіп Құдайға бас ұрамыз,Байқамас деп кейде амал асырамыз....Адамдардан жасырған күнәміздіАлла алдында біз қалай жасырамыз?!

1 Шерағаң – қайраткер жазушы Шерхан Мұртаза.2 Фариза – ақын Фариза Оңғарсынова.3 Рафаэль – ақын Рафаэль Ниязбеков.4 Дүкенбай – жазушы Дүкенбай Досжанов.5 Мырзекең – қайраткер ғалым Мырзатай Жолдасбеков.6 Досанов – жазушы Сәбит Досанов.7 «Н.Ә.Н.» – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Page 16: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

16

«ЖЎМА СƏЛЕМ» ЌАЛАЙ ТУДЫ?

Сары аязда қата ма,Қайнардың аққан тұнығы.Қап түбінде жата ма,Болаттың асыл сынығы.

Ақтамберді.

«Жаны жақсы адамдар байлық жинамайды, өздері байлыққа айналады»

Баққожа Мұқай.

Бөлтірік шешен Дінмұхаммед Қонаевтың арғы атасы екенін білгенімде «Е, бәсе, тектілік қайдан дарыған?» деп таңырқаған едім. Ғұмыр бойы өзіне үлгі тұтқан баба-сы туралы Димаш аға былай депті: «Жетінші атадан қосы-латын Бөлтірік Әлменұлы тек сөзге шешен ғана емес, сұңғыла саясаткер, асқан батыр, құралайды көзге ат-қан мерген болатын. Маған соның тек мергендігі ғана дарыса керек».

Міне, ізет! Міне, иба! Әйтпесе, абырой-атағы бір ба-сына жетіп артылатын Димекең «визиткасына» жай ғана «Тау-кен инженері» деп жаза ма?

Әлемнің 48 алтын медалін жеңіп алған әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасов – Қарақыпшақ Қобыланды-ның тұқымы. Олжас Сүлейменовтың алтыншы ата-сы – Олжабай батыр. Абылай ханның туын ұстаған Байғозы батырдың анасы Бану – Қанжығалы Бөгенбай батырдың қарындасы. Байғозы батырдың өсіп-өнген әйгілі ұрпақтары екі мәрте Еңбек Ері атағын алған Ыбырай Жақаев пен Ұлбала Алтайбаева, әншілер Әміре Қашаубаев пен Рахия Қойшыбаева, композитор Бекен Жамақаев, ғалым-жазушы-қайраткерлер Балта-бай Адамбаев, Медеу Сәрсекеев, Якуда Амандықов,

Page 17: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

17

Қуандық Түменбай, Хасен Қожахмет болып жалғаса береді. Айталық, Ақселеу Сейдімбек ағамыз – Байғозы батырдың алтыншы ұрпағы.

Исі қазақтың ішінен мұндай деректі көптеп келтіруге болады. Ағаштың негізі – түп-тамырында, адамның негі-зі – тегінде.

Таудан аққан тасбұлақҚұймай қоймас теңізге.Жақсы атадан туған ұлТартпай қоймас негізге.

«Мұнымен не айтқалы отыр?» дейсіз ғой. Өнер десе дүбірге құлақ түрген тұлпардай тыпыршып, бір орнын-да тұра алмайтын кәсіпкер екеу болса, бірі – Өмірзақ Сәрсенов, біреу болса – өзі. Шын жанашыр! Атағым шық-сын деп арзан абыройға қызықпаған азамат.

Асқар – асқар ма, Алыстан көрінбесе? Асқан – асқан ба,Шашылып-төгілмесе?

Ау, сонда меценат ағамыз мәдениет иелерінің мәр-тебесі асқар таудай асқақтай түссін деп шашылып-төгілген Атымтай жомарттығы мен ақынжандылығы қайдан дарыған? Атасынан дарыған! Ал, атасы кім? За-манында еліне сыйлы болып, есімі көпке танылған ата-сы Оспанқожа Мүсәпірұлының артында қалған әдеби мұрасы жинақталып, 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан жеке кітап боп шықты. Бақанастық Таутай ақсақал құ-растырған осы кітаптың алғы сөзіне назар аударсаңыз, Өмекеңнің негізі мен түп-тамыры қайда екенін түсінесіз.

«Оспанқожа 1888 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. Есі кіріп, етек жапқанда ауыл молдасы Біркеден 5-6 ай арабша сауат ашып, бір жыл өткенде Құранды жатқа оқыған.

Page 18: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

18

Алланың сүйген құлы – Осекең жасынан құйма құлақ, күміс көмей, жезтаңдай, суырып-салма ақындығымен қатар болжампаз, көріпкел әулиелігімен де есімі аңызға айналған тума шайыр болған.

Аштық тауқыметі өткен соң, Қамаудағы (Қараой) ел-жұрт бірігіп, кеңестік жаңа өмірге бет бұрады. Ең-бекші халық егін салып, төрт түлік мал өсіре бастай-ды. Пайғамбар жолын таза ұстаған әулие Оспанқожа: «Үкіметтен келген малда құрт ауруы бар, еті мен сүтін әбден қайнатып пайдаланыңдар» деп, жанашырлық танытады. Шолақ белсенділер бұл жайды ауданға ха-барлайды. Сөйтіп, Осекең «халық жауы» аталып, 1937 жылы әділетсіздіктің құрбаны болады. Оның болжап айтқан құрт ауруы бұрын қазақ жерінде болмаған бру-целлез дерті екендігі 1943-44 жылдары анықталады.

Оспанқожаның көптеген ақындармен айтысқан өлең-дерін, діни кітаптарын ГПУ-дің ізшілері отқа жағып жібер-ген. Әрәдік ел арасына тарап, айтылып жүргендері: Таң-сықпен, Сәдіғұлмен айтыстары ғана. Өзінің замандаста-ры Оспанды «Қара дара» деп атап кеткен.

Оспанқожаның ел арасына таралмаған әрі танылма-ған 200-ден астам мақал-мәтелдері жинақталып, қағаз бетіне түсіріліп отыр. Бұл мұралық мақал-мәтелдерінің бүгінге де, болашақ ұрпақтарға да танымдық, тәлімдік үлгі-өнеге болатынына сеніміміз зор».

Сол кітаптың ішіндегі жалғыз ұлы Сәрсенге арнаған өлеңінің түйініне зейін қойып, зерделеңізші. Ауыз әде-биетінің үлгісіндей.

Кең пейілдің түбінде кен жатады,Шипалы, тәтті сөзде ем жатады.Жақсылар мен тектілер тең жатады,Арам ой адалдықтан кем жатады.

Тар пейілдің түбінде тас болады,Зерделі жас болса да бас болады.Билік тисе қолына ақымақтың,Атағын көтере алмай мас болады.

Page 19: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

19

Ал мақал-мәтелдерінің мазмұны майлы, ұлттық боя-уы ұйыған айрандай! Көз жүгіртейік.

– Шалаға күйгеннен жалаға күйген жаман.– Құлып кілтінен құлық кілтін табу қиын.– Аузы боқтаулының сөзі оқтаулы.– Ине мен жіп бір-біріне тәуелді. – Өтірікші «Құдай біледіні» көп айтады.– Бақ – барға, ұят арға қонады. – Әр құралға сап керек, әрбір іске бап керек. – Оқымаған наданнан оқыған надан қауіпті.– Суды шым бөгейді, өтірікті шын бөгейді. – Әктіп қолдап қалхозды, құртты талай жампозды.Ал, анасы Ақжүністің суырып-салма ақын болғандығы

ауыл-аймағына мәлім. Өрнекті сөз, өтімді айтысының бірсыпырасы күні бүгінге дейін ел аузында.

– Анам ақын еді. Онда да ағып тұрған ақмылтықтың өзі болатын. Талай рет шаршамай-талмай, сөзі сарқылмай, әні таусылмай таңға дейін айтысқанын ағайын әлі жыр етіп, тамсанып айтады. Қағазбек деген қызыл сөздің көрігін қыздырған ақынмен бір таң айтысқанын бала кү-німде өзім де көрдім, – дейді Өмекең өз естелігінде.

Мысал үшін Ақжүністің Сәдіғұлмен айтысын алайық-шы:

Сәдіғұл:Ақжүніс, әппақ келін, ақын келін,Үстіңе тұрмай жатып қапы келдім. Тұрайын теріс қарап, қалпыңа кел,Түсінер жан едің ғой затын ердің.

Келінжан, кешір шырақ, қайнағаңды,Білмеуші ем келінменен ойнағанды. Әйелден шыққан ақын тегін болмас,Көріп ем қызыл тілмен байлағанды.

Ақжүніс:Келді ме ит қуалап Жәке деймін,Болсаңыз шын қайнаға – көке деймін.

Page 20: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

20

Ойласаң арам пиғыл, сақалы ұзынҚу сасық бақылдаған теке деймін.

Келіп пе ең қағысуға келініңмен,Ұстата қояр ма екем желінімнен.Тайлақтай төбет қуған кіріп келдің,Қайнаға, шошынамын пейіліңнен.

Сәдіғұл:Түрпідей тиді-ау тілің келін бала,Жүгірдің сұрамай-ақ желінді ала.Теңедің текеге де сасық иіс,Қалдырып мені ұятқа кегіңді ала.

Тайлақтай тайраңдауға шама қайда,Дөрекі мен қимаймын шалағайға.Сәлемет деп келіп ем Сәрсенжанға,Алмай ма сәлемімді, бала қайда?

Ақжүніс:Түрпідей тілім болса – ақындығым,Сәрсенге байқалмайды жақындығың.Ісіңді сарапқа сал, ел айтады,Қайнаға-ау, ақымақ кім, ақылды кім?

Дөрекі сөз іздеген өз қылығың, Түседі келіндерге көз қиығың.Жараған жас буыршын Сәрсен інің,Жүр-дағы қырдан аулап жез киігін.

Алтынның сынығындай, тұлпардың тұяғындай Өмір-зақ ағаның кеудесі – күй, жүрегі – жыр. Неге десеңіз, базбіреулерге әншейін ауызекі айта салатын уәждерін өлеңмен кестелеп, жауап беріп жатады. Өлеңді әрине, өзі шығармайды. Ізінен ерген Жүрсін, Аманжол, Ри-нат секілді ақын інілеріне жазғызып, «үшбу сәлемін» поэзия тілімен жора-жолдастарына өз атынан жолдап

Page 21: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

жататынына қайран қалам. Бір қызығы – өлеңнің ав-торын жасырмайды. Мысалы, Өмекеңнің өз атынан замандас-тұрғыластарына жазылған ішкі сырын Аман-жол Әлтаевтың өлеңімен өрнектеген бір шумағын кел-тірейін:

Қожа деп балаған соң ағасына, Алаштың тең қарадым баласына. Атам мен анам ақын болғаннан соң,Әр сөздің жете білдім бағасына.

…Ғайыптан тайып кәнігі кәсіпкер, меценат, өнер жа-нашыры Өмірзақ Сәрсенов ағамен телефон арқылы тілдесіп ем:

– Қайда жүрсің, қарағым-ау? – деді еркелете сөйлеп. – Тым құрымаса, жұмасына бір рет телефонмен болса да сәлеміңді үзбе.

Шаруаң болмағасын шаужайына жармасып, апта сайын «Ассалаумағалейкум!» дей берген де ерсі емес пе? Соны сезгендей Өмірзақ ағам:

– Жұма сәлеміңді бір-екі шумақ болса да өлеңдетіп менің факсіме жіберіп тұрсай! – деді. Сынағаны ма? Әлде қамшылағаны ма? Масқара-ай! Ағыл-тегіл жыр-лайтын ақын емеспін. Қалай көсілем? Шөңгені де, шөпті де тілге тиек етсем, Алдаркөсенің «әләуләйы» боп кетпей ме? «Нар тәуекел!» дедім де оң жамбасыма ыңғайлы өз әдісіме салып, әзіл-оспақпен тұздықтауға тырыстым.

Міне, «Жұма сәлем» солай туды.

Page 22: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

22

№1Ж±МА С¦ЛЕМ

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.(Абай)

Өтіп кетті-ау сан ғұмыр қас-қағымда,Қадіріңді білмеппін жас шағымда.Бұғып жатыр мыңдаған күйінішім,Қызыл-жасыл сүйініш астарында.

Бұрын сезсем таң атып, күн батқанын,Қазір сезем Алланың үн қатқанын.Кім шешеді түбінде түйткілі көпЖүрегімнің жасырған жұмбақтарын?

Енді сізге ең оңай жұмбақ жасырайыншы:

Екі таяқ,Екі таяқтың үстінде мес.Местің үстінде пеш,Пештің үстінде мұржа,Мұржаның үстінде шөмеле.Шөмеленің астында немене?

Бос таксидің көзіндей Көкшиген көзі.Бұл жұмбақтың шешуі – Өзегінде өрті бар Көпен Əмірбектің өзі.

Page 23: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

23

* * *

Күнəм – жойқын, тəубəм аз,Тіршіліктен не таптым?Дүние- жемтік, мен – төбет, Соны бақпай, не бақтым?Ырылдасып əр кіммен,Не қапқыздым, не қаптым.

(Дулат Бабатайұлы)

Табиғиндер дəуірінде өмір сүрген Амир ибн Абдулқайс деген имамға біреу келіп:

– Кел, отырып арқа-жарқа əңгіме-дүкен құрайықшы! – дегенде, ол:

– Сен күнді ұстап, кішкене тоқтата тұршы, сосын емін-еркін əңгімелесейік! – деп ойлантып тастаған екен

(Асылбек Ноғаевтың əңгімесінен)

* * *

Баяғыда бір өнерпаз жігіт он қадам жерден жіп лақты-рып, иненің көзінен өткізеді екен.Патша сол жігітті алдыртып:– Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті? – деп сұрай-

ды. Қошемет дəметіп тұрған жігіт:– Жиырма жылым кетті! – дейді масайрап.– Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма

дүре соғыңдар! – депті патша нөкерлеріне.– Жазығым не? – дейді өнерпаз жігіт үрейленіп.– Алла тағаланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиыр-

ма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін! – депті ашулы патша.

(Ел аузындағы əфсана)

Page 24: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Өткен өмір!Өзіңе өкпеледім,Жеткізсең де төбемді көкке менің.Алла берген алтындай көп жылдарымБос кетті деп өзімді жек көремін.

Сиқыршыдай бір амал жасай қалып,Сұлуларға сұқтандық бас айналып.«Жіп өткіздім иненің көзінен!» деп,Жігіттікпен қырық жыл масайрадық.

Уақыт – тұлпар құйғытты шапшаң алға,Ілесе алмай келемін бəтшəғарға.Қырық алтын бермей-ақ,Осы маған Қырық дүре соғатын патша бар ма?

Page 25: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

25

№2Ж±МА С¦ЛЕМ

Ертеде жаңа үйленген жас жігіттің байлаулы иті үйге келген меймандарына үріп қоймапты.

– Кет-ей! Бір-ақ айтам, үрме! – депті жігіт. Иттің аты ит қой, үрме дегенді түсіне ме, одан сайын шабаланыпты. Жігіт əйелінің көзінше итінің басын шауып алыпты. Ала мысығы алдындағы сүтке тисе:– Піш-ай! Бір-ақ айтам! – депті. Сөз ұғатын мысық

қайда, қаймағын жалай бастағанда, əйелінің көзінше баж еткізіп бауыздап тастатты. Күндердің күнінде ат арбамен əйелін төркініне апара

жатыпты. Əбден титығып шөлдеген ат жол-жөнекей тоған-арыққа тоқтай қалып, тұмсығын тықса:

– Су ішпе! Бір-ақ айтам! – деп бұйырыпты. Онысын жа-нуар тыңдай ма? Атының басын кесіп алыпты да, əйеліне:

– Арбаны сен тартасың. Мен бір-ақ айтам! – депті. Арба сүйреп келе жатқан қызын көрген əке-шешесі шо-

шыса:– Үндемеңдер! Күйеуім бір-ақ айтады! – деп сыбырлап-

ты. «Баланы – жастан, əйелді – бастан» деген аталы сөздің

парқы мен пайымын түсінбеппін. Əйеліме əу баста бір-ақ айтпаппын-ау. Сөзім өтпейді. Өтсе де жартылай өтеді. Сөзім тұтас өтетін біреуге үйленсем қайтеді? ...Ойым бұзылды.

Өмеке, сəлем бердім Астанадан,Жұма күні жұмыс жоқ басқа маған.Алақанға салып ап тербетесіз,Аумаймын бесіктегі жас баладан.

Ізетпен «Інім» десіп, «Ағам» десіп,Жұма сайын келеміз сəлемдесіп.Құрт көжені бабымен дайындайтынАру қыз кезікпей жүр, амал нешік?

Page 26: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

26

Кілең сайтан жолымда шиырлаған,Бір періште жолығар биыл маған.Тағдырыма таң қалып жүрмін аға,Қырық қыздан жырық қыз бұйырмаған.

Ошағыма от жаққан халқым екен,Қалайша көбік құсап қалқып өтем?Қазанында еті бар,Қамыры жоқ,Сəлеммен – бүтін еркек, жарты Көпен.

№3Ж±МА С¦ЛЕМ

– Қарындас, атыңыз кім? – Сюзи.– Шын атыңызды айтыңызшы.– Сюзанна. – Қойыңызшы, қазақ өйтіп ат қоймайды ғой. Шын аты-

ңыз кім? – Атым – Сақыпжамал. Ал, қайтесің?! (Қазіргі заманның қалжыңы)

Бүгінгі қыздардың көбісі – Сюзи, Сюзанна... Баяғы Са-қыпжамалдың бəрі – сары қарын бəйбіше ғой қазір.

Қазынасы осы деп қаламгердің,Тағы да Астанадан сəлем бердім.Берекелі «Жұма» деп жазылыпты,Бетіне қарап едім календарьдың.

Бетіне қарап едім календарьдың...О, календарь, сен менің зəремді алдың.Күн сайын бір парағы жыртылатынСаған ұқсас өмірі адамдардың.

Page 27: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Азаймай тұрған кезде парағымыз,Ардақтап жүрсек болды ағаны біз.Амандасу – астаумен ас қойғандай,Сəлем бердік Өмеке, дəм алыңыз!...

Сəлем бердік Өмеке, дəм алыңыз,Хал сұраған – мұсылман халəліміз....Құрт көжені қайнатып беретұғын,Айда жүр ме, қайда жүр саналы қыз?

Page 28: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

28

№4Ж±МА С¦ЛЕМ

«Достық нешеу?» деген сауалға əйгілі Əйтімбет би:– Екеу, – депті мүдірместен. – Бірі – адал достық, екінші-

сі – амал достық. – Оны қалай ажыратамыз?– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың

өрісі қысқа болады. (Ел аузынан)

Тараздан тағы сəлем қожа ағама,Елу пайыз етжақын өз ағама.Көк есекке мінгізіп,ТепеңдетіпКөкпарға салдың мені о, замана!...

Көкпарға салдың мені о, замана!...Көк есекпен шабандоз оза ала ма?Əулие Ата секілдіҚамыққандаҚамқоршым болып жүрген Қожа ғана.

Кең болсам, кем болам деп өспеп едім,Досым суға батқанда «SOS!» деп едім.Айқас болса,Аржаққа ауып кетерАйнымалы адам ба дос дегенің?...

Айнымалы адам ба дос дегенің?...Астыртын аунаса да «Қош!» демедім.Сол досым суға кетіп тұншыққан жоқ,Құйрығын ұстаса да қос кеменің.

Page 29: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

29

№5Ж±МА С¦ЛЕМ

Əскерден оралған баласына əкесі:– Қалың орыстың ортасында жүріп, орысша үйренген

шығарсың. Қамшының орысшасы не? – деп сұрапты. Бала-сы бүлк етпей:

– Аттин жанин шигаргиш! – депті. – Дұры-е-ес. Ал, бір орысты өзіме шақыру үшін не дей-

мін? – «Иди сюда!» дейсіз.– Ал, «Кет!» дегенді қалай айтам?– Аржағына барып «Иди сюда!» дейсіз. Болды. И все!

Орысшалап айтқанда «отпуск» алдым. Бір ай бойы не іс-теймін? Қайда барарымды білмедім. Қарап отырам ба, ерік-кен сарттай екі қолымды ысқылап, Өмекеңе жұма сəлем жолдадым. «Иди сюданы» қай жағыма шығып айтар екен?

«Əлһамдуллаһ!» дедім де Алла атынан,Жұма сəлем жолдадым Алматыдан.Көңіл-күйді көкетай, СезінерсізІніңіздің жолдаған əр хатынан.

Тараздан Алматыға аялдадым,Сырымды сыртқа шашып жая алмадым.Атқа демеу болады «Əйт, шу!» деген.Келіп тұр бір əңгіме баяндағым.

...Бір адам тəлімінен қате кетті,Баласын жалқау қылып мəпелепті.Сол ұлы армияға бара жатып:– Хат жазуға ерінем, əке! – депті.

Сөз боратып хат жазу қалған бүгін,Жек көремін сəлемнің жалғандығын.

Page 30: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Хат келмесе аман-сау деп біліңдер,«А» деп жазсам – ауырып қалғандығым.

Ай артынан ай туып, жыл өтеді,Ата-анасын хат салмай жүдетеді.Бір күні жалқау ұлдан хат алғанда,Əкесінің жүрегі дір етеді.

Əуелі ебіл-дебіл жылап алып,Конвертті ашыпты тұра қалып.Ой, масқара-ай,Парақтың бір бетіне«Ө» депті де қойыпты бір-ақ əріп.

Хабарласып хат келді, тəуір бəрі,«А» деп жазса – баланың ауырғаны.– «Ө» дегені – өлгеннің белгісі ғой! –Деп жылапты шетінен бауырлары.

Қамығып жүрсе бəрі сол хатына,Армиядан келіпті «солдаты» да.– «Ө» дегенің немене? – депті əкесі, –«Қара қағаз» салғандай сонда атыма.

Баласының бұтына шоқ түсті ме,Атып тұрып ақылын төкті үстіне:– Сіз немене орысша білмейсіз бе,Шықтым деп жазғаным ғой «өтпіскіге».

Ағын судай ойымды бөгейін бе,Көп сөзім лықсып тұр-ау көмейімде.«Өтпіскіге» таяуда шығып едім,Өмеке, «Ө» дейін бе, «О» дейін бе?

Page 31: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

31

№6Ж±МА С¦ЛЕМ

– Айтыс ақындарының айтпайтыны жоқ, – деп бір біл-гішсымақ досым сырттарынан сын айтты. – Мысалы, Бал-ғынбек пен Ринат көзіне түскен нəрсенің бəрін өлеңге қоса береді.

– О-о, онда олармен моншаға бірге бармау керек екен ғой! – деп, əлгінің сын-пікірін сылап-сипап жұмсартып тұр-ғанымда, ұялы телефоным ұлып қоя берді. Өмекең екен.

– Мақпал Жүнісованың үйін білесің бе? – деді. – Иə! – дедім.– Бізді сонда апаршы. Қасымда Сламхан бар. Түске қо-

наққа шақырған еді. Апардым. – Бұрын келіп-кетіп жүрген үйің-ау деймін. Төтелеп тез

əкелдің ғой! – деп қалжыңдады ағаларым. Дастарқан басында Өмекең шешілді. Көсілді. Ағынан

жарылды. Балғынбек пен Ринат інілерім секілді көргенімнің бəрін көгендеп тізе бермей, көкейіме қонған көрікті ойла-рын шама-шарқымша өлеңмен жеткізуге тырыстым.

Өмеке, сізге қояр сан сұрақ бар,Шама барда шабанды қамшылап қал.Неге сізді шақырды қазан асып,Қожаның жиен қызы – əнші Мақпал?

Бардыңыз Төлегендей егеленіп, Ерді неге Сламхан Шеге болып?Мен қосылып бүйірден Бекежандай,Мақпалдың сүр етінен жеген едік.

Əзілім ғой əншейін бағасы жоқ,Көріндіңіз Мақпалға нағашы боп.Отта тұрған құмғандай қыз қайнаса,Сіз шəйнектей болдыңыз самасы көп.

Page 32: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

32

Шық бермес Шығайбайдай байға күлем,Көбінің көздегені пайда білем.Қайнаған құмғаныңда не бар дейсің,Шайдың дəмі шығады шəйнегінен.

Терең ой тастадыңыз намыс қылып,Тісің барда дегендей қал ысқырып.Аузынан ақ май аққан көршілердіАйттыңыз өзімізбен салыстырып.

– Көптен білем Кобзонды мысалы мен,Ұшады жекеменшік ұшағымен.Неге көп катер мінген əншілері,Өйткені Ресейдің құшағы кең.

«Жарқын болсын Ресей болашағы!»Деп өкімет оларға жол ашады.Жол ашқасын əрине, КиркоровтарДөңгелектей айналып дөң асады.

Ал, біздің «Ай-күніміз» қай тұста жүр?Ерманов ер-тоқымсыз айтыста жүр.Қайық түгіл,Салатын қармағы жоқҚазақтың жұлдыздары байғұс па кіл?!

Айналайын Бибігүл ай көрінер,Деген емес өмірі «Бəйгені бер!»Голливудттық əйгілі əртістерденАсанəлі Əшімнің қай жері кем?

Өнербайдың Нұрланы сайлауда жүр,Бауыржан байбалам сап, жай дауда жүр.«Шақырады көктем» деп Роза қыз,Білмеймін бұлбұл болып қай бауда жүр?

Page 33: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

33

Сахнадан артық деп саясаттыҚұдайберген жолынан тая сапты.Парламенттің партасын тоздырса да,Демеймін депутат боп май асапты.

«Өнер үшін жаралған жан болған!» деп,Өкімет аузын ашып таңданған жоқ.Тұңғышбай асатаяқ ұстап жүріп,Хан киімін кисе де хан болған жоқ.

Асыл сөзі қалды ғой небір ердің,Черчилльдің1 бір сөзіне тебірендім:– Егер менің Қорғаныс министрімНашар болса, Соғыста жеңілермін.

Дей алмаймын жалғанда жүрдім қамсыз,Қысқа өмірде қыр астым қырғындарсыз...Егер Ауыл шаруашылық министрімНашар болса, Қалармын бір жыл дəнсіз.

Егін де бір жылдан соң егіледі,Шаруашылық шаршатпас тегі мені.Мəдениет министрім нашар болса,Елім онда... Елу жыл шегінеді!

* * *

Қозғадыңыз осылай бір əңгіме,Бір əңгіме болса да ірі əңгіме.«Бұлақ көрсең – көзін аш» десе бабам,Бүгін көзі тіреліп тұр əлдіге.

1 Уинстон Черчилль – Англияның бұрынғы Президенті.

Page 34: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жұма күнгі жəйттерді тізбеледім,Өнердің жоқтаушысын іздеп едім.Сауда мен саясатқа жəутеңдемейҚазақтан шыққан Черчилль Сіз бе дедім!...

Page 35: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

35

№7Ж±МА С¦ЛЕМ

Жолдамасам, Өмеке, жұма сəлем, Деп жүрерсіз: – Інім-ау, кінə сенен!Журналистер күніне шақырғасынАстанаға асығыс шыға сап ем.

Алланың бұйрығына тақ тұрғасын,Астанаға тіредім аттың басын...

Өлеңімді кілт үзіп, қара сөзге көшейін, аға. Баяғыда Аме-рикаға барып келген бір балықшы: «Олардың қармағы біз-ге қарағанда тым имектеу екен» десе керек. Сол сияқты Өмеке, сіз менен «Астанада не көрдің?» деп сұрасаңыз, ай-тайын. Абай ескерткіші көзіңді арбап, жүрегіңді жауламайды.

Тап бір тамаққа тойып ап, үлкен дəретке бара жатқандай... талғамсыз. Алматыдағы Аманкелді Имановтың ескерткіші ашыл-

ғанда жарықтық Қалтай ағам «Атының «тасы» атының басынан үлкен» дегені бар. Əйгілі сəулетші Шота-Аман Уəлихан Батыс Еуропаны аралап қайтқанда «Ойпыр-май, осы шетелдіктер ойына келгенін істейді. Бір қалада еркектің ұлы мүшесіне ескерткіш орнатып қойыпты!» деп таңырқағаны есімде. Басқа ескерткіштерді қайдам, əйтеуір Абай атамның

бейнесінен береке таппадым. Көзі тірісінде-ақ көп ағаларымыз көше мен мектептің

атын алып қойған. Мысалы, Шымкентте академик Мұхтар Əлиев атында көше, ақын Мұхтар Шаханов пен Исрайыл Сапарбай атында мектептер бар. Мен нені армандады дейсіз ғой?

Алла жазып туғаннан пешенеме,Күйеу бала болсам-ау бес енеге.

Page 36: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

36

«Қазақ санын көбейткен Қайран, Көпен!»Деп жаза ма кейіндеу кесенеме?!

Ескерткіштің ең үлкені – артыңа ұрпақ қалдыру. Абай атам да «Адамның бір қызығы – бала деген...».

№8Ж±МА С¦ЛЕМ

Бекболат Тілеуханов бір жолыққанда: «Сіз патшамен – патша, мұжықпен – мұжық, бұзықпен – бұзық боп кете бе-ретін сияқтысыз. Сізге жақсы орта керек» деген еді. Бура-байда жын-жыбырдың ортасына түсіп, жолдан тайдым.

Дегенде дүмбір дүние, дүмбір дүние,Азырақ дүмбірлетіп жүрдік дүние. Қалайын тіршілікте ойнап-күліп, Кетеді əлі-ақ өтіп бір күн дүние.

Қазақтың осы бір қара өлеңін желбіретіп, желіккенім-ай! Жыным басылғасын өзімді өзім ақтағандай, өзімді өзім адвокат боп жақтағандай Өмекеңе жұма сəлем жолда-дым.

Саялап Бурабайдың етегіндеСайтанның кеттім білем жетегінде.Қазақтардың қасында жіп есе алмасЖын-перінің ордасы – шет елің де.

Жұма сəлем сақталған жүрегімде,Иман еді өзімнің тірегім де.О, Қожеке, иманым түгел болсаСай қуалап сайтанмен жүремін бе?Көп емес пе қазақтың серілері,

Page 37: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

37

Иті де бойдағында керіледі. Батыстың «СЭР», «Жентельмен», «Дон Жуаны»Қазақтың серісінен шегінеді.

Сал-серіні саралап халық деген Төбесіне көтеріп дəріптеген. Ал, бірақ серілікті күнə санап,Молдекең қатар қойған бəдікпенен.

– Не демекші, – дейсіз бе,– мына Көпен? Дүмбірлеген дүние бұлақ екен.Оралыңның барында ойнап-күлу –Серілік пе? Жоқ, əлде, күнə ма екен?!..

№9Ж±МА С¦ЛЕМ

«Адам – кеңістігі шектеулі, уақыты өлшеулі он сегіз мың ғаламның тозаңдай ғана бөлшегі»

(Альберт Эйнштейн)

Ашуландым. Қатты ашуландым. Айналамдағы топ құр-ған «тозаңдардың» əділетсіздігіне күйіндім. Күйзелдім. Абай атам секілді «Сап, сап көңілім, сап көңілім» деп өзімді өзім жуасыттым.Алла тағаладан Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз «Дү-

ниеде кім күшті!» деп сұраса, жаратқан ием «Кім сабырлы болса – сол күшті» депті. Бұл хадисті біздің қазақ «Сабыр түбі – сары алтын» деп мақалға айналдырған. Жүйкемді тоздырмас үшін өз сезімімді өлеңмен текше-

ледім.

Page 38: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

38

«Кімсің?» деген жан болса сұрай қалған,Олай барған Көпенмін, былай барған.Сырт қарасам сыншыдай өзіме-өзім,Жер шары секілдімін шыр айналған.

Күн нұрынан əуелі нəр алғанмын,Махаббатын арттырып адамдардың. Тау-тасы, орман, дала, мұхиты барОн екі құрылықтан жаралғанмын.

Аңсаған шағалалы шалқар үнін,Алты алаштың шөл, шөлейт алқабымын.Шөліркеген далаға су апарғанАсау өзен секілді əр тамырым.

Жабырқасам жаңбырдай сіркіредім,Табиғаттай құлпырып бір түледім.Ал, аспаным ашылмай бұлт торласа,Найзағай боп, күн болып күркіредім.

Қара дауыл тұрғыздым аптығыстан,Құйыным да ұйытқып жатты тұстан.Жапырағым оңтүстік болғасын ба,Жазым ұзақ қар жауған қатты қыстан.

Жер-Ананы адамдар жылатты ма,Жылатты ма?Жылатса жұбатты ма?Қанша досым жармады «атомдарын»,Полигон боп өткіздім сынақты да.

Қайтейін жер шарындай болғанменен,Жарылыстан жарықшақ толған денем.Екі-үш балмен дүмпідім ауық-ауық,Түбі бір сілкінермін он балменен.

Page 39: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

39

№10Ж±МА С¦ЛЕМ

Əлқисса, əлдеқайда асыққан жолаушы таксиге мініпті де, есігін тарс еткізіп қатты жапса керек. Соған налыған жүргізуші:

– Үйіңізде «Холодильник» бар ма еді? – депті сыпайылап. – Бары бар ғой, – депті жолаушы, – бірақ оны өмірі іш-

тен жауып көрмеппін.(Қазіргі заманның қалжыңы)

Езу тартсам Өмеке, кешіріңіз, Ел-жұрттың аузында жүр есіміңіз.Сол жолаушы секілдіТым қаттырақЖабылып кеткен жоқ па есігіңіз?

Сағынғандай өнерді мынау халық,Жүруші еңіз ақын мен жырауды алып.«Морозильникке» салынған ет секілдіБіз жатырмыз ішінде қырауланып.

Бапкерге жарасады атты баптау,Сіздің қолда шапқызу, шапқылатпау.Таксидің есігінде шаруамыз жоқ,«Холодильник» есігі қатты кетті-ау?!

Page 40: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

40

№11Ж±МА С¦ЛЕМ

Қиясбай жора-жолдастары «Сөзіңе риза болғаны сон-дай Абай ағаң бір қой атады» депті. Сонда Қиясбай: «Абай ағам қойды өңгертіп жіберер дейсің бе? Алдыма салып ай-датып жіберетін шығар» десе керек.

(«Абай жолы» желісімен)

«Кездеспей кеткен бір бейне» (Ғабит Мүсірепов)

Əнебір жылы «Парасат» орденін алғанымда Амангелді ағам байғазыға «Құны 20 мың долларлық арғымақ сыйлай-мын» деп сəлемдеме айтыпты. Сонда Жүрсін:

– Əй, қайдам, – деді қиқарлана сөйлеп, – ол уəдесі орындал-ғанша не ат өледі, не сен өлесің.

(Болған оқиға)

– Ырыс қайда барасың?– Ынтымаққа! (Халық мақалы)

АРЄЫМАЌТАРДЫ АЅСАУ

Жүрсін-ау, жүрегіңді түсінемін,Қиядағы қырандай құсым едің.Үйірінен айрылған ТепеңкөктейТепсең жерді сағынып кісінедім.

Көкке сенің жетеді төбең неге?Самғататын қанат бар өлеңде де.Ақыры сен жүрсің ғой аспанда ұшып,Көзіңді сала салшы төменге де.

Page 41: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

41

Қалықтайсың, самғайсың қалай бүгін,Биік ұшсаң көрінер талай қырың.Қасқыр жеп кетпеді ме, Қарай салшыАмангелді ағаның сары айғырын?

Тағы қара, қарашы, əй, шырағым.Қайда жүр Өмекеңдей1 Байшұбарым?Тұяғынан тұлпардың дүбір шықса,Елеңдеп құлағымды қайшыладым.

«Тарлан бозды танимын жорғасынан!» – Деп Өмекең қарай ма дөң басынан?!Арпасыз дорбаны да ат сыйламас,Жем жемеген жүйрік жоқ дорбасынан.

Ақ көбік боп келсе де жаңа ғана,Қайта шабар қалаға, далаға да.Қайда жүр арғындардың арғымағы,Шашасына шаң жұқпас Аман2 аға?

Жүрсін-ау, алдыңда – жыр, арқаңда – əнің,Өнерден нəр таңдадың, əр таңдадың.Жер теуіп, жеке шауып озатындайҚайда екен Нұртілеудей3 Тарпаңдарым?

Ықтасын іздемейтін жай дауылға Басын шұлғып бармайтын байлы ауылға.Нағыз араб тұқымы Намазəлі4Жусап тұр ма Сарыарқа жайлауында?

1 Өмекеңдей – Өмірзақ Сəрсенов. 2 Аман аға – Амангелді Ермегияев.3 Нұртілеу – Нұртілеу Иманғалиұлы.4 Намазəлі – Намазəлі Омашұлы.

Page 42: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

42

Күйге қосқан қазақтың дабыл, əніңСезімтал Секенімді1 сағынамын.Керқұла атты Кендебай мініп шапқан Жануары секілді жалы қалың.

«Несі жөн қысырақтан үріккеннің,Жаңа үйірге түстім де жүріп келдім!» – Деп сөйлейтін дегбірсіз Тұрсын2 ағам – Ақалтеке айғыры түрікпеннің.

Аулақ қашар адамның асқағынан,Бəрімізден көп кіші жас жағынан,Жолға түскен жорғадай бүлкіл қағып, Қайда жүр Қайнар3 атты қасқа құнан?

«Қыз қуу» – ата салты, ғұрып па екен,Бір өзіне жетпейтін қырық көкем – Сламхандай4 сəйгүлік кісінесе,Оқыранып орнымнан тұрып кетем.

Сламхан сəлем берер кіші демей,Маңмаңгер марқасқаны түсінеді-ей.Бəсең жүріп бəйгеге қосылар ем, –Кетті ғой кілең жүйрік кісінемей...

Өмекең үйірінде қалды ма аттар,Əбекең шетелде деп алдық ақпар.Суатқа құламады-ау көптен бері,Қайдасыңдар, дүбірлі Арғымақтар?!

1 Секенімді – Секен Тұрысбеков. 2 Тұрсын аға – Тұрсын Аханов.3 Қайнар – Қайнар Олжай.4 Сламхан – Сламхан Ибрагимов.

Page 43: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

43

№12Ж±МА С¦ЛЕМ

Бірде Өмірзақ ағам:– Көпен-ау, көптен бері көрінбей кеттің. Қайда жүр-

сің? – деді.– Аға, – дедім алыстан орағытып. – Хайуанаттар тура-

лы сан алуан қызықты хикаяны теледидардан көріп жүрген шығарсыз. Сонда аң патшасы арыстан орманның ана ше-ті мен мына шетіне зəрін шаптырып, өзінің мекен жай аумағын еншілеп, белгілеп қоймай ма? Исін сезген басқа арыстандар сол маңайға өмірі жоламайды.

– Иə...– Сіз де орман сияқтысыз, аға. Айтыстың арыстаны

Жүрсін досым төрт жағыңызға төгетінін төгіп, шегелеп қойған шекарасын бұзып төңірегіңізге бара алмай жүрмін.Күлді. Ынты-шынтымен күлді. (Болған оқиға)

Байыптасаң өзің де байқар едің,Байқағасын басыңды шайқар едің.Азын-аулақ арыстан бөліп алғанБай орманға ұқсайды байтақ елім.

Арыстан ба ну орман иелері?Бəлкім біреу «Түлкі!» деп түйер еді.Үзіп-жұлып жемтігін тартып жейтінЖемқорлардан аумайды шиебөрі.

Жорта берген жыртқыштан көп із қалар,Іштерінде солардың доңыз да бар.Хайуандардың қалдығын қажап жүргенƏуре болма сен іздеп қоңыздан ар.

Түсседағы қақпанға, пышаққа да,Одан сайын ұмтылар ұсақтала.Жетіп жатыр жемтігі хайуандардың,Жетпейтіні шіркін-ай, нысап қана!..

Page 44: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

44

№13Ж±МА С¦ЛЕМ

«Кімде-кім жəннаттан үмітті болса, пайдалы сөз айт-сын немесе үндемесін». Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың осы бір қасиетті хадисін көкірегіне тоқып өскен бір мұсыл-ман баласы қайда барса да тымпиып тым-тырыс отырады екен. Əкесі:

– Балам жұмған аузын ашпайды, ауру емес пе? – деп ем-шіге көрсетіпті. Емші əрі-бері қарап:

– Ұлыңыздың іші пысып, əбден зеріккен. Далаға қыдыр-тыңыз, бау-бақшада серуендетіңіз, сергітіңіз, – дейді.Баласын жетектеп орман-тоғайды аралап сейілдеп келе

жатса, бір тотықұс қайта-қайта шықылықтап қоймап-ты. Əкесі тотықұсты ұстап алып, торға салып жатса:

– Əй, құсым-ай, байғұсым-ай! Үндемегеніңде торға тү-сіп сорламайтын ең! – дейді баласы. Сонда əкесі жалт қа-рап:

– Əй, сен сөйлейді екенсің ғой. Мені неге мұнша əбігерге саласың? – деп шапалақпен тартып жіберсе, баласы басын шайқап:

– Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанымда, шапалақ жемес едім! – деген екен.

(Ел аузындағы əфсана)

Тілім қышып жүреді күнде менің,Бұлқыныс па бойдағы бұл дегенің?Келсе-дағы талайлар таптағысы,Бір Құдайға тапсырып, үндемедім.

Салғыласып сайтанмен таласпадым,«Кет, пəлекет!» деп іштей аластадым.Қасапшының итіндей жалаңдағанЖағымпазды көрсем де жақ ашпадым.

Қисық шеге түзеткен балғаң едім, Сабым сынып қалған ба əлде менің?

Page 45: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

45

Алдағанын аярдың біле тұра,Аңқау адам секілді лəм демедім.

Тəрбиесі солай ма ата-ананың, Құдық қазып су ішпей, қаталадым....Сөйлемей-ақ қояйын,Мен əйтпесеЖеп жүрермін ағаның шапалағын...

№14Ж±МА С¦ЛЕМ

Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасын-дағы ең жақсысы – өз қателігін мойындап, тəубеге келгені.

(Қасиетті хадис)

– Сен үшін Құдай кім? – Білмеймін. Əйтеуір Құдай мен үшін сенің ойыңдағыдан

өзгеше.(Пауло Коэльо)

Төпен інім телефон шалды. Ауылда тұрады. Отырарда.

Əжік-күжік əңгімеден соң əйелімнен кетіскенімді айттым:– Жеңешеңнен бөлініп, жеке шықтым! – дедім.– Əй, көкетай, – деді інім, – Тəуелсіздікті осыдан он сегіз

жыл бұрын Қазақстанмен бірге алу керек еді!Ой, айтқышым-ай, айтады-ау...

Адам болып фəниге неге келдік,Бір басыңда болмаса егемендік?Тағдыр бізді тақтайға қаққаннан соң,Тастай болып тапжылмай шегелендік.

Ылғал тисе тақтайға ісінеді,Өз бағасын ол сөйтіп түсіреді.

Page 46: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

46

Ауыстырсаң айныған тақтайыңды,Түйсікті адам «Дұрыс!» деп түсінеді.

Іздегем жоқ хас-сұлу, ай қабақты,Табанының бүрі жоқ тайғанақты.Сүргіленген су жаңа бір тақтайға,Тағдыр мені шеге қып қайта қақты.

№15Ж±МА С¦ЛЕМ

Кəнігі кəсіпкер, əйгілі меценат Өмірзақ Сəрсенов демеу-шілер жөнінде күй шығарған өнерпаздарға бəйге жария-ласа, қай өнерпаз қайтер еді? Бəлкім, қоңыр домбырасын қолына ұстап Қоразбайдың Алтынбегі елден бұрын жетер ме еді? Алда-жалда қара көрсетсе:

– Өмеке, өзіңізге мəлім, алты алаштың аузында жүр-ген «Үшқоңыр», «Сарыарқа» деген əндерімнің сөзін жаз-ған Елбасының өзі! – дейді Алтекең арқаланып. – Одан бұрынырақ Заманбек Нұрқаділовтің «Өмір де өмір, өмір-ай!» деген өлеңіне əн шығардым. Мақпал орындады. Енді сіз туралы «Демеуқожа» деген күй шығарам, Өмеке!

– Қанша сұрайсың?– Бес мың доллар! Бір мыңын өзім алам, бір мыңын бала-

шағама берем, үш мыңын есеп-шотыма салып қоям.Серілердің соңғы тұяғындай Секен Тұрысбеков:– Өмеке, – дейді алыстан орағыта, – баяғыда біреу аққу-

лардың қанатын қырқып жатса, «Əй, мұның не?» дейді көршісі көріп. Сөйтсе əлгі əпенді айтыпты:

– Ұшып кетпесін деп қырқып жатырмын! Сонда көршісі:– Айналайын-ау, қанатын қайшыламай-ақ, аққудың

алдына жем шашып тұрсаң, өзі-ақ ұшпайды ғой! – деген екен.

Page 47: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

47

Сол айтқандай, Өмеке, сіз қаншама аққуға қанат қақ-тырдыңыз. Анаңызға арнап «Ақжүніс» деген күй шығарсам, енді сізге «Демеу толқыны» деген күй арнаймын.

– Қанша сұрайсың?– Он мың доллар! Бес мыңын өзім алам, үш мыңын бала-

шағама ұстатам. Екі мыңы – есеп-шотыма. Бітті!Домбырасын шертпей, жүйріктерін ертпей Жүрсін Ер-

ман келеді де:– Өмеке, – дейді келтесінен кесіп сөйлеп, – сіздің туған

жеріңізге арнап «Бақанас – елдің байтағы» деген əнге сөз жазғанымды білесіз. Дегеніме көнсеңіз, сізге шаш етектен пайда əкелем, күйді де күмбірлетем.

– Қанша сұрайсың?– Жүз мың доллар! Елу мыңын өзім алам! Маған демеу-

ші болғаныңыз үшін қырық бес мыңын өзіңізге берем. Бес мыңы – Қоразбаевқа! Күйді сол-ақ шығарсын!

Өмеке, өзіңізге жұма күніЖұма сəлем беретін бір-ақ іні.Бір сəлемге жүз сауап алып жүрсем,Айыпқа бұйырмаңыз сірə, мұны.

Азаматсыз, ат мініп, бақ қараған,Ала жібін ешкімнің аттамаған.Бір сəлемін кісінің алған жанғаЖазады екен он сауап хақ-Тағалам.

Мұсылмандық əдет пен ғұрып қандай!Жалғасуда ұрпаққа, тұрып қалмай.Алмасаңыз Алланың он сауабын,Қос қанатын аққудың қырыққандай...

Ата-баба сіңірген салтын маған,Кері тартпас керуенін нар тұлға ағам.Құлақ қойып, Қожеке, тыңдасаңыз,Жүрегімде бір күй бар тартылмаған...

Page 48: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

48

№16 Ж±МА С¦ЛЕМ

Абай Құнанбаев төрт əйел алған.

* * *Үш некелі Мұхтар Шахановтың мəліметі бойынша,

Пушкин 113 қыз-келіншекпен көңіл қосқан.

* * *Ағылшынның атақты драматургі Бернард Шоу жетпіс

екі жасында он тоғыз жасар қызға үйленген.

* * *Елу жастағы еркек:– Жиырмадағы қызға үйлендім! – деп кеуде керіп мақ-

танса, оған біреу:– Оһо-о, – депті онша қуанбай. – Сен алпысқа келгенде,

ол отызға толады. Жетпіске жеткеніңде, ол – қырықта. Сен сексеннен асқанда, ол алпысқа қарай аяқ басады. Кəрі əйелге үйленіп денің сау ма?

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Бергелі тұрған жоқпын күшті кеңес,Мақаш1 ағам: «Бақшама түсті!» демес.Көзін ашып көргені бір-ақ əйел,Шөмішбай2 сондықтан да Пушкин емес.

Қыз-қырқынға мінезі жүдə жайлы,Танымайтын əйел жоқ бұл ағайды?Күйеу бала атанып төс жеуден-ақБасып озды Досанов ұлы Абайды.

Тонды пішіп сыртынан, жобалама,Тоқал үйір болады тоқ ағаңа.

1 Мақаш Тəтімов – демограф ғалым.2 Шөмішбай Сариев – ақын.

Page 49: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

49

Үлбіретіп үш рет үйленсе де,Нəрікбаев1 Бернард Шоу бола ала ма?

Қой өреді қойшының таяғынан,Құт келеді келіннің аяғынан.Бір үйірді қайырған қара айғырдайҚазақ – жылқы мінездес баяғыдан.

1 Мақсұт Нəрікбаев – заңгер.

Page 50: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

50

№17Ж±МА С¦ЛЕМ

Өмірзақ ағама таңертең қоңырау шалып, аман-саулық-

тан кейін Кеңес Аухадиевтің ұялы телефонын сұрадым.– Сен тым биік ұшып, аспандай берме! – деді əңгіме ара-

сында.Онша түсінбедім. Ақжүрек ағам не айтқысы келді екен?

Жұмбақ.Кешкілік Кеңес ағамның үйіндегі бақилық болған Кербез

жеңгейге бағыштап «Жұлдыз» дəмханасында ас берілді. Өмекеңмен бір дастарқан басында қатар отырып қалдық.

– Сəскедегі жұмбақ сөзіңіздің түйінін түсінбедім, аға? – дедім аңысын аңдығандай.

– Сен ойлама, парашютпен секіргеннің бəрі жерге аман-есен түседі екен деп. Кейде парашютің ашылмай қалуы мүмкін, – деді тағы да жұмбақтай күліп.Он ойланып, тоқсан толғанып Өмекеңнің жұмбағын

өзімше топшыладым. Қалай дейсіз бе? Былай...Баяғы Совет өкіметінің кезінде бір парторг ағамыз сов-

хоз директоры болуды армандап, аудандық атқару коми-теті төрағасының орынбасарына барыпты да:

– Ағатай, – депті алыстан орағытып, астарлай сөй-леп, – түнде түс көрдім. Төрде Брежнев отыр. Оң жағын-да – Қонаев. Одан кейін – обкомның бірінші хатшысы Асан-бай Асқаров. Мен сол кісілердің қолдарына су құйып жүріп, оянып кеттім. Сонда əлгі ағатайы: – Адам да түсті артына қарап көру керек қой. Сенің тү-

сіңе мен кірсем де жетпей ме? – деген екен.Сол айтпақшы, Өмірзақ көкем: «Айналайын-ау, Аухади-

евте нең бар, саған мен де жетем ғой!» дегенді ақсақалдық оймен аңғартқаны ма?

Сұңғақ ағам!Еңбегін бұлдамаған,Боп кеттіңіз қалайша жұмбақ адам?

Page 51: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

51

Ақ патшадай жүрсем де, Сіз секілді Сыйласқанмен сыйласып, құл да болам!

Түсімде көрдім сіздің самолетті,Жер бауырлап, төбемнен жанап өтті.«Полный бак запрапкі жасаңдар!» деп,«Летчигі» базбіреуден талап етті.

Əлі талай ұшарсыз самолетпен,Сонда бізді жөн шығар ала кеткен.Төбем көкке екі елі жетпей тұрса, Кірер еді-ау реңім самал өпкен.

Байбатшаға бас иіп, бас ұрмай-ақ,Дос түгілі қараймын қасымды аяп.Самолеттен секірсе,Жүрмей ме осы Парашюті Жүрсіннің ашылмай қап?!.

Ала бұлттың аржағын аралатпайБола алмаймыз, Өмеке, жарау аттай.«Испытания» жасайсызКосмосқаКораблін ұшырған Королевтай...

Page 52: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

52

№18Ж±МА С¦ЛЕМ

Баяғы заманда бір ақылды патша болыпты. Күйеу ба-ласы қызына қол жұмсайды екен. Соны байқайды. Бірақ ара түсе алмайды. Күндердің күнінде сол содыр күйеуді ша-қырып алып:

– Қырық нөкеріңмен қырық күн ел аралап қайт! – дейді патша. Əмірін бұлжытпай орындаған күйеу баласы қырық нөкерімен қырық күн ел аралап, көрген-білгенін патшаға ба-яндайды.

– О, хан ием! Айдалада шөпшек теріп, сексеуіл арқалаған бір бейбақты көрдім. Демін алған сайын сексеуіліне сексеуіл қосып, қайран қалдырды. О, хан ием! Одан кейін бір шұбар жылан кездесті. Дойыр

қамшыммен долданып, тартып кеп жіберіп ем, өзіме қарай шапшыды. Тағы да бір тартып ем, одан сайын ысылдап, өзіме қарай дəп қылды. Үшінші рет сілтегенімде, басына қамшым емес бармағым тиіп кетіп еді, сылқ ете түсті. О, хан ием! Құла түзде жайылып жүрген бір ақсақ ат-

ты ұстайын деп ем, ұстатпады. Тұра қашты. Артынан қанша қусам да, жете алмадым. Сағымға сіңіп, қарасын көрсетпей кетті.О, хан ием! Жолда бір қобдиша жатыр екен. Нөкерлерім

теңге ілгендей іліп алғысы келіп еді, шегелеп қойғандай былқ етпеді. Тепеңкөгімді тебініп барып, екі қолыммен күшене тартып ем, астымдағы атымның төрт аяғы жерге кіріп кетті. Қобдиша қозғалмады. Сол мезетте көк есегімен жа-намалай өтіп бара жатқан бір қария таяғының ұшымен лып еткізіп, көтеріп алды да кетті.

– Мəнісін айтайын, – деді патша. – Жұмыр басты пенде-нің біліп, білмей істеген əр күнəсі бір-бір сексеуіл сияқты. Сексеуілге сексеуіл қосқаны – күнəсына күнə қосып, азап шеккені.

Жылан дегенің – əйел. Əңгіртаяқ ойнатқан сайын əйел күшейеді, ал сипасаң сылқ ете түседі.

Page 53: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

53

Ақсақ ат – дүние. Қу дүние қанша қусаң да жеткізбей-ді. Қобдиша – даналық. Ал, даналықты көп адам көтеріп

кете алмайды. (Ел аузындағы əфсана)

Шарлаймын деп дүние шартарабын,Оһ, қаншама сексеуіл арқаладым. Ақсақ аттың артынан қумасам да, Татып көрдім пенделік сорпа дəмін.

Жолықтың деп сен менің сорыма да, Қамшы үйірдім қанша рет «кобрама».Қобдишасын қожаның көтерем бе,Тастаңызшы бір күні жолыма, аға!..

№19Ж±МА С¦ЛЕМ

Əкесі баласынан:– Қанша досың бар? – деп сұрапты.– Қырық досым бар! – дейді баласы кəдімгідей масат-

танып.– Оһо-о-о-о!.. Соның бəрі сен дегенде астындағы атын

түсіп бере ме?– Сөз жоқ, оған күмəнданбаңыз. Ал, сіздің досыңыз

қанша? – Онша көп емес, бір жарым досым бар. – Бір жарым?! – Балам, достың парқы санында емес, салмағында. Қане,

сенің достарыңды сынап көрейік.Əкесі екеуі түйеге тең артып, баласының бір досына ке-

леді. – Əй, досым, – дейді баласы өтірік жыламсырап. – Бір

бауырым аяқ астынан қайтыс болды. Сүйегі түйенің қо-мында. Не істерімді білмеймін. Көмектесші!..

Page 54: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

54

Досы: – Көр қаз да, көм! Сол да қиын боп па? – дейді сырғақтап.Елпек қағып, екінші досына барса, ол да олай-бұлай бұл-

ғақтайды. Қалған достары да сыныққа сылтау іздеп, ат-тонын ала қашады. Баласы:– Енді сіздің бір жарым досыңызды сынап көрейік, кө-

ке! – дейді. Əкесі жарты досына келіп:– Бауырым бақилық болды. Қол – қысқа, жерлеуге жəр-

демдес! – дейді. Жарты досы:– Марқұмның мəйітін түйеден түсіріп, жерлеуге қол

ұшын берейін. Бірақ түйеңнің жем-шөбін өзің тап! – дейді. Ал жалғыз досы жаны қалмай: «Ей, бауырым, еш қинал-

ма, бəрін өзім атқарам!» деп зыр жүгіріпті. Сонда əкесі: «Көз алдындағы көп досыңнан көңіліңдегі бір досың артық» деген екен.

(Ел аузындағы əфсана)

Досым қанша,Біреу ме, бір жарым ба?Қанша досым «Доспын!» деп жүр жанымда.Дос дегенің көбейіп кетер еді-ау,Қонаев боп, шіркін-ай, тұрғанымда.

Болса-дағы өмірде өлмес дана,Қарамаймын қызығып марғасқама.Димаш ағам тағынан тайған күні Қалмап па еді қасында Олжас қана. «Досым көп!» деп,Сыйладым пай-пай, бəрін.Ағам қанша? Дəл санын айта алмаймын.«Примерні бір жарым ағам бар» деп,Бай баласы секілді байпаңдаймын.

Жарты ағамыз өбектеп айналады,Бірақ талай сырт беріп тайғанады.

Page 55: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жарылқап бір массажды жасағандай «Маладес!» деп арқамнан жай қағады.

Кім қорықса өнердің киесінен,Ей, абырой, Сен соған тиесілі ең....Сіз шығарсыз, Өмеке, жалғыз ағам, Сыйлатұғын итті де иесімен.

Page 56: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

56

№20Ж±МА С¦ЛЕМ

Ертең емтихан деген күні бит туралы тақырыпқа ғана дайындалып үлгерген студентке «Ашатұяқтылардың түр-лері» деген сұрақ келіпті.

– Ашатұяқтыларға қой жатады. Қойдың жүні болады. Жүн жүрген жерде бит жүреді. Бит бірнеше түрге бөлі-неді! – деп студент судырата жөнелсе, профессор сөзін бөліп:

– Тағы қандай ашатұяқтыларды білесің? – депті. – Ашатұяқтылардың енді бір тобы – сиыр. Қарасан

келгір сиырдың да жүні болады. Жүн жүрген жерде бит жүреді. Бит бірнеше түрге бөлінеді! – деп əлгі əңгімесін қайталай бастағанда, профессор тағы да тоқтатып:

– Түсінікті, – дейді сынай қарап, – Ал, балық туралы не айтасың?

– Балық суда өмір сүреді. Барлық балықтың қабыршағы болады. Егер ашатұяқ мал секілді жер бетінде жүргенде, міндетті түрде оған да жүн шығатын еді. Жүнде бит бо-латын еді! – депті.

(Кеңес өкіметі кезіндегі бұралқы сөз)

Қызық айтыс бастадық жауабы жоқ,Қожа менен молданың сауабы көп.Жұма сайын үзбеймін сəлемімді,Нұры көктен Алланың жауады деп.

Бəсең емес, Ойларым əсем еді.Қызықтырмас қиқым сөз аса мені.Битімді қайта-қайта сыға бермей,Биік-биік қозғайын мəселені.

Төмен кетсем басымды бағалама,Шарқ ұрады биіктен шағала да.

Page 57: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Су ішетін жылқыдай жүзіп барып,Сұлу сұрақ қойыңыз маған, аға.

Шырқайтұғын, Қожеке, бір əніміз,Бір болып тұр жəне де ұранымыз.Шабан атты шабынан түртіп қалып,Шапқызатын болса екен сұрағыңыз.

Куə болып жүрміз ғой сұмдықтарға, Бастық болды бүркітке «дундук» қарға.Мысалы, менен былай сұраңызшы:– Інім-ау, жер бетінде шындық бар ма?

Сіз осылай қойсаңыз дөп сұрақты,Бар сияқты, кей кезде жоқ сияқты.Шындық деген футболдың ойынындай,Тебетұғын əркім бір доп сияқты.

«Шындық – от» депЖазайын өлеңді нақ,Бернард Шоудай ой тастап қоғамдырақ:– Жақындасам мен отқа – күйемін-ау,Алыстасам ал, оттан – тоңам бірақ!

Page 58: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

58

№21Ж±МА С¦ЛЕМ

Бір құмырсқа балықшының қайығына жармасып, өзен-нің арғы бетіне барса, ондағылар:

– Сен біздің жақтың құмырсқасы емессің! – деп жабыла талапты. Қайықпен қайта қашып өз жағына өтсе, мұнда-ғылар:

– Сен бізді тастап кеткен құмырсқасың! – деп шат-шəлекейін шығарыпты.

(Мысал əңгіме)

Алпыс деген – ата жас, байыпты шақ,Қарсы алатын жақсыны жайып құшақ. Өмір – өзен, Ескекті есіп келемҚұмырсқаны тасыған қайық құсап...

№22Ж±МА С¦ЛЕМ

Рим Папасына дəрігері:– Денсаулығыңыз тозған, сізге жас жүрек керек! – деп

кеңес берсе, маңайындағы бүкіл католик:– Сіз үшін жан пида! Менің жүрегімді салыңыз! – деп

тұс-тұстан шулапты. – Олай болмайды, – депті Рим Папасы, – мен қазір құс-

тың үлпілдеген бір қауырсынын əуеге ұшырамын. Сол кімнің үстіне қонса, соның жүрегін маған ауыстырасыңдар. Рим Папасы қауырсынды қалықтатып ұшырса... Ой, пə-

ле-ай! Анталаған католиктер аспанға қарай «Үф! Үф-ф!» деп үрлей бастапты...

(Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен Бушпен дидар-ласқанда айтқан əзілі)

Page 59: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

59

«О, туған жер, Берер ем жүрегімді...» Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ

Бабам айтқан: «Біреуге мал қайғы деп,Ал біреуге мал емес, жан қайғы» деп.«Елбасы үшін садақа, қу жүрегім!» – Деп неліктен көкелер алдайды кеп?

Алдамайтын ішінде бір-ақ адам,Бірақ оның жүрегін сұрамаған. «Елбасыға берер ме ең жүрегіңді?»Деп Несіпбек1 ақыннан сұра, балам.

Сен сұрасаң, ол бəлкім желпінеді,Болып тұр деп Елбасы ел тірегі.Би сияқты алыстан орағытып,Уəлі сөз, уəжін келтіреді:

– Берекенің белгісі – «Бəйтерегім»,Бəйтерекке қарайды байтақ елім.Қатты сауал қойдың-ау қабырғадан,Мысалы, мен былай деп айтар едім:

Бəйтеректің қай жерде тұратынын,Дəл мен құсап білмейді бір ақының.Елбасының орындап тапсырмасын,Елбасы үшін таппадым сірə, тыным.

Тез келемін қоғамдық келісімге, Көрдім талай əрісін, берісін де.Бір көзімді берер ем ойып алып,Соқыр ақын болам ба ел ішінде?!

Тез келемін қоғамдық келісімге, Көрдім талай оңын да, терісін де.

1 Несіпбек Айтұлы – ақын.

Page 60: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Бір аяқты берер ем кесіп алып,Ақсақ ақын болам ба ел ішінде?!

Жүрген жоқпын дүние жию үшін,Поэзия – сүйініш, күйінішім.О, Нұр-аға!Берер ем жүрегімді, –Керек бірақ ол Cізді сүю үшін!

Page 61: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

61

№23Ж±МА С¦ЛЕМ

«Дарвин маймылдан туса туған шығар, ал мен Адам атадан жаралғам».

(Бауыржан Момышұлы)

Маймыл ағаштың басына «жоғарылап» көтерілген сайын көті көріне береді.

(Астарлы сөз)

Маймылынан Дарвиннің жаралдың ба?Онда жауап бермейсің ар алдында.«Адал бол!» деп уағыз айтатұғынҚажеті жоқ хайуанға моральдың да.

Тесік ауыз тек тұрмай тиылмастан,Арын сатып ас жейді бұйырмастан.Тойдан қайтқан қазақтай мəз болса да,Маймылдарда қылмыс жоқ ұйымдасқан.

