4
Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет №65-66 (11396) сенбі 15 тамыз 2015 жыл Құттықтаймыз!!! Құрметті спортшылар! Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спортшылар күні мерекесімен құттықтайды! Баршаңызға белгілі, спорты ілгері дамыған кез келген ел өркениет көшінде де алдыңғы орыннан көрінеді. Яғни спорттық жетістіктер әр уақытта мемлекеттің де, оның халқының да мерейін өсіріп, абыройын арттырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халықты салауаттыққа шақырып, бұқаралық спортты дамытуда нақты тапсырмалар берген бо- латын. Осы мақсатта жыл ішінде спорттық фестивальдер, жарыстар, спартакиадалар өткізіліп келеді. Бұның мақсаты халықты неғұрлым бұқаралық спортқа тартып, салауаттылықты насихаттау. Спортты дамыту әрқашанда жалғасын тауып, осы салада аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыру біз үшін зор міндет. Қазақ халқы ежелден спорттан ада халық емес. Бізде өзге елдерді таңғалдырып, тәнті етерлік ұлттық спорт ойындары бар. Жаңа заманда бұл құнды дәстүрлерімізді де жаңғырта беруіміз керек. Төрткүл дүние көз тігіп отырған спорттың салтанатында алдыңғы орын- нан көрініп, еліміздің көк байрағын биіктен желбіретіп, гимнімізді асқақтата беру зор мәртебе. Сондықтан әрқашанда жеңіс тұғырынан көрінейік, қадірменді спортшы- лар! Аудан, облыс, республика намысын лайықты қорғап, еліміздің алар асулары көбейе берсін! Х.Мақсұтов, с.нүркенов, аудан әкімі аудандық мәслихат хатшысы Кәсіп Түбі-нәсіп Кәсіп Түбі-нәсіп Шілде айының 30-31 күндері облыстық жастар сая- саты мәселелері жөніндегі басқармасы және “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы “Жас Отан” жа- стар қанатының ұйымдастыруымен Ақтоғай ауда- нында XII облыстық ауыл жастарының патриоттық форумы өткен болатын. Форумның басты мақсаты – облысымыздағы ауыл жастарының өзекті мәселелері мен сұрақтарын ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру. Аталған бағытта атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру. Жастарды әлеуметтік қолдау. Олардың арасында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру және жүзеге асыруда жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Президентіміз Н.Назарбаев “100 нақты қадам”- Ұлт жоспарында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында жүзеге асырылатын аса құнды бес институционалдық реформасын айқындады. Ал, осы ұлттық мұратқа қол жеткізуде жастардың орны мен рөлі ерекше. Келешек еліміздің туын желбірететін де, асқақтататын да жастар. Сондықтан, жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған мұндай шаралардың ауадай қажеттігі сөзсіз. Аталған форумда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Нұрлан Дулатбеков құттықтау сөз сөйлеп, облыстағы жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға арналған Қарағанды облысы әкімінің грантын табыстады. Облыс бойынша грант иегерлері атанған 11 адамның 4-еуі Қарқаралы ауда- нынан болды. Олар - Қарқаралы қаласының жас кәсіпкерлері Думан Бей- сенаев пен Жігер Кәрімұлы 300 мың теңге қанжығалады. 400 мың теңге көлеміндегі сыйақыға Қарқаралы қаласының жас кәсіпкері Әлібек Шам- шиев ие болды. Ал, 500 мың теңгенің сертификаты Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі Әсет Әкімбаевқа табыс етілді. Сондай – ақ, қазақстандық патриотизмді насихаттап, жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен Шәймағанбет Сұлтан Шоқанұлы марапатталды. Аудандық жастар орталығы. Тамыз Мәслихаты тың жоспарларды жүктеді Міне, тағы бір жаңа оқу жылының басталуына са- наулы ғана күндер қалды. Келешек бүгінгі жас ұрпақтың қолында демекші, алдағы оқу жылының жоспарлы қадамы, білім ұясы мектептердің оқу жы- лына дайындығы, оқушыларға сапалы білім берудегі ұстаздардың білім-біліктілігі сарапқа салынып, бағыт-бағдары айқындалар білім беру қызметкерлерінің тамыз мәслихаты да өтті. «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» атты тақырыпта өткен тамыз кеңесіне аудан әкімі Х.Мақсұтов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жетібаев, ауданымызға қарасты барлық орта, негізгі және бастауыш мектептердің директор- лары, директорлардың орынбасарлары, мұғалімдер, ауыл әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Тамыз кеңесін аудан әкімі Х.Мақсұтов жүргізді. Алғашқы сөз кезегін алған аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жетібаев «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында баяндамасын оқыды. Баяндама барысында ауданымыздағы білім саласында атқарылған жұмыстар мен орта мектептердің оқу жылына дайындықтары баса ай- тылды. Өткен оқу жылында балаларды мектепке де- йінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуде жоспарлы істер атқарылып, мектеп жасына де- йінгі балалардың 99,6 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, сауықтыру алаңдары мен маусымдық жұмыстар жүргізіліп, балалардың жазғы демалыстарының сәтті өтуіне ықпал жасалған. Елбасы жолдауында үлкен мәселе болып көтерілген мүгедек балаларды оқшауламай, ортаға бейімдеу жағы да қарастырылуда. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына тоқталар болсақ, өткен оқу жылында Қазақстан тарихы, математика пәндерінен №2, 3, 10, 16, 19, 43 орта мектептерден 9 оқушы 25 балл жинап тиянақты білімдерін көрсеткен. Сол сынақта Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектебінің білім деңгейі жоғары көрсеткіш көрсеткен болса, балалардың нақты білімдері сынға түсер осы тестілеу с ы н ы н д а оқушылардың екі- лік алуы, шекті деңгейден өтпеуі, үміткерлердің өз бі- лімдерін дәлелдей алмауы себебі бо- йынша білімді да- мыту орталығының директоры Г.Төлеубаеваның пікірі тыңдалды. Білім бөлімі басшысының баяндамасында білім беру саласындағы кемшіліктер де ай- тылып қалды. - Мәселен, тестілеудің нашар болуының бір себебі, оқушы біліміне мо- ниторингтік талдаудың жоқтығы, қайталаудың жүйелі жүргізілмеуі, тест сұрақтарын жаттату, мотивацияның болмауы, педагогикалық қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланудың төмендігі, мектепішілік бақылау мен басшылықтың осалдауы оқушылардың білім сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруда. Осындай проблемалардың қатарында мек- тептердегі ағылшын тілін меңгерту мамандардың білік сапасының өз деңгейінде болмай отырғандығы да бар. Мектептерде оқытылатын ағылшын тілінің нәтижесі мектеп түлектерінің игеру дәрежесінде көрінбеуі, Ағылшын тілінде түлектердің оқу, сөйлеу, аудара білуі төменгі дәрежеде болуы қынжылтуда-дейді білім бөлімінің басшысы Жетпісбай Қырғызбайұлы. Аталмыш кеңесте кадр тапшылығы, атап айтқанда, мате- матика, орыс тілі, педагогика-психология пәндерінен мұғалімдердің жетіс- пеушілігі де назардан қалған жоқ. Тағы бір мәселе аудан мектептері жылдан-жылға модификациядағы оқу кабинеттерімен, интерактивті тақталармен, мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілсе де, білім беру ұйымдарын жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жарақтандыру облыстық орташа көрсеткіштен әлі де төмендігі ескерілді. (Жалғасы келесі бетте) Маңызды жиын

