37
Бизнес-жоспар Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

  • Upload
    others

  • View
    16

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Бизнес-жоспар

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру

2011 жыл

Page 2: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

МазмұныКестелер тізімі.......................................................................................................................3Суреттер тізімі.......................................................................................................................4Резюме....................................................................................................................................5Кіріспе.....................................................................................................................................71. Жобаның тұжырымдамасы............................................................................................82. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы...........................................................................93. Өндірістер бағдарламасы.............................................................................................114. Маркетингтік жоспар.......................................................................................................12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы........................................................124.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер...........................................................................14

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер.............................164.4 Маркетинг стратегиясы...............................................................................................17

5. Техникалық жоспарлау..................................................................................................195.1 Технологиялық процесс..............................................................................................19

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар......................................................................................205.3 Жабдық және инвентарь (техника)............................................................................20

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым............................................................................216. Ұйымдастыру, басқару және құрам.............................................................................227. Жобаны іске асыру.........................................................................................................23

7.1 Іске асыру жоспары.....................................................................................................23

7.2 Жобаны іске асыру шығындары.................................................................................238. Пайдалану шығыстары..................................................................................................249. Жалпы және әкімшілік шығыстар................................................................................2510. Қаржыландыру қажеттілігі..........................................................................................2711. Жобаның тиімділігі.......................................................................................................28

11.1 Cash-flow проекциясы...............................................................................................28

11.2 Пайда мен залалдардың есептері...........................................................................2811.3 Баланс проекциясы...................................................................................................28

11.4 Қаржы индикаторлары..............................................................................................2812. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер...............................................30

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні................................................................3012.2 Қоршаған ортаға әсер...............................................................................................30

Қосымшалар........................................................................................................................31

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 2

Page 3: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Кестелер тізімі

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 3

Page 4: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Суреттер тізімі

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 4

Page 5: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

РезюмеЖобаның тұжырымдамасы Маңғыстау облысында металл есіктер, әйнектер өндірісі

цехын ашуды қарастырады.

Цех шығаратын негізгі өнім түрлері металл есіктер мен әйнектерге арналған металл

торлар болады.

Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне металл бұйымдардың басқа да түрлері қосылуы

мүмкін.

Жоспарланған цехтың нысаналы тобы өз өндірісінде шығарылатын өнімді

пайдаланатын құрылыс ұйымдары болады.

Тұтынушылардың екінші тобына жеке үй шаруашылықтарын жатқызуға болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды::

Шығыстар, мың теңге 2 012Негізгі капиталға инвестициялар 6 613Айналым капиталы 5 304Барлығы 11 917

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз

капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Шығыстар Сомасы Кезеңі ҮлесіНегізгі капиталға инвестициялар 5 304 03.2012 45%Айналым капиталы 6 613 03-06.2012 55%Барлығы 11 917   100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы теңгеПайыздық ставка, жылдық 12%Өтеу мерзімі, жыл 6,0Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайынПайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3Өтеу түрлері тең үлестермен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге 5 429Активтердің рентабельділігі 38%

15% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза

кірісі 7 жылда 6 529 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 33%Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 6 529Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 3,9Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 4,8

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 5

Page 6: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Маңғыстау облысында 14 жаңа жұмыс орнын құруға;

- Маңғыстау облысының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарының сапалы өнім –

металл есіктерге, металл әйнектерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 6

Page 7: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

КіріспеМеталл есіктерді бүгін барлық жерде кездестіруге болады. Оларды офистардың

немесе қандай да бір кәсіпорындардың кіреберістеріне ғана орнатпайды. Көптеген

қалалықтар металл есіктерді пәтерлерінің немесе үйлерінің сыртқы есіктері ретінде де

таңдайды. Металл есіктерді таңдау – үйлер мен жұмыс орындарын күтпеген қонақтардан

ұзақ уақыт бойы қорғаудың бірден-бір тәсілі болып келді. Бұдан басқа, сауатты

дайындалған металл есік орын-жайды сыртқы қоршаған ортаның әсерінен қорғауға

көмектеседі.

Осылайша, қазіргі заманғы металл есіктер адамдарды кіреберістердегі немесе

даладағы жағдайлардан қорғай отырып, шудан қорғау және жылуды шығармау кедергісі

рөлін де атқарады.

Қазіргі уақытта металл есіктер нарығы серпінді өсу кезеңінен өтуде. Бұл ретте, қазір

тек мықты металл есіктер жасап қана қоймай, сонымен қатар металл есіктердің

өңделуіне қатысты тапсырыс берушілердің тілектерін де ескеру қажет. Металл есіктерді

дайындау мен орнату тапсырыстарының саны өсіп қана қоймай металл есіктерді

дайындау процесінде қолданылуы мүмкін материалдардың түр-түрі де өсуде.

Темір есіктердің сәндік қабаттары әрбір тұтынушыны таң қалдыра алады. Металл

есіктерді дайындау процесінде пайдаланылатын материалдар мен фурнитуралардың

көптігі қазіргі өндірушілердің клиенттерге әр түрлі сипаттамалары, құрамдауыштары және

кепілді қызмет шарттары бар металл есіктердің түр-түрін ұсынуға мүмкіндік бере

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 7

Page 8: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

1. Жобаның тұжырымдамасыЖобаның тұжырымдамасы металл есіктер, әйнектер өндірісі цехын ашуды көздейді.