Жер мен ағаш – жемісі, тіреуі де,Жетіп жатыр түнеу мен түлеуіне.Шимпанзе мен Горилла, ОрангутанБөлінбейді үш жүзге біреуі де.

Жең ұшынан жалғасып бірдеңеге,Бөленбейді үлде мен бүлдеге де.Сыбайласқан жемқорлық жоқ оларда,Түскен емес бір маймыл түрмеге де.

Маймылдардың қуғаны байлық емес,«Крышасы» бермейді жайлы кеңес.Дарвинжан-ау! Айырма жер мен көктей,Ата-тегі адамның маймыл емес.

Page 62: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

62

Тура жолдан қу сайтан тайдырған ба,Қабырғамыз қайысар қайғырғанда.Дарвинжанның сөзінің жаны бар-ау,Сірə, айналып барамыз маймылдарға.

№24Ж±МА С¦ЛЕМ

– Осы жерден бір бала өтті ме?– Байқамадым. Не боп қалды? – Қолғап тауып алдым. – Қане?– Міне...– Өй, мынау менің қолғабым ғой. – Қайдағыны айтпашы, баланың қолғабы емес пе? – Мен мұны баяғыда-а-а-а, бала кезімде жоғалтып ал-

ғам. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Жылқыда да жылқы бар,Қазанаты бір бөлек.Жігітте де жігіт бар,Азаматы бір бөлек. (Қазақтың қара өлеңі)

Егер елімізде 100 мың трактор болса, социализмді толық орнатуға мүмкіндік туар еді.

(В.И.Лениннің арманы)

Қудың ойы – əйтеуір пайдалану, Ұрты толса мұртын да майлап алу. Бағы жанған байлардың бар арманы – Аспанға ұшса, арырақ айға бару.

«Мен ұлтымның жауынгер-солдатымын,Тіл тірілсе, табамын сонда тыным!»

Page 63: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

63

Деп жабылып кіріссе жүз Шаханов1,Төрге шығып тұрады онда тілім.

Құлыптаулы тарихым, сезіледі,Соны ойласам ет-жүрек езіледі.Абыз аға Əбіштің2 жүзі болса,Ел атанып қалар ек шежірелі.

Атқа мінсе азамат асқаралы,Көк шығарып көңге де, басқарады.Имекеңдей3 жігіттің жүзі шықса,Болар еді бар талант баспаналы.

Өнер үшін жаралған меценат кем,Теңдесе де теңгені неше қаппен.Өмірзақтай4 ағаның жүзі болса, Тұлпар мінерЖүргендер есек, атпен.

Дара туған қайраткер бізде ғана,Дос сүйініп, қас-дұшпан қызғана ма?Жүз мың «ДТ»5 секілді əрқайсысы, Тың иегеріп, жер жыртқан түз-далада.

1 Шаханов – Мұхтар Шаханов, ақын.2 Əбіш – Əбіш Кекілбаев, қайраткер-жазушы.3 Имекең – Иманғали Тасмағанбетов, мемлекет қайраткері. 4 Өмірзақ – Өмірзақ Сəрсенов, кəсіпкер. 5 «ДТ» – дизельді трактор.

Page 64: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

64

№25Ж±МА С¦ЛЕМ

Біреу құс сататын «Зоомагазинге» келіп:– Мына тотыңыз қанша тұрады? – деп сұрады. – Жүз доллар!– Неге?– Өйткені, ол жүз сөз біледі.– Мінəбіреу ше?– Жүз елу доллар!– Сонша сөз біле ме?– Иə!– Ал, анау жоғарыда биіктеу отырған попугайың қанша?– Мың доллар!– О-о, мың сөзді жаңылмай жатқа айта ма?– Жоқ, ол бірде-бір сөз білмейді.– Онда неге қымбат?– Өйткені ол анау екеуінің тікелей бастығы. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Өмір деген шахмат тақтасы ма,Бөлінетін қара мен ақ тасыңа?Пешкі болып əуелі «ход» жасадым,Орнатар деп Королім бақ басыма.Ферзі, слон, офицер, ат та болды, Бəрі-бəрі Корольді жақтап өлді.Біздің Король Бір емес бірнеше ретШаршы топта масқара-ай, «мат» та болды.

Өз басына жұмсаумен қара күшін,Неше түрлі айлаға барады шын.Шахматтың тастары тым-тырақайҚарсыласқа жем болды Король үшін.Құрығы ұзын бəрінен болғасын ба,Жалғыз өзі жетердей он ғасырға.Айқайы көп Корольдің шай-пайы көп,Тек қорғанып отыр ол төр басында.

Page 65: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

65

№26 Ж±МА С¦ЛЕМ

Жаңа үйленген жас жігіт əйелінің бір тауықты төртке бөліп, бір ғана ширегін қазанға асатынын байқайды да:

– Əй, жарымағандай мынауың не? Мұны саған кім үй-ретті? – дейді.

– Білмеймін, мамам сөйтетін, – дейді əйелі күмілжіп. Күйеу бала енесіне телефон шалып: «Мұны сізге кім үйрет-ті?» деп сұраса, ол:

– Білмеймін, менің шешем солай жасайтын, – дейді. Əйе-лінің шешесінің шешесінен, яғни, кемиек болған кемпірден «Мұны қайдан үйрендіңіз?» деп мəнісін сұраса, əжеміз:

– Е-е-е, шырағым-ай, мұны маған біреу үйретті дейсің бе? О заманда көтере қоятын қазан жоқ, кəстрөліміз кіш-кентай болатын. Сондықтан да тауықтың төрттен бірін ғана асатынбыз, – депті.

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Бұлан да бұлан, бұлан сан,Бұланның санын оқ тесер.Бұлаңдап жүрген жігіттіңЖомарт қолын жоқ кесер. (Ақтамберді)

Шіркін-ай, үйімде ұным болса, мына көршіден май сұрап, анау көршінің қазанына қуырар ем.

(Əпендінің əңгімесі)

Екі көзі мақаудың май қазанда,Саудагердің сұқ көзі қай базарда?Ұстын болған ұлтына азаматтарӨз-ағаңдай1 көз салар Тайқазанға.

1 Өз-ағаң – Өзбекəлі Жəнібеков, екі ғасыр бұрын Эрмитажға кет-кен Тайқазанды кері қайтарып алуға мұрындық болған ұлт қайрат-кері.

Page 66: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

66

Сақта Құдай, адамның асқағынан,Артылмайтын шаруасы бас қамынан.Қазаныңның қаймағын қалқып берсең,Дəметеді-ау тағы да қаспағынан.

Баз біреудің беделі малдан да əрман,Жем салам деп атыңа арбаңды алған.Қазаныңнан ас ішіп, түбін тесер,Сақтай гөрші, Құдая, «маңмаңдардан»1.

Қарамаймыз қазан мен кəстрөлге, Көп жүреміз өйткені «гастрольде».Қазан аузы жоғары қазақпыз ғой,Өнер үшін ықылас – басты рольде.

Араласқан аға-іні аз ақпыз ғой,Тербетеді бесіктей ғажап бізді ой.Асқанына риза болмаса да,Сасқанына риза қазақпыз ғой.

Хан ұлындай жігіттің күтімі асса, Қыдыр дарып қонбай ма құты басқа?!Қазақтың талай ыстық дəмін таттым,Жетпейді-ау бірақ ыстық ықыласқа!..

1 «Маңмаң» – бір ағамыздың лақап аты.

Page 67: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

67

№27Ж±МА С¦ЛЕМ

Ілгеріде біреу:– Бүгін Сейсенбайдың бүркіті сегіз түлкі алды! – деп

желпінсе, оны естіген құрдасының иегі қышып: – Əй, онда үйіне барайық, құр қол қайтпаспыз, – дейді

жылмаңдап.Екеуі емпеңдеп үйіне келсе, Сейсенбайдың қыраны сегіз

түлкі емес, бір-ақ түлкі іліпті.– Оу, бұл қалай? – демей ме құрдасы. Сонда өтірік соққан

əлгі əпенді:– Қайдам, таңертең құсының шүйілісіне қарағанда, сегіз

түлкі алатын сияқты еді, – деп ақталса керек. (Ел аузынан)

Ақыл-ойдың толысып, піскені ме,Аға, сізді теңедім құсбегіге. – Қожа көкем сыпырды томағамды,«Түс!» деді ме білмеймін, «Ұш!» деді ме? –

Деп айтамын сұраса үлкен-кіші,Болғаным ба жігіттің икемдісі?!Құсбегінің құны да арта қоймас,Қу1 ілмесе құйылып ителгісі.

Ұшқаным жоқ аспанға биік үшін,Қоса қабат сүйініш, күйінішім.Сегіз түлкі алатын сияқты ма,Селт еткізер сенімді шүйілісім?

Əңгіменің айтпай ма ел расын,Бұл ойымнан, Өмеке, нені ұғасың?Бір түлкінің ізіне қарап қалды-ау,Сегіз түлкі ілетін сері басым...

1 Қу – аққу.

Page 68: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

68

№28Ж±МА С¦ЛЕМ

«Жақсы мал жалғыз жоғалмайды» (Қожалы ауылдың мақалы)

Өмеке, жоғалғам жоқ, бармын əлі,Санауменен күн кештім əр күнəні.Ақан сері секілді қол байланып,Жүрегімді тербеді салдың əні.

Мұқағали мұңдары жүр есімде,Тағдыр мені тастады күресінге.Баяғыда бабамыз іздеуші едіЖоғалған бақырауық түйесін де.

Өмеке, жоғалғам жоқ, əлі бармын,Іздесеңіз бір жерден табылармын. «Артқаны – алтын, жегені – жантақ»1 болып, Керуенді бастаған кəрі нармын…

1 Шерхан Мұртазаның қаламгерлер туралы қанатты сөзі.

Page 69: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

69

№29Ж±МА С¦ЛЕМ

Үйіндегі қонақтармен бірге ішімдік ішіп масайған ма-масы төсекте жатқан төрт жасар ұлының маңдайынан иіскеп:

– Ұйықтай ғой, құлыным! Ұйықтай ғой! – деп еміреніпті. Сөйтсе баласы:

– Мама-а-а, – депті таңырқай қарап, – сіз папамның əті-рін жағып алғансыз ба?

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Жанына ерткен ақын мен батырыңды,Жайсаңдардың жолында жатыр үлгі.Бұрқыратып жылына бір себетінБеу, Өмеке, сағындым «əтіріңді».

№30Ж±МА С¦ЛЕМ

Жетістік деген не?Егер 4 жасыңда бұтыңа жіберіп қоймасаң – бұл жетіс-

тік.Егер 12 жасыңда күліп-ойнайтын достарың болса – бұл

жетістік.Егер 20 жасыңда қырындаған қыз-қырқынды дегеніңе

көндірсең – бұл жетістік.Егер 35 жасыңда ебіл-дебіл еңбек етіп, ақшаның астын-

да қалсаң – бұл жетістік.Егер 60 жасыңда төске шауып, төсектен қалмасаң – бұл

жетістік.Егер 70 жасыңда сайдың тасындай сенімді достарың

қасыңда жүрсе – бұл жетістік.Егер 80 жасыңда бұтыңа жіберіп қоймасаң – бұл да

жетістік. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Page 70: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

70

«Еһе-һе-еумен» өтіпті екі-үш күнім,Сонда менің осы ма жетістігім?!Біле алмадым – қанша дос сырт айналып,Біле алмадым – дұшпан боп кетісті кім?Осы ма сонда менің жетістігім?!

Қайран, жастық!Өмірдің басы қайда?Таудан аққан тас бұлақ тасымай ма?Қылышындай Қыпшақтың кейбір досымӨкпеледі бір атым насыбайға.Сонда өмірдің, Өмеке-ау, басы қайда?

Алла білер өмірдің бас-аяғын,Мен несіне жетісіп масаямын?Тəуба!Тəуба!Тоба қып жүрмін, аға,Тазаланып қалды деп ас-аяғым.Соған ғана, Өмеке, масаямын!..

Page 71: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

71

№31Ж±МА С¦ЛЕМ

Мысал жазған Крылов тұспалменен,«Мені айтты!» деп патшалар қысқан неге?Бедірейген дəуірді бейнелегенАю, Түлкі, Арыстан, Тышқанменен.

Қатты айтуға қаймығып қаласың да,Амал нешік, тұспалға барасың ба?Астарлаймыз,Байланыс бардай осыАдам менен хайуанның арасында.

Тура кетсең туралып қаласың да,Амал нешік, тұспалға барасың ба?!Астарынан мысалдың аңғарсаңыз,Айтылмайтын ақиқат – бəрі осында.

КƏРI ЌАСЌЫР(Ауыз əдебиетiнiң нобайымен)

Ау-у-у!.. Неге үндемейсiңдер? Менi танисыңдар ма? Əлде, «Таны-

майтын перiштеден танитын шайтан артық» деп тұрсыңдар ма? Мен не шайтан емес, не сайтан емес, не өгiз, не байтал емес – қасқырмын. Қасқыр болғанда қандай қасқыр? Ал-дымнан сүйреп, артымнан итерсең де тұра алмай тұралап жатқан кəрi қасқырмын.

Жатысым мынау. Бiр өгiз əрi өтедi, берi өтедi. Соның бұтындағы тасы домалап жерге түссе, жеймiн бе деп күтiп жатырмын. Жуық арада түсетiн түрi жоқ...

Page 72: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

72

Түзу жолмен келе жатқан түйеге: «Əй, түйе!» деп ем, қа-рамады. Қарамасаң – қарама. Атамнан əрман!

– Түке! – деп ем, қарады. – Түке, айтыңызшы, ауыр жүктi арқалап қырға шыққан оңай ма, əлде сайға түскен оңай ма? – деп сұрадым. Сонда түйе:

– Екеуiнiң де атасына нəлет! – деп қисайып-ап қисық кеттi. Қисайсаң – қисай. Түйенiң түзу жерi қайсы? Мойны да қисық, өркешi де қисық, дəретi де қисық – терiс шапты-рады. Тiптi түйеге деген адамдардың көзқарасы да қисық. Əнебiр жылдары екi миллиондай түйе бар едi, қазiр қаншасы қалғанын қайдам?

Қасқыр жылына 850 килə ет жемесе тiсi қышиды. Қасқыр-дан кейiнгi екiншi орынды қазақтар алады.

Уh, дүние-ай! Жатысым мынау... Жапан даладағы жал-ғыз ағаштың жалғыз бұтағына қонақтап отырған жалғыз қарғаның қасына тағы бiр қарға қонғысы кеп едi, ана қарға мына қарғаны қондырмады.

– Əй, сен не, ағашты аяп тұрсың? – дедi Қарға.– Аяп тұрғам жоқ.– Əлде қызғанасың ба!– Қызғанбаймын.– Əлде мына бұтақ бос емес пе?– Бос.– Онда неге қондырмайсың? Қарға тамырлы Қарға емес-

пiз бе?– Бiздiң ауылдың ағашына басқа ауылдың қарғасын қон-

дырмаймыз. Жалпы, қондырмау қолымнан кеп тұрғанда қондырмаймын. Ал, қондырмаймын, қайтесiң? Қондырмай-мын!..

Қара қарға көлдегi аққуға барып «Өмiрде бiрге жүзейiк!» дедi. Аққу «Сен қап-қарасың, қасыңда қалай жүрем?» дедi. Қара қарға «Мен де аққумын!» дедi. «Қай жердiң аққуысың?» дедi көгiлдiр құс. «Мен бе? – дедi қарға, – Африканың аққуымын!». Өйттi-бүйттi... Əйтеуiр қара қарға аққуды алып, алысқа ұшып кеттi.

Аң-құстардың ара-жiгi ашыла бастағасын... Күндердiң күнiнде Тəңiрiм аң-құстардың патшасы қып Арыстанды та-

Page 73: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

73

ғайындады да «Өз орынбасарыңды өзiң таңдап ал!» дедi. Со-сын «Бюджет бекiгенше талшық ете тұрыңдар!» деп аспан-нан бiр бұғы, бiр киiк, бiр тауық тастады.

– Ал, мұны қалай жеймiз? – деп аң патшасы ақылдасқан болды. Қанша дегенмен қасқыр атым бар емес пе?

– Қалай жейтiн несi бар?! – деп қарғып тұрдым. – Бұғыны сiз жеңiз, киiктi мен жейiн, тауықты қалған-құтқан хайуа-наттар қорек қылсын.

Бұл пiкiрiм Арыстанға ұнамады бiлем:– Тағы кiмде қандай ұсыныс бар? – дедi. Қайдан шыққа-

нын қайдам, мына жақтан қу түлкi қутыңдап:– О, патшам! – дедi. – О, дүрдиiп тұрған дүр патшам, сұ-

рыңнан айналайын сұр патшам! «Ас – адамның арқауы». Бұ-ғыны завтрак қылыңыз, киiктi обед қылыңыз. Тауықтың етi асқазаныңызға жұмсақ болады, кешке ужин қылыңыз. Бiзге сiзден қалған сүйек-саяқ та жетедi.

Аң патшасы Арыстан түрiң құрғыр түлкiнi өзiне бiрден «первый зам» қып алды. Сол күннен бастап мен аң патшасы Арекеңе оппозициямын. Егер менi қоқитып орынбасар қып алғанда ғой... Онда мен оппозицияға кетiп, айдалаға қарап ұлымас едiм.

Өзiнен көрсiн. Ау-у-у!..Айтпақшы, есек те пiкiр бiлдiрген едi. «Оу, Ареке! Бiз

сiздiң артыңызда қалған арам шөптi жесек те арам қатпай-мыз!» деп жылымық сөйлеген жынды есектi өсiрiп жiбердi. Биiк төбенiң басында отыр екен. Жоқ, отырған жоқ, ауырып жатыр екен. Қасына бардым.

– А-а-а-ай, саған не керек? – дедi есек ақырып.– Маған сенiң орның керек.– Бұнда неғып тұрсың?– Ажалыңды тосып тұрмын. – Аң патшасы Арыстаным аман болса, мен сəрсенбiге де-

йiн өлмеймiн.– Ə, нешауа! – дедiм. – Жұмаға дейiн қолым бос, күте тұрам...Есебiн тауып есектi де жарып тастадым. Ендi жатысым

мынау... Маймылдар ағаштан ағашқа секiрiп, шегiрткелер шырылдап, сауысқандар шықылықтап, əбден миым ашыды.

Page 74: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

74

Қызық көп жер мен көктiң арасында,Бiреу – бай, бiреу жарлы дүниясында.Құдайым сауысқанға бақыт берсе,Самұрық қызмет етер саясында!

Сүйек кемiрiп жатқан күзетшi итке:– Ит-ау, сүйегiңнiң сүйек сияғы жоқ қой! – деп ем:– Майлы жiлiк мүжимiн деп осы сүйегiмнен айырылып

қалармын! – дедi. «Кел, ауыз ти!» демедi. Əй, ит екен.Түлкi кездестi. Қанша дегенмен первый зам ғой.– Түке! – дедiм. – Сiз осы тазыдан қашып құтылудың

қанша əдiсiн бiлесiз?– Жүзден астам əдiсiн бiлем, – дедi түлкi. – Ең жақсысы –

со пəлеге жолықпау ғой.

№32Ж±МА С¦ЛЕМ

Қарға келіп қарқ етіп,Қалқып ішіп – ол кетті.Көбелек кеп күмп етіп,Көлкіп ішіп – ол кетті.Сауысқан кеп саңқ етіп,Сарқып ішіп – ол кетті. (Ауыз əдебиетінен)

Есейген ұлы əкесінен:– Папа, – депті, – филиал деген не?– Бала кезіңде отырған горшок есіңде ме?– Иə, иə...– Ендеше былай: сол горшок біздің үйдегі унитаздың фи-

лиалы. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Page 75: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

75

Қарқылдаса бүгінде Қарғаларың,Қол соғатын қауымға таң қаламын.Бəйге алатын Сəйгүлік, АрғымақтарБайбатшаның сүйреді арбаларын.

Көлдің суын көбелек тауысқанда,«Зам» болып жүр Самұрық Сауысқанға.«Əй!» дейтұғын əже жоқ,ƏмпейлеріңЖəмпейлердің орнына ауысқанда.

Қырнап жейді қазанды қаспағымен,Қоса жұтар сиырды баспағымен.Ым-жымы бірЫндыны құрығандарПойызды да жалмайды «составымен».

Обыр, жемқор обалға қарасын ба,Бармақ басты, көз қысты – санасында.Менің елім мешкей боп бара ма осы,Унитаз бен горшоктың арасында?

№33Ж±МА С¦ЛЕМ

«Жақсы сөз – жарым ырыс». (Қазақ мақалы)

«...Қайнар Олжайға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілсін.

(Елбасының өкімі)

Бəйгеге қосқан жүйрігі төртінші боп келген біреу:– Қап, əттеген-ай! – деп қатты қынжылыпты. – Алдың-

ғы үш ат болмағанда, біздің ат, сөз жоқ, бірінші орын ала-тын еді.

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Page 76: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Бəрі дұрыс, Өмеке, бəрі дұрыс,Барыс жылы күтіп тұр тағы бір іс.Жаңа жылда жанымды жадыратып,Жақсы тілек тілесем – жарым ырыс.

Айхай, өмір, Аламан бəйге ме едің,Құстай ұшсаң – құшағын жайған елің!Арғымақтай болуды армандай ма,Тапырақтап шабатын тай, дөненің?!

Шабандозға бұйырар қай несібе,Əулиедей боламын, əй, несіне?Қасқа құнан секілді Қайнар ОлжайЕлбасының қатысты бəйгесіне.

Топты жарып үйренген жас шағынан,Бас бəйгені алыпты қасқа құнан.«Қасқа құнан, шіркін-ай, болмағанда...», –Деп күйіпті біраз жұрт сасқанынан.

Сөзімізді іспенен дəлелделік,Сонда сəлем береді əлем келіп.Алдымызда елу ел болмағанда,Ең бірінші ел болып қалар ма едік?!

Page 77: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

77

№34Ж±МА С¦ЛЕМ

Еліміз егемендік алған жылдары бір ағамыз:– Бар екен де,Жоқ екен.Аш екен де,Тоқ екен! – деп ырғайлы далада ыңылдап келе жатса,

тұзаққа түскен бейбақ қоян кезігіпті. «Бұ неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?!» деп тірі қоянды үйіне əкеледі де:

– Бəйбіше, – дейді қуанып, – бүгін аузымыз аққа тиетін болды! Мə, мынаның терісін сыпыр да, ыстық сорпа жаса!Əйелі:– Тұз жоқ! – дейді.– Ендеше қуыр.– Май жоқ!– Енді қайттік?– Онда қоянды қорламай қоя берейік.Бостандық алған боз қоян:– Тəуелсіз Республика жасасын! – деп зыта жөнеліпті. (Қазіргі заманның қалжыңы)

«Қайната бер қара су күнде мейлі,Кекірте ме бір қоян кіл кедейді?»Деп сұрап ем көктегі көкелерден,Аузын буған өгіздей үндемейді.

Мафияны жабылып жоя алмады,Жоямын деп қоймайтын ноян ба əлгі?Жинап алған секілді жоғарыға«Жасасын!» деп қашатын қояндарды.

Page 78: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

78

№35Ж±МА С¦ЛЕМ

Ескендір Зұлхарнайын Парсының патшасын қонаққа ша-қырыпты да, аспазына:

– Сенің пісірген тамағың Парсының патшасын таңғал-дыру керек! – деп тапсырма беріпті. Аспаздың дайындаған асына қонақ түгіл Ескендір Зұл-

харнайынның өзі аузын ашып, көзін жұмып таңырқапты. Ең ғажабы сол, дастарқанға қойылған тостаған ішіндегі то-пырлаған қызыл шаянның бəрі қыбырлап жатыр екен.

– Мыналарың піскен бе? – дейді Ескендір Зұлхарнайын сенер-сенбесін білмей.

– Иə! – дейді аспаз бас шұлғып.– Өлген шаян жыбырлай ма? Қалай істедің?– Оп-оңай, – дейді ақылды аспаз. – Қазанда қайнаған

шаяндардың астына жаны бар жалғыз шаянды салып қой-дым. Сол жыбырласа, бəрі де жыбырлайды.

(Баяғы заманның əфсанасы)

Қанша досым қайнады қара суда,Тағдыр, бəлкім, жазбады əрі асуға.Ас болды деп патшаға қанша шаян,Ағайынның, қайтейін, жаны ашуда.

Бастан өтіп барады баянды шақ,Жақсылыққа сонда да жаям құшақ.Өліп қалған өмірді ЖыбырлатарЖалғыз тірі үмітім шаян құсап.

Page 79: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

79

№36Ж±МА С¦ЛЕМ

Дəрігер бір кісіден:– Сіз түс көргенде тісіңізді қайрайсыз ба? – деп сұрапты.– Жоқ!– Шын айтасыз ба?– Əрине!– Шырт ұйқыда жатып оны қайдан білесіз?– Қарағым-ау, мен түнде тісімді стақанға салып қоям. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Баласымын қаны бар байрақты елдің,Сатираның «сартісін» қайрап келдім.Стақанға салулыАзу тісіБіз жақтағы бірталай қайраткердің.

№37Ж±МА С¦ЛЕМ

Шекесіне шеге қақса кірмейтін бір шенеунік диссер-тация жазды. «Сегізді екіге бөлсең төрт болады» деген «жаңалық» ашып, «кандидат наук» атанды да, көп ұзамай докторлық қорғады. Тақырыбы – сол баяғы «Сегізді бөлу». Ашқан жаңалығы екеу:

1. Сегізді көлденеңінен қақ бөлсең, екі «нөл» шығады.2. Егер сегізді тігінен бөлсең, екі «үш» шығады. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Ілім-білімін атақ, мансапқа арнаған адам алтын қасық-пен нəжіс жегенмен бірдей.

(Қасиетті хадис)

Шенеуніктер несіне жан қинапты?Атақ қуып, ғылымды аңди қапты.

Page 80: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

80

Əл-Фараби ашса да көп жаңалық,Қорғаған жоқ ол бірақ кандидатты.

Бөкейханов бітірген көп тірлікті,Көсемсөзден көреміз өткірлікті.Атақ үшін алысса «Алашым!» деп,Көздеген жоқ ол неге докторлықты?

Мынау күліп қараса, анау күліп,Ғалымсымақ жандарда бар-ау былық?Қайран ғылым,Қашты ма қасиетіңЖыртығына мансапты жамау қылып?..

Page 81: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

81

№38Ж±МА С¦ЛЕМ

Бірде «Запорожец» «Мерседеске» мақтаныпты. Не деп?– Бе-бе-еп! Сигналым күшті. Моторым мықты. Көле-

мі 1197 куб.см., 42 аттың күші бар, сағатына 120 км жыл-дамдықпен құстай ұшамын!..Сонда «Мерседес»:– Слушай, «Запор», бұл достижение емес! – депті. –

Менің двигателімнің объемы 5789 куб.см., мощность 367 лошадиных сил, ты знаешь... менде 12 цилиндр бар. Макси-мальная скорость 250 км/час. Так что засунь свой мотор знаешь куда...? Артыңа тығып қой. Лəм-мим демей, міне, содан бері «Запорождың» моторы

артында екен. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Орыс тілін теңесем «Мерседеске»,Түсіреді шүлдірлек кеңсені еске.«Ана тілім «Запорож» сияқты» деп,Айта қалсам, ағайын, ерсі емес пе?!

№39Ж±МА С¦ЛЕМ

Бірінші көрініс.Əзəзіл Пері бір бүкірден «Бүгін сейсенбі ме?» деп сұраса,

ол бейбақ жұма екенін біле тұра «Иə, сейсенбі, сейсенбі...» деп жалбақтапты. Не десе де құрақ ұшып, құлдық ұрып тұрған ыңғайлы пенденің ығына жығылғанына риза болған Əзəзіл оның бүкірін жазып жібереді. Екінші көрініс.Ну орманның ішінде Əзəзіл Пері:– Бүгін сейсенбі! Бүгін сейсенбі! – деп айғайлайды. Оны

естіген бір жігіт:

Page 82: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

– Бүгін сейсенбі емес, жұма ғой, – деп түзетіпті. – Жо-жоқ, бүгін сейсенбі! – деп Əзəзіл де айтқанынан

қайтпайды. – Бүгін – жұма! Сіз жаңылысып тұрсыз!Өтірік болса да өзін қостамаған əлгі жігітті Əзəзіл əп-

сəтте бүкір қылып жібереді. (Драматург Туфан Минуллиннің «Достар жиналған жер-

де» пьесасының желісі бойынша)

Саясат та сайтанның ойыны ма,Мініп алған қоғамның мойынына.Жел жағынан жүрем деп,Қанша шындықƏзəзілдің жығылды сойылына.

Жезге балап алтын мен күмістерді,Шындық өлсе, шуламай тыныш көмді.... Леп белгідей қақиған ақиқатым,Сұрау белгі секілді «құныс» болды.

Page 83: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

83

№40Ж±МА С¦ЛЕМ

Қалтасы қалың «жаңа қазақ»:– Бір миллионда қанша «нөл» бар? – деп сұрапты. – Алты «нөл», – десе:– Айттым ғой, алты «нөл» болады, – деп қатты қуанып-

ты. – Мен білем, бір миллионда – алты «нөл», ал екі мил-лионда он екі «нөл» болады!..

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Көргенімнен көп екен көрмегенім,Онша жақсы сан емес «нөл» дегенің.Ата салтың «нөл» болса,Қайнағадан Бұрынырақ шығады төрге келін.

«Нөлдер» үшін өмірдің қызығы не,Ілінбесе байлардың тізіміне. 100 доллардың «1» саны – жалғыз саусақ,Ал, екі «00» ұқсайды жүзігіне.

«Нөлге» «нөлді» қосқанда «нөл» болады,Сан қойсаңыз алдына мол болады.Бір миллион соңында тұрған «нөлдер» – Аумай қалған машина доңғалағы.

Садақасын қимайтын сыйлы қартқа,Байдың көбі сауна мен бильярдта.Түрің құрғыр түрмедеШылдырлағанШынжырларың ұқсайды миллиардқа.

Page 84: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

84

№41Ж±МА С¦ЛЕМ

Аты ащы ішектей шұбатылған «бірдеңе-бірдеңе» деген өндірістік мекеме жұмысқа тұрғысы келгендерді алдын ала ауызша сынақтан өткізеді екен.

– Екі жердегі екі қанша? – дейді əуелгі келгенге.– Үш.– Дұрыс емес.– Бес. – Дұрыс емес. – Алты.– Дұрыс емес. Əйтсе де ізденгіштігің, əсіресе айналысқан

ісінің ақырына жетпей тынбайтын қайсарлығың бізге ұнады, бала. Сені жұмысқа аламыз.

– Екі жердегі екі қанша? – дейді одан кейінгіге. – Үш. – Дұрыс емес. – Үш. – Дұрыс емес.– Жо-оқ, үш!– Дұрыс емес. Бірақ айтқанынан қайтпайтын «прин-

ципиальный характерің» үшін сені жұмысқа қабылдаймыз. – Екі жердегі екі қанша? – дейді үшінші үміткерге де сол

сұрағын қайталап. – Төрт. – Дұрыс! Өкінішке қарай, саған бізде орын жоқ. Кеше

ғана екі маманды қабылдап қойдық. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Сол кадр жұмсаған боп соңғы күшін,Тірлікке тигізбейді қолдың ұшын.Қол ұшы тимегесін сұлап жатырҚұлаған етбетінен өндірісім.

Page 85: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

85

№42Ж±МА С¦ЛЕМ

Ғалым жігіт ұстазына келіп, түнде бір ұлықтың үйінде қонақта болғанын, жаны қалмай жақсылап күткенін баян-дайды да:

– Бірақ қатты қапа болып қайттым, – дейді.– Е, неге?– Ол сыртыңыздан сізді жамандап, ғайбат сөздер айт-

ты.Сонда ұстазы шəкіртінің қолына алтын ұстатып:– Мə, мынаны сол кісіге апарып бер! – дейді. – біреуді

сыртынан ғайбаттаған кісі көп кінəні өзіне артады. Ол өзінің сауабын маған жазғанын білмепті-ау, ə? Маған жа-саған жақсылығын алтынға айырбастап ала алмаймын, менің атымнан оған рақмет айт!Ал, саған қайран қалып тұрғаным: тамақ сыйған ішіңе

бір ауыз сөз неге сыймады? Бұдан былай біреудің сөзін біре-уге жеткізбе, айналайын. Сөз төрт түрлі болады: 1. Білуге де, айтуға да қажетті сөз.2. Білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөз.3. Білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөз.4. Білу керек, бірақ айтуға болмайтын сөз. (Ғибратты хикая)

Жамандады баз біреу министрді,«Адам ба?» деп шекесін тырыстырды.Біреулерді біреуге айдап салып,Енді біреу біреуді ұрыстырды.

Өсектеді бір ақын ірі ақынды,Ірі ақын да салып жүр сұрапылды.«Екеуінің енесін ұрайын!» деп,Енді біреу тастады бір атомды.

Page 86: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

86

Тілім қышып барады сірə, менің,Сөйлейін деп рұқсат сұрап едім...Айтқым кеп тұр бір сөзді,Əттеген-ай, Айтуға болмайтын сөз бірақ оным.

№43Ж±МА С¦ЛЕМ

«Жар таңдайтын кезде, оның ораза тұтып, намаз оқи-тынына алданып қалмаңдар. Иманын тексеріңдер» деген хадисті көңіліне тоқыған патшаның баласы үйлену үшін маңдайын сəждеге тигізген 100 қызды сынаса керек. Қалай? Бəрін теңіздің жағасына шақырыпты да, əрқайсысына бір-бір алтыннан үлестіріпті. Сосын:

– Енді осы алтынды теңізге лақтырыңдар! – депті. Əр қыз əртүрлі ойлайды. Көбісі «Алтынды суға лақтырғаны несі?» деп іркіліп қалса, енді бір сыпырасы қымбат дүниені қимай-қимай ойланыңқырап барып тастапты. Тек жалғыз қыз ғана естіген заматында алақанындағы алтынды теңіз-ге лақтырып жіберіпті.Еркектің сөзін екі етпеген сол қызды жар болуға лайық

деп таңдапты. (Ғибратты хикая)

«Таумын!» дейсің, тұрсаң да етекте сен,Жетекке де жүрмейсің жетектесем.Жүз алтынды берер ем бір өзіңе,Ердің сөзін,Ей, жаным,екі етпесең.

Page 87: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

87

№44Ж±МА С¦ЛЕМ

Менің кемшіліктерімді кім көрсетсе, сол – менің ең сүйік-ті адамым.

(Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбармыздың сүйікті сахабала-рының бірі халифа Омардың айтқаны)

«Ұлтыңның болмасаң да ұйытқысы,Билікте отырсың-ау, биік кісі!»Деп біраз кемшілігін бетке бассам,Мен оның бола алам ба сүйіктісі?

№45Ж±МА С¦ЛЕМ

Адам үш түрлі болады: 1. Біледі жəне білген сайын білгісі келеді. Бұлар ғалымдар

тобына жатады: айтқанына құлақ түріп, ықыласпен тың-дау керек.

2. Біледі, біле тұра білмеймін дейді. Бұлар зұлымдар: сақ болған жөн.

3. Білмейді, білгеннің тілін алмайды. Олар ессіз надан-дар: аулақ жүрген абзал.

(Бабалардан қалған сөз)

Бар мен жоқтың арасы бір-ақ адым,Мен көрдім Академия1 құлағанын.Зұлымдар мен надандар басқа шығар,Ақ ордасы болмаса ғұламаның.

1 Академия – ҚР Ғылым Академиясы.

Page 88: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

88

№46Ж±МА С¦ЛЕМ

Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың сүйікті сахаба-ларының бірі халифа Омар жыламсырап келген баласын жұбатып:

– Не болды, қарағым? – дейді. – Балалар мазақтады.– Неге?– Шалбарың жыртық деп күлді.Бажайлап қараса, баласының шалбары шынында да

шұрқ тесік екен. Бас есепшісінен келесі айдың айлығын жа-зып беруін сұрайды.

– О, халифа Омар! – дейді бас есепшісі. – Біз Сізді сый-лаймыз. Құрметтейміз. Үлгі тұтамыз. Бірақ Сіз келесі айға дейін дін-аман болатыныңызға кепілдік бере аласыз ба? Сонда халифа Омар баласына күлімсірей қарап: – Қалқам, бір ай шыдай тұр! – деген екен.

(Ғибаратты хикая)

Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».Көбейтеміз айлықты келесі жыл,Шалбар жыртық болса да шыдаңыздар.

Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».Ана тілін он жылда меңгереміз,Шүлдірлеген дөкейге шыдаңыздар.

Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».Сыбайластың береміз сыбағасын,Он-он бес жыл оған да шыдаңыздар.

Page 89: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Ақ қағазға қол қойып қаламұшпен,Айналысқан боламыз халал іспен.«Сайтан ғана үмітсіз»,Ал, өзімізӨмір сүріп келеміз «аванспен».

Page 90: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

90

№47Ж±МА С¦ЛЕМ

Көшеде жыламсырап тұрған баладан бір кісі:– Не болды, қарағым? – деп сұраса, қарадомалақ неме:– Мамам 70 теңге беріп еді, жоғалтып алдым, – дейді.– Қой, соған да жылайсың ба? – деп əлгі кісі қалтасынан

суырып 70 теңге ұсынса, балақай одан сайын бақырып жы-лапты.

– Өй, мұның не?– Мамамның 70 теңгесін жоғалтпасам ғой, менде 140

теңге болатын еді, – деп ботадай боздапты. (Қазіргі заманның қалжыңы)

Сол баладай мен кеше жылап тұрдым.– Не болды? – деп, о, Тағдыр, құлақ түрдің.– Əйелімді жоғалтып алдым! – деп ем, Тоқал беріп көзімді шырақ қылдың.

Еңіредім бе, білмеймін, бақырдым ба,Одан сайын боздадам, «Аһ» ұрдым да.– Аз ба саған бір тоқал? – деді Тағдыр, –Алла сені ескеріп жатыр мұнда.

Тағдырыма қараймын таң қалам да,Сыйлағасын сұлуды паң болам ба?Бір өзімде екі əйел болар еді-ау,Бəйбішемнен ажырап қалмағанда.

Page 91: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

91

№48Ж±МА С¦ЛЕМ

Жұмыртқаны жаңа ғана жарып шыққан сары ауыз ба-лапан көзіне түскен бірінші шіркейді жеп қойды. «Дəнік-кеннен құныққан жаман», жылы ұясынан жылжып, мойы-нын əрірек созып еді, қарсы алдында қара мысық тұр екен. Мысық мұны «ап» деп «ашап» қойды.

... Бірін-бірі жеп жүрген дүние! (Қазіргі заманның əфсəнасы)

Ұйымдасқан қылмысың – сірескен мұз,Сең бұза алмай сес қылып, тірескенбіз.Сыбайласқан жемқормен сыбайласып,Көбісімен көз қысып, күрескенбіз.

«Күресейік солармен!» деп қоямыз,Бастық етіп біреуді «шеф» қоямыз.Сөйтеміз де сөмкенің аузын ашып,Қазынаның қаржысын жеп қоямыз.

Тесік ауыз болғасын, тек тұрмайды,Тойып біткен жерінде «шеф» тұрмайды.Желкесінен жегенін шығарам деп,Түбін қазсаң түтігіп, бет тырнайды.

Бесенеден бек болып бел астың да,Алпауытпен тез ауыз жаластың ба?Өз ойыңның өлшемін таразылап:– Жемейтіндер, – дейсің бе, – жер астында?!

Page 92: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

92

№49Ж±МА С¦ЛЕМ

Көше шетіндегі ығы-жығы халықты көрген Саймасай деген журналист жігіт арғы беттен қарғып өтіп, соларға қосылды. Мойынын созып, ортаға қарай ентелеп жатқан адамдардан:

– Не болды? – деп сұрады.– Машина қағып кетіпті. Дорожная правиланы білмей-

ді ғой, ақымақ! — деп мысқылдады біреу.Əйтеуір орайын тауып, ортаға жетуді ойлаған Сайма-

сай:– Қане, былай тұрыңдар! Маған жол беріңдер! – деді да-

уыстап.– Сіз кім боласыз?– Мен бе? Мына марқұмның бауырымын.– Жақсы танисыз ба? – деді əлгі кісі мұртынан күліп.– Танығаның не? Жерлеспіз. Екеуміз бір ауылданбыз! –

деп өтірікті соғып жіберді.Екіге жарылған ел-жұрттың арасынан ебін тауып ор-

таға барса... Масқара-ай! Есек өліп жатыр екен. (Əзіл-шыны аралас əңгіме)

Ойқастаған өмірдің бəрі де ойын,Қойшысына сенеді кəрі қойың.Абыройсыз шыбышың арқа тұтар,Ай мүйізді текенің абыройын.

Қара суың көл болды сайға барып,Аквариумда жүзіп жүр майда балық.Есектерің ертерек қашыр болды,Абыройын айғырдың пайдаланып.

Алаяқтың сөзіне нанасың көп,Айта алмайсың алайда «Бəлесің!» деп.Танымайтын дөкейге ие болып,Мақтанады сыртынан нағашым деп.

Page 93: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

93

№50Ж±МА С¦ЛЕМ

Сонау 1988 жылдың көктемінде ауылға барсам, есік ал-дындағы ескі үйді өзбектер тері тон тігетін цехқа айнал-дырыпты. Жалға емес, пайдалануға тегін берілген қоржын тамның өтемін ойлады ма, əлде əкемнің көңілінен шыққысы келді ме, əйтеуір екі өзбек елбелектеп маған тері тон сый-лады. Киіп көрсем, тарлау екен.

– Бұдан сəл-пəл кеңдеу болса ғой, – деп қара тонды өзде-ріне қайырып ем:

– Бұйырғаны осы шығар, балам. Қолдарын қайтарма! – деді əкем.

– Бопты, көке. Сізге шақтап тон тігіп қоямыз, – деп өз-бектер тонды алып қалды.Сол жылы күзде оралсам, өзбектер Тəшкентіне кетіп

қалыпты. ... Тар тонға да зар боп қалдым. (Болған оқиға)

2008 жылдың ерте көктемінде Парижде ақындар айты-сы өтетін боп, жолға дайындалдық. Ертең ұшамыз деген күні Өмірзақ Сəрсенов ағам:

– Мен ол жаққа Мəскеу арқылы барамын. Бір шұғыл шаруам шығып қалды. Арттарыңнан жетемін, – деді де, маған қарап сөзін əрі қарай сабақтады. – Əй, Көпен, мен саған жол қаражат берейінші.Қойынына қолын салмай жатып:– Кəшөлөгімде бірдеңе қалды ма екен өзі? – деп ақшасы

аз екендігінен хабардар етті. Былғары əмиянының түбін қағып, 900 АҚШ долларын ұсынды. Іштей азсындым да:

– Өмеке, көкемнің «көк қағазын» Парижде алу мен үшін салтанат! Францияға барғанда берерсіз, – деп сыпайылап, сырғақтадым. Өмекең сəл жымиды да, бір əңгіменің шетін шығарды.

– Бала күнімде бір кісі «Велосипед сатып ал» деп тұтас 100 сом ақша ұстатты. Пілдің құлағындай үлкен ақшаны

Page 94: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

94

бірінші рет көруім. Қуанғанымнан құлдыраңдап ауылдағы магазинге жүгіріп барып ем, велосипедке əлгі ақша жетпей қалды. Сол сəтте Лəтипа деген апай:

– Əй, неғып тұрсың? – деді. Велосипед алуға ақшамның жетпей қалғанын айтып ем:

– Маған бер, жоғалтып аласың, – деді Лəтипа апай. – Мен үстіне ақша қосып, саған велосипедті өзім əперем.Баламын ғой, имандай сеніп бере салдым. Осы күнге

дейін не велосипед жоқ, не 100 сом жоқ. Со құсап жүрме сен! – деп əңгімесін əзілге бұрып аяқтады. Мəссаған! Өмекең Парижге бармай қалды. Қап, əттеген-

ай! Қара тоннан сабақ алғанымда, қарап тұрып 900 дол-лардан да қағылмайтын ем ғой.

(Болған оқиға)

«Қанағат қарын тойғызар,Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» (Халық мақалы)

Ой бомбасын жарайын – дүрсілдесін,Қанағатсыз сүйрейді құр сүлдесін.Қызыл түлкі – дүние,Біз – тазымыз,Сезесің бе осыны, Жүрсін досым?

Ой бомбасын жарайын – дүрсілдесін,Қанағатсыз сүйрейді құр сүлдесін.Іздеймін деп апыр-ай, іңгеніңді,Мінгеніңнен айрылдың, Жүрсін досым.

Көңіліне ешкімнің кір сіңбесін,Тығырыққа тіреліп, күрсінбесін.Дағдарыстан Өмекең шыққан күніДайындай бер сүйінші, Жүрсін досым!..

Page 95: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

95

№51Ж±МА С¦ЛЕМ

«Дүние – мүминнің абағы, кəпірдің жəннаты» (Имам Мүслим жеткізген хадис)

Ептесеміз, біреумен септесеміз,Шындықпенен біз қалай беттесеміз?Бала-шаға қасыңда бас аман боп,Айтасыз ба тəубаны ет жесеңіз?

Бірлік түбі білгенге — бітімшілік,Ошағынан тұратын түтін шығып.Езу майлар ет болмай қалған сəттеЕтесіз бе құр шайға шүкіршілік?

Күн кешсең де жыртықты бүтіндеумен,Шүкір!Шүкір!Бас аман, бүкіл кеудең.Қанағатшыл қазақтай ел жоқ, сірə,«Шүкір!» деумен келеміз, «Шүкір!» деумен...

№52Ж±МА С¦ЛЕМ

Фирдоуси хан сарайында ақын боп жүрген. Абыройлы

болған. Шахтың өзі сыйлаған. Қартайған шағында Шахин Шах Фирдоусиге «Елдің тарихы туралы поэма жаз!» деп ұсыныс жасаған. Жай əншейін ұсыныс емес, өлеңнің əрбір жолына алтынмен төлеймін деген.Қысқасы, не керек, екі жыл мұрсат сұрап жас ақын

елге кетеді. Парсылардың қышлағында жатып, алты том-ды күндіз-түні жазып бітіреді де ханға тапсырады. Сарайдағылардың бəрі оқып шығады да, «Дүниеге ұлы шы-ғарма келді» деп қуанады. Шах поэманың жолын есепте-

Page 96: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

96

се, екі қап алтын болады. Бірақ, қазынада сонша алтын жоқ екен. Шах амал ойлап, екі қап алтынның орнына екі қап күміс жібереді. Фирдоуси моншаға түсіп жатыр екен, қаптың ауызын сөксе, алтын емес – күміс. Шахқа қатты ренжиді де, екі қап күмісті монша иесіне бере са-лады. Шабарман бəрін айтып келеді. Қартайған шахтың мұрагері 14-15 жасар бала үнемі қасында отырады екен. Фирдоусидің қапаланғанын естіген жас мұрагер жерге кіре жаздайды. Бес-алты айдан соң шах қайтыс болып, таққа отырған жас мұрагер бала уəзірлеріне «Жерден қаз-саңдар да екі қап алтын табыңдар!» деп нұсқау береді. Екі қап алтынды есекке артып, Фирдоусидің үйіне əкеле жатса... Қызықты қараңыз, қарсы алдынан қайтыс болған Фирдоусидің сүйегін молаға қарай əкеле жатқан жұртты көреді.Осы оқиға өмірі есімнен кетпейді. Алтыны түскір ақынға

да бұйырмай, айдалада қалған жоқ па? (Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ айтқан əфсана)

Көңілімде көптен жүрген түйткіл еді,Ойпыр-ай, өмір неге сүйттіреді?Алтын артқан керуенніңАйтшы неге,Алдында есек, артында ит жүреді? (Оразақын Асқар)

Алтын түгіл алмаған күмісін де,Бүгіп қалған қаншама сыр ішінде.Қайран Қасым, Шəмші мен МұқағалиФирдоусидей күн кешкен тірісінде.

«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.Керегін ап, кебегін тастайтұғынШодиевтің қай ісі Шахқа лайық?

Page 97: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.Жер телімін жекелеп ТерещенкоІс істеді дейсің бе Шахқа лайық?

«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.Есек құрты мұрнынан түсіп жүргенМашкевичтің қай ісі Шахқа лайық?

– Бұл өмірдің айырып ақ, қарасын,Қайғырасың, ал бірде шаттанасың.Қышлақта қысылып бір жыл бойыЖазып біттім Қожаның «Шахнамасын»,-

Деп өзімше бəлсінсем қыздан əрі,Ыза болып Періштем сызданады:– Жақсылығын айтпаса жұртқа істегенЖауһар жанның артынан із қалады.

«Жаздым, – дейсің, – Қожаның «Шахнамасын»,Неменеңе жетісіп мақтанасың?Мақтан мейлі, мақтанба, Ахиретке Алланың құлы болып аттанасың...

Page 98: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

98

№53Ж±МА С¦ЛЕМ

«Ертеде бір қарияның екі ұлы болыпты. Кенже баласы шөп басын сындырмайды екен. «Шіркін, менің салтанатты сарайым болса... Ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызға үйленсем... Үйір-үйір жылқым, қора-қора қойым жайлауда жүрсе...» деп азаннан кешке дейін армандап, үйінен шықпай жата береді екен. Кемпір-шал «Баламыздың мақсат-мұ-раты жаман емес» деп сырттай масаттанады. Ал, үлкен ұлы таңның атысы, күннің батысы тыным таппай күн-делікті күйбең тірлікпен айналысып жүре береді.Бір күні жата-жата жамбасы тесілген жалқау ұлы

далаға шықса, айналаның бəрі жайнап тұрғанын көреді. Тақыр жер тамаша өлкеге айналғанына таң қалады да:

– Мына зəулім үй кімдікі? – деп сұрайды ағасынан.– Менікі, – деді ол. – Ойпырмай, бір қасық сумен қылқ еткізіп жұтып қоя-

тындай мына сұлу келіншек кім? – Менің əйелім. – Мына қара домалақтар кімнің баласы?– Менің...– Мына мыңғырған малдар кімдікі?– Менікі.– Мұның бəрін қай кезде үлгердің?– Сен армандап жатқанда».Порфирий Ивановтың осы бір əпсанасын естігенде ойы-

ма Астана қаласы оралды. «Құрғақ қиял қол байлайды» дейді ғой. Анда-санда армандап қойып қол қусырып жата бергенде Астанадай жұмақ шаhар бой көтерер ме еді?Астана – елдігіміздің белгісіндей ескерткіш секілді ерек-

ше қала. Астана – «Қыбырлаған қыр асады» деген бабамыздың

өсиетін дəлелдейтін дəуірлі қала. Астана – мемлекетіміздің айдарлылығы мен айбарлылы-

ғын паш ететін Жер шарындағы монумент шаhар.

Page 99: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

99

Жақында Махмұт Қасымбековтің «Жан жадыратар жа-сын сөз» атты мақаласын баспасөз бетінен оқыдым. Үзінді келтірейін: «Іргелі көршіміз Түркіменстанның астанасы Ашғабад қаласы осы елдің тұңғыш Президенті Сапармұрат Ниязов марқұмның тұсында қатты өзгеріп, жайнап кеткені белгілі. Қаладағы жұртшылықтың назарын ерекше аудара-тын сəулет құрылыстарының бірі − оның зəулім үйлері мен жүздеген су бұрқақтарының ортасына, биіктігі 70 метр-лік тұғырдың үстіне орнатылған Түркіменбашының биік-тігі 14 метрлік алтынмен апталған алып мүсіні еді. Мо-нумент құрылымының бір ерекшелігі Түркіменбасшының мүсіні ұдайы Күннің жылжу бағыты бойынша қозғалып, айналып тұрады екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарба-ев Түркіменстанға барған сапарында өз əріптесімен бірге қаланы аралап жүріп, осы мүсінді көрген кезде: − Сапар, мына жерде сен күнмен бірге қозғалып тұрған

жоқсың, осы жарық көзінің өзі сенің саусағың нұсқаған бағытпен жылжып тұр ғой деймін, – депті астарлы əзіл-дей сөйлеп. − Нұрсұлтан Əбішұлы, сіз ғой Қазақстанға көп жақсы-

лық жасадыңыз, тамаша астана салдыңыз. Халқыңыз неге сізге ескерткіш қоймайды? – депті Сапармұрат Ниязов та сөз қарымтасына. Нұрсұлтан Əбішұлы оның бұл əзіліне: − Баяғыда бір атақты Рим императоры айтқандай, біз-

дерден кейінгі ұрпақ: «Бұл ескерткіш кімдікі?» деместен: «Осыған неге ескерткіш қойылмаған?» дегеніне не жет-сін! – деп жауап беріпті».Айтары жоқ, əдемі уəж. Ескерткіштей шаhарды орнат-

қан Елбасымызға түрік елінде ескерткіш қойылды. Ақындардай арқаланып, жүрегімнен жыр шумақтары

тамшылады.

«Күн-көсемді» пір тұтып баяғыдай,Күнде сəлем бермейміз Кремльге.

Page 100: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

100

Тілімізді жұтып ап, Тірлік үшінОйнамаймыз кəуірдің рөлінде.Ұлықтаған «Ұлы!» деп көп көсемнің,Аты түгіл ұмыттық түр-өңін де.Бодан болмай, Босаған белді буып,«Қазақ елі»1 тұғыр боп тұр елімде.Ел-жұртымның ең үлкен ескерткіші,Елбасының орнаған жүрегінде.

1 Астанадағы ескерткіш.

Page 101: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

101

№54Ж±МА С¦ЛЕМ

«Бокс − екі қара нəсілдінің бірін-бірі қалай ұрып соққа-нына ақ нəсілділердің қаумалап қарап тұруы»

(Мұхаммед Əлі)

Бабаларым күн кешті соғыспенен,Кейінгілер көз ашты сөгіспенен.Соғыспен де пара-пар, Сөгіспен де,Біздің елде басқаша бокс деген.

Обырлар жүр аяғын оқыс басып,Оларменен келеміз көп ұстасып.«Жегендерін желкеден шығарам!» деп,Кейде билік қояды « бокстасып».

Білінбейді жемқордың шаршағаны,Желпіндіріп жұрт оны қарсы алады.Түсірмейтін бірін де нокаутқа,Еһе-е-ей, елім – жемқордың шаршы алаңы.

№55Ж±МА С¦ЛЕМ

«Айтуын Қоңқыш айтса да, ұялуын мен ұялам» (Атамның əңгімесінен)

Күлдіруді əйтеуір талап қылып,Кейбір əртіс сөйлейді балақ түріп.Анайы сөз аузынан төгілгенде,Қара жерге кіремін қарап тұрып.

Page 102: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

102

№56Ж±МА С¦ЛЕМ

Бір жігіт көл жағасында балық аулап отырыпты. Оң қолында – қармақ, сол қолында – кірпіш. Өкпе тұсынан өтіп бара жатқан бұраңбел келіншек бұрылып кеп: − Балық аулап отырып кірпіш ұстағаныңыз не? − деп қы-

зықтаса,ол:− Қармағымның қанша балық қапқанын білмеймін, бірақ

мына кірпішке түсіп тұрған сен төртінші келіншексің! − депті.

(Тұрсын Ахановтың əңгімесінен)

Жасағанда біреулер жарнамасын,Жағаңды ұстап апыр-ай, таң қаласың.Кереметке бұрылған келіншектейАлданасың, Немесе арбаласың.

Жасағанда біреулер жарнамасын,Жағаңды ұстап тағы да таң қаласың.Күркедей деп алғаның Сіркедей боп,Аузыңды ашып апыр-ай, алданасың..

Ал, інімнің жасасам жарнамасын,Алымды жан екенін аңғарасың.Күннен күнге биіктеп келе жатыр,Қайта-қайта игесін ханға басын.

Өскің келсе несіне дал боласың,Інімді сап біреуге қарманасың. Бара беріп алдына, Пара беріп,Жанын қоймай інімді жалға аласың.

Page 103: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

103

Қолында қармағы мен кірпіші барЖоғарыда «крыша» бір кісі бар,Қаппай қалсаң «қармағын»Қақ маңдайданҚайқайтып кеп кірпішпен ұрғысы бар.

№57Ж±МА С¦ЛЕМ

Балтаның атын естігенде жасыл орманның жаны қал-мапты. − Ойбай, балта деген бəле шығыпты! Қарағайсың ба,

қайыңсың ба – қарамайды екен. Шетімізден жаңқалап, бал-талап шауып келе жатыр. Не істейміз? − деп шуласа, иір бұтақты емен:− Е, мен одан қорықпаймын! − депті.− Неге? − Балтаның басы темір болғанмен, сабы өзіміздің ағаш

емес пе? («Мың бір мысал» жинағымнан)

Мен – балтамын!Ау, сонда қай балтамын?Бірі емеспін əншейін жай балтаның.Қайқы қылыш, Шашақты найзаларғаҚарсы шапқан ағаш сап Айбалтамын!

Сайтандармен шайқасып сабым сынды,Сабым сынды дегенім – сағым сынды.Екі көзден жас емес, Қан сорғалап,Қара жерге қайтейін қаным сіңді.

Page 104: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

104

Сорым ба екен, бұл менің бағым ба екен?Жасымаймын, жанымды жалынды етем.Тегі мықты темірден жаралса да,Барлық күші балтаның сабында екен.

Азаматқа жарасар аттандаса,«Балтам бар!» деп сен бірақ мақтанба аса.Айбалтаңыз айбарлы көрінгенмен,Қалай, қайтіп сермейсің сап болмаса?!

Кейінгіге қалдырған үлгі-тəлім,«Жұма сəлем» – болашақ жыр кітабым.Қайыспайтын қара емен Беу, Өмеке,Сап болуға жарай ма бір бұтағың?!

Page 105: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

105

№58Ж±МА С¦ЛЕМ

Күшік асырап ит еттім,Ол балтырымды қанатты. (Абай)

Бейшараның қолына қамшы тисе, біреуді сабап тынады.

* * *Таққұмар бала артымен туады.

* * *Қарға қарғаның көзін шұқымайды,Мафия мафияның көзін ойып алады. (Қадыр Мырза-Əлі)

Ағатай, айтайын ба бір əңгіме,Бір əңгіме болғанда ірі əңгіме.Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайластықБір ұшы тіреліп-ақ тұр əлдіге.

ТЕЛПЕКТIЊ Т¤БЕСI НЕГЕ ОЙЫЌ?

Ұшыратын зəрені,Ашқұрсақтау əрі елі,Ертеде бір патшаныңЕрке құсы бар еді. Бақытты екен сол құсы, Бағып-қаққан он кісі. Жетеуі оның жем берсе, Желпіп тұрар соңғысы.

«Самұрықтың алдына Жемді түгел салды ма?»

Page 106: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

106

Дейтін екеуЖетеуінБақылайтын аңдыма.

«Жалғыз құсқа жарыдық!» Деп күткесін жабылып, Бəйтеректің басына Ұя салды Самұрық.

Жеті жемқор кеңесті, Кеңескенде не десті: – Патшамыздың қалайша Айдарынан жел есті?

– Рас, қалай жүр байып? Біз де бекер тұрмайық. – Жұмыртқасын сол құстың Ебін тауып ұрлайық

– Кім тұқымды ұрлайды? Қолға түссең – бір қайғы. Онда патша кісендеп, Қол-аяқты шырмайды.

– Жетеуміз де дырдаймыз, Бірақ қайтіп ұрлаймыз? Ым-жымымыз бір болып. Неге ұйым құрмаймыз?

– Байқап қалса былай қаш, Өлсең ешкім мұңаймас! –Деп жасырын топ құрып, Сыбырласты сыбайлас.

Бітірейік деп істі, Жеті сыбай келісті. Телпектері шошайған, Сүйір екен ең үсті.

Page 107: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

107

Айлакерлер ақылды, Амал тауып, қатырды. Үшкіл жағын телпектің Ішке қарай батырды.

Сай телпегің – қияда, Салса тұқым сыя ма? Ұңғыл телпек ойығы Ұқсап қалды ұяға.

Аздырмақ боп асылды, Айлаларын асырды.Сол ойыққа Қарғаның Жұмыртқасын жасырды.

Бар қулықты меңгеріп, Тұрды алтауы жерде нық. Барған болды əдейі Жетіншісі жем беріп.

Ішке бүгіп бармағын. Өлшеп-пішті əр қамын. Ауыстырып сап қойды Жұмыртқасын Қарғаның.

Самұрығың масқара,Мазақ болды басқаға.Жұмыртқадан бір күніҚарға шықты тас қара.

Жарып шығып жас ҚарғаШырт түкірді acпaнғa.Билік қолға тигесін,Бір пəлені бастар ма?

Үйретем деп бүргенді,Самұрықтай түрге енді.

Page 108: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

108

Байыз таппай құйрығы,Əр бұтаққа бір қонды. «Бет қаратпас беттімін, Желден қатты екпінім. Сайлы бабам – Самұрық, Тұяғымын тектінің!»

Деп шіреніп бұл тіпті Құстың бəрін үркітті. Бəйтерекке қондырмай Қуалады Бүркітті.

Лашын, Сұңқар, Қырғиға Тыңшы қойды ылғи да. Биік самғап ұша алмай, Бəрі түсті ылдиға.

Бұлбұлың да тұншықты,Кімдер қалып, кім шықты?Топтастырды маңынаТорғай менен шымшықты.

* * *

Жеті телпек кеңесті,Кеңескенде не десті?– Көзін құртып Қарғаның,Жегізейік жеместі.

– Шығарады есіңді,Тыңдамайды не сынды.Бəйтеректің басындаҚарқылдайды.Несі үлгі?!

Page 109: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

109

– Қарсы шығып қайқайып,Миын оның шайқайық.Самұрыққа жамандап,Арамдығын айтайық.

* * *

– О, Самұрық, Самұрық,Ісіңіздің бəрі нық.Ұлғайса да жасыңыз,Келген жоқ қой кəрілік.

– О, Самұрық, Самұрық, Ісіңіздің бəрі нық.Қуанамыз сол үшінЖүрегіміз жарылып!

– Қарау Қарға «Байқа!» деп,Бұтағына қайта кеп,Енді сізге сес қып жүрМенікі деп Бəйтерек! –

Деп жетеуі көсілді,«Адалмыз!» деп төс ұрды.Жел сөзіне сенгесінЖетеуін де өсірді.

– Маған қарсы Қарғасың,Қалай биік барғасың? –Деп Самұрық дігерлеп,Қиғылықты салғасын...

Кетем бе деп шатылып,Апыл-ғұпыл қапылып,Алды-артына қарамайҚашты қарға «Аһ» ұрып.

Page 110: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

110

Қарғамен де кетісті,Самұрыққа не түсті?«Қырғиқабақ қылдық!» деп,Жеті телпек жетісті.

* * *

Байқадың ба пайымды байтақ елім?Көзтүрткіні көбірек айтар едім...Сая болып тұр ма екен СамұрыққаЖеті телпек жем қылған Бəйтерегім?!

№59Ж±МА С¦ЛЕМ

Осы бір «ъ» əріп тыңшыдан аумайды. Тіміскілеген немені кейбір жағдайларда керек демесеңіз, тіпті айналып өтуге де болады. Бірақ оның мұрнын тықпайтын жері жоқ.

(А.С Пушкин)

Түсіндірме: Пушкин заманында «ъ» əрпін көптеген орыс сөздерінің соңына тіркеп қою сəн болған.

Осы əріптің ерекше есімі жоқ,Кірмейтұғын əйтсе де тесігі жоқ.Орысша аты – «Твердый знактың»Аузының салымы бар, несібі көп.

