344
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том) Алматы 2017

Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

  • Upload
    others

  • View
    49

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)

Алматы2017

Page 2: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

2 Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

ӘОЖ 1/14(574)КБЖ 87.3 (5 Каз)Қ 17

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтануинститутының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған

Саяси ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Бижанов және философия ғылымдарының докторы, профессор С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен

Рецензенттер:С.Б. Бөлекбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор

Б.М. Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.М. Аташ, философия ғылымдарының докторы

Авторлық ұжым:Нысанбаев Ә.Н., ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, про-

фессор (ғылыми жетекші) – Алғы сөз және қорытынды, 1.2, 3.3, 4.2; Барлыбаева Г.Ғ., философия ғылымдарының докторы, (ғылыми жетекші) - Алғы сөз және қорытынды, 3.1, 3,4; Қасабек А.Қ., философия ғылымдарының докторы, профессор – 1.1; Ғабитов Т.Х., философия ғылымдарының докторы, профессор – 2.1; Нұрышева Г.Ж., фило-софия ғылымдарының докторы, профессор – 1.3; Құрманғалиева Ғ.Қ., философия ғылымдарының докторы, доцент – 3.2; Есім Ғ., ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор – 4.1; Нұрмұратов С.Е. философия ғылымдарының докторы, профессор – 1.1, 1,2.; Әлжан Қ.Ұ., философия ғылымдарының кандидаты, доцент – 4.3; Ошақбаева Ж.Б., философия ғылымдарының кандидаты – 2.2; Қоңырбаева К.М., философия ғылымдарының кандидаты – 3.1, 3.4; Мейрманов А.Д., философия магистрі – 2.3; Жаңабаева Д.М., PhD докторы – 4.2; Молдағалиев Б.Е., PhD докторы – 1.1.

Қ 17 Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін). 5-том. (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты, 2017.

ISBN – 978-601-304-015-8 5-том – 344 б. ISBN – 978-601-304-085-1

Қазақ философиясының тарихы бойынша іргелі бес томдық академиялық зерттеудің бесінші томы Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінің философиясына арналған. Еңбекте тәуелсіздік құбылысының тарихи-философиялық аспектілері ғылыми зерделеніп, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI басында қалыптасқан қазақстандық философиялық мектептің ой-тұжырымдары зерделенеді. Бұл ұжымдық монографияда негізінен еліміздегі қазіргі таңдағы рухани жаңғыруға қызмет ететін идеялар философиялық тұрғыдан сараптаудан өткізіледі.

Ұжымдық монография қоғамтанушы ғалымдарға, жоғары оқу орындарының оқы-тушыларына, докторанттарға, магистранттарға, бакалаврларға және жалпы еліміздің рухани мәдениетінің өзекті мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ КБЖ

ISBN – 978-601-304-085-1 © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану ISBN – 978-601-304-015-8 (ортақ) және дінтану институты, 2017

Page 3: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

3 А Л Ғ Ы С Ө З

Алғы сөз.................................................................................................. 5

І тарау. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕНУІ 1.1. Ұлттық тәуелсіздік идеясы және оның тарихи сипаттамасы............................................................................................ 91.2. Тәуелсіздіктің қалыптасуы жолындағы жаңа қоғамдық сана мен жаңа құндылықтар жүйесінің дамуы............................ 451.3. Егемен ел философиясы.............................................................. 74

ІІ тарау. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН СИПАТТАРЫ 2.1. Қазіргі мәдениет Қазақстан философиясы: дәстүр мен жаңашылдық аясында....................................................................... 992.2. Ұлттық идея – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру жолы.... 1402.3. Қазақ мемлекеттік және ұлттық рәміздерінің құндылықтық-мағыналық мазмұны................................................ 163

ІІІ тарау. МӘДЕНИ КӨПТҮРЛІЛІК АУҚЫМЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТИПТЕРІ3.1. Түркі философиясы – әлем мәдениетінің жарқын құбылысы .............................................................................................. 2023.2. Әл-Фараби мұрасы және жаңа интегралдық дүниетанымның қалыптасуы............................................................. 2233.3. Қазақ философиясы – өмір сүру философиясы.................... 2613.4. Қазақ философиясы – рухани жаңғыру негізі .......................

267

МАЗМҰНЫ

Page 4: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

4

IV тарау. ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІНДЕГІ ӨЗАРА ТҮСІНІСУ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ҚЫРЛАРЫ4.1.Тәуелсіздік философиясы және бостандық бағасы............... 2804.2 Жаһандану және жаңа өзара түсінісу философиясының қалыптасуы............................................................................................. 3034.3 Қазақ философиясының еуразиялық бағдары........................ 319

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................ 334

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты туралы мәлімет ............................................................... 338

Информация об Институте философии, политологии и религиоведения Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан............................... 340

Information about the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies of Science Committee of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan................ 342

Page 5: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

5 А Л Ғ Ы С Ө З

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ философиясының тарихына арналған бес томдық топ-таманың соңғы томы қазіргі тәуелсіз Қазақстанның философиясы-на арналған. Бұл томда тәуелсіздік идеясының қазақ қоғамында қалай қалыптасқаны, оның ұлттық идея түрінде өрбігені және қазіргі кезеңде қоғамдық санада өркениетті ұғым ретінде орныққаны баяндалады. Соңғы томда келтірілген тұжырымдар алғашқы қазақ халқының философиялық ойының ежелден келе жатқан тарихын зерделеудің логикалық қорытындысы іспетті. Әрине, бес томдық топтама қазақ философиялық ойының барлық қырларын баяндады деп айтуға болмайды. Себебі, халықтың зияткерлік рухани әлемі бес томның ішіне сыймайды. Алғашқылары мен соңғы томның мәтінін, мазмұндық құрылы-мын қалыптастыруға жобаны орындаушы мамандармен қатар қоғамыздағы қазақ тілді философтардың арасында белсенділік та-нытып жүрген білікті ғалымдар тартылды. Олардың біршамасы өзінің ұжымдық монографияны қалыптастырудағы еңбектерінің нәтижелерін ұжымдық монографияға қаржыландырусыз, риясыздықпен ұсынғанын атап өтуіміз керек.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері рухани әлемімізді философиялық зерделеуден өткізу бой-ынша көптеген істер тындырылды. Дегенмен, алда істелетін жұмыстардың ауқымы да кеңею үстінде. Әсіресе, қазіргі таңда ұлттық сананы қалыптастыру үрдісі ауқымында жалпы мәдени негіз ретіндегі халықтың дәстүрлі құндылықтық-мәндік бағдарлары мен рухани мұраларын философиялық тұрғыда пайымдаудың қажеттілігі күшеюде. Егемен мемлекетті дамыту жағдайында тәуелсіз мемлекетті қалыптастыратын және дербес рухани болмысты дамытатын қазақ халқының философиялық ойының тарихына мән беру өте маңызды болып табылады. Руха-ни жаңғыру кезеңінде, ұлттық бірегейлік пен өзіндік бірегейлікті қалыптастыру жағдайында қазақ ойшылдарының философиялық

Page 6: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

6

шығармашылығына жалпыәлемдік мәнде сұхбаттасатын мәдениет ретінде қарау қазіргі қазақстандық қоғам жағдайында өте маңызды.

Мемлекетті біріктіруші құндылықтар ұлттық санамыз-дың негіздерін нығайтады. «Ұлт өзінің дамуына жеткілікті дәрежедегі ішкі тетіктерін, бәсекеге қабілеттігін және халық күшін жұмылдырып, нығайтып отыруы қажет» деген қазақ философтарының идеясы қазіргі қазақстандық қоғамның құндылықтық парадигмасына айналған Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала-сының идеологиялық бағытымен, заманауи кеңістікте басымдық танытатын тұжырымдамалық, идеялық ұстанымдарымен үндес.

Біздің пайымдауымызша, қазақ философтары дәстүрлі және қазіргі заманауи тарихи кезеңде күрделі дүниетанымдық мәселелерді тек ұлттық дәстүр деңгейінде ғана емес, жалпы әлемдік философиялық ой қазынасын да толтыратын күрделі экзистенциялық мәселелерді жоғары философиялық деңгейде тұжырымдаған. Қазақ философиясының кез келген ұлттық фило-софия секілді өзіндік ұлттық сипаты бар және қазақ мәдениетінің сан ғасырлық тарихында көптеген дүниетанымдық мәселелер күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Бұрынғы ғасырларда қазақ этникалық санасында көркем образдар арқылы негізгі философиялық пай-ымдаулар жасалынып отырылса, ХХ ғасырдың екінші жарты-сында қазақ жеріне нағыз рационалистік кәсіби философияның келгені белгілі. Көптеген замандастарымыз сол тарихи кезеңде әлемдік философияның өзектенген көптеген қырлары бойын-ша өзінің еңбектерін жарыққа шығарып үлгерді. Топтаманың соңғы екі томында мамандар тарапынан осы мәселелер біршама ғылыми зерделенеді.

Тәуелсіздік кезеңінде философиялық зерттеулердің ауқымы мен мүмкіншілігі біршама кеңейді, философиялық бағыттағы ізденістер әртүрлі болып, қазақ философиялық ойының руха-ни қайнар көзіне айналған түркі философиясы кеңінен зерттеле бастады. Әр дәуір болмыстың «мәңгілік мәселелеріне» өз жауа-бын береді, бірақ оларға дайын «мәңгілік жауаптар» да жоқ екені белгілі. Біз оны өзіміз іздеуіміз керек. Қазақ философиясы осы ин-теллектуалды рухани тәжірибені жәдігер ретінде емес, оны қазіргі өркениетті ойдың ғылыми негізі ретінде қабылдайды, осы нақты қисынды есте сақтайды.

Page 7: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

7 А Л Ғ Ы С Ө З

Қазіргі күннің өзекті мәселелерінің қатарына – қазақ халқының адамгершілік және руханилық мәселелерін жүгінуі жатады. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстанда со-циализм құндылықтарынан нарықтық және демократиялық құндылықтарға қарай бағытталған жаңа құндылықтық парадиг-ма қалыптаса бастады. Мұндай жауапты өтпелі кезеңде мықты идеялық және дүниетанымды іргетас қажет болатын. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өркендеу идеологиясы мен ру-хани жаңғырудың маңызды рөлі ұлттың өркендеуі үшін әлемдік қауымдастық жетістігінің шығармашылық үндестігіне мүмкіндік беретін ұлттық сипаттың ерекшелігін пайдаланатын бірге жұмылу идеясында жатыр.

Тынымсыз еңбек, ынтымақтастық, толеранттылық пен төзімділік – жаңғыру үрдісінің маңызды көріністері. Қоғамды ре-формалау өзгерудің мақсаты мен міндеті, стратегиясы мен идео-логиясы әлеуметтің өмір сүру себебіне, нақты мәдениеттің негізі мен логикасын, оның шығармашылық бастауын тануға байланыс-ты ұлттық ділге сүйенеді. Өзінің рухани бай мазмұны мен этика-эстетикалық ерекшелігімен қазақ мәдениетінің жандану үрдісін ғасырлар мен мәдениеттер сұхбатына, сонымен бірге дамыған әлем жаңғыруына өзінің шығармашылық әлеуетімен енуі қажет. Осыған сай ұлттық философиялық пайымдаудың өзіндік ішкі технологиясын айқындау маңызды ғылыми зерттеу нысаны екені анық.

Тәуелсіздіктің жиырма алты жылғы даму тәжірибесі: рухани мәдениетсіз, өмірлік құндылықтарсыз өркениеттік дамуда нағыз прогреске, ауқымды жетістіктерге жете алмайтындығын көрсетті. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек Қазақстан ғана емес, көптеген елдер, әсіресе, өтпелі кезеңде қазіргі жаңа талаптар негізінде өз тарихына, мәдениеті мен философиясына жүгінетіні анық. Сондықтан, тәуелсіздік философиясы шын мәнінде адам мен қоғам арасындағы, ұлт пен тарих арасындағы үйлесімділік орнату философиясы екенін көрсетті.

Қандай философиялық ой болмасын ол ең алдымен өмірлік қайшылықтармен байланысты және осы қайшылықтар дәнегі жаңа идеялық бағыттар мен ағымдардың өнуіне әсер етеді. Қазақ тарихында кейбір тағдырлы кезеңдер мәдениетті тудырушы да болды. Негізінде этика жатқан қазақ философиялық ойы өз за-мандастарын мазалайтын, әсіресе «бар болу немесе болмау» деген

Page 8: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

8

мәңгілік сұрақты, жеке тұлғаның адамгершілік ауқымын бағалау мәселелерін бейнелеп, нақты түрде көрсетеді. Осындай уақытта тарих сахнасында ірі ойшылдар мен философтар шығады, себебі тек олар ғана бұл сауалға дәйекті жауап бере алады.

Қазақтың рухани мұрасын қайта сараптаудан өткізу, пайым-дау қажіттілігі зор, өйткені ұзақ жылдар құрсауында ұстап, кейін жойылған таптаурындар мен догмалар санамызды біршама өзгертіп, мәдениетіміз бен дүниетанымымызды шайқап өтті. Сондықтан терең зерттеулер жалғасын тауып отыруы керек. Біздің көзқарасымызша, рухани жаңғыру үрдісін жүзеге асы-ру барысында қазақ философиялық мұрасының рөлі шешуші мәнге ие, себебі оның адамгершілік мазмұны санамыздың ұлттық дүниетанымдық негізін құрайды, отандық мәдениеттің жаңғыруының маңызды факторы болып табылады. Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық философия – бұл тек адамгершілік теори-ясы ғана емес, ол қазіргі рухани жаңғырушы Қазақстан еліне қажетті зияткерлік қоғамды қалыптастырушы ізгі әрекеттер бағдарламасы болып табылады.

Page 9: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

9 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

І тарау. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕНУІ

1.1. Ұлттық тәуелсіздік идеясы және оның тарихи сипаттамасы

Тәуелсіздіктің тарихтағы түбегейлі мағынасы Өзінің сан ғасырлық тарихында халқымыз нағыз прогре-

ске тәуелсіздіктің өресіне, биігіне шығуға әрқашан ұмтылумен болды. Өзінің мемлекеттілігін анықтаған ХV ғасырдан бері талай асулардан өткен этникалық қауымдастық тәуелсіз елдің ғана өзіндік дербес әлемі болатындығын айқын түсінді. Қазақ этносы болып қалыптасудың астарында осындай қауымдастықтың біртұ-тастануына деген тарихи процестегі үлкен қажеттілік жатқаны белгілі. Жалпы адамзаттың тұтастай алғандағы қауымдастығының бір бөлігін қазақ халқының өзіндік тарихи субъект ретінде құрауының өзі де осы қажеттіліктен туындайды. Демек, тарихта кездейсоқ ешнәрсе жүзеге аспайды және қалыптаспайды. Тарихи үдерістің түбегейлі қыры да осында.

Кейінгі ғасырларда өрбіген Қазақ елі мен Ресей империясы арасындағы қатынастар әлеуметтік дүниеде басқа қаншама этносаяси мүмкіндіктермен бағдарлар болса да (мәселен, Қытай-мен, Иранмен, арабтармен, жоңғарлармен, Қоқан хандығымен, ағылшындармен өзара саяси және мәдени қатынастардың өрбіп, ықпалдасуы іспетті) өз күшіне енді. Қазақ жері өткен ғасырларда осылай тарих доңғалағының дөңгеленуі арқасында Ресей империясының құрамына толықтай енеді. Осындай жағдай қазақи қоғамдық санада, оның өмір салтында терең із қалдырғанмен бұқара халық үшін тәуелсіздік идеясын барынша өзектендіріп, әлеуметтік сұранысқа енгізе бастайды. Кеңестік кезең Еуразия кеңістігінде ондаған халықтарға жаңа саяси тәртіпті орнату арқылы оларды үлкен империяның ішіне ендіріп, тәуелсіздік мұраттарын ыдыратып жібергендей күй кештірді.

Page 10: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

10

Бұл тарихи үдерісті, осындай тарихи-әлеуметтік құбылысты тек қана рационалдық тұрғыдағы пайымдаулармен ғана толықтай түсіндіру мүмкін емес. Өйткені дүниедегі әлеуметтік қатынастардың кейбір рационалдық емес негіздері де бар. Бұл тұжырымдаманың сипаттамасы төмендегідей: тарихи процесте мәдениеттер үнемі бір-бірімен сұхбаттасады, түйіседі, қайшылық-та болады. Ал, бір-бірімен өзара әлеуметтік сиысушылықта болып, тарихи дамуда өзара жұптаса, бірлесе, ұтымды тіршілік ете алуы үшін, жалпы прогресшіл тарихи процеске сәйкес пәрменді алға жылжу үшін алдымен міндетті түрде мәдениеттердің рухани мүмкіндігінің әр алуандылығы керек, яғни бірі күштірек болса, екіншісі әлсіздеу (рухани, менталдық, экономикалық, өркениеттік және т.б. салалар бойынша қарастырғанда) болуы да мүмкін. Әри-не, терезесі тең екі мәдениеттің бір-бірімен қатар өмір сүруі де мүмкін. Дегенмен, Жер бетіндегі әр қилы деңгейдегі мәдени құры-лымдардың өзара ықпалдасу (интеграция) процестері үйлесімді күйде жүруі үшін өзара байланыс екі жаққа тиімді болғаны абзал.

Әрине, халықтар арасындай өзара ықпалдасу адамзат тарихында көбінесе зорлықпен, тұрпайы түрде жүзеге асып келді. Тарихи үдерістің көлеңкелі беттеріне зорлықшыл қарым-қатынастар жатады. Өз заманының этикалық тағылымдары мен заңдылықтарына сәйкес болып келетін осындай этносаралық, мемлекетаралық байланыстардың болашағы ұзағынан болуы үшін мәдениеттердің өзара үйлесу, бірін-бірі байыту процестері жүруі керек. Сонда ғана әлеуеті әлсіздеу мәдени-әлеуметтік құрылымдар (этникалық қауымдастықтар) тарихи бәсекелестік барысында бейсаналық деңгейде күштілеу тарихи-әлеуметтік құрылымдарға арқа сүйеуге бейімделеді. Әрине, бұл қарым-қатынастың қаншама прогрессивті тұстарын анықтағанымызбен, ешқандай ұлт, немесе этнос бірден басқа мәдениеттердің үстемдігін мойындай салмайды. Сондықтан паритетті емес этносаралық қарым-қатынастардың өзіндік келеңсіз жақтары да тарих беттерінде біршама көрініс тауып отырады. Осындай тарихи ахуалды көптеген зерттеушілер аңғарып, оның нәтижелерінің бағыт-бағдарын, түпкі мәнін әлеуметтік әділетсіздік ретінде бағалағанын байқаймыз.

Қазақтың белгілі ағартушысы Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақтың көші қоны» деген мақаласында өткен ХVІІІ ғасырда Қазақ Елі қаншама қантөгіс соғысты, барымташылдықты бастан кешірсе де малы қазіргіден әлдеқайда көп, тұрмысы анағұрлым

Page 11: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

11 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

жоғары болғанын еске сала келіп, ХІХ ғасырда мал жылдан жылға азайып, қазақ шаруаларының тұрмысы төмендеп кеткенін үлкен қынжылыспен атап көрсеткен еді. Олардың себебін қазақ жеріндегі құнарлы аймақтарды үлкен өзендер бойын жағалай салынған қамалдар мен бекіністерге, казак станицаларына берілуімен, яғни дәстүрлі мәдениеттің ығыстырылуымен байланыстырады. Сөйтіп, елде малдың өрісі тарылды, өнімі азайып кетті. Демек, қазақ қоғамы жаңа мәдениеттің құндылықтарын қабылдауға тиіс болды. Бұл процесс жаңа өркениеттік белгілерді алып келді және дәстүр мен жаңашылдықтың арасына сына болып қадалды. Қоғамдық сана бір жағынан қабылдауға ұмтылғанмен екінші жағынан осы жаңа өмірдің ағымдарын енгізудегі үстүрттікті де байқады.

Ерекше атап өтетін нәрсе төмендегідей: егер әлеуметтік субъект болып есептелетін құрылымдардың рухани бағдарлары, даму деңгейлері, әлеуметтік өмір салттары бір дәрежеде, бір деңгейде болатын болса, яғни көбіне өзара ұқсастық танытса, онда екі әлеуметтік-этникалық құрылым мәдени даму мағынасында, рухани алуандылық тұрғысынан бір-біріне көп ешнәрсе ұсына алмауы мүмкін. Демек, мәдениеттер сұхбатындағы өзара ықпалдасу мен өзара әсер етудің тиімділігі мәдениеттердің сапалы айырмашылығы болған жағдайында біршама арта түсетіні анық. Бірақ, өзге мәдениеттердің ешқандай базалық құндылықтары механикалық түрде жаңа ортада қабылдана салмайды. Оларды мойындаудың, қабылдаудың кезеңдері мен өзіндік тәртібі болады. Мәселен, қазіргі жаһандану заманындағы нигилистік мәдени жәдігерлер негізінен жастар арасында тезірек тарайды. Ал есейген азаматтардың құндылықтық жүйелері мен дүниетанымы олардың көбісін бойына бірден сіңіре алмайды.

Әрине, мәдениеттің әрқилы саласындағы өзара байланыстар өрбігенімен, онымен бірге ешқандай халық өзінің мемлекеттік саяси еркіндігін басқаға өзінше, оп-оңай бере салуды саналы түрде мақсат етпейді. Осындай жағдай өзінің бірегейлігін тарихи субъекті үшін ырғақты табиғи, әлеуметтік және рухани дамудың заңдылығына сәйкес келмейтін құбылыс болар еді. Әлеуметтік субъект өзінің егемендігінде, еркіндігінде ғана үйлесімді дамуына мүмкіндіктер алады, тек тәуелсіздік күйге әлеуметтік субъектілерді тарихи жағдайлардың қолайсыз даму қисыны мәжбүрлеуі мүмкін. Бірақ негізінде өзіндік тәуелсіздікке, дербестікке, егемендікке қарай ұмтылу барлық халықтың түпкі

Page 12: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

12

санасында түбегейлі орналасқан феномен және тарихта жетекші рөл атқаратын фактор екені даусыз.

Этникалық әлемнің әлеуметтік өміріндегі негізгі құнды-лықтардың қатарына жататын – «Туған жер», «Атамекен», «Ата жұрт», «Туған Ел» және «Туған халық» деген ұғымдарды адамдар тарихи шыңдалудың нәтижесі ретінде санасына бекіте түсті. Сонымен қатар, ұлттық санада дәстүрлі жауынгерлік ділді барынша нығайта түсіп, халықтарды електен өткізіп, олардың ниеті мен әрекеттеріне қарап «жау немесе жақтас» деген ежелгі түсініктер арқылы дихотомиялық мағынада әлемді әрі қарай екіге бөле бастады. Осындай дүниетанымдық қатынастар тек қазақ халқы ғана емес, сонымен қатар көптеген ұлт пен ұлыстарға тән үрдіс болатын.

Әбілқайыр хан бастаған Кіші Жүз қазақ зиялыларының бір бөлігінің Ресей империясына жүгінуі халықтың бейсанасындағы әлеуметтік тіршілік үшін күрестің ең тиімді жолын таңдау қадамы болып табылады. Әрине, бұл қадамды қолдағандар да, оған қарсы болғандар да болды. Халықаралық жағдайдың шиеленісті кезеңі тәуелсіздіктің мағынасы мен мәнін асқақтата түсті. Кенесары ханның 10 жылдай Ресей патшалығына қарсылық көрсетуі де екі елдің арасындағы саяси-әлеуметтік қатынастардың үйлесімді сипатта өрбімегенін білдіреді. Империя мен метрополияның арасындағы қарым-қатынас күрделі екені адамзат тарихынан белгілі.

Әрине, кез келген этникалық қауымдастық өзінің таңдауын саналы түрде жасауға тырысады. Бірақ әрқилы жағдайлардың өзіндік қисыны оларды тарихтың соқпақтарына жетелейді. «Халық тағдыры, ұлттың болмысы» деген ұғымдардың бейсаналық таңдауға бағынатын тұстары осыдан байқалады. Ал бұл таңдаудың нәтижесінде құндылықтық бетбұрыстар, кәдуілгі санадағы қайшылықты түсініктер туындауы заңды нәрсе. Сондай бір қайшылықтың шешімі білімге деген ұмтылыс болып табылады. Қазақтың игі жақсылары, алдыңғы қатарлы азаматтары білімділіктің көзін ашпай халықтың шынайы тәуелсіздігіне қол жеткізу қиын екендігін жақсы түсінеді. Қазақтың өткен ғасырлардағы ағартушыларының түпкі және түбегейлі ойлары осы сапалы қадамды жасауға талпыныстарында. Қоғамдық әрекеттердің түпкі мәні – «Халықтың болашағына сену, ертеңіне деген жанашырлық». Әрине, осындай құндылықтық қадамдардан жаңа дүние, рухани жаңғырулар басталатыны анық болатын. Демек, қоғамдық сананың өзгеруі өмір қажеттілігі.

Page 13: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

13 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

Қазақтар өзінің тарихында көрші елдерден көптеген әлеу-меттік, мәдени құндылықтарды бойына сіңірді. Қазақтардың есімдерінде араб пен парсы тектес атаулардың көп болуы соның көрінісі. Ал ХVІІІ ғасырдағы қазақ елінің мемлекеттік құрылымындағы үш жүздік, яғни үлкен субэтностық топтың қалыптасуының тарихи алғышарттары моңғол тарихындағы үшке бөліну схемасынан бастау алады. Қазақ елін басқарған төрелердің мұндай қадамы жалпы мемлекеттілікті барынша тиімді жолдармен басқарудан туындаған екені анық. Моңғол тілінде «ғар – қанат, қол» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан жоңғар – «сол қанат» болса, барунғар – «оң қанат», «тоб (туб)» – орталық дегенді білдіреді.

Бұл атаулардың бәрі басында көшпенділердің аң аулау дәстүрінен туындап, бірте-бірте әскери-соғыстық стратегияның құрамына ену мүмкіндігі айтылды. Үш жүздің басы жыл сайын қосылып отырған. Негізінен кездесу орнына қазақ руларының барлығына ортақ қашықтықта орналасқан жер таңдалды. Мәселен, Сайрам қаласы жанындағы Мартөбедегі жиынды көптеген тарих зерттеушілері атап өтеді. Онда қыстау мен жайлау мәселесі, халықтың тыныштығы үнемі талқыланып отырған [1, 25 б]. Осындай жиындардың түпкі және басты мақсаты халықтың бірлігін сақтап, елдің тәуелсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысу болатын. Сондықтан тәуелсіздік ұғымдық және әлеуметтік құбылыс ретінде қазақ қоғамының менталділігінде ежелден берік орныққаны байқалады.

Әрине, кез келген өзінің ішкі құрылымын біртұтастықта ұстауға талпынады, сонымен қатар осындай кейіптегі барлық қазақ халқының ұлттық мүддесіне, болашағын күйттеу қадамдарына сәйкес келетін кеңестер мен мәслихаттарсыз елді қорғап қалу, тәуелсіз халық болып өмір сүру тарих сахнасында қиындау болатын. Сондықтан осындай алқалы кеңестер саяси тұрақтылықтың кепілдігін жасап отырады. Әрине, ол дегеніңіз классикалық түрдегі мемлекеттің негізін, формасын сақтайтын шекараны мықтап бекітіп қою емес еді. Мемлекеттілік өзінің формасы мен сыртқы сипаты тұрғысынан алғанда қанша дегенмен батыстық формадағы түрден біршама алшақтау болатын. Дегенмен, саяси-әлеуметтік құрылымның өзіндік тарихи өмір сүру формасын, мағынасын сақтауға біршама жеткілікті факторлар жүйесі де болды. Ал, қауымдастық үшін үнемі бәсекелестіктер заманында этностардың жойылып кету қаупі де үнемі болғаны да анық.

Page 14: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

14

Белгілі қазақстандық саясаттанушы ғалым А.К.Көшкімбаев қазақ тарихының кейбір қайшылыққа толы кезеңдері туралы өз ойын халықтың ішкі бірлігі болмағандығында деп түйіндейді [2, 90 б.].

Әскери-саяси биліктің орталықтан түрде қалыптаспауына қазақ халқының көшпенді өмір салты, дәстүрлі мәдениеті кедергі жасайды. Бірақ моңғолдар тарих беттерінің бір кездерінде осы мәселені ұтымды шешуінің арқасында жарты әлемге билік құрғаны да белгілі.

Міне, осындай тарихи ахуалды, саяси-әлеуметтік күрделі жағдайды, яғни ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар өзара байланысын қазақстандық зерттеушілер «Орталық Азиядағы негізгі халықаралық қатынастардың өзіндік ерекше сипаты» деп атайды [3, 3 б.]. Осындай жағдай «Еуразия кеңістігіндегі күрделі саяси жағдайдың өрбу логикасы басқаша бағытта болуы мүмкін бе еді?» деген сауал да туындатты. Дәстүрлі қоғамның даму болашағы, кең даладағы жартылай отырықшы, жартылай көшпенді өмір салтының орнығуы тарихы және оның әртүрлі қырларының көшпенділер өркениетінде көрініс беруі де өзінше ерекшеліктерге толы болды. Дәстүрлі қоғамның өзіндік ерекшеліктері тәуелсіздікке деген өзіндік ерекше қатынастарды қалыптастырды. Мәселен, дәстүрлі көпшенді елдерде отырықшы елдердегідей тұрақты әскер, түрме, сақшылар институты толыққанды жұмыс істемегені белгілі. Бірақ өзіндік мобилділігі, икемділігі бар қоғам өзінің мүдделерін қорғауға ұмытылды.

Қазақтың би-шешендерінің шығармашылығын зерттеуші Н. Төреқұл сияқты мамандар ХVІІІ ғасыр-да қазақ жерінде қалыптасқан рухани бағдарлардың сипаттама-сын жан-жақты баяндап беруге ұмтылады [4, 131 б.]. Зерттеушінің жинақтаған даналық ойлары қазақ халқының құндылықтар жүйесіндегі басымдылықтарды айқындайды. Кейінгі жылдары қазақ билері мен шешендерінің философиялық және саяси-әлеуметтік әлемін жүйелі түрде зерттеуші Ж. Молдабеков [5] және Д. Раев [6] сияқты қазақстандық білікті мамандар ғылым кеңістігіне өздерінің еңбектерін ұсынғаны белгілі. Олардың ғылыми зерттеулерінде билер мен шешендердің қызметінің терең астарлары, ұлт тәуелсіздігінің қисынына арнап атқарған шығармашылыққа толы қадамдары байыпталады. Қазақтың этномәдени тарихында тұнып тұрған даналықтың бастауы билер шығармашылығында екендігі

Page 15: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

15 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

тұжырымды түрде баяндалады. Демек, рухани тәуелсіздіктің қайнар көзі осы тарихта, тарихи тұлғалардың еңбегінде.

Шын мәнінде тәуелсіздік іздеген халық үшін ақ ниетті, киелі сөздердің маңыздылығы зор. Оларды өзінің үлкен істерінің бастауы, түрткісі етуге тырысқан қазақ халқы даналықты, әділдікті, адалдықты өздерінің этникалық рухани әлемінің негізгі іргетасына айналдырып келді. Бұл рухани тетіктің күші мен құдіреті кейбір саяси-әлеуметтік, немесе мемлекеттік тұтқалардан кем түспейді. Әлеуметті барынша тұтастандырып, тұрақтандырып отырған рухани күшті іздейтін болсақ, оны алдымен осы сөз құдіретінен табуға болады. Әйтпесе, әкімшілік тетіктер мен қара күштің дәйектемесі көп рулы елді ынтымақта, бірлікте ұстап тұрудағы шамасы мен қауқары ұзаққа жетпейтіні анық болатын. Сондықтан дала менталитеті үшін осындай басқарудың саяси технологиялары қоғамдық қатынастарды қолайлы реттеуші тетік ретінде қабылданады.

Сонымен, тарихи кезеңдерде қазақтың би-шешендерінің құқықтық-құндылықтық мәртебесі жоғары болып келгені анық. Олардың қоғамдық қатынастарды реттеуші қызметі үнемі мойындалып, қадір-қасиеті ұлт санасында сакралданғаны байқалады. Сөз құдіретінің барынша маңыздануы билер әлеміндегі әрекеттер нәтижесінен көрініс беріп отырды. «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөздер бар. Сөз жай ғана ақпарат жеткізуші тетік қана емес еді. Сөз өзінің мағыналық мазмұнымен қатар рухани күшке ие болады, яғни ол адамдарға әсер етуші рухани қуат рөлін атқарады. Сондықтан, әлеуметтегі әділ сөйлеу, ойды тыңдаушысына шегелеп, нақты, жарып айту кездейсоқ нәрсе емес. Жалпы осындай қасиеттер кенеттен өзіндік себептерден туындамайды және ол іс-әрекеттер мен түсініктердегі батырлық пен батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туындайды. Руханиятта осындай құдіретке үнемі сұраныс туындап отыратыны анық. Кейде сөзді нағыз рухани құндылық етпей алдамшы құндылықтардың қисынына бұрып жіберетін шақтар да кездеседі.

Қоғамдағы әлеуметтік және рухани тепе-теңдіктің қалыптасуы, үйлесімділіктің өрбуі әлеуметтік ортада көбінесе моральдік қалыптардың жетекші рөл атқаруымен, тіпті, имандылық, руханилықтың қоғам санасында негізгі рухани күшке айналуымен тікелей байланысты екенін көрнекті тұлғалар

Page 16: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

16

жете түсінгенін байқаймыз. Әсіресе, адамның өзінің бойындағы табиғи әлсіздіктеріне тәуелді болуы, үнемі оның құрсауында болуы кісінің тұлғалық қалыптасуында жақсылыққа қарай жетелемейтіндігі ақындар мен жыраулар шығармашылығында негізгі құндылықтық және мағыналық өзек болып келгені байқалды. Демек, даналық философиясы тұлғалық еркіндіктің бастауы адамгершілік заңдарымен көмкеріліп тұратынын жақсы түсінген. Міне, осы түсініктер қоғамның ыдырап кетпеуіне үлкен әсерін тигізген еді.

Даналыққа толы қазақтың далалық өркениеттің негізгі құндылықтары мен бағдарлары қазіргі заманғы саяси технология сипатында болмағанымен, олардың өздерінің тарихи кезеңіне сәйкес түрде әлеуметтік қоғамдық қатынастарды реттеп отырғаны белгілі. Онсыз қоғамның құрылымы ыдырап, іштей жіктеліп кетуі де оңай еді. Әрине, руаралық қатынастардың шиеленісуі халық бірлігін, ел тұтастығын біршама әлсіреткен кезеңдер де болып тұрды. Дегенмен, қазақ даласындағы әрбір аймақтың, өңірдің өзіндік рухани көсемдері мен қоғам қайраткерлері болғаны белгілі. Әрбір жүздің ру-тайпаларының үнемі қиын-қыстау кезеңінің өзінде тұлғаның шынайы адамдық келбетін жоғалтпауы идеясы мызғымаған және азамат мүддесін қорғаумен негізінен беделді, зияты мол адамдар айналысқанын байқаймыз.

Өткен ғасырлардың бірталай, оның ішінді ХVІІІ–ХIX ғасырларды жалпы қазақ қоғамдық өмірінің сипаттамасын «жаугершілік заманы», немесе «тәуелсіздік үшін күрес заманы» десек болады. Өкінішке орай, келесі ғасырларда халықтың саяси тәуелсіздігі, әлеуметтік еркіндігі бірте-бірте қолдан сусып кете бастайды. Дегенмен, осындай қайшылықты қоғамдық дамудағы құдылықтық бағытқа сәйкес келетін далалық өмір философиясы қалыптасты деуге болды. Олардың барлығы қазақ даласы ойшылдарының, яғни билерінің, шешендерінің, жырауларының, ақындарының дүниетанымдары мен шығармашылығының мағына-мәндік негізін құрады. Олардың дүниетанымының әмбебаптылығы, жан-жақтылығы осы негізгі тәуелсіз қоғамды орнықтыруды көксеген түсініктер мен пайымдаулардан, құндылықтық бағдарлардан өрістейді.

Қазақ қоғамының ең күрделі тарихи кезеңі «Ақтабан шұбырынды» дәуірі, қазақ жұртының алдына мемлекеттік философия мәселесін, сана мен билік арақатынасын, қолданбалы

Page 17: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

17 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

философия мәселесін тікелей қойды деуге болады. Осындай құбылыс «Бұқар жыраудың көсемдік жырларына, Ақтамбердінің эпикасына, Төле бидің, Әйтеке би мен Қаздауысты Қазыбектің шешендік-философиялық талғамдарына негіз болды. Бұл сарындар Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай шығармаларында және «Қармыс батыр», «Балуан-Нияз», «Бекет батыр», «Айман-Шолпан» поэмаларында көрініс тапты» [7, 131 б.], – деген еді қазақ философиясы тарихын зерттеуші ғалым М.С. Орынбеков.

Еуропалық мәдениетпен қарым-қатынастың тереңдей бастауы «далалық өркениетке» өзіндік жаңа лепті, өзгеше үрдістерді ала келді. Сондықтан, ел тарихында жаңа типтегі ұлттық тұлғаларының пайда болуы ХІХ ғасырда көрініс тапты. Бұл қоғам, адам және болашақ туралы жаңаша дүниетаным-дардың қоғамдық санада орныға бастауына себепкер болды. Яғни ХІХ ғасыр философиясында Ш.Ш. Уәлихановтың қоғамдық даму концепциясы және әсіресе оның әлеуметтік-саяси толысу жөніндегі көзқарасы кең таралды. Ойшыл терең пайымдаулары арқылы қазіргі заманның тәуелсіздікті нығайтуға деген талпыныстарымен астасып жатқандай күй қалдырады. Қазақ халқына егемен елдің қажеттілігін тереңінен түсінген ғалым оны Ресей патшалығына тікелей айтпаса да жалпы тәуелділіктің зардаптарын үнемі көрсетіп отырғаны белгілі.

Сонымен қатар Ы. Алтынсарин өзінің ағартушылық философиясында жас ұрпақтың тағдырына халықтың рухани қайта өрлеу үмітін артып, осыған байланысты педагогикалық (ұстаздық), психологиялық көзқарастарын дамытты. Өз көрінісін ақындар айтысынан, қисса, хикая, жаңа эпикалық поэмалардан тапқан эстетика жаңа даму кезеңіне шығып, жарқырай дамыды. Музыка (әуез) өнерінің өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан сал, Мұхит, Ақан сері, Жаяу-Мұса, Зілғара, Құлтума, Сара, Сералы, тағы басқа ақын-әншілердің есімдерімен байланысты [7, 132 б.]. Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ философиясының тарихи-мазмұндық биік деңгейі Абайдың даналыққа толы шығармашылығынан көрініс тапты.

XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы құндылық-тық бағдарлар

Қазақ халқының сан ғасырлардан бері өз уақытын күткен ру-хани түлеуге, әлеуметтік жаңғыруға, этникалық секіріске деген

Page 18: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

18

ұмтылысы және сонымен қатар ұлттық болмысындағы әмбебап дүниетанымдық мәселелерді терең пайымдауға деген талпынысы, негізінен, іргелі мағынадағы жүзеге аса бастауы XX ғасырдың басы-на дөп келген еді. Сол тарихи кезеңде қазақ болмысында біршама сауатты, әлемдік тарихи процестен жан-жақты түсінігі бар, этникалық өзіндік санасын жетілдіруге ұмтылған ұлттық интел-лигенция қалыптаса бастайды. Сөйтіп, қазақ қоғамында алғашқы рет кең-байтақ еліміздің әлеуметтік-этникалық кеңістігінде өркениеттілікті, тұтастанған ұлттық дамуды мақсат еткен зайыр-лы қоғамның принциптері қалыптаса бастаса, екінші жағынан, ис-лам дінінің кұндылықтары қоғамды санада жаңғырып, әлеуметтік және саяси мәселелермен астасып, жаңаша маңыздылыққа ие бола бастайды. Діннің дәстүрлі догматтық түрдегі таралуынан гөрі, жүрекке жайлы болатын, адамның рухани көзін ашатын формасына деген қажеттілік арта түседі.

Қоғамдық сананың жаңа кейпі ретіндегі, исламды қабылдау-дағы реформизм сияқты, жәдидизм бағытының қазақ жерінде орныға түсуі ежелден келе жатқан сопылыққа деген құрметпен бірге орныға бастайды. Сонау араб жеріндегі мұсылмандықтың орталығы болған Меккеге, яғни Қағбаны нысана етіп алған қажылық жасау үрдісі нығайып, оған баратын қазақтардың саны көбейе түсті. Бұл процестердің тереңінде қазақ қоғамының өзін өзі танып-білуге, әлеуметтік дүниені өзгертуге деген үлкен тал-пынысы жатқаны белгілі болатын. Енді осы мәселелердің кейбір теориялық тұстарына тоқтала кетелік. Ол үшін әлемдік фило-софия тарихына, оның ішінде қазақ философиясының тарихына қатысы бар мәселелер төңірегінде кейбір ойларды да ортаға салу-ды жөн деп санаймыз.

XX ғасырдағы қазақ қоғамындағы философиялық ойдың оның ішінде құндылықтық бағдарлардың анықтала түсуі және олардың халық арасында өрбіп отыруы жайлы біршама еңбектер осы кезге дейін елімізде орыс және қазақ тілдерінде жарық көргенін айта келіп, олардың кейбіреулерінің біздің зерттеулерімізге өте жақын келетін мазмұны бар екенін ескерте аламыз. Жалпы, XX ғасырдың философиялық ойы туралы жан-жақты тұжырымдар келтіру үшін, оның рухани бастаулары болған тарихи процестер мен ру-хани бастаулар туралы сөз қозғағанымыз жөн. Өйткені кез кел-ген әлеуметгік құбылыстың дүниеге келуі кездейсоқ емес. Өмірде барлық процестер бір-бірімен байланысып, себептік қатынаста болып, сабақтасып жатады.

Page 19: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

19 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

Қазіргі Батыстың постмодернизм бағыты осы мағынасыздық-тың бел ортасында жүргендей күй кешуде. Жеке бастың даралығын барынша дәріптеу, әрбір тұрақты рухани құндылықтың өзіне күмәнмен қарау XX ғасырдың екінші жартысындағы Батыс философиясының ерекшелігіне, ішкі қасиетіне айналғанына та-лай жылдардың жүзі болды. Міне, сондай жағдайды философия әлемінде қанағат тұтынушылар көбейіп жатқандығы әлемдік ру-хани дағдарыстың белгілерін танытады. Әрине, оның бәрі бекер емес болатын. XX ғасырдағы әлеуметтік төңкерістер, дүниежүзілік соғыстар әрбір жеке адам үшін жөнді ешнәрсе бермеді, есесіне топтық, таптық өзгерістерге деген сенімін жоғалтты.

Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлердің идеялары та-рих қатпарларында жатқан гуманистік идеялардың жандануына түрткі болды. Міне, сөйтіп, екі жақтан түйіскен белсенділік ұлттық болмыстың біршама жетілуіне әкеліп соқты, заман көптеген та-рихи тұлғаларды туындатты. Бұл қазақ қоғамының саяси тұрғыда сауаттана түсуімен қатар, әлемдік өркениеттегі маңыздылығы жоғары құндылықтар дүниесімен танысуға мүмкіндіктер ашты. Патшалық Ресей барынша қараңғылықта ұстамақ болған өзінің боданындағы, тәуеліндегі елдерде мәдени гүлденудің қажеттілігін мойындағысы келмеді. Қазақ интеллигенциясының буржуа-зиялық-демократиялық революцияға, тіптен, одан кейінгі социалистік революцияға кейбір үмітпен қарауының себебі түпкі қайшылықтардың шешілмей келуінде еді. Ал Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, жоғарыда аталған Міржақып Дулатов және т.б. көптеген қазақ қоғамының бетке ұстар көрнекті қайраткерлері халық үшін тәуелсіздік кел-мей, қайшылықты мәселелер тиісті шешімін таба алмасын білді. Міне, сондықтан алдымен «ұлттық-мемлекеттік автономия» иде-ясын жүзеге асыруды ойласа, оның арғы жағында егемендік алу, тәуелсіздікке қол жеткізу сияқты қадамдар жасалатынына нық сенімді болатын. Осындай саяси бағдарлар қазақ қоғамын барын-ша түлете түсті.

Қоғамдық сананың жоғары руханилыққа, білімділікке қарай ұмтылуы, әрбір азаматтың сауатты да ақылды болуына жол ашу түбінде әлеуметтік дүниедегі жетілуді, үйлесімділікті өркендете түсетініне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да ерекше көңіл бөліп, үлкен мән беріп отырған. Мәселен, халқының мәдени, азаматтық және рухани жетілуінің қамын ойлаған Ах-

Page 20: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

20

мет Байтұрсынұлы төмендегідей тұжырымдарын көпшілікке ұсынады: «Осындай жұртқа пайдалы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың құлағына салып, біздің айтайын деп отырғанымыз мы-нау: білім жарысын істеу әр жұрттың қолынан келетін іс. Істейін десе, қазақтың да қолынан келеді. Еуропадай зор істуге болма-са да, бойымызға шағындап, «сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» дегендей етіп істеуге болады. Осыны есімізге алып, Еуропа үлгісін қазақтың мүшесіне лайықтайық» [8].

Қазаққа әлеуметтік дамуға керек озық үлгіні Еуропадан, оның біршама жетілген мәдениетінен іздеудің арғы түп жағында қазақ қоғамының жетілу тетіктеріне алаңдаушылықтар жатыр деген ойдамыз. Әрине, жетілген мәдени үлгілерден үйренген аб-зал. Дегенмен, түркілердің ғасырлар бойы қордалаған өзінің төл мәдениетінің де құндылығы зор екенін қазақстандық зерттеуші ғалым С.Б.Бөлекбаев өзінің еңбектерінде дәлелді түрде жазып жүргенін атап өтуге болады [9]. Ғалымның пайымдауынша, қазақ халқының қазіргі таңдағы мәдениетінің, философиясының, әлем туралы түсніктерінің қайнар көзі түркілік мәдениеттің қойнауында жатыр және оның заманауи заңды ізбасары, рухани сабақтастықты жалғастырушысы қазақ халқының мәдени пара-дигмасы екендігін орынды атап өтеді.

Дәстүрлі қоғамда ерекше дүниетанымдық жүйе қалыптасады және оның қасиеттерін айқындаған сайын қазіргі қоғамға қатысты рухани негіздерді анықтай аламыз. А.Х.Қасымжанов қазақтардың рухани өмірінің: 1) Мифология, 2) Ренессанс, 3) Ағартушылық үш түрін бөліп көрсетсе, басқа зерттеушілер (мысалы, Т.Х.Ғабитов) өзге жіктемелеу нұсқаларын ұсынады. «Дәстүрлі дүние көзқарастың мұндай қасиеттері – адам мен табиғат бірлігі, адам мен әлемнің үйлесімді қатынасы дегеніміз адамзат тегінің, адам-зат ұжымының қатынасы. Мұнда нақты адам, нақты индивид осы қоғамдықтың элемент бөлігінің рөлін атқарады. Мұнымен қатар рулық қоғамда билік жүргізген қатаң ережелерге, тиымдарға, заңдарға қарамастан индивидуализациялану құбылысы, рулық ұжымда индиви-дуальдықтың айқындалуы жүріп, өсіп отырды», [10, 398 б. ] - дейді академик Ж.М.Әбділдин өзінің қазақ болмысын философиялық тұрғыда зерделеген еңбегінде [10, 398 б.].

Қазақстан Президенті «Тарих толқынында» атты еңбегінде қазақ халқының руханиятының тарихи қайнар көздерінің бас-тауын алты мың жылдық тарихтан туындатып, оны он екі

Page 21: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

21 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

кезеңге бөледі. Әрбір кезеңнің сипаттамасын бере отырып, «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айна-луы қажет» [11, 145 б.] де ген ойды отандастарымыздың ал дына парыз ретінде ұсынады.

Қазақ философиясы еліміздің рухани тәуелсіздігінің көрінісі болып та бы лады. Қазақ философиясы адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі екені белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің барлығы мұқият бақылауда бо-лып, көбісі тыйым салынған жабық дүниелер қатарында болып келгені баршаға аян. Өйткені, социализмнің ұстындары тек бір коммунистік идеяның төңірегіне шоғырланғандықтан оған сәйкес келмейтін басқаша мағынадағы түсініктердің барлығын жоққа шығарып отырды. Тіпті, бұл тақырыппен ай налысамын деген зерттеушілердің әрекеттеріне өткен қоғам «ұлтшылдықтың жала-уын көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге асыққаны да рас.

Тоталитарлық қоғам қазақ философиясымен айналыса-мын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін жандандыруға ұмтылғандарын да осындай бағалаулармен шектеп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың арқасында тарих сахнасында әртүрлі рухани тереңдіктердегі өздерінің даналыққа толы тұжырымдарын бұқара халыққа жеткізген ойшылдардың шығармаларының мәтін түрінде қоғамда кең тара-май және ғылыми зерттеулер түрінде өз бағалауларын ала алмай ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі.

Жалпы, Шығыстың бай филосо фиял ық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философия лық-дүниетанымдық ойы батыс тағы дай қалыптасқан жүйелерде емес, поэ зияда, фольклор-да, ауыз әдебиетінде, мифо логияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөз дерде жатты. Адам мен әлемнің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануы, сөйтіп өзін басқаға таны туы, тұлғаның өмірдегі орны мен рө лін философиялық және этикалық тұр ғыдан жан-жақты зерделеуге ай рық ша мән беру қазақ фи лософия сы ның ерекше си паты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ фило со-фиясы – шығыстық филосо фия дағы, ең алдымен, толық, руха-

Page 22: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

22

ни жағынан жетілген адам болу рухын қас терлеу мен зерделеу дәстүрін жалғас тыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия.

Қазіргі уақытта жаңа заманның тарихи кезеңі келді, руха-ни дүние де демократиялана бастады, яғни ойлау еркіндігінің ұстындары қоғамдық санада беки түсуде. Сөйтіп, бұл басқа мәдени, саяси дәуір орыстың философиялық даналығының, қазақ халқының және басқа да халықтардың ой-тұжырымдарының тарих доңғалығының астында жоғалып кетпегенін, халықтың рухының терең тамырларында бойлай орналасқанын, өмір сүргенін байқатты. Мәңгіге жабылған шығар, енді олар Ақиқат әлемінен орын теппес деген тарихтың «ақтаңдақтары» бірте-бірте ғылыми кеңістікте мамандар үшін ізденістер ауқымы, нысаны ретінде күн санап ашылу үстінде. Сол рухани күштердің, тарихи деректердің еркіндікке шығу кереметін, яғни басқаша айтқанда, халық рухының шабыттық асқақтауын қазіргі заманда өз көзімізбен көріп, оның куәсі болып отырмыз. Бұл құбылыстар шын мәнінде қазіргі тарихи кезеңнің дәуірлік, шынайы тарихи сипаттамасы болып табы лады, этникалық жаңғыруымыздың бастамасы болары хақ.

Белгілі тарихшы, алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев алаш идеясының түпкі маңызын төмендегідей ашып береді: «Алаш тәжірибесі нені көрсетті? Біріншіден, Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес. Ол ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік си-патын айғақтайды. Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық. Кез келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республи касы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды. Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократия лық принциптерге сүйенген қоғамды халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн» [12, 25 б.].

Белгілі Алаш қайраткерлерінің ХХ ғасырдың басында-ақ тіл мәселесі туралы айтылған ой-пікірлерінің қазіргі ХХІ ғасырдың

Page 23: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

23 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

басында өмір сүріп отырған Қазақстан қоғамы үшін де маңызды екенін байқаймыз. Қазіргі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген және өзектеген мәселелер деңгейін өрбіту жо-лында. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Жалпы, А. Байтұрсынұлының қанатты сөздерімен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Сөйтіп, ойшылдар руха-ни қауіпсіздіктің бастауы тілден екенін және оның нағыз рухани құндылық болатынын атап көрсетеді.

Ұлттық идеяны барынша өзектеген қазақ зиялыла-ры Қазақстандағы жағдайды үйлесімдендіру үшін өз рухын, жаңғырту, асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұланғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алатынын жақсы түсінді. Рухани құндылықтарға, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Бүгінгі қоғам да осы негізде дамуы керек. Олай болмайынша, қазақтың рухы өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан айы рылуы мүмкін. Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық, жал-пы мемлекеттік мүдделер негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге асырудың негізгі жолы – қазақ идея сын жаңғырту болып табылады. Әрине, «қазақ идеясы» деген ұғымды этностық оқшауланумен, немесе басымдылықпен шатастыруға болмай-ды. Есесіне, этностың қоғам алдындағы әлеуметтік, тарихи және мәдени жауапкершілігін арттырумен байланыстырған жөн.

Қазақтардың ежелгі түркілік дәуірі кезеңінде және кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарына дейін дәстүрлі дүниетанымы болғаны мамандарға белгілі. Міне, сондықтан халықтың дүниетанымының семантикалық діңгегі, онтологиялық тірегі ретінде «құт» ұғымы алынады. Шы ныменде қазақтың ұлттық болмысында «құт» деген терең ұғыммен өмірдің барлық сала-сы байланыстырылады. Кез келген әлеуметтік немесе ру хани құбылыстың мағыналық, мазмұндық, құндылықтық көрінісі жеке адам үшін немесе бүтіндей халық үшін құтты, қайырлы болма-са, онда оның өзіндік келбетінің әлеуметтік субъект үшін мәні де жоғалатыны анық. Қазақтың құтты

Қазақтың ділін жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде материалдық құндылықтарды иеленуге ұмтылушылық, оның

Page 24: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

24

қызығына дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқымыз өзінің қоғамдық санасында дәріптемейтіндігін байқайды. Сондықтан да болар мұсылмандық дүниетаным арқылы келген «қанағат», «са быр», «тәуба» сияқты терең мағыналы ұғымдар халқымыздың әлемді түсіну көкжиегіне үйлесімді сіңісіп кеткені көрінеді. «Қанағат қарын тойғызар» деген халқымыз әрбір нәрсенің, әрбір құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін өлшемі болғанын бағалап отырғанын байқаймыз. Бірақ қазіргі әлемдік дамудың қисыны жаңа өлшемдерін ұсынып отыр, ол және үлкен адамаралық бәсекелестікті, мемлекетаралық жа-рысты жеделдете түсуда. Сондықтан бәсекеге қабілеттілік ұғымы өзара көмек пен ынтымақтастықты ығыстыра бастауда.

Қазіргі кезеңде жаһандану процестері көптеген өзіндік жаңалықтарымен бірге біршама құндылықтық өзгерістер алып келді, әсіресе, оның алып келген сұрықсызданған, бойкүйезденген тұтынушылық психологиясы мен дарашылдық, өзімшілдік фило-софиясы қазіргі замандасымыздың санасына енбей қоймайды. Әрине, жаһандану әлемді іштей ақпараттық, экономикалық және технологиялық деңгейде жақындата түсті. Бірақ, бұрынғы құндылқтардың өзгерістерге ұшырауына ықпалын тигізіп отыр. Міне, сондықтан бұрынғы кісілікті, ізгілікті, қайырымдылықты, құтты бәрінен жоғары қоятын халықтың санасы өзгерістерге ұшырауда. Қазақстан халқының тағдыры абстрактілі мәселе емес, ол сол халықтың әрбір өкілінің бақытты өмірімен, дүниетанымымен астасып жататынын айтуға болады. Ал әрбір тұлға бақытты болуы үшін халықтың ғасырлар бойы қордалаған даналыққа толы рухани байлығын игерілуі тиіс және әлеуметтің әрбір ғылыми мәселесін, әсіресе тәуелсіздіктің ел бірлігінің қайнар бастауы екендігін жан-жақты зерделеу гуманитарлық саладағы әріптестеріміздің, жалпы зиялы қауымның қасиетті борышы болып табылады. Ол өз кезегінде ұлттың рухани жаңғыруының іргетасы, тетігі болып табылады.

Ұлттық ділдің тарихи және философиялық маңызыАдамзаттың соңғы жиырма бес ғасырлық тарихында ақыл

әлемінде көрініс берген әлемдік философия дүркін-дүркін тығырыққа тіреліп, өзінің негіздері мен онтологиялық жүйелерін өзгертіп отырғаны белгілі. Қоғамдағы, мемлекет пен жеке адам өміріндегі болып жатқан жаңалықтарды, ғылым мен құқық табиғатын, мифология мен утопия, идеология мен мәдениет

Page 25: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

25 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

қарым-қатынасын жете зерттеген философия XX ғасыр соңында қоғамдық сананың барлық түрлеріне зор әсерін тигізді. Сонымен бірге философияның өзі де рационалды-логикалық бағдарларын барған сайын пайымдау жолдарына бағындырып, өзінің шы-найы болмысын әлемнің техникалық әлуетімен алмастыруға негіз қалауда. Осы бағытта философия өнер түрлеріне бейімделіп, адам болмысының өмірлік мәнді мәселелерін және өзгермелі мәдениет белгілерін түсіндіруде, таразылауда көркемдік-бейнелеу әдістеріне көбірек бой ұруда.

Классикалық философияның үлкен жетістігі ретінде адам-ды теориялық және практикалық зерденің объектісі ретінде қарастыратын субъектіліктен арылтқанын атауға болады. Осының негізінде зерделеу кеңістігінде тұлғаны кеңістік, уақыт, себептілік терминдерінсіз, трансценденция ұғымдары арқылы көрсетуге қол жеткізілді. Бұрынғы тұжырымдамалардағы жеке адамның дербестігі орнына зерденің үстемдігі орнықты. Адам санасын зерттеуде гносеологиялық қадам басымдық көрсете бастады.

Қазіргі философия адам туралы арнайы ғылымдардан іргесін бөліп алған соң «субъект», «тұлға», «жеке адам» ұғымдарына баса назар аударуда. Ал философиялық ойлаудын онтологиялық жүйелері өзіндік психологизмі, рефлексивтілігі және сыни күмәнділігі, әдістемелтігі мен рационалдығы мол эпистемология-мен ауыстырыла бастады. Осыдан келіп гносеология өзінің прак-тикамен, лингвистика, когнитология, әлеуметтану, мәдениет-тану ілімдерімен және өнермен тығыз байланысын бәсеңдетіп, логикалық-рационалдық сипатынан айрылып, мәдени-тарихи негізге айналды. Сайып келгенде, әмбебаптыққа ұмтылған философия өзіне көп тән емес интерсубъектілікті, логикалық негіздеушілікті қамтуға ұмтылды. Кемелденген қазіргі бұқаралық мәдениет субъектіні шынайы білімнен ғана емес, әлемнің толық рефлекциясынан тым алшақтатты.

Экзистенция, сөз, музыка, мәтін ретінде қарастырылып отырған онтология мәселелері табиғатының өзгеруіне байла-нысты тұйыққа тірелген классикалык метафизикаға философия білімінің ерекшелігі туралы мәселені көлденең тартуда. Филосо-фия пәнін қалай пайымдауға болады? Қазіргі кезде бұл проблема бойынша әртүрлі пікірлер қалыптасты. Ой, миф (аңыз), рефлек-ция, метафизика, гнозис, ғылым, дүниетаным, т.б. анықтамалар қазіргі философияның зерттеу объектісі және пәні болады де-

Page 26: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

26

ген тұжырымдар орын алды. Тарихи-философиялық процестен байқайтынымыз, қашан да болмасын философиялық теория – бұл өзгермейтін абсолют емес, керісінше әртүрлі пәндік-мәндік реф-лексия, құндылықты көзқарас пен ғылыми коннотациялардың өзгермелі жиынтығы.

XX ғасырдың соңына таман пайда болған постмодерн қазіргі заманның өзін-өзі тануындағы рухани бетбұрыстың көпөлшемдік теориялық бейнеленуі ғана емес, субъективтіліктің ауқымын ұлғайтудың жаңа ерекшеліктерін қамтитын философиялық жүйеге айналды.

Дегенмен осындай полифониялық көптілікті қамтуға бейіл философия оларды бір жүйеге бағыттап, тұтастық пен таным және қызмет субектісінің табиғатын ашуға жол сілтеді. Оның әмбебап түрі ретінде мәдениет екені байқалды және одан фило-софия алшақтап кете алмай, өзінің қолданбалы философияға айналғанын сезінуде.

Бұдан практикалық зерденің теориялық пайымдаулардан жоғары тұрғандығы байқалады, ал философия салаланып – ғылым, техника, онтология, тарих, қоғам, жыныс, т.б. философиялары-на айналды. Дәстүрлі классикалық философия дүниетанымдык мүмкіндіктерінен айырылып, таза теорияға, ал көп жағдайда ғылымға айналып кетті.

Философия ілімін зерттеу дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы философиялық мектептердің негізінде адам баласынын рухани байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, Орталық Азияда болған діндердің дүниеге келуі мен таралуын анықтау философия тарихы мен дін философиясы ілімдері үшін аса манызды міндет. Қазақстан жері қауымдардың көші-қоны мен әртүрлі діндер таралуынын аймағы болғанын ескерсек, қазақ халқынын дүниетанымында, философиялық жоралғыларында, діннің алатын орны ерекше. Әл-Фараби секілді әлемдік деңгейдегі философтың еңбектерінде діни сенімнен туындаған бай және терең мазмұнның кезігуі осының айғағы.

Қазіргі философия өткендегі дүниеге көзқарастың өзекті мәселелері идеялар әлемінде өз орнын таба қойған жоқ. Философиялық. шығармашылық көп жағдайда болмыстың сыртқы көріністерін ғана жанап өтіп, ішкі мәнділіктеріне бой-лай алмайтын дәрежеде қызмет атқаруда. Ал бұдан философ-тар мәңгілік, жалпылық, әмбебаптық мәні бар құбылыстардан алшақ кетті деген ой тумаса керек. Бірақ көпшілігі өткендегі

Page 27: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

27 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

мен келешекті бағаланғанда ортағасырдағы ықтималдықты романтикалық түрде, утопиялық кейбір идеяларды адамдардың жемісті қызметінде үлкен нәтиже береді деген бағыттарды ұстауда.

Еліміздегі философиялық біршама зерттеулер бөтен елдін топырағында пайда болған идеологиялық қасаң өлшемдердің көлеңкесінен шыға алмады. Оған уақыт кінәлы болғанмен, санаткерлік және адамзаттық отансүйгіштік жетіспеді. Мәселен, қазақтың қоғамдық-философиялық ойлау жүйесі жөнінде объективті түрде зерттеу жүргізілмеді, ал оқу процесінде оған уақыт мардымсыз қана бөлінді. Қазақ ағартушылары туралы арнайы курс болғанмен, оған қажетті дәрежеде мән берілмеді. Еуропоцентристік идеялар басым болды, студенттерге тек классикалык философия тұрғысынан дәріс берілді. Ал бізге көршілес Шығыс елдерінің философиялық ой-жүйелері ескер-местен шет қақпай қалды. Бұл сайып келгенде философиялық білім жүйесінде сыңаржақтылыққа әкеп соқтырды, ал ұлттық философиялық ойлау туралы ешқаңдай да бастамаға жол ашыл-мады. Тек тоқсаныншы жылдардың басында ғана елімізде қазақ философиясын зерттеуге және оқытуға бетбұрыс жасалып, нәтижелі табыстарға қол жеткізе бастады.

Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамнын басынан кешіп отырған қайшылықтар проблемаларын әлемдік философия тарихы-нын өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп, бұған қазіргі заманның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады. XX ғасырдағы Шығыс және Батыс философиясының компаративтік тәсілдерге бой ұруы арқылы ұлттық философия ілімін зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес елдер философиясы рухани байлығына терең зер салып, зерделеу міндеті тұр.

Еліміз дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кіру үшін ал-дымен экономикалық құрылымын ілгерілеу арқылы қайта құрып, технологиялық артта қалушылықты жеңуде, дұрыс мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Оған рухани өмірдің рөлін арттыру қажет болып отыр.

Философияның дамуы барлық әлеуметтік-мәдени өркен-деуімізге де байланысты. Мазмұндық жағынан оның жүйелік-танымдық байланысын біртұтас құбылыс ретінде ашып көрсету

Page 28: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

28

маңызды. Осы тұрғыдан алғанда қазақ философиясы тарихын жаңа методология тұрғысынан зерттеу қажетгілігі туындап отыр. Басты мәселе – философиялық, тақырып ретінде қандай ауызша және жазбаша әдебиеттердің, құжаттардың деректемелік негіз болуын жан-жақты зерделеп алу. Осымен қоса вербальдық және вербальдық емес ескерткіштерді философия тарихын зерттеуде қалай қолдануды анықтамайынша, бұл процесс күрделене түсуі мүмкін. Сциентизм, логоцентризм және тар өрісті вербальдау қазақ рухани өмірін танып-білуде қазіргі ғылым үшін оның өткен кезеңі деп қарастыруға болады.

Шығыс және Батыс философияларын әрбір заманға қарай тікелей салыстыру методологиялық қателік болар еді. Ал қазақ фи-лософиясы тарихи жағдайында мүлде бұрыс нәтижелерге әкеліп соғады. Отандық философия мәдениет аясында өмір сүріп, ойлы сөзді бағалай отырып, ізгілік, ақлихаттық, антропологиялық және тарихи мәселелерге ден қойды. Осыларды қазақ философиясының жетістіктері ретінде қарастырып, оның дамуында кедергі келтірген методологиялық айшықтарды белгілеп, олардың рөлін ашып көрсету қазіргі кездегі басты міндет.

Шығыс, Батыс елдерінде және еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани құндылықтардың тұтастығы мен сапа жағынан айырмашылықтары адамзат философиясы тарихының бүгінгі таңдағы келелі мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені әлемдегі халықтардың, ұлттардың, нәсілдердің бәріне тән жалпы адамзаттық құндылықтарымен қатар, әр халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан рухани, мәдени байлықтарын адамгершілік қасиеттерін, яғни өзіндік құндылықтарын ескеру аса қажет. Тарихтың қазіргі белесінде осы құндылықтарды жан-дандыру, солардың негізінде жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда. Сондықтан да белгілі бір жағдайға байла-нысты қазақ халқының тоқыраған философиялық және тарихи құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мәнін айқындау, жалпыадамзаттық өркениет аясындағы даму бағыттарын зерде-леу қоғамдық ғылымдардың алдында тұрған басты мәселелердін бірі.

Бұл аталып отырған проблеманың маңызы өзінің ғылымға қажеттілігімен немесе қазақ халқының сана-сезімін оятуға бағытталуымен ғана шектелмейді. Тәуелсіздік жағдайында еліміз нарықтық экономика, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет

Page 29: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

29 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

құру мақсатын алдына қоюда. Олар тарихи тамырлас рухани негізде қалыптаспаса, өрісі тарылып, ішкі және сыртқы күшке төтеп беруі қиынға соғуы мүмкін.

Рухани тәуелсіздіктің философиялық мәнін адамның дүниеге көзқарас жүйесінен іздеу кажет. Біздің рухшылдығымыздың баста-уы сонау ежелгі қытай философы Конфуцийден, орта ғасырдағы әл-Фарабиден, кейінгі Абай мен Шәкәрім идеяларынан нәр алды. Олардың негізгі ойлары философиясының өзегін құрайтын ан-тропоцентризм – әлемнің тірегі – адам деген тұжырымның төңірегінде болды.

«Өзіңді таны және өзгерт» деген түсінік даналықтың үлгісі, халқымыздың ойлау жүйесінің өзекті мәселесі. Әрбір адам үшін болмыс сол адамның өзінің тіршілік ету ауқымы. Ал оның өмірінің бағыты мен мазмұны «мен қалай ойлаймын, солай тіршілік етемін» деген қағидалық үлгіге саяды. Өзін-өзі шыңдау, жасампаздық – адамның өзіндік дамуының мәңгілік процесі. Абайдың философиялық идеясы осыған меңзейді. Жігер, ақыл, жүрек – үштігінде жүрек негізгі орынды алады. Ал Шәкәрімнің «арлы ақылға» ден қоюы да бекер емес.

Әркім өзіндік философиясына ең сенімді, басты ізгілік идея-ларды, қағидаттар мен мақсаттарын белгілеп алуы абзал. Ол үшін адамның рухани кемелділігі өршіл көзқарасты қалыптастыруға, бақыт пен құштарлыққа қол жеткіземін деген мақсатын шыңдауға көмектесуі қажет.

Батыс философиясында осы мақсат басқаша түсіндіріледі: абсолютті ақиқатты ақыл, логикалық ойлау процесі арқылы ұғынып, іске асыруға болады. Осы мақсатты түсіну қатардағы адамға мүмкін емес, ол қызық та емес, ал күнделікті мәселелерді осы философияның принциптерімен шешу керісінше әсер етуі де ықтимал.

Абайдың айтуынша, дана адамдағы білім, ақыл және жігер жақсылыққа, ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс. Даналық жандылықпен, арлы ақылмен, әділеттілік және ақиқатпен ұштасып жату керек. Даналық үлкен өмірлік тәжірибемен келеді. Сондықтан қоғамдағы еркіндік пен үйлесімді қатынастар даналықтың беки түсуіне негіз болады.

Рухани жаңару – өте күрделі және қиын процесс. Халықтар өзіне тиімді рухани мұратта іздеп, сарылды және оны тапты да. Біздің халық осы мұрат ретінде даналық пен түсінікті белгілеп,

Page 30: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

30

адамзаттың сара жолына шығуға талпынған жалпыадамзаттық құндылықтар — антиномиялары мынадай: «өмір – өлім», «махаб-бат – жеккөрушілік», «еркіндік – еріксіздік», «сенім – сенімсіздік», «әдемілік – сұрықсыздық», «ақиқат — адасушылық», «шындық — жалғандық», «бақыт — бақытсыздық», «әділеттілік – әділетсіздік», «байлық – кедейлік» және т.б. Олар рухани тәуелсіздікті анықтауда өзінің методологиялық маңызын әлі де атқарады.

Рухани кеңістікті құрайтын элементтер көп. Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл ұлттық фило-софия мен әдебиет мәдениет пен онын түрлері, рухани қазынаның басқа да элементтері осы екі үлкен тұғырлардың айналасында өрбиді, дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны ерекше. Дамыған елдердін тәжірибесі осы ойды айғақтап отыр, оған көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қазіргі кезде көптеген тарихи барысында қалыптасқан ғылыми және адами мәселелерге түбегейлі жаңаша тұрғыдан қарауға мүмкіндіктер туды. Әрине, бұл философиядағы бұрын-ғы жетістіктерімізді толық жоққа шығару емес, тек жана дүниета-нымдық тұрғыдан тарихи құндылықтарға сараптау жасау, ақиқатты шынайы, нақты сипатта іздеуге ұмтылу болып табы-лады. Міне, осындай сыни талдаулар жасауға алға ілгерілеуге негіздер қалайды.

Қоғамның рухани өміріндегі құндылықтардың өзіндік келбеті мен сипаты көп өзгерді. Бұл құбылысты қоғамдық, тарихи процестегі әртүрлі көріністермен, көрнекті тұлғалардың белсенді іс-әрекеттерімен байланыстырмай терең түсіндіру мүмкін емес.

Діни құндылықтардың ерекшеліктерін, олардың ғылыми, эт-никалық дүниетанымға тигізген ықпалын жаңаша сараптау ке-рек. Осы жолда еліміздің мұсылман қауымы атқаратын істер өте ауқымды және ғалымдардың көмегінсіз оны атқару қиындыққа түседі.

Рухани тәуелсіздігіміз басқа елдің зерттеушілерінің бізді бағалаған енбектеріне тәуелді болуы шарт емес. Осы уақытқа дейін рухани құндылықтарымызды солардың айтқан ойлары-на сәйкес пайымдаушы едік, әлі де сол үрдіс жалғасуда. Өзімізді өзіміз бағалайтын, өз пайымдауларымызды бөтен жұртқа телитін кезіміз жетті. Қазақтың болмысына, мәдениетіне, табиғатына сай келетін, соны айғақтай түсетін рухани тәуелсіздік дәрежесіндегі дүниетанымдық көзқарас тәжірибелеріне, әлемдік және ұлттық

Page 31: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

31 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

мәдени тарихына арқа сүйегенде зерттеу мазмұндырақ шығары сөзсіз.

Халқымыздың сан ғасырлар бойындағы даму тарихында соңғы он жылдың алатын орны ерекше. Ата-бабамыздың армандаған Қазақстан тәуелсіздігіне, өз мемлекеттігімізге қол жеткіздік. Қазіргі және келер ұрпақтар алдындағы, XXI ғасырдың табалдырығын ат-тар кездегі аса зор жауапкершілік осы тәуелсіздігімізден айыры-лып қалмай, еліміздің келешегін қамтамасыз ету. Осы тұрғыдағы зәру мәселелердің бірі – ұлттық ділімізді дәріптеу дер едім.

Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі және дүниетанымы арқылы зерделейді. Ұрпақтан-ұрпаққа рухани құндылықтарды жеткізу – ұлттық құндылықтардың тұрақты жүйесін жасайды. Сыртқы дүниедегі өзіне ұқсас қоғамдық өлшемдерді ішкі қажеттіліктерге жаратып, ұлттық діл негіздерін қалыптастыруға мүмкіндіктер ашады. Осыдан келіп дүниетанымның негізгі мәні тек дүниені тануда ғана емес, онын мәнді мақсатын адамға байланысты пайымдау екені көрінеді.

Дүниежүзілік қауымдастыққа ұлтымыздың терең дүниета-нымдық ойларын, өзінің шынайы болмысын және бай мәдениетін көрсетуде діл табиғатын дұрыс зерделегеніміз қажет. Бұл мақсатты іске асыру жолында бұрыннан қалыптасқан, сіресіп қалған көптеген ұғымдар мен қағидаларды сын көзбен қарап, жаңаша методологиялық шешімдер жолын ұсынғанымыз абзал. Осы мәселе арнайы және кешенді түрде қарастырылып, қазақ дүниетанымының күрделі де ажырамас бөліктері бірқатар құнды зерттеулерде өз орнын тапты. Ал осы зерттелінген мәселелерді қазақ философиясы тарапынан байыта түсіп, халкымыздың ішкі рухани дүниесінің өзекті проблемасы ретінде көрсете білгеніміз аса қажет екені бүгінгі таңда айдан анық.

Қоғамдық ойдың ұлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі заманда, әлеуметтік қақтығыстар мен мемлекетаралық қайшылықтар бүкіл адамзатты қамтып отырған шақта маңызды мәнге ие болып отыр. Осы қатынастың әлеуметтік және мәдени-психологиялық алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыпта-суын атауға болады. Қоғамдастық өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы арқылы қоғам өз мәніне, діліне ие болуының қабілетін дамытады деп қараған жөн.

Қоғамдастықтағы ділге ие болған тұлғалардың әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі көрсете білудің бейнелерін олардың руха-

Page 32: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

32

ни тектілігі арқылы айшықтауға болады. Осы мәселеге арналғаы әл-Фараби бабамыздың еңбектерінде атап көрсетілгендей, ілкі қазақ рухани жүйесі әрқашан «нақты адам қоғамына», бакытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға бет бұрған.

Халқымыздың ділін оның тарихынан бөліп қарастыру мүмкін емес. Оның тарихи даму жолы діл табиғатын бірге қалыптас-тырған. Сонау ертеректе-ақ еңбек процесіндегі ортақ қарым-қатынас толыса келе, бірте-бірте өмір нысандарын туындатуға, жеке меншіктік және мүліктік теңсіздікке негізделген қоғамдық құбылыстың орнауына жағдай жасайды. Бұл материалдық өндіріс процесінде танымдық және бағалаушылық сарынның қосарлануына әкеліп соғады. Осының өзі, жалпы алғанда, кейіннен тіршіліктің дүниетанымдық бағдарына қарай икемделеді. Сөйтіп қоғамдық санада әлеуметгік мінез-құлықтың салты, ережесі, дәстүрі ретінде тіркенеді де адамдардың тарихи қауымдастығының, сондай-ақ, қазақтың ата-тегінің өмірін реттеп отырады.

Қауымдық сана қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, қауымдық болмыстың тіршілік-тынысына байланысты дамып отырады. Табиғатты игеру барысында адамдардың практикалық іс-әрекеттерін бейнелейтін алуан түрлі әдет-ғұрыптары, әпсаналары, қарапайым түсініктері пайда бола бастады. Олардың бәрі қауымдық өмірдін күнделікті тәжірбиесін жинақтаудың, танымның, көбінесе, сезімдік сатысына тән нәтижелерін қорытудың негізінде дүниеге келді.

Қауымдық болмыстың бейнесі – қауымдық сананың негізгі өзекті мазмұнын құрайтын жеке адамдардың, яғни қауым мүшелерінін мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал жасайтын, олардың нақтылы іс-әрекеті үшін жетекшілік, жолбасшылық, реттеушілік рөл атқаратын әпсаналық ой кешу үрдістерінің жиынтығы танымдық тәжірбиесі мол, көргені мен көңіліне түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында болды. Оларды қазақта «жа-зып қойған хатпен тең» деп бекер айтпаған.

Қауымдастықтың өзі саналылықтың нәтижесінде емес, ғұмыр кешудің жандалбаса стихиялық ұмтылысы, жан сақтаудың табиғи түйсікке негізделген мүдделеріне сәйкес қалыптасқан. Осы рулық-тайпалық қауымдастыққа тән ұжымдық сипаттағы ой кешудің әпсаналық үрдістері, жеке адамдардың санасы мен мінез-құлқының, іс-әрекет құдіретіне табылатын қасиет сайын

Page 33: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

33 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

даланың төл перзенттері – қазақтарға тән және олардың тарихын-ша әртүрлі орынға ие еді. Мәселен, қазақ ақын-жыраулары халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешіп, өз толғауларында сол тарихи кезеңдегі көкейтесті, күрделі де қиын мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшысы бола білді. Біле-білсек, қазақ халқы – бүкіл түркі-халықтарының ата қонысын «найзаның ұшы, білектің күшімен» сақтап қалған жауынгер де жомарт, ауызбірлікті, білімдар халық: Өз табиғи болмысынан табиғатқа, өмір құбылыстарына таңдана да танып біле қараған, терең философиялық ой толғай білген халық. Сөзден күмбез соққан шешендері мен «қара қылды қақ жарған» тура билері, хандары болашақты болжай білген қарттары, ойшыл философтары болған. Мұны ғасырдан ғасырға, атадан мұра болып қалған көне жазба мәдени ескерткіштеріміз, рухани мұраларымыз растайды.

Мыңдаған жылдарға созылған жартылай көшпенді, көші-қон кеңістігі, жылы оңтүстік, суық солтүстік аймақтары, ер жігіт пен қалыңдық, тағы да басқа көптеген ұғым атаулары тек қана тікелей өндірістік қатынастардың ықпалы ғана емес, қоғамдық мәдениеттің рухани болмыстың арқасында, яғни белгілі бір өмір салтының әсерімен туындады.

Қазақтың болмыс шындығына, бақыланушы және қабылда-нушы әлемге жақындығы, бұл болмысқа етенелігі уақытты кеңістікті адамның ішкі әлемін, тіршіліктің басқа әлемін, болмыс мәнін, ар-ождан бастауларын түсінулерінен көрініс тапты. Мұның барлығы дүниенің негізгі — шындық орнығып, ол ерекше ұлттық ілімі, дүниетанымы туындайды деген қағидаға келіп саяды.

Ұғымдар жүйесінің қалыптасып дамуы ой кешуінін сезімдік деректік нұсқасынан арылу барысында жүзеге асады. Себебі заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарын, байланыстары мен жал-пы қасиеттерін көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтындықтан тек ақыл қуатымен тұшыну, пайымдау арқылы ғана танып білуге болады. Жалпы ұғымдар жүйесінің қатары неғұрлым көбейіп, олардың таным ауқымдылығының барынша кеңеюі табиғат сыр-ларынан адамды алшақтата беретіні сияқты пікір туғызады. Ал шын мәнісінде ұғымдар байлығы адамдарды әлемнің тылсым сы-рын танып-біліп, табиғат күштерін игеруге итермелейді.

Сонымен, ұлттық ділді объективтік жағдай қалыптастырады. Оны қазақтың көшпенді өмір тұрмысынан, көшпенді мал

Page 34: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

34

өсірушілердің өндіріс тәсілінен, тұрмыстық болмысынан анық көруге болады. Халықтың ділі — әдет-ғұрып, діни сенімдер, ырым-дар мен пайымдар, жыл айыру мен мал бағудан туындайтын астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясы ерекшеліктерінің білгірлігі, сәндік ою-өрнек өнеріндегі көшпенді тұрмыс бейнелері және күрделі рухани болмыс құрылымындағы осы көріністердің бейнеленуі.

Оның материалдық негіздерінің дамуы рухани ерек-шеліктеріне де біршама әсері бар. Дегенмен ұлттық ділдің ішкі заңдылықтары қай жағынан алғанда да рухани айшықтардың мол әсері арқылы өзгеріске ұшырап отырады. Адамдардың нақты қоғамдық қатынастарда қалыптасатын ойлау жүйесі, өмір салтының санасында берік орын алған ақпараттық өрістері ұлттық ділдің қалыптасуына, дамуына және өзгеруіне зор ықпал етеді. Мұны жоғарыда атап өткендей, қазақ халқының ата-тегінің де, бергі замандағы тарихынан айқын көруге болады.

Қазіргі өтпелі дәуір деп атап жүрген кезде ғасырлар бойы-на қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасып жатқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала баста-ды. Соның бастысы ретінде ұлттық ділге қажетті болып отырған текті адам идеясы, оның табиғатын және мазмұнын ашып көрсету болып табылады. Ұлы қытай ойшылы Конфуций «текті адам» тек қана этникалық ұғым емес, ол саяси-мәдени ұғым деп кезінде жазған еді. Ол халықты басқарады, ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Конфуцийдің осы идеясы қазіргі біздің халық үшін өте қажет. Текті адамды, текті әулеттерді қалыптастыру ізгілікті қоғамның басты міндеті, ол ұлттық ділдің алтын арнасы болып табылады.

Ал нарық экономикасына көшкен кезде объективті құбылыс ретінде әлеуметтік теңсіздік текті адам мәнін толығырақ ашуға негіз болуы мүмкін. Адамдардың теңсіздігі –талғам-мүдделерінің әртүрлілігінің салдары. Көп адамдар өз түсінігімен өмір сүреді. Ондай адамдар өз ынтызарлығының билігінде болады. Бірақ олар бір нәрсені түсінбейді. Мысалы, олардың барлық материалдық тілектері орындалса да, жағдайлары соншалықты жақсармас еді. Оған себеп – рухани болмысын материалдық мүдделеріне бағыттау, объективтілік заңдылықтарды елемеу. Жалпы алғанда, мемлекеттік құрылымның да, табиғаттың да негізін қалайтын

Page 35: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

35 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

объективті заңдарға мойынұсыну арқасында адамдар жанын тыныштыққа бөлеп, өз тектілігін айқындайды, сөйтіп Шығыс халықтарында негізгі орын алған идея – бақытқа қарай бастайды.

Ұлттық ділдің қасиеттері қоғамда да, жеке адамдарда да мол орын алған. Ізгілікке, рақымшылдыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ, ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткеннен болмайды. Соңдықтан оған аламдарды оқыту, үйрену керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рақымды болып шығады. Осыған орай айта кететін бір жайт, жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс.

Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ, оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Олардың мұраты – өздерін күнделікті талап-тілектермен шектеп, табиғат-пен үйлесімді өмір сүру. Осы ретте адамдардың рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін кемшіліктерін сынап, құмарлықты жек көрудің өзі — ләззат. Оның бірден-бір жолы өз еркіңмен қол жетпейтін немесе қасірет әкелетін құмарлықтардан бас тарту ғана емес, оларды танып-білу бағдарларын қарастыру болып табылады.

Адам үшін құмарлықтың қайсысының болса да жамандығы жоқ, бірақ, саналуан құмарлықтың ішінде — рухани құмарлықтың орны ерекше, себебі ол басқаларға қарағанда өте тұрақты және сыртқы әсерлерге тәуелді емес. Ал рухтың негізгі мақсаты — та-нып, білу. Адамдар сезімдік түйсіністер арқылы алынған деректер негізінде заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылылықтың мәнін түсінуге ұмтылады. Ұлы бабамыз әл-Фараби адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деген идеяны ұсынған еді. Ол жасаған қорытындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық, міне, үшеуінің бірлігі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасиетінің сүлулығын, сұңғылалығын көрсететін ерекше белгі.

Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі ара-сында байланыс туады. Адам ұдайы рухани жағынан өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл өзі қазіргі кезде қоғамның болашағы туралы сарыуайымға салынған кейбір зиялы топтың мүшелеріне арналған бабамыздың сын ескертпесі іспеттес.

Page 36: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

36

Ұлттық діл мен діни сенімдер арасында тығыз байланыс бар. Тарихымызға үңілсек, осындай байланыстар халқымыздың сана-сында кең орын алғанын аңыздар аңғартады. Аңыздардың негізгі өзегі мәңгілік, мәңгі-бақи өмірлік, жанның мәңгі-бақи екеніне сену, оны мәңгілік етуге талпыну болып келеді. Осындай сенім арқылы адамның рухани түп-қазығы бекіп, ділі нығайған. Руха-ни тұтастық бар жерде текті адам белсенділік арқылы қоғамдық қатынастарды шыңдайды.

Қазақ дүниетанымындағы сопылық саланы негіздеген ұлы ғұлама А. Яссауи дін мен ділдің арақатынасын айқындай отырып, адам бойындағы кездесетін даңққұмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік, алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын, адамның рухани дүниені физикалық болмысқа бағындырғанынан деп түйіндейді. Сараңдық–жомарттық, көнбістік–тәкаппарлық нәпсі — рух, қайырымдылық–қайырымсыздық, жуастық–қатал-дық, қасірет–қуаныш, әдептілік–әдепсіздікті өзара қарама-қарсы ұғымдар ретінде ғана емес, физикалық – рухани қатынастар қайшылығы бағытында қарастырған еді. Бұл жеке зерттелетін дүние және өзекті де ауқымды мәселе.

Ілкі қазақтардың ұлы ойшылдарының кейінгі ұрпақтарға айтып қалдырған ұлттық ділімізді дамытудағы атқаратын рөлі үлкен нақты өсиеттері баршылық. Мысалы, А. Иүгінеки «Мінездің жақсысы — әдептің мінсізі, ал жомарттық — ол сараңның айна-сы» – деп бағалаған. Иүгінеки дүниенің сырын, кұпиясын ашатын кілті көкірегі ояу, көзі ашық оқыған, білімді адамдардың қолында деген. Көзі тірісінде сараңдықпен достарына дұрыстап дәм бере алмасаң, өлгеннен соң дүрлігіп жүрген жауларыңа жем боларсың дейді. Материалдықты руханилықтан жоғары қоюға ұмтылған адамды сынға ала отырып, «Сараң – адам өзі жинаған байлықтың құлы», «Білім — сарқылмас бұлақ», «Ақымақтың тілі өзіне жау болып жармасады» – деп біздерге ұлағатты ойлар тастаған.

Ұлы бабаларымыздың өсиеттері мен ақыл-пайымдауларын зерделесек, ұлттық ділімізді түсінуге жол бастайтын көптеген идеяларды байқаймыз. Солардың бірнешеуін ғана атап өтейік. Адам туғанда басы бос, ерікті болып туады, бірақ, ол — ылғи да шынжыр тұсаудан шыға алмағанына қарамастан ең жоғарғы құндылық, барлық мәдени жетістіктерді жаратушы, ал жеке тұлға қоғам дамуының мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы, сондықтан барлық әлеуметтік және әдептілік (этикалық) қатынастарды жетілдіру қажет.

Page 37: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

37 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

Ұлы ойшылдарымызбен, ақын-жырауларымыздың ұлт-тық ділді қалыптастыру туралы жиынтық ойларын былай тұжырымдауға болар еді. Қоғамдық өмірде әлеуметтік қарама-қайшылық елеулі орын алады. Ал осындай қоғамда әркім шексіз бостандыққа ұмтылғандықтан, олардың бостандығы бір-бірімен қарама-қайшылыққа түседі де, әр азаматқа тең табиғи қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады. Осы негізде қалыптасқан мәдени өркендеу жеке адамдарға қайғы-қасірет, жамандық әкелуіне қарамастан, жалпы адамзат үшін ілгері басып, үдей түсуі қажет, онсыз ілгерілеу болмайды. Ал мемлекет болса, қолына шоғырланған билікке сүйеніп, адамдардың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасай бермейді. Сондықтан мемлекеттік билікті құқық арқылы шешу керек. Қазақ тарихында Тәуке ханның атқарған қызметін атасақ та болады. Ішкі саясатта Тәуке хан бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, рулар арасындағы алауыздықты тиюмен қатар, ол басқару ісін жақсартуды жолға кояды. Бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттігін құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе — Шыңғысхан ұрпағынан тараған сұлтан, төрелердің және ерекше мәртебеге ие болған қожалардың қазақ қоғамындағы құқық жағдайларын өзгертуге ден қойды. Ондағы мақсаты мемлекет басқару ісіне әр орта-дан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Осының нәтижесінде басқару процесіне бұрын беймәлім болған «Билер кеңесі» енгізілді. Ол сайлаған алқалы орган ретінде талқылаған, қаралған мәселе бойынша қайта айналып қарауды кажет етпейтін шешім кабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен қабылдағанымен маңызы бар мәселелер бойынша «Билер кеңесінің» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды, билігі шектелген. Осындай көріністі байқаған орыстың көрнекті ірі зерттеушісі В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде: «Қазақстанда билікті бөлу принципі өзіндік формада орта ғасырда қалыптасқан», — деп атап көрсеткен.

Қазақ мемлекеттігінің даму тарихында әрқилы кезеңдерді өте отырып, түбінде құқықтық, азаматтық қоғамның қалыптасуына қол жететіні кәміл. Текті адамды, жеке тұлғаны өз құқығын білмейтін, құқық заңдылықтарын түсінбейтін әлеуметтік жағдай-ларды қалыптастыру мүмкін емес. Оған біздің кешегі өткен тарихы-мыз куә. Ал қоғамның нарықтық экономикаға көшуі жалқаулықты, жайбарақатықты, енжарлықты, боссөздікті көтермейді, керісінше

Page 38: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

38

әр адамның іскерлік, әрекеттілігі, тапқырлығы, ізденімпаздығы, білімі мен ойлау өрісінің биіктігі кажет.

Адам бостандыққа ие болады, ал рухтың бостандығы – адам табиғатының негізгі қасиеті. Осы қағида әзірше тек сана арқылы түсінілуде, ал оны жүзеге асыру тарих деп аталатын ұзақ уақытша талап етеді. Ұлттық ділдің бастауы тарих, осы арқылы оны күшейту бүгінгі күннің мұраты. Тарихта ақыл-ой белгіленген жоспармен әлемдік рух басқарады. Ал ұлттық ділдің дүниетанымның негізгі мақсаты осы жоспарды біліп, тарихтың ішкі логикасын анықтау.

Текті тұлғалар өз уақытының жасырын шындығын алғашқылардың бірі болып белгілегендерінің арқасында ұлы бола алады. Ал халық, осы уақытқа дейінгі тарих сабақтары көрсеткеңаей, өз мақсатын, мәнін тек мемлекетте ғана табады. Адамның құқылығы, оның рухани нақтылығы тек мемлекетке байланысты өмір сүреді. Сондықтан қазір қазақ мемлекеттігін жан-жақты дамыту басты мәселеге айналып отыр. Қазақстан республикасының мемлекеттілігі оның барлық тұрғындарының ортақ мүддесі екені анық.

Қазіргі нарық жағдайында жеке адамдардың бостандығы дегеніміз жеке меншіктің бостандығы. Меншіктің мөлшері – жеке тұлға өлшемінің куәсі, оның еңбегінің талантының салдары. Жетілген азаматтың демократиялық қоғамдағы қалыпты жағдайы осындай, ал біздің елде бұл алдағы уақытта қол жеткізетін мұрат болып отыр. Осындай қоғамда меншікті теңестіруге болмайды, ол заң шеңберінде қорғалып, адамдардың санасында, тіпті, әдет-ғұрыптары мен күнделікті қызметінде берік орын алуы керек. Бұл жағдайда ұлттық ділді, жеке адамдардың тектілік негіздерін нығайтуға мемлекеттік және қоғамдық тараптардан әлеуметтік саяси және құқықтық-мәдени жағдайлар жасауы тиіс. Сонда ғана ұлттық ділді қауымдық және қоғамдық деңгейде қалыптасқан ойлау құрылымын, сана болмысы мен іс-әрекет түрлерін және осылардың жеке адам бойындағы қасиеттер ретіндегі жиынтығын толық та жан-жақты қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Қоғамдық-саяси, философиялық, құқықтық ой-пікірдің дамуын біртұтас мағыналық ұлттық діл дәрежесінде зерттеп, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану бағыттарында оны ұғыну және тұжырым жасау кең де ауқымды ақиқатқа қол жеткізеді. Қазіргі кездегі ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бей-

Page 39: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

39 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

нелеу белесіне жетуге мүмкіншілік бар. Оның басты бағыты, зерттейтін объектісі осы заманнан бастау алып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі ақыл-ой сарабына салу, оны ой елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңаша ойлау мәнерін, өрнегін таразы-лау, сақтау және жақсарту. Осы мақсатқа қоғамдық келісім және демократиялық даму, адам және қоғам, нарық және ғылым байла-ныстарын зерттеу арқылы жетуге болады. Ерекше бөліп қарайтын мәселе, азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақстандық идеоло-гияның өзіндік орны дер едік. Оның орталық, негізгі құрамдас бөліктерін діл, тіл, дін болуға тиіс. Бұлардың тұтастай бірлігі ұлттық идеологияның басқа да құрамдас бөліктерін өзінің маңайына топтастыра алады. Егер де Шығыс және Батыс ділінің ерекшеліктеріне зер салсақ, онда қазақтың ұлттық идеясы ділді, тілді, дінді біріктіріп тұрған ұғымдар жүйесі ретінде «Еркіндік түбі – бірлікте!» деген идея қазақстандық идеологияның қағидатына айналар еді.

Соңғы жылдары халықтың санасы мен мәдениетінде жаңа-ша әлеуметтік дүниетаным қалыптасып келеді. Осы кезеңге сәйкес келетін саяси-құқықтық ойлау жүйесін жасау және оны философиялық проблема ретіңде өрбітіп, шыңдап, жоғары деңгейде дамытып, ұлттық демократиялық процесті түсінетін жағдайға келтіруде үлкен талпыныс байқалады.

Алда тұрған негізгі дүниетанымдық идея – бұл өркениет адамының ұлы ойшылдар мен халқымыздың тұтастай дамып келе жатқан ойлау жүйесін бұзбай, соның шеңберіндегі қиын да ұзақ процестегі ұлттық ділдің қалыптасуын, гуманитарлық құндылықтар аясындағы философиялық тұжырымдамалардың пайымын дәлелді таразылау, жан-жакты зерделеу мен пайымдау. Басқа сөзбен айтқанда, ең үлкен ерекшелік әртүрлі тарихи, мәдени, діни, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді адами тұрғыдан, оның тарихи-нақтылық өмір салты мен ойлау тәсілінің тұтастығына байланысты қарастыру. Осы үрдістен шыға білсек, XXI ғасырда еліміз ауқымды да жемісті рухани қадам жасап, үлкен әлеуметтік даму жолына түсер еді.

Қазіргі әлемдік деңгейдегі мәдениеттер арасындағы өзара бәсекелестік айқын көрініс беріп отырған заманда кез келген қауымдастық үшін өзінің ұлттық болмысын барынша рухани жаңғыртып, ұлттық қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз ету маңызды. Әлемде кейбір қауымдастықтар осы бағытта өнімді

Page 40: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

40

белсенділік танытып, өркендеп жатқанын да байқаймыз. Мәселен, Жапония және Қытай сияқты елдер әлемдік интеграциялану, өзара ықпалдасу заманында өздерінің ұлттық келбетін жоғалтпай отыр.

Әрине, әрбір ұлттың жекелеген мәселелері қазіргі жаһандану дәуірінде басқа мемлекеттердің мен халықтардың мүдделерімен түйісе, ықпалдаса отырып шешілетіні белгілі. Сондықтан әлемнің басқа аймақтарында халықаралық деңгейде байқалып отырған құбылыстар мен үдерістер біздің еліміз үшін де өзекті әлеуметтік және өркениеттік проблемалардың қатарына жатады. Енді ешнәрсеге бей-жай қарауға болмайтын заман келді. Қазақстанның Сирия мемлекетінің күрделі ішкі саяси мәселесінің тиімді түрде шешілуіне үлес қосып жатқаны бекер емес. Бұл біздің еліміздің барша халыққа бейбіт өмірді қадірлеуге шақыратын гуманизм, демократиялық және этикалық қалыптарды өзектендіріп, әлемге кеңінен таратуға талпынғанымыздың айғағы.

Әдетте, заманауи тіршілік етудің қисыны адамдарды, қоғамдарды топтаса отырып сын-қатерлерден, тәуекелдерден қорғанудың, сонымен қатар бірлесе отырып дамудың жолын-да болуға шақырады. Интеграцияланып, модернизацияланып жатқан дәуірде барлық мемлекеттерге қатысты «Жалғыз жүріп жол табу мүмкін емес» деген ұстанымды дәріптейтін тарихи кезең де келді. Солтүстік Корея басшылығы сияқты кикілжіңдерді ушықтыруға ұмтылудың болашағы жоқ. Сондықтан Еуразиялық Одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Ислам мен түркі халықтарының халықаралық ұйымдарына Қазақстанның белсенді мүше болуының өзінде халықаралық жағдайдың даму логикасы-мен санасу және заманауи кезеңнің қисынымен, талаптарымен барынша есептесу, халықаралық қатынастарды құрметтеу мен өркениеттілікке ұмтылу жатыр.

Мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін халықтар, мәдениеттер, мемлекеттер өзара мәмілеге келіп, үнемі ықпалдасу жолын-да болуға тиісті. Ал енді біздің еліміздегі ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық, технологиялық және техникалық негіздерін қалыптастыру үшін өнеркәсіп саласында жаңғыру ауадай қажет екені соңғы уақытта Қазақстан Үкіметі тарапынан да, мамандар арасында да белсенді түрде айтылуда. Әрине, осы салалардағы инновациялық серпін, тиімді және батыл жобаларды жүзеге асыру – өмір қажеттілігі, әлеумет мұқтаждығы екені де белгілі. Біздің еліміз «30 дамыған елдің қатарына қосыламыз» деген

Page 41: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

41 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

идеяны жүзеге асыру үшін кешенді түрде өркениетті қимылдар жасауға мүдделі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауларында, қазіргі заманғы еліміздегі руха-ни жаңғыруға арналған бағдарламалық мақаласында осылардың барлығы кеңінен және дәйекті түрде айтылды.

Әрине, қоғамның өмірі, тыныс-тіршілігі тек материалдық дүниенінің өзекті мәселелерін күйттеп, өркендетумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қауымдастық үшін саяси-әлеуметтік және рухани салалардың тарихи маңыздылығы зор екені анық. Осыдан ондаған жылдар бұрын америкалық профессор С. Хан-тингтон қазіргі кезеңдегі өркениеттердің өзара қақтығысы, олардың түбегейлі қайшылықтары жөнінде айтқан болатын. Әрине, тарихтағы әртүрлі өркениеттердің өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік құндылықтар әлемі болады және олар кейде бір-бірімен сәйкес келмей де жатады. Бірақ Жер бетіндегі адамзат-ты біртұтас қауымдастық ретінде жақындата түсетін дүниелер де, өркениеттік негіздер де жеткілікті. Әдетте оларға адамзат үшін түтастай алғанда маңызды төмендегі жаһандық мәселелер: қоршаған табиғи ортаны қорғау (экологиялық проблема), барлық аймақтарда бейбітшілікті сақтау, кез келген елде демократиялық құндылықтарды дәріптеу сияқты аса маңызды құндылықтық бағдарлар төңірегінде топтасуға тиісті.

Адамзаттың өмірінің терең рухани мазмұны мен мәні барлығымыздың ұлтымызға, дінімізге, ділімізге қарамай біртұ-тастандыра түсетін тетік, платформа. Жер беті халқының біртұтас отбасы іспетті тағдыры бар. Өркениеттік тұрғыдан алғанда әрбір адамның рухани әлемінің бағыт-бағдарлары, оның дүниетанымының түбегейлі тамырлары мен тұғырлары, құндылықтық жүйесінің жалпы сипаты маңызды дүниелер бо-лып табылады. Адамның қандай құндылықтарды дәріптейтініне қарап, оның өмірдегі сапалық деңгейін, дүниетанымдық көкжиегін аңғаруға болады. Қоғамның жалпы рухани және әлеуметтік келбеті, оның мүшелерінің бұқаралық санасындағы басымдылықтары мен мұраттарының қандай екендігімен тікелей байланыста анықталады. Осыған орай Қазақстан халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер мен алға басулар өмір қажеттілігі және елімізде зияткерлік ұлтты қалыптастырудың бастамасы.

Егер қоғам өзінің азаматтарына деген талабын өркениетті деңгейде қоя білмесе, онда қоғамдағы көптеген үдерістер

Page 42: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

42

шынайылықтан алыстап кетеді, руханилығының қалыптасуы мен дамуы кемшіндеу соғады, әртүрлі ауыспалы және үстірт мағынадағы жалған құндылықтар жетекші рөл атқара бастайды. Қазіргі қайшылықты заманда еліміздегі мәдениеттің құрылымы мен әлеуметтік парадигмасында үлкен сүзгіден өткізілулердің қажеттілігі туындап отыр. Демек, қоғамымыздың салауаттылығы, өркениеттілігінің деңгейі өз қолымызда және «ауруын айтпаған дімкес адам өмірден ерте озады» деген күйді кешпеуге тыры-су шарт. Сыни ойлаудың маңыздылығы осында. Ол өз кезегінде әмбебап дүниетанымды қалыптастыруға негіз болады. Халықтың болашағы өткенімен, қазіргісімен тығыз байланысты. Ең маңыздысы болашақта қандай боламыз дегенге оңды жауап беру.

Қазіргі әлемді барынша баурап алған, негізінен материалдық тұрғыда орасан пайда табуды мақсат тұтқан олигархтарға ғана қолайлы азаматтардың тұтынушы психологиясы құрылымдарының қалыптасуы және соны бекіте түсуге мүдделі жаһаншыл бағдарлардың барынша үстемдік етуі бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Осындай сипаттағы «жаңа» мәдениет барлық елдердің рухани және әлеуметтік кеңістігіне барын-ша ендеуде. Одан дамыған елдердің өздері қауіптеніп, ұлттық бірегейлікті жоғалтпаудың жолдарын іздеутіруде. Демек от-аншыл, туған жері мен елін, оның тарихын, тілі мен мәдениетін қадірлейтін азаматтар ғана осылардың барлығына рухани имму-нитет қалыптастырушы белсенді әлеуметтік күшке айналуы тиіс.

Соңғы уақытта еліміздің мәдени, саяси, рухани және экономикалық салаларында кейбір жаңалануға, өзгеруге тиісті дүниелер анықталып, зиялы қауымның сараптауларынан өткізіліп жатыр. Әрине, қазіргі ақпараттардың ағыны заманында, технология мен техниканың жылдам жаңарып жатқан кезеңінде жайбасарлыққа салыну қауіпті және ол өркениеттер дамуы мен динамикасында біршама «көштен қалып қою» дегенді білдіреді. Ал адамзаттың қарыштап бара жатқан көшінен бірталай қалып қойған, нарықтық қатынастар заманы ұсынған бәсекелестікке төтеп бере алмаған елдерде негізінен әлеуметтік тартыстар мен жанжалдар өршіп кететіні де белгілі. Әр қилы сипаттағы құндылықтардың дәріптелуі арқасында бұрынғы орнықты даму жолындағы елдер азамат соғысының жалынына орана бастай-ды. Біршама араб елдеріндегі, кейбір Африка мемлекеттеріндегі саяси-әлеуметтік кикілжіңдердің астарында терең құндылықтық

Page 43: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

43 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

дағдарыстардың жатқанын көреміз, қоғамдық санадағы руханияттық тежелулерден байқаймыз.

Осындай қайшылықтардың алдын алу үшін өзіміздің тарихи, рухани құндылықтарымызды үнемі түгендеп отыруымыз керек. Туған жердің киелі қасиетін халық өзі ежелден қадірлеп келген. Ал енді қоғамымыздағы басқаларға үлгі боларлық азаматтарды айқындап отыру да маңызды. «Болмасаң да, ұқсап бақ!» деп Абай атамыз бекер өсиет қалдырмаған. Жастарға әрдайым сенуіміз ке-рек, дегенмен жастарымызды нағыз отаншылдыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуден жалықпауымыз да керек. Туған жерін сүйген адам әрине оның мәдениетін, тарихын, тілін де, ділін де сүйеді. Атап өтетін жәйт: туған жерге деген құрмет алдымен сол жердің адамдарына, азаматтарына деген құрметтен басталады. Рухани жаңғыру түп негізінде рухани-адамгершіліктік негіздерді ұлттың қоғамдық санасына орнықтырудан басталады. Қазақстан Республикасының Президенті бұл мәселені бүкіл халық болып шешуге, оның тетіктерін кешенді түрде іске қосуға шақырады. Әрине, зиялы қауымның, жастардың үлкен үлес қосуымен ғана руханиятымызды сапалы деңгейге көтере аламыз.

Тәуелсіз елдің өзіндік рухани келбеті бар ғылымы мен білім беру саласы болуы керек. Жалпы ғылымның дамуы дүниежүзілік ғылымның дамуымен тікелей астасып жататындығы баршамызға белгілі. Әсіресе, ағылшын тіліне жетіктеу жас мамандарымыз үшін оның өркениеттік қырлары әбден түсінікті. Сондықтан қазіргі уақытта ағылшын, неміс, орыс және т.б. шетел тілдерін үйрену мен қолдану платформасының нақты түрде маңыздана бастауы кездейсоқ емес. Қазіргі өркениеттік дамудың келбеті мен қисыны барлық елдер үшін өзара ұқсастықта екені байқалады. Ғылымды жақсы пайдаланған қоғамның болашағы да жарқын, көкжиегі кең. Елімізде ғылым мен білім беру салалары өзінің қызметін мемлекеттік тілінде де өрбітіп отыруы шарт. Онсыз мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі мен рухани құндылығы солғындау болады, ұлт өзінің рухани тамырларын кең жая алмай-ды. Соңғы уақытта білім беру саласындағы жағдайды күрт сапа-ландыру қолға алынуда. Біз әлемнің көптеген елдеріндегі озық үлгідегі оқулықтарды қазақ тіліне аудару арқылы жоғары оқу орнындағы оқу үрдесін жаңа деңгейге көтеруге талпынудамыз. Дегенмен, өзіміздің төлтумалық оқулықтарымызды дайындау

Page 44: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

44

да мемлекеттік деңгейде маңызды екенін ұмытпағанымыз жөн. Жаңаша дайындалған төл оқулықтарға да үлкен көңіл бөлінуі арқылы өзіміздің рухани қауіпсіздігімізді бекіте түсеміз.

Қазіргі кезеңдегі мәдениеттің әртүрлі салаларындағы, елі-міздің бұқаралық ақпараттар құралдарындағы даму үрдісі өрке-ниеттік рухани жаңғыру парадигмасына толықтай сәйкес келе ме? Әлде руханияттың маңызды саласы болып келетін өнердің түрлі салалары да шынайы заманауи өзгерістерге бетбұрыс жаса-уы қажет емес пе?

Рухани жаңғырудың өзегін руханилықты, адамгершілікті қалыптастыру құбылысы жататындығын ешқашан ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан өнермен қатар бұл мәселеде діннің де орны ерек-ше. Өзінің ертеңін барынша тиянақты ойламаған халық өзіне-өзі рухани дамуына тежегіштер қояды, өзінің шынайы әлеуетін паш ете алмайды. Қазіргі заманауи қазақ философиясының рухани бағдарларының бірі осындай деуге болады.

Қазіргі Қазақстан халқының жарқын болашағы оның біртұтастығында, бірлігінде, оның әрбір азаматының өмірінің үйлесімді негіздерге сүйенуінде. Құқықтық деңгейде адам еркіндігі мен шығармашылығы барынша мықты қорғалған мем-лекет ғана өркениетті елдердің қатарына қосылады. Діннің сая-саттанбай, нағыз шынайы моральдік құндылықтарды өрбітетін қасиеттерін қөрсетуіне толық жағдай жасай алатын елде әлеуметтік тұрақтылық болады. Өркениеттік демократиялық құндылықтарды орнықтыра түсу баршаның ісі, демек әлеуметтік прогресс әрбір азаматтың белсенді түрде саяси-әлеуметтік және рухани үдеріске қатысуымен астасып жатады. Заманауи өмірдегі қарышты қадамдар алғашқы нық, сенімді қадамдардан бастала-ды. Қоғамдық санадағы өзгерістер осындай сенімді әрекеттерден туындайды. Сондықтан болашаққа бағдардың өзегін құрайтын үміт пен сенім халқымызды өркениеттілікке жетелейтін рухани күштер болып табылады.

Әдебиеттер

1 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. – Ташкент, 1889. Т. 1. – С. 25.

2 Кушкумбаев А.К. Военное дело казахов в ХVІІ-ХVІІІ веках. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 274 с.

3 Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (ХVІІ-ХVІІІ вв.). – Алма-Ата, 1991. – 196 с. – С. 3.

Page 45: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

45 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

4 Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі. 2001. – 592 б.

5 Молдабеков Ж.Ж. Қазақтану. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 459 б.

6 Раев Д.С. Қазақ шешендігі философиясы. Алматы: Қарасай, 2011. –264 б; Қазақ би-шешендері: әлеуметтік-саяси ойлар және дипломатия. – Алматы, 2015. – 544 б.

7 Орынбеков М.С. Қазақ философиясына кіріспе // Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары. – Алматы, 1993. –№ 3. – 23-24 бб.

8 Байтұрсынов А. Білім жарысы // Қазақ. 1917 ж. 15 б.9 Булекбаев С.Б. Тюркский вклад в мировую культуру и цивилиза-

цию. – Алматы, 2013. – 342 с.10 Абдильдин Ж.М. Великая степь и мировосприятие традицион-

ного казаха// Абдильдин Ж. Собрание сочинений в пяти томах. Том V. Алматы: Өнер, 2001.-455с. (С. 395-407).

11 Назарбаев Н.Ә. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра. 1999. – 296 б.

12 Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде» // «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конфе-ренция материалдары. – Семей. 2008. – 26 б.

