118

ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

  • Upload
    others

  • View
    25

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА
Page 2: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Б Б К 72 ,3А 12

I S B N 9965 -25 -129 -0 «Қ А З А Қ С ТА Н Р Е С П У Б Л И К А С Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Ғ Ы Л Ы М А К А Д Е М И Я С Ы » Р Қ Б ,

2015

ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМЫЗДАҒЫ№ 369 ЖАРЛЫҒЫМЕН2015 ЖЫЛҒЫ 21 МАМЫРДАҒЫ №27 ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛУІМЕН ШЫҒАДЫ

2014 жыл бойынша Ғылым туралы ұлттық баяндама. – Астана, 2015. – 164 б.

ISBN 9965-25-129-0

2014 жыл бойынша ғылым туралы ұлттық баяндама әлемдегі және Қазақстандағы ғылымның жай-күйі, даму үрдістері мен перспективалары, сондай-ақ ғылым дамуының басым бағыттары: «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді өңдеу»; «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар»; «Өмір туралы ғылым»; «Елдің зияткерлік әлеуеті»; «Энергетика және машина жасау» бойынша отандық ғылымның айтарлықтай елеулі жетістіктерін қамтиды.Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті келесі негізгі көрсеткіштері бойынша қарастырылған: ғылымды қаржыландырудың көлемі мен көздері; ғылыми, ғылыми-техникалық кәсіпорындар мен мекемелердің саны, олардың материалдық-техникалық базалары; ғылыми кадрлар саны мен біліктілігі; орындалған ҒЗТКЖ көлемі.

Page 3: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

3

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ(Ұлттық баяндаманың мақсаты).

2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ(соңғы үш жылдың ғылыми-метрикалық талдауы, қазақстандық ғылымның жетістіктерін талдау (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтіңнеғұрлым маңызды нәтижелері, енгізілген әзірлемелер), ғалымдардың зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге алыну индексі,журналдардың импакт-факторы, патенттік белсенділік)

3. БАСЫМ БАҒЫТТАҒЫ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ(Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылымның бағыттары бойынша, іске асырылуын талдау)

4. ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ(ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының, ғылыммен айналысатын дербес білім беру ұйымдарының сапалық құрамының жай-күйін, отандық ғылымикадрларды даярлау сапасын, шетелдік ғалымдарды тартуды, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуына талдау жасау)

5. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫН ТАЛДАУ(мемлекеттік бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын, ғылымға жекеше сектордан қаржы қаражатының тартылуына талдау жасау)

6. ҒЫЛЫМ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ(шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен ғылыми техникалық келісімдерді іске асыру нәтижесінде алынған қазақстандық ғылымның жаңалықтары мен жетістіктері)

7. ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ(технологиялар мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру тетіктері, ғылымның, өнеркәсіп пен бизнес-қауымдастықтың ықпалдасуын талдау, ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсерін бағалау)_

8. САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ (ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті басқару бойынша)

9. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР(Ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту бойынша)

10. ӘДЕБИЕТ

11. ГЛОССАРИЙ 114

112

109

80

69

56

50

42

29

7

4

Page 4: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

4

1. КІРІСПЕ (ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ)

«Қазақстан-2050» [1,2] даму Стратегиясы мен Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында [3] көрініс тапқан жаңа экономикалық саясаттың қағидаттары мен артықшылығы, ел экономикасының жедел өсуіне, осылайша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтауға септігін тигізуі керек, осылайша елдің өркендеуіне нық тірек бола алады. Мемлекет басшысы елдің инфрақұрылымдық дамуының кең ауқымды жоспарын ұсынды [4].Президент: «Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс», - дейді.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы, екінші бесжылдыққа Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, (2015-2019 жылдар), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [5] және Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Бұл процесс жоғары білікті ғылыми және инженерлік-техникалық кадрларды даярлаумен және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің жаңа жетістіктерін және инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен байланысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі экономиканың энергетика, металлургия, машина жасау, мұнайхимия сынды 4 саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау мен қолданбалы ғылымды дамыту бойынша негізгі ЖОО-ларды анықтады. Осы орайда жұмыс Швеция, Германия, Ресей, Латвия, Чехия, Польша сынды шетелдік жетекші серіктес ЖОО-лармен бірлестікте әзірленген инновациялық бағыттағы жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілетін болады. Қазірдің өзінде Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында базалық ЖОО-ларды бірлестікте дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындар қатары анықталды.

Оқу сабақтары жаңа зертханалық құрал-жабдықтар, заманауи техникалар негізінде өткізіледі. Олар студенттердің энергетика, металлургия, мұнай химиясы және машина жасау салаларындағы жаңа инновациялық технологиялармен танысуына мүмкіндік береді.

Ғылымның серпінді дамуы және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ендіру және коммерцияландыру бойынша қолайлы жағдай жасау үшін мыналар іске асатын болады:

- инновацияларды өндіріске ендіру бойынша жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру туралы» Заң әзірлеу. Ғылыми гранттар мен бағдарламалардың құрылымдарын индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттіліктеріне қайта бағдарлау.

- екі инновациялық кластерді ғылымға сүйенетін экономиканың негізі ретінде әзірлеу. Назарбаев Университет «Астана Бизнес Кампусқа» бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ оларды одан әрі коммерциаландыру үшін ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылатын болады. Нақты өндірістік жобаларды іске асыру үшін Инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялық компанияларды тартатын болады.

Осылайша, ғалымдар мен өндірісшілердің тығыз ынтымақтастығы ғылым, білім мен өндірістің интеграциялану үдерісінің күшеюіне қызмет ететін болады. Адамзат капиталына, тәжірибелік білім мен дағды-машықтарға салынатын инвестициялар басты басымдықтар қатарында болады. Себебі қазіргі маманның білім деңгейі, кәсіпқойлығы, креативтілігі мен оқуға бейімділігі оның мейлінше бағалы қасиеттері болып табылады. Осы бағдарламаның негізінде еңбек нарығы мен жұмыс берушілер түлектердің дайындық деңгейімен толық қанағаттанатын болады. Ал ЖОО-лар өздеріне деген сенімді қайтару арқылы олардың арақатынастары шын мәніндегі серіктестік дәрежесіне жетеді.

Ғылымды басқарудың жаңа жүйесінің негізгі құрылымдары: Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК), ҚР БҒМ Ғылым комитетінің, ғылым дамуының басымдықтары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК), «Мемлекеттік ғылыми-техниклық сараптама ұлттық орталығы»

Page 5: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

5

АҚ-ның (МҒТС ҰО) жұмыс механизмі жолға қойылды.

2013 жылы ЖҒТК мәжілісінде (22.06.2013 ж.) ғылым дамуының басым бағыттарына түзетулер енгізіліп, ғылым дамуының 2014-2016 жылдарға арналған жаңа басымдықтары мақұлданды. Осы орайда келесі екі басымдыққа өзгерістер енгізілді:

– табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

– энергетика және машина жасау.Осылайша, Мемлекет басшысының

«Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгілеген тапсырмаларына сәйкес бірінші басымдық бүгінгі таңдағы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен геология ғылымдары бойынша өзекті зерттеулермен, экология саласындағы әзірлемелермен (қоршаған ортаны қорғау), су және өзге ресурстармен толықтырылды. Екінші басымдық ел экономикасының индустриалды-инновациялық даму басымдықтарына сәйкес машина жасау саласындағы энергияны өзгерту (энергетикалық машиналар), зымыран-ғарыштық техника, ауыл шаруашылығы машиналары, көлік және т.б. бойынша зерттеулермен толықтырылды.

Осыған байланысты 2014 жыл бойынша Ғылым туралы ұлттық баяндамада ғылыми зерттеулердің жүзеге асырылуы ЖҒТК мәжілісінде мақұлданған 2014-2016 жылдарға арналған ғылым дамуының бес басымдығына сәйкес зерделенеді:

• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

• Энергетика және машина жасау;

• Өмір туралы ғылым;

• Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

• Елдің зияткерлік әлеуеті.

Басым бағыттарды іріктеудегі негізгі критерийлер:

– елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының, ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, 2010-2014жылдарға ҚР индустриалды-инновациялық жедел дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестік;

– ғылым дамуының әлемдік үрдістеріне сәйкестік;

– кадрлық және материалдық-техникалық әлеуеттің болуы;

– ғылыми зерттеу нәтижелерін әры қарай инновациялық дамуда пайдалану үшін коммерциаландыру мүмкіндігі.

2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыру конкурсына ғылым дамуының 5 басымдығы бойынша ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардан және жеке тұлғалардан 5749 жоба ұсынылды (2013 жылы 2744 өтінім ұсынылған болатын). 5749 жобаның 865-і мақұлданбады, 2702 (47%) өтінім ЖОО-дан түсті. Гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындыларын талдау нәтижелерінен ЖОО-дағы ғылымның қарқынды даму үрдісі көрініп тұр.

Қазақстанда ғылым дамуына Астана қаласында орналасқан Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) Орталық кеңсесі айтарлықтай игі әсер етеді деп күтілуде.

Осы Ғылым туралы ұлттық баяндама (бұдан былай – Баяндама) «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінде (бұдан былай – ҚР ҰҒА) ҚР «Ғылым туралы» Заңының 8-бабына сәйкес дайындалды.

Баяндаманы дайындау қағидалары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығымен бекітілген.

2014 жыл бойынша Баяндамада 2015 ж. 21 мамырдағы №27 еңгізілген өзгертулерге сәйкес бекітілген құрылым бойынша келесілер ұсынылған:

1) кіріспе (Ұлттық баяндаманың мақсаты); 2) қазақстандық ғылымның соңғы 3

жылдағы ғылыми-метрикалық талдауы ұсынылған жалпы сипаттамасы, қазақстандық ғылымның жетістіктерін (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің неғұрлым маңызды нәтижелері, енгізілген әзірлемелер) талдау, ғалымдардың зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге алыну индексі, журналдардың импакт-факторы, патенттік белсенділік);

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған, ғылымның бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым зерттеулерді негіздеу және олардың іске асырылуын талдау;

4) ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу

Page 6: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

6

орындарының, ғылыммен айналысатын дербес білім беру ұйымдарының ғылыми әлеуетінің, сапалық құрамының жай-күйін, отандық ғылыми кадрларды даярлау сапасын, шетелдік ғалымдарды тартуды, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуын талдау;

5) мемлекеттік бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қаржыландырылуын, ғылымға жекеше сектордан қаржы қаражатының тартылуын талдау;

6) ғылым дамуындағы әлемдік үрдістерді, шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен ғылыми техникалық келісімдерді іске асыру нәтижесінде алынған қазақстандық ғылымның жаңалықтары мен жетістіктерін талдау;

7) технологиялар мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері арқылы ұлттық инновациялық жүйенің дамуын, ғылымның, өнеркәсіп пен бизнес-қауымдастықтың ықпалдасуын талдау, ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсерін бағалау;

8) салалық уәкілетті органдардың ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті басқару жөніндегі қызметін талдау;

9) ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар;

10) әдебиет;

11) глоссарий.Ғылым бағыттары бойынша іргелі және

қолданбалы зерттеулерді іске асыру мәселелері жөніндегі №3 бөлімде авторлар елдің ғылыми мектептерінің өкілдері-танымал ғалымдар болып табылады. .

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті келесі негізгі көрсеткіштер бойынша қарастырылған: ғылымды қаржыландырудың көлемі мен көздері; ғылыми, ғылыми-техникалық кәсіпорындар мен мекемелердің саны, олардың материалдық-техникалық базалары; ғылыми кадрлар саны мен біліктілігі; орындалған ҒЗТКЖ көлемі.

Осы Баяндамада ғылым дамуының басымдықтары жоғарыда көрсетілген талдауға сәйкес және Қазақстандағы ғылыми мектептер мен ғылыми әлеуетті, сондай-ақ еліміздің индустриалды-инновациялық дамуындағы басымдықтарды ескере отырып, зерделенді.

Page 7: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

7

2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА (соңғы 3 жылдағы ғылыми-метрикалық талдау негізіндегі ұсынылған қазақстан ғылымының жетістіктерін талдау (ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің неғұрлым маңызды нәтижелері, енгізілген зерттемелер), ғалымдардың зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге алыну индексі, журналдардың импакт-факторы, патенттік белсенділік)

2014 жылы Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізген 392 ғылыми мекеме тіркелген [6]. Олардың 245-і ҒЗИ болса, 89-ы ЖОО болды. Қалған 58-і әртүрлі мекемелер. Өткен жылмен салыстырғанда ҒЗИ саны - 14, ЖОО-лар – 5, басқалары 32б ірлікке көбейді.

2014 жылы ғылыми-зерттеулермен, зерттемелермен айналысатындардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 9%-ға артып, 25 793 адамды құрады, оның 18930-ы зерттеуші-мамандар (ғылыми-зерттеулер және зерттемелермен айналысушылардың жалпы санының 73,4%-ы); техникалық қызметкерлер - 3882 (15,1%); өзге де жұмыскерлер – 2981 (11,5%).

2014 жылы ғылыми-зерттеулермен және зерттемелермен айналысатын 18930 зерттеуші-мамандардың 8186-сы ғылыми дәрежеге ие болса, оның ішінде ғылым докторы – 2006 адам, Ph.D докторы – 330 адам, бейіні бойынша доктор – 596 адам, ғылым кандидаттары – 5254 адам. Бұл көрсеткіштер 2013 жылы сәйкесінше 7426, 1688, 218, 605, 4915 адамды құрады. Ғылымға жастар көптеп келе бастады. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38 % (1,4 есе), 45 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі – 56% артты.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы мемлекеттік сектордағы қызметкерлер саны артып 37,9%-ды, яғни 7608 адамды құрады; кәсіпкерлік саласында – 14,9% (5786); коммерциялық емес салада 8,0% (1438) болды.

2.1 ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ Елдің инновациялық дамуына ғылымның үлесін мемлекеттік деңгейде арттыруға бағытталған белсенді

шаралар қабылдануда. Математика, Плазма және жоғары энергия физикасы, биотехнология, геология, металлургия. Химия технологиялары саласында халықаралық деңгейде жеткілікті жоғары нәтижелерге қол жетті.

Қазақстан ғылымының ынтымақтастық аясын тиімді кеңейтудің бір жолы – әлемдік деңгейде дамытып, қолға алынған ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру үшін алыс, жақын және алыс шетелдердегі жетекші ғылыми басылымдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы жетекші ғылыми ақпарат көздеріне Ұлттық жазылымды ұйымдастырып, отандық ғалымдардың Thomson Reuters компаниясының Web of Science ресурсына (2011-2015 жылдар

Сурет 2.1 – Тип бойынша ғылыми-зерттеу және зерттемелер жүргізген мекемелер

Ғылыми зерттеу институттар Жоғары оқу орындары Басқалар

Page 8: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

8

аралығы), Elsevier компаниясының ScienceDirect және Scopus базасына (2012-2014 жж аралығы) және Springer компаниясының SpringerLink (2015 жылдан бастап) ғылыми мәліметтер қорына қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр.