Таразылап тарихым пысықтарды,Пайдасы жоқ əріпті қысып та алды.«Санктъ-Петербург» сапында болып еді,Орын таппай ол жерден түсіп қалды.

Таразылап тарихым пысықтарды,Пайдасы жоқ əріпті қысып та алды.

Page 111: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

111

Барып еді «Ведомостъ» деген жерге,Келе-келе одан да түсіп қалды.

«Подъезде» мен неге жүремін деп,«Разъезге» ұмтылды кіремін деп.Мансап қуып масқара-ай, Осы қуыңОрын тапты «Съезден» Кремль кеп.

Қалмаса да қарайып ізі хатта,Ілінген жоқ басбұзар бұзық атқа.... Съездерді басқарған кей дөкейдіҰқсатамын «Твердый знакқа».

№60Ж±МА С¦ЛЕМ

Үкіметті сынадай қағып, сынап-мінейтіні несі? Олар əлі ештеңе істеген жоқ қой.

(АҚШ əзілкеші Боб Хоуптың əңгімесінен)

Жоғарыда отырған кім дейсіңдер,Не бітіріп жатқанын білмейсіңдер.Тіфə, тіфə... Шөп басын сындырған жоқ,Жүндей түтіп несіне тілдейсіңдер?

Заңды жасап отырған кім дейсіңдер,Кімді қорғап жүргенін білмейсіңдер.Мафияға ақия қарамаса,Тіке шауып несіне тілдейсіңдер?

Page 112: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

112

№61Ж±МА С¦ЛЕМ

Біреудің сүтті сиыры болыпты. Күніне бір құмыра сүт береді екен.

«Құдайдың құтты күні қарасан келгірді қақтап əуре болғанша, он күнде бір рет сауып он құмыра сүтті бір-ақ алмаймын ба?!» деп ойлайды сиырдың иесі. Он күннен кейін келсе ... Уақытында саумағандықтан

сиыры суалып, сүті қайтып кетіпті. (Үнді мысалынан)

Дер кезінде біткен іс – пайдалысы, Күні өткен соң болмайды жай мəнісі. (Бабырнамадан)

Сатирамды сабақтап сауықпенен, Өзімді-өзім күн сайын сауып келем.Идірмесем шабытты жиі-жиі,Суалып кетем бе деп қауіптенем.

Жүрсіз бе аға, жайлауда күтім іздеп,Бағалаймыз біз сізді құтымыз деп.Күрпілдетіп сауса да таусылмайтынСияқты еді əу баста сүтіңіз көп.

Сатирамды сабақтап сауықпенен, Өзімді-өзім күн сайын сауып келем.Аға, сізді саумасақ ауық-ауықСуалып кете ме деп қауіптенем.

Page 113: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

113

№62Ж±МА С¦ЛЕМ

Жыланның Құйрығы:– Жолды мен бастап жүруім керек! – деп жоқ жерден

дау шығарды.Оған сол жыланның Басы:– Айналайын, Құйрықжан-ау, сенде не көз жоқ, не құлақ

жоқ. Алдымда қайқаңдап жүргенде қайда барасың? – деп басу айтты.

– Жыланды жылы орнынан жылжытып, ирелеңдетіп жүрген кім? Біле білсең мен, Құйрықпын! Айтқаныма көніп, айдауыма жүрмесең сенен ажырасам! – деді оратылып.

– Ажырассақ ажырасайық! – деді жыланның Басы. Құтырған Құйрық Бастан ажырап тынды. Жолға түс-

тім деп жорғалағаны сол еді, алдындағы апанға құлап, ба-қа-шаянға жем болды.

(Үнді мысалынан)

Ажырасақ дəстүрден асып айла,Ұлтымыздың рухы жасымай ма?Жылан жылжып келеді құйрығымен,Құдай-ау, Басы қайда?Басы қайда?!

Page 114: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

114

№63Ж±МА С¦ЛЕМ

Аға, сіз түу биікте тұрсыз. Төмен қараңызшы, мен көзі-ңізге көрінем бе екен?

(Шерхан Мұртазаға 1982 жылы Оралхан Бөкейдің жазған хатынан)

Саяхаттап жүрмедім шет еліңде,Саясаттың кеткем жоқ жетегінде.Тау басында тұратын жігіт едім,Жүрмін аға, мен қалай етегінде?!

Шығармады шайтандар тау басына,Құдай құлын түсірді тəубасына.Ық жағында жындардың жүремін деп,Сатып алдым сақина сау басыма.

Орағытып ой қоссақ сөзімізге,Түу биікте тұрсыз ғой өзіңіз де.Етек жаққа еңкейіп қараңызшы,Көріне ме періште көзіңізге?..

Page 115: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

115

№64Ж±МА С¦ЛЕМ

Зиялы деп жүргеніңМұжық болып шығады.Биязы деп жүргеніңБұзық болып шығады.

* * *Пара алмайтын адам пара алатын орынға бара алмай-

ды.

* * * Судьяға біреумен барма, бірдеңемен бар. (Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ)

Заңдардың орындалмауы мемлекеттің қауқарсыздығы мен қоғамның кеселдігін көрсетеді.

(Расул ҒАМЗАТОВ)

Атқа мінерлері көп елде заңнан ауытқу көп болады. (Сүлеймен Пайғамбар)

Заңдар өрмекшінің торы сияқты: əлсізді шырмағанмен күшті түскенде сетінеп кетеді.

(Соломон данышпан)

Заңдар проблемаларды шешу үшін жасалмайды, солар-ды шатастырып оны əркім өз пайдасына жарату үшін жа-салады.

(Пауло КОЭЛЬО)

Егер сен барлығын да заң арқылы реттеуге болады деп санасаң, онда Афинаның барлық еркектері ат болып кетсін деген заң шығаршы.

(Сократ)

Page 116: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

116

Мафияның білемін тайынбасын,Шарадай боп барады шайыр басым.Он жыл бұрын былайша зарлап едім,Табасыз ба өзгерген айырмасын?

АЙТСАМ ДАУЫСЫМ ЖЕТЕР МЕ?

Əй-əй, заман, əй, заман,Мына заман қай заман?Саббас кетсе Жаппас бар,Сайтанға шайтан сай заман.Бабалардың басынанӨтті талай зар заман,«Азулыға бар заман,Азусызға тар заман».«Əр патшаның тұсындаБір сұрқылтай» дегендей,Сұрқылтайын өзініңТуғыза ма əр заман?Қашқанын көріп қоянныңТүңілесің қалжадан.Зар илетпей замандыБұғау салар бар ма заң?

Қопаңдатып құйрықтыҚорқытпайтын «түрме» деп,Жердің дауы бір бөлек,Жесір дауы бір бөлек.«Ала жібін біреудіңАттап кетіп жүрме!» деп,Бабы күшті баяғыБабалардан қалған заң.

Алаяқты аттатпайАяғынан шалған заң,

Page 117: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

117

Кең көмейлі жемқорды,Кеңірдектен алған заң.Дүниеден өттің беДүбірлетіп жалған заң?!

Көзі тоймас көкемніңКөзін дереу ойған заң.Оя салып ойпыр-ай,Орнына көзін қойған заң.«Жемейтіндер шынындаЖер астында жүр екен,Не қылсаң да о қыл!» депӨз заңын өзі жойған заң.

Заң туралы зар илепАйтсам даусым жетер ме?Саңырауға айтқандайСарнадым ба бекерге?Бір заңымды биле депАйтайын ба екі елге?Көп заңымды көкпар ғып,Əркім тартып кетер ме?

Шырмауықтай шырмалыпБір-бірімен баттасқан,Тоғыз қабат торғауытМафияға өтпес заң.Тон кигізіп сабайтынЕштеңе де етпес заң.Күннен күнге күшіктеп,Көбейсе де жетпес заң!..

Артық-ауыз айтпа деп,Аузымызды жапқан заң.Еңіреп туған ерлергеҚара күйе жаққан заң.Қауқары жоқ қарттарға«Əрі жүр!» деп айтқан заң.

Page 118: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Кінəсін дереу мойындапРайынан қайтқан заң.

Сиыр ұрлап жегендіБір күн қамап баққан заң.Бір кесе сүт ішкендіОн жылға айдап жатқан заң.Қыстыкүнгі қыраудайКүн жылыса – аққан заң.Айтып-айтпай не керек,Мынауский қатқан заң!..

Page 119: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

119

№65Ж±МА С¦ЛЕМ

Қиямет күні он, не одан да көп адамға бастық болған кісінің екі қолы төбесінде байлаулы тұрады. Ол əділ адам болса, əділдік кеп қолын шешеді. Залым болса, зұлымдық келіп қолын одан сайын қаттырақ байлайды да тозаққа жібереді.

(Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың хадисінен)

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. (Жүсіп Баласағұн)

Қожеке, бір Алланың сыйы да ерек,Түсінуге адамның миы керек.«Жеті» деген қастерлі сан дейді ғой,Бір əңгіме айтайын биігірек.

ЖЕТІ НАН ЌЎДАЙЫ

Атасы: – Балам!Ата-баба бас иетiн«Жетi» деген санныңБiлесiң бе қасиетiн?Немересi: – Бiлем!Мысалы, жетi жастаМолда келiп баланың есiн алған.«Бық» дегiзiп əшеуiн кесiп алған.Сосын,«Қазiр басына торғай қонады,Кейiн борбайың борбай болады!»Деп қызықтырған.Атасы: – Əй, мынауың не мыжып тұрған?Машинаның дөңгелегi нешеу?Немересi: – «Запаскiсiмен» бесеу,Шопырымен алтау,МАИ-мен жетеу.

Page 120: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

120

Атасы: – Қай-қайдағыны айтыпАдам боласың қайтiп?Бiр аптада неше күн бар?Немересi: – Ата,Өзiмше есебiм бар.М-м... аптасынаАлты күн сабақ...Атасы: – Осы тұрған жерiңдеАлайын ба сабап?!Аптасына алты күн оқисың.Ал жетiншi күн – жексенбiдеДоп қуып көкисiң.Ұқтың ба?Əй, қисаңдамай, тiк тыңда!Немересi: – Ата, менi қинап не етесiз?Атасы: – Өй, жетесiз!Сен ендiСала бермей делеңдiЖетi атаңды бiлiп ал.Əуелi «Үйлен!» десем не дер ең?Келiн келсе болар едi немерем.Немересi: – Ата,Немере деген немене?Атасы: – Балам,Немере деген бауыр болады.Салт-дəстүрдi түсiнгенӨзiңе де тəуiр болады.Немересi: – Немере ме,Немене?Сол өзi сонда саған жақын ба,Əлде маған жақын ба?Атасы: – Қалқам,Өйтiп қаңғыма да, шатаспа да.Сен, мəселен, немересiң.Мен сияқты аташкаға.Ұқтың ба?Немересi: – Жоқ!

Page 121: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

121

Атасы: – Тə-əк, қазiр баласың ба?Баласың.Түбi əйел аласың ба?Аласың.Сосын балалы боласың ба?Боласың.Со бақырауық балаңСонда маған немене болады?Əкеңе немере болады,Маған шөбере болады...Жетеңе ендi жеттi ме?Немересi: – Ата,Сөзiңiздiң бiразын түсiндiм.Мысалы, əйел алудыСразым түсiндiм.Ал, ендiҰқпай қойдым Немере деген бəлеңдi.Атасы: – Ой, кеще,Төбеңдi тессеСөзiмнiң бiразын түсiнбей,Сразым түсiнер ең.Ыржаңдама, күлме сен.Немеренi бiлмесең.Кеудең кейiн қуыс болады.Немересi: – Ну, кiм кiмгеҚанша процент туыс болады?Атасы: – Асфальтта туып,Балконда балмұздақ жеп,Калькуляторды ұстап ап,Компьютермен көзiн ашқан қызталақ!Одан басқаны көрмедiң бе?Туған-туыстыПроцентке бөлгенiң не?Немересi: – Мен процентсiз Ештеңенi түсiнбеймiн.Мысалы, мамам мен папам

Page 122: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

122

Маған 100 процент туысқан.Мен сiзге через посредникГде-то 50 процент туысқан.Ал, менiң баламСiзге қанша процент туысқан? Атасы: – Балам бекерге шатпа!Бiлгiң келсе, Оспанханның«Жетi атасын» жатта!Мысалы...«Арғы атаң – Масақ, Масақтан – Қасап, Қасаптан – Шайқы Шайқыдан – Қайқы, Қайқыдан – Тайпы, Тайпыдан – Майсақ, Майсақтан – Найсап..»Немересi: – Ата,Вагон секiлдi бұл не?Атасы: – Əй, қызталақ, күлме?Жетi атаВагон секiлдi емес,Əскердiң иығындағы пагон секiлдi.Мiнеки:1. Солдат. 2. Лейтенант. 3. Капитан. 4. Майор. 5. Полковник. 6. Генерал. 7. Маршал.Сен, мысалы,Бəрiмiзге солдатсың.Кейiн келiн əкепЛейтенант болмақсың.Немересi: – Ата,Айтпайсыз ба төтесiн?Атасы: – Жетi атаңды бiлмесең

Page 123: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

123

Жетесiз боп өтесiң.Мiнеки:1. Əке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат.

Жер бетiндегi жетiмдiк те жетеу:1. Тыңдамаса сөз жетiм, 2. Киюсiз тозған тон жетiм. 3. Иесiз қалған жер жетiм. 4. Басшысы жоқ ел жетiм. 5. Аққу-қазсыз көл жетiм. 6. Елiнен айырылған ер жетiм. 7. Қатары қалмаған қарт жетiм.«Бiр күн қонақ – құт,Екi күн қонақ – жұт,Үшiншi күнi зыт!» дегендейЖұт та жетi ағайынды:1. Құрғақшылық. 2. Оба. 3. Мал жұтауы. 4 Өрт. 5. Соғыс. 6. Сел. 7. Жер сiлкiнiсi.

Сондай-ақ,Жетi парыз,Жетi ғалам,Жетi жарғы,Жетi ру,Жетi қазына,Жетiсу,

Page 124: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

124

Жетi қарақшы секiлдiЖетi керемет көп екен.Жер бетiнде алайда,Жетi нəрсе жоқ екен.1. Құста сүт жоқ. 2. Жылқыда өт жоқ. 3. Көлде көпiр жоқ. 4. Тамда белбеу жоқ. 5. Аспанда тiреу жоқ. 6. Тауда саты жоқ. 7. Таста тамыр жоқ.

Кең дүниеде Кереғар да жетеу:1. Футболшы. Допты теуiп жiбередi де, Соңынан өзi қуады.2. Ревизор. Өзi ештеңе жоғалтпаса да, Өмiр бойы жоғалған нəрсенi iздейдi.3. Поп. Жұрттың бəрi жылап тұрса, Өзi өлең айтып тұрады.

Page 125: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

125

4. Молда. Өнiп тұрған нəрсенiң Басын шырпып, кесiп тастайды.5. Шопыр. Жұрттың бəрiн үйдi-үйiне тасып, Өзi үйiне жаяу қайтады.6. Мұғалiм. Өзi бəрiн бiлiп тұрып, Бiлмейтiндерден сұрайды.7. Дəрiгер. Ауруыңды сұрайды да, Ауруыңды өзiңе айтады.

Ақсақ-тоқсақ,Мешеу секiлдiСендердiң секеңдеп билейтiнМузыкаларың нешеу секiлдi?Немересi: – По моему үшеу.1. Поп. 2. Рок. 3. Рэп.Атасы: – Олай емес,О, тоба!Жетi дыбыстанТұрады ғой нота да:1. До. 2. Ре. 3. Ми. 4. Фа. 5. Соль. 6. Ля. 7. Си.Сондықтан балам,«Жетiге» басыңды iй!Өйткенi, астанамыздың даАтауы алтыдан асып,Жетiге жетiп отыр:

Page 126: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

126

1. Түркiстан. 2. Орынбор. 3. Қызылорда. 4. Алматы. 5. Целиноград 6. Ақмола. 7. Астана.Немересi: – Сонда бiздiңАстанамыздың аты – Астана ма?Атасы: – Астана!(Аузын ашып,Көзiн жұмды жас бала).Немересi: – Астананың атауынАуыстыра бере ме ұдайы?Атасы: – Жетiге жеткен нəрсегеЖетi нан құдайы!Немересi балалық жасап шатысты:– Ата! – дедi, – Былтыр бiр ағайАт жарысына қатысты.«7»-нiң қасиетiн дəлелдеп,Бiрiншi орын алам деп,7-шi айдың 7-сi күнiТаңғы сағат 7-де тұрып,«777» нөмiрлi мəшинесiне мiнiп,Ипподромға барған да...7-шi нөмiрлi «Премьер» деген атынБəйгеге қосқан.Не бiттi?Ат жарыста 7-шi нөмiрлi аты 7-шi болып келiптi. Атасы: – Е, балам,Ештеңе етпейдi.Кереметтерiмiз кей-кейдеЖетiге де жетпейдi.

Page 127: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

127

Немересi: – Ата, сондаПремьер-министр нешеу?Атасы: – Оппо-о-о, Небір Премьер кетті ғой.Саусақ бүгіп санай бер,Жетеуге қазір жетті ғой.Яғни, Терещенко.Бiреу.Қажыгелдинмен – екеу, Балғынбаевпен – үшеу,Тоқаевпен – төртеу.Рухани байлыққа Ой тастап келген,Шенеунiктердiң шекесiн шертiп,Цирктiң атындайОйқастап келгенТасмағамбетовпен – бесеу. Даниял Ахметовпен – алтау.Ал Кəрім МəсімовЖетінші Премьер-Министр!Жетінші болғандықтан да,Қайта сайланып дұрыс тұр...

Page 128: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

128

Немересi: – Ата,Айтыңызшы ендi сiз,Жетi нəрсе белгiсiз.Ол не?Атасы: – Балам, бəрiн бiлiп ал.Оның да жетi түрi бар!1. Ақырзаман қашан болады? Белгiсiз! 2. Адам қашан, Қай жерде, Қалай өледi? Белгiсiз!

Page 129: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

129

3.Қашан жер сiлкiнедi? Белгiсiз! 4. Қашан күн күркiрейдi? Белгiсiз! 5. Ертең не болады? Белгiсiз! 6. Теңге қашан тұрақтайды? Белгiсiз! 7. Қай министр Қашан ауысады? Белгiсiз!..

Немересi: – Тү-у-у-у,«7» қандай күштi едi!Əлгi Премьер ағайлардыңҚайсысы қанша күн iстедi?

Page 130: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

130

Атасы: – Əрқайсысы əрқилы.Бiреуi қармақтай батса,Ендi бiреуi қалтқыдай қалқиды.

Мысалы,Терещенко – 1092 күн, Қажыгелдин – 1977 күн, Балғынбаев – 732 күн, Тоқаев – 854 күн, Тасмағамбетов 500 күндей iстедi. Даниялды санағам жоқ, Мəсімовтің де Мəліметін қарағам жоқ. Немересi: – Ата,Президент нешеу?Атасы: – Қой, балам!Құдай – хақ,Президент – тақ!..Немересi: – Президент болу үшiнНе ету керек?Атасы: – ƏуелiЖетi сатыдан өту керек.1. Ленин. 2. Сталин. 3. Хрущев 4. Брежнев 5. Горбачев. 6. Ельцин. 7. Назарбаев.Немересi: – Назарбаевтан кейiн кiм болады?Атасы: – Қайтсем екен бұл баланы? Назарбаевтан кейiн...1.Назарбаев! 2.Назарбаев! 3.Назарбаев!

Page 131: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

131

4.Назарбаев! 5.Назарбаев! 6.Назарбаев! 7.Назарбаев!

Жетеңе ендi жеттi ме,«Жетiнi» санап, жан қинап?Жетi жылдан сайланарНұрекең жалғыз кандидат!..

№66Ж±МА С¦ЛЕМ

Мен мəдениет министрінен қорықпаймын, министрдің мəдениетінен қорқам.

(Орыс сатиригі Мих.Жванецкийдің əзілі)

Бокспен айналысқан бір шенеунік Мəдениет министрі болып тағайындалды. Күндердің күнінде сол «боксер» театрдағы актерлардың репетициясын көріп отырып:

– Тренировкаларың қашан бітеді? – деп сұраса керек. (Болған оқиға)

МЫНАУЫЅ КІМ?

Əйелінің сөмкесінен Министр бір жігіттің суретін тауып алды.Қызғаныштың қызыл итіƏп дегеннен жүрегін қауып алды.Ойы теріс туды даАрада айқай ұрыс-керіс туды.

Министр күйініп:– Мына бұйра басың кім-ей,Əшінаң ба? – деді.

Page 132: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Əйелі:– Иба-а-ай, сенің миың ашыған ба?! – деді.Мен оны шын жүректен ұнатам!..– Ұнатам?!Қазір сені бір-ақ ұрып құлатам.Бұйра-бұйра шашыныңҚалдырмастан бір талын,БакембардыменҚосып жұлып құртамын!..

... Қызғаныштың қызып жанғанОты осы екен.Араға айқай болғанА.С.Пушкиннің фотосы екен.

Page 133: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

133

№67Ж±МА С¦ЛЕМ

– Көзіңді кім көгертті?– Күйеуім.– Е, ол командировкаға кеткен жоқ па?– Мен де сөйтіп ойлағам... (Қазіргі заман қалжыңы)

Е, Құдайым, ғафу ет, пендең едім,Бетім бар ма көрсетер елге менің?Сабақ алсын мінəбір өлеңімнен,Сайтан бойын билеген жеңге, келін.

ƏТТЕГЕН-АЙ!

Тура жолдан таяуда тайғанадым,Бір сұлудың көрдім де ай қабағын.Бала-шағам болса да амал қанша«Айналайын!» деп оны аймаладым.

Асау жүрек жөңкіді,Ала көңіл толқыды.Қолаң шаштың үйіндеҚонақ болдым сол күні.

Япырмау, бұл жүрісім теріс пе еді?Сайтан ойым азғырып келіспеді.Жатсам-тұрсам ойлаймын жаным қалмайКөргенім жоқ мен мұндай періштені.

Күнде құстай ұшамын,Құралайды құшамын.Көмектесіп үйінеҚайрап бердім пышағын.

Page 134: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

134

Құдай берген жолықтым нəсіппенен,Қандай ғажап біреуге ғашық деген.Қиғаш қасты қайтейін қимасам даҮйге қарай аяңдап басып келем.

Пəле бар-ау не тіпті,Маған қалай жетіпті?Үйге келсем пышақтыБіреу қайрап кетіпті!

№68Ж±МА С¦ЛЕМ

О кезде Шалбай Құлмаханов – Алматы қаласының əкімі. Қалекең алдында бір кіріп, «Түркістан» газетіне қаржы сұ-рап ақша алған. Шалбайға тағы да кірудің сəтін ойласты-рады. Бір күні Шалбайдың бөлмесіне артымен біреу кіреді, беті есік жақта. Шалбай орнынан ұшып тұрып:

– Сіз кімсіз?– Мен Қалтаймын. Əнеукүні алдыммен кіріп, «Түркіс-

танға» көп қаржы алғанмын. Енді артымның құнын білгім келді. Артыма не көмегіңіз бар?Шалбай күлкіден есін жия алмай:– Сізге қанша қаржы керек? – дей беріпті. Қалекеңнің

сөйтіп олжалы оралғаны бар екен. (Болған оқиға)

Айтыс үшін сайтанмен де тіл табысам. (Жүрсін Ерман)

Айтыс үшін болмайды бай малы кем,Келсе-дағы ауылы аймағымен.Қалтай қалай кіргенін ел біледі,Жүрсін сізге кіріп жүр қай жағымен?

Page 135: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

135

№69Ж±МА С¦ЛЕМ

Асылғазы Басын қасып еді,Асылғазының қасындағыҚасымғазы даАсыға басын қасыды. (Оспанхан Əубəкіровтің жаңылтпашы)

Жаңылмайтын жақ жоқ. (Халық мəтелі)

Ой қосайын Өмеке, ойыңызға,Аласыз ба сіңіріп бойыңызға.Жаңылтпашты жаңылмай айтыңызшы,Тос көтеріп тұрсаңыз тойыңызда.

ЖАТЫПАТАР ЖАЅЫЛТПАШ

Пəленше ТөленшеніҮйіне шақырып тұз-дəм татқызды.Тұз-дəм татқызды даПəленшеге звондатқызды.Тұз-дəм татқан мүттəйім ба,Звондатқан мүттəйім ба?!

* * *

Қасқа бас,Басқа бастыТаспа бас дейді.Басқа басҚасқа бастыТаспа бас дейді.

Page 136: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

136

Қасқа бас Таспа бас па?Басқа басТаспа бас па?

№70Ж±МА С¦ЛЕМ

Маңдайыңды сəждеге тигізіп, намазға жығылсаң «Құ-дайға құлдық ұрған мына пендеден айырылып қалдым-ау!» деп жетпіс мың шайтан зар жылайды екен. Жын-шайтанмен жымдасып, ібіліспен ымдасып жүрген

күндеріме күйініп, қатты өкіндім.

Шықса пенде далаға жалаңаяқ,Жүре ала ма көзіне қарамай-ақ?Табанына кіретін тікенектен Қашпайды ма қу жанын адам аяп?

Жатқанын білмейтұғын жолда ненің,Жасымда көзсіз жігіт болған едім.Бір тікенге теңесем – бір күнəмді,Шұрқ тесік табаным онда менің.

Білмеймін бақыт қолын бұлғады ма,Шүкір, Хаққа мойнымды бұрғаныма.Тікенекті жерлерге аяқ баспай,Ендім, аға, періште гүл бағына.

Ақшаң болса əрине үй сатып аларсың-ау, бірақ семьяны сатып ала алмайсың.Ақшаң болса жамбастап жатып алатын төсек орын

сатып аларсың-ау, бірақ тыныш ұйқы сатып ала алмай-сың.

Page 137: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

137

Ақшаң болса алтын сағат сатып аларсың-ау, бірақ ал-тын уақытты сатып ала алмайсың.Ақшаң болса кітап сатып аларсың-ау, бірақ білімді са-

тып ала алмайсың.Ақшаң болса дəрі-дəрмек сатып аларсың-ау, бірақ денсау-

лықты сатып ала алмайсың.Ақшаң болса өміріңді сақтандыратын «страховка» де-

ген қатырма қағазды сатып аларсың-ау, бірақ қауіпсіздікті сатып ала алмайсың.

(Əлем əфсаналары)

Күлкі – денсаулық, ынты-шынтымен бір рет күлген адамның өмірі 15 минутқа ұзарады.Күлкі – дəрі, күлкі – дəру, күлкі – шипа.Күлкі – білім, «ымды білмеген дымды білмейді».Күлкі – абырой. Абыройы бар адам асқақтап күледі. (Шынайы əңгіме)

Əрине, күлген де жақсы, бірақ кімнен кейін күлгенді білген де жақсы.

(Ишара сөз)

Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның сада-ғасы.

(Қазақ мақалы)

Сəлем бергенге – 100 сауап, сəлем алғанға 10 сауап жа-зылады.

(Қасиетті хадистен)

Аз емес-ау өмірде малды кісі,Із қалдырар артына арлы кісі.«Өнегелі Өмекең» атанды ғой,Бастағасын бақытқа барлық ісі.

Page 138: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жақсылыққа бұратын дəйім басын,Мұрагерін көбейтіп дайындасын. Күліп-ойнап жолдадым жетпіс сəлем,Құдай бізді сəлемнен айырмасын!..

Page 139: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

ЕКIНШI Б¤ЛIМ

Па, шіркін,ПАРОДИЯ!..

Page 140: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

140

ДАЃДАРЫС

Сəулетшi Шота-Аман УƏЛИХАНҒА

Сiздер Шотаны бiлесiздер ме? Шота! Жо-жоқ, грузиннiң Шота Руставелиi емес. Өзiмiздiң Шота! Сəулетшi, суретшi, мүсiншi Шота-Аман Уəлихан ше? Сол ағам əнеукүнi жеңiмнен ұстап жетектеп шеберханасына шақырды. Жол-жөнекей:

– Мен су жаңа мақал шығардым! – дедi. – Тыңда!«Судың төресi – минерал,Солдаттың төресi – генерал».Қалай, ұйқаса ма?– Ойпырмай, Шөмiшбай шайырды құдай сақтаған екен.

Сiз ақын боп кеткенiңiзде оған нан жоқ едi.– Шөмiшбайың не-ей сенiң? Бұхар жырау аузыңа түспедi

ме? Тағы бiр мақалым бар. Тыңда!«Төбесiз жер болмайды,Төресiз ел болмайды». Во!Бас бармағын қайқайтқан күйi шеберханасына алып бар-

ды да, жасап жатқан жаңа ескерткiштiң жобасын көрсеттi.Тас тұғырдың үстiнде екi қолы ербиiп, бұты талтайып, өзi

тоңқайып, өңi суық өңкиген шал тұр. Түк түсiнсем бұйыр-масын!

– Бұл кiм, аға? – дедiм таңырқап.– Атамның ескерткiшi.– Қай атаңыз?– Тезек төре.– Төренi неге тоңқайтып қойғансыз?– Негiзi, атамның астында аты болуы керек едi. Қазiр кри-

зис... Дағдарыс! Атын салуға ақша жоқ. Сосын солай боп қалды.

2009 жыл

Page 141: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Page 142: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

142

БIР КЕМ ДЇНИЕ-АЙ!

Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗАҒА

Пойызға мiнсем... Мəссаған! Екi кiсiлiк купеде Шерағаң отыр. Кəдiмгi Шерхан Мұртаза.

– Ассалаумағалейкум, аға! Жол болсын?!– Таразға барам. Өзiң ше?– Шымкентке.Пойыздың «гө-ө-өк» дегенiнде кө-ө-өп гəп бар... Алма-

тыдан ұзап батысқа қарай бағыт алған пойызымыз «дiгiдiк-ке» басты.

Дiгiдiк дiк-дiк, дiгiдiк дiк-дiк. Жүйткiп келедi.– Бiр əдемi келiншек бесiншi вагонға мiндi. Соны шақы-

рып келшi! – дедi Шерағаң.– Аты кiм, аға?

Page 143: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

143

– Бiлмеймiн. Бағана вокзалда кездесiп, қолтаңба сұрады. Сөзiнiң нобайына қарағанда, менiң бiраз кiтабымды оқыған сыңайлы.

Қиянды кезiп қызыл түлкi iздеген аңшыдай бесiншi ва-гонға беттедiм. «Түлкiнiң қызылы – өзiнiң соры» деген рас-ау. Əдемi болмаса əлекке түсе ме? Кəмпит дəметкен бала секiлдi əр купеге телмiрiп, əдемi келiншектi жобалап жүрiп таптым-ау.

– Сiздi Шерағаң шайға шақырып жатыр! – дедiм.– Менi?– Иə.– Ыңғайсыз емес пе? Бармай-ақ қояйыншы! – дедi.Кез келген еркектiң бiрiншi ұсынысына бiр рет «отказ»

беру – əр əйелдiң мiндетi. Əдемi келiншек өз мiндетiн орын-дап, бiр рет «отказ» жасады.

– Бармасаңыз ыңғайсыз болады, – деп мен де тықақтап қоймадым. – Жүрiңiз, меселiн қайтармаңыз. Үлкен кiсi ғой.

– Солай ма?– Солай!..Бiттi. Ендi «отказ» жоқ. Мен – паровоз, ол – вагон, iркес-

тiркес iлестiрiп Шерағаңа əкеле жатыр ем, бетiнiң қыртысы көп, аузының бiр тiсi жоқ кем иек кемпiр қарсы жолығып:

– Шырағым, жүзiң таныс. Қай баласың? Əлгi əзiлкеш бала емессiң бе? – дедi.

Басымды изедiм.– Е, айналайын-ай! Жақсы жолықтың ғой. Ауылдың жағ-

дайын айғайлап неге айтпайсыңдар, түге?– Апа-ау, айғайлап сөйлейтiн адам iздесеңiз мына вагонда

Шерхан Мұртаза келе жатыр.– Тiк тұрып тiстенiп сөйлейтiн депутат Шерхан ба?– Иə! Жүрiңiз, со кiсiге жолықтырайын. Əжемдi, əдемi келiншектi «Күте тұрыңыздар!» деп есiктiң

ернеуiне кiдiртiп қойдым да, Шерағаңның купесiне сойған түлкiдей ыржиып жалғыз кiрдiм.

– Таптың ба? – дедi.– Таптым.– Қайда?

Page 144: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

144

– Сыртта тұр.Ағамның ажары жүзiн жуған қауындай қызарып, қобы-

раған шашын қолымен тарақтап, қалыңдығын күткендей қатты қопаңдады. Əзiл болсын деп əжемдi əдейi жеке кiр-гiздiм.

Шүйкедей кемпiр шүлдiрлеп:– Əй, Шерхан шырағым, амансың ба? – деп есiктен енген-

де, екi көзi тас төбесiне шықты. «Мынауың не?!» дегендей маған ажырая қарады.

– Ескi заманның ең əдемi келiншегi осы емес пе? – дедiм өтiрiк аңқаусып.

Əжемiз əңгiменi əрiден қозғап, Шəкеңнiң миын шайқады. «Дұрыс, апа, дұрыс!» деп шыбындаған аттай басын қайта-қайта шұлғып, кемпiрден əрең құтылғасын:

– Адам өстiп те қалжыңдаса ма?! – дедi ызғарланып. Iле-шала лып еткiзiп ең əдемi келiншектi енгiзгенiмде, емiзiк кө-рiп жылағанын қоя салған баладай сап тиылды. «Екi ғашық қол ұстасып оңаша отырсын» деп жағдай жасағансыдым да:

– Аға, таңертең Таразда жолығамын! – деп кетуге ыңғай-ландым. «Отыр!» деген жоқ. Сiрə, қарамды көрсетпей қайт-қанымды қалап тұр.

Жолсерiктермен келiсiп, көршi купеге жайғастым. Таңға таяу Таразда оянып, Шерағаңды шығарып салдым. – Қарындас, ағаңды өкпелетiп, томпитып қойғансың ба,

неге солғындау қоштасты? – дедiм тамырын баса сөйлеп.– Ағамның ер екенiн бiлсем де, серi екенiн бiлмеппiн, –

дедi əдемi келiншек жымиып. – Не, құда түстi ме?– Жо-оқ, əңгiмесiнiң əуенi солай. Əуелi əдебиет төңiре-

гiнде сырластық. Пiкiрлестiк. Шай iштiк. Жiпсiдiк. Сөзiмiз жарасқасын жiбектей есiлiп, жiгiттей қырындады. Бiрте-бiрте буыны босай бастағасын:

– Ағай, күйеуiме ант бергем. Антымды қалай бұзам?! – дедiм. Сол сол-ақ екен:

– Ант?! Айналайын-ау, ант деген немене? Еуропаға елiк-теп өз заңымызға да өзгерту енгiзiп жатқан жоқпыз ба? – дедi қабағынан қар жауып.

Page 145: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

145

Сөз саптауына қарағанда, əдемi келiншек өз «заңына» өз-герту енгiзбеген сияқты.

... Бiр кем дүние-ай! 2005 жыл

СОЛАЙ ДА СОЛАЙ!

Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсiнiң де-путаты, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза туралы көп сериялы киносценарий

КИНО ЖУРНАЛ

«Елiм, саған айтам,Елбасы, сен де тыңда!»Камал дос!Сен де құлақ түр.Себебi, сен – соқа, мен – трактор.

БIРIНШI СЕРИЯСЫ

Мəртебелi мырзалар!Бiраздан берiЖанымды жегiдей жеп жүрген құрт бар.Əрине, оны түсiнетiн де,Түсiнбейтiн де жұрт бар.«Ердi – ерiншектiк,Жердi арамшөп аздырады».Менi бiреулер «Ұлтшыл!» деп жазғырады.Өкпелейдi.Өкпелесе, «көшке берген тайлағын алсын»,Немесе мен секiлдiҚайта-қайта депутат боп сайланып алсын.Жетесiзге жетi айтып,Санасызға сан айтып,Сессия сайын көзiмiздi алайтып

Page 146: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

146

Тiл туралыӨңешiмiз жыртылғанша айтыстық.Тартыстық.Қырқыстық.Жата қалып жағаны да жыртыстық.Не бiттi?Базбiр депутат мырзалар:«Жылама, Жыласаң тағы да ұрам!» деп желiктi.Сонда солардың дiттегенi не?!«Мемлекеттiк тiл екi тiлде жүрсiн!» дейдi.Не деген сұмдық?!Құйқаң шымырлап, жүрегiң дүрсiлдейдi.Сиырдың тiлi – бiреу,Ешкiнiң тiлi – бiреу,Доңыздың тiлi – ол да бiреу.Тек жыланның тiлi ғана айыр.Бұл не?Жылан болсын дегенi ме,Əлде, лаң болсын дегенi ме?Түсiнiксiз!..

ЕКIНШI СЕРИЯСЫ

Мырзалар!Жалпы,Жаманшылық ойлағандардыңАрқасына алты қотыр,Желкесiне жетi қотыр шықсын.Қасиын десе қаны шықсын,Қасымайын десе жаны шықсын.Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн!Солай ма, Қалаубек мырза?!– Шерхан-ау, саған халқың ырза.Сен бүкiл түркiге туыссың.«Руға бөлiнген у iшсiн!»– Солай ма, Мұса мырза?

Page 147: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

147

– Солайы – солай!Ештеңе жоқ оңай.«Бөлiнгендi бөрi жесiн,Айрылғанды аю жесiн!»– Солай ма, Толымбек мырза?– Шераға!Құдайдың құтты күнiАйтып жүрсiз дуалы ой.«Ұлт пен сана»,«Ұлттық парыз» –Бəрiне де куə ғой.Қарға тамырлы қазақпыз,«Қарына тартпағанның қары сынсын!»– Солай ма, Əмiрхан мырза!– Шераға!Аса құрметтi Шераға!«Табалдырықтан биiк тау жоқ».Бiз тұрғанда сiзге келер жау жоқ.Алайда, Абай айтқандай:«Қазақтың жауы – қазақ».Турасын сөйлеп туғанына жақпайтынСiздей қазақ аз-ақ!Аз!Өте-е-е аз, Шераға!..– Сырт көз – сыншы:«Шерхан Тынысты бiледi,Тыныс жұмысты бiледi»Деп тақпақтайтын көрiнедi.Тыныс мырза,Сiз бұ гəпқа «нима» дейсiз?– Шераға!Тесiк ауыз тек тұрмайды.Не бiрдеңе жеп тұрады,Не бiрдеңе деп тұрады.Қай ауыздың қақпағы бар?Бiздiң өзбек ағайындардың да тақпағы бар.

Page 148: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

148

Былай:«Дар хакихат, битта одамнинг Битта қолтигиғаИхта таруз сиғмайди» деп гəпырады.Əй, олар да қатырады!Қазақшасы:«Бiр қолтыққа екi қарбыз симайды» дейдi.Сиғанда қандай!Сiздiң қолтығыңызға бiреу емес,Бiрнеше қарбыз сиып жүр.Мəселенки, əлгi Əмiрхан,Қалаубек,Мұса,Толымбек,Жамбыл,Рафаэль...Тағы да бiр-екi əйел.Олардың орынбасары бар.Барлығы да бiр қолтыққа сиып жүр.Айтқан сөзiңiзге айрандай ұйып жүр.– Ендеше,Жақсы журналист – ырыс,Жаман журналист – ұрыс.Солай ма, Тыныс?..– Дұрыс, Шераға, дұрыс!– Дұрыс болса дұрысымыз,Бүгiн бiттi бiр iсiмiз.Мен Президентке кеттiм,Жұмысыңызға кiрiсiңiз!..

ҮШIНШI СЕРИЯСЫ

Мəртебелi мырзалар!Тiл туралы қашанғы таласамыз?Андай-мұндай,Əжiк-күжiк,

Page 149: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

149

Пыти-сыти деп,Отырып ап бал ашамыз.Қара судыҚанша сапырсаң да май шықпайды.Тас маңдайымдағы əжiмдiТұрар Рысқұлов туралы жазғанБес кiтабым айшықтайды...Ешқашан ергенiм жоқ Бiр ағындарға.Не дейсiң, қарындас?Сұрағың бар ма?Айта ғой.– Ағай, бұ қазақтаСiзден өткен iрi жоқ дейдi.Арақ iшпейдi,Темекi тартпайды,Қыз-қырқынға қыры жоқ дейдi.Рас па?– Ай, мына қыз мұңайтты.Менi еркек емес деп кiм айтты?Менi бiреулер:«Тарпаң!Ашушаң депутат!» деп кiнəлайды.Маған ол пiкiр ұнамайды.Аш адам ашушаң келедi.Ауыл-ел аш болса,Ашушаң болмай не етерсiң?Бiр көзiң айға қарап,Бiр көзiң сайға қарап«Нервный» боп кетерсiң.Бұ қазақКетiп бара жатса да құр кетпейдi.Бiреулер менi:«Тоң!Бiрбет!» дейдi.Құдай екi жүздiден сақтасын!

Page 150: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

150

Халықтың нанын жегесiн,Оның қамын да жеу керек.Ел үшiн кеуделеп,Əлiмдi жиып тiрнектеп...Сонда менi «Бiрбет!» деп,Атағаны ма құрметтеп?Түсiнiксiз!...Қазiр не көп,Өзiңнен бетер зор көп.Қазiр не көп,«Ананы қорғау,Мынаны қорғау» туралы қор көп.Мен таң қалам!Бұ қазақ əуелi қорлайды,Сосын барып қорғайды.Тұрар Рысқұловты қорладық па?Қорладық.Əрi итерiп, берi жығатынҚазақ деген зор халық!..

ТӨРТIНШI СЕРИЯСЫ

Вы хотите что-то сказать? Кто вы? Безработный? Да-а, сочувствую!

Но-о, политика – дело тонкое. Я скажу образно: «Прави-тельство – паруса, народ – ветер, государство – корабль, время – море». Если государство – корабль, то мы полити-ки – матросы его. Я тоже матрос. Есть еще вопрос?

Вообще, вопросы пора задавать на государственном языке. Олжас Сулейменов знает «Тысячу одно слово». И даже мэр города Алматы Виктор Храпунов знает такие слова, как «Айналайын», «Рахмет» и «Кө-өп рахмет!..»

Последнее убежище негодяя – политика. Я – писатель! Зачем я полез в политику? Для того, чтобы одним негодяем было меньше в политике.

Page 151: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

151

Наш корабль, несмотря на шторм инфляции и всякие де-вальвации, уверенно держит курс к дветысячи тридцатому году. Я с радостью встречу эту дату, тем более мне тогда, в дветысячи тридцатом году, стукнет 99 лет.

БЕСIНШI СЕРИЯСЫ

Қазiр Үкiмет шығарған ЖарлықтыҚайта-қайта оқуменХалықтың даусы қарлықты.Тiптi «Жарлықты орындау туралы» даЖарлық бар.Бұған кiнəлi кiм?Сен бе?Сен емес.Мен бе?Мен емес.Ендi кiм?!Баяғыда бiреуҮйлене салысымен соғысқа кетiптi.Бес жылдан соң оралса,Үйiнде үш бала өрiп жүр екен.Кiм əйелiн соғыста қорып жүр екен?Күйеуi:«Оу, бұ қалай?» демей ме?Əйелi:– «Бiрiншi бала-а-а-амСен соғысқа кеткенде iште қалған!» дейдi.– Екiншi бала ше?– «Сен соғыста жүргендеЕскi шалбарыңдыӨзiме шақтап iстеп алғам! – дейдi. –Соны колхоздың жұмысына киiп жүрiп,Екiншi бала пайда болды».– Ал, үшiншi бала қайда болды?– Осыған келгенде,Апам да аң-таң, мен де аң-таң!..

Page 152: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Сол айтпақшы,Орындалмайтын Жарлықтың көбейгенiнеАпам да аң-таң,Мен де аң-таң!Айтсаң – «Ойбай, Шерхан –Тарпаң!»Мен бiреудi қиратайын,Немесе, мұқатайын деп тұрғам жоқ.Кешiрерсiздер, Қазiр менiң ашуым кеп тұрған жоқ!..

* * *

Иə, Шерағаңның шерi жоқ...Қайтқан ба?Татаршалап айтқанда:– Все равно, Нервiсi яхшы, шыдамды сияқты.Парламент – огород,Шерхан абзи – садовод.Но, суы немношка азайғанНапорсыз шлангы сияқты!..

2002 жыл

Page 153: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

153

ОЛЖАС «О, КЭЙ!» ДЕЙДI

Ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВКЕ – Иншалла, я говорю по-казахски. На всемирном курултае

в прошлом году я обратился к участникам тоже по-казахски начав со слова «бисмилла». Это произвело. Колбин обещал: за один год овладеть казахским, но не успел. Я не обещал, но выполнил.

Вы называете меня «русскоязычным» поэтом и обвиняете в том, что я не понимаю тонкостей казахского языка. Напрасно. Вождь революции говорил: «Коммунизм – это советская власть плюс электрификация всей страны». Но, оказалось, не только электрификация, но и русификация всей страны.

Телеграфные столбы русификации всюду, с ними сталкиваешься на каждом шагу. Вы помните загадку: «С когтями, а не птица, летит и матерится». Отгадка: электро-монтер, свалившийся со столба. Говоря образно, столб – это русский язык, а мы – монтеры. Только не надо материть столб. Что толку? Столбу все до фонаря. Когда я высказал эту

Page 154: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

мысль, многие возмутились: «Олжас, саган не болды-ы-ы? Что с тобой случилось?» Со мной все о,кэй! Посол болдым. А что с вами, айналайын казахи? До сих пор поднимаете проблемы казахского языка, еще продлив срок на десять лет.

Рассказывают, как один аксакал в доме отдыха открыл чужую дверь и увидел спящую молодуху. Грудь была обнажена, и он стал пальцами мять ей сосок. Ну, анарының ұшын уқалайды. Молодуха проснулась, спрашивает: «Ой, ата, не болды?». А старик отвечает: «Ловлю станцию «Маяк» из России. Да не могу настроиться». Кое-кто из нашей интеллигенции напоминает мне героя этого анекдота. Делает одно, говорит другое. Ищет «Маяк» на чужой груди.

Еще один пример. Как-то сосед обратился к Ходже Насреддину: «Дай, говорит, аркан, на время». Ходжа отвечает: «Мой аркан заболел». Удивился сосед: «А аркан разве может заболеть?». «Может, – отвечает Ходжа. – Особенно, если хозяин не хочет отдавать».

Сейчас развелось множество демократов: Ходжа Насред-динов, не желающих бросить народу даже кончик аркана, чтобы вытянуть его из бездны нищеты. На просьбу они отвечают «Аркан захворал».

Я сказал до обеда чиновникам: «Научитесь хотя бы здоро-ваться «Ассалаумагалейкум, аксакал!» А они после обеда была-а-ай амандасады: «Привет, саксаулы!».

Иншалла, по знанию государстенного языка Олжас Сүлейменов – аксакал, всех чиновников обскакал...

Мне не нравятся некоторые казахские пословицы и по-говорки. Ну, макал-мател! Например: «Таспен ұрғанды-ы-ы аспен у-у-ур!» Зачем? Я бы сказал иначе: «Таспен ұрғанды-ы-ы таспен у-у-ур!»

Или другой пример: «Кiсi елiнде султан болғанша, өз елiңде ултан бо-ол». Зачем, ултан бо-ол? Я бы сказал: «Чем быть на чужбине султаном, лучше быть на родине Нур-султаном!...»

Сау бо-ол! Чао! 1994 жыл

Page 155: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

155

ҐКПЕЛЕМЕ, СЕН МАЄАН!

Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА

– Көпен iнiм!Сенiң мынау кешiңде деАйнымайтын ағасы деп,Жыртылмайтын жағасы деп,Бар едi ғой бағасы деп,Рақмет, бүгiн маған сөз бердi.Бiздiң ауыл есiңде ме?Бiресе Шəуiлдiр деп,Бiресе Қызылқұм деп,Бiресе Отырар деп,

Page 156: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

156

Талай-талай өзгердi.Бiлесiң бе мен өзгерген кездердi?

Бiресе полигон деп,Бiресе конгресс деп,Бiресе желтоқсан деп,Бiресе Аралым деп,Көп өзгерiп, көп сабылдым, қарағым.Ендi, мiне, БiшкеккеЕлшi болып барамын...

...О, жасаған!Қалай қашып құтылам деп масаданБiр жұмырбас түн iшiндеТам үстiне жатыпты.Жата салып қалың ұйқы қатпарына батыпты.«Тауықсыз да таң бозарып атыпты».

Содан кейiн сол жұмырбас не етiптi?Там үстiнде жатқандығын тарс ұмытып кетiптi.Дəрет қысса амал бар ма?Атып тұрып апыл-ғұпыл жүргендеТорғайдай боп топ етiпТам үстiнен құлап түстi бiр демде.Көк есектiң тұяғындайҚап-қатты екен жер тiптi.Жазым болып жұмырбастыңҚол-аяғы бiрдей сынып мертiктi.Ойында жоқ еш күдiк,Бiр досы кеп хал сұрады кешкiлiк.Жан қысылып жатқан кездеЖанашырлық осы ма?Қыбыр етiп кiрпiгi,Жыбыр етiп ерiнi,Ол былайша жауап бердi досына:– Не етемiн?

Page 157: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

157

Халiмнiң қалай екенiнБiлгiң келсе, там үстiнен құлап көр!

О, оқырман, осыны ойлап теңселер,Сықақшының халiн бiлгiң келсе егерТам үстiнен құлағандай,Төсек тартып сұлағандай,Халiңдi кеп сұрағандай,Сен де сықақ жазып көр.

Көпен iнiм! Отырарда сен де тудың,Отырарда мен де тудым.Жасым үлкен, сондықтан демде тудым.Жасың кiшi болғасын кенде тудың.

Қасқасуды бiр айналып,Отырарды шыр айналып,Туған жерге жиi барып тұрамыз.Сонда естiген бар едi ғой бiр аңыз.Айтайын,Айтайын да Қырғызыма қайтайын....Құдыққа түсiп кеткен баласына əкесi кептi. Кептi де былай дептi:– Балам!Ешқайда кетiп қалма,Қазiр арқан əкеп шығарып алам!..

Сол сияқты өзiң деСатираның құдығына түсiп кеткен баласың.Қырық жастан қыр ассаң да наласың.Барселонаға бармадым деп,Қамқорлыққа алмадың деп,Өкпелеме, сен маған!Қамқорлыққа қалай алам,Өз жұмысым тiптен көп.

Page 158: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

158

Өнбес жерден дау iздеп,Шыңғысханды жауыз деп,Атағымды асқақтатып бiткем жоқ!

Шеберлiкпен шегендесең құдықтыСен боласың мұрагер.Арқан əкеп шығармаймын мен сенi,Түсiп кеткен құдығыңда тұра бер.

ПОЭЗИЯ ПАТШАЛЫҒЫ

Егер Мұхтар Шаханов бұдан мың жыл бұрын дүниеге келсе кiм болар едi? Отырарда туып, Сирияда қайтыс болған Əбу Насыр əл-Фараби бабасы секiлдi «Қайырымды қаланың тұрғындары» деген трактат жазар ма едi? Онда Мұхтар Шахановтың аты Мұхтар Шаханов емес, Əбу-Мұхтар ибн Шахан шайыр əл-Отырари Шам шаһари боп кетер едi.

Ал, Мұхтар Шаханов XV ғасырда туса ше? Онда «Өзбек – өз ағам, сарт – садағам» деп, Керей мен Жəнiбек хан секiлдi 1456 жылы қазақ мемлекетiн Шу бойында емес, Арыс жағасындағы Шəуiлдiрде құрар ма едi?

Одан кейiнгi ғасырда туса ше? Қара қыпшақ Қобыланды батыр секiлдi егеулi найза қолға алып, космополиттер туралы толғанып... Кешiрiңiздер, космополит деппiн-ау, о заманда космополиттер болған жоқ қой... Егеулi найза қолға алып, махаббат жырын толғанып...

«Қабырғадан оқ тисе,Қамқор болған қарындас», –

деп, қыз Құртқаны айналдырып, үйленiп алар едi. Жалпы, Мұхтар ағам ғашық болмайды – ғашық болса алмай қой-майды.

Егер 1835 жылы туғанда Шоқан Уəлиханов сияқты Қыр-ғызстанға елшiлiкпен емес, экспедициямен барып «Манас» жырын манаптардың аузынан жазып алар ма едi?

Page 159: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

159

Ал, XIX ғасырда дүниеге келсе ше? Оһо-о-о, онда Ыбырай Алтынсарин атасы секiлдi:

Кел, балалар, оқылық,Оқығанды көңiлге Ықыласпен тоқылық.Тек қазақша оқылық! –

деп өлең жазар ма едi?Əлде Мұстафа Шоқай секiлдi Түркiстан Республикасын

құрам деп Францияда жиырма жыл ғұмыр кешiп, Германияда талқаны таусылар ма едi, кiм бiлсiн?..

Немесе Жүсiпбек Аймауытов секiлдi «Бала өз ана тiлiнде тəрбиеленбесе, ұлтқа қызмет ете алмайды» деп шыр-пыры шығар ма едi? Əйтпесе Ахмет Байтұрсынұлы, Əлихан Бəйме-нов... Ой, Бəйменов деппiн-ау... Əлихан Бөкейханов секiлдi «Алаш» партиясы емес, «Халық рухы» партиясын құрар ма едi?

Ал, XIX ғасырдың соңында кiндiгi кесiлсе ше? Онда Сəкен Сейфуллин, Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров секiл-дi 37 жылы «халық жауы» атанып, атылып кетер ме едi?

Əйтпесе «Бейiмбет жау болса, мен де жаумын!» деп, Ға-бең секiлдi бесеудiң бiрi боп Сталинге хат жазар ма едi?

Негiзi, Мұхтар Шаханов 1942 жылы дұрыс туған. Масқара-ай, Гитлер 1941 жылы Шыңғысхан секiлдi Отырарды жаулап алғанда қайтер ек? Онда, əумин, Мұхтар Шаханов жоқ едi. Бар болған күнде де Гетемен жарысып немiс тiлiнде өлең жазып жүрер ме едi, кiм бiлсiн? Бəрiнен бұрын Арал проблемасын кiм көтерер едi? Желтоқсан көтерiлiсiн ше?

«Ей, Мұха, қой дегесiн қоя сал. Шындықтың түбiне жет-пейсiң, шындық сенiң түбiңе жетедi» деген қағиданы құла-ғына да қыстырмай, «Желтоқсан эпопеясын» кiм жазар едi? Əсiресе «Мемлекеттiк тiлдi шекараны қорғағандай қорғау керек!» деп кiмнiң шыр-пыры шығар едi?

Бiр күнi:– Мұхтар аға, сiз алмаған шетелдiң шен-шекпенi, атақ-

дəрежесi қалмады. Бəрiн алдыңыз. Ал, өз елiмiздiң орден, медалiнен неге қашасыз? Ең болмаса «Ерен еңбегi үшiн»

Page 160: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

160

медалiңiз де жоқ. Соның себебi не? – деп сұрадым. Сонда Мұхаң айтты:

– Отан – бiздiң ең үлкен Анамыз. Əркiм өз Анасына қызмет еткенi үшiн жылу дəметпеу керек. Отан да өзiнiң ерекшеленген, дараланған ұлдарын марапаттап отыруы шарт. Бiрақ, ол өте əдiлеттi болуы керек. Ал, қазiр кез келген заңдастырылғын ұрының ең кемi екi орден, үш медалi бар. Солардың қатарында жүргiм келмейдi! – дедi.

Есiме Брежнев түстi. Керегедей кеудесiнде орден қадай-тын орын жоқ едi ғой жарықтықтың.

– Брежневтi крокодил жұтса не болады? – деп сұраған-дарға:

– Онда крокодил он күн бойы орден құсады! – дедiк. Егер Мұхтар Шахановты крокодил жұтса не болады? Он-

да крокодил рухтанып, қазақ тiлiнде сөйлеп кетер едi.Ақындар да альпинист сияқты. Шыңға шыққысы келе-

дi. Шыңға өрмелеген альпинист ғайыптан тайып, құзға құ-лайды. Жартаста қалған серiгi:

– Амансың ба-а-а?- деп айғалайды артынан.– Аманмын!– Тiрiсiң бе?– Тiрiмiн!– Еш жерiң мертiккен жоқ па?– Жо-о-қ!– Ендеше арқан тастаймын. Қағып ал да, қайтадан өрме-

леп берi шық!– Арқаныңды ала алмаймын-ау...– Неге-е-е? – Мен əлi жерге жеткен жоқпын!Алатаудың шыңындай ана тiлiмiз күндердiң күнiнде

құздан құласа, артынан арқан лақтыратын кiм? Мұхтар Ша-ханов қана ма? Əлде Амангелдi Айталы...

Халық сүт сияқты. Бiр қарағанда сүт аппақ. Басқа қасиетi байқалмайды. Бiрақ оның құрамында бəрi бар. Май да бар, құрт та бар, iрiмшiк те бар. Əсiресе, А,В,С деген витаминнiң түр-түрi бар. Бiрақ олар көзге көрiнбейдi. Мұхтар Шаханов ше? Қатық сияқты. Бiр қасық қатық бiр қазан сүттi ұйы-

Page 161: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

161

тады. Мұхаң қайда жүрсе де ақ сүтiнен ажыраған емес. Шахановтың күш-қуаты – оның поэзиясында. Мекен-жа-йы – поэзия патшалығында.

Ендеше, Мұхтар Шахановтың өзiне сөз берейiн.– Дүниенi дүр сiлкiндiрген шоғыр қолбасшылардың чоңы

Наполеон: «Соғысу үшiн үш нəрсе керек!» дептi.«Бiрiншi – ақша,Екiншi – ақша,Үшiншi – ақша». Нағыз ақындарға Наполеон армандаған ақшадан гөрi

мұра болатындай мұратты нəрсе керек. Ол – поэзия, поэзия тағы да поэзия!

Тышқан тiрлiк таусыла ма, сiлкiнiп тастап сiрескен ойдың сеңiн бұзбасаң, ақындығың қайсы?!

Мысық тышқанның бəрiн тани бермейдi, бiрақ тышқан-ның бəрi мысықты таниды.

...Дештi қыпшақ даласында,Сырдария жағасында,Оты өшпеген Отырар қаласындаПоэзия патшалығы өмiр сүрген деседi.Қас жауынан қаймықпаған,Жүрегi де шайлықпағанХанның сонда бiр мысықтанҚайтқан екен меселi.Таянып тұрып бүйiрдi,Хан былайша бас уəзiрге бұйырды:– Ертеңгiнiң ерлiгiнБүгiнгiден бастаңдар.Бастаңдар да, бұл мысықты Далаға апарып тастаңдар,Қасқыр ауласын!..

Бас уəзiр былай дедi:– Хан ием!Əбiгерге салмаңызшы Сiз елдi,

Page 162: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

162

Ұстай алмас мына мысықҚасқыр түгiл күзендi.

Күреңiтiп, түтiгiп,Тiлiн тiстеп, тұтығып,Бұлқан-талқан ашуланды хан сонда:– Кiм айтты саған?Аңға қиқу салмайды деп,Аяғынан шалмайды деп.Сары далада қасқыр түгiлСасық күзен алмайды деп.

Кiм айтты саған?Мысықты ешкiм жақтырмайды деп,Жыртқыштарға дəп қылмайды деп.Кiм айтты саған?Ханның қара мысығынаҚасқырдың бəрi тақ тұрмайды деп?!

Бұта түбiн бұғып өссе болады ма оңған iс?Бұл мысықтың ата-тегi – жүрек жұтқан жолбарыс.Бас уəзiр хан сөзiнен аспады.Аспады да мысықты далаға апарып тастады.Қара мысық қайтып келдi.

Бас уəзiр саспады.Саспады да мысықты Тағы апарып тастады.Қара мысық қайтып келдi.

Рас, рас!..Əуелгiде əжептəуiр бас қатты.Бас қатты да мысықты Тағы апарып тастатты.

О, масқара-ай!Ертесiне шыққан кезде арай күн,

Page 163: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Қара мысық тырналап тұрДарбазасын сарайдың.Хан ием де,Уəзiр деТаң қалысты жата қап:– Жүре берсе не қылады«Бөрi» деген атақ ап?.....Поэзия патшалығына алып келген мысықты –Сағыныш пен махаббат.

«Бағаласаң махаббатты бағала,Бағаласаң махаббатты бағала».Поэзия патшалығын сағынсамСол мысықтай көп жүрмеспiн далада!..

1992 жылы жазылып,2007 жылы толықтырылды.

Page 164: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

164

ЖАЌСЫ, АЙНАЛАЙЫН!

Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА

Iшi ауырған баладайТелефоным шыр еттi.Звондаған кiм екенДiр еткiзiп жүректi?Болмысым, жаным-сұрапыл.«Ə» дегенге,«Мə» демейОйланайын, тұра тұр.Өлеңнiң шамын өшiрiп,Мұңданбай да жынданбайЖаздым талай очерк.

Page 165: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

165

Кейiпкерiм қаншама!Телефон шалған сағыныпҰлбала,Кəмшат,Шəмша ма?Шiркiн!Менен бiреу бiр күн:«Қайда барасыз?» деп сұраса,Ең əуелi Торғайға тартар едiм.Торғайдай тозып кеттi-ау арқалы елiм.

Облыс əкiмiШөкеев те ғажап адам!Ойпырай, сол емес пеТелефон шалып мазалаған?

Айтқаным жоқ ащы сын.Дəрiптем ем газетке«Бас қаланың басшысын».Астананың əкiмi боп,Бас қаланың əкiмi бопIшi пысқан Зəкең бе?Шəкең бе?Жоқ, Сəкең бе?Мəкең бе?Жоқ, Бəкең бе?Тəкең бе?Жоқ, Жəкең бе?Кiм болса да менiменСөйлесем деп отыр-ау?Ойым он сақ.Тоқырау...Трубканы көтермейНеғып тұрмын, апыр-ау?!– Əлеу!«Атырау?»Жақсы, айналайын!

Page 166: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

166

А?!«Шын жыласа соқыр көзден жас шығар.Жазатын болсаңызБiздiң жақта даМүйiзi қарағайдай басшы бар!»Дейсiз бе?Жақсы, айналайын!Əйтеуiр Атырау жуық арада көшпей ме?Бара жатқанның балтасын,Келе жатқанның кетпенiн алып жүгiре берсем,Менiң өкпем өшпей ме?Өлеңiмдi кiм жазады?Əкiм жазып бере ме,Əйтпесе əркiм жазып бере ме?Жақсы, айналайын!Не жаңалық?Немене?!«Каспий тасып жатыр?»Жақсы, айналайын!Оған менiң де жаным ашып жатыр.А?!«Кесiрткелер қашып жатыр?»Е-е, елдiң де экологиясы бұзылды.Жуанымыз жiңiшкерiп, жiңiшкемiз үзiлдi.Баяғыда Каспийдiң кесiрткесiнАлматыға əкелсең,Бес жылда крокодил боп шыға келетiн.Қазiр Каспийдiң крокодилiнАлматыға əкелсең,Бес жылда кесiртке боп кетедi.Бұл – шындық!Кезiнде кесiрткемiздiКрокодил қыламыз деп құлшындық!Иə!..Ауылымызға əкiм қыпҚойды дей ме Тəйтiктi?«Патшасы ақынын iздеген ел – бақытты,

Page 167: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

167

Ал, ақыны патшасын iздеген ел – сормаңдай» депАқсақ Темiр айтыпты.А?!Əкiм қайтiптi?«Қоғадай жапырып жатыр?»Менi əкiм«Шай iшiп қайтсын деп шақырып жатыр?».Кiм?Кiм болса да бармаймын!Əкiм шақырмақ түгiлi,Əкең шақырса да бармаймын!Өзi звондап шақырса айып бола ма,Я, тағынан тайып қала ма?«Өкпелейдi?»Өкпелесе – өкпесi түссiн!Сендерге айтатұғын аяз сын бар:«Саяз су сарқырап ағады»,Саязсыңдар!Байқаймын,Байқаймын да басымды шайқаймын!Теңге десе тентiреп зырлайсыңдар,Мəдениеттен жұрдайсыңдар.Қарындарың тоқ болса,Қағаздарың «көк» болса,Ештеңенi ұрмайсыңдар!Бiр қарағанда дырдайсыңдар,Неге тiл мəселесiн Тiк көтерiп тұрмайсыңдар?«Апай!»Немене апай?Апайға Шай беретiн Шапай ма?Апайда айқай көп,Шапайда шай-пай көп.Апайға айқай керек емес,Шай-пай керек.Шапайға шай-пай керек емес,

Page 168: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Айқай керек.Шапай шай-пай берсе,«Пай-пай!» дер ек...Жақсы, айналайын!Жақсы!..