Құрметті спортшылар! Тамыз Мәслихаты тың …old.baq.kz/storage/8b/8b5ffddc31553549078123833147f2c9.pdfГазет 1930 жылғы қарашаның

  • Upload
    others

  • View
    25

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Құрметті спортшылар! Тамыз Мәслихаты тың …old.baq.kz/storage/8b/8b5ffddc31553549078123833147f2c9.pdfГазет 1930 жылғы қарашаның

Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет

№65-66(11396)сенбі

15 тамыз2015 жыл

Құттықтаймыз!!!Құрметті спортшылар!Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз –Спортшылар күні мерекесімен құттықтайды!Баршаңызға белгілі, спорты ілгері дамыған кез келген ел өркениеткөшінде де алдыңғы орыннан көрінеді. Яғни спорттық жетістіктер әруақытта мемлекеттің де, оның халқының да мерейін өсіріп, абыройынарттырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халықты салауаттыққашақырып, бұқаралық спортты дамытуда нақты тапсырмалар берген бо-

латын. Осы мақсатта жыл ішінде спорттық фестивальдер, жарыстар,спартакиадалар өткізіліп келеді. Бұның мақсаты халықты неғұрлымбұқаралық спортқа тартып, салауаттылықты насихаттау. Спортты дамыту әрқашанда жалғасын тауып, осы салада аға буынсалып кеткен сара жолды жалғастыру біз үшін зор міндет. Қазақ халқыежелден спорттан ада халық емес. Бізде өзге елдерді таңғалдырып, тәнті

етерлік ұлттық спорт ойындары бар. Жаңа заманда бұл құндыдәстүрлерімізді де жаңғырта беруіміз керек. Төрткүл дүние көз тігіп отырған спорттың салтанатында алдыңғы орын-нан көрініп, еліміздің көк байрағын биіктен желбіретіп, гимніміздіасқақтата беру зор мәртебе. Сондықтан әрқашанда жеңіс тұғырынан көрінейік, қадірменді спортшы-лар! Аудан, облыс, республика намысын лайықты қорғап, еліміздің аларасулары көбейе берсін!Х.Мақсұтов, с.нүркенов,аудан әкімі аудандық мәслихат хатшысы

Кәсіп Түбі-нәсіпКәсіп Түбі-нәсіпШілде айының 30-31 күндері облыстық жастар сая-

саты мәселелері жөніндегі басқармасы және “НұрОтан” партиясы облыстық филиалы “Жас Отан” жа-стар қанатының ұйымдастыруымен Ақтоғай ауда-нында XII облыстық ауыл жастарының патриоттықфорумы өткен болатын.

Форумның басты мақсаты – облысымыздағыауыл жастарының өзекті мәселелері менсұрақтарын ортаға салып, шешу жолдарынқарастыру. Аталған бағытта атқарушы органдар менүкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-әрекетін

үйлестіру. Жастарды әлеуметтік қолдау. Олардың арасында мемлекеттікбағдарламалар мен жобаларды түсіндіру және жүзеге асыруда жастардыңқоғамдық белсенділігін арттыру.Президентіміз Н.Назарбаев “100 нақты қадам”- Ұлт жоспарында еліміздің

әлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында жүзеге асырылатынаса құнды бес институционалдық реформасын айқындады. Ал, осы ұлттықмұратқа қол жеткізуде жастардың орны мен рөлі ерекше. Келешек еліміздіңтуын желбірететін де, асқақтататын да жастар. Сондықтан, жастаркәсіпкерлігін дамытуға бағытталған мұндай шаралардың ауадай қажеттігісөзсіз.

Аталған форумда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы НұрланДулатбеков құттықтау сөз сөйлеп, облыстағы жастар кәсіпкерлігін қолдауғажәне дамытуға арналған Қарағанды облысы әкімінің грантын табыстады.Облыс бойынша грант иегерлері атанған 11 адамның 4-еуі Қарқаралы ауда-нынан болды. Олар - Қарқаралы қаласының жас кәсіпкерлері Думан Бей-сенаев пен Жігер Кәрімұлы 300 мың теңге қанжығалады. 400 мың теңгекөлеміндегі сыйақыға Қарқаралы қаласының жас кәсіпкері Әлібек Шам-шиев ие болды. Ал, 500 мың теңгенің сертификаты Қарқаралы ауданыныңҚарағайлы кентіндегі Әсет Әкімбаевқа табыс етілді. Сондай – ақ, қазақстандық патриотизмді насихаттап, жастар саясатының

дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен ШәймағанбетСұлтан Шоқанұлы марапатталды.

Аудандық жастар орталығы.

Тамыз Мәслихаты тыңжоспарларды жүктедіМіне, тағы бір жаңа оқу жылының басталуына са-

наулы ғана күндер қалды. Келешек бүгінгі жасұрпақтың қолында демекші, алдағы оқу жылыныңжоспарлы қадамы, білім ұясы мектептердің оқу жы-лына дайындығы, оқушыларға сапалы білім берудегіұстаздардың білім-біліктілігі сарапқа салынып,бағыт-бағдары айқындалар білім беруқызметкерлерінің тамыз мәслихаты да өтті.

