12
№23-28 (27967) 17 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Бүгінгі нөмірде: Кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов жəне «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбаса- ры Бақытжан Сағынтаев қатысты. Астанада ЭКСПО-2017 көр- месін ұйымдастыру мəселесі, өңірлерді дамыту, соның ішінде ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен облыстардағы жағдайды тұрақтандыру жөнін- де қабылданатын шаралар тал- қыланды. – ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қазірден бастап дай- ындалу қажет. Мемлекеттік компания құрып, оның бас- шысын бекіту керек. Биыл біз жобалаудың барлық мəселесін аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға тиіспіз. ЭКСПО-2017 көрмесін үшінші индустрия- ландыру революциясына өту орталығына айналдыру маңызды. Ол баламалы экономика, тиісті жоғары технологиялық материал- дар жасау, жаңартылған энергия көздерін құру, мамандар даярлау жəне өзге мəселелерді қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бүгінде елімізде өңірлерді дамыту мəселесіне де ерекше мəн беріліп отырғанын атап өтті. – Қазір біз өңірлік билік органдарының өкілеттігін арт- тырудамыз – басқару жөнінде барлық жұмыс тікелей өңірлерде өтеді, сондықтан бізге облы- старды дамыту мəселелерімен одан əрі айналысу қажет. Осыған байланысты Өңірлік даму министрлігін құру жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймыз,– деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті қыстың қарлы бо- луына байланысты көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстарын жүргізу жəне табиғи апаттар салдарла- рына жол бермеу жөнінде ша- ралар қабылдай отырып, барлық бөгеттер мен тоғандарға алдын ала тексеріс жүргізу қажеттігіне тоқталды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздің одан əрі тиімді дамуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Маѕызды мəселелерді ќамтыєан кеѕес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қазіргі дамуының өзекті мəселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Дауылбаев Қазақстан Пре- зидентіне құқық қорғау орган- дарының 2012 жылғы қызметі, Мемлекет басшысының азамат- тардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, қоғамдық- саяси тұрақтылықты қолдау жө- ніндегі тапсырмаларының орын- далуы туралы баяндады, сондай- ақ елді елеңдеткен қылмыстық істерді тергеу барысынан ха- бардар етті. Нұрсұлтан Назарбаев жүр- гізілген аттестация құқық қорғау органдары қызметкер- лерінің кəсіби деңгейі мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік бергеніне тоқталды. Кездесу барысында Мем- лекет басшысы бұлтартпас жазалауды қамтамасыз ету- ге жəне қылмыстарды ашуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті. Осыған байла- нысты Қазақстан Президенті барлық қабылданған шаралар, жалпы алғанда, елдегі кри- миногендік жағдайды жақсар- туға көмектесетінін атап өтті. Өз кезегінде Бас прокурор қазіргі уақытта аттестацияның қорытындысы бойынша боса- тылған қызметкерлердің ор- нына кəсіби деңгейі едəуір жоғары мамандарды конкурс бойынша қабылдау жүргізіліп жатқанынан хабардар етті. Сондай-ақ, кездесу кезінде Бас прокурор Қазақстан Президентіне барлық қылмыстар мен арыздарды толық тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі шара- лар туралы мəлімдеді. Осының арқасында елдегі қылмыстық ахуалдың шынайы көрінісін айқындауға қол жеткізілді. – Республика бойынша 2012 жылы біз алдыңғы жылға қарағанда қылмыстың 39,1 пайызға артқанын тіркедік. Қылмысты жалпы тіркеу өсіп отырған жағдайда, біз ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың едəуір азайғанын байқадық, – деді А.Дауылбаев. Бас прокурор қазіргі уа- қытта əр облыста жасалған қылмыстық жағдайлардың нақты көрінісі айқындалғанын айтып өтті. Қылмыстылық элек- тронды картасы жасалған, бұл əрбір полицейлік учаскедегі ағымдағы криминогендік жағдайды тіркеуге мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшы- сы елімізде заңдылықты жəне құқық тəртібін нығайту, азамат- тар құқығын, қоғам мен мемле- кет мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Ауыр ќылмыс азайєаны атап айтылды Бїкілəлемдік кґрме – еліміздіѕ жетістіктер алаѕы Н.Қаппаров Қазақстан Пре- зидентіне Астанада ЭКСПО- 2017 бүкілəлемдік көрмесін ұйым- дастыру тұжырымдамасы жө- ніндегі негізгі көзқарастар мен ұсыныстар туралы баяндады. Мемлекет басшысы бүкіл- əлемдік көрмені өткізудің жəне кең танытудың бірыңғай тұ- жырымдамасын əзірлеудің маңызын атап өтті. Қоршаған ортаны қорғау ми- нистрі көрме учаскесінде «жасыл экономиканың» барлық нысанда- рын – жетілген электр желілерін, жаңғыртылған энергия көздері бар ғимарат салу, «Болашақтың энер- гиясы» тақырыбына сəйкес келетін өзге маңызды элементтермен жəне электромобильдермен жабдықтау көзделіп отырғанын, сонда ғана «жа- сыл» энергетиканы қолдануда толық тиімділікке қол жеткізілетінін айтты. Қазақстан Президенті ми- нистрлік ЭКСПО-2017 идея- сын іске асыру жөніндегі нақты ұсыныстарды əзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіру, оларды анықтау жəне бұл іске тарту жөніндегі негізгі органдардың бірі болуы қажеттігін атап өтті. – Мұндай бірегей жоғары технологиялық жобаның құрылысы елімізді технологиялық тұрғыда да- мытуда үлкен серпіліс жасау үшін мол мүмкіндік береді. Бүкілəлемдік көрменің аумағы бүкіл Қазақстанның жетістіктер алаңына айналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жəне Астанада бүкілəлемдік көрмені өткізу тұжырымдамасы жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ор- таны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Конституция- сының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес қаулы етемін: 1.Қазақстан Республикасы Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің өңірлік даму, кəсіпкерлікті қолдау, оның ішінде əлеуметтік- кəсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін оған бере отырып, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі құрылсын. 2.Мыналар: 1)Қазақстан Республикасы Экономикалық даму жəне сауда министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Қаржы министр- лігінен – бюджеттік жоспарлау; Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінен – ин- вестицияларды қолдаудың жəне қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен – халықтың көші- қоны аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі етіп қайта құру жо- лымен; 2)Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі олар- ды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне қосу жолымен; 3)Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі оны Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа техно- логиялар министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 3.Мыналарға: 1)Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер; 2)Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, оған мына салалардағы: табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау, су ресурс- тарын басқарудың мемлекеттік саяса- тын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен берілетін мелиорация мəселелерін қоспағанда, су ресурстарын басқару жəне балық шаруашылығын дамыту жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер; Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен – қатты тұрмыстық қалдықтарды кəдеге жарату мəселелері; Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінен – жаңартылатын энергия көздерін да- мыту аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын іске асы- ру мен бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін. 4.Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу жəне мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін əзірлеу, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көші-қонды реттеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша жəне тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу жəне тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі, сондай-ақ босқындар мəселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін. 5.Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1)мыналарды: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс жəне тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері комитетін; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кəсіпкерлікті дамыту комитетін; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін; Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін; Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетін құруды қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін; 3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жол- дан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»; мына: «Қазақстан Республикасының Экономи- калық даму жəне сауда министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі;»; мына: «Қазақстан Республикасының Жер ресурс- тарын басқару жөніндегі агенттігі;», «Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;», «Қазақстан Республикасы Атом энергия- сы агенттігі.» деген жолдар алып тасталсын. 7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бас- тап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. № 466 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру туралы Келешекке шақырған кемел Жолдау 2-бет Авиаспорт 4-бет Сілкінген Сібір, бұлқынған Дала 5-бет Шарж шеруі 6-бет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы М.М.Тəжинді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Марат Мұханбетқазыұлы Тəжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №472 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Б.Ə.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметіне тағайындау туралы Бақытжан Əбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №467 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы М.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі қызметіне тағайындау туралы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №471 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Е.А.Досаевты Қазақстан Республикасының Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындау туралы Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №468 Тағайындау Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметіне; Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Хроника Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысу- ына байланысты: Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары қызметінен; Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Əнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

№23-28 17 қаңтар 2013

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Егемен Қазақстан - 17 қаңтар 2013

Citation preview

Page 1: №23-28 17 қаңтар 2013

№23-28 (27967)17 ҚАҢТАРБЕЙСЕНБІ2013 ЖЫЛ

Бүгінгі нөмірде:

Кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов жəне «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбаса-ры Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Астанада ЭКСПО-2017 көр-ме сін ұйымдастыру мəселесі, өңір лерді дамыту, соның ішінде ауа райының қолайсыздығынан

зардап шеккен облыстардағы жағдайды тұрақтандыру жөнін-де қабылданатын шаралар тал-қы ланды.

– ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қазірден бастап дай-ындалу қажет. Мемлекеттік компания құрып, оның бас-шысын бекіту керек. Биыл біз жобалаудың барлық мəселесін

аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға тиіспіз. ЭКСПО-2017 көрмесін үшінші индустрия-ландыру революциясына өту орталығына айналдыру маңызды. Ол баламалы экономика, тиісті жоғары технологиялық материал-дар жасау, жаңартылған энергия көздерін құру, мамандар даярлау жəне өзге мəселелерді қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінде елімізде өңірлерді дамыту мəселесіне де ерекше мəн беріліп отырғанын атап өтті.

– Қазір біз өңірлік билік органдарының өкілеттігін арт-тырудамыз – басқару жөнінде барлық жұмыс тікелей өңірлерде өтеді, сондықтан бізге облы-старды дамыту мəселелерімен одан əрі айналысу қажет. Осыған байланысты Өңірл ік даму министрлігін құру жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймыз,– деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті қыстың қарлы бо-луына байланысты көктемгі су тасқынының алдын алуға

дайындық жұмыстарын жүргізу жəне табиғи апаттар салдарла-рына жол бермеу жөнінде ша-ралар қабылдай отырып, барлық бөгеттер мен тоғандарға алдын ала тексеріс жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздің одан əрі тиімді дамуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. -----------------------------------------

Суретті түсіргендерС.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Маѕызды мəселелерді ќамтыєан кеѕес

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қазіргі дамуының өзекті мəселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

А.Дауылбаев Қазақстан Пре-зидентіне құқық қорғау ор ган-дарының 2012 жылғы қызметі, Мемлекет басшысының азамат-тардың құқығы мен бостандығын қорғауды кү шей ту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қолдау жө-ніндегі тапсырмаларының орын-далуы туралы баяндады, сондай-ақ елді елеңдеткен қылмыстық істерді тергеу барысынан ха-бардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев жүр -гізілген аттестация құ қық қорғау органдары қыз мет кер-лерінің кəсіби деңгейі мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік бергеніне тоқталды.

Кездесу барысында Мем-лекет басшысы бұлтартпас жа залау ды қамтамасыз ету-ге жəне қыл мыс тарды ашуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін

атап көрсетті. Осы ған байла-нысты Қазақстан Президенті барлық қабылданған шаралар, жалпы алғанда, елдегі кри-миногендік жағдайды жақ сар-туға көмектесетінін атап өтті.

Өз кезегінде Бас прокурор қазіргі уақытта аттестацияның қорытындысы бойынша боса-тыл ған қызметкерлердің ор-нына кəсіби деңгейі едəуір жоғары мамандарды конкурс бойынша қабылдау жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.

Сондай-ақ, кездесу кезінде Б а с п р о к у р о р Қ а з а қ с т а н Президентіне барлық қылмыстар мен арыздарды толық тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі шара-лар туралы мəлімдеді. Осының арқасында елдегі қылмыстық ахуалдың шынайы көрінісін айқындауға қол жеткізілді.

– Республика бойынша 2012 жылы біз алдыңғы жылға қарағанда қылмыстың 39,1 пайызға артқанын тіркедік. Қылмысты жалпы тіркеу өсіп отырған жағдайда, біз ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың едəуір азайғанын байқадық, – деді А.Дауылбаев.

Бас прокурор қазіргі уа-қыт та əр облыста жасалған қылмыстық жағдайлардың нақты көрінісі ай қындалғанын айтып өтті. Қыл мыстылық элек-тронды кар тасы жасалған, бұл əрбір полицейлік учаскедегі ағымдағы криминогендік жағдайды тіркеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшы-сы елімізде заңдылықты жəне құқық тəртібін нығайту, азамат-тар құқығын, қоғам мен мемле-кет мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Ауыр ќылмыс азайєаны атап айтылды

Бїкілəлемдік кґрме – еліміздіѕ жетістіктер алаѕы

Н.Қаппаров Қазақстан Пре-зидентіне Астанада ЭКСПО- 2017 бүкілəлемдік көрмесін ұй ым-дастыру тұжырымдамасы жө-ніндегі негізгі көзқарастар мен ұсыныстар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бүкіл-əлем дік көрмені өткізудің жəне кең танытудың бірыңғай тұ-жырымдамасын ə з ірлеуд ің маңызын атап өтті.

Қоршаған ортаны қорғау ми-нистрі көрме учаскесінде «жасыл экономиканың» барлық нысанда-рын – жетілген электр желілерін, жаңғыртылған энер гия көздері бар ғимарат салу, «Болашақтың энер-гиясы» та қырыбына сəйкес келетін өзге маңызды элементтермен жəне электромобильдермен жаб дықтау көзделіп отырғанын, сонда ғана «жа-сыл» энергетиканы қолдануда толық тиімділікке қол жеткізілетінін айтты.

Қазақстан Президенті ми-нис трлік ЭКСПО-2017 идея-сын іске асыру жөніндегі нақты ұсыныстарды əзірлеу үшін бар лық мүдделі тараптардың жұ мысын үйлестіру, оларды анық тау жəне бұл іске тарту жө ніндегі негізгі органдардың бірі болуы қажеттігін атап өтті.

– Мұндай бірегей жо ға ры технологиялық жоба ның құрылысы елімізді тех но логиялық тұрғыда да-мытуда үлкен серпіліс жасау үшін мол мүмкіндік береді. Бү кі л əлем дік көрменің аумағы бүкіл Қазақстанның жетістіктер ала ңына айналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жəне Астанада бүкілəлемдік көрмені өткізу тұжырымдамасы жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ор-таны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қа былдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конститу ция-сының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес қаулы етемін:

1.Қазақстан Республикасы Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің өңірлік даму, кəсіпкерлікті қолдау, оның ішінде əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін оған бере отырып, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі құрылсын.

2.Мыналар:1)Қазақстан Республикасы Экономикалық

даму жəне сауда министрлігі, оған:Қазақстан Республикасы Қаржы министр-

лі гінен – бюджеттік жоспарлау;Қазақстан Республикасы Индустрия жəне

жаңа технологиялар министрлігінен – ин-вестицияларды қолдаудың жəне қолайлы ин вестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер м и н и с т р л і г і н е н – х а л ы қ т ы ң к ө ш і -қоны аясындағы мемлекеттік саясатты

қа лып тастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі етіп қайта құру жо-лымен;

2)Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі олар-ды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне қосу жолымен;

3)Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агентт іг і оны Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа техно-логиялар министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3.Мыналарға:1)Қазақстан Республикасы Экономика

жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне « ж а с ы л э к о н о м и к а н ы » д а м ы т у д ы ң мемлекеттік саясатын қалыптастыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер;

2)Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, оған мына салалардағы:

табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау, су ресурс-тарын басқарудың мемлекеттік саяса-тын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен берілетін мелиорация мəселелерін қоспағанда, су ресурстарын басқару жəне балық шаруашылығын дамыту жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер;

Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен – қатты тұрмыстық қалдықтарды кəдеге жарату мəселелері;

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінен – жаңартылатын энергия көздерін да-мыту аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын іске асы-ру мен бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін.

4.Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне Қа зақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігінің халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу жəне мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін əзірлеу, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көші-қонды реттеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша жəне тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу жəне тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі, сондай-ақ босқындар мəселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

5.Қазақстан Республикасының Үкіметі:1)мыналарды:Қазақстан Республикасы Өңірлік даму

министрлігінің Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін;

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кəсіпкерлікті дамыту комитетін;

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму

министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін;

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін;

Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін;

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетін құруды қамтамасыз етсін;

2 ) Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;

3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жол-дан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»;

мына:«Қазақстан Республикасының Экономи-

ка лық даму жəне сауда министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі;»;

мына:«Қазақстан Республикасының Жер ре сурс -

тарын басқару жөніндегі агенттігі;»,«Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;»,

«Қазақстан Республикасы Атом энергия-сы агенттігі.»

деген жолдар алып тасталсын.7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бас-тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. № 466

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру туралы

Келешекке шақырған кемел Жолдау

2-бетАвиаспорт

4-бетСілкінген Сібір, бұлқынған Дала

5-бетШарж шеруі

6-бет

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыМ.М.Тəжинді Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы

Марат Мұханбетқазыұлы Тəжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №472

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыБ.Ə.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

– Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметіне тағайындау туралы

Бақытжан Əбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №467

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыМ.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан

Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі қызметіне тағайындау туралы

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №471

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыЕ.А.Досаевты Қазақстан Республикасының

Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындау туралы

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №468

ТағайындауМемлекет басшысының Өкімдерімен:Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының

Ұлттық мұражайының директоры қызметіне; Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық

компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

ХроникаМемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысу-

ына байланысты:Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары қызметінен; Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының

Мəдениет жəне ақпарат министрі қызметінен босатылды.

* * *Мемлекет басшысының Өкімімен Əнуар Төлеуханұлы Садықұлов

басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Page 2: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жылwww.egemen.kz2

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ,Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру мен ғылымға да ай-рық ша көңіл бөліп, алда атқа ры-лар жұмыстарды жүйелеп берді. Елбасы айтты, ал оны жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ.

Елбасының елімізде білім бе-ру саласын дамыту туралы кө тер-ген мəселелері мен берген тап-сырмаларын жүзеге асыру жұ-мыс тарына орай педагогика инс-титуттарына жүктелер шаруа аз емес. Себебі, білім бұлағы – мек-теп үшін білікті мұғалімдер мен мамандарды негізінен педагогика институты даярлайды. Тəрбие не гізі қаланатын мектепке дейін-гі мекемелерді мамандармен пе-дагогика институттары толық қам тамасыз етеді. Біздің Қос та-най мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге білім беру сапасын барынша арттыру ісіне шетелдік оқу орындарымен жүргізіп отырған ықпалдастық жұмыстары өз көмегін тигізуде. Қазақта «үйрен, үйрен де жирен» деген ұғым бар. Министрліктің Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ережесіне сай дүниежүзінің жиырмаға жуық жоғары оқу орындарымен іскер-лік байланыс орнатып отырмыз. Ресей мен Францияның, Канада, АҚШ пен Түркияның жоғары оқу орындарымен байланыс ны-ғайып келеді. Олардың бірінен біз болашақ ұстаз дайындаудың жаңа технологиясын алсақ, енді бірінен өз шəкірттеріміздің жұ-мы сын дұрыс бағалаудың тəсіл-де рін үйренеміз. Алты жылдан бері институтта Француз мə дени орталығы жұмыс істейді. Осы

орталық арқылы білім ордасына француздың тіл мамандары, су -ретші, композиторлары секілді өнер адамдары жиі келеді. Бұл студенттердің ой-өрісін, білім көкжиегін кеңейте түседі. Фран-цуз тіліне маманданып жүрген студенттерге тілдік ортада болуы үшін жазғы каникулын Франция-да өткізуге мүмкіндік жасалады. Француздармен біздің ғылыми байланысымызды нығайтуға Фран цияның Қазақстандағы ел-шісі Жан Шарль Бертонэ мырза оң ықпал етуде. 2012 жылдың 30 наурызында Франция елшісі біз-дің институтымызда болып, сту-денттермен, ұстаздар ұжымы мен кездесу өткізді.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен ғалымдары да тілдік ортамен тығыз байланыста жұмыс істеуге мəн береді. Төрт жылдан бері АҚШ-тағы Бейбіт-шілік корпусының волонтер ле рі-мен бірге жүргізген жұмыстар-дың нəтижесі айтарлықтай.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын-да уақыт талабының ерекше екен дігін ескертті. Əлемдегі ал-дың ғы қатарлы лекке ілесу үшін жалпы білім алып қана қою аз-дық етеді. Сондықтан да Нұрсұл-тан Əбішұлы: «Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық жет кіліксіз болып қалғалы қа-шан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне ең

заманауи өндірістерде жұмыс жа-сау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балала-ры мыздың, жалпы барлық жет-кін шек ұрпақтың функционал-дық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», деп атап көр-сетті. Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақтың барынша көп тіл білуі. Тілдерді меңгерген сай-ын өмірдің қай саласында болса да жас буынның өрісі кеңейеді. Президент сол үшін де үш тұ ғыр-лы тілді міндеттеп отыр. Бұл күн де балабақшада тəрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер тақпақты қазақ, орыс жəне ағылшын ті л-дер інде мүдірмей жатқа айтады. Қай тілде білім беретін мектеп болса да үш тіл қатар жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің балалары мем ле кет тік тілді меңгеруге тыры-сады, оның сыртында барлық оқу-шы лардың ағылшын тілін мең-геруге деген ықыласы да күшті.

Студенттердің білімі мен ой-өрісін дамыту, іс-тəжірибесін мо-лайтуға арналған шаралар педа-гогика, денешынықтыру жəне спорт кафедраларында да кең көлемде қолға алынған. Бұл сала-да олар Ресейдің мемлекеттік гу-ма нитарлық университеті, Ре сей-дің Білім академиясы Урал бө лім-шесінің ғылыми білім беру ор та-лығымен бірлесе жұмыс істеуде.

Білікті, жан-жақты дамыған, жас ұрпаққа білім беру ісіне бү-гінгі күн талабы тұрғысынан қа-рай алатын мамандар дайындау еліміздің даму талабы болып отыр. Студенттердің оқу бағдар-ламасымен шектелмей, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімделуі болашақ маманды дамытып қана қоймай, оның кəсіби білігін көте-руде жақсы тəжірибе болып та-былады. Осы бағытта биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагинаның бастамасымен Нау-рызым мемлекеттік табиғи қоры-ғы ның базасында Қазақстанның солтүстік өңірінің биологиялық саналуандығын зерттеу, Ресей Ғылым академиясы Урал бөлім-шесі, сондай-ақ, осы академия-ның Урал ботаникалық бағымен бірлесе отырып, Қостанай мем-ле кетттік педагогикалық инсти-туты ғалымдары мен студенттері жинаған гербарийін əлемдік ті-зімге енгізу жөнінде жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде.

Ағылшын тілі кафедрасының ұжымы Ресейдің Нижневартов мем лекеттік гуманитарлық уни-верситетімен бірлесіп, «Иннова-циядан күнделікті тəжірибеге» атты жобаны жүзеге асыруда. Бұл жоба бойынша біздің ға лым-дар мен студенттер шет тілін оқытудың инновациялық техно-логиясын Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында тіл үйре ну-дің тəжірибесіне кеңінен енгізуді бастады. Ал педагогика кафедра-сында «Шексіз үйрену» қазіргі заманғы педагогика орталығы-мен (Канада), Ресейдің Новоси-бирь, Челябі, Омбы мемлекеттік педагогикалық, Мəскеу мемле-кет тік гуманитарлық универси-теттерімен бірлесіп, жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру жөніндегі өзекті жобаларды жүзеге асыра-ды. Мұның барлығына да сту-денттер белсене қатысады.

Біздің бүгінгі студенттеріміз – ертеңгі білікті мұғалімдер. Қазір мектептердің барлығы да ком -пью терлендірілген, интерактивті тақта да екінің бірінен табылады. Білім ошақтарының материал-дық-техникалық базасы нығай-ған. Бірақ кемеңгер ағартушы Ыбы рай Алтынсарин айтқандай, «мектептің жүрегі – мұғалім». Мұғалім біліктілігін, оның балаға берер білімі мен жылуын ешқан-дай да компьютер алмастыра ал-майды. Оның үстіне қазір ауыл-шаруашылығындағы өзгеріс тер-ге, ішкі көші-қон қозғалысына байланысты ауылдағы мектеп-терде бала саны азайып кетті. Қостанай облысында шағын жи-нақты мектептердің саны 451, яғни барлық жалпы білім беретін мекемелердің 77,5 пайызын құ-рап отыр. Мұның өзі мұғалімдер-ге өз мамандығының сыртында тағы бір мамандықты меңгеруге, үш тұғырлы тіл межесінен шыға білуге мəжбүр етеді. Жалпы, ау-ыл мектептері мұғалімдерінің бі-ліктілігін арттыру, олардың қыз-меттен қол үзбей жүріп білім алу ды сырттай оқу бөлімінде жал ғастыруын қамтамасыз ету үшін біздің институтта «Е-lear-ning» электрондық оқытуды ти-ім ді ұйым дастыру мақсатында on-line режімінде əртүрлі пəндер бойынша бейнеконференциялар, əдісте мелік семинарлар өткізі-

леді. 2012 жылдың 1 қыркүйе гі-нен сырттай оқыту бөлімінде қа-шықтықтан оқыту технологияла-ры енгізіліп, «Қашықтықтан оқы-ту орталығы» құрылды, эле к-трон ды журнал, институттың ақ-параттық порталы белсенді жұ-мыс істейді.

Нұрсұлтан Əбішұлы «Қазақ-станның əлеуметтік жаңғырты-луы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қо-ғамына қарай 20 қадам» атты ма-қаласында «Оқу-тəрбие үдерісі-нің тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен пат риоттың қалыптасуы міндет-те рін шешуге атымен бейімдел-мегендігін» атап көрсеткен бола-тын. Сонымен бірге, «оқушы лар-ға қазірдің өзінде қажетті инно-вациялық курстар жоқ. Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның бол-мауы жастардың құқықтық ниги-лизмі мен сауатсыздығына соқ-ты рады), «Өлкетану» (туған жер-ге махаббат отаншылдықтың не-гі зі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның əлеуметтенуінің əдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пəндер қайда?» деген еді. Аталған тапсырмаларға сəйкес, Қостанай мемлекеттік педагоги-калық институтында жеке тұлға-ның дамуы аспектілерінің ерек-шеліктерін айқындауға арналған «Акмеология жəне өзін өзі жетіл-діру» курсы жүргізіледі. «Тарих» мамандығы бойынша білім ала-тын 1 курс студенттері үшін «Қос танай облысының тарихы», «Құқық жəне экономика негіз-дері» мамандықтары үшін «Қа зақ-стан Республикасының құқы ғы» атты элективті курстар енгізілді.

Жаңа стратегияда жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кəсіпорын дар-да ғы міндетті өндірістік тəжіри-бені заңнамалық тұрғыдан бекіту тапсырылып отыр. Қостанай мем лекеттік педагогикалық инс-титутында 2010 жылғы мемле-кет тік стандарттарға сəйкес сту-денттердің үздіксіз тəжірибеден өтуі көзделген. 1 жəне 2 курс сту-денттері оқу мекемелерінің əр-түр лі нысандарында (балабақ ша, балалар шығармашылығы, кор -рек циялық мектептерде, «Қос та-най дарыны» орталығында, «Ро-весник» педагогикалық отрядын-да, қосымша білім беру орта лық-тарында, жалпы білім беретін бар лық мектептерде, балалар-жас өспірімдер спорт мек тепте-рін де) оқу-тəрбие үдері сімен та-нысу, сынып жетекші сі нің жұмы-сына ену, жеке адаммен, ұжым-мен психологиялық жұмыс жа-сауға дайындау, психо логиялық диагностика, психоло гия лық мі-нездеме жасауға дағ ды лар қа-лып тастырылады.

Əрі қарай 3 жəне 4 курс студенттері өндірістік тəжірибе барысында, яғни мектептерде тə-жірибе жүзінде жетекші басшы-лығымен жеке өзі сабақ бере бас-тайды, яғни дайын мұғалім бо-лып шығуға барлық жағдайлар қа растырылған. Өндірістік тəжі-ри бе бағасы студенттің оқу үл ге -рі мі туралы құжаттарға енгізіледі.

Ғұлама Əбу Насыр əл-Фара -бидің: «Тəрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі бар. Бабамыздың ешқашан өзек-тілігін жоймайтын бұл қанатты сөзі білім ордаларының алдымен адам, сосын маман даярлау мін-детін бүгінгі күні де еселей тү-седі. Өз мамандығын игеріп, мек-тепке баратын болашақ ұстаздар, халқымыз айтқандай, сегіз қыр-лы, бір сырлы болуы керек. Ұстаз қазіргі заманғы толқыны күшті ақпараттардан хабардар бо луымен қатар, ол өнерден де, спорттан да құралақан емес, жан-жақты болғанда ғана оқушы алдындағы тұлғасы биіктей түсе-ді. Сонда ғана алдында мөлдіреп отырған баланы білімге, өмірге ынталандыра алады. Бұл орайда Қостанай педагогика институ-тын дағы ақпараттық-танымдық «Көкжиек», «Саяхат» өлкетану, «Балауса» поэзиялық, «Парасат» дебаттық, КВН, «Əдебиет мүйі-сі» сияқты үйірмелерін айтсам да жеткілікті. Спортқа кеңінен орын берілген.

Дамуы əлемдік деңгейде мо-йындалған кез келген мемле кет-тің басты байлығы – адам капи-талы. Елдің экономикалық даму-ын қамтамасыз ететін адам, ал əлеуметтік жағдайдың да бар-лығы адам үшін жасалады. Жас-тар тиянақты білім алғанда ғана Қазақстанның экономикалық жəне əлеуметтік даму ырғағының іргетасы берік болады жəне өзі-мізді ұлт ретінде бекіте түсеміз.

ҚОСТАНАЙ.

Қайрат ИЩАНОВ, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары.

Кез келген мемлекеттің дамуы үшін, барша адамзат үшін энер -гетикалық ресурстардың маңызы зор екені даусыз. Қазіргі кезде Қа -зақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың қозғаушы күші бо-лып табылады жəне басқа салалар -дың да жан-жақты дамуына ықпа -лын тигізеді. Елдің Ішкі жалпы өні мінің мөлшерін саралай қара -ған да, мұнай-газ саласы үле сінің тұрақты өсу қарқыны бай қалады, ол 1997 жылғы 3,7 пайыздан 2006 жылы 14,7 пайызға жəне 2011 жы-лы 25,8 пайызға көтерілді. Мұның өзі біздің еліміздің табысты ілгерілеуінің көрсеткіштері. Мұнай мен газдың əлемдік дең гейдегі аса ірі қорлары бар біздің еліміз өзінің энергетикалық сала дағы сенімді стратегиялық əріп тес тік пен өзара пайдалы халық аралық ынтымақ-тас тық саясатынан айнымайды. Өйт кені, Қазақ стан жаһандық энер гетикалық қа уіпсіздікті нығай -туға қомақты үлес қосып келе жат -қан жаңа си паттағы табысты мем-лекеттердің бірі болып саналады.

Біздің елімізде қазіргі заман-дағы экономиканың өркендеген саласы ретінде тиімді мұнай-газ жəне тау-кен саласындағы шикі-заттарды өндіруді өркендетуді қол ға алдық. Бұл салада айрықша табыстарға қол жеткізген еліміз бүгінде шикізат секторының табы-сын болашақ экономиканы құру үшін пайдалануда. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанда мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурста-рынан түскен кірісті Ұлттық қорға жіберу арқылы дағдарысқа қарсы ауқымды шараларды қолға алдық.

Мемлекет басшысы өткен жылғы желтоқсан айындағы Жол-дауында болашаққа батыл болжам жасай отырып, ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерді еске салды. Жолдауда айтылғандай, адамзат алдында тұрған қауіп-қатерлердің қай-қайсысы да осал емес. Дегенмен, солардың ішінде аса қауіпті қатерлердің бірі – та би-ғи ресурстардың сарқылуы. Туған жеріміздегі табиғи ресурстарының шектеулі екендігі, ол таусылған жағдайда тек бізге ғана емес, бүкіл адамзатқа зор қауіп төнетіні айдан анық. Жер қойнауындағы табиғи байлықтардың азаюы əр бағытта, жағымды да, жағымсыз да үдерістердің пайда болуына əке ліп соғатыны даусыз. Бұл тұр-ғыда біздің еліміз бірқатар артық -шылықтарға ие екені жасырын емес. Біздің еліміздің аумағында кездесетін мол табиғи байлықты өзіміз ғана пайдаланып қоймай, өзгелерге де ұсына отырып, бізге қажетті тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуіміз керек, ол үшін ең алдымен қазіргі замандағы техно-логияларды игеріп, пайдалануы-мыз керек болады.

Сондықтан, біздің еліміздің аумағындағы табиғи байлықтары туралы ойларымызды екшей ке ліп, оны пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырудың маңызы зор. Пай-далы қазбаларды шикізат кү йінде де, өңделген өнім ретінде де сатып, халық қазынасын молайтумен бір -ге, оларды дұрыс басқа ру ды, ең бас тысы, еліміздің таби ғи бай лы-ғын орнықты экономи калық өсуге ба ғыттауды меңгеруі міз керек.

Қазақстан қазіргі кездегі елі-мізде өндірілетін шикізаттарды өт кізу нарықтарын əртараптан-дыр ды, бүгінде əлемдік нарықта өзімізге қолайлы позицияларға ор-нықтық, осылайша өндірілетін өнімдерді өткізудің бір бағытқа тəуелді болуынан алшақтадық. Алайда, біз қалайық-қаламайық,

көмірсутегіне негізделген эконо-микалық дəуір бірте-бірте аяқта-лып келеді. Алдағы жылдарда адам заттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энер-гияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа сатыға көшеді. Қазіргі кездегі болжамдарға сəй -кес, 2050 жылға қарай оларды қол -дану барлық тұтынылатын энер-гия ның 50 пайызына дейін жетеді.

Қазіргі Қазақстан индустрия -лық өркендеудің даңғыл жолында тұр. Бұл өндіріс пен өнеркəсіпті жедел дамыту туралы ойларымыз-ды нақтылай түседі. Күн санап қарқын ала түскен технологиялық жаңалықтар əлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертетіні даусыз. Біз өткен жылдармен салыстырғанда мүлде өзгеше технологиялық бол-мыста өмір сүруге дағдылана бас-та дық. Біздің алдымызда цифрлық жəне нанотехнология, регенера-тив тік медицина жəне басқа да көптеген ғылыми жетістіктер иге-рілген сипаты бар жарқын бола -шақ тұр, ол қоршаған ортаны ғана емес, адамзат қоғамын да өзгер-туге өлшеусіз үлес қосуда. Деген-мен, біз осынау жаңа сипаттағы үдерістерге тосырқай қарамай, оның белсенді қатысушылары болуға тиіс екеніміз анық.