А?Қашан қайттым қай даудан?Кiшкене кiдiре тұр,Өтiп алайын тағы даДепутаттық сайлаудан...Жақсы, айналайын!..

1990 жыл

Page 169: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

169

ИТ ЖЫЛЫНА ИГI ТIЛЕК

Халық əртiсi, профессор Асқар ТОҚПАНҰЛЫНЫҢ рухына

– Мен, қазақтың тұңғыш кəсiпқой режиссерi, Республика-

ға еңбегi сiңген өнер қайраткерi, халық əртiсi, профессор Асқар Тоқпанұлы Тоқпанов!

Əй, шалтрафан! Жолымды кес-кестемей кет былай! «Ақын мен бозбаланың айырмашылығы неде? Ақын ға-

шық болса, не жыр туады, не сыр туады. Бозбала ғашық бол-са, не ұл туады, не қыз туады. Екеуi де елге керек».

Мұны айтқан кiм? Жетпiс үш жасында жетпiс үш спек-такль қойып, жетпiс үш жасында бiр ұл, бiр қызды қатар

Page 170: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

170

таптырған арлан мiнездi, арқар мүйiздi – Асқар Тоқпанұлы Тоқпанов!

Құдайға шүкiр, қыт-қыттаған тауық жылымен қоштасып, ит жылының табалдырығынан да аттадық. Тауық жылы бi-реуге сауық жыл болды, бiреуге қауiп жыл болды, бiреулер-ге мауық жыл болды. Сауық жылы дегенiм – сайрандадық, қауiп жылы дегенiм – ойрандадық, мауық жылы дегенiм – тайраңдадық. Тауық жылында кiмнiң тарысы пiссе, соның тауығы болуға тырыспадық. «Ашуланып төркiнiне кетiп қал-ған жеңгемiздi əкелдiк!» дегендей, ағайын-жұрттың ақша-сын өзiне қайырып, өзiмiздiң төл теңгемiздi əкелдiк.

«Төбел тазға – төрт теңге, ойма тазға – он теңге, қырма тазға – қырық теңге» дегендей, əркiмнiң несiбесiне қарай үлестiрiп бердiк. Жалпы, тауық жылы соншалықты табысты болмаса да, намысты жыл болды.

Хо-ош, ал ит жылынан не күтемiз? Халық ұғымында «ит те жетi қазынаның бiрi». Айтар тiлек сол болсын – ит жылы қазанымыз тасып, қазынамыз мол болсын!

Ит жылы иттей боп шаршасақ, жақсылықтың жолында шарқ ұрып шаршайық. «Итiң жаман!» деген де ауыр сөз...

«Ит байласа тұрғысыз жер» деген де тəуiр сөз емес, ауыр сөз. Экологияның енесiн ұрып, құрдымға жiбере жаздадық. Құрдым емей немене...

Құмырсқа көлеңкелейтiндей шөбi жоқ құлазыған қу дала-мызға итсигек өсiрсек те бiрдеңе өсiрiп баптайық, сақтайық. Жерiмiз жетiмсiремесiн.

Жер де театр секiлдi. Сыншы iнiм Сығаев айтқандай «Те-атр – тiрi организм. Ол да ауырады, сауығады, бiр уақ салы суға кетсе, бiр мезгiл сергидi, қалғитын кезеңдерi де болады, бiрақ қашанда көңiлi ояу, көзi ашық, көкiрегi даңғыл».

Арамызда аяқтан шалдырмайтын, арқадан алдырмайтын түлкiлер де бар. Қалай десек те, түлкiнi тазы болып шалуы-мыз керек.

Баяғы театрдың байбатшалары Қаллекей, Елағаң, Серағаң секiлдi сегiз қырлы дара туған дарындарымыз қайда?

Жастарды жiп байлап жетектеп жүрiп театрға əкелемiз. Жетектеп жүрiп рөл беремiз. «Жетектеп қосқан ит» түлкi ала

Page 171: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

171

ма? Көп байланған бұзаудан бұқа шықпайды. Қара сөздiң қадiрiн бiлмейтiндер қазақтың сөзiн батпаққа батырып айта-ды. Дарымаған жарымайды. Сыпырғы бүрi түскенше жақсы сыпырады. Бүгiнгi бүтiн сыпырғылардың түрi бар да, бүрi жоқ.

Бұдан бұрынырақ Лопе де Веганың «Собака на сене» деген спектаклi бiздiң орыс театрларында жүре бастағанда атын қазақшалай алмай ит-əуремiз шықты емес пе? Бiр газет «Шөп үстiндегi ит» деп аударды. Бiр газет «Шөптiң түбiнде жамбастап жатқан ит» деп аударды. Ақырында «Шөптi не өзi жемейтiн, не өзгеге жегiзбейтiн ит» деп аударды. Ақырында «Шөп қорыған ит» деп аудардық. Менiмше, бұл да оңып тұрған аударма емес. Мұны халқымыз «Ит қорыған жер-ге өш» деп баяғыда-ақ аударып қойған. Қазына – халықта, халық – қазына. Халықтан үйренейiк.

Кейбiр кеудемсоқтарға: «Ей, бейбақ! Сен көзi тiрi көсем емессiң, классиктен садақа кет! Ұмытпа, ұлы ұстазың – халық!» десең, ит терiңдi басыңа қаптап, иттей талауға əзiр. «Қапқан иттен өш алам деп, мен деп қапсам, аузымда не қасиет қалады?» Абайдың «Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, əркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып» деген сөзi бүгiнгi заманды меңзеп тұрған жоқ па?» «Күшiк асырап ит еттiм, ол балтырымды қанатты».

Халқымның көзiндей қайран, Абай!Театр комедияға зəру, сатираға сусап отыр. Кейбiр пьеса-

лардағы бос сөз, бөстекi əңгiме, итiр-қылжың күлкi кiмге ке-рек?

«Театр киiм iлгiштен басталады». Станиславский!«Театр адам жанын сауықтырады». Сухомлинский!«Тайғанақтық тақырға отырғызады». Толстой!«Тiрi адамның ардан аяулы жерi бар ма?». Абай!«Еккенiң тiкен болса, орғаның балауса болмас». Əуезов!«Жағадан алған дұшпаннан, етектен алған ит қауiптi».

Бауыржан Момышұлы.

Page 172: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Тоқ етерiн айтқасын Тоқпанұлы тоқтайды. Ит жылына игi тiлегiм мынау: ит мiнiп, ирек қамшылап келгенiмiз де жетер, ит жылы иттен сүйек қарыздар болмайық!

Ит жылы ит басына iркiт төгiлiп, қызыл итiмiз қыңыр кетпесiн! Əумин!..

* * *

Бұл пародия 1994 жылы 7 мамыр күнi Əуезов атындағы академиялық драма театрында алғаш рет орындалғанда Ас-қар ағам қатысып едi.

Асқар – асқар ма,Алыстан көрiнбесе.Асқан – асқан ба,Шашылып төгiлмесе.

...Асқар таудай Асқар ағамның сөзi де, өзi де сағынышқа айналды.

1994 жыл

Page 173: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

173

ДИЮ ЖЕТЕКТЕГЕН ДРАМАТУРГ

Драматург Қалтай МҰХАМЕТЖАНОВҚА

Баяғы бала кезiмiзде, яғни «Үйiмiзде, төрiмiзде портрет-те тұрған кiм?» деп əн салып, үлкендердiң əр сөзiне там-санып, не болса соған құдайдай құлдық ұрып сендiк-ау?! Бастауыш класта ағайларымыз «Бiз табиғаттың бермесiн тартып аламыз!» деп үйреттi. Расында да, қазiр табиғат тыр жалаңаш. Жүдеу. Табиғат та адамдардан «өш» алды. Рухани байлығымыз жамау, жан-дүниемiз жүдеу. Сондай шақтарда

Page 174: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

174

қалың қауымға рухани байлық сыйлаған данышпандардың көркем дүниесiне көз жүгiртiп, арқамыз кеңидi. Кенеземiз кеуiп кеп, бiр-екi кесе су iшкендей кiшкене болса да шеке-мiз жiпсидi. Сондай бiр соқталы ағамыз, дархандықтың бел-гiсiндей дарын иесi бiздiң Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов едi-ау!.. Алла тағаланың бойына берген байлығын адамзатқа сыйлап кеткен тұлға!

Мектептегi ағайларымыз «Адам маймылдан жаратыл-ған!» деп оқытты. Бiз бiрақ оған сене бермейтiнбiз. Неге? Адам маймылдан артық. Ақыл-ой иесi. «Ал, маймыл неге дамымай қалған?» деп ойлайтынбыз. Кейiнiрек кiтаптарды парақтасақ, бұл туралы талай ғалымдар таласқан көрiнедi. Сонау 1925 жылы дiн иесi Введенский айтыпты: «Бiз май-мылдан шықтық деген көзқарастың орнығуына сонша-лықты құштар емеспiн. Сiздер, материалистер, туысқандары-ңыздың кiм екенiн өте жақсы бiлесiздер» деп, оларды май-мылдың қатарына қойған ғой. Сол тұста Луначарский бы-лай дептi: «Əу баста хайуаннан жаратылып, ақыл-ойының арқасында адам дəрежесiне көтерiлгендер артық па, əлде Алла тағаланың жаратқан пенделерi қайтадан хайуанға ай-налып жатса, солар артық па? Бiлмеймiн, əйтеуiр Введен-ский айтқандай адамдарды аңдармен туыстырып жатсақ, хайуандарға обал-ақ!» деген ғой.

Мен бұл əңгiменi Қалтай ағаның аузынан естiп, қағазға түртiп алып қойған едiм. Бiз Қалағаңның ұшан-теңiз бiлiм-паздығына, əсiресе ауыз əдебиетi стилiндегi əсерлi əңгiмеле-рiне аузымызды ашып, көзiмiздi жұмып таңырқап жүрсек, о кiсi «Əбiш Феномен ғой!» деп Кекiлбаев iнiсiне басын шай-қап, тəнтi боп отыратын.

Ал, менiң Қалағаңа деген құштарлығым, тəнтiлiгiм мен ынтызарлығым он жетi жасымнан басталды. Мектептi бiтiр-гесiн Отырар аудандық халық театрында əртiс боп iсте-дiм. Мəдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Көмекбай Мұсаев бiр жылда төрт спектакль қойды. Соның бiрi – Қалтай Мұхамед-жановтың «Қуырдақ дайын» комедиясы. Əуелi көп көрiне бермейтiн Болаттың» ролiнде ойнадым. Сосын «Жаратқан жақсылыққа бастап жүр ме, түсiмде қызыл түлкi сойып

Page 175: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

175

жүрмiн!» деп спектакльдiң басынан аяғына шейiн əндетiп жүретiн басты кейiпкер Ережептiң ролiн маған бердi. Қуа-қы сөз, қунақы қимыл, жағымпаздық бейненi шығару оңай болған жоқ. Жаспыз ғой. «Осыншама сөз бен ойнақы əрекеттердi қалай тапқан?» деп таңырқайтынмын. Одан кей-iн студент кезiмде ойда-жоқта «Қазақ əдебиетi» газетiнiң қызметкерлерiмен кездесуге бара қалдым. Ой, қуанғаным-ай! Алғаш рет Қалтай ағаны тiрiдей көрдiм. Сонда iстейдi екен. Тай жарысқа қатысқан балалар секiлдi кiлең шикiлi-пiсiлi студент-ақындар өлең оқыды. Жүрегiм дүрсiлдедi. Жыр-жарыстан қалай қалам? Бiрақ, қойны-қонышымда да-йын өлең жоқ. Сонда да сұранып сахнаға шықтым. Қалтай ағаның «Қуырдақ дайын» комедиясындағы ең күлкiлi тұста-рынан үзiндi оқыдым. Басқаны қайдам, Қалағаң мəз:

– Сықақ жазасың ба? – деп сұрады.– Жазам! – дедiм.– Оқышы! – дедi. Оқыдым. Жатқа.– Осы өлеңдерiң қазiр өзiңде бар ма? – дедi.– Жоқ! – дедiм.– Онда ертең редакцияға əкел. Келiстiк пе? – деп шеге-

ледi. Апардым. Бiр аптадан соң «Қазақ əдебиетi» газетiнiң соңғы бетiндегi «Бүйенбайдың пұшпағы» атты айдарға жа-рияланды.

Сатирамның кiндiгiн Оспанхан Əубəкiров кессе, тұсауын Қалекең кестi.

Тағдырдың бұйыртқаны шығар, ержеттiк. Есейдiк. Күн-дердiң күнiнде Қалағаң саяси-сатиралық «Ара-Шмель» жур-налына Бас редактор боп келе қалды. Мен о кiсiнiң орынба-сары – жауапты хатшымын. Əдетте, Қалағаң сиыр сəскеде жұмысқа келедi де, бiр сағаттай отырып үйiне қайтып ке-тедi. Соны бiлiп алғанбыз. Бiр күнi түстен кейiн Қалағаң тығыз шаруамен редакцияға соғып менi iздесе... Жоқпын. Екiншi күнi iздейдi. Жоқпын. Үшiншi күнi сұрастырса, тағы да табылмай қалғанмын. Сонда Қалтай аға қабылдау бөл-месiндегi хатшы қызға:

– Ай, Айнаш,– дептi,– жауапты хатшыға айтыңызшы. Ер-тең қолы тисе сағат үште менi қабылдасыншы!..

Page 176: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

176

Оны естiп шек-сiлемiз қатты. Бiр-ақ сөзбен талай нəрсенi аңғартқан ағам-ай...

...Түркiстанның 1500 жылдығына байланысты «Асар» қо-рын құрамыз деп Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза, Өмiрзақ Айтбайұлы бастаған зиялы қауым өкiлдерi бас қос-ты. Дастарқанға қара уылдырық, қызыл уылдырық келдi. Шер-ағаң қарап отырмай Қалтай ағаны қажады:

– Қалаға, осы қара икра мен қызыл икраның айырмашы-лығы неде? – дедi. Сол сəтте профессор Құлбек Ергөбектiң тiлi қышып:

– Қызыл икра жесеңiздер жеңгемiздi қанағат тұтып үйле-рiңiзге қайтасыздар. Қара икра жесеңiздер қатын iздеп қаң-ғып кетесiздер! – дейдi қаси сөйлеп. Сонда Қалтай аға:

– Ой, айтқышым-ай,– дедi мұрнын майыстыра сипап қо-йып, – осылардың шешесiн шикiлей қосып жұтсам да маған түк əсер етпейдi.

Дастарқанда отырған ашқарақтау бiр кiсi пiскен тауықты тұтастай тарелкасына салып ап, құйрық жағынан бастап мойнына дейiн паршалап жегенiн аңғарған Қалтай аға қағыс жiбермей:

– Əй, шырағым-ай, қораздан кейiнгi қызықты өзiң көрдiң-ау! – дедi.

Жалпы, Қалтай ағаға деген көзқарасымды «Социалистiк реализмнiң» қатып қалған академиялық марапат-мақтауы мол стилiмен бiлдiргенше, өзiмше өрнектесем қайтедi? Осындай орамы көп ойлардың жетегiнде жүрдiм. Сөйтiп, күндердiң күнiнде қалжыңы қанына сiңген Қалағаң туралы пародия жаздым. Мiне, соның бiр парасы...

... Мың бiр түн. Таң атты. Шаhеризада төсегiне жатты. Келесi кеште:

– Ей, ұлы бақытты патша! – дедi Шаhеризада. – Ендi сiз-ге Қалтай қожаның Диюдан қалай құтылғаны туралы хикая айтайын.

Жаратқан жаппарға шүкiршiлiк еткен Қалтай қожа маңда-йын сəждеге тигiзiп, намаз оқымаса да соно-о-оу Мекке, Мəдинеге барып: «Лə иллаhа иллалла, Мұхамед расулалла. Мұсылманмын расында!» деп құдайға құлшылық қылды да,

Page 177: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

177

тəбəрiк ретiнде бiр құмыраны құшақтап Алматыдағы үйiне қайтты.

Күндердiң күнiнде «Қу құмыраның iшiнде не бар екен?» деп ойлады. Көзi қызығып көзенiң қақпағын ашып едi, ал-памсадай бiр Дию атып шықты да Қалтай қожаның аяғына жығылып, тəу етiп, жалбарынды:

– О, Сүлеймен пайғамбар! Сiзге жолықтырған Алла-таға-лаға бұ жалғанда разымын. Əмiрiңiзге құлдық!..

– Ғафу етiңiз, мен Дəуiтұлы Сүлеймен пайғамбар емес, Қалтай Мұхаметжановпын.

– Қойыңызшы, сiз шынымен Сүлеймен пайғамбар емес-сiз бе?

– Өтiрiк айтып өле алмай жүр дейсiз бе? Пайғамбар емес, драматургпiн?

– Е-е, ендеше түсiнiктi, – дедi Дию. – Пайғамбар болмасаң, онда жеткен жерiң осы. Қазiр қазықтай қағамын да...

– Дию-ау, күнəм не? Құмырадан құтқарғаным ба? Түнде түсiмде дəу қара төбетке мiнiп жүр едiм, осыған көрiнген екен ғой. Онсыз да көрген құқайым аз ба едi, құдай?!

– Қалтайжанды шошытқан қандай құқай? – дедi Дию.– Ол өзi ұзақ хикая. Бiрақ, Дию аға, сөздiң қысқасы, кол-

басаның ұзыны жақсы. Мұрсат берсеңiз қысқаша баянда-йын.

...Ерiнбеген етiкшi, жалықпаған жазушы болған заман-да Əлжаппар ағамыздың бiр кiтабы Жазушылар одағында талқыланды. Мəселе бiреу: кəрияның шығармасы сыйлық беруге лайық па? Гу-гу пiкiрге құлақ түрсем, жарықтықты жабағыдай түтiп, киiз басқандай тепкiлеп жатыр екен. Сы-налып, сыбағасын алған жазушының несiн аяйын, дүбiрге қосылып мен де тепкiледiм: «Менiңше, мемлекеттiк сыйлық-ты Əлжекеңнiң кiтабын ерiнбей-жалықпай оқып шыққан адамға беру керек!» дедiм! Сол сол-ақ екен, соңыма шырақ алып түстi. Айыпқа бұйырмаңыз, сiз сол Əлжекең жiберген Дию емессiз бе?

– Доғар! – деп долданды қара дəу! – Дию ұстап, Дию жұмсайтындай қазiргi жазушылардың қайбiр қауқары бар? Осы ма құқайың?

Page 178: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

178

– Мен не көрмедiм, Дию аға! Шоқпарын сүйреткен Шона пiрəдар: «Ойбай, кiтабымдағы қылыштай өткiр қыршаңқы сөздердi Қалтай ұрлап алып, өзiнiң комедиясына пайдалан-ды!» деп қара аспанды қақ айырып аттан салғасын Жазушы-лар одағында менiң мəселем қаралды. «Сөз ұрлағам жоқ!» десем, сенбейдi. «Нан ұстайын, құран ұстайын, Шөке, сiзден сөз ұрласам, басқан iзiм артымда қалсын!» деп қарғансам да қарамайды. Амалым таусылып, ақырғы уəжiмдi айтуға мəжбүр болдым. «Шонадан сөз ұрлағанша, соқырдан көз ұрлағаным артық!» дедiм. Бiттi! Дау шықты, тағы да бiр жау шықты деген осы.

Тағы бiр құқайдан құтылғанымды айтайыншы. Көрер жарығым бар екен, Брежнев деген патшаның тұсында бiздiң бiр ұлық басымды алмадай қағып ала жаздады.

– Дiкiлдемей, тiгiсiн жатқызып сөйлеген пенденiң жа-нын ұлық та алмайды, бүлiк те алмайды. Сенi шақырған қай ұлық?

– Имашев! Қылышын қынабына салмайтын. Сол ұлық шақырып жатыр дегесiн, жазған құлда жан бар ма, құстай ұшып жеттiм. Үстiмнен үлкен арыз бар екен, сөздi ұлық бас-тады:

– Орталық партия комитетi сiзге үлкен сенiм бiлдiрiп, басшы орынға iлiктiрдi. Ал, сiз болсаңыз жұмыс уақытында служебный машинаны пивнушкаға мiнiп барып, сыра-пыра iшiп қайтатын көрiнесiз. Осы рас па? – дедi. Артымда – арыз, шегiнетiн жер жоқ.

– Саттар Нұрмашевич! – дедiм. – Өзiме төр бердiңiз, қолыма мөр бердiңiз, рақмет! Жаяу жүрiп табаны тозбасын деп машина бердiңiз, рақмет! Ал, ендi сол машинамды пивнушкаға мiнiп бармағанда, артынан итерiп баруым керек пе?

Күлмес хан күлiп жiбергесiн, менiң де бетiме қан жүгiрдi. Сау қалғаныма садақа берiп, «төбел тазға – төрт теңге, ойма тазға – он теңге, қырма тазға – қырық теңге» үлестiрдiм.

Мен көрмеген құқай бар ма, Дию аға?! – «Қалтай айтты!» деген қазақы қалжыңдарды мен де естi-

гем! – дедi Дию. – Есiмде қалғандарын есiңе салайын ба?– Ауыз – сiздiкi, құлақ – бiздiкi! – дедi Қалтай.

Page 179: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

179

– Ендеше екi құлағыңды берi тосып тыңда.Арқалы ақын Əбдiлда Тəжiбаевтың жетпiс жылдық ме-

рейтойын сырбаз iнiсi Сырбай Мəуленов басқарыпты. Қиын-нан қиыстырып, ұтымды сөздермен ұйқастырып, өлеңмен өрнектеп жақсы келе жатса керек. Алтыншы не жетiншi адамнан кейiн кешеуiлдетiп сөз бергенiн кеуiлiне алған Қал-тай-қожа:

– Арақ тұрғанда бозаның қадiрi жоқ!Қазақ тұрғанда қожаның қадiрi жоқ! – дептi де сөзiн жал-

ғастыра берiптi....Ұлты немiс, үш тiлдi ана тiлiндей меңгерген Герольд

Бельгердiң Тəшкенде тұратын əкесi Алматыға қыдырып келгенде:

– Сталиннiң немiстердi Қазақстанға жер аударғаны жақ-сы болған! – дептi Қалағаң. Ол уəждiң астарын аңғармай, тiксiнiп қалған əкесi:

– Неге олай дейсiң? – десе керек. Сонда Қалағаң:– Əйтпесе, – дептi, – мына Герольд қазақтың қолына тү-

сер ме едi!

...Мəдениет министрлiгiнде репертуар алқасының бас ре-дакторы боп тұрғанда бiр жас драматург өзiнiң шағын пье-сасын əкеп:

– Осыны оқып шығып, ақыл берiңiзшi, аға! – деп өтiнiптi. Қалағаң қабырғадағы Маркстiң портретiне қарап тұрып:

– Мынаның сақалының арасында 60 жыл адасып жүрген адамнан не ақыл сұрайсың, қарағым? – дептi.

...Қалағаңның елге бара қалса бiр жақын ағайы төсек тартып қатты ауырып жатыр екен. Əйелi татар болса керек. Əңгiме арасында бiреу баласына мотоцикл сатып əпергенiн, сөйтiп оның апатқа ұшырап қаза болғанын айтады. Сонда Қалтай аға: «Ажалыңнан бұрын өлгiң келсе, татардан қатын ал, əйтпесе мотоцикл сатып ал!» деп жөпелдеме қалжың ай-тыпты.

Бұл əңгiме татардан қатын алып, жоғарыда жорға мiнiп жүрген шенеунiктердiң құлағына жетiп, Қалекең бiраз қуда-лауға ұшыраса керек.

Page 180: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

180

... Машина апатына ұшыраған Қалағаңа дəрiгерлер: «Ми-ыңыз шайқалған» деп диагноз қойған. Сонда Қалағаң:

– Тезiрек справка жазып бере қойшы, айналайын! – дейдi кəдiмгiдей қуанып.

– Ол кiмге керек? – Үйдегi жеңгеңе,– дейдi Қалағаң. – Əйелiм анда-сан-

да ұрысқанда «Миың жоқ сенiң» деушi едi. Миымның бар екенiн дəлелдеу үшiн керек боп тұр, айналайын!

...Қалағаң Мəскеуге ұшатын болады да, жора-жолдаста-ры əуежайға шығарып салады. Жолашар жасап тұрып:

– Жiгiттер, – дейдi Қалағаң, – осы бiздiң қатын көрiпкел, əулие!

– Оны қайдан байқадыңыз?– Əлгiнде ғана əйелiм шамаданымды қолыма ұстатып

тұрып: «Ендi, шыға басасыңдар ғой!» деп едi, айтқаны ай-нымай келдi!

– Ендiгiсiн өзiм айтайыншы, Дию аға! – дедi Қалекең. Сөйтiп, бастан кешкен хикаяларын баяндай бастады.

...Жапонияға ұшқанымда қасымдағы бiр шетелдiк шала-шарпы орысшасымен:

– Ағылшынша бiлесiң бе? – дедi.Басымды шайқадым.– Немiсше ше?Басымды шайқадым.– Француз?..Басымды шайқадым.Ол қолын бiр сiлтедi де, терiс қарап отырды. Оның иығы-

нан қағып:– Қазақша бiлесiң бе? – дедiм.Басын шайқады.– Өзбекше ше?Басын шайқады.– Ұйғырша ше?Басын шайқады.

Page 181: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

181

Мен де қолымды бiр сермеп, терiс қарап отыра берiп едiм, əлгi шетелдiк ыржалаңдап кешiрiм сұрағандай қабырғамды күтiрлете қапсыра құшақтады.

– Тоқтай тұр! – дедi Дию гүр етiп. «Мен сүйдедiм, бүйде-дiм» дегеннен гөрi «Қалтай сөйдептi» дегенi сүйкiмдi ес-тiледi.

Ел не дейдi? Менiң естiгенiм былай:...Олжас Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағында

бiрiншi хатшы, Қалтай аға екiншi хатшы кезi. Дiнмұхамед Қонаев күндердiң-күнiнде Қалекеңдi қабылдауына шақыра-ды да Олжас екеуiнiң басы пiспей жүргенiн айта келiп:

– Ендеше, сенi басқа қызметке қояйын,– дейдi қамқор кө-ңiлмен. – Мəдениет министрi Лəйлаға орынбасар боп барсаң қайтедi?

– Ой, Димаш аға, мен екi қатынға бiрдей қалай орынбасар болам? – дейдi Қалекең ат-тонын ала қашқандай.

Димаш аға оның мəнiсiн түсiнбей:– Қалайша? – дейдi таңдана.– Аға, – дейдi Қалекең кəдiмгiдей үрей танытып. – Жұмыс-

та Мəдениет министрiне, үйде келiнiңiзге орынбасар болсам менен не қалады?

Ертесiне Димаш аға Қалекеңдi кинемотографистерге бас-тық етiп жiбередi.

...Он екi қабатты Журналистер үйi құмырсқаның иле-уiндей құжынаған дəуiр едi. Бəрi де бiр есiктен кiрiп, бiр есiктен шығады. Қалтай Мұхамеджанов саяси-сатиралық «Ара» журналының, Шерхан Мұртаза «Егемен Қазақстан» газетiнiң, Камал Смайылов «Ақиқат» журналының бас ре-дакторы. Əрқайсысы əр қабатта. Ең төменгi қабатта – кафе. Ерiнi кеберсiп, таңдайы кепкендер кафеге түсiп, шай-пай iшiп дегендей жан шақырып тұратын. Сондай бiр шiлденiң ыстығында Қалтай аға Шерхан бауырына телефон соғып:

– Төмендегi суатқа құлап қайтсақ қайтедi? – деп ұсыныс жасаса керек.

– Жарайды, Қалеке, – дептi Шерағаң, – қазiр Камалмен сөйлесейiн. Сосын сiзбен хабарласам.

Page 182: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

182

Сəлден соң:– Қалеке, – дептi Шерағаң, – Камал дос өзiнде жоқ, ЦК-

ға... жоғарыға кетiп қалыпты.Сонда Қалтай аға:– Смайылов кетсе бiздiң аузымызды өзiмен бiрге қалта-

сына салып алып кетпеген шығар? – дептi қуақыланып.Тапқыр сөзге тəнтi болған Шерағаң:– Түсiндiм,– дептi, – ендеше төменге түсе берiңiз.Сол күнi Шерағаң шағын кафеге «Камал-кафе» деп ат қо-

йыпты. – Ей, бақытты болғыр Дию аға. Кiмдi-кiм не демейдi,

кiмдi-кiм бөгемейдi? Ендiгiсiн өзiм айтайыншы. Сол «Ка-мал-кафеге» бармай тұрып, маған «Халық жазушысы!» де-ген атақ бердi.

– «Атақтың атасына нəлет, алмаймын!» деп үзiлдi-кесiлдi бас тартпадың ба?

– Имандай шынымды айтсам, бұл атақтың өзi Кəрiшал айтқандай, менiң «дуакеш – жадуалығыма» берiлген жоқ, көркем əдебиетке жұмсалған көз майымның ақысы.

– Байқаймын, басымды шайқаймын! – дедi Дию таңыр-қағандай. – Сөз саптауыңа қарағанда, қу бiткендi қуалап, Диюды дуалап, жынды жетектеп, шайтанға шарық кигiзiп, қажырын қайтарған Қалтайсың-ау, сiрə?!

– Тiфə, тiфə! Сiз Дию емес, əулиесiз! Тамырымды тап бастыңыз!..

– Рас па? – дедi Дию көпшiк қойғанға көтерiлiп.– Сiз сияқты қисынсыз өтiрiктi қиыстырып айта алмай-

мын. Имандай шыным!..– Немене, менiң сөзiме күдiгiң бар ма?– Əрине! Басыңыз киiз үйдей, кеудеңiз есiк пен төрдей,

танауыңыз үңгiрдей, аузыңыз апандай. Сонша тұлғаңызбен қуықтай ғана құмыраға сиды дегенге кiм сенедi? Қисынсыз. Аяғым салбырап, аспаннан түстiм десеңiз бiр жөн...

– Сенi қалай сендiрсем екен?– Сөзiңiз рас болса, құмыраның iшiне кiрiп шығып, кө-

зiмше көрсетiңiзшi.– Қазiр...

Page 183: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Дию əп-сəтте буға айналып, құмыраның iшiне құйындай ұйтқып сiңдi де:

– Сен ендi сенесiң бе! – дедi сес бiлдiргендей. Сол заматта Қалтай қожа мөрлi тығынды құмыраның аузына тыға қойып, тарс бекiттi. Жаңа ғана «Жаныңды алам!» деп жалаңдап тұрған Дию бейбақ болып, жалына бастады:

– Айналайын, атажан! Қадiрлi Қалаға!..– Ендi жарық дүниенi ұмыт, жарқыным! – дедi қаһарына

мiнген Қалтай қожа. – Пайғамбар жасынан асқанымша сен секiлдi Диюлардың шашбауын көтерем деп-ақ шаршадым. Дүние – кезек, ендi ашсам – алақанымда, жұмсам – жұды-рығымдасың. Мен сенi бұдан былай бұйдалы түйем секiлдi жетектеп жүрем, бiлдiң бе?

Құмыраның iшiнде құлындай шырқырап пұшайман бол-ған Диюдың даусы пұшықтың сөзiндей мiңгiрлеп естiлдi:

– Айналайын, атажан! Қадiрлi Қалаға! Не қылсаңыз о қы-лыңыз, бəрiне де бақұлмын. Бiрақ, сiзден өтiнерiм – менi, құдай ақы, пайғамбарларға барып жамандай көрмеңiзшi!..

Дию деп драмалық шығармаларды əдейi астарлап, жұм-бақтап айтқаным ғой. Драматургия Диюдан кем бе? Ал, Ди-юды жетектегендi драматург деп атайды. ...Жарты əлемнiң iлiмiн жадында сақтаған жарықтық ұстазым «Дию» жетек-теген драматург.

1992 жыл

Page 184: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

184

АЛТЫНШЫ АРМАН

Академик тарихшы Манаш ҚОЗЫБАЕВҚА

Күндердiң күнiнде маңғаз Манаш сексен жасқа келгенде «Ух!» деп бiр нəрсеге өкiнгендей терең күрсiнiптi.

– Не болды, Манаш? – дептi бəйбiшесi.– Жəй, əншейiн, шаршадым, – дептi Манаш.– Сенiң шаршаған кезiңдегi күрсiнгенiң бiр бөлек, ал мы-

на күрсiнiсiң бiр бөлек. Одан да шыныңды айт, батырым! – дептi бəйбiшесi.

– Жоқ, жəй əншейiн шаршадым, – дептi Манаш.– «Аттың сыры иесiне мəлiм», бұ жолғы буалдыр күрсi-

нiсiңнiң сырын ендеше мен айтайын, – дептi бəйбiшесi.

Page 185: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

– Иə?– Азаматтың алты арманы бар, – дептi бəйбiшесi. – Аза-

маттың бiрiншi арманы – сұлу жар сүю. Ол арманың орын-далды, Манашым.

Азаматтың екiншi арманы – ұл сүю, қыз сүю. Ол арманың орындалды, Манашым.

Азаматтың үшiншi арманы – ел қорғау, жер қорғау. «Ер-макты» жазғаның елдi қорғағаның, «Əмiр Əбдiғаппарды» жазғаның жердi қорғағаның.

Азаматтың төртiншi арманы – докторлық диссертация қорғау. Ол арманың орындалды, Манашым. Басқасын былай қойғанда, аузын айға бiлеген академиксiң.

Азаматтың бесiншi арманы – жер дауы, жесiр дауын шешу. Жер дауын да, жесiр дауын да, тiптi ғалымдардың да дауын, залымдардың да дауын шештiң. Құдайға шүкiр, Ұлттық Ғы-лым академиясы тарих жəне этнология институтының ди-ректоры болдың. Ол арманың да орындалды, Манашым.

Ал, азаматтың алтыншы арманы – бiр уақ қыз-келiншек-термен ай астында алтыбақан теуiп, ақ сүйек ойнап, кiшкене көңiл көтеру едi. Ел қорғаймын, жер қорғаймын, докторлық қорғаймын деп жүрiп алтыншы арманыңның орындалмай бара жатқанына өкiнiп, тере-е-е-ң күрсiнген шығарсың?..

Терезеге қарап терең күрсiнген Манаш мырза мырс етiп күлiп жiберсе керек.

Мойындағаны ма? Кiм бiлсiн, солай шығар...

* * *

Алтыншы арманды қойшы, тəйiрi. Көкемнiң көзi тiрiсiн-де айтқан көп қалжыңдарымыздың бiрi едi ғой.

Алты алаштың арманын арқалап арманда кеткен ағам-ай!2004 жыл

Page 186: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

186

ЌАЖЫГЕЛДИНДI ЌУЄАН ЌАЖЫ

АМАНТАЙ қажыға

Өткен ғасырда бандыны қуған Хамиттi естiгендерiңiз бар шығар. Ал, мен осы ғасырда Қажыгелдиндi қуған Аман-тай қажымын, айқайлап-ақ қажыдым. «Аттан, Аттан!» деп, «Қажыгелдиннен сақтан!» деп баяғыда айттым. Ешкiм «е» демегесiн, елең етiп елемегесiн келген iзiммен керi қарай қайттым. Қайтпағанда қайттiм?

«Заман – түлкi, тазы болып жүрмiн-ау? Қажыгелдиннiң мойнына салу керек қыл бұрау!» деп тағы айттым. «Денiң сау ма?» дегендей ешкiм мəн бермедi...

Page 187: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

187

«Аттан, Аттан! – деп, Қажыгелдиннiң жолына құру керек қақпан!» деп айтқан сөзiм сол кездегi Бас прокурор Хитрин-нiң қышыған жерiн дөп басты. Жат елдегi қашқынмен жа-тып кеп соттасты. Бiрақ Əкежанның «əлəулайы» мен Хи-триннiң «халаулəйi» таусылмайтын жыр болды.

Заң алдында зар илеп, Қажыгелдин тайқып жүрдi. Ал, Хитрин былайша «Халаулəйiн» айтып жүрдi:

– Қаштың ба, Қажыгелдин, табам қайдан?Прокурордан асып тұр сенiң айлаң.Қарағым, мекенiңдi айтып қойшы,«Адамның жат болмағы осындайдан».

Е-ей, қалды-ау,Алды-ау,Алды-ау,Алды-ау!..Ап кеттi-ау, ойбай,Ап кеттi-ау.Қару-жарағы үйiндеҚап кеттi-ау, ойбай,Қап кеттi-ау.Сiз қайда ойбай,Сiз қайда?Шетелге безiп кеткенiңШұбырынды iз болды-ау.Сiзге деген жүрегiмСiресiп қатқан мұз болды-ау.

Сiз қайда ойбай,Сiз қайда?Əкежан-ай, есiңе ал.Алсаң – ал, алмасаң қой,Бiз-дағы өлер деймiсiң?Шiркiн-ай,Шiркiн-ай!Ұстап алсам бiр күнi-ай.Ой, пəле-ай!

Page 188: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Уh!Əкежан-ай,Елiрiп жүрген бiз ғана,Елден безген сiз ғана.

Амантай қажы:– Аттан,Аттан!Қажыгелдинге – қақпан!

* * *– Ау, Амантай ағасы,Тоқта,Тоқта!Қажыгелдиннен басқаКоррупционер жоқ па?

2004 жыл

Page 189: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

189

ЌАЗIРГI ПОЭЗИЯДАЄЫЌАРА МЫСЫЌ

Аты əйгiлi арқалы ақындарымызға «Қара мысықты жыр-ла» десек, олар қалай жырлар едi? Құдай бiледi, былай жырлар едi:

Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ:– Ештеңенi тiзегеСалғаным жоқ əй, тегi.Бiр мысыққа жүз өлеңЖаза салсам қайтедi?Бажылдатып қуадыБiр мысықты бiр мысық.Содан шабыт туады,Жүрегiмдi жыр қысып.Мысық жүрсе мияулап,Мен ойлаймын ұятты.Көргенiм жоқ үй аулапБала мысық сияқты.«Мырзалиев» десе де,Мырза демес менi ешкiм.О, жаратқан,Кеше гөр,Мысықтiлеу емеспiн.Жырға бiрақ дарханмын,Оны бiлер тектi елiм.Күжiрейтiп арқамды,Итке айбар шекпедiм.Кей дұшпаным аямайЛақтырса да күшенiп,Мысық құсапƏй-əй-ай,Төрт аяқтап түсемiн.

Page 190: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

190

Иран-ҒАЙЫП:

Құс сататын дүкенге барсам, көздiң жауын алатын попугай толып тұр екен.

– Мынаны алыңыз! – дедi сатушы сұқ саусағымен бiр попугайды нұсқап.

– Оның қандай қасиетi бар? –дедiм.– Оң аяғын тартсаң орысша сөйлейдi, сол аяғын тартсаң

қазақша сайрайды! – дедi. Қарап тұрмай сол аяғын тартып кеп қалып ем:– Ар-р-рмысыз, Ир-р-ран Ғайып! – дедi. Оң аяғын сiлкiп ем:– Здр-р-р-равствуйте, Ур-р-разбаев! – дедi. Екiленiп кеп екi аяғын бiрдей жұлқып қалып ем:– Құлатасың ғой, дур-р-рак! – дедi тырапай асып жатып.

Page 191: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

191

– Өзiң дурак! Есiңдi жый! – дедiм едендегi попугайға. – Сен бар-жоғы бiрiншi рет құлап тұрсың. Ал, мен Мемлекеттiк сыйлықты аламын деп алты рет құладым.

Маңайымдағылар маңдайымнан ұрып, айналамдағылар аяғымнан тартып, алты рет тоңқалаң асырды менi. Беу, дүние-ай!..

– Беу, безек қаққан ақыным-ай! Егер сен попугай туралы поэма жазғаныңда баяғыда-ақ лауреат боп кететiн ең.

– Менiң тақырыбым не құс емес, не денi сау кiсi емес. Попугайға қара мысықты қосып жырласам лауреаттығын бере ме? Берсе, мақұл. Сыйлық үшiн сыбанайын бiлегiмдi. Нар тəуекел!Армысың, Бiреуге – тары,Бiреуге – талқан, дүние!Бiреуге – аң-таң,Бiреуге – талтаң, дүние.Жаратылғандай дал-дұлғаКiшiк болмадым, дүние.Арыстан қып жараттың,Мысық қылмадың, дүние.Бересiң дəйiм қол ұшынҚутыңдаған қуларға.Қайнады қаным сол үшiн,«Мен iшпеген у бар ма?»Анау жүрген пысықтайБола алмадым əлi.Сүтке тиген мысықтайҚуалайды бəрi.Өмiр – тартыс,Өмiр – айтыс,Мəнi қай тұста?Қатысып келемБəйгiсiз, бапсыз бəдiк айтысқа.Ана жер – батпақ,Мына жер – лай.Көңiлiм əппақ,

Page 192: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

192

Көрмеймiсiң, Попугай?!Парқыңды бiлдiм, дүние,Өлеңде қалмай өрiсiм.Менiң сорым – отан,Сен отанның сорысың.Нарқыңды бiлдiм, дүние,Саудасы – дау-дамайлы.Мың теңге көрмесе,Мысық та тышқан ауламайды.Байлық деген сен үшiн –Дүние, малдың көптiгi.Байлық деген мен үшiн –Нəпсiнiң ғана тоқтығы.Нəпсiнi қуып, дүние,Қазағым қалай жетiспек?Нəпсi де үшке бөлiнген:Ұйқы,Құлқын,Секс деп.Əйел болсын,Болсын мейлi ер кiсi,Тағы да үшке бөлiнгенЕкi жүздiнiң белгiсi:Өтiрiк айту,Уəдеде тұрмау –Аманатқа қиянат.Беу, дүние,Барасың қайда қиялап?Əркiмдi қойсаң орнынаХош болар едi, дүние.Онда қазiр көп орынБос қалар едi, дүние.Мен лауреат болсамЗар илер ме едiм бұлай...Қара мысық алдымдыКесе бере ме, Попугай.Жыр үшiн туған бiр балаң едiм,

Page 193: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Маған жаның аши ма?Уһ!Жамбыл бабаны жырлаған едiм,Бердiң-ау бiр машина.(Жарылқағаның сол ма!..)Жамау-жамау диванымдаЖарбиып жатып ойлаймын.Бiр сыйлығыңды қимадың ба,Мен бəрiбiр алмай қоймаймын!Қоймаймын.Жоқ, қоймаймын!..Қоймаймын-ау деп ойлаймын.

Page 194: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

194

Шөмiшбай САРИЕВ:

– Ей, мысығым!Жүндей түтiп жазып ем жүйелi өлең,«Менiкi!» деп мен сенi иеленем.Мықтылардың мысығы болсаң егерСүйем сенi!Сүйемiн!Сүйе берем!..Дегенменен сүюдiң бар-ау зiлi,Өртемей ме ақынды алау жыры.Бiр бастықты, апыр-ай, бас сап сүйiп,Бiр пəлеге қалғанмын анау жылы.Сəлем!Сəлем!

Page 195: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Сəлем саған, поэзия – мысығым!Шөп еткiзiп сүйер сенi пысық ұл.Ғафу айтты: «Өспептi-ау сақал, мұртың,Бiрақ ұқсас Пушкинге бакенбардың!»Деп менi мақтағасын сүйе бердiм,Дəл мен құсап сүйген жоқ Ғафаңды əркiм.Форма қуып жүргенде Пушкин болып,Өлең кеттi басыма үш күн қонып.Сүйiп жазып сынды да, сықақты даТастай салдым бiр күнi мүшкiл көрiп.Сəлем!Сəлем!Сəлем саған, поэзия – мысығым!Иə, солай Пушкинге «ұқсас» кiсiмiн.Ойласам көп жанрды аңди қаппын,Əуелетiп бiраз жыл əн, күй бақтым.Қалыңдықтай сүйгесiн ғалымдықты,Мен қазiр ақын емес, кандидатпын.«Шөмiшбай ендi қайда тұрақтады?»Деп бiреулер жүрмесiн сұрап тағы.Бəрiн сүйем!Бəрiн де,Бəрiн,Бəрiн...Бəрi менi сүйе ме бiрақ-тағы?!Солай,СолайСүйiктi, əй, мысығым!Өзiме ұқсап қалады қай мүсiнiм?..

Page 196: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

196

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ:

– Арқам қозғанда ардақты кiсiлердiң сөзiне əрегiдiк əн шығаратыным рас. Соған сайып мысықты жырла дегенге «Əгугəй мысық» деп əуейi өлеңдi сүйкей салсам, онда не болғаным. Əйтсе де, көңiл жықпас көп көкеңнiң бiрi едiм. Нартəуекел, мысықтың мұртын қоссам да «Сағындым Алма-тымды» деген əйгiлi əнiмнiң сарынымен қара мысықты əн-детiп көрейiн.

Кеткем жоқ тастап əндi,Аяймын бас қаламды.Алматы, қоя тұршы,Жырлайын Астанамды.Сағындым сарынымды,Көл-көсiр дарынымды.

Page 197: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Сағындым баяғыдайҚауқарлы қарымымды.Қысылсам – сүйеу маған,Привет, күйеу балам.Ұқсаймын сол мысыққаТышқанды жиi аулаған.Бiреулер қарсы болған,Алтынды аршып алғам.Сағындым Заманбектi,Сөзiне əн шығарғам.Жаңадан əкiм болса,Өнерге жақын болса,Сөзiне əн шығарамХрапунов та ақын болса...

1991 жыл

Page 198: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

198

НЎЌ ПАЙЄАМБАРДАННЎРЌАДIЛОВКЕ ДЕЙIН

Саясаткер Заманбек НҰРҚАДIЛОВКЕ

– Жарылқа, Тəңiрiм!Тiлегiмдi қабыл ет,Жарылқаудың қамын ет.Жағдайымнан мен ендiБерейiншi мəлiмет.Бұ фəнидiң Көрдiм ептеп рəтiн.Менiң көңiлiм қалған жоқНасыбайдан бiр атым.Орындалмай жатыр бiрақОпай-топай мұратым.

Page 199: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

199

Маған, Саған,Оған...Оның бəрi сабақ.Екiнiң бiрi болуғаҚалған едiм сəл-ақ.Көз таныстың көбiсiМенi саясаткерге санап,«Алматының бұрынғы мэрi ғой!» дейдi.Ал, бiлмейтiн пəтшағарлар«Мақпал Жүнiсованың ерi ғой!» дейдi.Мэр болғаным да рас,Ер болғаным да рас.Я, Алла!Көрсеткенiңе шүкiр,Көрсетпегенiңе де шүкiр.Мiне, саған садақа,Мiне, саған пiтiр.(Өзiң бiрдеңе етiп бiтiр!..)Басымда бақ бар,Астымда тақ бар.Тағымды Қыдыр АтаТалдықорғанға бармасам да сақтар.Өткенге – салауат!...Депутат боп жүргенiмдеБылай сайраған гəп бар:Ата-бабамыз «Ассалаумағалейкумнен» соң«Мал-жан аман ба?» депƏуелi малды сұрайтын,Сосын барып халдi сұрайтын.Қазiр не мал жоқ,Не хал жоқ,Немiздi сұраймыз, Алла?Мал – мойнымыздағы масыл емес,Қойнымыздағы асыл.Етi – емге,

Page 200: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

200

Терiсi – теңге,Тұяғы – дойч марка,Мүйiзi – валюта,Құмалағы – доллар.Себебi, қорадаДолларға сатып ала алмайтын көң бар.Жақсаң – отын,Шашсаң – тыңайтқыш,Шетелге қаңғып нең бар?Я, Алла!Уəжiме құлақ түр,Мынадай тосын сұрақ тұр:Мен сайланған округАлматыдан жырақ тұр.Аржағы – Қытай, бiр-ақ қыр.Швейцария атанып,Болған едi жұмақ бiр.Сiлекейiн ас қылып,Барлық ауыл жылап тұр.Анау үйдiң алдындаҚаңқасы қалған «К-700»,Мынау үйде қаусап тұрған трактор.Жекешеленген бiрақ бұл.Сонда «Есепсiз жекешелендiруЕлге керек пе?» деген сұрақ тұр.Бұл не, жекешелендiру ме?Əлде жеке шешiндiру ме?(Есiктен енген бiреуге зекiп)– Жабыңыз!Жап есiктi!Көрмейсiң бе,Құлшылық жасап тұрмын.Ал, сен батамды бұзып,Айдалаға тас аттырдың.Батамды бұзба.Мынау өзi ұл ма, қыз ба?

Page 201: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

201

(Құлшылығын жалғастырып)Аллаhу акбар!Аллаhу акбар!Ашуым – алқымымда,Жар бола көр, жаратқан ием Жаппар.Я, Алла!Өзiңе аян,Қарсыластарым өте көп пе?Мүйiзi қарағайдайСол қарсыластарыма төтемекке,«Соқыртеке» ойнатқан социализмнiң атынан,Тумай туа шөккен коммунизмнiң атынан,Топырағың торқа болғыр партияның атынан,Иманыңнан айналайын мафияның атынанҚұбылмайтын түрiмдiҚұбылаға қараттым.Мəжiлiске депутат қыпМенi əдейi жараттың.Бұдан бұрынғы парламенттiТездетiп неге тараттың?Уа, шебер Құдай!Өзiң жаратқан бiр соқыр,Бiр саңырау,Бiр таз бопты.Үшеуi бөсiп мəз бопты.«Көргенiмдi айтсам,Көп адам таң қалады!» деп,Соқыр айтыпты.Саңырау да құлағын қағып,Қалпағын қоқырайтыпты:«Естiгенiмдi айтсам ел риза!» деп,Өзiнше көкiп сөйлептi.Сонда таз:«Əй, əңгiменi қой!» – дептi. –«Екеуiңнiң айтқандарыңды естiсем,Төбе шашым тiк тұрады!».О, тоба!

Page 202: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

202

Ауызбен орақ орыпКiм ненi ұқтырады?Сол соқыр,Саңырау,Таз секiлдiБүгiнгiнiң сөйлегiш мықтылары.Я, Алла!Бiр-бiрiмiзбен тату ек.Ғафу ет!Сенiң орныңа таласпаймын.Сайтан алғыр,Саясат туралы да жақ ашпаймын.Бүгiнгiнiң əкiмдерiНе соқыр,Не саңырау,Не таз емес.Менiң атқаратын шаруам аз емес.Алатауға егетiн апортым бар,Қапшағайға салатын аэропортым бар.Ертiстi берi ағызам,Iленi керi ағызам.Ең бiрiншi – ел керек,Электрге – жел керек.Жетiсудiң жерi де жақсы,Желi де жақсы.Əкiм боп келiсiменЕптi сөзбен елдi үйiргем,«Əр ауылдың тұсынаОрнатам, – деп жел диiрмен!»Шымбұлақты жұмақтай қып,Дүниежүзiнен туристердi шақырам.Жегендердiң желкесiне статья қойып,Юристердi шақырам.Сосын – бiттi шаруа!..Уh!..Адамды азғыратын – шайтан.Шайта-а-а-н,

Page 203: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

203

Шайтан болсаң қайтейiн,Сенiң де бетiңе айтам.Маған көрсетпе тайтаң.ТөбемненТөтенше жағдай туғызып,Нұқ Пайғамбардың топан суынНұрқадiловке ағызып,Қаптата көрме селiңдi,Тұрғыза көрме желiңдi.Ендi алайын демiмдi.Я, Алла!Менi 2030 жылға дейiн алма.Пəледен,Жаладан,Тiлден,Көзден,Сұқтан,Судан,Оттан,Опаттан,Апаттан,Мансаптан сақтай көр!Бай қылып – балпайт,Əкiм қылып – қалқайт.Маған жамандық ойлағандардыБасынан бiр ұрып жалпайт.(Ғибадатын кiлт үзiп) Оппо-о-о-о!..Жататын мезгiл боп қапты ғой,Қаланың у-шуы да тоқтапты ғой.Ғибадатын үздi деп,Сөге көрмес менi ешкiм.Я, Алла!Мен Сiзге оппозиция емеспiн.Ғафу ет!Ендiгi ойым – етбеттеп, Телевизор көрiп жату ед.

Page 204: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Стоп!КТК-данƏн салып тұр Мақпалым.Осымен бiттi ақпарым.Все!Рекламная пауза.Əумин!

2001 жыл

Page 205: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

205

АТЫ ҐЗГЕРГЕН АКТЕР

Халық əртiсi Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВҚА

Қара түндi қайыстай тiлген машина жыннан қашқандай жылдамдығын үдетiп зымырап келедi. Iшiнде – Тұңғышбай Жаманқұлов. Рульде – өзi. Арғы-бергi замандағы аузы дуалы ғұламалардың айшықты ойларын есiне түсiрiп отыр.

«Есек арыстанның терiсiн жамылса да, айғайынан таны-лып қалады». Бұл қай данышпанның сөзi едi? Е-е, Эзоп айт-қан екен ғой.

«Қыран боламын десең, торғайлардың ортасында бiрiншi болма». Бұл – Пифагор данышпанның пəлсафасы.

Page 206: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

206

«Бұлбұлы қадiрленбеген елдiң қарғасы қарқылдайды». Бұл қай данышпандiкi? Аристотель? Жоқ. Сократ? Ол емес. Ендi кiм? Е, өзiм айтқан екем ғой.

Таразды тастап, Ақыртөбеден асқанда: – Баяғы бабаларымыздың ныспысы қандай əдемi! – деп

таңырқады. – Мысалы, Əбу-Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан əл-Фараби. Қысқаша – Əбунасыр əл-Фараби. Мен ше? «Уважаемый Тунгишбай Кадирович Джаманкулов». Масқара-ай, сол Фарабидi бүгiнгiдей бүкiр тiлмен «Абунасыр Аль-Фарабиевич!» десе ше? Күлесiз, ə?

Бойымның сорайғаны болмаса əл-Фарабиден қай жерiм кем? Ол Отырарда, мен Таразда, екеумiз де Жiбек жолының бойында туғанбыз. Мен де сол Əл-Фараби секiлдi жетi атама жерiмдi, екi атама елiмдi қосып жазайын. Ол аз болса руым мен рухымды мипалаудай араластырып жiберейiн. Бұған театр мен кинода сомдаған хандардың есiмiн қосақтап, аты-жөнiмдi айғақтай түсейiн. Сонда бар ғой-ə, аты-жөнiм алты Алаштың аузында жүрмесе ап кел қолыңды! Бiттi, Бəтима! Кiрiсем! «Ығай, сығай, Мырқымбай, сам ызнайыт Сəрсенбай». Өз еркiм өзiмде, өзгертсем өзгертем ныспымды. Бөрi жеген бөксем бар, иттен несiн аяйын?

Жамбыл қаласының бұрынғы аты – Əулие Ата. «Тұңғыш-бай Əулие Ата» десем қайтедi? Онша келiңкiремейтiн сияқ-ты. «Атымды ұрлады!» деп Сары əулие, Ақ əулие, ана əулие, мына əулие тайлы-таяғымен көтерiлiп, шуламай ма? Əй, бi-рақ несi бар, əртiстер де əулие!

Оһо-о, табылды. Тұңғышбай əл Тарази! Қатып тұр. Əй, бiрақ Əкiм Тарази ағам «Менiң фамилияма жармасып, аты-жөнiмдi алып қойды» деп қиғылық шығарса қайтем? Кiмдiкiн кiм алмай жатыр қазiр? Қорасына түсiп қойын ұрлағам жоқ. Əкiм – «əл»сiз Тарази, мен – əл-Тарази!

Тараз – қала, недвижимость. Тараздың затын жекешелен-дiрмесем де, атын жекешелендiруге құқым бар шығар?!

Он ойланып, тоқсан толғанып ныспысын тапты-ау ақыры. Өзi құрастырған өзiнiң аты-жөнiне iштей риза болғаны сонша, еңсесi түскен ескi үйдi бұзып, орнына он алты қабат жаңа ғимарат салғандай қуанды.

Page 207: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

207

– Бұл жаңалығымды Əзiрбайжан Мəмбетов пен Асанəлi Əшiмов естiсе, тапқырлығыма таң қалса, белiмнен қысып, бетiмнен шөп-шөп сүйетiн шығар? – деп топшылады. – Бiрақ, бұл пəтiгiмдi бұхара халық қабылдай ма? Мiне, гəп қайда? Қалың ұйқыда жатқан халқымды оятып, сынап көре-йiншi осы.

Тас қараңғы түнде шам жанып тұрған шағын үйдiң ал-дына тоқтады да, тоқылдатып есiгiн қақты.

– Бұл кiм? – дедi үй иесi. Есiктiң қиюына екi езуiн тақаған Тұңғышбай ешкiм естiмеген су жаңа есiмдерiн судыратты:

– Хас Сақ, Дештi-Қыпшақ, ибн Жаныс Дулати, Даңғыл Жамбыл, Əз Əулие Ата, Абылайхан, Қайырхан, Əлiшер Науаи, Эдип патша, Голливуд ибн Номад «Көшпендiлер», ибн Қадыр Жаманқұл шал, Тұңғышбай сал, Шыңғыс ханның бажасы Əл-Тарази!..

Ащы iшектей шұбатылған есiмдердi естiген үй иесiнiң есi шығып:

– Ойбо-о-ой, көп екенсiздер ғой. Үйiмiз тар. Сонша адам-ға орын жоқ! – деп есiгiн ашпай қойды.

Ұзын тектен ұтылған Тұңғышбай сол түннен бастап ай-даһардың құйрығындай ұзы-ы-ы-ын «фамилиясының» құй-рығын кесiрткедей қып кестi де «Тұңғышбай əл-Тарази» боп кеттi.

ƏЛ-ТАРАЗИДIҢ ƏНI

Барып қайт, балам!Ауылға туған барып қайт.Шалғынға аунап,Шаршасаң қуат алып қайт.Шоколад жемей шапалақ жесең атаңнан,Кiнəлi оған бағасы удай нарықты айт.Барып қайт!Барып қайт, балам, шапалақ жеп «жарып» қайт.Нағашы, жиен,Жоқ, əлде əпке, аға ма?

Page 208: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

208

Қарама, жаным,Қалдырмай бəрiн арала.Театр үшiн қу жанын қузап əкең деБезбенiн сүйреп безектеп жүрген далада.Арала!Арала бəрiн – қалтасы тесiк, қазаны жоққа қарама.

Еңкейiп жүрiп,Ешкiмге болма кiрiптар.Көтерсең көңiлАуылда сарай, клуб бар.«Турандот ханшайым» думаны саған табылмас,Табылар бiрақ «собразим!» деген другтар.Другтар:«Пошли!» десе, iлесе кетпей тұрып қал!Ауылда қазiрҚоздаған бағзы ғұрыптар.Қай жүзсiң, балам,Руың кiм – бiлiп бар.«Бiздiң көшемен неге жүресiң?» деп, Ұруы мүмкiн кей бала,На всяки случай қолыңа таяқ, шыбықты ал.Шыбықты ал!Шықпыртып сен де бiр-екi рет ұрып қал!

Дүние – түлкi,Тазы боп ел-жұрт қуып жүр.Тек доллар iздеп,Теңгеден бəрi суып жүр.Мал табу үшiн малмандай су боп ауылдаЕсектiң артын еңкiлдеп кiмдер жуып жүр?Жуып жүр!Дүние қумай өнерге, жаным, жуық жүр!

Өсiп те жатырЕгемен елдiң айлығы.Өстi ме екенРухани шiркiн, байлығы?

Page 209: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жамбылда туған Жаманқұлов-ақ болсам да,Əл-Тарази айтып жатыр əй, мұны.Əй, мұны...Егiлiп тұрып елiме айтам қай күнi?

Сахнамның, айхай,Белгiлi дəстүрi елге.Сақал да қойып,Кей кезде мəскiмен деҚайырхан бабам, Тəңiрберген мен патша ЭдипКейпiне енiп ойнадым талай басты ролде.Басты ролде!Ауылға мен де барсам ба деймiн гастролге.

Барып қайт, балам,Ауылға туған барып қайт.Шалғынға аунап,Шаршасаң қуат алып қайт.Шоколад жемей шапалақ жесең атаңнанКiнəлi оған бағасы удай нарықты айт.Шауып қайт!Шауып қайт, балам, «спонсор» болса тауып қайт!..

1994 жыл

Page 210: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

210

БIЗДЕ БƏРI БАР!

Халық əртiсi Роза РЫМБАЕВАҒА

Бiзде не жоқ, бəрi бар! Əсiресе, қазақ эстрадасында. Жас десең – жас, кəрi десең – кəрi бар. Бiзде бəрi бар!

Екi əн айтса – эстрада! Жарты əн салғандар жарық жұлдыз. Неге? Жарты əннiң жартысын жарты сағат қайталайды. Тұрып қалған пластинкадай бiр орында айнала бередi, айнала бередi. Мiне, звезда!

Баяғыда бiр ағамыз «Неғұрлым ертерек iшсек, соғұрлым ертерек мас боламыз» дейтiн.

Қазiр ше? «Салған əнiң неғұрлым «фальш» болса, соғұрлым табыс болады».

Ешкiнiң арманын бiлесiздер ме? Байғұс ешкi бауыздаларын сезгенде былайша армандайды екен: «Шiркiн-ай, кiм сойса да жанымды қинамай қасапшы сойса екен!».

Қазақ эстрадасына «қасапшы» жетiспейдi. Əйтпесе, бiзде бəрi бар.

Page 211: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

211

Қазiргi қазақ эстрадасында екi Роза бар. Роза Бағланова! Роза Рымбаева! Бiреуi жөргекте жүргенде, бiреуi жер-көкте жүрген.

Роза Тəжiбайқызы ылғи да: «Мен бақытты əншiмiн! – дейдi. – Алпыс төрт шетелде тоқсан тоғыз рет əн салған аса бақытты əншiмiн! Генерал Рокоссовский окоптың iшiнде ма-ған орден тақты. Талай патшамен табақтас болдым. Бақыт-тымын!»

Бақыт деген немене,Жүйрiк ат па деп қалам.Сан жарыстан озып кеп,Бiр қазыққа тоқтаған.

Бақыт деген немене,Сұлу қыз ба деп қалам.Көп жiгiтпен би билеп,Бiр жiгiтке тоқтаған.

Бақыт деген немене,Апай ма екен деп қалам.Сталинмен би билеп,Хрущевке тоқтаған.