«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққабағдарлану» атты тақырыпта өткен тамыз кеңесінеаудан әкімі Х.Мақсұтов, аудандық білім бөлімініңбасшысы Ж.Жетібаев, ауданымызға қарасты барлықорта, негізгі және бастауыш мектептердің директор-лары, директорлардың орынбасарлары, мұғалімдер,

ауыл әкімдері, мекеме басшылары қатысты.Тамыз кеңесін аудан әкімі Х.Мақсұтов жүргізді.

Алғашқы сөз кезегін алған аудандық білім бөлімініңбасшысы Ж.Жетібаев «Білім беру мазмұнын жаңарту:болашаққа бағдарлану» тақырыбында баяндамасыноқыды. Баяндама барысында ауданымыздағы білімсаласында атқарылған жұмыстар мен ортамектептердің оқу жылына дайындықтары баса ай-тылды. Өткен оқу жылында балаларды мектепке де-йінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасызетуде жоспарлы істер атқарылып, мектеп жасына де-йінгі балалардың 99,6 пайызы мектепке дейінгітәрбиемен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге,сауықтыру алаңдары мен маусымдық жұмыстар

жүргізіліп, балалардың жазғы демалыстарының сәтті өтуіне ықпалжасалған. Елбасы жолдауында үлкен мәселе болып көтерілген мүгедек балаларды

оқшауламай, ортаға бейімдеу жағы да қарастырылуда. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына тоқталар болсақ, өткен оқу

жылында Қазақстан тарихы, математика пәндерінен №2, 3, 10, 16, 19, 43орта мектептерден 9 оқушы 25 балл жинап тиянақты білімдерін көрсеткен.Сол сынақта Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектебінің білім деңгейіжоғары көрсеткішкөрсеткен болса,балалардың нақтыбілімдері сынғатүсер осы тестілеус ы н ы н д аоқушылардың екі-лік алуы, шектідеңгейден өтпеуі,үміткерлердің өз бі-лімдерін дәлелдейалмауы себебі бо-йынша білімді да-мыту орталығыныңд и р е к т о р ыГ.Төлеубаеваныңпікірі тыңдалды.

Білім бөлімібасшысының баяндамасында білім беру саласындағы кемшіліктер де ай-тылып қалды.

- Мәселен, тестілеудің нашар болуының бір себебі, оқушы біліміне мо-ниторингтік талдаудың жоқтығы, қайталаудың жүйелі жүргізілмеуі, тестсұрақтарын жаттату, мотивацияның болмауы, педагогикалық қазіргізаманға сай технологияларды пайдаланудың төмендігі, мектепішілікбақылау мен басшылықтың осалдауы оқушылардың білім сапасыныңтөмендеуіне әкеліп соқтыруда. Осындай проблемалардың қатарында мек-тептердегі ағылшын тілін меңгерту мамандардың білік сапасының өздеңгейінде болмай отырғандығы да бар. Мектептерде оқытылатынағылшын тілінің нәтижесі мектеп түлектерінің игеру дәрежесінде көрінбеуі,Ағылшын тілінде түлектердің оқу, сөйлеу, аудара білуі төменгі дәрежедеболуы қынжылтуда-дейді білім бөлімінің басшысы ЖетпісбайҚырғызбайұлы. Аталмыш кеңесте кадр тапшылығы, атап айтқанда, мате-матика, орыс тілі, педагогика-психология пәндерінен мұғалімдердің жетіс-пеушілігі де назардан қалған жоқ. Тағы бір мәселе аудан мектептеріжылдан-жылға модификациядағы оқу кабинеттерімен, интерактивтітақталармен, мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілсе де, білімберу ұйымдарын жаңа модификациядағы пән кабинеттеріменжарақтандыру облыстық орташа көрсеткіштен әлі де төмендігі ескерілді.

(Жалғасы келесі бетте)

Маңызды жиын

Page 2: Құрметті спортшылар! Тамыз Мәслихаты тың …old.baq.kz/storage/8b/8b5ffddc31553549078123833147f2c9.pdfГазет 1930 жылғы қарашаның

2 15 тамыз 2015 жыл

Өзекті мәселеТазалыққа мән бергеніміз жөн

Енді бір ай шамасында күзгі тазалық жұмыстары басталмақ.Дегенмен оған дейін де тазалық шараларына зер салып отырғанжөн. Қала басындағы кей мекемелер бұл жұмыстарға аса мәнбермейтін сияқты. Мәселен, пошта мекемесінің касса жақ кіре-берісінде осындай ретсіздіктер байқалады. Тырнақ астынан кіріздегеніміз емес, жұрттың назарында тұрған нәрсе. Бүлінгендүние жоқ, әйтсе де уақытында тазаланып, реттеліп отырса,ештеңе де емес. Уақытылы күтім ғана керек. Оның үстінеорталықта тұрған мекеме, көпшілік келетін орын. Айналасыкөркем, таза, ғимараты жарқырап тұрса, тұтынушы халықтың дакөңілі өседі, қала көркіне де үлес. Осы келеңсіздікке тиісті ес-керту алған соң, мекеме ұжымы реттеу жұмыстарына кірісіп тежатыр. Мекеме үшін бұл мәселе енді күн тәртібінен түспейді депойлаймыз.

Көріктілік пен тазалық барлық мекемеге де қатысты. Қалаорталығында көптеген сауда нысандары орналасқан, олар дабұл мәселені тыс қалдырмас. Құрылыс жұмыстарын жасағандада, қалдықтарды көбейтпей, мезгілінде жинап, реттеп отыруқажет. Тазалық айлығын күтпестен, бір уақыт ғимарат сәнінекөңіл бөлген орынды.

Өз тілшімізден.

аудан тұрғындарының назарына!Мал азығын уақытындадайындайық!Құрметті халайық! Міне, жаз мезгілінің де аяқталуына са-наулы күндер қалды. Біразыңыз қысқа қамданысты ба-стап та кеткен боларсыздар. Былтырғы қыстың ертетүскенін және аяғы ұзақ болғанын білеміз. Сондықтан малазығын дайындауға аса назар аудару керек. Жайлы ауарайын пайдаланып, қысқы мал азығын молынан,артығымен даярлап алыңыздар. Және де шөп дайын-дауда өрт қауіпсіздігін де ұмытпауларыңызды сұраймыз. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі.

