3
№11-12 (166-167) 30 маусым 2020 жыл ҰБТ: БІЛІМ МЕН ЕҢБЕК СЫНАЛАР СӘТ Биылғы түлектер үшін соңғы тоқ- санды оқу мен мектеп бітіру сәті жылдағыдан өзгеше өтті. Иә, әлемді жайлаған коронавирус дертіне бай- ланысты оқушылар соңғы тоқсан- ды қашықтан оқуға мәжбүр болды. Еліміздің білім саласы аз уақыттың ішінде қашықтан оқу режиміне тұта- стай көше отырып, ақпараттық техно- логия дәуірінің — уақыт талабының сынына төтеп беруге тырысты. Биылғы түлектер үшін он бір жыл бойы алған білім мен еңбек сыналар сәт — ұлттық бірыңғай тест тапсыру да жылдағыдан гөрі өзгешелеу өтіп жатқаны айтпасақ та түсінікті. Биыл тест тапсырушылар үшін бұрын-соң- ды болмаған жағдай жасалды. Мәсе- лен, алғаш рет калькулятор пайдала- нуға рұқсат етіліп, талапкерлер үшін тегін байқау сынақтары қолжетімді болды. Сонымен қатар тестілеуді өткізу уақыты 4 сағатқа дейін ұзар- тылып, түлектер мемлекеттік емти- ханнан босатылды. «Менің ойымша, атқарылған бар- лық шаралар – тестілеу тапсыру уақытын ұзарту, калькуляторларды пайдалануға рұқсат ету, мектептегі қорытынды емтихандардан босату және көптеген тегін байқау сынақтары айтарлықтай септігін тигізді», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Ай- мағамбетов. Еліміз бойынша ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитар- лық нормаларға сәйкес барлық те- стіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өткізілуге міндетті: дезин- фекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қы- зуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер ара- сындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдар- мен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82%-ы — осы оқу жылының мектеп түлектері. Жалпы, карантинге қарамастан, өткен жыл- мен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%- ға артқан. Ақтөбе облысында 21 маусым күні ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 4 шілдеге дейін жалғасады. Коро- навирус індетінен сақтану мақсатын- да аудандарда тестілеу екі-үш лекпен өткізілетіні алдын ала айтылған бола- тын. Сынақ тапсыруға жалпы 5739 түлек ниет білдірген. «ҰБТ — өте маңызды емтихан. Алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат пен міндет күтіп тұр. ҰБТ-ны табысты тапсыру үшін дұрыс психо- логиялық көңіл-күй қажет. Биыл тест- ке қатысушылар үшін ерекше жағдай жасалды. Алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат етіліп, талапкер- лер үшін тегін байқау сынақтары қол- жетімді болды. Барлықтарыңызға сәт- тілік, сабырлық тілеймін. Ең бастысы, қобалжымау керек. Мектеп Сіздерге қажетті білімді берді, өздеріңіз де дай- ындалдыңыздар. Алған білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің жемісі жоғары болады деген сенімдемін», — деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі па- рақшасында облыстық білім басқар- масының басшысы Ләззат Оразбаева 21-маусым күні облыстың Алға, Қарғалы, Қобда, Мұғалжар, Темір және Ойыл аудандарында ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. ҰБТ-ның алғашқы күнінде қатысу керек түлек- тің 396-сы келді. Өкінішке қарай, алғашқы күннің өзінде 22 оқушыдан тыйым салынған заттар анықталып, 6-ы кіре берістен, 16-ы аудиториядан шығарылды. Ол түлектер тестілеуге жіберілген жоқ және осы жылы ҰБТ тапсыру мүмкін- дігінен айрылды. Қорытындысында, тестілеудің алғашқы күні 6 ауданда 374 түлек сынақ тапсырды. Облыстық білім басқармасы дерегі бойынша, ҰБТ аяқталғаннан бастап 25 тамызға дейін бейнебақылау жаз- балары талданады. Бейнежазбаны қарау кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда ҰБТ нәтижесі, со- нымен қатар білім беру гранты жой- ылады. ҰБТ-ның екінші күні, яғни, 22-мау- сымда Алға, Қарғалы, Қобда, Мұғал- жар, Темір, Ойыл аудандарымен бірге Шалқар ауданы және Ақтөбе қаласының түлектері бақ сынады. Бұл күні тестілеуге қатысуға ниет біл- дірген 888 түлектің 877-сі ғана келді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері түлектерде тыйым салынған зат- тардың болмауын жіті қадағалады. Оқушыларға тестілеудің тәртібі, ережесі, міндеттемелері түгел таны- стырылған соң ғана металл іздегіш құрылғысынан өткізілді. Дегенмен кіреберістерде 17 ба- лада тыйым салынған заттар табыл- ды, оларға сынаққа қатысуға рұқсат берілген жоқ. Тестілеу басталғаннан кейін тағы 16 талапкерден тыйым са- лынған заттар анықталып, олар ауди- ториядан шығарылды, — деді ол. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ 70 ГРАНТ БӨЛДІ Жақында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төраға- лығымен 2020-2021 оқу жылдарына гранттарды бөлу бойынша комиссия отырысы өтті. Білім, ветеринария, мәдениет, архивтер және құжатта- ма басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды рет- теу басқармасы –сот сараптамалар орталығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы дене шынықтыру және спорт, ауылшару- ашылық, дін істері басқармасының басшылығы комиссия алдына қа- жетті мамандарға грант бөлу бой- ынша ұсыныстарын білдірді. 2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даяр- лауға 70 грант тағайындалды. Білім басқармасы басшысының м.а. Гүлназ Сүлейменова грант тағайындаудың жолдарын атап өтті. Мамандарды даярлауға грант тағай- ындау 3 кезеңнен тұрады: сұраныс жинақтау, қажетті мамандықтардың тізбесін бекіту – ағымдағы жылдың 16 маусымы; мемлекеттік тапсырыс орналастыру үшін жоғары оқу орын- дарының арасында конкурс жари- ялау – осы жылдың 30 шілдесінде өтеді. Талапкерге мемлекеттік білім беру грантын тағайындау — ағымдағы жылдың 15 тамызы. Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беруге арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ, жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құра- мына қабылдау кезiнде балы тең болған жағдайда «Алтын белгi» алғандар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыра- тын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бой- ынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқын- дайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиа- далар мен ғылыми жобалар кон- курстарының жеңімпаздары, жетім балалардың грант алуына мүмкіндік беріледі. Өңірде медицина, мұғалім, ауыл- шаруашылық, мәдениет салалары- ның мамандарына деген сұраныс жоғары. Комиссия мүшелері грант бөлу мәселесін талқылай келе, ветеринария мамандығына — 5, ауылшаруашылық мамандығына — 9, дін мамандығына — 4, құрылысқа — 4, мәдениетке — 9, сот сарап- тамашысы — 2, денешынықтыру мамандығына — 1, медицинаға — 15,орман ресурсы — 1, білім сала- сына 20 грант бөлінді. «Өңірдегі сұранысқа ие ма- мандықтарға жергілікті бюджеттен қаржы бөліп арнайы грант тағай- ындадық, білімді жастар туған жерлеріне еңбек етіп, облысқа адал қызмет етсе оның өзі үлкен жетістік. Жоғары оқу орнын бітірген маман облыстың кез келген кадр тапшылығы орын алған жерге ба- рып, келісімшарт негізінде 3 жыл- дан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет, яғни білім алған жас маман- дар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті», — деп атап өтті Оңдасын Оразалин. Айтып өтейік, 2019 жылы өңір- ге қажетті мамандықтар бойынша білім беру қызметіне ақы төлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 100 орынға облыс әкімінің атынан грант бөлінген болатын. Нәтижесінде, об- лыс әкімінің гранты бойынша қазіргі таңда жалпы 141 студент оқуда (ба- калавр-107, магистратура-1, рези- дентура-33). Биылғы жылы аудан, қала әкім- дері мен басқармалардан барлығы 440 кадрға (оның ішінде 425 – бака- лавриат, 11 – магистратура, 4 – ре- зидентура) қажеттілік келіп түскен. Өңір басшысы білім басқармасы басшысының м.а Гүлназ Сүлейме- новаға грантқа түскен студенттердің оқу үлгерімін қадағалап, олармен тығыз байланыста болуды тапсыр- ды. М.РАХАТҚЫЗЫ. 230 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ 19-маусым күні Қ.Жұбанов атын- дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің атаулы стипендиясын тағайындау шара- сы өтті. Аймақ басшысы мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдауларды атап өтті. — 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы жастар үшін үл- кен мүмкіндіктер берсе, биылғы жылдың «Еріктілер жылы» деп жариялануы мемлекет тарапынан жас ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет бас- шысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – жас, әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз да- мудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың мін- деті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қол- дау көрсету», — деген болатын. Ақтөбе өңірінде талантты, білімді, тәртібімен үлгі боларлық жаста- рымыз жеткілікті. Облыстың дамуына үлес қосуға ниетті жастарды біз әрқашан қолдауға дай- ынбыз, — деді Оңдасын Оразалин. Аймақ басшысы сондай-ақ, «Жүрек- тен жүрекке» еріктілер тобының белсендісі Әлішер Садыққа Пре- зиденттің алғыс хатын табыстады. ЖОО басшылары мен жастар ұй- ымының мүшелерінен құралған комиссияның шешімімен ЖОО, колледждердің қоғамдық жұмы- старда белсенділік көрсеткен да- рынды, әлеуметтік осал топтағы 230 студентіне стипендия тағай- ындалды . Оның ішінде жоғары оқу орындарының 190 студентіне 120 мың теңгеден, колледждің 40 сту- дентіне 70 мың теңгеден беріледі. Аталған стипендия тағайындау ша- расы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ара- лығында жалпы 850 ақтөбелік жас облыс әкімінің атаулы стипендия- сын алды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Басы. Жалғасы 2-бетте