Бүгінгі адамзат қоғамы өркен-деген сайын энергия өндірудің мүмкіндіктері де кеңейе түсуде. Сондықтан, барлық дамыған ел-дер баламалы жəне «жасыл» энер-гетикалық технологияларға инвес-тицияны ұлғайтып, қуат өндіру-дегі тың бастамаларға қарқынды жол ашуда. Игі жаңалықтардан біздің еліміз де құралақан емес. Біздің еліміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғылыми лаборато-рияларында ашылған жаңалықтар-ды өндіріске енгізу көзделуде. Ға -лымдар мен ізденімпаз жастар қуат пен жарықты үнемдеу, жел жəне күн энергиясын пайдалану-дың бірнеше нұсқаларын жыл са-йынғы көрмелерге ұсынып ке леді. Мұның бəрі – ел дəулетін арт ты-руға, халық қазынасын мо лайтуға арналған қадамдар. Жалпы, соңғы кездегі экономикалық көрсеткіш-терге қарағанда, елдің Ішкі жалпы өнімі 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақ станның Ішкі жалпы өнімінің жыл сайынғы өсуі 7,6 пайызды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды.

Жан басына шаққанда Ішкі жал пы өнімі 1998 жылғы 1500 дол лардан 2012 жылы 12 мың дол-ларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан тікелей шетелдік инвес-тициялардың көлемі жағынан жан басына шаққанда тартылған ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті. Қар-қынды даму барысында сыртқы сауда айналымы – 12 есе, өнер кə-сіп өнімін өндіру көлемі 20 есе өсті. Мемлекет дамуындағы бұл көрсеткіштер ықтимал экономика-лық жəне қаржылық дағдарыс-тардан қорғайтын сенімді қорған

болып табылады. Ол бүгінгі жəне болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі болатыны даусыз.

Біздің елімізде Үдемелі индус-трияландыру бағдарламасы ая-сында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 миллиард теңге бола-тын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұ-мыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 миллиард тең-ге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды. Ел эконо-микасының əр саласындағы сер-пін ді жобалар өнім өндірудегі шығынды азайтуға, астықтың мол қорын жинауға, мал тұқымын асылдандыруға, отандық машина жасауға, халықты жылумен жəне таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, мектептер мен ауруханалар жəне балалар бақшаларын салуға, ден-саулық сақтауға жəне саламатты өмір салтына шақыруға арналды.

Біздің еліміз қазіргі кезде хал-қының табысы орташа деңгейдегі

жəне серпінді дамитын экономика-сы бар мемлекетке айналды. Енді бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кəсіпорындар мен жеке кəсіпкер-лерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай жəне алғышарттар қалып-тастыру болып табылады. Өкініш-ке қарай, қазіргі уақытта шағын жəне орта бизнеске салық салу жүйесінде олқылықтар орын алып, олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіріп отырғаны белгілі. Біздің елімізде шағын жəне орта іскерлік мекемелерге түсетін сал мақты ау-ырлатпау қажет екені айқындалып отыр. Оны үйлестіру үшін Елбасы 2013 жылдың соңы на дейін заң -намаға микро, шағын, орта жəне ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзге рістер енгізу тура-лы Үкіметке тапсырма берді.

Сондай-ақ елімізде кейбір қыз-мет көрсетулер мен өнім өндіруге ретті-ретсіз рұқсат берулер мен ли-цензиялау тəртіптері орын алған болатын. Елбасының Жолдауында Қазақстан азаматтарының өмір тір -шілігінің қауіпсіздігіне тікелей ық -пал етпейтін барлық рұқсаттар мен

лицензияларды 2013 жылдың бі-рін ші жартыжылдығының со ңына дейін қайтарып алып, оларды ха-барландырумен ауыстыруға тап-сырма берілді. Бұл тұрғыда парла-ментшілерге де қарқынды жұмыс істеуге тура келеді. Бизнеске ұсы -на тын тауар, жұмыс жəне қызмет сапасын бақылау мəселе лерін өзі реттейтін жағдай тудыру мəселесі заңнамалық негізде рет телуі керек.

Елімізде кəсіпкерлікті өркенде-ту үшін қажетті жағдайларды өр-іс тету керек екені ақиқат. Олардың қатарында мемлекеттік-жекемен-шік əріптестігі қағидатына негіз-делген сенімді сұхбат құру үшін бизнесті топтастыруды жалғас-тыру қажет болады. Осы жаңа стратегияны жүзеге асыруда ауқым ды істер атқарылды жəне оған барлық кəсіпкерлерді тарту міндеті іске асырылатын болады.

Халықаралық тəжірибені тал-дау көрсеткендей, біздің елімізде де кəсіпкерлердің палаталарға топ тасуы – экономиканың тиімді-лігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағи -дасы жүзеге асқанына куə болдық. Осы мақсат үшін Үкімет «Атаме-кен» одағымен бірлесе отырып, Кəсіпкерлердің ұлттық палатасы-на міндетті мүшеліктің тұжы рым-дамалық моделін əзірлеген бола-тын. Бұл үлгі кəсіби-техникалық білім, əсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын биз несті

кешенді түрде сервистік қол дауды, сыртқы экономикалық қыз мет са-лаларында мемлекеттік ор ган дар -дың өкілеттіктері мен мін деттерін енді құрылатын Кə сіп керлердің ұлттық палатасына бе руді қам-тамасыз етеді. Кəсіп кер лердің ұлт-тық палатасы Үкіметтің сенімді жəне білікті серіктесіне ай налады. Осыған байланысты Мем лекет басшысы Үкіметке тиіс ті заң жо-басын əзірлеуді жəне оны Парла-ментке биылғы жылдың бі рінші тоқсанында енгізуді тапсырды.

Біздің мемлекетіміз адамзат қоғамын жетілдіру үшін ауқымды қадамдарды іске асырып келеді. Өркениетті ілгерілету үшін қоз-ғалт қыш күштердің бірі болып та-былатын кəсіпкерлікті де жетіл ді-ру керек болады. Бұл тұрғыда мем лекет өзінің қалыптасқан рө-лін өзгертуге тура келуі мүмкін. Бізге кең ауқымды жекеше ленді-рудің екінші толқыны қажет бола-тын күндер келетіні болжанып отыр. Бұл енді оңай жұмыс болма-сы анық. Өйткені, ол мемлекет

пен нарық арасындағы жауап кер-шілікті қайта бөлісуді білдіре ді. Бірақ бізге экономикалық өсім нің жоғары қарқынын сақтау үшін осы қадамға баруға тура келеді.

Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, қашан да жеке бизнес барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімді əрекет ететіні даусыз. Сон-дықтан біз стратегиялық емес си-паттағы кəсіпорындар мен қыз-мет терді жеке қолға беруге тиіс-піз. Отандық кəсіпкерлікті нығай-ту үшін осындай аса маңызды ша-ра қолға алынуы қажет. Осы жолдағы алғашқы қадамның бірі – біздің елімізде «Халықтық ІРО» бағдарламасы сəтті басталды деу-ге болады. Ұлттық байлықтың ха-лықтың қолына таратылып берілуі барша қазақстандықтардың ортақ қазынаға ие болуымен қатар, өркениетті нарықтық қатынас тар-дың белсенді мүшесіне айналғ а-нын білдіреді. Таяуда ғана «Қаз-ТрансОйл» компаниясының 28 мил лиард теңгеге акциясының шығарылғаны туралы жақсы ха-бар жұртшылыққа жария болды.

Елбасының өткен жылғы жел-тоқсан айындағы халыққа Жолда-уы тек мемлекеттік стратегиялық құжат қана емес, барша қазақ стан-дықтарға арналған аса маңызды бағдарлама болып табылады. Жол-дауда келешектегі қазақстандық-тар үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы болаты-нына сенім артқан Мемлекет бас-шысы алдағы қырық жылға жуық уақытқа батыл болжамын, маңыз-ды бағдарламасын паш етті. Бо ла -шақ ұрпақтың жаңа білім мең ге -руге құштар, өз елінің патриоттары болуы тиіс екенін айта келіп, ең -бексүйгіштік мəселесіне айрық ша тоқталды. Бұл бүгінгі барша қазақ -стандықтарға да маңызы зор ортақ қасиет екені анық, келешекте де осы қалыптан айнымау ке ректігі, отаншылдық пен еңбек қор лықты үлгі тұту керектігі нақтыланды.

Алдағы күндерге көз жіберсек, 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы болып табы-лады. Онда барлығы да адам жəне оның игілігі үшін жасалады, эко-номикасы дамыған мықты мемле-кет берік орнығады. Білім беру са-ласы да, денсаулық сақтау саласы да дамыған елде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады, қоғамдағы азаматтардың еркіндігі мен тең құқықтары мызғымас ақиқатқа айналады. Барша қазақстандықтардың күш-жігері осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Ел-басы осыған шақырады.

Келешекке шаќырєанкемел Жолдау

Болашаќ ўстаздыѕ тўлєасы білім ордасында ќалыптасады

Page 3: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жыл www.egemen.kz 3

ПАРЛАМЕНТПАРЛАМЕНТ

Тїсіндіру жəне насихат сапарлары жалєасуда

Кездесулерде бағдарламалық құжатта айтылған негізгі ба ғыт-тар дың қазіргі кезде өзекті əрі қажет екені атап өтілді. Мемлекет басшысының Жолдауында алда тұрған жаһандық міндеттер ес-керіліп, еліміздің таяу онжыл дық-тағы дамуының жаңа стратегиялық бағыты белгіленді.

Сенатор «Қазақстан-2050» Стра тегиясының таяу келешекте елі мізді дамыту мен көркейтуді қол-ға алатын қазақстандық жастарға ар налғанына назар аударды. Осы-ған байланысты С.Плотников жас ұрпақты патриотизм мен өз Отанына сүйіспеншілікке тəр бие-леудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан экономикасын да мы-ту дағы негізгі көрсеткіштерге қа-тысты депутат инновациялық жо-баларды əзірлеу жəне оларды ен-гізу, білім беру жəне ғылымды да-мыту, денсаулық сақтау саласын да сапалы қызмет көрсетудегі мем-лекеттік шаралар туралы айтты.

С.Плотников аймаққа сапа-ры барысында əлеуметтік жəне өндірістік нысандарда болып, жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен, «Востокмаш-за вод» акционерлік қоғамының ұжымымен жəне хоккей мекте бі мен спорт сарайының тəрбие лену-шілерімен кездесті.

Депутат ана мен баланы қолдау мен қорғау, сапалы білім беру жəне денсаулық сақтау үшін мем-лекет қабылдаған шараларға назар аударды. Қ.Айтаханов сондай-ақ, агроөнеркəсіп кешенін нығайтуға,

еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің əлемдік нарықтарда бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, ауыл шаруашылығы кəсіпкерлігін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты.

Сенатор облыс орталығында жерг іл ікт і а тқарушы жəне ө к і л д і б и л і к т і ң , қ о ғ а м д ы қ ұ й ы м д а р д ы ң ө к і л д е р і м е н к е з д е с і п , ж и н а л ғ а н д а р д ы жоғары заң шығару органының қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет бас-шысы белгілеген міндеттерді іске асыру тұрғысында заңнаманы одан əрі жетілдіру үшін осындай кездесулердің пайдалы екенін атап өтті.

Сенат депутаттары Лаззат Тұрлашов, Нұрлан Сүлейменов, Мəжіліс депутаттары Мəулен Əшімбаев, Қуаныш Сұлтанов, Үсенгелді Медеуов əлеуметтік жəне өндірістік саланың нысан-дарында болды. «Медиятекс» аяқ киім тігу бірлестігіндегі, «Алатау құс», «Сарыбұлақ»

жергілікті құс фабрикаларының жұмысшыларымен кездесулер-де депутаттар мемлекеттік даму бағдарламаларын заңнамалық қамтамасыз ету тұрғысында Парламенттің алдағы он жылға жоспары туралы əңгімелеп, сайлаушылардың сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында сөз ал-ған облыстық мəслихат депу-таты Борис Артемов, аудан-дық мəслихат депутаты Ғалия Нəдірбекова, «Нұр Отан» пар-тия сы жастар қанатының мүшесі Жасұлан Рамазан аймақтық даму, экономиканы индустрия-ландыру, агроөнеркəсіп кешенін нығайту, еңбекке тарту, жастар саясаты мəселелерін шешу са-ласында Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Жергілікті өкілді жəне ат қа-рушы билік активімен, кəсіп кер-лермен, əлеуметтік сала қыз мет-керлерімен, ардагерлермен жəне жастармен кездесуге Сенат депу-таттары Қожахмет Баймаханов, Мұрат Бақтиярұлы, Мəжіліс де-путаттары Құттықожа Ыдырысов,

Бақытбек Смағұл қатысты.Жиналғандар алдында сөз

алған сенатор Икрам Адырбеков тəуелсіздік жылдарында Қазақстан қол жеткізген басты жетістіктер туралы айтып, елімізді дамытудың жаңа стратегиясындағы Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге

назар аударды. Депутат сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, агроөнеркəсіп кеше-нін, шағын жəне орта бизнесті, жастарды, халықтың аз қам та-масыз етілген бөлігін қолдау мəселелеріне тоқталды. И.Адыр-бе ков аймақтық дамудың мем-лекеттік бағдарламаларын іске асыру, еңбекке тарту, кадрлар стра тегиясы мəселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті.

Депутаттар Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып, сайлаушылардың көптеген сауал-дарына жауап берді.

Депутаттардың сайлаушылар-мен кездесулері «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жаңғырту, Қазақстанның тұрақтылығын с а қ т а у м е н қ а у і п с і з д і г і н қамтамасыз етудегі Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді

жүзеге асыру мəселелер ін талқылауға арналды. Аймақтарды дамыту, шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдау, еліміздің агроөнеркəсіп кешенін дамыту бағдарламаларына назар ауда-рылды.

Ұлттық ішкі жалпы өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесін бес есе ұлғайтуды көздейтін агроөнеркəсіп кешенін дамытудың

жаңа стратегиясына қатысты əңгімесінде сенатор жаңа тех-н о л о г и я л а р д ы е н г і з у , м а л шаруашылығында азықтандыру базасын құру, фермерлікті дамы-ту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда саласындағы шағын жəне орта бизнесті өркендету қажеттігін атап өтті. Осы та-лаптарды ескере отырып, 2013 жылы ауыл шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытуды көздейтін жаңа бағдарлама қабылдап, ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру керектігін көлденең тартты.

К е з д е с у г е а к а д е м и я н ы ң оқыту шы лары мен студенттері жəне оқу орнындағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Күн тəртібіндегі мəселе бой-ы н ш а д е п у т а т Ж о л д а у д ы мейлінше жатық тілде талдады. Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем лекеттің жаңа саяси бағыты»

атты халыққа Жолдауы – тарихи ма ңызы бар құжат. Мен бүгін ауди ториядан жастарды көріп қуанып отырмын. Себебі, 2050 жылы елдің тұтқасын ұстайтын, оның əлеуетін көтеріп, іргесін күшейтетін сіздер боласыздар. Сіздер оны маңдайларыңызға жазған бақ пен бақыт деп біліңіздер, деді Г.Исімбаева.

Депутат №6 қалалық емхананың

жұмысымен танысты. Мұндағы мақсат Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы мен «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында тапсырылған мəселелердің қалай жүзеге асырылатынын өз көзімен көру болды.

К е з д е с у с о ң ы н д а е м х а -н а б а с ш ы л ы ғ ы П а р л а м е н т Мəжілісінің депутатына меке-ме атынан алғыс хат тапсырып, естелік суретке түсті.

Облыстық прокуратура, сот жəне қаржы полициясы, ішкі істер департаментінің қыз-меткерлерімен кездесулер де С.Ақылбай Президент Н.Ə.На зар-баевтың құқық қорғау жүйесінің

қызметін одан əрі жетілдіру жөнінде айтқан міндеттеріне тоқталды. Сенатор сондай-ақ ескерту, алдын алу, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар үшін жазалау

саласындағы құқықтық жазаны нығайту жөнінде заңнамалық ша-ралар туралы айтты.

Егіндібұлақ жəне Қарқаралы аудандарындағы сайлаушылармен кездесулерде депутаттар аграрлық кешенді, ауыл кəсіпкерлігін да-мыту, əлеуметтік саланы нығайту саласындағы мемлекеттік саясат бағыттарын құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету туралы хабардар етті.

Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотниковтың Шығыс Қазақстан облысындағы, Бородулиха, Глубокое, Ұлан аудандарының сайлаушыларымен кездесуінде Президент Н.Ə.Назарбаев жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі ережелері мен жаңа саяси бағыттың басымдықтары талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысында Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш аудандарында бол-ды. Жергілікті халықпен кездесулерде Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.

Парламент депутаттарының Алматы облысының Іле ауданындағы кездесулерінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының ережелерін түсіндіруге баса назар аударылды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған Парламент депутаттары Қызылорда облысына сапары барысында Арал, Қазалы, Қармақшы жəне Жалағаш аудандарындағы сайлаушылармен кездесті.

Ақмола облысына сапары барысында сенатор Светлана Жалмағамбетова жергілікті өкілді жəне атқарушы биліктің активімен, Ақкөл, Аршалы, Жарқайың, Есіл, Бурабай, Астрахан, Бұланды аудандарындағы еңбек ұжымдарымен жəне жұртшылықпен кездесті.

Парламент Мəжілісінің депутаты Гүлмира Исімбаева Президент Н.Ə.Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында Алматы қаласының Əуезов ауданындағы «Экономика жəне статистика» ака-демиясында, №6 қалалық емханасында кездесулер өткізді.

Парламент Сенатының депутаттары Серік Ақылбай мен Юрий Кубайчуктің Қарағанды облысындағы жергілікті активпен жəне тұрғындармен кездесулерінің басты мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіруге ар-налды.

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,«Егемен Қазақстан».

Халықаралық көрмелер бюросы 2014 жылдың со-ңын да ЭКСПО-2017-ге қатысушы елдер мен ал-ғаш қы техникалық кезде-су өткізеді. Қазақстан та-ра пы на көрме өткізуге қа-тысты жайттардың бар лы-ғын түбегейлі əзірлегеннен соң əртүрлі елдердің жеке сектор өкіл дерін кезде-суге шақыруға мүм кіндік болмақ. Олар ЭКСПО көр-месін өткізуге көмектеседі. Ол үшін Қазақстан көрмені өткізудің жай-жапсары түгел түзілген тіркеу құжатын ХКБ-ға жіберуі тиіс. Тір кеу кезеңі өткеннен кейін біз келесі

жылдан бастап-ақ түрлі елдерді ЭКСПО-ға қатысуға шақыратын боламыз, деді ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес. Сондай-ақ, ол аталған жылдың соңына та-ман ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын елдермен шараның қалай жəне қандай формат-та өтетіндерін түсіндіріп, талқылайтындықтарын да на-зардан тыс қалдырмады.

Бас хатшының айтуынша, қазақстандық тарап тіркеу құ жат тамасын, құрылыс, тақырып, жар нама, ком-мерциялау, қала ның инфра-құрылымын дамыту, қаржы-лан дыру инвестиция лар, көрме нысандарын көр-меден кейін пайдалану сын-ды жоба ның əрбір саласы бойынша бағ дар ламалар

мен стратегиялар көр-се тілген құжат əзірлеуі қажет екен. Сонымен бірге, көрмені қа был дайтын қала Халықаралық көр мелер бю-росына оны сəтті ұйым дас-тыруға бағытталған негізгі іс-əрекеттерді сипаттайтын жəне олар дың орындалу мерзімін белгіленген көрме құжаттарының жиынтығын ұсынуы керек.

Еліміздің ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу мəртебесіне ие болғаннан кей ін жасалып жатқан жұмыстар легінің бұл тек ба-стамасы ғана деп айтуға бола-ды. Алдағы уақытта елімізді көрменің тіркеу құжаттамасын əзірлеп, оны ХБК атқару комитетінің алдында қорғау, Бас Ассамблеяда дауыс беру арқылы көрмені тіркеу сын-ды өзге де маңызды кезеңдер к ү т у д е , д е й д і ш а р а н ы ұйымдастырушылар.

Ж и ы н д а с ө з а л ғ а н Премьер-Министрдің орын-басары Қайрат Келімбетов Х К Б Б а с х а т ш ы с ы н ы ң іссапармен келуі еліміз үшін өте маңызды, Лоссерталес мырза тіркеу құжаттарын əзірлеу мəселелері бойынша кеңес беріп қана қоймай, со-нымен бірге, жалпы көрмені жоспарлауда айқын бағыт-бағдар беретін болады, деп атап көрсетті.

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Кеңес жұмысына Президент Əкімшілігінің жауапты қызмет-керлері, Үкімет мүшелері, Пар-ла мент палаталарының вице-спикерлері, орталық мемлекеттік органдар басшылары, барлық

деңгейдегі əкімдер мен олар-дың аппарат басшылары, мəс-ли хаттар хатшылары жəне т.б. қатысты. Айта кетерлігі, Ас та-наға жиналған аудан жəне қала əкімдерінің корпусы осыдан бір күн бұрын мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау бойынша тест те тапсырған еді.

Кеңесті ашқан Президент Əкімшілігі Басшысының орын-б а с а р ы Б а у ы р ж а н Б а й б е к Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тəуелсіздік жылдарын-да зор жетістіктерге жеткенін, халықтың табысы, əлеуметтік саланы қаржыландыру бірнеше есе өскенін, он мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылғанын атап өтті. Біздің еліміз қазір ұлтаралық жəне дінаралық тұрақтылықтың үлгісіне айналды. Бүгінгі күні көптеген əлеуметтік-экономикалық мəселелерді ше-шу үшін қажетті тетіктер жа-салып, қаражаттар бөлініп отыр. Соңғы он жыл ішінде орта лық-тан бөлінетін субсидиялар мен трансферттер көлемі он есе өсті. Моноқалаларды дамыту, ин -дустриялық-инновациялық да-му, жұмыспен қамту, тұрғын үй-ком муналдық шаруашылығын жаң ғырту жəне басқа да бағ дар-ламалар табысты жүзеге асуда. Осы мақсаттарға жүздеген млрд. теңге қаражат бөлінді, деді ол.

Бірақ Елбасы қол жеткен

жетістіктерге тоқмейілсімей, 2050 жылға дейін барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу туралы тапсырма берді. Осыған байланысты «Қазақстан-2050» С т р а т е г и я с ы м е м л е к е т т і к аппараттың қызметін барын-ша тиімді ету мен мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жасау

міндетін жүктеді. Үстіміздегі жыл осы міндеттерді орындаудың бетбұрыс жылы болғалы тұр. Əкімшілік реформаның ең бас ты мақсаты – мемлекеттік басқару аппаратының жұмысын əлеуметтік-экономикалық міндет-терді орындау үшін барынша жақсартып, оның халық сенімін ақтау жолындағы тиімділігін одан əрі нығайта беру. Біз халыққа жасалатын реформалардың тиім-ділігін дұрыс түсіндіріп, ұсы-нылатын қызметтердің сапа-сын қамтамасыз етуіміз керек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, халықтың мұң-мұқ-тажын өз проблемаңдай ұғыну керек, сонда құрмет те, тəртіп те болады, деді Б.Байбек.

Одан əрі Президент Əкімші-лігі Басшысының орынбаса ры мемлекеттік қызмет рефор ма-сының қандай бағыттарда жəне қалай жүргізілетіндігі туралы айтып берді.

Келесі сөз кезегін Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев алды. Ол негізінен жергілікті əкімдердің өкілеттігінің қалай бөлінетіндігі жəне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мəселелеріне тоқталды. Елбасының Жолдауында аймақтардың даму саясаты мəселесіне ерекше көңіл бөлінген, өйткені, барлық реформалардың сапалы түрде іске асуы жергілікті атқару органда-ры жұмыстарының тиімділігіне

байланысты, деп бастады ол өзінің сөзін. Одан əрі Үкіметтің Президент тапсырмасын орындау бағытында атқарып жатқан жұмыстары ту-ралы баяндады. Соның ішінде, орталықсыздандыру мəселесі бойынша орталықтан жергілікті орындарға 28 функцияның, об-л ы с т а р д а н о р т а л ы қ қ а 1 5 функцияның, облыстардан аудандарға 6 функцияның жəне аудандардан ауылдық əкімдіктерге 8 функцияның берілетінін атап өтті. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардағы барлық 5 мың функцияның 80 пайыздайы əзірге бұрынғы қалпында қалатындығы

айтылды. Функциялардың берілу мəселелеріне байланысты əкімдіктердің құрылымдарында, штаттық кестесінде жəне т.б. өзгерістер болатындығы да жеткізілді.

Үкімет қарастырып жатқан реформалардағы екінші басты мəселе ауылдық əкімдіктердің өкілеттігін арттыру екендігі атап өтілді. Бүгінгі күннің өзінде ауылдық округ əкімдіктерінің құзырына заңды түрде 29 функ-ция берілген. Сонымен бірге, ви-це-премьер ол ауылдық округтер əкімдіктері қызметкерлерінің штаттық кестесі тұрғындар са-нына, сонымен бірге, өңірдің е р е к ш е л і г і н е б а й л а н ы с -ты болатынын да атап өтті. Жиналысты жүргізіп отырған Б.Байбек Премьер-Министр орынбасарының баяндамасында аталған өзгерістер туралы нақты құжаттар үстіміздегі жылғы нау-рыз айының аяғында дайын бола-тынын хабарлады.

Үшінші болып сөз алған Эко-номикалық даму жəне сау да министрі Ерболат Досаев Елба сы-ның өткен жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Жер гі-лікті өзін өзі басқаруды дамы-ту тұжырымдамасын іске асыру ша ралары туралы баяндап берді. Министрлік 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын əзірлеп, оны Үкіметке енгізгені жеткізілді. Сонымен

бірге, ауыл əкімдерін сайлауды қоса алғанда жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі заң жобасы əзірлену үстінде екендігі белгілі бол-ды. Осы жұмыстар министрлік қ ы з м е т к е р л е р і н е н б а с қ а ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен жасақталған жұмыс тобының күшімен атқарылуда екен. Одан əрі министр заң жо-басына тереңірек тоқталып, оның ерекшеліктері туралы тереңдеп ба-яндап берді. Соның ішінде, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, алаңдар мен үйлердің тазалығы, а заматтардың қау іпс і зд і г і мəселесі де жергілікті өзін өзі басқару туралы заң жобасында қарастырылатыны белгілі болды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Əлихан Байменов 2012 жылдың 26 наурызында Мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі а р қ а с ы н д а Қ а з а қ с т а н д а мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қалыптасып, осы саладағы реформаның жаңа кезеңі жүзеге асырылуда екенін айтты. Одан əрі төраға осы жаңа заңның артықшылықтары мен оның халықаралық стандарттардың озық үлгілеріне сай келетіндігін жеткізді. Бүгінгі таңда заңды іске асыру бойынша 20-дан астам актілердің жобалары əзірленіпті. Соның ішінде, кешегі күні əкімдер тарапынан түскен кейбір ұсыныстар да қабылданатын көрінеді. Одан əрі Ə.Байменов мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусын жасақтаудың қағидаттары, ерекшеліктері ту-ралы баяндады.

Келесі болып сөз алған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ауылдық округтер əкімдерін сайлаудың кейбір аспектілері ту-ралы баяндап берді. Бізге бүгінгі жиналыстан алған əсерлері жөнінде айтқан сөзінде Батыс Қазақстан облысы мəслихатының хатшысы М.Құлшар мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың қажеттілігі толғағы жеткен мəселе екенін білдірді. Сондықтан да, бүгінгі жиынның маңызы өте зор, деді ол. Павлодар облысы Ертіс ауданының əкімі Ж.Шұғаев жи-налыстан өзі үшін өте пайдалы кеңестер алғанын жеткізді. Əрине, əкімдер корпусын бір сілкінтетін уақыт көптен бері жеткен еді, деді ертістік əкім. Оңтүстік Қазақстан о б л ы с ы ə к і м і н і ң а п п а р а т жетекшісі Б.Жылқышиев кешегі жиналыста əкімдер тарапынан өздерін толғандырған көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар алынғандығына риза екенін айтты. Ал Атырау об-лысы Индер ауданының əкімі Б.Сəрсенғали реформа барысын-да аудан əкімдеріне көптеген жаңа жұмыстар жүктелетінін сезінетінін, өзі ондай міндеттерді атқаруға дайын екенін мəлімдеді.-----------------------------

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Басќару аппаратын барынша тиімді ету – ґзекті мəселе

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында мемлекеттік қызмет жəне жергілікті өзін өзі басқаруды рефор-малау туралы берген тапсырмасына сəйкес осы мəселелерді қарастырған алғашқы жұмыс кеңесі болып өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер

стандарттарын бекіту жəне Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп

тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14

желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-ба-бына сəйкес қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлт тық Банкінің мемлекеттік қыз меттер стандарт-тарын бекіту жəне Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлық тары ның күші жойылды деп тану ту ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қа зақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 133-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жа-рияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 қаңтар. №465

ЭКСПО-2017

Дайындыќ жўмыстарына да жауапкершілік ќажет

Кеше елордада Халық аралық көрмелер бюро сы-ның Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес пен Премьер-Ми нистр дің орынбасары Қайрат Келімбетов БАҚ өкілдерімен бас пасөз мəслихатын өткізді. Шара мақсаты Астанада өткелі отыр ған ЭКСПО-2017 ха-лық аралық көрмесін ұйым дас тыру жұ мыстары бойын ша тіркеу құ жаттамасын əзір леу мен көр ме ні тіркеу үрдісі мəселелерін талқылау болды.

Page 4: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жылwww.egemen.kz4 Көкейкесті Ұлттық мектептің ұлы мұраты

Маќсат– дарынды тану, талантты таныту

Ұлт үшін ұрпақтан артық байлық бар ма?! Ұрпағын үкілеп үлгі етіп өсірген ұлттың рухы қашанда биік тұрады, тұғыры мықты болады. Оның іргетасын берекелі білім, ойлы тəрбие қалайтыны анық. Мұны дара данышпанымыз Абай анау ғасырда: «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес... балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма» деп, оқымаған бала: «... саған рахат көрсетер ме, өзі рахат көрер ме, я жұртқа рахат көрсетер ме?» деген еді айдай ақиқатты алдыңа жайып салып. Қазақ елі азаттығын алған күннен қилы кезеңдерді бастан өткере оты рып, ұрпағына қолдан келген жақсылықты жасауда. Соның ар қасында өтпелі дəуірдің

өткелінен сүрінбей, қалпымызды бұзбай өттік. Ол алғыр баланың бағын ашып, дарынды ұл-қыздың қанатын қатайтуға мол мүмкіндік берді. Мұның бəрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы-мен жүзеге асырылып жатты. Соның бір дəлелі, «Дарын» республи калық ғылыми-практикалық ор талығы еді. Бұл орталық жүз де ген талантты оқушының бо йын дағы білім мен білікті ашып, танытумен қа тар, олардың ғылым, экономика, мəдениет салалары бойынша қа білетін айқындап, болашағына кең жол сілтеуде. Біз осы орталықтың директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шолпан Қирабаеваны əңгімеге тартқан едік.

– Шолпан Ақашқызы, өзі-ңіз басшылық жасап отырған мекеме туралы, онда атқары-лып жатқан игі істер, келелі жұмыстар жайлы ой бөліссек деп едік.

– Мұндай жақсы ниетті құп аламыз. Орталық туралы айтпас бұрын күні кеше бүкіл ел өмі-ріндегі елеулі оқиға болып отырған Пре зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық Жол дауы, яғни «Қазақ стан- 2050» Стратегиясы – қалып тас-қан мемлекеттің жаңа саяси б а-ғыты» айқындалған кемел құжат туралы аз кем айта кет сем дей-мін. Бұл Жолдауда Ота нымыз-дың өткені мен келешегі айқын көрініс тапқан. Əсіресе, білім беру ісі мен ғылымды өркендеу жақсы дəйектеген. Елбасының жастарға деген арнау сөзі ұр-пақты сергектікке, серпінділікке жетелейді. «Бүгін мен жария-лаған Жаңа саяси жəне эконо-микалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да ла-йықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіс-сіздер», деген Жолдаудағы сөз-дерге сай қызмет жасау үлкен-кіші бəрімізге де парыз, əрі қарыз деп білемін.

Енді сұраққа келер болсам, уа қыт өтіп, жылдар жалғасқан сайын толқын-толқын ұрпақ ал-масып, білім саласындағы дəс-түр жал ғасу үстінде. «Дарын» орталығы Президенттің 1996 жылғы «Дарынды балаларға ар-налған мектептерді мемлекеттік қолдау жəне дамыту туралы» Өкімі негізінде Үкіметтің ар-найы қаулысымен Білім жəне ғылым министрлігі жанынан ұйым дастырылған еді. Барлық жұ мыс Отанымыздың «Білім ту-ралы» за ңына сай жүргізіледі. Енді «Дарын» орталығының мақ саты мен міндеттері туралы кейінгі толқын оқушылар хабар-дар болып жүрсін деп айта кетуді жөн көріп отырмын. Бі-ріншіден, дарынды жастар елі-міздегі əлеуметтік-экономика-лық өзгерістерге сай шығарма-лық əлеуетін іске асырып оты-руы тиіс десек, біз ондай жа-старды ел арасынан тап басып жазбай тану үшін жұмыс жасай-мыз. Екіншіден, оларды əлеу-меттік құқықтық, психология-лық-педа гогикалық жағынан қор ғап, демеп отыру басты мақ-сатымыз. Үшіншіден, сол та-лант ты жастардың білімін те-рең дету жолында мұға лімдер-дің, сала басшыларының кə сіби шеберлігіне дер кезінде мəн бе-ріп, заман талабына сай білік-тілігін жетілдіріп отыру бірінші кезекте тұрады. Төртіншіден, дарынды балалар мен талантты жастарды əлемдік білім кеңес-тігіне шығару жолындағы ха-лық аралық ынтымақтастықты да мыту мəселесі жан-жақты зер деленіп, сол бойынша қыз-мет атқару бас ты бағытымыз бо-лып есептеледі. Себебі, өрке ни-ет жолына түскен өркенді мем-ле кеттердің жастары мен біздің дарынды балалардың араласуы, өзара ынтымақтастықта болуы, білім сайыстарында жарысқа тү сіп, бəсекелестіктің бəсінен оза шауып көрінуге талпынуы, олардың болашағына кең жол ашары сөзсіз. Бесіншіден, сон-дай ел абыройына абырой қо-сып, білімдерімен өз гелерді там сандырған таланттарды жұрт қа көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен берік

байланыс жасау біз үшін үлкен міндет болып саналады.

