39
ӘӨЖ 94(574):331.108:669 (043) Қолжазба құқығында ОРАЗАЕВА ЖАЗИРА ЖАРАСҚЫЗЫ Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрлары ( ХХғ. 60-80 жж. ) 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның Авторефераты 1

КІРІСПЕ - West Kazakhstan State University · Web view-жұмысшылардың жалпы білімін арттыру өндірістік, саяси-көпшілік

  • Upload
    others

  • View
    49

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

ӘӨЖ 94(574):331.108:669 (043) Қолжазба құқығында

ОРАЗАЕВА ЖАЗИРА ЖАРАСҚЫЗЫ

Қазақстан металлургия өнеркәсібініңжұмысшы кадрлары ( ХХғ. 60-80 жж. )

07.00.02 – Отан тарихы(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіналу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан РеспубликасыОрал, 2010

1

Жұмыс Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтыныңҚазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.А.Абдоллаев

Ресми оппоненттер тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Исмаилов

тарих ғылымдарының кандидаты, Б.С. Нығметов

Жетекші ұйым Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік Университеті

Диссертация 2010 жылы «30» желтоқсан күні сағат 10.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы БД 14.61.26. Біріккен Диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 090000,Орал қаласы, Достық даңғылы, 162. Диссертациямен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

уиверситетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы «30» қарашада таратылды.

Диссертациялық КеңестіңҒалым хатшысы,тарих ғылымдарының докторы А.С. Тасмағамбетов

КІРІСПЕ2

Тақырыптың өзектілігі. Өндіріс саласында жұмысшы кадрлардың атқаратын рөлі, әсіресе, саяси-әлеуметтік, тарихи-философия теориясында алатын орны айрықша. КСРО тұсындағы жұмысшы-металлургтердің қоғамдағы орны мен тарихи тәжірибесін объективті тұрғыдан зерттеудің маңызы жоғары. Кеңестік қоғамдағы түрлі өнеркәсіп саласындағы жұмысшы кадрлардың өткен даму тәжірибесін тарихи шеңберде зерттеу арқылы отан тарихына елеулі үлес қоса аламыз. КСРО-да коммунистік партия «Жұмысшылар қоғамдық прогрестің баспалдақтарымен бірте-бірте жоғарыға көтеріледі» деген ұстанымды халық санасына күштеп енгізгені белгілі.

Бүгінгі таңда ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы металл өндіруші сала жұмысшыларының кәсіби шеберлігі мен жалпы білім дәрежесінің тарихын зерттеудің өзектілігі даусыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Егеменді ел құру сапарындағы республикамыздың экономикасы мен саяси-әлеуметтік салаларын әлемдік озық елдер қатарына жеткізу өндіріске, ондағы жұмысшылар ұжымдарына аса күрделі міндеттер қояды» [1, 7 б.] деген тұжырымы өндіріс тәжірибесін ғылыми әдіснама аясында зерттеу міндетіне жол ашады. Өйткені, болашақ даму өткеннің тәжірибесінсіз болмайды. Сондықтан, диссертациялық зерттеуде КСРО тұсындағы Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының (ХХғ. 60-80 ж.ж) қалыптасу кезеңіне ғылыми тұрғыдан баға беру мақсатын алға қойдық. Осы кезеңде қара металлургия саласы КСРО өнеркәсібінің алып салаларының біріне айналды. Түсті металлургия индустриясының даму қарқыны 50-шы жылдар көрсеткіштерімен салыстырғанда үш есеге артқан. КСРО бойынша Қазақстан мұнай өндіретін ірі өңірге айналды, индустрия саласы қызметкерлеріне, жалпы және кәсіби мамандығы бар жұмысшы кадрларға сұраныс бірнеше есе өсті. Осы жылдары өндірістік аймақтарда кәсіптік-техникалық училищелер саны мен олардың мамандар даярлау түрі бойынша 3-5 есе ұлғайып, бұл оқу орындары түлектері металлургия өндірісінде елеулі орынға көтерілген.

Бұл тақырыпты зерттеу ісіне КСРО тұсында да қызығушылықтар жоғары болды. Көптеген зерттеушілер біршама құнды еңбектер жазып, Отан тарихына өз үлестерін қосты. Сол кездегі саяси идеология бағытына орай жоғарыда аталған жарияланымдар «Жұмысшы табы әлемдік эволюцияның және КСРО мемлекетінің жетекші қоғамдық саяси-әлеуметтік күші» деген тұжырымды берік ұстанды. Осындай ұстанымға коммунистік партияның бағдарламасы, қаулы – қарарлары негіз болды. Мұрағат қорларының деректерін талдай келе, «жұмысшы кадрларының жетекші ролін нығайту, сөзсіз, оның идеялық-саяси кемелденгеніне, білімділігіне және кәсіби мамандануына байланысты» деген тұжырым аясында жұмысшылардың мәдени-техникалық деңгейін көтеру мәселесі қолға алынғандығына көз жеткіздік. Бұл ұстаным біз талдаған деректерде техникалық және әлеуметтік прогреске байланысты объективті процестен, демек қоғамды билеген коммунистік партияның алдына қойған мақсат-міндеттерінен туындағаны анық байқалады.

Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты металлургия өндірісі жұмысшы кадрларының кәсіби және жалпы білім дәрежесін жаңаша ғылыми тұрғыдан

3

талдау. Бірқатар зерттеушілер металл-мемлекет экономикасының тірегі екендігін дәлелдеді.

Еліміз егемендік алған кезден бастап Отан тарихының объективті тұрғыдан зерттелмеген парақтары қайта қарастырыла бастады. 1960-1980 жылдардағы металлургия өнеркәсібі жұмысшы кадрларын даярлау, тәрбиелеу, олардың кәсіби дәрежесін жетілдіруін зерттеп, баяндау ісі әлі күнге дейін тарихи таным шеңберінде зерттелмеді. Осы мәселені Елбасы Н.Ә. Назарбаев қайта-қайта көтеріп, бұл мәселенің қай кезде болмасын өзектілігін айқындауда.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1960-1980 жылдардағы жұмысшы кадрлардың жалпы және кәсіби дәрежесін баяндайтын тарихи еңбектерге тарихнамалық талдау ісі 1970 жылдары қолға алынып, кеңестік тарихшылар еңбектерінде көрініс тапты. Жас жұмысшыларды оқыту және тәрбиелеу процесін, жалпы және кәсіби білім берудің өзара байланысының тиімді жолдарын баяндайтын 400-ге жуық диссертациялық зерттеулер мен монографиялар, шағын еңбектер мен баспасөз беттерінде көлемді мақалалар жарық көрген. Олардың ішінде Қазақстан өндірісі тарихының белгілі ғалымдары М.Х. Асылбековтың, А.Б. Галиевтың, В.В. Козинаның, Б.К. Сапарбаевтың, И. Уандыкованың [2] еңбектерін ерекше атауға болады. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі осы тақырыпта жазылған еңбектерге шолу жасайтын болсақ, жалпы өндіріс саласына, соның ішінде, нақты металлургия кәсіпорындарына қажет жұмысшы кадрларды даярлау ісі туралы казіргі заманғы тарихшы-ғалымдар Д.А. Шаймухановтың, А.Ш. Алтаевтың, М.Ж. Ташеневтің, Н.А. Абдуллаевтың, Е.Н. Сағындықов, К.И. Кужабергенованың диссертациялық зерттеулері мен монографияларын атаған жөн [3]. Осы еңбектерде республиканың жалпы өндіріс саласы бүгінгі ғылыми талаптар аясында жан-жақты талданып, тиянақты баяндалғанымен, аталған еңбектердің хронологиялық шеңбері біз зерттеп отырған кезеңді қамтымайды. Зерттеушілер Қазақстанның қара және түсті металл өндіруші кәсіпорындары мен жалпы индустрия саласындағы жұмысшы кадрларды даярлаудың дәстүрлі тәжірибелерімен қатар кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін ғылыми түрде талдаған. Сонымен қатар кеңестік ғалымдардың тұжырымдарына, әдіснамалық бағыттарына лайықты бағасын бере отырып, кәсіби шығармашылықпен жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізген.

1960-80-ші жылдары жарияланған тарихи еңбектерде Қазақстан индустриясының қалыптасуы, отандық кәсіпорындарға жұмысшы мамандар даярлау ісіндегі ізденістер мен жаңашыл қозғалыстар жазылды. Кеңестік идеологияның қысымында болған тарихшы ғалымдар өз еңбектерінде коммунистік партияның ұйымдастырушылық-саяси қызметін дәріптеп көрсетті. Әсіресе, солардың ішінде жұмысшы кадрларды кәсіпорын мен кәсіптік-техникалық училищелерде даярлау ісі, олардың арасындағы түрлі өндірістік және қоғамдық белсенділік қозғалыстар жайын қозғаған А.Р.Ахметовтың [4], Д.А. Шаймұхановтың [5], А.В.Соловьевтың [6], В. А. Жаминнің [7], О. Ф. Федоров пен Б. Б. Исправниковтың [8], Я. Я. Броделистің [9], М. Н. Зиновьевтің [10] және тағы басқалардың еңбектері ғылыми әдіснамалық тұрғыдан айрықша ерекшеленеді [11]. Бұл еңбектерде 1960-1980 жылдардағы

4

жұмысшы кадрлардың өндіріс және қоғамдық өмірдегі орны айқындалып ғана қоймай, сондай-ақ зерттеудің методологиялық бағыттары, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен проблемалар да баяндалған [12]. Сол кезеңдегі шаруашылық-ұйымдастыру, ұйымдастыру-партиялық және идеологиялық жұмыстардың әртүрлі аспектілері, елдің өндіруші күштерін дамытуға, ғылыми-техникалық процесті жеделдетуге, жұмыстың жалпы білім және кәсіби деңгейін көтеруге байланысты басшылықтық түрлері мен тәсілдерін жетілдіру мәселелері бұл белгілі зерттеушілер жазған еңбектер мен көлемді жинақтарда, сонымен қатар олардың жетекшілігімен шыққан және ұжымдық монографияларда жан-жақты қарастырылады [13].

