128
1 ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады A.Yesevi UKTÜ Bülteni Вестник МКТУ им. А.Ясави Bulletin of IKTU named A.Yasawi №3 (76) қыркүйек-қазан 2011 Қ о ғ амды қ ғ ылымдар сериясы БАС РЕДАКТОР техника ғылымдарының докторы, профессор ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛ Қ А ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы филология ғылымдарының докторы, профессор -Бас редактордың орынбасары ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы -аға редактор БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы -көркемдеуші редактор А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

  • Upload
    others

  • View
    18

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

1

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады

A.Yesevi UKTÜ Bülteni Вестник МКТУ им. А.Ясави Bulletin of IKTU named A.Yasawi

№3 (76) қыркүйек-қазан 2011

Қ о ғ а м д ы қ ғ ы л ы м д а р с е р и я с ы

БАС РЕДАКТОР

техника ғылымдарының докторы, профессор

ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ

РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛ Қ А

ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы

филология ғылымдарының докторы, профессор

-Бас редактордың орынбасары

ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы

-аға редактор

БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы -көркемдеуші редактор

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

Page 2: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

2

ҚҰРЫЛТАЙШЫ

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

А қ ы л д а с т а р а л қ а с ы :

Ағдарбеков Т.А., Айменов Ж.Т., Ақбасова А.Ж.,

Әбілтаин М., Байдәулетов И.О., Байжігітов Қ.Б.,

Бахтыбаев А.Н., Бердібай Р., Беркімбаев К.,

Жолдасбаев С., Жұмабаев М.Ж., Исмаилов А.И.,

Кенжетай Д., Мұхамеджанов Б., Мырзалиев Б.С.,

Накипов Б., Нұсқабаев О., Раимбердиев Т.П.,

Тәукебаева Р.Б., Тұртабаев С.Қ., Сейдинов Ш.М.,

Шалқарова Ж.Н.

Журнал Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері

жөніндегі ұлттық агенттігінде 1996 жылғы 8-қазанда тіркеліп, №232 куәлік берілген.

Индекс №75637

Редакцияның мекен-жайы:

161200, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қаласы,

ХҚТУ қалашығы, Б.Саттархан даңғылы, №29, 131-бөлме

(8-725-33) 3-31-70 (133), E-maіl: [email protected].

Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

«Тұран» баспаханасында көбейтілді.

Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.

Шартты баспа табағы 8. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425.

Page 3: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

3

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

ФИЛОЛОГИЯ

М.МАЛБАҚОВ филология ғылымдарының докторы, профессор А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

А.БАЙНИЯЗОВ филология ғылымдарының кандидаты, доцент

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

ТҮРКІ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ МЕТАТІЛІ ХАҚЫНДА БІРЕР СӨЗ

В статье рассматривается проблема метоязыка словарей, лексикографических терминов и их

единообразия в тюркской лексикографии.

This article deals with a problem of a meta-language of dictionaries, lexicographic terms and their

uniformity in Turkic lexicography.

Ғылымның әр саласының да өз нысандары‚ сол нысандарға сипаттама

жасайтын өзіне тән ғылыми тілі болатындығын дәлелдеп жату артық. Сол

ғылыми тіл‚ яғни сол ғылым саласының метатілі аталмыш сала үшін ең

тиімді‚ ең жақсы‚ ең сәйкес келетін тіл болып саналады. Лексикография

саласында қолданылып жүрген метатіл ұғымы негізгі екі мәселені қамтиды.

Оның біріншісі - сөздіктің метатілі - анықтамалардың‚ түсініктемелердің‚

сілтемелердің‚ шартты белгілердің‚ қосалқы деректердің‚ дәйектеме

материалдардың‚ т.б. осылар тәрізді түсіндірме құралдарының тілі. Сөздіктің

метатіліне тікелей қатысты мәселелер қатарына: сөздік мақала құрылымына

жасалатын параметрлік талдау‚ лексикалық бірліктерге түсіндірме жасаудың

жолдары‚ сөздіктегі дефиницияның түрлері‚ түсіндірменің қосалқы амалдары

кіреді. Екінші метатіл - лексикографияның жалпы салалық атауларының тілі.

Лексикографияның ғылыми мәселелерін сөз ету үшін оның ғылыми тілімен

таныс болудың қажеттігін‚ лексикографияның тілі сөздіктердің барлық

түрлеріне қатысты екендігін ескерер болсақ‚ лексикографияның метатілінің

лексикографияның кілті іспеттес негізгі мәселе екендігін байқауға болады.

Жалпы айтқанда, қазіргі кезеңде түркі тілдері бойынша ғылыми

метатілді бірөңгейлестіру, бірегейлестіру мақсатында жасалып жатқан

жұмыстар баяу жүргізілуде. Ол лексикография саласына да тікелей қатысты.

Әр түркі тіліндегі лексикография терминдері өзге тілдермен салыстырылмай

алынған. Лексикографиялық метатіл бойынша салыстырмалы зерттемелер

жоқтың қасы. Түркі түсіндірме сөздіктерінің түзілу тарихы мен зерттелуіне

қатысты материалдардан лексикографиялық ұғымдарды әрқилы атаушылық‚

терминдердің тұрақсыздығы анық байқалады. Түркі лексикографиясының

метатіліне кіретін қолданыстағы басты терминдерінің бірқатары

төмендегідей:

Өзбек тілінде:

Луғат – сөздік

Page 4: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

4

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Малбақов М., Байниязов А. Түркі лексикографиясының метатілі хақында бірер сөз

изоҳли луғат - Сўзнинг маъносини, маъноларини шарҳлаб, тушунтириб

берувчи луғат (түсіндірме сөздік).

Сөздіктен орын алған әр сөз, сөздік бірлік, қазақша: басқы сөз - луғатий

бирлик – «бош гап... бош сўз, сўз боши. Бұлардың ішіндегі негізгі

қолданымдағысы – бош сўз.

луғатнинг сузлиги – сөзтізбе;

луғат мақоласи – сөздік мақала;

иллюстратив мисол.

Татар тілінде:

Сүзләк мәкалә – сөздік мақала;

сүзләк берәмә – сөздік бірімі;

баш сүз – басқы сөз.

АҢЛАТМАЛЫ – с. лингв. Аңлатма бирелгән, мәгънәсе аңлатылган.

Татар теленең аңлатмалы сүзлеге – түсіндірме сөздік.

иллюстрация материалы

Түрік тілінде:

sözlük birimi is. Sözlükte madde başı olarak yer alacak anlamlı söz varlığı –

сөздік бірімі.

madde - сөздік мақала;

madde başı - басқы сөз;

dizin, indeks- сөзтізбе;

anlam - мағына.

izahlı sf. Açıklamalı: izahlı sözlük. – түсіндірме сөздік.

Түрік тіліндегі түсіндірме мағынасындағы «izahlı» сөзіне «түсіндіру,

түсінік беру» мағынасындағы араб сөзі izah негіз болған: «izahlı sf.

Açıklamalı: Izahlı sözlük» – түсіндірме сөздік.

Лексикографияның ғылыми тезаурусында қарастырылатын екінші

термин - сөздік (словарь‚ dіctіonary) – белгілі бір тілдегі сөздердің (сөз

тіркестерінің‚ идиомалардың) жиынтығын көрсететін анықтамалық еңбек.

Жоғарыдағы мысалдан байқалып отырғандай, татар тілінде – сүзләк, түрікше

– sözlük. Бұл орында түркі тілдерінде басқа терминді қолдану да кездеседі.

Солардың бірі – лұғат. Өзбек лексикографиясында осы термин орныққан.

Бұл терминді жарыспалы вариант ретінде қолдану қазақ тілінде де жалғасып

келеді. Мәселен, қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігінде: «Лұғат - ес.

Ескі жазулармен жазылған сөздік»‚ он томдықта: «Лұғат - ар.кітаб. Көне

әдебиеттегі жинақ‚ сөздік мағынасында қолданған сөз; сөздік» тәрізді

анықтамалар ұшырасады. Егер лұғат термині осы анықтамалардағы

мағынаға сай‚ бұрынғы‚ өткен дәуірлерге жататын (мәселен‚ араб жазулы)

сөздіктерді ғана белгілеу мақсатында қолданылатын арнаулы терминді

білдіретін болса‚ оны қолдауға болар еді. Алайда‚ қазақ тілінің он томдық

түсіндірме сөздігін түзу редакциясын басқарған профессор А.Ысқақовтан

бастап‚ бірқатар қазақ тілші-ғалымдарының бұл терминді қазіргі «сөздік»

Page 5: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

5

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Малбақов М., Байниязов А. Түркі лексикографиясының метатілі хақында бірер сөз

мағынасында қолдануын байқадық. Лұғат сөзі қазіргі араб тілінде «сөздік»

ұғымында қолданылмайды. Ал ортағасырлық араб тілінде осы ұғымда

қолданылғаны белгілі. Ортағасырлық түркі лексикографиясында да осындай

сөзқолданым дәстүрі болғандығы рас. Алайда‚ ескі дәстүрдегі терминге қайта

оралу үнемі сәтті бола бермейді. Османлы дәуіріндегі түрік тілінде «сөз»‚

«сөздік» ұғымдарын білдіретін «лүгат»‚ сөздікші ұғымын білдіретін «лүгатчи»

терминдері болған. Қазіргі кезде түрік сөздікшілері оларды таза түркілік

«сөзлүк»‚ «сөзлүкчү» терминдерімен ауыстырып отыр. Біз өз тарапымыздан

термин ретінде түркі лексикографиясында осы ұғымның негізгі атауы ретінде

дәстүрлі түрде қолданылып келе жатқан сөздік атауын қалдырғанды жөн

санаймыз. Түсіндірме сөздік (толковый словарь‚ general dіctіonary/ monolіngual

dіctіonary/ explanatory dіctіonary) терминінің қазақ лексикографиясында орыс

тілінен аударма жасау (калькалау) жолымен қалыптасқаны белгілі. Қалай

болғанда да, сәтті қолданылған термин саналады. Татар тіліне ұқсатып, ортақтық

іздер болсақ, «аңдатпа» атауын қолданар едік. Түрік және өзбек тілдері араб

негізді «изақлы» сөзін қолданып отыр. Алайда, түрік әдеби тілінде anlatma

(anlatmak işi), anlatı (ayrıntılarıyla anlatma), anlatım (anlatma işi) қолданымдары да

кездеседі. Бұлардың негізінде «мағына» ұғымын беретін anlam атауы жатыр.

Жалпы түсіндірме сөздік атаулы мағына ашатын сөздік болғандықтан, «аңдатпа,

аңлатма, анлатма» вариантын қабылдауға да болар еді. Алайда, бұл атауды

семантикалық сөздікке де қолдануға болатындығын айта кеткен жөн.

Лексикографиядағы сөздіктердің ішкі құрылымдық атаулары ішінен ең

алдымен сөз болуға тиісті термин - сөзтізбе (словник‚ word-lіst). Сөзтізбенің екі

мағынада: а) сөздіктегі вокабулалардың әліпби бойынша жүйеленген тізбесі; ә)

сөздіктегі сөздік тұлғалардың жиынтығы ретінде қолданылатынын байқауға

болады. Түркі лексикографиясында осы мағыналарда қолданылып келеді.

Алайда, аталымда әралуандылық орын алған. Қазақ лексикографиясында

жоғарыдағы «сөзтізбе» атауымен қатар «лұғаттық тізім» тіркесі қолданылады.

Түрік сөздікшілерінің «тізбе» мағынасындағы «dizin» терминін қолдануы немесе

«индекс» деп атауы, өзбек сөздікшілерінің оны «луғатнинг сузлиги» деп беруі

осының айғағы.

Сөздік мақала (словарная статья, entry) - нысаны тілдік бірліктің

сипаттамасы болып табылатын‚ сөздік бірімінен‚ семантикалық түсіндірмеден‚

лексика-стилистикалық белгісөздерден‚ дәйектеме материалдан‚ сілтеме‚

түсініктеме‚ анықтамалардан құралған шартты түрде дербес бөлік. Қазақ

лексикографиясындағы негізгі қолданым осы. Алайда, ішінара осы терминмен

жарыстыра лұғаттық мақала терминін қолдану байқалады. Лұғаттық мақала

термині профессор А.С.Аманжоловтың лингвистикалық терминдер сөздігінде де

кездеседі. Қазіргі араб тіліндегі сөздік‚ сөзтізбе ұғымдары басқаша аталғанымен‚

лұғат сөзінің сөз ұғымын білдіретін екінші мағынасында «лұғат ілімі» (Тіл

білімі‚ лексикология)‚ «лұғат кітабы» (сөздік) тіркестері кездеседі. Ортағасырлық

араб тілінде лұғат сөзі сөздік ұғымында қолданылғаны да белгілі.

Page 6: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

6

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Малбақов М., Байниязов А. Түркі лексикографиясының метатілі хақында бірер сөз

Ортағасырлық түркіде де аталмыш сөзқолданым дәстүрі болды. Алайда, ескі

дәстүрдегі терминге қайта оралу үнемі сәтті бола бермейді. Терминжасамдағы

жүйелілік тұрғысынан қазақ лексикографиясындағы «сөздік»‚ «сөзтізбе»‚ «сөздік

мақала» терминдері сәтті жасалған деген ойдамыз.

Түрік, қазақ және татар сөздікшілерінің қолданымындағы сөздік бірімі

термині жалпылама түркілік қолданымға сұранып тұр. Жалпы сөздіктерде сөздік

бірімі (словарная единица‚ dіctіonary unіt) ретінде вокабула‚ атау тұлға (басқы сөз)‚ негізгі сөздік тұлға‚ лемма атаулары саналады. Вокабула‚ атау сөз

(заголовочное слово)‚ атау тұлға (заголовочная единица) және сөздік бірімі

терминдері арасында айқын айырма болуы керек. Сөздік бірімін сөздік тұлға

ретінде сипатталатын тілдік бірліктердің жалпы атауы деген жөн болатын тәрізді.

Вокабула (вокабула‚ vocable) терминінің тезаурус бойынша анықтамасы: сөзтізбе

құрамында негізгі сөздік тұлғада берілетін‚ анықтама нысаны болып табылатын

сөздік бірімі. Әрбір атау сөз вокабула да болып саналады. Ал вокабула

терминінің ұғымы кеңірек. Вокабула ретінде атау сөздерді ғана емес‚ олармен

бірге жеке сөздік мақалаға алынбаған туынды сөздерді де атау жөн болады деген

пікір айтушыларды қолдаймыз. Қазақ лексикографиясында сөздіктердегі атау

сөздер мен сөздік ұяда берілетін туынды сөздердің‚ яғни атаулық мағынадағы

лексикалық бірліктердің жалпылама атауы ретінде вокабула терминін

қолданғанды жөн санаймыз.

Дәйектеме материал (иллюстративный материал‚ іllustratіons of usage/ verbal

іllustratіon) түсіндірменің құрамында қарастырылады. Дәйектеме материалға

авторлық қолданыстар‚ дәйексөздер‚ сөз мағынасын айқындаушы парафраздар‚

суреттер, т.б. енгізіледі. Өзбек тіліндегідей, иллюстратив мисол немесе татар

лексикографиясындағыдай, иллюстрация материалы түріндегі қолданымды сәтті

дей алмаймыз.

Басқы сөз (өзб. бош гап... бош сўз, сўз боши; тат. баш сүз) - түсіндірме

сөздікте әліпбе тәртібімен берілетін, сөздік мақаласы түзілетін, мағынасы

анықталатын сөз. Түрік лексикографиясында қалыптасқан дәстүр бойынша

madde başı деп аталады. Мадде – араб сөзі.

Қалай болғанда да, әрбір термин бойынша осылайша салыстырма жасай

отырып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда түркі

лексикографиясындағы өзге терминдерді де бірөңгейлестірудің,

бірегейлестірудің қажеттігі анықталып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 томдық. Алматы, 1959-61. 2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық. Алматы, 1976-84.

3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. Алматы, 2006-11.

4. Ўзбек тилининг изоҳли луғати. 2 томдық. Тошкент, 1981. 5. Ўзбек тилининг изоҳли луғати. 5 томдық. Тошкент, 2006-2008.

6. Татар теленең аңлатмалы сүзлеге. 3 томдық. Казан, 1977-81.

7. Türkçe sözlük. Ankara, 2009.

Page 7: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

7

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

T.BAIMAHAN Candidate of philology

Professor of the Yasawi IKTU

METAPHORICAL PAREMIOLOGICAL UNITS IN ENGLISH

AND KAZAKH LANGUAGES

Бұл мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі кейбір метафоралық паремиологиялық

бірліктер қарастырылады.

В статье рассматриваются некоторые метафорические паремиологические единицы

английского и казахского языков.

In the language of the proverbs, instead of the word “reality” the word “truth”

is found. The meanings of this concepts, however, overlap, as witnessed by the

corresponding definitions: “Reality is the real nature of everything, rather than the

way somebody imagines it to be” (I. 957) and “Truth is all the facts about

something rather than things that are imagined and invented” (I.257). For this study

it might be useful to accept these definitions but extend the scope of them to

include ideas and inventions that a realistic at a time, place and under given

conditions. It means that utopias, wishful thinking, dreams and superstations

remain excluded. As a rule proverbs express a relationship, being a general

principle, or a characteristic of a certain category of static or dynamic systems.

Most of them are valid , true under a specified set of conditions. Deviations from

reality also do appear occasionally, due to bias, exaggeration, or the

misunderstanding of the proverbs or of the situation [2.281].

There are some proverbs found in different languages that refer to the reality

of proverbs. They are usually positive statements telling that the proverbs express

the truth. Proverbs are frequently and widely used in all languages and in different

spheres of life in modern society; in every day talk, newspapers, radio, TV,

advertisements and literature.

In investigating the deviations from reality we have to take into consideration

that a proverb is more than the text or a short sentence, which as a well-known text,

is often used even in a shortened form. In addition to the text, there is implied

meaning in case of metaphorical proverbs and the scope and limitations of the

application, the particular context in which it is valid, well-known to the users of it

in a given language.

Proverbs are also creatures of the human mind. This may lead to various

degrees of real departures from exact correspondence to reality [2.283].

In case of metaphorical proverbs the metaphor may be realistic or non-realistic

and this is not dependent on the reality of the abstract meaning connected with it.

In fact we find that in some cases the metaphor is very realistic. This is the

case if we read that “Strike while the iron is hot” [3.CDOP,215/2] or “Look not a

gift horse in the mouth ” [4. ODEP,301/I]. «Темірді қызғанда соқ» (Kaz), The

Kazakh proverb means: “Сыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78].

Page 8: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

8

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Baimahan T. Metaphorical Paremiological Units in English and Kazakh Languages

These proverbs are known in many world European languages. In a number of

cases, however, the metaphor is unrealistic, it does not occur in reality.

It is hardly likely that one had ever “Shot at sparrows with a high calibre gun,

as a German proverb puts it” (Auf spatzen mit Kanonen schien [2.283]) and

Kazakh proverbs “Ажалды қарға бүркітпен ойнайды”- Crow condemned to

death plays with an eagle; “Қаршыға қазан қайнатады”- Sparrow hawk boils the

cauldron) [6, 285,288]. The following English and Kazakh proverbs are also not

too realistic: “To break a butterfly on a wheel”, “To make a mountain out of a

molehill” –“Түймедейді түйедей ету” Kazakh; [6.134]. “Қалауын тапса қар

жанады” (Kazakh), “Калоосун тапса, қар күйет” (Kirgiz) (Snow burns if one can

build it) [7.134].

There are some virtual deviations from reality. Part of the virtual deviations

are due to the ignorance of “outsiders” who know only the text of the proverbs and

are not familiar with the implied meaning and the sphere of validity. Such a

deviation may also be the result of a wrong assessment of the conditions where the

proverbs are to be applied. This can be due to ignorance or a lack of time (to

investigate the situation more closely), just as in the case of wrong diagnosis when

a medicine-good for another illness – may prove lethal.

There is a frequently used Kazakh proverb: “Сәтін салса дәрі ауруға ем,

сәтін салмаса, дәрі-у” which corresponds to the English proverb: “The remedy is

worse than the disease” [8.101].

A particular group of virtual deviations is formed by the so – called

contradicting proverbs. The existence of these proverbs really proves that they

properly represent the contradicting phenomena that do exist in nature and society.

A proper investigation can prove in every case that each of the contradicting pairs

of proverbs is right in a particular level or context, just as in case of a “problem

with blood pressure” a more detailed investigation clearly that shows that in, one

case a medicine lowering blood pressure, while in another a “contradicting one”

raising the blood pressure is the proper choice. “Contradictions” may result from

the different distribution of events. There may be a binary distribution, as in the

case of tossing a coin, when one of two possible outcomes may result. On the other

hand it is well-known that the distribution of many phenomena is continuous, they

may follow a regular or distorted normal distribution [2.284].

Binary distributions. In these cases a proper investigation of the conditions

shows that one or the other “Contradicting” proverb is the good choice.

1. Strike the iron while it is hot and – Patience brings roses (i.e. results).

There are quick processes both in nature and society where a swift action is needed

to achieve a required result. In these cases quoting “Strike the iron while it is hot”

[3.CODP – 215/2] known in 47 European languages and also in some Turkish languages: Темірді қызғанда соқ (Kazakh), темирди кызганда сок (Kyrgyz),

Темирни қизиғида бос (Uzbek), төмүрни қизиғида оқ (Uighur), темирне

Page 9: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

9

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Baimahan T. Metaphorical Paremiological Units in English and Kazakh Languages

қызуында сук (Tatar) [2.285]. As seen from the examples of the Turkish languages, the above mentioned

proverbs coincide both lexically and grammatically. They are synonymous proverbs,

components of which differ only phonetically. In contrast, sometimes the course of

events cannot be influenced and the only reasonable behavior is to wait for a

favourable situation to be formed, like in the case of angling. If this is the case then the

“contradicting” German proverb: “Patience brings roses” (Gedult bringt Rosen), and

the English and Kazakh proverbs: “All things come to those who wait”, “Patience is a

plaster for all sores” – “Тағат пен еңбек, бәрін де жеңбек” [2. 285,81].

2. Clothes make the man. – Clothes do not make the man. – In some cases e.g.

due to a lack of time or proper means one has to make a decision, to judge something

or somebody based on the appearance only. There is a corresponding Kazakh proverb:

“Адам көркі шүберек” (Clothes make the man). If, however, there is time to have a

close look at somebody or something; to study the composition of a material, the

implication of a text; the behavior, way of thinking, customs, preferences and dislikes

of a man the certainly the outside appearance, the first impression based on the packing

material, nice words, or the clothes worn will not be decisive in making a final

assessment. In this case the proverbs: “Clothes do not make the man”. “The cowl does

not make the monk”, in English,“Сәлде салғанның бәрі де молда емес”, in Kazakh

[8.13].

It may be noted that proverbs about the danger of judging by appearance are more

frequent than the “contradicting” ones [2.285].

3. No wisdom like silence (Silence is golden) – Dumn men get no land.-There are

many proverbs in different languages referring to the advantage of being silent. This is

justified by the frequent experience that many people are inclined to speak without

proper information of a matter without considering the situation and the consequences

of their talk, seeing everything from their own point of view only. So often they do

serious harm to themselves, as indicated by a Kazakh proverb: “If you speak carelessly,

you will die without being ill”;-“Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі” [6.37] – In this

case “Silence is golden”.

In other cases, at on appropriate time, a word, or an intervention is needed to get

something, perhaps help, or to withhold somebody from a dangerous action. – the

corresponding proverbs: “Dumn men get no land ” (4,ODEP-208/I) and “Even the

mother cannot understand the words of a dumn child”. Corresponding Kazakh proverb

is: – “Жыламаған балаға емшек қайда” which implies “one cannot help a silent

mouth”.

More proverbs are found indicating the necessity of keeping silence than those

urging one to speak. This might be due to the fact that those are less reluctant to speak

if their interests require it, than to speak without due regard to the justified interests and

respectable view of others’.

“A still tongue makes a wise head”.

“Білмесең үндеме, білгенді күндеме, тоқы көңілге”.

“A close mouth catches no flies”.

Page 10: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

10

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Baimahan T. Metaphorical Paremiological Units in English and Kazakh Languages

“Үндемеген үйдей бәледен құтылады”.

“Keep your mouth shut and ears open; Keep your mouth shut and your eyes

open”.

“Аз сөйлеп көп тыңда, Аз айтып, көп тоқы” [8.83, 102, 104].

4. Many hands make light work – Among many midwives the child is lost. A

careful consideration at once reveals that the two “contradicting” proverbs refer to

different situations the first refers to the combined and well organized effort of several

or many people, thus achieving much. In this case the following proverbs apply:

“Many hands make light work” [3.CODP-146/2]. “Many hands get quickly to the end”.

“Many hands are quickly ready”. “Well organized work (if people participate

extensively) is much easier” –“ Жұмыла көтерген іс жеңіл” .

The other proverbs refer to the situation when several people intend or are

expected to command, and in consequence of it either contradicting commands are

given, or alternatively none of them provides guidance expecting the others to do it.

The corresponding English and Kazakh proverbs are: “Many shepherds, bad protection

of the flock”, “Too many cooks spoil the broth” – “Қойшы көп болса, қой арам

өледі”;– “Among many midwives the child is lost” –“ Қойшы көп болса, қой арам

өледі”. “If there are many captains, the boat will go out the mountain” [8.41].

In contrast to the common finding, there is a Kazakh proverb related to the

exceptional, i.e. "Contradicting case". "Mother and daughter are quite different"-

“Бip биеден ала да туады, құла да туады”; “Адамнан да ала да туады, құла да

туады”; “жақсыдан жаман туады, бip аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады,

адам айтса нанғысыз” [8.87].

Thus, some English and Kazakh metaphorical units have been analyzed and their

identical and specific features have been revealed. Paremiological units of the

compared languages cover the whole of life with its diversity and riches. Some

paremiological units exactly correspond in compared languages to reality and truth,

others involve some exaggeration, expressing part of reality.

REFERENCES

1. JS Sinclair6 j.et. al.: BBC English Dictionary. – Harper, London, 1992.

2. I. Gyula Paczolay. Proverbs and reality. Proverbium Yearbok of International proverb scholarship. Vol. 13., 1996.

3. CODP Simpson J.A. (Editor): The Concise Oxford Dictionary of proverbs. –Oxford University Press,

Oxford 1982. 4. ODEP Wilson, F.P. The Oxford Dicnionary of English proverbs. Third Edition. Oxford University

Press, Oxford, 1970.

5. Ағылшын мақал-мәтелдері. Алматы, 2003. 6. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 2004.

7. Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы. Алматы, 1998.

8. Баймахан Т. и др. Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском, казахском и турецком языках. Туркестан, 2010.

Page 11: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

11

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ж.БАЙНИЯЗОВА филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

ТҮРКІ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ

В статье освещается проблема преемственности традиций в создании словарей, а также

определяется их место в средневековой тюркской лексикографии.

This article deals wıth problems of tradıtıon contınuıty ın makıng dıctıonarıes and defınes theır place ın the

medıaeval Turkıc lexıcography.

Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі

бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.

Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихын зерттеуші ғалым

М.Малбақов лексикография тарихы түрлі дәуірлер мен кезеңдерде жасалған

сөздіктерге жалпыфилологиялық талдау жасап, оларды ғылыми айналымға қосу

мәселесімен айналысатынын жазады [1.3]. М.Малбақовтың «Қазақ

лексикографиясының тарихы» атты зерттеуінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі

мен XX ғасырдың басында жазылған лексикографиялық туындылар

қарастырылады. Зерттеуде, сонымен бірге, аталған кезеңдегі сөздіктердің

сөзтізбе құрамы мен сөздік мақала құрылымы, атаулардың лексика-

семантикалық құрамы баяндалады. Сөздіктер мен олардың авторларының қазақ

лексикографиясы тарихындағы орны айқындалады. Қазақ лексикографиясының

өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір еңбек – Б.Атабайдың

Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен құрылымын қарастыратын

жұмысы [2]. Зерттеуде жалпытүркілік сөздікке алынған қазақ лексикасының

тақырыптық, семантикалық құрамы, фонетикалық құрылымы баяндалады,

аталмыш сөздіктің типологиялық сипаттамасы, оның қазақ лексикографиясы

тарихындағы алатын өзіндік орны туралы сөз болады.

Сөздікке дейінгі лексикографиялық туындылар мен алғашқы сөздіктер ең

алдымен оқу, үйрету сөздіктері, оқу материалдары ретінде жарыққа шығып

отырған. Әрине, сөздіктердің мәнді әлеуметтік құбылыс екендігі, оның

түзілуінің осы қоғамдағы дамумен, халықаралық байланыстардың дамуымен

және басқа да экстралингвистикалық факторлармен байланыстылығы анық.

Алайда, әрбір сөздіктің жасалуы – тарихи қажеттіліктен туындады деуге де

болмас. Кейде сөздіктер жеке тұлғалардың тілегі бойынша, кездейсоқ та жасала

береді. Мәселен, бір саяхатшы беймәлім елге кездейсоқ келіп, жергілікті

халықтың тілінде сөздікше түзеді. Ал енді біреу барған жерінде ондай сөздік

жасамайды. Қалай болғанда да, осындай кездейсоқтықтарды ескере отырып,

жалпы алғанда, лексикография әр дәуірде, әр елде әйтеуір бір ұқсастықтары бар

жалпыға ортақ кезеңнен өтеді. Ол кезеңдер лексикографияның әлеуметтік

міндеттерімен, функцияларымен, және соларға сәйкес лексикографиялық

шығармалар типтерімен айқындалады.

Page 12: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

12

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Байниязова Ж. Түркі лексикографиясының тарихы жайлы

Көне түркі кезеңіндегі түркі лексикографиясының жетістіктері туралы

жазылған еңбегінде М.Малбақов М.Қашғари заманындағы араб, парсы және

түркі лексикографиясы туралы ғалымдардың ой-тұжырымдарына талдау

жасайды [3]. Ғалымның пікірі бойынша, жер жүзіндегі мәдениет атаулы дәстүр

сабақтастығы арқылы сақталып, біртектілікке қол жеткізеді. Бірақ қандай

мәдениет болса да, өзге мәдениеттен нәр алып, байып отырады. Мәдениеттегі

тұйықтықтың тоқырауға әкелері анық. Өз бет-бейнесін жоғалтпай, өзгенің

жақсы жағын қабылдап, сіңіре білу өскелең, озық мәдениеттің белгісі. Әлемдік

лексикографияның ұзақ тарихи жолына көз жүгіртер болсақ, осыны байқауға

болады. Мамандардың пікірі бойынша, оқу сөздіктерін түзу тәжірибелері біздің

заманымыздан бұрынғы III мыңжылдықтағы көне шумер иероглифтерінің

сөздіктерінен бастау алғаны әлемге әйгілі. Одан бергі біздің заманымыздан

бұрынғы II мыңжылдықтың бас кезіндегі оқу сөздікшелерінің бір түрі -

шумерше-аккадша сөзтізбелер мен шағын сөздіктердің құрылымы дәстүр

сабақтастығынан хабар береді. Сол кезеңдердің өзінде жалқы есімдердің

емлесіне қатысты анықтамалықтар, терминдік сөздікшелер, шетелдік сөздердің

сөздікшелері, әрқилы тақырыптық топтама сөздердің тізімдері жасалған екен.

Сөздік түзу ісінің жазу тәжірибесіне тәуелді екендігі аян. Біздің заманымыздан

бұрынғы II мыңжылдықтың екінші жартысында батыс семиттерде пайда болған

әліпбилік жазу дәстүрін арамейлердің жалғастырып, жетілдіргенін көпшілік

қауым біледі. Әлемдік жазу тарихы бойынша жазылған оқу құралдарында сына

жазуын үйрететін мектептер желісі арқылы шумерше-аккадша жазу

ережелерінің Алдыңғы Азия елдеріне, Сирияға, Палестинаға, Мысырға,

Оңтүстік-шығыс Иранға, Урартуға шейін таралғандығы сөз болады [4]. Қазіргі

кездің өзінде жер-жерден табылып жатқан шумер-аккад-хуррит, шумер-аккад-

хетт, шумер-аккад-хуррит-угарит тілдеріндегі көптілді үйренім сөздіктері

жеткілікті. Осының бәрі де мәдени дәстүрдің жалғастығына, сабақтастығына

жер бетіндегі мәдениет атаулының бүкіл адамзатқа ортақтығына мысал бола

алады. Аталмыш жазудың біздің жаққа келу тарихы көне Иран елімен

байланысты қаралып жүр. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда Иранда

арамей жазуы таралған. Осының негізінде арамейше-көне парсыша сөздіктер

түзу тәжірибесі кең жолға қойылған. Осы арамей жазуының негізінде қасиетті

саналатын «авеста» жазуы пайда болған. Әрине, әліпби атаулының адамдардың,

білікті ғалымдардың қолымен жасалатыны аян. Әрбір тарихи дәуірлерде

әліпбилерді жасаудың орталықтары болған. Л.Г.Герценберг пен Д.Саймуддинов

авеста, грузин, армян әліпбилерінің бір мезгілде, бір орталықта жасалуы мүмкін

деген ой айтады [5].

Көне түркі руналық әліпбиінің дүниеге келу тарихы түркілердің Алтай

аймағында алғаш рет мемлекет құру кезеңімен байланысты. М.Қашғари бұл

жазудың түркілерде бағзы замандардан бері қолданылып келе жатқандығын,

күні бүгінге дейінгі хақандардың кітаптары, ресми жазбаларының осы жазумен

Page 13: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

13

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Байниязова Ж. Түркі лексикографиясының тарихы жайлы

жазылып келгенін айтады. Ғалым түркілерде бұлардан басқа да жазу түрінің бар

екендігін ескертеді. Демек, ескі түркі жұртында да ескі жазулардың болғаны, ол

жазуларда тілүйренімдік туындылардың жазылғанын болжауға болады. Түркі

зиялылары ежелгі түркі мәдениетінің алыстағы арабтан, жақындағы парсыдан

кем еместігін әлденеше қайтара дәлелдеп отырды. М.Қашғаридің араб және

түркі тілдерін тең санауы – соның бір айғағы. Түркі лексикографиясының алтын

бастауына айналған еңбек жазған ғұлама ғалымның дәстүрлі араб, парсы, түркі

лексикографтарының небір озық үлгілеріне зер салғаны хақ. Ғалымның өзі: «Бұл

еңбекті қысқарту мен жаңарту мақсатын ұстана отырып, өзімнен бұрын жалған

тәртіптен өзгеше түрде түздім» дейді. Бұл жерде ғалым өзіне дейінгі көптеген

сөздіктер құрылымын көз алдынан өткергендігі туралы жазып отыр. Солармен

салыстыра отырып, өз еңбегінің жаңашылдық жақтарына меңзеп отыр. Ғалым

өзінің араб лексикографы Халил ибн Ахмад Фарахидидің сөздігінде («Китабул

айн») қолданылған тәртіптен бас тартқанын жазады. М.Қашғаридің сөздігі

құрылымдық-әліпбилік ұстаным негізінде, лексиканың сөз таптарына бөліну

ерекшелігі ескеріліп жасалған туынды [6]. Түркі тілдеріндегі ғылымға белгілі

оқу сөздіктерінің басында тұрған бұл шығармаға үлгі болған еңбек ретінде неміс

ғалымы Г.Бергштрессер Ибраһим Исхақ ибн Ибрагим әл-Фарабидің «Диван ал-

адаб фи байан лұғат әл-араб» (араб тілінде баяндалған әдеби шығармалар

жинағы) кітабын атайды [7]. Дегенмен, бұл жерде, Ибрахим әл-Фарабидің өзінің

сөздігін лексика-этимологиялық, ұялық жүйе бойынша жасағанын ескеру қажет.

Поэзияның ерекшеліктерін ескерудің қажеттілігі X ғасырдағы ислам әлеміне

ырғаққа құрылған, сөздердің соңғы дауыссыз дыбысына қарай орналастыру

дәстүрін алып келді. Бұл тәрізді сөздікті мұсылман дүниесінде алғаш рет

жасаған адам – Ысмайыл әл-Жауһари (1007 жылы опат болған). Бұл кісі араб

лексикографиясына зор еңбек сіңірген, «лексикология имамы» атанған адам [8].

Кезінде өзінің немере ағасы Ибрахим әл-Фарабиден ғылыми даярлық алған әл-

Жауһари өзінің «Сыхах ал-арабийа» атты 40 мың сөзден тұратын сөздігінде

сөздерді түбірдің соңғы әрпі бойынша орналастырады. М.Қашғари да, оның

замандасы, азербайжан ғалымы Хубейш Тифлиси де (арабша-парсыша сөздіктің

авторы) осы тәсілді қолданған екен. М.Қашғаридің екінші бір замандасы парсы

лексикографиясының негізін салушылардың бірі, «Лұғат-и Фурс» (парсы тілінің

сөздігі) еңбегінің авторы Асади Туси де осы тәсілді қолданған екен. Бұл

сөздіктерді қазіргі кері әліпбилік сөздіктердің атасы десе болғандай. Жалпы,

М.Қашғаридің сөздігі мен одан өзге де аталған сөздіктерді құрылымдық

жағынан, өзінің мақсаты жағынан оқу лексикографиясының туындылары

ретінде, оқу сөздіктері ретінде бағалауға әбден болады.

Қазақ лексикографиясының тарихына қатысты ойларын жалғастыра

отырып, М.Малбақов: «Аталған деректерді орта ғасырларда шығыстың көптеген

халықтарына ортақ болған араб жазулы ислам мәдениетінің сан түрлі ұлт

өкілдерінің қатысуымен жасалғандығы туралы бұрыннан айтылып жүрген

Page 14: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

14

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Байниязова Ж. Түркі лексикографиясының тарихы жайлы

ақиқатты және бір еске түсіру мақсатымен келтіріп отырмыз. Ерте орта ғасырдан

бергі кезеңде араб тілінің ислам дүниесінде латын тілі тәрізді халықаралық тіл

қызметін атқарғаны анық. Сондықтан түркі текті ғалымдардың араб тілінде

сөздік жасауы таңданарлық жайт емес. Орта ғасырлық араб лексикографиясы

түркі лексикографиясына игі әсер етті. Көптеген түркі-араб‚ араб-түркі

сөздіктері дүниеге келді. Солардың ішінде қыпшақ сөздіктері атанған Әбу Хайан

сөздігі‚ «Ат-тухфа»‚ Халил Мухаммад ибн Юсуфтың «Тәржіман» сөздігі‚

Жамаладдиннің «Бұлғат әл-мұштақ» сөздігі т.б. бар. Аталған сөздіктердің сөздік

құрамы аралас (оғыз-қыпшақ) болғанымен‚ олардағы қыпшақша сөздер

тобының қазақ тіліне етене жақын екендігі анықталып отыр. Ортағасырлық түркі

лексикографиясында, ортағасырлық араб жазулы сөздіктерде‚ сондай-ақ‚ кейінгі

түркі тілдерінің лексикографиясында‚ соның ішінде қазақ лексикографиясында

да белгілі бір дәрежеде бұрынғы дәстүр сабақтастығы жалғасып келді. XVІІІ

ғасырдан бастап Ресейге тәуелді болып‚ оның құрамына кіре бастаған қазақ

еліндегі ғылым мен білім енді басқа арнада – Ресейдің ғылым-білімі арнасында

дами бастады. Сөздіктер қазақша-орысша‚ орысша-қазақша аударма‚

терминологиялық сөздіктер түрінде жасала бастады. Араб жазулы қазақ

лексикографиясындағы орта ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр

сабақтастығы бұзыла бастады [1.8.].

Қорыта келгенде, аталған кезеңдегі қазақ тіліне қатысты сөздіктердің басым

көпшілігі орысша-қазақша тіл үйрену‚ аударма жасау қажеттілігін өтеуге

арналып‚ сол дәуірдегі патшалы Ресей әкімшілігі мен Кеңес үкіметінің ұстанған

тіл саясатына сәйкес келетін прагматикалық мақсат-мүдделерге сай жасалды

деген тұжырым жасауға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Малбақов М. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің құрылымдық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2003. – 368 б.

2. Атабай Б.А. Л.З.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздері: филол. ғыл. канд. ... автореф. - Алматы‚

1998. 27 б. 3. Малбақов М. Сөздік түзу тәжірибесіндегі дәстүр мен жаңашылдық / Құдайберген Жұбанов және

қазақ тіл білімі. – Алматы, 1999. 239-243 бб.

4. Иванов В.В. Зачатки исследования языка у хеттов // История лингвистических учений. Древний мир. – Л., 1980. – С.54-61.

5. Герценберг Л.Г., Саймуддинов Д. Лингвистическая мысль и языковедческая практика в Иране в

домонгольское время // История лингвистических учений. Средневековый Восток. – Л., 1981. – С.67-72.

6. Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его «Дивану лугат ит-турк» //Советская тюркология, 1972, -

№1. – С. 4-12. 7. Bergstrasser G. Das Vorbild von Kasgaris Divan lugat at-turk // “Orientalistische Literaturzeitung”.

1921. - №7-8. – С.154-155.

8. Звегинцев В.А. История арабского языкознания. – М., 1958. –С.190.

Page 15: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

15

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Б.О.ОСПАНОВА филология ғылымдарының кандидаты, доцент

ҚАЗАҚЫ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ

В данной статье рассматривается лингвокультурное значение казахских табу.

This article deals with linguistic and cultural meaning of Kazakh taboo.

Қазіргі таңда «тіл мен мәдениет», «адам және тіл» байланысын

лингвомәдени тұрғыдан қарастыру - өзекті мәселелердің бірі болып

табылады. Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоцентристік

бағытпен сипатталатын лингвомәдени зерттеулердің тереңдеуімен

ерекшеленеді.

Тіл мен мәдениеттің байланысына қатысты ғылыми тұжырымдар,

зерттеу нысанына қатысты ғылыми пікірлер орыс ғалымдары

Н.Д.Арутюнова, Ю.С.Степанов, В.Н.Телия, В.Шаклеин, В.Воробьев,

В.А.Маслованың еңбектерінде көрсетілген.

Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы әлі де жан-жақты

қарастыруды қажет ететін тың сала болғанымен, ғалымдар әр қырынан

зерттеп келеді. Осы бағытқа байланысты біраз еңбектер мен зерттеулер

бар.Әсіресе, лингвомәдениеттанымдық өріс мәселелері, халықтың тәжірибесі

мен танымы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, А.Сауранбаев,

С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев зерттеулерінде көрініс тапса лексика-

фразеологиялық, семантикалық тұрғыда академик Ә.Т.Қайдардың,

Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова т.б. ғалымдардың

жұмыстарында қарастырылған.

Тіл мен мәдениеттің сабақтастығы жөнінде академик Ә.Т.Қайдар:

«Мәдениет жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық

менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-

дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі

ұғым. Ана тіліміздің атқаратын барша қоғамдық-әлеуметтік қызметтерінің

ішінде шоқтығы биік тұрған, аса елеулі тағы бір қызметі – оның ұлттық

мәдениетіміздің негізі, ұйтқысы болу қызметі» -деп көрсетеді [1].

Тілде алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және

материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибесі, ұлт өркениетіне

қатысты белгілер шоғырланған. Сондықтан да тілді, мәдениет пен өркениетті

бір-бірінен ажырағысыз тұтас дүние ретінде қарастыру – бүгінгі таңның

өзекті мәселелерінің бірі ретінде саналады.

Адамзаттың рухани дамуының әр түрлі сатыларында қалыптасқан

наным-сенімдерден, бүкіл әлем халықтарының ырым-тыйым сөздері

лингвомәдени және этномәдени құбылыс ретінде ғылыми әлемнің назарын

өзіне ертеден-ақ аударып келген. Ырым-тыйымдар кез-келген халықтың

тілінен орын алған ауқымды дүние. Ырымдар мен тыйымдарда халықтың

Page 16: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

16

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Оспанова Б.О. Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні

ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, оның бойында ұлттық

байлықтың рухани көздері көрініс тапқан. Олардың шығуын, таралуын және

түрлерін ғалымдар бүкіләлемдік деңгейде зерттеген.

Түркі халықтарының ырым-тыйымдарының зерттелуіне С.П.Толстов,

Д.Е.Хайтун, Н.А.Алексеев, Г.Н.Потанин, Л.П.Потапов, т.б. ғалымдардың

зерттеу еңбектері дәлел бола алады.

Қазақ халқының ырым-тыйымдары жөнінде Г.Н.Потанин, В.В.Радлов,

Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Н.И.Ильминский, И.Ибрагимов, Ә.Марғұлан,

Ә.Т.Қайдар, Х.А.Арғынбаев,Ә.Ахметов сияқты ірі ғалымдардың зерттеу

еңбектері бар.

Белгілі ғалым Ә.Ахметовтің еңбегінен адамзаттың рухани дамуының әр

түрлі сатыларында қалыптасқан наным-сенім, діндерден, бүкіл әлем

халықтарының әдет-ғұрыптарынан және тілдерінен орын алған сан алуан

ырым-тыйымдардың этнолингвистикалық құбылыс ретінде әлем назарын

өзіне аударып келгендігін көруге болады [2].

Тыйым атаулы түгелдей «табу» деген терминге сыйып тұрғанмен, ол

терминнің мағыналық аясына сан қилы әлеуметтік себептерден туындайтын

тыйым салынған іс-әрекеттер де, адамдар да, заттар да, сөздер де кіреді және

ол тыйымдар қай мәдениеттің негізінде қалыптасса бір-біріне ұқсайтынымен

қатар әр мәдениеттің тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленеді.

Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-

ғұрыптар дәстүрлерге айналып, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-

дәстүрлер мен жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер

арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі толысып, дамып, жаңарып

отырады.

Ырымдар мен тыйымдар сан алуан және олардың мәдениеттегі

көріністері де ерекше болып келеді. Қазақ арасында қалыптасқан әр түрлі

ырымдар мен тыйымдардың біразын көрнекті ғалым, фольклоршы, әрі

этнограф Ә.Диваев халық аузынан жинақтап, қағазға түсірумен қатар, оларға

түсініктеме де жазып қалдырған. Ол қазақ ырымдарын әр түрлі жағдайдағы

ырымдар және жол жүргендегі ырымдар деп екіге бөліп қарастырады [3].

Әр түрлі жағдайлардағы ырымдар:

Ит пысқырса, жаман көреді, мұрныңа иіс, мұрныңа иіс,-дейді. Неге

десеңіз, сол күні сол үйдің бір малы өлсе керек, мал өлгенде иттер қанға

тояды, соны біліп пысқырып жатыр деп ойлайды. Ит пысқырғанды жаман

көргені содан.

Ит аспанға қарап ұлыса,иесіне қатер төнер деген оймен, өз басыңа

болсын, бәле көрсең,- деп ырымдаған.

Атты сыйлағанда немесе сатқанда ноқта, жүген берілмейді.

Асқа немесе тойға толтырып қымыз әкелген сабаны біржола сарқып

босатпайды, түбінде міндетті түрде қымыз қалуы керек.

Page 17: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

17

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Оспанова Б.О. Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні

Үй ішіне қазан асса есікке қаратып аспайды. Есікке қаратып асса, келген

несібе сыртқа қашады, сыртқа төгіледі деген ырымнан туған.

