8
№28 (4194), 14.04.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ БІРЛІК пен БЕЙБІТШІЛІК САММИТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ КІШКЕНТАЙ ҚҰТҚАРУШЫСЫ ЖАРАЙСЫҢ! ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ М.ҚҰЛДЫҚОВА, Ақтөбе қаласы ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАЗАСЫН- ДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЖОО АРАСЫНДА «АЙҚЫН БАҒДАР, МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. ЕЛІМІЗДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОФИСІ АШЫЛАДЫ ДАЙЫНДЫҚ МƏСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз əлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияға дайындық мəселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кеңеске Президент Əкімшілігі, Үкімет, Парламент Сенатының аппараты, уəкілетті мемлекеттік органдар басшылығының өкілдері қатысты. Г.Əбдіқалықова Мемлекет басшысының алғашқы жарлықтарының бірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім болғанын атап өтті. Қазақстан Президенті тəуелсіздіктің 25 жылы бойы жаһандық ядролық қарусыздану жəне оны таратпау мəселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақстан Президентінің бұл саладағы бастамалары 2016 жылғы 31 наурыз бен 1 сəуір аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі сам- митте жаһандық серпіліс тудырды. Мемлекет басшысы «Əлем. ХХІ ғасыр» атты манифест жариялап, ол БҰҰ Бас ассамблеясының жəне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мəртебесіне ие болды. Құжатта барша адамзаттың мүддесін қорғайтын өзекті тақырыптар бойынша Қазақстанның нақты ұстанымы айқындалған. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған халықаралық конференция Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін бо- лады. Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тап- сырма берді. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЯУДА ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ҚОСАҒАШ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 3 ЖАСАР БҮЛДІРШІНДІ СУДАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН 11 ЖАСТАҒЫ МҰХАМЕДƏЛИДІ МАРАПАТТАП, САЛТАНАТТЫ ШАРАДА СЫЙЛЫҚҚА ВЕЛОСИПЕД ТАРТУ ЕТТІ. Бұл оқиға наурыз айының соңында болған. Қосағаш елді мекенінде нөсерлі жауын-шашыннан кейін Қаржан өзені толып, арнасынан асып кетеді. Аулада жүрген 3 жасар Ақбілек ойынның қызығымен бір кездері үйінен алыстап кет- кен еді. Ойын баласы арнасынан тасып жатқан өзеннің жағасына келгенін де байқамай қалады. Бір кезде аяғы тайып кетіп, қас-қағым сəтте суға түсіп кетеді. Осы уақытта жас батыр Мұхамедəли жақын жерде мал бағып жүрген екен. Ағын судағы қызды көріп, ол ойланбастан суға секіріп, кішкентай бүлдіршінді жағаға алып шыққан. Сəбиді сүйреп əкелген ол жағада оған алғашқы медициналық көмек те көрсетеді. Мұхамедəлидің сауатты жəне Ғылыми шара Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, оқу орындарының өзара іс-əрекетін одан əрі жалғастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Конференция жұмысын ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Дастан Дəулетияров ашты. «Елбасы жастарға жақсы білім беруді, жарқын болашақ сыйлау- ды өзінің халыққа жолдаған Жолдауларының бағыттарында басты назарда ұстайды. Жастар – нақты іс-қимылдарының арқасында қыздың өміріне төнген қауіп те сейіледі. Кішкентай батырдың əрекеті нағыз ерлікке жатады. Өзінің кішкентайлығына қарамастан Мұхамедəли жағдайды дұрыс бағалап, ағын судан қорықпастан, дер кезінде көмекке келді. «Қосағаш» жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысының батырлығы Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшыларының назарынан тыс қалған жоқ. Салтанатты жиналыста департамент басшылығының атынан жас батырға Құрмет гра- мотасы мен естелікке сыйлық табысталды. Сонымен бірге, департамент бастығы, полковник А.Путейконың ықпалымен Мұхамедəли Құрақ «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» ведомстволық наградаға ұсынылды. Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі АЙҚЫН БАҒДАР, МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ тəуелсіз елімізді əлемге танытқан, көшбасшылық, көрегенділік қасиетімен əлемдік ірі саясаткер деңгейіне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасарлары», – деген ол конферен- ция жұмысын өткізуге келген қонақтарға рахмет айтып, сəттілік тіледі. ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы оқу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тұрдалы Қаратаев, Қазақ-орыс халықаралық университетінің құқықтану кафедрасының доценті Серік Бекмағамбетов, Ақтөбе облысының Жастар саясаты мəселелері басқармасының бас маманы Айгүл Есетова, ІІМ Алматы Академиясының мемлекеттік-құқықтық пəндер кафедрасының оқытушысы Виталий Хан, ІІМ Алматы Академиясының əкімшілік-құқықтық пəндер кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Əсем Əнес, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының магистранты Аслан Шəргенов «Айқын бағдар, мерейлі міндет» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен шығармашылық жұмыстардың жалғасын табатындығына сенім білдірді. Өткізілген конференция жұмысын қорытындылай отырып, конференция жұмысына қатысқандар алғыс хат, диплом жəне сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, конференция қонақтары Шығыстың қос жұлдызының бірі – Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың мұражайына саяхат жасады. Кеше ҚР Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру мен даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру жəне олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы қаралды. ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов жалпы отырыста аталған заң жобасы туралы баяндама жасады. «Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастығын əрі қарай нығайту үшін 2016 жылы 21 қаңтарда Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында Қазақстанда кеңселер құру жəне олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қойылды. Аталған келісім бұдан бұрынғы 1994 жылғы Алматы қаласында тұрақты өкілдік құру туралы келісімді алмастырады. 2001 жылы Астана қаласында өкілдік ашылғаннан кейін Алматыдағы офис аумақтық офис мəртебесіне ие болып, бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы қызметін қамтамасыз етеді»,– дейді вице-ми- нистр. Айта кетейік, 1992 жылдан бері дүниежүзілік банк Қазақстанға 6,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция жасаған. «Бұл қаражат жол жəне əлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, шағын жəне орта бизнес бəсекелестігін арттыруға, білім жəне денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға, ке- ден жəне салық жүйелерін əкімшілендіруді оңтайландыруға, қоршаған ортаны қорғауға жəрдемдесуге бағытталды. Сонымен бірге, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы инвестициялық қызметінің жарқын көрінісі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дəлізі болып табылады», деді М. Құсайынов. 2014 жылдың мамыр айында мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасында 2016-2021 жылдарға арналған жалпы құны 4,9 млрд долларды құрайтын келісімге қол қойылды. Мəжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ИС- ЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ XIII САММИТІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАР- ЛАДЫ. Бұған дейін хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұл қаласына барды. Сапар барысында Мемлекет басшысының Ыстамбұл қаласында 4-15 сəуір аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу көзделген. Бүгінде Ислам ынтымақтастық ұйымына 57 ел мүше. Тағы 5 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым байқаушы мəртебесіне ие. Осылайша бұл ұйым БҰҰ-дан кейінгі іргелі бірлестік са- налады. Ыстамбұл саммиті күллі ислам əлемі үшін маңызды шараға айналмақ. Таяу Шығыс, Африка мен Азия құрлығындағы əскери-саяси, əрі əлеуметтік-экономикалық дағдарыс белең алып тұрған күрделі кезеңде өткелі тұр. Халықаралық терроризмнің ушығуы мен көші-қон да – өз алдына бір мəселе. Сондықтан алдағы мəжіліске «Бірлік пен ынтымақ, əділдік пен бейбітшілік үшін» деген тақырып қойылып отыр. Жиыннан төрткіл дүниеге хабар тарату үшін қазірдің өзінде 700-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тіркелді. Олардың дені – ұйымға мүше елдер мен Түркияда аккредиттелген тілшілер. Естеріңізге сала кетейік, Ислам ынтымақтастық ұйымы 1969 жылы құрылған.

Сақшы №28 (4194)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №28 (4194) 14.04.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №28 (4194)

№28(4194),

14.04.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

БІРЛІК пен БЕЙБІТШІЛІК САММИТІ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ КІШКЕНТАЙ ҚҰТҚАРУШЫСЫЖАРАЙСЫҢ!

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

М.ҚҰЛДЫҚОВА, Ақтөбе қаласы

ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАЗАСЫН-ДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЖОО АРАСЫНДА «АЙҚЫН БАҒДАР, МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

ЕЛІМІЗДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОФИСІ АШЫЛАДЫ

ДАЙЫНДЫҚ МƏСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

М е м л е к е т т і к х а т ш ы Г ү л ш а р а Ə б д і қ а л ы қ о в а н ы ң т ө р а ғ а л ы ғ ы м е н Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз əлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияға дайындық мəселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске Президент Əкімшіл іг і , Үк імет, Парламент Сенатының аппараты, уəкілетті мемлекеттік органдар басшылығының өкілдері қатысты. Г.Əбдіқалықова Мемлекет басшысының алғашқы жарлықтарының бірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім болғанын атап өтті. Қазақстан Президенті тəуелсіздіктің 25 жылы бойы жаһандық ядролық қарусыздану жəне оны таратпау мəселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақстан Президентінің бұл саладағы бастамалары 2016 жылғы 31 наурыз бен 1 сəуір аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі сам-митте жаһандық серпіліс тудырды.

Мемлекет басшысы «Əлем. ХХІ ғасыр» атты манифест жариялап, ол БҰҰ Бас ассамблеясының жəне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мəртебесіне ие болды. Құжатта барша адамзаттың мүддесін қорғайтын өзекті тақырыптар бойынша Қазақстанның нақты ұстанымы айқындалған. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған халықаралық конференция Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін бо-лады. Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тап-сырма берді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЯУДА ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ҚОСАҒАШ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 3 ЖАСАР БҮЛДІРШІНДІ СУДАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН 11 ЖАСТАҒЫ МҰХАМЕДƏЛИДІ МАРАПАТТАП, САЛТАНАТТЫ ШАРАДА СЫЙЛЫҚҚА ВЕЛОСИПЕД ТАРТУ ЕТТІ.

Бұл оқиға наурыз айының соңында болған. Қосағаш елді мекенінде нөсерлі жауын-шашыннан кейін Қаржан өзені толып, арнасынан асып кетеді. Аулада жүрген 3 жасар Ақбілек ойынның қызығымен бір кездері үйінен алыстап кет-кен еді. Ойын баласы арнасынан тасып жатқан өзеннің жағасына келгенін де байқамай қалады. Бір кезде аяғы тайып кетіп, қас-қағым сəтте суға түсіп кетеді. Осы уақытта жас батыр Мұхамедəли жақын жерде мал бағып жүрген екен. Ағын судағы қызды көріп, ол ойланбастан суға секіріп, кішкентай бүлдіршінді жағаға алып шыққан. Сəбиді сүйреп əкелген ол жағада оған алғашқы медициналық көмек те көрсетеді. Мұхамедəлидің сауатты жəне

Ғылыми шара Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, оқу орындарының өзара іс-əрекетін одан əрі жалғастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Конференция жұмысын ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Дастан Дəулетияров ашты. «Елбасы жастарға жақсы білім беруді, жарқын болашақ сыйлау-ды өзінің халыққа жолдаған Жолдауларының бағыттарында басты назарда ұстайды. Жастар –

нақты іс-қимылдарының арқасында қыздың өміріне төнген қауіп те сейіледі.Кішкентай батырдың əрекеті нағыз ерлікке жатады. Өзінің кішкентайлығына

қарамастан Мұхамедəли жағдайды дұрыс бағалап, ағын судан қорықпастан, дер кезінде көмекке келді. «Қосағаш» жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысының батырлығы Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшыларының назарынан тыс қалған жоқ. Салтанатты жиналыста департамент басшылығының атынан жас батырға Құрмет гра-мотасы мен естелікке сыйлық табысталды. Сонымен бірге, департамент бастығы, полковник А.Путейконың ықпалымен Мұхамедəли Құрақ «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» ведомстволық наградаға ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

АЙҚЫН БАҒДАР, МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

тəуелсіз елімізді əлемге танытқан, көшбасшылық, көрегенділік қасиетімен əлемдік ірі саясаткер деңгейіне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасарлары», – деген ол конферен-ция жұмысын өткізуге келген қонақтарға рахмет айтып, сəттілік тіледі.

ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы оқу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тұрдалы Қаратаев, Қазақ-орыс халықаралық университетінің құқықтану кафедрасының доценті Серік Бекмағамбетов, Ақтөбе облысының Жастар саясаты мəселелері басқармасының бас маманы Айгүл Есетова, І ІМ Алматы

Академиясының мемлекеттік-құқықтық пəндер кафедрасының оқытушысы Виталий Хан, ІІМ Алматы Академиясының əкімшілік-құқықтық пəндер кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Əсем Əнес, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының магистранты Аслан Шəргенов «Айқын бағдар, мерейлі міндет» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен шығармашылық жұмыстардың жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Өткізілген конференция жұмысын қорытындылай отырып, конференция жұмысына қатысқандар алғыс хат, диплом жəне сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, конференция қонақтары Шығыстың қос жұлдызының бірі – Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың мұражайына саяхат жасады.

Кеше ҚР Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру мен даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру жəне олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы қаралды.

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов жалпы отырыста аталған заң жобасы туралы баяндама жасады.

«Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастығын əрі қарай нығайту үшін 2016 жылы 21 қаңтарда Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында Қазақстанда кеңселер құру жəне олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қойылды. Аталған келісім бұдан бұрынғы 1994 жылғы Алматы қаласында тұрақты өкілдік құру туралы келісімді алмастырады. 2001 жылы Астана қаласында өкілдік ашылғаннан кейін Алматыдағы офис аумақтық офис мəртебесіне ие болып, бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы қызметін қамтамасыз етеді»,– дейді вице-ми-нистр.

Айта кетейік, 1992 жылдан бері дүниежүзілік банк Қазақстанға 6,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция жасаған.

«Б ұл қ аражат жол жəне ə ле уме т т і к инфрақұрылымды дамытуға, шағын жəне орта бизнес бəсекелестігін арттыруға, білім жəне денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға, ке-ден жəне салық жүйелерін əкімшілендіруді оңтайландыруға, қоршаған ортаны қорғауға ж ə р д е м д е с у г е б а ғ ы т т а л д ы . С о н ы м е н бірге, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы инвестициялық қызметінің жарқын көрінісі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дəлізі болып табылады», деді М. Құсайынов.

2014 жылдың мамыр айында мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасында 2016-2021 жылдарға арналған жалпы құны 4,9 млрд долларды құрайтын келісімге қол қойылды.

Мəжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ИС-ЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ XIII САММИТІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАР-ЛАДЫ.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұл қаласына барды. Сапар барысында Мемлекет басшысының Ыстамбұл қаласында 4-15 сəуір аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қ а т ы с у ж о с п а р л а н у д а . Б ұ д а н б ө л е к , Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу көзделген.

Бүгінде Ислам ынтымақтастық ұйымына 57 ел мүше. Тағы 5 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым байқаушы мəртебесіне ие. Осылайша бұл ұйым БҰҰ-дан кейінгі іргелі бірлестік са-налады. Ыстамбұл саммиті күллі ислам əлемі үшін маңызды шараға айналмақ. Таяу Шығыс, Африка мен Азия құрлығындағы əскери-саяси, əрі

əлеуметтік-экономикалық дағдарыс белең алып тұрған күрделі кезеңде өткелі тұр. Халықаралық терроризмнің ушығуы мен көші-қон да – өз алдына бір мəселе. Сондықтан алдағы мəжіліске «Бірлік пен ынтымақ, əділдік пен бейбітшілік үшін» деген тақырып қойылып отыр. Жиыннан төрткіл дүниеге

хабар тарату үшін қазірдің өзінде 700-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тіркелді. Олардың дені – ұйымға мүше елдер мен Түркияда аккредиттелген тілшілер.