Жоғарыда аты аталған тарихшылардың еңбектерінде металл өндіруші саланың жұмысшыларын оқыту, тәрбиелеу жөнінде өндіріс орындарында, білім жүйесінде, еңбек ұжымдарында жинақталған тәжірибе, негізгі өндіріс салалары мен бөлімшелері қызметкерлерінің мәдени-техникалық дәрежесін жетілдіру жолдарының жалпылама проблемалары мүмкіндігінше баяндалған. Алайда, сол шығармалардың барлығы да бұл мәселені кеңестік қоғамда үстемдік еткен идеологиямен зерттеп, әлеуметтік мәселелердің шындығын көрсетпеген[14].

Жоғарыда аталған еңбектерде өндіріс ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың, жұмысшылардың қоғамдық-саяси белсенділігін көтеру аясындағы билік орындарының қамқорлығы талданып, өнеркәсіп жұмысшыларының кәсіби шеберлігінің дәрежесі насихатталған. Өндіріс жұмысшыларының дәрежесін көтеруде дәстүрлі оқыту мен өндірістік тәжірибеден тыс әдістер де орын алған. Сол жылдары ғылыми-техникалық жаңашылдық пен жетістіктерге елеулі көңіл бөлінгендігі жоғарыда аталған еңбектерінде барынша баяндалған [15].

Сонымен, коммунистік партияның жұмысшы табын қалыптастырудағы рөлі КСРО-ның белгілі ғалымдарының зерттеу тақырыбы болғанын анықтадық. Кеңестік авторлар жұмысшылардың өндіріс пен қоғамдағы жетекші рөлін айқындай отырып, коммунистік партияның міндеттерін мүлткісіз орындауға ұмтылған. Олар өздерінің еңбектерінде кадрларды даярлау мәселесін көкейтесті проблема ретінде қарағанымен, шындықты айта алмады [16].

Зерттеу тақырыбының нақтылы мәселелерін соның ішінде сала проблемасын жете меңгерген Михеенков В.П., Шафранова А.И. сияқты тарихшылары еңбектерінде баяндалған. Олар республикада жаңа металлургиялық кен орындарының іске қосылуы, әсіресе қара, түсті металлургия индустриясының қалыптасуы, даму жолдары және нәтижелері біршама зерттелгенімен, бір жақты тұжырымдармен өндіріс ақаулары көрсетілмеген. Бұл еңбектерде жұмысшы-металлургтерді кәсіби даярлау ісін мен олардың біліктілігін арттыруға байланысты өндіріс орындары мен қоғамдық-саяси ұйымдарындағы жасанды көріністер баяндалып, тарихи шындық бүркемеленген [17]. КСРО-ның зерттеушілері өз монографияларында кәсіпорындарды жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін кеңестік идеология аясында баяндап, өндіріс, кәсіп салаларына қарай жұмысшыларды оқытудың түрлері мен тәсілдерін тиянақты түрде қарастырып, нақты тұжырымдар жасады [18]. Сол кездегі кәсіптік-техникалық білім жүйесінде

5

болған түбегейлі өзгерістер басқа да зерттеулерде, соның ішінде түрлі буындағы басшы қызметкерлер жазған мақалаларда, ғылыми-көпшілікке арналған кітапшаларда, мерзімді баспаның шағын басылымдарында көрініс тапты. Мәселен, КСРО кәсіптік білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы А.А. Булгаковтың кітабында елдегі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің қалыптасу және даму мәселелері жан-жақты ашылды [19]. Бірақ, бұл еңбектің бір кемшілігі металлургия индустриясының бірі болып табылатын Қазақстан жөнінде материалдар үстірт сипатталып, тіпті жұмысшы кадрлар даярлау жөнінде мәселе қозғалмаған.

С.О. Жандосовтың өз еңбегінде Қазақстанның индустрия саласына жұмысшылар даярлайтын кәсіптік-техникалық білім жүйесін басқару мәселелерін біршама зерттеген [20]. Автор саяси құжаттар, мұрағат қорлары негізінде республиканың кәсіптік-техникалық білім орындарындағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөніндегі өндіріс ұжымдары жинақтаған озат тәжірибені жан-жақты сипаттайтын даму динамикасын берген. Алайда, жұмыстың хронологиялық шебері біз зерттеп отырған кезеңді қамтымайды. Сонымен бірге кенді Алтай /Шығыс Қазақстан облысы/ аймағындағы кәсіптік-техникалық училищелердегі жалпы жас жұмысшыларды даярлау тәжірибесі ғана қаралған. Сол жылдары экономистердің, философтардың, әлеуметтанушы ғалымдар еңбектерінде жұмысшы-металлургтердің сапалық көрсеткіштерінің жоғарылауы көптеп жазылды. Олар кәсіби жұмысшыларды дайындау проблемасының әртүрлі аспектілерін жұмысшы ұжымдарындағы әлеуметтік өзгерістер аясында қарағанымен, деректерді мол пайдаланбаған. Өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі жұмысшылардың мәдени-техникалық деңгейін жетілдіру, олардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыру бірқатар диссертациялардың да өзекті тақырыбы болды. Олар сол жылдары бүкілодақтық көлемде және республика кәсіпорындарында жүзеге асырылып жатқан саяси-көпшілік мақсатты көздеген жалпылама бағыттағы шаралардан күтілген «нәтижелерді» сипаттауға көп көңіл бөлген. Бұл жарияланымдардың авторлары сол кезеңдегі халық шаруашылығы жоспарларын және көтеріңкі міндеттемелерді орындауды ұйымдастырушылар қатарында болып, шындыққа қанық болғандығын ескерген жөн. Сондықтан да олардың еңбектері құнды. Бұдан басқа жұмысшылардың жалпы білім және кәсіби деңгейін, еңбек белсенділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-саяси шаралар мен көпшілік арасындағы жұмыстың мән мазмұны, түрлері, әдістері туралы деректер кәсіподақ, жастар одағы, шаруашылық басшыларының мерзімдік баспасөздегі мақалалар арқылы көпшілік санасына құйылған. Ол мақалаларда еңбек ұжымдарының өмірі жан-жақты баяндалып, коммунистік партия ұйымдарының қызметі дәріптелген.

Зерттеу тақырыбы төңірегінде КСРО тұсында ведомстволар мен кәсіпорындар басшылары, инженер-техник қызметкерлері мен озат жұмысшылар екі жүзге жуық публицистикалық материалдар жариялаған. Мерзімдік баспасөзде жарық көрген бұл жарияланымдарда өндіріс ұжымдары мен жұмысшылардың өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық өмірі баяндалған. Осы деректермен қатар өндіріс ұжымдарында жүргізілген түрлі саяси

6

науқандар кезіндегі саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар, ұжым мүшелерін өндіріс тапсырмаларын орындауға жұмылдыру шаралары мен өндірісшілердің кәсіби және жалпы білім дәрежесі туралы құжаттар да жарияланды. Оларда өндіріс ұжымдарының жалпы проблемаларымен бірге, кәсіпорын мүшелерінің мәдени-техникалық және кәсіби деңгейін көтеру түрлері мен жолдары, цех әкімшіліктері, кәсіпорындар басшылары мен инженер-техник қызметкерлерінің шаруашылық механизмін жетілдіру, өндірісті басқару арқылы жұмысшы кадрларының сапасын жетілдіру мақсатында белгіленген жоспарлары кең шеңберде баяндалған. Бұл мақалалардың бәрінде «іскерлік, мақсаткерлік, кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде ескеру, жұмыста орын алған ақаулықтарды уақытында жою және болашақта жібермеу жолдарын іздестіру» сияқты т.б. шаралар жүйесі жазылды. Осындай деректер құнды болғанымен, алайда ақпараттық мәліметтер ғылыми тұрғыдан талданып жинақталмағандығын айтуымыз керек. 1960-70-ші жылдары индустрия мәселелері мен оның әр саласындағы жұмысшы ұжымдары туралы КСРО бойынша жыл сайын ондаған-жүздеген еңбектер жарық көріп отырған. Бірақ, зерттеушілер көкейкесті проблемаларды тарихнамалық талаптар тұрғысынан қарастыра алмай, тым шектеулі әдіснамалық ой-пікірлермен жазды. Осыған орай ХХ ғ. 60-80 ж.ж. Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының тарихын бүгінгі заман талабына сай әрі мемлекеттік тілде зерттеу Отандық тарих ғылымына қосылған үлес болар еді.