№11-12 30 маусым - bilimaktobe.kz

  • Upload
    others

  • View
    13

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: №11-12 30 маусым - bilimaktobe.kz

№11-12(166-167)

30 маусым2020 жыл

ҰБТ: БІЛІМ МЕН ЕҢБЕК

СЫНАЛАР СӘТ Биылғы түлектер үшін соңғы тоқ-

санды оқу мен мектеп бітіру сәті жылдағыдан өзгеше өтті. Иә, әлемді жайлаған коронавирус дертіне бай-ланысты оқушылар соңғы тоқсан-ды қашықтан оқуға мәжбүр болды. Еліміздің білім саласы аз уақыттың ішінде қашықтан оқу режиміне тұта-стай көше отырып, ақпараттық техно-логия дәуірінің — уақыт талабының сынына төтеп беруге тырысты.

Биылғы түлектер үшін он бір жыл бойы алған білім мен еңбек сыналар сәт — ұлттық бірыңғай тест тапсыру да жылдағыдан гөрі өзгешелеу өтіп жатқаны айтпасақ та түсінікті. Биыл тест тапсырушылар үшін бұрын-соң-ды болмаған жағдай жасалды. Мәсе-лен, алғаш рет калькулятор пайдала-нуға рұқсат етіліп, талапкерлер үшін тегін байқау сынақтары қолжетімді болды. Сонымен қатар тестілеуді өткізу уақыты 4 сағатқа дейін ұзар-тылып, түлектер мемлекеттік емти-ханнан босатылды.

«Менің ойымша, атқарылған бар-лық шаралар – тестілеу тапсыру уақытын ұзарту, калькуляторларды пайдалануға рұқсат ету, мектептегі қорытынды емтихандардан босату және көптеген тегін байқау сынақтары айтарлықтай септігін тигізді», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Ай-мағамбетов.

Еліміз бойынша ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитар-лық нормаларға сәйкес барлық те-стіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өткізілуге міндетті: дезин-фекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қы-зуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер ара-сындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдар-мен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады.

Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82%-ы — осы оқу жылының мектеп түлектері. Жалпы, карантинге қарамастан, өткен жыл-мен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ға артқан.

Ақтөбе облысында 21 маусым күні ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 4 шілдеге дейін жалғасады. Коро-навирус індетінен сақтану мақсатын-да аудандарда тестілеу екі-үш лекпен өткізілетіні алдын ала айтылған бола-тын. Сынақ тапсыруға жалпы 5739 түлек ниет білдірген.

«ҰБТ — өте маңызды емтихан. Алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат пен міндет күтіп тұр. ҰБТ-ны табысты тапсыру үшін дұрыс психо-логиялық көңіл-күй қажет. Биыл тест-ке қатысушылар үшін ерекше жағдай жасалды. Алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат етіліп, талапкер-лер үшін тегін байқау сынақтары қол-жетімді болды. Барлықтарыңызға сәт-тілік, сабырлық тілеймін. Ең бастысы, қобалжымау керек. Мектеп Сіздерге қажетті білімді берді, өздеріңіз де дай-ындалдыңыздар. Алған білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің жемісі жоғары болады деген сенімдемін», — деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі па-рақшасында облыстық білім басқар-масының басшысы Ләззат Оразбаева

21-маусым күні облыстың Алға, Қарғалы, Қобда, Мұғалжар, Темір және Ойыл аудандарында ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. ҰБТ-ның алғашқы күнінде қатысу керек түлек-тің 396-сы келді.