1.2 Тәуелсіздіктің қалыптасуы жолындағы жаңа қоғамдық сана мен жаңа құндылықтар жүйесінің дамуы

Қазақстандағы ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ба-сында қалыптасқан саяси ахуалға сай, көптен күткен тәуелсіздіктің орнығуымен бірге құндылықтарды қайта бағалаудың ұлы дәуірі басталды. Жалпы қоғамдық сананың құрылымы күрделі бо-лып келеді және оның негізгі, басты деңгейі ретінде қарапайым-практикалық сана мен ғылыми-теориялық сана айшықталады. Әдетте, қарапайым-практикалық сананы әлеуметтік психология-мен, ғылыми-теориялық деңгейді идеологиямен байланыстыра-ды. Қоғамдық сананың субъектісі дара, топтық және бұқаралық болып жіктеледі. Осыған орай дара сананың иеленушісі жеке адам, индивид, топтық сананың – әлеуметтік топ, бұқаралық сананың иеленушісі – белгілі бір идея, мақсат бойынша біріккен бір топ адамдар қауымдастығы болып табылады.

Көптеген мамандар қауымдастықтың санасын және бұқаралық сана деп атап көрсетеді. Қауымдастық өзінің белгілі бір

Page 46: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

46

мақсатына жету үшін жинала алады, біріккен қызметті атқаруға арналған белгілі бір көшбасшысы немесе жетекшісі болады. Мы-салы, бұл митингіде немесе шеруде айқын көрініс табады. Бұқара қоғамның барлық тұрғындарын қамтитын абстрактілік ұғым ретінде түсіндірілуі мүмкін, осыған орай ғылыми айналымдағы «халық бұқарасы» деген ұғымды еске түсіруге болады.

Қоғамдық сана – қоғам өмірінің барлық саласын қамтып көрсететін әр түрлі рухани құбылыстардың жиынтығы болып та-былады. Қоғамдық сананың негізгі формаларына жататындар – мораль, өнер, дін, философия, ғылым, саясат, құқық. Салыстырма-лы түрде жақын кезеңнен бері экологиялық, экономикалық және басқа да қоғамдык сананын формалары мен түрлері анықтала бастады. Бұл қоғамдық сананың барлық түрлері, формалары мен деңгейлері өзара байланыста болып, бір-біріне әсер етеді. Идея-лар мен теориялар, құндылықтар мен нормалар, мұраттар мен үрдістер жүйесі ретінде идеология ерекше орын алады.

Идеология өмір сүретін қоғамдық қатынастарды не дамыта-ды, немесе, тежеуге қабілеті бар. Алдымен идеология қоғамдағы экономикалық қатынастарды белгілі бір қоғамдық таптың тұрғысынан бейнелейді. Қоғамдық сананын қалыптасуы, бір жағынан, материалдық-экономикалык өмірдің ықпалынан ту-ындаса, екінші жағынан, саяси және экономикалық өзгерістер азаматтардың дайындықтарына сәйкес келетін қоғамдық сананың кемелденуіне байланысты сәтті жүзеге асуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, қоғамдық сана прогрессивті үрдістер мен әлеуметтік мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін басқа кеңістікті қалыптастыруға қабілетті.

Басқа әлеуметтік-экономикалық парадигмаға өту, дүние-танымдық ауқымның өзгеруі, бұрын аяусыз сынға ұшырап, «буржуазиялық» деп әшкереленген қағидаттар мен бағдарларға арқа сүйеу – осының бәрі қоғамдық сананы барынша күрделі күйге жеткізді. Бұрын өзінің дүниетанымдық ыңғайы бойынша біркелкі болған, ресми марксизмнің идеологиялық өктемдігіне бағынып келген қоғамдық сана енді түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Әр түрлі этностардың, әлеуметтік қабаттардың тари-хи ауқымдағы өзгерістерге қатынастарын білдіретін көптеген әр қилы векторлар пайда болды. Бұл құбылыстар миллиондаған адамдардың күнделікті әдеттегі өмірлік практикасын өзгертіп, біршама түзетпелер жасады.

Page 47: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

47 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

Дегенмен, бұл қағида біршама нақтылауды, дәйектеуді қажет етеді. Тәуелсіздікке қол жеткізердің алдында шынымен де қоғамдық сана өзінің идеологиялық сипаты бойынша біркелкі бо-лып келді ме? Макс Вебердін социологиясы қарапайым, бірақ та-лассыз шындықты төмендегідей дәлелдеген болатын: әлеуметтік-экономикалық болмыстағы төңкеріс қоғамдық сананың өзгеруі мен құндылықтардың қайта қаралуы жүзеге асқаннан кейін ғана мүмкін. Егер бұл шындықты ескеретін болсақ, онда қоғамдағы маңызды, тағдырлы оқиғалардың алдында қоғамдық сана белгілі бір мағынада шешуші әлеуметтік өзгерістерді қабылдауға, тіптен, оның иегерлері қатысуға дайын болатын. Өзінің дүниетанымдық ыңғайы бойынша бұл құбылыстар біркелкі емес, қайшылықты болатын. Тұрғындардың бір бөлігі мектеп оқулықтары мен ресми баспасөзде үгіттелген идеологиялық формулалар мен маркстік догмаларды ұстанды. Бірақ сталиндік «тазартуларды», қазақ интеллигенциясының қаймағының құрбандықтарын, қазақ халқының басына түскен зұлматты есінде ұстағандар да бар еді.

Әртүрлі марштар мен «Туған жерім, кең байтақ елім...» сияқты кең тынысты өлеңдер жоғарыдан уәде етілген әділдіктің орнығуы мен баршаның бақытты болуына заңды түрде күмәндану мен орны толмас өкініштердің үнін басып кете алмады. Жал-пы идеологиялық фонның игілікті тұстары сыни аккордтармен ұласып отырғанын сенімділікпен атап өтуге болады. Олар, әсіресе, «жылымық» деп аталған кезеңде, кейінірек қайта құру заманын-да айқын біліне бастады. Сонымен қоғамдық сана құндылықтық қыры жағынан алғанда болашақ өзгерістерге дайын болатын.

Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық жүйе координатындағы өзгерістер және одан да маңыздырақ – Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі қоғамдық сананың векторлар қатынастарын түбегейлі өзгертті. Әлеуметтік және этникалық факторлардың үйлесуі шешуші мәселеге айналды. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда әлі ешкімнің, ешқашанда жүріп өтпеген социализмнен капитализмге өтуді күтіп тұрған болатын. Қоғамдық сана үшін осыған байланы-сты біршама күрделі мәселелер туындаған болатын. Біріншіден, бұл өтпелі кезең жақсы дәйектелген, орнықты ойланған жақсы әлеуметтік жоспарлар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асуы тиіс болатын. Бұл жалпы көпшілік мойындаған марксизмнің ережелеріне сәйкес келмеді. Оған сәйкес капитализм стихиялы түрде дамиды және тек социализмді ғана саналы және мақсатқа

Page 48: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

48

сай «қалауға» болады. Екіншіден, капитализм құндылықтық мо-дельділік бойынша руханисыздық жайлаған тұтынушы қоғам ретінде теріс сипатта көрсетілді. Маркс жақсы көрсеткендей, адам өзінің іс-әрекетінен, өз еңбегінің өнімінен, тіптен, өзінен-өзі жатсыну жағдайына түседі. Міне, сонымен адамдар жатсыну мен әлеуметтік әділеттілік жеңуге бағдарланған «жоғарырақ» және «деңгейі кемелденген» қоғамдық-тарихи дамудан бас тарта оты-рып, енді осындай жатсыну және затқа тәуелді жағдайындағы қо-ғамды «құру» тиіс болды.

Бірақ одан да маңыздырақ, дәлірек айтқанда, басымдық таны-татын қоғамдық сананың өзгеруінің саласы этникалық қыр болып табылды. Тәуелсіздік пен егемендік ауыз толтырып «кеңес халқы» деп аталған қоғамдық-тарихи құбылыстың нәзік және осал екенін көрсетті. Қазақстанда, Ресейде, Кавказда формасы жағынан алғанда «ұлттық», мазмұны жағынан алғанда «социалистік» ұсқынсыз, бедерсіз мәдениеті бар «кеңес халқы» өмір сүрді. Егемендік осы ондаған жылдар бойы декларацияланған ұғым абстрактілі екендігін көрсетті. Бірте-бірте абстрактілі схемалардың ауқымына сыймайтын ұлттық өзіндік сананың талшықтары пайда бола бастайды. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары этникалық шекаралардың шытынауын білдіретін жаңарған қоғамдық сананың шешуші кезеңіне айналды. Қазақстанның өзін тәуелсіз мемлекетпін деп жариялау сәтінде әлеуметтік фактормен тығыз байланысты қоғамдық сананың этникалық факторы басым-дылық танытты.

Дегенмен, айта кететін жағдай 90 жылдары орыс тілді тұрғындар саны белгілі тарихи себептерге байланысты респуб-лика тұрғындарының жартысынан көбін құраған болатын. Енді көпшілікке кенеттен, бірақ ақтауға тұрарлықтай орыс пен қазақ этностарының өзара қатынастарындағы өзгерістер жүзеге асты.. «Аға ұлт» өзінің ағалық амбицияларынан бас тартуы тиіс болды және сонымен қатар «іні ұлттың» басымдық танытуға құқығын мойындауға тиіс болды. Егемендік қазақ халқының өмірінде жасынның жарқылындай болып өзгерістер әкелді – қазақтың өлеңдерінде армандалғандай, оның алақанына бақыт құсы келіп қонды. Ал енді орыстар үшін осы тарихи маңызды оқиға алдағы өмірдің барлығына сауал қоя қарауға итермеледі, ең негізгі мәселе төңірегінде ойлануға әкеліп соқтырды: қай жерде өмір сүру ке-рек, Қазақстанды өз отаным деп атаймыз ба, әлде тарихи туған

Page 49: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

49 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

жер көрші Ресейге көшіп кету керек пе? Бұрынғы кеңес республи-каларын бөліп тұрған шекаралар көптеген адамдардың жүрегін тілгілегендей болды. Қоғамдық сана этникалық белгі бойынша полярланды. Біреулердің қуанышы мен салтанаты екіншілер үшін көңілге кірбің түсу мен абыржуға әкеліп соқтырды. Сөйтіп, қоғамда әлеуметтік-психологиялық күрделі ахуал пайда болды.

Сонымен, Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңінде қоғамдык сананың екі құрамдас бөлігі: әлеуметтік және этникалық ерекшеленді. Олардың екеуі де қайшылықты болатын, өйткені қоғамдық сана көп деңгейлі, көп векторлы болып көрініс берді. Егер әлеуметтік өлшем жөнінде айтатын болсақ, онда бұл жерде екі үрдіс бір-біріне қарсы түрды. Бір жағынан, ұжымшылдық пен патернализмнің социалистік құндылықтарына тұрақты бағдар-лар сақталып келді, өйткені, жаңа әлеуметтік-экономикалық парадигмаға ауысу трагедия, құндылықтар жүйесінің күйреуі, идеологиялық вакуумға сырғу ретінде қабылданды. Екінші жағынан, нарық, демократия, азаматтық қоғам, жеке еркіндіктер сияқты жаңа құндылықтар жүйесіне қарай ұмтылу байқалды. Бірінші позицияны еркін бәсекелестік құндылықтарын қабылда-майтын негізінен, аға ұрпақ өкілдері ұстанды, ал екіншісі негізінен, жаңалыққа құмар, әдеттен тыс әрекеттерге бейім, прагматикалық құндылықтық бағдарларды ұстанған, қалайда табысқа жетемін деген, тіптен, «ескірген» ар мен ұят туралы түсініктерді «жаңаша» қабылдаған жастар ұстанды.

Өзгерген қоғамдық сананың екі әр қилы векторы ұрпақаралық өзара қатынастарды таңбалай түсті. Сонымен қатар маркстік идеологемалардың девальвациялануы құндылықтардың ин-фляциялануын білдірмейді. Ақиқат, Игілік, Әсемдік, Махаб-бат, Достық, Ар-ұят сияқты мәңгілік, әмбебап құндылықтар орнықты болып қала беретіні белгілі. Сонымен қатар нарықтың құндылықтарын әлеуметтік параметрлері бойынша түзетпелер енгізбейінше қабылдауға болмайтындығын түсіну қажеттігі тұрды. Яғни, болашақта жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру, қазақстандық қоғамның ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттеріне сәйкес келетін қоғамдық сананың басқа дүниетанымдық модельдерін анықтау қажеттілігі тұрды.

Осындай қиын да, әрі кезек күтірмейтін міндеттерді шешуге қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың тиімділігі тәуелді болды. Қоғамдық санадағы әлеуметтік және

Page 50: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

50

этникалық өлшемдердің қатынастары енді түбегейлі өзгергенін байқатты. Кеңестік дәуірде әлеуметтік құрамдас бөлік басымдық танытқан болатын, өйткені, ұлт мәселесі кеңес халқы үшін принципті түрде шешімін тапқан деп есептелген болатын. Тек қана астыртын, ұжымдық бейсаналықтың қатпарларында бедерсіздікке, ұлттық әлем бейнелері мен ұлттық мәдени мұраны жоғалтуға деген қарсылық пісіп-жетіле бастаған бола-тын. Тәуелсіздік халық рухының және қазақтың ұлттық өзіндік санасының барлық күшін қозғауға салды. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың этникалық факторы бірте-бірте басымдық та-ныта бастайды, Барлық әлеуметтік мәселелер, жекешелендіру, ұлттық капиталдың қалыптасуы, шаруашылықтың нарықтық құрылымының қалыптасуы, демократия мен азаматтық қоғамның қалыптасуының дамуы – осы барлық мәселелердің арқауы негізгі мәселе – этникалық сала ауқымында өзіндік ерекше сипатқа ие бола бастайды.

Қазақстан егемендікке қол жеткізген кезеңде орыс тілді тұрғындары көпшілігін құрайтын полиэтникалық, поликон-фессиялық мемлекет болатын. Халықтар достығы кеңестік шындық ауқымында жоғары құндылық ретінде қарастырылды. Егер бұл достықтың қандай бағамен сақталғанына көз жұмып қарайтын болсақ, мұның бәрімен келісуге болар еді. Ұлттық төлтумалықтан, ұлттық салттар мен дәстүрлерден, өзінің туған ана тілінен бас тарту кеңес кезеңінде кеңінен орын алып кел-ген еді. Халықтар достығы категориясын жаңаша түсініп, этнос, ұлт, халық, диаспора, ұлттық азшылық деген не? Осы тектес сұрақтарға қайтадан жауап беру қажеттілігі туды. Қалай достық пен өзара түсіністікті нығайта отырып, ұлттық бірегейлікті және өзіндік ұлттық келбетті сақтауға болады?

Қоғамдық сананың этникалық құрамдас бөлігі басымдылық таныта бастады, сондықтан, бұл бағытта қазақстандық экономи-ка мен саяси-әлеуметтік құрылымын қалай анықтауға болады деген ең өзекті сұрақ анықталды. Демократия мен жекешілдік құндылықтары және меншікті күйттейтін нарық жолына қалай түсуге болады? Сонымен қатар ұжымшылдық пен әлеуметтік ынтымақтастыққа бағдарланған ұлттық ділге сәйкес келетін дәстүрлерімізді қайтіп сақтауымыз керек? Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік жолдары кездесетін еуразиялық держава

Page 51: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

51 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

ретіндегі Қазақстанның ерекшелігін өркениеттік кеңістікте қалай сақтау тиімді?

Осындай күрделі сұрақтарға жауаптар этникалық мәселелерді шешу тәсілдерімен анықталып, астасып жатты. Теориялық жағынан шешімнің бірнеше варианттары мен сцена-риялары болды және олардың барлығы қоғамдық сана деңгейінде ұсынылды. Бірінші жауап қазақтың ұлттық санасының жоғары биіктеуімен байланыстырылды. Халықтың тарихын, жадын құртуға, немесе жоюға болмайтындығын растайтын туған елдің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық күшейе түсті. Бірақ, бұл тарихи жағынан алғанда заңды және ақтауға тұрарлық көңіл-күй бір жақтан этнократиялық бағыттағы үрдістерді өрбітті. 1993 жылдың Конституциясы өзінің алғашқы позицияларында эт-нократизм идеологиясын бекіткен еді. Оған жауап ретінде орыс тілді тұрғындардың жаппай миграциясы басталды. Этникалық орыстар – Ресейге, этникалық немістер – Германияға көше бас-тады. Қазақстаннан кеткен адамдар, негізінен, жоғары білімдері бар білікті мамандар болатын. Осының нәтижесінде республика түрғындары 1 миллионға қысқарып, экономика мен еңбекке жа-рамды кадрлардан айырылды.

Этникалық мәселелердің шешімдерін табудың екінші кезеңі 1995 жылғы Конституцияның бекуінен басталады. Оның бірінші бабында шешімді түрде этнократизм идеологиясы жоққа шығарылады. Мемлекеттіліктің субъектісі ретінде енді «жал-пы тарихи тағдырмен біріккен Қазақстан халқы» мойындалады. Қазақтың ежелгі жерінде тек осы халық өзінің мемлекеттілігін қалыптастырады. Бұл дегеніңіз, Конституция бұрынғыдан басқа концептуалды схемаға сүйенеді деген сөз: қазақ этносы басымдық танытушы ретінде өзінің төл тағдырына үлкен жауапкершілік ала-ды және сонымен қатар басқа этностардың барлығын Қазақстан халқы деген біріккен біртұтастыққа топтастырып, олардың тағдырын да өзіне жүктейді. Осы позицияда ондаған жылдар жүріп өткен соң, келісім мен өзара түсіністік императивтері зер-деленгеннен кейін Қазақстанның көпсанды этностарын біртұтас әлемге біріктіруге және ынтымақтастыруға мүмкіндік беретін сезімдер, ойлар мен түсініктердің күрделі жүйесін құрайтын жалпыұлттық қазақстандық идеяны іздеу басталады. (Кейін жалпыхалықтық «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қоғамдық санада қабылданды). Ондаған жылдар өткеннен кейін Президент Н.Ә.

Page 52: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

52

Назарбаевтың еңбектері мен бастамасының арқасында әлемдік бұқараның қолдауын тапқан этносаралық келісімнің қазақстандық моделі қалыптасады және жүзеге асады.

Мемлекеттің ұлт саясатының бағытын өзгерткен Жаңа Кон-ституция орыс тілді тұрғындардың миграциясын, яғни көші-қонын тоқтатты. Республикаға басқа елдерден өздеріне бақыт таппағандар қайтып орала бастады және Қазақстанды өздерінің негізгі Отаны екендігін мойындауға көшті. Өздерінің тарихи Ота-нына орала бастаған қазақ оралмандарын мемлекеттік бағдарлама бойынша қабылдау мен орналастыру шаралары атқарыла баста-ды. Біртіндеп тұрғылықты халықтың пайыз саны өсе түсті, тіптен, бірнеше жылдардан кейін жалпы республика халқының олар 60 пайызын құрай бастады (қазіргі кезеңде қазақ этносының өкілдері 70 пайыз құрап отыр).

Бұл жаңа әлеуметтік-мәдени ауқымда қоғамдық санадағы этникалық белгі бойынша бөліну бірте-бірте азая түсті. Этникалық қайшылықтарды шешуге бағытталған тұрақты әрі оңды үрдіс байқала бастайды және сонымен қатар біріккен құндылықтар жүйесімен топтасқан «Қазақстан халқы» деген та-рихи қауымдастықтың қалыптасу белгілері көрініс береді. Кейбір саясаттанушылар «Қазақстан халқы» деген терминді естігенде өзін теориялық жағынан банкротқа ұшыраған «кеңес халқы» деген ұғымды еске алады. Айта кететін нәрсе: «Қазақстан халқы» тіптен басқа теориялық тұжырымдамаға сүйенеді. Егер «Кеңес халқы» жалпының жеке-дараны басып, жаншуымен, ассимиляциялау-ымен қалыптасса, онда «Қазақстан халқы», керісінше, жеке-да-ра мәдениеттердің, яғни ұлттық әлем бейнелерінің дамуы мен көркеюінің негізіндегі біртұтастық пен бірлік деп қабылданады.

Қоғамдық сана эволюцияланады, яғни этникалық белгілер бойынша бөлінуден, қайшылықтардан бірлік, өзара түсіністік, келісім және төзімділік басымдылык танытатын біртұтас күйге жету максаты қойылады. Халықтар достығы деген ұғымнын құндылығы артып, дегенмен оны қазіргі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік шындықтың өзгеруіне сәйкес жаңа әдіснамалық пози-циялар тұрғысынан түсіну керек. Күн тәртібіне жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру міндеті қойылады, яғни ол республикадағы барлық этностарды біріккен ұлтқа ынтымақтастыруға қабілетті болуға тиіс дүниетанымдық базиске айналуы керек.

Бұл міндеттердің шешімін табу бірнеше теориялық қиындықтармен байланысты болатын. Біріншіден, идеологиялык

Page 53: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

53 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

диктаттан босану еркіндігі дегеніміз, плюрализм, яғни, жоғарыдан таңылған бұлжытпастан орындалуға тиісті идеологиялық схе-малардан бас тарту деген пікірді туындатты. Плюрализм моделі сөзге айналды, дәуірдің ұраны болып табылды. Өзгерістердің жаңа лебі еркін тыныс алуға және марксизм классиктерінің том-дарын әрірек ысырып қоюға мүмкіндік бергендей болды. Деген-мен, плюрализм күмәнді стратегия екендігі анықталды, өйткені, әртүрлілік арқылы бірлікке келуге мүмкіндік қалдырмайтындығы байқалды. Яғни қазақстандық халық деген біртұтастыққа адам-дарды біріктіретін тұтас құндылықтар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады.

Плюрализм бөледі, ыдыратады, ол әртүрлілік арқылы бірлікке ұмтылдыратын өзара түсіністік пен сұхбатқа толы біртұтас әлемді қалыптастыруға мүмкіндік бермеді. Жалпы құндылықтар жүйесі, әлеуметтік тұтастық бейнесін болуға тиістілік тұрғысынан моделдеуші, идеялар жүйесі ретінде түсінілетін идеология керек болды. Қоғамдық сана өзінің көптүрлі позицияларын сақтай оты-рып, азаматтық бірегейлік, қазақстандық отансүйгіштік туралы айтуға болатын біртұтас құндылықтық импульске ұмтылуға тиіс болды.

Екіншіден, мынандай сұрақтар туындайды: бұл біртұтас құндылықтар жүйесі қандай болуға тиісті еді? Меншікке құқықтылық, қожайын сезімі, жекешілдік, жеке жауапкершілік пен бастамашылыққа негізделген нарықтық экономикаға және құқықтық, демократиялық мемлекетке өту дәуірінің либе-ралды типтегі құндылықтарын Қазақстан этностарының ұлттық ділінде терең орныққан дәстүрлі ұжымшылдық және әлеуметтік ынтымақтастық құндылықтарымен қалай сыйыстыруға болады? Жалпы жаңашаландыру бойынша Қазақстан өзінің мәдени дәстүрлерін сақтауы тиіс. Ол ұлттық негізге батыстың үлгілерін ойсыз ауыстыра салмау керек. Жекешілдік пен ұжымшылдық, еркіндік пен патернализмге жақындық сияқты бір-біріне сәйкес келмейтін дүниелерді қалай сыйыстыруға болады? Бұл сұрақтарға жауапты қазақтың әдеттегі құқығының, далалық демократияның және соған сәйкес ділдің ерекшеліктерін зерттеу барысында табылды. Сөйтсек, жоғарыда келтірілген ұғымдарды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың қажеті жоқ. Өйткені, қазақтардың өткен тарихында үйлеспесті үйлестіретіндей, жеке еркіндікті ұжымшыл-дық ұстынымен, рудың дүниетанымымен жақындататындай әлеуметтік үлгілерді ұсынады екен.

Page 54: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

54

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының моделдерін, өркениетті дамудың дербес жолдарын іздеу қазақтардың әдеттегі құқығы философиясы мен дәстүрлі саяси философиясының негіздерін белсенді зерттеуге түрткі болады. Бұл тақырып қазақстандық философиялық дискурсте жаңа сала болып табылады. Ол Ұлы Далада өмір сүрген адамгершілік-құқықтық реттеу тетіктерінің қазіргі заман үшін өте өзекті екенін анықтайды. Оларды қазіргі кезеңдегі демократиялық мемлекеттердің әлеуметтік институттарымен салыстыруға болады, тіптен, кейде олардан өзіндік артықшылығы бар екенін айтуға болады.

Ғылымда екі супер өркениетті анықтап беретін Шығыс-Батыс дихотомиясы жалпыға белгілі. Шығыста әдетте этатизм жоғары деңгейде, меншік мемлекеттенген, жеке адамнан ұжым басымырақ, автономиялық тұлға жоқ, сондықтан адам құқығы мен еркіндігі категориясы сақталмаған деп сипатталады. Шығыс өркениетінің негізгі құндылығы тұрақтылық, батыстікі – динамизм деп мойындалады. Мемлекет Шығыста барлығына билігін жүр-гізеді, ал Батыста оның құқығы шектелген.

Далада қалыптасқан өркениет Шығыстың да, Батыстың да қасиеттерін бойына сіңірді. Номадизм құбылысы ұжымдық пен жекешілдікті, этатистік пен либералды бастауларды сопылық түрде жақындастырды. Көшпелілердің саяси мәдениеті үшін корпоратизмнің де, жекешілдіктің де толық басымдығы сәйкес келмейді. Нәтижесінде көшпелі номадизмнің өркениеттік мен-талдылығын құрайтын, оған сәйкес келетін тұлғалық-рулық өзіндік санадан бастау алатын жекешілдік пен корпоратизмі астасқан «кентаврға» айналады [1].

Шығыс пен Батыстың әр түрлі бағыттағы әсері номадтық өндіріс тәсіліне негізделген Даладағы ерекше көшпелі демократияның қалыптасуына алып келді. Қазақтардың еркіндік сүйгіштігі деспоттық түрдегі билікпен шырмалмағандығынан, әйелдердің салыстырмалы түрдегі еркіндігі мен теңдігінен, тұлғаға деген құрметтен, билікке құл сияқты бас имеуден көрінді. Көшпелілердің еркіндік сүйгіш өмір салты дәстүрлі қазақ қоғамының саяси жүйесі құрылымының қалыптасуына әсер етті.

Экономикадағы нарықтық өзгерістерді жүзеге асыру кезеңі, саяси жүйедегі – демократияландыру, идеологиялық саладағы – плюрализм тоталды жатсынуды жеңуге мүмкіндіктер ашты және еркін еңбек құндылығы, адамның шығармашылық қабілеттерін

Page 55: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

55 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

ашу сияқты либерализмнің құндылықтарын бекітудің қажеттілігін өмірге алып келді. Сондықтан, өзінің еңбегімен адам өмірінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді қалыптастыратын қожайын, меншікшіл сезімін дамыту қажет еді, әрі соның арқасында қоғамның интеллектуалды және рухани мүмкіндіктерін дамытуға болатындығы айқындалды.

Қазақстандық қоғамды түбегейлі өзгерту батыстық жаңғырту мен трансформациялану тәжірибесін ойсыз көшіру негізінде жүзеге аспауы тиіс. Ол жаһандану кезеңіндегі Қазақстанның дамуының нақты-тарихи жағдайлары негізінде жүзеге асуы керек. Сондықтан Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін тұлғаның шығармашылық қабілеттерін аша түсетін өзіміздің кеңестік өткеніміздің оңды тұстары мен тарихымыздың дәстүрлі кезеңіндегі құндылықтардың жарамдысын қолдануға болады. Міне, солардың негізінде азаматтық қоғам институттарының кон-сенсусы, қалыптасуы мен дамуы мүмкін.

Жеке меншіктік мүддені, жекешілдікті дамыту, қожайын сезімін тәрбиелеу үшін жағдайларды қалыптастыру – бұл міндеттердің барлығы дәстүрлі қоғамның ауқымында он-дай жағдайлардың болмауымен күрделене түседі. Ал Кеңес қоғамының өзінің тарихында практика мен қоғамдық санадан қазіргі Қазақстанның қалыптасуына қажетті осы құндылықтарды жойды. Қазақстан қоғамы өзінің таңдаған қоғамдық-саяси даму жолын сәтті жүзеге асыруы үшін азаматтық қоғам институт-тары қалыптасуы ауқымында қайта түлеген қазақ халқының құндылықтарын бекіте түсу үшін идеологиялық насихат жұмыстарын күшейту қажет еді.

Дәстүрлі қазақ қоғамында «Біз» әр уақытта «Меннен» күштірек екені жалпыға белгілі. Меншік қатынастары да ұжымдық бастауларға күшті екпін жасап келді. Жерді пайдала-ну тетіктерінің өте күрделі болғандығына қарамастан жерге де-ген меншік анық тәртіптелген болатын. Қазақстанда меншіктің үш негізгі формалары (жеке, қауымдық-топтық және қоғамдық) бұрыннан болғаны белгілі. Ұжым мен тұлғаның мүдделерін үйлесімдендіру үшін объективті жағдайлар қажет. Азаматтық қоғам қалыптасуы үшін көпқұрылымды экономиканы дамы-ту маңызды. Теңқұқықты субъектілер нарық механизмдерімен реттелгендіктен өздерінің экономикалық іс-әрекеті мен эконо-микалық еркіндігін таңдау құқығын жүзеге асыра алады. Шы-

Page 56: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

56

найы ұжымшылдықты қалпына келтіру керек және бұл үрдістің объективті негізін меншіктің ұжымдық формасын (кооперативтік, акционерлік, арендалық) дамыту құрайды.

Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамның негізгі құндылығы еркіндік болып табылады. Ол әрбір адамның өзіндік шығармашылықпен паш етуге мүмкіндік ашады. Өз уақытында көшпелі елде басынан еркіндік сүйгіш рух бар бола-тын. Еркіндік сезімі өзін қоршаған кеңістікке ерекше қатынасты туындатты, барлық жай нәрсеге дүниетанымның ашықтығын қалыптастырды, әлемге терең қызығушылық пайда болғызды.

Азаматтық қоғамды өз қызметін нақты өзіндік басқару негізінде жүргізетін әр түрлі мәдени, ұлттық, еңбек, территориялық және басқа да бірлестіктер, ассоциациялар мен қауымдастықтар таны-тады. Дәстүрлі билік пен қатар қауымдастық мүшелерінің сайла-уы арқасында таңдалатын өз ақсақалы туысқандарының өмірінің әр түрлі мәселелерін шешіп отырған. Осыған орай қазақ ауы-лында өзіндік басқару институты болғандығын тарихтан белгілі. Бұл өзіндік басқару формасынан қазіргі кезеңдегі зерттеушілер ақылға сыйымды жақтарын көре білгенін және оны қазіргі қоғамға қолдану мүмкіндігін атап өтуге болады.

Азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру үрдісі қазақ-стандықтардың мәдениетінде, психологиясында, өткен тарихын-да терең тамырлары бар жалпы қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастырусыз мүмкін емес. Дәстүрлі қазақ қоғамында атаме-кенге деген махаббат және оны барынша құрмет тұтып, бас ию сияқты құндылықтар орын алған болатын.

Өткеннен біздің заманымызға жеткен біріктіргіш құндылық-тардың арасында ішкі этникалық және этносаралық келісім мен тұрақтылық сияқты құндылықтар ерекше маңыздылыққа ие бола-ды. Олар полиэтникалық қазақстандық қоғамның құндылықтық базисін құрайды және солардың арқасында Қазақстандағы демократиялық құндылықтарды тереңдетуге мүмкіндіктер ашылады, сонымен қатар олардың арқасында азаматтық қоғам қалыптасуы тиіс екені мойындалды.

Қазақ халқының тарихи дәстүріндегі діни сенімге төзімділік, шыдамдылық, фанатизм мен діни агрессияның жоқтығы, – үлкендерді сыйлауға бейімділік пен басқа халықтардың руха-ни еркіндігін құрметтеу – конфессияаралық сұхбатты өрбітуге және дінді азаматтық қоғамның элементі ретінде мойындау үшін

Page 57: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

57 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

қарулануға болатын басты игілік пен құндылық деп қабылдауға болады.

Қазақстанның тәуелсіздікке ие болу кезеңінде қалыптаса бастаған жаңа құндылықтар жүйесі, қоғамдық сананың жаңа құндылықтық бағдарлары догматикалық марксизм мен рес-ми идеологияның орнына келген қазақстандық философиямен теориялық тұрғыда дәйектелді.

Қеңес уақытындағы философия дағдарысының негізгі себебінің бірі оның шектен шыққан идеологиялануы еді. Фило-софия мемлекеттік болды және өзінің әлеуметтік шындықтың нақты қайшылықтарын сыни және объективті талдау мүмкіндігін жоғалтып, апологетикалық доктринаға айналғандықтан идео-логиямен сәйкестендірілді. Ал одан басқа қоғамтанулық, оның ішінде философиялық дағдарыстың негізгі себебі қазақ халқының ұлттық дүниелік түсінігінің бастауы мен тамырларының ерекшеліктерін ескермеген рухани мәдениеті біркелкілеу бо-лып табылады. Қоғамтанулық теориялар ресми мәдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана өмір сүре алатын әлеу-меттік дамудың абстрактілі, қайшылықсыз схемалары сипатында тұжырымдалды. Нақты шындықпен, әсіресе, қазақ халқының ұлттық психологиясы мен рухани әлемінің қайшылықты си-патымен түйіскенде бұл теориялар бір-біріне қайшы келетін қорытындыларға шашырай түсті. Халықтың өмірлік әлемінен оқшауланған бір қарағанда дұрыс болатын ұстындар өздерінің қарама-қарсылығына айналды, дүниетанымдық маңыздылығы мен әлеуметтік құндылығын жоғалтты.

Философиялық теорияны мемлекеттік идеологияның дикта-тына бағындыру, ұлттық рухани мәдениеттің ерекшеліктерін сана-лы түрде ескермеу отандық философиялық ғылымды халықаралық ғылыми қауымдастықтан принципті түрде оқшаулаумен өзара байланысты болды. Халықаралық философиялық мектептердің жетекші бағыттарымен келіспес идеялық текетірес позиция-сында болу – дүниетанымдық және әдіснамалық өзара тиімді сұхбатқа келу мүмкіндігін жауып тастады. Біздің философияның тұйықтығы әлеуметтік практикалық мәселелердің шешімін іздеуде әдіснамалық әлсіздікке және оның догматизміне міндетті түрде әкеліп соқтырды. Екінші жағынан, осындай догмаланған философиялық теория қоғамды жаңылыстырады, елді әлеуметтік-танымдағы тыйым салынған салаларды, республикада жүріп жат-

Page 58: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

58

қан өзгеру үрдістерін объективті, зерттеу мақсаттарымен сәйкес келмейтін саяси шешімдер мен идеологиялық цензураны жойды.

Қазақстандағы философиялық ғылымдағы аталған барлық қайшылықтардың тереңде жатқан себебі жаппай жатсынуда, меншіктен жатсынуда, адамның өзінің көпдеңгейлі мәнінен, өзінің ұлттық философиясынан, тарихынан, мәдениетінен, тілінен және дінінен жатсынуда. Осындай жатсынулардың нәтижесінде адам-дар әлеуметтік үрдістердің объектісі мен құралы жағдайына тап болды. Догматизм мен монополизм осындай негіздерде өрбіді. Сондықтан қазіргі философиялық ғылымдардың негізі міндеті әлеуметтік жатсынуды жеңудің ерекшеліктерін ашып, жолдарын көрсету: бұрын тыйым салынған бұл тақырыппен қазақстандық философтар пәрменді айналыса бастады.

Қазақ халқының рухани мәдениетін біркелкілеуді жеңу мен ұлттық өзіндік сананы қайта түлету міндеті философиялық ғылымдарды тарихи түптамырларымыз бен жалпы әлемдік тұтастықпен сәйкестенген Шығыстың түркі тілді өркениетінің ерекшеліктерін кешенді зерттеуге шақырды. Бұл жерде тарих және философиялық ғылымдардың, біздің республикамыздың барлық қоғамтанушы-ғалымдарының және халықаралық ғылыми кеңістіктің, әсіресе, Шығыс елдері мәдениеттерінің өкілдерінің кәсіби мүдделері түйіседі.

Философиялық зерттеулер қазіргі жағдайда төмендегідей маңызды міндеттердің шешімдерін табуға бағытталған: Қазақстан халқының бұқаралық санасын азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құндылықтарына қайта бағдарлауға, батыстық және шығыстық дүниетанымдық стратегиялармен таныстыруға, шығыстық және батыстық мәдениеттердің өзара қарым-қатынас-тары аясындағы ғылым әдіснамасын салыстырмалы зерттеу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы өтпелі мобилді қоғамның си-паты, негізгі қайшылықтары және экономикалық сапасы ерек-ше зерттелуде, Қазақстанның орнықты дамуы мен әлеуметтік болашағына, қазақстандық демократияның модельдері-не, нарықтың мүмкіндіктері мен адамның орнықты дамуының мүмкіндіктерінің әр түрлі варианттарына болжаулар жасалуда, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жағдайы мен оның түбегейлі өзгеруі мен жаңғыруының болашағы талдануда.

Егемендікке не болу мен оның нығаюына байланысты өзгерген Қазақстандағы рухани жағдай философия алдына жаңа әлеуметтік

Page 59: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

59 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

шындықты, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен қайшылықтарын, нарыққа өтудің қазақстандық жолының моделін, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетті қауымдастыққа кірігудің мәдени-тарихи алғышарттарын, азаматтық қоғам мен нарық-тық экономиканың құндылықтарына сананы бағдарлайтын жаңа білім беру, ғылыми-техникалық, экологиялық, ұлттық және мәдени саясатты қалыптастыруың, Қазақстанның демократиялық дамуы үшін әлеуметтік серіктестік жолында қоғамды біріктіруге қабілетті, республикадағы этносаралық, әлеуметтік және сая-си тұрақтылықты барынша нығайта түсетін жаңа құндылықтық бағдарларды, рухани механизмді қалыптастыруды терең зерде-леу күрделі міндеттерін қойып отыр.

Қазақстан халқының ұлттық мәдениеті мен рухани қазынасын қайта жаңғырту мәселелерін көтеріп, экологиялық қиыншылықтан Қазақстанның орнықты дамуына өтуді, адамдағы руханилықты асқақтату арқылы жаһандық экологиялық мәселелерді шешуді, халықтың ұлттық мәдениеті ауқымындағы адам экологиясы философиясын зерттеуді терең және тұтастай талдау алға қойылып отыр. Өйткені, экология, экономика және саясат өзара байланысты.

Жаңа әдіснамалық және дүниетанымдық позиция-лар бойынша Шығыс пен Батыстың философия тарихының бай мұрасын игерудің жаңаша мүмкіндіктері, ислам рухани дәстүрінің ерекшеліктері, түркілік рухани тәжірибе мен қазақтың поэтикалық философиясының реконструкциялары анықталды. Догмаланған марксизмнен бас тарту әлемдік өркениеттік үрдістің сұхбаттастығына назар аударуға мүмкіндік берді. Қазақтардың және республикада өмір сүріп жатқан басқа этностар өкілдерінің рухани дәстүрлерінің синтезі бола отырып Қазақстан философи-ясы әлемдік философиялық мәдениетпен, құрылыммен тығыз байланысуға ұмтыла түсті. Қазақстан Философтар Конгресінің әлемдік философиялық қоғамның құрамына 2016 жылы енуін соның айғағы деуге болады.

Сонымен, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап жаңа құндылықтар жүйесі қалыптаса бастады және қоғамдық сана социализм құндылықтарынан нарық пен демократияның құндылықтық бағдарларына эволюцияланды деп сеніммен айтуға болады. Бірақ өтпелі типтегі қоғамға тән көптеген шешілмеген мәселелер қалған еді.

Page 60: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

60

Қазақстандағы қоғамдық сананың қалыптасуындағы келесі тарихи кезең транзитті қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттерінің, жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-мәдени және жеделдетілген жүйелі жаңғыртуының, демократиялық мем-лекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы-ның шешімін табу-мен байланысты.

Қоғамдық сана және оның модустері мен көңіл күйі, негізінен, ұлттық қауіпсіздіктің деңгейімен анықталады. Егер ұлттық қауіпсіздік туралы тұтасымен айтатын болсақ, онда ол саяси, әскери, экономикалық, мәдени, экологиялық, ақпараттық, адамгершілік-рухани мәселелердің күрделі кешені. Олардың шешімдері адам, әлеуметтік топ пен қоғам болмысының сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде тұлғаның қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің өзара байланысты және өзара толықтыратын қырларын айқындап көрелік.

Сыртқы факторлардың арасынан алғашқы орынға геосаяси мәселелер шығады. Оның мәні әлемнің жаңа геосаяси кұрылымын қалыптастырумен, екі негізгі үрдістің қарама-қарсылығымен анықталады. Бір жағынан, барлық құрылымдар мен кодтар-ды, әлеуметтік модельдерді орталықсыздандыру идеясын құптайтын көпполюсті, көпвариантты әлемді бекітуге, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің құқығын мойындауға ұмтылу. Екінші жағынан, экономикалык, әскери және саяси басымды күшке ие бір супердержаваның диктатына бағынған, бір полюсті әлем концептін жүзеге асыруға бағытталған нақты, қатал және шегінбейтін саясат. Осы екі үрдістің арасындағы күрес Орталық Азия елдеріндегі геосаяси жағдайдың ерекшелігін анықтайды.

Бейаймақтың географиялық нүктесі әлемнің кіндігінде, Азиядан Еуропаға баратын жолдың түйісінде орналасқан. Со-нымен қатар есепсіз табиғи байлық Орталық Азияны Қытай, Иран, Түркия және Ресей арасындағы «үлкен ойынға» айнал-дырып, «тәтті түйірге» таластыруда. Әдеттен тыс жағдайлар ойынға жаңа шытырман қырлар енгізеді, яғни, ойыншылардың қатарына Еуразияға жатпайтын, мұхиттың ар жағынан Құрама Штаттарының «орталық шабуылшы» сияқты қатысушы болып қосылуын атап өтуге болады.

«Геосаяси ойын» жай ғана метафора емес. Ол ұғым ретінде түсінудің постклассикалық парадигмасы және классикалық емес

Page 61: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

61 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

сұхбатты қарастыратын герменевтикалық тәсіл арқасында бекіген болатын. Ойын өзіндік жағдайлары мен заңдары бар шындық ретінде түсініледі.

Ойыншылар бұл жағдайларды сөзсіз қабылдауы тиіс, бірақ басқа варианты да бар: ойынды ойнап жүріп, оның заңды субъектісіне айналып, бірте-бірте бақылауды қолға алып, сосын оның ережелерін ойын барысында өзгерту жатады.

Орталық Азиядағы ойын төңірегінде субъект болуға тырыса-тын, бірақ серіктес болуға асықпайтын Ресей мен АҚШ сияқты екі ойыншы ерекше байқалады. 90 жылдардың басында Қазақстанда тұратын орыс диаспорасы туралы дерекке назар аудармастан Ре-сей Батысқа қарай бет бұрды. Ал бұл саясат Ресейдің Орталық Азиядағы бұрынғы позицияларының әлсіреуіне әкеліп соқтырды. 90 жылдардың аяғында осы маңызды аймақтағы өзінің ық-палынан бас тартудың қауіптілігін зерделеген соң Ресей өткенінің орнын толтыруы мақсатында Қазақстанға қарай бетін күрт бұрды. Ондай қадамдар жасауға мүмкіндіктер нақты түрінде бар еді: бұрынғы және мықты еуроазиялық байланыстар, Қазақстанның орыстілді тұрғындары, Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып, тәрбиеленген қазақтың зиялы қауымы, билік элитасындағы американдық серіктестерге қатысты оппозицияның өсуі және ресейлік жаққа қарай бүйректің бұрылуы жатады. Ресей Орталық Азияға қатысты тұтастанған сыртқы саяси тұжырымдамасын тұжырымдап жатқан сияқты.

Ал енді, тіптен, жаңа ойыншы – АҚШ. Бұл «мұхитың ар жағынан келген серіктес» өзінің саясатында экономикалык қатынастардан саяси салаға назарын көбірек аудара бастады. Ол өзінің ұлттық мүддесіне қатысты мәселелер туындайтын бол-са, оны реттеуге нақты тетіктердің пайда болғанына жол ашыл-ды деп есептейтіндей. АҚШ БАҚ пен Интернетті қолдана оты-рып, Қазақстан мен Ресейдің арақатынасына сына қағылғанын көксейді, мүмкін деген тартысты салаларды айқындауға талпы-нады, Қазақстанның орыстілді тұрғындарын түпкілікті халықтан бөліп тастауға күш салуда. Нақты дүрдараздықты тудыруы мүмкін кейбір латентті қайшылықтар ізделінеді, орыстілділер мемлекеттік тілді пәрменді үйренуге асықпайды және іштей тарихи отанына үміт артып отырады деген тұжырымдар атап көрсетіледі. Бұл жағдайды орнықсыздандыратын стратегия

Page 62: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

62

Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының іс-әрекеттері арқылы шектелгенмен, одан келетін қауіптер мен қатерлердің деңгейін төмендетуге де болмайды.

Үлкен геосаяси ойында Қазақстанға қандай рөл берілген? Иеленуге және алдаусыратуға болатын объект ретіндегі пассивті рөл сияқты. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізгеннен кейін Орталық Азиядағы геосаяси күштердің ара салмағын анықтайтын дербес субъектіге айналуы тиіс. Мұхиттың ар жағынан келген серіктес өте күшті және әскери және экономикалық қуаты жағынан басымырақ деп қарсылық білдіруге болады. Бірақ, шығыстың дипломатиясы мен шығыс ділінің қағидаттарын еске түсіріп көрелік. Атышулы іске аралас-пау қағидаты төмендегідей: «Кім аяғының ұшымен тұрса, онда ол ұзақ тұра алмайды. Кім үлкен қадамдар жасаса, онда ол ұзақ жүре алмайды. Кім тиіссе, ол табысқа жете алмайды... Жұмсақ пен әлсіз қатты мен күштіні жеңеді ... Мен алға ең болмаса бір сүйем жасай алмаймын, ал артқа қадамдар жасаймын. Бұл дегеніңіз іске араласпау арқылы қимылдар жасау, күш салмай соққы беру».

Шығыс менталитеті икемді, мобильді тактикаға сүйене оты-рып, ойыңды дербес ережелер бойынша жүргізуге мүмкіндік беретін көпжақты қатынастар мен одақтар жүйесі арқылы табыс-ты маневрлер жасауға мүмкіндіктер береді.

1994 жылдың сәуірінде Орталық Азиялық Одақ (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан), 1996 жылдың наурызында – «Төрттік одағы» (Ресей, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан), 1996 жылдың сәуірінде – Шанхай бестігі – (Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан) құрылды. Жоғарыдағы және басқа да одақтар мен альянстар күрделі халықаралық қауымдастықтар жүйесін құрайды. Олардың мұхиттың ар жағынан келген қатерлерге қарсы тұра алатындай шамасы бар. Қазақстан өзінше дербес ой-ыншы болуға тырыса отырып, бір полюсті әлемге, яғни АҚШ-тың басымдылығына қарсы тұруға бағдарланған және бұл мәселе бойынша Ресеймен және Қытаймен ынтымақтас. Әлем ұлттық мүдделер мен ұлттық мәдениеттің барлық саласын мойындайтын көп полюсті, көп орталықты болуға тиіс.

Геосаяси ойындар дегенмен, басқа ойындармен – жаһандану ойындарымен күрделене түсуде. Қазіргі геосаяси картамен қатар екінші халықаралық карта пайда болғанын сеніммен айтуға болады. Онда ұлттық мемлекеттердің шекаралары жой-

Page 63: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

63 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

ылады және онда бұрынғы тарихи дәуірлерге белгісіз қаржылық құрылымдары мен белгілі бір құндылықтар жүйесі бар ұлттықтан және территориялықтан жоғары экономикалық және мәдени қауымдар қалыптасады. Әлемдік экономика өзінің ұлттық тер-риторияларынан бөлектенген мегаполистердің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Зерттеушілер әлеуметтік өмірдің дәстүрлі ұйымы болып табылатын ұлттық мемлекеттер түріндегі фор-масы қазіргі жаһандану үрдістері арқасында күн тәртібінде тұр деген пікірді білдіреді. Постмодерншіл Ж. Лиотардың сөзімен айтқанда, коммуникативті айқындық идеологиясы мен практика-сы қалыптасуда және соған байланысты адамның әлеуметтік орны ақпараттық ағындардың өзегінде, ядросында болып отыр. Эконо-мика мен саясаттың негізгі субъектілері болып негізінен, тікелей шетелдік инвестициялар басты құралға айналған трансұлттық корпорациялар көрініс береді.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінен шетелдік инвестиция-лар көлемі бойынша тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бірінші орын алып отырды. Қазақстанның құнарлы жерлерінен пай-да табуды көздеген америкалық компаниялар Шевроннан ба-стап республиканың мұнай-газ секторында түбегейлі орнықты. Республиканың экономикалық секторындағы шетелдік компаниялардың бар ынтасымен қатысуын кейбір зерттеушілер «жаңа колониализмнің» түрі деп атайды. Біз үшін ма-ңыздысы бұл ұғымның астарында жаңа мағына жатқанын жеткізу: тікелей шетелдік инвестициялар ұлттық мемлекеттерді тек ауыздықтап қана қоймайды, сонымен қатар трансұлттық қауымдастықтарды қалыптастыра отырып, бізге белгілі географиялық карталармен сәйкес келмейтін әлемнің виртуалды картасының қалыптасуына алып келеді. Онда ұлттық мемлекет деп аталатын әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымдар болмайды және оның ор-нына өзінің билігі мен еркін жүргізетін және экономикалық-саяси үрдістердің бағытын анықтайтын, бұрын белгісіз болып келген трансұлттық одақтардың конфигурациясы пайда болады. Қазақстан үшін бұл қауіптер мен қатерлер ойдан шығарылған нәрселер емес, өйткені, трансұлттық компаниялар ұлттық шека-раларды елемейтін одақтардың қауіпті өрмегін тоқуда.

Біз халықаралық мәселелер тұрғысынан ұлттық қауіпсіздіктің кейбір қырларын қарастырдық. Үлкен ойыншылар мен мұхиттың ар жағындағы серіктестер Қазақстанның «өтпелі кезеңнің»

Page 64: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

64

тұрақсыз жағдайында ұзағырақ болғанымызды қалайтыны анық байқалды. Сонда олар өздерінің ұлттық және трансұлттық мүдделерін оңайырақ бекіте түсетіні белгілі және Қазақстанды өздерінің алдарқатуының пассивті объектісі ретінде қарастыра алады.

Қоғамдық сананың жалпы ырғағын анықтайтын ұлттық қауіпсіздіктің ішкі аясына назар аударып көрелік. Өтпелі кезеңнің жағдайы немен анықталады? Ол «қалыптасу» категориясы арқылы баяндалатын болғандықтан соған сәйкес көптеген қайшылықтар мен тартыстардың шешімін іздеуге тура келеді. Олар кейде дұрыс шешімін таппағандықтан жараның аузын тырнағандай әсер қалдыруы мүмкін. Гегель бойынша, диалектикада үрдістер «даму» категориясы деңгейіне жеткенде мәселе қарама-қарсылықтар мен олардың күресі, антиномиялығы мен полярлығына жетіп қана қоймайды, сонымен қатар қайшылықтардың шешіміне, яғни мәселелердің жөнді шешіміне жетеді. Міне, осы нәрсе өтпелі кезеңге жетіңкіремейді, яғни, ашық және жасырын қайшылықтар түрінде сипаттала отырып, олардың өзіндік шешімі табылып жатқанын байқамаймыз.

Біздің пайымдауымызша, алдымен бұл мәселелерді қарастырудың оптикасын түбегейлі өзгерту керек және оларды тікелей басқа бағытқа бұру керек. Дәстүрлі ойлау жолдары бой-ынша төмендегідей тұжырымдарды келтіруге болады: қоғамдағы өткір де қауіпті мәселелерге, яғни нашақорлыққа, наша саудасы-на және нашабизнесіне, терроризм мен экстремизмнің әртүрлі көріністеріне, латентті этносаралық қақтығыстарға көңіл аудару керек. Әрине, бұл мәселелердің барлығы кейінге қалдырылмай қарастыруды қажет етеді. Бірақ әдіснамалық жағынан алғанда басқа тұрғынның болашағы зор. Ауруды тек емдеп қана қоймау ке-рек, алдымен денсаулықты сақтауға барынша тырысып, аурудың алдын алу керек. Бұл жерде Қазақстан қоғамының, экономикалық, саяси, этносаралық, рухани-адамгершілік салауаттылығын алды-мен атап өтеміз.

Осы мағынадағы бірнеше маңызды мәселелерге назар аударайық. Алдымен билік құрылымдары мен азаматтық коғам катынасы, билікке халықтың сену деңгейі және олардың жал-пы игілікті қамтамасыз ететін биліктің шешімдерін орындауға дайындығы. Бұл жөнінде Конфуцийдің айтқан тағылымдарын еске түсіруге болады. «Мемлекетте тамақ пен қару жеткілікті болу

Page 65: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

65 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

керек және халық билеушілерге сенуге тиіс. Егер қажеттілік туып жатса нені құрбандық етуге болады? Тамақтан бас тартуға бола-ды. Қарудан да. Бірақ сенімсіз мемлекет сақталып қала алмайды». Қазіргі заманның сарапшылары тұрғындардың сенім деңгейін билік институты – «саяси капитал» деп атайды (П.Бурдье).

Сонымен, философтар айтқандай, негізгі мәселені, яғни субстанционалдығы туралы айталық. Әлеуметтік болмыстың барлық салалары, яғни саясат, экономика, мәдениет ең биік деңгейдегі нәрселер болып есептелгенмен, олар рухани басымдылықтармен, құндылықтар жүйесімен, дүниетаныммен анықталады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ барлық этно-стар мен әлеуметтік қабаттарды біріктіретін қабілеті бар ұлттық идеология, біртұтас ұлттық идеяның қажеттілігі туралы мәселе қойылып жүрді.

Шын мәнінде, егер бізде Қазақстан азаматтарын біртұтас әлеуметтік ағзаға біріктіретін идеология және құндылықтар жүйесін қалыптастырмай тұрып, өтпелі кезеңнің аяқталғаны жөнінде айта аламыз ба? Бұрынғы марксизмнің дүниетанымдық қорын жоғалтып алғаннан кейін біз әлі орнықты дүниетанымдық негізге ие болған жоқпыз. Бұл салада жинақтағандарымыз да бар: қазақтардың дәстүрлі мәдениетін терең және байып-ты түрде зерттеулеріміз, руханилықтың басымдылығына және Шығыс пен Батыстың конструктивті синтезіне бағдарланған жаңа қазақстандық философияның қалыптасуы, ислам мәдениетіне және түркілік мәдени бастауларға назар аудару жатады. Бірақ бұл теориялық деңгей, зерттеу ресурстары. Ал енді бұқаралық санаға келетін болсақ, онда ең теріс мағынадағы дүниетанымдық плюрализм патшалық етеді. Бір адамның өзінде қатпарланған күйде әр түрлі дүниетанымдық қағидаттар өзара аралас жатады, тіптен кейде ешқандай қағидат жоқ десек те болады. Маркстік, материалистік постулаттар діни сарындармен араласып кеткен және осылардың бәрі адамгершіліктің жоғарғы мұраттарымен жұмысы жоқ, тек сауда-саттық төңірегінде әңгіме қозғайтын кейбір БАҚ-тың кеңінен таратуымен американдық бұқаралық мәдениеттің тұздығымен беріледі.

Осыған қарап Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әзірге посткоммунистік транзит жағдайын кешіп отырады деуге болады. Қалыптаспаған және шешілмеген көптеген мәселелердегі

Page 66: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

66

қайшылықтар транзитке тұрақсыздық, орнықсыздық алып келеді, текетірестік пен қауіпті аймақтарды қалыптастырады. Өздерінің жаһанданулық мүдделерінің ізіне түскен геосаясаттың үлкен ойыншыларының көзқарасы бойынша бұл жағдайды сақтап, соза түсу тиімдірек. Екінші деңгейлі ойыншының рөлін атқаруды қаламайтын Қазақстанның көзқарасы бойынша «транзитті» тезірек өту керек, өйткені, өтпелі кезеңді бітіру жаңа деңгейге сапа-лы секіріс жасауға мүмкіндік береді және категориялық мәртебесі бойынша қалыптасуға емес, дамуға жауап беретін әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени өмірдің жағдайын жасай-ды. Өтпелі кезеңнің аяқталуы алдымен, базистік дүниетанымның қалыптасуымен байланысты, барлық этностар мен әлеуметтік қабаттарды біртұтас Қазақстан халқына біріктіретін ұлттық идеяның бекуімен астарласып жатады. Осы фокус арқылы этноса-ралық қатынастар мәселелері, мемлекеттің тұрақтылығы мен орнықтылығының кепілі болатын орташа таптың қалыптасуы шешімін табады, сонымен қатар биліктің азаматтардан жатсыну-ын жеңуге және «саяси капиталды» жинақтауға болады.

Әрқашанда қоғамдық сананың маңызды компоненттерінің бірі оның саяси-әлеуметтік өлшемі болып табылады. Бұл аспект қазакстандық қоғамның тоталитаризмнен демократияға өту ауқымында қоғамдық сананың эволюциясын ерекше қарастыруды қажет етеді. Тоталитаризмнің күйреуі және демократияның қалыптасуы жеке адам мен қоғам, индивидуалдылық пен қоғамдық сана қатынастары мәселесін жаңаша қойды.

Жеке индивидтердің өзінің, субъектілердің қоғамдық, мемлекеттік, саяси, экономикалық және рухани өмірінің қызметтері қоғамда үлкен маңыздылыққа ие бола бастай-ды. Тәуелсіздіктің келуімен бірге тарихи үрдіске тікелей қатысушылардың саналарында, ойлау жүйесінде болып жатқан өзгерістер, азаматтардың дүниетанымдық бағдарлары шешуші рөл атқара бастайды. Демократия ықпалды бола түсу үшін бәрінен бұрын кемелденген азаматтық қоғам қажет еді және соған сәйкес кемелденген қоғамдық сана қажет болатын. Бұл қадам прогрессивті экономикалық және саяси реформалар-мен астасқанда мүмкін нәрсе. Жеке еркіндік құқықтық мемле-кет тұрғысынан мықты қорғалуы тиіс. Бірақ алғашқы жылдары ТМД мен Қазақстанда болып жатқан жаңғыру мен демократия-лану демократияның классикалық модельдерінен және дамыған

Page 67: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

67 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

батыс елдерінің бай саяси және экономикалық тәжірибесінен айырмашылығы бар болатын.

Шынайы демократияның пайда болуы мен дамуы үшін жаңа қоғамдық сана, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді жасауға қабілеті бар азаматтардың пайда болуы стратегиялық маңызды факторға айналды. Қазақстанда өзінің экономикалық еркіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік алған орта тап, шағын кәсіпорындар, кіші бизнес, интеллигенция қалыптаса бастады. Жеке адам мен қоғамның арасындағы тартысты шешу – жеке мен жалпы мүдделер механизмін есепке алуды қамтамасыз ететін азаматтық қоғамды қалыптастыруды білдіреді. Жеке адам өзінің кеудесін тік көтеруі керек, заттар мен нәрселер әлемін құндылықтың ең жоғарғысы деп атамауы да тиіс еді. Әлеуметтік қатынастар мен индивидтердің заттар әлеміне байлануы ақыр соңында адамның деперсонализациялануына алып келері анық. Индивид тұлғалық болмыстың өзіндік құндылық ретіндегі мәнін жоғалтатын анонимділіктіктің түссіз, бедерсіз үстемдігінің объектісіне айналуына жол бермеуі керек. Индивид өзін тұлға ретінде, сонымен қатар қоғамдық тұтастықтың мәндік бірлігі дерегінде зерделенуі, қоғамдық өмірдің бастауы екендігін түсінуі тиіс: салауатты қоғамды қалыптастыру адамдардың өзіндік да-муына тәуелді екені белгілі. Көптеген прогрессивті индивидтер шынайы субъектілер мен тұлғаларға айналғаннан кейін қоғам мен қоғамдық санаға әсер етіп, өздерінің төл біртұтастығы – автономдық субъектілігін жүзеге асыра бастайды. Сонымен, қоғамдық сананың эволюциясының демократияның элементтері либералдық құндылықтардың кірісуімен жүзеге асырылады. Әрине бұл жерде ұлттық құндылықтарды жоққа шығаруға бол-майды. Керісінше оларға ерекше қамқорлық қажет еді.

Тоталитаризмнен босану «авторитаризм факторын» жеңу мен абсолютті мемлекеттік билікті шектеуді талап етті. Посткеңестік кеңістікте меншікке деген көзқарас өзгерді, билік құрылымында өзгерістер болды. Бірақ басында Қазақстанда бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйедегі жеке бастамалар мен рухани-әлеуметтік тәуелсіздіктерді көбінесе жаншып отырған бюрократиялық аппарат сақталды. Оған БАҚ-ты бақылап отыруды, режимге қарсылық көрсету актілеріне тыйым салу, өз мақсаттары үшін билікті пайдалану, жемқорлық және сол бюрократияның өзі жа-тады. Бұл құбылыстардан арылу үшін және өтпелі кезеңде өзінің қызметтерін мінсіз орындауы үшін мемлекет көп нәрсе істеу ке-

Page 68: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

68

рек еді. Әйтпесе, қоғамда хаос пен әлеуметтік тәртіпсіздік орнауы ықтимал болатын. Әлеуметтік өзгерістерді сауатты түрде жузеге асыруға индивидтер, яғни «төмендегілер» әзірге дайын емес бола-тын. Қоғамдық сананың эволюциясы мен жеке сана және ойлауда түбегейлі өзгерістер қажет болды. Қоғамдық сананың эволюция-сы бірте-бірте жүзеге асты, оған уақыт факторы қажет еді. Ал, ол болса біркелкі үрдіс емес.

Қазақстанның тарихи тәжірибесі, бай дәстүрлі мәдениеті мен рухани құндылықтары бар. Қазақ халқының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері оның ділінен байқалады және қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуына әсер етеді, яғни са-яси санаға, саяси мәдениетке, іс-қимыл, мінез-құлық нормалары-на және т.б. Әлеуметтік белсенділіктің моральдік-адамгершілік таптаурындары осымен байланысты. Қоғамдық қатынастардың дербес субъектілігінің қалыптасуы сатысынан өтіп қана оңды өзгерістерге жетуге болатындығын есте ұстау керек. Жаңа қатынастарға өту адамдардың өздерінің дамуына байланысты, ол табиғи-тарихи заңды үрдіс.

Нарықтық қатынастардың барлық теріс қырларына (жұмыссыздық, қайыршылық, моральдың құлдырауы, жатсы-ну және жалғыздык, қатал бәсекелестік, қылмыстың өсуі және т.б.) қарамастан субъектілердің дербес дамуы жүзеге асады, индивидтің іс-әрекеттері ынталандырылады, өзіндік іске асыру жолдары ізделіне бастайды, әлеуметтік-экономикалық және са-яси іс-әрекет белсенді бола түседі, құндылықтық тұрғылар мен бағдарларда белгілі бір маңызды өзгерістер жүзеге аса бастайды. Бірте-бірте қоғамдық санаға азаматтық либералды құндылықтар ене бастайды, қоғамдық өмірдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани салалары өзгеріске ұшырай бастайды.

Өкінішке орай, азаматтардың үлкен бөлігі, тұрғындардың көпшілігі әзірге биліктің қол астындағы тұрғындар деңгейінде болып отыр. Оны «ғасырлар бойғы мойынсұнушылық, бағыну инстинктері» қамтамасыз етеді (Н. Бердяев). Бірақ демократия-лану жүзеге асқан сайын жеке мүдделер өндіргіш күштер мен қабілеттердің дамуын қамтамасыз етеді, нақты индивидті алға жылжуға, қимылдауға мәжбүрлейтін прогрессивті қозғалыс жүзеге асады. Жеке меншік индивидті өзіне және материалдық игілік үшін, табыс табу үшін жалпы қоғамға тиімді мағынада өзі үшін жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Жеке адам іс-қимылдың

Page 69: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

69 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

үлкен еркіндігін, құқығының молдығын, қозғалыстағы шектеудің болмағандығын, ұждан бостандығы мен сенім бостандығын қалайды. Ол өз кезегінде демократияның жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қоғамның кемелдену деңгейі оның құрылымындағы инди-видтердің кемелдену деңгейімен анықталады. Сол индивидтердің өздерінде болып жатқан нақты өзгерістерді есепке ала отырып, қоғамдық санадағы эволюция мәселесі жөнінде айтуға болады.

Бұрынғыдай индивид қауымдастықпен және ұжыммен қабысып кеткен жоқ, ол енді псевдосубъект емес, шынайы субъект, ол енді өзінің төлтумалық тұтастығын, автономды субъектілігін – қоғамға өзінің өнімімен әсер ете отырып жүзеге асырады. Жекешілдік, жеке бастама және жеке меншікке негізделген еркіндік жаңа өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың дамуына, әлеуметтік-экономикалық даму мен са-яси демократияның қалыптасуының негіздері болып табылады. Қоғамдық қатынастардың субъектісінің құқығы мен міндеттерін зерделеуді қамтамасыз ететін азаматтардың әлеуметтік басқаруға қатысуын кеңейту және жандандыру керек.

Демократия тікелей аударғанда «халық билігі» дегенді білдіреді. Демократияның дүниеге келуі антикалық полистің пайда болуымен байланысты. Полис азаматтық өзін басқарушы қауымдастықтың элементтерін ұстады және жекеменшік дами бастаған қалалық құрылымның бөлігі болатын. Геродот өзінің «Тарих әкесі» шығармасында «демократия» ұғымын кіргізді және афиналық демократияның негізін қалаушы екі қағидатты анықтады: сөз еркіндігін және барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін.

Аристотельдің өз заманында демократияны мемлекеттік құрылыстың «дұрыс емес» формаларына жатқызғаны назар аударарлық. Ол демократия мен охлократияның, яғни тобырдың билігі арасына теңдік белгісін қойды. Аристотельдің пайым-дауынша, егер қоғамдық пайданың мүддесі үшін көпшілік билейтін болса, онда оны полития деуге болады. Оның ойын-ша, полития басқарудың ең үздік формасы. Демократиялық қағидаттың негізі заңнан үстемдігі. Жаңа кезеңде «демокра-тия» ұғымы азаматтық, жаратылыстық, әлеуметтік және саяси құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы ретінде нақтыланады. Демократия мемлекеттік билікті шектеу талабының форма-сына айнала бастайды: халықтың егемендік идеясы және оның

Page 70: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

70

революциялық төңкеріске құқылығы (Т. Пейн), тұлға мен меншік еркіндігі, «биліктің бөлінуі» қағидаты (Ш. Монтескье), мемлекетті қалыптастырудағы халықтың қатысуы (Ж.Ж. Руссо), сауда мен өндірістік іс-әрекеттердің еркіндігі (А. Смит) және т.б. Бір адамның абсолютті билігін жеңу үшін биліктің бұтақтарын заң шығарушы, атқарушы және сот етіп бөлу идеясы пайда болады. Адамзаттың прогрессивті ойы әділ және тіптен, адамның гуманистік өзін-өзі бекітуге мүмкіндіктері бар идеалды мемлекетті қалыптастырудың жолдарын іздеді. Философия мен саяси ойдың тарихында қоғамның еркіндік, теңдік және әділеттілік идеяларының жүзеге асуы жөнінде көптеген теориялар мен тұжырымдамалар бар. Әлеуметтік мұрат қалыптасады және оған жетудің жолдары мен тәсілдерін анықтаудың әрекеттері жасалынады. Демократия-ны еркіндікпен, тұлғаны құрметтеумен, құқықтарды қорғаумен, әділдікпен және мүмкіндіктердің теңдігімен және т.б. байланы-стырады.

Ең қиыны өткенмен айырылысу деңгейін анықтау. Қоғамдық санадағы өзгерістер өткеннің негізгі көзқарасындағы өзгерістермен байланысты. Швейцариялық философ Ю. Бохенский «өткеніміз-дегі немен қоштасуға тиістіміз?», – деген сұрақ қояды. «Алдымен дүниетанымдар туралы айтуға негіздер бар сияқты. Әрине, қазір олар дағдарысқа ұшыраған және бір ғана дүниетаным, немесе негіздер туралы айтылып отырылған жоқ. Жалпы дүниетанымды таңдау еркін дүние – оны ешкім зорлап таңа алмайды, бірақ екінші жағынан ешкім кез келген нәрсеге бас ұра қалатындай соншама еркін де емес. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің еркіндігіміз шектеулі». Біздің мәселеміз туралы айтатын болсақ, онда біздер тоталитарлық өткенімізбен, бұрынғы дүниетанымымызбен және ескі тұрғыларымыз және бағдарларымызбен қоштасудамыз. Дегенмен, адам санасы мен ойлауы өте баяу өзгереді, мінез-құлық пен ойлаудағы ескі таптаурындар үстемдігін жалғастыруда. Өзіндік жеткілікті тұлғалардың пайда болуына, қоғамдық игілік үшін, яғни прогрессивті мақсаттарға, мүдделерге, құқық пен заңның ауқымындағы жеке және жалпы мүдделердің негізіндегі құндылықтарға жету үшін конструктивті өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға қабілетті шынайы және нақты субъектілерге қажеттіліктер туындайды.

Субъектінің осындай автономиясы демократиялық жағдайларда, ажырамас құқықтар мен еркіндіктерді бергенде

Page 71: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

71 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

мүмкін. Демократия орташа тапты дамыту арқылы, шағын және орташа бизнесті қолдау арқылы нағыз меншік иелері қалыптасқанда ғана нығаяды. Бірақ ескеретін бір жайт, Қазақстанда батыстық дүниеге қатынас пен дүние түсінігінен айырмашылығы бар менталдылықтың басқа әлеуметтік-мәдени, саяси, діни және басқа дәстүрлері мен формалары үстемдік етеді. Қазақстандық қоғамдағы жүріп жатқан қоғамдық сананың эволюциясын талдау демократияландыру үрдістері жалпы халықаралық заңдылықтарға тұтас алғанда сәйкес келеді, бірақ, айрықша қазақстандық ерекшеліктермен сипатталған күйде.

Демократияға саяси-әлеуметтік шындықтың нақты өзгеруі және осы оңды өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті субъектілерді калыптастыру жолдарымен келу мүмкіндігі бар. Бұл жол өте күрделі және бірқалыпты емес, адам әр түрлі сипаттағы қайшылықтармен, кедергілермен, мәселелермен кездеседі. Қоғамдық сана тоталитарлық өткеннің мұрасынан арылып, бірте-бірте батыс еуропалық сипаттағы либерализмнің идеологиясы мен философиясына бейімделе бастайды. Қоғамдык сана алдымен өзіне тән консерватизм мен кейбір керенаулықтан арылуы тиіс. Көптеген жылдар бойы үстемдік еткен марксизм-ленинизм идеологиясы тұлға еркіндігін теріске шығарған жоқ, бірақ оның дамуы әрқашанда әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымға байланысты болды, адам белгілі бір қызметтерді атқаруға тиіс еді. Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы кеңес заманының мұраты болатын. Бірақ мемлекет оның барлық жағдайын жасаймын деп отырып тұлғаны бақылады, оны бойкүйез етті, ол тәуелді, қорқақтау, жоғарыдан айтылғанды орындаушы ғана болды. Әр уақытта бірінші орында ұжымның, топтың, елдің мүдделері болатын. Бірақ тарихтың жолы осындай болғанмен, нақты шындық демократиялық либералды құндылықтардың қажеттігін көрсетті. Ал оның негізінде индивидтің шынайы еркіндігі жатқаны белгілі.

Қоғамдық өмірдегі тоталитаризмнен демократияға өту күрделі қағидат қоғамдық сана мен қоғамдық болмыстағы көптеген догмалар мен әдеттегі таптаурындардан бас тартуды талап етеді. «Өркениеттік» тұрғының ауқымындағы әңгіме жалпыадамзаттық құндылықтар, оның ішінде либералды-демократиялык кұндылықтар туралы болып отыр. Жалпы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында индустриалдыға

Page 72: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

72

дейінгі дәстүрлі өркениеттердің қатарына жатқан еді. Оған ұжымдық, тұлғасыз құрылымдардың үстемдігі, қауымның басымдығы, тұтастың бөліктен жоғарылығы, жеке таңдаудың, адам егемендігінің жоқтығы және т.б. жататын. Бұл бұрынғы дәстүрлі мәдениетке жақындығы Қазақстан Республикасының тарихи дамуындағы кеңестік кезеңге тән нәрсе. «Транзитті қоғам: өзін бірегейлендіру аясындағы әлеуметтік дискурс пән ретінде» деген еңбекте төмендегідей тұжырымдар келтірілген: «Макроэкономикалық құрылымдардың өзгеруі және егемендік алғаннан кейінгі уақыттағы жаңа саяси институттардың құрылуы тек «жалған қазіргі кезеңді» қалыптастырды” (П. Штомпка), немесе, өткеннің әр түрлі типтерінің бірлігінің антогонистік формасы. Бұл даму тәсілінің мәдени-өркениеттік ресурстары тіптен жар-тымды емес. «Өтпелі қоғамдардың» динамикасы мен социумдық құрылымын сипаттау үшін қолданылатын терминдерді ұсынатын прогрессивті идеологиялардың лексиконы (жаңғыру, демократиялану, орнықты даму, реформа және т.б.) тек әлеуметтік дискурстың феноменологиялық тұрғылардың мағыналық бостығын көрсетеді.

1998 жылдан елімізде қоғамдық сананың дамуындағы жаңа кезең басталады. Ол алдымен өз кезегінде 1999 жылы елде көппартиялы негіздегі Парламент сайлауын өткізумен байланысты. Мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатысу мен ішкі саясатқа әсер ету мүмкіндігін зерделеуде біршама өзгерістер болып, саяси белсенділік арта бастайды. Қоғамдық сана барлық қоғамдық күштер мен Қазақстан Республикасының барлық халқының бірігуі үшін қоғамның даму кезеңіне сәйкес болып жатқан оқиғаларды тұтас түсінуді қалыптас-тыруға қабілетті бола бастайды. Демократияның саяси идеясы қоғамдық сананың орталық идеясына айналады. Демократия мен еркіндікке қарай қозғалыс – мемлекеттік және азаматтық құрылыстың елеулі міндеті. Шектен шыққан ұжымшылдық пен жеке еркіндікті шектеуді жеңу маңызды мәселе болып табылады, бірақ, басқалардың еркіндігіне нұқсан келтіретін шектен шыққан жекешілдікті жеңу де маңызды.

Қоғамдық сананың динамикасы дәстүрлі және либералды құндылықтардың зерделі және үйлесімді қатынасын білдіретін бірте-бірте алға басқан оңды үрдістер жөнінде, жеке мүдде мен ұжымдық еріктің келісімін куәландырады. Жүргізілген талдау

Page 73: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

73 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

қоғамдық санадағы екі негізгі үрдісті анықтауға мүмкіндік береді: жеке меншікшіл қатынастар мен адам құқығын жақтайтын «прагматик-батысшылдар» және ұжымдық қатынастарды (патерналистік сана) жақтайтын «мемлекетшілдер».

Әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның кірігуі қоғам өмірінің барлық саласының либералдануын әрі қарай кеңейту мен тереңдетуді міндетті етеді. Қоғамды басқару жөнінде У.Черчилл-дің атақты сөздерін еске түсіруге болады: «Демократияда кемшіліктер көп, бірақ басқа одан артық еш нәрсе ойлап табылған жоқ». Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы кезеңі мен қоғамдық сананың эволюциясында әлеуметтік тепе-теңдікке жетіп, оны сақтау үшін демократия мен еркіндіктің азаматтық либералдық құндылықтарын дәстүрлі, тарихи өзара көмек, ынтымақтастық және ұжымшылдық қағидаттарымен біріктіру міндеті тұрды. Демократия идеяларын жүзеге асыру үшін мемлекетпен ынтымақтастық, елдің басшыларының даналығы қажет. Жеке және қоғамдық сананың өзгеруімен және дамуымен және оның артында тұрған жаңғырған әлеуметтік-экономикалық қатынастармен Қазақстандағы шынайы ізгілікті қоғамды қалыптастыруға үміттенуге болатындығы байқалды.

Сонымен, коғамдық сананың екі өлшемі – этникалық және саяси-әлеуметтік салалар тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың дүниетанымы мен құндылықтар жүйесінің өзгеруінің мәні мен бағытын анықтады. Қоғамдық сананың қайшылықтарын шешу үшін барлық этностар мен әлеуметтік қабаттарды біртұтас қазақстандық халыққа біріктіруге қабілетті жалпықазақстандық ұлттық идеяның концептуалды негіздерін қарастыру қажеттілігі туындады. Қазіргі кезеңде, «Тұтастанған қоғамдық сананың жаңғыруы қандай жолмен жүзеге асуы керек?» деген сұраққа жауап беру үшін қазақ халқының рухани бастауларына назар аудару қажет, мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту, қазақтың ұлттық рухының бай қазынасына, ұлттық философиясына жақындай түсу керектігі айқын бола түсті.

Әдебиеттер

1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволю-ция государства и общества. Алматы: ИРК, 1996. – С.19.

Page 74: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

74

1.3 Егемен ел философиясы

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ғасырлық маңызға ие мақаласында «...замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алма-са, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс ты рып, жарастыра ала-тын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр намасы» деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздер егемен ел философиясының қалыптасуы мен негізгі даму бағыттарын сипаттауда біздің басты ұстанымымыз деуге болады [1].

Отандық философия мектебі Кеңестер одағының озық философиялық ошақтарының қатарында болғаны белгілі. КСРО-ның ыдырауы ғылымның басқа да барлық салаларымен қатар бұл салада да уақытша дағдарыс туғызғанымен, отандық философтардың тынысын кеңейтіп, дамудың жаңа бір жарқын жолдарын ашты десек, қателеспейміз. Ең бастысы – бұрынғы идеологиялық өктемдік жойылды. Тәуелділік, еркін ойлауға тиым салу философияны ешқашан да көркейтпегені тарихтан белгілі. Саяси бостандықпен қатар келген ойлау еркіндігінің арқасында отандық философия жаттанды ұрандарды, партия съездерінің материалдарын насихаттаудан құтылып, таза философиялық мәселелерді зерттеуге бет бұрды.

Осы бағытта қолға алынған ең бірінші жұмыс – ұлттық философиялық ойлауды зерделеу мәселесі еді. Бұл оңайға соқпады. Қазақта философия болмаған, сондықтан зерттейтін де ештеңе жоқ, «қазақ философиясы» деп бөліп айтуға болмайды деп қарсы шыққандар жеткілікті болды. Бірақ ғылыми-теориялық білімі мол, әлемдік философиялық ойдың үздік үлгілерінен сусындаған, оның өзекті мәселелерін талдауға өздері тікелей атса-лысып жүрген, отандық философия ғылымы мен білімін басқарып, дамыту жауапкершілігінің маңызын сезіне білген көрнекті бас-шылар мен қарапайым ғалымдар бұл бағытта дұрыс ұстаным таңдай білді. Қазіргі заман тұрғысынан талдасақ, Қазақстан қоғамының, соның ішінде қазақ ғылымының да болашағы бұлдыр

Page 75: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

75 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

болып тұрған сол кезде жасалған бұл таңдаудың маңызы өте зор болған екен. Яғни, болашақ стратегиялық бағыт мына түрде өте дұрыс айқындалды: «...Философияны, соның ішінде қазақ фило-софиясын білу ...адамдардың әрбір жаңа буыны оған дейінгі ұрпақтардың қалай ойлағандығын, мүлдем басқаша пікірлер ұстанатындар дүние туралы не ойлағандығын танып-білу жолы-мен ғана дұрыс, ерекше ойлауды үйренетіндігімен де маңызды. Философия ылғи да және барлық жерде өзінің ұлттық формасын-да өмір сүрді» [2,15 с.].

Ешқандай идеологиялық жалтақтаусыз, батыл қабылда-нуымен таңғалдыратын да әрі сонысымен сүйсіндіретін бұл шешімнің бүкіл қазақ халқының болашағына, оның әлем сахна-сында ұлт ретінде өзін сақтап қалуына тікелей әсері болғанын енді ғана түсініп жатқандаймыз.

Осы ұстанымды басшылыққа алған философ ғалымдар егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ өздерінің алдына мүмкіндігінше тез арада жүзеге асыруға тиіс міндет ретінде қазақ халқының философиялық дүниетанымын, ежелгі кезеңнен бүгінге дейінгі тарихи даму кезеңдерін, негізгі өкілдерінің ілімдерін жан-жақты зерттеу мәселесі қойылды, себебі «Философия өзінің алғашқы, тәжірибелік кезеңінде халықтың жанында жазылған. Әрбір адам, өзінің білімі мен жеке қабілетіне қарамастан, ұлттық философиялық және метафизикалық іске қатысушыға айна-лады, себебі ол өзінің өмірінде ақиқат білімді іздейді, көркем әдемілікке қуанады, рухани мейірімділікті жинайды, ержүректік, риясыздық немесе жанқиярлық іс жасайды, ізгілік құдайына құлшылық етеді, өзінің және басқалардың санасында құқықтық сана мен саяси мән тәрбиелейді, тіпті өзінің рухын төмендететін әлсіздіктерімен күреседі. Мұндай адам өзінің санасы бойынша әлі де болса философ емес шығар, бірақ рухани тәжірибесі бойынша ол – философ» [3, 81 с.]. (Қазақшаға аударған – Г.Н.).

Тереңдеп талдасақ, қазақ халқының дүниетанымын зерт-теу – аса қиын істердің бірі болды. Біріншіден, Қазақстандағы философиялық ой мен мәдениеттің тарихын зерттеудің эмпирикалық қоры шектелген еді. Жазба әдебиеті қазақтарда ХІХ ғасырда ғана кең таралғандықтан, философиялық ой ерек-ше формаларда өмір сүрді. Қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеу ісіне алғашқылардың бірі бо-лып кіріскен көрнекті ғалым О. Сегізбаев осы эмпирикалық

Page 76: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

76

қорды мына түрде жіктеді: «...біріншіден, мәліметтің бейнелі дереккөзі. Бұл, негізінен алғанда, Қазақстанды ежелгі заман-да мекендеушілердің жартастарға салған суреттері. Екіншіден, ежелгілердің әлеуметтік-тұрмыстық өмірінде маңызды рөл атқарған, кейде коммуникативтік қызметті де орындаған рәміздік-таңбалық жүйе. Үшіншіден, халықтың ауызша шығармашылығы (мифтер, ертегілер, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар, эпос және тағы басқалары). Қоршаған ортаны игерудің халықтық формала-ры өздерінің бейнесін солардан тапты. Төртіншіден, жыраулар мен ақындық шығармашылық мәдениетінің дискурсивтік мате-риалын ерекше атап көрсету қажет, олардың идеялық-теориялық маңызына ешкім күмәндана алмайды. Ақырында, философиялық мәтіндер. Олардың Далада пайда болуы Ағартушылық философиясының Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында таралуымен байланысты» [2,22 с.] .

Осы ойды профессор М.С. Орынбеков былай дейді «Қазақ қоғамына адам қызметін қалыптастыратын дүниметанымдық әмбебаптар деңгейінде философиялық емес формаларда философиялық пайымдау тән. Сол себепті шығыстық философе-малар дәстүрлі көркем және діни мәтіндерде жатыр, бұл филосо-фия тарихшылар философиялық жүйелерді олардың әлеуметтік-мәдени қырлары тұрғысынан зерттеуге, көзқарастық мәтіндерді талдауға итермелейді» деп нақтылай түсті [4, 12 б.].

Бұл бағыттағы орасан зор еңбектің нәтижесінде қазақтың халықтық философиялық дүниетанымы жан-жақты зерттелді деп бүгін сенімді түрде айта аламыз. Ғалымдарымыздың бұрын амалсыздан тежеліп, құрсауға салынған, енді еркіндік алған ойларының негізінде жазылған туындылары бірінен соң бірі дүниеге келіп, ұлттық ойлаудың көкжиегін кеңейтті. Отандық философтар халқымызға өзінің философиясын өзіне түсіндіріп, саралап, реттеп, жинақтап берді, сонау көне заманнан бергі вербалдық мәдениеттегі, оның қара өлең, мақал-мәтел, аңыз, ертегі, жыр және тағы басқа түрлеріндегі, ақын-жыраулар шығармашылығындағы, қазақ ағартушылары мен зиялыларының еңбектеріндегі философиялық ойларды айқындады. Қазақ халқының философиялық дүниетанымын зерттеуге арналған көптеген монографиялар, ғылыми жинақтар мен мақалалар, кандидаттық және докторлық диссертациялар жарық көрді.

Атап кететін бір ерекшелік – бұл туындыларда ұлттық шек-телу, тұйықталу байқалмайды, қазақ философиясының тарихы

Page 77: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

77 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

әлем философиясымен тығыз байланысты түрде қарастырылып, талданды. Кеңестік кезеңде олар туралы сөз етуге де болмай-тын батыстық философиялық бағыттардың, мектептер мен ағымдардың өзекті мәселелерін қазақ философтары да кеңінен талқылай бастады.

Мысалы, көрнекті қазақ ойшылы Б.Ғ. Нұржанов қазіргі заман-ғы Батыс қоғамының феномені постмодернизмді қазақ топыра-ғына таныстырып, философиядағы, поэзиядағы, сурет өнері мен сәулет өнеріндегі постмодернистік құбылыстарды, постмодерн мен модерннің сипаттық белгілерін, арақатынасын жан-жақты талдауға арналған сүбелі еңбектерді жарыққа шығарды және Қазақстандағы постмодерннің өзіндік мектебін қалыптастырды. Ғалымның философия ғылымына постмодернистік тұрғыдан берген мына анықтамасы философияның тағдыры талқыға түсіп тұрған қазіргі таңда аса өзекті деп ойлаймыз: «Пост-модерн философияның өзі туралы сұрақты жаңаша қояды, ...оны модернистік жобаның маңызды элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Яғни, философия философияның өзінде қабылданғандай, интеллектуалдық практиканың, белгілі бір ойлау қызметінің түрі немесе ғылымның саласы ретінде емес, ең алдымын белгілі бір әлеуметтік және мәдени міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырылады. Осыған дейін «философия не?» деген сұраққа философияның өзі ғана жауап беретін. Постмодерн жағдайында бұл «мүдделер қақтығысы», яғни өзі туралы шешім шығару құқық субъектінің өзіне легитимді емес түрде берілуі деп қарастырылады» [5, 348]. (Қазақшаға аударған – Г.Н.).

Батысқа тән философиялық ойлаудың қазақ халқының дүниетанымымен қызықты ұштастырылуының тағы бір мысалы – қазақ халқының философиясын өмір философиясымен және экзи-стенциализмнмен байланыстыра талдау. Белгілі ғалымдар Ә. Ны-санбаев пен Ғ. Есім қазақ халқының философиялық дүнитанымын зерттеу бағытындағы жұмыстар жаңа басталған кезеңнің өзінде-ақ: «қазақ философиясы – «өмір сүру философиясы», яғни рухы жағынан қазіргі экзистенциализмге жақындау» деген пікір айтқан болатын [6].

Міне, осы болжам көптеген ізденістерге негіз болды. Классикалық және батыстық философияның теориялық тұжы-рымдарына сүйене отырып, қазақстандық ғалымдар қазақ

Page 78: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

78

философиясының экзистенциалдық мазмұнын аша отырып, оның жағымды экзисентциализм екендігі туралы тың қорытынды жасады: «Қазақ өмірдің мәні мәселесін өзіне үнемі қойып отырған екен. Дамудың қиын да күрделі сатыларына өткен, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы үшін бұл заңды құбылыс. Тағдыры талай рет қыл үстінде тұрып, тарихтың қатал сынына қаншама ұшыраса да, қазақ халқы өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, жалған дүниенің мәнін талмастан іздеді, басына түскен қиындықтың бәрін жеңіп шығып отырды. Оның төркіні рухтың күштілігінде, халықтың даналығында. Осыны бір сәт естен шығармаған қазақ халқының өз ұрпағын адам, өмір, дүние төңірегінде ойлануға жетелегендегі мақсаты – адамды өмірдің мәнсіздігі, дүниенің жалғандығы жөніндегі экзистенциалдық уайым-қайғыға шомыл-дырып, рухты, жігерді төмендету емес, керісінше, ойына үнемі қозғау салып, ұйқысынан оятып отыру, Шәкәрім айтқан «ақыл көзінің» қалғып кетпеуін қадағалап, өзінің кім екенін, жарық дүниеге не мақсатпен келгенін түсінуге ұмтылдыру, адамшылық келбетін шыңдау» деп тұжырымдады [7, 321].

Қазақ философиясынан орын тепкен тағы бір батыстық бағыт – герменевтика болды. Ғалым Ғарифолла Есім философиялық ойлау мен жазудың осы жаңа бір үлгісін ұсынды. Оның негізінде тәуелсіздік арқылы қол жеткізген ой еркіндігі жатқаны күмәнсіз. Яғни, ол – бұрынғыдай идеологияға қарайлаудың, әрбір туынды-ны биліктің көзқарасына бейімдеудің күні өткенін, философиялық ізденістердің жаңа формасына қажеттілік туып отырғанын алғаш түсінген философтардың бірі болды. Сондықтан, зерттеу объектісі ретінде қазақ халқының философиялық дүниетанымын таңдады. Әрбір ғалымның өзіндік зерттеу әдісі бар. Осы тұрғыдан алғанда Ғарифолла Есімұлының зерттеу әдісі – герменевтика.

Абайдың осы әдіске сүйенді деп атап көрсете отырып, «негізінен оның өзі қолданған тәсілді алдық. Ақын алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» деген мақалына өзінше түсінік береді. Жиырма тоғызыншы сөзінде де мақалдарға түсінік береді. Мұндай тәсілді Еуропада герменевти-ка деп атайды. Ол тек метод емес, философия. Герменевтика тек Абай емес, қазақ дүниетанымын, философиясын тануда өте тиімді тәсіл. Себебі, қазақ философиясы герменевтикалық мазмұнда. Қазақша ойлау жүйесі астарлап сөйлеуге негізделген» деп дұрыс атап көрсетеді. [8, 86 б.].

Page 79: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

79 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

Ғалымның герменевтика әдісін таңдауы кездейсоқ емес деп ойлаймыз, себебі бұл әдіс алғашқыда әдебиеттануда кеңінен та-рап, кейін философиялық әдіске де айналған. Әртүрлі себеп-термен оқырманына, жалпы қоғамына түсініксіз болып отырған мәтінді қайта түсіндіру, талқылаудан басталған осы әдіс Аврелий Августиннен бастау алып, ХХ ғасырда Гадамер, Шлейермахер, Рикер арқылы кеңінен тарап, үлкен бір бағытты қалыптастырды. Ол түсінуге, герменевтикалық шеңбер аясындағы қозғалысқа негізделген. Қозғалыс мәтіннен тарихи дәуірге қарай жүреді, ал мәтіннің өзі белгілі бір дәуірде өмір сүріп отырған автордың руха-ни дүниесінің туындысы. Дәл осы ұстанымды, «еуропаша герме-невтика, арабша – бари имманийасты» [9, 51 б.] қолдана отырып, Ғарифолла Есім Абайды қазаққа қайта түсіндіріп шықты және бұл істің біздің қоғам үшін қаншалықты маңызды болғандығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, себебі «Абайсыз қазақ мәдениеті, фи-лософиясы туралы сөз ету мүмкін емес. Сондықтан Абайды тану қазақты тану деген мәселемен өте тығыз байланысты» [9, 51 б.].

Осы жерде қазақ ғалымдарының Абай философиясын зерттеуі туралы бөліп айту қажет. Олардың өздері: «Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дүниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып-білуге, қазақ халқының шынайы тарихындағы, тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді» деп атап көрсеткендей, абайтану-шы философтар тәуелсіздікке дейін өз деңгейінде зерттелмеген ғұламаның философиялық ойларын талдауда жаңа бір сатыға көтеріп, қазақтың жүрегінен мәңгілік орын алған Абай бейнесін одан да биіктетті [10, 4].

Қорыта келгенде, ғалымдардың ерен еңбегінің нәтижесінде «қазақ философиясы» деген ұғым ғылыми айналысқа толық еніп, орнықты. Кәсіби философтардың ұлттық философияны зерттеу-ге, не бар, не жоқ деп түгендеуге жаппай атсалысуы олардың өз халқының алдындағы рухани, адамгершіліктік және азаматтық парызын орындауға ұмтылысы деуге болады және олардың ұлан-ғайыр еңбегі болашақ ұрпақтың әділ бағасын алады деп сенеміз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында туындаған тағы бір ке-зек күттірмейтін міндет – әлемдік философияның озық үлгілерін

Page 80: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

80

қазақ тіліне аудару еді. Философияның мазмұны әрқашан да ұлттық және ұлттық тілдің ерекшеліктері оған тікелей әсер етеді. Ұлттың тілі бай да көркем болған сайын нақты өмірді бейнелеу де соншалықты толық және дәл болмақ. Сондықтан да адам-зат дамуының барлық кезеңдерінің философтары өз ұлтының тілін философиялық ұғымдар мен терминдерді қолдану арқылы дамытуға ұмтылып отырды. Қазақ тіліндегі философияның бодандық заманда қандай күйде болғаны айтпасақ та белгілі. Осы мәселенің маңыздылығы Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасына негіз болды. Оның аясында атқарылған жұмыс ұшан-теңіз. Академик Ә.Н. Нысанбаевтың басшылығымен бір ғана философия саласы бойын-ша «Әлемдік философиялық мұра» сериясының жиырма томы, «Қазақ халқының философиялық мұрасы» сериясының жиырма томы, Әбу Нәсір әл-Фараби шығармаларының он томы дайын-далды. Әлемдік философияның көрнекті өкілдерінің еңбектері, түпнұсқалар алғаш рет қазақ тіліне аударылып, қалың көпшілікке кітапханалар арқылы таратылды.

Бұл мемлекеттік бағдарламаның маңызы өте зор. Себебі, философиялық туындыны түпнұсқасында оқудың орны бөлек, жалпы баяндау, түсіндірме-комментарий беру оны ешқашан ал-мастыра алмайды. Әрине, түсіндірме философиялық туындының авторы мен осы туындыда қарастырылған мәселелер туралы құнды информация бере алады. Бірақ еңбек туралы баяндау-шы оны өз көзқарасы тұрғысынан талдайтынын ұмытпау керек, сондықтан комментарийді немесе оқулықты ғана оқыған адамның таңдауы шектеліп, ол еріксіз басқаның ықпалында кетеді. Ал түпнұсқаны игеруші адам философиялық пайымдау еркіндігіне ие болады, философиялық туындының нағыз мәніне жету арқылы шығарманың авторы, оның философиялық көзқарастары неме-се жүйесі, қарастырған мәселесі туралы өзіндік пікір-тұжырым қалыптастырып, жалпы жекеде өз көрінісін табады.

Түпнұсқаны зерттеу үдерісінде танушы субъектінің бойын-да білімге деген жеке, тұлғалық қатынас одан әрі нығая түседі. Түпнұсқа философтың интеллектуалдық ойының жемісі, ал тану-шы тұлға үшін «...интеллектуалдық әдемілік жаңалықтарға жол көрсетуші және ақиқаттылықтың белгісі” [11 , 299 б.].

Тәжірибе көрсеткендей, «Мәдени мұраның» «Философия» сериясымен шыққан томдарының барлығы дерлік философия

Page 81: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

81 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

пәнін оқыту барысында кеңінен қолданылып келеді. «Антикалық философия», «Аристотель философиясы», «Ортағасырлық діни философия», «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Өмір философиясы», «Ғылым мен техниканың Батыстық философи-ясы» және тағы басқа томдарға енгізілген шығармалар жастар-ды да, философияға қызығушылық танытқан қалың көпшілікке де философия тарихы туралы жан-жақты білім беріп, өмірлік бағдарын анықтауға көмектескені сөзсіз.

«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде шығарылған «Қазақ халқының философиялық мұрасының» томдарында жинақталған материалдарды да ерекше атап өткен дұрыс. Олар-мен танысқан адамның бойында қазақ халқының философиялық дүниетанымы, оның негізгі ұғым-категориялары өмір, араласу, на-мыс, парыз, кісілік және т.б. туралы білімдер қалыптасады. Олар-ды санасына сіңірген жастар әлемдік философиялық мектептер мен бағыттарды зерттеу барысында жаңа ұғым-категорияларды қазақи ұғымдармен салыстыра талдап, қазақ халқының ешкімнен де кем емес философиялық дүниетанымы бар екендігіне көздерін жеткізеді, бойларында өз ұлты үшін мақтаныш сезімі туындай-ды. Яғни, «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық патриотизм қалыптастырудың күрделі қызметін де абыройлы атқарып шықты деуге болады.

Қазіргі заман – ғылым мен техниканың заманы. Ғылыми-техникалық прогрестің мәні, адам үшін жағымды және зиян жақтары, жаңа техникалық мүмкіндіктердің адамгершіліктік-гуманистік және экологиялық сипаты, адам өмірінің сапасына тигізетін әсерлері, техникалық мамандық иесінің этикалық келбеті мәселелері осы саланың М. Хайдеггер, К. Ясперс, Э. Тоффлер, Б. Рассел, Т. Кун секілді ойшылдарының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған еңбектерінде талданып, қалың көпшілікке, әсіресе жастарға пайдалы да құнды ойларды жеткізді.

Философияның жоғары оқу орындарында қазақ тілінде толыққанды оқытыла бастауы да егемендікпен тығыз байланыс-ты. Философия пәнін оқыту үдерісіне қажетті қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары бұрын өте аз болса, қазір са-палы, сауатты, мазмұнды оқулықтардың саны көбейіп, оқыту бағдарламалары қайта жасалып, қазақ балалары «ғылымдардың ғылымы – философияны» өздерінің ана тілінде меңгеру бақытына

Page 82: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

82

ие болды. Бақыт деген сөзді кездейсоқ қосып отырғанымыз жоқ. Шынында да, өз тіліңде оқып, өз тіліңде сөйлеу – үлкен бақыт. Ол да тәуелсіздіктің арқасында келген жетістік, кейде оны бағаламай жатамыз. Философиядан дәрістер оқу барысында не-месе философияның өзекті мәселелері талқыланатын алқалы жи-ындарда ана тілімізде сөйлеген сайын осы ой санамызға ылғи да оралады.

Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәржесін алып, өркендеуіне жол ашылған соң, философ ғалым-дардың алдына тағы бір күрделі міндет – «Философия» пәнінен қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау міндеті қойылды.

Қазіргі заманғы философия оқулығы мәселесі жоғары мектеп реформасы және философияның жоғары білім беру жүйесіндегі орны туралы маңызды мәселелермен тығыз байла-нысты. Философияның қазіргі өмірдегі болмысы күрделі екендігі белгілі. Экономикалық дамудың қозғаушы күші деп есептелетін іргелі ғылымдар посткеңестік кеңістікте ғана емес, бүкіл әлемде де басымдылыққа ие болып, гуманитарлық ғылымдардың екінші сатыға ығыстырылуы – ХХІ ғасырдың басты үрдісі.

Іргелі ғылымдар STEM аббревиатурасымен белгіленеді (Science, Technology, Engineering, Mathematics – ғылым, техно-логиялар, инженерлік пәндер, математика). Әлемнің алдыңғы қатарлы мектептері мен университеттерінде оларды тереңдетіп оқыту әдеттегі іске айналды. Мысалы, STEM пәндердің білім беру жүйесіндегі үлесі Жапонияда – 64%, Қытайда – 52%, Оңтүстік Ко-реяда – 40%, Ресейде – 33%, Америкада – 17%.

Гуманитарлық пәндердің, соның ішінде философияның бүгінгі жағдайы осындай. Осы тұрғыдан алғанда философияның беделін арттыруда қазіргі заман талаптарына сай дайындалған бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Философия тарихына көз жіберсек, даналық ғылымының дамуы қоғам мен биліктің көзқарасына тікелей бай-ланысты болғанын көреміз. Республиканың жоғары оқу орында-ры үшін биыл «Философия» (бакалавриат үшін) және «Ғылымның тарихы мен философиясы» (магистратура үшін) пәндері міндетті пәндер ретінде сақталғанын ескерте кетуіміз керек. Бұл мемлекетіміздің, Білім және ғылым министрлігінің философияға деген айырықша көзқарасының, жастарымыздың көзқарасын

Page 83: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

83 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

қалыптастырудағы оның рөлін ерекше бағалағандығының дәлелі. Осындай жауапты міндетті түсіне отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасы аталған пәндерден жаңа Типтік бағдарламаларды 2016 жылы сапалы дайындап шықты, оны Министрлік бекітіп, қазір барлық жоғары оқу орындары философияның жалпы курсын және «Ғылымның тарихы және философиясы» курсын осы бағдарламалар бойынша оқытуда.

Философияның іргелі сұрақтары «Философия» пәні бой-ынша Типтік бағдарламада ашықтық, объективтілік, плю-рализм, негізділік және тағы басқа ғылыми-философиялық ұстанымдар тұрғысынан берілген. Бағдарламаның құрылымы философияның негізгі даму кезеңдерін, онтология, гносеология, философиялық антропология, антропология, әлеуметтік фило-софия, синергетика мәселелерін қамтыған. Ұлттық компонентке – қазақ философиясына бағдарламада үлкен назар аударылған. Бағдарлама Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуынан туындай-тын халықаралық қауымдастықта білім берудің бірыңғай стан-дарттарын енгізуге бағытталған. Сонымен қатар, философияның қазіргі замандағы, қоғамның рухани өміріндегі маңызды орны-на айырықша көңіл бөлініп, философиялық мәселелер нақты дүниені рухани игерудің дін, идеология және тағы басқа форма-ларымен тығыз байланыстырыла отырып талданған.

Ғылымның тарихы мен философиясы бойынша бағдарлама ғылымның қалыптасуы мен даму заңдылықтары, ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми ізденісті жүргізудің әдістері туралы білім қалыптастыруға арналған.

Аталған бағдарламалардың дайындалып, оқу үдерісіне енгізілуі отандық философияның дамуындағы маңызды кезең болып саналады. Олар ең алдымен философия пәнін жүргізуші оқытушылардың өз дәрістері мен семинар сабақтарын жоспарлап, оларға дайындалу барысында, сонымен қатар, философияның жалпы курсы мен әртүрлі бағыттары және мәселелері бойынша оқулықтар, оқу құралдарын жазуға ниеттенгендердің бәрі жақсы көмек бола алады.

Әдетте оқулық авторының алдында мынадай дилемма тұрады: не шын мәніндегі оқулық, яғни студент оны оқып алып, емтиханын табысты тапсыратын, сөйтіп утилитарлық міндетін шешіп қана қоятын оқулық жазу немесе философиядан жалпы білім беріп қана қоймай, оны ерекше ойлармен, автордың өзіндік пайымдау-

Page 84: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

84

ларымен толықтыру. Сұрақты Канттың ізімен қойсақ: философи-ядан жақсы оқулық дайындау мүмкін бе? Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінде жазылған оқулықтардың жүгі ауыр болды. Бірақ осындай күрделі міндетті оқулық дайындау олардың педагогтік қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан жоғары оқу орындарының профессорлары, сонымен қатар, Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Фило-софия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері табысты атқарып шықты, яғни, жоғарыда қойылған сұраққа оң жауап берілді деуге болады. Мазмұнды, жастарға пайдалы оқулықтардың қатарына философиядан қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулықтар – Ә. Нысанбаев пен Т. Әбжановтың, Қ. Әбішевтің, Д. Кішібеков пен Ұ. Сыдықовтың, сонымен қатар Қ. Бегалинова мен Ұ. Әлжанованың орыс тілінде жазылған оқулықтарын жатқызуға болады. Олардың құрылымы филосо-фиядан дайындалған классикалық оқулықтардың құрылымына ұқсас: тарихи-философиялық және метафизикалық (теориялық) бөлімдер. Бұл еңбектерде философияның ежелгі дүниеден ба-стап, қазіргі заманға дейінгі тарихы, негізгі философиялық мәселелер оларды әртүрлі философиялық бағыттар мен мектептердің қарастыруы тұрғысынан талданған, көптеген өзекті мәселелер бойынша ой тасталып, жастардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға ұмтылыс жасалған. Бұл оқулықтардың басты ұстанымы: «...тек дайын біліммен қаруландыру емесе, ең алдымен ойлауға үйрету, баулу, әр адамның дүниеде болуы, өмір сүруінің мәні, мағыналығы туралы ойларға тарту. Ал философияның олар-мен қатар негізгі міндеті – адамдыққа баулу» [12,5].

Аталған міндетті өте жоғары деңгейде атқарып, қазақ филосо-фиясынан оқулық жазуға алғашқылардың бірі болып кіріскен, әлі күнге дейін маңызын жоймай, бағалы оқулықтардың қатарында аталып келе жатқан оқулықтың авторы – белгілі қазақ ғалымы, отандық философиялық білім беру ісіне еңбегі сіңген ұстаз Ораз Аманғалиұлы Сегізбаев болды. Оқулық ретінде 1996 жылы жарық көріп, 2001 жылы толықтырылып басылған «История казахской философии. От первых архаичных представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ века» еңбегі автордың энциклопедиялық білімге ие екендігін және оқулық жазу ісіне аса мұқияттылықпен және жауапкершілікпен қарағанын тағы да дәлелдейді. Ораз Аманғалиұлының қазақ философия-

Page 85: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

85 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

сын ғана емес, әлемдік философияны, оның барлық мектептері мен бағыттарын және тарих, филология, саясаттану, әлеуметтану ғылымдарын өте жақсы білетіні әріптестерін де, шәкірттерін де таң қалдыратын. Осы еңбегінде ғалым қазақ философиясының қалыптасуының алғышарттарын талдауға ерекше назар ауда-рып, Андрон мәдениеті тұсында өмір сүрген көшпелілердің көзқарастары, академик Әлкей Марғұлан терең зерттеген Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезеңіндегі дүниетаным, отырықшы елдердегі Заратустра мен Будда идеяларының қазақтарға әсері және Орта ғасырда қазақ жерінде ғылым, өнер, әдебиеттің дамуы мұқият талданған.

Қазақ философиясын зерттеу үшін қандай мәселелерді тек-серу қажет? Осы сұраққа жауап ретінде ғалым философиядағы дәстүрлер, ұлттық тіл және философиялық білімді жеткізуші тұлға мәселелерін бөліп көрсетіп, олардың әрқайсысына әлемдік ғылыми ой жетістіктеріне сүйене отырып жан-жақты жауап береді және нақты тұжырымдар ұсынады.

Дәстүрлер туралы Б. Рассел, З.А. Каменский, И.С. Нарский, В.А. Малинин, М. Вебер, Г. Беккер және тағы басқа философтар мен әлеуметтанушылардың пікірлерін талдап, «...философиядағы дәстүрлер – алдыңғы ұрпақтардың идеяларының, олардың нақты өмірлік үрдісінің әсерінің нәтижесінде пайда болса да, жаңа ұрпақтарға әсер етуін жалғастырып отырған, бұл ұрпақтар дамытып, байытып және қоғамның ескірген әлеуметтік-саяси құрылымын рационалдауға бағытталған күресінде қолданатын бөлігі» деген анықтама береді және өткеннің алдыңғы қатарлы дәстүрлерін жоққа шығару арқылы жаңаны жүзеге асыру мүмкін емес екендігін ескертеді [2, 13 б.]. Философиялық дәстүрлер ұлттық өмірдің қажеттіліктерін жеткізудің өзекті тәсілі, сондықтан де дәстүрлердің негізін қалаушылар әлемдік сахнада өз ұлтының аты-нан шығады. Осы ойды өрбіте отырып, Ораз Аманғалиұлы қазақтың философиялық дәстүрлерін кеңестік тоталитаризмнің жойғанын, сондықтан да тәуелсіз ел философтарының басты міндеті – «қазақ философиясының дәстүрлерін қайта жаңғырту және толығымен қалпына келтіру» деп тұжырымдайды [2, 15 б.]. Бұл бағытта соңғы жиырма алты жылда көп жұмыстар атқарылды және атқарылуға тиіс істер легі әлі жетерлік екенімен бәріміз де келісеміз.

Философиядағы дәстүрлер мәселесін талқылау арқылы ғалым философия ылғи да өзінің ұлттық формасы арқылы дамитынын

Page 86: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

86

және ол ұлттық тілсіз мүмкін еместігін көрсетеді. Оның пікірінше, ұлттық тіл, оның тілдік қоры, құрылымы бай және әдемі болған сайын қорашаған ортаны толық, дәл және нақты бейнелеу мүмкіндігі де арта түседі, ал белгілі бір себептермен дамымай қалған тілдік мәдениет адамның табиғи және әлеуметтік дүниені игеруіне, оны рационалды өзгертуіне зор кедергілер туғызады. Сондықтан да философтар өз ұлтының тілін заттық дүние туралы ойды дамытудың нәтижесінде пайда болған ұғымдарды қолдану жолы арқылы дамытуға ерекше назар аударды. Бұл қазіргі заманғы философтарды ойландыратын мәселе. Философиялық терминдерді қазақ тіліне аудару, дұрыс ұғымдарды қалыптастыру мәселесінің әлі де болса шешімін таппай келе жатқаны бәрімізге белгілі. Ораз Аманғалиұлы философтардың назарын Грек, Үнді, Қытай ойшылдарының шығармашылығына аударып, үлгі ретінде ұсынады және ол ұсынған үлгі бізге қолайлы деп ойлаймыз.

Ғалым қазақ философиясын дамытуға қажетті тағы бір шартты бөліп көрсетеді, ол – осы философиялық кеңістікте өмір сүруші және қызмет етуші философ, ойшыл, өз заманының ру-хын, мүдделері мен мүмкіндіктерін, болашақ даму бағыттарын түсіне алатын Тұлға. Ораз Аманғалиұлы философтың жеке эру-дициясына, философия мен мәдениеттің әлемдік жетістіктерінің маңызын түсініп, оны ұлттық өмір призмасы арқылы өткізе білу, жалпыадамзаттық прогреске қызмет ете білу қабілетіне аса қатты көңіл бөле білген адам. Өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті фи-лософиясына, қазақ философиясына қызмет етіп, оның болашақ тағдырына алаңдап, жаны күйіп өткен, адалдық пен білімділіктің үлгісі бола білген ол өзі сипаттаған Тұлғаның жарқын үлгісі. О.А. Сегізбаевтың осы оқулығы биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Қазақ университеті» баспасынан қазақ тілінде жарық көруі жос-парланып отыр.

Соңғы жылдары жоғарыда аталған жаңа бағдарламаларды жетекшілікке алып жазылған оқулықтар мен оқу құралдары да жарыққа шықты. ҚазҰУ профессорлары М.Ш. Хасанов пен В.Ф. Петрова ұсынған «Философия» оқулығы осындай үлгі бой-ынша дайындалған. Оқулыққа Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі грифінің берілуі және студенттер іздеп жүріп оқитын оқулыққа айналуы оның жоғары сапасының көрсеткіші. Оқулық тілінің жатықтығы мен түсініктілігі, баяндау мәнерінің қарапайымдылығы, логикалық жүйелілігі жастардың

Page 87: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

87 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

ғана емес, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл оқулық шын мәніндегі іргелі оқулық болып табылады. Ол оқырмандарын адамзаттың рухани мәдениетінің қалыптасу тарихымен, адам мен қоғам болмысының, тарих пен саясаттың, мәдениет пен білім берудің, диалектика мен эпистемологияның, техника философи-ясы мен қазіргі заманғы жаһанданудың жалпы мәселелерін зерт-теу бойынша әлемдік философия жинақтаған тәжірибемен та-ныстырады.

