24
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл №158 (19919) - 1 0 С - 10 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі ӘЛЕУМЕТ СПОРТ 13 Биылғы чемпиондар құттықтайды! 7 Шампанның орнына қымыз Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 2013 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады, еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға трарлық жыл болып енді. Қазақстан экономикада еңселі биіктерді еңсеріп, әлемнің бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 50 елінің қатарына қосылды. Осы табыстарымыздың бәрі – Елбасының салиқалы саясатының жемісі. Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2013 жыл тарту еткен барлық жақсылық атаулы жарасымды жалғасын тапсын. Жаңа жылды қашан да алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт бағдарымыз бен мақсатміндеттерімізді белгілейтін, Үміт, Сенім мерекесі ретін- де күтеміз. Халқымызда «Ескi жыл есiркесiн, жаңа жыл жарылқасын» деген сөз бар. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк. Елiмiзде тыныштық пен ынтымақ салтанат қрып, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай! Жаңа жылдың атқан әр таңы сәтті болып, Сіздерге зор денсаулық пен бақыт сыйласын! Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Құрметті батысқазақстандықтар! Көбейіп келеміз! Б атыс Қазақстан облыс тық әділет департа ментінің АХАТ және апостиль қою қызметін йым дастыру бөлімінің басшысы Гүлжамал Лқпанның мәліме тіне қарағанда, 2012 жылы об- лыста 6126 шаңырақ көтерілген. Ал биыл 6345 ақ неке қиылып, заңды тіркеуден өткен. Яғни «Жасқа жас қосылса – жп, елге ел қосылса – қт» дегендей, бірі біріне ғашық қызжігіттердің үйленіп, үй болуы былтырғыға қарағанда, 3 пайызға артқан. Облыстық статистика депар таментіне қарасты демография лық статистика бөлімінің қыз меткерлері биылғы 10 айдың есепқисабын түпкілікті шыға рып қойған екен. Аталмыш бө лімнің басшысы София Қсайы нованың дерегіне қарағанда, біздің облыс бойынша 2012 жыл дың алғашқы он айында 10 468 сәби жарық дүниеге көрінсе, биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 10 723 балбөбек өмір есігін ашқан. Бл – біздің өңірге қатысты туу көрсеткіші өткен жылға қарағанда, 2,4 пайызға жиіледі деген сөз. Тілкөзіміз тасқа, шүкір, көбейіп келеміз. Тура күні ертең басталатын Жылқы жылы да жасымызға жас, басымызға бас қосыла бергей! Өз тілшіміз Бала туу көрсеткіші 2012 ж. 10 468 10 ай 2013 ж. 10 723 10 ай Шаңырақ көтергендер 2012 ж. 6 126 2013 ж. 6345

Газета "Орал өңірі №158"

  • Upload
    -

  • View
    401

  • Download
    10

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сейсенбі,31 желтоқсан 2013 жыл№158 (19919)

- 1 0С

- 10 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріӘЛЕУМЕТ

СПОРТ

13Биылғы чемпиондар құттықтайды!

7Шампанның орнына қымыз

Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын!2013 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер

мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады, еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға тұ­рарлық жыл болып енді. Қазақстан экономикада еңселі биіктерді еңсеріп, әлемнің бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 50 елінің қатарына қосылды.

Осы табыстарымыздың бәрі – Елбасының салиқалы саясатының жемісі.Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2013 жыл тарту еткен барлық жақсылық

атаулы жарасымды жалғасын тапсын.Жаңа жылды қашан да алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды

жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт­бағдарымыз бен мақсат­міндеттерімізді белгілейтін, Үміт, Сенім мерекесі ретін-де күтеміз.

Халқымызда «Ескi жыл есiркесiн, жаңа жыл жарылқасын» деген сөз бар. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк.

Елiмiзде тыныштық пен ынтымақ салтанат құ­рып, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай!

Жаңа жылдың атқан әр таңы сәтті болып, Сіздерге зор денсаулық пен бақыт сыйласын!

Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ

Құрметті батысқазақстандықтар!

Көбейіп келеміз!Батыс Қазақстан облыс­

тық әділет департа­ ментінің АХАТ және

апостиль қою қызметін ұ­йым­дастыру бөлімінің басшысы Гүлжамал Лұ­қпанның мәліме­тіне қарағанда, 2012 жылы об-лыста 6126 шаңырақ көтерілген. Ал биыл 6345 ақ неке қиылып, заңды тіркеуден өткен. Яғни «Жасқа жас қосылса – жұ­п, елге ел қосылса – құ­т» дегендей, бірі­біріне ғашық қыз­жігіттердің үйленіп, үй болуы былтырғыға қарағанда, 3 пайызға артқан.

Облыстық статистика депар­таментіне қарасты демография­ лық статистика бөлімінің қыз­ меткерлері биылғы 10 айдың

есеп­қисабын түпкілікті шыға­рып қойған екен. Аталмыш бө­лімнің басшысы София Құ­сайы­нованың дерегіне қарағанда, біздің облыс бойынша 2012 жыл­дың алғашқы он айында 10 468 сәби жарық дүниеге көрінсе, биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 10 723 балбөбек өмір есігін ашқан. Бұ­л – біздің өңірге қатысты туу көрсеткіші өткен жылға қарағанда, 2,4 пайызға жиіледі деген сөз. Тіл­көзіміз тасқа, шүкір, көбейіп келеміз.

Тура күні ертең басталатын Жылқы жылы да жасымызға жас, басымызға бас қосыла бергей!

Өз тілшіміз

Бала туу көрсеткіші

2012 ж.

10 46810 ай

2013 ж.

10 72310 ай

Шаңырақ көтергендер

2012 ж.6 126

2013 ж.6345

АҚПАРАТСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

[email protected]

Еламан ӘЙПІШЕВ,«Орал өңірі»

«Құрмет»

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР құрметті құрылысшысы, «Уральскводстрой» АҚ-ның президенті Геннадий Мутасовты қабылдап, Елбасының атынан өңіріне «Құрмет» орденін тақты.

Геннадий Львович осы сала-да 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, облыстың су шаруашылығы құ­рылысын дамытуға елеулі үлес

қосты. Ол жиырма жылға жуық «Уральскводстрой» тресінде бас инженер, кейін осы кәсіпорынның басшысы болды.

Нұ­рлан Асқарұ­лы құ­рылыс са­ласының ардагері, білікті басшы­ға алдағы уақытта да табыс биігі-нен көрінуіне тілектестік білдірді.

оРденімен мАРАПАТТАлды

Сыр­сұ­хбат бағытында өт­кен концертке халық көп жиналды. Шара барысын­

да әнші араға он жыл салып Ақ Жайыққа табан тіреп отырғанын, батысқазақстандықтармен сағына қауышқанына шексіз риза екенін жеткізді. Осы кешті өткізу үшін облыс әкімі Нұ­рлан Ноғаевтан ар­ найы шақырту алғанына да қуа­нышты екенін айтты. «М.Әуезов

Орал сахнасында –ӨнеРбАевӨткен аптаның соңында облыстық қазақ

драма театрында Нұрлан Өнербаевтың шығармашылық кеші өтті.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»

жайсаңын берген өңірдің бүгін­ де әлеуметтік­экономикалық әле­уеті зор облыстардың қатарына кіретінін ақпарат құ­ралдары ар­қылы естіп­біліп жүрміз. Соның арқасында ауыл­аймақтарда мә­дени ошақтар ашылып, жаңарып жатқанын білеміз. Бұ­л облыс тіз-гінін ұ­стап отырған азаматтар­ дың іскерлігімен, өнерге, ұ­лтқа деген жанашырлығымен байла­ нысты екені сөзсіз», – деді Н.Өнер­баев.

Кеш барысында «Анашым», «Ауыл түні», «Сұ­лулық», «Қарағым­ай», «Жан досым», «Әдемі­ау», «Қа­ малу», «Ай да, күн де» әндері, сон-дай­ақ көптеген халық әні орын-далды.

– Жаңа жыл қарсаңындағы түрлі мерекелік шаралардың өтіп жатуына байланысты жұ­мыс жос­ парыңыздың, уақытыңыздың ты­ғыздығына қарамай, солардың арасынан сыналап мүмкіншілік та­

уып, облысымызға келіп, әдемі кеш сыйлағаныңыз үшін өз атым­ нан және батысқазақстандық­ тардың атынан ризашылық біл­діремін. Жаңа «Енді бес жыл не он жылдан соң ба, бұ­йырған күні кездесерміз» дедіңіз. Осыған орай біз сізді әрқашан да кү­тетінімізді айтқым келеді. Ба-баларымыз «Айтылмаса сөз же­ тім, тыңдалмаса ән жетім» дей­ ді ғой, бүгін сіздің сөзіңіз де, әні­ңіз де өз тыңдарманын тапты. Ақ Жайық жұ­ртшылығының өнер­ ді қалайша сүйіп, қошеметтей­ тінін мына зал толы халыққа қа­рап білуге болады. Кейбіреулер «Әншілер сахнаға шығады да ән салады, болды ғой» деп ойлай-ды, мұ­ның жаңсақ пікір екенін сіз дәлелдеп тұ­рсыз. Айтылған сөз­деріңіз әркімнің жүрегіне жет­ кені сөзсіз. Әлгінде марқұ­м Қай­рат Жұ­мағалиев ағамыздың «Ана-шым» өлеңіне байланысты ол тек қана анаға емес, Жер­анаға, ту­ ған топыраққа, Отанға деген ма­хаббат екені әдемі түрде бей­ нелеп айтып, бәрімізге ой сал­дыңыз. Сіздің кеш барысында­ ғы әңгімелеріңізде де, әніңізде де қоғамдағы құ­былыстар толық қамтылды деп ойлаймын. Хал­ қыңыздың, отбасыңыздың ор-тасында аман жүріңіз, әнге суса­ған көңілдерді серпілте беріңіз, қашан да жолыңыз болсын! ­ де­ді кеш соңында сөз алған облыс әкімі Нұ­рлан Ноғаев.Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

атындағы драма театры жанын­дағы актерлар студиясын бітіріп, осы театрда он жылдай еңбек еттім. Менің әншілік, орындаушы­ лық өнер жолым 80­жылдардың ортасында басталды, ­ деп еске алды ол. – Көп кешікпей еліміз егемендікке қол жеткізді. Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық өнер саласын да ай-налып өткен жоқ. Сол жылдары ауылдардағы мәдениет үйлерін бұ­зып, шатырларын арбамен та-сып жатқанын көргенде жүрегім қан жылады. Мен де «Бұ­л қалай болады, өнерді, мәдениетті өз қо­лымызбен қиратамыз ба?» деп уа­ йымға батып едім. Құ­дайға мың мәрте тәубе, көп кешікпей заманы-мыз түзеліп, сән­салтанаты келіс-кен өнер ошақтары салына баста-ды. Мына театр – соның бір айғағы. Жалпы, осынау киелі де қасиетті мекен, қазақтың небір ақындары мен батырларын, жақсысы мен

– Сіздер бай өмір тәжірибесі бар, көрген­білгені мол қазына­сыздар. Тәуелсіздік, тұ­рақтылық, тыныштық пен бейбіт күннің қа­дірін бір кісідей білесіздер. Жа­ ңа жылдың алдында өздеріңізбен сұ­хбаттасып отыруды ұ­йғардым, – деп сөзін бастаған өңір басшы­ сы тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жыл ішінде атқарылған іс-терге тоқталды. Ақсақалдар мен зиялылардың әрқайсысының пі­кірін мұ­қият тыңдап, кеңесіп те отырды.

Жиналған қауым облыстың әр саласына еңбегі сіңген адамдар еді. Қазір де олардың бәрі егемен мемлекетіміздің қоғамдық­саяси өміріне, мәдени тыныс­тірлігіне белсене араласып жүр.

Өз кезегінде Нұ­рлан Асқарұ­лы олардың биік азаматтық ұ­ста­ нымдары үшін ризашылығын біл­ дірсе, үлкендер ақ баталарын беріп, Жаңа жылда жаңа табыс­ тар тіледі.

Өз тілшіміз

Қадыр ҒАЙСИН,соғыс және еңбек ардагері:

– Облыс әкімі Нұ­рлан Ноғаев соғыс және еңбек ардагерлерімен арнайы кез-десіп, емен­жарқын әңгіме­дүкен құ­рдық. Облысымыздың өтіп бара жатқан 2013 жы-лында қол жеткізген табыстары жөнінде қысқа­нұ­сқа баяндады. Бүгінде қатары си-реп қалған біз сияқты Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы әңгімеледі. Бізді үне­ мі кейінгі толқынға үлгі ететінін айтты. Жас­тардың елді, ауылды көркейтуге белсене араласуын, қаладан гөрі ауылға бүйректе­ рін бұ­рулары қажет екенін де жасырмады.

Облыс халқын Жаңа жылмен құ­ттықтаймын! Баршаңызға зор ден­саулық, отбасылық бақыт және ашық аспан, жасампаз еңбек тілеймін.

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Жайсаң АҚБАЙ,еңбек ардагері:

– Облыс әкімі Нұ­рлан Асқарұ­лының ал­дыңғы толқын ағаларымен бұ­л кездесуінен мен қанаттанып шықтым. Қат­қабат қыз­ метінің арасында біздерге уақыт тауып, емен­жарқын әңгіме құ­рғаны өте бір жара-сымды кездесу болды. Жаңа 2014 жыл да еліміз үшін жемісті жыл болсын!

Емен-жарқынжүздеСу

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңа жыл қарсаңында облыстың бір топ соғыс, еңбек арда-герлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

[email protected]

ҚоҒАмСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

Желтоқсанның 28-і күні облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залын-да Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасын Батыс Қазақстан облысында өткізу туралы мәселе егжей-тегжей-лі талқыланды. Отырыс жұмысын облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев басқарды. Алқалы жиынға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Тоғжанов арнайы келіп қатысты.

Басқосуды облыс әкімі Нұ­рлан Асқарұ­лы кіріс-

пе сөзбен ашты. «2013 жылды аяқтағалы тұ­рмыз. Бұ­л жылда Ба-тыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы тиімді, өте нәтижелі жұ­мыс атқарды. Үш отырыс болды, басқа да көптеген шараларды өткіздік. Елбасы бер-ген тапсырмаларды орындау жалғасты және әлі де жалғаса бе-реді. “Бейбітшілік пен келісім жол картасы” мега­жобасы барысында елімізді мекендеген барша ұ­лт пен ұ­лыс өздерінің достық қарым­қатынасын, татулығы мен бірлігін таныта білді. Ассамблеяның XX сессиясында Елбасы осы мега­жо-баны 2014 жылы да жалғастыру жөнінде тапсырма берген бола-тын. Енді акция аясында қандай іс­шаралар өткіземіз, соны талқылау үшін осы жерге жиналып отыр-мыз. Біздің бүгінгі басқосуымызға ҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Лұ­қпанұ­лы Тоғжанов арнайы келіп отыр. Мен сізге өз ризашылығымды біл-діремін, ­ деді өңір басшысы.

Бұ­дан әрі сөз кезегін БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшы­лық меңгерушісі Ғайса Қапақов алып, алда тұ­рған жоба­жоспар-ларды ортаға салды.

­ ”Бейбітшілік пен келісім жол картасы” мега­жобасы бойын-ша шаралар биылғы жылдың ба-сында өткен болатын. Жобаның эстафетасын Ақтөбе облысынан қабылдап алдық. Сосын 200­ден аса адамның қатысуымен Аты-рау облысына барып, эстафетаны тапсырдық. Кездесулер кезінде жобаны өткізуге қатысты көптеген ұ­сыныс­пікірлер айтылған еді. Енді соларды сараптап, жаңа, тың шара-ларды жобаға қосқалы отырмыз. Атап айтқанда, жобаны екі кезең­де өткізу көзделуде. Бірінші кезең ­ бұ­л мекеме­ұ­йымдар, оқу орын-

дары, ауылдық округтер арасын-да эстафета алмасу. Екінші кезең аудандар мен Орал қаласы ара-сында өтеді. Жоба қорытындысы гала­концертпен аяқталады. Бұ­л шаралар Қазақстан халқы ассам-блеясы күні, яғни 1 наурызда бас-талуы тиіс. Осы күні Орал қаласы эстафетаны Теректі ауданына тапсырады. Теректі Бөрліге, Бөрлі Шыңғырлауға жалғастырады және осылай барлық аудандарды айна-лып шыққан эстафета 30 сәуірде Орал қаласына қайта жетеді. Атал-мыш мега­жоба өте маңызды бол­ғандықтан, оны ұ­йымдастырып өткізуде жүрдім­бардымға жол бермейміз. Барлық іс­шаралар мұ­қият жоспарлануы керек. Жоба аясында дөңгелек үстел отырыс­тары, еңбек ұ­жымдарында кез­десулер, тәжірибе алмасу, шығар­машылық байқаулары болады, ­ деді Ғайса Қапақов.

Алқалы жиынға арнайы кел-ген Қазақстан халқы ассамблея­сы төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Тоғжанов қоғамдағы келісімді сақтап, ны­ғайтудың маңызына айрықша тоқталды.

­ Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан облысында ассамблея­ның жылды қорытындылаған үл­кен кеңесі өтті. Соған қатысып, енді, міне, Жайық өңіріне ат басын тіреп отырмын. Ең алды-мен Елбасымыздың айтқан сөзін сіздерге жеткізгім келеді. Мем-лекет басшысы бізге мәңгілік ел болуымыз қажеттігін қадап айтты. Ассамблеяның XX сес-сиясында келелі ойлар айтыл-ды, стратегиялық бағыт ретінде қоғамдық келісім белгіленді. Осы қоғамдағы келісімнің арқасында бір ғана Батыс Қазақстан об­лысының өзінде 11 мың жаңа жұ­­мыс орны ашылып, 257 млрд. теңге инвестиция құ­йылды. Әрине, Ас-танада түрлі жиналыстар өтеді, биік мінберлерден сөйлейміз. Дегенмен Елбасының өзі елдегі

үлкен бастамалардың ауылға, жер-гілікті жерлерге жетуін алдымыз­ға мәселе етіп қойды. Қоғамдық келісім – ол алдымен мемлекет құ­райтын қазақ халқының өзара келісім, татулығы. Даланың, қа­ланың қазағы деп бөлінбей, ба-уыры бүтін бір қазақ болып, рес­публикада тұ­ратын өзге ұ­лт пен ұ­лыс өкілдерін қазақтығы айнала­сына біріктіруіміз керек, ­ деді Ералы Лұ­қпанұ­лы.

Басқосу соңында Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкім­шілігінің бөлім меңгерушісі Ера-лы Тоғжанов облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұ­рлан Ноғаевқа “Қа­зақстан халқы ассамблеясының қоғамдық “Бірлік” алтын медалін” салтанатты түрде табыс етті. “Ел-

басы атынан мұ­ндай марапат өңір басшылары арасынан тек сізге беріліп отыр. Бұ­л Мемлекет басшысының жұ­мысыңызға бер-ген жоғары бағасы деп білемін” ­ деді Е.Тоғжанов. “Бірлік” алтын медалімен, сондай­ақ “Ламед” еврей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ольга Дергачева және облыстық “Та-тар мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ришат Хай-руллин марапатталды.

Сонымен қатар облыс әкімі Нұ­рлан Ноғаев ұ­зақ жылдар бойы ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен бір топ мемлекеттік қызметшілерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тапсырды.

Ассамблеяның кеңейтілген отырысы соңында хаттамалық шешім қабылданды.

Ынтымақ – қоғам тірегі

Данильбек САРАТОВ,«Вайнах» шешен­ингуш

этномәдени бірлестігінің тө­­рағасы:

­ Бұ­л мега­жоба еліміздің барлық өңірінде өтіп, елімізде тұ­ратын барша ұ­лт пен ұ­лыстың бауырмалдық қасиетін, татулығы мен бірлігін айғақтады. Осы жоба аясында біз ақтөбелік қонақтарды қабылдап, Атырау облысына өзіміз эста­фетаны тапсырдық. Келешекте қазақ­стандық отансүйгіштік ұ­ғымын жас ұ­рпақтың санасына сіңіру ­ парызымыз. Біз оны сөзбен емес, іспен дәлелдейміз.

Вера ШОХИНА,БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы тө­­рағасының орынбасары, «ДОС» қоғамдық қорының директоры:

­ Төзімділік пен қоғамдық келісім қазақстандық брендке айналғаны еш-кімге де жұ­мбақ емес. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақ­станды дүние жүзі танып, мойындады.

Ел бірлігі, татулығы біздің стратегиялық бағытымызға айналып отыр. Осы келісім мен татулықты наси-хаттайтын «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега­жоба-сын облысымызда өткізуге байланысты айтатын ұ­сынысым – ассамблеяның қолдауымен достықты насихаттайтын бейне­роликтер байқауын ұ­йымдастырса дұ­рыс болар еді.

Тоқтар ғАБДІРЕШҰЛЫ,«Орал өңірі»

Бисен ЖҰМАҒАЛИЕВ,соғыс және еңбек ардагері:

­ Мына өтіп бара жатқан жыл елімізге де, соның ішінде біздің облысымызға да жаман болған жоқ. Статистикалық мә­ліметтерге қарасақ, ауыл шар­уашылығы, өндіріс салаларында өсім бар. Әлеуметтік, мәдениет салаларындағы оң өзгерістерді ел­жұ­рт, соның ішінде ауылдағы ағайын айқын сезінуде. Әсіресе, Сайқұ­дықта Жұ­бан мектебінің жаңа ғимаратқа көшуі елеулі оқиға екені сөзсіз. Енді ол білім ұ­ясы ақын атына сай болды деп ойлаймын. Жалпы алғанда, биыл батысқазақстандықтар­дың көңіл күйі көтеріңкі, облы­сымыздың еңсесі биік болғаны сөзсіз. Мұ­ны кешегі сапары ке­зінде Елбасымыздың өзі атап өткен еді.

Жаңа жыл ­ Жылқы жылы. Яғни біздің ұ­лтымыздың жылы деуге болады. Себебі қазақ – жылқы мінезді халық. Қобы­ландыны Тайбурылсыз, Ақан серіні Құ­лагерсіз елестету қиын. Ал Луговой жылқы зауытының “перзенті”, XVII Олимпиадалық ойындардың чемпионы Аб-сент ныспылы жылқы қазақтың атын әлемге әйгілі қылды. Міне, «Жігіттің даңқын аты шығарады» деген осы. Келіп қалған Жыл­қы жылы да еліміздің абырой­даңқын асқақтатсын, батысқа­зақстандықтардың мәртебесін арттырсын деп тілек білдіре­мін!

Сәуірдің 24­інде Зеле­

нов ауданындағы «Grown Батыс» ЖШС Ре­

сейге вакуумдық қаптамаға салынып, салқындатылған

сиыр етінің алғашқы партия­сын жө­­нелтті. Серіктестік ірі ритейлерлік компаниямен

100 тонна ө­­нім жеткізу жө­­нінде келісімшарт

жасаған болатын.

Жыл жетістігі

Суретті түсірген А.КУПРИЕНКО

Ақсақалдыңақ тілегі

Қ а з т а л о в а у д а н ы н ы ң

Жалпақтал ауылы­ның кө­­шелері асфальт­

талды. Ауылдағы мәдениет үйінің алаңы жаңартылып, субұрқақ орнатылды. Бұл жұмыс осы ауылда 1969 жылы туылған азамат­

тардың бастамасымен іске асырылды.

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл4

[email protected]

Білім маршалы

Абаттың алтын медалі

Тарих қойнауына енгелі тұрған Жылан жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессо-ры, тарих ғылымдарының докторы, тарих кафедрасының меңгерушісі Тұяқбай Рысбеков үшін ерекше жыл болды. Ол әлемдегі жоғары оқу орындары оқытушылары арасында білім беру сала-сындағы құрметті атақ – Білім маршалы атанды.

Оннан астам монография мен 400­дей ғылыми еңбегі жа­рияланған елімізге белгілі ға­лымның ғылыми­педагогикалық жетістіктері көп. Тұ­яқбай Зейіт­ұ­лы – ҚР еңбек сіңірген қайратке­рі, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан, Ресей және Балтика академияларының мүшесі. Орал қаласының құ­рметті азаматы, об­лыстық мәслихаттың депутаты.

Жақында ол арнайы шақыр­тумен Францияның жүрегі – Париж қаласына барып қайтты. Онда Т.Рысбековке ғылым сала­сындағы айрықша жетістігі үшін салтанатты жағдайда Наполеон медалі табыс етілді. Бұ­л жоғары награданы халықаралық ұ­йым – ұ­лттық өнеркәсіпті қолдаушы Ассоциация (SEIN) тағайындаған және білім мен экономика сала­сындағы ерекше еңбегі үшін бе­ріледі. SEIN 1801 жылы Наполеон Бонапарттың жарлығы бойынша

құ­рылған. Ассоциацияның жоға­ры марапаты SPI алтын медалі 2005 жылы БҚМУ­ға берілген бо-латын. Ол кезде Т.Рысбеков осы оқу орнының ректоры еді. Биылғы жылы осы медальді Т.Рысбеков­пен бірге SEIN президенті Оливье Муссонның қолынан еліміздің тағы екі өкілі алды. Олар ­ белгілі шарап өндіруші Артуш Карапетян және Астана қаласынан медицина ғылымдарының кандидаты Дина Тұ­рақбаева.

Профессорға медальмен бір­ ге “Білім маршалы” атағы бе­рілгені жөнінде сертификат табыс етілді. Ғалымды Париж-ден оралғанда тағы бір мара-пат күтіп тұ­рды. Халықаралық Сократов комитетінің (Оксфорд,

Ұлыбритания) шешімімен ол Еуропалық Бизнес Ассамблея «Best Scientist» («Озат ғалым») халықаралық байқаудың жеңім­пазы атанды. Оған қоса оның ғылыми еңбегі 2013 жылғы Сок-ратов жинағының 78­бетіне жа-рияланды. Биыл Т.Рысбеков көп­ теген халықаралық конферен-цияларда, соның ішінде Ганно-вер (Германия), Санкт­Петербор, Краснодар, Екатеринбург, Якутск, Астана және Орал қалаларында өткен жиындарда баяндама жаса-ды. Жыл ішінде оның жетекшілігі­ мен 3 магистр даярланып, 30­дан астам ғылыми­әдістемелік мақа­лалар жарияланды.

Өз тілшіміз

Махамбет Өтемісов

атындағы БҚМУ про-

фессоры, педагоги-

ка ғылымдарының

докторы, Қазақстан

Педагогикалық

ғылымдары

академиясының

академигі Абат

Қыдыршаевқа

Еуропалық

ғылыми-өндірістік

палатасының (Мәскеу

қаласы) Еуропалық

алтын медалі табыс

етілді.

Ол сондай­ақ аталмыш пала­таның сапа жөніндегі дипломы­мен (Diplom di Merito) марапаттал­ды. Бұ­л жоғары награда ғалымның ғылым жолындағы табыстары мен жоғары сапалы кәсіби пе­

дагогикалық қызметі үшін беріл-ген. Абат Сатыбайұ­лы БҚМУ­да (бұ­рынғы Орал педагогикалық институтында) аздаған үзілістер­мен 1990 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар жуырда Алма-ты қаласындағы Ұлттық ғылыми кітапхана жанындағы «Ғылым ордасы» баспасынан «Қазақстан ғалымдарының библиография­сы» сериясының жалғасы ре­тінде А.Қыдыршаевқа арнал­ған көрсеткіш те жарық көрді. Библиографияға ғалымның өмірі, қоғамдық және педагогикалық қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген.

Елжан ЕРАЛЫ

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, облыстық «Орал ө­­ңірі»

газеті бас редакторының орынбасары, ҚР мәдениет

қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

­ Жамиғатқа жақсылығын арқалап, тағы бір Жаңа жыл (Григориан күнтізбесі бо­йынша) табалдырығымыздан аттап келеді. Күні кеше 95 жылдығын атап өткен өлкеміздің ата газеті «Орал өңірінің» оқырмандарын ал-дан күткен қуаныштарымен, жақсылықтарымен құ­ттық­таймын! Ел тоқ, уайым жоқ, халқымыз аман, тыныш за­ман қалпымыздан айырма­сын, Жаппар ие!

Лиза АЮПОВА, Ы.Алтынсарин атындағы

орта мектептің мұғалімі (Тасқала ауданы):

­ Ширек ғасырға жуық уақыттан бері жас ұ­рпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен айналысып ке-лемін. Шәкірттерім ҰБТ­да, облыстық деңгейдегі түрлі сайыстарда жақсы нәтиже көрсетулеріне байланысты түрлі марапаттардан кен-де емеспін. Осыдан екі жыл бұ­рын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құ­рмет грамо­тасын иеленсем, енді, міне, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалін алдым. Ол жалғыз менің емес, мектеп ұ­жымының еңбегінің жанғаны деп білемін.

Жаңа жыл жұ­ртымызға жайлы, игілігі мол жыл болғай!

мәРТебе

«Қолжетімді б а с п а н а­ 2 0 2 0 »

бағдарламасы ая­сында Қаратө­­бе ауда­

нында бір пәтерлік 22 үй салынады. Өткен жылы 8 үйдің құрылысы басталған. Жаңа үйлердің есебінен Қаратө­­бенің

кіреберісінде жаңа кө­­ше бой түзеді.

Жыл жетістіктері

Маусым айында Сы­ рым ауданының Жымпиты ауылында «Мерей» мейрам­ ханасы ашылды. Жаңа ны­ санның иесі «Тоқсоба» ЖШС­ ның директоры Мырзағұл Ра­ қымжанов «Жұмыспен қамту ­ 2020» бағдарламасы аясында 30 млн. теңге несие алған. Не­ сиелік қаражаттың жартысы­ на 17 бұзаулы сиыр сатып алып, мал ө­­сірумен шұ­ ғылдануға ден қойды.

