12
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Төрағалық қызметінің алғаш- қы күні Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтар айындағы қызметінің бағ- дарламасы ұсынылды. Жиын- да жұмыс жоспарының басты тармақтары талқыланды. Іс- шараға қатысқан дипломаттар Қазақстан бағдарламасының сапалы дайындалғанына на- зар аударды. Ресейдің Тұрақты өкілі Василий Небензя тари- хи фактор мен дəстүрлі қазақ- стандық-ресейлік өзара тығыз қатынастарды ескере отырып, қазақстандық делегацияның Кеңес төрағасы ретіндегі жұ- мысы сəтті өтетініне сенім біл- дірді. В.Небензя 18 қаңтарда Қа- зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өте- тін «Жаппай қырып-жою қа- руын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары дең- гейлі брифингке Ресей Сырт- қы істер министрі Сергей Лав- ров қатысатынын хабарлады. АҚШ-тың Тұрақты өкілі Никки Хейли мен Кеңеске мүше басқа елдердің елшілері еліміз əзірлеген бағдарламаның мазмұндылығын атап өтті. Одан кейін қаңтардағы бағдар- лама ресми түрде ҚК мүшелерінің отырысында бекітілді. Еліміздің БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров төрағалық мерзімінің басталуына орай арнайы брифинг өткізіп, Қазақстанның бастама- лары мен жұмыс жоспарын та- ныстырды. Кіріспе сөзін Кеңеске жаңа тағайындалған елдерді құттықтаудан бастаған Қ.Омаров Қазақстанның үш мəселеге ба- са назар аударатынын атап өтті. Еліміз ұстанған алғашқы ба- сымдық – қырып-жою қаруларын таратпау. Кездесуге қатысқан БҰҰ-ға мүше елдердің делегация- лары Қазақстанды ҚК төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтап, еліміз ұсынған бағдарламаның өзектілігін сөз етті. Қ.Омаров мүше елдердің көптеген сұрақ- тарына нақты жауап берді. Қаңтардағы ең ауқымды іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өте- тін жиын болмақ. Нью-Йоркте Елбасының төрағалығымен «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақы- рыбында жоғары деңгейдегі пікірталас ұйымдастырылады. Брифингте Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Қ.Омаровтың айтуын- ша, іс-шараға бірқатар елдің басшылары, министрлері жəне халықаралық ұйым төрағалары қатысады деп жоспарланған. (Соңы 2-бетте) –––––––––––––––––––– Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің трағасы ретінде з қызметін бастап кетті. кілеттілік мерзімі ішінде бірқатар мәселелерді талқылау жоспарда бар. Бұл – Орталық Азия мен Ауғанстандағы жағдайға, ядролық қарудың зиянына халықаралық қоғамдастық назарын аударуға берілген ерекше мүмкіндік. –––––––––––––––––––– №2 (29233) 4 ҚАҢТАР, БЕЙСЕНБІ 2018 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ САЯСАТ ҚОҒАМ ЗЕРДЕ 7-бет 9-бет ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 3-бет САНА СІЛКІНІСІНДЕГІ ҚҰБЫЛЫС 5-бет АҚШ – ЕЛІМІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІ СЕМЕЙДІҢ ЖАҢА ТӨЛТАҢБАСЫ ҚАШАН ҚАБЫЛДАНАДЫ? СЫРЫ АШЫЛМАҒАН СУРЕТТАС АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ 5-бет Нұрлан СЕЙДІН МАШИНА ЖАСАУ – ӘЛЕУЕТТІ ЭКОНОМИКА ТҰҒЫРЫ 4-бет Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ EUR/KZT 398.23 USD/KZT 332.33 RUB/KZT 5.77 CNY/KZT 51.09 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: КӨКЕЙКЕСТІ –––––––––––––––––––––––– Ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше кңіл блініп отырған тұста алдымен ішкі нарықты қамтитын німдерді ндіру мен ңдеуге қатысты жұмыстарға ерекше маңыз беруіміз керек. Бұл агросаланың Отан экономи- касындағы драйверге айналуына жол ашып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. –––––––––––––––––––––––– Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Ал дəл қазіргі жағдайда ішкі нарықтағы сұраныс пен өндірістің үлесі арасындағы алшақтық жер мен көктей. Осы себепті тұтынушының шетел өніміне тəуелділігі күшейіп, да- йын тауарға төленген миллиардтаған қаражат сыртқы экономикаға қызмет етуде. Соның бір мысалын Қазақстан нарығындағы аса қомақты қаржы ай- налымын құрайтын қант өнімдеріне деген сұраныстан байқауға болады. Анығында, адамзаттың тəттіге тəуелділігі қант өндірісінің қарыштап өркендеуіне берілген кепілдік қана емес, табыс қоймасының алтын кілті іспетті. Мұны ертеден сезген алпа- уыт елдер ауыл шаруашылығын дамытудың озық тəсілдеріне жүгінген кезде, алдымен қант қызылшасы мен қамысын өсіруге ерекше маңыз береді екен. Өйткені əлемде таза, ақталған қантқа сұраныс ешқашан кеміген емес, керісінше жыл сайын артып келеді. Шайына шекер сал- май ішпейтін адамның санын былай қойғанда, азық-түлік өндірісінде қант пен қант қоспаларынсыз да- йындалатын өнім жоқ десе де бо- лады. Айтпақшы, өтімділігі мен таза пайдасы жөнінен тəтті ұнтақ көлеңкелі экономикада есірткі айна- лымынан кейінгі орында тұр деген бейресми мəлімет бар. Мұны неге айтып отырмыз? Айналамыздағы əлем ең алдымен азық-түлік өнімдерімен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге тырысып, артылғанымен сыртқы нарықты жау- лап алуға ұмтылуда. Шаруашылығы мен өндірісі қалыптасқан мемлекет- тер үшін бұл қалыпты жағдай, ал Қазақстан сияқты дамушы ел үшін ішкі өндірістің қалыпты жұмыс істеп, тұтыну нарығын толықтай қамтамасыз етуге əрекет жасауы екі есе тəуекел мен қосымша шығын əкелетіні анық. Бірақ қиындықтарға қарамастан өзіміздің шаруашылық пен өндірісті дамытуға міндеттіміз. Бұл – ел экономикасының өзегі. Əрине мұнай сатуға негізделген ұстанымнан əлі де толық арыл- май отырған кезеңде шығыны көп, жұмысы да аз емес ішкі өндірістің дамып кетуі туралы айту күлкілі шығар. Тек біз қинала отырып бас тартуға тура келген шикізат сату- шы рөлінен дайын тауар иесіне ай- налу үрдісі тым ұзаққа созылып кетпеуі тиіс. Бұл мемлекеттің даму бағдарын айқындайтын стратегиялық міндет. Осы жайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ха- лыққа арнаған «Қазақстанның үшін- ші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Аграр- лық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақ- станның агроөнеркəсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз əлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, əсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатыс- ты. «Made in Kazakhstan» бренді сон- дай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сон- да ғана біз халықаралық нарықтарда бəсекеге қабілетті бола аламыз...», деп шегелеп тұрып айтқан болатын. (Соңы 4-бетте) Тәтті тапсырыс немесе ішкі нарықты қантпен толық қамту мүмкін бе? Қазақстанның маңызды басымдықтары

E-mail: [email protected] №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

  • Upload
    others

  • View
    29

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Төрағалық қызметінің ал ғаш-қы күні Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтар айындағы қызметінің бағ-дарламасы ұсынылды. Жиын-да жұмыс жоспарының басты тармақтары талқыланды. Іс-ша раға қатысқан дипломаттар Қазақстан бағдарламасының сапалы дайындалғанына на-зар аударды. Ресейдің Тұрақты өкілі Василий Небензя тари-хи фактор мен дəстүрлі қазақ-стандық-ресейлік өзара тығыз қа тынастарды ескере отырып, қазақстандық делегацияның Кеңес төрағасы ретіндегі жұ-мысы сəтті өтетініне сенім біл-дірді. В.Небензя 18 қаңтарда Қа-зақ стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өте-тін «Жаппай қырып-жою қа-руын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары дең-гейлі брифингке Ресей Сырт-қы істер министрі Сергей Лав-ров қатысатынын хабарлады.

АҚШ-тың Тұрақты өкілі Никки Хейли мен Кеңеске мүше басқа елдердің елшілері еліміз əзірлеген бағдарламаның мазмұндылығын атап өтті.

Одан кейін қаңтардағы бағ дар-лама ресми түрде ҚК мүшелерінің отырысында бекітілді. Еліміздің БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Қайрат

Омаров төрағалық мерзімінің бас талуына орай арнайы брифинг өткізіп, Қазақстанның бастама-лары мен жұмыс жоспарын та-ныстырды. Кіріспе сөзін Кеңеске жаңа тағайындалған елдерді құттықтаудан бастаған Қ.Омаров Қазақстанның үш мəселеге ба-са назар аударатынын атап өтті.

Еліміз ұстанған алғашқы ба-сымдық – қырып-жою қару ларын таратпау. Кездесуге қатысқан БҰҰ-ға мүше елдердің делегация-лары Қазақстанды ҚК төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтап, еліміз ұсынған бағдарламаның өзектілігін сөз етті. Қ.Омаров мүше елдердің көптеген сұрақ -

тарына нақты жауап берді.Қаңтардағы ең ауқымды

іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өте-тін жиын болмақ. Нью-Йоркте Ел басының төрағалығымен «Жап пай қырып-жоятын қаруды тарат пау: сенім шаралары» тақы-ры бында жоғары деңгейдегі

пікірталас ұйымдастырылады. Бри фингте Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Қ.Омаровтың айтуын-ша, іс-шараға бірқатар елдің бас шылары, министрлері жəне ха лықаралық ұйым төрағалары қатысады деп жоспарланған.

(Соңы 2-бетте)

––––––––––––––––––––Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің т�рағасы ретінде �з қызметін бастап кетті. �кілеттілік мерзімі ішінде б і р қ а т а р м ә с е л е л е р д і талқылау жоспарда бар. Бұл – Орталық Азия мен Ауғанстандағы жағдайға, ядролық қарудың зиянына халықаралық қоғамдастық назарын аударуға берілген ерекше мүмкіндік.––––––––––––––––––––

№2 (29233) 4 ҚАҢТАР, БЕЙСЕНБІ 2018 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

САЯСАТ

ҚОҒАМ

ЗЕРДЕ

7-бет

9-бет

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

3-бет

САНА СІЛКІНІСІНДЕГІ ҚҰБЫЛЫС

5-бет

АҚШ – ЕЛІМІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІ

СЕМЕЙДІҢ ЖАҢА ТӨЛТАҢБАСЫ ҚАШАН ҚАБЫЛДАНАДЫ?

СЫРЫ АШЫЛМАҒАН СУРЕТТАС

АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

5-бет

Нұрлан СЕЙДІН

МАШИНА ЖАСАУ – ӘЛЕУЕТТІ ЭКОНОМИКА ТҰҒЫРЫ

4-бет

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ

EUR/KZT 398.23 USD/KZT 332.33 RUB/KZT 5.77 CNY/KZT 51.09ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

КӨКЕЙКЕСТІ

––––––––––––––––––––––––Ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше к�ңіл б�лініп отырған тұста алдымен ішкі нарықты қамтитын �німдерді �ндіру мен �ңдеуге қатысты жұмыстарға ерекше маңыз беруіміз керек. Бұл агросаланың Отан эконо ми-касындағы драйверге айналуы на жол ашып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. ––––––––––––––––––––––––

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Ал дəл қазіргі жағдайда ішкі нарықтағы сұраныс пен өндірістің үлесі арасындағы алшақтық жер мен көктей. Осы себепті тұтынушының шетел өніміне тəуелділігі күшейіп, да-йын тауарға төленген миллиардтаған қаражат сыртқы экономикаға қызмет етуде. Соның бір мысалын Қазақстан нарығындағы аса қомақты қаржы ай-налымын құрайтын қант өнімдеріне деген сұраныстан байқауға болады.

Анығында, адамзаттың тəттіге тəуелділігі қант өндірісінің қарыштап өркендеуіне берілген кепілдік қана емес, табыс қоймасының алтын кілті іспетті. Мұны ертеден сезген алпа-уыт елдер ауыл шаруашылығын дамытудың озық тəсілдеріне жүгінген кезде, алдымен қант қызылшасы мен қамысын өсіруге ерекше маңыз береді екен. Өйткені əлемде таза, ақталған қантқа сұраныс ешқашан кеміген емес, керісінше жыл сайын артып келеді. Шайына шекер сал-май ішпейтін адамның санын былай қойғанда, азық-түлік өндірісінде қант пен қант қоспаларынсыз да-йындалатын өнім жоқ десе де бо-лады. Айтпақшы, өтімділігі мен

таза пайдасы жөнінен тəтті ұнтақ көлеңкелі экономикада есірткі айна-лымынан кейінгі орында тұр деген бейресми мəлімет бар.

Мұны неге айтып отырмыз? Айналамыздағы əлем ең алдымен азық-түлік өнімдерімен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге тырысып, артылғанымен сыртқы нарықты жау-лап алуға ұмтылуда. Шаруашылығы мен өндірісі қалыптасқан мемлекет-тер үшін бұл қалыпты жағдай, ал Қазақстан сияқты дамушы ел үшін ішкі өндірістің қалыпты жұмыс істеп, тұтыну нарығын толықтай қамтамасыз етуге əрекет жасауы екі есе тəуекел мен қосымша шығын əкелетіні анық. Бірақ қиындықтарға

қарамастан өзіміздің шаруашылық пен өндірісті дамытуға міндеттіміз. Бұл – ел экономикасының өзегі. Əрине мұнай сатуға негізделген ұстанымнан əлі де толық арыл-май отырған кезеңде шығыны көп, жұмысы да аз емес ішкі өндірістің дамып кетуі туралы айту күлкілі шығар. Тек біз қинала отырып бас тартуға тура келген шикізат сату-шы рөлінен дайын тауар иесіне ай-налу үрдісі тым ұзаққа созылып кетпеуі тиіс. Бұл мемлекеттің даму бағдарын айқындайтын стратегиялық міндет. Осы жайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ха-лық қа арнаған «Қазақстанның үшін-ші жаңғыруы: жаһандық бəсе кеге

қабілеттілік» Жолдауында «Аг рар-лық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақ-станның агроөнеркəсіп кеше нінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз əлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өнді рушілердің бірі бола аламыз. Бұл, əсі ресе, экологиялық таза тағамдарға қатыс-ты. «Made in Kazakhstan» бренді сон-дай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Шикізат өндірісінен сапалы өңдел ген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сон-да ғана біз халықаралық нарық тар да бəсекеге қабілетті бола аламыз...», деп шегелеп тұрып айтқан болатын.

(Соңы 4-бетте)

Тәтті тапсырыснемесе ішкі нарықты қантпен толық қамту мүмкін бе?

Қазақстанның маңызды басымдықтары

Page 2: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

2 4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің т�рағасы қызметіне кірісуіне байланысты кітап к�рмесі салтанатты түрде ашылды. Жиынның мақсаты – БҰҰ-ға мүше болғалы еліміздің атқарған жұмыстарын оқырманға таныстыру. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САЯСАТ

(Соңы. Басы 1-бетте)

«Президент Нұрсұлтан Назар баев тың алдағы жиынға қатысуы оның жоғары деңгейін көрсетіп, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіне деген құрметін білдіреді. Тақырып тық брифингте жаппай қы рып-жою қаруларын тарат-пау жөніндегі маңызды мəселе-лерге назар аударылып, сенім шараларының орнауына көңіл бөлінеді. Бұл жайтты қозғауға неліктен шешім қабылдадық? Қазіргі таңда саяси көшбасшылар мен елдер арасында сенімді қарым-қатынас құруға мəн беру керек деп есептейміз. Онсыз түйткілдерді шешу мүмкін емес», деді Қ.Омаров.

Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын сынау салдары-нан ең көп зардап шеккен мем-лекет ретінде атом бомбасын қолдануға түбегейлі қарсы. Елбасы Н.Назарбаев «Əлем. XXI ғасыр» манифесінде БҰҰ-ның 100 жылдық мерей тойы-на орай ядролық қарудан азат əлем құру туралы халық аралық қоғамдастыққа үндеу тас та-ғаны белгілі. Бұл мəселе ‒ елі-міз дің Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұ мысының басты басымдық-тарының бірі. Осы орайда сенім шарасының маңызы зор. Ядролық қаруға заңды жəне заңсыз ие болған тараптар өздеріне қо-йыл ған міндеттемелерді қатаң ұстан са, қауіпсіздікті күшейтуге, өзара сенім орнатуға елеулі үлес қосады.

2015 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қару дан азат əлемге қол жеткізу туралы жалпыға бірдей декла-ра ция қабылдағаны мəлім. Со-ның жалғасы іспетті былтыр Яд-ролық қаруға тыйым салу шарты мақұлданды. Бұл халықаралық келісімге қол жеткізуге Қазақстан тарапының сіңірген еңбегі зор. Еліміз құжаттың əзірленуіне белсенді түрде қатысып, БҰҰ декларациясын əрдайым қолдап отырды. Біздің мемлекет аталған шартқа Елбасының Нью-Йорк қаласына сапары кезінде қол қоюға ниетті.

Төрағалық кезінде Орталық Азиядағы түйткілдерге баса на-зар аударылады. Сыртқы істер ми нистрі Қ.Əбдірахмановтың төрағалығымен «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тəуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстан мен Ор талық Азиядағы аймақтық серіктестікті құру» тақырыбында Қауіпсіздік Кеңесінің жарыссөзі өтпек. Шараға Орталық Азия елдерінің жəне Ауғанстанның сыртқы істер министрлері қатысады. Сондай-ақ БҰҰ Бас хат-шысы Антонио Гутерриш те жи-ында сөз сөйлемек. Жарыссөздің нəтижесі бойынша қорытынды құжат əзірленеді. Аталған іс-шара 19 қаңтарға жоспарланып отыр.

Қ.Омаров Ауғанстанға көңіл бөлудің басты себебі ретінде шие леніс аймақтарына өзгеше қыры нан қарауды атап өтті. Оның айтуын ша, елдегі жағдайды тұрақ-танды ру үшін қауіпсіздік пен даму қа тар жүруі керек. Кикілжің елдің тұ тас тығына іштей сызат түсі ріп қана қоймай, көрші мем ле -кет терге де əсер ететіні сөз болды. Сон дықтан Тұрақты өкіл Ау ған-стан дағы ахуалды жақсар ту үшін ай мақтағы елдер бірле се күш жұ-мылдыруы қажет деп есептейді.

Орталық Азия мен Ауғанстанда бейбітшілік, ынтымақтастық жəне қауіпсіздікті нығайту ‒ Қазақ-станның Қауіпсіздік Кеңесіндегі басты мақсаттарының бірі. Еліміз аталған жұмысты тиімді жүргізу үшін ұйымның əлеуетін ба-рынша пайдалануға тырысады. Мысалы, 2017 жылғы 17 наурыз-да Кеңес Ауғанстанға жəрдем көрсету миссиясының мандатын ұзарту туралы қарар қабылдады. Қазақстанның Тұрақты өкілдігі аталған құжатқа б ірқатар өзгертулер енгізген болатын.

Сондай-ақ Орталық Азия дағы алдын алу дипломатиясы жө-ніндегі БҰҰ өңірлік орталығының жарты жыл сайынғы брифингі өтеді. БҰҰ ҚК мəліметіне сай, орта лықтың арнайы өкілі Наталья Гер ман Кеңес мүшелеріне терро-ризм, экстремизм, Ауғанстандағы жағ дайдың əсері, есірткі тасыма-лы, шекаралық суды басқару жəне шекараға қатысты кикіл-жің дер секілді бірқатар мəселелер жөнінде консультация жасайды. Айта кету керек, бұл ‒ Н.Гер-манның Орталықтың арнайы өкілі ретінде өткізетін алғашқы жиы-ны. Ол 2017 жылғы қыркүйекте өз қызметіне кіріскен болатын.

Қауіпсіздік Кеңесінің қаң-тар дағы күн тəртібінде тұрған үшінші маңызды тақырып Таяу Шығысқа, соның ішінде Па лес-тинаға арналады. Қ.Омаровтың сөзіне сүйенсек, Сириядағы

ахуал кеңінен талқыланады. 2017 жылғы желтоқсанда Қауіпсіздік Кеңесі Сирияға гуманитарлық кө мек беруді жалғастыру жө-нінде қарар қабылдағаны белгілі. Осыған сəйкес, Кеңес мінберінде ел дегі саяси жəне əлеуметтік жағ-дай, химиялық қару туралы ай са-йынғы мəлімдеме жасалады. Тұ-рақты өкіл Сириядағы шиеленісті шешу мақсатында Астана ке ліс-сөздері өтіп жатқанын еске са-лып өтті. БҰҰ тарапы аталған жиынның жұмысын жоғары бағалаған болатын. Бұдан бөлек, кейінгі кезде халықаралық қоғамдастық назарын өзіне қайта аударған Израиль-Палестина шиеленісіне қатысты тоқсандық ашық жарыссөз өтеді.

БҰҰ ҚК жұмысының басым бөлігі Африка елдеріне жəне ондағы жағдайға бағытталған. Сондықтан Қазақстан төрағалық ететін мерзім ішінде құрлықтағы бірқатар мəселелер талқыланады. Мысалы, Конгодағы қалпына келу бағытын Кеңес мүшелері назарында ұстамақ. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Жан-Пьер Лакруа бітімгерлік мис-сиясының жұмысы жөнінде баян дама жасап, арнайы консуль-тация өткізеді. Сонымен қатар Со мали, Оңтүстік Судан, Мали, Ли виядағы жəне Батыс Африка мен Сахельдегі ахуалға арналған түрлі деңгейдегі консультация-лар ұйымдастырылады.

Айта кету керек, Қазақстан Африкада бейбітшілік пен қауіп-сіздікке қол жеткізуді Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің басты ба сымдықтарының бірі ретінде ұстанады. Қазіргі таңда Қазақ-стан Африка одағына байқаушы мемлекет ретінде қатысып, ҚК-нің Сомали/Эритрея бойын ша комитетінің төрағасы ретінде құр лықтағы татулық пен бейбіт-шілікті қалпына келтіру мақ-сатында халықаралық і с -қимылдарға үлес қосып отыр. Өткен жылы қазақстандық де-легация Африка мəселелері бойынша Кеңестің қосалқы органдарының, Сомали/Эритрея комитетінің шеңберінде белсенді жұмыс атқарды. Аталған тақырып бойынша бірқатар қарарларды əзірлеу мен келісу жұмысына қатысып, барлық кездесулер мен консультацияларда сөз сөйледі.

Қазақстан тарапы Афри-ка дағы дау-жанжалдардың оң шешімін табуы үшін белсенді əрекет етіп келеді. Еліміз «қара құрлықтағы» түрлі террористік жəне экстремистік ұйымдардың тамырына балта шабу үшін Африка одағының бастамаларын қолдайды. Еліміз жұмыссыздық

пен сауатсыздықты жою, инфра-құрылымды дамыту жоба лар ына белсене атсалысып отыр. Қа зақ-стандық əскери бақылаушылар БҰҰ-ның «Батыс Сахарадағы референдумды бақылау арқылы бейбітшілікті қолдау» жөніндегі (MINURSO) миссиясында қызмет етеді.

Қаңтарда Колумбиядағы БҰҰ миссиясының жұмысы жө нін-де, Кипрдегі бітімгерлік шара-лары төңірегінде баяндама тың-да лады. Былтыр шартарапты дүр сілкіндірген Мьянмадағы,

Йемен дегі жағдай, Солтүстік Корея ның əрекеті жəне Украина мəселе ле ріне арналған іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр.

Жиын соңында Al-Ara biya, The Huffington Post, The Asso-ciated Press, Agence France Presse, CBS, FOX News, Nikkei, Mai nichi, Fiji TV, Tokyo Shimbun, NHK жə не басқа да əлемнің жетекші бұ қа ралық ақпарат құралдары-ның тіл шілері өздерін толған-дырған сауалдарын қойды. Олар-дың сұрақтарында Солтүстік

Кореядағы, Ирандағы, Палес-ти надағы ахуал, Иерусалим мəртебесі, Мьян ма д ағы жағдай, Сирияға, Йемен ге гуманитарлық көмек көрсе ту, климаттың өз-геруі, Қазақ стан ның «жасыл тех но ло гия лар» саласындағы бастама лары жəне басқа да өзекті мəсе ле лер қамтылды. Тұрақты өкіл Қ.Омаров жаһандық күн тəрті бін дегі басты мəселелер жөнін де, Ел ба сының бастама-лары ая сындағы Қазақстанның ұста нымы бойынша нақты жауап берді.

Қазақстанның маңызды басымдықтары

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Іс-шараға ғалым, филосо-фия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім, «Махамбет» сыйлығының иегері, ақын Оңайгүл Тұржан бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Ғ.Есімнің айтуынша, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болуы Қазақстанның жəне Президент Н.Назарбаевтың халықаралық жоғары беделін айғақтайды.

«Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болу – жауапкершілігі зор міндет. Осы шара арқылы əлем бізді басқа қырымыздан тани түседі. Осы төрағалық аясында Қазақстан тарапы шартарапта болып жатқан түрлі қақтығыстар мен дау-жанжалдарға қатысты өз ұс танымын білдіреді. Бұл

– елі міз ге артылған жауап-кершілік», деді Ғ.Есім.

О.Тұржан Ұлттық кітап ха-на дағы көрменің ерекшелігіне тоқталды. Оның пікірінше, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақ стан-ның төрағалық етуіне орай ұйым-дастырылған бұл шара оқыр-мандарға, студенттерге еліміздің беделді ұйым аясында атқарған жұмыстары жөнінде кең көлемді мағлұмат береді.

Көрмеде баспасөз беттерінде жəне кітаптарда жарияланған құжаттар таныстырылып, Қа-зақ станның ұйым шеңберіндегі і р гел і қадамдары туралы əңгіме қозғалды. Оқырман на-зарына ағылшын, қазақ жəне орыс тілдеріндегі дүниелер ұсынылған.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»

Отанымызға жүктелген міндет жоғары

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Жоғарғы палата депу тат-тары Қызылорда облы сының əкімі Қырымбек Көшер-баевпен кездесіп, аймақтың 2017 жылғы əлеуметтік-мə-дени дамуындағы негізгі мəселелермен жəне биылғы жоспармен танысты. Аймақ басшысы өнеркəсіптің, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениет салаларының жай-күйі жəне келешектегі дамуы туралы жан-жақты хабардар етті.

Сапар барысында сена-торлар Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысын көрді. Мұнда азаматтарға

құқықтық мəселелерді ше-шуде кешенді түрде көмек көрсететін білікті маман-дар қызмет етеді. Орталық қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жабдықталған, келушілерге жайлы жағдай жасалған. Сенаторлар жаңа тұрпаттағы полиция бекетінде болып, оның жұмысына жоғары баға берді.

Сонымен қатар олар қалалық мəслихат ғима-ра тында облыс активімен, мəсли хат депутаттарымен жəне жұртшылық өкілдері-мен кездесті. Сенат Төр-ағасының орынбасары Бек тас Бекназаров өз сөзінде пала-таның бір жылда атқар ған жұмысына тоқталды.

Сенат Төрағасының орын басары өз сөзінде Елба-сының «Қазақстанның үшін-ші жаңғыруы: жаһандық бəсе кеге қабілеттілік» Жол-дауы жəне «Болашаққа бағ-дар: рухани жаңғыру» бағ-дар ламалық мақаласының маңызды рөлін атап өтті. Пар ламент қабылдаған заң-дардың мазмұны, еліміздегі рухани жаңғыру мəселелері, оның ішінде ұлттық құн-ды лықтарды сақтау мен қазақ тілін латын əрпіне көшіру туралы мүдделілік тұрғысында кеңінен əңгіме қозғалды. Сондай-ақ сена-торлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, Сенат жұмысынан толыққанды мағлұмат ұсынды.

ҚЫЗЫЛОРДА

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Кездесу барысында за-уыт жұмысшылары мен инженерлері депутаттарға көптеген сұрақтар қойды. Жалпы, кездесудің алдын-да өндіріс цехтарын аралап, кəсіпорын қуаттылығымен танысқан депутаттар өңірдің и н д у с т р и я л ы қ д а м у ы -на оң баға беріп, шетелдік

нарыққа шығуына мүмкіндік туғандығын ортаға салды. Реті келгенде зауыт ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйесімен жұ мыс істеп тұрғанын айта кет кен жөн. Ақмола облы сы кəсіпкерлерін қолдау кар тасы аясында 2015 жылдың желтоқсан айы-нан бері «Степногор под-шипник зауы тында «ЭПК-Мəскеу» зауы тында өндірген сфералық под шипниктердің номенклатурасын аудару»

жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба басталғалы бері 127 504 жаңа үлгідегі подшипниктер, оның ішінде 40955 сфералық подшипник-тер өндірілген. Бүгінгі таңда кəсіпорын жылына 1,9 мил-лион подшипник шығаруға қауқарлы.

Сондай-ақ депутаттар са-пар аясында орталық қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, медициналық сақтандыру, əйелдердің зей-нетке шығу жасы, зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталу барысы туралы бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Ақмола облысы

Сенаторлар Сыр елінде

Келелі кездесулер өтті

–––––––––––––––––––––––––––Осы күндері Мәжіліс депутат тары-ның аймақтарда сайлаушылармен кездесуі �туде. Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, қоғам �кілдерімен кездесіп, азаматтарды қабылдауда. Сондай-ақ �ндірістік ошақтарда болып, әлеуметтік-мәдени нысандарға барды.–––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Сондай сапардың бірі Астана қала-сындағы «Тұлпар-Тальго» зауытында өтті. М.Əшімбаев, Г.Қарағұсова, М.Чирков, Б.Мамыраев, Е.Бектұрғанов, Ж.Жарасов жəне Т.Яковлева секілді Мəжіліс де-путаттарын «Тұлпар-Тальго» зауыты директорының орынбасары В.Киселев кəсіпорынның өндірістік қуатымен та-ныстырып, испан вагондарын құрастыру кезінде енгізілген инновациялар тура-лы баяндады. Ол Астанада шығарылған «Тұлпар-Тальго» вагоны Кеден одағының барлық елдерінде пайдалануға болатынын, сондай-ақ аталған одақтың техникалық рег-ла менттерінің талаптарына сəйкес келетінін айтты.

Кездесуде Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев «Тұлпар-Тальго» за-уыты бүгінгі таңда Қазақстанның темір жолын жаңа вагондармен қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

Кездесу аясында зауыттың жұмыс барысы, жалақы мөлшері жəне басқа да мəселелер əңгімеге арқау болды.

Сонымен қатар Мəжіліс депута-ты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі А.Перуашев, сондай-ақ депу-таттар Е.Никитинская, Б.Дюсембинов, Д.Еспаева елордада бір топ кəсіпкерлермен кездесті. Шараға машина жасаушылар, IТ-компаниялар, фармацевтика өнеркəсібі, «Қазхимпром», азық-түлік жəне өңдеу өнеркəсібі салаларының өкілдері қатысты. Отырыста фракция басшысы А.Перуашев кəсіпкерлікті алаңдатқан күрделі мəсе-лелерге тоқталып, отандық өнеркəсіпті қолдау қажеттілігін атап өтті.