Оқулық мәселесін көбірек сөз етуіміз кездейсоқ емес. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ қоғамының қоғамдық сана-сын өзгерту мәселесіне ерекше назар аударды. Шынымен де, сана мәселесі – қазіргі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Өзіміз білетіндей, қоғамдық сана көбіне қоғамдық болмыстағы өзгерістерді бейнелеп қоюмен ғана шектеледі де, оның өзіндегі өзгерістер баяу жүреді. Қазақстан жаһандық үдерістерге сай даму үшін оның қоғамдық санасының деңгейі жоғары болуы тиіс, бұл – заман талабы. Сондықтан да қоғамдық сананы жаңғыртуға, әсіресе ұлттық сананы күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Оның іске асыруға ықпал ететін маңызды тетіктердің бірі ретінде Елба-сы қазақ тілінде оқулықтар дайындау мәселесін көтеріп, «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек» деп атап көрсетті [1]. Осы іске еліміздің гуманитарлық ғылымдар саласының өкілдері, соның ішінде философтар жұмыла кірісіп, қазір фило-софия пәні бойынша ең таңдаулы шетелдік оқулықтар іріктеліп, оларды қазақ тіліне аудару ісі жүріп жатыр.

Аталған мақалада гуманитарлық білімді өркендету мәселесіне ерекше назар аударылғаны қуантады. Елбасы ескерткендей, Қазақстанға өз ісінің жақсы маманы ғана емес, өзінің тілін, та-рихын меңгерген, қазіргі заман мен болашақты дұрыс түсініп, барлай алатын білікті жастар қажет. Ана тілінде дайындалған оқулықтар, әрине, бұл үдеріске зор ықпалын тигізе алады.

Философиялық пәндер бойынша оқулықтар дайындау саласындағы ерекше бір құбылыс ретінде «Әл-Фараби және қазіргі

Page 88: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

88

заман» оқу құралын атауға болады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғ.М. Мұтановтың басшылығымен, университет ғалымдар мен Философия, саясат-тану және дінтану институты ғалымдарының шығармашылық ынтымақтастығының нәтижесінде жазылған бұл еңбек – ғылым мен білімнің интеграциясының жарқын көрінісі. Мұндай интегра-ция классикалық университеттік білім мен қазіргі заманғы білім беруді табысты үйлестіруші, әлемдегі іргелі экономикалық-саяси өзгерістерге нақты жауап ретінде дүниеге келген Болон үдерісінің жетекші идеясы.

Түркі дүниесінің ұлы ғұламасы Әбу Нәсір әл-Фараби мұрасын зерттеу ісі кеңестік заманда өте жоғары деңгейде жүргізіліп, сол кездегі отандық философияның мықты бағыттарының бірі болғаны белгілі. Тәуелсіздік заманында да Философия және са-ясаттану институтының қызметінде жалғасын тапқан фараби-тану зерттеулерінің жаңа бір Ренессансы – оның атын лайықты алып келе жатқан университет қабырғасында басталды десек, артық айтқандық емес. Философияның жақсы білгірі және жа-нашыры, университет ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасын республика, бұрынғы Одақ деңгейінде ғана емес, әлем деңгейінде насихаттауды мақсат етіп қойды. 2013 жылдың желтоқсан айында университетте «Al-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасы бас-талды. Ол түркі дүниесінің ұлы ойшылының ізгілік қаласы және бақыт идеяларына негізделген. Жобаның басты мақсаты – уни-верситет студенттерінің, қазіргі заманғы жастардың бойында руханилық пен адамгершіліктің биік үлгілерін қалыптастыру. Ежелгі классикалық университеттер сияқты, қазіргі заманның университеті де өздерінің жастарына тек білім беріп қана қоюмен шектелмеуі тиіс. Олардың ең басты міндеті – жастарды, өз елінің азаматтарын гуманизмнің ең жоғары идеалдарына тәрбиелеу.

Бұл жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі – «Әл-Фараби және қазіргі заман» оқу құралын екі тілде дайындау еді. Ректордың басшылығымен басталған осы істі К.Х. Тәжікова, М.Ш. Хасанов, Г.Қ. Құрманғалиева, Н.Л. Сейтахметова және тағы басқа ғалымдар салыстырмалы түрде аз уақытта бітіріп, әл-Фараби бабамыздың ілімі көпшілікке түсінікті тілде жазылған ғылыми мазмұнды тағы бір еңбек жарыққа шықты. Көпшіліктің пікірлеріне сүйенсек, авторлық ұжым өз міндетін абыроймен атқарып шықты.

Page 89: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

89 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

Академик Ғ.М. Мұтанов атап өткендей, «Әл-Фарабидің бақытқа ұмтылу және оған жету жолдарын іздеуге негізделген идеялары қай заманда да өзекті. Өзінің эволюциялық дамуының әрбір кезеңінде қоғам адамдардың бір-бірімен және олар-ды қоршаған табиғатпен өзара байланысына ұмтылады. Әл-Фарабидің гуманистік мәдениеттің терең тамырлары мен бастау-лары болып табылатын адамгершілік жетілу философиясының басты қағидаларына бүгінгі күні назар аударуымыздың себебі де осы. Біздің міндетіміз – қоғамды ұлы түркі ойшылы Әбу Нәсір-әл Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарымен таныстыру ғана емес. Ұлы ғалым ұсынған ізгілік, әділеттілік, ақиқат және әдемілік идеалдарын нақты өмірде жүзеге асыра білу аса маңызды» [13, 202 ] .

Жоба әл-Фарабидің ізгілік ілімін қазіргі заманғы смарт ұғымымен үйлесімді байланыстырған. Университеттер ғасырлар бойы өздерінің шәкірттеріне білім берумен қатар, олардың бой-ында жоғары руханилықты тәрбиеледі, өз дәуірлерінің нағыз азаматтарын қалыптастырды. Бұл биік әлеуметтік міндеттерді олар бүгін де – қоғамның әлеуметтік парадигмасының үлкен жылдамдықпен өзгеруі және ақпараттық-коммуникациялық техногогиялардың дамуы ғасырында – атқарып келеді. Жаңа техно-логиялар әлемді жаңа эволюциялық белеске шығарып отыр. Бұл белесте ақпараттық қоғам бүгін «smart» терминімен белгіленіп отырған қоғамға айналады: smart-көлік, smart-денсаулық сақтау, smart-энергетика, smart-тамақтану. «Ақылды» инфрақұрылымды қалыптастыру және «ақылды» технологияларды енгізу – әлемдегі ірі мегаполистердің қазіргі дамуының негізі. Мысалы, Сеул қаласының тұрғындарының жол оқиғаларына ұшырауы азайды және жол қозғалысын басқарудың жетілдірілген технологиясының арқасында олар қалаған жерлеріне тезірек жетеді. Гонконгте қалалықтар тауар сатып алуда, көлік тұрағының ақысын және жолақы төлеуде бір электрондық картаны қолданады. Токио тұрғындары су шығынын анықтайтын аспаптарды қолдану арқылы сапасы жақсы және арзан суға қол жеткізіп отыр.

Қазір Астана қаласы да 50 смарт-қаланың қатарына кіруге ұмтылып отыр. Бұл бағыттағы маңызды қадам – болашақтың энергиясын өндіру және қолдану бойынша жаңа технологияларға арналған, табысты өтіп, Қазақстанның атын әлемге тағы бір таныстырған ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесі.

Page 90: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

90

Смарт-білім беру, смарт-кітапхана, смарт-кампустер және тағы басқаларды дамыту бойынша жеке бағдарламаларды ендіруге кіріскен университеттер санының өсуі смарт-технологиялардың қоғам өміріндегі шешуші маңыздылығының дәлелі. Бірақ, көбіне техниканы қолданумен байланысты смарт-тенденциялардың айқын басымдылығымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен рухани-адамгершілік саланың даму деңгейлерінің арасында алшақтық байқалады. Барлық смарт-жобаларда ғылым мен техника жетістіктерінің көмегімен өмір сүруге жайлы жағдайлар жасаумен байланыстырылған біржақты түсінік басым. Яғни, smart city ұғымы өте тар мағынада – адам өмірінің сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-ды қолдану арқылы қамтамасыз ету – мағынасында түсінілген бо-лып шығады. Бұл түсінік бойынша тұрғын үй-коммуналдық са-ласы, инфрақұрылымдық жүйелерді үнемді және экологиялық тұрғыдан қолдану, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы қазіргі заманғы мәселелерді шешу мәселелеріне басты назар аударылады.

Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің айқын байқалып отырған жағымды нәтижелерімен қатар, олар белгілі бір аксиологиялық мәселелерді де туындататынын атап өту қажет. Бір жағынан алғанда, қазіргі заманғы технологиялар еңбектің си-патын, өмір сүру салтын, ойлау үлгісін өзгерту арқылы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін, өзін танытудың және қоршаған ортамен арақатынастарының шекараларын кеңейтеді. Екінші жағынан, жаңа технологиялар қоғам дамуының басым факторы-на айналып, өздерінің даму қарқыны бойынша адамның рухани-адамгершілік жетілуі деңгейінен асып түсіп отыр. Қоғамның адамгершілік деңгейінің оның техникалық даму деңгейіне сәйкес келмеуі – ерте ме, кеш пе – адамзатты күйретеді. Сол себепті, қалыптасқан жағдай қоғам дамуының қазіргі заманғы тенден-цияларына сай келетін құндылықтық-адамгершілік саланы қалыптастырудың жаңа түрін қажет етеді.

Осы мәселені саналы түсіну – ұлы ойшыл әл Фарабидің аты берілген университеттің «Al-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобаны жасауына негіз болды. Осы жобаның идеялық негізі – кемеңгер ғалым сипаттаған ізгілік қаласы. Әмбебап рухани құндылықтар мен ең жақсы өмірге жету мақсатында ынтымақтасу оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Қазіргі за-

Page 91: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

91 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

манмен үндестік осы жерде байқалады: XXI ғасырда университет қалашықтарының деңгейін оларда инфраструктуралардың бо-луы, қаржылық және материалдық ресурстардың молдығы секілді көрсеткіштер арқылы ғана анықтауға болмайды. Қазіргі заманғы университтеттер адамгершілік дамудың жоғары деңгейіне ие болуы тиіс және олар ұлттың рухани құндылықтарын өндіруді қамтамасыз ететін интеллектуалды қалаларға айналуға міндетті. «Al-Farabi university smart city» жобасын жүзеге асыру қазіргі заманғы формация университетін құруға бағытталған. Мұндай университетте қызметтің екі құрамдас бөлігі – технологиялық және рухани-адамгершілік – қатар және үйлесімді дамиды. Олардың синергизмінің негізінде қазіргі заманғы қоғамның дамуының жаңа жолдарын ұсынып отырған университет қаласының жаңа сапасына көшуге болады.

Қазақ ұлттық университетінде қазір бұл міндетті табысты шешуге қажетті барлық алғышарттар бар. Соңғы жылдарда университет қызметінің барлық бағыттары бойынша кешенді модернизациялау табысты жүргізілді. Кластерлік әдіс негізінде факультеттер қалыптастырылып, кафедралар біріктірілді. Басқарудың тиімді жүйесінің маңызды сипаттамаларына – өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеуге ұмтыла отырып, уни-верситет нәтижеге бағытталған менеджмент, еңбекті рейтингті бағалау, әлеуметтік серіктестік принциптері және кері байланыс механизмдері жүйесін жүзеге асыруда.

ҚазМУ-да біртұтас корпоративтік желінің, «Е-campus» моделінің, smart-кітапхананың енгізілуі университет ұжымының шығармашылық, ғылыми және кәсіби потенциалын дамытуға ықпал етеді. Смарт-университет моделі сынақтан өтетін айрықша алаң – студенттерге қызмет етудің жақында құрылған «Керемет» біртұтас орталығы. Бұл – ұжымдық өзара көмек, жоғары этикалық стандарттар және әлеуметтік жауапкершілік негізінде әлеуметтік маңызды қызмет көрсетудің жаңа деңгейі енгізілетін «ізгілікті қала». Осындай «ізгілікті қала» тұрғызуда жинақталған тәжірибе смарт-университет моделін жүзеге асыруда қолданылатын болады.

Ақылды университет инновациялық ойлар мен жаңа техно-логияларды енгізуді дамытуға ықпал ететін инфрақұрылымсыз мүмкін емес. Ғылым саласында пайда болған идеялар өндіріс са-ласына өте тез жетіп, өнімге айналуы тиіс. Осы мақсатта ҚазМУ-да «Идеялар генерациясынан оның коммерциялануына дейін»

Page 92: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

92

атты технологиялық дәліз құрылды. Технопарк, бизнес-инкубатор жұмыс жасайды, халықаралық тәжірибе негізінде екі ірі кластер – инновациялық және биомедициналық – қалыптастырылуда, олар университетті әлемдік деңгейге көтереді. Осылайша, университет-те – «Al-Farabi university smart city» моделінің маңызды құрамдас бөлігі – ғылыми-технологиялық платформа қалыптастырылды. Осы платформаның негізінде еліміздің инновациялық экономи-касының «өсу нүктесі» жасалуда .

Смарт-модельдің ажырамас бөлігі болып табылатын рухани-адамгершілік ортаны дамыту үшін университетте жаңа корпоративтік идеология енгізілді, ол оқытушылардың корпоративтік мәдениеті кодексі мен студенттердің ар-намыс кодексіне негізделген. Университеттің әлеуметтік пәрменді жо-балары ерекше рухани-адамгершілік ортаны қалыптастыруға бағытталған, олардың міндеттері – тәрбие нәтижесінің жаңа сапа-сына жету.

Әл-Фараби атап көрсеткендей, тәрбиенің негізгі мақсаты – адамды өзінің мінезіндегі теріс сипаттарды жеңіп, жағымды сипаттардың қалыптасуына ықпал ету. Ежелгі ойшыл адам-дарды «оларды бақыттың шыңына, ізгілікті қала құру жолында кедергі болатын жаман ниеттерден, өшпенділіктен бас тартуға» шақырды.

«Айналаңды нұрландыр!» әлеуметтік жобасы студенттерді «ізгіліктерге» баулуды мақсат етеді. Бұл жобада университеттік корпорацияның әрбір мүшесіне жарқын және жасампаз ниеттерді қоғамда насихаттау міндеті жүктелген. Адамның бойындағы адамгершіліктің жоғары деңгейде көрініс табуы тақырыбына пайымдай отырып, университет студенттері эссе жазу ісіне бел-сене қатысады, пікірталас алаңдарын ұйымдастырады. Өздерінің күнделікті істерінде еңбекқорлық, адалдық, шынайылық, мейірімділік, мақсатқа ұмтылыс, жауапкершілік және басқа құндылықтарды басшылыққа алатын болса, олардың әрқайсысы қоршаған ортасын жақсартуға өз үлесін қоса алады.

Жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеудің нәтижелі құралы – оларды әдебиетке тарту екені белгілі. Әдебиеттің адам санасына әсері зор, кітап оқу толыққанды тұлғаны, оның адамгершілік бағдарларын қалыптастырады. Өкінішке орай, бүгінгі күні, басқа жоғарытехнологиялық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, кітап өзінің беделін аздап жоғалтты. Бірақ оның

Page 93: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

93 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

маңызды міндеті – ғасырлар бойы жинақталған білімдер мен тәжірибелерді сақтап, келесі ұрпақтарға жеткізу – өзекті болып қала береді. «100 кітап» университеттік жобасының аясында әлем әдебиетінің және ұлттық әдебиеттің ең үздік шығармаларынан тұратын тізім ұсынылған, студенттер олардың арасынан 100 кітапты таңдап, оқып шығулары тиіс. Студенттер кітаптардың көмегімен өздерін өздері тәрбиелейді, үлгілер мен идеалдар іздеп, өздерінің істері мен қылықтарын кейіпкерлердің істерімен салыстырады, адамзат жинақтаған тәжірибені қабылдап, өз тұлғаларын жетілдіреді.

Адам бақытының басты шарты – денсаулық, «дені саудың жаны сау» деп халық бекер айтпаған. Салауатты өмір салты жас ұрпақтың өмірлік ұстанымына айналу үшін университетте «Саламатты дене мәдениеті» жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде көптеген шаралар кешені қабылданған, бұл шаралар дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы студенттердің бойында сау, күшті және қайратты болуға ұмтылуды тәрбиелеуге бағытталған. Әл-Фарабидің ізгілікті қала басшысының бірінші қасиеті ретінде тәннің жетілгендігін, мықты денсаулықты ата-уы кездейсоқ емес. Өз тәніңді өзің қалыптастыру және оны жетілгендікке дейін жеткізу, бойыңдағы әлсіздіктерді жеңу өз қолыңда екенін түсіну – дүниені жаңаша қабылдауды, өз күштеріне сенімді, кез-келген істе табысты болуға мақсатталғандықты және өзің үшін жаңа көкжиектерді ашуды туындатады. Саламатты және әдемі тән мәдениетінің қайтадан жаңғыруы – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін денсаулыққа апаратын жол.

Педагогикалық тәлімгерлікті қайта жандандыру, маман-дарды дайындауда құзырлылық әдісін жүзеге асыру, студенттік өзін-өзі басқарумен қатар, баяндалған пәрменді әлеуметтік жобалардың бәрі әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың мықты рухани-адамгершілік және интеллектуалдық платформасын қалыптастыруға ықпал етті. Бұл платформа университеттің жаңа көзқарасының «өсу нүктесінің» негізіне айналды. Осылайша, ҚазМУ-да қалыптастырылған екі платформа, екі «өсу нүктесі» – технологиялық және рухани-адамгершілік концептердің сим-биозына негізделген «Al-Farabi university smart city» жобасының тірегі. Бұл модель қазіргі заманғы адамзаттың гуманистік құндылықтарды жоғалту және адамгершілік өзін-өзі құрту тенденцияларының сау және өркениетті альтернативасы болуы

Page 94: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

94

тиіс. Біздің қоғам үшін маңызды бұл істе бірінші көмекші және тәлімгер – үйлесімді философиялық концепт құрған және со-нау көне дәуірден бізге өзінің дана кеңестері мен түсіндірмелерін жеткізіп тұрған әл Фараби.

Шығыстың ұлы ойшылының әділеттілік пен адамшылық салтанат құрған қоғам туралы идеяларымен қазақ халқының бақытты өмірі және Қазақстанның тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде әлем картасында мәңгілік өмір сүруі туралы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы үндес. Ақылды университеттер – интеллектуалдық ұлттың, еліміздің адами капиталының сапасын көтерудің кепілі. «Al-Farabi university smart city» моделін жүзеге асырып және өз тәжірибемізді кең тарата отырып, біз Қазақстанның әлемнің да-мушы елдерінің қатарына қосылуына лайықты үлесімізді қоса аламыз.

Әл-Фараби философиясына негізделген осындай жобаның университет деңгейінде қолға алынуы оның ізгілік қаласы және оның басшысы туралы ілімінің нақты іске асуын көрсетеді. Ел-басы жоғарыда аталған мақаласында: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамыры-мызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп, прагматизм мәселесін көтерген болатын [1]. Олай болса, әл-Фарабидің ізгілік қаласының шағын үлгісін жасауға ұмтылу, оны Қазақстан деңгейінде насихаттау – осы прагматизмнің жақсы нұсқаларының бірі.

Әл-Фарабидің мұрасын әлемге танытуда маңызды рөл атқарып отырған тағы бір шара – Фараби оқулары. Қазіргідей қиын заманның өзінде Қазақ ұлттық университетінде биыл биыл үшінші рет өткізіліп, әлем ғалымдарына танымал ғылыми форумға айналды деуге болады. Оған жыл сайын Грекия, Иран, Түркия, Франция, Финляндия, Ресей және тағы басқа елдердің фарабитанушы ғалымдары қатысатын, фарабитанудың ғана емес, қазіргі заманғы адамзат дамуының барлық мәселелерін қамтитын пікірталас алаңы ретінде қалыптасты.

ҚазМУ – философиялық білім беру ошағы ретінде де белгілі. Бұл салада да тәуелсіздік жылдары қомақты жетістіктерге жетті. Кеңес заманында елімізде жалғыз философия факультеті жұмыс істеп, болашақ философтарды дайындау тек орыс тілінде ғана жүргізілсе, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап тағы екі универ-ситетте философтар дайындала бастады, оларда қазақ топтары

Page 95: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

95 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

ашылды. Қазақша ойлап, оны орысша жеткізуге мәжбүр болып қиналған заманмен қош айтысқанымыздың өзі бір ғанибет. Қазіргі таңда «Философия» мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары философия ғылымын қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілінде табысты меңгеруде. Мамандар дайындау ісінің ғылым мен білімнің интеграциясының негізінде жүргізіле бастауын жақсы жаңалық ретінде атап өткен дұрыс.

Әрине, қазіргі заман талабына байланысты оңтайландыру нәтижесінде факультет құрамында философия кафедрасы-нан басқа тағы бес кафедра бар, факультеттің міндеттері мен мақсаттары да өзгерістерге ұшырады. Соған қарамастан, фило-софия кафедрасы антика заманынан келе жатқан «Философия – барлық ғылымдардың бастауы» қағидасын ұстана отырып, өзінің жұмысын жан-жақты бағыттарда табысты жүргізіп келе жатыр және өзіне мынадай міндеттерді қойып отыр: оқу үдерісінің және профессорлар құрамының сапасын жақсарту, халықаралық қатынастарды кеңейту, каедраның ғылыми-ізденістік қызметін күшейту, халықаралық Thomson Reuters, Scopus базаларын кіретін ғылыми журналдардағы жарияланымдар санын арттыру, «Al-Farabi university smart-city» ғылыми-инновациялық жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысу және т.б.

Кафедра гранттық қаржыландыру бойынша жарияланған байқауларға үзбей қатысып келеді, нәтижесінде кафедра әл-Фараби философиясын зерттеу және Қазақстанның евразиялық дамуы тақырыптары бойынша ізденістерін жалғастыруда. Ка-федра ғалымдары философиядағы инновациялар, білім беру философиясы, қазіргі заманғы қазақ философиясының өзекті мәселелері, әлеуметтік философия, философияны оқыту мето-дикасы, Қазақстандағы жастар саясаты, ғылымның тарихы және философиясы, қазіргі заманғы медиатехнологиялар және т.б. салалардағы зерттеулерде айтарлықтай табыстарға жетті.

Республикадағы жетекші философиялық кафедра ретінде философияны оқытудың қазіргі заманғы мәселелерін күн тақырыбынан түсірмей, үнемі талқылап отырамыз. Соңғы жылы «Философияны оқыту: мәселелері және перспективала-ры», «Философияны оқытудың инновациялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциялар өткізілді. Университет басшылығының қолдауымен кафедраның жанынан ғылыми-білім беру орталықтың ашылғаны да жақсы жаңалық

Page 96: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

96

деп ойлаймыз. Бұл орталық біліктілікті арттыру, республикалық жоғары оқу орындары магистранттары мен докторанттарын ғылыми тағылымдамадан өткізу, дипломдық жұмыс жазу бой-ынша кеңестер беру, конференциялар ұйымдастыру және т.б. жұмыстарды өткізу арқылы кафедра қорына қаржы құю көздерін тауып, жаңа заманның жаңа талаптарына философтардың да бейімделе алғанын дәлелдеді.

Кафедра философия ғылымының болашағы – жастар-ды тәрбиелеуге де аса көңіл бөледі. Қазіргі уақытта кафедрада студенттердің төрт клубы жұмыс істейді: «Кіші Фараби академия-сы», «Homo SLS», «Smart-cinema» және «Философиялық кездесу-лер». Студент жастарымыз осы клубтардың жұмысына белсене қатысып, философияның ғажайып әлеміне терең бойлауға, оның өзекті мәселелерімен және көрнекті тұлғаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алып отыр. Болашақ философтардың өз мамандықтарына деген қызығушылық арттыру мақсатында Дүниежүзілік Философия күніне арналған жас ғалымдардың ғылыми конференциясы үзбей өткізіліп келеді.

Жыл сайын өткізіліп отырған философия Олимпиадасына, философиялық эсселердің республикалық конференциясына жа-стар республиканың түкпір-түкпірінен қатысады. Бұл жарыстар жалпы интеллектуалдық ойдың, философиялық пайымдаудың ерекше бір мерекесіне айналып үлгерді.

Қос дипломды білім беру бағытында да жақсы бір қадам жа-салып, кафедраның екі магистранты Б.Ельцин атындағы Урал Федералдық университетінің философиялық антропология және философия тарихы кафедрасының оқу бағдарламасын аяқтады. Бұл игі істерді әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Кафедраның білім ордаларымен байланысы нығая түсуде. Студенттер, магистранттар мен докторанттар АҚШ-тың Техас, Огайо және Калифорния, Голландияның Амстердам, Оңтүстік Кореяның Хангук, Сеул, Финляндияның Ювяскюля, Грекияның Афина, Түркияның Стамбул университеттерінде, Ресей Ғылым академиясының Философия институтында және тағы басқа философиялық орталықтарда тәжірибеден өтіп, қызықты теориялық материалдар мен өмірлік тәжірибе жинап қайтуда. Бір сөзбен айтсақ, болашақ философтар дайындау ісі қазіргі таңда қызу жүріп отыр.

Ойымызды қорыта келсек, егемен елдің егемен философия-сын қалыптастыруға, осы айтуға ғана оңай, ал шындығында қиын

Page 97: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

97 1 тарау. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық-мағыналық зерделенуі

да күрделі іске отандық философтар бір кісідей жұмылып, оны табысты атқарып шықты. Бұл қазақ философиясының зерттеу кеңістігін кеңейтіп, данышпандықтың әлемдік үлгілерін тереңдеп игеруге, қазақша философиялық ұғымдар мен терминдерді қалыптастыруға да ықпал еткені сөзсіз және осы бағыттағы ізденістер Философия, саясаттану және дінтану институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философтарының ғылыми жобалары аясында қазір де жалғасуда.

Қазақстан философтарының басын біріктірген Философия-лық Конгресс құрылып, оның философтардың қоғамдық Халықаралық федерациясына мүше болып қабылдануы да ауыз толтырып айтарлық жетістік. Жақында ғана өткен екінші Конгре-сте қазақ философиясының дамуы сараланып, жаңа мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Отандық философ мамандар қоғамның идеологтары ретінде жалпы қоғамдық сананы қалыптастыру, оны өзгерту, өзіндік са-намен байланысын күшейту ісіне белсене араласып келеді. Олар биліктің жаңа идеяларын, ұстанымдарын дайындауға қатысумен шектелмей, кеңінен талқылап, жер, тіл, дін, адам құқығы сияқты күрделі мәселелер бойынша сыни пікірлерін ашық айтып оты-рады және оның оң нәтижесін бұқаралық сананың мазмұнынан байқауға болады.

Сананы өзгерту оңай іс емес, ол болмыстағы өзгерістерден баяу жүретіні белгілі. Десек те, жалпы халықтың, әсіресе жастардың, қоғамның зиялылары мен көзі ашық топтарының философияға қызығушылығы артты. Тарихта қараңғылық жайлаған Орта ғасырдан кейінгі жарқыраған Ренессанс дәуірінде осындай құбылыс болған. Дәл сол кездегі секілді ұзақ уақыт тиым салулар шеңберінен аса алмаған, ұрандар мен қағидалар көлеңкесінде қалған адам тәуелсіздік заманында халқының дүниетанымы, өзі, өмірі, қоршаған ортасы, басқа адаммен арақатынасы секілді сұрақтардың жауабын философиядан іздей бастады. Түбінде бұл ізденістер бүкіл қоғамның өзгеруіне игі әсерін тигізері күмәнсіз.

Әрине, философия саласындағы жағдай керемет деуден аулақпыз. Жоғарыда қысқаша шолу жасалынған жұмыстың сыр-тында қоғамның аз ғана тобын құрайтын, ғылыми көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары әртүрлі болғанымен өз істеріне адал, ұйымшыл философ ғалымдардың тәуелсіздік дәуіріндегі тыным-сыз еңбегі жатыр. Қордаланған мәселелер де жеткілікті, бірақ олар

Page 98: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

98

біртіндеп шешімін тауып келеді. Егемен ел философиясының болашағы жарқын екені анық!

Әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. 2017, 12 сәуір.

2. Сегизбаев О.А. История казахской философии. От первичных архаичных представлений древних до философии развитых форм пер-вой половины ХХ столетия. – Алматы, 2001. – 456 с.

3. Ильин И.А. Философия и жизнь. Проблемы духовной культуры и религиозной философии. – Берлин, 1923. Т. 1. – С. 81.

4. Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. – Алматы, 1994. – 234 с.

5. Нуржанов Б., Ержанова A. Культурология в новом ключе. – Ал-маты, 2011. – 372 с.

6. Нысанбаев Ә.Н., Есім Ғ. Халықтық дүниетаным // Егемен Қазақстан. 1991. 14 тамыз.

7. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. – Алматы, 2011. – 348 б.

8. Ғарифолла Есім. Сана болмысы. – Алматы, Ғылым, 1996. – 194 б.9. Ғарифолла Есім. Хакім Абай. – Алматы, Атамұра, 1994. – 204 б.10. Абайдың философиясы мен дүниетанымы. – Алматы, Ғылым,

1995. – 184 б. 11. Полани М. Личностное знание. – М., 1985. – 299 с.12. Әбішев Қ.Ә. Философия. – Алматы, Дәуір, 2001. – 264 б.13. Мұтанов Ғ.М. және тағы басқалары. Әл-Фараби және қазіргі за-

ман. – Алматы, 2014. – 239 б.

Page 99: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

99 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

2 тарау. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН СИПАТТАРЫ

2.1 Қазіргі Қазақстан мәдениет философиясы: дәстүр мен

жаңашылдық аясында

Қазақстан Республикасындағы жаңа мәдени үрдістер. 1991 жылдан Қазақстан үшін тәуелсіздік заманы келді.

Қазіргі постиндустриалдық қоғамда әдеп негіздерінің, тұлға мен қауымның, әлеуметтік тұтастықтардың арасалмағы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Ақпараттық қоғамда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даралану (индивидуализация) үдерістері бұрын-соңды болмаған қарқынға ие бола бастады. Жаңа әлеуметтік жағдайда ұжымшылдықтың бұрынғы формалары (социализм, корпоративтік құрылымдар, аграрлық мәдениеттен қалған қауымшылдық, т.т.) өздерінің нормативтік мүмкіндіктерінен ай-ырылып, тарихи шектілігін анық аңғартты.

Индивидуалдану жағдайындағы теңсіздік бұрынғы таптық сипаттағы басымдылығынан айырылып, тұлғалық белсенділік пен жасампаздыққа негізделе бастады. Марксизм тілімен айтқанда, тапсыз капитализм орнықты. Индивид әлеуметтік реттелген қатынастар аймағынан шығып, өзі дербес өмірін айқындаудың орталығына айнала бастады.

Постиндустриалдық қоғамда тек аумақты әлеуметтік құрылымдар ғана емес, сонымен бірге бұрынғы қоғамдардың ұясы – отбасы да күрделі өзгерістерге ұшырап кетті. Жеке-дара амбициялар қалыптасқан отбасылық тұрақтылықты шайқалтып жіберді, «келісімді некелер» көбейе бастады, гендерлік қатынастар бірінші орынға шықты. Басқаша айтқанда, дарала-ну үдерістері өздерінің құндылықтық нәтижелерімен (еркіндік, шығармашылық, жасампаздық, таңдау, т.т.) қоса дәстүрден арылған, әсіре индивидуалдандырылған мәдени кеңістікте жаңа қайшылықтар мен ауытқуларды тудыра бастады.

Page 100: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

100

Дараландырылған мәдени-әлеуметтік бірлестіктің өзіндік са-насына постмодернизм жатады. Өйткені соңғының негізгі қағидаты – орталықтандырудан бас тарту. Соңғы жылдары постмодернизм жан-жақты талқыланды және арнаулы әдебиет те жеткілікті. Бұл мәдени феноменді тура мағынасында «модерннен кейінгі» деп қабылдасақ, онда одан капитализм мен социализмнің теке-тіресінен кейін қалыптасқан өркениеттілік үлгісін аңғаруға бола-ды [1]. Енді постсоциалистік әлемдік тәртіп американдық үлгінің толық жеңісін білдіреді деп жариялаушыларды да тудырды. Ф. Фукуяма өзінің атышулы «Тарихтың ақыры?» атты еңбегінде енді батыстық либерализмге ашқандай балама жол жоқ, ол түбегейлі жеңіске жетті деді [2]. Алайда қазіргі тарих либерализмнің жеңіске жетуіне күмән да келтіруге негіз бола алды. Біз бұл жерде қазіргі көпполярлық әлемдегі ұлттық және діни қақтығыстардың белең алып кеткендігін еске салып отырмыз. Қанша ма жеке адам құқықтарын қорғаймыз деп жар салғанымен (либерализмнің ба-сты қағидасы), қазіргі посткапиталистік (немесе постсоциалистік) билеушілер жаңа империалистік әлемдік тәртіпті орнатқысы келді. Бұған АҚШ-тың «халықаралық терроризмді құртамыз» деп Ауғанстан мен Иракта соғыс ашуы да мысал болады. Баяғы «ақ нәсілдік адамның тарихи мисиясы» және «төменгі нәсілдерді өркениеттендіру қажеттілігі» теориясымақтары еріксіз еске түседі.

ХХ ғасырда бірнеше жаңа мифтер өрістеді. Солардың біріне мұқтаждықтан арылған, тұлғалық қатынастар құқықпен үйлесімді реттелген қоғам мұраты туралы утопия жатады. Бұл утопияның марксистік және жаңа либералдық үлгілері бар. Соңғысын Ф. Фукуяма тарихтан кейінгі қоғамда идеология да, философия да, қақтығыс пен мүдделер күресі де жоқ бірлестік деп суреттеді [2].

Алайда қазіргі өркениеттілік бағдарларын объективтік тал-дау аталған «жерұйықтың» әлі алыс екендігін көрсетеді. Базистік мұқтаждықтарды өтеу мүмкіндігі мүдделер қақтығысын шеше алмайды. Адамның әдептік тұлғалық қасиеттері жетілгенімен, олар жеке адамның бірлесе, қауымдаса өмір сүруге ұмтылысын бекерге шығара алмайды. Егер «Мен» тек өзім үшін ғана өмір сүрсем және ешкімге керегім болмаса, онда менің өзімнің де қажетім жоқ.

Таптық қоғамның қозғаушы бір факторына аштықтан қорқу жатса, онда жаңа ақпараттық қоғамда тұлғалық таңдау алдын-

Page 101: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

101 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

да үрейлену пайда болды. Осы жөнінде У. Бек – «адам қаншама бай тұтынушы қоғамда өмір сүргенімен, болашағы жөніндегі қорқыныштан арылмайды» дейді [3].

Осы үдерістің көптеген себептерінің арасында шектеусіз дара-лану ерекше орын алады. Бұл шектеусіз даралану батыстық ойшыл-дар арасында, мифологиялық реттелген қоғамның ақыры келді деген ілімдерді дүниеге әкелді. Бірақ индустриалдық өркениеттің реттелген құрылымдарынан құтыла бастаған жеке адам жаңа әлеуметтік тұтастықтардың құрсауына түседі. Гипершындық бұрынғы материалды немесе субъективті шындықтан да адам тіршілігін шектеп тастады. Көптеген батыс ойшылдары осы жаңа жағдайда «қаупі мол өркениет» қалыптасты дейді. Олардың ара-сында экологиялық, тар мамандану, денсаулық, жаңа кедейшілік қауіптерін атап өткен жөн. Басқаша айтқанда, шексіз дарала-ну әлеуметтік қауіпті өркениет үлгісін тудырады. Рухани өмірді айтқанда тұтынушылық қатынастар, құнсыздану мен жатсыну шегінен шығып кетеді. Индивидуалдандырылған қоғамда жатсы-ну жеке адамның өзіндік тағдырынан туғандай болып көрінеді. Бәріне «өзім кінәлімін» деген ұстаным А. Камю суреттеген адамдық шарасыздыққа әкелуі әбден мүмкін [4].

Адам мен әлеуметтік тұтастықтың арасындағы мәдени үйлесімділіктің бұзылуынан туған құнсыздану мен жатсынудың жаңа формалары Қазақстан сияқты жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдарда ерекше байқалады. Бұл мәселе енді ғана теориялық талдаудың объектісіне айналып келе жатқандықтан, ғылыми және көпшілік әдебиеттегі кейбір көзқарастарға салыстырмалы сарап-тау беріп, сосын өз тұғырнамамызды анықтайық.

Бұл мәселені басқаша қарастыратын ұстанымдар да жеткілікті. Әсіресе, этноцентристік дүниетанымда жекешілдік, Меншілдік ұлт мүддесіне қарсы келеді деген ой айтылады. Қазақ ұлтының жалғыз мемлекетінде бірегейлену этникалық деңгейінде өту керек делінеді. Алайда, ұлттық бірегейлену абстрактылы ұран болып қалмауы керек. Ұлттың өзі адамдық Мен төңірегінде заман талаптарына сай модернизацияға ұшырап отыруы қажет. Мыса-лы, Орталық Азияның постсоциалистік ұлттарын нақтылы алсақ, онда олардың капиталистік те, социалистік те, демократиялық та, монархиялық та тәжірибелері жоқ екендігіне көз жеткізу қиын емес. Басқаша айтқанда, патриархалды-рулық өзіндік сана мен тоталитарлық құрылымдардың тарихи тұйыққа апарып тірейтіні

Page 102: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

102

сөзсіз. Әрине, жоғарыдағы ойларды тек оппозицияның өкілдері ғана емес, сонымен бірге ресми билікті жақтаушылар да айтады. Қазақстан сияқты жаңарушы қоғамда азаматтық құрылымдар бірден пісіп-жетіле салмайды. Жекешіл дүниетанымды орнықты ету орасан зор талпыныс пен ерікті қажет етеді. Осы мәселенің мәдени-философиялық жақтарына назар аударайық.

Утопиялық коллективизм мен бұрмаланған жекешілдіктен басқа Мендік сезім өркениеттілік құндылықтарымен үйлесімді тоғысқан қоғамға өту күрделі үдеріске жатады. Мәселенің әлеуметтік-мәдени маңызды қырына өтпелі қоғамдағы таратылған (кейде жойылған) әлеуметтік құрылымдардың орнында қайтадан құрастырылған жаңа қоғамдастықтар мен адамдық бірлестіктерді сараптау жатады. Жаңа қоғамдастықтар адамның индивидуалдық табиғатына сәйкес ұйымдастырылуы қажет. Марксизмнің қоғамдық адам жобасының жүзеге аспау себебі осы ілімді дәйексіз жүргізуі емес. Мәселе индивидуализм мен коллективизмді бір-біріне қарсы қоюда да емес. Шын мәніндегі жекешілдік эгоизм мен альтруизмді де, сұхбат пен ынтымақтасты да, мораль мен құқықты да бекерге шығармайды. Индивидуализм тұлғасыздандырылған әлеуметтік жүйелермен үйлеспегенімен, мәдени архетиптер-ге («коллективтік бейсаналық негіздер»), ұлттық діл мен рухқа, комплиментарлық бірегейленуге әр уақытта сүйенеді. Сол себепті әрбір жеке адамға ұлттық тарих пен мәдени мұра, мифтер мен аңыздар, батырлық жырлар және т.б. ауадай қажет [5].

Орталықсыздандыру (постмодерндік) мәдениетінде басқа-рушы және бақылаушы орталықтардың құрсауынан босаған индивид үшін таңдау мүмкіндігі ұлғайды. Потенциалды транс-формацияның нәтижесінде және бұрынғы мұраттардың жоғалуы жеке тұлғаны, бір жағынан, белсенділікке, алға ұмтылуға, жасампаздыққа жетелесе, екінші жағынан, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауы арқылы енжарлыққа, сенімсіздікке, түңілуге, қоғамға жат қылықтарға апаруы мүмкін.

Қазіргі қазақстандық рухани мәдениетте басқа да қиындықтар жеткілікті. Егер тоталитарлық жүйеде қоғам мемлекет ішіндегі бағынышты тетікке айналса, онда көптеген посткеңестік елдер-де қоғамдық құрылымдар мүлдем еленбей қалды: бір жағынан, өзінің мәнді белгілері бойынша тұлғасыз көпшілікке (масса) айналған халық бұқарасы бар. Екінші жағынан, жүйелер теория-сы бойынша, құрылымы біртиптес тұтастық түбінде деградацияға

Page 103: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

103 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

ұшырайды. Әрине, Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерінде жаңа әлеуметтік-мәдени құрылымдар қалыптасып жатты. Алай-да олар билеуші топтың белсенділігіне қатысты болды. Халықтың онда ісі аз болды.

Халықтың бұқаралық мәдениеттің теріс жақтарын өз бой-ына жылдам сіңіріп алуының тарихи себептері бар. Біріншіден, еліміздің негізгі тұрғындары қазақтар мен орыстар ғасырлар бойы қауымшылдық ділде әрекет етті. Мысалы, Ресейдің «ал-тын ғасырындағы» соборлық идея жеке индивидтің ар-ожданы негізінде қоғамдасуын білдіреді. «У ішсең де, руыңмен іш» деген қазақтар менталитеті айтпаса да түсінікті. Жоғарыда дәстүрлі мәдениеттегі тұлға мен қауымның арақатынасы белгіленген. ХХ ғасырдың аяғында дейін ол өз тұрақтылығын сақтап келді. Социалистік құрылыстағы «коллектившілдік» турасынан алғанда қауымшылдықтың ерекше түріне жатады.

Бұл сипатта мына бір теориялық қағиданы ескеру қажет: қоғамдастық, қауым, неше түрлі коорпоративтіктер (клан-ру, діни ұжымдар, отбасы, мамандық, спорттық бірлестіктер, клуб-тар, мүдделері құрылымдар, т.т.) адамдық келісімнің нәтижесінде өмірге келеді және оған тәуелді болып отырады. Сол себепті тұлғалық және әлеуметтік бірлестіктер тарихи-релятивтік болып келеді. Қоғамдастықтың салыстырмалылығы әлеуметтік-мәдени феномендерінің де шарттылығын тудырады. Мысалы, КСРО тарағаннан кейін отарсыздану үдерістері әлемдік өркениеттіліктің басқа тарихи жағдайында өтіп жатыр. Өйткені ХХ ғасырдың 60-ы жылдарындағы отарсыздану Батыс метрополиясы емес, бұрынғы метрополияның үлкен болса да бөлігінде жүрді. Сол себепті этнократиялық ұстаным тарихи үдерістердің жалпы бағытына сәйкес келмейді, индивидуализмге негізделген қоғамды құру үшін батыстық немесе ресейлік құндылықтардан алшақтамай, қайта олармен ұлттық архетиптерді сақтай отыра конвергенцияға бару қажет.

Тоталитарлық қоғамдардың терең әдептік құрылымдарында өркениеттік дағдарыстар жатыр. «Өркениет» термині бұл жерде адам мен қоғамның барлық деңгейлерін біріктіре ала-тын құрылымды білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке арналмаған жоғары сапалы индивидуалдық құндылықтарды көздейді. Ұлтшылдық ескі индустриалдық қоғамның туын-дысы. Ақпараттық өркениетте индивидуалдық құқық норма-

Page 104: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

104

лары қоғамдық мүдделерден жоғары қойылады. Ғаламдану ұлттық «шекараларды» бұзып отырады. Бұл жерде екі бағыттың күресі қазіргі әлемдік өркениеттердің қарым-қатынастарының мазмұнына айналды. Осы екі бағытқа ғаламдану мен ұлттық-мемлекеттік төлтумалықты сақтау жатады.

Бұл, әрине, тым «қоюланған» сценарий. Жалпы ғаламдану мен постиндустриалдық өркениеттің теріс жақтары жөнінде жеткілікті жазылған. Біздің назар аударатын мәселеміз: осы постиндустриалдық қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Басты жауап: Үшінші толқын мәдениет, құндылықтар мен мо-ральды индивидуалдандырды. Орталық өзінің көптеген функция-ларын шет аймақтарға бере бастады. Өйткені өзгермелі қоршаған ортада ақпарат орталыққа жеткенше ескіріп кетуі мүмкін. Тотальдық иерархиялық құрылымдар тиімді нәтижелерге жете алатын мобильдік топтармен ауыстырыла бастады. Индивидуалистік мәдениет өндірістік-әлеуметтік қатынастармен бірге білім беру саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік бағдарламалар бойынша стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсін тексеру постиндустриалдық өркениет талаптары-на сәйкес болмай шықты. Елдерді сандық өлшемдер бойынша салыстырудың орнына келген адамдық даму индексінің (білім деңгейі, өмір ұзақтығы, тіршілік сапасы) тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім берудің орнына мақсаттық, дара, арнаулы білім беру де сонша тиімді.

Бұқаралық емес мәдениетте азшылықтың рөлі ерекше арта-ды. Үндемейтін көпшілік индустриалдық немесе тоталитарлық қоғамдарға тән. Бір мақсатты көздеген миллиондар шектеусіз қиратушы күшке, массаға айналып кетуі мүмкін [6]. Егер осы мил-лиондар өздерінің индувидуалистік мақсаттарын жеке түсініп және осының негізінде үйлесімді әрекетке барса, онда біз орнықты дамитын өркениет үлгісін көреміз. Кейін тарихшылар жалпыға бірдей дауыс беруді және көпшілік мүддесін ескеруді архаикалық рудимент деп қарастыруы мүмкін.

Бір жағынан, маркстік философияда шынайы ұтымды нақтылы жалпылық деген ұғым бар. Оны тұтастықтың жеке ерекшеліктері айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға болды. Саяси жағынан индивидуалдандырылған қоғамдағы демо-кратия өкілеттік емес, тікелей қатысушы демократиямен ауыса-ды. Егер сайлаған өкілдер біздің көзқарасымызды дәйекті жүргізе

Page 105: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

105 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

алмаса, онда өз көзқарасымызды өзіміз жүргізуіміз керек. Мыса-лы, «электрондық парламент» арқылы; Интернет жүйесін де естен шығармаған жөн. Мәселе қашанда орталықсыздандыру арқылы шешіле бермейді. Мәселені шешудің жолы – жауапкершілікті арттыруда. Экзистенциализмнің терминімен айтқанда, кез кел-ген адам барлығы үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді әдепсіз қоғам пайда болады.

Жоғарыда келтірілген қағидалар қазіргі өркениеттілік тен-денцияларын сараптаудан алынған. Енді осы тенденциялар мен қазіргі Қазақстан шындығын салыстыра қарастырайық.

Осыдан бұрын аталып өткендей, Қазақстандағы тоталитарлық жүйені қазіргі өркениеттілік үлгілерімен (нарық, азаматтық қоғам, демократия, т.т.) ауыстыру жергілікті элитаның белсенділігімен және қол жеткен тәуелсіздікті нығайту ұрандарымен жүргізілді. Еркіндік пен теңдік арасындағы дисгармонияны болдырмау тұлғалық және әлеуметтік мәдени құндылықтардың арасындағы амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап, нақтылы та-рихи жағдайларды ескере отырып, үйлестіру шаралармен бай-ланысты. Бұл жерде жалпы үлгі, схема жоқ. Сонда да әлемдік тәжірибелерден тағылым алған артықшылық болмайды. Мысалы, Латын Америкасында өткен рестратификация мен жекешелендіру элита мен халық бұқарасының арасында терең шатқалдың пай-да болуына әкелді және көпшіліктегі сауатсыздық пен саяси мәдениеттің төмен деңгейі экстремизм мен терроризмнің пайда болуына себептер болды. Осы сияқты құбылыстарды Ауғанстан сияқты мұсылман елдерінен де байқауға болады.

Егер Қазақстанда өтіп жатқан рестратификация мен десоциа-лизация үдерістеріне назар аударсақ, онда сол «латынамерикандық дамудың» жаңа түрлерін аңғаруға болады. Мысалы, соңғы жыл-дары бұқаралық ақпарат құралдарында (әсіресе, теледидарда) «зомби» туралы жиі айтылып жүр. Аталған ұғымның көркемдік, көпшілік мәдениетінде – табыстық-кассалық мағынасынан басқа рәміздік (символдық) мазмұны бар. «Тірі өлік» немесе зомби деп көптеген жағдайда рухани мәдениеттен тыс адамды айта-ды. Зомби тарихи-мәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге жақын типтік ұғымға «мәңгүрт» жатады. Ш. Айтматовтың көреген бейнесі кейін әлеуметтік-мәдени рәмізге айналғаны белгілі. Осы ұғым жөнінде арнаулы талдау біршама жеткілікті болғандықтан, оның кейбір жақтарына ғана назар аударайық. Тәуелсіздік жыл-

Page 106: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

106

дарында рестратификация мен бірегейлену біздің елімізде этникалық доминанттар ықпалымен (тәуелсіздікті, егемендікті, жер мен ел тұтастығын сақтау, т.т.) жүргізілгендіктен, кейбір зерттеушілер қазақ мәдениетіндегі екі субэтнос (қазіқ тілді және орыс тілді қазақтар) туралы жазып жүр. Біздің ойымызша, осын-дай бөліністің кейібір негіздері болғанымен қазіргі өркениеттілік үдерістері мен индивидуалданған қоғамда оның жасандылығы да айқын көрініс табады. Басқаша айтқанда, этносты тілдік негіз бой-ынша жіктеу мәдениеттанулық у-хрония мен у-топияға жатады [8]. Архаикалық және патриархалдық-кландық сананың белгілі бір өкілдері орыс тілді қазақ мәдениетінде мәңгүрттік белгілер бар дегенді де шығарады. Өйткені олар үшін рухани мәдениет қоршаған орта мен заман талаптарына оқшауландырылған мұражай сипаттас болып келеді. Бұл сана ежелгі туысқандық қатынастарды адамдық пен кісіліктің жоғарғы үлгісі деп жа-риялады. Қазақстанда бұрын «ауыл – ұлт тірегі» деген тіркес «ұлтжанды» интеллигенция өкілдері тарабынан жиі айтылады. Ауыл шаруашылығына жүргізілген деколлективизациядан соң оның да мәнділігі азайып, ауылды жаңғырту бағдарламасының жағымды мүмкіндіктері де бар екенін мойындау қажет. Қазіргі постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның төмендегідей қасиеттері жоғары бағаланады: автономдық, атомарлық, жасампаздық, еркіндік, шығармашылық. Осындай дара тұлға үшін ең басты әдептік ұстын – «құлдық ділден» арылу. Ол «коллектившілдік нарциссизмнің» де мәнісін түсінеді. Орталықсыздандырылған дискурс постмодерндік әлеуметтік мәдениеттің басты белгісіне жатады. Адам – негізгі капиталға айналды және бұл жай айтыла салған сөз емес.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік-мәдени типтер.Қазіргі қазақстандық мәдениеттегі негізгі мәдени-әлеуметтік

типтерге көшейік. Мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени-әлеуметтік тип ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.

Дәстүршіл тип. Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байла-нысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік т.б.). Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық

Page 107: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

107 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары т.б.) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл – жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.

Дәстүр сөзі арабшадан шамамен «ереже», «заң» дегенді білдіреді, кейбір араб елдерінде ол «конституция» мағынасында қолданылады [9]. Қазақ тарихында дәстүр дала заңдары мен ислам шариғатының үйлесімді қосылуының нәтижесінде қалыптасқан. Жаңашылдық пен дәстүрлер – мәдениет дамуы үдерісінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі қасиеттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, «инерциялық» – бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мәдениеттің барлық форма-ларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, ұлттық, еңбек және басқа дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыс-пайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді.

Дәстүрлер жүйесі қоғамдық жүйенің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез келген мәдениеттің әмбебап сипаттамасы. Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әртүрлі арақатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Норма-дан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады

Дәcтүр турaлы мифолог, түркітaнушы C. Қондыбaй былaй дeйді: «Дәcтүр» жөніндeгі мeнің түcінігім бір жaғынaн Р. Гeнон, Г. Вирт cияқты ғұлaмaлaрдың гипeрборeялық «Ілкі

Page 108: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

108

Төр» (Изнaчaльнaя Трaдиция) үғымымeн caбaқтacып жaтыр, қaзaқтaрды (түркілeрді) aтaлмыш Дәcтүрдeн бacтaу aлғaн хaлық рeтіндe қaбылдaй отырып, тeк әлгі ғұлaмaлaрдың ұcынғaн «Ілкі Төрдeгі aрийлaрдың біріншілігі” жөніндeгі тұжырымынa бaлaмa рeтіндe «Ілкі Төрдeгі түркілeрдің біріншілігі»дeгeн тұжырымды ұcынaмын. Eкінші жaғынaн, оcылaрдың бaрлығының дa бүгінгі қaзaқ үшін, оның рухaнияты үшін тым бұлыңғыр дүниe болып тaбылaтындығын ecкeрe отырып, бaрыншa нaқтылы уaқыт пeн кeңіcтіккe қaтыcты дәcтүр жөніндe aйтaр болcaм, «қaзaқ дәcтүрі» дeгeніміз — cоңғы 7-8 мың жылдық уaқыт пeн 10-15 миллион шaршы шaқырымдық кeңіcтіктe мeкeндeгeн caнcыз ұрпaқтaрдың өзaрa caбaқтac шығaрмaшылығының eң cоңғы қорытындыcы. Зиялы түгілі, ортaшa cтaтиcтикaлық қaзaққa өздeрінің тeгінің бaйырғы қaзaқcтaндық тaйпaлaрдaн, мәceлeн, caқтaрдaн нeмece aрийлaрдaн бacтaуды, cолaрдaн бeргі caбaқтacтықты дәлeлдeп жaтудың пәлeндeй қaжeттілігі жоқ, қaзaқ үшін ол — aкcиомa [10]. Caбaқтacтықты дәл, нaқтылaп көрceту — тиіcті ғылыми caлaлaрдың шaруacы, оcындaй тізбeктeгі caбaқтacтықтaрдың caнын, уaқыт мөлшeрін, кeңіcтік aуқымын қac қaғым cәттe, көз aлдымыздa (яғни, іc жүзіндe уaқыттық пeн кeңіcтіктік өлшeмдeрді жоқ қылып жібeріп) өткeн әрeкeт дeп, бacқaшa aйтқaндa, бір ғaнa нүктe нeмece қобдишa түріндe қaбылдaу — рухaният үшін eң бacты шaрт оcы. Яғни, мәceлe — оcы caбaқтacтыктың бaр eкeндігінe құр тaмcaнудa eмec, қaзaққa қaтыcты бaрлық нәрceні тaуып aлуғa болaтын Қобдишa түріндe қaбылдaуғa қол жeткізудe болып отыр. Әринe, мұндaй cиқырлы қобдишa үнeмі толы болу үшін іздeну қaжeт. Дәcтүр дeгeніміз дe — caбaқтacтық «моншaқтaрын» бір жіптің бойынa тізіп қойғaн тacпиық нeмece әлгі aйтылғaн қобдишa. Кeрeк моншaқты caуcaқ ұштaрымeн жылжытып оты-рып тaуып aлуғa нeмece қобдишa қaқпaғын aшып көcіп-көcіп aлуғa болaды. Өткeнді тaни білу aрқылы бүгінгі жәнe болaшaқ қaзaқ үшін қaжeтті жaуaптaр мeн үлгілeрді, қaрым-қaтынacтaрды тaбуғa болaды. Әлбeттe, олaрды cол күйіндe көшірe caлуғa болмaйды, көнeні пaйдaлaну жaңa зaмaнғa caй болуы шaрт» [10] дeп дәcтүр мeн жaңaның үйлecімді болуын aлғa тaртaды. Бұл ойғa толығымeн қоcылaмыз, ceбeбі дәcтүр әр eлдің caн ғacырлaр бойғы тaрихы, aл жaһaндaну aяcындa «инновaция», «модeрнизaция» үрдіcтeрі үcтeмдік eтіп, өзeктіліккe иe болып жaтқaн күннің өзіндe дәcтүрді ыcырып қойып, aлғa қaдaм жacaу мүмкін eмec.

Page 109: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

109 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Ceбeбі дәcтүрcіз eл, өткeнінe мән бeрмeй aлғa ұмтылу көзіңді тac жұмып ілгeрі жылжумeн тeң. Бұл жaғдaйдa нeгe тaп болып, нeгe ұрынaрың бeлгіcіз.

Рeнe Гeнон «жaһaндық дәcтүршілдіктің» нeгізін қaлaушы, ол Бaтыcтың интeллeктуaлды элитacынa тeрeң әceр eткeні cоншaлық, тіпті оның бaтыc мәдeниeтін cынғa aлуы Мaркcтің кaпитaл мeн aдaм жaтcынуынa қaтыcты cынын бacып озды. Гeнон Құдaйғa ұмтылғaн, бaр ғұмырын дәcтүрдің құдірeті мeн құпияcын aшып көрceтугe тaлпынғaн тұлғa. Оның пікіріншe, дәcтүр aдaм мeн оның aйнaлacындaғылaрды үнeмі құнaрлaндырып отырaтын көзқaйнaр. Оның ізбacaры Гвидо дe Джорджио: «Aдaм eмec, тeк мaшинa ғaнa бaғaлaнғaн, aдaмдaр Құдaйдың құлы eмec, мaшинaның құлынa aйнaлғaн, күйзeліcкe ұшырaғaн мынa зaмaнды Гeнон түпcіз тeрeңдe қaлғaн дәcтүрді нұрын шaшқaн cәулe рeтіндe жacaнды жaрық aрқылы нәрлeніп отырғaн, қaрaңғы қaлғaн aдaмзaтқa дәcтүрдeн тыc eштeңe жоқ, ол бaрлық бacтaмaның көзқaйнaры eкeндігін дәлeлдeп бeрді...» [11].

Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған үстірт қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәcтүр мeн ұжым eтeнe біріккeндe бір орындa тұрaқтaп қaлу мәceлecі туындaйды. Оcы орaйдa Ф. Бэ-кон дәcтүрді «тeк бір орындa тeжeліп қaлaтын, aры қaрaй дaмуғa итeрмeлeмeйтін үрдіc» дeп cынғa aлaды.

Дәcтүр мeн жaңaшылдықтың өзaрa үйлесімді әрeкeттecуі нәтижесінде инновациялық әлеуметтік-мәдени тип қалыптаса алады. Қaзіргі тaңдaғы acқaн өзeктіліккe иe болып отырғaн «Инновaция» тeрминінe түcініктeмe бeрeтін болcaқ, яғни, жaңaшылдық түcінігі aғылшынның «innovation» cөзінeн шыққaн, жaңaның eнуі, жaңaшылдықты eндіру үрдіcі, новaция дeгeн мaғынaны бeрeді. «Инновaция» түcінігі aлғaш рeт ғылыми зeрттeулeрдe XIX ғacырдың ортacынa тaмaн пaйдa болa бacтaды жәнe бұл кeзeңдe aтaлғaн тeрмин бір мәдeниeттің элeмeнттeрін eкінші мәдeниeткe eндірумeн, әcірece, eуропaлық үлгіні дәcтүрлі aзиялық жәнe aфрикaлық қоғaмдaрғa үлгі eту рeтіндe түcіндірілді. Aтaлғaн тeрминді 1912 жылы aвcтриялық жәнe

Page 110: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

110

aмeрикaндық экономиcт, әлeумeттaнушы Иозeф Шумпeтeр өзінің «Экономикaлық дaму тeорияcы» aтты eңбeгіндe қолдaнды. Бacтaпқыдa экономикaлық тұрғыдa қолдaнылғaн түcінік, қaзіргі тaңдa қоғaмдық өмірдің әлeумeттік, caяcи жәнe рухaни caлacын дa қaмтиды. Оcы ceбeптeн бұл мәceлeні филоcофиялық-әдіcнaмaлық жәнe мәдeни тeориялық тұрғыдaн мaзмұнын толықтыру қaжeттілігі туындaды. Инновaциялық үдeріcтeр турaлы бacтaпқы кeшeнді зeрттeулeрді П.Ф. Друкeр, Дж. Б. Куинн, К. Лeвин, Г. Мюлгaн, Дж. Зaлтмeн, X.Г. Бaрнeттa, Т.A. Туминa, Р. Дaнкaн cияқты бірқaтaр зeрттeушілeр жүргізгeн болaтын.

Инновaциялық мәдeниeттe жaңaшылдық дәcтүршілдікті бacымдыққa aлaтыны мәлім. Оның нeгізгі бeлгілeрі төмeндeгідeй:

– өмір құндылықтaрының дeңгeйлeрінің, морaль, әдeт-ғұрыптың өзгeріcкe түcуі;

– мәдeниeт нормaтивтілігінің әлcірeуі. Ұжымдық бacтaудың орнын индивидуaлизм бacaды. Тұлғa aвтономияcының өcуі, өмірлік мaқcaт, идeaлды өзіндік aнықтaу. Тұлғa eркіндігі – мaңызды құндылықтaрдың бірі;

– шығaрмaшылықты дaмытуғa қолaйлы жaғдaй жacaу, оның нәтижeлeрін әлeумeттік тұрғыдaн мойындaу. Өнeр, ғылым, тeхникa, білімнің, caуaттылықтың тeз қaрқынмeн дaмуы. Cыни caнaның пaйдa болуы. Aдaмзaт caнacының күшінe дeгeн ceнім.

Инновaциялық мәдeниeт өндіріc пeн тұтынудың дaмуын үдeтe түceді. Қоғaмның тeхникaлық жәнe әлeумeттік-экономикaлық дaмуынa жaғдaй жacaйды, aдaмзaт тaрихының жaлпы тeндeнциялaры болып тaбылaтын дәcтүрлі мәдeниeттeн инновaциялық мәдeниeткe дeгeн қaдaмдaры [12].

Жaлпы «инновaция» түcінігінің болмыcы әмбeбeп болып кeлeді. Aтaлғaн фeномeн экономикaлық тeорияның бaрлық шeкaрacын бұзып, жaлпы қоғaмдық cипaтқa иe болды, қоғaмдық өмірдің бaрлық caлacындa көрініc тaпты. Мaғынacының дa aуқымы кeңeюдe. Aл мәдeни-филоcофиялық тұрғыдaн инновaция қоғaмдық өмірдің өзгe caлaлaрының, қоғaмдық қaтынacтaр, дәстүр, мәдeниeт, шығaрмaшылықтң дaмуымeн тікeлeй бaйлaныcты. C.Ю. Крючковaның «aдaмзaт қызмeтінің жaһaндық aядa көрініc тaбуы инновaция болып тaбылaды жәнe ол тeк жaңaшылдықты қaлыптacтырып, оны тaрaту үдeріcі ғaнa eмec, бұл жaлпы өмір үлгіcінің, ойлaу cтилінің дe өзгeруі» дeгeн пікірімeн кeліcугe дe болaды [13].

Page 111: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

111 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Жaңaшылдық – жaңa eндірудің күрдeлі, көпcaтылы әлeумeттік үдeріcі, қоғaмдық өмірдің caн caлacының жaңa элeмeнттeрді игeруі мeн интeгрaциялaнуы, оның нәтижecіндe әлeумeттік қaтынacтaр мeн өзaрa әрeкeттecу жүйecіндe мaңызды өзгeріcтeр жүзeгe acaды. Бұл үдeріc қоғaмның дaмуындaғы оңтaйлы үрдіcтeрдің орын aлып, жaңa әлeумeттік бaйлaныcтaр мeн қaтынacтaрдың, жaңa рухaни жәнe интeллeктуaлдық қaжeттіліктeрдің, жaңa әлeумeттік-мәдeни нормaлaрдың, жaңa әлeмeттік инcтитуттaр мeн ұйымдaрдың қaлыптacуынa әкeлeді.

Жaңaшылдықтың acтaрындa caн түрлі жaңaлықтaр, жaңa aшылулaр жaтыр, бұл дaмудың өткeн caтыcынa көз жүгіртсек, aдaм қaжeттіліктeрін қaнaғaттaндыру мeн қоғaмдaғы өзгeріcтeргe бaғыттaлғaн түрлі жaңaлықтaрдың жиынтығы екендігін білеміз. Қоғaмдaғы инновaциялық үрдіcтің ceбeбі – өндіріcтік құрaл-жaбдықтaр әрбір eкі жыл caйын өзгeріп отырaды. Бұғaн (яғни, өзгeріcкe) күш бeрeтін – өндіріcтің жәнe қоғaмның бaрлық іc-әрeкeттeріндe aқпaрaттың кeң көлeмділігі. Aл өндіріcтің жaңaруы мeн тиімділігінің жоғaрылaуынa aдaм бaлacы, оның білімі, тәжірибecі, қaбілeті, шығaрмaшылық мүмкіндіктeрі өз ықпaлын тигізeді. Инновaциялық мәдeниeттің нeгізгі мaқcaты – ecкі (өткeн шaқ, «клaccикa»), қaзіргі (оcы шaқ, «модeрн») жәнe жaңa (болaшaқ, «футур») aрacындaғы тeпe-тeңдікті қaлыптacтыру жәнe оны caқтaу. Инновaциялық қaбылдaу ecкі, қaзіргі жәнe жaңaдaн aлaтыны тeң көлeмді болмaғaндықтaн, кeй кeздeрі, ecкінің бөлінуінe, қaзіргінің мобильдeнуінe жәнe жaңaның экcпaнcияcынa түрткі болaды. Әрбір ұлт, хaлық, қоғaм, жeкe aдaм мәдeниeті өзгeшeлігін оcы үштіктің өзaрa тәуeлділігі қaмтaмacыз eтeді. Инновaция мeн дәcтүрді қaрaмa-қaрcы қою дұрыc eмec. Дәcтүрді қaндaй дa бір дaмудың қaжeтті шaрты дeп қaрacтыру қaжeт. Дәcтүрін, өзінің тaрихи ecкeрткішін жоғaлтқaн қоғaм дeгрaдaцияғa ұшырaйды. Өйткeні ұрпaқтaр aрacындaғы бaйлaныc үзілeді жәнe үлкeн әлeумeттік ортaдa мaргинaлизaция процecі, cонымeн қaтaр, бac-қa дa дecтруктивті процecтeр жүрeді. Eкінші жaғынaн, қоғaм өзгeрмeй өмір cүрe aлмaйды. Cонымeн, жaлғacтықтың жaлпы мәдeни принципіндe инновaциялық пeн дәcтүрліктің бірлігі әлeумeттік прогрecтің мaңызды aлғышaрты болып тaбылaды» [14].

Инновaцияның eнуінeн кeйін, нaқты cол дәуірдің дәcтүрінің жойылуынa әкeлeді. Әcірece бұл жaғдaй, қоғaмдaғы дәcтүр әлcіз, тұрaқcыз болғaндa іcкe acaды. Cол кeзeңдe дәcтүр күрдeлі

Page 112: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

112

жaңaшылдықты тaлaп eтіп, инновaция дәcтүрді aлмacтырaды, әлeумeттік-мәдeни ортaны бacымдыққa aлaды. Дeгeнмeн жaңaшылдық дәcтүрдің caқтaу, тeпe-тeңдікті ұcтaу, caбaқтacтық cияқты қырлaрын өз бойынa cіңірe aлaды. Бұл жaғдaйдa дa жaңaшылдықтың қоғaмғa eнуі өтe қиынғa cоғaды. Бір жaғынaн жойылғaн дәcтүр қaйтa жaңғыртылуы дa мүмкін.

Инновациялық мәдениеттің негізгі мақсаты – ескі (өткен шақ, «классика»), қазіргі (осы шақ, «модерн») және жаңа (болашақ, «футур») арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру және оны сақтау. Инновациялық қабылдау ескі, қазіргі және жаңадан алатыны тең көлемді болмағандықтан, кей кездері, ескінің бөлінуіне, қазіргінің мобильденуіне және жаңаның экс-пансиясына түрткі болады. Әрбір ұлт, халық, қоғам, жеке адам мәдениеті өзгешелігін осы үштіктің өзара тәуелділігі қамтамасыз етеді.

Дәcтүрді қaтaң ұcтaнып, жaңaшылдықтың қоғaм мәдeниeтінe eнуінe бaрыншa кeдeргі жacaлaды. Бұл жaғдaйдa дәcтүр жaңaшылдықты толығымeн жояды. Кeз-кeлгeн жaңaшылдық cоциумғa тeк дәcтүрмeн үйлece aлғaндa eнe aлaды. Бұл әрeкeттecтіктің нәтижecіндe жaңaшылдық жойылып, оны дәcтүр бacымдыққa aлaды дa, инновaциялық үдeріcтeрдің дaмуынa мүмкіндік бeрмeйді. Бір жaғынaн дәcтүрдің қaтaң caқтaлуы, жоғaрыдa aтaп өткeніміздeй, қоғaмның тұрaқcыздaнып, конceрвaтизмнің күшeюінe әкeлeтіні aнық. Aл, басқа жaғынaн дәcтүр өзгeргeн инновaциялық контeкcтe әлeумeттік-мәдeни ортaдa caқтaлып тa отырaды. Бұл жaғдaйды қоғaмды бacымдыққa aлғaн дәcтүр, оның тұрaқcыздaнуынa әкeлeді. Оcлaйшa мұндaй өзгeріcтeр әлeумeттік жүйeнің тұрaқcыздaнып, оның ішкі cипaттaры бaғытcыздaнaды.

Дәcтүр мeн жaңaшылдық мәceлecі – бұл күрдeлі қоғaмдық фeномeндeр, зeрттeу aуқымы өтe кeң, өмір болмыcтaрының бaрлық caлaлaрын қaмтиды, көптeгeн пікір-тaлacтaрды дa ту-дырып жaтaды. Cоның ішіндe дәcтүр түcінігін филоcофиялық, мәдeниeттaнулық қырынaн қaрacтырa отырып, нaқты aнықтaмa бeру қиын. Ол қоғaмғa біткeн қaғидa, өзін-өзі ұcтaу жәнe әрeкeт eтудің нaқты бaғдaрлaмacын ұcынaтын ұcтaным. Cонымeн, дәcтүр – діттeгeн бaғыты әлeумeттeну, мәдeни мұрaны қaбылдaуы болып тaбылaтын топтaр мeн индивидтeрдің әлeумeттік бaйлaныcы. Дәcтүр – қоғaмдық қaтынacтaр жүйecі рeтіндe дe түcіндіріліп

Page 113: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

113 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

жaтaды. Ceбeбі, дәcүрдің нeгізі – aдaмдaрдың өзaрa қaрым-қaтынacы, қоғaмдaғы қaтынacтaр. Cоциумдaғы тұрaқтылығымeн, қaйтaлaнуымeн cипaттaлaды. Cонымeн қaтaр ол – мәдeниeттің aқпaрaттық cипaты, мәдeни мұрaны жинaқтaу, caқтaу, жeткізу функцияcы бaр тacымaлдaушы рeтіндeгі әлeумeттік aқпaрaттaрды тіркeйтін eрeкшe формa. Мәдeни қызмeтті іcкe acырудaғы әмбeбaп мeхaнизм жәнe мәдeниeттің дaмуы мeн қызмeт eтуінің әдіcі. Дәcтүрдің болмыcы – ұзaқ уaқыттaр бойы бeлгілі бір қоғaм мeн әлeумeттік топтa өндіріліп, ұрпaқтaн-ұрпaққa бeрілeтін әлeумeттік жәнe мәдeни мұрa жәнe cол жинaқтaлғaн әлeумeттік-тaрихи, мәдeни мұрaның caбaқтacтықтығын қaмтaмacыз eту мaқcaтындa ұрпaқтaн-ұрпaққa жeткізіп отыру. Ол өз бойынa әлeумeттік-мәдeни мұрa объeктілeрін (мaтeриaлды жәнe рухaни құндылықтaр), мәдeни мұрa үрдіcтeрін жинaқтaйды. Дәcтүр рeтіндe бeлгілі бір әлeумeттік үлгілeр, инcтитуттaр, нормaлaр, құндылықтaр, идeялaр, әдeт-ғұрып, caлт, cтиль жәнe т.б. aлуғa болaды.

Aтaқты фрaнцуз филоcофы Рeнe Гeнон бойыншa, «Дәcтүр aдaмғa Тәңірдeн бeрілгeн ілім, «дәcтүр» cөзі, этимологиялық тұрғыдaн aлғaндa бeру, жeткізу, caбaқтacтыру дeгeн мaғынaны ғaнa бeрeді. Киecі біртіндeп өліп, қaрaбaйырлaнғaн бүгінгі дүниe aяcындa ұзaқ қолдaныcтa жүргeндіктeн дәcтүр идeяcының мaғынacы үнeмі бұзылып, aлғaшқы мәнінeн қол үзіп кeткeн. О бacтa дәcтүр түcінігі aдaмзaттaн бізгe бeрілгeн, бізгe жeткeн игілік дeгeн мaғынaны білдіргeн. Aл дәcтүрлі қоғaмдa өмірдің бaрлық caлacы caкрaльдік болғaндықтaн, бaрлық зaт нeгізгі принциптeрмeн бaйлaныcтырa қaрaлaтын болғaн, cондықтaн олaрдың бaрлығы дәcтүр игілігі caнaлып, caкрaльдік білім, caкрaльдік өмірдің бір бөлшeгі рeтіндe кeлecі ұрпaққa «бeрілуі» кeрeк болғaн» [15] Дәcтүрлі қоғaмның нeгізгі cипaттaмacы әлeумeттік құрылымның caкрaльді принциптeрінің көрініc бeруі болып тaбылaды. Ф. Шуон өз кeзeгіндe aтaп өткeндeй, «Бacтaу дeгeніміз Құдaй aдaмғa үндeу тacтaу aрқылы, дәcтүрдің жолымeн жүр дeді, яғни бұл өз бacтaуыңa aдaл болып, тaзaлықты caқтaғaның, мінe бұл бacтaуың, қaйнaр көзің. Мaтeриaлды жaғдaй жоғaрылaғaн caйын, aдaмдaрдың рухaни әлeуeті төмeндeй түceді, caнaлaры «тeхникaлaнып» дaрaлaнaды. Киeлі бacтaудaн тaрaйтын тaрихи үдeріc, қaдір-қacиeті кeткeн әлeумeттілік дәcтүршілдіктің aяcындa жойылып, қaзіргі әлeмнің cипaтынa aйнaлaды» [16].

Page 114: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

114

Әсіре дәстүршіл этномәдени ментальдықтың әсіре бейне-ленген көріністерінің бірі – архаизм. Архаизм – мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталистік», «партикулярлық» сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік.

Бұл мәселені А. Тойнби жан-жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша, архаистік мәдени бағдар мінез-құлық бітімдерінде, өнерде, тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Германия тарихындағы «тевтонизм, таза қанды арийлік» идея-лары мен фашистік-корпоративтік мемлекет құру тәжірибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті тірілту әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим императоры Августың христиандықты көне тайпалық діндермен алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады [17].

Фундаменталистік дүниетаным тіршіліктің негізгі қағидаттарына сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенерацияға ұшырайды. Ал кибернетик Pocc Эшби жабық және кесімді ұйымдастырылған жүйелерде эн-тропия артып, коллапстық қалып туады дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет бүкіл әлемдік зандылықтардан тыс болатын «мәңгі қозғаушы» емес.

Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құңдылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.

Қазіргі Қазақстан Pecnyбликасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне,

Page 115: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

115 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

исламның орнына тәңіршілік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру және т.б. осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу заманында бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттілік құндылықтарға орнын береді.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам – отбасы – мәдени шағын топ – этномәдениет – үлкен өркениет – адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен көлемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген сай-ын комплиментарлықтың деңгейі де азая түседі. Енді архаистік нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі – ата баласы – ру – тайпа – жүз – ұлт. Ары қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа адамдарды ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының тарихынан инкорпорациялық деңгейі жоғары болған этностардың санының тез өскенін байқаймыз. Бұл да ескеретін жайт. Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.

Ұлттық мәдениеттің трансформацияға ұшырау кезеңінде дара тұлғалардың рөлі (көсемдер, данышпандар) күрт өседі. Олар әуелі өз менталитетін жетілдіріп, сосын халыққа үндеу салады. Алайда, әдетте консервативтік топтар оларға қарсы да шығып жа-тады. Халық жаңа өмір салтын жақтаған адамдарға кейде күдікпен қарайды. Мәселе – осындай шешуші арпалыс кезеңде халық өзіне шын жол көрсететін тұлғаларды тани білуінде, қастерлеуінде, соларға құлақ асуында. Сонда ұлт өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп, мұратына жетпек.

Қазіргі таңда, өкінішке орай, орын алып отырған руха-ни тоқыраушылық кез келген адам баласына толық қанды өмір сүруге қиындық туғызып отыр. Яғни, адам баласы өз-өзін толықтай жүзеге асыра алмай отыр. Қоғамдағы бақталастық, жемқорлық, біреудің ала жібін аттау, обал немесе сауап деген түсініктерді елемеу, нәпсіқорлық, әрекеттердегі шектеусіздік, ар-ұятты таптау, адами абыройды аяққа басу деген келеңсіз

Page 116: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

116

әрекеттер осыған кедергі болып отыр. Осындай жағдайлардың болуының себебін қарастырып, осы келеңсіз жағдайлардан шығу жолын табу қажет.

Қазақ мәдениетінің қазіргі таңдағы жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістері дегенде алдымен оның ұлттық мәдениетінің бет-келбеті соншалықты неге айқын емес деген мәселенің басын ашып алуымыз керек. Қазақстандық фило-соф Дәулетбек Раев жазғандай, негізгі қиындықтарды туғызып отырғандығы мыналар:

- батыстық бұқаралық мәдениеттің үстемдік етуі (яғни кең та-ралуы);

- мемлекеттік ұлттық саясаттың шектілігі;- ұлттық мәдениеттің, әсіресе жастар арасында тұрақты бе-

делге ие болмауы;– ұлттық мәдениетті дәріптейтін абыройлы азаматтардың

жеткіліксіз болуы (болған жағдайда, ол азаматтардың қоғам өмірінің өзге салаларына бет бұруы – саясат, сауда-саттық әрекет, т.б.) [18].

Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. «Мәңгүрт» дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.

Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені «әтек» деп те айтады. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан «әтектің» классикалық түріне жа-тады. Мәңгүрттік тип – дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік – сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.

Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:

1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру.

2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шек-

теу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.

Page 117: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

117 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

4. «Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.

Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы – ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.

Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді алайық. Еуропотектік әдебиетті айтпағанның өзінде біздің республикалық басылымдарда кездесетін мынандай пайымдаулардың төркініне көз салайық:

• Қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт.• Көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет»

деген сөз арабша «қала» мағынасын білдіреді. Сондықтан, оны тек отырықшылардың үлесі деп жариялау.

• Жеке зерттеушілер республикада екі тип бар дейді: біріншіден, психидиагностикаға икемді «еуропа орталықтандырылған» тип, екіншісі – этноорталықтың мінез-құлыққа және дінге бағдарланған «ортодоксты-азиялық» тип.

• Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамыз-да ақ нәсілдік тип басым болған, сондықтан олар арийлер деп жа-риялауда кездеседі. Бір тілдік топтың әр түрлі нәсілдерден құралу мүмкіндігін ескерген жөн.

Мәңгүрттік менталитеттік өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір тармағы – әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі. Батыстың мәдени ауысушылықтың белгілері бір жақтары қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау және т.б. осы сияқты құбылыстар мәңгүрттікке апа-ратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме транзиттік

Page 118: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

118

(өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеруге әр уақытта мәңгүрттік мен-талиттен құтқара алмайды.

Кейде мәңгүрттік мәдени типтен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?

Бұл ұғымды американдық әлеуметтанушы Р. Парк енгізген және латын тілінен – «шетте болушы» деп аударылады. Р.Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар америкалық мулаттарын атаған [19]. Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өліара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.

Әдетте маргиналдық ұғымымен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық қатынастардағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда маргиналдар – не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.

Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап бұрынғы ны-саналармен мұраттар көмескіленгенде маргиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қаныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде бұл үдеріс қанше дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі үйреншікті мәдени ортаны тастап қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемде-ле алмай, маргиналдардың санын көбейтті.

Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша маргиналдар-дың алдында екі жол тұр:

- барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып өзінше жаңа бір субмәдениетті қалыптастыру;

- біртіндеп заңдылық аймағынан шектелу [20].Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас

джунглилердегі адасып жүргендердің санын көбейтпеуге ұмтылу қажет. Бұл жерде мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдениеттерімен қарым-қатынасқа түсу тетіктерінен айырылып қалады. Мәдени бейімделуді аккультурациялық үдерістермен теңестіру дұрыс

Page 119: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

119 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани азғындау өріс жаяды.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен енгізу (аккультурация) бағадарламасының орнына «мәдениеттер сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар «жоғары және төменгі» деген бөлуден мәдениеттердің тең қалыпты қағидатын қолдануға көшті.

Еуразиялық мәдени тип. Бұл типті негіздеуден бұрын қазіргі кезде өтімді бір теория – С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әр түрлі суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың (конфликтердің) ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік өркениеттердің ортасында орналасқын. Алайда ТМД-ның кейбір мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың мығым екендігі белгілі.

Мұны көптеген факторлармен түсіндіруге болады. Олардың арасында мәдени фактордың да алатын орны ерекше. Біздің пікірімізше, казіргі Қазақсан Республикасның ішкі жағдайын анықтайтын маңызды және аумақтық мәдени топқа еуразиялық менталитет өкілдері жатады.

Қазақстандағы Ресей ықпалы тек республикадағы үлкен славяндық топтың барлығымен (соңғы деректер бойынша республика халқының санының – 25-30%) ғана емес, қазақ халқының ұзақ жылдар бойы Ресейдің қол астында болуына қатысты. Отаршылдықтың қазақ мәдениетіне тигізген теріс әсерлері жөнінде осыған дейін жеткілікті айттық. Алайда, бірнеше ғасырлар бойы бірге өмір сүрудің нәтижесінде қазақ халқының мәдени құрылымында біраз өзгерістер болды. Бұл үдеріс ең алдымен тілді қамтыды және орыстілді қазақтар (ұйғырлар, өзбектер, татарлар және т.б) мәселесін тудырды. Белгілі елтанушы ғалым М. Тәтімов өз ойын былай түйіндейді:

«Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешуші демографиялық фактор – тілдік ортаның тікелей ықпалымен өз ана тілін жоғалту енді ғана тоқталып, өз ана тіліне оралу үрдісі жаңа ғана күш ала бастады. Демографиялық ахуалымыздың жақсаруы оған тегеурінді ықпал көрсеткенімен, бұл үрдісті тағы да жылдамдату үшін өмірдің әр саласында (мысалы, бала тууды

Page 120: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

120

өсіруден бастап, оларды үйде тәрбиелеуден, мектепте оқытудан, еңбекке баулудан еліміздің мемлекеттік тілін әр салада ресми түрде қолдануға дейін) оған пәрменді жәрдем көрсету қажет. Былайша айтқанда, белсенді тіл саясатын демографиялық шешуші, өзімізге тиімді өзгерістермен ұштастырғанда ғана ол жемісті болмақ, яғни екінші сөзбен айтқанда, ананың тілін атаның күшімен (демографиямызбен) құлпырта аламыз» [21]. Әрине, демографиялық және тілдік факторлардың этномәдениетке тигізетін әсері зор. Алайда, тілден айырылдың деп бұл үлкен топты ұлттық мәдениет аймағынан шығарып тастаған да дұрыс емес. Мысалы, шотландтар мен ирландтар ағылшын тілінде сөйлегенімен ұлттық менталитетінен айырылған жоқ. Осы сияқты республикадағы орыс тілді қазақтардың және басқа да мұсылман халықтарының бірталай ұлттық салт-дәстүр мен діни – мәдениет өрісінен алыстап кеткен жоқ. Мәселе сан-мөлшер мен үлес туралы болып отырған жоқ.

Қазақ халқының ХХ ғ. басындағы мәдени жүйесінде үш бөліктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оларға төлтума дәстүрлі мәдениет, отаршыл мәдениет және батыстық әсер жатады. Еуразиялық мәдени тип дәстүрлі мәдениетті батыстық өркениет жетістіктерімен ұштастыра білген. Арнаулы зерттеулер қазақтардың мәдени диалогқа икемді екендігін көрсетеді. Бұл туралы Абай да жеткілікті айтқан. Тек «дәстүрлі адам» прогрестің антиподы, ал «модернделген тұлғаны» антиподтың антиподы деп қарастырған жасандылық. Осы мәселе төңірегінде Елбасының мына бір орынды ойын келтірейік: «Біз өзіміздің мәдени тамырларымыздан едәуір ажырап қалдық. Оның есесіне өзге өркениеттер әсеріне көбірек ұшырадық. Бұл жақсы ма, жаман ба – өз алдына мәселе» [22, 264 б.].

Әлемдік тарихтан да бірнеше осыған ұқсас жағдайларды келтіруге болады. Бодандық жағдайға түскен еврейлердің алдында екі жол тұрды: бірі – беріспейтін зилоттық тактиканы жүзеге асырып, антикалық Рим мәдениетін түгелдей бекерге шығару. Екіншісі жауды оның құралымен ұру, оның әрбір жүрісін алдын ала аңғарып, қарсы құралды дайындап қоюмен байланысты. Бұл тактика еврей мәдениетіне стратегиялық жеңіс әкелді. Оған қазіргі еврей мәдениеті куә.

Осыған ұқсас құбылыстарды Ресей, Жапония мен Қытайдың батыстық мәдени экспанциясына қалай жауап бергенінен

Page 121: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

121 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

де байқай аламыз. Батыспен кездесердің алдында бұл үш ел реформаларынан кейін Ресейдің батысеуропалық мәдениетке жақындағаны белгілі. Бұл істегі 1 Петрдің қарсыластарын – «ескі сенімдегілер» мен славянофильдерді зилоттық архаизмнің Ресейдегі көріністері деп бағалауға болады.

Жапония мен Қытай батыстық қысымға сәл өзгеше жауап берді. Өздерінің материалдық мәдениет деңгейін батыстық озық үлгілерді қабылдау арқылы көтергеннен соң, Жапония мен Қытай еуропалық рухани экспанцияның алдына тосқауыл қойды. Бұл, әсіресе, Қытайға қарағанда, Жапонияда дәйекті жүргізілді және осының нәтижесінде ол әлемдегі озық бір мәдениеттің иесіне айналды. Көріп отырғанымыздай, еуропалық экспанцияға әртүрлі жауап беруге болады. Қаншама орны толмайтын құрбандықтарына қарамай, қазақ халқы тарихтың бұл сынынан абыроймен шықты деп айтуға болады. Бұл жерде қазақ мәдениетіндегі еуразиялық субтиптің рөлін кеміту дұрыс емес.

Еуразиялық мәдени тип, Гегельдің тілімен айтқанда, «айырылған санаға» жатады, ол Батыс пен Шығыстың арасында ауытқып жүреді. Бұл дәстүрдің ескі үлгісін Ұлы Жібек Жолы мәдениетінен де көруге болады. Бірақ еуразиялық мәдениетті тек Батыс пен Шығыстың ортасындағы буферлік аймақ ретінде қарастыру да сыңар жақтылықтың бір түрі. Өйткені, бұл жерде бір адамзат тарихындағы екі субөркениеттің жай қарым-қатынасынан емес, олардың тұтастану үлгісінің қалыптасуның куәсі болып отырмыз. Азияның кіндігінде адамзат мәдениеті үшін маңызды оқиға жүзеге асты.

Орта ғасырларда эллинистік, арабтық, парсылық, түріктік мәдениеттің тоғысуынан бір Ренессанстың өріс алуын байқасақ, ХХІ ғ. Орталық Азиядағы жаңа өрлеудің басталатыны күмәнсіз. Тек бұл үшін халықтың қажымас қайрат, елдің бірлігі, дәстүр мен заман тұтастығы қажет.

Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйінде тікелей эмпирикадан іздеу қателік болар. Идеалды тип белгілі бір нәрселік саланың эмпириялық көрінісін жалпылау жолында емес, ал осы саладағы мәндіні ой тұрғысынан мұрат дәрежесіне көтеру арқылы қалыптастырылады. Тағы бір ескеретін нәрсе: бұл кестені еуразиялық мәдени типтің болашақ әлеуетін көрсету мақсатында келтірдік. Ал мүмкіндіктің шындыққа айналуы диалектикалық үдеріс.

Page 122: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

122

Қазақстан жағдайында еуразиялық-қазақы тип пен орыс тілді мәдениет өкілдерінің арасында көптеген ұқсастық бар. Әрине, соңғылардың менталитеті әр уақытта православиялық дінге және Ресейдің қамқоршылығына бағытталған. Алайда, Кеңес Одағына қаншама әділ түрде теріс баға бергенімен, бір нәрсені мойындау керек. Халықтар достығы тек жалған ұран емес, қарапайым адамдардың ментальдық қасиетіне айналды. Сол себепті Қазақстанның халқының көпшілігі 1991 жылдың наурызында Кеңес Одағын сақтап қалуды жақтап дауыс берді. Бұдан олар Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы деген тұжырым тумауы керек. Қысқаша айтқанда, өздерін Қазақстан Республикасының азаматттары деп сезінетін еуропа тектестер еуразиялық менталитетке ие болып, республиканың өркениетті елдер қатарына қосылу жолында жемісті қызмет атқара алды.

Еуразиялық мәдени тип өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қазақтың дәстүрлі мәдениетімен тұтасуы қажет. Керісінше болса, онда еуразиялық қазақ мәдениетінің маргиналдық белгілері басым болып, рухани қайнарлары таусылып қалады. Маргиналдық пен шығармашылық бір-біріне қолайлы емес.

Енді жаңа жағдайлардағы қазақтың төлтума мәдени типінің кейбір тенденцияларына, даму бағыттарына қысқаша тоқталып өтейік. Қазақтың төлтума мәдени типінің жүйелік құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері мен олардың әлемдік тарихпен үндестігін алдыңғы тарауларда қарап өттік. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жылдан енді ғана асты. Бұл аз уақыттың ішінде, әрине, жаңа мәдениет қалыптасты деу асығыстық болар.

Сонда да қазіргі дүниежүзілік мәдениетте ХХІ ғ. қарсаңында кейбір адамдық әмбебаптық болмыстың басты бағыттары айқындала бастағандықтан, олардың қазақ мәдениетінің мүмкіндіктері, парадигмалары және бағдарламаларымен салыстыра қарайық.

ХХ ғ. адамзат тарихында өзінің ұлылығы мен әлеуметтік дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетістіктері мен сұрапыл соғыстары, жарқын болашаққа нақтылы қадам басуымен және термоядролық әзәзіл қаупімен ерекше орын алады. Ғасырдың алқашқы жартысында адамзат басынан өткізілген екі дүниежүзілік соғыс заманақыр жақын деген үрей туғызса, олардың аяғына таман планетамызда парасаттылық пен ізгілік

Page 123: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

123 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

күшейе бастады. ХХ ғ. ең негізгі сабағы «біздің бәріміз бір ғарыш кемесінің – Жер деген планетаның жолаушылары» екенімізді түсіну, мұны айтқан ұлы гуманист – Антуан де Сент-Экзюпери.

ХХІ ғ. қарсаңына мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және тұтануы басты тенденцияға айналды. Біз, шынында да, біртектес адамдық мәдениеттің аймағына ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-идеологиялық жікшілдіктен «бүкіладамдық үйге» көшу басталды. Бұл мәселе қазақ мәдениеті үшін де өте өзекті болып табылады. Ішкі жікшілдіктен айырылу, әлемдегі өркениетті елдермен жақындасу, халықаралық қатынастардың тұлғасына айналу қазақ мәдениетіне жоғарғы талаптарды қойды. Тәуелсіз Қазақстанда бұл мәдениет шешуші қызмет атқарады әрі басқа этникалық топтардың және субмәдениеттердің дамуына және бір-бірімен келісімді болуына жауапты. Қазақ ұлтының жаңа мемлекеттік деңгейі және оның мақсаттары туралы Президент былай деді: «Ұлт мемлекетсіз өмір сүре алмайды, құрып кетеді. Өз кезегінде ұлттың жойылуы, оның мемлекетінің өмір сүруін мәнсіз етеді. Мәселенің қатаң диалектикасы осындай. Сондықтан, қай ұлтқа жататынына қарамастан барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі мен барлығының заң алдында тең ұстанымын жүзеге асырушы біздің мемлекетке тұрғылықты ұлт – қазақтардың мүддесі жекеленген жағдайда бірқатар мемлекеттерде орын алып отырғандай ерекше бөліп айтылатыны да әбден орынды» [22]. ХХІ ғ. бет бұрған көшке берекесі кеткен мәдениет қосыла алмайды.

Қазақ мәдениетін тағдыр қысымынан сақтап қалған құдіретті күштің бірі ана тілі екендігі белгілі. Қазақ болашағы оның тілінің трмыстық-отбасылық деңгейден халықаралық қарым-қатынас, өнер мен ғылымның жоғары бітімдерінің құралы дәрежесіне қатысты екндігі жөнінде де аз жазылып жүрген жоқ. Бұл сипатта тілдік Ренессанс қажет және оның бағдары барлық еуропалық терминді шығыс сөздерімен ауыстыруда да емес. Мысалы, моральды «ақылақпен», класты «сыныппен», философияны «пәлсапамен» алмастырумен ұтыстар шамалы болар. Әрине, тілдің қолдану тәжірибесінде соңғы кезде енген ұтымды терминдер де жеткілікті. Тіл мәдениетін көтерудің маңызды бір мәселесі – кириллицаны латын алфавитімен алмастыру. Бұл туысқан халықтардағы және әлемдегі тенденциямен үндес.

ХХ ғ. тағы бір сабағы тоталитарлық жүйелердің дәрменсіздік көрсетіп, «демократия», «азаматтық қоғам», «құқықтық мемле-

Page 124: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

124

кет», «адамның бостандығы» ұғымдары мен ұстанымдарына негізде оған өркениетті жаңа мыңжылдыққа қарай нық қадам басуында. Мұны кейде батыстық либерализмнің жеңісі деп те бағалайды. Осындай топшылаудан жасандылық пен сыңаржақтылық көрініп тұр. Әлемнің мозаикалық құрылымы, этностардың, мәдениеттердің, дәстүрлердің, құндылықтардың сан алуандылығы батыстық модель-үлгі жеңіп шықты деген тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Жоғарыда аталған әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біз сол «таза» күйінде емес, ұлттық менталиет пен мәдени дәстүрлерге үйлестіре қабылдауымыз керек.

ХХ ғ. аяғында әлемдік мәдениетке қалыптасқан тағы бір ахуал озық технологияны гуманистік этикамен үйлесімді қосу талпынысы. Біздің заманымыздың ұлы ойшылдары А.Швейцер, М. Ганди, Л. Толстой, Тейяр де Шарден, Э.Фромм және т.б. адамгершілікті негізігі құндылық деп жариялап, Шәкәрім «ар білімі» деп атаған этиканы ғылымдардың ішінде бірінші орынға қойды. Бұл туралы әлемде көп айтылып-жазылып жүрумен шектелмей, нақтылы істер де жүзеге асуда. Мысалы, бұрын әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне, тауар өндіруге байланысты салыстырулар етек жайса, соңғы жылдары БҰҰ мемлекеттерді адамдық даму индексі бойынша сараптайды.

Республикада адамгершілік мәдениетін дамыту бағытында аз істер істеліп жатқан жоқ. Бұл ретте жас қауымды халықтың дәстүрлік адамгершілік нормаларына, ұстанымдарына, ереже-леріне үйлесімді тәрбиелеумен қатар, қазіргі заман талаптарына сәйкес өркениетті елдерде басты назар аударылатын этикет ережелерін де білуге және күнделікті өмірде орындауға құмарту қажет.

Адамгершілік мәдениетін қалыптастырғанда әдептің құқықпен жақын екендігін, қоғамда тәртіп пен заңдылықты реттейтіндігін естен шығармаған жөн. Келеңсіз көрініс рушылдыққа қайтып келсек, оның коррупция, таныстық, енжарлық, өктемдікпен байланысты екендігін байқауға болады.

Қазақстандағы бұрынғы қоғамнан қалған адамгершілікке жатпайтын әлеуметтік типтерге «пысықтар» мен «шолақ белсен-ділер» жатады.

Қазақ мәдениетін қарастыруды «нарықтық адам типі» төңірегіндегі мәселелермен аяқтайық. Ғасырлар бойы адамзат рухани мәдениет өзімшілік пен пайдакүнемділікке қарсы құбы-

Page 125: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

125 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

лыс дегенге сеніп келді. Бұл, әсіресе, көне қоғамдағы биологиялық тылсым күштер мен пендешілікке тежеу мақсатындағы мәдениеттіліктің баламасы ретінде ұсынылды. Адамгершілік пен руханилықты сақтап қалатын құрал ретінде, мұрат беру ұстанымдарын ғұламалар мен саясатшылар қарама-қарсы тұрғыдан түсіндіріп келеді. Ең көп тараған қағиданы былай тұжырымдауға болады.

Әділеттілік пен теңдік бір нәрсе. Қоғамдағы қайшылықтарды шешу үшін бір орталыққа негізделген құндылықтарды тепе-тең үйлестіру жүйесін құру қажет. Оның тетігін ұстап тұратын адам немесе әлеуметтік топ «ортақ мүдде» дегенді басшылыққа алуы керек. Сонда ғана үйлесімді қоғамдық құрылым қалыптасады.

Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында талай төңкерістер, соғыстар, қантөгістер, «тап күресі» болғандығы, талай трактаттар мен ғылыми еңбектердің жазылғандығы, өзін әділетті деп жариялаған патшалардың, диктаторлардың, көсемдердің болғаны тарихтан белгілі.

Алайда ХХ ғ. аяғына таман адамды бағалау мен оның әрекетінің жемісін тұтынудың нарықтан басқа әділетті тетігін адамзат әлі ойлап тапқан жоқ деген қорытындыға келдік. Нарықтың негізгі принципі – жеке адамның өзі үшін белсенді әрекетін қоғамдық байлықты арттыруға бағыттау. «Егер мен өзім үшін болмасам, кім онда мен үшін», – дейді нарық адамы. Нарықтың төрешісі – ұсыныс пен сұраныстың арасалмағы.

Нарықтық адам өзін тауар, ал өзінің құндылығын айырбас өлшемі деп бағалайды. Тұлғалар базарында табысқа жету үшін адам өтімді, модаға сәйкес, құны жоғары болуы тиіс. «Қанша – бағалансам, соншама – бақыттымын» – дейді нарық адамы. Нарықтың тағы бір негізі – меншік. Ал меншіксіз адам әлеуметтік жағдайларға тым тәуелді екен. Көріп отырғанымыздай, нарықты дінге айналдырып, оған табынауға болмайды. Ол – қажеттілік. Қажетілікті меңгеру үшін, оны танып біліп, оны адам ырқына пайдаланған жөн. Нарықтық адамның жағымдылық құндылықтарына белсенділік, жауапкершілік, іскерлік, жағымпаздық, нақытылық, мақсаткерлік және т.б. жатады. Оның теріс жақтарында қатыгездік, өзімшілдік, тік мінезділік, әсіресе рационалдық, есепшілдік, тұрақсыздық, дәйексіздік, принципсіздік, құрал таңдамау, дәстүр сыйламау сияқты қылықтарды көреміз.

Page 126: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

126

Нарықтың тегіс жақтарын жақсы түсінген өркениетті елдерден кәсіпкерлікті тек технологиялық әрекетпен шектелмей, оны әдеп жүйесімен толықтырады. Сондықтан «бизнес этикасы» қазіргі жоғары дамыған елдердегі алдыңғы қатардағы пәндерге жатады. Бұл сипатта, өркениетті нарық деген ұғым қалыптасады.

Нарық рухани мәдениетке әзірше онша қолайлы болмай тұр. Өркениетті елдерде мәдениет әр уақытта қоғам мен мемлекет тарапынан көмекке сүйенеді. Мәдениетке қаржы мынандай көздерден түседі: 1) мемлекет бюджеті; 2) халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер; 3) ұжымдар мен жеке азаматтардың жәрдемдері. Міне, осы іс бізге жетіспейді. Қаржы тапшылығына қарамай мемлекет пен азаматтық қоғам мәдениетке қарай бетбұрыс жасау өте қажет. Бұған қосымша мынандай шаралар ұсынамыз: а) халықтың, оның әртүрлі әлеуметтік және демографиялық нақтылы әрі шынайы мәдени талап мұқтаждарын зерттеу және анықтау керек. Мұны тек ғылыми зерттеу Мәдениет институты жүзеге асыра алады; ә) мәдениет саласы қызметкерлерінің материалдық және рухани ахуалын түбегейлі жақсарту; б) балалар мен жасөспірімдердің мәдени қалыптасуын арзанқолды бұқаралық мәдениеттің зиянды үлгілерінен арашалап, оларды дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде ғасырлар бойы қалыптасқан өзіміздің төл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасымен таныстыра отырып, өнерге баулу.

Жаһандану кеңістігіндегі Қазақстан мәдениеті.Әлемдік өркениеттік кеңістікке Қазақстан жаһандану

жағдайында еніп келеді. Бұл үрдісте Батыс өркениеті әзірше басымдық танытып келеді. Рәмізі белсенді фауыстық адам болған, Батыс өз экспансиясын, артта қалған халықтарды отарлау сая-сатынан басқа, сол кезде әрекет етіп тұрған шығысазиялық (Жа-пония, Қытай), оңтүстіказиялық (Үндістан) және жетекші елі Осман империясы болған исламдық және православиялық (Ре-сей) өркениеттерінде үстемдік жүргізуге бағыттады. Тек қана ХХ ғасырда Батыспен қатар әлемдік мәселелерді шешуге қатысқан КСРО, Қытай, Үндістан, ислам елдері тарихи сахнаға шықты. Бе-керден-бекер С. Хантингтон қазіргі сегіз суперөркениеттер тура-лы айтып тұрған жоқ. Әлем көпқырлы, көпжақты бола бастады. Бірақ осы кезден вестернизацияның қарқыны бәсеңсіді деп айту да қиын. Кеңес Одағы тарқап кеткеннен кейін батыстандыруды жүзеге асырушыға АҚШ айналды және ол жаһандану үрдістері кеңмәтінінде болып жатты.

Page 127: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

127 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Батыс өркениеті дегенде, еуропалық қоныс аударушылар-мен бірге жаңа құрлықтарға аяқ басып, тамыр жайған, сөйтіп тек еуропалық қана емес, адамзат өркенитетінің дамуына ықпал еткен өркениет туралы айтамыз. Жаңа дәуірдегі еуропалық өркениет пен мәдениет туралы айтқанда Америка Құрама Штаттары, Ка-нада, Австралия және белгілі дәрежеде Ресей жайлы сөз болаты-нын да есте ұстауымыз қажет. Батыс жаңа дәуірдегі еуропалық принциптер мен құндылықтарға негізделген өркениеттің бүкіл әлемдік манифестациясы десек артық айтпағандық болар. Өйткені, ХVІІ-ХХ ғасырлар аралығында бұл өркениет типі адам-зат тарихында өз қолтаңбасын қалдырды Батыс өркениетінің қойнауында дүниеге келген ағартушылық идеясы уақыт өте басқа елдерді де қамтып, әмбебапты құбылысқа айналды. Осындай талас тудырмайтын жетістіктерімен қатар Батыс өркениетінің өзіндік осал тұстары жоқ емес еді. Уақыт өте Еуропаның келбеті өзгерді, оның бойында индустриалдық қоғам белгілері айқындала бастады. Ғылым мен парасатты ту етіп көтерген Еуропаның ойлау мәдениеті мен методологиясы, білім беру жүйесі, әлем мен адамға, қоғамға деген қатынасы ғылыми рационализм принциптеріне негізделді. Ғылымға негізделген технология мен өмір стилі басқа өркениеттерге үлгі ретінде таңылды. Еуропа өркениетінің басты мұраттары мен ұмтылыстарын бейнелейтін саяси философиялық бағыт ретіндегі еуропашылдық кез-келген мәселені еуропалық кеңмәтінде қарастырды. Өзінің өркениеттендіруші миссиясына кәміл сенген Еуропа дүниені өз бейнесі мен үлгісіне сай өзгертуге талпынды. Басқаның өзінен өзгешелігін өркениеттіліктен алыс қалу деп пайымдаған Еуропалық ұстаным олардың өзіндік даму тарихын, ішкі қисыны мен сипатын елемеді.

Кейіннен Батыс өркениетінің ішкі қайшылықтары да айқындала түсті. Ағартушылық қалыптастырған шындықты танудағы парасат белсенділігі және оның табиғатқа, мақсатқа сай ықпал етуге қабілетті құрал-жабдықтар мен механизмдерді жасауға бейімділігі дүниені жансыз тетік ретінде түсінуге, ал ути-литаризм мен прагматизм табиғатты шексіз эксплуатациялауға алып келді. Табиғатқа деген осындай көзқарас адами қатынастарға да өз әсерін тигізді. Еуропа өркениетінің «күзгі суығын» сезінген О. Шпенглер құлдыраудың белгісі руханилықтың жетіспеушілігі екенін атап көрсетеді. Өркениет сатысына көтерілген Еу-ропа рухани ізденіс пен шығармашылықты қажет етпейді,

Page 128: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

128

«жоғарғы көркемдік және метафизикалық туындыға сұраныстың жоқтығындағы таза экстенсивті әрекет ғасыры, қысқаша айтқанда, әлемдік қала ұғымымен бірдей дінсіздік (иррелигиоз-ная эпоха) дәуірі – құлдырау уақыты болып табылады» [23, 180 б.]. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы урбанизация үрдісімен қабаттаса жүрді, тез қарқынмен дамыған өнеркәсіп орындары жұмыс күшін қажет етті. Осыған байланысты, ауылдық жерлер-ден қалаға қоныс аударған халық саны арта түсті. Бұл үрдіс кешегі жермен, табиғатпен етене байланысты адамның табиғи тіршілік аясынан алыстауына және одан жаттануына алып келді. Сонымен қатар, қалалықтардың әлеуметтік қатынастары да өзгерді. Қала тұрғындарының басым көпшілігі меншіктен жұрдай, тек өзінің еңбегін сатумен күн көретін еді, бұл қоғамдағы антогонизмді шиеленістіріп жіберді. Қалалық өмір ауылмен салыстырғанда әлеуметтік-туыстық қатынастардың да әлсіреуімен сипаттал-ды. Осы құбылысты талдаған испан философы Х. Ортега-и-Гассет рухани-әлеуметтік қатынастардың жұтаңдығы халықтың көпшілікке айналуына алып келетіндігін атап көрсетеді.

Ал бұл А. Хамидов атап көрсеткендей, «машино-морфизм, жансыз, бірақ өз ішінде рациональды-логикалық құрастырылған машинаның дүниеге проекциясы [24, 162 б.]. Машиналық дүниетаным, машиналық өндіріс және бірыңғай ақпарат тара-ту, осының бәрі көпшілік адамын қалыптастырады. Біз сипаттап отырған бұл кезең – Еуропа өркениетінің «қоңыр күзі», алайда «мамыражай көктемі» кезеңінде оның көптеген құндылықтары адамзат үшін «түнгі аспандағы бағыт сілтеуші жарық жұлдыздай» болды. Еуропа өркениетінің талас тудырмас жетістіктері адам-зат ойын оның саяси либерализм, демократиялық билік, ғылым мен білім, техника мен технология сияқты құндылықтарына шоғырландырды. Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін еуропалық өркениет құндылықтары қазақ ойшылдарының да көңіліне сенім сәулесін түсірді. Ресей бейнесіндегі Еуропа білімі мен ғылымын, өнерін игеру ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылдары үшін даму мен кемелденудің бірден- бір жолы болып көрінді. Кейінгі Еуропа өркениетінің «мүлгіген сұмдықтары» оянбаған уақытта өмір сүрген олар үшін бұл кездейсоқтық емес еді.

Вестернизация процесіне батыстық емес өркениеттердің берген жауаптарын А. Тойнби өзінің атақты «Тарихты түсіну» еңбегінде феноменологиялық тұрғыдан қарастырады. Ең алды-

Page 129: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

129 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

мен А. Тойнби ілімі бойынша өркениеттер қарым-қатынасында сыртқы пролетериаттың (әсер етуі көрші халықтардың) рөлі өркениет динамикасының әр кезеңінде әр түрлі болады. Соны-мен қатар дүниежүзілік діндер экспансиясын да ескеру керек. Батыс өркениеті өзінің басқа мәдениеттерге қарсы бағытталған қиратушы әрекетін туземдіктерді (бір мағынасында «нағыз адам емес») мәдениет пен өркениетке жеткіземіз дегенді желеу етеді.

Егер Жапонияда вестернизация төменнен жоғары қарай бағытталса, онда Қытайда бұл процесс 1839 жылы «апиын соғыстарынан» кейін, билеуші топтың белсенділігімен басталды. ХІХ ғ. аяғынан бастап, Қытайдағы секулярлық қозғалыс батыс протестанттық миссиялардың ықпалымен жүрді. Гоминьданның негізін қалаушы Сунь Ятсен протестанттық священниктің бала-сы болды, оның әйелі де протестанттың отбасынан шықты. Бірақ Жапония вестернизациядан әскери артықшылықтарға жеткізген құрал тапса, Қытайдағы мәнісінде Батысқа қарсы бағытталған коммунистік қозғалыс оның технологиялық жедел дамуына кедергі болды. Өйткені ХХ ғасырдағы коммунистік қозғалыстың орталығы батыстанып үлгермеген Ресей болды. Қытайдағы вестернизацияның жаңа тарихы Дэн Сяопин реформаларынан басталды.

Енді қазақ мәдениетімен тағдырлас Түркияда жүргізілген батыстандыру процесінің кейбір ерекшеліктеріне тоқтайық. Православтық-христиандық өркениеттің біршама бөлігін өзіне бағындырғанымен, Батыспен текетіресте османдықтар қауқарсыз болып шықты. Осман империясы әскері 1683 жылы Вена түбінде жеңілгеннен кейін, дейді А. Тойнби, әлемде Батысқа қарсы тұра алатын күш қалмағандай болды [17, 561 б.]. Венаны қоршаудан соң қорғанысқа көшкен, түріктер өз жауы Батыс Еуропадан қару сұрауға мәжбүр болды және батыстық кейбір құндылықтарға жол ашты.

Бұл істі қисынына дейін жеткізген Кемал Ататүрік қазір Түркияны өркениетті елдер қатарына қосты. Осыдан мынадай бір қорытынды шығаруға болады: батыстандыру тек қоғамның бір саласын ғана қамтымай, оны тұтас өзгертуді өзіне мақсат етіп қояды. Технологиялық басымдылық оның құндылықтарын да-мушы елдерге күшпен тануға мүмкіндік береді. Себебі дамушы елдердің элитасы мен мамандары батыс технологиясымен бірге батыстық ойлау тәсілін де қабылдайды.