Өкінішке қарай, алғашқы күннің өзінде 22 оқушыдан тыйым салынған заттар анықталып, 6-ы кіре берістен, 16-ы аудиториядан шығарылды. Ол түлектер тестілеуге жіберілген жоқ және осы жылы ҰБТ тапсыру мүмкін-дігінен айрылды. Қорытындысында, тестілеудің алғашқы күні 6 ауданда 374 түлек сынақ тапсырды.

Облыстық білім басқармасы дерегі бойынша, ҰБТ аяқталғаннан бастап 25 тамызға дейін бейнебақылау жаз-балары талданады. Бейнежазбаны қарау кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда ҰБТ нәтижесі, со-нымен қатар білім беру гранты жой-ылады.

ҰБТ-ның екінші күні, яғни, 22-мау-сымда Алға, Қарғалы, Қобда, Мұғал-жар, Темір, Ойыл аудандарымен бірге Шалқар ауданы және Ақтөбе қаласының түлектері бақ сынады. Бұл күні тестілеуге қатысуға ниет біл-дірген 888 түлектің 877-сі ғана келді.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері түлектерде тыйым салынған зат-тардың болмауын жіті қадағалады. Оқушыларға тестілеудің тәртібі, ережесі, міндеттемелері түгел таны-стырылған соң ғана металл іздегіш құрылғысынан өткізілді.

— Дегенмен кіреберістерде 17 ба-лада тыйым салынған заттар табыл-ды, оларға сынаққа қатысуға рұқсат берілген жоқ. Тестілеу басталғаннан кейін тағы 16 талапкерден тыйым са-лынған заттар анықталып, олар ауди-ториядан шығарылды, — деді ол.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ 70 ГРАНТ БӨЛДІ

Жақында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төраға-лығымен 2020-2021 оқу жылдарына гранттарды бөлу бойынша комиссия отырысы өтті. Білім, ветеринария, мәдениет, архивтер және құжатта-ма басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды рет-теу басқармасы –сот сараптамалар орталығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы дене шынықтыру және спорт, ауылшару-ашылық, дін істері басқармасының басшылығы комиссия алдына қа-жетті мамандарға грант бөлу бой-ынша ұсыныстарын білдірді.

2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даяр-лауға 70 грант тағайындалды.

Білім басқармасы басшысының м.а. Гүлназ Сүлейменова грант тағайындаудың жолдарын атап өтті. Мамандарды даярлауға грант тағай-ындау 3 кезеңнен тұрады: сұраныс жинақтау, қажетті мамандықтардың тізбесін бекіту – ағымдағы жылдың 16 маусымы; мемлекеттік тапсырыс орналастыру үшін жоғары оқу орын-дарының арасында конкурс жари-ялау – осы жылдың 30 шілдесінде өтеді. Талапкерге мемлекеттік білім беру грантын тағайындау — ағымдағы жылдың 15 тамызы. Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін

білім беру грантын беруге арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ, жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құра-мына қабылдау кезiнде балы тең болған жағдайда «Алтын белгi» алғандар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыра-тын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бой-ынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқын-дайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиа-далар мен ғылыми жобалар кон-курстарының жеңімпаздары, жетім балалардың грант алуына мүмкіндік беріледі.

Өңірде медицина, мұғалім, ауыл-шаруашылық, мәдениет салалары-ның мамандарына деген сұраныс жоғары. Комиссия мүшелері грант бөлу мәселесін талқылай келе, ветеринария мамандығына — 5, ауылшаруашылық мамандығына — 9, дін мамандығына — 4, құрылысқа — 4, мәдениетке — 9, сот сарап-тамашысы — 2, денешынықтыру мамандығына — 1, медицинаға — 15,орман ресурсы — 1, білім сала-сына 20 грант бөлінді.

«Өңірдегі сұранысқа ие ма-

мандықтарға жергілікті бюджеттен қаржы бөліп арнайы грант тағай-ындадық, білімді жастар туған жерлеріне еңбек етіп, облысқа адал қызмет етсе оның өзі үлкен жетістік. Жоғары оқу орнын бітірген маман облыстың кез келген кадр тапшылығы орын алған жерге ба-рып, келісімшарт негізінде 3 жыл-дан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет, яғни білім алған жас маман-дар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті», — деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Айтып өтейік, 2019 жылы өңір-ге қажетті мамандықтар бойынша білім беру қызметіне ақы төлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 100 орынға облыс әкімінің атынан грант бөлінген болатын. Нәтижесінде, об-лыс әкімінің гранты бойынша қазіргі таңда жалпы 141 студент оқуда (ба-калавр-107, магистратура-1, рези-дентура-33).

Биылғы жылы аудан, қала әкім-дері мен басқармалардан барлығы 440 кадрға (оның ішінде 425 – бака-лавриат, 11 – магистратура, 4 – ре-зидентура) қажеттілік келіп түскен.

Өңір басшысы білім басқармасы басшысының м.а Гүлназ Сүлейме-новаға грантқа түскен студенттердің оқу үлгерімін қадағалап, олармен тығыз байланыста болуды тапсыр-ды.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

230 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ19-маусым күні Қ.Жұбанов атын-

дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің атаулы стипендиясын тағайындау шара-сы өтті. Аймақ басшысы мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдауларды атап өтті. — 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы жастар үшін үл-кен мүмкіндіктер берсе, биылғы жылдың «Еріктілер жылы» деп жариялануы мемлекет тарапынан жас ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет бас-шысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – жас, әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – да-

мудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың мін-деті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қол-дау көрсету», — деген болатын. Ақтөбе өңірінде талантты, білімді, тәртібімен үлгі боларлық жаста-рымыз жеткілікті. Облыстың дамуына үлес қосуға ниетті жастарды біз әрқашан қолдауға дай-ынбыз, — деді Оңдасын Оразалин. Аймақ басшысы сондай-ақ, «Жүрек-тен жүрекке» еріктілер тобының белсендісі Әлішер Садыққа Пре-зиденттің алғыс хатын табыстады. ЖОО басшылары мен жастар ұй-ымының мүшелерінен құралған

комиссияның шешімімен ЖОО, колледждердің қоғамдық жұмы-старда белсенділік көрсеткен да-рынды, әлеуметтік осал топтағы 230 студентіне стипендия тағай-ындалды . Оның ішінде жоғары оқу орындарының 190 студентіне 120 мың теңгеден, колледждің 40 сту-дентіне 70 мың теңгеден беріледі. Аталған стипендия тағайындау ша-расы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ара-лығында жалпы 850 ақтөбелік жас облыс әкімінің атаулы стипендия-сын алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бас

ы. Ж

алға

сы 2

-бет

те

Page 2: №11-12 30 маусым - bilimaktobe.kz

2 ХАБАР-ОШАР №11-1230 маусым2020 жыл

ПЕДАГОГТЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Ерлан УТЕУЛИЕВ,

Ақтөбе облыстық

ғылыми-тәжіри-белік орталығы

техникалық және кәсіптік білім

беру бөлімінің әдіскері, «Talap»

КЕАҚ штаттан тыс тренері.

