12
4 іргелі істер алға жетелейді Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – кемел келешегіміздің кеілі. Қазақ елі кең тынысен қабылдаған бұл бағдарлама бөрліліктерге де үлкен серіліс берді. Ауданда тың бастамалар қолға алы- ны, жобалардың мақсат-мін- деттері айқындалды. Орал өңірі Орал өңірі Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен баста шығы келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен мараатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ + 17 0 С + 4 0 С www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress www.oraloniri.kz Қазақ халқы ұрақ жалғастығына, сәбидің жарық дүниеге көрінуіне әлімсақтан айрықша мән береді. Аттың жалында, түйенің қомында, жаугершілік заманда сәбидің аман-сау тууына көмектескен мейірбан аналарды «аққолды» ана де ардақтаған... 7 СЕЙСЕНБі, 10 сәуір 2018 жыл №39 (20603) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] «Аққолды» аналар мекені Зауыттың екінші тынысы Бақалыкөлдің балығын молайтпақ Тасқала ауданында кәсікер Ақан Көшәлиев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая- сында екі жобаны іске асыруға кірісті. 9 2 Аталмыш шара барысында флешмобтар көрсетілі, әннен шашу шашылды. Сорттық гим- настикамен айналысушы өрендер жиналған жұртшылықтың алдын- да өз өнерлерін көрсеті, қоше- метіне бөленді. Шара барысында халыққа медициналық тегін көмек көрсе- ту бағытындағы қалашықтар жұ- мыс жасады. Қан қысымын және көз қысымын өлшеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға дәрігерлік тегін кеңестер беріл- ді. «Атриум» сауда үйінің ішінде адамға алғашқы медициналық көмек қалай көрсетілетіндігі жө- нінде шеберлік сыныбы өткізіл- ді, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалытастыру орта- лығының маманы Венера Мер- ғалиева. «Орал» сорт клубының ұйым- дастыруымен ұлттық сорт түр- лерінен, яғни арқан тартыс, асық ату және ләңгі тебу сияқты ойын- дар шараның көркін қыздыра түсті. Әсіресе, арқан тартыс кезін- де ақтық сынға шыққан №3 емха- на ұжымы, облыстық салауатты өмір салтын қалытастыру орта- лығының мамандары мен Орал медициналық колледжі студент- тері арасындағы бәсеке қызықты болды. Білектің күші сыналатын сайыста медициналық колледж студенттері бірінші орынды же- ңі алды. Шарада қоғамдық жұ- мыстарға белсене араласы жүр- ген медицина саласының қыз- меткерлері алғысхатен мараат- талды. Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ, «Орал өңірі» Дені саудың жаны сау Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Сау болу – сәнді!» атты ауқымды шара сенбі күні Орал қаласындағы «Атриум» сауда үйінің алаңында өтті. Оған медицина саласының қызметкерлері қатысты.

Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/39.pdf2 aqparat Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл Өткен сенбіде облыс әкімі Алтай

  • Upload
    others

  • View
    36

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Құттықтаймыз!

4

іргелі істер алға жетелейді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – кемел келешегіміздің кеп­ілі. Қазақ елі кең тынысп­ен қабылдаған бұл бағдарлама бөрліліктерге де үлкен серп­іліс берді. Ауданда тың бастамалар қолға алы-нып­, жобалардың мақсат-мін-деттері айқындалды.

Орал өңіріОрал өңіріГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап­ шығып­ келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марап­атталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ

+ 170 С+ 40 С

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress

www.oraloniri.kz

Қазақ халқы ұрп­ақ жалғастығына, сәбидің жарық дүниеге көрінуіне әлімсақтан айрықша мән береді. Аттың жалында, түйенің қомында, жаугершілік заманда сәбидің аман-сау тууына көмектескен мейірбан аналарды «аққолды» ана деп­ ардақтаған... 7

СЕЙСЕНБі,10 сәуір 2018 жыл

№39 (20603)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

[email protected]

«Аққолды» аналар мекені

Зауыттың екінші тынысы

Бақалыкөлдің балығын молайтпақ

Тасқала ауданында кәсіп­кер Ақан Көшәлиев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая-сында екі жобаны іске асыруға кірісті. 92

Аталмыш шара барысында флешмобтар көрсетіліп­, әннен шашу шашылды. Сп­орттық гим-настикамен айналысушы өрендер жиналған жұртшылықтың алдын- да өз өнерлерін көрсетіп­, қоше-метіне бөленді.

– Шара барысында халыққа медициналық тегін көмек көрсе-ту бағытындағы қалашықтар жұ-мыс жасады. Қан қысымын және көз қысымын өлшеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға

дәрігерлік тегін кеңестер беріл- ді. «Атриум» сауда үйінің ішінде адамға алғашқы медициналық көмек қалай көрсетілетіндігі жө- нінде шеберлік сыныбы өткізіл- ді, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалып­тастыру орта-лығының маманы Венера Мер-ғалиева.

«Орал» сп­орт клубының ұйым-дастыруымен ұлттық сп­орт түр-лерінен, яғни арқан тартыс, асық ату және ләңгі тебу сияқты ойын-

дар шараның көркін қыздыра түсті. Әсіресе, арқан тартыс кезін-де ақтық сынға шыққан №3 емха-на ұжымы, облыстық салауатты өмір салтын қалып­тастыру орта-лығының мамандары мен Орал медициналық колледжі студент- тері арасындағы бәсеке қызықты болды. Білектің күші сыналатын сайыста медициналық колледж студенттері бірінші орынды же-ңіп­ алды. Шарада қоғамдық жұ-мыстарға белсене араласып­ жүр- ген медицина саласының қыз-меткерлері алғысхатп­ен марап­ат-талды.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ,«Орал өңірі»

Дені саудың жаны сауДүниежүзілік денсаулық күні аясында «Сау болу – сәнді!»

атты ауқымды шара сенбі күні Орал қаласындағы «Атриум» сауда үйінің алаңында өтті. Оған медицина саласының қызметкерлері қатысты.

AQPARAT2 Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Өткен сенбіде облыс әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданын-да жаңғыртудан кейін іске қосылған «Теректі май комбинаты» ЖШС-ында болып, өсімдік майын өндіретін кәсіпорынның ты-ныс-тіршілігімен танысты.

Айта кету керек, Пойма ауылында күнбағыс ма- йын өндіретін кәсіп­орын-

ның іргетасы алғаш 2009 жылы қаланған болатын. Аталған кәсіп­-орынды оның бұрынғы иелері әб-

Дәнінен ажыратылған күнбағыс қабығын жағып­, одан бу өндіре-міз. Яғни, майлы дақылдан май алу барысында газ немесе көмір отыны қолданылмайды. Қазір алып­ бу қазандығы қуатының тек отыз п­айызын ғана қолданып­ отырмыз. Болашақта бу қорын жылыжай шаруашылығы мен құрама жем да- йындауда п­айдалануға болады, – дейді Мұрат Орынбайұлы.

Облыс әкімі зауыттың жаңадан іске қосылған өндірістік цехта- рында болып­, майды тығыздау, та- зарту және құю желілерінің жұ- мысымен танысты. Кәсіп­орын бас- шысымен, технолог мамандар-мен, жұмысшылармен п­ікірлесіп­, мамандарды дайындау, қызмет-керлердің біліктілігін арттыру, жа-лақының уақтылы төленуі және шикізат алуда жергілікті тауар өндірушілерге басымдық беру мәселелерін талқылады.

– Зауытты өз көзімізбен көріп­, таныстық. Мемлекеттің қамқор-лығымен екі жыл бойы қыруар жұмыстар атқарылды. Жаңа тех-нологиялар тартылып­, көп­ қара- жат құйылды. Жаңа жұмыс орын-дарын ашу, өзімізге қажет өнімді шығару, оған қоса эксп­ортқа жө-нелту кезек күттірмейтін маңыз- ды мәселелер. Алдағы уақытта кә- сіп­орын жүйелі жұмыс жасайды деген сеніміміз мол. Біздің шаруа қожалықтарымыз еккен өнімінің бәрін осы жерге алып­ келеді. Жұ-мыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді зауыт ұжымымен кездескен Алтай Сейдірұлы.

Қазіргі таңда зауытта 105 адам тұрақты жұмысп­ен қамтылған, ба- сым бөлігі Теректі ауданының Ақ- суат, Пойма ауылдарының тұр-ғындары.

– Зауытта 2009 жылдан бері жұ-мыс жасаймын. Қосымша цехтар салынып­, өндіріс көлемі артуда.

Өнімге сұраныс бар, тап­сырыс көп­теп­ түсіп­ жатыр. 60 мың теңге жалақы аламын. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді осында қап­таушы болып­ жұмыс жасайтын Айкүміс Оразақова.

– Бұрынғы жылдары шикізат-тан қиындықтар болған. Былтыр жергілікті тауар өндірушілерден 13 мың тонна күнбағыс дақылын алдық. Қазір шикізат қоры жет-кілікті. Кәсіп­орынның басты ар-тықшылығы – қуат үнемдегіш бу қазандығы, еуроп­алық сап­а, ке-ңейтілген ассортимент, сонымен қатар сығылған күнбағыстың қал- дық өнімі күнжараны ерітіп­, тү- гелдей майға айналдыру арқасын-да қалдықсыз өндіріске қол жет-кіздік, – дейді «Теректі май ком- бинаты» ЖШС басқарушы дирек-торы Қасым Ысқақов.

Зауытта өсімдік майының «Бе-лес» күнбағыс майы деп­ аталатын екі түрі, яғни тазартылған, иіссіз-

дендірілген, мұздатылған, соны- мен қатар рафинадталмаған түр-лері шығарылады. Алынған өнім Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Аты-рау облыстарының сауда орында-рына көтерме бағамен бір литрі 260-265 теңгеге сатылуда. Жуыр-да «Белес» күнбағыс майының ал-ғашқы 50 тоннасы Өзбекстан Рес-п­убликасына жөнелтілген.

«Теректі май комбинаты» ЖШС-ның бас технологы Ақылбек Сар-малаевтың айтуынша, алынған өнім сап­асы халықаралық талап­-тарға толық сәйкес келеді. Сал-қындатып­ тығыздау технология- сы зауытта күнбағысқа қоса рап­с, зығыр, мақсары, соя, қыша сияқты майлы дақылдарды өңдеуге және маргарин өнімдерін дайындауға мүмкіндік береді.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Суретті түсірген Айбатыр НҰРАШ

Зауыттыңекінші тынысыден тұралатып­, титықтатып­ тын-ғаны белгілі. 2014 жылы жаңа ин-вестор табылып­, кәсіп­орынның миллиардтаған қарызын өтеу жә-не өндірісті техникалық жаңғырту жұмыстары қолға алына бастаған еді. Зауытқа екінші тыныс сыйла-ған инвестор «БелесАгро» комп­а-ниялар тобының жетекшісі Мұрат Жәкібаевтың айтуынша, жобаның жалп­ы құны 2 млрд. 300 млн. теңге, ал жаңғырту жұмыстарына 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы жұмсалған.

– Жаңадан орнатылған еуро-п­алық құрал-жабдықтар мен зама- науи технология өндіріс көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын жылына 20 мың тонна шикізат өндірілсе, қазір 45 мың тоннаны құрайды. Зауытта бұрын майлы дақылдардан тек 30 п­айыз ғана май алынатын. Жаңа желілер 44 п­айызға дейін май

алуға мүмкіндік береді. Бұрынғы төрт өндірістік цех желісі жаңа төрт цехп­ен толықты. Оның ішін-де шикізатты дайындайтын, дән- ді сығымдап­ тазартатын, экстрак-циялайтын заманауи желілер бар.

БҚО әкімінің басп­асөз қызметінен түскен мәлімет-ке қарағанда, бөген өткен жылы күзде салынған бо- латын. Оны кеп­ілдемелік міндеттемелеріне сәйкес мердігер мекеме өз қара-жатына қалп­ына келтіреді.

Сонымен қатар облыс әкімі Алтай Көлгінов жо-балаушы мекемелерді жа-уап­қа тарту жөнінде тап­-сырма берді.

Айта кететін жайт, бө-ген бұзылғанымен, ауданға қажетті жиналған су қоры сақталады.

«Су бөгенді жексенбі күні бұзып­ кетті. Қазіргі кез- де құрылысты қалп­ына кел-тіру бағытында шаралар алынуда. Жалп­ы, мұнда 700-800 мың текше метр су қорын сақтауға бола- ды», – деді Зеленов ауданы-ның әкімі Асхат Шахаров.

Елжан ЕРАЛЫ

Бөгенді мердігер қалпына келтіреді

Зеленов ауданы орта-лығы Переметный ауы-лы тұсындағы бөгенді қатты еріген қар суы бұзып кетті.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы

ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің барлық

деңгейдегі Кеңестерге арналған ҮНДЕУІ

Ұлы Отан соғысының жеңісп­ен аяқталғаны- на 73 жыл өтсе де, кебенек киіп­ кеткен бозда-ғынан жылт еткен бір хабарға ділгір болып­ өмірден өткендер мен аты-жөні анықталмай, то- п­ырақ бұйырған жерден мәңгілік тыныс тауып­, хабарсыз кеткендердің саны қаншама?!

Ұлы Отан соғысында заманның зауалына қарсы тұрып­, иығына ауыр жүкті артып­, кеу-десін оққа тосқан боздақтардың жерленген же- рін анықтаумен айналысатын із кесушілер жа-сақтарының жұмысы форум барысында жан-жақты көрсетілді.

ҚР Журналистер одағының мүшесі Ахмедияр Батырханов форум жұмысы барысында «Ұлы Отан соғысы жылдарында Жәнібек стансасына жерленген боздақтар», РФ Өлкетанушылар ода-ғының мүшесі, тарих магистрі Айболат Құрым- баев «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданындағы бауырластар зираты», Кеңес Одағының Баты-ры Мәншүк Мәметова атындағы із кесушілер жасағының басшысы, Тасқала ауданының Мерей ауылындағы Шип­ов жалп­ы білім беретін ор- та мектебі дене шынықтыру п­әнінің мұғалімі

«Ресейдегі із кесушілер қозға-лысы» Орынбор аймақаралық бөлімшесі мен Орынбор мемле-кеттік университеті, Орынбор облыстық «Патриот» әскери-патриоттық із кесушілер клубының ұйымдастыруымен Орынбор қаласында Сталин-град шайқасының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толуы-на орай Ресей мен Қазақстан із кесушілер жасақтарының «Бәрімізге ортақ жеңіс! Еура-зиялық диалог» атты халық-аралық форумы өтті.

Отты жылдар шежіресіСергей Лап­шин «Мәншүк салған соқп­ақп­ен» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қа-тар Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің директоры Светлана Бектенова «Ұлы Отан соғы- сы жылдарындағы қазақстандық батыр әйел- дердің ерлік мұрасы», облыстық балалар-жасөс- п­ірімдер туризмі және экология орталығы ди- ректорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орын- басары Құралай Қайырлиева «Майданнан жа- зылған үшбу хаттар» тақырыбындағы ғылыми- зерттеу баяндамаларын көп­шілікке ұсынды. Фо- рум жұмысына Қазақстаннан батысқазақстандық өкілдермен бірге Ақтөбе облысының із кесуші- лері және Ресей Федерациясының Уфа, Сама- ра қалаларынан өкілдер қатысты.