Page 130: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

130

Түркиядағы «Танзимат» және Ресейдегі милләтшілдік пен жәдидшілдік идеялары ықпалымен дамыған діни-реформистік ағым исламға түбегейлі өзгерістер енгізді және ол кейін Кемал Ататүрік реформаларында іске асты. Жәдидшілдік атауын қазақ тіліне «жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау» деп аударуға болады. Бұл бағыт қазақ топырағында жаңа мағынадағы «мұсылманшыл қазақты» қалыптастыруға ұмтылды.

Алайда бұрынғы Кеңес Одағында түркі халықтары Түркиядағы сияқты Ататүрік жолына түсуге мүмкіндіктері бол-мады. Социалистік қоғамдағы трансформациялар негіздері мен батыстандыру деңгейі Қазақстан түгіл Ресейдің өзінде жеткіліксіз қарастырылған. Көпшілік еңбектер капиталистік қоғам және социалистік жүйелердегі жатсыну мәселесіне және коллектившілдік принципін қайта қарауға арналған. Қазақстан философтарының едәуірі социалистік қоғамдағы әлеуметтік мәдениетті бұрынғы маркстік методология тұрғысынан сынаумен шектеледі.

Сол себепті қазақтың Кеңес Одағы кезіндегі батыстанды-ру формалары мен төлтумалықтың арақатынасын тікелей қарастырудан бұрын тоталитарлық қоғамның әлеуметтену негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік. Біріншіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері бойын-ша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін – тұлғаорталықтық қоғам десек, екіншісі – жүйеорталықтық әлеуметтік құрылымға жатады. Екіншісіне жасандылық тән, сондықтан оны «құрылыс» (үлгі бойынша жасалған) деп атайды. Осы жүйеорталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен түрін тоталитаризм деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың бірі Б. Муссолини оған мы-надай сипаттама береді: «Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге және қарсы ештеңе болмауы керек». Тоталитаризмнің Ресей большевиктері жүзеге асырған сталинистік партия-мемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған және қоғамды басып тастаған. Осы қайшылықтарды көре білген Кемал Ататүрік Кеңес Одағы тарап кетеді деген батыл болжам жасады және оның іске асқанына бәріміз куәгерміз.

«Еуропашылдық» белгілі мөлшерде ұзақ уақыт бойы мақтан, жетістік болды. Ол кездегі ұлт интеллигенциясының ішінен

Page 131: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

131 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

тым батысшыл болып, материализм, марксизмдерді де қостап кеткендері кездесіп отырды, әсіресе дінге, төл дәстүрге байла-нысты үстірт пікір айту да орын алды. Оның сол кездегі арғыдан келе жатқан потенциалын, шын мағынасын ажырату керек еді. Жалпы, сол кездегі ұлт элитасы еуропалықтардың өздеріне ұқсап кетіп, экстраверттік мінез танытып (яғни, мына дүние мәселелеріне беріліп), саясатшыл, ұлтшыл болды. Ұлтшылдық идеологиясы Еуропа мәдениетінен туындап, ХІХ ғасыр, капита-лизм индустриалдық қоғамның айнымас бір сипаты еді. Шығыс таза, дүния ұлтшылдықты бұдан бұрын білмеген, себебі, дін, конфессионалдық сана-сезім, империялық конфессионалдық сана оны тепе-теңдікте ұстап отырған. Жалпы сол кездегі зиялылар төл руханияттан кейде ауытқып кетіп отырған. Одан түбегейлі қол үзу кеңес дәстүрінде марксизм арқылы болды. Әрине, бұл да за-ман талабы еді. Дәуір ерекшелігі осы сатыдан да (рационализм, сауда-өнеркәсіпті игеру, әлеуметтік, мемлекеттік қайта құрылу, т.б.) өту керек еді. Қазаққа тәжірибе жинап, қалай болғанда да бұл жол жалпыадамзаттық құндылықтарға үйретті. Бұрынғы жыраулар Абайдың «Бүкіл адамзатты сүй» дегенін, Шәкәрімнің барлық діндердің түбі бір ақиқат деген теориялық тұжырымын айта алған жоқ.

Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К. Поппер «Еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді» дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен өзінің қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір жұдырығын көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс еуропалық дик-татура жойылды [25, 527 б.].

Түрік халықтарының арасынан алға шыққан Кемал Ататүрік сияқты тұлғалар ассимиляцияға, отаршылдыққа қарсы шықты, өз ұлтының мәдениетін, ділін, тілін қорғап (соны дәлелдеп, дүниеге паш етіп, танытып) күреске шықты. Алайда олар осы тарихи-мәдени қақтығыста өзін-өзі тану үшін, өз мінін біліп, арын оятып, ұлтты түзету үшін пайдаланды. Мәдениеттануда өркениеттер бір-бірін «жекпе-жекке» шақырады деген көзқарас бар. Ескіні жоқтап, замана талабына сай іс-қимыл жасамай, өзгеден үйренуге талпын-бай, құр ұлттық «менін» (яғни ұлттық нәпсісін) дәріптей беру – ол

Page 132: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

132

мәдени-рухани тоқырауға, «жекпе-жектен» қашып, өз үңгіріне барып тығылу, тарихи тағдырын өз қолына алып жігерленбеген; өзін-өзі «қамшылап» дамытпаған ұлттың болашағы жоқ.

Ұлттық мәдениеттің трансформацияға ұшырау кезеңінде дара тұлғалардың рөлі (көсемдер, данышпандар) күрт өседі. Олар әуелі өз менталитетін жетілдіріп, сосын халыққа үндеу салады. Алайда, әдетте консервативтік топтар оларға қарсы да шығып жа-тады. Халық жаңа өмір салтын жақтаған адамдарға кейде күдікпен қарайды. Мәселе – осындай шешуші арпалыс кезеңде халық өзіне шын жол көрсететін тұлғаларды тани білуінде, қастерлеуінде, соларға құлақ асуында. Сонда ұлт өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп, мұратына жетпек.

Бірақ ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен өзгерістер болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм, үнді философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне «ашты». Өз философиясын байытты. Батыстық дүниеге көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мой-ындады және материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени «демократиялық» болмыстың («көпшілік мәдениеті») зиянын өздері өздеріне әшкереледі. Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: «американдану», «еуропалану» да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып қолдануымыз қажет. Тура ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары сияқты ойлау-ымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз, руханилығымыз, мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті. Жап-пай вестернизация, рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философия-сын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана ұлтты дағдарыстан оның зиялылары, басшылары алып шыға алады Енде-ше, ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес, біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда творчестволық ізденіс (мүмкін техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани сипаттағы «еуразиялық» Өркениет құру идеясы – егерде оны біз дұрыс түсіндіріп, айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мәдени, әлеумет, саяси трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелер.

Page 133: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

133 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Рухани кеңістікті құрайтын элементтер көп. Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл ұлттық философия мен әдебиет; мәдениет пен оның түрлері, рухани қазынаның басқа да элементтері осы екі үлкен тұғырлардың айна-ласында өрбиді, дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны ерекше. Дамыған елдердің тәжірибесі осы ойды айғақтап отыр, оған көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қазіргі кезде көптеген ғылыми және адами мәселелерге түбегейлі, жаңаша қарауға мүмкіндіктер туды. Қоғамның руха-ни өміріндегі құндылықтардың өзіндік келбеті мен сипаты көп өзгерді. Бұл құбылысты қоғамдық тарихи процестегі әр түрлі көріністер, көрнекті тұлғалардың іс- әрекеттерімен байланыстыр-май терең түсіндіру мүмкін емес.

Қазір Батыс елдері үлкен дағдарыста деп мойындайды кейбір батыс ойшылдары. Қазіргі кезде бала туу деңгейі ең аз жиырма ұлттың он сегізі – еуропалықтар. Еуропадағы бала туудың орташа деңгейі соңғы кездері 1,4 адамға дейін түсіп кетті. Ал халықтың тым болмаса, қазіргі санын сақтап қалу үшін, бұл деңгейдің шамасы 2,1 болу керек. Нәтижесінде Еуропа құруға қарқынды түрде бет алып, еуропалықтар «жоғала бастаған түрге» айна-лып барады. Бұл турасындағы болжамдар да өте көңілсіз. 2000 жыл мен 2050 жылдар аралығында жер бетіндегі халықтың саны 3,5 миллиардқа өсетін көрінеді. Алайда бұл өсім тек Азия, Аф-рика және Латын Америкасы елдерінің есебінен болады. 1960 жылы еуропалық нәсілділер әлем халқының ширегін құраса, 2000 жылы алтыдан бірін, ал 2050 жылдарға таман бұлар бар болғаны оннан бірін құрайды. Батыс кеміп барады. Өйткені, Батыстың халқы өздерін көбейтуді тоқтатып, шапшаң азайып барады. Дәл осы секілді көрініс Құрама Штаттардан да байқалады. Бұған қоса, 1969 жылы Ричард Никсон президенттік ант қабылдағанда, Құрама Штаттарда 9 миллион иммигрант болған. Ал кіші Буш таққа отырған уақыт ішінде мұндай америкалықтардың саны 30 миллионға артқан [26].

Кесімділік пен аяқталғандыққа шешім шығармай-ақ, қазіргі «вестернизацияның» мынадай қиындықтарын атап өтейік:

- руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу;- эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың арала-

сып кетуі;

Page 134: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

134

- нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі;

- рационалдықты шектеу, тылсым сана қабаттарымен мани-пуляциялар жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің өрістеуі;

- стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды ұсыну.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл жарияланған «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасын-да ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая сат-тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» [27].

Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетуімен ресми экспансиялық метамәдени геноцидтік саясат тоқтатылды. Алай-да маргиналдану үдерісі осымен тоқтап қалған жоқ. «Өркениетті әлеммен» танысу және мәдени ақпарат алмасудың аудиовизуал-ды жолдары арқылы тұтынушылық мәдениет «үнсіз агрессия-сын» іске асыруда. Бұл бұқаралық ағым ұлттық мәдениеттің қайта жандануына жол бермей, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік сияқты жат құбылыстарды санаға сіңіре отырып, мәңгүрттіктің қанат жаюына ықпал етуде.

Өз заңдылықтарын өмірге еңгізген нарықтың жолы болмағандарға қарсы жүргізген «мәдени репрессиясы» оларды қалыпты жолдардан тайдырып, қоғамда «бөлектену», «азаматтық нигилизм», «апатия» құбылыстарын тудырды, келеңсіз қылықтар мен қылмыс белең алды. Құндылықтардың қақтығысымен әлеуметтік төменгі ахуал «пауперлену», «люмпендену», «әлеумет-тік-шизофрения» т.с.с. тосын жағдайларды үйреншікті нәрсеге айналдырды.

Ұлттық белгі дегенді тек экзотикаға, музейге айналды-рып, тығып, әлемдік деңгейге шыққан – «американдану» деп, түсінетіндер, ұлттық нигилист, технократтар да бар. Әлемдік философияның өзі (Батыс ойшылдарының жетекшілігінде) әлі өз шыңына жете қоймады, дүниежүзілік интеграция, жаћандану енді ғана жаңа басталды. Сондықтан Батыста өзінің рационализм, тіпті

Page 135: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

135 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

тұрпайы материализм, өзінің капиталистік даму үлгісін тек про-греске әкеледі деп оптимистік бағалау, Шығысқа менсінбей қарау, сол сияқты дін, мистика, парапсихология мәселелеріне «ертегі», «кертартпалық», «ортағасырлық» деп қарау кең тараған. Паро-воз, телеграф ойлап шығарғанына, табиғатты, нақты (дүнияуи) ғылымдарды меңгергеніне мәз болып, Азия мен Африкаға «ци-вилизатормыз» деп кеуде керу болды. Ол кезде Батыс өзінің өркениетінің болашағы жоқ екенін, жер бетін экологиялық, руха-ни катастрофаға жетелейтін саяси, әлеуметтік жүйесінің осал боп шыққанын әлі мойындамаған еді, О. Шпенглер, К. Ясперс, А. Тойн-би әлі жоқ еді. Этикалық, нәсілдік фактордың санасуға тұрарлық екенін, адам және ұлт психикасы күрделі, ондай бейсаналық қабаттар бар екенін, дін мен мифология, мистика – әсіресе шығыс руханият дәстүрінде үлкен даналық бар екенін «цивилизатор» – Батыс әлі ашқан жоқ еді.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың мәдени өзіндік тиесілік (са-моидентификация) мәселесі өзінің күрделі де қарама-қарсылықты тұрпатымен ерекшеленеді. Біздің ойымызша оның төмендегідей алғышарттары бар:

- адамдардың саяси және экономикалық саладағы өзгерістерге сезімталдығы, әбден сіңіп кеткен тоталитарлық сананың үлкен инерттілігі;

- нарықтық қатынасқа көшудің салдарына ескі және жаңа құңдылықтардың қақтығысы барысында ішкі бағдардың жоғалуы, дүниетанымдық вакуумның пайда болуы;

- республикадағы мәдени әртектіліктің жоғары деңгейі, тұрғылықты халықтардың полиэтникалық және поликон-фессионалдық құрамы, әсіресе орыстар мен қазақтардан және мұсылмандар мен православтардан тұратын биэтникалық және биконфессионалдық құрылымның басымдылығы.

Космополиттік көзқарастағылар келешекте ұлт болмай-ды. Бүкіл ұлттар бірігіп, бір ұлтқа айналады деген ойтұғырды басшылыққа алады. Дегенмен, бұл идеяның өмірге ешқандай қатысы жоқ. Қазір дүние этникалық негізде қайта құрылып жа-тыр. Келешек космополиттердің сызған сценарийі бойынша емес, мүлде басқаша бағытта дамыса ше? Жер үшін, шикізат үшін, байлық үшін талас-тартыс өршімесе, өшетін түрі жоқ. Демек, ұлттық қарама-қайшылықтар одан әрі өрши түсетін сияқты. Көз алдымызда күшті ұлт әлсіз ұлтты аяусыз қырып-жойып жатыр емес пе?

Page 136: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

136

Осындай мәдени процестердің алдын алу үшін, бұқаралық мәдениеттің теріс әсерлерін кеміту мақсатында Қазақстан Респу-бликасында көптеген шараларды жүзеге асырған жөн. Олардың кейбір бағыттарына назар аударайық.

Классикалық маңызы төмен, ұлттық болмыс пен психикаға кері әсерін тигізетін өнер мен музыкадағы өнімдер ағымына бақылау қою, оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру. Атап айтқанда:

- қала мен республикалық маңызы бар және облыстардағы атқарушы орган мен мәдениет институттарының бақылауын күшейту;

- сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру;- ұлттық психология мен сана-сезімге кері факторларды

болдырмаудың әкімшілік бөлімдерін жұмылдыру т.б.Халықтың рухани және физиологиялық тұрғысынан

дамуының бірден-бір мүмкіндігі өмір болмысын халық тағдырын бейнелейтін мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр мен кино өзінің бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан қазіргі заман тала-бына сай ұлттық психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық сапасын төмендетіп алды. Оған басты себеп:

- шетелдік немесе батыстық кино мәдениеті: ашық порноөнімдер, афро-американдық поп музыкалар, эротик-фильмдер, сана-сезім, мінез құлыққа кері әсер ететін қатігез киноөнімдер мен сериалдар;

- Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық наза-рын өзіне тартып аларлық туындыларының әлсіздігі;

- әртүрлі жат мәдениет үрдістерін насихаттайтын бейне таспалардың шектеусіз сауда нарығында таралуы;

- кино мәдени ошақтары – кинотеатрларды шетелдік фильмдерді жарнамалауы мен жаппай көрсетулері.

Бүгінгі таңдағы кітап дүкендері мен кітап сауда орталықта-рындағы сатылымдағы кітап қорының басым бөлігі шетелдік кітаптарды құрайды. Музей кешендерінде экспозициялар мен ұлттық тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге дейін кеңестік идеология шеңберінде құрылған өлкетанушылық бағыттан әрі аса қойған жоқ. Осы факторларға сәйкес кітапхана мен музей ісіндегі қордаланып қалған мәселелерге мыналар жа-тады:

- ұлттық әдеби-мәдени көркем туындылар дағдарысы;

Page 137: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

137 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

- қазақ тіліндегі қоғамдық ғылымдар әдебиетінің жеткіліксіздігі;

- кітапхана қызметіндегі ақпараттық және интернеттік ката-логтар жүйесінің дамымауы;

- ғылыми сапасы төмен кітаптар қорының көбеюі; - кітапханалардағы ұлттық кітап қор жинақтарының

тапшылығы және қаржылай қолдаудың жеткіліксіздігі т.б.; - музей мекемелерінде білікті ғылыми мамандардың аздығы; - осыдан келіп, музей ісі мен музейтану ғылыми-әдістемелік

орталықтарының жоқтығы;- музейлік жәдігерлерді, өнер туындыларын жинақтайтын

қаржының жоқтығы және т.б. [28].Мәдениет негізі мен этностық жады арқылы ұрпақтан

ұрпаққа беріледі. Қандай да бір ұлт мәдениетінің түп-тамыры тіл екенін ескерсек жоғарыда аталған және төменде аталмақ проблемалардың барлығында да тіл мәселесі кезек күттірмес өзектілігімен айқындалады.

БАҚ саласындағы және жарнама мен теле және көлік комму-никация саласындағы негізгі мәселер:

- баспа телерадио ақпараттары бойынша ашық түрде эротикалық суреттер «бәсекелерің, қатыгездік және қыру-жою сияқты психикаға кері әсер беретін фильмдер, поп музыкалары-ның таралуы;

- қазақ тіліндегі басылымдардан орыс және басқа тілдердегі басылымдардың 20-30 есе көптігі. Егер қазақ халқының ұлттық болмысының, тілінің басқа жерде қалыптаспайтындығын ескер-сек, бұл процесті де тілдегі экспансия деп бағалауға болады.

- Қазақстанда БАҚ және интернеттік жүйе мәдени-руханият саласында анархиялық, жауапсыздықтың, талғамсыздықтың ор-дасына айналды;

- Қазақстан республикасындағы БАҚ мемлекетпен, ұлтпен мүдделес емес;

- жарнамалардағы қазақша мәтіндердің дұрыс жазылуы ескерілмеген, қала безендіру мәселесінде ұлттық нақыш пен қазақ тілінің халі мүшкіл;

- теле және коммуникация жүйесінде қазақ тілін қолданудың заңдық нормасы сақталынбаған (телефон байланысы, әуе, теміржол, авто бекеттерінде) т.б., ұлттық парк, демалыс орында-ры, қонақ үйлер қызметтері қазақы болмыс-бітімнен ада дерлік;

Page 138: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

138

- мемлекеттік органдардың іс қағаз және құжаттарды ресімдеулері қазақ тілінде толықтай жүзеге асырылмаған.

Батыстық рухани экспанцияға төтеп берудегі маңызды мәселеге «орыстілді қазақтарға» ұлттық рухты сіңіру жатады. Бұл топ қазақтың қалада өскен, өзінің ұлттық бастауларынан тыс қалған, қазақ тілін білмейтін не нашар білетіндер тобы. Олар қазақтың тілін ғана түсінбейді емес, сондай-ақ қазақтың табиғатын да, ұлттық таным-түсінігін де білмейді.

Жалпы алғанда метамәдениетінің қалыптасу үрдістерінде жағымды процестер де қатар жүреді. Олардың кейбіріне назар аударайық.

Біріншіден, метамәдениет жаһандық мәселелерді (экологиялық, демографиялық, девианттық, қақтығыстық,т.т) ше-шуде тиімді рөл атқара алады.

Екіншіден, дүниежүзілік нарықтық қалыптасуы, технологиялық ауысулар, интернет жүйесі, ақпарат ағыны т.б. да-мушы елдердің экономикалық үрдісін арттырады.

Үшіншіден, метамәдениет шектелген мәдени тәжірибені бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы, метамәдениет тек күш көрсетпеу, сұхбат, төзімділік, ашықтық жағдайында қалыптаса алады және ғасырлар бойы созылып келген, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасында текетіресті кемітуге мүмкіндік береді.

Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті халық – қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдени дамуының формацияларына негізделген, жаңа замандық талаптарға сәйкес мәдениет институттарының құрылымдарымен ошақтарын да-мыту мен жетілдіру функцияларын анықтайтын, жан-жақты зер-деленген тұғырнаманы жасау. Ол уақыттық-кеңістік ауқымында мөлшерленер болса – стратегиялық мақсат-мүдделер мен ағымдық ұстанымдар қатарлы бағдарлардан құралмақ:

Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті басқа ұлт өкілдерінің ұйытқысы ретінде қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыта отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке жетелеу.

Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның ты-ныс тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер негізінде реттеп, бақылап отыру [28].

Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз

Page 139: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

139 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

ету, ұлттық мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру саясатын жүргізу маңызды болып табылады.

Әдебиеттер: 1 Нуржанов Б.Г. Модерн. Постмодерн. Культура. – Алматы: Өнер,

2012. – 336 б.2 Фукуяма Ф. Доверие: социальные добродетели и путь к процвета-

нию. – М.: 2008. – 730 с.3 Beck U., Giddens A., Lash S. Reflexive Modernization: Politics, Tra-

dition, and Aesthetics in the Modern Social Order. Stanford: Stanford Uni-versity Press, 1994. Ульрих Бек. Что такое глобализация? – М.: Прогресс-Традиция, 2001. – С. 186-194.

4 Бейбіт мәдениеті жолында / құраст. Нұржанов Б.Ғ. – Алматы: ҚазҰУ , 2000. – 281 б.

5 Нысанбаев А.Н. Сущность глобализации и её влияние на Республику Казахстан. Общая характеристика глобализации и её влияние на динамику казахстанского общества. Глобализация и становление планетарной этики // Казахстан в условиях глобализации: философско-культурологический анализ. – Алматы: ИФиП, 2006. – 363 с.

6 Ортега-и-Гассет Х. «Дегуманизация искусства» и другие работы, – М.: 1991, с. 500-518.

7 Айтматов Ч., Икэда Д. Ода величию духа. – М., 1997. – С. 63.8 Қодар А. Казахстанская культура от миражей к реальности //

Тамыр. – № 1 (2). – 2000. – 7 б.9 Дін мен дәстүр. – Алматы: ҚМДБ, 2014. – 192 б.10 Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы // Әлемдік мәдениеттану

ой-санасы: он томдық / ред. М. Әуезов. (Мәдени мұра). – 3-ші том. Дәстүр: ұғым мен тәсіл. – Алматы: Жазушы, 2005. – 501 б.

11 Гвидо де Джорджио. Рене Генон: в поисках Бога // Әлемдік мәдениеттану ой-санасы: он томдық / ред. М. Әуезов. – Алматы: Жазу-шы, 2005 – . (Мәдени мұра). – 3-ші том: Дәстүр: ұғым мен тәсіл. – 501 б.

12 Барышева. А. Д. Традиции и инновации в динамике культуры/ «КУЛЬТУРОЛОГИЯ» «Окей-книга», Москва, 2009 г.-358с.

13 Крючкова С.Е. Инновации: философско-методологический ана-лиз. – М., 2000.

14 Ғабитов Т.Х., Затов Қ.А. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. ҚР Мәдениет Министірлігімен ұсынылған. – Алматы: Раритет, 2013. – 400 б. //225 б.

Page 140: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

140

15 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы: он томдық / ред. М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2005 – . – (Мәдени мұра). – 3-ші том : Дәстүр : ұғым мен тәсіл. – 2005. – 501 б.

16 Frithjof Schuon. Tradition and Modernity // Aymard J.-B., Laude P. Frithjof Schuon: life and teachings. – NY.: State University of New York Press, 2004. P. 101–146.

17 Тойнби А. Постижение истории. – М.: Политиздат, 1990. – 731 с.18 Раев Д. Алтын ұяң – Отан қымбат // Ақиқат. – 1998. – № 5. – 49–56 бб.19 Мәдениеттану: оқулық. – Алматы: Раритет, 2012. – 416 б.20 Юнг Психология и поэтическое творчество // Самосознание

европейской культуры ХХ века. – М.: Политиздат, 1991. – С. 103–129 21 Тәтімов М. Қазақ әлемі. – Алматы: Санат, 1998. – 91 б.22 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.

– 269 б. 23 Шпенглер О. Закат Европы. Очерки морфологии мировой исто-

рии. Гештальт и действительность / пер. с нем., вступ. ст. и примеч. К. А. Свасьяна. – М.: Мысль, 1993. – 663 с.

24 Хамидов А.А. Категории и культура. – Алма-Ата: Ғылым, 1992. – 240 с.

25 Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. – Алматы: Раритет, 2005. – 544 б.

26 Бюкенен П. Дж. Батыстың ажалы // Жас қазақ. – 2006. – № 30. – 4 тамыз.

27 Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // ИА To-tal.kz.

28 Қазақстанның мәдени саясат тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазМЗИ, 2013. – 120 б.

2.2 Ұлттық идея – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру

жолы

Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік үрдіс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігін сақтауы тиіс. Осы арқылы мемлекетіміз әлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне беру деген сөз емес, яғни Қазақстан тікелей өз даму стра-тегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.

Page 141: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

141 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Тәуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің да-муы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топ-тар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едәуір ықпал етеді.

Бірегейлік заман талабына сай бейімделуге қабілетті, икемді қоғамның өмір сүруге қабілетін қорғаушы. Бірегейліктің қалыптасуы дегеніміз экономикалық және әлеуметтік-саяси жаңа жүйелердің пайда болуымен қатар жаңа қоғамдық ой және дүниеге көзқарас, әлеуметтік-саяси қатынастарға жауап ретінде жаңа идеялар өмірге келеді, яғни, ұлттың субъективті сипаты анықталады және азаматтық өзіндік бірегейлік үдерісі жүреді.

Ұлт деген ұғыммен көбіне саяси белгілері бар топтарды жатқызады. Көптеген зерттеушілер үшін ұлттық бірегейлік және субъективті мәдени бірегейлік бір біріне сәйкес келетін ұғымдар екені дәлелденген, әсіресе этникалық және ұлттық бірегейлік та-рихы жағынан сәйкес болса, басқа жағдайда этникалық бірегейлік ұлттық бірегейлікке қарағанда кең ұғым болып саналуы мүмкін. Ұлттық бірегейлік – дегеніміз жалпы азаматтық болмыстың белгілерін алып тастағандағы ұлттың болмысы. Осыған байланы-сты зерттеу барысында жалпы адами және этникалық болмысты бөлу қажеттілігі туындайды

Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – әртүрлі құндылықтар негізінде қалыптасқан сан-алуан әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына сәйкес қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы. Қоғам мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа да барлық күштерін біріктіру міндеті туындаған кезде кез келген ел өзінің ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді.

Ұлт дегенiмiз – өзiнiң кім екенiн тарих тереңiнен бастау алған төл санасымен ұғатын және басқалардан тiлдiк, рухани, геосаяси т.б. өзгешелiгiн айыра алатын адамдардың үлкен қауымдастығы. Ал идея атқаратын мiндетiне қарай алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Шығарманың түпкi түйiнi мағынасында да қолданылатыны

Page 142: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

142

бар. Бiз қарастырғалы отырған ұлттық идея мәселесiнiң мәнi ұлттың тiлегi, ниетi, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық иде-яны ұлт мұраты деп қабылдағанымыз дұрыс.

Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде идея да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Ұлттық идея әлемдегі кез-келген ұлт пен ұлыс пайда болғаннан бері бірге жасасып, олардың армандарына жетелейтін ұлы мұраты. Кез-келген әлеуметтік бірлік үшін ұлттық идеяның қажеттілігі, өзектілігі жоғары, өміршең мәселе.

Мемлекеттің өзіндік құндылықтары мен мұраттары, дүниетанымы бар. Әр халық өзінің тарихи даму барысында қандай да бір ұлы идеяны «алып жүруші» немесе оны іске асыру-шы болады. Осылайша, ұлттық идея тұтас бір халықтың ұлы иде-ясы ретіндегі мақсатына, бағыт-бағдары мен өмірлік мәніне айна-лады. Ұлттық идея ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етіп, халықтың бар күш-жігері мен іс-әрекетін ортақ игі мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырып, сол үшін әлеуметтің тұтастығын қамтамасыз етеді. Ол халықтың бар күш-жігері мен іс-әрекетін замана алға тартып отырған аса жауапты тарихи міндетті жүзеге асыруға жұмылдыруға септігін тигізетін, сол үшін әлеуметтің тұтас тығын қамтамасыз ететін рухани күш, саяси плат-форма, ұлттық идеология немесе әлеуметтік бағдардағы парадиг-ма. Демек, қоғамдық болмысқа дем беруші ұлттық идеяға деген сұраныс, оған деген әлеуметтік және рухани мұқтаждық кез кел-ген ұлт пен ұлыс үшін оның өзіндік санасында тарихи үдерістің даму барысынан туындайтын заңды құбылыс болып табылады.

Ұлттық идея керек пе, керек болса оның мәні қандай болу керек, ол ұлттық сипатта болу керек, пе, әлде азаматтық сипат-та болу керек пе, діни сипаты қандай деген пікірталастардың бар екендігі белгілі. Ұлттық идеяның мәні оның біріктірушілік күшінде, ол ешқандай тілдік, ұлттық, мәдени-дүниетанымдық қақтығыстардың себебіне айналмауы керек. Ұлттық идея қоғамдық сананың тұтастығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық өмірді бейнелеуі қажет. Бірақ ұлттық идеяның практикалық жағынан рухани астары терең болады.

Page 143: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

143 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Ұлттық идея этникалық, мәдени, діни немесе басқа да тұтастық негізінде біріккен қандай да бір адамдар қауымдастығының ортақ ұстанатын түсініктері, идеалдары, стереотиптер, ұжымдық естеліктер мен құндылықтары болып табылады. Ұлттық идея негізінде, қазіргі әлемде этникалық немесе құрамы жағынан мультиэтникалық болып келген қауымдастықтың ұлттық бірегейлігі қалыптасады. Ұлттық бірегейліксіз, ұлттық идеясыз ұлт қалыптасуы мүмкін емес.

Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындай-тын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бiрге дүниеге келдi, әрi тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады.

Әр қоғамның ұлттық идеясы, ұлттық бірігушілік жайлы өз түсінігі бар. ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ұлттық түсініктің, ұлттық өзіндік сананың оянуымен сипатталады. Ұлттық сана ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, яғни сол ұлтты құрайтын халықтың әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу, халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі. Осы кезеңде казақ халқының басына киілген бодандық ноқтасы тым тарылып бара жатты. Қазақ елін отаршылдық пен ұлттық езгі екі жақты қыспаққа алып, елдің болашағына қауіп төнді. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан, ұлттық болмысқа негізделген халықтық руханияттың құрдымға кетіп бара жатқанын сезген қазақ зиялылары күн тәртібіне ұлттық сананың оянып, кемелденуіне әсер ететін партия құру мәселесін қойды. Сөйтіп, өмірге қоғамдық, тарихи қажеттіліктің негізінде алаш қозғалысы, алаш партиясы келді. Алашордалықтар өз ал-дына экономикалық, саяси, рухани тұрғыда басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасай алатын қазақ мемлекетін құрудың кезі келді деп есептеді. Қазақтың басын қосып, жеке мем-лекет құрамыз деген алашордалықтарды жігерлендірген ұлттық болмыс, бай тарих, асқақ рух еді. Олар өз халқының ұлттық си-

Page 144: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

144

патын, қоғамдағы орнын, ешкімге ұқсамас асылдарын Уақыт пен Кеңістік ұғымдарының аясында зердеден өткізді.

Ұлттық сана-сезімдері оянып, туған халқының қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтары бұл қапастан құтылудың ең бірінші қадамы – надандықтан арылу, ілгері елдердің қатарына қосылу, өнер-білімге ұмтылу деп білді, олар осы бағытта насихат жұмысын өрістетіп, әлеуметтік мәні бар істерге араласа бастады. Осындай топқа үн қосқан А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дула-тов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, М. Сералин сияқты ғалымдар, саяси қайраткерлер, ұлт мәдениетінің көшбасшылары еді.

Ұлттық идеяны насихаттаудың басты жолы газет ұйымдастыру болды. 1913 ж. 2 февральда «Қазақ» газетінің бірінші саны жарыққа шығады. «Қазақ» газетінің бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, ал жауапты хатшысы Міржақып Дулатов болады. «Қазақ» газеті халықтың ұлттық сана-сезімін оятып қана қоймай, сол кездегі халықаралық жағдай, экономика, мәдениет, тарих, дін мәселелерін де қамтиды. Газеттің шығуы мел ел ішіне тарауы да оңайға түспеді, онда басылған материалдар да ел билеушілердің, патша өкіметінің көңілінен шыға бермеді. «Қазақ» газеті осынау аз ғұмырының ішінде барша қазақ зиялыларын ортақ мақсат жолында топтас-тыра алды, тынымсыз соғылған қоңырау сынды халықтың қалғи бастаған рухын оятып, мыңдаған зерделі жасты ұлттық тәуелсіздік туының астына жинай білді. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ірі саяси-қоғамдық ұйым: ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да осы газет. Заман аударылып-төңкеріле бастаған тұста Қазақ елін аласапыраннан аман-есен алып шығып, өз алдына дербес автономиялық мемле-кет мәртебесіне жеткізуді мұрат тұтқан Алашорда үкіметінің үні болған да осы газет. Амал не, сөз жүзінде езілген ұлттар құқығын мойындауды жария еткенімен, іс жүзінде мүлде басқа принципті басшылыққа алған Кеңес өкіметінің қаһарына қарсы тұру мүмкін болмай қалды, – деп жазады академик Әбдімәлік Нысанбаев [1, 105 б.]. «Қазақ» газетінің мақсаты қазақ қоғамын оятып, ұлттық езгіге қарсы күрес жолына алып шығу еді. Олар қоғамға білім та-рату арқылы қоғамдық өзгерістер жүзеге асатынын, дүниежүзілік өркениетке тек ғылым мен ағартушылық жұмыстары арқылы жететінін түсінді. «Бұл – қоғам дамуы тудырған өмірдің жаңа та-лабы, тарих сұранысы еді. Мұндай сұранысқа жауап беретін ел

Page 145: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

145 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

басшысын да тарих дайындауға тиіс болды. Бұрынғы хандар мен билердің, батырлардың заманы өткен. Енді ел бастаушы ақылмен, біліммен қаруланған, ел санасына қозғау салатын ойлы тілі бар, алдағыны болжай алатын саяси-әлеуметтік сезімі бар адам болуы қажетті» [2, 14 б.]. Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Әлихан, Мұстафа, Мағжан т.б. ұлт зиялылары бұл тарихи міндетті абыроймен атқарды.

«Қазақ» газеті ұлт-азаттық қозғалысының еркіндік, тәуелсіздік үшін күрес идеясына ұласуына зор әсер етті. Алашорда құрылған тұста тәуелсіз мемлекеттің идеологиясына негіз болған осы идея-лар болатын. Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін жалғастырып алып кетті. С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймау-ытов, С. Дөнентаев, С. Көбеев, М. Сералин, С. Сейфуллин, Б. Май-лин, М. Әуезов сияқты жастар бірін-бірі толықтыра түсті. Сол бір аласапыран тұста олар қазақ халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз көзқарастарын ашық білдіріп отырды. Қазақ қоғамының дамуында ұлттық демократиялық бағыт ұстанды. Патша саясатының қатаң сыншысы болды, бірақ орыс халқына теріс көзқараста болған жоқ. Ұлтаралық сөзге, іске бармады. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мақсат-міндеттері жайлы ой-пікірлерінде олардың қайраткерлік тұлғасы танылады. Олардың сын мақалаларында, зерттеулерінде, өлеңдерінде қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау идеясы жатыр.

«Қазақ» газетінің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынов пат-ша өкіметінің отарлық саясатын көрсете отырып, «Біздің болашақ тағдырымыз не болмақшы? ...біздің алдымызда ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз өмір сүру-сүрмеуі, болу-болмауы ба-сты мәселе болып тұр. Өзіміздің дербестігімізді сақтап қалу үшін біз барлық күш-жігеріміз бен қуат-құралымызды оқу-ағарту мен жалпы мәдениетке ұмтылуымызға жұмсауымыз, ең алдымен, ана тілінде әдебиетті дамытуға күш салуымыз қажет. Мынаны естен ешқашан шығаруға болмас: тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа ала-ды» [3, 4–5 бб.] – дей келіп, орыс және татар тілдерінде оқыған қазақтар қазақ тілін менсінбейтін болды, бүйте берсе қазақ тілімен қоштасып, қазақтың ұлт ретінде жойылып кету қаупі бар, сол үшін қазақ тілін өркендетуіміз керек деп ашық айтады. «Қазақ өкпесі» деген мақаласында қазақ хандығы неліктен құлады, өз

Page 146: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

146

алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген мәселелелрге тоқталады. «Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орын-нан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты», деп ел мен елді, ұлт пен ұлтты байланы-стыратын ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды. Ахмет қазақша әліппе жасап, қазақ тіл білімінің негізгі терминдеріне анықтама берген, дыбыс жүйесін қалыптастырған, қазақ мектептерінің іргесін қалаған алғашқы адам. Білімді дамы-ту – ұлт қамы екендігін ол ерекше ескертеді. Әрбір адам өзінің жеке басының емес, басқалардың қамын ойлағанда ғана ұлт пен ел көгерер, ұлтына жақсылық жасаған адамның аты ұрпақтан ұрпаққа жалғасар дейді.

ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман тала-бына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тарихындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Ә. Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық сая-си өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерт-теу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» – деп, әділ бағасын берді [4].

Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ даласында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез Алаш ардагерлерінің айтуынша, «қазақтың бар болу немесе жоқ болу» мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына

Page 147: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

147 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақ еді.

Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алдына ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай жағдайға қол жеткізуін көкседі. Ең алдымен қазақ баласының бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз құралдарын шығарды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» пен «Қазақ» газеті «ұлттың көзі, құлағы һәм үніне» айналды. Бұлардың ұлттық са-наны оятудағы маңызы орасан зор болды. Кішкентай жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып зор халықтық қозғалысқа ұласты.

Қазақты біртұтас ел деп танысақ, Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы деп мойындауымыз қажет. Алаш идеясына де-ген адалдық пен сенім – бізден соны талап етеді. Ал қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы идеясынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Ол идеялар мыналар: Бірінші: жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

Екінші: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың ай-туынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Төртінші: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.

Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемле-кет құру еді.

Жер үшін, жер мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономика үшін, тіл мен діл үшін, дін үшін, қазақ ұлтының көзқарасы мен ар-ожданын қорғайтын, ұлтты сыйлауға мойынұсындыратын

Page 148: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

148

тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін қалыптастыратын тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. Жаһандастыру дәуіріндегі рухани тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама осы болып табылады.

Мәмбет Қойгелдиев алаш идеясының түпкі маңызын былай ашып көрсетеді: «Алаш тәжірибесі нені көрсетті? Біріншіден, Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жа-санды, сондықтан да өткінші құбылыс емес. Ол ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды. Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық. Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды. Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамды халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн» [5].

Ұлт зиялыларының ақындық сөздері қалың қазаққа арнал-ды, халқын ұйқыдан оянуға, елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, азаттық, бостандық жолына үндеді. Осындай мазмұнда жазылған Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары қазақ қоғамындағы ең алғаш айтылған өткір сөздердің бірі болды. Міржақып Дулатов:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер бастыӨткізбей қараңғыда бекер жасты!Жер кетті, дін нашарлап, Хал һарам боп,Қазағым, енді жату жарамасты!- десе, [6, 15 б.].

Ахмет Байтұрсынов:

Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, Жыланды бәле дедік аңдып баққан.

Page 149: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

149 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Бәленің түрін көрген мен сары масаҚазақты оянсын деп сөзбен шаққан, – дейді [7, 27 б. ].

Әр адам жеке басының ғана қамын ойламай, елінің, ұлтының қамын ойлауы керек, ұлтына жақсылық жасаған адамның аты ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Міржақып Дулатов өмірінің мәні де осында еді. «Қайтсек жұрт боламыз?» деген мақаласында патшаның отарлау саясатынан құтылу үшін, елдігімізді, тілімізді, дінімізді сақтау үшін не істеуіміз керек дей отырып, ол үшін мем-лекет, автономия құруымыз керек, кім күшті болса, сол жұрт бо-лып дегеніне жетеді, күш дегеніміз ол – әскер дейді. «Бұл заманда әскері жоқ жұрт жұрт емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауын-да тұрмыз, қайсысына түсетін болсақ та ерік өзімізде» [8, 263–264 бб.], яғни бір жолы құлдық, екіншісі жұрттық жолы. Автономия алу жолына кірісіп, милициямызды жасап, алаш үкіметімізді нығайтсақ бізді ешкім басынбайды. Үкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі деген ой айтады. Өмірдің мәні тағдырға мойынсұнып, басыңа не түссе соны көріп отыра беру емес, ел болуға, жұрт болуға, өркениеттілікке талпыну. Ол қазақ халқының даму деңгейі төмен, отар халық емес, тағы, дөрекі емес екендігін, бейбітшілік сүйгіштігін дәлелдеуге тырысты. Жалпы қазақ халқының жақсы өмірге жетуіне қажетті басты нәрсе – еркіндік пен тәуелсіздікке жету деп, оны өз шығармаларында көрсете білді. Бұл жолда қарсы тұрушылар мен көре алмаушылардың да бар екендігін айтып, екі түрі адамды суреттейді. Біреулері – қаны қарайған, ұлт намысы дегенді білмейтін, ойлағаны жамандық, на-дан адамдар. Бұларға елдің бүлінгені керек. Екіншісі – ел ішіндегі партия құмарлар. Бұлар баққа таласқан, істеген ісінің зиян екенін ойламайтын надандар дейді. Адамгершілігі жоқ адамның хайуан-нан айырмасы жоқ. Адамдық қасиеттерді дамыту адамның өзінің қолында. Өз алдына ел болғысы келген жұрт адамгершілігін, ар-ұятын сақтау керек екендігін ақын ескертеді. Жұрттықты ойлап, бірлік қылсақ, алаш тілегін тілесек жолымыздың болғаны дейді.

Жүсіпбек Аймауытов жалпы адамзаттық құндылықтарды таптық мүддеден жоғары қойды. Ол таптық көзқарастың адамның дүниетанымын шектейтініне, рухани құбылыстарға кедергі бо-латынына көзі жетіп, өз көзқарастары үшін батыл күресті. Өзі өмір сүрген қоғамның идеологиясын терең түсінген Жүсіпбек қазақ халқын ұлттық қалыптан айыру қаупі тұрғанын сезді. Бұл

Page 150: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

150

жағдайдан тек ұлттың ой-санасын ояту арқылы ғана сақтап қалуға, сол арқылы халықты еркіндікке, тәуелсіздікке жеткізуге болаты-нын дәлелдеді. Ж.Аймауытов ақпан буржуазиялық революция-сын шын ықыласымен қарсы алды, ол халыққа еркіндік, теңдік, бақыт әкеледі деп сеніп, «Алға, жастар!», «Кедейлер бірігіңдер!» деген мақалаларын жазды. Кезінде ел басқарып, тонап үйреніп қалған байлар мен олардың балаларына қазір теңдік, еркіндік кезеңі келді, сондықтан ойланыңдар, теңсіздікке жол бермейміз деді. Адам дүниедегі барлық нәрселерді шеше алатындай құдіретті емес. Олардың шешетіні – адам болып қалу не қалмау, шын мәнділікті іздеу не ауытқу, құндылықтарды қастерлеу, қорғау не айрылу. Яғни әрбір адам өз өмірінде еркіндікке талпыныс жасауы керек. Еркіндіктің өзі –мәндердің мәні. Адам өмірінің ақырғы мәні – еркін өмір. Еркіндік қана адамды адам етеді. Еркіндіктен бас тар-ту, одан ауытқу адам үшін адамшылығын, түпкі табиғатын, бол-мысын жоғалту деген сөз. Табиғат заңдылықтарын тану негізінде оны өзінің мақсатына сәйкес қайта өзгертуден басқа адамда еркіндікке жетудің жолы жоқ. Ол бұл дүниеге еркін күйінде кел-ген жоқ, еркіндікті өзі жеңіп алуы керек. Аймауытовтың да айтпақ ойы осыған саяды.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қатарында болған Мағжан Жұмабаев та қоғамды өзгерту мақсатына олармен бірге саяси іске араласты, ел болашағын өлеңмен өрнектеді:

...Алдындағы малымен Бірге жусап, бірге өрген,Алаш деген елім бар. Неге екенін білмеймін –Сол елімды сүйемін! [9, 79-б. ].

Мағжан саясатқа өз басының қамы үшін емес, ұлтының қараңғы, надан қалпын ойлап араласты. Ұлттың тарихи және философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқылы ғана бодандықтан құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге болады деп есептеді. Қазақ зиялыларын топтастырған ортақ мұрат бодандық бұғауынан жаншылған халқын құлдықтан құтқару, өркениетті ел қатарына қосу болды, Мағжан да осы мұратты жүзеге асыру жол-дарын іздеп, халықтың ұлттық намысы мен ұлттық рухын көтеру қажеттігін сезініп, өршіл жырларын арнаған.

Page 151: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

151 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді,Қылыш алып «надандық» саған кезенді,Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қуЕртелі-кеш басыңа мініп, езгенді! Кітап әпер, оқысын, балаң қолына,Малды аяма оқу-білім жолына,Өнер алып басқалармен қатар бол,Қосыл бірдей адамзаттың тобына! [9, 22-23 бб]..

Патша үкіметінің жымысқы саясатын бірден аңғарған ұлт зиялылары өмірдің объективті жағдайларын күшпен емес сана-ны өзгерту арқылы жеңуге болатынын түсінді, олардың ойы бір жерде тоғысты. Олар ортақ мақсат жолында күш біріктірді, сол жолда аяңбай тер төкті. Зиялылар қатарында Ғұмар Қараш та тәуелсіздік пен еркіндікті аңсады. Ол тәуелсіздік пен еркіндікке жеткенде ғана ел рухани азат болар еді дейді. Өзінің «Алаш аза-маттарына» деген өлеңін арнайды:

Ақ жүрек азаматтар, асқар күніңДұшпанды алдан байқап жасқар күнің Дұрыстық ел қамында еткен істі,Қол соғым қошеметтеп қостар күнің,...Аңқылдақ алаш ұлы сеніп отырОрнынан шығып, соны растар күнің [10, 101 б].

Ғұмар Қарашты толғандырған мәселе бабаларымыздың аман алып қалған жерінен айрылып қалмау. Халықтың еңсесін көтертпей тұрған ғылым, білімнің жоқтығы дейді. Ұлттың жой-ылып кетпеуін ескерте отырып, ғылым, білімді игеруге, оны қоғамның пайдасына жаратуға жол сілтейді.

Алашорда көтерген идеяның жоқтаушысы бола білген Сұлтанмахмұт Торайғыров еді. Ұлы көсемдерінің соңынан еріп, қазақ халқының атар таң, келер жарық, сәуле, нұрды солардың есімімен байланыстырды. «Таныстыру» поэмасында «Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов... бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі Айым» деп жырласа, «Әлиханның Семейге келуі» деген мақаласында Әлихан Бөкейханов бастаған іске тілектестігін танытады. Ол Ала-шорда құрылған күндері «Алаш ұранын» жазып, патшаның құлауына, елдің автономия алуына қуана үн қосты. «Алаш ұраны»

Page 152: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

152

өлеңінде Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, елді бірлікке, тәуелсіздік үшін күреске үндейді.

Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналығы, бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілігі, мемлекеттің саяси қуаты керек. Біздің алдымызда мемлекеттік тілді ұлттық идея дәрежесіне көтеру міндеті тұр. Өйткені мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы. Бүкіл Қазақстан азаматы осы мемлекеттік тілдің төңірегіне топтаса алады. Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Өз еліңнің патриотизмін көрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес.

Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А. Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының ор-нын толтыруға білек сыбанып кірісті.

Міржақып Дулатов қазіргі кезде маңызды орын алып отырған тіл мәселесіне де көп тоқталған. Тіл өткен дәуір мен қазіргі заман-ды, болашақты байланыстырып отыратын кілт екенін көрсете білген. «Қазақ тілінің мұңын шығармасында өзі тіл орнында тұрып сөйлейді: «Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып бара-мын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?» [13, 309] – дей келе, қазақ тілінің шұбарланып, орысшадан қалай болса солай аудары-лып жатқанын, мектептегі оқулықтардың қате-қате аударылуы ту-ралы мәселелерді сөз етеді. «Қазақ тілін жүргізетін комиссияның құлағына алтын сырға» деген шығармасында осы комиссияның шығарған жарлығының өзі адам түсінбестей екендігін айта келіп, «қазақша» мынау болса, орыс болып-ақ кетелік деушілер табыл-май ма? Сонда не бетімізді айтамыз?» дейді. Тіл тек халықпен бірге өмір сүреді, тіл арқылы халықтың табиғатын, қоғамды та-нып білуге болады. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ тілді жоғары бағалаған. Міржақып Дулатовтың мақаласы осы біздің заманымызға арнап жазылғандай. Жетпіс жыл бойы басылып келген тіліміз, егемендік алғанымызға ширек ғасырдан асып кет-се де тура сол Міржақып заманындағыдай проблемаға айналып отыр.

Page 153: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

153 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Ж. Аймауытовтың мақалаларының бірі «Тіл туралы» деп ата-лады. Онда тіл мәселесін сөз ете отырып, кей халықтардың бір-біріне әсер-ықпалын дәлелді көрсетеді. Жетісу мен Сырдарияда өзбектердің әсері бар, Қостанайда орыс, ноғайдың әсері мол дейді. Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің тұрмыста сіңіп кеткенін, тіпті мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданылатынын тілге тиек етеді. «Газет тілі қалай түзеледі?» деген мақаласында орыс-шадан аударылған сөздердің түсініксіз, жаман аударылғанын, оқыған адам түк түсінбейтінін ренішпен айтады. «…орысша-дан аударылған, орысшаға жанасқан сөздерге қарасаң томармен жүрген қазақ арбадай миыңды, жүйкеңді түйгіштеп, зырқылдата жөнеледі. Қай жерде мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам деп, қып-қып еткендей боласың» [11, 216–217 бб.]. Қазіргі егеменді болған кездегі тіліміздің проблемасын Жүсекең сол кезде айтып кет-кендей. Көшедегі рекламаларды оқысаң жүйкеңді түйгіштеп, зырқылдата жөнелетіннің нағыз өзі болады.

А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытовтар шығарма-шылығының өзегі болған тіл мәселесінен, ана тілінің тағдырынан Мағжан Жұмабаев та сырт қала алмады. Тіл мен ұлтты бір-бірінен бөлуге болмайды, ұлт болу үшін ең алдымен тілі болуы керек, тілі кеми бастаса ұлт та құри бастайды дейді ол.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.Тарап кеткен балаларыңды бауырыңаАқ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! [9, 309].

Алаштықтар айтып кеткен тіл мәселесі – «Мәңгілік Ел» идеясының да бас ты негізі. Ана тіліңді құрметтеу – ұлттық на-мысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс.

Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске

Page 154: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

154

ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Ұлтты сақтайтын – ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, тiлегi, ниетi, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдағанымыз дұрыс. Алаш идеясы ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру тұғырнамасы.

Ханкелді Әбжанов былайша ой түйіндейді. «Осылайша, ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспан-датты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш қозғалысы қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни, ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік өремен ағымдағы, кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы міндеттерді айқындай білу – бүгінге жеткен Алаш аманатының ең құндылары» [12].

Ұлттық идеяны көтерген қазақ зиялылары Қазақстандағы жердің де, мемлекеттің де иесі – қазақ халқы, ал қалғандары диаспоралар екенін айтумен болды. Қазiргі кезде тарихи от-анында жүрген қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей емес. Отанында жүрген қазақтар үшiн Қазақстанның бүгiнi мен ертеңi басты мәселе, ал шетте жүрген қазақтар жүрген ортасында қазақ болып қалу қамын көбiрек жейдi. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осы-нау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. Қытайдағы қазақтардың кейiнгi толқыны қытайланып, Түркиядағылар түрiктенiп бара жатқаны белгiлi. Еуропа қазақтары арасын-да қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқанын, әсіресе жас буынның ана тілін мүлдем білмей ұмыта бастағанын мойындауға мәжбүрміз.

Сондықтан мың өлiп, мың тiрiлумен азаттыққа жеткен қазақтың тағдырын анықтағыш ұлттық идеясы Қазақстанда ғана өз жемiсiн бере алады.

Рух – адамды алға жетелейтін, адам бойындағы адамгершілікті, ақыл мен парасаттылықты қозғалысқа келтіретін, оған бағыт-бағдар беретін күш. Рух адамды еркіндікке итермелейді, рухы күшті адам қашанда тәуелсіз. Рух шексіз болса, жан қашанда шектеулі. Жан – рухтың жемісі, нәтижесі. Рухтан қуат алған жан ғана үнемі дамып, өзгеріп отырады. Рухсыздық – жан мен рухтың байланысының үзілгендігінің, жанның тәнді паналағандығының белгісі. Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын, жаңғырту,

Page 155: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

155 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлан-ғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай болса, бүгінгі қазақты зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам да осы негізде дамуы керек. Олай болмайынша, қазақтың рухы өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан айырылуы мүмкін.

Кеңестiк жылдардағы Қазақстанда қазақтың санасы мен жүрегiн билеп алған ұлттық идея болған жоқ. Ұлтын сүйген, социалистiк эксперименттерден қара бұлттай төнiп келе жатқан апаттың сұмдығын қапысыз ұғынған рухы биiк ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тiлi, дiнi, мәдениетi, жерi үшiн отқа күйiп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе тiлге жеңiл, жүрекке жылы ұлттық идеяны түзуге де, халыққа ұсынуға да жеткiзбедi, көктей солдырды.

Өткен ғасырдың 20–30-жылдары Алаш зиялыла-ры құрбандыққа шалынғаннан кейiн ұлттық идеяны табу бағытындағы талпынысты «ЕСЕП» партиясының, «Жас тұлпар» қозғалысының дүниеге келгенiнен, «Қазақ әдебиетi», «Зерде» газет-журналдарындағы ұлт тарихы, тiлi, мәдени мұрасы жайлы жарияланымдардан, Ш.Смаханұлының қазақ мектептерiн ашуға жанталасынан, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларынан көремiз.

Ұлттық идея Ата Заңымызға қайшы келмеуі тиiс, яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Ұлттық идея Қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың та-рихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимей, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз етуі, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеті тиіс.

XXI ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің бай ежелден қалыптас қан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғалары мен ойшылдардың бүкіл дүниеге таныту, бай рухани және мәдени қазынасы әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Дегенмен, осы замана-уи маңыздылығы бар нағыз рухани қайта түлеу мағынасындағы іс-әрекеттердің іргетасы сонау XX ғасырдың басындағы қазақ

Page 156: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

156

зиялыларының шынайы, халық сүйгіш қызметтерімен астасып жатады. Сондықтан тарихи тамырластықтың көрінісін жандан-дыру арқылы этностық мәдени мұрамыздың рухани келбетін өзектендіре түсеміз, данагөй тұлғалардың есімін халық жадын-да сақтаймыз. Демек, қазіргі уақытта алдыңғы ағалар Шығысқа, артқы інілер Батысқа қарап тұрған заманда ұрпақтар сабастығы, рухани сабақтастық өз шешімін таппаған мәселе болып қала бер-мек.

Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық мүдделер негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге асырудың бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады. Оның алғы үлгілері кешегі Алаш ұсынған жолдарда, қанымызда ұйықтап жатқан ұжымдық санадағы архетиптерде жатыр. Бұлардың барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын көтеруге жұмыс істеуі керек. Олар әсіресе, тілдік саясатта, мәдениетте, жал-пы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі тиіс. Сонда ғана бөтенге ұқсамайтын, өзіндік жүру жолы бар қайсар рухты қазаққа айна-ламыз.

Алаш идеясы – «Мәңгілік Ел» идеясының бас ты рухани негізі. Қазақ халқы үшін әрқашан ел болу, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі тарихи даму тұрғысынан маңызды болған және де әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінгі күні бұл мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр.

Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті: «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің

Page 157: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

157 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» [13].

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – өткенімізден сабақ ала оты-рып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымыз. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

«Мәңгілік Ел» идеясында Н.Ә. Назарбаев басты жеті құндылықты атап көрсетті: «Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Тәуелсіздік – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жер-де сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы бол-ды. Қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы саяси күресі ондаған ғасырға созылатын күрделі саяси-тарихи про-цесс. Бұл мәселе қазақ халқын құрайтын ру-тайпалар кезеңінен бастау алып, Қазақ хандығының құрылуы, оның ішкі саяси да-муы, көлбеу және тікелей саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани байланыстары, иерархиялық қатынастары, өзінің саяси құндылықтар жүйесінің түзілуі, халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу ерекшеліктері талай рет та-рих тезіндегі қатаң сынақтардан өтті.

Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз – өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін бауырына баса білген дана, мейірімді халық. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы елдің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білді, сондай-ақ басқа халықтармен бейбіт, келісім мен тату жағдайда көрші тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып

Page 158: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

158

қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді – мықтап ұстап тұру.

Үшінші құндылық – зайырлы қоғам құру және руханият. Қазақ халқы өзінің тарихи негізгі ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайыр-лы қоғам бола алады. Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын, жаңғырту, асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлан-ғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай болса, бүгінгі қазақты зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам да осы негізде дамуы керек. Олай бол-майынша, қазақтың рухы өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан ай-ырылуы әсте мүмкін. Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық мүдделер негізінде жүргізуді талап етеді.

Төртінші құндылық, бұл – индустрияландыру мен иннова-цияларға негізделген экономикалық өсім екендігіне тоқтала оты-рып, әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап берді.

Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады. Президент Н.Ә. Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.

Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; Өз елінің тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің басты мұраты. Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-ба-ба салтын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете оты-рып, мәңгілік ел болу идеясын ұсынды. Нұрсұлтан Әбішұлы

Page 159: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

159 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

«Қазақстан–2050» Стратегиясын жариялаған Жолдауында айқын атап көрсеткеніндей: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айна-лып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз». мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы. Бүкіл Қазақстан азаматы осы мемлекеттік тілдің төңірегіне топтаса алады. Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Өз еліңнің патриотизмін көрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес.

Жетінші құндылық, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Қазақстан егемен ел ретінде дамудың алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жа-уапты саясат жүргізіп келеді. Қазақстанның барлық бастамалары, Президентіміз ұйытқы болған бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты. Оны қару-жарақты еселеп көбейту және басқа елдерге қатер төндіру есебінен емес, ашықтық, тең құқықты әлемдік ынтымақтастық, жасампаздық және басқа елдермен сындарлы үнқатысу орнату арқылы айғақтауда. Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық, соғыстарға, отарлау езгісіне, әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, сая-си қуғын-сүргіндерге және тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейін негізгі халықтық-ұлттық ділін сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендігі айқын сезіледі. ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтарып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, наси-хаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі.

«Мәңгілік Ел» идеясының ерекше назар аударатын мәселесі – ұлттық тәрбие. Тәрбие отбасынан бастау алады. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сый-лауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы

Page 160: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

160

зор. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет, болашақ жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына отансүйгіштік сезімін ұялатуы тиіс. Сонымен бірге, әйел-ананы қорғау, құрметтеу, жетім мен жесірін қорғау қоғамның ұлы жолдағы басты құндылығы ретінде мойындалуы тиіс.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын да, оны дамытатын да бүгінгі жастар екені белгілі, олар өз Отанын сүйетін ұлтжанды болулары керек. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Жастар «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Қазіргі кезде жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар жастар болып отырғаны белгілі. Бұған қарсы тұра білудің жолы жастарды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойлары-на сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жа-нашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу – «Мәңгілік ел» идеясының басты міндеттерінің бірі.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз ба-баларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Жастар «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын сана-ларына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Қазіргі кезде жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар жастар болып отырғаны белгілі. Бұған қарсы тұра білудің жолы жастарды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу – «Мәңгілік ел» идеясының басты міндеттерінің бірі.

Page 161: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

161 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздігімізді сақтап, елдігімізді нығайту қажет. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың арманы, алаш зиялыларының ерен еңбегі. Сол себепті «Мәңгілік ел» идеясын одан әрі дамытатын жастарымыз білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойларына сіңірген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуы тиіс.

Ұлттық идея – этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсат-мұраттары мен армандарының, дүниетанымының, көзқарастары мен құндылықтарының кешенді жиынтығы. Ол осы ұлттың өзі туралы, қоршаған әлем мен тарихи үдерістегі орны мен миссиясы және тарихы, өткені мен болашағы жайлы жал-пы көзқарастарды аңғартады. Сондықтан ұлттық идея ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етіп, халықтың бар күш-жігері мен іс-әрекетін ортақ игі мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырып, сол үшін әлеуметтің тұтастығын қамтамасыз етеді. Ұлттық идея, жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, Қазақстан халықтарының шоғырлануына бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағдарлардың, құндылықтар мен идеалдардың кешенін білдіргендіктен, өтпелі кезеңді бастан кешіріп, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет.

Ұлттық идея – қазақ ұлтының және Қазақстан жерін ме-кендеген өзге ұлттық диаспора өкілдерінің қатысуымен жа-салады. Еліміздегі ұлттық идея мен азаматтық идеясын үйлесімді біріктіріп, жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді түрлі ұлт өкілдерінен құралған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басты мақсаты болуы керек деп ойлаймыз. Ұлттық идеяда халықтың түпкі мақсат-мүдделері көрініс табатын болғандықтан, ол жалпылама түрде ғана қалыптасқан идея болмауы керек. Оны қалыптастырғанда елдің өзіндік ерекшеліктер мен тарихи тағдыры ескерілуі қажет. Қазақстанның ұлттық идеясы мен оның даму ерекшеліктерін өзіндік ұлттық деңгейде, сонымен қатар, жалпыұлттық және жалпыөркениеттік деңгейде қарастыру ке-рек деген пікірдеміз. Осы айтылғандарға орай, бүгінгі таңда мемлекетімізге құндылықтық бағдар болатын, болашақтың жарқын жолын анықтайтын «Мәңгілік Ел» сияқты ұлттық идея қажет екеніне күмән келтіруге болмайды.

Page 162: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

162

Біздің ойымызша, Қазақстанның қазіргі замандағы ұлттық идеясы көпұлтты мемлекетіміздің азаматтары мен алыс және жақын шет елдердегі қандастарымыздың жүрегіне жететін, жарқын болашаққа жетелейтін бағдар, рухани деңгейде әрқайсысына демеу болатын қасиетке ие көшбасшы ой-тұжырым болуы керек. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекет-тен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.

Әдебиеттер

1 Нысанбаев Ә. Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы. Алматы, 2002 ж., – 264 б.

2 Қирабаев С. Қазақтың тұңғыш революцияшыл-демократтары // Мұрагер әл-манахы, Алматы, 1992, 14-б.

3 Дулатұлы Міржақып. Ахмет Байтұрсынұлы (өмірбаяндық очер-ктен үзінді) // Ана тілі, 1991, 24-қаңтар, 4-5 беттер.

4 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы, 1999, 172–173 бб.5 Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны

жөнінде» // «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конфе-ренция материалдары, Семей, 2008 жыл, 26 б.

6 Дулатұлы М. «Оян қазақ!», Алматы: Алтын орда, 1991, 15–16 бб. 7 Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы», Алматы: Ана тілі, 1992, 448 б. 8 Дулатұлы М. Шығармалары, 2 томдық. П-том, Алматы: Ғылым,

1997, 343 б. 9 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б. 10 Қараш Ғұмар. Замана. Алматы: Ғылым, 1994, – 240 б.11 Аймауытов Ж. Шығармалары, 5 томдық, 5-том, Алматы: Жазу-

шы, 456 б. 12 Әбжанов Х. Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы

// «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей, 2008 жыл, 9 б.

13 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қазан.

Page 163: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

163 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

2.3 Қазақ мемлекеттік және ұлттық рәміздерінің құндылықтық-мағыналық мазмұны

Мемлекеттер, ұлттар, конфессиялар мен жеке тұлғалардың құндылықтар жүйесінің тарихи даму жолында қалыптастырған рәміздік жүйесінің болуы қандай ақиқат болса, осы жүйенің жалпыадамзаттық құндылықтармен үндесе тұрып өзіндік ерекшелігімен, төлтума қасиетімен құндылығының арта түсуі де заңдылық. Халықтардың, өркениеттердің өзара мәдени алмасу үдерісі үдей түсетін өтпелі кезеңдерде, ұлттық келбетті сақтап қалу мен өркениет көшіне әлеуеті зор рухани құндылықтарын үйлестіріп ілесудің бір көрінісі бұл – мемлекеттік және ұлттық рәміздерді иеленуі және олардың мән-мазмұнын айшықтап на-сихаттай білуі. Өйткені, әлемдік тарихи даму үрдісінде заманауи қазақ мәдениетінің болмысын, құндылықтық негіздерін анықтауда, осы арқылы әлемдік өркениет үдерісінде өз орнын белгілеуіне, болашақ даму бағдарын нақтылауда мемлекеттік және ұлттық рәміздердің және оны зерттеп насихаттаудың өзіндік маңызды функциясы бар. Қазақ мемлекеттік және ұлттық рәміздерінің құндылықтық-мағыналық мазмұнын ашып, философиялық-семиотикалық тұрғыда талдаудың өзектілігі зор.

Саяси тәуелсіздігін алғаннан кейінгі даму кезеңінде саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және рухани мәдени салаларда қарқынды реформалар жүргізіп, әлемдік өркениеттің көшіне қайта түлеп, жаңғырған мәдени әлеуеті бар, қалыптасқан мемлекет қатарынан көрінген Қазақстан үшін өзінің басым құндылықтар жүйесін саралап айқындаудың маңызы зор болды. Осы кезеңде мемлекеттік рәміздерді белгілеу, ресмилендіру үдерісі жүзеге асты.

Мемлекеттік рәміздердің елдік мұрат, мемлекетшілдік мүддені айғақтауымен қатар, тарихи тамырымызбен жалғастыратын архетиптілік мазмұны, рухани сабақтастыққа меңзейтін мәдени-ділдік мәні бар екендігі сөзсіз. Рәміздерде жалпы қауымның асыл мұраттарымен жеке тұлғаның да арман мақсатының үндестігі анық байқалады.

Адамның, «кемел адамға», рухани кәмелеттікке талпыны-сы яғни, адамның рухани-интелектуалдық дамуы мәселесінің қазақ дүниетанымында рәміздік формада айшықталуы мен ғасырлар бойы даму тарихын тарихи-салыстырмалы түрде

Page 164: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

164

қарастырғанда оның бүгінгі күнмен сабақтастығына да на-зар аударамыз. Әлеуметтік-философиялық тұрғыдан бүгінгі мемлекеттік рәміздерде осы мұраттардың таңбалануын бағамдап, оның құндылықтық мазмұнын ашудың зор ғылыми-танымдық және қолданбалылық мәні бар. Рухани, мәдени мұралардың құндылықтық жүйесін тарихи-салыстырмалы тұрғыдан зерт-теу арқылы, қазақ қоғамының тарихи-өркениеттік дамуындағы рухани дәстүрдің сабақтастығын және рәміздерде таңбаланған құндылықтық мазмұнның қоғамдағы тұтастырушылық орнын анық бағамдауға болады.

Адам хақты тану үшін жаратылды деген қағида тұрғысынан оның жаратылыс сырының танымдық қыры айқындалады. Сонымен қатар адамның Хақты тану құралы ретінде «нұрлы ақыл мен жылы жүректі, ыстық қайратты» атасақ, махаббат осы жүрек танымының азығы, күш-қуаты, ретінде ыстық қайраттың қызметін атқарады. «Ақыл мен хауас барлығын білмей-дүр, Жүрек сезе-дүр. Мүтакалимин, мантикин, бекер босқа езе-дүр» деген Абай өлеңінде салқын ақыл мен қасаң логикаға және бес сезім мүшесіне сеніп адасудан сақтандырып, нұрлы жүрек танымы арқылы ақиқатқа жетуді ұсынады. Ал, ақиқат әлемнің даналықтарын жүрек көзімен ғана бағамдауға болатындықтан оның сәулесін де рәміздік тілмен ғана беруге болады. Осы тұрғыдан махаббат хақты танудың басты гносеологиялық категориясы ғана емес хақиқат рухани әлем мен эмпирикалық бұл дүниенің арасын жалғаушы қуат. Сол себептен де ұлттық рәміздің тарихи-мәдени мағынасы мен мемлекеттік рәміздің патриоттық асыл мұраттық мазмұндарының ұштасып жатуы оларға ортақ болған рухани мәнмен және осы мәннің махаббатпен қанаттануына, қуаттануына байланысты.

Әлеуметтік философия тарихын философияның адам мәселесіне назар аударып, оны негізгі зерттеу пәніне айналдыруы-нан бастауға болса оны шартты түрде, Сократтың «өзіңді-өзің таны» деген қағидасынан бастауға болады. Қазақ халық даналығындағы «Өзін-өзі билеген ел бақытты, өзін-өзі таныған ер бақытты» деген қағиданың нақты қай кезеңнен басталарын анықтау шарт емес. Бастысы осындай хақиқи қағидалардың халық санасында көнермей өмір сүріп бүгінгі күнге жетуінде. Ел мен ердің бақытын егіздеген мақалда өзін-өзі билеген егемен елде ғана рухани еркіндігі бар өзін-өзі тану арқылы ақиқатты тану бақытын иеленетін ерлер,

Page 165: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

165 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

яғни рухани кемелденген толық адамның қалыптасу мүмкіндігі болатынын көрсеткен. Ертеден келе жатқан рәміздердің бірі Тудың заманауи қолданбалы тағайындылығы азаматты патриоттыққа үндеу, елдің мемлекеттілігін айғақтаушылық қызметі екені белгілі. Бұл қызмет Мемлекеттік Тудың рәміздік мағынасын анықтайды.

«Қазақтарда жорық жалаулары – ту аса мәнді киелі нысан және шеру мен шайқаста әскерлерді басқарудың тиімді құралы болған. Тулар билік белгісі, әскери даңқтың әскербасы мен әскер абройының нысаны болды» деп жазады Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында. Ту – мемлекеттік тәуелсіздіктің нышаны ретіндегі рәміздік мәнді де иеленіп келді. Осының бір дәлелі, жалпы мемлекеттік тулар, оның ішінде – бүгінгі Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік рәміздерінің бірі – Мемлекеттік Ту. Бұл Ту – көгілдір түсті, тік бұрышты кездеме. Оның ортасында алтын түсті, арайлы күн, оның астында қалықтаған дала қыраны бейнеленген. Дала қыраны құт-береке қонуының, шаңыраққа тыстан келер жамандықтан сақтаудың белгісі. Және еркін самғауы рухтың шарықтауын, табиғатпен етене үйлесімнің белгісі деуге болады. Әдетте империялардың туындағы мифтік жыртқыш самұрықтың немесе арыстанның таңбалануы билік пен даңқты бейнелесе, еліміздің мемлекеттік туында бейбітшіліктің, рухани тазалықтың ұлттық төлтумалықтың үні басым. Сабына бекітілер тұста айшықты ұлттық нақыштағы оюдың жолағы орналасқан. Көк – аспан ұғымын білдіруімен қатар, көк түс мөлдір тазалықтың, тылсым шексіздіктің нышаны. Көгілдір түс бұлтсыз ашық аспанның, бейбітшілік пен татулықтың, береке-бірліктің ишарасы. Нұрлы шапақталған күн, қозғалыс пен дамудың, байлық пен молшылықтың, бейбітшіліктің, өсіп-өркендеудің белгісі. Қанатына күн қондырған қыран еркіндік сүйгіш рухтың, кеңісікті игерудің, айбындылықтың белгісі. Ою-өрнек салт-дәстүрдің, мәдени жалғастықтың сабақтастығына меңзейді. Анықтап назар салсақ Қазақстанның Мемлекеттік Туының рәміздік ишарасы терең рухани мән-мазмұнға басымдық бергенін аңғаруға болады.

Қазақстан Мемлекеттік Туында таңбаланған рәміздік мәннің, қазақ халқының тарихи мәдени мұрасы Әзірет Сұлтан кесенесіндегі Ту лаухасындағы рухани мәнмен де сабақтастығын табуға болады. Кесенедегі тудың рәміздік мағынасы рухани тәуелсіздік болса, бұған қол жеткізген кемел тұлға – мемлекеттік тәуелсіздік пен ел егемендігінің баянды болуының кепілі

Page 166: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

166

екені белгілі. Рухани тәуелсіздікке үндеу – жалпыадамзаттық құндылық, бұл халқымызды, тіптен жалпы адамзатты рухани күреске, рух жеңісіне жетуге шақыру – бүгінгі күн үшін аса өзекті мәселе. Кесенедегі Ту лаухасының Қазақстанның Мемлекеттік туымен сабақтастық мазмұны оның руханилығында, яғни, рухани азаттыққа, тек шақырып қана қоймай, оның үлгісін, құралын дәстүр сабақтастығы аясында бейнелі ишарамен дәл бейнелеуімен ұлттық рухтың өміршеңдігінің нақты көрінісі болуында.

Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінде сол елдің тарихи тағдырына сәйкес ишараттар мен белгілер берілген. Мәселен, африкалық бір елдің мемлекеттік гербінде «Калашников» автоматының бейнеленуі сол елдің егемендікке қол жеткізуіндегі қарулы күреске басты мән беріп, егемендіктің құндылығын кейінгі ұрпаққа заманауи автоматты қару арқылы ишаралаумен байланысты. Көптеген империялардың мемлекеттік рәміздерінде билікті, құдіретті ишаралайтын немесе діни бірегейлікті ишаралайтын мағынасы бар мифтік жануарлар, екі басты самұрық, арыстан, шармық т.б. көптеген белгілер таңбаланғаны белгілі.

Күні кешегі Кеңестік идеологияның бір көрінісі болған кеңестік гербті есімізге түсірсек «орақ пен балғаның» егінші шаруа мен жұмысшы пролетариаттың одақтастығын ишаралағанын білеміз. Кеңестік идеалогияның басты ұстындарының бірі атеизм болғаны да белгілі, алайда, айқасып тұрған орақ пен балғаның бейнелік ишарасының тағы бір терең қатпарын орақтың жарты айға ұқсауы, ал балғаның шармық крестке ұқсауымен байланысты деген пікірлер де бар. Өйткені, ұлан байтақ өлкеде бір бөлігі христиан болса, бір бөлігі мұсылман болып, өз діни бірегейлігін ғасырлар бойы анықтап, ұлттық ділі қалыптасып қойған сан алуан халықтарды бір тудың астына біріктіру, олардың санасын атеистік идеалогиямен тұтастандыру өте қиын міндет еді. Материалдық игіліктерді әділетті және тең бөлу ұранымен революциялық қантөгіспен билікке келе тұра, Ресейлік отарлық империялық саясаттың мұрагері болған Кеңестік идеология патриоттық тәрбиеге баса назар аударғаны белгілі. Осы идеологияның өзі мүлдем жаңа жалаң атеистік көзқарасқа сүйенген ұстанымы бола тұра, рәміздерді жасақтауда жасырын астарлы түрде бастаукөздегі діни бірегейлік пен тарихи тамырларға табан тіреуге деген мәжбүрлігін байқаймыз. Атеизмнің тарихилық

Page 167: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

167 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

пен руханилықтың діни тамырын жоққа шығару арқылы жалаң гуманизммен ғана қарулануы революциялық қантөгістерді ақтаса да, астарлы түрде болса да о бастағы рухани-діни бірегейліктің ишараларына жүгінуге мәжбүр болды. Себебі, рәміздердің басты тағайындылығы да рухани әлеммен және оның құндылықтарымен заманауи адамның санасында байланыс орнату және патриот-тыққа шақыру еді. Рухани мәнсіз, рухани әлемнің ишараларынсыз, патриоттыққа, рухани бірегейлікке, асыл мұраттарға шақыру мүмкін емес еді. Демек, рәміздердің басты сипаты оның рухани мәні мен тарихи санадағы терең іздерінде.

Рухани мәнді рәміздердің құндылықтық мазмұнын зерт-теу мәселесі көрнекті философтардың назарын аударып келеді, өйткені, құндылықтар жүйесі адамзат тарихының даму үдерісінде рәміздер формасында қордаланып, сақталады. Соны-мен қатар, жаңа рәміздердің қалыптасуымен дамып, түрленіп отыратындықтан тарихи адамның да бүгінгі заманауи тұлғаның да рухани әлемінің маңызды элементі рәміздер болып табыла-ды. Рухани мәдениеттің және оның таңбалық белгісі рәміздердің құндылықтық-мағыналық негіздерін талдау, мәдениеттің біртұтас және ұдайы дамудағы жанды организм ретіндегі ерекшеліктерін анықтау, оны жандандыратын «құндылықтық сананың» даму-ын зерттеу – мәдениет дамуының әр түрлі кезеңдерін танудың теориялық және практикалық негізін құрайды.

Мұндай зерттеулер рухани мәдениет мұралары мен құнды-лықтың арасындағы терең байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ рухани мәдениетіндегі рәміздер жүйесінің өзі тікелей құндылықтар жүйесінің өмір сүру формасы екенін атап өткен жөн, өйткені мәдениетте рухани құндылықтар басым маңызға ие. Ру-хани құндылықтарды танып, саралау, әсіресе, көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгермелілігімен, тұрақсыздығымен ұласа жүретін және дүниетанымның қайта жаңғыруымен ерекшеленетін қоғам дамуындағы өтпелі кезеңдерінде өзекті болып табылады. Өйткені мұндай кезеңдерде құндылықтар дағдарысы байқалып, бұрынғы құндылықтар мәдениет дамуында теріске шығарылады, ал жаңа құндылықтар болса әлі қалыптасып үлгірмейді, жал-пы маңыздылық статусына иелене алмайды. Осы жағдайда неғұрлым тұрақты өзінің өміршеңдігімен ерекшеленетін, жоғары адамгершілік ұстанымдарға сай рухани құндылықтар алдыға шығады. Ал олардың рәміздер әлемінде айшықталатыны белгілі

Page 168: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

168

болғанымен, оның астарлы мазмұнының таңбалануын заманауи тұрғыда танып, сараптау бүгінгі күннің талабы.

Қоғамдық өмірде экономикалық, саяси, моральдық-құқық-тық нормалар мен императивтер, жалған құндылықтармен ауыстырылған кезде құндылықтардың қайта бағалануы рухани мәдениет үшін қауіпті жағдай туындатып, қоғамдық организмнің ыдырауына әкелу қаупі ұлғаюы мүмкін. Алайда, жоғары рухани құндылықтарды қорғап қалу үшін рухани мәдениеттің коды бо-лып табылатын ұлттық рәміздер жалпы құндылықтар жүйесінің негізгі өзегі ретінде қызмет атқарады. Рәміз – дүниетанымдық мазмұнымен маңызды мәдени әмбебаптық қызмет атқарып, адам санасында терең ақпараттық із қалдыратын рухани мәнді ұғым.

Рәміздің көмегімен адамдар арасындағы ақпараттық алма-су мен рухани қарым-қатынас уақыт және мекен кеңістігіндегі алшақтықтарды, тілдік бөгеттерді жеңе отырып жүзеге асады. Рәміздер адамзаттың сан ғасырлық мәдени-тарихи мұраларын және рухани құндылықтарын ұштастырып, дәстүр сабақтастығын жалғайды. Рәміз мәдениеттегі таңбалық көрініс ретінде ру-хани құндылықтардың терең сырлы мән-мағынасын мәдени жәдігерлердің бойына шоғырландырып, мүмкіндіктерін жаңғыртып, жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған «Қазақ-стан–2050» Стратегиясының даму бағдарламасының жүзеге асуы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының кеңінен насихатталуын-да қазақ рухани мәдениетінің түпбастауындағы құндылықтық мағыналық негіздерді өзек етудің маңызы зорлығына назар аударылған. Осылайша Стратегияны жүзеге асыруға қатысушы халықтың барлық топтарының жалған құндылықтарға қарсы тұру қабілетін нығайтумен қатар, әмбебаптылық сипатқа ие, жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болып табылатын және сонымен қатар қазақстандық өмір шындығымен аста-сып жататын құндылықтарды сіңірудің мүмкіндігі туады. Осы құндылықтардың заманауи мемлекеттік рәміздерде айшықталуы асыл мұратқа талпыныстың бір көрінісі болса, ұлттық санада архетиптік қалыпта өмір сүріп келе жатқан құндылықтардың рәмізде таңбаланған мән-мазмұнын санада қайта жаңғырту оның жасампаздығы мен өміршеңдігін арттырады.

Қазақстан Республикасының Президенті «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әжептәуір жаңғырған

Page 169: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

169 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас тау алатын ру-хани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп жазды. Бұл бағдарламалық мақалада Елбасының рухани кодты ұлттық кодтың балама-сы ретінде қолдануының өзі қазақ халқының төлтума рухани мәдениетіндегі архетиптерді тереңдей игерудің өзектілігіне нұсқап тұр. Ал рухани жаңғырудың өзіне өзек болар тари-хи тәжірибенің маңыздылығына да назар аударған: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге ше-кеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамыры-нан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс ты рып, жарасты-ра алатын құдіретімен маңызды». Ұлттық сананың кемелденуі, ұлттық бірегейліктің нығаюы рухани жаңғырумен астаса жүретін өзара тығыз байланысты құбылыстар екендігіне де осы мақалада нақты айтқан: «Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипатта-рын өзгерту» [3].

Адамзат тарихында мәдениеттің дамуының көрінісі болған рухани құндылықтар мен мән-мағыналар, идеялар мен мұраттар рәміздер арқылы көрініс тауып, рәміз мәдениеттің терең руха-ни қабатын түзеді, таңбалық-тілдік образды бейнелеудің сырлы өзекті құрылымын қалыптастырады. Мәдени құбылыстардың сан алуан ақпараттық мазмұнын, рухани мәнін бойына сақтайтын рәміздік жүйелер қоғамдардың, этностардың, әлеуметтік-мәдени топтардың өміріндегі тарихи үрдістер мен үдерістердің мәнін ашатын «кілттер», заттың субстанциялық негізі болатын танымдық категориялар деп білуге болады. Рәмізді мәдениеттің семиотикасы тұрғысында сараптаған Ю.М. Лотманның пікірінше «мәдениет тарихының барлық материалдары әлеуметтік кодтар жүйесі мен ауқымды ақпараттар тұрғысынан талдануы мүмкін, яғни бұл ақпараттар белгілерде бейнеленіп, ұжымға жеткізуге мүмкіндік береді» – дейді [4, 31 б.]. Рәміз әлеуметтік кодтың маңызды фак-

Page 170: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

170

торы бола отырып, әлеуметтік-мәдени мұраларды жинақтаушы, сақтаушы және жеткізуші болып табылатындығы даусыз. Яғни, Ю.М. Лотманның сөзімен айтар болсақ, «рәміз мәдениеттің жа-дысы» деген идеяға саяды. Архетиптілік, образдылық, ауқымды да кешенді мән-мазмұн, әмбебаптылық, ұлттық мәдени ерекшелік – рәміздердің басты табиғи көрінісі болып сипатталады. Ерекше мазмұнды, кең көлемді мәтіндерді қысқа да нұсқа түрде сақтап жеткізу рәмізге ғана тән.

Рухани мәдениет және оның құндылықтық-мағыналық негіздерінің түпбастауы, қалыптасу үдерісі, таңбалану форма-сы, яғни рәмізі, олардың дүниетанымдық мәні мен әлеуметтік-философиялық қызметі ертеден әлемдік философиялық ой тарихының басты зерттеу нысаны болып келген еді.

Құндылықтарды зерттейтін саланың аксиология деп атала-тыны белгілі. Құндылықтар мәселесі антикалық дәуірде Платон, Аристотель, Цицерон және т.б., толғандырса, одан кейін Қайта өрлеу дәуірінен Л. Валла, М. Монтень және т.б. ғылыми танымынан басты орын алды. Құндылықтарға теориялық талдау жасау, оның ғылыми әдіснамалық негізін іздеу, классификациясын жасау Жаңа дәуірде іске асырылып, аксиологиялық зерттеулер философиялық білімнің жеке дара саласына айналды. Еуропалық философия-да құндылықтар екі тұрғыдан: біріншіден, рухани құндылықтар ретінде, екіншіден, материалды-практикалық құндылықтар ретінде қарастырылады. М. Вебер құндылықтарды трансценден-тальды түпбастаудан туындайды десе, М. Шелер құндылықтарды және оның туындыларын материалдық игіліктерді құрушы түпнегіз деп зерттеді.

Философия тарихында Антика заманында өмір сүрген Со-крат: «Игілік дегеніміз не?» – деген сұрақты қойғаны белгілі. Ол уақыттағы философтар құндылықтарды болмысқа барын-ша жақындатып, кейбір жағдайда бір-бірімен сәйкестендіріп келді, яғни аксиология онтологиялық формаға ие болды. Акси-ология теориясы онтологиялық негіздерден шығарылғандықтан, Антика заманында өзіңдік құрылымы бар, құндылықтар ту-ралы ілім формасындағы аксиология ілімі қалыптаса қойған жоқ еді. Бірақ, құндылықтардың абсолютті және салыстырма-лы қасиеттері туралы түсініктер ерте заманнан-ақ пікірталастар туғыза бастады Мәселен, Платон үшін ең жоғарғы құндылықтар

Page 171: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

171 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

абсолютті түрде өмір сүреді, ал софистер болса, өздерінің атақты «Адам барлық нәрсенің өлшемі» деген тезисі арқылы барлық құндылықтардың адамдардың бағалауынан өтетінін білдіріп, адамның мағыналандырушы қасиетіне баса назар аударып, олардың салыстырмалы қасиетіне назар аударған. Аристотель құндылықтар әлемін жіктеуден өткізу қажеттілігін айтады. Ол адамның даналығының өлшемі – оның қандай құнды нәрсені таба білуінде деген пікірді келтірген.

Шығыста адам өзінің ішкі рухани әлеміне бойлау арқылы жүрек тереңінен асыл-жауһарларды сүзуге бейім болса, бұл қазақ дүниетанымында да «жүрегіңнің түбіне терең бойла одан тапқан шын асыл тастай көрме» деген ұстанымнан көрініс тапты. Жүрек танымын ұлықтаумен сипатталатын, бұл танымды иелену үшін тақуалық пен рухани тазаруға үндейтін бұл құндылықтық жүйелер діни дүниетаныммен тығыз байланыста болды. Адамның рухын өсіріп, ақылын нұрландыруға, ой-санасын тазартып, нәпсі қалауын жүгендеуге бағытталған, тұлғаның рухани кемелденуін жоғары құндылық ретінде бағалап, Абсолютқа, Хаққа, ұласудың кепілі деп білу шығыс мұсылман ғұламаларына тән болды. Дао-мен, Брахманмен етенелесуді медитация, мантра арқылы жүзеге асыратын, Ведалар, Упанишадтар тәрізді қасиетті жазбалардағы ақиқатты мақсат еткен, даосизм, конфуцийшілдік тәрізді діни-философиялық ілімдерде де адамның рухани жетілуі басты құндылық деп білді.

Мистицизм мен иррационализмге ден қойған шығыстық фило-софиямен салыстырғанда батыстық философияда аксиологиялық мәселелерді зерделеу тікелей рационализмге сүйенген қатаң ғылыми сипатта болды.

«Аксиология» термині ғылыми айналымда XIX ғасырдың соңында орныға бастаса да, құндылықтар мәселесін И. Кант пен Г.В.Ф. Гегель зерттеулерінде назардан тыс қалмаған. И. Кант өзінің «сыншылдық» жүйесінде «құндылық» ұғымын тікелей қолданбағанымен, «ізгілік», «мораль», «парыз», «ақиқат» ұғым-дарын өзінің транценденталдық философиясында теориялық, қолданбалы және этикалық ұстанымдар, эстетикалық таным тұрғысынан қарастырып, болашақ аксиологиялық мектептердің қалыптасуына алғышарт жасады. Ал Гегельдің ілімінде танымның көкжиегін ашып, зерттеуде бағамдау мен құндылықтардың өзара байланысын қарастырады.

Page 172: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

172

Философ үшін рәміздік таным мен әлемді түсіну болмыстың терең құпиясын түйсіну. Біздің табиғи өміріміз рәміздік өрнектермен мағынаға толы деп тұжырымдайды. Н.А. Бердяев өзінің «Еркін рух философиясы» деген шығармасында «Символ мен символдау екі әлемнің барлығына яғни бақи мен фәнидің бар екендігіне меңзейді деп біледі. Егер бір ғана әлем болса символдаудың да мәні жоқ. Символ бақидың мәнін фәнидегі белгілер ишаралайтынына меңзейді. Плотин де екінің бірігіп бір мазмұн ұсынуын символ деп білді. Символ екі әлемнің арасындағы көпір. Символ о дүниенің бар екенін ғана, болмыстың бұл дүниемен шектелмейтінін айғақтап қоймай, екі әлемнің ара-сында белгілі бір байланыстың бар екендігінің белгісі. Рәміз екі әлемнің барлығын айғақтау арқылы оларды шектемейді, олардың арасындағы байланысты түзеді. Біздің эмпирикалық табиғи әлеміміздің, яғни фәнидің Бақисыз мәні жоқ, ол жайлы Абай «Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей» дейді. Рәміздің рухани құндылық болу себебі де ол өзінің мәнін рухани әлемнен яғни бақидан алып тұр. «Природный мир не имеет в самом себе источника жизни, дающего смысл жизни, он получает его символически из мира иного, мира духовного. Логос заложен в духовном мире, и в мире природном он лишь отображается, т. е. символизуется. Все, что имеет значение и смысл в нашей жизни, есть лишь знак, т. е. сим-вол иного мира. Иметь значение – значит быть знаком, т. е. сим-волом иного мира, несущего смысл в себе самом. И все значитель-ное в нашей жизни есть знаковое, символическое. Символическая связь в нашей жизни и жизни нашего мира, полного бессмысли-цы и ничтожества, дается лишь как связь с иным миром, миром смысла и значительности, миром духовным» [5, 64б.] деген орыс философы Н. Бердяевтің пікірі пәни дүниенің мәнділігі бақилық әлеммен байланысты ғана жүзеге асарын нақты айтады.

Демек, дүниені рәміздік тұрғыда түйсіну болмыстың терең сырлы құпиясына бойлаудың мүмкіндігі.

Қазақ философиясының ерекшелігі – адамның рухани-адамгершілік кемелденуін – ерлік ұғымымен атаса, ер болып қалыптасу ортасын елдік деп анықтап, сол елдің тыныштығы мен амандығына және ар тазалығына оның жан саулығына баса назар аударуында. Шәкәрім Құдайбердиев адамның ар ұжданын рухани құндылық ретінде анықтап, «ар ілімі» деген түсінікті енгізеді, ал Абай Құнанбаев сана, ерік және жүрек біртұтастығында жүрекке,

Page 173: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

173 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

сәйкесінше адамды сүю, ізгілік, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарға да ерекше ықылас білдіреді. Абстарктілі-логикалық санаға басымдылық беретін батыс философиясымен салыстырғанда қазақ философиясындағы адамның адамгершілік құндылықтарына баса назар аударуы, оның ажыратылмайтын түсінік аппаратына байланысты болады, мысалы рақымшылдық, ар-ұят, ұятты сана, жүрек түсініктері болып табылады.

Тоталитаризм шырмауынан босап, саяси тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақ елінің модернизация және әлемдік өркениеттің көшіне ілесуі барысындағы өзін-өзі айқындауға ұмтылысы ұлттық және мәдени өзіндік бірегейлік (самоидентификация) мәселесін күн тәртібіне қойды. Бүгінгі күні бұл мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі сыртқы суперөркениеттердің (солтүстіктен – православтық, оңтүстік-шығыстан – буддистік-конфуциандық, оңтүстік батыстан – исламдық) қайшылықты ықпал аймағында орналасқан геосаяси жағдайымен, ішкі мәдени әртектілігімен (гетерогенділігімен), яғни ел тұрғындарының көпэтносты, көпдінді құрамымен, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы трансформациялық процестерді бастан өткізген мемлекет құраушы ұлт – қазақтардың бірегейлікі нығайтуға мүдделілігімен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақ-станның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті судың киелі мекендерін және басқа да жерлер ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай-ды» [3] деп атап көрсетті.

Page 174: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

174

Рәміздік тұрғыда жүректі – ар-ожданға баласақ, осы жүрек – демек, ар-ождан басты моральдық құндылық ретінде қазақ даласындағы рухани мұралардың негізгі тақырыбы болып табыла-ды. Осы жүрек және жүректе сақталатын құндылықтар нышанын белгілейтін, құндылықтардың сақталар қалыбы – рәміздер бар. Ру-хани мұралардағы құндылықтар жүйесі нұрлы ақылды иеленген толық, әмбебап адам (инсан) идеялына құрылатындықтан, сол ілімге жетудегі таным органын, яғни сол ілімге лайықты мекен болатын жүректің тазалығын басты орынға қояды. Сананы жалаң діни догмалар шырмауында, қасаң қағидалар құрсауында қалдырмау үшін жүрек танымын, жүрек таразысын іске қосуды, ол үшін сол жүректі оятып, тірілтіп, тазартып, о бастағы тағайындылығы мен қызметін қалпына келтіруге шақырады. Құндылықтарға мекен болуы үшін, таным құралы қызметін атқаруы үшін – жүректің тазалығын қамтамасыз ету қажетті шарт, ал осы таза және тірі жүректі нұрландыратын өлшеусіз сый – нұрлы ілімді астарлап, бейнелі көркем тілде айшықты баяндайтын да рәміздік тіл. Қазақ топырағындағы рухани дәстүрдің осы рәміздік тілінің әдеби және мәдени мұралардағы айқын айшықтарын көріп, оның астарына үңіліп, өзіндік ерекшеліктері мен мән-мазмұнын танып, ғибратына назар салу арқылы тарихи мәдени мұрадағы рәміздік жүйенің құндылықтық-мағыналық мазмұнын ұғамыз. «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» [3], деген Елбасының пікірі Мемлекетіміздегі тарихи мәдени нысандардың патриоттық мән-мазмұнына баса назар аударады.

Қазақ мемлекетішілдігінің оған қоса жалпы түркі-мұсылмандық әлемдегі рухани тұтастықтың рәмізі болған Әзіреті Сұлтан кесенесі Ясауи ілімінің өміршеңдігінің үлгісі, халықтың рухани, діни, қоғамдық, әлеуметтік қажеттіліктеріне сай жан-жақты қызмет атқарып келген, елдіктің және мемлекетшілдіктің ордасы болған ғимарат. Бүгінгі еліміздің тәуелсіз даму жолына түсіп, халқымыздың рухани мұраларын зерттеудің өзектілігі артқан тұста оның – Ясауи ілімінің ашық кітабы ретіндегі танымдық-ғибраттық мәні арта түсуде. Рухани мәдениеттің құндылықтық-мағыналық негіздерін рәміздердің мән-мазмұнын ашу арқылы түсінуге болады және этносанада сол рәміздердің

Page 175: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

175 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

жаңғырып тұруы, дәстүрлі мәдениет өкілдерінің жаһандану қауіп-қатерлерінен аман өтуі үшін маңызы зор

Рәміз фәнилік арқылы бақилықты, шектеулі арқылы шексізді, нақтылық арқылы абстрактілікті, материалдықпен идеалдықты бейнелеп ұсыну нәтижесінде көзбен көріп қолмен ұстамайтын рухани әлемді санада бейнелеп, осы аралықтарға көпір болып, адам болмысының микрокосмдық әмбебаптық қалпын, танымдық мүмкіндігін анықтайды. Қолмен ұстап көзбен көрмейтін алайда, көкірек көзімен сезінетін ақиқаттарды, рухани құндылықтарды фәнилік айшықтармен шартты түрде таңбалап, санада сақтау үшін символдар таптырмас қызмет атқарады. «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн ды лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» [3], деп Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласында атап айтуы рәміздердің тарихи мәні мен заманауи өзектілігін айғақтай түседі.

Рухани мәдениеттің жадысы қызметін атқаратын рәміздердің сақтаушылық та, таңбалаушылық та астарлап образбен бейнелеушілік те, этикалық ғибраттық та, эстетикалық ләззәт берушілік те, танымдық гносеологиялық та функциялары болуы оның халықтың ұжымдық бейсаналылық деңгейдегі жады, яғни, рухани құндылықтарды сақтаушы және жаңғыртушылық қызметін көрсетеді.

«Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік Әзірет Сұлтан мұражайы қорындағы ортағасырлық тарихи құнды мұрағаттың бірі Әмір Темір дәуірінен сақталған қола лаухалы ту.

Ұлттық рәміздің терең рухани мазмұнды үлгісі болған бұл тудың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен басты рухани сабақтастығы жалпыадамзаттық құндылықтарға, асыл мұраттарға үндеуінде болып тұр. Сопылық ілімге негізделген Ясауи ілімінің ежелгі түркілік дәстүрден тіптен одан арғы сақ ғұн дәуірінен бастау алып, этносанада жаңғырып отырған халықтың рухани жадындағы архетиптерді қалыптастырып,

Page 176: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

176

оларды исламдық мазмұнмен байыта түсуінің мысалын Ясауи мәдениетіне байланысты жәдігерлерден, тарихи архитектуралық нысандардан [6] анық көреміз.

«Әзірет Сұлтан» мұражайы қорындағы сақталған қола лаухалы тудың сабы ағаштан жасалынып, жасыл түсті бояумен боялған, оның ұзындығы 8 метрге жуық. Лаухасы, яғни ұшы қоладан құйылған, биіктігі – 98 см, салмағы – 5 кг [ 6,136 б.] «Лауха» сөзі – жазу жазылған тақташа мағынасын береді.

«Тарих – таным, тағылым, тәрбие, бабалар тәжірибесі, туған топырағыңды танудың кілті, Отаныңа деген сүйіспеншіліктің бастауы Түркістан – төл тарихымыздың күрделі де үлкен арнасы. Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді әңгіме, аңыз-әпсана көп, көненің көзі, асылдың сынығы – құнды жәдігерліктер мол. Біз осының бәрін қажетімізге жаратуымыз керек, бабалар тәжірибесін игеруіміз керек» – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі елдіктің, ерліктің, адамгершіліктің туын жықпаған халқымыздың рухани, мәдени мұраларындағы ғибратты өнегенің халық игіліне жаратылуының маңызына нақты нұсқап тұр. «Адамгершіліктің туы» деген сөз тіркесінің халық санасында берік орын алуының өзі де Әзірет Сұлтан кесенесіндегі тудың мән-мағынасына тереңдей үңілуге жетелейді.

«Хақ расулі Мұхамбет,// Абзалы артық нұр өткен.// Артынан келіп төрт имам, //Шариғат жолын күзеткен. //Пәруәр пірдің басшысы //– Қожа Ахмет Ясауи,// Түркістанда бұ да өткен,// Туына жұртын түнеткен.// Зікірін айтып зарланып, // Пікірін бізге мұра еткен» деген Сәттіғұл Жанғабылұлы өз жырларында «Туына жұртын түнеткен», яғни халқының рухани тыныштығын қамтамасыз еткен ерлердің есімдерін атап айтқан. Олардың рухани кемелденген, толық адам ретінде үлгі қылып, сипаттары мен қызметін ашып көрсетеді. Лауханың құйылуы мен оюларынан, өрнектеліп жазылған араб, парсы жазуларынан кесенедегі ортағасырлық қола бұйымдардың құйылу технологиясына тән ортақ тақырыптық, идеялық, біртұтастықты, ұқсастықты көреміз Мәселен, лауханың мойындығының құрылымдық пішінінде шырағдандармен ұқсастық айқын көрінсе, сүйірленген жапыраққа ұқсас негізгі бөлігінің пішіні және қошқармүйіз оюлармен аяқталуы есік алқасы мен Тайқазанның тұтқасына ұқсайды.

Лауханың өзі екі негізгі бөліктен – ортасында оюлы-өрнекті жазулары бар жапырақ формасындағы жалпақ бөлігінен

Page 177: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

177 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

және сығылған шарға ұқсаған екі белдеулі конус тәріздес мойындығынан құралған. Лауханың негізгі бөлігінің ұшы қошқармүйізді оюлардың екі сатылы өзара симметриялы, біріккен композициясынан құралған. Лауха ұшындағы үлкен оюдың ұштасқан ұзын ұштарының ортасында екі жағынан бірдей оқылатын етіп «Алла» сөзін ойып жазған. «Алла» сөзін жиектеген екі қошқар мүйіз оюдың ұзын ұштықтарының А бетіне Калима шәхадат (куәлік сөзі) жазылған: «Бір Алла Тағаладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә, Алла!» Б бетінде оюдың ұзын ұштарының бірінде Аллаға мадақ, бірінде кәлима-и таухид жазылған: «Бір Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммед оның жіберген елшісі. Барлық хәлде Алла Тағалаға мадақ!» [6, 137 б.] Адамның жүрегінен орын алуға тиісті Алла есімін қорғап-қоршаған иман қауызы – кәлима шахадат ортаңғы бөлігінің А бетіне Алла есімін жиектей қаусыра жазылған. Осы иманның қауызы – жүрек ділді тазартатын негізгі құралдың формасы – кәлима таиба және негізгі амал әрекет – қандай хәлде болсын Алланы мадақтау бұйрығы екінші жағынан да оқылатын ортаңғы бөліктегі «Алла» сөзін екі жағынан қаусыра Б бетінде жазылған. Иманды қорғап, күзету үшін адамның Алла есімін жад етуі, яғни кәлима таухидті үнемі зікір етіп, қандай хәлде болса да Аллаға мадақ айтудан танбауы керек деген қағида Ислам дініндегі басты ұстаным. Осы қағида Ясауидің хәл іліміне саятын терең мән-мағынамен астарланып, лауханың Б бетіне сыйғызылған. Ислам дәстүріне сай адамның жүрегі ғана жер көкке, ғаршы күрсіге сыймайтын, тек иманды құлының жүрегінен орын табатын Аллаға ғана мекен болуға лайықты. Демек, «Мені, жаратқан аспаным мен жерім де сыйғыза алмайды, Мен тек момын пендемнің жүрегіне ғана сыйамын» деген Алла Тағалаға сенім және сол орынды ластықтан тазарту әрекеті – Ясауидің хикмет дәстүрінің, хәл ілімінің негізгі методы. Хәл ілімімен тазарып, нұрланған жүректі ишаралайтындай ашық жерге, шапақты нұрын шашқан бейнеде «Алла» сөзінің жазылуы, иман қауызының ішінде орын алуға тиісті негізгі мәнді көрсетеді. Қошқармүйіз оюдың өзі «адам» деген ұғымды ишаралайтынын ескерсек, адам табиғатының нұрлы рухани жағымен қатар, көлеңкелі тәндік қырының бар екендігіне меңзейтіндей оюлар мен оюлы жазулар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Демек, адамды кемелдікке жеткізетін рухани дамудың өзі оның бойындағы осы рухтық және нәпсілік екі

Page 178: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

178

сипаттың күресінен туындай тұрып, екі дүниелік бақыттың кілтін иеленуді мақсат тұтып, адамгершілікті ту ететін толық адамның қалыптасуына бастайды. Лауханың симметриялы құрылымы, оның орталық бөлігі білік бойымен айналу мүмкіндігі – бүкіл дүниенің қозғалысы мен ғаршы-күрсінің үйлесімді айналымының өзі Құдайдың құдіретімен, Оның сүйген құлы, халифасы – құтыбтың құрметіне жүзеге асып тұрғанына меңзейді. Мұның өзі халық даналығындағы «бүкіл дүние бір әулиенің дұғасымен аман тұр» деген наныммен астасып жатыр. Лауханың ұшындағы қошқар мүйіз оюдың екі жаққа шиырылған ұштарының екі бетінде төрт халифаның аттары жазылған. А бетінде: «Әбубәкір Сыддық, Омар Фаруқ», Б бетінде: «Осман Аффан, Әли әл-Мұртаза» Имандылық ізгі мақсатқа жетуді көздеген адамның Исламды алғашқы болып қабылдап, ғибратты өмірімен кейінгіге үлгі болған төрт шариярдың өнегесін өзіне таяныш қылып, үлгі тұтуы дәстүрлі Исламдағы негізгі ұстаным. Осының мысалын Ясауи хикметтерінен де көреміз: «Мұңдасқанда жылаған, құлшылыққа бел байлаған, Іші-бауыры езілген – Әбубәкір Сыдық дүр// Көрген заман иланған – Әбубәкір Сыдық дүр, // Ұстын болып тірелген – Әбубәкір Сыдық дүр //... Екіншісі жар болған – әділетті Ғұмар дүр,// Діннің сөзін ұқтырған – әділетті Ғұмар дүр// Мұсылмандыққа жар болған – әділетті Ғұмар дүр. Хақ Расулдың күйеуі, дініміздің тірегі,// Пенделердің азаты – Оспан сыпайы дүр... Білалға азан айттырған, шариғатты білдірген,...// Үшіншісі жар болған – Оспан сыпайы дүр, //Әркезде де жар болған – Оспан сыпайы дүр. //Төртіншісі жар болған Құдай шері Ғали дүр, //Айтқан сөзі рахман-ды, көрсең жүзі нұр еді, Кәпір құтын қашырған Құдай шері Ғали дүр.// Миғражда да жар болған Құдай шері Ғали дүр..» [1. 165] деген хикмет жолдарында Ұлық сахабалардың сипаттарын баяндайды. Исламның бастауында иман келтіріп, дінге қуат болған, діннің таралуына қажыр-қайратын аямаған сахабалардың есімі күш-қайратқа меңзейтіндей шиырылған оюда таңбалануының да өзіндік мағынасы бар. Халық арасындағы Пайғамбардың төрт шариярына деген зор құрмет жыр-қиссаларда, аңыз-әңгімелерде олардың ғибратты өмірі молынан орын алуынан көрінеді.

Негізгі бөліктің ортасынан симметриялы түрде екіге бөліп, екі бетінен де оқуға болатындай ойылып, өсімдік тектес өрнекпен әшекейленіп сулс қолтаңбасымен былай деп жазылған: «Мұхаммед, Әли Алланың берген нығметі!». Дүниеге шапағатшы,

Page 179: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

179 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

әрі ілімнің кені, қаласы болып келген Пайғамбар мен сол ілімнің қақпасы – Әзірет Әліні Құдайдың берген нығметі деп түсіндіреді. Сонымен қатар бұл жазуды ілімнің өскелең рухын, шапағат етер нұрын паш етіп, екі дүниеде де бақытқа бастар қасиетіне ишаралайтындай өсімдік тектес өрнекпен айшықтап, екі жақтан оқылатындай ойып жазылған ашық көрінісімен айқындап, симметриялық үйлесімімен бейнелейді. Лауханың ең көркем де әсем өрнектелген осы негізгі бөлігі рухани кемелдікке ұмтылған ердің иеленетін ең ұлық сыйы рухани ілімге меңзейді. Демек, жылы, абзал, таза жүректі иелену үшін, қажыр-қайратын аямай қарыштаған және аттары аталып кемелдіктің үлгісі болған адамдардың үлгісімен ақиқат үшін аянбай қызмет жасаған адамдардың иеленер сыйы бар – бұл нұрлы ілім. Адамның ақиқат жолдағы талпынысы, тақуалық пен үлкен қажыр-қайратты қажет етсе, ол үшін берілер бағасы жоқ сый құндылық бұл – рухани ілім немесе нұрлы ақыл.

Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар мен Әзірет Әлі есімдері айшықталған негізгі өрнекті көмкере жиектей Пайғамбар әулеттерінің есімдері жазылған. Оларды құрметтеу, үлгі өнеге тұту, ғибратты өмірі мен істерін насихаттап жыр, хикметке қосып халыққа жеткізу, оларға салауат жолдап, дұға тілеу дәстүрімізде үзілмей жалғастық тапқан, бүгінге жеткен игілікті салтымыз. Осы дәстүрге сай Ислам жолында жақсылыққа жетіп, Алланың нұры жауған, Пайғамбар әулеті еске алынып, оларға салауат айтылғанын байқаймыз. Дәстүрлі Ислам дініде – дүниеге Ислам ақиқатын паш ететін, Пайғамбардың жолын жалғастырушы ұрпағы келетініне деген сенім бар.

