8
№2 (4168), 7.01.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ (Соңы 2-бетте). Луиза УАЛКАНОВА, Шығыс Қазақстан облысы ЖАҢА ЖЫЛДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАН- ДАРЫ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОТСТАВКАДАҒЫ МИЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ НҰРЛЫБЕК ҮДЕРБАЕВ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ ИВАН ПЧЕЛИНЦЕВПЕН БІРГЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН БЕС АРДАГЕРДІҢ ҮЙІНДЕ БОЛЫП, АҒА БУЫНДЫ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП ШЫҚТЫ. БІЗ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІН ҚҰРДЫҚ ИГІ ІС ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН, АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР! Олар ең алдымен Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Құрмет Рахимовтың қара шаңырағына бас сұқты. Құрмет Рахимов құрметті демалысқа Шығыс Қазақстан облыстық ІІД бастығының кадр жəне тəрбие жөніндегі орынбасары қызметінде полковник шенімен шыққан болатын. «Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке, сондықтан да жылдағы дəстүр бойынша балалар қара шаңыраққа жиналады. Міне, мен де мерекені керемет қарсы алдым», – деді жүзіне күлкі үйірілген Құрмет ата мерекелік дастарқанды нұсқап. 90 жастың төріне шыққан Валентин Кудрявцевтің еңбек өтілі 50 жыл болса, соның 20 жылында ол ІІМ облыстық аппаратының Мемлекеттік ав- тоинспекциясында қызмет атқарды. Мереке қарсаңында құттықтауға келген ардагерлерге риза болған ол Ардагерлер кеңесі тарапынан үнемі көрсетілетін қамқорлыққа ризалығын білдірді. Гавриил Одинцов екінші дүниежүзілік соғыстың кескілескен шайқастарына бастан аяқ қатысқан ардагер. Ол – Польшаны, Чехославакияны жəне Германияны азат етуге қатысқан жауынгер. Украин ұлтшылдарына да қарсы соғысқан қарт жауынгер қалған өмірін ғылымға арнады, сондай-ақ құрметті демалысқа шыққан соң кітап жазуды да қолға алды. Оның тарихтан сыр шертетін кітаптарының əр жолында болашақ ұрпаққа аманат ретінде өткен күннің өшпес сыры жатыр. Ал, Ұлықпан Жарылғапов болса соғыстан соң жиырма жыл бойы тəртіп күзетінде абыройлы еңбек етті. Ел тыныштығы үшін аянбай қызмет атқарған жауынгер 1975 жылы милиция майоры шенімен құрметті демалысқа шыққан болатын. Ішкі істер органы ардагерінің ұзақ жылғы табанды еңбегі көптеген мемлекеттік марапаттармен аталып өтті. Солардың ішінде ІІ дəрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, екі «Ерлігі үшін» медалі жəне «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарының маңызы ерекше. Өткен күндеріндегі қиындықтарға қарамастан Ұлықпан ата бүгінде жас мамандарға өзінің бай тəжірибесін үйретуден жалыққан емес. Ол үнемі облыстағы қылмыстық ахуалдан хабардар болып, қылмыстың ашылуына қызығушылығын танытып отырады. Қатардағы жауынгер Пронин соғыстан соң бірден өзі туып-өскен Антроповка ауылына оралмай, небір əдемі жерлерді шарлады. 1955 жылы Өскемен қаласына тұрақтаған ол ІІБ паспорт бөлімінде аға жедел уəкіл болып қызмет атқарды.1961 жылы Владимир Афанасьевич жол құрылысы институтын бітіріп, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1981 жылы ІІМ-нің бұйрығымен денсаулығына байланысты ішкі істер органынан босатылды. Ішкі істер органдарындағы қажырлы да табанды еңбектері үшін оларға ардагерлер ұйымы атынан жаңа жылдық дастарқанға қажетті азық-түлік пакеттері де берілді. Нұрлыбек Ғалиұлы айтып өткендей, офицерлік мектеп- тен өткен ардагерлер өте сирек жағдайда ғана көмек сұрайды екен. Соған қарамастан əр ардагер ешқашан назардан тыс қалған емес. «Биыл біз Владимир Афанасьевичтің пəтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсеттік. 2016 жылы Валентин Алексеевичке де осындай көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз», – дейді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы. «Үлбі» тұрғындарына əлеуметтік көмек көрсету орталығының қалалық аумағы Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесіне Ұлы Отан соғысының ардагері В.Прониннің пəтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін алғыстарын білдірді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген құрмет тек олардың Отан үшін от кешкен патриоттық қасиеттері үшін ғана емес, бейбіт күнде де ұзақ жылдар туған жердің гүлденуіне аянбай үлес қосқан еңбектері үшін, ар-мен ожданның биігінде жүріп өз істерімен үлгі болған қасиеттері үшін де арта түспек. Ардақты ардагерлерімізге мықты денсаулық пен бақытты өмір тілейміз. КЕШЕ АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» АТТЫ КӨЛЕМДІ МАҚАЛАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ. ОНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯ ҚҰРЫЛАТЫНЫ АЙТЫЛҒАН. ПРЕЗИДЕНТ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ МІНДЕТ – МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ ЕКЕНДІГІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАН. АРҚАУЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІН КӨРСЕТУДЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДЫҢ ҮЛЕСІН ҰЛҒАЙТУ ЕСЕБІНЕН БƏСЕКЕЛЕСТІК ОРТА КЕҢЕЙЕТІНДІГІНЕ ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ АРТАТЫНДЫҒЫНА АСА МƏН БЕРГЕН. «Медициналық қызметтің сапасы бой- ынша бірлескен комиссия құрылатын бола- ды. Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған. Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы əлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр», – деп жазады Н.Назарбаев. Елбасының атап өтуінше, мұндай көмек табыста- ры отбасының əр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыла- рына көрсетілетін болады. Сонымен бірге, көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету жəне əлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы əлеуметтік келісімшарт бекітеді. «Əлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі», – дейді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енгенін атап өтеді Елбасы өз мақаласында. «2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспа- рын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын- соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады», – делінген Елбасы мақаласында. Осы орайда Президент əр ұрпақтың өз арманы бар екенін, оларда тек жеке жəне отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайтындығын айта келе, «Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата- бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тəуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат жəне тəуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тəуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды», – дейді. Қазақстан Президентінің бұл мақаласынан 2017 жылы «Барша үшін тегін кəсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталатыны белгілі болды. «Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет. Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті бола түседі», – деп жазады Елбасы. Президенттің атап өтуінше, оның бағдарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курста- рынан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстың ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еңсеруге жағдай жасайды. Сондай-ақ, Елбасы біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек жəне дəулеттірек болатынын атап өтті. «2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның басталуын заңнамалық жəне ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бой- ынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл жұмыс менің Жарлығым бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді. Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшы- лармен, саясаткерлермен, бизнес жəне қаржы ұйымдарының басшыларымен əңгімелестім. Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеңберінде мен өзімнің əріптестеріммен – өзге елдердің мемлекет жəне үкімет басшыларымен талай рет кеңестім. Тұтастай алғанда, менің Қазақстанды тереңдете жаңғырту жөніндегі ой- ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді», – дейді Елбасы. «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастай- тын жол» атты мақаласында Мемлекет басшысы Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітетінін атап көрсеткен. «Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді. Қазақстандық музейлерді жəне мемлекеттік рəміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп жазады Президент. Ұлттық валюта банкноттары мен монета- ларын қабылдаудан бас тартқан ұйымдар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы кеше Ұлттық Банктің баспасөз қызметінен хабарлады. Кəсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар Қазақстанның ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Ұлттық Банктің жақын жердегі филиалына арыздануға болады. Ұлттық Банк өз кезегінде жағдайдың мəн- жайын анықтап, шара қолданады. ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 206-бабына сəйкес, 2016 жылғы белгіленген Айлық Есептік Көрсеткіш бойынша ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қабылдамаған кəсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 10 605 теңге, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – 21 210 теңге, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне – 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынады. Еске сала кетелік, 2015 жылы 28 қарашада Ұлттық банк басқармасы 2006 жылғы үлгідегі но- миналы 2000, 5000, 10000 теңге банкноттардың біртіндеп айналыстан шығару мерзімдерін 2016 жылғы 3 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын. Көрсетілген мерзімге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады жəне төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында қандай да бір шектеусіз қолданылады. Содан соң 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазаннан 2017 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс. Бұл мерзімнен кейін барлық қалған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 жəне 10000 теңге банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға шейін барлық Ұлттық Банк филиалдарында айырбасталуға қабылданатын болады. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап банкноттар заңды емес болып табылады. Жоғарыда көрсетілген банкноттардың айыр- басталуы тегін, комиссия алусыз не айырбастау үшін ақысыз жүзеге асырылатын болады. ТЕҢГЕДЕН БАС ТАРТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ Бес институттық реформаны жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы жоба қолға алынып, кеше 100kadam.kz интернет-порталы іске қосылды. Бұл интернет-портал – Инвестициялар жəне даму министрлігі, «Қазконтент» жəне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамдарының бірлескен жобасы. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық рефор- масы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөнінде толық ақпарат беру үшін 100kadam.kz сайтын əзірледік. Сайт қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Порталдың ерекшелігі – «100 нақты қадам» бір сайтта орналастырылған. Сайттағы ақпарат негізгі бес бөлімнен тұрады, яғни, бұл өзімізге мəлім бес институттық реформа», – деп хабар- лады «Қазконтент» АҚ басқарушы директоры Жандос Шолақов. Атап өтсек, 100kadam.kz интернет-порталы «Кəсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру мен экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік» жəне «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімдерінен тұрады. «Сəйкесінше, əрбір бөлімнің ішіне сол тақырыпты қамтитын қадамдар орналасқан. Сайттағы тағы бір орталық функционалды бөлім – ол жаңалықтар. Яғни, 100 қадамға қатысты респу- блика бойынша өтіп жатқан іс-шаралар, аймақтық жəне республика деңгейіндегі ақпарттарды жаңалықтар бөліміне шоғырландырдық», – деді Ж.Шолақов. Өз кезегінде «Ұлттық ақпараттық технология- лар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов атап өткендей, 100kadam.kz интернет-порталының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінген. 100KADAM.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сақшы №02 (4168)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №2 (4168) 7.01.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №02 (4168)

№2(4168),

7.01.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

(Соңы 2-бетте).

Луиза УАЛКАНОВА, Шығыс Қазақстан облысы

ЖАҢА ЖЫЛДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАН-ДАРЫ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОТСТАВКАДАҒЫ МИЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ НҰРЛЫБЕК ҮДЕРБАЕВ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ ИВАН ПЧЕЛИНЦЕВПЕН БІРГЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН БЕС АРДАГЕРДІҢ ҮЙІНДЕ БОЛЫП, АҒА БУЫНДЫ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП ШЫҚТЫ.

БІЗ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІН ҚҰРДЫҚ

ИГІ ІС

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН, АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР!

Олар ең алдымен Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Құрмет Рахимовтың қара шаңырағына бас сұқты. Құрмет Рахимов құрметті демалысқа Шығыс Қазақстан облыстық ІІД бастығының кадр жəне тəрбие жөніндегі орынбасары қызметінде полковник шенімен шыққан болатын.

«Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке, сондықтан да жылдағы дəстүр бойынша балалар қара шаңыраққа жиналады. Міне, мен де мерекені керемет қарсы алдым», – деді жүзіне күлкі үйірілген Құрмет ата мерекелік дастарқанды нұсқап.

90 жастың төріне шыққан Валентин Кудрявцевтің еңбек өтілі 50 жыл болса, соның 20 жылында ол ІІМ облыстық аппаратының Мемлекеттік ав-тоинспекциясында қызмет атқарды. Мереке қарсаңында құттықтауға келген ардагерлерге риза болған ол Ардагерлер кеңесі тарапынан үнемі көрсетілетін қамқорлыққа ризалығын білдірді.

Гавриил Одинцов екінші дүниежүзілік соғыстың кескілескен шайқастарына бастан аяқ қатысқан ардагер. Ол – Польшаны, Чехославакияны жəне Германияны азат етуге қатысқан жауынгер. Украин ұлтшылдарына да қарсы соғысқан қарт жауынгер қалған өмірін ғылымға арнады, сондай-ақ құрметті демалысқа шыққан соң кітап жазуды да қолға алды. Оның тарихтан сыр шертетін кітаптарының əр жолында болашақ ұрпаққа аманат ретінде өткен күннің өшпес сыры жатыр.

Ал, Ұлықпан Жарылғапов болса соғыстан соң жиырма жыл бойы тəртіп күзетінде абыройлы еңбек етті. Ел тыныштығы үшін аянбай қызмет атқарған жауынгер 1975 жылы милиция майоры шенімен құрметті демалысқа шыққан болатын. Ішкі істер органы ардагерінің ұзақ жылғы табанды еңбегі көптеген мемлекеттік марапаттармен аталып өтті. Солардың ішінде ІІ дəрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, екі «Ерлігі үшін» медалі жəне «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарының маңызы ерекше. Өткен күндеріндегі қиындықтарға қарамастан Ұлықпан ата бүгінде жас мамандарға өзінің бай тəжірибесін үйретуден жалыққан емес. Ол үнемі облыстағы қылмыстық ахуалдан хабардар болып, қылмыстың ашылуына қызығушылығын танытып отырады. Қатардағы жауынгер Пронин соғыстан соң бірден өзі туып-өскен Антроповка ауылына оралмай, небір əдемі жерлерді

шарлады. 1955 жылы Өскемен қаласына тұрақтаған ол ІІБ паспорт бөлімінде аға жедел уəкіл болып қызмет атқарды.1961 жылы Владимир Афанасьевич жол құрылысы институтын бітіріп, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1981 жылы ІІМ-нің бұйрығымен денсаулығына байланысты ішкі істер органынан босатылды.

Ішкі істер органдарындағы қажырлы да табанды еңбектері үшін оларға ардагерлер ұйымы атынан жаңа жылдық дастарқанға қажетті азық-түлік пакеттері де берілді. Нұрлыбек Ғалиұлы айтып өткендей, офицерлік мектеп-тен өткен ардагерлер өте сирек жағдайда ғана көмек сұрайды екен. Соған қарамастан əр ардагер ешқашан назардан тыс қалған емес.

«Биыл біз Владимир Афанасьевичтің пəтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсеттік. 2016 жылы Валентин Алексеевичке де осындай көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз», – дейді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы.

«Үлбі» тұрғындарына əлеуметтік көмек көрсету орталығының қалалық аумағы Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесіне Ұлы Отан соғысының ардагері В.Прониннің пəтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін алғыстарын білдірді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген құрмет тек олардың Отан үшін от кешкен патриоттық қасиеттері үшін ғана емес, бейбіт күнде де ұзақ жылдар туған жердің гүлденуіне аянбай үлес қосқан еңбектері үшін, ар-мен ожданның биігінде жүріп өз істерімен үлгі болған қасиеттері үшін де арта түспек. Ардақты ардагерлерімізге мықты денсаулық пен бақытты өмір тілейміз.

КЕШЕ АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» АТТЫ КӨЛЕМДІ МАҚАЛАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ. ОНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯ ҚҰРЫЛАТЫНЫ АЙТЫЛҒАН. ПРЕЗИДЕНТ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ МІНДЕТ – МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ ЕКЕНДІГІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАН. АРҚАУЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІН КӨРСЕТУДЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДЫҢ ҮЛЕСІН ҰЛҒАЙТУ ЕСЕБІНЕН БƏСЕКЕЛЕСТІК ОРТА КЕҢЕЙЕТІНДІГІНЕ ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ АРТАТЫНДЫҒЫНА АСА МƏН БЕРГЕН.

«Медициналық қызметт ің сапасы бой-ынша бірлескен комиссия құрылатын бола-ды. Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған. Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы əлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр», – деп жазады Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, мұндай көмек табыста-ры отбасының əр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыла-рына көрсетілетін болады. Сонымен бірге, көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету жəне əлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы əлеуметтік келісімшарт бекітеді. «Əлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі», – дейді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта

қалыптастыратын 59 заң күшіне енгенін атап өтеді Елбасы өз мақаласында. «2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспа-рын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады», – делінген Елбасы мақаласында.

Осы орайда Президент əр ұрпақтың өз арманы бар екенін, оларда тек жеке жəне отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайтындығын айта келе, «Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін

Қазақстанның Тəуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат жəне тəуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тəуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды», – дейді.

Қазақстан Президентінің бұл мақаласынан 2017 жылы «Барша үшін тегін кəсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталатыны белгілі болды.

«Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет. Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті бола түседі», – деп жазады Елбасы.

П р е з и д е н т т і ң а т а п ө т у і н ш е , о н ы ң бағдарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курста-рынан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстың ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еңсеруге жағдай жасайды.

Сондай-ақ, Елбасы біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек жəне дəулеттірек болатынын атап өтті. «2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның басталуын заңнамалық жəне ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бой-ынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл жұмыс менің Жарлығым бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді. Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшы-лармен, саясаткерлермен, бизнес жəне қаржы ұйымдарының басшыларымен əңгімелестім. Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеңберінде мен өзімнің əріптестеріммен – өзге елдердің мемлекет жəне үкімет басшыларымен талай рет кеңестім. Тұтастай алғанда, менің Қазақстанды тереңдете жаңғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді», – дейді Елбасы.

«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастай-тын жол» атты мақаласында Мемлекет басшысы Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітетінін атап көрсеткен.