О р а л ­да қойдың

жүнін түтетін жаңа цех ашылды. Цехтың

иесі Радий Галимул­линнің айтуынша, оның

жабдығы сағатына 30 келі жүн түтуге

қабілетті.

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл5

[email protected]

иГілік

Оралдағы қызмет көрсе­ту орталығы – еліміз бойынша ашылған он

бесінші мекеме. Олардың қызме­тінің кәсіпкерлерге қажеттігі бай­қалып отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев кәсіпкерлерді, екінші деңгейлі банктердің өкіл­ дерін, жиналған қауымды кәсіп­керлерге қызмет көрсету орта­лығының ашылуымен және келе жатқан Жаңа жылмен құ­ттықтады.

– Орталықтың ашылуымен кә­сіпкерлер «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қолдау ша­ ралары жөнінде қажетті кеңес алып, қаржылай қолдау алуға құ­­ жаттарын рәсімдей алады. Орал­дағы кәсіпкерлерге қызмет көр­ сету орталығының ашылуы кәсіп­керлікті сапалы дамытуды мем-лекеттік деңгейде қолдаудың нақ­

кәСіПкеРлеРГе ҚызмеТ кӨРСеТПек

Жаңа орталықСенбіде Орал қаласындағы

«Алгоритм» технопаркі» ЖШС ғимаратынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстағы филиалы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашты. Салтанат-ты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бада-шев, «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ернар Нұрғалиев қатысты.

ты бір көрінісі. Күшті бизнес де-геніміз – бұ­л мықты мемлекет, ­ деді Алмаз Бекетұ­лы құ­ттықтау сөзінде.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Ернар Нұ­рғалиев ор­талықтың ашылуына құ­тты бол-сын айтып, қор тарапынан жүр­ гізілген зерттеулер бұ­рыннан жұ­­ мыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен жаңадан іс ашқысы келетін азаматтарда өзіндік ақпараттық білім­біліктерінің жетіспейтінді­гін көрсетіп отырғанын атап көр­сетті. «Кәсіпкерлерге бизнесті жүргізудің түрлі саласында, соның ішінде қаржылық есеп, марке-тинг, заңдылық, IT­технологиялар бойынша сауатты кеңес беретін-дер аз», ­ деді Ернар Бақытұ­лы.

Елбасының өзі айтқандай, жұ­­мыс істеуге жарамды халықтың

Үй салудың қарқыны қаттыБиыл облысымызда жалдамалы, несие-лік тұрғын үйлерді және инженерлік инфрақұрылымдарды салуға республикалық бюджеттен 6061 млн. теңге қаражат бөлінді және барлық қаржыландыру көздері есебінен 215 мың шар-шы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланды.

Бүгінгі таңда тұ­рғын үй құ­ры­ лыс жинақ жүйесі қатысушыла­рына арналған 25 мың шаршы метрлік (317 пәтер) екі көппәтерлі үйдің іске қосылуы қамтама­сыз етілді. Жергілікті атқарушы орган-

мерциялық тұ­рғын үй (175,1 мың шаршы метрлік 1518 пәтер) са­лынып, пайдалануға берілді.

Облыстық құ­рылыс басқарма­сының басшысы Жасұ­лан Шүйін­шәлиевтің айтуынша, «Қолжетімді тұ­рғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде облысымызда 2013

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛиҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

жылдың 11 айының қорытынды­ сы бойынша 225,5 мың шаршы метр тұ­рғын үй салынып, пайда­лануға берілген. Республикалық бюджеттен бөлінген барлық трансферттер мен кредиттер жыл соңына дейін толық көлем­ де игерілетін болады.

60%­ы шағын және орта кәсіп­керлік саласында еңбек еткенде, Қазақстан тұ­рақтылыққа қол жет-кізеді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік маңызы зор мәселе. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ­ның облыстық филиалы директоры Әлия Сә­лиеваның айтуынша, орталық ба-засында форумдар, семинарлар, экономиканың түрлі саласында бизнесті жүргізу мәселелерін тал­қылауға арналған шаралар өтеді. Бизнестің негізін оқытатын курс-тармен қатар жастар кәсіпкерлі­гін дамытуға, start­up жобаларын қанаттандыруға көңіл бөлінбек. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкер­ лерге қызметтер кешені көрсетіле­ді. Облыс аудандарында мұ­ндай жүйе биыл ашылған кәсіпкер­ лікті қолдаудың мобильді орталы­ ғымен көрсетілуде. Бүгінде атал­

мыш орталық мыңнан аса тұ­р­ғынға кеңес берген. Моноқала­ лар деңгейінде кәсіпкерлікті қол­ дау орталығы жұ­мыс істей бас­таған. Аз уақыттың ішінде Ақсай қаласында кәсіпкерлерге 450 ке­ ңес берілген. Мұ­ндай орталық­ тар салмақты бизнес­жоспарлар­ дың және озық жобалардың іске асырылуына көмектеседі.

Салтанатты жиын соңында «Даму­көмек» бағдарламасы бо­ йынша мүмкіндігі шектеулі кә­сіпкерлер Шолпан Мұ­ханбет­әлиеваға, Қуаныш Хайрулиевке, Анар Хошимоваға «Родник», «Ав-тотраст контракт», «Стекло­сер-вис» ЖШС­лары, яғни жұ­мысы жемісті кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп, Жаңа жылға тігін маши-наларын сыйға тартты.

Cуретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Гүлбаршын ӘжІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

дарда кезекте тұ­рғандарға арналған 14,2 мың шар-шы метрлік (пәтерлердің ауданы ­ 13,5 мың шаршы метр) жалдамалы тұ­рғын үй құ­рылысы (3 үй 225 пәтер) аяқталды. Соны-мен қатар 9,4 мың шар-шы метрлік (пәтерлердің ауданы ­ 8,9 мың шаршы метр) жас отбасыларына арналған жалдамалы (2 үй 180 пәтер) тұ­рғын үй құ­рылысы аяқталып, пай­ далануға берілді. «Жұ­мыс­пен қамту ­ 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,8 мың шаршы метрлік қызметтік 25 пәтер бо­ латын тұ­рғын үй (Жаңақала ау­данында – 1, Зеленов – 8, Сы­ рым – 1, Тасқала – 5 және Терек­ті – 10) құ­рылысы аяқталып, іс­ ке қосылды.

Тұ­рғындардың есебінен жеке және инвесторлар есебінен ком­

1 қыр­күйек – Білім кү­

ні Жәнібек ауданы­

ның Қамысты ауылын­ да 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ұя­ сы республикалық бюд­ жеттен бө­­лінген 725 млн.

теңгеге салынды.

Жыл жетістіктері

Тәуелсіздік күні қарсаңында

Теректі ауданының Подстепный ауылында

ауысымына 75 адамды қа­былдайтын дәрігерлік амбу­латория ашылды. Сонымен қатар Бө­­рлі ауданының

Ақсай қаласында да ау­дандық жаңа емха­

на пайдалануға берілді.

Қарашаның 7­сінде Оралда «West­

KazInvest­2013» халық­аралық бизнес форумы ө­­т­

ті. Оған Ресей, Беларусь елде­рінің және кө­­ршілес облыс­ тарынан іскер топ, мемлекет­тік орган ө­­кілдері, ғалымдар қатысты. Құны 170 млн. дол­

лар тұратын инвестмемо­рандумдарға қол қо­

йылды.

Желтоқсанның 12­сінде Зашаған кен­

тінде құрылысы аяқ­ талған №6 қалалық емха­

наның ашылу салтанаты ө­­тті. Осы күні Оралдың Жа­ ңа орда шағынауданында №46 жалпы орта білім

беретін жаңа мектеп ашылды.

дәулеТСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

[email protected]

Батысқазақстандық «Кублей» ЖШС компаниясы биыл Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанып, ірі кәсіпорындар арасынан «Халық тұтынатын тауар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымын жеңіп алды.

Қалбырлы өндірістің кӨшбАСшыСы - «кублей»

Жұмақыз ЕРМЕКОВА,

ет бө­­лімінің операторы:

– 2000 жылы «Кублей» кәсіпор­нына жұ­мысқа тұ­р­ дым. Содан бергі уақыт ішінде компаниямен бірге мен де білім­білігімді жетілдірдім. До-затор деген аппараттың көмегімен қалбырға салынған өнімнің сал­мағын өлшейміз. Жұ­мысым өзіме ұ­найды. Жұ­мысшыларға асханада екі мезгіл тамақ компанияның есебі-нен 50% ақшасына беріледі. Жуы­ натын, душ бар. Жұ­мыс киімдері те-гін.

Алуан ЖАЛПАҚОВА,

балық цехының

операторы:­ Адал еңбегімді

бағалаған компа-ния басшылығы ме­ ні қарапайым жұ­мысшыдан опера­торлыққа үйретіп, өсірді. Жас от­ басы болғандықтан, баспанасыз едік, жеке үй салып алдық. Бұ­ған жалақының уақтылы беріліп, тұ­рақ­ты болуы да көп көмегін тигізді. Компанияда жұ­мысшыларға барлық әлеуметтік жәрдем қарастырылған. Жыл соңында сыйақы да беріледі. Компанияның өркендеуі оның ұ­жы­мына оң әсерін тигізетінін айтқым келеді.

Гүлнұр ДОШМҰҚАНОВА,

ө­­ндіріс меңгерушісі:

­ Бұ­рын кәсіп­орында өндіріс мең­ герушісі деген қыз­ мет болған жоқ. Өн­ дірістің қанат жаюымен осындай қызмет ашылды. Ауысымына 140­150 қалбыр шығарудамыз. Ұжым қыз­меткерлеріне және ет бөлшектейтін жұ­мысшыларға күшейтілген мед­тексерістердің шығынын компания көтереді. Азық­түлік өнімдерінің технологтары, ихтиологтар, стан-дарттау және сертификаттау маман-дары, ветеринар маман Жәңгір хан атындағы БҚАТУ­дан келуде. Жас мамандардың біліктілігін көтеруге компания жіті мән береді.

Гүлжазира КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

компанияның бас технологы:

­ Базар жағалап, сауда жасап жүр­ дім. 2002 жылы «Кублей» компа­ниясына жұ­мысшы болып орна­ластым, кейін учаске шебері, бас-шысы, технологтың көмекшісі қызметтерін атқардым. Компания­ның есебінен Мәскеу тамақ өндірісі технологиясы университетінде жо­ғары білім алдым. Өндіріске жаңа технологиялардың енуіне орай Финляндияда, Эстонияда білім­бі­лігімді көтердім. Жұ­байым Ержан Кенжеғалиев ­ қалбыр жасайтын цехта оператор. Жалақымыз жақсы болған соң, ұ­жымдағы біраз маман секілді біз де қорықпай 20 жылға ипотекалық несиеге үй алдық. Бұ­л да – компаниямыздың жұ­мысына деген толық сенімнің көрінісі. 2011 ж. 2012 ж.

54072438

2446

2011 ж. 2012 ж.

Балық қалбыры(өндіріс тоннамен)

6866Ет қалбыры

(өндіріс тоннамен)

Кәсіпорын бүгінде тек елімізге ғана емес, алыс-ты­жақынды шетелдерге

де өз өнімдерімен танылды. Еліміз-дегі қалбырлы өндіріс саласы­ның көшбасшысы. Шағын цехта жұ­мысын бастағанда компания тәулігіне 5 мың дана «Бұ­қтырылған сиыр еті» қалбырын шығаратын. Өнімге тұ­тынушылар тарапынан сұ­раныстың күшеюі компанияға өндірістік қуатты арттыруға мүм­ кіндік берді. Шығарылатын өнім түрі де 10­ға жетті. 2008 жылы кәсіпорын өндіріс орнына жаң­ғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұ­мыстарын жүр­гізді. Несиелік қаражатқа ет қал­бырлайтын автоматты желілер, заманауи еуропалық құ­рал­жаб­дықтар сатып алып орнатты. Мұ­­ның өзі қалбырлы өнімдердің са-пасын көтеруге және өндірілетін өнім көлемін көбейтуге жол ашты. Осы кезде кәсіпорын ауысымы-на 120 000 дана қалбыр және

қалбырдағы өнімнің 46 түрін өн­діруге қол жеткізді.

– 2012 жылы кәсіпорын өнді­рістік қуатын ұ­лғайтып, шығары­латын өнім түрін 100­дің үстіне жеткізді. Бұ­рын тек ет пен балықты өңдейтін болса, енді жаңа өндіріс ­ көкөністі қалбырлауды бастадық. Сонымен қатар дәстүрлі ұ­лттық тағамдарды дайын күйінде қал­бырлап шығаруды игердік. Қалбыр­дағы қазы, шұ­жық өнімдері тұ­­тынушылардың көңілінен шықты. Биылғы жылдың тамыз айында өнімнің жаңа түрін «Жылқы етінен жасалған қуырдақ» атты ұ­лттық тағамды өндіруді бастадық. Азық­түлік нарығын зерттегеннен кейін үнемі уақыт жетпей қарбаласта өмір сүретін белсенді жастарға арнап қалбырдағы дайын түстік өнім түрлерін шығардық. Ондай өнімдеріміз «Қазақша ет», «Сиыр еті қосылған макарон» деп кете береді», ­ дейді «Кублей» ЖШС­ның өндіріс меңгерушісі Гүлнұ­р Дошмұ­қанова.

"Кублейлік" қалбырдағы еттің өзге елдерден әкелінетін тектес өнімдерге қарағанда құ­рамында қосымша дәмдеуіштер, ГМО, кон-серванттар, хош иістендіргіш заттар атымен жоқ. «Кублейдің» 100%

табиғи өнімнен тұ­ратын қалбырлы өнімдері осылайша елімізді, ірге-лес елдерді «жаулап» алды. Мал еті Канада, Бразилия, Польша-дан әкелінеді. Өңделетін көкөніс Венгриядан Атлант мұ­хитының балықтары да негізгі өндірісшіден алынуда.

­ Компания жергілікті шикізат-ты пайдалану жағын жоспарлап отыр. Зашаған кенті аумағында мал сою цехы салынуда. Ол 2015 жылы іске қосылады және 150­ден астам жаңа жұ­мыс орны ашыла-ды. Онда теріні терең өңдеу және қалдықтарды өңдеу жұ­мыстары жүргізіледі. Мал азықтық астық шығару көзделуде. Келешекте етті вакуумдық қаптамада мұ­здатып сату жоспарланған. Биыл компа­ния балық зауыты өндірісіне ин­ вестиция салды, жаңа зауыт құ­ры­лысы жүруде. 70 жаңа жұ­мыс орны ашылады және балық өнім­дерінің түрі молаяды, ­ деді кәсіп­

орынның бас технологы Гүлжази­ра Кенжеғалиева.

1992 жылы кәсіпорын ашылған­да ұ­жымда 13 адам жұ­мыс істесе, бүгінде 370 адам тұ­рақты жұ­мыс­пен қамтылған. Жұ­мысшылардың орташа айлық жалақысы 100 мың теңгенің үстінде. Кәсіпорынның мамандары да, жұ­мысшылары да Қаратөбеде қарапайым трактор­шы болып, еңбек жолын қара жұ­мыстан бастаған компания бас­шысының жұ­мысшыларға жұ­мыс жағдайын жасауды бірінші кезек­ке қоятынын мақтанышпен ай-тады. Олар кәсіпкерлікті нөлден бастаған, өзі басшылық жасай-тын ұ­жымының әр қызметкеріне жанашырлықпен қарайтын, адам-гершілік деген асыл қасиетті байлықтан жоғары қоятын жай­саң басшы Талғат Берекешовтың басшылығымен компанияның әлі де талай табыс биігінен көріне­тініне сенеді.

Гүлбаршын ӘжІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

«Жылқы жылы туыппын...»

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл7

[email protected]

әлеумеТ

Жібек әжені бала ке­зімнен білетінмін. Бір ауылда көрші тұ­рдық.

Әкем ол кісінің балаларымен дос­жолдас болса, өзім немере­жиен-дерімен бірге ойнап өстім. Сөйтіп, көршілерімізбен жақын туыстар-дай араласып кеткен едік.

Өмір ағысымен ауылдан ұ­зап, басқа өңірде жүрсем де, әженің аман­сау екендігін естіп, қуанып жүретінмін. Сәті келіп, сәлем бере барғанда, ғасыр жасаған қария­ның келіндерімен бірге шаруаға араласып жүргеніне әрі қуанып, әрі таңғалып қайтатынмын.

Осы жолы келгенімде, 104­ке келіп қалған Жібек әженің жа­ нары әлсіреп, көруі нашарлап-ты. Бұ­рынғы ширақ қимылы баяу­лаған. Алайда ешнәрсені ұ­мыт­пайтын берік жадысы әлі сол қалпында. Қолымды жібермей, ауыл­аймақтың, ағайын­туманың амандығын сұ­рап, бала­шағасына дейін атын атап түгендеп жатыр.

Аналарының халін білу үшін Шалқар ауылынан арнайы келген

Орал қаласының тұрғыны Ақжібек Асанқызы Жантұрсынова табалдырық аттап, енгелі тұрған Жылқы жылында өзінің 104-ші жаңа жылын қарсы алмақ. Мереке қарсаңында ғасырдан аса өмір сүрген кейуанамен кездесіп қайтқан едік.

қызы Күләш пен Орал­дағы ұ­лы Мұ­хтарды да беттерінен сүйіп, қуа­нып қалды.

Ғасырдан да ұ­зақ өмір сүріп отырған қа­ рияны ұ­лы Асқар мен келіні Роза балаша мә­пелеп бағып отыр. «Кү­ні кешеге дейін шауып жүрген еді. Былтырдан бастап анамыздың ден­саулығы сыр бере бас­ тады. Жасы ұ­лғайған адам ғой, жиі жатып қа­ латын болды. Бірақ кө­ңілі сергек, тамақ ішуі, есте сақтау қабілеті жақсы», – дейді өзі де алпысты алқымдап қал­ған Роза жеңгей.

Жібек апай өткен ға­сырдың басында, дәлірек айтсақ, 1910 жылы Жымпиты (қазіргі Сы-рым) ауданының Сарой ауылдық кеңесіне қарасты Дөңгелек сор деген жерде дүние есігін ашқан. Мәлке руының жәдік бөлімінен

шыққан әкесі Асан бір басына же-терлік дәулеті бар орта шаруа бо-лыпты. Бойжетіп келе жатқан ке­ зінде кәмпескенің құ­рығына ілік-кен әкесі дүние­мүлкі тәркіле­ ніп, өзі жер аударылады. Жібек

қыз бауыларымен бірге өгей ше­шесінің қолында қалып, кейін барлығы Коминтерн (қазіргі Абай ауылы) колхозына қоныс аудара-ды. Көп ұ­замай Жантұ­рсынұ­лы Аманғали деген жігітпен бас қо­сып, дүниеге 5 ұ­л, 5 қыз әкеледі. Он баланы асырап­бағу үшін кү­йеуі екеуі аянбай еңбек етті. Жас кезінен қайратты болған Жібек әженің істемеген жұ­мысы жоқ. Соғыс кезінде ат­арбамен аудан орталығынан бөшке­бөшке май тасыды, шөп те шапты, астық та жинады. Қапшық­қапшық құ­м та­сып, Коминтерннің іргесіндегі Қызылтаң елді мекенімен арада­ ғы бөгет салу құ­рылысына да бел-сене араласқан.

Кейін отағасы екеуі өз алда­рына ірі қара мал алып, зейнет демалысына шыққанша бақты. Аманғали ақсақал 1986 жылы 83 жасында өмірден өтті. Бүгінде екеуінен өрбіген 10 баладан 35 немере­жиен, 40 шақты шөбере тараған. Ал немене, шөпшекте­рінің санын әже анық білмейді. «Әйтеуір, ұ­рпағым аман болсын. Еліміз тыныш болып, Жаңа жыл-да жақсылықтар көп болсын!» деген ақжарма тілегін білдірді ға­сырдан да ұ­зақ жасаған ана бізбен қоштасарда.

Айгүл АХМЕТОВА

Ғасырдан ұзақ ғұмыр

Айнара мен Таңат үздікТеР ҚАТАРындА

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Қазақстан дауысы» жобасына қатысушы 16 үміткер жексенбі күні тікелей эфирде өнер көрсетті.

Марапат иелеріне құрмет

Жуырда ғана мемлекеттік медальдармен марапатталған

Гүлфия Нұртаева мен Роза Есенғалиеваны Сырым

ауданының әкімі Абат Шыны­беков қабылдады.

Мұ­ғалім деген ұ­лы маман­дықтың тізгінін ұ­стаған Гүлфия Сатымқызы «Ерен еңбегі үшін», ал дәрігерлік антына адал Роза Төлеуғалиқызы «Шапағат» ме­дальдарының иегерлері атанды. Оларды таяуда аудан әкімі ар­ найы қабылдап, сый­құ­рмет көр­ сетті. Қабылдау барысында ау­ дандық мәслихат хатшысы Ә.Ға­лымов, аудан әкімінің орынбаса-ры Ә.Жоламанов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Құ­са­йынов және аудандық ауруха­ на басшысы А.Дүйсенғалиев ма­ рапат иелерінің қуаныштарына ортақтасып, құ­ттықтау лебізде­ рін білдірді.

қымызШампанның орнына

Біздің Солтүстік Қазақстан облысымен шектесетін Ресейдің Омбы облысына қарасты Нагибино селосының кө­­п ұлтты тұрғындары биылғы жаңажылдық дастарқанға дәстүрлі шампан ішімдігінің ор­нына қымыз қоймақ.

Осылайша аталмыш елді мекеннің халқы келер жылдың иесі Жылқы­ ға ерекше ілтипат көрсетпек. Осындай ниетпен нагибиндіктер бірі дү­кеннен сатып, енді бірі шипалы сусынды өзі өндіріп дегендей, әйтеуір күн ілгері қымыздан берік қор жасап алған көрінеді. Бұ­л мәліметті ғалам­ тор арқылы «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі таратты.

тысқазақстандықтар үміт артып отырған тағы бір талант Таңат Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір» әнін көрермендер назарына ұ­сынды.

Алдағы жексенбіде 12 үміткер бақ сынайтын болады. Биылғы 19 қаңтарда мәреге жететін «Қа­зақстан дауысының» жеңімпазы 5 млн. теңге сыйлыққа қол жет­кізбек.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Батыс Қазақстан облысы намы­сын қорғап жатқан Айнара Айт­қалиева мен Таңат Жексенбаев тағы да көрермендердің дауы­ сын көбірек иеленіп, келесі ай­ налымға қиналмай шықты. Бас­ тапқыда­ақ ерекше даусымен төрт бірдей тәлімгерді таңғалды­ рып, Алмас Кішкенбаевты «ға­шық қылып», содан бері сүрінбей келе жатқан Айнара бұ­л жолы «Құ­с жолы» әнін орындаса, ба­

Қарашаның 29­ында Орал қа­

ласының іргесіндегі Деркө­­л ауылында екі қа­

тарлы жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Жыл жетістіктері

Т ұ ң ғ ы ш Президент күні

қарсаңында Шыңғыр ­

лау ауданындағы Аман­ гелді бекетіне кө­­гілдір отын келді. Желтоқсанның 6­сында Теректі ауданы­ ның орталығында 10 үй

қоныстойын тойлады.

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл8

[email protected]

ТАРих

«Мал – бәйбішенікі,бай – тоқалдыкі»

Мақаланың тақырыбы ерсілеу көрінгенімен, бұ­рынғы бабалар-дан бүгінге жеткен тәмсіл. Демек, бұ­л жолғы әңгіме ғасырлар бойы тектік қорымыздың кемелде­нуіне оң ықпал етіп, ұлттық элитаның дәуірлеуіне теңдессіз үлес қосқан һәм ө­­ткен ғасыр­дың жиырмасыншы жылдары­на дейін ө­­мір сүрген полигамия­лық (кө­­пәйелалушылық) неке хақында. Бұ­л – біздің бабалар жүріп өткен тарихи жол. Тектілік тақырыбы сөз болған жерде мұ­ны айналып өту мүмкін емес. Бүгінгі за-ман биігінен көп әйел алушылықты тек ескінің сарқыншағы деп ұ­ғыну сыңаржақ көзқарас болар еді және оны қазіргі таным тұ­рғысынан зерделеу, көтерілген мәселенің барлық қырын ашуға мүмкіндік бермесі анық.

Ислам үйленетін әйелдер са-нын төртеумен шектеген және олардың бәріне бірдей адал болу шарты қойылған. Ислам көп әйелге үйленуге тек орынды се-бепке байланысты, белгілі бір жағдайды түзеу мақсатында ғана жол берген. Ол соғыс кезінде ер адамдар майданда опат болған жағдайда, яғни әйелдердің көбі қамқоршысыз қалғанда, кейде әйелдің денсаулығына байланыс-ты (созылмалы ауру, бедеулік) ке-дергілерде жеңіл жүріске тосқауыл қою мақсатында ер адамға тоқал алуға рұ­қсат етіледі, әрі тоқалы бәйбішесімен тең құ­қылы бо-лып табылады (Махмуд Хамди Зақзұ­қ. Исламды қаралауға қарсы жауап//«Ақиқат», 2005. №4.­35­36­б., Шоқым Г.Т. Қазақ тіл білімінің гендерлік тұ­ғыры. А., 2007.­62­б.). Десе де, дәстүрлі қазақ қоғамында бәйбішенің өзге әйелден шоқтығы биік болған және шариғат рұ­қсат еткен полигамиялық некенің белгіленген өзіндік қатаң тәртібі болған. Еш себепсіз бірнеше әйел алу қатардағы жай еркек үшін оңайға тимеген. Бұ­л туралы Кол-гейт университетінің профессо-ры (АҚШ) М.Олкотт «қазақтардың көбі жалғыз әйел алды, екі және одан көп әйел алғандар сирек кездеседі, өйткені қазақ дәстүріне сәйкес әр әйелдің өз отауы болуға тиіс, сондықтан көп әйел

алу бай адамның ғана үлесіне тиді» деп жазады (Марта Олкотт. Қазақтар. Стэнфорд, 1987. 3­27б. // Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұ­ра – Қазақстан, 1994.69­б.). Батыс Сібірге саяхат жасаған неміс сая­хатшысы А.Брем мен О.Финиш «Ислам дінін ұ­станатын болғасын, қырғыздардың бірнеше әйел алуы-на жол беріледі. Бірақ түріктер мен мормондардың тәжірибесінен көріп жүргеніміздей, тек бай адам-дар ғана мұ­ндайға бара алады, себебі қалыңдық үшін берілетін қалың малдың құ­ны өте үлкен. Қырғыздардың (қазақтардың) көпшілігінің бір­бір әйелі бар, ауқаттыларының өздері екі­ақ әйел алғанмен қанағаттанады» деген түсінік береді (Путешествие в Западную Сибирь доктора О. Фи-ниша и Брэма. М., 1882.).

Көп әйел алушылықтың негізгі сыры неде?

Сонымен көшпелі қазақ қо­ғамында полигамиялық некеге негіз болған басты себептің бірі, бәйбіше мүлдем бала көтермесе не ұ­л тумаса, не аурушаң болса, не күйеуі өліп жесір қалса, т.б. еркек сондай қадамға барған. Мысалы, қазақтың біртуар пер­зенті Мұстафаның әкесі Шоқай (Шоқмұхаммед) екі әйел алған жан. Алғашқы әйелінен бала болмаған. Кейінгісінен бес бала – екі қыз, үш ұл кө­­рінген. Шоқмұхаммед ортаншы ұлы Мұстафаны елу бес жас шама­сында сүйген. Мұ­стафа ағасы Сыздықтан он бес жас кіші. Әлем таныған текті тұ­лғаның атасы Торғай Сыр өңірінде өте беделді адам болған. Бұ­л өңірді Қоқан хандығы билеген кезде Торғай датқа дәрежесіне көтерілген. Мұ­н­дай мысалдар Қазақ тарихында жеткілікті. Демек, қазақ үшін көп әйел алудың негізгі сыры тектің та-мырын үзіп алмай, кейінге жалғау аңсарымен тікелей байланысты болса, екіншіден, қазақ жесірін қаңғытпаған ел. Әмеңгерлік сал-тымен ұ­рпақ жалғастығын сақтап отырған. Осыған дейін әмеңгерлік ғұ­рпының сәулелі жақтары да бар екеніне мүлде мән берілген жоқ. Күйеуі өліп, жесір қалған жас әйелге марқұ­мның жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құ­қылы са-налатын. «Келін ерден кетсе де, елден кетпейді» деген сөз – осы әмеңгерліктің куәлігі. Әмеңгерлік ғұ­рпының ең бірінші көздейтіні – ұ­рпақ қамы, жетімді жат босағаға телміртпеу. Қазақтың әмеңгерлік салты қара жамылған шаңырақтың өмір талқысының құ­рбаны болып кетпеуін көздеуден туындағанын дәлелдейді. Әмеңгерлік салты жасы келген, үйлі­баранды, бала-лы­шағалы әйел жесір қалғанда қолданылмайды, тек жас, әлі де бала туа алатын әйелдерге жүреді (Қалиев С., Оразаев М., Смайы-лова М. Қазақ халқының салт­дәстүрлері. А., 1994. 131­б.).

Осы тұ­ста ерекше назар ауда­рарлық нәрсе әмеңгерлік (леви­рат) ғұрпы біздің ұлт қаймағы саналатын талай тарланбоздың тағдырына да тікелей қатысты.

Деректерге жүгінсек, Құнанбай ө­­зінен кейінгі інісі Құтпамбет (Құлмұханбет) қаза болған соң, оның атастырған қалыңдығы Ұл­жанмен отасқан. Тарқатып айт­сақ, інісі жастай бақилық болып, Ұлжан «қыздай жесір» қалыпты. Құнанбай Күңкеден кейінгі екін­ші әйелі қылып, текті жердің қызы Ұлжанды тоқалдыққа келіндей алған. Осы некеден Абай дүниеге келген. Кейін Абайдың ө­­зі де інісі Оспанның әйеліне әмеңгерлікпен үйлен­ген.