«Тұлпар-Тальго» зауытында болды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс депутаттары Жанат Омарбекова, Кәрібай Мұсырман және Асылбек Смағұлов Ақмола облысының Степногор қаласында болып, осындағы «Степногор подшипник зауыты» акционерлік қоғамы жұмысшыларымен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Т�рағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс бабымен Қызылорда об-лысына арнайы келді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 3

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Күллі ой-әлемімізді, сана-сезімімізді дүр сілкіндірген Елбасының сан қырлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазір �зімізде ғана емес, ниеті мен тілегі бір к�птеген к�ршілес елдерде де қызу талқыланып жатыр. Демек, рухани жаңғыру біздің ғана емес, тілі, діні б�лек елдердің де к�кейінде жүрген түйткіл екен. Ал оған қозғау салу үшін бір кемеңгердің дуа-

лы аузынан айтылуы керек еді... К�шбасшымыз осынысымен тағы да ғаламдық ой тастап, сарабдал саясатшы екендігін к�рсете білді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САЯСАТ

�лімжан ҚҰРТАЕВ,Парламент Сенатының депутаты

Ал осы рухани жаңғыруды сая-си тілмен айтсақ, мемлекет идео ло-гиясының ұлттық идея сы деуге бола-ды. Өйткені мем ле кет тің идеологиясы оның құрылымы ар қылы қалыптасып қанат жая ды. Көп болып қолға алып отыр ған рухани жаң ғырудың бас-ты міндеті ол мем лекеттің ір гетасын қалайтын түпқалта ұлт тың ата-баба-сынан мұра болып қалған, сол халыққа ғана тəн ұлт тық құн ды лықтарын жүйелеп, кезе гімен қоғам дамуының тетіктері һəм идео логиясы етіп ендіру десек болады.

Қай кезде де осы ұлан-бай тақ даланы келер ұрпаққа аман-есен аманаттау жолында, Жұ бан ақын айтпақшы: «мың өліп, мың тірілген» сол халықты, бізді қойып əлемнің ең ал пауыт елдерін қыспаққа алып отыр ған экономикалық-қаржылық қиын дық тардан шығынсыз шығарып келе жатқан Елбасы терең ойлы мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі керек, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс», «Жаңғыру халықтың ұлттық тамырынан нəр алуы керек» деп ұлт көкейіндегі асыл ойды дөп баса білген. Сөйтеді де: «Егер жаңғыру елдің ұлттық тамырынан нəр алма са, ол адасуға бастайды» деп алаң дау-шылығын да білдіреді. Міне, мəселе қайда жатыр? Яғни ел дамуындағы ең бір өзекті мəселенің бірі – рухани жаңғырудың басында ұлты мыз бен оның ғасырлар бойы жи нақталған рухани-құндылықтары тұруы тиіс.

Немістің ақылман қариясы, ұлы ойшыл-философы-Ницше: «Дүние дамуының үш жолы бар. Алғашқысы табиғи-эволюциялық, келесіс і революциялық, соңғысы реформалық» деген екен. Құнарлы нəрден қанып ішкен рухани тамырымыз тереңде екеніне тəубе деуіміз керек. Заман көшінде аталған даму жолының бəрін көрсе де діңі берік, ұстыны бекем ұлтымыз тарих көшінен қала қойған жоқ. Қайта қаншама қиын шылық көрсе де грек мифоло гия сындағы «қайта тірілетін» Феникс құс құсап дүр сілкініп өз жолын таба білді.

Міне, сол тамыры жеті қат жер астындағы алып бəйтерек со нау көшпелілер дəуірінен аман-есен өтіп, ХХІ ғасырдың сауалға толы, астау-бас-тауынан рухани нəр алып, жапырағын жаңа заманға қарата жайып тұр. Яғни сол ұлттың рухани болмысын, жұдырықтай жұмылған егемен елдің бірлігін көздің қарашығындай сақтау – сіз бен біздің қасиетті парызымыз.

Аталған аталы толғаудың келесі бір бөлімі «Ұлттық біре гей лікті сақ-тау» деп аталған екен. Сонда қолмен қойған дай етіп: «Ұлттық салт-дəстүр-лері міз, тіліміз бен музыкамыз, əде-бие тіміз, барлық жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойы мызда мəңгі қалуы тиіс», деп көрсетілген.

«Рухани жаңғырудың негізгі ірге-тасы ол ұлттық кодты сақтай білу. Онсыз жаңғыру деген құр жаң ғырық болып қалады» деп атап көрсеткен Президент пайымында салмағы бат-пан ой жатыр. Ал ұлттық код дегеніміз ұлтымыздың тілі, ділі, діні, салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптары емес пе? Ұлттық рух, өзіндік мені жоғалған халықтың барар жері құрдым екенін əлемдік та-рихтан білеміз. Елбасының əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін алдымен рухани деңгейіміз көтерілуі керек екенін баса айтқанын естен шығармауымыз керек.

Елбасының көреген саясаты-на тереңдей білсек, түптің түбінде техникалық жағынан да, рухани жағынан да жан-жақты дамыған ел-дер қатарына енетін бірден-бір ел – Қазақстан екеніне көзіңіз кəміл жетеді. Өйткені біз рухани тіні, ділі, діңі таза əлемдегі бірегей ұлтпыз. Жеті атаға дейін қыз алыспайтын тазалық пен бекзаттық əлемде жоқ қасиетіміз екеніне мақтануымыз керек. Демек, ұлтымыздың жарқын болашағы алда екеніне күмəн жоқ.

Бүгінде оң нəтижесін беріп жат-қан «Туған жерге туыңды тік», «Ту-ған жер» бағдарламаларын нағыз патриотизмнің көрінісі десек бола-ды. Туған жер тарихын жете тану, елді мекендерді заман ауи талаптарға сай абаттан дыру, бабаларымыздың көзі, та ри хи ескерткіштерді жаңарта оты рып, қалпына келтіру сынды жұ-мыс тарды ұлт жаңғыруының өзегі десек болады. Тарихи ескерткіштер дегенді тек балбал тастар мен кесене-лер деп қана түсінуге болмайды. Бір неше ғасыр бұрын көне тарихы тас қашау жазуға таңбаланған (Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштеріндегі руна жа-зуы...) бірегей ұлт емеспіз бе, біздің тарих теңізінен қопара сүзіп алатын рухани мұраларымыз ұшан-теңіз.

Сонау 2005-2009 жылдары Оты-рар ауданында əкім болып жүр генімде тарихи төл мұралары мыздың ізімен Сирияда, Дамаскіде болып қайтқан кездеріміз Елбасы мақаласынан соң ойға оралып отырғаны...

Иə, «Халық сұраса хан түйе сін соя-ды» демекші, бұл бір ше жіре тұнған, киелі Отырар елінің абыз ақсақалдары мұрындық бол ған, естен кетпес сапар еді. Ал ғаш қозғау салған сол кезде-гі ау дандық ардагерлер кеңесінің мү шесі болған, Ұлы Отан соғы-сының ардагері, марқұм Қалма ғанбет Əшірбаев ақсақал бола тын. Басты мақсатымыз «Əлем нің екінші ұстазы» атанған ұлы ғалы мымыз, жерлесіміз əл-Фараби мен батырлардың ба-тыры əз-Зəкір Бейбарыс сұлтандар жатқан қасиетті топырақты туған жеріне жеткізу, қасиетті рухтарын оралту болатын. Көп ұзамай делега-ция құрамында еліміздің Бас мүфтиі Əбсаттар қажы Дербісəлі, демеуші əрі алғаш ұйымдастырушысы «Білім» баспасының директоры Жарылқасын Нұсқабайұлы, əл-Фараби атындағы қазақ ұлт тық университетінің сол кездегі рек торы Төлеген Қожамқұлов, Шəуіл дірдегі «Ақындар музейі нің» директоры, руханият жа на шы ры Абдулла Жұмашов сынды елге та-нымал жандар ұлы баба мыздың туған жері Фараб-Уа сидж-Оқсыздан (Отырар ауданы) топырақ алып, елге сыйлы Құ тым Ордабаев, Қолдас Жұма баев, Қалеке Əшірбаев, Қара хан Сартпаев, Сағындық Қыды ров сынды ақсақалдардан бата алып, біссіміллə деп Сирия ның Шам-Дамаск қаласына аттан дық. Сонымен мың жылдан астам тарихы бар, атын тек «Мың бір түн» секілді ертегі кітап тар дан ғана есіткен арман қала Шам-Дамаскідегі əл-Фараби баба мыздың «Баб-ас-сағыр» мазара тындағы зиратына жəне Мысыр ды 17 жыл 2 ай 12 күн билеген жаужүрек бабамыз əз-Зəкір Бейбарыс сұлтанның зиратына елден алып келген топырақты салып, бір уыс топырақтарын туған жеріне арулап алып қайт тық. Осылайша ғасырлар бойы жат жерде жатқан ұлы баба-лары мыздың рухын елімен қауыш-тыруға себеп болған едік. Мұнда-ғы баса айтпағым, осыдан он жыл-дай бұрын Елбасының қолдауы мен, қозғау салуымен осындай та ғылыммен келешек жастарға берері, айтары

мол сапарға аттанғанымыз болатын.«Құс қайта оралды, Ал ма ты ма...». Осы əсем əннің мəтінін сəл-пəл

өзгертіп, «Көш қайта оралды туған жерге» десек, нақты шын дықтан алыс кете қоймаспыз. Шү кір дейміз, көк байрағымызды БҰҰ-ның төрінде желбіретіп, шекарамызды тасқамал шегендеп, қуатты да заманауи əскер құрып, егемен ел атанғанымызға 25 жылдан енді ғана асса да, əлемдегі ең дамыған елдердің көшіне қосыла білдік. Халық көкейінен шыға білген «Мəңгілік Ел» идеясына ұлт болып ұмтыла білсек əлі талай асулардан асатынымызға сеніміміз кəміл.

Жапон ғалымдарының сарап-тамалық-ғылыми пікіріне сүйенсек, қуатты да жан-жақты дамыған ел болу үшін əрбір мемлекеттің түпқазық ұлтының сан мөлшері 70 пайыздан асуы керек екен. Бұл та-рихи дəлелденген аксиома көрінеді. Егемен ел атанып, көк байрағымызды желбіреткен 1991 жылдан бастап туған жерге 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келіпті. Кезінде əртүрлі зобалаң, солақай саясаттың кесірінен миллион-дап қырылған, мыңдап босқындаған жұртымыз тəуелсіздік таңының арқасында туған жерлерімен қуана қауышты. «Аңсаған көңіліңде көп арман бар, Қош келдің атажұртқа, оралмандар. Егемен ел болды деп Қазақстан, Бақ тілеп, ақ білекпен оралғандар», деп қандастарымызды қарсы алдық. Бұл демографиямызға зор дүмпу əкелді. Айта кетеріміз, бізді ғана емес, əлемді шарпыған экономикалық кедергілердің кесірінен көші-қон мəселесі біршама саябырсып қалған еді. Артынша осыған байланысты ұлт мүддесін көздеген заң да шықты. Нық сеніммен айтарымыз, құжатталған іс-қимылымыз жүзеге аса беретін болса, көп ұзамай-ақ халқымыздың саны 75 пайыздан асатын болады. Яғни шет-елдерден де, туған жерден де ағылған қандастарымыз қосылып, экономика-сы қарыштап, демографиясы шалқыған ел боларымызға күмəн жоқ.

Қашанда ұлттық шеңберде шек те-ліп қалуға болмайтынын, халықаралық аренаға шығу керектігін Елбасы мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлігінен оқуға бо-лады. Қазақ жұрты көптен алаңдай күткен жазу мəселесіне де осы жолы өз байламын жария етті. Соның бірі де, бірегейі латын əліпбиіне көшу мəселесі еді. Елбасы бұл қадамға «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп» қана тілдің барлық қағидасын ұстанып, асықпай барды деп білеміз. Тəуелсіздік ала сала ойланбай кірісіп кетсек, опық жеп қалуымыз мүмкін еді. Ондай жағдайларды да естіп жатырмыз. Сондықтан да Елбасы мұндай аса маңызды істе асығыстыққа жол бермей, басқа елдердің тəжірибесін мұқият ой елегінен өткізе отырып барып, шешім қабылдады. Қазақстанда мемлекеттік

тіл – қазақ тілі. Онда тұратын барлық халықты ұйымдастыратын, ұлтымыздың болашағын айқындайтын ең басым тіл. Дегенмен, өмір заңына, оның өзіндік ағымына сай өзге тілдерді де меңгеруіміз уақыт талабы болып отыр. Сонан соң, ұлттың тағдыры 50-60 жылмен ғана өлшенбейді. Уақыты, дер кезі келген латын тіліне байып-пен көшсек, кирилл қарпімен жазған барлық дүниелерімізді ақырындап көшіріп аламыз. Қазір əлемнің 112 мемлекеті латын, 48 мемлекеті араб əліпбиін қолданады екен. Байқап қарасақ, төңірегімізде кириллицада тек қырғыз бен біз ғана қалыппыз. Ал əлемдік жаһандану үрдісі біз қаласақ та, қаламасақ та өз жолымен, үрдісімен жүріп жатыр, солай болады да. Мұндай жағдайда еліміз оқшауланып қала ал-майды. Себебі еліміз əлемдік бəсекеге түсіп қана қоймай, үздіктер қатарынан көрінуге ұмтылуда. Ерекшелеп айта кетеріміз, латын əліпбиі арқылы қазақша мəтінді кез келген шетел ғалымы оқи алады. Осы жағынан келсек, латын əліпбиінің замана сұранысы, жаһандану талабы екенін есте сақтағанымыз жөн. Тереңінен бағамдай қарасақ, үшінші мың-жылдықтың басындағы алмағай ыптау заманда əліппемізді ауыс тыруымызды тарихи шешім десек те болады. Оның жемісін ке лер ұрпағымыз көретініне күмəн жоқ. Заман талабына сай жа-зуы мызды жаңғыртсақ, тілді, елді жаңғыртатынымызды ұмытпа ғанымыз жөн. Өйткені Тұңғыш Президентіміз: «Латыншаға кө шудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғы лы ми жəне білім беру процесінің ерекшеліктеріне бай-ланысты. Мектеп қабырғасында бала-ларымыз ағылшын тілін оқып, латын əріп терін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін ешқан дай қиындық, кедергілер болмақ емес», деп қолмен қойғандай етіп айтып беріп отыр емес пе?

Баға жетпес ұлттық мəде ние-тіміздің ең үздік үлгілерін талғап, талдап, сараптап, сан қилы жолдар-мен насихаттауда жол көрсеткен Тұңғыш Президентіміз: «Əлемге қанат жайған жат идеологияларға біз ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз», деп нық сеніммен айтты.

Олай болса, күнде құбылып жатқан алмағайып заман талабына сай болу, əлемдік сананың қағида-талаптарын меңгере қалыптастыру, ең озық елдер-мен тереземіз тең тұруды алғышарт етіп қойған Елбасының көреген сая-саты күллі қазақстандықтардың мүддесіне бағытталған. Соның ішінде ұлттық тарихи бүгініміз бен болашағымыздың арасындағы ал-тын көпір деп сеніммен айта ала-мыз. Санамызға сілкініс жасаған бұл мақаланы ұлттық жаңғыруға жол салған құбылыс деуге толық негіз бар.

Ел тарихының 30 жылы қамтылған

Президентіміз Нұр сұлтан Назар-баев тың «Тəуел сіз -дік дəуірі» атты кіта-бында тəуел сіз дік кезеңіндегі жаң ғыру, сол кезеңдерден өту жолдары жақсы көрсе тілген. Туын-дыда тəуелсіздік кезең індегі тарихтың б а р л ы қ с а л а с ы , өмірдің бар лық са-ласы қамтылған. Оның ішінде эко-номика , с аясат , ғылым, білім, күнде-лікті өмір тіршілігі, халық аралық жағдай да бар.

Бұл кітапты энци кло педияға теңеп жатқанымыз да дұрыс деп ойлаймын. Себебі Президент бұл кітапта соңғы 30 жылдағы тарихымызды, өзінің көзімен көрген тарихын айтып берген. Тарихта қалатын бұл кітап тұтас бір кезеңнің картинасын көрсетіп тұр. Сондықтан мұндай еңбекті көпшілікке көрсету керек. Мұндай еңбекті жан-жақты насихат-тау керек.

Менің ойымша, Президентіміздің бұл еңбегі бұ-рын ғы еңбектерінен өзгеше. Себебі барлық сала-ларды үлкен үш кезеңге бөліп қараған. Біз кезінде бұл кезеңдердің куəгері болдық. Сон дық тан да кітапты оқып отырған кезде көп нəрсе еске түсті. Көп нəрсені қайтадан басымыздан өткергендей болдық. «Тəуелсіздік дəуірі» кітабы сол кезең тура-лы толық мəліметті қамтиды. Оқиғаларды сипаттап қана қоймайды, терең талдайды.

Тағы бір айта кетерлігі, тəуелсіздік туралы жазылған кітап қазақ халқы тарихының 30 жыл өмірі қамтылған кезең туралы толық ақпаратты қамтып, оның құндылығын, тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңнің қиындығы мен қызығын қатар көрсетіп тұрған ерекше туынды. Сондықтан ол сөзсіз оқырманның көңілінен шығады деп ойлаймын.

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, ҰҒА академигі

Жаңғыру кезеңдерінің жылнамасы

«Тəуелсіздік дəуірі» кітабын көпшілік тəуел-сіз дігіміздің энциклопедиясы деп атап жатыр. Мен сол теңеумен толықтай келісемін. Себебі туындыда Қазақ станның тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі оқиға лары то лығымен қамтылған. Сондықтан да жастары мыз, оның ішінде студенттер қауымы бұл кітапты күн де лікті серігіне айналды-рып, оқып жүруі керек. Менің ойымша, бұл кітап жастар үшін өте пайдалы болмақ.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл кітап қазақстандық даму үлгісінің эволюциясы. Сонымен қатар ол мем ле ке тіміздің жаңғыру кезеңінің үшеуін де көрсететін жыл нама іспетті. «Тəуелсіздік дəуірі» − біздің тəуел сіз дігіміздің тарихы, болашағымыздан үміт күтетін мақсаттарымызды белгілеп берген кітап.

Менің байқағаным, кітаптан тек тəуелсіздік алған нан кейінгі кезеңнің оқиғаларын ғана емес, Елбасының жеке көзқарасын да көруге болады. Сонымен қатар белгілі бір шешімді қабылдау кезінде Президенттің қандай ойда болғанын кітаптан оқи отырып біз белгілі бір деңгейде шешім қабылдауға əсер еткен факторларды да, себептерді де көре аламыз.

«Тəуелсіздік дəуірі» кітабының бір ерекшелігі – автор тəуелсіздік алғанға дейін де, кейін де ұлт үшін, халық үшін, мемлекет үшін маңызды оқиғалардың басы-қасында жүрген. Сондықтан оқырман саяси шешімдерді еркін түсініп, бойына бірден сіңіріп алады деп ойлаймын.

Сатай СЫЗДЫҚОВ, тарих ғылымдарының докторы,

профессор

Дәуірнамалық еңбек Қазақстан тəуелсіздігін қалай алды? Тəуелсіздік

алған нан кейін мемлекет қалай қа лыптасты? Қандай жұмыстар ат қа рылды? Президент мемлекет үшін ма ңыз ды шешім қабыл данар сəттерде не тура-лы ойла ды? Оны қандай мəсе лелер толғандырды? Міне, мұның барлығы кітаптан жауабын та буға болатын сан түрлі сұрақ тардың кішкентай бір бөлігі ғана.

«Тəуелсіздік дəуірі» атты кітап – дəуірнамалық еңбек. Ол біздің қазақстандық жолдың символы. Ол біздің жаңа та ри хымыздың жазбасы. Бұл кітапты оқулық ретінде пайдалану керек деген ұсыныстар айтылып жатыр екен. Ол да артық болмайды. Себебі əрбір азамат өзінің тарихын білуі керек. Ал бұл кітап − Қазақстанның тəуелсіздік кезеңіндегі тарихы. Бұл – Қазақстанның 26 жылдағы барлық өткелдерінің жинағы. Сондықтан оны барлық аза-маттар оқуы керек деп ойлаймын.

Елбасының бұл кітабы тəуелсіздігіміздің 26 жыл ды ғында шыққанына қуаныш тымын. Бұл кітап Қазақстан үшін үлкен байлық деп айтуға болады. Кітапта тəуелсіздік кезеңіндегі барлық кезеңдер мен оқиғалар туралы айтылған. Ол оқиғаларды көпшілігіміз білгенімізбен, тереңінен тану мүлде бір бөлек деп ойлаймын. Осы ретте бұл кітап тəуелсіздік кезеңінің, Елбасымыз айтқан-дай, Тəуелсіздік дəуірінің айнасы іспетті. Себебі кітаптан то лық тай бір кезеңді, жаңа заман тарихын көруге болады.

Кітаптан алар тағылым да, үлгі де көп деп білемін. Ең бастысы, кез келген жастағы оқырман өзіне керекті дүниені бойына сіңіре алатыны анық. Сол себепті кітаптың болашақ ұрпаққа жете ті ніне, біздің қазіргі жастарға ғана емес, одан кейінгі ұрпақтарға да мирас болып қалатынына бек сенімдімін.

Бұл еңбектің тағы бір ерек ше лігі – автордың кез келген оқи ға ға, кез келген шешімге қатыс-ты көзқарасы байқалады. Соны сымен-ақ кітап өз құнды лығын жоғалтпайды.

Серік НЕГИМОВ,филология ғылымдарының докторы,

профессор

Сана сілкінісіндегі құбылыс

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-əмбебап кітапханасында қос кітаптың тұсаукесері өтті. Атап айтқанда, «Елбасы Жолдаулары өркендеу кепілі. Элбоши мактублари – тараққиет кафолати» кітабы жəне «Түркістан – Түркі əлемінің мəдени астанасы» атты фотоальбомы.

Өзбек тілінде жарық көрген «Елбасы Жолдаулары – өркендеу

кепілі. Элбоши мактублари – тарақ-қиет кафолати» кітабында 20 жыл ішіндегі 21 Жолдау жəне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сынды тарихи құжаттар топтастырылған. Жинақ ел Тəуелсіздігінің 26 жылдығы мен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының жарияланғанына 20 жыл толуына орай 1000 данамен жарыққа шықты.

«Түркістан – Түркі əлемінің мəдени астанасы» фотоальбомында

түркітілдес елдердің рухани-мəдени астанасы Түркістан қаласы болып жариялануына орай өткен іс-шаралар толық қамтылған. Халықаралық басқосулар мен байқаулар, жалпы атаулы жылдың өту барысы жай-лы мəліметтер мен фотосуреттер жинақталып, таралымы 500 данамен шығып отыр.

– Отанымыздың даму тарихы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атымен тығыз байланысты, – дейді газеттің бас директоры Əлішер Саты балдиев. – Қазақстан Республикасының Ата заң ында келтірілген құзыреттіліктер аясында дайын далған осынау құжаттар мемлекетіміздің даму-ында үлкен əрі маңызды мағынаға ие болды. Облыс əкі мі Жансейіт

Түймебаевтың ұсынысымен ба-стау ал ған кітапта редакцияның жиырма жылдық еңбегі көр се тіліп, пайдалануға ыңғайлы жинақ дай-ындалды.

Елімізде өзбек тілінде жарияла-натын мемлекеттік газет «Жанубий Қозоғистон» редакциясы мемле-кет саясатын насихаттаумен қатар, өзбек əдеби мұрасын жинақтауға ықпал етіп келеді. Редакция тара-пынан осыған дейін «Истиқлол ёғдуси», «Ел жүрегінде», «Тўёна», «Ирмоқлар туташганда», «Қанат-қақты» сияқты қоғамдық-саяси, мəдени-ағартушылық жəне əдеби кітаптар басып шығарған.

Оңтүстік Қазақстан облысы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы Елбасымыздың халыққа жолдауларын �збек тіліне аударып, кітап етіп шығарды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС, «Егемен Қазақстан»

Елбасы жолдаулары өзбек тілінде жарық көрді

Page 4: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

4 4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Қант өндірісіне қатысты басталған сөзді індетейік. Бұл жердегі бізді қызықтыратыны – ішкі мүмкіндік. Жалпы, осы қант өндіру ісіне қатысты дүниежүзі елдерінің ұстанымы екіге жа-рылады. Яғни адамдар қандай жолмен алын ған өнімді тұтынуы керек деген талас бар. Бұл даудың тек тұтынушы мүддесін көздеуден туғаны да күмәнді. Өйткені экономикасының бір пұш­пағы тек қант қамысы өндірісіне негіз­делген мемлекеттер ешқа шан тәтті түбір өсіруші елге есе жібермейтіні анық. Мысалы, осыдан он ғасырдай бұрын қамыстан қант алуды жолға қойған Үндістан қазір Еуропа нарығын толықтай болмаса да, ішінара игеріп қойған. Оның үстіне қант қызылшасын өсі ріп, баптау мен өңдеуге кете тін шығын қамыстан қант айы руға кететін шығынға қа ра ған да әлдеқайда жоғары. Сол себептен бе, әлемде өнді ріле тін қанттың 60 пайызын қамыс ұнтағы құрайды. Қалған 40 пайызы қант қызылшасын өсірушілердің үлесінде. Бірақ соған қарамастан, адамзат тың ақ түсті тәтті ұнтаққа, яғни қы зыл шадан алынған өнімге аң сары ауып тұрады екен. Ен дігі жерде біз адамзаттың осы «әлсіздігін» өз пайдамызға жарат уға тиіспіз. Ауыл шаруа шы лығының, оның ішінде қы зыл ша шаруашылығының нағыз күшіне мінетін шағы осы сәт. Тек бұған толық негіз бар деп сеніммен айта аламыз ба?

Иә, осы жерде ауыл шаруа шы лығы саласының тек шикізат көзін дайындау­шы сектор екенін ұмытпауымыз ке-рек. Демек, шаруаның табиғат төсінен теріп алған өнімін өңдеп, дайын та-уар түрінде нарыққа ұсыну өндіріс саласының тікелей міндетіне жатады. Өкінішке қарай, бізде бұл жағы кенже дамып келеді. Көп жағдайда өнім бар

да, өңдеуші жетіспей жататыны жасы-рын емес. Қант қызылшасын өсіруге қатысты да осылай деуге болады. Қазір еліміздің екі облысы ғана қызылша өсіруге шындап ден қойды. Соның бірегейі – Алматы облысы. Биыл еліміз бойынша жиып­терілген 508 мың тонна қант қызылшасының үлкен бөлігі осы облыстың шаруа ларына тиесілі. Ал ай­мақ та 2 қант зауыты жұмыс істеп тұр. Көксу ауданындағы қант зауытының тұрақты іске қ осыл ғанына 3 жылдай уақыт бол ғанымен, өндіріс толық күші­не еніп үлгермей жатқанға ұқ сайды. Ал биыл қайта іске қосылған Ақсу қант зауыты туралы әлдене деуге әлі ерте...

Жақында Ауыл шаруа шы лығы министрлігі өсімдік шаруа шылығы өнімін қайта өңдеу басқармасының бас-шысы Гүл нәр Бижігітова диқан дар үшін жа ғымды жаңалық айтты. Оның негізгісі қант қызыл шасын өсіруге қатысты бо­лып отыр. Үкімет 2021 жыл ға қарай тәтті түбір егілетін алқаптардың аума­ғын ұлғайтып, 32 мың гек тарға дейін жеткізуді көз дейді. Үміт дүниесі болған­дықтан, «бұйырсыннан» басқа сөз айту ерте. Бірақ осы болжанған алқаптың әр гектарынан 350­370 центнер аралығында өнім жи налса, ішкі сұраныстың 30 па­йызын Қазақстанда өнді рілг ен қантпен қамтуға мүм кін дік туады екен. Қазір бұл көрсет кіш 10 пайыз шамасында ғана. Мұнан бөлек, Үкімет қант қызыл шасын өсірушілерді суб си дия лауға көшті. 2021 жыл ға қа рай бұл қолдау сатылай көбе­йіп, жи налған тәтті түбірдің әр тон насы үшін төленетін қаржы қомақты бола түседі.

Жалпы, елімізде қант қы зыл шасын егу дәстүрі үзіл ген емес. Бұл – қазақ диқан­шаруа ларының ерлікке пара­пар еңбе гінің жемісі. Және қызылша танаптарының үлесі біртіндеп артып отырды. Үкіметтің бұл салаға 2015 жыл дан бастап қана шындап назар

аударғанын ескерсек, оған дейін аг-росектор тек жеңіл детілген жанар­жағармайға ғана арқа сүйеп келгені анық. Еңбеккерлер дің ерлігі деген-де осыны еске ріп отырмыз. Демек, Үкімет қолдауы ауадай қажет және ол жұмысты жандандырады.

Айтпақшы, Еуразиялық эко но ­микалық одақ аумағында қант тасы­мал дауға байланысты келіспеуші­лік күшейіп тұр. Егер жақын күндері түйінді мәселе шешімін таппаса, жаңа жылдан бастап нарықтағы қант бағасы көтеріліп, бұл кон дитер өндірі­сі және алко гольсыз сусын мен шы-рын шыға ру шылардың да шаруасын шатқаяқтатуы әбден мүмкін. Даудың басы мынада екен: қазіргі күні Қазақ­станға сыртқы нарықтан тасымалда-натын қант өнімдеріне кедендік баж салығы салынбайды. Және отан дық тұтынушылардың сұ ранысын қанағат­тандыру үшін сырттан тасымалданатын қант негі зінен еліміздің қажеттілігі үшін қол даны лып отырса да, ЕАЭО­дағы әріптестер тарапынан түсі ніспеушілік туғызуда. Әсі р есе Ресей мен Беларусь та ра пы нан Қазақстанның қант тасы­малдаушыларына тек осы мемлекеттен ғана өнім сатып алу ға қатысты қатаң та-лап бар. Ода қ тастардың ойынша, сырт­қы на рықтан, әсіресе Еуропа мен мұхит жағалауы елдерінен импорт та латын

қант Қазақстан арқылы ЕАЭО елдерінің нары ғын арзан өніммен жаулап жат­қанға ұқсай ды. Ал осы Ресей мен Бела­русь сыртқа шы ға ратын өз өнім деріне 40 па йызға жуық баж салы ғын салып отыр. Бірақ біздің ма ма н д ардың бұған қарсы уәжі бар. «Қазақстан кондитер-лер қауым дастығы ның» президенті Әли хан Талғатбек тің айтуынша, одақт­ас тардың ұстанымы орынсыз. «Егер біз қантты ЕАЭО елдерінен ғана им-порттайтын болсақ, онда оған 30 пай-ыздан 40 пайызға дейінгі мөлшерде кедендік баж салынады. Бұл да йын өнім бағасының сәйкесінше көлемде өсуіне әкеліп соқпақ. Және біз тек Кеден одағынан ғана қант сатып ала-тын болсақ, онда ресей лік­беларусьтық олиго полия ның белгілейтін бағасына тәуел ді болып қаламыз. Мәселен, үсті міздегі жылдың жазында Ресей ­де өндірілген қанттың баға сы бір апта ішінде 50 теңгеге өсті, бұл біз дегіден 30 пайызға жоғары. Дәл осы кезде қантты тасымалдау да да қиындықтар туында-ды», дейді ол.

