26
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ Тілдер, журналистика және туризм кафедрасы 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» / шифр, мамандық/ «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» пәні бойынша магистранттарға арналған оқу-әдістемелік кешен (СИЛЛАБУС) Оқу түрі: магистратура Барлық кредит саны: 2 Курсы: 2 Семестр 1 Лекция: 36 Семинар: 10 СӨЖ: 30 СОӨЖ: 30 Консультация: 2 Емтихан: 5 Алматы, 2014 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

  • Upload
    others

  • View
    37

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ

Тілдер, журналистика және туризм кафедрасы

050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

/ шифр, мамандық/

«Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» пәні бойынша

магистранттарға арналған оқу-әдістемелік кешен

(СИЛЛАБУС)

Оқу түрі: магистратура

Барлық кредит саны: 2

Курсы: 2

Семестр 1

Лекция: 36

Семинар: 10

СӨЖ: 30

СОӨЖ: 30

Консультация: 2

Емтихан: 5

Алматы, 2014 ж.

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

1. Курс аты: Қазақ тілінің академиялық грамматикасы

Курс коды: ТПК

Кредит саны:

2. Курс оқытушысы: ф.ғ.к., оқытушы Үдербаев Алмас

Байланыс телефоны: 8-7073210016

3. Курс өтетін жері және уақыты: Сабақ кестесі бойынша

Курс Семестр Кредит Лекция Семинар СӨЖ СОӨЖ Барлы

ғы

Бағалау

формасы

1 1 2 15 15 30 30 90 емтихан

4. Курс пререквизиті: «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы»

пәнінде сөз құрамы, сөз жасаушы, сөз түрлендіруші қоымшалар, жалғаудың

түрлері, сөз таптары мен олардың ерекшеліктері оқытылады. Қазақ тіліндегі

сөздердің түрленуі, тұлғалық өзгеруі, сөз және сөз тұлғалары, оны

құрастырудың түрлері мен тәсілдері, әр сөз табына енген сөздердің өзіне тән

лексикалық-семантикалық сыр-сипаты, грамматикалық мағыналары мен

қызметтері, сөз тіркестері, олардың түрлері мен жасалу жолдары, сөйлем мен

оның түрлері, жасалу жолдары жөнінде оқытады.

5. Постреквизиттер: «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» пәні

«Лексикология», «Морфонология», «Қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазақ

тілінің морфологиясы», «Синтаксис», «Қазақ тілінің орфоэпиясы мен

орфографиясы» пәндерімен тікелей байланысты.

6. Курстың жалпы сипаттамасы. «Қазақ тілінің академиялық

грамматикасы» пәні лекция, семинар, жұмыстардан тұрады. Студенттердің

жеке жұмысы, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында

меңгертіледі. Бұл сабақта сонымен қатар, морфологиялық, морфемдік талдау

жұмыстары жүргізіледі, әр сабаққа қатысты практикалық сабақтардың

тапсырмалары мен жаттығулар, бақылау-пысықтау жұмыстарына арналған

тест тапсырмалары болады.

7. Курстың мақсаты: «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы»

курсының негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі сөздердің түрленуі, тұлғалық

өзгеруі, сөз және сөз тұлғалары, әрқилы өзгерістерге ұшырау амалдары,

тілдегі жалпы сөз атаулының топтарға бөлінуі, әр сөз табына енген сөздердің

өзіне тән лексика-семантикалық сыр-сипаты, грамматикалық мағыналары

мен қызметтері жөнінде студенттерге теориялық білім беру болып табылады.

8. Курс міндеті:

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

– грамматика тіл білімінің бір саласы екендігі, оның синтаксиспен іштей

тығыз байланыстығы мен зерттеу әдістері туралы түсінік беру;

– грамматика сөзді басқа сөздермен қарым-қатынаста тіл жүйесінің

қалыпты бір бөлшегі ретінде бір-бірімен ұштастыра қарастыратынын

байқату;

– сөз тұлғасы, оны тудыратын амал-тәсілдер туралы түсініктерді

меңгерту;

– тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, формаларына қарай

құрамы, тұлғасы және құрылысы жағынан ажырата білуге үйрету.

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырып атауы Лекц. Сем. СОӨЖ СӨЖ Академиялық грамматика

пәнінің нысаны, зерттеу

көздері, мақсаты мен

міндеттері.

1

1

Тілдің таңбалық табиғаты.

Тіл деңгейлері. Тілдік

таңбалардың құрылымы,

оның жүйелік сипаты.

1

1

Грамматикалық

категориялар.

Грамматикалық

категориялардың түрлері

1

3

1

3

Тіл деңгейлерінің қалыптасу

принциптері.

1 1

Грамматикалық

категорияның тіл жүйесіне

қатысы.

1

1

Грамматикалық форма

3

5

Тіл білімінің зерттеу әдістері

Сипаттамалы,

салыстырмалы,

салғастырмалы,

структуралық,

статистикалық,

эксперименттік әдіс т.б.

2

1

Зерттеу тәсілдері (бақылау,

есепке алу, салғастыру,

картотекалық тәсілдер).

1

1

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Тілдің таңбалық табиғаты. Тіл деңгейлері.

Жоспар: 1. Таңба туралы түсінік, таңбаның түрлері.

2. Тілдік емес және тілдік таңбалар, айырмашылықтары.

3. Семиотика ғылымы, оның қарастыратыны.

4. Тілдік таңбалардың екі жақтылығы.

5. Тілдік таңбалардың құрылымы, оның 1жүйелік сипаты.

6. Тіл деңгейлерінің қалыптасу принциптері.

7. Грамматикалық категорияның тіл жүйесіне қатысы.

Бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты

көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты

белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады. Таңба деп басқаларға

білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына, қолданылатын сезім мүшелерінің

біріне тән заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, т.б. белгілерді

айтады. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық

көрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына

таңбаланушы деп аталады. Таңба ретінде кез келген шартты белгіні қолдануға

болады.

20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика

ғылымы қалыптасты. Семиотика – грек сөзі, мағынасы – белгілі дегенді білдіреді.

Семиотика – хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол

таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын,

таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым-қатысын

зерттейді.

Ежелгі дәуір тіл білімінде де таңбалар туралы сөз болғаны байқалады,

Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу – сөздің

символы деген. Бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі ретінде

қойылып, тіл білімінде оны зерттейтін тілдік семиотика дейтін саланың болу

қажеттігіне көз жеткізген ғалым – Ф. де Соссюр. Сөйтіп, бүкіл таңба атаулыны

зерттейтін жалпы семиотика мен тіл түйіскен жерден аралық ғылым ретінде тілдік

семиотика деп аталатын ғылым қалыптасты.

Жалпы семиотика бүкіл таңба атаулыға бірдей дәрежеде қолдануға болатын

ортақ теория қалыптастыруды көздейді. Ол таңбалар арасында болатын

өзгешеліктерге, әсіресе тілдік таңбалардың ерекшеліктеріне онша мән бермейді.

Семиотика үшін тілдік таңбалар да, тілдік емес, көмекші таңбалар да бірдей,

барлығы да хабар беруші, коммуникативтік қызмет атқарушы тұлғалар. Сондықтан

олардың барлығы да бірыңғай ортақ заң-ережелерге бағынуы керек.

Қандай да болмасын белгілі бір материалдық көрсеткішті таңба деп санау

үшін, ол өзінің материалдық табиғатына тән емес, қосымша қызмет ретінде

жүктелген бір нәрселерді білдіруі, хабарлауы қажет.

Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі және көмекші таңба деп

екіге бөлушілік бар. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады. Көмекші

таңбаларды материалдық сипаттарына қарай графикалық, акустикалық, заттық,

ақша, сәуле, ымдау таңбалары деп бөледі.

Тілдік таңбалардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері. Жалпы семиотикалық

ереже бойынша таңба бір жақты тек материалды ғана болады, мағына таңба

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

құрамына енбейді. Таңбалық қызметтен айырған күнде де олар бастапқы табиғи

қалпында қала береді. Бұл қағидаға жеке тұрғанда ешқандай мағынаны білдіре

алмайтын, бір жақты элемент болып есептелетін фонемалар болмаса, тілдегі басқа

тұлғалардың ешқайсысы да сай келмейді, өйткені тілдегі сөз болсын, сөйлем

болсын – бәрі де екі жақты тұлғалар. Оның үстіне, бұлардың мағыналары өздерінің

материалдық жағынан бөліне алмайды, бұл екеуі айырылмастық бірлікте тұрады,

егер бір-бірінен айырылса, өмір сүруден қалады.

Тілдегі алуан түрлі тұлғалар тек құрылымдары жағынан ғана емес,

мағыналары мен қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Олардың ішінде екі жақты да,

жартылай екі жақты да, бір жақты да тұлғалар бар. Екі жақтыға сөздер, сөз

тіркестері, сөйлемдер жатады. Жартылай екі жақтыға көмекші морфемалар жатады,

бір жақтыға фонемалар жатады.

В.Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ сияқты ғалымдардың таңба

екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы материалдық, дыбыстық көрсеткіші

де, екіншісі – ішкі мағыналық, идеялық жағы, таңба дейтініміз осы екеуінің бірлігі

дейтін тұжырымдарына толық сай келетін тілдік тұлға – сөз. Сөздің бұл екі жағы

бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Сөздік таңбаның көмекші таңбалардан түбірлі

өзгешелігі де осында. Тілдің негізгі тұлғалары қатарына дыбыс, морфема, сөз,

сөйлем жатады.

Семиотикалық сипаты жағынан тілдік тұлғаларды таңбалар жүйесі,

фигуралар жүйесі деп екіге бөлуге болады. Таңбалар жүйесіне сөздер, сөйлемдер

жатады да, фигуралар жүйесіне фонемалар мен морфемалар жатады. Бұлардың

алдыңғылар екі жақты тұлғалар да, соңғылары таңба құрайтын материалдар

болғандықтан, бір жақты тұлға болып есептеледі.

Дыбыс тілі және оның таңбалары семиотикалық хабаршы таңбалардай тек

бір нәрселерді мәлімдеп қоймайды, сонымен бірге ол – айналадағы өмірді танып-

білудің, ойды қалыптастырып, дамытудың да құралы, басқаша айтқанда, адам

баласының бүкіл күресі мен дамуының құралы.

Тілдік таңбалардың басқа жүйедегі таңбалардан икемді, оралымды,

болмыстағы өмір шындығы бейнесін соншалықты шебер жинақтап бере

алатындығы, басқа таңбалардай тек коммуникативтік қана емес, экспрессивтік те,

парадигматикалық та, репрезентативтік те, сигнификативтік те қызмет атқаратын

көп функциялы болуы және осы қызметтерінің бір-бірімен байланысты

шарттастығы – тілдік таңбалардың номинативтік, синтаксистік болып бөлінуіне,

олардың иерархиялық сипаты мен көп қабатты болуына ерекше мән беріледі. Бұл

ерекшеліктер тілдік таңбаларды тілдік емес таңбалардан ажырататын белгілердің

ең бастылары деп есептеледі. Тілдік таңбалар қызметінің көптігін сөз еткенде,

оның эмоционалдық-экспрессивтік қызметіне де ерекше мән беріледі. Өйткені бұл

қызмет тілдік таңбаларда ғана болады.