Цех шығаратын негізгі өнім түрлері:

- Металл есіктер;

- Әйнектерге металл торлар болып табылады.

Өндірілетін өнімнің түр-түріне кейіннен металл бұйымдардың басқа да түрлері қосылуы

мүмкін.

Өнімнің негізгі тұтынушылары шығарылатын өнімді өз қызметтерінде пайдаланатын

құрылыс ұйымдары болады. Тұтынушылардың екінші тобына жеке үй шаруашылықтарын

жатқызуға болады.

Цех жалпы алаңы 150 шаршы метр жалдамалы үй-жайда орналасады.

Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті

жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке

кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай

бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы

жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін

де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын,

сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша

ашып көрсету қажет.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 8

Page 9: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасыКіреберіс металл есіктер – бұл өз үйіңді мүмкін қауіптер мен күтпеген қонақтардан

қорғаудың үнемді, сенімді, сәнді тәсілі. Металл есіктер қалыпты ағаш есіктерді ауыстыра

отырып көп уақыттан бері кеңінен қолданылып келеді, болат есіктер өзін барынша

пайдалы жағынан көрсете келе бірден халықтың сеніміне ие болды.

Пәтерлерге металл есіктер орнатудың себептері:

- металл есіктер мықты келеді;

- металл есіктерді бұзу қиын;

- есік пәтерлерді қорғап қана қоймай, сәнді де болуы қажет, сондықтан

сапалы болат есіктер сонымен қатар берік әрі сәнді болып табылады.;

- металл есіктер ұзақ пайдаланылады..

Офистегі, пәтердегі немесе саяжайдағы металл есіктің орналасу

орнына, негізгі кіреберісті немесе өрт қауіпсіздігі есіктері жолдарына

кедергі жасайтынына қарамастан, оларға бірқатар талаптар қойылады.

Болат есіктердің өзіне тән ерекшеліктері болуы тиіс – бұзуға, ылғалға (атмосфералық

құбылыстар) уақытқа төзімді жоғары сапалы материалдан жасалуы тиіс. Жылу, гидро

және дыбыс өткізбейтін жағының да маңызы зор. Болат есіктің заманауи және әдемі

дизайны орын-жайдың ішкі және сыртқы келбетімен үндескен болады

Ғасырлар бойы әйнектердегі металл торлар үйге бөтен

адамның кірмеуіне қызмет етті, соңғы жылдары осыған ұқсас

конструкциялар пайда болғанымен металл торлар өзектілігін әлі

де жойған жоқ. Металл торлар пәтерді, офисті және коттеджді

күтпеген жағдайлардан қорғаудың ең сенімді түрі деп

саналады. Бұл ретте әйнек торлары үйдің ішіне ауаның және күн

сәулесінің түсуіне кедергі жасамайды. Егер көлемі үлкен

торкөздер (қауіпсіздік өлшеміне сәйкес) орнатылған болса,

металл торлар әйнекке бөгет жасамайды.

Бүгінгі әйнек торлары ғимараттың әйнегі мен қасбетінің стильді және сәнді

конструкциялары болып табылады. Бұл ретте металл торлар өз қасиеттерін

жоғалтпайды, өйткені әйнек торларына заманауи технологиялар мен материалдарды

пайдалану оның сенімділігіне, қолданылуына және сәндік сипаттамасына қол жеткізуге

мүмкіндік береді.

Әйнек торлары көпшілік жағдайда қала сыртындағы үйлерге, коттедждерге және

қаладағы пәтерлерге орнатылады, бұл жерде олар өздерінің қорғаныс функцияларын

орындайды және интерьердің де маңызды бөлігі болып табылады. Міне, әйнек

торларының осы сәндік және әр түрлері әйнектің нағыз сәні болады. Соңғы жылдары

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 9

Page 10: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

мәнді оюлары және әр түрлі сәндік элементтері бар қолдан соғылған торлар сәнге

айналуда.

Бүгінгі күнге дәстүрлі әйнек торлары сияқты айырықша әйнек торлары да ұсынылады.

Осылайша, әйнектің металл торлары сенімділігі, қолданылуы және сәндігі жағынан

үздік шешім болып саналады. Егер әйнектің сенімділігіне күмәнің болса, ал үйдің

қасбетіне дизайндық элемент әсері жетіспейді деп есептесең, оны шешу үшін әйнек

торларын таңдаңыз.

Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.

1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі

Атауы ҚолданылуыМеталл есік Кіретін есікМеталл тор Әйнек үшін

Тапсырыс берушінің талабына байланысты бұйымның көлемі әр түрлі болуы мүмкін.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 10

Page 11: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

3. Өндірістер бағдарламасы2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

2-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Показатель 2 012 2 013 2 014 2 015

2 016

2 017

2 018

Қуаты, % 44% 65% 75% 80% 90% 100%

100%

Металл есік, дана 176 343 396 422 475 528 528Әйнектің металл торы, дана 264 515 594 634 713 792 792

Сату бағдарламасы маркетингтік зерттеулер (бидай жармасы ретінде тұтынудың

басымдығын айқындау мақсатында) жүргізу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар

арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыс деңгейі анықталатын

олардың сатып алу қабілеті ескеріледі.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына

негізделген.

3-кесте – Өнімге жоспарланған баға, 1 кг, теңге

Атауы Мәні, тг. м2м2 үшін бағасы

тг. Ескерту

Металл есік 80 000 2,27 35 286размері 2180*1040 мм.