Лауханың негізгі бөлігінің Б бетіндегі оң жақтағы жазу парсы тілінде: «Бұл әлемдегі шайхтардың басшысы, Хазрат Хақтың [Алла Тағаланың] досы, Алауи [Әзірет Әліден тараған ұрпақ], Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы!» Ту ұшының ағаш сапқа бекітілген мойындығында кесенедегі шырағдандардың жазуларына ұқсас араб жазуы бар. Олар өсімдік тектес оюмен өрнектеліп, 18 см ұзындықта сулс қолтаңбасымен айналдыра бедерленген мәтіннің мағынасы: «Құрметті сұлтан, патша, ғалым, сөзіне ісі сай, әділетті Әмір Темір Көреген». «Жүсіптей асыл нұр өткен, // Әзіреті Әлі – Шер өткен, // Шыңғыстай асқар шың өткен, //Көреген Темір дүр өткен. Сан пайғамбар, сахаба, // Құдайдың досы бұ да өткен. //Аллалаған пір өткен, // Туына жұртын түнеткен // Зікір, таспих,

Page 180: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

180

жария, Мешіттің ішін гүл еткен // Хақ Расулдың сүннетін, // Қожа Ахметтің міндетін, // Өшіре көрме жүректен» деген Қашаған Күржұманұлының жыр шумағында Ақиқат жолындағы қасиетті күрестің ғибратын, сол жолдағы ту ұстаған ерлердің мұратын, тудың киелілік мәнін және Құдайдың назары түсетін нысан – адам жүрегінде орын алуға тиісті басты құндылық – Пайғамбар сүннеті мен Ясауи міндеті екенін көреміз. Ту – халыққа ұйытқы болар пірдің қолындағы басты рәміздік белгілердің бірі. Бұл жырда Ту ұстаған ел бастаушы кемел пірдің күрескерлік мақсаты – Пайғамбар сүннеті мен Қожа Ахметтің міндетін жүректе сақтау деп анықтайды. Демек, осы міндетке адалдық үшін жүзеге асатын күрес, майданының орны да жүрек екені белгілі болады. Күрестің құралы мен тәсілін де анық нұсқайды. Біз ту лаухасының пошымы мен ою өрнек жазуларынан оның киелілік мәнін түйсінсек, ишаралық мазмұнынан ғибратты мағынасын түсінеміз. Демек, Ясауи кесенесіне сыйға тартылған Ту – Пайғамбар хадисіндегі үмметін Ұлы жихадқа, яғни нәпсімен күресіп, рухани кемелдік үшін шайқасуға шақырған өсиетіне сай осы күрес майданына бел буған, Ақиқат жолды қалаған майдангерлердің туы. Бірде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге аса ауыр соғыс – «Табук» жорығынан көптеген жауынгерлері шәиіт болып, қалжырап қайтып, Медине қаласына жеткенде: «Кіші соғыстан ұлы соғысқа қайтып келдік» деген. Сахабалардың: «Кәпірлермен соғысудан да үлкен жихад барма екен?» деген сауалына Пайғамбар с.ғ.с: «Йә, ол – нәпсімен күресу» деп жауап берген. Нәпсімен күресіп, руханиятын өсірген адамның иеленетін ілімі – халық даналығында айтылғандай «Білекті – бірді жықса, білімді – мыңды жығатын» сан мыңдаған адамды дұрыс жолға салатын ілім. Лауханың негізгі бөлігіндегі оюлы жазу ладуни ілімге меңзеп, сол ілім иелерін атап, оларды «Алланың сыйы» деп біледі. Осы Алланың сыйы, шексіз қазынасы – ладуни ілімнің өзі адамның жүрек тереңінен иман нұрымен табылатын жауһар. Ол қазына Пайғамбарға махаббат, ұстазға құрметпен қолға түсіп, Алланың бірлігі мен барлығын негіздеуге бағытталады. Осы таухид танымын жүрегіне орнықтырған адамның кемелдікке жететіні, қоғамға да, адамзаттың рухани қазынасына да мол үлес қосатыны сөзсіз. Абай атамыз азамат ердің бойынан табылуға тиісті асыл қасиет «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» деп білсе, лауханың рәміздік мән-мағынасы дәл осыған саяды. Лауханың ұшындағы

Page 181: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

181 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

үшінші бөлігі жаратылыс дүниесін ишаралайтындай толықмәнді аяқталған қошқармүйіз оюдың композициясымен бейнеленген. Осы үшінші бөлігі – кемел адамды бейнелеген лауханың орталығы бөлігінің алақанында тұрғандай болуы – рухани кемелденген адамның бүкіл жаратылыс сырын меңгеріп, ладуни ғылымды иеленетініне нұсқайды. «Ақыл құсы адаспай аспандаса, // Әлемде нәрсе болмас // одан таса // Жеті көк жерден оңай басқыш болып, // Ғарышқа қол жетеді қармаласа. // Жанның бәрі мендей жар табар еді, // Терең ой, сау ақылмен шамаласа» [7, 79] деген Шәкәрім қажының сөзі осыны ишаралайды. Ю.М. Лотманның анықтамасы бойынша, «Рәміз ешқашан белгілі бір мәдениет кезеңіне тән емес, ол әрқашан бұл өткелден өтіп, өткеннен болашаққа сапар шегеді, басқаша айтсақ, рәміз мәдениеттің тұрақты элементі» [4, 148 б]. Олар дүниетанымдық, жинақтаушы-бейімдеушілік және ақпараттық қатынас қызметтерін атқарады.

Ағылшын этнографы В. Тэрнер рәміздің теориялық мәселелеріне тоқталып былай тұжырым жасайды: «Мәдениет өз аясында рәміздік негізді бейнелейді және рәміздің бір-бірімен астасуы тек қана табиғи орта туралы хабар бермей, сонымен бірге эстетикалық ұғым, этникалық, түсінік тәрбие жайында бай мәлімет берерліктей қойма, ақпараттар қазынасы» [9, 40 б.]. Рәміздер мен таңбалардың көмегімен мәдениеттің салт-дәстүрлік кеңістігі қалыптасады. Әдет-ғұрып пен миф алғашқы функционалдық және дискурсивті формалардың рәміздік құрылымы болып табылады. В. Тэрнер салт-дәстүрді, ғұрыптарды халықтардың жалпы рәміздік құндылықтары және нормалары деп санайды.

Э. Кассирер концепциясында мәдениет бәрінен жоғары тұрған өзекті ұғым. «Мәдениет өзінің үздіксіз дамуында үнемі діни, тілдік, көркем рәміздерді туындатып отырады. Дегенмен ғылым мен философия бұл рәміздік тілдер мен олардың элементтерін ұғынықты қылып жеткізуі қажет. Олар синтетикалық тұрғыда құрылған жүйені аналитикалық тұрғыда өңдеуі тиіс... Мәдениет туралы ғылым рәміздерді айшықтауға, олардың астарында жасырынған мағынаны табуға үйретеді» [10, 94 б.] .

Жалпы әлемдік мәдениет тарихында «Тримфуалдық арка» өзіндік сән-салтанаттық мәні бар құрылыс болып саналады. «Тримфуалдық арка» қалалардың кіре берісіне көпірлерде, үлкен жолдарда жеңімпаздың құрметіне немесе маңызды оқиғаны есте қалдыру үшін салынады. Тариқха көз жүгіртер

Page 182: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

182

болсақ, алғашқы салтанат қақпалары Ежелгі Римде пайда болды. Олар соғыстан оралған жеңімпаздарды елге салтанатпен кіргізу рәсіміне арнап салынды. Ең алғаш тұрғызылған салтанат қақпасы біздің заманымыздың 1 ғасырында 81-інші жылы Иерусалимді алған күннің құрметіне Тит императорына арналды. Бұл үрдісті кейін басқа императорлар жалғастырды және олардың барлығында алғашқы қақпаның сыртқы дизайны сақталды. Париждегі және Мәскеудегі Тримфуалдық аркалар өзіндік тарихи мәдени құндылығы бар, жеңімпаздардың құрметіне қойылған ескерткіштер ретінде бүгінге дейін сақталған. Бірақ 18-19 ғасырларда дәстүрлер өзгерді, бұрынғыдай қан майдан соғыстарзаманы өтіп, салтанат қақпаларын орнатудың мәнісі де өзгерді. Мәселен, 1888 жылы Барселонада салтанат қақпасы осында өткен Дүниежүзілік көрменің құрметіне арнап салынды. Қазір мұндай қақпалар әлемнің әрбір елінде, тіпті бір елдің бірнеше жерінде бар. Яғни жаһандану үрдісі басталғалы мұндай қақпалар экономикалық жеңіске, үлкен халықаралық іс-шараларға, даталарға арнап соғыла бастады.

«Мәңгілік ел» қақпасы немесе тримфуалдық аркасының авторлары дизайнер Сағындық Жанболатов және архитектор Қанат Қорғанов. Қазақстан Тәуелсіздігінің торқалы тойының құрметіне айшықты сәулет нысанын салу идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Ежелгі Түріктер «мәңгі» сөзімен «Тәңірінің» транцеденттілік сипатын берсе, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың шарапатын иеленген ел» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақыт пен кеңістіктен тыс асыл арман мақсатын ишаралайтын рәміздік тұмарына ишаралайды. Қазақстан бүгінде дамыған елдермен терезесі тең, әлемдік қауымдастық таныған, абыройлы мемлекет. Ал оның ел ордасы Астана – жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер өтетін, маңызды шешімдер қабылданатын, әлемнің спорт, мәдениет, білім және ғылым салаларының өкілдері бас қосатын алаңға айналды. Сондықтан, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы қазақ ұлтының болмысы мен тарихынан бастау алған жас мемлекеттің нығаюы мен дамуының алғашқы 20 жылда жеткен жетістігін әйгілеу үшін бой көтерді. Салтанат қақпасының 20 метрге тең биіктігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын білдіреді.

Page 183: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

183 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Салтанат қақпасы Орынбор даңғылының басынан аяғына дейінгі ұзындығында көрініп тұрады. Авторлар «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының барлық төрт жақ бетінде орналастырылған композициялар мен мүсіндердің елдің егемендік асыл мұратына сай қисынды түйінді рәміздік ишараны сиғызған. Салтанат қақпасының Астанаға кіре берісінің сол жағына қазақ ұлтының санасында ертеден орныққан – даналықтың, данышпандықтың, ғұламалықтың нышаны, халықтың рухы мен ойының қорғаушысы – батагөй Ақсақалдың мүсіні орын тепті. Оның қазақтың Ақсақалы екендігін ұлттық киімі көрсетіп тұр. Қақпаның оң жақ бетінде, ойшықтың ішіне отбасының ұйытқысы – Әйел-Ананың бедерлі мүсіні қойылды. Себебі, Анаға құрмет қазақ халқының да жалпы адамзаттың да жоғарғы құндылығы. Отанға, туған жерге деген махаббат сезімдерімізді білдіру үшін қашан да «Ана» сөзін қолданатын, яғни «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана -Тілі» дегенде ұшқан ұя отбасы мен Отанға деген патриоттық сезімі ұшқындамайтын азамат жоқ. Осы аталған әрбір мүсіннің астында қазақтың шежірелі – «Мәңгілік» белгісі бар. Бұл – мемлекеттің мәңгілік екендігін ғана емес, қақпада көрсетілген композициялардың тақырыптары қазақ жұрты үшін мәңгілік маңызды мәнділіктер екендігін көрсетеді. Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылды. Елтаңба нысанға айбындылық береді және мемлекетшілдік идеяның, патриоттық сезімнің ерекше маңыздылығыа нұсқайды.

Композицияның жоғары жағында, маңдайшасында «Мәңгі-лік Ел» жазуы бар. Ал ең жоғарғы бөлігі Көк байрағымызда қолданылған күрделі ою-өрнектермен әсемделген. Осында Туымыздағы күн мен қыран құс бедерленген. Күн – жылу мен нұрдың қуат көзі. Күн қамқорлықтың, мейірімнің, бейбітшіліктің символы. Символикалар тілінде бүркіт мүсіні мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегендікті білдіреді. Дала қыраны бір замандағы империялардағы билік пен қатаңдықтың белгісі мифтік самұрық емес. Ұлтымыздың түсінігінде дала қыраны қашан да Құт берекенің қорғаушысы, бостандықтың, тәуелсіздіктің белгісі. Саяатшылық өнер де рух еркіндігіне баулитын себебі, қыранның мақсатқа, биікке, болашаққа деген ұмтылушылықтың нышанын берген киелі құс болуына байланысты.

Қақпаның төрт бұрышында діңгектер оның классикалық үлгімен ұқсастығын әйгілеп, жалпыадамзаттық мәдениетке көш түзеген заманауи мемлекетімізді ишаралайды. Салтанат

Page 184: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

184

қақпасына қаладан шыға беріс жағынан қарайтын болсақ, оның сол жақ бөлігінде Көшпелі жауынгердің, ал оң жағында қазіргі қазақстандық әскери қызметкердің сұлбалары орналастырылды. Көне жауынгердің мүсіні қазақ батырларының ерліктері мен қайсарлығын көрсетеді, ал оның стилистикалық кейпі Аңырақай шайқасы кезеңіне сәйкес келеді. Қазіргі жас сарбаздың мүсіні берік қорғанышы бар мемлекеттің болашаққа ұмтылысын білдіреді. Жалпы, аталмыш мүсіндер тобы мемлекеттілікті қорғау – қазақ ұлтының басты және қасиетті құндылығы болып қала мәңгілікке беретіндігін көрсетуді мақсат етеді. Бұл мүсіндер жеңістер мен жетістіктердің ескерткіші ретінде қабылданатын – Салтанат қақпаларының әу-баста салына бастаған идеалогиялық тұжырымдарына сәйкес келеді.

Бүйір беттерінде ойшықтарда түркі халқы үшін елдік бірегейлік, ауызбіршілік, қонақжайлық пен молшылықтың мағынасы бар – Әзірет Сұлтан кесенесіндегі «Тайқазан» мүсіні орналастырылған. Жоғарғы бөліктің ортасында қазақ жауынгерлерінің қорғаны «Қалқан» бедерленуі қауіптен қорғану-шылық, беріктік, табандылық пен жеңісті білдіреді. Ал қақпаның астыңғы бөлігіне бедерлі композициялар орналастырылды. Олардың бірінің сюжетінің желісі қазақ халқының «Сақ» – «Түркі» – «Қыпшақ» – «Қазақ» тарихи даму кезеңдерінен көрініс береді. Басты тақырып ретінде – «Ұлы көш» көшпенділер өркениеті алынды. Екінші композиция ұлттың негізгі байлығы – Тәуелсіздікке арналды. Мұнда Қазақстанның Тәуелсіздігін жария еткен алғашқы ресми құжат – Егемендік туралы декларация көрсетілді. Осындағы «Ақорда», «Бәйтерек» нысандары қазіргі кезеңдегі Тәуелсіздігіміздің мағынасын аша түседі. Осында сондай-ақ, емен-жарқын көңілдегі халық пен Елбасының бейнесі орналастырылды. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының алғашқы бабынан алынған «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» үзіндісі – композицияның идеологиялық түйінін жасайды. Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып, өз үлгілері бойынша жасады. Қазақстандық қақпа да ұлттық нақыштағы өрнектермен бедерленіп ұлттық символдар қолданылып жасалды. Демек «Қақпа» ұғымы елдік санада, ұлттың салт-дәстүрде маңызды орны бар нышан.

Page 185: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

185 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Әрине заманауи рәміздердің бірі «Мәңгілік ел қақпасы» мен Қожа Ахмет кесенесіндегі қақпа есіктердің тағайындылығында да, атқарған қызметінде де, рухани мән-мазмұнында да айырмашылықтар бар. Бірақ олардың ортақ мазмұны жалпы қақпа есіктерді екі әлемнің арасын жаластырушы яғни бақи мен фәнидің арасында дәнекер қақпасы, асыл мұраттардың жол табар жері деген ишара болуымен үндеседі. Мәселен, «Мәңгілік ел» қақпасында осы Әзірет сұлтандағы Тайқазанның бейнеленуі мемлекетшілдік аңсарларға сай бір сабақтастықты құрайды. Ал, батагөй ақсақал бейнесінен бастап, ана, қыран, т.б. барлығы асыл арман-мақсаттарға жебеушілік тілеуден, сол тілеулердің рухани әлемге жол табуына деген ізгі ниетпен ұштасады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде негізінен үлкен аркалы пор-талы және қабірхананың порталы (қасбеті) бар. Бұл қасбеттердің еңселілігі мен айырықша мән-мазмұнға толы өрнекті жазулар эпиграфикалық таңбалармен толтырылғаны белгілі. Мәселен кіре беріс портал сәулет ғимаратының руханият қақпасы екендігіне және осындағы қабірхана иесі ұлық әулиенің адамды хақиқатқа жалғастырушы дәнекер екендігіне ишаралайтындай аса еңселі. Оның ішкі өлшемінің өзі 31 метрді құрайды.

Қабырхана солтүстік порталдың ішкі жақтауындағы «Кім өзін өзі таныса, сол – Раббысын да таниды» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі Қожа Ахмет Ясауидің хәл ілімінің негізгі мәні болып табылады. «Өзін білгені – Хақты білгені, Құдайдан қорқып, ынсапқа келгені» [1, 435 б.] деген хикмет жолдарының осы хадиспен үндестігі Қожа Ахмет Ясауидің пайғамбардың жолын жалғастырғанын және оның рухани ұстаздығының танымдық қырын анықтайды. Осы хадистің Әзірет Сұлтан кесенесінің солтүстік қақпасына әсем безендіріліп бедерленуі [1, 77 б.], халық жадында жаңғырып, ғасырлар бойы көнермей жетуі де бұл танымның халықтың санасындағы терең таңбаланғандығының айғағы. Адамның өзін тануы яғни жүрек қазынасына ден қоюы оның құндылықтық бағдарын да, адам өмірінің мәнін де анықтап тұр. Жел толқытса шығар асыл қазына теңіз түбінде жатса, шер толқытса шығатын асыл рухани құндылықтар діл қойнауында жасырылған. Адамның микрокосм ғаламның марокосм болуына меңзеген бұл түсінік, рәміздік тұрғыда ғаламды теңізге баласа, адамды сол теңіздің тамшысына балаумен түсіндіруге болады. Тамшы құрамы – мәнділігі тұрғысынан теңізбен бірдей, тек

Page 186: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

186

көлемімен ерекшеленеді. Адам ғаламның кішірейтілген нұсқасы немесе рәмізі десек те болады.

Философиялық зерттеудің басты нысаны адамның танымдық әлеуеті мен өмірмәндік ізденістерінің көнермей санада жаңғырып отыруына осы қақпа идеясындағы сабақтастық куә, сондықтан бүгінгі күннің түйткілді мәселелеріне жауапты осыдан іздеуіміз керек.

Адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде жиі қолданылатын есік – халықтың дүниетанымында да, дәстүрлі ислам діні арқылы санамызда берік орныққан рухани әлемімізде де киелі, қасиетті саналады. Есіктің халық санасындағы киелілік мәні мен рәміздік мағынасы босағаға, табалдырыққа, тағы басқа есік бөліктеріне байланысты ырымдар мен тыйымдардан айқын көрінеді. Халық әдебиетінде есікке байланысты бейнелі ойлар, астарлы сөздер, мақал-мәтелдер жиі кездеседі. Бұдан дана халқымыздың әрбір тұтынған мүлкі мен заттарын мағыналандырып киелілік, қасиеттілік сипат дарытқаны, олардың әрқайсысына терең мән бере тұрып, әрбір қолданған сәтінде ғибрат алуға ұмтылғаны көрінеді. Сондықтан да кесенедегі қақпа есіктерге зор мән беріліп, айрықша шеберлікпен, асқан талғампаздықпен, ғажап көркемдікпен әшекейленуі заңды. Осы құндылығы жоғары жәдігерлер біздің дәстүрлі мәдениетіміздің терең мазмұнынан және діліміздің сырлы әлемінен хабар беруімен, әрқайсымыздың жүрегімізден терең тамыр алатыны, ел-жұртымызға, туған халқымызға, төл мәдениетімізге сүйіспеншілігімізді қозғайтыны, өткеніміз бен бүгініміздің арасында жанды байланыс түзетіні хақ. Әзірет Сұлтан кесенесіндегі ХІV ғасырдан сақталған, Жамағатхана бөлмесінің есігі – «Қақпа» және Қабырхана есігі – «Қапсырманы» толық аты-жөні белгісіз Сафар есімді шебер жасаған. Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Жамағатхана бөлмесінің Қақпа-есігі (өлшемі – 3,7х2,1 м) екі жаққа ашылатын – ғимараттың оңтүстік порталының тереңінен орын алған негізгі есік. Ол екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен әрленген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып, жойылған. Қақпа-есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары

Page 187: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

187 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан. Тақташалардың әрқайсысы ағаш есікке әшекейлі, үлкен төрт шегемен бекітілген. Алқаның топса-тұғырлары барыстың басы бейнесінде сомдалып, одан төменірек алқаның өзінде барыстың екі кішкене аланының бейнелері сомдалған. Бұл барыс бейнелерінің сол жақ алқадағыларынының көздері ашық және үлкенінің жалы бар болса, оң жақ алқадағыларының көздері жабық және жалдары жоқ. Қола тақташада алқаның ұрылып дыбыс шығаруына арналған сегіз жапырақшалы гүл бейнесіндегі кішкене төстігі бар. Екі алқаны қаққанда дыбыс жиілігі әралуан, екі түрлі дыбыс шығатыны көңіл аудартады. Қола тақташаның жоғарғы жағы оймышты құйылған қошқармүйіз оюлардың жалғаса біріккен композициясынан тұрады. Тақташаның бетінде де өсімдік тектес, қошқар мүйіз және құс қанаты, құс тұмсығы, т.б. бейнелейтін оюлардың ерекше сәнді, үйлесімді өрнегі бедерленген. Алқалардың жалпы пішіні жүрекке ұқсайды, жиектері иректелген он төрт жапырақшадан құралған өрнектермен жиектелген және ортасындағы өсімдік тектес, қошқармүйіз оюлардың әсем де күрделі өрілімінен түзілген үйлесімді композиция орын алған. Тайқазан құлақтарының, ту Лаухасының сырт пішіндерінің жүрекке ұқсас етіп жасалуы, осы және басқа да кесене мүліктеріндегі оюларда жүрекке ишаралайтын өрнектер композицияларының көптеп кездесуі Ясауидің хәл ілімі хикмет дәстүріндегі жүрек танымына нұсқайды. Алқалардың ұш жағында балық және құс бейнелері таңбаланған. Көктегі, жердегі, судағы жануарлар әлемін бейнелейтін – құс, барыс, балық сияқты хайуанаттар суреттері осы есік сыртындағы алқалардан басқа жерде кездеспейді. Бұл алқаларды жиектей және тақташалардың жоғарғы бөлігінде ойылып жазылған, алтынмен апталып, күміспен күптелген парсы, араб тіліндегі насх жазуы бар. Қазақ тіліндегі мағынасы: «Пайғамбар айтты, ол кісіге сәлем болсын: «дүние өткінші, сен дүниеде (Аллаға) бағынып өт». Қола тақташалардың оң жағындағысында басталып, сол жағында аяқталған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың хадисінде дүниенің баянсыздығы айтылып қана қоймай, Аллаға мойынсұнуға бұйрық берілген. Шындығында адамның жалған дүниедегі өмірінің мәнге толып, мағынасы артуы үшін оның ақиқат жолды қалап, Аллаға мойынсұнуы, Оны жадынан шығармай әмірлерін бұлжытпай орындауы шарт. Парсы тіліндегі жазудың қазақ тіліндегі мағынасы: «Біздің мақсат артқа өрнек қалдырсақ, Жаралыстың баяны жоқ

Page 188: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

188

аңдасақ, Ақ жүректі адам ұлы кез болса, Еске алып, дұға қылсын, біз бейбақ. (Сағди, Гүлстан) Жеті жүз тоқсан тоғызыншы (1396-97) жылы, Құдайдан ғана үмітті, міскін ‘Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин ал-Исаги жасады. Бұл кең есік әр қашан достарға – құтты һәм ашық, жауға – тар әрі жабық болсын» [4, 25 б.]. Жаратылыс сырына үңіліп, пікір толғауға жетелейтін, терең символдық мәнге толы өрнекті алқаларда жазылған сыр шумақтардың мағынасы да аса терең. Шебер өзінің қолынан шыққан өнер туындысын ғибратты өрнектермен әшекейлегенде, өзінің де бұл дүниеде мәңгі емес екенін, жаратылыстың да баянсыздығын ескере отырып, болашақ ұрпаққа өнеге, өрнек қалдырып, оның бағыштаған дұғасына мұқтаж екенін де айтады. Яғни, алқаларда адам бақилыққа сапар шеккесін де оның еңбегінің, ізгі ісінің жемісі – қоғам игілігіне пайдаланатын заттарының сауабы және жақсылыққа бастар өнегесінің сауабы, сондай-ақ дұға бағыштаған ұрпағының сауабы ретіде тоқталмай жетіп тұратыны жайлы Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінің мәнісі таңбаланған. Халқымыздың бұл дүниедегі пенделердің тілек-дұғасының Алла дәргәһында қабыл болуы үшін Әулиелердің дәнекер боларына деген сенімінің Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисіне негізделгенін, осы сөздердің Әулиелердің сұлтанының кесенесі есіктерінде таңбалануынан да байқаймыз. Адамның бұл ілімнен жан-дүниесінің бәһәра тауып, мейірі қануы үшін Әулиелердің сұлтанының сырлы сұхбатына, осы күнге дейін жиылмаған Хақтықтың дастарханына ізгі ниетпен, таза көңілмен келіп, үлес алуы керек дегенге ишаралайтын нақыл сөзі таңбаланған. Ал, бұл ілімді дұрыс түсінбей немесе бұрыс мақсатта пайдалану ниетіндегі адамның жанына ешбір пайда таппасы, тіптен өзі теріс пиғылының зардабын шегуі хақ. Сондықтан да бұл есік досқа ашық дұшпанға жабық. «Менің хикметтерімді дертсізге айтпа, Баға жетпес гауһарымды наданға сатпа», «Ясауи хикметін даналар естісін, Естіген жандар мұратына жетсін, Жауһар кенінен бір түйір алсын, Естімегеннің бәрі қасіретте қалсын», «Менің хикметтерім – кемел пір, Кім Құдайды таныса,жанымен бір», [1, 305 б.] – деген Ясауи мінажаттарында бұл ілімнің салмағы мен жауапкершілігі, қадір-қасиеті ашылып айтылады. Терең мағыналы хадистерді Қақпа есіктің жоғарғы картушына және қола тақташалардың да жоғарғы жағына таңбалануы, қола алқалардың барынша биік орнатылуы – Алла қаләмін қасиет тұтқан халықтың салт-санасынан хабар береді. Биік орнатылған қола алқалардың

Page 189: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

189 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

есікті ашатын тұтқа қызметінен гөрі, есіктің ашылып жабылғанын білдіретін есік қаққыш қызметін атқарып, әулие есігіне қадам басқан шәкірттің мойынсұну ниетінен хабардар қылатын символдық мәні басым болса керек. Кірер есіктегі барыстың көзсіз болуы – мойынұсынуды білдіріп, ұстаздың жолбасшылығына толықтай бағынған шәкірттің ханака табалдырығынан тәуекелмен аттағанының ишарасы десек, көзі ашық, жалы бар барыс бейнесі – ілкі ілімді иеленіп, хақиқат жолының күрескері болып шыққан, рухани-адамгершілік кемелдікті мақсат еткен адамды ишаралайтындай. Шеберлердің жасаған бұйымдарында өз есімдерін таңбалап қалдыра отырып, әрдайым өздерінің дұғаға мұқтаж, Құдайға ғашық ғаріптік хәлдерін білдіруі олардың да Хаққа ғашықтықтың үлгісі болған Әзірет сұлтанның шарапатынан үміт күтетінін көрсетеді. Кесене ғимаратының, эпиграфиялық таңбаларының, ондағы жәдігерлердің аса көркем өрнектелуімен қатар, терең символдық мән-мағынамен байытылуы ол замандағы шеберлердің Машаихтардың ұлығының ілімінен сусындаған Ясауи тариқатының өкілдері екендігін айқындайды.

Зигмунд Фрейдтің пікірінше «архаикалық қалдықтардан болып табылатын рәміздердің бойында ұдайы архаикалық мән болады. Әрбір мәдениет архаиканың қызметін атқаратын мәтіндер қабатын қажет етеді. Онда белгілі бір кезеңнің әлеуметтік жағдайы, тарихи уақыты, дүниетанымы, қоғам мен мәдениетінің даму деңгейі сипатталып келуі мүмкін». Ерекше мазмұнды, кең көлемді мәтіндерді қысқа да нұсқа түрде сақтап жеткізу рәмізге ғана тән қасиет болғандықтан бұл оның ұлттық сипатын танытады. Жаңа рәміздер түзілуі үнемі жүзеге асып отыратын үдеріс, өйткені адамзат дамуының өзі рәміздік сананың тереңде жатқан құрылымдарымен, ежелгі образдармен, архетиптермен байланысты болып, жаңғырып отырады. Рәміздердің архетиптілігі көбінесе өзінің ішкі мағынасын, қасиеті мен ұлттық сипатын, яғни ұлттық мәдениеттің белгісін жоймастан, мәдениет ақпараттарын жинақтап, нақтылап, ертеңгі күнге жеткізуімен, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруымен айқындалады. Ол тұтас ұлттың дүниетанымынан хабар беретін қазына, ғаламның тілдік бейнесі, табиғи тамыры тереңге кеткен, ықылым заманғы мифология мен сан ғасырлық тарихқа ұласар ықшамдалған мәдени мәтін бола алады.

Page 190: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

190

Белгілі бір затты ишаралайтындай символдық мағынаның өрнекке ұласуы немесе мән-мағынасы терең жазулар мен сөз тіркестерінің ою-өрнекке ұқсатылып немесе ою-өрнектермен астасып жатуы хәл ілімінің астарлы сырлы әлеміне бастайды. Жаратушы иенің шексіз ғылымына меңзеуімен қатар, Ақиқатты танып білу үшін Жаратылыс әсемдігіне ой жіберіп, ой-пікір толғауға шақырады. Ислам әлеміндегі өнердің ұстанымдарына сай семделген кесене және оның мүліктерінде тірі мақұлұқтың немесе адамның бейнесі тікелей салынбайтыны белгілі.

Мифті рәміз ретінде қарастырған отандық зерттеуші-ғалым С. Қондыбай жалған дүниені тек рәміздер тілімен бейнелеуге мағыналандыруға болатын айтады [8, 34 б.].

Есікте таңбаланған араб тіліндегі мәтіннің қазақ тіліндегі мағынасы: «Аллаға мадақ! Йә, Алла Тағала! Аллаға шүкір! Йә, Алла Тағала!», «Әулие жақсылардың қақпасы – бақыттың кені, әулие жақсыларды сүю – бақыттың кілті» [ 6, 105 б.].

Есіктің көрнекі жерінен орын алған жазулардың Аллаға шүкір етуден және Оны мадақтаудан басталуы – құлшылық-ғибадаттың асыл негізін көрсетеді. Әулиелердің, яғни Құдайдың достығына жеткен адамдардың адам баласына екі дүниенің бақытына бастайтын жетекші болатынына нұсқайды. «Әулиенің қақпасына» келген, яғни олардың насихат сөздері мен өсиеттеріне ден қойып, мән-мағынасына жеткен Адам ұрпақтары үшін оларды бақытқа кенелтетін қазына бар. Ал, ол қазынаның қақпасын ашатын кілт – әулиенің махаббаты, яғни рухани ұстаздың назарын иелену екендігі айтылған. Кесене ғимаратының, эпиграфиялық таңбаларының, ондағы жәдігерлердің аса көркем өрнектелуімен қатар, терең символдық мән-мағынамен байытылуы ол замандағы шеберлердің Машаихтардың ұлығының ілімінен сусындаған Ясауи тариқатының өкілдері екендігін айқындайды.

Кесенедегі XIV ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі қабірхана есігі – Қапсырма. Бұл (өлшемі – 2,5х1,4 м) есік орта ғасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Жалпы пішіні Жамағатхана есігіне ұқсас екі жақты ашылатын Қабірхана есігі Жамағатхананың төрінде орналасып, Қабірханамен аралықты жалғастырады. Есіктің маңдайшасында үлкен қаңылтыр тақташа бар және оның жақтауы мен босағасы қаңылтырмен қапталған. Осы (тұтас күйіндегі өлшемі – 3,5х1,65 м) П тәріздес қаңылтыр қаптамалы босағада геометрияланған медальондар тізбегі ішіне

Page 191: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

191 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

сулс қолтаңбасымен зерленіп, алтынмен апталған жазулар бар. Есіктің өзі үш бөлікке бөлінген. Жоғарғы жағындағы екі шаршының ішінде оң жағында басталып, сол жағында аяқталатын, гүл өрнекті оюлармен астасқан сулс қолтаңбасымен ағашты ою арқылы бедерлеп жазылған Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисі орын алған. Есіктің ортаңғы бөлігінде, жарты баған жікжапқыштың екі белдеуінде куфи қолтаңбасымен парсы тілінде жазылған жазу бар. Есіктің жоғарғы тұсында екі алқаның дөңгелек қола тақташалары (диаметрі – 15 см.) және гүлге ұқсас сегіз жапырақты кішкене төстігі сақталып, алқаларының өздері жоғалған. Деректер бойынша жоғалған алқалар қақпа есіктің алқаларына ұқсас, сондағы жазулар да қайталанып жазылған. Бұл алқалардың суретін 1905 ж. А. Гуржиенко салған. Гүл жапырақшаларына ұқсатылып құйылған дөңгелек қола тақташа айналдыра сулс қолтаңбасымен өрнектелген жазулардан құралған. Есік заманында өте әдемі болған, бүгінде босағасында жазылған жазулардың көп бөлігі өшіп қалған, кейбір жерлері ғана оқылады, қаңылтырлары барынша қарайған. Жазуларда Құран аятынан үзінділер және хадистер мен даналық сөздер.

Ясауи кесенесінде сақталған жәдігерлерде адамның рухани кемелденуі идеясының халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігін, өмір салтын, дәстүрін, отбасылық, қоғамдық, өндірістік қатынастарын көктей өтіп, исламдық мазмұнмен байытатын бір рухани символика сиғызылғанынан халықтың осы бір рухани идеяға топтаса алғандығы көрінеді.

Рене Генон Табиғаттың ақиқат мәнін сол табиғатқа өзімізді метафизикалық ақиқатты түйсінуге итермелейтін көрсеткіш деп қарағанда ғана оның сырына қанық бола аламыз» – деп тұжырымдайды [11, 48 б.].

Қандай да бір ұлттың рухани байлығының көрінісі материалдық және рухани мәдениет туындылары. Сондағы рәміздік тіл мәдени-әлеуметтік әрекеттердің обьективті және субьективті факторларымен қоса ұлттық сана-сезімді анықтайтын үрдіс болып саналады. Осыған байланысты философ, антрополог К. Леви-Стросс өзінің «Құрылымдық антропология» деген еңбегінде мәдениетті түсінудің екі маңызды, әрі шартты бағытын бөліп көрсетеді. Оның біріншісіне мәдениетті тұрақты рәміздер ретінде қарастырып, ал тіл, өнер, ғылым, дін, дәстүр, неке қағидалары, салт, кез келген мәдениет адамына тән нәрсе осы

Page 192: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

192

символдармен анықталады – дейді [12, 12 б.]. К.Леви-Стросстың тұжырымдауынша, символизм мен мәдениет бір мағыналы ұғымдар. Олар тікелей тәжірибеде емес, «трансценденттік», яғни рәміздік қатынаста құрылу қажет. Ғалым пікірінше, әлеуметтік-мәдени әлем, ең алдымен, рәміздер әлемі. Әрбір мәдениет-рәміздік жүйелердің жиынтығы болып табылады. Мұндай рәміздік жүйелер қоғамда өлшеусіз деңгейде болып, дамудың түрлі жағдайында сипатталады. Мәдени-әлеуметтік рәміздер жалпы семиотикалық тұрғыда адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас жүйесі ретінде түсіндіріледі. Архетиптік сипаттағы мәдени рәміздер өз бойларына қашанда құпиялықты жасырған. Оның астарында кодтық-мағыналық негізге сүйенген мәдени-этикалық дәстүр сақталған.

Рәміздің мәдени қызметінің бірі ақпараттық қатынасты атқарғанда өзінің мәнді идеялық-құнды бағдарларын үнемі жаңғыртып отыратындығымен мәдениет жадының таусылмас қазынасына ұқсайды. Бұл адамның ұжымдық жадының әмбебап және ықпалды тетігі ғана емес, мәдениет бірлігін синтездеуші принцип. Ілімнің жауһары – Хақ тағаланың Өзіне толықтай мойынсұнып сенген құлдарына беретін сыйы. «Мен ілімнің қаласы болсам, Әли сол қаланың есігі» деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіне орай Әулиенің кесенесі, оның мәдени ескерткіштері рухани құндылықтарды тануға нұсқап тұр.

«Мәңгілік ел қақпасында» бейнеленген «Тайқазан» бейнесінің елдік тұтастықты ишаралайтындығы белгілі. Осы «Тайқазан» рәмізінің заманауи рәміздік нысандарда, радио немесе теледидар бағдарламаларында кеңінен қолданылуы оның мән мазмұнына тереңірек үңіле зерттеуге бағыттайды.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Көреген Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі қазандық бөлмесінде тұрған қасиетті Тайқазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал), Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 м, диаметрі – 2,42 м. Тұғырының биіктігі – 0,54 м, диаметрі – 0,607 м. Тайқазанның сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады. Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен

Page 193: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

193 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

Құран Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол пайғамбар хадисімен жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген. Екінші қатар ірі он кубба және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушқа бөлінген. Оның қатар орналасқан екі бөлігіне сулус қолтаңбасымен шебердің өз аты-жөні жазылған болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы тілінде берекет тілеу сөзі берілген. Үшінші қатарда Құдайдың Құдыреті жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22 рет қайталанып жазылған. Төртінші қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне ұқсас үлкен жапырақ түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші кубба орналасқан. Аяқ тұғырымен шектесетін бесінші бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедерленген.

Жалпы формасы жүрек пішініне ұқсас және қазақтың дәстүрлі қошқар мүйіз оюларының нәзік үйлесімді иірімдерінен тұратын қазандағы өрнектер Ахмет Ясауидің хәл, яғни жүрек ілімінің мағынасына меңзейтіндей. Осы жүрек пішіні мен қошқар мүйіз оюларының саналуан композициясын кесенедегі лауха, қазанның тұтқасы, шырағдандар, есік алқасы, т.б. көптеген заттардан көріп, оларға тән ортақ ұлттық нақыштағы біртұтас идеялық бірлікті аңғарамыз. Жүректің рәміздік мән-мағынасын ашу, Ясауи ілімінің, жалпы сопылық ілімнің, исламның рухани мазмұнының кілтін табу екенін осыдан көреміз. Аталмыш қазан кесененің архитектуралық сипатымен және қабірханадағы қабіртастың өлшемдерімен өзара үйлесімде ортақ геометриялық шешімге сай жасалған. Ақжан Машанның тұжырымынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жеті қат көкті, 12 мүшел мен жыл есебін бейнелейтін космос моделі сынды құрылыс. Ал, оның шағын үлгісі іспеттес Тайқазан астрономиялық мәні бар қызмет атқарған. Зерттеушілер арасында Тайқазан атауындағы «Тай» сөзінің шығу төркіні түркі, монғол халықтарында жылқы малының киелі саналып, құрбандық шалу рәсімінде пайдалануына байланысты туындаған деген пікір бар [13, 114–115 б.]. Алып қазан құю ісі арнайы жобасы жасалып жүзеге асырылған. Қазанды дайындауда сол заманға тән өзіндік ерекшелігі бар озық технологиялар қолданылғаны сөзсіз. Қазанның бөліктері қалыптарда жеке-жеке құйылып, соңынан құрастырылған. Сондай-ақ ол ұсталардың зор шеберлігі мен үлкен қажыр-қайратын, көп жұмыс күшін және олардың бір мақсатқа жұмылған рухани тұтастығын қажет қылған жұмыс.

Page 194: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

194

Тайқазанның бүкіл құрылымы, формасы, нақышты өрнектелуі, эпиграфикалық жазулармен жабдықталуы аса шеберлікті қажет етеді. Сонымен қатар, осыншалықты терең мән-мазмұнның туындыда композициялық үйлесім, көркемдік шешім табуы – шебердің сопылықтың рухани ілімін иеленген кемел тұлға болғандығынан хабар береді. Оны жасау шеберлердің рухани ұстаз – пірдің жетекшілігімен ортақ мақсатта топтасып, рухани бауырластықтың ішкі тәртібіне қалтқысыз бағынуы нәтижесінде іске асуы мүмкін. Кәсіптік негіздегі тариқат бірлестігінің мүшелері өзінің кәсібін, мәселен ұсталықты пір-ұстаздың жетекшілігімен шебер меңгерген [13,70 б.]. Ал, олардың ұстаздары осы аймақта рухани ықпалы зор Ясауи тариқатының шейхтары болған. Ұста Әбділ Әзиздің өзі де Ясауидің хәл ілімінен нәр алып, жергілікті мұсылмандық дәстүр аясында ұсталық құрғанын Тайқазанның символдық мәнінен, көркемдік ерекшеліктерінен, құрылымынан аңғаруға болады. Кәсіптік негізде топтасқан тариқат мүшелерінің әртүрлі шеберханалар айналасында топтасқаны, осы тариқат мүшелерінің кәсіби білімі мен біліктілігін рухани тәрбиемен ұштастыра қабылдайтын дәстүрі белгілі. Ортағасырлық шеберханалардың рисала жарғыларында ұста мен шәкірттің орны, олардың өзара және қоғаммен, тұтынушымен қарым-қатынасы жан-жақты сипатталған. Ұста шәкіртін шеберлікке баулумен қатар, діни білім беріп, кәсіпті киелі деп танытып, адалдыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген. Шеберханалардың ережелерінде рухани ілімнің негізі ретінде ислам шариғаты, тариқат қағидалары, діни сопылық практиканы үйреніп, орындау бекітілген [13, 223–224 б.]. Кәсіби шеберлік пен рухани практиканың ұштасуы адамның жан-жақты дамуына игі ықпалы тиген. Сонымен қатар рухани кемелдену мен шеберліктің шыңына жету жолындағы ізденістердің бір-біріне өзара ұқсастығы символдық тұрғыда оларды өзара астастыра түсінуге негіз болады. Рухани дәрежеге жету жолындағы әдіс-тәсілдерді қолданғанда да, талапкердің хәлін, мақамдарын түсіндіруде де руханилықта айтып жеткізілуі қиын нәрселерді кәсіби атаулар арқылы бейнелеумен ұғындыруға болған. Рәміздің осы жерде де маңызды орны көрінеді. Мәселен, әрбір шеберхананың өзіндік кәсіби құпиялары болған. Себебі шеберліктің құпиясын кездейсоқ білген, бірақ ол шеберхананың рухани тәрбиесін қабылдамаған, рухани жетілмеген адам, білімін теріс ниетпен,

Page 195: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

195 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

зиянды іске пайдалануы мүмкін. Сол кәсіби ілім сияқты таза руханияттың да ашылған сырларын иеленген ілім иесі оны паш ете беруден сақтанған. Әрбір ілімнің жауапкершілігін, салмағын, рухани жағдайы лайық емес адамға ауырлығын түсінген. Қ.А. Ясауи бабамыздың «әр сыр көрдім перделеп, бүркеп жаптым» деуінің бір мәнісі осында. Ал осы сырды бүркейтін перде қызметін, символдық тіл атқарған. Рухани хәлді түсіндірудің қиындығын символдық тіл арқылы шешкен, сонымен қатар, сырлы ілімді бүркемелеп тек лайықты адам қолы жететін қымбат қазынаға айналдыру қызметін де рәміздер атқарған. Ол перденің де қат-қабат дәрежелері бар. Рәміздің сырына бойлаудың да мағыналық, мәндік, т.б деңгейлері бар. Бір ауыз рәміздік сөзден сопының рухани хәл-жағыдайын жай ұғымдық деңгейде түсіну бар. Бұл рәміздің мағынасын түсіну дәрежесі. Одан да жоғары дәрежеге тек сол хал-жағыдайға сол бір ауыз сөздің әсерімен ене алатын, мәніне бойлайтын, соған сай рухани тазалық деңгейі бар сопылық жолды қалаған жолаушы ғана лайықты. Бұл рәміздің мәніне жету. Сондықтан рәміздің мағынасын түсіндік дегенімізбен, әрқашан мәнінен тыс қалатынымыз хақ.

М.Е. Массонның зерттеуінше қазанның төңірегінде жылқы құйрығы тағылған он ту тұрғаны белгілі. Олардың кейбірінің жарты ай бейнесі мен жазулары бар ұштары да болған [14, 15 б.]. Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі. Біріншісі – «сақтық» немесе конусты тұғыры бар қазандар, екіншісі – тұғырсыз қазандар. Кесенедегі Тайқазан «сақтық» типтегі қазанға жатады. Алып қазан жасау көне сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінен жалғасып келген дәстүр екенін деректер мен айғақтар растайды. Елдік санасы биік, отбасылық құндылықтарды жоғары ұстанған осынау социумдар үшін қазан – мемлекетшілдіктің, береке мен бірліктің, молшылықтың, елдіктің нышаны болған [15, 208 б.]. Мұндай алып қазандар, заманында билеушілердің, лауазымды әскер басылардың қабіріне қойылған. Қазан қою дәстүрінің ХІІ-ХІІІ ғасырларда көшпенді қыпшақ тайпаларының ру, тайпа басшыларының жерлеу орындарында ең қажетті белгілерінің бірі болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр [16, 192–201 б.]. Бұл қабір иесінің ауқатты, жоғарғы топтан болғанынан хабар береді дейді ғалымдар.

Page 196: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

196

Ал, Геродоттан жеткен аңызда «сақтардың Ариант есімді патшасы жауынгерлерінің әрқайсына жебелерінің бір-бір ұшынан алып келулерін бұйырады. Сосын оларды балқытып, алып қазан құйдырады». Мұны жасауға сансыз жауынгер ат салысып, алып келген жебесінің ұшы қазанның бөлінбес бөлшегіне айналғандай, өзі де тайпаның ажырамас мүшесіне айналып, қауымының бірлігінің, беріктігінің кепілі болып отыр. А.К. Акишев «әрбір садақ ұшынан құрылған қазанның салмағын халықтың санының символына, ал формасы мен орналасқан жерін әлем орталығы символына балайды» [17, 105 б.]. Көшпенді жауынгерлерінің жорық кезінде алып жүретін үлкен қазандары болғаны белгілі. Бірақ, мына қазанның жасалуы да, қызметі де ерекше. Қазан сыртындағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның Тәубе сүресінің он тоғызыншы аятының үзіндісінен және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның суға арналғандығын аңғаруға болады. Аяттың Қазақша мағынасы: Аса Мәртебелі, Құт-берекенің иесі Алла айтты: «Сендер хажыларға су беру, МесжідХарамды жөндеуді [Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп, және Алла жолында күрескен кісі сияқты] көресіңдер ме?» аят. (9:19-аят.) – десе, хадисте былай делінген: Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Кімде-кім Алла Тағала үшін су құятын ыдыс жасаса, Алла Тағала жұмақта оған арнап хауыз дайындайды» [6, 127 б.].

Бұл жердегі әңгіменің астары халыққа, адамдарға қызмет қылуды, елдің қызметіне жарауды меңзеп, Құдайға құл болудың мәнісі – адамдардың бірін бірі алаламай, дініне, ұлтына қарамастан қайырымдылық, қамқорлық жасауында екендігін аңғартады. Мұнда сондай игі әрекеттер арқылы ғана адам балалары Жаратушының ризалығын тауып, мінсіз қоғам құра алады деген идея жатыр. Қазан сыртындағы араптың гүл өрнекті сулс және куфи үлгілерімен жазылған үш белдеудегі жазудың бірінші қатарының соңында оның шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады: Аудармасы: Бұл су құятын ыдысты ислам Шайхысы, әлемдегі шайхтардың Сұлтаны, Шайх Ахмет Ясауидің (Алла ол кісінің әзіз рухын киелі қылсын!) мазары үшін жасауға ұлық әмірші, көп елдің тізгінін қолына ұстаған, Рахымды Патшаның [Құдайдың] айрықша қамқорлығын иеленуімен ерекшеленген Әмір Темір Көреген бұйрық берді. Алла Тағала оның билігін мәңгілік етсін! Жиырмасыншышаууал, сегіз жүз біріншіжыл /25 маусым, 1399 жыл. Екінші қатар жиырма

Page 197: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

197 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

картушқа бөлініп, оның екеуінде шебер: «Құдайдың қамқорлығына үміт артқан Әбділ Әзиз Шарафутдин Тебризи» деп өз есімін жазып қалдырған. Қалған жерлерінде:«Мубарак бад» – «Құтты болсын!» деген тілек сөз жазылған [6,128 б.]. Мұның мағынасы құт, береке тілеу немесе береке дарыған орын. Қайнап тұрған қазан сол елдегі тоқшылықтың тыныштықтың нышаны деген түсінік ел арасында күні бүгінге дейін сақталған.

Үшінші қатарда «куфи» жазу үлгісімен жиырма екі рет қайталанып: – «Байқаңдар, Бүкіл жаратылыстың иесі Алла!» деген сөз берілген [4, 129 б.]. Мұны Абайдың тілімен айтар болсақ: «Адам ғапыл дүниені дер менікі. Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі! Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла, болады не сенікі?». Адамның иелігіндегі мал-мүліктің бәрі Құдайдікі екендігінің дәлелі – адамның дүниеге құр алақан келіп, дәл солай қайтуы. Осыған орай Шәкәрім қажының: «Шаранамен туып едің, Бөз оранып өтесің. Бір сағымды қуып едің, Қай уақытта жетесің? Қанша дәулет жиып едің, Бәрі қалды, нетесің. Мал үшін жан қиып едің, Қайтіп алып кетесің?» [18, 283 б.] – деген сырлы сөздері бар. Адам баласы тіршілігінде тұтынатын, қажетіне жарататын игіліктердің бәрі Жаратушының белгілі бір уақыт ішінде пайдалануға берген аманаттары. Демек, денсаулық, мал-мүлік, отбасы, Отан, бақ-дәулет басқа да бүкіл игіліктерге жасалған қиянат Құдайдың аманаттарына қиянат болып табылады. Ғажабы, бір-ақ ауыз сөздің астарында адамның қоғаммен қатынасы қалай болу керектігі бекітілген. Қазақстан мен Орта Азиядай кең аумақта діннің сопылық дәстүр арқылы таралып, жергілікті дәстүрлі исламның қалыптасқаны белгілі. Ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы тұтынып, мақал-мәтел, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде ұрпағының қанына, жанына сіңіріп кеткен сол ілім қазірдің өзінде қазақты төрткүл дүниеге қонақжай, тыныштық сүйгіш, кеңпейіл халық етіп танытып отыр. Исламның жергілікті мәдениетпен сіңісіп, олардың салт-дәстүрлерін рухани мәнмен байыта түсуі көшпенділердің әдет-ғұрыптарының трансформациялануына әкелді.

Бұл ретте қазандар да өзінің сақ дәуірінен келе жатқан символикалық мәнін сақтай отырып, мұсылмандықпен астасқан діни ғұрыптық рәсімдерде, мемлекеттік, қоғамдық шараларда нақты мақсатқа пайдаланылатын болды. Атақты шығыстанушы М. Массонның еңбектерінде жұма күндері Түркістандағы Тайқазан

Page 198: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

198

суға толтырылып, жұма намазынан кейін адамдар кесенеде алқа құрып отырып «жария зікір», Закария пайғамбардан бастау алып, Ясауи дәстүрінде көп айтылатын «ара зікірі» ғибаттарын орындайтыны айтылады. Ғибадат біткен соң «нұрланған» қасиетті, шипалы су адамдарға таратылатын болған. [14, 19б] 1935 жылы Тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажға, «Иран өнері мен археологиясы бойынша III халықаралық конгресіне» алынады. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана тарихи отанына қайтарылады. Тарихи деректерде Әмір Темірдің шеберлерді жаулап алған жерлерден алып келгені айтылады. Үлкен териториялар мен көптеген елдер мен ұлттардың Әмір Темір қоластында топтасып, еңбектенуі бірқатар мектептердің металл өңдеудегі шеберліктері мен тәжірибелерінің алмасуына ықпал еткен [18, 525 б.]. Ең ғажабы шеберлердің ортақ іске жұмылуына Ясауидің сопылық ілімінің елеулі ықпалы айқын. Себебі, олардың жасаған туындылары жергілікті құндылықтарға рәміздік белгілерге, архетиптерге негізделген. Рухани ілімнің құдіреті сонда ол сан ғасырлық рухани құндылықтарды жаңғыртып мәнге толтырып, адамдарды да ортақ мақсатқа жұмылдырды. Әралуан мәдениеттің өкілдері бола тұра шеберлер өз кәсіби шеберліктерін рухани іліммен байыта қолдану арқылы жалпыадамзатқа ортақ рухани мәні бар туындылар жасай білуі руханияттың әмбебаптығының нақты мысалы.

«Мәдениет – құндылықтар мен мән-мағыналар әлемі, себебі символизация үрдісі – адамзат мәдениетінің табиғи байланысы оның дамуы мен ұғымын ашатын көкжиегі» [19, 138 б.] деген А.Я. Гуревич «Мәдениеттің универсалды категориялары өзінің туындауында барлық құбылысты қамтиды. Бұлар, сонымен қатар адам санасын анықтайтын категориялар. Кеңістік, уақыт, өзгеріс пен себептілік, тағдыр, сана сезімнің жоғары сезімге қатынасы, жеке мен жалпыға қатысы секілді шындықтың ұғымы мен формасын қабылдауы туралы айтып отырмыз» – дейді [19, 15 б.]. Мұнда автор категорияларды мәдениеттің маңызды семантикалық «инвентарь» бөлігін құрушы деп біледі.

Үрдістердің мәнін ашудың «кілті», заттың субстанциялық негізі болатын танымдық категория. Рәмізді мәдениеттің семиотикасы тұрғысында сараптаған Ю.М.Лотман: «Мәдениет тарихының барлық материалдары әлеуметтік кодтар жүйесі мен ауқымды

Page 199: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

199 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

ақпараттар тұрғысынан талдануы мүмкін, яғни бұл ақпараттарды белгілерде бейнелеп, ұжымға жеткізуге мүмкіндік береді» [20, 31 б.] – дейді. Олай болса, Ю.М. Лотманның пікірінше «рәміз әлеуметтік кодтың маңызды факторы», «рәміз мәдениеттің жадысы» бола отырып, әлеуметтік-мәдени мұраларды жинақтаушы, сақтаушы және жеткізуші болып табылады. Ясауи кесенесіне арнайы жасалып, сан ғасырлық рухани сабақтастықтың кепілі, құнды жәдігер Тайқазан – терең дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз. Бұл күнде Тайқазан – рухани астана – киелі Түркістан қаласында, әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі өзінің құтты орнында, қазақ халқының, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың, қала берді күллі түркі жұртының берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұр.

Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салын-ған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш. Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н. Далбай, Ә. Жұмабаев сәулетшілері Қ. Жарылғапов, Қ. Монтақаев, т.б. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма бо-лып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын ба-яндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтаға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тари-хи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтана-ты». Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді

Page 200: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

200

жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ой-ылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сау-ыт бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: То-мирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, 2-дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.

Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символикалық мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Осы заманауи «Тәуелсіздік монументінен» де сол сияқты XIV ғ. соңында жасалған «Тайқазаннан» да сол сияқты кесенедегі шырағдандарда есікте стилденген барыс бейнесінің нақышталуына қарап оларға тән ортақ сақтық мазмұнды көреміз. Осының өзі ғасырлар қойнауынан сыр тартатын рәміздердің руха-ни мәнділіктерді жаңғыртып отыратын қасиетін көрсетеді.

Әдебиеттер:

1 Ясауи Қ.А. Хикмет жинақ. – Алматы: Жалын, 1998. – 656 б.2 Берікбай Сағындықұлы Мүсірбай-Телеу. Ғаламның ғажайып сыр-

лары. Алматы: Ғылым, – 1997. – 296 б.3 Егеменді Қазақстан газеті, 17 сәуір, 2017ж.

Page 201: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

201 2 тарау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу кезеңдері мен сипаттары

4 Лотман Ю.М. К проблеме типологии культуры // Труды по знако-вым системам. –Тарту: Тартуский университет, 1978. – 166 с.

5 Бердяев Н.А. Философия свободного духа. – М.: Республика, 1994.6 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Құрастырушылар: Ә.Қ. Муминов, Б.

Қорғанбек, С. Моллақанағатұлы, т.б. Алматы, – 2009. 200 б.7 Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары: 1 т. Алматы: «Жібек жолы»,

2006. – 524 б. 8 Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Бірінші кітап. – Алматы:

Дайк-Пресс, 2004. – 512 б.9 Тэрнер В. Символ и ритуал. – М.: Наука, 1983. – 277 с.10 Кассирер Э. Избранное. Опыт о человеке. – М.: Гардарика, 1998.

– 784 с.11 Р.Генон. Символы священной науки. – М.: Беловодье. 200212 Леви-Стросс К. Структурная антропология. – М.: Наука, 1983. –

536 с.13 Гаврилов М. О ремесленных цехах Средней Азиии и их статутах-

рисоля // Известие Средне-Азиатского комитета по делам музеев и ох-ран памятников старины, искусство и природы. Ташкент, 1928. – С 225.

14 Массон М.Е. Мовзолей Ходжа Ахмеда Ясеви. –Ташкент,1930. – 25 с.15 Шәлекенов У.Х. V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы. – Алма-

ты: Жібек жолы, 2006. – 248 б. 16 Швецов М. Л. Котлы из погребений средневековых кочевников//

Советская археология, 1980. –N 2. – С. 201. 17 Акишев А.К. Искусство и мифология саков. –Алма-Ата: Наука,

1984. – 118 с.18 Тимуридский Ренесанс // Тамерлан. Эпоха. Личность. Деяние. /

сост. Р. Рахмалиева. – Москва, 1992. – С. 525-531.19 Гуревич А.Я. Категории средневековой культуры. – М.: Искус-

ство, 1972. – 363 с.20 Лотман Ю.М. К проблеме типологии культуры // Труды по зна-

ковым системам. –Тарту: Тартуский университет, 1978. – 166 с.

Page 202: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

202

3 тарау. МӘДЕНИ КӨПТҮРЛІЛІК АУҚЫМЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТИПТЕРІ

3.1 Түркі философиясы – әлем мәдениетінің жарқын құбылысы

Қазақтардың рухани мұраларын Шығыс және Батыс халықтарымен, үнді-ирандық мәдениеттің терең жауһарларымен қоса шекаралас өркениеттермен тығыз өзара ықпалдастықта дамыған түркітілді мәдениеттің ежелгі далалық тармағы екендігін анықтауға оның сипаты, түрі, тілі, мәнді белгілері, дүниетанымдық дәстүрлері арқылы қарастыру мүмкіндік береді.

Ғасырлар бойы қазақтар әртүрлі мәдениеттердің әсерін сіңіріп, өзінің ежелгі далалық түркілік дәстүрлерінің көрігінде балқытып өзара үндестірді. Аталған дәстүрлердің тұңғиықтығы мен беріктігі соншалық, саяси төңкерістер мен соғыстар да, арабтық, моңғолдық ықпалдар да, исламдандыру да оларды түбірінен өзгерте алмады.

Осындай өміршеңдіктің себебі, көптеген ғасырлар бойы шаруашылық жүргізудің тәсілі мен өркениет түрі іс жүзінде өзгеріссіз қалғандығының астарында болса керек. Бұл әлемді қабылдаудың белгілі бір ментальдық құрылымының үздіксіз жаңғыртылуына және халықтың әлеуметтік жадының ерекше жоғары деңгейде дамуына әсер етті.

Зерттеушілер отырықшы елдердің мәдениетіне қарағанда, далалық түркілік мәдениеттің терең тамырлары мен ежелгі дәстүрлері бізге біршама белгісіз, өйткені олардың материалдық мәдениетінің қалдықтары – киіз, тері, ағаш және былғарылары тасқа қарағанда нашар сақталатынын дұрыс атап көрсетеді [1]. Ғасырлар қойнауындағы жоғары дамыған түркілік мәдениетке материалдық мәдениеттің ескерткіштері: ежелгі қалалар мен бекіністер, антиквариаттар, бал-бал тастар, қорымдар, киім-кешек мәдениеті, тұрмыстық заттар және т.б., сонымен қатар өлмес рух

Page 203: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

203 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

жасампаздығы: ауызша және жазбаша әдебиет, бай фольклор, эпос, музыкалық, поэтикалық және философиялық мұралар куә бола алады.

Түркілердің философиялық ойы айшықталу өрнегі тұрғысынан ғана емес, мазмұны жағынан да біршама ерекше-ленеді. Түркі ойшылдарының баяндауларының үлгісі келесі ұрпаққа сан рет қайталанып, есте сақтау арқылы берілетін аяқталған өлең мәтіні түрінде болып келеді. Алайда, олардың өлең шығаруы толық өлшемдегі классикалық поэзиямен шендеспейтін және өз ойын шығармашылдық тәсілмен білдіру емес. Түркі ойшылдарының поэзиясында бейнелі ойлар басым болып, кейде бейнелеп отырған ұғымға қатыссыз тікелей айтылады. Олардың уақыт, кеңістік, баянсыздық, мәңгілік, жақсылық пен жамандық және т.б. ұғымдарды жиі қолданғаны белгілі.

Дүниежүзілік философиялық конгрестердің бірқатарында Солтүстік Мұзды мұхит пен Жерорта теңізі аймақтарында тұрып жатқан түркі халықтарының жалпы тарихын жазу қажеттілігі ту-ралы айтылған болатын. Осындай өкілетті философиялық форум-дарда «түркі мәдениеті» және «түркі философиясы» терминдері зерттеушілердің жұмыстарында кеңінен таратылып қолданылсын деген ұсыныстар жасалынды, сондай-ақ түркі тілдес халықтардың философиясы бойынша бірқатар еңбектер жазу жайлы қаулы қабылданды.

Біздің ойымызша, барлық анықтамалар мен жарық көрген оқулықтарда шығыс философиясы дәстүрлі түрде қытай, үнді және араб-мұсылман тармақтарына бөлінгенде, түркі философия-сы елеусіз қалып кетеді. Негізінен Қытай мен Моңғолиядан Еділ өзеніне дейін, Сібірдің қалың ормандарынан Әмудария мен Сыр-дария өзендерінің аралығындағы кең-байтақ еуразиялық кеңістік философиялық тұрғыдан «ақтаңдақтар кеңістігі» деп топшылау әбестік болар еді.

Бүгінгі таңда түркі философиясы – әлемдік философиялық ойдың жарқын құбылысы. Түркі философиясы шығыс философиясының бөлінбейтін бір бөлігі бола отырып, әлемдік рухани мәдениет тарихында жалпылық және жалқылық диалектикасының көрінуі болып табылады. Т.Х. Ғабитов: «Түркі философиясының ерекшелігі дәстүр мен жаңашылдықтың, са-кральды, тұңғиық дүниені игерудің көшпелі және отырықшылық тәжірибелерінің табиғи үйлесуімен, төзімділікпен, еркіндік

Page 204: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

204

сүйгіштігімен, сөзге дес берумен және оптимизммен сипаттала-ды», – деп нақты атап көрсетеді [2, 133 б.].

Түркі мәдениетінің ареалы туралы сөз қозғалғанда, оның астарында түркітілді халықтардың, қазіргі кезде Орталық және Бергі Азияның кең-байтақ территориясын мекендейтін отыздан астам этностың мәдениеті деп түсініледі. Ежелгі заманда түркі халықтары географиялық тұрғыда Қара теңіз жағалаулары мен Қазақстанды, Орта Азияның құмды шөлдері, Әмудария мен Сыр-дария өзендерінің арасындағы жазиралар, Алтай мен Оңтүстік Сібір, Тәңір тау (Тянь-Шань) мен Памирдің тау сілемдері болып келетін Қара және Каспий теңіздерінен Байкал мен Хинган тау-ларына дейін созылып жатқан байтақ аумақты мекен етті. Ежелгі түркілерге сұлу табиғат пен әртүрлі климаттық жағдайлар өздерінің бай мәдениетін жасауға мүмкіндік туғызды.

Түркі философиясының негіздері мен бастаулары – көбінесе табиғат философиясы мен өмір философиясы екендігін байқауға болады. Н.Г. Аюпов пен Ә.Н. Нысанбаевтың: «Бұл – шығыстық дүниетанымның ерекше, қайталанбас сан түрлі түстерінің гам-масы іспетті. Түркілік фәлсафаны қарастыра отырып, біз қытай философиясы, буддизм философиясы жайлы және оның тікелей қайнар көзі мен құраушысы болып табылатын зорастризм фи-лософиясын естен шығармауымыз керек», – деген ойларымен келісуге болады [2, 10 б.].

Жоғарыдағы ғалымдардың пайымдауларына сілтемелер «Тюркская философия: десять вопросов и ответов» атты қызықты да жаңашыл еңбекте жарияланған. Түркі философиясының міндеті мен мәртебесін анықтау, сондай-ақ философиялық ой кешудің түркілік түрінің әдістері мен үлгілері жайындағы идея, зерттеушілер үшін түркі философиясы бойынша осы өте маңызды ұжымдық монографияның жарық көруіне белсенді ықпал еткен академик Ә.Н. Нысанбаевқа тиесілі.

Түркілік философиялық ойды ерекшелендіретін белгілерінің бірі алғашында ол дұрыс өмір сүру өнері, болмысты игерудің үлгілерін берген даналықтың жинағы ретінде пайда болды. Осын-дай баға берудің дұрыстығын сонау есте жоқ бағзы замандардан сақталған материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері рас-тайды.

Түркілік этикалық ойдың негізін салушы, әйгілі ойшыл және жырау Қорқыт-Ата нақ осындай дана болды. Ол Сырдария

Page 205: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

205 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

өзенінің алабында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпаларының та-рихында ерекше орын алады. Ол туралы аңыздар оғыз-қыпшақ мәдениетінің тікелей мұрагерлері қазақтар мен олармен көршілес түрікмендерде кең таралған. Бір ескерерлігі, Қорқыт-Ата мұрасы – жалпытүркілік игілік екендігі күмәнсіз бола тұра, әрбір түркі халықтары оны өзінікі деп меншіктейді.

ХІХ жүзжылдықтың ортасында Қорқыт туралы аңыздар Ш.Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов, В.В. Вельяминов-Зернов және т.б. еңбектері арқылы Ресей мен Еуропада белгілі болды. Әйгілі жы-рау жайлы зерттеулерді шығыстанушылар В.В. Бартольд, А. Ди-ваев, И. Аничков, В. Каллур, И. Кастанье жалғастырды. Кеңестік кезеңде Қорқыт-Атаға А.В. Затаевич, М.О. Әуезов, А.Қ. Жұбанов және Ә.Х. Марғұланның еңбектері арналды.

Атақты түркі ойшылы және философы Қорқыт жайлы аңыздардың қазақ, қарақалпақ және түрікмен варианттарын са-лыстырмалы талдаған академик В.М. Журминскийдің аңыздарды зерттеудегі рөлі ерекше.

Түрік түркітанушылары И. Басгез, П.Н. Боратов, М. Эргин, О. Гоку және басқалар қорқыттануға үлкен үлес қосты. Қорқыттың өмірі мен шығармашылығын зерттеген шетелдік ғалымдар шоғырына француз ориенталисі П. Пелье, итальяндық Е. Росси, неміс ғалымдары Н.Ф. Диец, И. Хеин, В. Рувендилер жатады.

Осы зерттеулердің нәтижесінде Қорқыт-Ата өмір сүрген кезең біршама анықталды. Халық арасында аты аңызға айналған жыраудың өмір сүрген кезеңі – VIII ғасыр – ескі наным-сенім тәңіршілдіктен, шамандықтан және зороастризмнен исламға бет бұрған шақтар болатын. Қорқытта ескі наным-сенімнің жолы мен ислам дінін ұстану ғажайып түрде үйлесім тапты. Ол бір жағынан Аллаға сенді, Мұхаммед пайғамбарды мойындады, екінші жағынан онда ескі нанымдар жолын қуу басым болды.

Өлімнің болмай қоймайтындығы және оның құдаймен ал-дын ала анықталғандығы ислам догматтарының бірі екендігі мәлім. Өлімнен қашып жар салған Қорқыт Ата шығармашылығы негізінен бұл мағынасынада мұсылмандыққа дейінгі сипатта. Ш.Ш. Уәлиханов өзінің «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» атты еңбегінде: «Шамандық діндегі халықтардың аңыздарының тұрақты сарыны болып келетін өлімнен қашуға исламда жол берілмеген. Қырғыздардың (қазақтардың) бақсыларында олар-ды сарын айтуға, қобызда ойнауға үйреткен алғашқы шаманда-

Page 206: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

206

ры Қорқыт туралы аңыз бар» [3, 65 б.]. Ағартушы-ғалым сондай-ақ: «Шаман – сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын, күйші, сәуегей және емші», – деп атап көрсетеді [3, 52 б.].

Шығыстанушы И. Кастаньенің пікірінше, Қорқыт Ата қазіргі кездің өзінде қарақалпақтың да, қырғыздың да, өзбектің де және қазақтың да бақсыларының идеялық шабыттандыру-шы «жебеушісі» [4, 90 б.]. Музыкант және ойшылдың қобызы – көптеген ізбасарларының табынар нысанына айналды. Аспапта ойнау қиындыққа тап болған батырларға көмектескендігі жайлы эпикалық аңыздар айғақтайды.

Бір айта кетерлік жәйт, түріктер Жерорта теңізі курор-ты Анталияға таяу жерде орналасқан өздерінің Қорқытели қалашығын аты аңызға айналған дананың отаны деп есептейді. Ал Қорқыттың зираты Қызылорда облысының осы аттас теміржол станциясында. Қорқыт Ата Сырдарияның бойында дүниеге келіп, осы жерде өмір сүріп, осында қайтыс болғандығына қазақтар сенімді. Бұны Орта Азиялық жазба деректер растайды.

Әлемдегі түркі халықтарының оған қызығушылығы өздерінің рухани патриархының мұрасына деген зор махабатынан туындаса керек. Белгілі философ С.Н. Ақатай «Великий Коркыт и его уче-ние» атты мақаласында: «Араб ұлты үшін Мұхаммед ілімі неме-се еврейлер үшін Иуда сияқты олар үшін біріктірушілік маңызы болды. Жеке-жеке қазақтың да, өзбектің де, хакастың да немесе түріктің де Қорқыты жоқ. Барлық түркілер үшін олардың тари-хы, тілі мен мәдениеті сияқты ортақ Қорқыт Ата бар», – деп атап көрсетеді [5, 686 б.].

Қорқыт Ата өз ұрпақтарының жадында түркі халықтарының іргелі этикалық құндылықтарын, олардың рухани және философиялық ізденістерін, олардың санасының өрлеу эволю-циясын білдіруші ретінде қалды. Бұл этикалық құндылықтар байырғы діни жүйелерде жасалып, тарихи үдерістерде ұзақ екшеленіп, үздіксіз төңкерістер мен соғыстарда шыңдалды. Қорқыт-Атаның этикалық идеялары біздің кезеңге дейін жетті. Уақыт өзі жалпыадамзаттық сипаттқа ие ізгілік пен әділеттілік идеалдарын іріктеп алды.

Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт Атаның өмірі, әлемді басқарушы күштермен күреспен өтеді. Түркі данасының фило-софиясында өлім – ең басты зұлымдық және онымен күрес. Ойшылдың негізгі мақсаты – адам ажалына қарсы тұру.

Page 207: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

207 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Өмір бойы Қорқыт адам болмысының шынайы құндылығын іздейді. Өмірдің аяусыз баламасы – өліммен келісе алмай, үйреншікті өзін-өзі алдаудың былығынан қашып кеткісі келді. Ол ажалды болдырмайтын шара іздестірді, өзінің психикасын-да оған сәйкес келетін ажалсыздық рәмізін ойластырып, оны алмастырудың әртүрлі әдістерін жасады. Қорқыт жасаған қобыз – мәңгілік өмірдің рәмізі болып қалды. Бұл жайында М.О. Әуезов пен Л.С. Соболев: «ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Бұл әуендерге ол өз жан-дүниесін салды. Оның сарынының ғажайып үні бүкіл әлемге тарап, адамдарды сиқырлап байлады. Содан бері Қорқыт әуендері мен ол жасаған қобыз жер бетін шарлап, ал оның есімі қобыз ішектері мен адамдардың жүрегінде мәңгілік қалды» [6, 100 б.]. Аты аңызға айналған музыка атасы Қорқыт мәңгілік өмірді – адамзатқа қызмет етуде өзі жасаған өлмес өнері арқылы тапты. Ол тән өлімінен қашып, күрделі өмірмәнді мәселелерді іздеп оған жауап табуға мүмкіндік беретін мәңгілік рухани өмірдің шарықтау шегіне жетті.

«Қорқыт» атының өзі «қасиетті зират» деген аудармасында орнықты өмірдің синонимі, тағдыр тәлкегіне бой бермеу, адамға сенім екендігі таңданарлық. Барлық жақсы нәрселерді, қол жетпейтіндерді, рухани және таза адамгершілікті түркілер, яғни қазақтар аты аңызға айналған данагөй ойшылдың есімімен байла-ныстырады. Беделді отандық қорқыттанушылардың бірегейі ака-демик Ә.Х. Марғұлан: «Қорқыттың ажалмен күрес философиясы – әлемдік тарихтағы сирек кездесетін құбылыс, сонымен қатар бұл адамзат сомдаған жарқын бейнелердің бірі. Осыған ұқсасты тек ежелгі әдебиеттегі Прометей және Харт бейнелері туралы кездестіруге болады», – деп әділ бағасын береді. [7, 155 б].

Белгілі мағынада қазақ халқының тарихы Қорқыт Атадан ба-сталады деп тұжырымдауға болады, өйткені оның есімі барлық жерде: музыка мен әдебиетте, космология мен этнографияда, философия мен тарихта кездеседі. Ақын және шежірешінің тынымсыз рухы қазақтың аңыздарында, ертегілерінде, мақал-мәтелдерінде сақталған. Қорқыттың этикалық ілімі, ойшылдың өлім мен мәңгілік, ізгілік пен зұлымдық, жарық пен қараңғылық

Page 208: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

208

күресетін болмыс дуализмі жайындағы философиялық толғаныстары қазақ этносының рухани құрылымын тоқып, қазақ философиясының негізгі тақырыбына айналды. М.С. Орынбеков өзінің «Духовные основы консолидации казахов» атты мазмұнды еңбегінде: «Қорқыттың рухани мұрасында табиғатпен етенелесу, өмірсүйгіштік пен тәкаппарлық бейнеленген», – деп нақты атап көрсетеді [8, 97 б.].

Қорқыттың нақыл сөздері: «.....қонақ келмейтін үйдің құлап қалғаны жақсы. Жылқы жемейтін ащы шөптердің өспегені жақсы, адам ішпейтін ащы судың ақпағаны жақсы, әке атына кір келтіретін жаман ұлдың әкесінің арқа жотасынан шықпағаны, ана құрсағына енбегені, өмірге келмегені жақсы. Өтірік сөздің айтылмағаны жөн, әділ адамдар отыз он жылдан үш рет өмір сүргені жақсы» [9, 358 б]. Қорқыт Ата кітабынан алынған В. В. Бартольдтің тамаша аудармасындағы бұл үзінділерден біз Қорқыт түсінігіндегі ізгілік, әсемдік пен ақиқаттың бірлігінсіз адам өмірінің мақсаты мен мәні жоқ екендігін аңғарамыз.

Әйгілі абыз-жыраудың идеялары мен ой-толғаулары қазақ халқының тарихи жадында мәңгі сақталып, қазақтардың рәміздері мен бағыттарына із қалдырып, қазақ философиялық ойының бас-тауына айналды. Қорқыт Ата әуендері мен философиялық пай-ымдауларын ХІІІ ғасырда – Кетбұға, ХІV ғасырда – Сыпыра жы-рау, XV ғасырда – Асан қайғы, XVIII ғасырда – Бұқар жырау және басқа да қазақ даласының көптеген ақын, жыраулары жаңғыртып, әрі қарай дамытты.

Қорқыт-Ата философ, сәуегей, музыкант әрі данагөй ретінде – ғасырлар бойы қазақтың ойлау дәстүрін жалғастыратын алтын арқан. Қазақ философиясының дарынды өкілдеріне мәңгі дем беруші қайнар көз. Осы үдерістің арқасында әйгілі түркі ойшы-лы біздің өмірімізді түсіндіріп, тәубеге келтіреді, тірі адамдай сұхбаттасады, ал кейде қазіргі заманды өзінің ащы шындығымен алғаш түйістірген сәуегей психотерапевтей болады.

Қорқыттың этикалық әлемі – қазақ халқының қоршаған ор-тасына, туған Отанына, оның ерлікке толы өткеніне деген ма-хаббаты нәр алатын ұрпақтар арасын жалғастыратын өнегелілік дәстүрінің жанды жібі, оптимизмнің сарқылмас бұлағы және даналықтың қайнар көзі болып табылады. Сәуегей- ойшылға жас та, кәрі де, бақытсыз адам да келіп өмір тауқыметтерінен ары-лып, жандарына жай тауып, жүректерін тыныштандыратын.

Page 209: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

209 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Сахаралықтардың қоғамдық өмірінде Қорқыт өсиеттері үлкен рөл атқарды. Қордаланған халық даналығы әлі күнге дейін мақал-мәтелдер ретінде қабылданады.

Қазақтардың рухани өмірінің негіздерін, олардың өзіндік ерекшеліктері мен қыр-сырын түсінуде Қорқыт-Ата мұраларына қайта оралу ләзім. Өйткені оның философиясы болмыстың тылсым сырына үңілуге және бұл әлемге келудегі адамның тағайындылығы мен мәнін іздеуге толы болды.

Біздің ойымызша, түркі ойшылдарының этикалық көзқарас-тарын ортағасырлық мұсылман философиясындағы адам дүниетанымындағы екі тұжырымдаманы қамтып көрсететін, екі негізгі ағым мәнмәтінінде қарастырған жөн. Өзінің теориялық қайнарларын шығыс перипатетизмінің рационалды философия-сынан алған Ж. Баласағұнның философиялық шығармашылығы ортағасырдағы түркілік әлеуметтік-этикалық ойдың зайыр-лы бағыттағы рационалдық бастауларын айқын көрсетеді, ал Қ. Ясауи мен оның ізбасары С. Бақырғанидің рухани мұрасы – ең бірінші өздерінің ішкі әлемін тану үдерісінде адамның адагершілікті тұрғыдан жетілуі болып табылатын діни-сопылық. Осы екі – зайырлы-рационалды және сопылық бағыт қатар өмір сүре келе, қиылыса отырып, адамдар санасына өзінің әсері жөнінде бәсекелестікте түркілік этикалық ойдың әрі қарай даму-ын анықтады.

Осы бағыттардың біреуі де тәжірибеде «таза» күйінде көрінген жоқ. Болмыстың мәңгілік сұрақтарына жауап іздеген рационализм мен сопылық мистицизмнің Құдай мен адамды, әлемді философиялық тұрғыдан пайымдаулардағы екі үрдістің біреуі басым болуы жайлы сөз болуы мүмкін.

Түркілік этикалық ойдағы осы екі ағым арасындағы айырмашылықты абсолюттеу, ал тіптен оларды бір-біріне қарама-қарсы қою қателік болар еді. Бұл жерде сопының да, рационалистің де мақсаты бір: ақиқатты, этикалық идеалды, әлем мен адам үйлесімділігін іздеу, бірақ мақсатқа жету жолы мен әдісі әртүрлі.

Шығыс перипатетиктерінің рационалистік философиясының этикалық пайымдауларының мәні түркілік этикалық ойдың алғашқы ірі туындысы «Құтадғу-білік» атауында бейнеленген. «Құтты-біліктен» бастау алатын бүкіл түркі философиясы Жүсіп Хас Хаджиб – Жүсіп Баласағұнның шығармасында мазмұндалған

Page 210: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

210

игілік жолындағы жетілген қоғам орнатудың әлеуметтік-этикалық мәселелерін дүниетанымдық тұрғыдан шешуге арналған.

ХІ ғасырда Орта Азияда Қарахандықтар билік құрып тұрған кезеңдерде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан көрнекті ақын және ойшыл сол замандарда өте жоғары дәрежеде гүлденген Баласағұн қаласынан шыққан еді. Жүсіп Хас Хаджибтің атағы бізге толық түрде жеткен өзінің бір ғана поэмасы «Құтты-білік» арқылы жайылды. Шындығында ойшылдың бұдан басқа да еңбектері болғандығына күмән келтіруге болмайды. Бұл кітап 1069 жылы жазылған. Автор оны өзіне Хас Хаджиб, яғни ұлы ханның әлеуметтік кеңесшісі деген атақ бергені үшін, Қашғардың билеушісі Сүлеймен-Арслан-Қара-Хаканға арнаған еді.

Баласағұндық Жүсіп өз кезіндегі жоғары білімді адам бол-ды, ал оның поэмалары тарих, философия, этика және эстети-ка бойынша таным көкжиегінің кең екендігін айғақтайды. Оның ирандық батырлар эпосымен таныс болғандығын «Құтты-біліктің» Фирдоусидің «Шахнамасындағы» екі жолды-масневи үлгісінде жазылғандығынан білуге болады. Поэмада «Шахнамадағы» қаһармандардың – Ануширван, Зохак, Феридун, Рүстем, Афраси-аб және басқалардың есімдері кездеседі. Автор оларды парасатты билеушінің сапалық қасиетінің жүзеге асырылуы және әділеттілік, мейірімділік, ерлік сияқты ізгілік өлшемдері ретінде көрсетеді.

Жүсіптің этикалық көзқарасы оның Ибн-Синаның мұрала-рын, әсіресе мемлекеттің тәрбиелеушілік қызметі, қоғамды қалпына келтірудегі ізгілікті билеушінің рөлі және басқалар сияқ-ты әлеуметтік мәселелерді тереңінен оқып үйренгенін білдіреді.

Оның шығармаларының маңызды ерекшеліктері – адам ақылына, ғылымға және өз кезеңінің мәдениетіне деген зор құрметінен, теория мен тәжірибені ұштастыруға деген құштар-лығынан көрінетін рационалистік дәстүрлер екендігін атап өткен жөн.

«Құтты-біліктен» біз әлеуметтік, этикалық қана емес, ортағасыр ойшылдарының рухани ізденістере тән болған космо-логиялық, онтологиялық, гносеологиялық мәселелерді де та-бамыз. Бұлар ғаламның, ғарыштың құрылымы мен құрылысы, зерденің материалдық негізі адам миының құрылымы, білім мен сенімнің, зайырлылық пен діншілдіктің арақатынасы, өмірдің мәні, өлім және мәңгілік мәселелері және т.б. Біз жоғарыда атап көрсеткендей Ж. Баласағұнның философиялық ой-толғамдарында

Page 211: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

211 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

ақыл мәселесі, оның табиғаты мен міндеті, таным процесінің сарқылмайтындығы мен шексіздігі ерекше орынға ие. Адамдар өміріндегі ақыл мен білімнің шешуші рөлі поэманың атауында-ақ мағлұмдалған.

Ортағасылардағы мұсылман философиясының негізгі мәселесі – Құдай мен әлем түсінігінің әртүрлі (онтологиялық, космологиялық, гносеологиялық) қырларының мазмұны мен арақатынасы екендігі белгілі. Жене осы түбегейлі философиялық мәселенің барлық басты аспектілірінде, қарастырылып отырған кезеңдерде дүниедегі ең басты сұраққа қатысты екі бағыттың, екі дүниетанымдық үрдістің үздіксіз күресі анық байқалады.

Бұл бағыттарды онтологиялық және космологиялық тұрғы-дан саралауда теологиялық және философиялық бағыттағы үрдістерді тұжырымдауға болады. Бұл бағыттар бір ғана ойшылдың шығармашылығында қарама-қайшылықтардың бірлі-гінде қатар үйлесе алады. Осындай жағдай таңданарлық нәрсе де емес, өйткені философиялық тұрғыдан ой кешетіндер ислам негізгі дүниетанымдық қағидаттарына өз пайымдауларын қарсы қойған жоқ. Екінші жағынан діни бағыттағы ойшылдар, әсіресе ақын-сопылар (әсіресе бұл негізгі философиялық мәселелердің гносеологиялық қырларына) дүниетанымдық мәселелерде конфессионалдық тәсілдің шегінен шарасыз жиі шығатын.

Ж. Баласағұнның адамдардың мейрімділігі мен зұлымдығының табиғаты, олардың туа бітетіндігі мен қалыптасатындығы жайлы толғаныстарында, шығыс перипатетиктерінің қоғамдық орта мен тәрбиенің мінезді өзгертетіні туралы әлеуметтік дәлелдері мен ал-дын-ала анықталады дейтін діни идея жатқандығы сезіледі. Алайда Жүсіп Хас Хиджабтың этикалық тұжырымдамасының әлеуметтік мағынасы: жақсы адамның аты – мәңгі өлмей артында қалдырған шапағаты, оған деген құрмет деген ойларменен астасады.

Өмірден өткенен кейінгі Баласағұнның тағдыры – осы тезистің дәлелі деп ойлаймыз.Түркі ойшылы талай мыңжылдардан кейін де адамдардың рухани жетілуіне қызмет етіп келе жатқан ғажайып поэмасы арқылы өз атын мәңгіге қалдырды.

Жүсіп тәрбиелеу мен білім беру мәселесінде – адамның табиғи және рухани әсемдігінің бірлігі, оның іштей және сырт-тай жетілуінің теңдігі қағидаттарын ұстанды. Бұл жерде адамның ішкі рухани әлемі, оның жүзінде бейнеленеді дейтін рационалды түсіндірілуді көруге болады.

Page 212: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

212

Ежелгі түркілік әдебиет үшін дүниетанымдық мәселелерді философиялық тұрғыдан қарастыру әдісіндегі қайнар бұлақ «Құтты білік» жайындағы зерттеуімізді әрі қарай өрбіте келе, қарахандық ойшыл-ақынның замандастары мен шығыс ізашар-перипатетиктерінің таным теориясы ілімінен тікелей жол тапқан Ж. Баласағұнның зерде, таным үдерісіне қатысты ілімдері басты көрсеткіш екендігін мойындауымыз қажет. Бір қызығы Баласағұнда осы өмірдегі тауқымет пен төзімділік үшін жаннаттық рақатты үгіттеудің ізі де жоқ. Адамға жақсы істері үшін құрмет – оның ізгі аты ұрпақтар есінде мәңгі қалғаны деп түйіндейді ойшыл.

Сонымен, ежелгі түркі рационалист-ойшылының «Құтты-біліктегі» әлеуметтік-этикалық мәселелері ортағасыр мен Жаңа заманның түркі тілді философиялық ойының зайырлы мазмұнына тән болды. Бұл барлық түркі философиясы, түркі тіліндегі алғашқы ірі поэманың тікелей әсерімен қалыптасты дегенді білдірмейді. Әрине әртүрлі ықпалдардың болғаны сөзсіз. Түркі тіліндегі алғашқы поэма «Құтты-білік» авторын шабыттандырған парсы және парсы тіліндегі әдебиеттің жауһарларының бірі бо-латын. Алайда, түркі мемлекеті тұсындағы ойшылдың қоғамдық мәселелерді энциклопедиялық қамтуы, оларды рационалды түсіндіруі, зайырлы бағыты, сондай-ақ шығарманың жасампаз шабыты мен көркемдік елітуі жағынан түркі философиялық ойының осы даму бағытын тек Жүсіп Баласағұн анықтады дегенге негіз болады.

Қожа Ахмет Ясауидің (1166 ж. қайтыс болды) есімі мұсылмандық түркі әлемінде өте жоғары гумандылық және өнегелікпен теңестіріледі. Ойшылдың руханилық пен ізгілікті түсінуі, әлемдік мәденеит жауһарларының қатарына орын алуы тиіс. Әсіресе, қазіргі бүкіл әлем басынан өткеріп отырған экономикалық және рухани дағдарыстар адам өмірінің барлық салаларына әсер етіп отырған қиын кезеңде, ұлы түркі философының – шыдамдылық пен төзімділік, мейірімділік пен аяушылық, жақындарына деген сүйіспеншілік және азға қанағат етуге шақырған ойлары өте маңызды да қажет екендігі сөзсіз.

Шейх Қ.А. Ясауидің өмірі мен ілімінің негізіне адамның рухани-адамгершіліктік тұрғысынан жетілдіру идеясы жа-тады. Біздің пікірімізше, бұл идея – ойшылдың сол арқылы исламның өнегелілік идеалын іс жүзіне асыруға талпынып, өзі құрған сопылық мектеп пен дүниетанымының өзегі болды. Түркі

Page 213: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

213 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

әлеміндегі Қ.А. Ясауидің тұлғалық беделі ежелгі дәуірлерден біз-дің заманымызға дейін жеткен: «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» – деген нақыл сөз айқындайды.

Ясыдан (қазіргі Түркістан қаласы) шыққан Қожа Ахмет Яса-уи өз қызметін жақында ғана исламды қабылдаса да, оның жо-лын шынайы ұстанушы көшпелі түріктер мен диханшылар арасында насихат жүргізуден бастады. Ахмет Ясауи сопылық тәжірибені толықтай игеріп, ислам ғылымдарын, араб және пар-сы әдебиеттерін жақсы білгенімен, өзінің айналасындағылардың жағдайларына сәйкестендіруге, сопылық тәжірибеге байырғы түркілік пұтқа табынушылық (шамандық) дәстүрлеріне тән элементтерді енгізуге мәжбүр болды. Шейхтың таңқаларлық жетістікке жетудегі басты тетігі, біздің ойымызша, ең алдымен оны өзіне дейінгілермен салыстырғанда, ислам қағидаларын шығыс сопылық ілімінің пантеизмімен және көрші көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың шамандық көзқарастарымен шебер өре білуінде.

Қ.А. Ясауи өзінің маңына (40 мыңдай) ізбасарлары-мүриттер жинап, даңқ пен құрметке бөленді. Бірақ шейх өз таңдаған жолы-нына таймады: 63 жасқа келгенде жер астынан бөлме қаздырып, сыртқы әлеммен барлық қатынасын үзіп, қалған өмірін жер астында оңашада өткізуге ант етеді. Бұны ол 63 жасында қайтыс болған Мұхаммед пайғамбарды еске алу құрметінде атқарды. Қожа Ахметтің мақсаты «өлмей тұрып өлу»: фән жағдайына жетіп, Жаратушымен үздіксіз байланыста болу.

Сопылық идеяларда көрініс тапқан исламның адамгершілік идеалдарын іс жүзіне асыруға талпыныс, ойшылдың бүкіл моральдық философиясын көктей өтіп, барлық «Хикметтер-де» өзінің аяқталған ойын білдіреді. «Хикметтерінде» бастан аяқ әртүрлі жанрлар мен үлгілерде барлық халықтар үшін әрқашанда өзекті болып келген адамзаттың мәңгілік өнегелілік құндылықтары мәселесін қозғайды. Ақын-сопы адамның руха-ни, шығармашылық бастауларының маңыздылығы мен мәңгілігі, мұраттардың, армандардың (тіптен іске аспаса да) жалаң прак-тицизм мен біздің заманымыздағы рационалды адамның материализмінен артықшылығы жайында бізге ғасырлар қойнауынан ескертіп тұрғандай.

Қ.А. Ясауидің тілі Ж. Баласағұнға қарағанда сәл өзгешелеу, адам кемістігін талдауда өзінің зілді және қаталдығымен өзге-

Page 214: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

214

шеленеді. Түркістандық сопы-ақынның образдары көбінесе тыл-сым әлемнен шығады, дегенмен олар қатардағы тыңдаушылар мен оқырмандарға түсінікті еді, ең бастысы авторға жоғарғы ізгілік, өз жақыныңды сүйгендей Құдайға деген махаббат жайлы пайымдауға мүмкіндік береді.

Қ.А. Ясауидің негізгі идеологиялық қызметі – көпшілік ара-сында мұсылман дінін тарату, мұсылманның қағидатқа айналған міндеттері мен тәртіп ережелері түрінде емес, жеке тұлғаның өнегелілік кодексін көтеріңкі көңіл күйде, Құдайға, Ақиқатқа де-ген рухтанған махаббатпен, және осы Ақиқатты тану идеясымен жырлау болды. Осы міндетке сәйкес түркі философы пантеистік сопылықты насихаттауда бірінші кезекте оның негізіне жататын таным идеясын, Құдайға деген шексіз, жанкешті махаббат арқылы ұсынды. Бұл жерде К.Х. Тәжікова «Ясауи хикметтерінің» назар аударғаны пантеистік сопылықты онтологиялық, космологиялық қырларынан жан-жақты қарастыру емес, тек қана оның этикалық мазмұнында», – деп дұрыс аңғарады [10, 16-17 бб.]. Сопылық ілімдегі өнегелілік мәселесіне бұлай көңіл аудару ортағасыр ой-шылы және ақынының ерекшелігінен емес, сол кезең әдебиетінің идеялық мазмұнының өзегі әлеуметтік-этикалық мәселелер болған поэтикалық жанрдың заңдылығына байланысты.

Ахмет Ясауи өзінің туындыларында сопылық-мистикалық, этикалық мұраттарын насихаттайды. Түркі ойшылының ілімі осы тұрғыдан шариғат ережелеріне, әрбір мұсылманға оның парыз-дарын адал ниетпен өтеуге қарсы қойылмаған, тіптен дәстүрлі, қағидалы түрінде ислам ілімін жоққа шығармайды. Керісінше, Ясауи уағызшы және таратушы ретінде өзінің «Хикметтерінде» Құранды, Мұхаммед пайғамбарды және оның сахабалары мен тақуа халифтерін мадақтайды.

Осыған байланысты, біздің ойымызша Шығыстың мұсылман-дық мәдениетінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі сопылыққа қатысты кейбір тұстарына тоқталған жөн. Исламдағы бұл ағым та-рихи кезеңдер мен аймақтың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне байланысты, пайда болуы мен дамуының он ғасырдан астам уақытында әртүрлі бағыттар мен үлгілерді иеленді. Сопылық қандай үлгіде көрінсе де, жалпы мұсылмандық Шығыстың руха-ни өмірінде шешуші рөл атқарды.

Сопылық жайында көптеген ғылыми және ғылым айнала-сында еңбектер жазылды. Олар өздерінің үстемдік ететін иде-

Page 215: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

215 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

яларымен, беделімен, дәстүрлерімен және әдіснамаларымен, ерекше әлемімен исламтанудың бөлек бір саласын құрды. Бұл жерде кез келген ғылыми пәндердегідей өзінің консерваторла-ры бар, орнығып қалған көзқарастарды жақтаушылар, қолайлы таптаурындармен күресіп, жаңашыл әдістерді уағыздаушы неоконформистері де бар. Сопылық мәселесімен айналысып жүргендердің арасындағы алшақтықтардың бар екендігіне қарамастан, оларды азды-көпті ортақ ғылыми терминология, сопылық ілімдердің қазіргі кездегі жағдайын көрсететін ұғымдық аппарат біріктіреді.

Сопылықты әдетте ислам мистицизмі (тассауф) деп атайды. Өте көптүрлі және асқақ, сондықтан да көптеген анықтамалары бар. Тассауф терминін (аңдау) ғылыми айналымға 1821 жылы немістің теология профессоры Ф.А.Д. Толук (ум. 1877 ж.) енгізді.

«Сопы» терминінің пайда болу жайында көптеген болжа-улар бар екендігі мәлім. Біршама кең таралған «суфи» термині арабтың «суф» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жүн» дегенді білдіреді. Осындай рухани тәжірибемен айналысушы адам-дар жүннен жасалған киім (жамылғы) киген, өйткені жүннен жасалған киімдер дөрекі киімдерге жатады, осылайша олар өз тәндерін азаптайды.

Кейбір зерттеушілер «суфи» сөзі гректердің «софия» (даналық) деген сөзінен шыққан дейді. Үшіншілері сопыларды Қағбада (мұсылмандардың хажылық өтейтін орны) өмір сүрген тайпаларға жатқызады. Олар қасиетті орынның тазалығымен ай-налысты және өздерінің өмір салттары бойынша Мұхаммедтің ізіне ерушілерге жақын болды. Тағы бір болжам, «суфи» сөзі арабтың «суфа» (тас баспалдақ, жоғарыдағы тас орын) деген сөзінен шыққан Мұхаммед пайғамбардың достары мен серіктері жиналатын жер. Термин «суфи» «сафо» (таза) деген сөздің туын-дысы деген болжам да ұсынылады.

Бірақ бұл терминнің шығу тегін қаншама талқылағанмен, зерттеушілердің барлығы дерлік сопылықты VII-VIII ғасырларда кең таралған исламдағы «зухд» тақуалық қозғалысынан бастау алады деп негіздейді. Өз кезегінде ІХ-Х ғасырларда сопылық ілімі философия ғылымдарының аясында дамыған бүтін бір күрделі жүйеге айналғанын байқауға болады.

Сопылық – исламда көп ғасырлық тарихы мен өзіндік ерекшелікке ие, аса маңызды күрделі қоғамдық-идеологиялық

Page 216: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

216

құбылыс. Қазіргі кезде сопылықтың әр тектілігі жөнінде, онда көптеген идеялық ағымдар қатар өмір сүретіндігіне ешкім дау-ласпайды. Және бұны түсіндіруге болады, сопылық араб жерінде пайда болып, Иран, Орталық Азия мен Күнгей Кавказда жергілікті мәдени-әлеуметтің дәстүрлерімен және сенімдерімен араласып, олардың элементтерін өзіне сіңірді.

Ислам теориясы мен практикасын терең білу – сопылық негіздерін, оның сансыз қызметтерін дәлме-дәл түсінудің міндетті шарты. Сопылық тарихын, оның ағымдарын тұтастай зерттеу ортағасырлардағы Шығыс халықтарының рухани мәдениетінің дамуын дәл және толықтай көрсетеді. Сопылық тарихын зерттеудің маңыздылығын анықтайтын фактор, осы мистикалық ағымды және оның қырларын зерттеумен айналысқан көптеген зерттеушілер ислам таралған елдер өмірінің барлық жақтарына үздіксіз және зор ықпал етуі деп есептейді. Мысалы, белгілі ресейлік шығыстанушы-философ М.Т. Степанянц: «Ислам мистицизмінің Шығыстың мұсылман елдерінің қоғамдық-саяси және рухани мәдениетінің дамуына ықпалы зор. Ол элиталық сананың жемісі және сонымен қатар «халықтық» дін болды: билік басындағы саяси жүйеге әлеуметтік наразылық түрінде қызмет етті және оның діни ілімін дәріптеуші, сондай-ақ дінге сенушілерді тыныштандыруға, олардың рухани және әлеуметтік белсенділігін басуға пайдаланылды» [11, 3 б.].

Діни-философиялық бағыт ретіндегі сопылықты зерттеу Шығыстың мұсылман халықтары философиясының қалыптасуы мен даму үдерісін дәл көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Бұл ағым сөзсіз анағұрлым кең тарихи-философиялық мәнмәтінде қызығушылық тудырады және оның маңызды бөліктері бо-лып табылатын жеке ірі сопы авторлардың мұраларын тал-дау болғандықтан, байсалды зерттеуді талап етеді. Осындай авторлардың қатарына Қожа Ахмет Ясауи де жатары сөзсіз. Оның дүниетанымын зерттеу сопылықты толықтай мәнмәтінінде зерттеудің өзектілігінен бөлінбейді.

Сопылар, солардың ішінде Ясауи үшін ең бастысы: «Құдайға ұласу мүмкін бе?», «Адам өз өмір жолын қалай өту керек?», – де-ген сұрақтарға жауап іздеу. Алайда ең бастысы және ең қиыны – өзін-өзі жетілдіру мен Құдаймен ұласу.

Бір есте қаларлығы, сопы ойшылдар рационалды тәсілдің құндылығын жоққа шығармастан, адам ақылының таным

Page 217: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

217 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

қабілетінің шектеулігі қағидасын ұстанды. Ұлы Руми: «Ақыл тамаша және ол сені Құдайдың қақпасының алдына әкелгенге дейін керек. Сен осы қақпаға жетісімен-ақ, ақылды таста...өзіңді Құдайдың қолына бер; енді «қалай» және «неден» деп сұрау бос әурешілік», – деп жазды. [12, 122–123 бб.].

Сопылық ілімде Құдай абстрактілі жақсыз бастама. Яса-уи ілімінде Құдайдың бейнесі аллегориялық мазмұнмен толықтырылып кейде от түрінде, кейде күн түрінде, кейде теңіз және т.б. болып келеді. Осыған орай адам осы стихиялардың бөлшегі түрінде, өзінің шыққан алғашқы бастамасына, яғни Құдайға қайтуға «отқа жанған көбелектей» немесе «теңіздің там-шысына айналуға» ұмтылады.

Ортодоксалдық ислам адам мен құдай табиғатынының бірлігі мәселесін қоймайтыны белгілі. Құран ілімі бойынша, Құдай – адам іс-әрекеті мен табиғаттың даму барысына шексіз араласып отыруға уәкілдікке ие табиғаттан жоғары қол жетпейтін нәрсе. Сонымен қатар Алла – адам көзіне көрінбейді, ақылмен де, сезіммен де танылмайды. Бұдан басқа, Құран бойынша Құдаймен қатынасуға тек пайғамбарларға рұқсат етілді. Ал Қ.А. Ясауидің ілімінде керісінше, ойшыл Құдайды – Ақиқатты тану жолы – та-рихат мәселесін көтерді және мистикалық нұрға бөлену жолымен оны тануға болатындығына әбден сенді.

Сопылықтың философиялық тұжырымдамасы құдайды материалдық әлемдегі барлық құбылыстар мен үдерістердің алғашқы болмысы ретінде қарастыратын, пантеистік көзқарасқа негізделді. Әлем әртүрлі құбылыстар арқылы көрінетін құдайдың эманациясының нәтижесі ретінде қарастырылады. Құдай мен құбылыстар әлемінің арасы, субстанция мен акциден-ция арасындағы байланыс ретінде қарастырылды. Адам да осы құбылыстардың бірі болғандықтан Құдаймен байланыста болды, онда құдайылық мәннің бір бөлшегі көрініс тапты. Сондықтан сопылық ілім бойынша, адамның негізгі мақсаты, алғашқы ба-стаумен (құдаймен) ұласу, немесе сопы ойшылдар айтқандай, «тамшының теңізге айналуы».

Қ.А. Ясауидің этикалық ілімі әділетсіздік және зұлымдықпен ымыраласпай белсенді түрде дамыды. Түркі философы адам-дарды бір-бірін туған бауырларындай сүюге, құрметтеуге, қиын сәттерде көмек қолын созуға, адамдарды соғыстан, тонау мен күш көрсетуден сақтандырды. Ойшыл адамдарды өз нәпсісінің

Page 218: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

218

жетегінде кетуден, басқа адамдарды қанау арқылы баюға ұмтылмауға, керісінше барды қанағат тұтып, сол үшін Алла Тағалаға рахмет айтуға үгіттеді. Қожа Ахмет Ясауидің өсиеттері мен ғибратнамасы қазіргі кезде рухани жаңғыру үшін де өзекті екендігін көріп отырмыз. Сопы-ақын, ұлы түркі ойшылының көзқарастары қоғам дамуының игілігіне бағытталды және Шығыстың мұсылман халықтарының философиялық ойы тари-хында ерекше орын алады.

Қ.А. Ясауидің шәкірті және ізбасары Сүлеймен Бақыр-ғанидің (1186 ж. қайтыс болған) мұраларынсыз, сопылық өзінің маңызды бір бөлшегінен ажырап қалғандай болар еді. Бұл ірі ойшылдың шығармалары орта ғасырлар мен одан кейінгі кезеңдерде де өте танымал болғандағы, сондықтан көптеген сопылық ағымдардың шәкірттері оны тереңдей зерттегеніне ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Сүлеймен Бақырғани өзінің ұстазы сияқты дінді тарату-да (дұрысында сопылықты уағыздауда) поэзияны қолданып, мистикалық мазмұндағы бірқатар шығармалар жазды. Бізге дейін жеткен философ-ақынның еңбектері жинақталып, 1877 жылы Қазан қаласында «Бақырғани кітабы» деген атпен жарық көрді. Сондай-ақ Бақырғанидің діни-философиялық сарындағы «Ақыр заман» және «Бибі Мәриям» және т.б. Құран сюжетіне құрылған бірнеше поэмалары мәлім.

Түркі сопылығында өзінің ұстазы Қожа Ахмет Ясауиден кейін екінші орында тұрған Орталық Азия мұсылмандарының арасында зор құрметке ие болған сопы-шейх және мистик-ақынның философиялық дүниетанымының орталық мәселесі – адам. Сүлеймен Бақырғани өз еңбектерінде болмыстың адамсыз мәні жоқ екендігін көрсетеді. Адам – дүниенің ортасы, табиғат пен қоғамның субъектісі, ақыр соңында ол тірі организм. Адам болмыстың мәңгілік негіздерімен жасырын түрде байланысқан, сондықтан ол әлемге тікелей ықпал ете алады.

Бақырғанидің ойынша жетілген адам – ол Ақиқатты іздеп тау-ып, онда толықтай жойылып кеткенше болған адам. Жетілген адам – ол ең алдымен менмендіктен ада болған, өзінің өркөкіректігін, өзінің «менін» жеңген адам.

Сүлеймен Бақырғани – өз заманындағы сопылықтың жарқын өкілі. Философ-ақын хикметтерінің басты тақырыбы – Құдайға деген махаббат. Құдайға деген шын махаббат, осы әлемге, адамға деген аллегориялық немесе өзгеретін махабаттан шексіз биік.

Page 219: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

219 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Өйткені бұл әлем де, адам да өзгереді деп ойлайды Бақырғани. Ма-хаббат – сопы түйіндеуінде – Құдай сыйлаған құдіретті құбылыс.

Сүлеймен Бақырғани жырлаған даналық нақылдарда махаб-бат – адамды рухани жетілдіретін ұлы сезім. Сопылар бұл сезімді ашық жүрекпен жанын сала жырлады. Оның ойынша ғашық бола алмайтын адам, опасыздармен бірдей. Ғашықтық құбылысын осылайша түсіндірілуін Ахмет Ясауиден кездестіреміз. Сүлеймен Бақырғани өз ілімінде бұл идеяларды жетілдіріп, ұстазының көзқарастарына тереңдете түсініктемелер береді. Хакім-Ата, орта ғасырлар заманындағы сопылықтың көрнекті өкілі бола отырып, барлық түркі тілді әлемнің рухани өміріне, руханиятының сипа-тына белгілі ықпал еткені сөзсіз.

Сонымен, түркі философиясындағы осы екі дүниетанымдық тұжырымдамалар туралы талқылауларды қорытындылай келе, осы екі бағыт та өздерінің тарихи және философиялық тамыр-ларын исламға дейінгі замандарға жіберетінін айта кеткеміз келеді. Онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан аристоте-лизм мен неоплатонизмнен бастау алды. Өздерінің әлеуметтік тәжірибелерінде екеуі де исламның мәдени-идеологиялық негізіне жүгінді. Сонымен бірге философиялық ойдың рационалистік, зайырлы бағыттарын алға шығара отырып, адам ақылының құдайылық табиғаты мен Жаратушыны және оның жаратқандарын (қоршаған әлемді) тануға ұмтылуымен, өзінің жоғарғы тағайындылығы жайындағы қағидаларға сүйенеді. Сопылық гнеосеологияның рационалдылықтан айырмашылығы, діни білімді мистикалық қырынан дамытуы болып табылады. Сопы-мистиктердің ілімінде таным үдерісі жеке адамның өз әлеміне үңілуі арқылы құдайылық мәнге жетуі және өзін-өзі тануға барынша жан-дүниесін жұмылдыру әрекеті ретінде ашылады. Олардың пайымдауынша Құдайға жол, жетілуге жол қоршаған орта арқылы, оны тану және игеру, яғни өзін-өзі жетілдірумен болған.

Түркі философиялық ойындағы екі бағыттың әлеуметтік рөлін салыстыра келе, рационалистік, зайырлы бағыттағы ағымның адамдарға қоғам мен мемлекеттің маңызды мәселелерін шешу-ге түрткі болатын белсенді, қайта құрушылық қызметін атап көрсету керек. Түркілік ойдың бұл бағыты орта ғасырлардағы қоғамның белсенді, неғұрлым ширақ, жаңалықты қабылдауға бейім қабатының өмір салты мен ойлау қалпына сай болды. Түркі

Page 220: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

220

философиясының сопылық тұжырымдамаларының билікке оппозициялық, үстем қатынастарға сыншыл рухы, қиыншылық жылдары қоғамдық дағдарыстар кезіндегі оның адамгершілікті-нығайтушылығын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар Әлемде үстемдік құрған зұлымдықты, өз «менінің» тұңғиығына бату арқылы жоюды насихаттайтын бұл ілім, әлеуметтік тұрғыда зұлымдықпен ымыраласып, өмірдің шынайы мәселелерімен күресуден бас тарту болып табылады. Осыны белгілей отырып, төзімділікті, сүйіспеншілікті, күш көрсетпеуді насихаттау орта ғасырлардағы қоғамның қалың бұқарасының дүние сезіміне сай келген шақтарын да атап өту қажет. Көпшілік үшін діннің беделімен және ғасырлар бойғы дәстүрлермен құрметтелген тыныштық пен тұрақтылықты сақтау көтерілістер, соғыстар мен әлеуметтік төңкерістерге қарағанда қабылдауға тұрарлық дүниелер болды.

Ортағасыр ойшылдары әлеуметтік жағдайына, этикалық көзқарастарына, қоғамдық және адамгершілік мәселелерді ше-шуде дүниетанымдық тәсілдерінің әртүрлілігіне қарамастан, ең басты мәселеде ынтымақта еді. Олар өздерінің дүниетанымдық мұраттарының жалпыадамзаттық және гуманистік мақамдарында бірге болды.

Түркі философтарының утопизмі туралы, олардың билеп-төстеуші өкіметтен әділеттілік пен қайырымдылық күтуін айтуға болады. Дегенмен олардың әлеуметтік прогресс қоғамды ізгілендірумен, адамдар, халықтар мен мемлекеттер арасында нағыз адами қатынастарды дамыту болып табылатын ілімінің мәнін бағаламауға болмайды. Және бұл даму жолы жауласу, жек көру, көре алмаушылық, зорлау мен соғыс арқылы емес, әділеттілік, сүйіспеншілік, қоғам игілігіне қызмет ету арқылы өтеді. Түркі философиясының негізіне қандай да мақсатқа жеткендігі тұрғысынан емес, мақсаты жоғары дамыған қоғам болған жеке адамды мойындау жататыны анық. Бүгінгі күннің келелі мәселелері алдында өзіміздің бабаларымыздан үйренетін басты сабағымыз бәлкім осы шығар.

Түркі философиясының ерекшеліктері ашықтығы, халық-шылдығы, «қатпарлығы» («қатлам»), сондай-ақ философиялық-эпикалық дастандарда, көркем прозада, даналық кітаптарында және өсиет тәмсілдерде, әндерде, фольклорда және философиялық поэзияда таралып кетеді.

Page 221: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

221 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Біздің пікірімізше, түркі философиясын зерттеушілерге түркі философиясының өмір сүру әдісі ретінде түркі әдебиетін дұрыс түсіну және көркем әдебиет шығарамаларына философиялық талдау әдістерін қолдану, поэтикалық шығармалардың философиялық мазмұнын ашу үшін философиялық ойлаудың құралдарымен зерттеу ләзім.

Көне түрік мәдениетінің қызғылықты құбылысы – болмы-сты философиялық пайымдаудың алғашқы талпыныстарының бірі тәңіршілдік. Әдеттегі түсінікте тәңіршілдік дін болып есептелмейді, ешқашан өзінің институтталуына талпынбаған діни идея ғана болды. Бұл түркілік мәдениеттің ерекшелігімен таңылған еді. Біздің ойымызша «ашық дүниетаным болғандықтан тәңіршілдіктің өз метафизикасы бар. Түркілік фәлсафаның ерекшелігі болып табылатын, даналықтың философиядан басымдығы сияқты объективтендіру мен меңзеушілікке ұмтылу, дәстүрлі транценденталды дүниетанымда көрініс табады», – деп дұрыс түйіндейді зерттеушілер [13].

Түркі философиясы өзіндік ерекшелікке ие бола тұрып, әлемдік философиялық оймен табиғи өрілген. Егер оның ерекшелігі түркі тілді халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің өзіндік ерекшелігінде, осы халықтардың психо-логиясында, дүние сезімінің, дүние түсінігінің және дүниені қабылдауының ерекшелігінде болса, басқа ұлттық филосо-фиялармен ұқсастығы ортақ адамзат қауымдастығымен, бір тарихи баспалдақтармен жүріп өтуімен және өзінің ұлттық қалыптасуында сапалық көтерілуімен айшықталады.