Демек, ел Үкіметінің алдында ауыл шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алудан бөлек екінші жауап-ты жұмыс – әріптес елдердің сауда­саттыққа қатысты басым саясаты нан ішкі өндірісті қорғау міндеті де тұр­ғаны анық.

Машина жасау –әлеуетті экономика тұғыры

Өндірісі өркендеген кез келген елдің дамыған экономикасының маңызды көрсеткіші машина жа-сау өнеркәсібі болып табылады. Өркениет биігіне ұмтылған тәуелсіз Қазақстан да өзінің экономикасын әртараптандыру үрдісінде машина жасау саласын дамытуға барынша ден қойып келеді.

Ақиқатын айтар болсақ, жылдар бойы бұл салада біздің еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетіп көрген емес. Сонау кеңестік дәуірде республика­мыз Одақтың бірыңғай шикізат қой ма­сына айналып, жоғары технологиялар ға негізделген машина жасау саласы сана­лы түрде қолға алынбады. Өкпені қыс­қан өтпелі кезеңнің тым созылып кетуіне байланысты тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да экономикамыздың бұл маңызды саласын дамыту кенже-леп қалды. Өркениетті экономиканың тұғыры болып табылатын машина жа-сау саласын дамытуға тек Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен 2010 жылы қабылданған еліміздің 2020 жылға дейінгі индустриялық­инновациялық даму бағдарламасының нәтижесінде ғана бетбұрыс басталды.

Бүгінде елімізде машина жасау сала­сының кешенді өндірісі қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге индус­т рия лық дамудың жаңа қырлары ашы-лып, ел экономикасының мұнай шикіза­тына тәуелділіктен құтылуының алғаш­қы нышандары қалыптаса бастады. Индус т рияландыру бағдарламасының бес жылдықтары белесінде еліміздің маши на жасау өндірісі еселей артты. Ин дуст рияландыру картасының шең­берінде бұл салада жүзден астам ірі жобалар іске қосылды. Мемлекеттің мақсатты көмегінің нәтижесінде бұрын­соңды Қазақстанда шығарылып көрмеген өнімдерді шығару жолға қойылды. Атап айтқанда, қазір елімізде мобильді бұрғы лау кешендерін, электровоздар, локомотив тер, жүк және жолаушылар вагондарын, бульдозерлер, жеңіл және жүк ав том обильдерін шығаратын өндіріс орын дары құрылып, жұмыс істей бастады. Тікұшақ тар шығаратын кешенді зауыт іске қосылды.

Тарих қойнауына кірген кешегі 2017 жылы қайта өңдеу саласы өнеркәсібі өнімдерінің ішінде машина жасау өндірісі өнімдерінің жалпы көлемі 10 пайызға жетті. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда өткен жылы жеңіл ав-томобильдер шығару 4,7 есе, темір жол вагондарын шығару 9 есе, трансформа-торлар шығару 2 есе артты. Желтоқсан айында өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты дәстүрлі ұлттық телекөпірде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгінде Қазақстан әлемге белгілі он сегіз бренд бойынша автокөлік құралдарының әртүрлі моделдерін құрастырады. Оларды біз Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдерге экспорттай бастадық», деп атап көрсетті.

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында экономиканың 14 секторына басымдық берілді. Оның ішінде алтауы машина жасау саласы-на қатысты секторлар болып табылады. «Индустрияландыру ауқымында ма-шина жасау саласының әлеуеті аса зор. Бұл саланы қарқынды дамыту арқылы біз жоғары сұранысқа ие технологиялық тауарлармен ішкі рыногымызды қамтамасыз етіп қана қоймай, соны-мен бірге еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік жасаймыз. Машина жасау – біздің экономикамызды жедел технологиялық жаңғыртудың драйвері болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта экономикамыздың осы маңызды саласын дамыту арқылы біз жаһандық экожүйедегі 4.0 трендіне лайық болу мақсатын басты бағдарға алдық. Машина жасау өндірісі саласында тәжірибелі шетелдік әріптестерімізбен белсенді жұ мыс атқарып жатырмыз. Қазірдің өзінде қазақстандық машина жасау өн ді­рісінің өнімдері Ресей, Қытай және бір­қатар ТМД мемлекеттерінің рыногында жоғары сұранысқа ие болып отыр», дейді «Қазақстан машина жасаушылары одағы­ның» басшысы Мейрам Пішембаев.

Ұзақ жылдар бойы кенжелеп қалған машина жасау өндірісінің дамуы қанша­лық ты қарқын алғандығын 2015­2019 жыл дары жүзеге асырылатын екінші бес жылдықтың Индустрияландыру кар тасына енгізілген мына кешенді кәсіпорындар кестесі арқылы­ақ көз жеткізуге болады. Яғни осы мерзімде толық өнім шығаратын Өскемен қала­сындағы автомобиль зауыты, шағын катерлерді кеңейту және жаңғырту жөніндегі Орал қаласындағы өндірістік орталық, көтергіш крандар шығаратын Қарағанды зауыты, электр жүктиегіштер шыға ратын Қызылорда өндірістік орта­лығы, темір жол вагондарының жұп доңға лақтарын шығаратын Екібастұз зауыты және басқа бірқатар ірі жоба-лар жүзеге асырылмақ. Индустриялық­инновациялық даму бағдарламасы ая-сында еліміздің барлық өңірлерінде жап-пай жүзеге асырылып жатқан бұл жоба-лар машина жасау саласының болашақта ел экономикасының берік тұғырына айналатынына сенім ұялатады. Іске сәт!

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

ӨНДІРІС ӨРІСІ

Тәтті тапсырыснемесе ішкі нарықты қантпен толық қамту мүмкін бе?

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,«Егемен Қазақстан»

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл дарын дағы нарықтық эко­но ми каға көшу үдерісі Қос та ­най кондитер фабрикасына да оңай ға түскен жоқ. Бірақ фаб­ри ка жұмысын тоқтатпады, қан дай қиын дықтан да жол та-уып, шығып отыр ды, тұтыну­шы лар ды тәттісіз қал дыр мады. 90­жыл дар дағы дағ дарыс тан аман шық қан кәсіпорын ізде­ніс терге бармағанда, бүгінгі нарық т ағы бәсекеге шыдас бере алмас еді.

Тәуелсіздікпен бірге Қоста­най кон ди тер фабрикасына да ілкімді өзге ріс тер келді. Алдымен кондитерлік фабри­каның аты мен формасы өзгерді. Акционерлік қоғам болып құрыл ды, халқымыздың эпостық жырындағы хас сұлу Баян сұлудың есімін алды. Конфет тердің сапасы да, сырт­қы безен дірілуі де жоғары сатыға көтеріл ді десе болады. Ал соңғы 3­4 жылда кәсіп орын өндірісті жаңғырту ісіне барын-ша көңіл бөліп келеді. Бірер жыл бұрын ашылған бисквит цехы ның өнімдері жоғары са-пасымен ерекше лене ді. «Баян сұлу» Еуропадағы эконо ми касы дамыған елдермен байланыс жасап, күрделі де жаңа техно-логияларды меңгерді. Бисквит цехы соның жарқын мы салы. Өткен жылы Қостанайға Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев кел­генде «Баян сұлу» конди-тер фабрикасының цех тарын аралады. Елбасы жаңарып, жаңғырған, компьютермен басқарылатын цех тар жұмысын көріп, ерекше риза болды.

– «Баян сұлу» фабрика сы­ның кон фет тері қазір өте дәм­ді, тәтті. Сапасы жақсы. Кәсіп ­орын даңқын өнім сапасы шы­ғарады», деп Нұрсұлтан Әбіш­ұлы біздің жұмысымызға жоға­ры баға берді. Бұл біздің ұжым­ды, мамандарды рухтандырды, – дейді «Баян сұлу» кондитер фабрикасы» АҚ­тың басқарма төрағасы Тимур Садықов.

Тәуелсіздік мерекесі қар­саңын да «Баян сұлу» конди-тер фаб рикасында бірден тағы екі желі іске қосылып, нуга, кара мель, жаңғақ қосылып, шоко ладпен қапталған «nigat ALBO» конфеті және карамель қосылып, шоколадпен оралған печенье шығарыла бастады. Конфет жарнамасы жер жара-тын «Марс», «Сникерс» шоко-ладтарын еске салады, сапасы мен дәмі олардан бір кем емес, табиғи қоспасы жөнінен тіпті артықшылығы да бар.

– Бұл екі өнім де ең басты-сы, импорттық өнімді алмасты-рады. Оған шетелден алынған табиғи сүт ұнтағы, табиғи шо-коладпен қатар жергілікті ұн, глюкоза қосылады. Жабдықтар Италия мен Түркиядан алды-рылды. Бұл орайда мемлекеттің көмегі орасан. Екі желіге 1,5 миллиард теңге қаржы жұмсалды, – дейді Т.Садықов.

Бүгінде «Баян сұлу» өнімі­нің 30 пайызы экспортқа шы ға­рылады. Фабриканың тіл үйіре­тін конфеттері мен печенье сінің дәмін Ресейдің барлық шалғайы біледі десе болады. Оның сыр-тында Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моң­ғолия, Түрікменстан, тіпті Гер мания «Баян сұлудың» конфетін сұратады екен. Фаб­рика өнімі 400­ден аса аталым-мен шығарылады. Кәсіпорын басшысы Т.Садықов мемле-кет тарапынан көріп отырған қолдауды тәуелсіздіктің арқа­сы деп біледі. Желілер іске қосыл ған соң, Қазақстан даму банкінен алын ған қар жы ның 30 пайызын Ауыл шаруа шы лы­ғы министрлігі, басқа да алған несие лерді «Даму» қоры суб-сидиялайды. Соның арқасында кәсіпорын үнем дел ген қаржы­ны өндірісті дамытуға инвес­тициялап отыр. Он жылда кәсіп орынға 20 миллиард теңге инвес тиция салынды. Қазір фабри кадағы желілердің тозу деңгейі 20 пайыздан аспайды.

Желілерді жаңартып, за-манауи техноло гияларды өндіріске енгізу алдымен еңбек

өнімділігін арттырған. Сонымен қатар экспортқа бағытталған сапасы жоғары өнім өндіруге мүмкіндік беріпті. Фабриканың жаңа конфет желісі орнатылған цехында келеміз. Ешқандай шусыз және шыбын тайып жығылардай таза атшапты-рым цехтағы желіде нуга пен жаңғақ қосылған карамель қабаттастырылған қоспа жыл-жып барады. Оны бақылап тұрған Галина Анненкованың маман дығы нугат өндіру желі­сінің операторы деп аталады.

– Желінің құрылғанына бір ай шамасы ғана болды. Қазір қолымыз жүріп, конфетті мінсіз етіп өндіріп жатырмыз. Өз ісіме мамандана баста-дым. Конфеттің дәмі де, са-пасы да, сәні де базардағы баламаларының кез келгені нен артық болмаса, кем емес. Жаңа технологиямен жұмыс істеу қызықты. Өнім сапасының жоғары лығын, оның ертең жақсы өтетінін сезіп тұрасың, – дейді Галина ағынан жарылып.

Жаңа желі демекші, фабри­ка да жаңа технологиямен жұ­мыс іcтейтін мамандар кем шін екенін директор жасырмады.

– Бізде 40 жыл еңбек өтілі бар тәжіри бесі мол қызметкерлер, жұмыс шы лар да, табалдырықты

енді аттаған жастар да бар, ұжымда ұзын саны 2000 адам жұмыс істейді. Бірақ замана-уи желілердің, тех нологияның қыр­сы рын меңгерген ма ман­дар аз. Сонд ық тан кәсіпорынға ма ман дар дайын дауға өзіміз қатысуды жөн көрдік. Қостанай политехникалық кол леджінің студенттері оқу үдерісінің үштен бірін біздің фабрикада өткізеді. Оларға еңбекақы да төлейміз. Жұмыс барысын-да студенттердің жаңа зама­науи технология мен желілерге көзі қаныға береді. Колледж студенттері бүгінде тамақ өнеркәсібі туралы 1967 жылы шық қан оқулықты пайдалана-ды екен. Сон д ық тан колледж оқытушыларымен бір ле се оты-рып, біздің мамандар жаңа оқу­лық жазуға кірісті. Қазір бұл орайда жұ мыс қызу жүріп жа-тыр, алдағы оқу жылы на дай-ын етсек деген мақсатымыз бар, – дейді Т.Садықов. Компа­ния Ресей дің Челябі, өзіміздің Алматы, Қостанай қалала рын­дағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 12 студенттің оқу қар жысын да өз мойнына алған. Олар оқу бітірген соң фабрикаға қызметке келеді.

«Баян сұлу» кондитер фаб­рикасы өзінің жұ мыс шыларына

әлеуметтік жа ғдай жасауды да бірінші орын ға қояды. Бұл қырық жыл бойы үзілмей келе жатқан дәстүр. Түрлі дағ­дарыстар кезінде де өндіріс орны жұ мыс шы ларына жа-салатын жеңіл діктерді алып тастаған емес. Жұ мысшы мұнда кешенді түстік тамақты бар­жоғы 150­200 теңгеге ғана ала-ды дегенге сырт адамы сенбеуі мүмкін. Өйт кені қазір ешқандай өндіріс орын дарының асхана-сында мұн дай баға жоқтың қасы. Еңбек демалысына шыққан жұмысшыларға «денсаулық жәрдем ақысы» қоса беріледі. Соны мен қатар мұндағы отау тік кен жастарға 75 мың теңге шашу беріледі, егер қалың дық пен күйеудің екеуі де фабри­ка жұмыс шылары болса, сый­лықтың көле мі екі есе артады. Аға ұрпақ өкілдері де ес кер у сіз қалмайды. Зейнетке шық қан дар­ға еңбек өтілінің әр он жылы-на бір ай лық жалақы бері ле ді. Мысалы, 30 жыл осында еңбек еткен кісіге бірден үш жа л ақы беріледі. Жаз айларында ба ла ­лардың демалыс лагері жұ мыс істей ді. Ал биыл жазда фаб ри­кадан 200 адам Астанада өткен ЭКСПО­2017 халық ара лық көр­месін аралап, демалып қайтты.

Тәуелсіздік «Баян сұлу» атанған компания жыл сайын отандық, аймақ тық, халықара­лық көрмелерге қатысып оты-рады. Соның бірерін мысал етсек, биыл қыркүйек айын-да Мәс кеу қа ласында өткен «WorldFood Moscow 2017» тамақ өнімдерінің 26 халық ара­лық көрмесіне қатысып, отандық өнім нің сапасын мойын да тып келді. Соны мен қатар Астанада бүкіләлем дік сапа күнін ме­рекелеу шеңберінде «Ұлт тық сараптау және сертификаттау орта лығы» акционерлік қо­ға мы өнім мен қыз мет тердің сапа сын қамтамасыз ету сала­сын да жоғары көрсеткіштерге қол жет кені, сондай­ақ сапа басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасын «Сапа көшбасшысы­2017» дип­ломымен марапаттады.

«Баян сұлу» конфеттері десе жұрт тың көз алдына әдемі­лік, тіл үйіретін дәм, сапа, табиғи лық елестеп жүре бере­ді. Ал экспортқа жіберілген конфет тер осы айтылғандардың елшісіндей дерсің.

ҚОСТАНАЙ

Суреттерді түсірген Сергей МИРОНОВ

«Баян сұлу» бренді

КӨКЕЙКЕСТІ

ЭКОНОМИКА

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қостанайдағы «Баян сұлу» акционер лік қоғамының іргесі осыдан 40 жыл бұрын қаланған. Өткен ғасырдың 70-жылда-ры құрылған, «Қостанай кон дитер фабрикасы» деп аталған кәсіп орында өндірілетін өнім түрлері санау лы ғана бола-тын. Шоколад, карамель, конфет және печенье шығатын. Фабрика ғимаратының жертө лесінде өндірістің бу, тоңазыт қыш және механикалық цехтары жұмыс істейтін. Әрине ол кездегі өнімнің түрлерін көбейту үшін жаңалық енгізуден гөрі көлем қуу құбылысынан кондитерлік орталық та сырт қалған жоқ. Оған қоса мұндағы литография це-хынан шығатын бояуы жұтаң, суреті солғын орама қағаз тәттілердің тартым дылығын да төмендететін еді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 5

Шалқар НҰРСЕЙІТ,«Егемен Қазақстан»

Биліктің қадамыИранның рухани көсемі

Аятолла Хомейни елдегі шеруді Иранның «жаула-ры» қару, ақша, саясат және барлау қызметтері арқылы ұйымдастырды деп айыптады. Сарапшылардың пікірінше, Хомейни «Иранның жаула-ры» деп Израиль, АҚШ-ты және Тегеранның аймақтағы бәсекелесі Сауд Арабиясын мең зеген. Сондай-ақ Иран Жоғарғы ұлттық қауіпсіз-дік кеңесінің хатшысы Али Шамхани Сауд Арабиясына қарсы Иран жауап қатады және оның қаншалықты қатаң болатынын «олардың өзі сезіп отырған болу керек» деп мәлімдеген.

Ал Иран президенті Хасан Рухани билік мемлекет мүлкі не зиян келтіретіндердің, қоғам дық тәртіпті бұзған немесе тәртіп-сіздікке шақырғандардың қылы-ғына төзбейтінін ескертті. Тәр тіп сақшылары бірнеше күн ішінде 400 адамды қамауға алды. Оның жартысы 1 қаңтарға қараған түні Тегеранда қамалды. Билік Telegram және Instagram желі-леріндегі халықты наразылыққа шақырды деген аккаунттарды бұғаттап отыр.

Халықаралық қауымдастықтың

ұстанымы«Ирандағы ірі көтеріліс-

тер. Жұрт ақыры ойланды-ау.

Олардың байлығы, ақшасы ұрланып, терроризмге жұмса-лып жатыр. Халық енді оған төзбейтін секілді. АҚШ адам құқығын бұзушыларды на-зарда ұстап отырады», деді АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында. Ал оған жа-уап ретінде Хасан Рухани АҚШ президентін «Иранның жауы» деген мәлімдеме жаса-ды. Сонымен қатар АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хэлей Иран билігінің шеру-ді сыртқы жаулардан көруін «мүлдем қисынсыз» деп атады. Елші Хэлей Ирандағы жағдайға байланысты АҚШ БҰҰ-ның төтенше отырысын өткізу тура-лы ұсыныс жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

АҚШ-тан бөлек Еуропалық одақ, Түркия және Франция Ирандағы шеруге қатысты өз алаңдаушылықтарын білдір ген. Мәселен, ЕО Иран билігімен бай ланыста екен дігін айта келе, Теге ранды өз азаматтарына бей-біт шеру ұйым дастыру құқы ғын қамта ма сыз етуге шақыр са, Түркия наразылықтың кеңі нен таралып, жағдайдың ушы ғып кетуіне алаңдаушылық таныт-қан. Ал Франция билігі шеру кезінде құрбан болғандар мен қамауға алынғандардың са-нына қатысты өз уайымын жеткізген.

Шерушілердің талабыBBC мәліметі бойын -

ша, Иран халқының соңғы он жылда жағдайы б ір -шама нашарлаған көрінеді.

Алғашқыда Машхад қаласында бағаның өсуі мен жемқорлық-қа қарсылық ретінде бастал-ған шеру кейіннен ел билігі не саяси талаптар қоюға ұлас-ты. Наразылық шерулері-не көбіне жастардан жинал-ған топтар қатысып жатыр. Олар клерикалдық режімді құлатуды талап етеді. Сонымен қатар кейбірі монархияны қайтып орнатуды талап етті. Акциялар Иранның шағын қалаларына да тарап кетті. Алдағы уақытта көлемі ар-туы мүмкін. Дегенмен, сая-си талаптардың қаншалықты орын далатыны белгісіз. Өйт-кені шерушілердің арасында нақ ты бір көшбасшылары жоқ.

«Жасыл қозғалыстан» «жұмыртқа шеруіне»

дейін2009 жылы сайлаудан

кейін президент лауазымы-на Махмұд Ахмадинежадтың отыруы көпшіліктің наразылы-ғын тудырды. Салдарынан наразылық акциялары өтіп,

оған «Жасыл қозғалыс» деген атау берілді. Сол тұста оппо-зицияны миллиондаған адам қолдады. Қозғалыстың негізгі қозғаушы күші ел астанасы Тегерандағы орта тап болды. Шеру кезінде кемінде 30 адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын қамауға алынды. Бұл Иранда 1979 жылғы Ислам революция-сынан кейін тіркелген ең ірі шеру болды.

Ал тұрмысы төмен халық-тың басты тұтыну тағамы са-налатын жұмыртқа бағасы-ның қымбаттауына қарсы-лық ретінде туған қазіргі наразылықтар «жұмыртқа шеруі» деген атауға ие бол-ды. «Жасыл қозғалыстан» бұл шерудің бірнеше айырма-шылығы бар. Біріншіден, «жұмыртқа шерулері» орта тап көптеп саналатын ірі қалалардан бөлек, күнкөрісі төмен 50 шақты орта және шағын қалаларда өтуде. Екіншіден, 2009 жылғы «Жасыл қозғалыс» кезінде наразылықты оппозиция ли дері бастап

жүрсе, қазіргі шеруде нақты көшбасшылар жоқ. Үшіншіден, тоғыз жыл бұрын шерушілер сайлау дағы заң бұзушылықты алға тартып, сол кездегі пре-зидент М.Ахмадинеджадтың билігіне қарсы шықса, осы жолы шерушілер президент Х.Руханимен қатар елдің руха-ни көсемі Аятолла Хомейниге қарсы ашық наразылықтарын білдіруде.

Осы ерекшеліктермен қоса, нақты болжауға қиын-дық туғызатын биліктің бола-шақ тағы қадамдарын және халықаралық қоғамдастықтың ұстанымын есепке ала отырып, дәл қазір «жұмыртқа шеруінің» соңы неге ұласатынды ғын дөп басып айту мүмкін емес. Алайда, сарапшылардың бір тобы шеру революцияға ұла-сып, елдегі режімнің ауысуы-на алып келеді десе, екінші то бы азаматтық соғыстың ау-ылы алыс емес дегенді айтады. Үшін ші бір топ билік қатаңдық т аны ту арқылы өз билігін сақтап қалады деп болжауда.

Аймақтық қауіпсіздік кепілі

Еліміз 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететіні белгілі. Сондай-ақ Қазақстан осы жылы Ұжымдық қауіпсіздік шар-ты ұйымына (ҰҚШҰ) да жетекшілік жасайды.

Әлемдік және аймақтық тұрақты-лық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ұжымдық негізде мүше елдердің тәуел-сіздіктері мен территориялық тұтастық-тарын қорғап, көптарапты әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бұл аймақтық халықаралық ұйымға еліміздің төрағалық етуі Қазақстанның жаһандық саясаттағы беделін өсіре түсетіні сөзсіз.

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылған ұйымның қызмет ету бағыты әскери-саяси ынтымақтастық болып табылады. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ны құру барысында оның қызметіне жаңа сын-қатерлермен, қауіптермен күрес, сыртқы саяси үйлестіру мәселелері де енгізілген.

Құрылған күнінен бастап жүйелі түрде жұмыс атқарып, қарқынды дамып келе жатқан ұйым, бүгінде өз қызметін қауіп-қатерлермен күреске жұмылдыра отырып, қарым-қабілетін халықаралық қоғамдастықта көрсете білді, нақты іс-шараларды жүзеге асыру арқылы беделді ұйымға айналды.

Өткен жылдың 30 қарашасында Минск қаласында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет-тер басшыларының қатысуымен өткен мерейтойлық саммитте Ұжымдық қауіпсіз-дік жөніндегі келісімнің 25 жылдығы мен ұйымның 15 жылдығы аталып өтіп, мүше елдер басшылары ұйымның алдағы жұмысын, мақсат-міндеттері мен халықаралық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылаған болатын. Сонымен қатар жи-ында Корей түбегіндегі, Ауғанстандағы және Сириядағы мәселелер туралы да жан-жақты айтылды. Кездесу барысын-да ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшы-лары Астана келіссөздерінің маңызын ерекше атап өтті. Минск саммитінің қорытындысы бойынша Қазақстанға ҰҚШҰ төрағалығы табысталып, ұйымның қызметін жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Ең бастысы, террористік ұйымдардың ортақ тізімі бекітілді, бұл өз кезегінде ұйым елдерінің лаңкестік топтармен бірігіп күресіп, ортақ нәтижелерге қол жеткізулеріне мол мүмкіндіктер беретін болады.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы аймақ тық және ғаламдық қауіпсіздік мәсе-лесін басты назарда ұстап келеді. Бүгінде жаһандық және аймақтық қауіпсіз дік жүйесі күделене түсуде. Сол себептен Прези дент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас-шы лығымен Қазақстан өзінің көпвек торл ы сыртқы саясатында және БҰҰ Қауіп сіздік Кеңесіндегі қызметі мен ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты беделді халықара-лық ұйымдардағы төрағалығы барысын-да ай мақтық қауіпсіздік мәселелеріне басым дық беріп, оларды кең ауқымда қа-рас тырып, халықаралық қоғамдастықты ай мақ тағы ықтимал қауіп-қатерлерді ал-дын алуға және оларды шешуге шақырып келеді.

Биылғы ҰҚШҰ-дағы төрағалығы-мыз барысында, еліміз өзінің қауіпсіз-дік мәселелерін қамтамасыз ету мен ұйымдар ды басқарудағы жинақтал-ған тәжірибесін кеңінен қолдана оты-рып, аймақтағы қауіпсіз дікті нығай-ту мақсатында жүргізі ліп келе жат қан жұмысты әрі қарай жалғастырумен қатар, бірқатар жаңа ұсыныстар жасамақ. Нақтылай айтқанда, ҰҚШҰ-ның терро-ризмге қарсы әрекет етудің халықаралық жүйесін қалыптастыруға қатысуы, ұйымға мүше мемлекеттердің біріге отырып киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру сынды бағыттар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілмек.

Сонымен қатар Қазақстан аймақтағы есірткі тасымалына, заңсыз миграцияға, діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы жұ мысты үдетіп, осы бағытта ұйым мү-ше лерінің іс-әрекеттерін күшейтпек. Бұл жөнінде нақты жоспар жыл басында мүше елдерге ұсынылатын болады.

Қазақстан ҰҚШҰ-ның әлеуетін артты-ру мақсатында 2025 жылға дейінгі мерзім-ге арнал ған ұжымдық қауіпсіздік страте-гия сының орындалу қарқынын күшейт-пек. Құжат ұйымның жұмысын жетілдіре түсумен қатар, мүше елдердің аймақтық қауіп сіз дік саласындағы сыртқы саяса тын үйлестіру, үшінші елдермен және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтас-тықты күшейту, қару-жарақ айналымын реттеу, бітімгерлік қызметін жетілдіру, әскери, әскери-техникалық және әскери-экономикалық байланыстарды арттыру, кадрлар дайындау, ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұру сияқты бірқатар маңызды деген мәселелерді қарастыруға және олардың кейбірін түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін болады.

Бұлардан бөлек, еліміз өз төрағалығы барысында ҰҚШҰ қызметіне байланы-сты, аймақтағы қауіпсіздікті сақтауға және түрлі қауіп-қатерлерді алдын-алуға қатысты тың маңызды келісімдер мен құжаттарды 2018 жылдың екінші жартысында Астанада өтетін ұйым саммитінде мүше мемлекеттерге ұсынбақ. Бұл өз кезегінде ҰҚШҰ-ның аймақтағы қауіпсіздікті сақтау саласындағы әлеуетін арттырып, оның қызметінің жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер бермек.

Нұрлан СЕЙДІН,саясаттанушы

САРАПТАМА

Ә л е м н і ң б і р і н ш і э к о н о м и -касы, әскери, ақпараттық және технологиялық державасы болып отырған АҚШ Қазақстанды өзінің стратегиялық әріптесі деп жария-лады. Бұлай болуы еліміздің әлемдік қоғамдастықта беделінің өсуінің нақты дәлелі. Сондықтан Қазақстан АҚШ-пен татулық, ынтымақтастық және әріптестік қатынастарында болуды мақсат тұтады. АҚШ-пен достық бай-ланыста болу елдің геосаяси және геоэкономикалық мығымдылығының кепілі деп есептеледі. Себебі АҚШ әлемдік экономиканың 24 пайызға жуығын иемденіп отыр. Оның валюта-сы ХХ ғасырдың 40-шы жылдары нан бастап әлемдік қаржылық айырбас-тағы негізгі валюта. Сонымен қатар АҚШ әлемдік қуат ресурстарының 40 пайызын пайдаланып келе жатқан алып ел. 16 триллион долларға жуық жиынтық ішкі өнім өндіретін АҚШ қуаты ең озық, тиімді технологиялар-ды пайдалануға негізделген. Бұл алып елдің алып экономикасы ұдайы шикізат пен қуат көздеріне зәру. АҚШ-тың сыртқы саясаты «Америка халқының ұлттық мүдделерін қорғау» ұранымен жүргізіліп келеді.

Қазақстан басшысы өткен кезеңдерде АҚШ президенттерімен 19 рет кездесті. Алғашқы кездесу 1992 жылы болды. Осы кездесулер барысында бірнеше екіжақты келісімдерге қол қойылды. Олар – демократиялық әріптестік ту-ралы хартия, Экономикалық әріптестік іс-қимылы жөніндегі бағдарлама, Жаңа қазақстандық-америкалық қатынастар туралы екі ел президенттерінің біріккен мәлімдемесі сияқты құжаттар.

АҚШ кезінде Қазақстандағы ядро-лық қару арсеналының тез арада Ресейге жеткізілуіне және оның басқа

елдерге таратылып кетпеуіне ерекше мүдделі болды. Қазақстанның ядролық қарудан азат болуы әлемдік қауіпсіздік жүйесінің нығая түсуіне өз ықпа лын тигізеді. ХХ ғасырдың 90-жылда-рында Америка өзінің Қазақстанмен қатынастарын тек прагматикалық тұрғыдан жүргізді. Ол үшін АҚШ-тың Орталық Азиядағы рөлінің басым болуы ғана бірінші кезекке шықты. 1994 жылы Қазақстан Ядролық қаруларды таратпау туралы шартқа қол қойып, 1995 жылы өз жеріндегі ядролық қаруларды (1200-дей ядролық зарядтар) шығарғаннан кейін Американың Қазақстанға де-ген ынтасы біршама әлсіреді. Екі ел қатынастары біршама баяулап, АҚШ басшылығы негізінен Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына баға берумен болды.

