35
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Меңдіхан Тоқтамысқызы Түсінік хат Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі – жасөспірімдерге лайықты тәрбие беру – басты міндет болмақ. Бүгінде жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолы халықтық, ұлттық тәрбие тағылымдарымен ұштастырылып жатыр. Білім мен тәрбиенің мақсаты – дені сау, мәдениетті, адамгершілігі мол, имандылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу. ҚР-ның «Білім туралы заңы» мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық негізін қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Бұл әдістемелік құралдың мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік қасиетін ұлттық және адамзаттық қазыналар негізінде қалыптастыру. Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып, ұстаз «адамгершілігі мол шешім қажеттілігі жоғары, инабатты, ізетті,сыпайы, ұлттық қасиеттерді бойына терең сіңірген азаматты» тәрбиелейді.

45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

  • Upload
    others

  • View
    29

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Тажмағамбетова Меңдіхан Тоқтамысқызы

Түсінік хат

Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі – жасөспірімдерге лайықты тәрбие беру – басты міндет болмақ. Бүгінде жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолы халықтық, ұлттық тәрбие тағылымдарымен ұштастырылып жатыр. Білім мен тәрбиенің мақсаты – дені сау, мәдениетті, адамгершілігі мол, имандылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу. ҚР-ның «Білім туралы заңы» мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық негізін қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Бұл әдістемелік құралдың мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік қасиетін ұлттық және адамзаттық қазыналар негізінде қалыптастыру. Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып, ұстаз «адамгершілігі мол шешім қажеттілігі жоғары, инабатты, ізетті,сыпайы, ұлттық қасиеттерді бойына терең сіңірген азаматты» тәрбиелейді.

Тақырыбы: Туған тілім - ана тілімСабақтың мақсаты: оқушыларды ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсунуге шақыру, елжандылық, патриоттық сезіммен өз ана тілін сүюге, құрметтеуге оның құдіретін білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали Мақатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Абай Құнанбаев, және т.б. Ақын-жазышулардың тіл туралы айтқан пікірлерін, суреетерімен үлкен стенд етіп іліп қою. Күй жай ғана ойнап тұрады.Бастаушы: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Туған тілім-ана тілім» атты сыныптан тыс шараны қазақ халқының салт -дәстүрі бойынша шашу шашып бастаймыз!!!

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Бүгінгі тәрбие сағатымызда танымал ақын-жазушылардың ана тілі туралы айтқан асыл ойларын ортаға салмақпыз.Бастаушы: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз- қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып, үлкен мәртебеге ие болды.1991 жылы 16 желтоқсанда елімізді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата заңы қабылданды.Осы жылы 16 желтоқсанда еліміз мерейтойын тойлайды.Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»Тауды көрсең күн көзіне таласқан,Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,Менің байтақ Республикам таулары,Менің көгім- мөлдіреген сол аспан.Дала көрсен, көкжиекпен ұштасқан,Көлді көрсең, секілді бір түскі аспан,Менің байтақ Республикам даласы,Менің көлім теңізбенен ұштасқан.Қызыл Бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,Көрсен ашық Алатаудың үндерін,Жерінде гүл, Көгінде күн бір жүзгенҰлан-байтақ Республикам менің.Мұқағали Мақатаевтің өлеңі «Үш бақытым»Ең бірінші бақытым -Халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.Ал екінші бақытым-тілім менің,Тас жүректі тіліммен тілімдедім.Кей-кейде дүниеден түңілсем де,Қасиетті тілімнен түңілмедім.Бақытым бар үшінші-Отан деген,Кім мықты?-десе біреу,- Отан дер ем....Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.-деп, Мұқағали ағамыз жырлағандай, қазақ жері, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті қарыштап дамыған бай өлкеге айналды. Ал, кезінде қазақ халқының болашағы үшін оқуға, өнерге талпынған ағамыз Сұлтанмахмұт:Қараңғы қазақ көгінеӨрлеп шығып күн болам!Қараңғылықтың көгінеКүн болмағанда, кім болам!- дегені- бұл күнде қиял-арман мен талап, ой ғана емес, іс жүзінде ақиқат шындық болып отыр.Біз ана тілімізді- халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебеге ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керекБастаушы: Енді әзіл көрініске кезек береміз «Сырласу».(әке):-Сабақ қалай балам?(ұл):