Естеріңізге сала кетейік, Ислам ынтымақтастық ұйымы 1969 жылы құрылған.

Page 2: Сақшы №28 (4194)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетті дайындаған Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Оңтүстік Корея

Ресей

Канада

АҚШ

«Думан» океанариумы сатылды

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті

Депутаттарды сайлау басталды

Оңтүстік Кореяда жалғыз палаталы заң шығарушы орган депутаттарын сайлау басталды. Мұнда барлығы 300 мандатқа 944 үміткер таласады. Олардың 253-і мажоритарлық сайлау принциптері бой-ынша, ал 47-сі пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша халық қалаулысы ата-нады.

Азаматтар өз таңдауын емін-еркін жасауы үшін ел бойынша 13 мың сайлау бөлімшесі ұйымдастырылған. Сарапшылар 22-23 наурыздағы сауалнама бойынша бұл жолғы негізгі тартыс «Сэнури», «Тобуро» жəне Халықтық партиялардың арасында өтетіні белгілі болып отыр.

Ал саясаттанушылар «бұл науқанда да осыған дейін заң шығарушы органды басқарып келген «Сэнури» партиясы жеңіске жетеді», – дейді. Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда депутаттар 4 жыл мерзімге сайланады. Биылғы сайлау жалпы санақ бойынша 20-шы рет өткізіліп отыр. Осыған байланысты елде жұмыс күні бола тұра, бір күнді жалпыұлттық демалыс күні деп жариялаған.

БРИТАНДЫҚ РЕЖИССЕР ОТТО БЕЛЛ МОҢҒОЛИЯДА ТҰРАТЫН АЙШОЛПАН ЕСІМДІ БҮРКІТШІ ҚЫЗ ТУРАЛЫ БАЯНДАЙТЫН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРГЕН БОЛАТЫН. «БҮРКІШТІ» («THE EAGLE HUNTRES») ФИЛЬМІНІҢ ДЕБЮТІ 2016 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА АМЕ-РИКАДА «САНДЕНС» КИНОФЕСТИВАЛІНДЕ ӨТТІ.

Айшолпан Моңғолияда тұрып жатқан Ағылай есімді қазақ аңшының қызы. Режиссер фильмде гендерлік теңдікке баса мəн береді. Кіштентай қыздың ересек азаматтармен теңесіп, осы ежелгі кəсіпті меңгеруге батылы жеткенін айтады. Енді осы деректі фильмнің негізінде анимациялық картина түсіру жоспарланып отыр. Идея 20th Century Fox Animation студиясына тиесілі. Бірақ бұл идеяны іске асырудың өзі ерекше қадам деп бағалануда. Өйткені, деректі фильмнің құқығы Sony Pictures компаниясына тиесілі. Ал Sony Pictures компаниясы 20th Century Fox студиясының бəсекелесі екені белгілі. Қазір келіссөздер жүргізілуде екен.

Деректі фильмнен анимация жасау құқығы 2 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл құқық аясына оны əлемнің бірқатар елдеріне тарату мүмкіндігі де кіреді.

Ресейде Астрахан облысының тұрғыны үйін жинаған кезде авиациялық бомба тауып алды.

«Астрахан облысының Ахтубинский ауданында қуатты əуе бомбасы залалсыздандырылды», – деп хабарлады «Интерфакс» агенттігіне Ресей ТЖМ Бас басқармасының аймақ бойынша баспасөз қызметінің басшысы Дмитрий Дубровский.

«Верхний Баскунчак кентінен 5 шақырым жерде Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің ФАБ-50 əуе бомбасы жойылды. 8 сəуір күні бомбаны Советская көшесіндегі үйде тұратын жергілікті əйел тауып алған. Пəтер жалдаушылары үйді босатқан соң оны жинауға кіріскен əйел бомбаға тап болды», – дейді Дубровский. Ол бомбаның салмағы 50 келіні құрағанын нақтылады.

Алдын ала шамалау бойынша, бомбаны əйелдің пəтерін жалдаушылар тапқан. Олар мұны металл сынықтарын тапсыру орнына өткізбек болған.

Ұшақ апатынан ажал құшты

Канадада Rockwell 112B шағын ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортындағы екі адам қаза тапты, деп хабарлайды CTV Regina телеарнасы.

Ұшақ Саскачеван провинциясының таулы аймағына кешке қарай құлаған, деп хабарлай-ды ресейлік РБК агенттігі. Жергілікті тікұшақ оқиға орнына жетіп, оның ұшқышы апатқа ұшыраған ұшақтағылардың қаза тапқанын растады. Қаза тапқандар – 50 жастағы ер адам мен 54 жастағы əйел, екеуі де Саскачеван тұрғындары.

Тасбақа тасымалдауға тыйым салынады

АҚШ-та ұлты қытай Канада азаматы шалбарына тасбақа салып алып өтпек болғаны үшін 5 жылға сотталды, деп ха-барлайды Би-Би-Си агенттігі.

2014 жылы Кай Сюйді канадалық шека-рашылар ұстаған, себебі оның шалбарынан жасырылған 51 тірі тасбақа табылған. Ол тасбақа сатып алу үшін Мичиганға көп бара-тын болған. Ол жерден тасбақа сатып алып Қытайға жөнелтіп келген. Қытайда қосмекенді үй жануары ретінде ұсталады. Осылайша ол контрабандалық жолмен мыңдаған тасбақаны шекарадан өткізген. Кай Сюйдің айтуынша, ол бауырымен жорғалаушыны сатқаннан түскен ақшаны университеттегі оқуының ақысын төлеуге жұмсаған.

Прокурорлардың айтуынша, ол тасбақаларды Канада мен АҚШ-тан теңіз арқылы Қытайға тасымалдап келген немесе басқа адамдарға жүктерінің арасына салып өткізу үшін ақшасын төлеп жіберіп отырған.

Үйден əуе бомбасы табылды

АСТАНАДА ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ АЯСЫНДА ГУБЕРНАТОР БОРИС ДУБРОВСКИЙ «АСТАНА ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Аймақ басшысы облыстың халықаралық көрмеге қатысуға ниетті екендігін, сондай-ақ, форумда іскерлік жəне мəдени бағдарламаны ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Астана мен Челябі облыстарының арасында туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.

Кездесуге қатысушылар «Елордалық туризм қауымдастығы» мен «Орал экономикалық одағы» арасында ынтымақтастық туралы келісім жасас-ты. Сапар барысында Челябі облысының губер-наторы Б. Дубровский қалалық индустриалды парктегі зауыттарды аралады. Губернатор GEVO дизельді қозғалтқыштар шығаратын «Астана Дизель Сервис» ЖШС, заманауи электровоздар шығаратын «Электровоз Құрастыру зауыты» ЖШС, сондай-ақ, электронды-оптикалық құралдар шығаратын «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС, жолаушылар вагондарын құрастыратын «Тұлпар-Тальго» ЖШС зауыттарының қызметімен жəне өндірісімен танысты.

Сонымен қоса, Б. Дубровский елорданың əлеуметтік нысандарын аралады. ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауру-

ханасына сапары кезінде губернатор мекеменің заманауи технологиялармен жабдықталғанын қарап, медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрына, Назарбаев Университетке атбасын тіреді.

Астанада құрылған қаржы орталығын ара-лау барысында губернатор Челябі облысы мен Астананың арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік белсенділік аймақтар арасында тұрақты əуе қатынасын орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

АСТАНАДАҒЫ «ДУМАН» ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАДА САТЫЛЫП КЕТТІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕНДЕРДІҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТ GOSREESTR.KZ САЙТЫНДА ЖАРИЯЛАНДЫ.

«Думан» ОСО 3 миллиард 403 миллион 500 мың теңгеге сатылды. Сауда 12 сəуірде аяқталды. Барлығы 2 өтініш келіп түскен. Хабарламада сауда түрі электронды тендер деп көрсетілген. Орталықтың бастапқы бағасы 3 миллиард 403 миллион 306 мың 144 теңгеден басталды.

Саудаға қатысушылар үшін кепіл жарнасы 63 миллион 360 мың теңге болды. Электронды сауда алаңында жарияланған ақпаратта тендер шарт-тары көрсетілген: Нысанның қызмет профилін, оның ішінде кемінде он жылға дейін балаларға жəне ересектерге арналған ойын-сауық қызметін көрсетуді сақтау.Тендер шарттарында нысанды қайта ұйымдастыру қажеттілігі де көрсетіледі.

Айта кетейік «Думан» ОСО 2003 жылдың ма-мырынан бастап жұмыс істеп келеді. Ойын-сауық орталығында океанариум, «Джунгли» аниматро-никстер театры, экзотариум-хайуанаттар бағы, 5D - кинотеатры мен кəдесыйлар дүкені орналасқан.

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АСТАНАДА ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАН 211 КƏСІПКЕРГЕ 10 МЛН. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН. ЖАҒДАЙДЫ ҚАЛЫПТА ҰСТАУ МАҚСАТЫНДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕЙДКЕ ШЫҒЫП, ТƏРТІП САҚТАМАҒАН ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ.

Бас қаланың келбетін бұзған нысан иелерін тəртіпке шақыру үшін елорданың табиғат сақшылары таңнан бастап рейдке шықты. Санитарлық талаптарды ескермейтін бизнес иелерінің саны аз емес екен. Бірақ кəсіпкерлер өздеріне шаң жуытар емес. Олардың сөзіне сен-сек, тазалықты сақтамайтын жергілікті тұрғындар. Астана қалалық ІІД ЖПҚ табиғат қорғау полициясының инспекторы Ерлік Жаманғозов: «Алаң мүлдем жиналмаған. Мысалы, дүкенге келген адам қолындағы қоқысын жəшікке тастай-ын десе, ол толып тұр. Сондықтан жерге тастап кетеді. Қала осылайша ластанады», – дейді.

Ал кəсіпкер Қабидолла Жылқыбаев: «Бұл жердің тұрғындары үйінен шыққан қоқысты жəшікке салуға ерініп, менің дүкенімнің алдына

Кəсіпкерлер жауапқа тартылады

тастап кетеді. Сыртқы жабындарын сынды-рып кетеді. Күн жылынса тағы да жөндеймін. Ескертулерді қабыл алдым», – дейді.

Полицейлер рейд барысында қала көшелерінің бірінде жүріп жатқан құрылыс алаңына бар-ды. Мұнда да кəсіпкердің тазалыққа салғырт қарағанын аңғару қиын емес. Құрылыстан арты-лып қалған материалдарын жол бойына тастай салған. Табиғат қорғау полициясы кəсіпкердің қолына сол жерде хаттама толтырып берді. Енді компания иесі 63 мың теңге айыппұл төлейді.

Астана қалалық ІІД ЖПҚ табиғат қорғау полициясының инспекторы Ораз Ахметов: «2016 жылдың бірінші тоқсанында шағын жəне орта бизнес өкілдеріне 9 млн. теңгеден артық айыппұл салынды. Іргелес аумақтағы 5 метр жерде абаттандыру ережелерін сақтау қажет. Қазір шешуге болмайтын олқылықтарды жоюға уақыт береміз. Жыл басынан бері 372 кəсіпкер тазалық сақтамағаны үшін əкімшілік жауапқа тартылған. Оларға салынған айыппұл мөлшері 9 млн. теңгеден асады. Ал бүгін ескерту алған тұлғалар олқылықты үш тəулік ішінде жоюы тиіс» дейді.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ШЕТЕЛДІК ИНТЕРНЕТ САУДАҒА САЛЫҚ САЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КЕРЕК. КЕШЕ ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ЖАЛ-ПЫ ОТЫРЫСЫНДА АМАНЖАН ЖАМАЛОВ ОСЫ МƏСЕЛЕНІ КӨТЕРДІ.

«Электрондық коммерция немесе интернет-сауда бүкіл əлемде кең айналымға еніп, дəстүрлі бизнеске үлкен бəсекелестік тудырып отыр. Қазіргі таңда электрондық сауда экономикалық өсімнің негізгі қозғауыштарының біріне айна-лып, халықаралық сауданы жандандыру үстінде. Қазіргі күні əлемде электронды сауданың жалпы айналымы 14 триллион доллар шамасында», – деді Аманжан Жамалов.

Д е п у т а т т ы ң с ө з і н е қ а р а ғ а н д а , о с ы ауқымдылыққа байланысты көптеген елдер интернет-коммерцияға салықты енгізуде. М ə с е л е н , Е у р о п а л ы қ О д а қ е л д е р і н д е 2003 жылы заң қабылданып, содан бері еуропалық саудаға ғана емес, америкалық бəсекелестерге де салық салынуда. Ресейдің салық заңнамасында да интернет сауданы жүзеге асыратын отандық жеткізушілерге шетелдіктерге қарағанда тиімді нормалар қамтылған. Сонымен қатар, Ресейде шетелдік интернет компанияларға салықты отандық компаниялармен бірдей теңестіру туралы заң

Интернет саудаға салық салынады ма?

жобасы талқылануда. Израильде интернет алпауыттарының өзі салық төлейді.

«Қазақстанда интернет қызметтерге салық салу тек заңды тұлғаларға тауарларын сататын шетелдік интернет компанияларға ғана салынып отыр. Жеке тұлғаларға сауда жасайтын шетелдік интернет компанияларға салық салу əлі де рет-телмей отыр. Электрондық коммерция елімізде қызу даму үстінде. 2015 жылы қазақстандықтар интернет арқылы 3,5 млрд долларға жуық тауарлар сатып алды. Алайда, олардың 60 млн доллары ғана ішкі нарыққа тиесілі болып, қалғаны сыртқа кеткен. Мұндай өте ауқымды табыс кезінде Қазақстанның ірі саудагерлері бар-жоғы үш миллиард теңге салық төлеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мəліметтері бой-ынша қазақстандықтар ай сайын бір миллиард-тан астам теңге сауда-саттық жасайды. Алайда, бұлардың бəрінен салықтар түсе бермейді. Солардың ішінде интернет дүкендер де салықтан тыс қалып отыр. Əсіресе, шетелде тіркелген ин-тернет сауда компанияларына қазақстандықтар жүздеген тапсырыстар береді», – деді депутат А.Жамалов.

Оның айтуынша, Қазақстанның ірі интер-нет сауда алаңы болып табылатын satu.kz сайтында тəулігіне қырық мыңға тарта адам

отырады. Ал былтыр осы алаңда жасалған мəмілелер саны бір мил-лиард теңгеден асқан. Ал сол сомадан мемле-кет кірісіне ешқандай қ аражат т өленбед і . Өйткені, бұл компания Киевте тіркелген.

« Ш е т е л д і к к о м -п а н и я л а р с а л ы қ т ө л е м е й т і н д і к т е н , о л ардың б а ғ а сы д а бəсекеге қабілетті. Бұл отандық өндіріске де əсер етеді. Осыған бай-ланысты Қазақстанда са-уда жасайтын шетелдік интернет компанияларға салық салуды жетілдіру керек», – деді депутат.

КЕШЕ АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ КОММУНИКА-ЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА ТУРИСТІК САЛАДАҒЫ «КЕҢ ДАЛА» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНДЫҒЫ МƏЛІМ БОЛДЫ.

Атап айтқанда, байқауды еліміздің туристік нарығының көшбасшыларын б ір ікт ірген Қазақстанның туриндустрия ұлттық одағы ұйымдастырып отыр. Аталған одақтың атқарушы директоры Гаухар Жеңісбектің сөзіне қарағанда, бұл сыйлық туризмнің дамуын ынталандыруға, жақсы компанияларды анықтауға жəне танымал бағдарлар трендін жасауға бағытталған.