– Елімізде дарынды бала-ларға арналған қанша мек-теп, өзге де құрылымдар бар?

– Отанымыз бойынша да-

рын ды балаларға арналған 115 мек теп жұмыс істейді. Оның 4-еуі республикалық, 52-сі об-лыстық арнайы мектеп-интер-наттар, 26-сы қазақ-түрік лицей-лері, үш тілде оқытатын білім ұялары – 33 десек, аймақтық орталықтар – 8.

– Енді өз мемлекетімізде, сол секілді дүниежүзі бойын-ша өтетін дəстүрлі халық ара-лық олимпиадалар туралы та-рата айтсаңыз, одан талапты жастар мол мағлұмат алар еді.

– Еліміздің ертеңі саналатын жас дарындарды балапандай ба-улып, қырандай қанаттандыру жо лында өткізіліп келе жатқан дəс түрлі олимпиадалар, ғылыми жобалар 15 пəн бойынша жалға-сын табуда. Ол Білім жəне ғы-лым ми нистрлігінің арнайы ере-жесіне сəйкес бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншісі – мектептік, екіншісі – аудандық, үшіншісі – облыстық, төртіншісі – респуб-ликалық. Егер төртінші шешуші сында I, II, III дəрежелі дип-ломға ие болған же ңімпаздар еліміздегі жоғары оқу орында-рына түсуге тағайындалған грант алу конкурсына қатысса, айтарлықтай жеңілдіктерге ие болады. Мұнымен қатар, «Да-рын» орталығы республикалық жəне халықаралық интеллек ту-алдық сайыстарды ұйымдас ты-руға да ұйытқы болып келеді. Оның қатарына 3-10 сынып ара-лығында жүргізіліп келе жатқан «Ақбота» интеллектуалдық ма-рафонын, «Кенгуру», «Орыс қон жығы» халықаралық ойын конкурстарын, тағы басқа да шараларды қосар едім.

Қазақ елінде жыл сайын үздіксіз өткізіліп келе жатқан дəстүрлі халықаралық олимпиа-далар: химия пəнінен Менделе-ев, Балқан жəне ТМД елдері түлектері арасында орыс тілі-нен, математика, физика жəне информатикадан Жəутіков, ма-тематика, физика, химия жəне биология пəндерінен Прези-дент тік, қазақ тілі жəне əдебиет негізінде «Қазақстан – атажұр-тым, қасиетім – ана тілім», сол секілді «Ғылым əлемін ашамыз» халықаралық ғылыми конферен-ция, «Астана Мерей» жас орын-даушы конкурсы, оқушылар арасындағы халықаралық гросс-мейстер Д.Сəдуақасов кубогына шахмат турнирі өзге де жүйелі жұ мыстарымыз бар.

Дүниежүзілік интеллектуал-дық жарыстар туралы сұраққа берер жауабым Отанымыздың дарынды ұл-қыздары халық ара-лық жиырма пəндік олимпиа-даға үзбей қатысып келеді. Та-лантты оқушыларымыз ма те ма-тикадан (Балқан, Батыс Қытай

жəне «Туймаада», Азия-Ты нық мұхит, «Жібек жолы»), физика-дан, информатикадан, химия-дан, биологиядан, географиядан болатын айтулы олимпиадалар-да бақ сынап, жүлделі орын дар-ға ие болуда.

– Осындай білім сайыста-рында өңіріне алтын, күміс, қола медаль таққан жүзден жүй рік, мыңнан тұлпар аз емес шығар.

– Əрине, ондай таза талант-тар ондап емес, жүздеп санала-ды. Осы орайда, ел өміріндегі елеулі оқиға ретінде ерекше атап өтерлік ірі жетістігіміз –2010 жылдың жазында, ТМД мемлекеттері ішінде алғашқы рет математикадан 51-ші халық-аралық олимпиаданың елордада өтуі дер едім. Төрткүл дүниенің 100-ден аса мемлекетінен келген дарынды жастар өз таланттарын талқыға салған сол олимпиадада Қазақ елінің оза шапқан жүй-ріктері үздік нəтижеге жетіп, бесінші орынға табан тіреп, үш алтын, екі күміс медальды қан-жығаларына байлады.

Жетістіктерді салыстырып айтар болсам, «Дарын» орта-лығы құ рылған алғашқы жылы бар болғаны 11 қола, 6 мақтау қағазына қол жет кізсек, бұл көр-сеткіш кейін кө бейе берді. Мы-салы, 2007 жылы 38 алтын, 57 күміс, 86 қола, сол секілді 2010 жылы алған алтын медальдың өзі 228-ге жетіп, ұзын саны 881-ді құрады. Үстіміздегі жылдың қарашасына дейінгі білім сайы-сында оқушыларымыз 888 ме-дальды иеленіп, халықаралық жарыста өздерінің қарым-қабі-летін ерекше танытты. Өткен жылдың бір айтулы жетістігі деп Те міртау қаласында төрт пəн бойынша, нақтылай түссем математика, физика, химия, био-логиядан болған V Пре зиденттік олимпиаданы айтуға болады. Бұл білім сайысы тұң ғыш рет он-лайн жүйесінде өтті. Осы-ның бəрі еліміздегі оқытуды жүйелі жүргізудің, ең бастысы адами капиталды дамытуға бі-рінші кезекте мəн берудің нə-тижесі деуіміз керек. 2011-2020 жылдарға арнаған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдар-ламасы барлық жұмыстары мыз-ға ұйытқы болуда. Бұл істе Білім жəне ғылым министрі Б.Жұ ма-ғұловтың қосқан үлесі мол.

Осы арада мына бір ойымды ортаға сала кетсем деймін. Қай мекемеде болса да шешімін күтетін мəселелер болады. Бізде де бар. Соның біріншісі деп, білім сайысынан жүлде алған таланттарды үздіксіз оқыту ме-кемесінің жоқтығы, екіншісі фи-зика, химия, биология пəнде рі-нен оқу-жаттығу ауысымында оқушылардың лабораториялық жұмыстар жүргізетін, тəжірибе өткізетін базасының нашарлығы дер едік. Əрине, мұның бəрі болашақта жүзеге асары, көш жүре түзелері анық.

Мемлекет басшысы Нұрсұл-тан Назарбаев өткен 2012 жыл-дың екінші жартыжылдығын да-ғы индустрияландыру картасын-да белгіленген инвестициялық жобалардың тұ сау кесеріне ар-налған жалпыұлт тық теле көпір-де ойлау қабілеті ерекше инно-ваторлардың бүкіл толқынын дайындау жəне жан-жақты қол-дау керектігін айтқан еді. Біз Елбасының осы тапсырмасына орай, білім мекемелеріндегі да-рынды оқушыларға алдағы уа-қытта жете мəн беріп іздеп табу жұмыстарын жалғастыра бере-міз. Олардың бойындағы қа рым-қабілетін ашу арқылы Ота ны-мыздың дамуына үлес қоса тын жастарды оқытып, тəрбие леу дəстүрінің алтын арқауы үзі л-мейді деп батыл айта аламын.

ƏңгімелескенСүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.

Қайрат РАЕВ,филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Мен Нұрмаханбет ағамен кез-дейсоқ танысып қалдым. Əмбе-бап қасиеттерін таныған сайын оның азаматтық тұлғасы да көз алдымда биіктей берді...

... Ауыл іргесіне егіс алқа бы-на химиялық тыңайтқыш себетін АН-2 ұшағы келіп қон ғанда 5-6 жасар ойын баласының жүрегі атша тулап, елеске бергісіз күй кешкен. Сол сəтте оған əлдебір ішкі түйсік бүкіл өмірінің дəл осы бір аспанда ғана жүретін қанатты пы раққа байлаулы екенін сезіндір ген-ау, сірə. Өйткені, ол 4-сыныптан бастап мектеп жаны-нан ашыл ған шағын авиа модель-дер жасайтын үйірмеге жазылды.Сөй тіп, ол өз қиялындағы ұшақ-тарды өзі құрап, жасауды үйренді. Ба ла лық əуестікті бірте-бірте саналы қызығушылық ал-мастырды.

Осылай бірте-бірте оның тіле-гі спорттық авиаға ауа бастады. Алайда, кешегі кеңестік дəуірде

орыстан басқаға есігі жабық авиа əлеміне ену оңайға соқпады. Мек тепті үздік бітірген Нұрма-ханбет Ресейдегі КВВАУЛ авиа-ция мек тебіне қатарынан төрт жыл емтихан тапсырады. Алғаш-қы емтихан кезінде болашағым тек өзімнің ғана білімім мен білігіме байлаулы деп санайтын темірдей сенімге селкеу түсіретін жайттардың да көп екенін түсін-ді. Жыл сайын түрлі «кемшілік» тауып отыратын комиссия құра-мындағы сарапшыларды талап-кер дің алған бетінен қайтпайтын қайсарлығы таңдан дырды. Олар-дың арасында ұшақ инженері, жөндеуші-механик м а мандығына баруға үгіттегендер де, ал ұш-қыш-сынақшылыққа тек өз қа н-дастары ғана алынатынын емеу-рінмен білдірген, кейде тіпті ашық айтқандар да болды. Төр-тінші жыл дегенде олар «өткір кез діктің қап түбінде жатпайты-нын» еріксіз мойындады. Жігерлі жасты жыл сайын жетелеп келіп жүрген балалық қиял емес, жа-лынды ті лек, шынайы шешім екенін сезінді. Сөйтіп, 1979 жы-лы ол Мясников атындағы КВВАУЛ-ға (Качинск жоғары əскери авиация ұшқыш тары училищесіне) қабылданды.

Аудиториядағы оқуынан бө-лек күндіз-түні тынымсыз өтетін жат тығулардың бірде-бірінде ол шар шағандық байқатпайтын. Топ тас тарының арасында оқ бойы озық жүретін болашақ ұш-қыш-сынақ шының алдынан ке-дер гі аз кез дескен жоқ. Бірақ, соның ешбірі де оның биікке ғана ұмтылған қиял қанатын кері сер-пе алмады. Керісінше, жаныған сайын өткір лене түсетін алмас қанжар секілді қайралып, қай-раттана берді.

Елге оралып, өзі сүйген ма-ман дығымен құлшына айналыса бастаған сонау бір жалынды жыл дары Кеңестер Одағының қа-ма лын қиратқан заманға тап келді. Одақ тұсында темірдей тəртіпке бағынған салалар сеті-неп, ыдырап, ұстағанның қолын-да, тісте ген нің аузында кетті. Қалтасы қа лыңдардың асығы ал-шысынан түсіп, қалағанын қар-мап қалып жатқанда, нағыз ма-мандар тасада қалып қойды. Со-ның салдарынан елдегі əуе спор-ты саласы да «құр дымға кетті». Бірақ, бойына да ры ған асқақ рух пен жалын даған жігер жолда қалдырмады. Бала күннен сана-сына сіңген əділдікке деген сенім мен барлық ойла ры ның əйтеуір бір күні орындаларына деген үкілі үміті талай сын сəттерде медеу болды. Оған қоса Елба -сының да бір кездері ұшқыш бо-луды армандағанын естігенде, оның тек ел иесі ретінде ғана

емес, қолында билігі бар Адам ретінде өзі өмір бойы аңсаған сол асқақ мұратқа қаракөз қазақ ба-ла ларының қолдары жетуі үшін бар мүмкіндікті жасайтынына сенді.

1989 жылы Қазақстанда əуе спортының соңғы чемпионаты өткен еді. Одан кейінгі он бес жылда жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Нұрмаханбет өмір ағымымен əртүрлі салаларда өз мүмкіндігін сынап көрді. Бала күннен бойға сіңген биік жауап-кер шілік, бастаған ісін аяғына де-йін жеткізетін, дана қазақ айт қан-дай, «жолында жүк қалдырмай-тын нар» болмыс оны қай салада да абыройлы етті, еткен еңбегінің нəтижесін де көрді, жемісін де жеді. Мəселен, сəулетші-архитек-тор мамандығын алған ол рес-пуб ликалық «ОТАУ» құрылыс-жо ба лау ұйымының директоры болып еңбек етіп жүр. Оның жо-балары бойынша Алматыда «Ал-тын Орда» сауда базары ның жанындағы «Апорт» сауда кеше-ні, «ZIEB FART» машина-техника Сауда үйі, «Эфес» сыра зауыты, Жастардың шығармашылық орталығы салынды. Оңтүстік ас-

тананың сəнін келтіріп, салтана-тын арттырған Науаи көшесін-дегі, Алатау бөк те ріндегі жəне «Байсерке» елді ме кеніндегі кот-тедж қала шықтарын дағы талай таңға жа йып тұрғын үйлер де Нұр ма ханбеттің таңдай қақтырар талға мының же місі. Қазақста н-ның өзге де қалала рында сəулет-кер Нұр ма ханбет Əб дірах ма нов-тың қиялы нан туып, жұрт шы-лықтың игілі гіне айналған əсем ғимараттар аз емес. Мəселен, Жаркенттегі сұлу ғимарат – «Хан шатыры» қонақ үйі, «Родник» қо-нақжай кешені, Луговойдағы «Алрай», «Суконый комбинат» тойханалары есте қа лар лықтай сауық орындарына айналды.

Бір қарағанда, кез келген сəу-летші армандайтындай жетістік-терді місе тұтуға болатындай кө-рі неді. Бірақ қолына қалам алса-ақ болды, бала арман менмұн да-лап бой көтереді. Қаламы қайта айналып, сол арманның жетегіне ереді. Қағаз бетіне əуежайдың, аэроклубтың сызбалары қонақ-тай бастайды. Талғампаз сəулет-шінің дарыны мен өз мақсатына жеткіз бей тынбайтын табанды-лы ғы бая ғы бала арманның биігіне тоғыс ты. Жай тоғыспады, əлемнің ең озық елдеріндегі мүлде жаңа тұр патты құрылыс кешендерінен кем түспейтін, əрі заманауи, əрі ұлт тық негіздегі əуе клубының көз қызықтырар кеше-нін дүниеге əкел ді, авиа спорт ұшақтары қона тын əуежайдың өзгеге ұқсамай тын дара жобасын тудырды. Ақыры ол өзі сүйген салаға қайта оралды.

Ешкімнің көмегіне емексіген жоқ. Сөйтіп, 2004 жылы əуе спорты бойынша «Ұлан» коман-дасын құрды. Жоғары пилотаж бойынша Қазақ КСР-інің бұрын-ғы құрама командасының мүше -ле рі, энтузиаст-пилотаждар Н.Əб -ді рахманов, М.Т.Мұсаев, А.В.Ма-монтовтар тізе біріктіріп, ұлттық команда ның іргетасын қалады.

Осынау қауымдастықтың бір -лігі нəтижесінде ЯК-52 кластық əлем чемпионаты жарияланды. Ал ғашқы чемпионат 2008 жылы тамыз айында Ресейдің Ново сі-бір қаласында өтті. Бұл жарыста Ресей ұшқыштары топ жарды.

2009 жылы ЯК-52 кластық əлем чемпионатына қатысу шы-лар Литва елінің Паневежис қа-ласы нан 16 шақырым жерде орналас қан «Рою най» жеке мен-шік аэродромында тоғысты. Бұл шара Əлемдік жо ғары пилотаж федерациясы мен Литваның ұлт-тық аэроклубының «Адам-Құс» атты қоғамдық қоз ға лысының қолда уы мен ұйымдас ты рылды. «Адам-Құс» қозғалы сы ның негі-зін қалау шы – литва лық ұшқыш Витаутас Лапенас. Оның басты

мақсаты əлемнің ең үздік жоғары пило таж дарының басын бірікті-ріп, тəжі рибе алмасу, элиталық авиа спор тының адамзат қоға-мындағы мəр тебесін көтеру бол-ды. Бұл чем пионатқа əлемнің ең таңдаулы 23 ұшқышы қатысты. Олардың ішін де Бельгия, Литва, Ресей, Украина, Финляндия, Эс-то ния елдері мен бірге Қазақстан ұшқыштары да бар еді.

ЯК-52 – оқу-жаттығулары үшін арнайы жасалған спорттық монопланды ұшақ. Ол ұшқыш-тарды үйретуге жəне шынықты-руға ар налғандықтан екі кабина-лы болып келеді. Алдыңғы каби-нада үйре нуші, ал артқы кабина-да шебер лікке үйрететін кеңесші-ұшқыш отырады. Ұшақтың күші – 360 аттың қуатына тең, ал жылдам дығы сағатына 360-400 шақырым. Қанаттары төмен ор-на ласқан, əуеге көтерілгенде үш доңғалағы бірдей жиналатын бұл ұшақта өнер көрсету үлкен сын.

Литвада өткен осы жарыста бұрынғы Кеңес Одағы құрамын-дағы елдерден келген ұшқыштар көш бастады. Мəселен, 1 жəне 3 ор ынды Ресейдің, 2-орынды Лит-ваның иемденуі заңды да еді.

Қызыға да, қызғана да қарайтын құбылыс бұл. Барын бағалай ала-тын ел барда, сүйейтін қуатты күш бар жерде сүйінуге тұрарлық жеңіске қол жеткізу мүмкіндігі арта түсері хақ.

Сонау бір замандарда ұлы Шоқан Уəлиханов қазақ баласы-ның қиялға жүйрік болуының бір себебі, оның далада туып, көк аспанға көз тігіп ержетуінен деп көрсетеді. Ендеше, өзінің ұлттық болмысына тəн осы қасиеттер бүгінгі жас түлектер үшін де жат емес деген ой оған күндіз-түні маза бермеді. Бар ойы кешегі өзі секілді аспанды аңсайтын бала көңілдерге демеу жасап, олардың өз елінде авиациялық білім алып, көкке қанат қағуына қайтсем көмектесем дегенге ауды. Біздің еліміздегі кеңестік кезеңнің өзін-де əлемді дүрілдеткен дүлдүл-дердің басын қосып, өмір тəжі-рибелері мен біліктерін жастарға аманат етіп қалдыруына жағдай жасау дың жолын қарастырды. Бірақ, қазақтың кең жазира дала-сынан ұлттың келешегі үшін ұлт -арақтай жер ала алмай пұ шайман күйге түсіп жүрген жайы бар.

Қазақстанның ардагер ұш-қыш-нұсқаушылары Үкімет тара-пынан Н.Əбдірахмановтың өз қолымен дайындаған əуежайы мен аэроклуб кешенін салуға, он-да арнайы білім беруге қажетті қаржы бөлін се, олар да өз күші мен тəжіри бе лерін жас буынға беруден аянбай тын дықтарын ай-тады. Жоғары пилотаждан Ха-лық аралық жарыс тар ға қатыса-тын жас буынды оқы тып, тəр-биелейтін арнайы құры лыс ке-шенінің (оқу-жаттығу корпуста-ры, бассейндері, ұшу-қону алаң-дары, ашық мұражайы, ұшақ тұрақтары, қонақүйлері мен де-малыс жайлары кіретін кампус-тың) сызба-нұсқасы дайын тұр. Лауазымды орындарға жолдаған өті ніш тері құрғақ сөз емес, алым-ды ой, берік шешімдерге, нақты ұсы ныстарға негізделген. Нұрма-хан бет сынды білікті маман болашақ ұшқыш тарды тəрбие-лейтін аэро мектептің оқу жүйе-сін ғана емес, оның бүкіл база-лық аумағын, құрылыс кешенін, онда орналасуы тиіс ғимараттар мен алаң дарды нақты жоспарла-ды, ең бастысы, олардың бəрінің жобаларын өзі жасады. Нəти-жесінде «Ұлан» деп аталатын əуежайы бар білім кеше нінің жо-басы дүниеге келді. Финляндия мен Герма нияның ұшақта рын өзі барып Қазақстанға алып келді. Ұшақ құрылысын түбегейлі же-тіл дірді. Оның бұл əрекеті əлем-дегі өз əріптестерін таң қалдыр-ды. Енді Аэроклуб кешенінің са-лынуына қажетті жер телімі Ал-маты облысының Жамбыл ауда-

ны аумағынан бөлінсе деп арман-дайды. Жоғары пилотаж бойын-ша Қазақстанда халықаралық деңгей дегі чемпионат өткізілетін күн туса, Қазақ авиа спортының жас тол қынын тəрбиелеу үшін авиа-шоулар, авиациялық мереке-лер жүйелі түрде өткізіліп отыр-са, деген тілектері тыңдайтын құлаққа жетеді деп сенеді.

Ардагер ұшқыштар 20 жыл бұ рын ғана туын тіккен тəуелсіз ел дің, Қазақстанның, болашақ Əуе клубын құруға қатысты бір-қатар мəселелерді мемлекеттің қолда уы мен оң шешіп алсақ деп армандайды. Оған өз бойларын-дағы рух пен жігердің жететініне сенімді.

Айтқандай, рух демекші, қиын дыққа мойытпай алға жете-леп келе жатқан өз ісіне деген шексіз махаббат дəл бүгінгі күнгі жасқа да, жасамысқа да ой са-ларлықтай ерлікке барабар іске себеп болып еді. Жекеменшік аэроклубтың мүшесі бола тұрып, Нұрмаханбет бастаған топ əлем чемпионатына қатысты. Кемең-гер жұртымыздың «сұңқар жемін шашып жейді, құзғын астына ба-сып жейді» дейтін көреген түйіні бар емес пе?! Чемпионатқа бару-ға жұм салған барлық шығынын өзі көтеріп Нұрмаханбеттің бұл қада мы осы бір аталы сөздің айқын дəлелі еді. Жарыста ұлт-тық ко ман д аның абыройы аспан-дады. Литвада өткен 2008 жылғы əлем чемпионатында олар тек қазақтың ғана емес, тұтас Азия құрлығынан қатысқан жалғыз ко-манда ретінде бүкіл азиялық тар-дың туын көтер ді. Əлем үздіктері қатарында олар төртінші орынды иемденді, ал құрама командадағы жалғыз қазақ та, сол команданың басшысы да Нұрмаханбеттің өзі болды.

«Ұлан» командасы өзі құрыл-ған нан бергі жылдар аралығында əр түрлі деңгейдегі халықаралық жа рыстарға қатысты. Ішінде 1 алты ны да бар 9 түрлі медальға ие болды. Олардың кəсіби деңге-йін ҒАІ – Авиа циялық спорт түрлері нің ха лық аралық федера-циясы мойындады.

«Ұланға» арасында Азамат-тық авиация комитеті, Қазақстан Рес публикасы Көлік жəне комму-никация министрлігі, «Отан» қо-ғамдық ұйымы тарапынан бір-шама қолдау көрсетілді. Пило-таждардың спорт тық жəне оқу-спорттық поршеньді ұшақтарға арналған жеке меншік паркі де бар. Бірақ, бұл əлемдік өркениет-ті межеге бет алған Қа зақстан үшін жеткіліксіз. Өйткені, тəжі-ри белі ұшқыш-нұсқаушылар өз тілекте рін ғана көксеп, ұшу ба-қытын сезінсек болды дегеннен аулақ. Олардың басты мақсаты – жиған тəжірибелерін жас ұрпаққа аманаттап, өздерінің соңында ел намысын қорғайтын жас қыран-дар ды баулитын, ұшудың қыр-сы ры на үйрететін жол қалса дейді. Өздері секілді бала күннен көкке ұшуды көксейтін жаңа за-ман балаларының арманы аяқсыз қал маса деп алаңдайды.

Нұрмаханбет Ыдырысұлы Əбді р ахманов – бүгінде авиация спортынан əлемнің ең үздік ма-мандары мойындаған, бағалаған танымал тұлға. Ол – «Адам-Құс» төсбелгісінің, «Əлемдік чемпио-нат тың қатысушысы» жəне т.б. медальдардың иегері. ҒАІ – Авиа циялық спорт түрлерінің ха-лық аралық федерациясының пре-зи денті Нике Хойер Нұрекеңді «Қа натты адам» деп бағалапты. Литвалық Казис Антанавикус пен Елтонас Мелексис «көк қы раны» десе, украиндық шебер Иван Би-ластың пікірінше, «Нұр ма ханбет-тің ұшағының винттері де өзін -дей шебер». Ал, аэро клу бының прези д енті Малтти Мек линннің Нұре кең талантына ғана емес, халқына қызмет етсем деген қа -сиетіне бас иіп, «өз еліңнің бағы-сың» дегені де ой саларлық сөз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың «Қазақстан – 2050» Страте-гиялық бағдарламасында айқын-дал ған еліміздің даму жолында отандық авиация салаларының да алар орны бөлек. Ендеше, əлем биігіне Тоқтар, Талғат сынды алыптарды, Нұрмаханбет секілді дарындарды ұшырған қазақ жұртының болашағын ары қарай жалғайтын, жасампаз келешегіне сеніммен қарайтын, оған бар мүмкіндікті жасайтын дəрежеге жеткенін бүгінде əлемге мойын -датқан Қазақстанның ендігі жер-де элиталық авиация спорты сын-ды үлкен саласының да жанданар күні алыс емес деген ойдамыз...

АВИАСПОРТƏзірге ол жеке адамдар кїшімен єана ґрістеп келеді

Page 5: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жыл www.egemen.kz 5Орынборда осы оқиға сөз болған

шығар, жылнамада Əбілқайыр мен Абы-лай Ресейдің бекіністер тұрғызуына қарсы еместігін, алайда əзірге мұндай қа дам нан бас тартудың дұрыстығын, өйт кені, дала қазақтарының бəрі бір дей Ресейдің қарамағында болуды қала май-тынын жеткізді делінеді. Бұл ұсыныс та, қазақтың екі билеушісінің жоңғар шапқыншылығынан қорғау туралы өтініші де қабылданған.

1740 жылы орыстар тағы бір импе-ра тордың таққа отыруын тойлады. Ре-сей енді Иоанн Антоновичтің ашса ала-қа нында, жұмса жұдырығында болды. Ол қазақ-жоңғар соғысына айтарлықтай мəн берген жоқ. 1741 жылы тақтан тай-дырылып, Елизавета Петровна билікке келді. Сол жылы Галдан-Церен Арқаға жетіп, Абылай сұлтанды тұтқындайды. Сұлтан Ресейдің тікелей араласуымен 1743 жылы ғана босатылған. «Галдан-Церен отпус тиль изь плена султана Аблая по просьбе русских властей», делінген «Историческая справкада».

Сол жылы Омбы мен Орынбор маңын-дағы қазақтар орыс бекіністерінің маңын шауып, біраз ереуілдейді. Осыған байла-нысты 1744 жылы Омбы бекінісі казак-тармен күшейтілсе, Орынбор жаңадан құрылған губернияның орталығы болып бекітіліп, Тобыл мен Тар арасында пошта байланысы орнатылады.

1745 жылы Галдан-Церен қайтыс бо-лып, орнын баласы Цебен-Дорджи баса-ды. Жоңғарлар айбынды қонтайшысынан айырылып, ендігі күндердің не əкелетінін білмей алаңдаған аумалы-төкпелі шақ туады. Ағайындылардың арасында соңы қантөгіске ұрындырған алауыздық бас талады. Таққа отырған соң Цебен-Дорджи түбі маған қарсы шығады-ау деп күдіктенген бауырларынан бірте-бірте арылуды ойлаған. 1750 жылы інісі Цебен-Джайылды өлтіреді. Келесі кезек өзінікі екенін білген кіші інісі Ламай есебін тауып Дорджидің көзін жояды. Қолын қанға бояған жаңа қонтайшы Тобылдағы губернаторға елші жіберіп, Ресей императорының ықыласын ауда ру-ды қарастырып жүргенде, туысы Давад-цының қолынан мерт болады.

Осылай жалғасқан зұлымдықта шек жоқ сияқты еді. Қонтайшылықтан дəмесі бар Амурсана тайшы Жоңғарияны тұтас билеуді көздеп, Қытаймен астыртын ке-ліс сөз жүргізеді. Сол жақтың талабымен Давадцыны байлап береді.

Алып елдің тізгінін қолына ұста ған-дардың түпкі ойы жоңғарлардан біржола құтылу болатын. Алдымен Амурсананың иелігіндегі жерге Шəуешек қаласын са лып, соңғы қанды жорыққа мұқият дайын далады. Мұны сезген Амурсана қар сы көтеріледі, бірақ қалың қытай күйрете соққы береді де ол қазақ даласы-на, Абылайға қашады. Сол 1756 жылы Амур сананың ереуілін сылтау етіп, Қытай жоңғарларды бала-шағасымен қосып қырып салады. «Китайцы избили до миллиона джунгаровь, не разбирая ни пола, ни возраста», – деп жазады жылна-машылар.

Ұзаққа созылған жоңғар дүрбелеңі осылай қайғылы аяқталды. Əуелде ежелгі жерінен сырғытқан Қытай қазаққа əлі жет-пей атамекеніне қайта оралған тағдыры қиын халықты жойып жіберді.

Ал Қазақ елі басына іс түскенде əупі-рім мен тізе қосқан хан-сұлтандардың, жойқын батырлар мен билердің күш-жігерімен алапат апаттан аман қалды. Жоң ғар жер бетінен өшті, Ресей Үш жүз дің бірінен соң бірін қосып алып, іш ке асықпай еніп келе жатты. Қытай Ал ты Алашқа баса көктеп жетіп келуге Ресейден сескенсе, екінші жағынан Шы-ғыс Түркістанды басып қалып, соған тоят-тап отыруды жөн көрген.

Мəскеу енді исі қазақтың билігін рес-ми қолға алуды қарастырады. 1749 жылы хандарға жалақы тағайындалады. Сол жылы Нұралыны сұлтан етіп бекіткенде жылдық айлығын да белгілеген, алайда бізге белгісіз себептермен төлемеген. Оған мұндай қаржы арада алты жыл өт-кен де, 1755 жылы беріле бастайды.

Мұндай əрекеттерге Қытай да барған. 1757 жылы Абылай мен Əбілфайыз сұл-тандарды шақырып, князь атағын алған-дары туралы куəлікпен марапаттап, ба-ғы ныштылық шарттарын қолдарына ұстатады. Аждаһалы ел императорының талабымен Абылай қытай саудагерлерінің қазақ жеріне келуіне тосқауыл қоймайды. Сол жылы Қытайдың арнайы тапсыр-масымен Семейге келген бір топ адам тұт қындағы жоңғарларды құл ретінде сатып жүріп, қазақ сұлтанына кісі сала-ды, Амурсананы ұстап беруді өтінеді. Жоңғардың соңғы қонтайшысы бұл кезде ауырып көз жұмған болатын.

Осының бəрінен жақсы хабардар Ресей қазақтың жерін қарулы қамал дар-мен қоршап алу шараларын қайта жал-ғастырады. Орынбор өлкесінің бастығы Неплюевтің ұсынысымен Ертістен Зай-сан ға дейін бекіністер салуға кіріседі. 1752 жылы тұрғызылған Петропавл қамалы одан əрі нығайтылып, Ертіс пен Орынбордың арасында салынуға тиіс бекіністерге қатысты барлық жұмыс сол жерде басқарылып үйлестіріледі.

Бұл кезде Қытай да əрекет үстінде еді. 1755 жылы полковник Грань Қытайдың Алтай қазақтарын қосып алу үшін ел ішіне үгітшілерін қаптатып, Ресейге қарсы насихатты күшейткенін Мəскеуге хабарлайды. Мəскеу дереу Қытаймен

Орынбордың губернаторы Рейнсдорф Сібір линиясының бастығы генерал Огаревпен келісе отырып, Абылайдың орнына хан тағайындау үшін қазақтың басқа бір сұлтанын тауып əзірлеу жөнін-дегі жарлыққа қол қояды. Бірақ бұл ұйғарымды жүзеге асыру оңайға соқ-пайды. Сұлтан атаулы көзі тірі Абы-лайдың орнына хан болудан бас тарта-ды. Қаһарлы хан 1781 жылы Түркістан қа ласының маңында көшіп-қонып жүріп дүние салады. Халық құрметтеп Қожа Ахмет Ясауидың мавзолейіне жерлейді. Елдің азаттық тарихында ерекше тұлғаға айналған ханмен бірге қазақтың өжет ғасыры да баз кешкен еді.

Ресей Ұлы Даланы орыстандыру шараларын күрт күшейтті. 1782 жы лы Тобылдың ресми мүмкіндіктері көбей-ті ліп, Қостанай, Ақтөбе өңірлеріне осы жерден христиан жəне орыс мəдениеті миссионерлері аттанып жатты. Облыс орталығы болған Том шаһарында қазақ жастарына орысша білім беріліп, ресейшіл буынды қалыптастыру жүйесі жоспар-лы жұмыс істей бастады. Орынборда қазақтардың мінез-құлқын, дəстүрі мен дінге ықылас-ынтасын зерттейтін ерек-ше шекара экспедициясы жасақталды. Ол уақыт өте келе өз алдына бөлек ғылыми құрылымға айналды.

Осы 1782 жылы Петропавлда гене-рал-поручик Якоби Абылайдың баласы Уəлиді хан деп жариялады. Жаңа ханның ұсынысымен Сібір линиясында мешіттер салынды. Олардың жанынан медреселер мен керуен сарайлары бой көтерді.

Уəли де əкесі секілді алған бетінен қайт пайтын. Ресей империясының Сібір жəне Орынбордағы губернаторы на дес бермейтін сыңай танытады. 1771 жылы Абылайхан басып алып қоластында ұста-ған түркімендерге ерік беру жөніндегі бұй рықты орындамайды. Соған сəйкес Ресей арнайы əскери экспедиция шы-ға рады. Уəли жағдай ушығатын болған соң көнеді.

Осы жылы Əбілмəмбеттің ұлы Əбіл-файыз хан көз жұмды. Ресейден бұрын

Тар бағатайда ботаникалық зерттеу жұмы-сы жүр гізіледі.

Корниловтың баспаханасында корнет Панкрат Сумароковтың редакторлығымен «Библиотека ученая, экономическая, нраво-учительная, историческая, уве-сительная в пользу и удовольствие вся-кого звания читателей» деген журнал басылып шығады. Оның қанша уақыт жарық көргені белгісіз. Атына қарап Сібір мен қазақ тарихына қатысты дерек-тер беріліп тұрған болар деп топшылай-мыз. Сондықтан Тобыл архивінен тауып, кəдеге жаратсақ, артық емес.

1792 жылы қазақ хандарын сайлау мен ұлықтау тəртібі бекітілген. Енді халық төл ханын өзінің дəстүрі бойын-ша сайлау мүмкіндігінен біржола айы-рылады. Ресейге ұнаған адамның ғана ел билей алатыны белгілі болады. Бəлкім наразылық танытқаны шығар, басқа да себептері бар болуы мүмкін, Уəли хан 1794 жылы Пекинге елші жөнелтіп, Қытай боғдығанына бағынатындығы туралы хат тапсырады.