Тілдік таңбалардың тағы бір ерекшелігі – оның қолданушылар еркіне

тәуелсіз екендігінде. Тілдік таңбалардың емін-еркіндігі дегеннен ең алдымен, таңба

мен таңбаланушы арасындағы байланыстың емін-еркіндігін ұғамыз. Таңба мен

таңбаланушы арасындағы бұл тәріздес емін-еркіндікті Ф. де Соссюр абсолюттік

емін-еркіндік деп атайды, емін-еркіндіктің салыстырмалы түрі де болады дегенді

айтады.

Әрине, тілдік таңбалардың оның қолданушылар еркіне тәуелсіз емін-еркін

болуында да белгілі шек бар. Тілді қолданушылар таңбалардың қызметіне әсерін

тигізбей, оны нормалап, өңдеп-қырнап жетілдірмей тұра алмайды. Бірақ ондай

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

саналы әрекеттердің қай-қайсылары болса да, таңба мен таңбаланушы арасындағы

байланыстың емін-еркіндігін, адамдар еркіне тәуелсіздігін жоққа шығара алмайды.

Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан

тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл

механизмдері деп те аталады. Деңгей жасау сипатына тек деңгейлік шартқа сай

келетін, яғни парадигмалық және синтагматикалық тұрғыда деңгейлік тіл

бірліктерімен қатынасқа түсуге қабілетті тіл бірліктері ғана ие болады. Бір

деңгейдегі тіл бірліктері басқа бір деңгейдегі тіл бірліктерімен иерархиялық

қатынас арқылы байланысқа түседі. Сөйтіп, фонемалар морфемалардың дыбыстық

құпрамын, морфемалар – сөздің, сөздер – сөйлемдердің құрамын жасайды.

Тіл деңгейі мынадай принциптер негізінде қалыптасады:

1. Бір деңгейге жататын тіл бірліктері біртектес болуы шарт. Мысалы,

фонемалық деңгей біртектес фонемалар жүйесі мен олардың бірыңғай

жиынтығынан тұрады.

2. Бір деңгейге кіретін тіл элементтері одан жоғары келесі деңгейдің

құрамына қатысты болуы шарт. Мысалы, фонемалық деңгейдегі тіл бірліктері

өзінен жоғары бірлік болып табылатын сөздерді жасауға қатысып, морфемалық я

лексикалық деңгейлермен байланысты болып келеді.

3. Тіл деңгейінің әрқайсысы басқа деңгейдің құрамына қатысты болғанымен,

өзіне тән белгілерін, қасиетін, ерекшелігін жоймайды, өзінің дербестігін сақтайды.

4. Әрбір деңгей, оған кіретін тіл бірліктері әрі тілдік таңбалар болып

табылады. Сөйтіп, бұл принциптерден, біріншіден, тіл деңгейлерінің төменнен

жоғарыға қарай күрделеніп отыратынын, екіншіден, әрбір тіл деңгейінің

автономиялық, яғни дербестік сипаты бар екенін байқаймыз.

Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан

тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Бұлар тіл білімінде

әртүрлі аталып келген. Мысалы, В.И.Кодухов бұларды «тіл ярустары (қабаттары)»

деп атаған. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады(Ф.М.Березин,

Б.Н.Головин) . Деңгей жасау сипатына тек деңгейлік шартқа сай келетін, яғни

парадигматикалық және синтагматикалық тұрғыда тіл бірліктерімен қатынасқа

түсуге қабілетті тіл бірліктері ғана ие болады. Мысалы, фонемалар фонемалық

қатар (топ) жасай отырып, сөйлеу үстінде тек фонемалармен, морфемалар

парадигматикалық қатынаста тек морфемалармен, сөздер синтагматикалық

қатынаста тек басқа сөздермен тіркесе алады. Осылайша фонемалар жүйесі мен

олардың бірыңғай жиынтығы, сөз жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығы, сөз

таптары мен олардың бірыңғай жиынтығы, сөйлем түрлері жүйесі мен олардың

бірыңғай жиынтығы қалыптасып, тіл деңгейлерін жасайды.

Бір деңгейдегі тіл бірліктері басқа бір деңгейдегі тіл бірліктерімен

иерархиялық (сатылап) қатынас арқылы байланысқа түседі. Сөйтіп, фонемалар

морфемалардың дыбыстық құрамын,морфемалар – сөздің, сөздер – сөйлемдердің

құрамын жасайды.

Ал деңгейдегі тіл бірліктерінің, мысалы, фонемалардың (дауысты я

дауыссыз түрлері), морфемалардың (түбір немесе қосымша түрлері), сөздердің

(жай я күрделі түрлері,сөз таптары), сөйлемдердің (жай, құрмалас түрлері) жеке

топтары өз алдына бөлек деңгей жасай алмайды.

Тіл деңгейлерінің түрлері. Тілдің құрылымдық, соған байланысты

деңгейлік жағы 19-20 ғасырлардағы тіл білімінде жиі сөз болып келе жатқанына

қарамастан, деңгейлер, олардың көлем-мөлшері, аралық шегі жайындағы мәселе

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

жете анықталды деуге болмайды. Мысалы, В.М.Солнцев тіл деңгейлерінің негізгі

түрлері ретінде фонемалық, морфемалық, лексикалық, синтаксистік төрт деңгейді

қарастырады [4]. «Общее языкознание» (1972г) деп аталатын ұжымдық еңбектің

авторлары сөзжасам және морфологиялық деңгейлерге күдікпен қарайды, себебі

бұл деңгейлер морфемалармен тығыз байланысты, олардың мәні морфемалар

арқылы ашылады деп топшылайды [5].

Француз ғалымы Э.Бенвенист тіл «деңгейлерін» бөлек қарастырмай, оның

орнына «деңгейлерді» талдап сипаттау қажет деп санайды [6]. Оның себебін ғалым

зерттелетін нысанды оны сипаттап талдау әдісінен бөлек қарастыруға

болмайтындығымен түсіндіреді. Бұл, әрине, тіл деңгейлеріне біржақты көзқарас.

Нақты тіл жүйесінде әртүрлі құрылымдық бөліктер, деңгейлер бар екенін және

олардың қалыптасу дәрежесі бірдей еместігін ескерсек, деңгейлердің өздерін

зерттеу қажеттігін жоққа шығаруға болмайтыны түсінікті.

Педагогикалық институттардың студенттеріне арналған Ф.М.Березин мен

Б.Н.Головин жазған «Общее языкознание» (1979) оқу құралында тіл деңгейлерінің

алты түрі көрсетілген . Мұнда тіл дамуының қазіргі кезеңіне тән деңгейлер толық

қамтылған.

1. Фонемалардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай.

Фонема морфема мен сөздің дыбыстық тұлғасын, көрінісін жасайды, яғни морфема

мен сөз фонемалардан тұрады. Фонемалар морфема мен сөз құрамында ұдайы

түрленіп жаңғыра отырып, қашанда өзінің фонемалық қасиетін, ішкі тұтастығын

сақтап отырады. Сонымен бірге фонема тілде тұлғалық өзгерістер жасауға қызмет

ететін қарапайым тілдік таңба болып табылады. Мысалы, а фонемасы өзінен

күрделі тіл бірліктері - морфема мен сөз құрамын жасауға қатыса отырып, ең

кішкентай тіл бірлігі (единица) ретінде өзіне тән қасиеттерінен айырылмайды және

қарапайым таңбалық сипатын сақтайды.

2. Морфемалардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай.

Морфема сөздің және оның грамматикалық формаларының құрамын жасайды.

Солардың құрамында үнемі түрленіп, жаңғыра отырып, қашанда өзінің

морфемалық қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады, әрі дербес мағынасы жоқ

тілдік таңба болып табылады.

3. Сөздердің автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. Сөз сөз

тіркесінің құрамына кіреді, сөзжасам типтері мен морфологиялық категорияларды

жасауға қатысады, фонемалар мен морфемаларды біріктіріп отырады. Сөз

тіркестері мен сөйлемдердің құрамында ұдайы түрленіп жаңғыра отырып, сөз

қашанда өзінің сөздік сипатын, қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады.

Сонымен бірге сөз өз алдына мағынасы бар тілдік таңба болып табылады.

4. Сөзжасам типтерінің автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай.

Сөзжасам типтері сөз таптарын жасауға қатысып, сөздердің өзара қатынас

жасауына мүмкіндік береді. Сөз құрамында ұдайы жаңғыра отырып, сөзжасам

типтері өзіне тән қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады. Сонымен бірге ол

өзінің құрамына кіретін тілдік таңбалардың көрсеткіші болып табылады.

5. Морфологиялық категориялардың автономиялық деңгейі. Оның

механизімі мынадай. Морфологиялық категориялар синтаксистік категориялардың

(сөйлем, оның түрлері, сөйлем мүшелері т.б.) жасалуына қатысып, сөз бен олардың

гармматикалық формаларының интеграциялануына мүмкіндік береді. Сөйлем

құрамында ұдайы жаңғыра отырып, өзіндік қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

отырады. Сонымен бірге морфологиялық категориялар тілдік таңбалар

бірлестігінің көрсеткіші болып табылады.

6. Синтаксистік категориялардың автономиялық деңгейі. Оның

механизімі мынадай : Синтаксистік категориялар мәтінді жасауға қатысып,

морфологиялық категориялардың синтагматикалық қатынастарын

интеграциялайды. Мәтіннің құрамында ұдайы жаңғырып, өзіндік қасиетін, ішкі

тұтастығын сақтап отырады. Сонымен бірге тілдік таңбалардың бірлестігін

білдіреді.

Жоғарыда айтылған тіл деңгейлерінің механизмдерінен: фонемалардың

тікелей морфемалармен, сөздермен; морфемиканың сөзбен, грамматикалық

формалармен; сөздердің сөз тіркестерімен, сөзжасаммен, морфологиямен;

сөзжасамның сөз таптарымен, лексикамен; морфологияның морфема, сөзжасам,

синтаксиспен; синтаксистің морфологиямен, мәтінмен байланысты екенін көреміз.

Тіл деңгейлері туралы теория ХХ ғасырдың орта шенінде тілдің формалды

жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка)

ықпалымен онан әрі дамыды.

Қазақ тіл білімінде тіл деңгейлері туралы ұғым алғаш рет 2004 ж. шыққан

«Жалпы тіл білімі» оқулығында берілді . Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.

Жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы факультеттеріне арналған оқулық.

Алматы, 2004, VП тарау.

8. Грамматикалық категориялар. «Грамматикалық категория» терминінің

ұғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын алып келеді.

Грамматикалық категорияның қалыптасуы грамматикалық тұлға және

грамматикалық мағынамен тікелей байланысты екен. Грамматикалық тұлға

дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін, үлгісін білдіретін тілдік

белгі. Грамматикалық мағынаны білдіртеін грамматикалық тұлғалар суффикстер

(оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар (ішкі флекция), қайталау, көмекші

сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация, екпін, т.б. арқылы көрінеді.

Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен сөз

тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына.

Грамматикалық мағына сөзге немесе сөздердің белгілі бір топтарына ғана тән

дерексіздігі әлсіз, лексикалық мағыналардан өзгеше. Тілдің грамматикалық

механизмі морфемалардан немесе сөздерден жасалмайды, «грамматикалық

категория» деп аталатын тіл бірліктерінен жасалады.

Әдебиеттер:

1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

2. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

3. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

6. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

7. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

8. Хасенов Ә. Тіл білімі, Оқу құралы. Алматы, 1996.

9. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы, 2001.

10. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Грамматикалық категория

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі – грамматикалық категория.

Грамматикалық категория ұғымы, грамматикалық мағынамен де, грамматикалық

формамен де байланысты.

Грамматикалық категория деген ұғым барлық зерттеулерде біркелкі

түсіндіріле бермейді. Кейбір еңбектерде грамматикалық категория тек

грамматикалық мағына деген ұғымға қатысты ғана беріліп, сөздердегі нақты

лексикалық мағынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін мағына

деп анықталады (Совр. рус. яз). Ал А.Ысқақовтың еңбегінде тілдегі өзіне тән

грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық

категория деп аталады (Ы.А.-ҚҚ, 20).

Грамматикалық категориялардың өрісі біркелкі болмайды. Кейбір

категориялар тым жалпы, әрі өрісті, әрі қарымды болса, кейбір категориялардың

өрісі тар, қарымы аз, тіпті жалқы бола береді. Мысалы, жалпы деп сөз таптары

категоиясын, қосымшаалар категориясын алсақ, олардың әрқайсысын ішей

саралап, әлденеше ірілі-ұсақты жалқы категорияларға бөлуге болады. Мәселен, сөз

таптары категориясын жалпы ерекшеліктеріне қарай есімдер к., етістікер к.,

көмекші сөздер к. деп топтасақ, одан әрі есімдер к.-сын зат есімдер к., сын есім, сан

есім к-сы деген жіктерге бөлумен тынбай олардың әрқайсысын тағы да саралап

отырамыз. М., есімдіктер к-сын жіктеу, сілтеу, сұрау, топтау, белгісіздік,

болымсыздық деп, одан әрі бір ғана жіктеу есімдіктерін тағы да дараландырып, жақ

категориясын анықтаймыз.

Қосымшаларды да жалғау, жұрнақ к-сы деп, одан жалғауларды көптік,

тәулдік, септік, жіктік жалғау к-ы деп бөлеміз. Жұрнақтарды сөз тудыратын, сөз

түрлендретін к-ға, ода әрі іштей жеке сөз таптарына тели бөліп, олардың өзара

жіктері мен сыр-сипатын ашамыз (Ы.А. 22-23).

Грамматикалық к. грамматикалық мағынамен және грамматикалық

формамен тікелей байланысты. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма

болмаған жерде грамматикалық к. болмайды. Кез келген грамматикалық мағына

немесе грамматикалық форма грамматикалық к. құрай бермейді. Белгілі бір

грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі бір грамматикалық топ құрайтын

сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі арқылы

грамматикалық к. құрайды. Грамматикалық к. – өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы

қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағынаның

жиынтығы, бірлігі.

Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама-қайшылық арқылы және соның әрқайсысын

білдфетін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар

жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні, сипаты, шегі

байқалып, айқындалады.

Бір ғана грамматикалық мағына мен оны білдіретін грамматикалық форма

грамматикалық категория құрай алмайды. Мысалы, септік категориясы, тәуелдік катего-

риясы, жақ категориясы деген грамматикалық категориялар бар да, ілік немесе барыс, т.б.

септік категориясы, бірінші (немесе екінші) жақ тәуелдік категориясы, осы (немесе өткен)

шақ категориясы дегендер жоқ. Сондай-ақ қазақ тіліндегі көптік категориясы, негізінен,

заттың көптік ұғымымен байланысты да, морфологиялық жағынан көптік жалғау арқылы

беріледі. Бірақ көптік категория сөз болғанда ол тек көптік жалғаумен ғана шектелмеу

керек. Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория

көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы

(мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп

аталынады.

Сөйтіп, грамматикалық категорияның негізінде грамматикалық мағыналар

жиынтығы (жекелеген мағына емес) олардың грамматикалық формалар жүйесі сияқты

арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады.

Грамматикалык категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалык

мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағына түрімен байланысты. Ал

грамматикалық мағына ұғымының жалпы грамматикалық мағына, қатыстық

грамматикалық мағына деп аталатын түрлері грамматикалық категорияға қатысты емес

пе? деген де сұрақ туады.

Грамматикалық категория әрі өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қайшы

мәндегі бірнеше, кем дегенде екі түрлі грамматикалық мағына немесе мағыналар

жиынтығынан тұрып, ол грамматикалық мағыналар белгілі парадигмалық түлғалар

жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы грамматикалық категория белгілі грамматикалық

топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесі болып, сөз табы ретінде ерекшеленеді,

әрі сол сөз табының грамматикалық белгісі болып табылады.

Сөйтіп, грамматикалық категория болудың алғы шарты мынадай: 1) бірнеше,

кемінде екі грамматикалық мағына болу керек; 2) ол (кемі екі) мағыналар бір-бірімен

тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай

алмайды; 3) ол грамматикалық мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да, мысалы,

тәуелділік мағына, екінші жағынан бір-біріне қарама-қайшы болып, мысалы, сол

тәуелдіктер жақ сияқты, яғии 1-жақ 2-жаққа я 3-жаққа қайшы, 2-жақ 1-жаққа я 3-жаққа

қайшы, келуі; 4) сөйтіп барып әр тектес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қарама-қайшы

мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы, 5) сол тектес мағына да, қайшы мағына да бөлек-

бөлек белгілі грамматикалык формалар арқылы берілуі және 6) олардың белгілі

парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық-тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы.

Міне осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана грамматикалық

категория болып таныла алады. Мысалы, жіктік жақ категориясын алайық. Жіктеліп,

субъектінің кім, не екенін білдіру және жақ мәні ортақ мағынасы. Қай жақты алсақ та

(бірінші жақта да, екінші жақта да, үшінші жақта да) осы мағыналар бар. Солай бола

тұрып, жақ жағынан (кейде жекеше я көпше) бір-біріне қарама-қайшы және сол әрбір

қайшы мағынаның әрқайсысына тән грамматикалық тулғасы (формасы) бар: 1-жақ -мын, -

мін, -бын, -бін, -пын, -пін немесе -м т.б. 2-жақ -сың, -сің немесе -ң, сыпайы түрі -сыз, -

сіз, немесе -ңыз, -ңіз, 3-жақта арнайы тулға жоқ немесе -а, -е, -й және -ып, -in, -п

көсемше түлғасынан кейін -ды, -ді, -ты, -гпі. Және бұл тұлғалар парадигмалық түрлену

жүйесі болып саналады. Міне осылардың бірлік жиынтығы грамматикалық жақ жіктелу

категориясы болып табылады.

М.: зат есімнің жалпы зат атауын білдіруін былай қойғанда, мүнда тіпті бір-біріне

қарама-қайшы және тектес, мәндес мағыналық та қасиет жоқ, яғни бір ғана жалпы

грамматикалық мағына, (қайшы) оппозициялық және тектес мәнді жалпы және жалқы

есім, деректі және дерексіз зат есім, (кімдік (адамға байланысты) және нелік (адамнан басқа

зат атауларына байланысты) зат есім, сапалық және қатыстық сын есім т.б. сол сөз

табының (зат есім я сын есімнің) грамматикалық категориялары бола алмайды, ол

грамматикалық мағыналардың морфологиялық көрсеткіштері жоқ.

Ал грамматикалық мағыналар семантикалық тәсіл (лексикалық мағынаның

жалпылануы) арқылы берілсе де, олардың (тектес грамматикалық мағыналардың) бір-

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

бірінен айырмашылығы (қарама-қайшылығы) кейде грамматикалық формалар арқылы

берілетін болса, бұл мағыналар мен формалар жиынтығы грамматикалық категория жасай

алады.

Грамматикалық категория тілдегі негізгі граммат. ұғымның бірі. Грамматикалық

категория граммат. мағына, граммат. формамен тікелей байланысты және олардан күрделі.

Грамматикалық категория граммат. мағына мен граммат. форманың өзара бірлігімен,

тұтастығымен, сәйкестігімен яғни олардың арасындағы диалектикалық сәйкестікпен,

ондағы жүйелікпен байланысты айқындалады. Кез келген граммат. мағына немесе

қайсыбір граммат. форма грамматикалық категория құрай бермейді. Өйткені онда өз

ішінде бір-біріне қайшы келіп түрлену жүйесін айқындайтын сипат жоқ. Мыс, жіктеудің

бірінші жак, категориясы, тәуелдіктің екінші жақ категориясы, ілік септік категориясы,

өткен шақ категориясы дегендер болмайды. Белгілі бір граммат. мағыналар бірлігі белгілі

бір граммат. топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі

болуы арқылы грамматикалық категория қурайды. Сөйтіп, әрі өзара тектес, бірыңғай

сипаттағы, әрі бір-біріне қайшы мәндегі және солардың әрқайсысына тән түрлену

тұлғалары бар граммат. мағыналардың жиынтығы грамматикалық категория болып

табылады. Грамматикалық категория кейде морфол. категория және синтак. категория бо-

лып та бөлініп жүр. Қазіргі қазақ тілінде морфологияға (сөз таптарына) байланысты

мынадай грамматикалық категорияларды бөліп көрсетуге болады: сан-мөлшер (көптік,

жекешелік) категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы (зат есім), шырай

категориясы (сын есім), салт, сабақты, болымды, болымсыз етістік категориясы, рай, шақ,

жақ (жіктелу) категориясы (етістік). Бұл грамматикалық категориялардың әрқайсысының

езіне тән, бір жағынан, тектес, бірыңғай мәнді, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы

келетін және солардың әрқайсысын белгілейтін арнайы тұлғалар (формалар) жүйесінен

тұратын граммат. мағыналар жиынтығы бар. Мыс, сан-мөлшер категориясы зат есімнің

түбір тұлғасынан тұратын жекешелік және -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғасы

арқылы үстелетін көптік мағынадан тұрады; тәуелдік категориясы әрқайсысына тән өзіндік

граммат. түлғасы бар үш жақтан тұрады; септік категориясының жеті түрі бар т.б. Синтак.