Қыз бала босағаға отырмайды. Әдетте, қазақтың төрі – сыйлы қонақтың,

тіпті «ақсүйек», «сұлтан» тегінен шыққан аса қадірлі адамдардың құрметті

орны деп есептелген, қызды сыйлап жоғары отырғызуда үлкен мән барын

халқымыз ерте кезеңнен-ақ түсінген, т.б.

Жол жүргендегі ырымдар мен тыйымдар:

Жолда иір-иір із болса, әлгі ізден аттап өтпейді.

Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуге болмайды.

Жолда кездескен адамнан «қайда барасың» деп сұрамайды, «жол оң

болсын» деп айтуы керек, т.б.

Қазақ арасында жол, жорықпен байланысты қалыптасқан ырымдар мен

тыйымдар жөнінде Ш.Уәлихановтың келтірген деректері этнографиялық

және лингвистикалық тұрғыдан өте құнды мағлұмат болғаны белгілі.

Халқымызда «Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген аталы сөз

бар. Бұдан сөз сиқырына сенуді, магиялық наным-сенімді аңғаруға болады.

Ш.Уәлиханов бұл туралы былай дейді: «Язык человека через слово имел, по

мнению киргизов (казахов) разрушительное влияние.... Если у киргиза

(казаха) умрет красивый ребенок, пропадет хороший конь, улетит жороший

сокол, испортится ружье – все приписывается человеческому языку» – деп

түйіндейді [4].

Демек, қазақ баласы шетінесе де, аты жоғалып, кыран құсы оралмай

ұшып кетсе де, мылтығы нысанаға тимей қалса да басқалардың көзі мен

сұсты тілінен деп ырымдаған. Шоқан Уәлихановтың бұл пікірін дамыта

отырып, академик Ә.Т.Қайдар өзінің осы тақырыпқа арнап жазған бір

еңбегінде сөз магиясына, яғни сөздің сиқырлы қуатына сенуді жалпы түркілік

сипаты бар наным ретінде қарастырады [5].

Магиялық наным бойынша өтірік ант ішуге (от соқсын, нан ұрсын, дәм-

тұз ұрсын) немесе серт беруге болмайды, олай істеуге тыйым салынады.

Өйткені бұл тыйым бұзылса, өтірік ант ішкен адамды табан астында ант

атады деген үрейлі нанымнан туған тыйым бар. Сондықтан бұл тыйымды

бұзудан әркім сескенетін болған.

Қазақтар бала-шағасының нешеу екенін, малының санының қанша

екенін ешкімге айтпауға тырысқан, бұл құдайдың қарғысына ұшырамаудан,

тіл-көзден іштей сақтанудан туған ырым.

Қалыптасқан ескі салт бойынша, түйесі көп адамдар әрбір жүзінші

түйенің бір көзін ағызып отырған. Түйе санын сұрағандарға бір соқыр,екі

соқыр немесе түйе атын қолданбау үшін оның мойын терісінің атауымен

«мойнақ» деген. Ғылыми тілдегі метонимиялық, эвфемистік атауды

пайдаланған.

Page 18: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

18

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Оспанова Б.О. Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні

Демек, бес-алты түйем бар деудің орнына «бес-алты мойнағым бар» деп

бүркемелеп білдіретін болған [6].

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жерін аралап, оның әдет-ғұрып, салт-

санасымен жетік танысып, қазақтар туралы еңбек жазған неміс ғалымы

Р.Крауцтың: «...қазақтар балаларға қасқырдың атын атауға тыйым салады,

өйткені «егер атын атаса малға қасқыр шабады» деген жаман ырымға балаған

[7].

Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, тотемизммен байланысты тыйым

түрлері түркі халықтарына да ортақ екенін байқауға болады. Ғалым Рашид-ад

Диннің зерттеуі бойынша түркі халықтары, соның ішіндегі жиырма төрт оғыз

тайпасының әр тобы қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын, т.б. тотемдерінің

бірімен аталған, құт-береке әкелетін тотемдерді аулауға қатаң тыйым

салынған, тіпті Саян-Алтай түріктерінің арғы тегін «белгілі бір жануардан

тарайды» деп сенетіндіктен,тотемнің атын атауға қатаң тыйым салынған.

«Ақ жол»-қазақ халқы ырымының бір түрі. Көрнекті жазушы Ілияс

Есенберлиннің «Қахар» романында халқымыздың осындай ырымы туралы

былай жазылады: «Ақ жол» емі - жаралы адамдардан гөрі төре тұқымынан

шыққан қатындарға үлкен сын. Бұл ырым бойынша, «егер күйеуінің көзіне

шөп салмаған әйел, жаралы немесе ауырған адамның үстінен аттап өтсе,

ауруынан тез жазылып кетеді. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру адам

табанда өледі деген ырым бар»-деп жазады жазушы.

Кейбір зерттеуші ғалымдар «Ақ жол» ырымы, емнен гөрі әйелдің

пәктігін сынауға арналған деген пікірді ұстанады..

Өмірден көргені мен көңілге түйгені көп дана халқымыз ұрпақ

жалғастығына, әсіресе белінен өрбіген ұл-қыздарының аман-сау, азамат

болып өсуіне айрықша назар аударған. Атамыз қазақтың «баламның

табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» деуі біздің осы пікірімізді

айқындай түседі.

Зерделеп қараған адамға, бала, яғни ұрпақ тәрбиесінде қазақы ырым-

тыйымдардың берер тәрбиелік мәні зор.

Ата-бабамыз өмірдің өзінен алынған ырым-тыйымдар арқылы үрім-

бұтағын кездейсоқ қауіп-қатерден, айтпай келетін алуан түрлі бәле-жаладан

қызғыштай қорып, қорғап отыруға тырысқан.

Қоғам дамуының барысында ырым-тыйым сөздердің өзгеруі, жаңарып

отыруы, тілдердің барлығында да бар құбылыс. Қатынас құралы болып

табылатын, қоғамдық құбылыс ретіндегі тілдің этнографиялық бір бөлшегі –

ырым-тыйымдар этноспен біте қайнасып, өз алдына пексикалық мағына

беретін, ұрпақ тәрбиесінде елеулі қызмет атқаратын лингвомәдени бірлік

болып табылады.

Халықтың ойлау жүйесінің, көркемдік логикасының, тегеурінді қуаты

мен тереңдігін, дүниетану даналығы мен ұлттық болмыс даралығын танытатын

Page 19: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

19

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Оспанова Б.О. Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні

қазақ сөз өнерінің таңғажайып құбылыстарының бірегей саласы,

тапқырлықтың, ойшылдықтың,суретшілдіктің, ұшқырлықтың, тереңнен

ойлап табудың ұрығы, дәні – ырым-тыйым сөздердің ұрпақ тәрбиесі үшін

берер тағылымы мол. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренудің символындай.

Халықтың ақыл-ойының, жан сезімінің, берекелі, бейнелі іс-

әрекеттерінің тағылым-тәжірибесінің, білімпаздық зердесінің көрінісі, жемісі

іспетті осынау дүниелер – оның тыныс-тіршілігімен, шаруа-кәсібімен, ғұрып-

дәстүрлерімен, дүниеге көзқарасымен тамырлас.

Халықпен бірге жасасып келе жатқан ырым-тыйымдардың тарихи

тамырын айқындап, лингвомәдени мәнін ашуда салыстырмалы-

типологиялық, диахрондық, әрі синхрондық әдіске сүйену – ғылыми-

теориялық тұрғыдан тиімді болмақ.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. 2. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы-этнолингвистикалық

зерделеу). –Алматы: Ғылым, 1995. 3. Диваев Ә. Тарту. /Құрастырған, алғы сөзін және түсініктемелерін жазған Флора Оразаева.

Алматы: Ана тілі, 1992, 165 б.

4. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. А., 1961. Т. 1. С.478. 5. Кайдар.А.Т. Культ слова у тюркских народов //Тюркология, 1992. №3. С.74-79.

6. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984, 54-55-бб.

7. Крауц Р. Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке. 1910. С. 37.

Page 20: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

20

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

О.АБДУЛХАКОВ магистр МКТУ им. А.Ясави

И.АБДУЛХАКОВА магистр МКТУ им. А. Ясави

МЕЖЪЯЗЫКОВЫЕ СООТВЕТСТВИЯ МНОЖЕСТВЕННОСТИ НА

СИНТАКСИЧЕСКОМ УРОВНЕ

Бұл мақалада ағылшын және түрік тілдеріндегі көпше түрдің негізгі берілу жолдары және

синтаксистік деңгейдегі көпше түрдің тіларалық сәйкестігі қарастырылады.

This article is concerned with basic methods of plurality category transfer in the English and Turkic

languages and with inter-language correspondence of plurality on syntactical level.

Синтаксической способ выражения множественности осуществляется

путем сочетания различных слов. При этом одна из составляющих сочетания

имеет отношение к выражению множественности, т.е. выражает

множественность и служит показателем количества синтаксической единицы.

Обычно в роли такого показателя выступают слова, в которых значение

выражена лексически.

Сочетание показателей множественности с существительными в

сравниваемых языках реализуется на основе следующих основных моделей:

1) Q+Npl; Qsing + Nsing. Каждая из этих моделей имеет свои варианты, которые,

как правило, остаются в пределах моделей.

1) Модель Q+Npl в английском языке является наиболее

распространенной. Она характеризуется простым сочетанием показателей

числа с именами существительными. Например: two books, many students,

several governments, some boys, a few hooks и т.д.

Данная модель объединяет два подтипа: а) Qpl+Npl, т.е. количественные

слова имеют форму множественного числа; б) Qsing+Npl т.е. количественные

слова употребляются в форме единственного числа.

А) Модель Qpl+Npl обусловлена флективностью системы английского

языка, и в качестве показателей множественности выступают слова во

множественном числе. Например:

These tires are nearly through. (Arthur C. Clarke). … A few minutes later as

Pat sat shivering in the center of the room his memory went back to those peep –

shows of his youth – though at the moment he could see little resemblance (F.

Fitzgerald). Already a crowd pressed around the doors of the hospital, closed these

three months for lack of patients (Ibid).

Модель Qsing+Npl. В этой модели количественные слова могут

принадлежать к различным лексико-грамматическим разрядам слов: к

числительным, прилагательным, местоимениям, существительным и т.д.,

которые имплицитно выражают множественность. Например: … and the two

Page 21: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

21

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдулхаков О., Абдулхакова И. Межъязыковые соответствия множественности на синтаксическом уровне

men ran over to meet the professor (Arthur C. Clarke). Then it had sunk even

deeper into the yielding soil, so that fifty million years later men could judge with

some accuracy the duration of its halts. (Ibid). There were not many places where it

was safe to walk… (Ibid).

2) Модель Qsing+Nsing представляет большой интерес с типологической

точки зрения, так как именно с этой моделью связано типологическое

расхождение, состоящее во взаимоисключении двух единиц одного

категориального понятия и кроме того, эта модель является общей для

казахского и турецкого языков. Словосочетания этого типа отвечают на

вопрос «сколько?» How much? How many? Например:

«How many people» said Barton suddenly, «do you think they have over

there?» (Arthur C. Clarke) …. the necessary silences and pauses in the process,

permited the clients too much time to regard the prematurely aged face… (F.

Fitzgerald). They probably worked a good deal harder than usual, since the native

laborers required twice as much supervision in the chief’s absence. (Arthur C.

Clarke)… and Professor Fowler was following the fifty – million- old- spoor with

all the emotions of a big – game hunter trashing his prey. (Ibid) …they did not

relish a two – mile walk back to camp in the broiling sun (Ibid). He shook his head

in annoyance as he bumped into the truck ahead with slightly more violence than

usual (Ibid). The truck which Professor Fowler was following now lay in a wide

trench running away from the main excavation, for he had dropped all other work

to investigate it (Ibid).

Множественность может выражаться синтаксическим сочетанием

определенного артикля с прилагательными, с субстантивированными

причастиями и т.д. Например:

The injured were being evacuated to the cities by train as fast as their wounds

were dressed… (F. Fitzgerald). The dead began to be brought in by ten o’clock;

there were twenty, twenty – five, thirty, and forty – the least grew. (Ibid).

Модель Q+Prep+Nsing осуществляется соединением количественных слов

с именами существительными в единственном числе при помощи предлогов.

… And they can get a couple of million without any trouble (Arthur C.

Clarke). «It would save you a lot of trouble, wouldn’t it, if you could actually see

what took, place in the past»… (Ibid) most of the more hazardous atomic research

was carried out as far as possible from civilization…. (Ibid). A lot of people know

we’re at the same hostel. (F. Fitzgerald). They both slid down another cascade of

laughter. (Ibid).

В английском языке существуют много других синтаксических

конструкций, которые также выражают множественность. Они

распределяются между различными лексико-грамматическими разрядами

слов: субстантивными, адъективными, глагольными, адвербиальными и

другими сочетаниями. Например:

Page 22: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

22

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдулхаков О., Абдулхакова И. Межъязыковые соответствия множественности на синтаксическом уровне

A certain number, a great number, a large number, all the world and his wife,

a pack of troubles, some ten or dozen, ever so much, more than one can tell, no end of (to), thick and hail, numerous as the sands on the seashore, numerous as the hair on

the head, to go halves in something to bring together, to know no limits, to know no

bounds, in company with, hand in hand, side by side, cheek by jowl, arm in arm, in a

body, over again, again, again and again, over and over, day by day, many a time, how

often, half as much again и т.д. Итак, мы рассмотрели основные способы передачи категории

множественности в английском языке. Рассмотренные нами случаи не

исчерпывают всех моделей множественности: для данного исследования

необходимо выбирать модели с максимальным функционированием.

Синтаксический способ передачи множественности считается самой

малоисследованной областью. Об этом свидетельствует следующее

высказывание А. Д. Даниярова, занимающегося изучением категории в

современном казахском языке: «Синтаксический способ выражения категории

множественности в современном казахском языке, можно сказать, вообще не

изучен» [1. 21]. Сказанные в одинаковой степени касаются и турецкого языка.

Однако малоизученность проблемы не говорит об отсутствии данного

способа в казахском и турецком языках. Во всех тюркских языках широко

распространена передача категории множественности путем сочетания слов,

принадлежащих к различным лексико-грамматическим разрядам.

В тюркских языках синтаксический способ передачи множественности

также осуществляется соединением показателей числа с другими словами. Это

свидетельствует о своеобразном изоморфизме данного способа выражения

множественности в тюркских языках.

В сравниваемых тюркских языках к основным моделям множественности

относятся модели Q+Nsing и Q+Npl, которые, в свою очередь, включают несколько

микромоделей.

Модель Q+Nsing. Для иллюстрации данной модели использованы переводы

двух предложений из киргизского текста на сравниваемые тюркские языки.

Кирг. (1) Чет–четтен чийлер ыкташып, жаан – чачындан кийин топурагы

борпоқ тоборсуп карайган жолдо, катарлаб баскан эки жолоочунун изи тигинден

бери чубайт (Ч.Айтматов).

Каз. Екі жағында қалың ши, жауыннан кейін беті тобарсыған қара жолда

қатар жүрген екі жолаушының ізі шұбап жатыр (Ш.Айтматов).

Каракалп. Еки жағы ғаз қатара дизимескен қамыслар, жауыннан кейин бети

тобарсыған қара жолда қатар жүрген еки жолаушының ийреңлеген излері

шубатылып жатыр (Ч. Айтматов) [2. 125-127].

Кирг. (2) Айлына кайтып келгенине бир топ кун болсо да, ушинтип эч кимге

кочиулбай, ар качан жалғыз жүрүп, Данияр өзунө жоро–жолдош күтө албады

(Ч.Айтматов).

Каз. Ауылға қайтып оралғанына біраз күн болса да, ешкімге жоламай,

әрқашан жалғыз жүріп, Данияр өзіне жолдас–жора таппады. (Ш.Айтматов).

Page 23: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

23

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдулхаков О., Абдулхакова И. Межъязыковые соответствия множественности на синтаксическом уровне

Каракалп. Айылга келгенине әдеуир уақыт болса да, хешкимге жоламай

бәрхәма жалғыз жүрип, Дәнияр өзине жора–жолдас таппады. (Ч.Айтматов) [1.

238-239].

Модель Q+Npl также характерна для сравниваемых тюркских языков.

Взаимовключение количественных слов и морфемы множественного числа – лар

может быть обусловлено семантикой самых количественных слов, семантикой

определяемых существительных, стилистической необходимостью, влиянием

переводных текстов, заимствованием готовой модели и т.д; например:

Каз. - Осының бәрін қалай жасадың? Мынау көп бөлшектерді табу да оңай

болмаған шығар?... Өткен өмір жолдарымен неше түрлі адамдар бейнесі

тізбектеліп өтіп жатты. (Қ.Сауыркенов).

Кирг. Бирок мында али абдан көп–көп иштерди аткаруу керек. Коммунист

акындын бир неча китептери Москвада Жана фрунзеде орус тилинде да басылып

чыкты.

Каракалп. ... Қосықты айтқан 20-30 лаған атлылар булардың штаб қылып

отырған кеңсесиниң алдында келип тоқтап, оның есигин бузып, 10-15 адамды

қамап отырғанын... (А.Бегимов). Мине Андреевтиң изине ерген жабай

дивизияниң бир қанша адамлары таң қаранғысында келип Зайырды басқан еди.

(А.Бегимов).

Если категория множественности передается при помощи наречных или

глаголных сочетаний, они выражают повторение или узуальность. Например:

Кирг. Ар дайым жолго чыгарда, мен ушул алкаты жөнөкөй жагачтан

жасалган сүрөттүн алдына келип турам. (Ч.Айтматов).

Қаз. Әрдайым бір жаққа жол жүрерде мен осы қарапайым ағаш рамкаға

салынған шағын суреттің алдына келіп тұрамын (Ш.Айтматов).

Каракалп. Хәрдәйім мен бир жаққа сапарға шығарда усы әпиуайы ағаш

рамкаға салынған шағынырақ суреттиң алдина келип тураман (Ч.Айтматов).

Употребление показателей совместности выражается совместное действие

субъекта. Например:

Кирг. Тээ чоң аталарыбыз бирге көчуп, бирге конуп өтө ынтымактуу

туручикан экен, ошолордун салты менен биз дагы арабызды алыстатпай, кол

үзгөн жокпуз. (Ч.Айтматов).

Қаз. Арғы аталарымыз бірге көшіп, бірге қонып өте ынтымақты өмір сүрген

екен, солардың салтымен біз де арамызды алыстатпай бір-бірімізден қол үзген

жоқпыз. (Ш.Айтматов).

Каракалп. Арғы аталарымыз бирге көшип, бирге қоныс басып жүдә татыу

өмир сүрген, солардың дәстүри менен бизде арамызды алыстатпай, бир–

биримизден, қол үзген емеспиз (Ч.Айтматов) [3. 240-241].

ЛИТЕРАТУРА

1. Данияров А.Д. Теория множественности в современном казахском языке. 2. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. 11, часть первая. М., 1952.

3. Буранов Д.Ж. Сравнительная типология английского и тюркских языков. М., 1973.

4. Қазақша-түрікше сөздік. Түркістан, 2003.

Page 24: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

24

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

ЖУРНАЛИСТИКА

Ә.ТӘШІМОВА А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИАНАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ

В статье затронута тема казахстанского медиарынка, а также исследуются проблемы

современного медиарынка.

This article deals with the problem of Media marketing in Kazakhstan.

Қазақстанның медианарығының қалыптасуы тәуелсіздік алғаннан кейін

бастау алды. Отандық медианарықтың дамуы, қалыптасуын шартты түрде

бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең, посткеңестік, БАҚ-қа мемлекеттік монополияның ықпалы

күшті кез яғни, бұл кезеңде тәуелсіз басылымдар пайда (1992 жылға дейін)

бола қоймаған кезең.

Екінші кезең – мемлекеттік емес БАҚ-тардың санының

(жеке,корпоротивті, т.б.) күрт көтерілуі, мемлекеттік БАҚ-тардың үлес

салмағының кеми бастауымен ерекшеленетін кезең (1992-1996).

Үшінші кезең – медианарықтың сапалық жағынан да, сан жағынан да

өзгерістерге толы, бұрынғы мемлекеттік БАҚ-тардың, полиграфиялық

кәсіпорындардың жаппай жекешелендірілуі, мемлекеттің БАҚ-тарды

дотациялау, қаржыландыру формасынан елдің ақпараттық саясатын

жүргізуге орай мемлекеттік тапсырыстарды орындауға көше бастаған кезі

болып табылады. Бұл отандық ақпарат кеңістігінің қалыптасу кезеңі, 1996-

2000 жылдар аралығын қамтиды [1].

Ұлттық медианарығы – тұтас экономиканың қағидалары мен заңдары

қалыптасқан жалпы тауар нарығының бір сегменті болып табылады. Демек,

отандық мединарығының, медиаиндустрияның дамуы еліміздің

экономикасына тікелей байланысты.

Еліміз нарыққа көшуде кездескен қиындықтар медианы да қамтыды.

КСРО тұсында Қазақстанда санаулы ғана республикалық басылымдар,

ведомстволық және жергілікті ресми газеттер болды. 1991-жылдан (БАҚ

туралы заң қабылданған соң) кейін БАҚ-тардың саны күрт өсті.

Қазақстанның баспасөзін төрт топқа жіктеуге болады. Олар:

мемлекеттік, коммерциялық, саяси партиялар мен қозғалыстардың газеттері,

салалық басылымдар. Бұлардың әр қайсысысы өз ерекшеліктеріне сай

әралуан сипатта қаржыландырылады.

Жаңа басылымдардың жаппай пайда болуы уақытша құбылыс сияқты

болды. Олардың көбі нарық жағдайына шыдас бермей жабылды. Жаңаша

нарыққа бейімделген менеджмент құра білген басылымдар ғана қалды.

Бәсекелестік күшейді. Мемлекеттік басылымдармен қатар жекеменшік және

тәуелсіз теле-радиокомпаниялардың да саны артты. Осы сәттен бастап

Page 25: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

25

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тәшімова Ә. Қазіргі қазақстандық медианарықтың дамуы

оқырман, көрермен, тыңдарман үшін талас, тақырыпты кеңейтіп беру,

материал берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін іздеу секілді БАҚ дамуына қажетті

алғышарттар қалыптасты. Жарнама берушілерге деген талас-тартыс күшейді.

Әрбір БАҚ жарнамадан түсетін табыс редакция бюджетін толықтырудың

төте жолы екенін ұғынып, іске көшті. Міне осы кездерді қазақстандық

медианарықтың қалыптасуынының алғашқы баспалдақтары ретінде қарауға

болады.

Қазақ баспасөзі нарыққа бейімделу тұсында түрлі амал-әрекеттерді

қолданып, қалыптасу процесін бастан кешті. Қазір біз оған тәжірибе деп қана

қараймыз.

Сол жылдары болған тағы бір өзгеріс ол холдингтендіру немесе біріктіру

процесі. Қазақ басылымдары бюджеттен тыс қалды. Бұл ілгеріде бюджеттен

қаржыландырылып келе жатқан басылымдарға едәуір соққы боп тиді. Қаржы

болмаған соң, тығырыққа тіреліп, әзер шықты, жабылып қалғандары

қаншама. Тығырықтан шығу үшін қазақ басылымдарына бір жерден

қаржыландыру мақсатында ұйымдарға бірігуге тура келді. 1999 жылы 12

маусымда жеті бірдей қазақ басылымы «Қазақ газеттері» жабық акционерлік

қоғамы аясына бірікті. Олардың барлығы да қоғамдық-саяси басылымдар

болатын. Басылымдарды басқару орталықтанғаннан кейін мәселені нарықтың

жағдайына бейімдеп шешу жайы қолға алынды. Қазіргі шарттарға

бейімделген басқару аппараты құрылды.

2003 жылы «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамы нарық жағдайына

бейімделіп, әрекет ете бастады. Осы жылдарда (10 жылдан асты) әуелі жабық

акционерлік қоғам, одан кейін 2006 жылы жауапкершілігі шектеулі

серіктестік болып құрылып, құрылымдық өзгерістерді бастан өткерді. Қазір

«Қазақ газеттері» серіктестігі құрамында үш газет, үш журнал, жиыны алты

басылым шығып жатыр. Ал, 2005 жылдан бермен қарай елімізде медиа

холдингтердің қатары көбейді: «Қаламгер-медиа», «Нұр медиа», секілді

жекелеген акционерлік қоғамдар құрылып, бірқатары ЖШС арқылы өз

беттерімен күн көруге бағыт алды.

Болашақта олар сараланып-дараланып, (бір кездері батыстағыдай) ірілері

ұсақтарын «жұту» процесі де жүруі мүмкін, мұның алғашқы нышандары

қазір де бар.

Бүгінде Қазақстанда жалпы 8 248 БАҚ тіркелген. Оның ішінде белсенді

жұмыс істейтіні 2 685 БАҚ, оның 1441-і мерзімді басылым, 233-электронды

БАҚ (20 телеарна, 43 радиокомпания, 134 – кабельді теледидар операторы).

Сонымен қатар 11- ақпарат агенттігі және 2 392 шетелдік БАҚ-тар еліміздің

ақпарат кеңістігіне таралады. Бұған қосы KZ доменінде 9 мыңнан астам

домендік атау тіркелген. Сарапшылардың мәлімдеуінше олардың 85%

мемлекеттік емес БАҚ түрі болып табылады. (www.baq kz) Ал, енді осының

ішінде қазақ тілді БАҚ-тың үлес салмағы – 18-20% шамасында. Ал ҚазNet

Page 26: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

26

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тәшімова Ә. Қазіргі қазақстандық медианарықтың дамуы

каталогында 6 997 сайт тіркелген, олардың ішінде 617-сі қазақ тілінде немесе

сайттардың жалпы көлемінің 8.8%-ы. (2010 жылдың соңғы тоқсанындағы

ресми деректер бойынша).

Қазіргі таңда Қазақстан ақпарат нарығында мемлекеттік емес БАҚ-

тардың салмақ үлесі 85%-ды құрап отыр деп жоғарыда айттық. Ал қазақтілді

баспасөзде бұл арасалмақ біршама төмен. Қазақтілді басылымдардың негізгі

иелері: министрліктер мен ведомствалар, әр деңгейдегі әкімшілік

құрылымдар, мемлекеттік құрылымдар, жеке компаниялар мен фирмалар [2].

Ал, олардың қаржыландыру көздері қандай деген мәселеге келсек.

Біріншіден, Қазақстандық БАҚ-тағы тілдік бөлініс басты фактор ретінде

әсер етуде. Себебі, орыстілді БАҚ-тың аудиториясы кең. Және олардың

артында тұрған күштер де ықпалды. Екіншіден, БАҚ-тағы меншіктік бөлініс.

Яғни, мемлекеттік және мемлекеттік емес(тәуелсіз) БАҚ жіктелісі. Еліміздегі

БАҚ (әсіресе, қазақ тілді) өз күшімен дами алмайды. Көбіне көп мемлекетке

арқа сүйеп, мемлекет тарапынан құрылған медиахолдингтерге,

құрылтайшылықтарға бірігеді. Және де мемлекеттен мемлекеттік тапсырыс

алады.

Яғни дотация бөлінеді. Дотацияны кез келген мемлекеттік құрылым:

министрлік, комитет, әкімшілік, т.б. бөледі.

Үшіншісі, ол несие алу. Қаржыландырудың мұндай тәсілі бізде

дамымаған. Себебі бізде БАҚ-тың құрылуына, аяққа тұруына қаражат

бөлетін банктер жоқ. Олар БАҚ-қа сенім білдірмейді.

Көп жағдайларда БАҚ белгілі бір жинақталған қаржы есебінен

құрылады. Кейін келе нарықтық жағдайлардағы түрлі кері әсерлерінен, не

дұрыс ұйымдастырылмаған менеджменттің салдарынан тоқырауға

ұшырайды. Содан соң белгілі бір қаржылық бизнес құрылымдар қолына

көшеді. Ол БАҚ-қа қаржылай көмек береді. Бірақ есесіне сол БАҚ көп ретте

қаржы құйған құрылымның иелігіне көшіп, өз қызметінде әлгі құрылымның

мүддесін білдіріп, тәуелсіздігінен айырылады. Сол құрылымға, не қаржылық

топқа қызмет етеді.

Соңғы қаржыландырылу көзі – ол БАҚ-тың өзін өзі қаржыландыруы.

Яғни, БАҚ-тың коммерциялық қызметтен пайда табуы: жарнамалық қызмет,

пиар материалдар ұйымдасыру, т.б. жариялау.

Қазақстанда БАҚ-тың өзін-өзі қаржыландыруында да тілдік бөлініс пен

меншіктік бөліністің әсері бар. Яғни қазақтілді және орыстілді БАҚ-тарға

жарнама берушілер тарапынан екі деңгейдегі көзқарас бар.

Жарнама - кіріс көзі. БАҚ-тың тәуелсіздігі ең әуелі экономикалық

дербестігіне байланысты. БАҚ неғұрлым жарнамадан кіріс келтірсе,

соғұрлым ондағы қызметкерлер де сапалы өнім ұсынады. Ал жақсы (тұрақты)

жарнама тек таралымы көп, материалдарын оқырман не көрермен іздеп жүріп

оқитын рейтингті БАҚ-қа беріледі. БАҚ сол үшін де жақсы өнім

Page 27: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

27

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тәшімова Ә. Қазіргі қазақстандық медианарықтың дамуы

беруге тырысады. Ал ол үшін бастапқыда басқа тараптан қаржы келуі керек.

Көп ретте БАҚ осы бастапқы қаржыны табу үшін түрлі саяси не қаржылай

күштерге арқа сүйеп, кейін келе солардың ықпалында қалып қояды.

Орыстілді аудиторияға қарағанда, қазақтілді аудиторияның ауқымы тар.

Сондықтан бүгіндері қазақ тілінде шығатын 300-ден аса газетке, 50-ден аса

журналға оқырман тарту – бұл да медианарықтың басты қажеттіліктерінің

бірі болып отыр. (Ресми емес немесе тіркеуде жоқ газеттер [3].

Оқырманның көңілінен шығу үшін БАҚ-қа қойылатын талаптар да

ерекше. Ең бастысы, шығарып отырған басылым тауар ретінде өтімді болуы

керек. Ал үлкен сұранысқа ие болуы үшін басылымның қандай болғаны

дұрыс?

Біріншіден, нақты әрі сапалы ақпарат беру.

Екіншіден, ішкі-сыртқы әлеуметтік-экономикалық және саяси, мәдени

оқиғаларға сараптама жасау. Біздің қазақ журналистикасында талдау

материалдар әлі де ақсап жатыр. Әсіресе экономика тақырыбында талдап-

сараптау жазу жағы кемшін.

Үшіншіден, оқырманды бей-жай қалдырмайтындай аса маңызды, өзекті

деген тақырыптарды қозғау.

Төртіншіден, әрбір БАҚ өз қызметін бизнес ретінде де қалыптастырып

(экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болуға) өздігінен өмір сүруге ұмтылып,

бәсекеге қабілетті, сапалы медиа өнімдер ұсынуы тиіс.

Бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ бизнес ретінде қалыптасу үстінде дейді

сарапшылар. Әрине бұл пікірмен келісуге болады. Нарықтық экономика

жағдайында өмір сүріп отырғандықтан нарықтық құндылықтар да БАҚ-қа

мейлінше әсер етті. Алайда, қазақ тілді БАҚ бизнес ретінде қалыптасқан жоқ.

Себебі – қоғамда толыққанды жариялылық жоқ. Яғни, басты себеп, қоғамда

еркіндік жоқ. Оның бизнес ретінде қалыптасуы үшін ең алдымен бостандық

керек.

Ал құрсаулы қоғамда жабық тақырып көп. Оқырманды сол тақырып

қызықтырады. Мәселенің анық-қанығы жазылмаған соң ол оқырманды

қызықтырмайды. Демек, шығарып отырған өнімге сұраныс жоқ. Сұраныс

болмаған жерде бизнес қалай өркендеуі мүмкін.

Медианарықтың Қазақстанда бизнес ретінде қалыптаса алмауының тағы

бір басты себебі ол дұрыс ұйымдастырылмаған журналистика

менеджментінің қалыптаспауы. Бұған себеп не?

Біріншіден, қазақтілді журналистика саласында бәсеке таяз. Нарық

заманының басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздегі өндіріп

отырған тауар бәсекеге қабілетті емес.

Екіншіден, шығарып отырған газет-журналды тарату мәселесінде

кемшіліктер көп. Қазақтілді басылымдар көпшіліктің баспасөзге жазылуы

арқылы таралады. Халықтың әл-әуқатының төмендігінен бізде баспасөзге

Page 28: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

28

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тәшімова Ә. Қазіргі қазақстандық медианарықтың дамуы

жазылу соңғы жылдары бәсеңсіді. Сондықтан аудан орталықтарына,

алыстағы елдімекендерге апталық газеттерді 30-60 теңге аралығында баға

қойып, (тарату мекемелері сол бағаға жеткізіп беріп) сатса, ол өтеді.

Сол сияқты республикалық басылымдарды аймақтық баспаханаларда

басып, шығарып, тарататын болса газеттің құны біршама төмендеген болар

еді (Сонда, әлгі айтқан 30-60 теңгеден ауылды жерлерде сатуға болады).

Қазір басылымды таратудың жолдары баршылық, соның ұтымдысын таңдап

алу меншік иелеріне байланысты. Жуырда Астанада өткен Бас редакторлар

форумында қабылданған Мәлімдемеде көрсеткендей: «Қазпошта» АҚ-на

барлық отандық мерзімді басылымдарды (әсіресе ауыл оқырмандарына)

жеткізу шығындарын өтеуге дотация беру» деген ұсынысты үкімет қолдаса

біршама сеп болар еді.

Үшіншіден, біздің арамызда орыстілді баспасөз бен қазақтілді баспасөзді

салыстыра қараушылар өте көп. Екі аудиторияны салыстыруға келмейді.

Себебі, орыстілді басылымдар көбіне ақпараттандыру миссиясын орындаса,

қазақтілді басылымдар ұлттық сана, елдің тұтастығы, мемлекетшілдік сананы

қалыптастрыу сынды ірі-ірі өзекті мәселелерді көтереді.

Төртіншіден, орыстілді аудитория кең. Орысша орташа сауаты

барлардың өзі орыстілді газетті тұтынуға қабілетті. Орыстілді

басылымдармен ашық бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Бұған жетуге

қазақтілді журналистиканың қарымы да, күш-қуаты мен білімі де жетеді.

Қазақстан – орыстілді ақпарат құралдарына жарнамаға келгенде

артықшылық беріп, монополияға жол ашып отырған ТМД-дағы жалғыз ел.

Елде мемлекеттік тапсырыстар жайлы берілетін жарнама,

хабарландырулар маңайында мүдделі топ, лоббистердің бар екені жасырын

емес. Сондықтан жарнама, хабарландыру берушілерді арнайы бір басылымға

(мәселен, «Бюллетень...», т.б. бергізуді доғару керек. Ал монополия дамуды

тежейтін, еркін бәсекеге жол жабатын кедергі.

Монополияның қай түрін болса да шектеу – нарықтық экономиканың

заңы және демократия мәдениеті. БАҚ саласы бойынша халыққа тарайтын

жарнаманың міндетті түрде мемлекеттік тілде жасалуын, қазақ баспасөзі мен

ақпарат құралдары арқылы халыққа жетуін қамтамасыз ететін заңдық

кепілдік қажет. Онсыз қазақ тілді БАҚ-тардың көсегесі көгеруі қиын. Осы

мәселені жан-жақты шешу үшін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»

заңына өзгерістер мен толықтырулар әлі де қажет:

Қазақтілді журналистиканың бизнес ретінде қалыптасуындағы

қиындықтардың шешімін табуға болады. Ол үшін алдымен:

• ынта мен ниет,

• қаржы көзі,

• сауатты менеджмент қажет [4].

Page 29: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

29

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тәшімова Ә. Қазіргі қазақстандық медианарықтың дамуы

Десек те, заманға лайық менеджмент құрып, сапалы медиа өнімдерімен

аудитория сұранысын өтей алған, сондықтан да нарықта ойып орын алып

отырған қазақ тілді БАҚ-тар да жоқ емес. Құрылтайшыға алақан жаймай өз

бетімен күн көріп отырған басылымдар да бар. Соңғы уақытта елімізде

журнал бизнесі дамып келеді. БАҚ-тың қай формасына қарамасын ол бірінші

кезекте аудитория сұранысын қанағанттандыруға тиіс. Нарық экономикасы

дамыған елдердерде аудиторияға жиі-жиі маркетологиялық зерттеулер жасап,

сұранысқа қарай өнім өндіруге тырысады. Қазіргі кезде жаңа ақпараттық

технологиялардың дамуы журналист жұмысының сапасын арттыруға

мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе интернеттің дамуымен ақпараттық жеделділігі,

мобильділігі, интерактивтіліктің артуы (оқырманмен, көрерменмен кері

байланыс) БАҚ қызметін жаңа сапалық биікке көтеруде.

Сұранысқа қарай демекші, 90-жылдардағы дағдарыста ресейлік

«Аргументы и факты» газеті бір-екі жылдың көлемінде 16 түрлі қосымша

шығарған екен. Нәтижеде басылымның таралымы көбейіп, нарықта беделі

көтерілген. Қосымшалардың дені тұрмыстық тақырыпқа арналған: аспаздық

өнер, автоәлем, құқықтық кеңес, т.б. күнделікті оқырман сұранысын

өтейтіндей сапалы-мазмұнды қосымшалар шығарып отырған. Сол сияқты

соңғы уақытта «Айқын» газетінің «Айқын-апта» , «Түркістан» газетінің

«Ырыс» экономикалық қосымшасы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің

қосымшалары да оқырман сұранысына лайық шығармашылық ізденістің түрі

деуге болады. Әсіресе, «Қазына», «Зәру» қосымшаларын атауға болады.

Сондай-ақ газеттің оқырманмен интерактивтілікті және журналистиканың

мобильділігін арттыратын «Интернет конференция» да сәтті жобалардың бірі

деп есептеймін. Газеттің ең өзекті деген, ел көкейінде жүрген сауалдарды

сұрыптап, соған жауап бере алатын компетентті тұлғаны редакцияған

шақырып, онлайн конференция ұйымдастыруы құптарлық қадам.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақ баспасөзі. Алматы: Таймас, 2008.

2. (www.baq kz) 2010, 1.02.

3. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен (нұсқаулық). MediaNet. Алматы, 2010. 4. Нұрмолдақызы Г. Қазақстандық БАҚ бизнес ретінде қалыптасты ма, жоқ па? //Жас қазақ, №24,

28 маусым 2008 жыл.

5. Грабельников М.И. Деловая пресса /Под. ред. М., 2010.

Page 30: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

30

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

А.СӘДІБЕКОВ А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы

ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ РАДИОДАН САНДЫҚ РАДИОҒА ДЕЙІН

В статье рассматриваются вопросы появления, возрождения и развития радио, а также

история радио в Казахстане.

This article is about the first appearance, revival, development and the history of the radio in

Kazakhstan.

Бүгінгі таңдағы біз қолданып жүрген ұялы телефон, радиотелефон және

басқа да байланыс құралдарының бәрі де өткен ғасырға қарыздар. Олай

дейтін себебіміз де жоқ емес. Өйткені XVIII-XIX ғасыр ғалымдары аталмыш

байланыс құралдарын дүниеге әкелу үшін қаншама жыл тер төккен еді.

Кезінде ғалымдар магниттік және электрлік құбылыстар арқылы сымсыз

байланыс жасау жолында орасан еңбек жүргізді. Уақыт өте келе орыс ғалымы

Павел Львович Шиллинг электромагнитті телеграфты ойлап тапты. 1835

жылы Николай-І Патшаның қысқы сарайында және патшаға жақын қызмет

етушілердің үйлерінде телеграф аппараттары орналастырылды.

Сымсыз байланыс құралдарына тәжірибе жасап шығарғандардың бірі –

«Морзе» әліппесінің авторы Самуэль Морзе еді. Морзенің тәжірибесін ары

қарай жалғастырған ағылшын Ландсей болатын. Ол 1854 жылы сымсыз

байланыс жасау жөніндегі тұңғыш патентті алды. Оның патент алу жөнінде

берген өтінішінде бір-бірінен 20 миль қашықтықта орналасқан екі аппаратты

Америка мен Европа құрлықтарын сымсыз байланыс жасата алады деп

көрсеткен.

Тұңғыш рет 1885-1887 жылдары американдық жаңалық ашушы Томас

Альва Эдисонның аппаратымен жазылған. Ол дыбысты иненің көмегімен

валикке түсіретін «фонограф» құрылғысын шығарды. Осы аппаратты

дамытып, екі жылдан соң фольгаға екі минуттық дыбыс жазды. Бұдан соң он

жылдай уақыт бойы «фонографқа» бәсекелес табылмады. Тек 1988 жылы

ғана Вашингтонда жалпақ пластинка, «граммофон» жаңалық болды. Ол

дыбыс жазудың тік емес, көлденең түрін ұсынды. Бұл «граммофон»

күйтабақтардың көшірмесін жасап, оларды көптеп шығаруға мүмкіндік берді.

«Граммофондағы» дыбыстың естілуі, дыбыстылығы, сапасы

«Фонографқа» қарағанда анағұрлым жақсы еді.

Осылайша, электромагниттік дыбыс жазу тәсілі кеңінен қолданыла

бастады. Аталмыш сала бойынша ізденуші-ғалымдар да көбейді. 1888 жылы

американдық "Электрикал уорлд" ("Электрический мир") аталатын

техникалық журналда инженер Оберлин Смит өз мақаласында дыбыс

жазудың жаңа технологиясы жөніндегі идеясын жариялады. Бірақ оны жүзеге

асыруды қолға алмады. Тек он жыл өткен соң ғана дат физигі Вольдемар

Паульсен жүзеге асырды. Ол өз әріптестеріне «телеграфон» деп аталатын,

жер бетінде тұңғыш рет магниттік жазу принципінде жұмыс істейтін аппаратты

Page 31: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

31

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Сәдібеков А. Электромагнитті радиодан сандық радиоға дейін

ұсынған еді. «Телеграфон» таза, дәл дыбыс бергенімен, бірнеше килограмм

тартатын корғасын ленталары оны пайдаланудан тез шығып қалуына

себепкер болды. Оның үстіне одан шығатын дыбысты тек арнаулы дыбыс

күшейткіш аппараттармен ғана тындауға болатын. Ал, ондай дыбыс

күшейткіш құралдар ол кездері жоқ та еді.

Бұдан кейінгі жылдары сымсыз байланыс жасау тарихындағы ұлы

өзгерістерді Ресей ғалымы Александр Сергеевич Попов әкелген еді.

А.С.Попов өз жаңалығы турасында «замандастарым болмаса да болашақ

ұрпақ бағалар, түсінер. Жаңа байланыс құралының Россияда дүниеге келгені

мен үшін бақыт, мен өзімді шексіз бақыттымын деп есептеймін» [2.13],-деп

естелік қалдырды. Ал, 1896 жылы оның ісін В.В.Скобельцын әрі қарай

жалғастырды. Осы жылы итальян ғалымы Марконидің физикалық Ұлы

жаңалығы - электромагниттік толқындарды пайдалану жөніндегі жаңалығы

дүние жүзіне таралды.

1903 жылы алғаш рет Берлинде сымсыз «телеграфты» дамыту жөнінде

Халықаралық конференция болды. Ресейден барған үш делегаттың бірі -

А.С.Попов болды. Осы жиында "радио" сөзінің маңызы жан-жақты талқыға

түсіп, «радиотелеграфия» термині қолданысқа енді.

Ал қазақ жерінде радиостанция ең алғаш 1912 жылы жұмыс істей

бастады. Бұл форт-Александровск радиостанциясы еді. Жағалауға

радиостанция салу тиімді болғандықтан Ақ теңіз, Балтық теңізі, Қара теңіз,

Каспий теңізі, Солтүстік мұзды мұхит жағалауларына алғашқы

радиостанциялар орналасты. Осыдан келіп, Ресейдің Оңтүстік жағалауына,

яғни 1912 жылы Ақтаудың Перовский портына байланыс жүйесі тартылды.

Ол форт- Александровск радиостанциясы еді. Осы зерттеулердің нәтижесі,

Қазақстанда ең алғашқы радиостанция 1912 жылы пайда болған деген

тұжырым шығаруға негіз болады.

Радио тарихын зерттеушілердің бірі Н.Митрафанов радиостанцияларды

сипатына қарай жіктей келе форт-Александровск радиостанциясын почталық

телеграфтық топқа жатқызды[3].

Қазақ жерінде радио тарату процесі орнығуымен қатар,

радиожурналистерді де даярлау жүзеге аса бастады. 1920 жылы Семейде

радиоқызметкерлерді дайындаудың алты айлық курсы ашылды» [4]. Дәл осы

жылы елімізде бірнеше радиостанция жұмыс істеді. Олар Урд, Қостанай,

Орынбор, Павлодар, Алматы, Ақтау, Ақтөбе аймақтары болды.

Мемлекет тарихында үлкен рөл атқарған Ташкент радиостаниясы

Түркістан өлкесі халқымен қоса, Қазақстанның үштен бір бөлігін қамтыды.

Түркістан өлкесінің орталығы Ташкент болғаны белгілі. Радио казақша да

жүргізілген. Зерттеуші Ружникованың пікірінше, Ташкент радиостанциясы

ең қуатты саналып, әскери ведомствоға тиесілі болған.

1931 жылдың ақпан айынан бастап Бүкілодақтық Атқару Комитеті

Page 32: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

32

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Сәдібеков А. Электромагнитті радиодан сандық радиоға дейін

Қазақстанды радиоматериалдармен қамтамасыз ету жөнінде келісім

қабылдады, осы шешім бойынша ұзақ жылдар бойы көптеген міндеттер

атқарылып, қазақ радиосының қалыптасуына, өзіндік дербес радио болып

шығуына үлкен үлес қосты.

Алғашқыда тыңдармандар радио арқылы үлкен мерекелік іс-шаралар,

қойылымдар тыңдауға мүмкіндік алды. Бұл орайда радио тыңдарман

көңілінен шығып та жатты. Радио алғашқыда қандай хабар таратсын, оған

«радиогазет», «радиоопера, «радиофильм», «радиожиын» деген атаулар

тағылып отырған болатын.

Жалпы қазақ радиожурналистикасын өз деңгейінде зерттелді деп айта

аламыз. Әр жылдары зерттеушілер Р.Сағымбеков, М.Барманқұлов,

С.Қозыбаев, Н.Омашев бұған өзіндік үлесін қосты. Қазақ журналистикасын

зерттеуші-ғалымдар Б.Кенжебаев, Қ.Бекхожин, Т.Амандосов, М.Арғынбаев,

Т.Қожакеевтер радиоға қатысты өз тұжырымдарын жазып қалдырған.