Көтеріліп отырған мәселені аша түсетін, бұ­рын көп назар аударылмаған тағы бір тарихи де-рек. Қазақтың маңдайына біт­кен марқасқа ұлдарының бірі Қаныш Сәтбаев – Имантайдың екінші әйелінен туған. Иман­тай қырық жеті жасқа келген­де екінші рет үйленіп, қазақ тарихындағы текті әулет – атақты Шорман ауылында жесір отырған жас әйел Әлиманы алыпты. Дүниеге Қаныш келген-де Имантай өз болысының биі болған екен. Ол сөзге шешен, қазақтың мақал­мәтелдеріне жетік, ән салып, домбыра тар-татын жан болыпты. Академик Ә.Марғұ­лан Е.Бөкетовке жазған хатында: «Қаныштың сыпайылығы, көп білуі әкесінен ауысқан қасиет. Оның әкесі Имантай осы күнгі университетте оқытып жүрген профессорлардың көбін үйрете алар еді. Ол кісі өзінің байтақ білімімен Г.Потанинге де көп көмек көрсеткен» деп айтқан екен. Қаныштанушы Медеу Сәрсе­кенің деректеріне жүгінсек, Қанекеңнің де екі әйелі болған.

Демек, бірнеше әйел алу салты сол кездегі қыз­келіншектердің мүдде­сін қорғаудан туындаған. Ұлттық мүдде әйел бойындағы қызғаныш сезімінен жоғары тұ­рған. Тоқал алу құ­былысын тек нәпсіқұ­марлықпен байланыстыру сияқты сыңаржақ көзқарас, мәселенің ішкі мәнін терең түсінуге мүмкіндік бермесі хақ. Мұ­ның астарында құ­лаққа әбден сіңген «қазақ байыса, қатын алады» деген түсініктен шығатын мал­дәулетті шашу емес, көшпелі өмір қажетінен туындаған текті сақтау, ұ­рпақ қамы, ұ­лт мүддесі, ел болашағы сияқты ұ­лы мұ­рат жатқаны аңғарылады. Түсінген жан­ға ұ­лт ұ­тылмаған жердегі нәрсенің бәрі ұ­лықтауға лайық.

«Қарт бойында қалаш бар»

Мына нәрсе де ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, тұ­қымның асыл болуының көзге көп байқала бер-мейтін тағы бір қыры – ері мен әйелінің жас алшақтығы. Тек­тілік феноменінің тағы бір құпиясы: сақарып, егде жас­қа жетіп, ақыл­парасаты то­лысқан, бойынан күш­қайраты қайтпаған бабындағы еркек пен толықсыған жас тоқалдан кө­­п жағдайда кемеңгер ұрпақ туатыны дәлелденген. Мұ­ны дәйектейтін деректер аз емес. Бұ­ған басқа халықтардың тари-хында да мысалдар жеткілікті. Қытай халқының ұ­лы ойшылы Кон-фуций дүниеге келгенде әкесі 70­тің

үстінде, шешесі 17 жаста болған көрінеді. Ата қазақта «қарт бойын-да қалаш бар» деген мәні терең сөз бар. Мамандардың пікірінше, өзінен гөрі жасырақ әйелмен төсек жаңғырту егде тартқан ер-кек бойына күш­қуат беріп, оны жасартады екен. Жаһанға танымал жарқын тұ­лғалардың ата­анасы­ның арасындағы жас айырмашылы­ғына кезінде кеңес ғалымдарының өзі ерекше назар аударған бола­тын. Мәселен:

Гендель (әкесі 63, шешесі 34)Бородин (59, 24)Гончаров И.А. (58, 27)Бальзак (53, 21)Лондон (53, 29)Франклин (51, 39)Салтыков­Щедрин (50, 25)Софья Ковалевская (49, 29)Герцен А.И. (45, 17)Чайковский П.И. (45, 27)Шоу (45, 28)І Петр (43, 19)Короленко (43, 20)Шопенгауэр (39, 19)Гете (39, 17)Эйнштейн (32, 21)Гоголь (32, 18)Лобачевский (31, 19)Лермонтов (27, 17) т.б.(Алексахин И., Ткаченко А. «Ин-

декс отца» // Литературная газета. 29 ноября 1972г.) болып жалғаса береді. Өкінішке орай, қазақтан шыққан белгілі тұ­лғалардың әке­шешесінің жас айырмасына бай-ланысты нақ осындай мәліметтер отандық тарих ғылымында си-рек кездеседі. Қазақтың және бір жазылмаған заңы – әйел күйеуден сегіз жас, еркек әйелден жиырма бес жас үлкен болса, қосылуға рұ­қсат етілмеген. Әрине, әмеңгерлік жолда мұ­ндай не-келік ережелер мен шектеулерге қарамайтын жайлар да болған.

Сонымен, соңғы жылдары зерттеушілер көшпелі қазақ өмі­рінің қажеттілігінен туындаған полигамиялық отбасылық – не-келік қатынастың қоғамға әкелген пайдалы, тиімді жақтарын сара-лауда. Публицист Т.Әсемқұ­лов: «Соғыс негізінен еркектерді жояды, яғни халықтың жыныстық құ­рамы өзгереді. Көшпенді қоғамда бұ­л ауытқу полигамия, яғни көп не-келік заңы арқылы қалпына ке-леді. Ұлы әмеңгерлік заңының арқасында қазақ халқы жойылмай аман қалды десек, артық айтқан­дық болмас» (Әсемқұ­лов Т. Аштық және соғыс. Қазақ алъманағы. №2 (06), 2010. 227­б.), ­ деп жазды. Тек кө­­п әйел алушылықтың не­гізінде ғана қазақ халқы сандық мө­­лшерін ө­­сіріп жаугершілік, жұт, оба, шешек, мерез, құрт, т.б. жұқпалы кеселдер мен әртүрлі індеттер арқылы ойсырай­тын демографиялық шығынның орнын жауып отырды. Кеңес ө­­кіметі орнағанға дейін не­гізінен ұлт ө­­сімі «балағынан бала саулатқан» тоқалдар есе­бінен жүзеге асты. Өйткені ұ­шы­қиырына жету үшін құ­стың қанаты талатын даласы бар қазақ үшін ұ­лт

өсімі қай кезде де өзекті. Сөзімізге тұ­здық ретінде тағы бір мысал. Қол бастаған көсем, сөз бастаған ше-шен, байбақты Сырымның атасы Шолан батырдан Есенбай, Түркеш, Байторы, Дат есімді төрт бала туған. Ел ішінде осы төртеуінің өсіп­өнген әулетін жинақтап «Төрт Шолан» деп те атайды. Осы төрт шоланның Есенбайының Зеріп деген тоқалынан 9 ұл, Даттың Дүрдана деген тоқалынан 9 ұл, Түркештің Кенжеқыз де­ген тоқалынан 8 ұл туған. «Тө­­рт Шоланды байытқан үш тоқал» деген сө­­з осыған орай айтылған. Дерек ретінде Даттың балаларын атай кетуге болады. Даттың бәйбішесінен – Адамбай, Атанай, Жомарт туған. Ал тоқалы Дүрданадан – Сырым (Сыр­лыбай), Дүйімбай, Жандыбай, Қалдыбай, Базарбай, Қорлыбай, Шегебай, Нұрлыбай, Барлыбай туған (Сейдімбек А. Көрсетілген еңбек. 633­б.). Қысқасы, көшпелі қазақ қоғамында ұ­лтымыздың демографиялық ахуалын бірнеше әйел алуға мүмкіндігі бар осын-дай текті тұ­қымдар шешті. Зерт­теушілердің пікірінше, қай заман-да да демографиялық жағдайды дімкәс ұ­рпақ пен кедей халықтың үлесінен көтеру, соған сәйкес ұ­лт­тың сапасыз ұ­рпақпен толығуы елді тұ­йыққа апарып тіреуі мүмкін. Мәселен, Мұхаммед пайғамбар өзінің даналыққа толы бір хадисін-де: «Өзің аштан өлейін деп оты-рып, көп балалы болу – күнә» деп қатаң ескерткен. Қалай десек те, дәстүрлі қазақ қоғамындағы текті тұ­қымдардың тамыр жаюында көп әйел алушылықтың (полигамия) рөлі өте зор және бұ­л құ­былыс жеті атасынан құ­т үзілмеген бай, қуатты, дүмді әулеттердің тарихы-мен тікелей байланысты.

Қазақтың ұ­лы хандарының көбі тоқалдан туғандығын кезін-де классик жазушы М.Мағауин жеріне жеткере жазған еді. По­лигамиялық некеден ұ­лттың ұ­тпаса, ұ­тылмағандығын сарала­ған жазушының пайымын теріс түсінгендер оны сын садағына ілді. Ғалым Ш.Ш.Уәлихановтың жазуы бойынша ұ­лы бабасы Абылай ханның 12 әйелі болған. Осы арулардан әйгілі хан «сабы бір, қабы бөлек» 30 ұ­л, 40 қыз көрген. Бұ­л мәліметті 1781 жылы Уәли сұ­лтанның ІІ Екатерина патшайымға жазған хатындағы «Абылай ханның артында 30 ұ­л қалдық» деген сөзі бекіте түседі. А.Левшиннің деректері бойынша «Кіші жүз ханы Нұ­ралының 16­17 әйелі, оның сыртында 15 көңілдесі (кәнизагы) болған. Некелі, некесіз әйелдері оған 32 ұ­л, 33 әлде 34 қыз туып берген» екен (Левшин А.Описание киргиз­казачьих, или киргиз­кайсацких, орд и степей. – Алматы, «Санат», 1996. 334­б.).

Ақын Абайдың ата­бабалары да жеті атасынан бақ­дәулет үзіл­мей ел билеген әділетті, бақуатты болған жандар. Рухани тұ­рғыдан мықты, ата­тегі жағынан текті

(Соңы. Басы газеттің №116, 122 сандарында жарияланды)

жаңабек жАҚСЫғАЛиЕВ,тарих ғылымдарының кандидаты

Тектілік (тарихи­этнографиялық

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл9

[email protected]

ТАРих

бесіктен Абай шыққан. Абайдың атасы Тобықты руының атақты биі Өскенбай Ырғызбайұ­лының бес әйелі болған екен. «Абай» энци­клопедиясында: «Зереден кейінгі төрт тоқалынан Өскенбай тоғыз ұ­л көрген» деп жазылған. Ал өз әкесі аға сұ­лтан Құ­нанбайдың Күңке, Ұлжан, Айғыз, Нұ­рғаным атты төрт әйелі болған. Ақын Абайдың өзінің де бірнеше әйелі болғаны белгілі. Бай, саудагер Қорамса ұ­лдары­ның ішіндегі Арқа ән өнерінің арғымағы, алаш баласы ардақ тұ­тқан Ақан серінің бірінші әйелі Бәтима, аз ғана уақыт отасқан жары Ұрқия сұ­лу, ғашық болған арулары Ақтоты мен Жамал есім-дері исі қазаққа белгілі. Деректер-ге жүгінсек, Біржан Қожағұ­лұ­лы, т.б. сал­серілер хақында да осы-лай айтуға болады. Мысалдарды тәспідей тізе бергеннен мәселе­нің мәні өзгермейді және кел-тірілген тарихи деректерге қарсы шығу – тарихи шындыққа қанжар сұ­ғумен бірдей. Полигамиялық некеде болғаны үшін жоғарыда есімдері аталған майталман ұл­дарын қазақтың сө­­ккен кезі бар ма?! Демек, ұлт ұтылмаған жер­дегі нәрсенің бәрі одан тө­­мен тұрады.

Полигамия һәм моногамия: тәжірибе мен тағылымДәстүрлі қазақ қоғамындағы

көп әйел алушылықтың тағы бір сырын, нақ осы мәселені арнайы зерттеген Т.Бесбаев былай деп түсіндірсе: «...Әйел баласының, ер­кек кіндікті азаматқа қарағанда, биологиялық заңдылыққа сай өзінің жұ­байлық міндетіне ерте салқындап, шау тартатындығын жа­сырмаған жөн. Сондықтан да ер­азамат төсек жаңғыртуға мәжбүр болады. Таңдай қағып, тамсана-тындай жаңалық емес, егде тартса да қауқарлы, жыныс жүйесі тегеу­рінді ер­азаматтың кіндігінен «Ал-пысбай», «Жетпісбай», «Сексенбай» есімді нәрестелер дүниеге кел-ген», орыстың атақты ақыны Нико-лай Гумилев: «Мен білетін бір ғана шындық, ол: нағыз еркек – поли-гамды (көп әйелді), ал нағыз әйел – моногамды болуға тиіс» ­ деп жазған. Ал батыстық ғалым Густав Ли Вонның: «Мұсылмандардың кө­­п әйелмен некелесуі – заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде кө­­п әйелмен кө­­ңілдес болып жүре беретін еуропалықтардан әлдеқайда артық» (Жолдыбайұ­лы Қ. Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұ­қсат еткен? 11 қараша, 2011 ж. http://www.muftiyat.kz) деу себебіне де көз жіберген дұ­рыс.

Алайда ХХ ғасыр қазақ қоға­мындағы отбасылық­некелік қа­тынасқа түбегейлі өзгеріс әкелді. Патша тақтан құ­лағаннан кейінгі кезеңде билікке ұ­мтылған сая-си күштер аталған мәселеде әр­қайсысы өзінше таңдау жасады. 1917 жылғы 21­26 шілдеде Орын-борда өткен Бүкілқазақтық съез-

де алаш арыстары «екі әйел алуға бірінші әйелдің келісімімен рұ­қсат етіледі» деген қаулы қабылдаса, 20­ж. Кеңес Үкіметінің қалың мал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреті шықты. Сөйтіп, дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық инсти­туттың негізгі тетіктерін жоюды «біртіндеп және абайлап» жүргіз­ген кеңестік билік – отарлаудың ең төте жолын болашақ некелік қатынастарды бұ­зудан бастады. Бұ­л ретте кеңестік моногамиялық некенің шеңберіне сыймай бұ­л­қынған «асау» таланттардың (М.Әуезов, Т.Рысқұ­лов, М.Тыныш­баев, Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев) от­басылық тағдырын еске түсірген жөн.

Жинақтап айтсақ, ХХ ғасырдың 20­жылдарынан бастап өмірімізге енген моногамиялық неке уақыт өте көп әйел алушылық туралы түсініктерді көмескілендірумен шектелмей, осы жылдар ішінде еркек әйелдің ешкіммен бөлісе алмайтын «жеке меншігіне» ай-налып шыға келді. Сайып кел-генде, шаңырақтағы басты тұ­лға ер­азаматтың беделі бірте­бірте шайқала бастады. Француз ағар­тушысы Жан­Жак Руссо бұ­л жайт-ты былайша қорытқан: «Билік­ке ұмтылған әйел күйеуінің әміршісіне айналады, ал құлға айналған отағасынан асқан күл­кілі де мүсәпір ешкім жоқ». От-басы билігінен айырылып қалған отағасының мүшкіл халін бірне-ше әйелі мен солардан тараған ұ­рпағының тағдырын құ­діретті уысынан шығармаған ата­баба-мен әсте салыстыруға келмей-ді және аталған моногамиялық неке екі­үш нәрестемен шекте-летін қалалық отбасылық өмірде талай нарқасқа еркектің бағын байлағаны ешкімге жасырын емес. Кейбір сарапшылардың пі­кірінше, шариғатқа қайшы қағи­далардың қоғамға енуі аса зор құ­рбандықтарға әкелуде. Бұ­ған табиғи тепе­теңдіктің бұ­зылуы нә­тижесінде кәрі қыздар санының артып, қазақ қызының өмірлік серігін таба алмай жатқаны, жезөкшеліктің қалыпты жағдайға айналуы, тастанды бала санының толассыз өсуіне байланысты жетімдер үйінің көбеюі, қаракөз­дердің басқа ұ­лт өкілдеріне тұ­р­мысқа шығып, аралас некенің қо­ғамға сыналай енуі, ұ­лт өсімінің тежелуі, т.б. сияқты қазіргі қоғамда өткір тұ­рған мәселелерді жатқы­зуға болады.

Оқырман мына нәрсені дұ­рыс түсінгені жөн. Автор қазіргі за­манда да дәл осылай болуы тиіс деген ойдан аулақ. Ұлы сө­­зіміздің негізгі ө­­зегі ол емес. Біздің басты мақсат – дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан полигамиялық некелік қаты­настардың кө­­мескі жатқан тұстарына сәуле жүгіртіп, ата дәстүріне ұлттық мүдде тұр­ғысынан қарап, бабалар тари­хын асқақтату. Тарихшы К.Нұ­р­

пейісовше айтсақ, кез келген құ­былысты бірыңғай мақтау не даттау ғылыми еңбекке жатпай-ды, нақтыласақ, қай нәрседе де медальдің күнгейі мен көлеңкесі болады. Кеңес дәуірінде қалың мал, көп әйел алушылық, әмең­герлік институты біржақты түсін­діріліп, отарлаушылар ұ­лттық құ­н­дылықтардың жағымсыз жағын баса насихаттауға ерекше мән бер­ген еді. Біздіңше, көтеретін жүгі өте ауыр әрі айқыш­ұ­йқыш пікір­та­ласын туғызатын, күн өткен сайын шендестіре саралауды қажетсініп келе жатқан күрделі мәселенің екі жағын таразыға тең тартқанда басып тұ­ратын жағы салмақтырақ. Бірақ қашып құтылуы қиын та­рихи шындық сол, қазақ тари­хына есімі алтын әріптермен қашалған алаштың небір айбоз ұлдары мен текті оғландары – полигамиялық некенің жемісі. Бұ­л тұ­жырым, әлдеқашан тарихи деректермен дәлелденген шын­дық. Бір ғажабы, әуелден қазақ­тың қанында, ділінде бар ескі салт қазіргі қоғамда оқтын­оқтын көтеріліп, су асты ағыстарындай білінбей, ақырын жылжуда. Олай дейтініміз, бүгінгі таңда саяси, биз-нес, шығармашылық элитаның халыққа белгілі һәм беделді өкіл­дерінің арасында қанда бар көне дәстүр қайта жаңғыруда және қазірде күйеуге екінші не үшінші әйел боп тигендерді өз еркінен тыс барды дегенге сену қиын.

Ұлттың тектік қорықалай әлсіреді?

Қазақ хандығын басқарудың ғасырлар бойы қалыптасқан дәс­түрлі жүйесінде бұ­рыннан келе жатқан ру­тайпалық тәртіп берік сақталды. Жеті сатыдан қаланған Қазақ хандығы құ­рылымының әр буынының тізгінін ұ­стаған би­лікшілердің тектілігі мен мемле-кетшілдігі таңғаларлық құ­былыс және ел билігін тектілеріне сеніп тапсырған бабалардың даналығы тәнті боларлық. Тектілері мен асыл-дарын тез және әділ анықтайтын, соған сәйкес лайықты тұ­лғалар билік баспалдағына тез көтерілетін хандық билік құ­рылымының шын мәнінде көшпенділер өркениетінің құ­діреті екеніне шек келтіру қиын.

Оның бер жағындағы бо-дау заманның өзінде патшаға қасқайып қарсы шыққан Қазақ даласындағы ұ­лт­азаттық көте­рілістердің көсемдері Сырым, Кенесары, Қаратай, Арынғазы, Исатай, Махамбет, Есет, Қайыпхан, Жанқожа, т.б. елді соңынан ерт-кен дарабоздардың шыққан тегі жеті атасынан құ­т үзілмеген хан­сұ­лтан, би, батырлар әулетінен болып келуі – ойланарлық нәрсе. Басқаша айтқанда, мемлекет-шіл тұ­лғалардың қай кезде де текті әулеттен шығатынын және тектіліктің елдік, мемлекеттік, ұ­лттық мүдделермен ұ­штасып, қабысып жататынын байқамау мүмкін емес. Олар тек қарақан

басының қамын күйттесе, қора­сындағы малы да, қолындағы билігі де бір өзіне жетіп артыла­тұ­ғын. Демек, қай кезде де тектілік пен билік бірін­бірі толықтырып тұ­ратын ерекше мәнге ие.

Күні бүгін жатжұ­ртқа «қашып» жатқан ел ұ­старларының қылы­ғын көргенде «Кісілікті, ірілікті, елдікті бәрінен биік қойған кеше-гі игі­жақсылардың ұ­рпағы неге ұ­сақталып кетті? Қазіргі ел тізгі­нін ұ­стаған ірілі­ұ­сақты шенеунік-тер осы биіктен неге көрінбейді, биліктегі ақжағалы ұ­лықтарымыз­дың бойындағы тектілік қасиеттер қаншалықты? Неліктен бұ­рынғы тек-ті билердің орнын қазір жемқор, есер шенеуніктер басты?» деген сауал мазалайды. Белгілі журна-лист­публицист Н.Жүсіпше айтсақ, оның сырын мынадан іздеген жөн: «Құ­лдан құ­л туады. Тектілер кетіп, кектілер қалған заман. Кім көрінгеннің әкім бола беретіні содан» (Жүсіп Н. Біз кімнен кембіз?. (публицистикалық пайым). Алматы: Шартарап, 2001. 135­б.).

Ақиқатын айтсақ, отаршылдық дәуір қазақ халқының генетикалық қорына орасан зор нұ­қсан келтір-ген еді. Бұ­л ойды белгілі тарихшы, академик М.Қозыбаевтың пікірі орнықтыра түседі: «Қазақ қауымы ғасырлар бойы езілген­жаншылған халық. Оның ең асылдары үзбей қырылып келді. Халықтың тұ­қым­дық қоры әлсіреді. Асылдары кетіп, жасылдары (жасықтары – Ж.Ж.) қалып келді» (Қозыбаев М. Көрсетілген еңбек. 190­б.). Сөйтіп, текті болмысты терең тарихы бар халқымыздың ұ­лттық иммунитеті қатты әлсіреді. Соған қарамастан, қанда бар ұ­лы қасиет түбегейлі жойылып кетпей, қазақ халқының тағдыры сынға түскен сәтте Ә.Бө­кейханов, А.Байтұ­рсынов, М.Дула­тов, М.Жұ­мабаев, М.Әуезов, Қ.Сәт­баев, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұ­лан, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұ­лы т.б. тегі асыл тектілерді фәни дүниеге әкелді. ХХ ғасырдың табалдыры­ғын қазақ – аталған алыптар шоғырын алға салып аттаған еді.

Өкініштісі, патша тақтан құ­­лағаннан кейін отаршылдықтың тізгінін алмастырған Қазақ жерін-дегі Кеңес өкіметінің алғашқы қимылдары – ғасырлар сыны-нан сүрінбей өткен киелі салт­дәстүрімізді одан әрі құ­ртуға бағытталып, текті сақтаудағы те-геурінді тетіктердің тас­талқанын шығарды. Тектілік діңгегі рулық тәртіпте жатқанын түсінген отар-шыл империя алдымен осы құ­рылымға соққы беруге асықты. Коммунистік биліктің тектілікті тұ­қыртып, жермен­жексен еткені сондай бүр жарған бозбала өзінің туған әкесі мен атасынан сырт айналып, ру сұ­рау мен тектінің тұ­яғы екенін айтуды ұ­ятқа сана-ды. Отаршыл жүйе өзінің ұ­лттық құ­ндылықтарын жатсынатын, тіп-ті оған жиіркене қарайтын тексіз ұ­рпақ тәрбиелеп шығарды. Про-летариат диктатурасын ту еткен, «бай менен молданы, қойдай қу қамшымен» деп ұ­рандап, жар-лы­жақыбайды дәріптеген міскін қоғамда тектілік хақында қандай әңгіме болуы мүмкін?!

Азаттықты аңсаған алаштың талай айқасқа ұ­лдары тәуелсіздік үшін күресте оққа байланып, қылышқа туралса, нәубет жыл-дары талай әулет түп­тұ­яғымен жоғалып кетті. Ашаршылық жыл-дары туған топырақтан үдере

көтеріліп, бейтаныс, бөтен елге босқан қалың қазақтың көшін негізінен текті атаның үмбеттері бастаған­тұ­ғын. «37­нің зұ­лматы» қазақ оқығандарының ішіндегі ең жүйріктерінің жұ­лынын үзді. Сөйтіп санмен бірге сапа да кет-ті. «Бір қолына нан, бір қолына қан» ұ­стаған Кремль текті ұ­лттың тамырын түбірімен құ­рту саяса-тын жымын білдірмей жүргізіп, қазақ баласының қанын бұ­зу мен ұ­рпағын аздыруды алдына мақсат етіп, оны кезең­кезеңімен жалғастыра берді. Мәселен, орыс-тан әйел алған қазақ жігіттеріне жылы шырай көрсету арқылы ара-лас некеге саяси мән беріп, олар-ды нағыз интернационалистер деп дәріптеу үйреншікті дағдыға айналды. А.Сейдімбековтің де-регінше, КСРО кеңістігіндегі ең үлкен алапат һәм ХХ ғасырдың ең үлкен қылмысы – тоталитарлық өктемдікпен екі жүзден астам ұ­лттың мидай араластырылып жі-берілуі еді (Тарақты А. Ауызша та-рихнама. // Қазақ. А., 1994. 36­б.). Қарастырылып отырған кезеңде ата­дәстүр әдірәм қалып, тектілік жайына қалып, арақпен уланған ұ­рпақ өсім берді және бұ­ған Қазақ жерінің атом полигондарының қоқысына айналғанын, тың және тыңайған жерлерді игеру деген сылтаумен жерімізге келімсек­тердің қаптағанын, т.б. қосыңыз.

Тобықтай түйін. Біздің бұ­л шағын мақаламыз дәстүрлі қазақ қоғамындағы тамырын тереңнен алатын тектілік феноменін тәп­тіштеп һәм тарқатып жазуды көтермейді. Жоғарыда келтіріл-ген деректер мен дәйектерден ата­бабаларымыздың өз ұ­рпа­ғының текті де мықты болуын аңсағандығын ұ­ға түскендейміз. Шынында да, ұ­лан­ғайыр даланы ұ­стап қалатын кейінгі толқын осал болмауға тиісті.

Қай кезде де тектілік қазақ үшін аяулы, қастерлі ұ­ғым және осы бір ұ­лы қасиеттің табиғатын терең танып­білу тынымсыз, ұ­зақ ізденістерді қажет етеді. Дәстүрлі ұ­лттық мәдениетті және оның дүниетанымдық әмбебаптығын зерттеуде, қазақ халқының дүниеге көзқарасын айшықтауда – тектілік феноменіне терең зерттеу жүргізу үлкен маңызға ие. Тектілік туралы толғаныс терең парасатпен, кемел байыптылықпен ортаға салатын мәселе.Тектілік тағылымын терең зерттеп, терең меңгеруіміз қажет. Түйіп айтсақ, жеті ата, құ­да түсу, қалың мал, әмеңгерлік, полигамия институтының астарында тектілік феномені жатыр. Тектілік – ғасыр­лар бойы жинақталған халықтық тәжірибенің сұ­рыпталған тұ­жы­рымы мен негізгі нәрі.

Қорыта айтқанда, тектілік фе-номені – қазақтың теңдесі жоқ даналық мектебі. Тектілік қасиет – қазақтың қасиеті. Тектінің тұ­яғы – қазақтың тұ­яғы. Тектілік тарихы – қазақтың тарихы. Ақын Сабыр Адайды сәл өзгертіп айтылған, «Әр қазақ – менің асылым» деген ұ­лағатты сөз «Мәңгілік ел» болуға ұ­мтылған ұ­лтымыздың ұ­станымы мен ұ­ранына айналып, тектілік фе-номені тәуелсіздік тұ­сында кекілі мен тұ­лымшағы желбіреген жас өскіннің жаңа ұ­лттық тарихи са-насын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік деңгейде үздіксіз на-сихатталуы керек.

феноменіпайым)

[email protected]

ГүлдәуРенСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

СТуденТТік ТоПҮздік

Ақтоты НИЯЗБЕКОВА,БҚМУ­дың жаратылыстану­география

факультетінің деканы: – Біздің облыс бойынша үздік студенттік

топ деп танылған география мамандығының 4­курс студенттері – өте жан­жақты жастар. Олар барлық бастамаларда әрқашан бірге, өте ұ­йым­ шыл. Бұ­л топтағы шәкірттеріміз шет елдің білім ордаларына барып та, өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, білім­біліктерін көтеріп, ғылыми ізденістерін өрістете түсу­ де. Топтың старостасы Ақназар Дүйсенбайды топтың «жаны» десе де болады. Ол жайдары мінезді, кең пейілді, адамды бірден баурап алатын шын мәнінде көшбасшылық қадір­қасиет, қарым­қабілет­ке ие. Ақназар өзінің тобына қатысты болсын, өзге топтарға, жал­ пы факультетке қатысты бастамалардың бәріне де атсалысып, үл­ кен жауапкершілікпен қарайды. Қазірден бастап олар болашақ педа-гог ретінде тек оқушыларды ғана емес, әріптестерін де бастап жүре алатындығына ешқандай күмәнім жоқ.

Ақназар ДҮЙСЕНБАЙ, топ старостасы:

– Мен өз тобымды мақтан етемін. Біздің топтағы әр студент ортақ мүдде үшін жұ­мыс істеу­ге жанып тұ­рады. Үздік студенттік топ ретінде танылуымыз білім мен жаңашылдыққа деген ұ­м­ тылысымыз және ұ­йым­шылдығымыздың арқа­сы деп білемін.