категорияға сөйлем (оның құрамдық және құрлыстық жағынан түрлері), сөйлем мүшелері,

сөз тіркестері жатады.

Грамматикалық категориялардың түрлері

Грамматикалық категория кейде морфол. категория және синтак. категория болып

та бөлініп жүр. Қазіргі қазақ тілінде морфологияға (сөз таптарына) байланысты мынадай

грамматикалық категорияларды бөліп көрсетуге болады: сан-мөлшер (көптік, жекешелік)

категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы (зат есім), шырай категориясы (сын

есім), салт, сабақты, болымды, болымсыз етістік категориясы, рай, шақ, жақ (жіктелу)

категориясы (етістік). Бұл грамматикалық категориялардың әрқайсысының езіне тән, бір

жағынан, тектес, бірыңғай мәнді, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы келетін және

солардың әрқайсысын белгілейтін арнайы тұлғалар (формалар) жүйесінен тұратын

граммат. мағыналар жиынтығы бар. Мыс, сан-мөлшер категориясы зат есімнің түбір

тұлғасынан тұратын жекешелік және -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғасы арқылы

үстелетін көптік мағынадан тұрады; тәуелдік категориясы әрқайсысына тән өзіндік

граммат. түлғасы бар үш жақтан тұрады; септік категориясының жеті түрі бар т.б. Синтак.

категорияға сөйлем (оның құрамдық және құрлыстық жағынан түрлері), сөйлем мүшелері,

сөз тіркестері жатады.

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Грамматикалық немесе морфологиялық категория сөз таптарына қарай топталып

жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық категория сол сөз табының грамматикалық

ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігі көрсетеді. Тіліміздегі сөз таптарының

барлығында бірдей грамматикалық категория бола бермейді. Кейбір сөз табында (сан е.,

есімдік, үстеу т.б.) грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар

белгілі бір парадигмалық жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ

сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары зат е., сын е. және

етістік.

Тілдерде грамматикалық категориялардың мөлшері біркелкі емес. Мысалы, орыс т-

гі вид, род категориялары қазақ тілінде жоқ. грамматикалық категориялар ұғымына

байланысты әлем тілері бір-бірінен: 1) грамматикалық категориялардың саны мен

құрамына қарай, 2) белгілі бір грамматикалық категориялардың әртүрлі құрамда кездесуіне

қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс т-нде – 6, қазақ т-нде – 7, эстон т-нде 14), 3)

грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысына қарай жіктеледі.

Тәуелдік категориясы

Белгілі бip заттың, әдетте иеленуші үш жақтын біріне меншікті екенін

білдіретін граммат. категория. Тәуелдік категориясы арқылы меншіктеуші

(иеленуші) жақ пен меншіктелуші (иеленілуші) зат қос-қабат көрсетіледі.

Иеленуші субъект жекеше я көпше формалардағы жіктеу есімдіктерінің үш

жағынын бipiмен байланысты болып отырады. Бipaқ тәуелдеу категориясы үнемі

иеленушіні (меншіктенушіні) иеленілушіні (меншіктелуші) затты ғана білдіріп

қоймайды, бір заттың басқа да әр қилы затқа әр алуан байланысы мен

қатынастарын білдіреді. Қазақ тілінде тәуелдеу категориясы үш түрлі тәсіл арқылы

жасалады: морфол. (я синтет.); синтаксистк (аналит.); аралас (демек морфол. әpi

синтаксистік тәсілдердің тоқайласқан түрі) тәсіл. Осы тәсілдің қай-қайсы болса да,

тек стилистикалық ерекшеліктері ғана болмаса, сайып келгенде, бір түрлі жалпы

мағына білдіреді. Ол мағына, жоғарыда айтылғандай, бір затты екінші затқа

тәуелдеу болады. Синтаксистк тәсіл біз, сіз есімдіктеріне ілік ceптігінің

қосымшасын жалғап (мыс, біздің, сіздің), оған анықталатын (иеленетін) заттың

атын білдіретін сөздер eшбір қосымшасыз-ақ тipкecтipy арқылы жасалады. Мыс,

біздің үй, біздің ел, біздің бала, сіздің ауыл, сіздің кітапхана т. б. Сөйтіп, тәуелдік

ұғымды компоненттерінің бірi (бұрынғысы) анықтауышы, бірi (соңғысы)

анықталушы мүшелері ретінде құрылу арқылы ғана білдіретіндіктен, бұл тipкecтi

синтаксистік тәсілге жаткызамыз. Өйткені, қазақ тілінде осы екі сөзден (бiз, ciз)

басқа бірде-бір есімдік я олардың басқа формалары бұл тәсілге көнбейді (Мыс,

біздің үйіміз, сіздердің балаңыз).

Аралас тәсіл морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдің түйісуінен

туатындықтан, ондағы компонеттер де бірi аныктауыш, екіншісі анықталушы

болып тіркеседі. Бipaқ бұл тәсіл, біріншіден, бұрынғы (анықтаушы) компонентінің

есімдіктер ғана емес, баска есімдерден де, бола беретіндігі жағынан, екіншіден,

соңғы (анықталушы) компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатындығы

жағынан (Мыс, біздің үйіміз, олардың балалары т. б.) таза синтаксистік тәсілдерден

басқашалау болады. Морфолиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдеу категориясы

мынандай екі түрлі қосымша арқылы жасалады:

1) нікі (-дікі, тікі) жұрнағы арқылы;

Page 14: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

2) тәуелдік жалғаулары арқылы.

Тәуелдеу ұғымын тудыратын -нікі (-дікі, тікі) жұрнағы тарихи жағынан

алғанда, ілік септіктің -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің) жалғауынан және -кі (-қы,

-ғы, гі) жұрнағынан бірiгіп пайда болғаны мәлім. Бұл -нікі жұрнағы есімдерге

жалғанып, меншіктің абстрактілігін білдіреді, өйткені бұл форма арқылы туатын

меншіктілік меншіктелуші (иеленуші) заттан жеке де айтыла береді. Мыс., менікі,

сенікі, сіздікі, біздікі, Әceттікі, інімдікі, кітапхананікі.

Қаз. тілі энцикл.

Сан-мөлшер (көптік) категориясы

Көптік және жекелік ұғымдардың (граммат. мағыналарының) ара

қатынасынан және сол ұғымның белгілі морфол. тұлғалары арқылы (жекешеліктің

арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғымның көптік жалғау арқылы) берілуі. Қазақ тіл

білімінде сан-мөлшер ұғымы мен категориясы көптік ұғыммен, көлтік жалғау

тұлғасымен байланысты қаралып келді. Көптік ұғым мен оған қарама-қайшы

жекелік я даралық ұғымның болуы жалпы зат атаулыға тән қасиет. Осы көптік

және жекелік ұғымдардың (граммат. мағыналарының) ара қатынасынан және сол

ұғымның белгілі морфол. тұлғалары арқылы (жекеліктің арнайы тұлғасы болмай,

көптік үғым кептік жалғау арқылы) берілуінен С-м. к. туады. С-м. к. тек жалғау

шеңберінде ғана қаралмай, оған қарама-қайшы жекелік ұғыммен бірлікте қаралып

айқындалады. Осы тұрғыдан келгенде, жіктік жалғаудың 1-2 жақтарында көпше

түрі (1-жақ -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз және -қ, -к), (2-жақ -сыңдар, -сіңдер,-

сыздар, -сіздер және -ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер, -ыңыздар, -іңіздер) мен жекеше

түрінің (1-жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін және -м, 2-жақ -сың, -сің, -сыз, -сіз

және -ң, -ыңыз, -іңіз) қосымшаларының бөлек-бөлек болуының да мәні бар.

Көптік ұғымның бірден бір граммат. көрсеткіші -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -

тер жалғаулары (бала-лар, қыз-дар, үй-лер, сөз-дер, ат-тар, сәт-тер т.б.). Көптік

мағына аналитикалық жолмен де беріледі: сан есімдер, көп, көптеген, талай, біраз

сияқты және қайталама қос сөздер зат атауын анықтап, көптігін білдіреді: жүз

оқушы, талай заман, тау-тау астық, арба-арба шөп т.б. Көптік жалғау тек көптік

мағынамен ғана емес, кейде стильдік мақсатта болжам мөлшері, заттардың әр

түрлілігі, топтау сияқты да мәнді білдіреді. Мыс., ертеңдері барып қалар, күлкі-

лері жа-расқан, ас-тарынды іш т. б.

(С.Исаев)

ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ тілінде сын есім орыс тіліндегі сияқты жеке өз алдына сөз табы болып

есептеледі. Олай деп отырған себебіміз, кейбір тілдерде сын есім жеке дербес сөз

табы деп есептелмейді. Мәселен, парсы, фин тілдерінде сын есім зат есімнің

құрамына кірсе, корей, қытай тілдерінде ол етістік сөз табының құрамына

енгізілген. Ал сын есімді жеке сөз табы ретінде қарауға толық мүмкіндік бар деп

ойлаймыз. Өйткені сын есім қандай, қай деген сауалдарға жауап бере отырып,

заттың көлемін, салмағын, түр-түсін, түрлі сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы.

Оның өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері де, ішкі мағыналық және құрамдық

Page 15: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

түрлері де, қолданылу орны мен атқаратын қызметтері де бар. Ол сөз табы болу

шарттарына толықтай жауап бере алады. Сын есімнің ерекше түрі, тек сын есімге

ғана тән категория – шырай категориясы. Ол туралы «Ғылым» баспасынан 1967

жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқу құралында: «Шырай

категориясы – басқа сөз таптарында жоқ, тек сын есімге ғана тән категория. Бірен-

саран үстеу, я зат есімдер – рақ формасында (салыстырмалы шырай қосымшасы)

қолданылады, бірақ оларда шырай категориясы болған емес, бола да алмайды», -

делінген [1, 85].

Сын есімге қатысты бірсыпыра даулы мәселелер болғандығы шындық. Алайда,

сын есімнің даулы мәселелерінің біралуаны Г.Санжеевтің «К проблеме частей речи

в алтайских языках» [2, 84], Ғ.Мұсабевтың «Қазақ тіліндегі сын есімнің

шырайлары» [3], Л.Якубинскийдің «Из истории имена прилагательного» [4, 61-

67], Н.Баскаковтың «Каракалпакский язык» [5, 205] деген еңбектерінде сөз етілген.

Жоғарыда көрсеткеніміздей сын есімнің өзі де біраз уақытқа дейін тағдыр

тәлкегіне түсіп, сөз табы ретінде қалыптасуда біраз пікірталастың нысаны болған.