«Үк імет Қазақстанның ұлттық бренд ін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бек ітед і . Қазақстандық музейлерді жəне мемлекеттік рəміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп жазады Президент.

Ұлттық валюта банкноттары мен монета-ларын қабылдаудан бас тартқан ұйымдар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы кеше Ұлттық Банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кəсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар Қазақстанның ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Ұлттық Банктің жақын жердегі филиалына арыздануға болады.

Ұлттық Банк өз кезегінде жағдайдың мəн-жайын анықтап, шара қолданады.

ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 206-бабына сəйкес, 2016 жылғы белгіленген Айлық Есептік Көрсеткіш бойынша ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қабылдамаған кəсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 10 605 теңге, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – 21 210 теңге, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне – 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Еске сала кетелік, 2015 жылы 28 қарашада Ұлттық банк басқармасы 2006 жылғы үлгідегі но-миналы 2000, 5000, 10000 теңге банкноттардың біртіндеп айналыстан шығару мерзімдерін 2016 жылғы 3 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Көрсетілген мерзімге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады жəне төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында қандай да бір шектеусіз қолданылады.

Содан соң 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазаннан 2017 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.

Бұл мерзімнен кейін барлық қалған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 жəне 10000 теңге банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға шейін барлық Ұлттық Банк филиалдарында айырбасталуға қабылданатын болады. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап банкноттар заңды емес болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген банкноттардың айыр-басталуы тегін, комиссия алусыз не айырбастау үшін ақысыз жүзеге асырылатын болады.

ТЕҢГЕДЕН БАС ТАРТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Бес институттық реформаны жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы жоба қолға алынып, кеше 100kadam.kz интернет-порталы іске қосылды.

Бұл интернет-портал – Инвестициялар жəне даму министрлігі, «Қазконтент» жəне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамдарының бірлескен жобасы.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық рефор-масы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөнінде толық ақпарат беру үшін 100kadam.kz сайтын əзірледік. Сайт қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Порталдың ерекшелігі – «100 нақты қадам» бір сайтта орналастырылған. Сайттағы ақпарат негізгі бес бөлімнен тұрады, яғни, бұл өзімізге мəлім бес институттық реформа», – деп хабар-лады «Қазконтент» АҚ басқарушы директоры Жандос Шолақов.

Атап өтсек, 100kadam.kz интернет-порталы «Кəсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру мен экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік» жəне «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімдерінен тұрады.

«Сəйкесінше, əрбір бөлімнің ішіне сол тақырыпты қамтитын қадамдар орналасқан. Сайттағы тағы бір орталық функционалды бөлім – ол жаңалықтар. Яғни, 100 қадамға қатысты респу-блика бойынша өтіп жатқан іс-шаралар, аймақтық жəне республика деңгейіндегі ақпарттарды жаңалықтар бөліміне шоғырландырдық», – деді Ж.Шолақов.

Өз кезегінде «Ұлттық ақпараттық технология-лар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов атап өткендей, 100kadam.kz интернет-порталының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінген.

100KADAM.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Page 2: Сақшы №02 (4168)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Латвия

Босқындар келе бастайды

Солтүстік Корея

Қытай

Сутегі бомбасын сынақтан өткізді

ЕО бағдарламасы аясында қаңтардың соңғы күндері немесе ақпанның басында Латвияға босқындардың алғашқы легі келе бастайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Латвия 2016 жылдың басында 10 мигрантты қабылдауға ниет білдірді. Сондай-ақ, мемлекет 1 жыл көлемінде 500 босқынға баспана беруді жоспарлап отыр», – деп жазады РИА Новости.

Босқын дəрежесін алғанға дейін немесе өзге баламалы құжаттар дайын болғанша мигрант-тар Рига түбіндегі Муцениекида қабылдау орталығында болады.

Еурокомиссияның шешім і бойынша, Грекиядан қаңтар айының екінші жартысында Латвия талаптарына сай босқындар таңдалады.

Ал Латвия балалары бар отбасыларды қабылдауға ниет білдірген. Сонымен қатар, босқындар шет тілін білетін, белгілі мамандығы бар адамдар болғаны абзал. Олардың жұмыс істеу тəжірибесі де қаралады.

Х э н а н ь п р о -в и н ц и я с ы н д а Мао Цзэдунның 37 метрлік ал-тын жалатылған мүсінін салды. Алып монументті жергілікті биз-н е с м е н д е р жасатқан.

Жергіл ікт і БАҚ хабарлағандай, олар мүсіннің құрылысы үшін шамамен 3 миллион юань (шамамен 460 мың доллар) жиған. Ақшаны жинауға маңайдағы ауылдардың кей тұрғындары да қатысыпты. Мао Цзэдунның мүсіні Хэнань провинциясының Тунсюй уезінде орнатылады.

1 9 5 0 - ж ы л д а р д ы ң с о ң ы н д а Х э н а н ь ашаршылықтан ең көп з ардап шек -кен провинциялардың бірі болды. Бұл Мао жүргізген саясаттың нəтижесі болған.

Қытайлық əлеуметтік желілерде мүсінге қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Біреулері жер дұрыс таңдалмағанын, ал құрылысқа жұмсалған ақшаны өзге бағытқа бөлу ке-рек еді деп санаса, енді біреулері ауыл шаруашылығының алаңында бой көтеретін мүсін ҚХР-дың бірінші төрағасын мəңгі есте сақтау үшін жасалған жақсы шара деп отыр.

Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзинпинь Маоны оның қателіктеріне қарамастан, тарихтағы ұлы тұлға деп есептейді.

КХДР сутегі бомбасын сынақтан өткізді. Сынақтан кейін Солтүстік Кореяда техногендік сипаттағы магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды.

КХДР сутегі бомбасының сынақтан сəтті өткізілгенін ресми түрде хабарлаған. Олар бұл сынақтың Солтүстік Корея үшін «тарихи оқиға» болғанын айтты. Сонымен қатар, КХДР жаңа қарудың ел егемендігінен айырылған жағдайда ғана қолданылатынын мəлімдеді.

Мао Цзэдунның ескерткіші бой көтереді

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында дербес Іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттің ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимылын нығайту үлкен маңызға ие екендігіне, бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бойынша жұмыс жоспары да өзектілігіне баса назар аударған.

«Қазақстандық БАҚ-тарды жаңғырту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар мəдени-білім беру жəне ақпараттық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады. Қазақстандық біртектілік – мемлекеттің, қоғамның, жекелей алғанда, əрбір азаматтың табысының біртектілігі екенін ерекше атап көрсеткім келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазақстандықтардың барлығы жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіс. «Ол тəртіпке бастауы тиіс. Біріншіден, мемлекеттегі тəртіпке. Екіншіден, барша үшін де міндетті заңдардың қаріпінде бейнеленген бизнестегі бар-ша үшін мөлдір жəне міндетті ережелерді орнатуға. Үшіншіден, қоғамдық жəне саяси өмірдегі тəртіп пен келісімге», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Біз көптеген сынаққа абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды – Ұлы Дала Елін құрдық. Ұлт жо-спарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дəуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тəуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген жəне бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Əлемде, сөз жоқ, үшінші əлемнен біріншіге қадам басқан елдердің мысалдары бар. Біз олардың жарқын тəжірибелерін зерттейміз жəне ескереміз», – деп нақтылады Н.Назарбаев.

Жемқорлықпен күрестің өзі барынша дəйекті бола түседі жəне жүйелі сипатқа ие болады. Бұл тұрғыда Президент өзінің Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылғанын еске салып өтті.

«Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл та-нытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дəйекті бола түседі жəне жүйелі сипатқа ие болады. Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі халықаралық стандарттарға бағдарланған жəне жаңа жылдан бастап күшіне енді», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, көп іс қаралатын бірінші жəне апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетіні де сөз болады мақалада.

«Ек інші реформаның мəн і тəуелс із сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға жəне құқық тəртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде. Оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданды. «Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілді. Бəрінен бұрын, жаңартылған заңнамалар қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады. Əділдік нақ сотта салтанат құратыны белгілі. Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық мəселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау», – дейді Президент.

Елбасы судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң тұрғысынан қарастырылғанын айта келе, сот төрелігін үлкен өмірлік тəжірибесі бар жəне жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты əрі барынша дайындалған кəсіби шебер-лер жүзеге асырулары тиіс екенін атап өтті.

Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір жəне ашық болады. Осымен байланысты өзінің аппараты бар, құрамы мен өкілеттілігі кеңейтілген автономды мемлекеттік мекемеге айналатын Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды.

«Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өту. Тек бірінші, апелляциялық жəне кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші жəне апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық əуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады. Қазақстандағы сот төрелігі азаматтардың жеке өмірінің құпиялығына кепіл құқын есепке ала келгенде барынша ашық бола түседі. Сот залдары сот істерін ау-дио жəне видеожазудың аппаратураларымен жарақтандырылады жəне жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл судьяларды жəне сот мəжілісіне басқа да қатысушыларды тəртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтілген Мемлекет басшысының мақаласында.

Сонымен қатар, Елбасының атап өтуінше, биылдан мемлекеттік органдардың барлық ақпараттары қолжетімді болады.

«Мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігінің негізгі критерийлерінің бірі халықтың ақпараттарға қолжетімділігін кеңейту болып табылады. 2016 жылдан бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың сауалдары бойынша, мемлекеттік құпиялар мен өзге де заңмен қорғалатын құпиялардан басқа, мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына

БІЗ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІН ҚҰРДЫҚ(Соңы. Басы 1-бетте).

қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады», – деп жазады Елбасы.

Қазақстан Президенті жеке компаниялар да, егер олар қоғамдық функциялар атқарса немесе бюджет қаржыларын алушылар болып табылса, ақпараттар ашықтығы ережесін ұстануға тиіс болатындығын атап өткен.

«Бұл орайда мемлекетт ік органдардың жаңа, азаматтар үшін қолайлы жəне түсінікті ақпараттарды беру пішімін əзірлеуі жəне енгізуі талап етіледі. Қазіргі бар порталдарды жаңғырту, сол сияқты селолық елді мекендерді жоғары шапшаңдықты трафикпен қамтамасыз ету бойын-ша үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді», – дейді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз мақаласында бұған дейін заңнан аттап, сонысы үшін жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал ету маңызды екеніне де тоқталған.

«Сот жүйесінің тəуелсіздігін нығайтатын шаралардың маңызы ерекше. Менің тапсырмам бойынша бүгінде құрметті зейнетке шыққан су-дьяларды зейнетақылық қамтамасыз ету бойын-ша барлық мəселелерін шешуді қарастыратын заң қабылданғаны белгілі. Бұл судьяларға бар күш-жігерін сот төрелігін барынша объективті атқаруға аудару мүмкіндігін береді. Бұдан бөлек, бізге барлық құқық қорғау органдарының жəне бəрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесі мен құқықтық тəртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет. Бұл үшін жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Осындай қызмет тұтастай Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына мүше бірқатар елдерде өзін жақсы танытты», – дейді Президент.

Елбасы жергілікті полиция қызметінің қарауына қоғамдық тəртіп күзеті, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға атымен төзбеушілік мəселелері беріліп отырғанын айта келе: «Осы жаңалықтар жаңа заңнамада көрініс тапқан. Онда, сондай-ақ, азаматтардың этикалық нор-маларды бұзған полициялардың үстінен түсірген арыз-шағымдарын қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңестік органдар жүйесін құру қарастырылған», – дейді.

Сондай-ақ, «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталы құрылатын болады. Мұндай тетік əлемнің бірқатар елінде табысты қолданылып келеді. Осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылық жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік береді.

Пенитенциарлық жүйені жақсарту көкейкесті мəселе болып табылады. Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік əріптестігін дамыту шеңберінде жүргізілуі тиіс.

«Шетелдердің табысты тəжірибелері жеке секторды пенитенциарлық мекемелерді салу мен пайдалануға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудың негізі болуы тиіс. Сондай-ақ, бұған дейін заңнан аттап, сонысы үшін жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал ету маңызды. Бұл үшін əлеуметтік оңалту кешенді дамытылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін арнайы əлеуметтік қызмет көрсету стандарттары енгізілетін болады. Тұтастай алғанда, Қазақстанда құқықтық мемлекеттің орнықтырылуы – біртұтас жаңғырту үдерісі аясында шешіліп жатқан біздің конституциялық міндетіміз. Белгіленген шаралар мен қадамдарды жүзеге асыру азаматтардың, сондай-ақ, шетел инвесторларының ұлттық сот жəне құқық қорғау жүйесіне сенімін арттырып, тұтастай алғанда, еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартады», – деп атап өтілген Президент мақаласында.

Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитеті мен қаржылық бақылау органдарын реформалау жос-парланып жатқанын жазады.

«Мемлекетт ік аудит жүйес ін жет ілд іру шеңберінде Есеп комитеті мен қаржылық бақылау органдарын реформалау жоспарланып отыр. Олар сараптамалық-талдамалық құрамдастарды күшейте отырып, əлемдік аудиторлық компания-лар моделі бойынша жұмыс істеуі тиіс. Оның сыр-тында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жыл сайынғы аудиті, əсіресе, бюджет қаржыларын пайдалану бөлігінде аутсорсингке беріледі», – дейді Н.Назарбаев.

Біздің жолымыз – ол бірлік жолы жəне азаматтық біртектіл ік нег із інде ұлтты дəйектіл ікпен

қалыптастыру жолы, дейді Президент.

«Біздің жолымыз – ол б ірл і к жолы ж ə н е а з а м а т т ы қ біртектілік негізінде ұлтты дəйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын н ы ғ а й т у ғ а бағытталған төртінші реформаның мəні де дəл осында», – деп жазады Елбасы.

Мемлекет басшы-сы б і зде қаз ірд ің ө з і нде Қазақс тан халқы Ассамблеясы м е н М ə ң г і л і к Е л жалпыұлттық идея-сы сынды екі негіз бар екендігін, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Б і р т ұ т а с Ұ л т т ы

дəйекті түрде нығайта беретіндігімізді атап өткен. Елбасының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясы - бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мызғымастығына бас-тайтын жол.

«Ғылым жердегі əрбір этнос кем дегенде бір айрықша сапаға ие дегенді айтады. Біздің өміріміз қазақстандық 100 этностың 100-ден кем емес, айрықша жəне қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көрсетіп отыр. Олардың бəрі жи-налып келгенде біздің Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар береді. Көпэтностық – біздің ортақ ұлы қазынамыз! Міне, 20 жыл-дан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді. Ассамблея – біздің қазақстандық біртектіліктің негізі де осы», – дейді Президент.

«Екіншіден, біз Мəңгілік Ел жалпыұлттық идея-сына ие болдық. «ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын жəне өзіне тартушы құндылық болған жəне болып қала береді. Мəңгілік Ел идеясында болашаққа де-ген жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан. Жасампаз қазақстандық патриотизмнің осынау негізін біз өзіміздің ұлы істерімізбен қалыптастырдық. Оны нығайтып жəне көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, ұрпақтан ұрпаққа, дəуірден дəуірге ұластырып отыру керек. Мəңгілік Ел Патриоттық актісінің тарихи жəне рухани күші де осыдан танылуы тиіс. Біз біртұтас азаматтық, Мəңг іл ік Ел жалпыұлттық құндылықтары қағидатында, Тəуелсіздік жылдары ішіндегі біздің жетістіктерімізді жұмылдыру, сондай-ақ, үш тұғырлы тіл мəдениетін енгізу негізінде Қазақстан қоғамын дамыту арқылы ортақ біртектілік пен ел бірлігін нығайтуды мақсат етудеміз.Біздің күретамырлық басымдықтарымыз да осы. Осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру үшін, сөз жоқ, ЭЫДҰ елдерінің тетіктер жүйесі пайда-ланылады. Олар қазақстандық ерекшелікті ескере отырып, ең алдымен, мəдениет пен білім беру са-ласын жаңғырту үшін, жастарды əлеуметтендіру жəне патриоттық тəрбие беру үшін бейімделген», – дейді Елбасы.

АХҚО шеңберінде 2 мыңнан астам білікті жұмыс орны құрылады. Бұл жайында Ақордада жария ет-кен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.

«Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық кор-порацияны тартуды қарастырады. «Зəкірлі инвесторлармен» бірлескен кəсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші өнеркəсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың жəне басқа отандық компаниялардың 3 тобы қамтылатын бо-лады. Бірінші топ – қайта инвестициялау арқылы терең жаңғыртуға жататын кəсіпорындар. Екінші топ – трансұлттық корпорациялардың əлеуеті пайдаланылатын кəсіпорындар. Үшінші топ – «зəкірлі инвесторлар» үшін жоғары нарықтық бəсекелі кəсіпорын мен экспорттық брендтердің пайда болуы», – дейді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент қаз ірд ің өз інде 26-дан астам ТҰК-пен келіссөз жүргізілсе, олардың бірқатарымен нақты уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болғанын атап өтті. «Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мəселесі тəуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану жəне инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып та-былады . «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданып, күшіне енді. АХҚО қызметінің экономикалық нəтижелері қазақстандық капитал рыногына тікелей ше-тел инвестицияларының ағыны есебінен жыл сайын орта есеппен ІЖӨ-нің 1 пайызға дейін жеделдете өсуінде көрініс табатын болады. Мұның сыртында АХҚО шеңберінде 2 мыңнан астам білікт і жұмыс орындары құрылады. Біздің елордамыз Астана Еуразияның іскерлік, мəдени жəне ғылыми орталығы ретінде дамып, əуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, заманауи халықаралық көліктік-логистикалық жүйеге ие болады», – делінген Мемлекет бас-шысы мақаласында.