Радио дүниеге келгелі БАҚ-тың бұл саласы үздіксіз дамып келеді. Қазір

спутниктік байланыстардың әсерінен әлемнің кез-келген нүктесінен

радиохабар ашуға болады. Жаңа техника құралдары аз уақыт ішінде

ақпаратты жан-жақты алуға көмектеседі. Сондай-ақ радио сандық

технологияға көшті. Мұнда компьютерлік арнайы бағдарламалармен

дыбысты талдап-сараптау арқылы оның сапалық көрсеткішін арттыруға

мүмкіндік беріліп отыр. Коммунистік жүйенің көсемі В.И.Ленин: «Маған

радиолабораториядағы ғалымдарымыздың тамаша нәтижелерге ие

болғандығы туралы хабарлады. Шәркей киген Россия дүкені таң қалдыруда.

Бұдан зорларын да көреміз әлі-ақ [2.13],-деуі, бүгінгі қарыштап дамыған

электронды-техниканы меңзегені шығар.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ворошилов В. Журналистика. – Москва, 2001. 500 с.

2. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. – Алматы: ҚазМУ. 1999. 104 б.

3. Трикель И.А. Специфика радиокоммуникаций ее выразительные средства и жанры. Автореферат

– Тарту.

4. Яроченко В.Н. Информационные жанры радиожурналистики. –М.: ГКРТ, 1973.

5. Омашов Н.О. Қазақ радиожурналистикасы. Алматы, 1986.

Page 33: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

33

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

ПЕДАГОГИКА

К.Ж.ИБРАЕВА педагогика ғылымдарының докторы, профессор

С.Сейфуллин атындағы ҚазҰАТУ

«ҚҰТТЫ БІЛІК» КІТАБЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІ

В данной статье дается обоснование о целесообразности исследовании педагогических идей

тюркоязычных мыслителей и оценка их возможностей в формировании мировоззрения

подрастающего поколения. Также рассматриваются учения о развитии человека, психологии и

народной педагогики, принципы взаимосвязи теории диалектико-материалистической философии и

практики, а также рассматриваются генезис и эволюция развития педагогической мысли

Ж.Баласагуни.

This article deals with some research works of pedagogical ideas of Turkic thinkers and with

evaluation of their opportunities in the formation of young generation’s outlook. Some doctrines about a

human-being’s development, psychology and folk pedagogies have been analyzed in the article. The author

of the article presents some principles of inter-connection of the theory of Philosophy and practice, and

analyses the evolution of the development of Zh.Balasaguni’s pedagogical thought.

Ұлттық бай мұрада «Қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық

әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» екендігі

туралы ел басшысы Н.Ә.Назарбаев та атап көрсеткен [1.145].

Ертедегі түркілердің педагогикалық ой-пікірлері, алғашқы

педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халықтық

педагогикасының мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді.

Ғылымның көрнекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің

жерлестеріміз жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін

емес болатын. «Әл-Фараби трактаттарынан бастап» «Түркі тіліндегі

Гүлістанға» дейінгі педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар

аударылғаны байқалады. Бұл өзара байланыс Х-ХIV ғғ. шығармаларының

маңызды белгілері болып табылады.

Біздің ойымызша, халқымыз өзінің қоғамдық ой-пікірін Жүсіп

Баласағұни арқылы жаңа белеске шығарды. Жүсіп Баласағұнидің күш

дарытатын ілімі «Құтадғу білік» атты еңбегі – осының айғағы. Шығарманың

тіл туралы, ел билеуші әкімдер, адамгершілік туралы бәйттерін оқушыларға

талдата отырып, сонау ХIV ғасырда ғұлама көтерген өзекті мәселелерінің

бүгінгі таңда да мәні жойылмағандығына куә боламыз.

Осы еңбектің баса назар аударатын ерекшелігі – адам психологиясының

түрлі жақтарын адамның көңіл-күйі, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, ерік-

жігері т.б. көрсететін, қызықты деректердің молдығы. Ғұламаның

эстетикалық-этикалық ойлары, еңбек, адам іс-әрекетінің түрі, кәсібі ретіндегі

орта ғасырлардағы еңбекке тәрбиелеудің орны, орта ғасырлардағы әдет-

ғұрып, дағды, икемді деген педагогикалық түсініктердің қалыптасуы,

тәрбиелеудің жеке тұлғаға қойылатын шарттары, ғұлама ғалымдардың

акмеологиялық құндылықтары, яғни сол кезде жазылған құнды еңбектерінің

маңыздылығы, іскерлік пен шеберлілік арқылы дүние жүзіне танымал болып

Page 34: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

34

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ибраева К.Ж. «Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі

саналады.

Тәліми аксиологиялық-психологиялық қажеттіліктер анықталып, орта

ғасырлардағы құндылықтар ретіндегі жеке тұлға қасиеттерін, мәдени

құндылықтарды, түркілер отбасындағы, халықтық тәрбиелеу мәселелерін әл-

Фараби, Әли ибн Саид әл-Кифти (тарихшы), Әбу Насыр Исмаил ибн Хаммад

әл Жауһари (лексиокграф, ақын, әдебиетші), Дин Әбу-Хасан әл-Байһаки

(Даналық сөздерге толықтырма) деген ғалымдардың ойларымен салыстыра

отырып, олардың ғылыми сабақтастығы, басқа ғылыми орталықтардың әсері

зерттеледі.

Жергілікті фәлсафаның негізгі арнасы – екінші ұстаз, әл-Фарабиге тән,

кейіннен «Шығыс периппатетизмі» деп аталған ағым болатын. Баласағұни

Аристотель, әл-Фараби, ибн Сина оқыған ілім-білімдерді меңгеріп, араб-

мұсылман фәлсафасының арнасына түсті. Бірақ басқа ғұламалардан

өзгешелігі Баласағұни еңбегін түркі тілінде жазды. Осы аймақта белең алған

дәстүрлі арабтың классикалық жазба тілінен алшақтап, түркі әдебиетінің

негізін салды.

Шығармада әр түрлі қоғамдық топтарға жататын адамдар арасындағы

мінез-құлық ережелері, Ортағасырлық жұртының психологиясы, әрбір

билеуші мен бағынушылар арасындағы қатынас қағидалары, қоғамның

әлеуметтік иерархиясы, сатысы айқындалды. Бұл жүйелі түзілген

адамгершілік қатынастардың қажеттігін ашты, мұнда қоғамдағы әлеуметтік

шындық көрініс тапты. Фәлсафа, саясат, ақындық іспен айналасып,

ғылымның Орталық Азия жұртының тілдері, этнографиясы, фольклор және

басқа салалары бойынша аса көлемді мұра қалдырған білімді меңгеру жүйелі

қолдануды талап ететіндігі айтылады: «Жастай түссең пәк ғылымның

жолына, Өмір бойы бақыт сенің қолыңда» [2.1593 бәйіт].

Ж.Баласағұнидың ізімен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді жалғастырған

Махмұд Қашқари, Ахмет Игүнеки, Қожа Ахмет Ясауи, әл-Бируни, Саиф

Сараи. Педагог-энциклопедистер шығармашылығын салыстырмалы

педагогикалық талдау тәрбиенің барлық салаларындағы идеялардың

ұқсастығын ашуға көмектеседі.

«Құтты білік» халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға

бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу

ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адалдық дәстүрін сіңірген

кітап. Бұл кітаптың әр жолдарына үңілген сайын туған елдің, өскен жердің

рухани байлығының өшпес қайнар көздерін сезіне түсесіз. Орта Азия

халықтары ғылымының, тілі мен өнерінің тынысын байқап, құнарлы

топырағының ыстық табы бойға тарағанын сезінесіз.

Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанын (1069 жыл) саясат, мемлекет

басқару, әскерлік іс жөніндегі педагогикалық трактат десе де болады: «Білік

біліп, төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың, Біліксіз тіл,

Page 35: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

35

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ибраева К.Ж. «Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі

жүрек неге жарасын, Жанды судай біліктен күш табасың, Қанша білсең, іздеп

тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» [2.134].

Кезінде ел арасына кеңінен тарап, ойшылға ізгі атақ әкелген «Құтты

білік» шығармасы жайында зерттеушілер: «Халықтың талғам-білігін

аңғартатын толып жатқан арналардың біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-

әлеуметтік, әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын бәйіттерге назар

аударсақ, қазақ жағдайында бір ауыз сөзбен адам тағдырын шеше беретін

дәстүрдің алғашқы бастауын көріп, өткенімізде қаншама рухани байлық

жатқанын аңғарамыз» [2.189], – деген пікір айтады.

Жүсіп Баласағұнидің туған халқының салтын, әдет-ғұрыптарын,

дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енеді. Көркемдігі

кемел, ойы зерек, тұғыры берік ұлы педагог, энциклопедист, психолог,

тарихшы, лингвист, этнограф, әдебиеттанушы болды. Сөйтіп, Жүсіп

Баласағұни өз кезеңінің дүние таным, ақыл-ойының мәнді, нәрлі жақтарын

қорытып жаза отырып, бүкіл адамзаттық ақыл-ойға қомақты үлес қосты.

Жүсіп Баласағұни, шындық пен әділетті суреттейтін көркем

шығармасындағы 19-шы бапта сөздің турашылығы, қадір-қасиеті,

шыншылдығы жайында Еліктің Антоллаға сауалы мынадай: «Кісіге екі

дүниеде пайдалы (нәрсе)». Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – Ұят,

Үшіншісі – Әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Автордың «Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі бір жүйеге

түскен оқулық. Өйткені, әр сөзінде тізілген ар мен ұждандыққа барабар

имандылық туралы сөз болып келеді. Х-ХI ғасырларда өмір сүріп, сол

дәуірдің озық өнер туындысын дүниеге әкелген Жүсіп Баласағұни еңбегі

қазіргі жастар үшін эстетикалық-тәрбиелік маңызы жоғары және бүгінгі

таңда да өте қажет.

«Қайда жүрсең де ерлікпен қатар ақкөңілдік те керек» деген сөздер

арқылы Жүсіп Баласағұни жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жұртты жаман

мінез, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады. Келешек жастарға

кемеңгерлігі де олардың ар-ұяттарын таза ұстауларымен тікелей байланысты

дейді.

Ғұлама бабамыз: «Ұлық ісі – ұлы іс, уәзір тыңдырар, Намыс – арын

бағып, жауын сындырар, Ақыл керек, керек – білім зеректік, Іскерлік пен

қулық – бірі керектің» – деген тәліми өсиеттері халық түсініктері арқылы

жастарға халық тәрбие қағидалары жайында керекті құнды қасиеттерді

ұсынады. Ғұламаның бұл пікірлерінде біреулердің жақсы ісін көрсең, оны

ардақтай біл, күнәліні кешіре біл, Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле – деген

терең ой жатыр.

Ұлы бабамыз тәлім-тәрбие туралы өсиет сөзінде қоғамдағы адамдардың

сыйласуы, өзара қарым-қатынасы, әсіресе тіл мәдениеті туралы айта келіп,

оған қарама-қарсы әдепсіздік, жалқаулық, нашар мінез-құлық ұғымдары

Page 36: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

36

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ибраева К.Ж. «Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі

туралы сын пікірлер айтқан. Мұндай ой-пікірлері қазіргі жастарды өр

көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан сақтандырады. Кішіпейілділік –

үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді:

«Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат, Ұлық болсаң, кішік бол», – деп тіл

әдептілігіне ерекше тоқталады. Сондай-ақ келесі шумақта «малды» байлық

мағынасында қолданып отырып: «Тәуелсіз, талапсыз мал табылмас, Еңбек

қылмас еріншек адам болмас», – деп еңбектің маңызын, байлықтың көзін,

адамгершілік жағынан көрсетеді де, «Кісі танымақ болсаң – ісіне қара», –

деген пікірлермен түйіндейді. Осындай пікірлерінен ортағасыр

халықтарының халықтық психологиясын өмірдің барлық сатысындағы терең

сырын көрсете білді. Ортағасыр халықтарының рухани асыл қазынасы оның

көз алдында болды, ғалым олардың мәдениетіндегі сабақтастық пен

ортақтыққа қызықты. «Құтты білік» қазіргі қазақ еліне байырғы елдің,

мемлекеттік дәстүрін, суреткерлігін, тұрмыс-салтын таныстыруымен қымбат.

Адамдық жетілімдердің мәні мен мазмұны жайындағы түсініктісі халықтық

идеялардың тұрақтылығын куә етеді. Кемелденген тұлға сипаттары тек тілек

– сөздер жайында ғана мүмкін болған жоқ. Олар тәрбие тәжірибесі мен тығыз

байланысты алға шықты, және тәрбие мақсатын жүйеге келтіруге тырысты.

Шығармаларында жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс, автор көрсетуінде Орта

Азия халықтары үшін белгілі өсиет.

Ұлы ойшылдың ойы бойынша халық еш уақытта бала тәрбиелеудің

сырттай бақылаушысы болған емес. Оның өзін-өзі тәрбиелеуі кей уақыттарда

арнайы ұйымдастырылған тәрбиеден тиімдірек болатынын: «Жай халықтың

ісі, көңілі, құлқы да, Сай келеді білік, ақыл, құлқына… Адамды хақ жаратты

да ескерді: Оған ақыл, білім, өнер, ес берді. Көңіл берді әрі тілін тербетті, Ұят

берді, берді құлық, келбетті. Оларсыз еш іс бітпейді емес пе?» деген сөздері

халық педагогикасының түркілердің адамгершілік тәртібіне, рухани

мәдениетіне арнайы көңіл аудартуы байқалады.

Ортағасыр халқында оның өмірін игілендіруші, ежелден қалыптасқан

салт-дәстүрлері өте мол болды. Олар табиғатқа деген көзқарастарында,

халықтың ауызша шығармашылығында, таңғажайып халықтық өнер, киімінің

әдемілігінде, даңқты қонақжайлық қағидаларында, жақсы мінездің ізгі

әдеттері мен әдептілік ережелерінде білініп отырады. «Кісілерге мирас, ата

сөзі ғой. Ата сөзі – ұқсаң құттың көзі ғой. Сөз, өсиет – мұра өліден тіріге,

Мирас тұтса, пайда өзіңе, діліңе! Шыны, надан соқырмен тең бүгілген, Ей,

қараңғы! Көз, үлес ал білімнен! Кісі көркі – сөз, бұл сөздің түрі көп, Ізгі сөзді

ерді мақта, тілі өрт! Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, Кісі көркі – жүз,

жүздің көркі – көз!» [2.74] деп, ғұлама үшін халық жоғары бедел болып табылатындығының тағы бір дәлелі келтірілген. Қазақтың халықтық

педагогикасында үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі

ету, тәрбиеге «ұят», «ар», «намыс» ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру,

Page 37: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

37

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ибраева К.Ж. «Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі

үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, жазалау әдістерімен үнемі жүзеге

асырылып отырды.

Сонымен бірге Ж.Баласағұни қағидасы жастарға ізгі көзқарас, балалар мен

қыздар тәрбиесіне саралап қарау, жас ерекшеліктерін ескеріп отыру, еңбекке

баулу, ұлттық мәдениетке, ана тіліне, туған жерге аялап қарау, қолөнерге,

ұсталыққа ерте баулу сияқты мәселелерге қатты көңіл бөліп отырған. Сондықтан

бұл қағида оның педагогикалық жүйесінің халықтық тәрбиесінің негізі өзегі

болып табылады, Орта Азия жұртының тәліми тәжірибесінің қалыптасуы

осындай ойлардан өрбіген.

Жүсіп Баласағұнидің қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуына, қазақ

жерінде ақыл-ойдың, даналықтың дамуына тигізген ықпалы мен тәлім-тәрбие

мәселелерін көтерудегі рөлі де ғалымдар назарынан тыс қалмаған жайттар деп

санайды Х.Марданов. Жастардың ақыл-ой тәрбиесі туралы Жүсіп Баласағұнидің

пікірлері мына жолдарынан байқалады. «Қайда барса – іс қиюын табады, сөйле

ақыл – тіліңнен бал тамады» [2. 206], «Ақыл-есі бар адамның белгісі, Біліп бәрін,

келер біле бергісі» [2. 1860 бәйіт, 207]. «Жасты да ақыл кемеліне келтірер, Ессіз

кәрі тоқсанында желпінер» [2.1870 бәйіт, 208].

Бұл ойларында жастардың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін

жан-жақты дамыту, әр түрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын,

байқағыштықты, естің түрлерін, ойдың елестетуін ынталандыруды қажет дейді.

Ақыл-ой өрісі біліммен келетінін ескертеді: «Ұстау керек ел-жұртыңды біліммен,

Білім жоқ па, ақылың да бүлінген…» [2.217]. Ақылмен бәрін де жеңуге

болатынын – ауруды да, адамдағы жек көрінішті қасиеттерді де, ақылдың

сүйенетіні – қайырымдылық, сыйлайтыны – талант, іскерлік екенін дәлелдейді:

«Білікті бек елді ақылмен ұстайды, Білім жоқ па – ақылыңды ел ұқпайды [2.1965

бәйіт, 217]; «Білігі мол, ақыл-ойы сай кісі, Кішіге – ұлы, ал кедейі – бай кісі!»

[2.1990 бәйіт 219]; «Ақылды сөз – асыл сөз, інжу-маржан секілді, Ақылды ердің

сөзін ұқ, оңға бұрып бетіңді» [2. 230] – деген сөздері дәлелдейді.

Аталған пікірлерінде Жүсіп Баласағұни адам мәселесін жеке тұлға ретінде

жетілуі арқылы қарастырады. Адам жеке тұлға ретінде қалыптасқанда ол қоғам

мен мемлекеттегі жағдайларға байланысты дамып жетіледі де қоғамдағы

өзгерістерге бейім болып, барлық істі басқарып кетуге дайын болуы керек.

Ал қоғамды басқаратын адамдар, әскер басы, елші, хатшы, малшы сияқты

сан түрлі қызмет иелерінің кәсіби қабілеттерін айта отырып, олардың әділетті,

білімді, арлы, әділ, сақ, жүректі, жақсы, зерек, мейірімді, кішіпейіл, яғни

адамгершіліктері мол болуын ескереді. Осының барлығы түркілік өмір әлемінің

халықтық қағидасы ретінде қалыптасты.

Жүсіп Баласағұнидің адамгершілік танымын, жеке адамды дамыту ой-өрісін

жетілдіру ойларын қарастырсақ, ол әрбір адамның қасиеттерін келісімді және

келісімсіз деп бөліп, оларға анықтама бергенін байқаймыз. Мысалы, бектікке

лайық бек қандай болуы керектігі айтылған пидмактарында: «Адал жансың

сөзіңмен де ісіңмен, Ниетімді кісілік пен түсінген» [2.215]. «Ақыл керек, бекке

керек білік те, Сақилық та керек лайық жігітке» [2.215], «Жасай алар ізгілік пен

Page 38: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

38

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ибраева К.Ж. «Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі

ірілік, Заң, ұятты сақтай білер жүгініп» [2.216]; «Ұшқалақтық – шайтан ісі,

азғырар, жеңілтек бек елін-жерін аздырар! [2.219], «Ыза, қызбалық,

тыраштардың кергісі, Мұның бәрі, надандықтың белгісі».

Адамгершілік тәрбие, адам әдептілігі жайындағы пікірлердің негізін

дәлелдеген ғұламалардың шығармаларынан: Аристотельдің, Платонның кейіннен

Шығыста әл-Фарабидің «Практикалық фәлсафа» еңбегінен байқаймыз.

Педагогика мен психологияның өзекті зерттеу тақырыбы адам, адамды

толық адам болатындай қалыптастырып тәрбиелеу болғандықтан, ғасырлар бойы

қарастырылатын өзекті осы мәселеге ғұламалар көңіл аудара береді.

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны да соншалық мол мазмұнды

арқау еткенімен, негізгі айтар ойы – адамның жеке тұлға болып жетілуі мен

кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, құтты ету. Дастан

мазмұны өте астарлы, танымы терең де тұңғиық ұғым-түсініктерге толы. Оған

ерекше үңіліп, зерттей қарар болсақ, шығарманың өзегі – халықтық тәлім-тәрбие

арқылы толық адам қалыптастыру екенін танимыз.

Дастандағы құт-береке мен бақ – толық, жетілген адамның еншісі,

халықтық педагогика мен психологияның мақсаты, анықтамасы, бастау бұлағы.

Ақынның айтуынша, құттың кілті – кісінің ділі, тілі, қылығын бірдей қамтыған

жан-жақты жетілуі мен кемелденуі. Діл мен тіл – сол кездегі Ортағасыр

халқының нысанасы. Толық адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне

мейлінше жақындаған асыл адам. Ол – кісілікке жат қасиеттен әбден арылып,

тазарған, ішкі рухани дүниесі, ділі, діні ағарып, періштелікке бет алған адам.

Түптің түбінде, дастан мазмұнынан құт-береке, бақ кісінің өзінде, оның өз

қолында дегенді ұғамыз. Дастан оқырманына құт-береке, бақытқа өз әлемін

(адамгершілігін) асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Адамның тұлға

болып жетілуі мен кісілік кемелденуі – дастанның ең басты идеясы.

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны адамдық мектебінің

оқулығындай көрінеді. Ақында «Өзіңді сақта» деген көп қайталанатын қағида

бар. Оның «Өзіңді сақта» дегені кісінің өзін танытар қасиеті – адамдығы мен

кісілігіне қатысты айтылған. Затың адам, атың адам болған соң, қасиетіңе лайық

бол, діліңе дақ түспесін, адал бол, адам бол деп жар салудан ақын жалыққан

емес. Оның адам атанып жүруі де қасиетін танытар адамгершілігінің бар кезінде

ғана болатын жағдай.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы. А.: Бiлiм,

1998, 90; ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, № 39,

19 ақпан 2005 жыл 2. Баласағұн Жүсіп Құтты білік/ Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін

жазған А.Егеубаев. –Алматы: Жазушы, 1986. -616 б.

3. Мемлекетiк “Мәдени мұра” бағдарламасы //Егемен Қазақстан, №311-312, 29.11.2003, №184-188, 16.08.2005.

Page 39: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

39

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Т.Ә.ДАНИЯРОВ педагогика ғылымдарының кандидаты А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті

Г.Т.МАЛГАЙДАРОВА М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушыcы

СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА

САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

В статье рассмотрены пути формирования здорового образа жизни у школьников посредством

занятия видами спорта.

The article deals with some methods of formation of pupils’ healthy way of life through sport.

Мектептердегі дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын командалық-

саптық әдістердің тиімділігі барлық кезде бола бермейді. Нәтижесінде,

олардың көпшілігі ресми сабақтардан дене тәрбиесі жаттығуларына

ауытқиды. Жалпы, дене тәрбиесіндегі теріс бастамалардың шынайы себебін

ашу үшін, оқушылардың қозғалыстық белсенділігін тудыратын жайларды

зерттеу қажет және дене тәрбиесі құрылуының ғылыми бағдарламасының

түпнұсқасын жасау қажет. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді талдай

келе, атап көрсететін маңызды жәйт, салауатты өмір салтының құрылымына

әлеуметтік жағдайлар да кіреді. Оларды қарастыру маңыздылығы бірнеше

себептермен түсіндіріледі.

Оқушының салауатты өмір салты жөніндегі білімдер мен

құндылықтарды сезінуде одан әрі қарай атқаратын жеке жұмыстарына

қажетті база дайындауы және салауатты өмір салтын жүргізуге қажет болған

жағдайда нық қалыптасқан көзқарастар негіздері ретінде оң қатынастарын

қалыптастыруға жағдай жасау керек. Оқушылардың қоршаған орта

адамдарының денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігі мен қабілеттерін

туындатуға бағытталған ұжымдық қызметтің оңтайлы әлеуметтік дамуы да

маңызды. Спорттық үйірмелердің маңызы оқушылардың сабақ барысында

салауатты өмір салты туралы алған білімдерін олардың мектептегі және

қоғамдағы атқарған жұмыстарымен байланыстырады. Оқушылардың

салауатты өмір салтын сараптау ептілігін дамыту мен ол туралы білімін

байыту үшін және салауатты өмір салты нормаларын бірегей қабылдауы үшін

оларды мінез-құлық ережелерін өз бетімен қабылдауға үйреткен дұрыс.

Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге бағытталған сыныптан тыс

қызметінің маңызы мақсатты бағыты оқушылардың санасына, сезіміне,

еркіне әсер етіп, сонымен бірге, олардың өзіне деген сенімділігіне, мақсатқа

ұмтылуына, өзін-өзі тәрбиелеуге құштарлығына, салауатты өмір салтына

сәйкес мінез-құлқының сарынын өзінің бақылауына ықпал етеді.

Оқушылардың бойында осы қасиеттерді күшейту мақсатында олардың

әрқайсысын спортқа баулу керек, сонда олардың бойында басқалардың

Page 40: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

40

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә., Малгайдарова Г.Т. Спорт түрлерімен айналысу арқылы оқушылар бойында салауатты ...

денсаулығына деген қамқорлық пайда болады. Алайда, оқушылардың бұл

қасиеттерінің, яғни, салауатты өмір салтының қалыптасуы олардың нақты

қажеттіліктері мен қызығушылығын мүмкіндігінше мектепте жоспарланған

денсаулықты сақтау қызметінің мазмұнын қамтамасыз етуі керек. Егер осы

орайда аталған ұжымдық және жеке жоспарларды тәжірибеде таратуға әрбір

оқушы белсенді қарым-қатынаста салауатты өмір салтының негізгі

қағидалары бұзылмай, адамгершілік тәжірибелері, құрмет көрсету мен

оптимизм жинақталғаны аса маңызды болмақ. Бұл орайда салауатты өмір

салтына бағытталған мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилі

мен мектеп өміріндегі сауықтыру атмосферасының қалыптасуы үлкен рөл

атқарады. Бұл берілген шарттың таралуы мектептегі тәрбие мен оқытудың

салауатты атмосферасын құруға ықпал етуі тиіс, сонда ғана мұғалімдер мен

оқушылар арасында мейірімді де сенімді қарым-қатынастар, оқушыға деген

құрмет пен оның мүмкіндігі мен қабілетіне сенім пайда болады.

Оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеудің бүтін процесі мен

оның тиімділігі сондай-ақ, мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиелік-саналы

өзара әрекетімен анықталады. Отбасылық орта мен оны жақын қоршаған орта

оқушы үшін ашық әлеуметтік ортаның ішіндегі тұрақтысы болып саналады

және салауатты өмір салтына тәрбиелеудің іс-жүзіндегі базасын көрсетеді.

Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу үшін негізгі жауапкершілікті

отбасы атқарғанымен, ол қазіргі кездегі тоқырау жағдайында, қажетті

педагогикалық әлеуетті игермейді. Осыған байланысты, оқушыны отбасында

салауатты өмір салтына тәрбиелеуге қатысты ата-аналарды арнайы оқыту да

қажет.

Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің ерекше әлеуметтік-

психологиялық жағдайлары арасында салауатты өмір салтына ғылыми

негізделген ағарту ісі ерекше көрінеді. Мұндай жағдайларды тарату

оқушылардың білімін кеңейтуге, денсаулық пен салауаттылық сияқты жалпы

адамзаттық құндылықтарға қарым-қатынасын нақтылауға әсер етеді, олардың

өмірдегі тәжірибесін байытып, салауатты өмір салтына сәйкес келетін

көзқарастарын, мінез-құлық сарындарын қалыптастырады.

Бұдан басқа, педагогикалық әсер ету барысында жеке тәсілдерді жүзеге

асыру қажет, ол көптеген жағдайда оқушының салауатты өмір салтын

жүргізудегі жеке әдістерін тәрбиелейді. Жеке тәсілдің арқасында

оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу барысы мұғалім үшін

басқаруға қолайлы және тиімді. Оқушылардың бір-бірінен денсаулығы,

темпераменті, қабілеті, мінез-құлқы мен қызығушылығы жағынан

айырмашылықтары бар; әрбір оқушының өзіндік күйзелісі, ойлары, өз

денсаулығына байланысты қызметке қосылу ерекшеліктері болады. Әрбір

оқушы қайталанбас тұлға, ол психикалық қасиеттердің, қарама-

қайшылықтардың, физикалық және интеллектуалдық дамудың әр түрлі

Page 41: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

41

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә., Малгайдарова Г.Т. Спорт түрлерімен айналысу арқылы оқушылар бойында салауатты ...

үйлесіміндегі жеке терең тұлға болып есептеледі. Тәрбиенің іс жүзіндегі

біркелкі жағдайларында олардың әрқайсысында салауатты өмір салтын

жетілдірудің басқалардан керемет деңгейі көрінеді. Сыныптан тыс

қызметтерде соның ішінде спорт түрлерімен айналысуда оқушылардың

салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу барысында оптималды

жетістіктерге жету үшін педагогтар жаттығудың шығармашылық түрде

атсалысса, онда салауатты өмір салтын жүргізуге бағытталған ұжымдық

қызметтерді ұйымдастыру жүзеге асырылуы тиіс [1].

Спорт түрлерімен айналысу барысында оқушылар өзінің денсаулығына

қамқорлық жасауды жеке тұлғаның маңызды мақсаты екендігін сезіндіруге

тырысу қажет. Бұл үшін салауатты өмір салты бойынша педагогтар мен

оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстары аса маңызды болмақ. Мектептегі

салауатты микроклиматты құруға оқушылар мен мұғалімдер арасындағы

өзара түсіністік, сыйластық, сенім сияқты қасиеттер мен олардың тікелей

араласуындағы атмосфера өзіндік әсерін тигізеді. Оқушылардың ұжым

тарапынан қамқорлық, қолдау тауып, олардың назарында болғаны маңызды

болмақ, ал барлық ұжым әрбір оқушының салауатты өмір салтын ұстануын

ұйымдастыруға ынталы болды. Міне, сондықтан оқушыларда салауатты өмір

салтына деген қылықтарға ұмтылысы пайда болады. Оқушының еріктік

саласына мақсатты түрде әсер ету де педагогикалық тұрғыдан маңызды. Бұл

орайдағы жоспардың тиімділігі сыныптан тыс қызметтің табысты табылған

түрі болып қана анықталмауы керек, бұл қызметті оқушылар эмоционалды

түрде қалай қабылдайды және іс жүзінде мақсатты түрде қалай

таратылатындығымен тиімді болады. Әрине, оқушыларды салауатты өмір

салтына тәрбиелеу көбінесе мұғалімнің салауатты өмір салты

құндылықтарының маңыздылығын ашып көрсету ептілігіне байланысты

болмақ, сонымен қатар, олардың қызығушылығын ояту, оқушылардың ішкі

дүниесіне әсер ету де маңызды. Бұл қатыстылық тек еріктік салаға ғана емес,

сонымен бірге оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге де қатысты.

Оқушыларды салауатты өмір салтына толыққанды тәрбиелеуді жүзеге

асыру үшін мұғалімнің, жаттықтырушының өзі салауатты өмір салтының

тәрбиелілік нышандарының аса жоғары тұлғалық қасиеттерін игеруі тиіс.

Жаттықтырушы тұлғасының өзі және оның оқушыға деген ұстанымы, оған

тәрбие процесінің субъектісі ретінде қарауы. Осы жағдайда оқушы өзін ерікті

іс атқаратын тұлға ретінде сезінеді, ол өзімен басқалардың санасатынын,

оның пікірін бағалайтынын, өзіне сенетінін, өзімен кеңесетінін сезінеді.

Әрбір жасқа өзіндік физикалық, психикалық және әлеуметтік дамудың

деңгейі сәйкес келеді. Ағзаның, оның жүйке жүйесі мен органдарының,

сондай-ақ, олардың танымдық күштерінің дамуымен биологиялық жетілу

сатылары қаншалықты объективті болса, онда оқушылардың салауатты өмір

салтын тәрбиелеу денешынықтыру сабақтарында олардың жас ерекшеліктеріне

Page 42: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

42

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә., Малгайдарова Г.Т. Спорт түрлерімен айналысу арқылы оқушылар бойында салауатты ...

негізделе отырып жүргізілуі тиіс.

Төменгі сынып оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиеленуінің дамуы

ересектермен (мұғалімдермен) және замандастарымен (сыныптастарымен)

жаңа қарым-қатынастары және қызметтің жаңа түрлері (оқу) мен ұжымның

(жалпы мектептік, сыныптық) бүтін жүйесіне араласуы әсерімен жүреді.

Төменгі сынып оқушысында әлеуметтік сезімдер элементтері дамиды,

қоғамдық тәртіптің (ұжымшылдық, жасаған қылықтарына деген

жауапкершілік, жолдастық, өзара көмек көрсету) дағдылары қалыптасады.

Бұл жаста бала сыртқы әсерлерді ерекше қабылдағыш келеді. Алайда, төменгі

сынып оқушыларының қабылдауы тұрақсыздықпен және

ұйымдастырылмағандығымен, бірақ сонымен бір уақытта жаңашылдығымен

айрықшаланады.

Төменгі сынып оқушысының балалық сезімі, ең алдымен, айқын да

көрнекі материал болуымен және тірі де эмоционалды мазмұнымен

танылады. Бұл жаста өмір жағдайы мән тәрбиенің әсерінен қозу мен тоқтап

қалу процестерінің кейбір теңесуі өтеді. Алайда, төменгі сынып оқушысы өте

белсенді де қозғалмалы болып келеді. Оның санасы өз өмір салтын ұстануға,

салауатты өмір сүруге бағытталған пайдалы түрлері мен әдістерін қолдануы

қажет. Бұл орайда жеке әсерлету оқушыларды салауатты өмір салтына

тәрбиелеудің шарты болып табылады.

Сыныптан тыс уақытта оқушылардың салауатты өмір салтын

қалыптастыруға тәрбиелеу барысының психологиялық-педагогикалық

жағдайлары арасында осы процесті ұйымдастырудағы тұлғалық жағдайлар

бөле-жара көрінеді, өйткені олар оқушының өзінің салауатты өмір салтына

өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жұмыстарға белсене араласуын қамтамасыз

етеді. Жаттықтырушының бұларды сақтауы біріншіден, толыққанды тәртіпті,

тынығуды ұтымды ұйымдастыруды өзіне қосып алатын салауатты өмір

салтын белсендіре түседі. Екіншіден, оқушылардың бойында салауатты өмір

салтын жүргізу ептілігін бағалауы, өзіне объективті баға беруді жүзеге

асыруы мен өз қатарлары арасындағы қарым-қатынасын өздігінен реттеуі

сияқты рефлекстік қабілеттердің дамуы аса маңызды. Бұлардың барлығы

тұлғааралық қатынастарда салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге және

оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеуге ықпал етуі тиіс.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеуді

дамытудың табысты жағдайларын бөліп көрсете отырып, жалпы адам баласы

өз табиғатында қоршаған ортаның әсері мен тәрбиесіне енжар объект емес,

керісінше белсенді екендігін атап өткен жөн. Жаттықтырушының мақсатты

бағытты әсер етуі тек оқушыларда тұлғалық қасиеттерді жасауға және өзінің

тәтібін түзетуге деген құштарлығы пайда болғанда ғана табысты болады. Бұл

ұстанымды С.Л.Рубинштейн негіздеген. Салауатты адамның тұлғасын

қалыптастыру жұмысының табысы оның ынталануы мен бағытын тәрбиелейтін

Page 43: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

43

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә., Малгайдарова Г.Т. Спорт түрлерімен айналысу арқылы оқушылар бойында салауатты ...

ішкі жұмыстарға байланысты [2].

Спорттық жетекшілік етумен қатар, өсіп келе жатқан адамның өзін-өзі

салауатты өмірге тәрбиелеуіне тұрақты әсер етуде маңызды рөл

қалыптылықты бұзады, жаңа күйзелістерге ұшыратады. Жеткіншектер

психикалық қатынастардағы сияқты, физикалық қатынастарда да тез

шаршайды; олардың эмоциялық жағдайлары жеткіліксіз дәрежеде бақыланып

реттеледі, нәтижесінде олардың көңіл-күйлерінің жиі ауысып тұруы болып

тұрады. Психологиялық және физиологиялық жыныстық айырмашылықтар

салауатты өмір салты бойынша сыныптан тыс сабақтарда ұл балалар мен қыз

балаларға дифференциалдық қатынас жасауды талап етеді. Сондықтан да

жынысына байланысты ағзаның қозғалыстық және қимылдық қызметінің

дамуындағы айырмашылықтарды ескерген жөн.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ордабаев К.Д. Спортивные игры как средство воспитания нравственных и физических качеств

учащихся: 13.00.01: автореф.дисс.канд.пед.наук. – Алматы, 1997. С.23.

2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. В 2 т. – М.: АН СССР, 1989. 485.

Page 44: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

44

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

К.М.ЖЕТІБАЕВ тарих ғылымдарының кандидаты,

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры

МАМАН ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ӘЛЕУМЕТТІК

КАТЕГОРИЯ СИПАТЫНДА

В данной статье рассматривается подготовка педагогических кадров и система образования

как социальная категория в целом.

The author of the article presents some ways of teaching staff training and the educational system as

a social category as a whole.

Мұғалімдер мен білім мекемелерінің басшылары «өздері міндетті»

барша орындаушылық қызметтерді атқаруда да ынта білдіру мен дербес

әрекетке келу құқығынан айырылған болатын. Бұл басқарудың көп сатылы

жүйесінің біртіндеп пайда болуының көп себептерінің бірі еді. Қалыптасқан

басқару мәнері, шығармашылық ынтаның жүзеге шығуына қарсылық білдіруі

заңды құбылыс, себебі олар құрылымдық бөлімдерді тұрақтылық қалпынан

босататын. Сондықтан мақсатты төменнен реттеу, кейбір жерлерде

жоғарыдан төменге бағытталған мекендік үрдіс қозғалыстары өтуіне

қарамастан, тез арада басқару шектерінде өз мүмкіндіктерін сарп ете бастады.

Бағдарлық мақсатты жоспарлау ғылыми және тәжірибелік–құрастырушы

іс-әрекетте зерттеу мен қайта құру қызметінде аса сенімді бағыттардың бірі.

Ол, қор үнемдеуге бағышталып, ғылыми және практикалық міндеттердің

шешімдік кепілін көздейді. Бағдарлық мақсат жоспарлау идеялары қандай да

бір әлеуметтік-экономикалық саладағы қолданымына байланысты белгілі

проблемалар тобында жеткілікті.

1-тобын ғылым, техника, мәдениет, қоғам тіршілігінің өте ауқымды

салаларын қамтыған нарықтық және қор үнемдеу жағдайындағы проблемалар

құрайды.

2-тобындағы проблемалар өте осал, әрі сынға көп түсетін педагогика

ғылымы өкілдерімен байланысты болады. Бұларға ғылыми-зерттеу

жұмыстарының мақсаттары мен жоспарлануы жатады. Бұл арада, ғылыми-

зерттеу жұмыстарының әдіснамалық қамсыздандырудың қай саласына

кіріссең де, біліктіліктің төмендегі, тіпті жаратылған күш-қуат пен қаржының

болымсыздығы мен өнімсіздігі жөніндегі әңгімелер: тақырыптардың шексіз

қайталануы, басталатын істердің проблемасыздығы мен тиісті

орындаушыларының нақты болмауы, нәтиженің техникалық сапасының

жоқтығы, басқа аймақтарда және өзге адамдар тарапынан қайталай

орындауға мүмкіндік беретін эксперименталдық нәтижелердің қолға түспеуі

айтылады. Ерекше іс-әрекет тетігінің теориясы ретінде педагогика

әдіснамасы теңдей дәрежеде педагогика ғылымының, оның зерттеу теориясы

мен әдістемесіне, сондай-ақ білімдік тәжірибені жетілдіру мен қайта құруға А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Page 45: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

45

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

бағытталатындығынан, бағдарлық мақсатты жоспарлау жеке, сирек құбылыс

болып көрінеді [1]. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға негізгі әдіснамалық

бағыт көрсеткіші – бұл оның мақсаты. Енді ғана ғылым жолына түскен

магистранттардың, сондай-ақ аз еңбек өтілімі бар ғылыми қызметкерлерінің

іс-әрекетінде қолға алынған ғылыми ізденістің жалпы тұжырымдамалық

бастауында көп елене бермейтін мәселе - бұл мақсат категориясы.

Бүгінгі таңда ізденіс жұмыстарының көбі мәдени-тарихи дәстүрлер мен

құндылықтарды байыту, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі

оқытудың әдістемелік бағыттарын өзгерту мәселелеріне арналып, ал осы

заманғы педагогиканың технологияларды зерттеу проблемасы көлеңкеде

қалуда. Педагогикалық жариялымдардың ауқымды ағымында тікелей бір

жақты сапалық бағыт өрістеуде. «Біржақты ыңғайласушылар» педагогиканың

іргелі теориялық және әдіснамалық проблемаларын толық түсінбестен,

педагогика ғылымының кемшіліктерінің де, сондай-ақ жетістіктерінің де

жағдайын дәлелді, әрі шынайы саралап анықтамастан, үстірт деңгейлі

көзқараспен ғасырлар бойы мұра болып, қалыптасқан білім жүйесі мен оның

негіздері бұрмалануда.

Педагогика ғылымы мен өміршең тәжірибенің татымсыз жағдайда

болуының себептері өте көп, әралуан түрлі, олар экономикалық та,

әлеуметтік те, әдіснамалық та сипатқа ие. Дегенмен, педагогика ғылымының

мақсат болжамдау теориясында дұрыстауы - мұндай теорияның болжауынан,

белең алған тікелей педагогикалық себептері бар.

Мұндай проблемалық болымсыздықтардың тәсілі бұл «Білім туралы заң»

мен маман дайындаудың Ұлттық бағдарламасындағы ережелерді ұстану,

білім жүйесіне стандарттау институтын енгізу, соңғы жылдардағы басқа да

талаптық құжаттарды қару ету.

Педагогкалық мақсатты болжамдауға байланысты әдіснаманың

жарамсыздығының және бір себебі - жарияланған мақсат пен оны іске асыру

бағдарламасы арасындағы байланыстың үзілуі. Бұл байланыстың болмауы

болжамдық тұрғысынан нұқсанды дайындалған көптеген себеп-шарттармен

анықталады.

Мақсат және оны іске асыру бағдарламасы арасындағы қайшылықтарды

болдырмау үшін қажетті шаралар төмендегідей:

1. Жарияланған педагогикалық мақсатқа қол жеткізу істеріне араласуға

педагогикалық және ата-аналар ұжымдарының әлеуметтік дайындығының

болуы. Дайындық шамасын анықтау үшін мақсатқа сәйкес бірнеше өлшемдер

бойынша тәрбиелік орта жағдайына орай арнайы зерттеулер жүргізу қажет.

Мұндай зерттеулер түріне жаппай бұқаралық анкета жүргізу, сұхбаттасу,

мамандардың эксперттік бағамы, қатысушылардың тарихи зерттеулері және

т.б. кіреді. Осы негізде мақсаттық бағдарламаларға реттеу-түзетулер

енгізіледі. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Page 46: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

46

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

2. Білім жүйесінде қалаған деңгейлі жалпылықтың нақты мақсаты

салдарынан туындаған ғылыми проблематиканы үнемді өрнектеу. Мақсат

негізінде пайда болған ғылыми проблеманы түсініп ұғу - бұл бар құбылыс

пен енді болары арасындағы қарама-қарсылықты түсіну; объективті және

субъективті шарттар мен жағдайларды теориялық тұрғыдан сарапқа салу.

Болжамды түсінік сатысында бұлардың біршама мақсатты іске асыруға

тікелей не жанама жәрдем, не кедергі ретінде ықпал жасайды.

3. Барша қатынастар (экономика, мәдениет, саясат, әлеуметтік орта және

т.б.) жағдайларын талдау мақсатты іске асырудағы шешілген мәселелерді,

құрал–жабдықтарды таңдауға, құқықтық және этикалық талаптарды ұстануға

қажет ақпараттық қорды қамтамасыз етеді. Есте ұстайтын жәйт - болымды

мақсат болымсыз әрекеттермен іске асырылуы мүмкін емес.

4. Мақсатты іске асыруға қажетті ұжым ішіндегі, оның мүшелері

арасындағы қатынастар және сыртқы әлеуметтік байланыстардағы

өзгертулерді жүйелі талдауға салу. Жүйелі талдау арқылы зерттеу

бағдарламасында болып қалар ынталастыру ықпалдары мен кедергі-

қарсылықтардың алдын алуға болады. Бұл теория құрамына енерліктей

педагогикалық білімдердің озық формаларындағы ғылыми ізденістің даму

бағытын тұрақты ұстап қалу үшін қажет.

Осылайша, мақсатты іске асыру үрдіс тұрмыс-тәжірибеде құқықтық

қарсы әдістермен орындалып жатады. Олардың бірі - оқушылардың білім

деңгейі жөнінде жалпы мемлекеттік статистикаға жалған ақпараттар беру.

Екінші әдіс - мұғалімдерді шегінен артқан өнімсіз істерге жегу (қосымша

білімдердің орасан көптігі, оқушылардың жазба жұмыстарын тексеруге сарп

етілетін талаптан артық уақыты және т.б.). Педагогикалық нұқсанды талаптар

мен олардың ата-аналарының мұғалімге, оның көніл-күйіне, денсаулығына,

уақытына ауыртпалық түсіруі. Осыдан ұстаздың шығармашылыққа, соны

әдебиеттермен танысуға, бағдарламаға қосымша ізденіс жұмыстарын

жүргізуге уақыты да, әлі де жетпейді. Мұндайда ұнамсыз кері байланыс іске

қосылады. Үлгерім неғұрлым төмен болған сайын, мұғалім және басшылар

тарапынан оны «жоғарылатудың» түрленген әдістері жаулап көбейіп, мұғалім

беделі одан сайын төмендеп, адамгершілік құндылықтары аяқ асты болып,

мұғалім кәсібін ардақтау азаяды [2].

Бастысы, бүгінде білімдік мұратты қалыптастыру үшін кедергі - бұл

оның қоғамдық өмірдің әрқилы саласы үшін әлеуметтік қажеттілігін анықтау,

материалды және рухани қордың шынайы бағасын беру. Әртүрлі жас

топтарындағы жаңа тұтынымдар қалыптастырудың бағыт-бағдарын, білім

мекемелерінде туындаушы күрделіліліктерді, бұқаралық ақпараттық және

қоршаған ортаның практикаға әсерін ашып айту. Сондықтан, білім мұраты

мен оған жету – жаңа заманның жаңа мәселесі. Мұндай көзқарас А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

Page 47: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

47

1991 жылдан басталып, 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім

туралы заңы» бойынша маман дайындаудың жаңа үрдісі жалғасын тапты.

Ғылым басқаруындағы артығымен ұсынылып жатқан өзгерістер, әрқилы

типтегі білімдік мекеме жобалары (жіктемелі, авторлық кәсіби бағдарлы және

бағдарсыз, дербес басқарымды және орталықтандырылған, бағдарлы оқу

ж.т.б.) басқару жүйесін қаратып, күтілмеген салдарларға кезіктіруі мүмкін.

Мұндай сенімсіздік пен күдіктенудің негізгі дәлелі - алға тартылған мақсат-

жобалардың бірде бірі жүйелі талдауға түспей, олардың қоғамдық–саяси,

экономикалық және қоғамның әлеуметтік өмірінің көптеген тұстарына

тигізетін ықтималды келеңсіздіктерінің ашылмауы. Уақыт талабы -

жобаланған мақсаттың іске асуынан жақын және болашақта туындайтын

салдары жүйелі талдауға салынбай, бірде-бір ірі жоба іске қосылмауы тиіс.