Отандық зерттеушілер өткен ғасырдың 90-ші жылдарының екінші жартысында сын көзқарас тұрғысынан біршама еңбектер жазды [21]. КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін салдарынан Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған авторлардың индустрия саласының жалпы даму тенденциясын өндіріс кадрларының сапалық дәрежесі және ұлттық құрамын қатал сын елегінен өткізіп жазған еңбектері де белгілі бола бастады [22].

1960-80-ші жылдары өндіріс, еңбек проблемаларын жұмысшы кадрлардың кәсіби дайындығы мәселесімен ұштастыра баяндаған еңбектер де көп кездеседі. Солардың ішінде, бірінші кезекте Қазақстан мен Ресей арасындағы өндірістік қатынастарды жан-жақты сипаттаған шығармалар мол екенін, екінші кезекте, бір топ авторлардың ТМД елдері арасындағы экономикалық қатынастары туралы өз еңбектерінде сол замандағы индустрия салаларында инженер-техник, жұмысшы кадрларымен алмасу тәжірибесінің тарихын тиянақты түрде қамтығанын, үшінші кезекте, мәдени аралық өзара байланыстардың өндірістік қатынастардың ауқымында шешіліп отырғанын, төртінші кезекте, КСРО мемлекетінің өмірдің барлық саласында да ынтымақтасып отырған мәселелер бойынша ортақ пікірде болғанын айта аламыз [23].

Д.Бофф, М.Джиллас, Н.Верт, Б.Мейснер, Д.Хеслер сияқты еуропалық зерттеушілер кеңестік өндіріс тарихын жазуда КСРО-ның индустриялық аймақтарындағы әлеуметтік және экологиялық ахуалдың ақиқатын баяндаған еді [24].

1990 жылдардың екінші жартысында жарық көрген еңбектерде КСРО

жұмысшыларының жалпы және кәсіби дайындығы тарихын зерттеудің 7

әдіснамалық проблемалары жаңаша тұрпатта қаралды. Қазақстандық тарихшылар Ү.Қыдыралин, Х.Б.Табылдиев, Т.З.Рысбеков, Б.Қ. Бірімжаров, Ә.Қ. Мұқтар, Б.Ғ. Шынтемірова т. б. тарихты зерттеудің әдіснамалық негіздеріне елеулі жаңалықтар қосқан [25].

Соңғы жылдары посткеңестік Орталық Азия тарихын арнайы зерттеген еңбектер көптеп жарық көре бастады. Оған мысал, Б. Румер мен П. Жуков қаламынан шыққан монографиядан Қазақстанның және Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты көлемді деректік ақпарат пен қатар аймақтық даму статистикасын айқындайтын деректі материалдар, аймақтық зерттеу орталықтарының есептеу құжаттарын, жоғары кәсіби деңгейде құрастырылған елдің индустриялық өркендеу бағдарламасын, аймақтағы экономикалық ахуалдың әртүрлі маңызды аспектілері жөнінде мол мағлұматтар алуға болады [26].

Сондай-ақ, сол кездегі тарихи оқиғаларға тікелей араласып куәгер болған, белгілі өндіріс мамандары, мемлекеттік басшылар, атаулы ғалымдар еңбектерін, өндіріс озаттарының естеліктерін де ғылыми айналымға қосуды жөн көрдік. Өз заманында еліміздің экономикалық және саяси жүйесінің қалыптасып жетілуіне, Қазақстан индустриясының металлургия саласының кең қанат жаюына жеке үлестерін қосып, ғылыми еңбектерімен әлемге танылған тұлғалардың шығармаларында ХХғ. 60-80 ж.ж. Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының тарихы біраз көрініс тапқан. Мемлекет қайраткері, республика металлургия өндірісін тұңғыш қалаушылардың алғы шебінде болған, осы сала ғалымдары Д.А.Қонаев, Қ.И.Сәтбаев және басқа да басшы мамандардың еңбектерінде аталған тақырып жан-жақты ашылған [27]. Олардың еңбектерінде мемлекеттік билік және өндірісті ұйымдастыру жұмыстар кешенді түрде талданып құнды ойлар айтылып, сол заманда қоғамда қалыптасқан жағдайдаларға объективті баға берілген. Өндірісшілердің еңбегін арттыру мақсатында жүзеге асырылған басқару-менеджерлік қызметтердің жаңа түрлері мен әдістері тиянақты талданған. Әрине, бұл еңбектерде де кеңестік идеологияның үстем қырлары өз ізін қалдырды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты- 1960-1980 жылдардағы металлургия өнеркәсібі дамуының басты бағыттары мен ондағы мемлекеттік ұстанымдарды, сала жұмысшыларын өндіріс кәсібіне даярлау, олардың біліктілігін жетілдіру шараларын обьективті тұрғыдан пысықтап зерттеу болып табылады. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында жан-жақты орталықтандырылған мемлекеттік және салалық буындардың ұйымдастыру – шаруашылық, тәрбие-тәжірибелік жұмыстарын, қоғамдық өмірді басқарудың технологиясын талдау, жинақтау және қорыту мақсаты көзделді. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

- тақырыпқа қатысты кеңестік кезеңде жазылған еңбектерге объективті тұрғыдан талдау жасау;

-өнеркәсіп жұмысшыларының білімі мен кәсіби дәрежесін жетілдіру бағытында қабылданған мемлекеттік шараларды сараптау, олардың нақты-тарихи мазмұны мен мақсатын, сол орындар тарапынан кезеңдегі міндеттерді

8

іске асырудың түрлерін, әдістерін және нәтижесі арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау;

-республика көлеміндегі металлургия өнеркәсібінің дамуындағы басымдылық пен негізгі бағыттарға сай жұмысшы кадрларын даярлаудағы іс-шараларды ашып көрсету;

-сала жұмысшыларын қалыптастырудағы билеуші партияның іс-шараларын, олардың саяси–тәрбиелік мазмұны мен мақсаттарын жан-жақты талдап бағалау;

-жұмысшы металлургтерді даярлаудағы кәсіптік-техникалық училищелердің атқарған рөлін көрсету;

-өндірістегі жұмысшылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру шараларының нәтижелерін көрсету;

-республикадағы металлургия салаларында жас жұмысшылардың мәдени-техникалық деңгейін көтеру бойынша жинақталған тәжірибені ең басты екі бағыты – жалпы білім және кәсіби дайындығы негізінде кешенді зерттеп, елдің өнеркәсіп саласының дамуына қажетті ұсыныстар беру;

-ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарындағы республикадағы металлургия өнеркәсібінің негізгі даму бағыттарын, кәсіпорындардың жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етілу проблемаларын объективті жолмен көрсету;

-жұмысшылардың жалпы білім деңгейін арттыру тәжірибесін жинақтап қорыту, еңбек ұжымдарындағы саяси-қоғамдық ұйымдардың идеологиялық, саяси-тәрбиелік қызметін талдап оған ғылыми баға беру.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарын қамтиды. Бұл кезең-республиканың экономика саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында экономикалық айналымға жаңа табиғи қорлар игеріліп іске қосылған, өндірістің озық технологиясы мен техникалық дәрежесін арттыру бағытында мемлекеттік шаралар қолға алынған.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарындағы Қазақстан металлургия өнеркәсібінің дамуының басты бағыттарын анықтап, сала өндірісінің қарқынды дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың әралуан әдістері мен іс-шараларын тарихи деректер негізінде зерттеп, осы саладағы құрлымдық өзгерістерді анықтай келе металлургия саласының озық дамуын қамтамасыз етудің маңызды әдісі ретінде сала жұмысшыларының білім және кәсіби деңгейін көтерудегі мемлекеттік саясаттың бағыттарын анықтау.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Бүгінгі уақытқа дейін тарих ғылымында қалыптасқан ғылыми-әдістемелік қағидалар мен тұжырымдар құрайды. Олардың негізгілері ретінде тарихилық, ғылымилық, шынайылық, нақтылық, жүйелілік сияқты қағидалар мен тұжырымдарды атап өтуге болады. Зерттеу мақсатына жету үшін салыстырмалық, статистикалық, сұрыптау, талдау әдістері кеңінен қолданылды.

Тақырыптың негізгі мақсат-міндеттерін зерттеуде Кеңестік тарихнамада коммунистік идеология қағидалары аясында қалыптасқан жекеленген теориялық тұжырымдар сыни тұрғыдан қарастырылды. Жұмысты зерттеп-

9

зерделеуде Отандық тарих ғылымының егемендік тұстағы шыққан, тарихи шындықты қалпына келтіру мақсатында жарық көрген тарихшылардың ғылыми еңбектері негізге алынды. Ұлттық ұстанымдар мен пайымды әлемдік ой-сананың табыстарымен ұштастыра отырып, мәселені таптық және партиялық тұрғыдан тұжырымдау қағидатынан бас тарттық. ХХ ғ. 60-80 ж.ж. Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының тарихы туралы бұрын айтылмай келген көлеңкелі жайттарды мұрағат деректеріне сүйеніп зерделеуге ұмтылдық.