Бақыт деген немене,Апай ма екен деп қалам.Хрущевтi итерiп жiберiп,Брежневке тоқтаған.

Бақыт деген немене,Апай ма екен деп қалам.Брежнев кеткесiнГорбачевқа тоқтаған.

Бақыт деген немене,Апай ма екен деп қалам.Ақ патшаны паш етiп,Қаһарман боп тоқтаған!

Page 212: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

212

Роза Рымбаева окопты көрмесе де, Тасқын Оқапты көрдi. Бақытты! Ақ патша «Парасат» орденiмен марапаттады. Ба-қытты! Екi рет депутаттыққа ұсынды. Сахнаны саясатқа айырбастамады. Бақытты! Ең бастысы – елдiң жүрегiнде! Бұдан асқан бақыт бар ма?

Қазақ қарап жүре ме? Жəй отырған қазақ бiр кебiстi бiр кебiске сұғып отырады. Əйтпесе, қазақ бола ма? Соңғы жыл-дары сахнадан, теледидардан Мақпалға арнаған майпалау секiлдi пародия жиi орындалады. Мақпалдай-ақ əншi бол-сын! Өткен жолы «Тамашадан» тағы да айтып жатыр.

– Роза Рымбаева космосқа ұшуы мүмкiн бе? – дейдi.– Розаны қайдам, Мақпал Жүнiсова ұшады! – дейдi.Сондай да сөз бола ма екен? Роза мен Мақпал əн əлемiнiң

космосына ұшқалы қай заман! Екеуi əлi ұшып жүр. Бөлек-бөлек...

Роза Рымбаева – космонавт. Мақпал Жүнiсова – космонавт. Заманбек Нұрқадiлов – «борт инженер».

Зəкеңдей «борт инженерлер» көбейсе, шiркiн-ай, қазақ эстрадасын айға апарып орнатуға болар едi.

Əй, бiрақ қазақ қарап жүре ме?– Розаны Роза еткен «Əлия» əнi! – дейдi.– Болгарияда өткен халықаралық эстрада əншiлерiнiң кон-

курсында «Əлияны» айтпағанда Роза көкке шырқап шық-пайтын едi! – дейдi. Шыққанда қандай! Роза «Əлияны» кө-тердi, «Əлия» Розаны көтердi.

Сонда деймiн-ау... Сол конкурста «Əлияны» Роза емес, басқа əншiлер айтқанда «Алтын орфей» жүлдесi бұйырар ма едi? Əй, қайдам?

Мысалы, Розаның бiр əнiн мен айтып көрейiншi.

А-а-а-а-ай!Қазақтардың қапшығыАрқасында болады.Анау-мынау нəрсегеҚапшықтың iшi толады.Толған сайын қазақтарШалқаятын болады.

Page 213: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

213

Ал, өзбектiң қапшығыКеудесiнде болады.Кəкiр-шүкiр нəрсегеҚапшықтың iшi толады.Толған сайын өзбектерЕңкейетiн болады.

Қалай? Маған «Алтын орфей» бересiздер ме? Əй, қайдам? Бiзде не жоқ, бəрi бар. Конкурс өз алдына, «конкуренция»

деген бар. Бəсеке! Қызылшақа əншi Рахат Тұрлыханов əн шырқады.

Жанарыңнан домалапБiр тамшы жас үзiлдi.Ой, рахат-ай! Рахаттың конкурентi жоқ едi, табылды.

Көзiнiң жасын мөлтiлдетiп депутат Ғани Қасымов шықты. «Тұрлыхановта бар дауыс менде де бар!» дегендей, ол да əндеттi.

Жаным-ау, неге мөлт еттiң,Бiр тамшы көздiң жасындай?...Бiздiң Ғани осындай!Мiне, эстраданың ең соңғы екi тамшысы! Бiзде не жоқ, бəрi бар. «Есiнегенге де елiктейтiндер»

бар. «Асылғазы басын қасып едi, Асылғазының қасындағы Қасымғазы да асыға басын қасыды». Анау түшкiрсе, мынау «Жəрекемалла!» дейдi. Бiреу графин сындырса, бiреу стакан сындырады.

Ендеше, елп еткенге елiктемейтiн эстрада жұлдызы кiм? Роза Рымбаева!

Розаның сиқыры сол – бiр өзi сахнада бұлбұлдай сайрап, бүкiл залға қол шапалақтатып қояды.

Розаның сиқыры сол – бүкiл залды тамсандырып, əн сал-дырып, бiр өзi сахнада қол шапалақтап тұрады.

Розаның сиқыры сол – самалдай соғып сахнаға шыққанда, құйқылжыған əнiмен ел-жұрттың рухани əлемiн дүр сiлкiн-дiредi.

1997 жыл

Page 214: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

214

ЌЎЙЌАНЫЅ ДƏМI

Халық əртiсi Құдайберген СҰЛТАНБАЕВҚА

Жасыратын несi бар, кемпiрқосақтың түсi секiлдi əр адам-ның iсi де, түсi де əрқилы болады ғой. Бiр жұмырбас тышқан аңдыған тымпи мысық секiлдi «Iшiмдегiнi тауып ал!» деп тұрса, ендi бiр есерсоқ неме «Қолыңнан келсе шауып ал!» деп шалқақтайды. Бiреу қарайғанға қақтығып тұрады, бiреу сорайғанға соқтығып тұрады. Ал, баз бiреулер бар нəрсенiң өзiн ақи-тақи жоқ қылып тұрады.

Бiздiң Құдайберген бұлардың бiреуiне де ұқсамайды. Құ-дайбергендi құдай жарылқап, азды-көптi несiбесiн аямаған: көрсiн деп көз берген, сөйлесiн деп сөз берген, тыңдасын деп құлақ берген. Сондықтан да болар «сыбырлағанды Құдай да естидi», Құдайберген де естидi.

Page 215: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

215

Құдайбергеннiң құйтақандай кезiнде қу тiлдi қушыкеш бiр қария:

– Балам, «А» деп айтшы! – деп құлағына сыбырласа ке-рек. Сонда Құдайберген:

– «А»-ның үлкенiн айтайын ба, кiшiсiн айтайын ба? – деп бажырайып қараған.

– Өй, айналып кетейiн, болайын деп тұрған бала екенсiң. Ендi мына сұраққа жауап бершi: кетпеннiң басын бассаң не болады?

– Сабы сарт етiп маңдайыңа тиедi!– Əй, балам, мынауың да үлкен пəлсафа. Мен бiлсем бар

ғой, ешкiм естiмесiн, сенен үлке-ен кандидат наук шығады. Мектептi бiтiргесiн қайда барасың?

– Оқуға түсем! Оқуды бiтiргесiн əп-əдемi тауыққа барам.– «Əп-əдемi тауық» деген не пəле тағы?– Əп-əдемi тауық деген əп-əдемi тауық. Ағам сол Алма-

тыдағы əп-əдемi тауықта iстейдi.– Ой, қызталақ, қайдағы жоқты шығарасың. Ағаң əп-

əдемi тауықта емес, ғалымдардың ордасы «Академнаукта» iстейдi.

– Əжем ғой əп-əдемi тауық деп жүрген...Құдайбергендi құдай сақтап мектептi бiтiргесiн «наук»

қумай, тауық қуып кеттi. Баяғы қария балақайды ұстап алып:– Əй, тапа-тал түсте тауық қуып жүргенiң не? Еңгезердей

боп елден ұят емес пе? – деп құлағына сыбырлады.– Суретшi болам!– Суретшi болатын адам тауық қуа ма екен?– Суретiн салам...– Кiмнiң?– Тауықтың.– Əй, балам, құлағыңды берi ұста. Бояушы болғың келсе

тауықтың емес, сайтанның суретiн салып үйрен.– Е, неге?– Тауықты танымайтын адам жоқ, ал сайтаныңды тiрi

пенде көрген емес. Бiрдеңе-шiрдеңенi құйын соққандай ши-майлап-шимайлап «Мiне, мынау сайтанның суретi!» десең, оған жұрттың бəрi сенедi. Сенбесе маған кел!

Page 216: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

216

– Жоқ, ата, сайтанды көрмей суретiн сала алмаймын!.. Құпия емес, Құдайберген сай-саладағы сайтанды iздеп

бiраз жүрдi. Жүрдi-жүрдi. Табылмады. Сосын «Сайтан iздеп сартiс болғанша, сахнада əртiс болайын» деп ойлады.

Мiнеки, айналып-айналып ақыр соңында əртiс болды да шықты. Əртiс болғанда қандай, Қазақстан Республикасы Парламентi мəжiлiсiнiң əртiс-депутаты болды.

– Парламенттегi 67 депутаттың, олардың бəрi əртiс. Бi-рақ iштерiндегi шын əртiс мен ғанамын! – деп төрт жыл тө-бесiмен жүрдi.

Əгəрəки, əр адам орта есеппен күнiне бiр килограмм та-мақ жеп, екi литр су iшсе, елу жылда өңештен өткен нəрсе-сiнiң салмағы қанша болар едi?

Онда екi езуiмiз – ет комбинаты, аузымыз – астық қоймасы, асқазанымыз цистернаға ұқсап кетер едi. Мiне, мəселе қайда? Құдайберген Сұлтанбаев депутат болғанға дейiн яғни, жарты ғасырдың iшiнде 18 мың 615 тонна тамақ, 37 мың 230 литр су iшiптi. Не деген қуат! Ал ендi осыншама тамақтың күш-қуаты қайда жұмсалды! Əрине, қақ жартысы «Тамашаға», қалғаны бала-шаға...

Ал, Парламентке ше? Айтар сөзi – ойында, бар қуаты – бойында, шығын шыққан жоқ. Саяхаттан... Кешiрiңiздер, саясаттан сахнаға қайтып келгенi қандай жақсы болды. Өз қуаты өзiнде. Құдайберген де қу ғой, көп қуатын көрермен-дерiне сары майдай сақтаған болуы керек.

«Күндiз шешiнедi,Түнде киiнедi».Бұл жұмбақтың шешуi – Құдайберген дейсiздер ме? Олай

емес. Құдайберген, керiсiнше, күндiз киiнiп, түнде шешiнедi. Бұл жұмбақтың шешуi – киiм iлгiш. Мырс етiп миықтан күлмеңiздер, «театр киiм iлгiштен басталады».

Құдайбергеннiң құлағы шалмаған нəрсе жоқ. Əуелi əже-сiнiң «Түлкi неге қу?» деген ертегiсiн естiп өстi.Ерте,Ерте,Ерте заманда,Ешкiнiң құйрығы келте заманда

Page 217: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

217

Түлкi мен тырна дос болыпты.Көңiлдерi хош болыпты.Екеуiнiң деЕкi-екiден баласы бар екен.Бiрақ түлкiнiң iшiнде«Қызғаныш» деген бəлесi бар екен.Себеп?Себебi тырнаТүрiң құрғыр түлкiден биiк ұшты.Түлкi қалай жасырсын күйiнiштi?– Айналайын тырна!Сен қасымда серейiпБекерге тұрма.Бұдан да биiк ұш! – деп қойды.Аңқау тырна аспанға ұшқанда,Түлкi оның жердегi баласын жеп қойды.Кешке таманАлдынан шығып тырнаның:– Қарашы құдай ұрғанын! –Деп көзiн түкiрiктеп,Мүлəйiмсiп жылайды.– Не болды, достым? –Деп Тырна сұрайды.– Жыламай қайтем, Тырнажан,Менiң кетiп тұр мазам.– Мазаңызға не болды?– Ойбо-о-ой! – деп Түлкi бөгелдi.Бұ дүние бүлiнiп кеткен екен.Ұйқы қысып, Көзiм iлiнiп кеткен екен...Ояна кетсем,Төрт баламыздың бiреуi жоқ.Сен ай жақты iзде,Мен сай жақты iздейiн.Басқа жаққа шабатын шамамыз жоқ.– Сонда қайсымыздың баламыз жоқ?– Əй, досым-ай,

Page 218: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Əбiржiп, шошымайКiшкене дем ал!«Сенiкi, менiкi!» дейтiн не бар?Ұзын мойынның бiреуi жоқ....Содан бастап бұл күнi«Қу» дейдi екен түлкiнi.Иə, солай. Əжесiнiң ертегiсiнен кейiн ел-жұртын елжiретiп

қоятын үкiметтiң ертегiсiн тыңдады. Тыңдамағанда ше? Үкi-меттiң iшiнде үкiлi депутат атанып, үлпiлдеп жүрдi ғой.

– Ендiгi арманым – көзiм көрген көп түлкiнi қуалап, сах-наға шығару! – дейдi Құдекең.

Қайдам? «Ашаршылықта жеген құйқаның дəмiн» ауық-ауық аңсайтын сияқты.

Əй, қойшы. Көрермен үшiн «құйқаның дəмiнен» гөрi, күлкiдей шипаның дəмi тəттi-ау!..

1999 жыл

Page 219: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

219

ЌЎДАЄИ, БIР ПАРТИЯ!..

Əзiлкеш əртiс Бауыржан ИБРАГИМОВКЕ

– Мин мына сатира һəм юмор вечерiн организовать итiп, туй ясап жатыр дигəсiн «Туй кутлы болсын!» дип поздравить итiп килдiм. Но сiздер бұ вечерниң атын чуть-чуть дұрыс қуймағансыздар. Бұ вечерниң атын «Көпен де келе жатыр, құдағи да келе жатыр!..» дип қою кирəк идi. Құдағины ұмытуға болмайды. Мин армияда жүргенде де құдағиды ұмытпай письмо яздым. Шул құдағи да маған бы-лай деп письмо языпты: «Бауыржан, армиядан исəн-аман қайтуына тiлəклəшпiз. Писмоңны узин уқып бирмəсəң, мин түшинбəдiм» диптi. Оказывается, бiр красавица қызға язған письмомны құдағиға ауыстырып салып жiберiппiн. Хи-хи-хи!..

Page 220: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

220

Армиядан қайтқасын «Тамашада» вступайт иттiм. Құдағи обижайт итiп қалмасын дип, «Құдағи, бiр партия» дип тан-цевайт иттiм. Менi «Тамашаға» шығарып сценарий язған ким? Билəсизмi? Көзi кесiрткенiң көзiндей Көпен иптəш. Во-о! Бит Көпен иптəштiң көзi зеленый же. Как светофор. Шул Көпен иптəш айтты:

– Бауыржан iнiм, – дедi, – син «бухгалтер» дигəн сузниң қайдан шыққанын билəсиңмi? – дедi.

– Конечно, билəм! – дедiм. – Ул французның сузi! – дедiм. Көпен иптəш айтты:

– Юк, Бауыржан! Ул французниң сузi емес, қазақның сузi дедi. «Бухгалтер» дигəн суз «Бұқ Ал! Тұр!», яғни «Бұғып барып ал да, тұрып кит!» дигəн қазақниң сузi, – дедi. Мин усыны айтып «Тамашаға» первый раз шықтым.

Бiр күнi құдағиға жүгiрiп бардым:– Құдағи, – дедiм, – бiздiң сиыр сiзнiң сиырны сүзiп, ая-

ғын ақсақ қылды. Сiзнiң сиыр хромайт итiп қалды. Шо мне делать? Нимə iшлəймiн? – дедiм. Құдағи айтты:

– А-а, тогда нешауа! Сынық арбаның сықырлап жүре би-рəтiнi сияқты храмой сиыр да хромайт итiп жүре бирəдi. Пi-шен ашайтын тiлi исəн булса булды! – дедi. Синiң бит, «Мө-ө-ө-ө» деп мөңiрейтiн бұқаң бар. «Кукареку-у-у! Қораз билəн тауық дружит итсə, куп булады жумыртқа!» деп шақыратын қоразың бар. «А-а-а-а!» дип ақыратын ишагың бар. Индi минəн бұзау хочешь, да? Не дам, бирмəймiн! – дедi.

– О-о, құдағи келе жатыр! Құдағи, бiр партия көңiл көтəр-мейсiзмы? Бiр партия! Ну, ладно, сiзлəрдə туй болып жатыр икəн... Мин дə уз һунəрiмдi көрсəтейiн. Сейчас для вас цыган жырларын жырлап бирəйiн.

Открывать театр в наше времяЯ скажу вам братцы нелегко.Я плачу артистам за аренду,Лучше бы открыл казино.

Мин Муслим Магомаевны театрға жыр жырлап қайтуға шақырып идiм, «Извини, Бауыржан, – дедi. – Я не Петросян,

Page 221: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

221

не Задорнов. Я же Муслим. Или ты пой, или я не буду больше петь». Сейчас он молчит, я пою.

А где-то свадьба пела и плясалаМеня туда забыли пригласить.Какой же той пройдет без БауыржанаНа свете нету лучше тамады.

Ми вчера тойның алдында освежаться итiп құдағиның мунчасына түшiп жатыр идiм, бiреу двернi стучайт итəд.

– Бұ кiм? Кто там? – дип қычқырдым. Оказываетсi, құда-ғиның икi туған iнiсi икəн.

– Давай, Бауыржан, – дейдi, – синiң ружьең бар бит, биздə патрон бар. Охотоға барайық! – дейдi. Мин айттым:

– Хатынымның қасынан қашқандай болып, тыржалаңаш голый қайда барам? Хазiр не могу, – дедiм.

Давай веник, давай таз,Париться будем сейчас.Құда кискəн утын юк,Құдағи яққан мунча бар.Хазiр татар малай, бир-икi генə елпенəм да барам! –

дедiм.Шүнибилəн, үшеумiз охотаға шықтық. Мин, еще татар

құдағиның икi iнiсi. Үшеумiз степнi аралап, бiр кроликнi атып алдық. Но үшеумiз бiр кроликнi делить ете алмай құда-ғиға келдiк. Мин:

– Құдағи, – дедiм, – ружье менiкi, кроликнi узым стре-лять иттiм. Только патрон ғана сiзнiң iнiңизнiкi. Честно айты-ңызшы, кроликнi кiм алу кирəк? – дедiм. Құдағи айтты.

– Икi татар, икi татарға бiр кролик тə житəр. Бауыржанның мылтығы бар бит, тағы да атар! – дип кроликнi маған бермей қойды.

– Құдағи, как это так? – деп бушевайт итiп, шум шығарып идiм:

– Бауыржан, əфенде, бұл сəясат, политика! – дедi құда-ғи. – Син узiң политиканы билəсиңмi?

Page 222: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

– Конечно, билəм! – дедiм мин. – Например, бiзнiң театрға килгəн хатын-қизлəр зур шлəпəлəр киеп утырганлықтан, артта утырганнар бiр нəрсе көре алмайды. «Хатындардан шлəпалерiн баштан шешiп утуруларын үтiнəбiз!» дисəң, бұ хатын-қызлəр тыңламайды. Сосын мин политика жасап сөй-леймiн: «Қырық яштан үткен хатынлар шлəпəлəрiн шешпей утырса да ярайды!» деймiн. Все! Күллi хатынлар шлəпəлерiн сразым снимайт итəдi.

– Юк! – дейдi құдағи! – политика дигəн ул емес, минə нəрсе ул: əгəр патша патшаны алдаса, ул политика, яғни сеясат булад. Əгəр генерал бир генералны алдаса, ул стратегия булад. Əгəр мужик мужикны алдаса, ул мошенничество булад. Только разница шунда ғана: олар əммесi бiр нəрсе, тек названиесi ғана башқа-башқа. Вот это и есть политика. Кроликнi саған бермей, iнiме беру де – политика!

О, құдағи кетiп бара жатыр. Құдағи қайда барасыз? Бiр партия танцевайть итмəйсызмы? Это не политика, а сизгə дигəн зор құрмет. Құдағи, бiр партия!..

1996 жыл

Page 223: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

223

СЕРIК АЌЫН – СЕКСЕНДЕ!..

Ақын Серiк ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫНА

Серiк ақын сексенге келсе не дер едi? «Сексен» деген сөздi айта алмай «Секс... секс... сексендемiн» деп селкiлдеп тұратын шығар.

– Серiк ата, жастық шағыңыз туралы бiр-екi шумақ өлеңдi суырып сап айта аласыз ба?

– Əй, қарақтарым-ай! Күлесiңдер, ə? Күлсең – кəрiге күл, бастарыңа келсiн, айналайын.

– Ата, бiр-екi стишок о любви...– Ə-ə-ə, өлең сұраған екенсiңдер ғой. Ұмытшақ болдым,

айналайын. Миымда махаббаттан басқа ештеңе қалмаған. – Жiгiт кезiңiзде қандай болдыңыз, ата?– Торғайдағы тойға барғанымда мен жиырма бесте едiм.

Қазiргiден əлдеқайда сестi едiм. Бақпанды қаздың баласын-

Page 224: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

224

дай балпаң басып жүрсем де, бағдарсыз жолда батпақ суды кешпедiм.

...Серiк ата Қаңбақ шал секiлдi қалбалақтап қалды. Ең-кейдi. Есiне бiрдеңе түстi ме? Қайдам. Елуге келген шағында екiленiп өлең жазбапты. Алда-жалда «Айхай, екi жиырма бес!» деп өлең жазғанда ғой, өзi туралы былай сiлтер ме едi, қайтер едi...

– Махаббаттың қалдырмай артына сынМагнит боп, əрине, тартыласың.«Сұлуым-ай, сұлуым!» деп жүргендеЖасап қалдым қалайша жарты ғасыр?

Елудi неге керек елеп тегi,Шоршимын ба шортандай себеттегi!?Елу деген ересек кезiң емес,«Елу – екi жиырма бес!» демеп пе едi!

Елу шiркiн несiне сызданады,Елу қыздың ерiнi жүз болады.Жүз ерiндi, шiркiн-ай, сүймесем де,Сүйгендей боп сыйладым қыз баланы.

Əмiрiне бағынбастан жүректiң,Сұлу көрсем сұқтанбай-ақ дiр еттiм.Маңғазданып шақырамын алыстан,Ертедегi храмындай гректiң.

Тау суындай таусылмайды əн-арман,Көп тарихым көрiнiп тұр жанардан.Екi бетiм еркелiктен алаулап,Асау шашым махаббаттан ағарған.

Көпке дейiн болып едiм сүр бойдақ,Əсiресе əжем соны жүрдi ойлап.– Əр күн сайын əр қызбенен танысыпНеғыласың! – дедi əжем ойбайлап.

Page 225: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

225

– Əже, – дедiм, – қандай əппақ тiлеуiң,Керек емес келiндi ойлап жүдеуiң.Сол қыздардың бəрiн, бəрiн алмаймын,Алсам алам тек əдемi бiреуiн!

Көрсеткiм кеп соңғы мода үлгiнiҚып-қызыл қып кəстөм кидiм бiр күнi.– Қызыл кəстөм неге киiп алғасың? –Дедi Сейiт көргендей боп жындыны.

«Қызыл кəстөм кидiң» дедi-ау жолдасым,Қызыл, қызыл...Маған айтар сол ма сын?Кисем кидiм қызыл кəстөм тек қанаТүсi қызыл болғасын.

Қыз дегенiң қырда өскен қызғалдақ,Əсетпенен жүз əн жаздым қызға арнап.Қызыл кəстөм,Қызыл ерiн,Қызыл ай...Əлi күнге қол бұлғайды бiздi арбап.

Неге жетпей, неменеге жете алдым,Сынығындай секiлдiмiн металдың.Он алты жыл оқыдым-ау КазГУ-деЖел жағынан жүремiн деп деканның.

Көргенiм жоқ бел кететiн көп iстi,Көргенiм жоқ əкем көрген соғысты.Мен не көрдiм есте қалар ерекше,Көрсем көрдiм партиялық сөгiстi.

«Өзiм кiмге ұқсаймын» деп сұрағам,Ел айтады: «Аумай қалған Сырағаң!..»Ал, менiмше, ақын Қайсын КулиевМаған ұқсас қалмақтағы бiр ағам.

Page 226: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Оған ұқсау, бұған ұқсау не теңiм,Ұқсай берсем Серiк болмай кетемiн.Пушкин болу Шөмiшбайға түк емес,Ал, мен өзiм Серiк болсам жетедi!..

1996 жыл

Page 227: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

227

СЇЙЕМ СЕНI!..

Ақын Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТКЕ

«Спортлотоның» нөмiрi секiлдi, ақындардың махаббаты да түрлi-түрлi. Бiрi даланы сүйедi, бiрi қаланы сүйедi. Анау ақын айға ғашық, мынаусы жұлдызға iңкəр. Ал, ендi алғашқы махаббатты ағыл-тегiл жырламаған ақын жоқ.

Алғашқы махаббат! Күндiз естен, түнде түстен кетпейдi.Алғашқы махаббат туралы əн де көп, əңгiме де көп,

өлең де қыруар. Ал, ендi екiншi махаббат, үшiншi махаббат, төртiншi махаббат деген өлең естiген емеспiн.

Алғашқы махаббаттың аты – алғашқы махаббат. Ал, одан кейiнгi махаббаттың бəрi алғашқы махаббатты қайталау ғана.

Бiр ғана тақырып: «Мен сенi сүйемiн!». Ал, ендi осыны қай ақын қалай жырлаған?

Page 228: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

228

Қарағым, айналайын, айдан əппақ,Қасыңнан шыға алмаймын айналақтап!

Бұл – баяғы бабаларымыздың өлеңi. Арудың қасынан ай-налақтап неге шыға алмайды? Сүйедi де! Сүйгесiн шыға ал-майды.

«Жардың ернi түнде өпкен,Жардың ернi күнде өпкен.Теңiз суы секiлдiТатқан сайын шөлдеткен».

Қадыр Мырза Əли!

Əсiресе, ақындар махаббатқа мас болып, кенезесi кеуiп, сұлулыққа сусап, шөлдейдi де тұрады.

«Сүйшi, сəулем, тағы да сүй, тағы да...» Мағжан Жұмабаев!

«Сүйем сенi,Сүйемiн,Сүйе беремiн.Сүйе берем,Сүйемiн,Сүйе беремiн.Өлсем де басымды саған сүйеп өлемiн!..»

Кеңшiлiк Мырзабеков!

Тұмағаң, Тұманбай Молдағалиев ағамның да тұла бойы тұнған махаббат.

«Ғашықпын ба бiлмеймiн, жаным, саған...».«Етегi бүрмелi қыз», «Басында бантигi бар қыз», «Туфлиiн

аяп жауынның астында жалаңаяқ жүгiрген қыз» туралы өлеңдi көп оқыдық. Ал, сiздер «Дəлiз жуған келiншек» деген өлеңдi бiлесiздер ме? Жоқ, олай емес... «Дəлiздi швабрасыз жуған келiншек».

Мұны жазған кiм? Ұлықбек Есдəулет!Сүю – қыздың отырған, тұрғанына байланысты емес.

Ақынның көзiмен ақырын ғана қарау керек.

Page 229: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

229

Құтылмайсың қашып түк,Құшағыңды ашып, күт.Қайта көрген түстей боп,Қайта келген құстай боп,Қайта оралар ғашықтық! –

дейдi Ұлықбек.Қайта-қайта ғашық болатын жалғыз Тұмағаң ғана емес.

Ақынның бəрi сондай. Ал, Ұлықбек кiмге ғашық? Не нəрсеге ынтызар?

Ұлықбек қадiрлi елiн сүйедi, қасиеттi жерiн сүйедi. Ал-тайдан Атырауға дейiн, Шыңғыстаудан Маңғыстауға дейiн, Өскеменнен Қаскелеңге дейiн, тiптi, Арқаның ақ түтек бо-ранына дейiн ғашық. Мынау əлем оның «махаббатының му-зейi» секiлдi. Мұңданады. Мұңаяды. Ашынады. Неге?

«Бабалардың қаны сiңген байрақ жер жыртысқа айналып» кетпесе екен деп ашынады. «Маңдайындағы əжiм уақыттың жұмбақ иероглифтерi» секiлдi. «Қылы үзiлген қобыздай күңiренедi», «белдеудегi байлаулы жарау аттай аласұрады», жер тарпып тыпыршиды.Жиi ашынам!ен даладамиы ашығансен ғана ма?Қарақтылароқ құшқанда,қанаттылар

Page 230: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

230

көкке ұшқанда,сауыры түтiншер далада,бауыры бүтiнсен ғана ма?

Көкек келiпұясы лаң,зекет терiп,жуасығанбозторғайдайжиi ашынам,жиi ашынам! – дейдi. Ақын неге ашынады?Бiр қанденге сəлем берiп шықсам деп,Кезек күтiп отыр мiне, арыстан.

Осындайда еске түседi. Бiздiң ауылдың бiр қазағы бiр өзбектен «Ташкенге қай жол барады?» деп сұрапты. Сонда өзбек ағайын «Ташкенге жол бармайды, Ташкенге өзiң бара-сың» дептi.

Ұлықбек ешқайда барған емес, оның поэзиясына оқыр-мандардың өзi барады.

Кеудесi бос керiлген адамның екi иығына екi шайтан мiнiп алып екi құлағына сыбырлайды дейдi: «Əй, сен кереметсiң! Сенен мықты жоқ, жұртқа сəлем берiп қайтесiң?..» деп жол-дан тайдырады екен.

Ұлықбек – перiштелi ақын. Оның Тұңғышбай айтып жүрген қазақтар туралы өлеңi

тұрмыстық пародияға сұранып-ақ тұр. Мысалы, былай...

Құда деген бiр ел бар құдай қосқан,Шырайына қазақтың шырай қосқан.Құдаңызды құдайдай күтпесеңiзҚақ айрылып қара жер, құлайды аспан.

Кiммен құда боласың – Алла бiлер,Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.

Page 231: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

231

Егерде бай мен кедей құда болса,Арасында арықтау жорға жүрер.Құдам-ай, құдам-ай,Бұ қалай?

Кiммен құда боласың – Алла бiлер,Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.Егерде «крутой» мен «крутой» құда болса,Арасында «Мерседес», «Вольво» жүрер.

Кiммен құда боласың – Алла бiлер,Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.Бiр кедей мен бiр кедей құда болса,Арасында арпасыз дорба жүрер.Құдам-ай, құдам-ай,Бұ қалай?

Құда деген бiр ел бар алаңғасар,Жəй жүргенде адамнан адам қашар.Көк тiрегiн көкемен құда болсаң,Жапырылып жарты əлем амандасар.

Құда болып мiнеки, берiп ек той,Алдыңыздан арқанды керiп ек қой.Барған жерде əйтеуiр бағы ашылсын,Қыз бен қойдың жүрмейтiн жерi жоқ қой!..Құдам-ай, құдам-ай,Бұ қалай?

Орыстың атақты ақыны Сергей Михалков əдебиет инсти-тутына түсу үшiн емтихан тапсырғанда профессор:

– Сұрау белгiсi дегенiмiз не? – деп сұрайды. Оның тео-риясын қапелiмде айта алмаған жас қаламгер:

– Сұрау белгiсi дегенiмiз қартайған Леп белгiсi! – деп жа-уап бередi.

Ұлықбектiң сөзi де, өзi де леп белгiдей.2004 жыл

Page 232: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

232

ШЫРКҐБЕЛЕК ДЇНИЕ

Саясаткер Алтынбек СƏРСЕНБАЙҰЛЫНА

Атам қазақ «Ер жiгiттiң басына бақ үш рет қонады» деу-шi едi. Қалай тауып айтқан! Алтынбектiң басына БАҚ үш рет емес, төрт рет қонды. «БАҚ» – қысқарған сөз. Бұқаралық Ақпарат Құралдары. Мiнеки, Алтынбек Сəрсенбайұлы Ақ-парат министрi боп төртiншi рет тағайындалды. Жетi рет өлшеп, бiр рет кесетiн дана халқымыздың тiлiмен айтқанда, Үкiмет оны төрт рет өлшеп, бiр рет кестi! Сол-сол екен, та-лай сөздiң тиегi ағытылды. Талай журналист тар қалпағын аспанға атып, қуанғаны да рас. Негiзi, бiр адам билiкке кел-се, əрi итерiп, берi жығып гу-гуге басамыз. Əйтпесе, қазақ боламыз ба? Ол – өмiр заңдылығы.

Page 233: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Пəлсафа заңы былай: «Бар нəрсе жоғалмайды, жоқтан бар пайда болмайды». Ендеше, Алтынбек жоқтан пайда болған жоқ, ол баяғыдан бар шенеунiк. Ақпарат министрлiгiнiң атын ауыстырып мiне берсiн, мейлi! Бəрiбiр бəсең жүрiп те бəйге алатын шабандоз.

Кешегi Кеңес өкiметiнiң кезiнде «Дважды герой Совет-ского Союза» болғандар аз ба? Ғарышқа екi рет ұшқандар қаншама!.. Ондай дерек шетелде шаш етектен. Мысалы, Сүлеймен Демирель алты рет Премьер-министр болған. Же-тiншi ретте Түркияның Президентi болды. Ал, Алтынбек тағы да, тағы да Ақпарат министрi болса, несi бар?! Шым-кентше айтқанда – жүдə, жақсы!

Махаббат заңы былай: Ғашығын бiр рет сүйген жiгiт тағы да сүйгiсi кеп тұрады.

Физика заңы былай: Iргетасы мықты қабырғаның бiр кiрпiшi дұрыс қаланбаса, түптiң түбiнде бүкiл қабырға құ-лайды. Егер Алтынбектi бiр кiрпiш десек, саясаттың қабыр-ғасына жапсарбасты боп қаланған орнықты кiрпiш. Қытай қорғанындай!

Математиканың заңы былай: Шеңбер бойымен жүрген-дер ешқашан тұйыққа тiрелмейдi. Алтынбек – шеңберi үлкен шенеунiк. Шеңбердi айналсын-айналмасын, көзқарасы тұ-рақты.

Аңшылардың заңы былай: Бiр рет атқан оғы мүлт кетсе, екiншi рет тағы атады. Министр де аңшылардан аумайды, ендi ненi көздесе де мықтап көздейдi.

Механизм заңы былай: Үлкен шестерня бiр айналғанда, кiшi шестерня шыр айналады. БАҚ қызметкерлерi үшiн Ал-тынбек, əрине, үлкен шестерня. Шыр айналдырады! Бiрақ, оның да үлке-е-ен шестернясы бар...

2003 жыл

Page 234: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

234

ЖЕР МЕН КҐКТIЅ АРАСЫ

Жазушы Сəбит ДОСАНОВҚА

Бұл өзi жайсыз жатып көрген түс емес, не адам сенетiн iс емес. Бiрақ, болған оқиға.

Ерте, ерте, ертеде, ешкi жүнi бөртеде... Жо-оқ, одан да бер-теде... Анау жылдары Торғай облысы бiресе ашылып, бiресе жабылып жатқан жапатармағай заманда Арқалықтан ұшқан «ТУ-154» алып ұшағы апатқа ұшырап, көп жолаушылар-дың iшiнен екi-ақ адам аман қалған едi.

Соның бiрi – жазушы Сəбит Досанов болатын...

Page 235: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

235

Ала бұлттың аржағында айырпылан ағып келедi, артына «ақ бояуын жағып» келедi. Iшiнде Сəбит Досанов нағып ке-ледi? Қасында отырған қарындаспен танысқысы кеп, қас-қа-бағын бағып келедi. Ойы – он бөлек, көзi – дөңгелек.

«Қалай таныссам екен?» – деп ойлады Сəбит. – «Қарындас, атың кiм?» десем бе екен, əлде сағат сұрасам ба екен?

«Қарындас қайда барасың?» десем бе екен, əлде «Қайдан келесiң?» десем бе екен?

Тындырған iсiмдi айтсам ба екен, əлде түнде көрген тү-сiмдi айтсам ба екен? Ə, соным дұрыс. «Қарындас, түнде түс көрдiм, түсiмде қызық iс көрдiм дейiн. Басымда бит қаптап, балағыма шейiн өрiп жүр екен. Екеумiз бас түйiстiрдiк. Менiң басымдағы бiр-екi бит сенiң басыңа қарай барлаушыдай ба-уырлап, жыбырлаған күйi өттi де кеттi. Жанында жетi-сегiз жабысқағы бар».

Жо-жоқ, шошып кетер. Одан басқа ойнақы нəрсенi ойлап табайын. Əлде... Əй, бiрақ, бұл қу қыз менiң əйгiлi жазушы Сəбит Досанов екенiмдi бiлiп отыр-ау? Ə-ə, бiлiп отыр. Неге бiлмесiн, бұ қыз түгiлi қазақ əдебиетiнiң қазанын қайнатып, көбiгiн қалқыған Сəбит Мұқанов, Мұқамеджан Қаратаев, Олжас Сүлейменов, Темiрғали Нұртазин, Тəкен Əлiмқұлов, Сəкен Жүнiсов, Сайын Мұратбеков, сосын Аристотель... Туh, Аристотель деппiн ғой, кiм... анау... мəскеулiк сыншылар Мирошниченко, Тамм, Полухина, Столяров менiң мен еке-нiмдi баяғыда бiлген. Бiлмесе шығармаларыма жылы лебiз жаза ма?!

Менi Қазақстан ғана емес, шетелдiктер шетiнен бастап таниды. Дүние жүзiн дүбiрлеттiм. Бармаған жер, баспаған тауым жоқ. Иə, əрiсi шетел, берiсi Торғайға белгiлiмiн. Анау жылы Арқалық қаласының қақ ортасында «Сəбитжан, қашан келесiң?» деп оң қолын көтерiп тұрған Ленин ескерткiшiне гүл шоғын қойып, тағзым еткенiмдi тамам жұрт бiледi.

Қасы-көзi қиылған қарындаспен қалай тiлдессем екен?Өзiң, сəулем, iздегенiм,Кездесуге жүз келемiн.Сөйлесуге тiл жетпейдi,Қиын екен қыз дегенiң...

Page 236: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

236

М-м... «Қарындас, мен Амангелдi жəне Ақсуат ауданының құрметтi азаматымын. Сондай-ақ, Африкадағы Дунду қала-сының да құрметтi азаматы едiм!» деп, əуелi тамырын тап басып сипақтатсам қайтедi? Əй, бiрақ бұ қыз менi бiлiп отыр. «Ағай, сiз ауданның ғана емес, жеңгелi ауылдың да құрметтi азаматысыз ғой?» десе, тобықтан қаққандай топ ете түспеймiн бе? Болмайды!Келе жатыр Досанов,Жылдан-жылға жасарып.Бүгiн шешiп тастайдыКəстөм кисе кеше алып.Келе жатыр Досанов,Жылдан-жылға жасарып.Барған жерi алдынанШығады ылғи төс алып...Жарасқанның жазғанын айтып, солай десе сорым қай-

намай ма?Ойпырмай, баяғыда Ташкенге барғанда бiр өзбек до-

сым үйiне шақырып, дастарқанына көк шай мен көкала қарбыз əкеп қойған едi. «Сəбит ака, кок чай iшiң. Бұ кок чай давлениеге жүда яхши. Сабит ака, iшiң-iшiң, көк чай iшiң!» деп қайта-қайта көк шай құйып, iшiмдi кептiрген едi. Қарбызды қалай сұрап жеудiң амалын таппай, былай деп ем-ау:

– Сiздiң көк шайыңызға көп рақмет. Қазiр мына қарбызды жегесiн қайда жатам? – дедiм.

– Хоп, мейлi, Сабит ака! Ыхтиярыңыз! – дедi өзбек досым.– Бұ, дарбызнин жартысын жеп бата берiңiз де, мына тап-

чанға жата берiңiз, – дедi. Мен қарбыздың жартысын емес, бəрiн жеп қойдым да екi рет бата бердiм. Өзбек те өз ағам ғой, бəрiбiр емес пе?

Ойпырмай, өзбектiң қарбызынан өзiмiздiң қарындас қиын болды-ау! О-о, таптым, таптым! Мəскеудегi «Советский пи-сатель» баспасынан шыққан романдарымның сюжетiн ай-тайын. Жоқ, одан гөрi пьесаларымның оқиғасы қызық. Əй, қойшы, онсыз да басы қатып отырған қыздың басын қаты-рып қайтем...

Page 237: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

237

Айырпылан ала бұлттың аржағынан бержағына ағып өтiп, ақ көңiл аэропортты бауырға басуға ыңғайланғандай, жерге қарай жеделдетiп ұшып келедi. Сəбит Досанов қасындағы қарындасқа бiрдеңе дегiсi кеп, тiлi қышып келедi. Кенет, он бөлек ойын топтатып, дөңгелек көзiн тоқтатып:

– Қарындас! – дедi. – А, қарындас, сiз де осы самолетпен ұшып келе жатырсыз ба?

Сол-ақ екен, тағдырдың жазғаны мол-ақ екен, патефонның табағындай дөңгелеп тұрған көзiнiң оты жарқ ете қалды. Əрi қарай есiнде жоқ. Ертесiне есiн жиса, екi аяғын аспанға асып қойып, ауруханада жатыр екен.

– Маған не болды? – дедi Сəбит кiрпiгiн əрең қозғап.– Болары болды! – дедi дəрiгер қыз. – Сiз мiнген самолет

қара жерге түскенде қақ бөлiнiп, басы бiр бөлек, құйрық жағы бiр бөлек ұшып кетiптi. Ағай, сiз салонның қай жерiне жайғасып едiңiз?

– Құйрық жағына отырып ем, құдай сақтап қалған екен ғой. Қарындас, танысып қояйық, мен Сəбит Досанов деген жазушы ағаң болам...

Қолаң шашқа қолын ұсынғысы кеп едi, о тоба! Қолы қор-ғасындай ауыр, көтертпейдi. Қол-аяғы сынғанын сонда ғана бiр-ақ бiлдi. Бұған да тəубе! Жазатайым жазмыш болғанда Қазақстан Республикалық əдеби қорын кiм басқарар едi? Республикалық халық шығармашылығы жəне мəдени дема-лыс орталығының Бас директоры кiм болар едi? Баспаның редакторы боп кiм iстер едi? Ресейдiң Шолохов атындағы халықаралық сыйлығы кiмге бұйырар едi? Көзi жəудiреген... көп шығарманың авторы ше? Құралай жеңгеме қожайын боп кiм қоқаңдар едi?

Жаман айтпай – жақсы жоқ, жазатайым жазмыш болғанда Мəскеуде шығармашылық кешiңiз өтер ме едi, өтпес пе едi? Алматыдағы алпыс жылдық мерей тойыңыз ше? Шапалақ ұрып, шапанды кiмге жабар едiк?

Опаттың бетi аулақ, ойпырмай, сiз со жылы олай-бұлай боп кетсеңiз Сiздiң атыңызға Америкадан мынадай жедел-хат жетер ме едi, əлде жетпес пе едi: «Диа райтэ оф Казахстан Сабит Досанов Ю а талант заст уай уй лав ю. Ричард Джонс. Вашингтон».

Page 238: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

238

Түсiнбей тұрсыздар ма? Қазақшасы былай: «Қазақстан-ның сүбелi жазушысы Сəбит Досанов! Сiздi жүдə жақсы кө-ремiз, сүйемiз».

Тағы да мынадай бiр құттықтау келер ме едi, келмес пе едi: «Су ку шай жибао шин Сабит Досанов чирлинг гао, чир-линг зао, чирлинг... быхи-тыхи».

Жат жұрттың жарты бет құттықтауын жөндi оқи алмадым. Бiрақ жобасы солай. Оның қазақшасын Қытайда елшi болған Қасымжомарт Тоқаев аудармаса, бiз онша түсiнбедiк.

Қытай тiлi ме, əлде ескi хинди тiлi ме? Қытай тiлiнiң маманы Мұрат Əуезовтің түсiндiруiнше,

мұның қысқаша мазмұны былай екен: «Құрметтi Сəке, быхи-тыхидан аман боп, еңкейiп, шалқайып жүре берiңiз əйтеуiр».

Айырпыланның артында отырғаныңыз қандай жақсы болған! Ойпырмай, со жолы олай-бұлай боп кетсеңiз Грузин-нiң атағы жоқ атақты ақыны Амирдчан Копенидзе Сiзге ар-нап мынадай өлең жазар ма едi, жазбас па едi?

– Дорогой, захади! Бешбармак будеш, шашлык будеш, чача будеш, гостем будеш. Я сейчас тебе прочитаю торжес-твенный стишок! Это – посвященная поэзия. Она называется «Жизнь и творчество Сабита Досанова или возвращение блудного сына».Умный, красивый, волосатый и знаменит,Сын степей, наш друг Сабит.Для женщинТы всегда призовой депозит.Расцветает целинный край,Рядом с тобой – супруга Куралай.И в светлый день,И в трудный часС тобой – Насыр Фазылов,Абиш Кекильбаев,Нурлан Оразалин,Темирхан Медетбек,Зюганов,Жириновский,Путин,

Page 239: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Оразбек Сарсенбаев,Мустай Карим,Тимур и Олжас...И в трудный час!СейчасЭто радует нас!..Ты был в Америке,В Анголе,В Африке,В Голландии,В Греции,В Румынии,В Чехословакии,В Болгарии,В Бельгии,В Индии,В Шри-Ланке,В Шаульдере,И в Чемолгане...Ты почетный гражданин земли,И почетный гражданин любви!Амирдчан Копенидзе.Тфлиси.Көрер жарығыңыз көп болсын, көке! Сiздi құттықтаушы

Копенидзе емес, Көпен iнiңiз.1990 жыл

Page 240: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

240

ШƏМШIНIЅ ƏЗIЛДЕРI

Бiртуар сазгер Шəмшi ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ рухына

Шəмшi ағаның əндерi бiр төбе, əзiлдерi бiр төбе. Ал, ақындығы ше? Ауыз-екi əзiл-қалжыңдары ше? Қайталанбас құбылыс.

... Ол кезде «қызыл империяның» əмiрi жүрiп, қылышы-нан қан тамып тұрған заман.

«Жоғары оқу орнын бiтiрмегендер СССР композиторлар одағының мүшесi болмайды» деген қатып қалған қағида бар. Қағиданың аты – қағида, бұза алмайсың.

Page 241: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

241

Құрманғазы атындағы консерваторияға түстi. Шүу де-геннен атағы шарықтады. Iшi тарлардың көре алмағаны рас. Қызғаныш не iстетпейдi? «Ылду-сылду, ыңғайы жоқ сту-дент» секiлдi сыныққа сылтау iздеп, институттың соңғы кур-сынан шығарылды. Дипломсыз композитор. Алты алашқа танылған Ақан серiде диплом бар ма едi? Бiржан салда ше? Кешегi Жаяу Мұса...

– Мен таң қалам, – дейдi екен Шəмшi. – Консерваторияға Құрманғазының аты берiлген. Сонда Құрманғазы атам қай консерваторияны бiтiрдi екен?

...Қара кəстөм туралы қалжыңы ше? Шəмшiге ел-жұрты ерекше құрмет көрсетiп, су жаңа кəстөм-шалбар кигiзедi. Алматыға келгесiн сол жаңа киiммен достарына соғады да, түнделетiп үйiне келе жатса көшенiң бұзықтары ұстап алып:

– Шешiн! – дейдi.– Əй, жiгiттер, мен Қалдаяқовпын ғой.– Бiзге Қалдаяқов емес, қара кəстөм керек! – дейдi əлгiлер.Сонда жарықтық Шəкең:– Айналайын халқым, өзi киiндiредi, өзi шешiндiредi.

Халқым аман болсын!...Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев екеуi Алматыдағы

Ленин ескерткiшiнiң түбiнде кездесiптi.

«Ойласам талай-талай қыр басыппын, Досым деп доңызбен де сырласыппын!» –

деп жыр оқыған Мұқағали:– Ленин неге оң қолын шығысқа қарай көтерiп тұр? – деп

сұрапты. Сонда Шəмшi не деген?– «Банк пен базар мына жақта. И бас жазатын жер де осы

жақта!» деп тұр, – деген.Бiр заманда өтiрiк «Шəмшiлер» көбейiп, атын пайдалан-

ғандар аз болмаған. Сыраханада Əбiлахат Еспаев екеуi бөр-тiп тұрса, бiр бейтаныс жiгiт кеп:

– Мен Шəмшi Қалдаяқовпын! – деп өзiн таныстырады. Екi дос не дерiн бiлмей бiр-бiрiне қарайды. Əбекең:

– Мен Əбiлахат Еспаевпын! – дейдi. Ал, Шəмшi өзiн:

Page 242: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

242

– Академик Ахмет Жұбановпын! – деп таныстырады. Əл-гi жiгiт кеткесiн Əбекең:

– Өлген кiсiнiң атын айтып, өтiрiк танысқаның ұят емес пе? – дейдi. Сонда Шəмшi:

– Ұялса анау жiгiт ұялсын, – дейдi. – Ол жiгiт тiрiнi өлтiр-дi, ал мен өлiнi тiрiлттiм.

Ұлтымыздың рухы, бiртуар тұлға Дiнмұхамед Қонаев арнайы шақырып Шəмшiмен əңгiмелескен. Азды-көптi сұх-баттан соң:

– Шəмшi шырағым, не жағдай керек? – деп Димаш аға ықылас бiлдiрген.

Басқалар болса жыртығына жамау сұрап, алақан жайып алдында тұрар ма едi, тұрмас па едi? Шəкең өйтпеген. Бек-заттық танытып:

– Аға, рақмет! Шүкiр, бəрi бар! – деген.Тұрмысының жұпыны да жұқа екенiн бiлетiн Нұрғиса

Тiлендиев:– Димаш аға, Шəмшiнiң үйi жоқ! – дептi. Сонда Шəмшi:– Неге үйiм жоқ? Үйiм бар! Өткен жолы екеумiз бiздiң

үйде болған жоқпыз ба? – деп бала секiлдi ағынан жарылған.Жаны ашыған Нұрғиса жарқылдап сөзiн бөледi. Шəмшi-

нiң үйi үйден гөрi үңгiрге ұқсайтынын, қуықтай ғана екi бөл-месiнiң өзi ескi əрi тар екенiн айта келiп:

– Димаш аға, – дейдi, – Оның үстiне Шəмшiнiң үйi алыс, соно-о-оу микрорайонда.

«Солай ма?» дегендей Димаш аға Шəмшiге қарайды. Ол болса қыбыжықтап:

– Алыс екенi алыс, – дейдi. – Бiрақ Шымкентке қарағанда жақындау.

Жас əншi Нұрғали Нүсiпжановтың даусын «Бұлақтың басына шөлдеп келген лақтың даусындай!» деп əдемi əзiл-мен тəнтiлiк танытқан.

...Кiр жуып, кiндiк кескен жерi Отырарға барғанда Шəмшi аяқ астынан ауырып, ауылындағы ауруханаға түседi. Хал-ахуал сұраған жерлестерi:

– Жүрегiңiз ауырады екен-ау? – дейдi. Шəкең оған мойы-сын ба?

Page 243: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

243

– Жүрек ауруымен жүрегi барлар ғана ауырады! – дейдi.Ғалымдардың болжамы бойынша, бүкiл жан-жануардың

iшiнде ит қана инфаркт болмайды екен...– Егер менiң көрген күнiмдi көрсе ит те инфаркт бола-

ды! – дейдi Шəкең қуақыланып.Қазақта «Аурудың жақсысы жоқ» деген сөз бар.– Аурудың да жақсысы бар, – дейдi екен Шəмшi аға, – Ең

жақсы ауру – қышыма, қасыған сайын жаның кiредi.Шəмшi Шымкентке қоныс аударып, көшiп келгенде ақын

iнiсi Төлеген Айбергенов бiр шумақ өлең шығарыпты.

Үстiнен оңтүстiктiң таңдай атып,Шымкентке келiп қалды Қалдаяқов.Қалдаяқов келдi де ару қыздыӨзiнiң əуенiмен алды оятып!

Сол Төлеген Айбергенов тұңғыш жинағы жарық көргенде қуанғаны сонша, жүгiрiп Шəмшiден сүйiншi сұрайды. Кiта-бы жұп-жұқа екен, қырғыштың қырындай ғана. Бағасы 5-ақ тиын. Ал, аты айқайлап тұр: «Арман сапары». Сүйiншiсiне не бере қойсын? Қалтасы тесiк Шəмшi табан астында тауып, бiр шумақ мына өлеңiн «байғазыға» балап, қолтаңбасын қал-дырған.

Көбейiп тұр бүгiндеАқындардың қатары.Бес-ақ тиын тұратынНе деген арман сапары?

«Құшақ жайған қандай адам» деген өз əуенiне өлең жазған Шəмшi шынында да ағыл-тегiл ақын болған. Туындысын күшенiп «туатын» кейбiр ақын құрдастарына:

– Мен композитор боп сендердi құдай сақтап қалған ғой! – деп күледi екен.

Мұхтар Шахановтың жалындаған жас кезi. Бойдақ. «Ле-ниншiл жастың (қазiргi «Жас Алаш» газетi) Оңтүстiктегi тiл-шiсi. Үйiне iздеп барса Мұхтар iнiсi Қызылқұмға (қазiргi

Page 244: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

244

Отырар ауданы) кетiп қалыпты. Шəмшi аға есiгiне екi шумақ өлең жазып қалдырады.

Мұхтар, осы шынымен бұзылдың ба, Немесе неге кеттiң Қызылқұмға? 8-март мейрамы қарсаңында Бiр емес, қыздың тастап жүзiн мұнда.

Кетпегiн Қызылқұмның сайында ағып, Қалмағын Шəуiлдiрде қайындалып. Бiреудi ертiп келсең, өзiң бiлгiн Бұл жақта бiз отырмыз дайындалып.

Отағасы болған шағында да ақтарып айта салған ақжар-ма өлеңдерi көп-тiн. Соның бiреуi былай:

Жiгiт күнде қыз едi мақалымыз, Шығып кеттi бұл күнде сақалымыз. Қырқасынан қырықтың асқаннан соң Қыз қалып, қатын болды қатарымыз.

Құдай басқа салған соң амал бар ма, Жақсы қыздар кеттi ғой жамандарға. Ата-бабам үш-төрттен қатын алған, Қайтып келер дəл сондай заман бар ма?

Ал, қонақта отырып, үстел басындағы аруларға арнап шы-ғарған өлеңiн бiлесiң бе? Бiр шумағы былай:

Жағасы едiң сен менiң жемпiрiмнiң, Қыз келсе жiгiт – пұшақ елтiрiнiң. Қыздар-ау, қастарыңа жақын қондық Сұрар деп хал-жағдайын кемпiрiмнiң.

Жас кезiнен жанында көп жүрген жазушы досы Оразбек Бодықов та Шəмшiнiң ақындығына айғақ.

Алпысыншы жылдардың аяқ шенiнде Алтынемелден асып бiр шопанның үйiне түссе, той болып жатыр екен. Шəмшiнiң

Page 245: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

245

келгенiне қуанған ауыл-аймақ түнi бойы əн-жырға бөленедi. Таң ата көз шырымын алған Шəмшiнi келiншектер «Шай iшiңiз» деп оятады. Қасындағы жiгiттер:

– Өлең айтып оятпасаңдар, тұрмаймыз! – дейдi еркелеп. Келген келiншектер де суырыпсалма ақын екен, аяқ астынан айтыс басталады. Шегiнетiн Шəмшi ме?

Келiншек:– Болсаң да кетпен шапқан күнiмененДаусымның оянарсың үнiменен.Жiгiттер, бұл жатысың қандай жатыс,Шыққандай қой күзетiп түнiменен?

Шəмшi:– Белiнен басып жүрмiз жалғаныңды,Көтерiп көрер ме едi салмағыңды.Күнəсiз өткiзсем де осы түндi Киейiн, шыға тұршы, дамбалымды.

Келiншек:– Болғанда – сiз қалада, бiз – далада,Дарияның сiз – ортасы, бiз – жағада.Солдатша тез киiнiп болсаңдаршы,Жараспас сыртта тұру қыз балаға.

Шəмшi:– Кiре бер, ендi кидiм дамбалымды,Тiстерсiң мен кеткен соң бармағыңды.Артыңда бала-шағаң, байың да тұр,Қалдырып кетер едiм бар малымды.

Таңертеңгi шай iшiлiп болғасын, сиыр сəскеде малшы ауылдың өңшең өнерпаз келiншектерi Шəмшi бастаған қа-дiрлi қонақтарды өлеңдетiп шығарып салады.

– Сендерден ала алмадым, таласым бар, Кеудемде жазылмайтын жарасыңдар.

Page 246: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

246

Бiр тəулiк көңiл ашып, өлең айттық, Қай жаққа бiздi тастап барасыңдар?

Ақ жүрек ауылдың ажарлы думанын қимаған Шəмшi қыз-келiншектiң бəрiмен қол бұлғап қоштасады. Сол сəтте кеу-десiнен өлең құстай ұшып, қанат қағады.

– Жiгiттiк өзiмiзге тəн шығарсың,Ал сендер соған сəйкес сəн шығарсың.Алда – жол, артта – қиял,ОмырауғаЗер толған, жазылмаған əн шығарсың.

Аты-жөнi есiмде жоқ, қайсыбiр жылы Оңтүстiктiң Созақ ауданына барғанда бiр əжемiз:

– Мен саған Шəмшi туралы əңгiме айтайын, – дедi. – Студент-пiн. Пединститутта оқимын. «Əншi болсам!» деп армандап жүрген кезiмде Шəмшi аға Шымкентке көшiп келгенiн естiдiм. Iздеп жүрiп таныстым. Екi бөлмелi үйде тұрады екен. Бала-шағасы – Алматыда. Ойымда түк жоқ. «Аға, жаңа əнiңiздi еш-кiмге бермеңiзшi, бiрiншi рет өзiм орындаймын!» деп қыр соңынан қалмаймын. Қаланың саябақтарын аралап, жиi-жиi қыдырамыз. Сырласамыз. Сөйтсем, жұрт менi Шəмшi Қалдая-қовпен жүредi екен деп өсек шығарыпты. Қатты ашуландым. Жарыла жаздап Шəмшi ағаға жетiп барып ем:

– Не болды, айналайын? Емтиханнан «2» алдың ба? – деп сұрады.

– Бүкiл қала менi сiзбен жүредi деп айтып жүр екен, аға? – дедiм булығып. Сонда Шəкең:

– Ну и что же? – дедi орысшалап. – Ақыры айтылып қал-ған екен, жалғастыра берейiк.

Не дерiмдi бiлмей, күлiп жiбердiм.Əйгiлi əзiлкеш Оспанхан Əубəкiровтiң үйiндегi Нұрсұлу

жеңгемiз айтады:– Өзiм жетiм қызбын. Детдомда өстiм. Қостанайда он

жыл орыс мектебiн бiтiрiп, Алматыдағы консерваторияға түссем... Масқара-ай, Асанəлi Əшiмов, Шəмшi Қалдаяқов, Райымбек Сейтметов, Сайын Мұратбеков, Нүкетай Мышба-

Page 247: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

247

ева, Оспанхан Əубəкiров секiлдi студенттер. Қазақша сайрап тұр. Мен ше? Бiр ауыз сөйлей алмаймын. Түсiнемiн, бiрақ тiл жоқ.

Алланың бұйрығы шығар, Оспанханмен көңiлiмiз жара-сып, тұрмысқа шығатын болдым. Оспанхан бiр күнi Шəмшi-ден:

– Осы қызды алсам қайтедi? – деп сұрады. Сонда Шəмшi ойланбастан:

– Алсаң – ал, орыс iздеп əуре болмайсың! – дедi.Бiр үйде қонақ болған Шəмшi ағамыз қарсы жақтағы əдемi

келiншекке көзi түсiптi де «Осы отырыстан кейiн кездесейiк» деп салфеткiге жазып жiберiп ыстық ықылас бiлдiрсе керек. Ал, əдемi келiншек салфеткiнiң екiншi жағына «Бүгiн қолым тимейдi» деп жауап қайтарыпты.

Соры қайнаған сол салфеткiнi тауып алған жеңгемiз Шəм-шiнiң үстiнен «қылмыстық iс» қозғап:

– Мынауың не? – деп жауаптың астына алмай ма? Сонда Шəкең дəкедей жұқа салфеткiнi жеңгейдiң қолынан жұлып алып, үңiлiптi де:

– Неменеге ашуланасың? Сен долданатындай ештеңе жоқ, отказ берiптi ғой! – дептi.

Жазушы Оразбек Бодықов:– Бiр кiсiнiң Жасарал, Көкарал, Ақмарал, Генерал деген

балалары бар екен. Аттары қызық, ə? – дейдi.– Ой, ол түк емес!, – дептi Шəмшi. – Бiр шалдың Мылтық-

бай, Найзабай, Наганбай, Патронбай, Шомпылбай деген бала-ларын өз көзiммен көрдiм.

Рас па, өтiрiк пе? Аузын ашып аң-таң қалған Оразбекке:– Немене, сенбейсiң бе? – дептi Шəмшi. – Бiздiң қазақтар

ат қойғыш. – Менiң «Сыған серенедасы» əнiмдi үзiлдiрiп айтатын Зəуреш Есбергенованың аты – Закон. Кейiн Зəу-реш боп кеткен. Октябрь деген спортшы, Февраль деген секретарь, Совет, Коммунар деген журналист, Глазбай деген режиссер бар. Тiптi Данышпан деген əйелдi де көрдiм.

Шiркiн, Шəмшi! Осы бiр астары қою асқақ əзiлмен не айтқысы келдi екен?

2000 жыл

Page 248: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

248

«ТОЌАЛ» ПАРТИЯСЫНЌАШАН ЌЎРАМЫЗ?

Күллi депутат күл шашып ойнаған баладай от басы, ошақ қасының тiрлiгi емес, маңызды мəселенi май шаммен қарап, қызу талқыға салды. Мəселе – бiреу, сұрақ – үшеу:

1. Қазақ қайтсе көбейедi?!2. Делiқұл демографияны қалай дамытамыз?3. Ол үшiн не iстеу керек? 2015 жылға дейiн халқымыздың

санын 20 миллионға қалай жеткiземiз?– «Еркекке екi əйел алу туралы заң» қабылдағанымыз

жөн, – дестi депутаттардың басым көпшiлiгi байсалдылық танытып.

– Дұрыс! – дедi бiразы ат үстiнде отырғандай қопаңдап. – Бiр жарым миллиард халқы бар қытайлықтар Қазақстан жұр-тының он бес-ақ миллион екенiн естiгенде «Олар бiр-бiрiн танитын шығар?» деп таңырқасыпты. Бiз расында да азбыз. Неге? Демографияның көңiне көк шығарып, профессор Ма-қаш Тəтiмов айтқандай «көк көрпемiздi бүлкiлдету» үшiн жаңадан партия құруымыз керек.

– Партия құрғаннан көбейсе, қазақтың саны баяғыда-ақ қа-рыштап өсер едi ғой, – дестi бiрсыпыра депутат мырзалар. – Топырағың торқа болғыр КПСС-тен бастап қанша партия құрмадық. «Отан», «Ақ жол», «Асар», «Азаматтық», «Ауыл», «Аграрлық партия»... Ең соңғы Нəрiкбаевтың «Демократия» партиясы... Айтыңдаршы, қай қазақтың жыртығына жамау болып, кiмнiң тесiгiн бiтедi?

– Мəртебелi мырзалар мен ханымдар! Қадiрлi отандас-тар! – дедi қатарынан қайта-қайта сайланған қадiрлi бiр депутат. – «Отан» партиясын құрдық. Ендi «Тоқал» партия-сын қалай құрамыз?..

Дау-дамай басталды.– Оған бəйбiшелерiмiз көне ме?– Бiр сиыр – айран, екi қатын – ойран... – Ойлан, депутат, ойлан!Сол сол-ақ екен, депутаттардың тоқал алу туралы ойлары

мол-ақ екен. Бiрiнен соң бiрi жамыраған қозыдай жарыссөзге шықты.