Бүкіл дүниежүзіне өзінің жойқын әсерін тигізген коронавирус дерті ел экономикасының әр саласына, соның ішінде білім саласына да кері ықпалын тигізді. Қысқа мерзімде оқыту процесін жүзеге асыру үшін педагогтерге де, білім алушыларға да оқытудың жаңа форматына ауысу қажет болды.

Білім беруде ерекше қиындықтар туғызған білім саласының бірі — тех-никалық және кәсіптік білім беру. Се-бебі білім берудің басқа деңгейінен ТжКБ айырмашылығы – теориялық білім беруден гөрі тәжірибелік білімнің басым болу қажеттілігінде. ТжКБ ұй-ымдарында қызмет атқарып жатқан педагогтер көптеген қиындықтармен кездесті. Әсіресе тәжірибелік са-бақтарды өткізіп, болашақ маман-

дардың кәсіби құзыреттілігін шыңдау мәселелері, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру және тағы да басқа сұрақтар бойынша кейбір қиын-дықтар кездесті. Төтенше жағдайда оқыту әдістемесінде түбегейлі жаңа бағыттар іздеудің аса қажеттілігі туындады. Электронды оқыту мен қашықтан оқыту технологиясын қол-дануға мәжбүр болдық. Осы орайда еліміздің ТжКБ саласының педагог-теріне әдістемелік көмек көрсету мақ-сатында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы көптеген жұмы-старды жүзеге асыруда.

Оқу-тренингтік орталығы-ның штаттан тыс тренерлерімен бір-лесе отырып, қысқа мерзімде ТжКБ саласының педагогтеріне арнап екі тақырып бойынша тегін 36 сағаттық қашықтан біліктілік арттыру курста-рын әзірледі. Аталған курстар тек бұл сала мамандарымен қатар білім беру-дің барлық деңгейіндегі ұстаздардың қызығушылығын тудыруда. Қашықтан біліктілік арттыру курстарының бірі «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту: контент құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» деп аталады. ТжКБ ұйымдарының педагогтерін оқыту процесін қашықтан оқыту фор-

матында құруға мүмкіндік беретін ең қарапайым және интуитивті құрал-дармен жұмыс істеуді үйрететін курс бейнедәрістер, тәжірибелік сабақтар, түрлі сервистерді (платформаларды) қолдану бойынша нұсқаулық түріндегі оқу кешенімен қамтамасыз етілген.

Біліктілікті арттыру курсының тағы бір маңызды тақырыбы – «Қашықтан оқыту жағдайында білім алушылар-дың өзіндік жұмысын ұйымдасты-ру». Курстың мақсаты мен міндет-тері – білім алушыларды өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыру үшін білім алушылардың қажетті біліммен қамтамасыз ету, оқу материалын білім алушылардың сапалы меңгеруіне және оқу міндеттерін орындауға ықпал ететін, белсенді оқыту әдістерін меңге-руге әдістемелік көмек көрсету.

Барлық материалдар «Talap» ком-мерциялық емес акционерлік қоға-мының сайтында орналастырылған. Курстан өту үшін ресми тіркелудің, ұсыныс жіберудің қажеттілігі жоқ. Пе-дагогтер бос уақыттарында көрсетіл-ген дерек-көздеріндегі материалдар-ды игеріп, «Talap» КЕАҚ сайтында тестілеуден өтеді және сол жерден сертификаттарын жүктеп ала алады. Педагогтерге арналған бұл жұмыс өз жалғасын табады.

«АҚТӨБЕ-ӨРЛЕУ» – РЕГИОНАЛЬНАЯ ПЛАТФОРМА ЦИФРОВОЙ ТРАНСФОРМАЦИИ

ОБРАЗОВАНИЯ И ПЕДАГОГОВ ОБЛАСТИ

Н.АБИШЕВА,к.ф.н., директор филиала АО

НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Актюбинской области

Любой кризис означает преодо-ление трудностей и получение но-вых возможностей. В этом смысле Актюбинский филиал НЦПК «Өр-леу» скорее говорил о новых воз-можностях и дальнейшем развитии в новых реалиях виртуального об-разования, чем о трудностях. Про-фессионализм достигается за счет умений адаптироваться к новым вызовам времени, которые были и ожидаются в эту эпоху глобальных перемен. Настало время говорить о будущем в настоящем времени, поэтому пандемия послужила для команды «Өрлеу» как катализатор развития инноваций в образовании и модернизации системы повыше-ния квалификации педагогов обла-сти.

Внедрение дистанционных об-разовательных технологий онлайн обучения в НЦПК «Өрлеу-Актобе» было направлено на достижение следующих целей: модернизацию и развитие применяемых методов обучения в условиях мобильного реагирования на удаленный ре-жим; усиление онлайн-платформы «Цифровые ресурсы наших педа-гогов», Виртуального Института и Blended learning для самостоя-тельной работы педагогов; кур-совую и посткурсовую поддержку профессиональной мобильности педагогов области; поддержку се-тевых форм научно-методического и педагогического сотрудничества; реализацию дистанционных про-грамм повышения квалификации без отрыва от места жительства в условиях карантинной изоляции.

Анализ мирового опыта и ближ-них стран показывает, что систе-ма образования, переведенная в интернет-пространство, претер-певает множество изменений, а также имеет высокий трансфор-мирующий эффект всех значи-мых принципов и компонентов образовательного процесса. Такие мобильные трансформирующие процессы произошли и в системе повышения квалификации педаго-гов Актюбинской области. Ресурсы филиала НЦПК «Өрлеу» позволи-ли мобилизовать имеющийся по-

тенциал технических, информаци-онно-технологических, кадровых, управленческих возможностей для эффективной организации педа-гогического сообщества региона и методической поддержки педагоги-ческой деятельности в новых усло-виях виртуальной школы.