Сонымен қатар зерттеу жұмысы сыңаржақты көзқарас тұрғысынан жазып қана қоймай, оның мән-мағынасына нұсқан келтірмей, тарихи жан-жақтылық, шынайылық, ұлттық идея негізінде ашып көрсетуге әрекеттендік.

Зерттеудің деректемелік негізі. Диссертациялық жұмыстың деректік негізіне мұрағат құжаттары мен баспасөз материалдары, сондай-ақ, ресми сипатты және статистикалық мәліметтер алынды. Диссертацияның деректік негізін мемлекеттік құжаттар мен материалдардың бірнеше топтары құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент, Үкімет, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының сессиясында, ҚР-ның 10, 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыстарда сөйлеген сөздері мен жарияланған еңбектеріндегі маманданған жұмысшы кадрлар қажеттілігі туралы ойлары [28]; кеңестік кезеңдегі мемлекеттік биліктің ең жоғарғы буыны қабылдаған «Орта жалпы білім беретін мектептердің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы» (1966 жылы, 20 маусым), «Жалпы орта білім беруге көшудің аяқталуы және жалпы білім беретін мектептерді одан әрі дамыту туралы» (1972 жылғы 20 маусым), «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің оқу орындарында маман жұмысшыларды даярлауды одан әрі жақсарту шаралары туралы», (1969 жылғы 2 сәуір), «Кәсіптік-техникалық білім жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» (1972 жылғы 23 маусым) қаулылары назарға алынды. Қаулы-қарарларда жас жұмысшы кадрларға жалпы білім беру мен кәсіби дайындығын жақсарту бағыттары және жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдері баяндалған. Сондықтан КСРО тұсындағы қабылданған қаулы-қарарлар, теориялық және тәжірибелік жинақтар мен ұсыныс-пікірлер ғылыми сипатта тұжырымдалып, сол кездегі еліміздің даму ерекшеліктеріне баға берілді.

Тақырыптың тарихи маңызын ашу мақсатында мемлекеттік мекемелер басшылары мен салалық мамандардың қоғамдық жиындарда сөйлеген сөздері, мақалалары мен кітаптары да пайдаланылды. Мемлекеттік-өндірістік құрылыстағы сан алуан ұйымдастырушылық қызмет түрлеріне, қоғамдық ғылымдардың ролін арттыруға, соның ішінде жұмысшыларды тәрбиелуде жалпы және кәсіби білім беру жүйелерінде жинақталған тәжірибелерге байланысты өзекті проблемалар барынша тиянақты талданды.

1970 - 1979 жылдардағы бүкілодақтық халық санағы, республикалдық статистикалық жыл сайынғы ақпарат қоры, КСРО және Қазақстанның өнеркәсібі еңбек және мәдени құрылысы туралы жинақтар, республиканың атаулы мерзімді мерекелеріне байланысты жарық көрген материалдар сыни тұрғыдан талданды.

10

ХХ ғасырдың 60-80 жылдары металлургия кәсіпорындарында Қазақ КСР Ғылым академиясы, Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қарағанды металлургия институты, республикалық түсті металлургия Министрлігінің еңбекті ғылыми ұйымдастыру орталығы жүргізген бірнеше әлеуметтік бағыттағы зерттеу материалдары да дерек ретінде пайдаланылды.

Зерттеудің деректік қорын мұрағаттар, монографиялар, диссертациялық зерттеулер, өндіріс басшылары мен билік буындары жетекшілерінің, озат жұмысшылардың естеліктері мен жеке сұхбат мәліметтері, мерзімдік басылымдар, есеп-жинақ орындарының материалдары, құжаттық жарияланымдар құрады.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының, металлургия өндірісі орналасқан аймақтардың мұрағаттары материалдары кеңінен пайдаланылды. Тың деректерге қол жеткізіп, ғылыми айналымға енгіздік. Нәтижесінде жұмысшы металлургтерді жалпы білім және кәсіби даярлауды көтерудегі кәсіпорын ұжым жетекшілері атқарған жұмыстарды, салалық министрліктердің басқару жүйесінің түрлері мен әдістерін, кешенді шараларын талдауға мүмкіндік ашылды.

Металл өндірісін дамыту, шикізатты пайдалануды қамтамасыз ету тәжірибесін көрсететін құнды деректер РФ-ның 3, ҚРОММ мен облыстық мұрағаттарынан, республика түсті металлургия Министрлігінен, «Казчермет» мұрағаты, 9 кәсіпорын мұрағаттары қорларынан алынды

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. -Отандық тарихнамада тың деректерге талдау жасау арқылы КСРО

тұсындағы Қазақстандағы металлургия өндірісіндегі жұмысшы кадрларын қалыптастыру мен олардың жалпы білімі, кәсіби дайындық дәрежесін, өндірістік шеберлігін арттыру мәселелері кешенді түрде талданып баяндалды;

-Металлургия саласы жұмысшыларының мәдени-техникалық дәрежесі тұңғыш рет жаңаша көзқараспен зерттелді;

-Өндірістік саясат үдерістерінің қарқыны, сипаты, бағыттары тың деректер негізінде талданды;

-Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жалпы білім мен кәсіби дайындығы талданып, оны Қазақстанда индустриялық-инновациялық стратегияны дамытуға бағытталған шаралармен етене ұштастыру жолдары көрсетілді;

-Қазақстан индустриясының әлемдік беделінің өсуі мен аймақтық геосаяси ахуалға позитивті ықпалының артуы дәлелденді;

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеуге алынған хронологиялық шеңбердегі металлургия өнеркәсібі саласы үшін жұмысшы кадрларын даярлаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын зерделей отырып, мынандай тұжырымдар жасалады:

-өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы білімі мен рухани деңгейін жетілдіру бағытындағы қабылданған мемлекеттік шаралардың мазмұны мен мақсаты және әдістері сол кезеңдегі міндеттерді шешуде ерекше орын алды;

-республика көлеміндегі металлургия өнеркәсібі саласының өткен ғасырдың 60 жылдарындағы реформа барысында жоспарлау ісі қайта құрылып,

11

еңбек материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандырылып, тәртіп пен жауапкершілік нығайып, салада елеулі өзгерістер орын алды;

-жұмысшылардың жалпы білімін арттыру өндірістік, саяси-көпшілік шараларында орын алған үкіметтік және саяси-қоғамдық орындарының қызметінің арқасында және осы органдардың ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты;

-өндіріс ұжымдарындағы жұмысшылар арасындағы жүргізілген саяси–тәрбиелік шаралардың ерекшеліктері мен мақсаттары проблеманы шешуге белгілі бір деңгейде ықпалын тигізді;

-жұмысшы металлургтерді даярлауда кәсіптік–техникалық училищелер маңызды роль атқарды;

-индустриялық ұжымдардағы өндіріс жұмысшыларын кәсіби тұрғыдан даярлау және олардың мамандығын жетілдірудегі шаралар тиімді нәтижелер берді;

-металлургия кәсіпорындары жұмысшыларының жалпы мәдениеті мен техникалық дәрежесін көтеруде еңбек ұжымдарында әлеуметтік даму жоспарларының негізгі бағыттары айқындалып олар оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Диссертацияның тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері бойынша алынған ғылыми қорытындылар мен жасалынған тұжырымдамалар ХХ ғ. 60-80 ж.ж. Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының тарихының даму ерекшеліктерін толық ашып көрсетуде зор мүмкіндік береді.

Диссертацияда пайдаланылған материалдарды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту барысында дәрістік және семинар сағаттарында, сондай-ақ, осы зерттеу мәселесі бойынша жүргізілетін арнайы курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, жұмыста келтірілген статистикалық деректер мен мұрағат құжаттарын қарастыруға алынған аймақтардың тарихын зерттеулерде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасында дайындалып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған дәстүрлі конференцияларына ұсынылып, талқыға түсті. Осымен қатар зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне енген журналдарда жарық көріп, сыннан өтті.

Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны12

Кіріспеде қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі көрсетіліп, мәселенің зерттелу деңгейі сараланады. Зерттеудің мақсат міндеттері, негізгі нысаны, хронологиялық шеңбері, методологиясы, деректік негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары мен тәжірибелік маңызы айқындалады.