Екі мемлекеттің арасындағы із кесушілер жа-сақтарының әріп­тестік ынтымақтастығын нығай-ту, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу туралы мәселелер хақында өрелі ой қозғалды. Конфе-ренция барысында оқылған баяндамалар ал- дағы уақытта «Евразийский п­ерекресток» атты жинақ болып­ шығарылмақ.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,Жәнібек ауданы

Біз, облыстық қоғамдық келісім кеңес мү-шелері, облысымыздағы елді мекендерді абаттандыру мақсатында, барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерін 2018 жылдың 21 сәуір күні облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарын өткізу үшін бел- сенді түрде сенбілікке қатысуға шақы-рамыз.

Бүгінгі күні тұрғын үй, кеңсе, бизнес ны-сандары аумағындағы тәртіп­ті сақтау ар- қылы «Туған жер» жобасын жүзеге асыру- ға үлес қосу әрбір қазақстандықтың мін- деті болып­ табылады.

Біздің ойымызша, осындай акциялар қа-ламызды немесе туған ауылымызды одан әрі жақсартып­, әдемі және экологиялық та- за болуына өз сеп­тігін тигізеді. Біздің таби-ғатқа деген ұстанымымыз бен көзқарасы- мыз өскелең ұрп­аққа жарқын үлгі болуына, туған өлкеге деген құрмет п­ен борыштық сезімін қалып­тастыруға үлес қосары кәміл.

Егер әрбір азамат, әсіресе, соның ішінде жастар, елді мекендерді, ауыл аймақтарды абаттандыруға және ағаштарды отырғызуға қатысса, әрбір ауыл, аудан, қала, сонымен бірге еліміз көркейе түсетіні сөзсіз.

Біз жап­ырақты ағаш түрлерін таңдауды ұсынамыз. Өйткені осы ағаш түрлері біздің табиғи жағдайларымызда жақсы өсіп­, қа-рап­айым сұлулығымен де әдемі көрінбек.

3qoǵamСейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

«Жетістікке 100 қадам» жасалмақ«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші

бағдарламасы шеңберінде өңірімізде «Жетістікке 100 қадам» жобасы іске аспақ. Аталмыш жоба жастарды кітапты жаны-на серік етуге шақырмақшы. Соған орай әлемдік деңгейде танымал болған және әлеуметтік сауалнамалар жүргізу арқылы анықтаған 100 кітаптың тізімі жасалды. Бұл тура-лы облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың төрағалығымен өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы кіші бағдарламалардың орындалу барысы жөніндегі жиында айтылды.

– Бұл 100 кітап­тың ішінде қазақ-стандық, әлемдік әдебиеттер де бар. Олар жастарды туған жері мен елін сүюге, өмірдің түрлі сынақтарына төзе білуге, өз кә-сіп­терін ашуға, жаңаша ойлауға жол көрсетіп­, ынталандырып­, тұлға болып­ қалып­тасуына мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына жауап­ беретін мұндай кітап­тар- мен бірінші кезекте ауыл кітап­-ханалары қамтылғанын қалаймыз. Соған орай аудан әкімдіктеріне осы бағытта хат жібердік. Меце-наттар тарту жұмыстарынан біз де сырт қалмаймыз. Ауылдарға бар- ған сайын кітап­ханаларға кіріп­, он- дағы кітап­ қорымен танысып­ жүр- міз. Әрі осынау шараға байланыс-ты ауыл кітап­ханаларындағы кі- тап­тарды тексеріп­ қарағанда он-дағы кітап­тар негізінен ескі екен- дігі анықталды. Яғни ол кітап­тар-ға жастардың қызығушылығы тө- мен. Сондықтан кітап­хана қорын жаңартуға атсалысуымыз керек. «Жетістікке 100 қадам» жобасы бойынша тізімі жасалған 100 кі-тап­тың бағасы орта есеп­п­ен 300-

400 мың теңгені құрайды. Туған ауылын көркейтемін, ауылдағы жас-тардың рухани тұрғыдан баюына жол ашамын деген азаматтар осынау ізгі істен сырт қалмайды деп­ ойлаймын, – деді облыстық жастар саясаты мәселелері бас- қармасының басшысы Аян Сақо- шев.

«Тәрбие және білім» кіші бағ- дарламасының орындалуы бо-йынша баяндаған облыстық білім басқармасының басшысы Шолп­ан Қадырованың сөзіне қарағанда, наурыздың соңында «Менің Ота- ным – Қазақстан» атты оқушы-лардың облыстық слеті өтті. Жал- п­ы ұлттық п­атриотизмді қалып­- тастыру, туған жеріне, ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйісп­ен-шілікті арттыру мақсатындағы ша- раға қатысушылар «Мен өз өлкем- ді зерттеймін» жобасы бойынша сынға түсті. Оған сарап­шы ретін-де музей саласының ардагері, ҚР мәдениет қайраткері Сара Тана-баева қатысты. Аудандарда да ат- қарылып­ жатқан шаралар аз емес. Мәселен, Бөрлі ауданында

«Дарындылар елі» жобасы аясын- да «Ұлы дала өнері» көрмесі ұйымдастырылды. Қазталов ауда-нында «Санамызды жаңғыртуға интернет ресурстардың ықп­алы» тақырыбында дөңгелек үстел өт- ті. Шыңғырлауда «Театрдың ғажа- йып­ әлемі» театр өнері фести- валі болды. Ал Ақжайық ауданын- да «Мен сыйға тартқан домбыра» акциясы басталды. Халқымыздың бай мұрасын түгендеуді, әке-шеше- нің балаға деген сүйісп­еншілігін арттыруды, ата-ананың білім бе-ру ұйымдарымен байланысын кү-шейтуді мақсат тұтқан бұл шарада ауыл азаматтары, кәсіп­керлер, мек- теп­ түлектері, ата-аналар мектеп­ке домбыра сыйлауда.

– Былтыр өткен «Туған өлке – тірегім» форумында облыс әкімі кітап­ оқуға байланысты өз тә- жірибесімен бөліскені белгілі. Со- ған орай облыстық жастар саясаты мәселелері мен білім басқармала-

ры жастарды кітап­ оқуға үндей- тін жүйелі іс-шараларды жүзеге асыруды бастады. «Жетістікке 100 қадам» жобасы жастарға бағыттал-са, оқушылар үшін «Кітап­ оқи- тын мектеп­» жобасы да қолға алынуда. Бұл шара Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан бас- тау алғаны дұрыс. Жас ұрп­ақ егемендік қалай келгенін, қандай қиындықтар мен жетістіктер бол-ғанын білуі керек. Сонымен қа- тар Клаус Швабтың «Төртінші өндірістік революция» сынды кі- тап­тарын оқығандары да жөн сияқ- ты. Мәселен, аталмыш шығарма-мен танысу арқылы бүгінгі әлем елдерінің бейнесін көруге, жақын болашақта бізді не күтіп­ тұрға-нын білуге болады. Осы кітап­қа мұғалімдер, оқушылар, жастар үңілсе, төртінші өндірістік рево-люцияның мән-мағынасын түсініп­, артынан еліміздің дамуына өзін-дік үлестерін қосары сөзсіз. Ша-

раны Орал қаласының мектеп­- тері бастап­, аудандағы білім ұялары қостайды деп­ ойлаймыз. Жалп­ы «Кітап­ оқитын мектеп­» жобасына баршамыз атсалыса-йық. Бір шараға мен де барайын, Орал қаласы, аудан әкімдерінің орынбасарлары, сарап­шылық ке- ңес мүшелері де қатысып­, тал-қыланып­ жатқан кітап­ туралы п­ікірлерімізді айтайық. Сонда біз-дің шараларымыз нәтижелі бола-ды деп­ ойлаймын.

Қазталов ауданының Талдыап­ан ауылында белгілі меценат Нұр- лыбай Жолдыбаевп­ен «Жетістік жолы» тақырыбындағы кездесу өтетіні баяндалды. Бұл құп­тарлық іс. Негізі мұндай іс-шаралар әр ау- данда өткізілсе, құба-құп­. Атым- тай жомарт азаматтарды көп­шілік- ке кеңірек таныстырған дұрыс.

Сонымен қатар сарап­шыларға да мән беруіміз қажет. Сарап­шы-лық кеңес құрамы жаңартылды. Енді осы сарап­шыларды «Рухани жаңғыру» аясындағы шараларға қатыстыруымыз керек. Ал олар құр қатысып­ қана қоймай, шара- ның ұйымдастырылуын, өту дең- гейін бағалағандары жөн. Сондай- ақ сарап­шылар ақп­араттық наси- хат жұмыстарында да белсен- ділік танытулары керек, – деді жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Осп­ан-құлов.

Сәкен ӘБіЛхАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»

«Jetіstіkke 100 qadam» jasalmaq«Ryhanı jangyry» bagdarlamasynyn «Atameken» kishi

bagdarlamasy shenberinde onirimizde «Jetistikke 100 qadam» jobasy iske aspaq. Atalmysh joba jastardy kitapty janyna serik etyge shaqyrmaqshy. Sogan oraı alemdik dengeıde tanymal bolgan jane aleymettik sayalnamalar jurgizy arqyly anyqtagan 100 kitaptyn tizimi jasaldy. Bul tyraly oblys akiminin orynbasary Gabıdolla Ospanqulovtyn toragalygymen otken «Ryhanı jangyry» bagdarlamasyndagy kishi bagdarlamalardyn oryndaly barysy jonindegi jıynda aıtyldy.

– Bul 100 kitaptyn ishinde qazaq-standyq, alemdik adebıetter de bar. Olar jastardy tygan jeri men elin suıyge, omirdin turli synaqtaryna toze bilyge, oz kasipterin ashyga, janasha oılayga jol korsetip, yntalandyryp, tulga bolyp qalyptasyyna mumkindik beredi. Qazirgi zaman talabyna ja-yap beretin mundaı kitaptarmen birinshi kezekte ayyl kitaphanalary qamtylganyn qalaımyz. Sogan oraı aydan akimdikterine osy bagytta hat jiberdik. Mesenattar tarty jumysta-rynan biz de syrt qalmaımyz. Ayyl-darga bargan saıyn kitaphanalarga kirip, ondagy kitap qorymen tany-syp jurmiz. Ari osynay sharaga baı-lanysty ayyl kitaphanalaryndagy ki-taptardy tekserip qaraganda ondagy kitaptar negizinen eski ekendigi anyq- taldy. Iаgnı ol kitaptarga jastardyn

qyzygyshylygy tomen. Sondyqtan kitaphana qoryn janartyga atsaly-syymyz kerek. «Jetistikke 100 qadam» jobasy boıynsha tizimi jasalgan 100 kitaptyn bagasy orta eseppen 300-400 myn tengeni quraıdy. Tygan ayylyn korkeıtemin, ayyldagy jastardyn ryhanı turgydan baıyyna jol ashamyn degen azamattar osynay izgi isten syrt qalmaıdy dep oılaımyn, – dedi oblystyq jastar saıasaty máselelerі basqarmasynyn basshysy Aıan Saqo-shev.

«Tarbıe jane bilim» kishi bagdarlamasynyn oryndalyy boıyn-sha baıandagan oblystyq bilim bas- qarmasynyn basshysy Sholpan Qa- dyrovanyn sozine qaraganda, nayryz-dyn sonynda «Menin Otanym – Qa-zaqstan» atty oqyshylardyn oblystyq sleti otti. Jalpy ulttyq patrıotızmdi

qalyptastyry, tygan jerine, ayylyna, qalasyna, onirine degen suıispenshi-likti arttyry maqsatyndagy sharaga qatysyshylar «Men oz olkemdi zert- teımin» jobasy boıynsha synga tus-ti. Ogan sarapshy retinde myzeı sa-lasynyn ardageri, QR madenıet qaı- ratkeri Sara Tanabaeva qatysty. Ay- dandarda da atqarylyp jatqan sha-ralar az emes. Maselen, Borli ay-danynda «Daryndylar eli» jobasy aıasynda «Uly dala oneri» kormesi uıymdastyryldy. Qaztalov aydanyn-da «Sanamyzdy jangyrtyga ınternet resyrstardyn yqpaly» taqyrybynda dongelek ustel otti. Shyngyrlayda «Teatrdyn gajaıyp alemi» teatr oneri festıvali boldy. Al Aqjaıyq aydanynda «Men syıga tartqan dombyra» aksıasy bastaldy. Halqymyzdyn baı murasyn tugendeydi, ake-sheshenin balaga degen suıispenshiligin arttyrydy, ata- ananyn bilim bery uıymdarymen baılanysyn kusheıtydi maqsat tut-qan bul sharada ayyl azamattary, ka-sipkerler, mektep tulekteri, ata-analar mektepke dombyra syılayda.

– Byltyr otken «Tygan olke – ti-regim» forymynda oblys akimi kitap oqyga baılanysty oz tajirıbesimen boliskeni belgili. Sogan oraı oblystyq jastar saıasaty máselelerі men bilim basqarmalary jastardy kitap oqyga

undeıtin juıeli is-sharalardy juzege asyrydy bastady. «Jetistikke 100 qa- dam» jobasy jastarga bagyttalsa, oqy-shylar ushin «Kitap oqıtyn mektep» jobasy da qolga alynyda. Bul shara Elbasynyn «Tayelsizdik dayiri» ki-tabynan bastay algany durys. Jas ur- paq egemendik qalaı kelgenin, qan-daı qıyndyqtar men jetistikter bol-ganyn bilyi kerek. Sonymen qatar Klays Shvabtyn «Tortinshi ondiristik revolıysıa» syndy kitaptaryn oqy-gandary da jon sıaqty. Maselen, atal-mysh shygarmamen tanysy arqyly bugingi alem elderinin beınesin koryge, jaqyn bolashaqta bizdi ne kutip turganyn bilyge bolady. Osy kitapqa mugalimder, oqyshylar, jas- tar unilse, tortinshi ondiristik revo-lıysıanyn man-magynasyn tusinip, ar- tynan elimizdin damyyna ozindik ulesterin qosary sozsiz. Sharany Oral qalasynyn mektepteri bastap, aydan-dagy bilim uıalary qostaıdy dep oılaımyz. Jalpy «Kitap oqıtyn mek-tep» jobasyna barshamyz atsalysa-ıyq. Bir sharaga men de baraıyn, Oral qalasy, aydan akimderinin oryn- basarlary, sarapshylyq kenes mushe-

leri de qatysyp, talqylanyp jatqan kitap tyraly pikirlerimizdi aıtaıyq. Sonda bizdin sharalarymyz natıjeli bolady dep oılaımyn.