Қазіргі таңда еліміздегі 300-ден астам оқу орындары мен ҒЗИ жоғарыда атап өткен ғылыми мәліметтер қорын мемлекеттің еркін пайдалануда. Бүгінде халықаралық мәліметтер қорын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Назарбаев университет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ф.М. Мұхамедғалиев атындағы эксприменттік биология институты және Математика және математикалық модельдеу институты белсенді түрде пайдаланып жүр.

Ұлттық жазылым іске қосылған кезден бері отандық ғалымдардың Web of Science Core Collection базасында мақалалары 2,9 есеге артса, Scopus ғылыми мәліметтер қорында 3 еседен көп артқан.2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection және Scopus мәліметтер базасында қазақстандық авторлардың ғылыми жарияланымдары 3219 және 5199 болды (2.2-сурет).

2011-2014 жылдарда қайталанған жарияланымдарды алып тастағанда Web of Science Core Collection және Scopus базаларында 6382 құжат жарияланған. Бұдан көретініміз, ғалымдарымыздың жариялаған әрбір үшінші жарияланымы бір мезетте екі бірдей сілтемелік индексте болады (2.3-сурет).

Сурет 2.2 – 2011-2014 жылдардағы Web of Science Core Collection және Scopus базаларындағы қазақстандық жарияланымдардың саны (22.05.2015 ж. жағдай бойынша).

Сурет 2.3 – 2011-2014 жылдары Web of Science Core Collection және Scopus мәліметтер базасындағы қазақстандық жарияланымдардың нақты саны.

Page 9: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

9

Scopus мәліметтер базасында 2011-2014 жылдарда әлемнің 229 елі бойынша барлық ғылым саласынан 10638546 жарияланым (20.07.2015 жылғы жағдай бойынша) ұсынылған. Барлық құжаттың төрттен үш бөлігі 10 елге қатысты, оның әрқайсысы 32 мыңнан астам мақала жариялаған (2.1-кесте).

Web of Science Core Collection базасы бойынша да осындай көрініс байқалады. Зерттелген жылдар аралығында базаға жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылым салалары бойынша әлемнің 239 елінен (15.05.2015 ж. жағдай бойынша) 8625197 жарияланым қосылған. 76%-дан астам жарияланым 10 елге тиесілі, олардың әрқайсысы 278000-ден астам мақала жариялаған. Екі база бойынша көшбасшылық позицияны дамыған 6 ел, атап айтқанда, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Жапония және Францияға тиесілі. Әлемдік ғылыми мақалалардың ширек бөлігін америкалық ғалымдар аталған базалардың басылымдарына ұсынып отырады (2.1-кесте).

Кесте 2.1 – 2011-2014 жылдары сілтемеге ие шетелдік мәліметтер базасындағы жарияланымдардың саны бойынша мемлекеттердің рейтингісі

Сурет 2.4 – 2005-2014 жылдардағы Scopus (а) және Web of Science Core Collection (б) халықаралық сілтемелер базасында Орталық Азия Республикасы мемлекеттерінен келіп түскен мақалалардың динамикасы

Page 10: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

10

Scopus және Web of Science Core Collection базасында жарияланымдардың әлемдік рейтингісі бойынша Қазақстан сәйкесінше 77 және 85-ші позицияны иеленеді, осылайша еліміз Орта-Азия Республикаларының көпшілігін басып озады. Қалған Орталық Азия Республикалары – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның үлес салмағы 0,03%-ға жуығын құрайды.

ОАР елдерінің соңғы 10 жылдағы мақала жариялау белсенділігінің салыстырмалы жинағынан Қазақстан ғалымдарының соңғы жылдардағы мақала жариялау белсенділігінің біршама өскендігін көруге болады (2.4-сурет). 2011 жылдың соңынан бастап Ұлттық жазылымның нәтижесінде отандық ғалымдар мен зерттеушілердің мақала жариялау белсенділігі артып келеді. Аталмыш кезеңде қазақстандық еңбектердің шетелдік ақпараттық ресурстарға келіп түсуі жыл сайынғы жарияланым санының артып отырғандығын көрсетеді, сонымен қатар 2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 3 есе (Web of Science Core Collection) және 3,7 есеге (Scopus) артып отырған. Сәйкесінше, осы жылдары әлемдік ғылыми ақпарат ағынында қазақтандық жарияланымдар үлесі 2,9 және 3,6 есе артты (2.2-кесте).

Біршама қазақстандық жарияланымдардың бір уақытта екі бірдей мәліметтер базасында сілтемеленетінін ескеріліп, Web of Science Core Collection базасы бойынша әрі қарай зерттеу жүргізілді, бұл талдау қондырғысы әлдеқайда толық ғылыми-метрикалық зерттеу жасауға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, зерттелген жылдарда Web of Science Core Collection базасында 3225 қазақстандық жарияланым ұсынылған (25.05.2015 ж. жағдай бойынша), бұл мәліметтер базасындағы жалпы санның ширек бөлігінен астамын құрайды (2.5-сурет).

Әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті арттырудың пайдалы екендігін айғақтайтын жағымды фактор – еліміздің зерттеушілерінің әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кірігуінің күшеюі. Тұтастай алғанда қазақстандық ғалымдардың шетелдік авторлармен бірлесе дайындаған жұмыстарының үлес салмағы 2011 жылдан 2014 жылдар аралығында екі есеге дейін артып, 42,6%-ды құраған. Осылайша 107 мемлекеттің шетелдік ғалымдарының қатысуымен жасалған жарияланымдардың абсолютті көрсеткіші 1366-ға жетті (2.6-сурет).

Қазақстан ғалымдарының негізгі әріптестері Ресей мен АҚШ ғалымдары, қазақстандық ғалымдардың бірлескен авторлық мақалалары 2011-2014 жылдар аралығында жарияланған мақалалардың 55%-дан астамын құраған. Web of Science ғылыми мәліметтер қорына жарияланған. Осы ретте өнімді ғылыми байланыс Германия, Англия, Жапония және Италиямен орнағанын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа соңғы уақыттары Қазақстан Азия елдерімен де ғылым саласындағы байланысы жандана түскенін байқауға болады.

Кесте 2.2 – 2011-2014 жылдардағы халықаралық сілтеме базасындағы әлемдік ағын бойынша қазақстандық жарияланымдардың үлесі (25.05.2015 ж. бойынша).

Page 11: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

11

Сурет 2.5 – Web of Science Core Collection базасындағы қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің мақала жариялау белсенділігі

Шетелдік басылымдарда жарық көрген қазақстандық ғалымдардың мақалаларының 95%-ы ағылшын тілінде, 4,7%-ы орыс тілінде, ал қалған 0,6%-ы түрік, қытай, француз және испан тілдерінде жарық көрген. Халықаралық деңгейде біріккен жарияланымдардың артуы әлемдік ғылыми қоғамдастық алдында Қазақстан ғалымдарының географиялық аумақ пен тілдік мәселелер шектеу қоя алмайтынын байқауға болады.

Сурет 2.6 - Web of Science Core Collection бойынша 2011-2014 жылдардағы Қазақстанның шетелдік жетекші ғылыми әріптестері

жылдар

Page 12: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

12

Қазақстан ғылымның әлсіз және қарқынды дамыған тұстарын айқындау үшін Web of Science Core Col-lection базасының ғылым саласына арналған индекстік 251 тәртіптік категориясымен айқындауға болады. Ғылымның даму бағытын айқындайтын арнайы индексте қандай да бір сала бойынша жарияланған мақалалардың үлес салмағын әлемдегі ғылыми үрдіспен салыстырып, анықтауға болады. Егер осы есептеу жүйесін пайдаланып, ғылымның қандай да бір түрі кейбір елде жоғары деңгейде дамыған болса, сол елдің ғылымы сол салаға маманданғанын аңғаруға болады [7,8].

Web of Science бойынша қазақстандық жарияланымдар 203 пәндік категориясында қалыптасқан. Соның ішінде 72 сала бойынша ғылыми мақала жариялаған қазақстандық ғалымдардың жарияланымдары орта көрсеткіштен жоғарылағанын аңғаруға болады. Осы бір жайттан-ақ Қазақстанда ғылымның қай саласы қарқынды дамып жатқанын байқаймыз. Жоғарыда атап өткен уақыт аралығында елімізде математикалық логика, физиканың элементарлы бөлшектері, ядролық физика және технология, тау-кен ісі мен пайдалы қазбалар және мұнайкәсіпшілігі ісі бойынша әлемдегі орта деңгейлі бестік көрсеткіштен асып, бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын аңғаруға болады (2.3-кесте).

Сурет 2.7 - 2011-2014 жылдар аралығында Әлемдік корпус (а) және Қазақстанның (б) ғылыми басылымдарының құрылымындағы ғылым салаларының үлесі,

Web of Science Core Collection

Web of Science Core Collection жарияланымдары 5 салаға бөлінеді: физика ғылымдары, өмір туралы ғылымдар және биомедицина, техникалық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, және өнер мен гуманитарлық ғылымдар.

2011-2014 жылдар аралығында дүниежүзі бойынша мақалалар ағынының құрылымында, 43% еңбек өмір туралы ғылымдар және биомедицина саласы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының еншісіне тиіп отыр. Ал физика (21,2%) мен техника және қолданбалы ғылымдар (23,3%) тең келе жатқанын байқауға болады. Әдеттегідей әлеуметтік ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша жарияланған мақалалардың үлесі бар болғаны 12,25%-ды құраған (2.7а-сурет).

Қазақстандық ғалымдардың жарияланған еңбектерінің әрбір үшіншісі физика ғылымдарының еншісіне тиген. Ал техникалық ғылымдар бойынша жариялаған қазақстандық ғалымдардың еңбектері әлемдік көрсеткішке жақын. Әлеуметтік ғылымдар бойынша мақала жариялауда Қазақстан ғалымдары жоғарғы көрсеткішке ие болса, өнер мен гуманитарлық сала бойынша өте төмен деңгейде (2.7б-сурет).

Page 13: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

13

Кесте 2.3 - 2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection базасында орташа әлемдік көрсеткіштен асқан ғылыми мамандану индексімен анықталған Қазақстанның пәндік категориялары

Жоғарыдағы кестеге көз салған адам пәндік категория бойынша маманданудың >2 ғылыми индексі физика-техникалық бағыт жетекші орынға шыққанын байқауға болады. Сол сияқты өмір туралы ғылымдар және биомедицина бағытына жататын биология, биотехнология және қолданбалы микробиология, аллергия және денсаулық сақтау саясаты да тиісті деңгейде дамыған. Бұған дейін сөз еткеніміздей әлеуметтік ғылымдар саласында қарқынды даму орын алып, экономика мен елтану бағыттарында қарқынды өрлеу тіркелген. Ғаламдық ғылыми өлшеммен алып қарағанда Қазақстанда өнер мен гуманитарлық ғылымдар өзінің әлсіздігін байқатты. Бірақ осы ретте елімізде фольклор мен лингвистика саласы бойынша мамандану жоғары деңгейде.

Page 14: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

14

Біршама қазақстандық авторлардың мақалаларын жариялаған аталмыш журналдардың импакт-факторлық көрсеткіштері 8,035-0,244 аралығына тең, сонымен бірге алыс шетелдердегі өмір туралы ғылымдар мен физика саласы басылымдарының импакт-факторлық көрсеткіші жоғары. Ал қалған Ресей мен ТМД елдерінде шығатын ғылыми журналдарға негізінен химия мен математика тақырыбына арналған журналдардың импакт-факторлық көрсеткіші <1-ден төмен.

Осы ретте биотехнология және медицина саласы бойынша қазақстандық еңбектердің басым бөлігі импакт-факторлық көрсеткіші жоғары Journal of Biotechnology, Faseb Journal және Value in Health ғылыми журналдарында жарияланғанын атап айтуға болады. Сонымен қатар бұл еңбектер симпозиумдардың рефераттары (Meeting Abstract) ретінде ұсынылғанын ескеруіміз қажет.

Ал әлеуметтік және гуманитарлық саладағы қазақстандық авторлардың зерттеулері басым бөлігін конференцияларға ұсылынған материалдар мен жинақ-кітапшалар құраған. Олар импакт-факторлық көрсеткішке ие болмаған (2.5-кесте).

Кесте 2.4 – 2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection базасына енетін ғылыми журналдардағы ең көп қазақстандық жарияланымдардың саны

Бүгінгі таңда халықаралық ғылыми журналдарға жарияланған ғылыми мақалалардың нольден жоғары импакт-факторлық көрсеткішке ие болуына айрықша мән беріліп отыр. Отандық авторлардың еңбектері талданған базаға енетін 1255 басылымда, сонымен қатар 931 журналда мақалалары жарық көрген (2.4-кесте).

Page 15: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

15

2011-2014 жылдар аралығында еліміз бойынша ғылыми еңбектер жариялауда еліміз бойынша 250 ғылыми мекеме белсенді жұмыс жүргізгенін атап айтуға болады. Олардың арасында ЖОО-дың айрықша белсенділік танытқанын байқаймыз. Олар – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Назарбаев университет. Аталған оқу орындардың ғылыми қызметкерлері жариялаған жалпы қазақстандық жарияланымдардың 40%-ын құраған (2.8а-сурет).

Сурет 2.8 – 2011-2014 жылдар аралығындағы Web of Science Core Collection базасында (22.05.2015 ж. жағдай бойынша) ең көп мақала жариялаған Қазақстандық ЖОО-лар (а), ҒЗИ және басқа мекемелер (б)

Кесте 2.5 – 2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection базасындағы қазақстандық мақалалар ең көп жарияланған басылымдар

Page 16: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

16

Ғылыми-зерттеу мекемелері арасында ғылыми мақалалар жариялауда Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты және Ұлттық биотехнология орталығы мен Физика-техникалық институты ең көп белсенділік танытқанын атап айтуға болады (2.8б-сурет).

Web of Science Core Collection базасында Қазақстандық он мыңнан астам ғалымдардың авторлардың мақалалары жарық көрген. Еліміз бойынша жоғарғы рейтингке әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химиктері, Органикалық синтез және көмірхимиясы институты, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті РПЦ ғалымдары бар.

Сурет 2.8 – 2011-2014 жылдар аралығындағы Web of Science Core Collection базасында (22.05.2015 ж. жағдай бойынша) ең көп мақала жариялаған Қазақстандық ЖОО-лар (а), ҒЗИ және басқа мекемелер (б)

Осылайша ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жарияланымдар жасаған қазақстандық авторлар 2011-2014 жылдар аралығында жоғары сілтемелік көрсеткішке ие Web of Science Core Collection базасында (Thom-son Reuters) еліміздегі ғылымның даму деңгейі тұрақты тұрде алға басып келе жатқанын іс жүзінде дәлелдеп берді. Қазақстан 239 мемлекеттің арасында ғылыми мақалалар жариялауда 85 орынға табан тіреп, Орталық Азия Республикалары арасында көш бастап келеді. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми мақалалар жариялау ағыны жыл өткен сайын артуда. Айталық, 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,019%-ды құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш – 0,055%-ға ұлғайғанын байқаймыз.