«Металлургия өнеркәсібі дамуының басты бағыттары мен ондағы мемлекеттік ұстанымдар» атты бірінші тарауында, республиканың металлургия өнеркәсібін жедел дамытудағы мемлекеттік және салалық іс-шаралар, металлургия өнеркәсібін шоғырландыру мен өндіріс бірлестіктерін құру мәселелері, өнеркәсіп жұмысшы кадрларының жалпы білім деңгейін көтеру бағытындағы атқарылған істер зерттеліп мынадай ретпен тұжырымдалған:

-партиялық мемлекеттік басқару жүйесі қабылдаған шаралар арқасында республиканың бүкілодақтық еңбек бөлінісіндегі өзіндік үлесі артты;

-Қарағанды-Теміртау, Шығыс Қазақстан, Шымкент-Кентау, Балқаш маңы және Қостанай-Лисаковск аумақтық-өнеркәсіп кешеңдерінің қалыптасуы республиканың келелі проблемаларын шешуде жасалған аса маңызды қадам болды;

-металлургия кәсіпорындарының өнімі әлемнің дамыған және даму жолындағы барлық мемлекеттеріне таныла бастады;

-Өскемен комбинатының қорғасыны мен мырышы, Балқаш тау-кен комбинатының катозды мысы дүние жүзілік сапа эталоны түсті металдардың Лондон биржасында ең жоғары дәрежедегі баға алған;

-сала өнімдерінің жүздеген түрі сапа белгісіне жетті;-Қазақстанның үлесіне жалпы одақ бойынша өндірілетін мыс пен

мырыштың анағұрлым бөлігі, қорғасының жартысынан астамы, алюминий токтығының төрттен бір бөлігі тиді. Балқаш және тау-кен металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Лениногор Ащысай полиметалл комбинаттары елімізде осы заманғы өндіріс ұйымдастырудың үлгісіне айналды;

-Қазақстан Магниткасы мен Соколов-Сарыбай комбинатын салу – бүкіл КСРО және Қазақстанмен шекаралас индустриалды кәсіпорындардың қарқынын ұлғайтуға жол ашты. Дөң тау-кен байыту комбинаты, Ақтөбе және Ақсу /Ермак/ ферроқорытпа зауыттары саланың жетекші кәсіпорындарына айналды;

-металл өндіруші саланың зерттеу кезеңіндегі дамуы республикада қарқын алған өндіріс ұжымдарын жұмысшы және инженер-техник мамандарымен әруақытта толықтырып отыру мәселесін өткір қойды. Зерттеліп отырған тарихи кезеңнің тағы бір ерекшелігі билік орындарының жедел қарқынмен дамыған өнеркәсіпті аудандарды кәсіби дайындығы бар жұмысшылармен қамтамасыз ету шараларын бір жүйеге келтірудегі үздіксіз қызметі болып табылды;

-ресми билік тарапынан өндірісшілердің ой-өрісіне ықпал етіп сана сезімін кеңейтуге біршама ұмтылыстар жасалды. Мұндағы ұмтылыстар ретінде бұрын догматикалық сипат алып қатал сіресіп қалған стереотиптік шаралардың түрлері мен әдістері қайта жаңашаландырылып, идеялық тәрбиеге әлеуметтік

13

тұрғыдан таңдау көзқарасы негіздері пайда болғанын, онда өндіріс жұмысшы-қызметкерлерінің саяси дайындығы, жалпы білім деңгейі, өмір тәжірибесі, ұлттық құрамы, мамандығы, жасы, қоғамдық және еңбек белсенділігі ескерілуі жөніндегі ұсыныстар мен талаптар кең өріс алғанын, осындай қозғалыстар көбінесе «Табысқа жететіндей үмітпен еңбекке ықпал ететін өз мүмкіндігіңді біл» деген ұранмен етек алғанын, идеялық әсер ету өнері – аудиторияға айрықша ықпал етудің үгіт насихатпен жеке тәрбие жұмысын үйлестірудің маңыздылығынан құралады деген ұрандар барынша өрістегенін айтуға болады.

«Сала жұмысшыларын өндіріс кәсібіне даярлау және олардың мамандығын жетілдіру тарихы» атты диссертацияның екінші тарауында, өнеркәсіп кадрларын дайындаудағы кәсіптік-техникалық училищелердің атқарған рөлі, кәсіпорындарында жұмысшы кадрларын даярлау мен олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру аясында атқарылған істер, бұл іске мұрындық болған кәсіпорындардың әлеуметтік даму жоспарлары жан-жақты талданып тарих методологиясы негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізген:

-сала кәсіпорындары жанында ашылған оқу формалары арқылы жұмысшылар кәсіптік шеберлігін көтеруі мен қатар ұжым мүшелері арасында техникалық білімді таратудың басқа да тиімді әдістерін пайдалануға әсер еткені дәлелденген;

-техниканы меңгерген және озат тәжірибелерді талдау, тарату кәсіби мамандандыру жөніндегі стратегиялық міндеттердің орындалуына негіз салып, қойған жоқ, сонымен қатар өндіріс көрсеткіштерін біршама дәрежеге жеткізуде шешуші рөл атқарды. Алайда, статистикалық деректерде білімін техникалық университеттерде, тақырыптық семинарларда, зауыт аралық үйірмелерде, техникалық шығармашылық мектептерінде т.б. көтергендер саны есепте болмағандықтан, бұл мәселеге байланысты бұл істің анығын көз алдымызға елестету қиынға соқты. Дегенмен, қоғамдық негізде ұйымдастырылған оқулар тікелей және жанама түрде жұмысшы-металлургтердің мәдени-техникалық деңгейін көтерудің негізгі құралы болғанын осы тараудағы зерттеу нәтижесі біршама анықтады деген тұжырым жасалған;

-Қазақстан металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында ұжым мүшелерінің мәдени-техникалық білімін көтеру ісі әлеуметтік даму жоспарда міндетті түрде орын алып, ол өз нәтижесін берді, өндірістің экономикалық тиімділігін көтеруге біршама ықпал етті. Әлеуметтік даму жоспарлардың өмірге келуімен бірге ұжымдағы шаралардың жаңа формалары, әдістері пайда болды, жұмысшылардың техникалық білімі жетіліп кәсіптік деңгейі кеңейгені көрсетілген;

-әлеуметтік даму жоспарлары ұжым мүшелерінің техникалық белсенділігін және мәдени-техникалық деңгейін көтеруге үлкен себепші болды. Өндіріс буындары арасында жаңашылдар қозғалысын дамыту мақсатында цехтар мен учаскелерде де аталмыш шаралар қанат жайғаны сипатталған;

-жұмысшылардың басым бөлігі еңбекте бәсекелестікке түсіп жоғары еңбек өнімділігіне ұмтылды, жұмысшы, қызметкерлер жаңа техниканы, еңбектің прогрессивті формаларын тәжірибеге енгізуге және тиянақты игеруге ұмтылды. Кәсіби шеберлікті көтеру міндеттері әлеуметтік даму жоспарларына

14

енгізілгеннен кейін бұл істі жүргізу жоспар бойынша жүргізілді және өндіріс дамуының перспективасымен байланыстырылды, ұжымды дамытудың келелі мақсаттарына айналғаны дәлелденген;

-әлеуметтік даму жоспарларының табысты енгізілуі даярлықтың барлық жүйесін, жұмысшы-металлургтердің кәсіби шеберлігін көтеруді жетілдірді. Әлеуметтік дамуды жоспарлау ұжымдардағы әлеуметтік үрдістерді терең зерттеулер негізінде атқарылғаны мұрағат қорындағы тың деректер негізінде талданып дәлелденген;

-әлеуметтік даму жоспарларының табысты енгізілуі даярлықтың барлық жүйесін, жұмысшы-металлургтердің кәсіби шеберлігін көтерудің кепілі болды. Ұжымдардың әлеуметтік даму жоспарлары 70-шы жылдары жұмысшылардың сапа құрамын жетілдіру үрдістерінің маңызды факторына айналды. Бұрын өндіріс тарихында кездеспеген әлеуметтік саланың жоспарлануы және оның дер кезінде жүзеге асырылуы жұмысшылардың кәсіби мәдени-техникалық деңгейін көтеру негізінде көлемі мен сапасын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Сонымен қатар жұмысшылардың қоғамдық-саяси және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөніндегі шараларды жемісті орындаудың да кепіліне айналды;

-дерек көздері негізінде жан-жақты талдау арқылы құрылған сала және кәсіпорындардың әлеуметтік даму жоспарлары зерттеліп отырған өнеркәсіп жүйесінің кәсіпорындарында бір деңгейде өз мақсатына жете алмағаны да қажетті деректермен дәлелделген. Жоспардың толық орындалмау себептерін өндіріс ұжымдарының бірқатарында әлеуметтік даму жоспарларын құру барысында экономиканың даму заңдылығы толық объективті ескерілмеуінен, белгіленген шаралардың шеңбері шектеулі болғандығынан және басым көпшілігінің тек қана өндіріс міндеттерімен шектелгендігі аталған.

Қорытындыда диссертацияның мазмұнын айқындаған негізгі тұжырымдар мен ой-пікірлер берілген. Диссертациялық тақырыпты зерттеу нәтижесінде республика зерттелу объекттің хронологиялық шеңберінде металлургия өнеркәсібінің дамуында оның жұмысшыларының жалпы білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру ісінде орын алған тенденциялар мен ерекшеліктерді тұжырымдай келіп мынадай ұсыныстар жасалды:

біріншісі, еліміздің егемендігімен ере келген Отан тарихы-Қазақстан Республикасының тарихы бағдарламасына диссертация қамтыған жұмысшы кадрлардың жалпы және кәсіби дайындығын жетілдірудің сатылық кезеңдері енгізілсе, ол курста осы зерттелген тақырыптың басты мазмұнымен талданған басқа да проблемалардың бүгінгі күнге де қатыстылығы қамтылып, XXI ғасырдағы жалпы білім мен кәсіби даярлық мәселелері жөнінде болжамдар мен ой қорытындылары негізінде нақты ұсыныстар тұжырымдалса;

екіншісі, облыстық тарих-өлкетану мұражайларындағы ел өндірісі тарихына арналған экспозицияларда жұмысшылардың кәсіби өсу дәрежесі сол кезеңге сай республикада, өнеркәсіптік аймақтарда, облыстарда жұмысшы тобын қалыптастыру мен жұмысшы қозғалыстарын онан әрі дамытудағы ұйымдастырушылық, саяси-үгіт, мәдени-көпшілік жұмыстарының нәтижелері ақиқатты беттері шынайы көрсетілсе;

15

үшіншісі, мектеп оқушылары арасында кәсіптік-техникалық мамандыққа бағдарлау жұмыстарын белсене қолға алып жүргізілсе, өндірістік ұжымдармен оқу орындарының өзара байланыстарын онан әрі нығайту сол арқылы сала жұмысшыларының жаңа буынын қалыптастырып тәрбиелеуге күш салынса;

төртіншісі, баспасөз, үгіт-насихат құралдары, әдебиет пен өнер шығармаларында соңғы 20 жылдық қорында жалпы индустрияның даму тарихы, өндіріс ұжымдары мен олардағы кадрлар даярлау мәселелері жеткілікті жан-жақты талданып баяндалуына билік орындарының назары аударылса.