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

-Жаман емес, әке.(әке):-Жаман болмаса, жақсы екен. Қандай сонда бағаң?(ұл:-Бағанын несін сұрайсыз? Мысалы кеше диктанттан үштік баға алғам, бірақ арық арықтау.(әке):-Қайтесің шырағым, арықтау болса да баға ғой. Ол ештеңе емес-ау!..(ұл) :-Осы менің жазуыма ұстазым риза болмай-ақ қойды. «Талапқа сай жазды» деп өзгелерді мақтайды. Ал мен дегенде жыны бар. Сызықтан асып кеттің дей ме, тасымалды аттап кеттің дей ме, әйтеуір ескерпесі көп -ақ. Шынында, менің шақшадай басыма, сол ережелердің сиюы қиын-ақ! Әке, осы сіз оқығанда сөйлемдердің мүшесі болды ма?(әке):-Білмеймін, қарағым, есімде жоқ.(ұл):-Ал бізге мұғалім сөйлемнің бақандай бес мүшесі болады дейді. Әжеме айтсам «сөйлемей отыр, сөйлемде мүше болатын ба еді, мүше адамда ғана болады»,-дейді. Ол рас па, әке?(әке):-Рас болғанда қандай, адамда 7 мүше болады ғой.(ұл:-Иә, әжем де солай дейді. «Мұғалім айтып басыңды катыра берсе, 7 мүшен сау болсың, үйде отыра бер» дейді. Сонда әкемді тыңдаймын ба, әлде әжемді ме, әлде мұғалімді ме?/иығын көтеріп, шығып кетеді/Бастаушы:Тіл-ғылымның кілті, шындық пен данышпандықтың құралы. Яғни, тілден ащы сөз де шығады екен. Ендеше, сөз адамды өлтіре де алады, тірілте де алады. Тілдің құдіреттілігі, міне, осында болса керек. Тіл туралы өлеңдер оқып, тіл туралы түсінігімізді тереңдете түсейік.Сүйемін өз тілімді-анам тілінБесікте жатқанымда-ақ берген білімШыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген таныс үнін.Туған тілім тіргшілігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы.Өссе тілім, мен де бірге өсемін.Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.Ана тілін білу, оның қасиетін түсіну- бас парызымыз. Ана тілін үйрену- бұл ұлы іс. Әркім өз тілінде сөйлеуге тырысу керек.Тіл байлығы- ой байлығы.Тіл барша халықтың ортақ игілігі. -Балалар, кім Отан туралы мақал-мәтелдерді біледі /оқушылардың жауабы/Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ал, сендерден балалар болашақта көп нәрсені күтуге болады. Себебі, сендер өз тілдеріңде, мемлекеттік тілінде жақсы сөйлеп, көптеген мақал-мәтелдер білесіңдер, жарайсыңдар!

Әндетіп шалқып қиялға сүйеп,Ашыла түсер көңілдің күйі.Өзің де үйрен, балаға да үйретАбайдың тілін, Жамбылдың тілін.Абай Құнанбаевтін өлені « Ғылым таппай мақтанба »Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба,Құмарланып шаттанба,

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Ойнап босқа күлүге.Бес нәрсеге қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Тілеуің, өмірің алдында,Оған қайғы жесеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым ойлап қой-Бес асыл іс, көнсеңіз...Жамбыл Жабаевтың өлеңі: Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,Айтпа ғылым кім берер,жанбай жатып сөнсеңіз?Дүние де өзі, мал да өзіҒылымға көңіл бөлсеңіз...Өзің үшін үйренсең,Жамандықтан жиренсен,Ашыларсың жылма-жыл.Біреу үшін үйренсең,Біреу білмес, сен білсең,Білгенніңнің бәрі -тұл.Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма...Тез үйреніп, тез жойма,Жас уақытта көңіл-гүл.Ұмытсаң-дағы бөпеңдіҰмытпа ана тіліңді.Өз тілің- өскен өркеніңАнаның берген ақ сүті!Мақтаныш ұлтың -ол сенің.:Тіл- халықтың автопортреті. Әр тіл өз орнында ұлы. Тіл- бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасында өз өрнегімен қымбат.Бастаушы Көркем сөз дегеніміз қай елдің болса да бойындағы қайрат жігерінің, ой- сезімінің айнасы сияқты көрінеді екен. Сөзге өлім жоқ. Сөз арқылы тараған ойға өлім жоқ.Ана тілі-ананың құнар сүті ғойҒұмыр бойы мен еметін.Ана тілі- халқымыздың ырыс құты ғой.Игілікке кенелетін.Бастаушы: Ендеше әрдайым өз Отанымызды өз ана тілімізді мақтан тұтайық. Тіліміздің де, еліміздің де мәртебесі асқақтай берсін.Бүгінгі «Туған тілім-ана тілім» ашық тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепіліСабақтың мақсаты : Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы , микробтардың ағза үшін қауіптілігін , кір қолдың қандай ауруларға ұшырататынын , жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын айтып түсіндіру. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ойлау қабілетін дамыту. Жас кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін, қозғалыстың қажеттілігіне тәрбиелеу.Керекті құралдар : жалауша , сөзжұмбақ, карточкалар , салат (қажетті заттар), жарнама ( қажетті заттар ) магнитафон