Осыған, шығармашыл ойды қолдан келгенше қуаттау қажет, дегенмен ондай

іске асырудың құны ол жүйелі зерттеліп әрі оны іске асырудан болатын

салдары ғылыми тұрғыдан ашылса ғана елеуге тұрарлық.

Мақсатты, әсіресе педагогикалық, өрнектеу үдерісін жүйелі талдаудағы

маңызды бағыттардың бірі - көкейтесті мәселенің мүмкіндігінше, баламалы

шешімдерін дайындау. Білім жүйесі үшін аса қадірлі құбылыс – бұл

«біртүрлілікті» білім мекемелері қызметтерінің «тұтастығын»

қалыптастыратындай басты принципке айналып кетуі. Ал «бір тұтас жалпы

білімдік еңбектік политехниканың мектепке» біртекті оқушылар

формасында, іс-әрекеттік ұстанымдарымен бірдей талаптарға жүгінген

педагогикалық жүйеде көрініс берді [3]. Аталғандар аз болғандай, бұларға

біртекті оқу бағдарламалары, біртекті оқу жоспары, біршама бірдей ортақ

оқулықтар мен тапсырмалар қосыла барды. «Ортақ» ұғымы «жалғыз-ақ»

талапқа ауысты. Осы жағдайдан бір еркіндік дәрежесі, ол алдын ала таңылған

көптүрлі әдістемелік, әкімдік, басқарудың бұдан басқа да шектеулеріне

ұласты.

Жан-жақты үйлесемді дамуда ойсыздықтан пайда болған проблема

жайында бас қатырғаннан гөрі, әрбірі әлеуметтік сынаққа тұрарлық

ұсынылған бағдарламалардың көптүрлілігін пайдаланған жөн болатын.

Жекелік, ерекшелік пен түрлілігіне, көп салалы тәрбиелік жүйе мен оқу-

үйретім жүйесіне шығармашыл кеңістікті бағыттау өмір талабын ақтаудың

бірден бір жолы болатын. Сондықтан бүгінгі таңдағы ашылып отырған аса

шуақты жағдайларды бағдарламалардың бірнеше баламаларын

туындатқандай үлкен де кіші мақсаттарды өрнектеген дұрыс. Табиғи

(этикалық, құқықтық, эстетикалық ж.т.б) шектеулер аймағының өзінде де

мақсаттарды іске асыру бойынша жасалып жатқан бағдарлама ауқымына қор,

уақыт, мамандар ғана қамтылып қалмастан, нақты табиғи-тұрмыстық

шарттар мен жағдайлар да (отбасылық, әлеуметтік орта, ұлыс-ұлыстық,

мекендік дәстүрлер, тарихи алғы шарттар) ескерілуі тиіс. Бұлардың бәрі А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

Page 48: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

48

шектеу шарттары ретінде назарға алынып қана қоймастан, қосымша

мақсаттық іс-әрекеттер көзі әрі нысаны: жаңа әлеуетті мамандар дайындау,

бүгінгі педагогикалық мамандарды қайта дайындықтан өткеру болып

қабылдануы қажет.

Бағдарлы мақсаттық жоспарлаудың әдіснамалық бағыттарының

жалпыланған сипаты міне, осындай. Бұл орайда зерттеу үдірісінің терең

ұғымы – терминологиялық өңдемесі, ең алдымен зерттеу мақсатының

өрнектелу нақтамасы қажет. Не үшін мұндай шаралар қолға алынып жатыр

деген сұраққа жауап болмай, ғылыми жұмыс өзінің ізденістік жүйе

құрастырушы негізін жойып алады. Әдіснамалық білімдердің болмауы -

педагогикалық зерттеулер тиімсіздігінің басты себептерінің бірі. Зерттеулер

қауқарсыздығының және бір көрінісі - бұл озат педагогикалық тәжірибенің

қандай да жүзеге шығуына түбегейлі де сенімді теориялық негіздеме бере

алмауы. Білім проблемалары жалпы бұқаралық назарға алынған бүгінгі таңда

маман дайындаудың Ұлттық бағдарламасын түсіндіруге бағытталған

көптеген «авторлық уағыздар», заңдардың «мекендік іске асуы» жөніндегі

жалаң сөзбұйдалық етек жаюда. Педагогиканың әдіснамасын өзіндік сана

тұрғысынан саралай білу педагогикалық зерттеулердің мақсаттық талаптарын

алға тарту мен оны орындау дәрежесін жоғарылатуда маңызды рөл

атқаратыны сөзсіз.

Белгілі мағынада білім жүйесін экономикалық жағдай ретінде тануға

болады, себебі ол өндіріс, ғылыми-техникалық үдіріске тікелей ықпал

жасайды. Осыған байланысты қоғамдағы үдерістерге талдау мен оларды

болжастырудың құралы ретінде жүйелілік, бағытының идеялары мен

принциптерін шынайы әлеуметтік қызмет теориясы мен практикасына ендіру

проблемасы ерекше маңыз алады.

Жүйелі талдау әдістерін қоғамдық үдерістерді бағалау мен болжастыруға

қолдану мәселесін қарастыра отырып, әлеуметтік қатынастардың баршасы

тұтас құбылыс болатынын ескеру қажет. Сонымен бірге бұл тұтас құбылыс

құрамында адам және табиғат әрекеттестігінен өзгеше келетін адам не

адамдар тобының саналы мақсаттың бағдарына ие нысан - бұл жансыз зат не

үдерістер емес, ол саналы, саналы іс-әрекет жасаушы өзге адамдар,

әлеуметтік топтар.

Мұндай көзқарастан туындайтын қорытынды – адамның тән-дене,

әлеуметтік, саяси және экономикалық тіршілік аймағы – бәрі бірдей

ажырамас тұтастықта болатындығы. Осының салдары - елдің мәдени, тарихи,

діни және ұлттық ерекшеліктерінен болып жататын әлеуметтік-

экономикалық, саяси, талап-құқықтық және басқа да тараптар арасындағы

тығыз байланыстың орнығуы. Әлеуметтік жүйелер өздерінің орасан күрделі

байланыстарымен ерекше сипатқа ие. Себебі жүйелер арасындағы себеп-

салдарлы қатынастар ұштастығын көп жағдайда сезу өте қиын, осыдан олар А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

Page 49: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

49

ғылыми талдауға түспей, тыс қала берді. Осыдан маңызды алғы шарт, ал шын

мәнінде әлеуметтік жүйелер мен үдерістері жобалаудың бастапқы кезеңі

жағдайды сипаттаушы жалпы топтан сапаға ие бөліктер мен элементтерді,

жағдайларды, осы жүйенің сипаттамаларын бөліп алып, оларды сандық мәнге

келтіріп, шынайы өлшемдік шамалар жәрдемімен жоба күйінде бейнелеу, ал

одан әрі олар арасындағы аса мәнді, заңдылықты байланыстарды анықтау.

Әлеуметтік проблемаларды ашу материалдық нысандарды зерттеуге

қарағанда түбегейлі өзгешелікке ие. Мұның себебі, біріншіден, әлеуметттік

нысандардың өзіндік ерекшелікке ие болуынан және олардың аса күрделі

ұйымдастырылуынан (бөле айтсақ, оларды құраушы элементтер мен

байланыстардың сан қилы қызметтер орындаушылығынан). Екіншіден,

қоғамдық ғылымдар саласында әрдайым біртекті түсіндіруге келе бермейтін

нысандарды сипаттау дәстүрі қалыптасқан. Үшіншіден, бұл әлеуметтік

ғылымдардың өзіндік күрделілігінен, олардың адамға байланысты

жағдайлардың әрқилы тұстарымен тығыз байланысты болуынан.

Қоғамдағы нақты үдерістерді зерттеу әдетте қалыптасқан қоғамдық

жағдайды өзгеріске келтіру не қоғамдық дамудың жаңа тұжырымдамаларын

ұсыну қажеттелігінен.

«Мемлекеттік білім беру бағдарламасы» сынды бұл зерттеу нысанының

күрделі де көп деңгейлі сипаты талдауды жүйелі бағытта жүргізу қажеттігіне

себепші болды. Жүйелілік бағытын зерттеу әдіснамасы ретінде қолдану

қажеттігі басқа мүмкіндіктердің жоқтығынан емес, ал оның ақырғы

мақсатының зерттеу үдерістерін ұйымдастыру тиімділігін көтеруге

бағытталуынан [4]. Дәл осы жүйелілік бағыты нақты жағдайлар, талаптар мен

мақсаттарды барша әлеуметтік-экономикалық жағдай кешенінде зерттеу

бірқатар проблемаларды шешудің жаңа жолдарын табуға жәрдем береді.

Осының арасында бар ақпаратты толық әрі мақсатты пайдалануға, мүмкін

болар олқылықтар мен кемшіліктерді ашып, қоғам үдерісінде өтіп

жатқандардың зерттеуге қажетті деректерді бірізділікпен іздестіре табу

мүмкін.

Білімде қолдануға орай жүйелік бағыты, біріншіден, қоршаған ортада

жүйесін біртұтас бүтіндік пен себеп-салдарлы құбылыс ретінде қарастыруды,

екіншіден, бұл ортадағы білім мақсатын және қабылданған шешімдерді

үйренуді, үшіншіден, онда жүріп жатқан үдерістерді жобаға келтіруді

білдіреді.

Зерттеу әдіснамасы, әдістемесі мен мамандарының арасындағы

өзгешеліктер, құрал-жабдықтардың шынайы қалыптасқан жүйесін

бейнелейді. Әңгіме шындықты зерттеудің әрқилы деңгейінде талдау

тәсілдерін ажырата білу жөнінде өрбітіліп отыр. Ондай деңгейлер: ең

жоғарғы (үдерісті барша өзара байланыста және жанамалығымен қамту), А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

Page 50: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

50

орташа (нақты жүйенің белгілі тарихи жағдайларда қызмет жасауы) және

тәжірибелік – эксперименталды.

Ғылыми жұмыстың міндеті жүйелі талдаудың негізгі тұжырымдарын

қарастыру емес, себебі олардың баянын көптеген жариялымдарын

қиындықсыз тауып алуға болады. Біздің мақсатымыз - зерттелуші әлеуметтік

нысан-маман дайындаудың ұлттық моделі мән-мәтініне орай жүйелі талдау

қолданудың мүмкіндіктері мен пайдалану шектерін атап көрсету. Жүйелі

талдау әдістерін әрқилы салада пайдалану мәселесін қарастыруға байланысты

екі көзқарас қалыптасқан (85,106,109). Бірінші тарап әртекті аусымды

шектеулерді қамтыған «жүйелі талдау мақсатын» арқау етеді. Мұндай талдау

үдерісінде нақты қойылған проблеманың математикалық және логикалық

теңдеулер жүйесі қаланады. Міндет - математикалық не жасалма әдістер

негізінде тиімділіктің ақырғы өлшемі тұрғысынан жүйенің ең тәуір деген

құрастыру не қызметке қосу жоспарларына сілтейтін шешімнің сандық

баламасын табу. Екінші тарапты зерттеушілер – «Жүйелі талдау логикасын»

сүйеніш етуді қолдайды. Бұл жағдайда жүйелі талдау шешім жасаудың

құралы ретінде ең алдымен, анықтау мен реттеу әдіснамасы деп танылды

немесе шешімі қажет проблеманы құрылымдыққа түсіру амалы түрінде

қабылданады. Екінші бағыттағы жүйелі талдау – бұл шешім қабылдаушы

басшыға зерттеудің шынайы мақсаттарын жүйелі байластыру жолымен іс-

әрекет бағдарын іріктеп, таңдауға көмектесу, яғни мүмкіндігі бар жерде

мақсатқа жету стратегиясының әрбір баламасымен байланысты қаржы,

тәуекел мен тиімділікті, орынды болса, қосымша баламаларды өрнектеу

жолымен жәрдемдесу.

Бұл анықтамадан болатын қорыту біріншіден, жүйелі талдаудың шешім

қабылдауға жауапты адамдар қызметіне көмек көрсетудегі бағытының нақты

болуын және екіншіден, мақсатқа жетудің қосынды баламаларын

талқылаудан өткізіп, бағалаумен айқындауға сай келетін талдау

әдіснамаларын түзуге (көзделген мақсаттарды нақтылау, қайта қарастыру

және мән ұғыну жұмыстарымен қоса) ұмтылуды анықтайды. Әдіснаманың

дәл осы құралы әрқандай қызмет сапаларында (білімде де) ғылыми талдау

әдістерінің шешім қабылдауға ықпалы жөнінде әңгіме өрбітуге мүмкіндік

береді.

Жүйелі талдау дені - әлеуметтік құбылыстар мен үдерістер, ал бұлар өз

кезегінде болып жатқан жағдай әрекеттерінің мәні жөніндегі мәліметтердің

жетімсіздігімен ерекшеленетін білімдер аймағы болып табылады. Тіпті

зерттеудің нақты құрылымдық-логикалық негіздерінің болғаны және тиімді

шешімдер баламаларын тауып, бағалаудың формальді әдістерін

қолданғанның өзінде зерттеу істерінің барша кезеңдерінде шешім қабылдауға

жауапкер эксперттер мен мамандардың субъективті пікірлері мен жәй

сезімдік түйімдері басымдылықпен қабылдануда. Осыдан жүйелі талдаудың А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жетібаев К.М. Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

Page 51: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

51

шынайsлығы, дәлелдігі және нәтижелердің қайталана көрінуі, яғни сол

нәтижелердің екінші біреулер зерттеуімен алынуы сияқты ғылыми зерттеу

стандарттарына қол жеткізу ешқандай орындалмай жатыр

Басқару саласында негізделген шешімдердің әдіснамасы ретінде жүйелі

талдау осы секілді міндетке шешілетін проблеманың сипаты мен

анықтамаларын басқа әдістер арасында өз орнын табады. Ажырата

топтастырылуы бойынша танымдық тереңдігіне тәуелді байланыстардың

анықтылығы соншалықты, бәрі нақты сан не рәмізді көрініп, ақырында

сандық бағаға келтіріледі, яғни маңызды қорлардың белгілері мен

сипаттамалары қамтылған «құрылымға келмеген» не сапалы ойластырылған

проблемалар айқындалады, бірақ олар арасындағы сандық тәуелділіктер

мүлде белгісіз: сапалық та, сандық та элементтерді қамтыған «құрылымдығы

әлсіз» не аралас проблемалар, әсірессе олардың сапалы, бірақ танымалдығы

кем және айқындалмаған тұстары басымдау. Біздің зерттеуіміздегі нысан -

осы «құрылымдығы әлсіз» проблема.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Развитие системы общего среднего образования в современном мире: учебное пособие /

Составители Абылкасымова А.Е., Ушаров Е.А., Омарова Р.С. –Алматы: НИЦ Ғылым, 2003. 2. Развития образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Издательство МГГУ, 1996.

3. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего

образования: -Алматы: НИЦ Ғылым, 2002. 4. Бухвалов В.А. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества. –М.: Центр

“Педагогический поиск”, 2000.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

И.Қ.ТҰРМЕТОВ А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.

Page 52: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

52

Ә.Р.AЙТУҒАНОВ

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.

БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ МАМАНДЫҒЫНЫҢ АРНАЙЫ

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА МЕҢГЕРІЛЕТІН БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІ

В данной статье рассмотрены вопросы освоения будущими специалистами начальной военной

подготовки содержания специальных предметов в процессе профессиональной подготовки кадров.

The article deals with some matters of learning content of special subjects by future specialists of

basic military training in the process of personnel training.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім

беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен

оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары

белгіленген [1].

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты

жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі

мәселелерге тоқталып өтті, оның басты міндеті – еліміздегі білім берудің

ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын

арттыру [2].

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де білікті, іскер де белсенді

адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын

жастар тәрбиелеу маңызды, алған білімі мен біліктілігі негізінде өмірді еркін

бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім

қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылған.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең алғаш рет әр

баланың интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту

мәселелері сөз болады. Жеке адамды тек жеке тұлғаның өзі ғана тәрбиелеп

өсіретіні айдан анық. Осыған орай бүгін педагог кадрларын дайындау

жүйесінде болашақта терең мағыналы, жан-жақты ойлау, білу қабілеті бар,

болашақты толық сезінетін, өз жұмысына соншалықты берілген, алда тұрған

міндетін атқара білетін мамандарды тәрбиелеп өсіру жұмысының маңызы зор

[3].

Арнайы пәндер базалық (БП) пен кәсіптік (КП) пәндердің жиынтығы

болып табылады. Бастапқы әскери дайындық мамандығының жалпы білім

беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, яғни білім алушылардың

комплексті құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін

аудиториялық, практикалық сабақтарға көп көңіл бөлінетінін ескеріп, БП

және КП циклының міндетті компонент пәндерінің көлемі жалпы білім беру

бағдарламасының көлемінің 70%-ын, ал таңдау бойынша компонент

пәндерінің көлемі - 30%-ын құрайды. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тұрметов И.Қ., Aйтуғанов Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді...

Page 53: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

53

БП және КП циклы бойынша міндетті пәндер тізімі типтік оқу

жоспарымен анықталады, таңдау компонентінің пәндер тізімін жоғары оқу

орындарының мамандарды даярлайтын кафедрасы анықтайды.

Арнайы пәндерді оқыту мазмұнының маңызды жағдайы оқытушы мен

студенттің біріккен қызметінің мақсатын дәл түсіну, оны

демократияландыру, парасаттылық, бірігіп әрекет ету қағидаларына көшіру

болып табылады.

Басты міндет пәнді танып-білуге қызығушылықты арттыру. Қазіргі

кездегі ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың нәтижелеріне сүйене отырып,

арнайы пәндердің тартымдылығын, сенімділігін, нақтылығын қамтамасыз

етіп, жетілдіріп отыру қажет. Оған ойлау, байқағыштық, өзін-өзі ұстай білу,

тәртіптілік, адалдық, батылдық, отансүйгіштік, әскери қызмет етуге дайын

болуы, шешімділік секілді зиялы қасиеттер енеді.

Студенттердің арнайы пәндерге деген көзқарастарын жақсарту жолдары:

- кәсіби жақсы дайындығы мен сұхбаттастық дәйектілігі (сенімділігі);

- таза ой-пікірі мен мағыналы сөзі, материалды пайымдаудағы көрнекті

талпынысы;

- әңгімелесу барысында қорытындылау соңына таман қыза түсуі;

- сұхбаттаушы адаммен сөйлескенінде айтқан хабарды оның орынды

түсініп, жақсы қабылдауы мақсатында сол әңгіменің басты түйінін жеткізе

білуі;

- ақпарат хабарларының оңтайлы көлемі.

Бастапқы әскери дайындық мамандығының стандарты келесі талаптар

жиынтығын анықтайды:

- білім мазмұнын;

- оқыту жүктемесінің көлемін;

- пәндер бағдарламасын;

- білім алушылардың дайындық деңгейін.

Білім беру мазмұнына оны ұйымдастыру, құрылымы, бағдарламасы

енгізіледі. Білім беру қызметінің ұйымдастырылуы оқу-тәрбие процесі мен

білім мазмұнын жоспарлау және оларды жүргізу тәсілдерін таңдау арқылы

жүзеге асырылады [4].

Кәсiптiк жоғары бiлiм алуға тең қол жеткізудi қамтамасыз ету және

неғұрлым дайындалған жастарды iрiктеу мақсатында кешендi тестiлеу немесе

ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүргiзу, кәсіптік бейімдігін тексеру мақсатында

жүргізілетін шығармашылық емтихан және конкурстық негізде мемлекеттiк

білім беру гранттарын беру арқылы студенттер контингентiн

қалыптастырудың моделi енгізiлгеніне біраз уақыт болды.

Болашақ «Бастапқы әскери дайындық» мамандарының бойында білім

алу барысында құзыреттіліктің 3 тобы қалыптасу керек: жалпы мәдени

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тұрметов И.Қ., Aйтуғанов Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді...

Page 54: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

54

(дүниетанымдық) құзыреттілік, методологиялық (психологиялық-

педагогикалық), пәндік-бағдарлық құзыреттілік.

Көрсетілген талаптарды жүзеге асыру мақсатында оқу үрдісі

төмендегідей қағидаттарға негізделуі қажет:

- жеке бағдарлық бағыттағы кәсіби-педагогикалық дайындықтың

үзіліссіздігіне;

- кәсіби қызметтің құндылығына;

- теория мен тәжірибенің бірлігіне;

- теориялық білімдерді алғашқы курстан бастап бітіргенге дейін

деңгейлеп меңгертуге;

- теориялық білімді оқытушының практикалық іс-әрекетіне

айналдыруға;

- оқытушының стандартты және стандартты емес, шығармашылық

тәсілдерді шешу жолымен оқытуына;

- педагогикалық үрдістің жағдайын анықтауға үйрету және бұл

нәтижелерді оқу-әдістемелік жұмыста қолдануға.

Арнайы пәндердің бағдарламаларына қойылатын жалпы талаптарға

олардың толықтығы, нақтылығы, процессуальдық сипаты жатады.

Толықтық дегеніміз – алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке

тұлғаны дамыту, оны студенттердің ақыл-ойының дамуымен тығыз

байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана

алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық

қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.

Нақтылық дегеніміз – бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген

мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық

элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.

Процессуальдық деп – білім мазмұнының оқыту үдерісі мен бірлігін

көрсететін бағдарламаның құрылымы, барлық элементтерінің жүйелі

орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс-әрекеттік жағын,

оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде

әдістерді, оқытуды ұйымдастыруды формалары мен құралдарын айқындайды

[5].

Жоғары оқу орындарындағы оқытылатын «Педагогика» пәнінің мақсаты:

болашақ мұғалімдерді қазіргі заманғы педагогика ғылымының теориялық

негіздері білімімен, сондай-ақ жалпы білім және кәсіби мектептің негізгі

бағыттарына сәйкес оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыру

үшін қажетті ептіліктермен қаруландыру болып табылады.

Бастарқы әскери дайындық мамандарын дайындау жүйесіндегі бұл курс -

болашақ мұғалімдерде педагогикалық ойлаудың негізін қалауды,

педагогикалық болмысты меңгеруге қабілеттілігін қалыптастыруды және

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тұрметов И.Қ., Aйтуғанов Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді...

Page 55: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

55

тәрбиелеу мен оқытудың педагогикалық заңдылықтарына, ұстанымдарына

байланысты тиімді шешімді қабылдауға үйретуді талап етеді .

Психологиялық-педагогикалық пәндер циклын жалғастырушы курстың

бірі – «Педагогика тарихы». Пән болашақ мұғалімдердің

жалпыпедагогикалық көзқарасын кеңейтеді, педагогикалық мұраларға дұрыс

қатынасының болуына қабілетті етеді, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен

практикасының даму үдерісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық

құрылымымен байланыстылығы, әрбір тарихи кезеңдердегі ғылыми білімдер

деңгейі жөнінде айқын түсінік береді.

Оқытудың ұстанымдары, мазмұны, әдістері және формалары жүйесінің

негізінде белгілі психологияның теориясы жатады. «Психология» пәні

бойынша білім оқушылардың танымдық және еңбектік іс-әрекетін басқаруды

ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әскери педагогика және

психология пәнін оқыту үдерісіндегі білім беруді жүзеге асыру белгілі

бірқатар психологиялық ұғымдармен байланысты. Олар: түйсік, қабылдау,

ойлау, ес, елестету, зейін және т.б.

Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерді

дайындау жүйесінде басты орын алатын курс – «Жас ерекшелік

психологиясы». Болашақ мұғалімдерді жалпы білім беретін және кәсіптік

мектептердегі оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өсіп келе жатқан адамды жеке

тұлға етіп қалыптастыру мен психикалық дамыту заңдылықтарын білумен

оқушыларда ойлап табу қабілеттерін дамытудың потенциалды

мүмкіндіктерін және бағытын өз бетінше анықтау, жекелеген оқушылардың

лайықсыз мінез-құлқын өз уақытында зерделеу, бұл құбылыстарды түзетудің

тиімді жолдарын анықтау ептіліктерімен қаруландыру аталған курстың

жоғары оқу орындарындағы міндеті болып табылады.

Болашақ БӘД пәні мұғалімдерін даярлаудағы «Этнопедагогика»

курсының мазмұны, осы сала бойынша ғалымдарымыздың (Қ.Жарықбаев,

С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова т.б. педагог-ғалымдардың)

еңбектеріне сүйене отырып курсты оқытуға мүмкіндігі мол. Бұл пәнді

«Этнопсихология» пәнімен сабақтастықта оқыту нәтижелі болады деуге

болады.

Алғашқы әскери дайындық жастарды қазақстандық отансүйгіштікке,

Қарулы Күштерді сүюіне, демократиялық қоғам құру ісіне белсене араласуға

бағытталған. Осы жауапты міндеттерді орындау мектептегі педагогикалық

ұжымға оның ішінде әсіресе алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-

оқытушысына жүктелген.

Кәсіптік пәндердің ішінде «Әскери педагогика және әскери психология»

пәні қазіргі заманның талабына сай, техника мен технологияның даму деңгейі

өте жоғары кезеңде әрбір командирдің білімі мен біліктілігі, оның

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тұрметов И.Қ., Aйтуғанов Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді...

Page 56: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

56

әскери дайындық салаларындағы жеке жетістіктерін әскери өнерді дамытуда,

практика жүзінде қолдануда өте қажет.

Жауынгерлерді тәрбиелеу және оқыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру

мақсатында көптеген ғылыми нәтижелер, әсіресе әскери психология мен

педагогиканың жетістіктері пайдаланылады.

Әскери психология адамның ұрыс уақытындағы жүріс-тұрысын,

басшылар мен бағыныштылар қарым-қатынасының психологиялық насихат

және қарсы насихат жүргізу әдістерін, әскери ұжымды, соғыс техникасын,

ұрыс қимылдарын басқарудың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Әскери педагогика бұл жауынгерді оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым.

Оның мақсаты жауынгерлер мен әскери ұжымдардың қызметтік және

жауынгерлік тапсырмалардың табысты орындалуының педагогикалық

заңдылықтарын және әскери қызметкерлер мен ҚР азаматтарының жан-

жақты дамуын зерттейді. Әскери педагогиканың басты қызметі – ержүрек әрі

батыл, саяси-моральдік, жауынгерлік-психологиялық және жоғары

жауынгерлік шеберлікті меңгерген Отан қорғаушыларды дайындау [5].

Болашақ БӘД пәні мұғалімдерінің негізгі әдістемелік дайындығын

қамтамасыз ететін курс – «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдісте-

месі» пәні. Пәнді меңгеруде студент білу керек: АӘД сабақтарын сапалы

өткізуді және ұйымдастырудың алғы, белсенді формалары мен әдістерін;

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысының міндеттері мен құқығын; оқушылар-

ды әскери-патриоттық тәрбиелеу және бастапқы әскери дайындығы бойынша

сабақтарды ұйымдасыра білу және сапалы өткізу, сонымен бірге пәнаралық

байланысты іс жүзіне жүзеге асыра білу; оқу үрдісінде заманауи, белсенді

құралдар мен оқыту әдістерін енгізу; әскери комиссариаттар және әскери

бөлімдермен тығыз байланыста болу; АӘД бойынша оқу-материалдық қорын

құру және жетілдіру, оқушылармен жұмыстар жүргізу; олардың іскерлік,

моральдік және денсаулық жарамдылығын зерттеу; жас өспірімдерді ҚР ҚК

қатарына дайындау болып табылады.

«Бастапқы әскери дайындық негіздері» пәні Қазақстан Республикасы

жаңа тарихи жағдайда әскери құрылыс туралы көзқарасын дамыту, тәуелсіз

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы мен дамуы,

жастарды әскери қызметке даярлау, Қазақстан Республикасының

Конституциясының әскери қызметке байланысты қағидаларын, Қазақстан

Республикасының әскери доктринасын, Отан қорғаудағы азаматтардың және

лауазымды тұлғалардың міндеттерін, Қазақстан Республикасының Қарулы

Күштері қатарында қызметін өтеудің тәртібін оқып-үйретудің теориялық

білімдерін меңгереді [7].

«Техникалыќ єзірлік» пєні студенттердіњ єскери дайындыѓын

ќамтамасыз етуде жєне басќа пєндерді игеру барысында негізгі пєндердіњ

бірі болып есептеледі. Пәннің мақсаты студенттерді Ќазаќстан Республикасы А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тұрметов И.Қ., Aйтуғанов Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді...

Page 57: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

57

Ќарулы К‰штеріндегі жєне шетел єскерлеріндегі ќолданылатын єскери техника

жєне машиналар т‰рлерімен таныстыру. Студентттер техникалыќ єзірлік

курсында єскери техникалардыњ ќ±рылымымен, сипаттамасымен, ондаѓы

орналасќан штаттыќ ќару-жараќтардыњ сипаттамасымен танысып, єскери

техниканы жоѓарѓы дењгейдегі дайындыќта ±стау талаптарын оќып- ‰йренеді.

«Әскери информациялық технологиялар» пєнін оќу барысында

студенттерде осы баѓдарламаныњ мазм±нына сєйкес білімділік, іскерлік жєне

командирлік біліктілік баѓдарларды ќалыптастырып, келесі міндеттермен

танысады:

- Әскери ақпараттық технологияныњ басты баѓыттарын;

- Радиолокациялыќ жєне радиотехникалыќ ќ±ралдардыњ қолдануы мен

тактикалыќ-техникалыќ сипаттамаларын;

- Радиоэлектрондыќ ж‰йелердіњ ж±мыс істеу тєртібін;

- Электронды Үкімет бағдарламасындағы қорғаныс министрлігінің

қызметі, қолдану аясын;

- Байланыс ќ±ралдарын басќару пєрмендері мен белгілерін ќолдана білу

ерекшеліктерін;

«Әскери әуендік тәрбие» пәні студенттерді әскери жетекші мамандығына

дайындауда алдыњѓы ќатарлардыњ бірінен орын алады. Студенттер аталған пән

курсын µту барысында әскери әндерді орындау, сапта жүріп ән орындау, сапта

музыка әуенімен әр түрлі саптық қимылдарды орындау ретін оқып-‰йренеді.

Сонымен қатар, курста әскери музыканың шығу және даму тарихын білу, әскери

сапта жүру әндерін оқып-үйрену, марштық әндер мен шығармалармен танысу,

сапта жүру марштарын орындау ретімен танысу, музыкамен қозғалыс жасауды

оқып-үйрену, музыкамен қоса бұйрықтардың берілуі, әскери би дайындығы

жаттығуларын оқып-үйрену көзделген.

«Атыс дайындығы» пәні бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ

мамандарды дайындау барысында атыс қаруларын меңгеруге, практикалық

дағдыларды қалыптастыру, атыс міндеттерін нәтижелі орындауда атыс

құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке құрамды түрлі жағдайларында

өз қаруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.

«Әскери инженерлік, єскери топография, басќару жєне байланыс » ерекше

пән ретінде қарастыруға болады. Курста инженерлік ж±мыстардыњ даму

тарихын білу, инженерлік дайындыќты єр т‰рлі ±рыс жаѓдайында ќолдануы,

оќпаналарды ќазып, практика ж‰зінде ќолдана білу ережелерін ‰йрену

қарастырылған.

Єскери ќ±рылым ж‰йесіндегі єскери топография, баѓдар алу туралы жалпы

т‰сінік алу, азимутты аныќтау, топографиялыќ картамен ж±мыс істеп

машықтану көзделген.

Єскери байланыс ќ±ралдарыныњ сипаттамасымен танысу, радиобайланыс

ќ±ралдарыныњ т‰рлері, сипаттамасы, сымдыќ байланыс ќ±ралдары,

радиостансамен ж±мыс істеу тєртібі, командалыќ-штабтыќ машиналардыњ

ќызметін оќып ‰йрену жатады.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Тұрметов И.Қ., Aйтуғанов Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді...

Page 58: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

58

Бастапќы єскери дайындыќ мамандарын даярлауда «Тактикалыќ дайындыќ»

пєні негізгі пәндердің бірі болып саналады. Студенттерді соѓыс µнерінің

тарихымен, ±рыс т‰рлерімен, жалпыєскерлік соѓыс µнерімен, бµлімше, взвод

командирлерініњ соѓысты ж‰ргізу кезіндегі бµлімдерді басќару ретімен

таныстыру қарастырылған.

Тактикалық дайындық бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ

мамандарды дайындау барысында командирлік дағдыларды меңгеруге, жеке

құрамды түрлі жағдайларда берілген тапсырманы нақты және уақтылы

орындауға үйрету мақсатында өткізіледі.

Бастапќы єскери дайындыќ мамандарын даярлауда «Саптыќ дайындыќ»

пєні алдыњѓы ќатарлардыњ бірінен орын алады. Студенттерді ЌР Ќарулы

К‰штерініњ саптыќ Жарѓысыныњ ережелерімен, бµлімше, взвод саптарын

басќару, қарусыз жєне ќарумен саптыќ тєсілдер мен єдістерді орындауды

‰йрету жєне таныстыру көзделген.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғысы»

пәні студенттерді әскери оқыту мен тәрбиелеудің, әскер жасына дейінгі

азаматтарды ҚР Қарулы күштерінде қызмет етуге даярлаудың міндетті

компоненті болып табылады. Бұл пән оқу тәрбие үрдісінің барлық жағына ықпал

етеді, тактикалық дайындық, атыс дайындығы, дене тәрбиесі, саптық дайындық

циклі бойынша сабақтарда жетілдіріледі [8].

Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы

мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған

елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі

тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін

жасау қажет» - делінген. Білім беу жүйесі қашықтықтан оқыту технологияларын

жетілдіруге баса назар аударып отыр. Ол үшін оқытудың ауқымды және

жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық

және деректердің банкілік мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасы. Аcтана, 2007.

2. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан. 1.03.2007.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». – Алматы,1999.

4. ҚР МЖМБС 3.08.254-2006. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. 050104-Бастапқы әскери дайындық.

Астана, 2006.

5. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындаудың теориясы

мен практикасы. – Алматы, 1998. 6. Айтуғанов Ә., Тұрметов И., Баетов К. Әскери педагогика және әскери психология. – Түркістан,

2007. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке

даярлауды ұйымдастыру туралы» №449 қаулысы. – Астана, 24.05.2006.

8. ЌР ЌК жалпыєскерлік Жарѓылары. –Алматы, 1998.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Ш.Т.ШЕКЕРБЕКОВА

Page 59: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

59

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Абай атындағы ҚазҰПУ

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЙЫНДАУ

БАРЫСЫНДА ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

В статье рассматриваются вопросы использования компетентностного подхода при

профессиональной подготовке будущих учителей информатики, а также рассматривается методика

обучения базы данных на основе компетентностного подхода в системе педагогического

образования.

The author of the article presents some matters of competent approach in the professional training of

teachers of computer science. Some methods of base teaching on the principles of the competent approach

in the system of pedagogical education have been analyzed as well.

Ұлттық білім беру моделін қалыптастыру тенденциясы мен Қазақстан

Республикасының білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне

кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы “Қазақстан- 2030” стратегиялық

бағдарламасында мазмұндалған негізгі басымдықтардың бірі болып

табылады. Бүгінгі күні елімізде ақпараттық қоғамға өту үдерісін іске

асырудың негізгі компоненттерінің бірі, яғни ақпаратты алу, өңдеу, тарату

мен тасымалдау әрекеттерін жүзеге асыратын бірден-бір себеп, ол

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың күннен-күнге

арта түсуі.

Қоғамның дамуы адам іс-әрекетінің ажырамас бөлігі болып келе жатқан

компьютер әлемімен тығыз байланысты. Компьютер және оның

бағдарламалық қамтамасыз етілуі әрбір тұлғаның өміріне үлкен

мүмкіндіктерін ұсына отырып еркін енуде. Осыған орай негізгі идеясы

мәліметтер қоры тұжырымдамасына негізделген жаңа ақпараттық

технологияның пайда болуына көп назар аударылуда.

Аталған тұжырымдамаға сәйкес, ақпараттық технологияның негізі

өзгермелі нақты әлемнің бара-бар бейнесін және пайдаланушылардың

ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы мәліметтер қорында

ұйымдастырылуы тиіс мәліметтер болып табылады.

Информатиканы мектеп және жоғары оқу орындары бағдарламаларына

енгізудің нақты белгілері көріне бастаған уақытта, жасанды интеллект

аясындағы жетістіктер нәтижесінде ғалымдар білімді қолдануға негізделген

жүйелерді жасады. Мәліметтер қорын құру, енгізу және қолдануды

қамтамасыз ететін жүйені білім қорын басқару жүйесі (соңғы кезде БҚБЖ)

немесе білімнің нақты қолданбалы қоры бар қолданбалы жүйесі деп аталатын

құрал жүйесі ретінде қарастыруға болатын еді.

Тек қана 90-жылдардың басында танымал ғалым-педагогтар жалпы және

кәсіби білім берудің негізгі курсына жасанды интеллект элементтерін енгізу

туралы мәселені қарастырды. МҚ жүйесін «интеллектуализациялау»

тенденциясы пайда болды. Бұл бір жағынан МҚ технологиясы мен мәліметтер А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Шекербекова Ш.Т. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау барысында құзырлылық...

Page 60: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

60

қоры жүйесі (МҚЖ) және екінші жағынан білім қоры жүйесінің (БҚЖ)

технологиясы тығыз өзара байланысы арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар,

дәстүрлі МҚБЖ БҚЖ-дағы мәліметтерді басқару құралдарының қажетті

құрамды бөлігі болып табылады.

Әртүрлі бағдарламалау түрлерін талдау мәліметтер қоры бағдарламалау

аппаратының ажырамас бөлігі екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік

береді [1].

Сонымен бірге, қарапайым процедуралық ортадан бастап және объектілі-

бағытталған ортаға дейін, бағдарламалаудың әртүрлі жүйесімен жұмыс, МҚ

және ақпараттық жүйе (АЖ) туралы білімнің бірізді жинақталуын көрсетеді.

Әрбір адамның өміріне терең енген қазіргі компьютерлік техника; қазіргі

қоғам талабына сай адам ойының дамуы; жаңа ақпараттық технологияны

енгізу және әртүрлі жоғары деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыз ету –

осының барлығы, қазіргі таңда мәліметтер қорына, сондай-ақ осы ұғымға

информатика курсының барлық мәселелері негізделетіндіктен ерекше назар

аудару қажеттілігінің себебі бола алады.

Соның ішінде ақпаратты-коммуникациялық технологияның әрі қарай

дамуына сәйкес, реляциялық мәліметтер қорына ерекше назар аударылады.

Ақпараттық технологиялар төңірегінде әртүрлі реляциялық мәліметтер

қорына сұраныстың күшеюі қазіргі информатика курсының мазмұны

құрылатын мәліметтер қоры тұжырымдамасын береді [Relational DBMS,

1994].

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сонымен қатар бағдарламалау

парадигмаларын талдаудан келесідей тұжырым жасауға болады: «МҚБЖ

оқыту жалпы, сонымен қатар кәсіби білім беруде информатиканың жалпы

білім беретін компоненті ретінде қарастырылуы тиіс» деп көрсетілген [2].

Қазіргі таңда МҚ және МҚБЖ пайдаланушыларын дайындау мәселесіне

де назар аударылуда. Осыған байланысты мәліметтер қорының теориясына

деген қызығушылық, оқу орындарында мәліметтер қорларын

жүйелендірілген, жан-жақты үйрену, мектептер мен жоғары оқу орындары

үшін болашақ информатика мұғалімдерін, оқытушыларды дайындаудың

қажеттілігі артады.

Информатика саласында бұл бағытта орындалған В.Э.Фрейман,

Н.И.Исупова, Т.Е.Щепакина (орта білім беру буынында) және С.В.Лаптева,

Н.В.Сазонова, О.В.Карташева, Г.В.Мартыновтың (кәсіби білім беру аясында)

диссертациялық жұмыстарын атауға болады.

Аталған курсты оқытуға үлкен үлесін қосқан К.Дейт, Дж.Хаббард,

С.М.Диго, Дж.Мартин, Р.Крамм, М.Нагао, Т.Катаяма, С.Уэмур, Т.Тиори,

Дж.Фрай және т.б. тәрізді шетел ғалымдарын атауға болады.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Шекербекова Ш.Т. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау барысында құзырлылық...

Page 61: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

61

Информатика мұғалімін кешенді және үздіксіз дайындау құрылымына

түзетулерді енгізудің қажеттігінен басқа, компьютерлік пәндердің

әдіснамалық және қолданбалы сипатын күшейту қажет болады. Ақпаратты

алу, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және қолдануды бейнелейтін ғылым

ретінде информатиканың мәліметтер қоры негіздеріне ерекше назар

аударылады, сондай-ақ ол информатиканың пәндік аясының ақпараттық

моделі болып табылады. Мәліметтер қоры туралы оқытудың іргелі пәні

ретінде айта отырып, аталған тарауды оқыту мәліметтер қорын басқару

жүйесін жобалау, құру және пайдалану болып табылады. Сондықтан

мәліметтер қорын оқытуда басты акцент МҚ құру мен пайдалануға және

АҚ жобалау үдерісіне қойылуы қажет.

Сондықтан дайындаған оқыту әдістемесінде болашақ информатика

мұғалімдерін МҚ құру және пайдалану негіздерін оқытуға ерекше назар

аударылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесідей тұжырымдар жасауға

болады:

- МҚ тұжырымдамасы ақпараттық технологияның басты іргетасы болып

табылады. Оқушыларды және студенттерді мәліметтер қорын құру және

пайдалану негіздеріміен таныстыру ақпараттық ғылымда жаңа бағытты

меңгерудің қажетті шарты болып есептеледі;

- мәліметтер қорын құру және пайдалану үдерісі әр түрлі бағдарламалау

жүйелерінде жасалатын ақпараттық жүйені құру мен тиімді жұмыс жасаудың

негізін қалаушы ретінде қызығушылық туғызады;

- МҚ теориясымен байланысты бірқатар ұғымдар информатиканың

басқа мәселелерін меңгерудің негізі болып табылады және бұрыннан бар

білім, білік және дағдыны жүйелеуге көмектеседі. Мәліметтер қоры екі

аспект ретінде қарастырыла отырып, ғылыми және оқу пәні ретінде

информатиканың ұғымдық бөлімін сипаттайды.

Ақпараттық қоғам құру, онымен байланысты ақпараттық-

коммуникациялық технологиялардың біздің өмірімізге етене енуі, білім беру

жүйесін ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етіп, ақпараттық қоғам

талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу, яғни өз қызметінде ғылыми-

техниканың соңғы жетістіктерін оңтайлы пайдалана білетін кәсіби құзырлы

педагог маман дайындауды қажет етеді.

“Құзыр”, “құзырлылық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта

тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері

берілді. Мысалы, “Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде” (М., 1952)

“құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта

жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау

статусы бар” деп анықтама берілген.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Шекербекова Ш.Т. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау барысында құзырлылық...

Page 62: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

62

Әдебиеттерді талдау көрсетіп отырғандай, құзырлылыққа бағытталған

білім беру (құзырлықтарға негізделген білім беру: competence-based education

- CBE) шартты түрде СВЕ-тәсілдің білім беруде қалыптасуына мүмкіндік

болады.

Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім

мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан

туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Білім

берудегі құзырлылық тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай

білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа

жауап береді. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның

сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды

болады. Осы зерттеу жұмысының шеңберінде құзырлылық тұрғысы нақты

пәнді – мәліметтер қорын оқыту үшін негіз ретінде алынды.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесі барған сайын «адамның еркін

дамуына», білім алушылардың бастамасы мен өз бетімен әрекет ету

қабілетіне, келешек мамандардың бәсекеге қабілеттілігі мен ұтқырлығына

бағыттала бастауда. Қазіргі кезде отандық білім беруді әлемдік, халықаралық

білім беру жүйесіне кіріктіру мәселесі кеңінен талқыланып жүр. Осы

талқылаулардың нақты нәтижесі ретінде аталған мәселе бойынша бірқатар

ғылыми зерттеулердің жүргізілуі жатады. Жүргізіліп жатқан осы өзгертулер

жоғары педагогикалық білім берудің жаңа мақсатының туындауына әкеледі.

Бұл мақсат жетістігі болашақ мұғалімдерді-студенттерді сапалы дайындаудан

тұрады, сонымен бірге олардың кәсіби құзырлылықтарының деңгейі кәсіптік

педагогикалық қызметінде пайда болған нақты жағдайлардағы типтік кәсіптік

міндеттерді және кәсіптік мәселелерді шешу мүмкіндігін беруі қажет.

Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді сапалы кәсіби дайындау

үрдісін қамтамасыз ететін педагогикалық инновация іздеу мәселесі

туындайды. Бұл мәселені шешудің келешегі барларының бірі болашақ

мұғалімдерді, оның ішінде информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау

үрдісінде құзырлылық тәсіл идеясын қолдану болып табылады. Жоғары

педагогикалық оқу орындарына арналған құзырлылық тәсілдің әлеуметтік

маңыздылығы, Қазақстанның қазіргі педагогикалық қоғамының мектеп

мұғалімдерін дайындау бойынша әдістемелік және педагогикалық шетел

тәжірибелеріне ашықтығы және мәліметтер қоры негіздерін құзырлылық

тәсіл негізінде оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру мәселесінің

жеткіліксіздігі зерттеудің дер кезінде айтылғандығын білдіреді.

Бұл зерттеу жұмысының нақты міндеті информатика мұғалімдерінің

кәсіби құзырлығының қалыптасуына және дамуына ықпал жасайтын болашақ

информатика мұғалімдеріне мәліметтер қоры негіздерін құзырлылық тәсіл

негізінде оқытудың әдістемесін жасау болып табылады. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Шекербекова Ш.Т. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау барысында құзырлылық...

Page 63: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

63

Орта мектеп мұғалімдерін, оның ішінде информатика мұғалімдерін кәсіби

дайындау барысында құзырлылық тәсілді қолдану мүмкіндіктері жалпы

әдіснамалық деңгейде тұжырымдалған мәселелер жеткілікті түрде

қарастырылмаған және педагогикалық жоғары оқу орындарында нақты оқу пәнін

оқытуды жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық

зерттеулерде әлі де жете зерттелмеген мәселе болып отыр.

Қазіргі уақытқа дейін болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби

құзырлығын қалыптастыру және жетілдіру құралы ретінде, мәліметтер қоры

негіздерінің өсуінің потенциалын тиімді пайдалану қажеттігі мен

мүмкіндіктерінің теориялық негіздері қарастырылмаған.

Педагогикалық жоғары оқу орнында мәліметтер қорына оқыту әдістемесі

көп жағдайда дәстүрлі түрде қалып отыр, өйткені білім беру үдерісі

тәжірибесінде құзырлылық тәсіл механизмдері, педагогикалық кадрларды

дайындауды жаңғырту тәсілі ретінде жүзеге асырылмайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандартына сәйкес 050111-Информатика мамандығы бойынша мамандарды

дайындауда кәсіби құзырлылықтарына қойылатын талаптар көрсетілген.