Әйнектің металл тор 11 000 1,77 6 222размері 1360*1300 мм.

Өнімнің бәсекелестік құны мыналардан құралады:

- барынша төмен өзіндік құннан, бұл бәсекелестік бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;

- сапалы металл пайдалану.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені

инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына

әсер ететін болады.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 11

Page 12: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

4. Маркетингтік жоспар4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасыҚазақстанда байқалып отырған қолайлылығы жоғары жеке құрылыс көлемінің өсуі

және коммерциялық (офистік) жылжымайтын мүлікке сұраныстың жыл сайын ұлғаюы мен

ғимараттарға еуро жөндеу қызметтерін жүргізу – металдан жасалған қоршау құрылысы

конструкцияларына сұраныстың тұрақты өсуін білдіреді.

Құрылыс нарығының осы бөлігінде жаңа құрылыстар салу көлемінің жылдам өсуі

кезеңінде аса қымбат емес әйнектерге сұраныс жоғары болды. Мысалы, республикада

шетелдік дайын профильдерден әйнек пен есік жасайтын көптеген компаниялар пайда

болды. Қазір жағдай күрт өзгерді. Қазақстанда әйнектер, есіктер мен қасбеттер құрылысы

секторы ел экономикасындағы қиындықтарға қарамастан барынша серпінді дамуда.

ҚР-да 2010 жылы дайын металл бұйымдары өндірісі нақты көлемінің индексі 2009

жылмен салыстырғанда 4,2 (немесе 4,1%) төмендеді (1-сурет).

1-сурет - Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда ҚР-да дайын металл бұйымдары өндірісінің нақты көлемінің индексі

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Маңғыстау облысында құрылыстық құрамалардың металл конструкциялар өндірісі

ұлғайып келеді. Мәселен, 2009 жылы 427 тонна өнім өндірілсе, 2010 жылы өндіріс

көлемі 8 490 тоннаға өсті (20 еседен көп) және 8 917 тоннаны құрады (2-сурет).

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 12

Page 13: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

2-сурет – Маңғыстау облысында құрылыстық құрамалардың металл конструкциялар өндірісі, тонна

2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж.0

100020003000400050006000700080009000

648 224 389 427

8917

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Негізгі тұтынушылар құрылыс компаниялар болғандықтан құрылыс саласының

деректерін қарастырған дұрыс.

Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстанының көлемі 2010 жылы 149 325 млн.

теңгені құрады, бұл 544,4 млн. теңге немесе 2009 жылғыдан 0,36% кем, (3-сурет).

3-сурет – Маңғыстау облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

2009 ж. 2010 ж.149,000.0149,100.0149,200.0149,300.0149,400.0149,500.0149,600.0149,700.0149,800.0149,900.0

149,869.4

149,325.0

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

4-сурет – 2010 жылы ҚР жалпы жұмыс көлеміндегі Маңғыстау облысының құрылыс жұмыстарының көлемі, %

92.2%

7.8%

ҚРМаңғыстау облысы

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігіМеталл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру

13

Page 14: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

4-суретте көрсетілгеніндей, ҚР жалпы жұмыс көлеміндегі Маңғыстау облысының

құрылыс жұмыстарының үлесі 7,8% құрайды.

4-кесте - Маңғыстау облысында тұрғын үйлерді пайдалануға беру

Сауда әріптестерінің атауы 2009 ж. Өткен жылға % 2010 ж. Өткен жылға % Тұрғын үйлер, жалпы алаңының шаршы м

476 428 101,2 501 216 105,2

Пәтерлер саны, бірлік 3 771 103,1 3 522 93,1

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

4- кестеден көргеніміздей, 2010 жылы Маңғыстау облысында тұрғын үй ғимараттарын

пайдалануға берудің өскені байқалады. Бұл жобаны іске асырудың сәтті болатынына,

кәсіпорынның өз өнімін тұтынушылардан кемшілік көрмейтініне сенім білдіреді. Алайда,

құрылыс жұмыстарының біраз қысқаруына байланысты негізгі тұтынушылар ретінде жеке

тұлғалар қарастырылуда.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі құрылыс бағаларының өзгеру деңгейі

бойынша 2010 жылдың қорытындысын жасады және олардың өсуі 3,6% құрайтынын

анықтады (ОКНА МЕДИА порталының деректері).

2009 жылдың желтоқсанына қарағанда 2010 жылдың желтоқсанында құрылыс-монтаж

жұмыстарының бағасы 2,9%, машиналар мен жабдықтар шығындары – 7,7%, басқа

жұмыстар мен шығындар 3,6% ұлғайды.

Құрылыс ұйымдары сатып алған материалдарға, бөлшектер мен конструкцияларға

келетін болсақ олар бір жылда 0,1% қымбаттады.

Бұдан әрі Қазақстанда түрді өндірушілердің металл есіктерге арналған бағасының

салыстырмалы кестесі берілген.