Жұмысшының Қазақстан өндірісін өркендетуде алатын орны, елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге көзқарасы, дүниетанымы, кәсіби психологиясы соңғы 20 жыл шамасында билік пен қоғам назарынан тыс қалуда. Сондықтан билік орындары мен саяси-әлеуметтік ғылым зерттеушілері тарапынан осы проблеманы зерттеуге және ұсыныстар жасауға түбегейлі бетбұрыс қажет. Жұмысшы мамандығына қоғамның әруақыт құрметпен қарауы үшін соған орай шығармашылық одақтар Өскемен, Шымкент, Теміртау, Жезқазған, Хромтау кәсіптік-техникалық училищелердің кешегі түлектері, бүгінгі ардагерлері туралы кинофильмдер, спектакльдер, кітаптар шығаруды қолға алуы керек.

Зерттеу барысында анықталғаны өнеркәсіп жұмысшыларының сапалық құрамын жетілдірудегі ұйымдастырушылық және саяси-үгіт қызметінің жаңа түрлері мен әдістерін жаңа деңгейге көтеру, өндірісті техникалық жарақтандыру мен технологиялық жаңарту арқылы жұмысшының жалпы мәдениет дәрежесінің үздіксіз болуы.

Қазақстан жағдайында өндірістік салаларды дамыту тәжірибесі бүгінгі таңда әлем аясында елеулі серпіліс туғызуда. Республика жұмысшы кадрларының өз әріптестерімен әлемдік қатынастардағы үлес салмағы біршама өсіп, дүниежүзілік көлемде айтарлықтай беделі артуда. Бүгінгі Қазақстан –кең қанат жайған ел, өндірісі өркендеген, ғылыми потенциалы биік, кәсіби біліктілігі жоғары әлеуметтік топ-қазақстандық жұмысшылардың сүйікті Отаны, Еуразиялық кеңістікте болашақтың сәулетті ғимаратын салып жатқан бірден бір мемлекет.

Қостанайдағы Соколов-Сарыбайдың және Лисаковскінің темір кені, Жезқазған мен Кенді Алтайдың түсті металы, Теміртау мен Ақтөбенің сала стандартына толық жауап беретін ферроқорытпасы әлемдік сауда нарығында үлкен сұраныспен пайдаланатын бірден бір республика, төл тарихымыздың әр кезеңінде елдің сенімді тірегі болған жұмысшы кадрлары жаңа сипат алып өсіп жатқан жасампаздық мекені. Жаңа мемлекет, жаңа қалалар, зауыттар, кен байыту комбинаттары мен шахталары, қуатты электрстансалары, қазіргі автострадалар елдің ертеңі үшін зор еңбек етіп жатқан үлкен өндіріс алаңы. Сол өндірісті өркендетуші, уақыттан-уақытқа, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші білікті маман, кәсіби тұлға қатардағы жұмысшы, орта және жоғарғы буын мамандары.

Бүгінде егемен мемлекет ретінде танылған Республикамыздың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылу үшін қазақстандықтар еліміздегі өндірістік салаларды жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр. Ол дәрежеге жетудің маңызды кепілінің бірі өз мамандығына жетік кәсіби даярлығы және

16

жалпы білімі бар жұмысшы кадрларды қалыптастыру, тәрбиелеу және олардың қабілетін тиімділікпен өндірісте пайдалану.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңару арқылы - өркендеуге.// Ақиқат. 2007. - №1.

2 Асылбеков М.Х. Кемелденген социализм тұсындағы жұмысшы табының өсуі.- Алматы,-1980; ХХ ғ. 60-шы жылдарының басы мен 80-шы жылдардағы Қазақстандағы жұмысшы кадрлар: қалыптасуы, сан және сапа құрамы. КСРО тарихы журналы. -1986. -№10 , 22-32 бб; Асылбеков М.Х., Нұрмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Қазақстан индустриясының жұмысшы кадрлары қатарының өсуі. Алматы,-1976; Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казіргі Қазақстандағы демографиялық үрдістер. -Алматы,- 1995.; Сапарбаев Б.К. Қазақстан өндірісінің дамуы. Әлеуметтік-демографиялық аспекті.- Алматы, -1995.; Уандыкова И. Индустрия саласында ұлттық кадрлардың қалыптасуы жәйі.-Алматы,- 1995.

3 Алтаев А.Ш. 1970-1980 жж. Қарағанды көмір өндіру саласындағы жұмысшылардың әлеуметтік дамуы. -Алматы, -1990.; Ташенев М.Ж. 1960-1985 жж. Қазақстан жұмысшы табы. -Екатеринбург, -1997.; Абдуллаев Н.А. 1950-1975 жж. Қазақстан индустриясы және жұмысшы кадрлары.- М, -1997; 1950-1975 жж. Қазақстан өндірісінің жұмысшы кадрларының қалыптасуы.- М,-1998.; Абдуллаев Н.А., Сагиндиков Е.Н. Қазақстан өндірісі мен оның жұмысшы кадрларының тарихы /1950-1975 жж/. -Актобе, -2005, К.И. Кужабергенова Деятельность Компартии Казахстана по дальнейшему повышению материального благосостояния и культурного уровня тружеников села между XXIV и XXV. съездами КПСС (1971-1975) Фрунзе-1988.

4 Ахметов А.Р. Рабочий класс Казахстана в борьбе за коммунизм.-Алматы, 1970.-205 с. Оныншы бесжылдықтың іс жүзіндегі әлеуметтік бағдарламасы. Алматы, -1976.- 120 б. Қазақстан жұмысшыларының шығармашылық қуатының гүлденуі.- Алматы, -1979.

5 Шаймуханов Д.А. Черная металлургия (Исторический очерк о становлении и развитии черной металлургии Казахстана.) под ред. Т.Катаева. «Казахстан». -Алма-Ата, -1966.- 215 с.

6 Соловьев А.В. Қазақстанның түсті металлургия өндірісі.- Алматы, -1972.-213 б.

7 Жамин В.А. Кемелденген социалистік қоғамындағы білім мен ғылымның әлеуметтік-экономикалық проблемалары. -М, Ғылым, -1979.-270 б.

8 Федоров О.Ф. Жұмысшы жастардың жалпы және кәсіптік білімінің өзара ара-қатынасы. -М, Ғылым, -1978.-210 б.; Федоров О.Ф., Исправников Б.Б. Өндірісшілердің кәсіби және жалпы білімі.-М, Ғылым,- 1977.- 190 б.

9 Броделис Я.Я. Жас жұмысшылардың идеялық-саяси тәрбие ісі.- М, «Высшая школа», -1973. -72 б.

10 Зиновьев М.Н. Коммунистік партия және жұмысшы тобының мәдени- техникалық деңгейін көтеру. -ЛГУ, -1977. - 313 б.

17

11 Абишева В.Н. Подъем културно-технического уровня рабочих Казахстана. -Алматы, -1975.-296 с.; Сармурзин А.Г. Қазақстан КП ұйымдарының кәсіптік-білім беру жүйесі арқылы жұмысшы кадрларды даярлау жөніндегі қызметі. -Алматы, -1976.; Шегай Т.В. Кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында жұмысшы кадрларды даярлау ісі.- Алматы, -1977.

12 Әшімбаев Т. Құнхожаев Н. Қазақстан КП-ның өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізудегі қызметі. -Алматы, -1973.; Гуляев Н.А. Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлау мен оларды өнеркәсіпте пайдалану жәйі.-Алматы, -1981.-198 б.; Козьменко В.М. Өмір табалдырығын аттау шағында. -Алматы, -1980.-265 б.; Жастардың еңбек белсенділігі. -Алматы,-1982. -132 б.; Қазақстан жұмысшылар табы: қалыптасуы мен дамуының казіргі заманғы проблемалары. -Алматы, -1991. -248 б.

13 Даулбаев Н.Н. Қарағанды көмір бассейні. Тарихи очерк. -Алматы, -1970.-185 б.; Игенбаев А. Қарағанды металлургия зауыты /тарихи очерк;/- Алматы, -1963. -163 б.; Пан Н.Г. Соколов Сарыбай комбинаты. -Алматы, -1966. -210 б.; Пинегина Л.А., Федюкин С.А. Жезказган – мыс қаласы. Тарихи очерк, 1966.- 112 б.;

14 КСРО жұмысшы кадрлары тарихнамасының өзекті мәселелері.- М, -1970. -368 б.; Ворожейкин И.Е. КСРО жұмысшылар табы тарихнамасының очеркі. –М,-1975.- 421 б.