Түркі философиясы әлемдік мәдениет құбылысы ретінде өз дамуында қалыптасуы мен жаңғыруы, гүлденуі мен құлдырау кезеңдерінен өтті. Түркі философиясы – бұл табиғат және адам философиясы, рулық-тайпалық қатынастардың тұрақтылығы мен тұлғааларық қатынастардың жоғары маңыздылығы көрсетілген, дәстүрлі әлеуметтік кеңістікті бейнелейтін әлеуметтік философия. Батыстағыдай уақыттың сызықтық түсінігіне айырмашылығы, түркілік философиялық ойға ерекше кезеңдік уақыт түсінігі тән, ал оның негізгі маңызды құрамдас бөліктер этика философиясы мен өнер философиясы.

Соңғы уақыттарға дейін әлемдік философия тарихын-да философияның шығыстық нұсқасын теріс бағалайтын, батыстық әдіснаманы дәріптеген еурорталықтық бағдар

Page 222: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

222

үстемдік етті. Осыған байланысты, шығыста пессимистікпен, интроверттілігімен, иррационалдығымен және идеализммен ерекшеленген бірқалыпты философия өмір сүрді. Ұзақ кезеңдерге созылған отаршылдық, шығыс философиясына енжар және селсоқ деген айдарлар тағып менсінбеушілік тудырды. Бұл батыс философиясы шығыс философиясына қарағанда философиялық ой кешудің жоғары түрі дейтін Гегель философиясында әйгіленді.

Біздің көзқарасымызда шығыс философиясының өзіне тән ерекшелігі бар және мұнда қатал, анықталып қойылған философиялық үлгілер болған жоқ. Шығыста рационализмнің, материализмнің, активизмнің, экстраверттіліктің және т.б. танымдық бағыттардың әртүрлі үлгілері болғандығы ай-дан анық. Осыған байланысты философиялық ой кешудің жаңаеуропашылдық тәсілінен алып пайдаланды деген өлшем дұрыс емес екендігін қаперге алған жөн.

Түркі философиясы Шығыс философиясының ажырамас бөлігі бола отырып, батыс философиясының қарама-қарсылығы ретінде, әлдебір өркениеттер шкаласының сатылы баспалдағының ең төменгі сатысында тұрған әлдене ретінде қарастырылмауы тиіс. Әлемдік рухани мәдениеттің тарихында түркілік философия жалпы мен ерекшелік диалектикасының көрінуі болып табыла-ды. Бүгінгі таңда түркі философиясы – әлемдік философиялық ойдың жарқын құбылысы.

Әдебиеттер

1 Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1989. – 256 с.

2 Тюркская философия: десять вопросов и ответов. – Алматы, 2006.- 185 с.

3 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 4, Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – 427 с.

4 Кастанье И.А. Древности киргизской степи и Оренбургского края // «Қорқыт Ата» энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопе-диясы, 1999. – 358 с.

5 Акатай С.Н. Великий Коркыт и его учение // «Қорқыт Ата» энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999.- 259 с; Ауэзов М.О., Соболев Л.С. Эпос и фольклор казахского народа // Мыс-ли разных лет. По литературным тропам. Алма-Ата: Казгослитиздат, 1961. – 544 с.

Page 223: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

223 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

6 Ауэзов М.О., Соболев Л.С. Эпос и фольклор казахского народа // Мысли разных лет. По литературным тропам. Алма-Ата: Казгослитиз-дат, 1961. – 544 с.

7 Маргулан А.Х. Қорқыт Ата және оның эфсаналары // Жұлдыз, 1983, № 3. 21 – 38 бб.

8 Орынбеков М.С. Духовные основы консолидации казахов. – Алма-ты: ИД «Аркаим», 2001. – 368 с.

9 Книга моего деда Коркута. Пер. Бартольда В.В. // «Қорқыт Ата» энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С. 355-456.

10 Таджикова К.Х. Идейные предпосылки и особенности развития суфизма в средневековом Казахстане. Автореферат дисс. … канд.филос. наук. Алма-Ата, 1983. – 28 с.

11 Степанянц М.Т. Философские аспекты суфизма. – Москва: Наука, 1987. – 190 с.

12 Discourses of Rumi. NV, 1977. S.713 Аюпов Н.Г. Тенгрианство как открытое мировоззрение.

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора философских наук. Алматы, 2004. – 48c.

3.2 Әл-Фараби мұрасы және жаңа интегралдық дүниетанымның қалыптасуы

Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан дамудың тәуелсіз және егемен жолын таңдап, қоғам өмірінің барлық саласындағы, әрбір азамат пен тұлғаның өміріндегі де түбегейлі өзгерістерге бет бұрды. Тоталитарлық саяси жүйенің, жоспарлы эко-номика мен социалистік қоғамдық қатынастардың күйреуі негізінде егемендікті нығайту жылдарындағы қиындықтар мен демократиялық қоғамның негізін қалау барысындағы жағдайлар қазақстандық қоғамға көптеген міндеттерді жүктеді. Қоғамды өзгертудің экономикалық міндеттерін бірінші кезекте шешу қажет еді, солармен қоса нарықтық экономиканың толыққанды қызмет етуін қамтитын жаңа саяси институттарды, елімізді демократиялық өзгерістерге жетелейтін жаңа заңнамалық базаны да құру қажет болды.

Қазақстандық қоғамға мұндай күрделі міндеттерді посткеңестік дезинтеграциялық үдерістер жайлаған жағдайда ше-шуге тура келді. Бұл кезде бүкіл әлем жаһандану үдерістері мен күн өткен сайын күрделене түсетін деңгейі мен сипаты әртүрлі

Page 224: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

224

интеграция кезеңіне өтіп жатты. Әлемдік қауымдастық ұлттық мемлекеттердің жойылу фазасына қадам басқан кезде, ұлтты қайтадан құруды бастауға тұра келді. Қазақстан қоғамында сол тарихи кезеңде қалыптасқан жағдайды ғалымдар «қуып жетуші жаңғырту» деп анықтаған.

Батыс елдерінде нарықтың дамуы мен мемлекеттік құрылыстың сан ғасырлық дәстүрлері қалыптасып үлгергенде, Қазақстан өзінің қоғамдық-тарихи дамуының жаңа кезеңін енді бастаған еді. Бұған қоса оған әлемдік оқиғалар мен үдерістердің мәнін дұрыс пайымдап, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алып, халықаралық серіктестік қарым-қатынастардың жүйесіне үйлесімді түрде кірігу керек болатын. Әлемдегі оқиғалар мен үдерістер бұрын болмаған өзгерістерді алға тартып, қазіргі әлемнің жаңа келбетін, адамның табиғат әлемі мен әлеуметтік ортаға деген өзгеше көзқарасын негіздеді. Ондай өзгерістер адамның өзін де, оның өмір сүру жағдайын да өзгертетін қазіргі әлемнің жаңа дәуірге аяқ басқанын көрсетіп берді, демек адамның әлемге және адамзаттың келешек дамуына деген көзқарасы да өзгеруі қажет еді.

Қазіргі әлемнің сипаты мен жағдайына келер болсақ, әлемде болып жатқан қазіргі өзгерістердің сұлбасын былайша белгілеуге болады. Бұл – өзгеріске түскен әлемнің геосаяси картинасы; әлем-дік қауымдастық игеруге тырысып жатқан экологиялық дағдарыс; нарықтық қатынастарды реттеу, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен оны басқару үдерістері туралы мәселелерді ойластыруға мәжбүр ететін қаржылық дағдарыс; өзінің мазмұны мен адам өміріне тигізетін салдарының әсері әлі толық байымдалмаған заманауи ғылыми технологиялар, ең алдымен, био- және телекоммуникациялық технологиялар және т.б.

Әлемдік кеңістік өзгеруде, оның орналасуы көмескіленіп, шоғырлану нүктесін өшіретін немесе жылжытатындай көрінеді. Өз кезегінде сол нүкте қаржының, тауарлардың, комму-никациялардың, техникалық жаңалықтардың жылжыма-лылығынан және қазіргі әлемде асқынған миграция салдары-нан әлсіздене береді. Ол, бір мезетте біртұтас әлемдік кеңістікке тұтасатын және оның ең шалғай жатқан аймақтары мен бұрыштары өзгеретін көптеген орталықтарға қарай жылжу үдерісіне жол береді.

Жаңа Дәуір мен Ағарту мәдениеті дамуының ілгерілемелі қозғалысынан басталатын әлемдік даму қазіргі кезде ғаламат

Page 225: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

225 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

бетбұрысты бастан кешуде. Оның дамуын негіздеген бұрынғы үрдістер өзгеруде, адамға көз алдында өтіп жатқан өзгерістерді бағамдауға мүмкіндік беретін құндылықтар бағаны да өз мәнін жоғалтуда. Адамның табиғат әлеміне тигізетін әсері жаппай орын алып, әлемде адам ықпалынан бос жер қалмады. Нәтижесінде табиғат әлемі көлемінде адамның маңызы едәуір артып, ол жасаған әлем адамға толықтай тәуелді болып қалды. Қалыптасқан жағдай адамның адамзат пен табиғат әлемі алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Ол адамға өз қолымен жасаған және тіршілік ету нәтижесінде туындаған қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен қатерлеріне тойтарыс беру міндетін жүктейді.

Талдап отырған тақырыпқа арналған көптеген зерт-теулерде айтылып жүргендей, қазіргі антропоцентрикалық дүниетанымдағы ауыр қатердің бірі адам санасының қуатына, оның табиғатты жеңу мүмкіндігіне мән беріп, оны бағдар етіп алуы. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында бұрын-соңды болмаған технологияларды игеріп, табиғат әлемін де, оның ішінде биологиялық ағза ретіндегі адамды да өзгертіп, оған ықпал етуі. Тұтыну мәдениетінде жасалған бағыну мен өктемдікке негізделген дүниетанымдық бағдарда, адам мен табиғаттың ғана емес, тұлғалар мен мемлекеттер арасындағы қатынастарда күш пен зорлыққа табыну кең тараған. Дүниетанымның мұндай түрінде «әлді – әлсіз», «жоғарғы – төменгі» және т.с.с. қағидалар бойынша түзілген қарым-қатынас үлгілері таңдалып алынады. Дүниетанымның мұндай түрінің қанат жайып, нығаюының заңды салдары ретінде өзгеше, сол дүниетанымды жоққа шығаратын, тең құқылы, серіктес қатынастарды, сұхбат пен келісімді орна-туды көздейтін, өмір сүрудің өзгеше салтына, зорлық жасамау этикасын дәріптеуге үндейтін көзқарастар мен ойларға төзімді дүниетаным мен мінез-құлықты бағдар дүниеге келеді.

Қазіргі әлемдік дамудың парадигмасын тоқырауды да, бір мезетті апатты өзгерістерді де қабылдамайтын үнемі өзгеріс, жаңашылдыққа қарай жылжу құрайды. Қантөгіс пен қарама-қайшылықты тудырып, тіршіліктің тұрақты негіздерін қирататын революциялық емес, эволюциялық даму үрдісі айқындала бастай-ды. Гераклит пен Парменидтің белгілі қарама-қайшылығында парменидтік «болмыс» адамзат тарихында басымдыққа ие бо-лып келсе, бүгінгі таңда ол гераклиттік «қалыптасуға» жол беру-де. Берік дүниетанымдық негіз ретіндегі тепе-теңдік, тұрақтылық

Page 226: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

226

және тұтас-салыстырмалы, субъективті, алуан түрлі және көптік деген нәрселердің қысымына шыдас бермеді.

Философиялық әдебиетте казіргі дәуір мен қазіргі заманымыз «аумалы-төкпелі заман», «жаһандық өзімшілдік дәуірі», «жаппай дағдарыс дәуірі» деп жиі сипатталады, оған дағдарыстың әр түрлі формасы кіреді: экологиялық дағдарыс, руханият, адамгершілік, отбасы және жеке адамның дағдарысы. Дүниетанымдық негіздеме тұрғысынан да ол жағымсыз сипатқа ие болады: «дүниетанымдық ауыр кезең дәуірі», «дүниетанымдық жаппай күйреу», «бірлігі жоқ көптік дәуірі» және т.с.с. [1].

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде жіктелу, құлдырау, күйреу үрдістері күшейгені белгілі және олар мәдениетке жат құбылыстардың жаппай таралуынан көрініс тапты. Шығыстағы идеациалық әлеуметтік-мәдени құрылыстың және Батыстағы сезімдік әлеуметтік-мәдени құрылыстың үдемелі дағдарысының терең өзгерісі бүкіл әлемдік үрдіске айналды. Зерттеушілердің пікірінше, ол Шығыста да, Батыста да интегралдық әлеуметтік-мәдени құрылыстың қалыптасып келе жатуының нышаны, бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл үдеріс әлеуметтік-мәдени саланың жеке бөліктері бойынша да, өркениеттік пара-метрлер бойынша да бірқалыпты жүрмейді.

Дағдарыс – әдеттегіден тыс, ерекше құбылыс. Бұл дағдарысты тудыратын алғышарттар мен жағдайлардың дамуын ең соңғы кезеңге жеткізіп, адамгершілік болмыс формалары мен қоғамдық қатынастарды шиеленіскен бетбұрысқа жеткізу ғана емес, сонымен қатар проблемаларды шешуі тиіс құралдардың сәйкес келмеуінің де көрсеткіші. Дағдарыс барлық қарама-қайшылықтардың да-муын логикалық аяқталуына дейін жеткізу арқылы болжауға келмейтін немесе болжауы күрделі салдарларды тудырады. Соның әсерінен адамның әлем мен әлеуметке деген көзқарасы ғана емес, адамның мән тудырушы және практикалық жасампаз қызметіндегі құндылықтар бағанын анықтайтын мұраттары мен адамгершілік бағалауы, адамның ішкі әлемі мен оның мәдениетке деген көзқарасы да өзгереді.

Бүгінгі әлем әлемдік тарихтың өтпелі жағдайын басынан кешіруде, онда өзара қарама-қарсы екі үрдіс күреске түсуде, яғни: табиғатқа, қоғам мен адамға деген бұрынғы утилитарлы, пайдакүнем, тұтынушылық көзқарасты ұстану және табиғатты құрметтеу, аялау идеясын дәріптейтін, табиғат пен адамның

Page 227: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

227 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

эволюциясын мойындайтын жаңа гуманистік дүниетанымды қолдау. Өзінің бүгінгі дамуында әлемдік жүйе қоғамның жаңа түріне ұмтылуда, ол – ақпараттық қоғам немесе технократтық-ақпараттық немесе гуманистік-ноосфералық болуы мүмкін білімнің қоғамы. Құрамына ұжымдық және тұлғалық бастау-лар, этникалық ұлттық ерекшеліктер кіретін феномен ретіндегі мәдениет қазіргі жағдайда техногендік ортаның қысымына түскен және ол қазіргі заманға тән өзгерістер мен бетбұрыстардан тыс бола алмайды. Жаһандану мәселелерін талқылаған кезде экономикалық, геосаяси, қаржылық мәселелер маңызды болып көрінгенмен, өз бойында әмбебап маңызы бар жалпы адами мазмұнды сақтайтын мәдениет бірінші орынға шығады.

Мәдениет және жаһандану жағдайында өтіп жатқан мәдени үдеріс қарама-қайшылық пен өркениеттік ажыраудың эпицентріне айналады, оны өз еңбектерінде С. Хантингтон да атап өткен, әсіресе, әңгіме мәдениеттің құбылысы ретіндегі дінге қатысты болғанда. Мәдени фактордың маңызы әртүрлі елдердің әлемдік байланысында, еларалық өзара қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастықта арта түседі. Біздің баяндауымызға арқау болған тақырыптың аясында бұл даму деңгейі озық және дамушы елдер арасындағы, Батыс пен исламдық Шығыс арасындағы, әлемдік державалар мен мұнай қорларына бай Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка елдері арасындағы өзара қарым-қатынаста айқын көрініс табады.

Жалпы алғанда, егер дамуы жоғары елдер мен дамуы нашар, дамушы елдер мәдениеттерінің өзара қарым-қатынасы туралы айтар болсақ, онда ол қазіргі қоғамдық-философиялық әдебиетте «жергілікті мәдениет» пен «жалпы әлемдік мәдениеттің» өзара қарым-қатынасы және өзара іс-әрекеті немесе жалпы әлемдік дамудың жаһандық үрдістер шкаласы бойынша салыстырылады немесе теңдестіріледі. Әрине, мұндай өзара қарым-қатынастарды бұлайша қарастыру кезінде дамуы жоғары елдердің мәдениеті мен мәдени дамуы мәдениеттегі жалпы әлемдік, жаһандық үрдістердің аналогы ретінде танылады, ал дамушы және дамуы бәсең елдердің мәдениеті – жергілікті мәдениеттер ретінде көрініс табады.

Бұл тұста біреулер үшін жаһандану мәдени ерекшелік пен сәйкестікті төмендетудің, шайылудың және жоғалтудың факто-ры болса, басқалары үшін – «американдану» немесе «батыстану» үдерісіне айналады, өйткені мәдениеттің дамуының да, дәл со-

Page 228: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

228

лай, жалпы әлемдік дамудың да жаһандық үрдістері АҚШ пен Батыстың озық елдері мүдделері арнасында өтеді деп есептелінеді. Нашар дамыған елдер тарапынан олар нашар дамыған елдердің дәстүрлі мәдениетін өзгертудің және отарлаудың жаңа формасы ретінде қарастырылып, түсіндіріледі, соларға тән өмір сүру сал-тын, құндылықтар бағдарларын, түптеп келгенде, мәдени алуан түрлілікті жоятын қатер ретінде қабылданады.

Бұл орайда философтар сәйкестік, центризм, мәдени алуан түрлілікті сақтау, адам мен мәдениеттің тұтастығы, сондай-ақ оларға қатерлі факторлар проблемасына назар аударады. Әрбір адамның өз «Мені» болатын сияқты, әрбір мәдениеттің де өз ерекшелігі бар. А.В. Смирнов былай деп жазады: «Мәдениет те сондай: оның да өз «Мені» бар, және ол соны жоғалтқанға дейін өз болмысын сақтайды. Бұл қандай да бір нақты мазмұн емес – оның бойынан мәдениеттің «Мені» бұрын немесе қазір көрінсе де; алай-да, мәдениеттің «Мені» – дәл сол нақты мазмұн емес, ол аталған мәдениеттің осы және кез келген мағыналық мазмұнын жасайтын белгілі бір нұсқа немесе пайымдаудың бір түрі [2, 34 б.]. Нақ осын-дай пайымдау кез келген мәдениеттің құндылығы және оның өзегі және де ол дамудың түрленуін айқындай түседі.

Аталған контексте М.М. әл-Жанабидің ұстанымы өзіне на-зар аударады, өйткені ол әртүрлі мәдениеттердің қатынасындағы центризм мағынасы ұғымын «өзіндік сана-сезімге жету, оның өзіндік шектерін өзіндік интеграцияға жол ретінде түсіну, өзімен, басқалармен, болмыспен үйлесімде болу» ретінде негіздейді [3, 54 б.]. Әл-Жанабидің пайымы бойынша, тарихта әрқашанда тарамдалған әртүрлі нұсқалық болғандықтан, «болашақтың фи-лософиясы өзіне-өзі қайта оралу негіздерін қалау арқылы раци-оналды балама таңдауды негіздеудің философиясына айналады» [3, 54 б.].

Әлемдік қауымдастықтың қазіргі даму кезеңінде өзінің тарихи келешегі жоқ екенін – еуропоцентризм, коммунистік центристік тоталитарлық диктатура, монополярлық және американдық центристік гегемония үлгілері көрсетті, осыған орай олар жаңа тарихи дәуірде қару ретінде пайдаға аспайды. Әл-Жанабидің пікірінше, жаһандану дәуірінде әлемдік даму үшін келешегі бар жоба ретінде өзінің шектерін тануға оралу арқылы «мәдени полюстердің» теңгерімі алынуы мүмкін. «Өйткені ұлттарда әрқашанда ірі рухани парадигмалар болады, ал сол парадигмалар

Page 229: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

229 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

өзара сәйкесуі мүмкін және олар өзара түсіністікті қамтамасыз етуі мүмкін, бірақ олардың бірігуі ерекше центризмдерден бас тартуды көздемейтін жағдайда жүзеге асуы тиіс» [3, 55 б.].

Жаһандануға бет алған әлем Батысты да, Шығысты да жал-пы әлемдік маңызы бар ортақ шешімдерді жасауға міндетті жаңа өзара қарым-қатынастарға шақырады. Қазіргі әлемдік жағдай, сондай-ақ оның ішінде қалыптасатын қарым-қатынас мәдениеті жеке тұлғалардың, елдер мен мәдениеттердің арасындағы өзара әрекеттесудің жалғыз түрі ретінде сұхбатты мойындау қажеттілігін көрсетіп отыр. Сұхбат (диалог) басқаны тыңдау үшін ғана емес, оны түсіну үшін де жасалады, демек ол сұхбатқа түскен екі тараптың да өзгеруін талап етеді, бұл «толықтай адамнан тәуелсіз» мызғымас әрі өзгермейтін құндылықтарды қатаң түрде қорғаудан бас тартуға септігін тигізеді.

Жаңа әлемдік дәуірдің тарихи маңызы оның алуан түрлі көріністері арқылы пайымдалып, жаңа тарихи дүниетанымды негіздейді. Сондықтан «қазіргі ғылым мен философияның ең басты міндеттерінің бірі құндылықтар негіздемесін жасау және болашақ әлемдік қоғамның моральдық қағидаттарын тиянақтау, соны-мен қатар, қазіргі дәуірдің шындықтары мен әлемдік мәдениеттің даму үрдістеріне сай келетін гуманистік, жаһандық сипаттағы дүниетанымды қалыптастыру болып табылады» [4, 101 б.].

«Қазақстан–2050» деп аталатын негізге алынатын стратегиялық құжатқа сәйкес Қазақстан алдына әлемнің дамыған отыз елдің қатарына ену мақсатын қойып отыр. Демек, ол дамуының маги-стралды жолын озық әлемдік даму үрдістері арнасына сай таңдап алған. Маңызды құжаттар мен актілер көрсетіп отырғандай, ол білімге негізделген қоғамға, постиндустриалды ғылыми парадигмаға және мәдени алуан түрлілікті сақтауға, төзімділік қағидаты мен әлем мәдениетін басшылыққа алған қоғамға қарай жылжуда.

Қазіргі дәуірдің Жаңа философиялық-дүниетанымдық көзқарасты жасау міндеті, жаһанданудың әсерін сезінген әлемнің талаптары мен мақсатына, мәніне сай келетін сон-дай дүниетанымды іс жүзінде бекіту оңай шаруа емес. Деген-мен де, философиялық әдебиетте өзін көрсете бастаған жаңа дүниетанымдық көзқарастың сұлбалары қылаң береді. Ондай дүниетанымның келешектегі дамуы өрбитін бастапқы негіз бен «жасушаны» түсініп, оның даму қисыны мен іс жүзінде өрбуін

Page 230: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

230

аңдау – бір күнде іске аспайды және ол бір ғылыми ұжымның қолынан келмейді. Алайда қазірдің өзінде философияда әртүрлі негіздерге сүйеніп, осы міндетті шешуге бел буған белгілі бір ұстанымдар маталған мәселеге деген әрқилы көзқарастардың бар екенін айтуға болады. «Бұл тұстағы мәселе қайсыбір ұстанымның дұрыс не бұрыс екенінде емес, – деп атап өтеді А.А. Гусейнов, – мәселе оның таным мен мәдениеттегі практикаға қаншалықты әсер ете алуында және қандай да бір зерттеу және өмірлік бағдарламаға қосыла алу қабілетінде» [5, 122 б.].

Ұлы Альбер Швейцер адамды «өмірді қастерлеу этикасы-на» сай өмір сүруге шақырған кезде, дүниетанымның біздің дамуымыздың бағытын анықтайтынын, оның адам бойындағы құндылықтар арқылы адам болмысына мән үстейтіні тура-лы айтқаны белгілі. Сондықтан да әлемдік қауымдастықтың дамуының тұтас стратегиясын жасау үшін және жаһанданып бара жатқан әлемнің мәселелерін шешу үшін жаңа дүниетаным қажет. Көптеген ғалымдардың, философтар мен қоғам қайраткерлердің пікірінше, ондай дүниетаным бейклассикалық, синергетикалық, ноосфералық, эволюциялық және жасампаз болуы тиіс. Айталық, мысалы И.З. Алиеваның ойынша, ондай дүниетаным жасалу үшін, біріншіден, сызықты бір мәнділікке бой түзеуден арылып, болмыстың атрибутивті сипаттары ретіндегі бейсызықтықтың, тұрлаусыздықтың онтологиялық дәрежесін анықтау қажет болады. Екіншіден, ноосфера туралы ілім жаңа ғылыми-дүниетанымдық жүйеге айналуы тиіс, үшіншіден, жаңа дүниетаным холистикалық болып, әлем мен адамды тұтастық ретінде қарастыруы тиіс. Қорыта келгенде, «дүниетанымның постбейклассикалық тұжырымдамасы қазіргіден кейінгі әлемнің және постбейклассикалық ғылым мен білім беру жағдайына сай-ма сай келуі тиіс» [6].

Қазіргі дәуірде бұл байланыс біртұтас емес, яғни тұтастай алғанда адамның әлемге деген алуан түрлі көзқарастар фор-маларын айқындап, адамның адамгершіл, эстетикалық және танымдық мәдениеттердің бірлігінде өз көрінісін табатын бай-ланыс емес. Бұған осы байланыстың әртүрлі деңгейлерінің ие-рархиясы да кіреді. Сондықтан да қазіргі мәдениетте, жаһандық өзгерістер жүріп жатқан дәуірде жоғарыда әңгіме болған дағдарыс пен дағдарыстық құбылыстарды еңсерудің қатаң талап-тарына, әлемнің болашақ көрінісіне сай келетін жаңа қалыптасу

Page 231: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

231 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

үстіндегі дүниетанымның элементтерін, белгілі бір бөлшектерін байқауға болады. Қазіргі заманда бізде сол дүниетанымның толық көрінісінің әртүрлі ұстанымдары мен бөліктері ғана бар дей ала-мыз, ал оның өзі әлі қалыптасу кезеңінде. В.С. Степиннің айтуын-ша, философиялық-дүниетанымдық ізденістердің бүгінгі ахуалы «әлемнің жаңа көрінісінің құрылымы мен элементтерін жасау талпыныстарымен байланысты» [7, 3 б.].

Аталған проблеманы қарастыруға және әлем мен адамға деген жаңа көзқарасқа сай келетін дүниетаным қандай болу керек деген мәселені шешуге алғашқы рет кіріскен кезде мына жайтты атап өтуге болар еді: көптеген ұстанымдарда мойындалып дәлелденіп жүргендей бұл дүниетаным ұлттан тыс тұратын, әлем мен адам үшін ашық болып, «бөтен», «дұшпан» деген бейнелерден ары-луы тиіс. Ол қандай да бір жалпылама-ортақ нәрсе, интегралдық дүниетаным болуы тиіс, онда Шығыс пен Батыстың арасындағы антогонизмге орын жоқ және онда, зерттеушілердің пікірінше, «олардың арасында айырмашылық емес, түсініспеушілік жойы-лу тиіс». Бұл тұста: «интегралды дүниетаным» дегеніміз не? Оның мазмұны қандай? Оның негізгі сипаты мен ерекшеліктері қандай? – деген сұрақтардың туындауы заңды.

Алуан түрлі шашыраңқы көзқарастар, ұстанымдар мен пікірлер топтасып, бірте-бірте айқындала түскен сәтте интегралдық дүниетанымды түсінудегі келесі ұстанымдар айқындалады. Кейбір зерттеушілер интегралдық дүниетаным ретінде Шығыс пен Батыс идеяларының қосылуы, олардың синтезі жүзеге асатын дүниетанымды қарастырады. Басқа зерттеушілер оны қоғам мен адамның рухани мәдениетінің әртүрлі формала-рын, айталық: ғылымды, философияны, дінді, өнерді және т.б. бойына жинаған дүниетаным ретінде түсінеді. Зерттеушілердің үшінші тобы оны адам мен табиғат арасындағы, жаратылыста-ну және гуманитарлық мәдениеттер арасындағы сұхбат жүзеге асатын жалпы адамзаттық, әмбебап баршаға ортақ дүниетаным ретінде қабылдайды.

Сонымен, қазіргі мәдениетте бірыңғай дүниетанымға қарай ойысудың үш стратегиясы айқындалады және олардың әрқайсысын бірігуге өз уәждемесі итермелейді. Бірінші страте-гия Шығыс пен Батысты біріктіруге ұмтылып, оны мәдениеттің, дүниетанымның, ойлаудың, адамның табиғатқа деген көзқара-сының, адам менталитетінің қарама-қарсы түрлерінің жиынтығы

Page 232: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

232

ретінде қарастырады. Екіншісі, рухани өнімдердің әртүрлі фор-маларын білімнің бірыңғай кешеніне біріктіруге ұмтылады. Ал, үшіншісі жаратылыстану және гуманитарлық білімді біріктіретін дүниетанымды жасау қажет деп есептейді.

Әлемдік тарихи-философиялық үдеріс айқындауға мүмкіндік беретін тарихи қазына бізге бірліктің не екенін, оның эклектика-дан айырмашылығын, алуан түрлі нәрселердің бірлігі қалай жа-салатынын, интеграция мен бірлесудің қандай тарихи түрлері бар екенін түсінудегі түрлі ұстанымдары көрсете алады.

Ежелгі грек философиясында әлемнің тұтастығы мойын-далады. Грек ойшылдары бүтін мен бөліктің, бірыңғай мен көптік мәселелерін көтеріп, оларды тікелей аңдау деңгейінде шешетін. Олардың философиялық құрылымдарында бүтін нәрсе тікелей аңдауда алынып, өзіндік мәні бар сипатқа ие бо-латын, бұл Платонның философиялық көзқарастарында ерекше айқын көрініс табады. Ежелгі грек ойшылдары бүтінді негіз етіп алған, дербес сипаты жоқ бөліктерге оның абсолютті үстемдігін мойындаған, бөлікке қарағанда бүтінді артық көрген.

Ежелгі грек философтары өз пайымдауларына негіз ретінде логикалық ой саласындағы шүбәсіз жеңіс саналатын нәрсені, яғни – табиғаттың, адамның, ғарыштың тұтастығы қандай да бір бөлшектенбейтін, ыдырамайтын, бірыңғай нәрсеге негізделеді деген ұстанымды алуы олардың ең үлкен жетістігі болатын. Ба-стау бөлінбейтін нәрсе деп ұғынылады. Сонымен қатар, көп нәрсе бірыңғай нәрседен шығатынын түсінген ежелгі грек философия-сы мынадай мәселеге жолығады: «сол бастаудан көп нәрсені де, жеке нәрсені де қалай шығаруға болады, өйткені бастаудың да, одан шығатын нәрсенің де болмысы да, мәнісі де бірыңғай болу тиіс. Басқаша болса бүтін нәрсе қирайды. Өйткені, антикалық дәуірдің көптеген философтарының пікірінше, бүтінге онымен болмысы бірдей нәрсе кіреді. Көптеген нәрсені қамтыса да, бүтін нәрсе тұтас нәрсе болады» [8, 182 б.].

Сонымен, бүтін нәрсенің, тұтастықтың не екенін түсінген ежелгі грек философиясы үшін басты мәселе бірыңғай нәрсенің көп бейнелі нәрсеге өтуін түсіндіру болатын. Болмысы бойынша бір нәрсе болатын нәрсенің сол мезетте көптеген нәрсе ретінде өмір сүруін қалай түсіндіруге болар еді? Мұндай қиындық туды-ратын мәселе Аристотель философиясында айқын көрініс тапты, бірақ оны Аристотельге дейінгі философиядағы ойшылдардан да кездестіруге болады.

Page 233: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

233 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Философияның кейінгі дамуы Платон мен Аристотель философиясында айтылған идеялар төңірегінде өрбіген еді, әсіресе, алуан бейнеліліктің бірлігі мүмкін бе? – деген мәселеге қатысты. Неміс классикалық философиясында – Фихте мен Шеллингте, бірақ, ең алдымен Гегель философиясында көп бейнеліліктің тұтастығы туралы тұжырымдама өзінің логикалық шарықтау шегіне жеткен. Онда Гегель тұтастықты заттардың, құбылыстардың, құрылғылардың және т.б. қарапайым тепе-теңдігі немесе ұқсастығы, абстрактілі бірлік ретінде түсінуге болмайды деген қағиданы дамытады. Даму логикасына сәйкес тұтастық нақты барабарлық ретінде түсініледі, яғни қарама-қарсылықтардың бірлігі ретінде және ол олардың бір-біріне өзара өтуі арқылы, дамуда үнемі орын алатын қарама-қарсылықтардың өзара түрленуі арқылы жүзеге асады. Сондықтан, нақты тұтастық дегеніміз өзінің қарама-қарсылығы арқылы, өзгешеліктер арқылы жүзеге асқан анықталған көптік болып табылады.

Гегель философиясында тұтастықты абстрактілі көптік ретінде түсінуден аулақ болу туралы маңызды әдіснамалы талап бар, өйткені ондай көптікте адам ойы қайсыбір құбылыста не затта байқай алатын қандай бір ортақ, бірдей нәрселерге қарап әртүрлі құбылыстар біріктірілуі мүмкін. Ұлы диалектиктің пікірінше, тұтастыққа таза сыртқы рефлексия негізінде қарапайым қосу және біріктіру арқылы жетуге болмайды. Ондай тұтастықтың өзі формалды, кездейсоқ және субъективті тұтастық ретінде көрінеді және анықталмаған көптікке айналады. Ал даму қағидатын жүзеге асыру арқылы жасалатын тұтастық анықталған көптік, яғни нақты тұтастық болып саналады.

Гегель философиясының негіздері бойынша, нақты, ортақ тұтастыққа тек қана ойлау саласында ғана қол жеткізуге болады, өйткені сол ғана бір анықтамадан екіншісіне өту кезінде олар-ды «бір» нәрседе біріктіре алады. Сондықтан ақиқат өріс алған, толық тұтастықтың нақты нәтижесі ретінде, өзінің қозғалысы – қалыптасуында өз бөліктерінің абстрактылығын алып тастап, нәтижеге жететін біртұтас бүтін нәрсе ретінде көрініс табады, ал нәтиже өзінің қалыптасуы үдерісінің, өз тарихының және нақты аяқталған формасының бірлігінде көрінеді.

Неміс классикалық философиясы идеяларының, әсіресе Шеллингтің ықпалымен, баршаның бірлігі ретінде түсінілетін нақты бірлік туралы идея орыс діни философиясы өкілдері – В.С.

Page 234: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

234

Соловьев, С.Н. және Е.Н. Трубецкойлар, Н.О. Лосский, С.Л. Франк және т.б. көзқарастарында негізгі орынға шығады. Баршаны қамтитын бірлік философиясы алдымен Владимир Соловьевтың шығармашылығында кеңінен қарастырылып, біртұтас дүниета-нымның мәнін түсіну үшін қажет методологиялық ұстаным тұрғысынан логикалық және мағыналық құрылымдарды қамтыған. «Тұтастықтың логикалық және мағыналық құрылымын анықтаған кезде, - деп жазады В.Ю. Дунаев пен В.Д. Курганская, - әрбір элемент өзіне ғана тән бірегей, сонымен қатар жалпыға бірдей тәсіл арқылы жиынтықты бүтін нәрсені де айқындап, көрсете алады». С.Л. Франк баршаның бірлігін «бірлік пен көп бейнеліліктің тұтастығы» ретінде анықтайды және ондай бірлік өзінің барлық бөліктері мен нүктелерді өз бойына жинаумен қатар, оларды іштей қамтиды да, өзінің әрбір бөлігі мен нүктесінде бүтін нәрсе ретінде көрініс табады» [9, 9 б.].

Қазіргі заманда, философияда бірлік идеясынан гөрі, көптік идеясы басымдыққа ие болған кезде, баршаның тұтастығы мен бірлігіне ұмтылу, әлемге деген бірыңғай, әмбебап көзқарасты жасау үрдісі сақталып отыр. Айталық, сондай талпыныстардың бірі ретінде Кен Уилбергтің интегралдық философиясы қанат жайып келеді, онда дәстүрлі мистицизм мен Шри Ауробиндо идеяларымен тығыз байланысты ғарыштық эволюция теориясы біріктірілген.

Кен Уилберг ұсынған «мәңгі философияның» қазіргі нұсқасында білімнің барлық салаларын: физика мен биологи-яны, жүйелер теориясы мен хаос теориясы, өнерді, поэзия мен эстетиканы, антропологияны, психология мен психотерапияның барлық беделді мектептері мен бағыттарын, Шығыс пен Батыстың ұлы рухани-діни дәстүрлерін үйлесімде біріктіруге талпыныс жасалған.

Интегралдық философияның интегралдық деп анықталуы да оның шашыраған бөліктерді белгілі бір ортақ платформада, негізде жинауға талпыныс жасауымен байланысты. Сондықтан да ол біріктіру қызметін атқарып, қосады. Біздің пайымымыз-да интегралдық дүниетаным синкретикалық түрде шашыраған бөліктерді қандай да бір ортақ дүниеге қосу емес, ол тұтас дүниетанымның синонимі ретінде қарастырылады. Бірқатар зерттеушілердің, айталық З.А. Мұқашевтың пікірінше, танымдық мәдениеттің нәтижелерін қосу ретінде ұғынылатын тұтастықтың белгілі бір шекаралары бар және ол танымдық қызметте қажетті

Page 235: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

235 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

міндеттері орындайды [10]. Тұтас дүниетаным дегеніміз өзінің ішінен өз бөліктерін тудыратын дүниетаным және оның әрбір бөлігі бірмезетте тұтастық болады.

Жаңа әлемдік дәуірде қалыптасып келе жатқан дүниетаным-ды пайымдауға талпынған әдебиетте әртүрлі үлгілер кездеседі және жаңа дүниетанымның құрылымдары мен сипатына қатысты әртүрлі болжамдар ұсынылады. Жоғарыда аталып өткендей, қазіргі әлем антропоцентрикалық әлемге айналды, өйткені оның дамуындағы ең басты құндылық – адамның өзі. Қазіргі дағдарыс – ең әуелі адамның дағдарысы деген байламға келіп, қазіргі заманның философиялық пайымдарында, тұжырымдарында, теорияларда гуманизмнің, адамгершіліктің жаңа түсінігіне негізделген жаңа антропологияны жасау қажеттілігі туралы ай-тылады. Жаңа интегралдық дүниетанымның негізінде «лайықты адамға» бағытталған және адам бойындағы рухани-адамгершіл бастауға негізделген «жаңа гуманизм» жатуы тиіс.

Сонымен, дүниетанымның гуманистік негізі адамның өзі де, оның барлық қарым-қатынастары да адамгершіл болып, «адам бойындағы құдірет» саналатын адамгершілікке арқа сүйеу қажет. Ол адамның биік руханиятының көрінісі және нақ осы руханилық адамның қабілеті мен мүмкіндіктерінің байлығын нығайта келе, жасампаз жеке тұлға ретіндегі адамның ішкі қазығын құрайды. Руханиятсыз нағыз адам болу мүмкін емес, рухани қуат болмай шынайы шығармашылыққа жету мүмкін емес. Рухани мазмұны жоқ сананың қызметі жансыз әрі қауіпті болмақ.

Адамның әлемге деген көзқарасы дүниетанымнан ту-ындап, соның көрінісі болғандықтан бірқатар зерттеушілер дүниетанымның негізі ретінде адамның құндылықтар жүйесін алуды ұсынған, өйткені ол оның әлемге деген қатынасында бастапқы нәрсе және ол адам жасайтын мәдениетті анықтайды. Мысал ретінде Н.С. Розовтың пікірін алуға болады, оның ай-туынша құндылықтық сана қазіргі дәуірдің дүниетанымын анықтауда жетекші негіздеменің қызметін басуға лайықты [11]. Оның пікірі бойынша, қазіргі әлемнің дамуында жаһандық болашақтың бейнелерін тұспалдауға болатын үш ірі үрдісті тануға болады. Олар мыналар: 1) технологиялық өсудің инерци-ясы және жаһандық батыстандыру; 2) сыртқы оқшаулану мен ішкі өктемшілдіктің ұлғаюы; 3) техноэкономикалық өсімді қайта бағдарлау, жаңа полюстерді қолдау.

Page 236: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

236

Әлемдік үдерісте жаһандық этика негізге алынып, ортақ мәндегі құндылықтардың, яғни адамның өмірлік және азаматтық құқықтардың рөлі мойындалуы тиіс. Олар жаңа дүниетанымның негізі болуы тиіс. Оған тән нәрселер: кеңшілік және идеялық, діни алуандыққа төзімділік әртүрлі стильдер, категориялық негіздер, ойлау тілдері мен мәдени дәстүрлер арасында жүзеге асатын жемісті қарым-қатынас; тараптардың қауіпсіздігін, еркіндігін және даму мүмкіншілігін қамтамасыз ететін ортақ мәндегі құндылықтар өзегін мойындау; сатқындық және жолдан таюшылық деген жазғыру қауіпінен сақтанбай ымыраға дайын болу. «Әртүрлі субъекттердің (тұлғалар немесе қауымдастықтар) біршама әртүрлі этностық, оның ішінде ең жоғарғы құндылықтардың барынша кең плюрализмі, қатаң ригористік түрде қорғалатын барлық ортақ мәнді (кардиналды және субкардиналды және т.б.) құндылықтармен үйлесімде болуы тиіс» [11] деген ереже жаһандық этиканың қағидатына айналуы тиіс.

Сонымен, адами құндылықтарға негізделген жаңа әлемдік дәуірдің дүниетанымын түсінуге ұмтылған ұстанымда адамның өмірлік мәніне байланысты мәселелер бірінші орында тұратын дүниетанымның адамның әлемге көзқарасын білдіретіні ерекше аталады, ал антропоцентризм жүйені құраушы қағидатқа алына-ды. Бұл контексте, айталық Н.С. Розовтың ұстанымында, тұлғаның немесе адамдар қауымдастығының қандай құндылықтарды ең биік деп мойындайтыны және олардың неліктен ортақ мәндегі құндылықтардан кейін тұратыны туралы мәселе толық шешімін таппаған.

Жаһандану дәуіріне сай келетін дүниетанымның мәнін түсіндіруде Э.В. Гирусов, В.П. Казначеев, Н.Н. Моисеев, А.П. Огурцов, А.И. Субетто, А.Д. Урсула және т.б. философтар мен ғалымдар ноосфералық дүниетаным көзқарасын жақтайтын басқаша ұстанымды ұсынды. Аталған ұстанымның мысалы ретінде В.Н. Сагатовскийдің ұстанымын алсақ, ол ноосфералық дүниетаным көзқарасты қолдап, «оның жүйе құраушы қағидаты тек қана антропокосмизм болуы мүмкін» деген пікір айтады [12].

Философиялық дүниетанымның құзырындағы мәселе са-налатын адамның әлемге деген көзқарасының шекті негіздемесі деңгейінде В.Н. Сагатовский оны шешудің үш мүмкін нұсқасын бөлек қарастырады: 1) әлем адамнан жоғары бағаланады; 2) адам әлемнен жоғары бағаланады және 3) адам мен әлем бірдей

Page 237: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

237 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

бағаланады. Автордың пікірінше, тарихи тұрғыдан натуралистік космоцентризм мен теоцентризмнің қағидаттары бірінші нұсқаға, антропоцентризм қағидаттары – екінші нұсқаға сай келеді. Үшінші нұсқаға антропокосмизм сай келеді, ал сол қағидатты ноосфералық дүниетаным айқындайды.

Ноосфералық дүниетаным адамның әлемдегі орнын оның қолы жететін болмыс саласындағы жауапты ұйымдастырушы ретіндегі қызметімен байланыстырады. Ол назарды адам мен әлемнің тепе-теңдігіне, өзара бірін-бірі толықтыруына аудара-ды. «Тек максимум идеологиясынан (адамның әлемге билік етуі, қоғамның тұлғаға билік етуі, тұлғаның максималды пайда табу құқығы, тұтынудағы артықшылық және жауапкершілігі жоқ ой-ындар) адам мен әлем, қоғам мен тұлға қатынастарындағы опти-мум мен тепе-теңдік идеологиясына өту ғана жаһандық апаттан құтқаруы мүмкін. Ноосфералық дүниетаным нақ осындай қайта бағдарлауды ұсынады: сана адамның пайдакүнемдік мүддесіне емес, адам мен әлемнің рухани контекстінде – әлемге қарсы емес, әлеммен бірге қалыптасып келе жатқан тұтастыққа жету үшін қызмет ету керек» [12].

Антропокосмизмге негізделген ноосфералық дүниетаным әлемге деген махаббатқа үндеп, адамды бүкіл әлемдік ұласудың бір сәті ретінде ғана емес, әлемді рухани бірлікпен әрі даналықпен «анықтайтын» жасампаз тіршілік иесі ретінде мой-ындайды. Соңғысы адамнан әлем алдында ең жоғарғы деңгейдегі жауапкершілігі мен қалыптасу, даму үстіндегі үйлесімге жету жо-лында табандылыққа дайын болуын талап етеді. Бұл дүниетаным өздігінен құнды тараптардың (қоғамның, тұлға мен табиғаттың) өзара әрекетінде оптимумның болуын көздейді және ол бірін-бірі ерікті түрде қабылдайтын толыққанды тұтастықтардың «терең қатынасуын» талап ететін сұхбат пен өзара шығармашылықты мойындауға алып келеді. Ноосфералық дүниетаным «зұлымдыққа күшпен қарсы тұруды» көздейді, бұл жерде күш мақсат ретінде емес, зұлымдықтан құтқаруға мәжбүр құрал ретінде көрініс та-бады. Антропокосмизм рухани құбылыс ретінде қалыптасқан, оның негізінде ноосфералық дүниетаным пайда болады және оны жақтаушылар мен қолдаушылардың пікірінше, ол қазіргі адамзаттың жаһандық стратегиясының негізіне алынуы тиіс.

Интегралдық дүниетанымға деген басқа бір көзқарастың да антропоғарыштық көзқараспен өзара байланысы бар, ол – экологиялық дүниетаным идеяларын ұсынатын экологиялық

Page 238: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

238

көзқарас. Экологиялық дүниетанымда адамзаттың биосферадағы орталық орны жоққа шығарылады. Адамзат тірі табиғаттың бір құрамды бөлігі ретінде ғана танылады және оның маңыздылығы басқалармен бірдей, өйткені әрбір түрдің және барлық жанды ағзалардың өзіндік құндылығы мен мәнділігі бірдей. Экологиялық дүниетаным шеңберінде табиғатпен ынтымақтастықта болу және барша тіршілік иелерін құрметтеу қағидаттары қалыптасады, тірі ағза ретіндегі табиғатты жеңу және пайдалану емес, онымен серіктестік қатынастарды орнатуды көздейтін жаңа парадиг-ма дәріптеледі. Экологиялық дүниетаным бойынша адамның тұтынушылық қарым-қатынасынан басқа түрлердің мерзімнен бұрын жойылуына себепкер болуы адам атына лайықсыз.

Сонымен, жаңа әлемдік дәуірдің жаңа интегралдық дүниетанымын негіздеуге қатысты қарастырған ұстанымдарымыз антропоцентризмнен антропокосмизмге қарай өту және «Адам – Әлем» қатынасында ұстанымдардың дүниетанымдық ауы-суы жүріп жатыр деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жаңа дүниетанымның қағидаттары ретінде адамның табиғатты бағындыруы мен үстемдігі емес, олардың тең құндылығы мен серіктестігі, дамуының коэволюциялығы мойындалады.

Бұлардан басқа онда әлеуметтік серіктестік пен өзара түсіністік философия негізінде әлем қауымдастықтың үшінші мыңжылдықтың сын-тегеуріндерге қарсы бірігуі, зорлыққа, өктемдікке, күшке қарсы тұру және басқаның өзгелікке, біртумалыққа деген құқықтарын мойындау тұжырымдалады. Руханиятты жаңа әлемдік дәуірдің қалыптасу үстіндегі дүниетанымының өзекті желісі ретінде тану оны жетекші тенден-циясына айналуда. Адамның рухани кемелденуі, оның рухани кеңістігінің өрлеуі мен кеңеюі, оның рухани әлемінің үнемі толы-суы мен баюы ғана қазіргі адамның апатты құлдырауын тоқтата алады және тоқтатуы тиіс.

Жаңа адамның тұтас дүниетанымы ретіндегі ұғынылатын интегралдық дүниетаным алуан түрлілік арқылы бірлікке жету мойындалатын тұтас адамзаттың даму бағдарын анықтауы тиіс. Адамның мәдениеттегі, ғылымдағы, техникадағы шығармашылық мүмкіндіктерінің алуан түрлі болуын мойындаймыз, алайда, болашақта адамның дамуы мақсатты, жүйелі түрде, рухани және практикалық өмірінде өзінің ішкі әлемін адами мұратына сай өзгертуі тиіс.

Page 239: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

239 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Экономикалық және саяси салаларда дәуірлік өзгерістер жүзеге асырылған тәуелсіз Қазақстанның жиырма бес жылдық даму тарихы осы салалардың бастапқы даму кезінде қойылған міндеттердің сәтті орындалғанын көрсетті. Дегенмен де, жаһанданып жатқан әлемнің жаңа болмысы, оның жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері жаңа міндеттерді орындауға және жаңа күн тәртібіндегі сауалдарға сай келетін жауаптарды табуға қазақстандық қоғамның жұмылдыру әлеуетін белсендіруді қажет етеді. Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы ең бірінші кезек күттірмейтін міндет оны рухани жаңғыру мен жаңаруы болып табылады.

Жаңа нәрсені қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде енгізу үшін оның өзгерту қызметіне белсене қатысушылардың санасы мен жүрегінде орын алуы тиіс болатыны белгілі жайт. Өмірдің өзі көрсеткендей, жаңғыртуға жұмсалатын барлық күш руха-ни қуаттан нәр алуы тиіс, ол алға қарай табысты жылжудың локомотиві мен аккумуляторы іспетті нәрсе, онсыз реформалар тұрып қалады. Қоғамдық сананы жауламаса, ешбір реформа сәтті аяқталмайды. Өз кезегінде, ол жаңа күн міндеттеріне сай келуі тиіс. Стратегиялық реформалауды жылжытуда және за-ман талабына орынды жауап қайтаруда жұмылдырушы құрал міндетін еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлық мақаласы өзіне алды. Бүгінгі таңда ол еліміздің негіз қалаушы құжатына айналды және онда қоғамдық сана саласындағы жаһандану үдерісін таратудың барлық маңызды бағыттары және таяу жылдардың күн тәртібі айқындалған. «Біз бастаған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананың жедел жаңғыруымен қатар жүру керек. Ол саяси және экономикалық жаңғыруды жай ғана толықтырмай олардың өзегі болмақ» деген тезис оның ең маңызды әдіснамалы негіздемесіне жатады [13].

Біздің талдауымыздың пәндік саласы контекстінде біз бұл маңызды құжаттан жаңа әлемдік дәуірдің мазмұны мен мәнін түсінуге қатысты қандай маңызды жайттарды байқаймыз? Әлемдік үрдістерді игерудің және оның әлемдік дамудың жаңа кезеңіне кірігудің қазақстандық тәжірибесіне қатысты нені еске-ру қажет? Заман талабына жауап қайтаратындай қазақстандық дүниетаным қандай болу керек? Осы және басқа да мәселелер белгілі дәрежеде аталған құжатта көрініс тапқан, сондықтан

Page 240: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

240

Әл-Фараби мұрасындағы рухани тәжірибенің рөлі мен маңызын қазіргі заманда дұрыс түсіну үшін оларға көңіл бөліп, теориялық салдарын анықтау қажет.

Ең әуелі Президенттің мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды» және «әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси парти-ялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ мысының бір бөлігі..» деп атап өтіледі [13], бұл жалпы қазақстандық қоғамның және оның құрылымдары алдында тұрған маңызды міндеттер. Бұдан басқа қазақстандық қоғамның бейімделуі міндетіне «жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру» де кіреді. Мақаланың ең маңызды тезисі: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» [13].

Сонымен, мақала бұрын қазақстандық қоғам үшін беймәлім болған жаңа тарихи жағдайда өмір сүруге, еңбек етуге және дамуға, сыртқы әлемге қатысты да, іштей де өзгеруге дайын болуға үндейді деген қорытынды жасауға болады. Жаһандану жағдайында өтіп жатқан бұл үдеріс өзінің талаптарын ұсынып, қоғам мен тұлғаға қосымша міндеттерді жүктейді. Мысалы, сондай талаптардың бірі ретінде «ағылшын тілін біздің де жап-пай және жедел үйренуіміз керектігі» жаһанданған әлемде жұмыс істеудің шарты [13]. Аталған талапты орындау барысында ағылшын тілімен өткір бәсекеге түсетін мемлекеттік тілді енгізу саласындағы мемлекеттік саясатты мұқият әрі жүйелі жүзеге асы-ру қажет.

Адам мен қоғамды болжамы қиын әлемдік тарихтың оқиғалары мен өмір сүру жағдайларына дайындау, жағымсыз әсерлерді және сондай әсерлердің салдарын мейілінше азай-та білуді үйрену мықты әрі берік діңді, ішкі жинақылық пен қиындықтарды жеңуге деген машықты қажет етеді. Мақалада, он-дай дің ретінде «ұлттық код», өз мәдениеті мен ең озық дәстүрлер мәдениетінің рухын сақтау ұсынылады.

«Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр намасы», – деп түйіндейді Н.Ә. Назарбаев [13]. Президенттің пайымы бойынша, естен шығару және менсінбеу дамудағы сиықсыздануға, жаңғырудың батыстық үлгісін басқа

Page 241: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

241 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

батыстық емес елдердің ерекшеліктерін ескермей көзсіз көшіруге, жағымсыз салдарға ұрындырады.

Мақала тарихи тәжірибені бүгінгі күннің қажеттіліктерімен, кемел келешектің берік кепілдіктерімен жалғастыратын платфор-маны нығайтудағы ұлттық код пен дәстүрдің рөлі туралы мәселені дамыта келе, қазіргі әлемде өмір сүретін адамның жасампаз қуатын осы дәстүрде бұрын болған рухани еркіндік пен шындықты жасаудың биіктігіне көтеруге үндейді. Осылайша, дәстүрдің адамға қорек беруші, шынайы адами өмірге бағыттайтын, тірі әрі рухтандырушы бастау ретіндегі жаңа, энергетикалық шабыт сый-лайтын әсері өзінің мәңгі маңызын қазіргі мәдениетте де сақтап тұрады. Дәстүр адам бойындағы адами қасиеттерді оятып, сөздің шын мәнісінде адамгершіліктің кепіліне айналады. Осындай син-тезге ұмтылуда ескі мен жаңаның, тарих пен келешектің, дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы тепе-теңдікті табуға деген қазіргі мәдениеттің талпынысы айқын сезіледі.

Ұлттың табысқа жетуін минералдық қор мен шикізат емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі анықтайтыны қазіргі дәуірдің ерекшелігіне жатады. Нақ сол адам – жаңғыру үдерісінің ба-сты кейіпкері, ол – өзінің санасы мен қоғамдық сананы белсенді өзгертуші. Сондықтан ХХI ғасырға, оның өзгермелі жағдайларына «ком пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә дени ашықтық» сияқты «ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге» ие тұлғалар сай келуі тиіс [13].

Бұл контексте адам санасының ашық болу мәселесі, оның жаһандық әлемде өтіп жатқан үдерістерді түсінуі, жоғарыда әңгіме болған қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік дәуірдің сипатын көре білуі, аймақтарда, елде болып жатқан нәрселерді қазіргі әлемдік үдеріс тұрғысынан бағалай білуі ерекше маңызды. Одан басқа, қазіргі әлемде орын алып жатқан өзгерістерге сананың ішкі дайындығы қажет. Ең ақыры, сананың басқалардан үйрену, жағымды тәжірибені қабылдау, басқа мәдениеттердің озық жетістіктеріне бет түзеу қабілеті қажет.

Біздің қоғам өзінің тарихи тәжірибесін танып, дәстүр мен ұлттық кодын негізге алып, өткеннің кері тартатын, ұлттың да-муына кедергі келтіретін нәрселерден арылғанда ғана ең тәуір нәрселерді алу мүмкін болады.

Мақалада жаңа әлемдік дәуір табиғат әлеміне ХХ ғасырмен салыстырғанда өзгеше нәрсені талап ететіні туралы айтылады. Онда былай айтылған: «халқымыз ғасырлар бойы туған жердің

Page 242: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

242

табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді» [13]. Мұндай ұлттық дәстүрде бекіген, ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат әлеміне деген көзқарастың өз жалғасын табуы заңды, өйткені олар ысырапшылдықтың, бейберекеттік пен масылдық психологиясының әсерінен қазіргі мәдениетте жоғалған.

Қазіргі қоғамға қажет мәдениет Президенттің мақаласында негізделеді, ең әуелі, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану мәдениеті. Олар болашаққа деген көзқарастың прагматикалық және шы-найы болуын талап етеді, сондықтан ең жақын онжылдықтардың ұраны – реализм және прагматизм. Олар тек экономика мен сая-сатта ғана емес, дүниетаным мен идеологияда да бар болуы тиіс. Қоғам мен жеке тұлғаға, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев, – «айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек» [13].

Болашақтағы дүниетаным келешектің көпіріндей бола-тын қазіргі кезеңде қалыптасатындықтан, қазіргі мен өткен шақ қалай байланысады? – деген сұрақ туындайды. Жаңа интегралдық дүниетанымның қалыптасуына өткеннің берер нәрсесі бар ма? Осы сауалдарға қайтарылатын жауаптар арқылы біз қазіргі уақытты түсінуге талпынамыз, өйткені ұлттық рух тарих қойнауында қалыптасып, жетіледі. Біздің тарихымыз – рухани мәдениеттің өз дамуында жүріп өткен жолы. Біздің өткеніміз – ұлттың рухтану жолы, демек, тарихи қалыптасу мен нығаюдың да жолы.

Бұл үдерісте философияның рөлі ерекше маңызды, өйткені философия дегеніміз алуан бейнелі рухани тәжірибенің мәнін түсінудің әмбебап-тұтас формасы. Бұл тарихи дамудың нәтижесіндегі адам мен қоғам болмысының шынайы мәнінің жүзеге асуы және адамның әлемге деген шынайы көзқарасының болу мүмкіншілігі. Бұл – тек қана рефлексивті тәжірибе емес, сонымен қатар, терең сезілетін, бұрын не қазір бастан кешірген, әлемді мәдени тұрғыдан игерудің ағзасы мен өміріне қосылған тәжірибе. Ойдың күрделі рухани-зияткерлік кеңістігінде, иде-ялар кешенінде философия қоршаған шындықтың күрделі құбылыстары мен үдерістерін түсіндірудің өзіндік тұрғылары мен тәсілдерін табуға ұмтылады.

Әл-Фарабидің философиясы да сондай. Ол да орта ғасыр дәуірінде «Адам – Әлем» деген іргелі қатынасты түсінуге ұмтылған. Философиялық дәстүрдің қалыптасуы – әрқашанда тұтас та-

Page 243: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

243 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

рихи дәуір. Адамның еркін рухани қызметінің саласы ретіндегі философия өз келбетін өзін дүниеге әкелген және рухтандырған мәдениетте табады. Философиялық идеялар мәдениеттің әртүрлі салаларынан нәр алады, және осы мәнде олар өздігінен пайда болмайды. Ислам әлемнің философиясы ислам мәдениетінің үйлесімді бөлігі, оның өзіндік сана-сезімінің формасы болатын және сол мәдениеттің жалпы адами өмірлік мәні бар мәселелерін түсінудегі тәжірибесін бойына сіңіріп, оны басқаларға жеткізіп отырған.

Бұл ереже көптеген ислам әлемін зерттеушілердің арқасында кәсіпқой мамандар ортасында негіздеуді қажет етпейтін дерекке айналған. Алайда, тарихи әділдік сақталу үшін, ғылыми қауымдастық пен философиялық зерттеулер-де европоцентризмнің үстемдік құрғанын ұмытпауымыз ке-рек, ислам философиясына қатысты оның парадигмасы бой-ынша ислам философиясы ислам мәдениетінің қажеттілігі мен жағдайларынан пайда болмайды, ол «грек ойының қайта өнделуі» болып саналады. Сондықтан, ұзақ уақыт бойы философия тари-хында оның өзіндік емес және компиляциялық сипаты туралы айтылып келген. Ислам философиясының байлығы мен алуан түрлілігі тек шығыстық-перипатетикалық бағытпен шектеліп, ис-лам философиясының басқа өкілдерінің идеялары мен ойлары елеусіз немесе зерттеу жұмыстарынан тыс қалып жатты.

Бұған қоса, батыстық философтар ортасында дінмен бай-ланысы болғандықтан ислам философиясының теориялық құндылығын кемітіп көрсететін. Бірақ ислам ғана философиялық ізденісті дүниеге әкелген орта болатын және ол әлемде адам өмірінің мәнін табу үшін мәдениет беретін мүмкіндіктің бірі еді. Сондықтан, қазіргі кезде бұл саланы зерттеуге деген қызығушылық артып келеді, оған мынадай тезис мысал болады: «Мұсылмандар дінінің нысандарын қорғайтын дәлелдерді зерттеуге ашық ден қойғанда, – деп жазады К. Баффиони, – біз, менің ойымша, ол өзі рухтанған антикалық оймен салыстырғанда, ислам ойының шы-найы бірегейлігін көреміз» [14, с. 11].

Исламға әуел бастан конвергенция, бірігу үрдісі тән. Сондықтан оның бір жағынан интегралдану және бірігу идеяларының мүддесіне жақындауы заңды, ал екіншіден – оның ішіндегі интегралдық әлеует антикалық философия мен исламдық орта ғасырдың рухани мүдделерін біріктірген Әбу На-

Page 244: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

244

сыр әл-Фарабидің философиясы жүзеге асырған ислам синтезінің негізіне алынған.

Әл-Фарабидің бұрын өмір сүрген Платон, Аристотель сияқты ұлы ойшылдардың, неоплатонизмнің идеяларына жүгінуі олардың исламдық Шығыста тарауымен емес, сол идеялардың жалпылау, әмбебап сипатта болып, мәдениеттің дәл сондай та-лаптарына сай келуімен байланысты. Ислам мәдениетінің озық өкілдерінің антикалық қайнарларға жүгінуге түрткі болған ниеттер туралы айтқан С.Х. Наср мына жайтты атап өтеді: «Мұсылмандарды шетел тілдеріндегі мәтіндерді араб тіліне аударуға итермелеген сырттан келген түрткі емес. Оның себебі саясат, экономика немесе әскері іс саласында жатпаған. Оларды мәжбүрлеген діни әсер де болмаған. Ғылыми еңбектерді аудару себебі білім алуға шақырып, өзінің адамзатқа жіберілген соңғы дін, барлық бұрынғы Уаһи діндердің мұрасын және Құдайдың жалғыз екенін дәлелдейтін ғылым мен білім түрлерін сақтаушы екенін айтқан Исламның қастерлі мәнінде»» [15, с. 114].

Әл-Фараби философиясының теориялық қайнарына айналған көне замандағы философиялық жүйелер «Адам – Әлем» қатынасы туралы мәселені тұтас дүниетанымдық тұрғыда қамтуға талпыну-ымен, түбегейлілігі әрі синтетикалық сипатымен ерекшеленеді. Әл-Фарабидің философиясы сол идеялардың философиялық байымдалуын жүзеге асырып, оларды ислам монотеизм рухында қайта өңдеген.

Философиямен айналысудың исламдық тәжірибесі белгілі бір тарихи кезеңдерде, әртүрлі мәдени әлемдерде ислам бол-мысын айқындауда қандай бірегей сипатты иеленсе де, ол әуел бастан-ақ әмбебап сипатта болатын, өйткені ол рухани ақиқатты ұстанып, рухани құндылықтарды дәріптеп, қастерлі нәрсеге деген жалпы адами сұранысты өтеуге бағытталған. Оның тәжірибесі та-рих үшін, қазіргі мәселелерді шешуде пайдалы болмақ.

Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасы таяушығыстық аймақтағы елдер үшін ғана емес, Қазақстанның да рухани мәдениеті үшін де маңызды саналады. Түркілік ортадан шыққан біртума тұлға ретінде әл-Фараби білімі мен мәдени деңгейін жетілдіруде биік асуларды бағындырса да, ортағасырлық библиографтардың айту-ынша, адамгершілігі мол, тақуа адам болған екен. Ол өнеге тұтуға әбден лайықты тұлға. Дегенмен де, әл-Фараби қазақстандық мәдениет пен тарих үшін беделі аса зор тарихи тұлға ғана емес, ол ең әуелі, ұлттың мәдени символына айналған тұлға.

Page 245: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

245 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Ұлттың мәдени символы ретінде ол мәдени мұраның ажыра-мас бөлігі мен ұлттық мәдени кодтың негізгі буыны іспетті, өйткені ол ұлт тарихының рухани өміріне нәр берген тамырлар жүйесіне айналған сан алуан мәдени әлемдердің тоғысқан, қосылған, түйіскен бифуркация нүктесінде пайда болған. Әл-Фарабиді есімі «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» қатарына жата-ды және ол еліміздің «киелі географиясының», ажырамас бөлігі, «халқымыздың ұлт тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай-ды» [13]. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары өз бастау-ын түркілік дүниетанымнан алып, жаңашылдыққа ашықтығының арқасында ежелгі заман мәдениетін бойына сіңіре алған, исламның зияткерлік ізденістерінің асқан үлгісін көрсетіп, оның гуманистік құндылықтарын нығайта білген.

Сонымен, әл-Фарабидің философиясы рухани дамудың та-рихи өлшемін биіктетіп, келешек ұрпаққа мақтан тұтарлық үлгіні көрсетіп, замандастарымызға білімді әрі адамгершілікті болып, «біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытпауды» міндеттейді, ол туралы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да айтылған [13]. Шын мәнінде әл-Фарабидің фило-софиясы әмбебап-жалпыға бірдей маңызға ие құбылысқа жа-тады, ол адамзатқа ортақ мұраттарды айқындап берді, өйткені онда таяушығыстық, түркілік, антикалық, солтүстік африкалық ықпалды бойына сіңірген мәдениеттің көріністері байқалады.

Ол өзін қарым-қатынастың сұхбаттық үлгісінің елеулі тарихи формасы ретінде көрсетті және өзара түсіністік философиясының тарихи алғышарты болды. Бұл, біріншіден, исламның жаппай кеңеюі мен өрлей дамуының салдарынан кең байтақ аймаққа жай-ылып, әртүрлі мәдениеттер мен мәдени қабаттар мен бөліктердің күрделі, бір мәнді емес өзара тығыз байланысқа түсу нәтижесінде жүзеге асты. Олар бірімен бірі байланыс орнатып, мәдени ықпалдың, кірігу мен өзгешеліктің алуан түрлілігін көрсетіп, алуан түрлі бөліктердің конгломератың дүниеге әкелген. Бұл байланысқа түскен тараптар бір-біріне ұқсамағанымен, өзара бірін-бірі түсіну үшін өзгеше болу құқығын сақтауға мәжбүр болғанын дәлелдейді.

Жиі асқынатын әлеуметтік-саяси алауыздық пен қарама-қайшылық жағдайында, бір жағынан саяси тұрғыда өзгеше ойлаудың идеялық платформасына және билікке қарсы оппозицияға айналатын өз позициясын сақтауға талпынудан,

Page 246: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

246

екінші жағынан биліктің озбырлығынан туындайтын қанды жан-жалдар жағдайында, оны жүзеге асыру өте қиын. Бірақ нақ осы әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа ұмтылу қандай да бір ортақ негізді, басқа тарапты түсіну үшін ғана емес, өзара түсіністікке жету үшін түйісу нүктелері табылуы мүмкін белгілі бір нәрселер мен жағдайларды іздеуге түрткі болмақ.

Әл-Фараби философиясында сұхбаттың тарихи өңделген тұжырымдамасы бар, ол туралы әдістемелік тұрғыда ойшылдың логикалық трактаттарында, әсіресе, «Диалектика» трактатында баяндалады. Ойшылдың логикалық трактаттарында сұхбат, пікір-талас құру, яғни қарым-қатынас жасау өнері мен машығы ретіндегі диалектика өнерінде жүзеге асатын белгілі бір тәсілдер ретіндегі ақиқатқа жету амалдары көрініс тапқан. Адамдардың арала-суы кезінде өзара түсіністіктің маңызы зор. Иранның Президенті болған С.М. Хатами ирандық мемлекеттік және исламдық әлем атынан БҰҰ Өркениеттер сұхбаты жылын жариялаған кезде, түсіну пен өзара түсіністіктің маңызы туралы былай деп жазған. «Түсіну не туралы және қалай айтылудан және тыңдаудан туындайды. Осы екі қабілет – сөйлеу және тыңдау, көру қабілетімен қоса, – адамның физикалық, психикалық және рухани қызметінің өте маңызды түрі болып саналады. Біздің көру мүмкіндігінен алаты-нымыз біздің білімімізді кеңейтіп, өмірімізді ұғынуға көмегі тиеді – «мен бармын» дегенді сезінуге көмектеседі. Біз басқа адамдармен сөйлесіп, оларды тыңдағанда оларға өз көзімізбен, өзіміздегі «мен» тұрғысынан қараймыз және бүкіл әлем де, адам да – біз аңдай алатын нәрселер, – біздің көз алдымызда тұрған нысандар. Ал, біздің қалай сөйлейтініміз және қалай тыңдайтынымыз, оның бәрі екіжақты – кейде көпқырлы – ақиқатқа жақындауға және өзара түсіністікке қол жеткізуге талпыну. Сондықтан да күмәншіл адам және Ақиқатты иеленуге монополиям бар дегендер сұхбатқа қатыса алмайды. Сұхбат өзінің көпшілікке көрінбейтін сұлу келбетін басқа адамдар-мен бірге қолтықтаса ақиқатты іздеп шыққан жолаушыларға ғана» [16, 13 б.].

Сұхбат сенімді талап етеді, өйткені сұхбат сенімге негізделеді, сондай-ақ сұхбатқа түсетін адамдар өзгеруге дайын болуы тиіс, бұл сұхбаттың жүзеге асуының маңызды қыры. Ислам мәдениетінде өркениеттер сұхбатын зерттеумен айналысатын М. Легенгаузеннің пікірінше: «Сұхбатқа түсу үшін біз басқа адам болуға дайын болу-ымыз керек, өйткені біз өзімізбен сұхбаттасатын адамдарға басқа

Page 247: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

247 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

адам болуға көмектесуге дайын болуымыз керек» [17, 16 б.]. Одан әріде: «…сұхбат – өз пікіріңді басқаларға міндеттеу құралы емес, керісінше, ол басқаларды қабылдау құралы. Сұхбат шақыруды талап етеді және мұсылмандар үшін дін қонаққа шақыру мен қонақжайлылық таныту ережелеріне қатысты (адаб) жеткілікті нұсқаулар» [17, 18 б.].

Әртүрлі зияткерлік ұстанымдардың кездесуі мен сұхбаты ретіндегі философиялық қарым-қатынас – философиямен шұғылданудың қажетті шарты және бөлігі. Сұхбат – жаңа әлемдік дәуірдің еларалық және тұлға аралық қатынастардағы ең басты талап. Сұхбат – қазіргі әлемнің өмір сүруі мен оның араласу тәжірибесінің тәсілі. С.М. Хатами атап өткендей, қазіргі заманда «...мәдениеттер мен өркениеттер сұхбаты тео-риясын жақтаушыларға қойылатын міндеттердің бірі – аталған теорияның философиялық және зияткерлік негіздерін жасау және оның қырларын мұқият тексеру» [16, 42 б.]. Сондықтан, Әл-Фараби жасаған сұхбат теориясының философиялық негіздері қазіргі мәдениет үшін маңызды саналады. Бұл сұхбаттық қарым-қатынасты түсінудің әдіснамалық принциптері мен ұстанымдарын ғана емес, сонымен қатар ғылым ретіндегі философия тарихының өмір сүру мүмкіндіктері мен философиялық ойдың даму тари-хында араласу қалай және неліктен мүмкін болады және әртүрлі дүниетанымдық ұстанымдар мен көзқарастардың бірлігі болуы мүмкін бе? – деген мәселені зерттейтін тарихи-философиялық ұстанымның жағдайларын да ашатын тәжірибе.

Әл-Фараби исламдық орта ғасыр мәдениетінде философиялық араласудың, ізашар және ізбасар философтардың сұхбатының терең маңызын алғашқылардың бірі болып түсінген ғалым. Оның диалог пен мәдениетаралық араласу стратегиясын жасаудағы философиялық тәжірибесі қазіргі заман үшін аса маңызды, өйткені әлемдік дәуірдің жаңа құрылымы ынтымақтастықтың жалпы планетарлық этикасына, өзара түсіністік пен келісім мәдениетіне негізделеді. Әл-Фараби сұхбаттың теориялық ережелерін негіздеу барысында, оны біріншіден, ақиқатты іздеудің әдістемелік құралы ретінде ашады, екіншіден, бұл одан да маңызды, сұхбатты адамның Құдаймен болмыстық байланысы ретінде қарастырды.

Әл-Фараби философиясы философиялық дүниетанымның пәндік қызмет саласын, ең алдымен, ой кеңістігі ретінде қарастырды.

Page 248: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

248

Бұл кеңістікте ежелгі грек классикасының, атап айтқанда Платон мен Аристотель, неоплатонизм мен стоицизм идеялары мутакаллимдер, сопылар, ишракизм ізбасарлары, шығыстық пе-рипатетизм және т.б. түсіндірулеріндегі құрандық ақиқат идеяла-рымен кездесіп, өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірімен арала-сып жатты. Әл-Фараби ақиқатқа жетудің жалпы адамзаттық жо-лын қарастырып, тарихи-философиялық үдерісті ойдың өзін-өзі өзінің әртүрлі формалары мен түрленуі арқылы ұғынуы ретіндегі әмбебап түсінілуін қолдайды.

Әл-Фараби осындай өзара әрекеттесуді қарастыра келе, жалпы және әмбебап білім жолында, жалпы түсініктерді қолданғанда, логика танымның және ақиқатқа жетудің басты құралы ретінде көрінетін әдіснаманы дамытады.

Сондықтан, әдіснамалық тұрғыда баршаға ортақ категориялық анықтамаларды қолданатын ой саласындағы ортақ нәрсені табу, келісу принципі әл-Фараби үшін маңызды болған. Айталық, ол «пікір мен сенім басқаға (пікір мен сенімге) сәйкес келсе сонда шынайы» [18, 42 б.]. болатынын атап өтеді. Оның пікірінше, қайсыбір зат туралы әртүрлі білім тұтастыққа біріктірілсе, одан асқан сенімді дәлел болмайды.

Әл-Фараби сұхбатты танымның ортақ пікірді, жалпыға маңызды және әмбебап ұғымдарды анықтайтын әдіснамалық құрал ретінде жүзеге асатын гносеологиялық феномен ретінде ғана түсінбейді. Ол сұхбатты адам болмысының терең негізі, Құдаймен үнемі жүзеге асатын байланыс пен араласу ретінде түсінеді және адам Құдайға деген көзқарасы арқылы өзін-өзі тани түседі. Құдаймен болған үздіксіз сұхбат – адамның өз мәнін табудағы онтологиялық негізі және онда адам әрқашанда өзін Құдай еркіне берген шәкірт болады. Бұл сұхбатта адам кемелдіктің шыңына жетуге ұмтылады. Мұндай онтологиялық байланыс адамға тұлға аралық қатынастың шарттары мен мүмкіндіктерін айқындап береді.

Құдаймен қарым-қатынас жасаған адам ашылды, оның жүрегі, ақыл-ойы мен ерік-жігері құдіретті сөзге ұйиды және соның арқасында адам тұлға ретінде өзгереді. Оның жүрегінде Құдайдың сөзі сақталғандықтан, адам өз бойында рухтанған құдіретті бастауды да алып жүреді. Ол – адамның адамгершіл мән жасауының, Құдаймен қарым-қатынаста ғана ашылатын, адамның күнделікті әлемінен өзгеше, құдіретті әлемге ұмтылуының кепілі.

Page 249: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

249 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Сондықтан, адамның адамгершіл кемелдену міндеті оның рухани толысу және даму міндеті ретінде көрініс табады.

Әл-Фарабидің философиялық көзқарасы бойынша, бұл міндетті жеке тұлға жалғыз өзі шеше аламайды, өйткені ол, ойшылдың пікірінше, «азаматтық» тіршілік иесі, яғни қоғамда өз тағдырын өзі сияқты «азаматтық» тіршілік иелері арасында жүзеге асырады. Қоғамдық қатынастар – адамдардың араласу үдерісіндегі әртүрлі өзара байланыстары, онда өзара түсіністіктің маңызы ерекше, соның негізінде адам шынайы бақыт пен оған жету жолдарын түсіне алады. Әл-Фарабидің пікірінше, адам тек қоғамда ғана шынайы бақытқа жетеді. Сондықтан, философияның ажырамас дүниетанымдық міндеттерінің бірі адамның шынайы болмысына сәйкес келетін, бақытқа жетуге жағдай жасай алатын қоғамдық даму мен мемлекеттің үлгісін ашып, ұсыну. Осындай мақсатты алдына қойған әл-Фараби өзінің қоғамдық құрылыс пен мемлекеттің қалай көретінін ашады, оның мұраты «ізгілікті қала» және оның әміршісі жетілген адам. Философия бақытқа жету жо-лын көрсетеді.

Әл-Фараби әлем мен адамның бірлігі туралы идеяны жақтаушы деуге толық негіз бар. Өзінің философиялық жүйесінде әл-Фараби тұтастық пен біріктіруге ұмтылған, онда Әуелгі себеп – Құдаймен иерархиялық өзара байланыста болғандықтан, ғарыш, адам және адамның санасы үйлесімді бірлікте болады. Болмыс деңгейлерінің иерархиясы – Екінші Ұстаздың онтологиялық көзқарастарының ең айқын сипаты. Әл-Фараби әлемінің космологиялық құрылымының орталығында – қозғалмай тұрған жер, оны тоғыз сфера айналып тұрады, әрбір сфераның сана-сы мен жаны бар. Жандар санадан қуат алып, сол сфераларды қозғалысқа түсіреді. Әуелгі Бар нәрсе өзі үшін өзі арқылы өмір сүреді, әл-Фарабидің айтуынша, ол өзінің өмір сүруі үшін басқа ештеңеге мұқтаж емес.

Өзін-өзі тану барысында ол өз мәнінің өз тіршілігімен ажы-рамас тұтастықта болатынын да таниды. Өзін-өзі тану актісі көптіктің пайда болу актісі, өйткені өзін-өзі, өз болмысын таныған сәтте Әуелгі себеп Алғашқы Сананы да жаратады; ал ол өз мәнін танығанда жанды жаратады; өз мүмкіндігін танығанда Ол алғашқы сфераны жаратады. «Әуелгі Себептен, – деп жазады әл-Фараби, – Екіншінің болмысы шығады, ол да абсолютті түрде тәнсіз және материяда орналаспайтын субстанция болады. Ол өз мәнін

Page 250: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

250

ақылмен таниды және Әуелгі Себепті ақылмен таниды және ол өзінің мәнінен ақылмен таныған нәрсе оның мәні ғана, одан басқа ешнәрсе емес. Ол бірнәрсені Әуелгі себептен танығандықтан, одан қажетті түрде Үшіншінің болмысы шығады» [19, 232 б.].

Дәл солай жалпы өзара байланыста болатын, өзара біріне бірі сіңіп араласатын, бірақ бірінен бірі ерекшеленетін он бір са-тыны құрайтын болмыстың келесі сатылары пайда болады. Адам ең биік орында тұратын ай астындағы әлем жіңішке жіптермен әрекет етуші Сана арқылы ғарышпен, Әуелгі себеппен байланы-сып, сол арқылы өзінің кемел тұтастығына жетеді. Эманациялық теория әлем бірлігінің идеясын әл-Фарабидің айтуында былайша көрініс тапқан: «...болмыстар Одан шыққан кезде, өздерінің саты-ларына сай олар бірігеді, жалғасады және реттеледі және көптеген заттар бірыңғай жүйені құрап, біртұтас болмысты құрайды» [19, 229 б.].

Әл-Фарабидің осылайша көрініс тапқан әлемнің бейнесі – жаратылған, Екінші Ұстаз айтқандай, тәндік, сезім арқылы қабылданатын әлемнің терең онтологиясын жеткізуге талпынған ұмтылыс және Әуелгі Себептің туындысы ретінде ол екінші себеп-терге де, әрекет етуші санаға да тәуелді болады. Бөлек сатыларға қарамастан, әлем біртұтас, өйткені ол Қажетті Бардың таралуы. Егер әл-Фарабидің ежелгі грек жол бастаушысы Аристотель ғарыш Құдай сияқты мәңгі деген пікір айтса, онда оның орта ғасырлық ізбасары креационистік көзқарастан өзге пікірде бол-мауы заңды. «Алайда, неоплатондық эманация туралы тұжырым (ол өзі аристотельдік деп қабылдаған), – деп атап өтеді В.В. Со-колов, – монотеистік креационизмнің дәл мағынасынан ауытқуға, сонымен қатар, құдайдың өзі жаратқан әлемнен алшақ тұруын еңсеруге мүмкіндік берді... Ал, әл-Фараби жүгінетін эманаци-онизмде жаратудың мәні уақыттан тыс жатқан үдеріс ретінде қарастырылып, белгілі бір объективті-идеалистік эволюционизм түрінде көрінеді» [20, 224 б., 225 б.].

Әл-Фараби өзінің әлеуметтік-философиялық пайымдаула-рында адам мен әлемнің бірлігі туралы идеяны жүйелі түрде жүзеге асырған. Әл-Фарабиден бастап, Ибн Рушдқа дейінгі араб-мұсылман философтарының көзқарасы бойынша, бақыт пен бақытқа жету проблемасы әлеуметтік ізденістердің басты ұстанымы болған. Олар, бақытқа жетуді, мысалы, антикалық дәуірдің белгілі философиялық бағыттарының идеологиясында

Page 251: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

251 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

орын алған өз-өзін оқшаулау, тұйықтық, қоғамдық наразылық пен өзгелік жолында емес, бірлескен ізденіс, күш-қуатты біріктіру жолында іздеген.

Әл-Фараби дәуірінде аса кең тарамаса да, жеке тұлғалық фи-лософия мен идеология да болған, ондай жеке таным мен жүректе Құдайды ашуға бағытталатын ұстанымды адамгершілік арқылы бекітетін жол сопылықта көрініс тапқан. Жалпы, исламдық қоғамда ортақ нәрсеге көңіл бөлетін үрдіс басымдыққа ие болған. Ислам діні ислам әлемінде жүріп жатқан әлеуметтік үдерістердің көрінісі әрі жауабы болғандықтан, қауымда бірлесіп өмір сүруге үлкен мән берілу, жеке тұлғалық өмір деңгейінің төмен бағалануы, туысқандық байланыстар мен қатынастардың басқа әлеуметтік байланыстарға ұласуы, оның пайда болу жағдайларымен ғана емес, феодалдық қоғамның даму жағдайларымен сәйкесетін. Мұхаммед пайғамбардың заманынан бері, Жаратушының шексіз билігі адам тіршілігінің барлық салаларына тарауы туралы дін мен мемлекеттің өмір сүру заңының негіздері бекігеннен кейін, Пайғамбарымыздың қауымды басқарудағы барлық әрекеттері діни істерге жатқызылатын болған. Сондықтан, қоғамға қатысты ислам ілімінде фәнилік тіршілікке қатысты ерекше тұжырымдама болмаған, демек, ол «көктегі» өмірдің мақсаттарынан аса ерекше-ленбеген.

Умма тұжырымдамасы исламның қоғамдық-саяси көзқарастарының негізін құрайтын. Одан жалпы жұрт мойындаған тұлға тұжырымдамасы туындайды. Исламның әлеуметтік-философиялық және саяси-адамгершіл ойы «тұлға – саяси ұйымдасқан қоғам» деген антитезаны білмеген. Дінге сенуші ретінде тұлға қауымның ұжымдық ұмтылысына қосылатын. Діндар адамда өзін қауымға қарсы қою мақсаты болмайтын, өйткені оның тұлға ретіндегі және қауым мүшесі ретіндегі мүдделері бір жерден шығатын, сондықтан ол қауыммен өзінің арасында қарама-қарсылықты сезінбейтін. Сондықтан да, сая-си көзқарастардың негізінде, жеке тұлғада азаматтық қоғамдағы қатынастардан туындайтын табиғи құқықтар мен міндеттер жоқ, олардың бәрін исламның саяси-құқықтық нұсқаулары реттейді деген пікір қалыптасқан.

Әл-Фарабидің қоғам жайлы көзқарастарында жүзеге аса-тын болмыстың тұтастығы жөніндегі мәселеде, орта ғасырлық мұсылмандық жалпы дүниетанымдық ұстанымның табы

Page 252: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

252

байқалады, онда әлеумет жер бетіндегі әлем мен құдіретті әлемді байланыстырып тұрған көптеген үзбенің бірі ретінде қарастырылады. Ай асты әлемінде адам болмыс иерархиясындағы ең биік сатыда тұрады, заттың бәрі сол үшін жаралады, ол әлемнің барша заттарына өз санасы арқылы «үстемдігін жүргізетін тек» саналады. Іштей біртұтас ғаламат әлемнің белгілі бір үзбесі ретінде ғарышқа кіретін адами қоғамның құрылысы – Әуелгі Барға бағынышты әлемнің құрылысындай қарастырылып, ең басты мүше – жүрекке бағынатын сау ағзаның мүшелеріне теңестірілетін.

Әл-Фарабидің философиялық көзқарасында әлеуметтік-философиялық, этикалық және ғылыми мәселелер өзара тығыз байланыста шырмалып жатыр, өйткені адамның құдіретті нәрсеге ұмтылысы тұтастыққа деген ұмтылыс болатын. Ал тұтастық, өз кезегінде, адамның ғана зияткерлік, адамгершіл және эстетикалық кемелдігін емес, бүкіл адами қоғамның да кемел болуын талап етеді.

Әл-Фарабидің түсінігі бойынша, ақиқат, әділ және ізгі нәрсе біртұтас нәрсе болатын, сондықтан адам баласы да, адами қоғам да өзінің дамуында сол бірлік пен үйлесімді жеке және қоғамдық өмірдің барлық саласында іздейді. Сондықтан да, әл-Фарабидің трактаттарында әлеуметтік-философиялық мәселелерден бұрын, метафизикалық мәселелер тілге тиек етіледі, өйткені әл-Фараби қоғамдық құрылысты әлемнің құрылысымен теңестіреді, онда төмен қарай ағудың әрбір сатысы өзінің алдындағы сатымен өзара байланыста болады. Бірге алып қарастырғанда, олар шың басында тұрған Қажетті Бармен үйлесім тауып, жетілу сатылары арқылы өзара қосылып жатады.

Әрекет етуші санада көрінетін Әуелгі Бардың қуаты мен күші ай астындағы әлемге құйылып, адами қоғамды Әлемдегі тәртіпке сай реттеп тұрады. Ал, кемел адамның мұраты бойынан табылған бірінші басшы мемлекеттің сан қырлы өміріне Әуелгі Бар Әлемдегі үйлесім мен тәртіпке қалай ықпал етсе, дәл солай ықпал етеді.

Әлемнің құрылысымен бірдей келетін қоғамның құрылысына деген әл-Фарабидің дүниетанымдық көзқарасының нәтижесінде адами қауымдастық ұмтылуы тиіс мінсіз (идеалды) мемлекет адам ойлағандай жолмен емес, құдіретті ниетпен, құдіретті ерік білдірумен және құдіретті әлемдік жоспарға сәйкес құрылуы

Page 253: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

253 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

тиіс. Сондықтан, адам өз табиғатына сай мәңгі ақиқатты үйренуге ұмтылуы тиіс. Егер мемлекет ең асқақ принциптерге сай құрылатын болса, онда адам да сол асқақ принциптерді ұстануы тиіс. Ондай мемлекеттің азаматтары бекітлген заңдарға, олар қандай тәуір болса да, көзсіз бойсұнбай, жоғарғы «саналы күштің» еркін тануға ұмтылып, соған бағынады. Мемлекеттің мақсаты мен міндеттері бақыт принципін жүзеге асырумен сәйкес келуі үшін әрбір мемлекет мүшесінен білімді болуды талап етеді. Қабілетіне сай әртүрлі деңгейде білім алу әрбір адамның өз тағдырын жүзеге асырудағы міндетті талапқа жатады.

Адами қоғамының құрылымын ұйымдастыруды философ әлем құрылысына ұқсатып қарастырған, бұл орта ғасырдың жал-пы дүниетанымдық ой жүйесіне тән еді, онда адамзаттың өзі тұтас нәрсе ретінде, ал әрбір жеке адам да, адамдар тобы неме-се адамдардың одағы да қоғамның тұтастығын құрай келе, сол мезетте аяқталған тұтас нәрсе ретінде қарастырылатын. Ойшыл бабамыз жер бетінің барлық тұрғындарын ұлы, орташа және шағын қоғамдарға бөлген. «Шағын қоғам» ол бір қала, ал «орта-ша қоғам» – бір халық. Ұлы қоғам – бірігіп, өзара көмекке келетін көптеген халықтардың жиынтығы [19, 108-109 б.]. Бұл қоғамды қарастырған кезде әл-Фараби әртүрлі халықтардың өзара іс-әрекеті мен ынтымақтастығынан туындайтын жаңа жаһандық шындықтың – әлемдік қауымдастықтың өмір сүру проблема-сын да көтереді. «Ол бүкіл Жерді қамтитын қоғам туралы ойла-нады. Әл-Фарабидің ең жоғарғы билеушісі – жеке халықтың не қоғамның емес, бүкіл өркениетті әлемнің билеушісі», – деп атап өтеді С.М. Хатами [21, 256 б.].

Қазіргі Қазақстан әл-Фарабидің «ұлы қоғам» идеясын басшылыққа алып, өзінің толеранттық және транспарентті қоғам үлгісін құруда және бірыңғай толеранттық әлемдік кеңістікті құруға ұмтылады. Мемлекеттің ішінде этникааралық және конфессияаралық келісімді орнату ісіндегі еліміздің тәжірибесі жалпы мемлекеттік бағытқа ғана емес, адамзатқа ортақ мүдделерді көздейтін адам баласы тегінің бірлігін түйсінуге, адамдардың адамгершілігі мен зияткерлік деңгейіне негізделген. Қазақстан халқының бірлігіне әрбір азамат өз үлесін қосуда. Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағыты барлық мәселелерді өзара түсіністік, келісім және өзара ымырашылдық арқылы шешуге ұмтылуын дәлелдейді түседі.

Page 254: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

254

Сондықтан әл-Фараби философиясын мәні мен мақсатын, біріншіден, Жер бетінде әділ мемлекет құруға бола ма?, екіншіден, адам бақытты бола ала ма? және оның бақыты неде? – деген сұрақтарға жауап іздеумен байланысты тұтас әлеуметтік философия ретінде анықтауға болады. Сондықтан әл-Фарабидің әлеуметтік философиясының барлық мазмұнын өз бойы-на жинаған орталық – қоғамдық өмір мен адамның идеалы. Ол, ең алдымен, ойшылдың басты еңбегі саналатын «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында», сондай-ақ «Азаматтық саясатта», «Бақытқа жету туралы», «Бақытқа жету жолын нұсқау» және «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» еңбектерінде баяндалған.

Әл-Фарабидің басты еңбегінің атауының өзі философиялық ізденістерінің мақсаты әлемге деген ақиқат көзқарасты табуға ұмтылып, адамның шынайы болмысына, әлемдегі мақсатына сай келетін сондай дүниетанымды дәріптеуін дәлелдейді. Шын мәнінде ол өзінің ішкі ұмтылысында қазіргі жаңа интегралдық дүниетанымды табуға талпынған ізденістерге жақын тұрады, өйткені ол адамның рухани дамуына сай келетін исламдық орта ғасырдың тарихи жағдайы ұсынатын дүниетанымды іздеумен айналысқан. Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары – адамның мақсаты мен рухани дамуына сәйкес келетін көзқарастар, олар тұрып жатқан аймаққа, климатқа, география мен басқа да жағдайға тәуелді емес, өйткені олар адам бойындағы адами қасиеттерді дәріптейді. Олар адамгершілігі жоқ адам бейнесіндегі надан қала тұрғындарының көзқарастарына қарама-қайшы келеді.

Әл-Фараби қоғамдық идеалды ынтымақтастық пен өзара көмек негізінде үйлесімді тұтастық ретінде өмір сүретін адамдардың қауымдастығынан табады. Әл-Фарабидің тұтастық туралы ұстанымында адамдардың бақытқа қол жеткізу мүмкін нәрсе, егер олар өз азаматтарына дұрыс тәрбие беріп, оларды дұрыс басқарып, бірлесе «ымыралы тұрмысқа», яғни өзара көмек, өзара түсіністік принциптеріне негізделген қауымдастыққа қол жеткізсе. «Сонымен, әл-Фараби қоғамнан қашатын, оны абстрактілі түсінетін адам емес; керісінше, оның пікірінше, тек қоғамда ғана бақытқа жетудің жолын табуға болады. Адам өз өмірінің сәулетшісі болу керек және өзінің ізгі қасиеттерін тәрбиелеуі тиіс, ол тек қоғамда өмір сүріп, қоғамдық өмірге араласқанда ғана мүмкін болатын нәрсе. Адам – қоғамдық жаратылыс, жалғыздық

Page 255: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

255 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

оны кедейлендіреді, ол өзінің адамгершілігі мен жеке бақытқа жетудің шарты болатын қабілеттерін жоғалтады, – деп қорытады С.М. Хатами» [21, 255 б.].

Әл-Фараби үшін қоғамдық өмірдің идеалы Ізгілікті қала, яғни адамның адамгершілігі, оның мұраттары үстемдік құрған саналы қоғамдық құрылыс. Ондай ізгілікті тұрмысқа адамдардың ортақ өмір сүруі негізделген жалпыға бірдей қағидаттарды, ізгілік пен зұлымдықты, әділдік пен оның жоқтығын, адамгершілік пен адамгершіл істерді және т.с.с. білу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан, адам үшін ең басты оған сәйкесінше әрекет етуге және зұлымдық пен әділетсіздікті жасамауға мүмкіндік беретін нәрсе білім болу керек, өйткені оларды адамдар надандықтан жасайды.

Адамның дұрыс іс-әрекет жасауының әуелгі шартын біліммен байланыстырған әл-Фараби, өзінің қоғамдық құрылыс жайлы түсінігін адамдардың бірлесуінің шынайы себептері мен жеке тұлғалардың өзара «бірлесе өмір сүруінің» заңдарына сәйкес азаматтарға білім беру, ағарту, оларды тәрбиелеу қағидаларына негізделеді. А.В. Сагадеев былай деп жазады: «...әл-Фарабидің философиялық мұрасында, ең алдымен, ойшылдың филосо-фия жаратылыстану пәндеріне ғана емес, саясатқа да теориялық негіздерді беруі қажет, азаматтық және теориялық ізгіліктерге жету үшін, ғылымның кедергісіз дамуы мен философтардың саясатқа белсенді араласуы үшін адамгершіл нормалар бойынша қоғамдық өмірді ұйымдастыруға септесуі қажет деген сенімі на-зар аудартады» [22, 40 б.].

Философияны меңгеру және философияның не екенін түсіну әл-Фараби үшін қоғамдағы жеке адамдардың шынайы адамгершіл мінез-құлық заңдарын игерумен, мемлекетті шынайы басқарумен, қоғамда тәрбиелеу жүйесін құруды игерумен бай-ланысты. Ойшылдың пікірінше, метафизикалық ғылым ретінде философия гносеологиялық автаркия шеңберінде қала алмайды, ол ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастарын қалыптастыру жүйесіне тікелей қосылады. Демек, ол ізгілікті қала тұрғындарын, адамгершілігі биік адамды тәрбиелеу міндеттеріне қызмет етеді, бірақ ол адам біржақты – зияткер немесе шебер маман ғана емес, бұл да қала өмірінің мамандану жағдайында әл-Фараби үшін маңызды, ол, ең алдымен, кемел адам мұратына сәйкес үйлесімді адамды тәрбиелеу міндеті.

Әл-Фараби үшін білім – адамның практикалық тіршілігіндегі, бірінші билеушінің мемлекетті билеудегі, қоғамдағы жеке адам-

Page 256: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

256

дар арасында адамгершілікті сақтаудың басты шарты. Фило-софия және оны зерттеуден бұрын алған білім, бақытқа жетуге тікелей қызмет етеді. Ол адамдардың бірлесе қызмет етуінің нәтижесінде ғана мүмкін болмақ және жалпы мемлекеттің игілігі үшін ұжымдық ұмтылыс пен қоғамнан оқшау жүзеге аспайды.

Әл-Фарабидің ізгілікті қаласы – өзара жәрдемдесу мен биік адамгершіл құндылықтарға негізделген қоғам, онда адам бақытқа – адами дамудың ең жоғарғы мақсатына қол жеткізеді. «Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмек көрсетуді мақсат тұтатын қала, – деп жазады әл-Фараби, – ізгілікті қала болады, ал адамдары бір-біріне бақытқа жету үшін жәрдемдесетін қоғамдар, ізгілікті қоғамдар болады. Қалаларының барлығы бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесетін халық, ізгілікті халыққа жатады. Дәл солай, егер халықтар біріне-бірі бақытқа жетуде көмектессе, бүкіл жер беті ізгілікті болмақ» [19, 305 б.].

Жетілдірілген қала – ізгілікті қала, бұл адамгершіл жараты-лыс ретіндегі адамның тіршілігі, ол басқалармен өзара көмекке негізделген, бірлескен тіршілікті жасау үшін бірігеді, мұндай бірлестіктің саси формалары адамгершіл императивіне бағынады. Әл-Фарабидің ізгілікті қаласы иерархияға негізделген, тұтастықты құрайтын бөліктері біріншіден, әрқайсысы тұтас жүйеде өзіне сәйкес келетін орынды алады, екіншіден, олар басты органға – билеушіге қатысты, өзара біріне-бірі бағынады. Бірақ бұл қаланың басқалардан ерекшелігі «қаланың бөліктері және оның бөліктерінің разрядтары біріктірілген және өзара махаббатпен байланған; олар бірлесіп, әділдікпен және (одан ағып шығатын) іс-әрекеттермен сақталады» [23, 222 б.]. Әл-Фараби үшін саяси институттар мен адамдардың саяси байланыстары қоғам өмірін қамтамасыз ететін сыртқы формалар ретінде көрініс табады, және сыртқы болғандықтан олар қоғам өмірінің адамгершіл императивтеріне жетекшілік жасай алмайды. Егер де белгілі бір уақытқа олар жетекші факторларға айналса, онда бұл уақытша құбылыс болады, өйткені шын мәнінде олар адамгершілікке бағынады. Қоғамдық бірлестіктің барлық мәселелері бірінші ке-зекте адамгершілік пен адамдардың адамгершіл жетілу пробле-малары шешілгенде ғана шешімін табады.

Адамгершілікті дамыту фарабилік мұрат пен қоғамдық өмірдің және жеке адам өмірінің бас аяғы болады. Сондықтан да

Page 257: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

257 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

әл-Фарабидің адамгершілік идеалын саяси мақсаттарға жетудің құралы деп түсіндірумен және адамның адамгершілігінің даму-ын тек қана саясатты жүзеге асырудың шарты деп қарастырумен келісуге болмайды. Айталық, мысалы Н.С. Қирабаевтың пікірінше: «Әл-Фарабиде бақытқа жету саясаттың мақсатына жа-тады, ал адамгершіл ізгіліктер, діни құндылықтар мен құқықтық нормалар тек саяси қызметі тұрғысынан ғана түсініліп, маңызға ие болады. Олар адам бақытына септігі тиетіндіктен ғана саясатқа қатысты болады. Бұдан басқа, этиканың және дін мен құқықтың бағынуы, адамгершіл, діни және құқықтық өмір өздігінен ба-сым, оқшауланған нәрсе емес, адамгершілік ізгіліктер мен олар-ды дәріптеу, діни өмір сүру салты адам мен мемлекеттің соңғы мақсаты емес дегенді білдірсе керек» [24, 112 б.].

Әл-Фарабидің пайымдауларында, адамгершілік пен адамгершіл өмір ғана мемлекет пен жеке адамның ақырғы мақсаты болады. Саясат соған жетудің құралы ғана. Саясат өзінің көптеген қызметтерін этика идеалдарына сәйкес жүзеге асыруы тиіс, адамгершілік идеалдары қоғамда және жеке адам өмірінде міндеттеу императивтердің реттеуші қызметін атқарады. Сондықтан да бақыттың не екенін зияткерлік тұрғыда түсінудің маңызы әл-Фараби үшін ерекше болған. Адам бойындағы адамгершіліктің дамуы – жанның саналы бөлігінің хайуани бөлігін еңсеруі мен жеңуі, ол іштей табиғи қажеттіліктердің шеңберінен шығып, құдіретті нәрсені танудың ең биік жағдайына ұмтылып, жетілу сатыларымен өрлейтін адамды тәрбиелеу.

Әл-Фарабидің пікірінше, адам табиғатына сай ізгі және зұлым әрекеттерді жасауға қабілетті. Оның саналы екенін білдіретін жігердің көмегімен ол ізгілік пен сұлулықты сезінумен қатар, оларға қарама-қарсы нәрселерді де түйсінеді, игі және тама-ша істер мен әрекеттерді жасайды. Бірақ ойшылдың ұстанымы бақытқа жетудің жалғыз ғана өлшемімен, яғни санамен ғана шек-телмей, сол өлшемді кеңейтеді. Ол, бақытқа жету үшін бақыт туралы білімнің жеткіліксіз болатынын және таза күйінде ол бақытқа жетудің басты бөлігі және оған тек ұмтылу да жеткіліксіз екенін айтады.

Бақытқа жету үшін бақыттың не екені туралы білімді және оған барлық өмірдің мақсаты ретіндегі ұмтылысты біріктіріп, оған жету үшін барлық күшті жұмсау қажет. Ал басқаша болған жағдайда, әл-Фарабидің айтуынша «егер адам бақытқа жетіп, оны

Page 258: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

258

таныса, бірақ оны өзінің негізі мен мақсаты етпесе, қаламаса не-месе нашар қаласа, өмірінің мақсатына бақыттан басқа нәрсені алса және сол мақсатқа жету үшін бар күшін салса, онда одан абсолютті зұлымдық пайда болады» [25, 116 б.]. Бақытқа жетуге шынайы білім мен соған негізделген ізгі амалдар мен әрекеттер септігін тигізеді, соларды жасауға әр адамның бойында белгілі бір дәрежеде көрінетін бейімділігі бар, сондай-ақ игі істерді жасау әдетіне негізделген тәрбие мен үйрету де болады.

Сонымен, әл-Фарабиге ақиқаттың, ізгіліктің және сұлулықтың бірлігіне ұмтылған дүниетанымдық ұстаным тән. Оның философиялық көзқарасында көптеген жолмен жетуге болатын ақиқатты танудың маңызды стратегиясы жүзеге асқан. Бұл стра-тегияны әл-Фараби ақиқатты «силлогистикалық өнер» арқылы тану мысалы арқылы және кемел билеушінің бойында философ, имам және заң шығарушының бірігуі арқылы көрсеткен.

Әл-Фарабидің философиясы әртүрлі мәдениеттердің түйіскен нүктесін көрсетіп, сол мәдениеттердің өзара сұхбаты мен автордың өзімен-өзі жасаған сұхбатын ашады. Әл-Фарабидің философиялық-дүниетанымдық тәжірибесі бізге адамның болмыстың ең биік мәндерін танудағы, білімді және оған жету амалдарын жоғары бағалаудағы, адамның адамгершілік ізгіліктерін дәріптеудегі, адам мен қоғамның рухани жетілуіне бағытталған саясатты жүзеге асырудағы рухтанған қабілетін сананың теориялық негіздемесінің үлгісі бола алады. Бұның бәрі құндылықты бағдарлары адам мен әлемді рухтандырудың өміршең мәніне, адамдар арасында өзара түсіністікті табуға және олардың арасында келісім мен бейбітшілікті орнатуға бағытталған ұлы ойшылдың мұрасын бағалап, құрметтеуге негіз болады.

Әл-Фараби және оның кемелдіктің шыңына ұмтылған жал-пы адами энциклопедиялық мұрасы – уақыт пен кеңістік ше-караларынан тыс жатыр, сондықтан да ол арқылы және оның шығармашылығы арқылы өткеннің мәдениеті қазіргі әлемдегі көптеген мәдениеттерге түсінікті болады. Қазақ халқы мен оның рухани мұрасына басқа халықтардың жүрегінде орын бар және бұл үдеріс – жаңа адами қауымдастықты, оның гуманистік құндылықтары мен мұраттарын жасаудың бастамасы. Аталған жайт, өткен заман – қазіргіні түсінудің кілті деген белгілі ақиқатты растайды. Біздің бүгініміз – жаһанданып бара жатқан әлем, бұл әлемде халықтар мен мәдениеттер күн өткен сайын, өзара тәуелді

Page 259: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

259 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

болып барады. Әл-Фарабидің көзқарастарынан өрбіген рухани әлеуетті сақтау, оны жаңа тарихи жағдайда дамыту – бүгінгінің және замандастарымыздың міндеті.

Әдебиеттер

1 Қараңыз.: Сагатовский В.Н. О перспективах современной филосо-фии. Зачем нужна философия? (Философия и мировоззрение) //http://vasagatovskij.narod.ru/11.html; Рыбаков Н.С. Аналитика базовых интуи-ций мировоззрения //Мировоззренческие поиски современности (тема-тический сборник). – Уфа, 1998; Леонтьев Д.А. Мировоззрение как миф и мировоззрение как деятельность //Менталитет и коммуникативная среда в транзитном обществе /под ред. В.И. Кабрина и О.И. Муравьевой. – Томск: Томский государственный университет, 2004. С.11-29; Шиман-ский А.Г., Шиманская Ю.О. Человек творческий. К новому мировоззре-нию. – Минск: Эконом-пресс, 2000; Бореев Ю.Б. Культура эпохи и исто-рическая парадигма бытия человечества //Теоремы культуры, сборник статей. М.: Международное агенство «A.D. &T.», 2003.

2 Смирнов А.В. Каким может быть философское исламоведение? Универсалистский, цивилизационный, логико-смысловой подходы //Исламская философия и философское исламоведение: Перспективы развития – М.: Языки славянских культур, 2012. – С.21-34.

3 Аль-Джанаби. Исламоцентризм: законы истории и логика куль-туры // Исламская философия и философское исламоведение: Перспек-тивы развития – М.: Языки славянских культур, 2012. – С.42-55.

4 Чумаков А.Н. Трансформация культуры в контексте глобальных процессов //Казахстан в глобальном мире: вызовы и сохранение иден-тичности. – Алматы: Институт философии и политологии КН МОН РК, 2011. – С.80-102.

5 Философия и демократия в современном мире. Актуальные про-блемы гуманитарного сотрудничества. – М.: Прогресс-Традиция, 2009. – 125с.

6 Алиева И.З. Постнеклассическое естественнонаучное образова-ние: концептуальные и философские основания. М.: Академия Есте-ствознания, 2008. [Электронный ресурс]. URL. //www.monographies.ru/7

7 Степин В.С. Российская философия сегодня: проблемы настояще-го и оценки прошлого //Вопросы философии. – 1997. – №5. – С. 3-14.

8 Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование логического строя мышления в процессе практической деятельности. – Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1981. – 212 с.

9 Дунаев В.Ю. и Курганская В.Д. Логическая структура и экзистен-циальный смысл философской онтологии. Книга 1. Метафизика всее-

Page 260: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

260

динства как учение об онтологическом самоопределении человека. – Алматы: ИФН МОН РК, 2010. – 410 с.

10 Мукашев З.А. Суммативность и целостность //Проблема целост-ности в современной биологии. – М.: Наука, 1968. – С.42-47.

11 Розов Н.С. Ценности в проблемном мире: философские основа-ния и социальные приложения конструктивной аксиологии. – Новоси-бирск: Изд-во Новосибирского ун-та, 1998. [Электронный ресурс]. URL: /www.nsu.ru/filf/rozov/publ/val/.

12 Сагатовский В.Н. Антропокосмизм – системообразующий прин-цип ноосферного мировоззрения. [Электронный ресурс]. URL: http://www.trinitas.ru/rus/doc/0203/001a/02030007.htm ].

13 Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. - 12 сәуір 2017 ж.

14 Баффиони К. Исламская философия и философское исламове-дение: история и перспективы с точки зрения западного ученого //Ис-ламская философия и философское исламоведение: перспективы раз-вития. М.: Языки славянских культур, 2012. С.7-20.

15 Наср С.Х. Молодой мусульманин в современном мире. Пер. с перс. Д. Бибаева. – М.: Издательство «Исток», 2010. – 184 с.

16 Хатами С.М. Ислам, диалог и гражданское общество // Хатами С.М. Диалог цивилизаций: путь к взаимопониманию. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – С. 8-138.

17 Легенгаузен М. Современные вопросы исламской мысли. – М.: Дизайн. Информация. Картография, 2009. – 232 с.

18 Аль-Фараби. Об общности взглядов Божественного Платона и Аристотеля // Аль-Фараби. Философские трактаты [Пер. с арабского]. Алма-Ата: Наука, 1972. – с.89-104.

19 Аль-Фараби. Трактат о взглядах жителей добродетельного горо-да //Аль-Фараби. Философские трактаты [Пер. с арабского]. Алма-Ата: Наука, 1972. – С.193-377.

20 Соколов В.В. Средневековая философия. М.: Высшая школа, 1979. – 448 с.

21 Хатами С.М. Традиция и мысль во власти авторитаризма // Ха-тами С.М. Диалог цивилизаций: путь к взаимопониманию. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – с. 140-457.

22 Сагадеев А.В. Восточный перипатетизм. – М.: Издательский дом Марджани, 2009. – 232 с.

23 Аль-Фараби. Афоризмы государственного деятеля // Аль-Фараби. Социально-этические трактаты [Пер. с арабского]. Алма-Ата: Наука, 1973. – С.169-174.

24 Кирабаев Н.С. Социальная философия мусульманского Востока (эпоха средневековья). М.: Изд-во УДН, 1987. – 176 с.

25 Аль-Фараби. Гражданская политика //Аль-Фараби. Социально-этические трактаты [Пер. с арабского]. Алма-Ата: Наука, 1973. – С.45-168.

Page 261: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

261 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

3.3 Қазақ философиясы – өмір сүру философиясы

Қазіргі уақытта жаңа жаһанданған заманның тарихи кезеңі келді, рухани дүние де демократиялана бастады, яғни ойлау еркіндігінің ұстындары қоғамдық санада беки түсуде. Сөйтіп, бұл қазақ халқының және басқа да түркі халықтарының ой-тұжырымдарының тарих доңғалағының астында жоғалып кетпей, олар халықтың рухани терең тамырларында бойлай орналасқа-нын, өмір сүргенін байқатты. Мәңгіге жабылған шығар, енді олар Ақиқат әлемінен орын алмас деген тарихтың «ақтаңдақтары» бірте-бірте ғылыми кеңістікте мамандар үшін ізденістер ауқымы, нысаны ретінде күн санап ашылу және кеңею үстінде. Сол рухани күштердің, тарихи деректердің еркіндікке шығу кереметін, яғни басқаша айтқанда, халық рухының шабыттық асқақтауын қазіргі заманда өз көзімізбен көріп, оның куәсі болып отырмыз.