Дайындаған Динара

ШАнкиШЕВА,«Орал өңірі»

Өзбек елінен келген Ба­һадүр Буабаев Қарақал­пақстан жерінде дәрі­

герлер отбасында дүниеге келген. Орта мектепте білім алған жас жігіт ата­анасының жолын қуып, Таш­кенттің медициналық академия­сына 2001 жылы оқуға түсіп, 2008 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын алып шығады. Жо­ғары білімді Баһадүр Ташкенттің мамандандырылған кардиология орталығында емхана­орденатура-сында білімін жалғастырып, кейін 2010 жылы Ташкент облыстық ау-руханасында кардиолог болып қызмет етеді.

– Менің Қазақстанға бараты­нымды үйдегілер естігенде алға­ шында қарсы болды. Кейін келі­

жАлПАҚТАлдАЖас мамандар

Жалпақтал ауруханасы жас мамандармен толы-ғуда. Олардың бірі сонау Өзбекстаннан келсе, «Дип-ломмен – ауылға» бағдар-ламасы шеңберінде және екі жас маман аталмыш ауруха-наға жұмысқа қабылданды.

сімдерін берді. Себебі әкем ­ кар-диолог, анам ­ терапевт дәрігер, Наргиза есімді жолдасым да кар-диолог болғандықтан, жас маман­дардың ауылдық жерлерде же­тіспей жатқандығын естіп келісті. Алдыңа келген науқастардың өмі­ рі алдымен Алланың, сонан соң

дәрігердің қолында емес пе? Сон­дықтан да қолдан келгенше кө­ мек көрсету – міндетім. Келген уа­қытта аудан әкімі Нұ­рлан Мағаз­ұ­лы қабылдап, тұ­рғын үй береті­ нін айтып, уәде еткен. Үй беріп жатса, отбасымды көшіріп алып келемін. Аз ғана уақыт аралығын­

да ұ­жыммен де, халықпен де тез тіл табысып кеттім, – дейді Баһадүр Жаңабайұ­лы.

Біздің «Тәжірибе жинап алған соң, өзіңнің еліңе қайтатын шы­ғарсың?» деген сауалымызға «Бар­лығы жақсы болып жатса, неге қалмасқа? Бастысы, жұ­мыс істеу­ге деген ниетіміз бар», – дейді Баһадүр.

Жалпақталға «Дипломмен ауыл­ ға» бағдарламасы аясында қыз­метке келген Айгүл Ахмурзина мен Александр Подопригора «Ем-деу ісі» мамандығын тәмамдаған. Қазір Айгүл – тәжірибелі дәрігер Айнұ­р Хайруллинаның көмекшісі, ал Александр хирургия кабине­ тінде еңбек етеді. Айгүл өзінің еңбек жолын Зеленов ауданының

Дариян ауылында бастап, Жалпақ­тал ауылына келін болып түсіпті. «Бұ­л мамандық менің арманым бо­ латын. Медициналық ұ­жым мені жақсы қарсы алды. Ендігі мінде­ тіміз – сенімді ақтау», ­ дейді Айгүл.

Ал медаға қызметіндегі Алек-сандр:

– Мен еңбек жолымды туған ауылымнан бастағанды жөн көр­дім. «Дипломмен – ауылға» бағ­дарламасы – менің әріптестеріме тәжірибе жинап, жоғары деңгейлі маман болудағы бірінші баспалдақ. Өмірлік ұ­станымым – мамандығым бойынша білімімді тереңдетіп, бі­ліктілігімді арттыра беру, – дейді.

Тұрарбек АҚМУРЗин,жалпақтал ауылы,

Қазталов ауданы

«Дипломмен ауылға» бағ­ дарламасы бойынша ағым­ дағы жылдың он бір айы ішін­де 526 жас маман облысы­мыздың ауылдарына келді.

Олардың 67 пайызын мұ­ға­лімдер құ­райды. Қалғаны ден­саулық сақтау (18%), мәдениет (6%), спорт (3%), әлеуметтік қам­ сыздандыру (2%) және ветери-нария (4%) салалары қызмет­керлерінің еншісінде.

Ауыл­аймаққа келген осын-дай білікті мамандарды қолдау үшін ел қазынасынан бөлінген 812,7 млн. теңге сомасындағы трансферттер және несиелер мақсатты игерілуде.

Жас маманға қолдау баржансая МУСинА,танымал айтыс ақыны,2013 жылғы республикалық айтыста Абылай хан атындағы бас жүлде иегері

“Жаңа жылды” қазаққа жат дейді жұ­рт, Халық айтса, қалт айтпайды білемін.Бұ­л мейрамда ұ­сынарым сый қылып ­Ақ ниетті, кіршіксіз ақ тілегім.

Халқым, саған туар талай мүмкіндік,Баба жолын жаңылмастан жалғасаң.Аяз қарттың сыйлықтары – бір күндік,Қыдыр атаң қолдап жүрсін әрқашан.

Азаттықты адал жүріп көрген ең,Еркін елге тамсанатын әлем бар.Тарих көшін жалғап сара жолменен,Басталады тағы жаңа календарь.

Қазақстан, туған далам, бар мәнімЖұ­дырықтай жүрегіме тым ыстық.Орындалсын ойдағы бар арманың.Ал қазақтың бар арманы – тыныштық!

Бүгін даусың естіледі өктем боп,Артта қалды басқа түскен қатер, сын.Ескі жылға айтатын еш өкпең жоқ,Жаңа жыл тек жақсылығын әкелсін!

«Орал студенттер альянсы» жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың жаратылыстану-геогра-фия факультетінің 01408 тобы облыста биылғы жылдың «Үздік студент-тік тобы» атанды.

Топтың кураторы – аға оқы­ тушы Балдай Ходжанова. Байқау барысында осы

топтың емтихан қорытындыла­ры, яғни білім­білігі, аталмыш топта оқитын қыз­жігіттердің қо­ ғамдық жұ­мыстарға белсенді қа­тысуы, спортпен шұ­ғылдануы сы­қылды факторлар бірінші кезекте ескерілді. Әр топ фотолар мен

сынды бірнеше бағыт бойынша маман даярлайтын география факультетінің студенттері ұ­йым­шылдығымен ерекшеленеді. Жо­ ғарғы курстың студенттері 1­курс­тың студенттерін қамқорлыққа алып, әр түрлі мерекелік шара­ лар, кездесулер ұ­йымдастырады, жыл бойы сол топқа жетекшілік етеді. Сабақ үлгерімі бойынша да бір­біріне жәрдемдесуден тар­тынған емес.

өздері түсірген шағын бейнебаян­дарын ұ­сынды. Жалпы, геогра-фия, химия, геология, экология

Желтоқсанның 12­сі күні қазақтың

қаһарман ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған ауы­ лы Сайқұдықта жаңа мек­

теп ашылды. Жұбан мек­тебінде 115 оқушы бі­

лім алуда.

Жыл жетістігі

[email protected]

Ауыл-АймАҚСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

11

Еліміздегі индустрияланды­

ру картасы шеңберінде «Жайық­Ет» ЖШС компаниясы

шұжық ө­­ндірісі жобасын мау­сым айында іске қосты. Фабрика­

да шұжықтың 55 түрі шығарылуда. Компания ө­­з ө­­німдерімен батыс ө­­ңірді және Астана қаласын қамтуда. Алдағы уақытта Ресейдің іргелес

облыстарына шұжық ө­­німдерін экспортқа шығаруға қам жаса­

луда.

Қ а р а ш а айының 7­сін­

де Бө­­кей ордасы ауданындағы Жиек­

құм ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойын­

ша су құбыры тарты­лып, іске қосылды.

Жаңа жыл қарсаңында Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Құрсай және Көлтабан елді ме-кендеріне «көгілдір отын» жетіп, салтанат-ты түрде алау тұтату рәсімі болды.

Құ­рсайлықтарды аудан әкімі Мұ­рат Мұ­қаев құ­т­тықтап, осы ауылдың

тұ­рғыны Серікқали Жұ­банышев­пен бірге «көгілдір отын» алауын тұ­татты.

Қос елді мекенге ауылішілік құ­быр тарту жұ­мысын «Символ» ЖШС (директоры Е.Елемесов) орындады. Серіктестік негізгі жүйе арқылы келіп тұ­рған «көгілдір отын­ды» көше ретімен тұ­рғын үйлерге жүргізуді өз қаражаты есебінен атқарып шықты. Тұ­рғындардың жағдайымен таныс кәсіпкер кей­бірімен малмен де есептесіп, түсі­ністік танытып отыр.

Қос ауылдың қуанышы

Ғилым Базарбайұлы

1980 жылы Орал

педагогикалық инсти-

тутын география-био-

логия пәнінің мұғалімі

мамандығы бойынша

тәмамдап, еңбек жо-

лын мұғалімдіктен

бастайды.

1986­1989 жылдары Шалқар және Аңқаты орта мектебінде директорлық қызметтен, 1993 жылы Ақжайық аудандық тұ­тыну кооперациясының басшысының орынбасары, 1995 жылы Еңбек ауылдық округінің әкімі лауазымы-на дейін көтеріледі. 1997­2013 жыл-дары Теректі ауданына қарасты Подстепный қазақ мектебі, Жайық, Магистральный орта мектепте­рінде директорлық қызмет атқа­ рады. Оның тәрбиелеген оқу­шылары да бүгінде білімнің биігі­нен көрініп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Қазақ халқының «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

деген даналық сөзінің астарын-да үлкен мағына жатыр. Еңбек етуді қарын тойдыру деп емес, адам болып қалудың жолын із-деу деп түсінген Ғилым Жапақов аудандық, облыстық білім беру ұ­йымының алғысхаттарымен қо­ са, Тәуелсіздіктің 20 жылдық ме­далімен наградталған еді. Әйтсе де, «30 жылдан астам жұ­мысымда, ең кемінде 5 шәкіртіме адами қа­сиеттерді сіңіре алсам, өмірімнің текке өтпегені» деп ой түйгені өзінің таңдаған мамандығына

құ­рметпен қарайтынын бірден аңғартады.

Иә, кейіпкеріміздің қызметін­дегі жетістігінен бөлек, бір бақыты отбасында десек артық айтпай-мыз. Отыз жылдан астам уақыт жары Гүлбаршынмен ел қатарлы ғұ­мыр кешіп келеді.

­ Жанұ­ясын құ­рметтемеген адам Отанын да қастерлемейді, Отанды сүю жанұ­яға, жақын­жуыққа деген сүйіспеншілік ар­қылы өрістейді, ­ дейтін Ғилым Базарбайұ­лының екі ұ­л, екі ке­

Алпыстың асқарындаліні, немерелерімен қоса бір шаңырақ аясында сүттей ұ­йып отырғандығы – көпке үлгі болар­лық өнеге. Қашан көрсең де, ұ­л­келіндеріне «Өзіңді алдамайтын, сенімді әрі жайлы, жақсы демалу­ға болатын орын керек десең, ол – сенің отбасың», ­ деп үнемі айтып отырады. Оның алтын асықтай қос ұ­лының бірі кәсіпкер болса, бірі мемлекеттік қызметте.

­ Үлкен немереме зерделі, па-расатты болсын деп есімін Зерде қойдым. Екіншісіне елінің қорғаны, айбары болсын деген ниетпен Сау­ран есімін лайық көрдім. Ал кен-жесіне ешкімге есесін жібермей-тін, биікке самғар қыз болсын деп есімін Лашын қойдым», ­ дейді.

Сөзіне ісі сай, қызметінде бе-делді, отбасының бәйтерегіне ай­налған Ғилым Базарбайұ­лы алпыс жастың асқарына да көтерілді. Әріптес ретінде алдағы уақытта да отбасының амандығы мен еңбегінің жемісін көруге нәсіп ет-сін деп тілейміз.

Меңсұлу ЕСҚАЛиЕВА,Подстепный қазақ

мектебі, Теректі ауданы

Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Роберт Биғалиевтің айтуын-ша, Құ­рсайдағы дәрігерлік пункт­ке газ құ­быры тартылды. Енді оны осындағы бастауыш мектепке

жеткізу жұ­мыстары қолға алын­бақ.

нұртай ТЕкЕБАЕВ,жәнібек ауданы

Наурыздың 16­сында облысы­

мызға іссапармен келген ҚР Премьер­министрінің бірінші

орынбасары, Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Зашаған кентінде­

гі жаңа шағынауданға барып, кө­­ппәтерлі тұрғын үй құрылысы барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапа­сына жақсы баға берді. «Қолжетімді баспана ­ 2020» бағдарламасы шеңберінде Оралда

7 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде үш 75 пәтерлік үй қала әкімдігінде үй кезе­

гінде тұрғандарға, тө­­рт кө­­ппәтер­ лік үй жас отбасыларға ар­

налған.

Жыл жетістіктері

үздікСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл12 [email protected]

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав ВАЛИЕВ:

­ Осы жыл біздің кәсіпорын үшін күнделікті күйбең тір-шілікке және жаңа жетістік-терге толы болды. Зауыт мем-лекеттік қорғаныс тапсырысы аясында әскери ведомстволар үшін өнімдер, соның ішінде

жаңа жобаларды жасап шығарды.Кәсіпорын үшін жылдың соңы маңызды оқиға­

мен белгіленді – зауыт бизнестің әлеуметтік жау-апкершілігі шеңберіндегі «Парыз» республикалық

конкурсының «Үздік ұ­жымдық шарт» аталмыш бойынша лауреат атанды. Бұ­л марапат қол жет-кізілгенмен тоқтамауға және жаңа, соның ішінде әлеуметтік саладағы биікітерге ұ­мтылуға қосымша ынталандыру болып табылады.

Жаңа жыл алдында барлығына да бар жақ­сылықты тілегім келеді. Жаңа жыл – бұ­л барлығы жақсы көретін, асыға күтетін таңғажайып мереке. Ол әрқашан да жақсылыққа, жағымды өзгерістерге деген сеніммен бірге келеді. Жаңа жыл бәріне де амандық беріп, армандар орындалсын. Барлық батысқазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2014 жылмен құ­ттықтап, денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілік, келісім, жақсылық пен сәттілік тілей-мін!

«Оралдық «Зенит» зауыты» акционерлік қоғамы 1941 жылы Ленинградтан көшірілген

«Двигатель» зауытының негізінде қалыптасты. Соғыс жылдарында зауыт конвейерінен арнайы әскери­теңіз қару­жарақтары шығарылған. ҰОС жылдарындағы жеңіске қосқан үлесі үшін зауыт ұ­жымы І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Бүгінде зауыт құ­рамына мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтіп, қорғаныс тапсырыстарын орындайтын өнеркәсіп кешені кіреді. 1993 жылы акционерлік қоғам болып қайта құ­рылған зауыт 2003 жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ құ­рамына енді.

Бүгінгі таңда кәсіпорын арнайы техникалар, катерлер мен кемелер, мұ­най­газ саласының жабдықтары және басқа аза­маттық өнімдер шығаруға маманданған.

Дайын өнімді халықаралық нарыққа шығару және тиімді әріптестікті дамыту үшін зауыт халықаралық, аймақтық және арнайы көрмелерге тұ­рақты қатысады.

«Зенит» зауытының жетістіктері

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы­мен жасалынған бұ­л катер өте ұ­шқыр жыл­дамдығымен және шалт қимылымен, тайыз суда, тіпті өзендерде жүре бере алатын бесаспаптығымен ерекшеленеді. Еліміздің теңіз шекарасын бұ­зушыларға қарсы тап-тырмас құ­ралға айналған «Қалқан» катерінің 3 данасы (2009 жылдан бері) жасалынған.

Жоғары жылдамдықты FC19 жобалы «Қалқан» катері

Дайындаған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысымын жасалынған. Мемлекеттік теңіз шекарасын күзетуге, заңсыз балық ау-лау, контрабанда, қарақшылық т.б. қылмыстарға қарсы патрульдік қызмет атқаруға арналған. Өзге кеме­катер-лермен, авиациямен бірлесе әрекет етіп, браконьерлерді тұ­тқындай алады. 2006 жылдан күні бүгінге дейін 4 данасы жасалынған.

2 рангалы «Барыс» кемесі

1995 жылдан бастап жобаланған «Сұ­ң­ қар» катері өзен­көлдерде, теңіз жағалау­ларында патрульдік қызмет атқаруға ар­ налған. Бүгінде сериялық өндіріске қойыл­ған.

100М жобалы «Сұңқар» катері

Катер алюминий құ­ймасынан жасалған, теңіз жағалауларындағы мемлекеттік шека-раны күзетуге, рейд жұ­мыстарына қатысуға бейімделген. Экипажы 13 адам. 1998 жыл-дан сериялық өндірісте.

0200М жобалы «Бүркіт» катері

Кеме Қазақстан Республикасының Әс­кери­теңіз күштерінің құ­рамында Кас-пий теңізінде әскери ұ­рыс қимылдарын орындау үшін жасалынған. Заманауи әс­кери­техникалық қондырғылармен толық жарақтанған «Орал» кемесінің 2 данасы құ­растырылып, бүгінде өз міндетін ой­дағыдай атқаруда.

Зымыран­артиллериялық қондырғылы «Орал» кемесі

«Машзавод» кеніштерді игеруге атсалыспақ

Биыл өңірімізде машина жасау зауыттарының бірлестігі

құ­рылды.«Машзавод» деп аталатын бұ­л бірлестіктің құ­рамына «Орал

«Зенит» зауыты», «Гидроприбор» ҒЗИ», «Омега» прибор жасау

зауыты» АҚ­лар мен «Орал механикалық зауыты», 1 «Промвенти-

ляция», «КазАрмаПром», «Зениттехсервис», «Ақсай индустриялық

паркі» ЖШС­лар кірді.

Алдағы уақытта бұ­л бірлестік Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған,

Қаражамбас­Бұ­зашы, Шынарлы кеніштерін игеріп жатқан

компанияларға қажет тауарларды өндіруге, қызметтерді көрсе­

туге мүмкіндік алмақшы.

Ең әйгілі ө­­німі – кеме­катерлер құрылысыКүні бүгінге дейін зауыт конвейерінен шыққан катер­кемелер:

Жаңа тұжырымдамаОблысымыздың индустриалды­

инновациялық дамуы бойынша екінші бесжылдыққа арналған тұ­жырымдама бекітілді.

Осы тұ­жырымдама аясында өңі­ріміздің дамуына серпін беретін негізгі бағыттар айқындалды. Олардың ішінде машина жасау, құ­рылыс индустриясы, агроөнеркәсіп кешені, туризм және көлік логистикасы бар.

СПоРТСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл[email protected] 13

2013 жыл өңіріміздің спорт саласы үшін де жетістіктерге толы жемісті жыл болды. Батысқазақстандық спортшылар әлем, Азия, ҚР чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде және басқа да дүбірлі додаларда түрлі жүлделерді иеленіп, еліміздің абырой-даңқын асқақтатуға сүбелі үлестерін қосты. Соған орай Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үздік деп танылған спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді.

Үздіктер мАРАПАТТАлды

Жексенбі күні облыстық қазақ драма театрында өткен бұ­л шара «Спортшылар балы ­ 2013» деп аталды. Кеш ағымдағы жыл ішінде қол жеткен жетістіктер баяндалған бейнефильммен бас­талды. Осы бейнекөрініс арқылы Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, Ас-хат Житкеев, Максим Раков, Арман Шілманов сынды олимпиада мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Геннадий Го­ловкин, Данияр Елеусінов сияқты гүрзі жұ­дырықты боксшылар, Ұлан Рысқұ­л, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұ­ғымаров секілді «Қазақ­стан барысы» атанған балуан жігіт-тер батысқазақстандықтарды Жа­ңа жыл мерекесімен құ­ттықтады.

­ Бүгінгі кештің маңызы зор. Се-бебі спортшыларымыз өздерінің күш­жігерлерінің арқасында елі­міздің көк байрағын желбіретіп, Қазақстанның атын шығаруға өз үлестерін қосып жүр. Биылдың өзінде біздің жерлестеріміз 369 медаль иеленді. Мұ­ның бәрі атап өтуге тұ­рарлық. Алдағы жылы да жетістіктеріміз көп болады деп сенеміз. Сол себепті біз жерлес-терімізді, соның ішінде ауылдағы ағайынды дене шынықтыру мен спортқа тарту, спорт ғимаратта­рын қажет инфрақұ­рылыммен қамту бағытында жұ­мыстарды жалғастыратын боламыз. Мұ­ның бәрі Елбасымыздың Жолдауына сай жүзеге асырылуда. Көп ке­шікпей Сочиде басталатын қыс­ қы олимпиадада біздің алты жер­ лесіміз ел намысын қорғайты­нына қуаныштымыз. Бүгінгі сәтті пайдаланып, осы жерде отыр­ған спорт ардагерлеріне де өз ризашылығымды білдіргім ке-леді. Өңіріміздегі спорттың да-муына, салауатты өмір салтының насихатталуына, жастарымыздың жетістіктерге жетулеріне олар да себепші болуда. Облысымыздағы барлық спортшыны, спорт сүйер қауымды облыс әкімінің атынан келе жатқан Жаңа жыл мереке­сімен құ­ттықтаймын. Жаңа жыл жаңа табыстар жылы болсын, ­ деді бұ­л шараға арнайы қатысқан об-

лыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Содан соң 2013 жылы үздік деп танылған спортшылар мен жаттықтырушылар, спорт арда-герлері мен бұ­л саланың дамуы-на өз үлестерін қосып жүрген жандар марапатталды. «Жыл спортшысы» аталымы бойынша әйелдер күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екате-рина Ларионова, «Жыл жаттықты­рушысы» аталымымен су спорты түрлері бойынша БЖСМ­ның қыз­ меткері Нұ­рлан Мерғалиев, «Үз­дік спорт ардагері» аталымы бойынша Қазболат Құ­рмашев, Мәншүк Баданова облыс әкімінің алғысхаттарын алды. Ал облыс­тық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломына ие болғандардың ішінде балуандар Азамат Мұ­қанов, Темірлан Көлбай, боксшы қыз Назым Ищанова, ат спортынан Жанәділ Ғазезов бар. Орал қаласындағы №1 және Бөрлі аудандық БЖСМ­лар үздік бала-лар мен жасөспірімдер спорт мек-тебі деп танылса, "Ақжайықтың" 1996 жылы туылған жасөсіпірім­дердің футбол құ­рамасы «Үздік команда» аталымына ие болды. Мүгедектер спортын дамытуға үлес қосқаны үшін «Арба» қоғам­дық бірлестігіне де құ­рмет көрсе­тілді. Сондай­ақ Матьяс Хамитов пен Николай Антонов сынды ар-дагер спортшылар «Қазақстан футболына 100 жыл» медалімен марапатталды.

Кеш соңы жаңажылдық мере­кеге ұ­ласты.

Сәкен МҰРАТҰЛЫ,"Орал өңірі"

Бокстан ҚР спорт шебері, халықаралық жарыстардың екі

дүркін жеңімпазы, 52 келі салмақ дәрежесі бойынша жастар арасы­

нан Қазақстан Республикасының биылғы чемпионы

Сағындық МОЛДАШЕВ: ­ Бокс кең қанат жайған біздің елде

Қазақстан Республикасының чемпионы атанудың өзі зор мерей. Жас боксшы ретінде биыл осындай жетістікке жетіп, жанкүйерлерімді қуанттым. Бірақ бұ­л, әрине, «болдым, толдым» деген сөз емес. Рингтегі жеңіс­жетістіктеріммен ел­жұ­ртымды әлі талай қуантсам деймін.

Төбесі көрінген Жаңа жылмен барша жерлестерімді құ­ттықтап, адам баласына тән барша игілік­ізгілікті тілеймін. Ең бастысы, де-німіз сау, жұ­ртымыз аман болсын.

Жылқы жылы жақсылығы мол берекелі де мерекелі жыл болғай!

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, ҚР­ға еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің ұлттық

құрама командасының капитаны Данияр ЕЛЕУСІНОВ:

– Биылғы жыл Қазақстан спорты үшін тамаша жеңістерге толы болды. Әсіресе, бокс құ­рамасының Алматы шаршы алаңындағы рекордты көр­ сеткішіне барлығыңыз куә болдыңыз­дар. Құ­рамадағы бірқатар бауырла­ рыммен бірге мен де әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын биік-те желбіреттік, Әнұ­ранымыз шырқал­ ды. Осы еңбегім ескерілген шығар, маған, яғни сіздердің жер­ лестеріңізге Ақорда алдында орнатылған еліміздің бас шыр­шасының шамын жағу бақыты бұ­йырды. Барша батысқазақстан­дық жерлестерімді есік қаққалы тұ­рған 2014 – Жылқы жылымен шын жүректен құ­ттықтаймын! Жаңа жылда жаңа жеңістерге же-тейік!

Еркін күрестен биыл Венгрияда ересектер арасында

ө­­ткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, «2013 жылдың үздік

спортшысы» аталымының иегері Екатерина ЛАРИОНОВА:

­ Күрес әліппесін Оралда жаттық­тырушы болып еңбек ететін әкемнің қоластында бастадым. Міне, со-дан бері 13 жыл өтіпті. Осы жыл-дар ішінде Қазақстан чемпионатын бірнеше рет ұ­ттым, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чем-пионы атандым. Әрине, күні бүгінге дейінгі ең үлкен жетісті­гім – күні кеше Венгрияда аяқталған ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгенім. Алдағы мақсатым – олимпиада ойындарында алтыннан алқа тағыну. Алдағы 2014 жылы мені көптеген жарыстар күтіп тұ­р. Баршаңыз­ға Жаңа жыл жақсылық, мықты денсаулық сыйласын!

Биылғы чемпиондар құттықтайды!

Іскер шаруалар

арасында «Асыл

емес мал – масыл»

деген сөз айтылып

жүр. Жай сөз емес,

өмір тәжірибесінен

алынған, дәлелдеуді

қажет етпейтін сөз.

Өйткені ұзақ жыл

қаны тазармай, жақсы

қасиеттерін жоғалтып,

аза бастаған малдың

өнімділігі тым

төмендеп кеткені

шындық-ты.

Расында сүті не еті үшін өнімі аз 2­3 мал орнына асыл тұ­қымды бір мал асырау тиімді емес пе?

Мал өсіріп, бейнет кешкен жаңақалалық шаруалар осыны назарға алып, «Сыбаға» бағдар­ламасы арқылы асыл тұ­қымды аталық мал сатып ала бастағанына да біраз болып еді. Әрине, одан мал басы бірден асылданып кет­пейді. Десе де, түпкі негізгі қасиет­терін жоғалтпайды.

Ал асыл тұ­қымды аналық мал мен аталық малды бірден қатар алып өсірсе, одан асыл тұ­қымды түлік өрбитіні сөзсіз. Оған ықыластыларға Үкімет те қолдау көрсетіп, қажетті несие, асыл тұ­қымды мал алған жағдайда субсидия береді. Лизинг арқылы алуға да мүмкіндік жасап отыр.

Жаңақала ауданындағы көпжа­сарлық шаруа Тілеген Мусин осы

тиімді қолдауды ауданда бірінші пайдаланушы еді.

­ Інім Ербол екеуміз кеңесе келіп, Үкімет берген мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік селекция­дан мал алып, өсіруге тәуекел еттік, ­ дейді «Муса» шаруа қо­жалығының жетекшісі Тілеген Мусин. Оған келіні Мариям Му-сина басқаратын «Ақбота» шаруа қожалығы да қолдау көрсетуде.

Сөйтіп, көзі ашық, құ­лағы тү­рік ағайынды жігіттер «ҚазАгро­Қаржы» АҚ­мен келісімшартқа отырып, лизинг арқылы шетелдік селекциядан мал алуға келісті. Екі жыл каникулы бар, жеті жылға берілетін лизинг арқылы 120 бас бір жылдық герефорд қашары мен 4 бас бұ­қасын алуға шарт жасалды. Лизинг құ­ны ­ 80521550 теңге.

Іздеген малдары алыс шетел – Америка құ­рама штатының Мон-тана, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота штаттарынан келді. Алыс аймақтан тасылатын асыл тұ­­қымды мал бағасы, әрине, арзан да емес­ті. Ауласына әкеліп түсіріп беретін мал аналығының орташа бағасы 606750 теңге, аталығы 1125 мың теңге. Алайда Үкіметтің әр бас малға 235 мың субсидия беретінін ескерсек, қымбат деп қорқудың да реті жоқ­ты. Өйткені мал жерсініп, өсіп кетсе, келтірер пайдасы да шаш етектен болмақ.

Келісімшарт бойынша бар ша-руаны тап­тұ­йнақтай еткен «Қаз­АгроҚаржы» АҚ келісілген күні малды аталған қожалықтың Тас­құ­дық қыстағына әкеліп түсіріп берді.

Асыл тұ­қымды баспақ қашарлар да, бұ­қашықтар да азбай қоңды күйінде жақсы жетті.

­ Мал жақсы жетті. Сырт көзге ауру­сырқауы байқалмайды, бәрі де сергек көрінеді. Алайда 30 күн

Монтанадан әкелінген малкарантинге қойылып, зерттеледі, ­ дейді ауданның бас мал дәрігері Б.Аюпов.

Ауданға герефорд тұ­қымының әкелінуіне аса ықыласты әрі ұ­йытқы болған аудан әкімі Лавр Хайретдинов еді.

­ Герефорд ­ ұ­зақ жылғы сұ­рыптаудың арқасында XVIII ғасырдың аяғында Англияда Хе-рефордшир графтығында шы­ғарылған тұ­қым. Қазақтың ақбас сиырының түп атасы да осы тұ­қым.

Бұ­л малдың келуіне ықыласты болғаным – ұ­зақ жыл қаны та­зармаған жергілікті ақбас сиыр тұ­қымы ұ­сақталып, өзінің жақсы қасиеттерін жоғалта бастады. Күні ертең «Муса» шаруа қожалығы асыл тұ­қымды бұ­қашықтарын са­та бастаса, ол аталықтан аудан малының қаны жаңарып, өзінің байырғы қасиеттерін жақсартады. Мал асылданып, өнімділігі артады. Ол мал өсіріп, күнкөріс жасайтын жерлестерімізге тиімді, ­ дейді елінің ертеңін ойлаған аудан бас-шысы.