Бұл күтпеген тосын шешім еді, ел іші дүрлігеді. Жақсылар мен жайсаңдар ке-ңесе келіп, ханның бұл əрекетін ха лық-ты қорлау деп біледі, Ресей патшасынан Уəлиді тақтан тайдыруды талап етеді.

Аталған талап-тілекті император əкім ші лігі қабылдамаған. Ханды тақтан бездірудің орнына басқа жол таңдалады. Уəлидің билігі əбден шектеледі, ол енді өзіне кесіліп берілген жерден басқа маңға көшіп қона алмайды. Кең сарай тү гі лі күрке салса да патша ағзамнан рұқ сат сұрайды. Ел ішінің дау-дамай-ына төрелік айту билерге жүктеледі. Хан ның үстінен əлсін-əлі арыз-шағым ұйымдастырылып, тексеріс көбейеді. Уə-ли қуыршақ билеушіге айналады.

1796 жылы Боғдыхан Цзянь-Лунь қартайған соң орнына баласы Цзя-Цинді отырғызады. Уəлидің Пекинмен байланы-сы үзіледі.

Бұл кезде орыс патшасы да өзгерген болатын. 1796 жылғы қарашада Павел бірінші император ретінде ұлықталды. 1801 жылдың наурызына дейін билік жүргізген ол Ресейдегі ұсақ ұлттардың өмі ріне айтарлықтай өзгеріс енгізе қой-ма ған, азын-аулақ əкімшілік реформа жасаумен шектелген.

1796 жылы империяда 41 губерния жаңадан бекітіледі. Соның ішінде Сі бір-дегі екі губерния: Тобыл мен Иркутск гу-берниялары бар.

1797 жылы қазақтардың иелігіндегі да лалық жерлер есепке алынады. Мұ-сыл мандардың арасындағы идео логия-лық насихат жұмысы туралы мəселе қа ра лып, олардың діни сезіміне тимеу, хрис тиан дініне сабырмен бейімдеу ке-рек деген ұйғарым жасалады. Алғаш рет араб тіліндегі Құран кітабы басылып шығарылып, ел ішінде сатылады.

Осы жылы генерал-майор Новицкий Обь жəне Енисей өзендерін канал арқылы қосу жобасын ұсынған. Бұл канал Тым жəне Сым өзендерін жалғайтын еді. Оның екеуі де Обь пен Енисейдің суы мол сағалары болатын.

Император жобамен танысып шығып қолдайды. Су коммуникациясының ди-ректоры Сиверске жүзеге асыру тапсыры-лады. Алайда жобаның ауқымдылығы мен күрделілігінен жасқанған ол жұмысты бастауға асықпайды, жоба қағаз бетінде қалады.

Новицкийдің бұл ойын бертінде, біз-дің заманымызда Мəскеудің бұрынғы мэ-рі Лужков та қарастырған-ды. Оның ұсы-ныстары да əңгіме болудан əрі асқан жоқ.

1798 жылы Орта жүз қазақтарына Сі-бір ді жаз жайлауға мұрсат етілді. Пет ро-павл қаласында орыстар мен қазақтардың арасындағы дау-дамайды қарайтын ше ка-ралық сот іске кірісті.

1799 жылы Ресейдің боданы болған қазақтардан кеден салығын алмау жөнінде бұйрық берілді. Соған қарағанда, Үш жүз-дің хан-сұлтандары орыс патшаларына тағзым еткенімен, халықты империяның қол астына алуға, орыс заңдарына жаппай бағындыруға Ресей асықпаған секілді.

Осы жылы қазақ даласының орталық жəне солтүстік өңірлерінде қыс қатты болып, мал көптеп қырылады. Көктайғақ пен қалың бораннан талай ауыл жүген-құрық ұстап қалады. Тобыл мен Иркутск губернаторлары жұтаған елге көмек беру шараларын қарастырады.

1800 жылы христиан дінін қабыл-да маған қазақтар мен олардың бай-сұл -тан дарына қысым көрсетуге тиым са-лынған. Бұған дейін олардың орыс қала-ларына баруына түрлі сылтаумен кедергі келтіретін, сауда жасауға рұқсат беру де қиындатылған еді.

Осымен бірге қазақтардың импера тор-ға пошта арқылы хат жолдауына бұ рын-ғыдай тиым салынбайтын болды.

1800 жылдың тағы бір жаңалығына тоқ талсақ, қазақтарды егін салуға үйрету қолға алынды. Генерал Нефедьевтің ұсы-ны сымен елге диқан кəсібіне бейімдейтін арнаулы топтар аттандырылды. Бұл əре-кет тің ішінара нəтижесі де болды. Қызыл-жар, Қостанай, Ақмола аймағы байырғы тұрғындарының арасында егіншілікті кəсіп етуге бекінгендер табылды. Кейін олардың қатарына басқалары да там-тұмдап қосылды.

Осы жылы Сібірді жазда жайламақ болған қазақтарға арнайы алым-салық тағайындалды. Жер-су үшін 100 малдан (қой, сиыр, жылқы) бір бас төлеттірді.

Ресей үкіметінің Бөкей ордасының ше-карасын жауып, Кіші жүздің қазақтарына онда көшіп баруға тыйым салған өкімі күшін жойды.

шекараны бекітіп, Алтай қазақтарының бас көтерер азаматтарына сый-сыяпат үлестіреді. Қытайдың бір миллионнан астам жоңғарларды қалай қырғанын ай-тып шошытады.

Пекин болса, қаракетін тоқтатпаған. 1758 жылы Іле облысында Құлжа қа-ла сын салып, қазақтарды сауда жəне ке ден жеңілдіктерімен қызықтыруға көше ді. Кіші Бұхараға əскермен барады. Ондағы ойы Қытайдың аса қуатты екенін маңайына аңғарта беру еді. Алайда қатты қарсылыққа тап келіп, кері қайтады.

Ресей бұған жауап ретінде 1760 жы-лы Өскеменнен Бұқтырмаға дейінгі жерге орыс шаруаларын көшіріп əкеліп, 2000 адамға есептелген тағы бір бекініс

ұтымды шарасы жүзеге асырыла бастады. Тобылдағы кеңсе қызметіндегі исламша сауатты татарлар молдаларға айналды-рылды. Мешіттер мен медреселерге со-ларды орналастыру қолға алынды. Ел ішіне сіңіп кеткен Бұхара қожалары бірте-бірте ығыстырылды.

Татар қызметшілерінен іріктелген моллалар ислам дінінің күшеюіне ынта-лы болған жоқ. Олардан талап етілгені де осы еді. Бұлар қазақ ауылдарындағы исламның орны, шариғаттың ықпалы, тағы басқа жайларды анықтап, ішкі істер орындарына хабарлап тұрды. Сол еңбегі үшін қазынадан тұрақты жалақы алды.

1784 жылы Сібірдің бағын ды рыл-ғанына 200 жыл толды. Бұл оқиға Тобылда 28 қазан күні ас та төк мерекеленді. Ұлан-ғайыр өңірді орыстандыруға үлес қосқан өзге ұлт өкілдерінің əулеттері əспеттелді. Татар мырзаларына дворяндық құқықтар берілді.

1785 жылы татарлардан молла даярлау одан əрі жалғасқан. Кіші жүз үш аймаққа бөлініп, əрқайсында қалалар, мешіттер мен медресе-мектептер, қонақ үйлерін салу ұйғарылды. Осы оқу орындарының басшылары мен ұстаздары татар оқы-ған дарынан таңдалды. Сонымен бірге, шекаралық қылмыстық тексеру орында-рын ашып, қазақ арасындағы ұрыс-керіске кінəлілерге жаза кесу жүзеге асырылды. Ел ішіндегі билер сотының қадірі кетті.

1788 жылы Уфа қаласында діни кеңсе құрылып, оған жетекшілік еткен мүфтиге империядағы барлық мұсылмандарды басқару құқы берілді. Өңірдегі имамдар-ды сол тағайындады. Ал оның қызметін бақылау барон Игельстромге жүктелген.

Мұндай жаңа тəртіп қазақтарға ұна-майды. Алайда қолдан келетін шара жоқ, əр жерде бірен-саран ашық қарсылық жасалып, жалғасын таппай басылады. Наразы елді біржола тыныштандыру мақсатымен генерал-поручик Огарев қазақтарға Сібір линиясынан өтіп, өзен-көлдерді жаз жайлауға рұқсат береді. 1789 жылы Ресейдің ішкі губернияларын-да көшіп-қонып жүру тəртібі енгізіледі. Малыңды орыс даласында жайып жүре аласың, тек шаруалардың егінін жылқы таптамауы керек. Бұл жақта барымта ту-ралы əсте ойлауға болмайды.

Осындай кеңшілік ташкендіктер мен бұхарлықтарға да жасалған. Себебі жалғыз еді. Ол – мұсылмандарды орыс-тармен шым-шытырық араластырып, түптің түбінде шоқындыру. Ал дінінен айырылған адам елінен де қол үзеді. Түрі бөлек болғанымен заты орыс, ұлттық тұғырынан айырылған жаңа əлеуметтік дəйексіз тобыр пайда болады.

Осы жылы Тобыл мен Омбыда азиат-тарға арналған училищелер ашылған. Олар да қазақ, башқұрт, татар балалары білім алып, елге Ресейдің мүддесіне қыз-мет ететін тілмаш, ұсақ шенеунік болып оралып жатты. Ұсақ халықтарды өз іші-нен рухани сұйылтатын қансыз буын пай-да бола бастады.

1789 жылы Сібір өңірінде бұдан бас-қа бірнеше мəдени шаралар жүзеге асы -рыл ған. Тобыл наместник кеңсесі басқар-масының жарлығымен көпес Ва силий Корниловқа баспахана ашуға рұқ сат береді. Онда алғаш басылып шыққан кітап Сумароковтың ағылшын тілінен аударған «Училище любви» шығармасы болатын.

Бұдан кейін «Иртыш, превращаю-щийся в Ипокрену» журналын шығару қолға алынған. Ол Сібірдегі осындай алғашқы басылым еді. Журналда өңір тарихы жүйелі болмаса да жазылып тұрған. 1791 жылға дейін көптің қолына тиіп келген.

1790 жылы капитан Андреев Бұхара өңірі сұлтандарының рулық құрылымы туралы зерттеу еңбегін жариялайды. Осы тұста Сібірді бағындыру кезеңінің та ри хына да көңіл бөлінген. Мұндай ең бектерге Тобылда қызмет істеп, əске-ри шараларға белсене қатысқан воево-да лар мен губернаторлардың, оларға қарсы күрескен Сібір хандары мен ақ-сүйек терінің қысқаша өмір деректері əзірленеді.

Орыс билігін Алтайдың табиғаты да қызықтырған. Таулы өңірге бірнеше ғы лыми экспедиция аттандырылады.

Тарих толқынында

тұрғызуды жоспарлайды. Қытай бұйым-дарын ішке өткізбеу ұйғарылады. Ал тай-ды кезіп жүрген қытай саудагерлері түрлі сылтаумен елден шығарылады.

Дəл осындай қадамдарға Пекин де барған. 1760 жылы Алтайдағы орыстар-мен сауда жасауға тиым салынған. 1761 жылы Шəуешек қаласы Еміл өзенінің қолайлы тұсына көшіріліп, шекара қала деп жария ланып, ондағы сарбаз саны көбейтіледі.

Сол жылы Нұралы ханның немере інісі Мəмбетəлі башқұрлардың қолынан мерт болған. Соған байланысты Нұралы Петербургке елші жіберіп, екі жақтың жер дауы дұрыс шешілуіне ықпал етуді сұрайды. Орыстардан ығысқан башқұрлар хан иелігіндегі жерлерге шауып кіріп, бейбіт елді шулатуды жиілеткен болатын.

Елизавета Петровна патшайымның тұсындағы негізгі оқиғалар 1761 жылы Ресейдің татар, қазақ, тағы басқа ұсақ ұлттардың санын анықтауға кірісумен аяқталады. Ол санақ аяғына жетті ме, жоқ па, қандай да бір мəлімет келтірілмеген.

1762 жылғы шілде айында Екатерина Екінші таққа отырды. (Ол Ресейді 1796 жылдың қарашасына дейін билеп-төстеді).Осы өзгеріске байланысты Абылай мен Əбілфайыз сұлтандар əйел патшаға ант беруге барады. Бұл тұста Ресей қазақ жеріне меншігі ретінде қарай бастаған. Қос сұлтан айтарлықтай құрметтелмейді. Олардың шекаралық аймақтарда жан ба-сына салық салына бастағаны, мұндай əрекет наразылық туғызып отырғаны жөніндегі сөзін патша сарайындағылар жүре тыңдайды. Оның есесіне, 1763 жылы генерал-поручик Шпрингерге Сібірдің шеткері өңірлерін қорғауды күшейту тап-сырылып, Зайсан жəне Қара Ертіс өңірінің табиғи байлығын зерттеу үшін геологтар Генезар мен Зеленный бастаған экспеди-ция ұйымдастырылады. Бұқтырма бекінісі салынып бітіп, осы жерден Бұхара мен Үндістанға саудамен шығудың жолдары қарастырылады.

Екатерина Екінші қазақ даласын шы-ғысқа жол салатын аса маңызды стра те-гиялық аймақ деп танып, оны жан-жақты игеруді қолға алады. Сол 1763 жылы Каспий теңізінің Атырау мен Маңғыстау жағына тағы бір əскери-ғылыми экспеди-ция жіберіліп, бекініс салынатын ұрымтал жерлер анықталады. Сол маңдағы орыстан өзге ұлттардың санағы жүргізіліп, салық мөлшері белгіленеді. Əйел-еркегі бар 186 мың адамнан алынатын салық мөлшері 165000 рубль көлемінде белгіленеді. Сібірден Тобылға дейін жол тартылып, соның ұзына бойына орыс деревняларын салу шұғыл қолға алынады. Көшіп келу-ге келіскен Ресей азаматтары қазынаның есебінен астықпен қамтамасыз етіледі, пошта байланысы жүзеге асырылады. Орыс көпестеріне жеңілдіктер жасалып, Каспийдің шығыс жағында сауда жəр-меңкелерін ашу жүктеледі.

1763 жылғы тарихи оқиғалардың ішінде назар аударатын тағы бірі – Ауған шахы Ахмедтің қазақтарды Қытайға қар-сы қасиетті соғысқа шақыруы. Оның бұл əрекетіне ел əлділерінің еліге қоймағаны белгілі. Дала сұлтандары Ахмедке пейіл бергеннің өзінде Ресейдің ықтиярынсыз қимылдай алмайтын еді. Екінші жағынан Қытай осал жау емес, қарулы қақтығыстың соңы немен бітері белгісіз-ді.

Осы жылы Əбілмəмбет хан дүниеден озған. Бұл кезде қазақ даласында хан билігі əлсірей бастаған болатын. Ресейдің ішке сұғына енуі, генерал-губернаторлардың əмі рінсіз хан-сұлтандардың шешім қа-был дай қоймайтыны қара халықтың жергілікті билікке көзқарасын өзгерткен-ді.

Даланың тыныс-тіршілігінен əр-дайым хабардар болып отырған Қытай қазақтардың ықыласын өзіне аударудың жолдарын іздеуден жалықпайды. Сол 1763 жылы богдыхан Цзянь-Лунь Орта жүз қазақтарына бұрынғы жоңғар өлкесінде көшіп-қонып жүруге, Құлжа мен Шəуе-шек те сауда жасауға рұқсат береді. Ре сей бұған жауап ретінде Сібір мен

Алдан СМАЙЫЛ,жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

тыйым салынды. Бұл тыйым бұзылса, адамы аманатқа алынды.

1766 жылы Бұхара көпестеріне Петер-бург ке келіп сауда жасауға бе ріл ген рұқсат күшін жояды. Оларға Сі бір мен Ертістегі қалаларға бару да қиын датылады. Кеден салығы күрт өседі. Мұның негізгі себебі Ұбашы хан бастаған 30 мың шаңырақты құ рай тын торғауыттардың Еділді тас тап шығып, Қытайға өтіп кетуі еді. Бұ ха ра саудагерлерінің арасында жұртты Қы-тайға көшуге үгіттейтін жансыздар көп, торғауыттардың ауып кетуі соның сал-дары деп білген Ресей əкімшілігі осылай сақтануды жөн санаған. Петербургті Кіші жүз сұлтаны Қайыптың Хиуа ханы болып жариялануы да сескендірген.

1770 жылы Абылайды Ресей хан деп таниды. Ал Нұралы ханның патша са-райына ұлын жіберу жөніндегі өтініші қанағаттандырылмайды. Барнауылға қала дəрежесі беріліп, таулы Алтай округінің орталығына айналдырылады.

1773 жылы Пугачев көтерілісінің дүм-пуі Қорған жəне Түмен өңіріне жетіп, Жайық казактары мен башқұрлар атқа қо нады. Алайда тез ауыздықталып, қатаң жазаланады. Осы оқиғаның салдары шығар, 1774 жылы башқұрлардың бір бөлігі Абылай ханның қоластына өтеді. Қазақ арасына естек деген атпен етене сің іп кеткен башқұрлардың келу кезеңі сірə сол тұс болса керек.

Аталған жылғы тағы бір жаңалық – Сі бірдің Ресеймен шекаралық аймағында орыстар мен қазақтардың дауын қарайтын сот кеңесі ашылады. Сібір жайлы еңбектер тағы бір туындымен толығады. Фишердің Сібір тарихы туралы зерттеуі басылып шы ғады.

1776 жылы Абылай Екатерина екіншіге қазақ даласында Ресейдің араласуымен болып жатқан өзгерістер жөнінде хабар-дар ету үшін елшілер аттандырады. Сібір генерал-губернаторының ықпалы тым күшейіп кеткеніне наразылық білдірмек болады.

Екатерина ІІ қазақ əміршісін тыныш-тан дырмақ болды ма екен, 1778 жылы,

Сілкінген Сібір, Сілкінген Сібір, бўлќынєан Далабўлќынєан Дала

Ал тай дың шекарасына келген қазақтар мен азиялықтарды тегін ішкізіп-жегізу үшін қазынадан тұрақты түрде қаржы бөліп отыру туралы шешім қабылдайды. Егер қазақтар мен басқа ұлт өкілдері хрис-тиан дінін қабылдаса, олардың шаруасын дөңгелетіп əкетуіне жағдай жасалды. Белгілі мөлшерде мал мен бидай тұқымы ақысыз берілді, жер бөлінді, алғашқы жылдары салық салынбады.

1764 жылы Семей қала ретінде тір-келді. Кейін облыс орталығына айнал-ды. 1765 жылы ислам дінінен безбеген, шоқынудан бас тартқан, орыс дерев ня-ларының жанынан берілген жерлерге қоныстанбаған қазақтарға Сібір линиясы-на 10 шақырымнан жақын көшіп-қонуға

арада екі жыл өткен соң, оны хан деп жариялаған грамота жібереді. Абылай бұл құжатты алудан бас тартқан. Біріншіден, грамотаны қабылдау Ресейге бағынышты екенін дəлелдей түсетін еді. Екіншіден, Қытайдың өзіне деген сенімі сұйылмауын ойлайды.

1779 жылы Абылай Жетісудың маза-сын ала берген қырғыздарға қарсы атта-нып, тас-талқан жеңеді, көбін тұтқындап, айдап əкетеді. Сол көп қырғыз кері қайт-пай, қазақ даласына сіңген.

Орта жүз ханының Екатерина екін-шінің ілтипатына қырын қарауы жəне қырғызды шауып, ұлан-байтақ өңірдегі беделінің күшеюі Ресей жағын ойлан-дырмай қоймайды. Сол 1779 жылы

қимылдаған Қытай боғдыханы қазақ да-ласына өкілдерін жіберіп, Шыңғыстауда Барақтың баласы Қанқожаны Орта жүзге хан көтереді. Бұл кезде Ресей Семей өңірімен бірге үш облысты Іркіт (Иркут) губерниясына қосқан болатын. Орыс империясынан қолдау таппаған жаңа хан ел ішінде беделге ие бола қоймаған. Мəскеу мен Петербургке не əскері, не мемлекеттік орталықтандырылған əкім-ші лі гі, не қазына-қаржысы жоқ, қазақ билері мен батырлары бірде тыңдап, бірде тыңдамайтын ханның бар-жоғы бірдей болатын. Империяға бұқара халықтың таным-сенімі одан гөрі маңызды еді.

1784 жылы қазақ арасындағы діни тұлғаларды өз адамдарымен ауыстырудың

(Жалғасы. Басы 21, 22-26-ші нөмірлерде). (Жалғасы бар).

А. Дүзелхан: «Абылай хан»

Page 6: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жылwww.egemen.kz6

Өткен ғасырдың 80-жылда-рында Еркін аға екеумізді «Бал-дырған» мен «Ақжелкен» журнал-дары таныстырса, бүгін қолға ти-ген мына кітап біздерді туыс тыра табыстырып отыр. Олай дей тінім, суретшінің 250-ге жуық шарж дар топтамасын кітап етіп қа лып тау менің пешенеме жа зылған екен. «Шарж шеруі» деп мұқаба жасап, титулын істеп, оған мұр нын қоңқайта жасаған авто пор т ретін орайластырып, екінші бет те гі ан-нотация жазарға келгенде аз-кем кідіріп, ойымызды жинақ тап ба-рып: «Бұл кітапқа елімізге белгілі карикатурашы, шарж су реттің майталманы Еркін Нұраз ханның 2005-2011 жылдар арасында жаса-лып, көпшілікке танымал болған туындылары кір ді. Сурет əлемінің шарж дейтін кір пияз саласында бейнелейтін ке йіпкеріңнің сыртқы ұқсасты ғын дəл беру өз алдына, оның ішкі тылсымын көре білу, тіпті кейіп кердің өзі байқай бер-мейтін болмашы ғана ерекшелікті дөп басу – кез келген суретшінің маң да йына біте бермейтін бақыт. Оның үстіне, сурет міндетті түр де күлкі шақыруы керек екенін қаперге алсақ, шарждың бəсі өз-өзінен қымбаттай бермек. Оның уытты карикатурадан айырмасы тағы бар. Шұбатып комментарий жасауды мүлде көтермейтін шарж шіркінді қазақта Еркін Нұраз хан-дай игергендер некен-саяқ. Бұл жи нақты парақтай отырып, ке йіп-кермен қосыла күле рі ңізге шү бə жоқ», – деп аннотация жаздық.

Көбінше бір парақ қағазға са -лынған түпнұсқа суреттерін кө -шіре, сканерден өткізіп отырып, жылдарына қарай тізе бастап, оларды тазалап, басы ар тық дей -тін сызық, дақтарын ке тіріп, по-лиграфиялық талаптың сүзгісі-нен өткізе бастағаннан-ақ Ерекең бұрынғысынан анағұр лым жа -қын дай, таныла, нақты лана түседі. Суретшінің суретші ге ғана кө рі нер, шимайшының ши-майшы ғана түсінер қалтарыс-бұлтарысы бірде қылаң берсе, бірде анық се зіледі. Шарж бен карикатура ның орындалу жанры, техникасы бұл күндері сан алуан (иллюстрация, коллаж, монтаж, фотография, пла кат, кескіндеме, реклама, анимация, мүсін, архи-тектура, инсталляция, перфор-манс, актинг) болса, Ерекең гра-фиканың штрих тап, сызып қана

салатын қара сиялы қаламсабын қалап алыпты. Сөй тіпті де, одан туған дүниесін алтын көмбе, құт кеніш қылыпты.

Еркін Нұразханның қалжыңы қалай қазақы болса, қолтаңбасы да солай табиғи. Лакталған ыдыс қа пəленбай сүзгіден өткізіп барып құйған суррогаттай емес, ысталған күбіде пісіліп, (түбінде ептеп ұсақ қыл-қыбыры бар) бетінде түйіршік қара майы қал-қып жүретін, ашырқана жұтқан дəмді де дəру қымыздай, өне

бойыңды дүр еткізіп барып, іле рахат сезімге бөлейді.

Штрихтары тараққа көнбей-тін қайратты шаш секілді қайыру бермей шашырап жатқаны. Ке-йіпкеріне кигізген костюмдері де кейде үтікке жаны қас. Онсыз да олпы-солпы олақ қолдан шыққан ұзын жең шекпенді əдейі қыс қар -тып, кейіпкеріне күштеп əке ліп кигізгендей, күлкіні үдете түседі.

Сурет салар қағаз-парақтары да кейде ұқыпсыз көрініп тұра-ды. Қатты да аппақ, борлы қағаз-ға нəшіне келтіріп еппен ғана штрихтап отырмайды екен. Им-прессионист суретшілер секілді шапшаң, лықсып келіп қалған об-разды қолына түскен, тіпті бір жағына принтерден шыққан мə-тіні бар «черновик» қағаздың да артын аудара салып, құйындай боратып, əп-сəтте-ақ сурет сал-ғанына куə болдық. Бұл да болса Еркін Нұразханның еш суретшіге ұқсамайтын бөлек болмысы.

«Езуінде күлкісі жоқ адамның қолында шоқпары жүреді», дейді қазақ. Қолында шоқпары бардың қасына кісі жуымайды, ал жан-жағын қыран топан күлкіге ке-нелтіп жүретіндердің маңы қара-

құрым болса керек. Бұл аксиома-ны Ерекеңнің бүкіл еңбегі əйгі-леп тұр. Мына кітаптың ауқы-мына сыймаған мыңдаған əзіл суреттерін ойша аралап өтсек, суретшінің адам деген жұмбақ əлеммен дерлік күн сайын бетпе-бет келіп, ішіне үңіліп жіберіп, күлкісі мен юморына керегін су-ырып алып жаза беретін сонша-лық қарымды, психолог суреткер екенін таныдық. Қолы талмай, қалпынан танбай сала берген Ер-кін Нұразхан кейіпкерлерін тү-

гел ге жуық біле бермейміз. «Ой-пыр-ай, мынау кім еді, түрі сон-дай таныс», деп абдырай бер ге ні-міз де кейіпкерінің галстугіне, болмаса шарфының жиегіне бір-екі əріп жазып, көрерменіне иша-ра жасайды. Байқатпай ғана «ие-гімен нұсқап» жібереді. Əдетте, жан баласы өзінің арқа-жарқа күлгенін, көзін қалай сығырайт-қанын, ернін қалай шүршитетінін айнадан үнемі бақылап көре бер-мейді. Ойланып кеткенінде, сөй-леп тұрғанында келбетінің қан-дай түрде екеніне мəн беріп жат-пайды. Тап осы кез болса керек шарж суретшілеріне құдайдың беретіні. Ерекең қалам-қағазын ала сала, кейіпкерінің күрек тісі қайтып көрінгенін, əжімі қалай қатпарланғанын ашытқыға салып жіберіп, күмпите шеңбірек атқы-за қағазға сол замат түсіре қой-ғаны тəнті етпей қоймайды. Бол-машы детальмен-ақ «үлкен əңгі-ме» айтады. Айталық, коррупция мұхитынан балық аулаушының қалбырындағы белгі; жалғанған сабы бар «Қазақфильм» туы; ги-тара текті кілт, былайша «мыл-қау» болғанымен, көп нəрседен хабар беріп тұр.

Əңгімеміздің басында «дабы-райта көтеру» деп қалдық. Біздің елге жеткен, италиялықтар мен француз халқының аузынан шық-қан «карикатура» мен «шарж» атауларының түп мəні де осы «дабырайта көтеру» дегенге сая-ды. Кісі келбетінен əзіл іздей бей нелеп, айрықша характерін шап беріп ұстап ала əсірелеп, тіпті кісі нанбайтын күлкілі халге келтіруді айтады. Əзіл үшін түй-медейді түйедей, күйедейді күн астындағы Күнікейдей қылып бейнелегенге меңзейді. Адам бол мысындағы ерекшелікті күт-пеген жерден тарпа бас салып, оны əдейілеп, кешкі көлеңкедей зорайтып көрсетуді мақсат тұта-ды. Кейіпкерінің əдептен озып

кеткенін шенеп, əлдебір кермек қылығын əжуалап, қыжыл аралас-тырып, ұнамаған нəрсесін үсте-мелей көтереді (артықтау кетіп жатса «достық əзіл» деп жұмсар-тып, астына қол қоятыны жəне бар). Осы жерде карикатураның шарж-юмордан айырмашылығы да андағайлап көзге ұрады. Кари-катура Абайдың ызалы күлкісіне дөп келеді. Ол – əзілден гөрі за-пырандай сын, сатира, уытты сар казм, «ащы сия, улы тіл» жү-гін көтеріп, адамдар портретінен əрі асып, жан-жануарлар кейпіне де түсіп, күнделікті тұрмыс дəре-жесінен шығып, шығандап, сая-сат қа жетіп, оның өртін желді күн дей құтыртып жібереді. Тү сін-генді тіл тартқызбай жаһанна м ға жөнелтіп, тірі өлік те қылады.

Кітапта орын алған əнебір қаржы алпауыты, көмір магнаты шарждан гөрі карикатураның жү-гін көтеріп тұр ма деймін! Қы-руар ақша дегеннің пенде бала-сын адами болмыстан, ұят пен ардан жыраққа айдап, ашкөз-діктің тереңіне қуып əкететіні қалай дөп берілген десеңізші?!

Ерекең осы жолдарды жазып отырған суретшінің де шарж

суретін салды. Салғаннан айызы-мыз қанып күлдік те. Қалпа ғы-мыз да орнында, ақсия күлетіні-міз де келіп тұр екен. Сүйегі-міздің жеңіл, жылдам-шалт еке-ні мізді де дөп басыпты. Графика мен кескіндеме біздің шығарма-шылығымызда егіз екені де анық... Тек көрермен бұл суретті Дулат Исабеков, Лаки Кесоглу дың портретін қабылдағандай солқ ете қалған жоқ. «Бірде ңе сі...» деп қалып, күмілжіп жатты. Енді осы жерде Еркін ағаның творчество-сында ептеген «бірде ңе сі...» ба-рын да ескерейік. Кейіпкеріміз танымал құрдасы Əлібек Асқа-ровты үш рет салды. (Біреуін тіпті бұғыға мінгізіп бейнеледі-ау деймін). «Жеке пікірім» деп ай-тайын, осы үш портрет те Əлібек Асылбайұлының характерін аша алмады-ау... «Ұстатпайтын» пор-треттер болады. Қанша беріліп салсаң да кілті табылмай, əйтеуір бір жері келіспей, діңкелетіп біте тін. Бұл орайда, суретші ат-қан жебенің нысананы шанда бір тайқи соғатыны табиғи нəрсе.

(«Суретшінің салғанының бəрі бірдей керемет» десек сізді емес, құрметті оқырман, өзімізді алда-ған болып шығамыз).

Ерекең шарж, əзіл сурет ай-дынында дара жүзген алып кеме сияқты. Əрі қуантады, əрі қабар-жытады. Қабаржытатыны – Ере-кеңнің ізінше шыққан шəкіртте-рі нің жоққа тəн екендігі. Айдар-бек Ғазиз, Ғалым Смағұл, Бақыт-бек Сияеев бар деп дəтке қуат қылсақ та жəне олар карика ту-раға тереңдеп барса да, шарж ай-дынында дəл Ерағадай жал-жал толқын жарып жүзген жоқ. Ауысқан ұрпақ, Тəуелсіздік жыл-дарының бел балалары қазақы қалжың мен юмордың нəрін Ераға жақтан бойына сіңдіре ал-ды ма, ол жағы маған беймəлім...

Отыз жылдай творчестволық сапарда айнала адамдарын күлкіге көміп, қиынды күлкімен жеңіп жүретін суретші Еркін Нұразхандай ағаның қатары тез-деп көбейсе деген арманмен осы жазғандарымызға нүкте қоямыз.

Жеңіс КƏКЕНҰЛЫ.

АСТАНА.

Руханият

Жарылыс ќўрбандары– 82 адамСирияның Алеппо қаласында қосарланған жарылыс жасалды. Аталған қаладағы университетте жүзеге асырылған тағылық əрекеттерден 80-нен астам адам көз жұмды. 160-тан астам адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Шаһар губернаторы Мохамед Вахид Аккадтың айтуынша, əзірше ешқандай ұйым жарылыстарға жауапкершіліктерді мой-ындарына алмаған көрінеді. Үкімет əскерлері жарылыстарға бүлікшілерді кінəлі деп тапса, өз кезегінде бүлікшілер үкімет əскерлерін айыптап отыр. Қала басшылығы мен мемлекеттік те-левизия оқиғаға лаңкестік деген баға берді. Ал жарылған универ-ситет Сирия армиясының бақылауындағы аумақта орналасқан.

Малиді бґлшектеуге жол жоќҰлыбритания Малиге тағы бір əскери-көлік ұшағын көмекке жіберу туралы шешім қабылдады. Осы аралықта аталған елдегі француз контингентінің танктері исламшылар басып алған солтүстік өңірлерді қайтару үшін жолға шықты. Француздарға Батыс Африка елдері экономикалық

қоғамдастығына кіретін мемлекеттердің қарулы күштері де көмек қолдарын созуға білек сыбанып отыр. Олар жақын күндері Мали билігіне жəрдемдесуге аттанатын əскери контингент жасақтамақ. Оның құрамына 3300 солдат кіретін болады. Ал контингент Кот-д,Ивуар, Бенин, Гана, Нигер, Сенегал, Буркина-Фасо жəне Того елдерінің əскерилерінен құралады.

Израильді балаєаттамаєан жґнАҚШ-тың мемлекеттік департаменті Египет президенті Мұхаммед Мурсиден Израиль мен оның азаматтарына қатысты өзінің балағат мазмұнындағы мəлімдемелерінен бас тартуды талап етті. М.Мурси 2010 жылдың қаңтар

айында жарияланған сұхбатында Израильге қатысты қаттырақ сөйлеп қойған болатын. Мемлекеттік департаменттегілер М.Мурсидің «қансорғыш-

тар», «доңыздар мен маймылдардың ұрпақтары» деген сөздерін қатты айыптаған пікір танытты. Бұл жөнінде ведомствоның рес-ми өкілі Виктория Нуланд мəлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Еги-пет президенті басқа діндегі адамдардың да құқын құрмет-тейтінін дəлелдеуі тиіс. М.Мурсидің сұхбаты «Мұсылман бауыр-лар» қозғалысының көшбасшысы болып тұрған кезінде жарияланғанын айта кетейік.