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Алдын ала жүргізілген жұмыстар :1. Залды әшекейлеу.2. Мақал – мәтелдер жаттау .3. Үй тапсырмалары4. Жарнама1 – бала Денсаулықты сақтауды ,Тазалықты сақтауды,Табиғатты сүюді,Жалқаулықты тыюды.Үйренеміз әрдайым.2 – бала : Хош иісті сабынныңКөбігіне малынып,Қолымызды жуамызБарлық кірден арылып.Көкөністі жуып жеп,Қайнаған су ішеміз.3 – бала Сақтағаннан тазалықтыАуырмайды ішіміз.Тазалықты сақтасаңАуырмайсың ешқашан.Жүргізуші : Саламатсыздар ма құрметті қонақтар !Сіздерді бүгінгі болатын «Тазалық – денсаулық кепілі » атты интелектуалды ойынымызға шақырамыз!Ал , енді осы интелектуалды ойынға қатысушы «Тұлпар» мен «Сұңқар»командаларын ортаға шақырамыз.Ән : БалдырғанЖүргізуші : Сіздерге интелектуалды ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін.Бүгінгі интелектуалды ойынымыз 3 – кезеңнен тұрады:1 – кезең «Денім сау болсын десеңіз»2 – кезең «Дәрумендер пайдасы»3 - кезең «Микробтарға қарсы күрес»Сіздерге ескерту . Берілген сұрақты мұқият ойланып , тыңдап . толық жауап қайтарасыңдар !Әр команданың үстелдің үстінде жалаушалар жатыр , қай кезде жауаптарың дайын болса , сол команда бірінші жауап береді. Ойын шартын бұзған команданың ұпайы шегеріліді.Осы интелектуалды ойынымызға баға беретін әділ – қазылар құрамымен таныстыру.Сонымен бірге ойынымыздың жанкүйерлері отыр.Интелектуалды ойынымыздың 1 – кезеңі «Денім сау болсын десеңіз»1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек ?2. Денсаулық туралы тақпақ .3. Сөзжұмбақ шешу4. Қажетті құралды белгіле. ( карточкамен жұмыс )5. Денсаулық туралы мақал – мәтел( жанкүйерлер қосымша жауап беруге болады)Ән : «Біздің бақшада»Интелектуалды ойынымыздың 2 – кезеңі «Дәрумендер пайдасы»1. Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер ?2. Дәруменді не үшін жеуіміз керек ?3. Ойын : « Пайдалы – зиян »4. Дәрумендер қайда болады? ( карточкаларды көтереді )5. Салат жасау ( үй тапсырмасы )

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Би : «Дәрумендер»Интелектуалды ойынымыздың 3 – кезеңі «Микробтарға қарсы күрес»1. Микробтар қайда болады ?2. Микробтарды болдырмау үшін не қажет ?3. Микробқа қарсы күрес ( сурет салу )4. Жарнама көрсету ( үй тапсырмасы )Әр команданың бір – біріне тілегі , әділ – қазылардың қорытындысы .Жүргізуші :Бүгінгі интелектуалды ойынымыз аяқталды, барлығыңызға көп – көп рахмет ! Алдағы уақытта ойын сабақтарын жалғастыра бермекпіз,кездескенше күн жақсы болғай !Тақырыбы: «Сыйластыққа қадам. Отбасылық кеш» Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге. Жүсіпбек Аймауытов Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.Ұлы педагог А. С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;Ал міндеттері:* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;* Ұнайды;* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,Мұғалімдер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;Бір – біріне көңіл бөлу

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Тыңдау Сыйлау Көзбе – көз қарауТиімді орынды таңдау әзілді сезінуұрыс – керістен сақтану сияқтыСонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;Сиқырлы сөздер айту; Баласының жетістігін айту Сенімді болу Көңіл - күйіне қарау Намысына тимеу Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б) Қарапайымдылық Пікірін сыйлауАта - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;* Мұғаліммен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;« Таным » ата – аналар мектебінің жұмысымен танысу« Таным » ата – аналар мектебіАта – аналар клубы« Мектептегі, отбасындағы сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»Тақырыптық кеңес« ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі* Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды* мұғалімге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді* ата – аналар мектептегі оқыту - тәрбие жоспарларымен танысадыАта – анамен жүргізілетін жұмысЖұмыс түрлері :кластағы ата - аналар жиналысы мектепішілік ата – аналар жиналысы ата – аналармен жеке кездесу

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

ата – аналар үшін ашық есік күн мерекелік кештерге шақыру ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру отбасылық жарыстарға қатыстыруНегізгі міндеттері :*мұғалімнің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату* ата – аналар ұжымын құру* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру* үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыруАтқаратын қызметі :* ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру* ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру* отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыруАта - аналарға арналған жұмыстарТақырыбы: Табиғатты аялайық Мақсаты: Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру Міндеттері: Балаларды тірі табиғат обьектілері оның ішінді жәндіктермен, олардың қасиеттерімен таныстыру. Олардың бір-бірінен айырмашылығын салыстыру. Эстетитакалық талғамын дамыту табиғат әсемдігін сезіне білу.Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.Сабақтың мақсаты:Мұғалім: Саламатсыздар ма, балалар!Балалар бізге көп апайлар қонаққа келіпті.-Балалар амандасады.Мұғалім: Балалар бүгінгі біздің жобамыз өте қызықты болмақшы.Жұмбақ: қаны жоқ, жаны бар, гүл іздеп сабылар (көбелек)( осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді қолында гүлі болады)Көбелек: Саламатсыздар ма, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен көбелекпен мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.Мұғалім: Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп біледі.-Қане балалар, еске түсіріп жіберейікші.Мұғалім интерактивті тақтадан қарай отырып, еске түсіреді, сұрақтар қою.-Көбелек немен қоректенеді?-Қасиеттері қандай?-Муртшалары арқылы нені сезеді?-Олар нені жақсы көреді.Пайдасы мен зияныОсы кезде жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек пайда болатын суреттерді көрсету.Балалар тақпақтар айту арқылы ретімен айтады.1. Жұмыртқадан жаралып,Жапырақтан нәр алдым.