«Ұлттық сыйлық туризм индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін салалық жүлде ретінде тағайындалды. Байқау 12 аталымды қамтып отыр», – деді Г. Жеңісбек.

Аталымдар арасында оқиғалық туризмнің ең жақсы жобасы; үздік ұлттық туристік компа-ния; үздік аймақтық туристік компания; үздік гид-саяхат жүргізуші; үздік шипажай; қонақ үй индустриясының үздік нысаны; үздік бала-лар демалысы бағыттары қамтылған. Оның сөзіне қарағанда, байқаудың нəтижесін əділ бағалау үшін «Сарапшылық кеңес» құрылуда. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, туристік мамандар шақырылады.

«Кең Дала» ұлттық сыйлығы жарияланды

Қазақ бүркітші қызы туралы фантези

Page 3: Сақшы №28 (4194)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

БРИФИНГ

Тұрғын үй кешенін салушы-ком-пания Ішкі істер департаментіне адам тұрмайтын ғимараттардың бірін полицияның учаскелік пунктіне беру туралы ұсыныс жасаған.

«Бұл ұсыныс барлық жерде, оның ішінде аудандық əкімшілікте де қолдау тапты. Өйткені, қала ше-карасы ұлғайып, тұрғындар саны артқаннан бері қазір полицияның жаңа учаскелік пункттерін ашу өте өзекті. Алдымен ол қоғамдық тəртіпті тиісті дəрежеде қорғауға жəне қылмыспен күресуге ықпал етеді. Бостандық ауданы 9943,2 гектарды алып жатыр. Онда 1682 көпқабатты үй бар, оның ішінде 82220 пəтер мен жеке сектордың 5 4 1 6 ү й і о р н а л а с қ а н . А у д а н тұрғындарының саны – 329500. Бүгін аудан аймағында қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қорғау мақсатында 17 патрульдік участок жұмыс істейді. Олардың əрқайсысында учаскенің ерекше жағдайы туралы толық ақпараттар белгіленген арнаулы сыз-ба-карта жасалған. Онда анағұрлым қылмысты нүктелер, сондай-ақ, по-лиция есебінде тұратындар есепке алынған. Оған қоса, біздің бөлімде полицияның 98 учаскелік инспекторы қызмет ететінін атап өтпекпін», – деп хабарлайды Бостандық аудандық ІІД Жергілікті полиция қызметінің

бастығы, полиция полковнигі Айтжан Əлмұханбетов.

Сондай-ақ, спикер ағымдағы жылдың үш айында полицияның учаскелік ин-спекторлары 296 қылмысты ашқанын атап өтті. Ол өткен жылдың сəйкес мерзімінен 22,3 пайызға көп. Сонымен бірге, ювеналды полиция инспекторла-ры 25 қылмысты ашуға қатысты. ЖПҚ басшылығының айтуынша бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 2,5 есе көп. Оған қоса наряд күштерімен жыл басынан бері 406 қылмыс ашылды. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61,8 пайызға көп. Отбасылық-тұрмыстық салада қылмысқа жол берілген жоқ.

«Өткен үш айда Жергілікті полиция қызметкерлері 5255 əкімшілік тəртіп бұзушылықты анықтады. Оның 3746-сы учаскелік инспекторлардың үлесі. Салынған əкімшілік айыппұлдар 13 млн. 101 мың 400 теңгені, жалпы айыппұл мөлшері 9 млн. 182 мың 714,5 теңгені құрады. Табиғатты қорғау полициясының бөлімшесі экологиялық жəне табиғат заңдарының бұзылуын анықтау мақсатында 42 жедел-алдын алу шараларын жүргізді. Нəтижесінде қоршаған ортаны ластауға байланысты 927 құқық бұзушылық əшкереленді. Соған байланысты 23 заңды жəне 904 жеке тұлға əкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп атап көрсетті поли-ция полковнигі А.Əлмұханбетов.

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Учаскелік пункт ашылдыГүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫНЫҢ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПУНКТІ АШЫЛДЫ. ЖАҢА БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ІІБ №46 УЧАСКЕЛІК ПО-ЛИЦИЯ ПУНКТІ НАВОИ КӨШЕСІНДЕГІ «ШАХРИСТАН» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ БАЗАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН.

Б.ОМАРОВ, Қарағанды қаласы

52859 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚҰРАМА БАТАЛЬОНЫ ӨТКЕН АПТАДА ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА КӨМЕККЕ АТТАНДЫ.

ТАҒАЙЫНДАУ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИГІ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВТЫҢ БҰЙРЫҒЫМЕН БҰРЫН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫ ЛАУА-ЗЫМЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ ТІЛЕГЕН МАТКЕНОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ МЕН АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА БАСШЫНЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТЫ МАРАТ ДЕМЕУОВ ТАНЫСТЫРДЫ.

Трансұлттық қылмыстық топ құрықталдыЖадыра МЫРЗАХМЕТ, Сурет Серік ЖОЛАСПЕКОВТІКІ

ІІМ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІНІСТЕРІ МЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ІЗ КЕСУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НƏТИЖЕСІНДЕ СОЛТҮСТІК АЙМАҚТЫ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП КЕЛГЕН ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНАН ҚҰРАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ 15 МҮШЕСІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ.

Қырғызстаннан ірі көлемде героин жеткізіп отырған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы криминалдық ор-тада «Алғашқы Қарлығаш» есімімен белгілі Ош қаласының 36 жастағы тұрғыны. Ол Қырғызстан баронының күйеу баласы болып шықты. Бұл ту-ралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Есірткі бизнесіне қарсы күрес жəне есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі департаменттің бастығы, əділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов мəлім етті.

Сұлтан Тұрлыұлының мəлімдеуінше, ірі есірткі арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ осыдан жарты жыл бұрын ішкі істер органдарының назары-на ілініп, нысанасына алынған. Есірткі бизнесінің көрігін қыздырған топты құрықтау мақсатында ІІМ, Бас про-куратура жəне Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетін ің қызметкерлерінен арнайы жедел топ құрылған.

« Ж е д е л т а л д а у ж ұ м ы с ы көрсеткендей, екі жыл көлемінде елімізде емін-еркін жүрген топ жоғарғы деңгейде жасырынып, бір-бірін та-нымайтын мүшелері түрлі топтарға бөлініп ұйымдасқан түрде əрекет еткен. Сондай-ақ, топ мүшелері өзара тілдесу кезінде өздеріне ғана түсінікті термин-дер қолданған. Героинді жеткізу мен

Тілеген Маткенов 1966 жылы Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы арнайы орта милиция мектебінің, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы мектебінің түлегі.

Тілеген Советұлы 1988-1989 жылдары Қапшағай қалалық Ішкі істер бөлімінің кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы, 1989-1993 жылдары Алматы қаласының Октябрь аудандық ІІБ қалалық милиция бөлімшесінің қылмысты іздестіру бөлімінің жедел уəкілі, аға жедел уəкілі міндеттерін атқарған.

1993-1995 жылдары Алматы қалалық ІІБ-нің маңызды істер жөніндегі аға жедел уəкілі, бөлім бастығының орынбасары; 1995-1996 жылдары Алатау аудандық ІІБ Қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік тер-геу комитет басқармасының қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

1996-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитеті Мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары, Бостандық аудандық ІІБ-нің бастығы. 1997-2001 жыл-дары Жетісу аудандық ІІБ-нің бастығы. 2001-2004 жылдары Бостандық аудандық ІІБ-нің бастығы. 2004-2008 жылдары Қарағанды облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары. 2008-2009 жылдары Қостанай облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қаңтарынан бастап Ақмола облыстық ІІД-нің бастығы. 2012 жылдың ақпанынан Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы болған.

топ мүшелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін тексерілген так-систер мен пойыз жолсеріктерінің қызметін пайдаланған. Қылмыстық əрекеттерін жəне есірткі сақтайтын орындарын жасыру үшін қылмыстық топтың мүшелері Қырғызстан мен Қазақстанның түрлі қалаларында пəтерлерді уақытша жалға алып келген. Он күн сайын жалдамалы пəтерлерін ауыстырып отырған», – деді Сұлтан Тұрлыұлы. Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың есірткі сатудан түскен қаражатты сақтау арна-ларын анықтауға баса көңіл бөлінген.

Соның нəтижесінде қылмыстық топ заңсыз операциялар жасау арқылы 558 млн. теңге көлемінде табыс тауып, қомақты қаржыны аударып үлгергені анықталды.

«Егер де ақша түсетін арналардың көзін жойсақ, сəйкесінше есірткі затының жеткізілуі де тоқтатылады. Сол себептен де, осыны ескере отырып қаржы тетіктерін анықтауға ерекше ден қойдық. Мүдделі органдардың бірлескен іс-қимылы арқасында Қазақстанға жəне өзге де мемлекет-терге ауған есірткісін жеткізу арнасы жойылды. Қылмыскерлерді құрықтау кезінде құны 100 млн. теңге болатын 3 келі героин тəркіленді. Қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтары бойын-ша трансұлттық қылмыстық топтың барлық мүшелерін ұстау операциясын өткізудеміз, бірінші күні топтың 15 мүшесін ұстаған едік. Ал бұдан бөлек тағы 16 адамның қылмыстық топқа қатыстылығы анықталып отыр», – деп атап өтті департамент бастығы.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ жасаған есірткі бизнесіне қатысты қылмыс фактілерін, есірткі саудасының арқасында құрылған бизнес көздерін, жылжымайтын мүліктерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Жыл басы-нан бері ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністері есірткіге қатысты 2903 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтады. Есірткі жеткізудің 8 2 6 ф а к т і с і н і ң ж о л ы к е с і л і п , контрабандалық 48 дерек анықталды. Ес іртк і бизнесіне қатысы бар 6 ұйымдасқан топтың жолы кесілді, есірткі табыстарын заңдастыру фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Өткен аптада Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотта осы мəселеге арналған брифинг өтті. «Қылмыстық процестегі электронды айғақтар» тақырыбындағы кездесудің мақсаты жұмыс барысында жаңа сипат алып келе жатқан бағытқа өзіндік анықтама беріп, осы тұрғыда атқарылатын жұмыстардың рет і мен тəрт іб ін анықтау жөнінде болды. Яғни, осы салада жүзеге асуы тиіс алғашқы қадамдар жайы сөз етілді. Бұл мəселеге ішкі істер органдарының назарын аударту. Брифингке қатысушылар қылмыстық істер бойынша сараптама тағайындаудың тəртібі мен негіздері, электронды заттай айғақтарды алу жəне сақтау тəртібі, ҚР сот өндірісінде техникалық құралдарды қолдану ту-ралы мəселелерді талқылады. Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының судьясы Айбек Əмірғалиев баяндама жасады

2016 жылдың 15-17 наурыз күндері Өзбекстан Республикасының аста-насы Ташкент қаласында БҰҰ-ның Есірткі жəне қылмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Қылмыстық істерді тергеу жəне сотта қарау кезіндегі элек-тронды айғақтарды алу мен қолдану» тақырыбында аймақаралық оқу семи-нары өткен болатын. Оған Қазақстан

Айғақтардың электронды сипатыНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Астана қаласы

УАҚЫТ АЛҒА ЖЫЛЖЫП, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨМІРІМІЗ БЕН ТҰРМЫСЫМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ САЛАСЫНА ЕНГЕН САЙЫН АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ӨМІР САЛТЫ ЖЕҢІЛДЕП КЕЛЕДІ. ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫНЫШТЫҚТЫ САҚТАУДА ДА, ҚЫЛМЫСТАРДЫ АШУҒА ҚАТЫСТЫ ТҮРЛІ АҚПАРАТТАРДЫ ЖИНАУДА ДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КЕҢ МҮМКІНДІГІМЕН ҚОЛДАНУ ҮСТІНДЕ. СОНДЫҚТАН ДА БҰЛ САЛАДА «ЭЛЕКТРОНДЫ АЙҒАҚТАР» ДЕГЕН ЖАҢА ҰҒЫМ ПАЙДА БОЛДЫ.

Республикасы соттар делегациясы құрамында Жоғарғы Сот судьясы Г.Мұсабекова, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы З .П ірнияз , Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының судьясы А.Əмірғалиев, Жоғарғы Сот жанындағы Əділет академиясының доцент і М.Утанов қатысты.

Қазақстандық делегациядан өзге бұл семинарда Армения, Əзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты.

Сарапшылар ретінде бұл семи-нарда Ресей, Нидерланд, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің су-дьялары мен құқық қорғау ор-ганы қызметкерлері баяндама жа-сады . Олардың баяндамалары «Ақпараттық-коммуникациялық тех-нологиялар мен интернеттің негізгі жұмыс принциптері», «Электронды айғақтардың сипаттары, түрлері жəне көздері», «Электронды айғақтарды алудың нег ізг і ерекшеліктер і» , «Электронды айғақтарды алу кезіндегі халықаралық əріптестік», «Криминалдық компьютерлік сараптаманың негізгі е рекшел і к т ер і » , «Элек тронды а й ғ а қ т а р д ы с о т қ а ұ с ы н у д ы ң

жəне зерделеудің ерекшеліктері» тақырыптарында болды.

«Аталған елдердің судьялары өз баяндамаларында Электронды айғақтарды қолдану тұрғысындағы жəне ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар туралы істерді сотта қарау тұрғысындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану практи-касына қатысты мəселелерді ашып көрсетті. Тəжірибелер алмастық. Бүгінгі таңда соттың қылмыстарды ашуда, тер-геуде жəне қылмыстық істерді жүргізуде бұрыннан келе жатқан тəсілдері жеткіліксіз екені біліне бастады. Соңғы кездері қылмыстық істерде электрон-ды құжат, электронды хабарламалар, интернеттегі ақпараттар жиі қолданыла бастады. Бейне-фото түсірілімдер жиі ретте құқық қорғаушылардың қоғамдық тəртіптің, əкімшілік түрінен бастап, аса ауыр қылмыс түріне дейінгі, бұзылуына тиісінше əрекет ету негізіне айналып отыр», – деді Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының судьясы Айбек Əйткенұлы.

Оның айтуынша, қазір түрліше техникалық құралдарды ти імд і қолданбай белгілі бір қылмыс жəне қылмыскер туралы ақпараттарды жинау і с жүз інде мүмк ін емес. Электронды айғақтар технологиялар дамыған сайын қылмыстық істерді тер-геуде жəне сотта қарауда анағұрлым маңызға ие болып келеді. Сондықтан да қылмыстық процестегі электрондық айғақтар туралы ұғым, оларды алу жəне пайдалану мəселелері барлық құқық қорғау органдарының біліктілігін арттыруға арналған бағдарламаларға енгізілуі қажет.

80 адамнан құралған жеке құрам 7 автокөлікпен барлық қажетті жабдық-жарақтарын тиеп, су тасқынынан зардап шеккен жұртқа көмек көрсетуге асықты. Атбасар тұрғындарының Қарағандыдан шыққан құтқарушыларға үлкен сенім артып, асыға күткенін анық аңғаруға болады. Мұны Ұлттық ұлан жауынгерлері де сезініп, үлкен жауапкершілікпен сапарға шықты. Ұлттық ұланның əскери құтқарушыларын барлық Қазақстан жұртшылығы көп жылдар бойы жақсы та-ниды. Сол себептен олар əскери құтқарушыларға үлкен сенім артады. Ал əскери құтқарушылар, халық сенімін ақтауға əр кез дайын екенін қай уақытта да дəлелдеп келеді. Еліміз бен жеріміздің амандығын сақтау құтқарушылардың абыройлы міндеті екенін мақтан тұтатын құтқарушылар, бұл жолы да басты міндеттерін жан-тəнін сала, абыроймен атқаратынына сенімдіміз.