Еліміздің ғылыми ынтымақтастық саласындағы қадам жыл өткен сайын жанданып келе жатқаны байқалады. Жалпы ғылыми ақпараттар ағынында қазақстандық авторлардың мақалаларының үлес салмағы екі есе артып, өткен жылдың өзінде 42,6%-ды құрады. Сол сияқты қазақстандық ғалымдардың шетелдік әріптестерімен бірлесіп мақала жариялау үрдісі де артқанын айтуға тиіспіз. Ғалымдарымыз әлемнің 107 елінің ғалымдарымен тізе қосып, түрлі тақырыпта ғылыми мақалалар дайындаған. Ресей мен АҚШ ғалымдарымен тығыз әіріптестік анағұрлым белсенді дамуда. Web of Science Core Collection базасында рефератталатын қазақстандық ғылыми еңбектерге сараптама жасағанда мақалалардың басым бөлігі физика және техника ғылымдары бойынша жазылғанын және медицина мен биология ғылымы бойынша жарияланатын ғылыми еңбектер саны көп. Әлеуметтік ғылымдар бойынша ғылыми еңбектер жариялау күрт өскен. Ал өнер мен гуманитарлық ғылымдарға қатысты жарияланымдар өте аз. Зерттеген кезең аралығында отандық авторлар еңбектерін 1255 басылымға жариялаған, олардың төрттен үш бөлігі ғылыми журналдарда жарық көрген.

2.2 ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЛАЛАРДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НӘТИЖЕЛЕР МЕН ЕНГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕМЕЛЕР«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдесіндегі №830 қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 қарашасындағы №473 бұйрығына сәйкес, ғылым саласында 2014 жылғы сыйлықтар тағайындалды:

1) Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық: «Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институтының» 75 жылдығына орайластырылған Институт ғалымдарының Қазақстанның жер қойнауын зерттеудегі үлесі мен жетістіктері» тақырыбына арналған ғылыми жұмыстардың циклы үшін АҚ «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» ЖШС Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институтының келесі қызметкерлер құрамындағы авторлар ұжымына: Ғ. Қ. Ерғалиевқа, С.М. Оздоевқа,

Э.Ж. Сейітмұратоваға;2) Гуманитарлық ғылымдар саласындағы

үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» жұмысы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің авторлар тобына: Д.Қ., Б.Ж. Омаровқа, Ж. Шәріпке;

3) Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық «Шетел тілі мұғалімдерінің басқа тілдік кәсіби құзыретін қалыптастыру» тақырыбындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті Ү.И. Көпжасароваға.

4) Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық «Мұстафа» (кітап) жұмысы үшін Түркі академиясының президенті Д. Қ. Қыдырәліге;

5) Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлық «Марганец және темір марганецті кенін кешенді және тұрақты марганец ферроқоспалардың үлгісін алу арқылы тиімді өңдеу әдістерін әзірлеу» жұмысы үшін Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия

Page 17: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

17

институты зертханасының меңгерушісі Ә.С. Байсановқа;

6) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы сыйлық «Санжар Асфендияров: өмірі мен қызметі (1889-1938 жж.)» жұмысы үшін Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері А.Ә. Жүнісбаевқа берілді.

2014 жылы жүзеге асырылған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде маңызды жаңа ғылыми нәтижелер алынды.

Қазақстандағы сирек металл саласын дамытуды ғылыми-технологиялық негіздеу бойынша зерттеулер нәтижесінде өндіріске енгізуде үлкен әлеуеті бар келесі технологиялар жасалды:

- Қоңырат, Шор, Шатыркөл, Ақтоғай кен орындарын концентрат сапасын жоғалтпастан және реагент шығындарын 10%-ға кемітетін түрлендірілген модификацияланбаған реагент пен турбофлотациялық құрылғыны қолдану арқылы мыс-молибден (3-5%-ға) кендерімен байыту технологиясы;

- глинозем өндірісіндегі айналмалы сода, темірлі құм және қызыл шламның бірлескен концентратынан галий мен ванадий алу және одан іріктемелі ванадий концентраты мен галлаттық ерітіндіні бөлу арқылы өңдеудің технологиялық сызбасы. Жетілдірілген жаңа электрохимиялық әдісті қолдану арқылы галлаттық ерітіндіден галли металы алынды.

- БМЗ металлургиялық газдарын шаюдан ағатын судан ренийді алу арқылы аммоний перенатын алу технологиясы;

Никель мен лантан алюминаты түптөсемінен импульсті лазерлік тұндыру әдісімен электролитті YSZ пленкалар дайындалды, қатты оксидті отын элементтері батареяларын дайындауда тәжірибелік маңызы зор.

Өскемен титан-магний комбинатының аралық өнімдерінен ванадийді ажыратудың жартылай өндірістік сынақ технологиясы жасалып, өндіріске енгізілуге ұсынылды.

АЛТЫН ӨНДІРІСІН КҮШЕЙТУ САЛАСЫНДА ЖАСАЛДЫ:

- спирт өндірісі қалдықтарынан (сивуха майларынан) экологиялық қауіпсіз

көпірткіштерді алу технологиясы. Жаңа реагенттер Т-90 өндірісінде қолданып жатқандармен салыстырғанда жақсы көпіргіш қасиеттерімен, улағыштығының болмауымен, арзандығымен және іріктемелігімен ерекшеленеді. Жаңа көпірткішті қолдану барысында флотоконцентратта алтынды алу 3-4%-ға жоғарылайды, сонымен бірге реагент шығыны 20%-ға азаяды;

- жұқа дисперсиялық алтынды алуды, сонымен қатар кендегі балшықты компоненттерді жоюға арналған ультрадыбысты аэрогидродешламаторды күшейтуге мүмкіндік жасайтын, отандық жаңа гидроконцентраторын гравитациялық байыту үдерісінде қолдану арқылы біріктірілген байыту, гидро және пирометаллургиялық технология негізінде өңдеу әдісі;

- кенді ұсақтау, гравитациялау және флотациялауды болғызбайтын, тиісінше алтынды жоғалтып алу қаупін 20-25%-ға төмендететін қиын байытылатын кендерді өңдеу барысында алтын мен басқа да түсті металдарды алудың тиімділігі жоғары пиро және гидрометаллургиялық технологиясы. Үшкомпонетті шихтаны тікелей балқытудың тәжірибелік-зауыттық сынағы жүргізілді, алтынды штейнде 89-98%-ға дейін алу мүмкіндігі көрсетілді;

- уландырғышы төмен сульфидтік қалыпта күшәланы жоюдың вакуумдық технологиясы. Технология экологиялық қауіпсіз болып табылады және оны Саяқ-4 кен орнында аз күшәланы тұқылдарды алу арқылы (құрамындағы мышьяк 0,3 пайыздан 0,9%-ға дейін) флотоконцентраттарды өңдеу үшін тиімді қолданысқа енгізуге келеді;

- сульфидті және тотыққан алтынды концентраттарды, сонымен бірге техногенді шикізаттан алынғандарды кешенді өңдеудің технологиялық сызбасы. Сынақ нәтижесі бойынша жылына 50000 тонна концентрат өңдеуге арналған технологиялық регламент жасалды;

- қорғасын балқытпасында шпейзадан түсті және асыл металлдарды жоғары температурада экстракциялау әдісі.

Электр секторы саласын дамытуда жасалғандар:

Page 18: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

18

- тамақ көздері өндірісінің технологиясы және олардың тағайындалған белгеленген шығыс параметрлерімен тәжірибелік сериясы жасалды;

- энергияны үнемдейтін жарық көздерін вакуумтермикалық қолдану үдерісінің технологиялық картасы, құрылғының паспорты және виброваккумдық қондырғыны ұйымдастыру стандарты;

- CVD, MOCVD және PLD әдісімен темір төсенішті өтпе қабатын алу үшін эксперименттік сызық жасалды. Хьюстон Университетімен бірлесе отырып графен қабаттарын төсеніштен бөлудің қауіпсіз әдісі жасалды;

- әртүрлі жаңғыртылатын энергия көздеріне, сонымен қатар коммерциялық энергия көздеріне қолдануға негізделген біріктірілген энергиямен жабдықтау технологиясы; әртүрлі энергия көздерін бірлесе қолдану қағидаты негізіндегі энергетикалық құрылғылардың бірнеше нұсқалары жасалды;

- геотермальді суды каскадты қолданудағы энергетикалық потенциалының түбегейлі технологиялық сызбасы және техника-экономикалық негіздемесі.

Тәжірибелі өндіріс құрылды және Қазақстанның, сонымен қатар Жоңғар қақпасының қатаң континентальды климаты жағдайында сенімді әрі тиімді жұмыс істейтін, айналмалы жел қозғалтқышы аумағы автоматты түрде өзгеріп тұратын 30 кВт қуаты бар жел электр стансасы жасалды.

Технологиялар мен нақты жылутехникалық және оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жылу қорларын нормадан тыс жоғалтудың алдын алатын энергия сыйымды нысандарын пайдалану сипатын сенімді бағалауға арналған аспаптар жасалды; жаңғыртылатын энергия көздері (ЖЭК) негізіндегі гибридті энергетикалық жүйе, гибридті жаңғыртылатын энергия көздерін басқару жүйесінің сызбасы мен моделі.

Ғарыш қызметі саласы бойынша жасалғандар:

- ғарыштан түсірілген суреттерді, рельефтің сандық үлгісін, гидрометеорологиялық ақпараттарды

пайдалану арқылы сел қаупі, су тасқыны және өрттің болу ықтималдығын бағалаудың ГАЖ технологиясы. ТЖ ғарыштық мониторингіне төтенше жағдайлар бойынша 16 Ситуациялық орталығын жергілікті басқару жасалды және енгізілді.

- 10 спутник астындағы тестік полигон

негізінде зерттелген және сипатталған ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің ғарыштық және жердегі мониторингінің технологиясы: 3 дәнді-дақыл полигоны (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары), 6 жайылымдық полигон (Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары), бір калибрлі полигон – Қазақстан Республикасы дистанциялық зондпен тексеру ғарыштық жүйесінің бортты аппаратурасын калибрлеуге арналған (Жамбыл облысындағы Ащыкөл өзені). Әзірленген технология дәнді-дақыл өнімдеріне мониторинг жасау үшін спутник асты жерлерін таңдауға «UKAZ Group» ЖШС-ға енгізілді;

- мезосфера параметрлерін серіктік өлшеу деректерін автоматты түрде жүктеудің жылдам қызмет жасайтын жүйесі (барикалық биіктік, температруа), сондай-ақ мезосферадағы толқындық қозғалыстар құрылымын анықтауға арналған олардың статистикалық өңдеу әдістемесі. Электрлік өріс пен сейсмикалық құбылысқа қатысты атмосфералық қысым микровариациясы жазбаларындағы нормадан ауытқыған бөліктерді автоматты түрде анықтау әдістемесі жасалды. Әдістеме сейсмикалық құбылыс барысында атмосферадағы толық динамикалық көріністі алуға мүмкіндік жасайды, сапасы анықталады және техногендік жарылыстарды тексеру үшін қолданылады.

- ЗБҚ базасындағы МСҮ-де ғарыштық қоқыстар бойынша координаттық және координаттық емес ақпараттарды өңдеу және тіркеу үшін бағдарламалар кешені. Ғимарат жүйесінің өте күшті деформацияланған жағдайының параметрлеріне есептер жүргізіліп, жобаланған және бұрыннан бар құрылыс пен ғимараттар жерінің геомеханикалық үлгісі жасалған. Заманауи ГАЖ технологиясын қолдану арқылы Алматы және Астананың жер үсті қабатының

Page 19: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

19

қозғалуының картасы жасалды. Алматы және Астана қалалары территориясындағы әртүрлі геодинамикалық мәселелерді шешу үшін Жердің үстіңгі қабатындағы қозғалысты бақылау арқылы талдау, сараптау және картаға түсіру жұмыстары ұсынылды.

- РСА жүйелері параметрлері арақатынасының үйлесімі болжалған және Каспий маңы аймағындағы көмірсутектер кен орны аумағына қатысты жер бетінің түрлі типтеріне арналған вертикальды жылжудың нақты бағасын алу үшін радар мәліметтерін өңдеу әдістерінің методикалық ұсыныстары.

- бақылау және мониторинг орталығын бағдарламамен қамтамасыз ету және Iridium мобильді космостық байланыс базасындағы деректерді берудің сәйкестендірілген жүйесі және терминалға қосылатын, сонымен қатар мобильді нысандардың тұрған жерін бақылау үшін ұқсас және сандық құрылғы деректерін жинауға, беруге арналған серіктестік навигация терминалының тәжірибелі үлгісі; НТКА арнаулы борттық жабдығының эксперименттік үлгісінің және жинау жүйесімен борттық есептеу кешені мен мақсатты ақпарат жинағының техникалық жобасы; ірі көлемдегі жер беті нысандарының 3D модельдерін жасаудың бағдарламалық-техникалық кешеніне конструкторлық, эксплуатациялық, бағдарламалық және жөндеу жұмыстарын құжаттау; бағдарламалық-техникалық кешеннің техникалық қамтамасыз етуі арқылы алынған деректер бойынша 3D модельдерін жасауды бағдарламалық қамтамасыз ету, кешеннің тәжірибелі үлгісі және оны пайдалану жүргізілді.

- құрылғымен байланысты координат жүйесіндегі Күннің бұрыш орнын анықтауға көмектесетін микроспутниктің күн құрылғысының эксперименттік үлгісі; бағдарламалық-математикалық қамтамасыз ету, имитациялық үлгі және қозғалысты басқару жүйесінің эксперименттік үлгісімен орындаушы орган-сермерлер базасындағы микроспутник навигациялары; МЛ5 құю қорытпалары мен МА5 деформацияланған қорытпалар өндірісіне технологиялық нұсқаулар.

РОБОТОТЕХНИКА САЛАСЫНДА- жерден басқару жүйесі, корпустық

құрылымдар, борттық басқару жүйесі, жерден басқару жүйесі – ұшқышсыз ұшу аппараттары байланысының жүйесі әзірленіп жасалды. Әртүрлі құрылымдағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының үш түптұлғасы басқарылатын және автономды режімдегі алдын ала сынағынан өтті. Болашағы зор шешімдермен тағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының үш түптұлғасы дайындық үстінде.

- габариті аз көрсеткіштерімен, орнатылған қуатымен, корпустық бөлшектерді жобалау және дайындау технологиясымен ерекшеленетін бір бұрандалы сызба квадрокоптерлерінің үш варианты жасалып, дайындалды. Ұшу, конструкциялық және жүктемелік сынақтар жасалды, сыналатын және көрсетілім сынақтары жүргізілді.