Ал ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасыр дың басында әлемдегі геосаяси күш тер дің ара салмағы өзгеруіне байла-нысты, 10 жылдай мерзімдегі АҚШ-тың бір полярлық басымдылығы аяқтал-ғаннан кейін, оның Қазақстанға жаңа ша қатынасы басталды. АҚШ Қазақстан-ның Орталық Азия аймағындағы Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғастырушы геосая-си орнының маңыздылығын түсінді. Әсіресе, Каспий теңізіндегі мұнай қорларын игеруге мүдделілік танытты, өзінің негізгі бақталастары Ресей мен Қытайдың Орталық Азия аймағындағы рөлінің артуын шектеуді мақсат тұтты.

Осыған байланысты АҚШ Қазақ-станмен экономика және қауіпсіздік са-лаларында нақты байланыс тар орната бастады. АҚШ экономикасы үшін жаңа қуат көздерін іздеу зәрулік тудыруда. Себебі 2001-2020 жылдар аралығында бұл елдің мұнай өнімдерін тұтынуы 33 пайызға көбеймек. Сондықтан мұнайды

алудың түрлі балама жолдарын іздестіру маңызды. Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріндегі мұнай мен газды импорттау емес, басқа мемлекеттердің сутегі қорларын пайдалану қажеттігі туындауда. Қазақстан болса, 2011 жылы әлемдік мұнай қорының 2,9 пайызын иемденіп, бұл көрсеткіш бойынша 9-орында тұр.

АҚШ Қазақстанның мұнай-газ секторымен қатар түсті металдар мен уран өнімдеріне де қызығушылық та-нытады. Сондықтан АҚШ компани-ялары 2020 жылға дейін Қазақстанға жыл сайынғы тікелей инвестициялар көлемін 20 млрд долларға жеткізбек. АҚШ, әсіресе, Каспий аумағындағы аса бай газ қорларын игеруді мақсат етеді. Каспий аймағына кіру арқылы бұл ел Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Түрікменстан сияқты мемлекеттер-ге өз ықпалын күшейтуді көзде ді. Қазақстанның көмірсутегі қорларын игеру АҚШ-қа экономикалық жағы нан ғана емес, сая си жағынан да ұтымды еді. Ол өзінің бәсекелестері Ресей мен Қытайдың дәл қасында отырып энергетикалық қауіп сіздік мәсе ле-лерін шешуге мүмкіндік алды. АҚШ Иран мен Ресейге соқпайтын мұнай-газ құбырларының болуына мүдделі. Қытайдың Орталық Азияға эконо-микалық экспансиясын азайтуды да көздеді. Осы себептерге байланысты Қазақстан АҚШ-тың сыртқы саясат доктринасында маңызды басым ды-лықтардың біріне айналды.

АҚШ Қазақстанмен ядролық қару-ларды таратпау мәселесіне қатысты да ынтымақтасуға мүдделі болды. Елдің Ауғанстанға жақын орналасуы да оның есірткітрафигіне және халықара лық терроризмге қарсы күрестегі рөлін арттырды. АҚШ Қазақстанда бар

бейбіт ядролық технологиялар мен құрал-жабдықтардың әлемдік қауіпті күштерге қолды болып кетпеуіне мүдделі. Әсіресе террористік топтар осындай «екінші бөлшектерді» пайда-лануды көздейді. Сондықтан Америка Ауған стандағы Талибан қозғалысын күйре туге мүдделі. Өйткені әлемдік қауіпке ай налған тәліптер «Әл-Каида» тер ро ристік ұйымының әлеуметтік-саяси тірегіне айналды. АҚШ-тың Ауған стан дағы әскері мен Батыстың коалиция күш тері бұл елдегі жағдайды реттеуге қау қарсыз болып шықты. Сондықтан АҚШ билігі Ауғанстан мәселесін бейбіт реттеуді қолдайтын Қазақстан сияқты мемлекеттердің мәмілегерлік, бейбітшілік мисси-ясына зәру. Қазақстанның Сирия дағдарысын реттеудегі рөлін де АҚШ қуаттайды. Бұл ретте Қазақстан біршама нақты ұсыныстармен шықты. Ауғанстанға экономикалық, азық-түлік көмегімен қатар кадрлар даярлауда көмек көрсетілді. «Астана процесі» арқасында Сирияда жағдай біршама түзеліп келеді.

Екі мемлекет геосаяси, сауда-эконо м и калық, мәдени-гуманитарлық, энерге тика, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылы ми-тех ник алық кооперация арқылы өнді ріс ті әртараптандыру мәселелер інде ынты мақ тасуды терең дете беруді жоспар лады. АҚШ университеттеріне қазақ стан дық сту-денттердің оқуына қолайлы жағ-дай туғызылған. Сайып келгенде, осы ның бәрі Қазақстан үшін АҚШ-тың стратегиялық сенімді серіктес екендігін аңғартады.

Сайын БОРБАСОВ,саяси ғылымдар докторы,

профессор

АҚШ – еліміздің стратегиялық серіктесі

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

«Жұмыртқа шеруі»Иранда наразылық акциялары өтті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––BBC мәліметі бойынша, Ирандағы шеруде 22 адам көз жұмған. Ирандық БАҚ жұрттың қай жерде опат болғаны туралы ақпарат таратпады. Ал осыған дейін алты адамның Изе қаласында көз жұмғаны белгілі болды. Шерушілер ел президенті Хасан Руханидің тәртіпке шақыруына да құлақ аспады. Иран басшысы өз сөзінде азаматтар билікті сынға алып, ойын еркін білдіре алатынын жеткізді. Сондай-ақ ол шеру кезінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін айтты. Наразылық шерулер Керманшах, Хорремабад, Шахиншехр және Зенджан қалаларында өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

6 4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның Еңбек Ері, екі мәрте «Отан», «Құрмет Белгісі» ордендерін кеу десіне таққан, «Алтын барыс» төс бел гісінің иегері, облыстың құр мет ті аза­маты, даңғайыр диқан, біл­гір ұй ымдастырушы, білікті басшы, «Зен ченко және К» командиттік серік тес тігінің бас директоры Геннадий Ива нович Зенченконың қазасына бай­ланысты Президенттің көңіл айту же делхатында оның өмірін ауыл ша руа шы лығына арнағаны, еліміздің эко но микалық­әлеу­меттік дамуына өл шеу сіз үлес қосқаны, еңбекпен есейген аза­маттың адами қасиеттері, жоғары кәсіби шеберлігі, бай тәжірибесі, өз ісі не деген адалдығы ерекшеленіп тұратыны, бұл еңбегі Қазақстанның Еңбек Ері жоғары марапатымен, басқа да мемлекеттік наградалармен атап өтілгені ай тылған­ды. Содан бері арада тұп­тура бір жыл өтті. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған салтанат­ты жиында Мемлекет басшысы жеке мұрағатында сақталған Геннадий Ивановичтің екі хатын оқып беріп, Қазақстан бизнесі «капитандарының» табыстары мен нақты өмірбаяндары бүгінде баршаға мәлім деп жоғары баға берген еді. Біз әңгімені осы төңіректе өрбітпекпіз. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Таяуда облыс әкімі Ерлан Қошанов өңіріміздегі жедел жәрдем қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа 35 автокөлік кілтін табыс етті. Қазіргі күні аймағымызда барлығы 117 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетеді. Соның 49­ы облыс орталығында жұмыс жасауда. Осы күні аталған барлық бригадалар көлікпен қамтамасыз етілген. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Адам жанының арашашысы» деген сөз басқаны қайдам, дәл жедел жәр дем қызметіне арналып айтылғандай кө рінетіні бар. Көшеден көре қалсақ, ысы­рылып жол беру мәдениетін де енді ға на меңгеріп келе жатқан сияқтымыз. Мұның бәрі адам шығынының азаюына, науқасқа дер кезінде көмек берілуіне сеп тесетін жайттар. Мұндағы ең басты қа жеттілік техника төңірегінде болаты­ны анық. Сондықтан медициналық жедел жәрдем көлігінің көптігі, әрине, жақ сы. Мерекелер қарсаңында Алматы об лы сында медицина қызметкерлеріне заманауи жабдықтармен жасанған осындай 51 жаңа көлік табыс етілді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

АЙМАҚ

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Соңғы жылдары ел аумағында урба-

низация үрдісі терең белең алып отырған жағдайда шағын ауылдарда орта мектеп ашылуы түгілі, бастауыш мектептің жа-былып қалуы әбден мүмкін. Әйтсе де атар жылдың ақ таңында Ақшат ауылын-да бұған керісінше жағымды жаңалық орын алды. Мұндағы бастауыш мектеп іргесін кеңейтіп жалпы білім беретін үлкен мектепке айналды. Сыңғырлаған су жаңа ғимараттың сырты қандай сәнді болса, іші сондай мәнді. Жаңа мектепке алаш арыстары көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілгені де жара-сып тұрғандай.

300 оқушыға өз есігін айқара ашқан мек теп ғимараты бар-жоғы бір-ақ жыл-дың ішініде тұрғызылған. Оның тағы бір ерекшелігі бүгінгі әлемдік білім бе ру стандарттарына сай тірек және

қи мыл-қозғалыс мүшелері бұзылған ба ла лардың да мектептке емін-еркін келіп кетуі үшін қажетті жағдайлардың туғызылғаны. Мұ ның өзі арнайы жеделса-ты, пандус тү рінде көрініс тауып отыр. Жа ңа үл гі дегі мектептің тез әрі сапалы са лы ну ына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ дар ла масының шапағаты тиіпті. Бұл үшін бюд жет есебінен табаны күректей 864 мил лион теңге жұмсалған.

Ақшат ауылының тұрғындарын, кә-рісі мен жасын көл-көсір қуанышқа бө-леген оң құбылыс ең біріншіден, мұн-да ғы демографиялық табиғи өсім мен ішкі көші-қон үрдісінің жоғары еке нінен хабар бере алады. Дәл осындай бай ыпты байламды Ақтөбе қаласындағы Бо ла-шақ шағын ауданында ашылған орта мек тептің жаңа ғимаратына қатысты да жа сауға болады. Оның құны – 755 мил-лион теңге.

Ақтөбе облысы

Алмас НҮСІП,«Егемен Қазақстан»

Көшеде дабылдатқан «жедел жәр-дем» көре қалсақ, «кімнің келіні туға лы жатыр екен?», деп жақсылыққа жо ры-ғыш қасиетіміз бар ғой. Көлік кілт те-рін табыстаған облыс әкімі де ақ ха лат-тылардың алдында сөйлеген сөзін осы төңіректен бастады.

– Жыл қорытындысы облысымыз үшін табысты болып отыр. Көрсеткіштер өте жақсы. Сіздердің арқаларыңызда об-лы сымызда демография да қарыштап да муда. Жыл сайын 50-55 мың нәресте дү ние есігін ашады. Тіпті Қаскелеңдегі ауру ханада сәбилердің көптеп дүниеге ке-луінен дәрігерлердің жұмысы қарбалас бо-лып тұр. Бұл үлкен қуаныш! Осыған орай келесі жылы Ұзынағаштан жаңа емхана салынады. Биыл мектеп табалдырығын 49 мыңға жуық оқушы аттаған. Осыған орай жаңа техникамен қамтамасыз етіп жатыр-мыз. Келесі жылдан бастап облысымызда заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған

ауруханалар мен емханалар салынады. Бүгінгі күні аса күрделі операцияларды облыста өз дәрігерлеріміз жасай баста-ды және шетелде білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Тек соңғы 3 жылда 50-ден астам дәрігер Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Латвия, Польша, Израиль, Түркия сынды алыс шетелдерде білімін жетілдірді. Елбасының басшылығымен атқарылған осы игі шаралардың бәрі де сіздердің болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз еңбек етулеріңізге жасалған жағдай деп біліңіздер, – деді Амандық Баталов.

Соңғы жылдары емдеу мекемелеріне 218 санитарлық автокөлік кілті табыс-тал ған. Ал сол санды толықтырып отыр-ған 51 көлікті сатып алуға облыстық бюд жеттен 640 миллион теңге қаржы жұм салған. Оның 33-і санитарлық, 18-і же лілік, реанимациялық және кардио-ре а нимациялық бригадаға арналған кө-лік тер. Аудандар мен қалаларға қа жет-тілікке сай үлестірілетін болады.

Алматы облысы

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

БІРІНШІ ХАТнемесе қиындықта шыңдалған талай биік шыңды алған

Жеке архивте сақталған хаттың алғашқысы осыдан ширек ғасыр бұрын, 1991 жылы келген. Онда «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз қазір респуб-ликамыз үшін күрделі кезең екенін жақ сы білеміз. Ашығын айтсам, ауыл- да да жағдай өте ауыр. Бүгінгі күні 2,5 мыңнан астам ұжымшар мен кең-шардың жағдайы сын көтер мейді. Жақында халықпен кездескен кезіңізде Сіз былай дедіңіз: «Отаның мықты кезде оны сүю де жеңіл әрі жағымды. Отаныңды сын сағатында сүйген анағұрлым маңыздырақ». Біз сын сағаты туғанын түсінеміз, бірақ Сіздің балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты да бақуатты өмір сүрулері үшін Қазақстанды өсіп-өркендеген мемлекетке айналдыратыныңызға сенім діміз. Біз тек Сізге деген сеніммен ғана тіршілік кешудеміз» деп жазылған.

– Нұрсұлтан Әбішұлы салтанат-ты жиналыста реформаларға бағаны нақты адамдар берді, олар ең бектерімен өздерінің және еліміз дің болашағын құрды. Сондықтан Қазақстан қазір қай кездегіден де өз күшіне сенімді көрінеді деген еді. Ел ба сымен бірге тәуелсіз мемлекет ірге сін қа лыптастырып, қи-ын дықтарды еңсе рушілердің алдың-ғы қатарында әкемнің жүруі – біз үшін зор мәр тебе, үлкен мақтаныш. Бүгінде гүлденген елімізді бүкіл әлем таныса, егемендіктің елең-алаңында жағдай мүлдем басқаша болатын. Біз әулетімізбен диқаншылықты кә сіп етіп келеміз. Атамыз Иван Еме ль я-н ович Жер-ананы еміп өсті. Кеңшар бас қарып, іскерлігімен танылды, – деді әң гімелескенімізде Геннадий Ивано- в ич тің ұлы, бүгінде серіктестіктің тіз-гі нін нық ұстап отырған Геннадий Ге нна дьевич.

Геннадий Иванович еңбек жолын қара жұмыстан бастап жүргізуші, меха ник, бас инженер, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас-тығы секілді сатылардан өтіп, шар-болаттай әбден шыңдалған. Сырт тай оқып, білімін жетілдірген. Ең бек тің қайнаған ортасында жүріп, шаруа шы-лық жүргізудің әліппесін, қыр-сы рын жетік меңгерген. Бірбеткей, қай сар мінезінен талай таяқ жесе де, шын-дық үшін шырылдап, ақиқат үшін алы суды өмірлік мақсатқа айнал дыр-ған. Аудандық атқару комитеті төр-а ғасының орынбасары қызметінде жүр генде дөкей бір басшылармен ке-ліспей қалып, оның ақыры артта қал- ғ ан шаруашылықтардың біріне ди-ректор бо лып кетуіне тура келген. «Ново ни кольское» кеңшарына жі-бе рілгенде қылшылдаған қырық жа-ста екен. Ол кеңседе отырып «қағаз кеміргеннен» гөрі қарапайым адам-дармен етене араласуды ұнататын. Бөлімшеге көбірек ұқсайтын кең шар

орталығында сол жылы шаруа шы-лық әдіспен үйлер салына бастайды. Жылына 30-40 үйге дейін тұрғызылған. Ірі қара мал табындарын туберку-лезден сауықтыруға келгенде үлкен тығырыққа тірелген. Кеселдің әбден асқынып кеткені соншалық, бақ та-шы, сауыншылардың арасына жайы-ла бастаған. Екі жыл бойы жұқпалы індетпен бел шеше күресіп, Балтық жа-ғалауындағы елдерден жоғары өнім ді қа ра ала тұқымды бір мың бас құнажын сатып әкеліп, табындарды жаңартқан.

– Әлі есімде, – деді Геннадий Генна-дьевич өткен күндерді еске алып. – Бір күні үйге көршілес «Чапаев» кең шарының директоры Руслан Бек-у заров келді. Екеуара әңгіме ауаны-нан келелі мәселені талқылауға кіріс-кен дерін аңғардым. Ара-тұра Пре зи- д ен тіміздің аты-жөні аталып қалады. Ша руашылықтың түтіні түзу ұшып, дәу летіне сәулеті жараса бастаған шақ та Кеңес Одағы ыдырап, ізін ала же ке шелендіру науқаны басталғаны мә лім. Әкемнің бар ойы – жылды таза пай дамен қорытындылаған кең шар ды тұтас күйінде сақтап қалу. Жо ға ры-дағы шенеуніктер «нұсқауды орын-даң дар, малдың көзін құртыңдар» деп жаналқымға алды. Қирату оңай, қа-лыпқа келтіру қиын деген уәжін тыңдар құлақ болмағасын мысқалдап жиналған ел байлығын шөміштеп шаша алмай-мын. Оған жол бермеймін, деп ақыры шаруашылықты сақтап қалды.

Елбасы мен әкесі арасындағы ал-ғаш қы жүздесу үлкен экономикалық қи ындықтарға тап болған 90-жыл дары басталған. Күрмеуі қиын уа қытта облы-ста жұмыс сапарлармен бол ған Президент «Новоникольское» кең ша рына бірнеше рет келіп, жағдаймен жіті танысқан. Оның соңы достыққа жалғасқан. Нұрсұлтан Әбішұлының қарапайымдылығы, уәдеге беріктігі, батылдығы, шешім қабылдаудағы жігерлілігі, сұңғыла саясаткерлігі керемет тәнті еткен.

Геннадий Иванович теріскейге голландық әдіспен картоп егудің озық жобасын бірінші болып енгізді. Зама-науи технологияға негізделген кешенді сүт фермаларын жабдықтаумен айна-лысты. Кез келген іске мемлекеттік тұрғыдан қарайтын ол адамдардың жанын шер, жүзін мұң торлаған өтпелі кезеңде Елбасының сенімді серігіне айналып, айқындап берген міндеттер мен талаптарды мүлтіксіз жүзеге асы-ра білуімен тұғыры биік тұлға екенін дәлелдеп берді.

ЕКІНШІ ХАТнемесе жер емгеннің жерде қалмайтынын жете түсінген әулет

Геннадий Ивановичтің екінші хаты 2016 жылдың басында келген. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Біз Сіздің Қазақстанды өсіп-өркендеген мемлекетке айналдыратыныңызға сенімдіміз». Бұл сөз тіркесін мен Сізге осыдан тура 25 жыл бұрын жазған едім, бәріміз 90-шы жылдардың күрделі кезеңдерін басымыздан өткеріп жатқан

шақта. Міне, бүгінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Сіз біздің барлық арман-аңсарларымызды іс жүзіне асы-ра алдыңыз.

Біздің әрқайсымыз Сіздің алдыңыз-да қарыздармыз. Менің өз шаруа қожа лығым бар. Бұл – менің өмірім, менің жұмысым, менің табысым мен отб асымның игілігі. Бүгінде немере-ле рімнің өзі жер емгеннің жерде қал-май тынын түйсіне бастады. Біз бүкіл еліміз бойынша мыңдаған гектар орман өсіріп, жаңа елорда, жолдар, зауыттар мен фабрикалар салдық!

Сіз – біздің мәңгілік Елбасымызсыз! Сіз ге еңбегіңіз үшін, өзіңіз құрған Қазақстан үшін рахмет айтамыз және басымызды иеміз», делінген онда.

«Мен келешекке сеніммен қарай-мын және тек алға жүру керек деп есептеймін». Бұл – Геннадий Ива-но вич тың өмірлік ұстанымы! 2008 жы лы еліміздің экономикалық жә не әлеуметтік-гуманитарлық дамуында айрықша табысқа жеткен қазақс тан-дықтарға берілетін Қазақ стан ның Ең-бек Ері жоғары атағын иеленіп, «Алтын Жұл дыз» бен «Отан» ордені қоса тап-сы рылғанда қолданылып жатқан озық жо балар мен технологиялар жайлы жан-жақты сипаттама берген болатын. Ен дігі міндетіміз – мал басын ұдайы өс іру» дей келіп, марапат сәтінде Мемлекет басшысының «Білесің бе, Геннадий Иванович, алғашқылардың бірі болып осы награданы алғаныңа қуаныштымын. Сен оған лайықсың. Саған еңбегің үшін рахмет», деген жү-ре к жарды лебізіне көңілі қатты толқы-ға нын жасыра алмаған. Сөз арасын-да Еңбек Ері жұлдызының айналаны нұр ландырып тұратын жеті сәулесі бо латынын, бірінші сәулеге Елбасын, одан кейінгілеріне – басты асыраушы-мыз Жер-Ананы, кіші отанның ұйыт-қысы отбасын, ұйымшыл ұжым ды жат қызатынын тарата айтып, шешіле сөйлеген. Одан әрі егістік алқаптарды құнарландыру, астық өсіру техноло-гиясын жетілдіру, жемшөп базасын нығайту мәселелері жайлы толғана сыр шерткен. Канада, АҚШ фермерлерінің үлгі тұтар өнегелі істері мен тағылымды тә жірибелерінен үйрену артықтық етпейтініне мысалдар келтірген.

Оның есімі республика жұртшы-лы ғына ауыл шаруашылығы өндірісін ал ғаш ұйымдастырушылардың бірі ретінде жақсы таныс. Ең қиын кездер де әрдайым Елбасының жанынан табылып отырды. Өзі бастаған кәсібін ең жоғарғы деңгейге жеткізді. Барлық мақсат-мүддесі, арман-тілегі Қазақстанмен тығыз байланысты. Еңбекке деген шы-найы көзқарасы, елді, отанды сүюге деген құштарлығы жастарға үлгі-өнеге.

Экономиканың ауыр жылдарында нарыққа бейім құрылған серіктестік бұл күндері экологиялық таза, бағасы қол жетімді өнімдерімен танымал, за-мана уи ауыл шаруашылық кластері са налады. Үдемелі индустриалдық-инно вациялық жобалар шеңберінде то лық автоматтандырылған сүт зауы-ты іске қосылды. Мұнда күніне 80 тон наға жуық сүт өңделіп, өнімнің 50-ден астам түрлері елімізбен қатар Ре сей қалаларына да жөнелтіледі. Сүт өңдеу және қайта өңдеу бойынша бар-лық процесс автоматтандырылған сүт комбинаты бой көтерді. 7 мың ірі қа ра малы бағылады. 30 мың гектарға жу ық егістік алқабы бар. Қуаты 1,5 мега ватт 2 жел энергиясын өндіретін қондырғысы пай далануға берілді. 700-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Мә-дени, әлеуметтік нысандар толық жұ-мыс істейді.

«Мемлекет басшысының айтуын-ша, бұл хаттарда қазақстандықтардың Тәуелсіздіктің 25 жылында қалай өмір сүргені көрсетілген, – дейді Геннадий Ивановичтің ұлы Геннадий. – Әкем ел Президентін сайлау кезінде үш рет сенімді өкілі, республикалық штабтың белді мүшесі болды. Әкемнің бақытқа бөленген кейпі көз алдымнан кетпейді».

Геннадий Ивановичтің көзі тірісін-де үлгірмеген істерін немересі Иван да ұрпақ сабақтастығы ретінде жал ғас-тыруды парыз санайды. Ол се рік тес-тікте инженер болып еңбек етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Көлік демекші, мұндай те мір тұл пар-лардың қызмет ету мерзімі – 6 жыл. Бұған дейін же дел жәрдем қыз мет к ерлері 2015 жылы 37 жаңа авто кө лікке ие болған еді. Шымкент қа ла сындағы медициналық құ-рыл ғылар мен техникала р ды өндіруші отандық «KAZ MED PRI BOR Holding» компа ния сында құрастырылған «ГАЗе-ль» маркалы бұл темір тұл пар лардың ор-таша құны 19 миллион теңгені құрайды екен. Аталған 35 көлік лизинг жүйесі бо- й ынша 3 жылға алынды. Нау қасқа көмек көрсетуге бар лық мүмкіндік бар. Олай деп отыр ғанымыз басым бөлігі реани мо-биль саналатын көліктер жедел жәрдем қызметкерлеріне қа жет жабдықтармен 100 пайыз қам тамасыз етілген. Сондағы 8 кө лік «ГАЗель Бизнес» негізінде бол са, қалған 27-сі – «ГАЗель Next».

Тағы бір айта кетерлігі, өңі рі мізде 5 жедел жәрдем бригадасы оба, тырысқақ, күйдіргі сынды аса қауіпті жұқпалы ау-ру лармен күреседі. Оларға ар налған кө-лік тер де ерекше жаб дықталған. Сөй тіп, бұған дейінгі көліктердің жылыт қы шы мардымсыз, мұздатқышы мүлде жоқ болса, кейінгі 35 көлікте бұл олқы лық-тардың орны толыпты.

– Әр адамның басты бай лы ғы – ден-сау лық. Бұл рет те тұр ғындарымыздың жағ дайын жақ сар ту үшін барымызды салып ке ле міз. Президент тапсырмасын орындай отырып, жаңа ауруханалар тұр-ғызып, жаңа технология ларды қол да-ныс қа енгізіп, заманауи қон дырғыларды сатып алуда мыз. Міне, бүгін біз жаңа жыл қар саңында 35 көлікті ел игі лі гі не пайдалануға ұсынып отырмыз, – деді Ерлан Қошанов.

Қарағанды облысы

Жедел жәрдемге – жаңа көлік

* * *

Бастауыш мектеп орта мектепке айналды

«Зенченко және К» командиттік серіктестігінемесе Елбасына жазылған хаттардың авторы жайлы ой-толғаныс

Page 7: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 7ТҮЙТКІЛ

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

ҚОҒАМ

2007 жылы 16 маусым-да Семейге келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала атауын өзгерту туралы ұсы­ныс жасады. Мемлекет бас шысы өз сөзінде: «көшеде «Се мей», «Се мипалатинск» деп қосар ла­нып жазылыпты. «Абай» яки «Алаш» деп атасақ деген ұсыныс бар. «Семипалатинск» деген сөз­ді шетел инвесторлары поли-гон баламасы ретінде түсінеді. Сондықтан бұл қаланы ендігі жерде тек «Семей» деп атасақ қайтеді. Қалалық мәслихат де-путаттары солай деп ұйғарса, тездетіп ұсыныс түсірсін», де-ген еді. Депутаттар бірауыздан қол дау білдірген соң арада 4 күн өт кенде Президенттің Шы ғыс Қазақстан облысының Семи па­латинск қаласын қайта атау ту-ралы Жарлығы шықты.

Иә, шаһардың «Семей» деп жаңадан аталуы халық рухын көтерген мәні зор шешім болды. Осындайда Президентіміздің «Қазақтың тарихи тамырын жал ғаған, дәстүр мен елдікті үй лес тірген Түркістан мен Се­мей дің орны қашанда бөлек!» де ген ұлағатты сөзі ойыма ора-ла береді.

Қала атауы өзгергеннен кей­ін, оның затын, соның ішінде төл таң басын өзгерту мәселесі ту ындады. Әрине, Елбасының та ғы ұсыныс беруін күтіп отыру жа рамас. Жергілікті тарихшы-лар мен шығармашылық адам-дары, көнекөз қариялар мен ме-кеме басшылары ортақ ұсыныс жа саса, қалалық мәслихат депу­тат тары сөзбұйдаға салмайтыны анық. Өйткені игі бастама жал­ғасын тауып жатса несі айып?!

Басқа қалалардың төлтаңбасы әлдеқашан өзгертілгенімен, Семей дің жаңа төлтаңбасы жоқ. Есесіне Ресей империясының ота­ ры болған дәуірде қолданылған қала гербі әлі де заңсыз айна-лымда жүр. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ғой. Алашорда ту тіккен Семей қа ласы төлтаңбасының мәселесі от тың басы, ошақтың қасындағы әңгімеге итере салатын ұсақ­түйек емес, мұнда қазақтың ұлттық мүддесі бар. Сондықтан Се мейге тәуелсіздігімізді тайға таң ба басқандай айғақтап тұра­тын төлтаңбасы керек. Абай­дай алыптың, Шәкерімдей шежіренің, Мұхтар мен Қай­ым дай қазақтың қайсар ұлда­ры ның талбесігіне айналған ки елі мекенде патшалық герб неге заңсыз айналымда жүр? Тәуелсіздігімізге ширек ғасыр

өткенімен ескі құлдық таң ба­ с ын дай көшелерде самсап тұр. Ал Семей қалалық ішкі сая сат бөлімінің басшысы Айдар Са­дырбаев «Бұл заңды герб емес. Сон дықтан кім қалай пайдалана-мын десе де өзі біледі» дейді. Оу, «герб» деген қаланың бұрынғы бас шыларының бірі айтқандай, қайда қойғысы келсе де қоя беретін «сауда белгісі» емес қой. Бұл саяси және идеологиялық мән ге ие мемлекеттік рәміз емес пе?! Семейден басқа қалалар мен аудандар төлтаңбаларын тәу елсіздік талаптарына сай жа­ңа р тып алды. Ал Семейдің төл­таң басын жаңарту ісі қала бас­шы ларының қасаң көз қа ра сын та нытып, қозғал майтын қа ра тас сияқты әлі тұр!

Қазақстан үшін Семейдің орны айрықша. Бұл – ежелден еліміздің рухани­мәдени аста-насы саналатын киелі мекен­дердің бірі. Сондықтан да қа­ланың жаңа төлтаңбасын бе­кі ту заман талабы. Жалпы, Семейдің төлтаңбасын жаңарту мә се лесінің көтерілгеніне би­ыл 16 жылдың жүзі болады екен. Алғаш рет 2001 жылы «Се мей ге жаңа төлтаңба қа­жет!» тақырыбымен дөңгелек үс тел өткізген едік. Осы жыл-дар аралығында 20 мәрте түр лі дең гейдегі басқосулар ұйым­дас тырылып, 35 мақала жазыл-ды. Тәуелсіздіктің 26 жылының ішінде қала жетекшілігіне та­ғай ындалған 9 әкімнің ал тау ы­ ның алдында болдық. Бірақ барлық ұсынысымыз нәтижесіз аяқталды. Егер Семей қаласының жаңа төлтаңбасы қабылданса, патшалық гербтің аты да, заты да көзден кетіп, көңілден ұмыт болар еді. Қала әкімдігі екі рет

заңды түрде байқау өткізгенімен жеңімпаз болған жаңа төлтаң­баны қабылдау мәселесін түрлі желеумен кешіктіре берді. Мұ­ның астарында кейбір жат пи­ғыл дағы топтардың қаланың 300 жылдығын атап өту ниеті болуы мүмкін. Қазіргі қала әкімі Ермак Салимов те өз сөзінде «Семейге 1000 жыл екенін дә­лел дей алмасаңыздар, онда 300 жылдықты тойлаймыз!» деп қалды. Қала билігі осы мә­лім демесі арқылы тұрғындар ара сына сына қаққандай. Бұл елдің ішкі тұрақтылығы мен ұлт тық қауіпсіздікке қатысты мәселе болғандықтан мұндай бастамаларға абай болуымыз керек. Яғни, отарлаушылардың бекет салған жылын атаудың еш қажеті жоқ.