РуханиятҚыл ҚалаМ шебеРі ҚаРҚаРалыдаДүние есігін

ашқан әрбірадамзат баласыАлланың пешене-сіне жазған жа-зуын көрері һақ.Өмір болған соңтағдырдың сы-нына көне білуүлкен ерлік.Жаратқан иемізпендесінің бірінжеткізе жаратса,бірін кемшін ете-ріне ешкім декүпірлік жасай ал-майды. Иә,Алланың жазуы

десек те, кейбір азаматтарымыздың денсаулығына полигонның кесел кесірі тиіп жатқандығын жақсы бі-леміз. Қолдан жасалған апаттың бірі, адамзаттың өмірін ойран еткен полигонның зардабы талай жан-дарды мүгедек еткенін күнделікті өмірде естіп те, көріп те жүргеніміз рас. Бірақ, бағына жазған ғұмырдыкөппен бірге көруге әркім құқылы. Өмір болған соң, күреседі, талпынады, талаптанады. Міне, осындай азаматтың бірі-жерлесіміз, Егіндібұлақ өңірінің тумасы, еліміздің белгілі суретшісі және

Қазақстандағы антиядролық қозғалысының белсендісі, «Құрмет» орденінің иегері Кәріпбек Күйіков. Кәріпбек Күйіков

– ядролықсынақтың зарда-бын тартқанжандардың бірі.1968 жылыЕ г і н д і б ұ л а қ т адүниеге келген.Туғаннан екі қолыжоқ ол өз суретте-рін тісімен немесеа я қ т а р ы н ы ңб а ш п а й ы н ы ңкөмегімен салады.Ол әлемді саяхат-тап, адамдарға ядролық сынақтардың адамзат өміріне қандай әсерін тигізетінін айтып жүреді. Тумы-сынан екі қолсыз туылса да, өмірдің барша қиындықтарына төтеп беруде. Бүгінде суретші К.Күйіковтіңкөптеген шығармалары Америка, Жапония мен Еуропа галереяларында қойылған. Оныңшығармашылығының басты тақырыбы негізінен адамзатқа қауіп төндіретін ядролық қарумен байла-нысты. Белсенді азамат қазіргі уақытта ядролық қаруға қарсы «Атом» жобасының елшісі.

Өткен аптаның сәрсенбісі 5 тамыз күні жоғарыда есімі аталған белгілі суретшіміз ауданымызға арнайыкеліп, орталық кітапханада кездесу өткізді. Бұл кездесуге аудан әкімінің орынбасары С.Әлиұлы, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.Тойынбеков, Қарағанды облысы жа-стары бастамашылдығының орталығының директоры А.Құрмансейіт, аудандық мәдениет және тілдердідамыту орталығының басшысы Р.Жылтыбаева және кітапхана қызметкерлері қатысты. Суретшінің қылқаламынан туылған бірнеше туынды суреттері де кездесу залына қойылған екен. Суретшімен кездесу жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Әлиұлы жүргізді. Алқашқы сөз тізгінін алған

антиядролық қозғалысының белсендісі, белгілі суретші жерлесіміз Кәріпбек Күйіков туған елініңхалқымен емен-жарқын сырласып, сөз басында мен қасиетті Қарқаралымның халқымен аман-есенжүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын және қолдаушы ел-жұртым бар дей келіп, өмірінің өткенсәттерін және полигон зардабын тарқан бірталай жандардың өмір үшін күресіп, қалай қиналғандарынайтып, «Біздің замандастарымыз, жерлестеріміз, туыстарымыз жойқын қырып-жою қаруыныңкуәгерлері. 40 жыл бойы біздің елімізде менің халқыма қарсы «тып-тыныш» соғыс жүргізілді. Біздіңхалық оған бас көтере алмастан, ештене айта алмастан тыныш өмір сүрді, жұмысын істеп, себепсізөлімге кесіліп жатты. Мен бұл туралы үндемей тұра алмадым. «Атом» жобасы ашылғанда да бірденбелсенді болуға ұмтылдым»,-дейді жерлес қыл қалам иесі.

Сонымен бірге, кездесу барысында жоғарыда есімдері аталған лауазым иелері сөз алып, суретшіКүйіковке шығармашылық табыстар тілесе, жиынға қатысқан Ақжол ауылының кітапханашысы Н.На-вталова, Шет ауданынан келген С.Түсіпова, Балқантау ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылыныңкітапханашысы Г.Жұманбаевалар да жүрек-жарды тілектерін білдіре келіп, қолы болмаса да осындайәдемі сурет салудағы өнердің қиындығы мен алдағы шығармашалық ойы жайында сауалдарын қойып,ой бөлісті. Жиын соңында кездесуге қатысушылар суретшімен естелік суреттерге түсіп, К.Күйіков болсакөрмеге қойылған әрбір туынды суреттерін салудағы ішкі жан дүниесімен, яғни, суреттердіңтақырыптарымен таныстырып өтті.

Д.Нұрланұлы.

ТәуелСізДік ТұғЫрЫТәуелСізДік ТұғЫрЫБиыл тәуелсіз

Қазақстан РеспубликасыныңК о н с т и т у ц и я с ы н ы ңқабылданғанына 20 жыл. Аталғанжәйт еліміздің азаматтарыныңбастамаларының эволюциясы менКонституцияның жылдан-жылғажетіліп келе жатқандығыныңкөрінісі.

Бүгінгі Қазақстан – «демокра-тия», «нарық», «құқықтық мемле-кет» деген ұғымдар дәстүрінеайналған мемлекет болып табы-лады. Әдетте мемлекеттің

қарапайым эволюциялық жолмен дамуына кететін ондаған жыл-дарды Қазақстан тарих өлшемімен алғанда аз ғана уақыт ішіндебасып өтті. Соның нәтижесінде жаңа саяси құқықтық жәнеәлеуметтік-экономикалық құрылым, мемлекеттік саясат жәнеегемен мемлекеттің қызметі мен дамуының стратегиялықбағыттары қалыптасты. Еліміз күрделі экономикалық, саясижәне идеологиялық кедергілерді кезең-кезеңімен басып өтіп,жаһанданудың қазіргі жағдайына және халықтың дәстүрлі өмірсалтына бейімделген жаңа мемлекеттік жүйені құрды.Конституцияның қанаты астында, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәс түрлерін және мәдениетін либерализм принциптеріменұштастыра отырып, Қазақстан халқы әлеуметтік бағытталғаннарықтық қайта өзгертулер жолында дамудың ортақ тағдырынтаңдады.Конституцияның қоғам өміріндегі, еліміздің тарихындағы орныбөлек. Биыл ел болып жиырма жылдығын атап өтіп отырғанбіздің Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті.

«Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табыстыдамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бо-йынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұлмектептен барлығымыз өтуге тиіспіз.

Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бірсөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді.Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтыныңқұндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олайболса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы па-рызы.Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің да-

муына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Кон-ституция Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенінтанытып отыр.

Ендеше, әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап,құрметтей білсе, сол игі!

Қарқаралы ауданының әділет басқармасы.

Тамыз Мәслихаты тың жоспарларды жүктеді(Соңы. Басы 1-бетте)

Бұл бағытта не істей аламыз? Жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жарақтандырудыоблыстық орташа көрсеткішке жеткізуге мүмкіндігіміз бар ма?-деген сауал аудандық экономика жәнеқаржы бөлімінің басшысы Б.Берниязовқа қойылып, айтылған проблема өз тұрғысында қаралу тап-сырылды. Сондай-ақ, аудан басшысы ауылдық мектептерді кең жолақты интернетке қосылукөрсеткішін облыстық деңгейге жеткізуге жұмыс жүргізуді аудандық телекоммуникация бөлімінежүктеді.

Кеңес барысында оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі күнделікті бақылауда болатынмәселенің бірі екендігі, үнемі ас мәзірінің дайындалуы да назарда болу керектігі мектептердіңсанитарлық жағдайы талапқа сай болуы ескеріліп, бұл жөнінде аудандық тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Сипатуллиннің пікірі тыңдалды.Мектептердің санитарлық жағдайымен қатар, өрт қауіпсіздік шаралары де ерекше қадағалауды қажетететін мәселе болғандықтан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының міндетін атқарыпотырған Е.Мұсахановтан сұралып, бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі қадағаланып, мектеп бас-шыларымен өрт қауіпсізідігінің алдын алуда бірлесе жұмыс жасау тапсырылды.

Тамыз кеңесін қорытындылаған аудан әкімі Х.Мақсұтов көтерілген барлық проблемаларды бірлесешешуді жауапты басшыларға жүктеп, мектептерде кәсіптік бағдар беру кабинеттерін ашумүмкіндіктерін қарастыру, мектептердегі кадрлардың сапалық құрамын жақсарту, сонымен бірге,мектептердің материалдық базасын жаңарту, мектептердің санитарлық тазалығы, оқушыларды ыстықтамақпен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету секілді біршама жұмыстардың атқарылуын тап-сыра келіп, ауданымыздағы барлық білім саласы қызметкерлерін алдағы жаңа оқу жылыменқұттықтап, тәрбиелі де білімді ұрпақ өсіру жолында тер төгіп жүрген ұстаздар қауымынашығармашылық табыстар тіледі.

Биылғы 1 қыркүйек-Білім күні барлық білім беру ұйымдарында 1-ші сабақ Қазақстан халқыАссамблеясының және Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20-жылдығына арналмақ.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында білімберу саласы қызметкерлеріне берген тапсырмаларын жүзеге асыруда ауданымыздың ұстаздарқауымы шығармашылықпен еңбек етіп, бұл міндеттерді белсенділікпен шешеді деген сенімдеміз-дейдіаудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жетібаев.

Д.Ыдырысов.Т.Хамитов (ФОТО).

Маңызды жиын

Page 3: Құрметті спортшылар! Тамыз Мәслихаты тың …old.baq.kz/storage/8b/8b5ffddc31553549078123833147f2c9.pdfГазет 1930 жылғы қарашаның

315 тамыз 2015 жыл

Қазақстан Республикасы Қонституциясының 20жылдығына арналған «Ата Заң – елдігімнің еңсесі»атты мерекелік мәдени-көпшілік іс- шараларұйымдастырылады№ Іс-шараның атауы Өткізілетін орны1 «Ата Заңым –арай таңым»

мерекелік бағдарламаОрталықтандырылған кітапханалар жүйесі

(апталық- 20-30тамыз)2 «Ата Заңым –мақтанышым,

қорғаным» дөңгелек үстел,кітап шолулары

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (апталық- 20-30тамыз)

3 «Ата Заң –Тәуелсіз елімніңмәртебесі» көрме, ашық есіккүні

Қарқаралы, Егіндібұлақ, Ақжол тарихи-өлкетану музейлері (27-30 тамыз)

4 «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» мерекелік салтанатты жиын

Қарқаралы қаласы, Мәдениет үй(28 тамыз, сағ.11:00-де)

5 «Тәуелсіз елдің ұландарымыз» «Веложарыс – 2015»

Қарағанды –Қарағайлы айналып өтетін тасжолы 28.08.2015ж. Сағ.11.00-13.00

6 «Ата Заң-ел тұғыры» мекемелермен оқу орындары арасындафестиваль

Қарқаралы қаласы, орталық саябақ(30тамыз, сағ.11:00-де)

7 Ұлттық спорт ойындары Қарқаралы қаласы, орталық стадион(30тамыз, сағ.11:00-де)

30 тамыз күні сағ.11:00-де қала басындағы саябақта мекемелер мен оқуорындары арасында өткізілетін

«Ата Заң-ел тұғыры» атты фестиваль кестесі № Қатысатын мекемелер Концерттік бағдарламаның тақырыбы1 Мәдени сауық орталығы «Ата Заң-ел тұғыры»2 «Саз» мектебі «Ата заң аясында»3 «Жас терек» балабақшасы «Алтын Заңым –ардағым!»4 «Еркетай» балабақшасы «Ата Заң- алтын арқауым! »5 №1 қазақ орта мектеп «Ата Заңымыз- болашақ шамшырағы!»6 Психоневрологиялық медициналық-

әлеуметтік мекемесі«Алтын заңым –ардағым!»