Бұл құрылғылар қызметкерлердің күнделікті қызмет ететін əкімшілік аумақтарында жəне бекітілген білім беру ұйымдарында қызмет барысындағы əрекеттерін жəне орын алған қылмыстық-əкімшілік құқық бұзушылықтарды жазып алуға, оларды тиісінше заңды пайдалануға мүмкіндік береді.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары көрсетілген. Осындағы жергілікті атқарушы органдарға жəне жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметін құру туралы тапсырманы орындау мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қоғамдық қатынастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен заңға қайшы іс-əрекеттерді бақылау, дəлелдеу шараларын жүргізу барысын-да жаңа заманауи технологиялық құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі беріліп отыр.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Бейнетіркегіш берілдіГүлнəзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІНІСТЕРІНІҢ БІРІ – УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНА ЖƏНЕ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНА КЕУДЕЛІК 217 БЕЙНЕТІРКЕГІШ БЕРІЛДІ.

Көмек керуені аттанды

Page 4: Сақшы №28 (4194)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ТАЛҚЫ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-ДЕ ИНСПЕКТОР-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖƏНЕ ЕСКЕРТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

«Сотқа жолданған қылмыстық істердің ішінде 655-і ауыр жəне аса ауыр қылмыс саналады. Əрине, мұндай санаттағы қылмыстарды ашу оңай емес. Мəселен, республика бойынша əрбір тергеушіге орта есеппен 6,4 қылмыстық істі тергеу міндеттелсе, біздің əрбірімізге 12,8 істен тиіп отыр. Осылайша облыстық тергеу басқармасының жұмысы республи-ка көлемінде жоғары бағаланды. Салыстыра айтар болсақ, 3 ай ішінде қылмыстық істі Астана қалалық ІІД жəне Көліктегі Ішкі істер департаментінен 5 есе, Жамбыл жəне Ақмола облыста-рынан 3,5 есе артық іс қарағанбыз», – деді полиция полковнигі.

Сонымен қатар, биыл осы уақытқа дейін ауыр жəне аса ауыр қылмыспен айналысып келген ұйымдасқан

Оқу бөлімінің аға оқытушы-əдіскері, полиция подполковнигі Ержан Маратов шараның мақсат-міндеттерін түсіндіріп, кездесуге арнайы шақыртылған қонақтарды таныстырып өтті. «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2016-2017 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту ту-ралы» ІІМ-нің бұйрығына сəйкес орталықта іс-шаралар жоспары құрастырылған. Жоспар бойынша ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Əдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың жаңа заңнамасын жəне басқа да заңдарды насихаттау жөнінде дəріс, кездесу, семинар-кеңес пен сабақтар өткізу жолға қойылған», – деді полиция подполковнигі Е.Маратов.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сөз болды. Сонымен қатар, заңның мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екені айтыл-ды. Сондай-ақ, заңдағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жөніндегі жаңа көзқарастар жайлы мəселелер қарастырылды. Қатысушылардың алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясының өкілі, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі Мұратхан Жақымбаев партия елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдыратынын атап өтті.

«Бүгінде халықтың құқықтық білімі мен жемқорлыққа қарсы мəдениеті əлдеқайда жоғары. Былтыр Елбасы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекіткен болатын. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру арқылы бүкіл қоғамды тарту. Қазақ «Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс», – деп түсіндіріп өтті ол.

Оқу орталығы бастығының Кадр жəне тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция майоры Самат Телібаев тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салып, еліміздің осы жолда қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті. Іс-шара соңында жоғарыда қаралған мəселелер бойынша қатысушылар өзара пікір алма-сып, кездесу қорытындыланды.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД СОЛЖАҒАЛАУ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ МАМАНДАРЫ ЖАҚЫНДА ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, АҒАЛЫҚ АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕРІН АЙТТЫ.

Кездесуге қатысқан оқушылардың дені таяу уақытта мектеп партасымен қош айтысып, үлкен өмірге жолдама алғалы отырған түлектер. Болашаққа сеніммен қарайтын жастардың біразы қандай мамандықты таңдап, кім боларын əлі де нақты шешпеген. Осыған орай, кездесу барысында Солжағалау аудандық проба-ция қызметі бөлімінің қызметкерлері түлектерге мамандық таңдауда қателеспеу керектігін айтып, барар бағыттарын байыппен, салмақтап алу қажеттігін ескертті.

Болашақ жастарға жарқын жол көрсетуді мақсат тұтқан басқосу барысында ҚАЖД қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Қостанай Академиясына оқуға түсудің жолдары мен мүмкіндіктері, талаптары мен артықшылықтары жөнінде əңгімелеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу кезінде мамандар сонымен қатар, Академияның «Құқық қорғау қызметі» оның ішінде, əкімшілік-құқықтық маман-дандыру жəне қылмыстық атқару мамандандыру бойынша күндізгі жəне сырттай бөлімдері, «Педагогика жəне психология», «Əлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім беретіндігі жайлы да айтылды. Егер оқушылардың арасында осы мамандықтарды таңдаған жағдайда аудандық пробация қызметі бөлімімен хабар-ласып, оқуға түсуге жолдама алатындығы туралы түлектерге ескертілді.

«Ұрпағыңның шат-шадыман сəтін көру, жетістігіне шаттану – əр ата-ана мен туған-туысы үшін бақыт екені белгілі. Алайда, мына өмірге тап-таза болып келетін адамның бəрі ақ жолмен жүре бермейді. Қателікке ұрынып, жаза басып, жаңылып жататындары да бар. Əр ата-ананың арманы – баласының мектепке қадам басқанынан бастап, өз аяғынан тік тұрып, елдің саналы азаматы болып, еліне қажетті қызмет атқарып, мемлекетіміздің бір кірпіші болып қаланғаны. Осы орай-да бүгінгідей кездесудің берері мол деп ойлаймыз», – дейді шараға мұрындық болған Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері.

Бұл бастама өз нəтижесін көрсетіп, түлектер кездесуде өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қызығушылықтарын жасырып қалған жоқ. Болашақ жас-тарымыз қызметтің қай саласында жүрсе де елімізге қажетті бағытты таңдап, дұрыс жолда жүріп, қылмыс жасамауын құп көретін мамандар түлектерге тек сəттілік тіледі.

Ернар ИЛЬЯШЕВ,ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық

пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары, əділет капитаны

АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР АШЫЛУДАСабырбек ОЛЖАБАЙ, Шымкент қаласы

БИЫЛ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 53 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ НУРИДДИН ДАУЫЛБАЕВ БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ. НУРИДДИН АБЫЛАЙҰЛЫНЫҢ АЙТУЫНША, ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 5 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚАРАЛЫП, ОНЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ СОТҚА ЖОЛДАНҒАН. БҰЛ КӨРСЕТКІШ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ МЕРЗІМІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 84,1 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН.

Жаңа заңнама түсіндірілдіГ.МАСАЛОВА, Семей қаласы

ІІМ-НІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ЗАҢДЫ ТАЛҚЫҒА САЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ. КЕЗДЕСУГЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ, ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ МЕН АРНАЙЫ БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КУРСТАРЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Сотталғандарға əлеуметтік қолұшын созу – қазіргі уақытта алға қойылып отырған басты мəселен ің б ір і . Үкіметтің «Пробация қызметіндегі тіркеуде тұрған адамдарға əлеуметтік-құқықтық қөмек көрсету қағидалары» қаулысын жүзеге асыру мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес, де-сек те, бұл бағыттағы шаралар əлі де жеткіліксіз болып отыр. Бұл рет-те ауыл-аймақтарда мекемелер мен кəсіпорындар жəне жекеменшік кəсіпкерлер тарапынан тиісті деңгейде қолдау көрсетілмей отырғанын ашық айтқан жөн. Өйткені, олардың дені «түзеу мекемесінен босап шыққандар түзелмейді» деген пікірде, сол себепті сенім артуға да күдікпен қарайды. Түзеу

ПРОБАЦИЯ

ҚОҒАМ БОП ЖҰМЫЛУ ҚАЖЕТЭ.ҚАЛЫМБЕКОВА, Шығыс Қазақстан облысы бойынша

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ №1 ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ƏЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ЖҰМЫС ҚОЛҒА АЛЫНҒАН. АТАП АЙТҚАНДА, СОТТАЛҒАНДАР ЕСЕПКЕ ҚОЙЫЛҒАН КЕЗДЕН БАСТАП ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАП ОТЫРУ, ЖЕКЕ БАСЫН, ОНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖƏНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛҒАНДЫҒЫН, ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІНІҢ БАР-ЖОҒЫН АЙҚЫНДАУ ІС-ШАРАЛАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

қылмыстық топтардың əрекеттері əшкереленді. Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ-нің тергеушілері көліктердің қосалқы бөлшектерін (аккумулятор) ұрлаумен айналы-сатын 4 күдіктіні құрықтады. 20-30 жастағы тонаушылардың 37 ұрлыққа қатыстылығы анықталған. Жəб і р ленуш і л ер г е 4 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Тергеу барысында оның көп бөлігі заңды иелеріне қайтарылған. Тағы да 9 күдіктіден құралған топтың қалта ұрлығын «кəсіп» еткендері анықталды. 30-дан астам адамның қалтасын қаққандар Алматы жəне Шығыс Қа з ақ с т ан облысының тұрғындары екен. Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион теңге. Бір айта кетерлігі, ұйымдасқан қылмыстық

топтың əр мүшесі қылмысты жасау барысында өз міндеттерін шебер орындаған. Яғни, бірі ақпарат беріп отырса, екіншісі теріс пиғылдарын іске асыруды ұйымдастырған. Бүгінде олардың үст інен қылмыстық і с қозғалып, Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби полиция бөлімінде тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ , облыстық І ІД-н ің криминалдық полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді. 1969, 1974, 1981 жəне 1983 жылдары дүниеге кел-ген 4 күдікті Түлкібас ауданының тұрғындары екен. Төртеуі ағайынды кісілер. Ерлі-зайыпты жəне олардың екі ағасы. Қылмыстық топ ұзақ уақыттан бері үлкен көлемде марихуана сату-мен айналысып келген. Бұл деректер бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне ҚР ҚК-нің 262-бабы: «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру, оларға басшылық етіп, сол сияқты оларға қатысу» бойынша айып тағылған.

Тергеу басқармасының бастығы бұдан басқа да бірқатар деректер келтірді. Журналистердің сауалдарына жауап қайтарды.

Суицид – тығырықтан шығар жол емес

Дөңгелек үстелге облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қандарбек Бахытгереев жəне «Суицидалды мінез-құлық түрлерінің алдын алу мəселелері бой-ынша» жұмыс тобының мүшелері: өңірлік жүйке-тамыр ауруханасының бөлім меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас суицидологы Ақмарал Шарипова, Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» басшысының орын-басары, теолог-маман Сабыржан Төлегенов, облыстық ІІД Округтік-əскери дəрігерлік комиссияның сарап-шысы-психолог Анар Мусина, ІІД-нің

Емханасы бар госпиталінің дəрігер-психиатры Бибігүл Дюсибалиева жəне ІІД-нің басқарма-бөлім басшылары қатысты.

Полиция полковнигі Қандарбек Нұрмағанбетұлы ішкі істер орган-дары жеке құрамының арасында суицидтің алдын алу – бүгінгі күні ел көлемінде өзекті мəселеге айна-лып отырғанын айтты. «Ішкі істер органдары қызметкерлері арасын-да суицидтік əрекеттердің алдын алу жəне ескерту іс-шараларына əр басқарма, бөлім бастықтары белсе-не араласуы қажет. Қоластындағы қызметкерлердің отбасында, жеке

өмірлерінде болып жатқан қиын жағдайлар, қайғылы оқиғалар кезінде уақытылы жұмыла қол ұшын берудің де мəні өте зор. Тəртіп сақшыларының мінез-құлқындағы өзгерістерге мəн беріп, дереу инспектор-психологтарға бағыттап отыратын болса, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады», – деді ол.

Ш а р а ғ а қ а т ы с қ а н б а с қ а р м а бастықтары «Суицидалды мінез-құлық түрлерінің алдын алу мəселелері бой-ынша» жұмыс тобының мүшелеріне, яғни, арнайы мамандарға күнделікті қызмет барысында кездесіп отыратын өздерінің көкейлеріндегі тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, пікір алма-сты. Сонымен қатар, кей қызметкерлер өздерінің айналасында болған су-ицид фактілерін мысалға келтіре отырып, олардың алдын алуға бо-латын мүмкіндіктер, осындай əрекет анықталған жағдайдағы көмек, өз-өздеріне қол жұмсауға бейім адамдарды сыртқы келбетінен, жүріс-тұрысынан анықтау мəселелерін қозғап, ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бір ауыздан осын-дай отырыстар жиі ұйымдастырылып, суицидтің алдын алу жағдайлары бойынша бірлесе жүйелі жұмыстар атқарылатын болса, қызметтег і көптеген қиындықтардың алдын алуға болатынын айтып тарқасты.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі

мекемесінен босағандарға əлеуметтік бейімделуге көмек көрсетілсе елімізде түзету мекемелерінің саны азаяры сөзсіз.

Пробация қызметіне қоғамнан оқшаулау ғ а байланысты емес жазалардың 6 түрін орындау жүктелген. Оларға қоғамдық жұмыстарға тар-ту түріндегі жазаны атқару, түзеу жұмыстары түр індег і жаза, бас бостандығын шектеу түріндегі жа-заны атқару, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, шартты түрде соттау, жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру түріндегі жаза-лар жатады.

Сонымен қатар, мұнда қосымша жаза түрінде қолданылатын арнау-лы, əскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дəрежеден, біліктілік сыныбынан жəне мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкімі жүзеге асыры-лады. Жаңа қабылданған заңға сəйкес пробациялық бақылау белгіленген, бас бостандығынан айыру орында-рынан босатылған, оған қатысты сот арқылы əкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты ша-ралар жүзеге асырылады. Бұл жа-залар ҚР Қылмыстық атқару жəне Қылмыстық кодекстерімен реттелген. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау – маңызды мəселелердің бірі. Қылмысқа алғаш барған адамдарды түзету мекемелеріне жібергеннен бостандықта ұстаған тиімді болып отыр.

Жаңа заңнамалардағы өзгерістерге тоқталсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 72-бабына сəйкес шартты түрде мерзімінен бұрын жəне 73-бабына сəйкес жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстырып, бо-сату қарастырылған. Сондықтан проба-ция қызметінің қызметкерлерінің түзеу мекемелерінен босап шыққандарға осы ізгілендіру заңдарына сəйкес олардың жазасын өтеудің неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылғандығын, олардың сол себепті босатылғандықтарын, енді бостандықтағы өмірге бейімделу қажеттігін түсіндіруі өз əсерін беріп келе жатқандығы, қоғамда да тағдыр талайы пробациямен ұштасқан азаматтарға жан-жақты көмек қажеттігі туралы ұғым қалыптаса бастағаны қөңіл қуантады.

ТҮЛЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ НАСИХАТ

Page 5: Сақшы №28 (4194)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ

АНТҚА АДАЛ БОЛУ – БАСТЫ ПАРЫЗƏскери борышын өтеу кезінде

жанқиярлық ерлік үлгісін көрсеткені үш ін ол І І дəрежел і «Айбын» орденімен марапатталды. Бүгінде Берік Ілесбекұлы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының Тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүр. Полковникпен болған сұхбатымыз тəжік-ауған шекарасындағы əскери қызмет жөнінде өрбіді.