Оның жеке дербес сөз табы ретінде қаралуының өзіндік бір тарихы бар болатын

болса, сын есімнің шырай категориясының да өзіндік сырлары жеткілікті. Айталық,

сын есім шырайларының неше түрі бар және олар қандай түрлерге жіктеледі, сын

есім грамматикалық категорияға жата ма, жоқ әлде ол лексика-грамматикалық

категорияға жата ма деген сияқты мәселелер төңірегінде тілші ғалымдардың

арасында айтарлықтай әңгіме болған және ол мәселелердің кейбірі күні бүгінге

дейін толық шешімін таппаған. Әсіресе, сын есімнің шырай категориясының

түрлері әр жылдары әр түрлі жіктелген. Бір кезеңде шырайдың үш түрі бар десе,

енді бір кезеңде шырайдың төрт түрі бар деп санын ұлғайтқан, енді бірде ол екі

түрге дейін төмендетіледі.

Тіпті шырай категориясының түрлері атауларының (терминдерінің) өзінде де

елеулі айырмашылықтар бар.

Шырай категориясын арнайы зерттеу нысан ретінде алып қарастырған кезде

сын есімнің шырайлары бұрынырақта, дәлірек айтсақ, алғашқы бетте өз ішінен

шағын шырай, талғаулы шырай, таңдаулы шырай сияқты үш түрлерге ажырап

қарастырылғандығын ғылыми еңбектерден байқадық.

Сын есімнің шырай түрлерінің аталуы талай тілшілердің уысына түскен.

Шырай түрлерін алғашқыдағыдай атауға қарсы пікірлер де айтылған: «Мектеп

грамматикаларында қолданылып жүрген терминдеріміздің аттары мәндеріне сай

емес. Мысалы, шағын шырай деп жүрген шырайға сарғыш, сарғылт сыяқтанған

формалар жатқызылып жүр. Бірақ осы сөздер ешуақытта да көлемдік мағына

бермейді, ол нәрсенің түсін (түрін, бояуын) білдіреді, сол сыяқты сарырақ, кішірек,

үлкенірек дегендер талғаулы шырай делініп жүр. Шынында сарғылт та, сарырақ

та тек қана салыстыру мағынасын береді. Ал өте сары, өте жаман дегендер

таңдаулы шырай делініп аталып жүр. Дұрысында, бұларда ешқандай таңдаулық

жоқ, керісінше, бір түсті (я сапаны, я көлемді) я асыра ұлғайту, я асыра төмендету

мағынасы ғана бар. Осымен байланысты шырай категориясының терминдері

шартты түрде алынып жүр», - [6, 252] деген идеяны қозғайды да, шырай түрлерін

жаңаша атау ұсынылады. Міне, осы еңбектен кейін шырай категориясының

түрлері, олардың аталу терминдері бірнеше рет өзгеріске түсіп келеді.

ХХ ғасырда, қазақ тіл білімінің атасы саналатын – Ахмет Байтұрсынұлы

еңбектерінде де шырайдың үш түрі көрсетіледі. Алайда ғалым шырайды жай

шырай, талғаулы шырай және таңдаулы шырай деп жіктеген [7, 218].

Page 16: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Кейінірек 1950 жылдарда сын есімнің шырай түрлерін іштей жай шырай,

салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай деп төртке бөліп

қараса, алпысыншы жылдардың аяқ шеніне қарай жарық көрген «Қазақ тілінің

грамматикасында»: «Ешбір салыстыру, күшейтуді білдірмей, тек сапа я сындық

белгінің формаларына негіз бола алатын жай немесе негізгі шырайды

есептемегенде, қазіргі қазақ тілінде шырай категориясының төрт түрі бар. Мектеп

грамматикаларында жай шырай сын есімнің басқа шырай формаларын жасаудағы

негіз, таяныш тұлға болатынын көрсету үшін беріледі», - деп көрсетілген [1, 85].

Автор шырайдың төрт түрі бар деп айтқанымен де, бұл айтылғандарға қарағанда

сын есімнің шырай түрлері бес түрге бөлініп жіктелгендігі байқалады. Бұл жерде

анық жай // негізгі шырай деп берілген. Ендеше, оны да шырай түрі деп алып

отырған жоқ па?!

Алайда шырайдың салыстырмалық, күшейтушілік мәнін негізге алған автор

осы еңбектің бір жерінде: «Бірақ бұл атау формада ешбір салыстыру жоқ, ендеше

шырай емес», - деп өз сөзіне өзі қарсы пікір айтады да, мысал ретінде ақ, қызыл,

сары сөздерін береді. «Ақ, қызыл, сары дегендерде бұл күйінде шырай мағынасы

жоқ», - деп көрсетеді [1, 85] де - «Сөйтіп, қазақ тіліндегі сын есімнің мынадай

шырайлары бар: 1) салыстырмалы шырай; 2) бәсең я шағын шырай; 3) күшейтпелі

шырай; 4) асырмалы-үдетпелі шырай», - деп сын есімнің шырай категориясының

төрт түрін береді. Міне, бұған қарағанда автордың өзі әлі толық шешімге келе

алмағанға ұқсайды. Яғни қазақ тіл біліміндегі пікір алалығы бұл жерде де көрініс

тапқан. Себебі шырай түрінің атауы түгіл, нешеге бөлінетіні әлі нақтыланбаған.

Мәселен, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Аханов, Ғ.Әбуханов авторлығымен шыққан

мектеп және педучилищеге арналған оқулықта шырайдың үш түрі берілген: 1) жай

шырай; 2) салыстырмалы шырай және 3) күшейтпелі шырай [8]. Бұл оқу

құралында түбір қалпындағы сын есімді де шырай деп есептеп, оған жай шырай

деген атау берілген. Кейінгі оқу құралдары мен ғылыми еңбектерде де осындай

ала-құлалық орын алып, шырай түрлері бірізге түспегендігін байқауға болады.

Алайда, мектеп бағдарламасы бойынша шырай категориясының үш түрі беріледі.

Ол: жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай. Ал жоғары оқу

орындарында сын есімнің шырай категориясы, оның түрлері әлі күнге дейін әр

келкі беріліп келеді. Кей еңбектерде: жай шырай, салыстырмалы шырай,

күшейтпелі шырай және асырмалы шырай деп шырайдың төрт түрін берсе, енді

бір еңбектерде жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі, я асырмалы

шырай деп көрсетеді. Яғни, кей тілшілер күшейтпелі шырай мен асырмалы

шырайды шырайдың бір түрі деп қабылдайды. Бұл, әсіресе, соңғы жылдары жарық

көрген еңбектерде көрініс тапқан. Мәселен, Қазақстан Республикасы Мәдениет,

ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту

бағдарламасы бойынша 2002 жылы бірнеше редакция алқасының әзірлеуімен

шығарылған «Қазақ грамматикасында»: «Күшейтпелі шырай бір заттың бастапқы

сынын, белгісін күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады. Ол, біріншіден, күшейтпелі буын

арқылы жасалады. Екіншіден, өте, аса, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер

арқылы жасалады», - деп, оны төмендегідей мысалдармен дәйектейді: «Жап-

жасыл жер жүзінің қоштығына, Аспанда торғай шарлап еткен сайран

(Шәңгерей). Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен ерекше аппақ

нәзік мойнына қарай құлай түсіпті (М.Әуезов). Сөзің сынық, тым ләззатты

(Ә.Тәжібаев). Ең ыстық, ең тәтті кенжесі Мағжан – бәрі де Ділдәнің бауырында

өскен (Әуезов)» [9, 467]. Сол сияқты тілші-ғалым С. Исаев: «Күшейтпелі шырай

Page 17: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады:

биік – біп-биік, ұзын – ұп-ұзын, жақын – жап-жақын, суық – сұп-суық т.б.

Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітіп: жап-жақсы,

біп-биік) негізгі сын есімдермен дефис /-/ арқылы жазылады.... Күшейтпелі шырай

негізгі сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, ыңғай,

кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы да жасалады», - дей отырып –

«өте күшті, тым биік, ең жақсы, аса терең, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан

зор т.б.» - сияқты мысалдар келтіреді. «Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын

есімдердің алдынан келеді де, бөлек жазылады», - деп көрсетеді [10, 379]. Ә.

Төлеуов те сын есімнің күшейтпелі шырайы мен асырмалы шырайын бір деп

қабылдаса [11], А.Ысқақов екеуін екі бөлек шырай түрі ретінде қарайды, яғни

ғалым күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейтпелі үстеулер асырмалы

шырайды жасайды деп есептейді [12].

Бұдан «Қазақ грамматикасында», сондай-ақ Сейілбек Исаев пен Гүлбану

Қосымованың «Қазақ тілі» оқулығында шырайдың екі түрі ғана берілген. Ол:

салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай [13, 4] деген қорытынды

шығарамыз.

Қазақ тіл білімінде шырай категориясының негізгі белгісі салыстырмалылық

екендігін көптеген тілшілер қостайды. Мәселен, профессор Б.Момынова: «Заттың

түрлі сапалық қасиеттерін, дәрежесін білдіретін грамматикалық көрсеткіш

ретіндегі шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың

біркелкі сапасын, сынын, сынның, сапаның әр түрлі сандық, сапалық дәрежесін

салыстыруға қызмет етеді», -десе [14, 97], басқа ғалымдар да: «Шырай категориясы

әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық

дәрежесін салыстыруға қызмет етеді» [15, 132] – деп көрсетеді.