Өз кезегінде Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ сутегі бомбасының сынақтан өткізілуін қатаң айыптады. «Бұл біздің еліміз үшін үлкен қатер, бұл əрекетті ақтауға бол-майды. Мұны қатаң түрде айыптаймын. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзу болып есептеледі», – деді С.Абэ.

Осыдан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізетінін хабарлады. Жиналысқа АҚШ пен Жапонияның бастама көтергені айтылды.

Айта кетейік, сутегі бомбасы – үлкен қопарғыш күшке ие қару, оның қуаты атом бомбасынан да күшті. Сутегі бомбасын жару жеңіл ядролардың термоядролық синтезіне негізделген.

Бетті дайындаған Ғани АТЫМТАЙ

Page 3: Сақшы №02 (4168)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ҚҰРМЕТ

МАРАПАТ

ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 2015 ЖЫЛЫ ТЕМІРЖОЛҒА БӨГДЕ ЗАТТАРДЫ ҚОЮ, ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ƏЙНЕКТЕРІН СЫНДЫРУ ЖƏНЕ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АЗАМАТТАР АРАСЫНДА 264 РЕТ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. СОНДАЙ-АҚ, МЕКТЕПТЕРДЕ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫН-ДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА 1504 ДƏРІС ӨТКІЗІЛДІ.

Жүргізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан, азаматтардың теміржол көлігі бойында жарақаттану фактілері орын алуда. Мəселен, 2016 жылғы 2 қаңтарда Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы Жаңа-Қарағанды бекетінде рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан кəмелет жасына жетпеген, бірі 17, екіншісі 4 жастағы екі жасөспірім қыз баланы жүк пойызы қағып кетті.

Оқиға болған жерді тексеру барысында 1998 жылы туылған қыз баланың ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмғаны анықталды. Оқиға орнында болған екінші бала жедел жəрдем тобымен Қарағанды қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне теміржол жарақаты, сол жақ аяқтың кесілуі, жамбастың ашық сынуы диагноздарымен жатқызылды.

Жасөспірімдердің ата-аналарының айтуы бойынша, балалар Қарағанды қаласындағы циркке бағыт алған, ол үшін олар Майқұдық ст. электр пойызына отырмақ болған.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-тармағы (Теміржол көлігі қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

«Оқыс оқиғалардың басты себептері– теміржол бойында белгіленбеген жер-ден өту, азаматтардың теміржол бойында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан орын алады», – дейді Көліктегі ІІД бастығының орын-басары, полиция полковнигі Т.Өтетілеуов. Оның айтуынша оқиға орын алған теміржолдардың аталған учаскесінде теміржол төсеніші мен көпір, сонымен қатар, ескерту белгілері бар.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Полковник М.Сатов ардагерге Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың қ ұ т т ы қ т а у х а т ы м е н б а ғ а л ы сыйлығын табыс етті. Майдангердің қ ы з ы Т а т ь я н а С е м е н о в н а Б а с қолбасшыға құттықтауы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Айта кетейік, Ұлттық ұланның құрылған күніне орай осындай құттықтаулар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланның барлық ардагеріне жіберілген.

Семен Акимович 101 жастан асса да, əлі тың, жігерлі . Осы жасқа жетуінің өзі жасынан əскери тəртіпке

Зейнеткерлік куəлігін алғандар қатарында полиция полковнигі Хосай Шутенов, полиция полковнигі Марат Жұмабаев, полиция полковнигі Айткенов Актан Мадениятұлы, полиция полковнигі Андрей Шахов, полиция полковнигі Серік Қожахметов бар.

«Сіздер өз бойларыңыздағы адамгершілік əрі іскерлік қасиеттеріңізбен өз ісінің нағыз майталманы ретінде əріптестер арасында зор абырой мен үлкен құрметке бөлендіңіздер. Ұйымдастырушылық қабілеттеріңіздің арқасында өздеріңізге жүктелген міндеттерді адал жəне мінсіз атқара отырып, осындай биік жетістіктерге жеттіңіздер», – деді департамент бастығы, полиция полковнигі Ержан Саденов.

Бұдан соң сөз алғандар да зейнеткерлікке шыққан өз əріптестеріне көп жылдық адал еңбектері үшін өз алғыстарын жеткізді. Полиция полковнигі Хосай Касенұлы, ішкі істер органдарында ширек ғасырдан астам уақыт жемісті еңбек етті. Еңбек жо-лын Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ-де сарапшы-криминалист ретінде бастап, департаменттің жедел криминалистика басқармасының бастығы қызметіне дейін жетті. Полиция полковнигі Марат Карабзауұлы, бүкіл саналы ғұмырын криминалдық полиция қызметіне арнап, еңбек жолын Есіл стансасындағы желілік полиция бөлімінде кəмелетке толмағандардың учаскелік инспекторлығынан бас-тап, Көліктегі ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметіне дейінгі 25 жыл ғұмырын осы салаға арнады. Полиция полковнигі Ақтан Мадениятұлы, қызмет жолын Ақмола облысының ІІД-де ревизорлықтан бастап, ширек ғасырлық ғұмырын ІІО-ғы кіршіксіз адал қызметіне арнады. Полиция полковнигі Андрей Викторович, 25 жыл ғұмырын құқық қорғау органдарында қызмет етуге арнады. Еңбек жолын Целиноград ауданы ІІБ-ның қарапайым өрт сөндірушісінен бастап, техникалық қызмет басқармасы бастығына дейін көтерілді. Полиция полковнигі Серік Мырзатайұлы, тергеу жəне анықтау саласында қызмет етіп, қызмет жолын Торғай облысының ІІБ-да анықтау тобының инспекторы қызметінен бастады. Ол ішкі істер органдарында ширек ғасырдан астам уақыт қызмет атқарды.

Шара соңында Ержан Саденов зейнеткерлікке шыққан азаматтарға естелік сыйлықтарын табыс етті.

Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі

Іс-шараға тарих ғылымдарының кан-дидаты, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих жəне құқық факультетінің деканы, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сабыр Ыбыраев, облыстық полиция ведом-ствосы басқармаларының басшылары жəне жеке құрамы қатысты.

Сабыр Ыбыраев еліміздің Тəуелсіздік ал ғалы бер і мемлекет ре т і нде құрылуында, экономикалық дамуында, ұлтаралық келісім мен азаматтардың əл-ауқатының артуында жеткен жетістіктеріне тоқталды. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында еліміздегі түрлі ұлт өкілдері бейбіт аспан астында, рухани бірлік пен

100 адам табылғанӨТКЕН ЖЫЛЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАН 150-ДЕН АСТАМ АДАМДЫ ІЗДЕСТІРДІ. ЖЕДЕЛ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚЫЗМЕТТІҢ АРҚАСЫНДА 100 ТҰЛҒАНЫҢ ЖҮРГЕН ЖЕРІ АНЫҚТАЛҒАН.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мыңбай Асылбековтің айтуынша, із-түзсіз жоғалғандардың арасында аз қамтылған отбасы-лардан шыққан кəмелетке толмағандар, ішімдікке салынған тұлғалар, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар бар. Кейбір кездері есте сақтау қабілетінен айырылған, түрлі аурулармен ауыратын азаматтар да үйлерінен кетіп жатады.

Қазіргі таңда Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 1950 жылы туған, Жамбыл ауданының Қайранкөл селосында тұратын, із-түзсіз жоғалған Мұхтар Тастанбекұлы Құсайыновты іздестіруде. Ол қазанның 14 күні белгісіз бағытта үйінен шығып кетіп, осы күнге дейін оның жүрген жері белгісіз.

Ал, 30 қазан күні Тайынша ауданының 56 жастағы тұрғыны Иван Васильевич Анисимов Петровка селосына жақын жерде орналасқан «Машкалевич» ШҚ аумағынан кетіп қалған. Полицейлер іздестіріліп жатқандар жайлы қандай да бір ақпарат алған жағдайда Жамбыл ауданының 8 (71544) 2-14-91), Тайынша ауданының кезекші бөліміне (8 (71544) 2-14-91) не болмаса 39-41-78, 39-41-79, 39-40-07, 39-40-37 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

СЫЙЛАСАҢ, КƏРІНІ СЫЙЛА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТƏРБИЕ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛКОВНИК МҰХАМЕТҚАЛИ САТОВ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ТҰРАТЫН 101 ЖАСТАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖƏНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ОТСТАВКАДАҒЫ ПОЛКОВНИК СЕМЕН ДАНИЛИНДІ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

үйреніп, денсаулығын шынықтырып, күткенінің арқасы деп біледі. Ол əскери қызметкерлерге сыйлықтары үшін алғысын айтып, өз өмірі туралы қысқаша əңгімелеп берді. Сырнайын қолына алып, əн де салды.

Курск облысында 1914 жылы 30 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келген Семен Данилин əкесінен ерте айырылды. Жарық дүние есігін ашқан жылы бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан еді, əкесі майданнан оралма-ды. Анасы бұл қазаны көтере алмай, өмірден ерте кетті. Ағасы Андрей мен Семенді ата-əжесі тəрбиелеп өсірді.

Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін педтехникумда білім алған Семен Данилин соғысқа дейін тарих пəнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Үйленіп, 1939 жылы үлкен қызы Галина өмірге келді. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ дерлік қатысып, 1942 жылы Брянск əскери-саяси училищесінің курсанттығынан 143-гвардиялық ми-номет полкі батальон командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасарлығына дейінгі жолдан өтті. Қызыл Жұлдыз, ІІ дəрежелі «Отан соғысы» ордендері, көптеген медальдармен марапатталды.

«Саяси жетекші ретінде жауынгерлерді талай рет шабуылға көтеруге тура келді. Ол үшін сөз таба білу де керек еді. Сталинград түбіндегі, содан кейін Курск иініндегі алапат шайқастар есімде. Тіпті Курск иініндегі ұрыста оқ кеудемдегі «Қызыл Жұлдызға» тиіп, орден мені бір ажалдан сақтап қалды», – деп еске ала-ды қарт майдангер.

Соғыстан кейін Семен Данилин Алматыда, кейін Қарағандыда ішкі əскерлер полкі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Қызы Татьяна Оралда тұрғаннан кейін зайыбы Анна Павловна (қазір марқұм) екеуі осында көшіп келеді.

«Б із , ең бастысы, көп ұлтты Қазақстанда тату-тəтті өмір сүрудеміз. Ел ім і з қарқынды дамып келед і . Нұрсұлтан Назарбаевтай Елбасымыз барда бəрі де жақсы болады», – деді ақсақал.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі, Орал қаласы

Зейнеткерлікке шығарып салдыІІМ КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҰЗАҚ ЖЫЛ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК ЕТКЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САЛТА-НАТТЫ ШАРА ӨТТІ. ОЛАР ЕЛІМІЗДІҢ ТЕМІРЖОЛ ЖƏНЕ ƏУЕ КӨЛІГІ НЫСАН-ДАРЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРТІПТІ НЫҒАЙТУ, ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖƏНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУ ІСІНЕ ЕРЕН ЕҢБЕК СІҢІРДІ.

ОҚЫС ОҚИҒА

Теміржол тəртіпті талап етеді

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

татулықта өмір сүруде. Кездесуде ішкі істер органдарының əрбір қызметкері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қарауы тиіс екендігі аталып өтілді. Президентіміз қойған басты мақсаттар мен міндеттерді əр қызметкерге жеткізу үшін Елбасының Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмыстар облыстық полицияның барлық аудандық бөліністерінде жүргізілуде.

«Мен 2014 жылы ҚР ІІМ Алматы Академиясын жедел-криминалистика мамандығы бойынша тəмамдадым. Тег ін б іл ім алу мүмк інд і г і үш ін Президентімізге алғысымды айтамын.

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН

Маңызды құжат міндеттері түсіндірілді ШАРА

Енді алдағы уақытта өзіме ұнайтын жұмысымды жалғастырып, Қазақстан халқына қызмет етемін», – деп атап өтті кездесуге қатысқан Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уəкілі, полиция аға лейтенанты Сəния Исембаева.

Өм ір і н ішк і і с тер ор гандары-мен байланыстырған ардагерлерді құрметті еңбек демалысына шығарып салу рəсіміне ІІМ-ге қарасты комитет төрағалары, департамент, орталық ап-парат басқармасының басшылары жəне Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері республикалық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков қатысты.

Шарада сөз алған Марат Ғанұлы ардагерлердің еңбек жолдарына көз жүгіртіп, қызметтік міндетін мінсіз атқарғандарын жəне үлгілі қызметкер екендіктерін ерекше атап өтті. «Осы жыл-дар ішінде Отанға қызмет етудің үлгісін көрсеткен ішкі істер саласының үздіктерін ардагерлердің қатарына шығарып са-лып отырмыз. Полиция полковниктері – Нұрлан Қадырұлы мен Айтмұхамед Жұмабайұлы ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдары антқа адал, жауынгерлік міндетті жауапкершілікпен атқаратын талай ұрпақты тəрбиеледі. Кəсіби біліктілігі жоғары қызметкерлер ішкі істер саласының бүге-шігесіне дейін бір адамдай меңгеріп, өз ісінің шебері жəне білікті басшы екендерін дəлелдеді», –дей келе Марат Демеуов олардың заңдылықты жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде сіңірген еңбектері тиісті бағаланғанын жеткізді. Оның сөзінше, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағандары үшін құрметті ардагерлер мемлекеттік марапаттарға да ие болған. Жиын барысында ішкі істер органында отыз жылға жуық уақыттарын арнаған ардагерлер Ішкі істер министрі, поли-ция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен Құрмет гра-мотасымен марапатталып, оларға гүл шоқтары табысталды.

Айтмұхамед Темірғалинов ішкі істер саласына 32 жылын арнаған ардақты

ҚОС АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

КЕШЕ ІІМ-ДЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТЫ МАРАТ ДЕМЕУОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИКТЕРІ – АЙТМҰХАМЕД ТЕМІРҒАЛИНОВ ПЕН НҰРЛАН НҰРҒАЗИНДІ ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛУ РƏСІМІ ӨТТІ.

азамат. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы Алматы қалалық ІІБ полк милиционерінен бастап, осы басқармада жетекші қызметтер атқарған. 1992 жылдың сəуір айынан бас-тап 2002 жылдың наурыз айына дейін ІІМ Көші-қон полициясы департаментінде түрлі жетекші қызметтерді атқарды. Отан алдындағы қызметін абыроймен атқарған білікті басшы 2003 жылдан бастап Ішкі істер министрлігінің Екінші арнайы басқармасында 12 жыл еңбек етіп, осы жерден құрметті еңбек дема-лысына шығып отыр.

Құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай тер төккен Нұрлан Қадырұлы болса бұл қызметке 1991 жылы келген. Еңбек жолында ішкі істер саласының барлық баспалдақтарынан

өткен. Ол 1992-2002 жылдар аралығында Алматы қалалық ІІБ, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасында жəне Ішкі істер министрлігінде жедел жетекші қызметтерді атқарып келді. Нұрлан Қадырұлы 2007 жылдан бастап 5 жыл көлемінде ІІМ Тыл департаментінде басшылық етті. Қызметінің соңғы жыл-дарында ІІМ Штаб департаментінде тер төгіп, осы қызметінен құрметті еңбек демалысына шығып отыр.

Жас ұрпаққа үлгілі қызметімен өнеге болған ардагерлерді қоян-қолтық қызмет еткен əріптестері құттықтап, жүрекжарды тілектерін жаудырды. Ардагерлердің құрметіне арналған жиында сөз алған əріптестері жылы лебіздерін жеткізіп, бағалы сыйлықтар табыстады.

Page 4: Сақшы №02 (4168)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ

ЖАРАЙСЫҢДАР!

26 желтоқсан күні жедел-құтқару жасағына Есіл ауданының Корнеевка ауылы маңындағы Үлкен Торанғұл көліне мұз астына Фольксваген пассат автокөлігінің түскені жайлы ақпарат түсті. Мұздың қалыңдығы барлық жерде бірдей болмағандықтан, автокөлік жұқа мұзға шығып, бата бастады. Зардап шегушілер уақытында шығып үлгерді. Автокөлікті мұздан шығаруға жедел-құтқару жасағы құрамының екі адамы жəне 1 автокөлік, ТЖ басқармасының қызметкері, учаскелік инспектор жəне ауыл тұрғындары көмек көрсетті.

Сонымен қатар, сол күні ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты бірқатар облыстық жəне республикалық деңгейдегі жолдар жабулы болды. Соған қарамастан Есіл ауданы Корнеевка-Бұлақ бағыты бойынша бағытталған автокөліктерге құтқарушылардың көмегі қажет болды. Қарлы боран кептелісінен 12 адам эвакуацияланып, 6 автокөлік шығарылды. Аталған жұмыстарға 1 техника мен 2 адам жұмылдырылды.

27 желтоқсан күні 17:51 Солнечный кенті маңайында қарда жүргішпен апатқа ұшыраған адамдар жайлы хабар түсті. Апат қарда жүргіш жүргізушісінің байқаусыздан аңғарды көрмей Есіл өзеніне шығып кетуінен болды. Құтқарушылардың көмегі жедел жəрдем дəрігерлерімен Есіл өзені аймағынан зардап шеккен 2 адамды тасымалдау болды.