5-кесте - ҚР-да 2011 жылы металл есіктердің бағасы, тенге

Кәсіпорынның атауы Қала, өңір Бағасы, теңге DMF-Master Алматы қаласы 40 000 - 45 000ООО «Рексстар» Алматы қаласы 36 000 – 57 000ТОО «LiaNa-Well» Алматы қаласы 60 000PromATIK Алматы қаласы 70 000Компания «EKA» Алматы облысы 60 000ТОО «Бакайтау» Алматы қаласы 40 000ИП Профиль —А Астана қаласы 30 000Бульдорс Астана қаласы 65 000 – 91 000ТОО «Бразер» Өскемен қаласы 37 000 – 72 000ТОО «Алтын Есiк» Қарағанды қаласы 129 800

Ақпарат көзі: Satu.kz порталы

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестерКәсіпорындардың негізгі бәсекелесі Маңғыстау облысында металл есіктер шығаратын

өндіруші-кәсіпорындар болып табылады.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 14

Page 15: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

6-кесте - Маңғыстау облысының металл бұйымдар шығаратын компанияларының тізімі

Компанияның атауы Қызметі Байланыстар Мангистау-Пласт Металл пластик әйнектер, есіктер,

әйнектің алды, жылтыр пакеттер,сөрелер

Ақтау қаласы, базар «Асар-С», әкімшілік ғимараты Телефоны: 434699, 87015525321

Шын-Plast Балкондар, Әйнектің алды, Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер, жылтыр пакеттер , москитті торлар

Ақтау қаласы, ОРС-тың бұрынғы базасы (қойма) Телефоны: 504204, +77016094381

ТМК-Альянс Металл есіктер, торлар, қақпалар, Метал пластик әйнектер, есіктер сөрелер

Ақтау қаласы, 2-17-109 («Кардинал» мейрамханасының жанында) Телефоны: 330010, 315111, +77025301213, +77004856787

Мидас-2 Металл есіктер, торлар, қақпалар, Метал пластик әйнектер, есіктер сөрелер

Ақтау қаласы, 7 мкр, 14 үй, 5 офис («Мәңгілік атауға» қарсы) Телефоны: 510994, 522630, +77013414147

Дом Пласт Металл пластик профильдер, Жылжымалы есіктер, әйнектер, сөрелер, әйнектің алды, москитті торлар .

Ақтау қаласы, 2-2-4Телефоны 509046, 506801

Араз Металл пластик әйнектер, есіктер сөрелер , әйнектің алды, москитті торлар , жылтыр пакеттер

Ақтау қаласы, 8-10 Телефоны: 501214, 504165, +77015332682

Али Металл пластик әйнектер, есіктер сөрелер , әйнектің алды, москитті торлар. Әйнектер мен есіктерді жөндеу және қалпына келтіру

Ақтау қаласы, 14-23 Телефоын: 436941, +77014661495

Актау-Престиж LTD Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер дайындау, құрылыс жұмыстары

Ақтау қаласы, 13-23, офис 0/2 Тел/факс: 428959, 427532

Ак Тiлек &К Металл пластик әйнектер, есіктер сөрелер , әйнектің алды, москитті торлар , жылтыр пакеттер

Ақтау қаласы, 8-22-26 Телефоны: 508849, 521645

Western-Logistics Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер дайындау

Ақтау қаласы, 3-44-5 Телефоны: 509653, 524855, 605630

Tecnoplas Металл пластик әйнектер, есіктер, көркем сөрелер, москитті торлар: жалюздер.

Ақтау қаласы, 2-16-1 Телефоны: 509889, 502719, +77004181870, +77017461832

Plaspen Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер орнату

Ақтау қаласы, 8-24-131 Телефоны 520697, +77013343184, +77015222258

NADOpen Сөрелер, бөлетін жабдықтар, москитті торлар, әйнектің алды, арқалар мен киіз үйлер, жалюздер, Металл пластик және алюминий әйнектер мен есіктер.

Ақтау қаласы, 5-4-6 Телефоны: 520097, 521515

Mar-plast Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер

Ақтау қаласы, 22 мкр, «Жамал-Ай аяқ киім фабрикасы ауданы» Телефоны: 605161,

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 15

Page 16: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

605284IBG-Pakplast Металл пластик әйнектер, есіктер,

сөрелерАқтау қаласы, Өндіріс аймағы, ВСО Телефоны: 432095

Darston Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер дайындау және орнату

Ақтау қаласы, 29а мкр Телефон: 605431, 605432, +77016260203

Asmek LTD Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер

Ақтау қаласы, 6-26-51 Телефоны: 526233

Aktau City Plast Металл бұйымдар, әйнектің алды , сөрелер, москитті торлар, әйнектер, бөлетін жабдықтар, есіктер

Ақтау қаласы, 6-8-110 (орталық жол жағынан) Телефоны: 600117, 600118, +77015166466

Актау-Престиж LTD Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер дайындау, құрылыс-монтаж жұмыстары

Ақтау қаласы, 13-23, офис 0/2 Тел/факс: 428959, 427532

Актау Сут – Металлопластик

Әйнектер, есіктер, сөрелер, офис сөрелері, қысқы бақ, балконды шынылау, әйнектің алды, оларды орнату, москитті торлар

Ақтау қаласы, 3б мкр, өндіріс аймағы, «Актау Сүт» сүт зауыты Телефоны: 607748, +77773777117

Ақпарат көзі: Ақтау мен маңғыстау облысының ақпарат ресурсы

Кестеден көргеніміздей, металл есіктер мен әйнектер дайындайтын негізгі

кәсіпорындар Ақтау қаласында орналасқан.