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

2. Жұлдызқұртқа айналдымБой тізеуші мергенші3. Қабықтарым алғашқыБір неше рет алмасты.Тие бермей.Сергіту сәтін жасау.Мен тимеймін, жасқанбаДос болайық, көбелек.Жайнап тұрған бақшамдаГүлдерімді тере кет.Жаңбыр жаушы себелеп,Тақияның астыныТығына ғой көбелек.Мұғалім: Балалар, осы көбелек неден пайда болатынын, бақылағыларың келе ме?Мұғалім: Балалар, көбелек туралы біз көп біледі екенбіз. Енді осы көбелек гүлдің шырынымен қоректенеді ғой. Бізге көбелек, бәрімізге өзімен шырындарды сыйлыққа алып келіпті. Қане көбелектер сияқты шырынмен қөректеніп көрейікші.Мұғалім: Балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым. Оларды төзгездыруым қажет. Сау болыңдар!Мұғалім: Балалар біз осы бір жәндік туралы көп білеміз. Енді осы мәліметтерді өзіміздің жадымызға, ойымызға сақтап жүрейік. Келген апайларға көп рахмет!-Сау болыңыздар. Балалар қоштасып шығып кетеді. Тақырыбы: «Сен өз құқығыңды білесің бе»Мақсаты: адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу; дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу; оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.Барысы.1. Кіріспе.Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.ҚР Конституциясы.Өмір, денсаулық, бостандық.2 . «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?ә) Партада кіммен отырдың?б) Білім туралы мақал айт.в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?3. «Бәріміз бірге!» ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)а) Біздің мемлекет – ҚР.ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.в) Елорда – Астана.г) ҚР кім басқарады? – Президент.Мұғалім: – Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқыған бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өо Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

4. Пікірталас.- Адамға не қымбат? – Өмір15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.Оқушы: Отан дейміз от жаққан жеріміздіОтан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман-тоғай елімізді.Сабақты қорыту.-Сендердің қазіргі міндеттерің? -Адамзаттың басты құндылықтарын ата. Тақырыбы: “Өлең –сөздің патшасы сөз сарасы”Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой – өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер: Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет. Қолөнер – мол өнер. Өнер талаптан туады. Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.Тәрбие сағатының жүру барысы: I. БөлімКіріспеМұғалім сөзі:Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы ” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Ортаға екі жүргізуші шығады.Екеуі бірігіп: Ән мен күйді төгілтіп,Інжу маржан шашайық!Қонақтарды таң қалдырып,

Page 12: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Өнерді күмбез жасайық!1 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!2 – жүргізуші: Армысыздар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар!1 – жүргізуші: Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған. Магнитофоннан “Бесік жырын” тыңдау.2 – жүргізуші: Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті қаусары – өлең. Өлең – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.1 – жүргізуші: “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” – деп Абай атамыз айтқандай, сөз кезегін әнге берейік.Хор: “Ана тілі” II. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”1 – жүргізуші: Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою – өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.Қошқармүйіз – әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.Оқушы: Көрші әжей өнерлі!Барып тұрам күнде менҚұрмет тұтып шеберді!Ою – өрнек үйренем.“Мақал құрастыру” ойыныТілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.) III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.1 – оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.