Шынымен де, егер қазіргі замандағы «шынайы» философия-ның өлшемі ретінде тек батыстық модельді алатын болсақ, онда оған ұқсамайтын, сәйкес келмейтін барлық ұлттық философия-лар «философия» деп аталудан қалады. Олар классикалық неміс философиясындай гносеологиялық және логикалық мазмұнның, теориялық құралдардың және категориялық безендірудің жоқ екенін желеу етеді. Бірақ мұндай дәйектеудің түп негізі әлдеқашан күйреген. Өйткені әлемді рухани игеруде, зерделеу-де қатып қалған бір ғана философиялық үлгі болуы мүмкін емес. Жалпы адамзаттың рухани әлемінде Ақиқатқа қарай ұмтылудың даналыққа толы пайымдаулары сан түрлі формада көрініс бер-мей, ой-саналық даму туралы тартымды сөз қозғау болмасы анық. Сондықтан әрбір халықта өзіндік руханияты, өзіндік ұлттық фило-софиясы бар және қалыптасқан. Олар болашақта әрқайсысы өз ша-масы келгенше адамзаттың жалпы мәдениетіне шығармашылық тұрғыдан өз үлесін қоса беретініне күмән келтіруге болмайды. Бұл ой-тұжырымды толығымен ежелгі түркілік заманнан бас-тау алған қазақ философиясына да байланысты айтуға болады. Халқымыз адамзат тарихында моральдік-этикалық қалыптарды өзінің дүниетанымына негізгі арқау еткен этностардың қатарына жатады. Жалпы өзіндік философиясын қалыптастырған халық – біршама рухани жағынан есейген және жетілген қауымдастық болғаны.

Адамзат тарихының руханиятының ең маңызды түп негізі оның ақыл-ойынан, пара сатты дербес ойлау тәжірибесінен

Page 262: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

262

байқалады. Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлемдік философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде таныла-ды. Жалпы адами эволюцияның өлшемі ретінде даналық үлгілерін алуға толық болатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда адам зат тарихындағы кез келген халықтан философиялық пайымдаудың үлкен жүйелі құрылымдарынан бастап өлшеулі деңгейдегі тұжырымдар мен түсініктерден тұратын ерекше сілемдер аралығындағы көптүрлілікті аңғаруға болады. Олардың барлығына әр қилы бағалау беріп, әр түрлі өлшемдер арқылы са раптаудан өткізу міндеті гуманитарлық ғылымдар алдында тұрған қасиетті міндет. Дегенмен негізінен ойлау жүйесінің ада-ми ұстындарының өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің өзіндік көріністерінің, ерекше сипаттарының бар екенін де мойындауға тиістіміз. Міне, осыған орай халқымыз-дың өзіндік ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар екеніне еліміздегі көрнекті ғалымдар өткен ғасырдың екінші жартысында түбегейлі көңіл бөле, философиялық мәселелер кәсіби тұрғыда игеріле бастады.

Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ғана толыққанды сипат-та зерттеліп, қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектердің жарық көргені белгілі. Қазақ философиясы қазақ халқының өмір сүру, даму және көркею формасы. Олардың кейбірі жеке моно-графиялар мен мақалалар болса, біршамасы оқулық, немесе оқу құралы түрінде көрініс тапты. Бірақ олардың баспадан шығу да-налары да, та ралу ауқымы да жоғары оқу орындарындағы күннен күнге ұлғайып келе жатқан зияткерлік рухани байлыққа деген сұранысты толығымен қанағаттандыра ал масы анық. Оның үстіне философиялық ойлау тарихына деген көзқарас біржақты болма-уы тиіс, ол әртүрлі түсініктердің сұхбатынан, өзара байланысы-нан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана жас ұрпақтың шығармашы-лыққа деген талпынысы күшейе түседі, тарихи тұлғалардың дүниетанымдық жүйелері бойынша соны ойлар туындайды.

Қазақ философиясы еліміздің рухани тәуелсіздігінің көрінісі болып та бы лады. Қазақ философиясы адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі екені белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің барлығы мұқият бақылауда бо-лып, көбісі тыйым салынған жабық дүниелер қатарында болып

Page 263: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

263 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

келгені баршаға аян. Өйткені, социализмнің ұстындары тек бір коммунистік идеяның төңірегіне шоғырланғандықтан оған сәйкес келмейтін басқаша мағынадағы түсініктердің барлығын жоққа шығарып отырды. Тіпті, бұл тақырыппен ай налысамын деген зерттеушілердің әрекеттеріне өткен қоғам «ұлтшылдықтың жа-лауын көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге асыққаны да рас. Тоталитарлық қоғам қазақ фи лософиясымен айналысамын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін жандандыруға ұмтылғандарын да осындай бағалаумен шектеп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың арқасында тарих сахна-сында әртүрлі рухани тереңдіктердегі өздерінің даналыққа толы тұжырымдарын бұқара халыққа жеткізген ойшылдардың шығар-маларының мәтін түрінде қоғамда кең тара май және ғылыми зерттеулер түрінде өз бағалауларын ала алмай ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені қазіргі таңда белгілі болып отыр.

Қайта оралу философиясы – бұл философияның өзіне өзінің қайта оралуы, өзінің рухани қайнар-бастауларына, ежелгі түркілік құндылықтарына, қайтадан тереңірек философиялық пайым-дау мен зерделеу үшін өзіне өзінің қайта оралуы. Қазақстандық посткеңестік философиялық рухани байлықты пайымдау – қазақ мәдениетінің терең қатпарларындағы өзіндік тұлғалық философиялық пайымдау сипатында көрініс бере бастаған философиялық үдеріс ретінде танылады.

Біз қазіргі кезеңде қайшылық пен дау-жанжалға толы өте күрделі жаһандану ауқымындағы қоғамда өмір сүрудеміз. Және бұл кезеңге тән маңызды мәселе қажетті рухани-адамгершілік бағдарлар мен мұраттарды іздеу болып отыр. Қазіргі рухани өмірдің тәжірибесі өткеннің, бүгінгі күннің және болашақтың ұлы жетістіктерінің негізінде қалыптасады. Бүгінгі заман, Ах-мет Байтұрсынов айтқандай, өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы ғой. Осыған орай қазақтың ежелгі түркілік руха-ни бастауларына қайта оралу арқылы өзімізді өзіміз терең түсіне бастаймыз, қазақ руханияты мен қазақ дүниетанымының, қазақ және түркі философиясының терең сырларын ашамыз.

Шынтуайтына келгенде түркі бабаларымыздың даналыққа толы құштарлығы мен тұжырымдары тек қана қазақ халқы үшін ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл түркі әлеміне, одан кеңірек алсақ адамзат баласына рухани бағдар болып табы-лады. Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Абайдың кісілік фило-

Page 264: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

264

софиясы, Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген, өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде ала қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен, халықтың діни сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өзара астарласу мәселесі өзінің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті мәселелердің қатарына жатады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айрықша ұстындарға негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол даналықты жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ халқының даналық тағылымдары, руханият әлемі аталған тари-хи үлгіні, ерекше мәдени парадигманы рухани сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей мәдениет.

Ал қазіргі кезеңде жаһандану үдерістері алып келген сұрықсыздық, тұтынушылық пси хологиясы мен дарашылдық, өзімшілдік философиясы қазіргі замандасымыздың сана сына енбей қоймайды. Міне, сондықтан бұрынғы кісілікті, ізгілікті, қайырымдылықты, құтты бәрінен жоғары қоятын халықтың са-насы өзгерістерге, яғни трансформацияға ұшырауда. Сөйтіп, жаңа тұрпайы материалистік, прагматистік, тіпті, утилитарлық сипаттағы құндылықтар жүйесі қоғамдық санада беки түсуде. Мұндай теріс мағынадағы үдерістер Жер бетіндегі барлық халықтардың тағдырына қатысты екені байқалады. Қазақтар сол тұтастықтың бір бөлігі. Осыған орай қазақ халқының тағдыры абстрактілі мәселе емес, ол сол халықтың әрбір өкілінің бақытты өмірімен, дүниетанымымен астасып жататынын айтуға бола-ды. Ал әрбір тұлға бақытты болуы үшін халықтың ғасырлар бойы қордаланған даналыққа толы рухани байлығын игеруі тиіс және әлеуметтің әрбір ғылыми мәселесін жан-жақты зерделеу әріптестеріміздің қасиетті парызы.

Жалпы философияның өзі адамдардың еркін ойлау мәде-ниетін қалыптастыруға бағытталған ілім. Оның құрылымынан догмалық түрде қатып қалған көзқарастарды, түсініктерді іздеу жаңсақтық. Ол үнемі ағып жатқан өзендей түрленіп жаңғырып отыруы тиіс. Тек тоталитарлық қоғамда ғана философияның аясы тарылып, белгілі бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен шектеліп отырылды. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап ұғымдар бар екені белгілі. Мәселен, қазақтың дүниетанымдық әлемі этикалық ұстындарды,

Page 265: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

265 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

негізінен, адамаралық қатынастарда өзектеп, биікке шығарып, оны барлық бағдарлардан жоғары қоятындығы анық көрсетіледі және осы ұстаным зерттеудің басымдылық та нытатын әдіснамалық қағидасына айналған.

Әрбір этникалық мәдениет қазіргі кезеңде өзінің төлтумалық мәдениетін сақтау үшін ұлттық бірегейлігін, даралығын білдіретін құндылықтар жүйесіне көңіл аударуда, сондықтан оны сақтауға, әрі қарай дамытуға жанта ласуда. Шығыстық ділге сәйкес келетін ерекшеліктер мен батыстық өркениеттік сипаттардың жетістіктерін синтездеу арқылы еліміздің өзгешелігіне сай келетін ұлттық идеяны, құндылықтық бағдарды анықтау мәселесі тұр. Бұл мақсатқа қоғамды іштей біріктіру, топтастыру, ешкімді көзқарасына қарап алаламау, сөйтіп, әрбір адамның әлемдегі өзіндік құндылығын бағалау, асқақтату сияқты теориялық іргетастарға әлеуметтік қатынастар негізделген жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан өзінің болашағын анықтау үстінде, сонымен бірге әрбір қазақстандықтың көңілінде жатқан көптеген сұрақтардың шешімі табыла бастауы мүмкін. Ал, енді эконо-миканы, әлеуметтік мәселелерді бір жүйеге келтіру арқылы қоғамға тиімді рухани құндылықтар жүйесін қалыптастыруға болады деген үстірт пікір бар. Себебі руханилықтың қалыптасуы күрделі үдеріс және ол тұлғаға әлеуметтік қолайылықтан туын-дамайды. Керісінше, ол қиындықты адамдар жұмыла отырып бірге жеңе білуге үйрену, ешкімді шыққан тегі мен түр-түсіне, өмір сүру салтына қарамай шеттетпеуден басталады. Ал, биік деңгейдегі руханилық орныға бастаған қоғамда құндылықтар әлемі өзінің нағыз шынайы бейнесінде, өз формасында болмы сын көрсетеді және адам үшін қызмет етеді, жеке тұлғаны бұл өмірде бақыттылыққа жеткізеді. Қазақ ойшылдарының шығармашылы-ғында осын дай бағыттағы даналық үлгілері көптеп кездеседі.

Тарихи үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, руха-ни сабақтастыққа, ынтымақтастыққа негіз болатын рухани құндылықтар еркіндік пен шығармашылықтың, қайырымдылық пен ізгіліктің арқасында қалыптасады және да миды. Адамның әлемге қатынасын айқындаушы факторлар Ақиқаттың заңды-лығымен, оның үйлесімділікке толы ұстанымдарымен аста-сып жа тады. Ал енді бір кезеңдерде өткен көшпелі мәдениетке сай құндылықтар жүйесі өзінің ділінде адамның табиғатпен

Page 266: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

266

үйлесімділігін дәріптеумен ерекшеленеді. Дәстүрлі қоғамның ру-хани құндылықтары көбінесе адамды тұрақтылыққа, әсемдікке жетелейді, оның бойындағы бояу лар нәзік лирика мен көмкерілген, тех-ногендік прагматизмнен, утилитаризм нен алыстау бо лып келеді. Сондықтан қазіргі заманның өркениетті бағдарлары, нанотехнологияға бетбұрған постиндустриалдық дамуы дәстүрлі қоғамның ру хани байлығын тұтастай жоққа шығармауы тиіс, оны тиісті жерінде бейімдеп пайда лана білгені жөн.

Тәуелсіз мемлекет, асылы, айқын мәде ни және рухани-адамгершілік бағ дарсыз ойдағыдай дамымайды. Өт кен нің барлығы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне ұлт сана-сында ертегі-аңыз, эпос халықтың филосо фия лық пайымдау жүйесінің өзегі болып, тарихтың қатпар-қатпар қой нау ында жи нала бермекші. Егер Қазақстанға жағырапиялық және әлеу-меттік-мәдени шолу жасасақ, біздің еліміз Батыс пен Шығыс және ежелгі өркениетті Қытай дың қақ ортасында орналасқан. Бұл фактор қазақ халқының кешегі, бүгінгі және болашақтағы рухани болмысына және дүниетанымына әсерін тигізбей қой-майды. Ендеше біз үшін мәдениет тің экономика мен саясатқа қарағанда артықшылығы басымырақ. Дәстүрлі қазақ қоғамын осындай өркениеттік бағытта зерттеу қомақты философия лық нәтижелерге жетектейді.

Тәуелсіз елдің рухани ахуалына сәйкес философия өз маз-мұ ны мен келбетін өзгерту үстінде, ғы лы ми ізденістердің жаңа дүние та нымдық бағдарлары анықталып, басым бағыт та ры айшықталуда. XX ға сырдағы адам ойлауын Шығыс мәдениетіне сай ло гика ұғымдарымен тү сіндіруге болады. Егер еуропалық ойлау XXІ ғасырдың қарсаңында іс-әрекет логикасына айналып отырса, Шығыс мәдениеті адамның дүниеге тұтастанған қатынасы логи ка сына арқа сүйейді.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдай ын да қалыптасып келе жатқан жаңа өзара түсінісу философиясы көпэтносты қоғамның рухани келісімінің негізі болып табылады. Қазақ философи-ясы өз бойына әлемдік мәдениеттің, ғылым мен техниканың жетістіктерін жинақ тап, жалпыадамзат рухының логи ка сын танытатын құбылысқа айналғаны абзал. Сонда ғана қазақтың ұлттық филосо фия сы мен әлемдік философия арасын да байла-ныс орнап, зерттеу кең қанат жайып, адам санасы мен рухындағы терең астарлар ай шықтана түседі.

Page 267: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

267 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Міне, осы әлемдік философия тұр ғы сынан қазақтың ұлттық рухы, әлем образы мен ділінің қа лып та суы және даму тарихы тұжырым далады. Басқаша айтқанда, қазақ ға рышында, оның ұлы даласында қа лыптасқан ойы әлемдік философия та рихының құрам дас бөлігіне айнал ды. Ал бұл тарихтың субъ-ектілері бо-лып қазақтың дана хандары, билері, жыраулары, ақындары, ағар-тушылары мен ғалымдары, ойшылдары есепте леді. Осы мағынада түсінілген тәуелсіз Қазақстанның философиясы еркіндік пен әмбебаптық деңгейге ие болып, адам рухының кез келген биік көрініс терін байқатып, адамдардың болмы сын біріктіруші руха-ни негізге айнала бастайды.

Кеңестік дәуірден кейінгі уа қыт та қазақ және түркі фило-софиясы ара сындағы байла нысты тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Соны мен қатар XX ғасырда кең дами бастаған жаңа философиялық ойлау типтерін игеру маңызды болып отыр. Өйткені оларда демократия лық мәдениеттің, азаматтық қоғам-ның қалыптасуы, тоталитарлық ой лаудың түбірінен өзгеруі, рацио нал дықтың жаңа мо делі көрсетілген. Бұл тәжірибе біздің ұлттық ерек ше лі гімізді ескере оты рып, ұлттық фи лософиямыз бен мәде ниетімізді ата ме кенде өркендету ге теориялық кө мек береді, басқа мәдени кеңістік тер мен бірлікте болуға ықпал етеді.

3.4 Қазақ философиясы – рухани жаңғыру негізі

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгенен кейінгі идеологиялық тұрғыдағы маңызды сәттер, ұлттың өзіндік санасы қалыптастыратын дәстүрлі құндылықтық-мағыналық бағыттарды және жалпы мәдени негізі халықтың рухани мұрасын қайта қарастыру болып табылады. Бүкіл әлемді қамтып отырған жаһандану заманында ұлттық бірегейлену мен өзіндік бірегейленуді іздестіруде, тәуелсіздік кезеңдегі философияны зерттеу қазіргі қазақстандық қоғамның жағдайында жалпыәлемдік мәнмәтіндермен сұхбаттасатын мәдениет болғандықтан, қазақтың философиялық мәдени әлемін жаңаша тұрғыдан қарастырып ашу қажеттілігі кезек күттірмейтін маңызға ие болып отыр.

Қазақ философиясы тарихта үнемі даму үстінде болды: өзгерген әлеуметтік-мәдени мәнмәтіндермен қоса, философиялық ойлар да өз заманының көкейкесті мәселелері мен сын-қатерлеріне байланысты үздіксіз эволюцияланып, дамып өзгерді.

Page 268: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

268

Қазақ ойшылдары шығармашылығының қалыптасуы мен дамуының барлық басты кезеңдері, философтарды өз халқының тағдырын жақсартуға үміттендірген жаңа маңызды идеяларды қалыптастырумен байланысты болды.

Қазақ ойшылдары күрделі экзистенциалды, кейде тіпті ұлттық дәстүрлердің мәнмәтінінде ғана маңызды болып қалмай, оның шегінен асып, әлемдік философиялық ойдың асыл қазынасын толықтыратын, жауабы бірден табыла қоймайтын мәселелерді тұжырымдады. Кез келген ұлттық философия сияқты қазақ фи-лософиясы да өзіне тән ұлттық сипатты қалыптастырды. Мәселе қойылған сұақтарға бірден берілетін жауаптарында емес, өйткені ғылыми жауап барлық халықтар мен тілдер үшін – біреу, сол сұрақтарды іріктеп, маңыздандыруында, күн тәртібіне қоюында.

Тәуелсіз мемлекеттің дамуы жағдайында философиялық зерттеулердің ауқымы мен көкжиегі кеңейіп, философиялық ізденістердің бағыты алуан түрлі және көпвекторлы болып, қазақ философиялық ойының рухани бастаулары болған түркі филосо-фиясы зерттеле бастады. Біздің ойымызша, түркі философиясы – әлемдік философиялық ойдың жарқын қайталанбас құбылысы екені анық.

Түркі философиясының бір тармағы ретінде қазақ халқының философиялық мұраларын қарастыра отырып, болмысты жал-пылама пайымдауда Рудаки, Сағди, Хафиз және басқалар жасаған парсы тілді поэзияның атақты философиялық-лирикалық дәстүрілерінен кем еместігін, алайда сонымен қатар жарқын әлеуметтік бағытымен ерекшеленетіндігін байқауға болады.

Қазақ философиясын кезінде неге өмір сүру құқынан айы-рып келді? Өйткені, философия мен ғылымды жақындастыратын еуропалық үлгі жетекші бағыт ретінде қабылданған еді. Философияның тарихи бір түрі ғана барлығынан ерекшеленіп, осындай философияның толық құқылы өкілі болып шыға келді. Егер философияны тек рационалды-логикалық білімнің ерекше түрінде ғана емес, байырғы өзінің мағынасында, барлық ойлау түрлерінде көрінетін атап айтқанда – «даналықты сүю, өзін-өзі тану және өмірді ұғынуда» деп түсінетін болсақ, онда Қорқыт Ата, Асан қайғы және көптеген ақын-жырауларды Шоқан Уәлихановтың ізімен «көшпелілер философтары» деп атауға толықтай құқымыз бар.

Page 269: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

269 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Көшпелі жағдайдағы әлемді қабылдаудың философиялық үлгілерінің даму мәселесі, үңіле қарастыруды, жете түсінуді қажет етеді. Философия өз алдына теориялық білім және ойлау дәстүрі ретінде, кез келген өркениетте, яғни ол отырықшы немесе көшпелі болмасын, кенеттен пайда болып, дамымайды. Ежелден философиялық білімдердің дамуына мөлтектей ғана үлес қосқан отырықшы халықтар аз ба? Сонымен қатар отырықшы өмір сал-ты философияның үздіксіз дамуының кепілі ме, ал көшпелі өмір салты керісінше оны тұтастай теріске шығара ма? «Философия қоғамдық сананың формасы ретінде көшпелі өркениетке тән емес» дейтін идея теріс деп ойлаймыз. Өйткені философиялық тұрғыдан әлемді қабылдау дәстүрлі емес тәсілдермен көрінуі мүмкін. Адамдар санасында әртүрлі қабаттар мен деңгейлер өріліп жатады, ал шындықты философиялық пайымдау жасы-рын, айталық діни-философиялық, көркем-философиялық түрде дамуы мүмкін.

Тарихта философияның тек ғылыммен ғана емес, поэзиямен, фольклормен, халық даналығымен жақын болған көптеген түрлері мәлім. Қазақ философиясы – әлем мен өмірді ерекше поэтикалық қабылдау мен сезінуі арқылы, өзінің ғажайып ғаламын жасаған далалық мәдениеттің өзіндік санасы. Шығыс философиясы, соның ішінде қазақ философиялық ойы, батыс философиясына кереғар, қарама-қарсылық түрінде қарастырылмауы тиіс. Қазақ халқының рухани мәдениеті әлемдік рухани мәдениет тарихында жалпы мен жалқының диалектикасының көрінуі болып табылады.

Үстіміздегі жылы Қазақстанда «Алашорда» партиясының құрылғанына 100 жыл толуы мемлекеттік деңгейде атап өтілуде. «Алаш» көшбасшыларының: Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың рухани мұралары – бұл қазақ философиялық ойының қалыптасуының түйінді шағы. Еркіндік идеясы – Алашорда ойшылдарының гуманистік көзқарастарының негізгі идеясы. Олардың түсінігінде еркіндік – серпілу, ұмтылушылық. Еркіндікті олар алдағы мұраттар үшін, шындық үшін күресуге қабілеттілік, өз болмысына өзін қарсы қоюға бейімділік деп түсінді, бұл тек бүгінгі таңда ғана өзінің тиісті бағасын алатын қадамдар еді. Негізінде олардың өз заманын-да анықтап кеткен және жүз жыл бұрын-ақ жету үшін күрескен мәселелерді бүгінгі таңда шешімін табуға қадамдар жасалуда.

Page 270: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

270

Біздің ойымызша, тамырын өте ерте замандарға жайған өз философиялық бастауларына деген қызығушылықтың оянуы, халықтың ұлттық өзіндік санасының өсуіне ықпал етіп, оның рухани жаңғыруына және ұлттық бірегейленуін нығайтады. Қазақ философтарының ұлттың жұмылдырылуы, бірігуі және толыққанды жетілуі, бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың күш-қуатының ішкі тетіктерін жетілдіру қажеттігі жайлы идеяла-ры қазіргі кезде Қазақстандағы барлық гуманитарлық білім дамуының бағдарына айналған Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының идеологиялық бағыттарымен терең үндес [1].

Н.Ә. Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында жазған өнегелілік мәлелелеріне жүгіну, оларды этикалық тұрғыдан пайымдау және қазақ халқының руханилығын қайта жандан-дыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстанда тәуелсіздік таңы атысымен жаңа құндылықтар жүйесі қалыптаса бастады және қоғамдық сана социализм құндылықтарынан нарық пен демократияның құндылықтық бағдарларына қарай эволюци-яланды.

Бұндай жауапты кезеңнің байыпты іргелі негізсіз мүмкін еместігі түсінікті. Басқа елдердің тәжірибелері көрсеткендей, жаңғырту идеологиясының жетешкі идеясына, ұлтты өркендетуде жұмыла қолға алатын әлемдік қауымдастықтың жетістіктерін шығармашылықпен үндесуін қамтамасыз ететін ұлттық ізгі қасиеттерді барынша пайдалану жатады. Жаңғыру үдерісінің маңызды белгілері – қажырлы еңбек, ынтымақтастық, төзімділік пен шыдамдылық. Егер жаңғыртудың мақсаты пен міндеттері, идеологиясы мен стратегиясы осы соцуиумның өмір сүруінің ерекше тәсілдерімен байланысқан ұлттық менталитетке, нақты мәдениеттің негіздері мен логикасын, шығармашылық бастау-ларын тануға сүйенген жағдайда, қоғамдағы қайта құрулардың болашағы зор және табысты болуы мүмкін. Қазақ мәдениетін жаңғырту үдерісі өзінің бай рухани мазмұнымен және ғажайып этикалық, эстетикалық ерекшелігімен, ғасырлар мен мәдениеттер сұхбатына, сондай-ақ жедел дамып бара жатқан әлемге өзінің қызықты тақырыптарын енгізуге тиіс.

Тәуелсіз дамудың жиырма бес жылдан астам уақыты көрсетіп отырғандай, рухани мәдениетсіз, ізгі құндылықтарсыз материалдық игіліктерге жету жолы жемісті болуы екі та-

Page 271: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

271 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

лай, өйткені кейде прагматизм мен қол жеткізген табыстар руханилықтан алшақ құндылықтарды таратады. Тек Қазақстан ғана емес, көптеген басқа елдер де, әсіресе өтпелі кезеңдерінде қазіргі кезеңде алға қойылып отырған жаңа талаптар негізінде өз тарихына, мәдениетіне, этикалық құндылықтары мен дәстүрлеріне оралатынын әлемдік тәжірибе айғақтайды. Елімізде жаңару жүріп жатқан кезде, кейбір нәрселер өзінің күшін жой-ып, ал кейбіреулері қайта жанданып, алға ұмтылуда, сондықтан бізге қазақ халқының барлық рухани мәдениетінің тарихын толыққанды зерттеуді қолға алу қажеттілігі артып отыр.

Ж.М. Әбділдин қазақтар мен қазақстандықтардың өзіндік санасының қалыптасуы жайында: «өткен заман ойшылдарының шығармашылығына арналған зерттеу жұмыстары көбейген кез-де, біз оларға мүлдем басқа жағынан қараймыз, олардың ұлттық рухани мәдениетке қосқан үлесін, бұрынғы тоталитарлық жүйе әмір еткеннен басқа өлшемдермен пайымдаймыз. Егер бұл жерде жалпыадамзаттық құндылықтарға құрметпен қарайтын болсақ, қазақтар мен қазақстандықтардың өзіндік санасын жетілдіру үшін зор маңызды болып отырған тоталитарлық идеологиямен таңылған үлгілер мен таптаурындардан арыламыз», – деп өте дұрыс атап көрсетеді [2, 27 б.].

Қазақстандық зиялы қауымның көпшілік бөлігі үшін, өтпелі «ғасырлар тоғысы» кезеңі жаңа рухани ізденістерге жетеледі. Құндылықтарды қайта бағалаудың уақыты келді. Зерттеушілер елдің рухани ахуалында қарама-қайшылықты жағдаяттарды анықтаумен айналысып, осы кейбір ауыртпашылықтарды үдерісті құндылықтардың «құлдырауы» деп атады. Бұл кезеңге тән ерекшелік өзгеше әлеуметтік-экономикалық парадигмаға өту, бұрын қатты сынға ұшыраған ұстанымдар мен бағыттарға нұсқаулар – осылардың барлығы Қазақстандағы қоғамдық көңіл-күйде көрініс береді. Тәуелсіздік алғашқы жылдары зиялы қауым өздерінің әдеттенген мәдени және саяси бағыттарынан ажы-рай бастады. Негізгі кілтипан сыртта емес, өзіміздің ішімізде, ішкі проблемаларды шешіп қана сыртқы құлдықтан құтылуға болатындығы мәлім болды.

Рухани жаңғыру мәселесін осындай тұрғыдан түсінуге сәйкес, басқа сөзбен айтқанда қазіргі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстан басынан өткеріп отырған рухани ренессанс бұл жай ғана заңды қажеттілік емес, атқарылуға тиіс адамгершілікті міндет, сондықтан мәселе

Page 272: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

272

адамгершіліктік ниеттер мен ізденістерге қарай ойысады. Жаңа дүниетанымның негізгі түйіні Республиканың қоғамдық өмірін көмкеріп отырған рухани жаңару мен жаңғыру жолындағы адамгершілік мұраттарды іздеу болып табылады.

Бүгінгі таңда, қазақ мәдениеті өзінің тарихында тәуелсіздік жылдары өзінің рухани қадамдарымен, ізденіс құштарлығымен, Қазақстанның тәуелсіз дамуы кезеңінде қол жеткізген жемістерімен, рухани байлығымен үлкен қадам жасады және онымен алға басқанымызды сеніммен айта аламыз. Тәуелсіздік Қазақстанның жетістіктері тек сыртқы тағдырына, оның мемлекеттік болмысына және экономикалық әл-ауқатына ғана емес, оның рухани келбетіне, оның әлемдік тарихтағы маңызы мен мойындалуында шешуші рөл атқарды.

Егеменділікке қол жеткізіп, нығайтумен байланысты Қазақстандағы рухани ахуал философияның алдына күрделі де қиын міндеттерді жаңа әлеуметтік шындықты, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен қайшылықтарын, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа бірігуінің мәдени-тарихи алғышарттарын тереңірек зерделеуді қойып отыр. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани жаңғыруын біртұтас және тереңдей талдау-ды жүзеге асыру мәселесі тікелей қойылуда. Ә.Н. Нысанбаев: «фи-лософтар экологиялық тұрақсыздықтан Қазақстанның тұрақты дамуына қарай өтуі, жаһандық экологиялық мәселелерді адам руханилығын жоғарылату арқылы, халықтың ұлттық мәдениеті аясында адам экологиясы философиясын зерттеу мәселесін қарастырулары керек», – деп атап көрсетеді. Өйткені экология, экономика мен саясат өзара байланысты салалар екені анық [3, 183 б.].

Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық философияның қазіргі жағдайын көптеген этикалық идеяларды тұтастанған сипат-та, өзара байланысқан, эволюцияланған этикалық құбылыстар ретінде қарастырылып жатқанда қазақ философиясын эволюциялық тұрғыдан пайымдау маңызды да құнды болып та-былады. Ескірген, мезгілі өткен ұғымдар ақырындап жойылуда, сонымен қатар егеменді Қазақстанның рухани жаңғыруының жаңа тарихи мәнмәтініндегі жаңа өркениеттік мазмұнымен байытылған жаңа философиялық тақырыптар мен идеялар көрініс табуда. Соның қатарында тәуелсіздік философиясын атауға болады.

Кез келген философиялық ой, бірішіден өмір қайшылық-тарымен байланысты, анығында, нақ осы қайшылықтардың ұрығы

Page 273: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

273 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

жаңа идеялық ағымдар мен бағыттарды өсіріп шығаратынын ерек-ше атап өткен жөн. Қазақ тарихының тағдыршешті кезеңдерін бір мезетте мәдениет түзеуші кезең деп те атауға болады. Әрқашанда қазақтардың философиялық ойының өзегі мен мәні болған эти-ка, мүлдем аман-саулықты бейнелеп көрсетпейді, әсіресе тағдыр тәлкегіне ұшырағанда, «бар немесе жоқ болу» мәселесі тұрған кез-де, және жеке адамның адамшылығының өлшемдерін қай жерде бағалау мүмкін деген замандастарын толғандыратын мәселелерді ашып көрсетеді. Нақ осы уақыттарда тарихи алаңда ірі ойшылдар мен философтар бой көрсетеді, өйткені осы сұрақтарға тек қана солар ғана толымды жауап беруге қабілетті.

Қазақтардың поэтикалық философиялық ой кешу эволюциясының орамы «Зар-заман» ойшылдарының кезеңінде, қазақ халқының жер бетінде болу мен болмауы жайлы осы гамлеттік өткір сұрақ тұрған шақтарда жасалғанын қазақ ойының тарихын талдаулар көрсетеді. Дулат, Шортанбай және Мұрат ақындардың философиялық мұраларының негізгі идея-лары мен өзекті ойлары тәуелсіздік идеясы астасып жатыр және қазақтардың ұлттық мүдделерін агрессияшыл отарлық саясаттың бүлдіргіш күштерінен қорғап сақтап қалу еді.

Қазақ этикалық ойын әрі қарай дамытып, елеулі үлес қосқан Бұқар жыраудың этикалық сүбелі философиялық пайымдаула-ры жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болып, қазақтарды біріктіруге талпындырып, жоңғарларды жеңуге күш-қайрат берді. Қоғамдық және саяси өмірдегі өзгерістер сол кезеңдегі қазақ философиялық ойының идеялық бағытына зор әсер етті. Де-генмен философия мен шындықтың байланысын диалектикалық тұрғыдан түсіну қажет ой әлеуметтік өмірдегі қозғалыстар үдерісінен туындайды, бірақ оларды көшірмейді, өзінде барлық құнды және тұрақты болғандарын жинақтайды.

Қазақ ағартушылары – Шоқан, Абай және Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын эволюциялық тәсіл тұрғысынан қарастыра келе, қазақ ойшылдары өздерінің прогресс, ағартушылық, еңбек, жақсылық, мейірімділік және ар-ұят туралы ойларын қазақтардың Ресей империясының қозғалыс орбитасы-на еніп басыбайлы болған шақтарында айтқандығын атап өтуге болады. Сонымен халық ретінде өмір сүріп дамығысы келетін қазақтар үшін болашаққа шығатын бір ғана жол – еуропалықтар мен орыстардың өмір сүру үлгісін меңгеру, басқа халықтардың

Page 274: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

274

білетіндерінен үйрену, олардың тілдерін білу, олардың өнері мен шеберліктерін игеру, яғни бәсекеге қабілетті болуды үйрену, осы жайлы біздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарба-ев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқын көрсетіп береді [1].

Қазақтың ойлау дәстүрінің квинтэссенциясы және жоғары шыңы болған ойшылдардың бүкіл философиялық және этикалық көзқарастарында нақ осы сияқты ойлар өзектелген. Заманауи қазақстандық философтар, солардың ішінде Ж.М. Әбділдин қазақтың қоғамдық ойын әлемдік рухани ой тарихының бөлігі ретінде бағалай отырып, егеменді Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақтың ұлы ойшылдарының философиялық идеяларының маңызы мен рөлін анық көрсетеді: «Бүгін, біз тәуелсіз мемлекет орната отырып рухани мәдениетімізді, саяси ойлары-мызды дамытуда, солардан белгілі бір пайда табамыз» [4, с. 39].

Қазақ философиялық ойы көптеген ғасырлар бойғы дамуын-да түркі, араб, қытай, орыс сияқты әлемдік философиялық ойдың ықпалын сезініп қана қоймай, ірі тарихи қозғалыстармен де тығыз байланыста болды. «Біз қазақ ойының эволюциясы туралы сөз қозғағанда, – деп жазды Ж.М. Әбділдин, – бәрінен бұрын, бір жағынан, неге біз сол уақыттарда сол немесе басқа мәселелерге назар аудармадық. Екіншіден, қоғамдық-тарихи уақытқа байла-нысты қазақ ойшылдары қандай тағдыршешті идеялар айтты» [4, с. 38].

Белгілі ғалымның көзқарсымен келісе отырып, алашордашыл-ойшылдардың философиялық шығарамашылықтарына қайта оралайық. ХХ ғасырдың басында қазақ ойы үлкен эволюцияны басынан өткергенін, Алаштың дарынды қайраткерлері халықты құтқару білім мен ағартушылық жолы ғана емес, ұлттық азаттық пен өзін-өзі анықтауында деп жария еткендігін атап өтеміз. «Ала-шорда» көшбасшылары қазақтар өздерінің нағыз тарихын тек тәуелсіз халық болғанда ғана жасай алатындығына зор сенімде болды. ХХ ғасырдың басындағы дарынды қазақ ойшылдары ең ба-стысы: қоғам ойына белсенділік, іс-әрекет және еркіндік идеясын енгізіп түбегейлі өзгертті.

Біздің ойымызша, мәселе қазіргі адамдарда үздіксіз рухани-адамгершілікті даму бағытының жоқ екендігінде болса керек. Бүгінгі таңда бүкіл әлемді жайлаған жаһандану жағдайында, нарықтың берекесіздігі жалпылама заттық қатынастарға,

Page 275: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

275 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

әсерлер мен уәждердің бірегейленуі мен жұтаңдануына әкелген кезде, адам өміріндегі шығармашылық бастаулар азаяды. «Бірегейлендірілген, бір мәнді, бір полюсті адам ыңғайлы бо-луы мүмкін, бірақ роботтан артық емес. Заманауи өркениет абстрактілі бірегейленуге соқтыруға тиіс емес. Бұл жағдайда ол зор регресс, артқа шегіну... Бірігуге ұмтылу қажет, басқалардың тәжірибелерін, технологиясын, білімін үйрену, бәсекеге қабілетті болу керек – бірақ ешқашан өзіңнің кім екеніңді ұмытпа», – деп Ж.М. Әбділдин дұрыс атап көрсетеді [4, 41 б.].

Шынымен де, кез келген бірегейлену қауіпті, өйткені ол бұрмалайды, шын мәнінде дамуға әлеуетті ұлттық мәдениеттердің әртүрлілігін жояды.

Қазақстандық қоғамның қалыптасуы жылдарында қазақстан-дықтардың өмірлік және құндылықтық бағыттарында белгілі тұрлаусыздық пайда болды. Тіптен, кейде адамдар ертеңгі күнге деген сенімнің азайып бара жатқандығын сезінді.

Бұл жағдайда дұрысында қазақ философиялық ойының этикалық идеялары болып табылатын жалпыұлттық идеяның рөлін асыра бағалау қиын.

Әңгіме мынада, егер жалпыұлттық идея адамдар санасында қалыптасып, іс жүзіне асырыла бастаса, онда ол көрсетілген мақсат пен құндылықтардың тұрлаусыздығын жоя алады, сондай-ақ біртұтас қоғамдық сананың қалыптасуына мүмкіндік тудырады.

Әлемдік тәжірибе көсеткендей, қандай да бір елдің алдында оның дамуының жаңа кезеңін жүзеге асыру үшін: барлық үлгідегі көріністердегі саяси, экономикалық, мәдени, рухани, өнегелілік күштерін шоғырландыру міндеті тұрған болса, ұлттық идея сон-да пайда болады. Ұлттық идея этностық, мәдени, дүниетанымдық факторлардың текетірестерінің алаңына айналмауы керек, өйткені бұл идея тек біріктіреді, ынтымақтастырады, егер ол бұндай мақсаттарға қызмет етпесе, онда ол басқа идея.

Біздің көзқарасымыз бойынша қазақ философиясы тари-хында ұлттық идеяның терең негіздері қаланған. Профессор Н.Р. Мұсаеваның: «қазақ философиясының тұңғиығына бойлаған сай-ын, оның інжу-маржанын үлкен табандылықпен көрсетіп, аса бір ерекше ілтипатпен тере бастаған сайын қазақ феномені өзінің табиғи, тарихи, тылсым қасиеттерін аша түсіп, өзінің рухани биіктігін, ірілігін, тереңдігін байқата түсетіні анық», – деген ойла-рымен біз толық келісеміз [6, 3 б.].

Page 276: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

276

Шынымен де, қазақтың рухани мұрасының бай інжу-маржаны мен этикалық мазмұндағы философиялық ойы, қазақ халқының әлемдік тарихта бүтін құбылыс болып қалыптасуына жағдай туғызды. Қазақ қоғамының сапалық ерекшелігі, мұнда қоғамның басқа шындықтарымен салыстырғанда өмірдің құндылықтық-адамгершіліктік жақтары зор маңызға ие. Бұл қазақ қоғамында этикалық компоненттің күнделікті өмір шындығымен өрілгендігін тағы қайталап көрсетеді.

Біздің ойымызша, ұлттық идеяны сол ұлттың әлемдік дамуға қосуға тиіс үлесіне қарап анықтаса болады. Ұлттық идеяның мазмұны адам мәні мен руханилығын көрсетуі қажет. Егер ұлттық идея жалпы қалыптасып, табысты өмір сүрсе, онда оның өзегі адамшылық болуға тиіс.

Біздің пікіріміз бойынша, мәселені осындай қырынан түсінетін болсақ, кімнің адамгершілік қағидаты «Адам бол!» оның дүниетанымдық бағдарлары адам болмысының іргелі негізіне көзделгенін білдірсе, онда егеменді Қазақстан үшін тиімді ұлттық идея Абайдың этикалық мұралары болар еді. Жетілдіру мен дамуға үндеген Абайдың жалынды ұраны, адамгершілік қатынастар аясындағы зерденің маңызын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені ол адамдар қатынасының адамнан адамға қарайғы сыртқы бағыты жағынан ғана емес, адамның өз-өзіне іштей бағытталуы тұрғысынан сипаттайды.

Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының жаңа тарихи аясында Абайдың этикалық идеялары эволюциялық айналымға түсіп, жаңа мазмұнмен толығып, олардың жаңа қырлары мен көріністері пайда болуда. Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпағының талап-тілегіне сай болған, адам жа-нын, қазақ жанын не қалыптастыратыны жайлы поэтикалық, философиялық тұрғыдан жеткізе алған ұлы қазақ ойшылының ұлылығы мен құпияысы осында болса керек.

Абайдың ашық, түсінікті және мінберден айтылған этикалық идеялары әлеуметтік мәселелермен шендесіп жатуымен си-патталады. Оның мейірімділік, еңбек және адамгершілік тура-лы ой-толғаулары бүгінгі таңда да өте өзекті. Абай болашақпен өмір сүрді, ертеңге көз жүгірте білді. Ол – біздің замандасы-мыз, болашақ ұрпақтың замандасы деуге болады. Ойшыл нағыз даналықты көрсетті – күнделікті күйбең тіршіліктен жоғары бо-

Page 277: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

277 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

луды, өз заманын, өз халқын жоғарыдан шола білді. Өз халқының көкейкесті мәселелерін тереңнен түйсінді.

Абай сахараға адам болмысының негізі ретіндегі білім қағидатын енгізді, оны даму қағидатымен байланыстырды. Ол өз халқының жалқаулық пен надандықтан арылуымен қоса, әлемдік мәдениеттің қазыналарын игеруін де қалады. Ол ақылды дәріптей отырып, жаңа құндылықтық бағдарлар, өмірдің мәнін, адам бақытын жаңаша түсінуді қалыптастырды. Адамның басты ұстанымын Абай – оның гумандылығы, рақымдылығы, достығы, сүйіспеншілігі деп білді. Сезім жаман мен жақсыны айыруға, ізгілікті бастамаларды нұсқау етіп қолдануға мүмкіндік береді. Білім, ақыл және сезімнің өзара қатынасынан, білім мен сезімнің, ақылдың байланысы жайлы, адам мәнінің тұтастығы жөнінде қорытынды шығады.

Абайда да, Шәкәрімде де сөзге қарағанда ой басым, ол құдай берген шабытпен, құштарлықпен нақты әлемді баяндайды. Оның шығармашылығындағы, философиясындағы бейнелер көзге көрінетіндей әсер қалдырады. Бұл ретте нақтылық, логикалық иррационалдылық және мистика сарындарымен үйлесім та-бады. Абай – нағыз дана, өйткені ол жай ақылмен ойламайды, дананың мұраттарын іс жүзіне асыруға талпынады. Абай білімнен адамгершілікті ажыратпайды, оның адамгершілік ілімінің шаттығы осында. Ол үшін парасатты мінез-құлық – өнегелі мінез-құлық.

Абай көбінесе этноқұрушы, этнобіріктіруші тұлға. Оның рөлі әсіресе ұлттың рухани кодын қалыптастыруда ерекше көрінеді. Сондықтан біздің көзқарасымызда, Абай өз ұрпақтарын толық жетілдіруді қалаған болса, оған таңқалуға болмайды. Оның мұраларының аса құндылығы барлық жерде және қашанда сұраныста болғанында болса керек. Шындығында Абай – барлық тарихи кезеңдердің әмбебап адамы.

Абайдың ойлары мен идеялары өзінің ұстазынан он үш жыл жыл кейін дүниеге келіп, тағдыры қиын-қыстау замандарға тап келген Шәкәрімнің шығармашылық мұрасында әрі қарай дамы-тылып, дәлелденді. Егер Абай өмір сүрген кезеңдерде орныққан қатынастар мен мемлекеттік үкіметтің аппараты жұмыс істеп тұрса, өкінішке орай Қазақстан өзінің тәуелсіздігінен айрылып, шеткергі отар аймаққа айналса, Шәкәрімнің өмір сүрген кезеңі ХХ ғасырдың басына тап келді. Бұл кез ескі жүйенің құлап, әлі жаңа

Page 278: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

278

билік орнықпаған, халықта бір ғана міндет өзекті еді – ол тірі қалу болды. Және бұны әркім өз бетінше, әлі келгенше жасады.

Бүгінде Шәкәрім мен оның шығармашылығы ұзақ күткен тәуелсіздігін алған және қазақ философының мұрасына қолы жеткен халықтың рухани игілігі. Шәкәрім өзінің өмір сүрген қоғамында ол өзінің керексіздігін біліп, сезді, сондықтан да өзіне лақап ат «Мұтылған» деп алды. Бұл өмірде өзіне-өзі орын тап-пай жүргендердің не жақындары, не туғандары жоқ, бір сөзбен айтқанда жетім адам. Халық өзінің еркіндігінен, халық деген аты-нан айрылыған кезде, ақын және оның шығармашылығы, шыны-менде ұмытылады. Алайда басқа замандар келер, еркіндігі мен тәуелсіздігіне қолы жеткен халық ұмытылған есімдерді еске алып, қайтарады.

Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанның алдынан жаңа кеңістіктер ашылып, өз болашағын өзі жасап, өз тағдырын өзі анықтап, өмірлерін мемлекеттің ұлттық мүдделері мен қазақ халқының адамгершілікті құндылықтарына сай етіп жасауларына мүмкіндік жасалды. Нақ осы кездерде Абай мен Шәкәрімнің келе-шек ұрпаққа адамшылық жолды көрсететін этикалық нұсқаулары бұрын-соңды болмағандай маңызды. Өнегелілік тұрғыдан жетілдірудің жалпыадамзаттық озық идеяларымен, сондай-ақ этикалық идеялар жақсылық, арлылық, мейірімділік және әділеттілікпен өзектелген қазақ ойшылдарының философиялық көзқарастары тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыруы және қайта құруларының рухани негізі қызметін атқарады.

Бүгінгі күні, яғни республиканың тәуелсіздік алғанына жиыр-ма бес жылдан аса уақыт өткен кезде, бұл жылдар қазақстандықтар үшін батыл қадамдар мен тағдыршешті шешімдер жасалуымен белгіленді. Тәуелсіз Қазақстан ешкімнің жолымен жүрген жоқ. Біреуден ілгері, біреуден кейін болған өз қазақстандық жолын салды. Посткеңестік елдердің ішінде тек Қазақстан опырайған күйзелістерге ұшырамай, тұрақтылықпен қатар дамуды қамтамасыз еткен идеяны ұстанды. Бүгін рухани қайта жаңғырған республиканың жетістіктері дүниежүзінде мойындалды.

Әрбір дәуір болмыстың «мәңгілік сұрақтарына» өз жауаптарын ұсынады, алайда оларға «мәңгілік жауаптар» жоқ. Философтар әр кез оларды өздері іздеуі тиіс. Қазақ халқының философиялық мұралары бұл рухани тәжірибені, мұражай жәдігері емес, бүгінгі ойлардың негізі ретінде сақтайды. Оларсыз бүгінгіні тереңдей және мұқият пайымдап, болашаққа сабақ ала алмас еді.

Page 279: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

279 3 тарау. Мәдени көптүрлілік ауқымындағы философияның ұлттық типтері

Сонымен қазақ философиялық ойына оралу әсіресе қазіргі кезде қажет, өйткені оның өнегелілік құрамдас бөліктері сананың ұлттық дүниетанымдық компоненттерінің өзегі, отандық мәдениетті қайта өркендетудің маңызды ықпалы екендігі жиі сезіледі. Сырлы мәні мен өзегі эволюциялық дамудағы эти-ка болып табылатын қазақ философиясы – бұл соншалықты бір адамгершілік теориясы емес, бірақ қазіргі рухани кайта өркендеудегі Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік, өнегелі іс-әркеттердің бағдарламасы.

Қазақ ойшылдарының философиялық әлемі олардың қандай болғандығы мен оны қалай түсіндіруге болады деген қызығушылықтан гөрі, біздің қоғамның рухани қайта өркендеуі үшін тұрақты маңызға ие, өйткені өткеннің мәдени дәстүрлерінсіз бүгінгі мен ертеңгі болмайды.

Әдебиеттер

1 Назарбаев Н.А. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж.

2 Абдильдин Ж.М. Время и культура: размышления философа. – Алматы: Алаш, 2003. – 123 с.

3 Нысанбаев А.Н. Духовно-ценностный мир народа независимого Казахстана: проблемы и перспективы. – Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2015. – 156 с.

4 Абдильдин Ж.М. Казахская общественная мысль – часть духов-ной истории мира // Байтерек, 2008, № 5. – С. 35-41.

5 Дулатов М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.6 Мұсаева Н.Р. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Филосо-

фия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1998. – 36 б.

Page 280: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

280

4 тарау. ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІНДЕГІ ӨЗАРА ТҮСІНСУ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ҚЫРЛАРЫ

4.1 Тәуелсіздік философиясы және бостандық бағасы

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы жиырма бес жылдығын басынан өткеріп, келесі кезеңге аяқ басып отыр. Өткен онжылдық болмысымыз тарихқа айналып барады. Сонда осы кезеңде еліміз кемелденудің қандай сатысына көтерілді де-ген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстанның дербес мемле-кет атанып, ішкі және сыртқы саясатын тәуелсіздік тұрғысында жүргізіп келгені шындық, тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық та-рихы бары рас.

Тәуелсіздіктің басты ұғымы – Мемлекет. Себебі, тәуелсіздік дегеніміздің өзі этностың ұлттық мемлекет құру туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, мұрат биігінен туындайтын – дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы са-яси жетістігі, биігі – ұлттық мемлекет. Саяси билікке қолы жет-пеген халықта тәуелсіздік туралы тек арман, қиял, утопия ғана болмақ. Тәуелсіздікке жеткен халық, ұлт өз мемлекеттігінің іргетасын құрудан бастап, өзін жаңа сапа биігіне көтере бастамақ. Мемлекеттікке ие халықтың тәуелсіздік туралы философиясы, мемлекет философиясымен табиғи түрде бірігіп кетуі түсінікті әрі қалыпты жағдай. Біз қазір осы саяси жағдайда өмір сүріп жа-тырмыз.

Тәуелсіздікке, оның саяси жеңісі – мемлекеттікке әр халық әрқилы тарихи жағдайларда келмек. Қазақ халқы үшін мемлекеттік идея тәуелсіздік идеясынан бұрын келген.

Тарихи белгілі жағдай, қазақтың қазақ болып, яғни халық, этнос болып қалыптасуы (консолидациясы) Қазақ хандығының құрылуына тікелей қатысты болған. Халқымыздың біртұтас этнос болып қалыптасуына саяси фактордың шешуі болғанын ашық айтқу тарихи шындыққа үйлесімді. Керей мен Жәнібек құрған

Page 281: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

281 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

тұңғыш қазақ мемлекетінің типі – Орда болатын, сондықтан ол «Қазақ Ордасы» деп аталды. Орда билігінің басында хан, одан төменде хан кеңесі т.т. Керей мен Жәнібек жаңа құрылған мемлекетті «Орда» деп атағанда еш жаңалық ашқандары жоқ, дәстүр жалғастырылды, олардың жаңалығы өздерінің ықпалында болған түрік тайпаларының басын қосып Жаңа ұлт қалыптастыруында еді. Тарихқа жаңа мемлекетпен бірге жаңа ұлт – қазақ ұлты енді. Бұл жаңалық болатын. Жаңалық қашанда болмасын жаңа ілімді қажет етеді. Сондай ілім Асан-қайғының «Жер-ұйығы» болатын. Бес ғасыр өткен соң, өткенге баға беру жеңіл. Асан Сәбитұлы заманында Әбілқайыр Ордасында жік шықты, оны қазіргі тілге салсақ, сеператизм деуге де болады, яғни «бүлікшіл» сұлтандар Керей мен Жәнібек бұрын болмаған «Қазақ хандығын» құруға кірісті, ел жарылды, сонда ғұлама Асанның харекеті қандай болмақ!

Сұрақ жауапты талап етеді. Оқиғалар тым қауырт өте бас-тады. Асан Сәбитұлының бір жаққа шығуы керек еді. Хандар ісі бір бөлек, данышпан ісі бір бөлек болса не болмақ, кім ұтпақ, кім ұтылмақ? Осы сұрақтарға жауап іздеп, оны табу ісінде Асан Сәбитұлы, ендігі жерде халық санасына Асан-қайғы болып енді.

Сондағы Асан-қайғысының мәнісі не? Оны қайғыға салған жер мәселесі, жаңа мемлекетке жаңа жер керек және де ол тек әншейін жер емес ұлт, халық топтасып, құт-береке болатын «Жер-ұйық» болуы керек.

Жер-ұйық деген екі сөзден құралған, олар жер және ұйық. Жер деген географиялық термин ретінде баршамызға түсінікті, бірақ Асанға керегі мемлекеттік құрылысқа қажетті жер. Бұл мәнде жер географиялық емес, саяси мәнде аталып отыр. Сонау Алтын Ор-дадан келе жатқан телегей-теңіз жер мәселесі Асан Сәбитұлы за-манында мәселеге айнала бастады. Алтын Орда әлсірей келе жаңа мемлекеттерге ыдырай бастады. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейһ Ахмед хан өлген соң (1502), оның территориясында: Қырым (1428–1792), Қазан (1437–1556), Астрахан (1466–1557), Сібір (1563–1656), Басқұрт (1656–1738) – хандықтары (мемлекеттері) пайда болды. Ата-қоныс Еділ-Жайық өңірі ендігі жерде тұтасымен келер ұрпақтардың қонысы болмайтыны белгілі болды. Жаңа ұрпаққа жаңа жер керек, ол құт-мекеннің аты «Жер-ұйық». Тіліміздегі «ұйық» деген сөздің түбірі «ұю». Демек, жаңа мемлекет – Қазақ хандығы, жаңа халық ұйыйтын жер керек. Жер мемлекеттіктің

Page 282: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

282

іргетасы. Осы мақсатты орындау үшін аңызда Асан Сәбитұлы желмаясына мініп алып, жер шарлап кетеді. Асан Сәбитұлын «утопист» етіп қойған осы аңыздық (мифтік) сарын, әйтпегенде Асан утопист емес, ол нақтылы мемлекет құру ісімен айналысқан қайраткер, ғұлама.

Асан-қайғыны Кампанелла, Томас Мор сияқты утопистер-мен салыстыра қарастыру оны мадақтау емес, керісінше, Асан-қайғыны түсінбеуден туған теріс көзқарас. Кеңес заманында қазақтардың дербес мемлекет болуы шынында қиял болғанында Асан-қайғыны утопист етіп көрсету сол заман идеологиясына өте тиімді болатын. Сол теріс дәстүр тәуелсіз Қазақстанда шығып жатқан әдебиеттерде де әлі орын алуда. Асан-қайғыға тәуелсіз Қазақстан тұрғысынан жаңаша көзқараспен келетін мезгіл жетті. Асан-қайғы туралы кезінде айтылған жалған қағидалардан таза-руымыз керек.

Асан-қайғының «Жер-ұйық» ілімі Керей мен Жәнібек сұлтандардың құрған мемлекетінің философиясы. Сол себепті қазақ халқының тұңғыш әрі төл хакімі сөзсіз – Асан-қайғы.

Асан-қайғының мемлекеттік ілімінің формасы – Орда болды. Керей мен Жәнібек қазақ хандығын құрғанда, оның мемлекеттік формасы «Орда» атанды. Әдебиеттерде қазақ хандығын «Қазақ Ордасы» деп дұрыс атап жүр. Орда дегенді мемлекеттің басқару формасы ретінде арнайы зерттейтін тақырып. Жошы хан және оның ұрпақтары құрған мемлекет Алтын Орда деп аталса, кейін «Ақ Орда», «Көк Орда», «Қазақ Ордасы», «Ноғай Ордасы» бо-лып кете берді, ғасыр басындағы мемлекет ілімін либералдық-демократиялық бағытта жасауға ниеттелген Әлихан Бөкейханов бастаған саяси топ өздерінің мемлекеттік ұғымын «Алаш Орда» деп атаған. Мемлекеттің осы формасы ұлттық мента-литетке айналғанына дәлел, қылышын сүйретіп «қызылдар» келгенінің өзін де ел астанасын «Қызыл-Орда» деп атаған. Қазіргі Қызылорданың осылай аталуы, оның Қазақстанның астанасы бо-луына қатысты екенінің тарихи фактісі.

Сонымен, біз Асан-қайғының «Жер ұйық» туралы ілімін «Орда» деп аталатын мемлекеттік басқару формасының теория-сы деп қабылдағанымыз жөн. Ордада билік кімнің және кімдердің қолында болғаны туралы Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда», Әбіш Кекілбаевтің «Үркер», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» т.б. тарихи романдарында біршама бейнеленген.

Page 283: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

283 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Асан-қайғының «Жер-ұйық» туралы ілімі, қазіргі сая-си тілмен айтсақ, геополитикалық саясат. Мемлекеттілік жер мәселесінен басталатыны анық. Жерсіз ел де, мемлекет те жоқ. Қазақ мемлекеті қай жерден басталмақ деген геополитикалық мәселесімен нақтылы айналысқан данышпан Асан-қайғы бола-тын. Сондықтан бізге Асан Сәбитұлының жыраулығынан оның мемлекет қайраткерлігі қымбат. Жыраулықты ол биліктің «техно-логиясы» ретінде пайдаланған. Асан-қайғы негізін жасаған жер ту-ралы мемлекеттік саясат 1456 жылдан 1726 дейін, яғни Керей мен Жәнібек хандардан бастап Болат ханға дейін үзілмей айтарлықтай жүріп келді, бұл істе, әсіресе ерекше тарихи орын алатын хандар: Қасым (1511–1518), Хақназар (1538–1580), Тәуекел (1582–1598), Есім (1598–1645), Жәңгір (1645–1680), Тәуке (1680–1718) т.б.

Хандық биліктің әлсіреуі Болат ханның тұсына келді. Хандық билік неге әлсіреді дегенге тарихшылар сыртқы және ішкі фактор-ларды көлденең тартады. Оның үстіне Болат ханның жеке басының кемшіліктері қосылды. Міне, осы кезде қазақ мемлекетінің тари-хына билер билігі алдыңғы қатарға шықты. Былайша айтқанда, «билер революциясы» жүзеге асты. Қазақтың ортақ ханын сайлау билер билігіне тиді. Осы саяси жағдайдың жетістігі де, кемшілігі де болды. Неге дейсіз ғой. Дәстүрлі мемлекеттің ордалық басқару формасында билер билігі тек кеңесшілік дәрежесінде болатын. Осы тәртіп бұзылып, билер билігі хандық биліктен асып түсті. Хан сайлау билер құзырына қалды. Әбілқайыр ханның өкпесінің бір себебі де осыда болатын. Билер билік үстемдік жасаған кез-де, қайдан шыққанын дөп басып айту қиын, регионалдық сепаратистік идеология өз күшіне ене бастады, оны сырт көзге соншама күдік келтірмейтін, бірақ ішкі мәнінде регионалдық (жүздік дей беріңіз) саясат жатқан қазақ менталитетіне мынандай түсінік қалыптаса бастады: Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би. Қарап отырсыз, үш жүзге үш биді бөліп берген немесе үш жүзді үш би бөліп алған. Жа-рар, мүмкін кезінде осындай тарихи қажеттілік болды делік, енді одан бергі заманда қазақтың үш биін үш жүзге бөлуді тоқтату қажет еді, олай болмады, осы жалған сана әрі қарай өрши берді, сірә, ол әлдекімдерге аса қажет болғанға ұқсайды. Біртұтас қазақ мемлекетін үш аймаққа, үш регионға, үш жүзге бөлу тек қазақтардан өзгелерге ғана қажетті геополитикалық саясат еді. Асан-қайғы тауып берген Жер-ұйықты үш бөлікке бөлу қазақтың

Page 284: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

284

мемлекеттігіне ауыр соққы еді. Осы заманда тәуелсіздік мәселеге айнала бастады. Орда – мемлекеттік басқару формасы ретінде өз қуатын әлсіретті. Региондық хандар пайда бола бастады. Мұны бәрі 1731 жыл оқиғасына, яғни қазақтардың Ресейдің қол астына өту процесіне әкелді. Тек ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Абылай хан саясаты ғана ордалық билікті қалпына келтіруге арналды, бірақ тарихи уақыт заман кеңістігінен өтіп кеткен еді. Ордалық билік қайтып орныға алмады, Абылай хан азып-тозып, шашырап кеткен халықты жинап алып, ақтық рет басын біріктірді. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламадан» қалған ел соңғы рет ортақ қазақ хандығының (1771 ж.) туын көтерген. Абылай хан Ренессанстық тұлға болатын. Ол қазақ халқына қолынан кетіп бара жатқан мемлекеттігін қайтарды, сөйтіп Асан-қайғының «Жер-ұйығын» келер ұрпақтарға сақтап қалды. Алайда, Ресей мен Қытай империясының геополитикалық саясаты арасындағы қақтығыста қазақ хандығының, яғни мемлекетінің тағдыры шешіле бастады, бұл істегі соңғы харекет Кенесары Қасымовтың саясаты болды. Оның тарихи мәнісі Жер-ұйық үшін соңғы саяси күрес болатын.

Ресей қол астындағы бодан елге билік жүргізудің бірнеше үлгілерін жасады, соның бірі Бөкей хандығы (Ордасы) бол-ды, бірақ ол Ресейге уақытша тәсіл болып, 1882 жылы патша жарлығымен «Сібір қырғыздары туралы устав» қабылданып, Қазақстан территориясында (Жер-ұйықта) хандық билік мүлдем жойылды. Ауру қалса да әдет қалмайды дегендей, Қазақстанның әр жерлерінде өздері қолдап хан сайлаушылық та болды, бірақ оның бәрі дәрменсіздіктің белгісі болатын. Қазақстан террито-риясы округтерге, губернияларға бөлінді, оны әскери генерал-гу-бернаторлар басқарды. Халқымыздың тәуелсіздігі жойылды, ол жыр, аңыз, дастандарға көшті. Ендігі жерде Асан-қайғы айтқан Жер-ұйық туралы ойлардың айтылуына тиым салынды. Осы са-ясат республиканы Г.Колбин басқарған кезде де жалғасып, та-рихи тақырыпқа шығарма жазған жазушыларға кінә тағыла ба-стады. Тарихи тақырыпқа шығарма жазу мемлекет тарапынан теріс саясат деп аталды. Себебі, тарихи шығармалар халықтың нағыз тарихын, өзінің мемлекеті (Ордасы) болғанын, оның дана кемеңгері Асан-қайғының болғанын, оның мемлекеттік туралы «Жер-ұйық» деген ілімі болғанын, бір сөзбен айтқанда, тарихи са-насын оятпақ. Тарих бетін жауып қою ұрпақты тарихи санасыз

Page 285: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

285 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

қалдырушылықтың нәтижесі кезінде жеміс берді. Заман өзгерді, бірақ кезінде теріс қалыптасқан көзқарас бүгін де бой көрсетуде.

Біздің заман Ренессанстық заман, тәуелсіздік қайта орнады. Ре-нессанс тарихы, ол мемлекеттігіміздің тарихы, тәуелсіздік тарихы.

Қазақстан Республикасы мазмұн жағынан бұрын болған Ренессанстық мемлекет. Керей мен Жәнібек хандардан бастап Абылай ханға дейінгі қазақ мемлекетінің тарихы ел есінен кетпе-ген, демек халқымыздың тәуелсіздікті аңсау қуаты да сарқылмаған, сол қуат 1991 жылдың 16 желтоқсанында қайта күшіне еніп, халқымыз өзінің саяси тәуелсіздігіне қолы жетіп, Асан-қайғы жырлаған Жер-ұйыққа толық ие болдық.

Қазақстанның нағыз «Жер-ұйық» екені ешкімге де күдік туғызбас. Қойын-қойнышы кенге толы байтақ өлке атадан балаға ауысып келе жатқан атамекен. Біздің жер мәселесінде ешкімге сұрағымыз жоқ, бізге де ешкімнің сұрағы болуы мүмкін емес. Тәуелсіздіктің бірінші қағидасы жерге иелік. Туған ата-мекен жер-ұйықта қазақстандықтар мейлінше кемелденуіне толық мүмкіндік бар. Мәселе тек «технологиялық мәдениетте», шикізаттың молдығы бір жағынан жақсы болса, екінші жағынан бөгет болып тұрғанын мойындамасқа амал жоқ. Өркениетке бастайтын жолда «технологиялық мәдениет» тұр, одан өтпеген халық өркениеттік, әсіресе техно-гендік өркениеттің өгей баласы сияқты болмақ. «Технологиялық мәдениетсіз» ғылым мен тех-ника кең өріс алмақ емес, натуралдық қалпымыз көп өзгеріске түспейді. Дәстүріміз сақталды деп ырза болғанымызбен, өзге алдыңғы қатарлы ұлттардың бізден алыстап бара жатқанын қалайша білмеген-көрмегенсіп отыра бермекпіз. Бұл мәселенің бір жағы болса, оның екінші жағында ұлт болып сақталуға қауіп төніп тұрғанын да ескерген жөн болмақ. Қазақтардың қазіргі за-манда қазақ-еместерге айналып бара жатқаны да шындық. Тегінде осындай қауырт этникалық процесстер метаморфозасына түскен кезде бір сұрақты анықтап алу керек сияқты, ол осы «қазақ» деген кім, «қазақылық» дегеннің өзі не?

Бұл сұраққа менің жауабым, Асан-қайғы жырлаған Жер-ұйыққа ие болу, яғни саяси билік (мемлекеттілік) қазақылықтың бірінші талабы. Одан арғы мәселелердің бәрі даулы. Ана тілін білу де қазақылыққа даулы, олай дейтінім, тіл туралы жаны ашыды-ау дейтін азаматтардың бір парасы өз балаларымен орысша сөйлесіп, ана тілінің қажеттілігін тіптен керек етпейді,

Page 286: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

286

осы жайға қарап оларды қазақ деуге қалай болады, сірә, олай шолақ қорытындыға келе қоюға болмас. Ауру кейде әдетке ай-налып кетеді демеуші ме еді халқымыз. Қазіргі орысшамыз сол әдетке айналған дерттің бірі. Сондықтан да мен тәуелсіздіктің де, қазақылығымыздың да басты қағидасы Жер-ұйық – Қазақстанға деген иелік сезіміміз болса керек деген ойға айналып келе бергенді ұнатамын. Бұл өз тарихыңды, өз табиғи-болмысыңды қадірлеу болмақ. Бұл сезімнен айырылғанда ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбаққа айналмақпыз. Қаңбақтың философиясы, қайда ас болса – сонда, қай жерде күйлі тұрмыс болса – сонда, қай жер-де көңілге сая болса – сонда болу. Осы дүниетаным құрсауына түскен талай қазақтар қаңбақ болып Жер-ұйықты Қазақстаннан тыс жерден іздеп кете берер, ондайлар әр заманда болған, әлі де бола бермек, оларға Тәуелсіздік елден кетуге мүмкіндік болып, жол ашып берді.

Біз болсақ, яғни елде қалғандар әлі басымыздан талай қиыншылықтар өткермекпіз, себебі Тәуелсіздік саяси тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік болып бөлініп кетеді. Соңғысы алғашқысының негізі болмақ. Экономикалық дербестік болмаса, саяси билік толық болмақ емес.

Қазіргі экономикалық ахуал халқымыздың басым көпшілігіне күйзеліс әкеліп отыр, оның себептері туралы басылым беттерінде үздіксіз айтылуда, менің айтпағым экономикалық дағдарыс тура-лы емес, тәуелсіздікті тұрмыс қиыншылығы арқылы түсіндірудің қауіптілігі. Тұрмыс қиыншылығы тез арада түзеліп кететін шара емес, оған біршама уақыт қажет. Тұрмыс қиыншылығының өз тарихы бар. Табиғи түрде өмір сүріп жатқан адамдарға қолдан жасалған «мәдени-социалистік» тұрмысты зорлап енгізуден басталған. Ендігі жерде халық сол баяғы табиғи тұрмысына қайтып келе алмай қиыншылыққа түсуде. «Социалистік жалған» тұрмыс адамдардың әдет-дәстүріне айналып, санасын құрсауға салып, өз бетімен өмір сүру қабілетінен айырған. Адамдар «өз тағдырың өз қолыңда» деген прагматистік философияны меңгеріп кете ал-май қиналуда, бұл тұрмыстағы емес, адамдардың санасындағы қиналыс. Сананың болмыстан озатыны да бар, көбінесе одан қалып қоятыны да бар. Сананың осы соңғы сипаты жаңа тұрмысқа өтудегі қиыншылықтың бірі болып отыр.

Тәуелсіздік – сана. Тәуелсіз ел адамының санасы да тәуелсіз болуы шарт. Саяси тәуелсіздік әрбір адамның дербес санасы-

Page 287: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

287 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

на айналғанда күшке еңбек. Саяси істерге немқұрайлылық, ел тәуелсіздігіне сын. Халық өз еркін саясаттандырмай «айтқанға көндік» деген философияға салынса, саяси билік авторитаризм-ге, тіптен диктатураға айналып кетпек. Ондай жағдайлар ХХ ғасырдың болмысында көптеген елдерде болған. Ол жөнінде Г. Маркестің «Патриархтың күзі», М. Астуриастың «Сеньор Пре-зидент» деген үлгі боларлық романдары әлем жұртшылығына әйгілі.

Тәуелсіздік тарихы әріден басталған. 1917 жылғы Қазан төңкерісін қабылдамағандар тәуелсіздік үшін күрескендер еді. Оларды кейінгі Кеңес жылдарындағы тарихта, әдебиетте, өнерде мүлдем жексұрын адамдар ретінде көрсетті. Қызыл Армиямен соғысқандардың бәрі «бандылар» деп аталынды, сөйтіп нағыз бан-диттер туралы ашық сыр айтылмады. Осы көзқарас сарқыны әлі күнге дейін сақталған, оның бір көрінісі 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» күндері-ақ байқалды. Сөзімізді жалғастырсақ, 20-шы, 30-шы жылдардағы кеңестік тәртіпке көнбей, қарсылық, наразылық көрсеткендердің дені осы тәуелсіздік үшін күресушілер еді. Кешегі тың көтеру ісінде наразы болғандар, Ақмоладағы неміс ав-тономиясын құруға қарсы болғандар, ұлт мектептерінің жаппай жабылғанына наразы болғандар тәуелсіздік үшін күресушілер болған. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» болса, олар тәуел-сіздіктің саяси күресте көрінген алғашқы қарлығашы. Осылай-ша тәуелсіздік үшін күреске көптеген мысалдар келтіре беруге болады, мен жинақтап бір сөзбен айтпағым, тәуелсіздік бізге 16 желтоқсанда 1991 жылы бірден есік ашып кіріп келген жоқ, оның ауыр-ауыр жолдардан өткен, қилы-қилы тарихы болды.

Тәуелсіз елдің философиясы да тәуелсіз болуы керек. Ой тәуелділігінің не екенін біз басымыздан кештік. Гегельдік-маркстік диалектика философияда монополия жасап, өзге философиялық ойлардың өріс алуына жолды жауып тастады. Кеңестік дәуірдегі философия дегеніміз Гегель, Маркс, Лениндерді түсіндіруден аспады, сөйтіп философия схоластикалық мәнге айнала бастады. Гегель философиясына сын айту болмайтын іске айналды, оның себебі Ленин «диалектика марксизмнің жаны» – деген болатын. Марксизмнің жаны туралы сын айту, әрине, шектен шығушылық. Гегель болса диалектиканың ең көрнекті «авторы» атанған. Фи-лософия тарихында қалыптасқан осы дәстүрден қазақстандық философтардың арылуы бүгінгі күнде мәселеге айналып отыр.

Page 288: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

288

Дәстүр бұзушылық қай заманда болмасын оңай шаруа емес. Кезінде «пайғамбарлыққа» дейін көтерілген Гегель, Маркс, Ле-нин сияқты тарихи тұлғалар, адамзат тарихында тек өздеріне тиісті ғана орындарын алуы ақылға сиымды іс. Бұларды әсірелеу күні өткен тақырып. Тарихта әркімнің өз орны бар. Әлемдік мәдениетті, философияны, оның көрнекті өкілдерін оқып, та-нып, білуіміз қажет іс, бірақ оларды өз шамаларынан тыс бағалау ғылым емес, идеологиялық тәсіл. Осы мақсатта атқарылатын бірнеше ауқымды істер бар.

Біріншіден, Көне Үнді, Грек замандарынан бастап, одан беріде Сократ, Платон, Аристотель т.б. көрнекті тұлғалардың еңбектерін ана тілімізге аударуды тез арада қолға алу күн тәртібіндегі жұмыс. Бұл мәдениетті халықтың атқаратын басты шаруасы. Мұндай істе бірнеше мәселелер шешілмек, олар: философиялық лекси-ка нақтылы анықталмақ, ойлау мәдениетіміздің кеңістігі ашыла түспек, ұлт философиясының жетілуіне жол ашылмақ. Бұл істі орындайтын біздер, философтармыз, ендеше іске кіруіміз керек, бағытымыз анық.

Екіншіден, әлемдік философия тарихында еленбей келе жатқан мәселе, ол «фалсафа», яғни араб тіліндегі философияның тарихы. Философияның бұл тарихи формасы Х ғасырдан ХVІІ ғасырға дейін әлемдік мәдениеттің озық үлгісі болған, оның Еуропалық ойлау мәдениетіне әсері де шешуші болғанын көптеген Батыс ойшылдары мойындаған. Бұл кезінде ұмыт болған Грек, Рим философиясына Ренессанстық мазмұн беріп, Платон, Ари-стотель шығармаларын қайтадан жарыққа шығарған. Олар бүкіл грек философиясын араб тіліне аударып, соның нәтижесінде араб тілін біліп, сол тілдегі философиялық еңбектерді оқу мәдениеттілік пен біліміділіктің биік дәрежесі деп қабылданған. Еуропаның алғашқы схоластары және Роджер Бэкон сияқты белгілі ғалымдар араб тіліне жетік болған. Осындай нәтижеге жеткізген аударма мәселесі. Багдадтың халифы әл-Мамун «Аудар-ма үйін» салғызып, дүниежүзіндегі бар кітаптарды араб тілінде аудартқан. Соның нәтижесінде Мұсылман Ренессансы мүмкін болды. Ана тіліміздің болашағының бір арнасы осы араб тіліндегі философияны өз тілімізге аударып, оқып, зерттеуіміз қажет. Бұл жұмыс басталған, бірақ қарқын керек. Өткен жылы Қазақстанда тұңғыш рет «Фалсафа тарихы» деген оқулық-хрестоматия жазы-лып, онда араб тіліндегі фалсафаның типологиясын жасап, оны үш салаға бөліп қарастырдық, олар: Араб халифатының ойшыл-

Page 289: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

289 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

дары; Орта Азияның араб тіліндегі ойшылдары және Кордова халифатының ойшылдары.

Араб халифатының ойшылдарынан әл-Киндидің (ІХ ғ.) «Аристотельдің кітаптарының саны және философияны меңгеруге не қажеттілігі туралы трактаты» және «Бес мән туралы кітабы», «Таза ағайындар» еңбегінен үзінді аударылды.

Орта Азия араб тілді ойшылдарынан: әл-Фарабидің «Мәселенің мәні», «Ғылымдардың шығуы туралы», ибн Синаның «Ақыл иесі жан туралы», Ф.Аттардың «Бұлбұл нама», әл-Ғазалидің «Оған қойылған сұрақтарға жауаптар», «Тура таразы», «Адасудан арылдырушы» деген шығармалары тілімізге аударылды.

Бізге беймәлімдеу Кордова халифатының ойшылдарынан ибн Туфейльдің «Хай Якзанұлы туралы» философиялық романын, ибн Рушдтың «Жоққа шығаруды жоққа шығару»-дан үзінді, ибн Арабидің «Данышпандық мөрі» деген шығармаларын аудардық. Әрине, мұның бәрі әлі аз.

Үшіншіден, біз Батыс философиясын біршама білгенімізбен Шығыс философиясына жетік емеспіз, әсіресе Жапон философи-ясы, Тибеттің діни философиясы, өзге Азия халықтарының фило-софиясын зерттеуіміз қажет.

Қазақстандық философияның негізгі бағыттары осылай болған кезде, біз ұлттық философияның кемелденуіне жол аша-мыз, бүгінгі күнде «қазақ философиясы» деген ұғым ғылымда қалыптаса бастады. Бұл да Тәуелсіздікке тікелей қатысты іс.

11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террористік оқиға көптеген аналитиктердің айтуынша, қатардағы оқиға емес, ол заманымыздың келбетін өзгертетін саяси мәселе басы. Мен осы пікірге қосыламын. Бұл оқиға әншейін жасалған шара емес, оның арғы жағында ғаламдық зор мәселе жатыр. Қалай дегенмен де, оның өркениеттер қақтығысының басы болуы күннен-күнге айқындалып келеді. Осы қақтығыс мерзім жағынан ХХІ ғасырды толық қамти ма деген қауіп бар. ХХ ғасыр социализм мен капита-лизм арасындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтармен анықталған еді. Ендігі кезекте ХХІ ғасыр үлесіне христиандық және исламдық әлемдер қақтығысы күн тәртібіне ұсынылып отыр. Бұл кім немесе кімдерге керек. Ол көп ұзамай анықталмақ.

Террор алғашқы қарлығаш, енді оның соңын ала, дүниеге осы оқиғадан бастау алатын жаңа ілім пайда болатынына еш таңқалуға болмайды. Бұл жұмыс тиісті орындарда жасалып жатқанына күдік келтіруге болмас. Тарих толқынына назар салсақ, өткен ғасырдағы

Page 290: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

290

жалған ілімдер Батыста жасалды, осы үрдіс тағы да қайталанатынға ұқсайды. Оның үлгісі өткен ғасырда болды. Интернационалистік деген ілімді бетке ұстап КСРО көптеген дербес елдердің ішкі са-ясатына араласты емес пе? Тіптен, Ауғанстанда соғысқандарды күні бүгінге дейін «интернационалист-жауынгер» демейміз бе? КСРО-ның Ауғанстанға әскерлерін кіргізу «интернационалистік борышы» деп насихатталмап па еді. Болашақта өмірге келетін жаңа ілімдер осы бағытта өзіне «ғылыми дәлелдер» табатыны анық. Сондықтан Батыстан келетін жаңа ілімге тағы да табынуға даяр болуды қойып, өзіміздің отандық түсінігімізді қалыптастыру қажеттілігі ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесінің бірі екенін санамызға сіңдіру үшін, бөгде ілімге деген рухани болмысымыз-да иммунитет қалыптасуы қажет. Қауіпті жұқпалы ауруларға жасалатын вакциналар сияқты, бізге тұрақты рухани иммунитет қажет. Ол үшін Қазақстан халқына ортақ құндылықтар жүйесі тұрақты субстанцияға айналуы қажет. Осы мәселені түсіну, әрі оны шешу Ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты.

Жалпы, террор деген мәселеге келсек, оның тарихта жасалған «тәжірибесі де, теориясы да» болған. Террорды саяси құрал ретінде пайдаланбаған мемлекетті мен білмеймін. Социализмнің бар та-рихы террордан тұрды. Террорды мемлекеттің өзі ұйымдастырып отырды. Енді ХХІ ғасыр басында террор бөтелкеден шыққан жын сияқты мемлекеттердің қолынан шығып кетті. АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасы соның классикалық үлгісі. Террор мемлекеттен тыс күшке айналды. Бұл да заңдылық, себебі қолында қаражат, тех-никасы, соғыс құрал-жабдықтары бар саяси күштерге террормен айналасуға әлемдегі әлеуметтік жағдай өте қолайлы. Жер бетіндегі елдердің 70% кедей мемлекеттер, оның үстіне қағажу көрген ис-лам дініне сенушілер миллиардтан асып отыр. Әлеуметтік, діни келісімге келетіндерден гөрі конфронтацияға жақын елдер, реги-ондар жеткілікті. КСРО тарқағаннан кейін «дүниені қайта бөлісу» деп аталатын геополитикалық саясат өз дегенін жасап жатқаны ешкімге де құпия емес.

Қазақстан Республикасында «ұлттық келісім» және «әлеуметтік келісім» деген принциптер қазақстандық өркениеттің негізгі арнасы болуы тарихи-мәдени қажеттілік, себебі елімізде көп этностар мен конфессиялар бар. Ол деген сөз, ортақ құндылықтарды қалыптастырудағы объективтік қиыншылықтар. Түркілік мәдениет, славяндық мәдениет, осы феномендерге

Page 291: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

291 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

сай мұсылмандық және христиандық құндылықтар бар, демек «келісім» ауадай қажет.

Қазіргі христиандық және исламдық өркениеттер қақты-ғысына құрылған әлемдік схеманы біз қабылдай алмаймыз, бізге қажетті бейбітшілік және келісім. Бұл өмір сүрудің ешқашан бұлжымайтын, тұрақты қағидалары, осыларды әлемдік саясатта бұзғысы келетін саяси күштер, идеологиялар күннен-күнге өсіп, әрі күшейіп келеді. Соның ең айғақты көрінісі 11 қыркүйекте Нью-Йорк пен Вашингтонда болған террористік оқиға және оның жалғасы АҚШ-тың бастауымен НАТО күштерінің әлемдегі ке-дей ел Ауғанстанды бомбаның астына алуы сау ақылға сыйымды шешім емес, бұл бір жағынан АҚШ-тың шарасыздығы, екінші жағынан «әлдекімдердің» сценарийі бойынша болып жатқан, ғасырға созылатын өркениеттер қақтығысының басы.

Америка супердержава ретінде әлемдік оқиғаны өз қолына алды, бірақ оның өз әрекеттерін құқықты түрде ақтайтын не жаңа ілімі, не жаңа идеологиясы жоқ. Террормен күресу үшін елдерді бомбалау деген әділ саясат емес. Мұндай саясат өміршең болмай-ды, демек Америка өз саясатын өзгеше теориялық арнаға түсіруі қажеттілік, ондай теория түптің-түбінде жасап шығарылады, тек қолдан жасалған жалған ілім негізінде ғана ол өзінің супердержавалық оқиғаларын ақтап алуына мүмкіндік туғызады.

Сондықтан бізді тәуелсіздіктің өткен тарихынан гөрі, оның болашақ тарихы қатты алаңдатып отыр. Мәдени өмірге мықтап енген вестернизацияның уақыт өте қандай нәтиже беретінін де болжау жеңіл шаруа емес. Әлеуметтік және діни келісімге келу де Қазақстан үшін кемеңгерлікті қажет ететін саясат. Осы тұста қандай мемлекеттің болмасын тағдырын шешетін іс сыртқы сая-сат емес, ішкі саясат екенін естен шығармаған жөн. Халқымыздың 30 пайызының халы күн көру деңгейінен төмендігі шешімін қажет еткен әлеуметтік мәселе. Жоқшылық, кедейшілік болған елде терроризмнің әлеуметтік тамыры бар деген сөз. Кезінде Лениннің пролетариат өз мойнындағы бұғауынан өзге ешнәрсені жоғалтпайды деген ұранмен Ресей империясының тас-талқанын шығармады емес пе? Пролетариат дегеніміз тақыр кедейлер, он-дайлар елімізде отыз пайыздан асып жығылады. Бұл тәуелсіз елдің болашағына қауіп. «Деловое обозрение» апталығында еліміздің Ұлттық Банкінің жетекшісі айтты деген мынандай тұжырым басылған. Қазақстан экономикасы мынандай екі факторға

Page 292: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

292

тәуелді: бірі мұнай мен металлдың әлемдік бағасы және Ресейдегі экономикалық жағдайға байланысты. Осы тұжырымға сүйенсек, Қазақстан экономикасында тұрақтылық жоқ. Мұнай бағасы күнде өзгеріп жатады, металл деген әлемде көбейіп кеткендіктен, біздің елдің металл бұйымдарын шетке шығаруға қиналыс үстінде. Ресей экономикасы туралы айтсақ, ол ел экономика-сы аса қарқынды түрде болса да біз үшін қауіп, тым дағдарысқа түссе де қауіп. Ресей экономикасына тәуелді болу тәуелсіздіктің саяси-экономикалық мәндерінде шектеулі болып табылмақ. Бұл жұртқа түсінікті жағдай. Демек, сыртқы факторларға тым тәуелді емес, тұрақты отандық, Қазақстандық экономика болуы керек.

Әрине, Тәуелсіздік философиясы рух тәуелсіздігімен анықталмақ. Менің түсінігімде халықтың рух тәуелсіздігі – ұлттық мемлекетке қатысты. Біздер, яғни қазақстандықтар, ру-хани тәуелсіздігіміздің көрінісі саяси еркіндігімізді Мемлекетке келісім түрінде өткіздік. Сол үшін бізді мемлекет қорғауға, өмір сүруге жағдайлар жасауға міндетті. Бірақ осы келісімді мемлекет қалай атқарып отыр, оны біз қалай түсініп, күн көріп жатырмыз, оның бәрі мәселелер.

Мәселе бар жерде айтыс бар, тартыс бар, шындық бар, жалған айту да бар, бәрі де болмақ, себебі өмір сүру қиын, ал ұлт, халық, мемлекет болып мынау додаға түскен ХХІ ғасырда өмір сүру қиынның қиыны, алайда Асан-қайғы анықтап берген Жерұйық – Қазақстанға иелігіміз тек біздің ғана емес, ұрпақтар қамы екенін сезініп, соған сай харекетіміз болса екен деген игі үміт сөнбесе екен.

Бостандықтың бағасыДүниеде бағасы жоқ нәрсе болмайды. Сөздің де, ойдың да,

идеяның да бағасы бар. Бағасы жоқтың мәні жоқ. Бостандықтың бағасы оның растығында, идеяның іске асқандығында. Тәуелсіз халықтың саяси еркіндікке жеткендігінде. Арман болған істің нақтылы өмір шындығына айналғандығында. Иә, бостандық иде-ядан шындыққа ауысты, оның ендігі жердегі бағасы қалайша анықталмақ? Қолға түскен алтынның қадірі өз құнынан азайып кетпес пе екен деген үміт пен күдік араласып бара жатқанын да бүгінгі саяси өмірден аңғарып отырмыз.

Бостандық саясаттан биік ұғым. Бостандықты тек саясат-пен түсіндірсек, оның болмысын бұрмалауға, теріс ұғындыруға мүмкіндіктер ашып алмақпыз. Мұндай әркеттер болған, оның аталуы – идеология, яғни жалған сана. Бостандықтың шын бол-

Page 293: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

293 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

мысын ізгілік пен парасат арқылы түсіндірген абзал. Ізгілік адамзаттың мәңгілік асыл қасиеті. Ол жоғалған кезде адам адам емес, өзге сапаға айналып кетуі ықтимал. Ізгілік Жаратушының, жаратылыстың, табиғаттың өзегі. Барша жан-жануар, хайуанат-тар әлемі ізгілікке құрылған, оның мәнісі, олардың ұрпақ қамы үшін жасайтын жанкешті харекеттерінен анық көрінеді. Ұрпақ үшін қамқорлық ізгіліктің нақтылы өзі.

Кешегі, бүгінгі тарих саяси қателіктерге толы. Болашақта са-яси қатеміз аз болса екен, бірақ жаңа жыл санауын бастаған ХХІ ғасыр келбеті оптимизмге бастамай-ақ тұрғанын да айтпасқа болмас. Демек, алдағы болар қиыншылықты сезіне білсек, одан қорғану тетігін құра білеміз деуге де болады. Кеңес заманын-да болашақ жарқын, яғни «жұмақ қоғам» – коммунизмге бара-мыз деп өзімізді-өзіміз алдап, енді міне, әлем елдерінің соңында салпақтап келе жатқанымыз. Жерде жұмақ жоқ, алда белгісіздік, мүмкін қиыншылық, мүмкін қауіп барын сезіну, түсіну, білу бізді әлсіз етпей, керісінше, қайратымызға қуат беретін күш.

Бостандық деген әркімнің бет-бетімен босып кетуі емес, бостандық деген әрбір азаматтың өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек. Халқын құрметтеген адам ғана бостандық идеясын қабылдап, оны өзінің өмір салтына айналдыра алады. Бостандық деген туған елімен, жұртымен қандай жағдайда болмасын бірге болу.

Мәселенің күрделілігі сол, бізге Бостандық пен Нарық бірге келді. Заң бойынша осылай болуы керек пе еді?! Әлде қалай болуы керек еді. Жауапты асықпай берген жөн болар. Нарық бостандығы мен ел бостандығы бір ұғым ба? Осы тұста өткен онжылдықта Үкімет тарапынан, зиялы қауым тарапынан біршама қателіктер кетті. Ең бастысы, бағыт анықтау қиынға соқты. Ескі терминологи-яны қолдансақ, оның объективтік және субъективтік жағдайлары, себептері болды. Соның бірі тәуелсіз мемлекет ретіндегі тәжірибеміздің жоқтығы еді. Өткен ХІХ ғасырда мемлекеттік тәжірибеміз болмады, ХV-ХVІІІ ғасырларда болған тәжірибе бірте-бірте жойылды. Бізде болған «мемлекеттік тәжірибе» – бағынышты болу, бұйрықты орындау тәжірибесі. Енді ғана айта аламыз, тәуелсіз мемлекет ретінде онжылдық тәжірибеміз бар. Ат жалын тартып атқа мінетіндерге ендігі жерде жеңілірек болады. Жол салынды, мемлекетіміз құрылды, оның тарихы бар. Тарих деген оқу алаңы. Тарих – тәжірибе, тарих – бүгінгі болмысымыз-

Page 294: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

294

барымыз. Бұл болашақтың іргетасы. Әрине, тарихты тану әрқилы көзқарасқа, пікірге негіз болатынын да айтпасқа болмайды, ол да заңдылық. Қоғам болмысындағы плюрализм демократияның өзі десек те болғандай, себебі нағыз демократияның қандай екенін ешкімде білмейді. Білем деп жүргендер демократияға үйренушілер, оған өз өлшемін ұсынушылар. Әлемде мінсіз демократиялық қоғам, ел жоқ. Нағыз демокартиялық ел деген Америка Құрама Штатының сыртқы саясатына қарасаң, мұндай демократиясы құрысын деуге келесің. Сонда әлемде нағыз демократияның үлгісі болатын қандай ел?!

Қолдан жасалған, яғни мәдени істің бәрінде мін бар, мінсіздік табиғатқа жарасымды. Демократия да адам баласы ойлап тапқан мәдени шара болғандықтан, оның алдымен ізгілікке үйлесімді болғаны табиғи іс. Нарық демократия негізгі десек, одан ізгілік болмысын табу қиынға соғады. Нарық табиғи сұрыптау тәсілі. Де-мек, одан зардап шегетіндер аз болмайтыны түсінікті. Социализм идеясы нарықтың осы осал тұсына негізделген еді. Сірә, нарықтың бостандық идеясына да сәйкес келмейтіні осы тұста болса керек. Бұл жөнінде кезінде Америка жазушылары жақсы көрсете білген, оған мысал ретінде Теодор Драйзер және Нобель сыйлығының лауреаттары: Уильям Фолкнер, Джон Стейнбек шығармаларын келтіруге болады.

Біздің басымыздан өткен кемшіліктеріміздің тағы бір себебі, Бостандық пен Нарықтың келетінін білдік пе? Оған дайындығымыз болды ма? Әлде ешқандай әзірліксіз, болған оқиғаның куәсі ғана болдық па?!

КСРО-ның империя ретінде тарих бетінен жойылатыны ту-ралы алпысыншы жылдардан анық біліне бастады. Социалистік құрылыстың қате екенін санаулы топ біледі. Ол жөнінде әңгіме жетпісінші жылдарда ашық айтыла бастады, оның негізінде зи-ялы қауым өкімдері көтерген жаңаша ойлау принциптері бола-тын. Ғылым мен техниканың орасан сапалы жаңалықтары (олар-ды кезінде ғылыми-техникалық революция деп атағанбыз) адам-зат баласын жер бетінен мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды. Осыған орай атақты ғалымдар Рассел-Эйнштейн – Жолио-Кюри 1955 жылы өз манифестерін жариялады, оның толық мазмұнын кеңес ғалымы, академик М.А. Марков «Мир науки» журналының 1979 жылғы үшінші санында жариялады. Кезінде оған біреу мән берді, біреу мән бермеді.

Page 295: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

295 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Жаңаша ойлау туралы әлемге әйгілі философ Бертран Рассел 1954 жылы 23 желтоқсанда Ұлыбритания радиосынан сөйлеген еді.

Социализмге негізделген социалистік елдер одағы (ол кез-де «лагерь» деп аталды) әлемге қауіп болды, жаңаша ойлауға қарсы болды. Осындай халді сезген философтар «Вопро-сы философии» журналының бетінде жетпісінші жылдардың соңында «социализмнің қайшылықтары» деген тақырыпта серия мақалалар жариялады. Социализмнің қайшылығы туралы ашық айту, ол қоғамның күні жақын деген ойға бастайтын сана. Мұны да біреулер қабылдады, ал көпшілік сол ескі дүрмектен ұрандатып жүріп Бостандық пен Нарықтық қалай келіп қалғанын білмей аң-таң болысты. Тіптен, Бостандық пен Нарықты қабылдау керек пе деген дау көтеріп, қирап, суға батып бара жатқан КСРО деген алып «кеме-титаникті» құтқару керек деген дәмелілер болды. Бұл өнбейтін істен өнім алмақшы болған ескі сана әрекеті болатын.

Сондықтан бізге бейімделуге (адаптацияға) біршама уақыт ке-рек болды, ойлаймын, осы жаңа заманға, нарық және бостандыққа бейімделуіміздің бірінші сатысынан өткенге ұқсаймыз. Енді оның келесі сатысы туды, ол нарық әлеміне толық ену, оның дүниетанымын және қылық-мінезін, әдеп-дәстүрін қабылдау. Бұл әрбір жеке адамнан Үкімет басшыларына дейін қатысты әңгіме. Кентаврлық мінезбен, яғни жартымыз социализм, жартымыз нарық болып өмір сүру қиын.

Мұның бәрін ескермеске болмайды, мысалы «Отан» партиясының саяси өлшемдері сол социалистік идея төңірегінде. «Жас демократтардың» тілі, лексикасы халыққа аса түсінікті бо-лып жатқаны жоқ. Зиялы қауым күнкөріс төңірегінде. Жастардың бір парасына нарық керек, бірақ оларды Бостандық, Тәуелсіздік идеялары қызықтыра қоймайды. Коммунистер сөзі көп жыл сақталып, жазуы өшіп бара жатқан кітап сияқты, әсері жұртқа күннен-күнге азайып барады. Сондықтан да оларды өздерінің «ата-жауы» демократтармен бірге митингтерден көріп қалып жүрміз. Бұл да саясаттың бір құйтыртқылы көріністері.

Саяси болмысқа екі ұғым қатар еніп тұр, олар асығу және кешігу. Жас демократтар өкілдері асығуда. Олар біз әлемдік үрдістен кешігіп қалып отырмыз, тез арада жаңа өзгерістер, қысқасы, жаңалық керек дейді. Әрине, жаңалықты жасайтын, яғни өмірге әкелетін, оны тұрмысқа, санаға, әдетке енгізетін де жастар.

Page 296: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

296

Мұндай шұғыл саяси шараларды жүзеге асырмақшы ниеттегілерді ғылыми тілде радикалдар деп атайды. Қазақстанда сондай ради-калдар бар ма? Жауапты ойланып айтқан жөн, ал егер басылым беттеріндегі деректерге сүйенсек, олар өткен жылдың соңында саяси кеңістікке шыққан Қазақстандағы демократияны таңдау қозғалысы және соның негізінде күні кеше жаңа өкіметпен қосарлана өмірге келген «Ақ жол» саяси партия өкілдері. Олардың мақсаты не де-генге келсек, мақсат сөзбен емес, іспен анықталатынын айтқан жөн. Саяси іс болса, ол жаңадан басталды, сондықтан шұғыл әрекетке кіріскендер туралы әңгіме алда.

Қоғам болған соң көзқарастардың көп, әртүрлі, тіптен қарама-қайшылықта болуы негізінен қалыптағы жағдай. Қоғам болмы-сында «саяси жел» деген үнемі болып тұрады. Табиғатта жел бол-маса ескі сынып, жаңа көктемей қалатын сияқты, қоғам өмірінде де саяси желдер қажеттілік. Мәселе, оның қара дүлей дауылға ай-налып, ескіні де, жаңаны да, көктеп келе жатқандарды да қиратып кетпесе дегеннің естен шықпағаны жөн. Радикализмнің ең қауіпті түрі революция, оны басымыздан өткергендіктен радикализм-ге де күдікпен қарайтын болғанбыз. Сондықтан алға асыққанда қайда асықпақпыз деген де бір философиялық ой келе береді. Асыққанда алда айқын бағытымыз бар ма, әлде бір әлемдік дүрмекке түсіп кете бергіміз келе ме? Оны да бір ойлап қою керек. Мақсат не? Жеке мүдде мен ұлттық (халықтық деп түсінеміз – Ғ.Е.) мүдделердің орны ауысып кеткен жоқ па, олай болғанда демокра-тия саяси авантюраға тура бастап апармақ. Сол себепті аңдамасаң қайдағы бір саясаттың құрығына түсіп қалуың қиын емес. Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар, қозғалыстар осындай іспен айна-лысуда. Халық саяси толқуға бірден түсіп кетпей сабыр сақтауда. Әзірше халық бәрін сана-сезіміне «құйып» жатыр, оның бір кезде толып, асып-төгілуі де ғажап емес.

Социолог-ғалымдар бұрынғы «тап» деген ұғымды «страта»-мен ауыстыруда. «Страта» (латынша) – қабат деген сөз. Қоғамдағы әлеуметтік қабаттар (страталар) көп қабатты үйге ұқсас. Бір қабатынан екінші қабатқа өту біреулер үшін жеңіл болса, екіншілер үшін тіптен мүмкін емес. Төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа шығу үшін лифт керек, бірақ ондағы орындар санаулы, сондықтан көпшілік төменгі қабаттарда қалып қоюда. Ең төменгі қабатта өмір сүрушілер люмпендер. Қазақстанда люмпендер бар ма, әрине, бар, солардың жалпы жұртқа шаққандағы үлес

Page 297: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

297 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

салмағы қандай? Халықтың люмпенденуі тоқталды ма, жоқ па? Мұның бәрі бостандықтың бағасын анықтаудағы қажет істер. Қолымыз жеткен тәуелсіздікті есік-терезесі ашық, жел үрлеген, еркін кіріп-шыға беретін сарай деп түсінушілік бостандықтың шын бағасын бермеушілік немесе білгісі келмеушілік болып табылмақ. Бостандықтың бағасы болғанымен, ол тауарға айна-лып, нарыққа тәуелді болмауы керек. Бостандық саяси ойын не-месе саяси реклама емес, ол халқымыздың бүгінде бар болуының, болашақта да бола беруінің кепілі болмақ. Мұның бәрі де ел аза-маттарына, тұлғаларға қатысты.

Тұлға деген кім? Тұлға деген – Жаратушысы берген қасиеттерін ізгілік істерге пайдаланып, өзін парасат жолына бағыттаған адам. Мен осындай адамдарды тұлға деймін. Адам Жаратушысы берген қасиеттерін ізгілік іске, парасат жолына пай-даланбаса, ол қалайша тұлға болмақ. Әдебиеттерде Александр Македонскийді, Наполеонды, Шыңғыс ханды, тағы басқаларды да тұлға деп жазып жүр. Бұлардың әрекетінде ізгілік пен парасаттылық болды ма? Жоқ, болмады, олар адамзат санасында зұлымдық істері арқылы сақталған. Зұлымдықта қандай тағылым бар. Турасын айтқанда, Наполеоннан, Гитлерден, Сталиннен алатын «тағылым» бар, ол зұлымдықты насихаттау «тағылымы». Оны тағылым дей аламыз ба? Әрине, жоқ. Тарихта нағыз тәлім алар тұлғалар болған, айталық Платон, Аристотель, Фараби т.б. Бұларды біз данышпандар-энциклопедистер деп атаймыз.

Сондықтан біз қайта-қайта сол энциклопедистерге: Конфу-цийге, Сократқа, Фарабиге, ибн Рушдқа, ибн Синаға т.б. орала береміз. Бұлар дүние туралы толық сөз айтқан адамдар. Олардан кейін ғылым жеке-жеке салаға бөлініп кете бастады. Ғылымдағы тұлғаларды тануда интеграция, дифференциация деген ұғымдар орныға бастады. Осы кездері ғылымдарды тұтастырушы филосо-фия болды, ғалымдар өз саласында кемелді ойға, жоғары деңгейге жеткен кезде философияға, философиялық ортақ ойға құштар болды. Сол кезде энциклопедиялық ойды аңсау басталды. Әдебиет болсын, физика, математика саласы болсын, ғалымдар өз ғылым саласына тереңдеген сайын оларда энциклопедиялық ынта пай-да бола бастады. Сөйтіп, физиктер өлең жазды, ақындар сурет сала бастады, т.т. Демек, тұлғалар өзінің іштей қажеттілігімен басқа нәрселерді іздей бастайды. Мәселен, физик бір уақыттарда өз саласынан кетіңкіреп, басқа ғылымға икемделе бастайды. Сон-

Page 298: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

298

да ол нені аңсады? Ол сонау энциклопедиялық білімді, бәрін білсем дегенді мақсат тұтты. Бұл барлық ғалымдарға тән емес, тек тұлғаларға ғана тән құбылыс.

Тұлға деген үкімет басындағы, саясаттағы, ел басқарып отырған адамдарға да қатысты құбылыс. Қазір әкім мен хакімді шатастырып жүрміз. Әкім – билікке қойылған адам. Хакім болса – дана. Тек даналық сөз айта алатын адамды Хакім дейді. Иасса-уи хикмет айта алатын адам хакім деген. Хикмет, даналық сөзді кім айта алады? Табиғатында даналықты қабылдай алатын, ерек-ше қасиеті бар және тылсым табиғатымен байланысы бар адам ғана хакім бола алмақ. Сондықтан әкім мен хакімді шатастырмау керек. Бірақ кейде әкімдердің ішінен хакімдікке талпыныс жаса-ушылар болады. Мұндай талпыныстар тарихта болған. Мысалы, араб халифтерінің біразы хакімдікке талпыныс жасаған. Оған әл-Мамун, Харун ар-Рашид сияқты халифтарды жатқызуға болады. Хакімдікке талпыныс кезінде ондайлар тұлғалық, кемеңгерлік, мемлекеттік қайраткерлік жағын көрсете бастайды. Бұл сирек бо-латын құбылыс, себебі биліктің мақсаты өзге.

Тұлға туралы осы сөздерге кей адамдардың келіспеуі де мүмкін, өйткені қазір тұлға деп кім көрінгенді айта беретін болдық. Кезінде ол адам үлкен қызмет істеді, лауазымды болды. Енді оны тұлға еді деп жатамыз. Ол тұлға болып не жасады. Лау-азымды болса қажеттіліктен болды, ол болмаса, ол орынға басқа болады. Демек, тұлға деген міндетті түрде болатын нәрсе емес, міндетті түрде болатын нәрседен тыс қажеттіліктің табиғатынан тұлғалық шығады. Тұлға деген әркім емес. Кейде жеңіл-желпі мынау «тұлға», анау «пайғамбар» деп жатамыз. Кейде «Ұлы» деп сөйлейміз. Ал, Ұлылық деген пенде болып жаратылған адамға жараспайды, ол Жаратушының эпитеті.

Осы тағылым ба, ол керек пе бізге? Тұлғаны тағылым арқылы анықтасақ, тұлға деп жүргендеріміз тұлға болмай қалады. Қазіргі қазақ басылым беттерінде Шыңғыс хан туралы көп сөз болып жүр. Бұл турасында Мұхтар Шахановтың алған бағыты дұрыс. Мен «Шыңғыс хан вирусы» деп «Егемен Қазақстанда» 08.05.2001 ж. арнайы мақала жазғам. Мәселе Шыңғыс ханда емес, мәселе зұлымдықта. Ол әлемге зұлымдықты әкелді. Шыңғыс хан деген – соғыс, қырып-жою. Сонда Шыңғыс ханнан қандай тағылым алмақпыз? Ол әскери қолбасшы, әскери стратег, бірақ соның осы қасиеттері ізгілікке қызмет етті ме? Сол сияқты Ақсақ Темірден не тағылым

Page 299: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

299 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

аламыз? Гитлерді тұлға дейді, одан не тағылым аласың? Империя құрды, фашистік вирусты (немесе шыңғыс хандық вирусты дей беріңіз) жер жүзіне таратты.

Менің айтпағым, тұлға болмысында ізгілік пен парасаттылық болуы керек. Ізгілік пен парасаттылығы болмаса, ол қалай тұлға болмақ. Осындай ойды басшылыққа алсақ, көптеген тұлға деп жүргендер тұлға болмай қалады. Қазір «Хабар-2»-де «Бірінші» деген фильм жүріп жатыр, оны артист Жолжақсынов жүргізеді. «Бірінші» – деп отырғанымыз кезінде Қазақстанды басқарған сая-си басшы – коммунистер. Өткен тарихымызды білу үшін бұл ха-бар керек, бірақ керек нәрсе мен тағылымды шатыстырмаған жөн. «Біріншілердің» бәрін білуіміз керек. Бірақ, осы «Біріншілердің» бәрінен тағылым бар ма? Жоқ, бірінші болу деген тұлға емес. Мемлекеттік-машинаның ішінде бірінші болатын бір адам болуы керек, ол болмаса басқа болады. Тұлға деген қажеттіліктің сырты-нан тыс қажеттіліктен шығады.

Сондықтан тұлға дегенде, өлшеміміз – ізгілік пен парасат жолы болғаны жөн. Ал, бұл жолға қалай түсеміз? Кейде мем-лекетке қажетті емес, сол қажеттіліктен тыс қажеттілік шығады, сол басқалар айта алмайтын ойды айтатын, басқалар жасай ал-майтын нәрсені жасайтын адам болады, соны тұлға деп айтуға әбден орынды. Кабинетте отырып, өзінің міндетіне сай нәрсені атқарып отырған адамды тұлға деу орынсыз. Қазір Қазақстанның саяси өмірінде тізімде жиі аталып жүргендер аз емес. Солар тұлға ма? Тұлға болса, тағылымы қайсы? Ел жадында сақтарлық әрекеттері, ел санасында сақтарлық сөздері бар ма? Тұлға болуы үшін тағлымы болу керек. Тұлғалар санаулы. Тұлға өз заманынан үнемі озық тұрады. Сондықтан тұлғалардың әрекеті біздің өмір сүріп отырған заманымыздың түсінігінен ілгері болуы табиғи іс. Саясат, билік деген консервативтік нәрселер. Тұлға консервативтік ой шеңберін бұзып, жаңа үлгі ұсынбақ, оның ұсынған үлгісі дәп қазіргі жағдайға қажет болмауы да мүмкін. Сондықтан тұлғаларды заманында түсінбеушілік, соның нәтижесінде оларға қарсы ре-прессия жүргізілуі де мүмкін. Мысалы, кезінде Бруноны отқа жақты, ойшыл-ақын Насимидің тірідей терісін сыпырды. Тарих-та мұндай деректер көп. Неге бұлай болады, себебі тұлғалардың ой-пікірлері билік басындағылардың мүдделеріне сәйкес келе бермейді? Сол кезде қайшылық басталады. Кезінде Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Мағжан Жұмабаевты, тағы

Page 300: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

300

да басқа халқымыздың аяулы да асыл азаматтарына «халық жау-лары» деген кінә тағып, олар «үштік» сотының шешімімен атыл-ды. Большевиктер өз мүдделері үшін дұрыс жасады. Мұндай ре-прессия саясаты болмаса, большевиктер өз билігін орната алмас еді. Жоғарыда айтылған тұлғалар және оларды қолдаушылар большевизмге ерік бермес еді. Алаш азаматтарының өркениеттік өлшемі большевизм саясатынан жоғары болған. Қазіргі заманға қатысты тарихи оқиғаны мысалға келтірсек, ойыма 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасына» оралады. Желтоқсан оқиғасынан кейін, КОКП ОК-нің арнайы қаулысы шықты, онда «қазақ ұлтшылдығы» деген анықтама болды. Қазақты «ұлтшыл» деді деп, бәріміз қызарақтадық. Шындығында, қаулыда дұрыс айтылған. Біздің жауларымыз, біздің кім екенімізді дұрыс анықтап берген. Ұлтшылдықтың несі жаман. Ұлтшыл болу орталық үшін жаман. Біз үшін дұрыс. Ұлтшыл деген халықшыл деген сөз, біз ұлтшыл болмасақ, егемендікті аңсамаған, оған келмеген болар едік. Жастардың ісі дұрыс болды. Тәуелсіз мемлекет болудың басты идеясы – ұлтшыл болу. Біз ұлтшыл дегенді интернационализмнің альтернативасы ретінде, яғни лениндік қате түсінікпен анықтап келдік. Анығында, 1986 жыл қозғалысы ұлтшылдықтың көрінісі болатын. Ұлтшыл емеспіз деп шулағанымыз, сол кездегі түсінігіміздің деңгейі еді. Тұлға оқиғадан шығады, қаһарман ініміз Қайрат Рысқұлбеков сондай тұлға. Ол жаңа өлшем әкелді, бірақ оның өлшемі сол уақытқа сыймады. Заманына сыйып тұрса, ол тұлға бола ма? Заманына қарай адамы, адамына қарай заманы деген бар. Заманға билік айтқаннан тұлға болмысы білінеді. Осы мәселені кезінде Абай да көтерген еді:

Әркімді заман сүйремек,Заманды қай жан билемек?Заманға жаман күйлемек,Замана оны илемек. (Абай. 1-т. Алматы «Жазушы», 1998.)

Заман сүйреп жүргендерден тұлға шықпайды. Тұлға за-манды билейтіндерден шықпақ. Жаман үшін бәріне кінәлі – за-ман. Ойланатын мәселелер. Кеңседен кеңсеге көшкен мемлекет машинасының механизміне қызмет еткен әлдекімдерді тұлға дейміз. Осынымыз дұрыстыққа жата ма?