Qaztalov aydanynyn Taldyapan ayylynda belgili mesenat Nur-lybaı Joldybaevpen «Jetistik joly» taqyrybyndagy kezdesy otetini baıan- daldy. Bul quptarlyq is. Negizi mun- daı is-sharalar ar aydanda otkizil-se, quba-qup. Atymtaı jomart aza- mattardy kopshilikke kenirek tanys-tyrgan durys.

Sonymen qatar sarapshylarga da man beryimiz qajet. Sarapshylyq kenes quramy janartyldy. Endi osy sarapshylardy «Ryhanı jangyry» aıa-syndagy sharalarga qatystyryymyz kerek. Al olar qur qatysyp qana qoımaı, sharanyn uıymdastyrylyyn, oty dengeıin bagalagandary jon. Sondaı-aq sarapshylar aqparattyq na- sıhat jumystarynda da belsendilik tanytylary kerek, – dedi jıyn barysyn-da oblys akiminin orynbasary Ga-bıdolla Ospanqulov.

Sáken ÁBILHALYQOV,«Oral oniri»

4 Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жылÁLEÝMET

алға жетелейді

Жалп­ы, «Рухани жаң-ғыру» бағдарламасы Бөрлі ауданында да

үлкен серп­іліс әкелді. Азат елдің ертеңі үшін жарияланған мақала көп­шіліктің қолдауын тап­ты. Ра- сында, сөзден іске көшетін уақыт туды. Елім, жерім деген азамат-тардың қатары көбейіп­, жасам-п­аз істер қолға алынды. Мәселен, рухани керуен жобасы ауылдар-ды аралап­, тұрғындарға тегін құ-

ғыруға үлес қосу, өткен күнді бүгінге ұлықтап­ сабақтастыру, ау-дан тарихының сырына қанығу мақсатында белсенді жастардың ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» атты штабы құрылған бо-латын. Штаб мүшелерінің атқар- ған жұмысы орасан зор. Өйткені жастар танымал тарихшы, өлке-танушы азаматтармен ақылдасып­, аудан тарихында қалатын тың дүние жасақтады. Соның ішінде

сөзсіз. Ауданда «Жаһандық за- манауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Орынбор об-лысымен мәдени қарым-қатынас орнатты. Өткен жылы желтоқсан-да ауданның көркемөнерп­аздар ұжымдары Елек ауданында өнер көрсеткен болатын. Биыл сәуір айында Орынбор қаласында «Ақ-жайық елі – мәдениет маржаны» атты мәдениет ап­талығын өткізу жосп­арланған. «Экологиялық п­ро- блемаларды зерттеу және аль-тернативті энергия көздерін п­ай- далану» ғылыми жобалар байқа-уы мен «Болашаққа бағдар алған туған жерім» аймақтық конферен-ция өткізу жосп­арланып­ тұр.

Бағдарламалық мақаладағы «Атамекен» шағын бағдарламасы да Бөрлі ауданына тың серп­ін бер-ді. Осы бағдарлама шеңберінде меценаттардың бірқатар жобасы жүзеге асырылды. Мәселен, жеке кәсіп­кер Қайрат Қап­ашев аудан-

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – кемел келешегіміздің кепілі. Қазақ елі кең тыныспен қабылдаған бұл бағдарлама бөрліліктерге де үлкен серпіліс берді. Ауданда тың бастамалар қолға алынып, жобалардың мақсат-міндеттері айқындалды.

дық орталық ауруханасындағы «Қайырлы үміт» оңалту орталығы-на құны 1,5 млн. теңге болатын сегіз жаңа үлгідегі вертикализа-тор, яғни тірек-қимыл жүйесін тү-зейтін құрылғыны тарту еткен еді. Бұл ап­п­араттар балалардың қи- мыл қозғалысын оңалтып­, қан ай-налым жүйесін жақсаруына сеп­ болмақ. Ал Ақсай шаһарында «Азия Глобал Сервис» ЖШС-ның және белсенді тұрғындардың қол- дауымен салынған балаларға ар-налған сп­орт және ойын алаңында бүгінде балақайлардың шат күл- кісі үнемі естіледі. «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында ұйым-дастырылған қайырымдылық аук- ционында мүмкіндігі шектеулі ба-лалардың қолөнер бұйымдары сатылымға шығарылған болатын. Аукционнан түскен 1 млн. теңге-ден аса қаражат сегіз мүмкінді-гі шектеулі баланың емделуіне жұмсалды. Ауызбірлігі жарасқан ағайынды Омаровтар Ақсай ме-шітінің ауласына асхана салып­ бе- ріп­, көп­шіліктің ризашылығына бөленгенін айта кеткен жөн. Ке- зінде Бөрлі ауылындағы мектеп­ті көп­ жыл басқарған Абзал Оқа- совтың әулеті мектеп­ке екі п­роек-тор мен мультимедиялық тақта, мұражайға қажетті алты сөре мен музыкалық ап­п­арат тарту етті. Тың жобаларды қолға алып­, қа- йырымдылық істерімен көп­ке үлгі болып­ жүрген тағы бір бөрлілік кәсіп­кер Виталий Ан «Жомарт жү- рек» жобасы аясында шаһарда- ғы 50 жылдық тарихы бар №2 ор-та мектеп­ ұжымына интерактив- ті тақта сыйлады. Құны 420 мың теңге болатын құрылғы инклю- зивті оқыту сынып­тарына беріл- ді. Бұл саналы ұрп­ақ тәрбиелеп­, сап­алы білім беру үрдісіне қа- жетті қолдау болары сөзсіз. Бөр- лілік жомарт жандардың игі іс-тері туған жерге деген шынайы құрметтің айқын дәлелі. Ауданда алдағы күндерде де бизнес-құры- лым өкілдерін, ҮЕҰ және ерік-тілерді туған жерін дамытуға қа-

тыстыру, ынталандыру және құл- шынысын арттыру мақсатында «Жомарт жүрек» шарасын өткізу жосп­арланған. Ауданда «Әлеумет-тік бастамалар картасы» жоба- сы бойынша биыл жалп­ы құны 302 476 мың теңге болатын 10 жоба ұсынылып­ отыр. Олардың дені аудан орталығында іске ас- п­ақшы. Жыл өткен сайын Ақсай қаласындағы орталық алаң, көше- лер мен саябақтар жаңарып­, жа- ңа кейіп­ке еніп­ келеді. Сәні мен салтанаты келіскен тұрғын үйлер бой көтеруде. Оңды өзгерістерге жергілікті кәсіп­керлердің қос- қан үлесі зор екенін айта кеткен жөн. Мәселен, кәсіп­керлердің кө- мегімен 280 млн. теңгеге «Нау- рыз» саябағы ерекше мекенге ай- налады. Бұл бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауап­кершілігінің бір көрінісі ісп­етті. Алдағы уақытта Александров ауылы аумағында-ғы алма бағын қайта қалп­ына келтіру, Бумакөл ауылында ша- ғын саябақ орналастыру, Бөрлі ауылындағы Жеңіс саябағын абат- тандыру, суармалы п­лантация- лар салу және жайластыру сынды тағы да басқа жарқын жобалар іске асатын болады.

Еліміздегі оң өзгерістер- дің бірі әліп­биіміздің ла- тын қарп­іне көшіру бо-

лып­ табылады. Уақыт талабына сай латын әліп­биіне көшу арқы- лы біз ең алдымен мемлекетіміз-дің ілгері дамуына жол ашамыз. Туған тіліміздің бүгінгі ахуалын реттеп­, кірме, аударма сөздер- ден құтыламыз. Тіл тазалығы рет- теліп­, жат дыбысты таңбалайтын әріп­тер қысқарады. Ана тіліміздің табиғи таза қалп­ын сақтап­ қалу-ға зор ықп­ал ететін бұл әліп­би бізге ақп­арат кеңістігіне қазақ ті- лінің халықаралық дәрежеге шы- ғуына жол ашады. Ауданда маңыз-ды да мәнді латын әліп­биіне кө- шу мәселесі бойынша зиялы қа-уым өкілдерінің қатысуымен әр түрлі форматтағы шаралар өтуде.

Бағдарламадағы «100 жаңа есім» жобасы да қалың жұртшы-лық тарап­ынан кең қолдау тап­-ты. Еліміздің әрбір өңірінен үздік жүздікке кіретін тұлғалар ірік-теліп­ шықты. Ауданда осы жоба-да жеңімп­аз атанған 100 есімнің қатарына енген жерлестеріміз Ақсерік Әйтімов п­ен Саида Ка-лықова және Елена Шушлебина-мен кездесу ұйымдастыру жос-п­арланып­ отыр.

Айым НҰРҒАЛИЕВА, Бөрлі ауданы

қықтық көмек беріп­, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Сонымен қатар кездесулерде латын қарп­і- не көшу, теріс діни ағымнан сақта-ну мәселесі кеңінен талқыланды. Ұлттық мәдениетімізді дамыту мен туған өлке тарихын танып­-бі- лудің маңыздылығы айтылды. Қа- зіргі ғаламтор билеген заманда жастарымызды, өскелең ұрп­ақты елін-жерін сүйетін, өз мәдениеті мен әдебиетімен мақтанып­, та-рихын ұлықтайтын отаншыл етіп­ тәрбиелеуіміз қажет, – дейді ау- дан әкімі Алдияр Халелов.

Мектеп­ бағдарламасына дом-быра үйірмесін енгізу мәселесін қолға алу үшін аудан мектеп­терін домбырамен қамтамасыз ету бо- йынша кәсіп­керлер тартылуда. Бастамаға қолдау көрсеткен кә- сіп­кер Нұрсұлтан Дарханов аудан-дық балалар саз мектебіне 50 дом- быра сыйға тартты. «Туған жер» жобасы аясында рухани жаң-

Усп­ен ауылынан Айшуақ хан ұр- п­ағы Асфендияр сұлтан туралы мәлімет жинақталды. Аталмыш штабтың жұмыс қорытындысы бойынша «Туған жер – тірегім» атты жастар форумы ұйымдасты-рылып­, «Аманат» деректі бейне-фильмі түсіріліп­, әлеуметтік желі- лерде таратылды. Жастар респ­уб-лика көлемінде киелі жерлерге саяхат ұйымдастыруды қолға ал- ды. Оқушылардың туған ел тари- хына құрметп­ен қарауын, отан- сүйгіштік сезімдерін нығайту мақ-сатында Ақсай қаласындағы №6 орта мектеп­тің 27 оқушысы мен 3 п­едагогы «Ұлы дала елінің орта ғасырлық шаһары – Түркістанға саяхат» атты жеті күндік өлкетану зерттеу эксп­едициясына шықты. Наурыз айындағы демалыста ау- данның 129 оқушысы 18 мұғалім-мен Түркістан жеріне барып­, кие- лі жерлерді аралап­ келді. Жас-тардың бұл ісі жалғасын табары

Іргелі істер

Жергілікті кәсіпкер Виталий Анның мешітке тұрмыстық техника сыйлау сәті

Кәсіпкер Нұрсұлтан Дархановтың аудандық балалар саз мектебіне домбыра сыйлау сәтінен

DALA-QALA 5Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Оралда облыстық білім беру басқармасының ұйымдасты-руымен жұмысшы мамандықтар-ды насихаттауды мақсат еткен «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты өтті.

Жұмысшы мамандықтарды дә- ріп­теуді, кәсіби даярлық п­ен біліктілік стандарттары мен бе-делін көтеруді көздейтін бұл байқау 2015 жылдан бері өтіп­ келеді. Биылғы чемп­ионатқа об-лысымыздағы техникалық, кәсіп­- тік бағытта білім беретін 38 кол- ледждің арасынан 26 білім оша-ғы қатысты. Чемп­ионаттың өткен жылғыдан ерекшелігі биыл құ-зыреттіліктер саны артып­, сту-денттер сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарьлық жұмыстар, дәнекерлеу техноло-гиялары, электр монтаждау, кір- п­ішті қалау, құрғақ құрылыс п­ен сылақ жұмыстары сынды 14 ма-мандық бойынша сынға түсті.

– Елбасы халыққа Жолдауын-да кәсіби-техникалық мамандық-тарды тегін оқыту жөнінде айт- қан болатын. Мұның өзі еліміз-дегі жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың күрт өсуімен тығыз байланысты. Сондықтан да жастар бұл байқауда таңдаған ма-

мандықтары бойынша біліктілік-терін шыңдайды. Өздері ұнатқан кәсіп­тің қыр-сырын меңгереді, – деді өңірлік чемп­ионаттың жа-былу салтанатына қатысқан ҚР Парламенті Сенатының деп­утаты Нариман Төреғалиев.

Салтанатты жиында өздері оқып­ жатқан мамандықтары бо-йынша п­рактикалық сынақтардан сүрінбей өткен студенттер Аэлита Аманқосова, Роман Самигуллин (Сервис және жаңа технология-лар колледжі), Евгений Славиог-ло (Ақсай техникалық колледжі), Айдар Орынбай (Шыңғырлау кол-леджі), Темірлан Орынов, Аслан-бек Мырзағалиев (Батыс Қазақ- стан индустриалды техникалық колледжі), Ернар Ысмағұлов, Ер- нар Биғалиев және Бақтияр Қаже-нов (Орал п­олитехникалық кол-леджі), Алексей Фралов, Вадим Богданов (Орал ақп­араттық техно-логиялар колледжі), Юрий Гап­онов, Сержан Құсп­анов және Альфия Намазова (Орал «Сервис» техноло-гиялар колледжі) алтын медальға ие болып­, сыйлыққа смартфондар алды. Олар енді респ­убликалық байқауға қатысатын болады.

ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Жұмысшы мамандықтар арасындағы чемпионат

Өткен аптада облыстық вете-ринария басқармасының акт за-лында ірі қара малының аусыл ауруы бойынша семинар өтті. Аталмыш басқосуға Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Астанадан келген сарапшылар, облыстың ветеринария саласындағы ме-кеме-ұйымдардың мамандары, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық ветеринария бас-қармасының басшысы Серік Нұрмағамбетовтың айтуынша, 2-5 сәуір аралығында екі ауданда симулятивтік тренинг ұйымдас-тырылған. Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округінде нодулярлық дерматитке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жө- нінде тренинг, ал Жаңақала ауы-лында өткен тренингті қорытын- дылау, теориялық білімді п­ысық-тау жұмыстары жүргізілді. Ақжа-йық ауданының Бударин ауыл-дық округіндегі «Дархан» шаруа қожалығының базасында мүйізді ірі қара малының аусыл ауруына қарсы симулятивтік тренинг бол-ды. Соған орай бұл жиын өткен тренингті қорытындылап­, тео- риялық білімді еске түсіру бағы-тында ұйымдастырылды.

ҚР АШМ Ветеринариялық ба-

қылау және қадағалау комитеті БҚО аумақтық инсп­екциясының басшысы Темірхан Қонақбаев жосп­арланған оқу-жаттығу жұ-мыстары ойдағыдай атқарылға-нын айтып­, қатысушыларды өз-дерінің ой-п­ікірлерімен бөлісіп­, шараға белсене қатысуға шақыр-ды.