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:

- Қолданылатын бастапқы материалдың есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;

- Өндірістің икемділігі (шығарылатын өнімнің көлемі мен номенклатурасын тез өзгерту

мүмкіндігі);

- Әділ және өзара пайдалы өткізу саясаты;

- Бәсекелі баға, пайдалы жеңілдік саясаты;

- Бұйымды орнату қызметінің болуы;

- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі;

- Тұрақты даму.

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістерҚазақстан Республикасында құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары

өндірісін дамытудың 2010-2014 жалдарға арналған бағдарламасында Қазақстанда

тұрақты жоғары құрылыс мәдениетін қалыптастыру, халықтың қалың тобына тұрғын үйге

қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын

кешенді шешуде құрылыс өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, тиімді,

экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі дамыту және жаңа

технологиялар енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шараларды

қабылдау қарастырылады.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 16

Page 17: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі жағдайларда құрылыс өнімдерінің

қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің шешуші экономикалық және арнайы

міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда елдің экономикасына

кеңінен әсер етеді, оның әлеуметтік саладағы жағдайды жақсартуда маңызы зор.

Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен құрылыстар сапасына қойылатын

заманауи талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс

материалдарын қолдануды айқындайды.

Сондай-ақ қазақстанда ҚР-да 2011-2014 арналған Тұрғын үй бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты халықтың қалың тобының тұрғын үйге қол жетімділігін

қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып

табылады.

Бағдарламаның міндеттері – ұсыныс тарапынан сияқты сұраныс тарапынан да

толыққанды теңестірілген тұрғын үй нарығын құру; тұрғын үй құрылысына жеке

инвестицияларды тарту және мемлекеттік жеке-меншік әріптестікті ынталандыру; жеке

тұрғын үй құрылысын дамыту; тұрғын үй салынатын аудандарда инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту; халықтың қалың тобы үшін ипотекалық

кредиттеу мен тұрғын үй құрылыс жинақтарының қол жетімдігін арттыру.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды іске асыру металл есіктер нарығына қолайлы

әсер ететін болады.

4.4 Маркетинг стратегиясыЕсептерге жарнамаға арналған ай сайынғы шығындар қосылған. «Тікелей маркетинг»,

инвестордың қатысуымен (қызметке қатысушы) өнімді жеткізуге тікелей шарттар жасасу

қолданылатын болады.

Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып

жүзеге асыру болжануда:

1. Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы;

2. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және

тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану;

Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай әдістер ескеріле отырып

жоспарлануда:

- Басқаларына қарағанда барынша төмен баға деңгейі;

- Металл есіктер мен әйнектердің торларын жеткізу тендерлеріне қатысу;

- Сұранысқа ынталандыру бағдарламасын іске асыру

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 17

Page 18: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

7-кесте - Жобаның SWOT-талдауыС

ырт

қы о

рта Мүмкіндіктер Өндірістік қуаттылықты кеңейту.

Шығарылатын өнімнің түр-түрін ұлғайту.

Қатерлер Ұқсас өнім шығару бойынша ірі өндірістер ұйымдастыру.

Импорттың үлесін ұлғайту (импорттық өнімді тұтыну үлесін ұлғайту).

Ішкі

орт

а

ПБасымдықтар

Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану.

Табиғи шикізатты пайдалану.

Кемшіліктер

Кәсіпорынның жаңаруы (жаңа жоба).

Шикізат бағасына тәуелділік.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 18

Page 19: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

5. Техникалық жоспарлау5.1 Технологиялық процессМеталл есіктер өндірісі технологиясы

Бүгінгі күнге болат есіктер өндірісі технологиясының екі негізгі түрі туралы айтуға

болады. Бұл құбырлық-бұрыштық және икемді-бейінді түрлері.

Құбырлық-бұрыштық технология бойынша дайындалатын болат есік электр доғалы

дәнекерлеу арқылы дайындауды қарастырады. Өз кезегінде дәнекерлеуді пайдалану

металдағы кернеудің жоғарылығына байланысты есік блогының формасына кері әсерін

тигізеді. Егер металл есіктерге ауқымды құлып орнатылатын болса, онда оның

технологиялық тесігінің ені 35 миллиметр болуы керек. Осы себептерге байланысты

құбырлық-бұрыштық технология арзан есіктер өндірісі үшін қолданылады.

Икемді-бейінді технология бойынша дайындалатын болат есік нүктелі дәнекерлеу

әдісін қолдануды қарастырады. Бұл есіктің сыртқы бетін бұзбайды және металдың

бұзылуына алып келмейді. Бұл технология есіктің салмағын көбейтпей-ақ оны қалың етіп

жасауға мүмкіндік беруі жағынан құбырлық-бұрыштыға қарағанда барынша прогрессивті

болып табылады. Осылайша, икемді-бейінді технология бойынша дайындалған металл

есік барынша сенімді және берік болады.

Қазіргі уақытта есік шығарушылар дайындау әдістері мен технологияларын үнемі

жетілдіріп отырады. Бұл есікті дайындау өндірісіне ғана емес, сонымен бірге жетілдірілген

цилиндрлі және сувальдты құлыптарды орнату есебінен оларды үй-жайлардың қиын

жерлеріне де орнатуға мүмкіндік береді. Болат есіктер дыбыстық және жылу ұстау

қасиетімен, өрт қауіпсіздігімен және дайындалған экологиялық таза материалдарымен де

сипатталады.

Әйнектердің металл торларын өндіру технологиясы

Металл торлар дайындау дәнекерленетін және нығыздалатын төселімдерін білдіреді.