CUDA ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕУДІҢ ӨНІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ саласында: кеңістіктік жүйе мен механизмдерді динамикалық 3D жобалаудың әдістемелері мен жүйесі; алгоритм және CUDA технологиясын пайдалану арқылы минералды жерасты сілтісіздендіру әдісімен алу барысындағы құю және шаймалау ұңғымалары жүйесінің көмегімен іріктеу ағынын есептеу және басқаруға арналған бағдарламалық код; CUDA параллельді есептеу технологиясы негізіндегі қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын полигоналды әдіспен имитациялық үлгілеуді бағдарламалық қамтамасыз етудің тәжірибелі үлгісі; синтездеу, кинематика және жазық механизмдер динамикасы мен CUDA-С және OpenACC стандартын қолдану арқылы роботтар мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар пакеті; CUDA параллельді есептеу технологиясы негізіндеIDW әдісімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын имитациялық үлгілеуді бағдарламалық қамтамасыз етудің тәжірибелі үлгісі.ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ҚР бірінші рет жеңіл көмірсутектер мен ауыр мұнай қалдықтарын каталитикалық өңдеу үдерісі негізінде жасалғандар:

- сапасы жоғары жол битумын, сондай-ақ түрлендірілген ұстастырғыш материалдар құрамын және автомобиль жолдарын жабу үшін қолданылатын өз шикізатынан асфальттық бетон қоспаларын алу;

Page 20: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

20

- сұранысқа ие тауар болып табылатын және құрылыста, әсіресе биік, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда кеңінен қолданылатын кабельді өнімге арналған отқа төзімді полимерлік электрден оқшаулайтын жабындыларды алудың отандық технологиясы. Өндірістік және азаматтық құрылыста қолдануда өрттен болатын залалды қысқартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін металл мен ағаш құрылымдарын өрттен қорғау жабындыларының өндірісі ұйымдастырылды. Бұл өнім эксплуатациялық сипатымен де, бағасымен де шетелдік өніммен еркін бәсекеге түсе алады.

БИОТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА тиімділігі зертханалық және тәжірибелік-өндірістік сынақтарда белгіленген дәрі-дәрмектер, диагностикалық тест-жүйелердің әдістері жасалды. Зерттеулердің нәтижелері Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы отандық биотехнологиялық өнімді, биологиялық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешуде, республикамыздағы санитарлық-гигиенаны жақсартуды қамтамасыз ету үшін қолданыла алады.

Мұнай өнімдерімен ластанған жер қыртысы мен суды тазалау бойынша жасалған «Лэбойл» мен «Экоклин.kz» биопрепараттарының технологиясы өндірістік сынақтан өткізілді, тәжірибелік-өндірістік регламенттер және нормативті-техникалық құжаттамалар дайындалды.

Кен орындарынан алтынды бактериялық-химиялық шаймалау технологиясы жасалды. Бестөбе және Орлов кен орындарында тәжірибелік-өндірістік сынақ жүргізілді, тәжірибелік-өндірістік регламент дайындалды.

Ауыл шаруашылығы үшін технологиялар жасалып, сынақтан өткізілді, мыналар бойынша нормативті-техникалық құжаттамалар пакеті дайындалды: құрамында каротин ашытқысы бар «Биокар» азықтық препаратын өндірудің, лизин амин қышқылы, треонин және метионинді қолдану негізіндегі «Aminor-St» мал азығы қоспасының, мал шаруашылығына арналған пробиотикалық әсері бар «ПробиоСпорин» емдеу-сақтандыру препаратының; фунгицидтік, фосфатты мобилизациялайтын және азотты белгілейтін микроорганизмдер негізіндегі кешенді «КомБио» минералды-

органикалық биотыңайтқыштарын алу бойынша; гидролаздың рекомбинанттық ферменттік препаратына; зиянкес шегіртке тұқымдастардың көзін жоюға арналған «Биобавин, мәдениетті сұйықтық» биологиялық препаратына; жеміс, көкөніс шаруашылығын қорғауға арналған «Биолим, паста» биоинсектициді.

Мал тұқымын асылдандыру деңгейіне және өнімділігіне баға беруге арналған генетикалық тестер, бруцеллды сәйкестендіру және анықтауға арналған ПЦР әдісі негізіндегі тест-жүйе, GP 51 антиген негізіндегі ірі қара малдың лейкозын анықтауға арналған тест-жүйені өндіру технологиясы.

Бидайдың келешегі зор формаларын және жаңа жоғары өнімді түрлерін жасауға арналған маркерлік селекция технологиясы, картоп вирустарына жылдам әсер ететін, сарғаюға тұрақтылығы зор, иммунохроматографиялық тест-жүйе жасалды.

Емдеу-профилактикалық азыққа қолдану үшін капсулалық емдеу-профилактикалық «Бифидумбактерин» препараты, қымыз алуға арналған ашытқы өндірісі, ұзақ уақыт сақталатын сүтқышқылды микроорганизмдер негізіндегі байытылған кешенді «Биолакт» атқарымдық тағам өнімін алу технологиялары жасалды,тәжірибелік-өндірістік регламент дайындалды, тіркелу куәліктері алынды.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫ БОЙЫНША ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының 115 түрі мен гибридтері жасалып, мемлекеттік сортты сынауға жіберілді.

Үш жылдық сынау нәтижесінде Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, қазақстандық ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының жаңа 50 түрі енгізілді.

Ауыл шаруашылық мәдени дақылдарын жасау бойынша барлығы 147 ғылыми ұсыныстар, әдістемелер, оқу құралдары, ауыл шаруашылығы саласына арналған машиналар мен жабдықтардың жаңа үлгісіне 14 техникалық құжаттар, оның ішінде: арам шөптерге қарсы құралдың тәжірибелі үлгісіне, егіс кешендерінің тиеушісіне, пышақты тырманың эксперименттік үлгісіне, жерді өңдеуге арналған фрезерлік құралға, дән үйіндісін алдын ала тазалауға арналған машинаға, көпжылдық шөптер

Page 21: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

21

қабатын өңдеуге арналған біріктірілген құралға және тағы басқаларына жасалды. Конструкциясында қолданған техникалық шешімдер өнертабысқа ҚР 27 патентімен қорғалды.

Ауыл және орман шаруашылығының басты зиянкестеріне қарсы жергілікті саңырауқұлақ штаммы мен бактерия штаммы негізіндегі биопрепараттардың 2 түрі жасалды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша 5 селекциялық жетістік жасалды, 39 инновациялық патенттер, өнертабысқа 5 патент алынды; ветеринария саласы бойынша 7 диагностикумдар, 7 вакцина, 4 емдеу және 2 дезинфекциялау препараттары жасалды, ҚР 2 патенті алынды.

Өңдеу саласы бойынша үлгі сызбасы және жиыннан кейінгі астықты өңдеу технологиялық жолын автоматтандыру бойынша бағдарламалық өнім жасалды. Енгізілгендерден алынғын жылдық экономикалық пайда 3 632 773 теңгені құрады, шығынның өтелу уақыты – 4 жыл.

«Сагинкумаров М.» ЖК ет өндіру мекемесінде жылқы етінен ұлттық ет өнімдерін өндіру технологиясы жасалып, енгізілді. Жартылай қатты жаңа әрі сапалы сыр түрлерінің технологиясы «КХ Е. Зайтенов» ЖШС енгізілді (Шығыс-Қазақстан облысы).

Наубайханалар мен сүт өнеркәсібіне арналған сүтқышқылды бактериялар мен ашытқыларды пайдалану бойынша «Агроөнеркәсіп кешені үшін микроорганизмдер топтамасы» ұсыныстар жинағы шығарылды.

Су шаруашылығы саласы бойынша жерасты, тамшылату және ұсақ дисперстік суғарудың жаңа техникалық құралдары жасалып, эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Пияз, сәбіз, асхана қызылшасын өсіруде, жеміс тәлімбағы мен жемшөптік дақылдарды тамшылатып, жерасты суғару барысындағы су үнемдеу технологиялары жасалып, енгізілді.

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША отандық бірегей препарат болып табылатын ПА, ИМ, ИФ және ФС-1 вирусқа және бактерияларға қарсы инновациялық дәрілер жасалды. Сынау барысында туберкулездің созылмалы мультирезистендік нысанына қатысты жоғары тиімділікті көрсеткен ФС-1 туберкулезге қарсы дәрісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрліктеріне тіркеуге берілді.Ғылыми зерттеу нәтижелері экономика

саласына сәйкес және тиімділігі жоғары техника мен технология әзірлемесін жасауда барысында ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Оларды өндіріске енгізу мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда бірнеше тәжірибелік тапсырмаларды оңтайлы шешуге мүмкіндік берді.

Page 22: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

22

Зерттелген кезеңдегі қазақстандық жарияланымдардың ішінде өмір туралы ғылымдар мен биомедицина салаларындағы, сонымен қатар техника және қолданбалы ғылым саласындағы отандық ғалымдардың еңбектері көптеп кездеседі. Аталған салалардағы орташа сілтеме саны сәйкесінше 1,20 мен 1,11 құрайды.Әлеуметтік ғылым саласы, өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша жарияланымдар төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.2011-2014 жылдар аралағында ұлттық лицензия өз күшіне енген кезінде кезеңде қазақстанның ғылыми жұмыстарының сілтемесінің көрсеткіші Web of Science мақұлдаған классификация бойынша 5 ғылым саласына бөлінеді.

ФИЗИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Аталған саладағы Қазақстандық жарияланымдар (1281 бірлік) 2011-2014 жылдар аралығында 16 ғылыми бағыт бойынша бөлінеді, бұл барлық сілтеменің жартысынан астамын (67,6%) құрайды. Физика ғылымдары саласындағы жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші - 2,61.Әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан біздің астрофизик-ғалымдардың гравитация теориясы, математикалық физика және ғарыш саласындағы зерттеулері қызығушылық тудырған. Сонымен қатар, физика, геология, геохимия және геофизика салалары бойынша жұмыстар талап етілген. Пайдалы қазбаларды байыту және қайта өңдеу, математика, термодинамика, минерология салалары мардымсыз сілтемелік деңгей көрсетеді (2.6-кесте). Астрономия және астрофизика салаларындағы отандық авторлардың ғылыми жұмыстары әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудырған. Бұл туралы физика ғылымы ішіндегі сәйкес көрсеткішті 3,4 есе, ал барлық ауқымдағы отандық жарияланымдарды 6 есе арттыратын орташа сілтемелік көрсеткіш дәлелдеп отыр. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Dark energy cosmology: the equivalent description via different theoretical models and cosmography tests» деп аталатын қара энергия және гравитацияның альтернативті үлгісін тестілеу мәселесіне арналған жарияланым осы категориядағы ең үлкен қызығушылық тудырған жарияланымдардың бірі. Зерттелген кезеңде аталмыш жарияланымға 280 рет сілтеме жасалған.

Кесте 2.6 – 2011-2014 жылдардағы Қазақстан білім саласындағы орташа сілтемелік көрсеткішінің айқындамасы, Web of Science Core Collection

2.3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Соңғы жылдары отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінің сілтемеге ие болуы қазақстан ғылымының әкімшілері мен ғалымдарының басты назарында болып отыр. Дәйексөзге ие болу – тәжірибе жүзінде ғылыми коммуникация мен жаңа білімнің пайда болу механизмінде жалғыз «көзге көрінетін» із. Ол зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. Жарияланымның орташа сілтемесі зерттеу нәтижесінің салыстырмалы қолжетімділік деңгейі мен ғылыми ықпалын көрсетеді.Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) мәліметтер базасында 2011-2014 жылдарда қазақтандық ғалымдар мен мамандардың 3215 ғылыми жарияланымдары туралы мәлімет бар, олар 3214 рет сілтемеге ие болған, ол дегеніміз орташа есеппен 1 жарияланымға 1,51 сілтемеден келеді деген сөз (2015 жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша).Әлем ғылымында Қазақстанның салмақты орынға ие болуына физика ғылымы саласындағы отандық жарияланымдар өз үлесін қосты, мұны жарияланымдар саны (1281) мен орташа сілтемелік көрсеткіші (2,56) дәлелдей түседі. Аталған саладағы еңбектерге орташа сілтемелік көрсеткіш 1,7 есе артып отырғандығын Web of Science Core Collection мәліметтер базасы қолжетімді болғалы бергі уақыттағы Қазақстан жарияланымдары туралы мәліметтер сәйкес көрсетіп отыр (2.6-кесте)

Page 23: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

23

Кесте 2.7 - 2011-2014 жылдардағы Қазақстанның физика ғылымдары саласындағы жарияланымдарының орташа сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Электрохимия және метеорология бойынша жарияланымдар қызығушылық тудырып, 5-тен астам жұмыс орташа сілтеме көрсеткен. 2012 жылы жарық көрген Назарбаев университет «One-step synthesis ofbranched sulfur/polypyrrole nano-composite cathode for lithium rechargeable batteries» жұмысы литий аккумуляторлық батареясы туралы жарияланым ғалымдар арасында аса қызығушылық тудырды. 1,5 жыл ішінде бұл жарияланымға 38 рет сілтеме жасалған.Метеорология саласындағы «Applications and usage ofthe real-time Neutron Monitor Database» деп аталатын мақала барша әлемге таралатын нейтронды мониторларға тіркелетін ғарыш сәулелерін қауіп туралы хабар беретін сигнал жасауда NMDB мәліметтер базасын қолданудың маңыздылығы туралы айтылады. Ионосфера институтының ғалымдарымен, яғни шетелдік ғалымдармен бірлесе жазылған мақала өзге ғалымдардың еңбектерінде 25 рет сілтемеге ие болған. Физика ғылымы саласындағы тек қана қазақстандық авторлармен дайындалған әрбір үшінші жұмыс сілтемеге ие. Бұл топтағы еңбектердің орташа сілтемесі 0,84-ке тең. Халықаралық авторлар ұжымымен бірлесе жазылған мақалалар орташа есеппен 4 реттен астам сілтемеге ие болады (2.8-кесте).

Кесте 2.8 - 2011-2014 жылдардағы физика ғылымдары саласындағы қазақстандық жарияланымдардың сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection.

Page 24: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

24

Плазмалы физика саласындағы қазакстандық ғалымдардың бөлшектер арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа тиімді үлгілерін әзірлеуге байланысты жұмыстарына жасалған сілтемелер олардың сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Мысалы, 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары жариялаған «Effective potentials for ion-ion and charge-atom interactions of dense semiclassical plasma» мақалаға 50 рет сілтеме көрсетілсе, дәл сол ғалымдардың 2011 жылы жарияланған «Pseudopotentials of the particles interactions in complex plasmas» мақаласына 23 рет сілтеме көрсеткен. Физика ғылымы саласында 2011-2014 жылдар аралығында отандық жарияланымдар 411 басылымда жарық көрген. Физика саласы бойынша тізімде көрсетілген 100-ден астам отандық мақалалар шетелдік журналдарда ең жоғары квартиль Q1-мен ұсынылады, сонымен қатар америкалық «Physical Review D», немістің «European Physical Journal C», ресейлік «Physics of Atomic Nuclei», голландиялық «Physics Let-ters B» және итальян тіліндегі «Journal of High Energy Physics» журналдары да бар. Квартиль журналдың ғылыми беделін көрсетіп, оның импакт-факторымен анықталады. Саралай келе сілтеме базасына енетін әрбір журнал төрт квартильдің біреуіне тап болады: Q1-ден (ең жоғарысы) Q4-ке (ең төменгісі) дейін.2011-2014 жылдары жарық көрген біршама еңбектер Ресейлік ең төмен Q4 квартилі категориясымен жарық көретін журналдарда жарық көргендігін атап өту керекпіз. Олардың қатарына «Russian Journal of General Chemistry», «Russian Physics Journal», «Russian Journal of Physical Chemistry A» және басқа да басылымдар кіреді.

ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИОМЕДИЦИНАӨмір туралы ғылымдар мен биомедицина салалары бойынша жарияланымдар 2011-2014 жылдар аралығында 903 құжатты құрап, сілтемелік көрсеткіші 1,20-ға тең болды. Бұл сала аграрлық, , сонымен қатар медицина бойынша 75 пәнді құрайды. Аталмыш саладағы нәтижелердің көрнекілігі мен объективтілігі жағынан жарияланым дармассиві екі тақырыптық бағыт бойынша зерттеледі.

АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫАграрлық және биологиялық ғылымдар бойынша отандық еңбектердің құрылымдық массиві 483 жарияланымда 20 пәндік тәртіп бойынша ұйымдасқан. Бір жарияланымға орташа сілтеме мөлшері 1,26. Сілтеме талдауы 2011-2014 жылдары 10 және одан да көп жарияланымға ие ғылыми бағыттар бойынша жүргізілді (2.9-кесте). Қаралған пәндік тәртіп бойынша алынған отандық жарияланымдардың орташа сілтеме мөлшері 3,12-0,58 аралығында өзгеріп отырады. Неғұрлым жоғары сілтемелік көрсеткіштерге азық-түлік ғылымы мен технология, зоология сынды бағыттар ие болып отыр. Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта, микробиология және жасушалы биология салалары бойынша жұмыстар орташа есеппен 1,44 сілтемеге ие. Ветеринария, биохимия және молекулярлы биология, ботаника, биотехнология және қолданбалы микробиология бойынша жазылған жұмыстардың орташа сілтемесі 1,00-ге жетпейді.

Кесте 2.9 - 2011-2014 жылдардағы аграрлық және биологиялық ғылымдар саласында жарық көрген Қазақстандық жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Page 25: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

25

Х.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жеуге жарамды саңырауқұлақтың үш түрі: антиоксидантты, антихолинэстеразды және микробқа қарсы белсенділігін зерттейтін «In vitro antioxidant, anticholinesterase and antimicrobial activity studies on three Agaricus species with fatty acid compositions and iron contents: A comparative study on the three most edible mushrooms» деп аталатын жұмысы азық-түлік өнеркәсібіндегі жарияланымдар тобы бойынша әлдеқайда жоғары сілтемеге ие болды. Зоология бойынша Назарбаев Университет ғалымдарының Danio rerio модельді ағзасы туралы «Towards a Comprehensive Catalog of Zebrafish Behavior 1.0 and Beyond» жарияланымы едәуір қызығушылығын тудырды. Тек қана отандық авторлардың дайындаған жарияланымдарының сілтемесімен қатар, халықаралық әріптестермен бірлесе жазылған мақалалар да қызығушылық тудырып отыр (2.10-кесте).

Кесте 2.10 - 2011-2014 жылдардағы аграрлық және биологиялық ғылымдар саласындағы қазақстандық жарияланымдардың сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Шетелдік әріптестермен бірлесе жазылған жарияланымдар әлемдік ғылыми қауымдастықтың сұранысына сай және сілтеме санына да ықпал етеді. Тек қазақстандық ғалымдардың 217 жұмысының 14-і ғана сілтемеге ие болған. Орташа сілтемесі 0,10-ға тең. Осы уақыттағы шетелдік ғалымдармен бірлесе жазылған жарияланымның жартысына жуығы сілтемеге ие. Бұл топтағы жұмыстардың орташа сілтемесі 2,14-ті құрайды.Зерттелген жылдардағы қазақстандық ғалымдардың аграрлық және биологиялық ғылымдар саласындағы жарияланымдары Web of Science Core Collection мәліметтер базасына енгізілген 221 халықаралық басылымда жарық көрген. Талдау нәтижесі 35%-дан астам қазақстандық еңбектер жоғары ғылыми беделді басылымдарда жарияланғанын көрсетті. Нидерландылық «Journal of Biotechnology», америкалық «Faseb Journal», ұлыбританиялық «Current Opinion in Biotechnology» және «Febs Journal» басылымдары барлық қамтылған категориялар бойынша Q2-ден төмен емес квартильге ие.

МЕДИЦИНА2011-2014 жылдары Web of Science Core Collection мәліметтер базасында жарық көрген медицина саласы бойынша қазақстандық жарияланымдар 572 бірлік және олар орташа есеппен 1,13 рет сілтемеге ие болған. Барлық жарияланымдар 46 бағы бойынша бөлінген. Бірақ тек 20 пән ғана 10 және лодан да көп жарияланымға ие. Зерттеу саласының көпшілік бөлігі бірлі-жарымғана жұмысты көрсетеді. Бір жарияланымға орташа сілтеме мөлшері 1,13-ті құрайды.Онкология, инфекциялық аурулар, медициналық генетика және тұқымқуалаушылық салалары бойынша жарияланымдардың өзектілігін ерекше атап өтуге болады, олардың орташа сілтемесі 2,0-ден жоғары. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды ұйымдастыру категориялары бойынша отандық авторлардың ғылыми жұмыстары бір жарияланымға Қазақстан бойынша жалпы жарияланымдардың көрсеткіші деңгейіне тең келіп отыр. Web of Science Core Collection мәліметтер базасында зерттелген кезең аралығында сонымен қатар аллергия, кардиология, эндокринология сынды бағыттарда жарияланған, бірақ бірде-бір сілтемеге ие болмаған қазақстандық ғалымдардың жұмыстары да бар. «Challenges to effective cancer control in China, India, and Russia» деп аталатын онкология саласына қатысты Үндістан, Ресей, Қытай елдерінде обырға қарсы тиімді күрес мәселелеріне арналған жарияланым көп сілтемеге ие болған. Мақала Алматы онкология орталығы мен шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып жазылған. Web of Science Core Collection мәліметтер базасында индекстелетін ғылыми басылымдарда жұқпалы аурулар туралы жарияланымдар жиі жарық көреді, мысалы «Spread ofextensively resistant VIM-2-positive ST235 Pseudo-monas aeruginosa in Belarus, Kazakhstan, and Russia: a longitudinal epidemiological and clinical study» деген атпен жарық көрген Беларусия, Ресей және Қазақстан елдеріндегі көк ірің таяқшасының дәрілік тұрақтылығына арналған мақала Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдарымен бірлесе жазылған. Генетика, тұқымқуалаушылық салалары бойынша ең көп сілтемеге ие болған Жалпы генетика және цитология институты ғалымдары дайындаған «Mitochondrial DNA and Y Chromosome Variation Provides Evidence for a

Page 26: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

26

Кесте 2.11- 2011-2014 жылдардағы медицина саласындағы қазақстандық жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Медицина саласы бойынша отандық авторлардың мақалалары 256 аталым басылымда жарық көрген. Келтірілген мәліметтерден көргеніміздей, 2011-2014 жылдардағы медицина саласы бойынша қазақстандық мақалалардың ең маңызды бөлігі Q1 және Q2 квартильді журналдарда басылған, атап айтқанда америкалық басылымдар «Faseb Journal» және «Value in Health» және ағылшындық басылым - «Allergy».

Recent Common Ancestry between Native Americans and Indigenous Altaians» жұмыста этникалық топтар халқының Ү хромосомасы мен митохондриалы ДНҚ-сы талданады. Жасалған зерттеудің нәтижесі Сібір мен Америкадағы қоныстандыру үдерісін түсінуге аса қажет.Жалпы медицина саласы бойынша қазақстандық авторлармен дайындалған 274 мақаланың тек 32-сі ғана 1-ден 9-ға дейін сілтеме көрсеткен. Бұл топтағы орташа сілтемелік көрсеткіш 0,36-ға тең. Осы уақытта халықаралық бірлескен жарияланымдардың 40%-дан астамы 1-ден 34-ке дейін сілтеме жасалған, орташа есеппен 1 жарияланымға 1,84 реттен келеді (2.11-кесте).

ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР 2011-2014 жылдардағы техника және қолданбалы ғылым салаларындағы отандық зерттеулер 21

ғылыми бағыт бойынша 761 жарияланым жарық көрді. Қазақстан бойынша орташа есептегенде аталған салада орташа сілтемелік көрсеткіш төмен, 1,12-ні құрайды.

Жарияланымның орташа сілтемелік көрсеткіші зерттеу нәтижесінің ғылыми ықпалының салыстырмалы деңгейін көрсетеді. Техника және қолданбалы ғылым салалары бойынша аталмыш индикатор 0,00-мен 9,00-дің арасында ауытқып тұрады.

Инженерия, материалтану бағыттарындағы отандық жұмыстардың көп бөлігі орташа сілтемелік көрсеткішке микроскопия, инновациялық менеджмент және басқару ғылымы бірлі-жарым жарияланымдар сәйкесінше 9,00 және 4,50-ге тең.

Микроскопия бойынша дайындалған «Study ofdeformation behavior, structure and mechanical properties of the Al-Si-Mn-Fe alloy during ECAP-PBP» деп аталатын мақалада микроқұрылымды кристалдың қайта түзетілген геометриясынан теңканалды бұрыштық сығымдауды және механикалық қасиетін Al-Si-Mn-Fe түрінде қорытпа жасау туралы айтылады. Жұмыс Қарағанды мемлекеттік университеті мен чехиялық әріптестерімен жасалған.

«The long tail or the short tail: The category-specific impact of eWOM on sales distribution» жұмысы 9 рет сілтемеге ие болып, болашақ сатылымды негіздейтін өнім классификациясының тың әдісіне негізделеді. Мақала Қазақстан менеджмент, экономика және болжам институтының ғалымдары мен Корея еліндегі әріптестерімен бірлесе дайындалған.

Орташа есеппен екі реттен көп сілтемеге ие болған жарияланымдар ішінде пәнаралық ғылымдар, ақпараттық ғылым және кітапханатану салаларында бар.

Назарбаев Университет ғалымдарының «Driving Forces of Conformational Changes in Single-Layer Graphene Oxide» ғылыми мақаласы химиялық модификацияланған графен-полимерлі композиттердің электр токөткізгіштігі туралы айтылады және бұл еңбек өзге ғалымдардың жұмысында көрсетіледі.

Халықаралық авторлас жарияланымдар үлесі жалпы ағымда әлемдік ғылыми қауымдастықтағы елдердің зерттеу интеграциясы деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші ретінде қаралады. Техника және қолданбалы

Page 27: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

27

ғылым салалары бойынша тек қазақстандық авторлар атынан жарық көрген 425 жарияланымның тек 63-і ғана 1-ден 9-ға дейін сілтемеге ие болған. Олардың орташа сілтемесі 0,28 болса, дәл осы кезеңде халықаралық әріптестермен со-авторлық түрде дайындалған 336 жарияланымның сілтемесі 2,20-ға тең болып отыр. Халықаралық авторлас мақалалардың жартысы 1-ден 39-ға дейін сілтемеге ие болған.

2011-2014 жылдардағы техника және қолданбалы ғылым салалары бойынша жарияланымдар 411 басылымда жарық көрген. Жалпы санының 70%-ға жуығы 227 шетелдік журналдарда, 30%-ы конференция материалдарында және сериалы кітаптарда жарияланған. 10-нан астам отандық жарияланымдар тек 7 журналда ғана бар

Негізінде техника және қолданбалы ғылымдар бойынша 2011-2014 жылдар аралығында жарық көрген мақалалар Q3 және Q4 жоғары емес картильдеріне ие журналдарда жарияланған.

ӨНЕР ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР2011-2014 жылдардағы Web of Science Core Collection мәліметтер базасында жарық көрген қазақстандық еңбектер

саны өте аз. Олардың жалпы саны 33, орташа сілтемесі 0,12 рет, 8 бағыт бойынша бөлінген (2.12-кесте).

Кесте 2.12 – 2011-2014 жылдардағы өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша қазақстандық жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Шығыстану, дін және пәнаралық ғылымдар бойынша зерттелген салалар бойынша жарияланымдар 1 ғана сілтемеге ие. Олардың біреуі ғана екі реет сілтемеге ие болған, атап айтқанда, «Anti-Westernism on the European Periphery: The Meaning of Soviet-Turkish Convergence in the 1930 s». Мақала Назарбаев Университет ғалымдарымен дайындалған, 1930 жылдардағы кеңес-түрік конвергенциясының маңызы туралы айтылады.

Аталған салалар бойынша өзге елдердің аздаған қызығушылықтарының бар болуы аймақтардың жақындығына байланысты.

2011-2014 жылдар аралығында жарық көрген өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша 33 отандық жарияланымдардың көп бөлігін тек өз ғалымдарымыз дайындаған (2.13-кесте).

Кесте 2.13 - 2011-2014 жылдардағы өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша қазақстандық жарияланымдардың сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Page 28: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

28

Өзге елдермен әріптестікте 12 жұмыс жарияланған, оның ішінде 6 жұмыс – АҚШ ғалымдарымен, қалғандары бір-бір жұмыстан Ресей, Германия, Англия, Польша, Қырғызстан, Канада және Чехия Республикасы бар. Халықаралық авторлас жарияланымдардың зерттеу нысаны негізінен қазақстандағы немесе посткеңестік елдердегі дін мәселелері. Бұл топта тек 2 жұмыс қана сілтемеге ие болған.2011-2014 жылдар аралығында өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша қазақстандық еңбектер Web of Science Core Collection базасында енетін 26 халықаралық журналда жарияланған. Тек Назарбаев Университет атынан берілген екі мақала ғана импакт-факторы бар басылымдарда жарияланған. Бұл өнер мен гуманитарлық ғылым саласы бойынша Q2 категориясындағы америкалық «Slavic Review» журналы. ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРҚазақстандық авторлардың әлеуметтік ғылымдар саласындағы жарияланымдары 17 пән бойынша 640 мақала және орташа сілтемесі 0,15-ке тең. Осы ретте 2011-2014 жылдар аралығында тек 8 ғылыми бағыт қана 10 және одан көп жарияланымға ие. Олардың ішінде тек екі ғылыми бағыт – бизнес және экономика (247 құжат) ғана айқын байқалады, сонымен қатар білім беру мен педагогикалық зерттеулер (212 құжат). Бірақ олардың орташа сілтемесі 0,13 және 0,02-ні құрады, сәйкесінше, Қазақстан бойынша аталмыш көрсеткіш айтарлықтай төмен.Қазақстандық ғалымдардың география, коммуникация, урбандалу бойынша Web of Science Core Collec-tion мәліметтер базасына кірген жарияланымдарының саны өте аз және өзге ғалымдардың еңбектерінде бірде-бір рет сілтеме жасалмағандығын атап өту керек.Сонымен қатар, қоғамдық ғылымдар, биомедицина, археология және халықаралық қатынастар бойынша жазылған мақалалар саны да тым аз, десе де бұл топтың орташа сілтемесі әлеуметтік ғылымдарға қарағанда көбірек. «HIV Among Injection Drug Users and Their Intimate Partners in Almaty, Kazakhstan» деп алатын мақала Алматы қаласында есірткі заттарын қолданатын және серіктесінің ВИЧ індетін жұқтыруын анықтау, емдеу шараларын жақсарту, оларға күтім жасау бойынша дайындалған. Аталмыш жұмыс 8 сілтемеге ие, Республикалық СПИД-ке қарсы күрес және емдеу орталығының мамандары АҚШ–тағы әріптестерімен авторлас мақала жазған. Археология бойынша 4 мақаланың үшеуі сілтемеге ие. «Patterns of pastoralism in later Bronze Age Kazakh-stan: new evidence from faunal and lipid residue analyses» деп аталатын мақала Орталық Азиядағы біздің заманымызға дейінгі кезеңдегі мал шаруашылығы жайында жазылып, 5 сілтемеге ие.Қазақстандық ғалымдардың халықаралық авторлас ретінде дайындаған мақалалары туралы 2.14-кестеден қарауға болады.Қазақстандық авторлар дайындаған 561 жарияланымның тек 14-і ғана сілтемеге ие. Осы кезеңде халықаралық әріптестік негізінде дайындалған әрбір үшінші материал сілтемеге ие болып отыр. Бұл жұмыстардың орташа сілтемесі әлдеқайда жоғары.