Page 301: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

301 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Көзі тірі тұлғалар туралы сөз айту қиын. Пендешілікпен тұлғалар мен тұлға болмайтындар бой таластыра береді. Сондықтан да әдетте тұлға дегенде дүниеден озғандар туралы айтып жатамыз. Дүниеден озған адамның әдетте пенделігі ұмытылып, жақсылығы молыға, толыға түсетіні белгілі. Қазір Дінмұхаммед Қонаев тура-лы көп айтылып жатыр. Кейбірлері ол кісінің пенделігін айтады. Кейбірлері сол арқылы өзін алға ұмсындырады. Шыны, Қонаевты заманы арқылы бағалаған жөн. Ол заманына қарсы тұра алды ма, оны кейінгі ұрпақ айтады. Заманның ішінде болды ма, сыртында болды ма? Заманын билей алды ма, әлде заманы оны сүйреді ме? Ойлаймын, оның нақтылы жауабын келер ұрпақ бермек. Ол за-манда тұлғаға қойылатын тағлым өлшемдері қандай болмақ! Біз бүгінде мән беріп, ойланбаған нәрселерге келер ұрпақтың ерекше мән беретінін не бермейтінін болжау қиын, бірақ әр ұрпақтың өз дүниетанымы, соған негізделген философиясы болатыны анық.

Тұлғалардың өнер, әдебиет, мәдениет саласында көп кездесетіні түсінікті. Өнер адам бойындағы ізгі қасиеттерді шығаратын құбылыс. Ақындық деген – періштелік. Зұлымдық поэзияға жат. Поэзия әуел басқан ізгілік жағында, сондықтанда одан тағлым мол. Ғалымдықта демондық орасан қуат бар, сондықтан да Шәкәрім кезінде ғылымды һәм түзеуші, һәм бұзушы деген. Ғылымның осындай екі сипаты бар, мысалы, атом қуатын ашқан – ғылым, оны адамға қарсы пайдалануға да қол үшін берген – ғылым. Орасан маңызды ғылыми жаңалықтар нәтижесі азамзатқа қауіп айналып кете беріп отыр. Демократ Ан-дрей Сахаровтың трагедиясы осыда. Ол кезінде ғылымды адамзат игілігіне, ізгілікке пайдалану керектігін айтқаны үшін диссидент атанған еді.

Тұлғаны дер кезінде тану осал шаруа емес. Тұлғаны тану үшін уақыт және ізгілік пен парасаттылық туралы түсінік керек.

Бостандықты бағалау өз-өзімізді бағалау, кім екенімізді анықтап алу. Сондықтан да ғылымға «Қазақстандық өркениет» деген ұғымды енгізудің мезгілі жетті. Біздің өмір сүріп отырған – өркениет кеңістігін қазақстандық өркениет демегенде не деуіміз керек. Біз «өркенің өссін» деп бата алған ұрпақ емес пе едік. Ен-деше неге сол айтылған тілекке сай болмауымыз керек. Өркеннің өсуі деген өркениетті тұрмыс құру деген емес пе? Егемен ел болған Қазақстан Республикасы өркениет кеңістігі емес пе? Латын Аме-рикасы елдерінен оннан аса жазушылар Нобель сыйлығының

Page 302: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

302

лауреаттары болды. Бұл не? Қалайша өркениеттің еуропалық үлгісінен кенже қалған Чили, Аргентина, Колумбия, Гватема-ла, Куба, Бразилия т.б. Латын Америкасы елдерінен Нобель сыйлығын алған немесе оған татитындай еңбек еткен қаламгерлер шықты. Солардың әлемге кеңінен әйгілілерін атап өтейін, олар: Габриэла Мистраль (Чили) Нобель сыйлығына 1945 жылы ие болды, Пабло Неруда (Чили) 1971 жылы Нобель сыйлығын алды, Хорхе Луис Борхес (Аргентина), Хулио Кортасар (Аргентина), Га-бриэль Гарсиа Маркес (Колумбия) Нобель сыйлығын 1982 жылы алды, Мигель Анхель Астуриас (Гватемала) Нобель сыйлығын 1967 жылы алған, Алехо Карпеньтер (Куба), Жорж Амаду (Бразилия) сияқты аса көрнекті жазушылар болған. Неліктен жағдай солай болды, оның басты себебі латын американдықтар біздер сияқты еліктеу философиясына салынбай, тыңнан өздері өркениеттің өлшемін ұсына білді. Олар әлемді «үнділік өлшеммен» өлшейміз деп биік нысана алды, соны орындап шықты. Бізге неге сөйтпеске. Еліктеушілік өркениетті өсірмейтін, көркейтпейтін тәсіл. Еліктеу дегеніміз біреудің соңынан салпаңдап ере берушілік. Ал, әлемге өз өлшемін ұсына білу, ол жаңа сапалық, тың өркениеттік сұраныс. Біз осы сұранысқа сай болуымыз үшін көптеген мәдениет, оқу, білім, ғылым, өнер салаларында жаңа сапаға өтуіміз аса қажет.

Тың сапалық кеңістікке шығу үшін біз өркениеттің жаңа өлшемін ұсынуымыз керек. Жағдайды айттық, еліктеу және әлдекімдерге үнемі шәкірт болып оқу оқи беру өркениеттілікке жеткізбейді. Абай айтқандай, «болмасаң да ұқсап бақ» деген өлшемді ұстанған жөн.

Қазақстандық өркениеттің, құдайға шүкір, бар құрамды, қажетті алғышарттары, толықтырылулары бар. Бастысы, саяси еркіндік, мемлекетіміз бар, мол тарихи-мәдени мұрамыз бар, тама-ша халқымыз бар. Геополитикалық жағынан алғанда, еуразиялық кеңістік Шығыс пен Батыстың арасы, түркілік, мұсылмандық, славяндық, еуропалық мәдениеттердің тоғысқан жері. Республи-ка халқы ХХ ғасыр бойы «бір қазанда» мейлінше қайнады, соның нәтижесінде Қазақстанда ортақ жаңа мәдени капитал орнығып келеді. Қалыптасу процесінің үнемі де үміт пен күдікке толы бо-латыны белгілі. Мәдени үрдісте дәстүрлік те, вестернизация да, модернизация да бар. Мәселе солардың қай тармағы мемлекеттік мүддеге сәйкес келеді, соны қолдау болашаққа бағытталған сана болмақ. Адам болмысы қызық қой, қазіргі көзі тірі біздер кейде

Page 303: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

303 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

бар әлемдік оқиға бүгін болып өтетіндей, оның бәрін өзіміз куә болып көретіндей ынта білдіреміз, бұл пенделік. Тарих бізбен басталмайды, бізбен аяқталмайды, әлі соңымыздан талай-талай ұрпақ келмек. Солар біздер туралы не демек, деп те қоюымыз ке-рек. Осы мәселені кей-кейде ойлап қойғанымыз да жөн. Ертең де айтылатын сөз болуы керек. Бүгінмен тарих бітпейді. Ұрпақтар алдындағы жауапкершілік, сірә, бостандықтың нағыз бағасын түсіну шығар.

4.2 Жаһандану жағдайындағы жаңа өзара түсінісу философиясының қалыптасуы

Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, сая-си, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлігісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық қағидаттардың салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ шынайы демократия мен халықтың басым көпшілігінің рухани тұрғыдан осы демократиялық бостандықты пайдалана алатындай кемелденуінсіз мемлекеттің тәуелсіздігін баянды ету де мүмкін емес.

Демек, ұлттық тәуелсіздік – қоғамдағы демократиялық қағидаттардың орнығуы мен халықтың рухани жаңғыруының іргетасы болса, демократия мен рухани жаңғыру – елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы.

Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ XX ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таны-ды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.

Біз – тәуелсіздігімізді нығайту, экономикалық жүйемізді түбірінен жаңғырту, демократиялық қағидаттарды орнықтыру, мемлекеттік, ұлттық және мәдени бірегейлену сынды күрделі-күрделі процестерді басымыздан өткізіп жатқан елміз. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани және мәдени жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін процестер. Міне, сондықтан да Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның XXI ғасырдағы басты даму бағдарын белгілеп берген

Page 304: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

304

«Қазақстан–2050» атты стратегиялық жоспарында халықтың руха-ни жаңаруына және жаңғыруына ерекше маңыз берілген. Қазақ филдсофиясы – бұл өмір сүру философиясы, өзара түсінісу фило-софиясы болып табылады. Біз осы өзара түсінісу философиясының қалыптасуының рухани-мәдени алғышарттарын қарастырамыз.

Рухани бостандық, ой еркіндігі, ұлттық философия мен та-рих, қазақ ұлтының сонау көне түркілік заманнан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ұлы тарихи жолын өркениеттік әдіснама тұрғысынан тереңірек зерделеу тәуелсіз және егемен Қазақстан жағдайында ғана мүмкін болды. Тек тәуелсіздік пен егемендік жағдайында ғана Қорқыт Ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, т.б. ғұлама ойшылдар мен дана-гуманистер көзқарастары, қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге, халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, біртұтас ұлт бо-лып бірегейленіп ұюға мүмкіндік алдық.

Қазақстандағы жергілікті ұлт өкілдерінің мүддесін аяқасты еткен саясат ондаған жылдар бойы үздіксіз жүргізілді. Әсіресе, Қазақстанға XX ғасырдың 40-жылдары еріксіз жер ауып келген халық өкілдеріне бұл саясат ауыр тиді. Қазақстан жеріне үздіксіз ағылып келіп жатқан, мақсатты түрде жер аударылған, мысалы, тың игеру заманында келген келімсектер саны республикадағы демографиялық жағдайды күрт өзгертіп жіберді. XX ғасырдың 30-жылдардың өзінде қатары селдіреп, сансырап қалған қазақ халқы ата-бабалары көзінің қарашығындай сақтап келген қара орманында сандық азшылыққа душар болып, шетқақпайға ұшырады. Орталықтанған экономика және тоталитарлық са-ясат қалыптасты. Бәрінен де бұрын қазақ халқына айықпас зардап әкелген Арал мен Семей трагедиясы тәрізді көптеген аймақтарда экологиялық апат бой көтерді. Семей полиго-ны ондаған жылдар жергілікті халықты ядролық жарылыстың тәжірибелі құрбандарына айналдырды. Мұнда жаппай қырғынға ұшырататын қаруды жер астында ғана емес, 50-жылдары ауада да ашық сынап, қазақ халқының генофондына орны толмас зар-даптар жасады. Мәдениеттен, тілден, әдет-ғұрыптан қазақ халқы айырыла бастады.

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін қалаушы ретінде өз елінің тарихи тағдырын қолына алған кездегі XX ғасырдың 90-жылдары бізге тоталита-

Page 305: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

305 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

ризм қалдырған мұра осындай болатын. Шындығында да біздің ата қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама өркениет ошағы болған көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар құрбан болды, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын бол-са да алтын бесік ата-баба жері Атамекен сәл Совет империясы кезіндегідей, ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осын-дай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан ұрпаққа мұра еткен.

Өкінішке орай, осы бір тарихи сабақтастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. Жетпіс жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлматтық саясат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойран-дады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдағаң жыл-дар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып, келмеске кетті.

Отандық тарихымызда қазақ халқының ұлттық өркендеуіндегі көкейкесті мәселелерді шешудің шынайы мүмкіндігі туып отырған бүгінгі сәтте біз тек қана ашық, демократиялық азаматтық қоғам құра білгенде ғана, әлемдіқ өркениеттің, жал-пы адамзаттың тәжірибесіне қол арта алғанда ғана сәтті қадам жасауға болатындығын түсіндік.

Жаһандану заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде әрбір мемлекетте қоғамдық өмірді демо-кратияландыру қажеттілігін түсінуге негізделген әлемдік қауым-дастықта құрметті орынға лайық, адам құқы мен бостандығы ерекше орынға ие. Сөз жүзінде адамдардың еркіндігі мен құқын айғайлай жариялағанмен де, тоталитарлық қоғам өз табиғатында қоғамда шынайы демократия орнатуға дәрменсіздігін таныт-ты. Сондықтан да елдің қожасы деп жарияланған еңбекшілер іс жүзінде партиялық-мемлекеттік машинаның елеусіз тегершігіне айналды. Адам қоғамның идеологиялық диктат пен өмір ағысын қатаң реттеу жағдайында өзіндік таңдау құқығынан мүлде айрыл-ды. Бұл жағдай ең алдымен тұлғаның демократиялық құқығы

Page 306: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

306

мен еркіндігін жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим басқаруының салдарынан болды.

Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті, қуатты президенттік республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі, барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген, әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі, бірқатар мемлекеттердегі сияқты, ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайда ұлттық мәдениетті, мемлекеттік тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

«Мәдени мұра» мемлекетгік бағдарламасының жүзеге асуы үлкен тарихи маңыздылығы бар құбылыс. Ол қазіргі та-рихи белесте Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асуда. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – гуманитарлық білімнің әлемдік мол қазынасын, халқымыздың рухани байлығын мемлекеттік тілде қордалау екені белгілі. Міне, осы әрекеттер арқылы еліміздің рухани қауіпсіздігін нығайтып, тәуелсіздіктің іргетасын барынша ізгілікті жолдармен қалай түсу болып табы-лады. Кезінде біршама текпіріш көрген ұлттық тарихымыз бен тіліміздің тарихы осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы бір сатыға болса да биіктеп, оның рухани байлығы молая түсер деген үміттеміз. Ал, енді тікелей менің жетекшілігіммен орындалуға тиісті салаларға философия мен психология Секциясы жата-ды. Атап айтқанда, «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы» деп аталатын 1-ші блок 20 томнан тұрады және оған халқымыздың көне заманнан қазіргі дәуірге дейінгі қордалаған даналық үлгілері, филосо-фиялық ойдың інжу-маржандары енеді. 2-ші блокта 20 томнан тұрады және ол «Әлемдік философиялық мұра» деп аталады. Оған сарапшылардың таңдаулары арқылы әлемдік философиялық ойдың ең озық үлгілері іріктеп алынып қазақ тіліне аударыла-ды. Платон, Аристотель, Кант, Гегель сияқты философияның ғұламалары қазақ тілінде сөйлейді. Бұл таңдаудағы негізгі ұстын

Page 307: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

307 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

– ұлы философтардың шығармаларындағы тәуелсіздігімізге де-меу болатын, рухани жетілуімізге көмек беретін идеяларды жас ұрпаққа барынша төлтумаға жақын нұсқада жеткізу болып табы-лады. Бұл қадамдарымызды жүзеге асыру үшін философиялық мәтіндерді қазақ тіліне тәржімелей алатын Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы кәсіби философ-мамандар жұмылдырылуда. Сонымен қатар, 10 томнан тұратын «Әлемдік психологиялық мұра» блогы бойынша алғашқы рет мемлекеттік тілде психоло-гия саласының әлемдік классиктері аударылып, олар қазіргі таңда бірнеше том болып жарияланып та үлгірді. Жоғары мектептің қазақ тілді студенттері мен магистранттарына, аспирантта-ры мен докторанттарына жоғарыда жасалып жатқан игілікті істердің шапағаты мол боларына сенімдіміз. Тек айта кететін бір жәйт: жарық көріп жатқан томдардың елімізде таралу да-налары өте аз көлемде болып отыр. Сондықтан Қазақстанның барлық түкпірлеріндегі қалың оқырманға «Мәдени мұра» бағдарламасының өнімдерін жеткізуді, оларды кеңінен наси-хаттауды үкіметіміз өз қолына алғаны жөн деген пікірдемін. Әрбір ұлт өзінің мәдени мұрасын жоғары деңгейде қадірлеген сайын ол әлемдік жүртшылық алдындагы, Ұлы адамзат тарихы алдындағы мәртебесін биіктете түседі. Руханилық әлеміне ба-рынша толыққанды көңіл бөлгенімізден ешқашан ұтылмаймыз. Осындай тарихи қадамдардың арқасында халқымыз өзінің ұлттық тіліндегі білімін жетілдіру бағытында асқақ биіктерге көтеріліп, Орталық Азияның нағыз рухани жетекшісі рөлін атқара-тын та-рихи субъектіге айналары анық деген ойдамын.

Әрине, қазақ халқының сан ғасырлық тарихын түркілік кезеңінен бөліп қарастыруға болмайды. Сонымен қатар түркілік негізіміз бір болып келетін көрші жатқан халықтардың ділі мен дінін, дүниетанымы мен философиялық әлемді игеру тәжірибесін қазіргі пәрменді дамуымызда, тәуелсіздікті нығайту аясында толығымен ескеруіміз қажет. Түркілік философияның басқа дүниетанымдардан өзіндік төлтумалығы сонау Тәңірге сенген тарихи кезеңдерден басталады. Түркілер тарихи про-цесте әр түрлі діни дүниетанымның құрылымымен таныстығы да белгілі. Түркілер ислам дінін қабылдағанмен өзінің төлтума мәдениетінің ерекшеліктерін ұмытқан емес, тіптен, оның барлық мән-мазмұнын еркіндікке, даналыққа құмар кейпіне қарай бейімдеді, дамытты. Сондықтан араб-мұсылман мәдениеті де өздерінің діни құрылымдарын таратушы ғана емес, сонымен

Page 308: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

308

қатар түркілерден көптеген рухани дүниелерді қабылдады деуге болады. Сөйтіп, мәдениетаралық байланыстар Тұран жерін-де екі жақты өзара байланыс сипатында өрбігенін байқаймыз. Айта кететін бір жәйт: Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Иүгінеки және т.б. түркі әлеміне ортақ тарихи тұлғаларға туысқан халықтар өзімшілдікке салып таласпағаны жөн. Одан ұтарымыз шамалы. Оның орнына бұл ғұламалардың дүниетанымын, философиялық жүйелерін тереңдей ашып беруге біріге ғылыми-зерттеулер әрекеттерін жасағанымыз тиімдірек. Міне, сол арқылы барлығымыздың да рухани дүниеміз байи түсетіні анық. Ал жас ұрпақ Шығыстық даналық үлгілерінің қайнар бұлағынан сусындауға мүмкіндік алады. Біздің ғылыми жобаларымыздың құндылықтық бағдарлары қазіргі көпкіндікті жаһандану зама-нында осындай ұстындарды басшылыққа алады.

Қазіргі замандағы ғаламдық үрдістердің ішінен жаһандану процестерін ерекше атап, оған әр қилы сипаттама беріп келеміз. Жалпы жаһандану дүниежүзілік тарихтың қисынына сәйкес, тарихтың қойнауынан туындаған өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында кеңінен көрініс берген объективті процесс. Жаһандану процестерінің оңды жақтарын да, теріс қырларын да айқындап беруге болады. Оңды дейтін себебіміз бұл про-цестер әлем халықтарының мәдениетін, экономикасын, сая-си және ақпараттық жүйелерін барынша жақындата, кіріктіре түсетін қасиеті бар құбылыстар қатарына жатады. Өкінішке орай, жаһанданудың теріс жақтары да аз емес. Мәселен, ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық мәдениетті барынша бедерсіздендіруге итермелейді және саяси, әлеуметтік тәуелсіздіктің принциптеріне барынша немқұрайлылықпен қарайды, экологиялық үйлесім-ділікті сақтаудан гөрі прагматикалық пайданың соңына түскен корпорациялардың, концерндердің мүддесін күйттейтін қадамдармен өрбитін қасиеттері де бар екенін байқаймыз. Сондықтан, кез келген ұлттық мәдениет жаһанданудың игілік-теріне, оның барынша бойлап еніп келе жатқан үрдістеріне сақтықтықпен қарайды және олардың әрқайсысы нигилистік кейіптегі бұқаралық мәдениеттің құрбаны болып кетпеуді ойлай-ды. Сөйтіп, бір жағынан қазіргі жаһандану елімізге Жер бетіндегі интеграциялық процестердің нәтижелерін, әлемдік дамудың игіліктерін алып келсе, екінші жағынан кейбір әлсіздеу мәдениет пен өркениеттерді жұтып қоюға дайын тұратын қасиетімен

Page 309: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

309 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

этникалық келбетімізді жойып жіберуге бейімдігімен қауіпті. Әрине, тәуелсіздіктің туын биіктетеміз деген желеумен әлемдік өзара байланыстан шеттеп, оқшауланып қалуға болмайтыны-мыз анық. Ондай жолды тандаған мемлекеттер өздерінің әр түрлі салалардағы даму мүмкіндіктерін шектей түсетіндігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Еуразиялық кеңістіктегі көршілеріміз Ресей мен Қытай экономикалық, саяси-әлеуметтік жағынан маңыздылығын сақтайтын ұлы державалар болып қала бермек. Әрине, түркілік әлемге жататын елдермен де байланысымыз-ды өрбіте түскеніміз абзал. Жалпы үнемі тең дәрежедегі, яғни паритеттік нұсқадағы халықаралық қатынастарды да-мытудан ұтылмасымыз анық. Дегенмен дербестігімізді, тәуелсіздігімізді мықтап нығайтудың жолдарын іздегеніміз де абзал. Ол дегеніңіз әлеуметтік өмірдің барлық салаларындағы сапалы және жүйелі дамумен байланысты құбылыстарға барынша назар аудару. Ал енді сондай саланың бірі ғылым болып табылады. Ғылымға және сапалы білімге терең мән беріп қана, оларға барынша шынайы назар салу арқылы басқа елдердің жетістіктеріне тәуелді болмай-мыз, тәуелсіздігіміз нағыз іргелі құрылымға айналады.

Әрине, ғылыми өнімге, ғылымның табыстарына қазіргі пәрменді даму заманында үлкен талаптар қойылады. Кейбір ғылыми нәтижелер бұл сынақтарға шыдамай тез ескіріп те қалуы мүмкін. Себебі, ғылыми ақпараттар ағыны үнемі жаңғырып оты-руда, әлемдік ғылыми процесс теориялық, әдіснамалық тұрғыдан жоғары деңгейдегі ғылыми өнімді қажет етеді. Елімізде әлемге белгілі болы қалған көптеген ғалымдарымыз бар. Олардың көбісінің еңбектері шет елдерде жарық көруде. Бәрімізге белгілі өркениетті елдерде сапасы төмен ғылыми еңбектерді жарыққа шығармайды. Осы орайда айта кетерім: менің еңбектерім әлемнің 25 тілінде жарық көріп, миллион даналармен таралып кеткен екен. Мәселен, 2005 жылы АҚШ-та Вашингтон қаласында басы-лып шыққан ағылшын тіліндегі «Қазақстан: мәдени мұра және әлеуметтік трансформация» атты монографиям еліміздегі рухани-әлеуметтік процестерді Америка халқына, қоғамтану саласындағы мамандарға таныстырады, тәуелсіздіктің жетістіктерін ағылшын тілі арқылы әлемге кеңінен паш етеді. Сонымен қатар, Түркияда, Иранда, Ресейде және көптеген т.б. ірі мемлекеттерде еңбектерім жарық көрді. Әсіресе, Ресейлік социолог-ғалым О.В. Ничепорен-комен қосылып жазылған «XXI ғасырдағы Ресей мен Қазақстан.

Page 310: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

310

Жаңғыру реформалары тәжірибесі» деген монографиямызда екі елдің өзара мәдени, экономикалық, рухани байланыстары, ұлттық идеяны іздеу талпыныстары, диаспоралар мәселесі кең көлемді талқыланады. Еңбекте Еуразиялық кеңістіктегі проблемалық мәселелердің шешімін табуға байланысты теориялық және практикалық шаралардың топтамасы беріледі. Егер біз ғылымның пәрменді даму болашағын ойлайтын болсақ, онда, әрине, ағылшын тіліндегі ғылыми ақпараттардан хабардар болуымыз керек және мәртебелі халықаралық ғылыми орталықтардың қызметтерімен, олардың біз үшін тиімді іс-шараларымен байланыста болу қажет екендігін атап өтуге болады.

Жалпы философияның өзі қазіргі заманда біршама өзгерістерге ұшырап, руханилық мәселесін жоғары көтеруге бағдар ұстануда. Ол дегеніңіз адамдарды өзара түсінісуге, толеранттық санаға қарай шақыру болып табылады. Қазіргі заманның негізгі қайшылығы – қоғамдағы шынайы өзара түсіністіктің жоқтығы, адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықтың үлғая түсуі болып табылады. Оның себебі адами руханилықтың социумда өрбімей, өзімшілдіктің тереңдеп кетуінде. Өкінішке орай, нарықтың да-муы бұл процестерді одан сайын күрделендіре түседі. Ал қазіргі заманда осы өзара түсіністіктер мен төзімділіктер сипаты ис-лам мен христиан діндерін уағыздаушылар арасында орнықпай заманымызға түнектей болып отырған терроризм мен экс-тремизм коріністерінен толық құтыла алмаймыз. Сондықтан ұлтаралық келісім мен конфессияаралық келісімді орнықтыруға ұмтылу, солардың теориялық жолдарын іздеу қазіргі заман фило-софиясы ғылымының негізі болып табылады. Бұрынғы кейіптегі жалаң рационалдыққа сүйенген философиядан гөрі адами мәселелерді тереңірек ашып көрсететін, рухани болмыстың қыр-сырын анықтайтын жаңа формадағы, гуманистік негіздегі теория-ның студенттер мен магистранттарға дәрістелгенін қалаймын. Еліміздің болашағы да осындай кейіптегі мәдениетті, философи-яны, саяси бағдарларды дамытуда деп білемін. Жалпы еліміздің ішкі бірлігін нығайту идеясын тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық дамуының көшбасшы бағдары етіп алатын уақыт та келген іспетті.

Бүгінгі күні Шығыс пен Батыстың өзара жақындасуы Еу-разия құрлығы мемлекеттерінің көп деңгейлі интеграция-сы аса қажеттілікке айналуда. Адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, атлантикалық пен континентальдық ислам мен

Page 311: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

311 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттың арасындағы теңсіздік болашақта аса зор күйреуге, бүкіл планетамыздың жойылуы-на апарып соғуы мүмкін. Еуразиялық идеяны адамның дүниеге арнаулы қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру – осы теңсіздікті жеңудің басты жолы, адам тіршілігінің әртүрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. Қазіргі кезде еуразиялық мұраттың кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан.

Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанда қалып-тасқан гуманизм, төзімділік, ынтымақтастық, этносаралық және дінаралық рухани келісім, тұрақтылық, сенім, халықтың демо-кратиялық әдет-ғұрпы, сөз бостандығы сияқты құндылықтар әлемдік дағдарыстан нығайып барып шығудың негізі болып табы-лады.

Қазақстан Республикасы – еуразиялық ел, ендеше, оған еуразиялық идеясы өте жақын. Еуразиялық идея Еуропа мен Ази-яны біріктіреді, бірақ олар өзінің философиялық мәні түрғысында Батыс пен Шығыс деген терең ұғымды білдіреді.

Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз географиялық тұрғыдан ғана емес, демографиялық және мәдени тұрғыдан да Еуропа мен Азия, христиандық пен исламның тарихи әлемі аралығында жа-тыр. Еуразия кеңістігі бойынша біздің елімізде ғана славяндар мен түркілердің іс жүзіндегі сұхбаты арқылы үйлесімді қатынасы, достығы, ислам мен христиандық арасындағы рухани келісім іске асып отыр. Осының арқасында Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Кеден одағы, Орталық Азия елдерінің экономика-лық қауымдастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты аймақтық ұйымдар құрылып, жаһандану процесінің зиянды сал-дарларына тосқауыл қойылуда.

Ендігі жерде өзіндік «Менін» сақтауға ұмтылған әрбір жұрт, ең алдымен, тарихи санасы мен жадын, бірегей ұлттық болмысы мен ойлау машығын, өзіндік дүниетанымы мен дінін, ана тілі мен ерекше ділін, бай дәстүрлі төл мәдениетін дамыту, аман алып қалу жолында жанталасуы қажет.

Қазір қазақ халқы үшін жасанды, виртуальды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай XXI ғасырдағы рухы биік мәдениетімізді одан ары

Page 312: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

312

қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы жарқын. Оған ешқандай күмән бол-мас.

Шынында, жер бетіндегі тіршілік иесі еркіндік үшін жаратылған. Өсімдік екеш өсімдік те қалағанынша өркен жай-ып, өз қуаты жеткенше күнге қарай бой созуға үмтылады. Жан-жануар атаулының да аңсары сол. Ал адам ше?! Шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, құндақтауға көнбей еркіндікке талпынған тірі пенде қашан жер қойнына кіргенше өз мүддесі жолында тырмысып, тырбанып өтпей ме?! Тіпті нағыз тәубешіл де төзімді кісінің жан сарайына үңіліп қараңыз, оның да көкірегі – еркіндікке бұлқынған арман мен мұратқа толы.

Шыққан тегі мен өскен тарихының, әдет-ғұрпы мен мінез-қүлқының, табиғи ортасы мен шаруашылығының, ең соңында, ұлттық ойлауы мен тілінің, дүниетанымының тығыз байланысы бір ұлт етіп ұйытқан кез келген халықта әлгі жеке адам сияқты ғұмыр бойы азат және тәуелсіз ел болуды, жүмыр жер бетінен, адамзат тарихынан өзіне лайықты орнын алуды армандап өтеді. Арманынан айырылған, сенім мен мұратын жоғалтқан адам да, халық та, мемлекет те дара тұлғалық қасиетінен айырылып, азып-тозып, ақырында жоғалып бітеді.

«Үш жүз жыл бойы бодандық бұғауында түншыққан қазақ халқының қайтадан ұлттық идеяны ту етіп дербес мемлекетін ор-натып, айналасы жиырма бес жылдың ішінде төрткүл дүниеге танылуына жеткізген қандай ұлы күш еді», – деп таңғалатындар болса, сол ұлы күш осы – ғасырлар бойы халқымыз көкірегінен өшпеген ұлттық намыс пен азаттық рухы. Сонау көк түріктер за-манында айбынымен жарты әлемді ықтырған жауынгер жұрттың тікелей мұрагерлері кейін адамзат көшінің соңына сырғып, бодандық қамытын мойнына киеді деп кім ойлаған?!

Бәлкім: бұл кезінде ертеңгі болашағын парасатпен бағамдай алмай, қауіп-қатерді елең қылмай, өзге жұрт жаппай меңгеріп жатқан жаңалық атаулыны көзіне ілмей астамсыған тәкаппарлығымыздың жазасы болуы да бәлкім. Бұл бәлкім, адам-зат дамуының ұлан-асыр дамуының өн бойында көшбасшылық тізгінін алма-кезек қолына алған халықтарды дүркін-дүркін сынға салып, ділі мен тілінің, рухы мен төзімінің беріктігін тексеріп отыратын тарих заңы болар. Қалай болғанда да, бір кезде ат тұяғы жетер маңдағы жұртты айбынымен сескендіріп, Еуразия

Page 313: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

313 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

құрлығының орталығын емін-еркін иемденген бостандық сүйгіш халқымыздың сыртқы және ішкі қайшылықтар мен жанжалдар шырмауынан шыға алмай, ақыр соңында бодандық бұғауына ма-талып тынғаны ақиқат.

Үш ғасыр бойғы өзгеге тәуелділік халқымыздың бірнеше буын ұрпағының бойындағы елдік, отаншылдық, ұлтжандылық рухын езіп-жаншып, дүниетанымымыз бен ділімізді әртүрлі қитұрқы идеологиялық қисындар қалыбына салуға тырысып баққаны рас. Бірақ, халық көкірегіндегі тәуелсіз елдігін қайта орнатсақ де-ген сенім мен үміт ұшқыны маздап жанып, ауық-ауық лап етіп белгі беріп қалатын. Әсіресе, XX ғасырдың басында қаулап өсіп, жетілген демократиялық ұлттық интеллигенция шоғыры, ұлттық кәсіби саяси және интеллектуалдық элита өз халқының мүддесі мен болашақ дербес даму бағдарын айқындауға бел шеше кірісті. Олардың қатарында Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, М. Дулатов, М. Әуезов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ғұмар Қарашев және тағы басқа данышпандар болды. Жан-жақты білімдарлық пен парасат-тылықты, саяси күрестің тәсілдері мен қалыптасқан жағдайды шынайы бағалай білуді жетік меңгерген демократияшыл қазақ зиялыларының бұл тобы бұрынғы ұлт азаттық көтерілістердің жалаң қылыш пен зеңбіректің аузына қарсы шабатын ақкөз бас-шыларынан мүлдем өзгеше тұғын. Олар туған халқының көзін ашып, көмескі тартқан рухын оятып, біліммен қаруландырып, бірте-бірте ұлттық тәуелсіз ел болуға жеткізудің қиын да болса, ең сенімді жолын саналылықпен таңдап алды. Бірақ осындай кәсіби зиялылар қаққан тәуелсіздік қоңырауының сарыны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бостандық пен тәуелсіздікті, азаттық пен дер-бес дамуды аңсаған азаматтар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінгі тәуелсіз ел болуға жеткізіп отырған да сол рух.

XX ғасырдың екінші жартысында кәсіби философияның күрт дамуы – халықтың өзіндік ұлттық санасы дамуының көрінісі, оның рухани еркіндігінің, ашық азамат қоғамын құруға талпынысының, қазақстандық демократияның қағидаттарын нығайтудың айғақтары. Қазақ философиясы еліміздің рухани тәуелсіздігінің бірден-бір көрінісі болып табылады.

Жоғарыда айтқандай, қазақ халқы өзінің философиялық ойын өткен ғасырларда негізінен жыр жолдары арқылы орнектеген. Бұл біздің шығыстық ерекшелігіміз. Әрбір даналыққа толы ой-

Page 314: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

314

тұжырым поэтикалық образдар арқылы бейнеленген. Сондықтан халқымыз өзінің ақын-жырауларын, ғалымдарын, ойшылдарын, би-шешендерін аса құрметтеген.

Танымалдылық қай заманда да жеке адамның қоғамдағы мәртебесіне ықпал еткен. Бағзы замандағы ғалымдар мен саз-герлер де, абыздар мен бақсылар да өздерінің белгілі бір қауым ішіндегі атағы мен беделінің арқасында билік жүргізуге, байлық табуға ұмтылған. Байлық пен ақша әлеуметтік күшке айналған кейінгі қоғамдарда танымалдылықтың бағасы, тіпті өсіп кетті. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының, олардың ішінде киноның, теледидардың, Интернеттің, электронды хабар тара-ту құрылғыларының және шоу-бизнестің пайда болуы – бұқара халықтың санасына ықпал етуге кең жол ашты.

Қарапайым адамдар кино мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке кең танымал болған актерлердің, әншілердің, журналистердің, жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, т.б. пікіріне құлақ түретін болды, олардың отбасылық өміріне, не ішіп, не жейтініне қызықты, реті келсе солармен аралас-құралас болуға, қолтаңба алуға, бірге су-ретке түсуге ынтықты. Бұл – қарапайым адами тілек. Алайда, ақша табу үшін қайсыбір пысықтар танымалдылықтың қыруар байлық жинау көзі екенін бірден ұқты.

Ең алдымен, қалың көпшіліктің асыл мен жасықты айыра алатындай биік мәдени және саяси талғамын өзіміздің бай ұлттық құндылықтарымыз арқылы тәрбиелеуге күш салған абзал. Сонда жылтырақ әуесқойдың әнін ешкім тыңдамайды. Жақсы адамды дөрекі қаралаушылардың, бақырауық саясаткердің сөзіне жан ба-ласы құлақ аспайды. Қолдан жасалған жасанды танымалдылық-тың құны «көк тиын» болып қалады.

Екіншіден, қазақта «хан айтқан сөзді қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» деген сөз бар. Демек, танымал дарынды адамның сөзі қашан да өтімді. Демек, танымал адам әр сөзін салмақтап, асқан жауапкершілікпен айтып, өмірде шынайы белсенділік танытқаны жөн.

Танымал тұлғаға, атақты ғалымға, ғұлама ойшылға еркін ой-лау мен еркін сөйлеу, халық пен ұлт мүддесі үшін қажетті терең ой қозғау мен құнды пікір айту тән. Ол – халық пен билік басындағы кісілер арасындағы халық мүддесін қорғайтын жан.

Page 315: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

315 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Үшіншіден, ұлттық, аймақтық және әлемдік танымалдылық оны иеленетін жеке адамның ғана мәртебесі емес, бұл – бүкіл халықтың, қоғамның, мемлекеттің бет-бейнесін танытатын әлеуметтік қазына. Белгілі дарынды адамдары жоқ қоғам – сұрқай қоғам, зиялы қаймағы жоқ халық – тобыр. Сондықтан, халықтың, ұлттың, қоғамның мүддесіне қызмет етуге тиіс мемлекеттік билік тармақтары қоғамдағы танымал түлғалар пікірімен санасып, олардың кездейсоқ арызқой біреулердің шылауында кетпеуіне, азғындамауына қамқорлық жасап отыруы шарт.

Сонау орта ғасырдагы данышпан түркі ойшылдарынан тари-хи бастау алатын қазақ халқының ұлттық философиясы этикалық және аксиологиялық құндылықтарға өте бай. Қазақ халқы – табиғатынан қиналғанға қол ұшын беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар гуманист халық. Қонақжайлығы да, кеңпейілділігі де, жомарттығы да осы сезімнен туындаған. Діні қаттылықты, бар бола тұра ештеңе татырмайтын шығайбай сарандықты әжуа ету-мен келеміз. Бәлкім, ата-бабаларымыздың дұрыс байлық жинай алмай кеткені де осыдан болар. Алайда ұлттық діліміздегі бұл қасиетті мансұқ етуге болмайды. Керісінше, жарлы-жақыбайға көмектесуді дәстүрге айналдырғаннан ұтылмаймыз. Бұл – бір.

Екіншіден, ізеттілік – яғни үлкенді сыйлау, кішінің көңіліне қаяу салмау – атадан балаға көшіп келе жатқан асыл қасиеттеріміздің бірі. Қазақтар тіпті ренішінің өзін ишаралап жеткізеді. Бұл – шығыстық қулық емес, шын көңілден шыққан ибалылық пен имандылық. Үшіншіден, қоғамның кішкентай ұясы түріндегі отбасындағы ынтымақ – аға ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы рухани келісім қазақ қоғамында, тіпті ежелгі түркі қоғамында да, көздің қарашығындай сақталған. Ата-ананы, қызының аруақтарды қастерлеу, анасының, әйелінің, қарындасының, әжесінің, апасының арына кір жұқтырмай сақтау – биік адамгершілік, имандылық, парыз деңгейіне көтерілген.

Төртіншіден, адалдық. Досқа, ағайынға, ұлтқа, Отанға адалдық қазақ халқының ұғымында айрықша әспеттеледі. Ата-бабаларымыздың ғасырлар тереңінен жеткен аманаты сынды батырлық жыр-дастандарымызды қайта парақтап шығайықшы. Олардың бәріндегі негізгі трагедиялық желі жауын жапыра жеңіп келген батырдың ту сыртынан жасалған опасыздықтан туындап жатады. Бейне опасыздық пен сатқындыққа айтылған лағнеттің үні құлағыңа келгендей болады.

Page 316: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

316

Бесіншіден, қазақтар баласын жастайынан білімге, ғылымға ұмтылуға тәрбиелеген. Баланың оқығаны мен тоқығанына біздер үлкен мән берудеміз. Осылайша бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелей аламыз. Мен біздің жастарымыздың білімі әлемдік, ал тәрбиесі ұлттық деңгейде болғанын қалаймын.

Алтыншыдан, қазақ – еркіндікті, әсіресе, ой еркіндігін, пікір дербестігін, жеке басының бостандығын, ешкімнен тәуелсіз болғанын жоғары қоятын халық. Жағымпаздық, мансапқорлық сынды теріс әдеттер бізге кейін жұққан. Бұрынғы қазақ қоғамындағы «Дат!» деп алып, ханға да қарсы уәж айта беретін дәстүрді қоғамтанушылар «далалық демократия үрдісі» неме-се «көшпелілік демократиясы» деп атап жүр. Хан да, батыр да, сүлтан да, бай да, қара халықтың мүддесіне сай уәжімен есепте-суге мәжбүр болған. Ендігі жерде қазақтың болашағы қазақтың және оған жаны ашитын қазақстандықтардың қолында. Бұл – бүгінгі шындық. Оған да шүкіршілік етейік.

Жетіншіден, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің, қазақ халқы-ның, бүкіл қазақстандықтардың болашағы өте бай қазақ тілінде болып отыр. Ол шынайы мемлекеттік мәртебеге ие болу үшін мемлекеттік тіл туралы Парламент тезірек арнаулы заң қабылдауы қажет. Содан кейін бүкіл халық болып, ел болып ол заңды іске асы-рамыз деп ойлаймын. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастауы-мен қазақ тілін зерттеу мен дамыту үшін Ұлттық қор құрылып, ол өз жұмысына кіріскеніне де бір шама уақыт өтті. Сонымен бірге елімізде ауқымды «Мәдени мұра» мемлекеттік стратегиялық жоба іске асты. Жоғарыда айтылған қазақтың бай мәдени қазынасы бәрімізге ортақ Отанымыздың одан ары гүлденуі мен көркеюінің бірден-бір рухани негізі екені рас.

Сегізіншіден, қазақтың ұлттық дамуы үшін елімізде іштей тұрақтылық пен қауіпсіздік, этносаралық және дінаралық келісім, қазақ ұлтының маңына топтасқан басқа этностардың жақсы көңіл күйі қамтамасыз етеді. Осы жағдайда әлемдік экономикалық дағдарыстан тезірек аман-есен шығып, әлемдік қауымдастықта дербес дамуымызды одан ары жемісті жалғастырамыз. Оған қазақ халқының ешқандай күмәні болмас. Сөйтіп, халқымыздың жемісті еңбегінің арқасында құрылған сәулетті де қуатты тәуелсіз Қазақстан Республикасы бүгінгі жаһанданушы әлемде өзінің жоғары орнын иеленеді деген сенімдеміз. Қазақстан дер-бес дамудың сара жолына түсті, сол жолмен нық жүріп келеді.

Page 317: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

317 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Енді жаһандану жағдайында өз төлсаналығын жоғалтпай, осы үдеріске кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі керек.

Болашақ қауіп-қатерді алдын-ала көре болжай білу, артында ғасырлар бойы өшпейтін ұлағатты өсиет қалдыру, сірә, шынайы даналықтың көрінісі болса керек. Нағыз еркін ойдың иесі даныш-пан Мағжан ақынның артында қалған бай рухани мұрасы арасын-да бүгінгі біздің заманымыздың қордаланған проблемаларымен астасып жатқан ойлары мол-ақ.

Еркін ойлайтын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі білім беру мекемелері мен университтердің тікелей міндеті. Оны арнаулы пәндерді оқыту, ауыз әдебиеті мен фольклор, музыка мен өнер, пікірталас пен диалог арқылы қалыптастыруға әбден болады. Қайшылық пен қиыншылықты байқау және дер кезінде шешу өнерін игеру оқушының еркін диалектикалық ойлау қабілетін қалыптастырады және ондай ойлау қабілеті бар жастар күрделі мәселелерді шешіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

«Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен» деп қазақтың тағы бір аса көрнекті ақыны еркін ой иесі С. Торайғыров айтпақшы, өзіңді кінәла да, еліңнің қажетіне жарайды-ау деген еңбегіңді үн-түнсіз жалғастыра бер. Бұған баса назар аударғызып отырған себеп: қазіргі қазақ зиялылары арасында «болмай жатып, болдым деу, толмай жатып, толдым деу», арзан дүниесіне атақ-даңқ дәметіп, кез кёлген ортада өзін зорлап құрметтеуге әуестік, өз халқынан өзін жоғары қою, т.б. қылықтар асқынған ауруға айналды. Бұл дерт алпыстан асқан ақсақалдарды қойып, кейінгі жастарды да зақымдай бастады. Мұның бәрі айналып келгенде «зиялы қауым», «зиялылық» деген ұғымдардың бағасын түсіріп, интеллектуалдық элитаның халық арасындағы беделінің азаюына әкеп соқтырады.

Зиялы қауым өкілі үшін, ең алдымен, ой тәуелсіздігі қажет. Биліктен де, байлықтан да тәуелсіз болып, оз парасатың мен жүрегіңнің қалауы бойынша халқыңа қызмет ету – зиялылықтың бірінші белгісі. Он тоғызыншы ғасырдағы эйгілі орыс жазушысы Л. Толстой сынды биліктен де, байлықтан да тәуелсіз ғұмыр кешіп, елдегі саяси және әлеуметтік оқиғаларға елбасымен бірдей ықпал ететін зиялы түлға біздің бүгінгі қоғамда бар ма, сірә. Біл-меймін. Ондай тұлға бүгінгі еліміз зиялыларының келер ұрпақтары қатарынан шықса да, тәубә.

Page 318: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

318

Өсеміз, өркениетті ел боламыз десек, кейінгі үрпақтың еркін ойлау қабілетін қалыптастыруға мұрсат бергеніміз жөн. Тек еркін ойлай алатын тұлғалар ғана кешенді мәселелерді шешу-ге қабілетті болады. Жаһандану заманындағы еліміздің күрделі ішкі және сыртқы мәселелерін ұлттық мүдде тұрғысынан, өзара түсінген ұстыны тұрғысынан дұрыс шешуге мұрындық болатын-дар білікті де білімді еркін ой иелері болмақ. Еркін қазақша ойлап, еркін қазақша да сөйлейтін білікті де білімді үштілді азаматтарды тәрбиелеу – тәуелсіз Қазақстанның негізгі міндеттерінің бірі.

Қазақ халқының философиялық мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың дәстүрлі дүниетанымында «көркем образдар» ғаламы үстемдік ететінін байқайды. Шыны-менде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап кел-ген халықтардың қатарына жатады. Оның бұл ерекшелігі оның кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, ақынжанды халықтың арманшылдығын, аңқаулығын, ақкөңілділігін және даналығын білдіреді. Дегенмен сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққылар мен саяси қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көміскілеп, тұмшалап тастағаны байқалады.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасып келе жатқан жаңа өзара түсінісу философиясы көпэтносты қоғамның рухани келісімінің негізі болып табылады. Қазақтың өмір сүру философиясы оз бойыңа әлемдік мәдениеттің, ғылым мен техниканың жетістіктерін жинақтап, жалпыадамзат рухының логикасын танытатын құбылысқа айналғаны абзал. Сонда ғана қазақтың ұлттық философиясы мен әлемдік философия арасын-да байланыс орнап, зерттеу мен оқыту кең қанат жайып, адам са-насы мен рухындағы терең астарлар айшықтана түседі.

Міне, осы әлемдік философия тұрғысынан қазақтың ұлттық рухы, әлем образы мен ділінің қалыптасуы және даму тарихы тұжырымдалады. Басқаша айтқанда, қазақ ғарышында, оның ұлы даласында қалыптасқан ойы әлемдік философия тарихының құрамдас бөлігіне айналды. Ал бұл тарихтың субъектілері болып қазақтың дана хандары, билері, жыраулары, ақындары, ағар-тушылары мен ғалымдары, ойшылдары есептеледі. Осы мағынада түсінілген тәуелсіз Қазақстанның философиясы еркіндік пен әмбебаптық деңгейге ие болып, адам рухының кез келген биік көріністерін байқатып, адамдардың болмысын біріктіруші руха-ни негізге айнала бастайды.

Page 319: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

319 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

4.3 Қазақ философиясының еуразиялық бағдары

Біздің көз алдымызда өмір сүрудің өркениеттік негіздері алмасып, құндылықтарды бағалау да айтарлықтай өзгеруде. Қазіргі адамзат бастан кешіріп отырған жағдайлар алуан түрде көрсетілуде. Адам болмысы анағұрлым тұрақсыздығымен және өзгергіштігімен сипатталуда. Қоғамдық институттар жылдам өзгеруде және адам өмір сүруінің барлық мәдени-жасанды ор-тасы қайта құрылу үстінде. Адамзат тап болып отырған осы ахуалды бағалауда, болашаққа бастар жолды көрсетуде зиялы көшбасшылар әлі де болса ортақ бір пікірге келген жоқ.

Келе жатқан апаттарды қалай тоқтатауға болады, осы ахуал-дардың түбегейлі себептері неде? Осындай тығырықты кезеңде Н.Ә. Назарбаев еуразиялық континентте болса да дағдарыстан шығуға жол ашатын Мемлекеттердің Еуразиялық Одағы тұжы-рымдамасын ұсынды.

1994 жылы наурыздың 29 жұлдызында Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Мәскеу университетінде Еуразиялық одақ (ЕАО) – ТМД-ға қатысушы елдердің мүлдем жаңа ұйымын құру жөнінде идея қозғаған болатын. Қазақстан жағы Еуразиялық Одақтың жобасын жасауда ерікті де, тең құқықты бірегейленуді көздейтін ТМД елдерінің тәжірибелерін ескере оты-рып, коперативтік дамудың нақты және функционалдық үлгісін ұсынды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған осы идеясының жаңалығы, күтпеген жерден еліміздің және шетелдердің жетекші талдаушылары, сарапшылары, саясаткерлері, философтарының әртүрлі қызығушылығын тудыр-ды.

Бұл факт философиялық шындықтың аксиомасын нақты дәлелдейді: егер нақты бір идеяда абстрактілі пайымдауларсыз және саяси амбициясыз, бүгінгі күннің шындығы мен маңызды мәселелері жөнінде жаңа оқшау ой жатса, онда оның саяси-философиялық жаңалығы мен зияткерлік энергетикасы ақыр аяғында Болашақты құруға қабілетті. Н.Ә. Назарбаевтың иде-ясы өмірге бейімділігі мен өміршеңдігі өлшемдерімен өзіне соншалықты назар аударуда, әлі күнге дейін қырағылық таныты-лып ескертулер қабылданады немесе өзінің нағыз жақтастарын тауып жатады. Өйткені жаңа саясат әрқашан да олардың

Page 320: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

320

қажеттілігін іс жүзінде дәлелдейтін және сол үшін күресуді бол-жайтын жаңа идеялардың саясаты.

Бұл тұрғыда ЕАО идеясы мен қалыптасу принциптеріне әр түрлі реакциялардың болуы – табиғи, тіптен заңды болып табы-лады. Өйткені мұндай зор саяси бастамалар формуланың өзіне, экономикалық салада, қорғаныс, білім, ғылым және мәдениеттегі табиғи үйлесуді іздестіретін біріктіру үдерістеріне негізделген біздің еліміздің мемлекеттік даму үлгісіне, сондай-ақ әрі қарай егеменділік үдерісінің жандануы мен орнығуы этносаяси және этномәдени жүйелердің мазмұнды сипаттамасында мүлдем жаңа тұжырымдамалық тәсілдер енгізуге әкеледі.

Н.Ә. Назарбаев идеясының негізгі мазмұны – қазіргі өмірдегі қарама-қарсы үдерістердің егемендену мен интеграцияланудың өзара табиғи байланысы мен өзара бірін бірі толықтыруы- ның оңтайлы үлгісін тауып енгізу тарихи қажеттілік екендігінде. Бұл саяси бастаманы бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бер-мей отырған қарама-қайшылығы да осында. Алыс жақын шет мемлекеттердің Президенттері мен саясаткерлер және жұртшы-лық арасында қарама-қайшылықты: беделқұмарлық деп айыптау-дан бастап, өміршеңдігін мойындауға дейінгі пікірлер туғызды.

Тосын пікір айту – адамзат тарихындағы көрнекті тұлғалардың ерекше қасиеті. Ал, қоғам өміріндегі экономикалық басымдықтар мен саяси-идеологиялық бағдарлары ауысып жатқан өтпелі де күрделі кезеңді басынан өткеріп отырған елдердің жетекшілері үшін мұндай қасиет екі есе құнды. Өйткені жаңа идеялар – Болмыс пен Уақыттан бұрын жасалады. Өз заманында мойындалмаған, немесе ішінара мойындалған барлық ұлы бастамалар уақыт өте келе, жүзеге асыратын әлеуметтік шындық пен қалыпты ойға ай-налады.

Қазақстанда Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеяны ұсы-нуымен қарқынды зерттеулер басталды. Бүгінгі таңда еуразиялық тақырыбындағы еңбектер бүтін бір кітапхана болады. Әсіресе ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты көптеген еңбектер жазды. Солардың ішінде Г. Соловьева, Ә. Нысанбаев, Қ. Әлжан, Г. Шалабаеваларды ерекше атап өткен жөн. Еуразиялық идеяны зерттеуге бірқатар ұжымдық монографиялар, ғылыми мақалалар мен жинақтар арналды [1].

Ғасыр аралығында еуразиялық құбылыс С.Ю. Колчигиннің шығармашылығында ерекше орын алады.

Page 321: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

321 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Колчигин алғашқылардың бірі болып еуразиялық мәселе-лерді зерттей бастады. Алғашында қазақстандық әдеби және қоғамдық-саяси журнал «Просторда» «Еуразия» рубрикасынының жетекшісі болды [2]. Одан кейін өзінің ғылыми еңбектерінде тереңдей зерделеді. Колчигиннің осы мәселе жөнінде басқаларға ұқсамайтын соны көзқарасы қалыптасқандығын айта кету лазым. Оның түсінігінде еуразиялық тек қана әлеуметтік-экономикалық, саяси немесе мәдени құбылыс емес, тарихи ауқымындағы тамы-рын тереңге жайған адамзат дамуының бір бағыты ретіндегі мета-тарихи идея.

Еуразиялық – Шығыс пен Батыс жолдарымен салыстырғанда ол үшінші жол. Батыстың сараптамалық ойлауы мен Шығыстың әлемді тұтастай қабылдауының қақ ортасында еуразиялық орын тепті.

Еуразиялық дегеніміз не? «Еуразияшылдық» тура мағына-сында қандай ұғым? Бұл терминнің мазмұнына не жатады? Еуразияшылдық әлеуметтік-мәдени, біріктірушілік идея және стратегияға айналуы үшін, қандай мүмкіндіктерге ие?

Еуразия кең мағынасындағы түсінігінде, өзінің жалғасы бо-лып жатқан жартылай арал Еуропамен қосылған Азия (осы мәселені Александр фон Гумбольдт «Орталық Азия» деген атақты еңбегінде осылайша түсіндіреді). Басқаша айтқанда, Еуразия бұл мағынада Еуропа мен Азия орналасқан біртұтас континент. Де-генмен бұл термин өзінің тар және нақты мағынасында идеялық қозғалыс ретіндегі еуразияшылдықтың негізін қалаушылардан (Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий және басқа да қатарлылар) ба-стап, Еуразия деп аталатын этнографиялық тұтастық, біздің континентіміздің ішкі және орталық аймағы ретінде қолданылады.

Еуразия материгінің негізі – таулар. Олар миллион жыл бұрын үштік кезеңінде пайда болды. Еуропада күрделі де, ұзақ үдерістер барысында Альпі және Карпат, ал Азия картасында ең қою қоңыр түспен боялған облыстар пайда болды. Олар Кіші Азиядан басталып, Кавказ бен Орталық Азиядан шығысқа қарай созылады, тек Қытайда ғана әр жерде жасыл ойпаттар көріне бас-тайды. Еуразия оңтүстігінде Кавказ, Памир, Тянь-Шань таулары-мен шектеседі; солтүстігінде тайганың шексіз ну-ормандарымен; батысынан қаңтардың жағымсыз изотермасымен (Еуразия клима-ты еуропалықтан қатал); ал шығысынан субтропиканы далалық аудандардан бөліп тұратын Ұлы Қытай қорғанымен шектеседі.

Page 322: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

322

Еуразия өзіне Жоғарғы Азияны (Моңғолияны, Жоңғарияны, Тува-ны, Байкал жағалауларын), оңтүстікті (Қазақстан, Орталық Азия) және батысты (Шығыс Еуропа) облыстарын жатқызады. Егер картаға үңілер болсақ, «ішкі Еуразия» – бірнеше жазықтықты біріктіретін Еуропа мен Азияның континенталды жазық бөлігі: шығыс-еуропалық, ақтеңіздік-кавказдық, батыс-сібірлік және түркістандық. Ішкі Еуразияны жуық арада ғана Кеңестер Одағы иелік еткен аумақ екендігін байқау қиын емес.

Ішкі Еуразия аумағы қатты континенталдығымен ерекшеленеді (теңізден қашықтығына қарамастан, қатады), ал бұл дегеніңіз көптеген ғасырлар бойы еуразиялық елдерді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз етті.

Еуразия түкпіріндегі кәсіпорын иесі теңіздің арғы жағындағы әріптестері емес, көрші-әріптестерімен берік байланыста бол-ды. Сондықтан Еуразия шаруашылығы сыртқы экономикалық байланыстардан гөрі ішкі экономикалық байланыстардың басымдылығымен бірыңғай жүйе ретінде ғана тарихи табысты дами алды.

Бір аймақта, бір кезеңде, сонымен қатар бір импульстан пайда болып, дамыған этностар этнологияда суперэтникалық бүтіндік деп аталады. Олар « соңғы еуразияшыл» Лев Никола-евич Гумилевтің сөзімен айтқанда түрлер, мәдениеттер, саяси бірлестіктердің мозайкасын құрайды. Әрбір этнос өз кезегінде бір-бірінен кейде тілімен, кейде дінімен, кейде шұғылданатын ісімен, бірақ әрдайым мінез-құлық таптаурындарымен өзгеше-ленетін ұсақ топтар – субэтностардан тұрады. Этностар – бір суперэтностың мүшелері – бір-біріне әрдайым ұқсас болмай-ды, бірақ, басқа суперэтностарға қарағанда ділдік жағынан бол-сын, мінез-құлық жағынан болсын әрдайым бір-біріне жақын. Роман-герман әлемінің этнос-ұлттары: немістер, француздар, ағылшындар, италияндықтар, поляктар, чехтар, шведтер және испандықтар осындай. Олар өздерін «мұсылман әлемінің» өкілдеріне: арабтарға, парсыларға, түріктерге, берберлерге және туарегтерге немесе Еуразия этностарына: орыстарға, татарлар мен якуттарға қатысты бүтіндік деп таниды [3].

Ішкі Еуразия аумағында тарихи қалыптасқан халықтарды суперэтносқа жатқызуға толықтай құқылы. Осыған орай еуразиялықтардың жалпы сипаты қалыптасқандығы белгілі. Оларға тіптен барлығы дерлік: өмір сүруге ыңғайлаған

Page 323: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

323 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

аймақтар бірлігі, қатал климатқа қарсы тұру қажеттілігі; та-рихи тағдырларының тамырластығы; жақын көршілік аралас-құраластығы, осылардан басқа көшпелі салт атты өмір салты (Батыстың көптеген халықтарының теңізде-көшіп жүретін өмір салтынан өзгеше); адамдар туыстығы мен тілдері... өз таңбасын қалдырды. Өз араларындағы осындай айырмашылықтарға қарамастан, ішкі Еуразияның этностары кейбір ымырасыз өлшемдерде өте ұқсас. Бұған дәстүрлерді де, тұрмыс-салттарын да, мінез-құлықтарын да, психологиялық ерекшеліктерін де жатқызуға болады.

Осылайша еуразиялықтың мінез-құлқына тән жалпы сипат адамның адамға деген ашықтығы мен қарым-қатынасы. Фило-софиялық тілмен өрнектесек, еуразиялыққа тән өзгешелейтін белгісі батыс пен шығыс адамдарындағы субъект-объектілік және интрасубъектілік қатынастарға қарағанда, басымды болып келетін «субъект-субъектілік қатынас». Нағыз еуразиялық адам әрбір адамды қуана қарсы алады, оның есігі қонақтарға әрқашан ашық; ол жылы, ойлы, бейнелі сөздерді, ауызша шығармашылықты, өлеңді жоғары бағалайды; ол отбасының беріктігі мен достықты көзінің қарашығындай сақтайды; ол «жинақы, ол бүкіл адамзаттық қауымдастыққа, бірігуге, адамгершіліктік әмбебаптылық пен бүтіндікке ұмтылады.

Тарихи тағдырларының ортақтығы мен бірыңғай континентал-ды аймақта өмір сүрулеріне орай, демек – тұрақты экономикалық және мәдени қатынастардың арқасында еуразиялық суперэтнос өкілдерінің психикалық ерекшеліктерінің жалпы ұқсастықтары ғана қалыптасқан жоқ, басқа да маңызды қатынастарда тікелей туыстасып, өте жақындық тапты.

Бұл туыстастық генетикалық жағынан және тілдер туыстығынан да көрінеді (Т. Гамкрелидзе де, Вяч. Иванов та, О. Сүлейменов те, В. Щербаков және басқалар да Еуразия халық-тарының тілдері жоғарыда айтып өткендей, – бір түбірлес деген пікірде). Еуразиялық халықтардың туыстығы мен жақындығы, ішкі Еуразияның әртүрлі этностарының негізгі екпінді әдетте ау-ызша шығармашылыққа, өю-өрнек өнеріне, ерекше музыкалық сарынға негізделген көркем мәдениеттен табылады.

1990 жылы «Литературная учеба» журналының әдеби-публицистикалық клубында сөйлеген сөзінде Л.Н. Гумилев славяндар мен тұрандықтарда нәсілшілдіктің атымен жоқ

Page 324: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

324

екендігін ең басты құндылыққа балаған еді. Тіптен «моңғол-татар шапқыншылығы» деп аталатын кезеңнің өзінде моңғолдар бол-сын, орыстар болсын антропологиялық белгілерді жоғарғы неме-се төменгі күй деп есептемеген, табиғатта жоғары да, төменгі де болмайды, тек айырмашылық бар. Және еуразиялық халықтарда «сапа қағидаты» зияткерлік-психологиялық тұрғыдан ғана белгілі болатын. Адамдар ақылды және ақымақ, ержүрек және қорқақ, адал және алдамшы, ал бұндай айырмашылықтар нәсілшілдікпен байланысты емес. Еуразияның бірігуіне фанатизмді тудыратын «өртену» емес, Л.Н. Гумилев атап өткендей астананы жай ғана Са-райдан Мәскеуге ауыстырған (ол кезде XVI ғасырда Алтын Орда құрамына кіретін ) діни төзімділік көмектесті.

Еуразиялық идеялық қозғалысының негізін салушы Н.С. Трубецкий Л.Н. Гумилевқа дейін Еуразия халықтарының арасында кейбір бауырластықтарда көңіл түкпіріндегі бір-біріне деген жылы-жүзді тартылыстар мен сыйластықтар жиі байқалатындығын (керісінше жағдайлар, яғни екі халық арасында бір-бірінен алшақтатын жек көрушілік өте сирек кездеседі) атап көрсеткен болатын [4].

Егер еуразиялықты мәдениеттің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда оған тән өмір сүру үлгілеріне, заттық-іс-әрекеттік актілеріне және туындыларына, оның еңбекке, оның жемістеріне, шығармашылыққа, табиғатқа, оның өнеріне үңіле қарап және т.б. көңіл бөлген жөн. Осының өзіне көз жүгіртіп көрейік.

Ішкі Еуразияның географиялық (аймақтық және табиғи) жағдайлары әрқашан салыстырмалы түрде шектелді. Этно-стар томаға тұйық кеңістікте, яғни жылы теңіздерге шығуға мүмкіндігі жоқ кеңістіктерде өмір сүруді, сондықтан теңізде жүзу ешқандай дамымады. Демек, тіптен көшпелі түрде өмір сүргендердің өздері «кеңінен» ғана емес, «айнала» немесе отырған аумағының периметрі бойынша жайылып орналасты. Бұл ішкі Еуразияның «көшпелі» де, «отырықшы» да халықтарына қатысты. Былайша айтқанда олардың айырмашылығы шартты түрде ғана. Континенталдық мәдениетті «атты-көшпелі» және «атты-отырықшы» деп анықтауға әбден болады, ал мүмкін одан да нақтырақ Батыс мәдениетіне (бәрінен бұрын Англияның, Испанияның, кейінірек АҚШ-тың) қарама-қарсы «атты-көшпелі-отырықшы» ретінде жаңа жерлер мен елдерді жаулап алып, бағындырып, отарына айналдыруды көздейтін теңізде жүзетін

Page 325: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

325 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

көшпеліні сипаттауға болады. Осыдан, бөгде мәдениеттердің байлығын өздеріне зорлықпен қосып алу арқылы байыған Батыс мәдениеті табиғи-біріккен Еуразия мәдениетімен салыстырғанда, өзінің шын мәнінде механикалық тұрғыдан біріккендігін көрсетеді.

Осындай тәсілден біз ішкі Еруазиядағы әртүрлі этностар мәдениетінің туыстығын, тіптен терең жақындығын байқаймыз. Демек, бірігудің бастамасы белгілі дәрежеде еуразиялық мәдениеттің өз ішінде болған.

Шынымен де, барлық еуразиялық этностарға табиғи ортаны аялауды, қорғауды көздейтін, табиғатпен үйлесімді қатынас тән болды. Ішкі Еуразия халықтарында еңбек көбінесе өндірістік емес, ауылшаруашылығы; тұрандықтардың киіз үйі мен славяндардың үйлері жерге зиян келтірмейтіндей етіп тұрғызылуы бекер емес.

Еуразиялық суперэтнос халықтарының туыстығы мен жақындығы, олардың дәстүрлі көркемдік құралдарының демо-кратияшылдығы мен ықшамдылығында. Көркемдік құралдары мен шығармаларындағы осы ықшамдылықтың өзінде, олардың демократияшылдығы көрінеді, өйткені көркемдік үлгілердің күрделі безендірілуіндегі қарапайымдылық, қысқалық және белгілі бейтараптылық өнер туындысын жасауда, қабылдауда және оның қайта тудыруда (орындалуында) қол жетімді етеді деп айтуға болады. Сонымен әдебиет саласында жазбаша шығармашылықтан ауызша қысқа түрдегі, тез жатталатын ту-ындылар басымды болып келеді; әдебиеттің ірі және кеңейтілген үлгісі роман сияқтылар ішкі Еуразия халықтарында жуық арада, соның өзінде Батыстың әсерімен пайда болды.

Еуразиялық мәдениеттің атап көрсетілген сапалары – қарапайымдылық пен демократияшылдық – өзін әсіресе музы-ка саласында көбірек байқатады. Халықтық музыканың өзіндік сипаты, мысалы, көне салттық, үйлену тойларында айтылатын әндер, мадақтау әндері орыстарда, қазақтарда, башқұрттарда, моңғолдарда, угро-финдерде іс-жүзінде бірдей. Ол пентатоника («татар нақышында», немесе «бес тондық», «үнді-қытай» гамма-сында) айтылады. Роман-герман халықтарында ол мүлдем болған жоқ, тек соңғы он жылдықта заманауи музыкалық құралдардың дамуымен, ол поп және рок музыкада белсенді түрде қолданылуда. Батыс славяндарда ғасырлар бойы тек бірлі-жарым жағдайларда ғана қолданған. Бұдан басқа еуразиялық музыкада үш бунақты ырғақтар, яғни вальс пен мазурка ырғақтары жоқ; өлеңді кейде

Page 326: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

326

болмаса көбінесе бір дауыспен айту, көпдауыстылыққа өлеңді өңдейтін және аранжировкалайтын батыс еуропалық (мысалы италияндық) музыкалық мәдениеттке мүлдем ұқсамайтын уни-сон немесе қос дауыста орындау басым. Ақырында ішкі Еуразия халықтарының музыкалық аспаптары да өздерінің көлемдерінің шағын болуымен, қолайлылығымен және ішектері мен пернелерінің аздығымен: орыстардың балалайкасы, қазақтардың домбырасы мен қобызы және т.б. жақтарынан бір біріне ұқсас болып келеді. Осындай құралдар Батыстың арфа, роял, орган не-месе элитарлы құралдары немесе шығыстың медитативтік аэро-фондары мен ситарынан мүлдем өзгеше.

Осы және солар сияқты фактілер шығыстық спиритуалдық бағыттағы (және интравертті) және затқа бағытталған (экстра-вертті) батыстықпен салыстырғанда еуразиялық мәдениеттің ерек-ше, мәдениеттің «аралық» түрі екендігін айғақтайды. Қазақстан осы көзқарас тұрғысынан – сыртқы игіліктермен бүтіндей айна-лысып кетпеген, өзі ішіне шомып, жеке бөлініп қалуға дейін жет-пеген, тоқыраудан аулақ болып отырған еуразиялық ел.

Дегенмен, зер салып талдар болсақ, еуразиялық идея сөзсіз және толық түрде жалпықазақстандық ретінде қызмет етіп, Рес-публика халқының бірден-бір объективті қажеттілігі мен мүддесі бола алмайды. Еуразиялық идеяны тарихи тарамдары мен модификациясынан «таза» түрінде әрдайым аршып оты-ру қажет. Еуразиялық идея ХХ жүзжылдықтың жиырмасын-шы жылдарында пайда болған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін тым ала-құла және жете анықталмаған. Алғашқы орыс еуразияшылдарының еуразиялық доктриналары өздерінің туу барысында, ең бастысы еуразиялықтың мәдени-философиялық ұғым екендігіне бойла-мастан, этносаяси сипатта болды.

Сонымен қатар ХХ ғасырдың 20-шы және 40-шы жылдарын-дағы еуразияшылдықтың тәжірибесін ой елегінен өткізер болсақ, алғашқы еуразияшылдардың Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Л.П. Карасавиннің және басқалардың, солардың ізімен Л.Н. Гумилевтің еңбектері мен тұжырымдамаларында оның жүз жылға жуық дамуына ықпал еткен еуразиялық доктринаның іргелі негіздері болды. Бұл негіз, немесе «ұсталмайтын қор» мы-салы, мынандай heartland сияқты постулаттарда (континент

Page 327: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

327 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

өзегі, континент-жүрек және с.с.)*, ішкі Еуразияны мекендеуші халықтардың тамыры тереңге кеткен туыстығы мен бірлігі, еуразиялықтың суперэтностық деңгейі және еуразиялық адамның өзіндік ділінің ерекшелігінде болып табылады.

Бүгінгі таңда еуразиялық құбылысын пайымдау, егер талас-тартысты деп айтпасақ та, біршама мағыналық полифонияны ту-дыруда.

Еуразияшылдыққа қазіргі кезеңдегі әсіресе ресейлік және қазақстандық әдебиеттегі және Интернет форумдардағы көзқа-растар еуразияшылдықтың оңды немесе теріс жақтарын атап көрсетеді, дегенмен әрбір сарапшы қандай да бір жағын бағалауға ұмтылады. Осының барысында авторлар бірін-бірі жеткілікті түрде өткір сынға алады.

Біз өз шолуымызды еуразияшылдықты оңды жағынан бағалаудан бастайық. Көпшілігінің пікірі, Ресей үшін посткеңестік еуразиялық кеңістіктің геосаяси тағдыры көкейкесті болып отырғандықтан, ерузияшылдық кез келген әлеуметтік-саяси жағдайда да өзекті дегенге саяды. Бұл жағдайда еуразияшылдықтың әлеуеті өте маңызды, өйткені ол «өркениеттер қақтығысы» бол-май қоймайды дейтін конфронтациялық идеялардың барлығын дерлік теріске шығаратын өркениеттік дамудың біріктірушілік үлгісінің дамуы мен дәлелденуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл мағынада, еуразиялық – ХХІ ғасырдағы Ресей дамуының доктринасынан басқа ештеңе емес. Кейбіреулер, мысалы Д.Н. Сте-панов (ММУ) батыстың ақыл-ой қажеттілігін көлеңкелейтін тео-риялары орыстарды қанағаттандырмайтындықтан, еуразиялықты «Православияның абсолютті шырағы», «орыс болашағының қайнар бұлағы» деп атайды. Ол рационалды білімге емес, сенімге шөлдеуде. Ресейдегі еуразиялық қозғалысының көшбасшысы А.Г. Дугиннің көзқарасы өзгешелігімен ерекшеленеді. Өзінің еуразиялық доктринасын континентализм деп аталуына қарсы дамытады. Оның пікірінше, егер американдық экспансиямен

* Казахия еуразиялық континенттің орталығы болып табылады. Жер шарының үлкен материгінің өзегі – Шығыс Қазақстан. Мұнда ар-найы белгі «еуразия континентінің орталығы» деген жазуы бар тас пи-рамида орнатылған. Біз өзімізді шеткергі аймақта емес, жер жүзінің орталығында өмір сүріп жатқандығымызды сезінуіміз керек. Сібір, Алтай, Жетісу мен Орталық Азияны біріктірген аумақ көптеген ғасырлар бойы саяхатшылардың назарын дүрліктірді. Бұл көптеген (әсіресе түркілік) өркениеттің бесігі еді.

Page 328: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

328

қатар Ресейлік (Еуразиялық) Әлемдік Империя құрылса қазіргі әлемнің теңесуі болар еді [5].

Сонымен қатар, осы империялық көзқарастың әсерінен еуразияшылдық көп жағдайда теріс бағалауларға ұшырап жата-ды. Мысалы (В. Аксючицтың пайымдауынша) «еуразиялықтың эклектикалық сағымы» туралы сөз болады, оған қоса Ресейдің қарсыластары «еуразия» ұғымын ресейлік, орыстық атаулының барлығын ығыстыру үшін белсенді түрде қолданады деп есептейді.

Осындай пікірлер шашыраңқылығы неден деген сұрақ қояйық? Өйткені еуразиялықтың өзі көп мағыналы, былай айтқанда толықтай анықталмаған. Әдетте еуразияшылдықты сы-науда немесе дәріптеуде оның тек бір қырынан ғана сынға алады.

Сонымен бірге еуразиялық ұғымы кем дегенде бес қырлы және бес жақты болып келеді:

- Еуропа мен Азия мәдениеттерінің сұхбат идеясы; - суперэтникалық қауымдастықты белгілеу; - ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы саяси-идеялық қозғалыс; - еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттерді біріктіру идеясы; - Батысқа континенталды қарсы тұру және Ресейдің Әлемдік

Империя орнату тұжырымдамасы.Еуразияшылдық көп мағыналы, өйткені ішкі Еуразияны

мекендеуші этностар мен мәдениеттердің өз ара қатынастарының дамуындағы; еуразиялық идеялық-саяси қозғалыстар эволюция-сындағы; ЕАО құру барысында; ақырында еуразиялық рух негізінде әлемдік бауырластықты орнықтыру идеясындағы тари-хи қайшылықтар, бұралаңдарды тұспалдайды.

Еуразиялық өзінің осындай көп құрамдылығына қарамастан, бытыраңқы, оның әрбір жағы бүтіндікке ұмтылады. Батыс көрпені өзіне, Шығыс өзіне тартады.

Бірақ, құбылыстың астарында қандай да бір тұрақты нәрсе, еуразияшылдықтың негізгі өзегі жасырынуы тиіс: адам «болмы-сында» оның шын «Мені», нағыз даралығы жасырынады.

Осындай өзек – адамдар арасындағы тату көршілік қатынастар идеясы, одан әрі олардың тарихи және мәдени туыстығы сезімі мен идеясына ұласатын, өз кезегінде осы адамдардың генетикалық негізде қалыптасқан туысқандығы идеясына, осы туыстықтың негізінде қоғамдық қатынастардың құрылуы идеясына, және ақырында – бүкіл адамзаттық бауырластық сезімі мен идеясына ұласуы деп ойлаймыз.

Page 329: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

329 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Әрі еуразияшылдық эволюциясының барлық осы баспал-дақтары толықтай және таза күйінде тек ішкі Еуразия жерінде жүзеге асырылуда. Ресей-Еуразия, ал сонымен бірге Қазақстан-Еуразия мета-тарихи тағдыры осылай болса керек. АҚШ атынан батыс континенті бәрінен бұрын материалдыққа ұмтылуда, ал КСРО, Ресей, Ресей-Қазақстан атынан шығыстық – көбінесе рухани-адамгершілікті; Батыс ғылым мен техникамен теңестіріледі, Еу-разия – көбіне дін және өнермен; Батыс – даралықпен, Еуразия – коллективизммен кейіптеледі.

Еуразияшылдыққа оның барлық мағынасында байсалды-лықпен қарау қажет. Болашағы айқын және зор, адамшылығы мен тереңдігі кем емес тұжырымдамалар мен ілімдер бар. Мысалға, интернеттегі Инфлюкс сайтында үздіксіз жарнама-лайтын ноосфералық кезеңдегі адам тұжырымдамасы; немесе Бірыңғай Ақиқаттың Ілімі. Еуразиялық ұшып жүрген елестің көлеңкесі сияқты. А.С. Панарин еуразияшылдық туралы қандай да бір үлкен құбылыстың теңеуі сияқты деп бекер айтқан жоқ. Және дегенмен еуразияшылдық – жай ғана тастап қоюға болмай-тын, өте нәзік және терең интуиция. Оны адамзат жаңғыруының маңызды тәсілі, қажетті бір кезеңі, өте маңызды құралы ретінде қарау қажет.

Бұл интуицияда, алдағы көптеген ғасырлар бойы болашақ адамзат дамуының орны болатын, еуразиялық кеңістік шегіндегі адамзаттың алғашқы Біртұтас Жанұясына, адамдар бірлігіне қарай іштей жылжу көрініс тапқан. Бұл ой соңғы кездері әртүрлі ғылыми гипотезаларда, философиялық болжамдарда нық сенімде өзіне жол табуда.

Освальд Шпенглер мен Петр Данилевский, Петр Савицкий, Эдгар Кейси және Шри Бабаджилер әлемдік өркениеттің орталығы Ресейге, нақтырақ айтқанда Сібірге қарай ойысатындығы тура-лы айтқан болатын. Жер шарының басқа бөліктері табиғи және техногендік апаттардың салдарынан өмір сүруге жарамсыз болған кезде, Еуразия континенті жаңа адамзаттың бесігіне айналады. Шындығында, экологиялық жағынан таза және әлі халықтар қоныстанбаған ең ірі аймақ болғандықтан, адамзат болашағында Сібір мен Қазақстанның рөлі айқын.

Басқаша сөзбен айтқанда, адамзат өркениетінің орталығы Ба-тыстан Шығысқа, АҚШ пен Еуропадан Сібірдің Урал жағалаулары мен Ұлы Қазақ Даласына қарай ойысады.

Page 330: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

330

Сонымен біз: бүгінгі таңда еуразиялық қос сипатта сурет-телуде: еуразиялық идеясын, еуразиялық тұжырымдаманың анықтамасын да оның да басқаның да үйлесімді синтезінен басқа ештеңе емес деген болжам болған күннің өзінде, оның бір жақтастары Еуропамен, екіншілері – Азиямен біржақты байла-ныстыратынын көреміз.

Сондықтан, егер біз бірлесуді қаласақ, онда тек қана еуразиялық емес, ақыр соңында болашақта бүкіл адамзат санасының бірлігін қалыптастыруымыз керек. Егер біз тек еуразиялық – шектеулі бірлікті қаласақ, ол міндетті түрде бөлшектенуге әкеледі. Өйткені еуразиялықтың өзінде қайшылықтар болмағанымен, белгілі бір екіжақтылық бар.

Еуразиялық идеяның көптеген қатпарларының астарынан басты, нағыз мәнді мағынасын тауып және геосаяси стратегиялар мен нақты қадамдарда жанама кезеңдерге емес, нақ осы мәнді мағынаға сүйену керек.

Соңғы кездері еуразияшылдық жаңа, алғашқы еуразияшыл-дарда және қазіргі кездегі еуразиялық қозғалыстың радикалдары-на тән болғандай, басқаларға қанаушы ретінде қарсы тұрмайтын, халықты бөлшектеуге, бөлуге талпынбайтын шынымен де, ынтымақтастырушы идеологияға айналуда.

Қазіргі кезеңдегі интегралды философияның негіздерімен еуразиялық идеясын салыстыру жағынан, сондай-ақ еуразия-лықтың мағыналық әлеуетін анықтауда келесідей қорытынды өте маңызды.

Геосаяси күштердің нәзік тепе-теңдігі жағдайында, еуразия-шылдық жаңа ғасырда салыстырылып отырған геосаяси шындық пен сәйкес келетін философиялық доктриналардың басымдылық логикасымен емес, мәні бірдейлік логикасымен белгіленуі тиіс.

Бір жағынан, еуразиялық идеясының нақты-тарихи мазмұны мен мәнінің өзгергіштігі (ол тіптен өзара жоққа шығарылады), ал екіншісі – оның елеусіз әмбебапты-жалпыламаға жатуы.

Соңғысы, еуразиялық өзінің терең потенциалды мағынасында және іс-жүзіндегі интенциясында әлемге қатынастың интегралдық түрі, (аса шығыстық және аса батыстықтан ерекшеленуінде) инте-гралды философия және адамзат дамуының (прагматикалық Ба-тыс пен қиялға берілетін Шығыспен салыстырғанда) жаңа жолы.

Еуразиялықты және оның импликациясын нақты-тұтастай байыптау мәселесін сипаттай отырып талдап көрейік.

Page 331: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

331 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Еуразиялық мәселесінің басқа кесінділерін анықтайтын негізгі іргелі және анықтаушы кесіндісін түсінуге талпыну қажет. Философиялық тілмен айтқанда, еуразиялықтың нақты-жалпылама, нақты-тұтастай ұғымын жасау уақыты келді.

Қазіргі таңда ғылыми-тарихи немесе геосаяси доктриналарға қарағанда, еуразиялық идеясы тереңірек екендігін көпшілік әлі мойындаған жоқ. Еуразиялық мәселе тарихи, географиялық, геоса-яси, этнологиялық және басқа да өмір сүруді қамтамасыз ететін са-лаларды, яғни қоршаған ортамен (ғарышпен), адамның әлеуметтік дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланыстылардың барлығын қамтиды. Сондықтан да еуразиялық (тек Ресей мен Қазақстанға ғана қатысты) жеке ұғым емес, керісінше жалпылама-әмбебапты, немесе философиялық ұғым.

Осыған байланысты біз жоғарыда айтып кеткен 1995 жылғы А.С. Панариннің «Вопросы философии» журналы бетінде жарияланған ойлары есте қаларлық. «Адамзат, – деп жазады ол – тұтынушы қоғам өзіне экологиялық шектеуді негіз етіп алатын, жаңа постиндустриалды аскезін бекітудің алдында тұр… Мен бұл мәселені «еуразиялық» тақырыбы айналасында әлі ешкім қозғаған жоқ, іс жүзінде осы ағымның тағдырын анықтайды деп ойлаймын». Соңынан Панарин өз ойын қорыта келе, еуразиялық – толықтай сәтті атау емес, өйткені ол «әлі де өзі жайлы түсінік беретін, үлкен бір құбылыстың теңеуі» [6].

«Үлкен құбылыс» дегеніміз не, осы мағынасында бүгінгі таңда біз оны қалай түсінеміз? Басқаша айтқанда, өзінің терең мәніндегі еуразияшылдық дегеніміз не?

Өткен жүзжылдықтың отызыншы жылдарының өзінде идеялық ағым ретіндегі еуразиялықтың өзінде, қозғалыстың бастапқы кезеңінде оған жат болған бүкіл адамзаттық идеясы жар сала бастады. П.Н. Савицкий бүкіл адамзаттық туралы «орыс санасын орнықтырудың» анықтаушы ретінде және «ресейтану-дан әлемтануға» деген ұранды жылжытады. Ресей-Еуразия жолы енді оның мәдени-тарихи талаптарына бағынбайды, керісінше бүкіл адамзаттық, бікіл әлемдік міндеттерге, тайпалық ұстаным, жоғарғыға, діни ұстанымға орын береді.

Еуразиялық «үлкен бір құбылыстың теңеуі» ретінде – үшінші мыңжылдықтың сын-қатерлеріне бірден-бір лайықты жауап бере алатын жаңа өмірдің үлгісі, адамның әлемге қатынасы мүлдем жаңа тәсілі.

Еуразиялық идеясы (өкінішке орай әлі де анық қалпында болмаса да) өз кезегінде адамдардың бірлігі, жинақталу иде-

Page 332: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

332

ясын білдіретін адамшылық идеясы. Ақырында, адамның табиғатпен, ғарышпен қатынасында үйлесімділікті көздейтін, олардың қатынастарында эгоцентристік нұсқаулар болмайтын адамдардың бірлігі.

Сонымен, нақты-бүтіндей түсінігіндегі еуразиялық – басқа да жаңа идеялардың арасында жай ғана жаңа идея емес; Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия арасында жай ғана сұхбат орна-ту емес; жай тарихи-мәдени, саяси немесе этно-әлеуметтік идея емес. Еуразиялық өзінің терең мәнінде және іс-жүзіндегі ин-тенциясында адамзат дамуының жаңа жолы болып табылады. Рационалистік және прагматикалық Батыстан (әсіресе АҚШ) және спиритуалистік және қиялшыл (сондықтан да тарихи-мәдени тоқырауға ұшыраған) Шығыспен салыстырғанда жаңа.

Осы жаңа жолдың құраушылары: адамның адаммен үйлесуі, демек, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен үйлесуі. Бұл – жоғарыда көрсетілгендей құндылықтар, бүкіл адамзаттық, нақтырақ абсолюттік құндылықтардың мәні. Бұл құндылықтар формалды келісімнің ережелеріне құрылған атомарлық жеке адамдардың әдеттегі әлеуметтік байланыстарынан өзгеше, ендігі жерде қоғамдық өмірдің басқадай тәсілін қажетсінетін, органикалық байланысқан адамдар өмір сүруінің табиғи түрін білдіреді. Бұл экополис, эконоосфералық тұрғындар және т.б. қоғамдар, яғни өндірістік емес қалдықсыз кәсіпорындарға негізделген, табиғи қорларды үнемдеп пайдаланатын, бірлесіп қаулы қабылдайтын, түсімсіз айырбас жасап қажеттіліктерді қамтамасыз ететін жаңа түр және қоғамдық өмірдің жаңа үлгісі болуы мүмкін.

Бұның өзінде, осындай түрдегі қоғамдық өмірдің ең ба-сты негізі руханилық болуға тиіс, басқаша жағдайда адамның қоршаған ортамен басқа адамдармен байланысы қайтадан фор-малды және бұрынғы механикалық өмірге тез айналып кетеді.

Сондықтан еуразиялық идеяны жүзеге асыруға қатысты Қазақстанның саяси міндеті – Еуразиялық мемлекеттер одағын құру, оның басты және түбегейлі міндеті адамдар одағын сақтап және дамыту болып табылады.

Еуразиялық әрине қазіргі кезеңдегі Қазақстанның барлық мәселелері мен қиыншылықтарынан құтқаратын қандай да бір панацея емес, Республиканы мекендейтін әрбір этностың сақталуы, өсіп-өркендеуіне еуразиялық идея өзінің оңды біріктірушілік рөлін, идеялық ынтымақтастырушылық және мәдени-біріктірушілік рөлін атқарары сөзсіз.

Page 333: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

333 4 тарау. Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары

Р.S. Ресей – Еуропа емес, ол Азия Алтын Орданың мұрагері дейтін пікір қалыптасқан (Ресейдің өзінде осы жайлы пайым-дау модаға айналған). Оның барлық зардаптары алтынордалық ауыр мұраның бір бөлігі. Және ондағы барлық жамандық атаулы, ұйымдасқан жемқорлықтан бастап азиялықтардан қалған сый.

Бірақ Ресей қазіргі қазақстандық қоғам үшін – ол Батыстың бір бөлігі. Еуропалық өркениет деп атап жүргендеріміз, тіптен қысқартылған және қайта жасалынған түрде болса да, бізге оны Ресей ретрансляциялады.

Және біздер қазақтар Ресейдің делдалдығы арқылы Азияға қарағанда, көбінесе Еуропаға жатамыз. Біз шығыс халқына толықтай жата қоймаймыз. Біз өзіміздің ұлттық қалыптасу үдерісімізді өткізудеміз, біз шығыс немесе батыс, азиялық неме-се еуропалық өркениетке жататынымызды түбегейлі анықтаған ел емеспіз. Біздің Президентіміздің «еуразиялық» формуласы біз үшін нағыз дұрыс және адекватты. Алайда оны көпшілікке түсіндіріп, ашып көрсету ғалымдардың парызы.

Әдебиеттер

1 Қараңыз: Идеи и реальность евразийства: Материалы Валиханов-ских чтений «Исторические корни и перспективы евразийства как со-циокультурного и социополитического феномена», 11 декабря 1998 г., г. Астана. – Алматы, 1999; Евразийство в XXI веке: проблемы и перспек-тивы. – Алматы, 2008; Евразийская доктрина Нурсултана Назарбаева. – Алматы, 2010; Евразийская концепция Льва Гумилева и современность. – Астана, 2012 и др.

2 Колчигин С.Ю. Что такое евразийство // Простор. – 1996. – № 4; «Признать себя – евразийцами» // Простор. – 1996. – № 8; «Никакого от-ношения к шпионству» // Простор. – 1996. – № 9; Всем по пути со всеми // Простор. – 1996. – № 11 и др.

3 Қараңыз: Гумилев Л.Н. Заметки последнего евразийца // Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: эпохи и цивилизации. – М., 1993. – С.36.

4 Қараңыз: Трубецкой Н.С. Общеевразийский национализм // Тру-бецкой Н.С. История. Культура. Язык. – М., 1995. – С. 425.

5 Қараңыз: Левиафан против Бегемота (Неоевразийство Алексан-дра Дугина) // Евразийское сообщество: общество политика, культура. – 1998. – № 1. – С.40-46.

6 Евразийство: за и против, вчера и сегодня (материалы «круглого стола») // Вопросы философии. – 1995. – № 6. – С. 5, 19.

Page 334: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

334

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ философиялық ойындағы тәуелсіздік идеясы ежелден қеле жатқан құндылықтық бағдар екені белгілі және осы үдеріс қазіргі жаһандану заманында, ұлттық өзіндік сананың өсуі мен ұлттық бірегейліктің нығаюы жағдайында қазіргі қазақстандық қоғамның іргетасын өркениеттілік тұрғысынан нығайту үшін маңызды және құнды болып табылады.

Тәуелсіздік құбылысы түбегейлі өзгерістер әкелді, ол алды-мен бізге өз қолымызбен болашағымызды құруға мүмкіндіктер берді. Міне Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі жиырма бес жылдық өмірі елдің рухани жаңғыруын, өз тағдырын және өмірлік құрылымын анықтау мәселелерін көтеріп, біздің тарихи ұлттық мүддеміз бен базалық рухани-адамгершілік құндылықтарымызға жауап бере алатындай дәрежеге жеткізуде және бұл туралы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілгені белгілі.

Руханилық құбылысына деген қызығушылық кездейсоқ емес, ол бұрынғы тарих пен қазіргі заманның өзекті тақырыбы ғана емес, ол қоғамдық сананың өзегін құрайтын, ұрпақтарды өзара сабақтастығын үйлесімді жалғастыратын маңызды және құнды дүние. Сондықтан ұлт философиясының тарихымен айналы-сатын мамандар бұл тақырыпты айналып өте алмайды. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы руханилық рухани даму, рухани жаңғыру мәселелеріне ерекше көңілдің бөліне бастауы адам болмысының түбегейлі тұстарын жандандырумен бірдей. Сондықтан ұлттың болашағына назар аударған кез келген қауымдастық өзінің руха-ни әлемін үйлесімдендіруі керек екені белгілі.

Қазақ философиясының басты ерекшелігіне дәстүрлі түрде оның адам экзистенциясы мәселесіне барынша бағытталуы, оны көркем образдармен, рационалдық тұжырымдармен өрнектеуі жатады. Қазақтың ұлттық философиялық санасына рухани бағдарларға бет бұру сонау түркі дәуірінен ерте кезеңдерден бері көрініс бергені белгілі. Ол туралы өткен қазақ философиясы та-

Page 335: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

335 Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

рихы топтамасының алғашқы төрт томында жақсы баяндалады, нақты тұжырымдар келтіріледі. Соңғы томның негізгі идеясы жаңа саяси және мәдени кеңістіктегі ұлттық философиясының парадигмасының бағдарларын мен негізгі идеяларын айқындау.

Ұлттық болмысымыздың негізгі рухани құндылықтары – руханилық, адамгершілік, қайырымдылық, толеранттылық бо-лып келеді және қазақ философиялық ойында әрқашан күшке салмай, ізгілікпен әрекет еткен тұлға ең алдымен өзін және өзінің қарсыласын жамандықтан, өтіріктен, басқаларға құрмет көрсетпеуден және әділетсіздіктен қорғайтыны жайлы ой көрініс табады. Қазақ ойшылдары философиялық дәлелдемелер мен толғауларды басқа әділетсіз күштерге қарсы тұратын, өтіріктің бетін ашып, қиялды жоятын, Жердегі барлық адамдарға жақсы өмір сыйлайтын құдіретті сөз арқылы берілетін рухани күш деп есептеді.

Қазіргі кезде бүкіл әлем күрт өзгерістер мен жаңа ізгілікті бағдарлар таңдау жағдайында тұр. Қазақстанда қазіргі уақытта өзінің өркениеттік болашағын анықтау жолында. Осындай жағдайлар қисынында қазақ және қазақстандық философия көптеген күрделі мәселелерге тиісті деңгейде жауап беруі тиіс. Әрине, қазақстандық философтар ескірген түсініктерге, бұрынғы таптаурындық қатынастарға жабысып қалмай, жаңа заманауи дүние талап еткен мақсаттардың шешімін табуға талпынуы тиіс.

Еліміз кешенді жаңғыру кезеңін басынан өткізіп жатқан қазіргі кезеңде, қазақ халқының рухани мәдениетінің барлық тұтастай та-рихын зерттеу мәселесін қолға алатын кез де келді. Қазақстандық философ Ж.М. Әбділдин өзінің зерттеулерінде, қазақтар мен қазақстандықтардың өзіндік санасының қалыптасуын пайымдай келе, өткен кезеңдегі ұлы ойшылдардың шығармашылығына арналған көптеген зерттеу жұмыстары жазылған кезде біз оларға өзгеше тұрғыдан қараймыз, олардың тоталитарлық жүйе ұсынған істерден гөрі ұлттық рухани мәдениетке сіңірген еңбектерін зерделей бастаймыз деді. Сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарды барынша құрметтейтін болсақ, онда қазақтар мен қазақстандықтар санасын дамытуда зор мәні бар қадамдар жасап, тоталитарлық идеология ұсынған стереотиптерден жақын арада құтыламыз деген ойды ортаға салады.

Осындай мағынадағы түсінікке сәйкес, қазір Қазақстан басы-нан өткеріп жатқан рухани жаңғыру мәселесі, басқаша айтқанда рухани ренессанс жай ғана заңды тарихи қажеттілік емес, ол

Page 336: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

336

практикалық мағынасы бар адамгершілік міндет пен адамгершілік ізденістер саласына айналады. Тәуелсіздік кезең философиясының және жаңа дүниетанымның негізгі мәні республиканың барлық қоғамдық өмірін қамтыған рухани жаңғыру жолындағы адамгершілік мұраттар ізденісі болып табылады.

Қазақ халқы әрқашан тарихи кезеңдерде түрлі қауым-дастықтар, әлеуметтік топтар мен мемлекеттер арасында адал, мейірімді, жақсы қатынастар қалыптастыру жолын анықтауға ты-рысып келеді. Біреудің қайғы-мұңын түсіну, басқаның болмысын қабылдау, оны өз болмысына, өзін оған қосу – әлем үйлесімділігін сақтауға арналған қазақ философиялық дүниетанымының маңызды ерекшелігі болып табылады. Осы этикалық дәстүр жаңа заман әкелген инновациямен астасса өмірдің үйлесімділігі арта-ды, ұлттық философияның жаңа қыры көрініс табады.

Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген этностар бейбіт өмір сүріп, әлеуметтік субъектілер арасында ешқандай түсінбеушіліктер мен қақтығыстардың болмауы – бір жағынан алғанда толерант-ты санасы бар қазақ халқының еңбегі. Табиғатынан мейірімді қазақтар кеңес өкіметі кезінде де тоталитарлық тәртіптен зар-дап шеккен көптеген халықты өз туған жерінде қабылдап, көмектескені белгілі. Қазақстан посткеңестік мемлекеттердің ішінен, көші-қон үрдісін басынан өткізсе де, достық сипаты мен көптеген этностармен белсенді ынтымақтастығын сақтай білді. Түбі тереңге кеткен қазақтардың этикалық принциптері жоғары жалпыадамзаттық жақсылық пен қайырымдылық идеясына толы. Қайырымдылық адам болмысының терең көрінісі ретінде толе-рантты болмауы мүмкін емес. Қайырымдылық пен адамгершілік толеранттылықтың жоғары көрінісі ретінде тәуелсіздік дәуірі философиясының басты тақырыбы болып табылады.

Патриотизм идеясы, тәуелсіздік үшін күрес, халықтың бірігу қажеттілігін терең сезіну – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру идеясымен үйлесімдік табатын тәуелсіздік кезеңіндегі қазақтың философиялық ойына тән. Әрине, әдіснамалық көмек ретінде тарихилық пен логикалықтың бірлігі принципінсіз тәуелсіздік кезең философиясының ерекшелігін анықтау мүмкін емес еді. Осы кезең философиясына тарихи талдаулар жасап, оның қалыптасу үрдісіндегі маңызды да мәнді болған негізгі кезеңдерін анықтау және оларға философиялық түсініктемелер беру қажет болды. Осы томда зерттеушілер тарапынан осы бағытта біршама

Page 337: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

337 Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

қадамдар жасалды. Қазақстандағы тәуелсіздік кезең философиясын әлеуметтің

қоғамдық өмірінің басқа саласымен өзара әрекеті, өзара толық-тырулар арқылы талдау қажеттілігі арта түсуде. Зерттеушілерге қарастырып отырған уақыттың ішкі мәніне, сырына ену маңызды болды, тек деректерді ғана зерделеп қоймай, қазіргі рухани жаңғырған Қазақстанның құндылықтық парадигмасын түсінуге қол жеткізу керек еді. Осы мақсаттардың біршамасы орындалды. Алдағы зерттеулері ауқымы онан да кең екені анық. Тәуелсіздік тек Қазақстанның сыртқы тағдырына ғана шешуші және маңызды рөл атқарған жоқ, оның мемлекеттік болмысы мен экономикалық жағдайына ғана әсер етіп қойған жоқ, оның барлық рухани бейнесіне, әлем тарихындағы сипатына да тікелей ықпал етті.

Page 338: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

338

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҒылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану

институты туралы мәлімет

Институт 1999 жылдың ақпан айында 1958 жылы ашылған Фи-лософия және құқық институтының және 1991 жылғы Философия институтының негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Философия, саясаттану және дінтану институты болып қайта аталды.

Институттың мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекеме ретіндегі негізгі міндеттері қазіргі қазақстандық қоғамның зияткерлік және рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-дүние-танымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады.

Бүгінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары кәсіби ғылыми-зерттеу орталығы болып та-былады. Институт оның құрылымын айқындайтын үш басты бағыт бой-ынша жұмыс істейді: философия, саясаттану және дінтану. Онда ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 корреспондент мүшесі, 19 ғылым докторы және 6 ғылым кандидаты, 8 PhD докторы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Институт қабырғасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып «Ғылым Ордасы» негізінде ғылыми-зерттеу институттардың ғылыми кадрларды даярлау бойынша ғылым мен білімнің интеграци-ясы жобасы аясында 10 PhD докторант пен 17 магистрант білім алуда.

Институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруы шеңберінде 2012–2014 жж. «Еліміздің зияткерлік әлеуеті» басымдығы аясында 24 ғылыми-зерттеу жобалары бойынша жұмыс жүргізді. Аталған басымдық бойын-ша 2015–2017 жж. 5 ғылыми-зерттеу жобасы орындалды. Барлық жоба-лар бойынша монографиялар басылып шығарылды.

Бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру шеңберінде «Ғылыми қазына» пәнаралық ғылыми бағдарламасы аясында 2012–2014 жж. «Қазіргі Қазақстандағы идеологиялық концептілерді конструкциялау» бағыты бойынша 18 монография жарық көрді.

Сондай-ақ «Халық тарих толқынында» бағдарламасы ауқымында Институт келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізді: «Қазақтардың рухани өмірі: әл-Фарабиден Абайға дейін» жобасы (2014–2016 жж.); «Қазақстанның тарихи және рухани-мәдени дамуындағы діннің рөлі: дәстүрлер мен қазіргі заман» ғылыми бағдарламасы (2014–2016 жж.); «Қазіргі Қазақстан аймағындағы діндер тарихы» және «Қазіргі Қазақстанның аумағындағы ислам мәдениетінің тарихы» оқулықтарын дайындау (2014–2015 жж.).

Page 339: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

339 Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Институт «Қазақстан-2050» Стратегиясын» ғылыми сүйемелдеу жөніндегі ҚР Президенті Әкімшілігінің зерттеулердің Тақырыптық жо-спарын жүзеге асыру бойынша 2013-2015 жж. «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары және идеалдары» атты бағдарламасына жетекшілік етті. 2013 жылы Институт жаңа саяси терминологияның қазіргі сөздігі – «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Терминологиялық анықтамалығын дайындауға белсенді қатысты.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2004-2011 жж. Инсти-тут «Шығыс Аристотелі» – әл-Фарабидің шығармалар жинағын (10 том), «Әлемдік философиялық мұрасын» (20 том), «Қазақ халқының философиялық мұрасын» (20 том) басып шығарды.

Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру, мәдениет, дін, қазақ және әлемдік философия мәселелері бойынша монография-лар мен ғылыми мақалалар жариялайды. Институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдары таяу және алыс шетелдердің ғылыми рейтингтік басылымдарында сұранысқа ие.

Институт ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған екі журнал шығарады: «Адам әлемі» (1999 жылдан бері) және «Әл-Фараби» (2003 жылдан бері). Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі Институттың өз сайты бар (www.iph.kz).

Институт үнемі халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікірталас алаңдарын өткізіп тұрады. Бұл іс-шараларға қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Инсти-тут Ресейдің, Беларустің, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Германияның, АҚШ-ң, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және т. б. жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының магистранттары мен PhD докторанттары тағылымдама мен зерттеу тәжірибесін өткізеді.

Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Философия, саясаттану және дінтану институты туралы анағұрлым кең ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады:

Қазақстан Республикасы, 050010,Алматы, Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)Тел.: +7 (727) 272-59-10, 272-58-06Факс: +7 (727) 272-59-10E-mail: [email protected]://www.iph.kz

Page 340: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

340

Информацияоб Институте философии, политологии и религиоведения

Комитета науки Министерства образования и наукиРеспублики Казахстан

Институт был образован в феврале 1999 г. на базе созданного в 1958 г. Института философии и права, преобразованного в 1991 г. в Институт философии. В мае 2012 г. постановлением Правительства Республики Казахстан он был переименован в Институт философии, политологии и религиоведения.

Основной задачей Института как государственного научно-иссле-довательского учреждения является проведение философско-мировоз-зренческих, философско-методологических, политологических, религи-оведческих и социологических исследований, направленных на развитие интеллектуального и духовно-нравственного потенциала современного казахстанского общества.

Сегодня Институт философии, политологии и религиоведения Комитета науки МОН РК является высокопрофессиональным научно-исследовательским центром. Институт работает по трем ключевым на-правлениям, определяющим его структуру: философия, политология и религиоведение. Здесь проводят научные исследования 1 академик, 2 члена-корреспондента НАН РК, 19 докторов и 6 кандидатов наук, 8 докторов PhD. В рамках проекта интеграции науки и образования по подготовке научных кадров научно-исследовательскими институтами совместно с КазНУ им. аль-Фараби на базе «Ғылым ордасы» обучаются 10 докторантов PhD и 17 магистрантов.

Институт в рамках грантового финансирования научных исследо-ваний Министерства образования и науки Республики Казахстан по приоритету «Интеллектуальный потенциал страны» на 2012–2014 гг. вы-полнил работы по 24 научно-исследовательским проектам. По данно-му приоритету на 2015–2017 гг. выполнены 5 научно-исследовательских проектов. По всем проектам изданы монографии.

В рамках программно-целевого финансирования по междисци-плинарной научной программе «Ғылыми қазына» на 2012–2014 гг. по направлению «Конструирование идеологических концептов в совре-менном Казахстане» было опубликовано 18 монографий.

Также в рамках программы «Народ в потоке истории» Инсти-тут проводил исследования по следующим направлениям: проект «Қазақтардың рухани өмірі: әл-Фарабиден Абайға дейін» (2014–2016 гг.); научная программа «Роль религии в историческом и духовно-культур-ном развитии Казахстана: традиции и современность» (2014–2016 гг.); подготовка учебников «История религий на территории современного

Page 341: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

341 Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Казахстана» и «История исламской культуры на территории современ-ного Казахстана» (2014–2015 гг.).

Институт осуществлял руководство программой «Ценности и иде-алы независимого Казахстана» по реализации Тематического плана исследований Администрации Президента Республики Казахстан на 2013-2015 гг. по научному сопровождению «Стратегии «Казахстан-2050». В 2013 г. Институт принял активное участие в подготовке современно-го словаря новой политической терминологии – Терминологический справочник «Стратегия «Казахстан-2050».

По программе «Культурное наследие» (2004-2011 гг.) Институтом изданы собрание сочинений «Аристотеля Востока» – аль-Фараби (10 то-мов), «Мировое философское наследие» (20 томов), «Философское на-следие казахского народа» (20 томов).

Сотрудниками издаются монографии и научные статьи по во-просам политики, науки, образования, культуры, религии, казахской и мировой философии. Научные публикации сотрудников Института востребованы в научных рейтинговых изданиях ближнего и дальнего за-рубежья.

Издаются два журнала: «Адам әлемі» (с 1999 г.) и «Аль-Фараби» (с 2003 г.), рекомендованных Комитетом по контролю в сфере образования и науки МОН РК. Институт располагает собственным сайтом (www.iph.kz) на трех языках: казахском, русском и английском.

Институт регулярно проводит международные научные конферен-ции, круглые столы, семинары, дискуссионные площадки, в которых принимают участие казахстанские и зарубежные ученые. Институт тес-но сотрудничает с крупнейшими научно-исследовательскими центра-ми России, Белоруссии, Азербайджана, Кыргызстана, Китая, Германии, США, Турции, Ирана, Узбекистана, Таджикистана и других стран.

На базе Института философии, политологии и религиоведения проходят стажировку и исследовательскую практику магистранты и докторанты PhD ведущих казахстанских высших учебных заведений, та-ких, как КазНУ им. аль-Фараби, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, КазНПУ им. Абая и др.

В Институте созданы все необходимые условия для профессиональ-ной работы и научного роста сотрудников.

Более подробную информацию об Институте философии, полито-логии и религиоведения можно получить по адресу:

Республика Казахстан, 050010,Алматы, ул. Курмангазы, 29 (3 этаж)Тел.: +7 (727) 272-59-10, 272-58-06Факс: +7 (727) 272-59-10E-mail: [email protected]://www.iph.kz

Page 342: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

342

Information about the Institute for Philosophy, PoliticalScience and Religion Studies of Committee Science of the

Ministry of Education and Science оf the Republic of Kazakhstan

The Institute was established in February 1999 on the base of the Institute for Philosophy and Law which established in 1958, that renamed to the Institute for Philosophy in 1991. By the Kazakhstan Government’s resolution, the Institute was renamed to Institute for Philosophy, Political Sciences and Religion Studies in 31 May 2012.

The main objectives of the Institute as a public research institution are conducting the philosophical view of the world, philosophical and methodological, political science studies, religious studies and sociological studies aimed at social-cultural and sociopolitical development and strengthening the independence of Republic of Kazakhstan, developing its intellectual and spiritual-moral potential.

Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies is a highly skilled scientific research center. Institute has three key directions that define its structure: philosophy, political science and religion studies. Currently, scientific projects are conducted by 1 academician, 2 correspondent members of the National Academy of Sciences of RK, 19 doctors of science and 6 candidates of science, 8 PhD doctors. On the basis of the institutes of «Gylym Ordasy» along with al-Farabi Kazakh National University the Institute is involved in the scientific fellows preparation project which has 10 PhD doctoral and 17 Master’s students.

The Institute successfully conducted 24 research projects within financing grants for 2012–2014 by Ministry of Education and Science on a priority of «Intellectual potential of the country». Under this priority there were conducted 5 projects (2015–2017). The monographs were published under all the projects.

Within the framework of program-oriented financing for 2012–2014 as part of an interdisciplinary research program «Gylymi Kazyna» for 2012–2014 «Designing Ideological Concepts in Modern Kazakhstan» were published 18 monographs.

Also, in the framework of «The people in the flow of history», the Institute conducted researches in the following areas: the project “The spiritual life of Kazakhs: tradition and modernity from al-Farabi to Abai (2014–2016); scientific program «The role of religion in the historical, spiritual and cultural development of Kazakhstan: traditions and modernity» (2014–2016); preparation of textbooks on «The history of religions on the territory of contemporary Kazakhstan» and «The history of Islamic culture on the territory of contemporary Kazakhstan» (2014–2015).

The Institute, for 2013-2015 years, has implemented the program «Values and ideals of independent Kazakhstan» to realize the research

Page 343: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

343 Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

plan of the Presidential Administration on scientific support of «Strategy «Kazakhstan-2050». In 2013, the Institute took an active part in the preparation of a modern vocabulary of a new political terminology – Terminological reference «Strategy «Kazakhstan-2050».

By the program «Cultural Heritage» (2004-2011), the Institute published collection of the works titled «East’s Aristotle – Al-Farabi» (10 volumes), «World Philosophical Heritage» (20 volumes), «The Philosophical Heritage of the Kazakhs» (20 volumes).

The researchers publish monographs and scientific articles on the issues of politics, science, education, culture, religion, Kazakh and world philosophy. The publications of employees of the Institute are highly demanded in rated publications of Near and Far abroad.

Institute publishes two journals: «Adam Alemi» and «Al-Farabi», recommended by the Committee for Control of Education and Science of RK, which had been published since 1999 and 2003. The Institute has its own website (www.iph.kz) in three languages: Kazakh, Russian and English.

Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies regularly organizes international scientific conferences, seminars, «round tables», where leading Kazakhstani and foreign political scientists and philosophers take an active part. Institute has cooperations with scientific-research centers of Russia, Belarus, Azerbaijan, Kyrgyzstan, China, Germany, USA, Turkey, Iran, Uzbekistan, Tajikistan and others.

Master’s degree and Doctorate students from the leading Kazakh universities such as Al-Farabi KazNU, L.N. Gumilyov ENU, Abai KazNPU and others are conducting their research projects and are trained at the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies.

The Institute has provided all necessary conditions for professional and scientific development of employees.

More detailed information about the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies can be found at:

Republic of Kazakhstan, 050010,Almaty, Kurmangazy Street, 29 (3rd floor)Phone: +7 (727) 272-59-10, 272-58-06Fax: +7 (727) 272-59-10E-mail: [email protected]://www.iph.kz

Page 344: Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)iph.kz/doc/ru/1251.pdf · (Тәуелсіз Қазақстан философиясы) / А.Х. Бижанов

Қазақ философиясы тарихы(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

344

Ғылыми басылым

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)

Тәуелсіз Қазақстан философиясы (5-том)

Кітап авторлардың редакциясымен шығарылды.

Дизайн және беттеген Г.И. Нүсіпова

ҚР БҒМ ҒК«Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК

Басуға 30.10.2017. Таралымы 150 дана. Пішімі 70×100 1/16 Шартты баспа табағы 21,5 б.т.

Офсеттік басылым.

ЖК «Волкова Е.В.» баспасыАлматы қ., Райымбек даңғылы, 212/1.