­ Тәуекел еткен мал бүгін қорамызға кірді. Қуанып тұ­рмын. Мақсатым – тұ­рмысымызға тиімді асыл тұ­қымды мал өсіріп, игілігін елге көрсету. Өнімі аз көп мал өсіріп, белшеден бейнет кешкен-нен, аз да болса, сапасы жоғары мал өсірген тиімді емес пе? ­ дейді мал иесі Тілеген Мусин.

Сөйтіп, мұ­хит асып келген мал – Жаңақалаға келіп, қораға кірді. Бұ­л – алыс шетелден облысқа келген алғашқы гере-форд тұ­қымы. Елі үшін игілікті іске бет бұ­рған мал иелерінің үміті ақталып, қорасы құ­тқа тол­сын дейік.

Өмірзақ АҚБАСОВ,жаңақала ауданы

Швейцария ешкілері ЩАПовТА

Ғаламтор деректеріне сүйен­сек, арғы тегі Швейцария елі­нің Заанен өлкесінен тарап, заанен тұ­қымдас ешкі атауына ие болған түлік Еуропа елдері-не кең танымал екен. Тәулігіне 3,5­5 литрге дейін өнім бере-тін аталмыш тұ­қымның сүтінен дайындалған сыр, құ­рт, ірімшік, йогурт сияқты тағы да басқа ха-лал стандартындағы өнімдер тұ­тынушылар тарапынан мол сұ­ранысқа ие. Ресейліктер заа­нен ешкісі мен орыстың ақ еш-кісін будандастыру арқылы он шақты жыл бұ­рын жаңа тұ­қым алған. Ресейдің таулы өлкесінен «КамАЗ» автокөлігімен бір тәулік бойы жол жүріп келген аталмыш жаңа тұ­қымның 106 аналығы мен 4 текесі көліктен түскен бойда қоршалған ауланы екі­үш мәрте айналып шығып, жемшөпке лап қойды. Ал қожалық малшылары 31 лақты жылы қорадағы жайлы орындарға жайғастырып әлек.

­ Жапон елінде мектеп жасындағы балалар тамағына міндетті түрде ешкі сүтін қосып береді. Мыңғырған қой өсірген моңғолдар да бүгінде оның ор-нын ешкімен алмастыруда. Біздің болашағымыз – қазақ балала-рын «Пепсиколадан» айырып, ұ­лттық сусындарымызға неге бет бұ­рмасқа? Міне, осы бір ой мені көптен мазалап жүр, ­ дей-

Өткен сенбі күні Щапов ауылдық округіндегі «Бисе-кеш» шаруа қожалығының қыстағына біздің өңір түгілі, ел аумағына бұрын-соңды тұяғы тиіп көрмеген ешкінің “су жаңа” түрі қоныстанды.

ді ешкінің жаңа тұ­қымын ауылға әкелген қожалық жетекшісі Бей-біт Бисекеш.

Ешкі өсіріп, келешекте оның сүтінен халал стандартына сай өнім өндіретін зауыт са-луды көздеп отырған шаруа қожалығының мүшелері бұ­л күнді асыға күтсе керек. Жаз бойы қажетті жемшөбін дайын-дап қойыпты. Қоражайды да өздері тұ­рғызып алған. Жылы да жинақы. Малшыларға арналып салынған жаңа үйлерге электр желісі мен көгілдір отын да тартылған.

Жалпы, ешкі сүтінің адам ағзасына тигізер пайдасы мен емдік қасиетін ғаламдық ғалымдар баяғыда­ақ дәлел­деп қойған. Оның құ­рамында­ғы компоненттердің ана сүтіне жетеғабыл екендігі де көпке мәлім.

Ендеше, Ақ Жайық өңіріне қоныс тепкен ешкілерден келе-шекте мол өнім алынып, халық игілігіне айналуын тосалық.

Сәндібек жОМАРТҰЛЫ,Зеленов ауданы

Суреттерді түсірген автор

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл14

[email protected]

Ауыл-АймАҚ

Жаңақаланы жерсініп кеткей

Б.Бисекеш

[email protected]

ел және әлемСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

Біріншісі, әлбетте, Таяу Шығыс­тағы жанжалды реттеудің бейбіт арнаға бет алуы. АҚШ, Батыс, Из­раиль Аш­Шамға (Сирия) қарсы соғыс ашуға бейімделіп, тек жой­ қын қарулардың тетіктерін басу­ ға сәл­пәл уақыт қалғанда, Ресей дипломаттары үздіксіз келіссөз жүргізу арқылы апаттың бетін қайтарды. Әйтпесе үшінші дүние­жүзілік соғыстың басталып кетуі мүмкін еді. Өйткені АҚШ пен Ба­ тыс, Израиль бірлесе соққы бер­ генде, соған сақадай сай әзір отырған Иранның килігері сөзсіз. Аш­Шам­Иранның араб әлемін­ дегі бірден­бір одақтасы. Сол ау­мақтағы басқа да мемлекеттердің қарап қалмасы анық. Мәселен, тү­ бі бір түрік бауырымыздың. Себе­ бі ол ­ НАТО саяси­әскери одағы­ ның мүшесі. Демек, ықтимал апат­тың салдарын көзге елестетудің өзі қорқынышты. Міне, Қытай, Үн­ дістан, Бразилия сынды алып ел­дердің дипломатиялық қолдауы­на мықтап сүйенген көршіміз, дә­ лірек айтсақ, Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров АҚШ пен Батысты аталмыш араб еліндегі химиялық қаруды сыртқа шыға­руға көндірді. Қазір ондағы хи­миялық қаруды жоюдың екінші кезеңі жүріп жатыр. Әзірге соғыс өртінің құ­шағында қалған мемле-кет аспанындағы тағы бір алапат бұ­лты сейілгендей. Орыс көрші­ міз сонымен бірге Иранның яд­ролық бағдарламасына шүйіліп, оған да қарсы соғысқа даяр отырған АҚШ пен Батысты райы­ нан қайтарды. Өйткені Женева қаласында өткен тағы бір келіс­ сөздерден кейін АҚШ пен Батыс Иранға қарсы шектеулерді «жұ­м­

Дүниені дүбірлеткен дүмпулер

Өтіп бара жатқан Жылан жылы жағымды-жағымсыз оқиғаларға толы болды.Әрине, оның бәрін жіпке тізіп шығудың қажеті бола қоймас. Дегенмен жекелеген үш оқиғаны атап өткен дұрыс.

Серік иХСАнғАЛи,«Орал өңірі»

сартуға» қинала­қинала келісті. Қытай мен Үндістан, Бразилия және басқа елдердің ықпалына сүйенген орыс дипломатиясының бұ­л жеңісіне Германия да се-бепші. Өйткені немістер Аш­Шамға да, көне парсы еліне де қарсы күш қолдануға келіспейді. Әрі қандай ма болсын, қарулы күрес әрекеттерінен тартына-ды. Қазақтың «Аузы күйген үріп ішеді» деген даналығы ақиқат қой. Өткен ғасырдағы екі дү­ ниежүзілік соғыста жеңілген не­ містер 1949 жылдан бері феде-ралды Германияның алғашқы канцлері К.Аденауэрдің: «Енді неміс жерінен соғыс басталмауы керек» деген өсиетіне мейлінше адал. Биыл алпысты алқымдаған осы елдің басшысы Ангела Мер-кель неміс мемлекетінің Иран мен Аш­Шамға бағытталған соғыс әрекетіне қосылмайтынын бір­ неше дүркін мәлімдеді.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, Украина үкіметінің Еуроодақпен келіссөз­дерді доғарып, Ресейге бет бұ­­ рып, Кедендік Одаққа енгісі келе­ тін ниетін білдіруі мұ­ң екен, ел­ дің астанасы Киев пен Харьков, Львов сынды ірі қалаларында толқулар басталды. Парламент-тегі қызу пікірталас Майдандағы шеруге ұ­ласты. Қараша айынан басталған жаппай наразылық әзірге толастар емес. Өкініштісі сол, шеруге шыққандардың ара­ сында қоғамдық тәртіп сақшыла­рымен қақтығысынан өлім бол­ маса да, жараланғаны көп. Жағ­дайдың ушығуынан тайсалған ел президенті В.Янукович Еуро­одақпен келіссөз үдерімінің жал­ғасатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Жарқын келешегін тек Еу­ропамен байланыстырғысы кел­ ген украиндарды, әсіресе, жас­ тарды Киевке ат басын бұ­рған американ сенаторлары да қол­дады. Ал бұ­рынғы Үкімет басшы­

сы Юлия Тимошенко шектеусіз аштық жариялады.

Украиндардың шығыстағы көр­шісіне өкпесі зор. Біріншіден, одан газды тым қымбатқа сатып алып отыр. Екіншіден, әлсін­әлі Ресей украинның біресе шоколадына, біресе етіне байланып, әкелуге не тыйым, не шектеу қоюда. Елінің Батыс пен Шығыс, Қырым бо-лып үшке жарылғанын да Тарас Шевченконың қандастары Ресей­ден көруде. Оның үстіне олар қазақ секілді 1929­1933 жылдары сұ­мдық аштықты бастан кешіріп, сан миллион бауырынан айырыл­ ды. Ресми Киев Мәскеуден сол үшін кешірім сұ­рауын талай рет талап еткенімен, көршілер оған құ­лықсыз. Ал ресми Берлин бол­ са, сонау жылдары неміс нацис­терінің осында жасаған сұ­мдық қылмыстары үшін кешірім сұ­раған­ды. Бір сөзбен айтқанда, ресми Киев пен Мәскеудің арасында түйткілді қайшылықтар жеткілік­ ті. Оның қашан әрі қалай тара­ тылары болашақтың еншісінде.

Осы жылы Қап тауының бау­райындағы гүржі елінде прези-дент сайлауы өтіп, билікке жаңа басшы Георгий Маргвелашви-ли келді. Бұ­рынғы ел басшысы Саакашвилидің тұ­сында, 2004 жылдан бастап орыс­гүржі қа­ рым­қатынастары қатты шиеле­нісіп, соғысқа дейін жеткен­ді. Ал жаңа басшы билік басына келісі-мен, БАҚ­тағы солтүстіктегі көр­ ші­ге қарсы үгіт­насихат жұ­мы­ сын шектеді. Өзінің Ресеймен қалыпты қарым­қатынас жасауға мүдделі екенін мәлімдеді. Көрші екі ел арасындағы тоңторыс жағ­дай жібіп келеді. Алайда жаңа президент ел мүдделерін де ұ­мытқан жоқ. Ол Абхазия мен Оңтүстік Осетияның Гүржістан­ның құ­рамдас бөлігі екенін ұ­мыт­пайтынын, бірақ мәселені бейбіт жолмен шешуге де болатынын айтты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Прези­ денті жанындағы ОКҚ қолдауы­мен «Қазконтент» АҚ тарапы­ нан әзірленген бұ­л жоба қазақ, орыс, ағылшын және түрік тіл-дерінде қызмет етеді.

­ Портал қолданушылардың қазақ және шетел авторлары­ ның шығармаларын талқылап, оларға рецензиялар мен пікір-лер жазып, сонымен қатар сұ­хбат, бейне материал, мақала, өлең, қысқаша мазмұ­н, хат, ил-люстрация және аудармалар орналастыратын әдеби онлайн алаңы болып саналады. Сөйтіп, ол оқырмандардың бірегей ком­муникациялық платформасына айналмақ. Қазіргі уақытта пор-талда 1411­ден аса кітап, 1184

автордың жеке парақшасы, 87 аудиокітап, 82 жанр түрі, 68 ақ­параттық материал, 51 бейне материал бар. Сонымен қатар мұ­нда 48 рецензия, «Жас ав-торлар мінбері» айдарында 27 автор орналастырылған. Мұ­нда Pdf және ePub арнайы ридер арқылы барлық кітапты жеңіл оқуға мүмкіндіктер жасалған. Ридер оқырманға мәтін тілін, шрифті, стилін және көлемін өзгертіп бере алады. Сондай­ақ күндізгі, қарауытқан және түн­ гі режімдік оқу мүмкіндігі қа­растырылған, ­ деді аталмыш жобаны таныстырған «Қазкон­тент» АҚ басқарма төрағасы­ ның орынбасары Нартай Әшiм.

Өз тілшіміз

– Бұ­л – біздің университет оқытушылары мен студенттері, ғалымдар мен ізденушілер үшін өте керемет сыйлық, – дейді осы оқу орнының проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұ­қтар.

«Ғылыми қазына» айдары-мен шыққан жинақтардың ара­ сында көне түркі әдебиеті ту­ ралы зерттеулер, қазақ компо­ зиторларының өмірі мен твор­ чествосы туралы А.Жұ­бановтың жазбалары, қазақ театртану ғы­лымының қалыптасу кезеңдері­не арналған жинақтар, ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұ­хамедов, А.Байтұ­рсынов), фольклор тура­лы зерттеулер т.б. көптеген құ­нды шығармалар бар.

– ХІХ ғасырдың соңында жа­ рық көрген орыс ғалымы А.Алек­торовтың «Указатель книг, жур-нальных, газетных статьей и заметок о киргизах (о казахах)»

кітабының Қазақстанда санау­лы данасы бар еді. Мың беттен тұ­ратын осы аса құ­нды жинақ­ ты қайта басып шығардық, – дей-ді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері Қалиолла Орынғали.

БҚМУ кітапханасында өткен кездесу кезінде профессор С.Шарабасов, қазақ филология-сы кафедрасының меңгерушісі З.Мүтитегі т.б. Жаңа жыл қарса­ңындағы бағалы сыйлыққа ри­зашылық білдіріп, алғыс айтты. Болашақта БҚМУ мен Әуезов институтының арасында ғылы­ ми әріптестікті дамыту мәселе­ сі сөз болды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Орал өңірі»

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Әуезов институтының тартуы

ҚР Ғылым және білім министрлігіне қарайтын М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың кітапханасына ерекше сыйлық жасады. 24 томдық ғылыми-зерттеу жинағын институттың қолжазба бөлімі ғылыми қызметкері Қалиолла Орынғали Алматыдан арнайы әкеліп, тегін табыс етті.

“Әдебиет порталы” ашылды

Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында “Әдебиет порталы” интернет-ресурсының тұсаукесер рәсімі өтті.

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл16

[email protected]

шАһАР

Құрметті«Степной Леопард, ЛТД» БК» ЖШС» қызметкерлері!

Сіздерді Жаңа 2014 жылыңызбен шын жүректен құ­ттықтаймын. Баршамыз Жаңа жылмен бірге ізгі жаңа­лықтардың келуін күтеміз. Келер Жаңа жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын! Сіздерге зор денсау­лық, қуаныш пен шаттыққа толы ұ­зақ ғұ­мыр, отбасыңызға бақ­береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін!

Ізгі тілекпен,Бас директор Аип Исламұлы СУПЫГАЛИЕВ.

Салтанатты ашылу рәсімін­де сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ор­талықтың маңызына тоқталып, бөлімшелерді аралап көрді.

Енді жүрек­қан тамырлары ауруларымен науқастанғандар­ға облыстық клиникалық ауру­ханаға қарасты 2­терапия кор­ пусының бірінші қабатында ор­наласқан бөлімше тәулік бойы қызмет көрсететін болады. Ем­делушілерге компьютерлік то­ мография, диагностика, рент-ген, УЗИ, зертхана қызметі қол­

Желтоқсанның 28­і күні облыс орталығында 30 кереуеттік инсульт орталығы ашылды.

Инсульт орталығы жұмыСын бАСТАды

нұрлыбек РАХМАнОВ,«Орал өңірі»

жетімді. Орталық құ­рылымында жедел терапия палатасы, ин-сульт дертіне шалдыққандардың денсаулығын қалпына келтіру бөлімшесі бар. Мұ­нда қызмет көрсететін невропатолог, ней-рохирург, реаниматолог, рент-генолог, дәрігер реабилитолог, компьютерлік томография, УДЗ дәрігерлері инсульт науқастарын емдеудің еліміздің (Астана), Ре-сей мен Татарстанның (Қазан) же-текші клиникаларында емдеудің озық тәсілдері бойынша білік-тіліктерін жетілдіріп келген.

Шарада Орал қаласында же-дел жәрдем көрсетуге арналған 9 реанимобиль де таныстырыл-ды.

Әдемі безендіргені үшін мАРАПАТ

нұртас нАБиОЛЛАҰЛЫ,«Орал өңірі» Шара барысында шаһар әкімі

Алтай Көлгінов жұ­ртшылықты айтулы мерекемен құ­ттықтап, жаңажылдық безендіру жұ­мыс­тары бойынша үздік деп таныл­ған аталым иелеріне диплом та-быстады. Атап айтқанда, «Орал» сауда ойын­сауық кешені, «Па-фос» мейрамханасы, «Квант» сау­да үйі, «Жайық жарығы» ЖШС, ұ­ялы байланыс операторлары ішінен «Картел» ЖШС­ның Орал қалалық филиалы «Ең әдемі бе-зендіргені үшін» аталымымен марапатталды.

Өткен сенбі күні қала әкімдігінің кіші залын-да ең таңдаулы жаңажылдық безен-дірулер жасағаны үшін мекеме-кәсіпорындарды марапаттау рәсімі болды.

Алматы қаласындағы Орталық Азия универ-ситетінде «Күлтегін» қоғамдық әдеби-тарихи танымдық, этнографиялық, өнер бірлестігінің тұсаукесері және «Дала да-рыны» жобасымен жарық көрген еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларындағы жас ақындардың 15 жыр жинағының тұсаукесері болып өтті.

Университет ректоры Сай-лау Аманжолұ­лы жаңа құ­рылған «Күлтегін» бірлестігінің төрағасы болып ақын, шоқайтанушы, Ха­лықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының иегері Қасымхан Бег­ мановтың тағайындалғанын ха­ барлады. Ақын, ҚР Мемлекет-тік сыйлығының иегері Темір-хан Медетбек, жазушы, «Өлке» баспасының директоры Мереке Құ­лкен, ақын, «Қазақ энциклопе­диясының» бас директоры, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Жақып, та-рих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан, ақын, ф.ғ.к Әділғазы Қайырбеков, «Нұ­р Отан» партиясы Бостандық аудандық фи-лиалы төрағасының бірінші орын-басары Нұ­рлан Мәуленов, ф.ғ.д. жазушы Нұ­рдаулет Ақыш т.б. жаңа бірлестіктің жұ­мысына сәттілік тілеп, ақсақал жазушы Зәкір Аса-баев ақ батасын берді.

«Күлтегін» өз жұ­мысын нақты іспен бастап отыр. «Дала дарыны» жобасы еліміздің әр өңіріндегі жас ақындардың жыр жинағының тұ­сауын кесті. Бұ­л игілікті идеяның авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры Ислам Әбішев екен. Сөйтіп, бір күнде 145 ақынның шығармалары оқырманға жол тартты.

Ақын Қасымхан Бегманов

басшылық етіп отырған «Дәстүр» баспасынан шыққан алғашқы сегіз жинақ «Алтай айшықтары» (Шығыс Қазақстан), «Маңғыстау мақамдары» (Маңғыстау), «Жа­йықтың толқындары» (Батыс Қазақстан), «Ақтөбе әуендері» (Ақтөбе), «Алатау жырлайды» (Алматы қаласы), «Сарыарқа са-малы» (Астана қаласы), «Жетісу жауқазындары» (Алматы облысы), «Ертіс әуендері» (Павлодар) ата-лып, қалың оқырманның арасы-на жол тартты. Бұ­л жинақтарды Халықаралық қатынастар және гуманитарлық институтының ди­ ректоры, филология ғылым­дарының докторы Гауһар Балта-баева құ­растырған. Ал «Тұ­ран» баспасынан жарық көрген «Оң­түстік орамдары» (Оңтүстік Қа­зақстан), «Әулиеата әуендері» (Жамбыл облысы), «Сырлы да-рия» (Қызылорда), «Атырау ай­шықтары» (Атырау), «Сарыарқа сазы» (Қарағанды), «Дән дария» (Қостанай), «Қызырлы Қызылжар» (Солтүстік Қазақстан) жинақтарын ақын, «Қазақ үні» газетінің ре-дакторы Қазыбек Иса дайындап құ­растырған.

Оқырмандарымызға «Жайық­тың толқындары» атты жинақты жақынырақ таныстырып жібе-

«Күлтегіннің» 15 жинағы

рейік: бұ­л кітаптың алғысөзін Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ақын Бауыржан Жақып жазған. 230 беттен тұ­ратын жинаққа Шерхан Талап, Сыйлыхан Жұ­масалық, Дәурен Шамұ­ратов, Талап Таймасұ­лы, Ләззат Мақаш, Нұ­рлан Сәдір, Қазбек Құ­тты­мұ­ратұ­лы, Талғат Мықи, Жан-сая Мусина, Жандос Әмірғали, Шаттық Орынбаева, Еркебұ­лан Ақкереев, Мұ­найдар Балмол-да, Айдана Болатова, Ақмоншақ Жұ­май, Бақытжан Наубеков сын-ды ақындардың шығармалары еніпті. Осы жинақтың шығуына жергілікті ақын Талап Таймасұ­лы атсалысқан.

Бір тәуірі, идея авторлары мұ­ндай жинақтардың болашақта да шығып тұ­ратынын айтуда.

Еламан ХАСЕнҰЛЫОАУ-дың ІІІ курс студенті,

Алматы қаласы

[email protected]

ел-жұРТСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде

111 566,6 шаршы метр тұрғын үй салынды «Қолжетімді тұрғын үй – 2020»

бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысы алдыңғы орындардың бірін иеленіп отыр.

Биылғы ақпан айында

Қаратө­­бе ауданына қарасты Шө­­птікө­­л ауыл­

дық округінің Үшағаш, Соналы елді мекендеріне және Сулыкө­­л ауылдық округінің орталығы Сулыкө­­л

ауылына табиғи газ желі­ сі жеткізіліп, тұрғындар

қуанышқа кенелді.

Жыл жетістіктері

Ақпанның 21­інде Ақсай қа­

ласында қағаз қал­ дықтарын ө­­ңдейтін жә­

не қағаз шығаратын цех ашылды. Онда тәулігіне 500 келі қағаз ө­­ңделеді.

Жаңа нысанда 12 адам жұмыс істейді.

Мағауия ЗАЙНУЛЛИН, «Айсұлу» шаруа қожалығының тө­­рағасы, Теректі ауданы:

­ 2013 жыл мен үшін ерек­ ше болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Жарлығы­ мен «Құ­рмет» орденімен және ҚР Ауыл шаруашылығы минис­трінің Құ­рмет грамотасымен марапатталдым. Өзімнің саналы ғұ­мырымды ауыл шаруашылы­ ғы саласына арнап келемін. Мы­на марапаттар – осы бағыттағы еңбектерімнің жемісі деп ой­ лаймын.

Қазір еліміздің әлеуметтік­экономикалық жағдайы шүкір ғой. Мемлекет тарапынан бар­лық салаға қолдау көрсетілуде. Мәселен, біз мал асылдандыру бағытында селекциялық жұ­мыс­тар жүргізгеніміз, асыл тұ­қым­ ды аналық мал ұ­стағанымыз, оларға азық дайындағанымыз үшін мемлекет тарапынан де­меуқаржы алудамыз. Мұ­ндай қолдау бізге көп көмек.

Батысқазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құ­ттықтаймын! Алда­ғы жылда да елімізде тыныш­ тық, береке болсын, мемлекет­ тік бағдарламалар өз нәтиже­лерін беріп, халқымыздың әл­ауқаты арта берсін!

Валентина МИХНО, «Отделстрой» ЖШС­ның директоры:

­ Өтіп бара жатқан жыл ішінде «Нұ­р Отан» партиясы Саяси ке­ ңесінің құ­рамына қабылдандым. «Құ­рмет» орденінің иегері атан­ дым. Анам Надежда Яковлевна 90 жасқа толды. Басқа да көп­теген жарқын жаңалықтар мен жақсылықтар көрініс тапты. Жал­пы алғанда, өтіп бара жатқан жылға өкпем жоқ.

Жаңа жыл жаңа табыстар жылы болсын дегім келеді. Ол үшін еліміздің аспаны ашық, халқымыз ынтымақ­бірлікте, бо­лашаққа деген сенімде болғай!

Сіздерді Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір үйге бақыт пен шаттық, денсаулық, бейбітшілік және

қуаныш тілеймін. Келер Жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын.

Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін.

Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын! Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін!

Жаңа жыл құтты болсын!

2013 ж. 24 желтоқсанда «Қазақ­станның тұ­рғын үй құ­рылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ай­ батыр Жұ­мағұ­лов Ақтөбе облысы­ның әкімі Архимед Мұ­хамбетов­пен кездесті.

Кездесу кезінде олар, негізінен алғанда, «Қолжетімді тұ­рғын үй ­2020» бағдарламасын жүзеге асы-ру барысын талқылады.

Бағдарлама бойынша жұ­мыс Ақтөбеде өткен жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт ішінде Тұ­рғын үй құ­рылыс жи­нақ банкінің жергілікті филиалы 2 миллиард 307 миллион 96 мың теңгені мемлекеттік бюджетке қайтарды.

2012 жылы 319 ақтөбелік от­ басы жаңа пәтерлерге қоныстан­ ды. Биылғы жылы 607 пәтер пай­далануға беруге дайын, олардың 125­ін қазақстандықтар сатып алып та қойды.

«Ал жыл соңына дейін», - дейді Архимед Мұ­хамбетов, - «…біз қалған пәтерлерді мүм-кіндігінше толығымен бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уа- қытта тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізі- луде. Егер 2012 жылы үйлер қа- ланың ішінде салынса, 2013 жы- лы Ақтөбеде жаңа «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданы пайда болды. Де- генмен, біз кейбір өңірлердегі-дей тұрғын үй бағасын көтер-мейміз».

Қазақстандықтар 2014 жылы алуы тиіс қолжетімді баспана, Ар-химед Мұ­хамбетовтің айтуына қа­

рағанда, қазірдің өзінде салынып бітіп тұ­р. 2014 жылдың жазында ол үйлерді жайлыландыру жұ­мыс­тарын жүргізуге тендер жарияла-нады, сөйтіп шамамен жыл соңы­на қарай ҚТҚЖБ 752 салымшысы пәтер кілттерін алатын болады.

«Ақтөбенің атқару органда-ры «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасына тиісті деңгейде қолдау көрсетіп отыр, - деді Айбатыр Жұ­мағұ­лов, - «үш жыл ішінде облыс әкімдігі Ақтөбе балалар үйіндегі жас-өспірімдердің шоттарына 57 миллион теңге аударды, жыл соңына дейін ол шоттарға тағы 10 миллион түседі. Бала- лар үйінен шыққан кезде жас-өспірімдердің біздің Банктегі шоттарында белгілі бір сома- дағы тұрғын үй құрылыс жи-нақтары болады. Өздеріңіз тү-сініп отырғандай, жетім бала-лар үшін бұл – үлкен көмек».

Бұ­дан басқа әкімдік осында тұ­ратын, ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын оралмандар­ дың шоттарына да қазірдің өзін­ де 8 миллион теңге салды. Олар­ дың саны облыста 88 адам. Жыл

соңына дейін олардың әрқайсы­сының шотына тағы 10 000 теңге түсетін болады.

Кездесуде басшылар бюджет-тік ұ­йымдардың қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтама­сыз ету мәселесіне де ерекше кө­ ңіл бөлді. Айбатыр Жұ­мағұ­лов пен Архимед Мұ­хамбетов тұ­рғын үй құ­рылыс жинақтарының артықшы­ лығына қатысты «бюджеттік сала қызметкерлерімен» ауқымды үгіт­ насихат және түсініктеме жұ­мыс­тарын кеңінен жүргізу керек де­ ген шешімге келді.

Мұ­нымен қатар Айбатыр Жұ­­мағұ­лов жергілікті атқару орган­ дарына Қолжетімді тұ­рғын үй бағдарламасын аудан орталық­тарында да жүзеге асыра бастау қажеттігін ұ­сынды. Сондай­ақ жер-гілікті ірі компанияларға үй салуға жер бөлу мүмкіндігін қарастыру­ды баса айтты. Өз кезегінде ондай компаниялар өз қызметкерлері үшін тұ­рғын үй құ­рылыс жүйесі арқылы тұ­рғын үй салуға мүмкін­дік алар еді.

ҚТҚжБ баспасөз қызметі

Ізгі ниетпен: “Василец” ЖК директоры

Алексей ВАСИЛЕЦ

[email protected]

меРейТойСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Мүтәлі Төреғалиев. Жылқы жылы дүние есігін ашып, биыл, қаңтарда 60-қа толғалы отыр. Аралтөбе ауылындағы «Жымпиты» ЖШС-ның жетекшісі. Әкесі Серікқали кезінде Бұлдыртыда ферма басқарып, «Еңбек даңқы» орденіне екі дүркін ие болған жан. Серекеңнің кіндігінен тараған Мүтәліден кейінгі ұлы Қамал Ресейдің Ярославль қаласында тұрады, «Ресейдің еңбек сіңірген агрономы» атағының иесі. Төлегені Сырым ауданы әкімінің орынбасары.

Алпысқа адымдап келіп қалған азаматпен төмен-дегідей әңгіме-дүкен құрып едік.