Жедел-құтқару жасағы қала тұрғындары жəне қонақтарына, мұз үстіне шыққан уақытта абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сонымен қатар, өздеріңізге жəне басқаларға мұқият болуға кеңес береді. Сіздердің мұқият болуыңыз басқаның жəне өздеріңіздің өміріңізді сақтайды. Сонымен қатар, жедел-құтқару жасағы ауа райы құбылған жағдайда уақытша алыс жол сапар-ларын шектей тұруға, жолға шықса автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп алуға, ауа райын қарап, дауыл жайында хабарламаларды бақылап отыруға кеңес береді.

Тасжолдағы көлік қозғалысының тоқтауына өңірдегі ақтүтек боран мен қатты аяз, тіпті, көктайғақ та түрткі болған еді. Көліктер үсті-үстіне жиналып, көпшілігінің жанар-жағармайлары таусылып, жолаушы-лар шарасыз күйге түскен-тін. Осыған орай, құтқарушылар мен əскерилер арнайы техникалардың көмегімен адамдарды əуел і жақын маңда орналасқан пункттерге жеткізді. Ол жерде жылынып, азықтанып алғандар ары қарай Ақтөбе қаласына аттанды-рылды.

Ж е д е л к ө р с е т і л г е н к ө м е к т і ң арқасында көптеген көліктер мен жо-лаушылар қар құрсауынан аман қалды. Сондай-ақ, жиырмадан астам көлік жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Бұл өңірге қар астында қалған көліктерді алып шығу жəне жолды қардан тазарту үшін 6655-əскери бөлімінен жедел мақсаттағы батальонның штаб бастығы,

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА ЖЕКЕ ҮЙ-ЖАЙДАҒЫ ТҰТАС ТЕМІР КОНТЕЙ-НЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЕКІ ҚАБАТТЫ ҚОЙМАДА ӨРТ БОЛҒАН ЕДІ. №4, №1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМДЕРІНІҢ, №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ, ПЕТРОПАВЛДЫҚ «ЮУЖД» БӨЛІМШЕСІ ƏСКЕРИ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ ҮШ САҒАТТАН АРТЫҚ УАҚЫТ БОЙЫ ЖАЛЫНМЕН КҮРЕСІП, ОНЫ СӨНДІРГЕН БОЛАТЫН.

Жуырда СҚО ТЖД бастығының атына өртенген қойманың иесі Олег Когдиннен алғыс білдірген хаты түсті. Ол Минск көшесіндегі үйінің ауласында болған өртті сөндіруге атсалысқан барлық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамдарына зор алғысын білдіреді.

«Өрт сөндірушілердің тəртіпке сəйкес əрекеттеріне жəне жылдам ден қоюларының арқасында халық тұтынатын тауарлардың жанып кетуіне жол бермей, жалынның жақын маңда орналасқан тұрғын үйлерге таралуына бөгет болды», – деп жазады Олег Владимирович. Өз хатында ол «отты майданның» жауынгерлеріне жəне олардың еңбектері үшін зор ризашылығын білдіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

ОРАЛДА ҚҰРАМЫНДА ЕФРЕЙТОР ДƏУРЕН ЖАҚАНБАЙ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРЛЕР НҰРБОЛАТ ТӨЛЕУБЕК, БИЖАН ТӨЛЕГЕНОВ БАР ƏСКЕРИ ЖАСАҚ ҚАЛА КӨШЕСІНДЕ ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, КІСІ ТОНАУШЫНЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ.

Бұл жасақ 1 қаңтар күні кешкі сағат 9-дар шамасын-да «Сұңқар» ауданындағы облыстық қан орталығы жанында ұрыс шығарып, кейін төбелеске кіріскен 25-30 жастағы азиат пішіндес е р м е н ə й е л д і к ө р е д і . Бұлар қоғамдық тəртіпті бұзушыларға ескерту жасаған кезде жеңіл дəрежедег і мас күйінде жүрген əлгілер ə скери қызметкерлерд і б а л а ғ а т т а й д ы . О с ы мезг ілде ер адам аузы-нан ұстараны шығарып, өз мойнын кесіп жібереді. Сол сəтте Ұлттық ұлан жауынгерлері қоян-қолтық ұрыс тəсілдерін қолданып, тəрт іп бұзушыны ұстап, жедел жəрдем шақырады. А л ғ а ш қ ы м е д и ц и н а л ы қ жəрдем көрсетілгеннен кейін ер адам қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қарауына берілді.

Кейін анықталғандай, ұсталған адам бұрын сотталған, 1986 жылы туған Саясат Хаутин болып шықты. 2015 жылғы қарашада түрмеден босатылғанымен, кісі тонағаны үшін іздеуде жүр екен. Қазіргі кезде оны қоғамдық орында мас күйінде жүргені жəне кісі тонауға қатысты күдікті ретінде қылмыстық іске тарту үшін материал жинақталуда.

Батыл іс-əрекеті жəне қырағылығы үшін ефрейтор Д.Жақанбай, қатардағы жауынгерлер Н.Төлеубек пен Б.Төлегенов бөлім командирінің тарапынан мақтау қағазымен марапатталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі, Орал қаласы.

Қызды кепілге алушыны құрықтауда Бибол қасындағы серіктерімен бірге қырағылық танытып, оны қолға түсірді. Кейін белгілі болғандай, ұсталған күдікті бұрын үш рет темір торға қамалған кəнігі қылмыскер екен. Сөйтіп, Бибол Мерекеұлы бойжеткеннің өмірін қорғап қалды.

Туған жер іне келген Биболды тұрғындар қошеметпен қарсы алды, сарбазбен үлкен кездесу өткізілді. Ол өрендерге əскерилер өмірін тар-тымды əңгімеледі. Сарбаз өзін үлкен

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫ-СЫНДА ДА БОРАН СОҒЫП, ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУЫП, АУА РАЙЫ КҮРТ САЛҚЫНДАП КЕТТІ.

2016 жылғы 2 қаңтарда түнгі сағат 1 мен түскі 2-лер аралығында Атырау об-лысына қарасты Махамбет ауданының 2 тұрғыны жоғалып кетті деген суыт хабар келіп түседі. «Батыс өңірлік аэроұтұқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің 4 құтқарушысы жəне Атырау облысы Төтенше жағдайлар

Сол мезетте полиция қызметкерлері тез арада шешім қабылдап , қар құрсауынан шыға алмаған азаматты мұз үстінен дер кезінде күзет бекеті бөлмесіне жылынуға көтеріп алып келіп, төтенше жағдай қызметі мен жедел жəрдем қызметкерлері келгенше үсіген дене мүшелеріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, мұзға айналған киімдерін шешіп, орнына өздерінің сыртқы жылы киімдерін жабады. Аудан орталығының алыс аумақта орналасқанына байланысты С. деген азаматты 1 шақырым жердегі Жуалы ауданының Сұрым ауылының орта мектебіне жаяу апарып, Жамбыл облысы ТЖД-нің қызметкерлеріне тапсырады.

Құтқарылған азамат Тараз қаласындағы 2-қалалық ауруханаға жеткізілді.

Кейін анықталғандай, 26 жастағы С. көл аумағына өзінің досымен бірге балық аулауға шыққан. Түні бойы жауған қар қалыңдығы 30-60 см болғандықтан, көру мүмкіндігінің төмендігі, желдің қатты тұруының кесірінен, 800-1000 метрге созылған ұйытқыған қар – боран болу-ына байланысты досы екеуі бір-бірінен адасып, өздерінің қолдан жасаған палат-каларына жете алмаған.

Көмекке келген 6655-əскери бөлімАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 3-4 ҚАҢТАР КҮНДЕРІ АУА РАЙЫНЫҢ КҮРТ БҰЗЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АҚТӨБЕ-ХРОМТАУ ЖОЛЫ ЖАБЫЛЫП ҚАЛҒАН БОЛАТЫН. ҚАРА ЖОЛДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АДАМ-ДАРДЫ ҚҰТҚАРУҒА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ 6655-ƏСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ДЕ ЖƏРДЕМДЕСТІ.

капитан Нұралы Сейталиннің басшылығымен тағы бір топ əскерилер келіп жетті.

«Қардың биіктігі кей жер-лерде екі метрге дейін жет-кен, авокөліктер төбесіне дейін қарға көміліп қалған. Оқиға орнына азық-түлік пен жанар-жағармай жеткізілді. Əскери қызметшілер жол-ды аршып жатқанымен, əзірге жай көлікпен жүру мүмкін емес», – дейді капитан Нұралы Сейталин.

Ал кеше облыс əк ім і Берд ібек Сапарбаевтың жетекшілігімен облыстық жедел штаб облыстың төрт жолындағы боран салдарынан орын ал ған төтенше жағдайды шешу мəселесін қарастырғаны белгілі.

Қазіргі уақытта республикалық негізгі жолдар ашылды, ол жерлерден 213 адам шығарылып, тағы 571 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ, 91

техника қар құрсауынан босатылды. Осы орайда, ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655-əскери бөлім жеке құрамының өткен демалыс күндері адамдар мен көліктерді эвакуациялауға белсене жұмылғанын атап өткен жөн болар. Дəл қазір республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе-Хромтау аймағы жəне облыстық-аудандық санаттағы төрт жол жабық.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі, Астана қаласы

Балықшыны құтқарған полицейлерАлмас БОРАНҒАЗИЕВ, Жамбыл облысы МКҚБ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫ «ТЕРІС-АЩЫБҰЛАҚ» СУ ҚОЙМАСЫНДА КЕЗЕКШІЛІКТЕ ТҰРҒАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ 1-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – ПОЛИ-ЦИЯ СТАРШИНАСЫ ҒАНИ БЕКБАЕВ, ПОЛИЦИЯ СЕРЖАНТЫ ҒАЛЫМЖАН ЕРНАЗАР ЖƏНЕ ПОЛИЦИЯ СЕРЖАНТЫ ƏЛИ ҒАНИЕВ КҮЗЕТ БЕКЕТІН ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ КӨЛДІҢ ОРТАСЫНДА МҰЗ ҮСТІНДЕ ҚИМЫЛСЫЗ ЖАТҚАН БЕЛГІСІЗ ЕР АДАМДЫ БАЙҚАЙДЫ.

АЛҒЫС АЙТСАМ ДЕП ЕДІМ...

Өрт сөндірушілерге дəн риза

ҚЫРАҒЫЛЫҚ

Кісі тонаушыны қолға түсірді

Дамылсыз демалыс күндер

Гүлмира САЛЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ АУА РАЙЫНЫҢ КҮРТ СУЫТЫП КЕТУІНЕ ОРАЙ 3 АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ, Орал қаласы.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІГЕН АУЫЛЫНАН ШЫҒЫП, ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ЖИЫРМА ЖАСТАҒЫ АЙЗАДА АВЛАТАРО-ВАНЫ ІЗДЕП ТАПҚАН ҰЛТТЫҚ ҰЛАН «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ 5571-ƏСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ЖУЫРДА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, СОНЫҢ ІШІНДЕ ЕФРЕЙТОР БИБОЛ БИНҰРОВҚА ТУҒАН ЖЕРІНЕ – БІЗДІҢ ОБЛЫСТЫҢ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНА БАРЫП-ҚАЙТУҒА КЕЗЕКТЕН ТЫС ДЕМАЛЫС ЖАРИЯЛАНДЫ.

Алты адам аман қалдыдепартаментінің «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерімен бірлесіп ТРЭКОЛ автокөлігі арқылы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соның нəтижесінде 2 тұрғын табылып, аудан орталығына жеткізілді.

Сондай-ақ, 3 қаңтар күні Атырау об-лысына қарасты Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында далада УАЗ автокөлігі қарға батып қалғаны ту-ралы белгілі болады. Көлік ішінде 4 адам, олардың 1-уі бала болған. Іздеу жұмыстары «Казавиаспас» АҚ

тікұшағымен жүргізілді. Құтқару шара-ларына сонымен қатар, 3 экипаж жəне «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің 3 құтқарушысы жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған адамдар дін аман та-былып, аудан орталығына жеткізілді. Осыған орай құтқарушылар облыс тұрғындарынан ауа райы қолайсыз күндері жолға шықпауларын сұрайды.

Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы

ОТАНЫНА АДАЛ

Бибол – нағыз батыр

өмірге дайындауға үлес қосқан алғашқы ə с к ери д айындық п ə н і н і ң м ұ ғ а л і м і Ербол Сабыровқа, сынып жетекшісі Гүлнəр Бадрақоваға жəне басқа да мұғалімдерге, ауылдастарына алғысын арнады.

Сондай-ақ, батыр Биболды əкесі Мереке жəне анасы Гүлжайнамен бірге аудан əкімі Əділ Жоламанов қабылдап, естелік сыйлық тапсырды. Аудан активі алдында оған зор құрмет көрсетті.

«Ұлттық ұлан жауынгерлерінің, оның ішінде Батыс Қазақстан об-лысы Ақжайық түлегінің батылдық көрсеткенін зор мақтан тұтамыз», – деді аудан басшысы.

Бибол секілді жауынгерлер біздің нағыз қорғаушыларымыз, сүйенішіміз, мерейіміз. Осындай ұл тəрбиелеген ата-анаңа зор рахмет!

Page 5: Сақшы №02 (4168)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

ЖАСЫРЫП-ЖАБУЛАЙТЫН ЕШНƏРСЕСІ ЖОҚ, БҮГІНДЕ БАУЫР ЕТІ – БАЛАЛАРЫНЫҢ ТАҒДЫРЫНА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАЙТЫН ОТБАСЫЛАР КӨБЕЙІП БАРАДЫ. БҰҒАН КӨЗ ЖЕТКІЗУ АСА ҚИЫН ДА ЕМЕС. МƏСЕЛЕН, ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАУ ЖƏНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРА ҚАЛСАҢЫЗ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ УЫСЫНАН ШЫҒЫП КЕТКЕН НЕБІР БАЛАЛАРДЫ КӨРІП, ЖҮРЕГІҢІЗ ЖАНШЫЛАДЫ.

ҚОҒАМ және ЗАҢ

ЖАҢА ЖЫЛДА БАЛАУСА ҚЫЛҚАН АҒАШ ТҮРЛЕРІН ЗАҢСЫЗ ШАБУ, ДАЙЫНДАУ, ТАСЫМАЛДАУ МЕН САТУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ МАҚСАТЫНДА АЙМАҚТА ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН БОЛАТЫН.

Облыс бойынша орман жəне жануарлар əлемін қорғау аумақтық инспекциясы, өңірлік Табиғат ресурстарын жəне табиғатты пайдалану басқармасы мен Батыс Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері шара барысында «Шеп» жүйесі бекеттерінде, базар-ларда жəне басқа да жерлерде қылқан ағаш түрлерін рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау жəне сатудың əр фактісі бойынша тексеріс жүргізуде. Қылқан ағаштарды сатып алу, сату, қайта сату, дайындау көздерін анықтау жұмыстары да жан-жақты жүргізілуде. Жедел шаралар жаңажылдық мерекелер аяқталғанша жалғасады. Десек те, рейд барысында заңсыз шырша сатумен айналысқан екі факті анықталып отыр. Бірінде Тасқала ауылында 5 қылқан ағаш

түрін сатқан əйел ұсталса, екіншісінде қаладағы Шолохов көшесінің бойында белгіленбеген жерде 12 түп шырша сатқан күдікті қолға түсті.

Бұл ек і факт і ге қатысты ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекст ің 204-бабы 1-бөлімі (Белгіленбеген жерде сауда жасағаны) бой-ынша əкімшілік хатта-ма толтырылды.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД

баспасөз қызметі

АЛАҢСЫЗ АТА-АНА, ЖЕЛІККЕН ЖАСТАР...

Ата-ана қарауынсыз көше кезген, қоғамдық орындарда тəртіп бұзған, үй бетін көрмей қайыршылықпен айналысқан балаларды полиция қызметкерлері əр-əр жерден ұстап əкеліп, тиісті хаттама толтырып, осын-да əкеледі. Егер, ата-аналары табылып жатса, оларға айыппұл салады. Əке-шешелеріне айтарын айтып, балаларын жетелетіп жібереді. Тіпті, тəрбиеге көнбей бара жатса Кентау қаласында арнайы оқшаулау мекемесі бар. Сонда аттандырады.

Кентау кентіндегі көрініс күрделі. Мұнда əрқилы бала түседі. Түріне қарасаң, момын-момақан көрінгенімен, бесіктен белі шықпай жатып, небір пəлені көрген, өзі де қатысқан. Сұмдық та болса бір сыр айтайық. Былтыр осы мектеп-мекемеге 13-ке енді толған жасөспірім қыз түсті . Беті əбден ашылған осы қаршадай қыз қырғын салған ғой. Келген күннен орталықты улаған-шулаған етіпті.

«Бұл қаршадай неме мектеп көрмеген. Əкесі жоқ. Шешесі – маскүнем. «Шеше көрген» қаршадай қыз кез келген еріккен еркектің ермегіне айналған. Осы өмірі өзіне қызық. Оны Кентаудағы арнайы мектепке жібердік», – дейді Шымкенттегі қиын балаларды оқшаулау жəне бейімдеу орталығының директоры Бимен Жұмаханов.

Тұлдыр тағдыр-ай десеңші, бұл қыз бала отбасында дұрыс тəрбие көрсе, əке-шешесінің жылы алақанын сезінсе еркелеп өсетін жаста емес пе? Оны ересектердің қатыгездігі осындай халге жеткізген. «Обал болды-ау, он екіде бір гүлі ашылмаған балауса қыз ғой» демеген ересектерге не дерсіз? Шешесі «шалқып» жүргенде шарасыз қызды оспадарсыздар ойынына салып жіберген үлкендерге үрейлене қарау керек шығар-ау. Əрине, құрғақ уағыз, жалаң ақыл айтумен қыз тағдыры оры-нына келмейді.