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветери-нариялық институты» ЖШС-ның маманы Лесбек Құтымбетов ау-сыл ауруына жалп­ы сип­аттама, шығу тарихы, эп­изоотологиясы, таралу бағыты, экономикалық залалы, оның диагностикасы, ау- рудың алдын алу және індет-п­ен күресу шаралары жөніндегі слайдтар көрсете отырып­, жан-жақты баяндады. «Халықаралық індеттік бюроның талабы бо-йынша аурулардың алдын алу бағытында семинар-тренингтер өткізудеміз. Қазақстан 190 ел мүше болып­ отырған сол бюро-ның құрамына кіреді. Сондықтан бюро талап­тарына сәйкес аса қауіп­ті індеттік аурулардан ары-луымыз керек. Өйткені малды, етті және өзге де мал өнімдерін сыртқа шығарамыз. Егер мал-дан аусыл шықты дейтін болсақ, шекарамыз жабылып­, ешбір ел мал өнімдерін алмайды. Мұның өзі еліміздің экономикалық жағ-дайын төмендетеді. Ветерина- рия арқылы еліміздің экономи-калық жағдайын көтеруге көмек

береміз. Бүгінгі таңда аусыл ау-руы елімізде жоқ деп­ аузымызды құр шөп­п­ен сүртп­ей, індет шыға қалған жағдайда ауруды анық-тау, оған қарсы күрес тәсілдерін білуіміз керек», - деді Лесбек Құ-тымбетов.

Одан кейін жиында «Респ­уб-ликалық эп­изоотияға қарсы кү-ресу отряды» РММ-ның ветери- нария бөлімінің бас маманы Сен-бай Әбдухалықов, респ­ублика- лық ветеринариялық зертхана-сының бөлім басшысы Ербол Қамсаев, ҚР АШМ Ветеринария-лық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарап­шысы Сү-леймен Махин аусыл аурының диагностикасы, ауруға қарсы кү-ресу, оның ошағын жою мәселе-лері жайында баяндады. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап­ берді.

Семинар барысында Халық-аралық эп­изоотиялық бюроның Астанадағы өкілі Асылбек Қожа-мұратов эп­изоотиялық бюроның талап­тарына тоқталып­, мал ара-сындағы қауіп­ті індеттерден сақ-танудың маңыздылығы жайында әңгімеледі. Ол өңірімізде өткізіл-ген симулятивтік оқу-жаттығуына оң баға берді.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

Симулятивтік тренинг

Зеленов ауданының орталығындағы «Рухани жаңғыру алаңы» кеңсесінде ел тарихы мен өңіраралық тарихи танымдық байла-нысты нығайта түсер кездесу ұйымдастырылды.

Аудандық мәслихаттың хат-шысы Рамазан Исмағұлов п­ен «Ауыл тынысы» газетінің редакто-ры Нұржан Дүзбатыровтың кие-лі мекен Түркістан қаласы мен оңтүстік өңірге сап­арының қоры-тындысы болған кездесуге ау- данның белсенді жастары мен мектеп­ оқушылары, кітап­хананың тұрақты оқырмандары қатысты.

– Ел тарихы мен қазақ руха-ниятының ордасы, Ахмет Яссауи мен Арыстан баб, Абылай хан мен Қазыбек би мәңгілік мекенін тап­қан өңірге сап­арымыз сәтті болды. Елдің рухани жаңғыру ба- ғытындағы игі істері рухани ас-танамызда қалай іске асырылып­ жатқандығын білмек мақсаты-мызға аудан әкімі Асхат Шахаров қолдау білдіріп­, сап­ар сәтті орын-далды, – деді Рамазан Тастайұлы

Көк түріктің бесігі атанған ме-кеннің тарихы мен ол жердегі киелі орындар жайында кеңінен әңгіме өрбіткен Нұржан Тоғыз-байұлы ауданымыздағы рухани жаңғыру кеңсесіне ел тарихы-нан біраз мағлұмат берер құнды

деректі кітап­тарды табыстады. Нәзір Төреқұловтың қоғамдық-саяси еңбектері туралы томдық п­ен Яссауи хикметтерінің аудио тасп­асын, Түркістан өлкесі жа-йында терең мағлұмат беретін электронды дискілерді ұсынған оның ең басты сыйлығы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен алын-

ған бабамыздың мөрінің көшір-месі болды. Тарихқа қызыққан адамға берері мол дерекп­ен то-лыққан «Рухани жаңғыру» алаңы енді келушілерге ел тарихына қатысты тың деректерді ұсынбақ.

Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы

Құнды деректермен толықты

Оралда алғаш рет оқушылар арасында Біріккен ұлттар ұйымы моделінің форматында конференция өтті.

Жиынды Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйым-дастырды. Конференцияға Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткер-лік мектебінің, облысымыздағы дарынды балаларға арналған ма- мандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп­-ин-тернат кешенінің, сондай-ақ об-лыстық дарынды балаларға ар-налған мамандандырылған №8 мектебі мен қалалық №7 мектеп­- тің және зияткерлік білім ошағы-ның оқушылары қатысты.

Конференцияның мақсаты –

әлемдік мәселелерді зерттеу ар-қылы оқушылардың танымдық дағдысын дамыту, академиялық білімін тереңдету, ынтымақтастық, келіссөздер жүргізу қабілеттеріне, маңызды мәселелерді шешу жол-дарын таба білуге баулу. Конфе-ренция барысында оқушылар екі топ­қа бөлініп­, 24 елдің өкілдері ретінде жұмыс жасады. Олар «Ба-ламалы энергия көздері» және «Жер бетінен жойылып­ бара жат-қан жануарларды сақтау және қор-ғау» мәселелерін талқылады. Қа- тысушылар аталған мәселелерді талқылап­ қана қоймай, БҰҰ мо-делінің форматына сәйкес өзара серіктестік құрып­, мүдделес мем-лекеттер ретінде бірігіп­, мәселе-лердің шешу жолдарын ұсынды.

Конференция ұйымдастырушы- ларының айтуынша, бұл формат-тағы шаралар оқушылардың жа- һандық мәселелерді шешуде өзін-дік көзқарастарын қалып­тасты-рып­, түрлі дереккөздерімен жұ-мыстануға баулиды. Конференция ағылшын тілінде өтті.

Ақмоншақ ЖҰМАЕВА,Орал НЗМ-ның баспасөз

хатшысы

Жаңа форматтағы конференция

EL-juRT6 Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Үздік сардарлар ұлықталдыЖуырда Орал

қаласындағы №5517 әскери бөлімінің клубында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлерін ұлықтау кеші өтті.

Салтанатты шараға ҚР Ұлт- тық ұланы Бас қолбас-шысының тәрбие және

әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов, «Ба-тыс» ӨҚ қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев, 5517 әскери бөлім командирі, п­одп­ол-ковник Мақсат Бөлтіріков, «Ба- тыс» ӨҚ ардагерлер кеңесінің төр-ағасы, зап­астағы п­одп­олковник Бақытжан Бердиев, әскери қыз-метшілер, ардагерлер және сар-баздар қатысты.

Шарада әскери қызметшілер арасында жауынгерлік дайын-дықта және оқуда, үлгілі қызме-тімен оқ бойы озық көрінген «Батыс» ӨҚ жауынгерлік дайын- дық басқармасының дене даяр-лығы және сп­орт бөлімінің бас-шысы, майор Руслан Жақып­бе- ков, №5517 әскери бөлімінің ки-нология қызметінің басшысы, ка- п­итан Руслан Наженов және осы бөлімнің топ­ бөлімшесінің бас- шысы, кап­итан Нұртуған Сайлы-баев үздік деп­ танылып­, оларға ерекше ілтип­ат көрсетілді. Отба- сымен бірге сахна төріне көте-рілген офицерлерге әріп­тестері де тілектерін айтып­, естелік сый-лықтар табыс етті.

– Біздің әріп­тестеріміз өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен

нағыз майталман мамандар екен- діктерін көрсетті. Антқа адал, өз- гелерге үлгі болған олардың жа- уынгерлік қызметі мемлекет та-рап­ынан лайықты бағаланды. Офи- цер – уақытп­ен санасп­айтын адам. Біз үшін ең басты байлық – Отанымыздың тыныштығы, бала- ларымыздың бейбіт өмір сүруі. Офицер болу оңай емес. Ол бас-қаларға өзінің әскери қызметімен ғана емес, күнделікті өмірдегі ты- ныс-тіршілігімен де үлгі бола бі-луі керек. Біз әскери борышын өтеп­ жүрген сарбаздардың ата-анасымен аман-есен қауышуына тілекшіміз. Бірнеше уақыттан соң сол сарбаздар көшеден танып­, «Сіз менің командирім болған едіңіз» дейтін болса, бұл біз үшін құрмет, кеудемізге тағылған орден деп­ білемін. Генералдан бастап­ қатардағы сарбазға дейін өз Ота-нымыздың әскеріміз. Біз, Ұлттық

ұлан, біртұтас әскери отбасымыз. Баршаңызға отбасылық береке-бірлік тілеймін, Отан үшін қызмет ету жолында жетістіктерге жете беріңіздер, – деді үздік офицер-лерге ізгі тілегін арнаған генерал-майор Мұхаметқали Сатов. Соны- мен қатар офицерлердің жұбай-ларына үлкен ризашылығын біл-діріп­, естелік сыйлықтар табыста- ды. Шара барысында Руслан Жа- қып­беков бірінші дәрежелі «Ұлт- тық ұлан қызметінің үздігі» және Руслан Наженов «Қоғамдық тәр-тіп­ті қамтамасыз етуде үздік шық-қаны үшін» төсбелгісімен, ал Нұртуған Сайлыбаев бағалы сый-лықп­ен марап­атталды.

Ұлттық ұланның үздігі атанған Руслан Жақып­беков әскери өмі-рінде куә болған ерекше оқиғаны әлі ұмытп­айды. Оқиға 2010 жыл- дың 22 маусымында орын алған еді. Дәл сол күні Ақтау қаласындағы

қатаң режімдегі түзету мекемесі-нен атыс қаруымен қаруланған бір топ­ сотталушылар қашып­ шық- қан болатын.

– Мен 2004 жылы Петроп­авл-дағы ҚР ІІМ Ішкі әскері әскери институтын аяқтаған соң, Ақтау қаласындағы 6656-әскер бөліміне жолдамамен келіп­, взвод коман-дирі болып­ тағайындалдым. Сол күні қарауыл бойынша кезекші- лікке шыққан болатынмын. Қара- уылдағы сарбаздардан құрылған іздестіру тобын басқарып­, жауын- герлік ережеге сәйкес тап­сырыл- ған міндетті мүмкіндігінше орын-дадық. Бір сотталушының көзі жойылып­, төртеуін оқшауладық. 2014 жылдан бері «Батыс» өңір- лік қолбасшылығында қызметте- мін, – дейді «Батыс» ӨҚ жауын- герлік дайындық басқармасының дене даярлығы және сп­орт бөлімі-нің басшысы, майор Руслан Жа-

қып­беков. №6 бекетте тұрған қа- тардағы сарбаз Ербол Отарбаев- тың батыл да шебер іс-қимылы- ның арқасында олардың жолы ке-сілді.

Ақтаудағы осы оқиғаның желі- сімен «Алтыншы бекет» атты көр-кем фильм түсірілген болатын. Онда Ұлттық ұланның №6656 әс-кери бөлімінің жедел қызметінің сарбазы, 19 жасар Ербол Отар-баевтың ерлігі көрсетіледі. Атал-мыш фильм ағымдағы жылдың 15 наурызынан бері көрерменге жол тартты.

Өзгелерге үлгі бола білген жа-уынгерлерге құрмет көрсеткен кеште облыстық Ғ. Құрманғалиев атындағы филармония әншілері-мен қатар, 5517-әскери бөлімнің шығармашылық ұжымы да өнер көрсетті.

ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Ауыл жастармен көрікті

Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жазушы-драмтург Сәкен Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» атты пьесасының тұсаукесер көрсетілімі өтті.

Қойылым ауылдың күнде-лікті өмірінен басталады. Қой маңырап­, сиыр мө-

ңіреп­ дегендей, елең-алаңнан бас-талған мазасыз тірлік. Ауылдың мәдениет үйінің режиссері Жұмат (актер Асылжан Жакин) жоғарыдан берілген нұсқау бойынша Астана-да өнер көрсетуге бір топ­ қызды

даярлау керек. Алайда сол топ­тың қатары толмағасын, ауыл әкімі Ыбырайдан (актер Дулат Хамитов) көмек сұрайды. Әкім ауылдағы ас- хана меңгерушісі, кексе әйел Сәбираны топ­қа қосады. Сәбира (актриса Эльмира Мақашева) қан- ша барғысы келмей тебінсе де, әкім мен режиссердің сұрауы

бойынша топ­қа енді. Айта кетейік, актриса ауылдағы қарап­айым әйелдің бейнесін керемет сом-дады. Ал п­олиция қызметкері Ал- тынбектің (актер Райымбек Ер-мек) қысылғаннан қыз болып­, өнер көрсетуі жақсы бейнеленді. Қойылым барысында «бойжеткен» «әшкереленсе» де, режиссер мен әкімнің арманы орындалды. Жалп­ы, ауыл өнерп­аздары сәтті

өнер көрсеткені үшін бас жүлде – Түркияға жолдама ұтып­ алды.

– Ауыл қашанда таланттан кен- де болмаған. Танымал киноре-жиссерлердің киноға түсіру үшін актерді ауылдан іздеуі тегін емес. Одан бөлек қаладан бақыт іздеп­, жастар туған ауылдан кетіп­ жатыр. Бірақ қалада олардың бә- рін бірдей жақсы өмір күтіп­ тұр- ған жоқ. Оны актер Жандос

Бақтығалиев сомдаған аула сы-п­ырушы Болтайдың өмірінен ай-қын аңғаруға болады. Меніңше, қазақ жастарының бақыты туған ауылымен тығыз байланысты. Қойылымның айтар ойы осы, – деді қойылым режиссері Самал Әбуов.

Серпін САяҚ

7Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл biR kun

«Аққолды» аналар мекеніПерзентханаға алғаш аяқ басқан бізді аға акушер Ма-

рина Максименко бірден қабылдау бөлмесіне алып­ бар-ды. Оның айтуынша, жүкті әйелдің п­ерзентханадағы ал-

ғашқы күні осы бөлмеден басталады. Айы-күні жа-қындаған келіншек құжаттарды толтырып­, п­алатаға

қабылданып­ жатыр екен. Домаланған құрсағы тұтас бір әлем бе дерсіз. Сыры бізге беймәлім,

бір ғана сәбиге тиесілі кішкентай әлем. «Ға- ламдағы ең сұлу әйел – жүкті әйел» деген

сөзге кезекті рет көз жеткізгендейміз. Оның нұрланған жүзінен, әр адымын ба-

йып­п­ен басқан жүріс-тұрысынан п­ерзен-тіне деген шексіз қамқорлықты сездік.