Болашақ маманнан ақпараттар ағынына бағдар жасау біліктіліктерін, ақпараттық

технологияларды меңгеруін, өз бетімен оқып-үйренуін, ақпараттық барлық

түрімен жұмыс істеуін; қажетті ақпараттарды өз бетімен іздеу, талдау және

таңдау; оны ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және тасымалдау біліктілігін талап

етеді. Болашақ маманның бойында кәсіби құзырлылықты қалыптастыру,

мәліметтер қоры негіздерін, мәліметтер қорынан ақпаратты сақтау мен сұрыптау

және іздеу бойынша білім алушылардың білімдерін нақты өмірде пайдалана білу

біліктілігі қазіргі замандық білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі болып

табылады [2].

Қазіргі заманғы информатика пәні мұғалімін құзырлылық тұрғысында

дайындаудың қажеттігі уақыт талабымен ғана емес, сондай-ақ «Информатика»

пәнінің өзінің инновациялық сипаттарынан туындап отыр. Сонымен бірге,

информатиканың мазмұнының динамикалық дамуымен, пәнаралық

байланыстарымен, жаңашылдылығымен, потенциалының дамуымен байланысты

болады. Осы зерттеу жұмысы болашақ информатика пәнінің мұғалімін

құзырлылық тұрғысы логикасында дайындау мәселелеріне арналды. Нақты

зерттеу жұмысы үшін мәліметтер қоры негіздерін оқыту таңдалып алынды, ол

мұғалімді дидактика тұрғысынан болсын, оқыту әдістемесі тұрғысынан болсын

дайындауда маңызды болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Шведский М.В. Методическая система фундаментальной подготовки будущих учителей информатики в педагогическом вузе в условиях двухступенчатого образования.: дисс. ... докт.

пед. наук. -Спб., 1994. –С.446.

2. Фрейман В.Э. Методика обучения школьников использованию баз данных при изучении основ информатики. Дисс. кандидата педагогических наук. -М., 1990. –С.190.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Т.Ә.ДАНИЯРОВ

Page 64: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

64

педагогика ғылымдарының кандидаты

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МӘСЕЛЕСІ В данной статье рассматривается проблема здорового образа жизни с педагогической точки

зрения.

The article deals with the problem of healthy way of life from the pedagogical point of view.

Салауатты өмір салты проблемасы бүгінгі таңдағы ерекше бір көңіл

бөлуді қажет ететін мәселе болып келеді. Ертеректе жарық көрген

материалдар мен ғылыми-әдістемелік жарияланымдар мәселесінің негізгі

аспектілерін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. «Салауатты өмір салты»

категориясының анықтамасы ең көп зерттелгенімен, оның маңыздылығының

сипаты, салауатты өмір салтын қалыптастыру факторлары, тұлғада салауатты

өмір сүру дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздерін үйрену, сол

бұрыңғы күйінде қалып отыр.

Кейбір оқымыстылар өмір салтын диалектикалық тұрғыдан жалпы,

ерекше және жеке деп қарастырады. Олар кез-келген өмір салты жағдайлары

жиынтығымен анықталады, себебі оның зерттелуі жеке дара тұлғалардың

объективті жағдайларын жан-жақты есептеу мен талдаусыз мүмкін емес деп

санайды. Сонымен қатар ол кез-келген өмір салтының мәнін анықтайтын

жағдайлар мен факторларды белгілей отырып, олардың адам өмір

салтындағы арнайы кесіндісі мен көрінісі мүмкіндігін барынша толығырақ

көрсете алуы қажет деп біледі, нақты-жалпы байланысты жалпы объективті

жағдайлардан айыра білу керек деп санайды. Денсаулықты өзара

байланысқан, өзара шарттасқан аспектілер бөліктерінен: физикалық,

әлеуметтік, жеке тұлғалық, эмоционалдық, интеллектуалдық, рухани және

түйіндік аспектілерден құралатын «біркелкі бүтіндік» ретінде түсіну керек.

Бүгінгі күні денсаулықтың өмір салтына қатысты екендігі ешқандай

күмән келтірмейді. Н.М.Амосов «Преодоление старости» кітабында барлық

елдегі кең тараған ауруларды талдай келе былай деп жазады: «Менің

ойымша, аурулардың ең басты себебі – өмір салтының дұрыс болмауы: дұрыс

тамақтанбауы, шынығудың болмауы, физикалық жаттықпаушылық,

психикалық жүктемелер, күйзелісті дене шынықтырумен алмастырмау, т.б.

Мұндай мінез-құлықтық факторлар аясындағы барлық сыртқы зияндылықтар

денсаулыққа кері әсер етеді, осылардың салдарынан адамдарда аурулар

асқынады да өлімге апарып соғады» [1].

Заманауи медицина тұжырымдамасын талдауда ескерілетін критерийлер

мен факторлар арасындағы жетекші ереже ретінде медицина адамның өмір

салтын қарастырады. Денсаулықтың өмір салтына қатысты екендігі

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының сессиясында қабылданған

формулада былай деп көрсетіледі: адам денсаулығы қоршаған ортадан 20%,

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә. Педагогикалық тұрғыдағы салауатты өмір салты мәселесі

Page 65: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

65

тұқым қуалаудан 20%, денсаулық сақтау деңгейінен 10%, өмір салтынан 50%

қатысты /тәуелді/ болады [2].

Ю.П.Лисицын өмір салтын «белгілі бір тарихи шарттасқан тип және

адамдардың материалдық және материалдық емес өмір салаларындағы

қызметтің белгілі бір тәсілі ретінде қарастырады» [2].

А.М.Изуткин мен Г.И.Царегородцев өмір салтының құрылымын

төмендегі компоненттер түрінде көрсетеді: 1) табиғаттың, қоғамның және

адамның өзінің өзгеруіне бағытталған түрлендіруші немесе өзгертуші

қызмет; 2) материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандырушы

тәсілдер; 3) адамдардың қоғамдық-саяси қызметке және қоғамды басқаруға

қатысу түрлері; 4) теориялық, эмпирикалық және құнды-бағдарлы білім

деңгейіндегі танымдық қызмет; 5) адамдар арасындағы қарым-қатынас пен

оның жүйелеріндегі коммуникативтік қызмет; 6) адамның физикалық және

рухани дамуына бағытталған медициналық-педагогикалық қызмет [3,4].

Денсаулықты сақтауға бейімделген адамның өмір салты барлық уақытта

құрылымдық қызметке, өзін-өзі тәрбиелей білуге арналады; танымдық

қызметте өзін-өзі, өз денсаулығын зерттеуге және оны сақтау мен

нығайтудың тәуекелдік факторларын есепке алып отыруға арналады;

коммуникативтік қызметте қарым-қатынас эмоционалдық-психикалық

денсаулыққа байланысты; медициналық қызметте салауатты өмір салтын

ұстанушы адам қандай да бір дәрежеде өзі-өзіне дәрігерлік көмек көрсете

алады және өздігінен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлға ретінде

өзін жетілдіреді; сауықтырудың түрлерін, тәсілдерін, әдістерін іздейді. Өмір

салтын зерттеушілер бұған негізгі төрт категорияны қосады: экономикалық –

«өмір деңгейі»; әлеуметтік – «өмір сапасы»; әлеуметтік- психологиялық –

«өмір стилі»; әлеуметтік-экономикалық – «өмір қалауы».

«Өмір деңгейі» категориясы немесе қолайлы жағдай деңгейі өмір

шартының жан-жақты өлшенетін санымен сипатталады. Бұған тұтыну қоры

мен кіріс өлшемі, тұрғын үймен, медициналық жәрдеммен, біліммен,

жұмыстық және бос уақыт жалғасымен, т.б. қамтамасыз етілу жатады.

Бүгінгі күні денсаулық медицинаға тұрақты бағдарланған өмір деңгейіне

тәуелді болып отыр, ал медицинада ақылы қызмет саны жылдан жылға артып

келеді. «Өмір сапасы» категориясы аясында тұрмыстық жағдайдың, дұрыс

тамақтанудың, жұмыс жасау мен қарым-қатынасқа қанағаттанудың сапалық

бағасы түсіндіріледі. Әлеуметтанушылар өмірдің жекелеген тұстарын сапалы

өлшеумен қатар, өмір деңгейінің, өмір қалауының, бірнеше ұрпақтан тұратын

отбасылар стилінің көрсеткіштерін қолданады.

«Өмір қалауы» категориясы аясында адамдардың өмір, тұрмыс, әдет-

ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет тәртібі түсіндіріледі. Едәуір дәрежеде ауылдық

және қалалық өмір талабының және бірнеше ұрпақтан тұратын отбасылар

мен ата-аналардан және балалардан құралатын заманауи отбасылардың А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә. Педагогикалық тұрғыдағы салауатты өмір салты мәселесі

Page 66: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

66

өмірінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Бұл категория тұрақты және

тарихи шарттасқан, мұнда қоғамдық, ұлттық және ішкі отбасылық дұрыс

жағдайлардың белгілері болады. Бүгінгі күні экологтарды, валеологтарды,

педагогтарды отбасылық дұрыс жағдайда өмір сүріп отырған олардың

табиғаттан алшақтауы толғандырады: егер адам бұрындары табиғаттың

тұтынушысы болса, бүгінгі таңда адамдар ойланбастан тек тұтынуды ғана

біледі; егер бұрын бірнеше ұрпақтан тұратын отбасылар ортақ еңбекпен

және қамқорлық жасаумен, соның ішінде денсаулыққа қамқорлық

жасаумен, байланысты болса қазір отбасындағы дұрыс жағдай өте ұзақ

қалыптасады, ал тұтынушылық келіс /подход/ пен денсаулық тәрбиесі

дәрігерлер мен мұғалімдерге тиесілі. Сондықтан, И.И.Брехманның

пікірінше, денсаулық өмір қалауы мен стиліне қатысты болады [5].

Өмір стилі белсенділіктің бір көрінісі болып табылатын жекелеген

мінез-құлық ерекшеліктеріне негізделеді. «Өмір стилі – бұл жеке

тұлғалықтың мәнді бір белгісі, оның өзінділік белгісінің көрінуі, өзін жеке

тұлға ретінде қалыптастыру қабілеті» – деп анықтайды В.В.Колбанов [6].

Салауатты өмір салты мәнін зерттеуде айтыс-тартысты мәселелер де

кездеседі. Негізінен олар адамдардың қызметін анықтайтын жағдайларға

қатысты. Алайда көптеген ғалымдардың пікірінше, салауатты өмір

салтына жаппай өту жағдайы бұлыңғырлық танытып отыр, яғни, өз

бетінше өмір салтын ұстауға өту тиісті дәрежеде бағаланбай отыр.

Мұндай бағаланбау жеке тұлғаны тәрбиелеуде келеңсіздікке

ұшыратуы мүмкін. Бұқаралық санада адамды қажетті материалдармен,

рухани байлықпен қамтамасыз ету адамгершілікті жетілдіруге жетелейді

деген пікір сақталған. Бүгінгі күні авторлардың перспектикалық деп

саналатын пікірлері – бұл субъектінің өмір салты мен оның ой-пікірі

болып табылады. Ю.А.Савин өмір салтын субьектінің қызметі мен ой-

пікірінің объективті бірігіп істелген қызметінің белгілі бір түрлерін

белгілеудің ғылыми категориясы деп анықтайды. Мұндай шектеуде

субъектінің өз өмір салтына қатысты белгілі бір өзінділігі мен қабілеті

көрсетіледі. Субъектінің өмір салтына қатысты ерекше ой-пікірлерін жеке

тұлғалық деңгейде жүзеге асыру – адамгершілікке тәрбиелеудің қажетті

шарты болып саналады. «Өмір салты» түсінігінің аналогиясы бойынша

Ю.А.Савин «ой-пікірлер бейнесін» іс-әрекеттегі дүниетаным, яғни, сана

қызметінің тұрақты тәсілі деп тұжырымдайды. Осылайша, ой-пікірлер

бейнесі өмір салтының өзіндік шарты болып саналады. Бір жағынан, ол

өмір салтына қатысты болса, екінші жағынан оның дамуына ерекше әсер

етеді.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Данияров Т.Ә. Педагогикалық тұрғыдағы салауатты өмір салты мәселесі

Page 67: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

67

Өмір қызметінің тәсілдері мен денсаулықтың объективті өзара

байланысы «салауатты өмір салты» түсінігі арқылы жүзеге асырылады.

Егер жеке тұлғалық және қоғамдық белсенділіктің әртүрлі түрлері мен

олардың пайда болуы өмір салтының кешенді түсінігін құраса, «салауатты

өмір салты» түсінігі өмірдегі жағдайды – еңбекті, демалысты, тұрмысты

сауықтыру қызметтерін жеке тұлғаның толық орындап шығуын білдіреді.

Салауатты өмір салты, бір жағынан – бұл өмір салтының бір түрі болса,

екінші жағынан – өмір салтының басқа да түрлерін жүзеге асыруға,

дамытуға ықпал ететін жағдай.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Амасов Н.М. Преодоление старости. –3-е издание. Кемерово, Кн.изд-во, 1981. С.174.

2. Лицисин Ю.П. Комплексные социально-гигиенические исследования, концепция формирования

здорового образа жизни //Сб. научных трудов. М., 1991. С.8. 3. Изуткин Д.А. Здоровый образ жизни как основа профилактики: автореф.дис.на

соиск.уч.степ.канд.мед.наук. МГМИ. -М., 1982. С.18.

4. Царегородцев Г.И. Общество и здоровье человека. -М., Медицина, 1973. 5. Брехман И.И. Философско-методологические аспекты проблемы здоровья человека // Вопросы

философии. -1982. -Ж.2. С.50.

6. Колбанов В.В. Валоелогия: основные понятия, термины и определения. //– СПб.: ДЕАН, 1998. С.232.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Б.Б.ЖОЛДАСОВА

Page 68: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

68

педагогика ғылымдарының кандидаты,

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы

БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАРДЫ

СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРГЕ БАУЛУҒА КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ

ӘДІСТЕРІ

В данной статье рассматривается методика профессиональной подготовки будущих

учителей технологии при обучении школьников декоративно-прикладному искусству.

The author of the article presents methods of professional training of future teachers of Technology

in teaching decorative-applied arts to pupils.

Болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім

алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі

қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Ал, жоғары білімді педагог

маман ғана қоғам мен экономиканың әлеуметтік және мәдени өркендеуіне

үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алады. Осы себепті Қазақстан

Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үдерісі мамандар

даярлау сапасын арттыру қарқыны ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен

ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары

зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз

байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып

табылады» - деп атап көрсетілген [1].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «жеке адамның

шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік

пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты

дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» міндеті қойылған [2].

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша жоғары оқу орындарының

ғылыми-әдістемелік жүйесін төмендегі құжаттар құрайды: жалпыға бірдей

мемлекеттік жоғары білім беру стандарттары; типтік оқу жоспары; типтік оқу

бағдарламалары; элективтік курс бағдарламалары; жұмыс оқу

бағдарламалары; студенттің жеке оқу бағдарламасы; пәннің оқу-әдістемелік

кешені; оқулық; оқу құралдары; оқу-әдістемелік құралдар; электронды

оқулықтар; оқу үдерісінде қолданылатын инновациялық технологиялар;

интернет жүйесі және т.б.

Кредиттік оқыту жүйесінің енгізілуіне байланысты нормативтік

құжаттарға сәйкес Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университетінің кәсіптік оқыту технологиясы кафедрасында пәндер бойынша

студенттерге арналған оқу бағдарламалары (силлабустар), оқу-әдістемелік

кешендер жасақталды, мамандық бойынша жұмыс оқу бағларламасын

жасаудың тиімді жолдары қарастырылды, таңдау компоненттері пәндері

мазмұны жүйелілік тұрғысында негізделді, студенттердің жеке оқу А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге...

Page 69: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

69

жоспарларын құрастыру туралы, студенттердің оқытушы басшылығымен

жүргізілетін өзіндік жұмыстары жайлы әдістемелік нұсқаулар, мамандық

бойынша элективтік пәндер каталогы түзілді.

Оқу-әдістемелік кешендерде (ОӘК) лекцияның теориялық негізі, сол

тақырыпқа байланысты студенттердің оқытушымен бірігіп атқаратын

жұмысы және өздігінен орындайтын жұмыс түрлері мен әрекеттері толық

көрсетілді және студенттерге лекциялар оқудың әдістемелік жақтарын

жетілдіре түсуге, студенттердің сабақ барысындағы белсенді іс-әрекеттерін

күшейтуге назар аударылды. ОӘК әр студенттің қолында болғандықтан, олар

алдын-ала лекцияның мазмұнымен толық танысып келуге мүмкіндік алады.

Бұл оқытушыға тақырыптың мазмұнына байланысты сабақ барысында түрлі

проблемалық жағдаяттар туғызуына, студенттерді белсенділікке тартуына,

лекцияның мазмұнына қарай студенттердің өздеріне қорытынды жасатуына

жағдай жасайды.

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысын

кеңес, пікір алмасу түрінде өткізудің тиімділігі байқалуда. Бірінші нұсқасы

«сұрақ-жауап» түрінде. Дәріс беруші бөлінген уақыт ішінде өтілген тарау

бойынша студенттердің сұрақтарына жауап береді. Екінші нұсқа «сұрақ-

жауап-дискуссия» түрінде үш жақты ақпарат арқылы – дәріс беруші жаңа оқу

ақпаратымен таныстырады, сұрақ қойылады және сұрақтарға жауап іздеу

бағытында дискуссия ұйымдастырылады.

Семинар сабақтары студенттердің бірігіп жұмыс істеу, өзінің көзқарасын

дәлелдеу біліктілігін қалыптастыратын жұмыс түрі болып табылады. Осы

семинар сабақтарында студенттер алған білімдерін шығармашылықпен

пайдалану мүмкіндіктеріне ие болады. Дәстүрлі өткізілуден басқа қазіргі

кезде семинар сабақтарының әртүрлі-дөңгелек үстел, іскерлік ойындар, пікір

алмасу сияқты формалары қолданылуда. Семинардың маңызды кезеңі

студенттерді бағалау болып табылады. Бағалаудың рейтингілік жүйе арқылы

балл жинау, жауабына қарай бағалау және басқа түрлі формалары

қолданылды. Бұлардан басқа ағымдық бақылау студенттің үлгерімін әр сабақ

сайын бағалауға мүмкіндік береді. Семинарда дәстүрлі жан-жақты және

жекелеп бағалаумен бірге экспресс-жауаптар, тақырыптық тестілер, өзара

бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау сияқты бағалау түрлері жөнінде мәселелер

талқыланды.

Семинар сабағының негізгі түйіні – ақпарат ақырғы нәтиже емес,

бастапқы бағыттаушы нүкте болып табылады. Бұл студенттердің сәндік

қолданбалы өнер бойынша шығармашылық деңгейін кеңейтуге мүмкіндік

береді. Осының барлығы оқу-әдістемелік кешенде алдын-ала көрсетіледі,

себебі студенттер дайындық барысында өздерінің білімінің шамасын алдын-

ала болжауы керек .

Сапалы білім беруде студенттердің өзіндік жұмысын дұрыс жолға А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге...

Page 70: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

70

қоюдың мәні күн санап өсуде. Себебі, кредиттік жүйе жағдайында білім

берудің негізі студенттердің өзіндік жұмысының деңгейімен тікелей

байланысты. Бұрын семинар, практикалық сабақтар арқылы студенттер

өзіндік жұмысқа тартылатын болса, енді бүкіл оқу жүктемесінің үштен бірі

өзіндік жұмыс арқылы жүзеге асатындықтан, ең негізгі көңіл студенттердің

өзіндік жұмысының ғылыми-практикалық тұстарын көтеруге бағытталуда.

Ол үшін алдымен өзіндік жұмыс түрлері оқу-әдістемелік кешенде талданып

көрсетілсе, енді оны ұйымдастыру жолдары да оқытушылардың көмегімен

түрлендіріліп отырады.

Болашақ технология пәні мұғалімдерін кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби дайындау мақсатында жалпы білім беру

теориясының, оның ішінде жекелеген пәндердің білім мазмұнын іріктеу мен

қалыптастырудың теориялық жақтарын жетілдіру жолында жоғары оқу

орындары профессор-оқытушылары мен орта мектептердің тығыз

байланысын орнатып, көптеген ғылыми және практикалық бағыттағы істер

жүзеге асырылды.

Осындай келелі мәселелерді талқылау мақсатында «Қазақ халқының

сәндік-қолданбалы өнеріне үйретудің инновациялық технологиясы»

тақырыбы бойынша семинар жүргізілді (8 сағат, оның 4 сағаты лекция, 4

сағаты практикалық сабақтар). Мақсаты – болашақ мұғалімдерді

оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің жасалу технологиясымен,

таныстыру және оларды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалануға үйрету.

Семинардың бір секциясы болашақ технология пәні мұғалімдерінің кәсіби

даярлығын қалыптастыруға арналды. Семинардағылар осы заманғы

білімділік деңгейімен айқындалатын, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті

мамандар даярлаудың көкейкесті мәселелері, мектепке дейінгі кезеңде және

бастауыш мектепте білім мен тәрбие берудің ұлттық мазмұндылығын

арттыру жолдары, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне үйретудің

инновациялық технологиясы мен 12 жылдық оқыту жүйесінде бастауыш

мектепте білім беруді модернизациялау, пәндерді оқыту әдістемесі және жаңа

технологияны қолдану, бейіндік оқытуда салауатты тұлғаны

қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері бағытында, осы

аталған мәселелерді өте белсенділікпен, қызу талқылады. Әсіресе, 12 жылдық

білім жүйесіне көшудің мәселелері, оған мұғалімдерді даярлау, мектептің

материалдық–техникалық базасын нығайту, оқулықтар мен оқу-әдістемелік

кешендердің сапасын арттыру, балама оқулықтар жазу жағына баса назар

аударылды [3].

Студенттерді оқушылардың сәндік-қолданбалы өнерге баулу іс-әрекетін

ұйымдастыра алатын, шығармашылықпен жұмыс істеуге бейім, өзінің де

өзгенің де қызметін сыни тұрғыдан бағалай алатын, белгілі бір өзіндік пікірі

бар, кәсіби міндеттерін шешуде жаңаша жол табуға дағдыланған болашақ А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге...

Page 71: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

71

маман ретінде қалыптастырудың жолдары ғалымдар тарапынан ғылыми

бағытта баяндалса, технология пәні мұғалімдері олардың практикалық

жағына назар аударылды.

Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа жоғарғы мектеп құруда

мектептің даму үдерісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде

педагогикалық инновация дамып келеді. Бұл бағыт жаңа сипатты жоғары оқу

орындарында қандай дәрежеде деген сұрақ өзекті мәселе болып отыр. Біздің

көзқарасымыз бойынша, мәселе түйіні мынада: жаңашыл білім беру

саласының өз ерекшелігі бар жеке тұлғаның тұтас дамуын жан-жақты

қалыптастыру, нарықтық экономикалық жағдайға бейімдеу. Ш.Т.Таубаева,

Т.И.Шамова, З.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация» дегеніміз – жаңа

мазмұнды ұйымдастыру, қалыптастыру, ал жаңаша деп жаңалық мазмұны,

оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз

делінген [4]. Осы мәселеге қатысты педагогикалық әдебиеттерді талдай келе,

біз болашақ технология пәні мұғалімдеріне оқушыларды қолөнерге баулуда

сәндік-қолданбалы өнер арқылы бұйым эскиздерін әзірлеуге үйретуде

инновациялық технологияны қолдануды мақсатқа алып отырмыз.

Инновацияның негізі – жеке тұлғаның біртұтас дамуы және жаңалықты

іздеу, тарату, енгізу және іс жүзінде қолдану үрдісі, яғни «инновация» –

білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу-тәрбие жұмыстарының

түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, оқу

орындары моделін басқаруда көрініс табатындығын көрсетеді. Енді осы

инновацияның модификациялық, комбинаторлық, радикалдық түрлерін

болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы

өнерге баулуға кәсіби даярлығын қалыптастыру барысында (қолөнер арқылы

тұрмыста қолданылатын бұйымдар әзірлеу және оларды сәндеп, әшекейлеу)

қарастырып көрейік.

Модификациялық инновация дегеніміз – бұл қолда бар дүниені

жаңғыртып, қайта өңдеумен, түрін өзгертумен шұғылдану. Бұл ретте,

болашақ мұғалім алдымен сабақтың мақсатын белгілеп алады. Сол мақсатқа

жету үшін әр түрлі технологияларды сабақ құрылымына енгізу арқылы

сабақтың түрін өзгертіп, оқушылар білімін қарапайымнан күрделіге қарай

дамытып отырады.

Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы

өнерге баулуға кәсіби даярлау үшін бұйым үлгілерін әзірлеуде оларды тек

қана бұйым сызбасының негізін тұрғызуында ғана емес, сонымен бірге

бұйымдарды үлгілеу және көркемдеу әдістерін қолдануды да үйрету керек.

Бұл жағдай студенттің кәсіби даярлығының ауқымын кеңейте түседі.

Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуда болашақ мұғалімдердің

кәсіби даярлығының қалыптасуында олардың өз қолдарымен жаңа туындылар

жасауының ықпалы зор. Мұнда олардың шығармашылық қабілетін А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге...

Page 72: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

72

дамытып, өнертапқыштыққа, яғни жаңа туындыны ойлап табуға деген

ынтасының артуына, бұйымды қолдануында жарасымды, орнықты қолайлы

етіп істеуіне көмектеседі.

Әр студент сабақ барысында жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, өзі

ізденіп, тауып, пікір таластыруы, өзі тапқан жаңалығын дәлелдеуі керек.

Соған сай әлемдегі озық педагогикалық бағыттағы ой-пікірлерді дамыта

отырып, білім беру идеясын басшылыққа алу міндеті көзделеді.

Комбинаторлық инновацияда зерттелген жаңа құрылымдық байланыста

белгілі әдістеме элементтерін әр студент еңбегімен ұштастыру арқылы

тәжірибеден өткізеді. Мұндай құрылымдық сабақтарды ұйымдастыруда

топтық тәсілдерді қолдану, мысалы, ақылдасып кеңесе отырып, осы тақырып

бойынша өтетін сабаққа біріктіру арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндағы

кіріспе сабақты жан-жақты дайындау, қазіргі өмірмен байланыстылығын

пәнаралық байланыс тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыс жасалады.

Кез келген инновациялық үрдіс, яғни «инновация» – білімнің

мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу-тәрбие жұмыстарының

түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, оқу

орындары моделін басқаруда көрініс табатындығын көрсетеді.

Инновацияның негізі – жеке тұлғаның біртұтас дамуы және жаңалықты

іздеу, тарату, енгізу және іс жүзінде қолдану болғандықтан тәжірибеден

өткен инновациялық жоспардың барлығы топтағы студенттердің бірлескен

отырысында жан-жақты талданып, соның негізінде қорытынды жасалады.

Нәтижесінде олардың не нәрсені меңгергендігі, не нәрсені жеткіліксіз

меңгергені және қандай нәрселерді білу қажет екендігі анықталады.

Бүгінгі студент-ертеңгі болашақ маман иелеріне көркем өңдеудің қыры

мен сырын меңгерту және олардың кәсіби шығармашылық іс-әрекеттерін

дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған көркемдік мәдени

бай мұраларын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне

деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру – қазіргі кезеңдегі мектептен бастап

жоғары оқу орындарының білім беру моделінің барлық саласындағы кәсіби

білім берудің негізгі де басты міндеттерінің бірі.

Осындай инновациялық технология талаптарын негізінен толық

қамтыған және студенттердің шығармашылығын дамытатын элективті курс

жоғарғы оқу орнында оқу-тәрбие процесіне енгізіліп, бұйымды үлгілеудің

инновациялық технологиясы бойынша талдау жасап ұсынуға мүмкіндік

берді.

Атап айтсақ, болашақ технология пәні мұғалімдеріне сабақ барысында

студенттерді оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға кәсіби даярлау

мақсатында инновациялық технологияны қолдану мүмкіндіктерін

пайдалануда төмендегі бағыттарды ескерген дұрыс. Олар:

– жаңа мазмұнды көзқарастың пайда болуы; А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге...

Page 73: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

73

– оның белгілі бір мақсатқа сай құрылуы;

– соңғы жаңаны іске асырып тарату;

– жаңалықтың жаңашыл кезеңдерін жаңалықты игеруші ұжымның

даму кезеңдерімен тығыз байланыстылығын қамтамасыз ету [5].

Жаңа технологиялық әдістерді оқу-тәрбие үдерісіне ендіруде қазіргі өмір

талабына сай бағдарламалардың мазмұнына қосымшалар жасауға, элективті

курстар ендіруге педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттердің кәсіби

даярлығын қалыптастыруға болады. Оқытудың нәтижесінің әдістерге

тәуелділігі белгілі. Мұғалім іс-әрекетінің жасампаздығы, тиімділігі, оқу-

тәрбие материалының игерілуі және оқушы-студенттің қоғамдық мәнді

сапаларының қалыптасуы сабақ барысында қолданылатын әдістерді

анықтайды. Сондықтан, әдісті таным жолы дегенге де саяды. Ол – теория,

ілім, оқыту әдістері адамның қоршаған дүниені танудың жалпы

заңдылықтарды түсінуіне тәуелді болады. Яғни, нақтырақ айтқанда,

әдістердің философиялық, әдіснамалық негіздемелері бар және оқыту

барысында оның мағынасы мен үдерістерін дұрыс түсінуден шығады.

Оқу-тәрбие әдістері – студентке білім, тәрбие беру және оның қоғамдық

мәнін қалыптастыру міндеттерінен шығатын оқу материалын теориялық және

тәжірибе жүзінде меңгеру формасы. Оқытып тәрбиелеу әдісі – білім беру,

тәрбиелеу міндеттеріне бағытталған оқытушы мен студенттердің теориялық

және іс-тәжірибелік таным жолы. Оқытушы адамзат тәжірибесінде бекіген

білімдер мен ол білімдерді алатын студент жастар санасын ұштастыратын

дәнекер ретінде көрінеді. Оқытушы адамзат тәжірибесінің нақты жақтарын

игеру үшін студенттің өтетін таным жолын ұсынады.

Оқыту әдістері деп мұғалім мен олар жетекшілік ететін оқушылардың

жұмыс тәсілдері түсініледі, оқыту үдерісінде оқушы білім, іскерлік және

дағдыны игереді, дүниетанымы қалыптасады, танымдық қабілеттері мен

шығармашылық белсенділігі артады. Оқытудың әдістері мен студенттер

тарапынан жүзеге асырылатын оқу әдістері еңбектік іскерліктер мен

дағдыларды қалыптастырудың кепілі болып табылады.

Оқу материалын игерту әдістері мен тәсілдері студентке түсінікті және

қолайлы болуы керек, сонымен бірге олардың қабілетіне, игеру

мүмкіндіктеріне сай келуін ескерген жөн. Осыған орай оқыту-тәрбиелеу

әдістеріне студенттердің танымдық іс-әрекетінің формаларын жекелендіру

және дифференциялдау талаптары қойылады. Себебі, студенттің жалпы

ерекшеліктері білімді зерттеу мен игеру әдістерін, жастардың біліктілігі мен

дағдыларын қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін таңдап алу мен негіздеуге

елеулі ықпал етеді.

Студенттердің білім, іскерлік және дағдысының қалыптасуы, еңбек

үдерісін және оның құраушы бөліктерін орындауға баулу оқытудың әр түрлі А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге...

әдістері мен ұйымдастыру формалары көмегімен жүзеге асырылады.

Page 74: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

74

Сабақтың мазмұнына байланысты оқытудың төмендегі әдістерін

қолдандық. Олар: әңгіме, аралас сабақ, проблемалық сабақ, бағдарламалық

сабақ, эвристикалық, іскерлік ойын, ой қозғау, пікірсайыс, жарыстар мен

конкурстар, нақты ахуалды талдау т.б.

Сонымен, болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мақсатында таңдап

алынған әдіс-тәсілдер сәндік-қолданбалы өнер сабақтарын тиімді

ұйымдастырып оны сапалы жүргізуге көмектесуі тиіс.

Оқушыларға берілетін, нақтырағы оқушылар алатын ақпараттың түрлі

жолдармен жан–жақты берілуі, сондай-ақ баланың қабілеті, дарындылығы,

жеке тұлғалық дамуы қазіргі заманда өте жедел қарқынмен дамып келе

жатқанын ескерсек, болашақ мұғалімнің алдында өте зор міндеттер мен

талаптар тұрғаны белгілі. Ал, бүгінгі біздің студенттеріміз – болашақ

мамандар осыған дайын болуы керек. Білікті мұғалімді жоғары оқу орнында

дайындау оқытушыдан да, студенттен де өте көп күш жұмсауды, қажымас

қайрат пен қажырлы еңбекті талап етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

//Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. - №1.

2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы //Егемен Қазақстан. – 2007. - № 254-256.

3. Жолдасбекова С.А., Жолдасова Б.Б. Жоғары оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту

мұғалімдерін бейімдік оқытуға даярлаудағы өзекті мәселелері //Әуезов оқулары -8 халық. ғыл.-

тәж. конф. матер. -Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

2008. – Б. 130-134.

4. Шамова Т.И., Третяков П.И., Капустин Н.П. Управление процессом формирования систем качеств знаний учащихся. – М.: Прометей, 1990. –С.112.

5. Кругляков Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом: учебное пособие для

студентов высш. пед. учеб. заведений. - М.: Академия, 2002. –С. 480.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

B.B.KENDZHAYEVA Candidate of pedagogical sciences,

Senior teacher of IKTU by H.A.Yassawi

Page 75: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

75

USING OF GAMES IN TEACHING ENGLISH

Бұл мақалада ағылшын тілін оқытуда ойындарды қолдану дәрістің қызықты әрі тартымды

өтуіне негіз болатын басты құрал бола алатындығы жайлы сөз болады.

В данной статье рассматриваются методы использования игр во время обучения английского

языка, которые могут послужить основой интересного и увлекательного урока.

Grammar acquisition is increasingly viewed as crucial to language acquisition.

However, there is much disagreement as to the effectiveness of different approaches

for presenting vocabulary items. Moreover, learning grammar is often perceived as a

tedious and laborious process. I would like to examine some traditional techniques and

compare them with the use of language games for grammar presentation and revision,

in order to determine whether they are successful in presenting and revising grammar

than other methods.

From my teaching experience I have noticed how enthusiastic students are about

practicing language by means of games. I believe that the grammar games are not only

fun but they help students learn without a conscious analysis or understanding of the

learning process while they acquire communicative competence as second language

users.

There are numerous techniques concerned with grammar presentation. However,

there are a few things that have to be remembered irrespective of the way new lexical

items are presented. If teachers want students to remember new grammar rules it needs

to be learnt in the context, practiced and then revised to prevent students from

forgetting. Teachers must take sure of that students have understood the new words,

which will be remembered better if introduced in a “memorable way”. Bearing all this

in mind, teachers have to remember to employ a variety of techniques for new

grammatical presentation and revision.

We suggest the following types of grammar presentation techniques:

1 Visual techniques. These pertain to visual memory, which is considered

especially helpful with the grammar retention. Learners remember better the material

that has been presented by means of the visual aids. The visual techniques lend

themselves well to presenting concrete items of grammar. They help students to

associate the presented material in a meaningful way and incorporate it into their

system of the language units.

2. Verbal explanation. This pertains to the use of illustrative situations connected

with the grammar material studied [1].

The advantages of using games. A lot of experienced textbook and methodology manuals writers have argued that

games are not just time-filling activities but they have a great educational value. We

hold that most grammar games make learners use the language instead of thinking

about learning the correct forms. The grammar games should be treated as central, not

peripherical to the foreign language teaching programme. Games, as Richard Amato А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Kendzhayeva B.B. Using of Games in Teaching English

Page 76: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

76

thinks, are to be fun, but he warns against overlooking their pedagogical value,

particularly in foreign language teaching programmes. There are many advantages of

using games in grammar.

1. Games can lower anxiety, thus making the acquisition of input more likely.

2. Games are highly motivating and entertaining, and they can give shy students

more opportunities to express their opinions and feelings.

3. They also enable learners to acquire new experience within the foreign

language that are not always possible during a typical lesson.

4. Games add diversion to the regular classroom activities, break the ice and

introduce the new ideas.

5. In the easy, relaxed atmosphere which is created by using games the students

remember things faster and better.

6. Grammar games are a good way of practicing the language, for they provide a

model of what learners will use the language for in real life in future.

7. Grammar games encourage, entertain, teach, and promote fluency [2].

If not for any of these reasons they should be used just because they help students

to see beauty in a foreign language and not just problems, and this is the main reason to

use games when studying English grammar.

Choosing appropriate games. There are many factors to consider while discussing games, one of which is

appropriacy. Teachers should be very careful about choosing games if they want to

make them profitable for the learning process. If games are to bring desired results,

they must correspond to either the students’ level, or age, or the materials that are to be

introduced or practiced. Not all of the games are appropriate for all students

irrespective of their age. Different age groups require various topics, materials and

modes of games. For example, children benefit most from games which require

moving around, imitating a model, competing between groups, and the like.

Furthermore, structural games that practice or reinforce a certain grammatical aspects

of language have to relate to students’ ability and prior knowledge. Games become

difficult when the task or the topic is unsuitable or outside the students’ experience.

Another factor influencing the choice of a game is its length and the time

necessary for its completion. Many games have time limits but according to Siek

Piscozub, the teacher can either allocate more or less time depending of the students’

levels, the number of people in a group, or the knowledge of the rules of a game, etc.

[3].

When to use games?

Games are often used as short warm-up activities or when there is some time left

at the end of the lesson. As Mr. Lee observes, a game should not be regarded as

a marginal activity filling in odd moments when the teacher and class have nothing

better to do. Games ought to be at the heart of teaching foreign languages. Some

researchers suggest that games should be used at all stages of the English lesson,

provided that they are suitable and carefully chosen. At different stages of the lesson,

the teachers’ aims connected with a game may vary:

1. Presentation. It presents and provides a good model making its meaning clear. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Kendzhayeva B.B. Using of Games in Teaching English

Page 77: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

77

2. Controlled practice. It elicits a good imitation of the language and appropriate

responses.

3. Communicative practice. It gives to the students a chance to use a foreign

language [4].

Grammar games also lend themselves well to revision exercises helping learners

to recall a grammar material in a pleasant, entertaining way. All authors referred to in

my report agree that even the grammar games resulted only in noise and entertained

students, they are still worth paying attention to and implementing in the classroom

since they motivate learners, promote the communicative competence, and generate the

fluency. However, can they be more successful for presentation and revision than other

techniques? [5].

Nowadays everybody would like to master in English language proficiency. The

knowledge of English is a key to success and progress in life.

Mastering English is not an unattainable goal. Everyone can learn English. Yet,

mere is not enough for mastery of English. In order to attain that, one needs both

motivation and the right method. Game the Global Analytical Method of teaching

English is holistic, whole language, multisensory method that promises

its users success. Success is the one certain way to mastery.

The learning of a language is a multisensory process in which senses and the in

intellect join forces [6]. Knowing a language means understanding having the ability to

express oneself both orally and in writing and of course mastering reading. In order to

know a language one has to simultaneously use his eyes, ears, hand and brain.

There are no instant methods for learning a language.

The learning of language is a long process, which however, lasts only as long as

motivation holds out. Because game promises its users a sense of success from the very

start, motivation holds out throughout the long and tedious process of learning. With

game everyone can learn English.

Who is everyone? Everyone is anybody between the ages of seven to seventy.

One who has never before lerned English and feels like trying. One who had learned

and failed. One who has been diagnosed as dyslexic? One who is learning disabled?

But, above all, one who believes what others believe about him, namely, that he is just

lazy. Everyone can teach game. One does not necessarily have to be a professional

teacher or English in order to teach game. All one needs are a fair knowledge of

English and an open mind. With game you can teach your child, your neighbour, your

friend and whoever else mae be in need; and when you do it – success will be with you.

REFERENCES

1. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М.: Международная педагогическая академия, 1994. С.152.

2. Bloch M. “The course in the English grammar”, M., 1983.

3. Артунов А. и др. Коммуникативная методика иностранного языка. - М., 1992. 4. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М.: Просвещение, 1991.

5. Khaimovich B.S., Rogovskaya B.I. “Theoretical grammar of the English language”. Moscow, 1967.

6. Lexical Categories - Verbs, nouns and adjectives. Baker, Mark. Cambridge University Press. 2005.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Page 78: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

78

Д.КІШІБАЕВА педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғ.Қ.ҚАЙБЫЛДАЕВА А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

В статье рассматривается значение педагогической технологии в образовательном процессе.

The article deals with the significance of pedagogical technology in the educational process.

Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі –

білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан

қазіргі заманғы мектептер оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін білім

беру технологиялары арқылы ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді

өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік

міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.

Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру

кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен

толығып, ақпараттық қабылдау қабілеттері байи түсуде. Білім беру

саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты

сауатты болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының

интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаттық және басқа да

көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі

дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа

оқытуда оқушы оқытушының түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай,

оқытушымен тікелей пікірталасқа көшеді. Педагогикалық жаңалық жаңа

идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс

элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен

тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы ретінде қарастырылады.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде

таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-

әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген

мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен

әдістердің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

Ғылымда кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде

қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын

әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта технологиялар білім

берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика, педагогика,

қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент

теорияларында бағаланады. Алғашқыда көрсетілген анықтамаларда

педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық

технология арасында өзгерістер болмады. “Педагогикалық технология”

термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Кішібаева Д., Қайбылдаева Ғ.Қ. Білім берудегі педагогикалық технологияның маңызы

Page 79: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

79

техникалық құралмен оқытуды түсіндіреді. Бүгін педагогикалық

технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің

жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған

педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы

ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы көріністер былайша

анықталады: өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі

бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды

дайындау мүмкіндіктері бойынша, мақсатқа сай педагогикалық

технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар

іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен, шарттарымен

байланысты.

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне

жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру болып табылады.

Бүгінгі таңда педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары

(дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде

қарастырылады.

Бүгінгі ғылым саласында педагогикалық технология педагогикалық

шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте

жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік

қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология

басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық

ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады.

Сонымен, білім беру технологиясы сабақ беру әдістемесімен

салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері

және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім

маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың

тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл

бұрын Я.А.Коменскийдің пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет.

Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз

болмауы керек. Ғылым саласында технологияға мақсат қою, осы мақсатқа

жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу

маңызды болды. АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында

техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі

технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы

пайдалануға байланысты да болды. 60-шы жылдарда америкалық және батыс

Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу процесінде

межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін

“педагогикалық технология” термині пайда болды.

Білім беруде бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы

мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Кішібаева Д., Қайбылдаева Ғ.Қ. Білім берудегі педагогикалық технологияның маңызы

Page 80: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

80

шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Сонымен, білім беру технологиясы сабақ беру әдістемесімен

салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері

және мазмұнын өндіруді шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды

көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің

қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған

объективті бақылауын қажет етеді. Қазіргі заман жылдам әрі терең

өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің

бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып,

педагогикалық технология жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып

табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып

қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше білім

алуына қажеттілік тудыру.

Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық

даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен

сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты

бөлшегі. Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың

негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың

танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп

белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру

процестері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін

айтуға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования. –Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”, 2001.

С.296.

2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М., 1988. 3. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау

жолдары. -Өскемен, 2004.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Page 81: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

81

Т.Қ.ҚОЙШИЕВА техника ғылымдарының кандидаты, доцент

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Н.М.БАЛТАБАЕВА А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ИНФОРМАТИКАСЫН

ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ

В этой статье рассматривается организация урока в начальных классах посредством

информационных технологий на основе новых педагогических технологий, соответствующих

современным требованиям.

In this article are considered the lesson organization in initial classes by means of information

technology on the basis of new pedagogical technologies corresponding to modern requirements.

Отандық дәстүр мен әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттік

саясаттың білім беру саласы алдына қойған міндеттердің бірі - білім беру ісін

мазмұны мен құрылымы жағынан жаңарту. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге

барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы Қазақстанның шын

мәніндегі бәсекеге қабілеттілігін қамсыздандыру мүмкіндігін беретін маңызды

құралдардың бірі ретінде білім беру саласын реформалау деп танып отыр.

12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол

«жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр,өзін таныта

алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары

білімді шығармашыл,құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды» алдын

ала болжайды (Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру

Тұжырымдамасының жобасы) [1].

Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде

қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда.

Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі.

Елдің елдігін,бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең

өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. ұрпаққа білім беру

отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық

білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы

десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі

нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Қойшиева Т.Қ., Балтабаева Н.М. 12 жылдық мектептің бастауыш сынып информатикасын...

Әлемдік білім кеңістігіне

енуге өзге елдің даму

үрдісіндегі үлгілерді зерделеу, ұлттық сана қалыптастырудың

басым бағыты

Әрбір жеке тіл жаңа білім алудың

өмірлік жолын

еркін таңдау мүмкіндігі туады

Білім мазмұнын жаңарта отырып, оқу үрдісінде өз іс-

әрекетін ұйымдастыра

алатын тәжірибесін үйлестіре алатын тұлға

қалыптасады

Page 82: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

82

Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы

өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап

етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс

қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас

бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін

бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын.

Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12 жылдық білім

қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады [2].

12 жылдық білім берудің ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу

бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің

толығуына, жан-жақты болуына, шынайы әлем жағдайында тәрбиленуіне көп

септігін тигізеді.

Информатика пәні стандарт бойынша бастауыштың әрбір сыныбына

аптасына 1 рет, жыл бойына 34 сағат арналған. Қазірде информатика пәні

бастауыш сыныптан жүретін кейбір мектептерде пән Білім және ғылым министрі

ұсынған «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу әдістемелік кешені бойынша

жүргізіліп келеді. Бұл пән дәстүрлі мәдениетті өркениеттік мәдениетпен

біріктіре, кіріктіре оқытатын жаңа пән. Оқу әдістемелік кешен төрт бөлімді

жұмыс дәптерінен және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдан тұрады.

Дәптердегі тапсырмалар деңгейленіп, үш деңгейге бөлініп құрастырылған.

Бірінші деңгейдегі тапсырмалар мемлекеттік стандарт деңгейінің ең қажетті

міндеттерін қамтыса, келесі екі деңгей оқушылардың осы алған білімін өздігінен

тереңдетіп дамытуға, жүйелеп, қорытынды жасауға арналған [2].

Дегенмен, Қазақстанның болашақ білімді азаматтарын даярлауда бұл

оқулықтармен ғана білім беру жеткіліксіз болады. Сондықтан 12 жылдық білім

беру жүйесіне көшу жағдайы, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны

жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Сонымен қатар білім беру

жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық

құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді әрі білім мен техниканың даму

деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктің болуын,

жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға

қабілетті болуын талап етеді.

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын

адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара

әрекетке түсу арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен

іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Міне осыған байланысты

оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны

бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің

барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.

Әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы

оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар

келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Қойшиева Т.Қ., Балтабаева Н.М. 12 жылдық мектептің бастауыш сынып информатикасын...

Page 83: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

83

Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін

көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың

танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін

қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз

және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін

дамыту.

12 жылдық жалпы білім беру стандартындағы басты міндет – оқушылардың

жеке және тұлғалық ерекшеліктерін жан-жақты дамыту және осы стандартта

баланың игеруге тиісті негізгі құзыреттіліктерінің бірі - ақпараттық құзыреттілік.

Білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық білім беру мекемелері қазірде

электронды оқу басылымдарымен қамтылған.

6 жастағы оқушылардың жеке ерекшеліктерінің ішінде қабылдау ерекше

орынға ие. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей

әсерінің тұтас көрінісі. Қабылдаудың нәтижесінде баланың зейіні, есі, қиялы,

ойы мен эмоциясы қалыптасады. Бала қабылдаған ақпаратты көзбен көріп, естіп,

қимыл-қозғалыс арқылы жүзеге асырғанда ғана ұзақ есте сақтайды. Яғни бала

көзбен қабылдай отырып, өз назарын заттардың пішіні, көлемі, өлшемі, түсі

сияқты қоршаған дүние шындықтары мен ерекшеліктеріне жинақтайды.

Сонымен қатар көріп қана қоймай есту арқылы да ақпаратты қабылдау, яғни

қабылдаудың аудиоалды типі де қолданып, баланың дыбыстың сипатына, тілдік

ерекшеліктерге, сұхбаттасушының дауысына назар аударатындығын ескерген.

Соңында сезім рецепторларынан келіп түсетін эмоциялық райды, ақпаратты

талдауы үшін жауапты болатын қабылдаудың кинестетикалық типі орындалады.

Осындай визуалдық, аудиоалдық, кинестетикалық тәсілдер арқылы

оқушылардың ақпаратты көзбен көріп, құлақпен естіп, сол арқылы қимыл

қозғалыспен қабылдау ерекшеліктерін дамыту мақсатында жасалған көптеген

электронды оқу бағдарламаларын мысалға келтіруге болады: бастауыш сынып

оқушыларында алғашқы геометриялық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында

жасалған «Геометрия» электронды тапсырмалар бағдарламасы, «Әліппе»

электронды оқулығы, қазақ тілі пәні бойынша «Әсетке әжесін күтіп алуға

көмектес», «Қоршаған ортамен танысу», «Математика», «Дүниетану» т.б. жүзге

жуық электронды бағдарламалар жасалған [4].

Осы секілді электронды бағдарламалармен оқыту жылдам оқи және жаза

алмайтын оқушылар үшін суреттеме, бейнелер арқылы көрсетіліп түсіндіріледі,

сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға

мүмкіндік алады. Осы мақсатта сонымен қатар сабақ ортасында сергіту сәттерін

қоса оқыту әдістері өте тиімді ұйымдастырылуы тиіс.

Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламаларда оқушылар

компьютермен танысып, өзара қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп,

буын, сөздер мен шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық

есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар өз бетімен өлең, әңгіме

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Қойшиева Т.Қ., Балтабаева Н.М. 12 жылдық мектептің бастауыш сынып информатикасын...

Page 84: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

84

құрастыруды, өз бетінше жұмыс жасауды, жылдам ойлауды, шығармашылықпен

айналысуды үйренеді [3].

Осындай оқыту әдістерін пайдаланғанда информатика пәнінің басқа

пәндермен пәнаралық байланысының тығыздығы көрінеді. Сонымен қатар

бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін,

әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы

жүзеге асырылады. Осы бағдарламаларды пайдалануда оқушылардың жеңіл

орындайтын тапсырмалары:

- математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды,

геометриялық ұғымдарға қатысты амалдарды орындайды;

- ана тілі сабағында мәтіндік редактордың көмегімен тақпақтар,

құттықтаулар, өлеңдер т.б. жазу арқылы өздерінің тіл байлығын, сауаттылығын,

шығармашылық қабілетін арттырып, ойын тиянақты жеткізе алуға, еркін сөйлей

білуге үйренеді;

- бейнелеу өнері, дүниетану сабағында тышқан манипуляторымен жұмыс

істеуді ғана үйреніп қоймай, бейнелеу өнерінде пайдаланылатын саймандармен

(қарындаш, қылқалам, өшіргіш, бояғыш, фигуралар т.б.) жұмыс істеуге

дағдыланады.

Сонымен қатар басқа да әр түрлі пәндер бойынша (әліппе, орыс тілі, ән-күй

т.б.) да компьютерді пайдалануда оқытудың сапасы, оқушылардың ой-өрісі,

дүниетанымы, компьютерлік сауаттылығы және білімге құштарлығы артатыны

сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы. www.AKORDA.kz

2. 1 - 4 сынып информатика байқау оқулығы. 12 жылдық. Алматы: Атамұра, 2005. 3. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Алматы: Кітап, 2004. 196 б.

4. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері 3-сынып, Алматы: Кітап, 2004. 80 б.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Б.ОМАРОВ

Page 85: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

85

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН БАЛУАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ

ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ

В этой статье рассматриваются роль, профессионализм и компетентность тренера в

воспитании борцов по казахской борьбе.

This article is considered about the role and competency of a coach in training wrestlers on Kazakh

wrestling.

Балуандардың бүкіл жаттығу үдерісі спортшыларды жан-жақты

тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстан спортшылары кеңестік одақ

кезеңдерінде де, тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттарда да бүкіл

болмысымен зиялылықтың, тәртіптіліктің, жинақылықтың, жоғары мұралық

мәдениеттің үлгісін көрсетіп келді. Спортшылар өздерінің спорттық

шеберліктерін өндірісте жемісті еңбекпен, жалпы білім беретін мектептерде,

жоғары және орта оқу орындарында үздік оқумен, жоғары қоғамдық және

саяси белсенділікпен ұштастыра білуі тиіс. Осындай жан-жақты саналы

спортшыларды тәрбиелеу күрес секциясының ұйымдастырушысы және

жетекшісі, жаттықтырушының игілікті, зиялы міндеті болып табылады. Қазақ

күресінің кез келген оқу-жаттығу сабағы жоғары мәдени деңгейде жүргізілуі

тиіс және спортшыларға эстетикалық тәрбие беруге, тамаша сезімдерді

дамытуға, олардың рухани әлемін байытуға мүмкіндік туғызуға жәрдемдесуі

шарт. Осы мақсатта ерекше назарды шұғылдану сабақтарының жалпы

гигиеналық талапқа сай таза залда, қажетті құрал-жабдықтар қамтамасыз

етіліп ретімен қойылған, тегіс, ұқыпты жайылған кілемде жүргізілуіне

аударған абзал. Әрине қазақ күресімен шұғылданатын спортшылардың

жаттығу сабақтарына өз уақытында кешікпей, таза, қонымды спорт

кіиімдерімен келуінің маңыздылығы талас тудырмайды. Жаттықтырушының

жеке басының үлгілі сапасы балуандарды тәрбиелеуде орасан зор рөл

атқарады. Адамгершілік, өнегелілік қатынаста мінсіз болған жаттықтырушы,

өз бойындағы озық үлгілі қасиеттерін тәрбиеленушілеріне бере алады,

олардың бойына спорттық адалдық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін

жинап, қулық-сұмдық, жарамсақтық және басқа да қазақ ұлтының өкілдеріне

тән емес, жиіркенішті қасиеттерден бойын аулақ ұстайтын абзал қасиеттерді

шәкірттерінің бойына сіңіреді [1].

Жаттықтырушы еңбегі – бұл педагогикалық тәрбиелеу қызметі. Оның

бірінші міндеті – өз тәрбиеленушілерін жан-жақты мұқият зерттеу.

Жаттықтырушы өз шәкірттерінің немен шұғылданатынын, қандай мәселеге

қызығатынын, қалай жұмыс атқаратынын және қалай оқитынын білуі тиіс.

Шәкірттерінің білім алатын оқу орнында, жұмыс істейтін өндірістерінде және

отбасында болып, олармен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Сондықтан

жаттықтырушы өзінің білімі мен біліктілігін педагогика, психология, спорт А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Омаров Б. Қазақ күресінен балуандарды тәрбиелеудегі жаттықтырушының рөлі

Page 86: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

86

физиологиясы, спорттық биохимия, спорттық медицина, дене жаттығуларының

биомеханикасы, спорт гигиенасы және т.б. ғылыми пәндер салалары бойынша

жетілдіруі және арнайы әдістемелік дайындығы болуы тиіс. Жатықтырушы спорт

саласында барлық жаңа дүниелерді білуге, интернет жүйесі арқылы жаңа, озық

ғылыми ізденістерді жинақтап, өз шығармашылық қызметіне пайдалануға қол

жеткізуі тиіс. Өйткені ол өмір ағымынан артта қалып, жаттығудың осы заманғы

озық әдістемелерін өз қызметіне пайдалана алмайды.

Сонымен бірге, балуандардың адамгершілік, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу

жаттықтырушының жеке абыройына, талапшылдығына және білімдарлығына да

байланысты болады. Ол өз қызметінде спортшыларды оқытып, үйретудің мына

әдістерін пайдалануы тиіс: көзін жеткізу, түсіндіру, мадақтау, ұялту - атақты,

даңқты балуандардың, спортшылардың өмір жолынан үлгі ретінде сенімді

мысалдар келтіруді пайдалану.

Өзін қарапайым, сыпайы ұстау нағыз спортшылардың сипат белгісі болып

табылады. Мұндай үлкен қарапайымдылық пен сыпайылықты бойына жинаған,

даңқты қазақ балуандары аз емес. Мысалы: Жақсылық Үшкемпіров, Мәлік

Нәдірбеков, Мұсабек Қапанов, Қабден Байдосов, Аманкелді Ғабсаттаров және

т.б. [2].

Ең маңыздысы, жаттықтырушы өз шәкірттерін дербес, өзін-өзі билеушілікке

үйрету: жарыстарда өзбетінше тез шешім қабылдайтын сәттер жиі туындайды.

Тәрбие процесінде көз жеткізумен қатар шұғылданушылардың

кемшіліктерін мойындату да аз рөл ойнамайды. Егер, мысалы, балуан жаттығуда

күресуден бас тартса, яғни ол шаршағандығын сылтау етті дейік, бірақ

жаттықтырушы оның бастартуының себебін біледі, ол балуанның ерік-жігер

сапасының әлсіздгі, шаршауды жеңу үшін өз күш-жігерін жинақтай алмайды,

сондықтан оны белдесуді соңына дейін аяқтауға мәжбүрлеуі тиіс.

Шәкірттеріне талапшыл жаттықтырушының өзі тәртіптіліктің үлгісі болуы,

оған барлық жағынан жеке үлгі көрсетуі және бәрінен бұрын шәкірттерімен,

әріптестерімен қарым-қатынаста әдепті, сыпайы, білімділік көрсетуі,

дандайсымауы, өзінің басым екеніне екпін қоймауы, сонымен бірге, өзінің жеке,

жаттықтырушы ретіндегі абыройын, намысын үнемі сақтауы тиіс.

Жаттықтырушы қызметінде оның сезім күйіне берілу мінезінің сипаты көп

маңызға ие. Жаттықтырушыға өз ісіне қызығушылық, жалындаған жүрек оты бар

жас жеткіншектермен жұмыс жүргізу, спортшыларды шын жақсы көру сезімі,

спортқа деген сүйіспеншілік, жарқын жүзділік және дүниеге сеніммен

қараушылық өте маңызды, педагогикалық қажетті сапа. Оған балуандардың

батыл, шешімшіл, бастамашылдық әрекеттерін марапаттап, сонымен бірге

олардың қорқақтығы, белдесуді сылбыр жүргізгені және басқа да жігерсіздік

әрекеттері үшін жазалауы тиіс.

Балуандардың ерік-жігерін тәрбиелеу негізінен қиындықты жеңумен

тұжырымдалады. Өмірде әрбір адам белгілі бір мақсатқа жету үшін ұмтылады.

Оған жету үшін адам әртүрлі қиындықтарды жеңуіне тура келеді. ал спортшы өз

алдына мақсат қояды. Таяу арада – жыл бойында қазақ күресінің әдістері мен А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Омаров Б. Қазақ күресінен балуандарды тәрбиелеудегі жаттықтырушының рөлі

Page 87: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

87

тәсілдерін меңгеріп, 2-ші және 1-ші ересектер спорттық дәрежесін алу, ұзағырақ

атап айтқанда 2-3 жылдан кейін спорт шеберлігіне үміткер талабын орындауды

алдына мақсат етіп қояды [3].

Қазақ күресімен шұғылданатын балуанның ерік-жігер сапасы оның

тәртіптілігінде және өзін-өзі тәрбиелей білуінде, жаттығуда және жарыстарда

ережелерді сақтауында, жаттықтырушының нұсқаулары мен ақыл-кеңестерін

мұқият орындауында көрінеді.

Күреспен шұғылдану, балуанның спорттық жоғары нәтижеге жетуі күн

тәртібін бұзумен тура келмейтін қағида. Спортшы үшін күн тәртібі - заң. Тек

күнделікті белгіленген күн тәртібін сақтау спортта табысқа жол ашады.

Тәрбиелеу – спорттық ұжымның міндетті ісі. Жаттықтырушы қандай да

болмасын біліктілік пен дағдыны меңгерсе де, секциядағы, топтағы

белсенділерсіз негізгі алдына қойған мақсатты міндеттерін іске асыра алмайды.

Жаттықтырушы тәрбие жұмысын секция бюросымен және ұжым кеңесімен,

спорттық-бұқаралық және дене мәдениеті жұмыстарының жоспарына сәйкес

жүргізуі тиіс.

Жаттықтырушының маңызды міндеттерінің бірі шұғылданушылардың

денсаулығы жағдайын бақылау болып табылады. Осыған байланысты күреспен

шұғылданатын спортшылардың әрқайсысына арнайы есеп карточкасын арнау

қажет. Оған медициналық тексерудің бастапқы мәліметтері: бойы, кеуде, мойын

орамдары, өлшемі, өкпенің өмірлік сиымдылығы және т.б. антропометриялық

мәліметтер жазылады. Жаттықтырушы дәрігермен бірлесіп,

шұғылданушылардың өз денсаулығының жағдайын бақылауды үйретуі, оларды

адам анатомиясы мен физиологиясы бойынша негізгі бөліммен қаруландыруы

қажет. Өйткені қазақ күресімен шұғылдану барысында бұл білімдер маңызды рөл

ойнайды [4].

Қорыта айтқанда, балуандардың дайындығын барлық жағынан жан-жақты

жетілдіру үшін негіз, яғни олардың күресті жаңадан бастаған спортшыларға да,

жоғары дәрежелі спортшыларға да жаттықтырушы тарапынан бақылау жасап

көңіл бөлу қажет. Барлық спорт түрлері сияқты қазақ күресінде дене сапаларын

дамыту үшін атлетикалық гимнастика кең ауқымда пайдаланылады. Алайда бұл

күрес түрінің тәрбиелік және жоғарыда қамтылып өткен барлық мәселелер тек

қоғам мүддесі үшін жұмыс атқаратыны ғылыми тұрғыда көзқарас тудыратыны да

белгілі. Оның себебі, дені сау, дене бітімі қалыптасқан, ой-өрісі жетілген әрі

патриот, ұлттық ерекшеліктерімен өзгеше рух тудырған қасиеті ұлттық идеяны

өзімен бірге алып жүреді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Рысбекұлы Қ. Қазақ балуандары. Алматы: Ер-Дәулет, 1996.

2. Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогического исследовании в физической воспитании – М., 1978.

3. Байдосов Қ.Р. Казахская национальная борьба. Алматы: Мектеп, 1978.

4. Халиллаев А.Н. Спортық күрес. Шымкент, 2006.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Page 88: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

88

Г.АБДУЛЛИНА А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің PhD докторанты

БІЛІМГЕРЛЕРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАТЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ

ІСКЕРЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ

В данной статье рассматриваются уровни интеллектуальных умений, формируемых у

обучающихся.

This article deals with levels of formation intellectual skills of students.

Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесі білімді меңгерту, іскерлік пен дағды

қалыптастыру болып табылатыны белгілі. Ал, білімді игеру күрделі үдеріс,

ол оқушыларға фактілерді, түсініктерді, анықтамаларды, терминдерді

меңгеруге ықпал етеді. Кезкелген білім жүйесінде түсінік маңызды рөл

атқарады. Оқушылар түсінікті қызмет арқылы (ақыл-ой, оқу, еңбек және т.б.)

меңгеріп алады. Түсініктің өзі – оқушылардың күрделі талдау – жинақтау

қызметінің нәтижесі. Психологтар мен педагогтар түсініктің қалыптасуының

келесі схемасын келтіреді: түйсіну – қабылдау – елестету – түсіну. Сондай-ақ

осы тізбек таным теориясының негізі ретінде де қарастырылады.

Психологиялық еңбектерге сәйкес олардың мәні мен маңызын ұғыну

қажеттілік болып табылады [1]. Материалдық заттар мен құбылыстар

адамның сезім мүшелеріне әрекетін тигізіп, оның миында сан алуан әсер –

осы заттардың үлгілерін туғызады. Сезімдік таным-сезім мүшелері: көру,

есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып білу екендігі

айқын. Сезім мүшелері дегеніміз – ол біздің айналамыздағы дүние

жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден-бір қақпалар болып

табылады. Сондықтан, таным үдерісінің қандайы да болсын материалдық

заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден

басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және

түсініктер арқылы жүзеге асырылады.

Түйсіктер негізгі екі топқа: 1) Сыртқы дүниедегі заттар мен

құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, иіс, дәм,

тері арқылы сезу түйсіктеріне). 2) Денеміздің бөлшектері қозғалысын және

ішкі органдарымыздың жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдікті

бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді.

Түйсіктер дегеніміз – сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын

материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін,

жақтарын мида бейнелеу болып табылады. Сондай-ақ, түйсіктер сезімдік

танымның негізгі элементі болып табылады. Қабылдаулар мен түсініктердің

бәрі түйсіктерден және сол түйсіктердің негізінде құралады. Түйсіксіз мидың

бір қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес, сананың болуы мүмкін емес. Мұны

физиология мен психологияның мәліметтері растайды.

Қабылдау дегеніміз – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы

материалдық заттың тұтас бейнесі. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдуллина Г. Білімгерлерде қалыптастырылатын интеллектуалдық іскерлік деңгейлері

Page 89: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

89

Түсінік дегеніміз – ол қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін, бірақ

бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік образы. Түсініктер

де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекі образдар. Бірақ түсініктердің

қабылдаулардан үш түрлі айырмашылығының бар екендігін де ұмытпаған жөн.

Біздер зерттеуімізге сәйкес интеллектуалдық іскерліктердің, яғни

«Интеллектуалды іскерлік» түсінігінің нақты, бірегей анықтамасы болмауына

байланысты, психология мен педагогикада бірқатар терминдер түрінде

кездесетінін анықтаған болатынбыз. Олар: «ойлау операциялары», «ойлау

қызметінің тәсілдері», «ақыл-ой қызметінің тәсілдері», «жалпы логикалық

іскерлік», «оқуға ептілік», «оқу қызметінің іскерлігі», «ойлаудың логикалық

тәсілдері», «талдап қорытылған іскерлік» және т.б.

«Интеллектуалды іскерлік» – бұл талдау мен синтез, салыстыру, жіктеу,

түсініктер мен фактілерге жүйелендіру жүргізуге, себептік-салдарлық

байланыстарды анықтау, ортақ, ерекше, жалғыз ғана белгілерді анықтау болып

табылады.

Білімгерлердің оқу пәндері бойынша жұмыстары интеллектуалдық

іскерліктерін қалыптастыруға бағытталады және оқу-танымдық

тапсырмаларының жүйесін дайындау кезінде дидактикалық негіз ретінде

алынады.

В.А.Сластениннің ойы бойынша, бүгінгі күндегі мұғалімнің педагогикалық

іс-әрекетке кәсіби даярлығы бірқатар қасиеттермен және сипаттамалармен

анықталады. Бұлар: психологиялық даярлық - мектептегі жұмысты мақсат еткен

педагогикалық іс-әрекетке әр түрлі деңгеймен қалыптасқан бағыттылық;

ғылыми-педагогикалық даярлық - педагогикалық іс-әрекетке қажетті көлемдегі

қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдер;

практикалық даярлық - талап етілген деңгейдегі қалыптастырылған кәсіби-

педагогикалық іскерліктер мен дағдылардың болуы; психофизиологиялық

даярлық - белгілі мұғалім мамандығын игеруге және педагогикалық іс-әрекет

үшін сәйкес алғышарттың болуы, кәсіби құнды жеке тұлғалық сапаның

қалыптасқандығы; дене бітімі даярлығы - денсаулық жағдайының педагогикалық

іс-әрекет талабымен дене бітімінің дамуы және кәсіби жұмыс жасау қабілеттілігі

[1.63].

Психологиялық-дидактикалық білімдер: оқушылардың білімдерді игеру

жөніндегі тұжырымдамасы: ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру; іскерлік

пен дағдыны қалыптастыру теориясы; оқушылардың технологиялық ойлауын

дамыту; білімдерді меңгерудегі жүйелілік және оқытуды гуманизациялау

принципі мәселелерін қамтиды.

Әдістемелік білімдер оқыту үдерісінде оқушыларды пәндік білімдермен

қаруландырудың әдістемелік тәсілдерін қарастырады:

- оқыту және оқу (ғылыми тану) әдістерінің мазмұнын ашу, олардың өзара

арақатынасын тағайындау;

- оқу пәнін оқыту үдерісіндегі пәндік білімдерді түзетін оқу материалдарын

ажырата білу; А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдуллина Г. Білімгерлерде қалыптастырылатын интеллектуалдық іскерлік деңгейлері

Page 90: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

90

- пәндік білімдер кешенінің сыныптар және пәндер бойынша бөліну

жолдарын ажырату;

- пәндік білімдер кешенінің жеке тұлғаның ерекшеліктеріне, оқыту

мақсатына, оқытудың дидактикалық принциптеріне, оқытудың нақтылы

мазмұнына, оқытудың жалпы әдістермен ұйымдастырылу формасына

байланыстылығы;

- пәндік білімдерді оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктері (жеке пән ретінде,

оқулықтарда сәйкес параграфтар және бөлімдер ретінде, пәндік оқу

материалының тікелей құрамды бөлігі ретінде: пәндік білімдердің игеру құралы;

пәндік материалдар арқылы ойлау операцияларын меңгеру).

Пәннің оқыту әдістемесі бойынша семинардың құрылымы студенттердің

пәндік білім беруді меңгеру көрсеткіштері: оқу тапсырмаларындағы немесе оқу

мәтініндегі пәндік, пәнаралық білімдерді анықтай білуі; пәндік білімдердің

түрлендіру әдістері ретінде ме? Оқу материалының баяндалу жолы ма? Осы

орайда оқушылардың ақыл-ой қызметін дамыту құралы ретінде қолданып

отырғанын айқын түсінуі қажет.

Жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарды даярлау мәселесіндегі,

дайындығындағы құраушылардың негізі ретінде интеллектуалдық іскерліктер

табылады. Сол себепті де оларға даярлау үдерісінде басымдық берілуі орынды.

Зерттеліп отырған мәселенің теориялық алғышарттарын зерттеу

интеллектуалдық іскерлік білімгердің түрлі деңгейде қалыптасуы мүмкін

екендігін көрсетеді. Осы іскерліктердің қалыптасуының үш деңгейін бөліп алуды

ұсынамыз. Олар: репродуктивті (төмен), репродуктивті-өзгертуші (орта) және

продуктивті (жоғары).

Интеллектуалдық іскерлік қалыптасуының деңгейін бағалаудың критерийі

ретінде мына төмендегілер алынды:

- жетекші білімді меңгеру;

- дайындық бағыты бойынша іскерліктерді игеру;

- талдау, синтез, салыстыру, талдап қорыту, ең бастысын бөліп алып қарау

және таптастыру.

Репродуктивті (төмен) деңгей білімгердің ойлау тәсілдерін пайдалана

отырып, ереже-бағдардың көмегімен тапсырманың жекелеген кезеңдерін

орындау қабілетін сипаттайды. Бұл кезеңде білімгер оқытушының жетекшілік

етуімен жұмыс істейді. Бұл деңгейдің міндетті көрсеткішіне ақыл-ой қызметінің

бір немесе бірнеше тәсілдерін қалыптасқандығын білдіреді.

Екінші деңгей – репродуктивті - өзгертуші (орта) деңгей – білімгерге ереже

– бағдардың көмегімен немесе онсыз тапсырманы өз бетімен орындау қабілетін

сипаттайды. Білімгердің білімі толық және нақты болып келеді. Негізінен, бір

немесе екі ақыл-ой қызметінің тәсілдері қалыптаспаған болып келеді.

Үшінші деңгей - өнімді деңгей – білімгердің тапсырманы өз бетімен ереже-

бағдардың көмегімен немесе онсыз орындауымен сипатталады. Бұл деңгейдегі

білімгердің дайындығы толық, нақты және жоғары болып келеді. Бұл деңгейде

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдуллина Г. Білімгерлерде қалыптастырылатын интеллектуалдық іскерлік деңгейлері

Page 91: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

91

студенттердің ақыл-ой қызметінің барлық аталған тәсілдерінің барлығы

қалыптасқан және де жетекші білімді меңгерген болып келеді.

Бұл студенттер үйренген тәсілдерін басқа білім салаларында қолдана алады.

Сонымен, оқытушы оқу жұмыстарында студенттерге тапсырманы орындау

бойынша оқу іс-әрекетіндегі интеллектуалдық іскерліктің қалыптасуын

қамтамасыз ететін құралдар жүйесін пайдаланады және арнайы жағдай жасайды.

Интеллектуалдық іскерліктің қалыптасқандығының деңгейлерін бөліп алып

қарау оқу-танымдық тапсырмалар жүйесімен жүзеге асырылады.

Психологтардың дәлелдеуінше, оқу-танымдық міндет белгілі бір жағдайда

ақыл-ой белсенділігін тудыруы мүмкін. Олар білімгердің белсенділігінің көзі

ретінде оқу-танымдық міндеттерді шешуде олардың алдында пайда болатын

талаптар мен олардағы (білімгердегі) бар тәжірибенің (білім, іскерлік, дағды)

арасындағы қайшылықтарды көреді. Бұл талаптарға: 1) тапсырманың шарты оны

шешу тәсілін айтып қоймауы тиіс; 2) білімдердің өткен тәжірибесі, білімі,

іскерліктері мен дағдыларында қазіргі жағдайда қолдануға болатындай ешқандай

да дайын схема болмайды.

Жүйелік тұғыр тұрғысынан төмендегідей тапсырмалар жүйесінің негізгі

сипаттамаларын құру қажет. Олар:

- оқу-танымдық тапсырмалар - өзіндік саласы бар күрделі динамикалық

жүйе;

- оқу-танымдық тапсырма жүйесінің элементтері алға қойған мақсатқа қол

жеткізудегі басқа тапсырмалардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал етеді

және әрбір тапсырманың мүмкіндіктері жоғары дәрежеде жүзеге асырылады;

- оқу жұмыстарында тапсырмалар жүйесін пайдалану іскерлік пен оқу-

тәрбие үдерістерінің үйлесуі қамтамасыз етілетін оқу-танымдық қызметті

ұйымдастыру жүзеге асырылады.

Оқу-танымдық тапсырмалар жүйесінің элементтері ретінде мына

төмендегілер: жетекші білім, текті үдерістер, интеллектуалдық және арнайы

іскерліктер жатады. Осы жүйенің құраушы элементі ретінде интеллектуалдық

іскерлік көрінеді. Әрбір іскерлік жеке іскерліктерден, әрекеттен және ойлау

операциясынан құралады. Әрекеттер мен ойлау операциялары арасында күрделі

өзара байланыстар болады. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге сәйкес

жекелеген операцияларға оқыту әрекетпен өзара байланысты есепке алмай

жүргізілген жағдайда іскерлікті толығымен қалыптастыру орын алмайды. Оқу

жұмыстары бойынша іскерліктерді меңгеру үшін ол интеллектуалды іскерлікке

сүйенетіндей етіп қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру қажет. Мұндай

педагогикалық мәселені шешу үшін әрбір іскерліктің құрылымын анықтап алу

керек және әрбір элементті жекелеген әрекетті жасау үшін қажет жаттығулар

жүйесі мен ереже – бағдарламалар жүйесін дайындау қажет.

Оқу-танымдық тапсырмалар жүйесі іскерліктің түрлі деңгейлерінің

тапсырмаларын және бөліп алу негізінде құрылады. Тапсырма бір-бірінен

зерттеушілік әрекеттер мен мазмұнының күрделілігімен айырмаланады.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Абдуллина Г. Білімгерлерде қалыптастырылатын интеллектуалдық іскерлік деңгейлері

Page 92: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

92

Тапсырма күрделене түсетін деңгейлер бойынша әрекеттегі бағдарлама

негізінде дайындалады. Студенттер ереже – бағдарды пайдалануды біліп және

жасай отырып, кіріспе нұсқау барысында оқу үлестірме-тапсырмаларын алады,

ол тапсырмалар олардың мамандық дайындығының деңгейін есепке алумен

құрылады. Кейбір тапсырмалардың тармақтары қалып қойған болып келеді.

Білімгерлер осы қалып қойған тармақтарды іздеп, оқу жұмыстары құрылымын

талдау негізінде табуы тиіс.

Оқу-танымдық тапсырмалар жүйесі элементтерінің бірі ретінде оқушыны

зерделеу, мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. бойынша тапсырмалар

алуды зерттеу жұмысымызға сәйкес ұсынамыз.

Оқу-танымдық тапсырмалардың күрделігінің дәрежесін анықтау кезінде

интеллектуалды іскерлікті қалыптастыруда педагог-ғалымдардың дайындаған

күрделілік критерийін пайдалануды дұрыс көреміз:

- оқушы шарттарындағы мәліметтердің бір-бірімен арақатынасын белгілеу

үшін қаншалықты көп болса, тапсырма да соншалықты қиын болып келеді;

- тапсырманы орындау үшін қажет бірізділік әрекеттер санының ұлғаю

мөлшері бойынша тапсырмалар да қиындай түседі;

- бір-бірінен шықпайтын параллель нәтижелер көп болған сайын тапсырма

да соншалықты қиындай түседі.

Оқу-танымдық тапсырмаларды орындау барысында интеллектуалдық

іскерлікті қалыптастыру үдерісі жүреді, ол кешенді әрекетті заңды, бірізділікпен

меңгеруден тұрады.

Сонымен, болашақ педагогқа оқушылардың алдында ойлау оқу-танымдық

міндеттерді қою мақсаты алға қойған сұраққа өз бетімен жауап алудан тұрады

және де олардың ойлауын белсендіре түсіп, талдауға, ең бастысын бөліп алып,

салыстырып, объектілерді, фактілерді, құбылыстарды талдап қорытуға

итермелейді.

Кезкелген іскерлік әрекет етуде қалыптасады. Интеллектуалды

іскерлікке талдау, синтез, салыстыру, талдап қорытуға қатысты болып келеді.

Бұл іс-әрекет педагогикалық мазмұнды тапсырмалар жүйесімен жүзеге

асырылуы мүмкін және оқу жұмыстары бойынша іс-әрекетті моделдеуде

нақты педагогикалық жағдаятқа жақындай түседі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жалпы психология. /В.В.Богословскийдің және басқ. ред. 2-басылымынан аударылған. - Алматы: Мектеп, 1979. - 352 б.

2. Сластенин В.А. Комплексная программа “Учитель советской школы” //Советская педагогика.

- 1986. - № 10. -С. 64-67.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Page 93: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

93

А.Д.КЕКІЛБЕКОВА А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МАМАНДЫҚҚА БЕЙІМДЕУ

В статье рассматривается адаптация к специальности при формировании профеccиональной

квалификации будущих педагогов-музыкантов.

This article deals with the adaptation to profession in the process of formation of a qualification of

future teachers-musicians.

Қай кезеңді алып қарасаңыз да қазақ халқы әдеп пен әділдікті, инабат

пен ибаны бірінші орынға қоя білген. Перзенттерін тұмсықтыға шоқтырмай,

қанаттыға қақтырмай өсіру жолында ата дәстүрді берік ұстап, қатаң тәрбие

негізін таңдаған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің

астарына үңілер болсақ тәрбиенің мағынасын еркін аңғарамыз.

Елбасымыздың кемел саясатының негізінде тәрбие берудің саналы

екендігін ұғындыру болашақ педагогтың борышы екені хақ. Осы тұрғыда

болашақ педагог жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында

өз еңбегін аямаған. Бүгінгі таңда музыканттың кәсіби біліктілігін

қалыптастыру жолында атқарар істің ерекшелігін де бөліп қарағанымыз

дұрыс-ақ. Яғни әрбір өскелен ұрпақ санасына дұрыс білімді қалыптастыру

бағытында қай салада болмасын нақты шешім қабылдап, нық қадам басқаны

келешектің кемеліне жол ашады.

Музыка өнерінің басты ерекшелігі не нәрсені болса да сөз секілді нақты

сипаттамайды, бірақ дыбыстардың ырғағы, биіктігі, үні арқылы бейнелеп

бере алады. Музыка өнерінде әлі күнге дейін толық зерттелмеген тағы бір

мәселе –композитордың шығармашылық ерекшелігінің эстетикалық сипаты

[1.45].

Жастарға эстетикалық тәрбие беруде ескеруге тұрарлық осы мәселе әр

композитор шығармашылығының мәні мен мағынасын ашып береді. Өйткені

педагог-музыканттың тәрбиедегі ең басты мақсаты – музыка өнерін оның

белгілерін қалай тануға болады, қандай мүмкіншіліктер бар, осы және басқа

да сауалдарға бір ғана ақын Абайдың композиторлық өнерінен –ақ іздестіріп,

сол арқылы жастарға тәрбие беруге мүмкіндігіміз бар.

Тәрбие - қоршаған ортаны, дүниені сезім арқылы қабылдау болса, онда

музыка –тек сезім арқылы қабылдауға арналған өнер түрінің бірі деп білеміз.

Музыка өнерінің өзіндік бір ерекшелігі жақсы, жағымдысын қайта-қайта

тыңдауға адамның құштарлығын оятатындығы болып табылады. Осының өзі-

ақ музыканттың кәсіби біліктілігін қалыптастырады [2.87].

Педагог-музыкант тәрбие беру жолында сезім күйлерін де аңғарғаны

жөн. Мысалы қуаныш сезіміне арналған музыкалар өте көп, тіпті

В.А.Моцарттың «Фигароның тойы» операсын түгелімен айтуға болады.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Кекілбекова А.Д. Болашақ педагог-музыканттың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда мамандыққа...

Page 94: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

94

Ал қасірет сезімін оятатын тағы сол В.А.Моцарттың «Реквиемін»

келтіруге болады. Асқақ сезімдердің жалпы жалпы музыкалық

шығармалардың барлығы да осыған бағытталған деуге болады.

Музыка өнері әрбір жастың әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай,

оны қорғауға және рухани , мәдени деңгейін көтеруге табиғиғ жағдай

жасайды. Педагог-музыкантты қалыптастыруда тәрбиедегі басты мақсат-

қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана

құрамдас бөлігі болып қана қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы

болды [1.59].

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның

таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру,

нақтырақ айтқанда олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен

мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет.

Ұлы Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуда

үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет. Өйткені бесіктегі нәрестенің

өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен

көркемдіктен хабардар болып жатады. Жастарға музыкалық тәрбие беру

ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі, әрі ән мен күйдің көкейге

қонымды, әсерлі болуын қажет етеді.

Ғұлама ғалым Әбу насыр Әл-фараби «Музыкалық идея оны жүзеге

асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау,

жаттығу түрлерін бір-бірлерімен салыстыру, әуенді талдау тәрбиелеу

барысында тәжірибе жинқтаудың рөлі зор екендігін көрсетеді», яғни

өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді.

Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды

мәселелердің бірі – осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең

түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға

атсалысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Әрі тәрбиеленуші

қиындығы жағынан күрделене түскен шығарманың орындаушылық

ерекшелігін толық сақтап, музыкалық саздың әсерлі, мәнерлі болуына көңіл

бөліп ықпал жасағаны дұрыс.

Болашақ педагог-музыкант өз мамандығына қызығушылық

қалыптастырудағы маңызды себептердің бірі өз бетінше білімін,

толықтырып, зерттеушілік қабілеттерін игеруге де оң ықпал ету қажет.

Сондай-ақ музыканттың кәсіби біліктілігін қалыптастыру олардың

музыка мұғалімінің педагогикалық еңбегін меңгеруде сатылап кезігетін

қиындықтарды жеңетіндей ерік-жігерлерін қайрай түседі және бір ерекшелігі

– терең, қалыпты қызығушылықты қалыптастырады. Бұл жолда жастардың

айқын іскерлігімен, шығармашылық басымдықтарымен және ерік-

жігерлерінің артуымен кәсіби біліктілік қалыптасады[3].

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Кекілбекова А.Д. Болашақ педагог-музыканттың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда мамандыққа...

Page 95: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

95

Болашақ педагог-музыканттардың таңдаған мамандықтарына деген

қызығушылығын қалыптастыруда нәтижелі ықпал ететін мәселе - оқу

орындарындағы музыка, педагогтардың игі үлгі боларлықтай амал-

әрекеттері, сабақ ұйымдастырулары мен өткізудегі жақсы тәжірибелері,

олардың үйрету тәсілдері мен әдістері.

Бұл жерде ең бастысы, педагогикалық қызметке қызығушылық

тудырумен қатар сол мезетте білімділікке де әсер етуі мүмкін. Болашақ

педагог-музыкант қашан да озық үлгілеріммен таныла алады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Дүйсембінова Р.Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған, 2006.

2. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану (Ұлттық тәлім тәрбие). Алматы: Атамұра, 1996. 224 б.

3. Төребаева Қ. Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби қызығушылығын қалыптастыру тәжірибелері //Бастауыш мектеп журналы, №11-12, 2006.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ

Page 96: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

96

А.И.ИСМАИЛОВ профессор, доктор исторических наук

МКТУ им. А.Ясави

ИСТОРИЯ И ТРАДИЦИИ РОССИЙСКОЙ ДИПЛОМАТИИ

Бұл мақалада Ресей тарихындағы дипломатиялық дәстүр мен мемлекет қайраткерлерінің

сыртқы саясаттағы еңбектеріне шолу берілген.

This article are stated historical pages from tradition of the Russian diplomacy.

За несколько веков своей истории Российская дипломатия прошла разные

эпохи, в зависимости от сменявших друг друга внешнеполитических концепций,

разработанных и принятых российской государственной властью в интересах

страны и народа. Со времени создания в 1802 году Российское

Министерство иностранных дел осуществляло отечественные интересы в

международных делах. МИД России занимало в системе государственной власти

заслуженно авторитетное положение, послы и консулы России имели достаточно

высокие полномочия в принятии внешнеполитических решений, выполняли свой

долг и государственные обязанности профессионально и преданно. Это и есть

одна из исторических традиций Российской дипломатии.

После распада СССР новое политическое руководство России возложило

международному ведомству на Смоленской площади в Москве, где постоянно в

советское время находились МИД и его структуры, занять лидирующее

положение в осуществлении приоритетов внешней политики государства.

Россия, являясь правопреемницей бывшего СССР, взяла на себя обязательства по

международным договорам Советского Союза, сохранила за собой все

заграничные организации и учреждения. Перед внешнеполитическим

ведомством новой Российской Федерации стояли задачи реализовать интересы

страны с высоким уровнем эффективности и представлять Россию в

международных делах достойно. С этой целью сегодня в России на долгосрочной

основе определена внешнеполитическая концепция, сформирована отвечающая

историческим традициям система реализации интересов страны в

международных отношениях. Ключевая роль в этой системе принадлежит

Министерству иностранных дел РФ.

В России всегда традиционно уделялось большое внимание подготовке

дипломатов, ученых, других специалистов по зарубежным странам,

переводчиков, и профессии эти, как и собственно сама дипломатическая служба,

были весьма престижны. Не случайно причастны к ней были А.Пушкин,

А.Грибоедов, Ф.Тютчев и другие достойные представители российского народа.

Славились своими выпускниками-международниками университеты Москвы,

Санкт-Петербурга, Казани. Авторитетной была школа востоковедения с ее

центром – Лазаревским училищем восточных языков, созданным еще в 1815 году

и затем переросшим в знаменитый Московский институт востоковедения.

Впервые кафедра востоковедения была создана в Санкт-Петербургском А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Исмаилов А.И. История и традиции Российской дипломатии

Page 97: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

97

университете. Известные ученые-востоковеды В.В.Бартольд, Н.И.Веселовский и

В.В.Григорьев внесли значительный вклад в Российское востоковедение в

изучении Средней Азии и Восточного Туркестана, государств мусульманского

мира. Их труды являлись важным основанием в организации дипломатических

миссий в страны Востока, в налаживании отношений России с народами и

государствами с учетом их истории, традиции и культурных особенностей.

После революции 1917 г. в СССР эти традиции сохранились. Советские

дипломаты имели, как правило, высокий рейтинг за рубежом. Ныне

действующая система подготовки кадров международников сложилась в

основном в послевоенные годы. Это факультеты или отделения международных

отношений в крупных университетах, академии или иные учебные центры у

министерств и ведомств, занимающихся международными связями (академии

внешней торговли, внешней разведки и т.д.). И, конечно, две главные "несущие

конструкции" – Московский государственный институт международных

отношений (МГИМО) и Дипломатическая академия МИД России. Из стен

МГИМО за пятьдесят с лишним лет его существования вышло более 20 тысяч

специалистов, в том числе несколько поколений отечественных дипломатов,

включая современных руководящих работников и сотрудников [1].

В 1934 году Оргбюро ЦК ВКП(б) приняло постановление о создании

Института подготовки дипломатических и консульских работников. Ставилась

задача, так сказать, "штучной работы" – подготовки небольшого числа, 40

человек в год, руководящих специалистов для НКИД, «знающих иностранный

язык и способных отстоять международные интересы в практической работе».

Позже институт был преобразован в Высшую дипломатическую школу и затем в

Дипломатическую академию, масштабы подготовки кадров заметно возросли.

В целом, пять с половиной тысяч выпускников вышли из стен академии во

все годы, и 400 из них стали чрезвычайными и полномочными послами

Советского Союза и Российской Федерации. МГИМО и Дипакадемия – кузница

кадров – международников мирового уровня. Основной контингент

обучающихся в Дипакадемии – это, конечно, не послы, которых

пропорционально немного, а молодые дипломаты уровня, как правило, третьего

и второго секретаря в возрасте, соответственно, около 30 лет.

Без новых знаний, без свежих подходов не научишь молодого дипломата

творческому осмыслению предстоящих реалий XXI века. Здесь главными

являются: во-первых, осознание новой геополитической картины мира и места в

ней России; во-вторых, возрастающая роль экономической дипломатии; в

третьих, вовлечение в практическую дипломатическую работу современных

информационных технологий.

Многие страны, начиная с США, не скрывают, что во главу угла внешней

политики ставят свои экономические, торговые, финансовые интересы. На этот

путь становится все больше других государств. И это вполне естественно в А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Исмаилов А.И. История и традиции Российской дипломатии

НКИД – Народный Комиссариат иностранных дел.

Page 98: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

98

условиях, когда международные отношения постепенно демилитаризируются, а

мир становится единым рынком.

Для России в ее геополитическом положении – с ее линией на

вхождение в мировое хозяйство, на интеграцию СНГ, с ее внутренними

трудностями – возрастание роли экономической дипломатии является

очевидным. На практическом уровне МИД и посольствам приходится все больше

заниматься такого рода вопросами, тем более, что в 40 с лишним странах

торгпредства преобразованы в экономические отделы посольств.

В дипломатической истории России со времени создания

внешнеполитического ведомства известны выдающиеся государственные

деятели, возглавлявшие МИД страны в разные эпохи. Это Александр

Михайлович Горчаков [2]. Он был министром Российской империи в период

крупных политических реформ во второй половине ХІХ века. Повелительная

формула «Россия сосредоточивается», содержащая в его известной ноте от 2

сентября (21 августа по старому стилю) 1856 года, т.е. 155 лет назад, была

проникнута верой в высокое положение страны в будущем. Формула эта была

выстрадана из тяжелого опыта Крымской войны 1853-1856 годов, в которой

Россия потерпела поражение и лишилась своего влияния в Черноморском

регионе.

2 сентября 1856 года новый министр иностранных дел князь Горчаков,

сменивший на этом посту Карла Нессельроде, около 40 лет воглавлявшего

безуспешно внешнеполитическое ведомство, в адрес иностранных правительств

направляет ноту, содержащую новые приниципы внутренней и внешней

политики своей страны. Главное в ней – побежденная Россия мобилизуется,

собирает силы для восстановления своей лидирующей роли в европейских делах.

Россия предпримет все меры, в том числе и дипломатические, чтобы добиться

пересмотра Парижского трактата. Это было достигнуто в работе Берлинской

конференции, когда Россия востановила свое лидирующее положение в

Причерноморье и Приазовье.

Народным комиссаром, возглавившим советское Министерство

иностранных дел был Георгий Васильевич Чичерин [3]. Благодаря его усилиям в

20-х годах прошлого века подписаны наиболее важные первые договора

Советского правительства. В их числе Советско-Турецкий, Советско-Иранский и

Советско-Афганский договоры, обеспечившие признание России в государствах

Востока и укрепившие её южные рубежи в условиях соперничества РСФСР с

ведущими государствами Запада за влияние и господсвующее положение в

странах Центральной Азии и Средиземноморья.

Уместно здесь особо отметить многолетний труд выдающегося

государственного деятеля и дипломата Андрея Андреевича Громыко [4], умело и

принципиально отстаивавшего интересы СССР в международных делах,

активного участника создания ряда органов мирового уровня.

Российская дипломатия и научная общественность в 1998 году отметили

200-летие А.М.Горчакова. Доклад сделал Е.М.Примаков, министр иностранных А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Исмаилов А.И. История и традиции Российской дипломатии

Page 99: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

99

дел РФ, академик. Привожу здесь отдельные положения доклада: «Россия в

мировой политике». Доклад опубликован в журнале МИД РФ «Международная

жизнь». Евгений Максимович Примаков сказал тогда следующее:

Наши чтения посвящены 200-летию со дня рождения одного из наиболее

выдающихся дипломатов, политиков, государственных деятелей не только

России, но и Европы, министра иностранных дел Александра Михайловича

Горчакова. Перечисление всех титулов, званий и наград этого глубокого анали-

тика и блестящего практика заняло бы, очевидно, много страниц. Но разве дело в

этом? Сам тот факт, что двухсотлетний юбилей А.М.Горчакова торжественно

отмечают благодарные потомки в той стране, которой он посвятил свои думы,

помыслы, нелегкий труд, в конечном счете всю свою жизнь, является

наилучшим, ни с чем несравнимым признанием его заслуг.