«Арман лайнерлері» ўшуы тоќтатылдыЖапонияның All Nippon Airways жəне Japan Airlines авиакомпаниялары «Арман лайнерлері» аталып кеткен Боинг-787 ұшақтарының ұшуын тоқтатуға шешім қабылданғанын хабарлады. Мұндай шешім соңғы кездері аталған ұшақ түрлеріне қатысты

қауіпті жағдайлардың жиі орын алуларына байланысты қабыл-данып отыр. Енді аталған авиакомпаниялар Боинг-787-нің ұшула-рын өздерінің парктеріндегі осы үлгідегі барлық ұшақтарды егжей-тегжейлі тексерулерден өткізгеннен кейін ғана қайта бас та-мақ. Кеше Ямагути қаласынан Токиоға ұшып шыққан Боинг-787 ұшағы апатты жағдайда əуежайға қайта қондырылған болатын.

Ќару ўстап їйренгендер ќарсыАҚШ-тың Техас штатынан сенатор Стив Стокмэн егер президент Барак Обама жарлықтарының көмегімен қару-жараққа бақылау орнатудың жаңа ережелерін қалыптастыратын болса, онда президенттің импичменті туралы мəселе көтеретініне уəде берді.

С.Стокмэннің сөзіне қарағанда, АҚШ президенті республиканың негіз қалаушы қағидаттарына ұятсыздықпен ша-буыл жасауды жүзеге асыруда жəне бұл конституция талаптарына да қайшы келеді. Сондықтан сенатор Обамаға күрестің қандай түрін пайдаланып болса да қарсы шығатынын мəлімдеуде. Ал президенттің мұндай қадамға соңғы кездері елде оңды-солды қару қолдану оқиғалары жиілеп кетуіне байланысты баруға мəжбүр болып отырғаны түсінікті.

Ереже бўзу лимиті белгіленбекҚырғызстан астанасы – Бішкек қаласының басшылығы əрбір маршрутты такси үшін ереже бұзу лимитін белгілеу туралы шешім қабылдады. Егер ереже бұзу оқиғалары шектеуден асып кетсе, көлік жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылмайтын болады. Бұл туралы Бішкек мэрі Иса Өмірқұлов жария етті. Ол

сондай-ақ аталған бастама маршрутты таксилер жүргізушілері жол беретін көптеген жол ережесін бұзуларға қатысты арыз-шағымдардан аяқ алып жүру мүмкін болмай қалғандықтан көтеріліп отырғанын көлденең тартты. Сөйтіп, əр көлік үшін ең көп дегенде 15-20 ереже бұзу қарастырылмақ екен.

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

ШАРАЙНАƏлем жаѕалыќтары

Ќысќа ќайырып айтќанда: Лондонның орталығында тікұшақ құрылыс кранына

соғылды. Кранның жерге құлауы салдарынан екі адам опат болды. Оқиғаға көз байлаған қалың тұман себеп болған секілді.

Үндістан əскерилері Кашмирде 16 қаңтарға қараған түні пəкстандық əскери қызметшіні өлтірген. Бұл жөнінде Пəкстан армиясының өкіліне сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Мемлекеттік Дума депутаттары қоғамдық орындарда темекі шегуге орай айып көлемін айқындады. Қоғамдық орындарға, заң бойынша, мейрамханалар мен дəмханалар, ауруха-налар мен дүкендер, көлік жəне басқа да темекі шегуге болмай-тын жерлер кіреді.

Шарж шеруі

Қазақ баспасөзінің əзіл айтылар тұсынан оқырманын ду еткізіп, күлкіге көміп жүретін суретші Еркін Нұразханның шарждар сериясы биыл «Фолиант» баспасынан жеке жинақ болып жарық көрді.

Қылмыс

Ўрыны жўрттыѕ ґзі ўстады

Шықпа жаным, шықпа деп отырған ауыл тұр-ғындарының бір-екі ашатұяғын ұр лайтын қарақ-шылар көбейіп кетті. Бала-шағаның нəпақасы деп қыстан қысыл ған да азық қылар малдарын тал-түсте əкету, ұрлау асқына түсті. Сондықтан ешкім-нің қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрар қау қары болмағандықтан ауыл тұрғындары ның өздері ұры-ларды аңдуға көшті. Сөй тіп, бір азамат Теректі аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ақжайық полиция бө лім шесіне екі шетелдік көліктің ішінде бірнеше малдың еті кетіп бара жатқан ды ғын ха-барлады. Амал жоқ, дабыл түскен соң құрықтау іс-шарасын қолға алған жедел топ мүшелері жолға аттанды. Шынында да, əлгі айтылған екі көлік алысқа ұзай қоймапты. Ұрылар полиция арттарынан қуып жетеді деп ойламаса керек, қаша да алмай қалды. Содан құрамы алты адам-нан тұратын барымташылардың Теректі ауданы-на қарасты Кө нек кеткен ауылынан төрт жылқы-ны ұрлап, сойып, еттерін өздері мін ген «ВАЗ-21154» жəне мем ле кеттік нө мі рі жоқ «Форд Га-лакси» көлігіне бөліп тиеп, Орал қаласына сатуға алып бара жат қан ды ғы анықталды. Тексеру бары сын да бұл қыл мыс тық топтың ауыл тұр ғын-дарының бұған дейін де бірнеше бас ірі қара ма-лын ұрлағандығы əшкереленді.

Фатихолла МАШТАХОВ,Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер

департаментінің қызметкері.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе қаласы қазіргі уақытта ірі құрылыстар алаңына айналып отыр. Басқасын былай қойғанда, болашақта 300 мың адам тұратын «НұрАқтөбе» ша ғын ауданы салынуда. Бұған жыл са-йын көптеп ашылып жатқан жаңа өн ді-ріс орындарын қосыңыз. Сондықтан да аса тиімді, ыстық-суыққа, ауа райының

басқа да өзгермелі факторларына төзім-ді құрылыс материалдарына сұраныс көбейіп отыр. Жақында іске қосылған «Мизам» жауапкершілігі шектеулі се-рік тестігінің «Нағыз бетон» зауыты ос-ын дай жоғары өлшемдерге сай өнім дер-ді шығарады. Бұл зауыттың өндірістік қуаты жылына 160 мың текше метрге жуық бетон бұйымдарын шығаруға мүм кіндік береді. Кəсіпорын заманауи жаңа технологиямен жабдықталған.

Аталған жобаның жалпы құны 500 мил-лион теңге құрайды.

– Еліміздің барлық өңірлерінде «Қол-жетімді баспана-2020» бағдар ла ма сын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұ-мыстар жүргізілуде. Оның ішінде Ақ-төбе өңірінің өзінде мыңдаған отбасы баспана кезегінде тұр. Ал баспана тұрғызу үшін құрылыс материалдары ке-рек. Осының барлығын ойластыра келе, облыс көлемінде маңыздылығы жо ға ры жаңа зауыттың жұмысын бастап кеттік. Əуелде, Белоруссияға барып, соңғы үл-гідегі испандық «Тенсиланд» техноло-гиялық желісімен танысып қайт қан бола-тынбыз. Содан жаңа істің тиімділігіне көз жеткеннен кейін, біз жаңа зауыттың құрылысын 2011 жыл дың тамыз айында қолға алып, 2012 жылдың аяғында пайдалануға бердік. Қазірдің өзінде сұраныстар көптеп тү суде, – дейді зауыт директоры Нұрбер ген Хамит.

Зауыт толық қуатына көшкенде тұ-рақты түрде 140 адам жұмыс істейтін бо-лады. Мұнда құрылысқа қажетті бетон бұйымдары шығарылады, олардың сапа-сы жоғары. Кəсіпорында шығары ла тын бетон бұйымдары негізінен Ақтө бе қа-ласына, сондай-ақ еліміздің батыс ай-мақ тарына өткізіледі. Болашақта зауыт базасында үй құрылысына қолда ны ла-тын бетон бұйымдарын шығаратын тиім-ділігі жоғары жəне үнемді технология бойынша өндіріс желісі іске қосылады.

АҚТӨБЕ.

Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Наєыз бетон осында шыєарылады

Page 7: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жыл www.egemen.kz 7Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық

өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы

2011 жылғы 20 қазанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Əзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 8 қаңтар № 62-V ҚРЗ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыс-тық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):

1) мазмұнындағы 233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «233-бап. Терроризм актісі»;2) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi

(96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), нəпсіқұмарлық сипат тағы күш қолдану іс-əрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап, екінші, үшінші бөліктер), тонаушылық (178-бап, екінші, үшінші бөліктер), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап, екінші, үшінші бөліктер), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгенi (185-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), терроризм актісі (233-бап), адамды кепiлге алғаны (234-бап), терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (242-бап), қаруды, оқ-дəрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мəн-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (257-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), тағылық (258-бап), есiрткi зат-тарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қор қытып алғаны (260-бап), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде өлгендердің мəйіт терін жəне олар жерленген жерлердi қорлағаны (275-бап, екiншi бө лiк), көлiк құралдарын не-месе қатынас жолдарын қасақана жарам сыздыққа келтіргені (299-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.»;

3) 163-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жа-зылсын:

«2. Бiрнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан не абайсызда адам өлiмiне əкеп соққан нақ сол əрекеттер -»;

4) 233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«233-бап. Терроризм актісі»;5) 233-3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-əрекетінің

террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсе тілген ақпараттық, қаржылық жəне өзге де қызмет түрлерінің террористік немесе экстремистік іс-əрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік не-месе экстремистік ұйымды, заңсыз əскерилендірілген құралымды қамта-масыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік жəне қайырымдылық көмегі, ақпараттық жəне өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі -

мүлкі тəркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қыл-мыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар-шысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):

12-бап мынадай редакцияда жазылсын:«12-бап. Сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету1. Сотталғандарға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі.2. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеп жүрген адамдарға

салт жораларының қажеттілігі болған жағдайда олардың немесе олардың туысқандарының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңнама-сында белгiленген тəртiппен тiркелген дiни бiрлестiктердiң діни қызмет-шiлерi шақырылады. Мекеме əкімшілігі қылмыстық-атқару қызметі сала-сындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен діни салт жораларды орын-дау үшін жағдайлар жасайды.

3. Ерекше режимдегi колониялардың карцерлерiнде, жалғыз адамдық ка-мераларында, айыптық жəне тəртiптiк оқшаулау орындарында, сондай-ақ камералық үлгiдегi үй-жайларда ұсталатын сотталғандарға дiни қыз-метшiлер өздерінің жеке басының қауiпсiздiгi қамтамасыз етілу шартымен жiберiледi.

4. Ауыр науқасты сотталғандарға, сондай-ақ өлiм жазасына соттал ған-дарға үкiмдi орындау алдында олардың өтiнiшi бойынша дiни қызмет шiлер шақырыла отырып, осы жағдайда қажеттi барлық діни жораларды жасау мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.

5. Дiни жораларды орындау ерiктi болып табылады. Ол iшкi тəртiптi бұз-бауға, сондай-ақ жазасын өтеп жүрген басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуге тиiс.».

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкім-шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақ-стан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəсе лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнындағы 135-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«135-1-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал

объект басшысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жəне қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы жəне (немесе) тиісінше орындамауы»;

2) 135-1-бапта:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«135-1-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал

объект басшысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тап-сырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жəне қауіп сіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы жəне (немесе) тиісінше орындамауы»;

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объект бас-

шысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған объек-тінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жəне қауіп сіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы жəне (немесе) тиісінше орындамауы, егер бұл əрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын əрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»;

3) 362-1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) күзет қызметін тоқтата тұру;»;4) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Мамандандырылған аудандық жəне соларға теңестiрiлген əкiмшiлiк

соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдай ларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84, 85 (төртiншi жə не бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 147-13 (үшін-ші, бесінші жəне алтыншы бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi жəне бесiншi бөлiк терiнде), 162, 163 (үшінші, төр тін ші, алтыншы, жетінші жəне тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi жəне үшiншi бөлiктерiнде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындау-шылары, аудиторлар жəне аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушы-лықтар бөлiгiнде), 176 (бiрiншi жəне үшінші бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші - ал-тыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 219-6, 219-8 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 222 - 226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiк терiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiн шi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екiншi жəне үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 жəне екінші бөлікте-рінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi жəне үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi жəне 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi жəне бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi жəне үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екiншi бөлi-гiнде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлi-гiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 - 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi жəне үшiншi бөлiк те рiнде), 393, 394 (екiн шi, үшінші жəне төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлi-гiнде), 464-1 (бiрiншi жəне екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi жəне екiншi бөлiк терiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 жəне екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiн де), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi жəне бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 537-1-баптарында көз дел ген əкiмшiлiк құқық бұзу-шылық туралы iстердi қарайды.»;

5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының елу бірінші абзацы мына-дай редакцияда жазылсын:

«Республикалық ұланның (388-бап), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (355, 362-1, 388-баптар);».

4. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құ-жат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құ-жат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құ жат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат):

12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мем-

лекеттердің, шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерiнің жəне жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру мақсатындағы қол сұғушылықтарын, сондай-ақ терроризм мен экстремизмді анықтау, олардың алдын алу жəне жолын кесу мақсатында тек қана барлау жəне қарсы барлау ақпаратын алу үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры-мен келiсiлген тəртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.».

5. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республи-касы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Рес публикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат):

5-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:«Қазақстан Республикасының немесе оның əкімшілік-аумақтық бірлігі нің

саяси, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдар-дың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңна масында белгілен-ген құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қарауын дағы темір жол, ав-томобиль, теңіз, ішкі су жəне əуе көлігін пайдалану мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады.».

6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Респуб ликасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құ жат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат):

1) 1-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-1-бап. Күзет іс-шараларыКүзет іс-шаралары – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін

қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздес-тіру жəне техникалық шаралардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы күзет іс-

шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.

Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөнін дегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар дың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқын дайды.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығы ның шешімі бойынша осы Заңға жəне «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.»;

2) 9-баптың бірінші бөлігінде:5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«5-1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін

объектілерді күзету жəне қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйым-дастыру жəне атқару, күзет іс-шараларын ұйымдастыру жəне өткізу тəртібін, сондай-ақ күзет іс-шараларына қатыстыруға тартылатын күштер мен құрал-дардың құрамын мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындау;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«13) күзет іс-шараларына қатысу үшін қажет болғанда Қазақстан Респуб-

ликасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Рес пуб-ликалық ұланының жəне басқа да мемлекеттік органдарының күштерi мен құралдарын тарту. Мемлекеттік органдарды күзет іс-шараларына қатысуға тарту тəртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.».

7. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ-стан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құ жат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құ жат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құ-жат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):

1) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30-1) жəне 30-2) тармақ-шалармен толықтырылсын:

«30-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлері мен əскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, терро ристік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін жəне олардың басшыларының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылайды;

30-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, террористік тұрғы-дан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын əзірлейді;»;

2) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толық-тырылсын:

«14-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, террористік тұр-ғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспор-тын əзірлеуге;».

8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары тура-лы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы на (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құ жат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құ жаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат):

1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге жəне экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;»;

2) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:«Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-жауынгерлік жəне өзге де іс-шараларға қатысады.»;

3) 12-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:«12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республи-

касы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;»;

4) 13-бапта:мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) құқыққа қайшы іс-əрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауын-

герлік іс-шараларды əзірленетін арнайы əдістемелерге сəйкес жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы құралдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіте-тін тізбеге сəйкес пайдалану;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлерді іске асыруға,

тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін се-бептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мем-лекеттік органдарға, əскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға енгізу.

Ұсынулардың нысанын жəне оларды енгізу тəртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;».

9. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парла-ментінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):

1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:«Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын,

құқықтық жəне ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.»;2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарОсы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 жəне одан да көп

шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 жəне одан да көп отыратын ор-ны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 жəне одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт зал-дары, спорт, ойын-сауық, көлік жəне өзге де көпшілік ғимарат тары, білім бе-ру жəне денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;

2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;

3) кепілге алынған адам – кепілге алынған жəне (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін өзі басқару орга-нын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мəжбүрлеу мақсатында кепілге алынған жəне (немесе) ұсталған жеке адам;

4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік əдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық тео риялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;

5) терроризм – күш қолдану идеологиясы жəне халықты үрейлендіруге байланысты жəне жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану жəне (немесе) өзге де қылмыстық əрекеттерді жа-сау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдар дың шешім қабылдауына əсер ету практикасы;

6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едəуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-əрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-əрекеттер қоғамдық қауіп сіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мем лекеттік органдары-ның, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйым дардың шешімдер қабылдауына əсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауын-герлік жəне өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана оты-рып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрыл ғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйым дардың қауіпсіз-дігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі басты-ғының шешімі бойынша осы Заңға сəйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;

8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі нің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізі летін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азамат-тардың, шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шек-теулер белгілеуге жол беріледі;

9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, əуе кеңістігі, көлік құра-лы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай жəне оларға іргелес аумақтар;

10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзін өзі басқару органдарының:

терроризм профилактикасы; террористік іс-əрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыс-

тарды ашу жəне тергеу;шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйе-

мелдеу, авариялық-құтқару жəне өртке қарсы іс-шаралар өткізу, терро ристік əсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін жəне эколо-гиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды жəне оның жолын кесуге қатысқан адамдарды əлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарға моральдық

жəне материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөніндегі қызметі;

11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөнін-дегі уəкілетті мемлекеттік орган – терроризмге қарсы іс-қимыл саласын дағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыра-тын мемлекеттік орган;

12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-əрекетінің террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық жəне өзге де қызмет түрлерінің террористік немесе экстремистік іс-əрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз əскери-лендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік жəне қайырымдылық көмегі, ақпараттық жəне өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі;

13) терроризм профилактикасы – мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жөніндегі құқық-тық, экономикалық, əлеуметтік, ұйымдастырушылық, тəрбиелік, наси хаттық жəне өзге де шаралар кешені;

14) террорист – террористік іс-əрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;15) террористік топ – террористік іс-əрекетті жүзеге асыру мақсатында

біріккен екі жəне одан да көп адамнан тұратын топ;16) террористік тұрғыдан осал объектілер – ерекше маңызды мем лекеттік,

стратегиялық объектілер жəне стратегиялық маңызы бар экономика салала-рының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбелерін жəне оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;

17) террористік ұйым – террористік іс-əрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-əрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатыс-ты террористік ұйым деп тану туралы сот шешімі қабылданған жəне заңды күшіне енген ұйым;

18) террористiк iс-əрекет – төмендегі əрекеттердің кез келгенін жасау:терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру

жəне iске асыру;терроризм актiсiн жасауға айдап салу;терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз əскерилендiрiлген құры-

лымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), ұйымдасқан топ-ты ұйымдастыру, сол сияқты осындай құрылымдарға қатысу;

террористердi азғырып тарту, қаруландыру, үйрету жəне пайдалану;терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға жəне жасау ға

ақпараттық тұрғыдан немесе өзгедей жəрдемдесу;терроризм идеясын насихаттау, террористiк iс-əрекеттi жүзеге асыруға

шақыратын не осындай iс-əрекеттi жүзеге асыру қажеттiгiн негiздейтiн не-месе ақтайтын материалдарды немесе ақпаратты тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайда-лана отырып тарату;

көрсетілген əрекеттер террористік іс-əрекетті жүзеге асыру не терро ристік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына отырып, террористер-ге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес іс-əрекеті террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жəрдемдесу.»;

3) 3-бапта:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсаты»;1-тармақта:1) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:«1) адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамта масыз

ету жəне қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;»;

«5) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, əлеу-мет тік-экономикалық, құқықтық, арнайы жəне өзге де шараларының жүйелі болуы жəне оларды кешенді пайдалану;»;

6) тармақшадағы «оралымды басшылық етуде дара басқару прин цип терiне негiзделедi.» деген сөздер «жедел басшылық жасауда дара басқару;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария жəне жария емес əдістерінің ұштасуы;

8) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, əдістері, құралдары жəне қатысушыларының құрамы туралы мəліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақса ты же-

ке адамды, қоғамды жəне мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.»;4) 4-баптың 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:«2. Қазақстан Республикасының Президенті:1) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың

негізгі бағыттарын айқындайды;2) терроризм актісі қатерінің төнуі туралы халықты уақытылы хабардар

ету жəне мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдары жүзеге асыратын, оны жасауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйым-дастыру мақсатында ақпарат мониторингінің мемлекеттік жүйесінің ұйым-дасты ры луы мен жұмыс істеуі жəне халықты терроризм актісі қатерінің төнуі туралы хабардар ету қағидаларын бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекітеді;

4) терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекітеді;5) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың,

астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының əуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақ тық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы жəне арнайы құралдарды қолдану тəртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына сəйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:1) мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың терроризмге қарсы

іс-қимыл жөніндегі қызметін қажетті күштермен, құралдармен жəне ресурс-тармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

2) терроризмнiң алдын алу, терроризм салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөнiндегi шараларды əзiрлеу мен жүзеге асыруды ұйым-дастырады;

3) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл саласын дағы қызметтi ұйымдастыру тəртiбiн айқындайды;

4) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды, олардың тізбесін, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;

5) арнаулы жəне түзеу мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының жəне Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;

6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік орган-дардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды əрекеттерімен терро-ризм актісінің жолын кесу кезінде жеке жəне заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекітеді;

7) терроризм актісінің салдарынан жеке жəне заңды тұлғаларға келті-рілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекітеді;

8) терроризмге қарсы іс-қимыл саласында өзiне Конституциямен, заң-дармен жəне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктел ген өзге де функцияларды орындайды.

4. Мемлекеттік жəне жергілікті өзін өзі басқару органдары терроризмге қарсы іс-қимылды өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Рес публикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлес-тіру жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол:

1) мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзін өзі басқару орган-дарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіреді:

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жəне жергілікті өзін өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру жəне терро-ристік қатерлерді бейтараптандыруға дайын болу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;

3) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы норма-тивтік құқықтық актілерді əзірлейді;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін жəне Үкіме-тін террористік қатерлер туралы ағымдағы хабардар етуді жүзеге асырады;

5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатер лердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды əзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығуларды өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына ықпал етеді;

6) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу жəне ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олар-дың іс-əрекеттерінің келісілуі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шешімдерін іске асыру үшін аталған органдардың нормативтік құқықтық жəне құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.

Қызметті үйлестіруді:терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі

уəкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының шеңбе-рінде ұлттық қауіпсіздік органдары;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жанынан құрылатын терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстың, респуб-

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

(Соңы 8-бетте).

Page 8: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жылwww.egemen.kz8ликалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) əкімдіктері жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар-дың өзара іс-қимылының тиімділігін қамтамасыз ету үшін олардың қызметкерлері жəне əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Терро-ризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапарға жіберіледі.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені жəне терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереженің негізінде облыс-тың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) əкімдері терроризмге қарсы комиссиялар туралы ере-желерді бекітеді.

6. Қажет болған кезде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар тартылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік органдардың аумақ-тық бөлімшелерінің жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терро-ризм профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Олардың шешімдерін іске асыру үшін тиісті комиссиялардың құрамына өкілдері кіретін органдардың құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.»;

5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:«7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан

Республикасы мемлекеттік органдарының құзыретіТерроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Респуб-

ликасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан

Республикасының заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған терро ристік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi жəне тер-гейдi, террористік қатерлерге талдау мен болжам жасауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау ша-ралары арқылы халықаралық террористік іс-əрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сон-дай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары Қазақстан Респуб-ликасының заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қыл-мыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi жəне тергейдi, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады, террористік тұрғы дан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады жəне оның жай-күйін бақылайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі «Қазақстан Ре-спубликасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республика-сының Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетуге жа-татын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамта-масыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады жəне өткізеді.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терро-ризмге қарсы операциялар Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының шешімі бойынша өткізіледі;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі терроризмге қар сы операцияларды өткізу кезінде əуе, су жəне жер беті кеңістігіндегі қауіп-сіздікті қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Респуб-ликасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Прези дентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

5) сыртқы барлау саласындағы уəкілетті орган халықаралық террористік ұйымдар, сондай-ақ террористік іс-əрекетке қатысы бар адамдар тарапынан төнетін террористік қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп-сіздігіне залал келтірілуіне жол бермеу мақсатында барлау қызметін жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жəне олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамта масыз ету-ге қатысады;

6) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органы қаржы мониторингін жүзеге асырады жəне «Заңсыз жолмен алын ған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржылан дыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тер-роризм дi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданады;

7) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уəкі летті органы қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, жасалған терроризм актісі-нің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдай лардан халықты жəне аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;

8) сыртқы саясат саласындағы уəкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Респуб-ликасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді;

9) байланыс жəне ақпарат саласындағы уəкілетті орган əлеуметтік маңы зы бар құндылықтарды насихаттауды жəне бейбіт этносаралық келісім үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Респуб ликасы-ның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қорғауды қамтамасыз ету жолымен тер-роризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган террористік əсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуі мен экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға қатысады;

11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уəкілетті орган ұлтаралық жан-жал дарды жəне терроризм көріністерінің əлеуметтік-экономикалық алғы-шарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының əлеумет тік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағыттал-ған шаралар кешенін əзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;

12) агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган гидротехникалық құрылыстардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, мемлекеттік ветерина риялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды, аса қауіпті организмдер көзде-рінің физикалық қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылау ды жүзеге асырады;

13) көлік жəне коммуникация саласындағы уəкілетті орган мүдделі мем-лекеттік органдарды көлік-коммуникация саласының объектілерінде терроризм-ге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпа ратпен же-дел қамтамасыз етуді ұйымдастырады жəне өз құзыреті шегінде олардың терро-ризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;

14) қаржы полициясы органдары терроризмді қаржыландыру арнала-рының алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;

15) кеден органдары террористік қылмыстар жасаудың құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды жəне өзге де заттарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқы лы заңсыз өткізуді анықтау жəне оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асы-рады;

16) атом энергиясын пайдалану саласындағы уəкілетті орган ядролық қон-дырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материал-дарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірың ғай мемле-кеттік есепке алу жəне бақылау жүйелерін бақылауды жəне қада ғалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қор ғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

17) əділет органдары терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке жəне заңды тұлғаларға жəне оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мəселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

18) халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды жəне оның жолын кесуге қатысқан адамдарды əлеуметтік оңалту жөніндегі шаралар кешенін іске асы-руды қамтамасыз етеді;

19) білім жəне ғылым саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Респуб-ликасының жалпы білім беретін жəне жоғары оқу орындарында факульта-тивтік сабақтар өткізу жолымен қоғамда терроризмге қарсы сананы қалып-тастыруды қамтамасыз етеді;

20) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган терроризм актісінің салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салда-рынан зардап шеккен адамдарды медициналық-психологиялық сүйе мелдеуді ұйымдастырады;

21) дін істері жөніндегі уəкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді жəне күш қол-дану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақса тында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.»;

6) 8-бап алып тасталсын;7) 10-баптың 3-тармағы алып тасталсын;8) мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 жəне 10-3-баптармен толықты рылсын:«10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл 1. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың кө-

ме гімен жүзеге асыратын нысандарды, əдістерді жəне амалдарды əшке релеу; қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге

асыратын мемлекеттік органдардың жəне азаматтық қоғам институт тарының күш-жігерін біріктіру;

терроризмді қолдаудың əлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.

2. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар: өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-

қимылды ұйымдастыруға жəне үйлестіруге;осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық

қоғам институттары, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталан дыруға;қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауТеррористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін осы объектілердің

терроризмге қарсы қорғалуының жəне терроризм актілерінің салдарларын жоюға жəне (немесе) барынша азайтуға мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың дайындығының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, ұйым-дастырушылық, инженерлік-техникалық, арнайы, күзеттік жəне өзге де ша-ралар жүзеге асырылады.

10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамда рының міндеттері

1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объек тілер-дің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік іс-əрекеттің

алдын алу, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жəне олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында:

1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сəйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдық-тарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объек-тілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын əзірлеу;

3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша про-филактикалық жəне оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;

5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қам-тамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға мін детті.

Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, терро-ристік тұрғыдан осал объектілердің басшылары жəне (немесе) қыз мет керле-рі жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабар лауға жəне персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қара-мастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.

3. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының аталған міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көздел ген жауап-тылыққа əкеп соғады.»;

9) 13-бапта:1, 2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«1. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты жұмыс іс тей-

тін республикалық жəне облыстық, республикалық маңызы бар қала ның, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтары құрылады.

2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы республикалық жедел штаб-тың басшысы болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңы-зы бар қаланың) жедел штабтың басшысы болып табылады.

3. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы «Қа зақ-стан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiп-сiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.

Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Рес-публикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:«5. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, аста-

наның, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар туралы ережені Қазақстан Республи касының Президенті бекітеді.»;

10) 13-1-бапта:1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымы мен дəрежесіне,

күтілетін теріс салдарларына қарай терроризмге қарсы операцияға бас-шылық жасауды республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабының басшысы жүзеге асырады.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның дайындалып

жатқаны туралы, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның басталғаны ту-ралы расталған ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының Пре-зидентіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Рес-публикасының Бас Прокурорына жəне Қазақстан Республикасының Үкіме-тіне дереу хабарлайды;»;

11) мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3-баптармен толықтырылсын:«14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм

актілерінің жолын кесуге тарту1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:1) терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын не террористер басып

алған əуе кемелері ұшуының жолын кесуге;2) Қазақстан Республикасының ішкі суларында жəне аумақтық теңізінде,

Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесуге, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақ стан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тəртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысуға тартылады.

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризмге қарсы опера-цияны өткізу кезінде осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сəйкес арнайы құралдарды, қару мен жауын герлік техниканы қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күште-рінің əскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны өткізу айма-ғында дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану жəне жауын герлік техниканы пайдалану шарттарына, тəртібі мен шегіне қатысты бөлігінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.

14-2-бап. Əуе кеңістігіндегі терроризм актілерінің жолын кесу1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік

техниканы əуе кеңістігіндегі терроризм актісінің қатерін жою немесе жолын кесу мақсатында қолданады.

2. Егер əуе кемесі жердегі басқару пункттерінің Қазақстан Республи-касының əуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы ради-окомандаларына жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Қарулы Күш терінің оны жолдан ұстап қалуға көтерілген ұшу аппараттарының радиокомандала-ры мен көрінетін белгілеріне ден қоймаса не себебін түсіндірмей, радио-командаларға жəне көрінетін белгілерге бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы осы əуе кемесін қонуға мəжбүрлеу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады. Егер əуе кемесі қону туралы талаптарға бағынбаса жəне адам-дардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, қару мен жауынгерлік техника аталған əуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданылады.

3. Егер əуе кемесін терроризм актісін жасау үшін пайдалану туралы неме-се əуе кемесін басып алу туралы анық ақпарат бар болса жəне бұл ретте қалыптасқан мəн-жайлардан туындайтын, оны қондыру үшін қажетті барлық шаралар таусылса жəне адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күш-тері қару мен жауынгерлік техниканы аталған əуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады.

14-3-бап. Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында жəне теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қазақстан Республи-касының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында тер-ро ризм актісінің қатерін жою мақсатында жəне теңізде жүзу қауіп сіз дігін қамтамасыз ету кезінде қару мен жауынгерлік техниканы қолданады.

2. Егер теңіз немесе өзен кемелері жəне корабльдер (жүзу құралдары) Қазақстан Республикасының су кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы командаларға жəне (немесе) белгілерге ден қоймаса не тоқтау туралы талаптарға бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы тер-роризм актісінің қатерін жою мақсатында жүзу құралын тоқтауға мəжбүрлеу үшін қолданылады. Егер жүзу құралы тоқтау туралы талапқа бағынбаса жəне (немесе) оны тоқтауға мəжбүрлеу мүмкін болмаса жəне бұл ретте қалып-тасқан мəн-жайлардан туындайтын, оны тоқтату үшін қажетті барлық шара-лар таусылса жəне адамдардың қаза табуының не экологиялық апат туын-дауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы жүзу құралын жойып жіберу арқылы оның қозғалысының жолын кесу үшін қолданылады.»;

12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:«15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақтағы құ қық-

тық режим 1. Терроризм актісінің жолын кесу жəне оны ашу, оның салдарларын ба-

рынша азайту, тізбесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қыз-меті туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке адамның, қоғам-ның жəне мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.

2. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (шегінде (соларда) осындай режим енгізілетін аймақты (объектілер тізбесін) жəне қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауды қоса алғанда) жəне оның күшін жою туралы шешім тиісті аумақ тың халқына, жергілікті атқарушы органдарына жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарының əкімшіліктеріне, объектілерінің бас-шыларына бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желі лері арқылы дереу жеткізіледі.»;

13) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толық-тырылсын:

«7) күзет қызметін тоқтата тұру.»;14) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:«16-бап. Терроризм актісінің салдарынан немесе оның жолын кесу

кезінде келтiрiлген зиянды өтеу 1. Жеке жəне заңды тұлғаларға терроризм актісінің салдарынан келті-

рілген мүліктік зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіле ген тəртіппен жүзеге асырылады.

2. Терроризм актісінің салдарынан келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру оны жасаған адамдардың есебінен жүзеге асырылады.

3. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде терроризм актісін жасаушы адамның (адамдардың) денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ осы адамның (адамдардың) өлуінен туындаған зиян өтелуге жатпайды.

4. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке жəне заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

15) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын: «21-1-бап. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар

жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жер-леу тəртібі

Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-əрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мəйіттері жерлеуге берілмейді жəне олар жерленген орын туралы хабарланбайды.».

10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілде-дегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құ-жат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат):

2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:«2-1. Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге

асыратын мемлекеттік органдарға жəрдемдесуге міндетті.».11. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан

Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жар-шысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құ-жат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат):

8-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:«3. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер терроризмге қарсы іс-

қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талап етуі бойынша терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгі зілген аймақтағы күзет қызметін тоқтата тұруға міндетті.».

12. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару жəне өзiн өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жар-шысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., №

1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):

1) 27-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «26) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың, республикалық

маңызы бар қаланың, астананың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;»;

2) 31-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы

бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту жəне (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады.».

13. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қа зақ стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламен тiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):

6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «тоқтатыла тұрса, өткiзi-летiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.» деген сөздер «тоқтатыла тұрса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) əлеуетті өнім беруші жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) жəне (немесе) олардың басшысы, құрылтай шылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 8 қаңтар № 63-V ҚРЗ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкім шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламен-тінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құ жаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құ жат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құ-жаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құ жаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құ жат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газет-терінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті-леріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

508-бап мынадай редакцияда жазылсын:«508-бап. Азаматтардың əскери есепке алу жөніндегі міндеттерді

орындамауы Əскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті əскери

басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дəлелдi себеп-сiз келмеуi –

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.».