Тəртіп бұзған жасөспірімдердің тағдырына талдау жасап көрдік. Жағдай көңіл көншітпейді.

«Жасөспірімдерді жұмысқа тарту оның ата-аналарының келісімімен екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүргізілуі керек. Алайда, бұл заңдылық сақтала бермейді. Білім қызметкерлерімен бірігіп рейд жасап тұрамыз. Мақтаарал ауданына барғанымызда аптап ыстық астында мақталықта жұмыс істеп жатқан балаларды көріп хатта-ма толтырдық. Ал, əке-шешелері не дейді? Тыңдап көріңіз. «Өз балала-рымызды өз шаруамызға неге жұмсай алмаймыз? Еңбекке тəрбиеле дейсіздер. Бұл еңбек емей, немене? Сондықтан

Есірткі контрабандасы анықталды

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ КӨЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 440 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ АНЫҚТАҒАН. ОНЫҢ ІШІНДЕ, 28 ФАКТ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУҒА ЖƏНЕ 13 ФАКТ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Есірткі заттарының заңсыз айналымынан 3 тонна 887 келі есірткі заттары тəркіленген жəне 329 қылмыстық теріс қылық тіркелген. Ал, жыл соңында көлік сақшылары Астана стансасында 33 жастағы ер азаматтан 2 келіден аса есірткі затын тəркілеген еді. Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру шарасы барысында қолға түсірген. Астана стансасының теміржол вокзалының аумағында орналасқан қонақ үй бөлмелерінің бірінде ұсталған жігіт 33 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті жасырған есірткіні қызметтік-іздестіру иті тауып бер-ген. Жігіттің спорттық сөмкесін тексеру барысында ішіне салмағы 2 келі 104 грамм болатын марихуана салынған антифриз канистрасы тəркіленіп, алынды. Қазіргі уақытта күдікті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылып, бұл дерек бойынша тергеу амал-дары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Қылқан ағаштарды қорғау – міндетіміз

біздің құқыққа қол сұқпаңыздар» дейді ата-аналар. Балалардың бірі өзінің, екіншісі туысының, үшіншісі танысының егіс даласында жұмыс істеп жүр. Ата-аналарының рұқсатымен. Базарларда қысы-жазы арба сүйреп, біреулердің жүгін тасып жүрген белі қатпаған бала-ларды жиі көреміз. Сіз де көріп жүрген шығарсыз. Автобустарда қайыр сұрап отыратын балалар ара-тұра болса да кездеседі. Біздің міндет – қылмыстың алдын алу, болдырмау жəне əкімшілік жазаға тарту. Ал, балаларын жүгенсіз жіберген ата-аналарға айыппұл салатын еңбек инспекциясы», – дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полициясының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ғалым Жетібаев.

«Статистикалық мəл іметтерде жасөспірімдер арасындағы тəртіп бұзушылық өсіп барады. Мұның сыры неде? Жалпы, Қой жылының көрсеткіші қандай?», – дейміз біз.

«Былтыр түнг і ойынханаларда отырған балалар жүзге жуықтады. Түнгі клубтарда жүретін балалар да азаймай отыр. Былтыр балаларын бақылаусыз қалдырған 700-ге жуық ата-анаға əкімшілік шара қолданылды. Жұмысты сылтау етіп, бала-шаға тəрбиесін жиып қоятындар бар. Оларға ҚР Əкімшілік кодекстің 127-і бабымен шара қолданамыз. Үш жастан он сегіз жасқа дейінгі бала, бозбала түнгі он бірден таңғы сағат алтыға дейін сыртқа шықпай, əке-шеше қамқорлығында болуы керек. Мұны үлкендер жақсы біледі. Сөйте тұра балаларын қараусыз, бетімен жіберетіндер көбейіп келеді. Соның салдарынан бала ұрлау, зор-лап жыныстық қатынас жасау , ұрлыққа қатысу фактілері көбейіп жатады. Мектеп қабырғасындағылар атамандыққа, көшбасшылыққа та-ласып, бір-біріне қару кезенеді. Ал, қаруды заңсыз сақтау биылдан бастап қылмыстық іс болып саналады. Демек, ендігі жерде балаларына қару ұстатқан немесе қараусыз жіберген ата-аналар да жауапсыз қалмайды», – дейді по-лиция подполковнигі Ғалым Жетібаев.

Бала – бауыр етің. Оны бұзық болдың екен деп елден шығарып жібере алмайсыз. Ақылды тентектер болады. Дұрыс тəрбие бере алсаңыз, олардың қатарынан еңбегі елеулі азаматтар өсіп шығады. Сондықтан тəрбие жұмысына Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД тарапынан да үлкен көңіл бөлініп келеді. Мəселен, былтырғы Қой жылы қылмыстың ашылуына көмек көрсеткен 2 жасөспірім департамент бастығының арнайы сыйлығын алды. Мектептерде жас жол полицейлерін

оқытатын курстар жұмыс істейді. Курс тыңдаушылары жол ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді полицияға ха-барлап отырады. Тəрбиенің бұдан да ба сқа ти імд і жолдары көп . Айталық, бұзақылық жасаған ба-лаларды түрме тіршілігімен таныс-тыру оларға психологиялық жағынан үлкен əсер ететін көрінеді. Сонымен қатар, облыстық саяси қуғын-сүргін мұражайына саяхат та жасөспірімдерге ықпал е тед і . «Оңтүс т і кфильм» мекемес імен б ір і г іп патриоттық тақырыптарға көрсетілетін кинолар балаларды батылдыққа тəрбиелейді. Жуырда балалар «Жаужүрек мың бала» атты фильм көр іп қатты əсерленіпті. Облыстық спорт жəне дене тəрбиесі басқармасымен бірлесіп, жасөспірімдерді қалаған үйірмелеріне тарту да тəрбие жұмысын жандандырып келеді екен. Облыстық білім, жастар са-ясаты жəне тілдерді дамыту басқармасы түзген шараларға мектеп оқушылары көптеп қамтылған.

Дей тұрғанмен де бала жас шыбық сияқты. Оны жастайынан имесеңіз, буыны қатайғанда түзей алмайсыз. Айталық, 2014-2015 оқу жылының басында өздерін «атаман» жариялаған 204 оқушы анықталған. Бұлардың сабақ үлгерімі төмен болып шыққан. Əке-шешелерімен сөйлескенде олар балаларының мектептегі түгілі үйде нендей шаруамен айналысатынын білмеген. Бірқатар баланың əкесі жоқ, жетім екен. Əрине, мұндай балалар іштей булығып өседі. Өзгелермен өзін тең ұстағысы келеді. Өжеттері сөйтіп «бірінші» болуға ұмтылады. Бай-бағландардың балалары оларды біріншілікке маңайлатқысы келмейді. Жоғары сынып оқушылары махаббат үшін де бір-бірімен төбелесіп қалады. Осы ретте тəртіп сақшылары мен ұлағатты ұстаздар бірлесіп қимылдауы тиіс. Өйткені, жасөспірімдердің жан дүниесі өте нəзік. Оларды түзеймін деп отырып теріс жолға салып жіберуіміз мүмкін. Ендеше, бала тəрбиесінде де тектілік керек.

Ешк ім ұ лым қ ұл бол сын деп тəрбиелемейді. Олар құл болмас үшін саналы тəрбие, сапалы білім берген жөн. Ал, бала тағдырына немқұрайлы қарайтын отбасыларға ерекше заң керек тəрізді. Өйткені, дамыған отыз елдің қатарына қосылуға ұмтылған мемлекетті желіккен бозөкпелер емес, елінің пайдасына қайрат көрсететін, өмірлік мұратын айқындаған жастар көтереді. Ендеше, жас өскіндерді қазірден тəрбиелейік, жолға салайық. Ертең бармақ тістеп, өкініп қалмайық.

Қылмыспен күресте жеке күзеттің үлесі көп

ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСУ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ, ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҰЙЫМДАРЫМЕН ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП, НƏТИЖЕСІНДЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ 20-ДАН АСТАМ ҚЫЛМЫС АШЫЛЫП, КҮЗЕТІЛЕТІН ОБЪЕКТІДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ 10 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ.

Атап айтқанда, 2015 жылғы 14 қазанда түнгі сағат 11-лер кезінде «Руслан-Казақстан» күзет ұйымының орталықтандырылған-бақылау торабына қала орталығында орналасқан дүкендердің бірінен дабыл белгісі келіп түседі. Аталған белгі бойынша оқиға орнына күзет ұйымының жедел əрекет ету тобы жіберіліп, дүкеншіге суық қаруымен дене жарақатын салып үлгерген еуропалық тектес азаматты құрықтайды. Полиция қызметіне хабарланады. 60 жастағы сезіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі, яғни «Бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған орай жыл соңында Қызылорда облыстық ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жиын өткен болатын. Бұл шараға департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ə.Шаймағамбетов, жеке күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшілері, Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шарада қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етіп, қылмыстылықпен күресуде оң нəтиже көрсеткен күзетшілер марапатталып, міндеттеріне адалдық танытқаны үшін алғыс айтылды. Сонымен қатар, шарада бүгінгі таңда күзет қызметін бақылау саласындағы өзекті мəселелер көтеріліп, көпшіліктің талқысына ұсынылды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

ӨТКЕН ЖЫЛЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 4010 ЕҢБЕК МИГРАНТЫНА РҰҚСАТ БЕРГЕН. РҰҚСАТ БЕРУ ЕРЕЖЕСІНЕ СƏЙКЕС, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2014 ЖЫЛДАН БАС-ТАП ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА РҰҚСАТТАМАЛАРДЫ БЕРУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТƏРТІБІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.

Рұқсат беру жеңілдетілді

Яғни, еңбек имми-грантына рұқсатты беру , ұзарту жəне қ а й т а а л у , с о н ы -м е н қ а т а р , е ң б е к иммигранттарының дакто-фото есепке алу-ды тіркеу, құрастыру жəне жүргізу бұрынғыға

2015 жылы Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің көші-қон по-лиция құрылымында еңбек мигрантта-рына 4 мыңнан астам рұқсат берілді. Заңнамалық өзгерістерді əсіресе, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасының азамат-тары белсенді қолданады. Шетелден келген жұмысшылардың көбі, дəлірек айтсақ, 1645-і Целиноград, мыңнан а с тамы Аршалы аудандарында рұқсаттамаларын ұзартты. Бұл санның күн санап артуы осы аудандардың Астана қаласына жақындығымен де түсіндіріледі.

ҚР еңбек миграциялық заңнамасына с ə й к е с , қ а з а қ с т а н д ы қ ж ұ м ы с берушілерге үй шаруашылығында жұмыстарды орындау үшін (қызметтерді көрсету) бір жұмыс берушіге – жеке тұлғаға бестен артық еңбек имми-гратпен келісімшарт жасасуға тыйым салынады. Бұл отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға əкеп соғады. Жалпы өткен жылы ақмолалық сақшылар ҚР ƏҚБтК-нің 519-бабына сəйкес 98 жұмыс берушіге айыппұл салынған.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

қарағанда тез ресімделеді. Заң бойын-ша визасыз кіруге жəне 3 айдан кем мерзім бойы болуға рұқсат берілген, ТМД елдері азаматтарына қолданады, жəне олар тек жеке тұлғаларда жұмыс берушінің жұмыстарын (қызмет көрсету) мақсатында – үй шаруашылығында еңбек иммигранты рұқсаттамасы негізінде ғана жұмыс істей алады.

колл

аж А

қсая

ЖҮР

КЕН

ОВА

НІК

І

Page 6: Сақшы №02 (4168)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

ЖЫЛ ЕСТЕЛІГІ. Өткен жыл екі оқиғамен есте қалды. Оның бірі – Кеңес Одағының Батыры, отставкадағы милиция подполковнигі Филипп Чижиковке арналған обе-лиск пен екіншісі – полиция генерал-майоры Михаил Барановқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу сал-танаты.

2014 жылы қараша айында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД мұражайының 25 жылдығына арналған ғылыми-тəжірибелік конференция өткені белгілі. Осы шараға арнайы шақырылған Ресейдің Түмен облысы бойынша ІІМБ мұражайының басшысы Виталий Трунев Солтүстік Қазақстан облысының тума-сы Кеңес Одағының Батыры Филипп Васильевич Чижиков туралы айтқан бо-латын. Ал Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-май-оры Берік Білəлов Кеңес Одағының Батыры Филипп Чижиковке арнап оның туған ауылы Қызылжар ауданындағы Березовка селосында обелиск ашу-ды ұсынды. Обелискінің ашылуына облыстық ІІД шақыруымен Воронеж қаласынан ұлы мен қызы, Түмен об-лысынан əріптестері келді. Батырдың қызы Надежда Лесных əкесінің есімін еске алып, ескерткіш ашып жатқаны үшін ерекше тебіреніспен Ішкі істер министрлігінің басшылығына, облыс жəне Қызылжар ауданының əкімдігіне алғысын білдірді.

Өткен жылдың мамыр айында өмірден өткен ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция генерал-май-оры Михаил Барановқа арналған мемориалдық тақтаның ашылуы да маңызды оқиғалардың бірі болып са-налады.

М.Баранов – 10 жыл Солтүстік Қазақстан облысының милициясына жетекшілік еткен жан. Қоғам жəне мемле-кет қайраткері, ішкі істер органдарының ардагері, 1984-1994 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық атқарушы комитеті ІІБ бастығы, милиция генерал-майоры болып ұзақ жылдар қызмет атқарған ғимаратта ескерткіш тақта ор-натылды. Ескерткіш тақтаның ашылуына Михаил Барановтың ұлы Александр келді. Салтанатты шарада сөз алған Александр Баранов: «Отбасымыздың атынан Сіздердің көрсеткен сый-құрметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деп ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов пен об-лыс əкімі Ерік Сұлтановқа ризашылығын білдірген еді.

ЖЫЛ ҚАМҚОРЛЫҒЫ. Тəртіп сақшылары өздерінің негізгі жедел қызметтік міндеттерінен бөлек, ведомство ардагерлерін ем қабылдауға жіберу арқылы əлеуметтік жобалар-ды да іске асыруда.

ІІД басшылығы мен жеке құрамы ведомство ардагерлерінің «Қазақстан» шипажайында тегін ем қабылдауы үшін 4 рет жолдама ұйымдастырған болатын. Ардагерлердің қасында болып, олардың денсаулығына бақылау жасау Кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері мен облыстық полиция ведомствосы госпиталінің дəрігерлеріне жүктелді.

Жедел уəкіл, тергеуші, учаскелік инспектор болып сан жылдар бойы қызмет атқарған ардагерлер бүгінгі таңда құрметті зейнетте. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл са-парды зейнеткерлер үлкен қуанышпен еске алады. «Теледидардан əлемде болып жатқан оқыс оқиғаларды көріп жүрміз. Біз көп ұлтты, бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Бұл Елбасымыздың республикамызда бейбітшілік пен ынтымақты сақтауға бағытталған с алиқалы с ая са тының арқа сы . Емделуге барған ардагерлердің атынан облыстың жəне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығына жолда-ма ұйымдастырғаны, ведомстволық шипажайды сақтап қалғаны үшін ІІМ басшылығына алғысымды айтамын», – дейді қылмыстық іздестіру саласының ардагері Юрий Киселев.

Ведомство ардагерлерінің шипажайда ем қабылдауы үшін тегін жолдамалар ұйымдастыру үрдісі алдағы уақытта да жалғастырылмақ.

ЖЫЛ БАТЫРЫ. Полицейлердің пікірінше, бұл құрметті атаққа «Күзет и К» ЖШС филиалының қызметкері Сергей Кириенко ие десек артық айтқандық болмас. Қарашаның 6-сы күні жұмыс күнінің соңына таман «Евразиялық» банк филиалына баса-көктеп кіріп келген жігіт іштегілерге пневматикалық тапанша кезеніп, ақша талап етеді.

Күзет қызметкері Сергей Кириенко ойланбастан қарақшының қолынан тапаншаны жұлып алып оны тоқтатпақ болады. «Сол кезде ол сөмкесінен шолақ мылтық алып шығып маған кезенді. Маған көршілес тұрған дүкеннің жұмысшысы көмекке келіп, шолақ мылтықты тартып алуға көмектесті», – дейді 56 жастағы Сергей Кириенко. ІІО

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚШЫЛАР: ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Мəдина БАЛҒАШОҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТӨРГЕ ӨТКІЗІП, ЖАҢА БІР БЕЛЕСТІ АРТҚА ТАСТАҒАНДА ӨТКЕНГЕ ЕРІКСІЗ КӨЗ ЖҮГІРТЕСІҢ. СОҢҒЫ БІР ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ІСТЕРІҢДІ САРАЛАЙСЫҢ, ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗЕСІҢ. БҮКІЛ БІР АЙМАҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮЗЕТКЕН ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ АРҚАЛАҒАН ЖҮГІН САЛМАҚТАЙ ОТЫРЫП ЖАҚСЫЛЫҒЫН ЖАРҚЫРАТЫП, ЖАҢАЛЫҒЫН СҮЙІНШІЛЕП БЕРУДІ ЖӨН САНАДЫҚ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ҮШІН ҚОЙ ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛҒАН ОҚИҒАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛДЫ. ЕНДЕШЕ, ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ КЕЙ ӨТКЕЛДЕРІНЕ ТОҚТАЛЫП ӨТЕЙІК.