Онлайн-обучение, социальная ответственность всех субъектов и объектов образовательного процесса, новые стандарты вза-имоотношений и мироустройства потребуют колоссальных инно-вационных решений в таких важ-ных сферах, как – педагогический менеджмент, повышение квали-фикации, профессиональная под-готовка и переподготовка педаго-гических кадров, моделирование виртуальных обучающих и разви-вающих пространств.

Педагоги Актюбинской области прошли один из этапов виртуаль-ной трансформации и осознания педагогической деятельности в условиях глобальных карантинных мер, впереди большая работа по модернизации педагогических ме-ханизмов, инструментов и ресур-сов организации обучения и вос-питания, развитию IT компетенций и цифровой культуры, а также по формированию новых возможно-стей дистанционного образования.

Актюбинский филиал НЦПК «Өрлеу» готов развивать педаго-гические проекты по реализации указанных задач, которые были выявлены и обозначены совмест-но с педагогическим сообществом нашей области в рамках дистан-ционных курсов повышения ква-лификации и научно-методическо-го сотрудничества. Инициативы педагогов области, их творческий потенциал, искренние отзывы о проводимой работе «Өрлеу», вдох-новляют на поиски новых возмож-ностей в развитии педагогического профессионализма.

Команда Актюбинского филиала НЦПК «Өрлеу» выражает огром-ную благодарность всему педаго-гическому сообществу региона за готовность служить своему делу, за интерес к программам и научно-ме-тодической деятельности «Өрлеу», за сотрудничество и позитивные отзывы о совместной работе. Мы надеемся на светлое будущее и ве-рим в потенциал наших педагогов!

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТАРДЫҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУБәдигүл АСАНБАЙ,

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА, «Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Жаңа технологиялар

және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді

оқыту әдістемесі» кафедра- сының аға оқытушылары, тех-ника ғылымдарының магистрі

Қашықтықтын оқыту барлық оқу үрдісіне қатысушыларға білім алуды қолайлы уақытта таңдауға және қажетті дағдылар мен жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту жүйесінің не-гізгі мақсаты – жеке адамды ин-теллектуалды дамыту, ақпарат-пен жұмыс жасай білуге үйрету.

Қашықтықтан оқыту тәжіри-бесін жетілдіру мақсатында «Өр-леу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиа-лында да көптеген іс-шаралар

атқарылуда, барлық жұмыс түр-лері оnline форматқа көшірілді. Біліктілікті арттыру курстары, конференциялар, вебинарлар, байқаулар, олимпиадалар т.б. жүйелі түрде онлайн форматта өткізілуде.

Қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін қазіргі таңда әр түрлі білім беру платформаларын Google платформасы және YouTube ка-налы, Google Docs сервистерін қолдануға болады. Сондай-ақ облыс педагогтеріне, әсіресе шалғай ауылдарда тұратын-дарға, онлайн режимде (ZOOM стриминг платформа, Skype, WhatsApp және Telegram чаты арқылы) вебинарлар, видеоко-учингтер ұйымдастыру арқылы әдістемелік көмектер беріліп, курстан кейінгі сүйемелдеулер жалғастырылуда. Атап айтар болсақ, информатика пәні бой-

ынша 140 мұғалім, оның ішінде 97 мұғалім ауылдық мектептен, 50 мұғалім онлайн режимінде семинарға қатысып білімдерін то-лықтырды. Математика пәні бой-ынша 80 мұғалім біліктілік артты-ру курстарынан өтсе, математика пәні мұғалімдері арасындағы он-лайн облыстық қашықтықтан ұй-ымдастырылған олимпиадаларға 200 мұғалім қатысып, 1-дәре-желі, 2-дәрежелі, 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды және қатысушы сертификаттары берілді.

Бүгінгідей жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі бола-шақ жас ұрпақты білімді етіп тәр-биелеу ұстаздарға зор жауапкер-шілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап ететінін ұмытпау керек.

АҚТӨБЕДЕ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫРЖаңа оқу жылында аталған

білім ордасына облыс бойын-ша 7-8 сыныптарға 150 бала іріктелмек. Лицей-интернат бұрынғы экономика және стати-стика колледжінің ғимаратында орналаспақ. Қазір бұл ғима-ратқа ақтөбелік кәсіпкерлердің ықпалымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кеше облыс әкімінің орынба-сары Мейрамбек Шермағамбе-тов құрылыс жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты.

Қазір бұл ғимаратқа Ақтөбедегі «Кемел-Білім» компаниясы күр-делі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба құны — шамамен 850 миллион теңге. Компания бас-шысы Жасұлан Жақсымбетовтің айтуынша, ғимараттағы барлық коммуналдық жүйелер ауысты-рылған. Олар құрылысты тамыз айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбетов және аймаққа арнайы шақыртумен кел-ген «Білім-Инновация» халықара-лық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте кеше құрылыс жүр-гізіліп жатқан жерде болды.

Дархан Өтенің айтуынша, бү-гінде елімізде аталған қорға қара-сты 30 «Білім-Инновация» лицейі және онға жуық жекеменшік мек-теп бар.

— Ақтөбе өңіріндегі ер бала-

ларға арналған «Білім-иннова-ция» лицей-интернаты еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордасы саналады. Себебі білім сапасы жағынан да, олимпиада көрсет-кіштері бойынша да бұл лицей көп жылдан бері бірінші орында тұр. Ата-аналар қыз балаларға арналған мұндай лицейдің қашан ашылатыны турасында көптен бері сұрастырып жүрген еді. Енді жаңа оқу жылынан бастап об-лыс әкімі Оңдасын Сейілұлының тікелей қолдауымен, ақтөбелік кәсіпкерлермен бірлесіп, мемле-кеттік-жекеменшік әріптестік ая-сында қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интер-наты ашылатын болады, — деді ол.

Оның айтуынша, биыл қыздарға арналған лицей-интернатқа 7-8 сыныптар үшін 150 балаға іріктеу жүргізіледі. «Біз мұнда облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, оқудың академиялық жағын өз міндетімізге аламыз. Ли-цейде оқушыларға үш тілде білім беріледі. Мектеп басшылығы мен мұғалімдер осы өңірден таңдала-ды. Егер ағылшын тілінен мықты ұстаздар таппасақ, онда кадрды шетелден шақыртатын боламыз. Қазіргі күні біз өз тарапымыздан білім ордасына академиялық жағынан кешенді жұмыстарымыз-ды жасап жатырмыз», — деді Дар-хан Өте.