Қазіргі уақытта металл төселімдердің екі түрі бар: нығыздалған және дәнекерленген.

Мұндай бұйымдар жаяу жүру жолдары, тиеу-түсіру алаңдары төселімдері ретінде

өнеркәсіп және құрылыс объектілерінде кеңінен қолданылады.

Нығыздалған төселімдер, әдетте болаттан, тат баспайтын болаттан немесе

алюминийден жасалады. Дайындау тәсілі компьютердің көмегімен басқарылатын

өндірістік желілерде негізгі жолақтардан кесінділер кесіп алынады да оның сыртқы беті

аса жоғары қысыммен бірқалыпты нығыздалады – нығыздалған төселімдер қатарлас

орналасқан негізгі жолақтарда дайындалады, оларға көлденең байланыстырушы жолақ

орналасады. Барлық күшті негізгі жолақ көтереді, байланыстырушы жолаққа күш

түспейді, ол негізгі жолақты тіркеп отырады. Өндірістің осындай технологиясы

ұяшықтардың бір қалыпты және нақты құрылымын қамтамасыз етеді, нығыздалған

торлардың жиектері немесе Т-түріндегі профильмен көмкеріледі.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 19

Page 20: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Дәнекерленген төселім болаттан жасалады және көлденеңінен байланыстыратын

сымы бар қатарлас орналасқан негізгі жолақтардан тұрады. Бұл сымға жүк түспейді және

негізгі жолақты тіркеп отыру қызметін атқарады, барлық күш негізгі жолаққа түседі. Негізгі

жолақ және бұралған сыртқы сым тордың мөлшеріне сай кесіледі, көлденең сымдар

1000 kN қысымында негізгі жолаққа жапсырылады және 2500 KVA электрлі

дәнекерлеуіштің көмегімен бір тұтас түрде дәнекерленеді. Дәнекерленген төселім металл

профильмен көмкеріледі.

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 150 шаршы метр бос жалдамалы орын-

жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-

жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей металл

есіктер шығаратын цехтан тұратын болады. Жалдамалы жылжымайтын мүлік нарығына

жасалған талдау (irr.kz, satu.kz сайттары) коммерциялық жылжымайтын мүліктің (өндіріс

орны) 1 м2 ставкасы айына 750 тг құрайтынын көрсетті. Жалдау ақысына, электр

энергиясы шығындарынан басқа, орын-жайды ұстау шығыстарының бәрі кіреді.

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)Жабдықтар тізбесі мен оны сатып алу шығындары төмендегі кестеде берілген.

8-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі

Атауы Саны Бағасы СомасыНегізгі      ТДМ-403 дәнекерлеу аппараты 1 228 228НЛ-12 қайшысы 1 3 290 3 290Қосымша       Бояу пульті 2 41 81Болгарка 2 30 60

Металл есіктер дайындау жабдықтарының бірқатар басымдықтары бар – ол

функционалды және сенімді. Онда қажетсіз қосымша функциялар жоқ, бұл тапсырыс

берушінің өтінген талаптарына сәйкес дербес дайындалған өнімнің өзіндік құнын барынша

азайтады.

Жабдық иесі оны металдан жасалған әр түрлі бұйымдарды дайындау үшін қолдана

алады.

Техникадан ГАЗ 3302 үлгісіндегі, құны 2 954 мың теңге тұратын ГАЗель маркалы

автомобилі сатып алынады. Бағалары өнімді беруші «ТТМ-ЦЕНТР» ЖШҚ-дан алынды,

ол "Центртранстехмаш" ЖШҚ, "Веста" ЖШҚ және басқа да автотехникалар

өндірушілердің ресми өкілі болып табылады.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 20

Page 21: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым Жобада орын-жайды жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық

инфрақұрылым, атап айтқанда электр -, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай-ақ

телефон байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай

қажетінше бейімделетін болады.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 21

Page 22: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

6. Ұйымдастыру, басқару және құрамКәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды.

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде келтірілген түрлерден тұрады

(5-сурет).

5-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға

болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі

хабардар болуына мүмкіндік береді.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 22

ДиректорБухгалтер - кассирӨндіріс бастығыДәнекерлеушіСырлаушыЖабдықтаушы-сату менеджеріОрнатушыларЖабдықтаушыЖүргізушіЕден жуушы

Page 23: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

7. Жобаны іске асыру7.1 Іске асыру жоспарыОсы жобаның іске асуы (іске қосу) 2011 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы сәуірге

дейінгі кезеңді алатын болады деп болжануда.

9-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралар\Ай 2 0121 2 3 4

Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу        

Қаржыландыру мәселесін шешу        Кредит алу        Орын-жайды таңдау        Құрамды іздестіру        Жабдықты жеткізу құрастыру        Жарнаманы орналастыру        Жұмыстың басталуы        

7.2 Жобаны іске асыру шығындарыИнвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.

10-кесте - 2012 жылға арналған инвестициялық шығындар

Атауы Сомасы, мың теңге

2 012 наурыз

Жабдық 3 659 3 659«ГАЗ 3302» үлгісіндегі ГАЗель маркалы автомашина

2 954 2 954

Жиыны 6 613 6 613

Жабдықтарды жеткізу құны сол жабдықтың бағасына енгізілген.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 23

Page 24: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

8. Пайдалану шығыстарыПайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан тұрады.