ардагері, «Күзет и К» ЖШС филиалының қызметкері Сергей Кириенконың батыл əрекетінің арқасында қылмыскер сол жерде құрықталады.

Қоғамдық тəрт іпт і сақтау мен қылмысқа қарсы күреске белсенді қатысқаны үшін Сергей Кириенко Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəловтің грамотасымен, сондай-ақ, күзет агенттігінің грамотасымен жəне ақшалай сыйақымен марапаттал-ды. Ал, ұсталған күдіктінің Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болады. Санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін, ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп, сотқа жөнелтілді.

Ж Ы Л Д Ы Ң Е Р Е К Ш Е ҚЫЛМЫСЫ. Бұл қылмыс облыс орталығындағы жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі офистердің бірінде болды. 19 жастағы жігіт агенттік қызметкерімен сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден оның басына пышақ қадайды.

Жəбірленуші пышақты өз күшімен суырып алуға тырысып, бұзақының соңынан қуады. Денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін полицейлер 19 жастағы қала тұрғынын ізін суытпай ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясын-да ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша істің мəн-жайы анықталмақ. Дəрігерлер жəбірленушіні құдай қағып, жолы бол-ды дейді. Пышақ миға тимей, сүйекте қадалып, ары қарай өтпей қалған. Жас жігітке тезірек сауығып, өмірінде мұндай келеңсіз жайттарға енді түспесін дегіміз келеді.

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕРЕК-ШЕ ҚАТЫСУШЫСЫ. Кей кездері көшеде көліктердің қалың легінде тұрып арбаға жегілген атты көріп, таңданысымызды жасырмайтыны-мыз анық. Мұндай сəттерде балалар түгілі өзіміз де мəз-мейрам болып қаламыз.

Қыркүйек айында əдеттег ідей күнделікті жұмыс күні қамаудан бо-сап , шығып кеткен сиыр көл і к жүргізушілерінің назарын аударды. Сиыр Жұмысшы кентінің шеткері ау-данынан қаладағы вокзал маңын кесіп өтіп, орталық көшелеріне дейін келген. Оны Жедел басқару орталығының бей-некамералары арқылы қызметкерлер бірден байқап қалады. Жол үстіне шыққан сиырды көрген жүргізушілер көліктерін сəл ығыстырып, алысырақ жүруге тырысады. Жануарды жаяу жүргіншілер, кейбір жүргізушілер ұялы телефондарының бейнекамераларына түсіре бастайды. Ал төрт аяқты жануары-мыз түк болмағандай қала көшелеріндегі серуенін жалғастырады. ІІД Жедел басқару орталығының қызметкерлері

жақын тұрған автопатрульді шақырады. Ақыры «Тайга» базары маңындағы сұлулық салонының алдында по-лиция қызметкерлері үй жануарын қоршап алып, ешқайда жібермей ұстап тұрады. Осы мезетте малдың иелері де келіп жетеді. Мал иесі сиырдың мүйіздерін арқанмен орап, жаяу Жұмысшы кентіндегі үйлеріне бет ала-ды. Жануарымыз жол-жөнекей бала-шағаның, үлкендердің жүзіне күлкі үйіртіп, қала ішіндегі саяхаты осымен аяқталады.

ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ. Солтүстік Қ а з а қ с т а н о б л ы с т ы қ І І Д көркемдік жетекшісі, Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң М ə д е н и е т қайраткері Дидар Малаев жетекшілік ететін ансамбль нағыз жұлдыздарға айналды.

Полиция қызметкерлерін ің ба-лаларынан қ ұрал ған ан самбль еліміздің өзге облыстарында жоқ. Бұл топ облыстық ІІД бастығы Берік Білəловтің бастамасымен құрылған еді. Репертуар таңдау, ерекше таланты бар бүлдіршіндерді анықтау, арнайы костюмдар тігу секілді ұйымдастыру жұмыстары – барлығы артта қалған. Қазір бұл кішкентай жұлдыздар сахнаға төселіп, əбден үйренісіп алған. Алдағы уақытта жанкүйерлер топтың жас əншілері Батырхан Сағындықов пен Диар Сұлтаннан қолтаңбалар ала-тын болады. Ал қыздардың арманы

– шоу бизнестің жұлдызы атану. ІІД кішкентай жұлдыздары биік белестерді бағындырсын деп тілек білдіреміз!

ЖЫЛ СЫЙЛЫҒЫ. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəловке «Жыл адамы» атағын беру туралы «ҚР Журналистер одағы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының шешімі облыс полицейлері үшін жағымды жаңалық болды.

Журналистер жылды қорытындылай келіп, полиция ведомствосының же-дел қызметтік жұмысының тұрақты көрсеткіштерін ғана емес, басшының жеке қасиеттерін де атап өтті. ІІД бастығын өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны, адамдарға деген ерек-ше көңілі мен қамқорлығы, ведом-ство жұмысының ашықтығы мен айқындығы үшін «Жыл адамы» деп таныды. Журналистер басты мысал ретінде «Пицца-хаус» ойын-сауық орталығындағы өрттің ауыр салда-рына жол бермеуге қатысуын, Кеңес Одағының батыры Филипп Чижиковке туған ауылында ескерткіш ашу баста-масын жəне генералдың қызметіндегі тағы да басқа жарқын істерін атап кетті.

Генерал-майор үшін бұл награ-да тосын сый болды. Берік Білəлов құттықтаулар мен сый-сияпаттың солтүстікқазақстандық полицияның жұмысына деген жалпы берілген баға екендігін атап өтті. Қарамағындағы

қызметкерлер өз басшыларын мақтан тұтып, адамдардың сенімін ақтау үшін аянбай еңбек етуі қажет.

Сонымен бірге, Ұлттық ұлан мен ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ішкі істер органдарының ардагері Сұраған Көпеевке қалалық мəслихаттың шешімімен «Петропавл қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Ақсақалымыз полиция қызметкерлері арасында осындай құрметті атақты иеленген алғашқы азамат болып отыр. Депутаттардың мұндай шешімі полиция ардагерлері мен қызметкерлері үшін үлкен сый болды. Ардагеріміздің бұл атақты иеленуі олар үшін қызметтерінде үлгі болуы тиіс.

ЮТУБ ЖҰЛДЫЗЫ. Ютубтағы «Правильный полицейский» http://bit.ly/1NA81Ec бейнеролигін 28 мыңнан астам қолданушы қарап үлгерген. Бей-нероликте қарт зейнеткерге жолдың арғы бетіне өтуге көмектескен поли-ция қызметкері – жол-көлік оқиғасы орнына бара жатқан Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полици-ясы батальонының инспекторы, по-лиция лейтенанты Тимур Ысмайы-лов болып шықты.

«Жұмыс бабымен Жабаев көшесімен кетіп бара жаттым. «Тайга» базары-на қарама-қарсы тайғақ жолды кесіп өтпекші болып тұрған таяққа таянған əжейді байқап қалдым. Бұл жерде көліктер тым көп. Ал көше қиылысы əжептəуір қашықтықта орналасқан. Қолында таяғы мен ауыр сөмкесін көрген соң, тоқтап, көмек көрсетуге бел байлап, көлігімнен түстім. Үстімде нысандық киім болғандықтан шығар, жүргізушілер тоқтаңқырап, бізді өткізіп жіберді. Мен бұл əрекетімді таңқаларлық деп санамаймын. Күнделікті біздің жұмысымыз. Ұлым өсіп келеді. Əкем мені үлкендерге, əйел-аналарға құрмет көрсетуді үйретсе, мен де ұлымды үлкендерді құрметтеуге тəрбиелеймін», – дейді ютуб жұлдызы.

Тимурдың ек і ағасы Əд іл мен Мұрат əкімшілік полицияда қызмет атқарады. Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының взвод командирі, үлкен ағасы Əділ Ысмайылов: «Тимурдың бұл əрекеті құптарлық. Үшеуіміздің арамызда ол ашық əрі көмек көрсетуге əрдайым дайын тұратын. Оның жол-патрульдік полициясының батальонында жұмыс істегеніне де 4 жылдан асты», – дейді.

О с ы о қ и ғ а д а н б ұ р ы н солтүстікқазақстандық əкімшілік по-лицейлер қайырымды əрекеттерімен көзге түскен еді. Тіпті, кей жолау-шылар Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкері Диас Ғазизовтың Жеңіс саябағы маңында қарт əжейге жолды кесіп өтуге көмектескен сəтін суретке түсіріп үлгерген екен.

Батальон командир і , полиция подполковниг і Ринат Құсайынов жауынгерлік жəне қызметтік дайындық с абақ тарында қызмет керлер г е т е к б ұ з у ш ы л ы қ т а р д ы а н ы қ т а у емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларына көмек көрсету міндеті қойылатынын айтады. «Сондықтан, тəртіп сақшыларының бұл əрекеті қызмет барысында қойылған жалпы міндеттердің бір бөлігі ғана. Ал тəртіп сақшыларының жағымды əрекеттері жайлы түсірілген бейнероликтер алға жетелеп, қызметті адал атқаруға себепші болмақ», – дейді ол.

Облыстық ІІД Жедел жоспарлау басқармасының жедел кезекшісі, полиция майоры Айдар Сыздықов «Жылдың соңғы күні тыныш өтеді» дейді. «Негізінен бұл күні кезекші бөлімдерінің бағдарлауымен по-лицейлер ащы судың салдарынан туындаған отбасындағы, көршілер, жолдастардың арасында кикілжіңдерге барады. Кей кездері бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері де кездесіп жатады. Ал қоңыраулар мен шағымдардың көпшілігі қаңтардың алғашқы күнінде келіп түседі», – дейді сақшы.

ІІД Жедел жоспарлау басқармасы бастығының міндетін атқарушы, по-лиция полковнигі Александр Михайлов өз сөзінде Ішкі істер департаментінің жедел кезекшісі лауазымы поли-ция офицеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтып өтті. «Жедел кезекші облыстағы барлық кезекші

ҚЫЗМЕТ

ЖҰМЫСТАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛЮрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА ОН БЕС ЖЫЛДАН БЕРІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ АЙДАР СЫЗДЫҚОВ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 31-І КЕЗЕКШІЛІККЕ ТҮСІП, ЖАҢА ЖЫЛДЫ ОСЫМЕН СЕГІЗІНШІ РЕТ ЖҰМЫС ОРНЫНДА ҚАРСЫ АЛҒАН.

бөлімдердің жұмысын үйлестіреді, Петропавл қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының кезекші ауысымына жетекшілік етеді. Мереке күндеріндегі облыстың барлық тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығы əр полиция қызметкерінің тиянақты əрі сауатты əрекетіне байланысты», – деген пол-ковник Михайловтың өзі де Жаңа жыл-ды жұмыс орнында 18-інші рет қарсы алғанын айтып қалды.

Полиция майоры Айдар Сыздықовтың айтуынша, жинақылық пен қырағылық танытып, жедел қимылдаған полиция қызметкерінің жұмысы – адамдардың қауіпсіздігінің жəне мереке күндерінің тыныш өтуінің кепілі.

Жедел жоспарлау басқармасының ақпаратына сүйенсек, 31 желтоқсан күні облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшкен. Елді

мекендерді патрульдеуге 500-дей қызметкер тартылса, оның жартысынан астамы облыс орталығы – Петропавл қаласында қоғамдық қау іпс ізд ік күзетінде жүрген.

Б ір айта кетерл і г і , солтүст і к -қазақстандық полицияның кезекші ауы-сымы құттықтаусыз қалмайды. Тəулік ішінде кезекші бөлімдерді құттықтауға ІІД басшылығы да келіп кетті. Сондай-ақ, əр полиция қызметкерін 1 қаңтар күн і т уыстары мен жақындары мерекелік көңіл-күймен қарсы алары сөзсіз.

Page 7: Сақшы №02 (4168)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

Бетті дайындаған Ғани АТЫМТАЙ

АВТОЖАРЫС

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

ХОККЕЙ

ҚҰРЛЫҚТЫҚ ХОККЕЙ ЛИГАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ЧЕМПИ-ОНАТЫНДА АСТАНАНЫҢ «БАРЫСЫ» ӨЗ АЙДЫНЫНДА ЕКАТЕРИНБУРГТІҢ «АВТОМОБИЛИСТ» КОМАНДАСЫН ҚАБЫЛДАП, 4:3 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.

Осыған дейін Шығыс конференциясында «Барыс» жетінші орында келе жатса, «Автомобилист» тоғызыншы сатыда болатын. Яғни, плей-офф бəсекесіне жолдама алу үшін күресіп жүрген командалар үшін бұл ойынның маңызы алабөтен еді.

Vesti.kz сайтынан алынған мəліметке қарағанда, Андрей Назаровтың шəкірттері ойынды өте қарқынды бастады. Бірақ олар екі ойыншының артықтығын пайда-лана алмады. Есесіне бір ойыншысы артық болған кезде «Автомобилист» мұны құр жібермей, Виталий Попов есеп ашты. 14-минутта Анатолий Голышев есепті 2:0-ге жеткізді. Үзіліс кезінде бапкерлері біраз қамшыласа ке-рек, екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері бір минуттың ішінде (Кевин Даллмэн мен Роман Старченко) таразы басын теңестірді. Алайда, үшінші шайбаны соға алма-ды. Өкініштісі, екінші кезең соңында Талғат Жайлауов қатты жарақат алып қалды. Əйтсе де, төрешілер осы сəтте қонақтар тарапынан ойын ережесі бұзылды деп есептеген жоқ.

Үшінші, шешуші кезеңде қонақтар (Петр Коукал) 42-минутта тағы алға шықты. Дегенмен, осыдан кейін айдын иелері шабуыл қарқынын одан сайын күшейтті. 50-минутта Дастин Бойд есепті теңестірсе, көп ұзамай команда капитаны Брэндон Боченски жеңіс голын соқты. Сөйтіп, «Барыс» өзінің тікелей қарсыласынан үш ұпайды жұлып алды.

– Д ə с т е н , ж и ы р м а жасыңызда, яғни 1974 жылы К С Р О - н ы ң с п о р т ш е б е р і атаныпсыз. Бұл үшін талай өткелектен өткен боларсыз?

– Қазалының төл тумасымын. Осындағы Қ.Сəтбаев атындағы онжылдық мектептің 7-сыныбынан-ақ грек-рим классикалық күресімен айналыстым. Оған Алматыдағы теміржол техникумын бітіріп келіп, тепловоз машинисі болып істейтін Рүстем ағам баулыды. Спорттық киімдерді алып беріп, мені сол күрестің бапкері Қуандық Бəкеновке табыстады. 9-сынып-та, яғни 1970 жылы Оралдағы Қазақстан біріншілігіне қатыстым. Бұл 18-19 жастардағы ересек-тер жарысы болса да, əлі 16 жасқа толмаған мені де апарды. Абыройым асып, Қазақстан бойын-ша 3-орын алып, спорт шеберінің кандидаттық нормасын орындаған с о ң « Қ а й р а т » қ о ғ а м ы н ы ң мүшелігіне қабылдандым.

– Онжылдықты біт ір іп , 17-ге толған соң Жамбыл гидромелиоративтік институ-тына түсіпсіз...

– Оның да себебі бар. Сол облыстағы грек-рим күресінің бапкері Тоқтаған Абаев менің жарыстарға қатысып, жүлде алғанымды білетін-ді. Сол ағай шақырды. Əрі оқы, əрі шеберлікті шыңдай түс деді. Оның үстіне Қазалыдағы бапкерім Қуандық Бəкенов те сонда барды. Сөйтіп, екеуінен бірдей тəлім алдым. Біраз елдерді араладым. Қола медальда-рын омырауыма тақтым. Қазақстан, Орта Азия студенттері арасында үш дүркін чемпион атандым.

– 1973 жыл болуы керек, Алматыда ауыл-село спорт-шылары арасында КСРО кубо-гын сарапқа салған одақтық жарысқа Грузия, Əзербайжан, Ө з б е к с т а н , А р м е н и я , Қазақстан палуандарымен күресте салмағы сізден едəуір артық Грузия спортшысымен айқасқаныңызды естіп едім. Сол жарыста чемпиондық тұғырға көтеріліпсіз?

– Əуелгіде байқағаным жоқ. Бойым оның иегінен келеді екен. 57 келі салмақпен түстім. Арт жағынан шығып, кеудемнен асыра лақтырмақ едім. Лақтыра алмадым. Тек бір ұпай алдым. Бірақ жамбасқа салып, жерге атып ұрдым. Таза жеңіс! Сөйтсем, бапкерім Қуандық Бəкенов бас төреші Я.Угрениковқа барып, Грузин палуанының салмағы əлдеқайда артық, өлшеңіз деді. Таразыға өлшесе, 69 келі 200 грамм шығыпты. Менің салмағымнан 12 келі 200 грамм артық.

– Балқаштағы қазақстандық б ір іншілікте КСРО спорт ш е б е р і н і ң н о р м а с ы н орындағаныңыз рас па?

– Онда екінші курстың студенті ед ім . Жарыс қорытындысы Мəскеуге жіберіледі-ау деймін. КСРО-ның шебері атағы Мəскеуден 1974 жылдың желтоқсан айын-да келді. Институт ректоры Марс Үркімбаев оны маған үлкен сал-танат үстінде тапсырды. Əне, бұл құрметке ие болуымның жайы осылай.

– Жамбыл гидромелиора-тивтик институтын бітірген соң Қазалы қаласындағы №8 кəсіптік-техникалық училище-ге жолдамамен келіп, бір жыл жұмыс істеген соң теміржолға инженер-механик болып ауы-сыпсыз...