Page 13: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.8 – оқушы: Білесің бе бұл істіЗергерлікке кім дайын?Балқытып – ап күмістіСапырады су дайын.9 – оқушы: Демеңдер бұл қалайКүмісті де илегенОсы өнерді мұрадайЗергерлерден үйренем.ҚорытындыМұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам” әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал – Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.1 – жүргізуші: “Туғанда дүние есіген ашады өлең” – деп ұлы Абай айтқандай ән – жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ.2 – жүргізуші: Енді сөз кезегін әнге берейік.Ата – аналар “Дедім – ай – ау” халық әнін орындайды.1 – жүргізуші: “Өнер – таусылмас азық, жұтамас – байлық” – дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол. Халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін біліп жүр.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесініңбелгілерімен таныстыру.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жолЕрежесіне арналған кітаптар.Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :Кіріспе Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жолбойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолғашығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақаталады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын « Жолда жүру ережесі » тақырыбындағысабақтымұқияттыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Сонымен қандай бала жолережесін бұзбайды ?Балалар : Үлгілі ,тәртіпті бала .Мұғалім : Ал енді Жол тәртібін біліп жүр атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .ІІ. Негізгібөлім:Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Page 14: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Жұмбақтар1.Ала таяқ ұстаған, 2.Көше бойлап аяңдайды,Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.Өміріңді күзеткен, (Автобус)Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,Іргеден басталып ,алысқа жеткізген. (Жол)4.Жоқ өзінде бас та ,ауыз да , құлақ та ,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)5.Арқаным бар тым ұзын,Ала-алмайсың бір үзім.Табыңдаршы, балалар,Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)6.Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын білу, баршамызға керек.-Неге ?Біздің қаламызда ,сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да ,үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.2.Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.3.Жиек жолдеген не ?Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .4.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.Тақтада:Қызыл – Тоқта !Сары – Сақтан !Жасыл – Жол ашықҚызыл көзін ашқанда ,Сынық сүйем баспа алға !Сары көзін ашқанда ,Қарап қалма аспанға !Жасыл көзін ашқанда ,Өте бергін , жасқанба !Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.Ән: Бағдаршам1.Көшеде біз сақ болайық ,Қаймықпасын ата – ана .Жолда сен бол лайық,Жасұлан деген атқаҚ- сы :Әрқашан күн сөнбесін,Аспаннан бұлт төнбесін .Қасымда болсын анам,Болайын мен де аман !2.Жолда жүру әліппесінБілген жөн бес саусақтай.Сонда ғана жүре аласың ,Сен өзіңдісаусақтап

Page 15: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»Инспектор :Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,Ауырса адамды, аңды да емдейді .Отырған мынау Медбике апағаАйтыңдаршы ,канне кімдер келмейді ?(Осы кезде басын ақшүберекпен таңған , сыртынан қаншып – шыпшықан аю өкіріп келе жатады)Инспектор :Апа, қараңыз мына сұмдықты ,Маймақты кім қыңжылтты ?Мед.бике:Маймағым, не болған өзіңе,Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?Аю:Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,Сақтапқал ,апа жанымды шыбындай.Жармасып бал тасыр машина үстінеДомалап түсіп шыңғырдым құлындай.Медбике: Бір асар тәтті бал үшін,Тәртіпті бұздың қарынның қамыүшін.Міне, енді еңірепт ұрғаның ұят – ақ,Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !Аю:Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде ,оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.Инспектор: Көреген, дәу қырағы.Көшемізде тұрады.Оның аты – бағдаршам,Жол сілтейді әрқашан.Ол бергенде команда,Бағынамыз әмәнда.Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.Бағдаршам:Ашса кезек үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзін.«Тоқта, сақтан, жолашық!»Жүрме жолға таласып.Төрт топтан құралған,Белгілер туыстай.Жол сілтеп тұрады.У-шусыз ұрыспай.Сақтандыру ,ескерту белгісіҚып – қызыл үшбұрыш,Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Page 16: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Тыйым салу белгісіҚызылмен боялған ,шеңбермін аумақты,Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,Қауіп бар, бағдарла көз салып жан – жақты.Міндеттеу белгісіБелгімін көрсетер жылдамдық бағытты,Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,Абай бол ,шартыңды міндетті орында !Ңұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,Үн – түнсіз жол сілтеп ,жол нұсқап тұрамын.Күндіз де ,түнде де от болып жанады,Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.Қорытындылау :Мұғалім : Балалар, бүгінгісабақты қорыта келе «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Ирек – ирек көшелер,Көшедеген мың ирек.Қиындыққа әйтсе де,Үйренесің біртіндеп.Барар жергеасықпа,Бәйге алмайсың бұрын кеп. Тақырыбы: Жеті –қасиетті санСайыстың мақсаты: маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеуКөрнекілігі: «7» санына байланысты қаннатты сөздер, сөзжұмбақҰйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады.1топ: «Жеті жарғы»Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»2 топ: «Жеті қазына»Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді, Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дейді»Кіріспе сөз: Армысыздар, ардақты көрермендерім, Көрсетеді өнерін өрендерім, Біз сайысқа кетеміз қадам басып, Алдымен алайық аиандасып.Жүргізушілер: « Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан. Жеті құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.

Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерді сайыс басталмас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасынмен таныстыра өтейін. (таныстырылды)Жоспары:1. Топтардың таныстырылуы.