Зерттелген жылдардағы қазақстандық ғалымдардың әлеуметтік ғылымдар саласындағы барлық жұмыстары Web of Science Core Collection құрамына енетін 170 халықаралық басылымдарда жарияланған. Олардың 50%-дан астамы конференция материалдарында жарияланған. Экономика саласы бойынша біршама мақалалар украиндық «Actual Problems of Economics» журналында жарияланған. Оның квартилі, ресейлік «Sotsiologicheskie Issledovaniya» журналы секілді ең төмен Q4. Алыс шетелдердегі 12-ден 27 отандық жұмысты жариялайтын «Value in Health», «International Journal of Psychol-ogy» және «Europe Asia Studies» басылымдары әлеуметтік ғылымдар бойынша әртүрлі категориялардағы Q1 және Q2 ең жоғарғы квартильге ие.

Кесте 2.14 - 2011-2014 жылдардағы әлеуметтік ғылым саласы бойынша қазақстандық жарияланымдардың сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

Page 29: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

29

3. БАСЫМ БАҒЫТТАҒЫ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ (по (Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылымның бағыттары бойынша және іске асырылуын талдау)

2013 жылы ғылым дамуының басым бағыттарына түзетулер енгізілді және ЖҒТК мәжілісінде (22.06.2013 ж.) ғылым дамуының 2014-2016 жылдарға арналған жаңа басымдықтары мақұлданды, мұнда келесі екі басымдыққа өзгерістер енгізілді:

– табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;– энергетика және машина жасау.

Осылайша, Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгілеген тапсырмаларына сәйкес бірінші басымдық бүгінгі таңдағы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен геология ғылымдары бойынша өзекті зерттеулермен, экология саласындағы әзірлемелермен (қоршаған ортаны қорғау), су және өзге ресурстармен толықтырылды.Екінші басымдық ел экономикасының индустриалды-инновациялық даму басымдықтарына сәйкес машина жасау саласындағы энергияны өзгерту (энергетикалық машиналар, зымыран-ғарыштық техника, ауыл шаруашылығы машиналары, көлік және т.б.) бойынша зерттеулермен толықтырылды.Қалған үш басымдық бойынша:

- Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар басымдығы бойынша экономика, басқару жүйесімен, қорғаныс және қауіпсіздік, білім беру және ғылымның осы саласы бойынша басқа салаларда сұранысқа ие жұмыстардың кең шоғыры қарастырылған;

- Өмір туралы ғылымдар басымдығы бойынша медициналық және биологиялық зерттеулер, биотехнологиялар, экология және басқа да ұқсас бағыттар қарастырылған;

- Елдің зияткерлік әлеуеті басымдығы бойынша анағұрлым «ілгері» бағыттарда, әлемдік ғылымда бәсекеге қабілетті іргелі, жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық зерттеулер өткізу қарастырылған.

Сонымен 2014 жылдың Ғылым бойынша Ұлттық баяндама ЖҒТК отырысында мақұлданған 2014-2016 жылдарға арналған ғылым дамуының бес басымдығына сәйкес ғылыми зерттеулердің іске асырылуына арналды:

• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

• Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

• Өмір туралы ғылым

• Елдің зияткерлік әлеуеті

• Энергетика және машина жасау

Басым бағыттарды таңдаудың негізгі белгілері:

– елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына, 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарына, 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарлама;

– ғылым дамуының әлемдік үрдістеріне сәйкестігі;

– кадрлық және материалды-техникалық әлеуеттің болуы;

– инновациялық дамуда пайдалануға арналған ғылыми-зерттеулер нәтижесін коммерциаландыру мүмкіндігі.2011-2014 жылдары іске асырылған 2115 жобаны талдау көрсеткендей, жобалардың 52%-ы жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулерден, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер болып табылады. Бұл ретте, 48% -ы қолданбалы зерттеулердің қалған басымдықтарына тиесілі, соның ішінде энергетикаға - 9%, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеуге - 12%, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларға - 9%, өмір туралы ғылымдарға -18%

Page 30: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

30

Сурет 3.1 - Гранттық қаржыландыру бойынша жобалардың халықаралық сараптамасы

6593 өтінімнің сараптамасын жасау үшін барлығы 2990 ғалым және инженер, оның ішінде 59 әлем елдерінен 1759 шетелдік сарапшы тартылды. Бұл ретте, жобалардың сараптамасына шетелдік ғалымдар мен мамандардың 71%-ы Еуропа мен АҚШ елдерінен тартылды (3.1-сурет).3.2-суретте Қазақстан өңірлері бойынша тапсырыс берушілердің белсенділік динамикасы келтірілген. Алматы қаласының, содан кейін Астана қаласының, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ғалымдары ең белсенді болып табылады.

3.2-сурет. Қазақстан өңірлері бойынша тапсырыс берушілердің белсенділік динамикасы

Бағдарламалық-нысанды қаржыландыру стратегиялық маңызды міндеттерді шешуге бағытталған және конкурстық негізде немесе конкурстық рәсімдерден тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі

ОҚО

Қара

ғанд

ы

Ақм

ола

Маң

ғыст

ау

Қост

анай

Алм

аты

обл

ысы

Ақтө

бе

БҚО

ШҚО

СҚО

Page 31: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

31

бойынша жүзеге асырылады. 2012 жылдан бастап 2012-2014 жылдары іске асырылатын 134 ғылыми-техникалық бағдарлама қаржыландырылды, олардың әкімшісі 14 мемлекеттік орган болып табылады. 2014 жылы грантты қаржыландыру бойынша 1527 жоба және бағдарламалық-нысандық қаржыландыру бойынша 45 ғылыми-техникалық бағдарлама аяқталды. 1527 ғылыми жобаның 927 жобасы іргелі зерттеулерге, 600 – қолданбалы зерттеулерге бағышталған. 2014 жылдың нәтижелері бойынша барлығы 408 жоба бойынша 510 қорғау құжаты (патенттер мен алдын ала патенттер) алынды, оның ішінде мына басымдықтар бойынша Елдің зияткерлік әлеуеті - 54; Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу - 167; «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар - 18; Өмір туралы ғылым - 213; Энергетика және машина жасау - 58.2014 жылы алғаш рет 2015-2017 жылдарға бағдарламалық-нысандық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламаларға конкурс өткізілді. ҚР Үкіметінің жанындағы ЖҒТК 2015-2017 жылдарға 107 ғылыми-техникалық бағдарлама мақұлданды, ол мемлекеттік органдар бойынша төмендегідей бөлінді:• ҚР Білім және ғылым министрлігі– 58 ҒТБ.• ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі– 36 ҒТБ. • ҚР Энергетика министрлігі– 4 ҒТБ. • ҚР Инвестициялар және даму министрлігі– 5 ҒТБ. • ҚР Ұлттық экономика министрлігі – 4 ҒТБ.2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесінде ғылым дамуының 5 басымдығы бойынша ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және жеке тұлғалар 5749 жоба ұсынды. 5749 жобаның ішінен 865 жоба конкурстық құжаттама талабына сәйкессіздігі салдарынан кері қайтарылды. Сараптамаға жіберілген 4884 өтінімнен 1781 жоба немесе 36% мақұлданды.Басымдықтар бойынша өтінімдер мен мақұлданған жобаларды бөлу төмендегідей жүзеге асырылды :

Осылайша, гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелерінен жоғары оқу орындарындағы ғылымның маңызы арта түскендігі байқалады.

ЖООҒЗИ БасқаларЖеке тұлғалар

Тапсырыс беруші түріне қарай өтінімдер төмендегідей бөлінді:

Барлық жобалар

2702189225436

Энергетика және машина жасау

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат және өнімді қайта өңдеу

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар

Өмір туралы ғылымдар

Елдің зияткерлік әлеуеті

БАРЛЫҒЫ:

Басымдықтар Жобалардың барлығы

Мақұлданған өтінімдер

473

1300

547

997

1567

4884

128

638

94

367

554

1781 (36%)

Page 32: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

32

3.1. «ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, ШИКІЗАТПЕН ӨНІМДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ» БАСЫМДЫҒЫ

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың (іске асырлу) нәтижелерін талдау.

ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА 2012-2014 жылдар аралығында мынадай жұмыстар атқарылды:

- алғаш рет Қазақстанның сирек металдары мен сирек жерлердің орналасу картасы дайындалды;

- алтынның, түсті металдардың, мұнай мен газдың жаңа өңірлік болжамды-іздестіру картасы жасалды;

- шикізаттың негізгі стратегиялық түрлерінің өнеркәсіптік-генетикалық үлгілері әзірленді;

- Қазақстанның барлық аумағы бойынша алтынға, сирек, сирек жерді және түсті металдарға, мұнай мен газға перспективті ондаған учаскелер мен жерлер бөлінді. Қазіргі уақытта Қазақстанның геологиялық ғылымы оның ресурстық қорын күшейтуді қажет етеді: кадрлар құрамын толықтыру, материалдық-техникалық және қорын жаңарту, ҒЗЖ қаржыландыру, геологиялық ақпараттар мен материалдардың қолжетімдігі және т.б.

ГИДРОГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА жер асты суларының түрлі түрлерінің қалыптасу және орналасу заңдылығын зерттеу саласындағы іргелі және өңірлік қолданбалы зерттеулердің, жер асты суларының қосымша ресурстарын анықтаудың, оларды бағалаудың заманауи әдістерін әзірлеудің, гидрогеологиялық стратификациялау мен карталаудың, үлгілеу мен жаңа компьютерлік және ГАЖ технологияларын пайдаланып, техногенді гидрогеологиялық үдерістерді болжамдаудың маңызды мәні бар. Жер асты ағындарының қалыптасу ерекшеліктері бойынша өзен және жер асты суларының өзара байланысын сандық бағалау ұсынылған, жер үсті және жер асты суларының өзара әрекеттесуі жағдайы бойынша Қазақстан су бассейндерін типтендіру мен аудандастару жүргізілді және жоғарғы гидродинамикалық аймақтардың сумен алмасу жағдайы бағаланды. Экожүйелік көзқарас негізде Қазақстанның түрлі экономика секторларында жер асты суларын пайдалану және қорғау бойынша әдіснама мен практикалық іс-шаралар әзірленді.

Геотермалды су ресурстарын, энергетика әлеуеті мен геотермалды суларды игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштерді бағалау жүргізілді.Заманауи әлемдік тенденциялар, геотермалды энергияны практикалық игерудің бағыттары мен технологиялық сызбасына талдау жасалды; гидрогеотермалды энергияны кешенді пайдаланудың перспективті технологиялық сызбасы таңдалды және негізделді.

МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНДА бірқатар жетекші тау-кен өндіру кәсіпорындарында игерілген кеңістіктердің тұрақтылығы мен тау-кен қазымдауларын оңтайлы желдету, тау-кен өндірісінің геомеханикалық аспектілерін, жерқойнауынан пайдалы қазбаларды оңтайлы қазып алу, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету мен нормативтік-техникалық құжаттамалар әзірленді және пайдалануға қабылданды [9-11].Аз шығынмен қазымдау және селективті өндіру мен үлкен қалыңдық пен аймақта минералданған кешенді полиметалл кенді кенорындарын өңдеу кезіндегі мәселелерді шешу үшін қалың кенді кенорындарды қазымдау және кешенді бай кендерді өңдеу технологиясы жасалды, «Қазмырыш» ЖШС мен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ның кен-байыту кешендерінде енгізілген, ол тау-кен жұмыстарының тиімділігін арттыру кезінде жоғары сапалы селективті концентраттар алуға мүмкіндік береді [12]. Қазақстан мен Ресей кеніштерінде өндіріс қалдықтарын пайдаланып, тұтқырлығы күрделі және цемент негізінде беріктенетін толтырғыш қоспаларды дайындайтын толтыру жұмыстарының диірменді тәсілдерін қолдану жүзеге асырды [13].Жаңа флотореагенттердің синтезі (СВИМ көпіргіші мен композициялық аэрофлот) жүзеге асырылды және Секисовское кен орнында («Алтай-Кен-Байыту» ЖШС) алтынқұрамды кендерін флотациялау кезінде олардың тәжірибелік-өндірістік сынау жүргізілді, ол базалық реагенттермен салыстырғанда алтынды өндірудің 3-4 % артқанын көрсетті [14]Штейндер балқытпасында алтынды, күмісті және мысты концентраттаумен бастапқы шикізатты тікелей балқыту қарастырылған төзімді алтын кендерін қысқартатын пирометаллургиялық селекция технологиясы әзірленді, 90 % жоғары штейнде алтынды өндіруге қол жеткізілді. Технология «Теріскей» ЖШС тау-кен компаниясының өнеркәсіптік жағдайында сынаудан өтті, өнеркәсіптік орнатуды жобалау үшін бастапқы деректер берілді [15].