– Бұл азаматтық құрылыс дис-танциясы ғой. Күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысады. Қазалы-Сексеуіл арасындағы теміржол бекеттерін қамтиды. Тұрғын үйлерді жөндейді. Оған трактор, автомашина, крандар пайдаланады. Солардың инженер-механигімін. 1981 жылы КПСС мүшелігіне кандидат, ал 1982 жылы КПСС мүшелігіне өттім. Партбюро хатшысы Индегов. Аупартком жас мамандарды күріш орағына жіберед і . Мен і Ғ .Мұратбаев атындағы колхозға бекітті. Күріш оратын комбайндардың үздіксіз жүруін қадағалаймын. Партиялық

Шағыров бəрін шаң қаптырды

ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕР ЖАРЫСЫНДА ҚАНАТ ШАҒЫРОВ 7-КЕЗЕҢНЕН КЕЙІН КӨШ БАСТАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАБАНДОЗ АРНАЙЫ УЧАСКЕНІҢ МƏРЕСІНДЕ ЕКІНШІ ЖƏНЕ ҮШІНШІ ОРЫНДАРҒА ШЫҚҚАН ЖЕРЕМИ ШУАСО МЕН РЕСЕЙЛІК АНТОН ГРИ-ГОРОВТЫ БАСЫП ОЗДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ MOTORSPORT.COM ХАБАРЛАДЫ.

«Мавританиядағы Africa Eco Race раллиінің 7-арнайы учаскесінен кейін Қанат Шағыров көшбасшылығын нығайта түсті. Оның экипажы аралық учаскеде жүк көліктері, мотоциклдер, суперпродакшен жəне тағы да басқалары арасында абсолюттік бірінші орынға шықты!», – деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында Mobilexracing командасы.

Қ.Шағыров автомобильдер арасында көшбасшылықты сақтай отырып, ең жақын бəсекелесін 54 минутқа кейінге қалдырды.

«Алдын ала мəліметтер бойынша, Қанат Шағыров пен Виталий Евтеховтың экипажы 7-кезеңдегі сөзсіз көшбасшы. Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмичтің экипажы, өкінішке қарай, бір саты төмен түсіп, жалпы есепте 7-орынға шықты. Құттықтаймыз! Жарыс əлі аяқталған жоқ, қалған шабандоздарымызды күтеміз!» – деп жазды команда Фейсбукте.

Полторанин 3-орынға көтерілді

ГЕРМАНИЯНЫҢ ОБЕРСТДОРФ ҚАЛАШЫҒЫНДА ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ӨТІП ЖАТҚАН «ТУР ДЕ СКИ» КӨПКҮНДІК ЖАРЫСЫНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ КЛАССИКАЛЫҚ СПРИНТТЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ЖҮЛДЕЛІ ҮШІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.

Vesti.kz сайтынан алынған мəліметке қарағанда, 1,4 шақырым қашықтықта норвегиялық Эмиль Иверсен жеңіске жетті. Одан екінші орын алған ресейлік Сергей Устюгов 1,03, ал қазақстандық шаңғышы 1,40 секундқа қалып қойды. Есесіне А.Полторанин атағынан ат үркетін норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю мен Петтер Нортугты, сондай-ақ, неміс Себастьян Айзенлауэр сияқты мықтыларды артта қалдырды.

Еске сала кетейік, «Тур де Ски» жарысының Швейцарияның Ленцерхайде мекенінде өткен екінші жəне үшінші кезеңінде А.Полторанин бесінші жəне жетінші орынды иеленген болатын. Демек, осы жолы оның жүлдеге ілігуі заңдылық. «Тур де Ски» жарысының бесінші кезеңі Оберстдорфта, алтыншы кезеңі Италияның Тоблах, жетінші жəне қорытынды сегізінші кезеңі Валь ди Фиемме (бұл да Италияда) мекенінде өтеді. Осы бəсекелерде де Қазақстанның көшбасшы шаңғышысы жүлдеге таласа алады.

«Барыс» «Автомобилистен» айласын асырды

ПАЛУАН АТАНҒАН ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ АЙБОСЫНОВ ДƏСТЕН ӨМІРЗАҚҰЛЫ – ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ ƏРІ КСРО-НЫҢ СПОРТ ШЕБЕРІ. МИЛИЦИЯ ҚАТАРЫНА 1983 ЖЫЛЫ 29 ЖАСТА КЕЛІП, 49-ҒА ЖЕТКЕНДЕ, ЯҒНИ 2003 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН. ОСЫ ЖИЫРМА ЖЫЛ ІШІНДЕ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНАН ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ОДАН ҚАЗАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖƏНЕ АРАЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІН БІРНЕШЕ ЖЫЛ БАСҚАРЫП, ЛЕЙТЕНАНТТАН ПОДПОЛКОВНИК ШЕНІНЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛГЕН. ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚСА ДА ҚАЗІР АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, АРАЛ, СЕКСЕУІЛ, ҚАЗАЛЫ, ТӨРЕТАМ АЙМАҒЫН ҚАМТИТЫН «САМАЙ» КҮЗЕТІН БАСҚАРАДЫ.

тапсырма деп, əлсін-əлі қоғамдық істерге араластырады.

– Ал аса жауапты сала поли-ция қызметіне қалай келдіңіз?

– 1983 жылдың наурызында парторг Индегов «Аупарткомның бірінші хатшысы Елу Көшербаевтың қабылдауына барамыз, жақсылап киініп кел» деді. Бардық. Хатшының алдында аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Ш.Дүйсенбаев, саяси жұмыс жөніндегі орынба-сары Қ.Суханов, сол бөлімдегі парторг Е.Смағұлов отыр екен. Е.Көшербаев: «Жастар ара-сында тəртіпсіздік, бұзақылық, қылмыстық əрекеттер көп. Соған өзіңдей белсенді коммунист ке-рек. Əрі спорт шебері екенсің. Осы бөлімге жолдама бермекпіз. Отбасыңда кімдер бар?» – деді. «Əкем соғыс ардагері, милицияда істеген. 1969 жылы дүние салды. Мен онда 15 жаста едім. Анам – Əмина, əйелім жəне бір балам бар, 29 жастамын, еңбек өтілім 7 жыл» дедім. «Семьяңмен ақылдас. Хабарын ертең бер» деді. Семья келісті. Институтта əскери кафе-дра болған. Шенім аға лейтенант. Ш.Дүйсенбаев бірден қылмысты іздестіру бөліміне жедел уəкілдікке ұсынып, облысқа жіберді. Генерал Бүркітбаев демалыста екен. Бұйрыққа оның орынбасары, пол-ковник А.Сағымбаев қол қойды. – Сөйтіп, уақытпен санаспай, күн-түн демей жұмыс істедіңіз...

– Солай десе де болады. Осы қылмысты іздестіру бөлімінде 14 жыл өмірім өтті. Кейін осы бөлімді басқардым да. Мен келгенде бөлімде үшеу едік. Капитандар Əбілəкім Жүрманбетов пен Егізбай Жайманов жəне мен. Өзімді осы Егізбайдың шəкірті санадым. Апта өтпей-ақ бір мекеменің жүк, ал вокзалдың алдынан «Газ-69» көліктері жоғалды. Зым-зия. Əрине, үлкендердің ісі емес. Жүк көлігінің ізі Қызылқұмдағы Кəукей ауылы-нан шықты. Байланыс бөліміне түсіп, ұсақ-түйек заттарды алған. Əр жерден сондай заттарды жымқырған да көлікті далаға тас-тап кеткен. Кəмелетке толмаған үш жасөспірімнің ісі екен. Екі-үш жылға қамалды.

– Түк жазығы жоқ екі жігітті кеңірдегінен орып ж і б е р г е н қ ы л м ы с к е р д і қ ұ р ы қ т а ғ а н ы ң ы з д ы естігенмін...

– Ол былай болды. Қараша айының 6-7-сі күні бір тəулік кезекшілікке тұрып шыққанмын. Енді бір тəулік демалуым ке-рек. Балдызым үйленетін болып, теміржолдың арғы бетіндегі бе-ташар жырауды іздеп түнгі сағат 21:00 шамасында стадионның қуысынан өте бергенімде, үш жігіт шыға келді.

Тани кеттім. Алдында ұрлықпен ұсталып, бес жылға сотталып кел-ген, есепте тұратын, есімі Əкім деген бұзақы еді.

– Ə-ə, сіз бе едіңіз, кешіріңіз... – деді де бұрылып жүре берді.

Ертеңіне жұмысқа келсем, бəрі у-шу. «Не болып қалды?!» деп сұрасам, «екі жігітті бауыз-дап кетіпті, бірі сол арада жан тапсырған. Екіншісі аурухана-да жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр» деді.

– Оқиға қай жерде жəне қай мезгілде болған?

– Түнгі сағат 23-24 аралығында, тем іржол вокзалы жақтағы стадионның ішінде...

– Жүр, көрсет!Сол түнде, мен теміржолдың

арғы жағына өтердегі қуыста болған. Десе де, зерттей түсу ке-рек. Ішкі істер бөлімінің бастығы Толысбек Мырзабеков облысқа хабарлап, ол жақтан милиция полковнигі Бухаров бастаған 5 адам жəне облыстық прокурату-радан ауыр қылмысты зерттейтін Бексұлтан Аралбаев келд і . Ал мен өзімше із кесе бердім. Күдіктіге санаған Əкім М.Шоқай көшесінде тұратын-ды. Үйінен таппадық. Желтоқсан көшесіндегі апасының үйінде болуы керек деген ақпарат алдық. Полиция мектебін бітіріп, практикаға кел-ген С.Бақтыбергенов пен сержант Қ.Сарқұловты сол үйді аңдуға қойдым. Екі тəулік өтті. Кірген де, шыққан да ешкім жоқ деді. Үшінші тəулікте өзім қосылдым. Кешкі елең-алаңда қолында пакеті бар, 14-15 жас шамасындағы қыз бала келіп терезені саусағымен тоқылдатты. Есік жартылай ашылды. Қыз бала əлгі пакетті тапсырды да кетіп қалды. Тамақ əкелген. Демек, іздегеніміз осы үйде. Бір-екі сағат өткен соң біз де терезені тықылдаттық. Есік жартылай ашылды. Қылмыскер ұсталды. Сол мен күдіктенген Əкім екен. Мойындамайды. Ауруханада жатқан Мейрамбек Ноғаевпен кездестірдік. Ол жазбай таныды. Содан кейін барып облыстан келген комиссияға мəлім еттік. Қылмыскер 12 жылға қатаң жазаға кесілді.

– Қазалы қаласындағы кей-уананы буындырып өлтіріп, бес жасар немересін жанына байлап кететін бұзақының қылмысы қалай ашылды?

– Ол Нұрмановтар отбасы еді. Кейуана жетпістен асқан. Күнкөріс үшін базарда шемішке сататын-ды. Ақша бар деп ойлаған ғой. Қылмыскер бір терезені толайым көтеріп алғанда терезе жақтауында төрт саусақтың ізі қалыпты. Жəне жерге түкірген қақырық алынды. Эксперт Жəдігер Өтепов екі айғақ та бір кісінікі деп тапты. Сонымен, қаладағы 300-ден астам адамның саусақ таңбасын алдық. Біреуінің саусақ таңбасы əлгі екі айғаққа сəйкес келді. Ол он алтысында төбелеске қатысып сотталып, түрмеден босап келгеніне бір ай өткен Батырбеков еді. Он бір жыл-ды арқалап тағы кетті. Сонда ол небəрі жиырма жаста еді.

– С о ң ғ ы с а у а л ы м м а л ұрлығына қатысты. Оларды қазақ «барымташы» дейді. Сондай сұғанақтың бірін Қарақалпақ елінің сонау Тақтакөпір қаласына дейін қуыпсыз. Арақашықтық 506 шақырым. Шекарадан өтіп кеткесін де ізінен қалмапсыз...

– Қыркүйек айы еді . Қала іргесіндегі Абай ауылының тұрғыны Байтөреев жайылымдағы төрт си-ырым ұрланды деп шағымданды. Қылмысты іздестіру бөліміндегі аға жедел уəкіл кезім. Бастық шақырып: «Ботай (жалған аты), «досың» баяғы əніне қайта басыпты. Шындап айналыс», – деп Байтөреевтің шағымын алдыма тастады. «Досың» дегені бұрын да мал ұрлығымен əлденеше рет қолға түскен Болатбек Естенқұлов деген атышу-лы баукеспе еді. Жаныма Қазалы

қаласының учаскелік милиция ин-спекторы Жеңіс Күртебевты ертіп, мотоциклмен Құмжиек, Басықара ауылдарын аралап, іздестірдік. Басықарадан 7-8 шақырымдағы Томай қыстағындағы малшылар екі аттылының осыдан 4-5 күн бұрын мал айдап өткенін айтты. Қалаға қайтып келіп, автобаза ди-ректоры Кетебай Смағұловқа мəн-жайды түсіндірген соң «КамАЗ» көлігін берді. Шопыры Бақытбек Қошқаров. Қызылқұм жақтағы Бозкөл, Қызылқұм кеңшарын шарладық. «Көрдім, білдім» деген ешкім жоқ. Қарақалпақстанмен ше-каралас «Ақтан-қарақызға» жеттік. Сөйтіп, екі жүз шақырымнан астам жолдан өттік. Мұнда жалғыз үй қалыпты. Ақсақалдың есімі – Шəкен. Шөмекей ағайын. Қонақжай. Əрі-бері өткендер бұл үйге соқпай кетпейді. Малды, ауқатты. Мал жайын жақсы біледі. Екеуміз атқа мініп бұлақтарды жағаладық. «КамАЗ» ізімізден еріп жүрді. Бір бұлақ басынан кешке қарай мал ізін көрдік. Шəкен ақсақал барлап келіп: «е-е, балам-ай, – деді ойла-нып тұрып, – төрт бас емес, 32 бас сиырдың жəне 2 аттылының ізін көріп тұрмын. Аттылының бірі осы арадан кейін қайтқан. Сірə, ұрлық малды осы араға дейін шығарып салған болар...»

Шəкеннің үйіне қайттық. Əуелгіде бастық «досың» деп атаған Ботайдың (Болатбек Есенқұлов) бұған араласы болмас деп түйгем. Өйткені, ол 4-5 басқа қолын былғамайды. Жылқыны үйірімен, ірі қараны табынымен айдайды да, шет жаққа зытырып жібереді. Енді мал басы 32 деген соң ойым сол Ботайға ауа берді. Не істеу керек? Шекарада тұрмыз. «Ұры шекарадан асып кетіпті» деп кері шегінсек қалай болады? Малдың қолды болғанына да он бір тəулік өткен. Жо-жоқ, болмайды!..

– Шəкен көке, біз ілгері жылжи-мыз, Тақтакөпір ауданына баратын жолдың сызбасын жасап беріңіз, – деп өтіндім.

– Ой-й, жігіт-ақ екенсіңдер, əлі де үш жүз шақырымдай сапар шегесіңдер, алдыңда Нысан деген ауыл бар. Сонда Қазтуған, Ұлтуған есімді қарттар тұрады, қағаз жазып берейін, көмектеседі», – деді.

Жеделдете отырып Нысан ауылына келдік. Қазтуған мен Ұлтуғанды таптық.

– Иə - ə , Шəкен бе , ой - й , арыстаным-ай, – деді Қазтуған хатты оқып. – Ақылгөй, атымтай жомарт адам ғой. Қайдам, ұры ма, басқа ма, осыдан екі күн бұрын сиыр айдап, ірі денелі, белді атты, дəу кісі өтті. Геркулес дерсің. Көкнаршы-ау деймін, екі самаурын шай ішті. Бағыты—Тақтакөпір. Ол осы жерден 230 шақырым. Бірақ қалаға əлі жете қоймаған болар. Абай болыңдар, мұндай шалғайға жүрек жұтқан, өзіне сенген қарулы кəсіпқойлар жүреді...

Тəуекел деп Нысан ауылынан екі мотоциклді жігітпен келісіп жолға шықтық. Тақтакөпірге отыз шақырым қалғанда 32 сиырды иіріп қойып, ұйықтап жатқан «Дəудің» үстінен түстік. Жігіттер жүрексінді. Ол да сезді-ау деймін, ұйқыдан тұрып, жан-жағына алақтап, орнынан көтеріле бер-генде жолбарысша атылдым. Спортшымын ғой. Шалқасынан түсірдім. Жеңіс Күртебаев та жетіп, қолына кісен салды. 32 сиырды «КамАЗ»-ға тиеп, он жеті тəулік өткізіп қалаға жетіп, малды Абай, Құмжиек, Басықара елді мекендердегі иелеріне қайтардық. Біз ұстаған Қарақалпақ азама-ты Батырхан Смайлов: «Мен ұ р ы е м е с п і н . М а л д ы А б а й колхозындағы Ботайдан (Болатбек Есенқұловтан) 500 сомға сатып алдым. Мені кездестіріңіз!» – деді. Əрине, кездестірдік. Қай-қайсысы да жазасыз қалған жоқ.

ТҮЙІН. Дəстен Айбосынов Ішкі істер министрлігінің І-ІІ-ІІІ дəрежелі жəне «ҚР ішкі істер қызметінің ардагері» ме-дальдарымен, «Қазақстан полициясына – 20 жыл» омырау белгісімен, Құрмет грамотасымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс əкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Алғашқы кеңес чекистерінің бірі Өмірзақ Түркебаевтың атына көше берілуіне, ауыр сырқатқа шалдыққан полиция қызметкері Оспанға қаржылық көмек берілуіне де айрықша ықпал етіпті.