Page 249: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

249

– «Əйелiң жақсы болса,Далада дабырлап сөйлейсiң.Əйелiң жаман болса,Үйде сыбырлап сөйлейсiң».

Дабырлатып та сөйлететiн, сыбырлатып та сөйлететiн аға-ларымның айдай сұлу ай сұлу əйелдерi бұл мəселеге қалай қарайды екен?

«Əйел бiр қолымен бесiктi тербесе, бiр қолымен əлемдi тербейдi». Бiресе тербеп, бiресе тербетiлiп жүрген, бiресе ағаларымызды тергеп, бiресе тергетiлiп жүрген аршыған жұ-мыртқадай аппақ жеңгелерiмiз не дейдi?

Сарапқа салсақ, Қазақстандағы еркектердiң орташа жа-сы – 58. Ал, əйелдердiң орташа жасы – 70. Көрдiңiздер ме, əйелдер көп жасайды. Өйткенi, еркекке қарағанда анағұрлым күштi.

«Əйел ашуланса – шай қайнатады» дейдi. Шай қалай қай-найды? Бұрын отпен қайнаушы едi, қазiр тоқпен қайнайды. Əйелдер – ең қуатты электр. Тоқ ұрса жаман болады. Ойла-найық. Тоқал алу тоққа түскенмен бiрдей. Тоқал алғыш бол-саңдар өздерiң-ақ ала берiңдер. Тасқынның алды – жаман, арты жақсы. Кiшкене артын күте тұрайын...

– Мəселенi бiз шешпеймiз, мəнiстiң бəрi əйелде! – дедi мəсiнiң қонышындай жылтыраған бiр депутат. – Өйткенi «əйел – қырық шырақты». Ендеше, əйелдiң жаны – қырық! Еркектiң жаны ше? Екеу-ақ! Екi-ақ жаны бар еркекте ес бола ма? Бiр еркек газетке мынандай жарнама берiптi: «Қырық жастағы əйелiмдi жиырма жасар екi қызға айыр-бастаймын!». Бұл ендi «төрт бөлмелi үйiмдi екi бөлмелi екi үйге айырбастаймын» деген далбаса да.

Айырбасқа көнбейтiн, айылын жимайтын кербез сұлу ке-лiншектерiмiзбен кеңесейiкшi.

– Кеңесетiн не бар? – дедi бiр депутат. – Əйел – кiтап. Бiр кiтапты қашанғы оқисың, түк қызық емес.

Оған бiр депутат оқалақ тигендей одыраңдап қарсы шықты. – Əйел кiтап емес – кiтапхана. Оны өмiр бойы оқып та-

уыса алмайсың. Менiмше, еркек – цирктегi ат секiлдi, ал

Page 250: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

250

əйел – сол атты үйрететiн дрессировщица. Қолында – қам-шысы. Алэ-э-оп! «Жел!» десе желе қалады, «Кел!» десе келе қалады. «Қат!» десе қата қалады. «Жат!» десе жата қалады. Аузына кəмпит сап алдай салса бiттi... Екi танауы шелектей болады.

Əйелдiң жұмысы ауыр. Бiр сағат ас дайындаған əйел 8 ша-қырым жол жүргенмен бiрдей. Қазақстанның қап арқала-ған қатын-қалаштары 8 шақырым емес, күнiне сексен шақы-рым жаяу жүредi. Ал еркектерi ше? Тамақ əкелгенше талтайып, төргi үйде төңкерiлiп жатады. Құдды аударылып қалып тұра алмай жатқан қоңыз секiлдi. Шыбын қақпайды-ау сабаздар. Жанын аяйды. Неге аямасын. Еркектiң жаны екеу-ақ қой.

Əйелдер ашуланса анау-мынау, ады-бұдысын аузына сақтамай айтып-айтып тастайды. Сөзi таусылса көзi бар, ботадай боздап жылап жiбередi. Негiзiнде əйелдер күлкiсi келмесе күлмейдi, ал жылағысы келсе кез келген уақытта жылай алады. Ықыласпен жылаған ыстық жас денсаулыққа өте-мөте пайдалы. Өйткенi, бойдағы удың барлығы ауыз бен көз арқылы айдалаға ағып кетедi.

Ал, еркек ше? Ұр! Жыламайды. Киiз тепкендей тепкiле! Жыламайды. Керiсiнше өзiңе қарсы ұмтылып, «Ой əкеңдi...» деп əкiреңдеп, жатқан орнынан қасқырдай қарғып тұрады. Бiттi! Бар қимылдағаны сол-ақ.

Бiрақ, еңiрегенде етегi жасқа толатын еркектер де бар. Олар неге жылайды дейсiз бе? «Аралдағы жеңешесiн» са-ғынғандай ауылдағы ажырасып кеткен бəйбiшесiн ойлап, қамыққанда көзiнiң жасы көл болады. Сол бiр солқылдап жылаған əуенге құлақ түрiп көрiңiзшi.

АумайсыңЖас баладан, жас баладан,Пəк бəйбiше сен едiң.Тастайын деп, тастамағам,Жəй əншейiн серi едiм,Бе-е-е-еу, бəйбiше!

Еркек болып жаралдым,Қыз-қырқыннан нəр алдым.

Page 251: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

251

Жадыраған жаның гүлдейБəйбiше,Мен өзiңдi сағындым ғой,Айналайын, бəйбiше!

Бəйбiше,Еркек едiм, еркек едiм,Ерке болған жаныңа.Ендi саған еркеледiм,Тоқал алып тағы да.Бе-е-е-еу, бəйбiше.

Еркек болып жаралдым,Қыз қырқыннан нəр алдым.Жадыраған жаның гүлдейБəйбiше,Мен өзiңдi сағындым ғой,Ауылдағы бəйбiше!Айналайын бəйбiше...

Əйел туады. Туған сайын қаны жаңарады. Жаны жаңара-ды. Құндақтаулы баласын құшақтап, айналып-толғанады. Ийдi! Ал, еркек ше? Туа алмайды. Тiптi кiмдi айналып, кiмдi толғанып жүргенiн өзi де аңғармай қалады. Сондықтан да, көрiнген сұлуға көзiн сатып жүргенше, еркекке екi əйел ал-ған анағұрлым тиiмдi! И морально и экономически...

Осы кезде бiр əйел депутат:– Еркектер екi əйел алса, əйелдер екi күйеуге тиюге бола

ма? – деп сұрады.– Болмайды! – деп депутаттар үзiлдi-кесiлдi қарсы шық-

ты. – Өйткенi, еркек он əйел алса, жылына он бала туғыза-тындай мүмкiндiгi бар. Ал əйелдер он күйеуге тисе де жы-лына бiр-ақ бала туады. Сондықтан да болмайды. Одан демография дамымайды.

Депутаттар он бес минөт үзiлiске шыққанда «Тоқал» пар-тиясына мүше болуға ниет бiлдiргендерге «Лейла, Лейла, Лейлажан» деген əн орындалды.

Page 252: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

252

Лейла, Лейла, қалқам-ай,Əрбiр ғашық əр қалай.Əйел болса балтадай,Еркек болар жаңқадай.

Лейла, Лейла, қалқам-ай,Қалқам Лейла, қал қалай?Бəйбiше-тоқал екеуiБидай менен арпадай.

Арпа-бидай – ас екен,Алтын, күмiс – тас екен.Тоқал алсаң басталарБəйбiшеңмен бəсекең.

Лейла, Лейла, соқтықпа,Жүйрiк жетпес жоқтыққа.Тоқал алар тоқ адам,Ораза, намаз – тоқтықта.

Лейла, Лейла – Лейласың,Лейла жаным, қайдасың?Бəйбiшелер бiлмейдi-ауТоқалдардың пайдасын.

Лейла, Лейла, елпектеп,Көзiн сатып мөлтектеп.Тоқал қуған еркектенБокал қуған еркек көп.

Үзiлiстен соң демiн басып келген депутаттар «Отан» партиясын құрдық. Ал, «Тоқал» партиясын қалай құрамыз?» деп қырық пышақ қырқысып, қызылшеке айтысын жалғас-тырды.

– Халықтың санын көбейту үшiн еркек пен əйелдiң айыр-машылығын анықтайтын ғылыми-зерттеу институтын ашсақ қайтедi? – деп, нəшiне келтiрiп нəзiк сөйлейтiн бiр депутат ұсыныс жасады.

Page 253: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

253

– Жоқ жерден жұмыс тауып... Сол үшiн сорымызды қай-натып институт ашамыз ба? Еркек пен əйелдiң арасында екi-ақ айырмашылық бар емес пе? Еркекке əңгiме айтсаң бiр құлағынан кiрiп, бiр құлағынан шығып кетедi. Ал, əйелге жеткен əңгiме екi құлағынан кiрiп, аузынан бiр-ақ шығады. Сондықтан да дүниенi дүр сiлкiндiрген Наполеон «Əскердi басқарғаннан əйелдi басқарған қиын» деп бекер айтпаған. Əйелдер – əскерден де күштi. Жанына тисең жаулап алады.

Қазақстанның қаһарман армиясы жасасын! Ура-а-а!Əйелдердiң жаны көп болғасын ба, əйел туралы əңгiме

де көп. Кавказдықтар «Əйел – чемодан, алып жүруге ауыр, тастап кетуге қимайсың» дейдi.

Бiздiң қазақтар ше? «Үйдi он еркек емес, бiр-ақ əйел тол-тырады» дейдi. «Ерiн баққан əйел, елiн де бағады» дейдi. «Əйел – үйдiң туы, еркек – үйдiң қуы» дейдi. Қу деген – зы-миян емес, аққу деген сөз. Еркектер – аққу. Көлге қонады, көлден ұшады. Көлiне қонбай со күйi ұшты-күйлi ұшып кететiн аққулар да бар.

«Əйел – тау, еркек – киiк. Бiр тау бiр киiктi аш та қылмайды, тоқ та қылмайды. Өз тауыңда жайылсайшы, шырағым!» деп кейде əкелерiмiз жекидi.

...Əйелдер айтпайды. Тiптi көйлектi не үшiн сатып ала-тынын да айтпайды. Мысалы, Күлзия көйлектi көршiлердiң көзiне түсу үшiн алады.

Зымзия көршiнiң көзiн қыздырып, қызғаныш тудыру үшiн алады.

Мағира ондай көйлектi бұрын-соңды ешкiм кимегенi үшiн алады.

Бағила болса жұрттың бəрi киiп жүр ғой деп алады.Ал бiздiң Жəмила ше? Жай əшейiн алу үшiн ала салады.

Баршылық та...Тiптi киiмнiң түсiне де қарамайтын, түсi түгiлi түсiп

қалған тiсiне де қарамайтын əйелдер бар. Байтоқтың бəй-бiшесi сондай əйел. Түсi бар, тiсi жоқ. Соған бiр көршiсi «Ай-налайын-ау, аузыңдағы отыз тiс опырылып түсiп қалыпты. Қызыл иек боп қашанғы жүресiң? Тiс салдырып алмайсың ба, бейбақ-ау?» десе, ол жеңгемiз былай дейтiн көрiнедi:

Page 254: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

254

«Тұймысқа шыққаныма жиыйма төйт жыл болды. Ешқайда баймаймын. Телевизый қайап, үйде отиам. Менi кiм көйiп жатый? Тiшiмдi кiмге көйшетем?».

Ендеше жеңгелерiмiз тiсiн де, iсiн де түзеу керек. Сонда ғана бiздiң халқымыз көбейiп, қазақтар қанат жаюы мүмкiн.

– Халықты көбейту үшiн əуелi əйел туралы заң қабыл-дауымыз керек! – дедi қадалған жерiнен қан алып сөйлейтiн бiр заңгер-депутат. – Ол үшiн Қазақстан Республикасы қыл-мыстық жəне басқа да iстер жөнiндегi кодекстердiң кейбiр статьясына мынадай түзету енгiзу керек:

1. Күйеуiн көзiмен атқан əйелдер Қылмыстық кодекстiң 58-шi статьясына сəйкес, суық қаруды қолданғаны үшiн жауапқа тартылсын.

2. Ернiн бояп, қасын жұлып, шашын қысқартып, кiрпiгiн ұзартып... Қысқасы, бет-аузына бес кiлемнiң бояуын жаққан əйелдер 177-шi статья бойынша документтердi қолдан жасағаны үшiн түзеу жұмыстарына жiберiлсiн.

3. Бес-алты жыл бiрге тұрып бала сүюден қасақана қашқан ерлi-зайыптылар 145-шi статья бойынша өз мiндеттерiне қалай болса солай атүстi қарағаны үшiн айып салынсын.

4. Жиырма бес жасқа дейiн құрығында бiр рет тұрмысқа шықпаған бикеш 8-шi статья бойынша қылмысты қасақана iстегенi үшiн қатаң жазалансын.

5. Көп жiгiттермен көңiлдес болған əйел 23-шi статья бо-йынша «мүлiктi ысырап етiп», сондай-ақ «счетчик» орнатпай электр энергиясын есепсiз шығындағаны үшiн өкiметтiң бюджетiне тапқан табысынан салық төлейтiн болсын.

6. Табаны тайғанақтап, удай мас боп келген марғасқа күйеуiн үйiне кiргiзбей қараңғы далаға қаңғыртып жi-берген əйел «Жануарларға қатал қарау» туралы 200-шi статьяның 2-шi тармағына сəйкес, төбесiн көрсетпей, төр-кiнiне жер аударылсын. Немесе еркек байғұсқа тоқал алып берiлсiн.

Есiнегенге де елiктейтiн бiр депутат əйел туралы əңгiме-нi бiр ақын əрiден қозғады.

– Сүйемдi қарыс қылатын да – əйел, жақынды алыс қыла-тын да – əйел, жоқтан бар қылатын да – əйел, барыңа зар қы-латын да – əйел.

Page 255: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

255

Адамдардың 99 пайызы елiктеу арқылы өмiр сүредi, бiр пайызы ғана өз пiкiрiмен жүредi. «Анау «Мерседес» мiнiптi, мен неге мiнбеймiн? Анау көкем асқақтап тоқал алыпты, мен немене одан кеммiн бе?» деген сияқты елiктейтiндер көп. Мен сол бiр пайыздың iшiндегi еркек депутатпын.

«Бiр əйел – ырыс, Екi əйел – ұрыс,Үш əйел – үш бұрыш».Негiзiнде төртеуден қайтқан дұрыс!Бұл мақалды шығарған сiрə, сол 99 пайыздың iшiндегi

еркектер болу керек...Əйел еркектiң оң қабырғасынан жаратылған. Ал, қабырға

қисық болады, оны түзетем деп сындырып алып жүрме.Осы тұста əлгi депутатқа əдеттегiдей сан-қилы сұрақтар

қарша борады.– Ағай, өзi сұлу, өзi бай, өзi ақылды жiгiтке күйеуге шы-

ғуға бола ма?– Болады. Ол үшiн үш күйеуге бiрдей тию керек.– Жақсы əйел жаман еркектi миллионер ете ала ма?– Əрине, жақсы əйел жаман еркектi миллионер ете алады.

Егер еркек миллиардер болса...Сұрақтан соң «бiр пайыз» ағамыз тiрнектi мəселеге тiке-

лей көштi. Халқымыздың азайып, демографияның мешеуле-нiп жатқанына кiнəлi ең бiрiншi коммунистiк партия жүйесiн кiнəлап, күстаналады.

Талай-талай талдырмаш коммунист-қыздарымыз қызмет қуып, «қызыл билеттi» құшақтап тұрмысқа шықпай қалғанын тiлге тиек еттi де, қырғыздың əуенiмен «Коммунист – тоқал» деген замана нақышын зар илеп айтты.

Ол кезде ол қыз бала едi,Əдемi едi-ау, əдемi.Пионер кезден ғашықпын,Басында бантик бар едi.

Арманды қуып аңсады ол,Содан соң болды комсомол.

Page 256: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

256

Комсомол қызға ғашық боп,Аулыңа салдым қанша жол.

Ол қыздың ойы сан-сақта,Махаббат емес – мансапта.Коммунист болып алғасын,Арамыз кеттi алшақтап.

Қиялап өтiп тұсынан,Сонда да жүрек ұсынам.Алып та қашқым кеп едi,Қорықтым қыздың сұсынан.

Қызмет қуып жүргенде,Жастық шақ өттi бiр демде.Қызмет деген, қыздар-ай,Опа да болған кiмдерге?

Ол кезде жап-жас өндiрмiз,Кəусардай тұнық мөлдiрмiз.Қазiр-ақ оны алар ем,Тоқал боп тисе сол бiр қыз!

Суда бiр сусар жатпай ма,Сусарды мерген атпай ма?Коммунист-қыздың тағдырыҚабырғама батпай ма?!

Ғылымның жаңғағын шағып, дəнiн жеп дəндеген бiр де-путат-ғалым əйел мəселесiн əлiмсақтан қозғады:

– Орыстардың «Семья» деген сөзi «Мен – жетеумiн» деген мағынаны бiлдiредi. Яғни, өзi, əйелi, əке-шешесi – төртеу... Өмiрге үшiншi баласы келгенде ғана «Семь – Я! Мен – жетеумiн!» деп қуанған. Қазiргi қыздарымыз күйеуге тиген күнi «Семья болдым» деп есептейдi. Бұл дұрыс емес. Əскери адамдар полковник шенiн алған сияқты əйелдерге үшiншi баланы туған күнi «Семья» деген атақты марапаттап

Page 257: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

257

беру керек. Ол үшiн осы бастан қыздардың құлағына құя берсек демографиямыз сөзсiз дамиды.

Сiздер «қыз» деген сөздiң қайдан шыққанын бiлесiздер ме? Ғалымдардың дəлелдеуi бойынша «Сүй, күй, өртен, жан, сосын сексеуiлдiң шоғындай қыз-қыз қайнап қыз» деген сөзден шыққан. Мен əнебiр жылы халық санағы кезiнде қыздарды санау туралы мынадай жаңалық аштым: «Көлдiң жағасында күнге қыздырынып жатқан көп қыздың қанша екенiн есептеу үшiн, олардың балтырларын санайсың да, одан шыққан санды екiге бөлсең, қанша қыз екенiн бiрден бiле қоясың». Қыздар – тың тақырып, зерттелмеген ғылым. Бiздiң Бүйенбай деген профессор ағамыз да қыздар туралы докторлық диссертация қорғаған. Оның жаңалығы «Бұрын қыз-келiншектердiң шашы – ұзын, ақылы – қысқа болушы едi, қазiр құдайға шүкiр, екеуi де теңелдi».

Қу түлкiнiң құйрығындай бұлғаңдаған қыздар-ау! Бет-терiңдi берi бұрып, құлақтарыңа құйып алыңдар. Қыз-қыр-қынға айтатын мынадай тұжырымым бар:

1. Бiрiншi рет үйленсең – махаббат, екiншiсi – есеп, үшiн-шiсi – əдет.

2. Əйел – еркектiң екiншi жартысы. Ал, тоқал – бiрiншi жартысы.

3. Əйелдер əдемi жiгiтке əуес. Ал, жiгiттер жаңасына жа-ны құмар.

4. Махаббаттың оты теңге тастаған сайын лаулап жанады.5. Арулар – алынбаған қамал. Бiр қамал – үстi-үстiне ша-

буыл жасау арқылы алынады. Екiншi қамалды алу үшiн – түбi шөгiп, отыра бастаған оңтайлы кезiн күтесiң. Үшiншiсiн келiссөзбен-ақ алуға болады.

Əнеугүнi бiр қарындасқа «Ерте жарықта енеңдi тап, айна-лайын. Қашанғы қамал боласың, өз еркiңмен берiл!» десем, қиқаяды. Неменеге қиқаяды? Бiлмеймiн...

«Ағай, мен сiздiң айтқан адамыңызға өлсем де тимей-мiн!» дейдi.

– Неге тимейсiң?– Кəрi!..– Айналайын-ау, о кiсi кəрi болса, қазанға сап пiсiрiп же-

мейсiң ғой. Айналайын-ау, ол кiсi кəрi болғанымен, «новый

Page 258: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

258

қазақ». Айналайын-ау, айдаладағы танымайтын бiреуге ти-генше, өзiмiздiң танитын кiсiге барсайшы.

– Ағай, жiгiт таңдап жүрмiн! – дейдi.– Дұрыс... Таңдасаң таңда. Алдын-ала жiгiт таңдаудың

ешқандай сөкеттiгi жоқ. Мен де саған таңдасайын. Əрине, жiгiттердiң ұзын бойлысы ұстамсыз болады, қыс-

қасы – қызба, тапалы – тентек, қортығы – қорқақ, семiзi – сезiмсiз, арығы – арам, кеуделiсi – кесiр, қысық көзi – қу, ашық көзi – ақымақ, мұрындысы – мисыз, желкелiсi – жал-қау, алқымдысы – аңқау, өңдiсi – өсекшiл, ерiндiсi – есеп-шiл, бiлектiсi – бұзық, иықтысы – икемсiз, аққұбасы – ал-дағыш, сарысы – сұмпайы, қарасы – қызықшыл, сұры – се-зiкшiл келедi. Ал, таңда! Əшейiн айтам, қарындас. Бұл – жiгiттердiң бойдақ кезiндегi бет-бейнесi ғана. Үйленгесiн бас екеу болады, бас екеу болғасын мал екеу болады, мал екеу болғасын бала екеу болады, бала екеу болғасын проблема де-ген бəле екеу болады. Сол кезде жiгiттерiңдi жiптей иiрiп, жiңiшкертiп, өздерiңе сай өзгертiп, ыңғайлап аласыңдар.

Сонда жiгiттердiң ұзын бойлысы – ұстамсыз емес ұстам-ды болады, қысқасы – қызулы, тапалы – тамаша, тентегi – тектi, орташасы – ойлы, қортығы – қомақты, семiзi – сырбаз, арығы – алғыр, кеуделiсi – кербез, қысық көзi – қылықты, ашық көзi – ақылды, мұрындысы – мықты, желкелiсi – жұ-мыскер, алқымдысы – алымды, өңдiсi – өр, ерiндiсi – ер, бiлектiсi – бипаз, иықтысы – ибалы, аққұбасы – аршыл, сары-сы – сыршыл, қарасы – қауқарлы, сұры – сұмдық болады. Бұның бəрi үйленгенсiн ғана шындық болады.

Таңда, қарындас! Еркектер де – тауар. Арзаны бар, қым-баты бар. Өзiмiздiкi бар, импортныйы бар.

Айтпақшы, жiгiттердiң тағы бiр екiншi сорты бар. «Ой-пырмай, үйленсем бе екен, үйленбесем бе екен? Үйленсем – өзiм құримын, үйленбесем – тұқымым құриды!» деп сары уайымға салынып жүрген сұрбойдақтар да жеткiлiктi.

Айтпақшы, жiгiттердiң тағы бiр үшiншi сорты бар.– Қарындас, танысып қояйық. Атыңыз кiм?– Кетшi-ей!– Қарындас, қай жерден келдiңiз?

Page 259: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

259

– Кетшi-ей!– Қарындас, жасыңыз нешеде?– Кетшi-ей! Мен саған кет дедiм ғой. «Кет!» дегенде, ит те

кетедi. Нағып кетпейсiң?– Қарындас, «Кет!» дегенде кететiн ит болады, кетпей

ырылдап тұрып алатын ит болады. Ал, кетпеймiн, қайтесiң?Көрдiңдер ме, көлденең жолыққан қыздың жасын сұрап,

қиылып, кетпей қоятын қимас жiгiттерiмiз де бар.Жалпы, қыздың жасын сұрамайды. Қыздың жасы – он сегiз.Ал, еркектiң жасын ше? Сұрайды. Алайда «Ағай, жасыңыз

нешеде? Əйелiңiз бар ма?» деп сұрайсың ба? Ыңғайсыз ғой. Бiрақ, қай еркектiң қалай ұйықтайтынын бiлсеңiз бар ғой, о сопақ бас сорлылардың қанша жаста екенiн аңғару қиын емес.

Мысалы, еркек екi жасқа дейiн ойнаған асығымен ұйық-тайды.

Жиырма мен отыздың арасындағы еркектер өлiп-өшiп, сүйiп алған ғашығымен ұйықтайды.

Отыз бен қырықтың арасындағы еркектер айналасын ай-пап, жанындағыны жайпап, жұмыстағы қыз-келiншектердi айналдырып, үйренген кəсiбiмен ұйықтайды.

Еркектер елуге дейiн дiңгектеп, алпысқа аяқ басқасын қыз-келiншектердiң кез келгенiмен... Яғни, қызыл, көк, са-ры, жасылмен ұйықтай бередi.

Ал, алпыстан асып, жетпiстiң желкесiн көрген еркектер грелкасын құшақтап, дəрi iшетiн қасығымен ұйықтайды.

Сексеннен секiрiп, тоқсанға тоңқаймай жеткен еркектер көрпесiн қымтап, құдай берген нəсiбiмен ұйықтайды.

Мiнеки, қарындас! Саған осы сан ұйқының қайсысы ке-рек? Қалауың бiлсiн. Таңда...

Қыздар, қыздар, кiмсiңдер?Қызғалдақтай гүлсiңдер.Қыздар, қыздар, гүлсiңдер.Кiмдерменен жүрсiңдер?«Теңiн тапса – тегiн бер» Деп жүрегiм дүрсiлдер.

Page 260: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

260

...«Қызға – қырық жерден тыйым» дейдi қазақ. Жалпы, қыз туралы қилы-қилы мақал көп. «Жол мұраты – жету, қыз мұ-раты – кету», «Қызың үйде болғанмен, қылығы – түзде», «Қи-қар қызды алғаннан, қыдырып өткен артық», «Қыз бен қой-дың жүрмейтiн жерi жоқ»...

– Қызым,Сен тайтаңдама, күлме.Бастықтың машинасына мiнбе!– Мама, онда тұрған не бар?– Бастық басыңды айналдырып«Айым!» дейдi,«Күнiм!» дейдi.Бетiңе өп-өтiрiк ыржиып күлiмдейдi.Сосын«Қасың қандай,Қиылған шашың қандай!»Деп əндетедi.Əндеткесiн қыз байғұстан əл кетедi.– Мама, онда тұрған не бар?– Айналайын-ау, бiлесiң бе,Бүгiнгi бастықтарҚыздарға «золота» обещайт етiп,Морожный сатып əпередi.– Мама, онда тұрған не бар?– Бастықтың машинасына мiнсең,Ол сенi тiке тауға апарады.– Мама, онда тұрған не бар?– Айтқанына көнсең – көндiң,Көнбесең – тастап кетедi.– Мамочка,Əлi күнге алдаған жоқ менi ешкiм.Тауға қанша барсам да,Жаяу қайтқан емеспiн!..Қыздар – ай, қыздар – жұлдыз, қыздар – спорт. Қыздар –

мойынның массажы. Жаныңнан өткен жайсаң қыздарға жал-тақ-жалтақ, жалтақ-жалтақ қараған сайын мойның шыны-ғып, «остеохондроз» деген аурумен ауырмайсыңдар.

Page 261: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

261

Қаз бен қыздың осал жерi қайсы? Мойын! Ендеше, қаң-қылдаған қаздарымыздың да мойны мықты болсын, аңқыл-даған қыздарымыздың да мойны мықты болсын!

...Уh!Ырду-дырдудың соңы концертке ұласты. Қазақстанның

халық əртiсi Досхан Жолжақсынов домбырасының құлақ-күйiн келтiрiп, қыздарға қырық кеңес айтты.

1. Бойдақ жiгiттi сүйiп қалма. Өйткенi, ол саған дейiн үйленбеген и саған да үйлен-бейдi.

2.Ажырасқан еркектерден аулақ жүр, сенi де жер қапты-рып кетуi ықтимал.

3. Бала-шағасы бар ерто-қымды еркекке жабыс. Өйтке-нi, ондайлар өз əйелiн де жақ-сы көредi, саған да өлiп-өшедi, екi жаққа бiрдей. Суда да, құр-лықта да жүретiн қосмекендi жəндiк секiлдi еркекке тоқал боп қалуың ғажап емес.

4. ?.. Ақылды азырақ айтып, кеңе-

сiн келте қайырған Досхан то-қал алғыш шал-шауқандардың құрметiне «Ауыл қарттары» деген əйгiлi əнiн айтып, залды күңiренттi.

Дүниеге келер бiр ретӨзiңе-өзiң жаумысың.Бəйбiше, саған құрмет,Тоқалым, аман-саумысың?

«Қос кеменiң құйрығынҰстаған кетер суға» деп,Тоқал алсаң – шүйлiгiп,Шиебөрiдей шулап ек.

Page 262: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

262

Тiлекке тiлек қосқандайМахаббат – жүрек өлшемi.Ұл туып берсе қошқардайТоқал да – жардың бөлшегi.

Орныңды басар ол тұрып,Үкiдей ұлың үлпiлдеп.Айтады ауыз толтырып«Ассалаумағалейкум!» деп.

Керер деп тағы керегеЖəутеңдеп жəрдем күтiп ек.Бiр тоқал алып бере меДепутат я Үкiмет?

Андай да мұндай айтысып,Сап жүрген кезде бұлтақты.Менiмен бiрге шайды iшiп,Тоқалым тағы ұл тапты.

Алмасаң да некелеп,Тоқалға алғыс жаудыршы.Жас тоқалды жетелеп,Қарттарым, аман, сау жүршi!Уh!..

Сонымен, Парламент мəжiлiсiнiң депутаттары халықтың санын көбейту мақсатында «Еркекке екi əйел алу туралы» заң жобасын бiр ауыздан мақұлдай алмай, бастары қатты. Алда-жалда «Тоқал» партиясы құрыла қалса, оның прези-денттiгiне Заманбек Нұрқадiлов, вице-президентi болып Алматы қаласының əкiмi Виктор Храпунов, жауапты хат-шысы Тұңғышбай Жаманқұлов, көп тоқалдың көркемдiк жетекшiсi Əкiм Таразиды сайлау туралы шешiмдi кейiнге қалдырды.

Өзеуреген депутаттар өзбек əуенiнiң мақамымен «Тоқал туралы» жаңа əндi жамырап айтып тарқасты.

Page 263: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

263

А-а-а... байқадым,Басты сосын шайқадым.Тоқал алған ерлəриңəТоба, шүкiр айтамын.

Майға тоқаш пiседi,Көкем көк шəй iшедi.Ерлi-зайып арасынаЕсi кеткен түседi.

А-а-а-а-а-а-а!Тоқал, тоқал дермəсəң,Тоқаш берсем жермəсəң.Тоқал алған ерлəриңнəнАйналайын дермəсəң.

А-а-а... байқадым,Басты сосын шайқадым.

Page 264: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

264

Тоқал алған ерлəриңəТоба, шүкiр айтамын.

Салма жаным, айғайға,Перiште жолдан таймай ма?Шал да болса тиiп ал,Бас-басыңа бай қайда?

Бұ жұрт не деген пысық-ей! Жер сiлкiнiп, су таситынын ең əуелi мысық пен жылан сезедi деушi едi. Бiздiң пысықтар ол екеуiнен де озып кеттi. Заманбек Нұрқадiловтiң сөзiне жазылған «Өмiр де, өмiр, өмiр-ай!» əнiнiң əуенiмен «Тоқал да, тоқал, тоқал-ай!» деген əндi күн iлгерi дайындап қойыпты. Сөзiнiң нобайы мiнеки...

Өмiр де, өмiр, өмiр-ай,Бiрде тұнық, бiрде лай.Тоқал алам дегенгеЖасама бөгет – тұр былай!

Тоқал да, тоқал, тоқал-ай,Əр түрлi əуен, нотадай.Нар жiгiттер бұйдалапБоздатып жүрер ботадай.

Ақылды болса бəйбiше,Тоқалды өзi-ақ ап берер.Алқым жүнiң ағарса,Жас иiс бiрақ жат келер.

Бiлмесең егер бағалай,Түсiрер бiр күн сабаңа-ай.Махаббат оты маздаса,Маған да – жұлдыз, маған – ай.

Бəйбiше, тоқал, жас иiс,Құрдымын бiлмей құмарсың.

Page 265: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Қайсысымен сен тұрсаң,Соған ғана ұнарсың.

Өмiр де, өмiр, өмiр-ай,Бiрде тұнық бiрде лай.Тоқал алам дегенгеЖасама бөгет, тұр былай!...Заман да заман, заман-ай!

2001 жыл

Page 266: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

266

МАЗМЎН

Əу баста «Бутя» деген есiммен елге танылған Болат Əбiлев бармағынан бал тамған бiр суретшiге өз бейнесiн салдырыпты. Кел деген кезiнде барса – суретi дайын. Ғажап! «Ұқсамасаң тумағыр» дегендей, тұп-тура өзi. Айнымайды.

– Қанша берейiн? – дейдi Болат риза болып. Суретшi ас-пандағы бағаны айтады. Тарс ашуланған Бутя:

– Не болды сонша қымбаттатып? – дейдi шекесi тыры-сып. – Көп болса бiр-екi қорап бояуың кеттi. Бiр-екi қылқала-мыңның ұшы тозған шығар. Қымбат! Өте-е-е қымбат!..

Сонда суретшi:– Мəселе қылқаламның тозған-тозбағанында емес қой! –

дейдi жайбарақат. – Тиын-тебен тұратын бояумен мен сенiң суретiңе мазмұн бердiм. Мə, бiр жəшiк бояу! Өз суретiңе өзiң мазмұн берiп көршi, қане?!

2004 жыл

Page 267: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

267

МАЌЎРЫМ

«Қазақ тiлiн қалай үйренем?» деп қамықты ма екен, əлде талқаны таусылды ма, қызмет бабымен жүрген үш мили-цияның бiреуi кенеттен қайтыс болады.

«Бала-шағасына қалай естiртемiз?» деп екеуi ақылдасады.– Сен бар! – дейдi бiреуi.– Да, нет... Лучше ты иди. Ты же чуть-чуть казахша зна-

ешь! Я вообще ноль! – деп екiншiсi ат-тонын ала қашады.– Бiздiң министрiмiз Зауытбек Тұрысбеков қазақша бiлсе

де, жиналыстарда қазақша сөйлемейдi.Сен де орысша айта бер! – дейдi.Ол келiспейдi. Амал жоқ, «чуть-чуть казахша» бiлетiн

милиция қайтыс болған досының үйiне кеп, есiгiн қағады. Ештеңеден бейхабар марқұмның əйелiне табалдырықта тұ-рып:

– Күйеуiңiз үйде ме? – деп сұрайды.– Жоқ!– Қайда?– Жұмыста.– Қашан келедi?– Кешке...– Шынымен кешке келе ме?– Иə, кешке келедi.Қазақша қалай естiртудiң жөн-жоралғы, дəстүрiнен мақұ-

рым милиция:– Кешке келе ме? – деп қайта сұрайды.– Иə, кешке келедi.Сол сəтте ол бас бармағын екi саусағының арасынан

жылт еткiзiп:– Мə, келедi! – дептi.

2002 жыл

Page 268: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

268

ƏДЕМI ƏУЕН

Бокстан əлем чемпионы Бақтияр Артаевтан:– Музыкаға əуессiң бе? Қай əуендi естiсең құлағыңның

құрышы қанады? – деп сұрап едiк, ол ойланбастан:– Олимпиада ойындарында алтын медальды алқымы-

ңа тағып тұрып Қазақстанның əн-ұранын естiгенге не жет-сiн! – дедi жымиып.

Page 269: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

269

ТОР ДОРБА

Спорт комитетiнiң төрағасы Дəулет Тұрлыхановтан:– Құдайға шүкiр, Қазақстанда бокс жақсы дамыған. Кү-

рес те күштi, палуандарымыз арыстандай атылып тұр. Ал, ендi көңiлiңiзге келсе де айтайық, елiмiзде ең оңбай қалған спорттың түрi – баскетбол. Неге? – деп сұрап ек, ол қысқаша:

– Қазiргi нарық заманында бiреудiң торына бiрдеңе тас-таған бiр қазақты көрдiң бе? Қанында жоқ нəрсеге қазақ жү-гiрмейдi! – дедi жымиып.

2005 жыл

Page 270: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

270

ЕКI НҐЛ

Стадион. Ығы-жығы. У-шу. Қыз бен жiгiт футболға кешi-гiп келдi. Жанындағы жанкүйерден:

– Есеп қанша? – деп сұрады жiгiт. Көршiсi қазақ болса да қазақша сөйлемейтiн қисық екен:

– Два ноль! – дедi қитығып.– Оһо-о-о! – дедi жiгiт делеңдеп. Наши?– Да нет... Ты не понял! – дедi əлгi қисық. – Там ноль, там –

ноль – два ноль!– Есеп қанша, ағай? – деп сұрады қыз да жанындағы жан-

күйерден. Онысы қазақшаға судай қазақ екен:– Нөл де нөл! Итжығыс! – дедi.– О-о-о, тамаша! – дедi қыз кəдiмгiдей қуанып. – Бiз еш-

теңе жоғалтпаппыз ғой!..Ана тiлiмiз бен халықаралық қатынас тiлiн футбол ко-

мандасына теңей қалсақ, кiм ұтып жатыр деп ойлайсыз? Қазақ тiлi алда ма? Əй, қайдам? Есеп 1 де 0 – орыс тiлiнiң пайдасында!

Елбасымыз «гол» соқпаса, есептi теңестiру қиын-ау. Қа-зақ тiлi қоғамының су жаңа Президентi Өмiрзақ Айтбайұлы да шабуылға шығатын шығар.

2003 жыл

Page 271: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

271

ЕПТЕП ЕЅКЕЙIЅIЗ!

Бойы көк тiреген бəйтеректей жазушы-ғалым Тарақты Ақселеу Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты болғасын базарға барыпты да:

– Маған бiр кiлə алма тартыңызшы! – дептi.

– Ала бұлттың ар-жағынан қарамай, ептеп еңкейiңiз! – дептi са-тушы. – Бұл алма емес, асқабақ қой, аға!

Алыстан қараған ға-лымға асқабақ та алма-дай боп көрiнедi екен-ау, ə?..

2004 жыл

КҐП ПАРТИЯ

– Бокс деген не?– Құшақтасып жүрiп «пышақтасу»....Қазiргi көп партияның көптеген мүшелерi боксшыдан

аумайтыны несi?2001 жыл

Page 272: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

272

СЎЛАТЫП САЛДЫ

– Каратэ деген не?– Бiр ұрып ұзынынан түсiретiн спорттың түрi.– Қалай?..– Былай!Қара таяқты алды да, қақ маңдайдан бiр-ақ пердi. Əлгi

бейбақ ауруханаға түсiп, ертесiне есiн жиған кезде:– Мiне, каратэ деген осындай! – дедi. – Бiрақ онда таяқпен

емес, қолмен ұрып сұлатады.... Оған несiн күлесiз? Намысына тисең, кез келген қа-

зақ – каратист.2006 жыл

ТАПЌЫШ БОЛСАЅ, ТАПШЫ!

Мəртебелi мырзалар мен ханымдар! Айдай сұлу арулар мен бикештер! Сəлеметсiздер ме? Ешкiм амандаспайды ғой, ей? Сiздер немене, амандасуды ұмытып қалғансыздар ма? Е, мейлi! Ендеше, ескiше... Баяғыдай бас салып құшақтасып, жер тепкiлеп желпiнiп тұрып амандасайықшы. Сағынған шығарсыздар.

– Здравствуйте дорогие товарищи!– Бəрiмiз бiрiмiз үшiн, бiрiмiз бəрiмiз үшiн – физкульт-

привет!– Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын!Əй, қайдам, сол жүз досың бiр-бiр сомнан бере қояр ма

екен қазiр?Бiз не көрмедiк? Коммунизмдi көрдiк. Социализмдi көрдiк... Коммунизм кезiнде жұмыссыздық жоқ болатын, бiрақ

ешкiм жұмыс iстемейтiн.Ешкiм жұмыс iстемейдi, бiрақ жоспар асыра орындалады.Жоспар асыра орындалады, бiрақ дүкендерде түк жоқ –

жылан жалағандай. Дүкендерде түк жоқ, бiрақ жұрттың бəрiнiң қарны тоқ.Жұрттың бəрiнiң қарны тоқ, бiрақ ешкiм еш нəрсеге риза

емес.

Page 273: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

273

Ешкiм еш нəрсеге риза емес, бiрақ бəрi бiр кiсiдей бiр кi-сiге дауыс беретiн.

Ендеше, бiр кiсiнi қошеметтегендей бəрiмiз ду қол шапа-лақтайықшы.

Е-е, кiмге қол соқпадық? Кiмге дауыс бермедiк? Бұрынағы жылы сайлау болды. Депутаттыққа кандидат бiреу:

– Дауыс беруге бара жатырсыз ба? – дедi.– Иə.– Кiмге?– Оны өзiм бiлем.– Мə, маған дауыс бер! – деп сыңар туфлидi қолтығыма

қыстырды.– Əй, сыңар туфлиiң не, ей, сенiң? Менi немене, бiр аяғы

жоқ ақсақ деп тұрсың ба?– Егер маған дауыс берiп шықсаң, екiншi сыңарын ала-

сың! – дедi. Ашық сауда. Ертеңiне көшедегiнiң бəрi көңiлдi. Бүкiл ауыл-аймақ су

жаңа туфли киiп жүр екен.Сол су жаңа туфлиiмдi киiп тырпылдатып келе жатсам

бiр қу жiгiт қутыңдап: – Ағай, ағай? – дейдi.– Е, не?– Сiзге жұмбақ жасырсам табасыз ба? – дейдi.Ерiккенге ермек керек:– Қандай жұмбақ? – деп таңырқаған болдым.– Жұмбағым былай, аға: егер осы жұмбағымды тапсаңыз

бар ғой, сiзге айдың бетiнен алты сот жердi жекешелендiрiп берем! – дейдi.

Жерде жекешелендiретiн ештеңе қалмағасын, алты сот болса да айдың бетiнен алып қалайын деп арам ойладым да:

– Жасырсаң жасыр, бала, жұмбағыңды! – дедiм.– Жұмбағым былай, аға: «Бiр қарасаң – бар, бiр қара-

саң – жоқ».– Осындай да жұмбақ бола ма екен? Оп-оңай. Мұның

шешуi – қазiргi министрлер.– О-о, таппадыңыз, аға!– Ендi не?– Бұл жұмбақтың шешуi – аспандағы бұлт.

Page 274: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

274

– Бұлт?Негiзi, оныкi де дұрыс, менiкi де дұрыс. Министрлерiң де

аспандағы бұлт секiлдi, аспандағы ала бұлт та жердегi ми-нистрлер секiлдi бiр қарасаң – бар, бiр қарасаң – жоқ.

Ендi кетейiн десем:– Ағай, ағай! – дейдi əлгi қу бала қутыңдап. – Тағы бiр

жұмбағым бар. Егер осы жұмбағымды тапсаңыз бар ғой, мен сiзге үш бөлмелi үй беремiн... Жаңатас қаласынан!..

Е, мейлi, бiреуден – екеу жақсы, екеуден – үшеу жақсы. Жүгiргеннен – тұрған жақсы, тұрғаннан – отырған жақсы, отырғаннан – жатқан жақсы. Жаңатас қаласында жатсам да жаман болмаспын.

– Жасырсаң жасыр жұмбағыңды! – дедiм.– Жұмбағым былай, аға: «Бiр жылда екi рет өседi».– Сондай да жұмбақ бола ма? Оп-оңай. Оның шешуi –

тағы да министрлер.– Жоқ, аға. Тағы да таппадыңыз. Шешуi – қойдың жүнi.– Қойдың жүнi?Негiзi, оныкi де дұрыс, менiкi де дұрыс. Министрлер де

қойдың жүнi секiлдi бiр жылда екi рет өседi, екi рет қырқып алып отырады.

– Ағай, тағы бiр жұмбағым бар!– Əй, бала, асығыспын! – деп сiздерге жеткен жерiм осы.Ет қызуымен ендi сiздерге екi-үш жұмбақ жасырайын.

Егер шешсеңiздер бар ғой, социализм кезiнде кассаға салып күйiп кеткен ақшаларыңызды пайызымен қайтарып берем. Келiстiк пе? Ендеше, былай:

Маған,Маған,Маған,Маған.Бұл не? Ауыз? Жоқ. Қасық? Жоқ. Таппадыңыздар. Бұл

жұмбақтың шешуi – кетпен. Тағы бiр жұмбақ:Бiрде маған,Бiрде саған.Бiрде маған,Бiрде саған.

Page 275: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

275

Бұл не? Сыбайлас жемқорлар? Жоқ, ол емес. Қарыз? Жоқ, дұрыс емес. Шешуi – ара. Иə, ағаш аралайтын ара.

Ендi ақырғы жұмбақ:Мен оған қараймын,Ол маған қарайды.Бұл не? Тапқыш болсаң тапшы, ал! Айна? Ол емес. Қыз

бен жiгiт? Жоқ! Шешуi – сiздер мен бiздер. Яғни? Көпен мен көрермен.

(Осы тұста əлгi қу жiгiт айғайлап келедi).– Ағай, ағай!..– Қыр соңымнан қыдыңдап қалмай қоймадың-ау. О не?– Ағай, ағай! Бiр жұмбағым қалып қойыпты.– ХХ ғасырдың жұмбағы таусыла ма?– Бұл – ХХI ғасырдың су жаңа жұмбағы.– Онда жасыр.– Жасырсам былай:Бержағынан кiрiп,Аржағынан шығады.Аржағынан кiрiп,Бержағынан шығады.– Бар болғаны осы-ақ па? Оп-оңай. Шешуi – жағымпаз.– Қаңғып кеттiңiз, аға.– Онда шекесi жылтыраған шенеунiктердiң кабинетi!

Олардың кабинетiнiң екi жағында екi есiк. Баяғы бала кезi-мiзде басы тесiк етiк айдалада жатушы едi ғой. Тышқан қоны-шынан кiрiп, басынан шығады да, басынан кiрiп қонышынан шығатын. Дəл сол сияқты шенеунiктер де кабинетiнiң бер-жағынан кiрiп аржағынан шығады, аржағынан кiрiп бержа-ғынан шығады. Шешуi сол.

– Маңына жуымайды.– Ендi не?– Шешуi – ине.– Ине?– Иə, ине.– Сонда ине қанша рет кiрiп, қанша рет шығады?– Ол, инеге емес, түймеге байланысты.– Сонда... Түйме кiшкентай болса, ине аз кiрiп, аз шығады

да, түйме үлкен болса көп кiрiп, көп шығады ма?

Page 276: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

276

– Солай, аға.– Өзiңде түйме бар ма?– Мiнеки, аға.«Омырауда он түйме қатар-қатар, Ағытқанша түймеңдi таң да атар».– Омырауда он түйме дейсiң. Бiр түймең түсiп қалған ба?

Тоғыз-ақ түйме ғой.– Санау бiлесiз бе, аға?– Бiлем.– Санаңызшы.– Бiр, екi, үш...– Сосын?– Төрт, бес, жетi...– Ой, аға, алтыны ұмытып кеттiңiз.– Ə, алты бар екен ғой? Алты, жетi, сегiз... – Сосын?– Тоғыз, он, валет, дама, король, тұз!– Картаны қатырады екенсiз, аға. Карта ойнайсыз ба?– Картаң бар ма?– Жоқ.– Ендi немен ойнаймыз?– Ақшамен.– Ақшаң бар ма?– Болмаса болады да.– М-м... Ұтам дегенiң ғой.(Екеуi ақша шығарып, карта секiлдi жүре бастайды).– Жасыңыз үлкен ғой, аға. Сiз жүрiңiз.– Iрiсiнен жүрейiн. 20 теңге.– 20 теңгеңдi 50 теңгемен бастым, аға!– Мə, 50 теңгенi бас.– 50 теңгеңдi еңiретiп 100 теңгемен бастым.– Мə, 100 теңге жүрдiм. 200 теңгемен басасың ба?– Жоқ, 1 доллар. Бастым.– Ойпырмай, 1 доллардың алдында 100 теңгенiң жүзi жар-

қын болмай қалыпты-ау. Мен саған басқанды көрсетейiн. Мə, 100 доллар! Басқыш болсаң басып көршi.

Page 277: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

277

– 100 доллар? Оны немен бассам екен, ə? Қарызға басуға бола ма?

– Болмайды.– Ендеше, баса алмай-

мын, аға. Көтердiм!– Əй, сенiмен

ойнамаймын. Қу бала екенсiң.

– Тағы бiр су жаңа ойын бар, аға.

– Қандай?– ХХI ғасырдың

ойыны. Музыкалық ойын.

– Дискотека ма? Əлде, казино...

– Соған ұқсас. Магнитофонның кассеталарымен карта ойнаймыз.

– Өнер жұлдыздарын картаға саламыз ба?

– Иə, дəп солай. Мiне, кассеталар... Жасыңыз үлкен ғой, жүрiңiз.

– М-м... Ермек Серкебаев!– Көзiр ғой, аға.– Е, көзiр екен ғой. Онда Роза Рымбаева!– Ол да көзiр.– Ендеше Қайрат Байбосынов!– Өңшең көзiрдi қайдан жинап алғансыз?– Қазiр, құдайға шүкiр, көзiрлер көбейiп келедi. Бiр əн

айтса – клип, екi əн шырқаса – көзiр.– Жай кассетамен жүрсеңiзшi.– Мақұл. Мə, ендеше. Бақыт Шадаева, Меруерт Түсiп-

баева, Гүлнəр Сиқымбаева.– Халық қаһарманы Роза Бағлановамен басам оны.

Page 278: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

278

– Қашанғы басасың, мен де iрiсiнен жүрейiн. Мə! Халық қаһарманы Əзiрбайжан Мəмбетов!

– Тұңғышбай Жаман-құлов! Бастым.

– Атаңның басы! Халық қаһарманын Тұңғышбай қалай басады?

– Қазiр оған қарамай-ды, аға. Баса бередi. Жүрi-ңiз.

– Жолыңа қақпан құ-рып əзiл-сықақ театрла-рын жүрейiн. Мə! «Терiс-қақпай», «Күлкi керуенi», «Шаншар».

– Халық əртiсi, экс-депу-тат Құдайберген Сұлтан-баев. Бастым.

– Дұры-ы-ес. Ендi не жүрсем екен? (Мына жақ-тан бiр қыз Мақпал Жүнi-

сова секiлдi ыңылдап өлең айтады).Адамдар сұрамаңдар, сұрамаңдар,Өмiрде мен сүйетiн бiр адам бар.– Ə-əй, қыз, «подсказ» берме. Шошаңдамай тұр.– О-о! Жүрдiм. Мақпал Жүнiсова! Көзiр, аға. Басыңыз.– Ə, балақай «мəш» бердiң. Мə! Заманбек Нұрқадiлов.

Басылды ма?– Басылды, басылды. Тамаша басылды! (Əндетiп). Тама-

ша, тамаша, тамаша!– О-о, онда «Тамаша».– «Көпен келе жатыр!..» Бастым.– Баса алмайсыз, аға.– Е, неге!

Page 279: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

279

– «Тамашаны» басу үшiн Көпенге көбiрек ойлау керек, көсiлтiп ойнау керек.

– Ойбай, көкем келе жатыр!– Көпен келе жатыр!..– Көкемiз бiздi басып жiбермей тұрғанда тезiрек бұл ара-

дан тайып тұрайық....Жұмбақ. Тапқыш болсаң тапшы, ал. Келе жатқан көке-

мiздiң аты кiм екен, ə?2000 жыл

ЌАЙНАЄА МЕН КЕЛIННIЅ ЌАЌТЫЄЫСЫ

Айтыс ақындарыШОРАБЕК пен АЙНҰРДЫҢ сарыны

Жүрсiн: – Ассалаумағалейкум, айтыс сүйер алқалы қа-уым. Айтысымызды əрi қарай жалғастырамыз. Кешiгiп кел-ген көрермендерге əдiл қазылар алқасын тағы да таныстыра кетейiк. Көрiп отырсыздар, кiлең ығай мен сығай.

«Асанқайғы атамыз азанғы сағат алтыда туған» деп жер-жаhанға жар салған ғалым ағамыз Дүйсенбай – мiнеки!

«Асанқайғы атамыз азанғы сағат алтыда емес, алтыдан тұп-тура он екi минут кеткенде шыр етiп дүниеге келген» деп кандидаттық диссертация қорғаған Сейсенбай ағамыз – əнеки!

«Олардыкi əшейiн гəп, жорамал. Асанқайғы алты жа-рымда туған» деп докторлықтың атын ертерек ерттеп мiнген Сəрсенбай ағамыз да бүгiнгi қазылар алқасының мүшесi.

«Асанқайғы бiздiң ауылда туған. Оның азан шақырып қойған аты – Асанқайғы емес, Асанғали болатын. Бала кезiм-де көкемнiң көзiн көргем» деп академик атанған Бейсенбай ағамыз – əдiл қазылар алқасының төрағасы.

Тыныш... Шуламаңыздар! «Сөз қадiрiн бiлмеген шағала-ша шулайды» деп бабаларымыз айтқандай, кiшкене сабыр сақтап отырыңыздар. Қазiр айтысты бастаймыз.

Page 280: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

280

Баяғыда... Бiздiң ауылда... Ұлытауда... Бiр үй өртенiп жатса ауыл-аймақ, көршi-қолаң жиналып, үдерiсiптi. Бiреуi шелекпен су шашып, ендi бiреуi киiз басып шат-шəлекейi шығып жатса, бiр əйел жүгiрiп келе жатыр екен. Қолында айыр. Айырға қойдың бас-сирағын шаншып алыпты.

– Ау, жеңеше, қайда барасыз?– Өй, əдiрə қалғыр, ақыры өрт боп жатыр ғой, бас-сира-

ғымды үйтiп алайын деп ем.Сол айтпақшы «Ақыры айтыс боп жатыр ғой, қатарды

көбейтiп қатыса салайын» деген қара жаяу ақындар жоқ. Кiлең бұлбұл, кiлең дүлдүл.Октябряттар орнынаАқпақұлақтар келдi ғой.Пионерлер орнынаЗиян ерлер келдi ғой.Комсомолдар орнынаНан соғарлар келдi ғой.Коммунистер орнынаКоррупистер келдi ғой! – деп бебеу қаққан Бекжан ақы-

нымыздың өнерiн тамашалайсыздар.Базарың да – «Евразия».Ажарың да – «Евразия».Баспанаң да – «Евразия».Астанаң да – «Евразия».Университетiң де – «Евразия».Шаш ал десе, бас алған,Что за безобразия? – деп жер тепкiлейтiн Жетiсудың жор-

ғасы Айтақын да алдарыңызға шығады. Арыны қатты. Алды-нан арқан кермесеңiздер тоқтамайды. Əрi қарай шауып өтуi мүмкiн.

Жоққа жүйрiк жете ме? Демеушiмiз жоқ. «Атамұра» кор-порациясын, оның президентi Мұхтар Құл-Мұхаммед мыр-заны қашанғы қаужаймыз? Айтыстың үстiнде атып тұрып жүлдегер ақындарға екi мəшине мiнгiзген Өмiрзақ Сəрсенов ағамыз да бейнеттен зейнетке кеттi. Оның пенсиясына жар-масамыз ба? Ұят шығар. Құрылыстан бұрылыс тауып, көп-теген айтысқа көмектескен Ермегяев көкемiз бiр көзiн қысса,

Page 281: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

281

бiз екi көзiмiздi қысып жүрдiк. Қазiр ол көкемiз де көп көз қыспайтын боп барады.

Демеушi болам деген бiр кəсiпкер iнiмiз кеше аяқ асты-нан ауырып қалды. Анализ тапсыру үшiн жүз грамдық бар-мақтай шишаны емханаға апарайын десе, iшiндегi бiр-екi тамшы «зеленкасын» қимаған. «Зеленканы» төгiп тастайын десе – обал. Ақшаға келген дəрi ғой.

Демеушi iнiмiз жалма-жан бас бармағын тiлiп жiберiп, «зеленканы» жаққан да босаған шишасын ауруханаға алып кеткен. Мiне, бiздiң демеушiлерiмiздiң хал-жағдайы. Қазiр дiмкəс. Ендiгi айтысқа дейiн ауруынан айығып кетуiне тiлек-теспiз.

Жеребе бойынша ендi екi ақынды сахнаға шақырамыз. Екеуi де Тараз қаласынан. Қарсы алыңыздар – Айнұр Тұр-сынбаева жəне Шорабек Айдаров. Бiрi – келiн, бiрi – қайнаға.

Ақындар, сiздерге құлаққағыс: əңгiменi əлхиссадан баста-май қысқа қайырып, тiке тақырыпқа көшiңiздер.

Көп шапса қара айғырдың əлi кетер,Көп шайнаса қазының дəмi кетер! – дегендей, ауыз тұщы-

татын айтыс болсын. Бүгiнгi тақырып – қой туралы. Саясатты қайтесiңдер, қойды жырлаңдар. Қойы маңыраған, қозысы жамыраған баяғы елу миллион қой қайда? Соны тiлге тиек етiңдер!..

Шорабек:– Армысың, ағайын жұрт, халқым, елiм,Сақтаған сары алтындай салты-жөнiн.Дамытып дарындылар келе жатырҚазақтың қасиеттi фольклорын.Айтыстың айдынында бiрге жүзгенАрмысың, Айнұр деген партнерiм!

Айнұр:– Ардақты ақын едiңiзБасынан бағы таймаған.Айтысқан сайын айғайлап,Саласың ылғи байбалам.

Page 282: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

282

Екi бүктелiп келiпсiң,Есен бе елiң – айналаң.Иiлiп сəлем берейiн,Армысың, ақын қайнағам.

Шорабек:– Алдыңда не деп ендi шолжаңдайын,Мен емес бос сөз айтар сандалбайың.Айнұрмен айтыстырып қойғаннан соң,Тағы да тiл-ауыздан қалғандаймын.Кəрi қызбен айтысам-ау деп келiп ем,Келiнге кез болды ғой сор маңдайым.

Айнұр:– Қайнағама қарасам,Бұлданып тұрған секiлдi.Бұлданам деп барынанҚұр қалып тұрған секiлдi.Кəрi қыздар қарамайЖынданып тұрған секiлдi.Сол жынды Айнұр қағатынКүн болып тұрған секiлдi.

Шорабек:– А-а-а-ау, ағайын!Алсам мен Айнұржанға екi-үш қарап,Бiткендей болар едi оқыс қанат.Келiндi қолмен ұстап көре алмайсың,Секiлдi музейдегi экспонат!

Айнұр:– Экспонат сый деймiз,Тiрлiктi алға сүйреймiз.Намысқа тиер жан болса,Əзiлмен жаншып түйреймiз.Бiр терiнiң пұшпағынЖеке-дара илеймiз.

Page 283: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

283

Əлемдi ерлер билесе,Ерлердi бiздер билеймiз.

Шорабек:– А-а-а-ау, Айнұржан!Қызығар жансың кiсi тұлғасына,Шыға бер өнердегi шың басына.Абыройың асып тұр бұл күндерi,Айтыс сайын мiнесiң бiр машина.Қораға қой қамамай гараж салғанМəшинең еркек пе өзi, ұрғашы ма?

Айнұр:– Ақ маңдай, ақ қайнаға деп отырмыз,Айтыстың алаңына кеп отырмыз.«Қайнаға қарап тұрмас» деген сөз бар,Дегенмен көңiлiмiз тоқ отырмыз.Қиқу мен бытпылдығы келiспейтiнТырна мен бөденедей боп отырмыз.

Шорабек:– Арлы таз басын елден ар қылып па,Шыдаймын бүгiн сендiк бар қылыққа.Айнұр-ау, ақ маңдай деп кекетесiң,Қап-қара екенiмдi мəңгi ұмытпа!Қап-қара болсам егер несi жаман,Тумай ма қара тауық ақ жұмыртқа?

Айнұр:– Екпiндеп келiп сөйлейсiз,Айнұрға кезеп мылтықты.Сөйлейiн десем дес бермей,Жанымды алдың тым тiптi.Тауық қуып жүрсiз бе,Мұндайды сiзден кiм күттi!Қарап тұрған бүркiттi Қайнағам келiп үркiттi!

Page 284: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

284

Жүрсiн:– Ау, ақындар! Тақырып қайда? Қой қайда? Қой туралы

ой қайда? Қойды жырлаудың орнына қай-қайдағы ақ тауық, қара тауық, бүркiт, тырна, бөдене, бытпылдық, жұмыртқаны дəрiптегендерiң не? Қане, қой қораның маңынан ұзамаңдар. Қой туралы əрi қысқа, əрi нұсқа айтысыңдар.

Айнұр:– Қазақтың дархан жерiндеМерейiм ассын менiң де.Жұлдызы ермен жанатынƏйел заты едiк тегiнде.Жоқ қойды жырла дегесiн,Айтысу қиын келiнге.Екi ешкi қосылса,Қой түседi егiнге!

Шорабек:– А-а-а-ау, ағайын!Бұл күнi қой қалмады қорамызда,Қорамыз қаңыраса оңамыз ба?Қой деген момын малды көру үшiн,Бiз ендi зоопаркке барамыз ба?

Айнұр:– Қиялдап, кəне көрейiк,Екi мың отыз елесiн.Миронос қой көбейiп,Қырқымға сен де келесiң.Тықырлап қырқып алыптыМиронос қойдың денесiн.Қайнаға, сонда не дер ең,Ақ қойды жырла дегесiн?

Шорабек:– Жүндерi жiбек болып есiлгендей,Ақындар бiр күй бастан кешiргендей.

Page 285: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

285

Мериносты тықырлап қырқып алсаң,Болады орыс қызы шешiнгендей.

Айнұр:– Қиялдап тағы көрейiкЕкi мың отыз елесiн.Қаракөл қой көбейiп,Қырқымға тағы келесiң.Тықырлап қырқып алыпты,Қаракөл қой денесiн.Қайнаға, сонда не дер ең,Қара қойды жырла дегесiн?

Шорабек:– Жүндерi жiбек болып есiлгендей,Ақындар бiр күй бастан кешiргендей.Қаракөлдi тықырлап қырқып алсаң,Болады негр қатын шешiнгендей.

Айнұр:– Алатауым биiк тұр,Төбесi бұлтқа тиiп тұр.Сол таудың ақ бас шыңдарынСəулесi күннiң сүйiп тұр.Қасиеттi жердiң мойнынаАлма-тал басын иiп тұр.Қиялына қазақтыңАлматы қалай сыйып тұр?

Шорабек:– А-а-а-ау, ағайын!Қалайды тiрлiктегi кiм митыңды?Бұзбасын əлдекiмдер түнгi ұйқыңды.Айтысқа бəрiң келiп отырғанда,Кетпесiн бiреу тонап үй-мүлкiңдi.

Жүрсiн:– Рахмет! Уақыттарың болды... Болды, болды!

Page 286: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Айнұр:– Ағай, бiр-р шумақ...

Жүрсiн: – Ал, Айнұр, айтысыңды ұзартпа! Соңғы шумағыңды айт

та қайт.

Айнұр:– Қайнаға, не шығады қырқысқаннан.Шындасам шыңғыртамын бiр қысқаннан.Радж Капур секiлдi мұрт қойыпсыз,Қонақ боп келгендей-ақ Үндiстаннан!

2002 жыл

Page 287: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

287

НУ, ЖАРАЙДЫ!

(«Тамашаның» режиссерi Лұқпан Есеновтiң монологы)

Не надо! Керегiсi жоқ... Артистер қазан сияқты. Ал, ре-жиссер – сол қазанды қайнататын ошақ. Жиырма екi жыл-дан асты – «Тамашаның» оты да мен, ошағы да мен, қазаны да, қаспағы да... Жоқ қаспақ емес, қақпағы да мен.