Page 17: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

2.Сұрақ-жауап кезеңі. 3.Жеті ғашық. 4.Әлемнің жеті кереметі. 5.Сөз жұмбақ. 6.Топбасшылар сайысы.Топтар өздерін таныстырады. ІІ. Кезеңі. Сұрақ-жауап кезеңі. Мұнда топтың шапшандылығымен біліктілігін аңғарамыз. Екі топқа сұрақтар қойылады. 1-сұрақ. Жеті күндік аптаны алғаш шығарған мемлекет? (Вавилондықтар)2-сұрақ. Сабалақ деген атпен Абылайды жеті жасында қай би өз қамқорлығына алады? (Төле би)3-сұрақ .Мақалды толықтыр «Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі) 4-сұрақ. Жеті атаны атаңыздар?(әке, бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)5-сұрақ. Н.Ә.назарбаев жеті жыл мерзімге ҚР-ның Президенті болып екінші рет қашан сайланды? (1998 жылы 10 қаңтар)6-сұрақ. Орта ғасырлардағы жеті түрлі металды ата? (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын)7-сұрақ. Жеті ғаламды атаңыз? (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Аспан, Жер, Жер асты)8-сұрақ. Жеті күнді атаңыздар? (бүгін, ертең,бірсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына)9-сұрақ.Қазақтың ер- жігітіне қоятын жеті талабы? (кескіні,келбет, қадір-қасиеті,қабілет икемі, жігер-күші, білімі, адалдығы, әділеттілігі)10-сұрақ. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған? (жан-тән)ІІІ.Жеті ғашықтар жұбын табу. Ләйлі- Мәжнүн Шырын- Фархад Тахир- Зухра Арзу- Қамбар Ғаһра- Уалик Күлшар- Уаки Зылиқа- Жүсіп ІҮ. Сөзжұмбақ кезеңі. 1.Жеті ғашықтың бірі Ләйлі мен ...?2.... асқар тау, ана жағасындағы бұлақ. 3.Жеті қазынаның бірі ...4.Қазақтардың аң аулауға арналған құсы ...5. Қару түрі ....6.Таста.... жоқ.7.ҚР-ның Ел басы ....8.Құстардың бір түрі ...9. Жыл мүшесінің бірі ...10. .... адам бақытының өлшемі. Ү.кезеңі. Әлемнің жеті кереметін атап көреміз.1.Хеопс пирамидасы.

2.Семирамиданың аспалы –бағы.

Page 18: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

3.Артемида ғибадатханасы.

4.Галикарнас мавзолейі.

5.Александрия шамшырағы.

Page 19: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

6. Родос алабы.

7. Зевс мүсіні.Жүргізушінің сөзі:Күншілдік деген бар, содан сақтан,Кекшілдік деген бар, содан сақтан,Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр,Қараулық деген бар, одан таза бол,Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!ҮІ. Кезеңі. Топбасшылар сайысы.Плакатқа жазылған сөздерді табу шарт. Топбасшылар 7 қазынаны, 7жұт, 7жұрттыңжеті белгісін табулары керек. Жеті қазына.1. Ер жігіт.2. Сұлу әйел.3. Ақыл-білім.4. Жүйрік ат.5. Қыран бүркіт.6. Берен мылтық.7. Жүйрік тазы.

Жеті жұт.1. Құрғақшылық.2. Жұт.3. Өрт.4. Оба.5. Соғыс.6. Топан су.7. Зілзала.

Page 20: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Жұрттың жеті белгісі.1. Ту.2. Елтаңба.3. Әнұран.4. Ел ұран.5. Елтеңге.6. Төлқұжат.7. Ұлт жазуы.

Жүргізушінің сөзі. 7жетім.1. Тыңдамаған сөз жетім.2.Киюсіз тозған тон жетім.3. Иесіз қалған жер жетім.4. Басшысыз қалған ел жетім.5. Аққу- қазсыз көл жетім.6. Елінен айырылған ер жетім.7. Замандасы қалмаған қарт жетім.Жүргізуші: Халқымыз қасиетті 7 деген санынан осылайша талай-талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті ұғымның үлесі үлкен болған. Мысалы:»Құлақтан кіріп бойды алатын жақсы ән мен тәтті күйдің» барлығыы да бар болғаны 7 әуездің жүйелі комбинациясы. Олар: до,ре, ми, фа,со, ля,си. Толып жатқан пән ғалымдары мен тұрмыс- тіршілікте 7 санының орны ерекше. Сонымен, ақылға салып қараған адамға жетеудің сырынан көп мағлұмат беріп, тылсымы терең құпияларын ашуға жәрдемдесері сөзсіз.Жүргізуші. Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,«Білім мен тәрбие – егіз», неге дейміз?!Әдебі мен тәлімі үндестін,Жастарды болашаққа еге дейміз.«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар.Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын, өмір күресі аяқталмасын.Ізденген жетер мұратқа, қатысудың өзі де жеңіс,-деген, жеңісті күнде кездескенше, достар!Тақырыбы: Төрт түлікСабақтың мақсаты: білімділік: Балаларды халықтың тіршілік-істерімен таныстыру,мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту. тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Төрт түлік туралы қима қағаздар, суреттер, ойыншықтар т.б.І. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылырмен амандасу, ән ұранды сұрау, сыныптағы оқушыларды тексеру. Біздің халқымыз төрт түлік туралы жұмбақтарға бай болып келеді. Балалар төрт түлік туралы білітіндеріңді естеріңе түсірі, жұмбақтардың шешемін табыңдар. Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. (қой)Екі айнасы бар,