– Берік Ілесбекұлы, осыдан 21 жыл бұрын Памир тауындағы П ш и х а в р ш а т қ а л ы н д а б е с сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі əскердің 17 қазақ жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Моджахедтер тəжік-ауған шекарасы арқылы ел ім ізге енгісі келгенімен, біздің жігіттер оларға ерлікпен төтеп беріпті. Қанды оқиғаның ішінде өзіңіз де болып, жараланғаныңызға қ а р а м а с т а н , ж а н қ и я р л ы қ ерлікпен ұрысты жалғастырып, қ а р у л а с т а р ы ң ы з д ы ң а м а н қалуына жағдай жасадыңыз. Сол жылдарды тағы бір ой елегінен өткізсеңіз?

– Боздақтардың қазалы өлімін өз көзіммен көргендіктен, бұл оқиға жаныма қатты батады. Олардың көретін қызықтары əлі алда еді. Жау сол кездің өзінде осал бол-мады. Моджахедтер соғыс өнеріне ə б д е н м а ш ы қ т а н ы п , ұ р ы с т ы ң айла-тəсілдерін жетік меңгерген. Сұрапыл шайқаста бізді құтқарған 40-50 метрдей жерде тұрған көпір болды. Біз осы тауды тесіп өтетін көпірге бекініп алып, жауға той-тарыс бермегенде аман қалуымыз екіталай еді.

Бұл көпір – стратегиялық маңызы зор нысан. Одан өтетін жолдың бірі – Калай-Хумб елді мекеніне, екіншісі Душанбе қаласына бағытталған. Шайқастан соң рота командирі, к а п и т а н Е р л а н А л д а н а з а р о в ж а у ы н г е р л е р д і ң ү л к е н е р л і к жасағандарын айтып, оларға шексіз ризашылығын білдіріп, елге қайтқысы келетіндерге рұқсат берілетінін жеткізді. Сонда рота жауынгерлері бірауыздан қаза болған жауынгер жолдастарының кегін алмай елге қайтпайтындарын айтты. Мұны естігенде бойымды мақтаныш пен қуаныш сезімі биледі.

1996 жылдың 20 қарашасында Елбасы Жарлығымен қаза тапқан сарбаздардың барлығы жауынгерлік ордендермен жəне медальдар-мен марапатталды. Бүг інде бұл ж а у ы н г е р л е р д і ң т у ы п - ө с к е н

Арыс аудандық Ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейте-нанты Мұрат Алдияров, міне, осын-дай сенім үдесінен табыла білген ма-ман. Ол осы салада еңбек ете жүріп, тергеудің сан қырлы құпияларына терең бойлай білді. ҚР ІІМ Алматы А к а д е м и я с ы н д а а л ғ а н б і л і м і н тəжірибесімен толықтырып, аға буын тергеушілерден үнемі білмеген жерін сұрап алудан жалыққан жоқ. «Тəртіп дегеннің өзі білмегеніңді білетіндерден сұрап алу» делінеді Шығыс мақалында. Сондықтан жемісті жұмыс істеуі үшін үнемі ізденіс, оқып-үйрену керек екен.

Арыстық тергеуші Мұрат Серікұлы алдына осындай мақсат қойған. Ол тергеу саласында жүргендіктен барлық білімнен хабардар болуы үшін ұдайы ізденеді. Академиядан соң ол Əкімшілік полиция бөлімшесінде инспектор болып еңбек жолын бас-тады. Арада үш ай өткенде оны кри-миналист лауазымына тағайындады. Арада алты ай өткенде тергеушілікке өткізді. Тағы бір алты ай өткенде ол аға лейтенант атанды. Бұдан кейін жəне алты ай өткенде ол аға тергеушілікке жоғарылатылды.

«Жеті саны киелі дейміз. Əзірге мен үшін алты саны бақ болып тұр», – деп күледі өзі.

П о л и ц и я қ ы з м е т і н д е б а с т ы көрсеткіш – қылмыстың алдын алу, болдырмау, бола қалған жағдайда күд і к т і н і т е з арада құрықтап , құжаттарын сотқа дер кезінде өткізу екені белг іл і . Міне, осы орайда тергеушіге жүктелер жауапкершілік үлкен. Өйткені, қылмыстық істің сапалы тергелуі үлкен мəнге ие. Егер тергеуші сəл ғана мүлт кетсе, соттан кері қайтқан құжат ішкі істер басқармасына көлеңкесін түсіреді. Осы ретте Мұрат Алдияров əрдайым

ҚР ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ «ТМД-НЫҢ ТƏЖІК-АУҒАН УЧАСКЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ» 1993 ЖЫЛҒЫ 15 СƏУІРДЕГІ ҚАУЛЫСЫНА СƏЙКЕС, ЕЛІМІЗДІҢ ІШКІ ƏСКЕРІ ТƏЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН КҮЗЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ. 1993 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМЫНАН 1999 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗЫНА ДЕЙІН ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ САРБАЗ БЕН САРДАР ЖАУЫНГЕРЛІК ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАДЫ. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ЖЕТІНШІ ҚҰРАМА РОТАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЛЕЙТЕНАНТ БЕРІК ОМАРОВ ТА БОЛҒАН ЕДІ.

жерлеріндегі мектеп, көше, саябақтар олардың есімдерімен аталады.

– Бесікте жатып «Батырлар ж ы р ы м е н » с у с ы н д а п , « Е р Төстік» ертегісімен есейетін ұландарымыз намысшыл, ел-жанды, батыр болып өсетінінің бір көрінісі ғой бұл.

– Əрине. Сол тəлім-тəрбиенің арқасында шапса тұлпардың тұяғы, ұшса құстың қанаты талатын осын-шама жер атадан балаға мирас бо-лып келе жатқан жоқ па?! Сонау замандағы жоңғармен шайқастағы, кешег і Ұлы Отан соғысындағы, одан кейін Ауғанстандағы ұрыстағы бабаларымыздың , аталарымыз бен ағаларымыздың жауынгерлік дəстүрлерін бүгінде еліміздің Қарулы Күштеріндегі, соның ішінде Ұлттық ұландағы жауынгерлер лайықты жалғастыруда.

М ə с е л е н , ө т к е н ж ы л д а р ы қатардағы жауынгерлер Ербол Отарбаев, Нұрасыл Мүбəраков, Алтынбек Қабылбеков, кіші сер-жанттар Жандос Баянбаев, Ақылбек Қоңыров қау іпт і қылмыскермен күресте ержүректік таныта білді. Олар Елбасының қолынан жоғары мемлекеттік «Айбын» орденін жəне «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаль-дарын алды. Өрт кезінде адам өмірін сақтап қалғаны үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, май-ор Ринат Жұмалиев пен Салауат Қабдықұлов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Мінеки, мұның барлығы да Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі болып табылады.

Патриотизмнің қайнар бастауы осыдан басталады. Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтың бір ғана Отаны бар, ол – тəуелсіз Қазақстан» де-ген болатын. Туған елімізді көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю – əр азаматтың міндеті жəне перзенттік борышы. Ел тыныштығын қамтамасыз ету – отансүйгіштіктің белгісі.

– « Б а т ы с » ө ң і р л і к қ о л б а с ш ы с ы н д а ғ ы т ə р б и е ж ұ м ы с т а р ы ж ө н і н д е а й т а кетсеңіз.

– Əскери бөлімде тəрбие жұмысына үлкен мəн беріледі. Себебі, біздің қызметтің өзге əскери салаларға қарағанда өз ерекшеліктері бар. Түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды күзету, қала көшелеріндегі қоғамдық т ə р т і п т і с а қ т а у б о л с ы н , қ а й -қайсысының да өзіндік қиындығы бар. Қолбасшылық тарапынан осы қиындықтарды жеңуге жағдай жасалып қана қоймай, сонымен қатар тəрбиелік жұмыстардың да ойдағыдай жүруіне мəн беріледі. Сондықтан əрб ір сардар жеке қ ұрамның арасында ғы тəрбие қызметін талапқа сай жүргізуге тыры-сады. Жеке құрамның мемлекеттік-құқықтық, жауынгерлік дайындық барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне тəрбие жұмыстарының қосар үлесі зор. Кеңес Одағының мар-шалы, төрт мəрте Кеңес Одағының Батыры Г .Жуковтың «Тəрт іп – жеңістің анасы» деген сөзі біздің ұранымыз іспеттес.

– Берік Ілесбекұлы, əскери өміріңізде кімді үлгі тұтасыз?

– Х а л қ ы м ы з д а б а т ы р л ы ғ ы , шешенд і г і , ержүрект і г імен та -рихта қалған тұлғалар жетерлік. Барлығынан да үлгі алуға тырыса-мын. Соның ішінде туған елімнің даңқын əлемге танытқан Бауыржан Момышұлына қарап бой түзеймін. Жалпы батыр ағамыз əр əскери қызметшінің үлгі тұтар ұстазы ғой. Ол туралы əрбір деректен халқына деген жанашырлықтың, батырлықтың ерен үлгісін, Отанын шексіз сүюді көруге болады.

– Əскери салаға қалай келдіңіз?– Əскери қызметке келуіме ішкі істер

органдарында көп жылдар қызмет атқарған əкем Ілесбек Өмірзақұлы ықпал етті. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар аудандық Ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекциясының бастығы қызметінде жүріп, милиция майоры шенінде зейнеткерлікке шықты.

Ө з і м 1 9 8 9 - 1 9 9 3 ж ы л д а р ы Ленинградтағы жоғары əскери-саяси училищесінде оқыған кезімде ал-дымнан өзге əлем ашылғандай бол-ды. Əскери жарғыны қатаң сақтау, əскери антқа адал болу, бұйрықтар мен өкімдерді бұлжытпай орындау – мен үшін айнымайтын қағидаға айналды. Оқу орнын тəмамдағаннан кейін Шымкенттегі Ішкі əскердің Оңтүстік құрамасына қарасты əскери бөл імге кел іп , патрульд ік рота командирінің орынбасары қызметін

атқардым. Ал 1995 жылдың науры-зында ТМД елдерінің өзара ұжымдық қауіпсіздік туралы келісіміне сай, оның сыртқы шекарасын күзету мақсатында еріктілер қатарынан құрылған құрама ротаның сапында үш ай мерзімге тəжік-ауған шекарасына Отан алдындағы əскери борышымды өтеуге аттандым.

Одан кейін Ақтау қаласындағы 6656 əскери бөлімінде батальон командирінің орынбасары, Атырау қаласындағы 5546 əскери бөлім командирінің орынбасары, 6655 əскери бөлімінде тəрбие бөлімінің бастығы қызметін атқардым.

Батыстан кейін қызметім елор-да – Астана қаласында жалғасын тапты. Бұнда 5570 əскери бөлім командирінің тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орын-басары қызметінде болдым. Кейін Ішкі əскерлер комитетінде тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасында қызмет жасадым. Ал, 2003 жылдан Өскемендегі шығыс құрамасы командирінің орынбасары лауазымына тағайындалдым. Шығыс құрамасында төрт жылдай болып, Ресей Қарулы Күштерінің Əскери университетінде білім алдым. 2009 жылы Əскери институт бастығының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ал 2014 жылдың жаз айында еліміздің ба-тыс өңірінде осы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне кірістім.

– Балаларыңыз əке жолын қуса қарсы болмайсыз ба? Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Тұңғышым Айдар Мəскеудегі Қорғаныс министрліг ін ің əскери институтының бесінші курс кур-санты. Қызым Майра тұрмыста, А с т анадан жо ғары оқу орнын тəмамдады. Кіші ұлым Исатай 11-сы-ныпта. Балаларым мамандықты өз қалауларымен таңдады. Біз оларға Отанға адал қызмет етуді, əділ болу-ды, жауапкершілік пен тəртіпке мəн беруге үйретудеміз. Тек олардың мен жеткен жетістіктен асып түсіп, əріптестері мен ел-жұртының ал-дында үлкен беделге ие болу-ын тілеймін. Ең бастысы, жастар Отанға қызмет – ортақ парыз екенін ұмытпауы шарт. Ал бос уақытым аз, бірақ мүмкіндік болғанда таза ауада жүгіріп, шаңғы тебемін. Оған қоса табиғат аясында демалу – мен үшін керемет демалыс.

Сұхбаттасқан Ерболат СҰЛТАНОВ,Орал қаласы.

ТӨРЕЛІК ШЕШІМ – ТАБЫС ТҰҒЫРЫСабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

ҚАНДАЙ ДА ҚЫЛМЫСТЫ АЛҒАШ БОЛЫП ДƏРЕЖЕЛЕЙТІН, БАҒА БЕРЕТІН АДАМ, ОЛ – ТЕРГЕУШІ. СОНДЫҚТАН, ОЛ ҚАТЕЛЕСПЕУІ КЕРЕК. ҚАТЕЛЕСТІҢ ЕКЕН ҚЫЛМЫСКЕР САҒАН ЖАЛҒАН ЖАУАП БЕРЕДІ, ІСТІҢ КЕРІ БАҒЫТҚА ТҮСІП КЕТУІНЕ ЖОЛ АШАДЫ. МІНЕ, ОСЫНДАЙДА ТЕРГЕУШІЛЕРДІҢ ТЕГЕУРІНДІГІ, БІЛГІРЛІГІ, ТАПҚЫРЛЫҒЫ, БІЛІМДІЛІГІ, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АЛДЫҢҒЫ ОРЫНҒА ШЫҒАДЫ. ТӨРЕЛІК ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ƏДІЛЕТТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕНДЕ ҒАНА ҰТЫМДЫ. МҰНДАЙДА СЕНІҢ ШЕШІМІҢДІ ПРОКУРОР ДА, СОТ ТА ҚОЛДАЙДЫ. ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАРЫҢ КЕРІ ҚАЙТПАЙДЫ. БҰЛ ТЕРГЕУШІГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК ҰЯЛАТАДЫ. ТІПТІ, КҮДІКТІНІҢ ӨЗІ ДЕ ƏДІЛЕТТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА СҮЙЕНГЕН ТƏЖІРИБЕЛІ ТЕРГЕУШІГЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ. БҰЛ КҮДІКТІНІҢ ЖАН ДҮНИЕСІНІҢ ЖАРҚЫРАП КӨРІНУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.

алғырлығымен ерекшеленуде. Оның жүргізген құжаттарына прокурату-ра, сот та кінə таққан емес. Екі-үш мысал:

. . .Ерсұлтан деген жіг іт ауыл-дас досына В-контакте əлеуметтік желісі арқылы «Қалайсың, інім?» деген хат жібереді. Бұл Эльдарға ұнамай қалады. Сосын ол жолдасы Зейнабдинге шағымданады. Ұрынарға қара таппай жүрген Зейнабдин үйіне барып «Оса» маркалы атыс қаруын алып шығады.

А л , о с ы к е з д е Е р с ұ л т а н Ж.Тəшенов атындағы жалпы орта мектептің спорт залында бір топ достарымен волейбол ойнап жүр ед і . Үшеу болып к і р і п к ел г ен олар Ерсұлтанды жазықсыздан-жазықсыз соққының астына алады. Бұл аздай Зейнабдин оны аяғынан атып жаралайды.

Міне, осы істі Мұрат Серікұлы тергеді. Зорлықшыл Зейнабдин заңсыз қару сақтағаны жəне бұзақылық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 287-

бабы 2-бөлімі жəне 293-бабы 3-бөлімі 2-тармағымен айыпталып, сотқа жол-данды. Сот құжатты кері қайтарған жоқ.