Қала тарихын қазіргі Семей­дің орнында тұрған (840­950 жылдар) қимақ қағанатының аста насы болған Қимақия қа­ла сының іргетасы қаланған ке­зінен бастамай (Қараңыз: «Қазақ Совет энциклопедиясы», 10­ том, «Семей», 114­бет, 6­том, «Қимақ қағанаты», 557­бет), керісінше қаладан 18 шақырым жердегі (қазіргі «Старая кре-пость» елді мекені) отарлаушы патша әскерінің ат қорасы мен миссионерлерінің тұрағы болған «Семь палат» бекеті кезінен бастау тарихымызға жасалған қиянат. Ғылыми деректер бо­ йынша, Семипалатный бе кеті су тасқынына жиі ұшы ра ғандықтан, бүгінгі Се мей қаласының тұрған орны на 1776 жылы көшіріліп тұ рақ тап қалады. Бұл тура-лы сол кезде Семей жеріне ке ліп, «Жеті сарай» аталған буд да ғибадатханасының қи­ран дыларын көрген орыс

зерт теушісі П.С.Паллас өз күнделігінде «Семь палат» – қазіргі «Старая крепость» ата-латын жерде салынған. Долон, Белокаменка , Стеклянка , Глуховка сияқты қарапайым орыс бекініс­станицасының бірі. Ерекшелігі, «Семь палаттың» «Жеті сарайға» байланысты аталуы ғана және «Семь палат» қазіргі Семейдің орнындағы бекініс емес» деп жазады. Осы арада «Семь палат» (жеті ша-тыр) пен «Семь палата» (жеті сарай) сөздерінің ұқсастығына да назар аудару қажет. Жалпы, орыс әскері келердің алдында бұл жерде (1635­1758 жылдары) қалмақтың Зордшинхийд қаласы тұрған еді. Бұл қалашық жоңғар мемлекеті күйреген соң, өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. Аталған деректерге қарағанда, Семей қаласына 300 жыл емес, 1177 жыл болады.

Сондықтан жоғарыдағыдай үстірт шешім қабылдамас бұ­рын, кәсіби тарихшылар мен ар хе ологтардан жасақталған зерттеу тобын құрып, ғылыми нәтижелерді қоғамға жеткізудің маңызы зор. Бұл тарапта се­мей лік ғалымдар зерттеу жұ­мыс тарын ұзақ жылдардан бері нәтижелі жүргізіп келе жатыр. Осы ретте қала тарихының көне бастауы туралы археолог А.Исин, тарихшы М.Кәрімов, өл кетанушы Ә.Сәдуақасов бас ­таған кәсіби мамандар да көте р­ генін айта кеткіміз келеді. Ел ­басы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркін­де гі шаруа. Біреуге өзіңнің көз­қарасыңды еріксіз таңуға еш­қашан болмайды. Бізге тарих ту ралы өздерінің субъективті пай ымдарын тықпалауға да еш кімнің қақысы жоқ», деді. Біз дің қалаларымыздың басым бөлігі Ұлы Жібек жолының бойында жатқандықтан тари-хи жастары да шамалас. Яғ­ни, мыңжылдық тарихты х а­лық аралық қоғамдастыққа дә­лел денген Түркістан, Тараз, Алматы қалаларын атасақ та жеткілікті. Семей қаласының жаңа төлтаңбасында да осы көне тарих көмбесі көрініс тап-са дейміз.

Айдын ЫРЫСБЕКҰЛЫ,«Туған қалам – Семейім!»

қоғамдық қорының төрағасы

СЕМЕЙ

ОҚЫРМАН«ХАТ ҚОРЖЫН»

Семейдің жаңа төлтаңбасы қашан қабылданады?

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан хал қына Жолдауында діни экстремизм зар­ д ап тарының алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желілерде оның жолын кесу, ра ди калды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке мүлде төзбеушілікті қа лып тас ты ру мәселелерін айтқан болатын. Бұл рет те жат ағымға ерген азаматтарды тео ло гиялық тұрғыдан сауаттандыру да аса ма ңызды.

Еліміздің дін саласындағы мемлекеттік сая сатының 2017­2020 жылдарға арналған тұ жырымдамасы бекітілгені белгілі. Бұл өз кезегінде дін қызметкерлері үшін айту-лы жаңалық болды. Енді аталмыш тұжы­рым даманы іске асыру, нақты шешім дер қа былдау арқылы қоғамдағы оң пікірді қа­лып тастыру күн тәртібіндегі өзекті мәсе ле. Осы орайда Тараз қалалық мәдениет үйін де Қа зақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігі Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік­кон­фессияаралық байланыс секторының мең­ г е ру шісі Ғалым Шойкиннің қатысуымен кез-десу өтіп, онда дін саласындағы мемлекеттік сая саттың басым бағыттары талқыланды. Жи ынға аудандар әкімдерінің орынбасарла­ры, облыстық деңгейдегі басқарма басшыла­ры, діни бірлестік өкілдері мен жастар қа­тысты. Жиынды Жамбыл облысы әкімінің

бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жүргізіп отырды.

Облыстық дін істері басқармасының бас шысы Жангелді Омаровтың айтуынша, бүгінгі таңда облыста мемлекеттік тіркеуден өткен 341 діни бірлестіктер мен филиалдар болса, оның ішінде 295 мешіт пен 45 шіркеу және 1 өкілдік бар. Мешіт имамдарының да біліктілік деңгейі аса төмен емес. Мәселен, облыстағы имамдардың 13,6 пайызы жоғары білімді, 39,3 пайызы орта білімді және 47,1 пайызы сауат ашу курстарын бітіргендер. Алайда бүгінде Әулиеатаның 14 мешітінде имам жоқ. Дегенмен, жыл сайын мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүр гізіліп келеді. Облыс аумағындағы діни бір лестіктерде қызмет атқару мақсатында 9 шет елдік азамат миссионер ретінде тір­ к еу ден өткен болса, бүгінгі таңда олар­дың да қызметі тұрақты бақылауда екен. Со нымен қатар интернет кеңістігінде діни экс тремистік және террорлық мазмұндағы ақ па раттардың таралуының алдын алу да ма ңызды мәселе. Бірақ жыл басынан бері 1560 күдікті сілтеме анықталып, Дін істері

және азаматтық қо ғам министрлігінің Дін істері комитетіне сараптамаға жолданған. Нәтижесінде 291 сілтеме бұғатталып, қалғандарының жауабы кү тілу үстінде екен.

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» облыстық орталық мешітінің медресесінде бүгінде 52 азамат діни білім алуда. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқар ма сы­ның облыстағы өкілі, аталған мешіттің бас имамы Данияр Жұмабаев өңірдегі мешіт тер­дегі ахуалдың тұрақты екенін айтты.

Өз сөзінде Ғалым Шойкин жоғарыда атал ған тұжырымдаманың қабылдануына бай ланысты жасалған алғашқы қадам ре­тінде «Қазақстан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне діни қызмет және ді ни бірлестіктер мәселелері бойынша өзге­ріс тер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзір леніп, жалпыхалықтық талқылауға ұсы­нылып жатқанын айтып өтті. Бұл орайда жергілікті мемлекеттік қызметшілер мен дін саласы мамандарының пікірлері тыңдалды.

Жамбыл облысы

...пікір білдіреді

Батыл да байыпты жазыла бастадыМен сексеннің ортасына аяқ басқан еңбек ардагерімін. Ұстаздық

білім берген институттан кейінгі саяси ой­өрісімді, білім­білігімді арттырған, пайым­парасатымды толықтырған күнделікті басылымдар менің жан азығым, ғұмырлық университетім болды. Сол ғұмырымда алдымен «оразамды» «Егемен Қазақстанның» беттерін па рақтаумен аша-мын. Бұл әдеттен айныған күнім болған емес. Өйт песем қоңылтақсып, қымбатымды жоғалтқандай «ашқұрсақ» жү ремін. Өйткені кең­байтақ республикамыздағы күнделікті саяси, эко номикалық көрсеткіштер, кадрлық және шетелдегі жаңалықтар ал дымен осы газетте байыпты ба-яндалады. Басылым танымдық тал дамаларды, ұлттық болмысымыздың күнгейі мен көлеңкелі жақ тарын ғылыми тұрғыда батыл да байыпты жаза бастады. Ұлттық ерекшеліктеріміз, ұлағатты қайраткерлеріміздің жасампаз іс­әрекеттері кеңінен баяндалатын болып жүр.

Қысқасы, «Егеменнің» әр саны еріксіз сағынтатын құтты қонақ қа, өзіне тәу еттіретін «сиқыршыға» айналып барады. Бұл рухани жаң ғыру қозғалысы кезіндегі ұжымның насихатшылар көшін бас тау ға ден қойған игі қадамы. Оқырманының жан азығына айналған ға сыр лық тарихы бар бас басылымға осы жылға жазылу науқаны жал ғасып жатыр. Бұл орай-да мен тұратын кенттегі 20­дан астам арда гер аса белсенділік танытып отыр. Өздері түгел жазылып, өзгелерді де, жастарды да үгіттеп жүр.

Орайы келгенде айтарым, шетелдік оқиғалар туралы материалдар жиі жазылып тұрса екен. Сосын ел өміріне, дәстүрімізге, эконо ми к а­мыз ға жат қылықтар дәйекті де батыл жазылса екен. «Сөз сойылды» асы ға, сағына күтеміз. Оның ішінде нақты фактіге құрылған дүние болса оқырман қызыға түсер еді.

Сұлтанқазы ҮСЕНОВ, еңбек ардагері

ҚЫЗЫЛОРДА

...мәселе көтереді

Төлемақы қабылдаудағы шикілік...Таяуда бір танысымызбен жолығып қалдық. Пайдаланған электр

энергиясына төлем жасап келе жатқан беті көрінеді. Жүзінен ашудың табын байқап, сабырға шақырып, істің мән­жайын білмек болып, әңгімеге тарттық.

– Ай сайын тиісті мекемеге барып, пайдаланған электр энергиясы-на төлем жасап тұрамын. Бүгін барғанымда қызметші қыз пайдаланған элек тр энергиясына қосымша тағы да 70 теңге төлеуім керек екенін ес кертті. «Не үшін?» десем, «көрсеткен қызмет үшін» дейді. Сонда қалай, ол бізге көрсеткен қызметі үшін ай сайын тұрақты еңбекақы алып отырған жоқ па?

Меніңше, бәрін «осылай екен» деп нарыққа жаба беруді қоюымыз керек. Айталық, біз тұрып, өмір сүріп жатқан аудан бойынша 60 мыңнан астам халықтың күнделікті электр энергиясын тұрақты пайдаланатыны белгілі жайт. Осындағы 10 мыңның үстіндегі тұрғын үйде 11 мыңнан көп отбасы жоғарыда біз айтқан электр энергиясын тұтынады екен. Сонда әр тұтынушыдан 70 теңгеден алғанның өзінде, ай сайын қанша қаржының мекеме кассасына түсетінін өзіңіз есептей беріңіз.

Біреудің қалтасындағы қаржыны санаудан аулақпыз. Алайда, бес саусақтың бірдей еместігі секілді, тұтынушылардың бәрі бірдей төлем төлеуге қабілетті емес екендігін де ескеруіміз керек емес пе?

Менікі дұрыс екен деп, өзім білемдікке салынып, заңды, заңсыз бүйректен сирақ шығара беру де жөн емес­ау...

Бір мезгіл халықтың жағдайына қарағанға не жетсін!

Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,зейнеткер

Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауданы

...ой бөліседі

Жастай берген тәрбие абзалҚазіргідей озық технологиялар, жаһандану үрдісі тамырын терең­

ге жайып, бәріміз ұлттық құндылықтардан қол үзіңкіреген тұста ердің құнын бір ауыз сөзбен шешкен халқымыздың шешендік, ұлағатты сөз­дерінің қадір­қасиетін жан­тәніңмен ұққандай боласың. Осыған қа­рап­ақ баланың ұядан қанат қағып ұшып, азамат санатына жеткенге дей інгі тәлім­тәрбиесіне аса ықтиятты, жауапты болғанын аңғарамыз. Ерте ден қара кешке дейін компьютерден түспейтін жастардың бойы-нан инабаттылық, сыпайылық, мейірімділік қасиеттердің жетіспейтінін көріп, осылар неге қатыгезденіп барады деген суық ойдың сумаңдап қоя беретіні бар.

Мектеп жасына жеткен баланы ата­анасы ұстаздар қауымына сеніп тапсырады. Ұстаз үшін нағыз сын басталады. Осы үдеден көріну оңай емес. Аянбай еңбек ету, тер төгу аз. Ата­анамен үнемі тығыз қарым­қа­ты нас жасай отырып, сапалы білім берумен қатар рухани жағынан жан­жақты кемелденуіне де ерекше мән берген дұрыс. Қазіргі таңда ұс таз дар оқушыны дербес тұлға ретінде қалыптастыру, сыни ойлау жа ғына көбірек ойысып кетті де, тәрбиенің кемшіндігі осындайда бай қалып қалады.

Кей ұстаздар да білімді алдыңғы орынға шығарып, тәрбие жағын ұмытып қалдырып жатады. Баланың болашағы жарқын, келешегі ке-мел болсын десек ұлттық тәлім­тәрбиенің тұнып тұрған асылдары мен інжу­маржандарын теріп алып, бойларына сіңіре білейік дегім келеді. Мектепте білім мен тәрбиеге қатар көңіл бөлінсе, ел қорғаны, қалқаны болатын азаматтардың қатары қалыңдай түсері сөзсіз.

Гүлнарай ТАЛАСБАЕВА, М.Ахметбеков атындағы

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы

...алғыс білдіреді

Науқастың жанына шуақ шашқанАлты баланың анасы Орынша Ермағамбетқызына биылғы қазан ай-

ында күрделі ота жасалынып, құдіретті Жаратушының және ота жа саған дәрігерлердің біліктілігі арқасында аман қалды. Отаның сәт ті жасалуы-на және отадан кейінгі жағдайын қалыпқа келтіруге барын салған Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері қыз меткерлері – онколог Тайман Аманов, хирург Руслан Сәйденов, мейірбикелер Шынар Төлегенова, Мейрамгүл Рахметова, Бақытжамал Мақпозова, Толқын Қошқароваға алғыс білдіреміз. Анамыздың айтуынша, бұл дәрігерлер әр науқасқа айрықша ілтипатпен қарап, науқастың жан дүниесіне шуақ шашқан ерекше жандар екен. Ақ желеңді абзал жандардың отбасына ынтымақ, бақ­береке тілейміз!

Хадиша СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ

Батыс Қазақстан облысы,Шыңғырлау ауылы

...жаңалығын жеткізеді

Мектепке ұлағатты ұстаздың есімі берілді

Шайыр ауылындағы орта мектепке Маңғыстау өлкесіне танымал, «Білім беру ісінің үздігі» Тұрар Жалғасбайұлы есімі берілді. Тұрекеңнің ал дынан сан алуан шәкірттер өтті. Барлығы да білімді және ел тұтқасын ұс таған ел азамат-тары болды. Ұлағатты ұстаз 1950­1987 жылдар аралы ғын да осы мектептің директоры болып ерен еңбек етті. Аудандағы білім жүйесін алғашқы құрушылардың бірі болды. Еңбек жолын өз ауылында мұғалімдіктен бастап, Қызан, Шебір, Жармыш бастауыш мектептерінің меңгерушісі, Ауыздыбас орта мектебінің директоры болды. 1964 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» атағын, 1974 жылы «Еңбек ардагері» медалін иеленді.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы

–––––––––––––––––––––––––––––Ұлы даламызда ғасырлар бойы қалыптасқан ілім нұры, білім шуағы ислам дінімен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз қалт жібермей орындаған бес парыз – өмірде өнеге өрнектері арқылы өріліп, Құдіретті тануда даналық пен кемелдікке бас- тайтын жол. Дегенмен, бүгінгі таңда ұлы діннің ұлағатын ұғынбай, жат ағымға еріп жүрген жастардың да бар екені шындық. Бұл орайда баба дінімізді насихаттауда, жастарға оң бағыт көрсетуде мешіт имамдарының алатын орыны үлкен.–––––––––––––––––––––––––––––

Әулиеатаның он төрт мешітінде имам жоқ

Page 8: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

8 4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛБІЛІМ

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

– Жалпы, мектеп мұражай­ларының оқушылардың бел сен­ді, ізденімпаз болуында, шы­ғармашылықпен шұғыл дануында атқаратын қызметі зор. Туған елі нің тарихын, салт­дәстүрін та­ну ға, атамекенін сүюге баулуда ма ңызы ерекше, – дейді №4 мек­теп­гимназиясының директоры Ба заркүл Сағындыққызы.

2004 жылы ашылған мектеп та рихы музейінен мектептің ке­ше гісі мен бүгіні туралы мол мағ­лұмат алуға болады. Мұражай мең герушісі, осы мектепте 42 жыл ұстаздық етіп келе жатқан, елі міздің білім беру ісінің үздігі За би да Смағұлованың айтуын­ша, му зейде Ұлттық архив қоры­мен бай ланыс, жәдігерлерді жа­ңарту, толықтыру, зерттеу жұмыс­тары тұрақты жүргізіледі. Осы іспетті музей дерекнамасына на зар аударсаңыз, Астанадағы ал ғашқы білім ордаларының құ­рылу тарихымен де танысқан дай боласыз. Мәселен, бұл мек теп мешіт жанындағы медресе ретінде алғаш рет 1907 жы лы жұртшылық

қар жысына салынған екен. Бала­лар молда алдынан тәлім алып, діни сабақтармен бірге араб тілін үйренген. 1909 жылы Қазан қа­ласындағы «Мұхамедия» мед­ресесін тәмамдаған, Орынбор қа л а сындағы мұғалімдер семи­нариясын бітірген білімді қазақ зия лысы Ғалымжан Құрмашевтің ке луімен оқу бағдарламасына ариф метика, жаратылыстану, ана тілі сабақтары енгізіледі. Осы уақытта оқушылардың саны 70­тен асып, балалар сыныпқа бө лі ніп оқи бастайды. Оқу­тех­никалық базасын нығайту мақ­сатында жұмыс жүргізіліп, 1911 жылы ағаштан мектептің екін­ші ғимараты тұрғызылып, осы жылдан бастап оқуға қыздар да қабылданады. Сол алғашқы ғи­марат елордадағы Отырар мен Қорқыт көшелерінің қиы лы­сында әлі күнге дейін сақталған. Бір жылдары бұл мектеп ғима­раты Колчак әскеріне госпиталь ре тінде де пайдаланылып ты. Ғ.Құрмашев сол бір аумалы­төк пелі заманда қамауға алын­са да, сүзекке шалдықса да өлкедегі халық ағарту ісіне зор үлес қосқан айтулы тұлға.

Ол С.Сейфуллиннің серіктесі болып, мектеп жанынан ауыл мұғалімдерін даярлайтын қысқа мерзімді курс ашқан. Жұбайы, Ленин орденінің иегері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Әсмә Қарабекқызы да білім беру саласына айтарлықтай еңбек сіңірген жан. Міне, осы іспетті құнды деректердің бір парасын музейге олардың ұрпағы Ләйла Ғалымжанқызы тапсырған екен.

Ұлттық мектептер жаппай

жа бы ла бастаған кезде қаладағы жал ғыз қазақ мектебінің ұстазда­ры, еңбек ардагерлері оқуға ба ла­лар ды үй­үйден жинап, ерлікпен пара­пар жұмыс атқар ғанын да айрықша атап өткен ләзім.

Ал Абай мен Жамбыл мұра­жайына «Жамбылтану» пәнінің мұғалімі Дариға Мұстафина же­тек шілік етеді. Былтыр Дари­ға Омар байқызы «Жамбыл» мұра жайын жаңғырту әрі байы­та түсу мақсатында Алматы

облы сын дағы Жамбыл ауданын­да орналасқан Жамбыл музейі­не оқушыларымен бірге саяхат­тағанын жеткізді. Сапар бары­сында астаналық оқушылар жыр алыбына жолдас болған киелі қызыл жолбарысқа қойылған ескерткішті тамашалаған, ха лық аузындағы аңыздарға қа нық ­қан, ақынның пірі болған Сүйін­байдың 200 жылдық мерейтойы аясындағы тағылымды шараларды көріп, Қарасай, Сұ ран шы, Саурық

сияқты ерлер туралы мол мағлұмат алған екен. Қос ақынның нақылға то лы сөздері мен еңбектеріне, зерт теу материалдарына толы бұл мұражайларда оқушыларға «Абай тану», «Жамбылтану» курс­тары өтеді. Оқушылар музей іші нен өздеріне қажетті ақпа­рат ты алып, білімдерін толық ты­рады, рухани күш­қуат жинай ды. Мұражайларда белгілі қай рат­керлермен кездесулер жиі өте­тінін де айта кеткен жөн. Осы ған дейін Шерхан Мұртаза, Мұх­тар Шаханов, Мырзатай Жол­дасбеков, Тоқтар Әубәкіров, Бек­болат Тілеухан, Серік Тұр ғын­беков сынды көптеген белгілі тұлғалар оқушылармен риясыз әңгімелесіп, мектеп қонағы болған екен.

Музей қоры жекелеген ұйым­дар мен тұлғалардың тар туымен, сондай­ақ жинақ тау жұмыстары және арнайы ұйымдастырылған этногра фия лық, тарихи, жараты­лыстану экспедициялары бойын­ша толықтырылып отырады. Ай­та кет кен абзал, бұл мектепке елор да Арқа төсіне қоныс аудар­ған жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та келіп, мек теп тің оқу­тәрбие үдерісін оң бағалаған. Мектеп музейінде осы бір ерекше кездесу де көрініс тап қан. Сон дай­ақ «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» дегендей, мектебіміздің ардагер ұстаз дары жиі қонақта болып, ата дәстүріміздің ма ңы зын жас жеткін шектер бойы на сіңіруде, дейді мектеп басшылығы.

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

Мұражайы көп мектеп–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордадағы 110 жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепішілік мұражайларды дамыту ісін жас ұрпақты ұлттық танымда тәрбиелеуге тиімді пайдаланып келеді. Бір ғана білім ордасының өзінде Абай, Жамбыл және мектеп тарихы мұражайлары жұмыс істейді. Жуырда мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, аталған мұражайларымен де танысқан едік.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе аймағында үш ауысымда білім беретін 24 мектеп бар. Бұл жайт білім беру стандарттары мен нормаларына сәйкес келмейтіні аян. Сондай­ақ қауіпсіздік талаптарына қатысты алғанда да мұның қайшы келетін тұстары көп. Осы арада ең алдымен үш ауысымды мектептердің пайда болуына әкеліп соқтыратын басты факторларды айқындап алғанымыз жөн. Мұның өзі біріншіден, белгілі бір аймақтағы тұрғындар санының өсуінен , ішкі көші­қон үдерісінің артуынан және отандастарымыздың атамекеніне ора­луынан пайда болатын табиғи үдеріс. Айталық қазіргі кезде Ақтөбе қаласында және облыс аудандарында үш ауысымда оқытатын мектептердің жойылмауына осы айтылғандардың қай­қайсысы да әсерін тигізіп отырғанын аңғару қиын емес. Мысалы, өткен күз айында облыс орталығында 1200 бала оқитын №6 Ғұбайдолла Ақтаев атындағы орта мектепте болғанбыз. Мұнда біз мұғалімдермен кездесіп, ой­пікір алмасқан едік. Сонда көзіміздің жеткені, мектептегі оқушылардың денін Өзбекстаннан қоныс аударған ағайындардың балалары құрайды екен. Сол кезде мектептің үш ауысымға ауысып кете жаздап, әупіріммен әрең тұрғанын аңғарып қалып едік. Тіпті бұған дейін мұндай жағдай бірнеше рет орын алыпты. Бұл қолайсыздықтан іргелі білім беру шаңырағы өз оқушыларының белгілі бір бөлігі жаңадан ашылған мектептерге ауысуы арқылы арылыпты.

Дәл осындай көрініс күні кеше Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында орын алғанына куә болып оралдық. Шағын ауыл мектебі ғимаратында 1000­нан астам жеткіншек сығылысып оқып келіпті. Орынның тым тарлығынан мектеп басшылары дәлізді кабинет жасауға мәжбүр болыпты. Осындай жағдай мұғалімдер бөлмесін жасақтауға да мүмкіндік туғызбапты. Құрқыл тайдың ұясындай орында үш ауысымды оқыту үдерісі жүргізілген жағдайда оның сапасы және қосымша сабақтар өткізу жөнінде әңгіме қозғаудың өзі артық. Жоғарыда айтып өткендей, мұндай күрделі жағдайдың қалыптасуына ауыл тұрғындары санының өсуі, отан дастардың Сарыжар ауы­лына келіп орналасуы әсер етіпті. Бір жақсысы, тәуелсіздік күні қарсаңында мұндай ыңғайсыздық жойылып, мектеп екі ауысымдық жүйе тәртібіне ауысты. Жағымды жайт Сарыжарда «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 320 орынды 3 қабатты жаңа мектептің пайдалануға берілуі арқасында мүмкін болды. Сөйтіп алдыңғы айтылған мектеп ғимаратына түсіп отырған ауыр жүктеме біршама азайды. Жаңа мектептің жобалық құны 697 миллион теңгені құрайды. Мұнда дербес пән кабинеттері, компью­тер сыныптары, кітапхана, спорт және мәжіліс залдары заманға сай жабдықталған. Бұған қоса интерактивті­мультимедиалық құрал­жаб дық тар орнатылған.

Өңірде қабырғасы ағаштан тұрғызылған немесе қамыс пен саманнан, тастан салынған мектептер де жоқ емес. Алайда, облыс аумағында кеңінен қарқын алған жаңа мектеп құрылыстары бұрынғы шаруашылық тәсілмен тұрғызылған ескі мектеп ғимараттарын ауыстырады. Мысалы биыл өңірде 31 мектептің құрылысы бастал­са, соның 12­і бүгінге дейін пайдалануға берілген. Жыл аяғына дейін тағы да үш мектеп есіктерін оқушыларға айқара ашады деп күтілуде.

Ал құрылысы жүргізіліп жатқан және пайдалануға берілген мектеп ғимараттарының басым бөлігі оқу үдерісі үш ауысымда жүргізілетін білім шаңырақтарын ауыстырмақ. Үш ауысымдағы мектептер қатарын азайту және жою үшін қазір облыс аумағында жаңа мектеп ғимараттары бой көтеріп келеді. Соның бірі 600 орындық мектептің құрылысы Алға қаласында жүргізілуде. Бұған қоса мектеп жанынан 100 орындық интернат салынуда. Бой көтерген жаңа мектеп ғимараты жеті бөліктен тұрады. Аталған құрылыс жаңа білім беру стандарттарының барлық талаптарына сәйкес келеді. Бұл білім шаңырағы пайдалануға берілген кезде 1500 адам тұратын жаңа құрылыс ауданындағы үш ауысымдық оқу мәселесі өзінен өзі реттелмек. Түйіп айтқанда, облыста үш ауысымдық мектептер проблемасын түбегейлі шешу жөнінде кешенді жоспар бекітілген. Мұнда жоғарыда айтылып өткендей жанында интернаты бар мектептер құрылысына басымдық беру қарастырылып отыр.

АҚТӨБЕ

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Мақсат – үш ауысымды жою

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақ ­са тында облыста қолға алын ған «Менің мектебім» акциясы ая сын­да Тарбағатай ауданының Жеті­арал ауылындағы орта мектепте «Робот техникасы» кабинеті ашыл­ды. Заманауи үлгідегі каби нетті ашуға ұйытқы болған, қа жет ті құрал­жабдықтармен жаб дық тауға 1 милли­он теңге көле мін де қаражат аударған осы мек тепті 1978 жылы бітірген тү ­лек тер екен. 40 жылға жуық уа қыт бұрын білім ордасынан қа нат қаққан түлектерді кіндік кескен мекенге бүгінде Алматыда тұратын Қанатбек Қажыбеков пен Талдықорғанда еңбек етіп жүрген Болат Абаған сынды азаматтар бастап келіпті. «Қайда жүрсек те, қай жерде қызмет атқарсақ та туған жерімізді, өскен елімізді, ауылымызды, білім нәрін сепкен мектебімізді ешуақытта естен шығарған емеспіз. Кез келген адам­ның жүрегінің түкпірінде сақталатын, бойына қуат беріп, көңіліне шуақ ша­шып тұратын сезімдер болады. Соның ең ізгісі туған жерге деген сезім бол­са керек. ХХІ ғасыр – ақпарат жаңа технология мен бәсекелестік ғасыры. Сол бәсекелестіктен шалғайдағы ауыл балалары да қалмаса, замана көшіне ілессе деген тілекпен осындай игі істі қолға алған жайымыз бар», деді

«Робот техникасы» кабинетінің ашы­лу рәсімінде сөз алған осы мектептің түлегі, бүгінде Жетісу топырағында қызмет атқа рып жүрген белгілі журналист Бо лат Абаған. Жетіарал мектебінің 1978 жылғы түлектерінің бірі, кәсіп кер Қанатбек Қажыбеков өз дері әкелген роботтар бастауыш және жоғары сыныптарға ар налғанын, оның кейбір жаб дықтарын Санкт­Петербургтен ар найы алдырғандарын айтады. «Ауылдағы соңымыздан ерген бауырларымыз бен қарын дас­тарымыздан аяйтын неміз бар деп ең сапалы роботтарды таң дап, арнайы бағдарламасы мен нұсқаулығын қоса ала келдік. Нұс қаулықтың ішінде барлығы мұ қият жазылған. Онда 17

жоба бар. Балалар соны құрастыруы тиіс. Осыны меңгерсе елімізде өте­тін жарыстарға қатыса алады», дейді ол. Жетіаралда былтыр ғана ашылған 300 орындық су жаңа мектептің физи­ка пәнінің мұ ғалімі Серік Ауғанбаев жақында Өс кеменге 15 күндік оқуға барып, ро боттармен жұмыс істеудің қыр­сырына қанығып келіпті. Білген­түйгенін оқушыларға үйретуге әзір екендігін жеткізді. Салтанатты ша раға қатысқан аудандық бі лім бөлімінің басшысы Самал Да уытбаева «Робот техникасы» ка бинеті Тарбағатайда ең алғаш бо лып Жетіаралда ашылғанын ерек ше атап өтіп, жақында арнайы штат бөлінетіндігін тілге тиек етті.