В чем феномен Горчакова? В том, что он тридцать лет подряд занимал пост

министра иностранных дел России? Конечно, нет. Сорок лет в этом же кресле

просидел граф Нессельроде, но юбилей его не придет в голову отмечать никому

из присутствующих в этом зале. Дело в том, что за годы своего нахождения в

российском МИД Горчаков сумел сделать на внешнеполитическом поприще для

России XIX века больше, чем кто бы то ни было другой.

Александр Михайлович стал министром иностранных дел в 1856 году сразу

после поражения России в Крымской войне. Многие считали в то время, что

присутствуют на похоронах Российской империи, во всяком случае являются

свидетелями превращения ее во второразрядную державу. Для такого вывода

были основания: Россия, еще незадолго до этого представлявшая собой,

пожалуй, самое мощное и влиятельное государство в Европе, была не просто

разбита, но и унижена. Против России объединились практически все

значительные в то время империи.

Два пути открывались реально перед страной после столь масштабного

поражения. Первый – отказаться от роли великой державы, уйти с

международной арены, в крайнем случае принять те правила игры, которые

победители навязывают побежденным, по сути, превратиться в их вассала. К

этому вел дело бывший до Горчакова министром иностранных дел Нессельроде,

который после заключения Парижского договора вообще предложил

ликвидировать МИД России.

Горчаков выступил сторонником другого пути: упор на внутренние

преобразования, без которых, как показало поражение в Крымской войне, у

России нет будущего, но вместе с тем активная внешняя политика, призванная

обеспечить лучшие условия для внутреннего обновления. "При современном

положении нашего государства и Европы, - докладывал А.М.Горчаков

императору Александру II, - вообще главное внимание России должно быть

упорно направлено на осуществление дела нашего внутреннего развития, и вся

внешняя политика должна быть подчинена этой главной задаче".

Конечно, сразу после поражения в Крымской войне Россия не была в

состоянии в тех же масштабах и так же многосторонне действовать на А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Исмаилов А.И. История и традиции Российской дипломатии

Page 100: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

100

международной арене. Приходилось на какое-то время мириться и с

навязанными условиями мира. Но главное, как представляется, заключалось в

том, что, по Горчакову, это был не стратегический откат. Это была лишь пауза. В

циркуляре, направленном в российские заграничные представительства,

А.М.Горчаков писал 21 августа 1856 года: "Россию упрекают в том, что она

изолируется и молчит перед лицом таких фактов, которые не гармонируют ни с

правом, ни со справедливостью. Говорят, что Россия сердится, - Россия не

сердится. Россия сосредоточивается".

Пауза, как и следовало ожидать, длилась недолго. В отчете МИД России уже

за 1862 год говорилось: "Необходимо констатировать раз и навсегда, что Россия,

оставаясь верной своим принципам, согласовывает свои политические шаги со

своими интересами". Постоянное внешнеполитическое кредо А.М.Горчакова

("констатировать раз и навсегда") провозглашало главной внешнеполитической

задачей России защиту ее национальных интересов.

Умело, маневрируя и используя противоречия между различными

европейскими государствами, а также Турцией, А.М.Горчаков уже в 1870 году

обрел возможность громогласно объявить об отказе России признавать статью

Парижского договора, запрещающую ей иметь на Черном море военный флот и

укрепленные базы. Затем, еще через год, используя заинтересованность Пруссии

в поддержке ее со стороны России во время войны с Францией, российский

министр иностранных дел во многом инициировал идею Бисмарка провести меж-

дународную конференцию в Лондоне, которая завершилась подписанием

конвенции, подтверждавшей восстановление прав России на Черном море.

Со времен приобретения Казахстаном своей государственной независимости

Россия в числе первых из бывших республик СССР установила полнокровные и

равноправные отношения. 25 мая 1992 г. между Российской Федерацией и

Республикой Казахстан подписан договор о дружбе, сотрудничестве и взаимной

помощи. В том же году между двумя независимыми государствами установлены

новые дипломатические отношения. 23 декабря 1998 года заключены

соглашения, которые окончательно установили границы между Россией и

Казахстаном. Тем самым были в полной мере решены все межгосударственные

вопросы.

В середине сентября 2011 года в городе Астрахань состоялся очередной ХІІІ

Форум межрегионального сотрудничества с участием президентов России и

Казахстана Д.А.Медведева и Н.А.Назарбаева.

Астрахань занимает особое место в многовековой истории казахского

народа. Этот город поистине Евразийский. Здесь комфортно ощущают себя

представители разных национальностей и конфессий. Тесно переплетены общие

исторические и культурные корни двух народов. На астраханской земле покоятся

великий композитор Курмангазы и основатель Букеевской Орды Бокейхан.

Повестка дня Астраханского Форума: актуальные вопросы эффективного

взаимодействия двух государств в выявлении и локализации чрезвычайных

ситуаций, природных и техногенных катастроф. Обсуждены также вопросы А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Исмаилов А.И. История и традиции Российской дипломатии

Page 101: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

101

рационального испальзования и охрана трансграничных водных ресурсов в

частности, реки Урал. В ней сегодня налицо небывалое обмеление. Годовой

дефицит воды вырос в 3 раза.

Значение межрегиональных форумов в истории Российско-Казахстанских

отношений весьма знаково. Необходмость встреч и обсуждение текущих

приграничных дел объективны. 27 Российских субъектов граничат со странами

СНГ, из них 12 непосредственно соседствуют с 7 Казахстанскими областями.

Первый форум приграничных регионов состоялся, как известно, в 2003 году

в городе Омск. Затем эти форумы прошли в Актюбинске и Усть-Каменогорске. К

традиционно проводимым межрегиональным форумам ныне присоединились со

стороны Казахстана города Астана и Алматы, Карагандинская область. Со

стороны России – Москва и Санк-Питербург, Свердловская область и Республика

Татарстан. Значит, в работе форумов участвуют 8 Казахстанских областей и 13

субъектов РФ. Сотрудничество их развивается плодотворно и многостронне.

Отношения между РФ и РК стабильны и характеризуются динамичным

ростом товарооборота. В 2010 г. он достиг в суммарном выражении 15,8

млр.долларов. Создание единого экономического пространства (ЕЭП) позволило

только за первых 6 месяцев 2011 года увеличить торгово-экономические

связи до 40 процентов и они составили 11,5 млрд.долларов. К концу 2011 года –

до 20 млрд.долларов.

На Астраханском форуме Президент Н.А.Назарбаев предложил в 2012 году

отметить 20-летие двух важных исторических событий – Договора 1992 года и

Установление дипломатических отношений между РФ и РК. Несомненно, этот

дипломатический праздник будет отмечен достойно и в России, и в Казахстане.

Важнейшим направлением в работе внешнеполитического ведомства

России является отношение с Турцией. Россия и Турция – близкие соседи.

История их взаимоотношений имеет сложные и трудные страницы. В течение

более пяти веков Османская империя и Российская империя были

геополитическими соперниками на Черном море и Кавказе, на Балканах и в ряде

других южных территорий. Но вместе с тем немало страниц в истории двух

государств, когда их отношения характеризуются как партнерские и

взаимовыгодные. Эти связи между Турцией и Россией начинались со времен

посольства, во главе которого был в 1792-94 гг. известный русский полководец

М.И.Кутузов. Именно тогда за две недели до нашествия войск Наполеона на

Россию в 1812 году был подписан мирный договор, благодаря которому

Османская империя сохранила нейтралитет в русско-французской войне. Так

было и в годы Великой Отечественной войны. Тогда Турция не участвовала в

походах войск фашистской Германии против Советского Союза.

Прошло более 90 лет со времен установления дипломатических отношений

между республиканской Турцией и советской Россией. В 1920 году, 4 октября, в

Анкаре было открыто Посольство, положившее начало многим позитивным

связям в сферах экономического сотрудничества и политического диалога.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Исмаилов А.И. История и традиции Российской дипломатии

Page 102: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

102

Оценивая современное состояние отношений между двумя странами,

Чрезвычайный и Полномоченный посол Российской Федерации в Турции

известный ученый-историк П.В.Стегний считает, что эти отношения ныне вышли

на новый уровень долговременного сотрудничества 1.

Торгово-экономические отношения между Турцией и Россией достигли 20

миллиардного рубежа в долларовых исчислениях. Ежегодно в санаторно-

курортных благодатных турецких районах отдыхают и лечатся до 2,5 млн.

российских граждан, т.е. более половины от всех выезжающих за границу

туристов России. Культурно-гуманитарные связи между двумя странами

развиваются на принципах взаимопомощи и взаимоподдержки.

Таким образом, для развития добрососедских отношений между Россией

и Турцией имеются достаточно много объективных предпосылок.

В современных условиях Российская дипломатия руководствуясь новой

Концепцией внешней политики РФ, принятой в 2008 году, проводит

разнонапровленные действия, при этом приоритетными являются укрепление

и развитие отношений со странами Центральной Азии, а так же связи с

государствами ближнего и дальнего зарубежья.

ЛИТЕРАТУРА

1. Данные приведены по статье Ю.Кашлева, см. «Международная жизнь». М., 1998. №5. 2. Александр Михайлович Горчаков (1798-1883), канцлер России. В 1856-1882 гг. Министр

иностранных дел, тезка и однокашник А.С.Пушкина. Великий поэт посвятил ему ряд

стихотворений, например, «Горчакову», «19 октября» (это день, отмечаемый первыми выпускниками Царскосельского Лицея).

3. Георгий Васильевич Чичерин (1872-1963), народный комиссар инострнанных дел РСФСР-

СССР. В предвоенные годы был участником ряда международных саммитов европейских стран. В Тамбовском Госуниверситете им. Г.Р.Державина периодически проводятся «Чичеринские

чтения». См. А.И.Исмаилов. «Г.В.Чичерин и становление советской дипломатии в

Туркестанской АССР». Материалы чтений в 2008 году. 4. Андрей Андреевич Громыко (1906-1989), видный советский государственный деятель и

дипломат. Министр иностранных дел СССР. См. мемуарное произведение: А.А.Громыко.

Памятное. В 2-х книгах. М., 1988.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

1 См. беседу ответственного редактора журнала «Diyalog Avrasya» (ДА) Дженгиз Шимшек,

2006 год, №20 (bahar-весна), с.82

Page 103: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

103

Қ.Қ.БАЗАРБАЕВ А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің PhD докторанты

М.ШОҚАЙ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН САЯСИ ЭМИГРАНТТАРЫНЫҢ

ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

В данной статье рассматривается национально-освободительное движение Туркестанских

деятелей, находившихся в эмиграции.

This article deals with the struggle of Turkistan leaders being in emigration for national-liberation

movement.

Ресейде жеңіске жеткен большевиктердің ұлт мәселесіне қатысты саясаты

және олардың ұлттық демократиялық күштермен санаспауы көптеген

түркістандық қайраткерлердің эмиграцияға кетуіне себеп болды. Олардың

қатарында Ресейдегі түрікшілдік қозғалыстың көрнекті өкілдері М.Шоқай,

А.З.Уәлиди, А.Ысқақи, Ф.Тоқтар, М.Э.Расул-Заде және т.б. болды. Осы тұлғалар

Түркістанның азаттығы жолында күрес жүргізді және тұтас Түркістан идеясының

басты қолдаушылары болды. Әсіресе, өзінің эмиграциялық өмірінің ешбір

кезеңінде тұтас Түркістан идеясына солқылдақтық танытпаған М.Шоқай

бағытын зерттеу тарихи әділеттілік тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да

дұрыс болса керек.

Түркістан автономиясы талқандалған 1918 жылғы ақпан айы мен 1919

жылдың көктеміне дейінгі аралықтағы М.Шоқай өмірі өлім мен өмір арасындағы

арпалыстан тұрды. 1918 жылғы ақпан наурыз айларында М.Шоқайдың басынан

кешкендерін «Мұстафа хатынан» оқып білуге болады [1.256]. М.Шоқайдың 1918

жылдың наурызы, 1919 жылдың мамыры аралығындағы өмірінің кейбір

тұстарына қатысты мәліметтер Мария Шоқайдың естелігінде кездеседі. Осы

деректерге карағанда, 1919 жылдың көктемінде тәуелсіз Грузияның астанасы –

Тбилисиге келген М.Шоқай өзінің эмиграциялық қызметін бастаған.

Жалпы алғанда, М. Шоқайдың эмиграцияға кетуі туралы мәселеге орай

нақтылы пікір әлі күнге қалыптаспай келеді. Ресейлік тарихшышар А.И.Зевелов,

Ю.А.Поляков, Л.В.Шишкина, өзбекстандық Г.А.Хидоятов, қазақстандық

В.П.Осипов өз еңбектерінде М.Шоқайды кара басын сауғалаған қашқын ретінде

сипаттаған еді.

1919 жылы қазақ жерінен Грузияға кеткен М.Шоқайдың онда 1921 жылдың

25-ақпанына дейін болып, А.Цалыккатының редакторлығымен шығатын

«Вольный горец» және Грузияның «Борьба» газеттерінде істеуі және өзінің

редакторлығымен «На рубеже» атты журнал шығаруы саяси жұмыспен белсенді

айналысуы мұндай көзқарастың дұрыс еместігін дәлелдейді. Осы орайда біз

тарихшы Т.Омарбековтың пікірімен толық келісеміз. Ол былай деп жазған еді:

«Мұстафаның Грузияға баруы және онда біраз кідіріп, саяси жұмысын

жалғастыруының, біздің ойымызша, мынадай екі себебі бар. Біріншіден, кезінде

Ресейдің басты қалаларында белсенді саяси жұмыспен айналысқан және Думаға

депутат болып сайланған грузин меньшевиктерімен Мұстафа жақсы таныс,

тіптен большевиктерге қарсы күресте пікірлес болатын. Екіншіден, ол жылдары

Грузияны меньшевиктер басшысы Ной Жордания үкіметіне кірген грузин А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 104: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

104

ұлтшылдары билеп тұрған. Кавказдың басқа екі республикасы Әзірбайжан мен

Арменияға қарағанда грузин меньшевиктер ұлттық мүддені жоғары қойып,

жергілікті халықтың қолдауына ие болады. Бәлкім, Грузия большевиктерге

тәуелсіз ел болып қалғанда Мұстафа осында тұрақтар ма еді? Қалай дегенмен де

бұл Түркістанға жақын өлке ғой».

Тбилисиге большевиктер басып кіріп, өлім қаупі төнген соң Мұстафа әйелі

Мария Яковлевна екеуі 1921 жылы 25-ақпанда Түркияға сапар шекті. Бірақ, сол

кездегі Түркияда қалыптасқан ауыр саяси-экономикалық жағдай мұнда қалып

жұмыс істеуге деген мүмкіншілікті азайта түседі. Сондықтан да М.Шоқай

Түркияда көп тұрақтамай Францияға өтеді.

Осылайша, туған халқы мен түрік халықтарының азаттығы жолында саяси

күреске белін бекем буған қазақ баласы Еуропада өзінің саяси күреске толы

эмиграциялық күрделі өмірін бастады.

Ал енді оның шетелдік эмиграцияға кетуі қаншалықты негізді еді деген

мәселеге тоқталайық. Осы орайда М.Қойгелдиев еңбегінен мынадай бір кішкене

деректі келтіре кетейік: «Ол Грузияда журнал шығарып тұрған шағында

Ташкендегі Сұлтанбек Қожан-ұлынан телефонограмма алады. Онда алдымен

істеп алып, артынан кешірім сұрайтын Кеңес үкіметінің Қоқан автономистеріне

амнистия жариялағандығы, соған байланысты Мұстафаның кейін, Ташкенге

қайта орала беруіне болатындығы жөнінде айтылған еді. Бір ғажабы, Мұстафа

бұл арада өте тиімді шешімге келе білді». Осындай шешімге 1923 жылы 20-

ақпанда А.З.Уәлиди де келген болатын. Басмашылар құрамында жүрген оған

Т.Рысқұлов байланысшы жіберіп, оның кешірімге ие болғанын және

Я.Рудзутакпен кездесу үшін келуіне болатынын хабарлайды. Сонымен қатар,

Т.Рысқұлов осындай шешімді талқылау барысында «жолдас Уәлидовтың қайда

екендігі және соңғы жылдары немен айналысқаны белгісіз» деген сөздің де

көтерілгенін ескертеді. А.З.Уәлидиге жазған жеке хатында Я.Рудзутак: «Егер Сіз,

кері қайтқыңыз келмеген жағдайда, сізге қажетті елге шығып кету жұмысын

жеңілдетуді өз мойныма аламын» деп жазды [2.55-75]. Сонымен қатар, 1921

жылы М.Шоқайға да, 1923 жылы А.З.Уәлидиге де Түркістандағы Т.Рыскұловтың

коммунист бола тұрып қуғындала бастағаны белгісіз болды деп айта қою қиын

болар еді. Өмірдің өзі көрсетіп бергеніндей ешқандай да эмиграциялық жолға

бармай, отанында қалған Алаш зиялылары түгілі, өз ұлтының табиғи құқығы

жолында күрес жүргізген немесе дұрыс пікір айтқан коммунистік тұғырнамадағы

түрік қайраткерлерін кешіре алмаған РКП(б) ОК-ның М.Шоқай мен

А.З.Уәлидиді «кешіруі» екіталай еді. Мұны М.Шоқай да, А.З.Уәлиди де айқын

ұғынса керек. Сондықтан да олар саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алып,

Түркістанның азаттығы мен тұтастығы жолында өмірлерінің ақырына дейін

күрес жүргізді. Сол кезендегі «ақ эмигранттар» ордасы болған Франция астанасы

– Парижге келген М.Шоқай ауыр әлеуметтік тұрмысты бастан кешірді. Бұл

туралы Мария Шоқай өз естелігінде кеңірек әңгімелейді [3.38-39]. Сондай-ақ,

М.Шоқайдың Париждегі ауыр тұрмысы туралы Т.Шағатай, Х.Оралтай сынды

авторлар өз еңбектерінде жазған еді. Ал Мұстафа шәкірті, «Жас Түркістан» А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 105: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

105

журналын шығарушылардың бірі болған Әбдулақап Октай былай деп жазады:

«...Құрылтай жиналысы негізгі мүшелерімен бірге пайдаланып жүрген қаражат

көзінің басшыларының бірі Милюков пен тағы сол сияқтылар Шоқайға да осы

көзден пайдалану мүмкіндігін ұсынды. М.Шоқай өзінің ешқашан, ешқандай

«Орыс Құрылтай жиналысына» қызмет етпегенін, сондықтан да бұл құрылымды

пайдаланғысы және оның сеніміне кіргісі келмейтінін айтып, бұл ұсынысты кері

қайтарды». Мына жәйтті де айта кеткен жөн. М.Шоқай бұл ұсынысты кері

қайтарған кезінде Парижде жалдаған пәтерінің бір бөлмесін асхана етіп, әйелі

аспазшы, өзі даяшы болып, күнкөріс қамын жасады. Осындай қиын өмір

теперішін басынан өткеріп жүрсе де, Түркістанның тәуелсіздігі және түрікшілдік

жолындағы күресін тоқтатпады. М.Шоқайдың эмиграциялық өмірінің алғашқы

екі-үш жылы «өмір үшін күрес» және Францияға қалыптасу кезеңі болып өткенге

ұқсайды. Мысалы, 1923 жылы Германияда орын алған ауыр экономикалық

дағдарыс уақытында ондағы инфляцияны пайдаланған М.Шоқай Мария

Яковлевна екеуі алты ай Германияда тұрып, ақшаларын үнемдеуге мәжбүр

болады [4.520].

Тек қана 1923 жылдан бастап олар Ногот (Ножан) қаласында тұрған.

Күнкөріс қамымен М. Шоқай Керенскийдің «Дни» және Милюковтың

«Последние новости» басылымдарында корректор болып қызмет істейді. Мария

Шоқайдың және басқа да зерттеушілердің айтуына қарағанда, 1923 жылдан

бастап М. Шоқай «орыс демократиясынан мүлдем теріс айналып, орыс

баспасөзінен де қол үзген». М.Шоқайдың орыс баспасөзінен қол үзуі дегенде,

осы 1923 жылдан кейін Мұстафа Шоқай «Дни» немесе «Последние новости»

басылымдарына мүлдем мақала жазбады деп түсінбеу керек. М.Шоқай бұдан

кейін де бұл басылымдарда түркістандық мүддені бейнелеген мақалалар мен

орыстың «көкезу», «мылжың», «демократтарына» қарсы мақалалар жазып

тұрған. Ол бұл басылымдардағы корректорлық ресми қызметінен кетті. Оның

төмендегідей себептері болды деп ойлаймыз. Біріншіден, шынайы түркістандық

мүддені білдіретін мақалаларын бұл басылымдар баса қоймаған. Өйткені,

эмиграциядағы орыс «демократтары» Ресей империясының ішіндегі Түркістан

мен өзге орыс емес халықтарды мойындағысы келмейтін. Екіншіден, кезінде

Түркістан ұлттық үкіметінің басшысы болған, өзі түрікшіл, тұтас Түркістан

идеясын насихаттаушы тұлғаның өзге ұлттардың табиғи құқығына күле

қарайтын орыс басылымдарының жұмыс істеуі оның саяси беделіне зор нұқсан

келтіретін және өзіне деген сенімсіздік тудыратын. Үшіншіден, М.Шоқай сол

кездің өзінде тәуелсіз Түркістан баспасөзін ұйымдастыруды ойға алып, оның

жолында белін бекем буғанға ұқсайды.

Мұстафа Шоқай Кеңестік Ресейдің қоластында қалған Түркістан мәселесін

халықаралық конференцияда көтеруге және оған әлем жұртшылығының назарын

аударуға тырысқан. Мысалы, 1922-23 жылдары (Т.Шағатай өзінің еңбегінде 1926

жыл десе, А.Октай 1925 жыл деп көрсетеді, ал 1923 жылы 24-шілдеде

Швейцариядағы Лозанна конференциясы аяқталып, дүние жүзі Түркияның

тәуелсіздігін мойындады. Швейцарияның Лозанна қаласында жиналған А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 106: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

106

Түркияның тағдыры жөніндегі Халықаралық конференцияға Түркістан және

жалпы түрік әлемі жөнінде М.Шоқай А.Ысқақи, С.Мақсуди, Ф.Тоқтарлармен

бірге өз талаптары мен көзқарастарын біддірген үндеу жіберген. Т.Шағатайдың:

«Лозандағы бейбітшілік конференциясы...'' А.Октайдың «...Мен де

мемлекетімнен жақында келгенмін, қолымда екі-үш жылдық өміріме жететін

ақша бар болатын» деп жазғандарына қарағанда, бұл конференция 1923 жылдың

24-шілдесінде Одақтастар мен Түркия арасында Лозаннада жасалған бітім

шартымен аяқталған конференция болса керек. Себебі, бұдан кейінгі кезеңде

Түркия тағдырына катысты Лозанна қаласында ірі конференция болған емес.

Оның үстіне, бұл конференцияда Кеңестік Ресей өкілдері (Украина мен Грузия

өкілдерімен қоса) тек Қара теңіз шығанақтары туралы мәселені талқылауға ғана

қатыстырылды [5.180]. Осы конференцияға М.Шоқай да барып, онда ол Түркия

делегациясы бастығының орынбасары доктор Риза Нұрға жолығып, көлемді

түрде кеңескен. Ал шын мәнінде Түркістан саяси эмигранттары бұл

конференцияда ешқандай рөл атқармаған.

Мұстафа Шоқай Түркістаннан Батыс Еуропаға келген бірқатар түрік саяси

эмигранттарымен бірге түрік халықтарының азаттығы жолында күрес бастады.

Осы жерде, Ресейдің отарлық езгісінде отырып, басы толық біріге алмаған түрік

халықтарының саяси жетекшілерін алғашқыда қандай идея топтастырды деген

сұрақ туындайды. Әрине, біртұтас Түркістан идеясы еді. 20-жылдардың аяғына

дейін-ақ, Түркістан саяси эмигранттарының азаттық қозғалысындағы түрікшілдік

үлкен эволюцияға ұшырағанын айта кетуіміз керек. Осыған орай, Түркістан

саяси эмигранттарының арасындағы тар шеңбердегі ұлттық мүддеге

бағындырылған әрекеттер де көрініс беріп отырды. Бұл жағдай Түркістан

азаттық қозғалысының әлсіреуіне және кеңестік һәм эмиграциялық орыс

баспасөздерінің «түрік идеологиясы дағдарысқа ұшырады!» деп жар сала

жазуына алып келді. Шынайы түрікшілдігінен айнымаған М.Шоқай тұтас

Түркістан идеясы үшін кез келген құбылысқа терең мән беріп, олардың

болмысындағы арам пиғылды әшкерелей отырып, түрікшілдіктің жауларына

қарсы аяусыз ақпараттық-идеологиялық күрес жүргізуді басты нысана

дәрежесіне көтере білді.

Эмиграцияда жүріп өз халқының азаттығын аңсаған қазақ баласы күреске

қажетті рухани күш-қуатты кайдан алды? 1917 жылы Түркістан автономиясын

Ресей федерациясының ішіндегі құрылым ретінде жариялаған, Ресейден бөлінуді

көксемеген қазақ баласының өз жерінен жырақта жүріп азат және тұтас

Түркістан мемлекетін кұруға ұмтылысы қаншалықты негізді еді? Сондай-ақ,

тұтас Түркістан идеясын жүзеге асыру жолында қандай стратегиялық жоспарға

сүйенді және қандай тактикалық іс-әрекеттер жасады? Міне, осындай күрделі де

өзекті мәселелерге жауап беріп көрелік.

Иә, большевиктер партиясы билік басына келіп, бүкіл ұлттық мүдделер мен

құндылықтарды аяқ астында таптағанша Алаш және түрікшілдік қозғалыс

жетекшілері орыс демократиясына зор сеніммен қарады. М.Шоқайдың 1923

жылға дейін Керенскийдің «Дни» журналы мен Милюковтың «Последние А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 107: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

107

новости» газетінде жұмыс істеуі де осы соқыр сенімнің бір айғағындай болса

керек. Бірақ, большевиктер билігі бүкіл Ресей империясына орнатылып, 1922

жылы КСРО құрылды. КСРО-да біртіндеп большевизм нығая түсті. Орыс

большевиктері патшалық Ресей әкімшілігі жүзеге асыра алмаған отаршылдық

саясаттың кейбір қырларын пәрменді түрде іске асыра бастады. КСРО-дағы

большевиктердің әрбір қадамын қалт жібермей, бақылап отырған және бұрынғы

Ресей империясына қарасты ұлттардың табиғи құқығына күле қарайтын орыс

эмигранттарына бұл жағдай, әрине, өте ұнады. Сондықтан да эмиграциялық орыс

баспасөзі мен кеңестік идеология арасында 20-жылдардың екінші жартысынан

бастап белгілі бір деңгейде жарасымдық, үндестік қалыптаса бастады. Әсіресе

бұл үндестік ұлт мәселесіне ойысқанда адам ажыратқысыз кейіпке душар

болатын. М.Шоқайдың орыс саяси эмигранттарынан іргесін алшақтатуы да

осындай принципті мәселелерге тәуелді болатын. Ұлттық автономия алу идеясын

орыс демократиясы қолдайды деген соқыр сенім дәуірін М.Шоқай былай деп

еске алады: «... біздің эмигранттық топтар Түркістаннан келген әрбір поштадан

орыс халқы туралы, оның демократиялық және төңкерістік топтары туралы ескі

таным-түсінігімізге өзгерістер енгізетін жаңалықтар мен танысудамыз. Біздің

бұрынғы жетекшілеріміз (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, М.Дулат және т.б.) орыс

халқына тән ерекшелік – ұлттық эгоизм мен ұлттық үстемдіктің жоқтығына

қатты сенген болатын. Олар осы өз сенімдерімен басқаларды да сендірді және

соңдарынан көпшілікті ерте білді. Ақпан төңкерісі кезінде орыс демократиясына,

әсіресе оның төңкерісшіл бөлігіне деген соқыр сенім жетегінде жүрдік.

Украиндар бірінші болып ұлттық айқындалу бағдарламасымен шыққан кезде,

бұл біздерге, түркістандықтарға жасалған бірінші сақтандыру және орыс халқына

деген біздің сенімімізге қағылған бірінші сына болды».

Отаны орыс большевиктерінің езгісінде қалып, ұлттық автономия идеясын

қолдайды деп сенген орыс демократиясының шынайы келбетін таныған

Түркістан саяси эмигранттарының жетекшілерінің бірі М.Шоқай қандай көңіл-

күйді бастан кешіруі мүмкін? Әрине, қорлық сезімі! Бұл қорлану – жай ғана жеке

бастың емес, күллі түрік халықтары үшін қорлану еді. Ұзаққа созылған қорлану

сезімі адамды жүнжітіп жіберетін басты фактор екенін ескерсек, түрік азаттық

қозғалысының ядросында болған М.Шоқайдың қаншалықты азап шеккенін

түсіну қиын емес. Ұлттық қозғалыс жетекшісі отарлық езгідегі түркістандықтар

үшін күрестің қаншалықты ауыр және азапты болатынын бастан кешірді.

Сондықтан да ауыр тұрмыс тауқыметін тарта отырып, тағдыр тақсыретімен

мойнына тарихтың ауыр жүгі артылған М.Шоқай Түркістанның азаттығы

жолында күресуге мәжбүр болды. Бұл күрестің тарихи маңызын түсіне отырып,

рухани күш-қуат алды. Сондықтан да, М.Шоқай өмірінің соңына дейін Түркістан

азаттық қозғалысының және тұтас Түркістан идеясының негізгі қозғаушы күшіне

айналды.

Мұстафа Шоқай коммунистік өтірік бүркемелеген Түркістан шындығын

халықаралық аренаға көтеру үшін, түрік халықтарының өзекті мәселелеріне А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 108: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

108

Ұлттар Лигасының және әлем халықтарының назарын аудару үшін, тұтас

Түркістан идеясын насихаттау үшін тәуелсіз түрік баспасөзін қалыптастыруға

баса назар аударды. Осы тұста, кезінде Ресей империясының отары болған

Польша өкіметі мен маршал Иозеф Пильсудскийдің «Лихие прометей»

ұйымының Батыс Еуропадағы Түркістан, Еділ-Орал, Әзірбайжан, Каваз және

басқа да ұлт азаттық қозғалыстарына зор материалдық көмек көрсеткенін атап

өту керек. Орыс отаршылдығының ауыр тауқыметін өз бастарынан кешірген

поляктар Ресейдегі өздерімен тағдырлас бодан халықтардың жай-күйіне

немқұрайлы қарамаған. М.Шоқай да «Жаңа Түркістан» және «Яш Түркістан»

журналдарын шығаруда осы «Лихие прометеи» ұйымының қаржылық көмегіне

сүйенген болатын.

«Поляктар - өзім кұтылдым, өзгелер не болса, о болсын деп әсте

ойламайтын, адамгершілігіне қаһармандығы сай ғажайып халық» [6.512].

«Бүгінгі біздің тағдырымызға деген немқұрайлылық, біздің ұлт-азаттық

қозғалысымызға дұшпандық, ұлт-азаттық қозғалысымыздың әлсіз үнін өшіріп

алмау қамындағы әрекетімізге қарсы жасалып жатқан кедергілер жағдайында

маршал Пильсудский тарапынан көрсетілген шынайы жанашырлық сезімдері

біздің жүрегімізде оған және оның халқына – поляктарға мәңгі ұмытылмастай

терең сүйіспеншілік тудырады»-дейді М.Шоқай өзінің Польша және маршал

Пильсудский туралы жазған мақалаларында. Польшаның Ресейдегі аз ұлттардың

саяси эмигранттарына көмек көрсетуінің өзіндік себебі бар еді. Бұл туралы

Варшавада шығатын

«Восход» журналының бас редакторы пан Бончковский «Заман мәселесі»

атты мақаласында былай деп жазды: «Прометей» мәселесі жалпы Шығыс

Еуропада, соның ішінде Кеңестер Одағы қоластындағы халықтардың азаттық

қозғалысының жиынтық көрінісі... Кеше ғана өзімен тағдырлас болған бақытсыз

халықтарды құтқару ісіне поляктар табанды болып қала беретін болса, оның

идеологиялық негіздері мен саяси себептері бар... Сол себептердің бірі – Кеңестік

Ресейдің Коминтерн арқылы Польшаның ішінде жүргізіп келе жатқан бүлдіру

әрекеттері...». Осындай себепке орай Польша «Яш Түркістанды» 1939 жылға

дейін қаржыландырып отырды. Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа орай,

Франция астанасы Парижде тұрып, М.Шоқай Ыстанбұлда Зәки Уәлидидің бас

редакторлық етуімен «Жаңа Түркістан» («Иени Түркістан») журналын

ұйымдастырды. М.Шоқай 1927 жылдың маусым айынан 1931 жылдың қыркүйек

айына дейін «Жаңа Түркістан» журналына атсалысып, аса құнды мақалалар

жазады. Бұл журнал туралы М.Шоқай 1931 жылы былай деп жазды: «...1927

жылы шыға бастаған «Жаңа Түркістан» Түркістанның ұлттық туын атамекеніміз

сыртында бірінші болып көтерген журналымыз еді. «Жаңа Түркістан»

Түркістанның ұлттық тәуелсіздік идеясы мен түрікшілдік ой-пікірлерін таратуда,

Түркістан және Анадолы түріктері арасында тіл мен рухани бірлікті нығайтып,

дамытуда аса маңызды қызметтер атқарып келген еді... «Жаңа Түркістанның»

жабылуы Түркияның сыртқы саясатындағы КСРО-мен жақындасуына орай болса

керек. Сонымен қатар, осы 1931 жылы Ыстанбұлда әзірбайжан егеменшілдері А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 109: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

109

мен ұлтшылдары тарапынан шығарылып келген «Отлы юрт» және «Білдіріш»

басылымдары да жабылады. 1932 жылы Ататүрік бастамасымен даярланған

«Тürк Таrіһіnіn Аnаһаtlагі» («Түрік тарихының негізгі бағыттары») атты кітапты

сынағаны үшін Ыстанбұл университетінің профессоры А.З.Уәлиди жұмыстан

қуылып, Батыс Еуропаға кетуге мәжбүр болды. Түркия Республикасы тарапынан

жасалынған мұндай әрекеттер М.Шоқайдың түрікшілдігіне нұқсан келтіре

алмады. М.Шоқай Түркістанның біртұтастығы идеясының басты күрескері

болып қала берді.

Мұстафа Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Францияның астанасы

Парижде тұрып, Германияның астанасы Берлинде тұтас Түркістан идеясының

жаршысы болған «Яш Түркістан» журналын шығара бастайды. Журналды

шығаруға Т.Шағатай және Ә.Октай атты шәкірттер 1922 жылы Түркістаннан

оқуға келіп, Германияда қалып қойған түркістандық жастар атсалысты.

Эмиграция жағдайында заманының ең күрделі мәселелерін қозғаған бұл журнал

1939 жылдың тамыз айына дейін шығып тұрды. Барлығы 117 саны жарық көрді.

«Яш Түркістан» журналының неліктен Берлиннен шығарылғандығы туралы

белгілі шоқайтанушы ғалым А.Нүсіпханның пікірімен толық келісеміз. Ол былай

деп жазған еді: «Қисынға салғанда Мұстафаның «Яш Түркістанына» Түркия,

қалса осы Франция мекен болуы керек еді. Бірақ олай болмады. Мұстафа

Шоқай «Яш Түркістанды» Германиядан шығарды. Біздің ойымызша оның

мынадай себептері бар. Біріншіден. Еуропадағы елдер арасында Коминтерннің,

демек Кеңес Одағының ықпалы ең аз ел Германия болатын. Сол онсыз да әлсіз

ықпал Гитлер өкімет басына келгеннен кейін бірден ойсырап нөлге дейін

құлдырады. Осы арада «Яш Түркістанның» антикеңестік, антикоминтерндік

бағыты Германияның осы бағыттағы сыртқы саясатымен белгілі бір дәрежеде

үндестік тапқандай еді. Екіншіден. М.Шоқайдың өз сөзімен айтқанда, 1922

жылдың соңында Еуропаға, әсіресе, Германияға Түркістаннан бір топ жастар

оқуға келген. Осы жастар «Яш Түркістанның» таянышы болды..» Үшіншіден. «Яш Түркістанды» Польша үкіметі мен Польшаның даңқты маршалы Иозеф

Пильсудский тарапынан құрылған» Лихие прометеи» ұйымы арқылы

қаржыландырып отырды. Польша Германиямен көрші. Бұл да журналды

шығаруға қолайлылық тудырған факторлардың бірі болған сияқты».

Сонымен қатар, М.Шоқай осы жылдары Францияның «Огіеnt OCCIDENT»,

«Lа Revvue de Ргоmethee», Англияның «Аsiatic review», Польшаның «Woshod»

журналдарында, сондай-ақ Парижде түркістандықтар мен украиндықтардың

және кавказдыктардың бірлесіп Польшаның көмегімен ұзақ жылдар бойы

шығарған « Ргоmethee « журналында және орыстардың «Дни», «Последние

новости»; әзірбайжан тіліндегі «Отлы юрт», «Білдіріш»; кавказдықтардың

«Шимали Кафказия»; түрік тіліндегі «Түрік юрду»; татар тіліндегі «Милли иол»,

«Емел» сынды газет-журналдарда өз мақалаларын жариялап тұрған. Ол

мақалаларын тікелей өз атымен және «Жанай», «М.Жанай», «Желил» һәм т.б.

бүркеншік аттармен де жазады. Сондай-ақ, кейбір шетелдіктердің Түркістан

жөнінде жазған кітаптарына да М.Шоқай көмектескен. Мысалы, неміс тілінде А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 110: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

110

1942 жылы «Түркістан» деген атпен шыққан Р.Ольцша мен С.Клейков бірігіп

жазған 434 беттік кітаптың 363-беттен 409-бетке дейінгі бөлігін М.Шоқай

жазған. Ол сонымен бірге 1928 жылы Парижде француз тілінде «Сһеz Les Soviets

en Asie Centrale», 1935 жылы «Кеңестер қоластындағы Түркістан», 1937 жылы

«1917 жыл естеліктерінен үзінділер» атты кітаптары жарық көреді. Бұл

еңбектердің барлығында да Түркістан мүддесін көздеген ой-пікірлер көрініс

тапты.

М.Шоқай мұнымен де шектелмей, Түркістанның азаттығы жолындағы

күресін басқа тәсілдермен жүргізудің жолын қарастырады. Мысалы,

халықаралық конференцияларға қатысу, тіпті болмаса оларға хаттар жіберу һәм

өзі де сөз сөйлейтін жиналыстар ұйымдастырудың да мүмкіндіктерін табады.

Халықаралық жиналыстарға жіберген хаттары мен меморандумдарында ол жеке

Түркістан халқының ғана емес, бүкіл түрік тілдес барлық халықтардың дауын

даулап, жоғын жоқтайды.

Өзінің сол бағыттағы ісінің алғашқы нәтижелерін М.Шоқай бірінші

дүниежүзілік соғыстан кейін соғыс туғызған әлемдік мәселелерді реттеу

мақсатымен Версаль сарайында жиналған Халықаралық бейбітшілік

конференциясына, сондай-ақ Ұлттар Лигасына, түрлі елдердің саяси

басшыларына және халықаралық журналистер одағына да жібереді.Оларға

хаттар жіберумен ғана шектелмеген М.Шоқай Париж, Лондон, Берлин, Варшава

қалаларындағы түрлі жиналыстарда орыс пен қытай қоластындағы Батыс және

Шығыс Түркістан жөнінде лекциялар оқиды. 1930 жылы 8-қаңтарда М.Шоқай

Француз-Шығыс Комитетінің сұрауы бойынша «Түркістанның жағдайы» деген

конференция өткізеді. Бұл осы Комитеттің газетінде жарияланады. Ал

«Прометей» ұйымының 1932 жылғы 26-наурыздағы жиналысында «Түркістанда

Ақпан төңкерісі» атты баяндама жасаған М.Шоқай, осы жылдың 23-қазанында

«Түркістанда Қазан төңкерісі» атты баяндама жасайды. Сондай-ақ, 1932 жылы

Берлиндегі грузиндерге Түркістан жайында бір баяндама жасайды. Міне,

осындай бірқатар конференцияларға катысу мүмкіншілігін алған М.Шоқай КСРО

езгісіндегі Түркістан мәселесін халықаралық деңгейдегі мәселе ретінде көтере

білді. 1918 жылы Самара қаласында «Оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының

федерациясын құру» туралы зиялы қауым өкілдері бас қосуында қызу араласып,

Ж.Ақшора Башқұртстан, Қазақстан және Түркістанды қосу арқылы жасалатын

меншіктік құрылымды «Шығыс түріктерінің федерациясы» деп атауды ұсынды.

Бірақ Ә.Бөкейхан бұл ұсынысқа түзету енгізіп, «келешекте осылай атау дұрыс

болар, ал әзірше орыстардың «пантүркизм» деген жаласынан сақтану үшін

«Шығыс Ресейдің мұсылман федерациясы» деп аталғаны жөн» деді [7.173].

М.Шоқай кейін Ж.Ақшорамен Түркияда кездескен уақытын былай деп еске

алған болатын: «Ол кезде Түркия өз тарихындағы ең бір қиын күндерді бастан

кешіруде болатын. Юсуб бек те Анадолыдан күн сайын бір жаңа хабар күтумен

отырған. Ол кезде Юсуб бек: «Түркістанның да, басқа да түрік өкілдерінің де

егемендігі Түркияның егемендігіне байланысты, егер Түркия мемлекет ретінде А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 111: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

111

сақталып қалса, Мұстафа Кемал амалын тауып Түркияны, Анадолыны құтқарып

қала алса, бұл сіздің Түркістанды құтқаруыңыздың да басы болар еді», -деген

болатын.

Кейін Түркия құтқарылып, тәуелсіздігі қамтамасыз етілген соң да Юсуб

бекпен әлденеше рет жолығып жүрдік. Бұл кезде ол бізге Түркістанның

құтқарылуын Түркиямен байланыстырғысы келмейтін сыңай танытты. Алайда

Юсуб бек түрік бірлігінің күш-қуатына имандай сенетін. Бірақ енді бұл сенім

бұрынғыдай саяси қайраткердің сенімі емес, тарихшы ғалымның сенімі

болатын».

Түркия Республикасының негізін салушы Мұстафа Кемал Ататүріктің

жақын серіктерінің бірі болып саналатын Ж.Ақшора Анадолы түріктерінің зор

құрметіне бөленіп мәжіліс депутаттығына сайланды. Депутаттықпен қатар

Анкара университетінің профессоры болып қызмет істеді. Қоғамдық-саяси

қызметін бір сәтте тоқтатпаған Ж.Ақшора 1931 жылы бірінші түрік тарих

конференциясын өткізіп, «Түрік тарих қоғамының» құрылуына ұйытқы болды.

1933 жылдан өмірінің соңына дейін, яғни 1935 жылға шейін осы ұйымның

төрағасы қызметін атқарды. Ұйымның негізгі міндеті түрік халықтарының

тарихын зерттеп, зерделеу еді. Осындай дүниежүзілік мәні бар ұйымды басқара

жүріп, Ж.Ақшора «Еуропадағы идеологиялық ағымдар», «Экономика және

саясат», «Саяси тарих тағлымдары», «ХVIII-ХХ ғғ. Осман империясындағы саяси

ұйымдардың тарихы» секілді және т.б. мол ғылыми дүниелерді жазып қалдырды

[8.13].

Тұтас Түркістан үшін күрескен Түркістан саяси эмигранттарының азаттық

қозғалысын көмескілендіріп, оларды Германияға соғыс жылдары қызмет еткен

сатқындар ретінде көрсетуге тырысушылық әлі күнге қалмай келеді. Біз осы

жерде тікелей «Түркістан легионы» М.Шоқайға қатысты бұндай пікірдің толық

негізсіз екендігін айтамыз. Бізге дейін осындай пікірді осы мәселеге қатысты

зерттеу еңбектерінде Ә.Тәкенов, М.Қойгелдиев, Г.Көкебаева, А.Кәкен,

Б.Садықова, Ә.Бәкіров сынды тарихшылар мен зерттеушілер де айтқан болатын.

Сонымен қатар, М.Шоқайдың да, «Түркістан легионының» да Кеңес Одағына

қарсы соғысқан сатқын болмағандығын Т.Шағатай, А.Октай, Қ.Қанатбай,

Кантемир, X.Абдолла сияқты сол кезең куәгерлері де өз еңбектерінде толық

дәлелдейді. X.Абдолланың жеке архив қорындағы бірқатар мәліметтер мен

деректерден де осындай тұжырымға келуге болады.

М.Шоқайға Германия үкіметі тарапынан «Франция мен Англияның

шпионы» деген айып тағылған болатын. Бұндай айыптың толық негізсіздігіне

Германия басшылығы тез арада көз жеткізді. Бірақ арандатушыларға ешқандай

шара қолданылмады. Ал Кеңестік насихат машинасы М.Шоқайға «Түркістан

легионын құрушы», «Германияға сатылған опасыз» деген айыптар тақты. Ал

шын мәнінде, М.Шоқай «Түркістан легионын» құруға қарсы болып, ауру мен

аштықтан, адам айтқысыз айуандық қатынастың салдарынан қырылып жатқан

түркістандықтарды өлімнен арашалап алу үшін оларды жұмысқа орналастыру

жағдайын қарастырған. М.Шоқай тұтқындардың өте нашар жағдайы туралы А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Базарбаев Қ.Қ. М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

Page 112: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

112

әкімшілік орындарға жолдаған хатында: «Сіздер, немістер, өздеріңізді

Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыз. Егер сіздердің

мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сендерге де

тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін» - деп жазған. Легионер

Қарыс Қанатбай «Менің Мұстафамен кездесуім» атты естелік-әңгімесінде

Мұстафа былай деді деп еске алады: «Менің ең негізгі қамқорлығым сендердің

әрқайсысыңа біздің болашақ отанымызды – Түркістанды құру үшін қажетті әр

түрлі іскерлік жұмыстарға орналастыру болмақ!». Бұл пікірді түркістандық

соғыс тұтқыны, кейіннен Германияда қалған Жәкебай (Жантемір) құруға қарсы

болған. Ол түркістандықтардың тұтқыннан босатылып, Германияның

кәсіпорындарында жұмысқа орналастырылуын талап еткен. Бұл, әрине, неміс

басшылардың ол кездегі саясатына қайшы келгендігі түсінікті. Германияның

әскери істер және эмигранттармен шұғылданған кісілердің түрік тектес әскери

тұтқындарды Мұстафа тірі тұрғанда басқа біреу арқылы басқартуы қиын

екендігін түсінуі мүмкін». Сондықтан да М.Шоқай әдейі өлтірілген болуы әбден

мүмкін. Бұл мәселенің анық-қанығына жетуді болашақ зерттеулеріміздің үлесіне

калдыра отырып, жоғарыдағы пікірлермен келіспеуге ешқандай негізіміздің

жоқтығын мәлімдейміз.