...Жесір келіншек Кенжегүл мен азаматтық некедегі күйеуі Акрам екеуі əдеттегідей бірге арақ ішеді. Спирттік ішімдікке бөккен екеуі ақыры жанжалдасып қалады. Айқай-шу, алыс-жұлыс үстінде Кенжегүлдің қолына асхана пышағы іл і гед і . Аяғына шалынып зорға жүрген Акрамның ту сыртынан пышақ қадалады. Ол оқиға болған жерде жан тапсырады.

44 жасар келіншек əуелі бұлғақтап бақты. Жылады. Сықтады. «Үйге келсем, оны біреулер пышақтап кетіпті» деп те көрді. Мұрат оның əр сөзін мұқият тыңдап отырды. Бір сөзінде Кенжегүл «күйеуінің» қылығынан əбден мезі болғанын айтып қалды. Осы бір ауыз сөз жіптің ұшын ұстатты. Ақырында Кенжегүл азаматтық некедегі күйеуін «байқаусызда» өлтіріп қойғанын мойындады. Келіншек тиісті жазасын алды.

...Ізет атына сай ізетті жігіт болуы керек-ақ еді. Алайда, ол бұзақылығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Енді осыдан соң да ол ізгілік жолына түсуі керек еді ғой. Алайда, Ізеттің бойында ізгіліктен гөрі ібіліс көп болып шықты.

Полиция а ғ а л ей т енан ты А . түскі үзіліске пəтеріне келген еді. Подъезд алдында мас Ізет кезде-се кетті. «Бүгінде кім ішпей жа-тыр?» деп өте шығуына да болар ма еді. Бірақ, мас адам жолын кес-кестеді. Оның билік өкілі екенін біле тұра намысына тиетін балағат сөз айтты. «Қойсаңшы» деген по-лиция қызметкерін маңдайынан басымен бір ұрып құлатты. Артынша қ о й ы н ы н а н п ы ш а қ с у ы р ы п , полицейдің арқасынан сілтеп қалды. Сосын өзінің не бүлдіріп қойғанын сезгендей жалма-жан қаша жөнелді.

Бірақ, қашып қайда барады? Көп ұзамай сүмірейіп тергеушінің ал-дында отырды. Аға тергеуші Мұрат оны бұлбұлша сайратты. Орда бұзар отызында Ізет екінші қайтара сотты болды.

Міне, біз Арыс аудандық ІІБ-ның аға тергеушісі, полиция аға лей-тенанты Мұрат Алдияровтың жыл басынан бері жүргізген үш ісіне ғана тоқтап отырмыз. Ол күнделікті осын-дай қылмыстың қаншасымен кездесіп отырады десеңізші. Қарауындағы қылмысты дер кезінде тергеп, сотқа өткізу жолында тынымсыз тер төгеді. Еңбекқорлығы, тынымсыздығы, жауапкершілікті терең сезіне білуі арқасында ол облыс бойынша да үздік атанып жүр.

«Мұрат əлі жас. Өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінеді. Біз оған сенеміз. Тергеу бойынша облыста бірінші орынға шықтық. Бұл Мұрат секілді сенімді жігіттердің арқасы. Оның болашағы əлі алда», – дейді Арыс аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Исабеков.

Төрел ік шешімдер імен табыс тұғырынан табылып жүрген жас тергеушіге ақ жол тіледік.

Page 6: Сақшы №28 (4194)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚШЫЛАР АРДАГЕРЛЕР-ГЕ ҚОЛДАУ РЕТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕНБІЛІГІН ӨТКІЗІП, ҚАРИЯЛАРДЫҢ ЕСЕПШОТТАРЫНА БІР КҮНДІК ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫН АУДАРДЫ.

Ішкі істер органдары ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында барлық бөліністердің жеке құрамы ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай қайырымдылық сенбілігін ұйымдастырды. Күні бойы бөлініс ғимараттарының маңын жинастырған тəртіп сақшылары қоқыс шығару жұмыстарына да белсенді қатысты. Тергеушілер, жедел уəкілдер, криминалистер жұмыс киімдерін киіп, өздеріне бекітілген учаскелерді жинастырды.

«Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қала тұрғындары мен кəсіпорын басшыларына өз аулаларында тазарту жұмыстарын жүргізуді ұсынып, тұрғындармен бірге белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Қыс кетіп, қар еріген соң, қоқыс үйілген орындардың қаптап кететіні баршаға белгілі. Қаланың əрбір тұрғыны жауапкершілікті сезініп, аула тазалығын сақтауға мəн бергені жөн. Полицейлер де əкімшілік ғимараттар мен өздеріне қарасты учаскелерде тазалықты қамтамасыз етуде үлгі болуы тиіс», – деп атап кетті Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəлов. Сонымен бірге, шаруашылық жұмыстарына 20 техника тар-тылды.

Бұдан басқа, сенбі күні ішкі істер органдарының əкімшілік ғимараттарындағы қызметтік бөлмелерге, қоймаларға, жертөлелерге санитарлық тазалау жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

ІІД-нің барлық бөліністерінің ұжымдары офицерлік жəне полицейлік жиналыстардың қорытындысы бойынша «Ішкі істер органдары жəне ішкі əскерлер ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» ҚБ Солтүстік

ИГІ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕНБІЛІГІ

ТАНЫМ

Көрмеге жиналғандардың ішінде өнер иелері, суретшілер, зиялы қауым өкілдері , сту-денттер, оқушылар, облыстық м ə с л и х а т д е п у т а т т а р ы , Чернобыль ардагерлері жəне балалар да бар еді. Суретшінің туған күнінде ашылған көрме тақырыбы Чернобыль атом стан-сасы апатының 30 жылдығына арналды.

Өткен ғасырдың соңындағы ең қорқынышты жəне үлкен апат – 1986 жылдың 26 сəуіріндегі Ч е р н о б ы л ь А Э С - т ы ң 4 - ш і энергоблогындағы жағдай еді. Оның салдарын əлі күнге дейін сезініп келеміз. Осы ауыр да қасіретті тақырыпты суретші соны туындылары арқылы түпкілікті жетк і з е б і л г ен . Жиналған жұрттың назарына қанық бояуға толы картиналар ұсынылды. Суреттердің салу сипаты аб-

Мұражайдағы тосын оқиғаЕлена ШЕВЕЛЕВА, Павлодар облысы ТЖД

ТАЯУДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕН ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАВЛОДАРЛЫҚ СУРЕТШІ, ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУШЫ АНДРЕЙ ОРАЗБАЕВТЫҢ «ШАМАН БИІ» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАП ҚАЙТТЫ.

Қазақ халқы баяғы атам заманнан мал шаруашылығымен айналысып, етін тамақ қып жеп, сүтін сусын ғып ішіп, терісін киім ғып киіп өмір сүрген. Жалпы мал иесіне ерекше мəн бер-ген халық қой. Амандық сұрағанда да «үй-ішің, қора-қопсың аман ба?» деп сұраған. Тіпті, бата бергенде де «үйің жанға, қораң малға толсын» деп тілек тілеген. Ендеше мал атасын ерекше құрметтейтін халық бүгінгі күні осы қасиетінен айырылып қалмады ма екен?

Қазір ауыл дейтін ауыл, қыстақ, жайлау, күзеу деген-дер аз-маз қалды. Өсіп келе жатқан жастар, тіпті бұл сөздердің мағынасын да білмей ме деген еріксіз күдік туады. Себебі, бұрын мал шаруашылығымен күнін көрген адамдардың көбісі ауылдарын тастап, қалаға күн көруге кеткен. Ауылда қалған аз-маз адам қалаға барайын десе істейтін жұмыс, тұратын баспана жоқ, сондықтан ауылда-рында қалып, ендігі күндерін осы малмен көріп отыр. Осы мал атаулысымен күнін көріп отырған адамның малын ұрлап, қиянат жасауға бола ма екен? Бұл мал ұрлығы деген əсіресе, жаз бен күз кезінде белең алып кетеді. Күз мезгілі мал үшін ең қолайлы, нағыз семіріп тұрған кезі ғой. «Ет бар жерде, бет бар ма?» деуші еді қазақ халқы. Міне, осындай мүмкіндікті ұры пайдаланады, əрине.

Сондықтан малдары бар адамдарға қораларыңызға сақ болып, ұры-қарыдан қорғанудың жолдарын үнемі қарастырып, сақтық шараларын жасап отырғандарыңыз хақ. «Сақтансаң сақтайды» демекші, сақтық шарасы ешқашан көптік етпейді.

И.ИСКАКОВА, Қарағанды облысы

ҚҰРМЕТ

Ол – зейнеткерлікке шығу, ұзақ жылғы еңбегінің раха-тын көру кезеңі. Дана қазақ сондықтан «жас кезімде бей-нет бер, қартайғанда зейнет бер» дейді. Сол зейнет жасына абырой арқалап жету де үлкен мəртебе. Мұндай азаматтарға қашанда құрмет көрсетіліп жа-тады. Ұжымдағы өнегелі істері кейінгі буын інілерге үлгі болып ұсынылады.

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс аудандық ІІБ-де осындай бір игі шара өтті. Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының екі бірдей орынбаса-ры зейнеткерлікке шықты. Арыс аудандық ІІБ бастығының орын-басары, полиция подполковнигі Алым Сыдықов қос ардагердің ішкі істер органдарында жүріп қол жеткізген жетістіктерін рет-ретімен баяндап шықты.

Əуелбек Əбдірашев қызметін т е р г е у ш і л і к т е н б а с т а п , аудандық, қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтерілген. ҚР ІІМ-нің бірнеше рет Құрмет грамота-сымен əспеттелген. «ҚР Ішкі істер саласының үздігі». Басқа да медальдары, төсбелгілері то-лып жатыр. Полиция полковнигі Ə у е л б е к Ə б д і р а ш е в А р ы с аудандық ІІБ бастығының бірінші

АРЫСТЫҚТАР АРДАГЕРЛЕРГЕ АТ МІНГІЗДІСабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

АДАМДАР УАҚЫТ КӨШІМЕН ҰДАЙЫ АЛҒА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫП ОТЫРАДЫ. БАЛАЛЫҚ БАЛ ДƏУРЕН, БОЗБАЛАЛЫҚ ШАҚ, ЖІГІТ АҒАСЫ АТАНҒАН КЕЗДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК, МҰНЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА СЫНАПТАЙ СЫРҒЫП ӨТЕДІ. БЕЙНЕТПЕН ӨТКЕН КҮНДЕРДІҢ БЕРЕКЕЛІ КҮЗІ БАР.

Бір келіден аса марихуана тəркіледі

Луговой стансасындағы Желілік полиция бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында «Мартин» лақап атты қызметтік-іздестіру итінің қөмегімен 42 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында күдіктінің спорттық сөмкесінің ішінен жабайы қарасора тəріздес өзіндік иісі бар, өсімдік тектес жасыл түсті зат табылды.

Сараптама нəтижесіне сəйкес күдіктіден тəркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 66 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды. Күдікті Луговой стансасындағы Желілік полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Еске сала кетейік, жақында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен болатын. Шара барысында 5 қылмыс жəне 12 қылмыстық теріс қылық анықталды. Заңсыз айналымнан 1 келі 200 грамм əртүрлі есірткі заттары тəркіленіп алынды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Бетбақдалада соңғы жылдары ақбөкендер қайта жорта бастады. Мұны байқаған аңқұмарлардан тағат кетті. Түстеріне тəтті ет кіріп, түнімен дөңбекшіп шығатын болды. Солардың бірі – Марат еді. Ол өзіне тиесілі «Мерседес-Бенц-230» жеңіл автокөлігімен Бетбақдаланы бетке алып, тартып кетті. Əрине, үйіндегі 12 калибрлі аңшы мылтығын ала кетуді де ұмытқан жоқ.

Сол күні Марат Бетбақдаланы шарлап, Тайқоңыр елді мекеніне қайтып келе жатты. Осы кезде алды-нан 30-40 шақты ақбөкен шыға келді. Марат шетелдік көлікті асфальт жолдан түсіріп, құмдауыт жерге салды. Əуелгіде көлік шоқырақтағанымен, бірте-бірте жүрісі жөнделді. Дала ботакөздері тым алысқа ұзай алмады. Марат мылтық шүріппесін басып қалды. Бір ақбөкеннің шалқалай құлағанын көріп, көлігін кідіртті. Жануардың көзі мөлдіреп жатыр екен. Ол қынынан пышағын суырды.

Сол күні Марат Шымкент қаласына əлдеқандай шаруамен баруды жоспарлап отыр еді. «Облыс орталығында ақбөкеннің еті қат. Сондықтан қымбатына сатып жіберсем, шайпұлымды да тауып қайтармын» деп ойлаған. Оның үстіне қаладағы бір құрдасы «ақбөкендер қайта келе бастапты ғой, оның етін жемегелі қашан. Ала келсең теңгесін береміз» деген. Осындай есеппен үйден шыққан Марат масайрап келе жатыр еді.

Кенет алдынан Созақ аудандық Ішкі істер бөлімінің ин-спекторлары шыға келмесі бар ма? Олар осы жəйттен ал-дын ала хабардар еді. Сондықтан «Мерседес-Бенц-230» жеңіл көлігін тоқтатты. Бұлтартпас дəлелмен қолға түскен Марат оларға қарсы ештеңе айта алмады.

Бүгінде Созақ аудандық ІІБ аға тергеушісі, поли-ция майоры А.Мамшетов оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 4-бөлігі 4-тармағы жəне 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амал-дарын жүргізуде.

Заңсыз аң аулау оқиғасын алдын ала анықтап, күдіктіні бұлтартпас айғақтармен құрықтаған Созақ аудандық ІІБ жол-патрульдік полиция тобының аға инспекторы, по-лиция капитаны Ағман Көзжановқа, полиция сержанты Ермахан Бимахановқа жəне Жасұлан Көпжасаровқа аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы, поли-ция майоры Н.Қазанғапов алғыс жариялады.

Жергілікті полиция қызметінің құрылғанына көп уақыт өте де қойған жоқ. Əйтсе де олар осы аз мерзімде өздерінің алғашқы нəтижелерін көрсете бастады. Олардың əлі талай табыстарға жетеріне күмəн болмаса керек.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

ҚЫЛМЫСҚА – ҚЫЛБҰРАУ

Заңсыз аң аулаушы құрықталды

Үйдегі жаныңа, қорадағы малыңа сақ бол!

орынбасары болып тұрған кезде қылмыстың ашылуы жөнінен облыс бойынша үздік деп та-нылып, бөлім қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығы тарапынан талай рет марапатқа ие болған.

Сералы Бедебаевтың да алған асулары айтарлықтай. Сералының өмір жолдарына үңілсеңіз, оның ылғи да өсу баспалдақтарынан өткенін аңғарасыз. Отыз жылға жуық еңбек жолында жоғары басшылықтан бір де бір ескерту алмаған. Көптеген медаль мен грамоталардың иегері. Бүгінде екі азамат та бірнеше немеренің атасы.

«Міне, осындай алтын кадр-ларды зейнеткерлікке жіберу бізге де оңай емес. Көкіректі қимастық сез ім сыздатады. Амал не, уақыт талабы осын-дай. Қос азаматқа да абыз ақсақал атанып, балаларының, немерелерінің, шөберелерінің қызықтарын көре берулеріне т і л е к т е с п і з . Ə р и н е , о л а р зейнеткерлікке шыққанымен, қатарымыздан кеткен жоқ. Олардың бай тəжірибелерінен жас мамандардың үйренері көп əлі. Сондықтан сіздерге құшағымыз қашанда ашық», – деді Арыс аудандық ІІБ бастығы, поли-ция полковнигі Нұрлан Исабеков.