Ал әлемдік тіл білімі ғалымдары шырайды тану үшін салыстыру ұстаным бола

алмайтынын айтады. Ондай пікірді қазақ тілі морфологиясын біршама жүйеге

келтіріп, «Қазіргі қазақ тілі (морфология)» еңбегін жазған ғалым, профессор

Ахмеди Ысқақов та қолдайды, алайда сайып келгенде қазақ тіл білімінде айтылып

жүрген пікірден алшақ кете алмайды. Ғалымның айтуынша: «Сын есімнің шырайы

деп аталатын категориясының мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі,

я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің бір-бірінен

айырмашылықтарын, яғни сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем

екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл,

біреуі қара, біреуі сары, біреуі қоңыр, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі

үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі тікше нәрселерді салыстырудан

шырай категориясы жасалмайды. Шырай категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай

қызыл, я бірыңғай сары, я бірыңғай қоңыр, көк түсті әлденеше (кемі екі) заттардың

реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен, я бірыңғай кіші делініп

танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін

өзара салыстыру арқылы туады» [12, 188]. Яғни бұл еңбектердегі пікірді

басшылыққа алсақ, шырай категориясы болу үшін ол заттың сындық, сапалық және

сандық дәрежелерін салыстыруға қызмет етуі шарт, алайда әр түрлі сапалық, я

сындық, я сандық дәрежелерді өзара салыстырудан туайды, керісінше, бірыңғай,

біртүрлі заттардың арасындағы сапаны өзара салыстырудан туады. Сондықтан да

«Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «Сын есімнің шырайлары – сын есімнің

біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы»

- десе [15, 132], «Қазақ тілі энциклопедиясында» да: «Сын есімнің шырайлары – бір

Page 18: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық, я кемдігін, әр түрлі дәрежеде

болатынын білдіретін сапалық сын есім категориясы» [16, 378] – деген анықтама

берілген. Мұндағы сапалық сын есім категориясы дегенді соңғы жылдары шыққан

«Қазақ грамматикасында» былай деп ашып түсіндіреді: «Шырай катеориясы,

әдетте, сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірақ, біріншіден, сын есімнің

бәрі бірдей, яғни сын есім сөз табына жататын сөздердің барлығы бірдей шырай

тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана

бермейді. Мысалы, жақсы – жақсырақ – жап-жақсы, үлкен – үлкендеу – үп-үлкен,

сары – сарылау – сап-сары – өте сары т.б. болса да таулы таулырақ тап-таулы,

өте таулы деп, кешкі дегеннен кешкілеу, не кеп-кешкі деп шырай түрлерін жасауға

болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі – сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары

жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші

тобы – қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да, одан

шырай түрлері жасалмайды. Яғни шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын

есімнің бір ғана семантикалық түрі – сапалық сын есімге ғана тән [9, 463].

Сонымен, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов шырайдың не екенін біршама

сипаттап берсе де, ХХI ғасырдың басына дейін бұл тақырыптың шешілмеген

мәселелері қазақ тіл білімінде орын алып келді. Ал Ахмет Байтұрсынов сол кездің

өзінде қазір даулы саналып жүрген бірсыпыра мәселелерді дұрыс шешкені

таңдандырады. Ғалым: «Сыр сынында үш шырай бар дей оырып, -шыл, -шіл, -

ғылт, -ғыл, -ғылтым, т.б. шырай жұрнақтарын сөзжасамда берген болатын [7, 218].

Сондай-ақ, қазақтың төл тілінде шыққан тұңғыш грамматикасында шырай

категориясы өз алдына танылып, оның түрлері анықталып, олардың жасалу жолы

көрсетіліп, көрсеткіштерінің мағынасының анықталуын үлкен жетістік деп

бағалауымыз керек. Бүгінде оқулықтарда шырай әр түрлі беріліп жүргенмен де,

ғылымда шырай түрлерінің даулы деп келген мәселелері біртабан шешіліп болған

сыңайлы.

Біздіңше, кейбір тілшілер тарапынан жай шырай деп танылып жүрген сын

есімдер – шырай түрлерінің бәріне негіз болып тұрған жай ғана сындық сапаны

білдіретін сын есім сөздер. Сондықтан да ол шырай түрлерінің қатарынан орын ала

алмайды. Ол – заттың сапасын анықтайтын негізгі форма, негізгі сын есім ғана,

оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары да жоқ.

Ал салыстырмалы шырай бір заттың сынын, сипатын, түр-түсінекінші заттың

біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің,

түрлердің бір-бірінен артық, не кем екенін білдіріп, белгілі бір қосымшалар арқылы

жасалады. Ондай қосымшаларға тек –рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары ғана емес,

басқа жұрнақтар да жатады. Біздің ойымызша, -ғыш, -ғылт, -ғылтым, -ғыл, -қылт,

-шыл, -шіл, -қай, -аң, -ілдір жұрнақтары да –рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -

деу, -тау, -теу жұрнақтары сияқты саластырмалық мән беретін салыстырмалы

шырай жұрнақтары ретінде саналуы қажет. Өйткені бұл жұрнақтар да сын есім

сөздерге жалғанып бір заттың екінші бір заттан не артық, не кем екендігін білдіре

алады. Мысалы, сары мен сарғылт, сарғыш дегендер бір-бірінен түстік реңктері

арқылы ажырайды. Мұндағы сарғылт, сарғыш дегендер қандай да бір заттың

қанық, нақ сары емес, ақшыл сары екендігін білдіреді. Ал егер сары және сарылау,

я сарырақ дегендерді алсақ, онда сарылау, я сарырақ дегендер түстік реңкі

жағынан сарыға қарағанда түсі қанық екенін білдіреді. Осы тәріздес сопақша –

нақты сопақ емес, бірақ сопақтау, қоңырқай – қоңырға ұқсас, я тым қоңырлау;

көгілдір – ақшыл көк, яғни қанық көк емес дегенді білдіріп жай шыраймен

Page 19: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

салыстырғанда басқарақ реңктерді, я сапаны білдіретін жұрнақтар. Ендеше, бұл

жұрнақтар да салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар қатарына жатпайды ма?!

Мысалы, –қай жұрнағын «қоңыр» сөзіне жалғасақ қоңырқай, қоңырырақ, қоңырлау

деген сөздер бірдей мағына беретінін көреміз. Сол сияқты -ғыш (сарғыш, сарылау,

сарғылт, сарырақ), -шіл (көкшіл, көгірек, көктеу) дегендер де бірінің орнына бірі

жалғана береді. Ал орыс тілінде салыстырмалы шырай мәні тек қана

синтетикалық тәсіл, яғни салыстырмалы шырай жасаушы қосымшалардың

жалғануы арқылы ғана берілмейді. Ол тілде салыстыру мәні аналитикалық тәсіл

арқылы да беріледі. Оны мынадан байқауға болады: «Сравнительный степень

выражаются аффиксами («умней») или аналитическим способом («более умнее»).

К степени сравнения относятся также экватив, употребляемый в двух значениях: 1)

(тодественная степень) – сравнительные обороты со значением одинаковой степени

качества, например, в русском языке «такой же холодный, как …кой же

интересный, как …», во французском языке «aussi grand gue …»; 2) В фино-

угорском языках – категориальная форма падежа со значением сравнения» [17,

492].

Сонымен бірге салыстырмалы шырай қосымшаларын өзара ауыстырып

қолдануға да болады. Мысалы, Толықтау болғанымен, өзінен аласарақ баладан

жығылармын деп ойламап еді – Толығырақ болғанымен, өзінен аласалау баладан

жығылармын деп ойламап еді (Ғ.Мүсірепов). Бұдан салыстырмалы шырай

жасайтын: -рақ, -рек жұрнағымен -лау, -леу жұрнақтарының мағыналас екенін

байқауға болады.

Енді күшейтпелі шырайға келетін болсақ, ол біздің тілімізде екі

грамматикалық көрсеткіш арқылы жасалады, яғни күшейткіш буын және

күшейткіш көмекшілер (күшейткіш үстеулер) арқылы жасалады. Бұған жоғарыда

келтірілген мысалдар негіз бола алады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, әлемдік

тілдер теориясы мен тәжірбиесінде де күшейтпелі шырай мен асырмалы шырай

шырайдың бір түрі ретінде превосходная степень сравнения деп аталып та,

қолданылып та жүр. Ендеше, шырай категориясы түрінің санын ұлғайтудан біз де

ештеңе ұтпаймыз. Күшейтпелі шырай және асырмалы шырай деп жеке-жеке

қарастырғаннан гөрі екеуін бір арнаға сыйғызып күшейтпелі шырай деп

қарағанымыз жөн болар. Сонда күшейтпелі шырай деп заттың сапалық сынының

жоғары дәрежесін күшейткіш буын және күшейткіш үстеулер арқылы білдіретін

шырайды айтамыз.

Әдеб.:

1. Қазақ тілінің грамматикасы // Жауапт. Ред. Н.Искакова. – Алма-Ата: «Ғылым»,

1967. – 85 б. (б. 264).

2. Санжеев Г. К проблеме частей речи в алтайских языках // Вопросы языкознания.

1952, № 6. –С. 84.

3. Мұсабаев Ғ.Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары –Алматы: «Қаз ССР ҒА»,

1951, - 88 б.

4. Якубинский Л. Из истории имена прилагательного // Доклады и сообщения

Института языкознания. – Алма-Ата, 1952. –С. 61-67.

5. Баскаков Н. Каракалпакский язык (Фонетика и морфология). – Москва: «Наука»,

1952. – С.205.

Грамматикалық форма

Page 20: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Грам. мағына түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грам. мағынаны білдіретін

синтетикалық тәсілдің бір типі – грам. форма. Яғни грам. мағынаның белгілі бір

түрі, атап айтқанда, категориялық грам. мағына грам. формалар арқ. беріледі.

Демек, грам. форма белгіл топтағы сөздердің қосымшалар, грам. тұлғалар (жалғау,

жұрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да,

сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грам. мағына береді.

Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектрде, зерттеулерде грам. форманы

анықтағанда грам. мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грам. тәсілі деп грам.

мағынаны түр-түрге бөлмей қаралып келді.

Грам. мағына мен грам. форма деген ұғымдарды әрдайым бір нәрснің ішкі

жағы, мазмұны мен сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну

тәсілі деп анықтап келдік. Яғни, грам. мағына болса, оның өзіне тән грам. формасы

болады, керісінше грам. форма болса, оның өзіне тән грам. мағынасы болады

(А.Ы.) деп қарастырылды.

Алайда бұл екі ұғымды балама мәнде, бір нәрсенің екі жағы ғана деп түсінуге

болмайды. Бұлар бір-бірімен балама, сай бола бермейді. Себебі лек-қ мағынаның

жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грам. мағына, аналитикалық тәсіл

арқылы берілетін қатыстық грам. мағына ешбір грам. формасыз-ақ берілетінін

білемізМ.: ту, тас, үй, көл және бала, қыз, әке сөздеріндегі жалпы заттық мағына,

алғашқы топтағы сөздерде жансыз заттар, соңғы топтағы сөздерде адамға

байланысты заттар мағынасы ешбір грам. мағыформа арқылы берілмеген.

Сол сияқты аналит. Тәсілдің түрлері болып табылатын негізгі сөздердің бір-

бірімен тіркесуі, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі арқылы сөздердің

қосарлануы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дауыс ырғағы т.б. арқылы грам.

мағ. Білдіруде ешбір форма жоқ.

Сондықтан грам. форма арқ. грам. мағынаны берілу дегенде тек грам.

категориялық мағынан жайында болу керек.

Қазақ тілінд грам. форма дегенде белгілі бір грам. топтағы сөздердің (сөз

табының) түрлену, өзгеру жүйесі болып табылатын, парадигмалық сипаттағы

тұлғалары, форма тудырушы қосымшалары (форма тудыратын жұрнақ пен

жалғаулар) жатады.

Грам. формаларға қазақ тілінде (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) және форма

тудыратын жұрнақтар (сын есімнің шырай тұлғалары, етіс, күшейтпелі етітік,

тұйық етістік, рай, шақ, есімше, көсмше тұлғалары жатады.