7 Ауылшаруашылық колледжі «Конституция әділдік тұғыры»8 Аудандық орталық аурухана «Ата заңым заңдылықтың кепілі!»9 Балалар және жасөспірімдер орталығы «Тірегіміз – Ата заң» 10 №44 мектеп «Баптары бар айнымайтын батадан,

барша жұрттың қайнар көзі – Ата заң»11 Пошта «Арманы асқақ Ата Заң»12 Қазақтелеком «Арманы асқақ Ата заң»13 №2 орта мектеп «Ата Заң – ұлтаралық келісім негізі»

Аудан орталығында 30 тамыз күні өтетін шараға әр мекеме, кәсіпорынұжымдары мемлекеттік Туымыз бен тақырыпқа сай ұрандар ұстап шығады.

Ұйымдастыру алқасы.

«Көздерінде оты бар, сөздеріжалынды, жанынан гөрі арынқымбат санайтын» қазақтыңқайсар жастарын заман отқасалды, суға түсірді. Талай қиындықтарды ба-стан кешсе да жастар қауымы биік белестер-мен, асқар асуларды алқынбай асуда. Елініңеңселі, туының тұғырлы, тәуелсіздігінің мәңгілікболу жолында кемел келешегіміздің кепілі жа-старымыз аянбай еңбек етуде. Олар еліргесінің бүтіндігі, елінің амандығы жолындааянбай қызмет жасауда. Осындайтыныштықтың сақшылары болған аға буынөкілдері бүгінде ел ағасы атанған алдықырықты еңсерген азаматтар алғаш егемендікалып, бөркімізді аспанға атқан тұста да ел ше-карасын күзетуде еселі еңбек етті. Сол біркезең-Одақтас Республика тарап, өз алдынажеке жас мемлекеттер құрыла бастаған тұста,небір тосын жайттар орын алып жатты. «Бала-пан басына, тұрымтай тұсына» басталғануақытта шекарадан оңды-солды адамныңденсаулығы қауіпті түрлі зиянды заттар өтіпжатты. Міне, осы тұста әр мемлекет өз елініңішкі қауіпсіздігін сақтау мақсатында сыртқышекараға өз әскерлерін біртіндеп жібере ба-стады. Осындай қызу, қарқынды, маңыздынауқаннан Қазақстан Республикасыда тысқалмады. Тәжік-ауған шекарасы арқылы әлі есінжиып, еңсесін тіктей қоймаған елдерге есірткімен қару-жарақ тасыған моджахедтарға қарсыжүргізілген қақтығыстарға жүздеген қазақ аза-маттары қатысты. Олар 1993 – 2000 жылдарыаралығында ТМД арасындағы келісім - шартқабайланысты үкіметтің бұйрығымен тәжік – ауғаншекарасына ҚР бітімгершілік күштерініңқатарында болып, өздеріне жүктелген әскериміндеттер мен парызды атқарып қайтты. Кейінгіжылдары аталмыш операция жөнінде айтылада, жазыла да бастады. Тіпті, аталмышқақтығыстың болғандығын, онда қазақ елінің жа-стары барғандығын білмейтіндеріміз де бар.Алайда, уақыт өте келе ақтаңдақтарымыз ашы-лып, тәжік-ауған шекарасында болған бейбітші-лік сарбаздарының есімдері аталып, ерліктеріжаңғырып, құрмет көрсетіле бастады. Осы қиын-қыстау кезеңді бастан кешірген, тіпті жастықпен,Отанға деген асыл сезіммен ата-анасына еш ес-кертпестен оқтың ортасына кеткен азамат ЕлдосЕрмановпен әңгіме құрудың реті түскен еді. -Біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының аты-нан сыртқа шыққан тұңғыш бітімгершіліктіжақтайтын әскерлеріміз. Мен қатарластарды 18жаста әскер қатарына шақырды, сол кездердеөте қиын болды, әскер қатарынан қашу дегенкөп болды. Сол кездері біз шұғыл әскерибөлімде болдық. Ешқандай келісім-шартсызТалдықорғандағы Сарыөзек әскери гарнизонынатүстік. Сол жерде 97/751 деген біздің дивизияболды. Сол жерді жан-жақтан тәжік-ауған шека-расына ұзын саны 100 адамды жинап, келісім-шартқа қол қойдық. Бұл өте маңызды құжатболды. Егер біз келісім шартта көрсетілген мін-деттерді бұзсақ міндетті түрде жазаланатын бо-ламыз. Шекарада төрт ай болдық, бірақ біздің 1күніміз 3 күн болып есептелді, сонда біз солқақтығыстар ортасында бір жыл болдық депесептелетін болды. Ол жаңағы шиеленіскенәскери орта болғандықтан солай есептелді. Еңалғаш 1992 жылы тәжік жеріне бізден әуе десантәскерлері кірді. Қазақ әскерлері 1992 жылы 15сәуірде кіріп, 2001 жылы шекарадан шығады.Осы сегіз жыл аралығында 24 рет ауысым бо-лады. 8 мыңнан астам қазақстандықтар солжерде әскери борыштарын өтеді. 1993 жылдағыТМД елдері-Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстанжәне Ресей мемлекеттері шартқа қол қояды. Бізөзіміздің сыртқы шекараларымызды бір-бірімізгекөмек көрсете отырып, қорғаймыз деген келісімболады. Біздің Президентіміздің сол кездегісалиқалы саясаты десек болады, біз қазір та-маша өмір сүреміз. Ең бастысы, ұрпағымыз