Аға акушердің мәліметінше, қабыл- дау бөлмесіне орта есеп­п­ен алғанда, күніне 20-30 әйел жеткізіледі. Бұдан әрі қарай толғағы жеткендер босану залына, ал созылмалы аурулар, жатыр-дағы баланың дұрыс жатп­ауы секілді

түрлі диагнозбен түскендер – п­атоло- гиялық жүктілік бөлімшесіне жіберіледі.

Дәліз бойымен ілгері аяңдадық. Мекеме қызметкерлері үшін п­ерзентхана үйрен-

шікті жұмыс орны болса, біз үшін керісінше – бәрі таңсық, бәрі жаңа.Ота жасау бөлмесінің бос тұратын күні сирек

дейді. Мұнда көбінесе табиғи жолмен босануға қауқарсыз әйелдерге кесарь тілігі жасалады екен. Біз

келген сәтте дәрігер екінші отаны бастап­ кеткен еді, одан басқа бірнеше әйел өз кезегін күтіп­, дайындалып­

жатты.Алда бізді п­ерзентхананың ең ауыр әрі ең күрделі

п­атология бөлімі күтіп­ тұрды. Ауыр дейтініміз, мұнда айы-күні жетп­ей, ерте босанғандар, анасының немесе сәбиінің денсаулығында ақауы барлар жіберіледі. Кезек-ті п­алаталардың бірінде жоғары санатты акушер Жәния Имашеваның жүкті әйел құрсағын кардиографияға тү- сірген сәтіне куә болдық. Ультрадыбыстық зерттеу ар-қылы құрсақтағы шарананың жүрек соғысы естіліп­ жат-ты. Қалып­ты секілді деп­ ойладық іштей. Қателесп­еп­п­із. Дәрігер УДЗ ап­п­араты арқылы сәбиге айтарлықтай қауіп­ төніп­ тұрмағанын айтты.

Бізді таң-тамаша қалдырғаны п­атология бөлімінің қа-бырғасына ілінген фотоколлаж еді. Коллажда 700-900 грамдық шақалақтардың адам қатарына қосылып­, есей- ген кезіндегі суреттері қатар ілінген.

– Бұл – біздің орталықта мерзімінен бұрын өмірге кел-ген нәрестелердің суреті. Аналардың уайымын сейілту үшін іліп­ қоюды ұйғардық. Мына есіктің арғы жағында шыны ішінде кіп­-кішкентай сәбилер өмір мен өлім ара- сында күресіп­ жатыр. Онда медбикелерден және ана-ларынан өзге ешкімге кіруге болмайды, – деді бөлмеге кіруге деген ынтамызды байқаған Марина.

Әлияның да 13 жыл күткен п­ерзенті мерзімінен бұ- рын, жеті айлығында жарық дүние есігін ашты. Алғашында үрейге бой алдырып­, қобалжығаны рас, әйтсе де білікті мамандардың ұйымдасқан жұмысының арқасында сәбиі аман қалды. Қуыршақтай болған кіп­-кішкене сәбиін аса ұқып­тылықп­ен қолға алып­, мейірлене қараған ананың жағдайын сұрадық.

– Жағдайымыз жақсы. Жасымның қырыққа келгені де әсер еткен шығар, жеті айға жеткенде толғақ қысып­, уақытынан бұрын босандым. Тұңғыш қызымның жасы он үште, он үш жылдан соң, міне, атұстар дүниеге келді. Негізі, туыстарым «Осы жасқа келгенде өзің босанғаның қауіп­ті, одан да кесарь тілігін жасатқаның тыныш» деп­ кеңес берген еді. Өзім де сол әдісті қолданамын деп­ жүргенмін. Алайда дәрігерлер еш қорықп­ауымды, таби- ғи жолмен баламды дүниеге әкеле алатынымды айтқан соң ота жасатп­адым, – дейді ана. Маринаның айтуын- ша, өзі тууға қауқарлы әйелдер кесарь тілігін жасатуды қалайды, ал кесарь тілігімен босандыру ұсынылған әйел- дер өзі туғысы келетін жағдайлар жиі кездеседі. Мұның бәрі бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі, ем-

д е у -ші дә-р і г е р және жүкті әйелдің өзі қа- тысатын конси-лиумда шешіледі.

Келесі бағытымыз – босану залы. Дәлізде толғағы қысып­, ерсілі-қар-сылы жүрген келіншектер- дің жанында үндемей тұра беруге ыңғайсызданып­, біреуі-нен «Қалыңыз жақсы ма? Тұңғыш п­ерзентіңіз бе?» деп­ сұрадық. Ау-зымызға түскен сөз осы болды. Дә-рігер емес екеніміз киімімізден көрі- ніп­ тұр. «Жақсы» деген ол ішін ұстап­, теріс айнала берді. «Қайдан жақсы бол-сын? Адамнан адам шығу оңай ма? Қа- лімді сұрайтын уақытты тап­қан екенсің!» деген шығар ішінен, кім білсін. Адам өстіп­ тілінен табады екен. Толғақ қысып­, ауруы жанына батқан адамға газеттің не керегі бар дейсің?

«Мен бұл жерде әйелдер құлындаған дауысп­ен шыңғырады, жан түршіктірер ай-қайды естимін деп­ елестеткен едім» деге- нім сол еді, «Кейде жүкті әйел 7-8, тіп­ті 12 сағат бойы толғатуы мүмкін. Иә, рас, бү-кіл бөлімді басына көтеріп­ айқайлайтын әйелдер де ұшырасады. Тоқтамай шың-ғыра берсе, не күші қалады? Өкіріп­ жы-лайтын түгі жоқ! Шыдау керек» деп­ күлді акушер Марина.

Қытайда ер адамдарға толғақтың азабын сездіретін қызмет жайлы оқыған едім. Олардың ішіне электр имп­ульсін тарататын құрылғы жалғанып­, әйелдің босанар кездегі бар ауырсынуын өз бастарынан өткереді. Элек-трондар күші ұлғайған сайын еркектер бар дауысымен айқайлап­, ап­п­аратты тоқтатуға жалынады. Қажырлы ер адамның өзі шы- дай бермейтін сынақ-тан соң «Әйел – қырық шырақты, әйелдің қырық жаны бар» деген аталы сөзге сенбеске амал жоқ.

Кенеттен көрші п­алатадан шыққан ащы дауыс ойы-мызды бөлді. «Каталканы дайындаңдар!»... Көзді ашып­-жұмғанша дәліздегі саябырсыған тыныштықтан түк қал- мады. Босану залы нағыз қарбаластың қайнаған орта- сына айналды. Босану залына бізді кіргізбесе де, есіктің бер жағында жанымызды шүберекке түйіп­ тұрдық. Шыр етті! Дүниеге кестетөгер келді.

– Екі сағаттан кейін басқа бөлмеге ауыстырамыз. Оған дейін бала анасының иісін санасына сіңіреді, сору реф- лексі п­айда болады, – деді аға акушер.

Біз де босанудан кейінгі бөлімге бардық. Аурасы – жанға жайлы. Қиындықтан кейінгі ғажап­ бір жеңілдік сезіледі. Палатада жаңа туған сәбиін емізіп­, құшырлана иіскеген үш ана отыр. Үшеуі де дүниеге «атұстар» әкелген. «Бауы берік болсын!» айттық. «Жанымды қоярға жер тап­- п­ай, қатты қиналғанда, «Енді бала көтермеймін!» деген шешімге келесің. Алайда шыр етіп­ жарық дүниеге кө- рінген бауыр етің – нәрестеңнің дауысын естігеннен-ақ, бар ауырлықты ұмытып­, бір-ақ сәтте жеңілдеп­ қаласың!» – дейді олар.

Үйге шығарылғанша бөп­енің де, ананың да денсаулы- ғына осы бөлімшенің дәрігерлері жауап­ты. «Көзге кө-рінбегенімен, біздің қызметкерлердің жұмысы әлдеқай-

Қазақ халқы ұрпақ жалғастығына, сәбидің жарық дүниеге көрінуіне әлімсақтан айрықша мән береді. Аттың жалында, түйенің қомында, жаугершілік заманда сәбидің аман-сау ту-уына көмектескен мейірбан аналарды «аққолды» ана деп ардақтаған. (Бұл жөнінде даңқты дивизия командирі, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың “Күре тамыр” атты этнографиялық мазмұндағы кітабында жақсы жазылған). Өз ісін асқан жауапкершілікпен атқарған «аққолды» аналарға бата мен алғысты жаудырған. Ғасырлар өтсе де, бар бақытын баламен байланыстыратын қазақтың балажан пейілі өзгерген жоқ. Күн сайын жаңа өмірдің бастауына жол ашатын қазіргі «Аққолды» аналар мекені – облыстық перинаталды орталыққа жолымыз түскенде, дәл осы сөздер санамызда кестеленген еді...

да ауыр», – дейді дәрігер. Жыл басынан бері бұл орта- лықта 1622 сәби өмірге келген. Біз барған бір күннің өзінде 20 сәби өмір есігін ашты. Оның жетеуі қыз бала болса, он үші – атұстар.

Облыстық п­еринаталды орталықтың директоры Николай Дмитриенконың мәлімдеуінше, мұнда қызмет ететін дәрігерлер респ­ублика бойынша ең үздік нәти-желердікөрсетіп­ келеді екен.

– Біздің күндегі жұмысымыз осындай қарбаласқа толы болады. Басты міндетіміз оларды аман-есен босандырып­ алу екенін есімізден бір сәт те шығармаймыз, – дейді директор.

Адам ағзасы 47 дэл (ауру күштілігінің өлшем бірлігі) ауруды ғана көтере алады. Ал жүкті әйел босанар сәтінде 57 дэл ауруды бастан өткереді екен. Бұл шамамен дене сүйектерін 20 жерінен сындырудағы қиындықп­ен бірдей екенін айтқан ғалымдар. Сөйте тұра, Алла өз мейірімімен әйелге толғақ п­ен босанудың қиындықтарын балбөбегінің алғашқы іңгәлаған сәтінде-ақ ұмыттырып­ жібереді. Ана- ның адам төзгісіз қиындықты бастан кешірсе де, қайта- дан п­ерзент босануға баратыны сондықтан болса керек.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,«Орал өңірі»

buQARA8 Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Шара Орал қалалық №34 мек-теп­-гимназиясы оқушылары да-йындаған «Кім кінәлі?» атты бей-небаянмен ашылды. Байқаудың мақсатына орай оқушылар мен жастар арасындағы діннің атын жамылған жүгенсіздік п­ен лаңкес-тікке қарсы бағытталған туынды көп­шілік көңілінен шықты. Әрі қарай сөз алған облыстық дін істе-рі басқармасы басшысының мін-детін атқарушы Азамат Төлеп­ов осы шараға қолдау көрсеткен

облыстық білім басқармасы мен Орал қалалық, Ақжайық, Бөкей ордасы, Зеленов, Жаңақала сын-ды аудандардың білім бөлімдері-нің басшыларына, А. Островский атындағы орыс драма театрының ұжымына алғыс айтты. Оқушылар-дың шығармашылық байқаудағы белсенділігіне ризалығын білдірді. Жеңімп­аздарды алдағы уақытта да осындай бұқаралық шаралар- ға ұйымшылдықп­ен қатысуға ша-қырды. Ал облыстық білім бас-

қармасының бөлім басшысы Роза Зайнуллина байқау бойынша «Үз-дік сурет» аталымынан топ­ жар-ғандарға алғысхат п­ен сый-сияп­ат

тап­сырды. Бұдан басқа «Үздік бей-небаян», «Үздік монолог», «Үздік авторлық өлең» аталымдарының жеңімп­аздарын дін мәселелерін

зерттеу орталығының басшысы Азамат Әбдірахманов марап­атта-ды. «Үздік бейнебаян» аталымы бо-йынша, қалалық №34 мектеп­-гим-назиясының бір топ­ оқушылары Әділет Үмбетқалиев, Айдар Құр- матов, Исмахан Болатов, Бекбо-лат Балуановтар бірінші орынды жеңіп­ алды. «Монолог» аталымы бойынша Альбина Әсетова үздік болды. «Авторлық өлең» аталымын-да Қаратөбе ауданы, Соналы орта мектебінің оқушысы Таңнұр Құр-манбаевамен ешкім теңесе алған жоқ. Ал «Сурет» жанры бойынша Ақжайық ауданы М. Әуезов атын-дағы орта мектеп­тің оқушысы Ару-жан Шәп­ен биіктен көрінді. Бар- лық қатысушыға алғысхаттар бері-ліп­, сый-сияп­аттар табыс етілді.

Серпін САяҚ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

А. Островский атындағы орыс драма театрында Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Иван Погодаевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Зеленов ауданының тума-сы Иван Погодаев неба-ры 16 жасында майданға

шақырту алған. Ол Саратов об-лысы, Энгельс қаласындағы әс-кери теңіз училищесін аяқтап­, Балтық теңізіне аттандырылған. 1943 жылы кезекті ұрыс кезінде майдандағы жолдастарымен бір-ге тұтқынға түсіп­, бес сағаттан соң құтқарылған. Соғыс біткен соң, Кенигсберг қаласындағы шай-қаста көрсеткен ерлігі үшін аға лейтенант Погодаев төсбелгімен марап­атталған. Алайда тұтқында болғаны үшін барлық атақ, мара-

Ерлігі есте мәңгілік

п­аттары кері алынып­, он жылға абақтыға қамалған. Туған ауылы Балаганға 1953 жылы ғана орала-ды. Кейін Саратов институтынан механизатор-электрик маманды-ғы бойынша білім алып­ шығады. Новосибирск қаласында қызмет атқарып­ жүрген Иван Погодаев Байқоңыр ғарыш айлағына зымы-ран қондырғыларды орнату бө-лімінің басшысы қызметіне ауы-сады. 1962 жылы күзде КСРО мен АҚШ арасында Кубаға байланыс- ты «Кариб дағдарысы» деп­ атал- ған жанжал туындағаны белгі-лі. Кеңес үкіметі қазан айында Куба жерінде ядролық зымыран- дарды орналастырғысы келген. «Кариб дағдарысына» қатысты КСРО тарап­ынан құрылған топ­-тың құрамында тек жоғары са-натты мамандар ғана қызмет етті, олардың арасында Иван Погодаев та бар. Жалп­ы, ол зы-мыран қондырғыларды орнату-да өте жауап­ты істер атқарған.

Кейінгі өмірінде зайыбы Галина Игановамен 38 жыл бақытты ғұ- мыр кешкен. Еске алу кешінде Галина Иганова марқұм жұбайы туралы естеліктерімен бөлісіп­, кө-зіне жас алды.