Page 33: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

33

Маркалы металды алумен қара селенді тазарту технологиясы әзірленді, пилоттық қондырғыда тәжірибелі өнім партиясын алумен «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС шикізаты өңделді [16].Аммоний перренатын алумен Балқаш мыс балқыту зауытында ағынды сулардан ренийді өндіру технологиясы әзірленді. «Жезқазғансирекмет» РМК сирек металл цехында технологияны жартылай өнеркәсіптік сынақтан өткізілді [17, 18].«Жезқазғансирекмет» РМК техногенді аммиак ерітінділерінен ренийді экстрациялық өндіргеннен кейін кесектерден осмийді өндіру технологиясы жартылай өнеркәсіптік сынақтан өткізілді және енгізілді [19,20].Қолданыстағы ПАЗ-бен салыстырғанда мынадай: реагент шығынын үнемдеу (90 %-ға кальций қосылған содада); 35 %-ға шартты отынға шығындарды азайту; зиянды экологиялық шығарындылардың елелуі (2-3 есеге) азаюы сияқты бірқатар артықшылықтары бар көктал бокситтерін қайта өңдеудің Байер-гидрогранаттық технологиясы әзірленді. «АЛКОРУС» аллюминий компаниясы» ААҚ (Санкт-Петербург қаласы) жетекші жобалау ұйымымен орындалған ТЭС технологияның жоғары экономикалық тиімділігін көрсетті [21,22].Пайдаланылған энергия үнемдейтін жарық көздерін демеркуризациялау үшін пилоттық діріл вакуумды қондырғы жасалды. «LedSystemMedia» ЖШС «Астана – Жаңа қала» АЭА Индустриалды бағының аумағында құрамында сынап бар пайдаланылған люминесцентті шамдарды кәдеге жарату үшін тәжірибелі учаске құрылды. Түсті металл өндірісі көлемін ұлғайту мақсатында соңғы өнімге жоғары дәрежелі металл алатын, Қазақстанның түрлі кен орындарының қиын байытылатын аралас мыс кендерін, тотыққан никель-кобельтті кендерді, жұпыны қиын байытылатын қалайы құрамды кендерді өңдеу технологиясы әзірленді; қорғасын өндірісінің сұйық фазалы қождарын тотықсыздау жүргізілді [23].Жезқазған кен орнының Кресто телімінің аясында КМ-2 таңбалы мыс концентраттарын алатын аралас кендерді байыту тәсілі пысықталды. Степногорск тау-кен-химия комбинаты жағдайында кондициялы емес және ұжымдық концентраттарды өңдеу технологиясы әзірленді. Мыс-қорғасын өндірісінің түстіметалл құрамды қождарынан мысты шойын алу тәсілі ұсынылды. «Қазцинк» ЖШС-ның мыс өндірісінің қорғасын шаңдарынан үш негізді қорғасын сульфитін және тауарлы қорғасын нитратын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үлкен Қаратаудың қара тақтатастарын өңдеу кезінде сирек және сирек

жерлік металдарды өндіру технологиясына өндірістік-тәжірибе сынағы жүргізілді.Берік қорғасынқұрамды шикізаттарды кең спектрде өңдеуді қамтамасыз ететін жаңғыртылған КИВЦЭТ технологиясын өндірісте жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Бұл технология Казахстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Мексика және Бразилия мен Чилиде патенттелген. 2012-2014 жылдары Por-tovesmeS.r.l. (Италия) КИВЦЭТ қондырғысының технологиясына модернизация жүргізілді, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «ТүстіметШҒЗИ» филиалының JiangxiCopperCorporation және ZhuzhouSmelterGroupCo компаниясымен (ҚХР) жасасқан лицензиялық келісім аясында жобалық қуаттығы жылына 100 және 120 мың тонна қорғасын өндіретін КИВЦЭТ қондырғысының құрылысы мен іске қосуға қабылдау-өткізу жұмыстары аяқталды [24].Қалпына келтіргіштердің жаңа түрін шығару бағытында елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Кокс алудың тәсілі әзірленді және оны шығаратын қондырғы жасалды, соның негізінде Қарағанды қаласында өнеркәсіп өндірісі құрылды. RW silici-um Gmbh (Германия) кремний өндірісіндегі сынақ көрсеткендей шығарылатын өнім қолданылатын дәстүрлі кокстен асып түсті және де шетелге экспортталатын болады [25].

СЕЙСМОЛОГИЯ САЛАСЫНДА Қазақстан аумағының жер қыртысының барлық алуан түрлі құрылымдық-тектоникалық ерекшеліктері мен тектоникалық дамуының тарихын көрсететін жаңа тектоникалық картасы әзірленді. Геофизикалық, геологиялық-тектоникалық және сейсмикалық деректер кешенімен жиынтықта Қазақстанның белсенді жарылған жерлерінің картасы жасалды, изосейст карталары әзірленді. Жұмыстарды жүргізу әдістемесі Алматы сейсмикалық белсенді аудандарының сейсмикалық қауіптілігін бағалаудың, шоғырландырылған іргетастың тектоникасы және оның құрылымдық-заттық кешендері туралы деректерді қорытудың құрылымдық-тектоникалық критерийлерін зерттеу әдістемесі әзірленді.Сейсмологиялық және геофизикалық деректердің арнайы электрондық қоры, сондай-ақ, Солтүстік Тянь-Шань өңірінің аумағында жер сілкіну ошақтарының туындау аймағының картасын құрылды. Ұлттық ғылыми кеңес «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізатты мен өнімді қайта өңдеу» ғылымын дамыту басымдығы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған арнайы ғылыми бағыттарды құрды:

Page 34: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

34

1.ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫН ӨҢДЕУ1.1 ҚО ең төмен жағымсыз әсер етумен көмірсутек, минералды-шикізат және су ресурстарын іздеудің, барлаудың, бағалаудың және өндірудің тиімді технологиялары. 1.2 Жер асты суларын іздеу мен барлаудың болжамды бағалау.

2. МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТЫ КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ 2.1. Кен материалдарын, минералды түзілістерді кондициялық және кондициялық емес байыту бойынша кешенді технологиялар мен коллективті және селективті концентраттарды алу.2.2. Тауар өнімдерін алумен минералды түзілістер, шикізат пен қара және түсті металдардың техногенді қалдықтарын қайта өңдеу технологиясы.2.3. Металдар мен қорытпаларды өндіру және өңдеу технологиясы 2.4. Отандық шикізат пен техногенді қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіру технологиясы

3. СУ, ЖЕР ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ 3.1.Топырақ пен табиғи ресурстарды сақтау және қалпына келтіру бойынша технология.3.2.Жер асты, ішкі және трансшекаралық су ресурстарын біріктірілген және тиімді басқару технологиясы.3.3.Биотүрлілікті мониторингтеу, қорғау, сақтау, тиімді пайдалану және қалпына келтіру жүйесі.

4.ҚОРШАҒАН ОРТА НЫСАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯ 4.1.Нақты уақыт режімінде ҚОҚ мониторингтеу технологиясы, табиғи және техногенді ТЖ болжау мен дем беру.4.2.Қазақстан Республикасы аумағында сейсмикалық және экологиялық қауіпсіздік.4.3.«Жасыл» экономиканың экологиялық-экономикалық аспектілерін әзірлеу, табиғи ресурстар мен экожүйелік қызметтердің экономикалық құндылығын анықтау.4.4.Биота мен экожүйеге климат өзгерісінің әсер етуі.4.5.Өнеркәсіпті, ҚО, табиғи ресурстар мен техногенді тізілістерді мониторингтеу және тиімді басқару үшін инфрақұрылымдық кеңістік деректерін құру бойынша ақпараттық технологиялар (деректер қоры, ВебГАЖ).4.6.Өнеркәсіптік, улы, радиоактивті, тұрмыстық және мұнай қалдықтарын кәдеге жарату, қауіпсіз жұмыс істеу және қайта өңдеу технологиясы.4.7. Өнеркәсіптік өнімдер мен шикізат қауіпсіздігіне бақылау жасау.

4.8. Аса жоғары сыни орталар негізінде экологиялық қауіпсіз техноллогиялар.5. КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН КЕШЕНДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

6. КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

7. НАНОМАТЕРИАЛДАР МЕН НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

8. БИОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР

9. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ХИМИЯЛАНДЫРУ ҮШІН ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

10. АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ 10.1. Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеудің кешенді, энерго – және ресурс үнемдеуші технологиясы 10.2. Құрамы мен құрылысын өзгертуге бағытталған тағамдық және биологиялық құндылықтарын арттырумен сапалы жаңа азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы

11. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

12. ӨНЕРКӘСІПТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ12.1. Биопрепараттар түзуші штаммдарын алу технологиясы 12.2. Биокатализ технологиясы12.3. Пробиотикалар мен ұйытқыларды жасау технологиясы 12.4. Функционалды белсенді тағамдық биоқоспаларды жасау технологиясы 12.5. Қоршаған орта нысандарын биоремидиаиясы және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру үшін миркроорганизмдердің штаммдарын жасау технологиясы Ғылыми-техникалық даму мен ландшафтанушы мамандардың әлеуеті мыналарды қамтиды: – географиялық саладағы жоғарғы оқу орын орталықтарын көбейту және ғылыми-зерттеу құралдарын жетілдіру; – географ-ландшафтанушылардың оқуы мен халықаралық сертификат алу және халықаралық жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;– Ph.D жүйесі бойынша Германия, Ұлыбритания, Швейцария сияқты елдердің жоғары оқу орындарында жас географтарды дайындау. Қазақстан Республикасындағы геоморфология ғылымдарының іргелі зерттеулерін келесі бағыттарда дамыту керек: Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы экзогеоморфогенез үдерістері мен климат өзгерістерінің жаһандық үрдісі мен өзара байланысын зерттеу; Қазақстан аумақтарындағы антропогендік жүктемелердің өсуі; шаруашылықты қарқынды

Page 35: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

35

игеру зонасындағы геоморфогенез үдерістері (республика аймақтары мен ауылдарда өнеркәсіпті дамыту); Қазақстанды әртүрлі физикалық-географиялық белдеулері бойынша экологиялық-геоморфологиялық іргелі және қолданбалы зерттеу; нысандар арасындағы өзара байланыс пен геодеректерді таратудың уақыт-кеңістіктік бойынша заңдылықтарын іздеу үшін қашықтықтан зондылау деректері мен геоморфологиялық деректерді ГАЖ-талдау құралдарының шектеулері мен мүмкіндіктер; геоморфологияның заманауи бағыттарын дамыту (урбогеоморфология, рекреациялық, эстетикалық геоморфология және т.б.).Туризм географиясы мен рекреация саласында атқарылған ғылыми жұмыстардың нәтижелері Қазақстандағы осы саладағы зерттеулердің басты және перспективалы бағыттарын айқындап берді:

– ақпараттар базасы мен кадастрлерді жүйелеу, стандарттау, арнаулы ақпаратты іздеуді жеңілдету мақсатында тақырыптық ізденістердің жалпыға ортақ парадигмасын жасау;

– перспективалы аймақтардың ресурстарын, мүмкіншіліктері мен жалпы трендтерін дамыту үшін кешенді бағалай мен есептеуді жүзеге асыру;

– бірегей нысандар мен аймақтарды (мысалы, ЩБКЗ, Алакөл акваториясы және басқа) зерттеуден жалпы аумақты көп аспектілі жұмыстарға көшу;

– туристік кешендердің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін көтеру, туристік-рекреациялық әлеуетті тиімді пайдаланудың жобаларын жасау;

– ландшафттық жүйелерді бағалау және талдау негізінде аумақтарда жоспарлау және жобалау ұйымдарын жасау, сонымен қатар ландшафттық дизайндер мен қала құрылыстық-сәулет шаралары.Қазақстандағы қауіпті табиғи процестерді ғылыми зерттеу әлемдік деңгейде болады.

3.2 «АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» БАСЫМДЫҒЫИнформатика мен ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалар нәтижелерін (іске асыру) талдау

2012 және 2014 жылдар аралығындағы кезеңде АКТ саласындағы ҒЗТКЖ саны ұдайы өскен, ал

2014 жылы өткен жылдармен салыстырғанда 2 есе өсті. 2012 және 2014 жылдар аралығындағы кезеңде АКТ саласындағы ҒЗТКЖ саны 198 болса, оның ҰҒТАО Инновациялар және патенттер қорына 32 енгізілді [26].Есептік кезеңде ҰҒТАО қорына жалпы ҒЗТКЖ 7814 саны түсті, оның 198 жұмысы (2,5 %) АКТ бойынша, оған ғылымның мынадай: автоматика және есептеуіш техника, информатика, кибернетика, энергетика, машина жасау, ғарыштық зерттеу және ауыл шарушалығы сияқты ғылым салалары кіреді. АКТ нарығындағы ұсыныстарды талдау оларды қолданудың үш негізгі саласын анықтауға мүмкіндік береді: бағдарламалық қамсыздандыру 34%, автоматика және есептеуіш техника 31% және жүйелер 22%.ҒЗТКЖ үдерісінде алынған нәтижелер мыналар: бағдарламалық құжаттама - 29%, технология - 18%, әдістемелік құжаттама - 17%, техникалық құжаттама - 9%, әдістер - 9%, үлгілер - 9%, деректер қоры мен банктер - 3%, нормативтік-техникалық құжаттама - 3%, еңбек жағдайын жақсарты - 3%. Патенттік белсенділік – ҒЗТКЖ коммерцияландыру мен саланың коммерциялық тартымдылық әлеуетінің маңызды көрсеткіші. ҰҒТАО Инновациялар мен патенттер қорында ұсынылған ғылымдар саласы бөлінісінде АКТ саласының қорғау құжаттарымен қамтамасыз етілуі – 2,74%.2012-2014 жылдары АКТ саласында ҒЗТКЖ нәтижелері бойынша енгізілген ҒТЖН жалпы саны 11 бірлікті құрады (Инновациялар мен патенттер қоры): Әдістемесі, алгоритм және электрондық оқу басылымдарын генерациялық бағдарламалау

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Мегаполистерді жылумен жабдықтау кешендерінің жұмысын оңтайландырудың сатылы ақпараттық-басқару технологияларын әзірлеу және зерттеу - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Автономды зияткерлік басқару жүйесімен бағдарламалық-техникалық кешенін әзірлеу

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Атмосфера ластануын үлгілеудің ақпараттық технологиясын әзірлеу және вариациялық алгоритмді қолданумен өлшеу деректері бойынша қоспа көздерін оқшаулау – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; Күрделі нысандарды болжау мен басқарудың

Page 36: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

36

зияткерлік сараптамалық жүйелердің үлгілерін, әдістері мен ақпараттық технологияларын әзірлеу – Информатика және басқару проблемалары институты; Жоғары нүктелі спутниктік навигацияның жердегі және пайдаланушылық сегментінің жүйесін бағдарламалық-математикалық қамсыздандыруын әзірлеу – Ғарыштық техника мен технология институты; Тұқым өндірісі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін геоақпараттық және glonas/gps-технологиялар негізінде Солтүстік Қазақстан тұқымдық мәдениетінің аса қауіпті зиянды органимдерін фитосанитарлық мониторингтеу және болжау инновациясы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті; Ғылыми мақсаттағы ғарыштық жүйсін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттарын өңдеу технологиясын әзірлеу - Ғарыштық зерттеулер мен технологиялардың ұлттық орталығы; Мегаполистерді жылумен жабдықтау кешендерінің жұмысын оңтайландырудың сатылы ақпараттық-басқару технологияларын әзірлеу және зерттеу - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Спутниктік радарлы интерферометрияны қолданумен Қарағанды қаласында заманауи геодинамикалық үдерістерді зерттеу - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;Жасанды интеллект негізінде басқарумен студенттік наноспутникті әзірлеу - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.«Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» ғылымды дамыту басымдығы бойынша ұлттық ғылыми кеңес 2016-2018 жылдарға арналған арнайы ғылыми бағыттарды құрды:1.Телекоммуникациялық технологиялар:1.1. Деректерді беру жүйелерінді, желілерінде талдау, басқару және оңтайландыру (соның ішінде мультисервистік тұғырнамада; ұялы және әлеуметтік интернет-технологиялар) 1.2. Телекоммуникациялық жүйелерде технологиялар мен бағдарламалық-техникалық құралдар.2. Зияткерлік ақпараттық технологиялар:2.1. Соның ішінде нақты уақыт режимінде басқарудың және шешімдерді қабылдаудың зияткерлік жүйесі;2.2. Тілдік технологиялар мен компьютерлік лингвистика;2.3. Үлгілерді айырып тану және бейнелерді өңдеу;2.3. Биоинформатика; 2.4. Машиналық оқыту (maсhine learning);2.5. Зияткерлік робототехникалық жүйелер;

2.6. Зияткерлік ақпараттық-іздестіру жүйелер;3. Жоғары өнімді есептеуіш техникалар:3.1. Бұлттық, параллелді және бөлінген есептеу;3.2. Big-data технологиясы;3.3. Геоақпараттық технологиямен жүйе;3.4. Есептеуіш жүйелерінің техникалық қамсыздандыруды жобалау технологиясы: ПЛИС, кристалдағы жүйе, 3D-принтинг және басқалар.4. Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау әдісі мен технологиясы:4.1. Күрделі жүйелер мен деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдісі және алгоритмі;4.2. Ақпараттық қорғау технологиясы және бағдарламалық-техникалық құралдар.5. Күрделі жүйелер мен үдерістерді математикалық және компьютерлік үлгілеу; 5.1. Макроэкономикалық жүйелер үшін экономикалық саясат саласында ұсыныстарды болжау, талдау және әзірлеудің ақпараттық технологиялары;5.2. Күрделі динамикалық жүйелер мен үдерістерді жүйелік талдау және басқару: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, техникалық, технологиялық және т.б. жүйелер;5.3. Бизнес үдерістерді үлгілеу және оңтайландыру.