Әдеб.: С.Исаев, Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грам. сипаты. А, 1998.

Тіл білімінің зерттеу әдістері

Жоспар: 1. Сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы, структуралық, статистикалық,

эксперименттік әдіс т.б.

2. Зерттеу тәсілдері (бақылау, есепке алу, салғастыру, картотекалық тәсілдер).

Ғылымның алға қоятын мақсаты - өз нысанын жан-жақты танып білу, оның

белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Ғылымды қызықтыратын

нәрсе - әлі шешілмеген, белгілі болмаған сыры ашылмаған жайттар, проблемалар.

Page 21: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Сондықтан ғылыми зерттеу – белгісізді белгілі ету, ашылмағанды ашу,

шешілмегенді шешу процесі.

Ғылыми зерттеудің барлық түрінде де нысанды танып-білу үшін өзара

байланысты үш түрлі әрекет іске асырылады. Олар:

1) қажетті материалдар, фактілер жинау;

2) жиналған материалдарды, фактілерді сұрыптау, талдау;

3) фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, болжамдар жасау. Бұлар

ғылым атаулының қай-қайсысында болса да, қайталанып отыратын зерттеу

процестері, зерттеу кезеңдері. Алға қойған мақсатты орындап шығу үшін,

зерттеуде әр түрлі амал-тәсілдер қолданылады. Ондай әдіс-амалдар қатарына

методология, метод (әдіс), методика (әдістеме) жатады. Бұл үшеуі өзара тығыз

байланыста, бірлікте болуларымен қатар әрқайсысы әр түрлі ұғымды білдіреді

және бұлар бүкіл ғылыми механизмді қозғалысқа келтіретін қозғаушы күштер деп

есептеледі.

Методология – гректің сөзінен жасалған термин. Ғылымды зерттеу

принциптері туралы ілім. Ол – теориялық ойлаудың философиялық негізі.

Бірсыпыра ғалымдар әр түрлі қызметтегі ұғымды бір-бірімен шатастырмау үшін

және әдіс деген терминді монсемиялы ету үшін, оның жоғарыда айтылғандай

жалпы ғылымдық, философиялық түрін методология деп атаған жөн дейді. Бұл –

орынды пікір.

Методология - әр ғылымның зерттеу жұмысында басшылыққа алатын

философиялық көзқарасы. Ол – жалпығылымдық ортақ принцип. Кеңес Одағы

кезінде бір ғана методологиядық принципке сүйенді. Ол- маркстік диалектикалық

және тарихи материализм принципі. Бұл принцип дүниенің негізі – материя, ол –

алғашқы, ал, ой-сана – мидың жемісі, матеиалдық сыртқы дүниенің бейнесі, ол –

соңғы, дүниеде танып білуге болмайтын еш нәрсе де жоқ, ғылым мен практиканың

күші арқылы бәрін де тануға, білуге болады, өмірдегі алуан түрлі заттар,

құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста, шартты қатынаста болады және олар

үздіксіз қозғалыста болып өзгеріп дамып отырады, олардың ішкі қозғалысы, дамуы

араларында болатын қарама-қайшылықтардың күресі негізінде болып жатады,

құбылыстардың дамуы сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге ауысып

отырады деп санайды.

Бұл табиғат пен қоғамдық өмірдің, ой-сананың жалпыға тән заңдылықтары.

Бұл заңдылықтар ғылым атаулының қай-қайсысында болса да, бірде болмаса бірде

кездеспей қоймайды. Осы себептен де методология ғылыми зерттеу ісінде

зерттеушінің басшылыққа алатын, әрдайым есте ұстайтын бағдарлаушы принципі

болып есептеледі.

Әдетте, басшылыққа алған методологиялық принципінің, сүйенген

философиялық негізінің қандай болғанына қарамастан, ғылым жетісчтіктері,

ғылым ашқан жаңалықтар таптық болмайды, жалпыхалықтық, жалпыадамдық

игілік болады. Бірақ бұдан ғылым табыстарын адамдар әр түрлі мақсатта

пайдаланбайды, ұстанған методологиялық, философиялық принциптің таптық мәні

болмайды деген қорытынды шықпайды.

Әрбір ғылымның өзіне тән арнаулы зерттеу әдісі зерттеушінің басшылыққа

алған методологиялық принципіне, сол белгілеп берген негізгі мақсатқа сай келіп

отырады. Зерттеу әдісі бір болғанымен, егер басшылыққа алған методологиялық

принциптері әр түрлі болса, әдіс алдына қойылатын талап та, одан шығарылатын

қорытынды

Page 22: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Зерттеу әдістемелері. Арнаулы зерттеу әдісінен туатын негізгі мақсатқа

жету үшін, зерттеуші ғалым қажетті фактілерді жинап, сұрыптап, қажетті жүйеге

келтіруде, жинақтап қорытуда қолданатын көмекші іс жүргізу тәсілдері болады.

Ондай тәсілдер жұмыс әдістемесі деп аталады. Қазіргі заман ғылыми-зерттеу ісінде

жиі қолданылатын бірнеше әдістемелік тәсіл бар. Соның бірі – бақылау әдістемесі.

Бұл – ғылым атаулының, әдіс атаулының барлығына дерлік ортақ, ең жиі

қолданылатын, кең тараған тәсіл. Өйткені бақылай білмейінше қажетті фактілерді

дұрыс жинап, олардың құбылыс сипаттарын дұрыс айқындап, дұрыс топтау мүмкін

емес. Дұрыс бақылай білу – дұрыс қорытынды жасаудың кепілі. Бақылау – адам

санасының, ақыл-ойының тынымсыз қайталанып отыратын әрекеті, нысанды

танып-білу құралдарының бірі.

Әрине, бақылау басқа қосымша амал-тәсілдерсіз, жеке дара әрдайым

нәтижелі бола бермейді. Бақылау – бақылауға алынған элементтердің,

формалардың өзгеріс-құбылыстарын, байқаған қасиеттерін есепке алу, сипаттау

тәсілдерімен қатарласа жүреді. Бұларсыз бақылаудан туған ой түйіндерін бір

жүйеге, бір ізге келтіру, жинақтау, оның дұрыс-бұрысын қайта тексеру мүмкін де

болмас еді. Сондықтан қажетті фактілерді есепке алу, оны сипаттау – ғылыми

зерттеу істерінің барлық саласында да бақылаумен жарыстырыла қолданылатын

әдістеменің екінші түрі. Мысалы, тіл білімінде тілдің қай саласын, қандай мақсатта

зерттесе де, ең алдымен, соған қажетті тілдік фактілер жиналып, есепке алынады.

Зерттеу жұмыстарында жиі қолданылатын әдістеменің үшінші түрі –

фактілерді бір-бірімен салыстыра қарау тәсілі. Салыстыру әдістемесі тілдік

фактілердің әрқайсысының өзіндік сипатын айқындауға, бір-бірінен қандай

өзгешеліктері барлығын жан-жақты ашуға, сөйтіп, оларды дұрыс жіктеуге

жәрдемдеседі. Салыстыру әдістемесі негізгіні көмекшіден, ең басты, шешуі

сипатты екінші, үшінші дәрежедегі белгілерден, шешуші мәні жоқ сипаттарды

ажыратуды жеңілдетеді. Бұл әдістеменің, әсіресе, тіл тарихын зерттеуде атқаратын

қызметі едәуір салмақты. Зерттеу жұмыстарында эксперименттік, категориялық,

лексикографиялық әдістемелер де қолданылады. Эксперименттік әдістемені кейде

аспапты әдістеме деп те атайды, ол тілдің фонетика саласын зерттеуде жиі

пайдаланылады. Оның аспаптары қатарына магнитофонды, кимограф пен

осциллографты,т.б. жатқызуға болады.

Лексикографиялық әдістеме - өте күрделі тәсілдердің бірі. Мұның

құрамына бақылау, фактілерді есепке алу, оларды сипаттау, тілдік элементтерді

бір-бірімен қарым-қатынаста қарау сияқты әдістемелер енеді. Әдістемелер ішінде

кеңірек тоқталуды керек ететін аса күрделісі – картографиялық әдістеме. Оның

мақсаты – диалектілік ерекшеліктердің тараған аймақтарын арнаулы белгілер

арқылы картаға түсіру, әрбір ерекшеліктің таралған шегарасын көрсету.

Диалектологиялық зерттеулерде бұл әдістеменің қолданылуы ғылымның үлкен

табысы. Осы әдістеменің арқасында да көптеген диалектілік ерекшеліктерінің

тараған аудандарын нақтылы айқындауға, оның тарихи себептерін ашуға

мүмкіндігі туады.

Картография әдістемесі диалектологиялық зерттеулерде 18 ғасырдың аяқ

кездерінен бастап қолданылады. Бұл – үлкен ғылыми күшті, көп зерттеуді, көп

уақытты керек ететін жұмыс. Сондықтан да көптеген жеке тіл білімінде, солардың

ішінде қазақ тіл білімінде де, диалектография әзірше жарық көре алмай келді.

Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері. Әдіс (грек сөзі) – ғылыми зерттеу

ісінде қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдердің, зерттеу ережелерінің жиынтығы,

Page 23: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

әдістемелер арқылы айқындалған фактілерді ғылыми игерудің жолдары. Өзіндік

әдіс-тәсілі жоқ зерттеудің болуы мүмкін емес. Олай болатыны, зерттеуге тиісті

нысанның сыры, табиғаты әрдайым ашық-айқын көрініп тұрмайды, көбіне

жасырын болады. Ал, оны стихиялық жолмен ашу мүмкін емес. Нысанның

ерекшелігіне, алға қойылатын мақсатқа сай келетін белгілі бір амал-тәсілдерді

қолдана отырып зерттеу қажет.

Тіл білімінің әдісі деп тіл білімінде қолданылатын зерттеу әдістерін айтады.

Әлем тіл ғылымында болсын, Кеңес тіл білімінде болсын әдістің түрін айқындауда,

оны жіктеуде бірізділік жоқ. Мысалы, О.С.Ахманова құрастырған

«Лингвистикалық терминдер сөздігінде» әдіс саны 15-16-ға жеткізілсе, 1973 жылы

жарияланған «Общее языкознание» атты еңбектің үшінші томында салыстырмалы-

тарихи, лингвогеографиялық, құрылымдық, типологиялық деп 4 түрге ғана бөледі.

Қазіргі заман тіл білімінде зерттеу әдістерінің көпшілікке танылған, зерттеу

нысаны айқындалған бірнеше түрі бар. Олар: сипаттама, салыстырмалы-тарихи,

типологиялық, структуралық, математикалық әдістер.

Сипаттама немесе синхрондық әдіс. Сипаттама әдіс – тіл білімі әдістері

ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы

сипаттама әдіс бойынша жүргізілген. Ол зерттеліп отырған нысанның өткендегі

күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын,

синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады.