Ол қазір ел аймақтарында қы-здарға арналған 7 «Білім-Инно-вация» лицейі бар екенін айтты. Жаңадан ашылатын білім орда-сында оқушыларды IT-технологи-яға бейімдеуге ерекше басымдық берілетін болады.

Биыл республика бойынша «Білім-Инновация» лицейлері-не қабылдау емтихандары 18-19 маусым күндері жүргізіледі. Осы күндері облыстағы ер балалармен қатар, қыздар да емтихан тапсы-ратын болады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, аймақтағы қыз бала-ларға арналған лицей-интернат 300 орынға арналған. Ғимарат-тың 4-5 қабаты жатақхана болмақ. Оның айтуынша, індетке байланы-сты 18 мамыр мен 18 маусым ара-лығында аймақтағы мектеп-ин-тернаттарға қабылдау құжаттары онлайн тәртібінде жүргізіліп жа-тыр. Осы уақыт аралығында қы-здарға арналған лицей-интер-натқа да құжат тапсыруға болады. Ол үшін хабарлама онлайн негізде жүзеге асырылмақшы.

Бір айта кететін жайт, облыстағы қыздарға арналған «Білім-Иннова-ция» лицей-интернатында білім алушылардың төлемақысы мем-лекет есебінен төленбек.

Арайлым НҰРБАЕВА,«Ақтөбе».

Білім басқармасы берген дерек бой-ынша, 23 маусым күні облыстың 9 пун-ктінде, яғни Алға, Байғанин, Қобда, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қала-сында ҰБТ өткізілді. Бұл күні тестілеуге ниет білдірген 1073 түлектің 1058-і кел-ді. Тестілеуге кіргізу барысында және тестілеу кезінде тыйым салынған зат-тар табылғаны үшін 23 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылып, шыға-рылған. Бұл күнгі ҰБТ-ны 1035 түлек тапсырған.

24 маусым күні облыстың Байғанин, Мұғалжар, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында ҰБТ өткізілді. Бұл күні арыз берген 612 түлектің 603 тестілеу-ге келді. Тестілеуге кіргізу барысында 4 түлекте тыйым салынған заттардың анықталуына байланысты олар тестіле-уге кіргізілген жоқ. Тестілеу барысында аудиториядан 6 түлек шығарылды.

— 24 маусым күні ҰБТ-ді 593 түлек тапсырып шықты. Ал 25 маусымда Әй-теке би, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласында ҰБТ өткізілді. Аудиториялар-да да санитарлық – эпидемиологиялық талаптар сақталуда. ҰБТ- ге қатысушы-ларға тестілеу кезінде гаджеттер мен шпаргалкаларды қолдануға болмайтын-дығы алдын ала ескертілді. ҰБТ-ге қаты-сушыларды арнайы мониторинг тобы-ның мүшелері — қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері енген тәуелсіз сарапшылар бақылауда. Ата-аналар үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылуда, — деді

Н.Бертілеуова.26 маусым күні облыстың Әйтеке би

және Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қа-ласында, ал келесі күні 4 пунктте — Әй-теке би, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласындағы 2 пунктте ҰБТ өткізілді.

— Жалпы облыс бойынша 6 күнде ҰБТ-ны 3724 түлек (64,9%) тапсырды. Алға, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Темір, Ойыл, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандары ҰБТ-ны толығымен аяқтады. Ақтөбе қаласы мен облыстық мектеп – интернаттар түлектері үшін тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады, — деді Н.Бертілеуова.

Ал 28 маусымда ҰБТ Мәртөк ауда-ны мен Ақтөбе қаласындағы 2 пунктте – өткізілді. Тестілеуге қатысуы керек 472 түлектің 13 -і келген жоқ. Бүгінгі күні 11 аудан — Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Темір, Ойыл, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар ау-дандары ҰБТ-ны толығымен аяқтады. Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласында тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады.

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшелігі — ата-аналар ҰБТ өтетін аудиториялардан онлайн-трансляция арқылы баласының қалай сынақ тапсы-рып жатқандығын көре алатындығында. Бұл пилоттық жоба ҰБТ-ның ашықтығын қамтамасыз ететіні айтпаса да түсінікті.

Ұлттық тестілеу орталығының Ақтөбе облысы бойынша базалық филиал бас-шысы Талғат Жарқыловтың айтуынша, биыл облыста ҰБТ жалпы 14 пунктте ұй-ымдастырылады. Сынақ тапсыру 4-шіл-деге дейін жалғасады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

ҰБТ: БІЛІМ МЕН ЕҢБЕК СЫНАЛАР СӘТ

Жал

ғасы

. Бас

ы 1

-бет

те

Page 3: №11-12 30 маусым - bilimaktobe.kz

3ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ? ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

МЕКЕМЕЛЕРІ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМША АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

№11-1230 маусым2020 жыл

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ — ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ

Алма СИСЕМБИНА,Білім беру қызметін лицензиялау

бөлімінің бас маманы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық органдары — білім беру саласында лицензиялауды жү-зеге асыратын мемлекеттік орган (лицензиар).

Лицензиялау – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензия-ның және (немесе) лицензияға қосымшалар-дың телнұсқасын беруге және қайта ресім-деуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қо-сымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені.

Заңды тұлғалардың (лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсат-тар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кей-інгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру са-ласындағы қызметін лицензиялау біліктіліктер бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте білім беру қызметімен айналы-суға арналған лицензияға қосымшада тех-никалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қо-сымшаны алу үшiн өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады: өтiнiш; заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекет-тiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы; жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен ай-налысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; Қа-зақстан Республикасының заңнамасында бел-гіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензиялана-тын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қа-білетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның

жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық норматив-тер мен көрсеткіштер жиынтығы.

«Білім беру қызметіне қойылатын білік-тілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым мини-стрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген («Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №231 бұйрығы).

Лицензияға қосымша алу барысында білік-тіліктің атауы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныпта-уышын бекіту туралы» Білім және ғылым ми-нистрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (бұдан әрі-Сыныптауыш) № 530 бұйрығына сәйкес болуы қажет.

Жалпы жаңа Сыныптауышта даярлаудың жеке ерекшелігін, кейбір мамандықтардың бірігуін және еңбек нарығындағы біліктілік-тердің маңыздылығын ескере отырып, білік-тіліктер біріктірілді (ірілендірілді). Бір маман-дық аясында 2-ден 5-ке дейін мәндес біліктілік қарастырылған. Сыныптауышта 215 маман-дық бойынша жұмысшы және орта буын ма-мандарының 633 біліктілігі қарастырылған.

Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету ко-митеті және оның аумактық органдары:

1) лицензиаттың өтініші негізінде техника-лық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің біліктіліктері бойынша бұрын берілген бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицен-зияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәй-кес қайта ресімдеуді қамтамасыз етеді;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің біліктіліктері бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған ли-цензияларға қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде осы бұйрықты және білім беру сала-сындағы уәкілетті органның әдістемелік нұсқа-улықтарын басшылыққа алады.

Нұрсұлу МАНАСОВА, Ақтөбе облысының білім

саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін

лицензиялау бөлімінің басшысы.

2017 жылдың 19 маусымынан бастап Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апо-стильдеу қызметін Білім және ғылым министрлі-гінің Білім және ғылым саласында сапаны қамта-масыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүзеге асыра бастады.

Апостиль дегеніміз шетелдік ресми құжаттарды мемлекеттерде тану үшін құжаттарды заңдасты-ру тәртібі, яғни бұл құжаттардың қолданылуын растау.

Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түп-нұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген және апостильді қою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Құжаттарды заңдастырудың негізгі екі түрі бар: «Апостиль» мөрін қою және консулдық заңдасты-ру. Заңдастыру түрін таңдау құжат тапсырылатын елге, яғни ондағы ресми органдарға байланысты.

«Апостиль» 1961 жылы 5 қазан күні Гаага кон-венциясына қосылған елдерге құжаттарды жіберу үшін қолданылады. Ол консулдық заңдастыруды талап етпейді және жеңілдетілген заңдастыру «Апостиль» мөртабанын қою процедурасын енгі-зеді. «Жеңілдетілген заңдастыру» деп отырғаны-мыздың себебі — апостильдеу тез және бір ғана уәкілетті органмен жасалады. Екіншіден, құжат Гаага конвенциясына қосылған барлық елдер ау-мағында заңды күшке ие болады, яғни мемлекет аталмыш Конвенцияны мойындаса, әр құжатқа апостиль қою жеткілікті.

Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты — Гаага Кон-венциясына мүше елдердiң аумағында қолда-нуға арналған апостилденетiн құжаттардың түп-нұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету. Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретiндегi Қазақстан Республикасы-ның мемлекеттiк органдарынан (мекемелерiнен), лауазымды адамдарынан ғана шығатын ресми

құжаттардың түпнұсқаларында қойылады. Қазақстан Республикасының аумағында түп-

нұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге мемлекет-тердiң (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттiк органдары (ме-кемелерi), лауазымды адамдары немесе нотариу-стары берген құжаттары қабылданбайды.

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемле-кеттік корпорациясы, яғни «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзім: құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап Астана қа-ласының мемлекеттік корпорациясы және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні; басқа аймақтар үшін — 15 (он бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі (0,5 АЕК).

ҚР білім, ғылым органдарынан және оқу орын-дарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою келесі құжаттар толық тапсырылған жағдайда жү-зеге асырылады:

Ақтөбе облысы бойынша халыққа қызмет көр-сету орталығы департаментінің бөлімдері арқылы: өтініш; жеке куәлігін растайтын құжат (салыстыру үшін); апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа); мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түп-нұсқа).

Портал арқылы: электронды түрдегі сұраныс; апостильдеуге ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған ла-уазымды адамға) немесе ҚР заңнамасында бел-гіленген тәртіппен сотқа жүгінуге болады.

ҚР білім, ғылым органдарынан және оқу орын-дарынан шығатын ресми құжаттарға Ақтөбе облы-сы тұрғындары үшін апостиль қою қызметін Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сала-сында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүзеге асырады, Департамент-тің мекен жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, индекс 030002, Н.Қобыландин көшесі, 10 үй.

Департаментте жүзеге асырушы қызметші: Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Бирмагамбетова Гаухар Маратовна, жұмыс телефоны: 8 (7132) 41-44-31, ұялы телефо-ны: 87058364805

Басқа да мәліметті Департаменттің http://www.aktobecontrol.gov.kz/ сайты арқылы білуге болады.

Гүлмараш МҰҚАШЕВА, Ақтөбе облысы білім саласында

сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы

консультациялық кеңес мүшесі.

«Педагог мәртебесі туралы» заң — ұстаздарымыздың құқықтарын қорғайтын құнды құжат.

Заңның 8-бабында педагогті оның кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуҚа-зақстан Республикасының заңда-рында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатыны нақты көрсетілген.Алайда қабылданған заңға қара-мастан, еліміздің жалпы білім беру мекемелері бойынша есепті талап ету, мұғалімдерді сенбілік жасауға шақыру, сынып кабинеттерін жөндеу және мектепті жөндеуге ақша жинау фактілері тіркеліп отыр.

ҚР Білім және ғылым министрі Ас-хат Аймағамбетовхалық алдындағы есеп беру кездесуіндегі сөйлеген сөзінде: «Оқушылардың білім сапа-сы педагог жұмысына тікелей бай-ланысты. Сондықтан педагог артық жұмыспен айналыспауы тиіс. Олар балалардың білімі мен функционал-дық сауаттылығын арттыру бағы-тында ғана жұмыс істейтінін түсінуі керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық», – деген болатын. Аталған мәселелер бойын-ша, Ақтөбе облыстық білім сапасын бақылау департаментінің атқарып оырған қызметі өте жоғары. Депар-тамент «Педагог мәртебесі туралы» заңның дұрыс орындалуына тікелей араласып, заңсыздықтардың орын алмауын басты назарда ұстайды. Пе-дагогтар қауымына түсінікті жеткізіліп, бұрмаланбай, жүзеге асуына зор үлес қосып отыр. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлері-не тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпа-рат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, ҚР БҒМ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттері ҚСжАЕК органда-рында жоспардан тыс тексеруді тір-кейді. Тексеруді ұйымға барып неме-се қашықтан жүргізеді.Егер алғаш рет бұзушылық жасаған адам кінәсін мой-

ындаса, Комитет және оның аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмайды, бірақ кінәлі адамға ескерту жасау туралы қаулы шығарады.Бұзушылыққа қайта жол берген адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады және әкімшілік айып-пұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 АЕК-ке дейін.

Аталған заңды жүзеге асыру ая-сында орындалып жатқан шаралар-дың тағы бірі — «Онлайн калькуля-тордың» іске қосылуы. Педагогтар онлайн калькулятордың көмегімен өз жалақысын үйде отырып есеп-тей алады, алған жалақысымен ай-ырмашылық болса, өндіртіп алуға құқылы. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда, педагог кәсіподақ ұйымына немесе Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтама-сыз ету департаментіне бұл туралы шағымдана алады.

