3
Абуғалиева Гүлнар Тұрланқызы Бастауыш сынып мұғалімі №22 орта мектеп Атырау қаласы Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі Мақсаты: а) оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету Ә) оқушылардың жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту; Б)Оқушыларды таза, әдемі, сауатты жазуға үйрету, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Көрнекілігі: Кеспе әріптер, буындар, интерактивті тақта, суреттер Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, топтастыру, топтық жұмыс; Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру бөлімі 1) Психологиялық дайындық Қайырлы таң досым, Қайырлы күн болсын. Баршамыздың әрқашанда, Әр күніміз сәтті болсын. 2) Оқушыларды топқа бөлу (Гүлдің суреттерін көрсете отырып, өздеріне ұнаған гүлдерін таңдату арқылы топқа бөлу) II Ой қозғау Үй тапсырмасын пысықтау. 1- Топ : Үйрек, түлкі,күрек сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасату 2- Топ: «Кім кінәлі?» өлеңін жатқа айту 3- Топ: «Кім кінәлі?» өлеңін рөлге бөліп, сахналау III Қызығушылығын ояту Жұмбақ шешу «Егіз» десек – екінші, «Сегіз» десек – үшінші Бұл қайсы әріп екенін Өзің қарап түсінші. (Г) «Егіз» сөзінде екінші, «сегіз» сөзінде үшінші естіліп тұрған қандай дыбыс?(Г)

45minutkz.files.wordpress.com · Web viewр е г е к ө г е р ш і н г ү л 2)Оқулықпен жұмыс Г дыбысына берілген бағандағы сөздерді

  • Upload
    others

  • View
    28

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewр е г е к ө г е р ш і н г ү л 2)Оқулықпен жұмыс Г дыбысына берілген бағандағы сөздерді

Абуғалиева Гүлнар ТұрланқызыБастауыш сынып мұғалімі

№22 орта мектепАтырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпіМақсаты: а) оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету Ә) оқушылардың жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту; Б)Оқушыларды таза, әдемі, сауатты жазуға үйрету, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;Көрнекілігі: Кеспе әріптер, буындар, интерактивті тақта, суреттерӘдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, топтастыру, топтық жұмыс;Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру бөлімі

1) Психологиялық дайындық Қайырлы таң досым,Қайырлы күн болсын.Баршамыздың әрқашанда,Әр күніміз сәтті болсын.

2) Оқушыларды топқа бөлу(Гүлдің суреттерін көрсете отырып, өздеріне ұнаған гүлдерін таңдату арқылы топқа бөлу)

II Ой қозғау Үй тапсырмасын пысықтау.

1- Топ : Үйрек, түлкі,күрек сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасату 2- Топ: «Кім кінәлі?» өлеңін жатқа айту 3- Топ: «Кім кінәлі?» өлеңін рөлге бөліп, сахналау

III Қызығушылығын оятуЖұмбақ шешу«Егіз» десек – екінші, «Сегіз» десек – үшіншіБұл қайсы әріп екенінӨзің қарап түсінші. (Г) «Егіз» сөзінде екінші, «сегіз» сөзінде үшінші естіліп тұрған қандай дыбыс?(Г)

IV Мағынаны тануОлай болса, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы мен әрпі.1)Тақтамен жұмыс

Г дыбысы мен әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру. Г дыбысын хормен дыбыстату. Г дыбысы дауыссыз, ұяң дыбыс. Суреттегі заттардың атауын атап, Г дыбысының орнын ажырату, көк текшемен белгілеу

к ө г е р ш і н к е р е г е

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewр е г е к ө г е р ш і н г ү л 2)Оқулықпен жұмыс Г дыбысына берілген бағандағы сөздерді

2)Оқулықпен жұмыс Г дыбысына берілген бағандағы сөздерді оөытып, мағынасын түсіндіру; Н. Баймұхамедовтың «Ақ көгершін» өлеңін әнімен тыңдату, өлеңді әуенімен қосылып,

бірге хормен айтқызу. Өлеңді 4 шумақтан бөліп, 3 топқа тізбектеп оқыту.

V Сергіту сәті«Қара жорға» биінің қимылын орындауVI Дәптермен жұмыс

Ауада, тақтада г әрпін жазып көрсету Бас, кіші әрпін жазу

VII Шығармашылық тапсырма1 топ: Гүлдің суретін салу, гүл туралы білетіндерін ауызша айтып берудалада жапырағы өседі сабағы

мерекеде сыйлаймыз2 топ: «Адасқан» буындар, буындардан сөз құрау, Г дыбысының орнын анықтау, дыбыстық талдау жасау Ше геу Не гілМез гізСе геЕ 3 топ: Суреттегі егін,көгершін, Айгүл сөздері бойынша сызба бойынша ауызша сөйлем ойлау.

. (Егін жайқалып өсті) . (Айгүл гүлге су құйды) . (Көгершін бейбітшілік құсы)

VIII ҚорытындылауТоптастыру Дауыссыз Ұяң Сөздің басында, ортасында

IX БағалауБелсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, гүл күлтелерін тарату.Әр топ оқушылары бір біріне жұлдызшалар таратады.

Гг

г ү л