Жиында а удан прокуро -ры Бақытжан Булеулиев, ад-вокаттар кеңесінің төрағасы Қожабай Балқыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолдас Аймағанбетов, Арыс стансасындағы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Қошқарбеков с ө з с өйлеп , əріптестеріне жақсылықтар тіледі. «Бейнетқордың еңбегін сыйла, белің бүгілмейді. Данышпанның өсиетін тыңда, елің түңілмейді. Елдің ноқтасын ұстасаң, міндетін арқаларсың. Иманды болсаң, құрметін арқаларсың» деген бар. Зейнеткерлікке шығып ауыл-аймақтың айтулы ақсақалы болуларыңа тілектеспіз» деген ұтымды ойлары жүрек тебірентті.

Əрине , жет ілу – өм ірд ің жолы. Жеткізу – тектінің жолы. Қос азаматтың шəк ірттер і ж о л к ө р с е т і п , о с ы н д а й дəрежеге жеткізгендері үшін ағаларына алғыс айтты. «Əлі де тəжірибелеріңіз бізге керек»

деп жиі келіп тұруға шақырды. Запастағы полковниктердің иықтарына зерлі шапандар жа-былды. Басқа да сый-сияпаттар жасалынды. Соның ішінде ең үлкен сый – қос зейнеткерге арғымақ мінгізуі еді. Ұлттық киім киіп, арғымақ үстінде тізгінді шірене тартқан екеудің жүздері бал-бұл жайнап тұрды.

«Уақыт деген зымыран сияқты екен. Көзді ашып-жұмғанша, міне, зейнеткерлік жасқа да жеттік. Бастан небір қилы күндерді өткердік. Сонда бəріміз бір үйдің баласындай ынтымақпен жұмылып , қиындықтармен күрестік. Ішкі істер бөлімі – біздің екінші үйіміз. Сондықтан жиі келіп тұрамыз», – деді қос зейнеткер ағынан жарылып.

Өз кезегінде екі ардагер жас мамандармен тəжірибе бөлісуге қашанда дайын екендіктерін жеткізді. Мұнан соң табиғаттың тамылжыған əсем бір орнында дастарқан жайылып, ізгі тілектер жалғасын тапты.

стракционизмге ұқсас, бірақ автордың өзі ондағы түсініктерді, сюжеттерді, заттарды толығымен айыра білген. Мұнда Моненің де, Ван Гоганың да стилі бар. Дарынды əрі қайталанбас, кей-де агрессивті, кейде тыныш – əртүрлі... Бірақ қашанда тамаша жəне əдемі суреттер бірін-бірі сирек қайталайды.

Вернисажда баяу түрде му-зыка ойнап тұрды, ал ашылу кезінде музыка тіпті ақырындады. Адамдар жүргізушілердің айна-ласына жиналды. Бəрі сурет қарап, əуенді тыңдап тұрған. Бір уақытта адамдардың арасынан қатты дүрсіл естілді. Адамдар жан-жақтарына қарай бастады, бір кезде қырық бес-елу жас шамасындағы ер адамның еденде жатқанын көрдік. Үрей денемізді бойлай бастаған еді, бірақ ол тез сейілді. Себебі, зардап шеккен

адамға қонақтардың арасындағы құтқарушылар мен Көкшетау техникалық университетінің 4-курс курсанттары жедел көмекке келді. Адамдар сəл тынышталып, кері шегініп, құтқарушылардың жұмысын тамашалай бастады. Ал, олар ың-шыңсыз, нақты əрі білікті жұмыс істеді.

Павлодар облысы ТЖД же-дел құтқару жасағының ма-мандары: радиациялық жəне химия-биологиялық қорғаныс бөлімшесінің басшысы К.Ыбыраев, бөлімшенің бас құтқарушысы С . З а б о л о ц к и й , қ ұ т қ а р у бөлімшесінің құтқарушылары А.Лесовой, В.Хазов, сонымен қатар, тағылымдамадан өтуге келген кур-санттар А.Магзамов, Р.Газиз дəл осы жерде біліктіліктерін көрсете білді. Жедел жəрдем шақыртылған, бірақ, ол келіп жеткенге дейінгі 7 минутта тыныс ала алмай жатқан азамат есін жинады. Осылайша, аз ғана уақыттың ішінде адам өмірі, туған күнгі көңіл мен көрменің ашылуы бірге құтқарылып, мереке өз жалғасын тапты.

Мұражай бастығы, облыстық мəслихаттың депутаты жəне Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы

«Чернобыль одағы» заңды тұлғалар ассоциациясының т ө р а ғ а с ы В . Д е й м у н д қызметкерлерге алғыстарын ай-тып, қызметтеріне сəттілік тіледі.

Қ ұ т қарушылар үш і н б ұл жайттың үйреншікті іс екені анық. Сол сəтте оларды көптеген фо-тографтар суретке, жергілікті телеарнаның бірі бейнетаспаға түсіріп те үлгерген екен. Расында да, қайғының үлкен-кішісі бол-майды, ең бастысы – жанында сенімді адамдардың болғаны.

М ұ р а ж а й ғ а б а р у д ы ң департаменттің «Өрт сөндіру ж ə н е а п а т т ы қ - қ ұ т қ а р у жұмыс тары қызме т і » ММ-н і ң а л ғ а ш қ ы д а й ы н д ы қ тыңдаушылары үшін тəрбиелік мəні зор. Бұл жастарға көп біліп, көп үйрену керек екендігін аңғартады. Əзірге олар болып жатқан оқиғаны қадағалау, сырттай бақылаумен ғана шек-телуде. Бірақ, көргенін көңіліне тоқып, алдағы уақытта от пен суға қарсы тұрар білікті маман болып шығарына сенім мол. Олар да бір күні мұражайдағы əр іптестер і с ек і лд і бейб і т заманның қаһарманына айналар.

Қазақстан облыстық филиалының есепшотына ерікті түрде жалпы сомасы 7,5 млн. теңгедан астам бір күндік еңбекақыны аудару туралы шешім қабылданды. Бұл қаражат жыл бойы солтүстікқазақстандық по-лиция ардагерлеріне материалдық көмек беруге, олардың тұрмыстық мəселелерін шешуге, шипажайлық жəне медициналық ем қабылдауға жұмсалмақ.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 7: Сақшы №28 (4194)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫВОЛЕЙБОЛ

Жарысқа Батыс Қазақстан об-лысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент і , «Батыс» өң ірл ік қолбасшылығы, Ұлттық ұланға қарасты 5517 əскери бөлім, «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің жасағы, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне қарасты 2029 əскери бөлімі жəне «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер ұйымының

Турнирдің салтанатты ашылуын облыстық ІІД бастығының орын-басары, полиция полковнигі Мұрат Алиханов жүрг і зд і . Ол барлық

АТТЕСТАТТАУ

Кəсіби талап үдесіСƏУІР АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРЛЕРІ МЕН КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ, СОНЫМЕН ҚАТАР ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚҚА БАҒЫНЫШТЫ ƏСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ КОМАНДИРЛЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ.

Аттестаттаудың алғашқы күні əскери қызметшілер Əскери Доктрина, Конституция, ҚР Ұлттық ұланы, Қорғаныс жəне Қарулы Күштердегі əскери қызмет пен əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңдар жүйесінің негізін құрайтын тестілеуден өтті.

Екінші күні олар денешынықтыру дайындығы бойынша №17 күштік кешенді жаттығудан, №35 жылдамдыққа жүгіруден жəне №36 1 шақырым қашықтыққа жүгіруден нормативтер тапсырды, сонымен қатар аттестаттаудың соңғы күні əскери қызметшілер атыс дайындығы бойынша №4 бақылау-ату жаттығуының нормативтерін орындады.

Бұл сынаққа барлық əскери қызметшілер толығымен қатысты. Олар жоғарыда аталған сынақтарды тапсырудан бөлек, аттестаттауға қатысу үшін алдымен психологиялық тестілеуден өткенін де ескертіп өтейік. Мұндай кəсіби талап үдесіндегі аттестаттық тексерістер Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін əрбір офицерлер мен келісімшарт əскери қызметшілерінің кəсіптік, іскерлік жəне жеке қасиеттерімен қоса, олардың білімдері мен біліктіліктерін, дене даярлығы мен басқа да əскери қабілеттерін, сонымен қатар олардың атқарып отырған лауазымдарына сəйкестігін тексеру мақсатында 3 жылда бір рет өткізіліп тұрады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жарыстың мақсаты – ел Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» –Ұлт Жоспарын жүзеге асыру, са-ламатты өм ір салтын насихат-тау жəне Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясында генерал-майор Ə.Арыстанбековті еске алуға орай республикалық əскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары арасында өткізілетін қоян-қолтық ұрыс бойынша ашық республикалық жарысқа институт кур-санттарын іріктеу.

Жарысқа қатысушы спортшы-лар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Əнұраны орын-далып, ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, по-лиция полковнигі Дастан Дəулетияров жарысқа қатысушы спортшыларға

ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ТАЯУДА АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ГЕОЛОГ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ БАТЫС ӨҢІРЛІК ҚАЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРА-СЫНДА ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Турнирге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе жəне Атырау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынасты.

Доданың құрметті қонақтары ретінде ҚР Жекпе-жек сайысы федерациясының негізін қалаушы, Самбо күресі бойынша спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рустам Абдалимов, Атырау облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжанат Каленова, Атырау облыстық «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының орынбасары Қайдар Есенғалиев, Атырау облыстық жекпе-жек федерациясының президенті Айбар Есенғалиев арнайы шақырылды.

Жарыстың бас төрешісі болып ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің Кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы, ұлттық дəрежедегі төреші, жекпе-жек сайысы бойынша спорт шебері Əділ Қайырбаев сайланды. Жарыстың басты мақсаты Батыс өңірінің ҚАЖ қызметкерлері арасында үздіктерді таңдап, 2016 жылдың маусым айында Астана қаласында өтетін республикалық жекпе-жек сайысына дайындау болды.

Турнир өте тартысты өтті. Кездесулердің қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Олжас Қалдан, 60 келіде Ақтөбе облысынан Азамат Азберген, 65 келіде Батыс Қазақстан облысынан Болатбек Халелов, 70 келіде Маңғыстау облысынан Берік Абдикаримов, 75 келіде Атырау облысынан Нұртуған Зұлбыхар, 80 келіде Маңғыстау облысынан Сұлтан Бекжан, 85 келіде Атырау облысынан Сергей Хуртин, 90 келіде Ақтөбе облысынан Мирас Хамзин жəне 90 келіден жоғары салмақта Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Еділ Айтбеков жеңімпаз атанды.

Жалпыкомандалық есепте 3-орынды Батыс Қазақстан облысы, 2-орын-ды Маңғыстау облысы жеңіп алса, 1-орын Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне бұйырды. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы əділет полковнигі Д.Туашев жеңімпаз қатысушыларды жəне командаларды жеңістерімен құттықтап, мақтау қағаздарын, бағалы сыйлықтарды жəне кубоктарды табыс етті.

Б.АБИРОВ, Атырау облысы

СƏУІР АЙЫНЫҢ БАСЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ƏСКЕРИ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТТІК ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫСТАР ӨТТІ. ЖАРЫСТАРҒА ГАРНИЗОННЫҢ 11 ҚҰРАМАСЫ ҚАТЫСТЫ.

Жарыстар екі спорт түрі бойынша өтті. Нəтижесінде орындар келесідей кезекте айқындалды: жалпыкомандалық 1-орын №9 ӨСБ, 2-орын №16 МӨСБ, 3-орын №6 ӨСБ-не тиесілі болды.

Жарыстарға Өрт сөндіру қызметі құрамасының кəсіби спортшылары да қатысты, оларға жартылай финалдық жəне финалдық сайыстарда бөлек жарыстар белгіленді. Оқу мұнарасының төртінші қабатына шабу-ыл баспалдағымен көтерілу жарысында 1-орынды ƏжҚДБ нұсқаушысы Ж.Қайсарбеков, 2-орынды №8 ӨСБ өрт сөндірушісі М.Дүйсеков жəне 2-орын-ды №16 МӨСБ аға өрт сөндірушісі Н.Мағау иеленді.

Жарыстардың осы түрі бойынша өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында өткен жарыстарда 1-орынға №9 ӨСБ өрт сөндірушісі О.Байнұхатов, 2-орынға №9 ӨСБ бөлімше командирі Д.Дунасаров, 3-орынға №9 ӨСБ өрт сөндірушісі Г.Шалабаев көтерілді.

Астана қаласы ТЖД құрамасының спортшылары арасында 100 метрлік кедергісі бар жолақты бағындыруда 1-орынды №16 МӨСБ аға өрт сөндірушісі Т.Олжабаев, 2-орынды №16 ӨСБ аға өрт сөндірушісі М.Саликов, 2-орынды ƏжҚДБ нұсқаушысы О.Жылқайдаров еншіледі. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер арасында 1-орынды №9 ӨСБ бөлімше командирі Д.Дунасаров, 2-орынды №6 ӨСБ қарауыл бастығы Р.Зейнішев, 3-орынды №9 ӨСБ бөлімше командирі Н.Молдағалиев қанжығасына байлады.

Жарыстардың барлық жеңімпаздары грамоталармен, ауыспалы кубоктар-мен жəне дипломдармен марапатталды.

Ж.ЕРКІБАЕВ, Астана қаласы

ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ АЯСЫНДА1995 ЖЫЛЫ 7 СƏУІРДЕ ТƏЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ҚАЗАҚСТАН ІШКІ ƏСКЕРІНІҢ 17 ЖАУЫНГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР АЯСЫНДА ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 5517 ƏСКЕРИ БӨЛІМІ БАЗАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ОСЫ ТЕКТЕС ҚҰРЫЛЫМДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ.

«Ардагер» командалары қатысты. «Батыс» өңірлік қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, пол-ковник Берік Омаров қатысушыларға сəттілік тілеп, спортпен тұрақты ай-налысып, саламатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.Турнир қорытындысында «Ардагер»

командасы жеңімпаз атанса, олар-дан бір ұпайы кем БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті екінші, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ко-мандасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок-гра-моталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, тəжік-ауған шекара-сында қаза тапқан он жеті жауынгердің бірі – Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданынан шақыртылған сержант Радик Қаймулдиев болатын.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ƏУЕДОПТЫҢ ШЕБЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫСəуле МУСИНОВА, Павлодар облысы

ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ДИНАМО» ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ ҚОҒАМЫНЫҢ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ. ЖАРЫСТА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ОН ЖЕТІ КОМАНДАСЫ БАС ЖҮЛДЕ ҮШІН БАҚ СЫНАСТЫ.

к о м а н д а л а р ғ а с ə т т і л і к т і л е п , ауызбірлікті ұйымшылдық пен жеңіске деген ерік-жігерді сақтай отыра өнер көрсетуге шақырды.

Өз командаларына жанкүйер болып келген көрермендер үшін ойындар тартысты сəттерге толы болды. Допты қарсыластар алаңына бергендегі дəлдік, допты жерге түсіріп алмай ұзақ ұстау, тор алдындағы ептілік – осының бəрі бұл ойынды неліктен əуедоп деп те атайтынына сөзсіз меңзеп тұрды.

Ойындар өте тартысты, əрі күрделі болды. Бірнеше тур мен төгілген тер-ден кейін жеңіс тұғырына нағыз əуедоп шеберлер көтерілген.

Сонымен тартысты кездесулердің жеңімпазы болып Ақсу қалалық ІІБ-ның командасы атанды. Екінші орын-ды облыстық ІІД командасы иеленсе, үздіктер үштігін Павлодар қалалық ІІБ-ның командасы бекітті.