– Мүтәлі, 60­тың ауылына ке­ліп, ат суытқалы жатырсың... Қайырылып бір соңыңа қара­саң, не тындырдым, не бітірдім деген ой мазаламай ма? Шы­

толық жарап тұ­р. Ауылда өтетін мәдени шараларға әлі күнге дейін қолұ­шын беріп келеміз. Жыл сайын қуаңшылық жігерімізді құ­м қы­лып келе жатса да, мен басқа­ ратын серіктестік осы күнге де­ йін үш мың гектардай егістігін баптап, ірі қараларын өсіріп, жыл­қысын жусатып бұ­йырған несі­ бесін көруде. Он жылдан астам уақыттан бері қымыз дайындап, құ­рт ауруын ауыздықтауға үлес қосып келе жатырмыз. Мақтан­ ды дер біреулер, бірақ айтайын дзю­додан, қазақ күресінен ме­ нің атымда аудан, аймақаралық жарыс өтіп тұ­рады. Сырым ау­ даны ат спорты қауымдастығы­ның төрағасымын. Мектеп бала­ ларын атқа шабуға, жүйрік бап­тауға тәрбиелеп келеміз. Аудан, облыс көлеміндегі ұ­лттық ат спор­ ты ойындары менсіз өтпейді де­сем, тағы мақтанған болып шық­пайын.

– Бүгінгі шаруагер (бұрын маман, ферма меңгерушісі, сов­хоз директоры, аудандық пар­ тия комитетінің хатшысы, серік­тестік директоры) басшы, ауыл ағасы Мүтәлі Тө­­реғалиев тап осы күйінде аспаннан аяғы сал­ бырап түсе қалған жоқ қой. Ойы да, мойны да әлі қатып үл­гермеген жас маманды жалық­пай үйреткен, желдің ө­­тінен, қауіп­қатердің бетінен қапысыз қорғаған қамқор ағалар болған шығар...

– Әрине, болды. Көкөрім ма-ман болып бастағанда Аманкел-ді Өтеуішев, Сайын Бақытжанов, Жоныс Нұ­рмұ­ханов сынды аға­ ларым мені туған балаларындай қамқорлағанын әлі күнге ұ­мыт­паймын. Оның бер жағында Би­ қайыр Жолбатыров ағайды қалай айтпай кетейін. Бұ­л жандардың бәрі бүгінде арамызда жоқ, жан­ дары пейіште шалқысын марқұ­м­дардың. Тілек Ерғарин, Иосиф Мұ­хамбетжанов, Есберген Әжі­баев, Бауыржан Тұ­манов, Қамеш Дүйсенов, Мұ­рат Шоланбаев, Аман­ ғали Кәрімов, Кашок Хамидуллин сынды ағалардың да алғаусыз кө­ мектерін көрдім. Солардың ар­қасында біртіндеп шыңдалдық, өстік. Жұ­мыс бабында реніш те, қуаныш та болды. Бірақ бір адам келіп, «сен мені алдап кеттің, та­ бан ақы, маңдай терімді берме­ дің» – деп айтып көрген жоқ. Со­ ған шүкіршілік етемін.

– Сен сияқты шаруа бағып, қора­қопсы, мал тө­­ңірегінде жүргендер арасында жыр жа­

зып, оның жалынына жылына­тындар некен­саяқ, тіпті жоқ десе де болады. Өлеңнің «ша­лығы» қай кезде «тиіп» жүр? Оның үстіне сені Ресей жерінде туған, «кіндігін орыстың маржа­сы кескен» деп қалжыңдайды құрдастарың?

– Оның рас. Жылқы жылы, Орынбор жерінде туыппын. Біз тұ­рған деревняда фельдшер бол­ маған. Ауылда сиқыр көрсетіп жүретін (қайнап жатқан қазанға мысықты салып, былғап­былғап суырып алғанда әлгі тірі шығады екен дейді) не орыс, не сыған әйелі болған екен. Сол кісі анам­ ды босандырып, менің кіндігімді кесіпті. Ата­анам бертінде әңгіме­ леп отыратын. Құ­дай сақтап, си­ қыршылық маған қонбапты. Ата­анам кейін елге көшіп, мектептің табалдырығын Бұ­лдыртыда ат­ тадым. Ал өлеңді бала күнімнен бастап жаза бастадым. Мұ­қағали­дың жұ­п­жұ­қа өлең кітабы шық­ ты. Сондағы өлеңдерді түгелдей жаттап алғаным әлі есімде. Со-дан бастап, өлеңнің шалығы тиді. Жақсы көрген қыздарыма өлең арнайтын «ауруға» тап болдым. Олардың қалай шығып жатқанын бір Құ­дайдың өзі біледі. Әйтеуір, бұ­рқыратып жаза бердім. Кейін аптығым­солығым басылып, ес «жиғасын», өлеңдер көңіл күй ауа­нына қарай туатын болды. Шыны керек, өлеңді мен өзім үшін жа-замын. Кітап шығарайын деген ниет болмады. Бірақ ана бір жыл-дары жігіттер Аралтөбе жөнінде кітап шығарғанда біразын соған жариялады. Қазақпыз ғой, дом­быра шертіп, кейбір өлеңдеріме әуен тудырып өзімнен­өзім шал­қып отыратын шақтарымды да жасырмаймын. Шынымды айтсам, мектепті үздік бітіргеннен кейін ҚазМУ­дың журфагіне жиналып жүргенде бұ­йырмыс қой, басқа сала тартып кетті. Кім біледі, жур­факқа барғанымда, бүгінде сенің наныңды тартып жеп жүрер ме едім...

– 1980 жылы қараша мен желтоқсанның әйтеуір, біреуі. Тоғанаста «Правда» газеті атын­дағы совхоздың директоры, Социалистік Еңбек Ері Виктор Шубиннің атында еркін күрес­тен үлкен жарыс ө­­тті. Оны об­ лыстың сол кездегі бірінші хат­ шысы Мұстахим Ықсанов аға­мыз тапжылмай тамашалап отырды. Боз кілемнің үстіне сонда сен де шықтың атойлап...

– Онда сен де жүрдің ғой, қа­

тен облыстық, республикалық жа­ рыстарға қатысып, жүлделі орын-дар алдым. Қазақ күресінен «Қа­зақ ССР­ның спорт шебері» ата­ нып, жас келгесін палуандығым­ ды аяқтадым.

– Мәншүктің қолынан талай дәм таттық. Ерте бардық, кеш бардық. Тө­­ріңде шалқыдық, ша­ рықтадық. Бірақ қабағын шыт­ қанын кө­­рмедік. Бір анекдот­тың тілімнің ұшына үйіріліп тұрғаны... Алаңғасарлау азамат бір досына айтады дейді «Осын­ дай жақсы әйелді жұрт қайдан табады» деп. Мәншүктей ке­реметке қай кезде, қалай жо­лықтың?

– Мәншүк екеуміз бір класта оқыдық қой. Ол мектепке 5­6 жа-сынан барса, мен сабазың 8­ге тақап барыппын. Оның себебі, төрт жасқа дейін тілім шықпай, сақау, тұ­тықпа болғанмын. Әжем қой сойылса, ...шекпен буындыра-ды екен. Содан ...шекпен 1­2 рет артықтау буындырып жіберсе ке-рек... Тілім тіпті қатты шығып кетіп-ті. Оның пайдасы болғанымен, ке­ сірі де көп екен, қызмет барысын-да талай тарттым. Бала махаббатқа 1977 жылы үйлендім. Екі ұ­л, екі қыз сүйдік. Бір қызымыздан мек­ теп бітірер сәтінде қапылыста айырылып қалдық. Үлкен соққы болды, осы Аралтөбеге қойдық. Кейін қызмет бабында түрлі ұ­сы­ныстар болғанда кете алмадым қиып, қызым жатқан жерді... Әке­міздің қойнында өскен үлкен ұ­лымыз Бағдат кәсіпкер, кішісі Асхат қалалық әкімдікте есеп ма­ маны. Төрт немере сүйдік. Алма­гүл қызымыз Алматыда банк қыз­ меткері. Сонымен, осы қаңтарда Мәншүк зейнетке шығып, өзім 60­қа толып жатқан жай бар.

– Ана бір жылдары Сарыгүл деген жүйрігің болды. Үстінде зерлі жабуы қалғып­мүлгіп тұр­ ғанын кө­­ре қалдым. Тұрқы тұ­рымтайдай әлгіге кө­­ңілімнің толмағаны да рас. Жабуын сы­пырғанда түлеп сала берді ғой, жарықтық. Екі кө­­зі шырадай жанып, тыпыршығанда қолды­аяққа тұрмай кетеді екен. Та­лай облыстың жүйріктерін шаң қаптырды. Атбегілік бертін кел­генде тапқан ө­­нерің бе, әлде Тө­­реғалиевтердің тұқымында әуелден бар қасиет пе?

– Жылқы жылы туғасын ба, атқа бала күнімнен құ­мар бол-дым. Оның үстіне ұ­зақ жыл ферма басқарған әкем – Серікқали жақсы ат көрсе, жанынан шықпайтын,

соларды үйде ұ­стауға құ­лшынып тұ­ратын жан еді. Бала күнімізде мамыр, қазан мерекелерінде мін-детті түрде ат жарыс болады. Әкем соларға ат қосып, жүйріктің жалын маған ұ­стататын. Талай құ­ладым, қалдым, оздым. Ал, шіркін, Сары­ гүл жылқының төресі еді ғой, жан­уар... Қаратөбенің Төлен деген же­ рінде құ­нан кезінде жолықтыр­дым. Иесіне жалынып, жалпайып жүріп, үш жылқының құ­нын беріп зорға алдым... Жатпай­тұ­рмай бап-тадым. Талай жарыстарда аңыра­ та тартқан сұ­р жебедей зырқырап бірінші келді. Көлік те мінгізді.Кейін ат бәйгесіне қаралық ара­ласып, қазақ жылқысының бағы қайтты. Ағылшынның таза қанды жүйріктерін қосып жіберетін бол-ды. Бәйге тек, қазақ аттарының арасында болуы керек қой. Осыны айта­айта жағым талды. Сарыгүл соңғы рет Бұ­лдырты мектебінің

80 жылдығында шапты... Сол уа­қытта облыста Ваучер атты таза қанды ағылшын пырағы болды, атақты. Есік пен төрдей әлгі. Сол шабыста былайғы жүйріктер ке­йіндеп, екеуі алға шықты. Екеуі де барын салып, қатар ақты жұ­лдыз­ дай. Қоспауым керек еді, аламан десе, әкесін ұ­мытатын қазақтың қаны қойсын ба, бір Құ­дайға сиы­ нып, қостым. Жарыс жолын жол сорабы кесіп өтеді екен, содан қарғып өтіп, аяғын ауыртты. Жа­нуарым­ай, сонда да оқ бойы озып келді, Ваучерден. Бірақ аяғынан ақсап қалды. Ұзақ емдедім, жаза алмадым... Ақтөбе жаққа бердім, мүгедек болып қалғанын көргім келмей...

– Мүтәлі, 60­қа келген жа­ сың бар... Бұл ө­­мір ө­­зінің ө­­рін­де, еңісінде нені ұқтырды?..

– Қырық жасыңнан кейін зы­мырайды екен, уақыт шіркін... Күн­ нен­күнге мына жарық дүние тәтті бола түскендей ме, қалай... Бұ­л жасқа жеткен де бар, жете алмай көшкендер қанша, дүние­ден. Сол жағынан келгенде өзімді бақытты санаймын. Жарым жа-нымда, бала­шаға немере, тума­туыс, дос­жаран қасымда. Қызмет бабымен көп жердің суын іштім, достар таптым. Әлі күнге арала-сып келеміз. Сегіз­тоғыз жаста­ғы, бала күнгі мына бір оқиға са­ нама мөрдей басылып қалыпты. Бір күні даладан шідер тауып ал­ дым. Қуанып, әлгіні әкеме әкеліп көрсетіп жатырмын. Әкем мақтау­дың орнына, өзгенің атынан ше­ шіп алды деп ойлады ма «Балам, өзіңнің затың болмаса, біреу­ дің дүниесін алушы болма» – деп қатты ұ­рысты. Ол маған өмірлік сабақ болды. Біреудің ала жібін аттаған жоқпын. Дүние, байлық қуып, бұ­йырмасты алайын деп бі­ лектің күшіне, аярлардың қулы­ ғына салмадым. Егделікке аяқ басқанда алдың ашық болу үшін, кімнің болса да бетіне тура қарау үшін өткен жылдарыңда адам­ дығыңа кір жұ­қтырмаудың қан­дай екендігін ұ­қтырды 60 жас. Бұ­л жағынан еш өкініш жоқ. Де­ генмен, адам шіркіннің арма-ны таусылған ба, алда да арман, мақсат, мұ­раттар қол бұ­лғайды. Бұ­рын, жастау күніңде деймін ғой, құ­лап­сүрінсең де соларыңа же-туге ұ­мтылатынсың. Енді бүгінде әуелі, денсаулық бер, төңірегім түгел болсын, Жасаған ие, деген­ ді жиі айтқызады екен 60 жас!

Әңгіме-дүкен құрған Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ

«Жылқы жылы туыппын...»

ламыңды қайрап... Ол тұ­ста «Тас­құ­дық» совхозында бас зоотехник­пін. Күресті қойып кеткен кезім болса да, аудандағылар «ауылға келген төбелестен» құ­р қаласың ба дегесін бардым. Финалға дейін алдырмадым. Финалда Бөрлінің Холод деген палуанымен айқас­тым. Институтта, облыстық жарыс­тарда талай кездескенде еркін жығып кете беретінмін. Бұ­л жо­ лы қой соңында жүрген жерім-нен келдім ғой, тренировка жоқ. Бөрліде жаттықтырушы болып жүрген Холод спортшылар тілі -

мен айтқанда, бабында, «формада» екен, алдырмады. Атойлап шық­тың дейсің, орыстан жеңіліп, екін­ ші орын алып, намыстан жары-ла жаздап, Тасқұ­дығыма қайтқа­ ным есімде... Еркін күреспен Бұ­л­ дыртыда, мектепте жүрген кезім-нен айналыстым. Әскерде, инс-титутта самбодан, еркін күрес­

нында да, осы жасыңа дейін не тындырдың?..

– Ананы бітірдім, мынаны іс-тедім дегенім мақтаныш болып шығады ғой...

– Мақтаныш емес, қайта ө­­т­кен жылдардың текке кетпеге­ніне, жеке қара басыңа емес, ауылыңа, ондағы халыққа пай­даң тигеніне кө­­ңілді шүкірлеу, оған жұртыңды сендіру делік.

– Ендеше, кейбір ауыл, аудан басқарған ағалар өздері жұ­мыс жасаған елге баруға беттерінен басса, мен жиі барып тұ­рамын.Өзім еңбек еткен, басшы болған ауылдарыма бара қалсам, құ­шақ жая қарсы алады. Бүгінде ең­кейген қариялары жұ­мыстас бол­ ған күндерді әңгімелеп, көзде­ріне жас алады. Қызмет бабын­да көп көшкен адаммын. Бірде­ ңені бүлдіріп, сырғи беру емес, партияның жұ­мсауымен көштік қой. Әрі­беріден соң оған да үй­ ренеді екенсің, екі­үш жылдан кейін буынып­түйініп көшуге да­ йындала бастайтын едік. Партия­ның ырқына қарсы келуге бол­майды, жұ­мсаған жаққа барасың. Жұ­байым да соған үйренді. Жа­ қында оның зейнетке шығуға құ­­ жаттарын жинап, қарап отыр­сақ, еңбек кітапшасында жаза­ тын жер қалмапты... 1979 жылы институттан соң зооинженер ма­ мандығымен Батпақты деген бө­ лімшеде (Сырым ауданы) бес ай зоотехник болғаннан кейін «Тас­ құ­дық» совхозына бас зоотех-ник етіп қойды. Арада үш жыл өткесін, Тінәліге ферма меңге­рушісі етіп тағайындады. Совхоз­да партком хатшысы, кейін пар­ тия тарағанға дейін аудандық партия комитетінде хатшы бол-дым. Соңынан ауылға сұ­ранып, «Жымпиты» совхозына директор­ лыққа жіберді. Міне, содан бе­ рі ширек ғасырға жуықтапты, сол ауылда еңбек етіп жатыр­ мын. Аласапыран жылдарда Арал­төбені сақтап қалдық. Өндіріс орындары, қоғамдық нысандар міні құ­рыған жоқ, сол күйінде. Шеберхана, гараж, құ­рылыс це­хы, тұ­қым қоймалары, сауда нүк­телері, тағы басқалары істеп тұ­р. Бие сауып, қымыз дайындайтын цех, жылқы тұ­ратын орын салын­ды бертінде. Еліміз бойынша ауылдық жерде тұ­ңғыш мешіт салғанымызды республикалық ба­ сылымдар бір кезде жазды. Ішін­ де өзің қызмет жасап жүрген «Орал өңірі» де болғанын біле­сің ғой. Мешіттің имамын, шы­

рақшысын күні кешеге дейін серіктестігім ұ­стап келді. Тойхана бар, ол еуроүлгімен жөнделіп, бү­гінде ауылдың кәдесіне

60 жас

[email protected]

ҚАулы-ҚАРАРСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

1. Қолдану саласы1. Осы Батыс Қазақстан облысы

аумағында құ­рылыс салудың Ере-жесі (бұ­дан әрі­Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құ­­рылысы және құ­рылыс қызметі тура-лы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің және Қазақстан Республи­касының басқа да заңнамалық, нор­мативтік­құ­қықтық актілері мен нор-мативтік­техникалық құ­жаттарының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген және Батыс Қазақстан об­лысының елді мекендерінде құ­рылыс салудың талаптарын ұ­сынады.

2. Осы Ереже белгілі бір елді мекен бойынша қазіргі заманғы және келе-шектегі қала құ­рылысына және әлеу­меттік­экономикалық дамуына, сол елді мекеннің шекарасы шегіндегі табиғи және басқа да жергілікті жағдайларға қарай қала құ­рылысын салудың Ере­желерін жасау үшін арналған.

3. Осы Ереже Батыс Қазақстан об-лысы аумағындағы барлық сәулет, қала құ­рылысы және құ­рылыс қызметі субъектілерінің, оның ішінде жер-гілікті атқарушы органдар, қалалық және ауылдық елді мекендердің құ­­рылысын салумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда мүдделі же­ке және заңды тұ­лғалардың қолдануы үшін міндетті болып табылады.

4. Осы Ереженің талаптары қайта әзірленіп жатырған жобалық құ­жаттамалар үшін, сонымен қатар мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, елді мекендердің аумағын дамытуды қам­тамасыз ететін, сондай­ақ аумақтарда қалыптасқан жағдайдың, жылжымай­тын мүліктің және өмір сүру орта­сының өзгеруіне әкелетін басқа да қыз­мет түрлері бойынша бекітілген қала құ­рылысы құ­жаттамалары мен қала құ­рылысы регламенттерін іске асыру үшін ұ­сынылады.

2. Нормативтік сілтемелер5. 1­қосымшаға сәйкес сілтемелік­

заңнамалық, нормативтік­құ­қықтық ак­ тілер және нормативтік­техникалық құ­жаттардың тізбесі.

3. Ұғымдар және анықтамалар6. Осы Ережеде «Нормативтік сіл-

темелер» бөлігіне қосылған заңна­малық, нормативтік­құ­қықтық актілер және нормативтік­техникалық құ­жат­тардан алынған ұ­ғымдар, сондай­ақ 2­қосымшаға сәйкес тиісті анықтама­лары бар қосымша терминдер пай­даланылған.

4. Жалпы ережелер7. Ереже қолданыстағы заңнамалық

нормативтік­құ­қықтық актілердің, нор-мативтік­техникалық құ­жаттардың не-гізінде әзірленген және Батыс Қазақстан облысының аумағында құ­рылыс салу-да бірыңғай қала құ­рылысы саясатын жүргізуді және төтенше жағдайлар туындаған кезде құ­рылыс салудың ке-шенділігі мен орнықтылығын, пайда-лану барысында сақталуын, құ­рылыс үшін бөлінген алаңдарды игеру кезін-де жолдарды, инженерлік коммуни-кациялар мен құ­рылыстарды салуды қарастырады.

8. Құ­рылыстарды, үйлерді, ғи­мараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, тех-никамен қайта жарақтандыру, жаңғыр­ту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай­ақ аумақты инженерлік жағынан дайын-дау, абаттандыру мен көгалдандыру, құ­рылысты (объектіні) консервация-лау, жергілікті маңызы бар объектілер-ді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұ­мыстар кешенін жүргізу тек жергілік-ті атқарушы органның шешімі (өкімі) не-гізінде және бекітілген қала құ­рылысы құ­жаттарына сәйкес әзірленген жоба-лар (көрсетілген жағдайда нобаймен (нобайлық жоба)) бойынша ғана жүзеге асырылады.

9. Батыс Қазақстан облысының аумағында ғимараттар мен құ­рылыс­тарды салу меншік нысанына қара­мастан жобалау­іздестіру жұ­мыстарын орындау құ­қығын беретін тиісті мемле-кеттік лицензиялары бар заңды және жеке тұ­лғалар әзірлеген жобалық құ­жаттамалар бойынша жүзеге асы­рылады.

10. Батыс Қазақстан облысының аумағында объектілерді салуға мен-шік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан оларда қабыл­данған шешімдердің қала құ­рылысы және құ­рылыс нормалары мен ереже-леріне, санитарлық­техникалық және экологиялық жағдайларға, жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талап-тарына, конструкциялық беріктік, сейсмикалық төзімділік (сейсмикалық аудандар үшін) және құ­рылыстардың пайдалану барысындағы сақталу, мә­дени мұ­ралар мен тарихи ескерткіш­терді қорғау талаптарына, сондай­ақ құ­рылысты тұ­рғызу кезіндегі қауіпсіз­дік техникасы талаптарына сәйкестігі тұ­рғысынан сараптамадан өткен (өткі­зу қажет болған жағдайда) жобалар (нобайлық жоба) бойынша ғана рұ­қсат беріледі.

Қазақстан Республикасының стра­тегиялық, ерекше маңызды мемлекет­тік объектілерін және тіршілікті қамта­масыз ету объектілерін салуды ҚР ҚБҚ 2.04­08­2009 сәйкес қауіпсіздік жүйе­лерімен жабдықталған және инженер-лік­техникалық тұ­рғыдан нығайтылған түрде жүргізу қажет.

«Қаржыландыру көздерiне қара­мастан құ­рылысқа арналған жобалау алдындағы (техника­экономикалық негiздемелер) және жобалау (жоба-лау­сметалық) құ­жаттамаға сараптама жүргiзу, сондай­ақ мемлекеттiк инвес-тициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы №918 қаулысын­да белгіленген тәртіппен жобаларды сараптау жұ­мыстарын жобаларды (жобалық­сметалық құ­жаттамаларды) сараптамадан өткізу жөніндегі тиісті аккредитациядан өткен аттестаты және сарапшы куәлігі бар сарапшылар жү­зеге асырады.

11. Батыс Қазақстан облысы аума­ғында құ­рылыс жұ­мыстарын сәулет, қала құ­рылысы және (немесе) құ­рылыс қызметінің тиісті түрлерін іске асыру­ға лицензиясы бар жеке және заңды тұ­лғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса) орындауы тиіс.

Мердігер таңдауы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құ­­рылысы және құ­рылыс қызметі туралы» Заңының 66­бабына сәйкес жүзеге асы-рылады. Тапсырыс берушінің алдында­ғы мердігердің міндеттері мердігерлік келісімшартпен белгіленеді.

12. Құ­рылыс салушы Батыс Қазақстан облысы аумағында объектілер салу ту-ралы ұ­сыныстарды тәртіп бойынша тех-ника­экономикалық негіздемелердің (немесе техника­экономикалық) есеп-тері негізінде қолданады.

13. Сәулет, қала құ­рылысы және құ­рылыс қызметі жөніндегі жергілік-ті атқарушы органдар өз құ­зіреті шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тапсырыс берушілер (құ­рылыс салушы), мердігерлер және жобалау ұ­йымдары арасындағы қала құ­рылысы қызметінің мәселелері бойынша қарым­қатынасты реттеуді жүзеге асырады.

Аумақтық мемлекеттік сәулет­құ­ры­лыс бақылау және лицензиялау орган-дары салынып жатырған нысандарға тексеру жүргізу арқылы мемлекет-тік сәулет­құ­рылыс бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді.

14. Ереже аумақтардың қазіргі жай­күйінің, тарихи және мәдени ескерт­кіштердің, табиғи­климаттық жағдай­лардың және Батыс Қазақстан облысы

елді мекендерінің келешекті әлеуметтік­экономикалық, қала құ­рылысының даму ерекшеліктері ескерілген бекітілген қала құ­рылысы жобаларын: аумақтар­дың қала құ­рылысын жобалаудың ке-шенді схемаларын, табиғи аймақтар жобаларын, бас жоспарларды, толық жоспарлау жобаларын іске асыру бойынша іс­әрекеттердің тәртібі мен бірізділігін белгілейді.

15. Осы Ереже мыналарды анық­тайды және белгілейді:

1) құ­рылыс нысанына құ­қық орна-татын құ­жаттарды орналастырудың, ұ­сынудың және ресімдеудің тәртібі мен шарттарын оның ішінде:

елді мекеннің аумағында құ­рылысты кешенді орналастыру және нақты объек­тілерді салатын алаңдарды таңдау;

құ­рылыс және абаттандыру объек-тілерін арнайы белгіленген, не мемле-кетпен қорғалатын аумақтарда орна-ластыру;

жер учаскелерін беру;елді мекендерде құ­рылыс салу, абат-

тандыру, көгалдандыру және сәулет­тік көркемдеу жұ­мыстарына жобалық құ­жаттаманы келісу, бекітілген жобалар бойынша құ­рылыс салуды және объек-тілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру;

құ­рылыс нысанын құ­қықтық ресім-деу;

2) құ­рылысты жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде:

құ­рылыс объектісін жайғастыру (жер телімін таңдау);

жер телімін беру (жергілікті атқа­рушы органның шешімі);

құ­рылыс нысаны үшін бастапқы мәліметтерді беру;

нысан құ­рылысына жобалық құ­­жаттаманы алдын ала келісу және жер телімін таңдау актісін бекіту (қажет болған жағдайларда);

жобалық құ­жаттаманы алдын ала келісу, сараптамадан өткізу (қажет бол­ған жағдайларда) және бекіту;

құ­рылыс жұ­мыстарын орындау, құ­рылыс сапасын және құ­рылысы аяқ­талған нысандардың пайдалануға қа­былдануын бақылау;

қала құ­рылысы саласындағы құ­қық­бұ­зушылықтар үшін айыппұ­л санкция-ларын салу;

3) мынадай жағдайлардағы тәртіп­тер мен шарттарды:

қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту (қайта құ­ру, қайта бейімдендіру, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, кеңейту, күрделі жөндеу және т.б.);

уақытша пайдалануға (жалға) ұ­сы­нылған жер телімдеріне құ­рылыс ны-сандарын жайғастыру;

кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін уақытша сауда, қызмет көрсету, сыртқы жарнама, шағын сәулет нысандарын орналастыру;

тұ­рақты пайдалануға және жалға бертілген жер телімдеріне басқа да көрме және коммерциялық мақсаттағы уақытша нысандарды орналастыру.

16. Осы Ереже қала құ­рылысы жоба-ларына және жер пайдалану құ­қығын беретін құ­жаттарға сәйкес берілген аумақты функционалдық мақсаты бо­йынша және белгіленген шекара ше-гінде құ­рылыс салудың қала құ­рылысы регламенттерін (шарттары мен шекте-улерін) есепке ала отырып, елді мекен аумағындағы сәулет­қала құ­рылысы және құ­рылыс қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

17. Қала құ­рылысын ерекше реттеу аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін орналастыруға, салуға не-месе өзгертуге қосымша талаптар бел­гіленуі мүмкін.

18. Ерекше маңызды қала құ­рылы­сы тораптары (объектілері) сәулеттік­жоспарлау және көлемдік­кеңістіктік шешімдерді нақтылау мақсатында облыстың, ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдарының

сәулет­қала құ­рылысы кеңесінде қа­растырылуы тиіс.

Қала және аудан орталықтарының орталық көшелерін салу, барлық деңгейдегі бюджет есебінен нысандар құ­рылысын салу (толық жоспарлау жобасы) жобаланған нысандардың жобалық жоспары міндетті түрде тек облыстық қала құ­рылысы кеңесінде қаралғаннан соң жүзеге асырылады.

Облыстық қала құ­рылысы кеңесінің құ­рамы және қарау үшін материал­дарды ұ­сыну тәртібі Батыс Қазақстан об­лысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген облыстың қала құ­рылысы кенесі туралы ережемен белгіленген.

19. Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша көзделмесе, белгіленген тәртіпке сәйкес бекітіл-ген жобалық құ­жаттамасы жоқ нысан құ­рылысына жол берілмейді.