2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер ко-дек сіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құ жат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құ-жат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):

1) 14-1-бапта:1-тармақтың 14) тармақшасындағы «дайындау;» деген сөз «дайындау жа-

тады.» деген сөздермен ауыстырылып, 15) тармақшасы алып тасталсын;2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;3-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;2) 43-бапта:7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жер учаскесiне сəйкестендiру құжатын дайындауды жəне беруді мем-

лекет тік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемле-кеттік кəсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;

9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық

мемлекеттік кəсіпорындар беретін мынадай құжаттар:»;3) 47-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацы алып тасталсын;4) 153-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «дайындауды» деген сөзден

кейін «жəне беруді» деген сөздермен толықтырылсын.3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Ко-дексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құ-жат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құ жаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құ-жаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құ-жат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құ жат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құ-жат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəселе лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 557-бапта:1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«8) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi: сəйкестендiру нөмiрi; жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, əкесiнiң аты (бар

болған жағдайда);дара кəсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен

шығару күнi, тiркеу есебiнен шығару себебi; қызметтi тоқтата тұрудың басталған жəне аяқталған күнi; салық төлеушiнiң резиденттiгi;

бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;бақылау-касса машинасын пайдалану орны туралы;»;3-тармақ мынадай мазмұндағы 11) жəне 12) тармақшалармен толықты рылсын:«11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мəліметтер бөлігінде

халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдарға береді.Салық құпиясын құрайтын мəліметтердің тізбесін жəне оларды ұсыну

тəртібін ақпараттандыру саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен жəне осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп, уəкілетті ор-ган белгілейді;

12) салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жар налары мен əлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екен-дігі туралы мəліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жəне таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органға береді.»;

2) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын: «565-бап. Дара кəсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы,

адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою1. Жеке тұлғаны дара кəсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды салық органы

Қазақстан Республикасының жеке кəсiпкерлiк туралы заңнамасында ай-қындалған тəртiппен жəне мерзiмдерде дара кəсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куəлiк бере отырып жүргiзедi.

2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кəсiп кер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кəсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.

3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiн-де тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру-ды бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынылған дара кəсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:

жеке басын куəландыратын құжаттың;жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды

орын дау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның;жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан

жерiн растайтын құжаттың көшірмелері қоса берiледi.Жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растай-

тын құжат жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы элек-трон дық түрде ұсынған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсы-нылмайды.

4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс кү ні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ре-тiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.

Салық органы, егер: 1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куəландыратын құжаттың

деректері сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мəліметтерге сəйкес келмеген;

2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құ-жаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқы ғына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мəліметтерге сəйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартуды жүргізеді.»;

3) 581-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:«3-1) көлік құралына салық төлеуге төлем құжаттарын қабылдаған кезде

жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органның деректеріне сəйкес көлік құралының сəйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақы-лауға міндетті.

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра-тын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сəйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сəйкес келмеген жағдайда, көлік құралына салық төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады;»;

4) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша

не ме се халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкімет-тің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен əлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мəліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.».

4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақ-стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құ-жаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):

1) 7-баптың 1-тармағы 72) тармақшасындағы «бекiту жөнiндегi функция-ларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 73) тармақшамен толықтырылсын:

«73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға меди-циналық тексеріп-қарау жүргізу тəртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;

2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды

қос па ғанда, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан (пациенттерден) денсаулық жағдайы туралы мəліметтер ұсыну жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.»;

3) 88-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Азаматтар денсаулық сақтау саласындағы электрондық мемлекеттік

қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға құқылы.».

5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республи-касы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):

(Соңы. Басы 7-бетте).

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік

қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

(Соңы 9-бетте).

Page 9: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жыл www.egemen.kz 911-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден органдары кеден терминалдарының, əуежайлардың, порттар-

дың, темiр жол станцияларының аумағында жəне (немесе) үй-жайларында, халық аралық почта алмасу орындарында, халыққа қызмет көрсету орта-лықта рында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта жəне (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.».

6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы ту ралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат):

1) 188-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған

жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-ана-сының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сəйкес айқында лады.»;

2) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын: «190-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш 1. Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті ата-анасы немесе

олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себеп-термен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның əкiмшiлiгi жазбаша нысанда бередi. Өтінішке ата-анасының жеке басын куəландыратын құжат-тардың, сондай-ақ неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куəліктің көшір-мелері қоса беріледі.

Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі.

Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куəлан-дыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін рас-тайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш əрқай-сысына қатысты бөлек беріледі.

2. Халыққа қызмет көрсету орталығына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу ту-ралы өтініш мемлекеттік қызметтер стандартына сəйкес беріледі.».

7. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ-стан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құ жат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құ жат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құ жат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құ-жат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):

1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толық-тырылсын:

«18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен көлік құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жəне есепке алуды жүзеге асыру;»;

2) 5-1-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«28) жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлес-

тiредi, көлік құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша көлiк құралдарының же-келеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу жəне есепке алу тəртібін əзірлейді, оларды пайдаланатын, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу жəне есепке алу, жүргізу құқығына емтихандар қабылдау жəне куəлiктер беру тəртiбiн айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрле рiн жол жүрісіне қатысуға жiберуді жүргізеді жəне оларды жүргізу құқығын бередi;».

8. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақ-стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) жəне 11-1) тармақшалармен толық-тырыл сын:

«10-1) көлік құралдарын жəне олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі – көлік құралдарының жəне олардың тірке меле-рінің иелері, көлік құралының сəйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтыл-ған көлік құралдары жəне олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куəліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мəліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтама-сыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;»;

«11-1) көлік құралының сəйкестендіру нөмірі – көлік құралдарын жəне олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сəйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген əріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетіл-ген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;»;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:«- көлік құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының

жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу жəне есепке алу тəртібін айқындау;»;3) 7-бап мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:«- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша, Қазақ-

стан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді банктер-дің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін оларға көлік құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тəртібін айқындау жəне ұсыну;»;

4) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«6. Адамдарды көлік құралдарын жүргізу құқығына емтихандарға жіберу,

оларды тапсыру, көлік құралдарын жүргізу құқығына куəліктерді беру тəрті-бін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.»;

5) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралдарын жəне олардың

тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.».

9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру тура-лы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құ жат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құ жат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құ жат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құ жат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж, № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):

50-бапта:2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Өздерінің қызметтік жəне функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға

байланысты зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мəлiметтерге қол жет кізуге мүмкіндік алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталық-тың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының лауазымды адамдары, қыз-мет керлерi жəне өзге де адамдар зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мəлiметтердi жария етуге құқылы емес жəне оларды жария еткені үшiн, осы баптың 3 – 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.»;

4-тармақтың 7) тармақшасындағы «ұйымдарға берiлуi мүмкiн.» деген сөздер «ұйымдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) алушының не нотариат куəландырған сенімхат негізінде оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берiлуi мүмкiн.».

10. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Респуб лика-сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):

18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органға «Заңсыз жолмен

алын ған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржы-лан дыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көздел ген мақсаттарда жəне тəртіппен нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəлімет тер мен ақпарат беру, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтар-ды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көз-дел ген тəртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін жіберу нотариаттық іс-əрекеттер құпиясын жария ету болып та-былмайды.».

11. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 мау-сым дағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат):

1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:«9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi

тiркеушi органға жəне (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына не халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi.

2. Өтініште: 1) тiркеушi органның жəне (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының атауы;2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды

тұлға үшiн) немесе тегi, аты, əкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғы-лықты жерi (жеке тұлға үшiн);

3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны;

4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi жəне сипаттамасы (кепiл нысанасы туралы мəлiметтер);

5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi;7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы жəне заңды тұлға

үшiн – мөрi;8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пай-

далануға болатыны жəне қайталама кепiл туралы мəліметтер;9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда)

қамтылуы тиіс. Өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымның

бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуi тиiс. Өтінішті тiркеушi органға жəне (немесе) жылжымайтын мүлік орталы-

ғына не халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берген кезде өтініш беруші – жеке басын куəландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куəландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

3. Өтінішпен бірге кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге шарт ұсынылады, ол өтініште қамтылған мəліметтерді тiркеушi орган жəне (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы тексергеннен кейін тіркеу ту-ралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады.

4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мəлi-меттерді талап етуге жол берiлмейдi.

5. Өтініште қамтылған мəліметтерді тексеруді жəне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган жəне (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өтініш түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;

2) мынадай мазмұндағы 9-3-баппен толықтырылсын:«9-3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық тіркеу тəртібі1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы

шарт немесе кепіл туралы мəліметтер қамтылған өзге шарт жасасқан жағдай-да, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəлан-дырылған өтініш жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағымен айқындалады.

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куəландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт неме-се кепіл туралы мəліметтер қамтылған өзге шарт жəне жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мəліметтер қоса беріледі.

Тіркеуші орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне жəне кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куəлікті не тіркеуден бас тарту туралы дəлелді жауапты жібереді.

2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің жəне тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады жəне құжаттамалық растауды талап етпейді.»;

3) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:«2-1. Жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік

кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйе-сіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.».

12. «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақ стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршы-сы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж, № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):

15-1-бап мынадай мазмұндағы 7 жəне 8-тармақтармен толықтырылсын:«7. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алушыларға бір өтініш негізін-

де бірнеше электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетілуі мүмкін.Бір өтініш негізінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің

тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.8. Мемлекеттік қызметтерді алушылар мемлекеттік қызметтерді алу үшін

мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілеріне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасаған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді ұсынуға келісім беруге құқылы.».

13. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жар-шысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:«2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар

қала, Астана мəслихаттарының құзыретіне əлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу жəне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту жатады.»;

2) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:«1-2. Республикалық маңызы бар қала, астана əкімдігі Қазақстан Респуб-

ли касының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негiзiнде əлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу жəне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын əзірлейді.»;

3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толық-тырылсын:

«24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негі-зінде əлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу жəне мұқтаж аза маттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын əзірлейді.».

14. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламен-тінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Еге-мен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымда рының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен

кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;»;2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:«15-бап. Жұмыссыздарды тіркеу1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша не «электрон-

дық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жəрдемдесу үшін уəкiлеттi органға өтiнiш жасайды.

2. Уəкілетті орган жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куəланды-ратын құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.

3. Уəкiлеттi орган өтініш жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш жасаған адамдарды мемлекеттік органдардың жəне (не-месе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мəлiметтердi енгiзу жолымен жұмыссыздар ретiнде тіркейді.

Уəкiлеттi орган өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеген жəне есепке қойған немесе тiркеуден бас тартқан күннен бастап:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күнінен;

2) уəкілетті органға өтініш жасаған кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

4. Уəкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уəкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.».

15. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жəрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):

1) 1-бапта:10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«10) уəкілетті ұйым (бұдан əрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы

Үкіме тінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазы на-лық кəсіпорын;»;

мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:«11) уəкілетті ұйым бөлімшесі (бұдан əрі – Орталық бөлімшесі) - уəкілетті

ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері.»;2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:«5-бап. Жəрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау 1. Жəрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жəрдемақы алу құқы-

ғы туындағаннан кейін жүзеге асырылады. 2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын құжаттарды

қоса бере отырып, жəрдемақы тағайындау туралы өтініш:

1) Орталық бөлімшесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – ба-ла туғанда берілетін жəрдемақы, бала күтіміне байланысты жəрдемақы, мүгедек баланы тəрбиелеушіге берілетін жəрдемақы;

2) балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уəкi-леттi органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – балаларға арнал ған жəрдемақы алу құқығы бар отбасылардың тұрғылықты жерi бойынша беріледі.

Тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уəкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші балаларға арналған жəрдемақы тағайындау үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкіміне өтініш жасайды.

Адамдар бала туғанда берілетін жəрдемақы мен бала күтіміне байланысты жəрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

Ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жəрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тəртіппен берілген сенімхат негізінде жəрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уəкілеттік беруге құқылы.

3. Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші – түпнұсқада ұсынған өтініштің, құ-жат тардың жəне мəліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мем-лекет тік органдардың жəне (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мəліметтерді Орталық бөлімшесіне не-месе балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уəкiлеттi органға жібереді.

4. Мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мəліметтердің жоқ екенін растай-тын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесі немесе балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уəкiлеттi орган не халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіп-пен жəне мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мəлі-мет терді сəйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

Ақпараттық жүйелер белгіленген тəртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мəліметтердің бар екендігін растаған кезде бала туғанда берілетін жəрдемақының, бала күтіміне байланысты жəрдемақының, мүгедек баланы тəрбиелеушіге берілетін жəрдемақының, балаларға арналған жəрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің тағайындау үшін Орталық бөлімшесіне немесе балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уəкiлеттi органға не халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасаған күні есептеледі.

5. Бала туғанда берiлетiн жəрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жəрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бас-тап он екi айдан аспауға тиiс.

6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес толық жəне анық мəлiметтер ұсынуға мiндеттi.»;

3) 6-бапта:мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:«1-2. Балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi

уəкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімі бала ларға арналған жəрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.

Учаскелік комиссиялар уəкiлеттi органнан немесе кент, ауыл (село), ауыл-дық (селолық) округ əкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар жəне (немесе) өтініш берушінің материал дық жағдайын тексеру нəтижелері негізінде қорытынды дайындайды жəне оны балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уəкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкіміне береді.

Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімі өтініш берушіден құжат-тарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса бала-ларға арналған жəрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уəкiлеттi органға береді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тиісті уəкілетті орган қажетті, оның ішінде электрондық құжаттармен

бірге өтінішті олар Орталық бөлімшесінде немесе балаларға арналған жəр дем -ақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уəкілетті органда тіркелген күн нен бас-тап қарайды, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың жəне (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы мəліметтерді растаған күннен бастап:

1) бала туғанда берілетін жəрдемақы, бала күтіміне байланысты жəрдем ақы, балаларға арналған жəрдемақы тағайындау үшін – жеті жұмыс күні ішінде;

2) мүгедек баланы тəрбиелеушіге берілетін жəрдемақы тағайындау үшін – он жұмыс күні ішінде қарайды.

Балаларға арналған жəрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мəліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жəрдемақыны таға-йындау мен төлеу жөніндегі уəкілетті орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік органдардың жəне (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мəліметтер жəне учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Тиісті уəкілетті орган өтініш берушіні бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған ше-шім жөнінде жазбаша не халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Орталық бөлімшесі арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабардар етеді.»;

4) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Балаларға арналған жəрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық

табысын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тəртіппен жүргізіледі.»;

5) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Өтініш беруші жəрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді

тоқтату үшін негіз бола алатын мəн-жайлар туралы тиісті уəкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.».

16. «Жеке кəсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Ка-захстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

27-бапта:1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлға құрмай жеке кəсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кəсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мəлiм-делген орналасқан жерi бойынша салық органында (бұдан əрi – тiркеуші ор-ган) дара кəсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Дара кəсіпкерді (бірлескен дара кəсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу тура-

лы куəлік мерзімсіз болып табылады жəне тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрон-дық құжат нысанында ұсынылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«4. Дара кəсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салық-

тық өтініш;2) дара кəсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюд-

жетке төленгенiн растайтын құжат;3) дара кəсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны

пайдалану құқығын растайтын құжат дара кəсiпкердiң орналасқан жерiн рас-тайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тəртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куəландыратын құжатты көрсетеді.

Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы элек-трондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кəсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

Дара кəсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салық-тық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрон-дық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.

Егер өтiнiш берушi кəмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда сана-маланған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болма-ған кезде кəмелет жасына толмаған адамның толығымен іс-əрекетке қабi-леттi деп жарияланғаны туралы сот шешiмi қоса берiледi.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.»;мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:«4-1. Жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсын-

ған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кəсіпкерді (бірлескен дара кəсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.

Салық органы, егер:1) өтініш беруші əрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы

(қатысушысы) жəне (немесе) басшысы болып табылған жəне (немесе) əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған жəне (не-месе) хабарсыз кеттi деп танылған жəне (немесе) қайтыс болды деп жария-ланған жəне (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216 жəне 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куəландыратын құжаттың деректері сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мəліметтерге сəйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кəсіпкерді (бірлескен дара кəсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:«6-1. Дара кəсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті

келу тəртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет-тің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.

Кəмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кəсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тəртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.»;

7-тармақ алып тасталсын.17. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»

2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қа зақ стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:«2-1. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жылжымайтын

мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мəліметтерді тіркеуші орган электрондық цифрлық қолтаңбалармен куəландырылған элек трондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.».

18. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Респуб ликасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат):

17-бапта:1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жəне тіркеу есебінен

шығару туралы мəліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер гiлiктi əскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі.»;

9-тармақ алып тасталсын.19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əртүрлі

заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзу-шылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мəселелері бойынша өзгеріс тер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 сəуірдегі Қазақ-стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 8, 64-құжат):

1-баптың 46-тармағы 6) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редак-цияда жазылсын:

«құқық иеленушiнің жазбаша келісімімен, өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесін бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жiбередi;».

2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын, 8-тармағының 3) тармақшасын, 16-тармағының он бесінші абзацын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бас тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 8 қаңтар № 64-V ҚРЗ

(Соңы. Басы 8-бетте).

Қазақстан Республикасының Заңы

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия аймағы Кемер болысында

орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

2012 жылғы 16 сəуірде Анкарада жасалған 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия аймағы Кемер болысында орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қаңтар № 65-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

2009 жылғы 6 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан

Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз

ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2012 жылғы 21 қарашада Парижде жасалған 2009 жылғы 6 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы əскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қаңтар № 66-V ҚРЗ

Page 10: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жылwww.egemen.kz10Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

нормативтік қаулысы

2012 жыл 29 желтоқсан №6 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныңнормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне жəне сот тəжірибесін одан əрі қалыптастыру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік

қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізі лсін:1. «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты өлді деп жа-

риялау туралы істер бойынша сот тəжірибесі туралы» 1968 жылғы 25 қыр-күйектегі № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) кіріспеде бүкіл мəтін бойынша «милиция» деген сөз «полиция» деген сөзбен ауыстырылсын.

2) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес, осы

нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады жəне ресми жарияланған күнiнен ба-стап қолданысқа енгізiледi.».

2. «Мүлікті тыйым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы» 1975 жылғы 24 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Респу-бликасы Жоғарғы Соты Пленумының 1978 жылғы 21 қыркүйектегі № 18, 1987 жылғы 2 қазандағы № 11, 1988 жылғы 23 қыркүйектегі № 7, 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5 қаулыларымен жəне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты-ның 2004 жылғы 18 маусымдағы № 13, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Талап арыз қылмыстық іс бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін,

бірақ осындай талаптарды қою мерзімі өткізіліп барып берілген жағдайда судья талап арыздарды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес. Мерзімді өткізіп алу себептерінің дəлелділігін заңда белгіленген тəртіппен талқылау қажет.»;

2) 8-тармақта «Неке жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32, 34, 35, 37, 43» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 33, 35, 36, 38, 44» деген сөздермен, «Неке жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37» деген сөздер ««Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: «12. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес, осы

нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жал-пыға бiрдей мiндеттi болып табылады жəне ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.»;

3. «Азаматтық істер бойынша экспертиза туралы» 1989 жылғы 22 желтоқ-сандағы № 14 қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 15 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: «11. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес, осы

нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады жəне ресми жарияланған күнiнен бас-тап қолданысқа енгізiледi.».

4. «Азаматтық істерді соттың қарауына əзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) 1-тармақта:бірінші абзацта «бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі іс-əрекетінің

қажетті бөлігі болып табылады» деген сөздер «бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен, «ескерулері қажет» деген сөздер «ескеруге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-тармақта: бірінші абзац «əр іс бойынша» деген сөздерден кейін «, оның ішінде

соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да» деген сөздермен толықтырылсын»;

екінші абзацта «апелляциялық» деген сөз алып тасталсын;мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «АІЖК-нің 345 жəне 348-баптарының талаптарын ескере келе апелля-

циялық сатыдағы судья АІЖК-нің 170-бабына сəйкес өткізілуге тиіс нақты іс-əрекеттерді көрсете отырып істі сотта қарауға əзірлеу туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Іс апелляциялық сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберіле отырып, бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттардың іс бойынша бұрын шығарған сот актілерінің күші кассациялық немесе қадағалау тəртібімен жойылған кезде де апелляциялық сатыдағы судья істі сотта қарауға əзірлеу туралы ұйғарым шығарады.»;

3) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «АІЖК-нің 49-бабының 2-бөлігі бойынша тараптар медиация тəртібімен

реттеу туралы келісіммен дауды аяқтай алады. Осыған байланысты соттар «Ме-диация туралы» Заңға сəйкес медиация рəсімінің қолданылуы мүмкін даулар бойынша медиацияға құқықты түсіндіруге тиіс.»;

4) 6-тармақта:мəтін бойынша «бітімгершілік келісімін», «бітімгершілік келісімнің» деген

сөздерден кейін тиісінше «, дауды медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді», «, дауды медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл ретте сот дауды медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді бекіткен

кезде төленген мемлекеттік баждың «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тəртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс екендігін назарда ұстау қажет.»;

5) 8-тармақта:бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: «Талапкер қосымша талаптар қою құқығын іске асыруды, ал жауапкер істі

соттың қарауына əзірлеудің АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген мерзімдері шегінде, істі сотта қарау тағайындалғанға дейін қосымша талаптар қою құқығын іске асыра алады. Бұл ретте қосымша талаптар, қарсы талап қою АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген істі соттың қарауына əзірлеудің іс жүргізу мерзімінің өтуін тоқтатпайтынын жəне оны ұзарту үшін негіз болып табылмайтынын еске-ру қажет. Талапкердің істі апелляциялық сатыда қарау сатысында осындай қосымша талаптар қою құқығы көзделмеген.»;

екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Егер АІЖК-нің 366-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасында баяндалған

негіздер апелляциялық сатыдағы соттың сот шешімінің күшін жоюына негіз болған жəне жауапкер бірінші сатыдағы сотта қарсы талап қою мүмкіндігінен айрылған жағдайда оларға осындай талап АІЖК-нің 345-бабының ережелері ескеріле отырып талап қою шегінде апелляциялық қарау сатысында қойылуы мүмкін.»;

6) 12-тармақта: екінші абзацта «бітімгершілік келісімін» деген сөзден кейін «, дауды меди-

ация тəртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Егер сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен мін-

деттері туралы мəселені істі өзінің өндірісіне қабылдау кезінде шешсе, сондай-ақ АІЖК-нің 53-бабы бойынша үшінші тұлғаларды тарту қажет болған өзге де жағдайларда, шағымның, наразылықтың дəлелдеріне қарамастан бірінші саты-дағы сот шешімінің күші жойылуға тиіс екендігін регламенттейтін АІЖК-нің 366-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, істі əзірлеу мақсатында апелляциялық сатыдағы сот заңдылық мүддесі үшін істі апелляциялық сатыда қарау сатысында үшінші тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл ретте істі əзірлеу АІЖК-нің 345-бабында белгіленген шекте жүргізілуге тиіс.»;

7) 14-тармақта:екінші абзацтың г) тармақшасында «Неке жəне отбасы туралы» Қазақстан

Республикасы Заңының 68» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76» деген сөздермен ауыстырыл-сын;

үшінші абзацта «Судья» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;8) 15-тармақта қазақ тіліндегі мəтін өзгеріссіз қалдырылады;9) 16-тармақта «судья» деген сөз «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;10) 17-тармақта «судья» деген сөз «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;11) 18-тармақта:«бітімгершілік келісім шарттарын» деген сөздерден кейін «, дауды медиа-

ция тəртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;«жасалмайды» деген сөзден кейін «, бірақ соттың қалауы бойынша немесе

іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша жасалуы мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 19-тармақта:«жеті күннен» деген сөз «жеті жұмыс күнінен» деген сөздермен ауысты-

рылсын; 13) мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын: «24. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес, осы

нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады əрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».

5. «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 нормативтік қаулыға:

1) 12-тармақта «Неке жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 49-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын.

6. «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгеріс-терімен бірге:

1) 19-тармақта:бірінші абзацта «қысқаша (қысқартылған) шешімге» деген сөздер «сот

шешіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;«ол шығарылған күннен бастап, ал дəлелді шешімге - осындай шешім

шығарылған күннен бастап» деген сөздер «сот шығарған шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 25-тармақта бірінші абзацта «істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жібермей-ақ,» деген сөздер алып тасталсын;

3) 26-тармақта:бірінші абзацта «істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына бермей-

ақ,» деген сөздер алып тасталсын;екінші абзац алып тасталсын;4) 27-тармақ алып тасталсын;5) 27-2-тармақта:бүкіл мəтін бойынша «апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен

ұйғарымдарына» деген сөздер «бірінші жəне апелляциялық сатылардағы соттар-дың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулылары мен ұйғарымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «апелляциялық сатыдағы сот өзінің қаулысымен немесе ұйғарымымен» деген сөздер «соттар» деген сөзбен, «мəселені шешсе» деген сөздер «шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарса» деген сөздермен ауыстырыл-сын;

6) 28-тармақта:бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «АІЖК-нің 385-бабының бірінші бөлігіне сəйкес, соттың заңды күшіне ен-

ген шешімі, ұйғарымы, қаулысы оларға шағым берудің кассациялық тəртібі сақталған жағдайда, тараптар жəне олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да адамдар берген өтініштер бойынша сот қадағалауы тəртібімен қайта қаралуы мүмкін.»;

екінші сөйлемде «үшінші» деген сөз «екінші» деген сөзбен ауыстырылсын;7) 31-тармақта:бірінші абзацта: «екінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші сөйлем алып тасталсын;үшінші абзац алып тасталсын.7. «Сот шешiмi туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік

қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«7. АІЖК-нің 221-бабына сəйкес, дауды мəні бойынша шешу кезінде сот

кіріспе, сипаттау, дəлелдеу жəне қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады, олардың мазмұны осы баптың 3-6-бөліктерінде көзделген талаптарға сай келуге тиіс.

Шешімнің дəлелдеу бөлігінде дəлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкін.

АІЖК-нің 229-бабы бойынша, іс қаралғаннан кейін шешім, соның ішінде сырттай шешім дереу шығарылады. Дəлелді шешім əзірлеу бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі қарау аяқталған сол отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға жəне іс материалдарына қоса тіркелуге əрі дəлелді шешімнің қарар бөлігіне сəйкес келуге тиіс.»;

2) 8-тармақ алып тасталсын;3) 16-тармақта «Неке жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының 68-бабының 3-тармағы, 71-бабының 5-тармағы» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 3-тармағы, 79-бабының 5-тармағы» деген сөздермен ауыстырыл-сын;

4) 20-тармақта «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы» деген сөздер «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау ту-ралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы» деген сөздермен ауыстырыл-сын.

8. «Сотта азаматтық iстердi қарау кезiнде жариялылық принципін сақтау туралы» 2005 жылғы 28 қазандағы № 5 нормативтік қаулыға:

1-тармақта «апелляциялық» деген сөзден кейін «кассациялық,» деген сөзбен толықтырылсын.

9. «Аралық соттардың шешімдерін мəжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыға:

1) 1-тармақта «1998 жылғы 30 маусымдағы» деген сөздер «2010 жылғы 2 сəуірдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-тармақта «496-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына» деген сөздер «535-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мəселелері туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізіл-ген өзгерістерімен бірге:

1) 3-тармақта:екінші абзацта «сот қадағалау тəртібімен ғана» деген сөздер «кассациялық

жəне қадағалау сот тəртіптерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;2) 4-тармақта бүкіл мəтін бойынша «қадағалау тəртібімен», «сот қадағалау

тəртібімен» деген сөздер «кассациялық жəне қадағалау сот тəртіптерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 14-тармақта:екінші абзацта «ұйғарымдары,» деген сөзден кейін «кассациялық» деген

сөзбен толықтырылсын;4) 17-тармақта:2) тармақшада «401» деген цифр «404» деген цифрмен ауыстырылсын.11. «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау тура-

лы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республи-касы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) 26-тармақ алып тасталсын.12. «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір

мəселелері туралы» 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) 22-тармақта бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі тура-

лы» Заңның 41 -бабына сəйкес, атқару əрекеттерін жасауға кедергі болатын мəн-жайлар болған кезде, сот орындаушысы өндіріп алушымен келісілген борышкердің арызы бойынша немесе өндіріп алушының арызы бойынша олар-ды он күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырады, бұл туралы тиісті қаулы шығарылады, оны мемлекеттік сот орындаушылары үшін аумақтық бөлім бас-шысы бекітеді.»;

17) 26-тармақ алып тасталсын. 13. «Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару

тəжірибесі туралы» 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 нормативтік қаулыға:1) 12-тармақта «жəне 2-бабының 3-1-тармағына» деген сөздер алып та-

сталсын;2) 13-тармақ алып тасталсын. ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес, осы

нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады əрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.БЕКНАЗАРОВ.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы Д. НҰРАЛИН.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы

2012 жыл 29 желтоқсан №7 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тəжірибесі туралы

Адамды саудаға салуға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды дұрыс əрі біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республи-касы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:1. Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын заңнаманың

дұрыс қолданылуы адамның құқықтары мен бостандықтарын тиісінше қамтамасыз ететініне қылмыстық процесті жүргізуші органдардың назары ауда-рылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан əрі – ҚК) 128 жəне 133-баптарында көзделген қылмыстардың объективті жағы адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғуды білдіреді жəне адамды сатып алу-сату немесе адамға қатысты өзге де мəмiлелер жасасу, оны пайдалану, азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де əрекеттер жасаудан байқалады.

ҚК-нің 128-бабының бірінші бөлігі жəне ҚК-нің 133-бабының бірінші бөлігі бойынша əрекеттерді саралау үшін осы баптардың диспозициясында көр-сетілген іс-əрекеттердің ең болмағанда біреуінің жасалу фактісінің анықталғаны жеткілікті.

Адамды саудаға салумен байланысты қылмыстың объектісі адамның бостандығы, оның жеке басының қауіпсіздігі, құқықтары мен заңды мүдделері, ар-намысы мен қадір-қасиеті, тұратын жерін, қызмет түрі мен мамандықты еркін таңдау құқығы болып табылады.

Адамды сатып алу-сатудың немесе оған қатысты өзге де мəмілелерді жасасудың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады. Сондықтан əрекетті ҚК-нің 128-бабының бірінші бөлігі бойынша жəне ҚК-нің 133-бабының бірінші бөлігі бойынша саралау үшін осындай мəмілелердің қандай мақсатпен жасал-ғаны маңызды емес.

Адамды азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру кезінде қылмыстың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады, ал қылмыстың мақсаты адамды пайдалану болып табылады.

3. Адамды сатып алу-сату деп бір тарап (сатушы) басқа тарапқа (сатып алушыға) адамды белгілі бір сыйақы үшін беретін құқыққа қайшы ақылы мəмілені түсінген жөн.

ҚК-нің 128-бабы бойынша не ҚК-нің 133-бабы бойынша қылмыстық жауап тылыққа əкеліп соқтыратын өзге мəмілелерге адамды сыйға тартуды (адамды басқа бір адамға тегін беру), айырбастауды (адамды əлденеге айырба-стау), алмастыруды (бір адамды басқа бір адаммен ауыстыру), жалға беруді (адамды ақыға уақытша иеленуге жəне пайдалануға беру), адамды тараптар ара-сында жасалған мəміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің кепілі ретінде қалдыруды, адамды төлем ретінде пайдалануды, адамды қандай да бір мүліктік емес сипатта пайда табу мақсатында беруді жəне басқаларды жатқызған жөн.

4. Адамға қатысты сатып алу-сату немесе пайдалану мақсатындағы өзге де мəмілелер жасасуды адам басқа адамдарға берілген сəттен бастап аяқталған қылмыс деп есептеген жөн. Бұл ретте адамды сатқаны немесе өзге де мəмі-лелерді жасасқаны үшін сыйақы алу уақыты маңызды емес.

5. Адамды азғырып-көндіру деп жəбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, соның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу түсі-ніледі. Азғырып-көндіру тəсілдері əртүрлі: сыйақы жөнінде уəде беру, жұмыс ұсыну, алдау, азғыру, бопсалау, қорқыту, қоқан-лоқы көрсету жəне басқалар бо-луы мүмкін.

6. Адамды тасу адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, соның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-əрекетті білдіреді. Бұл ретте көлік түрі, адамды тасымал-дау уақыты мен тəсілдері əрекетті саралау үшін маңызды емес. Адамды тасу апарылатын адамды тек оған біреудің ілесуімен жеткізуді ғана емес, сондай-ақ апарылатын жəбірленушіге баратын жеріне дейін жол жүру құжаттарын сатып əперуді, жəбірленушінің ол жерге өз бетімен жетуін білдіреді. Жеткізу жүзеге асырыла бастаған сəттен аяқталды деп есептеледі.

7. Жəбірленушіні беру деп оны пайдаланатын адамға тікелей беруді түсінген жөн.

Өзінің немесе басқа адамдардың адамды пайдалану мақсатында берген жəне алған адамдардың іс-əрекеттері ҚК-нің 128-бабының тиісті бөлігі бойын-ша, ал кəмелетке толмағанға қатысты – ҚК-нің 133-бабының тиісті бөлігі бой-ынша, сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласу белгісі бойынша саралауға жатады.

8. Адамды кейін пайдалану мақсатымен жасыру деп жəбірленушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыруды түсінген жөн (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жəбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенді-лігінің төмендеуіне дəрі-дəрмек арқылы ықпал ету). Жасыру жəбірленушінің өзін жасырумен қатар оны табуды қиындататын өзге де іс-əрекеттерден (құжаттарын, сыртқы бейнесін өзгерту жəне тағы басқалар) байқалады.

9. «Адамды пайдалану» ұғымын ҚК-нің 128, 133-баптарына лайықтап айқындау кезінде ҚК-нің 125-бабының ескертуін басшылыққа алған жөн.