Қазір Шығыс Қазақстанда об лыс

әкімінің бастамасымен «Ту ған мек­теп» атты ауқымды акция жүзеге асы­рылып жатқаны бел гілі. Шара аясында аймақтағы білім ошақтарын Назарбаев зият керлік мектебі үлгісіндегі физика, химия, биология және «робот тех­никасы» кабинеттерімен жабдық тау жоспарланған. Тарбағатай ауда нының әкімі Ділдәбек Ораз баев өңірдің сырт­та және облыс аумағында жүрген азаматтары атал ған акцияға белсене қатысып, өздері оқыған мектептеріне 75 миллион 270 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткенін айтады. Бұл қаржатқа аудандағы 17 мектептің сыныптары жабдық талмақ. «Игі мақсатты көздеген акция ға еңкейген кәріден еңбек теген балаға дейін атса­лысып, өз үлес терін қосып жатыр деу­ге болады. Ауданымыздың ең ірі елді мекендері – Ақжар мен Ақсуат ауыл­дарында түлектер фо румын өткіздік. Форумға әрісі Алматы мен Астанада, берісі Өске мен мен Семейде еңбек етіп жүр ген Тарбағатайдың тумала­ры қатыс ты. Олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктеріне тәнтіміз. Тіпт і 70­ке келген ақсақалдар да «Мен осы мектепті бітіріп едім» деп қолда барын әкеліп, қолдауын біл діріп жа­тыр», дейді аудан әкімі.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы

Суретті түсірген автор

БӘРЕКЕЛДІ!

Түлектер тартуыЖетіаралда «робот-техника» кабинеті ашылды

Сүлеймен МӘМЕТ,«Егемен Қазақстан»

Жақында ұстаздар қауымының еңбегін танытқан кітап жарық көріп, жұрттың қолына тиді. Көлемді дүние «Ұстазға тағзым» деп аталады.

Жинақтың алғысөзін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева жазыпты. Абай өсиет етіп кеткен «толық адамды» қалыптастыратын, үлгілі де тәрбиелі етіп шығаратын ұстаз екенін айтып, М.Әуезовтің ұстаз «ұлы есім» дегенін алға тартады.

Ұстаздар кітабында 130­ға таяу ұрпаққа білім берген аяулы жандардың өмір жолы, жеткен жетістігі, алға қойған мақсаттары баяндалады. Са бақ берудегі әдіс­тәсілдері де назардан тыс қалмаған. Аста на ұстаздарының арасынан шық қан «Ыбырай Алтын са рин» төсбелгісі иегерлері молы нан қамтылған екен. Тек қазақ мектептерінің ұстаздары ғана емес, орыс мектептерінде қыз мет жасап жүрген үлгілі де өнегелі азаматтардың өмір жо­лы да қамтылыпты. Бір сөзбен айтқан да, ұстаздар қауымы ту­ралы жинақтан алар тағылым, мәлімет аз емес. Төрт жүз бет­тен аса жинақты құрастырып, өз қар жысымен шығарған, бүкіл санал ы ғұмырын білім беру сала­сына арнаған Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері Оспан Сүлейменұлы екенін айта кеткеніміз абзал.

Ұстаздар кітабы

Жалпы, біз Білім және ғылым ми­нистр лігінің білім саласына ен гізіп жатқан жаңалықтарын, со ның ішінде, жаңартылған бағдар лама мәселелерін құптаймыз. Ж а ңар тылған бағдарлама – жас жеткіншектердің дамуына, оқушы ның ой­өрісінің өсуіне, оның функ ционалдық сауаттылығын арт­тыруға даңғыл жол ашып отыр.

Оған қоса, оқулықтар мен оқу­әдіс темелік кешендердің қоғам дық пікірді, ата­аналардың талаптары мен ел зиялыларының көз қарастарын ескере отырып, жыл сайын қайта шығарылуын да құп тарлық іс деп санаймыз.

Әйткенмен, жаңартылған бағ­дар лама жоба ретінде мектептерге жол тартқанда, ол мұғалімге үлкен жүк болып жетіп отыр. Жалпы, мек­тептерге жоба емес, оның жан­жақ­ты ойластырылған нұсқасы келуі ке рек еді.

Бұрнағы жылы кей мәселелер әлі түсініксіз болды, бірі орында лып, бірі іске аспай жатты. Ал ұстаздар тап былтырғыдай қина ла қоймаған еді. Өткен жылы мәсе леге жан­жақ­ты қарап, барлық жұ мыс ты қолға ал ған кезде жағдай күр деленіп кетті. Рес публика бойын ша топ құрып, бір­бірімізбен бай ланысқа шыққалы тәжі­рибелі мұ ға лім үшін де, жас маман үшін де ұйқысыз түндер мен шарасыз әре кеттер жүйкеге күш болып түс ті. Күнді түнге айырбастаған кей әріп­тестеріміз түнгі екі­үште хабарласып жатады.

Біз үшін бүгінде не қиын? Бірін­шіден, әр іс­әрекетімізге есеп беру,

әр өткізген жұмысымызға сараптама және модерация жасау; екін шіден, қаптаған қағаздарды шығару. Сон­дықтан салалық ми нис трліктен мына мәселелерді же ңілдету шараларын қарастыруды сұрар едік. Біз дің тамыз айында ұзақ мерзімді жос пар жасауға, биылғы оқу жылына арналған үлгілік оқу жоспары мен жаңа оқу жылына нұсқаулықты шы ғарып алуға шама­мыз жетеді. Ал орта мерзімді жоспар (оқу жоспары) тым көп болғандықтан, электронды нұсқасын пайдалануға, қысқа мерзімді жоспардың орны­на жан­жақты талданып жасалған (авторларға алыс!) оқулыққа әдіс­теме ліктерді қолдануға рұқсат етілсе деген тілегіміз бар. Ал бүгінгі өткен сабаққа сараптама, модерация, ата­анаға рубрика тәрізді жұмыстар мүл дем алып тасталса, нұр үстіне нұр болар еді. Сондай­ақ оқушы порт фолиосының талаптарын же­ңіл дету, жоғарыдан келіп жатқан тек серістердің әдістемелік көмекке ауыс тырылуы сұралады. Бұған қоса, тест тік жұмыстар үшін оқушыға және ұстазға жеке дәптер шығарылғаны жөн болар еді. Сыныптағы 25 балаға бір тесттік жұмыс үшін (ата­анаға рубриканы қосқанда әр оқушыға кемінде үш бет) 75 парақ қағаз ке­рек, бір тоқсанда азы 20 тест, нәти­жесінде, 1500 парақ қағаз (3 пәшке) қажет. Әр ұстаз картридждің бояуын есептемегенде, бір тоқсанда 6­7 пәшке қағаз жұмсайды. Жас маман үшін бұл үлкен шығын.

Бұдан басқа қиындықтар мен шығын дарды (күнделік.кз; мектеп те

ғаламтордың нашар істеуі; жеке компьютердің жетіспеушілігі; интер­белсенді тақталардың жоқтығы не­месе толыққанды істемеуі; электрон­ды құрылғылардың ескіруі немесе уақ тылы антивирус қосуға қаржы бөлінбеуі) есептемеген күннің өзін де, егер жоғарыдағы айтылған мәсе лелер шешілсе, әр ұстаз «бү гін гі сабақ ты қалай өткізсем, қан дай ресурс тар іздесем» деумен оқу шы ның алдына жақсы көңіл хошымен ба рар еді.

Ұстаз үшін сабақты қызықты етіп өткізу; жеткіншектерді рухани тұр­ғыда тәрбиелеу; ертеңгіліктер өткізу; оқушылардың дамуына жағдай жа­сап, түрлі шараларға, мектепішілік жұмыстарға қатыстыру; дәптерлері мен күнделіктерін тексеру; ата­ана­лармен жұмыс істеу; өз білімін кө­теру; жоғарыдан күнделікті келіп жат қан нұсқауларды орындау; т.б. іс­әрекеттер күн сайын атқарылатын жұ мыстар. Алайда, қазіргі таңда арқасына еселеп артық жүк түскен (жас мамандарды былай қойғанда) тәжірибелі мұғалімдердің өзінің жүрегі шайлығып отырған жағдай бар.

Білім және ғылым министрлігі рес­публика бойынша сабақ беретін 2­сы­нып ұстаздарының осы хатын аяқсыз қалдырмайды ғой деп үміттенеміз.

Жамал СМАҒҰЛ,2-сынып мұғалімі

Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Сәуле ауылы

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Жаңалықтарды құптаймыз десек те...

Page 9: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 9ЗЕРДЕ

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан»

Патша құлаған тұстағы қазақ қоға мы ның

саяси аренадағы белсенді іс-әрекеті негізінен Ташкент пен Ом бы қалаларында, артынан Орын бор да өт кені мәлім. 1917 жыл ғы ала-сапыранда қа ра пайым халықты қайтсе де өз жағына тар ту мақсатымен төң керісшілер (ағы да, қызылы да) олардың ең зәру мәселелерін ше шіп беруге тырысқан. Алаш арыс тары да осыны пайдаланып, оқу орын дарын ашуды талап еткен. Сондықтан да төңкерістен кейін қазақ даласының жер-жерлерінде оқу орын-дары ашылды. Мәселен, Омбыда 1918 жылы Колчак өкіметі Алашорданың өтінішімен мұғалімдік курс ашты. Оның алғашқы ди-ректоры, ақын Мағжан Жұмабаев болды. Жазушы Сәбит Мұқановтың сол курста оқы ғаны белгілі. Артынан бұл оқу орны Қызылжарға көшірілді. Қазіргі М.Жұмабаев атындағы педа гогикалық колледждің сүйегі сол оқу ор нынан.

Сол секілді Ташкентте қызылдар дың қолдауымен Алаш арыстары 1918 жылдың 5 желтоқсанында қа зақ балалары үшін өлкелік пе да гогикалық курстар ашыпты. Оның меңгерушісі И.Тоқтыбаев, мұға лім-дері Х.Болғанбаев, С.Қожанов, Қ.Ход жиков, Ф.Құлтасов және Е.Та бын баев болған. Осы тұлғалардың бәрі де артынан алашордашы ретінде Қы зыл империяның құрбандығына ұшы рады. Курстың меңгерушісі қы-зылордалық Иса Тоқтыбаев 1933 жы лы Мәскеудегі әскери академия да мұға лімдік қызмет атқарып жүрген жерінде ұсталған. Алаш зиялыларын зерттеп жүрген Мәмбет Қойгелдінің айтуына қарағанда, көп жыл қуғын көр се де осы кісі әйтеуір ажалдан аман қалыпты (М.Қойгелді, «Ай қын» газеті, 31.05.2013 ж). Ақмо лалық Хайретдин Болғанбаев та екі рет репрессияға ұшырап, 1937 жылы атыл ған («Бақ.кз», 26.09.2012 ж., Д.Асауов).

Ал басқа ағаларымыз туралы көп жа зыл-ғандықтан олардың жарқын есімдерін оқыр-мандар жақсы біледі ғой деп ойлаймыз. Біздің қолымызға түскен ташкенттік қа зақ зиялыла-ры құрастырған «Первый казахский инсти-тут в Ташкенте» деген құжаттар жина ғының 15-бетінде кел тірілген дерекке қара ғанда осы курс алдымен училищеге, артынан институтқа ай налған:

«1. Постановлением Мусульман ского комитета от 7-15 октября 1918 го да, утверж-денным Советом Наро д ного Образования 20 октября 1918 года № 34, при русском Педа-го гическом училище открыто Киргиз ское педагогическое отделение.

2. С 1-го июля 1919 года педаго гическое отделение выделено в с амо стоя тельное пе-дагогическое учи ли ще, которое с 1-го ок-тября 1920 года реорганизовано в Крае вой Киргизский Инс титут Просвещения с 4-мя основными, 3-мя подготовительными клас-сами и Образцовой школой при нем» (ЦГА РУз, ф.372, оп.1, д.60, л.5).

Тағы бір құжатта онда кімдердің са бақ бергеніне дейін көрсетілген. Құ жат тың ата-уы: «Краткие сведения о возникновении Казинпроса в Таш кенте». «В нем препо-давали: М.Тынышпаев, Х.Досмухамедов, С.Ход жанов, И.Тохтыбаев, М.Жума баев, К.Жаленов, Х.Болганбаев, К.Ход жи ков, Ф.Култасов, Е.Табын баев, С.Утегенов, А.Байтурсынов, Ж.Аймауытов, Д.Адилов, Д.Сарсенов и др». Осы институт 1928 жылы Алматыға көшірілген ҚазПИ.

Көріп отырғанымыздай Әли хан Бөкей-ханов пен Міржақып Дула тов тан басқа Алаштың арыстары төрт көзі түгел осы инс-титутқа са бақ берген екен. Әрине, алаш-ор да шы аға ларымыздың аттарын атаудың өзі айыпқа бұйырылып тұрған замандарда ҚазПИ-ді олардың ашып, са бақ бергенін айту мүмкін емес еді. Сондықтан, ҚазПИ-дің тари-хын 1928 жылдан бастаған ағаларымызға кі нә да таға алмаймыз. Бірақ қа зір заман басқа, заң басқа ғой. Құ дай ға шүкір, қазір өз қолымыз өз аузы мызға жеткен тәуелсіз елміз. Сон дықтан тарихи әділеттілікті орнатып, оқу орнының 1918 жылдан ашылғанын айтатын болсақ, оның қандай айыбы бар? Әзірге, ҚазҰПУ-дің жасаған «әділеттілігі» сол, оқу орнының тари-хы туралы анықтамаға алғашқы ұстаздардың қатарына А.Байтұрсыновтың есімін қосыпты. Ал қалған арыстар қайда сонда? Олардың қандай жазығы бар?

Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны ту-ралы негізгі деректерді Ташкент архивінен алып, кітап қылып жариялаған тарих ғылымдарының докторы, 30 жыл бойы Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық универ ситетінің тарих факультетінің деканы болған, профессор Сейдуәлі Тілеу құлов ақсақал бастаған топ. Олар құрастырған орыс тіліндегі аталмыш жинақта Қазақтың алғашқы жоға ры оқу орны 1918 жылы Таш кентте ашылып, 1928 жылы

Алма тыға көшірілгендігі архивтік құжат-тармен тайға таңба басқандай көрсе тілген... Бұл қазіргі айтулы оқу орнымыз – Абай атындағы Қа зақ тың ұлттық педагогикалық уни вер ситеті. Бірақ жоғарыда айтыл ғандай, алаш ордашылардың өздері нен де, істерінен де қашып, оқу ор ны өзінің құрылған жылын әлі күн ге 1928 жыл деп көрсетуде. ҚазҰПУ-дің Ташкент педагогикалық инсти тутының негізінде құрылғаны Қазақ энциклопедия-сында да аталып өткен (ҚСЭ., 6 том., 247 б, А-ты, 1975 ж.). Бірақ кейінгі, «Қазақстан» Ұлттық энци клопедиясында белгісіз се-беппен оқу орнының алғаш рет Таш кентте құрылғаны айтылмаған («Қазақстан» ҰЭ, 1 том, 286 б., А-ты, 1998 ж).

Оқу орны өзінің 75 жылдық, одан 2008 жылы 80 жылдық мерейтойларын да 1928 жылы ашылғандығымен санап, өткізді. Енді биыл, ашылғанына 100 жыл толғалы отырса да 90 жыл дығын атап өтпекші. Осының өзі та рих қа да, Алаш арыстары рухының ал-дында да қиянат.

Аталмыш жинақтан тағы бір маңызды деректер келтіретін болсақ, онда сол кездегі студенттер мен оқы тушылардың санына дейін көр сетілген: «Занятия начались с 1 октя бря 1920 г. (Бұл институт болған уақыты – Ж.С.) Количество учащихся к началу 1920 учебного года –224, к концу 1920 учебного года –202. К началу 1921 учебного года –221, к концу учебного 1921 года –178. Общее количество преподавательского состава 1920 г. 33 чело-век, 1921г. 33 человек». Сол жылдарда осын-ша қазақты оқытқан оқу орнын көзге ілмеуге бола ма?

Жинақтың 48-бетінде институт мұға -лімдерінің қазақ тілінде жаз ған ғылыми еңбектері мен автор лары ның тізімі берілген. Соның ішін де А.Бай тұрсыновтың «Қазақ әліп песі», екі бөлімнен тұратын «Қа зақ тілінің грамматикасы», М.Ду латовтың «Қа зақ хрестоматия сы», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі сөздігі теориясы мен атақты «Педагогикасы» осында жарық көрген.

1925 жылғы 20 мамырдағы бұй рық-пен КазИнПрос-тың сол кездегі директо-ры Сегізбай Айұзынов қыз метінен боса-тылады да, оның орнына Дәлел Сәрсенов тағайындалады. Осы жылдан Қазақ үкіметі жаңадан қазақ ЖОО ашу мәселесін қолға алады. Оны әуелде политехникалық инс-титут қы ламыз деп білікті адам дарға хаттар жа зыл ған (оның мәтіні де осы жинақта), бірақ артынан педа гогикалық институт ашуға тоқ таған секілді. 79-бетте осы педа-гогикалық институт туралы уақытша, ал 83-бетте түпкілікті ереже жарияланған. 1926 жылғы 2 мамырда ҚАКСР Халық комис-сарлар кеңесінің отырысында Ташкенттегі КазИнПросты Педагогикалық жоғары оқу орнына айналдыру туралы мәселе қаралады: «Бывший Казинпрос в г.Ташкенте считать преобразованным в Пед ВУЗ под названием «Казахский Пе да гогический Институт» де-ген қау лы алынады. Және осы қаулыда оның барлық мүлкі жаңа институтқа кө ше тіні айтылған. 1926 жылғы 13 шілдеде бұрынғы ректор Дәлел Сәр сенов қызметінен боса-тылып, оның орнына Темірбек Жүргенов тағайындалады.

Сөйтіп қазақ жастары арасынан алты жыл бойы мұғалімдер дайындап кел-ген алғашқы ағартушы институт енді педагогикалық оқу орнына айналыпты. 1926 жылғы 29 қазанда инс титуттың ашылу салтанатында Қазақстанның Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасов сөйлеген. Оның сөзі профессор Дихан Қам забеков құрастырған «Смағұл Сә дуақасов» атты қос томдық жинақта жа рияланған. С.Сәдуақасов өз сөзінің бір жерінде: «Я убежден, что будущий историк Казахстана, безус ловно посвятит особую главу в своей книге – от-крытию первого ка зах ского ВУЗ-а» депті. Өкінішке қарай, олай болмай шықты. Тұңғыш қазақ ЖОО-сы Қазақстанның жаңа аста насы Алматыға 1928 жылы көші рілгенде, Ташкенттегі барлық кезеңі ұмытылып, «болашақ тарих шылардың» бәрі оны ауызға да алмайтын болды. Туған жылын да 1928 жыл деп көрсетіп, Алаш арыс тары қызмет еткен 10 жыл жадымыздан өшірілді. Өкінішті...

Енді Алаш абыздары ақталған, Тәуел -сіз заманда Абай атындағы ҚазҰПУ өзінің шын туған күнін көр сететін уақыт жетті. Әрине, бұл дерек тен талай тарихшылары-мыз хабар дар болуы мүмкін. Ташкенттік ғалым дардың жоғарыда аталған жинағын да талайлар білетін болар. Тіпті, өзіміз де дәл осы деректі алғаш рет «Егеменге» 2007 жылы, одан кейін басқа басылымдар-да жариялаған едік. Алаш арыстарының еңбектеріне үлкен баға беріліп жатқан кезде олардың тағы бір зор еңбегін ұмытуға бол-майды. Қазақтың тұңғыш жоғары оқу ор-нына 100 жыл толғаны ұлтымыздың мерейі екенін ұмытпайық.

Алаштың алғашқы институтына 100 жыл

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жоғары оқу орнының ашылуы – өркениеттіліктің өріне шыққандықтың айшықты бейнесінің бірі. Алаштың арыстары өздеріне мүмкіншілік туғанда қолға алған ең алғашқы шаруаларының бірі де сол болған. Қазақтың оқу-білімге ынтызар жастарының талабын қайтсек тезірек қанағаттандырамыз деген олар қазақтың алғашқы жоғары оқу орнын Ташкент қаласында ашқан... –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Алмас НҮСІП,«Егемен Қазақстан»

«Рухани жаңғыру» бағдарлама-сына орай ластырып жергілікті әкім-шілік ұйым дас тырған «Киелі ме ке нім – Қа раталым» экс педиция сы ның бір мүшесі ретінде аудандағы басты-басты нысандарды аралап жүрміз. Бас қасы басқа, біз дің әу баста ғы наза рымызды аударып, ниетімізді оят қан Талдыбұлақ шатқалындағы осы Сурет тас болды. Бізбен бірге сапарға шыққан жер гілікті көнекөздер мен бірлі жарым тарих-шылардың аузынан осы күнге дейін зерттеуден, қорғаудан тыс қалып келе жатқанын естіген соң тіпті құмарттық.

...Жатаған саймен өрлеп келеміз. Әзірге таң балы тас кездесе қоярдай емес, ешқандай құз, жартастың сұлбасы байқалмайды. Он шақ ты шақырым жүрген соң, есігіне «Киелі мекенім – Қараталым» экспедициясы» деген эмблема жапсырған бірнеше «Нива»

ошарыла тоқтады. Үстіңнен міне түсердей, құлай кетердей құтыңды алып бағатын алып құздардай емес, ке-реге тастар «сен тимесең, мен тимен» деп, немқұрайлы қарап қойып, қырын жайғасыпты. Күн салып қарап тұрмыз. Тарихтың таңбасын іздеген түріміз.

Арқар, бұғы, жылқы, жабайы шош-қа, қасқыр, тауешкі, садақ тартып тұр-ған адам тайға таңба басқандай анық кө рі неді. Тағы бірнеше көмескі тартқан сурет тер бар. Атқа жегілген екі аяқты әскери арбаның суреті бар делінеді біздің қолға ұстатқан шағын кітапшада, бірақ біз қанша үңілсек те таба алмадық. Сірә, терең бір қолаттарда болса бо-лар. Олай дейтініміз, әлгі кереге тасты асып, келесі биікке жықпыл-жықпылмен көтерілгенімізде біз төменіректен көр-гендегідей шоғырланбаса да, бірлі-жарым сызылған суреттерді кез дестірдік. Тіпті, бір қалқада елеусіз қал ған жалғыз құлжаның суретін «мынаны мен аш-тым», деп, әзілмен өзіміздің аты мызға жазып алдық.

Суреттас аталған кереге тоза бас-тапты. Жоғарыдан төмен көз салсаң, бір қат парының аршыла бастағанын аңғаруға бо лады. Жақпар тастар құлап түспейді, аршылады екен. Енді сәл тұрса әлгі суреттің бәрі жоққа айналар-дай. Шытынай бастаған, қына басқан... Таңба, сурет салуға байырғы бабалар да кез келген тас атаулыны таңдай бер меген сияқты. Алдымен, қар мен жаңбыр шайып, күн мен жел жеп тас-тамайтындай ықтасынды таңдапты. Сосын, әрине, теп-тегіс, жып-жылтыр, мығым керегеге салған. Жердің де ғұмыр-жасы болатыны, Жер шарының қартайып бара жатқаны жайлы да-был қағылып жүр ғой, мына тастарға қарасаң, жердің де ескіретінін, тастың да тозатынын шындап түйсінесің. Әлгі бір бұрышта, бір құлаштай ғана тегіс тасқа қашалған жалғыз құлжаның жа-нында бір кездері осындай бірнеше суреттер шоғырының болмағанына кім кепіл? Сурет салынған бүкіл бір керегенің құлап қалмағанын (аршы-лып түспегенін) ешкім жоққа шығара алмайды ғой. Демек, тасқа қашалған тарих та мәңгілік емес.

Барын зерттеп тастамаса да, бірді-екілі ізденген жекелеген ғалымдар болыпты. Олар дың зерттеуінше осы шатқалмен жүл гелес түзілген Сұлу шоқы, Дауылбай, Ақыл бай тауларында 1000-нан аса, тіпті, 2000-ға жуық сурет болуы мүмкін деген жорамалдар айтылады. Тек көңіл бөлінсе, қорғау ға алынса дейді. Жағдай жасалса, турис терді тартуға мүмкіндік те зор деседі. Ра сында, етек-те тау өзені ағып жатыр. Сай аңғары да кең. Арнайы дема лыс орындарын салуға мүмкіндік жет кілікті көрінді. Барар жол да аса қиын дей алмайсыз. Орталықтан да соншалық қашық емес. Ерте заман-дарда ғибадатхана болған деген де бол-жамдар бар. Демек, сырын әлі де толық аша қоймаған суреттер галерея сын Қазақстанның киелі картасына енгізуге әбден болады.

...Күні кеше ғана жазылған адам атта рының өзі мыңдаған жылдарды ба-сып өтіп, ап-анық, тұп-тұнық қалпында бүгінге жеткен петроглифтердің жанында анық көрінбейді. Тас тозып, тау құламаса, бағзы дағы бабалар таңбалаған сурет оңайлықпен сыр бермейтін сыңайлы.

Енді болмағанда құлап түсердей дәл осы қалыпта қанша заман тұрды екен...

Алматы облысы

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

Сыры ашылмаған Суреттас

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматы облысы, Қаратал ауданының кісі аяғы баса бермейтін бір түкпірінде бірді-екілі ғылыми тұжырым болмаса, әлі күнге зерттеліп үлгермеген таңбалы тастар галереясы бар. Атауы да жасандылықтан ада. Жергілікті жұрт Суреттас деп атап кетіпті. Суреттас десе – ғылымнан, баяғы бір дәуірлерден онша хабары жоқ болса да, өзіне дейінгі әр бір төбе мен тасқа соншалық құрметпен қараған елдің кішік қалпын аңдап қаласың. Заман, жылдардан бері қар мен жаңбырға, аңғар бойында арқаңды мұздай қарып бір тынбайтын жел мен дауылға төтеп беріп келген кереге тастар мүжілгенді ар тұтқандай, сынсам морт сынам дейтіндей тәкаппарлана қалыпты. Солай дегенмен, тас та тозады екен...–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Намазалы ОМАШҰЛЫ,профессор

Шынтуайтында, «Түркістан уалая-тының га зе ті» мен «Дала уалаятының газеті» – екеуі де патшалық әкімшілік-тің бұйрық-жарлықтары мен қаулы-қа-рарларын жария лап, отаршыл би ліктің заң-закондарын бұра тана халыққа жеткізу мақсатымен жа рық көрген басылымдар еді. Орыс газет теріне қосымша ретінде басылған бұл екі бас пасөздің қай-қайсысы болсын отар жұрт тың көрген бейнет, шеккен аза-бын көр сетуді өз міндетіне алма ғаны анық. Ке рісінше, патшалық жандарме-рия орыс үкі метіне бағынған ха лық-тарды екінші мәр те жеңуді көздеді. Бірақ осы жолы олар қару-жарақпен емес, газет арқылы ақыл-оймен және рухани басымдылықпен жеңу ді мақсат етті. Сол арқылы өздерінің Ор та Азия-ға әкелген қоғамдық және әкім ші лік құрылымдарының жергілікті жұрт бұ-ған дейін бірнеше ғасыр бойы тіке лей мойынсұнып келген құры лымнан әл-де қай да жоғары және жемісті екендігін се зін діруге мәжбүр етуді ойлады.

Баспасөздің түп табиғаты, тікелей рө лі сананы ағарту, көкірек көзді ояту ға құры латындықтан теріс мақсат көз дегеніне қа ра мас тан, екі баспасөз де өнер-білімге су сап отырған қазақ елінің көкірек көзін ашып, көңіліне сәуле түсіруге қызмет етті. Бұл, әсіресе, «Дала уалаятының газетіне» кө бірек қатысты нақты тұжырым деп ұғынған дұрыс.

1888-1902 жылдар аралығында «Ак мо линс кие областные ведомос-ти» газе тіне қосымша болып шыққан «Да ла уалая тының газеті» жоғарыда атап өткендей про грессивті ықпалға ие болуының бір се бебі – оның қазақша нұсқасын дайындаушы Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамед Сұл-танғазин, Рақымжан Дүйсенбаев қатар-лы тұлғалардың еңбегі деп тану ке-рек. Ай та лық, Д.Сұлтанғазин «Біздің қазақ тілі туралы бес-алты ауыз сөз» (1890 ж. №6), «Кейінгінің қамын ой-лап жазылған ақыл» (1894 ж. №12) деген мақалаларында газетті керекке жарату турасынан сөз қозғап, ұтымды ұсыныстар айтады. «Мұндай пай-далы білім шашатұғын нәрсе Дала уалаяты үшін шығарылмыш қазақ газеті деп білеміз. Бұл газет көз жетпейтұғын қыр даланың ішіндегі жатқан халықтың бірер нәрсеге мұқтаж

турасында керектігі. Бірінің айтқан ақылын біріне білгізеді. Егер де бұл ақыл мал бағып өсір мек, егін екпек, барша қыр даланың ішін дегі шаруа ға һәм адамның ғұмырына тие сілі жауап-тарға керекті болған болса. Жо ғарғы айтылмышқа қарағанда біздің газет оқырмандарымыз хабар шашып тұрған бұл жалғыз газеттің қымбат, қадірлі еке нін де білсе керек деп ойлаймыз...» – деп газетті кә де ге жаратуға, ел шаруа-сын оңал ту ға пай далануға анық пейілін аң ғар та ды.

Басылым өзінің ресми емес бөлі-мінде қазақ елінің тұрмыс-тіршілігінен, мәде ни ерекшеліктерінен хабар беретін көптеген материалдар жария-лап тұрды. А.Пушкин, Л.Толстой, М.Лермонтовтың әдеби туындыларын, сондай-ақ зерттеуші Г.Потанин, А.Алек-торов және т.б. ғалымдардың қа зақ жұртының этнографиясы мен та ри хи-мәдени тақырыптарға қатыс ты шұрайлы дүниелерін ауық-ауық ұсынып отыр-ды. Осы негізде газет алға шқы аударма үлгілерінің қалып тасуына мұрындық бол ды. Оған қо са қазақ қаламгерлерінің де өлең-жыр ларын жариялады. Абайдың «Бо лыс бол дым, мінеки», «Жаз» атты туынды лары ең алғаш осы газетте жарық көр ген-ді. Басылымда жарияланған әдеби туындыларды шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болар еді. Бірі – қазақ өмірінің өзінен алынған төл туынды-лар да, енді бірі – шығыс аңыз-әпсана, мысал-ертегілері, іргелес жұрттардың әдеби үлгілерінен аудармалар. Ол жа-рияланымдар тілі, құрылысы, жанры тұрғысынан алуан түрлі болып келді. Бұл жөнінде Г.Потанин «орыс клас-сиктерінің шығармаларын тұңғыш рет қазақ тіліне жатық, түсінікті етіп тәржімалап, оқырмандарға таныс-тырған Өскенбаев еді» – деп жазады. Га зеттің өзі де 1896 жылғы 43-са-нында жарық көрген «Қазақтың тәуір адамдарының қылар ісі» деген мате-риалда: «Өскенбайұлы Омбыдағы ка-детский корпустан оқу бітіріп, Семей маңында қырға барып тұрған. Сол құрметті адам, есту бойынша, кеш болғанда орыс қиссаларын қазақ тіліне переуаттап, қазақтарға айтады екен. Солайша Тургеневтің, Лермонтовтың, Тол стойдың, һәм өзгелердің шығарған кітаптарын Өскенбайұлы еркін пере-уат қылып шығарған» деген деректер келтіреді.