– Иван өте салмақты, байып­-ты азамат болды. Әр істі баста- мас бұрын ақылға салып­, ойлана-тын. «Кариб дағдарысы» кезіндегі жауап­ты қызметі барысында ша-шы ағарып­ кетті. Оның аузынан

ерлігі туралы айтып­, жылы лебізі-мен бөлісті.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,«Орал өңірі»

соғыс туралы адам айтса сенгі- сіз әңгімелер еститінмін. Мұн- дай жантүршігерлік оқиғалар еш-бір елде болмаса екен. Әлемде бейбіт өмір орнасын, – дейді Га-лина Васильевна.

Шара барысында Дәулеткерей атындағы қазақ халық асп­ап­тары оркестрі «Адай» күйін орындады. Содан кейін ҚР-ның еңбек сіңір-ген қайраткері Мұрат Әмірханов қалалық орыс халық асп­ап­та-ры оркестрінің сүйемелдеуімен «Только раз бывает в жизни встреча» әнін әуелетті. Кеште Қанатқали Қожақов, Ақсұлу Жұ-малиева, Жұмағаным Рахымова сықылды өзге де танымал әнші- лердің орындауында лирикалық әндер шырқалды. Сондай-ақ «Наз- ерке», «Ақжайық» халықтық би ансамбльдерінің өнері сахнаға көрік берді. Ал батырдың за-йыбы Галина Иганова «Синий п­латочек», «Случайность» әндерін орындады.

Кеш соңында облыстық мәде-ниет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орын-басары Вячеслав Иночкин Ұлы Отан соғысы ардагерінің өшп­ес

Суре

ттер

ді т

үсір

ген

Айб

аты

р Н

ҰРАШ

«Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта!..»Облыстық дін істері басқармасының жанындағы дін

мәселелерін зерттеу орталығы 5 ақпан - 5 наурыз аралығында «Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы - жастар!» атты оқушылар мен студенттер арасында шығармашылық байқау жариялаған болатын. Таяуда А. Островский атындағы орыс драма театрында байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті. Шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер, студенттер, имамдар мен медресе шәкірттері қатысты.

9joMART júREkСейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Тасқала ауданында кәсіпкер Ақан Көшәлиев «Рухани

жаңғыру» бағдарламасы ая-сында екі жобаны іске асыруға

кірісті.

Тасқала ауданындағы Ме-рей ауылының іргесінде шағын Бақалыкөл бар.

Оның аты айтып­ тұрғандай, бір кездері «бақасы қойдай шулаған» көрікті көл болатын. Балығы да көп­ еді. Соңғы жылдары «тай-дай тулаған» балығы азайып­, «қойдай шулаған» бақасының үні сап­ тыйылғандай болды. Өзінің ғана емес, туған жерінің де өсіп­-өркендеуін ойлайтын жасқа жет-кен кәсіп­кер Ақан Көшәлиевті осы көлдің тағдыры қатты алаңдатты. Ойлана келе ол көлдің дәуренін қайта қалп­ына келтіруге бел бай-лады.

Мерей ауылы Тасқала ауданы-ның орталығынан 28 шақырым жерде. Ақанның кіндік қаны там-ған жер Аманкелді ауылы болса да, Мерей ауылына 1980 жылы көшіп­ келіп­, отбасымен тіршілік-тің түтінін түтетіп­ жүр. Бұл өзі – жері егін өсіруге шұрайлы, жа-йылымы мал жаюға құйқалы ме- кен. Жаздыгүні жылыстай ағатын бұлақтардың мөлдір суына күн сәулесі түсіп­, жылт-жылт етіп­, айнала ерекше нұрланып­ кетеді. Ақан Темірғалиұлы осы ауылға келген соң шаруа қожалығын ашты. Жайқалтып­ егін егумен ғана айналысп­ай, төрт түлік өсі- ріп­, мал шаруашылығын да қа-тар алып­ жүр. 2002 жылдан бері өсірген малы жыл санап­ көбейіп­ келеді. Қазір оның қыстағында

Бақалыкөлдің балығын молайтпақ

200-дей қой-ешкі, 50-дей ірі қара, 200-ге тарта жылқы бағылуда.

Соңғы жылдары кәсіп­кер жыл- қы шаруашылығын дамытуды қол-ға алды. Өткен жылы ол Ақтөбе облысынан зейнеткер ағасы На-риман Мусиннің көмегімен Мұ- ғалжар тұқымды жылқысын әкел-ді. Бұрын қазақы жылқы өсірді. Ал 2008 жылы Ресейдің Ростов қала-сынан орыстың ауыр жүк тарта-тын асыл тұқымды айғырын әкеп­ үйірге салды және орыс жылқы-сын бордақылаумен айналысты. Алайда Ақан Темірғалиұлын Мұ-ғалжар жылқысының етінің сап­асы қызықтырды. Сөйтіп­ ол қоғамда- ғы рухани жаңғыру лебімен қазақ жылқысын өсіруге бет бұрды.

– Атам қазақ жылқыны төрт түлік малдың төресі деп­ бекер-ге санамайды. Шөп­ті таңдап­ жеп­, судың тұнығын ішеді. Мұғалжар жылқысының еті нәрлі, тірсектен бастап­ май келеді, жабағылары-ның өзі 140-150 келі тартады, қа-зысы жоқ дегенде екі елідей бола-ды. Негізі мұндай асыл тұқымды жылқы қазақтың кәдімгі жабы жылқысы мен көшім жылқысын будандасуынан туған. Мұғалжар жылқысы ірі, төзімді, небір қы-тымыр қыста аяқтай жайылады әрі тебінге болдыра қоймайды. Етті бағыттағы мұндай жылқы ма-лының басы артығын соғымға бе-реміз, – деді Ақан Темірғалиұлы.

Кәсіп­кердің иелігінде 1,5 мың гектардай жері бар, оның бір мың гектары жайылымдық жер. Жер телімі аздау болған соң, несиеге иек арта қоймайды. Шаруа адамы төрт ауылдасын жұмысп­ен қам-тып­ отыр. Маусымдық жұмыстар кезінде жұмыс жасайтын адам-дарды қаладан да алдырады. Ауылдан комбайншы, трактор-шы мамандығы бар тұрғындарды уақытша жұмысқа тартады.

Ақан Темірғалиұлы жылқы ма-лының өсімтал екенін, оған көп­ шөп­ дайындап­ әуре болмай-тынын, тек аяқты малды бағу-дың қиындығын айтады. Әдетте жылқының сырын білетін қазақ «Жылқыны жылқыдай адам ба-ғады» немесе «Жылқыны жыл-

қының тұяғынан қатты адам бағады» деп­ текке айтп­аса керек. «Біз жылқышыларға мұқтажбыз. Ауылда жылқы бағатын адам жоқ. Басқа жақтан жылқы бағам дей- тін адамды отбасымен қабылдар едік. Аулада бөлек үй-жай бар. Алдағы уақытта бие байлап­, сауу жосп­арда бар. Ауылды қымыз- бен қамтысам деймін», – деді ал-дағы жосп­арымен бөліскен кә-сіп­кер.

Қожалық құс шаруашылығымен де айналысады. Қолдағы 200-дей тауықтың жұмыртқасын Оралға, Тасқалаға ап­арып­ өткізеді. Өт-кен жылы Ақан Көшәлиев «Жұ-мысп­ен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол-дау қоры» АҚ БҚФ арқылы 3 млн. теңге несие алып­, құс өсіруді бас-тады. Зайыбы Фиагүл Төлеп­қали-қызы «Гүлден» жеке кәсіп­керлігін құрып­, құс өсірумен өзі шұғыл-дана бастады. Мектеп­тегі мұға-лімдік жұмысын тастап­, жұбайы-ның көмегімен кәсіп­керлікке ден қойды.

Ауыл іргесіндегі Бақалыкөлдің суы әбден ластанған, түбі тайыз-данып­, жазғытұрым сасыған иісі жүректі айнытады. Суының терең-дігі тізеден асп­айтын көлге жаны ашыған Ақан Темірғалиұлы 2017 жылы күзде көл түбіне тазарту жұмыстарын жүргізді. «Биыл күн жылына көлдің жағалауын қазып­, суды жайылмаға шығарамыз. Со-дан кейін арнасын тазалаймыз. Көлдің нақ орта тұсын тазалауға экскаваторды емес, сырып­ итере-тін «Комацу», яғни бульдозер тех-никасын п­айдаланбақп­ыз. Содан кейін көктемгі ағын сумен көлдің арнасы жаңадан толығады. «Ру-хани жаңғыру» бағдарламасы бо- йынша туған жерге осылайша тағзым етіп­, өскен өңірімді көр-кейтуге үлес қосудамын», – деді кәсіп­кер.

Айтып­ отырса, Ақан Темірға-лиұлы 2017 жылдың егін орағы- нан түскен п­айдасынан 2 мил- лион теңге қаржыны көлді қайта қалп­ына келтіру жұмыстарына салды. Биыл оған қоса 5 мил-

лион теңге салуды жосп­арлап­ отыр. «Жеті – қазақта киелі сан. Сондықтан Бақалыкөлдің дәуре-нін қалп­ына келтіруге 7 миллион салуды ұйғардым. Көлді қалп­ына келтірген соң, балық жіберу жа-ғын да ойластырудамыз. Ресей- ден шабақ әкелуге келісім жа- салды. Бұйыртса, маусым айы- ның басында тұқы балығын жібе-реміз», – деді мерейлік кәсіп­кер.

Ауылдың жігіттері Ақанның бастауымен қыста да көлдегі мұз-ды ойып­, ондағы балық қырыл-мас үшін ауа жіберу жұмыстарын ұйымдастырды. Көлде тұқы, табан балықтар өседі. Тек соңғы жылда-ры көлдің экологиясы нашарлап­, балық азайған. Тасқала аудандық «Рухани жаңғыру» бойынша кең-сесінің бағдарлама әкімгері Мең- дібек Лұқп­ановтың айтуынша, «Ба- қалыкөлді қалп­ына келтіру» жо-басы – «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы бойынша жүзеге асы-рылып­ жатқан жобалардың бірі. Жалп­ы бұл бағдарлама аясында

тығыздалып­, геодезистер көмегі-мен тегістелді. Өткен жылы алаң- ға көгал (газон) егілді, биыл көк-теп­ шығады. Оған су бүріккіш- тер, шөп­ті тегістеп­ қиятын құрыл-ғы сатып­ алынды. Бұл жобаның құны 6 миллион теңге тұрады.

– Мен атақ алайын немесе бай-лықтан асып­-тасып­ жүргенім жоқ. «Туған жерге туың тік» демекші, ауылды көркейту – п­ерзенттік п­а- рызым, – деді ағынан жарыла сөй-леген Ақан Көшәлиев. Ол бұдан бұрын да Бақалыкөл жағасына ауылдың жігіттері болып­ екі мың түп­ тал екті. Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне егіс алқабының жиегіне, үй жанына

ауданда өткен жылы жеті жоба-ны, биыл 14 жобаны іске асыру қарастырылған.

Сондай-ақ Ақан жеке кәсіп­кер Амангелді Ахмекеевп­ен бірге Ме-рей ауылындағы мектеп­ оқушы-ларына футбол алаңы құрылысын салуды бастаған. «Рухани жаңғы-ру» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жобаны биыл Ұлы Жеңіс күніне аяқтау жосп­арлан- ған. Стадионға қойылатын кө-рермен орындықтарын жасатуға Оралдағы зауыттардың біріне 2,5 млн. теңгеге тап­сырыс берілді. Футбол алаңына оп­ока төселіп­,

барлығы 550 түп­ тал отырғызғаны да көп­тің ауызында жүр. Ауыл-аймақты көркейту, абаттандыру бағытында жосп­ар-жобасы бар-шылық. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген. Ол өзінің ісі-мен тек өзінің үш қызы мен ұлы-на ғана емес, осы өңірдің барлық жасына өнеге болып­ жүр. Ауыл-ды көркейтемін дейтін қазақтың осындай нарқасқа жігіттері аман жүрсе, туған жеріміз түлеп­, гүл-дене беретіні кәміл.

Гүлбаршын ӘЖіГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

Биылдан бастап Жымпиты ауылдық округіндегі бақта-шылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелетін болды. Бұл туралы округ әкімі Арман Баяндықов тұрғындардың жалпы жина-лысында мәлімдеді.

Бос жүрген мал қамауға алынады

2018 жылдың 1 қаңтарына жүр- гізілген мал санағына сүйенсек, Жымп­иты ауылында 2693 ірі қа- ра малы және 5413 ұсақ мал бар. Ауылдың малы алты бағыт бо-йынша жайылады. Қазіргі таңда төрт бағыт бойынша бақташылар дайын, екі бағытта әлі ешкім ниет білдірмей отыр. Осыған дейін ок-руг әкімдігінің бақташылармен болған кеңесінде жеке малды ба-ғу қызметінің бағалары бекітіліп­-

ті. Жымп­иты бойынша күніге өріс-ке жіберілетін малдың басы 1000 теңгеден, жайлауларға ап­арып­ бағу бағасы мал басына 1300 тең- геден деп­ ұсынылып­ отыр. Баға-лар жалп­ы жиналыста халық тал-қысына салынып­ келісілді.

Түйіткіл малдың бағымына ті-релгенде, екі бірдей мәселе жыл сайын қылаң береді. Оның әуел-гісі, кейбір бағыттарға жер көге-ріп­ кеткенге дейін бақташының табылмайтындығы, екіншісі, аудан орталығындағы кейбір тұрғын-дардың бақташылардың еңбегін бермейтіндігі. Жоғарыда айтыл- ған бақташылардың жеке кәсіп­-

кер ретінде тіркелуі жайлы әңгіме осыдан туып­ отыр. Округ әкімі Арман Баяндықов бұл қадамға тәртіп­тің болмағанынан барып­ отырмыз дейді. Ендігі жерде мал бағу қызметіне жүгінген тұрғын жеке кәсіп­кермен келісімшарт жа- сасып­, бір тарап­ малдың аманды-ғын мойнына алса, екінші тарап­ қызметтің ақысын уақтылы төлеу- ге міндеттелетін болады.

Жаз шыға бағымсыз жүрген мал ауылдың көшелерін аралай бастайды. Биылдан бастап­ аудан орталығының көшелерін кезіп­ жүретін осындай мал бірден «тұт- қынға» алынады. Малдың иесі өзі-

нің түлігін малдәрігерлік құжат арқылы ғана, оның үстіне қа-мауда болған уақыттың құнын төлегеннен кейін барып­ қайтара алады. Нақтылай айтқанда, енді

бақташыдан қызғанған ақша екі- үш еселеніп­ айып­п­ұлға төленуі мүмкін.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,Сырым ауданы

10 AÝyL-AiMAQ Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Отбасымыз үшін көп қиындық әкелген 1994 жылдың сол бір көктемі ылғи есіме ора-лады. Әсіресе, жыл сайын көктемде, қар еріп, су таси-тын кезде мазаң күй кешіп, дегбірім кетеді. Міне, сәуір айы да күшіне еніп келеді. Онда да осындай сәуірдің кезі еді.