10. Жəбірленушіні жыныстық сипаттағы іс-əрекеттерді жасау (азғындық іс-əрекеттер, порнографиялық түсірілімдер, бейне-клиптер жасау) үшін мəжбүр-леп пайдалану ҚК-нің 128, 133-баптарының диспозициясымен қамтылады жəне ҚК-нің 132-1-бабы бойынша не ҚК-нің 270-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

11. ҚК-нің 128, 133-баптарында көрсетілген іс-əрекеттердің ең болмағанда біреуі өздеріне қатысты тікелей жасалған адамдарды жəбірленушілер деп таны-ған жөн. Соттар жоғарыда көрсетілген іс-əрекеттер өзіне қатысты жасалған адамға келтірілген зиянды анықтау қажет болған кезде арнайы білімі бар адам-дарды тартуға құқылы.

Қылмыстық процесті жүргізуші органдар жəбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу барысында Қазақстан Республика-сы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан əрі – ҚІЖК) 99-100-баптарында, ал сот талқылауы кезінде ҚІЖК-нің 101-бабында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

ҚІЖК-нің 53-бабына сəйкес, олар жəбірленушінің ішкі мəн-жайлары мен жеке өміріне қатысты мəліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

Жəбірленушілер заңсыз көшіп-қонғаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені, елден шығарып жіберу ту-ралы шешімді орындамағаны, елде болу ережесін бұзғаны, жалған құжаттарды пайдаланғаны, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін, егер жəбірлену-шілер осы əрекеттерді оларды сатуға байланысты жасаса жауапкершілікке тар-ту ға жатпайды.

12. Адамды саудаға салу екi жəне одан да көп адамға қатысты бір мезгілде не əртүрлі уақытта жасалуы мүмкін. Кінəлі адамның іс-əрекеттерін қылмыс-тардың бірнеше мəрте қайталану не екі жəне одан да көп адамға қатысты жасалу белгілері бойынша саралау кезінде оның ниетінің бағытын, нақты іс-əрекет-терінің сипатын, қылмыстар арасындағы уақытты жəне жасалған қылмыстың басқа да мəн-жайларын негізге алған жөн.

Əр түрлі уақытта бірнеше жəбірленушілерге қатысты бірыңғай ниетпен қамтылмаған іс-əрекеттер ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің б) тармағы бойын-ша жəне ҚК-нің 133-бабы екінші бөлігінің б) тармағы бойынша саралауға жата-ды.

Кінəлі адамның бірыңғай ниетпен екі жəне одан да көп адамға қатысты жасаған іс-əрекеттері ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің е) тармағы бойынша жəне ҚК-нің 133-бабы екінші бөлігінің д) тармағы бойынша саралауға жатады.

Адам саудасына байланысты аяқталған қылмысты жасаған, қылмысты жасауға дайындалған жəне оқталған адамның іс-əрекеттері қылмыстардың жиынтығын құрайды.

13. Кінəлі адамның іс-əрекеттерін ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің ж) тармағы жəне ҚК-нің 133-бабы екінші бөлігінің е) тармағы бойынша саралау үшін адамды саудаға салудың ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жəбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында жасалғанын анықтау қажет.

Адамның органдары мен тiнiн алуға мəжбүр етуге немесе заңсыз алуға байланысты іс-əрекеттер ҚК-нің 113-бабының тиісті бөлігі бойынша бөлек сара-ланады.

14. ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің з) тармағы, ҚК-нің 133-бабы екінші бөлігінің ж) тармағы бойынша адамды саудаға салғаны үшін жауаптылық жəбірленушіні алдаған немесе оның сенiміне қиянат жасаған жағдайларда туын-дайды. Жəбірленуші осының нəтижесінде кінəлі адамның оны сату, оны пайдалануға бағытталған өзге де мəмілелер мен іс-əрекеттерді жасау ниетімен əрекет жасап жүргенін білмегендіктен еріксіз күйде қалады.

15. Мемлекеттік не мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істей жүріп өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған лауазымды адамның іс-əрекеттерін ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің и) тармағы жəне ҚК-нің 133-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша саралаған жөн. Лауазымды адамның адамдарды саудаға салуы осы қылмыстың саралаушы белгісі болып табылады жəне ҚК-нің 307-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

16. Кінəлі адамға материалдық немесе өзге де тəуелдiлiкте болған жəбірленушіге қатысты əрекеттер ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің к) тармағы жəне ҚК-нің 133-бабы екінші бөлігінің к) тармағы бойынша сараланады.

Жəбiрленушiнiң материалдық тəуелдiлiкте болуы, мысалы, оның кінəлі адамның асырауында толық немесе ішінара болуынан, кінəлі адамның тұрғын үй-жайында тұруынан байқалуы мүмкін. Жəбірленушінің кінəлі адамға кез кел-ген материалдық емес тəуелділікте болуын (мысалы, отбасылық қатынастар, бағыныштының басшыға, оқушының оқытушыға тəуелді болуы) өзге тəуелділік деп түсіну қажет.

17. Адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге əкету (жөнелту), Қазақстан Республикасына əкелу немесе бiр шет мемлекеттен басқа

мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу (транзит) мақ-сатында жасалған əрекеттер, сол сияқты осындай əрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге əкету, Қазақстан Рес-публикасына əкелу немесе бiр шет мемлекеттен басқа мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасып, адамды саудаға салу əрекеттері үшін ҚК-нің 128 жəне 133-баптарының үшінші бөліктері бойынша жауаптылық көзделеді.

18. Ұйымдасқан топ – бiр немесе бiрнеше қылмысты жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаған адамды саудаға салу ҚК-нің 128-ба-бы төртінші бөлігінің а) тармағы жəне 133-бабы төртінші бөлігінің а) тармағы бойынша сараланады. Ұйымдасқан топты алдын ала сөз байласқан адамдар то-бынан тұрақтылығы мен ұйымдасу белгілері бойынша ажырата білген жөн.

Екі жəне одан да көп адамның өзара ұзақ дайындалуымен не қылмыстық əрекеттің орындалуының күрделілігімен ұштасқан бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін салыстырмалы түрде алғанда ұзақ уақыт бойы бірігуі топтың тұрақтылығын білдіруі мүмкін. Топтың ұйымдасуы – бұл топқа қатысушылардың бір немесе бірнеше адамдардың нұсқауларына бағынуы, қылмыстық мақсаттарды жүзеге асыруға ұйымдасқан түрде қол жеткізуге ұмтылуы.

Адамды саудаға салған ұйымдасқан топтың əрбір қатысушысының іс-əрекеттері, оның рөліне қарамастан, ҚК-нің 31-бабына сілтеме жасалмай, ҚК-нің 128-бабы төртінші бөлігінің а) тармағы бойынша саралануға тиіс. Бұл ретте ұйымдасқан топ құру, сондай-ақ оған басшылық жасау немесе қатысу ҚК-нің 235-бабының тиісті бөліктері бойынша бөлек саралануға жатады.

19. Абайсызда жəбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға əкеп соққан адамды саудаға салу кінəнің екі нысаны бар қылмыс жасауды көздейтінін ескеру қажет. Абайсыздан жəбірленушінің өліміне не өзге де ауыр салдарға əкеп соққан, ҚК-нің 128-бабында немесе ҚК-нің 133-бабында көз-делген əрекеттерді жасау қосымша саралауды талап етпейді.

Өзге де ауыр зардаптар деп психикалық күйзеліс жəне басқа да ауыр сыр-қат тар танылуы мүмкін. Егер жəбірленушіні пайдалану барысында оған қатысты басқа қасақана қылмыстар жасалса (мысалы: кісі өлтіру, зорлау, АИТВ/ЖИТС-ты, венерологиялық ауруларды жұқтыру, заңсыз аборт жасау жəне тағы басқа-лар), онда жасалған əрекет қылмыстар жиынтығы бойынша саралауға жатады.

20. Адамды пайдалану мақсатында ұрлау немесе бас бостандығынан заңсыз айыру жəне адам саудасына байланысты одан кейінгі қылмыстық əрекеттер ҚК-нің 125-бабы үшінші бөлігінің б) тармағы немесе ҚК-нің 126-бабы үшінші бөлігінің б) тармағы бойынша жəне ҚК-нің 128 немесе 133-баптарының тиісті бөліктерімен қылмыстар жиынтығы бойынша саралануға жатады.

21. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады жəне ресми жарияланған күнінен ба-стап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.БЕКНАЗАРОВ.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы Д. НҰРАЛИН.

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2012 жыл 26 желтоқсан №478 Астана қаласы

Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын

ресімдеу жəне беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету қағидаларының 27-тармағына сəйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу жəне беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті (Сəтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тəртіппен:

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инду-стрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Б.БЕКНАЗАРОВ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің

2012 жылғы 26 желтоқсандағы №478 бұйрығымен бекітілген

Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын

ресімдеу жəне беру қағидалары

1.Жалпы ережелер1.Осы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып,

Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу жəне беру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қара шадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификат-тау схемасын есепке ала отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Рес-публика сының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету қағидаларына сəйкес əзірленген.

2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу жəне беру

1. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын (бұдан əрі – Сертификат) Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан əрі – аумақтық департамент) осы Қағидаларға қосымшаға сəйкес нысан бойынша ресімдейді жəне береді.

3. Сертификат жіберілетін, бір жөнелтуші бір алушының мекенжайына партия ішіндегі жүк орындарының санына қарамастан бір келісімшарттың шарт-тарына сəйкес жөнелтілетін жəне тауарларға бір декларация шеңберінде ресімделетін өңделмеген табиғи алмастардың əр партиясына беріледі.

4. Сертификат екі бөлімнен тұрады:1) негізгі парағы;2) алмастардың əкелінуін растайтын жыртып алынатын талон (белгіленген

жерге дейін жеткізу).5. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мəліметтер

көрсетіледі:1) «Берілген күні» бағанында – берілген күні жəне айы екі қосмəнді сан-

дармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;2) «Қолданылу мерзімі» бағанында – берілген күні жəне айы екі қосмəнді

сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;3) «Экспорттаушы» бағанында «Alfa-2» жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стан-

дартына сəйкес) Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі жəне экспорттаушы-кəсіпорынның атауы.

Экспорттаушы-кəсіпорынның атауы ұйымның тіркелу құжаттарына сəйкес көрсетіледі;

4) «Алушы» бағанында – «Alfa-2» жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандарты-на сəйкес) ол елге алмастарды əкету болып жатқан елдің коды жəне тауарды алушының атауы көрсетіледі.

Алушының атауы сыртқы сауда шартындағы не алмастармен операцияны жүзеге асырушы тарапты анықтайтын өзге құжаттағы мəліметтерге сəйкес ла-тын əріптерімен көрсетіледі;

5) «Келісімшарттың №» бағанында – сыртқы сауда шартында көрсетілген əріптерге жəне сандарға не алмастармен операцияларды жүзеге асырушы тарап-тар жəне олардың міндеттемелері айқындалған өзге құжатқа дəл етіп толтыры-лады. Сыртқы сауда шартының нөмірі болмаған жағдайда оның күнін көрсетуге рұқсат беріледі;

6) «Тауар коды» бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан əрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сəйкес КО СЭҚ ТН сəйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0.

Кедендік транзиттің кедендік үдерісіне енгізілген код тауарлары жəне тау-ар атауы өзгеріссіз қалады;

7) «Шығарған (өндірген) ел» бағанында – алмастар партиядан өндірілген немесе алынған ел көрсетіледі;

8) «Саны» бағанында – оған Сертификат берілетін өңделмеген табиғи алмастардың əкетілетін партиясының құрамына кіретін жүк орындарының (посылкаларының) саны көрсетіледі;

9) «Алмастардың жалпы салмағы» бағанында – ілеспе құжаттардағы мəліметтерге сəйкес караттарда алмас партиясының жалпы таза салмағы көрсетіледі;

10) «Алмастардың жалпы құны» бағанында – ілеспе құжаттардағы мəліметтерге сəйкес алмас партиясының жалпы құны көрсетіледі;

11) «Мемлекеттік бақылаушы» бағанында – уəкілетті органның мөрі жəне уəкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады;

12) Сертификаттың негізгі парағы сол жақтағы төменгі бұрышында əкеті-летін партияның посылкасы (орындары) пломбаларының нөмірлері қойылады.

6. Талон Сертификаттың бөлінбес бөлігі болып табылады жəне белгіленген орынға дейін жеткізудің растауы болып саналады.

7. Талон əкетілген өңделмеген табиғи алмастар партиясын алған елдің уəкілетті органы толтырады.

8. Импорттауда алмастар партиясының Сертификатын алуда мемлекеттік бақылаушы талонды жыртып алады жəне экспорттаушының еліне электрондық почта арқылы жолдайды.

9. Талонды жазбаша түрде толтыруға жол беріледі.10. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мəліметтер

көрсетіледі:1) «Импорттаушы ел» бағанында – елдің толық атауы толтырылады;2) «Жіберушінің атауы» бағанында – жіберушінің толық атауы толтырыла-

ды;3) «Алушының атауы» бағанында – алушының толық атауы толтырылады;4) «Келісімшарттың №» бағанында – келісімшарттың мəліметтері бойын-

ша толтырылады;5) «Салмақ» бағанында – сертификат мəліметтері немесе бағалау нəтижесі

бойынша толтырылады;6) «Құны» бағанында – сертификат мəліметтері немесе бағалау нəтижесі

бойынша толтырылады;7) «Тауар коды» бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық

номенклатурасының (бұдан əрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сəйкес КО СЭҚ ТН сəйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0;

8) «Алу күні» бағанында – Кимберлий үдерісінің ресімдерін жүргізуге жа-уапты орган бақылауды іске асыру үшін алмастар партиясын алған күні көрсетіледі;

9) «Мемлекеттік бақылаушы» бағанында – табиғи алмастарды əкелуге жау-апты, мемлкеттік бақылаушы қызметтері немесе басқа мемлекеттік уəкілетті тұлғалары бар елдерде толтырылады. Бұл бағанда бақылаушының қолы, мөртабаны, шартбелгілері қойылады;

10) «Талонды толтыру күні» бағанында – алмастар партиясын алуды рас-тау талонын ресімдеу күні көрсетіледі;

11) «Кеден таңбалауы» бағанында – алушы елде Кимберлий үдерісінің сер-тификаттау схемасының талаптары кедендік органдарға жүктелген жағдайда толтырылады.

11. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті бланкілердің дай-ындалуын ұйымдастырады.

12. Сертификат бір данада ресімделіп, мəлімдеушіге беріледі. Аумақтық департамент берілген сертификаттың көшірмесін сақтау үшін қалдырады.

13. Сертификат, онда егер тазартылған, түзетілген, куəландырылмаған түзетулер болса жəне қажетті қолдар мен мөрлер болмаған жағдайда жазарамсыз деп есептеледі.

14. Егер Сертификат қандай да бір себептен бүлінген жағдайда, Сертификаттың телнұсқасын беру үшін бес жұмыс күні ішінде оны аумақтық де-партаментке қайтаруға жатады.

Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу жəне беру қағидаларына қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі

Министерство индустрии и новых технологий Республики КазахстанThe ministry of industry and new technology of the republic of Kazakhstan

Өңделмеген табиғи алмастарды əкету сертификаты №_________________№ Cертификата вывоза необработанных природных алмазов

№ of Certifi cate of Export of Rough Diamonds

KZ KIMBERLEY PROCESS CERTIFICATE

Берілген күні/Дата выдачи/Date of issue ________________________________________________ ( күні, айы, жылы)(день, месяц, год) (day, month, year) Қолдану мерзімі/Срок действия/Date of expiry __________________________________________________________ ( күні, айы, жылы)(день, месяц, год) (day, month, year)Экспорттаушы _____________________________________________________________________Экспортер/Exporter (елдің коды, елі, кəсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның Т.А.Ə), тіркеу орны, СТН) (код страны, страна, наименование предприятия (Ф.И.О. физического лица), место регистрации, РНН)(country code, country, name of organization (full name of individual) registration place, TRN

Алушы ___________________________________________________________________________Получатель/Consignee (елдің коды, елі, кəсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның Т.А.Ə), тіркеу орны) (код страны, страна, наименование предприятия (Ф.И.О. физического лица), место регистрации) (country code, country, name of organization (full name of individual) registration place

Келісімшарттың № _______________ «_____»____________ ______________Контракт №, Contract № (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)

СЭҚ ТН тауар коды: _______________________________Код ТН ВЭД товара/ Code system Шығарған (өндірген) ел ______________________________Страна происхождения (добычи)/Country of Origin (mining)

Code HS weight in carats Value, USD7102.10 7102.21 7102.31 Total

Саны______________ дана/шт./pc.Количество/ Number of piecesАлмастардың жалпы салмағы:__________карат/карат/caratsОбщая масса алмазов/Total diamond weightАлмастардың жалпы құны:__________АҚШ долл./долл. США/ US $ Общая стоимость алмазов/Total diamond value

Осы партиядағы (жеткізу) өңделмеген табиғи алмастар Кимберлі үдерісінің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау халықаралық схемасы ережесіне сəйкес рəсімдеуден өтті. Необработанные алмазы в настоящей партии (поставке) прошли оформление в соответствии с положениями международной схемы сертификации необработан-ных природных алмазов Кимберлийского процесса.The rough diamonds in this shipment have been handled in accordance with the provisions of the Kimberley Process Certifi cation Scheme for rough diamonds.

Пломба нөмірлері/нөміра пломб /numbers of seals

Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller

Ұйымның басшысы__________________________________________Руководитель организации/Head of organization (басшының Т.А.Ə) (Ф.И.О. должностного лица) (Full name of the offi cial)

М.О/м.п./ stamp

KZ

Алмастар импортын растау талоны №__________________________________Талон подтверждения импорта алмазовCoupon of diamond import confi rmation ____________________________________________________________________

Импорт еліСтрана импорта/Country of import

____________________________________________________________________Жіберушінің атауы

Наименование отправителя/ Name of consignor_____________________________________________________________________

Алушының атауыНаименование получателя

Name of the receiverКелісімшарттың № _______________ «____»___________________ _________№ контракта/ № of Contract от/of (күн, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)

Салмағы ________________ карат/ карат/ caratsМасса/Weight

Құны________________ АҚШ долл./долл. США/ US $Стоимость/Value

СЭҚ ТН тауар коды: _______________________ Код ТН ВЭД товара/ Code system

Code HS weight in carats Value, USD7102.10 7102.21 7102.31 Total

Алу күні «_____» ____________ ____________________ Дата получения/ Date of receipt (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)

Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller

Рəсімдеу күні ________________________________________________________Дата оформления талона/Date of registration (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2012 жылғы 08 қаңтар Нормативтік-құқықтық келісімдерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8256 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2012 жыл 26 желтоқсан №480 Астана қаласы

Асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар

(шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды

сатып алу) мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тас-тардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету қағидалары 19-тармағының 5) тармақшасына жəне Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын еске-ре отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Рес публикасының аумағынан əкету қағидалары 21-тармағының 8) тармақшасына сəйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорт таушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңдел меген асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды са-тып алу) мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министр лігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті (Сəтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ин-дустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Ə. ИСЕКЕШЕВ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрінің 2012

жылғы 26 желтоқсандағы №480 бұйрығымен бекітілген

Асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден ода ғы на мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл та-старды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары

1. Жалпы талаптар1. Осы Асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды

сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды са-тып алу) мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары (бұдан əрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы метал-дар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету қағидалары 19-тармағының 5) тармақшасына жəне Кимберлий үдерісінің сертификаттау схема сын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республи-касының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету қағидалары 21-тармағының 8) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республика-сының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету қағидаларының 19-тармағы 5) тармақшасына жəне Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмас ты Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету қағида ларының 21-тармағы 8) тармақ-ша сына сəйкес əзірленген жəне асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісім шарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемле кеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды са-тып алу) мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру тəртібін айқындайды.

2. Экспорттаушылардың мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру2. Экспорттаушының мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру

үшін мəлімдеуші Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа техно-логия лар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан əрі – аумақтық департамент) мынадай құжаттарды:

1) еркін нысанда жазылған экспорттаушылардың мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру туралы мəлімдеме;

2) асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергер лік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен опера -ция ларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сінен басқа) мен жеке кəсіпкерлерді арнайы есепке алу арнайы есепке алу туралы анықтаманың көшірмесі;

3) бағалы тастарды немесе өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға арнал ған келісімшарттың (шарттың) көшірмесін ұсынады.

3. Аумақтық департаментке түпнұсқамен бірге салыстыру үшін құжат-тардың көшірмелері не олардың нотариалды куəландырылған көшірмелері ұсы нылады.

4. Аумақтық департамент ұсынылған құжаттарды қарайды жəне алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) осы Қағидаларға қосымшаға сəйкес нысан бойынша экспорттау-шылардың мəмілелерін есепке алу журналына мəмілелер туралы ақпаратты енгізеді;

2) жазбаша нысанда мəмілелерді есепке алу туралы растауды береді. 5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар толық

көлемде ұсынылмаған жағдайда, мəлімдеме қараусыз қалады, бұл туралы құжаттар қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дəлелді жау-ап хатпен мəлімдеушіге хабарланады.

Асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың

(Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды жəне (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мəмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидаларына қосымша

Нысан

Экспорттаушылардың мəмілелерін есепке алу журналы*

№р/н

Есепке алу

жазбасы жазылған

күні

Бағалы тастарды сатып алуға

келісімшарттың (шарттың) нөмірі (бар

болса) жəне күні

Мəмілеге қатысушы туралы мəлімет (заңды

тұлға үшін – оның атауы жəне орналасқан орны, жеке тұлға үшін – аты-

жөні жəне тұратын жері)

Мəміле мəнінің атауы

*Ескертпе: Экспорттаушылардың мəмілелерін есепке алу журналы қағаз тасымалдаушыда жүргізіледі, тігілуі жəне нөмірленуі тиіс. Соңғы бет-те журнал беттерінің саны жəне журналдың басталған күні қойылады, олар басшының қолымен жəне уəкілетті органның мөрімен куəландырылады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2012 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8258 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 26 желтоқсанда №479 Астана қаласы

Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін ел-дерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету қағидаларының 3-тар-мағының 5) тармақшасына жəне Кимберлий үдерісінің сертификаттау схе-масын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Респуб-ликасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету қағидаларының 6-тармағы 10) тармақшасына сəйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кəсіпкерлерді ар-найы есепке алу қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті (Сəтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тəртіппен:

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолда-нысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан РеспубликасыИндустрия жəне жаңа технологияларминистрі Ə.ИСЕКЕШЕВ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары –Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар

министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсанда №479 бұйрығымен бекітілген

Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастарданжасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи

алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа)мен жеке кəсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары

1. Осы Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастар-мен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Рес-публикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кəсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары (бұдан əрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға жəне бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уəкілетті ұйымды айқындау жəне Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Ке-ден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республика сының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңдел-меген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету қағидаларына сəйкес əзірлен ген жəне асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастар-мен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кəсіпкерлерді арнайы есепке алу (бұдан əрі – арнайы есеп) тəртібін анықтайды.

2. Арнайы есепке алуды жүргізу 2. Арнайы есеп Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа тех-

нологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті (бұдан əрі – уəкілетті орган) асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кəсіпкерлердің тізілімін (бұдан əрі - Тізілім) жүргізу жолымен жүзеге асы-рылады.

3. Тізілім заңды тұлғаларды жəне жеке кəсіпкерлерді арнайы есепке алу шегіне қарай қалыптасады.

4. Арнайы есепке алу туралы мəлімдеме заңды тұлғалар жəне жеке кəсіпкерлер тіркеу орындары бойынша уəкілетті органның аумақтық департаменттеріне береді жəне ұйым басшыларымен жəне жеке кəсіп-керлермен қол қойылады, сондай-ақ олардың мөрлерімен куəлан дыры-лады.

Мəлімдемеде:1) заңды тұлғалар үшін (бұдан əрі - ұйымдар) – ұйымның толық ата-

уы, оның заңды мекенжайы, басшының тегі жəне аты, байланыс теле-фонының нөмірі;

2) жеке кəсіпкерлер үшін – тегі, аты, əкесінің аты, жеке басын куəландыратын құжаттың мəліметтері (сериясы, нөмірі, қашан кіммен берілді), тұрақты мекенжайы бойынша тiркеуі көрсетіледі.

5. Ұйым мəлімдемемен бірге:1) құрылтайшылық құжаттардың көшірмесін; 2) мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмесін (бизнес-

сəйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны қайта тіркеу) ұсынады.

6. Жеке кəсіпкерлер мəлімдемемен бірге бизнес-сəйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, жеке кəсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі туралы куəліктің көшірмесін қоса береді.

7. Уəкілетті органның аумақтық департаментіне сұратылған құжат-тардың түпнұсқалары немесе нотариалды куəландырылған көшірмелері салыстырып тексеру үшін ұсынылады.

8. Ұйымды немесе жеке кəсіпкерді арнайы есепке алу мəлімдеме қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уəкілетті органның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.

9. Осы Қағидалардың 5 жəне 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мəлімдеме қараусыз қалады, бұл туралы құжаттар қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде дəлелді хат нысанында мəлімдеушіге хабарланады.

10. Тізілімде:1) ұйымның толық атауы, жеке кəсіпкердің тегі жəне аты-жөні;2) бизнес сəйкестендіру нөмірі;3) заңды мекенжайы;4) басшының аты, тегі, əкесінің аты;5) байланыс телефондары;6) жүзеге асыратын қызметтері түрлерінің тізбесі;7) Тізілімге енгізілген күні көрсетіледі.11. Арнайы есепке алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде

аумақтық департамент асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастар-дан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмас тармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кəсіпкерлерді ар-найы есепке алу туралы анықтаманы осы Қағидаларға қосымшаға сəйкес нысан бойынша беріледі.

12. Осы Қағидалардың 5 жəне 6-тармақтарында көрсетілген құжат-тарда мəліметтер өзгерген жағдайда, мəліметтер өзгерген күннен бастап ұйым немесе жеке кəсіпкер ол туралы 10 жұмыс күні ішінде оларды ар-найы есепке алған органға хабарлайды. Сонымен бірге салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды куəландырылған көшірмелері бірге ұсынылады.

Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен

операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке

кəсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларына қосымша

нысан

Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен

операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кəсіпкерлерді

арнайы есепке алу туралы анықтама___________________________________________________________

заңды тұлғаның толық атауы, басшының тегі, аты-жөні (жеке кəсіпкерлер үшін – аты, тегі, əкесінің аты, жеке басын куəландыратын құжаттың мəліметтері: серия-сы, нөмірі, кім, қашан берілді, мекенжайы бойынша тіркеу орны), мекенжайы, байланыс телефоны

___________________________________________________________асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған

зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлердің арнайы есебінде тіркелгені туралы беріледі.

Берілді: ________________________________ Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа

технологиялар министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің департамент атауы

_________________________________________ Басшының аты-жөні, байл. тел.

М.О. «___»____________20___ж.

Page 11: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жыл www.egemen.kz 11

Алматы облысының əкімдігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке əкесі

Рыскелді ДƏУРЕНБЕКҰЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы Қазақ-стан Республикасының Қорғаныс министрі Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке əкесі

Рыскелді ДƏУРЕНБЕКҰЛЫНЫҢдүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке, Травмотология жəне ортопедия институтының директоры Нұрлан Жұмағұлұлы Батпеновке жəне зайыбы Гүлнəр Рыскелдіқызына əкелері

Рыскелді ДƏУРЕНБЕКҰЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы өсімдіктер физиологиясы жəне биохимия кафедрасының доценті

Махмұт Зиярұлы ЗИЯРОВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны тол-мас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

2013 жылғы 15 қаң-тарда медицина ғылым-дарының докторы, про-фессор, жоғары санатты дəрі гер-инфекционист, Астана медицина универ-ситеті эпидемиология жə не жұқпалы аурулар кафе драсының мең геру-шісі Гүлнар Ұқманқызы Алшынбаева мез гіл сіз қайтыс болды.

Гүлнар Ұқманқызы 1983 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі ма мандығы бойынша үздік бітірді. Институтты бітіргеннен кейін 1983-1986 жылда-ры Целиноград қаласында дəрігер-инфекционист болып қыз мет етті.

1991 жылы кандидаттық диссерта-ция, ал 2004 жылы докторлық диссер-тациясын қорғады.

Гүлнар Ұқманқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс ин-фекционист-дəрігері ретінде еліміз-дегі ауыр науқастарға консуль-тациялық көмек көрсетіп келді. Практикалық жұмыспен қатар 25 жыл бойы ғылыми-педагогикалық қызмет ті қоса атқарды. Оның ті-келей басшылығы мен 4 кандидат-тық, 1 докторлық диссертация қор-ғалды. Ол 540-тан астам ғылыми еңбектің авторы.

Қазақстан Республика-сы хал қы ның ден сау-лығын қорғау ісіне сіңірген ерекше ең бегі үшін профессор Гүл нар Алшынбаева «Қазақ стан Рес публикасы ден саулық сақтау ісі нің үз дігі» төсбелгісіне ие болды.

2010 жылы Қазақстан Респуб ликасының Білім жə не ғылым министрлігі

Г.Алшынбаеваны «Қа зақ стан Рес-публикасының ғы лы мын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапаттады.

2011 жылы республика жо ғары оқу орындарының оқыту шы лары арасында өткізілген конкурс қоры-тындысы бойынша Гүлнар Ұқман-қызына «ЖОО-ның үздік оқыту-шысы» деген атақ берілді.

Гүлнар Ұқманқызы студенттер мен па циент тердің жəне əріптес-терінің алдында үл кен құрметке ие бола білді.

Гүлнар Ұқманқызының жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Мар құмның жатқан же-рі жайлы болып, нұры пейіште шалқысын.

Астана медицина университеті эпидемиология жəне жұқпалы

аурулар кафедрасының ұжымы.

Гүлнар Ұқманқызы АЛШЫНБАЕВА

«Семей мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарының бос қызмет орындарына байқау жариялайды. 071410, ШҚО, Семей қаласы, Тəңірбергенов көшесі, 1.

1. Информатика жəне ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі - 1 бірлік 2. Орыс жəне шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі, педагогикалық

немесе басшылық қызметтегі өтілі кемінде 5 жыл.1. Педагогика кафедрасының доценті – 1 бірлік Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы,

ғылыми- педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл.1. Психология кафедрасының аға оқытушысы (ғылым кандидаты) – 1 бірлік 2. Қазақ тілінің теориясы мен əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы (ғылым канди-

даты) – 1 бірлік 3. Физика кафедрасының аға оқытушысы (ғылым кандидаты) – 1 бірлік 4. Экология-химия жəне география пəндері кафедрасының аға оқытушысы (ғылым

кандидаты) – 1 бірлік 5. Орыс жəне шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы (ғылым кандидаты) – 1 бірлік Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі, ғылыми-

педагогикалық өтілі кемінде 3 жыл.1. Философия, құқық жəне экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы - 4 бірлік 2. Информатика жəне ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы - 2 бірлік 3. Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

- 2 бірлік 4. Экология-химия жəне география пəндері кафедрасының аға оқытушысы - 4 бірлік 5. Педагогика кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік 6. Музыкалық білім беру кафедрасының аға оқытушысы - 1 бірлік 7. Мемлекеттік тіл жəне шет тілдерінің практикалық курсы кафедрасының аға

оқытушысы – 2 бірлік 8. Математика жəне математиканы оқыту əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы - 1 бірлік 9. Бейнелеу өнері жəне сызу кафедрасының аға оқытушысы – 3 бірлік 10. Орыс жəне шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы – 3 бірлік Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе магистр академиялық

дəрежесі, ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 3 жыл, сонымен қатар оқытушы қызметінде кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша тəжірибесі кемінде 2 жыл.

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі:1) байқауға қатысу туралы өтініші;2) жеке іс парағы;3) өмірбаяны;4) жоғары білімі туралы, академиялық жəне ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы

дипломдарының нотариалды расталған көшірмелері;5) біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау туралы сертификаттарының көшірмелері (болса);6) ғылыми жұмыстары жəне өнертабыстарының тізімі (болса);7) денсаулығы туралы анықтама № 86;8) мінездеме. Байқауға қатысу үшін құжаттар газетке жарияланған сəтінен бастап 30 (отыз)

күнтізбелік күн ішінде қабылданады.Анықтама телефондары: 8 (7222) 42-49-41, 42-25-33.

«Темiрбанк» АҚ өз клиенттеріне «Темiрбанк» АҚ мен «Platinum collection» ЖШС арасында 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 30 қыркүйек аралығында жеке тұлғаларға берілген, 360 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен, қамтамасыз етілмеген проблемалы банктік қарыз шарттары бой-ынша талап ету құқықтарын «Platinum collection» ЖШС-ның пайдасына табыстауға арналған Факторинг шарты жасалғаны туралы, сондай-ақ «Platinum collection» ЖШС-ның банктік қарыз шарттары бойынша өзінің талап ету құқықтарын Факторинг шартына Қосымша келісім жасау арқылы «Tilbage company» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-ның пайдасына қайта табыс-тағаны туралы хабарлайды.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, уведомляет о признании открытого конкурса по следующим лотам:

• С01757«Предоставление услуг вертолетных перевозок»;• С01795 «Предоставление услуг по спасательно-поисковым работам с использовани-

ем вертолетного транспорта», объявленного в газете «Казахстанская правда» от 11 дека-бря, 2012 г. несостоявшимся, в связи с участием в конкурсе менее двух участников, в со-ответствии с пунктом 66, подпункта 2, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Прави-тельства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.

«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған:

• С01757 «Тікұшақ қызметтерін ұсыну»;• С01795 «Тікұшақпен іздестіру жəне құтқару жұмыстарын ұсыну» лоттарымен

ашық конкурсты екіден кем қатысушылардың қатысуына байланысты, Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2007 жылдың 28 қарашасындағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 1 сəуірін дегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 66-тармағының 2-тармақшасына сəйкес орындалмағанын жариялайды.

«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған «Флюид сынақтарын сақтау бойынша қызмет түрлерiн ұсыну жөніндегі № C01825» ашық конкурсын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 1 сəуіріндегі № 267 қаулысымен бекітілген №1139 тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 66-тармағының 2-тармақшасына сəйкес орындалмағанын жариялайды.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, уведомляет о признании открытого конкурса «№ C01825: Предоставление услуг по хранению проб флюидов», объявленного в газете «Казахстанская правда» от 11 декабря, 2012 г. несостояв шимся, в соответствии с пунктом 66, подпункта 2, Правил приобретения то-варов, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утверж денными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.

Утеряны документы распоряжения Акима (№ 492 от 06.08.2007 г. и гос. акт на ЗУ находящегося по адресу: Акмолин-ская область, Кояндинский сельский округ, Целиноградский район, с. Коянды, кадастровый номер 01:011:069:1879 на имя Егеубаев А.О. считать недействи-тельным.