алаңсыз өсуде. Елімізде бей-бітшілік пен келісім орнаған.Міне, бақыт деген осы, бақыт-байлық пен алтынменөлшенбейді, Бақыт деген олтыныштық, достық қарым-қатынас. Маңайымызғақарасақ, мұндай мемлекет аз.Бұл біріншіден, Жаратқанныңсыйы шығар, екіншіденөзіміздің Президентіміздің еселіеңбегі. Біздің ата-бабаларымыздың ерлігі, ағабуынның, біздің, қазіргі шека-раны күзетіп тұрған бауырла-рымыз бен балаларымыздыңерлігі, Отанға дегенс ү й і с п е н ш і л і г і - е лтыныштығының негізгі кепілі. Қарым-қатынас шиеленіскенқақтығыстардың қызу ортасыболған шекараға алдымен де-сантшылар одан кейін шекара-шылар кірді. Біз танк полкімен байланысшылар,атқыштар бастаған жүз адам кірдік. Оның ішіндеСарыөзек гарнизоны, Отар дивизиясы,Шымкенттің ішкі әскери бөлімі кірді.Тәжікстанның оңтүстік рубежін біздіңқазақстандықтар күзетті. Екі таудыңортасындағы қаншама ауылдар-Жавай, Микрон,Халайхум, Пейшхров, Подкумов, Мост, Кеврон,Джоров секілді елді-мекендерді біздер күзетіптұрдық. Ал біздің өкіліміз взвод командиріМұхамеджанов Сартышкаков деген жердеболды. Бүгінде бұл кісі ауған-тәжікжауынгерлерінің жағдайына алаңдап, олардыңқоғамда өздерінің лайықты бағалануына үлесқосып жүрген, Ардагерлер Одағының (тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарынажәне әскери қақтығыстарына қатысушылардың)республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы,запастағы гвардия подполковнигі. Арамызда марқұм болған жігіттер де болды.Олардың басым бөлігі засадаға түскендер. Олдегеніміз сырттан яғни, тылдан дұшпандардыңнысанасына ілігу. Біздің ол жаққа барудағы не-гізгі миссиямыз исламистар, яғни ислам дінін жа-мылып ел ішіне іріткі салушыларға тосқауылболу еді. Қазақстандық азаматтар ол жауапкер-шілігі зор міндетті де қаймықпастан көтерді.Олар ел ішінде ойран салғанымен қоймай, нашатарату бизнесімен айналысты. Ауған жеріндеқарапайым адамның өзі наркотик егіп, оны са-тады. Оны тәжік шекарасы арқылы жолдағыҚазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мем-лекеттеріне таратады. Міне, біздің

Президентіміздің көрегенділігі,арыдан ойлайтындығының бірдәлелі шекараға арнайы әскер жі-бере отырып, наркобизнесті ары-дан тоқтатты. Егер сол жылдары ол беріөткен болса, бүгінгі өмірімізді елестетудің өзімүмкін емес. Біздің азаматтар сол кездеріОтанының алдындағы міндетін осылайшаабыроймен атқарды. Ол жердегі біздіңжігіттердің ерлігін айтпасқа болмайды, екімемлекеттің арасын бөліп жатқан Пянжыөзенінің бойында тұрып, наркотик сатушы-ларды бергі қабаққа өткізбейді. Өтсе ұстаужәне жою деген тапсырмаларды атқарды.Мен өзім Саыраөзекте әскери борышымдыөтеп жүргенде байланысшы, взводкомандирінің орынбасары, бөлім командиріболдым. Бір жылдан кейін бізді жинап, тәжік-ауған шекарасына баратын еріктілерді іріктейбастады. Бірден жібере салмайды. Алдыменүш ай бойы Көктал полигонына барып ар-найы жан-жақты дайындық жүргізді. Түрліқару-жарақты дұрыс пайдалана алу, қоян-қолтық ұрыс күнделікті жүргізіліп отырады,адамның психологиялық тұрғыдан төзімінтексереді. Мысалы,қатты қақтығысболып, жол жабылыпқалған тұста біржарым жұма тамақішпейтін кездерімізде болды. Осындайқ и ы н д ы қ қ атөзгендерді алыпқалып, төзбегендерінәкетіп, ауыстырыпәкеліп отырды. Менбайланысшы-радистқызметін атқардым.Биік тау-тасқаөрмелей жүріп,үзілген сымдыжалғайсың. Бірбайқағаным ол жақтаораза кезінде бәріт ү г е л д е йт о қ т а т ы л а д ы .Ешқандай айғай-шу,атыс, қақтығыс деген болмайды. Бірақ бұндайшиеленіс оңай болмайды ғой. Қиын болдыәрине. Бірақ, намысқа тырысқан қазақ жігіттері,бойларында патриоттық сезімдері басым елдіңазаматтары бұл жолды да абыроймен еңсерді, -дейді, жауынгер-шекарашы ЕлдосСағынғалиұлы. Ел басына күн туып, ер етікпен су кешкен за-манда ер-азаматтардың сынға түсері анық.Алайда қандай ауыр күндер, қаншамақиындықтар болса да қазақ азаматтарықайыспады, Отан үшін сыртқы жауларынанқаймықпады. Тәжік-ауған шекарасында орыналған қақтығыста да біздің ауданның қайсар аза-маттар өздерінің ерен ерліктерімен көзге түсті.Сол бір зұлматты көрген бейбітшіліктің жаршы-лары болған тепсе темір үзетін МарғұланМұсайынов, Берікбол Искаковтар о дүниелікболған. Қыршынан үзілген жауынгеразаматтардың жауынгерлік болмысы, жарқынбейнесі қаруластарының есінен бір сәттешыққан емес. Ал бүгінде арамызда жүрген бей-бітшілік солдаттары Елдос Ерманов, БақтиярИскаков, Серікбол Искаков, НұрланҚыпшақбаев, Рысбек Әміров, Дәурен Әділханов,Сайлаубек Аймұханов, Тайбек Абдин, КенжебайДәуренбеков, Игорь Кириченко, БауыржанҚайыров, Нұржан Намазбаев, ЖандосСүлейменов, Саят Смағұлов, Мейрам Орынбе-ков, Болат Шайховтардың ел үшін атқарған еселіеңбегі еленері сөзсіз. Сағыныш Әбілова.

ТынышТық жаршылары1 8 т а м ы з - Ш е к а р а ш ы л а р к ү н і

Page 4: Құрметті спортшылар! Тамыз Мәслихаты тың …old.baq.kz/storage/8b/8b5ffddc31553549078123833147f2c9.pdfГазет 1930 жылғы қарашаның

4 15 тамыз 2015 жыл

Мобильный ЦОНВ рамках исполнения задачи, поставленной

Главой государства по обеспечению доступностигосударственных услуг широким слоям населе-ния, в том числе, жителям отдаленных населен-ных пунктов, на сегодняшний день вКарагандинской области организовано 7 Мо-бильных ЦОН, которые охватывают 52 сельскихокруга (118 населенных пунктов). За первое по-лугодие 2015 г. было осуществлено 595 выездовв отдаленные населенные пункты. Выезда осу-ществляются согласно утвержденного графика.Ознакомиться с графиками выездов МобильногоЦОН можно на официальном сайте РГП ЦОН.

Согласно трехстороннего меморандума подпи-санного между РГКП «Государственный центр повыплате пенсий» Министерства здравоохране-ния и социального развития республики Казах-стан, РГП «Центр обслуживания населения»Министерства по инвестициям и развитию Рес-публики Казахстан и АО «Казпочта» с 16 марта2015 г. осуществляются совместные выезда Мо-бильного ЦОН, целью данного меморандума-является повышение доступностигосударственных услуг жителям отдаленных на-селенных пунктов.