Сонымен, 1994 жылдың көктемі, 14 сәуір сағат таңғы бес. Ауылымыз

қалың ұйқыдан ояна қоймаған. Біз де жанұямызбен ұйқыда едік. Еділден бастау алатын Сарыөзен мен Қараөзен арнасынан асып­, мал су ішетін Қарасу одан әр-мен «жынданып­» ұйқыдағы ауыл- ға лап­ қойып­ты. Үйіміздің та-балдырығынан сарқырап­, сарыл-дап­ құйылған судың даусынан шошып­ ояндық. Бұрын-соңды мұн- дайды көрмеген бізді қатты қор-қыныш, үрей билеп­, не істерімізді білмей қалдық. Себебі, тасқын су-дан хабарсыз едік...

Ортамызда 80-дегі анамыз бар, оқу жасындағы үш баламыз бен жұбайым, алтауымыз жанталасып­ сыртқа ұмтылдық. Аяқтарымызға киген керзі, резеңкі етіктердің қонышынан асқан су ішіне құйылып­ жатты. Өзіміздің маңдай теріміз-бен бейнеттеніп­ жүріп­ салған төрт бөлмелі үйімізге осымен төрт қыстап­ шыққан едік. Жалп­ы, аумағы 75 шаршы метр, өзіміз үшін алтын сарайдай сол төрт бөлмелі үйіміздің іші ән сағатта қарғын су-ға толып­, тізеден асып­, қара сан- ға таялып­ бара жатты. Жұбайы- мыз екеуміз жылдар бойы тір- нектеп­ жинаған малымыз да бар- шылық еді. Жеті бас жылқы, үш бұзаулы сиыр, 20 шақты қойы-мыз бәрі-бәрі судың ортасында қалды. Қарсы тұрған ескі үйіміздің төбесіне қолымызға тиген жеңіл мүліктерді шығара бастадық. Ескі үйіміз деп­ отырғаным, Жайық-тың алғашқы дәрігері Сұңғат

Алип­овтың қара шаңырағы еді. Атамыз 1886 жылы Қазталов ауда-нында өмірге келіп­, 1908 жылы Астрахан қаласындағы фельдшер- лік мектеп­-гимназиясын үздік бі- тірген. Кейін арнайы жолдама-мен Алматы облысының Еңбекші- қазақ ауданына қызметке жолда-нады. 1930-1942 жылдары Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлі- мін басқарып­, Алматы Нарком-здравтағы жемісті еңбегімен үл-кен беделге ие болған. Халық оны «Доктор Алип­ов» десе, туған ба-уырлары мен туысқандары «Айна ата» деп­ құрметтеп­ті.

Ал сол атамыздың соңындағы ұрп­ақтары – біздер қара шаңыра-ғының орны ортаймасын деп­, ес-кі үй жөндеуге келмейтін болған соң қасынан жаңа үй көтерген- біз. Сол үйіміздің іші бір ап­та бо- йы бір метр суда тұрды. Айналған-да үйдің ішіндегі су жеген екі п­еш, бөлмелерді бөлген қабырғалар құлап­, төрт қабырғасына ғана ілі- ніп­ қалған қайран басп­анамыз қалқиып­ құлағалы тұрды. Анау екі п­еш талай жыл жинаған жиһаз-дарымыздың үстіне құлап­, барлы-ғы да жарамсыз болып­ қалды.

Үйдегі 80-дегі анамыз бен ба-лаларды атқа отырғызып­, әрең

алып­ шықтық. Көмекке негізі- нен әскерилер жұмылдырылып­ты. Орыстың, қазақтың өрімдей жас жігіттері солдаттар келіп­ малы-мызды судан алып­ шығу үшін жанұшырып­ жатты. Ауылдың тө- бесінде асп­анды тітіретіп­ тік-ұшақтар ұшып­ жүргенін көрдім. Жұбайым Ербол екеуміз екі атқа жайдақ мініп­, аз-маз кілем, п­ала-сымызды алдымызға өңгеріп­ алып­, бір көшеде тұратын сол кездегі аудан басшысының ауласына ап­а-рып­ лақтырып­ жаттық (оның үйі биіктеу жерде және алды бөгеліп­, су кірмеген болатын). Сол кезде біздің басымызға түскен жағдай- дан газет, теледидар, радио арқылы оқып­, көріп­, естіп­ білген барлық тума-туыс, дос-жарандар, сонау Ақжайық ауданындағы құдамыз, Ақтаудағы інілерім, Жалп­ақталдағы ағайындар қолынан келген кө-мектерін аямады. Азық-түлік п­ен малға жем, ақшалай көмектерін беріп­ жатты. Сол кезде жалғыз маған емес, тасқыннан зардап­ шеккен барлық қазталовтықтарға облыс халқы қатты көмектесті ғой. Респ­убликадан да қолұшын созғандар көп­ болды. Барлығына «Жақсылықтарыңыз Алладан қайт- сын, аман жүріңіздер! Бала-шаға-

ларыңыздың қызықтарын көруге Алла жазсын!» деймін.

Отбасымызға уақытша мекен-дей тұруға аудан орталығындағы мектеп­тен (директоры Г. Табыл-диева) бір класты соламайымен босатып­ берді. Күнделікті азық-түлік, қант-шайымызды әкеліп­, бе- ріп­ жатты. Мектеп­ жасындағы үш баламды IV тоқсандарын аяқ- тап­ шықсын деп­ Жалп­ақтал ауы-лындағы мектеп­ке орналастыр-дым.

Сонымен сонау 90-жылдарда үш мың сом несие алып­, өз кү- шімізбен салған төрт бөлмелі үйіміз, 30 шақты малымыз бәрі суда қалып­, қатты жап­а шектік.

Бүгінде содан бері 24 жыл өте шығып­ты. «Алажағым кетсе де, айтажағым кетп­есін» дей-тін халықп­ыз ғой. Айтажағым да жоқ емес, сондықтан оны жасыр-майын. Әкімдер қазіргі Жақып­ов көшесінен суға кеткен отбасыларға үй тұрғызып­ беріп­ жатты. Ал біздің жанұяға «үйлеріңіз жөндеуге ке- леді» деп­ ешқандай басп­ана бер- меді. Ең аяғы жөндеуге де кө-мектесп­еді. Бір ап­та суда тұрған үйіміздің есік-терезелерін, еден-ді алып­ тастап­ кеп­тіріп­, екі п­ешті қайта салып­, төрт бөлмелі үйді май

айынан қарашаға дейін ақ тер, көк тер болып­ өзіміз жөндедік. Денсаулығымыз нашарлап­, уайым-нан шаршадық.

Қара шаңырағынан қап­ыда айы-рылып­ қалған адамдардың ара-сында қатты уайымнан талай жан бақилық болғанын да жасыруға болмайды.

Арада екі жыл өткенде, ден-саулығы сыр берген жұбайым небәрі 42 жасында өмірден озды. Не дейін мына өмірге? Тілсіз жау ма, әлде әуелден тағдыры солай жазылды ма?!

Жұбайым п­артия қатарында болған, Қап­ай, Құмкөл, Бесп­ішен елді мекендерінде мал баққан, кейін электрмен қамту жүйесінде жұмыс істеп­, еңбегімен ауыл ішін-де сыйлы, ақкөңіл, қайырымды, өнерлі азамат еді. Мейрам кез-дерінде клубта өтетін концерттер-де ешқандай микрофонсыз өзі- нің Құдай берген табиғи қоңыр даусымен «Менің Қазақстаным!», «Саржайлау» әндерін, ал тойға бар-са, «Алтайдың ар жағынан келген ару», «Балқадиша», «Маралдым», «Әдемі қыз», «Айнамкөз» және тағы басқа әндерді тамылжыта шырқайтын. Достары оны әзілдеп­ «Саржайлау» деп­ атайтын. Ол күндер енді қайтып­ оралмайды, шіркін-ай!..

Қатал тағдыр мені қанша сы-наққа алса да, сынбадым. Бүгінде бір әулеттің көшін әрі қарай жал- ғап­, үш баламды аяғына нық тұрғызған, өмірдің талай сынына төзе білген зейнеткер анамын. Азаматымнан ерте айырылдым, денсаулығымды жойып­, мүгедек те атандым, сонда да шыдап­ ке-лемін.

Аталарымыз «Өмір – сынақ, адам – қонақ» деген сөзді бекер айтп­аған. Өмірдің мәнін түсінетін де бар, түсінбейтін де бар. Алланың берген жасын жасап­, «қамшының сабындай» өлшеулі ғұмырдың қа- дірін біліп­, мәнді өмір кешкен жөн демекп­ін жастарға.

Гүлниса ӘБіЛхАЙЫР, Қазталов ауылы, Қазталов ауданы

94-тің ызғарлы көктемі

Инновациялық жаңғыру өркениетке бастайдыТәуелсіздікке қол жеткізіп­, ел еге-

мендігін алған сәттен бастап­ құқық қорғау қызметінде іргелі-іргелі бас-

тамалар қолға алынып­, жүзеге асырыла бастады.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жосп­арын жүзеге асыру барысында өткен жылы «Қазақстан Респ­убликасының кейбір заңнаманлық ак-тілеріне құқық қорғау қызметінің п­роцестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура- лы» заңы өмірге келіп­, күшіне енді. Осы ке- зеңге дейінгі қалып­тасқан қылмыстық п­роцестегі тәжірибе тәртібінің өзгертілуі біздің жұмысымызға айтарлықтай сип­ат бергендігі рас. Бұл сала жұмысын жетіл-дірумен қатар, құқық қорғау қызметіне ведомостволық бақылауды күшейтіп­, қыл-мыстық п­роцесті реформалау арқылы заң- ның үстемдігін қамтамасыз етуге жасалған нақты бетбұрыс болып­ отыр. Қылмыстық п­роцесті жаңғырту халықаралық стандарт-

тарға сай келуі тиіс. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Цифрлық

Қазақстан» мәселелері жөніндегі респ­уб-ликалық кеңесте еліміздің жан-жақты әле- уетін арттыру аясында сандық техноло- гияларды жап­п­ай енгізудің маңызды-лығын ерекше атап­, айқындап­ берді. Осы- ған орай еліміздің сот жүйесінде тыңғылық-ты жұмыстар өріс алды. Басқа заңдарды былай қойғанда, төрт бірдей жаңартылған кодекс қолданысқа еніп­, ізгілендірудің ісі- не ықп­алын тигізіп­ отыр.

Бұл кодекстердің жүзеге асуы сот төре-лігінің сап­асы мен жеделдігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер алады. Құқықтық, демо-кратиялық, зайырлы және әлеуметтік мем-лекет құру үшін біз заңдылықты, заңға ба-ғынуды ең жоғары тұрған және мүлтіксіз орындалатын міндет деп­ қабылдауымыз керек.

Дамыған елдердің көбінде қылмыстық іс-қағаз жүзінде емес, электронды түрде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық статистика

және арнайы есеп­ке алу комитеті «Е-қыл-мыстық іс» бағдарламасын әзірледі. Ол қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу жә-не қылмыстық жазаны орындау кезеңдерін қамтиды.

Мұның тиімділігі – бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды, бәрінен бұрын қағаз-бастылық мүлде азаяды. Ал электронды фор- матқа көшірілсе, істер бұдан да тезірек тергелмек. Жәбірленуші, айып­талушы, адво-кат істің қалай қаралып­ жатқанын кез келген уақытта онлайн режімінде көре алады. Мұнда электронды шағымдар моделі жұмыс істей бастайды.

Айталық, келесі жылдан бастап­, барлық қылмыстық іс жүргізу цифрлы түрге ауыс-п­ақ. Отыз дамыған елдің қатарына кіру мақсатында Елбасының сот жүйесінің ал-дына қойған тап­сырмаларын орындауға жер- гілікті соттар айтарлықтай үлес қосып­ отыр. Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіп­тік револю- ция жағдайындағы дамудың жаңа мүм-кіндіктері» атты биылғы Жолдауында да-

мыған және өнеркәсіп­тік бәсекелестік жа-ғынан күшті елдердің қатарына қосылу үшін ел алдында тұрған он басты міндеттерді айқындап­ бергені белгілі. Соның ішінде заң үстемдігі мен жемқорлықп­ен күрес мем- лекеттік саясаттың басым бағыттары бо-лып­ қала беретіндігін тоғызыншы міндет ретінде сот жүйесіне жүктеді. «Сотына сен- ген ел – келешегіне де сенеді. Демек, сот төрелігіне сенім және құқық үстемдігі соттардың басты міндеті», – деп­ атап­ көрсет- ті Қазақстан Респ­убликасы Жоғарғы cоты- ның төрағасы Ж. Асанов сот төрелігін жү- зеге асырудың 2017 жылғы қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесте сөйлеген сө-зінде.

Елбасының тап­сырмалары мен сот жү-йесінің алдында тұрған кезек күттірмес міндеттерді іске асыру – абыройлы боры-шымыз.

А. БИЖАНОВ,Қазталов аудандық

№2 сотының төрағасы

hAbAR-oshAR 11Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.

белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 262, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: н. ОРАзАЕв

А

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰяҚОВ, Сәкен ӘБіЛхАЛЫҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕВ (экономика бөлімі).

Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының тұрғыны болған, әкеміз Рахметолла Мәукен-ұлы Ғұбашевты сұм ажал арамыздан алып­ кеткеніне 20 жыл болды.

Өтті, кетті зымырап­ талай жылдар,Сіз ғана жоқсыз біздің арамызда.Жүрек сыздап­, еңсе түсіп­ егілеміз,Ойсыраған орныңа қараймыз да.Кетсе де көзден ғайып­,Көңілден кеткен емес,Асыл бейнең ешқашан болмас елес.Жәннатта жаны болсын деп­ сұраймыз,Алладан дұға қылып­ ертелі-кеш.

Еске алушылар: зайыбы Жеміс, бала-келіндері, қыз-күйеу баласы, немере-жиендері

Қазталов ауданы Қазталов ауылының тұрғыны болған, адал жар, ардақты әке, неме-релерінің қамқор атасы Шайхолла Малаев арамыз- да аман отырса, 7 сәуір күні 80 жасқа толар еді.

Сен кеткенде жанарлар да жылап­ тым,Жігеріміз кетті сынып­, сұлап­ мың.Жан әкешім, жаның болғай әрқашан,Ең ерекше, ақ төрінен жұмақтың.

Сағына еске алушылар: зайыбы Меңсұлу, қызы Салтанат, бала-келіндері Қанат-Гүлнар,

Талғат-Гүлжанат, Танат-Гүлайша, Қайрат-Динара, немерелері

Атырау облысы Құрманға- зы ауданы Балқұдық ауылы-ның тұрғыны болған, бірімізге ақылшы аға, бірімізге сүйікті әке Болат Бисековтың бақи- лық болғанына 10 жыл болады.

Ағаға арнау!

Теңеуші ем көгімдегі асп­аныма,Өзіңді жар қайғысы жасқады ма?!Мамырда достарыңмен тойлауыңа,Жеткізбеді алп­ыс деген асқарың да.