Осы «Дала уалаятының газе-тін де» қазақ көсемсөзінің жазылу

нормасы қалыптасты деп айтуға бо-лады. Газет Алаш жұртының ертеден бергі орныққан шежірелік сөз сап-тауы мен ауызша баяндау дағдысын жазбашаға бейімдеуге көп қызмет етті. Қазақтың бай тілін кәдеге жа-ратумен бір ге, өзге жұрттардан да қа жетті сөздерді алу ды, өзінде жоқ сөз ді өзгеден алып байы ту жағын ой лас тыруды ұсынды. Бұл жө нінде Д.Сұлтанғазин «қазақ тіліне кірген сөз-дерді жазғанда сөздердің қазаққа қанша ұғымдылығына қарау керек. Мәселен, қазақтар «жандарал», «жанарал» дейді. Һәм генерал дегенді де жақсы пайым-дайды. Сол себептен «генерал» деп жазу керек дейді (1896 ж. №31). Газет редакциясы сөздердің жазылу ретін тәртіптеп, қазақ ішіне орныққан, сіңісті болып қолданысқа енген сөздерді қазақ тілінің табиғаты бейімдеген күйінде жазуды мақұлдайды.

Газеттің бір соны ерекшелігі, 1894 жылдан бастап кейбір сөздердің жігін ажыратуда сызықша, жұлдызша белгілерін қолданып келген-ді. Одан 2 жыл өткеннен кейін, дәлірек айтқанда, 1896 жылы 31-санынан бастап га-зетте тыныс белгі лерін қолдану жө-нінде хабар жариялан ды. Онда қа-зіргі таңда қолданылып жүр ген тыныс белгілерінің барлығы көр сетіліп, олар-дың қолданылу реттері, тәр тіптеп түсін-дірілді. Осылайша, «Дала уалая тының газеті» жазу стиліміздің қалып тасуына, жазба нормамыздың емлелік тұрғыдан жөнге түсуіне бастамашы болды.

Қорыта айтқанда, «Дала уалаятының газе ті» қазақ халқының қоғамдық ой-са насының өсуіне, әлеуметтік пікірінің толы суына оң әсерін тигізді. Мәдени-әдеби, эко номикалық-шаруашылық құ-рылыстың көркеюіне үн қосып, бұйығы жұрттың оқу-ағарту ісіне серпін берді. «Дала уалаятының газеті» – қазақ кө-сем сөзінің қалыптасуының тұтас бір мек тебі болды. Онда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Зұлқарнайын Нұралыханов, Сәдуақас Шорманов, Әлихан Бөкейхан, Барлыбек Сыртанов, Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбаев, Отыншы Әлжанов, Қорабай Жапанов, Асылқожа Құрманбаев, Мейрам Жанайдаров, Шерияздан Мәрсеков қатарлы бір шоғыр қаламгерлер әр жылдары қалам тербеді. Олар патшалық цензураның саңлауынан жол таба отырып, көшелі мәселеде қазақты оң бағыт, дұрыс жол-ға жетектеуге күш салды. Тіс арасынан сыздықтатып болса да күн тәр тібіндегі көкейкесті мәселелерді шешу жолын ұсына білді.

Осылайша, 130 жылдық тарих-ты бастан кешіріп отырған газет ел шаруашылығын отырықшылыққа көшуге үндеуімен, өнер-білім, мәде-ниет ке шақыруымен, халықты ағар-туымен қазақ баспасөзі тарихында өзінің лайықты бағасына ие болды.

Баспасөз бастауындағы басылым–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ баспасөз тарихы 1870 жылы жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастау алады. Десе де, ел зиялыларының қаламгерлік қарымы мен жазбагерлік машығын қалыптастырған басылым ол – «Дала уалаятының газеті» еді. Тұңғыш басылымнан 18 жыл кейін жарық көрген бұл газет айнала-сына қазақ оқығандарын топтастыра отырып, өз заманының деңгейінде Алаш жұрты үшін өзекті мәселелерді ортаға салатын пікір алаңына айнала алды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

КӨЗҚАРАСТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

Page 10: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

10 4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛРУХАНИЯТ

– Қазбек Ғазизұлы, қазіргі жастар үшін мемлекетімізде барлық жағ­дай лар жасалған. Өнер көгіне қа нат қағам деген өркенге көкжиек кең. Өзіңнің де 17 жылың шетелде, оның үстіне, Еуропада өтті. Балет өне рі мен ондағы жұртты таңғалдыру қи ын де­ген пікірді жиі естіп қалып жа та мыз. Сонда көпшіліктің жүрегіне қа лай жол таптың?

– Жер бетінде адамға туған жерінен ыс тық құтты мекен бар ма?! Мұның қа­сын да шетелдің небір тамаша ша һар ла­рының өзі түк емес. Батыс Қазақстан об­лысы, Қаратөбе ауданы – ғажайып өнер адам дарының кіндік қаны тамған жер, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың туған жері. Алтын кіндік, туған топырағымды күллі қазаққа танымал аға­апаларымның атымен мақтаныш тұтамын. Тоғыз жасқа дейін мен де сол ауылдың шаңын жұтып, шалғынында аунап­қунап өстім.

...Шетелге ат басын бұрмай тұрып әуе лі өзіме дәріс берген ұлағатты ұстаз­да рыма тоқталғым келеді.

Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесінде сабақ бере­тін тәжірибелі педагог­мамандар жыл сай ын өнерлі балаларды оқуға тарту мақ­сатында Қазақстанның түкпір­түк пі рін жаяу аралап шығады. Қандай тамаша дәс түр! Іріктеу сынағына 9­10 жастағы өрендер таңдалады. Мен ол кезде, яғни 1991 жылы Орал қаласында №21 мектепте оқып жүрген кезім болатын. Мектепке екі мұғалім келді. Оқушыларды үлкен залға жинады. Қимыл­қозғалысымызды бай қап көрген соң, нәтижесін көп ұзамай жа рия етті. Маған: «Сыннан өттің, оқуға ке ле беруіңе болады» деді. Класс жетек ші міз Гүлбарам Қуандыққызы туған анамдай, күні бүгінге дейін ол кісімен Астанада араласып тұрамыз.

Алматы хореография училищесінде Рима Алексеевна Лукомскаяның мек те­бінен көп нәрсе үйрендім. Бұ кісінің өнер мектебінен өту үміткерлер үшін үл кен бақыт. Үш жыл балеттің әліппесін жатта т ­ қызып, сахналық қимылдың қыр­сы­рын үйреткен шебер. Менің өнерге құ­штарлығымды осы кісі оятты. Одан кейін кәнігі мамандар Владимир Голов, Елдос Усин сабақ берді. Әнуарбек Жә ли лов, Эдуард Мальбеков сияқты саң лақ шебер­лерден үйрендім...

– Шетелдік мамандардың көзіне кез келген адам іліге бермесе керек­ті. Ол үшін балет өнері иесінің бойында қан­дай қасиет болуы керек?

– Қатаң тәртіпті сақтауға міндеттісің. Мұны бір рет бұзған адамның бәрін қай­тадан нөлден бастауына тура келеді... Қа зір әлемнің қай түкпіріне барып білім ала мын десеңіз, есік ашық. Мұнан артық не керек? Бақ өздігінен көктен ұшып ке­ліп төбеңе қона салатын көбелек емес қой. Оған жету үшін тынбай еңбектену керек. Сол үшін балетке келген жастарға өзге мамандық иелеріне қарағанда өзге­ше талап қойылады. Сондай­ақ қазір өнер адам дары бір­бірімен мидай араласып кет ті. Бір­біріңнен білмегеніңді емін­ер кін үйренуіңе, тәжірибе алмасуыңа мүмкіндік мол. Мұны өз басымнан өткерген соң, жақсы білемін. Мұндай дәстүр барлық жерде бар. Тіпті Ресей театрларына дейін шетелден танымал режиссерлерді, солистерді шақырады. Мұны орыс сахнагерлерінің тәжірибесі жет пегендіктен шақырып жатыр деп ешкім айта алмайды. Бізбен де сондай танымал компания айналысты. Олар негізінен театрларға білікті хореограф­тарды шақырып, тамаша балет туынды­ларын қоюды мақсат тұтады. Міне, осы компанияның қолдауымен Америка,

Доминикан елдерінде, Пуэрто­Рикода өнер көрсеттім, шеберлік шыңдаудың түрлі мектептерімен таныстым.

1999 жылы Францияның балет театры Қазақстанға гастрольдік сапармен келді. Солармен қосылып сахнаға шықтым. Олар менен әлемдік деңгейдегі сахналарда өнер көрсетуге қалай қарай ты нымды сұрады. Талап­ережелері бой ынша өзім орындаған рөлдерімді бей не тас паға түсіріп, жолда­дым. Содан Фран ция театрының басшысы Роберт Бертье мырзаның өзінен шақырту алдым. Сөйтіп Париж сахнасында өнер көр сету мәртебесіне ие болдым. Бір жыл сон да әжептәуір тәжірибе жинақтадым. Та ғы бір айта кететін жайт, арада бір­екі жыл өтсе де кейін бұл компания сенің әр бір басқан қадамыңды жіті қадағалап, өнеріңнің әрі қарай дамуына қолдау көрсетіп отырады

– Сондай әлемдік деңгейдегі театр­лар да кімдердің бейнесін сомдадыңыз?

– Майндағы Франкфуртқа жақын маңда Висбаден қаласында Гессен мем ­лекеттік театры орналасқан. Со ның негізгі қойылымдарының бәрін де ойнадым. «Щелкунчикте» – Бек за даның рөлін, «Дон Кихотта» Базильді со мдадым, сондай­ақ француз шансондары Джулбер Веко, Жак Брель орын дау ындағы шығармаларға қойылған би леріммен көпшілікке таныла түстім.

Франция мен Германияның басты ба­лет труппаларында солист, премьер­со­лист ретінде орындаған он жеті жылдағы рөлдерімді ойша сараласақ, Ту лузадағы Капитолия, Париждегі Фран цияның Жас балеті, Висбадендегі Гессен мемлекеттік, Саарбрюкен қала сын дағы неміс мемлекеттік опера жә не балет театрларында әлемге әйгілі хореографтардың қойылымдарында өнер көрсетіппін. «Неаполь», «Сильфида», «Раймонда, «PasdeDeux», «Тақырып пен вариациялар», «Лағылдар», «Шағын ажал», «Аққу көлі», «Сіз үшін өлуге дайын­мын», «Нақтылыққа мастанған құмарлық», «Бетховеннің жетінші симфония­ сы», «Синатраның тоғыз әні», «Алисаның ғажайыптар еліне саяхаты», «Жизель» «Корсар», «Кармен»... т.с.с. көптеген спек­такльде басты бейнелерді сомдадым.

Шетелдік рок балет, барокка дәуірі му­зыкасы, шансон және классикалық жанр­лар бойынша сахналанған спектакльдерде биледім.

– Сахна өнері ұжымдық өнер болып табылады. Бірақ соған қарамастан же­келеген өнер иелерінің шеберлігі үл­кен рөл атқаратыны тағы мәлім. Ал сіз өзіңіздің сахналық жұбыңызға қан ­шалықты тәуелдісіз?

– Бірде Гонконгте Франция күндері атап өтілетін болды. Жұмыстан соң кө­лі гімді тұраққа қойып, үйге қайтып ке­ле жатқанымда алдымнан басшымыз жолығып: «Гонконгке барғың келе ме?» – деп сұрады. Ойланбастан «иә» дедім. Сол сапарда америкалық На нетт Глушакпен таныстым. Оның сах надағы жеп­жеңіл қимылы аспанда қа лық тап ұшып жүрген ұлпадай әсер қалдырады. Жалпы, балетте жұбыңның би іне көп нәрсе байланысты деп айтып жатамыз ғой. Бұл жағынан маған Құ дай өте ақкөңіл жайсаң жандар­ды жолықтырды. Мен олармен әуелі ара­мызға сенім көпірін тұрғызып алмайын ша ешбір іске тәуекел етпейтінмін. Мұн дай шығармашылық байланыс тар ада ми шы­найы сыйластыққа қ а на құ ры лады. Содан да болар, мен сах на лық серігімнің қай жер­де демін ішіне жұтатынын, қай тұста терең тыныстайтынын аңғарып тұрамын. Және де олар рө ліме кедергі келтіріп, сәтсіздікке ұшы ратқан емес. Соның бірі міне, осы Нанетт Глушакпен Джордж Баланчиннің

көп теген балеттерінде бірге биледік. Шет елде Дж.Баланчинге құрмет зор. Тү­бі грузин, санкт­петербургтік хореограф әуелі Еуропаға кетіп, әрі қа рай түпкілікті Америкада тұрақтап қал ған. Осы автордың 1949 жылы Нью­Иорк те қойылған хорео­графиясын, «Серенада» балетін «Астана Балет» те атрына алып келдік. Бүгінде бұл шы ғар ма репертуарымыздағы бірден­бір тұ шымды туынды саналады.

– Сіз өзіңізді балеттің қай мектебіне жатқызасыз?

– Қай жерде өнер көрсетсем де маған тек қазақ ұлттық балет мектебінің өкілі деп қарайды.

Жалпы, ел арасында француз балеті тех никасы, орыс балет мектебі деген си яқты ұғымдар бар екені рас. Мұн дай түсінікке түбегейлі бой алдырып кетпес үшін мысалы, мен оған және Америка, Куба, Италия балеті техникала рын қосар едім. Өйткені бұл елдердің мәдениеті мен өнерінде, оның ішінде балет өнерінде соңғы уақытта керемет құбылыстар пай­да болуда. Француз бишілері аяқпен қалай жұмыс істеу керектігін, ұсақ та нәзік иірімдерді жақсы меңгерген. Сол сияқты Дж.Баланчиннің қайталанбас өз техникасы болған. Мысалы, ер адам 1 минут 10 секунд билесе, Баланчиннің хореографиясы бойынша америкалықтар бұл элементті 48 секунд билейді. Яғ ни ай ырмашылық – техникасының жыл­дам дығында. Француздардан соншама айтарлықтай көп нәрсе үйренген жоқ­пын. Өйткені Қазақстанның балет мек­тебі бишілерді өте жоғары деңгейде да яр­ лайды. Онда барғанымда достарым ме­нен қызығып: «Мынадай ке ре мет техни­каны қай жерден оқып үй рен дің, қай ел­ден келдің?» деп қай та өзімді сұрақтың астына алатын. Оларға Алматыда оқы­ғанымды, сосын кезінде Санкт­Петер бу рг ­ те, Ваганова атындағы балет акаде мия­с ында Рудольф Нұриевпен бірге оқы ған Әнуарбек Жәлилов сынды мықты ұс таз­дардан оқып, тәлім алғанымды айта мын.

– Шетелге кеткенде қанша жаста­сыз?

– Германияға 20­дан сәл­ақ асқанда бар дым. Жақсы ұстаздар кездесті. Онда жұп пен қалай жұмыс істеу керектігін, жоғарыға жеңіл көтере білудің нәзік тех никасын үйретті. Шеберлік жағынан шың далдым. Сосын билеп жатқанда түріңнен сенің ішкі қиналысың, эмоцияң кө рінбеуі тиіс... Музыкамен қосыла билеу­ ге, аяқ­қолды, көзді, ойды бір мақсатқа жұ мылдыра білуге дағдыландырды. Бі­рақ осылардың бәрінен бір секунд бол­сын ойың алда жүруі керек екен. Балетте қимылдан ой бірінші тұруы керек деген қағида бар. Техникалық шеберлікке кел­сек, ол күнделікті қайталай беру арқылы бірте­бірте әйтеуір қалыптасады. Тағы бір маңызды мәселе – координация. Мұнда әркімнің әдіс­амалы әр түрлі. Оны ай­тып отырған себебім, біреудің қи мыл, әрекетін тура солай айна­қа те сіз қайталап шығу мүмкін емес. Үйретуші маман мықты хореограф болған жағдайда ғана солист өз координациясын тауып ала­ды. Аяқ­қолдың қимылын бір мезгілде ортақ ой мен бір мақсатқа жұмылдыруды меңгереді.

– Еуропада қандай атақты адамдар­ды кездестірдіңіз?

– Германияның өзінде бишілер аса

көп емес. Көбісі сырттан келіп қаты са ­ды. Қоюшы­хореографтар да тап со лай. Жапонияның 2 мың орындық за лын­да, Германиядағы 1200­1300 орын дық залдар да өнер көрсетуіміз сондай та ны­мал дардың арқасында.

Францияда Париж операсының жұл­дызы Моник Людиермен биледім. Бра­зилия, Испания, Америка, Жапония, Франция театрларының солистерімен бірге өнер көрсеттім. 2011 жылы Жапония­ның Киото қаласында өтетін турнеден Фу кусима апатты аймағының радиа­ция лық зардабына байланысты Париж операсының бишісі саналы түрде өзі бас тартты. «Соның орнына барасың ба?» деп сұрады ұйымдастырушылар. Олар бұл қалаға ешқандай да радиация қаупі төніп тұрмағанын, қорқатындай түк жоқ екенін түсіндіріп айтты. Соның арқасында тіршілік көзін туризм құрай тын ғажайып Киото қаласына жолым түсе қалды. Сыр­ты нан кім не десе де, ел дің нағыз мәдени орталығы болған дық тан онда жыл сайын көптеген өнер фестивальдері өтеді екен. Тарихи ескер ткіштер өте көп. Басқасын былай қой ған да, бір ғана осы қаланың өзінде 1600 буд да храмы, 400 синтоистік шіркеу бар көрінеді. Тарихи сәулет өнері ес кер ткіштерінің молынан ұшырасуын жұ рт шылық осыдан мың жылдай бұрын Ки отоның Күншығыс елінің астанасы бол­ғандығымен байланыстырады.

Сөйтіп осы сапар барысында нәзік сезім ге құрылған би стилін қалып тас­ты рушылардың бірі Илер Лоранды жо­лық тырдым. Кезінде Моник Людиермен би леген кісі. Осы саңлақ маған «Дон Ки хоттың» Базилін қалай орындау ше­бер лігін үйретті. Қазір бұл адам – Мәс­кеудегі Станиславский және Не ми рович­Данченко атындағы балет театрының көркемдік жетекшісі.

Бразилия, Куба, Британия елдерінде би өнерінің қыр­сырына әбден қанығып өскен белгиялық белгілі хореограф Ри­кардо Амарантемен қазір қоян­қол тық шығармашылық байланыстамыз. Ас­танада «Гайя» спектаклін бірлесіп қой дық.

– Амарантенің қатысуымен «Ас та­на Балет» театрында тағы қан дай тың туындылар қойылды?

– Театрдың көркемдік жетекшісінің шақыруымен мен «Астана Балет» театры­на жұмысқа орналастым. Өзіммен бірге белгілі хореограф Рикардо Ама ран тені алып келдім. Жасы 37­де. Келі сім шартпен жұмысқа тұрған қою шы­хореографтың осы аралықта сахналаған туындыларының саны жетіге жетіп қалды. Мен әрі аудармашымын, әрі театр солистері мен Амаранте арасындағы кө пірмін, яғни көмекшісімін. Өзім де би леймін. Бұрын мұнда тек қыздардың ғана труппасы жұмыс істейтін, қазір аралас, 8 ұл бала қосылды. Р.Амарантенің «Махаббат. Үрей. Жоғалту», «Баяу жалын», «Сағым сәттері» сияқты неоклассика стиліндегі жаңа қойылымдарының басы­қасында жүргендіктен мен бұларға шебердің қаншалық тер төккенін жақсы білемін.

– «Астана Балет» театры өнерінің шетелдіктерге дәріптелу жағы қалай? Және басқа балет театрларынан несі­мен ерекшеленеді?

– «Астана Балеттің» тұшымды туын­дыларын жинақтап, былтыр Жапонияға ба­рып келдік. Польшаның Варшава, Врослав

қалаларында бол дық. Сол бағ дарламаны жаңғыртып, Па риж, Брю ссель, Санкт­Петербург қала ла рында өнер көрсеттік. «Серенада», «Кон т расты» балетінің пре­мьералары өтті биыл. Астанада осы екі туындыны біріктіріп ұсындық. Мұндай жоба бұ рын­соңды Қазақстанда болмаған. Әр қойылым жұрттың көп уақытын алып, жалықтырмайды. Ерекшелігіміз – «Астана Балетте» ондай үлкен ауыр балеттер әлі сахналанған жоқ, көбі концерттік бағдарламалардан тұрады. Бір актілі ба­лет, қысқа­қысқа тұшымды дүниелер бар.

– Солистің сахнадағы кейбір қи­мыл­қозғалыстары тап солай та ғы қай­таланып жатқандай әсер қал ды рады. Бұл балет өнері үшін қа лып ты жағдай болып есептеле ме?

– Балетте жаттанды нәрселер бар ма дейсіз ғой. Негізі солай сияқты кө рін­ген мен, шеберлік тәсілі, әр орын дау шы­ның стилі бөлек­бөлек. Жастарға осы жағынан көп бағыт­бағдар сілтеуге тура келеді. Кейде уақыт шіркін өмірдегі бар лық түйткілді тез шешіп тастауға мұрша бермейді. Сондайда уақыттан біраз кешеуілдеп қалып жатқаныңды сезінесің, осы тығырықтан шығаратын жол іздейсің. Сол үшін бір күн болса да жастарға көкейге тоқығандарымды көбірек үйретуді қалаймын. Олардың мықты маман болып қалыптасуына уа­қыттың көп жұмсалуы маңызды емес, ма ған маңыздысы – әдіс­тәсілдерімді, тех никалық шеберлігімді өзімнен кей інгі өрендерге үйрету, шәкірттеріңнің әлем дік биіктерді бағындыруы. Осы тұр ғыдан өз бетімен сұрап, білсем деп жүр ген жас­ тарды көргенде қуанамын. Біл мегеніңді сұрағанның несі айып?! Қазір жастары 20­дан сәл­ақ асқан балауса жастарға қолымнан келгенше ерлер биінің техни­касын үйретіп жүрмін.

Әлгінде қимыл­әрекеттердің қайта­ла нуына келсек, бидегі қимылдардың қай талануы заңды құбылыс болып сана­лады. Мұнда түк те өрескелдік жоқ. Әр хо реографтың өзіне тән би нұсқалары бар десек, бірте­бірте осылар сахнаға әб ден орнығып, құндылыққа айналып ке теді. Жетіледі. Дамиды. Толығады.

– Ондағы солистер мен біздегі би дәс түрінің арасында қандай айыр ма­шылықтар бар?

– Би тілі – бәріне ортақ. Айыр ма­шылық жоқтың қасы, алайда қызық жайт­тар баршылық. Мысалы, аяқтың ұшы­мен билеу тек әйелдерге ғана тән деп есептейміз. Бірақ кей елдер мұны елей қоймайды. Сондықтан кейде әйел дердің балетке киетін туфлиімен аяқ тың ұшымен билейтін ерлерді кез дес тіріп қалып жата­мыз. Кейбір хоре ографтар мұны солис­ терден әдейі сұ рай тын көрінеді. Бірақ өз басым мұны құп тамаймын. Әлемдік балет өнерінің ғасырлар бойы сақталған классикалық әсем әдебінің бұзылмағаны абзал. Пуанти – әйелдерге ғана жараса­тын аяқ киім.

– Кімдерді құрмет тұтасыз?– Қазір әлемдік балетте атақты адам­

дар өте көп. Мен Михаил Барыш ни­ков тың өнерін бағалаймын. Ресейдегі А.Ваганова атындағы орыс балет акаде­мия сын бітірген. 1974 жылы шетел асып кеткен. Содан Америкада тұрақтап қал­ған. Жасы 60­тан асқан кісі. Бірақ соған қа рамастан мұндай тұлғалар балетте өте сирек кездеседі. Әйелдер ішінен француз бишісі Сильви Гилемді құрметтеймін. Сахнадан қол үзбей 53 жасына дейін би­леген нағыз майталман жан еді.

– Балет солистері қолдары қалт ет­кенде немен айналысады?

– Өзім сырғанақ тепкенді, хоккей ойна ғанды жақсы көремін. Шаңғы спор­ты ұнайды. Әрине, бұлар балет үшін өте қауіпті ойын түрлері болып таб ылады. Өйткені кез келген уа қыт та ауыр жарақат алу ың мүмкін. Соған қарамастан мұз ай­ды нында серуендегенді сүйемін.

– Қанша тілде еркін сөйлейсің?– Немісше, ағылшынша өте жақсы

сөй леймін. Французшам да жаман емес. Осы лардың ішінен неміс тілін өте жыл­дам әрі жеңіл үйрендім. Осы тілдерде фи­льм тамашалаймын, газет, кітап оқи мын. Достармен сөйлесіп тұрамын.

Бірақ өзімнің ана тілімді қайда жүрсем да ұмытқан жоқпын. Біздің үйдің адамда­ры бір­бірімен қазақша сөйлеседі.

Әңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әкімшіліктің бұрынғы қызметкері Наталья Харитоновна Кимге анасы

Мен Ок КИМНІҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әкімшіліктің қызметкері Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркеновке анасы

Шамшырақ ҚАБИДЕНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Премьер­Министрінің Кеңсесі Кеңсенің қызметкері Жанар Серікқызы Жадраеваға орны толмас ауыр қайғыға ұшырауына – анасы

Күлзахан ШОНҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшылығы және ұжымы Батыс Қазақстан об­лысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары

Ерлан Ерсайынұлы ҮМБЕТОВТІҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған­туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақ университетінің журналистика факультетін 1976 жылы бітірген түлектері курстастары

Әлімжан ДӘУІТОВТІҢауыр науқастан қайтыс болуына байланысты марқұмның артында қалған жары Күлкен Жаубасарқызына және ұл­қыздарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Курстастары атынан Ержұман Смайыл, Қуаныш Жиенбай, Сүлеймен Мәмет, Құдиярбек Ағыбай.

Әсия Байрамбайқызы Деменің атына берілген ағылшын тілінен магистратураға тапсырған сертификаты, сериясы IT4150019 жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

«ЕГЕМЕН» АШҚАН ЕСІМДЕР

ТАҒЗЫМ

Ой қимылдан озып тұрады

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ол – екінің бірі тәуекелге бара бермейтін бекзат өнерге, қазақ ұлттық балет труппасына жас та болса өзгеше леп алып келуімен ерекшеленді. Бұған қоса қарапайым қазақ баласы 17 жыл Еуропаның ең сәулетті театрларында өнер көрсетіп, Лозаннадағы (Швейцария, 1996 ж.) халықаралық балет әр тіс тері, Новосібір қаласында (Ресей, 1999 ж.) өткен халықаралық балет бай қау ла­рын да жүлделі орындарға, қысқасы, әлемдік деңгейдегі айтулы сый­си я пат­тарғ а ие болған, бес тілді емін­еркін меңгерген, осы күннің талабына әбден лай ық жан. «Астана Балет» театрының солисі, режиссердің көмекшісі Қазбек АХМЕДЬЯРОВПЕН кезекті премьерадан соң әңгімелесудің сәті түскен еді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––Орал қаласында Батыс Қазақстан об лыстық «Орал өңірі», «Приуралье» жә не 12 аудандық газеттің басын бі­рік тірген «Жайық Пресс» медиа хол­ди нгі ғимаратында белгілі ақын Қай­рат Жұмағалиевке ескерткіш тақта орнатылды.–––––––––––––––––––––––––––––

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын, аудармашы, балалар әдебиетінің өкілі Қайрат Жұмағалиев өмірінің соңғы кезеңін туған жері – Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласында өткізген еді. 2009 жылдан дү ниеден өтер 2013 жылға дейін «Жайық Пресс» ЖШС­нде ардагерлер кеңесінің тө ра ғасы, бас директордың кеңесшісі болып қызмет атқарды. Өңір жастарымен, оқу орын дары студенттерімен, оқушыларымен үнемі кездесіп, тағылымды әңгімелерімен жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосты. Ақын­ның «Жарық дүние», «Кие» атты соң ғы

кі тап тары да осы Орал қаласында дү ние­ге кел ді.

Биыл Қайрат Жұмағалиевтің туғанына 80 жыл. Ақынның дүниеден өткеніне төрт жыл болса да, Орал қаласында жыл сайын оның есімін ел жадында жаңғыртар шара­лар жүйелі өтіп жүр. Қайрат Жұмағалиев атындағы ақындар мүшәйрасы дәстүрлі байқауға айналды. Енді міне, қаламгердің соңғы қызмет орнының қабырғасында «Бұл ғимаратта ақын Қайрат Жұмағалиев 2009­2013 жылдар аралығында қызмет атқарды» деген ескерткіш тақта орнатылды. Болашақта

облыс орталығы көшелерінің біріне ақын есімін беру мәселесі де көтеріліп жатыр.

Бүгінгі шара – ескерткіш тақтаның ашы­луына АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті БҚО ау­мақ тық инспекциясының басшысы Лавр Хай ретдинов пен «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин мұрындық болған екен. Салтанатты оқиғаға арнайы кел­ген ақынның жары София Нығметоллақызы те бірене сөз сөйлеп, қаламгердің рухына ба­ғыш талған құрметке ризашылық білдірді.

Ескерткіш тақтаның ашылуына ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бө лім­ше сінің төрайымы Ақұштап Бақ ты гереева, Қа зақстан Жазушылар одағының мүшесі, жа зушы Сара Латиева, ардагер өлкетанушы Жайсаң Ақбай және т.б. қонақтар қатысып, ақын ту ралы естеліктерімен бөлісті. Студенттер ақын өлеңдерін жатқа айтып, әншілер «Ана шым» әнін шырқады. Шара соңында ғи марат қабырғасында дастархан жайылып, арнайы пісірілген шелпекке Құран оқылып, сауабы ақын аруағына бағышталды.

ОРАЛ

Ақынға ескерткіш тақта ашылды

Page 11: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 11СПОРТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Төртжылдықтың басты додасы Пхенчхандағы Олимпия ой-ындарына санаулы күн қалды. Спортшыларымыз бүгінде соңғы дайындықтарын пысықтап, жолдамалардың тағдырын шешу жолында аянып жатқан жоқ. Еліміздің қысқы спорт түрлерінде кетіп жүрген есесін қайтармақ. Солардың бірі – фристайлдың акробатика түрінен тәп-тәуір жетістіктерге жетіп жүрген Жанбота Алдабергенова. Алматыда өткен Универсиадада қола жүлдемен көзге түскен Жанбота 2017 жылды қорытындылап, Олимпиадаға даярлығымен бөлісті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––2018 жыл жарысқа толы жыл болмақ. Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен басты дода – футболдан әлем чемпиона-ты өтеді. Одан бөлек қазақстандық клубтардың еурокубоктағы өнерін де биыл ерекше сеніммен күтетін боламыз. Одан бөлек те ел қоржынына жүлде салатын жарыстар аз емес. Солардың бірі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпия ойындары. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

– Жанбота, жаңа жылға та-бан тіредік. Ал 2017 жыл сіздің есі ңізде несімен қалды?