Дəстеннің əкесі де, өзі де ішкі істер бөлімінің ардагері атан-са, қазіргі ұлы Амангелді осы саланың мақтаулы қызметкері. Оларды тəртіп күзетіндегі отбасы десе де болады.

«Бақыт дегеніміз тек бейбітшілікте ғана шалқиды, ырыс та, береке де, жер бетіндегі бірлік те, ынтымақ та осы тыныштықта жатыр», – дейді полиция подполковнигі əрі КСРО спорт шебері Дəстен Өмірзақұлы.

Шəкірат ДƏРМАҒАМБЕТҰЛЫ, зейнеткер, Қызылорда облысы,Қазалы ауданының Əйтеке би кенті

Page 8: Сақшы №02 (4168)

СӨЗ СОҢЫ№2 (4168), бейсенбі, 7.01.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14135Тапсырыс: №1936

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МҮСІЛІМ, Жадыра МЫРЗАХМЕТОВАТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

КЕРЕК ДЕРЕК

Күле отырыңыз!

ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСІН!

АРТЫҚ КИІМНЕН АРЫЛЫҢЫЗ Мешін жылы туғандардың мінезі қандай?

«Сіздер менің тек көк жəне сұр ко-стюмдер киіп жүргенімді көресіздер ғой. Қандай киім киемін деп ойлағым келмейді. Менің одан да маңызды мəселелерім көп», – дейді Барак Обама. Қандай киім киемін деген шешім қабылдаудың өзі миға артық салмақ салады. Жаңа шешім қабылдау үшін қажетті энергия шығындалады. Шындығында, түрлі киім-кешектер коллекциясының құндылығы тым жоғары емес. Егер сіз пəтердегі үлкен шкафты босатсаңыз, айтарлықтай көп нəрсе өзгермейді. Керісінше:

• Қалтаңызда артық ақша көбірек қалады;

• Т а ң е р т е ң к и і м т а ң д а й т ы н уақытыңызды өзге пайдалы жұмысқа арнауға болады;

• Не кисем екен деген ой азырақ ма-залайтын болады;

• Ки ім жуу туралы мəселе де оңтайланады.

1. Киімдеріңіздің тым көп екендігін мойындаңыз. Ең тиімді əдіс – осы.

2. Ұнайтын түстегі киімдеріңізді ғана қалдырыңыз. Бəріміздің сүйікті түстеріміз болады. Ажарыңызға ажар қосатын киімдерді алып қалыңыз да, қалғанына қош айтыңыз.

3. Сатыңыз немесе игі іс жасаңыз. Қажет емес заттарды сатудың əдістері өте көп. Мəселен, olx.kz, market.kz сайт-тарында қалаған дүниені сатып алып қана қоймай, сатуға да болады. Секонд-хенд, яғни киілген киімдерді өлшеп

МЕШІН ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН АДАМ ҮШІН ӨМІР ҮЛКЕН ОЙЫНМЕН ТЕҢ. ОЛ ӨТЕ ПЫСЫҚ, БАРЛЫҒЫН ЖЫЛДАМ ТҮСІНЕДІ, ТЕК ӨЗІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ОЙНАЙДЫ. СЫРТ КӨЗГЕ ЖЕҢІЛТЕК БОЛЫП КӨРІНГЕНМЕН, БАРЛЫҒЫНА МƏН БЕРІП, ІСІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙДЫ.

Көпшіліктің көзайымына айналғанды жақсы көреді. Жұрт айтқан əңгімесі мен əзілін аузын ашып отырып тыңдайды. Өзі кекетіп, мұқатып жүретін достары да көп. Алайда, кейде артық кетіп қалатын тұстары да болады.

Мешін жылы туған жандардың мақсаты мен түпкі ойын көп адам біле бермейді. Алғашында оның пікірі ойға сыймайтын əңгімедей болып көрінуі мүмкін. Шындығында олай емес. Жылдам ойлау қабілетінің арқасында кез келген ақпаратты тез қабылдайды.

Айналасындағы адамдарды жіті бақылап, олар туралы ақпарат жинағанды жақсы көреді. Осылайша билікті қолына алады. Қызмет пен жұмыс мəселесіне келсек, мешіндерге шыдамдылық пен табандылық сынды қасиеттер жетіспейді. Шоу бизнес, журналистика, саясат сынды салаларда жұмыс істегенді ұнатады.

APPLE-ДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ СТИВ ДЖОБС, FACEBOОK БАСШЫСЫ МАРК ЦУКЕРБЕРГ ЖƏНЕ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ БАРАК ОБАМАНЫ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ОРТАҚ НƏРСЕ БАР. ОЛАР ҮНЕМІ БІР КИІМ КИЕДІ. СТИВ ДЖОБС ҚАРА ВОДОЛАЗКА, КӨК ДЖИНСЫМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. АҚ ҮЙДІҢ ИЕСІН ТЕК КӨК ЖƏНЕ СҰР КОСТЮММЕН, АЛ ЦУКЕРБЕРГТІ СҰР ЖЕЙДЕ ЖƏНЕ ДЖИНСЫМЕН КӨРЕМІЗ. БАРЛЫҒЫ МҰНДАЙ ƏДЕТТЕРІН АРТЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП, МИДЫҢ ЭНЕРГИЯСЫН ЖҰМСАУДЫ ҚАЛАМАЙТЫНДЫҚТАРЫМЕН ТҮСІНДІРЕДІ.

қабылдайтын д ү к е н д е р саны өте көп. Ақша аз түседі д е м е с е ң і з , қ о қ ы с қ а та с та ғаннан г ө р і б і р ж ы р т ы қ т ы жамауға жетері сөзсіз. Сондай-ақ, ВКонтакте немесе Facebook желілерінде түрлі топтар мен парақшалар бар. Бұл сізге қосымша ақша мен жайлылық сыйлайды. Немесе, балалар үйіне не мешітке апарыңыз. Екінші əдістің сіз үшін пайдасы зор, сауабы мол.

4. Əр маусымнан кейін есеп беріңіз. Бір маусым аяқталған соң, оны келесі жылы киесіз бе, кимейтін болсаңыз — оны гардеробта ұстамаңыз. Таратып беріңіз немесе сатып жіберіңіз. Күз бітті, қыс келді. Күздік киімдеріңізді бір қарап шығыңыз.

5. Киімді кезеңмен алыңыз. Қыстық киім алатын болсаңыз, бір күнді арнап, кейін бармайтындай болыңыз. Себебі, бір жолы аяқ киім үшін келсеңіз, бір кел-генде бас киімді де ала кетейін дейсіз. Мойынорағышпен қоса, қолғап та ке-рек болады дейтініңіз де белгілі. Сол себепті шекті сомамен қоса, барлығын бір барғанда алып алыңыз. Барғанда ақшаңыз шектеулі болған соң, ақылмен жұмсайсыз. Ал, нақты жоспарсыз барсаңыз — шығынға батып қалуыңыз əбден мүмкін.

6. Саннан — сапаға. Киімнің саны емес, сапасы маңызды. Сол себепті, арзанға əуес болмай, ұзақ уақыт киюге де , б і р жерге шыққанда ұялмай киюге де келет ін ки імд і алған жөн. Бір күз ғана киюге жа-рамды күртеше алып, келесі жылы сол үшін тағы ақша жаратқан кімге пайдалы?

7 . Жең ілд ік — жақсы, б ірақ… Жеңілдіктер жыл бойы жүріп жата-ды. Əсіресе, бір маусымнан келесі маусымға өтер сəтте көбейіп кетеді. Бірінші ретте, ол жеңілдіктің жасалу мақсатын дұрыс ұғынған жөн. Жеңілдік қандай заттарға жасалады? Бір жері бүлінген, қоймада қалып қойған неме-се артылған киімдерге ғана жеңілдіктер беріледі. Бағасының арзан екенін көріп, барлығын бірден алуға құмар болмаңыз. Бəрін салмақтап барып, сауда жасаңыз.

Нағыз дағдарыс енді келе жатыр дегенді жиі естиміз.Ендеше, ақшаны барынша ақылмен жұмсауды бүгіннен бастау керек. Киім-кешектеріңізге бір көз салыңызшы…

2006 жыл. Кевин Систром кофе автоматының жанында тұрған. Қасына Фейсбуктың негізін қалаған Марк Цукерберг келеді. Олар осыдан бір жыл бұрын да кездескен. Ол кезде Цукерберг Систромға Стэнфордтың соңғы курсын бітірместен оқуды тас-тап, Фейсбукке арналған фотосервис жасауға көмектес деген ұсыныс жасаған болатын.

«Барлығына да үлгеруге болады. Сол себепті, алдымен асықпай оқуымды аяқтап алғаным жөн деп шештім, – дейді бір сұхбатында Систром. – Жүрегім алдамаған екен. Əрине, дайын стартапқа келіп қосылып, ақша тапқан жақсы. Бірақ адам өз мүмкіндігінің шегін бір байқап көрсе –артық болмайды».

Систром ұсыныстан бас тартады. Оның басы идеяларға толы жүретін. Үнемі арнайы семинарларға барып, кəсіпкерлермен танысып алатын. Соның арқасында бойына сенімділік жинап, тезірек жаңа істі бастауға күш алып отыратын.

Бір таныс бизнесменнің көмегімен əлеуметтік желілердің кей қасиеттері бар, сурет салынатын жəне геотарге-тинг мүмкіндіктерімен жабдықталған Burbn қосымшасын жасап шығарады. Кевиннің өзі сурет түсіргенді ұнатады. Кейін ол танысуға арналған сайт жа-сап жүрген Майк Кригер атты жігітпен танысып, өзінің қосымшасын дамытуға шақырады.

Алғашқы ауыртпалықтарҚанша жерден мықты идеялар туын-

дап, энергия тасып жатса да, көңіл қалып,

Əуе апаттары құрлық көліктеріне қарағанда бірнеше есе аз орын алады. БҰҰ-ның санағы бойынша, ұшақ əрбір миллионыншы ұшып өтуде бір-ақ рет апатқа ұшырауы мүмкін екен. Егер мұны өзге көлік түрлерімен салыстырар болсақ, əлдеқайда тиімдірек екенін байқайсыз. Ұшақ апатының 50% жағдайы ұшқыштар жіберген қателіктерден болады, 7%-да басқа экипаж мүшелерінің себептерінен туындаса, 22%-ы техникалық ауытқулар, 12%-ы ауа райының қолайсыздығы, 9%-ы қасақана жасалады екен.

Жақында Ұлыбританияның «Daily Mail» басылымы əуе кемесі туралы қарапайым халық біле бермейтін құпияларды жариялады. Ендеше оқи отырыңыздар.

Ұшақтардың ақауы ұшу кезінде байқаладыҰшақтар кезекті сапар алдында толықтай тексеріледі. Алайда, ұшақтардың

ұшу алаңында ақаулары көп байқала бермейді. Нəтижесінде көбіне істен шыққан құрылғылары мен ақаулары əуеде жөнделеді екен.

Ұшқыштар да ұйықтайдыƏуеде жолаушылар секілді ұшқыштар да ұйықтайды. Əрине екеуі бірдей емес,

кезектесіп. 2012 жылы ұшқыштар арасында сауалнама жүргізгенде, олардың жартысынан көбі ұшу кезінде көз шырымдарын алатынын жасырмаған. Себебі, ұшақ биіктікке көтерілген соң автоұшу «тəртібіне» қойылады. Ал ұшқыш ұшақты қондыру кезінде тың болуы керек.

Ұшқыштарға түрлі тағамдар ұсыныладыЖолаушыларға қарағанда ұшқыштар тамағына баса мəн беріледі. Оларға ар-

найы тағамдар да дайындалады. Сондай-ақ, əуе кемесін басқарушылар өздерімен бірге тамақ алып жүруіне болады.

Барлық ұшаққа найзағай түскенҰшаққа жылына кем дегенде бір рет найзағай түседі. Десе де табиғаттың тосын

мінезі ұшаққа аса қатты зиян келтіре бермейді.

LIKE ҚОЮҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚОСЫМШАБҮГІНДЕ INSTAGRAM ТУРАЛЫ БЕСІКТЕГІ БАЛА МЕН АМАЗОНДАҒЫ ҮНДІС ТАЙПАЛАРЫ ҒАНА БІЛМЕЙТІН БОЛАР?! ЕҢКЕЙГЕН ҚАРТТЫҢ ӨЗІ ҚОЛДАНБАСА ДА, ЕСТІГЕН. БАЛА КЕЗДЕГІ СУРЕТ САЛАТЫН АЛЬБОМДЫ АУЫСТЫРҒАН ҚОСЫМШАНЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ ЕДІ? ЕНДЕШЕ БҰЛ ЖАЗБАМЫЗ IT САЛАСЫНДА ЖОЛЫМ БОЛЫП КЕТСЕ ҒОЙ ДЕП АРМАНДАП ЖҮРГЕНДЕРГЕ МЫҚТЫ МОТИВАЦИЯ БОЛМАҚ.

қ о л д ы б і р с і л т е г і ң келетін кез-д е р б о л а -ды. Сондай с ə т т е р д е С и с т р о м : «Майк, до-стым, бəрін қ о я л ы қ . Б і з д і ң қолымыздан келмейді-ау.

Бəсекелестік деген көп. Мына жо-баны дамытамыз дегенше шығынға белшесінен батып бітетін болдық» деп сағы сынады.

Burbn-ның жолы ауыр деп, қоя салған күйі өзге қосымша жасап көруге бел буады. Кевин ұзақ ойлана келе сапасыз суреттердің өзі əдемі етіп көрсететін сервис ойлап табу керек деп шешеді.

Жұмысқа білек сыбана кіріскен олар 2010 жылдың 6 қазанында App Storе-ға алғашқы сынақтық үлгісін орналасты-рады. Бастапқы кезде бұл қосымша тек Apple өнімдеріне ғана қолжетімді болған еді. Сол күні-ақ тегін қосымшаны жүктеп алып, қолдануды бастағандардың саны жылдам көбейе бастайды. Тіпті, сервер құлап қалмас үшін болашақ миллионер-лер таңға дейін тер төгіп, бақылаумен болады.

Ертеңіне таңертең Инстаграмның пайда болғаны туралы Битс Блог жəне Техкранч атты атақты ресурстар жа-зады. Оны естіген жұрт бірден жүктеп алып жатады. Алғашқы күні-ақ 25 000 қолданушының алғаны — App Store тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі болып есте қалады.

Инстаграм көпшілікке ұнайды. Енді үсті-үстіне дамыта беру керек. Осы мақсатта менеджер болып Джош Ридель, инженер Шейн Суини, Джессика Золлман топқа қосылады.

Цукерберг тəуіп болғаны ма?Осыған дейін Инстаграмды сатып

алған Цукерберг не ойлады екен деген пікір тараған. Себебі, күні бүгінге дейін монетизацияға шықпаған еді.

Фейсбук басшысы 2012 жылдың 9 сəуірінде Инстаграмды 1 млрд долларға сатып алады. Фотосервис иелеріне компания 300 млн доллар беріп, өзінің 23 миллион акциясын беретін болады. Келісім бұзылған жағдайда Фейсбук тұрақсыздықтары үшін 200 млн дол-лар төлейтін болып шешіледі. Сатып алған соң 2012 жылдың 25 маусымында жаңарған 2.5.0 деген нұсқасы шығады. Нəтижесінде, Фейсбукпен байланыс үдей түседі.

Facebook-тың бұрынғы коммерциялық директоры Адам Д’Анджелоның айту-ынша: «Адамдар суреттерді сұмдық жақсы көреді. Сол себепті, фотосуретке деген қызығушылығыңыз жоғары болса, Инстаграм сіз үшін өте қолайлы».

«Əлемде не болып жатқанын бірнеше батырманы басу арқылы көрсетуге, бөлісуге болады. Елестетіп көрдіңіз бе? Бұл деген ің і з керемет қой. Достарыңызға көрсетесіз, жан-жақты хабардар болып отырасыз. Бастысы – ол зат сіздің қалтаңызға сыйып кетеді. Үлкен фотоаппарат та қажет емес», – дейді Кевин Систром туындысы туралы.

Ұшқыштар жасыратын 5 құпия

ӨЗГЕ КӨЛІКТЕРМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ҚАРАҒАНДА, ҰШАҚ ЕҢ ҚАУІПСІЗ КӨЛІК ТҮРІ САНАЛАДЫ. СОЛАЙЫ СОЛАЙ-АҚ ШЫҒАР. СЕБЕБІ, ƏРБІР 3 СЕКУНД САЙЫН ЖЕРГЕ БІР ҰШАҚ КЕЛІП ҚОНАДЫ ЕКЕН.

Бір күні турист Джунглида адасып кетіпті. Алдынан бір топ жабайы адамдар шығыпты.

Турист:– Еее, құдай, біткен жерім осы, - депті. Сол кезде аспаннан

бір сəуле түсіп:– Жоқ, сен бірінші тайпа көсемін өлтір, – депті. Содан ту-

рист тайпа көсемінің колынан пышағын жұлып алып көсемге сұғып алыпты. Сол кезде аспаннан тағы да сəуле түсіп:

– Мiне, енді точна біттің, – депті.

Ойлан, тап!

Қазақ қаласы

Сталлоне фильмі ... Қасымов Образ Ұшатын

аппарат

Орыс физигі

Химиялық элемент

Жеке кə-сіпкерлік

(орыс)

Баспасөз-мəслихаты

Қазақ тойының бір түрі

Абайдың əжесі

Қазақ руы Жұмыс бөлмесі Белгі

Парсы əншісі ... баға ... қарға Құрастырған

Ескендір ТАСБОЛАТОВ