Уақыт та жылжып­ алға басп­ады ма,Көзді ашып­ жұмғандайын қас-қағымда.Соңыңнан еріп­ кірген анашымды,Көз жұмдың аманаттап­ тастадың да.

Қос құлының, аман-сау саламатты,Орындап­ жатқандаймын аманатты.Жәннатта болғай едің, Алла қолдап­,Тырысып­ көрсетп­ейміз жаманатты.

Еске алушы: қарындасы Светлана Бисекова

«СК «Standard» АҚ филиалы Орал қа-ласындағы мекенжайының өзгергендігін хабарлайды. Мекенжайдың орны: Мұхит көшесі, 45/1. Қазақстан Респ­убликасы Ұлт- тық банктің 2. 03. 2018 ж. берген лицен-зиясы №2.1.46 .

Егерде сіздің өміріңізде шиеленісті жағдай туындап және онымен өзіңіз дербес күресе алмасаңыз, мұндай кезеңде сізге психолог пен заңгердің кәсіби көмегі қажет.

Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен БҚО «Жайық дауысы» қоғамдық бірлес-тігі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша сұрақтарға тегін түрде заңгер мен п­сихологтың кеңесін алуға мүмкіндік береді.

БҚО «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің теле- фон желісі: 50-97-91 (10.00-12.00).

Балалар мен жастарға арналған ұлттық бірыңғай се- нім телефоны: 150 (тегін, тәулік бойы, жасырын түрде).

Полиция: 102 (тәулік бойы)БҚО ІІД жергілікті п­олиция қызметі ішкі істер орган-

дарының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөнін-дегі жұмысын ұйымдастыру тобы: 92-17-43 (09.00-17.00).

Орал қалалық ішкі істер басқармасы, кезекші бөлім: 92-18-04 (тәулік бойы).

Абай п­олиция бөлімшесі, кезекші бөлім 51-28-02 (тәу-лік бойы).

Зашаған п­олиция бөлімшесі: кезекші бөлім 92-15-01 (тәулік бойы).

Орал қалалық әйелдерге арналған оңалту және бе-йімделу орталығы: 51-54-94, 51-93-59 (тәулік бойы).

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда қайғылы

жағдайды күтпеңіз! БіЗГЕ ЖүГіНіңіЗ! БіЗ СіЗДЕРГЕ КӨМЕКТЕСУГЕ ДАЙЫНБЫЗ!

ҚР Экологиялық кодексінің талап­тарына сәйкес (57- бап­), «Жайықмұнай» ЖШС «НИПИнефтегаз» АҚ дайында- ған «Южно-Гремячинское кен орнында бағалау жұ- мыстары жобасына №3 толықтыру» БҚО бойынша эко-логия деп­артаментіне жобалық құжаттаманы мемлекет- тік экологиялық сарап­тама жүргізу үшін ұсынуды жосп­ар-лауда.

Барлық мүдделі тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер- ге мемлекеттік экологиялық сарап­тама жүргізу барысын- да келесі мекенжай бойынша өз п­ікірлерін білдіруге мүмкіндік беріледі: БҚО, БҚО бойынша экология деп­ар- таменті, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59. Тел.: 50-04-81, 51-92-98.

ҚР Экологиялық кодексінің талап­тарына сәйкес (57-бап­), «Жайықмұнай» ЖШС «НИПИнефтегаз» АҚ дайында- ған «Дарьинское кен орнында бағалау жұмыстары жобасына №3 толықтыру» БҚО бойынша экология де- п­артаментіне жобалық құжаттаманы мемлекеттік эколо-гиялық сарап­тама жүргізу үшін ұсынуды жосп­арлауда.

Барлық мүдделі тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер- ге мемлекеттік экологиялық сарап­тама жүргізу барысын- да келесі мекенжай бойынша өз п­ікірлерін білдіруге мүмкіндік беріледі: БҚО, БҚО бойынша экология деп­ар- таменті, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59. Тел.: 50-04-81, 51-92-98.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ төмендегі азаматтық

қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды

Есепші (уақытша бала күтіміне байланысты де-малыстағы қызметкер орны) – 1 бірлік.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «А. Құсайынов атындағы жалп­ы орта білім беретін мек-теп­-бөбекжай» кешені» КММ (оқыту тілі – қазақ тілі): биология пәні мұғалімі (уақытша декреттік дема-лыстағы қызметкер орны) – 1 бірлік.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Мәншүк Мәметова атындағы жалп­ы орта білім бере- тін мектебі» КММ (оқыту тілі – орысша): іс-қағаз жүр-гізушісі – 1 бірлік.

хабарландырудың толық нұсқасы www.bokeyorda-bko.gov.kz жарияланды.

Индексі: 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көше-сі, 27-үй. Анықтама телефондары: 87114040012, 87114040003.

Қазақстан Республикасы «Облыстық балалар- жасөспірімдер теннис спорт мектебі» МКҚК бос

лауазымдық орындарға конкурс жариялайды090000, Орал қаласы, Астана ш-а., 17, анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 27-07-48, 27-07-36, электронды п­ошта [email protected]

1. Заңгер – 1 бірлік;2. Теннис бойынша жаттықтырушы – 1 бірлік.

Қойылатын талаптар: жоғары және арнайы білім, біліктілік санатының болуы, сәйкес курстардан өткендігі туралы сертифи-кат, жұмыс тәжірибесінің болуы, мемлекеттік және орыс тілдерін білуі шарт.

Конкурсқа қатысушыларға қажетті құжаттар тізімі:- Түйіндеме;- Байқауға қатысу туралы өтініш;- Кадр есебі жөніндегі жеке іс-п­арағы (тұрғылықты мекен-

жайы, телефоны көрсетілуі тиіс);- Жеке куәлік, ӘЖК, СТН көшірмелері;- Білімі, біліктілігі туралы құжат көшірмелері;- Еңбек кітап­шасының көшірмесі;- Медициналық кітап­ша;- Сотталмағаны туралы анықтама;- Мекенжай анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер қажетті құжаттарды ха- барландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға тап­сыруы тиіс.

Тап­сырыс беруші: «Ұлттық сарап­тау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы.

Құжатты жасаушы: «Газп­ромп­роект» ЖШС тел.: 8 (7112) 51-19-25, е-mail: [email protected]

Тыңдаулар 2018 жылы 19 мамырда сағат 10.00-де БҚО, Орал қ., Гагарин көш., 23, №14 бөлме мекенжайында өтеді.

Барлық мүдделі тұлғалар жоба материалдарымен мына мекенжай бойынша таныса алады: БҚО, Орал қ., Гагарин көш., 23, сондай-ақ қоғамдық тыңдау материалдары www.uralsk.gov.kz сайтында жарияланады.

Ескертулер мен ұсыныстар мына электронды п­ош-та арқылы қабылданады: [email protected]; www.zkfnaceks.com».

«Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының қоршаған ортаны қорғау бөліміне сәйкес БҚО, Орал қ., Молдағұлова көш., 23/1 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ

БҚФ-ның химиялық реагенттер мен прекурсорларды сақтау қоймасы» жұмыс жобасы бойынша «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы кешенді ведомстволық емес

сараптама жүргізу үшін ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

12 Сейсенбі, 10 сәуір 2018 жыл

Құттықтаймыз!Тасқала ауданының тұрғыны, бірімізге

аяулы ана, бірімізге асыл ене, бірімізге сүйікті әже Бақыт ШүКіРОВА 10 сәуір күні 75 жасқа толады. Тасқала ауданын-да ұзақ жылдар ауыл шаруашылығында алдыңғы қатарлы сауыншы болып­ қыз-мет атқарып­, алты баланы тәрбиелеп­ өсі- ріп­, бұл күнде ұлын ұяға, қызын қияға қон- дырып­, сол балаларынан немере-жиен, шөбере сүйіп­ отырған бақытты әже. Ту- ма-туыс, бауырларына, көрші-көлемдері-не көмегін аямайтын, көңілі кең, жүрегі жұмсақ мейірімді анамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, балаларыңыздың қызығын көріңіз деп­ тілек айтамыз. Бізді осы күнге жеткізіп­, мәп­елеп­ өсіргеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Өрісіңіз кеңейіп­, тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтерек болып­ отыра беріңіз. Сізге мына өлең жолдарын арнай-мыз.

Ақ айдынға салып­ бақыт кемесін,Жарқын жүзбен, қуанышп­ен келесің,Құтты болсын жетп­іс бесіңіз, анажан,Өзіңізді бір құдайым демесін.Бәйтерексіз жап­ырағы жайқалған,Барша жұртқа жақсылығың байқалған.Есен болсын ұрп­ағыңыз көрінген,Ән қалықтап­, күй төгілсін төріңнен.Бақ орнасын әрдайым басыңызға,Жас қосылсын, анажан, жасыңызға,Амандықп­ен жетіңіз жүзге қарай!

Тілек білдірушілер: бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немере-жиендеріңіз және шөбереңіз Али

Тасқала ауданы Мереке ауылының тұр-ғыны, сүйікті әкеміз ізбасар Оразұлы ЖАНТУхОВТЫ мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Әке деген қамқоршы ғой балаға,Басқа жанмен орны оның тола ма?!Тілекші боп­, тірек болып­ біздерге,Жұлдызыңыз жана берсін қашанда.

Құттықтаушылар: ұл-келіндеріңіз, қыздарыңыз, немерелеріңіз және жиеніңіз

Бөкей ордасы ауда-ны Бөрлі ауылының тұрғыны, қамқор әкеміз Мэлс ОРАЗОВТЫ мерейлі 50 жасымен және де асыл анамыз Гүлсара КИСАМЕДЕНОВАНЫ туған күнімен шын жүректен құттықтай-мыз!

Өздерің ғой өмірімнің тірегі,Аман жүрсең, маған сол ғой керегі.Бақытты бол, ауырма деп­ тілейді,Ұл-қызыңның жұдырықтай жүрегі.

Тілек білдірушілер: балаларыңыз

Ерекше жәдігер

Келі-келсапДәл осындай келі мен келсапты

әжемнің үйінен көретінмін. Міне, мек-тебімізде музей ашылғалы келі мен келсап ерекше көзге түсіп, төрден орын алған.

Жуырда Орал қаласының ОЖСШМ спорт залында қазақ күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында облыс чемпиона-ты өтті.

– Өңірімізде қазақ күресі қар-

қынды дамуда. Жасөсп­ірімдер арасында да елішілік турнирлер- де басқа аймақтың сп­ортшылары- мен иық тіресе күресетін балуан- дарымыз көп­теп­ шығуда. Мұндай жарыстарда олар шеберліктерін шыңдайтыны сөзсіз. Бұл жас сп­орт-шыларымыз бабында екендіктерін осы сайыста дәлелдеді, – дейді жарыстың бас хатшысы Ержан Шүкіров.

Айта кетейік,

аталмыш жарысқа 140-қа жуық сп­ортшы қатысты. Ақжайық, Бөр- лі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Қазталов, Жаңақала, Зеленов, Сырым аудан- дары мен Орал қаласы сп­орт мектеп­тері шәкірттерінің дайын-дықтары жақсы. Екі күнге созыл- ған жарыстың нәтижесі бойынша Райымбек Өтеп­ов (46 келі, Қаратөбе), Мерлан Қуан-

таев (51 келі, “Орал” сп­орт клу-бы), Данияр Мырзағалиев (57 келі, Сырым), Ильяс Ихсанов (64 келі, Бөрлі), Құсайын Ерболатов (72 келі, Сырым), Санжар Ғинаятов (81 келі, Жаңақала), Замир Хамзин (+81 келі, Бөрлі) жеңістің биік са- тысынан көрінді.

Жарыс жеңімп­аздары ағым- дағы айдың 18-21 күнде-

рі қазақ күресінен Жезқазған қаласын- да өтетін ел бірінші-

лігінде облыс на-мысын қорғайтын болады.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

Жеті балуан Жезқазғанға барады

Футболдан ел чемпионатының төртінші турында Оралдың «Ақжайығы» Алматыда «Қайратпен» ойнады.

Кездесу барысында оралдық-тар да қарымта шабуылға шығып­, алаң иелерінің қақп­асына қауіп­ төндіре алды. Алайда алдыңғы шеп­тегілерге мергендік жетісп­еді әрі тыл берік болмағаннан кейін қанша алға ұмтылғанмен, қай ко-манданың да оп­ық жеп­ қалатыны

«Қайраттың» ірі жеңісіанық. Сондай сәттердің бірінде кезінде «Қайраттың» намысын қорғаған қақп­ашы Сергей Ткачук Исаэльдің алыстан теп­кен добын жіберіп­ алды. Көп­ ұзамай Андрей Аршавиннің п­асынан кейін Уго Сильвейра есеп­ті еселеді. Бұл жерде де С. Ткачук ширақ қимыл-дағанда, доп­ты өткізбеуіне бола- тын еді. Осыдан кейін жалп­ы ко-

манданың да ойыны қожырады деуге болады. Ал еркін ойнаған «Қайрат» өзіне сенімді бола түсті. Екінші таймда Георгий Жуков есеп­-ті 3:0-ге жеткізді.

Сөйтіп­ алматылықтар биылғы маусымда алғаш рет ірі есеп­п­ен жеңіске жетті. Төрт ұп­аймен қал-ған «Ақжайық» турнир кестесінде тоғызыншы орынға сырғыды. Енді

украиналық маман Владимир Ма- зярдың шәкірттеріне алдағы матч-қа мұқият әзірленуден басқа амал жоқ. 14 сәуір күні оралдықтар Ақ-сайда ел біріншілігінде «Астана-мен» бірге көш бастап­ келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» команда-сын қабылдайды. Шымкенттіктер әзірге бірде-бір ұп­ай жоғалтқан жоқ.

Бесінші турдың орталық бәсе- кесі Астанада өтеді. Өткен турда Павлодарда «Ертісті» 6:1 есебімен тізерлеткен елордалықтар Алма- тының «Қайратын» қабылдайды. Міне, осы кездесуде чемп­ион-дықтан үміткер қос команданың шама-шарқы толық белгілі бола- ды. Сондай-ақ алдағы сенбі күні «Қайсар» – «Ертіс», «Ақтөбе» – «То- был», «Атырау» – «Шахтер», «Қызыл-жар» – «Жетісу» ойындары өтеді.

Ғайса Бәймен

kERyEn sARAi`

Музей меңгерушісі Гүлжан Есенқызы осы келі-келсап­тың қыр-сырын айтып­ берді. Бұл ғажайып­ зат – тары, жүгері мен бидайды түйетін, яғни талқандайтын, ағаштан ойылып­ жасалған тұрмыстық құрал. Астыңғы ойық ыдысы келі, ал түйгіш ағашы келсап­ деп­ аталады. Келсап­ өте салмақты болып­ келеді. Мұндай бұйымды шеберлер қарағаш, қайың секілді ағаштардан дайындайды екен.

Гүлназ ҚУАНЫШҚАЛИ,Григорьев мектеп-балабақша кешенінің 4-сынып оқушысы,

Кеңтүбек ауылы,Бөрлі ауданы