Марапаттау рəсімінде үздік ойын-шылар да аталып өтті. Əр топтың өзінің үздік ойыншысы болды. Соның ішінде «Үздік шабуылшы» деп Жандос Байкенов танылса, «Үздік байланысты-рушы» болып Сүйеніш Жұбанышевтің есімі аталды. Ал, Серік Қайыргелдин «Үздік ойыншы» аталымын жеңіп алды. Жүлдегерлерге кубоктар мен диплом-дар, ойыншыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Турнирге қатысушылар жарыстың ұйымдастырылуының жоғары деңгейін, əділ төрешілік дəрежесін атап өтті.

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ АЙҚАС

ИНСТИТУТ ҚҰРАМАСЫ ІРІКТЕЛДІА.МЕРҒАЛИЕВ, ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ АУЫСПАЛЫ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ.

сəттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты. Сонымен қатар, институттың 2-курс курсанты Дархан Салықов «Көк тудың желбірегені» атты музыкалық əнді орындап, спортшыларға күш-жігер беріп, патриоттық сезімдерін оятты.

Жарыс жеке біріншілікте, 8 салмақ дəрежесі бойынша өтіп, жанкүйерлер жарысқа қ а т ы с у ш ы с п о р т ш ы л а р ғ а қошемет көрсетіп, жарысқа деген ынтасын арттыра түсті. Төрешілердің ойынша қоян-қолтық ұрысы кезінде көптеген курсант-спортшылар өздерінің

жігерлілігімен, жақсы техникалық дене дайындықтарын көрсете білді жəне іріктелді. Атап айтсақ, 1-орынға ие болғандар: 55 келі салмақта қатардағы полиция Б.Қойлыбай, 60 келі салмақта қатардағы поли-ция Ж.Мұсабеков, 65 келі салмақта қатардағы полиция М.Жетпісов, 70 келі салмақта қатардағы поли-ция Б.Марленов, 75 келі салмақта қатардағы полиция Б.Сламқұлов, 80 келі салмақта қатардағы поли-ция А.Жүзбаев, 85 келі салмақта қатардағы полиция Ə.Əбдіраманов жəне 90 келі салмақта қатардағы по-лиция Б.Жүнісбек иеленді.

Жарыс əуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар грамотамен мара-патталып, салтанатты түрде аяқталды.

Кəсіби жарыс майталмандары

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Батыстың үздіктері таңдалды

Page 8: Сақшы №28 (4194)

СӨЗ СОҢЫ№28 (4194), бейсенбі, 14.04.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13298Тапсырыс: №2454

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

СОҢҒЫ УАҚЫТТА ƏЗІЛ-ОСПАҚ КОМАНДАЛЫҚ ОЙЫН – КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТАНЫМАЛ БОЛЫП КЕЛЕДІ. АЛ ЖАҚЫНДА АП-162/2-НІҢ «15-ШІ АЙМАҚ» ЖƏНЕ АП-162/4 МЕКЕМЕСІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ» ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫ АП-162/2 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСНІҢ АКТ ЗАЛЫНЫҢ САХНАСЫНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР БАС-ТАМАСЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ДРАЙВ» ЖАСТАР КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Д.СЕЙТАХМЕТОВ, Павлодар облысы

ӘЗІЛ КЕШІ

Жадыра АЙБЕК, суреттерді түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

ЖҮРГІЗУШІ КУƏЛІГІН БЕРУ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СƏУІР АЙЫНЫҢ СОҢЫНДА КҮШІНЕ ЕНЕДІ. БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ АВТОМЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚЫТУ КУРСЫН АЙНАЛЫП ӨТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІНІН АЙТПАҒАНДА, ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАТЫН ЕМТИХАН БҰДАН БЫЛАЙ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ТАПСЫРУДЫ МІНДЕТТЕЙДІ. КУƏЛІК БЕРУ РƏСІМІНЕ ОСЫНДАЙ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА КІШІГІРІМ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

ЭКСКУРСИЯ

Керекулік жастар командасымен сайысқа түскен қос көңілді тапқырлар клубы жарыс тақырыбын көктем мейрамы – Наурызды тойлауға арнады. «Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Society needs you!» деп аталатын сотталғандарды қайта əлеуметтендірудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды мақсат тұтқан əзіл кешіне əр команда тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп-ақ тұр.

Қалжың мен күлкі сайысына команда қатысушылары ерекше жауапкершілікпен келгенін өз қолдарымен костюмдер тігіп, эмблемалар жасап, сценарий мен əзілдерді жазып, əр нөмірге музыкалық сүйемелдеу таңдағанынан да аңғаруға болады.

«Сəлемдесу» атты бірінші сайыста команда капитандары өз тобындағы мүшелермен жеке-жеке таныстырып шықты. Екінші сайыс – «Биатлонда» орындалған əдемі əзілдер де көптің езуіне күлкі үйірді. Ең қызықты əрі сазды сайыс – «Үй тапсырмасында» болды. Əр команда бұл сайыс кезінде көктем мерекесінің мəн-маңызын астарлы əзілмен ойната біліп, қазақы қалжыңның сəтті орамын сахналық көрніспен паш ете білді. Бір айта кетерлігі, нөмірлердің көпшілігі қазақ мəдениеті мен фольклорына арналған. Сахнада командалар Қыз Жібек, Төлеген, Бекежаннан бастап, батырлар жəне қазақстандық эстрада жұлдыздары секілді елге танымал бейнелерді сомдап, əн айтып, би биледі.

Көрермендер КТК-ға қатысушылардың əзілдерін ду қол шапалақтап, қошеметтеп, жанкүйерлер плакаттар жасап, өз командаларына қолдау білдіріп отырды.

«Ойын өте қызықты өтті. Біздің команда алғашқы рет түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер командасына қарсы шықты. Қарсыластар өте мықты болды, əрі жақсы ойын көрсетті. Келесі жолы, егер бізді тағы шақыратын болса, біз жан-жақты дайындалып келеміз», – дейді «Драйв» командасының қатысушылары.

«КТК-ға қатысушылардың өте жоғары дайындығы жəне керемет ой-ыны үшін алғыс айтамын. Сіздердің дарындарыңыз бен қабілеттеріңізді көріп отырып түзеу мекемесі сіздер отыратын орын емес екенін айтқым келеді. Барлықтарыңыз бостандыққа шыққан соң КТК-да ары қарай ойнау-ды жалғастырып, дарындарыңызды дамыта түседі деп сенемін», – деді қатысушыларға ақ тілегін айтқан қазылар алқасының мүшесі, «Жастар бастама-сын дамыту орталығы» ҚММ директоры Айгүл Садықова.

Қылмыстық атқару жүйесінің ардагері, əділет полковнигі Дихан Баймұхамбетов əзіл кешін ұйымдастырушылар мен командаларға керемет ойындары, позитивті көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысын айтып, барлық командаларға кітабын сыйға тартты.

Қазылар алқасының құрамында сондай-ақ, облыстық мəдениетті басқару өкілдері, ҚАЖ-ның құрметті ардагерлері болды.

Төрт сайыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері ең мықты команданы таңдап, жеңімпаз ретінде «15-ші аймақ» командасын атады. Ал, «Қазақстан халықтарының балалары» командасы 2-орынды иеленсе, «Драйв» командасы 3-орынды қанағат тұтты.

Барлық командалар грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, «Жастар бастамасын дамыту орталығы» ҚММ командасына сотталғандарды қайта əлеуметтендіруге көмек көрсеткені үшін алғыс хат табыс етілді.

Мамандандырылған х алыққа қызмет көрсету орталығындағы қарбалас таңсəріден басталады. Құжаттарын не болмаса көл і к нөмірлерін қолтықтарына қысып, ерсілі-қарсылы жүрген халықтың санында шек жоқ. Таңмен басталған талас күн ұзаққа созылатыны айт-паса да түсінікті. Ішке кіргенімізде тəжірибелік емтихан тапсыруға ниетті журналистердің тізімі жасалып жатыр екен. Біз де бұл тізімді толықтырдық.

Жалпы еліміз бойынша мұндай орталықтар саны – 11. Қаланың қиыр шетінде орналасқан орталықта ү м і т к е р л е р д е н е к і к е з е ң н е н тұратын емтихан қабылданады. Атап айтқанда, А жəне B санаттағы жүргізуші куəлігін алу үшін үміткерлер емтиханға өздігімен дайындала ала-ды, содан барып Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында теориялық жəне тəжірибелік емтихан тапсырады. Емтихан тапсыру тəртібі бұрынғы қалыптасқан жүйе негізінде жүзеге асырылатын болады. Алайда, бұл жөнінде сəл кейінірек...

Мұндай күтпеген өзгерістердің енгізілу себебі көпті қызықтырған сұрақ болды. Журналистердің бұл сауалына жауап берген ІІМ Əкімшілік полиция комитеті төрағасының орын-басары, полиция подполковнигі Ə л і б е к К е ң і с п а е в м ұ н д а й жаңашылдық жүргізуші куəлігін алу-

КУƏЛІК АЛУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ

рып жатқан біреуі болмады. Осы жерде түсіндіріп кету керек, тест жол қозғалысы ережесінен бөлек, а л ғ а ш қ ы м е д и ц и н а л ы қ к ө м е к көрсетуге қатысты сұрақтарды қамтиды. Бас-аяғы 40 сұрақтан тұратын тестің 32-сіне дұрыс жауап берген жағдайда үміткер тəжірибелік емтихан тапсыруға жіберіледі. Ал жүргізуші егер бірінші жолы сынақты тапсыра алмаса, оған тағы ек і мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ, Мамандандырылған х а л ы қ қ а қ ы з м е т к ө р с е т у

тəжірибелік емтихан тапсыру кезінде қасына нұсқаушыны алса да, алмаса да өз еркі.

Б ір қарағанда, оңай көрінетін тəж ірибел ік емтиханды тапсы-рып көруге біз де бел байладық. Таңдауымыз жылдамдық ауыстырғыш қорабы автомат көлікке түсті. Сол мезетте автомат көлікке сұраныс арта түскен еді. Кезегіміз жеткенде көліктің тізгініне біз де отырдық. Сыртынан қарағанда, сау-тамтығы қалмаған көлікке отыруға жүрексінгеніміз де жасырын емес. Көлік жүргізу тəжірибемнің жоқтығын нұсқаушы айтқызбай-ақ түс інді . Содан да техниканың тілін бір адамдай білетін нұсқаушы жол көрсетіп, жөн сілтеп отырды. Тəжірибелік жаттығулар тым қиындатылғанын көріп, зəре-құтымның қашқаны да рас. Мəселен, шарт бойынша айналуға келмейтін жерге көлікті тұраққа қою, дөңеске көтерілер кезде көлбеу жерде сəл кідіру, одан соң биіктен еңіске төмен түсу сияқты қиындықтарды еңсеру оңай болған жоқ. Ал жаттығуларды орындап, орныңа қайта оралған кез-де автоматтандырылған жүйе ем-тиханнан өткен-өтпегеніңді айтады.

Керісінше, тəжірибелік емтиханды тап-сыра алсаңыз жүйе автоматты түрде сіздің атыңызға куəлік дайындай бас-тайды екен. Мен жаттығуларды орын-дап орнымызға келіп тұрақтағанда қандай қател і к тер ж ібер ген ім жазылған бір парақ қағазды қолыма ұстатты. Бір қызығы, тіпті, көлік жүргізу тəжірибесі бар журналистер де бұл сынақтан сүрініп жатты.

Сондай-ақ, тəжірибесі жоқ кез келген жүргізуші осы орталықта не-месе басқа автомектептерде көлік жүргізуге машықтана алады. Тиісінше, бұл қызметтер ақылы. Мамандардың айтуларынша, осындай өзгерістен кейін автомектептерде көлік жүргізуді үйрету қызметінің көрігі қыза бас-тайды. Айтуларынша, нұсқаушының кəсібилігін растайтын куəлігінің бо-луы, ал арнайы автокөлік қосымша басқыштармен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ , бұл орталыққа б ір ғана жеке куəлікпен келіп қажетті барлық анықтамаларды алуға бола-ды. Егер қолыңызда медициналық анықтама болмаса, оны да осын-да келіп, рəсімдей аласыз. Барлық анықтамаларды басқа мекемелердің табалдырығын тоздырмай алу тап-тырмас мүмкіндік.

ды жеңілдетумен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін енгізіліп отырғанын жəне іс жүзінде қалай жүзеге асатынын айтып берді.

«Жалпы, жүргізушіге үш мүмкіндік беріледі. Жүргізуші қатарынан үш рет тапсыра алмаған жағдайда келесі емтиханға жарты жыл уақыт өткеннен кейін ғана жіберіледі. Өздігімен дайындалған үміткер үш рет қатарынан тапсыра алмаса да автомектептерге бағыттамаймыз, ал берілетін жарты жыл уақытта ол өзі дайындала ма, əлде автомектептерде дайындалады ма, ол – өз еркі», – дейді төраға орынбасары.

Теориялық сұрақтар бойынша тест Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы ар-найы бағдарламалармен қамтылған компьютерлік залда қабылданады. Компьютерлік залға 15-20 шақты компьютер қойылған. Б ірақ б із барған уақытта емтихан тапсы-

орталықтарында тəжірибелік ем-тихан автоматтандырылған авто-дромда қабылданады. Аты айтып тұрғандай, автоматтандырылған автодромда адамның араласуына жол берілмейді, яғни, үміткердің көлік жүргізу қарым-қабілетін ав-томатты түрде компьютерлік жүйе бағалайды. Тəжірибелік емтиханға шамамен 20 минут уақыт беріледі. Ол уақыт аралығында жүргізуші нұсқаушымен бірге алаңды толық аралап, тиісті жаттығуларды орын-дап шығуы тиіс. Жол қозғалысы ережесіне сəйкес тəжірибелік емти-хан 12 жаттығудан тұрады. Жүргізуші қиындатылған жаттығуларды орын-дау кезінде қателіктер жіберсе, автоматтандырылған жүйе балын кемітіп отырады. Үміткер автокөліктің жылдамдық ауыстырғыш қорапшасы механика не болмаса автомат болу-ын өзі таңдайды. Бұл жерде оның екеуі де бар. Сондай-ақ, курсанттың

Көңілді, тапқыр, дарынды

Күле отырыңыз!

Жұмыстан үйге оралған күйеуін əйелі мынадай жаңалықпен қарсы алады:

– Бүгін үкімет жаңа қаулы қабылдапты: 10 жəне одан көп баласы бар отбасыларға мемлекет бес бөлмелі пəтерді тегін беретін болып-ты. Ал, екеумізде 9 бала бар, есіңде ме, сен айтып отыратын едің ғой – Астанада бұрынғы хатшы қыздан туған бір балам бар деп, сен соны алып кел, ана пəтерді алып алайық. Күйеуі келісіп, Астанаға барып, əлгі баласын алып қайтып келсе үйде қалған 9 баладан ешкім жоқ, əйелінің жалғыз отырғанын көреді.

– Оу, əйел балаларымыз қайда?– Енді жаңалықты бүкіл ел біліп жатқан жоқ па?! Олардың

əрқайсысын əкелері келіп алып кетті, – депті əйелі.

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!Сібірдегі

түбек

Рұқсат беру құжаты

Швейцария қаласы Көшпенді

Кір жуғыш ұнтақ

Жеті кереметтің

бірі

... Акбер-баевКүй

ОзАвтобус маркасы

Жарнама сайты

Жүрек қағысы

Əйгілі ...-Несс көлі

Жүк көлігі маркасы

НотаЖабайы жануар

...-дүлейАктриса ...

Дойч

Харам ақша Хабар-... Диеталық қоспа

Қытай мұсыл-

мандары