Осы заңның негізінде ҚР БжҒМ А.Аймағамбетовтың «Педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) қағи-даларын бекіту туралы биыл 11-ма-мырда №192 бұйрығы жарияланды. Осы бұйрықта біліктілік санатын кө-теруге ниет еткен ұстаздарымыз үшін көптеген жағымды өзгерістер бар.

Педагогтерді аттестаттау кезекті және мерзімінен бұрын болып бөлі-неді. Кезекті аттестаттау 5 жылда бір рет өткізіледі, мерзімінен бұрын атте-статтау педагогтің қалауы бойынша біліктілік санатын мерзімінен бұрын арттыру мақсатында өткізіледі және 5 жыл мерзімін күту қажет етілмейді.

Мектеп директорлары мен дирек-тордың орынбасарларының жалақы-сының төмендігі, лауазымы бойынша біліктілік санатын көтере алмауы көптен шешілмей келе жатқан мәселе еді, биыл бірінші рет мектеп әкімшілі-гі де аттестациядан өтіп, 30%-дан 100%-ға дейін үстемақы алатын бол-ды.

Ұлттық біліктілік тестілеу 2 маусым-нан 15 тамызға дейін жалғасады.

Мұғалім өзіне ыңғайлы уақытты белгілеп, өтінішті онлайн береді.

Өтініштерді қабылдау педагогтар үшін тестілеу басталғанға дейін 15 күн бұрын және білім беру ұйымда-рының басшылары үшін 30 күн бұрын электрондық форматта жүргізіледі.

А.ЗАКАРИЯҚЫЗЫ, Ақтөбе облысы білім саласында

сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы

консультациялық кеңес мүшесі.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы ұсынған «За-мануи мектептегі білім сапасын басқару» әдістемелік құралында: «Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан ре-форманың басымдық алуы мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межелен-ген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықта-рынан туындайды...Болашақ ұрпаққа әлемдік ғылыммен прогресс деңгейі-не сәйкес біліммен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру — қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі

мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгері-стер оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге жаңа талаптар қояды,» — делінген.

Ұлт этнопедагогикасын, көптеген жылдар бойы жинақталған оң педа-гогикалық тәжірибені ескермеуге де болмайды, педагогикалық процесті осыларды кіріктіре отырып ұйымда-стырған жөн. Осы орайда Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментікөпте-ген ауқымды жұмыстар атқаруда.

Департамент тарапынан білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көр-сетіліп, педагогикалық кадрлардың құқықтарын қорғау, түсіндіру жұмы-стары жүргізілуде. Департамент бас-шысы Б.Күзембаеваның бастауымен департамент жанында консульта-циялық кеңес жұмысы ұйымдасты-рылған. Бұл кеңес құрамына де-партамент мамандарымен қатар

облыстың білім саласында қызмет атқарған тәжірибелі педагог-ардагер-лер шақырылды.

Консультациялық кеңес білім ұй-ымдарына, білім бөлімдеріне іс-са-парлар ұйымдастырылып, педа-гогтармен, мектеп басшыларымен кездесулер өткізілді. Онда оқу-тәр-бие процесіне қатысты алаңдатып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойылды, біріге отырып шешімдері анықталды. Консультациялық кеңес жұмысы педагогикалық мамандар арасындағы аға буын мен кейінгі буын сабақтастығын қалыптастырып, білім саласының жұмысын күшей-туге, тиімділігін арттыруға өз үлесін қосты.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»: білім саласындағы ұйымдар біріге отырып атқарған жағдайда ғана білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізе аламыз.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ

ОҚУ ҮРДІСІН ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ — БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

Тазагүл АБДИЕВА, «№47 ЖББОМ» КММ директоры.

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебінде профилакти-калық бақылау жүргізді. Аталған де-партаменттің лицензиялау бөлімінің бас маманы Алма Сисембина бастаған топ өте жүйелі жұмыс жүр-гізді. Бақылау талаптарының бағыты білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттары, сон-дай-ақ білім беру мониторингінің шең-берінде әкімшілік деректер нысандары бойынша тексеру бағытының саны – 45 болды. МАД-бойынша 25 бағытта тексеру жүргізілді.

Білім беру ұйымында педагог қы-зметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыратындығын растайтын құжаттардың болуы сапа-лы білімнің айғағы. Білім ордасы — оқушыларға білім беріп қана қоймай, оған қоса оқушылардың білімін баға-лау, оларды алға ұмтылуға ынталан-дыру орталығы. Ал оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді баға-лау атқарады. Бағалау — білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған

білімінің дәрежесінің көрсеткіші. Тек-серу барысында білім алушының бағалау кезіндегі талаптарға сәйкестігі, бақылау мен қадағалаудың талапта-ры толығымен қаралды. Тексеру ба-рысында бақылау комиссиясы тара-пынан мынадай әдістемелік көмектер көрсетілді:

1.Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушыла-ры үшін электрондық білім беру техно-логияларына тең қол жеткізуін қамта-масыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапа-сын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқа органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функция-лары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушы-ларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру туралы;

2.Оқудан тыс іс-шаралар ұйымда-стыруды және қазақ, орыс және ағыл-шын тілдерінде элективті курстарды ұйымдастыруды растайтын матери-алдардың жинақталуы туралы өзіндік ережелерді қалыптастыру;

3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқы-тудың үлгілік оқу бағдарламасының

оқу –дидактикалық құралдарының және әдістемелік ұсынымдарды ұй-ымдастыру кезінде жасалатын жұмы-старды нақты, әрі мазмұнды жүйелеу үшін қандай құжаттарды басшылыққа алатындығы жөнінде мәліметтер.

Комиссия жұмысының бағалау кри-терийлері қорытындысының оң болуы ұжымдағы педагогтардың өз кәсібінде дамуы және әрекет етуі барысында жетістік шыңына жете алатынын көрсе-те алады деген сенім қалыптасты.

Міне, бақылау комиссиясының жүй-елі жұмысы барысында тексеруден гөрі кеңес беру, үйрету басым болды. Сондай-ақ, ұсыныстар мен пікірлер ұжымға септігін тигізіп, мектебіміздің білім беру жүйесіне айтарлықтар әсер етеді деген сенімдемін. Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан жүргізіл-ген жоспарлы бақылау мен тексеру-дің мектеп ұжымына, мұндағы қызмет етіп жатқан педагогтардың одан әрі дамып жетілуіне оң ықпалын тигізген-дігіне күмән жоқ. Әрине, алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен жасалған жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалап және оның алдағы уақыттарда нәтижесін көру біздің алдағы жұмысы-мыздың еншісінде болмақ.