Незаменимых не бывает, қарындас. Мен сенi бiр-ақ жыл-да... звезда қып шығарам.

Ну, судьба! Өмiр солай. Тiрi байымай, өлi разы болмайды. Мейiрман кеттi. Арты қайырлы болсын. (Бетiн сипайды) Тоқ-сын кеттi. (Бетiн сипайды) Құдайберген кеттi (Бетiн сипай берiп кiлт кiдiредi де) депутат боп. Қазiр құда да тыныш,

Page 288: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

288

құдағи да тыныш, Құдайберген де тыныш... депутат емес. Тiфə, тiфə... бетi берi бұрылды. Бауыржан кеттi «Шоу!» боп. Тұңғышбай кеттi «ЗОУ» боп. «ЗОУ» деген қысқарған сөз: «з» – завтрак, «о» – обед, «у» – ужин. Тұңғышбай əл-Тарази емес, Тұңғышбай Зоу-Тарази!

Қарындас, атың кiм? Мен сенi бiр-ақ күнде... Тойыс, бiр-ақ жылда звезда қып шығарам.

Сатириктер жазбайды. Оспанхан кеттi. Мен вообще сати-риктердiң сұлтаны Оспанхан деп бiлем.

Во-первых, «Тамашаның» да атын қойған Оспанхан. Во-вторых, Оспанханның тілі шедевр. Неповторимый сатирик. Сөзді қалай ойнатады! Мастер! Например, мына өлеңін давай оқиық. Мектептегі преподавательдің уровенін сынайтын сықақ өлең.

Сабақтың ең құндысы – Əдебиеттен берді бұл кісі.Ал енді,Қызығы,Ғажабы,Дымқыл ДамбылбаевБар сөзін жұмбақтапƏр сөзін құндақтап,Көзілдірігін алып тастап,Жазушылардың атын жаңылтпаштап,Былай бастайтын сабағын:ӨлеңгеӨте-мөтеГетеТөте.Жылжымай жатыпЖылдам жазды,Пысық кісі болған.

Ал енді Пушкин – ұшқын!!!Тұс-тұста ұшқан,Құсты ұстағанҚырғи ақын!

Page 289: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

289

Пушкин ұшқын!Үш күн,Үш түн,Ұшқындатқанда,Сарқылмаған ақын.Қызық кісі болған.

Ал,Ақылды,Нақылды,Ұғымды,Жұғымды,Ұтымды,Күтімді,Нұсқа сөзгеАбай ағай ұста!Кейде Абай ағай,АбайламайƏн де жазып қоятын,Пысық кісі болған.

Ал енді,Айтыстан қайтыспайАйтысқан,Еміс-еміс емес,Тегіс жеңіс бермеген,Өлең сөздің иесіАқ жаңбыр ЖамбылЖалықпай жүріп жүзге жетті.Бұ кісі деТүсіп тісіПысық кісі болған.

Шона кеттi. Сейiт – далада. Толымбек – тамада. Көпен – лə-лə-лə! Өзi жазады, өзi айтады и өзi сахнадан қайтады. Вот, өзi де келе жатыр. Ал, Көпен, бiзге бiрдеңе əкелдiң бе? Не? «Халық қаһарманы туралы?» Не надо! Халық қаһарманының

Page 290: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

290

керегiсi жоқ. Ну и что? А-а, Роза Бағланова туралы пародия ма? Тақырыбы не? «Бақытты апай Бағланова туралы бал-лада?» Да-а, вообще-то Роза апай бақытты əншi. Соғыс ке-зiнде генерал Рокоссовскийдiң өзi окоптың iшiнде апайға орден берген. Вот это счастье!

Патша? Не надо патша! Керегiсi жоқ. Патша туралы вообще айтпа. Не дейсiң? Кiм? Құрманғазы? Не Құрманғазы? Не надо! Керегiсi жоқ... Құрманғазының бiр күйiн «Тамашаға» шығару керек пе? Не знаю? Құрманғазы «Тамашаға» қандай еңбек сiңiрдi? По-моему ешқандай заслугасы жоқ. Ең болма-са Муромов құсап:

«Тамаша,Тама-аша,Та-ма-ша-а!» деп əн шығарған жоқ. Баяғыда Браун деген

бай немiстiң балмаскарадына барып, «Балбырауын» деген күй арнаған. Ол «Тамашаға» күй шығарған жоқ. Знаю! Тiптi түрмеден қашқандарға да күй тартқан. «Түрмеден қашқан», «Көбiк шашқан», «Кiсен ашқан» сияқты кiсi шошитын күйлерi көп. Посмотрим! Егер Құрманғазы спонсор тапса, бiр күйiн «Тамашаға» жiберуге болады... Ол туралы бiздiң директорымыз Əзiмханмен сөйлессiн. Я не решаю. Билет, билiк – бəрi сонда.

А? Зəкең келе ме? Заманбек Нұрқадiлов «Тамашаға» қа-тысам деп пе? Вообще-то, Зəкең Құрманғазының күйлерiн жақсы көредi. Зəкеңнiң күйден басқа да хоббиi бар. Жұмыс-ты жақсы көредi, алтын мен күмiстi жақсы көредi, Мақпал Жүнiстi жақсы көредi. Əсiресе, Құрманғазының «Алатау» күйiн жақсы көредi. «Адай» күйi ме? Не надо! Керегiсi жоқ. Зəкең «Адай» емес, «Алатау» десе, iшкен асын жерге қоя-ды. Давайте, «Алатау» күйiн дайындаңдар!.. Президент те Құр-манғазының күйлерiн ұнатады. Егер Нұрекең «Тамашаға» келетiн болса, онда Құрманғазының «Сарыарқа» күйiн тар-тыңдар!

Ну, жарайды! Пока! 2000 жыл

Page 291: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

291

ЌАЗАЌТЫЅ ТОЙЫ

(«Алматы түнi» əнiнiң əуенiмен)

Қазақтар ояу, қазақтар ояу,Көз iлмес тойда бiр түнге.Көңiлi – думан, өмiрi той-ауКөйлегi көктеу шiркiнге.

Қазақтың тойы – «сен же де, мен же!»Қазақтың тойы көл-көсiр.Басыңның қамын, қарағым, кем же,Бiтедi сонда елге шыр.

Қазақтар ояу, қазақтар – аңғал,Топалаң тойды көп көрдiк.Қызып қап бiреу шығарса жанжал,Көкпардай тартып бөктердiк.

Қазақтың тойы – алыс та берiс,Жеткiзген елдiң мұратын.Қазақтың тойы – шақырсаң тегiс,Өкпелеп бiреу тұратын.

Қазақтың тойы – ашылған жиын,Қазақтың тойы – жиналыс.Өзбектiң тойы – ұйтқыған құйын,Өзбектiң тойы – би жарыс.

Түнде сондай бiр «жиналыста» болдым. Қазақтың тойы да. Бiреу қаққан қазықтай тұрып сөйледi. Ендi бiреу екiленiп, байлаулы бұзау секiлдi ерсiлi-қарсылы жүрiп сөйледi. Базбi-реулер төбелеске шығатындай екi жеңiн түрiп сөйледi. Кел-сiн-келмесiн өңшең қазақ орысшаны ұрып сөйледi.

Галстугi ырғайдай, даусы сырнайдай бiр қазақы көкем орысшалап «тост» көтердi. Сiрə, оқымысты болу керек. Жағ-

Page 292: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

292

рафиядан сабақ берiп тұрғандай көңiлi тасып көлдi айтты. Тебiренiп теңiздi айтты. Мұңданып мұхитты айтты. Əйтеуiр, жер-жаһанға топан суды қаптатып, сөзiн əрең тə-мəмдады.

– На одном берегу стоит девушка, на другом – джигит. Так, выпьем же за перспективу! – деп қолындағы қыпша бел рөмкесiн қылқ еткiздi. Түк түсiнсем бұйырмасын.

Тағы бiр көкем су жұтқан тауықтай көкке қарап шүлдiр-ледi. Өзi қисық дейтiндей қиқар емес, көзi қисық дейтiндей қитар емес. Ол да оқымысты болу керек, орысшадан қа-йырды.

– Ночь. Луна... Он. Она... Он сказал «Да!». Она сказала «Нет!». Прошли годы. Ночь. Луна. Он. Она... Она сказала «Да!». Он сказал «Да!». Но возможности уже были не те. Поздно. Так выпьем же за своевременность! – деп ол да рөмкесiн орталап тастады.

Тағы бiр оқымыстыға сөз тидi. Бұтына жара шыққандай талтаңдап келдi де, тамыр ұстаған тəуiптей ойланып-ойла-нып сөйледi.

– Давайте выпьем за Казахстанскую дверь, потому что она открывается и закрывается. Давайте поднимем тост за Алматинский диван, потому что он всегда нам нужен. И на-конец-то выпьем за Шымкентское электричество, потому что оно горит, когда не надо, и не горит когда надо.

Дəп осы тұста бiр қария: – Əй, қарағым! – деп əлгiге қатты қадалды. – Қазақстанның

есiгiн ашып-жабатын сен бе? Қазақтың есiгi қашанда ашық. Мына жастарға айтып тұрған диваның не? Диван тура-лы емес, иман туралы неге айтпайсың? Ш-ш-ш... Бiздiң Шым-кенттiң светiнде шаруаң қанша? Светтiң қашан жанып, қашан сөнетiнiн əкiм де бiлмейдi. Сен немене?.. Ш-ш-ш... Шымкенттiң əкiмiнен əулие ме едiң?

Бiреулер əлгi əкiреңдеген кiсiге қой-қойлап жатыр. Бiреу-лер оған қарайтын емес, той-тойлап жатыр. Асаба бала Алдар-көседей айнып, жалма-жан ылдым-жылдым, ухит-сухит мiнез танытып, үйленген баланың үйрек бас шешесiне сөз бердi.

Page 293: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

293

– Ой, айналайын, мен ендi не дейiн? – дедi əжей. – Екi жас бақытты болсын. Үбiрлi-шүбiрлi болсын. Осы баламды арқа етiм арша, борбай етiм борша боп жүрiп бақтым ғой... ой, аузыңа сиейiн.

Ал, ендi сөз орайы келген соң «Сөзден сөз туады, əйелден бұрын қыз туады» демекшi, мен ендi айтайын. Айналайын, келiн шырақ! Бiз де қатын болғанбыз, қапқа тары салғанбыз! «Есенiң де есесi бар, шешенiң де шешесi бар» дейдi бұрын-ғылар. Бұ еркек деген ессiздеу болады. Қарнын тойғызып, арқасынан қағып қойсаң, арбаға жеккен ешектей қайқаң қағы-ы-ы-ып жүрiп бередi.

Ал, ендi айналайын балам, тыңда. Əйел деген доп сияқты. Ұрған сайын құтырады. Ұрған сайын басыңнан асып ыр-шиды. Сондықтан оны аялап, домалатып ұстау керек. Тiптi қолың қышып бара жатса, анда-санда желiн шығарып, нұқып қой. Болмаса басыңа қарай ыршымайтындай аулаққа теуiп жiбер, əдiре қалғыр.

Əзiлiм ғой, айналайын. Əзiлiң жарасса атаңмен ойна, ебiн тапсаң енеңдi киноға шақыр, қалжыңың жарасса қайын-бикеңнiң қабырғасын сана дегендей, ойнап-күлiп өмiр сүр-генге не жетсiн.

Ит өз құйрығын өзi көтермесе, оның құйрығын кiм көте-редi? Бiр-бiрiңдi көтерiп жүрiңдер. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. Құдайға шүкiр, қанат десе қанаттарың, құйрық десе ол да бар.

Басқа не дейiн ендi? Құда-құдағиларыма арнап ауылдың алты ауызын айтып берейiн.

Құда-жекжат бұл тойға келiп отыр,Келiн бала сəлемiн берiп отыр.Əзiлi жоқ айтатын, қалжыңы жоқ,Қайран шалдар қаусаған неғып отыр?!

Үзiлiс. Шампанның тығынындай атылған өңшең шүлдiр-лек өздерiнiң «частушкасына» басты. Олардан қалайын ба, мен де өзiмше өрекпiп, тойбастар секiлдi топ-топ мазақтама-өлеңiмдi айттым.

Page 294: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

294

Қазақы əуен:«Ах!» дейсiң бе, орысша «Ох!» дейсiң бе,Əзiл айтсам шүлдiрлеп сөкпейсiң бе?Зибаш-ай,Қасыңның қара қиғашы-ай.Анаңның тiлiн сыйлашы-ай!

Орыс частушкасы:– Здраствуй, здраствуй, аксакал,Зачем маган казакча.Мен торгую на базаре,Ап жүргем жок аз акча.

Ой-й-й, ой-й, ой,Как мы жить-то будем.В наше время-то такое,Кого любить-то будем?

Қазақы əуен:«Любовы» жоқ неғылған девiшкесiң,«Однолюб» болмасаң семiшкесiң.Құралай,Саған ғашық мың ағай.Бiреуi жоқ, бұ қалай?

Орыс частушкасы:– У подружки два парнишки,У меня ни одного.Я паду подружке в ноги,«Дай парнишку одного!»

Ой, подруга дорогая,Тебе милым не владеть.Он с тобою сядет рядом –На меня будет глядеть!

Қазақы əуен:Көрсеқызар еркекке қалай дерсiң,Көзiн сатып ол, мейлi, қарай берсiн.

Page 295: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

295

Таңдашы-ай,Өйтiп те бүйтiп алдашы-ай.Арбалып бiрақ қалмашы-ай!

Орыс частушкасы:– У подружки фартук новый,У меня оборванный.У подружки – чернобровый,У меня – отобранный.

Отбывай подруга друга,Отбывай – твоя рука.Я на силу отказалась,От такого дурака!

Қазақы əуен:Тартып iшкен тамағың тəттi болар,Тартып алған күйеуiң əккi болар.Қу бала-ай,Құтырсын, мейлi, бурадай.Тiл табысшы туламай.

Орыс частушкасы:– Задушевная подружка,Ты держись за одного.Завлекать чужого будешь,Потеряешь своего.

Нынче кофточки – не в моде,В моде распашоночки.Нынче девочки – не в моде,В моде разведеночки.

Қазақы əуен:Ыдыс-аяқ үйдегi сылдырлайды,Мықтап ұста сонда да құрғыр байды.Арман-ай,Ажырассаң аңдамайҚаларсың атсыз арбадай.

Page 296: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Орыс частушкасы:– Мама чаю, мама чаю,Чаю кипяченого.Мама замуж, мама замуж,Только не ученого!Раньше девок угощали,Сладкими конфетами.А теперь их угощают,Только сигаретами!

Қазақы əуен:Түзу қыздар үйiнде шай iшiп жүр,Түтiндетiп көп сұлу майысып жүр.Зибаш-ай,Қасыңның қара қиғашы-ай.Өзiңдi-өзiң сыйлашы-ай!

Балымша-ай,Электрдiң шамынша-ай,Тамаша жiгiт табылса-ай!..

1997 жыл

Page 297: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

297

ТIС ШЎЌЫЄЫШ

(Қыз бен жiгiт қол ұстасып шығады)

Жiгiт: – Қарашы, жаным, айналаға қарашы!Қыз: – Өлə-ə-ə, ағай, «Айналаға қарашы, айналаға қара-

шы!» дейсiз, таздың басындай тап-тақыр ғой! Осыдан отыз жыл бұрын Асекең еккен ағаштар қайда кеткен?

Жiгiт: – Отап-отап, отқа жағып жiберген.Қыз: – Өлə-ə, ағай! Бiр ағаш қалып кетiптi ғой!Жiгiт: – Кəне?Қыз: – Əне! Оны кiмге қалдырған?Жiгiт: – О! Осы мəселенi көтерем. Мен – депутат болам!

Мəселенi қайқайтып қабырғасынан қоям!Қыз: – Өлə-ə-ə, ағай, сонда сiз бiр ағашқа бола депутат

боласыз ба? Ал, сiз депутат болғанда не iстейсiз?Жiгiт: – Мен сол жапанда қалған жалғыз ағашты кесемiн

де, саған келi мен келсап жасап берем. Тары түйiп, майсөк жегiзем!

Қыз: – Туу-у, жақсы болды ғой, онда үйленейiк, ағай.Жiгiт: Онда қазiрден бастап кiрiсе берейiн. Кеттiм!Қыз: – Өлiп-талып бұл ағайСүйген болар, жар-жар.Ғашықтардың қамытынКиген болар, жар-жар.Отырған қыз орынынТапса жақсы, жар-жар.Барар жерi бидайдыңДиiрмен болар, жар-жар.Өлiп-талып бұл ағайСүйген болар, жар-жар.Қыз дегенiң қадаусызТүймең болар, жар-жар.Еркек деген шiркiн-ай,Инең болар, жар-жар!(Жiгiт алқынып жүгiрiп келедi).

Page 298: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

298

Қыз: (Белiн таянып). – Əй, келi қайда, келсап қайда? Тап!Жiгiт: – Қап!Қыз: – Не қап? Тап!Жiгiт: – Так, так! Келi мен келсапты қазiр алып келемiн,

жаным. Қазiр, қазiр!(Жiгiт кетедi).Қыз: – («Бипыл-ай» əнiмен)Сылдыр, сылдыр қамысқаСырғам түстi, ахоу.Сылдыраған жiгiткеЖылдам түстiм, ахоу...Тəнiм-ай, Жылдам түстiм, жаным-ай.Махаббаттан күштi меМайсөк деген, ахоу,Келi-келсап күтуменКүйiп-пiстiм, ахоу.Тəнiм-ай, Келсап қайда, жаным-ай?А-а-а-ай,Сылдыр, сылдыр, сылдыр-ай,Келсап күтiп тұрмын-ай.Келсап, келсап, келсап-ай,Келсап əкеп берсең-ай...(Жiгiт жүгiрiп келедi).Жiгiт: – Кешiр, жаным! Асекең еккен ағашты жонып-

жонып, келi мен келсап... жасай алмадым.Қыз: – Сонда депутаттар көлеңкесiне қарап көйлек пiше

ме?Жiгiт: – Пiшпейдi, пiшпейдi. Айтқанын iстейдi. Мен де

айтқанымды iстеймiн. Айттым – бiттi. Мен саған кетпен сап жасап берем! (Жүгiрiп кетедi).

Қыз: – Күйеу деген көзiмнiңАғы болды, ахоу.Уəдесiн құбылтыпТағы бердi, ахоу...Тəнiм-ай,

Page 299: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

299

Уəде бердi жаным-ай.Сайтан күйеу сарғайтыпКүттiргенi, ахоу,Сала құлаш кетпеннiңСабы болды, ахоу...Тəнiм-ай,Кетпен қайда, жаным-ай?А-а-а-ай,Сылдыр-сылдыр, сылдыр-ай,Кетпен күтiп тұрмын-ай.Кетпен, кетпен, кетпен-ай,Кетпен қайда кеткен-ай?Жiгiт: – (Жүгiрiп келедi). Босамашы, жаным. Əй, бiрақ...

Кетпен саптың керегi не? Мен саған, айтпады деме, ағаш қасық жасап берем! Ағаш қасықпен, айхай, шiркiн, ақ қоян-ның сорпасын iшесiң!

Қыз: – А? Ағаш қасық? Түу-у, жақсы болды ғой! (Реңi бұзылып). Əй, сен осы ас iшпей жатып аузымды күйдiрмешi!

Жiгiт: – Ағаш қасықтан ауызың күймейдi, айналайын. Қазiр саған ағаш қасық жасап əкеп берем. (Кетедi).

Қыз: – Қасық қайда, қарағым,Қасық қайда, ахоу.Миллион сөз миыңдыАшытпай ма, ахоу,Тəнiм-ай,Ашытпай ма, жаным-ай?Үйiп-төгiп уəде,Сөз берiп ең, ахоу,Бұл депутат дегендерАсықпай ма, ахоу,Тəнiм-ай, Қасық қайда, жаным-ай?А-а-а-ай,Сылдыр, сылдыр, сылдыр-ай,Қасық күтiп тұрмын-ай.Қасық, қасық, қасық-ай,Кеттiң бе əлде қашып-ай?

Page 300: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жiгiт: (Қуанып) – Сүйiншi, жаным! Жасадым! Ақыры жасадым!

Қыз: – Не жасадың? Ағаш қасық па?Жiгiт: – Ағаш қасық? Ағаш қасық емес, тiс шұқығыш

жасадым! Мə, тiсiңдi шұқы.Қыз: – Шұқысаң – өзiң шұқы!Жiгiт: – Жоқ, жаным, мен бiр ағаштан, екi тiс шұқығыш

жасадым. Мə!Қыз: – Екi тiс шұқығыш? Бiр ағаштан екi тiс шұқығыш!

(Екеуi əндетiп кетедi):

Сен барасың сен қайда,Мен барамын мен қайда.Тiс шұқығыш табылды,Талшық болса таңдайға!

Page 301: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

301

МАЌАЛ ЖАРЫС

Анау: – Əй, құрдас! Балағың батпақ жалап, қайдан келе-сiң?!

Мынау: – «Мұрның барда пысқыр, тiсiң барда ысқыр!»Анау: – Пысқырғаны несi, ысқырғаны несi? Түк түсiнсем

бұйырмасын.Мынау: – Түсiнсең де осы, түсiнбесең де осы. Кандидат-

тық диссертация қорғадым.Анау: – Диссертация? «Итке темiрдiң керегi не?»Мынау: – «Торғайға шоқитын тары жақсы, бақырауық

түйенiң де бары жақсы».Анау: – Диссертацияның тақырыбы не?Мынау: – Мақал!Анау: – Кəдiмгi мақал-мəтел ме? Мақалдап, мақамдап

сөйлемейтiн қазақ жоқ. Е, ендеше қазақтың бəрi кандидат болды ғой.

Мынау: – Сен өйтiп мақалдың маңызын түсiрме! «Сөздiң көркi – мақал, шалдың көркi – сақал».

Анау: – Мақалдан кандидат болсаң, сақалдан докторлық қорғайтын шығарсың.

Мынау: – «Үлкен қызыңды бермесең де, кiшi қызыңа ри-замын» дептi ғой. Мен мысалы мынадай жаңа мақал-мəтел ойлап шығардым.

Анау: – «Бiр қызымнан бiр қызым əм сорақы» деген бе?Мынау: – Жоқ, ондай емес, «Қораз бен тауық достасса,

көп болады жұмыртқа» деген мақал... Қалай, күштi ме?Анау: – Қоразың да күштi, тауығың да күштi, жұмыртқаң

да күштi. Бiрақ, мақалың күштi емес. Мен ондай мақалды Ос-ағаң секiлдi ойлап отырып шығарам.

Мынау: – «Күшенуге де күш керек», шамаң жете ме?Анау: – Жеткенде қандай! Мысалы... «Ұйқың келсе –

ұйықта», «Шөлдесең су iш».Мынау: – Ой, ондай мақал болмайды.Анау: – Болады!Мынау: – Болмайды.

Page 302: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

302

Анау: – Қазiргi заманда болмайтын нəрсе жоқ. Болады. «Бөрi байлауға көнбес, тарақан айдауға көнбес» демекшi, өзiң бұра тартатын бұзық екенсiң.

Мынау: – Сен де қызық екенсiң. Майы сiңген мақалды өзгертуге бола ма?

Анау: – Болады.Мынау: – Тапқыш болсаң, тапшы ал. Мысалы, «Батамен

ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер».Анау: – Төбелеспен көз көгерер.Мынау: – «Отпен ойнама, өрт шығады».Анау: – Шын iздесең, таздың басынан да бiр-екi бит

шығады».Мынау: – «Екi сиыр – айран».Анау: – Екi қатын – ойран.Мынау: – «Жақсы жiгiттiң жауы болмайды».Анау: – Маскүнемнiң сауы болмайды,Юбканың ауы болмайды.Мынау: – «Тазда тарақ болмайды».Анау: – Шортикте балақ болмайды.Мынау: – Тауықта таға болмайды.Анау: – Коммерцияда баға болмайды.Мəйкiде жаға болмайды.Мынау: – «Сынық қоңырау сыңғырлап жарытпас» демек-

шi, жарты мақал айтып жарытпадың. Айтысқа қалайсың?Анау: – Қалай болса солаймын.Мынау: – Ендеше, екеумiз мақал жарыстырып айтыса-

йық. Ұста домбыраңды!Анау: – «Шапқылағанның бəрi шабандоз емес». Ал, қане,

шаң шығармай шапқылап көр!..(Қырғыздың «Еламан» əнiнiң əуенiмен)

Анау: – Қарап тұрмай қайқайып,Жұрттың миын шайқайық.Мынау: – «Мақал – сөздiң мəйегi»,Мақал-мəтел айтайық.

Page 303: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

303

Анау: – «Құда деген – мың жылдық,Күйеу деген – жүз жылдық».Мынау: – Коньягың – үш жылдық,Самопалың – бiр күндiк.

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Құдаң аман болсын депАйта жүршi анаған.

Анау: – Сенiң миың ашиды,Менiң миым ашиды.Мынау: – «Көк есектi көк есекНесиеге қасиды».

Анау: – Ауылымда ата бар,Ауызыңда бата бар.Мынау: – «Массың!» десе екi адам,Етпетiңнен жата қал».

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Атаң аман болсын депАйта жүршi анаған.

Анау: – Сөздiң бəрi мəрт емес,Сөйлей беру шарт емес.Мынау: – «Маңырағанның бəрi деМаңырағанмен марқа емес».

Анау: – Тұрып едiм азанда,Болмай қалды мазам да.Мынау: – «Қыздың көзi – жiгiтте,Қарттың көзi – қазанда».

Page 304: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

304

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Қазан аман болсын деп,Айта жүршi анаған.

Анау: – Ат мiнбейсiң əйда деп,Сен сұрама «Қайда?» деп.Мынау: – «Мың теңгелiк қамшыданБiр теңгелiк пайда жоқ».

Анау: – Қазан отсыз қайнай ма,Беттiң əрi таймай ма?Мынау: – «Шал да болса тиiп ал,Бас-басыңа бай қайда?»

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Байың аман болсын депАйта жүршi анаған.

Анау: – Əлек болып ағам жүрƏр əйелден татып ас.Мынау: – «Бiр бөрiктiң астынаСыймайды ғой екi бас».

Анау: – «Айдағаны бес ешкi,Ысқырығы жер жарады».Мынау: – Қазiр құдайға шүкiр, екi ешкiсi бардың да ыс-

қырығы жаман емес.Жаман емес ысқырық,Жаман емес ысқырық.

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Ешкiң аман болсын депАйта жүршi анаған.

Page 305: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

305

Анау: – Көп уəде, бұйрықтан.Халық қалай ширыққан?Мынау: – «Қазiр пiскен өкпе артық,Кейiн пiскен құйрықтан».

Анау: – Көрiп едiм сестенi,Болмай қапты еш құны.Мынау: – «Қасқыр байғұс қартайса«Əпке!» дейдi ешкiнi».

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Əпкең аман болсын депАйта жүршi анаған.

Анау: – Жеңгемiздiң сұрын-ай,Айтатұғын сырын-ай.Мынау: – «Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай,Бiздiң Ыбырай – сұмырай!»

Анау: – Бастық көнбес ырыққа,Бiзге мойын бұрып па?Мынау: – «Күлген ауыз көрiктi,Жылаған ауыз жырық па?»

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Бастық аман болсын депАйта жүршi анаған.

Анау: – Заңсыздыққа күйдiң бе,Заңдылықты сүйдiң бе?Мынау: – «Қара қылды қақ жарғанӨңешi бар бидiң де».

Анау: – «Сен алдасаң – алдадың,Мен де сенi алдадым».

Page 306: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Мынау: – «Намазыңды оқыдым,Дəретiмдi алмадым».

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,Айналайын садағам.Дəрет түзу болсын депАйта жүрсiн анаған.

Анау: – Мен қайдағы жоқты айтам,Көзiн сүздi көк байтал.Мынау: – Бүлдiрерсiң сен ендi,Осы жерден тоқтай қал!..

2002 жыл

Page 307: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

307

ЇСТЕМ БОЛСЫН МЕРЕЙIЅ!..

(«Жан досым» əнiнiң əуенiмен)

Өмiр бiздiң қалтамызға қол салды,Өмiр бiздiң көк базарға жол салды.Кеше ғана кекiргендерБүгiн – аш, Тоқ адамды көрген сайын томсарды.

Жан досым,Үстем болсын мерейiң,Мен сағанҚалай пəтер берейiн?Үйiмiз де бiр болсын,Күйiмiз де бiр болсын.

«Жетiм бұрыш» жетiлмеген жетiмек,Пəтер iздеп тоз-тоз болып кетiп ек.Төлеп жүрмiз теңгемiздiң жартысын,Ал, жартысын төлей ме екен өкiмет?

Жан досым,Үстем болсын мерейiң.ƏрқашанМен соңыңнан ерейiн.Мұңымыз да бiр болсын,Сырымыз да бiр болсын.

Өмiр бiздiң теңгемiздi жаңартты,Өмiр бiздiң жеңгемiздi жаңартты.Бұзақылар көзiмiздi көгертiп,Ұры-қары шашымызды ағартты.

Жан досым,Үстем болсын мерейiң.ƏрқашанТiрi жүрсең көрейiн.

Page 308: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жанымыз да бiр болсын,Халiмiз де бiр болсын!

«Сарт байыса там салады» демей ме,«Қазақ тойса қатын алар» демей ме?Қырық қыздан жырық қыз да қарамасОсы күнi бiз секiлдi кедейге.

Жан досым,Үстем болсын мерейiң.ƏрқашанТойыңа арнап келейiн.Бокалымыз бiр болсын,Тоқалымыз бiр болсын!

1994 жыл

Page 309: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

309

ЖЫЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖИНАЛЫС

(Ауыз əдебиетiнiң сүрлеуiмен)

Сəлеметсiңдер ме, балалар! «Ерте, ерте, ертеде, ешкi жүнi бөртеде, қырғауылдың

жүнi қызыл екен, қоянның құйрығы қызыл екен» деп елжi-ретiп айтатын ертегiм таусылып қалды. Бiрақ, балалар, мен сендерге баяғы заманның күлдiргi ертегiсiн емес, бүгiнгi заманның бүлдiргi ертегiсiн оқып берейiн.

...Есте жоқ ескi заманда жыл басына тышқан кеп, жылы орнынан жылжымай қойыпты. Ойпырмай, жыл басы тыш-қан болғасын ба қайдам, қазiр Қазақстанда тышқан көбейiп кетiптi.

Жақында аң-құстар ақылдасып, жыл басын қайта сайлау туралы жиналыс өткiздi. Кең отырып, кеңестi. Кеңескенде не дестi?

Құлақ түрiп қанеки,Оу, балақай, тыңдашы.Кiм болады жылбасы?«Мен болам!» деп аң-құстарҚалды əшейiн сұлбасы.

Дүрдараз боп өзараБiр-бiрiмен таласып,Ұмтылуда бəрi ашық.«Түлкi болып кетедi-ау?»Дейдi бiрi бал ашып.

Ең болмаса еңкейiп,Елдiң қамын жемейдi.Ұят болды-ау демейдi.Жыл басына таласқанАң-құстар сонда не дейдi?

Page 310: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

310

Айтпақшы, балалар, жыл басы туралы жиналысқа бара жатқанда қасқыр байғұс қақпанға түсiп, қайғырып жатса, бiр жақтан қаңғалақтап қоян кеп қалыпты. Зəресi зəр түбiне кеткен қоян:

– Оң жағыңыздан өтейiн бе, Қасеке? Əлде, əлде сол жағы-ңыздан өтейiн бе? – деп лыпылдапты. Сонда қасқыр:

– Əй, қыли! Қай жағымнан өтсең де өзiң бiл. Бiрақ, менi мына темiр құрсаудан құтқар! – дептi. Қасқырдың қақпанға түскенiн байқаған қоян:

– Өй, ақымақ, былшылдамай былай тұр жолдан! Асығыс-пын! – дептi де керi бұрылып кете берiптi. Кеткенiмен қой-май: «Мен қайтып келгенше мына жапаны жеп қой. Жемесең бар ғой-ə, əкеңдi танытам!» деп қасқырдың алдына сиырдың жапасын тастапты. Сонымен қойшы, жыл басы туралы жи-налыста сиыр былай деп мөңiрептi:

– М-ө-ө-ө-ө-ө! Қарағайдай мүйiзiм бар, үстiмде бiр тулақ-тық киiзiм бар. Зеңгi бабамның əруағы қолдап жыл басы болсам бар ғой-ə, айтпады деме, əр сиырдан екi терi алып, ауыздарыңды аққа жеткiзем. Қашар қағынып бұқаға көзiн сүзбейтiн болады, бұқа бұзылып бас жiбiн үзбейтiн болады…

Тауық айтыпты:– Кукареку-у-у-у! Қыт-қыт-қыт! «Қыт-қыттаған тауық ту-

май қоймас». Жыл басы болам деп қыт-қыттағалы қай заман. Егер мен жыл басы болсам, кукареку деп таңды атырам, ку-кареку деп күндi батырам.

Сонда ешкi:– Мə-ə-ə-ə-ə-ə! «Тауықсыз да таң атады» – деп кекетiптi.Тауық:– Əй, шыбыш, сен өйтiп шыжбаңдама! Менiң басты бағ-

дарламам мынау: үйректердi суға жүзудi үйретем! Құдақа-ласа, артымен сүңгiп жүрген сасық үйректердiң бəрi Олим-пиадаға қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды. Шетi-нен чемпион болмаса, мұрнымды кесiп берейiн...

Жиналыстың ду-ду қызған тұсында шойнаңдап қасқыр жетiптi. Əй-шəй жоқ, бiрден қоянға бас салып:

– Əй, қорқақ қоян. Басыма күн туып, байланып жатқа-нымда сен маған сиырдың жапасын жегiзгiң келдi ғой, ə? – дептi. Үрейi ұшқан қоян:

Page 311: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

311

– Жемесең жеме, Қасеке! Жемесең жеме, өзiм жеймiн! – дептi дiрiлдеп. Бұған таңырқаған ешкi:

– Мə-ə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi.– Маңырап, мазамды алған қай хайуан мынау? – дептi

қасқыр ешкiнi иегiмен нұсқап.– Мə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi ешкi. – Бiлмесең бiлiп қой! Бiз

Қошқар ата тұқымынанбыз. Өте өсiмтал малмыз. Қошқар, қой, саулық, iсек, қозы, марқа, тұсақ, теке, кепе, серке, ешкi деген ел боламыз. Мə-ə-ə-ə-ə! Ешкiнi танымасаң таныма, қойды танисың ба?

Қасқыр:– Мен бе? – дептi азу тiсiн ақситып. – Мен қойдың бəрiн

танымаймын, бiрақ қойдың бəрi менi таниды! Танысаң қас-қырмын, танымасаң...

«Астапыралла, дауыс жинай алмай жүрiп далбасалап кет-кенiм не?» деп ойлады қасқыр өз сөзiнен өзi шошып. Сосын ешкiге бұрылып:

– Əшейiн, əзiл ғой, ешкi бикеш! – дедi мəймөңкелеп. – Же-тi атадан өрбiген жетелi тұқым екенсiздер-ау, ə? Сендердiң тұқымдарың тұздай құрып, бастарың кемiп барады, ешкi бикеш. Егер жыл басы болып, сендердi өсiрмесем, қасқыр атыма ұят! Қанша қалғансыңдар өзi? Қане, қазiр тiрi тiзiм-дерiңдi алайын. Күйеуге шыққандарың бiр бөлек, шықпа-ғандарың бiр бөлек тұрыңдаршы! – дедi.

Ешкi:– Қайтып келгендер қайда тұрады? – дедi.Қасқыр:– Сен немене, тоқал ешкiсiң бе? – дедi. Бағанадан берi

үндемей тұрған есек:– А-а-а-а-а-а-а! Мына қасқыр мал басын көбейтем деп

жатыр ғой, бəрiмiз соған дауыс берсек қайтедi? – деп ақы-рыпты.

Тауық:– Кукареку-у-у-у-у! Таң атты Доңыз келе жатыр, до-

ңыз! – деп шақырыпты. – Сендер жыл басы боламыз деп қырық пышақ боп қырқысып жатқандарыңда доңыз жылы басталып кетiптi!..

Page 312: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Сөйтiп, балалар, аң-құстар ақылдасып, жыл басын жаңа-дан сайлай алмай таң ата тарасыпты.

Мiне, балалар! Баяғы заманның күлдiргi ертегiсi «Бай болып, барша мұратына жетiптi!» деп аяқталса, бүгiнгi за-манның бүлдiргi ертегiсiнде бай болып, барша мұратына жеткен ешкiм жоқ. Ертеңгi күннiң ертегiсiн кiм айтатынын кiм бiлсiн?

1994 жыл

Page 313: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

313

ЌОШАЌАНЫМ ЌАЙДА ЕКЕН?

Қыста атамның аулынаБарып едiм қыдырып.Қошақаным алдымнанШықпай қойды жүгiрiп.

Ақ маңдайлы ай ма екен,Атам қайда жайды екен?Келген едiм сағынып,Қошақаным қайда екен?

Қой қора тұр қаңырап,Бiр қой келдi арық-ақ.Бiр əкiмнiң соңынанҚалмай қойды маңырап.

Болған емес ой бөтен,Қозысы жоқ қой ма екен?Сол əкiмнiң соңынанНеге қалмай қойды екен?

Сол əкiмнiң қасынаБарып едiм асыға.Қошақанды бөрiк қып,Киiп апты басына.

Аяз екен, қыс екен,Ағай қызық кiсi екен.Қой қоздамай жатқандаБұ неғылған iс екен?

1990 жыл

Page 314: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

314

ЌЎЗЫР

Азу тiс, Ақыл тiс, Күрек тiс секiлдi Ауыз Парламентiндегi 32 тiс опыр-топыр сөйлеп:

– Шайнап-шайнап, сағыздан май аламыз! – дедi.Мұны естiген Мұрт:– Қара суды қанша сапырсаң да май шықпайды! – деп тi-

кiрейдi.Мұрттан биiктеу қоңқақ Мұрын пысқырып та қарамады.

Көз жыпылықтап көрмегенсiдi. Бар мəселе Бастың құзырына қалдырылды.

1991 жыл

ЕГIЗ АЯЌ

(Абайша)

– Айтайын ептеп,Бастығым «Кет!» деп,Тайдырып жатыр тағымнан.– Көмектесемiз!– Астымнан қазып,Үстiмнен жазып,Шаш ағарды шағымнан.– Көмектесемiз!Жанына барып жақсыныңЖайраң қақтым – тап шыным.

– Жебiр боп мен де,Жеп едiм теңге,Тергеушi күнде тергеп жүр.– Көмектесемiз!– «Ұрлықты табам,Тiрлiктi жабам,Бiрдеңе маған бер!» деп жүр.– Көмектесемiз!

Page 315: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жанына барып жақсыныңЖайраң қақтым – тап шыным!

– Қазаным пiстi,Соңыма түстiРэкет деген бiрер ит.– Көмектесемiз!– Батпаққа баттым,Қисайды шəпкiм,Алып ем былтыр кредит.– Көмектесемiз!Жанына барып жақсыныңЖайраң қақтым – тап шыным!

– Қалмады шырай,Бастығым бiр айЖiбермек менi шалғайға.– Көмектесемiз!– Болады-ау жөнсiз,Əйелiм менсiзҮйде жалғыз қалмай ма?– Көмектесемiз!

1992 жыл

Page 316: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

316

ЕШТЕЅЕ ЕСIМДЕ ЖОЌ!

(Мексиканың «Просто Мария» телесериалыДубляж жасаған «Копенгаген» киностудиясы)

Рөлдерде:Мария Лопес – Шынар ЖанысбековаВиктор Корена – Ақыш ОмаровМузыкант – Бақытжан Əлпейiсов

Бишi қыздар Марияны ортаға алып билейдi де, сахнадан кетедi. Мария жалғыз қалады. Виктор келедi.

Виктор: – Мария!Мария: – Извините, я вас не знаю.Виктор: – Я Виктор Корена.Мария: – Виктор?Виктор: – Иə, мен Виктормын ғой, Мария!Мария: – Виктор? Я вас не помню.Виктор: – Мария, мен сенi сүйемiн. Мен сенiң күйеуiң-

мiн...Мария: – Кешiр, Виктор, менiң күйеуiм сен емес, басқа.

Артур!Виктор: – Артур? Бiр бəлелерiңнiң бар екенiн баяғыдан

сезушi ем. Ол оңбаған қайда? Көрсетшi көзiме, көкала қой-дай қып сабап, əкесiн танытайын!

(Гитарасын асынған бiр музыкант келедi.)

Музыкант: – Мария? Астапыралла, өңiм бе, түсiм бе? Өлiп қалды дегенi қайда?

Мария: – Виктор, бұл кiм?Виктор: – Бақытжан ғой, менiң ауылдасым.Музыкант: – Мария, менi шынымен танымай тұрсың ба?

Есiңде ме, бiз Виктор екеумiз сенi машинамен алып қашып едiк қой.

Мария: – Қандай машина?

Page 317: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

317

Музыкант: – Бортовой. Мен шопыр болатынмын. Сенi асаудай бас бiлдiргесiн «Ақ келiн-ау, ақ келiн. Сауысқан-дай сақ келiн!» деп бетiңдi ашқасын мынадай өлең айтып ем ғой.

(Гитарамен əн салады.)

Мария: – Не помню. Сен қай жерден келдiң, Мексикадан ба?

Музыкант: – Мексика? Жоқ, бiздiң Шымкентте Мексика деген жер жоқ.

Мария: – Виктор, мен қай жердемiн, Францияда ма? Виктор: – Қайдағы Франция, Мария? Қазақстандасың.Мария: – Қазақстан?Музыкант: – Иə, СССР деген өгей əкемiз бар едi, бұрнағы

жылы қайтыс боп кеттi.Мария: – А? Естiген жоқ ем, арты қайырлы болсын. Қат-

ты қайғырып көңiл айтамын. Ештеңе есiмде жоқ...Музыкант: – Ленин ата есiңде ме?Мария: – Ленин ата?Музыкант: – Иə, Ленин атаң былай деп өсиет айтқаны

есiңде ме? «...Товарищи! Из всех искусств для нас важней-шим является пародия. Пародия, пародия, еще раз пародия!» Сосын Сталин бабаң...

Мария: – Сталин?Виктор: – Мария, я тебя люблю! Егер Сталин бабаң тiрi

болғанда менi сүймегенiң үшiн сенi «халық жауы» деп қамап тастар едi.

Музыкант: – Сталин бабаңның былай дегенiн бiлесiң бе? «Товарищи! Кто не с нами, тот против нас. Пародия – злейший враг народа. Кто занимается пародией, всех расстрелять, в том числе Копен-Гагена».

Виктор: – Мария... Брежнев бабаның даусы да есiңде жоқ па?

Мария: – Брежнев?Виктор: – Топырағы торқа болғыр Брежнев бабам сүйiс-

кендi жүдə жақсы көрушi едi. Мысалы, былай сүйетiн...

Page 318: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Музыкант: – Көкемнiң көзi тiрi болса бүгiн былай деген болар едi. «Указ Президиума Верховного Совета СССР. С 40-летием поднятия целины... в связи с рождением трудно воспринимаего жанра, как пародия, наградить орденом трех степеней... то есть орденом «Трех жузов» наградить това-рища Копен... Гагена».

Ал, Викторжан, бабаң құсап бас сал да сүйшi Марияны!Виктор: – Мария!Мария: – Виктор, ұят емес пе? Бас жiбiн үзiп кеткен бала

бұқа құсап ентелей беретiнiң не?Музыкант: – Ол сенi сүйедi ғой, Мария! Егер күт десең

бар ғой? Алқым жүнi ағарғанша күтуге əзiр. Қазiр демо-кратия. Ашық айтуды, жарияға жар салуды Горбачев бабаң үйретiп кеткен.

Мария: – Горбачев? Не помню. Бəрiн де помню.Музыкант: – «Не помнюың» не сенiң? Ол тiрi. Кезiнде

кес-кестеп сөйлегенi есiңде ме? «Некоторые безответствен-ные люди делают на нас пародии. Давайте всем миром будем бороться. Мы их будем давить сверху, а вы снизу. Вот тог-да процесс пойдет. Пожалуйста, говорите, предлагайте!..»

Мария: – Ештеңе есiмде жоқ.Виктор: – Мария, Алтынбек Қоразбаев есiңде ме? Мария: – Алтынбек?Музыкант: – «Қара кемпiр» ше? Ой, жоқ...Тарарым, тарарым, тарарым,Қара боп көрiнедi қарағым! – деп əн салатын əншi ше?Мария: – Əрине, бiлем. Өйткенi, өнер өлмейдi ғой!

(Бишi қыздар шығып билейдi)1994 жыл

Page 319: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

319

ШОРАБЕК ПЕН АЙТАЌЫННЫЅ АЙТЫСЫ

Шорабек:– Бiреу жүр той-думанда, коньякты алып, Астында аяғының ар-ұят қальп. Облысың аккумлятор шығарушы ед, Келдiң бе бұл айтысқа зарядталып?

Айтақын:– Адам адам болмай ма ар-ұятпенен,Көсегесi көгермес коньякпенен.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Құрығанда бiр теуiп мотоциклдiОталдыруға жетедi заряд деген.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Аккумлятор, қантым бар, «Бартер» деген нарқым бар. Келiңдер де дорбамен Арбаменен тартыңдар.

Шорабек:– Қандай ер ел сенiмiн ақтап жатыр, Қотыр атты соқыр ат жақтап жатыр. Жер тепкен айтыстағы өзiң құсапХалықты нарық келiп таптап жатыр.

Айтақын:– Рас, баға шарықтап кеттi деймiн, Кiжiнiп сосын жердi тепкiлеймiн.Хайлайлiм,Хайлiм. Хайлайлiм.

Page 320: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

320

«Шыдай тұр!» – деп Нұрекең айтқан жоқ па,«Үмiтсiз – шайтан болсын!» деп тiлеймiн.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Семiз қорқар арықтан,Кiм шошиды нарықтан?Басу айналмас бағағаАйналайынн халықтан!

Шорабек:– Ел-жұртым өзiң ендi бас амалда, Қазағым мүмкiндiктен аса алар ма? Тракторды менсiнбес қайран қазақ Мұң болды-ау бүгiн саған ешек арба.

Айтақын:– Қадiр кетсе кадрден шеше алар ма,Бастық болды бүркiтке кеше қарға.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.ГАИ-лар шығып алдынан тоқтатпайтынмашинадан жақсы ғой ешек арба.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Айналайын қара ақын, Көмiрдей боп жанатын. Барар жерiң болса егер Ешекпен де барасың.

Шорабек:– «Қара ақын» деп ағаңды армандысың, Бүгiн маған жұмсалмақ қалған күшiң. Ал өзiң боп-боз болып кетiпсiң ғой, Немене сары ауру боп қалғанбысың?

Page 321: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

321

Айтақын:– Баяғыдан өзгермес бар ғой əнiм,Зейнетте бейнет көрген шалды аядым.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Ауруды анықтайтын врач па едiң,Сарғайсам сан ойлармен сарғаямын.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм. Алдын алса əр ауру Бола алмайды бəрi ауру. Елiңдi ойлап сарғайсаң Ештеңе емес сары ауру.

Шорабек:– Боз ақын қара ақынды өгейсiнбе, Əзiлге шыныменен кедейсiң бе? Сapы ауру боп қалғаның рас болса Базардан бит сатып ап жемейсiң бе?

Айтақын:– Шорабек шорт кесетiн «нахал» екен,Жемегендi жегiзiп жата ма екен.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Не жоқ болса сол зəру бұ заманда,Бизнес қып биттi де сатады екен.Хайлайлiм,Хайлiм,Хайлайлiм.Жұртым менi түсiндi, Ал көрейiн iсiңдi. Сан ойлармен сарғайыпӨзгертшi ендi түсiңдi.

Page 322: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Шорабек:– Түрiмдi салмақ па едiң түзеп сынға-ай, Бұл күнi iнiшек бар iзетшiл қай? Түсiмдi мен бəрiбiр өзгертпеймiн, Кəдiмгi негр Майкл Джексондай.

1994 жыл

Page 323: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

323

О, ЄАШЫЄЫМ, ШЫДАЙ ТЎР!

(«Ялла» ансамблiнiң «Чинури» əнiнiң əуенiмен)

Қос дауыс: – Бай-бай, бай-бай, байбай!..Жiңiшке: – Бай-бай, бай-бай, байбай!..Қос дауыс: – Бай-бай, бай-бай, байбай!..Жiңiшке: – О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.Жуан: – Бай-бай, бай-бай, байбай!О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым. (Музыка)Қос дауыс: Сүйiп бiр қыздыңСояудай кiрпiгiн,Мазалап махаббат,Бермедi бiр тыным.Үйленем қалайшаАй, менiң ынтығым,Жамамай жүргендеШалбар жыртығын.О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым!Жуан дауыс: Əупiрiм үйлендiм,Жинап сəл естi.Балалы болып,Төбемдi тестi.Жөргек таппадым,Үйде бəрi ескi.Ақшам аз болып,Алмадым коляскi.О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.Қос дауыс: – О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.

Page 324: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Қос дауыс: Құдай өзiңдiЖаратты жар етiп.«Аяқ киiм!» депАй, қума зар етiп.Инфляция тоқтасаӨлiара өтiп,Саған əперемИмпортный етiк.О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.Жуан дауыс: Көзiң мөлдiреп,Отырсың күтiп.Қазаның қаңсып,Бəрi де бiтiп.Адамға керекАр, ұят, қытық.Қонақтар келсеҚашам ба зытып?О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.Қос дауыс: О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.(Музыка)Жуан дауыс: О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.Қос дауыс: О, шыдай тұр,Шыдай тұр, ғашығым.Жуан дауыс: О-о-о-о-о, шыдай тұр,Шыдай тұр, қазағым!..

1994 жыл

Page 325: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

‡ШIНШI Б¤ЛIМ

ШыѓармашылыќПАРОДИЯ

Page 326: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

326

ОЅАЙ МА!..

«О, махаббат, осынша оңай ма едiң!» Оспанхан ƏУБƏКIРОВ, «Кездейсоқ махаббат», 1965 ж.

«Осыншалық оңай ма едi махаббат!» Абдрахман АСЫЛБЕКОВ, «Қызық сүю», 1981 ж.

Оспанхан + Абдрахман = ОспанханАбдрахман + Оспанхан = Оспанхан. 1981 жыл

ШАЙТАНКҐЛДЕГI ШАБЫТ

«Абдырап Алматыдан Дəуiтəлi кеп, «Көрсет, деп «Шайтанкөлдi!» жатып алды!» «...Шомылып Дəуiтəлi жүр, шолпылдатып, аумайтын аңыздағы алтын балық!». Серiк АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, «Қызыларай» жинағы.

Шайтанкөлге түспесе,Дəуiтəлi болмай ма?ҚайтемАқын күштесе,Көлге барар жол қайда?

Жолға түстiк бұралаң, Алып сабын, сүлгiнi, Есi бүтiн бiр адам Қой демедi бұл күнi.

Көлге Дəукең шомылды, Шолпылдады кенере,

Page 327: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

327

Ақын едiм жолы үлгi, Жазып кеттiм немене?!

Шайтанкөлде сазандай Дəуiтəлi жүзiп жүр. Бұдан артық жаза алмайТудырмадым қызық жыр.

1983 жыл

ПА, ШIРКIН!

Əн «Хорлан»Бұла бақыт,Қияс арман,«Хорланнан» қандай əн мен күй аса алған?! Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ, «Құланиек» жинағы.

«Хорланға» Құлақ түрiп,Ұйып тұрғанҚайраттан қандай ақын биiк тұрған?!

Па, шiркiн!Туды мiне,Тосын байлау:Əн мен күйдiң сорпасы қосылмайды-ау?

Ақынның Арманы даҚияс арман,Бүкiл күйдi бiр əнге қия салған.

1984 жыл

Page 328: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

328

ТУЫСЫЅДЫ ТАПТЫЅ БА?

«Арғы атамыз Масақ, Масақтан – Қасап, Қасаптан – Шайқы, Шайқыдан – Қайқы, Қайқыдан – Тайпы, Тайпыдан – Майсақ, Майсақтан – Нəйсап».

Оспанхан ƏУБƏКIРОВ, «Жетi ата». 1966 жыл.

«Арғы атамыз Айтан, Айтаннан – Байтан, Байтаннан – Байпаң, Байпаңнан – Майтан, Майтаннан – Тайтаң, Тайтаңнан – Жайтаң, Жайтаңнан – Жайпаң».

Əбдiрахман АСЫЛБЕКОВ, «Туысыңды таптың ба?». 1976 жыл.

Мына өлеңнiң, халайық, Жетi атасын сынайық: Арғы атасы Оспанхан, Оспанханнан – Əбдiрахман, Əбдiрахманнан – Айтан, Айтаннан – Байтан, Байтаннан – Байпаң, Байпаннан – Майтан, Майтаннан – Тайтаң, Тайтаңнан – Жайтан, Жайтаңнан – Жайпаң».

* * *«Солай де, сайтан!»

Page 329: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

329

ЕКI ЄАШЫЌ

«Мен əлi де ғашықпын Жолықпаған бiр қызға». Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

Анаған да мынаған Ұсынады жүректi. Бiр қыз көрiп Тұм-ағаң Тағы мiне дiр еттi.

Дедi: – Қалқам, аһ ұрып, Лүпiлдейдi жүрегiм. Маған сенсiң тақырып, Мазалаумен жүр едiң...

Көзiне ақын жас алды,Қутыңдады бұл қыз да: Көз тiгесiз қашанғы «Куə бол!» деп жұлдызға?!

Махаббатқа машық кiм, Құмартпаймын қылжыңға? Мен əлi де ғашықпын Жазылмаған бiр жырға.

1989 жыл

Page 330: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

330

«ЛАР» ЖƏНЕ «ЛЕР»

«Қобда, Нева суларын сүйiп өскен». Бəкiр ТƏЖIБАЕВ

Түсiнбеймiн мен əлi, Əлия қыз небəрi Суды сүйiп өскен жоқ, Сүйдi Қобда, Неваны.Ата-бабам аңдаған Берсек егер санға мəн: Су дегенге кiм осы Көптiк жалғау жалғаған?

Жамыраған əн-жыр бар,Бос шелектей даңғырлар.Десек егер оңа ма:Қарлар,Сулар,Жаңбырлар...

Ей, оқырман, ақыл бер, Кiм мұнысын мақұл дер. Сөздiң суын сапырған Бəрекелдi, Бəкiрлер!

1977 жыл

Page 331: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

331

НЕШАУА-А-А-А!..

«Ремонттауға құрал жоқ, құдырет жоқ Жүрек қаусап қалғанда, жаның қаңсып» Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ

Вставай поэт, вставай, Шабыт қалай, күш қалай? Жыр толғадың сыразым Қаламды чуть-чуть ұштамай.

Толғасын Ғафаң толғаса, Мəз боласың сонда аса. Жаны құрғыр қаңсиды-ау «Ремонты» болмаса.

Көңiлге мұны дұрыс түй, Поэзия ырысты үй. Бұл өлеңi нешеуа, Казахско-русский.

1990 жыл

ЕМЕУРIН

«Аршынтөс, Алма мойын, гүлдi ерiндi, Көзiме сендей болып кiм көрiндi?» Сəкен ИМАНАСОВ

Сұлу қыздай күлiмдеп, Жырмен өттi күндерiм. Теңеу таппай жыным кеп, Жаза салдым «гүлдi ерiн»

Page 332: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

332

Оқырманым бiлмейдi Не жыларын, күлерiн. «Түсiнбедiк дым!» дейдi Қандай ерiн гүл ерiн?

Қызыл-жасыл құлпырған Қырық бояу гүл, тегi. ...Оны көрiп кiм тұрған, Сəкен солай сiлтедi.

1990 жыл

КҐЗ БЕН СҐЗ

«Жүзiмнiң таза пiскен мойылындай, Көзiңнен айналайын мөлдiреген». Əбдірахман АСЫЛБЕКОВ

Байыптап, баяғыдан байқар елi, Екеуi бiр өнердiң бəйтерегi. «Түйенiң ойнақтаған бұзауындай» Деп сөйлесек егер де қайтер едi?

Атайық өз атымен əр асылды, Қазаққа мойыл көздiң қарасы үлгi. Ешкiнiң елтiрiсi секiлденсе, Əннiң сөзi бола ма жарасымды?

Көзiмдi ойнақшытып, аласұрам, Тапқырлықпен тамылжып тарасын əн!Жүзiм басқа, Əбеке-ау, мойыл басқа, Сөзiңнiң айналайын сарасынан.

1981 жыл

Page 333: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

333

ЕКI АЛМА

«Бiр айналып келсем, əлгi арудың Кеудесiнде-ақ қалған екен қос алма!» Исраил САПАРБАЙ

Ақын көрдi базарда Алма сатқан бiр қызды. Түстi дағы назарға, Аттай тұсап тұрғызды.

Қызыл көрген қыранға Ұқсап, қызға беттедi. Мұндай тəттi бiр алма Жетiсайдан жеп пе едi?

Ақыннан соң кезек ап, Қауға сақал шал тұрды. Сұлу қызды сезе қап Қайтсiн кемпiр-сампырды.«Бiр айналып келейiн!»Деп ойлады Исекең.Тiлектеспiн.Не дейiн,Қыз да мұны сүйсе екен.

Қайтып келсе, дiр еткен Қалған екен қос алма.Екi алманы жыр еткенЭротиктер осал ма?

1989 жыл

Page 334: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

334

УА, ДАРИЄА!

«Жаманмен Жүз жыл жолдас болғанша, Жақсымен, Бiр күн болсаң, уа, дариға». Тұрсынзада ЕСIМЖАНОВ

Қиналғанда ой таппай Мақалдатып көлбеймiн. «Қырық күн атан болғанша Бiр күн бура бол» деймiн.

«Жаманменен дос болсаң, Кесiрi жұғар», дариға. «Жақсыменен дос болсаң, Несiбi жұғар», дариға.

«Екi тентек қосылса, Саудай болар», дариға. «Екi ақылды косылса, Таудай болар», дариға.

«Жақсыларды сыйласаң Есiнен кетпес», дариға. «Жамандарды сыйласаң Есiгiңнен кетпес», дариға.

«Жаманның қойнына жатқанша, Жақсының аяғына жатқайсың». – Мақамдамай мақалды Жаңа ой неге таппайсың?

1984 жыл

Page 335: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

335

ПОЭЗИЯ ТЕСIГI

«Қашанғы қатып Қала беремiз Тас болып. Қашанға дейiн Жүремiз тесiк Қалта боп...» Өтежан НҰРҒАЛИЕВ

ҚашанғыБөлшектенбесТас боласың.ҚашанғыҚара сирақАш боласың?Ғафу ет, поэзия!Буыныңды сындырып,Жол көбейтiп,Пəршек,ПəршекШығардым масқарасын,НеғұрлымЖол көбейсе,Соғұрлым(Қалта тесiк),Ас боласың!Мен Əлi деҚараймын жырға биiк. Сəлеммен: Ө – те – жан Нұрғалиев!..

1987 жыл

Page 336: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

336

ЌАРЫН ЌАЛАЙ АШАДЫ?

«Отырды ендi ужинға. Ойлашы – Ужин нужен ба?» Əбдірахман АСЫЛБЕКОВ

Абдрахман Думал,Думал ГОЛОВОЙ:– СатираданАйту үшiн салалы ой,УжинƏбизəтiлнi нужен!

АбдрахманДумал, Думал ГОЛОВОЙ:– Қарным aш па,Сөз тiркесiм шала ғой.

Отырды даТойып алды ужинға.– ОқырманныңҚарны ашқаны нужен ба?

1984 жыл

Page 337: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

337

ƏДIЛБЕКТIЅ ƏНI

«Бiреуге қайрым жасаса, Жадырап түсер жақсы адам»«Басқаның қамын ойласаң, Көпшiл боп содан кетерсiң»«Ойланбай, аңғал сөйлесең Қаларсың күйiп, от басып» т. б.

Əдiлбек АБАЙДIЛДАНОВ

Ойын алып Мақал менен мəтелдiң, Мен бiрталай «Төрттағандар» əкелдiм.Ым бап-бап, Ым бап-бап. Ойлар кеттi-ау Қымбаттап.

1976 жыл

Page 338: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

338

ДАРЫН МЕН ЌАРЫН

«Ағаңның қозы қарны созылады...» «Жақсылау əйел көрсем, сол қарнымды Бiр демде iшке тартып жиып алам». Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

Қозы қарын Кəдiмгi қозы қарын Бiлемiз ғой, Бiлемiз созыларын.Дарын барда,Тұм-аға, дарын бардаБiраз сөзШығын бопты-ау «қарындарға!»

1981 жыл

Page 339: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Т¤РТIНШI Б¤ЛIМ

Езу тартарЭПИГРАММАЛАР

Page 340: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

340

ЇШIНШI КАНАЛДраматург Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА

Алматытелевизиялық программа

Күндiз:10.15. «Құдағи келiптi». 12.45. «Бөлтiрiк бөрiк астында». 14.45. «Қуырдақ дайын». Кешке:17.00. «Өзiме де сол керек!» 19.30. «Жат елде».

Москва

21.05. «Көктөбедегi кездесу»...Ой зорайды бұдан кейiн дəмемiз, «ОРБИТАДАН» көрсек екен жəне бiз!..

1974 жыл

САТИРА СТАДИОНЫНДА«Сатира» командасының негiзгi құрамы:

Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ.Қазақ ССР сатира «федерациясының» председателi.

Қақпашы: 1. Садықбек Адамбеков.Қорғаушылар: 2. Балғабек Қыдырбекұлы, 3. Сақтапберген Əлжiков, 4. Жүсiп Алтайбаев, (Капитан) 5. Сейiт Кенжеахметов.

Page 341: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Жартылай қорғаушылар: 6. Ғаббас Қабышев, 7. Есенжол Домбаев, 8. Оспанəлi Иманалиев.

Орталық шабуылшылар: 9. Шона Смаханұлы, 10. Үмбетбай Уайдин, 11. Оспанхан Əубəкiров.

«Запаста»:Əбдiрахман Асылбеков. (Негiзгi топта ойнайтын шамасы бар,Бiрақ ептеп жылайтын «баласы» бар).

Аға жаттықтырушы: Темiрбек Қожакеев.

Бұларды жұрт қашанда Құрметпен қарсы ап жүр. Мыналар ғой: 1. Мыңбай Рəшев, 2. Қойшығара Салғарин, 3. Қажытай Iлиясов Командаға бiр келiп,Бiр кетумен шаршап жүр!..

1972 жыл

Page 342: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

342

ПОРТРЕТ

Актер Асанəлi ƏШIМОВКЕ

Жасап шықты Талайлардың бейнесiн. Ал актерғаАйтар болсақ кейде сын: Өзгерсе де ролi Өзгермейдi түр-өңi.

1978 жыл

ШЫРАЙ

Сықақшы Шона СМАХАНҰЛЫНА

Тақырып табылмасаТым шырайлы,«Шымшыған»Санын қайтып шымшылайды. 1972 жыл

Page 343: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

343

АЌМЫЛТЫЌ Сықақшы Қажытай IЛИЯСОВҚА

Бұ Қажытай кiм өзi? Жарылмаған жаңғақтай. Бiр қарасаң мiнезi Жел айдаған қаңбақтай.

Бұлың-бұлың не түрлi Жоспары көп миында. Майда қоңыр секiлдi, Ұқсас бiрде құйынға.