15 Воскресенский И.В., Митрофанова А.В. Полетаев В.Е. Кеңестік жұмысшылар табының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. // КСРО тарихы журн. 1978.- №4. 15-29 бб.; Ежов В.А. КСРО жұмысшылар табы. Саяси-әлеуметтік очерк. -Л, -1974.- 257 б.

16 Ким М.П. Казіргі замандағы жұмысшы кәсібінің жетілу ерекшеліктері.-М, -1964.- 256 б.; Бейлина Е.Э. Жұмысшылар еңбек жарысының жаңа түрлері. М., 1970.- 245 б.; КСРО-дағы социалистік жарыс: тарихи очерктер. -Саратов,-1977. -234 б.; Лельчук В.С., Бейлина Е.Э. Ғылыми-техникалық революция тұсындағы КСРО өнеркәсібі мен жұмысшылары. -М, -1982. -169 б.

17 Михеенков В.П. Халық шаруашылығын реконструкциялау тұсындағы жұмысшылардың әлеуметтік құрамындағы өзгерістер /тарихнамалық проблемалар/.-Саранск,-1977.- 239 б.; Шафранова А.И. КСРО жұмысшыларының кәсіби құрамы.- М, -1972. -213 б.

18 Ворожейкин И.Е., Сенявский С.Л. Жұмысшы табы – кеңестік қоғамның жетекші күші: әдіснамалық және тарихнамалық мәселелер. -М, -1977.- 425 б.; Кеңестік жұмысшылар табы тарихының кейбір өзекті мәселелері // КСРО тарихы журн. -1977.- №2, 26-42 б.; Гордон Л.А., Назимова А.К. КСРО-ның жұмысшы табы: әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның болашағы.- М, -1985.- 212 б.; Клопов Э.В. КСРО жұмысшылар табы: ХХ ғ. 60-70 жж. даму тенденциясы. -М,-1985.-231 б.

19 Булгаков А.А. Профессионально-техническое образование в СССР. -М,-1972. -320 б.; Казанцев Ю.А. Украина жұмысшылары. -Свердловск,-1988. -197 б.; Сібір жұмысшылары. -Екатеринбург, -1992.- 251 б.; Тимофеев П.Т. КСРО ұлттық жұмысшы кадрларының қалыптасуы. –М,- 1982.- 345 б.; Өндірісті Орал аймағы жұмысшылары. -Екатеринбург, -1992.- 198 б.; Пономаренко Б.Г.

18

Кәсіптік білім: тәжірибе, қайшылықтар, реформалық тенденциялар.- М, -1995.- 268 б.; Тельпуховский В.Б. Социалистік қоғамның дамуының жаңа сатысындағы жұмысшылары табы. -М, -1972.- 265 б.; Алексеев Г.М. Өндіріс және ғылыми-техникалық прогресс. -М,-1972.- 289 б.; Баранов М.А. СОКП және ғылыми-техникалық прогресс. -М, -1974.- 327 б.; Бейлина Е.Э. Жұмысшылар еңбек жарысының жаңа түрлері. -М, -1970.- 149 б.; Рогачевская Л.С. КСРО-дағы социалистік жарыс: тарихи очерктер.- С, -1977.- 205 б.; Уткин Э.А. Кемелденген социалистік қоғамдағы социалистік жарыс.-М,-1976.; Лебедева Н.Е. Социалистік жарысқа партиялық басшылық: бұрынғы және казіргі заманғы жәйі.- М, -1979.

20 Джандосов С.У. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде жұмысшы кадрларды даярлауға партиялық басшылық жәйі. -Алматы, -1979.- 261 б.

21 Козыбаев М.К. СНГ: опыт, проблемы. – Алматы, -1999.- 210 с.; Исингарин Н.К. 10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решения. Алматы, 2001, 182 с.; Тихомиров Ю.А. Правовые основы сотрудничества государств-участников СНГ // Вестник Межпарламентской Ассамблеи СНГ. Спб., -1993- №2. 16-24 бб.; Россия и ее соседи. –М, -1995 /Научный докл. Центра Карнеги: вып. 1/; Глушаков В.В. Вызов времени: СНГ на пороге тысячелетий. – Караганда, 1999; Ретивых А. Экономическая интеграция СНГ: проблемы и суждения // Мысль.-2002- №3.- 60-63 бб.

22 Историческая наука и современность: концептуальные проблемы методологии, историографии и источниковедения Отечественной истории. -Алматы,- 2001.; Жатканбаев Е.Б. Социокультурные детерминанты интеграции систем образования и проблем развития науки // Философские, экономические и научно-методические проблемы развития и интеграции национальных систем высшего образования. Материалы межд. научно-практической конф. – Алматы,- 2001. – с.13-16.

23 Валентинов Н. /Восленский Н./ его же: Новая экономическая политика и кризис партии после смерти Ленина.-М.,-1991.; Номенклатура. Господствующий класс Советского Союза. -М,- 1991.; Скотт Ж. За Уралом. Американский рабочий в русском городе стали.- М,- 1991.; Конквест Р. Жатва скорби. -М, -1996.

24 Э.Карр. Большевистская революция. 1917-1923 гг. 1980.; Д.Боффа. История Советского Союза. В 2 т.,-М, -1990.; М.Джиллас. Лицо тоталитаризма.- М,-1992.; Н.Верт. История Советского государства. -М, -1997.

25 Рысбеков Т.З. Батыс Қазақстан облысының тарихы. -Орал, -2001.-204 б.; Бірімжаров Б.Қ. Село Казахстан в 60-80 годы: конкретно-исторический анализ по материалам Западных областей. Автореферат диссертации на сискание ученой степени д.и.н.- Алматы.-1997.-50 с. Қыдыралин Ү.С. Маңғыстау қазақтарының дәстүрлі шаруашылығы. –Атырау.-1999-165 б.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында.-Алматы.- 2001. -258 б.

26 Тинасилов М.Д. Экономическая интеграция стран Центральной Азии. – Алматы.- 1998.; Кушкумбаев С.К. Геополитические факторы интеграционных процессов в постсоветской Центральной Азии. Дисс. Канд. Полит. Наук. – Алматы.- 1999.; Central Asian Security: The New International Context / R. Allison,

19

L. Lonson (eds). L.: The Royal Institute of International Affairs; Washington, D.S.: Brookings Institution Press, 2001.

27 Сәтбаев Қ.И. КСРО ғалымдарының библиографиялық сериясы. -М, -1982. -202 б.; Д.А. Қонаев. Қаз. КСР: қысқартылған тарихи-экономикалық очерк.- М, -1970.- 98 б.; Таңдамалы сөздері мен статьялары. –М, -1978.- 421 б.; Кеңестік Қазақстан. -М, -1980.- 112 б.; Өткен дәуір осылай. -Алматы, -1989.- 225 б.

28 Назарбаев Н.Ә. Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңару арқылы - өркендеуге.\\ Ақиқат, -2007.- №1.- 7-12 бб.; Бәсекеге қабілеттілік – ортақ міндет. ҚР халықтары Ассамблеясының XII сессиясының материалдары. Астана, -2006.- 35 б.; Қазақстан жолы. Астана, 2006; Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан. Астана, -2007.- 28 ақпан.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер

1 XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан мен Ресейдің іргелес аудандарындағы білім реформасының сұрақтары // «Ресей-Қазақстан қатынастары: тарихи беттері мен болашағы» атты халықаралық конференцияның мақалалары.-Шымкент, 2004.-61-64 бб.

2 Кәсіптік-техникалық білім беру ісінің тарихынан // Қазақстан темір жолының 100 жылдығы мен М.Тынышпаевтың 125 жылдығына арналған ҚазККА Ақтөбе филиалы ғылыми конференциясы материалдары.-Ақтөбе, 2004. -99-103бб.

3 Тұңғыш қазақ инженер-тарихшы // Ақтөбе мемлекеттік университетінің хабаршысы.- Ақтөбе, 2004. -№2. -39-44бб.

4 Батыс Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім берудің тарихы және қазіргі таңдағы өзекті проблемалар // Гуманитарлық зерттеу мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы).- Ақтөбе, 2007. - №3. -89-91бб.

5 Өндіріс саласына жұмысшылар даярлау тарихынан // XX ғасырдың басындағы Еуразия кеңістігіндегі қоғамдық-саяси партиялар мен қозғалыстар: алғышарттары, сипаты мен сабақтары. Халықаралық конференциясының материалдары. - Ақтөбе-7- 8 маусым , 2007.-216-220бб.

6 XX ғ. 60-80 жж. Кәсіптік техникалық білім жүйесіндегі реформа // «Педагогикалық оқу орындарында құзіреттілік тұрғыдан білім беруді жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Орал-19-20 наурыз, 2007.-245-248бб.

7 Жас жұмысшы кадрлар даярлау тәжірибесінен \\ «Педагогикалық оқу орындарында құзіреттілік тұрғыдан білім беруді жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Орал-19-20 наурыз, 2007.-228-231бб.