11-кесте - 1 бұйымның өзіндік құнының есебі, теңге

Материалдың атауы Өлш. Бір.

бағасы, тг.

Металл сыртқы есік Әйнектің металл торы

Шығыс нормасы

1 бұйымның сомасы,

тг.

Шығыс нормасы

1 бұйымның сомасы,

тг.Құбыр 40*40 тн 150 000 0,0330 4 950   0Құбыр 40*20 тн 150 000 0,0420 6 300   0Құбыр 20х20 тн 150 000   0 0,0074 1 110Болат қалып,.2 мм тн 150 000 0,1480 22 200   0Шеңбер, д.22 тн 130 000 0,0030 387   0Шеңбер, д.12 тн 130 000   0 0,0088 1 144Урса жылытқышы м3 7 000 0,1680 1 176   0Топырақ л 410 4,0000 1 640 0,3000 123Электродтар, д3 кг 200 4,0000 800 1,0000 200Кесілген шеңбер, д230 шт 600 3,0000 1 801   0Өңделген шеңбер, д 125 шт 200 1,0000 200   0Арматура А1 д 10 тн 150 000   0 0,0005 75Еріткіш л 1 000 2,0000 2 000 0,1000 100Эмаль кг 2 200 2,0000 4 400   0Бояу кг 2 200   0 0,3000 660Кесіп орнатылған құлып шт 3 900 1,0 3 900   0Жиыны       49 755   3 412

Сыртқы металл есіктің мөлшері – 2 180 * 1 040 мм., әйнектің металл торы – 1 360 * 1

300 мм.

Металл есіктер дайындайтын материалды (металды) жеткізуші Alemplast ЖШС (Ақтөбе

қаласы, Жұбанов көшесі, 292), болып табылады., қалған материалдарды (бояу, топырақ,

еріткіш) құрылыс базарларынан сатып алу жоспарлануда.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 24

Page 25: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

9. Жалпы және әкімшілік шығыстарЖобада құны айына 150 мың теңге тұратын орын-жайды жалдау көзделген. Осы

бағаға коммуналдық төлемдер қосылған.

12-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

Шығындар   2012 2013-2018ЕТҚ   755 755

Өндірістік орын-жайды жалдау 150 м2 113 113ЖЖМ 1 машинаға 48 48Электр энергиясы   40 40Байланыс қызметтері   2 2Шаруашылық тауарлары   10 10НБ қызмет көрсету және жөндеу   7 7Банк қызметтері   2 2Жарнама шығыстары   15 15Өзге де көлденең шығыстар   10 10Жиыны   1 002 1 002

Орын-жайды жалдау Маңғыстау қаласы нарығындағы орташа жалдау ставкасы

ескеріле отырып есептелді және 1 шаршы метріне 750 теңге мөлшерінде қабылданды.

ЖЖМ шығыстары 1 машинаға және 22 жұмыс күніне күніне 20 литр лимитті ескере

отырып есептелді. Электр энергиясының шығыстары 28,3 кВт жабдығының қуаты,

жабдықтың күніне 5 сағаттық жұмысының орташа уақыты, жарық шығыстары

30 кВт/күн, 22 жұмыс күні және 1 Квт құны - 10,6 тг. екені ескеріле отырып есептелді.

13-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг

№ Лауазымы Саны Жалақы Есептеуге ЕТҚ  Әкімшілік-басқару құрамы        

1 Директор 1  70 70 702 Бухгалтер-кассир 1 50 50 502 Өндіріс бастығы 1 60 60 602 Жабдықтаушы 1 50 50 502 Сату бойынша менеджер 1 50 50 50

  Жиыны 5 280 280 280  Өндірістік құрам        

1 Дәнекерлеуші 2 60 120 1202 Орнатушылар 4 55 220 2203 Сылақшы 1 50 50 50

  Жиыны 7 165 390 390  Қызмет көрсету құрамы        

1 Жүргізуші 1 55 55 55  Жиыны 1 55 55 55  Қосалқы құрам        

1 Еден жуушы 1 30 30 30  Жиыны 1 30 30 30  Құрам бойынша барлығы 14 530 755 755

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 25

Page 26: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы айына 755 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік

аударымдар айына 34,0 мың теңгені (міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ)

есептемегенде еңбекақы төлеу қорының (бұдан әрі - ЕТҚ) 5% есебінен). Бұл сома

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 437-бабына сәйкес

әлеуметтік салық сомасын азайтады. Салықты жеңілдетілген декларация негізінде

есептеу салық салу объектісіне (кіріс) 3% (ҚР СК 437-бабы) ставканы қолдану арқылы

жүргізіледі, соның ½ жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС), ½ - әлеуметтік салық

құрайды.