Ал, теңейiн ендi кеп Қызыл айдар қоразға. Сын сықақта зеңбiрек, Атылмайды. Оғы аз ба?! 1991 жыл

ШИПА Ақын Мұзафар ƏЛIМБАЕВҚА

Минерал су құрамы Мыналардан тұрады:Натрий 0, 2135 гр.Кальций 0, 040 гр.Хлор 0, 0531 грФтор 0, 0016 грСульфат 0, 625 гр.Карбонат 0, 0240 грРН 8, 25 гр.

Page 344: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

344

Мұзағаңның құрамыМыналардан тұрады:Лирика 53,8%Зерттеу 5,4%Мақал-мəтел 20,2%Аударма 12,1%Мақала 6,6%Жұмбақ 1,7%Жаңылтпаш 0,2%Бəрiн қосқанда = 100% 1977 жыл

ИIРIМ Сықақшы Үмбетбай УАЙДИНГЕ

Бiз ойлаймыз: Үмбетбай Инабатты кiсi деп. Үйiне барар күн батпай. Жүрген емес «кiсiнеп».

Есiледi жiбектей, Жанға жайлы күлкiсi. Сəл нəрсеге дiр етпей Жүре алмайды бұл кiсi.

Сықақты ойлап, қайғырмай, Тартып кетсе «иiрiм»... Кейде адасқан айғырдай Жоғалтады үйiрiн. 1990 жыл

Page 345: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

345

ЎЙЌАС Ақын Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВКЕ

Күнi-түнi тынбастан Жаздыңыз-ау «Тың-дастан» Əзiлдесiп Сiзбенен Сiзге ұйқас iздеп ем:– Ғафу! ...тату.– Ғафу!...жату.– Ғафу!...ашу.Соңы кеттi-ау ұйқаспай Сiздiң кейбiр ұйқастай. 1976 жыл

МЎНАР

Театр сыншысы Əшiрбек СЫҒАЙҒА

Кезi келдi сайрайтын ұранды шақ,Тү-у-у-у биiктен шолады қыран құсап.Мемсыйлықты алғасын тұрмаса екенБiздiң жыл санауымызға дейiнгi храм құсап? 2004 жыл

Page 346: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

346

ТАП БАС!

Сықақшы Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫНА

Ғаббас!Ғаббас!Осы сөзге оқырман,Ұйқас iздеп, тап бас!– Ғаббас!– Айтқанынан қайтпай,«Жоғарыға» жақпас?– Ғаббас!– Саяз судай сарқырап,Ылди iздеп, ақпас?– Ғаббас!– Мұз қатса да мұртына,Мұңын бiрақ шақпас?– Ғаббас!Оспанханды тiрiлтпей Iшкен асы батпас?– Ғаббас! 1990 жыл

ИIСКЕДI Сықақшы Ислам ШҰҒАЕВҚА

Лириканы иiскедi, Бiрақ тиiспедi. «Сəбилердi» иiскедi, Бiрақ тиiспедi.

Page 347: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

347

Сатираны иiскедi, Бұған да тiктеп тиiспедi. Əдебиетпен осылай Əзiлдесуi тиiс пе едi?.. 1975 жыл

ƏТТЕЅ!

Сықақшы Мыңбай РƏШЕВКЕ

Оқып оның көр ойын, Несiн тiзе берейiн. Өзiңiз де бiлесiз Кiлең нардай «геройын».

Бiр «геройы» қыр жақта,Ендiгiсi бiр жақта.Бəрi, бəрi, бəрi барҰйқас,Буын,Ырғақ та...

Оқырманы қолдаса Теңеу де көп онда аса. Бəрi,Бəрi,Бəрi бар... Көркемдiгi болмаса. 1990 жыл

Page 348: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

348

ДАБЫЛ!

Драматург Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА

Жиырмасыншы ғасырда Жалқау емес Қалекең. Пайғамбардың жасында Шаршамайтын шал екен.

Апталардың iшiнде Қадiрлiсi əр жұма. Қалағамыз күшiнде, Жасап жатыр тəржiма.Бұ қазақтың киносынКөтере алмай толғанды.Жыны келiп,Күйгесiн«Мың бiр түнiн» қолға алды.Қаға бермей дабылды, Арғы жағын сұрама. «Ремонтқа» жабылды Комедия, Драма!..

1990 жыл

МЎХТАР МЎЅЫ

Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА

Басыбайлы бар əнiм – Балқаш пенен Аралым! Асанқайғы атамдай Ел аралап барамын.

Page 349: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

349

Айналайын Аралым, Мұңлы көзбен қарадың. Бетiн тырнап жүрмiн бе Жазылмайтын жараның?!

Ақындарда ар тұнық, Көргенiм жоқ тартынып. – Құтқарыңдар Аралды Бара жатқан тартылып! –

Деп ұрандап осылайКүн өтуде, досым-ай. Түн ұйқымды төрт бөлiп,Жата алмаймын шошымай.

Қаулы талай қаралды: «Құтқарыңдар Аралды!» Қорға қаржы аударған Жiгiттер де жарамды.

Ақша теңiз бола ма, Арал қайтып тола ма? Сүттi сиыр секiлдi Суалғаны обал, ə?

Сырды жатар бүгiп кiм, Көбеюде үгiт тым.Арал,Арал,Арал деп,Мен жырымды ұмыттым.

Мəскеуге де тiк барып, Көргенiм жоқ тiптi арып. ...Поэзиямды Аралдай Жүрмеңiздер құтқарып!

Page 350: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

350

ЌОШЌАР

Сыншы Темiрбек ҚОЖАКЕЕВКЕ

Сөйлемейдi бет алды, Жаратқасын өткiр қып. Ерттеп мiнiп деканды, Қорғап шықты докторлық.

Құлағы ылғи түрiк жүр, Қыбырлатпай шəкiрттi. «Сатира!» деп қырық жыл Атандай даусын ақыртты.

Тұзы жеңiл өзiнiң, Таусылмайтын дау көп пе?! Тiрiсiнде көзiнiң Ұшырады нəубетке.

Оқырманның ойшылы-ай, Темкеңдi жұрт бiлсiншi. Қошқар баққан қойшыдай Қозысы жоқ. Кiм сыншы?..

1990 жыл

2008-ЖЫЛЄЫ ТОЙ

Фантаст жазушы Абдул-Хамид МАРХАБАЕВҚА

Зал.Мүшелтой.Төр жақтағы бiр шалға Қарап отыр бар халайық.

Page 351: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

351

Ол шалымыз, əрине. Фантаст А-Х. Мархабаев.Аты-жөнi кiм деме,Бiреу шықты мiнбеге:– Қазақ фантастикасыныңҚабырғасын қаласқан,Жюль Вернмен таласқанАбдул-Хамид ақсақалЖетпiс жасқа толып отыр.Сондықтан да бүгiнМүшелтой болып отыр.ƏбекеңБəле екен!Фантастикада көп iс бiтiрдi,Он шақты роман,Отыз шақты повесть бiтiрдi!..(Ду қол шапалақтау)

Бүгiн, сөйтiп, Əбеке, Қиялдаймыз да. «Ғарыштағы бiр тостақ қымызыңмен» Жетпiске жетiп келсең ұялмаймыз ба?..

1980 жыл

ЖАРАСЌАН ЖАЙЛЫ ЖАЅА КЇЙ Ақын Жарасқан ƏБДIРАШЕВҚА

Дiңгiл,Дiңгiл,Дiңгiлдiң.Дiңгiл,Дiңгiл,Дырың-ң-ң.

Page 352: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

352

Дəмдi, мəндi жырың-ң-ң.Дiңгiл,Дiңгiл,ДiңгiлдiңДiңгiл,Дiңгiл,Дырың-ң-ң.Сын жазушы ең бұрын-н-н.

«Даланы» алдың ыңғайға, Турабидей сын қайда?! 1977 жыл

СЫЙ...ЫРЌЎЙЫМШАЌ

Жарасқанның 50 жылдық тойына

Жарасқан-ау,Саған ненi қимаймын?Үй сыйлар ем, өз басыңда үй дайын.Жарты əлемге жария сап одан даАрғымақтай ақ «Волганы» сыйлайын,

«Волга» бiрақ бензинiңе тоймайды. Бензин бiтсе саласың ғой ойбайды. Мен одан да бiр «Жигули» сыйлайын. Сай-салада сайтан қуып ойнайды.

«Жигулиiң» бас бiлмеген асаудай, Соғысарсың тормозын да баса алмай. Мен одан да бiр «Москвич» сыйлайын, «Москвичтi» тоқтатып ед қашан ГАИ?

«Москвичiң» көп сынады пырт етiп, Бiр тетiктен кете берер бiр тетiк.

Page 353: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

353

Мен одан да «Запорожец» сыйлайын, Алсаң болды өз атыңа тiркетiп.

Əй, бiрақта, пошымы оның пошым ба. Қу моторы артқа бiткен сосын да. Мен одан да велосипед сыйлайын, Иномарка, крутойға қосылма!

Өмiрiңе серiк еттiң əн-күйдi, Əзiлiңдi айтып жүрсiң əрқилы. Велосипед мұз үстiнде жүре алмас, Мен одан да сыйлайыншы конькидi.

Жарасқан-ау, сен ертерек шошынба, Мұндай сыйлық сыйлай алмас досың да. Автомобиль тез тозады,Тозбайтын«Авторучка» əкеп тұрмын осында! 1998 жыл

Page 354: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

354

«ЫЅЌАЌ»

Композитор-əншi Ескендiр ХАСАНҒАЛИЕВКЕ

Ел аузыңа қараған,Атың көпке тараған.Ыңқақ,Ыңқақ,Тарарам.Ыңқақ,Ыңқақ,Тарарам.Махаббаттың маңынанҰзай алмай барады əн!..

1976 жыл

«И» ЖƏНЕ «Р»

Балалар ақыны Əнуарбек ДҮЙСЕНБИЕВКЕ

– Ара – дешi.– Айа.– Сара! – дешi.– Сайа.Көзiн ашып баланың, Тiлiн «Р»-ға келтiрдi. Лирика да кем түспей Таразы басы тең тұрды.– Əнуарбек! – дешi.– Əнуайбек!– Əнуайбек!

1974 жыл

Page 355: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

355

ЕПТЕУ МЕН СЕПТЕУ

Ақын Қадыр МЫРЗƏЛИЕВКЕ

А т а у:Балалар-ау, балалар, Қадыр деген аға бар.

I л i к:Қадыр деген ағаныңСағындық-ау «Сабағын».

Б а р ы с:Қазiр бiрақ ағағаКөңiл ептеп қалады, ə?

Т а б ы с: Себебi бұл ағаны Ұмытқан жоқ бала əлi.

Ж а т ы с: Шекер тiлдi ағада Шеберлiк көп, шама да.

Ш ы ғ ы с: Айналар ек ағадан Жазса тақпақ жаңадан.

Көмектес: Сөйтiп, ақын ағамен Табысуды қалар ем!.

1975 жыл

Page 356: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

356

АЌЫН МЕН АТОМ

Ақын Мұқағали МАҚАТАЕВҚА

Сен қорқасың басыңнан «Атом ба?» деп,Жарасады сондай бас ақынға тек.Бiз қорқамыз атомның сол қуатынЗаһар суға көп жұмсап жатыр ма деп.

1974 жыл

«ИСТ...»

Жазушы Сəтiмжан САНБАЕВҚА

– Журналист?– Санбаев!– Сценарист?– Санбаев!– Артист?– Санбаев!– Тракторист?– Санбаев!

Жұмысымның Жұрнағы ылғи «ист!» дейдi. Қалың қауым қолын соғып Қайсысына «Бис!» дейдi?

1975 жыл

Page 357: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

357

АУЫЗ ТИДI

Балалар ақыны Сұлтан ҚАЛИЕВКЕ

Жазушы едi мысалдары тұшымды, Əр жанрдан ауыз тиiп ұшынды.

1977 жыл

Əншi Ақжол МЕЙIРБЕКОВКЕ

Жас əншi жалын болып алаулай ма, Мынау қайда деймiз-ау, анау қайда? Қаны қою халықтың əнiн салмай, Əуес болып барады «əлəулайға».

1976 жыл

Page 358: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

358

НЕ ЖОЌ СЕНДЕ?

Ақын, драматург Нұрлан ОРАЗАЛИНГЕ

Не жоқ сенде?Адамға тəннiң бəрi бар.Қазақтың қаны, Алаштың сенде ары бар.Шыңғысханға қарсы шыққан найманныңҚызын алған жiгiттiң де бағы бар.

Не жоқ сенде?Шекпен де бар, шен де бар.Қазып көрсең қазыналы кен де бар.Менделеев таблицасы секiлдiЭлементтiң бəрi, бəрi сенде бар.

Page 359: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

359

Не жоқ сенде?Барған жерде бағаң бар,Тарлан болсаң тайдырмайтын тағаң бар.Қазақтардың ай мүйiзi бiр төбе,Қырғызда да Айтматовтай ағаң бар.

Не жоқ сенде?Дастарқанға дархандығы қосылғанҚазаның бар, ошағың бар, мосың бар.Кеңшiлiк пен Жарасқаның бақилық,Көзi тiрi Иранбектей досың бар.

Не жоқ сенде?Алатаудай тауың бар.Мыңға жуық қаламгердей қауым бар.Бетегеден биiктердi сүймейтiнБесенеден Бекдiлдадай жауың бар.

Не жоқ сенде?Бар жiгiтсiң, барлығына күмəн жоқ.Жүрiсiң бар су төгiлмес сылаңкөк.Бəрi бар-ау, бəрi бар-ау...Тек сендеЖайнамаз жоқ, суы жылы құман жоқ.

* * *

Жетi жаста жетiлдiң қара танып,Тайлағыңнан сен өстiң нар атанып.Жайнамаз бен бiр құман сыйлайыншы,Алпыстан соң жүрерсiң дəрет алып.

Əйтпесе сенде бəрi бар!.. 2007 жыл

Page 360: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

360

ƏДЕБИЕТТЕГI ƏЅГЕЛЕК

Ақын Несiпбек АЙТҰЛЫНА

Қандай теңеу айтасыңАйтұлына, апырмай?Тапалдардың тайпасынБастап жүрген батырдай!

Қарасаңыз пiшiмге,Полк емес – батальон.Тапалдардың iшiндеНағыз талант – Наполеон.

Бұдан гөрi қоңдырақТəуiр теңеу табам ба?Винтовка емес,Ол бiрақНақ ұқсайды наганға.

Ағайынға – қолбала,Алты алашқа сыйлы адам.Ұқсамайды бомбаға,Аумай қалған минадан.

От па,Шоқ па,Жалын ба?Ақ көңiлi – əйнектей!..Самауырдың жанындаШəмбiсi бар шəйнектей.

Сорып iшiп сонда да,Талғамайды күй талай.Ұқсамайды «Волгаға»,Май жемейтiн «Тикодай».

Page 361: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

361

Əдебиет – ас-тамақ,Оқырманға дəм керек.Айтұлы асқабақБолмаса да – əңгелек.

Түйреуiштей түйремес,Сөзi – бидiң сөзiндей.Несiпбегiм ине емес,Бiрақ, ине көзiндей.

Сөз қылмаймыз бiтiмдi,Iс тындырсаң сүйiктi.Қазандағы сүтiңдiҰйытатын – ұйытқы.

Карлик деп те айтар ек,Теңеу тауып не түрлi.Көз алдында «Бəйтерек»Көлбеп тұрған секiлдi.

2000 жыл

Page 362: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

362

Бабы күштi ақынның басына бақ боп қонған бəйбiшесi Бақытжамал туралы баллада немесе

Жүрсiн ЕРМАНОВТЫҢ ЖҮРЕК СЫРЫ

Айналайын ақ құсым,Балапандай баптадым.Басқа қонған бақпысың,Аққуымдай аппағым!..

Гитарадай мүсiндi,Пернедегi əнiмсiң.Жанбай тұрған iсiмдiЖандыртатын жалынсың.

Аспандағы айымсың,Кейде сенi «Нұр!» десем...Бiрде – бишi қайыңсың,Бəйтерексiң – бiрде сен.

Page 363: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

363

Ұйықтағанда – патшамсың,Оянғанда – уəзiрiм.Кассадағы ақшамсың,Картадағы – көзiрiм.

Өлеңдегi – лиригiм,Айтыстағы – ақыным.Алынбаған сыйлығым,Жарылмаған атомым.

Бақшадағы – өрiгiм,Жұпар иiсiн жұтамын.Ғасырдағы – қорығым,Менiң «Қызыл кiтабым».

Берекедей сезiнем,Беделiм мен бет-арым.Жұртбаевтай – шежiрем,Омашевтай – деканым.

Таптың қыз бен ұлды да,Ғұмырымсың жалғасқан.Айтовтай – сұңғыла,Майтановтай – марғасқам.

Саясатта – тiрегiм,Парламентте – сөзiмсiң.Кандидаттың бiрi едiң,Депутатым – өзiңсiң.

Шығарасың заңыңдыШыр-пыр болып ей, жаным.Шығарады жанымдыШырылдатып кей заңың.

Шымырланып ширықтым,Одан сайын ұштадың.

Page 364: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

364

Аюындай цирктiңМенi үйретiп ұстадың.

Кəмпит берiп, қамшылап«Алэ-оп!» деп билеттiң.Айналамыз – аншлаг,Дос жиюды үйреттiң.

Елдiң бəрi елеңдер,Қолым қалай ұзарған?Адам болам дегендерАрғындардан қыз алған.

2011 жыл

АТЫ КҐП АДАМ

Алматы облысының əкiмiСерiк ҮМБЕТОВКЕ

Атын айтып шақырсаЖалт бұрылып қараған,Өз есiмiн бiле меӨмiрдегi əр адам?

Ата-бабаң əуелiАт қойса да дəстүрлеп,Атын айтпай мықтының,Атайды оны:– Қасқыр! – деп.

Жiгiт бұзық болса егерЖiберетiн жұлып тек.

Page 365: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

365

Оның атын өзгертiпАтайды жұрт:– Жүлiк! – деп.

Тамашалап тар жердi,Тайраңдайтын тайтаң көп.Албастыдай пенденiАйтпайды ма:– Сайтан! – деп.

Page 366: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

366

Түнде шықсақ көшегеТүрлi нəрсе көрер ек.Ұшып-қонған сұлудыңБылайша аты:– Көбелек!

Тоқпан жiлiк сындырып,Топ бастайтын бар жiгiт.Елге туған ерлердiңЕрекше аты:– Нар жiгiт!

...Бiр кiсi бар ендеше,Жүрмейтұғын түндетiп.Оның аты – Серiк те,Фамилиясы – Үмбетов.

Талай, талай, талайларТанысса да жақын кеп,Атын айтпай СерiктiңАтайды тек:– Əкiм! – деп.

Ишаралы, ибалы,Имансызбен қас кiсi.Қорғанышы сияқтыҚолындағы тəспiсi.

Атаққа да, атқа даСонша зəру, қат па едi?Аты келсе бəйгеденДейдi жұрттар:– Атбегi!

Расында кiм екенҮмбетовтiң аты осы?

Page 367: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Журналистер қойған ат:– Өнердiң өгей əкесi!

Басатұғын байқатпайБұл өмiрдiң таты көп.Аты-жөнi болғанмен,Көп адамның аты жоқ.

2000 жыл

Page 368: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

368

ШУАЌТЫ ШАЌТАР

Профессор Намазалы ОМАШҰЛЫНА

Өткен шақ

Елу деген ерекшеЕл қарайтын қия-шың.Жимасаң да есiңдi,Етек-жеңдi жиясың.

Намазалы құрдасым,Болсаң егер бай тегi...«Екеумiзге – жүз жыл» депБiр тойласаң қайтедi?

Сахнаға бiр шығып,Бiрге оқыдық, бiр өсiп.Кiлемiнде КазГУ-дiңЖүрдiк бiрге күресiп.

Небiр ғалым, ғұлама,Көрдiк ойшыл, арысты.Мəлiк аға ҒабдуллинБiзге бердi дəрiстi.

Əуезовтiң шəкiртi –Академик ҚабдоловОқығанда лекцияОтырушы ек таң болып.

Бейсекең мен Мархабат,Қарағұсов, КəкiшевСабағынан бiр қалмайЖүретiнбiз қатысып.

Page 369: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Page 370: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

370

Белинскийден кейiнгiБеу, Белгiбай Шалабай...Белдiгiне мақтанғанБейкүнə бiр баладай.

Тауман менен ТемкеңдейТаба алмайсың деканды.Жел жағынан жүргендерЕстен танып «2» алды.

Үкiметтiң үйi едi-ау,Бiздiң оқып тұрған үй.Сəуле құйды санағаРымғали Нұрғали.

Шетел тiлiн оқыттыРоза мен Нұралы.Менделеев кестесi –Мұғалiмдер құрамы.

Ұстаз деген – ұлағат,Ұстаз болу – ұсталық...Абдул-Хамид секiлдiАл, сөйлейiн қысқа қып.

Осы шақ

Түйгенiмдi айтайынДүйiм жұртқа iш тартып.Əрлегендей əр сөздiЖазып келдiк қысқартып.

Қысқартуға келгендеБəрiмiз де дүрдеймiз.Қазақстан РеспубликасынҚысқа ғана «ҚР» деймiз.

Page 371: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

371

«ГКЧП», «ТМД»,«КГБ»-дай аттардан«КПСС» пен «СССР»Бұрынырақ жатталған.

Мүше болып «НАТО»-ға,«ООН» мен де сырластық.Сыбайласып жемқормен,«АО» деген фирма аштық.

Тiреу қойып тiрлiккеЖариялап тендр бiз,Радио, теленi«РК ТРК» деп жүрмiз.

«ҚТ» деген немене,«ДТ» деген немене?Қойқабыңды қозғасаңҚозып кетер делебе.

«ҚТ» деген – Қоңырат та,«ДТ» деген – Дулат деп,Қотырыңды қасыма,Айналайын, шулап кеп.

«ҚТ» деген қысқаша –Қызметтегi телефон.«ДТ» деген қысқашаДомашний телефон.

Профессор жазадыЖурналына белгiлеп,Лекцияға келмегенСтудентке «НБ» деп.

«КазГУ» емес, «ҚазМҰУ» депТөнiп тұрған төбеден,

Page 372: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

372

Қысқа ғана екi əрiпНемене екен «НО» деген.

«Н» деген де – күштi əрiп,«О» деген де – күштi əрiп.«НО» деген сөз, ойпыр-ай,Не бiлдiрмек қысқарып?

«НО» деген бе?«НО» дегенОрысша ғой о, тоба!«НО»-дан бəрi басталарНорка, ноғай, нота да.

Қатырсаң да басыңдыТаба алмайсың бал ашып.«Н» дегенiң – Намаз да,«О» дегенiң – Омашев.

Ойнаса да ОйталдаБiр сақамен он асық,Көп ұтылып көрмегенНО... бiрақ та – Омашев.

Сусамырдан су iшiп,Қой санаған қора ашып.Қой баққан жоқ,Ой баққанНО... бiрақ та – Омашев.

Жүзi жарық журфакқаТүссе-дағы дөң асып,Гитарист боп атанғанНО... бiрақ та – Омашев.

Курстасына көз салғанО, махаббат!О, ғашық!

Page 373: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

373

Арба жекпес алысқа«Одналюб» Омашев.

Ғылым қуып жасынанКөз iлсе де таң асып.Талып, құлап қалған жоқНО... бiрақ та – Омашев.

Атанғасын кандидатАлматыдан əрi асып,Бiр-ақ шықты МəскеуденОртекедей Омашев.

Шөл даланың шөбiндейШашына да жаны ашып,Докторлығын қорғардаҚараған жоқ Омашев.

Барған жерi «Мисс» пен «Бис!»,Француз,Немiс,Ағылшын...Кларасы тұрғандаАғылшынды нағылсын?

Но, бiрақ та қайтейiн,«НО»-ның да бiр «но»-сы бар.Ыммен ғана айтайын:Оның «но»-сы осылар.

«Момент» клей секiлдiЖабысқанмен жарасып,Ажырамай қалады

НО... бiрақ та – Омашев.«Н» дегенiң – Намаз да,«О» дегенiң – Омашев.

Page 374: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

О болса да, «НО» болсын,Қолы ашықтың – жолы ашық.

Келер шақ

Елу деген ерекшеЕл қарайтын қия-шың.Етектi де, естi деЕндi, досым, жиясың.

Қолың ашық құрдасым,Болсаң егер бай тегi...«Екеумiзге – жүз жыл» депТой жасасаң қайтедi?Бiз секiлдi ойнасын,

Бұл құрдастар ойнаса.Жүз жасыңа жекелепТағы да өзiң той жаса!.

2000 жыл

Page 375: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

375

КҐП НЇКТЕ

Ақын Асқар ЕГЕУБАЕВҚА

Барған жерi – басқарма,Көзi шалар қияқты.Құрмашұлы Асқар даҚұрмалас сөйлем сияқты.

«Мазаласа ой менi –Махаббатым!» деп келдi.Көп болса да сөйлемi,Аз қояды Леп белгi.

Page 376: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

376

Көшелердiң көгалыГогольге келсе – елтидi.Леп белгiдей боладыКөрген кезде ЖенПИ-дi.

Көкте жүрсе көңiлi,Бiлдiре ме тоқтықты?Сөйлемiнде өмiрiСұрау белгi жоқ тiптi.

Ұрымталдау, ұрма сынБiлдiрмейдi пiкiрдi.Қолда шiркiн, тұрғасынҚоя салар Үтiрдi.

Шабытына шам алған,Қою түнге бойлайды.Екi көздей қадалғанҚос нүктенi қоймайды.

Көлдей қылып жазса да,Көрiнбейдi сызықша.Не болады,Мəссаған...Сызықшаға – қызықса?

Леп белгi ме?Ой, əрi..Тарт бəлеңдi таямай...Асқар бiрақ қоядыКөп нүктенi аямай...

Балалық шақ... бəрi ыстық...Октябрят... сүйе бер.Мойында қызыл галстук...Салют саған... пионер!

Page 377: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Көрген емес шаршап ол,Əлi есiнде... əр қия.Алға, алға... комсомол,Алда... Ленин... партия!

Үйтiп ең де... бүйтiп еңКездескенде бiр ғашық.КазГУ...Журфак...Диплом...Жыр-ғашықпен сырласып...

Маладес, Мұқа... Қаратай...Мақала...Мақтау...Марапат...Алапай да талапай...Бiр басында – бар атақ.

Аузына Олжас түкiрдi...«Түф!» дедi ме...«Сүф!» дедi......Қойсаңдағы үтiрдi,Қойма жырға нүктенi!

2000 жыл

Page 378: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

378

ҐЗIМ ТУРАЛЫ ЭПИГРАММА

Əдебиеттен қыз алған Бəрiмiз де бажамыз. Бажалықты байқатып Əзiл-қалжың жазамыз.

Қортындылап сөзiмдiТаныстырсам өзiмдi:Мен – Көпен,Əкем – Əмiрбек.Туған жылым – 1950.Яғни, Барыспын.Алпысқа да кеп қалдымАртын жауып əр iстiң.

Page 379: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

379

Толық салмағым – 90 мың грам.Қасиетiм – осылайҚалжыңдасып тұрам.Бойым – 167 см.Ауылым Алматыдан 900 км.

Руым?..Руыммен у iштiм.Қожанасырмен («Қо» деген жерiне дейiн) туыспын.

Қожекеңнiң руы«Қо»-дан басталады.Менiң руым да«Қо» – дан басталады.Мiне, «қарға тамырлы қазақ»Содан басталады.

«Өзiңдi-өзiң мақта!» депТүлен түртiп, жұлқынды ой.Мақтамасам өзiмдi,Мақталмауым мүмкiн ғой.

Мен – маладеспiн!Не жас, не кəрi емеспiн.

Баяғыда қыздарға «Атың кiм?» деп,Ұстараның жүзiндей қылпылдайтынбыз.Қазiр ше?«Кiмнiң қызысың?» деп тымпыңдаймыз.Сонда да бiр тынбаймыз.Əйтеуiр тыртыңдаймыз!..

«Үмiтсiз – сайтан ғана» деген екен,Қиялдап, ой түбiне неге кетем?

Page 380: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Құдай ғұмыр берсе,2030-жыл болғанда,Бақбақ басы толғандаПрезидент – 90-ға,Мен 80-ге келедi екем.

Бiр-бiрiмiзден бұқпай,Түкiрiгiмiздi жұтпайСол жылы кездескенше – Сау бол! До свидания!! Гуд бай!!!

2009 жыл

Page 381: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

БЕСIНШI Б¤ЛIМ

МЫСАЛ- МЫСЌЫЛ

Page 382: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

382

БƏТІҢКЕНІҢ БАУЫ

«Жалаңбас» деген мекемеге Бəтіңке бастық болды.Бұ қалай?«Резюмесі» мынадай:Аты-жөні:Бəтіңке Былғарин.Мінезі:Сынадай.Түр десең түрі бар,Табанының бүрі бар.Қабілеті:Лай-суды кешкен емес.Жұмыс десе жанын салып,Шұлығын да шешкен емес.Білімі:Жоғары. Оқу өтіп кеткендей ұйқылы-өңі бар.Құлақшын, Тымақ,Телпек секілді оқу орындарын Бітірді деген үш-төрт дипломы бар.

«Əй, мынауың Майлы ішек қой мафиясы көп.Құрығанда қу бастыЖылытатын тақиясы жоқ!»Деп жұрт құрыстанды.Ал Бəтіңке:«Қоңылтаяқ жүр едік,Жағдай енді дұрысталды!»Деп бір Жіпті жұмысқа алды.

«Түсінбедік түкті,Жіп-жіңішке жіптіЖұмысқа алғаны несі?Көңіліміз күпті!»

Page 383: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

383

Деп бəріміз Шығарып ек дау.«Бұл жіп емес, Бəтіңкеге бау.Дені-басы сау!» Деп Бəкең бастықАшуға басу айтты.

Ау, Бұ неғылған жағымаз бау?

Бəтіңке жайлап жүрсе, Бұл да жайлап жүреді.Бəтіңкені біресе шешіп,Біресе байлап жүреді.

Күндердің күніндеБəтіңкенің сірі кетіп,Табанының бүрі кетіп,ОрнынанТүскен еді босап қалып...Байғұс Бау да«Бəкеңмен» бірге кетті қосақталып.

АТЫ ӨЗГЕРГЕН ƏТЕШ

Əтеш Қырғиға: – Атың кім? – деп еді, – Қырғи! – деді.Əтеш ойланып:– Менен басқағаЖақсы ат қойған ылғи! – деді.

Əнебіреуіне«Атың кім?» десең,«Бүркіт! дейді.

Page 384: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

384

Ал, менің атымЕшкімді үркітпейді.Мінəбіреудікі – Ителгі.Айтуға қандай икемді!

Мені біреулер «Əтеш», Енді біреулер «Қораз» дейді.Шөже мен Шібилерімді«Көкбақа, арық – қоңы аз!» дейді.

Рас,Менің атым ат емес.Қазіргі замандаАт өзгерту қате емес.

МақсатӨзіме қоюым керек жақсы ат. Не десем? Самұрыққа теңесем.– Атың кім? – Самұрық!Самұрық десем, Ел қарайды-ау аңырып.

Е – е , ендешеЕуропаның есімін Өзіме қойсам несі мін?Мысалы, французша: «де Атеш»Болмайды,Онша көңілім толмайды.

Кəрісше:«Я и Цо!»Бір түрлі,Келтіреді күлкіңді.Базбіреу:«Əй, Яйцо, бері кел!» деп шақырса...

Page 385: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

385

Сол арамғаАттай шауып барам ба?Жөн емес,Басталып кетер төбелес.

Орысша:«Петух Нептицский!»Грузинше:«Қораз Мекиени!» Немесе «Əтеш Шібишвили!»Өзбекше:«Əтешжан!»Болмайды,Айтуға ауыз толмайды.

Астары бар əр аттың,Атын қойсам ше арабтың?«əл-Əтеши Кукареку қыт-қыт Тауық ибн Қауырсын!»Демім жетпес,Айтуға жүдə ауырсың.«Made in Kazakhstan!» десем ше?Білмегендер білсін.– Кімсің?– «Made in Kazakhstan».Əй, бірақ,Қазақстан тұра ма таза Құстан?

Көкқұтан,Торғай,Жапалақ...Жағың талар Əрқайсысын атап-ақ.Саусақ жетпесСанасаң да жата қап.Айналып келгендеСоның бəрі құс қой. Міне, маған түсті ой!

Page 386: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

386

Қай құстың атын атап,Түсін түстейік.Біз өзімізді«Қазақстандық Құс» дейік.Ныспым –Қазақстандық Құспын!

...Мың құбылтып есімінҚойсадағы тауып,Тауықтың аты – тауық!

ЖЫРТЫҚ

– Əлгі бос орынға Қоятын кадрды шешіпті.– Кімді?– Тесікті.

* * *

– Жемқор екен бұл кісі,Ашылыпты қылмысы...Сол тесіктің үстіненҚозғалыпты іс.– Құритын шығар?– Тс-с!...

* * *

– Тесікті босатып,Құртыпты.– Орнына кімді қойыпты?– Жыртықты...

Page 387: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

387

САҒАТТЫҢ ЖҮРІСІ

Білейік деп кімнің халі мүшкілін,Тексеріп ек бір сағаттың үш тілін...

– ЖайбарақатЖүретұғын ақырын,Мінə бір орта бойлыСтрелканың аты кім?– Минут!– Айлығы қанша?– 60 доллар!– Неге 60 доллар?– Себебі сағатты алпыс рет айналады.(Көзіміз басқа тілге тайғанады).– Ал, əнебір жылтың?...– Аты – Секунд, жүрісі – тымпың.– Айлығы қанша?– 360 доллар!– Неге 360 доллар?– Себебі сағатына 360 рет айналады.(Көзіміз басқа тілге тайғанады).– Кім болады мына мығым тіліңіз?– Сағат деген осы кісі, біліңіз.– Айлығы қанша?– 500 доллар!– О, сағатына 500 рет айнала ма?– Жо-жоқ, кешіріңіз,Жарты рет те айналмайды.– Е, ендеше неліктенАттың құнын ап маймаңдайды?..

– Айтайын ба масқараны?Ол Минут пенен Секундты басқарады.

Page 388: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

388

АУЫЗ МАХАББАТ

БойжеткенніңАты-жөні Қасық еді,Оған АуызӨлердей ғашық еді.

Есі шығып,Ернеулеп сүйіп Қасықты,Ауыз негеҮйленуге асықты?!

...Қасықтың əкесіТостақтың көжесі мол екен.Ауыздың ғашық болғанСебебі де сол екен.

МАЙ ШАМ

– Ұстамды...Кім көз ілмей атырды үш таңды?– Май шам!

– Ыңғайлы...Құр шытынып, кім бекерге сынбайды?– Май шам!

– Тиімді...Кім бар ылғи жарық қылар үйіңді?– Май шам!

Май шамды əлдекімдер демеп бірде,Бастық етіп жіберді Электрге.

Page 389: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

389

МАГНИТТІҢ МАХАББАТЫ

Темір Магнитке көз салды,Көз салды да сөз салды.– Қарындас!Мен – Темір едім,Бір сені ойлапЕңіредім...

Өзіңе болдым көп ғашық,Өлетін болдым тот басып.Мінеки,Махаббатым артып барады,Магнитің өзіңе тартып барады!...

...Үйтіп-бүйтіп қосылды,Темір бірақ шошынды.

Бір күніМагнит қырсықтанды.Тапа-тал түстеТемірмен ұрсып қалды.– Сендей қатігездіСоттатып жіберем,Бүкіл өміріңдіТоттатып жіберем!...– Пішту! – Деді темір де.Көзіңді ақитып,Елірме.Темір тепеңдеді:– Ажырасам, кетем! – деді.– Ей, есуас,Менсіз қайда бара аласың?Кетсең атамнан арман,Саған күнім қарамасын.Ажырасып Магнит

Page 390: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

390

Темірменен бет алды.Айналдырды артыншаБіраз-біраз металды.

Мыспен жүрді,Тартпады.Шикі сары түріне қарамай,Махаббаты артпады.

Қарап жүрмейҚалайыға да «ғашық» болды.Ал қалайы бұ сұмпайыданҚұтылуға асық болды.Магнит:– Табылар, – деп, – тағы да ит!Ағашқа барды,Жабыспады.Қуып жүріпҚурайды тағы ұстады.Ол да жабыспады.

Енді келіп Магнит еңіреді:– Жаныма ең жақыны Темір еді!

ШИҚ-ШИҚ

– Сахнаға кім шықты?(Ешкім бірденТанымады Шымшықты).– Білмеймін,Шошаңдаған құс тұр.– Өй, мынау Шымшық қой.Тез кетсін – ысқыр!

– Тс-с несіне ысқырады?– Шымшықта дауыс жоқ.

Page 391: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

391

Шиқ,Шиқ депІшіңді пыстырады.

...Шымшықтың кесірінен кейбіреулерӨнеріңе қол сілтеп, пысқырады.

ТОЗҒАН ШАТЫР

Үйдің төбесінен сылақ түсті.Төрт қабырғаданТөтенше сұрақ түсті.– Əнеукүні деТас төбеден тамшы ақты.Тамшыға табақ тосып,Үйдің ішін шаршатты.Су өткізіп ШатырНе бітіріп жатыр?!

– Шатыр күннен күнгеТозып келеді! – Əне ауыстырамыз,Міне ауыстырамыз депУəдесін үй іші созып келеді.

Шатыр оңай ауыса маҮй үстінеАлғаннан соң бір шығып?Жаңбыр өтіп ақырыБармағымызды қыршыдық.

«Біздің ескі,Жергілікті кадр!» деп,Шұрық тесік ШатырдыКеледі əлі қадірлеп.

Page 392: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

392

САҒЫЗ ШАЙНАУ

«Ауыз» ғылыми-зерттеу институтыАтам заманнан бері істейді.Штатында шақыр-шұқырОтыз екі Тіс дейді.Түк жаңалық ашпаса даОшарылып бірі орнынан түспейді.

Əрі сойдақ, əрі істікТістерменентаныстық.– Тү-ү-у түкпірдегі кім?– Азу тіс.– Ол не?– Жілік мүжитін бөлім.– Мына қасқиғаны кім?– Күрек тіс.– Ол не?– Қаужайтын бөлім.– Мінəбір кетигенің ше?– Ұры тіс.– Ол да бөлім бе?– Бөлім ғой.– Түк жаңалық ашпасаңдар – өлім ғой.Қу ауызға қамалыпБірдеңе бітіріп жүрсіңдер ме,Əлде, əшейін түкіріп жүрсіңдер ме?Баяғыдан бергі обьектілерің не?– Сағыз!Пайдалы зерттеу нағыз.Шайнап-шайнапСағыздан түбі май аламыз.Жағымыз қарысып қалса да,Несіне аянамыз......Шайнап-шайнап сағызды,Құр сілекей ағызды.

Page 393: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

393

ТАБИҒАТ ТАНУ

Ауыз керіп, айғайлапАшық айтсақ – ащы ма?!Мекемеміз «Табиғат»Құтаймады басшыға.

«Табиғаттың» таусылмасШаш етектен байлығы.Жаңа бастық жарқ етіпКелер екен қай күні?

– О, сүйінші!Сүйінші!Қуантайын сіздерді.«Табиғатқа» басшы бопКүреңсары Күз келді.

«Сен же, мен же!» – береке,Құтты болды Күз деген.Қарсы аламыз меймандыДəмді нанмен, тұзбенен.

Көтеріңкі көңіл-күйОй, көбейді сауық тым.Күзді күні санадықБалапанын тауықтың.

Қыз бетіндей қызарыпҚауын-қарбыз пісіпті.Аузын ашқан адамныңАузына алма түсіпті.

Марапаттап бетінеСөз сөйледік иба қып:– Күз ағаның арқасы,Күллі дəнді жинадық.

Page 394: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

394

– Құдыретті Күз аға,Сондықтанда жарқынбыз...Алтын қосып атынаДеп атадық: «Алтын күз!»

Сары қымыз сапырып,Сабан тойын жасаттық.Күндердің бір күніндеКүз сыртынан тас аттық:

– Сары алтыннан садаға,Сұмпайы Күз сұр екен.Табиғатқа хауіптіЗиянкестің бірі екен.

Қара суды суытыпЖасаған жоқ Күз байлық.Қаз-үйректі қайтардыБайдан шыққан қыздай қып.

Жапырақты сарғайтып,Бүрістіріп жіберді.Олақ күзді орнынанДұрыс біліп жіберді!...

... «Табиғаттың» таусылмасШаш етектен байлығы.Жаңа бастық жарқ етіп,Келер екен қай күні?

– О, сүйінші!КөңілімізОрнына түсті енді.«Табиғатқа» басшы бопҚытымырлау Қыс келді.

Құтты болсын айтуғаАт шанамен барып кеп,

Page 395: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

395

Шекпен, тонын кигізіпҚолпаштадық дəріптеп.

– Қылышын қыннан суырыпҚысқан кезде Қыс деген,«Түфə» деген түкірікЖерге жетіп түспеген.

Ауылымызға қыдыртсаАяз деген атасын,Безгек құсап селкілдеп,Қамсыз болсаң – қатасың.

Қара жерді тазартқанПайдалы екен қар тіпті.Осылайша Қыс аға,Орната бер тəртіпті!

Қанша қатал болса даТүсіп қалды Қыс бірақ.Қудың көбі қуандыЕкі қолын ысқылап.

– Ақи-тақи айнала,Дүниені боран қып,Бір уыс боп бəрімізЖыртық тонға орандық.

Маңғаз, марғау далағаСалды талай Қыс бүлік.Қойды қырып тастадыҰйтқи соққан үскірік.

Қабағынан қар жауғанСұсы құрсын – беті аулақ!Жанның бəрін жауратқанҚысы құрсын – беті аулақ!

Page 396: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

396

... «Табиғаттың» таусылмасШаш етектен байлығы.Жаңа бастық жарқ етіпКелер екен қай күні?

– О, сүйінші!Сүйінші!Сөйлемейтін өктемдеп,Беу, табиғат жарыдыБасшылыққа Көктем кеп.

Бусандырып, жіпсітіпМадақтадық Көктемді.– Қыстан шықтық қысылып,Айналайын дөп келді!

Қос бүйірі томпайып,Жамырады қозымыз.Кірпігіміз қимылдап,Жылтырады көзіміз.

Ансамблі аспанныңТырна жетті тыраулап.Керегі жоқ əтірдіңТұрсаң көкке бір аунап.

Шекемізді қыздырдыШешеміздей Көктем кеп.Бəрекелді бəріне,Рахмет көптен-көп!

Құлдық ұрып жүргендеҚұдай атып бір күні,Көктем бұты көктен кепҚызметтен сырғыды.

Сол-ақ екен.Əмпейлер:

Page 397: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

397

– Көктем рас, қу! – деді.Бұра тартқан бұралқыƏңгімелер гуледі.

– Көрсек шықсын көзімізКөктем тектес бұзықты.Жіңішкертіп жуанды,Жіңішкені үзіпті.

Құс келгенде талайдыңЖүйкелерін тоздырған.Ұстамасын ұстатып,Қояншығын қоздырған.

Қақ айырып аспандыКүркіреді-ау о неме.Жарқылдатып найзағайОйнататын төбеңе.

Су тасытып, долданыпТалай сойқан істеді.Көкбет Көктем орнынанЖақсы болды түскені.

... «Табиғаттың» таусылмасШаш етектен байлығы.Жаңа бастық жарқ етіп,Келер екен қай күні?

– О, сүйінші!БіздергеЖаңа бастық Жаз екен.Пейілі ыстық, періштеБəрінен де таза екен.

– Таза болса шекеңненТұрады ма тер шығып?

Page 398: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

398

Жайдары деп мақтағанЖазда жоқ па кемшілік?

– «Таңдайыңды тандырдайКептіру де ірі іс!» деп,Қырық күндік шілдесінҚабылдадық дұрыс деп.

* * *

– Айтайыншы ағайын,Мысалымның жалғасын...Жаз бастығым жалп етіпОрнынан түсіп қалғасын.

БАҚҰЛ БОЛ, БАУЫРЫМ!

Кең ЖүрекКенеттен қаза болды.Бұлқынған жасқа бұл өзіБұра тартқан жаза болды.Жүрек жылан жылы туған.Я удан,Я суданЖүрегі шайлықпайтынІскер еді.Ол көп жыл бойыҚан айналымын қалыптастыруСаласында істеп еді.Талай мəрте тала жаздады,Инфарк та ала жаздады.

Осы бізОның нағыз досымыз.Көрмесе бізді сағыныпДолданып талай жын ұрды.Əсіресе,

Page 399: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

399

Миғұла Ми досынаКө-өп еңбек сіңірді.

Сондай-ақ болсын əркім.Бұ марқұмГастрит,Бронхит,Танзилитпен «наградталды».Бақұл бол, бауырым,Артыңдағы достарың аңырап қалды.Хош,Аяулы дос!...

Қатты қайғырып көңіл айтушылар:Арақ, Коньяк, Шампан, «Вино», «Шарап», «Сыра»,

«Насыбай», «Соверен», «Парламент»...

ШАХМАТ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА

Ағалардың алдынанКесе өтпейтін еш тегі,Ішіне жел қарысқандайИіліп тұратын Пешкі еді.Яғни, есті еді.Келе-келе не істеді?Беті бүлк етпейБір іс жасады.ШатқаяқтапШабуыл жүріс жасады.

1-жүрісі:Тамырдан тартып əзіл айтты.Алдындағы пешкіні тайдырып,Көзін көршілерге бажырайтты

2-жүрісі:Əбден құтырып алды.

Page 400: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

400

Аттың арқасын қасимын деп,Жон терісін сыпырып алды.

3-жүрісі:Жасағаны ылғи тентектік.Ладьяны лездеЖеп жіберді шелпек қып.

4-жүрісі:Деміне нан пісті.Офицерді «жеп!» қойыпФерзімене аңдысты.

* * *

Ағаларын быт-шыт қыпПешкі нені аңсапты?«Шіркін король болсам!» деп,Қуса керек мансапты.

КЕМПІР, АРЫҚ ЕШКІ ЖƏНЕ МАИ

Бір кемпір кешкісін,Ап-арық ешкісінМАИ маңына арқандап:– Бұл не, балам, МАИ ма? – деді.Инспектор:– Иə, əже.Бірақ бұл арағаҚотыр ешкіңді жайма! – деді.Кемпір:– Құдай-ау,Енді барам қайда? – деді.Инспектор:– Жер жетпей қалды ма,Əйда! – деді.

Page 401: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

401

Кебенек келгірдіЖаймайсың ба сайға! – деді.

Кемпір:– Балам, – деді,Қайда жайсам да Ешкім еш семірмеді.МАИ-ға əкелсемӨрісі кеңір ме еді?!

Есіңде ме,сен деОсы ешкідей арық ең.Былтыр МАИ-ға барып еңЖіптей болмайГүптей бопЛезде семірдің.

Соған қарағанда,Жағатын шығар МАИ маңы.Арық ешкім семірсін,Шөбі шүйгін, пайдалы...

БАЛҒА(Габрово əзілі)

– Балам,Көршіге бар да,Сұрап келші балға!Бардың ба?– Бардым.– Не дейді?– БалғасынБермей қойды,көке.– Қолына жара шыққыр,Тас екен-ау өте!Е, мейлі,

Page 402: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

402

Атамнан арман бермесе.Мына көршіден Балға сұра ендеше– Бардың ба?– Бардым.– Не дейді?Барып едім,Қолын сілтеді ол маған.– Көрге бірге əкете ме,Өй, өңшең оңбаған!Адам емес,Көршіміздің бəрі аң.Қусаң құмалақ түспейді,Шетінен сараң.

Қыстыкүні қар сұрашы «Жоқ-жоқ, дейді, – қар жоқ!»Бұ шығайбайлардаҚар жоқ емес,Ар жоқ.

Бір бұл емес көршіденКөңілімнің қалғаны.Əкел, балам,Өзіміздің балғаны.

НӨЛ!

– Папа!«Нөл» деген таңбаСан ба?– Балам!«Нөл» математиктің ісі ғой.Ал, папаңƏдебиетші кісі ғой.

Page 403: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

403

ТҮЛКІ МЕН ҚУ ШӨЖЕ(Украин усойқысы)

Бір Түлкі үйректіңБалапанына шап берді де,Шап берген күйіБұтаның түбіне ап келді де:– М-м, сен шамасыШөже боларсың, – деді.Бұйырса бүгін маған Көже боларсың, – деді.

Қу Шөже де қутыңдапСөзін айтты ең ізгі:– Ағатай-ау,Аяйық Сізден немізді.Көжеге семіз оңды ғой,Менен гөрі əке-шешем қоңды ғой– Іһі... əкең семіз бе?– Семіз!

– Шешең ше?– Семіз!Ертіп əкелейін,Екеуін де жеңіз.

Түлкі Шөжені қоя берді.Шөжең деТүсісімен өзенгеƏрі-бері əндетіп,Жүзе бастады.Айлалы Түлкі аңқиып,Күдерін үзе бастады:– Əй, тоқта.Əке-шешеңді əкелесің бе, жоқ па?!– Əкіреңдеме, түлкі батыр,Əке-шешем – инкубатор!..

Page 404: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

404

БАТПАҚ ҚОРЫҒАН БАҚА

Екі бақа ерегісті бақ-бақ,Жалғыз дауы – көлшіктегі батпақ.– Ей, милау,Қайда үлкенді сыйлау? Бұл батпақ менікі!– Менікі?Атаңның басы сенікі!Бұл менің батпағым.– Бақырайтып көзіңдіҚайдағы жоқты шатпағын.Бұл менің батпағым!

Едіреңдеп егесіп,Бірін бірі ұрмақ ед.Бақ еткізіп жеп қойдыЕкеуін де тырна кеп.

ҮРЕЙ

– Япыр-ай,Тыштиған тышқанан Қорқады екен Піл де.– Күлме,Түсінбейсін мүлде...– Күлмегенде... Бұл не?

Жүрегіне жүн шыққан Қорықпайтын Піл еді.Пілдің үлке-е-ен қылмысынТышқан ғана біледі.

Page 405: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

405

СУАЛҒАН СИЫР

Мүйізі қарағайдайАла Сиырдың даңқы арта берсін!– Ура-а-а-а!

Көтеріп жүре берсінФирманың мəртебесін!– Ура-а-а-а!

Бұзауы бұқа боп,Əукесін қаси берсін!– Ура-а-а-а!Желіні жер сызыпСүті өзендей таси берсін!– Ура-а-а-а!

Аузымызды майлағанАла Сиыр жасасын!– ?..– Өй, урала,Неменеге сасасың?– Қарасаң келгіргеҚашанғы ұрандаймын.Ауыз керіп айғайлапБұдан былай жүре алмаймын.Ала көз албастыныңБір тиын бұты.– Е, неге?– Суалды ғой сүті...

Page 406: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

406

КӨП ЕМЕС

Беу, Шөмішбай Сариев,Ол оқыса өлеңінҚұлақ түрер бəрі ұйып.– Айтар ойың дөп шықты! – Деп жұрт қойды көпшікті.

– Шөке, – дедім, – Өмірде қанша ұлы ақын?Былай деді бұл ақын: – Пушкин, Абай, Мұқағали…Əрі-бері шолсаңыз,Көп емеспіз онша біз!

Page 407: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

407

МАЗМҰНЫ

Бірінші бөлімЖұма сəлем

Ел не дейді, мен не деймін? ...............................................................4«Жұма сəлем» қалай туды? ...................................................16№1 жұма сəлем .................................................................................22№2 жұма сəлем .................................................................................25№3 жұма сəлем .................................................................................26№4 жұма сəлем .................................................................................28№5 жұма сəлем .................................................................................29№6 жұма сəлем .................................................................................31№7 жұма сəлем .................................................................................35№8 жұма сəлем .................................................................................36№9 жұма сəлем .................................................................................37№10 жұма сəлем ...............................................................................39№11 жұма сəлем ...............................................................................40№12 жұма сəлем ...............................................................................43№13 жұма сəлем ...............................................................................44№14 жұма сəлем ...............................................................................45№15 жұма сəлем ...............................................................................46№16 жұма сəлем ...............................................................................48№17 жұма сəлем ...............................................................................50№18 жұма сəлем ...............................................................................52№19 жұма сəлем ...............................................................................53№20 жұма сəлем ...............................................................................56№21 жұма сəлем ...............................................................................58№22 жұма сəлем .................................................................................–№23 жұма сəлем ...............................................................................61№24 жұма сəлем ...............................................................................62№25 жұма сəлем ...............................................................................64№26 жұма сəлем ...............................................................................65

Page 408: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

408

№27 жұма сəлем ...............................................................................67№28 жұма сəлем ...............................................................................68№29 жұма сəлем ...............................................................................69№30 жұма сəлем .................................................................................–№31 жұма сəлем ...............................................................................71№32 жұма сəлем ...............................................................................74№33 жұма сəлем ...............................................................................75№34 жұма сəлем ...............................................................................77№35 жұма сəлем ...............................................................................78№36 жұма сəлем ...............................................................................79№37 жұма сəлем .................................................................................–№38 жұма сəлем ...............................................................................81№39 жұма сəлем .................................................................................–№40 жұма сəлем ...............................................................................83№41 жұма сəлем ...............................................................................84№42 жұма сəлем ...............................................................................85№43 жұма сəлем ...............................................................................86№44 жұма сəлем ...............................................................................87№45 жұма сəлем .................................................................................–№46 жұма сəлем ...............................................................................88№47 жұма сəлем ...............................................................................90№48 жұма сəлем ...............................................................................91№49 жұма сəлем ...............................................................................92№50 жұма сəлем ...............................................................................93№51 жұма сəлем ...............................................................................95№52 жұма сəлем .................................................................................–№53 жұма сəлем ...............................................................................98№54 жұма сəлем .............................................................................101№55 жұма сəлем .................................................................................–№56 жұма сəлем .............................................................................102№57 жұма сəлем .............................................................................103№58 жұма сəлем .............................................................................105№59 жұма сəлем .............................................................................110№60 жұма сəлем ..............................................................................111№61 жұма сəлем .............................................................................112№62 жұма сəлем .............................................................................113№63 жұма сəлем .............................................................................114№64 жұма сəлем .............................................................................115№65 жұма сəлем .............................................................................119№66 жұма сəлем .............................................................................131

Page 409: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

409

№67 жұма сəлем .............................................................................133№68 жұма сəлем .............................................................................134№69 жұма сəлем .............................................................................135№70 жұма сəлем .............................................................................136

Екінші бөлімПа, шіркін, пародия

ДағдарысСəулетшi Шота-Аман УƏЛИХАНҒА ..........................................140Бір кем дүние-ай!Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗАҒА ......................................142Солай да солай!Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаты, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза туралы көп сериялы киносценарий ...................................................................................145Олжас «О, кэй!» дейдіАқын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВКЕ ...................................................153Өкпелеме, сен маған!Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА ........................................................155Поэзия патшалығы .........................................................................158Жақсы, айналайын!Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА ................................................164Ит жылына игі тілекХалық əртiсi, профессор Асқар ТОҚПАНҰЛЫНЫҢ рухына .....169Дию жетектеген драматургДраматург Қалтай МҰХАМЕТЖАНОВҚА ..................................173Алтыншы арманАкадемик тарихшы Манаш ҚОЗЫБАЕВҚА ................................184Қажыгелдинді қуған қажыАМАНТАЙ қажыға .........................................................................186Қазіргі поэзиядағы қара мысық ....................................................189Иран-ҒАЙЫП .................................................................................190Шөмiшбай САРИЕВ .......................................................................194Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ ..................................................................196Нұх Пайғамбардан Нұрқаділовке дейінСаясаткер Заманбек НҰРҚАДIЛОВКЕ .......................................198Аты өзгерген актерХалық əртiсi Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВҚА .............................205Əл-Таразидің əні .............................................................................207Бізде бəрі бар!

Page 410: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

410

Халық əртiсi Роза РЫМБАЕВАҒА ................................................210Құйқаның дəміХалық əртiсi Құдайберген СҰЛТАНБАЕВҚА ..............................214Құдағи, бір партия!..Əзiлкеш əртiс Бауыржан ИБРАГИМОВКЕ .................................219Серік ақын – сексенде!..Ақын Серiк ТҰРҒЫНБЕКОВКЕ ....................................................223Сүйем сені!..Ақын Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТКЕ .......................................................227Шыркөбелек дүниеСаясаткер Алтынбек СƏРСЕНБАЙҰЛЫНА ...............................232Жер мен көктің арасыЖазушы Сəбит ДОСАНОВҚА ......................................................234Шəмшінің əзілдеріБiртуар сазгер Шəмшi ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ рухына .....................240«Тоқал» партиясын қашан құрамыз? ............................................248Мазмұн ............................................................................................266Мақұрым ..........................................................................................267Əдемі əуен .......................................................................................268Тор дорба .........................................................................................269Екі нөл .............................................................................................270Ептеп еңкейіңіз! ..............................................................................271Көп партия ...........................................................................................–Сұлатып салды ................................................................................272Тапқыш болсаң, тапшы! .....................................................................–Қайнаға мен келіннің қақтығысыАйтыс ақындары ШОРАБЕК пен АЙНҰРДЫҢ сарыны .............279Ну, жарайды!(«Тамашаның» режиссерi Лұқпан Есеновтiң монологы) ...........287Қазақтың тойы ................................................................................291Тіс шұқығыш ...................................................................................297Мақал жарыс ...................................................................................301Үстем болсын мерейің!.. ................................................................307Жылбасы туралы жиналыс ............................................................309Қошақаным қайда екен? ......................................................................313Құзыр ...............................................................................................314Егіз аяқ .................................................................................................–Ештеңе есімде жоқ! ........................................................................316Шорабек пен Айтақынның айтысы ..............................................319О, ғашығым, шыдай тұр! ...............................................................323

Page 411: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

411

Үшінші бөлімШығрмашылық пародия

Оңай ма!.. ........................................................................................326Шайтанкөлдегі шабыт ........................................................................–Па, шіркін! .......................................................................................327Туысыңды таптың ба? ....................................................................328Екі ғашық ........................................................................................329«Лар» жəне «лер» ...........................................................................330Нешауа-а-а-а!.. ................................................................................331Емеурін ............................................................................................–Көз бен сөз ......................................................................................332Екі алма ...........................................................................................333Уа, дариға! .......................................................................................334Поэзия тесігі ....................................................................................335Қарын қалай ашады? ......................................................................336Əділбектің əні .................................................................................337Дарын мен қарын ............................................................................338

Төртінші бөлімЕзу тартар эпиграммалар

Үшінші каналДраматург Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА .................................340Сатира стадионында ...........................................................................–ПортретАктер Асанəлi ƏШIМОВКЕ ..........................................................342ШырайСықақшы Шона СМАХАНҰЛЫНА ...................................................–АқмылтықСықақшы Қажытай IЛИЯСОВҚА ..............................................343ШипаАқын Мұзафар ƏЛIМБАЕВҚА ..........................................................–ИірімСықақшы Үмбетбай УАЙДИНГЕ .................................................344ҰйқасАқын Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВКЕ .......................................................345МұнарТеатр сыншысы Əшiрбек СЫҒАЙҒА ...............................................–Тап бас!Сықақшы Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫНА ..............................................346

Page 412: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

412

ИіскедіСықақшы Ислам ШҰҒАЕВҚА ...........................................................–Əттең!Сықақшы Мыңбай РƏШЕВКЕ ......................................................347Дабыл!Драматург Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА .................................348Мұхтар мұңыАқын Мұхтар ШАХАНОВҚА ............................................................–ҚошқарСыншы Темiрбек ҚОЖАКЕЕВКЕ .................................................3502008-жылғы тойФантаст жазушы Абдул-Хамид МАРХАБАЕВҚА ..........................–Жарасқан жайлы жаңа күйАқын Жарасқан ƏБДIРАШЕВҚА ..................................................351 Сый...ырқұйымшақ Жарасқанның 50 жылдық тойына ...............................................352«Ыңқақ»Композитор-əншi Ескендiр ХАСАНҒАЛИЕВКЕ ..........................354«И» жəне «Р»Балалар ақыны Əнуарбек ДҮЙСЕНБИЕВКЕ ...................................–Ептеу мен септеуАқын Қадыр МЫРЗƏЛИЕВКЕ ......................................................355Ақын мен атомАқын Мұқағали МАҚАТАЕВҚА .....................................................356«Ист...»Жазушы Сəтiмжан САНБАЕВҚА ....................................................–Ауыз тидіБалалар ақыны Сұлтан ҚАЛИЕВКЕ ............................................357Əншi Ақжол МЕЙIРБЕКОВКЕ .........................................................–Не жоқ сенде?Ақын, драматург Нұрлан ОРАЗАЛИНГЕ .....................................358Əдебиеттегі əңгелекАқын Несiпбек АЙТҰЛЫНА ...........................................................360Бабы күштi ақынның басына бақ боп қонған бəйбiшесi Бақытжамал туралы баллада немесе Жүрсiн Ермановтың жүрек сыры .....................................................................................362Аты көп адамАлматы облысының əкiмi Серiк ҮМБЕТОВКЕ ............................364Шуақты шақтарПрофессор Намазалы ОМАШҰЛЫНА ........................................368

Page 413: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Көп нүктеАқын Асқар ЕГЕУБАЕВҚА ............................................................375Өзім туралы эпиграмма .................................................................378

Бесінші бөлімМысал-мысқыл

Бəтіңкенің бауы ...............................................................................382Аты өзгерген əтеш ..........................................................................383Жыртық ...........................................................................................386Сағаттың жүрісі ..............................................................................387Ауыз махаббат .................................................................................388Май шам ..............................................................................................–Магниттің махаббаты .....................................................................389Шиқ-шиқ .........................................................................................390Тозған шатыр ...................................................................................391Сағыз шайнау ..................................................................................392Табиғат тану ....................................................................................393Бақұл бол, бауырым! ......................................................................398Шахмат шаруашылығында ............................................................399Кемпір, арық ешкі жəне МАИ .......................................................400Балға ................................................................................................401Нөл ...................................................................................................402Түлкі мен қу шөже ..........................................................................403Батпақ қорыған бақа........................................................................404Үрей .....................................................................................................–Суалған сиыр ...................................................................................405Көп емес ..........................................................................................406

Page 414: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Кітапты шығаруға жауапты –«Ой-Сана» баспасының директоры

Əділхан КҮЛІМБЕТОВ

Көпен ƏМІРБЕК

КӨРМЕЙІН ДЕСЕМ КӨЗІМ БАР

Сатира

Редакторы Əділхан КҮЛІМБЕТОВСуретшісі Жəмилə АЙДОС

Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВАБеттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ

Шарж суреттерді салғандар: Еркін Нұразхан, Нұрлан Тазабеков

ИБ № 423Басуға 28.07.2014 ж. қол қойылды.

Қалыбы 84×108 1/32. Офсеттік басылым.Қарiп түрi KZ Arial, KZM AGR, KZM Arriba, Times New Roman.

Шартты баспа табағы 20,0.Таралымы: мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана +

баспаның тапсырысы бойынша 220 дана. Тапсырыс №

«Ой-Сана» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, 405/1-офис. Телефон (факс): 8(727) 394-42-86

e-mail: [email protected]

Page 415: УДК К 58 - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7370.pdf · УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 58 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

ЖШС РПБК «Дəуір», 050009, Алматы қаласы,Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 8(727) 394-39-22, 394-39-34, 394-39-42

e-mail: [email protected], [email protected]