20. Бекітілген қала құ­рылысы құ­­жаттамасы ережелерді әзірлеу кезінде мыналар үшін басшылыққа алынады:

аумақтық құ­рылыс салу және ау­мақтық жерді пайдалану Ережелерін жасау үшін;

Батыс Қазақтан облысының аумағы көлемінде табиғи ресурстарды пай-даланумен және қоршаған ортаға ықпал етумен байланысты әлеуметтік­экономикалық даму, қоршаған ор-таны қалпына келтіру және сақтау, шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде табиғи ресур-старды пайдалану мен ұ­дайы өндіру бағдарламаларын жасау үшін;

жерлерді функционалдық тұ­рғыдан бөлуді және жер телімдерін мақсатты пайдалануды жүзеге асыру үшін;

тарихи­мәдени мақсаттағы жерлерді анықтау үшін;

үлестік және жеке меншікке беріл-мейтін елді мекендердің жалпы пай­даланыстағы жерлерін анықтау үшін;

жерлерді таңдау, меншіктен алу, беру, сатып алуға, сатуға беру үшін;

жеке және заңды тұ­лғалардың жер телімдерін пайдалануды және құ­рылыс салуды өзгерту мәселелерін шешу үшін;

жер телімдерін пайдалану және құ­­рылыс салудың қала құ­рылысы регла-менттерін (шарттарын) белгілеу үшін;

құ­рылыстың барлық түрлерін орна-ластыру және олардың орналасатын жерлерін алдын ала келісу, құ­рылысқа (құ­рылыс салуға) және жер телімдерін басқалай пайдалануға рұ­қсат беру үшін;

аумақтарды экономикалық бағалау және жердің бағалау құ­ны үшін;

елді мекендер мен басқа да аумақ­тардың (аймақтардың), көшелер мен барлық санаттағы жолдардың қызыл сызықтарының шектерін белгілеу және өзгерту үшін;

басымдықты дамыту аумақтарын анықтау және осы дамытуды қаржылай қамтамасыз ету үшін;

экономика салаларын дамыту бағдар­ламаларын әзірлеуді үйлестіру үшін;

ерекше даму жағдайларындағы жергілікті маңыздағы аумақтардың тізі­лімдерін құ­растыру үшін;

әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұ­рылымды жобалау үшін;

жалпы мүдделік аумақтарды, бау­бақша серіктестіктері аумақтарын анықтау үшін;

Батыс Қазақстан облысы елді ме-кендерін әрі қарай дамытуға арналған аумақтарды резервте сақтау үшін;

жол шаруашылығы жерлерін анық­тау үшін.

21. Мемлекеттік қала құ­рылысы кадастрындағы ақпараттар келесі мін-деттерді шешу кезінде аумақтық Ере­жеде қолданылуы тиіс:

елді мекендерді дамытуды, жоспар-лауды және оларда құ­рылыс салуды болжамдау;

тұ­рғын үй­азаматтық, әлеуметтік және өндірістік мақсаттардағы нысан-дарды орналастыру, жобалау, салу және қайта құ­ру;

мәдени мұ­ра ескерткіштерін қор­

ғау, тарихи елді мекендерді, елді ме­кендердің тарихи таралу аймақтарын, ортаның дәстүрлі сипатын регенера­циялау;

табиғатты қорғау;инженерлік және көліктік инфра­

құ­рылымды құ­ру;тиісті аумақтарда жер қатынастарын

реттеу;аумақтық ресурстардың ұ­тымды

пайдаланылуын бақылау, бекітілген қала құ­рылысы құ­жаттамасының іске асырылуын талдау және т.б.

22. Осы ереже ғимараттар мен құ­­рылыстардың сенімділігін, қауіпсізді­гін, ұ­сталуын қамтамасыз ету, оларды күтіп ұ­стау шарттарының сақталуын, қоғамдық және азаматтық мақсаттағы үй жайларының интерьерлерінің пай­даланылуын бақылау бойынша іс­әре­кеттердің тәртібі мен бірізділігін бел-гілейді.

23. Азаматтардың қалыпты дема-лысы мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында көп қабатты тұ­рғын үйлерде (тұ­рғын үйлер аумағында) инженерлік желілер, жүйелер мен коммуникациялардың аварияларын жою бойынша қалпына келтіру жұ­­мыстарын қоспағанда, құ­рылыс­мон-таждау жұ­мыстарын жүргізуге, оның ішінде, жер қазу жұ­мыстарын жасауға, ғимараттардың іргетасы мен каркас-тарын орнату жұ­мыстарын, сыртқы құ­рылыс монтаж жұ­мыстарын, тиеу­түсіру жұ­мыстарын және тағы басқа да жұ­мыстарды кешкі сағат 22.00­ден таңғы 6.00­ге дейін жүргізуге тыйым са-лынады.

24. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері жоқ болған не-месе пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайларда, елді мекенді сумен жабдықтау жүйесі санитарлық­эпи­демиологиялық қадағалаудың жер­гілікті органымен келісе отырып, су-мен жабдықтаудың ашық көздерінен қарастырылуы тиіс.

25. Қоғамдық және тұ­рғын үй ғимараттарында кабель желілерін, те-лерадиоканалдарды ұ­жымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және құ­рылысын салу қолданыстағы мемлекеттік нормативтік­құ­қықтық ак-тілер талаптарына сәйкес жүзеге асы-рылады.

Тұ­рғын үй және қоғамдық ғима­раттарының алдыңғы жағына және балкондарына спутникті және эфир-лік қабылдау құ­ралдарын орналасты-ру жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

26. Барлық жобалар міндетті түрде экологиялық сараптамадан өтеді.

27. Қала құ­рылысы регламенттері ережелерінде белгіленген іс­әрекет­тер аумақтық аймақтар мен қосалқы аймақтар шектерінде орналасқан барлық жер телімдері мен күрделі құ­рылыс объектілеріне қолданылады, мына жер телімдерін қоспағанда:

Қазақстан Республикасы мәдени мұ­расы объектілерінің (тарих және мәдениет ескерткіштерінің) бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген ескер-ткіштер мен ансамбльдер аумақтары­ның шектерінде, сондай­ақ жаңадан анықталған мәдени мұ­ра объектілері болып табылатын ескерткіштер неме-се ансамбльдер аумақтарының шекте­рінде орналасқан;

жалпы пайдаланыстағы аумақтар шектерінде орналасқан;

линиялық объектілер орналасқан;пайдалы қазбаларды өндіруге беріл-

ген.28. Қазақстан Республикасы заң­

намасына сәйкес белгіленген аумақ­тарын пайдаланудың ерекше жағдай­лары бар, елді мекенді қала құ­рылысы аймақтарына бөлу жоспарында көр­сетілмеген аймақтар шекаралары қол­даныстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілгеннен кейін елді мекен-дерде құ­рылыс салу және жер пайдалану Ережелеріне енгізіледі.

2013 жылғы «___»________ № ____Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысынақосымша

Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудыңЕРЕЖЕСІ

ЖОБА

(Жалғасы 20-бетте)

[email protected]Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

29. Қала құ­рылысы регламенттерін-де жер телімдері мен күрделі құ­ры­лыс объектілеріне қатысты мыналар көрсетілуі тиіс:

1) жер телімдері мен күрделі құ­­рылыс объектілерін рұ­қсатты пайдала-ну түрлері:

рұ­қсатты пайдаланудың негізгі түр­лері;

пайдаланудың шартты рұ­қсат етіл-ген түрлері;

рұ­қсатты пайдаланудың қосымша түрлері;

2) жер телімдерінің шекті (ең төменгі және/немесе ең жоғарғы) мөлшерлері және рұ­қсатты құ­рылыстың шекті па-раметрлері, күрделі құ­рылыс объек­тілерінің өзгерістері (қайта құ­рылуы);

3) Қазақстан Республикасы заң­намасына сәйкес жер телімдері мен күрделі құ­рылыс объектілерін пай­далануға белгіленген шектеулер.

30. Қосалқы аймақтардың қала құ­рылысы регламенттері өздері орналасқан шекарадағы аумақтық аймақтардың қала құ­рылысы рег­ламенттерінен жер телімдерінің шекті мөлшерлері және/немесе рұ­қсатты құ­рылыстың, күрделі құ­рылыс объек­тілерінің қайта құ­рылуының шекті параметрлері немесе осындай мөл­шерлер мен параметрлердің үйле­сімдері бойынша айрықшаланады.

31. Жер телімдері мен күрделі құ­рылыс объектілерін пайдалануға қойылатын шектеулер жерге қатысты құ­қықтарды шектеу болып табыла-ды. Қала құ­рылысы регламентінің құ­­рамындағы жер телімдері мен күрделі құ­рылыс объектілерін пайдалануға қойылатын шектеулердің мазмұ­ны Қа­зақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен анықталған.

32. Қала құ­рылысы жобаларының нормативтік параметрлеріне сәйкес әрбір қала құ­рылысы аумағы үшін құ­рылыс салудың бірыңғай шарттары мен регламенттері (шектеулері) және жер телімдерін пайдаланудың басқа да түрлері белгіленеді:

үйлер мен құ­рылыстардың барын-ша мүмкін болатын биіктіктері және құ­рылыс салудың тығыздығы;

үйлер мен құ­рылыстардың құ­рылыс салуды реттеу сызықтарынан, іргелес телімдер шектерінен ең аз шегіністері;

үйлер мен құ­рылыстардың, көлік құ­ралдарын қоятын жерлердің жолда-ры мен кіре берістерін ретке келтіруге қойылатын талаптар;

инженерлік­көліктік инфрақұ­ры­лымның пайдаланылуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

аумақтарды абаттандыру мен кө­галдандыруға қойылатын талаптар;

үйлер мен құ­рылыстарды күтіп ұ­с­тауға қойылатын талаптар;

жер телімдерін (қала құ­рылыстық, инженерлік, санитарлық­эпидемиоло­гиялық, табиғатты қорғау, тарихи­мәдени) пайдалануға қойылатын шек­теулердің тізімі және басқа да талаптар.

33. Қала құ­рылысы регламенттері жалпы пайдаланыстағы аумақтарды және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көрсетілген жалпы ереже-лер, жалпы пайдаланыстағы жерлердің шектерін белгілеу, өзгерту және бекі-ту қажет болатын жер телімдерін пайдалануға белгіленбейді.

34. Елді мекеннің қала құ­рылысы жобаларын іске асыру жөніндегі негізгі құ­жат жылжымайтын мүлікті (жер телім-дерін, ғимараттарды, құ­рылыстарды) пайдаланудың, құ­рылыс салуды жүзеге асырудың құ­қықтық қала құ­рылы­сы регламенттерін жүргізу тәртібін анықтайтын – жоспар болып табылады. Жоспардағы іс­әрекеттер қызметі елді мекендерде құ­рылыс салумен неме-се аумақтарды басқа да мақсаттарда пайдаланумен байланысты жергілікті атқарушы органдарға, заңды және жеке тұ­лғаларға таралады.

35. Жоспардың негізгі ережелері қала құ­рылысы қызметін жүзеге асы-ру және жерге құ­қық беру кезіндегі бас жоспарлар ережелерін іске асы-ратын аумақтардың функционалдық аймақтарының құ­рылысын салу стандарттары мен ережелері бойын-

ша жер телімдеріне құ­рылыс салу-ды аумақтық жоспарлау және қала құ­рылысы тетігін қалыптастыратын елді мекендердің Мемлекеттік қала құ­рылысы кадастрының Деректер банкінің бастапқы ақпараттық базасы-болып табылады.

36. Функционалдық аймақтар мен қала құ­рылысы регламенттері туралы ақпарат нақты аумақта құ­рылыс салуды іске асыру жоспары бойынша құ­жатты беру кезінде жарамды болады.

37. Жер пайдалану құ­қығын бере-тін құ­жаттарды (актіні) әзірлеу кезінде аумақтық Ережелермен анықталған құ­рылыс салудың және басқа (іргелес) жер телімдерін пайдаланудың біріңғай шарттары мен шектеулері ескеріледі.

38. Үй жанындағы алаңдарда құ­­рылыс салу және қосалқы үй iргесi шаруашылығын жүргізу бойынша жал-пы талаптар Ережелермен белгіленеді.

39. Облыстық маңызы бар қалалар бойынша құ­рылыс салу ережесі (ары қарай аумақтық Ереже) қолданыстағы Ереже талаптарын есепке ала оты-рып әзірленеді және белгіленген тәр­тіпте бекітіледі. Аумақтық Ережелер экологиялық сараптамадан өтуі тиіс. Аудандар бойынша елді мекендердің аумақтарында құ­рылыс салудың об­лыстық Ережелері пайдаланылады.

40. Аумақтық ережелерде елді ме-кендер аумақтарының, оларда құ­ры­лыс салудың өзіне тән ерекшеліктерін, оларды дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламаларды, мәдени, тарихи, сәулет­қала құ­рылысы мұ­ра­ларының сақталуын және табиғи ланд­шафты ескеру туралы талаптар болуы тиіс.

41. Аумақтық ережелерде аумақ шектерін, ортаны қорғау аймақтары­ның шектерін және басқа да регла­ менттерді көрсете отырып, аумақтарды қала құ­рылысында пайдалану жоспар­ларын құ­растыру қажеттілігі қарасты­рылуы тиіс.

42. Аумақтық ережелерде тұ­рғын аудандарды жобалау және оларда құ­рылыс салу, жаңадан игерілген және қайта құ­рылған аумақтарды абаттан-дыру кезінде тұ­рғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар (үй­жайлар) мен құ­рылыстардың мүгедектер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жө­ніндегі талаптар қарастырылуы тиіс.

43. Аумақтықережелер Батыс Қазақстан облысы аумағында салы-нуы тиіс мемлекеттік (халықаралық) маңызы бар объектілер бойынша қала құ­рылысы, сәулет­құ­рылыс және басқа да жобалық (жобалық­сметалық) құ­жаттамаларды қарастыруды, келісуді және бекітуді көздейді.

44. Аумақтық ережелерде елді мекендер аумағында сәулет, қала құ­рылысы және құ­рылыс қызметін іске асыру барысында жергілікті ат­қарушы органдардың, заңды және жеке тұ­лғалардың мемлекеттік қала құ­рылысы кадастры (елді мекеннің аумақтары бойынша қала құ­рылысы регламенттері) мәліметтерін пайдала­нуының нұ­сқаулықтары болуы тиіс.

45. Аумақтық Ережелерде қала құ­­рылысы аймақтары шегінде құ­рылыс салу үшін аумақтарды функционалдық пайдаланудың және жер телімдерін басқалай пайдаланудың рұ­қсат етілген түрлерінің басымды және мүмкін бо­латын қала құ­рылысы регламенттерінің тізбесі келтірілуі тиіс.

46. Аумақтық Ережелерде қала құ­рылысы нысандарын орналастыру және оларды жобалау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді ұ­сыну мәселе­лерінің шешілу тәртібі белгіленеді.

47. Аумақтық Ережелер бекітілген-нен кейін тиісті бұ­қаралық ақпарат құ­ралдарында міндетті түрде жария­лануы тиіс.

48. Осы Ережелердің қолданылуы салдарынан заңды мүдделері бұ­зылған жағдайда жеке және заңды тұ­лғалар аумақтық Ережелер қағидаларынасот тәртібінде шағымдана алады.

5. Құрылыс мақсаттары үшін қала құрылысы құжаттарын жүзеге асыру

1. Жер телімдерін пайдаланудың талаптары

49. Елді мекендердің шектерінде-гі жерлерді пайдалану және қорғау Қазақстан Республикасының Жер Ко-дексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ликасындағы сәулет, қала құ­рылысы және құ­рылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тари-хи­мәдени мұ­ра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына және басқа да нормативтік құ­жаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Батыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының заңнама­ларында белгіленген тәртіппен осы мақсаттарға бөліп берілмеген жер те­лімдеріне салынған әр түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құ­рылыстардың немесе жобадан ауытқып салынған, сонымен қатар тиісті қажетті рұ­қсаттар алынбай салынған құ­рылысқа рұ­қсат етілмейді.

Құ­рылыс салу және жер телім-дерін пайдалану тек қала құ­рылысы регламенттеріне сәйкес әкімдіктер анықтаған және жер телімдерінің құ­қығын куәландыратын құ­жаттарда көрсетілген нысаналы мақсаттарына қатаң сәйкестікте рұ­қсат етіледі.

50. Жер телімдерін пайдалануға қойылатын қала құ­рылысы талаптары оларды құ­рылыс үшін ұ­сыну кезінде бекітілген қала құ­рылысы жобалау құ­жаттары негізінде анықталады: елді мекендердің бас жоспарлары, бірін-ші кезектегі құ­рылыстарды орналасу жобалары, егжей­тегжейлі жоспарлау жобаларының, құ­рылыс салу жобала-ры, өндірістік, рекреациялық және қор­ғау аймақтарын жоспарлау жобалары (сызбасы), ғимараттар мен кешендер­дің бас жоспарлары, абаттандыру мен көгалдандыру жобалары, аумақтарды жер­шаруашылық орналасу жоспар-лары және басқа да жобалау­сметалық құ­жаттар жобалары.

Тапсырыс берушінің (заңды және жеке тұ­лға) қаржысы есебінен орында­латын кешендерге секілді жекелеген нысандарға да орналастыруды негіздеу үшінбелгіленген тәртіпте егжей­тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес жұ­мыс жоспарын немесе құ­рылыс ауданының құ­рылыс салу жобасын әзірлеу қажет.

51. Жердi пайдалану кезiнде келесі экологиялық талаптар сақталуы қажет:

1) санитарлық­эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қол­дануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технология-ларды енгiзуi;

2) топырақтың ластануына, қоқыс­тануына, тозуына және құ­нарлылы­ғының төмендеуiне, сондай­ақ құ­нарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайлар­ды қоспағанда, басқа тұ­лғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құ­нарлы қабатын алуға жол бермеуi;

3) қалдықтарды жинақтау мен жо-юды олардың құ­зыретi шегiнде қор­шаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай­ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен ке­лiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы ор­гандардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.

52. Елді мекен аумақтарының қала құ­рылысы жобалары Ережелердің әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұ­ры­лымдар объектілерінің құ­рамы мен құ­рылымының ең төменгі қажетті нор-мативтік параметрлерге сәйкестігіне қойылатын талаптарды ескеруі тиіс, сондай­ақ мыналар көзделуі қажет:

1) аумақтарды абаттандыру, көгал­дандыру, инженерлік даярлау;

2) аумақтарға кешенді құ­рылыс са-луды;

3) халықтың әр түрлі әлеуметтік, демографиялық және кәсіби топтары мүдделерінің ескерілуін;

4) аумақтарға құ­рылыс салудың қала құ­рылысы регламенттерінің сақталуын;

5) қызмет көрсету саласындағы бә­секелі ортаны дамыту үшін қажетті жағ­дайларды.

53. Қолданыстағы үйлер мен құ­­

рылыстарды, жас көшеттерді кейіннен кәдеге жарату, сондай­ақ үйлер мен құ­рылыстардың, жер телімдерінің ие-леріне (пайдаланушыларына) келген шығынның орнын толтыру заңмен бел-гіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

54. Жер телімдерінің пайдаланылу мақсаттарының өзгеруіне байланысты оларды жоспарлауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысаналы мақсатының өзгеруі тәртібін қатаң сақтай отырып осы жер телімдерінің иелері немесе пайдаланушылары жүзеге асырады.

Үй иелері немесе пайдаланушы-лары жеке жер телімін жоспарлауды, онда үйлер мен құ­рылыстарды салуды оған тікелей жапсарласатын басқа да жер телімдері, үйлер мен құ­рылыстар иелерінің немесе пайдаланушылары­ның мүдделерін есепке ала отырып жүзеге асырады.

55. Құ­рылыс объектісін орналасты-ру мүмкіндігін белгілеу қала құ­рылысы құ­жаттамаларына (бас жоспарға, ег-жей­тегжейлі жоспарлау жобаларына, құ­рылыс салу немесе кварталдарды, шағын аудандарды қайта құ­ру жобасы-на) сәйкес сәулет және қала құ­рылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның құ­зырына жатады жән аумақты инженерлік даярлау, абаттан-дыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет­жоспарлау тап-сырмасын берумен бірге жүргізіледі.

56. Жергілікті атқарушы орган Қа­зақстан Республикасының «Мемлекет-тік сатып алу туралы» Заңына сәйкес елді мекендердің инженерлік­көліктік және әлеуметтік инфрақұ­рылымын дамытуға тапсырыс берушілердің қа­ражаттарын тарту, соның ішінде кон-курстар, тендерлер өткізу арқылы елді мекендердің инженерлік­көліктік және әлеуметтік инфрақұ­рылымын дамытуға тартылатын тапсырыс берушілер қара­жаттарының шекті мөлшерін белгілеу тәртібін бекітеді.

57. Нысанды қолданыстағы құ­ры­лыстары бар немесе олардың бос алаңдарына орналастырған кезде Ере-желер мен бекітілген қала құ­рылысы құ­жаттамалары болмаған жағдайда, тапсырыс беруші қала құ­рылысы негіз-демесін жасайды, ол нобайлық жоба-мен бірлестірілуі мүмкін.

58. Қала құ­рылысы негіздемесін әзірлеудің қажеттігін, мақсатын, оның материалдарының тиісті көлемдерін сәулет және қала құ­рылысы жергілікті атқарушы органының келісімі бойын-шажергілікті атқарушы орган немесе тапсырыс беруші анықтайды.

2. Жобаларды әзірлеу үшін бастапқы рұқсат беру құжаттарының негізгі

тізбесі59. Жобаны әзірлеу мына негізде

жүзеге асырылады:1) аумақты оның шектерінде пай-

далану және жоспарланған нысанның мақсаты жөніндегі регламенттерді қоса алғанда, жер телімін беру (кесіп беру) немесе өтініш берушінің қолда бар телімдеріне көзделген нысанды салу үшін пайдалануға рұ­қсат беру-туралы жергілікті атқарушы органдар шешімінің;

2) жобалау және құ­рылыс үшін қажетті құ­рылыс алаңдарындағы (жер телімі және инженерлік коммуника-цияларды жүргізу (ауыстыру) трасса-лары шегінде) инженерлік іздеулер материалдарының;

3) аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет және қала құ­рылысы жергілікті атқарушы органының сәулет­жоспарлау тапсыр­маларының;

4) иженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылудың техникалық шарттарының;

5) бекітілген жобалау (жобалық құ­жаттаманы әзірлеу) тапсырмасының.

Қажет болған жағдайларда өтініш беруші құ­рамы мен көлемдері мемле-кеттік нормативтік құ­жаттармен белгі-

ленетін қосымша бастапқы материал-дарды (деректерді) қоса береді.

Аталған бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу мен беру тегін жүргізіледі.

Жобалау тапсырмасын құ­растыру, келісу және бекіту, сондай­ақ жоба-ларды (жобалау алдындағы немесе жобалық­сметалық құ­жаттаманы) әзір­леу тәртібі мен олардың құ­рамын мем-лекеттік құ­рылыс нормалары мен ере-желері анықтайды.

60. Техникалық­экономикалық не-гіздемелер мен жобалық­сметалық құ­­жаттамаларды әзірлемес бұ­рын тиісті салалық басқармалар технологиялық жабдықтарының тізбесін жасақтап, бекітуі қажет.

3. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

61. Нысан құ­рылысын іске асы­руға ниетті тапсырыс беруші, жер заңнамаларына сәйкес аудандық (қа­ лалық) жергілікті атқарушы органда-рынан сол нысан құ­рылысы үшін жер телімін беру туралы шешім (құ­қық бел-гілеуші құ­жат) алуға міндетті.

Нысандар құ­рылысына жер телім-дерін ұ­сынуды жергілікті атқарушы органдар белгіленген заңнамалық тәр­тіпте жүзеге асырады.

Бұ­л тәртіпке тапсырысшыға меншiк құ­қығымен тиесiлi жеке үй жанында­ғы, саяжай, бау­бақша телімдерiндегі уақытша құ­рылыстар, шаруашылық­тұ­рмыстық құ­рылыстар және абат-тандыру элементтерiн, сондай­ақ тап-сырысшы жер пайдалану құ­қығында пайдаланатын телімдердегі (аумақ­тардағы) маусымдық жұ­мыстар мен мал шаруашылығына арналған тұ­рғын және тұ­рмыстық үй­жайлар салу қо­сылмайды.

62. Нысандардың құ­рылысына арналған жер телімдерін таңдауды қоршаған ортаны қорғау, санитарлық­эпидемиологиялық қадағалау саласын­дағы уәкілетті органның қатысуымен жер қатынастарын басқару орган­дарымен бірлесе отырыпжәне бас жоспарға, егжей­тегжейлі жоспарлау жобасына және басқа да қала құ­ры­лысы құ­жаттары мен регламенттеріне қатаң сәйкестікте сәулет, қала құ­рылы­сы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органжүзеге асырылады.

63. Құ­рылыс салу үшін жер телімін беру немесе оның нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулының жобасы мына уәкілетті органдар комиссияларының қорытындысы негізінде әзірленеді:

сәулет, қала құ­рылысы істері жө­ніндегі;

жер қатынастары жөніндегі;санитарлық­эпидемиологиялық

қызмет;қоршаған ортаны қорғау саласын­

дағы;мәдени мұ­ра ескерткіштерін қорғау;жол полициясы;автомобиль жолдары қызметі (жол

шаруалығы жерлерінде орналасқан ны-сандар үшін);

және жер телімдерін бөліп беру және орналастырылатын нысандарды инженерлік қамтамасыз ету шарттарын анықтайтын басқа да кәсіпорындар, ұ­йымдар, мекемелер.

64. Нысан құ­рылысының кешен-ді қорытындысы мен қаулы жобасын сәулет және қала құ­рылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган дайындайды.

Ол үшін ұ­сынылған құ­жаттарды осы Ереженің 63­тармағында көрсетілген уәкілетті органдар өкілдерімен келі-су үшін жергілікті сәулет және қала құ­рылысы органдарында біріңғай күн белгіленеді (аптасына бір реттен кем емес).

65. Көрсетілген талаптар жер телім-дері құ­қығының басқа тұ­лғаларға өту жағдайында да сақталады.

66. Жер телімдеріне жеке меншік немесе ұ­зақ мерзімді жалға алу құ­қығы бар заңды тұ­лға оны игеруді жергілікті атқарушы органның қаулысына және қала құ­рылысы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.

ҚАулы-ҚАРАР

(Жалғасы бар)

(Жалғасы. Басы 19-бетте)

шАРАйнАСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

[email protected]

Сталин атасынан аумай қалған

Меккеде қасиетті Қағбаның құлпы ауысты-рылды. 750 сынамалы саф алтыннан құйылған жаңа құлыптың бұрынғысынан айырмашылығы да таза ал-тыннан соғылғаны екен.

Сауд Арабиясы королінің қаржысына жасалған алтын құ­­лыпты Мекке қаласының әкімі Ха-лед Аль­Фейсаль салтанатты түрде есікке ілді. Ал құ­лыптың кілті шейх Абдул Кадиру аш­Шайбиге берілді. Оның әулеті Қағбаның есігін аша-тын кілтті XV ғасырдан бері сақтап

келеді. «Қағбаның құ­лыбы соңғы 60 жылда бірінші рет ауыстырылып тұ­р. Кілт қолдан тоқылған арнайы сөмкеге салынып, ең қауіпсіз жер-де сақталады. Тарихқа үңілсек, Ис-лам халифаты уақытында Қағбаның кілті бір рет ұ­рланып, табылды», – дейді шейх. Биыл Меккеге 6 млн.­нан астам мұ­сылман барған. Қасиетті жерге тәу етушілер саны жыл сайын 10­20 пайызға көбейіп отыр.

Қағбаның алтын құлпы

Ол – Сталиннің ұ­лы Василий мен Галина Бурдонскаяның баласы. Александр 40 жылдан бері Ресей армиясының орталық театрында қызмет істейді. Ол жақында сырт келбетін өзгертіпті, яғни мойнына

шәлі орап, көзіне қара көзілдірік киіпті. Сақал­мұ­рт қойған оны «Атасына қатты ұ­қсап кетті» дей-ді әріптестері. «Менің атам XX ға­сырдың ең ұ­лы тұ­лғасы болды», –

71 жастағы танымал режиссер Александр Бурдон-

ский – Сталиннің тікелей немересі.

дейді ол. Және ол осы пікіріне жұ­рттың бәрі қосылады деп ой-лайды екен...

Тәуелсіздікке тартуАлматы облысы Көксу ауданының 76 жастағы

тұрғыны Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар

кітабына енді.

Әлемдік рекорд жасау үшін оған бар болғаны жарты сағат кетіпті. Ол жарты сағат ішінде 10 келі гір тасын 750 рет көтерген. Ресейдің Архангельск қаласында өткен 400 адам қатысқан күшті­лер жарысында Әмірбайдың 4 қарсыласы болған.

­ Бұ­л жеңіске мен жылдар бойы дайындалдым. Бұ­л жеңісімді Ұлы мәртебелі Тәуелсіздік мерекесіне тарту етемін. Еліміздің чем-пиондары қазақ елін әлемге таныта берсін, – дейді ол.

Қайыршы ма,бАй мА?Болгарияның Баилово

деревнясының тұрғыны, 98 жастағы қайыршы Добри қарт Софиядағы Александр Невский соборының қасында қайыр сұрап тұрады.

Ол күн сайын ерте тұ­рып 10 шақырым қалаға жаяу жүріп келеді. Собор туралы дерек-ті фильм түсірген журналист қызық жайға тап болыпты. Добри қайыршы соборға 40 мың еуро сыйға тартыпты. Бұ­л собор собор болғалы жеке адамнан түскен ең қомақты қаржы көрінеді. Ақшаның көшеде алақан жайып, қайыр сұ­рап жүрген қайыршыдан түскені баршаны қатты таң­ғалдырған.

Жақында Алманияның 95 жастағы

тұрғыны Маргот Воелк Гитлердің

тамағын дегустация жасағанын айтты.

Ол бұ­л құ­пияны алпыс жылдан астам уақыт жасырып келген. Оның айтуынша, екі жыл бойы Гитлердің ішетін асының дәмін татып келгенін оның күйеуі де білмепті. Ал күйеуі Гитлердің төңірегінде қызметте болған. Воелктің міндеті тамақтың уланған­уланбағанын тексеру болған. Бүгінде Польша жеріндегі, соғыс жылдарындағы Гитлердің «қасқыр қоймасында» одан басқа 14 адам қызмет істеген. «Әр атқан таң біз үшін ең соңғы болуы ықтимал­ды. Өйткені оның тамағына кез келген уақытта у салуы мүмкін еді» дейді кемпір.

Ажал күткен азапты жылдар

Дайындаған Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ

Жыл жетістіктері

хАбАР-ошАРСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл

[email protected]

Жаңақала ауданы Айдархан ауылын-да туып­өскен аяулы қызымыз, қымбатты бауырымыз Дания Ерғалиқызы Бисе­нованың дүниеден озғанына 5 жыл бо-луына орай сағына еске аламыз.