«MAG» АҚ осы арқылы кредиттік желі жəне кепілге шарттар ашу туралы келісімге қол қою жолымен, «Нұрбанк» АҚ-пен ірі мəміле жасағандығы туралы хабардар етеді. Барлық сұрақтар бойынша хабарласу мекен-жайы: Алматы қ., Əл-Фараби д-лы, 13, 1В-блогы, 2-қабат, заң бөлімі немесе мына телефон арқылы: +7(727) 311 11 18, 311 10 83.

03.08.2012 жылы дүниеден озған Даулетчинов Бекжан Аханович қайтыс болғаннан кейін мұрагерлігі ашылды. Мұрагерлеріне мына мекен-жай бойынша хабарласуды сұраймыз: Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 7-үй, 1-пəтер, нотариус Н.Жумахановаға, тел. 235 88 05.

Бақыт ТҰРМАҒАМБЕТОВА, өнертану кандидаты,М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының аға ғылыми қызметкері.

Еліміздегі «Тамаша бестік» аталып жүрген алғашқы үрмелі аспаптар квинтетінің құрушысы Жанат Рахметоллаұлы Ерманов республикамыздың мəдени өмі-рін де елеулі орны бар, халық-аралық деңгейдегі кəсіби музы-канттардың бірі. Оның жетекші-лігіндегі шағын ұжым бүгінде алыс жəне жақын шетелдерде өз тыңдармандарын таба білді жəне еуропалық танымал музыкант-тармен тəжірибе алмасып жүр.

Болашақ музыкант Арқаның əйгілі Жаяу Мұса, Өтелбай сал, Жарылғапберді, Мұстафа Бүркіт-

байұлы секілді сал-серілердің туған жері Баянауыл өңірінде дүниеге келді. Кларнет аспабына 10 жасынан бастап қызығу шы-лық танытып, өнер жолына бас-қан алғашқы қадамын: «Əкем Рахметолла мандолинада ойнап, анам Нарзангүл халық əндерін айтады. Бала күнімде ерекше қа-білетімді байқаған анам жетектеп балалар музыка мектебіне апар-ды. Алғашқы ұстазым С.Екимов-тың кларнетпен таныстырғаны, тұңғыш рет аспап дыбысталуы-ның баурап алған сəті əлі есім-де», – деп еске алады Жанат.

Бұл саладағы білім іздеу жыл-дары арнайы орта жəне жоғары оқу орындарында жалғасқан кларнетші Өскемен музыкалық училищесінде В.А.Курепиннің кла сында, одан кейін қазақ өнерінің қара шаңырағы консер-ваторияда профессор Р. Н.Саби-ров тан тəлім алады. Бар ықыла-сымен дайындалып, аспаптың қыр-сырын меңгеруге салмақты ден қойған музыкант жас та бол-са үлкен жетістіктерге қол жет-кізеді. Ол 1983 жылы республи-калық үрмелі аспаптарда ойнау-шы жастардың конкурсында бі-рінші орынды иемденсе, 1990 жылы Орталық Азия мен Қазақ-станның аймақтық сайысында 3-жүлдеге ие болады. Ал, Алма-тыда болған үрмелі аспаптардың алғашқы халықаралық конкур-сында бас жүлдені жеңіп алады. Бұл жеңістері оның əрі қарай ізденуіне шабыт береді, реперту-арын байытып, ойнау техникасы-ның əдіс-тəсілдерін жетілдіруге жетелейді.

Кларнеттің пайда болып, жақ-сы дамыған жері Еуропа елдері болғандықтан бұл аспаптың əй-гілі майталмандары, мықты мек-

тептері де осы мемлекеттерде бо-луы əбден заңды. Аспирантура-ны тəмамдаған Жанат 1997 жылы Еуропаның В.А.Моцарт атын да-ғы Музыка академиясында (Вар-шава) оқиды. Əлем бойынша жы-лына таңдаулы 40-ақ музыкантты қабылдайтын бұл академияда оқу сол кезеңде Орталық Азия ай мағынан Жанатқа бұйырады. Мұнда жеке аспапта жəне ка-мералық орындаушылықта музы-ка дүниесіне танымал профес-сорлар Мишель Летьег /Michel Letieg/, Пнина Зальцман /Pnina Salzman/, Александр Сацтардан шеберлік кластарын алады. Шет жерде талай майталман маман-дардың дəріс беруі оның өнерін шыңдап, жетілдіре түсті. Ол еу-ропа академиялық музыкасын-дағы барокко дəуірінен ХХ ғасыр

композиторларына дейінгі ара-лық тағы ағымдар мен дəстүр-лермен жақын танысады. Əрине, қазақстандық кларнетшінің шы-ғармашылық мүмкіндігі, шына-йы шебер артистік қабілеті, ас-паптық ойынындағы əдемі ды-быс, əсем фраза, жақсы интона-ция ұстаздарының назарынан тыс қалмаған еді. Олардың бірі Киоко Хашимото /Kioko Khas hi-moto/: «Жанат Ермановтың ойы-нын тыңдап лəззат алдым. Тама-ша кларнетші, керемет техникаға ие, өте жоғары, шынайы музы-кант. Мен оның өнер əлемінде өзіндік орны бар музыкант тар-дың бірі болатынына сенімді-мін», – деген еді. Ал, пианист П.Зальцман /P.Salzman/ естелігіне назар аударғанда, оның кларнет-те ғажап ойнайтындығын: «Ол, əрине, кемелденген профессио-нал. Оның ойынында əуен мен по этика, ал бойында сирек ұшы-расатын (!) тартымдылық пен биік талғам, тектілік бар», – деп жазады.

Жанат мұнымен де шектел-мей өз кəсіби деңгейін Франция-ның Ницце, Прадо қалаларын да-ғы Ха лықаралық музыка акаде-мия сында жалғастырады. Оған есім дері дүние жүзіне белгілі Поль Меер /Poul Meer/, Франсуа Леле /Francois Lele/, Яна Томсон /Yana Thomson/, Андре Казалет /Andre Kazalet/, Арманд Ангстер /Armand Angster/ секілді музы-канттардан тəлім-тəрбие алу сəті туады. Білімін Еуропа музыка академияларында шыңдаған Жа-натты оқу жылдарында əлемнің ірі музыка қайраткерлері жоғары бағалады... Мəселен, əйгілі скрип кашы, профессор Г.Жислин жас қазақ жігітінің ойынын əр кезеңдерде тыңдап, білімі, сапа-

лы техникасымен аспапта кере-мет интерпре тациялайтын ды ғы-на назар аударып, болашағынан зор үміт күтетінін білдіреді.

Алдына қойған айқын мақ са-ты бар өнерпаз бойына жинаған өнер, білімінің көкжиегін кеңей те түседі. 2002 жылы Құрманға зы атындағы Қазақ ұлттық консерва-ториясын профессор Т. А.Əб діра-шев класынан опера-симфония дирижері мамандығы бойынша оқып, терең білім мен мол тəжі-рибесін үрмелі аспаптар квин-тетін құруда жүзеге асыра білді.

Ізденімпаз музыкант шет жер-дегі оқу кезеңінде көптеген өнер ұжымдарын, симфониялық жəне үрмелі аспаптар оркестрлерін, танымал камералық ансамбльдер шығармашылығымен жақын та-нысып, тыңдайды. Туған елінде жоқ мұндай үрмелі аспаптардың шағын топтарына қызығып, өзі-нің камералық ансамблін құруды армандайды. Оқу жылдарын сəт-ті аяқтап, Отанына оралған Жа-нат бұл арманына үлкен қиын-шылықтарды бастан өткізе оты-рып жетеді. Сөйтіп, ол 1997 жы-лы Қазақстандағы тұңғыш ағаш үрмелі аспаптар квинтетін құра ды. Бұл – үрлемелі аспаптар квин теті жалпы Орталық Азия кеңісті-гіндегі тұңғыш камералық ұжым.

Жаңа бастамаға батыл қадам жасаған Ж.Ермановтың ұжым үшін жасаған еңбегі зая кетпеді. Бүгінде Жамбыл атындағы фи-лармония жанындағы шағын ұжым 2004 жылы ресми ашы-лып, мемлекеттік ансамбль мəр-те бесін алғанға дейін талай ке-дергілерді жеңе білді. Квинтет құрамындағы флейташы Балжан Сапарова, гобойшы Малика Ми-х лина, кларнетші Жанат Ерма-нов, валторнашы Манарбек Сə-

битов, фаготшы Алмас Əшiр бе-ковтер музыкалық ойлары мен шығармашылық əрекеттері бір жерге тоғысқан музыканттар. Олар талай асуларға жұмыла отырып жете білді. Жақында Тəуелсіздіктің 20 жылдығына ар-налған медалдің иегері болған Жанат: «Отаныма пайдалы бол-ғым келеді. Мақсатым – өскелең ұрпаққа ісіммен үлгі көрсету. Шетелдерге жақсы қыз метке ар-найы шақырылсам да, оларды қабылдамай, еліме оралдым. Қазіргі кезде дүниенің түк пір-түкпіріне кетіп жатқан дарынды жастарымыздың арасында қайта оралғысы келмейтіндері де бар, осы мені қынжылтады. Егер бəріміз бірге жұмылып, бірге күресе білсек, алынбайтын қамал жоқ... Адамның туған же ріне адал қызмет ете білуі – бір пары-зы деп білемін», – дейді. Иə, осындай оптимистік құлшыныс-пен жасалған ұмтылыс, төгілген тер мен жұмсалған күш бос кет-пей өз жемісін бере бастады. Қазіргі уақытқа дейін квинтет көптеген шетелдердегі өнер сай-ыстарына қатысып, республика-лық, аймақтық, халықаралық кон курстардың жеңімпазы бол-ды. Ұжым Венада, Францияның Марсель, Прадо, Ницца қалала-рында, Сеулде, Мəскеуде, т.б. алыс елдерге іс-сапарларында қы зықты концерттік бағдарлама-ларымен шетелдік басылымдарда салмақты пікірлер тудырып, ма-мандардың назарын аударып, жо-ғары бағасын алып жүр.

Квинтет репертуарында əлем-нің түкпір-түкпірінде орындалып жүрген пьесаның бірі – Жаяу Мұ саның «Ақ сиса» əні. Компо-зитор Ə.Бестібаев ансамбльге ар-нап лайықтаған осы туынды қай

жерде де көрерменнің сұраны-сына бөленіп, ансамбльдің атын шығаруға себепші болды. Қазіргі уақытта квинтеттің тұрақты ой-найтын шығармасы да осы – «Ақ сиса».

Мемлекеттік ұжым танымал-дық ала бастаған кезден бастап оған отандық композиторлар өз туындыларын арнайы жаза баста-ды. Мысалы, Қ.Шілдебаевтың «Наурыз» туындысы (Ж.Ерманов лайықтауында), Б.Қыдырбектің «Бет бұрыс сəті», С.Əбдінұров тың «Бозінген», Е.Андосовтың «Ме-рекелік күйін» айтуға болады. Со-нымен қатар, əлем классикасынан А.Дворжактың үндістер музыка-сына негізделген Фа-мажор Квин-теті, Ж.Бизенің «Кар мен-сюи-тасы» (Д. Валь тер дің лайықта-уында), Э.Боззаның «Скерцосы», А.Арнольдтің, Н. Рим ский-Кор-саковтың, К.Дебюссидің жəне т.б. шығармалары бар.

Қазақстанның мемлекеттік ағаштан жасалған үрмелі аспап-тар квинтеті елімізде жəне сырт мемлекеттерде өзін əр қырынан көрсетіп жүрген ұжымдардың бірі. Өз ішінен дуэт болып, трио, төрт адамдық квартет болып та концерт қоя білетін ансамбльдің айтулы мерекелерде əнші Майра Мұхамедқызын сүйемелдеуі, отан дық Ғ.Жұбанова атындағы ішекті-ысқылы аспаптар квар-теті мен жəне Францияның Мар-сель үрмелі аспаптар квинте-тімен бірігіп концерт беруі қалың тыңдарманның əлі есінде.

Бүгінде кəсіби шебер, педагог Ж.Ермановтың шəкірттері елі-мізде жəне одан тыс мемлекет-тердің əртүрлі музыкалық ұжым-дарында еңбек етіп келеді. Бір-неше ғылыми-əдістемелік оқу құралдарының авторы бұл сала-дағы еңбегі үшін «Мəдениет қай-раткері» марапатына ие болып, жеке орындаушылық, ұйымдас-тыру шылық бағыттағы жұмыс-тары да ескерусіз қалмады. Қа-зақстанға еңбегі сіңген қайраткер атағына ие болған тұңғыш қазақ кларнетшісі тəуелсіз еліміздің рухани-мəдени кемелденуіне үл-кен үлес қосып жүрген шын мəніндегі жұлдыздардың бірі. –––––––––––––––––––

Суретте: Манарбек Сəбитов (валторна), Гүлзира Бейсембаева

(флейта), Малика Михлина /гобой/, Алмас Əшiрбеков – фаготта жəне

Жанат Ерманов (кларнет).

Өнер өркені

«Отаныма пайдалы болєым келеді»

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Ежелден көрші əрі бауырлас екі халық – қазақ пен өзбектің достығы мен ын-тымағына арқау болған еңбектер жетерлік. Бұл дəстүр тамырын тереңнен тартқан со-нау ғасырлардан бері үзілмей, жалғасын тауып келеді. Алдағы уақыттарда да жал-ғаса бермек. Өйткені, бауырлас екі елдің ұлы ойшылдары, белгілі саясаткер лері мен арқалы қаламгерлері бір-біріне деген сый ластық, достық қарым-қатынас тары арқы лы қазақ пен өзбектің ынтымақ-тастығын көпшілікке жеткізіп, насихаттап келген.

Бүгінде көпшілік оқырманға жол тар-тып отырған журналист-жазушы əрі ау-дармашы-экономист Бақытқожа Рүстемов-тің қазақ жəне орыс тілдерінде құрасты-рып шығарған екі томдық «Мəңгілік достық» деп аталатын материалдар жи-

нағы ертеден қалыптасқан сол ынтымақ-тастықтың дəне кері, жалғасы болып табы-лады. Кітап негізінен Қазақстан мен Өзбекс тан ара сындағы дипломатиялық

қаты настар орна ғаны ның 20 жыл толуына арналған.

Өткенге шамалы шегініс жасайтын болсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ-өзбек достығы жө-нінде: «Қазақ пен өзбек бір-біріне ең жақын халықтар. Сондықтан, біз туыстық əрі достық қарым-қатынаста өмір сүруіміз қажет» деп айтқаны, сондай-ақ Өзбекс тан Президенті Ислам Каримовтың: «Мен қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығарма-ларымен жақсы таныспын. Ол кісі қазақ-өзбек достығына үлкен мəн берген» деп айтқаны есімізге түседі.

Автор өзінің кітаптарының алғашқы томын тəуелсіз Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының осы сөздерімен ашқан. Одан кейін 1998 жылдың 31 қазанында Ташкентте қабылданған Қазақстан Респу-бликасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мəңгі достық туралы шартқа тоқталған. Екі томдық еңбек жеті тараудан тұрады. Əр тараудың өзіндік мəн-мазмұны бар. Мысалы, бірінші тарау «Саясат əле-мі» деп аталса, екінші тарауы «Бауырлас-тық қарым-қатынас əлемі» деп аталған.

Жалпы, кітаптарда жарық көрген

жарияланымдардың барлығында Қазақ-стан мен Өзбекстан арасындағы қанатын кеңге жайып келе жатқан өзара шынайы достық сөз болады. Сондай-ақ қазақ-өзбек ынтымақтастығына арналған өзге де ав-тор лардың еңбектері мен өлеңдері де енгізілген. Олардың ішінде Өзбекстанда тұратын қандастарымыздың мақалалары да бар. «Қазақтың ауыз əдебиетінің заңғар шыңы – айтыс өнеріне көп мəн берілуде, – деп жазады Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мəдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев. – 2009 жылы үш елдің – Қазақ-стан, Өзбекстан жəне Қырғызстанның та-нымал ақындарын шақырып, халықтың басын қосып, халықаралық жыр бəйгесін ұйымдастырдық».

Бақытқожа Рүстемов Өзбекстанға жиі барып тұрады екен. Ондағы мақсаты – екі мемлекет арасындағы, оның ішінде қазақ пен өзбек халықтары арасындағы тарихи-мəдени байланыстарды бауыр-ластық не гізде жаңғырту, соған мүм-кіндігіне қарай үлес қосу. Ал кітаптар халықтар достығын зерттеушілерге, оны насихат тау шыларға жəне көпшілік оқыр-ман қауымға арналған.

Осы бір мақсат Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кларнетші ұстазы, Орта Азиядағы тұңғыш мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтетінің жетекшісі Жанат Ермановты алға тыным-сыз жетелейді.

Жаңа кітап

Бауырластыќ белгісі

Page 12: №23-28 17 қаңтар 2013

17 қаңтар 2013 жылwww.egemen.kz12 Еркін елдің ертеңі Айбын

www.egemen.kz12

Газет мына қалалардағы:010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМКбаспаханаларында басылып шықты.

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728) 27-05-70;Атырау – (712-2) 32-94-07;

Көкшетау – (716-2) 25-76-91;Қарағанды – (721-2) 43-94-72;Қостанай – (714-2) 39-12-15;Қызылорда – (724-2) 27-00-85Орал – (711-2) 28-80-35;Өскемен – (723-2) 25-28-41;

Павлодар – (718-2) 57-18-09;Семей – (722-2) 52-26-86;Тараз – (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 404-36-29;Петропавл – (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, [email protected]

материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы200 601 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №150 ek

Қызылорда облысының əкімі Болатбек Қуандықов бастаған делегация жақында Түркияға барып қайтты. Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Сапар барысын да бірқатар ке ліс-сөздер жүргізіліп, облысқа инвес-тиция тарту мə се лесі де қаралды. Осы сапар дың арқасында облыстың білім бе ру жүйесіне тың жаңалық ен-гі зі летіні белгілі болып отыр. Ен ді оқу шылар планшет арқылы бір жү-йемен дəріс оқып, білім алады. Бұл тəжірибе əзірге 5 мектепке енгі зі леді.

Бұл жоба «Некст анд Некст с тар» компаниясының көмегімен жү зеге асырылады. Бұл кəсіпорын план шеттер, түрлі спутниктік

жə не навигациялық құрылғылар шы ғарумен айналысады. Жастар елдің болашағы екенін ескерген түрік компаниясы алдымен жас жеткіншектерді өркениетке ілес-тіру тұрғысында заманауи қон-дырғыларды көптеп шығаруда. Жə-не оның қолданысқа кеңінен енуіне жол ашқан.

1984 жылы ашылған от ба сы-лық кəсіпорын екі бағытта жұмыс жасайтын көрінеді. Нақты айтсақ, тех никаны құрастырумен жəне оған бағдарлама орнатумен айналысады.

Қызылорда облысы.

Жағымды жаңалық

Спорт

Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Акционерлік қоғам пре зи ден -тінің міндетін атқарушы Əсем Мамытова өткен жылы кəсіп -орынның 30,3 миллиард тең генің тауарлы өнімдерін шы ғарғанын, дағдарысқа қарсы ат қа рып жатқан шаралар жайлы ай тып берді.

Бұдан кейін облыс əкімі, қа-ла ның ардагерлері, кəсіпорын қар жысымен салынып жатқан ме-дицина орталығы құрылысының іргетасына құты-капсула салу сал-танатына қатысты. ТМК ұжымы оның құрылысына 700 миллион теңге жұмсамақ, ол 2013 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Денсаулық – басты байлық.

Ме млекет бас шы сының бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі тура-лы берген тапсырмасына орай комбинат басшылығының ме-таллургтерге жағдай жасауы бə-рі мізді қуантады. Жаңа Сөгір шағын ауданы тұр ғындары да осы жерде емделеді, енді қалаға қарай сабылмайды. Ал қоғам басшысының міндетін ат қарушы Əсет Тілекқызының ай туынша, жа ңа медициналық ор та лық қа-зір гі заман талабына сай ке рек-жарақтармен жабдықталады, кеңес беру, емдеу-сауықтыру бө лім шелері, диагностикалық емханасы болады. Іске қосылған кезде орталық бір ауысымда 240 адамды қабылдамақ.

ӨСКЕМЕН.

Орталыќ – металлургтер игілігіне

«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының басшылары жақында бір игі істі қолға алды. Өңір басшысы Б.Сапарбаев ТМК ұжымымен кездесіп, дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру барысы жайлы əңгімелесті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Биыл еліміздің 57 жоғары оқу орнының 200 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Оның 51 пайы-зы ғылым докторлары, 37,5 пайызы профессорлар десек, қалған пайы-зы қауымдастырылған профессор-лар, кандидаттар мен доценттердің үлесінде.

Кеше үздіктерді марапат-тау рəсімінде сөйлеген сөзінде ми нистр байқауға еліміздің 97 жоғары оқу орнынан 500-ден астам өтініштің келіп түскенін, оның ішінде электрондық айқындау барысында ұстаздық қызметтің үздік нəтижелерін көрсеткен 200 үміткер таңдалғанын баяндады. «Біздің дəуірімізде ұстаз болу оңай емес. Студенттер алғыр да ақылды. Олардың қойған əрбір сұрағына жауап беру үшін ұстазға ізденіс ке-рек. Өз басым Əл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де сабақ бергенімде əрбір лекцияма тыңғылықты дайында-лып баратынмын», – деген министр бұған Елбасы Н.Назарбаевтың жастардың жоғары білім алып, са-налы азамат болып қалыптасуы, келешекте өмірден өз орнын табуы керектігін əрбір Жолдауларында айтуының əсері мол екенін жеткізді. Ол оқытушыларға қарата: «Соңғы

жылдары білім жəне ғылым сала-сына қаржы мол құйылуда. Бұл Елбасының жүйенің алдына нақты міндеттер қойғанын көрсетеді. Атап айтқанда, даярлаудың жаңа сапа-сына көшу, білім берудің тиімді жүйесін құру, ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейге шығару, Қазақстанның жоғары оқу орын-дарын инновациялық процестерге тікелей қосу сынды міндеттер білім алушыларды, ғылыммен айналы-сып жүрген жастарды ХХІ ғасырда елдің дамуына үлес қосатын кəсіби шеберлерге айналдыруы тиіс. Əрине, осы жастарды тəрбиелеу, білім беру тікелей сіздерге байла-нысты», – деді.

Үздік оқытушыларды анық тай-тын бұл байқау, ұмытпасақ, оншақты жылдан бері өткізіліп келеді. Мұнда оқытушыларға үздік оқытушы төсбелгісімен бірге арнаулы грант-тар бөлінеді. Оны əрбір оқытушы педагогикалық шеберліктерін арт-ты руға, ғылыми зерттеулерге, сон-дай-ақ жас студенттер мен магис-транттарды ғылымға тартуға, тағы басқа ойларында жүрген жобалар-ды іске асыруға жұмсауы міндетті. Бұл жолы 200 үздік оқытушының əрбіріне 22 мың АҚШ доллары көлемінде грант тағайындалды.––––––––––––––––––

Суретті түсірген Виктор ФЕДЮНИН.

Мəселен, 32363-əскери бө-лі мі нің десантшылары БТР-80 əскери техникамен жауын гер-лік тапсырманы жүзеге асырып, 27 рет атыс қаруынан ныса на көздеді, оның тоғызы түнде іс-к е а с ы р ы л д ы . С о н д а й - а қ ,

«Са ры өзек» оқу орталығында 18404-əскери бөлімінің жеке құ рамы 61993-əскери бөлімі де сант шыларымен бірлесіп атал ған жаттығуларды пы-сық тады. «Спасск» оқу орта-лы ғын да астаналық бөлімнің

десантшылары барлығы тоғыз атыс дайындығын өткізді, оның үшеуі түнде жүргізілді.

Аэроұтқыр əскерлерінің не-гіз гі жауынгерлік тапсыр ма сы – так тикалық оқу-жатты ғу лары мен жауынгерлік атыс дайындықтарын сапалы өт кі зу. Сондықтан аталған жат ты ғу лар дың 30 пайызы түнде жүзеге асты. Жауынгерлер өз күш-жігерлерін сынап, қару-жарақпен 5000 метрлік жорықты жəне басқа күрделі жаттығуларды орын-дады, деп хабарлады Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі.

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

«Қайсардың» қарыз екені анық бо-лып шықты. Аз қарыз емес. 192 милли-он теңге. Жыл басында облыстық бюд-жеттен клубқа ақша бөлінген. Бүгінде футболдағы жемқорлық жайында аз айтылмайды ғой. Бастапқыда осы облыстық бюджеттен бөлінген ақша желінді деген ақпарат тараған. Де-ген мен, ол қаржының мақсатты жұм-сал ғанын, оның ысырап болмағанын облыстық спорт, дене тəрбиесі жəне туризм басқармасының бастығы Садық Мұстафаев айтып отыр. Енді бұл не қылған қарыз?

– Клуб басшылығы спортшыларды ынталандыру үшін сыйақы тағайындаған. Бірақ ол ақшаны демеушілерден түседі, сосын береміз деп уəде еткен. Алайда, демеушілерден ешқандай қаржы түспеген. Соның салдарынан клуб спорт-шыларына қарыз болып қалған, – дейді Мұстафаев.

Бұл қарыз өтеле ме? Өтелген жағдайда кімнің қалтасынан шығады? Тағы да облыстық бюджетке қол жая-мыз ба? Басқарма бастығы қарыздың облыстық бюджеттің есебінен жабыл-майтынын жеткізді. Дегенмен, клубтың мойнына ілінген қарыз өтелуі керек.

Сонымен, «Қайсар» жоғары лига-да өнер көрсетпейді. Бірінші лигаға түсіп қалды. Облыс басшылығының

шешімімен «Қайсар» мемлекеттік мекемесі құрылады. Ендігі жерде клубтың барлық мəселесін, қаржылық жағдайын облыстық спорт басқармасы тікелей бақылап отырмақ. Бұған дейін «Қайсар» қоғамдық бірлестік болған соң оған əкімдіктің өкімі толыққанды жүрмеген. Жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік аз болған. Бүгінде оның жаңа директоры да анықталып жа-тыр. Əзірге кезінде Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен, Ресей мен Финляндияның алаңдарында ойнаған Болат Есмағамбетовтің кандидатура-сы бірден-бір үміткер ретінде қаралып отыр. Сонымен қатар, «Қайсардың» құрамы тек жергілікті ойыншылардан ғана жасақталатыны мəлім болды. Өзге мемлекеттер тұрмақ, басқа облыстардан да ойыншылар шақырылмайды.

Жалпы, бұл жағдайға жанкүйерлердің аса разы емес екенін байқаймыз. Дей

тұрғанмен, мынаны айтқымыз келеді. Қанша тырысқанмен «Қайсар» биыл Премьер-лигада ойнай алмайды. Футбол федерациясы тиісті шешімін шығарды. Клубтар арасында жеребесін жасап қойды. Сондықтан қызылордалық ко-ман даның маңдайына бұйырғаны бірінші лига. Ал төменгі лигада ойнайтын клубқа шетелден спортшы шақырған тиімді ме? Біздіңше, аса тиімді емес. Оған көп шығын кетеді. Өзге аймақтардан да спорт шылар шақырып əуре болудың қажеті жоқ секілді. Осындай өліара шақ та өзіміздің өрендерді тəрбиелеп, үлкен алаңға дайындау мүмкіндігі туып отыр. Қазақстандағы бірде-бір коман-да əзірге тек қана өз аймағының тума-ларынан жасақталмаған еді. Осы бір олқылықтың орнын Қызылорданың «Қайсары» толтырмақ.

Сондай-ақ, қайта жасақталып жатқан «Қайсар» жеті ауданды, Байқоңыр қаласын аралап, сондағы жергілікті командалармен оқу-жаттығу жиынын өткізбек. Мұндағы мақсат – алыс ауыл-дарда доп тебетін таланттарды танып, іріктеп, өз қатарларына қосу. Расында, елді мекендер мен аудан орталықтарында жұрт назарынан тыс қалып жатқан қаншама бала бар? Егер де тəлімгерлер оларды жазбай таныса, «Қайсар» арқылы үлкен аренаға жолдама алады. Бір кездері ауыл балаларынан құралған «Намысты» есіңізге алыңыз. «Намыстан» қазақтың талай аяқдопшылары түлеп ұшты ғой. Ертеңгі күні «Қайсардың» да қатарынан осындай ойыншылар шығып жатса, аса таңғалудың керегі жоқ.

Сонымен, «Қайсар» қайта жасақ-та лып жатыр. «Жеңістің иесі көп. Же-ңі ліс – жетім» деген сөз бар спортта. Қы зыл ордалық əрбір жанкүйер алдағы күндерде тек жеңістің иесі болсын деп тілейік.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Білім саласына жаѕалыќ енгізілмек

Қазақ ұлттық өнер университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2012» атағын иеленген оқытушыларға Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов сертификаттар мен төсбелгілер тапсырды.

Їздік оќытушыларєа лайыќты ќўрмет

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Бұл олимпиаданың басты ерек-шелігі – оған алыс жəне жақын шетелдердің мамандандырылған ең үздік мектептерінің өкілдері қа тысады.

Жəутіков олимпиадасыесепке жїйріктерді тоєызыншы рет тоєыстырды

Нақты айтсақ, биылғы жа-рысқа Қазақстан, Ресей, Украи на, Əзербайжан, Армения, Груз ия, Қырғызстан, Тəжікстан, Түр кі-менстан, Румыния, Болгария, Ин-донезия, Моңғолия сияқты əлемнің 13 елінен 53 команда – 350-дей оқушы қатысуда. Халықаралық

қазылар құрамында 7 елдің: Қазақстан, Ресей, Болгария, Гру-зия, Армения, Беларусь жəне Өз-бекстан ғалымдары бар. Қазылар алқасының төрағасы – Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым-қайыр Мұтанов.

Биыл тоғызыншы рет ұйым-д а с т ы р ы л ы п о т ы р ғ а н б ұ л сын ға еліміз 18 командасын, РМФМОМИ «жүй ріктері» – 4 топ, Қазақстан құ ра масы – 1, Ал-маты қаласы – 2, Астана қ ала-сы 6 команда қо сып отыр. Оған

қоса, Қарағанды, Қостанай, Өс-кемен, Павлодар қалалары мен Назарбаев зияткерлік мектебінің құрамалары бар. Бұдан бөлек Астанадағы «Зерде» дарынды ба-лалар мектебі, Алматыдағы №171 лицей, Ақтөбедегі қазақ-түрік лицейі, Талдықорғандағы №20 да-рынды балаларға арналған арнайы лицей мен Оңтүстік Қазақстан об лысындағы Капаров мектебі ко мандалары білім бəсекесіне тү суде.

Жəутіков олимпиадасында 8 жылдан бері қазақстандық оқу-шылар медаль саны бойынша көш бастауда.

АЛМАТЫ.

Алматыда О.Жəутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған фи-зика-математика орта мектеп-интернаты (РМФМОМИ) базасында математика, физика жəне информатикадан ІX Халықаралық Жəутіков олимпиадасы басталды.

Атыс даярлыєы аяќталды

Құрлық əскерлеріне қарасты Аэроұтқыр əскерлері құрамалары мен бөлімдерінде үш күндік десант-ты-шабуылдаушылар бөлімшелерінің жауынгерлік атыс дайындығы аяқталды. Десантшылар жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, теориялық білімдерін тəжірибе жүзінде жетілдірді.

Жарыстан – жаѕалыќтар

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан».

АВТОРАЛЛИ. Сенегалдың астанасы Дакар қаласында «AfricaEcoRace 2013» ралли-рейд жа-рысы мəреге жетті.

Өткен жылдың 27 желтоқсаны күні Францияның Сен-Сеприен қаласынан басталған бəйгенің Т2 мəшинелерінің арасында өткен жарыста Қанат Шағыров пен Александр Мороз жеңімпаз атан-ды. Бұл сынға біздің елден Юрий Сазонов пен Арслан Сахиевтің экипажы да қатысқан еді. Олар 18 орынды қанағат тұтты. Ал, 232 нөмірмен тіркелген Жанат Жəлімбетов пен Марат Əбіқаевтың мəшинесі, өкінішке қарай, жарыс басталмай жатып сынып қалып, жарыстан шығып қалған болатын.

Францияның Сен-Сеприен қаласынан жолға шыққан «AfricaEcoRace 2013» ралли-рейдіне қатысушылар Марокко, Мавритания жəне Сенегал аумағын басып өтіп, 6 000-нан астам шақырымды жүріп өтті.

* * *ФУТБОЛ. Ертең Ресейдің Санкт-Петербург

қаласында «Достастық кубогы - 2013» турнирі басталады. Жақында Сергей Боровский тізімін қолға алған Қазақстан жастар құрамасы осы турнирге қатысу үшін футболшылардың тізімін жариялап, бүгін Астана халықаралық əуежайынан Ресейге аттанады.

Біздің 21 жасқа дейінгі жас жігіттер құрамасы алғашқы ойынын Қырғызстан командасымен өткізеді. Одан кейін 20 қаңтарда Өзбекстан, ал келесі күні алаң иелері Ресей құрамасымен кездеседі.

Былтыр жастарымыз осы турнирдiң ширек финалында сүрінген болатын. “А” тобында сынға түсiп, топтық кезеңде тек Ресей құрамасынан 1:0 есебiмен жеңілген жастарымыз ширек финалда Беларусь құрамасынан да 3:2 есебiмен ұтылып, қалған-ды.

* * *ТЕННИС. Биылғы Австралияның ашық

чемпионатында америкалық Ваня Кингпен бір жұпта өнер көрсеткен Ярослава Шведова екінші айналымға өте алмай, жарыстан шығып қалды.

Шведова мен Кинг американ-жапондық жұппен кездесті. Бұл кездесу 2 сағат 46 минутқа созылып, Ирина Фалькони жəне Шуко Аояма дуэтінің пай-дасына шешілді. Қорытынды есеп – 3:6, 7:5, 6:7.

«Ќайсар» ќайта орала ма?Қызылорданың «Қайсары» төңірегінде жыл басынан бері біраз дау болды. Өткен маусым «Қайсар» клубы үшін жаман нəтижемен аяқталмап еді. Үздік ондықтың қатарында жүрген-тін. Бірақ, Премьер-лигадан шығып қалды. Оның үстіне фут-болшылары айлығымызды алмадық деп мəлімдеме жасады. Клубтың директоры орнынан кетті. Жанкүйерлер шулап жат-ты. Барлық БАҚ «Қайсардың» басына үйірілген қара бұлтты бірінен-бірі іліп əкетіп жазды. Сонымен, мəселе неде еді, ол қалай шешіліп жатыр?