Бұдан басқа әлеуметтік салықтың есептелген сомасы егер жұмысшының орташа

айлық жалақысы Республикалық бюджет туралы заңда (ҚР СК 436-бабы) тиісті қаржы

жылына белгіленген еңбек жалақысының 2-еселік ең аз мөлшерінен кем болмаса әрбір

жұмысшы үшін салық сомасы 1,5 % сомаға азайту жағына қарай түзетіледі.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 26

Page 27: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

10. Қаржыландыру қажеттілігіЖоба бойынша жалпы инвестициялық шығыстар мыналарды қамтиды:

14-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге

Шығыстар, мың теңге 2 012Негізгі капиталға инвестициялар 6 613Айналым капиталы 5 304Барлығы 11 917

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз

капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

15-кесте - 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

Қаржыландыру көзі Сомасы Кезеңі ҮлесіӨз қаражаты 5 304 03.2012 45%Қарыз қаражаты 6 613 03-06.2012 55%Барлығы 11 917   100%

Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:

16-кесте - Кредиттеу шарттары

Кредит валютасы теңгеПайыздық ставкасы, жылдық 12%Өтеу мерзімі, жыл 6,0Пайыздарды және негізгі борышты төлеу ай сайынПайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі 3Өтеу түрі тең үлестермен

17-кесте - Кредит бойынша төлемдер, мың тг

Сыйақы Всего 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018Игеру 12 309 12 309            Капиталдандыру % 290 290 Есептеу % 4 700 1 019 1 260 997 734 471 208 11 НБ өтеу 12 599 1 096 2 191 2 191 2 191 2 191 2 191 548 Өтелді,% 4 410 729 1 260 997 734 471 208 11 НБ қалдығы -0 11 504 9 313 7 121 4 930 2 739 548 -0

Кредит басында жіберілген қабылданған олқылықтарға сәйкес толық көлемінде

2018 жылы өтеледі.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 27

Page 28: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

11. Жобаның тиімділігі11.1 Cash-flow проекциясы Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша) нақты ақша

ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның

кетуін) көрсетіп отыр

операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша

қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет;

инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат,

материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және

сатумен байланысты қызмет түрі;

қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен

құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет

операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті

кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.

Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін көрсетіп отыр

11.2 Пайда мен залалдардың есептеріЖоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада айқарма түрінде

көрсетілген.

18-кесте - Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге 5 429Активтердің рентабельділігі 38%

11.3 Баланс проекциясы 2016 жылғы баланстық есептің коэффициенттері төмендегі кестеде берілген.

19-кесте - Баланстық есеп коэффициенттері

Активтер құрылымындағы негізгі қаражаттың үлесі, 5 жылға 0,2Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті, жобаның 5 жылына 8,5

11.4 Қаржы индикаторлары 15% дисконттау ставкасы кезінде 7 жылға арналған инвестицияланған капиталдың

таза дисконтталған кірісі 6 529 мың теңгені құрады.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 28

Page 29: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

20-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 33%Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 6 529Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 3,9Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 4,8

21-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг

Кезең 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018Қызметтерді сатудан түсетін кіріс

16 98433

11938

21440

76245

85750

95250

952Баланстық пайда -2 807 883 3 223 4 465 6 805 9 145 9 251Қызметтердің толық өзіндік құны 19 791 32

23534

99136

29739

05241

80741

701Тұрақты шығындар

10 13413

40313

26113

11912

97712

83412

728Ауыспалы шығындар

9 65818

83221

73023

17826

07628

97328

973Шекті кіріс сомасы 7 326 14

28616

48417

58319

78121

97921

979Пайдадағы шекті түсімнің үлесі 0,431 0,431 0,431 0,431 0,431 0,431 0,431Залалсыздық шегі 23 492 31

07130

74130

41230

08229

75329

506Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық қоры (%)

-38% 6% 20% 25% 34% 42% 42%

Залалсыздық 138% 94% 80% 75% 66% 58% 58%

Кестеде кәсіпорынның залалсыздық шегі жылына сату көлемі 30 082 мың теңге болып

табылатыны көрсетілген (1916 жыл).

Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 6 % құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш пайыздар

бойынша шығыстардың азаюына қарай (42% дейін) өседі.

Кәсіпорында жеке кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бар және шағын бизнес

субъектілері үшін салық салудың жеңілдетілген режимін қолданады. ҚР Салық Кодексіне

сәйкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың ставкасы кіріс сомасының (жалпы

кіріс) 3% мөлшерінде белгіленген.

22-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл), мың теңге

Салықтың түрі Сомасы, мың тг.ЖК қызметіне салық, ЕТҚ салығы 8 305Мүлік және көлік салығы 74Жиыны 8 379

Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда

8 379 мың теңгені құрайды.

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 29

Page 30: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәніЖобаны іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу көзделген:

жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына

мүмкіндік береді;

металл есік өндіретін жаңа кәсіпорын құру;

Маңғыстау облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі

(8 млн. теңгеден астам).

Әлеуметтік әсерлер арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарының сапалы өнім –

металл есіктерге, әйнектерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 14 жұмыс орны құрылады. Біліктілікті арттыру

жоспарлануда. Шығындарға кадрларды оқыту шығыстары («Өзге де шығыстар» жолы)

да салынған.

12.2 Қоршаған ортаға әсерҚоршаған ортаны ластауы мүмкін негізгі көздер лакпен бояу жұмыстары кезінде

бөлінетін газдар, сондай-ақ төтенше жағдайлар (өрт, жарылыс) тәуекелдеріне

байланысты шығарындылар болуы мүмкін. Оларға ұнтақ полимер бояуын пайдалана

отырып импорттық жабдықтарды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Ұнтақ бояу

учаскесін ұйымдастыру және пайдалану үлгі технологиялық процестің қоршаған ортаға

залалсыздығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

стандартына сәйкес келетін болады..

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 30

Page 31: Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құруold.damu.kz/content/files/BiznesZhosparMetallEsikterAyne... · Web view2009 жылдың желтоқсанына

Қосымшалар

Металл есіктер, әйнектер өндіру цехын құру 31