Page 21: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Екі найзасы бар. (сиыр)Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,Міңсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)Басында таяғы бар,Төрт аяғы бар.Екі құлағы барИегінде сақалы бар. (ешкі)Осындай халық мақалдары әр малдың түр-тұрпатын сипаттап көрсетеді.ІІ. Мал төлдеріні туралы түсінік беру.Оқушылырға мал төлдері бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар көрсетіп, содан соң мал төлдерінің атын атап, әр төлді суреттегі енесінің қасына апарып қояды. ІІІ. Мал төлдерінің аттары.Түйе төлі-ботаЖылқы төлі-құлынСиыр төлі- бұзауҚой төлі-қозыЕшкі төлі-лақБалалар сөздіктерін ашып,жазып алады.Түйе-верблюдБота-верблюжонокЖылқы-кобылаҚұлын-жеребенокСиыр-короваБұзау-теленокҚой-баранҚозы-ягненокЕшкі-козаЛақ-козленокІV. Малдардың төлдеуіӘр түліктің төлдеуіне байланысты айтылатын сөздер болады. Оған байланысты сөздерді дұрыс айтуымыз керек.Малдың төлдеуі:Түйе боталайдыЖылқы құлындайдыСиыр бұзаулайдыҚозы қоздайдыЕшкі лақтайды-деп айтамыз.-Балалар, малдардың төлдеуін немен байланысты айттық?- Мал төлдерінің аттарымен байланыстырып айтамызv. Малдардың дыбыс шығаруы: Әр малдың дыбыс шығаруы нақтылы сөзбен айтылады. Түйе боздайды Жылқы кісінейді Сиыр мөңірейді Қой маңырайды Ешкі бақырады-Қане, балалар, өзіміз дыбыстап айтып көрейікші?VІ. Түлік сырыТоппен жұмыс.Оқушыларға қима қағаздарға жазылған сөйлемдер тобы таралып беріледі. Топтағы оқушылар сөйлемдері талдап,оның қай түлікке тән айтылғанын табады. Сөйтіп,тақырыптық мәнін құралады.

Page 22: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

1.Түйе. Төрт түліктің төресі – түйе.Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні – киім.Түйе – таптырмас көлік.Ол шөлге өте төзімді келеді.2.Жылқы. Жылқы–ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ.Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады.3.Сиыр.Сиыр – ірі қара малға жатады.Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінінен айран , қаймақ ,құрт ,ірімшік жасалады.4.Қой. Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім – кешек , алаша , кілем тоқылады .5.Ешкі. Ешкі уақ малға жатады .Оның мінезі жеңіл , ұшқалақ .Тастан тасқа секіріп, тыным таппайды .Оның сүті , түбіті пайдалы .Ол ағаш қабығына өш .VІІ.Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп. 1.Түйеатасы – нар.2.Ат – адамның қанаты .3.Мал бақсаң – сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан.Мал өсірсең – қой өсір,Өнімі оның көл көсір.VІІІ. Тиым сөздер.1.Малды басынан ұрма.2.Малға теріс мінбе.3.Малды теппе,Ақты төкпе,- деп ескерткен.Қанекей, дәптерлеріңе малқалдармен тыйым сөздерді жазып алыңдар.ІХ.Ойын.Кім көргіш?Тақтада жылқының суреті ілінген , балалар көздерін байлап , құйрығын тағу қажет.Кім шапшаң?Х.Бағалау.Сабаққа жақсы қатысып , білімдерін көрсетіп отырған балаларды бағалау .ХІ.Үй тапсырмасын беру .Сөздерді жаттап , мақал мен тыйым сөздерді мәнерлеп оқып келу . ХІІ.Қорытынды: -Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер? Сендерге төрт түлік турасында нелер ұнады? Сабақ түсінікті болды ма?Онда сабақ аяқталды , сау болыңыздар.Тақырыбы: Ерінбе еңбек етМақсаты: Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, Абай афоризмдері, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.Формасы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» телехабарының желісі бойынша.Жүру барысы:-Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағаты «Еленген еңбек өнімді» деп аталып, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» телехабарының желісі бойынша жүреді.Ортаға үш оқушы шығып, мақал айтудан жарысады.(Әр біреуі бес-бестен).1-оқушы: 1.Еңбек мұратқа жеткізер,Жалқаулық абыройды кеткізер.2. Сақалын сатқан кәріден,Еңбегін сатқан бала артық.

Page 23: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

3. Еңбектін көзін тапқан,Байлықтың өзін табады.4. Еңбек етпесен елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме.5. Ерінбесең, еңбегің өнеді.2-оқушы: 1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.3. Еңбек етпеген азады..4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.3-оқушы: 1. Орайы келсе, орақ ор,Кезі келсе, кетпен шап.2. Еңбек – адамның екінші анасы.3. Ерінбеген етікші болады.4. Керек тастың ауырлығы жоқ.5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.Өнерге үйренем десең, жерінбе.Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).8. Берген – алар,…(еккен – орар).9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.1-оқушы: Еңбек ет те мақтан,Ойнап күл де шаттан.2-оқушы: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.2-оқушы:Ердің атын еңбек шығарар.