Сонымен, қорытындылай келе, Түркістан саяси эмигранттарының азаттық

қозғалысы азат және тұтас Түркістан идеясы үшін қызмет еткендігін; Түркістан,

Еділ-Орал өзге де түрік халықтары ұйымдарының «түрік бірлігі» идеясына

топтасуына Кеңестік және эмиграциялық орыс шовинистерінің, өзге де

түрікшілдікке қарсы топтардың әрекеттерінің басты себеп болғандығын; азат

және тұтас Түркістан идеясы үшін күреске өз өмірін арнаған М.Шоқайдың

жетекшілік рөлінің жоғары болғандығын атап өтуіміз қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек, 1995. - 256 б.

2. Исхаков С.М. А. З. Валидов: пребывание у власти //Отечественная история. 1997. № 7. -С.55-75.

3. Хасанаева Л. Ақпан революциясы және ұлттық автономия мәселесі // Қазақ тарихы, 1999. - № 6. - 38-39-6.

4. Шоқай М. Тандамалы. - Алматы: Қайнар. - Т.2. - 1999. -520 б.

5. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия. 1-бөлім (1918-1939). - Алматы, 1997. - 180 б.

6. Шоқай М. Таңдамалы. -Алматы: Қайнар. - т.1. 1998. -512 б.

7. Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Книга 1. - Уфа: Китап, 1994. - 400 с. (173). 8. Махай А.Ш. Жүсіп Ақшора // Жас Түркістан, 1999. -№1. – 13-6.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

М.К.АЛДАБЕРГЕНОВА

Page 113: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

113

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің PhD докторанты

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ

В данной статье рассматривается влияние географической среды на экономическое и

социальное развитие средневековых городов.

This article deals the influence of geographical environment on the economic and social development

of medieval cities.

Қалалардың пайда болуы мен дамуына географиялық ортаның қалай

әсер ететіндігін айтпастан бұрын, ең алдымен аймақтың табиғи-географиялық

жағдайына аз-кем көңіл аударған жөн. Оңтүстік Қазақстан өзінің көлемі

бойынша үлкен территорияны қамтиды және соған сәйкес онда өзіне тән

ерекшеліктері бар археологиялық мәдениет пен тарихи-этнографиялық кешен

қалыптасқан. Бұл үлкен аймақты біртұтас ретінде қарастыратын бірден-бір

фактор бұл территорияда шашылған інжу секілді әр жерде пайда болған және

қалыптасқан қалалар, елді-мекендер. Оңтүстік Қазақстанның географиялық

жағдайын зерттеу қарастырған аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын,

дәстүрлі шаруашылығының қалыптасуын және ең алдымен қалалардың пайда

болуы мен дамуын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Территорияның

оңтүстік-шығысын және орталық бөлігін Талас Алатауының батыс сілемдері,

Қаржантау және Өгем жоталары және Қаратау қамтиды. Жазық өңірі

солтүстігінде Бетпақдала мен Мойынқұм, оңтүстік-батысында Қызылқұм,

оңтүстігінде Мырзашөл, Шардара далаларынан құралады. Аймақ сонымен

қатар өзінің табиғи жағдайларына байланысты бірнеше физика-географиялық

территориялық комплекстерге бөлінеді. Бұл кешендерді бөлу барысында тек

аймақтың табиғи белгілері бойынша біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар

мұнда мекендеген тұрғындардың айналысатын шаруашылығы да есептеледі.

Өйткені тек адамдар ғана аймақтың ландшафты мен шаруашылығының

дамуын қамтамасыз ете алады. Әрине, тарихи қалыптасқан бұл территорияда

табиғи жағдайлар мен адамдардың қалыптасқан өмір сүру салтын бөлек-

бөлек қарастыруға болмайды. Қалалардың дамуы жайлы қарастырғанда,

аймақтың климатын зерттеу өте орынды құбылыс. Аймақтың жер беті ағын

суы Сырдария және Шу алаптарына жатады. Табиғат жағдайларының Орта

Азиямен ұқсастығына қарамастан, температураның тез әрі жиі өзгеруімен

ерекшеленеді. Аймақтың климаты тым континентальды, қысы қысқа әрі қар

жамылғысы жұқа әрі тұрақсыз болады. Жазы ыстық әрі қуаң. Жауын-

шашынның жылдық орташа мөлшері 150-160 мм, солтүстігіне ойысқан сайын

бұл мөлшер кеми түседі, тауда 1000 мм-ге көбейеді. Адам өмір сүруі үшін

теңіз деңгейінен 500-1000 м биіктікте орналасқан тау алды белдеу А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Алдабергенова М.К. Ортағасырлық қалалардың дамуына географиялық ортаның әсері

Page 114: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

114

қолайлы. Тау алды аймақтар өзінің қара және қара-қошқыл топырағымен

ерекшелененіп, суармалы егіншілік, жеміс-жидек, жүзімдік өсірумен

айналысуға өте қолайлы [1,121-122].

Оңтүстік Қазақстанның территориясының көпшілігі дала, шөлейт және

шөлді белдеуде орналасқан. Сондықтан суару жүйесі арқылы іске асқан

егіншілік көп өнімнің түсуіне себеп болады. Осы ерекшелікті ескере отырып,

ежелден егіншілік өзен бойларында жақсы дамыған.

Географиялық мәліметтерді тарихи жағынан талдау мақсатында

аймақтың табиғи-географиялық сипаттамасын жазба деректерден іздесек,

мынадай мәліметтер түседі. Оңтүстік Қазақстан территориясының жайлы

климаттық ортасы және ондағы орналасқан қалалар жайлы ежелгі жазба

деректерде де жазылып кеткен. Мәселен, «Михман-наме-йи Бухара»

шығармасының авторы Сырдария маңы мен Сауран, Сайрам вилайеттерінде

болып, онда климаттың таңғажайып жайлы екендігін хабарлаған [2]. Аймақта

егінді суаруға арналған су көздерінің көптігі, өңдеуге ыңғайлы жерлердің

барлығы, сонымен қатар қала іргесінде қала қолөнершілері жасап шығарған

бұйымдарды қолданушы қауымның болуы – осы себептердің барлығы

Қазақстанның оңтүстігінде қала мәдениетінің өркендеп дамуына әкеліп

соқтырды. Қала өркендеуіне себеп болған жағдайларды талдап қарар болсақ,

ең алдымен су көздерінің молдығы. Ірі өзендері Сырдария және оның

салалары Келес пен Арыс. Территорияның солтүстік бөлігін Шу өзенінің

төменгі ағысын қамтиды. Отырар оазисі жайлы ортағасырлық авторлар

көптеген деректер қалдырған. Мәселен, Рузбихан Сырдария жайлы мынадай

мәлімет айтады: «Өзен 300 таш қашықтықта ағып өтіп, Қарақұмның

құмдарына сіңеді. Өзеннің бойы дерлік әр түрлі шөптер мен қамысқа толы.

Дариядан егінді суару мақсатында пайдаланылатын көптеген арықтар

тартылған. Әлемде мұндай өзенге тең келер өзен жоқ. Сонымен қатар

кішігірім өзендер жеткілікті, олардың көпшілігі таулардан бастау алып, егін

суаруға қолданылады» [3].

Қалаларда жүргізілген археологиялық зерттеулер қала тұрғындарының

шаруашылығы, өмір сүру деңгейі, тұрғын үйлері жайлы көптеген мәліметтер

береді. Осы мәліметтердің арқасында географиялық ортаның қалалардың

дамуына әсерін байқауға болады. Қала тұрғындарының өмірінде егіншілік

маңызды орынға ие болды. Егін шаруашылығын мынадай түрлерге бөлуге

болады: 1) адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан

суармалы жерлер және 2) табиғи суландырылатын жерлер. Біз қарастырып

отырған аймақта көбінесе суармалы егіншілік үлкен маңызға ие. Суарудың

өзін екі түрге бөлуге болады: табиғи, жасанды. Суармалы егіншілік сол

аймақтың табиғат жағдайларының әсерімен қалыптасқанымен, ол ең алдымен

қалалар дамуының жоғарғы деңгейінің бірден-бір көрсеткіші болып

табылады [4]. Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалаларда суармалы А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Алдабергенова М.К. Ортағасырлық қалалардың дамуына географиялық ортаның әсері

Page 115: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

115

егіншіліктің екі түрі де қолданылады. Қала тұрғындарының қала сыртында

жазда қоныс аударатын өңдейтін жер үлескісі болған. Бұл жайлы ең алдымен

жазба деректерде жақсы баяндалған. Сырдария бойында орналасқан

қалаларды жеке-жеке сипаттай келе, олар егістерді және халықты сумен

қамтамасыз ететін каналдар жайлы жазған. Өзен сулары қолданылмайтын

ортағасырлық қалалар да баршылық. Мәселен, Сауран қаласы және оның

төңірегіндегі бау-бақшалар кәріз арқылы суландырылған. Кәріз қалдықтары

басы Мыртөбе төңірегінен басталып, соңы Сауран төңірегіндегі усадьбаларға

дейін жеткен. Құдықтар нашар сақталған, оларды құдықты қазу және тазарту

кезінде шыққан топырақ (кұдықты айналдыра төгілген) жалы арқылы

анықтауға болады. Васифидің айтуына қарағанда, кәріздерді қалаға Мір-араб

(Мир-араб) деген жергілікті дін өкілі сыйлап, кәріздің қайнарына қамал

салдырған. Шамасы, сол қамал Міртөбе каласы болса керек, Мір (Мир)

аталуында Мір-арабтың аты сақталған. Зайн Ад-дин Васифидің айтуы

бойынша, «Кәріздің басы қаладан фарсах қашықтықта орналасқан». Кәріздер

басында су қоймасы жайласқан. Кәрізбен суарылатын жер үлескілерінде

жүзімдіктер мен шаруашылық құрылыстар, бақшалар бар саяжай-шарбақ

орналасқан. Егіншілік оңтүстік аудандардың көпшілігінде суармалы болған

[5]. Сырдарияға жақын жатқан аудандардың егіс алқаптарында каналдар мен

арықтар тармақталған жүйе ретінде қалыптасқан. Археологиялық қазба

жұмысы көрсеткендей, XV-XVII ғғ. Отырар оазисінің бас құрылысы Арыста

орналасқан, қашықтығы 40 км-ге жететін Темір-Арық жүйесінің суымен

жабдықталатын. Вакфтық грамоталарға сәйкес, Түркістан ауданының

жерлері бұлақтар мен тау өзендерінен шығарылған каналдармен суарылатын

[6]. Сығанақ маңында, Ибн Рузбиханның баяндауы бойынша, егістіктер

Қаратаудан бастау алатын және Сырдариядан ағып шығатын өзендердің

арықтарымен суарылатын. Сығанақ грамоталарында олардың аттары аталған:

Қызылтал, Чикил-Торғай, Ордакент, Жолақ, Арсланды және бастаулар

Тоқтамыс, Хараш, Хисаршық. Тау алды аймақтар егістікті суару мақсатында

тау өзендерінің сулары пайдаланылған.

Сайрам маңында жыртылатын егін алқаптары болған. Оларды суару

үшін Ақсу, Сайрамсу, Бөген өзендерінен су алынған. Жазба деректерде

Сайрамда бидай, сұлы, арпа өсірілетіндігі жайлы деректер кездеседі.

Рузбихан атап көрсеткендей, Сайрам Мұхаммад Шейбани-ханның әскерін

бидаймен қамтамасыз етіп отырған [7].

Қалалардың Оңтүстік Қазақстан территориясында көптеп жайласуына

тағы бір себеп ол өңделмелі шаруашылыққа ыңғайлы жерлердің көптеп

кездесуі еді. Бұл жайлы ортағасырлық авторлардың көпшілігі айтып кеткен.

Ибн Рузбихан, Васифи, Хафиз Таныш та Ясы, Сығанақ, Сайрам, Сауран кең

егіншілік вилайеттерінің орталығы болып, оларды азық-түлікпен, бидаймен

қамтамасыз етіп отырғандығын өз шығармаларында сөз еткен [8]. Сырдария А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Алдабергенова М.К. Ортағасырлық қалалардың дамуына географиялық ортаның әсері

Page 116: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

116

маңы қалаларының жартылай аграрлы сипаты жайлы тек онда кең егіншілік

алқаптарының бар болғандығы ғана емес, сонымен қатар қала

тұрғындарының ауыл шаруашылығымен айналысқандығы да дәлел бола

алады. Ал-Макдисидің айтуы бойынша: «Джувикаттан Таразға дейінгі

аралық адамдар мекені мен жайылымдар болып табылады». Сонымен қатар

Тараз қаласы жайлы ол былай дейді: «Тараз саялы бақтарға толы, Талас

өзенінің бойында орналасқан Атлах қаласының аймағын бақшалар мен

жүзімдіктер алып жатыр»,- деген деректер қалдырған. Сюань-Цзянь Сайрам

қаласы жайлы мынадай деректер келтіреді: «Бұл аймақтың жері өте құнарлы

әрі бай. Онда әр түрлі бақтар мен ормандар жайқалып өседі». Сайрам жайлы

деректер Рузбиханның да жазбаларында кездеседі: «Бұл қала көркем әрі

жанға жайлы. Ол жазық далада орналасқан, сондықтан ауасы таза әрі жан

сергітеді. Оның маңында жабайы ешкілер жайылып, әр түрлі ағаштар өседі.

Қала аумағы берік қамалмен қоршалып, онда өмір сүретін тұрғындар өзінің

кеңпейілділігімен ерекше көзге түседі»,- деген деректер келтіреді. Ал-

Макдиси Испиджаб қаласын суреттей келе, былай дейді: «Мұнда әр түрлі

жемістер өседі және бұл қала тұрғындары жердің өнім бермеуі жайлы тіпті

білмейді», ал географ Якут Испиджаб жайлы: «Алланың ең көркейген әрі

көркем елінің бірі, онда ағаштар, ағынды бұлақтар мен тамаша бақтар көптеп

кездеседі»,- дейді. Арыс өзенінің орта ағысында орналасқан Субаникент

қаласы жайлы «Худуд ал-Алем» географиялық шығармасында мынадай

мәліметтер келтіреді: «Субаникент жайлы әрі көркейген бай қала» [9].

Рузбихан XVI ғасырдағы Сауранды суреттей келіп, былай дейді: «...таң

қаларлық сүйкімді қала. Ол ашық, тегіс жерге салынған. Қала көңілді, жарық,

ауасы жайлы, жұмсақ, жанға қуаныш пен күш береді. Бүкіл аймақта әр түрлі

көрікті ағаштар өсіп тұр. Қаланы биік қамал қоршаған... оның сыртында оры

бар» [5]. Осы келтірген мәліметтердің барлығы Қазақстанның оңтүстігінің

тарихи географиясының қашан да болмасын күрделі өзгерістерге тап

болмағандығын көрсетеді. Жергілікті тұрғындардың айналысатын

шаруашылығы жайлы деректі сонымен қатар тұрғындарға салынған жер

салығы харадж арқылы анықтауға болады. Қала тұрғындары төлейтін

салықтардың қатарында «мардигар (суару жүйелерін салу және сол қалпында

сақтап қалу үшін алынатын салық)», «тағар (әскерге азық-түлік түрінде

алынатын салық түрі)» салықтары болған [7]. Қалалардың аграрлық сипаты

мен тұрғындардың шаруашылығының айқындала түсуін олардың мекендеген

тұрғын үй құрылысындағы өзгерістерден байқауға болады. Тұрғын үй

құрылысында мал ұстайтын қораларға орынның бөлінуі, сонымен қатар

бидай және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын қамбалардың болуы

қаланың аграрлық сипатының тереңдей түскендігі жайлы мәліметтер береді

[10].

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Алдабергенова М.К. Ортағасырлық қалалардың дамуына географиялық ортаның әсері

Page 117: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

117

Географиялық орта аймақтың шаруашылық, экономикалық немесе

әлеуметтік жағынан болмасын дамуының маңызды факторларының бірі.

Сондықтан біріншіден, географиялық орта мен шаруашылықты,

географиялық орта мен қалалардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын

бөле жарып қарау мүмкін емес. Қай кезеңде де болмасын олар бірін-бірі

өзгеріске түсіріп немесе бірін-бірі толықтырып тұратын жүйе болып

табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Семенова М.И. Природа и хозяйства Южно-Казахстанской области. Алма-Ата, 1959. 2. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІ-начале ХVІ вв.: (Вопросы политической

и социально-экономической истории). А-Ата, 1977, 456 с.

3. Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории Казахских ханств в ХV-ХVІІ вв. // Казахстан ХV-ХVІІ вв.: (Вопросы социально-политической истории). Алма-Ата, 1969. 214 с.

4. Рассудова Р.Я. Естественные условия и система хозяйственно-социальных отношений в

позднефеодальный период истории народов Средней Азии. // Роль географического фактора в истории докапиталистических обществ. Л., 1984. 262 с.

5. Байпаков К.М., Елеуов М. Ортағасырлық Сауран. Средневековый Сауран.-Түркістан: Тұран, 2004.

50 б. 6. История казахской ССР. Алма-Ата: Наука. 1979.

7. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы, 1993. 362

с. 8. Пищулина К.А. Письменные восточные источники о Присырдарьинских городах Казахстана ХІV-

ХVІІ вв. // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. А-Ата: Наука КазССР.

1983. 210 с. 9. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. Труды

института истории археологии и этнографии АН КазССР. Т 5. Алма-Ата. 295 с.

10. Байпаков К.М., Воякин Д.А., Акылбек С.Ш., Антонов М.А., Сорокин Д.В. Историческая география Отрара и Отрарского оазиса: основа сохранения и защиты.// Қазақстан Республикасының Ұлттық

Ғылым Академиясының хабарлары. Серия Общественных наук. Отв. ред. А.З.Камалиденова. 2006.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

СОЦИОЛОГИЯ

Page 118: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

118

Х.М.МАМАНОВА Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты

ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ

ӨТКЕН КҮНІ, БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

В статье описывается роль туризма в социально-экономическом развитии Турецкой

Республики, история развития и проблемы туризма в разные периоды.

The author of the article reveals the role of tourism in the social and economic development of the

Turkish Republic. History of development and some problems of tourism in different periods of time have

been researched as well.

Бүгінде, туризм – әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан экономика

салаларының бірі. Оның маңыздылығы сол, экономиканың 32 саласымен

тығыз байланыста болып, макро-, мезо-, микрокөлемде елдің әлеуметтік-

экономикалық өміріне әсер етуі. Оған: ел балансының оң болуы,

халықаралық қарым-қатынас және мәдени интеграциялану, халықтың

жұмыспен қамтылып әл-ауқатының артуы, инфрақұрылымның дамуы тән.

Әлемде бұқаралық сипатқа ие болған туризмнің болашағы жарқын

екендігі анық, осы себепті көптеген елдер туристік потенциалын дамытуға

аса зейін қоюда.

Бұл жағдай көне мәдениет ошақтарынан мирас боп қалған тарихи-

мәдени құндылықтарға бай Түркия мемлекетінде де орын алды. Түркияда

тарихи ескерткіштер саны Италия және Грекия елдерінің тарихи

ескерткіштерін қоса алғаннан да көп. Әлемге әйгілі «Жеті кереметтің» екеуі

осы елде, табиғат рельефтері де таңдай қақтырарлықтай. Үш жағынан жалпы

ұзындығы 8333 км. құрайтын үш теңіз қоршаған. Климаттық жағдайы

аймағына қарай сан алуан: солтүстігінде бірқалыпты орталығы

континентальді сипатқа ие, ал оңтүстігі субтропиктік белбеуге жатады.

Табиғатының флорасы мен фаунасы, өзендері мен көлдері, таулары,

термальді бұлақтары елде түрлі туризм түрлерінің дамуына себеп болды.

Туризмнің басқа да даму факторлары ретінде, түрік асханасы мен

фольклорының сан қилылығы, қонақжайлық қасиеті, табиғатының алғашқы

қалпында сақталғандығы, сапалы әрі арзан қызмет, тарихтан сыр шерткен

ескінің көзі мен қазіргі заман инфрақұрылымының үйлесімділігін айта

аламыз. Алайда, туризмнің дамуы туристік ресурстардың болуымен

шектелмейді. Оған мемлекеттік басқару мен реттеу, заңнамалық қолдау

лазым.

Түркия үкіметі туризм индустриясының дамуына ХХ ғасырдың ІІ-

жартысында назар аудара бастады. 60-жж. туризмді дамытудың 5 жылдық

бағдарламалары жасалып, Мемлекеттік жоспарлау ұйымының қарамағына

берілді. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Маманова Х.М. Түркия Республикасында туризм дамуының өткен күні, бүгіні мен ертеңі

Page 119: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

119

Алғашқы бесжылдық бағдарламаларда туризмнен барынша көп табыс

табу көзделіп, жоспардағыдай инфрақұрылымды дамытып, демалыс

орындарының көптеп салынуы қарастырылды. Бастапқы кезеңде

мемлекеттен саланың дамуына қажетті қаржы бөлінбеді. Қаржы тапшылығы

мен салымдардың болмауы сол кезеңдегі Түркияның туристік әлеуетін

дамытуға кедергі болды.

Шектелген қаржы мен туристік ресурстардың саналуандылығы,

шенеуніктердің приоритетті деп тапқан туристік аймақтарды таңдауына

мәжбүр етті. Осылайша 1970 ж. басында Балыкесір елді мекенінен Анталия

елді мекеніне дейінгі аймақ, инвестиция тартуға приоритетті аймақ ретінде

белгіленіп, Түркияның осы аймағында туризмді дамыту жоспары басталып

кетті.

Түркияда туризмнің жаңа кезеңі ХХ ғасырдың 80 жж. басында басталды.

Туризмді дамыту бағдарламасының алғашқы нәтижелері көрінді.

Бірінші белгісі, 1982 жылы №2634 «Туризмді мотивациялау туралы

заңы» шықты, ол 1960 жылы шыққан №6086 заңның орнын басты. Заңда

Туризм Министрлігінің құзыреті белгіленіп, туризмді дамытуға келесідей

шаралар қарастырылды:

- Басымдық туристік аймақтарда газ, су және электрэнергиясына

жеңілдетілген тарифтер қолдану;

- Туристік сектордағы кәсіпкерлердің салықтары мен баж салығын

жеңілдету;

- Жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары мен субсидиялар бөлу.

Екінші белгісі, 1983 жылы Үкімет ауысты. Әлемдік тәжірибеден белгілі

болғандай, жаңа үкімет жаңалықпен келді. Жаңалығы, нарықтық экономикаға

көшу еді. Алғышарттары ретінде мемлекеттің бағаны реттеуден бас тартып,

жалпы меншіктендіруге және импортты либерилизациялауға, жеке секторды

дамытуға жол бастады. Бұл шаралар оң нәтижесін беріп, жеке секторды

едәуір белсендірді. Елде еркін экономикалық аймақтар құрылып, туризмнің

дамуына көп әсерін тигізді.

Еркін экономикалық аймақтар 1985 жылғы №3218 «Еркін аймақтар

туралы Заңына» сай құрылды. «Еркін аймақтарды» құрудағы басты мақсат

елге жаңа технологияларды тарту, қаржылық құйылым мен өндірісті арттыру

еді.

Еркін аймақтарда тұратын жеке және заңды тұлғалар, кіріс және

корпоротивті салықтан толықтай босатылады. Аймаққа кірерде және

шығарда кедендік заңдылықтар сақталып, аймақтан тауар экспорттауда не

импорттауда кедендік баж салығы мен салықтар алынбады. Орнына аймаққа

кіргізілген не шығарылған тауардың құндық номиналынан 0,5% «Аймақты

Құру және Дамыту Қорына» аударылады. Аймақтың ерекшелігі салықтың

бұл түрі аймақта өндірістік ғимараттарды салуда, жөндеуде қолданылатын А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Маманова Х.М. Түркия Республикасында туризм дамуының өткен күні, бүгіні мен ертеңі

Page 120: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

120

импортталған тауарлардан алынбады.

Реформа барысында жүзеге асқан, қызмет секторындағы бәсекелестіктің

қалыптасуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, туризмнің

дамуына бірден-бір себеп болды. Қысқа уақыт ішінде Түркия шетелдік

инвестицияларға, соның ішінде басым бөлігі неміс компанияларының

салымдарына отельдер шынжыры (Мысалы: Кемпинский отельдері),

кемпингтер, халықаралық деңгейдегі жолдар салынып, бірнеше шетел

тілдерін меңгерген білікті мамандар даярлана бастады. Мемлекет тарапынан

аймақтардағы тарихи ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Мысалы: бастапқыда тіпті темір жол желісі жүргізілмеген, кішкене портты

елді мекен болған Анталия, халықаралық әуежай, модернизацияланған порт,

жақсартылған жолдар, бесжұлдызды фершинебельді отельдер салынғаннан

кейін өзгеріп қала берді. Қазірде Анталия Жерорта теңізіндегі ең танымал

халықаралық туризм орталықтарына айналып, Түркияның даңқын асқақтатып

отыр.

Дегеніміздей, туризм саласы Түркия экономикасында маңызды орын

алады. WTTC мәліметтері бойынша 2010 жылы туризм әлемдік ЖІӨ-ң 3,3%,

яғни 1,770$ млрд. құрады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 4,5%, яғни 1,850$

млрд.долл., ал Түркияда болса, ЖІӨ-ң 10,0% құрайды деп болжамдануда.

Түркияда 2011 жылдың соңына дейін нақты туризмде (жанама салаларды

есепке алмағанда): турагенттіктерде, отельдерде, әуежайлар мен тасымалдау

компанияларында 503 000 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр, бұл елдегі

жұмыс істейтіндер 2.2% құрайды. Ал, туризмге жанама салаларды есепке

алсақ, 2011 жылы 1 873 000 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жалпы жұмыс

істейтіндер санының 8,1 % құрайды.

Түркияның туристік қызметтерінің тұтынушы нарықтары болып, ЕО пен

ТМД елдері табылады. ЕО елдерінің ішінде Германия бірінші орында болса,

ТМД елдерінің тізімін Ресей бастап тұр. Германиядан Түркияға демалуға

жылына 2,5 млн., ал, Ресейден Түркияға 0,7 млн. турист демалуға келеді.

WTTC-ң болжамдары бойынша 2011 жылы Түркияға келетін туристер саны

27,3 млн.-ға, ал түсетін пайда 39,1 млрд. жаңа түрік лирасын құрайды деп

күтілуде 1.

Көріп отырғандай, Түркия туризм саласында көптеген жетістіктерге

жетті. Жаңа бесжылдықтарда үкімет туризм мезгілін жыл он екі айға созу

мақсатымен туристік ресурстары толық игерілмей отырған аймақтарда жаңа

туристік аймақтар құруды жоспарлауда. Бұған себеп Түркияға келетін

шетелдік туристер санының артуы болып отыр.

Елдегі жазғы туризм түрі дамыған туристік аймақтар, көбіне Жерорта

мен Эгей теңіздерінің бойында орын тепкен. Олардың ішінде танымалдары Анталия, Алания, Мармарис, Кушадасы, Бодрум, Фетхие, Каш секілді шипажай шипажай қалалар бар. Трабзон, Гиресун, Ризе аймақтарында тау туризмі кең

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Маманова Х.М. Түркия Республикасында туризм дамуының өткен күні, бүгіні мен ертеңі

Page 121: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

121

етек жайып келуде. Ал, тау шаңғысы туризмі Бурса қаласындағы Ұлыдағ

және Эрзурумдағы Паландөкен тауларында дамығанын айта аламыз.

Танымалдылығы мен туристер жиі келетін қалалардың тізімін Анталия

бастап келеді. Қалада халықаралық әуежайдың, бухталар мен яхталардың,

сапалы жолдар мен жеткілікті жатақ орнына ие қонақ үйлердің рөлі үлкен.

Екінші орында Стамбул, одан кейін Муғла, Эдирне, Измир, Анкара қалалары

орын алады. Соңғы уақытта Қара теңіз жағалауында туризмді дамыту қолға

алынуда. Түркияның Туризм министрлігі бұл аймақтан үлкен үмітте, сол

себепті де аймақ басты салықтардан босатылып отыр.

Туризмнен түсетін табысты арттыру үшін мемлекет жаңа туристік

аймақтарды құрып қана қоймай, жаңа туризм түрлері мен қызмет түрлерін

арттыруға тырысып бағуда.

Бүгінде Түркия бірнеше бағыттарда жұмыс атқаруда, сол бағыттың бірі

«конгрестік» туризмі. «Конгрестік» туризмді дамыту мақсатында елдің

Стамбул, Анталия және Измир қалаларында конференциялар, симпозиумдар

мен семинарлар ұйымдастыруға арналған орталықтар ашылды. Орталықтар

ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктерімен жабдықталған және

үлкен аймаққа ие. Бір сөзбенен, мұнда қонақтардың жоғары деңгейдегі

сапалы қызметті сезінуі үшін барлық жағдайлар жасалған деуге болады.

Емдік (термальді) туризм – туризмнің бұл түрін дамыту Түркия

мемлекеті үшін маңызды, өйткені елде шамамен 1000 термальді бұлақтар бар.

Олардың басым бөлігі Эгей және Мәрмәр теңіздерінің аймақтарында

орналасқан.

Діни туризм - Түркияда 3 негізгі діндердің кең етек алуына байланысты

танымал діни объектілердің саны да көп. Шетелдік туристерді Мариям

Ананың шіркеуі, Мевлананың кесенеcі және т.б. тарихи-архитектуралық

ескерткіштер қызықтырады.

Келесі кезекте жастар туризмі, жастар туризмінің даму себептердің бірі,

елдегі ЖОО-ң меншігінде шипажай кешендердің болуы. Мұндай кешендер

мен лагерьлерде шетелдік және жергілікті туристер салыстырмалы түрде

төмен бағамен демалыстарын өткізе алады.

Сонымен қатар, елде аңшылық, яхталық, Анадолы аймағындағы Ұлы

Жібек Жолы ескерткіштерінің танымдық туризмі, су асты туризмі, рафтинг,

ботаникалық және орнитологиялық туризмнің түрлерін дамыту

жоспарлануда.

Осы туристік қызметтерді туристік нарықта дамыту үшін, Түркияда

ойластырылған жарнамалық науқандар жүргізілуде. Жарнаманың стилі

Жерорта теңізіндегі аса танымал туристік орталығы болып табылатын

Түркияның ерекшеліктеріне сай әрдайым жарқын, көз тартарлық әрі есте

қаларлық етіп жасалады.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Маманова Х.М. Түркия Республикасында туризм дамуының өткен күні, бүгіні мен ертеңі

Page 122: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

122

Жүргізілген зерттеулердің соңғы нәтижелеріне сәйкес, Түркияның

жарнамалық науқандары өзін-өзі ақтап жатыр. Өйткені елде жарнамалық

стратегия мен жарнамаланатын нақты аймақтар, бағыттар және құрамдас

қызметтер анық белгіленген. Оның негізінде, елде 2002 жылы Туризм

министрлігінің ұйымдастыруымен бұрын-соңды жүргізілген, ең үлкен, құны 50

млн. жарнамалық науқан өтті. 11 аймақтағы 50 тұтынушылық нарықта Түркияны

жарнамалайтын жарнама құралдар жасалды. Бұл елдің халықаралық туристік

нарықтағы имиджін құруына, нарықтың кейбір сегменттерінде маркалар пайда

болып, туристердің арасында танымалдылыққа ие болуына себепкер болды.

Жоғарыда айтылғаннан түйін жасайтын болсақ, Түркияның туризм

индустриясын дамытуда көптеген жетістіктерге жеткенін аңғара аламыз. Тамаша

туристік ресурстарға ие мемлекет жоспарлы түрде жүзеге асырған саясатының

арқасында оң нәтижеге жетті. Айта кететіні, Түркия жеткен жетістікте тоқтамай,

нарықтағы өзгерісті бақылап соған сәйкес туризм секторын әлі де болса дамыту

үстінде. Оған қабылданған «2023 Түркия Туризм Стратегиясы» мысал бола

алады.

«2023 Түркия Туризм Стратегиясы» мен 2007-2013 жж. арналған

тоғызыншы «Даму жоспарының» мақсаттары бір. Даму жоспарында туризм

секторын дамуын қамтамасыз ету үшін «Туризм секторының басты жоспарын»

дайындап, алға қойылған мақсаттарды осы жоспар арқылы жүзеге асыру

көзделуде. Жоспарға баламалы туризмнің: емдеу, қыстық спорт түрлері, тау мен

экотуризмнің, конгресс және көрме туризмнің, круиздік және яхталық, гольф

туризмдерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып дамыту мен ресурстарды

ұтымды қолдану енді.

Жеке секторды және қоғамдық ресурстарды, туристік аймақтарды дамытуға

бағыттау мақсат етіліп, осыған орай, елде 9 туристік даму аймақтары, 7

тақырыптық дәліздер, 10 туристік қала мен 5 экотуризм аймақтарын салу алға

қойылды. Және де баламалы туризмнің қай аймақта, қалай, қандай көлемде

құрылатыны, ол аймақтарға жету құралдарын: сапалы жолдар, шапшаң поездар,

әуежайлар, яхта жағалауларын дамыту да ойластырылған.

2007 жылы қабылданған «2023 Түркия Туризм Стратегиясына» сәйкес, 2023

жылы Түркияның дамытылуы тиіс туристік аймақтарда инфрақұрылым толықтай

қалыптастырылып, 86 млрд. доллар қаржы кіргізетін 63 млн. туристерді

қабылдауға дайын болуы жоспарлануда 2.

Қорытындылай келе, Түркия мемлекетінде жүргізіліп отырған туризмді

дамыту саясаты осылайша жалғасын тапса, Түркияның туризм саласы қарқынды

дамып, ел экономикасын көп табыс алып келетіні анық.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Travel and tourism economic impact 2011 World travel & tourism council 2010, жылдық басылым.

2. «2023 Түркия Туризм Стратегиясы». Түркия туризм және мәдениет министрлігі. Анкара, 2007.

3. Богатство Турции прирастает туризмом. Туризм: практика, проблемы, перспективы. 2002, № 8, 73б.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

ӨНЕРТАНУ

Page 123: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

123

Г.К.ШҮКІРОВА А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.

ӘН АЙТУ БАРЫСЫНДА ДАУЫС АППАРАТЫН ИГЕРУДІҢ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ НЕГІЗІ В этой статье рассматриваются основы освоения звукового аппарата в процессе пения детей.

This article deals with the bases development of the sound device in the course of children singing.

Балалардың белгілі бір жасында өткінші болып жатқан өзгерістер жайлы

нақты білу үшін олардың музыкалық өсу деңгейін, ән айту қабілеттерін жеке-

жеке көре білу қажет.

Адамның қиын да күрделі ән айту функциялары көптен бері зерттеліп

келеді. Адамның дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп қадағалап,

саналы түрде қолдану керек. Белгілі зерттеушілер И.Левидив, Е.Алмазов,

А.Содейка, А.Рябченко, т.б. кейбір жағдайларда дауыс аппаратының

ауруларын вокалды педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс

айтқан. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғау болып

табылады деген тұжырымға келген.

Жоғарыда айтқандай, мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан

балалардың дауысының дамуына ерекеше назар аудару әрбір мұғалімнің

қасиетті борышы. Кезкелген бала әнді таза да ойлы айта білуі қажет. Жеке

орындау да, көпшілікпен де. Өкінішке орай мектептерде әнді үнемі таза айта

білетін оқушыларды кездестіре бермейміз. Балалар әнді көбінесе дұрыс

орындамайды, мұның өзі әлі дамып қатаймаған дауыс перделеріне кері әсерін

тигізеді. Бала организмі үнемі даму үстінде болады, дауыста адам

организімімен бірге дамиды. Егер бала кішкентай кезінде дауысына зақым

келтіріп алса, ол бұдан былайғы дауыс аппаратының дұрыс дамуына

мүмкіндік бермейді. Сондықтан да дауысты сақтау үшін: қатты айқайлауға,

суық су ішуге, терлеп тұрып балмұздақ жеуге болмайды.

Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-

тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы

мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Бірақ, кейбір

мұғалімдер мұндай ерекшеліктерді бағалай және ескере бермейді. Дауыс

аппаратының құрылысын терең білу, әнді тәрбиелеудің жаңа жолдары мен

бағыт бағдарларының дүниеге келуіне әсер етеді [1.24].

Дауысты тәрбиелеуге қатысты тыныс мүшесін негізгі үн шығаратын

орган көмейден бастап тереңірек танысып көрелік.

Дауыс аппараты, дыбыс шығарарда, тыныс алғанда әртүрлі формаға

түседі. Мәселен, ән айтқанда дауыс саңлауы өте тарылып кішкене үшбұрыш

формасына енеді, жай тыныс алғанда кеңейіп кәдімгі үшбұрыш формасындай

болады. Ал, терең тыныс алғанда дауыс саңлауы барынша кең ашылады. А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

Шүкірова Г.К. Ән айту барысында дауыс аппаратын игерудің әдіс-тәсілдерінің негізі

Page 124: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

124

Балалардың дауысының үлкен адамның дауысынан айырмашылығына

келетін болсақ, сәбилердің көмейі 2-2,5 есе кіші, әрі жоғары орналасқан. Көмей

еттері мен дауыс сіңірлері әлі толық жетілмеген, үлбіреген нәзік, жұмсақ болып

келеді. Сондықтан баланың дауысында вокалдық бұлшық еттер болмайды,

олардың жұмыс атқарылуы тиіс, яғни, әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу,

дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық

шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру

керек.

Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына,

музыкалық қабілетінің дамуына, музыкалық есіту қабілетін тәрбиелеуге жағдай

жасайды.

Ән айту- педогогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық

эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінеді. Педагогикалық

үрдіс техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қаупін аңғару керек, сонда ән

айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына,

яғни, ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет.

Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән

айтатын жағдайға келтіруге, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе, вокалды

есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты

іске асырылады [3.76]

И.И.Левидов тәжірибелі мұғалім баланың дауыстарына абай болуды, оларды

ән айтуға қызықтыра білу керектігін айтады. Сондықтан мұғалім баланың дауыс

аппаратына, дауысына шамадан тыс ауыртпалық бермейді деп көрсетті.

Е.Малинина мұғалім әрбір балаға тікелей жақын қараудың, олардың даму

деңгейін, жасын, ерекшеліктерін ескеру керектігін көрсетеді. Сонымен қатар

баланың психологиясында біліп, оларға басшылық жасау қажет дейді.

Музыкалық есту қабілетінің дамуы балалардың музыкалылығына өз әсерін

тигізбей қалған емес. Балалардың естуін тексере келгенде мұғалім бағалы, құнды

мәлімет алады және музыкалық дамыған балалардың тізіміне енгізеді. Мұндай

әдіс күшті әсерлілеу болып табылады: мұғалім аспапта «фа» дыбысын ойнайды,

содан кейін өзі айтады, сосын барлық сыныпқа оны айтуды ұсынады, сосын

аспапсыз және жабыңқы дыбыспен бір оқушыға айтқызады. Сүйемелдеусіз айту

интонациясының таза айтқызу жұмысы барысында үлкен маңызы бар. Оқушы

өзінің айтып отырған әнін жақсы есту керек. Сондықтан біз баланың музыкалық

дамуын тексерген кезде есту қабілетін, дыбысты аспапсыз таза шығарылуына,

мәнерлі айтуларына назар аударуымыз қажет.

ӘДЕБИЕТЕР

1. Левидов И. Детский голос. М.: Педогогика, 1970.

2. Малинина Е. Вокальное воспитание детей. М.: Музыка, 1997.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №3, 2011

МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ-CONTENTS

ФИЛОЛОГИЯ

Page 125: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

125

ЖУРНАЛИСТИКА

МАЛБАҚОВ М.

БАЙНИЯЗОВ А.

Түркі лексикографиясының метатілі хақында бірер сөз

О некоторых проблемах метоязыка в тюркской лексикографии

3-6

MALBAKOV M.

BAINIYAZOV A.

About some Matters of Turkic Lexicography in a Meta-Language

BAIMAHAN T.

Metaphorical Paremiological Units in English and Kazakh Languages

Метафорические паремиологические единицы в английском и казахском

языках

7-10

БАЙМАХАН Т.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі метафоралық паремиологиялық

бірліктер

БАЙНИЯЗОВА Ж.

Түркі лексикографиясының тарихы жайлы

Об истории тюркской лексикографии

11-14

BAINIYZOVA ZH.

About History of Turkic Lexicography

ОСПАНОВА Б.О.

Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні

Лингвокультурное значение казахских табу

15-19

OSPANOVA B.O.

Linguistic and Cultural Meaning of Kazakh Taboo

АБДУЛХАКОВ О.

АБДУЛХАКОВА И.

Межъязыковые соответствия множественности на синтаксическом уровне

Cинтаксистік деңгейдегі көпше түрдің тіларалық сәйкестігі

20-23

ABDULKHAKOV O.

ABLULKHAKOVA I.

Inter-Language Correspondence of Plurality on Syntactical Level

ТӘШІМОВА Ә.

Қазіргі Қазақстандық медианарықтың дамуы

Развитие современного казахстанского медиарынка

24-29

TASHIMOVA A.

Development of the Contemporary Kazakh Media Market

СӘДІБЕКОВ А.

Электромагнитті радиодан сандық радиоға дейін

Из электромагнитного радио до цифрового

30-32

SADIBEKOV A.

From Electromagnetic Radio to Digital Radio

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ИБРАЕВА К.Ж.

«Құтты білік» кітабы – халықтың тәлім-тәрбиесі

Книга «Кутты билик» как воспитание народа

33-38

IBRAYEVA K.ZH.

The book “Kytty bilik” as the upbringing of people

ДАНИЯРОВ Т.Ә.

МАЛГАЙДАРОВА Г.Т.

Page 126: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

126

Спорт түрлерімен айналысу арқылы оқушылар бойында салауатты өмір сүру

дағдысын қалыптастырудың жолдары Пути формирования здорового образа жизни у школьников посредством занятий

различными видами спорта

39-43

DANIYAROV T.A.

MALGAIDAROVA G.T. Methods of Formation of Pupils’ Healthy Way of Life through Sport

ЖЕТІБАЕВ К.М.

Маман даярлау және білім жүйесі әлеуметтік категория сипатында

Подготовка кадров и система образования как социальная категория

44-51

ZHETYBAYEV K.B.

Personnel Training and System of Education as a Social Category

ТҰРМЕТОВ И.Қ.

AЙТУҒАНОВ Ә.Р. Бастапқы әскери дайындық мамандығының арнайы пәндерді оқытуда

меңгерілетін білімдер жүйесі

Cистема знаний при преподавании специальных предметов

специалистам начальной военной подготовки

52-58

TURMETOV I.K.

AITUGANOV A.R.

System of Skills in Teaching Special Subjects to Specialists of Basic

Military Training

ШЕКЕРБЕКОВА Ш.Т.

Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау барысында

құзырлылық тәсілді қолдану мүмкіндіктері

Возможности применения компетентностного подхода в процессе

профессиональной подготовки будущих учителей информатики

59-63

SHEKERBEKOVA SH.T.

Opportunities of Competent Approach In The Professional Trainung Process

Of Future Teachers Of Computer Science

ДАНИЯРОВ Т.Ә.

Педагогикалық тұрғыдағы салауатты өмір салты мәселесі

Проблема здорового образа жизни с педагогической точки зрения

64-67

DANIYAROV T.A.

Problem of Healthy Way of Life from the Pedagogical Point of View

ЖОЛДАСОВА Б.Б.

Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы

өнерге баулуға кәсіби даярлаудың әдістері

Методика профессиональной подготовки будущих учителей технологии

при обучении школьников декоративно-прикладному искусству

68-74

ZHOLDASSOVA B.B.

Methods of Professional Training of Future Teachers of Technology in Teaching

Decorative – Applied Arts to Pupils

KENDZHAYEVA B.B.

Using of Games in Teaching English

Использование игр в обучении английского языка

75-77

КЕНДЖАЕВА Б.Б.

Ағылшын тілін оқытуда ойындардың қолданылуы

КІШІБАЕВА Д.

ҚАЙБЫЛДАЕВА Ғ.Қ.

Білім берудегі педагогикалық технологияның маңызы

Значение педагогической технологии в образовательном процессе

78-80

KISHIBAYEVA D.

KAIBYLDAYEVA G.K.

Page 127: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

127

Significance of Pedagogical Technology in Educational Process

ҚОЙШИЕВА Т.Қ.

БАЛТАБАЕВА Н.М.

12 жылдық мектептің бастауыш сынып

информатикасын оқытудағы ақпараттық

технологияның рөлі Роль информационных технологий при обучении информатики в

начальных классах с 12-летним образованием

81-84

KOISHIYEVA T.K.

BALTABAYEVA N.M.

Role of Information Technology at Computer Science Teaching at Primary

School

ОМАРОВ Б.

Қазақ күресінен балуандарды тәрбиелеудегі жаттықтырушының рөлі

Роль тренера в воспитании борцов по казахской борьбе

85-87

OMAROV B.

The Role of a Coach in Training Wrestlers in Kazakh Wrestling

АБДУЛЛИНА Г. Білімгерлерде қалыптастырылатын интеллектуалдық іскерлік деңгейлері

Уровни интеллектуальных умений, формируемых у обучающихся

88-92

ABDULLINA G.

Levels of Formation Intellectual Skills of Students

КЕКІЛБЕКОВА А.Д.

Болашақ педагог-музыканттың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда

мамандыққа бейімдеу

Адаптация к специальности при формировании профессиональной

квалификации будущих педагогов-музыкантов

93-95

KEKILBEKOVA A.D.

Adaptation to Speciality in Formation of Professional Qualifications of Future

Teachers-Musicians

ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ИСМАИЛОВ А.И.

История и традиции Российской дипломатии

Ресей дипломатиясының тарихы мен дәстүрлері 96-102

ISMAILOV A.I.

History and Traditions of Russian Diplomacy

БАЗАРБАЕВ Қ.Қ.

М.Шоқай және Түркістан саяси эмигранттарының ұлт-азаттық қозғалысы

М.Шокай и национально-освободительное движение политических

эмигрантов Туркестана

103-112

BAZARBAYEV K.K.

M.Shokai and the Struggle for National Liberation Movement of Turkistan

Leaders

АЛДАБЕРГЕНОВА М.К.

Ортағасырлық қалалардың дамуына географиялық ортаның әсері

Влияние географической среды на развитие средневековых городов

113-117

ALDABERGENOVA M.K.

Influence of Geographical Space on the Development of Medieval Towns

СОЦИОЛОГИЯ МАМАНОВА Х.М.

Түркия Республикасында туризм дамуының өткен күні, бүгіні мен ертеңі

День прошедший, сегодняшний и завтрашний в развитии туризма в

Турецкой Республике

118-122

MAMANOVA KH.M.

Page 128: РЕДАКЦИЯЛЫ Қ АЛҚ Аrmebrk.kz/journals/2527/19989.pdf · Kazakh proverb means: “ Kыйға берілген аттың тісіне қарамас болар” [5.78]

128

Past, Present and Future of the Tourism Development in the Turkish Republic

ӨНЕРТАНУ ШҮКІРОВА Г.К.

Ән айту барысында дауыс аппаратын игерудің әдіс-тәсілдерінің негізі

Основы методов освоения голосового аппарата в процессе пения

123-124

SHUKIROVA G.SH.

Principles of Methods of Vocal Chords in the Process of Singing

Мазмұны

Содержание Contents

125-128