– Өткен жылға алғыс ай-тамын. Өздеріңіз білетіндей, 2017 жыл Қазақстан спорты үшін маңызды оқиғамен бас­талды. Алматы қаласы тұң­ғыш рет Бүкіәлемдік қысқы Универсиаданы қабыл дап, халықаралық аламанды жо ғары деңгейде өткіздік. Сту дент­тер арасындағы жарыс та қо ла жүлдегер атандым. Жалпы ко­ман далық есепте екінші орын ал дық. Сонымен қатар екінші жыл қатарынан Еуропаның абсолютті чемпионы атағын жеңіп алдым.

– Олимпиадада үміт артып отырған бірден-бір спортшы-сыз. Төртжылдықтың басты до да сына жолдама алу қан ша-лықты қиын болды?

– Олимпиадаға қатысу кез келген спортшының арманы еке нін ескерсек, бұл жолда еш­кімнің де аянып қалмасы анық. Сондықтан Олимпия ойында-ры, әлем чемпионаттарының жүл дегерлерімен бір қатарда тұ рып ұпайды сарапқа сала-мыз. Олимпиадаға бару үшін рейтинг тегі 25 спортшының ортасында болуға міндеттісің. Сондықтан бұл оңай шаруа емес. Шындап келгенде, жолдама­ны қолыма әлі алған жоқпын. Пхенчханға кімнің баратыны қаңтар айында белгілі болады. Әзірге дайындықты жал ғастыра береміз.

– Жалпы, Олим пиа даға

соңғы дайын дық қалай жүріп жатыр?

– Көңіл күй де, даярлық та жаман емес. Жақында Қытайда өткен Әлем кубо-гы кезеңінен оралдық. Енді Мәс кеуге Олимпиада алдын­дағы Әлем кубогы кезеңіне аттанамыз. Бұл – менің екінші Олим пиадам. Уақыттың алдына шығудың қажеті жоқ деп ой-лаймын. Сәтін салса, финалға шық қандардың қатарына енсем деген жоспар бар.

– Сіз бақ сынайтын фрис-тайлда секіру элементтерін дұ -рыс жасау аздық етеді, кө рер -мен мен төрешілерді баурап алатын дай әдемі де болуы ке-рек. Сіз өз жанкүйерлеріңізді бұл жолы немен таң қалды-ра сыз?

– Негізі бірнеше жаңа эле­ментті қоссам ба деп ойлаған­мын. Әзірге сенімсіздік бар. Жа рыста қиын элементтерді жа саймын деп құлап жатқанша, әрбір қимылыңды таза орындап шығу маңызды.

– Басты қарсылас деп кім-дерді айтар едіңіз?

– Әзірге қарсыластарымның аты­жөндерін толық қарап шық­қан жоқпын. Бұл спорттың негі­зінен Қытай, Ресей мен Бела­русьте қарқынды дамығанын ес­кер сек, осы елдердің спортшы­лары жүлдеге таласады деп ойлаймын.

– Сіздің фристайлға осы-дан бірнеше жыл бұрын ғана келгеніңізді білеміз. Таң дауы-ңыз неге фристайлға түсті?

– Спорттық гимнастикада 9 жыл жүріп спорт шебері ата­ғын алдым. Бұл менің аталмыш спорттағы мүмкіндігімнің шегі секілді көрінді. Сондықтан кез келген спортшы секілді мен де Олимпиадаға қатысу үшін жолымды басқа спорт түрінен іздеп көрейін деп шештім. 2011 жылғы Азиаданы теледидар арқылы тамашалап отырып фристайл жарыстарына көзім түсті. Фристайл мен спорттық гимнастиканың ортақ тұстары көп. Бәлкім, осы себепті де спорттың мен үшін жа ңа, қысқы түріне бейімделу қиын соқпаған шығар. Аз уақыт­тың ішінде спорт шебері ата-нып, кейіннен халықаралық дәрежедег і спорт шебері атағына қол жеткіздім.

– Аз ғана уақыттың ішінде шаңғы фристайлынан біраз жетістікке жеттіңіз. Сіздің ойы ңызша, бұл спорт түрін

таң даған адамға ең алдымен не керек?

– Қай салада жетістікке же­темін десең де ең алдымен

адам ның құлшынысы болуы керек. Алдыңда кездесетін қиын дық қа төзе білген жөн. Сонда ғана көздеген мақсатыңа қол жеткізесің.

– Сіздің фристайл-мен шұғыл данып жүр-

геніңізді бастапқыда ата-анаңыз біл меген екен. Қазір

жарыс та ры ңызды тамашалап жүре ме?

– Алғашында олар рұқсат бермейді деп фристайлмен кә­сіби түрде шұғылданып жүрге­німді айтпаған едім. Олар мені тек шаңғы тебуге барып жүр деп ойлайтын. Бірінші рет Со­чидегі Олимпиадада көрген. Жа рыстар көбінде шетелде өте­тіндіктен, негізінен тек теледи-дар не ғаламтор арқылы көріп қол дап отырады. Үйде көп бола бер мейтініме де үйренген. «Өз тойыңда үйде болсаң болғаны» дейді.

– Универсиада Қазақстанда шаңғы акробатикасының да-муына қаншалықты әсер етті деп ойлайсыз?

– Универсиада арқылы бұл спорттың танымалдылығы арт ­қаны анық. Фристайлмен шұ ғыл­данатыныңды айтсаң, біреулер «бұл бидің бір түрі ме?» деп сұрап жатады. Со сын түсіндіріп отырғаның (кү ліп). Қазір жағдай өзгеріп ке леді. Өзім балалар фристайл үйір мелеріне көптеп жазылса екен деймін. Яғни бұл спорттың дамуы үшін алдымен бәсеке керек. Қытайда солай. Сондықтан олардың атлеттерінің деңгейі де жоғары.

– Уақыт бөлгеніңізге рах-мет! Біз де сізге сәттілік жол-дас болсын деген тілегімізді біл діреміз.

ӘңгімелескенМәдина АСЫЛБЕК,

журналист

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Алақандай Беларусь елі Сочи Олимпиадасында 5 алтын медальға қол жет­кізді. Оның үшеуі – Дарья Домрачеваның енші сінде. Биатлоншы қыз үшін ші рет Олимп шыңын бағын­дырғаннан кейін оған «Беларусь қаһарманы» ата­ғы берілді.

Ж а н к ү й е р л е р а р а -сында «Беларусь ракета-сы» атанған Дарья 1986 жы лы Минскіде сәу лет­шілер отбасында дү ние­ге келген­ді. Төрт жас­қа толғанда ата­анасы Сі бірге қоныс аударып-ты. Ол 6 жасынан бастап шаң ғыға қызығушылық танытқан. Белорустардың мақ танышына айналған қыз білім мен спортты қатар ала жүріп, мектеп пен университетті үз дік тә мамдады. Дарья 13 жа-сында үлкен спорт пен айналысуға бел ше ше кі­рісті. Содан бері жиі­жиі же ңістің биік тұғырынан

көрініп жүр. 2003 жылы Д о м р а ч е в т а р о т б а с ы Минс кіге қайта оралды. Дарья бастапқыда жа рыс­тарға Ресейдің сапында қа ты сып жүрген. 2004 жы­лы тарихи Отанынан ша­қырту алғанда, Дарья ой­ланбас тан келісті. Міне, бір өзі Беларуське 3 алтын әперген Домрачеваның қыс қаша өмірбаяны осы.

Дарьяның спорттық ка-рьерасы бірден сәтті бола қойған жоқ. Тұңғыш рет Әлем кубогына 20 жасын-да қатысқан ол жеңістің тәт ті дәмін тату үшін екі жыл күтуге тура келді. 2008 жылы Рупольдингтегі Әлем кубогының 5­ші ке­зе ңінде Домрачева қола медаль жеңіп алды. Осы же тістігінен кейін сол жы­лы тағы да екі рет жеңіс тұ ғырына көтерілді. Ра­зун­Антерсельвада өт кен бәсекеде екінші және үшін­ші орынға қол жеткізді. Ал 2009 жылдан бастап Дарья үздік ондықтың қата­рынан түскен жоқ. Дом­рачева Ванкувер Олим­пиадасында (2010 жыл)

жекелей сында мәреге үшін ші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды (күміс медаль қазақстандық Елена Хрусталеваға бұйырған бо-латын).

Биатлоннан 2011­2012 жылғы Әлем кубогында алты мәрте мәреге бірінші келіп, жалпы есепте екінші орынға қол жеткізген. А л 2 0 1 2 ­ 2 0 1 3 ж ы л ы 3 рет жеңіс тұғырынан кө р ін іп , жалпы есеп -те 2­орынға тұрақтады. Сочи Олимпиадасы өткен 2014 жылы үш рет жеңіс тұғырының ең биігіне кө­терілді. Ал Олимпиадада Дарьяның асығы алшы­сынан түсті. Ол 10 шақы­рым ға із кесу сайысын-да Олимпиада чемпионы атанды. Араға үш күн са-лып тағы бір рет алтын медальды қанжығасына байлады. 15 шақырымға жекелей сын да Дарьяға тең келер еш кім болған жоқ. Сондай­ақ 12,5 ша­қы рымға жаппай жарысу-да Домрачева үшінші рет мықтылығын дәлелдеді. Одан кейінгі мау сымда Дарьяға тағы тең келер еш кім болмады. Бір өзі тоғыз кезеңді бағын дырған «Беларусь ракетасы» Әлем кубогының чемпионы атан ды.

Беларусь бұған дейінгі қысқы Олимпиададан бас­аяғы 9 медаль ұтып ал ды. Ақ Олимпиаданың тұңғыш алтыны 2010 жылы Ван­куверде бұйырған­ды. Фрис тайлшы Алексей Гри шин елінің әнұранын Кана да төрінде шырқатты. Дарья Домрачеваның 3 дүркін Олимпиада чемпио­ны атанғанын жоғарыда айттық. Қалған екі алтын Гри шиннің ізбасарларына бұйырыпты. Фристайлшы Алла Цупнер мен Антон Кушнир Олимп шыңын бағындырды. Надежда Скар дино биатлоннан қола медаль иеленді. Халқының саны 10 миллионға жуық, кішкентай Беларусь елінің ақ Олимпиададағы жеткен жетістігі осындай!

Ермұхамед МӘУЛЕН,«Егемен Қазақстан»

ҚАҢТАР. Жыл басында XXIII Қысқы Олимпия ойын­дарына лицензия алу үшін шаң­ғышыларымыз жарыс жолына шығады. Құрама командамыз дүбірлі додаға 11 спорт шы апа-руды жоспарлап отыр. 6 ер және 5 әйел спортшы Қа зақ станның намысын қорғауы тиіс. Олардың ішінде дәл қазір Олим пиадаға баруы тиістілердің қатарында Елена Коломина, Анна Шевченко, Алексей Полторанин, Сергей Малы шевтер бар. Ал қалған шаң ғышыларды бапкерлер осы қаңтар айында анықтайтын бо-лады. Оның үстіне спортшы-ларымызды Швейцариядағы Лен церхайде, Гер маниядағы Обер стдорф, Ита лиядағы Валь ди Фиеммеде өтетін шаңғыдан Әлем кубогының кезең дері күтіп тұр. Олимпиадаға баратын спорт­шылардың көбісінің есім дері дәл осы қаңтар айында анық талады.

АҚПАН. Ақпан айының өзі түгелдей Олимпиаданың айна-ласында өтетіні белгілі. Күллі әлемдік спорттың көңілі Оңтүстік Кореяға түседі. 9­25 аралығында Пхенчхан қаласындағы дүбірлі додаға біз де көз тігеміз. Бірлі­жарым спорт түрлерінен ме-даль алып қалуымыз ғажап емес. Денис Тен секілді мә нер­леп сырғанаушымызды шорт­трек тегі командамызды не месе Галина Вишневская бас та ған биат лоншыларымыздың, Сер­гей Полторанин қостаған шаң­ғышыларымыздың жолына үміт­пен қараймыз.

Ай басында Дэвис кубогы ая­сындағы 1/8 финалдық ойындар жос парланған. Солардың қата­рын да Қазақстан мен Швейцария ара сындағы кездесу бар. Матч елор дадағы «Дәулет» ұлттық тен-нис орталығында өтеді.

Сонымен қатар ақпан айында «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының плей­офф кезеңіндегі ойынын өткізеді. Астанаға Пор­тугалияның «Спортинг» коман-дасы келеді. Ал 30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Словения аста-насы Любляна қаласында футзал-дан Еуропа чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады.

НАУРЫЗ. Наурыз айында Қазақстанның футболдан пре-мьер­лигасы басталады. Еліміздің 12 қаласында ішкі біріншілік ойындары өтіп, футбол маусы­мы ресми түрде ашылады. Мә­нерлеп сырғанаушылардың әлем­дік додасы 18 наурыз күні Ита­лияның Милан немесе Турин қа­ласында ұйымдастырылады деп жоспарланған. Оған қазақстандық спортшылар да қатысады деп күті луде.

СӘУІР. Сәуір айында Чем­пиондар лигасының және Еуропа лигасының жартылай финалдық кездесулері болады. Бұл ойын-дар күллі ғаламшардың назарын өзі не аудартатыны анық. Алай­да, қазақстандық спортшылар қатысатын додаларға тоқталатын болсақ, олардың ішіндегі ең сүйек тісі, маңызы жоғарысы – жас өспірімдер арасындағы хок-кейден әлем чемпионаты. Оған Қазақстан U­18 командасы қаты­сады. 19­29 сәуір аралығында Ресейдің Маг нитогорск және Челябі қала ларында өтетін бұл жарыстан үмітіміз зор. Себебі өткен жылы жігер лі жастарымыз күміс медаль еншілеп қайтқан еді.

МАМЫР. Мамыр айында Чемпиондар лигасы мен Еу ропа лигасының финалдары өтеті нін де естен шығармайық. Соны мен қатар осы айда өзіміздің «Ас ­тана» вело командасы қа ты сатын «Джирро Италия» көп күндігі ұйымдастырылады. Айт пақшы, мамыр айында тағы бір қызу, бәсі жоғары бокс бәсекесі ұйым­дастырылуы ықтимал. Ген надий Головкин мен Сауль Аль варес арасындағы екінші қай тара кез-десу дәл осы мамыр айында өтіп

қалуы әбден мүмкін. Қазір келіс­сөздер жүргізілуде.

МАУСЫМ. Маусым айының 6­сы күні Ресей­Сауд Арабиясы ойынымен 2018 жылғы футбол-дан әлем чемпионаты бастала-ды. Көршілес Ресей жерінде өтіп жатқан дүбірлі додаға барып, кей­бір ойындарды трибунадан тама­шалауға тамаша мүмкіндік бар.

ШІЛДЕ. Қазақстандық фут­бол клубтары Еуропа лига сын­дағы іріктеу матчтарын бас тайды. «Қай рат», «Ертіс», «Ор дабасы» коман далары кәрі құрлықтағы жорықтарын алғаш қы айналымдар-дан бастаса, ізін ала «Астана» ко-мандасы Чем пиондар лигасындағы ойындарын өткізеді. Шілде айы­ның со ңы на қарай әдеттегідей «Тур де Франс» велокөпкүндігінің күн­дері келе қалады. Әлемдегі мық­ты велошабандоздардың басын тегіс қосатын даңқты жарысқа «Ас тана Про Тим» командасы да қаты сады. Дүбірлі дода 7­29 шілде аралығында өтеді.

ТАМЫЗ. 18 тамыз күні дзю-додан Еуропаның ашық біріншілігі жалауын желбіретеді. Бас бапкерін ауыстырған Қазақстан ұлттық құрамасы Израильде өтетін додаға тыңғылықты дайындықпен ба-рады. Әрине, оған дейін де, одан кейін де Гран­при сайыстары болғанымен, біздің команда әсі­ресе осы Еуропа чемпиона тына баса назар аударады. Та мыз айының бел ортасында Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындары өтеді. Бұл да еліміз спортшыларының сары құр лық­тағы шамасын бай қап алатын тұсы. Осы жолы әдеттегідей бокс­шылар мен палуандарымыздан бө лек өзге де спорт түрлеріндегі жас тарымызға көз тігетін боламыз. Мысалы, жеңіл атлетика мен суға жүзушілеріміз медаль алып қалуы әбден мүмкін. Азия ойын дарының басталуы да 18 тамыз күні.

ҚЫ Р КҮЙ Е К. Қыркүйек айын да велоспорттың соңғы үшін­ші ірі гранд­тур жарысы өте ді. 21 кезеңнен тұратын «Ля­Вуэль та Испания» велобәйгесі «Аста на» командасы үшін жүлде ала тын тамаша мүмкіндік. Бұл, әсі ресе қазақстандық шабандоздар Жан­дос Бижігітов, Руслан Тілеу баев, Дмитрий Груздевтердің жар қы­райтын шағы.

Бұл жарыс аяқталысымен ве-лошабандоздарымыз Аустрияның Инсбург қаласында өтетін әлем чем пионатына аттанады. Біз әдет­тегі дей Алексей Луценко бастаған жер лестерімізге жанкүйер бо-ламыз.

ҚАЗАН. Жапония жерінде қыздар арасындағы волейбол-дан әлем чемпионаты өтеді. Азия құр лығынан іріктеліп шыққан 4 команданың ішінде біздің қара­көз деріміз де бар. Бұл жарыс 30 қыр күйек пен 21 қазан аралығында болады. Жарыстың жеребесі тарты лып, Қазақстан «D» тобына түс ті. Онда бізден бөлек Сербия, Бра зи лия, Доминикан, Пуэрто­Рико және Кения құрамалары бар.

ҚАРАША. Қарашаның 24­і күні Түрікменстан астанасы Аш­ғабадта ауыр атлетикадан әлем чем пионаты өтеді. Көптеген до-пинг дауына ұшыраған біздің спорт шыларымыз осы жолы тәуір нәти же көрсетуі тиіс. Атал ған жарыс қа даңқты спортшымыз Илья Ильин де қатысуы бек мүм­кін. Сон дықтан да дәл осы жолғы әлем чемпионаты біздің команда үшін өте қызықты өтетіні анық.

ЖЕЛТОҚСАН. Желтоқсан айы басталысымен 2018/2019 жыл ғы қысқы спорттың маусымы ашық деп жарияланады. Бірден биатлон мен шаңғышыларда Әлем кубогының кезеңдері шымыл ды­ғын түреді. Біз әдеттегідей Га­ли на Вишневская мен Максим Браун дарға сенім артамыз. 2019 жыл дың көктемінде ЕУРО­2020 жа рысының іріктеу кезеңі баста латындықтан футболдан Қазақ стан ұлттық құрамасы осы айда оқу­жаттығу жиындарына әзірленіп, жолдастық ойындар өткізеді.

2018: додаға толы жыл

Жанбота АЛДАБЕРГЕНОВА,фристайлдан Универсиада ойындарының қола жүлдегері:

Пхенчханда финалға енуді мақсат етемін

САРАПТАМАФРИСТАЙЛ

БИАТЛОНЖАРЫСТАР КҮНДЕЛІГІ

«Беларусь ракетасы» құстай ұшуға әзір!

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Санаулы күндерден кейін Эстерсундте 2017-2018 жылғы биатлоннан Әлем кубогы басталады. Белорустардың үкілі үмітін арқалаған Олимпиада чемпионы Дарья Домрачева аталған жарысқа тас-түйін әзір отыр. Араға үш жыл салып үлкен спортқа қайта оралған ару биыл жүлделі орыннан дәмелі. Оның үстіне, биылғы дүбірлі дода Пхенчханда өтетін қысқы Олимпия ойындарымен тұспа-тұс келіп отыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Шаңғы Швейцарияның Ленцерхайде қаласында

шаңғы спортынан өткен «Тур де Ски» көп­күндігінің екінші кезеңінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 15 шақы­рымдық классикалық әдіспен жүруде мәре сызығын екінші болып кесті.

Бірінші орынды швейцариялық Дарио Колонья иеленді. Ол 15 шақырымды 32 ми-нут 21 секундта жүріп өткен. Ал Дариодан алты секунд қалып қойған Полторанин екін ­ші орынды қанағат тұтты. Үздік үштік ті нор вегиялық шаңғышы Мартин Йонсруд Сундбю қорытындылады. Мартин жеңім­паздан 13 секундқа қалып қойған.

Жарыстың алғашқы күнінде Алексей Полторанин 37­ші орыннан көрінсе, үшін ші ке зеңде мәре сызығын бесінші болып кесті.

ХоккейЕлорданың «Барыс» хоккей клубының

бас жаттықтырушысы Евгений Корешков қызметінен босатылды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Бұл шешімді «Барыс» командасының қамқорлық кеңесі шығарған. Бас жаттық­тырушының қызметтен кетуінің негізгі себебі – елорда ұжымының Құрлықтық хок кей лигасында төмен нәтиже көрсетуіне бай ланысты. «Барыс» клубына жаңа жаттық тырушы тағайындалғанша коман-даны Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтырады.

«Барыс» қазіргі уақытта Құрлықтық хок-кей лигасында 47 матч өткізіп, 63 ұпаймен «Шығыс» конференциясында тоғызыншы орында келеді. Команда соңғы 16 ойында 14 рет жеңілген.

Еске сала кетсек, Евгений Корешков өт­кен жылдың мамыр айында «Барыстың» бас жат тықтырушысы болып тағайындалған еді.

ФутзалФутзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы

2017 жылғы әлемдік рейтингті 9­орынмен түйіндеді. 2017 жылы қазақстандық фут-залшылар биылғы жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде топтан бірінші орынмен шықты.

Былтыр ұлттық құрама 11 ойын өткізіп, алты рет жеңіске жетті. Үш ойында тең ойнап, екі кездесуде қарсыластарына есе жібер ді. Сондай­ақ Тайланд пен Ирандағы халықаралық турнирлерге қатысты.

Әлемдік рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріс сіз қалған. 1931 ұпай жинаған Бра­зи лия құрамасы топ бастап тұр. Екінші орында 1 878 ұпайы бар Испания құрамасы болса, Ресей құрамасы 1 740 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.

Биыл футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады. Какау жаттықтыратын футзалшылар Ресей және Польша құрама­ларымен бір топта сынға түседі.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Page 12: E-mail: info@egemen.kz №2 4 АˆТАР, БЕЙСЕНБІ аза…станны˛ … · ˜лтты˙ академиялы˙ кітапханада аза˙станны Б˜˜ ауіпсіздік

12 4 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛДИДАР

ФОТОЭТЮД

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде МӨМ ұлттық мәдениет тарихына қазақ әйелдері ара-сынан шыққан тұңғыш кәсіби суретші ретінде енген Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрменің ашы-луы және көркемсуретті альбомының тұсаукесер-таныстырылымы болып өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––«Дакар-2018» халықаралық трансқұрлықтық ралли-марафоны алдағы жылдың қараша айында Оңтүстік Америка елдері – Перу, Боливия және Аргентина аумақтарында өтеді деп күтілуде. Осы ретте ралли-рейд бойынша ел намысын қорғайтын «Астана» командасы алматылық журналистерге өз дайындықтары туралы айтып берді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––«Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы қолға алынғалы Батыс Қазақстан облысында бірнеше музей ашылды. Соның бірі – Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы. –––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға екі пониды сыйға тартты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 4, «Сыр медиа» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 204 165 дана

Нөмірдің кезекші редакторыЖақсыбай САМРАТ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

А.Ғалымбаева қазақ бей-нелеу өнеріндегі ұлттық тақырыпты жырлайтын да-рынды кескіндемеші ға на емес, сонымен қатар кино ­суретші, әрі қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін жасаған бірегей тұлға ре тінде таны-мал. Көрмеге суретшінің Ә.Қастеев атын дағы МӨМ қорынан, отбасылық және

жеке коллекциядан алынған 80­нен астам кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылды.

Айша Ғалымбаева 1949 жылы Мәскеудегі Бүкіл­одақтық мемлекеттік кине-матография институтының көркемсурет­безендіру бө­лімін аяқтағаннан соң, Ал­маты көркемсуретті және хроникалық фильмдер ки-ностудиясында ең бек ет-кен. Оның кино өне ріндегі ең алғашқы, әрі дип ломдық

жұмысы «Абай әндері» киносценарийіне декорация­лар, костюмдер мен кадр­лар көрінісінің эскиздері. Сондай­ақ «Қо зы Көрпеш­Баян Сұлу», «Махаббат тура-лы дастан» (1954), «Шабандоз қыз», «Бұл Шұғылада болған еді» (1955), «Дала қызы» (1966) кинофильмдеріне кос­тюмдер эскизін жасаған. Сонымен қатар Шоқан Уә­ли хановқа арналған «Оның уақыты келеді» ки но филь­мінің түсірілу ке зін де қазақ тұрмысы және костюм бо­йын ша кеңесші болып қыз­мет атқарады. 1958 жылы суретшінің талай жыл тер төккен «Қазақтың ұлттық киімдері» суретті альбомы басылып шығады.

А й ш а Ғ а л ы м б а е в а ө м і р і н і ң к ө п б ө л і г і н

қон дыр малы кескіндемеге ар нады. Оның колорист ре тін дегі тамаша таланты, рухы мен көркемдік орын-дау тәсілі, ұлттық жарқын да көркем образдарды жа-сау қабілеті нақ осы жанр-да толығымен ашылды. Оның шығармашылығында қазақ халқының өнері мен мәдениеті, тұрмысы жыр-ланды, сонымен бірге қазақ әйелдерінің тағдыры ерек-ше қырынан бейнеленді. Оның бір­біріне ұқсамайтын портреттерінде қазақ әйе­лінің табиғаты, оның өз за­манындағы сәнді өмірі, ба­қытты тағдыры салтанатты бейнеленеді. Оған «Белгілі халық шебері Р. Бәсенованың портреті», «Дәмді шай», «Бір кесе қымыз», «Ха­лық таланттары», «Біз

заманамызды мақтаныш етеміз», «Қазақстан әні», «Кес телі кимешек», «Батыр ана» және тағы басқа шығар­малары дәлел бола алады.

Айша Ғалымбаева қыл қа­лам шебері ретінде өз ұлты­ның қайталанбас қасиеті мен шынайы өмірін барынша суреттеуге талпыныс жа са­ды. Ғұмырында ашар шы­лық, соғыс секілді аласа-пыран кезеңдерді басынан өткергенімен, оның шығар­машылығында халқының жарқын бейнелері, өнері мен мәдениеті тереңінен қоз ғалады. Сондықтан да оның туындыларының бү­гін де ұлттық бейнелеу өне­рінің классикасына айналуы заңды деп білеміз.

АЛМАТЫ

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Команда капитаны Артур Ардавичустың сөзіне сенсек, елордалық топ «Дакарға» тыңғылықты дайын далды. Биыл ең қауіпті ралли марафонын-да команда өз экипажын екі санат бойынша жарыс жолына шығармақ. Нақтырақ айтсақ, жүк көліктері санатында команда намысын дәстүрлі түрде Артур Ардавичустың жетекшілігімен штурман Серж Брюнкенс пен механик Майкл Хьюсман қорғайтын болады. Олар жарыс жолына көктем айларында «Жібек жолы» раллиінде сынақтан сәтті өткен IVECO жүк көлігімен шықпақ. Аталған топқа «508» деген нөмір берілген.

Ал квадроциклшілер Дмитрий Шилов пен Максим Антимиров «Астана» атынан «Дакар­2018» раллиіне тұңғыш рет қатысқалы отыр. Квадроциклшілер экипажының еншісіне «265» және «266» нөмірлері бұйырған. Жыл бойы «Дакарға» қатысатын квадро­циклшілер құрамы жасақталып, 12 үміткердің ішінен екі үздік азамат іріктеліп шыққан. Елордалық ко-манда өкілдері жаңа спортшыларымыз ойдағыдай өнер көрсетіп, Кардобаға Қазақстанның байрағымен жетеді деген сенімде.

– «Дакар» шын мәнінде әлемдегі ең қауіпті әрі қыр­сыры көп жарыс. Біздің команда бұл марафонға әрқашан жауапкершілікпен әрі мұқият дайындалады. Соңғы айды біздің команда Іле Алатауы тауларында өткізді Боливиялық жарыс жолына дайындалдық, мұнда кезеңдер 3000 метр ден биікте өтеді. «Дакар» қатысушылардан жүз пайыз дайындықты талап етеді барлығына да техникалық тұрғыдан да, физикалық жағынан да дайын болуың керек. «Астананың» қазір сақадай­сай екенін айта аламын барлық анықтама мен құжаттар қолымызда. Ендігі кезекте жарыс жолын асыға күтіп отырмыз, – дейді «Астана» ко­мандасының бас менеджері әрі капитаны Артур Ардавичус. Әйгілі марафонға қатысуға биыл әртүрлі санат бойынша әлемнің әр қиырынан 500­ден аса спортшы тіркелген.

АЛМАТЫ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Тумысынан мүгедек бала­қайлар Петропавл қалалық ішкі істер басқармасына қарасты ка-валерия взводында иппотерапия курстарымен көптен бері айна-лысып келеді. Құмар Іргебайұлы мұның алдында осында жұмыс бабымен болғанда курсқа қаты­сушылар атқа міну қиынға соға­тынын айтып, пони сатып әперуді өтінген болатын.

Міне, олардың жаңажылдық тілегі орындалып, екі бірдей

пониге ие болды. Енді иппотера­пия арқылы ат үстінде емделумен қатар, таза ауада еркін серуендей де алады. Пониға алғаш қылардың қатарында Сандуғаш Молдабаева мініп, бірқатар дене жаттығуларын жасап қайтты. Ол ем­дом курсына 2014 жылдан бері қатысып жүр.

Кавалерия взводында бұдан былай тірек­қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған интернат оқушыларымен қатар, ата­ана қамқорлығынсыз қалған балалар да жаттыға алады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Өткен жылдың соңғы күндерінде тұсауы кесілген өлкетану музейінің қорында қазірдің өзінде 3 мыңға жуық жәдігер бар. Тарихтың та-лай­талай айтулы оқиғасы өткен шежірелі топырақтағы бұл ғимаратта Шыңғырлаудың өткені мен бүгіні көрініс тапқан.

Музей 5 залдан тұрады. Келу­шілер арнайы экраннан Шың­ғырлаудың әсем табиғаты мен көз тартар орындарынан түсірілген бей-небаянды да тамашалай алады.

Дәл осы күні өңірдегі көне зи-раттарда сақталған тарихи ескерт­кіштер – араб жазулы көне құлпы­тастардың құпиясы шертілген ар-найы жинақтың да тұсауы кесілді.

Шыңғырлау ауданы үшін есте қаларлық осы оқиғаға орай өзге өңірлерден туған жерге арнайы жиналған бір топ ардагер музей ғимараты алдына қарағай көшеттерін отырғызды. Бұл көшеттерді олар өз қаржысына сатып алып, туған жерге тарту ретінде ала келген екен.

Батыс Қазақстан облысы

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

Әкім балаларға пони сыйлады

АВТОРАЛЛИ ЖӘДІГЕР

«АСТАНА»: сенімді ақтаймыз

Шыңғырлауда жаңа музей ашылды

КӨРМЕ

Кәсіби сурет өнерінің классигі