Көзіміз жетті дүниенің жалғанынаНе істейміз тағдырдың салғанынаКүйінеміз қатыгез сұ­м ажалдың,Ортамыздан тым ерте алғанына.Қызымыз жатқан жерің жарық болсын!Сен біздің жұ­дырықтай жүректесің, Жәннатта боп, топырағың торқа болсын!

Сағына еске алушылар: анасы Мубина және бауырлары

«ҚазИИТУ» ғылыми­білім кешенінің әкімшілігі мен ұ­жымы Ба-тыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайда-лануды реттеу басқармасының басшысы Аманкелді Медхатұ­лы Дәулетжановқа апасы

Баянныңқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

“Орал өңірі” газеті редакциясының ұ­жымы М.Өтемісов атындағы БҚМУ­дың аға оқытушысы Балдай Ходжановаға інісі

Қайырханныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандан­дырылған мектеп­интернат» мемлекеттік мекемесі азаматтық

қызметкерлерге бос орынға конкурс жариялайды:

1. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұ­ғалімі – 1 бірлік2. Кітапханашы (жүктілікке және босануға байланысты демалысқа

шыққан негізгі қызметкердің орнына) – 1 бірлікҮміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Жоғары кәсіби білімі2. Жұ­мыс өтілі – 3­5 жыл3. Біліктілік санатының болуы4. Компьютермен жұ­мыс істеу дағдысыҚажетті құ­жаттар хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күнде

мына мекенжайға тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Жданов көшесі, 7/1, «Ремзавод» аялдамасы, тел.: 28­48­07.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аман-келді Медхатұ­лы Дәулетжановқа сүйікті апасы

Баянныңұ­заққа созылған науқастан қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

БҚО МАЭ сотының шешімдерімен 14.11.13 ж. «Жангирхан» ЖШС (БҚО, Орал қ., Ярославская к., 12­үй, 86­п. БСН 060940008917, ЗТ, мем. тіркеу куәлігі 6978­1926­ЖШС б.к. 27.09.2006 ж.), 01.08.2013 ж. «УралАвтоЭкс-пресс» ЖШС (БҚО, Орал қ., Құ­рманғазы к., 121­үй, 14­п. ЖСН 270100240500, ЗТ мем. тіркеу куәлігі 7332­1926­ЖШС, б.к. 16.10.2008 ж.), 06.05.2013 ж. «Истрем НС» (БҚО, Теректі ауданы, Федоров с., Юбилейный к., 16­үй, БСН 051040009014, ЗТ мем. тіркеу куәлігі 20­ю­1926­14, б.к. 21.09.2010 ж.) банк-роттар деп танылды. Талап­шағымдар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 19­үй, 92­пәтер мекенжайы бойынша қабылданады. Тел.: 8 (7112) 50­02­73, 87015215113.

Турнирде Ақжайық, Бөрлі, Жә­нібек, Зеленов, Қазталов, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары-нан және «Жекпе­жек» ОРМБЖМ және №4 БЖСМ­дан келген 167 жасөспірім бақ сынасты. Нәти­жесінде 26 келі салмақта Қазталов ауданынан Сенім Сейітқалиев, 29 келі салмақта №4 БЖСМ­дан Ер-назар Ермеков, 32 келі салмақта Теректіден келген Дәурен Орал-баев, 35 келі салмақта бөрлілік

Данияр Абаев, 38 келі салмақта Сырым ауданынан келген Бейба-рыс Нұ­ралиев, 42 келіде жәнібектік Бекзат Мұ­саев, 46 келіде жәнібектік Бекзат Нығметов, 50 келі салмақта Сырым ауданынан келген Мирас Ерболатов, 55 келіде №4 БЖСМ­дан Бахтияр Якубов, 55 келіден жоғары салмақта №4 БЖСМ­дан Шыңғыс Қаржау жеңімпаз атанды.

Өз тілшіміз

Дзюдо додасындаЖаңа жыл мерекесіне орай Орал қаласында

2001-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен ашық облыстық турнир өтті.

«Әмбебап полицей» көпшілік көңілінен шығуда

БҚО ІІД-де аталмыш департамент жанындағы қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы соңғы отырысы өтті.

Жиынды ашқан қоғамдық ке­ңес төрағасы Қазыбай Бозымов осы кеңес құ­рамында болған сам­ бо күресінен төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров­ тың БҚО ІІД штатына қабылда­нуына байланысты ережеге сәй­ кес мүшеліктен шығарылғанын мәлімдеді. Оның орнына М.Өте­ місов атындағы БҚМУ ректоры­ның кеңесшісі Тұ­яқбай Рысбеков бекітілді.

БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының мін-детін атқарушы Мүсілім Жәрде­ мов «Әмбебап полицей» жоба­ сының жүзеге асу барысы жөнін­ де баяндады. «Патрульдік және жол полициясы қызметкерлерін біріктіру бұ­л қосымша штатсыз, қаражатсыз, ішкі қор есебінен патрульдік экипаждардың санын екі есе арттыруға, олардың оқи­ ға орнына тез жетуіне, адамдарға шұ­ғыл көмек көрсетуге мүмкін­ дік береді, ­ деді ол. ­ Жаңадан құ­рылған жол­патрульдік поли­ циясының бірінші батальоны қа­ ла көшелеріндегі бұ­зақылықтар­ды болдырмай, тұ­рғындардың алаңсыз демалуына жағдай жа­ сап, жолдағы көлік кептелісін рет­ теп, көшедегі қылмыстарды ізін суытпай ашуы тиіс. Ал екінші

батальон қала сыртындағы авто­ трассаларда және «Шеп» жүйесі­нің стационарлық бекеттерінде қызмет атқарады. Бүгінгі күні облысымыздағы «әмбебап поли­цейлердің» саны 418 бірлікті құ­­ райды. Оның 237­сі Орал қала­лық ішкі істер басқармасы ба­ тальонында, 151­і БҚО ІІД әкім­шілік полиция басқармасы жа­нындағы батальонда, 30­ы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің взводында.

«Әмбебап полицей» жобасы іске асырылған сәттен бері 2147 рет шақырту түсіп, 13 мың әкімшілік құ­қық бұ­зушылықтың жолы кесілді. Екі мыңнан аса қо­ ғамдық тәртіпті бұ­зушы есепке қойылды. Көшеден 400 бұ­зақы, 390 қаңғыбас, 2630 маскүнем ұ­сталды. 116 көше қылмысы ашы­ лып, берілген бағдарлар бойын­ ша 80 автокөлік, 215 мас жүргі­ зуші, іздеуде жүрген 6 қылмыс­кер, қылмыс жасаған 130 адам құ­рықталып, жолдағы 34 көлік

кептелісі реттелді. Міне, осы жұ­­ мыстарға байланысты ағымдағы жылдың қараша айында қоғам­ дық орындардағы қылмыс 8 пайызға, көшедегі қылмыс 11,4 пайызға, жол апаты 6 пайызға азайып отыр.

Жол­патрульдік полицияның барлық қызметкері тиімділігі жо­ ғары радиостанциямен қамтама­сыз етілді. Облыстық әкімдіктің және мәслихаттың қолдауымен облыстық бюджеттен қаражат бө­лініп, салонының ішіне де, сыр-тына да бейне және аудиожазба жүйесі орнатылған «Шкода» мар-калы 30 жаңа автокөлік беріл-ді. Ал 16,5 млн. теңгеге сатылып алынған «Автоураган» кешені екі ай мерзім ішінде мемлекет-тік борышкерлерді, айыппұ­л тө­леуден жалтарып жүргендерді анықтау кезінде мемлекетке 6 млн. теңгеден астам кіріс кіргізді».

Жиын соңында қоғамдық ке­ңестің келер жылға арналған жұ­­мыс жоспары бекітілді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»

«Шаңырақтың» шаттығы«Шаңырақ»

жасөспірімдер үйінде шыршатой ұйымдастырылып, балаларды құттықтауға Аяз ата, Ақшақармен бірге қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер барды.

Бүгінде «Шаңырақ» үйін сәбилі 27 жас отбасы мен жалғыз басты 12 ананың пана-лап отырған жайы бар. Олардың алпыс шақты бөбегіне шыршатой өткізуге депутат Асқар Лекеров, жеке кәсіпкер Алексей Попов, «Земэнергосервис» ЖШС, «Нұ­р» ба­ лалар үйі мен мектеп­интернат­

нұрлыбек РАХМАнОВ,«Орал өңірі»

тары түлектерінің батысқазақстан­дық одағы» қоғамдық бірлестігі демеуші болғанын, шараның әде­мі өтуіне «Жас ұ­рпақ» әлеуметтік даму орталығы барынша еңбек­тенгенін айта кеткен жөн.

Үйдің кіреберісіне әсем бе-зендірілген шырша қойылып, ба­

лалар түрлі ертегі кейіпкері бо­ лып киініп, әжептәуір дайындал­ған. Олардың өнерін тамашала­ ған Аяз ата сыйлығын үлестіріп, игі тілегін арнады. Ата­аналар ба­лаларының есінде ұ­зақ сақталар кеш үшін жомарт жандарға ал­ғыстарын жаудырды.

Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл23

[email protected]

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16042, 6 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редакторлар: Т.кЕнжЕғАЛиЕВ, н.РАХМАнОВ

Меншік иесі: «жайық Пресс» жШС

Бас директоржантас набиоллаұлы САФУЛЛин

Бас редактор Бауыржан ғҰБАЙДУЛЛин Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

МЕнШІкТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес жАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,нұрымбек жАПАҚОВ (жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік жҰМАғАЛиЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Тоқтар кЕнжЕғАЛиЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБжАнОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),нұрлыбек РАХМАнОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

2013 жылғы қаңтар­қа­ рашада орындалған құ­ры­ лыс жұ­мыстарының көлемі 51,1 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың қаңтар­қараша деңгейіне 102,4 пайызды құ­рады.

Ағымдағы жылдың 11 айында 1663 жа­ ңа ғимарат, оның ішінде 1462 тұ­рғын үй және 201 тұ­рғын үйге жатпайтын ғи­мараттар пайдалануға берілді.

Осы мерзімде тұ­рғын үй құ­рылысына 12,2 млрд. теңге инвестиция бағыттал­ған, бұ­л 2012 жылдың сәйкесті кезеңінен 1,8 пайызға көп. Пайдалануға берілген тұ­рғын үйлердің жалпы алаңы 225,5 мың шаршы метрді құ­рады.

Өтпелі жылдағы 1 желтоқсанға дейін жұ­ртшылық қаражаты есебінен 159,5 мың шаршы метр тұ­рғын үйлер, республика­ лық бюджет қаражаты есебінен 25 мың шаршы метр кредиттік тұ­рғын үйлер және 25,4 мың шаршы метр арендалық коммуналдық үйлер, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 14,1 мың шаршы метр коммерциялық тұ­рғын үйлер мен (1,5 мың шаршы метр) жұ­мысшыларға арналған жатақханалар салынды.

Іске қосылған тұ­рғын үйлердің көбеюі Бөрлі, Қазталов және Қаратөбе аудан­

дарынан басқа барлық аудан-дарда және Орал қала­

сында байқалады.

Құрылыс қарқыны

Бөлшек саудадағы нақты көлем

2013 жылғы қаңтар­қарашада жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 151,7 млрд. теңге құ­рады, оның ішінде сауда кәсіпорындарымен 67,0 млрд. тең­геге, базарлардағы сатушылар және сау­да нысандары бар жеке кәсіпкерлермен 84,7 млрд. теңгеге тұ­тыну тауарлары са-тылды. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағамен нақты көлем индексі 124,5%­ды құ­рады.

Ірі және орта кәсіпорындармен 38,8 млрд. теңге (25,6%) сомасында тауарлар сатылды, шағын кәсіпорындармен 28,1 млрд. теңге (18,5%), жеке кәсіпкерлермен 59,6 млрд. теңге (39,3%), базарларда 25,2

млрд. теңге (16,6%).Бөлшек сауда құ­рылымында

азық­түлік емес тауар-лар басым (62%).

Қараша айындағы орташа жалақы –98 536 теңге

Қараша айының соңында қызым Жаннаттың жол­көлік оқиғасына ұ­шы­рауы бәрімізге ауыр соққы болды. Қы­ зымды облыстық клиникалық ауруха­наға жеткізген кезде, құ­рақ ұ­ша жүгіріп, өлім мен өмір арасында жатқан адам­ ның асты­үстіне түсіп, ем­домының бар­лығын жасап, бүгінде бетін бері қарат­ қан ақ халатты абзал жандарға аналық үлкен жүрекпен шын алғысымды білді­ ремін. Олар осы клиниканың бас дәрі­

герінің орынбасары Жұ­мабек Жәдігер­ ұ­лы Шайхиев, жансақтау бөлімінің мең­герушісі Виктор Петрович Ширяев, трав-матология бөлімінің меңгерушісі Серік Оразбайұ­лы Қарекенов, дәрігерлер Азамат Тұ­рарбекұ­лы Мантбеков, Крис­ тина Юреевна Барсигиян, аға медбике Жұ­пар Серікқызы және медбике Нұ­р­ сәуле Сәрсенбаева болатын. Адам өмі­ рін сақтап қалу үшін бар ынта­жігер­лерімен күресіп, өздерінің біліктілігін,

білімдерін көрсете білген жансақтау бөлімінің барлық қызметкерлеріне от-бастарына амандық, еңбектеріне сәтті­ лік тілеймін. Баршаңызға келе жатқан Жаңа жыл құ­т­береке, ырыс алып келсін.

жаннат Шәкірованың анасы Тойған жҰМАғАЗиЕВА,

Орал қаласы

Басты жеңісі ­ «Батыс Қазақстан облы-сы жастар қауымдастығы» заңды тұ­лға­ лар бірлестігі белгілеген «Жыл үздігі ­ 2013» байқауында «Үздік жас тілші» ата­ лымын жеңіп алуы.

Оған дейін қараша айында Астана аспа-нын дүрілдеткен шығармашыл жастардың XVI «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатысып, «Үздік әдеби шығарма» аталы-мы бойынша дипломант атанып, олжалы оралған болатын.

Сондай­ақ облыстық дін істері, жастар саясаты мәселелері басқармалары, «Жа­йық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы бір-лесе ұ­йымдастырған жастар арасында­ ғы «Замандасқа айтарым бар...» шығарма­шылық байқауында алғысхатқа ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы, әңгіме жазуды жаны сүйетін Айнұ­рдың проза саласында қол жеткізген табыстары аз емес. 2011 жылы облыстық жастар шығармашылығы орталығы өткізген «Дала дарындары» байқауының көркем

проза жанры бойынша ІІІ орын, 2012 жылы «Жайық Пресс» ЖШС ұ­йымдастырған «Тіл-ші болғың келсе...» байқауының ІІІ орын ие-гері атанды.

Әңгімелері Ақұ­штап Бақтыгерееваның рецензиясымен «Сырымның сыршылда-ры» атты жинаққа енген, сонымен қатар әңгімелері мен мақалалары облыстық «Орал өңірі», «Жайық үні», «Жастар жа­ нары» газеттерінде, жастардың респуб­ликалық әдеби­мәдени, қоғамдық­саяси «Үркер» журналында жарияланып жүр. Ал балаларға арналған өлең, жұ­мбақ, ер-тігілері республикалық әдеби­сазды «Зе-рек Ботақан» альманахында жарық көріп, редакция алқасына қабылданды.

­ Қаламымнан туған дүниемнің көп іші-нен суырылып үздік деп танылып жатқа­нын тамшыдай ғана еңбектің еленгені деп білемін. Жылқы жылы баршаға жақсылығы мен берекетін ала келсін! – дейді «Жылдың үздік жас тілшісі».

Айгүл АХМЕТОВА

«Жылдың үздік

жас тілшісі»Санаулы сағаттардан кейін тарих

қойнауына енгелі тұрған Жылан жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы студент-тік «Заңғар» газетінің тілшісі Айнұр Базарова үшін жемісті де жеңісті жыл болды.

Салтанаты жарасқан

Саз мектебінің директоры Айман Ора­залинаға жаңа мектептің кілті ұ­сынылды. Содан соң көпшілік ғимараттың ішіне енді. Сапалы жұ­мыстың нәтижесіне ризалықта шек болған жоқ. Ғимараттың іші­сырты­на сай. Түрлі сабақ өткізуге арналған бөл­мелер, би, салтанат залы бар.

Соңғы жылдары жақсы нәтижеге ие болып жүрген ұ­жымға бұ­л ғажайып жаңа­

жылдық тарту болды. Жиналғандарға ұ­жымның шағын концерті көрсетіліп, кел-гендер әр сыныпты аралап шықты. Ел Пре-зиденті Н.Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгеніндей, өнерге қолдау мен бала болашағына деген қамқорлық осылай бол-са керек.

Адақ ТАнАБАЙҰЛЫ,Шыңғырлау ауданы

Жаңа жыл қарсаңында аудан тұрғындары тағы да бір жақсылыққа куә болды. Жаңадан салынған саз мектебі пайдалануға беріліп, ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Алдияр Халелов, зейнеткер ұстаз Б.Сапаров және басқалары сөз сөйледі. Лента қию рәсімін әкіммен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Сүйеу Игилманов атқарды.

Алғысым шексіз

2013 жылдың қараша айында бір қызметкер­дің орташа айлық атаулы жалақысы 98536 теңгені құ­рады және өткен жыл­дың сәйкесті айымен салыстырғанда 11,8%­ға, нақты көріністе 4,8%­ға өсті.

Жоғары еңбекақы дең­ гейі өнеркәсіпте 201,5 мың теңге (орташа об­лыстық деңгейден 2 есе-ге артық), әкімшілік жә­ не қосалқы қызмет көр­ сету саласында 141,0 мың теңге және құ­рылыста 139,3 мың теңге (1,4 есеге), қаржы және сақ­тандыру қызметінде ­ 120,9 мың теңге (1,2 есе-ге), ақпарат және байла-ныс саласында 110,2 мың теңге (1,1 есеге), кәсіби, ғылыми және техника­лық қызметте 103,7 мың теңге (5,3%­ға) және кө­ лік және қоймалауда 102,7 мың теңге (4,2%­ға) байқалады.

Ең төменгі еңбекақы деңгейі өнер, ойын­са­ уық және демалыс сала-сында байқалады, мұ­н­ да орташа жалақы ор­та облыстық деңгейдің 54,6%­ын құ­райды.

дАлА-ҚАлА

кеРуен САРАйСейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл24 [email protected]

Құттықтаймыз!

ҚПО «Парыз» күміс сыйлығын иелендіАСТАНА, Қазақстан, 20 желтоқсан 2013 жылы Тәуелсіздік сарайында өткен

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз - 2013» республикалық байқауын қорытындылауға арналған салтанатты шарада «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» (ҚПО) компаниясы «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында күміс сыйлық иеленді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер­министр, Үкімет мүше­лері және өзге де ресми тұ­лға­ лар қатысты.

ҚПО компания серіктестері мен облыс әкімдігінің қолдауына сүйене отырып, компания қызмет­керлерінің көпшілігінің тұ­рғылық­ты мекені саналатын Батыс Қа­зақстан облысының (БҚО) және кен орнын жағалай орналасқан елді мекендер тұ­рғындарының тұ­рмыс жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосу арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің озық үлгісі болуға тырысады.

ҚПО «Парыз» күміс сыйлығын Орал қаласында жалпы білім бе-

ретін мектеп құ­рылысы бойынша әлеуметтік жобаны жүзеге асыр­ғаны үшін иеленді. Мектеп ғима­раты 1200 оқушыны қамти алатын бір кешенге біріктірілген үш қа­баттан және бес блоктан тұ­рады. Мектеп түгелдей жасақталған жә­не сапалы білім алу үшін қажетті­ нің бәрі бар: еңбек сабағын өткі­ зуге арналған шеберхана, меди­циналық қызметкердің бөлмесі, кітапхана, тіл сыныптары, АӘД са­ бақтарын өткізу үшін арнайы жаб­дықталған бөлме, асхана және басқа да арнайы ғимараттар.

ҚПО жыл сайын облыс аумағын­да бірнеше ірі әлеуметтік жобалар-ды жүзеге асырады. Нысандардың тізімі мен басымдылығын облыс

басшылығы анықтайды. ҚПО­ның әлеуметтік бағдарламаларының негізгі бағыты – денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт ны­сандарының құ­рылысын жүргізу. ҚПО­ның барлық әлеуметтік ны­сандарының құ­рылысы тек қана қазақстандық мердігерлердің кү­шімен салынып келеді.

Атап айтарлығы, 2012­2013 ж.ж. аралығында «100 мектеп, 100 ау­рухана» мемлекеттік бағдарлама­сы аясында ҚПО­ның қатысуымен бес жаңа мектеп салынды. Олар­дың біреуі Орал қаласында, ал қалған төртеуі шалғай аудандар-да Ақжайық ауданының Ақсуат ауылында, Қаратөбе ауданының Үшағаш ауылында, Теректі ауда­

нының Көнеккеткен ауылында және Ақжайық ауданының Сай­құ­дық ауылында.

Сонымен қатар ҚПО қаражаты есебінен Орал қаласында бала­бақша салынды, жолдар салынды және жөнделді, Бөрлі ауданының Успенов ауылындағы мектеп күр­ делі жөндеуден өткізілді. Березов және Успенов ауылдарындағы су-мен жабдықтау жүйелеріне күр­ делі жөндеу жасалып, Бөрлі ауда­нының Жарсуат ауылындағы және т.б мектеп шеберханалары да күр­делі жөндеуден өтті.

Бұ­дан бұ­рын ҚПО Орал қала­сындағы салтанат үйінің, Бөкей ор-дасы ауданының шалғайдағы Би­ сен ауылындағы отбасылық­дәрі­герлік амбулаторияның, Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауы­ лында мәдениет үйінің және Шың­ ғырлау ауданы Шыңғырлау ауы­лындағы музыкалық мектептің құ­рылысын аяқтады.

ҚПО­ның бас директоры Дамиа­но Раттидің мәлімдеуінше, атал-

мыш әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру ҚПО мен Батыс Қазақстан облысы басшылығының арасын-да қалыптасқан жемісті әріптестік пен серіктестік қарым­қатынастар арқасында мүмкін болды.

«Парыз» күміс сыйлығын иеленуге қатысты ойын білдірген Дамиано Ратти: «Біз үшін бұ­л сыйлық – ай­ мақтың әлеуметтік инфрақұ­рылы­ мын дамытуға қосқан үлесі үшін компанияға берілген жоғары ба­ ға. Жоғары өндірістік көрсеткіш­терге қол жеткізумен қатар ҚПО Қарашығанақ кен орнынан игеріл­ ген байлықты аймақ тұ­рғындары мен жалпы Қазақстан Республи­касының игілігі үшін жұ­мсауға мүдделілік танытады», ­ деді.

1998 жылдан бастап ҚПО­ның әлеуметтік салаға салған инвести­циясының жалпы көлемі 565 мил­ лион АҚШ долларынан асып түс­ті, оның ішінде 2011 жылдың со­ ңында пайдалануға берілген «Қа­рашығанақ­Орал» газ құ­бырының да құ­рылысы бар.

Жаңақала ауданы Бірлік ауы­ лының тұ­рғыны, аяулы анамыз Қаным Қайнықызы КАМИЛА­ШОВАНЫ 80 жасқа, Айтпай елді мекенінің тұ­рғыны, сүйікті анамыз Меруерт АЙБАТҚАЛИЕВАНЫ 74 жасымен және Бірлік ауылы тұ­рғыны, ініміз Ерсайын Салмен­ұлы КАМИЛАШОВТЫ қамал бұ­­зар 40 жасымен құ­ттықтаймыз!

Жаңа жылда жаңа табыс, шат көңіл, отбасы бірлігін тілейміз.

Мереке күн нұ­рға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.Бала­шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман­есен жүріңіз.Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.Мың жасап үрім­бұ­тақ ортасында,Мәңгілік үстем болсын мәртебеңіз.

Шын жүректен құттықтаушылар: бала-

келініңіз, қыз-күйеу балаңыз Абай-Алмагүл, немере-жиендеріңіз

Елнұр, Айнара, Алтынай-Арман, Рустам, жоламан-Мөлдір, Хамза

«Парасат» орденінің иегері, доктор, профессор, академик, облыстық мәсли­ хаттың депутаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универси­тетінің құ­рметті ректоры Асхат Сәлім­ұлы ИМАНҒАЛИЕВ!

Сіз басқарған ұ­жымды, сізді Жаңа жылмен шын жүректен құ­ттықтаймын. Айналайындар, алдарыңнан ақ күн ту-сын. Айдарымыз да, айбарымыз да болып жүре беріңіздер. Ақ тілегім періштенің құ­лағына шалынып, пайғамбарымыз қош көріп, Алла Тағала қабыл етсін. Дендеріңізге саулық, еңбектері­ ңізге береке, отбасыларыңызға мереке әкелсін. Әумин!

Қала ақсақалы Асқар Әбубәкіров

Теректі ауданы Ақжайық ауылының құ­рметті тұ­рғыны, ардақты да аяулы анамыз, немере­жиендерінің сүйікті әжесі Қапиза Құспанқызы МАМБЕТОВАНЫ 1 қаңтар күні 80­нің сеңгіріне шыққан жасымен шын жүректен құ­ттықтаймыз!

Әрқашан Алланың назарында, ба­ қыттың базарында шалқып, тасып жүре беріңіз. Сізге сарқылмайтын денсаулық, ұ­зақ ғұ­мыр, таусылмайтын бақыт тілей отырып, ұ­рпақтарыңыздың қызығы мен қуанышына, олардың сүйіспеншілігіне

бөлене беріңіз деген ниетімізді білдіреміз.

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,Бақыт құ­сы самғасын сізге қарай.Сексеннің асуынан еркін асып, Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай.

Құттықтаушылар: ұл-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немере-жиендеріңіз, шөберелеріңіз

Ақжайық ауданы Бесоба ауы­ лының тұ­рғыны Раушан Жұма­ғалиқызы БАХТИЯРОВАНЫ 1 қаңтарда толатын 60 жасымен құ­ттықтаймыз.

Құ­тты болсын бүгінгі мерекеңіз,Сіз бар кезде асқармен теңесеміз.Алшаң басып жүре бер арамызда,Тарқамасын әрдайым берекеңіз!

Орындалсын, анажан, басты арманың,Ешқашанда таймасын бастан бағың.Ұлы тойға ұ­лассын туған күнің,Жақсылыққа жайылып дастарқаның.

Тілек білдіруші: ұлыңыз Данияр, қызыңыз Бақытгүл және немерелеріңіз

Қаратөбе ауданы Саралжын ауы­лының тұ­рғыны, ардақты әкеміз Жай­лан АҚСҰЛТАНОВТЫ 70 жасымен шын жүректен құ­ттықтаймыз.

70 жас құ­тты болсын, ардақты әке,Құ­дайым қылсын сізді әр кез аман.Сіз бар деп мақтанамыз, шаттанамызӘрдайым арамызда жүрші аман.Біздер үшін қазыналы дерексізӘрқашан да тірегіміз, керексіз.Тамыры көп, жапырағы жайқалғанАрдақты әке, мәуелі бәйтерексіз.Құ­тты болсын 70 деген жасыңыз,Қуаныштан дариядай тасыңыз.Немере­жиендеріңізбен шаттанып,Ардақты әке 100­ге аяқ басыңыз.

Тілек білдірушілер: бала-келініңіз Айнұрбек-Айнагүл, қыз-күйеу балаларыңыз Рамазан-Айгүл, Ізтұрған-Айдын, Қайырбек-Айнагүл,

зайыбыңыз Ұлдай

Тасқала ауданы Мереке ауылының тұ­рғыны, сүйікті әкеміз, атамыз Темі­реш Телғараұлы ЖАНЖІГІТТІ ме-рейлі 90 жасымен шын жүректен құ­ттықтаймыз!

Құ­тты болсын 90 деген жасыңыз,Қуаныштың кемерінен тасыңыз.Әрқашан да мықты болып денсаулық,Қажымастан жүзден

әрмен асыңыз.

Құттықтаушылар: балаларыңыз, немерелеріңіз, жиендеріңіз, шөберелеріңіз

Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұ­ғалімі Мәншүк Жақсығалиқызы УТЕПКАЛИЕВАНЫ мерейлі 50 жасымен шын жүректен құ­ттықтаймыз.

Білім саласында жаңашыл баста­ малар мен жақсы күндерде, ұ­стаз­дықтың нәтижелі сәттеріндегі еңбегі­ңізге шабыт, отбасыңызға баянды бақыт, ең бастысы мықты денсаулық,

көтеріңкі көңіл күй тілейміз.

Тілек білдірушілер: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы

Орал қаласының тұ­рғыны, асыл жар, аяулы ана, сүйікті әже Күнайым Фазылқызы РУСТЕМОВАНЫ мерейлі 58 жасымен және зейнеткерлікке шы­ғуымен шын жүректен құ­ттықтаймыз. Анамыздың аялы алақаны, мейірімді жүрегінің жылуы біз үшін әркез қымбат. Балаға анадан артық адам, анадан қым­бат жан жоқ. Осындай қуанышты туған

күніңізде сізге зор денсаулық, ұ­зақ ғұ­мыр, әкеміз екеуің әлі де талай қызықтарды бізбен бірге көруге тілек білдіреміз.

Теңдесі жоқ данасыз, Арқа тұ­тар панасыз. Еңбегіңізді ақтаймыз. Аман болшы, анашым!

игі тілекпен: жұбайыңыз Талғат, балаларыңыз Асқар, Армат, келіндеріңіз назгүл, Румия және

немерелеріңіз Қайсар, Сұлтан, Арсен, Арназ