Ерді намыс өлтіреді,Қоянды қамыс өлтіреді.1-оқушы:Ерінбесең еңбегің өнеді.2-оқушы:Еңбегі көптің өнбегі көп.2-оқушы:Жері семіздің – малы семіз.1-оқушы:Мал өсірсең, қой өсір,Пайдасы оның көл-көсір.Көрермендер көрімдігіЖүргізуші бір сөз айтады, көрермендер сол сөзбен мақал айтады.Әңгіме – Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер.Ерінщек – Еріншектің ертеңі бітпес.Тоқтық – Көптік қайда болса, тоқтық сонда.Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.

Page 24: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еленген еңбек өнімді» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахметТақырыбы: Дос болайық бәріміз!Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;-достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «жүрек» үлгісінде қиылған қызыл түсті қағаздар, шарлар.Шаттық шеңбері:Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім сабақты жақсы көңілмен, жылы сөздермен бастайды:Мұғалім:-Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайықшы:Оқушылар: Армысың, алтын Күн!Армысың, көк Аспан!Амансың ба, достарым!Сендерді көрсем қуанам!Мұғалімнің сөзі: Құрметті менің аяулы достарым.Мен барлығыңды жақынымдай, бауырымдай жақсы көремін және сыйлаймын. Біз бүгін сабақта дос және достық жарастығы туралы әңгімелесеміз.ӘңгімелесуМұғалім сабақтың тақырыбын аша түсу үшін оқушыларға сұрақ қойып әңгімелеседі:Сендер 1,2 сыныптарда дос, достық қарым-қатынас туралы қызықты шығармалармен танысып, дос бола білуді оқып үйрендіңдер.-Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?-Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?Дәйек сөзМұғалім балаларға достық құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.Тақтада жазулы тұрған «Татулық – достық кепілі» деген халық мақалының мәні ашылады.- Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды.Ал осы айтылғандар татулық белгісі.Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.СахналауЖаңа ақпаратМұғалім оқушыларға достық сөзінің мағынасын түсіндіреді:Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Мұса Жәлел:«Шын дос үшін қалайдаТік қатерге басыңды.Айыра біл алайдаДосың менен қасыңды»-деген екен. Достық адамның, өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Достық қыз мен қыздың арасында, ұл мен ұлдың арасында тіпті ұл мен қыздың арасында да болады. Шығармашылық жұмыс.Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді.Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»

Page 25: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» деген сұрақтар беріледі.Әр топ өз ойларын жүрек бейнеленген плакат бетіне түсіреді.Тақтаға іліп, өз жұмыстарын қорғайды.Жүректен-жүрекке«Дос болайық, бәріміз!» әні үнтаспадан ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер құрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша кезекпен достық тілектерін білдіреді де, қолындағы шарларын аспанға қарай жібереді.Мысалы:-Адал достық тілеймін!-Досым, сені сыйлаймын!-Қиын шақта қолдаймын!-Ынтымақ тілеймін!-Татулық тілеймін!-Достықты қадірле!Сабақтың тақырыбы: АдамгершілікСабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;2) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;3) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:- Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?- Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?- Әдепті болғың келе ме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?- Әдепсіз адам қандай болады?Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші-ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:1-оқушы: Ата-ананың тілегі, адам болып өскені Адамдықтың тірегі, адал болып өскені.2-оқушы: Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің, әуре салсаң әлегің.3-оқушы: Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған. Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан!4-оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді! Тәртіпсіз бала күйініш, Төмендеп басың кетеді!Сұрақ-жауаптар:1) Суреттер бойынша әңгімелеу.(Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған суреттер)2. «Жалғастыр» ойыны.а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;- Кішкентай баланы жылатуға болмайды;

Page 26: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында

- Құстарды атуға болмайды;- Қыз баланы ренжітуге болмайды;- Сабаққа кешігуге болмайды;- Сыныпта айқайлауға болмайды; т.с.с жалғастырып айтады.б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі.- Үлкендерді сыйлау керек;- Үлкендердің тілін алу керек;- Кішілерге қамқор болу керек;- Әдептілікті сақтау керек; Концерттік бағдарлама.1. «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы2. «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы 3. Көрініс: Ана мейіріміҚұпия хаттарға жауап беру(Хаттарды қатарынан қойып, 1 оқушы шығып, дауыстап оқиды. Қалғандары ойланып, жауабын айтады)1-хат. Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?2-хат. Құрметті достар!Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?Қорытынды: Сабақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді енді ажырата аласыңдар деген ойдамын. Балалар жақсы мінез-құлықтарды әрдайым естеріңде сақтап жүрсе, нұр үстіне нұр жауар еді.

Page 27: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view№3 орта мектебі бастауыш сынып ... ананың қызығушылығын арттыру мақсатында