Сипаттама әдіс бойынша жазылған еңбектер осы әдістің атымен сипаттама

грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады. Тілдің белгілі

бір дәуірдегі құрылым жүйесін айқындауда сипаттама әдіс бойынша жүргізілетін

зерттеудің мәні ерекше.

Структуралық тіл білімі түгелдей дерлік осы сипаттама әдіске сүйенеді, соны

қолданады.

Структуралық әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап

қолданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда

бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс. Құрылымдық

әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық

тіл білімі немесе структурализм деп те аталып жүр.

Бұл әдістің құрылымдық деп аталуының мынадай себебі бар. Әдісті

қолданушылар тілді өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне-

бірі тәуелді бөлшектерден құралған біртұтас, бір бүтін құрылым, жүйе деп санайды

да, тіл білімінің міндеті – тілдің сол құрылымын зерттеу дейді. Тіл құрылымын

зерттеуде қолданылатын әдіс – құрылымдық әдіс дейді. Бұл көзқарасты

жақтаушылар, яғни құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің құрылымын зерттеу

– тіл білімінің бірден-бір міндеті деп санайтындар – структуралистер деп аталады.

Тілдің құрылымын зерттеу тіл білімі тарихында структурализмге дейін де

болған, сондықтан структуралистердің өзіне дейінгілерден, яғни 19 ғасыр тіл

ғалымдарынан өзгешеліктері соңғылардың тілдің құрылымын зерттеуінде емес,

соны зерттеу тәсілдерінде, алға қоятын мақсаттарында. Бұл пікірді талдаңқырап

көрсетсек, төмендегідей болып шығады:

1. Өткен ғасырдағы тіл ғалымдары тілдік тұлғаларды бір-біріне байланыссыз

бөлек-бөлек алып, оларды мағыналық, дыбыстық жақтан талдауға ерекше мән

берсе, структуралистер тілді бір бүтін жүйе, сондықтан оның элементтері жеке

тұрғанда өз мәндерін толық көрсете алмайды, олардың семиотикалық сипаты, тіл

біліміндегі орны, өз жүйесіндегі өзі сияқты басқа элементтермен байланыста,

Page 24: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

қарым-қатынаста қарағанда ғана айқындалады дейді де, элементтер арасындағы

қарым-қатынасқа, тұтастығы ескерілмей, ол бір-біріне байланыссыз жатқан

кездейсоқ бөлшектер жиынтығы сияқты болып көрінсе, соңғылардың

зерттеулерінде ол – бөлшектері бір-бірімен тығыз байланыста, шартты қатынаста

тұратын жүйе болып көрінеді.

2. 19 ғасыр тіл ғалымдары тілдің, тілдік элементтердің тарихын зерттеуге

ерекше мән берсе, ғылыми зерттеу деп тек тарихи тұрғыдан жүргізілетін

зерттеулерді санаса, структуралистер тілді семиотикалық жүйе, тіл білімінің негізгі

міндеті – тілдің жүйесін зерттеу, тіл жүйесін зерттеу тек синхрондық-статикалық

тәсіл арқылы ғана жүргізілуі керек, диахрондық тәсілдің тіл жүйеісн зерттеуге

қатысы жоқ, нағыз ғылыми зерттеу тек синхрондық зерттеу дегенді айтады. Сөйтіп,

структуралистер тілдің таңбалық қызметіне, жүйелік сипатына, синхрондық күйіне

шешуші мән берді, құрылымдық әдістің табан тірейтін принципі осылар деп

санайды.

3. Бірақ құрылымдық әдіс барлық елде, барлық жерде бірыңғай, бір мақсатта

ғана қолданылмайды. Бұл әдісті қолданушылар арасында қайшылықтар да,

алақұлалықтар да жеткілікті.

Кеңес тіл білімінің құрылымдық әдісті қолдануда, оның міндет-мақсатын

айқындауда өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл әдісті қолдану тіл білімі

әдістерінің басқа түрлерінен бас тартуды, олардың пайдалы жақтарын жоққа

шығаруды көздемейді. Екіншіден, құрылымдық әдісті қолдану тіл тарихын,

диахрондық зерттеудің маңызын тіпті де жоққа шығармайды. Үшіншіден,

құрылымдық әдісті мағынадан жұрдай жалаң формаларды тізімдеудің немесе

формалардың абстракт мәнде алынған жалаң қарым-қатынасын ғана зерттеудің

құралы етуге қарсы. Кеңес структуралистері тілдік формамен бірге оның

мағыналық, қызметтік жақтарына да ерекше мән берді.

Сипаттама әдістің болсын, құрылымдық әдістің болсын алға қоятын мақсаты

– тілдің белгілі бір дәуірдегі жүйелік құрылымын синхрондық күйде сипаттап

шығу. Ал, оны сипаттау – тілдік тұлғаларды бөлуге, олардың өзіндік

ерекшеліктерін, қызметтерін дистрибуцияларын айқындауға байланысты.

Математикалық әдіс. Кейінгі жылдарда физика, химия, математика

ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың рөлі мейлінше

артты. Ол омірдің бар саласына да кең тарала бастады. Күрделі есептер

шығаратын бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машиналар

жасалынып шыгарылды.Содан барып математикада қолданылатын әдісті басқа

ғылымдарда, солардың ішінде тіл білімінде де, қолдануға болмас пе екен деген

сұрақ туады.

Математикалық әдісті (кейде сандық әдіс деп те аталады) тіл білімінде де

қолдану керек дейтін ғалымдар әр түрлі категориядағы, топтағы сөздерді, олардың

әр алуан формаларын, байланыстарын математикалық көптік, жиынтық деп

қарауға, сөйтіп, оларды ғылыми талдауға математиканың көптік теориясы деп

аталатын формуласын, ұғымын қолдануға болады дегенді айтады.

Бұл әдістің негізгі мақсаты - тілдің, сөйлеудің сандық сипатын, тіл

құрылымының қызметін, дамуымен байланысып жататын сандық заңдылықтарды

айқындау, солардың сырын ашу.Оған зерттеу материалдары болатындар –тілдік

элементтердің, формалардың сандық жағы, сандық сипаттарының жиынтығы.

Page 25: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын немесе мәтінде

бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай

жақындастыруға болады дегенді зерттейді.

Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру –ғылыми

зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл әдіс барлық

ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру тек ғылыми зерттеуде

ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер

жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырып отырған

нысанның өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және өзгешелік жақтары

айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көздеулердің

түпкі мақсаты - әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешелік тіл білімінде

қолданылатын салыстырмалы әдісте де бар. Басқа ғылымдарда қолданылатын

салыстырулардан өзгешелігін айтпағанда да, бұл әдістің бір ғана тіл білімінде

қолданылуының өзінде де әр түрлілілк аз емес. Ондай әр түрлілік салыстырылатын

фактілердің ерекшеліктерінен, салыстырудан күтілетін нәтижелерден, көзделетін

түпкі мақсаттан туады. Салыстырылатын фактілер әр түрлі тілдерден алынуы да,

бір тілдің өз фактілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ, салыстырылатын әр түрлі

тілдер өзара туыстас, төркіндес тілдер болуы да, бір-бірімен ондай жақындықтары

жоқ тілдер болуы да мүмкін. Салыстырылатын фактілердің осындай

өзгешеліктеріне қарай салыстырмалы әдіс тіл білімінде салыстырмалы-тарихи

әдіс немесе тарихи-салыстырмалы әдіс, салыстырмалы әдіс деп үш түрге

болінеді.

Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін

тарихи әдіс деп те атайды.Олай аталатыны:бұл тәсіл тілдік фактілердің тарихын

айқындау үшін қолданылады. Оны айқындауда, зерттеліп отырған тілдің әр

дәуірдегі фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісі қолданылады, яғни

фактілер тарихи салыстыру арқылы ашылады. Мұндағы салыстырудың

салыстырмалы-тарихи әдістен ең негізгі өзгешелігі – алдыңғыда туыстас бірнеше

тілдер фактілері салыстырылса, соңғыда бір тілдің өз фактілері де бір-бірімен

салыстырылады.

Тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын, ол өзгерістердің

заңдылықтарын және оған түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді зерттеу үшін

қолданылады. Бұл әдіс тілді дамытып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп

танудың, сөйтіп, оның тарихын зерттеуге мән берудің нәтижесінде 19 ғасырда

пайда болды. Бұл тәсіл сипаттама әдіске тура қарама-қарсы мәнде. Сипаттама

әдіс тілдің белгілі бір дәуірдегі, негізінде, осы заманғы статикалық күйін

айқындауды көздесе, тарихи әдіс оны даму, өзгеру үстінде, динамикалық,

диахрондық күйде алады. Тіл басынан қандай құрылымдық құбылыстарды өткізді,

алғашқы құрылым, норма немесе құрылымдық элемент неге жойылды, оның орнын

не басты, соңғының алғашқылардан артықшылығы неде? – деген сияқты

сұрауларға жауап іздейді. Ол үшін тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылымдық күйін,

оның соған жалғас екінші бір дәуірдегі құрылымдық күйімен салыстыра зерттейді.

Тілдік өзгерістерге түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді айқындайды.

Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, тіл тарихын зерттегенде,

тілдік құрылымның әр қабаты – фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі, т.б. жеке-

жеке зерттелуі мүмкін. Соған орай, тіл білімі тарихи фонетика, тарихи морфология,

тарихи синтаксис немесе тарихи грамматика деп аталады.

Page 26: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІpps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/udebaev_1.pdf · тәуелсіз екендігінде. Тілдік

Тілдік құрылыстардың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани

өмірінің дамуымен байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол

тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның

үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді.

Мұндай жағдайда тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-

бірімен салыстыра отырыпы, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік

элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте

археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да

аз болмайды. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл ғылымдардан да хабардар

болуы шарт. Бұл жағдайлар тарихи әдіс бойынша жұмыс істеудің қиын да күрделі

екендігін байқатады. Солай болғанымен, тарихи әдіс – тіл біліміне өте қажет және

бірте-бірте жетіліп, толығып келе жатқан маңызды тәсіл.

Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу, ғылым үшін де, практика

үшін де керек. Өйткені қандай құбылыстың, фактінің болса да, өткенін, тарихи

даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін,сырын жете білу мүмкін емес.

Бұл айтылғандар тілдің және тілдік категориялардың тарихи даму жолдарын

зерттеп білудің шешуші мәні барлығын байқатса керек.

Әдеб.:

1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

2. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

3. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

6. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

7. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

8. Хасенов Ә. Тіл білімі, Оқу құралы. Алматы, 1996.

9. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы, 2001.

10. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

11. Солнцев В.М. Язык как структурно-системное образование. Москва, 1977.

12. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы. Алматы, 2002.

13. Система и уровни языка. Москва, 1969.

14. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. Москва, 1974.