При выезде Мобильного ЦОН населению про-водится популяризация портала электронного

правительства, наглядно демонстрируетсяпреимущества владения электронной цифровойподписи. Проводится консультативная помощьнаселению. Переход на новые форматы ра-боты Центров обслуживания населения позво-лило повысить качество оказаниягосударственных услуг для населения, в резуль-тате автоматизации бизнес-процессов, интегра-ции всех баз данных и информационных системгосударственных органов на сегодняшний деньбольшая часть государственных услуг переве-дены в электронный формат, что упрощает про-цедуру получения услуги.

Администрация ЦОНа.

ЖОБА Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫКоммуналдық мүлікті иеліктеншығару түрлерін таңдау бойыншакритерийлерді анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚазақстанРеспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ту-ралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы»Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы№920 «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидасын бекіту туралы»,Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Осы қаулының 1-қосымшаcына сәйкес қоса беріліп отырған коммуналдық

мүлікті (бұдан әрі- Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша кри-терийлер анықталсын. 2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Акимовқа жүктелсін.

К. Максутов,аудан әкімі.

ПРОЕКТ Каркаралинский районный акимат ПОСТАНОВЛЕНИЕОб определении критериевпо выбору видов отчуждениякоммунального имуществаНа основании Законов Республики Казахстан «О местном государст-венном управлении и самоуправлении» от 23 января 2001 года № 148, «Огосударственном имуществе» от 1 марта 2011 года №413-IV, Постанов-ления Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Правилпродажи объектов приватизации» от 9 августа 2011 года №920 акиматКаркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:1. Определить критерии по выбору видов отчуждения коммунальногоимущества (далее - Объект) согласно приложения-1 к настоящему по-становлению.2. Контроль за иполнением данного постановления возлагаю на заме-стителя акима района С.Акимова. К. Максутов,аким района.

тамыз 2015 жылғыҚарқаралы ауданы әкімдігінің

№ Қаулысына 1-ҚосымшаКоммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер

р/р№

Критерийдің атауы Иеліктен шығарутүрі

1 Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттіңмүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сатужәне сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымынтарту қажеттілігі.

сауда-саттықтыаукцион ныса-нында өткізу

2 Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау,кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша бере-шекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеуқажеттілігі. Объектіні барынша жоғары ықтималбағамен сату қажеттілігі.

сауда-саттықтыкоммерциялықтендер ныса-нында өткізу

3 Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының(жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен се-німгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шартыталаптарын орындау.

тікелей атаулысатылым

4 Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тартуқажеттілігі.

сауда-саттықтықор биржасындаөткізу

5 Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағыдайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялыққызметтерді тарту қажеттілігі.Конкурсты жекешелендiру бағасының басымдығынжәне (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржыкеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзу қажеттілігі.

екi кезеңдiрәсiмдер арқылыконкурс

Приложение-1к Постановлению акимата

Каркаралинского района от августа 2015 года №Критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества №п/п

Наименование критерия Вид отчуж-дения

1 Отсутствие заинтересованности государства в даль-нейшем контроле над Объектом (условия не выстав-ляются). Необходимость реализации Объекта помаксимально возможной цене и привлечения широкогокруга участников торгов.

проведениеторгов вформе аук-циона

2 Необходимость установления условий продажи Объ-екта (сохранение профиля деятельности, погашениекредиторской задолженности, погашение задолженно-сти по заработной плате и другие условия).Необходи-мость реализации Объекта по максимально возможнойцене.

проведениеторгов вформе ком-мерческоготендера

3 Выполнение условий договора доверительного управ-ления, имущественного найма (аренды) с правомпоследующего выкупа доверительным управляющим,нанимателем (арендатором).

прямая ад-ресная про-дажа

4 Соответствие Объекта требованиям фондовой биржи.Необходимость привлечения широкого круга участни-ков торгов, включая иностранных инвесторов.

проведениеторгов нафондовойбирже

5 Необходимость привлечения консультационных услугпо предпродажной подготовке объектов приватизации иих продаже.Необходимость проведения конкурса с участием фи-нансового советника, определяющего приоритет цены и(или) иных условий приватизации.

конкурспутем двух-этапныхпроцедур

Қарқаралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ

10 тамыз 2015 жыл №1 Қарқаралы қаласыҚарқаралы ауданы Қайнарбұлақ, Қаршығалы, Тегісшілдік ауылдықокруг әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық

округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдарыәкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Рес-публикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығынасәйкес Қарқаралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:1. Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ, Қаршығалы, Тегісшілдік ауылдық округ

әкімдерінің сайлауы 2015 жылдың 30 қыркүйегіне тағайындалсын.2. Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ, Қаршығалы, Тегісшілдік ауылдық округәкімдері сайлауының күнтізбелік іс-шаралар жоспары бекітілсін.3. Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2015 жылдың 31 тамызда басталып, 5қыркүйекте аяқталады.4. Үміткерлерді тіркеу 2015 жылдың 14 қыркүйегінде аяқталады.5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

С.Бектұрсынов,Қарқаралы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы. Қ.Ахмадиев,

Қарқаралы аудандық аумақтықсайлау комиссиясының хатшысы.

ХАБАРЛАМА2015 жылдың 30 қыркүйегіне тағайындалған Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ, Қаршығалы, Тегісшілдік ауылдық округ әкімдерінің сайлауына

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және оның орналасқан орыны туралы№ п/п Аумақтық сайлау

комиссиясының орналасқанжері

Байланыс теле-фоны, факс

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

1.100800, Қарағанды облысы,Қарқаралы қаласы,Т.Әубәкіров көшесі 38,Мәдениет үйі.

Код 8-72146; Байланыс теле-фоны: 32678, 31330

Комиссия төрағасы - Бектурсынов Серик БоранбаевичКомиссия төрағасының орынбасары - Секербайұлы Азамат;Комиссия хатшысы - Ахмадиев Канат Наркенович;Комиссия мүшелері:, Елеусизов Нурлан Аркенович, Абуғалиев Ерлан Толеубекович,Акимбаев Муратбек Зекенович

С.Бектурсынов,Қарқаралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.