8 Батыс Қазақстан теміржолы: тарихы мен бүгінгісі // М.Өтемісов атындағы БҚМУ хабаршысы. - Орал -2007.-№1.-133-137бб.

9 Батыс Қазақстан теміржолы: тарихы мен бүгінгісі // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. - Уральск-2007.-№1.-283-287с.

20

10 Батыс Қазақстан өңіріндегі теміржол саласы // «Білім және ғылым-бәсекеге қабілетті Қазақстан құру жолында» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.- Ақтөбе.-363-365бб.

11 Батыс Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім берудің тарихы және қазіргі таңдағы өзекті проблемалар // «Білім және ғылым-бәсекеге қабілетті Қазақстан құру жолында» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.- Ақтөбе.-219-221бб.

12 Өткен ғасырдың 60-80 жж. Республика металлургия өнеркәсібі саласының дамуы // А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы. - Түркістан-2009.-№1.-314-319бб.

13 XX ғ. 60-80 жж. Жас жұмысшылар даярлаушы жүйедегі реформаларА.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы.-

Түркістан-2009.-№1.-321-326бб.14 «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі реформалар (XX ғ. 60-

80 жж.)» Қазақстан мұрағаттары. // Астана – 2010. №1(13).-85-88 бб.

РЕЗЮМЕ

автореферата диссертации на соискание ученойстепени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02.-

Отечественная история (История Республики Казахстан)

21

Оразаева Жазира Жараскызы

Рабочие кадры металлургической промышленностиКазахстана (60-80 гг. ХХ века)

Актуальность исследуемой темы. В диссертации на основе принципов объективного исследования и введения впервые в научный оборот архивных материалов, исследована история советской индустриальной политики в период 1960-1980 гг. в республике. Данная проблема в условиях суверенного Казахстана и осуществления индустриально-инновационной Программы обретает особую актуальность в науке. В связи с этим, необходимость анализировать историю советской индустриальной политики государства в обозначенный хронологический период и выявить особенности подготовки и повышения квалификации рабочих-металлургов является важной задачей отечественной исторической науки.

Цели и задачи исследования определены как обобщение исторического опыта и проблем в подготовке и переподготовке рабочих кадров металлургической отрасли республики на основе вновь введенных в научный оборот источников. В связи с этим в работе выделены следующие задачи:

-определяя суть и содержание индустриальной политики в СССР в период 1960-1980 гг., проанализировать основные результаты подготовки и повышения общеобразовательного и профессионального уровня рабочих кадров данной отрасли;

-выявить направления перестройки работы отрасли на новые формыхозяйствования и интенсификацию производства;

-на основе архивных материалов исследовать культурно-техническийуровень рабочих коллективов, выявить недостатки в этой сфере;

-обобщить опыт в стимулировании производственной и общественнойактивности рабочих-металлургов;

-определяя основные направления и противоречия индустриальной политики в исследуемый период в республике, раскрыть производственные ижилищно-бытовые проблемы, существенно влиявшие на качественный состав рабочих коллективов отрасли промышленности.

Методологические основы исследовательской работы:В исследовании автор ориентируется на теоретические положения и

основополагающие выводы известных научных школ и отечественных исследователей истории индустрии. В исследовании проблемы использована совокупность следующих теоретико-методологических принципов и подходов: объективность, историзм, системный подход, сравнительный анализ, метод обобщения, синхронно-хронологический аспекты.

Исследование базируется на сравнительно-сопоставительном анализе источников различного происхождения (исторических, архивных документов, отчетных материалов, специальной литературы, материалов печати и т.д.).

Научная новизна исследования: Впервые на основе широкого круга источников архивного и статистического материала комплексно исследуются

22

особенности развития металлургической промышленности, опыт подготовки и переподготовки рабочих кадров в 1960-1980 гг.

Основные положения, выносимые на защиту:-на основе вновь введенных в научный оборот источников и публикации

проанализировать выводы и рекомендации исторической литературы советского периода по исследуемой проблеме;

-проанализировать и обобщить основные положения документов и решений правящих органов по вопросам совершенствования управления промышленностью и обеспечения рабочими кадрами коллективов металлургического производства;

-исследовать и обобщить опыт перестройки работы промышленныхколлективов в указанный период истории, раскрыть основные мероприятия вданном направлении и их результаты;

-на основе новых источников исследовать и обобщить опыт общеобразовательной и профессиональной подготовки рабочих кадров в системе общего и профессионально-технического образования, на базе предприятий отрасли.

-изучить и выявить степень влияния на подготовку и повышения квалификации рабочих кадров отрасли планов социального развития коллективов.

Практическая значимость исследования: Научные результаты и выводы, настоящего исследования могут быть использованы для осуществления индустриальной политики в рамках индустриально-инновационной Программы, в учебно-воспитательном процессе образования, при подготовке работ по новейшей истории Казахстана, подготовке и проведении специальных курсов и теоретических семинаров по отечественной истории.

Апробация работы. По теме работы опубликованы 6 статей. Из них 3 в сборниках международных научно-практических конференции, а 3 - в журналах, рекомендованных Комитетом по контролю в сфере образования и науки МОН РК.

Структура диссертации: Диссертация состоит из введения, двух глав, шести подглав, заключения, списка использованной литературы и 28 приложений.

Resume

Thesis work for the degree of candidate of historical sciences,specialty 07.00.02 .- Native History

(History of the Republic of Kazakhstan)

Orazayeva Zhazira Zharasovna

23

Personnel of metallurgical industry of Kazakhstan (60-80, XXc)

Research actuality.The thesis is based on the principles of objective research and administration for

the first time in the scientific use of archival materials, to study the History of Soviet industrial policy in the period 1960-1980 years in the Republic.

This problem in the condition of sovereign Kazakhstan and implementation of industrial and innovation programme is acquired a special relevance in science.

In this connection, necessity to analyze History of Soviet industrial policy of the state during the designated chronological period and to reveal features of preparation and improvement of professional skill of workers-metallurgists is an important problem of native historical science.

Aims and objectives of the research are defined as a generalization of historical experience and problems in preparation and retraining of personnel of metallurgical branch of the Republic on the basis of sources again entered into a scientific turn. In this work the following problems are allocated:

-Defining an essence and the maintenance of an industrial policy in the USSR in 1960-1980, to analyse the basic results of preparation and increase of a general educational professional level of personnel of the given branch;

- to analyse the basic results of preparation and increase of a general educational professional level of the personnel of the given branch, defining an essence and the maintenance of industrial policy in the USSR during 1960-1980

-to reveal directions of reorganization work of branch on new forms of managing an intensification of manufacture;

-to generalize experience in stimulation of industrial and public activity of workers-metallurgists;

-defining the basic directions and contradictions of industrial policy during the investigated period in republic to open the industrial and domestic problems essentially influenced qualitative structure of working collectives of an industry.

Methodological bases of research work:In this research the author is guided by theoretical positions and basic

conclusions of known scientific schools and native researchers of History of industry. In this work the following theoretically-methodological principles and approaches are used: objectivity, a historicism, a system approach, a comparative analysis, a method of generalization, synchronously-chronological aspects.

The research is based on rather - the comparative analysis of sources of a various origin (historical, archival documents, the accounting materials, the special literature, materials of a press, etc.).

For the first time on the basis of the broad audience of sources of an archival and statistical material experience of preparation and retraining of the personnel in 1960-1980 years is in a complex investigated feature of development of an iron and steel industry.

Main points for the defence:

24

-based on the newly introduced into scientific sources and publications to evaluate the conclusions and recommendations of the historical literature of the Soviet period to study the problem;

-based on the newly introduced into scientific sources and publications to evaluate the conclusions and recommendations of the historical literature of the Soviet period to study the problem;

-to analyze and summarize the main provisions of documents and decisions of governing bodies on improving the management of industry and provide skilled personnel collectives of metallurgical production:

-explore summarize the experience of industrial restructuring teams in this period of history to reveal the main activities in this area and their results;

-based on new sources to explore and summarize the experience of education and training of personnel working in the system of general and vocational education, based on the industry

-to explore and identify the degree of influence on the preparation and training the workforce sector plans, social development groups.

The practical significance of the study:Research results and conclusions of this study can be used in the implementation

of industrial innovation programs in the educational process in preparing works in modern History of post Soviet space, preparation and conduct of special courses and seminars on national history.

Approbation of the work:On the topic of work published 6 articles. 3 of them are in the collections of

international scientific-practical conference, and 3 - in magazines, recommended by the Committee on Control in Education and Science, Ministry of Science and Education of the Republic of Kazakhstan.

Structure of the thesis: The thesis consists of an introduction, two chapters, six subchapters, а

conclusion, а list of references and 28 applications.

25

ОРАЗАЕВА ЖАЗИРА ЖАРАСҚЫЗЫ

Қазақстан металлургия өнеркәсібініңжұмысшы кадрлары ( ХХғ. 60-80 жж. )

07.00.02 – Отан тарихы(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіналу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Басуға 30.11.2010 ж. қол қойылдыШартты баспа табағы 1,6

Көлемі 60х90 1/16.Офсет қағазы. Таралымы 100 дана

Тапсырыс № 08

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттікуниверситетінің БАҚ және баспа орталығында басылды

090000, Орал қ., Сарайшық к., 34

26