3.3 «ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ» БАСЫМДЫҒЫ«Өмір туралы ғылымдар» басымдығы бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар нәтижелерін (іске асыру) талдау Педиатрия және балалар хирургиясы саласында кең таралған (жүрек-қантамыр, асқазан-ішек, аутоиммунды, өкпе, иммунологиялық, эндокринді, неврологиялық) аурулардың иммунологиялық, молекулалы-генетикалық, метаболикалық аспектілері зерттелген, сондай-ақ балалар денсаулығының жағдайына пренаталды, наталды және постнаталды факторлардың әсері зерттеледі. Онкологтар мен онкогематологтар ісіктердің айналымдағы жасушалары және түрлі диагностикалық тест жүйелерінің негізінде ісіктік үрдістің диагностикасының жаңа жүйелерін енгізуге көңіл аударады. Заманауи модульді протездерді колдана отырып сүйек саркомасында сүйек сақтау емі енгізілді, қатерлі ісіктері бар балаларды кешенді емдеуде жоғары дозалы химиялық терапия және бағаналы жасушаларды трансплантациясы жүргізіледі. Балалардың бірінші және апталық күндерінде туа біткен ауыр жүрек ақауларына оталар гемодинамикалық және көпдеңгейлі түзетулер, сонымен қатар жүректің оң бөлігіндегі

Page 37: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

37

гипоплазиялар кезіндегі оталар енгізілді.Интервенциялық кардиологияда септалды ақауларды қалпына келтіру және баллонды ангиопластика бойынша ескі тәртіптегі оталар енгізілді. Ашық жүректе ангиопластика гибридті оталарының бірқатары жасалды. Бүгінгі күні ағза мүшелерін және тіндерді сканерлеу негізінде 3D технологияларды қолданумен биобелгіні үш еселік техника көмегімен қан тамырларды құрастыруды ұсынады. Бие және ешкі сүтінің негізінде туберкулезбен ауыратындарды және онкологиялық ауытқуды емдеудің негізгі әдістерін нутриционалдық қолдау үшін жаңа арнайы өнімдер әзірленді.Профилактикалық және емдік қасиеттері бар аз құнарлы өнімдері дененің артық салмағы, кардиоваскулярлы аурулар, атеросклероз және қант диабеті профилактикасы үшін дәруменді-минералды премикстер, инулин, фитостериндер, пектиндер, жемісті қоспалармен байытылған, қайталама сүт шикізатының негізінде (сүт іріткісі, майсу және майсыздандырылған сиыр сүті) емдеу профилактикалық қасиетімен функционалды аз құнарлы өнімдер әзірленді. Алғаш рет Қазақстанда кене боррелиозының клиникалық белгілері ұсынылды. Шығыс Қазақстан облысында кене боррелиозының асқынған және созылмалы формалары анықталды. Иксодты кенесінің шағу орнында көшіп қонатын эритерма (72,7%) КБ патогномикалық симптомы болып табылады. Интоксикация КБ сипатты белгілерінің бірі. КБ созылмалы формалары (нейроборрелиоз) кеш диагностикалауда қайта айналмас өзгерістерге алып келеді.Алынбалы жасанды тістерге арналган жаңа жоғарғы сапалы “Stomet-lkz” және “Stomet-2kz” құймалы қорытпалары өңделді.Қазақстанда тұңғыш рет үш ұрпақта сәулеленуге ұшыраған адамдардың ұрпақтарының онкологиялық ауруларына және қанайналым жүйесінің ауруларына генетикалық бейімділігін зерттеу мақсатында молекулалық-биологиялық және цитогенетикалық зерттеулер жүргізілді, бұл аталған аурулардың манифесттік үлгілерінің даму қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді. Алғаш рет зерттеу топтарына ядролық сынақтар нәтижесінде сәулеленген адамдардың төртінші ұрпақтарының балалары кіргізілді. Экологиялық қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан тұрғындардың гепатобиллиарлық жүйесінің клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері зерттелді. Алғаш рет мультифакториалдық аурулардың индикациясының, ерте диагностикасының, профилактикасының алгоритмдері мен әдістемелік нұсқаулықтары әзірленді. Бағдарлама шеңберінде радиациялық

әсерге ұшыраған кардиологиялық ауруларды медициналық сауықтыру Хаттамасы әзірленді.Фармакологиялық терапияның, біріншілік және екіншілік профилактиканың, сондай-ақ, ата-анасы тікелей радиациялық әсерге ұшыраған қалқанша безінің, бауырдың метаболикалық және аутоиммундық аурулары бар ауруларды қанайналым жүйесі ауруларынан сауықтырудың, гиполипидемиялық терапияның дәлелді медицина қағидаларына негізделген тиімді алгоритмдері жасалды және енгізілді.«Өмір туралы ғылымдар» ғылымын дамыту басымдығы бойынша ұлттық ғылыми кеңес 2016-2018 жылдарға арналған арнайы ғылыми бағыттарды құрды:1. Егін шаруашылығы өсімдік шаруашылығы1.1. Дәстүрлі әдістер мен молекулярлы генетика әдістерін қолданумен ауыл шаруашылығы мәдениеттерінің жоғары өнімді және ортаның ауытқымалы факторларына төзімді сұрыптары мен будандарын жетілдіру және селекциясы;1.2. Өсімдіктердің шаруашылық құнды қасиеттерін жетілдіру үшін генетикалық инженерия әдістерін әзірлеу;1.3. Түрлі табиғи-климаттық және топырақ жағдайлары үшін агроландшафтық егін шаруашылығы;1.4. Өсімдіктердің аурулары және зиянкестерімен күресу үшін биопрепараттар мен биоәдістерді әзірлеу;1.5. Биологиялық ресурстар мен өсімдіктердің аурулары және зиянкестерімен күресу жағдайын мониторингтеу және бағалау;1.6. Органикалық егін шаруашылығы;2. Мал шаруашылығы 2.1. Селекциялық үдерістерді басқару және ауыл шаруашылығы малдарын жеделдетіп өсіру;2.2. Азықтарды дайындау технологиясын әзірлеу және жетілдіру мен ауыл шаруашылығы малдарына жем беру;2.3. Ауыл шаруашылығы малдарын ұстап күту технологиясын әзірлеу және жетілдіру;3. Ветеринария және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі 3.1. Эпизодтық жағдайды, экспрессивтік диагностиканың бәсекеге қабілетті құралдарын, жануарлардың ауруларын алдын алу мен емдеуді мониторингтеудің тиімді әдістерін әзірлеу негізінде Қазақстан Республикасы аумағында ветеринариялық салауаттылықты ғылыми қамтамасыз ету және сақтау; 3.2. Мониторингтеу мен бақылау құралдарының жаңа әдістерін әзірлеу негізінде азық-түлік өнімдері мен өсімдік пен жануарлардан алынған шикізаттың қауіпсіздігі;4. Ғылыми-инновациялық биомедицина4.1. Регенеративті медицина (жасушалық

Page 38: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

38

технология, жасанды органдар). Табиғи метаболитттер негізінде жаңа биологиялық белсенді субстанцияларды дайындау.4.2. Медицина мен наномедицинадағы биотехнология. Медицинада оларды қолдануды дербестендіру үшін фармакологиялық қосылыстардың биотехнологиясы.4.3. Дербестендірілген және трансляциялық медицина;5. Қоғамдық денсаулықтың негізі5.1. Қоғамдық саулық пен денсаулықты басқару. Ұзақ өмір сүруге арналған бірегей емдік дәрі-дәрмектерді әзірлеу.5.2. Салауатты өмір салтының тиімді бағдарламалары мен қалыптастыру үлгілері, тиімді тамақтану технологиясы;5.3. Балалардың денсаулығын қорғау және репродуктивті денсаулық;5.4. Экология және денсаулық, ғылыми қамтамасыз етудің экологиялық, эпидемиологиялық тәуекелдерді басқару;6. Әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпалығын азайту 6.1 Мезгілсіз қайтыс болудан және аурулар мен жарақаттардан еңбек қабілеттілігін жоғалтуды болдырмау технологиясы; техногенді және кәсіби тәуекелдерді басқару;6.2. Әлеуметтік маңызды жұқпалы және жұқпалы емес аурулар ауыртпалығын төмендету және болдырмау технологиясы;7. Отандық фармацевтикалық саланы дамыту7.1. Өсімдік заттар негізінде отандық емдік дәрі-дәрмектерді өндіру технологиясы;7.2. Фармацевтикалық салалар үшін химиялық субстанциялар синтезі;7.3. Фармацевтикалық өнімдерді (клиникаға дейін және клиникалық) зерттеу жүргізуде ғылыммен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру.8. Өнеркәсіптік биотехнология8.1. Азық-түліктік және өңдеуші салалар үшін өнеркәсіптік құнды микроорганизмдердің қорын құру;8.2. Препараттар, ферменттер (энзимдер), пробиотиктер, ұйытқылар және т.б. алу технологиясын әзірлеу;8.3. Табиғи қосылыстардың биосинтезі және практикалық құнды препараттарды алудың биотехнологиялық әдісі.9. Биология саласындағы іргелі зерттеулер9.1. Биологиялық сакромолекула және олардың кешендерінің, сондай-ақ микро РНК қоса алғанда төмен молекулярлық биореттеуіштердің құрылымы мен функциялары. Жаңа биологиялық белсенді препараттар дизайны мен синтезі.9.2. Геномика, протеомика, транскриптомика, метаболомика және ген жұмысын реттеу. Ақуызды және гендік инженерия. ДНК

репарацияның молекулярлық тетігі. Ақуыздар синтезін реттеу. Молекулярлық медицина.9.3. Рецепция және жасушалық дабылдық жүйелер. Жасушалық дифференциясының, иммунитеттің және онкогенездің молекулярлық тетігі. Вирус-жасушаның өзара әрекеттесуі. РНК-интерференция.9.4. Биохимия, физиология және микроорганизмдердің, саңырауқұлақтар мен балдырлардың молекулярлық генетикасы. Биотехнологияда микроорганизмдерді, саңырауқұлақтар мен балдырлардыпайдалану.9.5. Мекендеу ортасының өзгерістеріне өсімдіктің, жануардың және адамның физиологиялық, биохимиялық және генетикалық бейімделу тетіктері. Экстремалды жағдайлар физиологиясы. Генетикалық токсикология. Адамды, жануарды, өсімдікті қорғау және тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі жұмысының тетігі.9.6. Жасушалық технологияның теориялық негізі: бағаналық жасуша, жасушалық инженерия, жасушалық терапия. Биоинформатика. Биология мен биотехнологияның физикалық-химиялық негіздері саласындағы зерттеулер үшін әдістер, аспаптар мен жабдықтар.9.7. Экология, популяциялық биология проблемалары. Организмдерді жүйеге келтіру және топтастыру. Флористика, фаунистика және биогеография. Паразиттік жүйелер. Биотүрліліктердің жағдайын бағалау және сақтау проблемалары. Биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану мен өндірудің ғылыми негізі . 10. Жаһандану жағдайларында елдің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту экономикасы.

3.4. «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ» БАСЫМДЫҒЫ«Энергетика» басымдығы бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар нәтижелерін (іске асыруды) талдауҚазақстанның ғалымдары Астана қаласында «Болашақ энергиясы» EXPO-2017 Дүниежүзілік көрмесіне белсенді қатысуға дайындалып жатыр. Астана осы саладағы ең үздік әзірлемелер мен трендтерді көрсетуге арналған алаңға айналады, әлем ғылымы мен бизнесінің өкілдерін жинайды. EXPO-2017 дайындалу мен өткізуге ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында «2013-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының таза энергия көздерін әзірлеудің» ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленді, соны іске асыру нәтижесінде мультимедияны қолданумен жұмыс істейтін қондырғылар мен макеттер құрылатын болады.

Page 39: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

39

EXPO-2017 мына бағыттар: күн энергетикасы; жел энергетикасы; құрамдастырылған энергетика; сутегі энергетикасы; геотермалды сулар; энергия үнемлеу; биоэнергетика; шағын гидроэнергетика бойынша отандық әзірлемелердің экспонаттары көрсетілетін болады. Көптеген бағыттар бойынша бүгінде жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер бар, олар EXPO-2017 талаптарына сәйкес келеді. Ғылыми бағдарламалар мен жобаларды іске асыру EXPO-2017 көрсету үшін тәжірибелі және жартылай өнеркәсіптік үлгілерді құруға мүмкіндік береді. 2013-2014 жылдары жоғары импакт-факторлары бар журналдарда жарияланған жұмыстар бойынша балама энергетика саласында маңызды нәтижелер алынды. «Жаңғыртылмалы көздермен энергетика жүйесін қосу үшін энергияны сақтауға инновациялық аккумуляторлар әзірлеу» тақырыбы шеңберінде «Назарбаев университеті» ААҚ қызметкерлері орындаған 2,08-ден 5,97 дейін импакт-факторы бар есептік кезеңде (2012-2014 жылдар аралығында) журналдарда 5 жұмыс жарияланды. Осы жұмыстарда энергия аккумуляторлар жүйелері бойынша маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді және стандартты емес параметрлері бар жаңа композиттік катодтары мен батарея катодының бірегей құрамы құрылды.«Наноқұрылымдық материалдар негізінде жаңа тиімді термоэлектрлі генераторларды әзірлеу» тақырыбы бойынша (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) жоғары КПД термоэлектрлі генераторларға қол жеткізу мақсатында жаңа көп функционалды нанокристалдық және нанокомпозиттік халькогенидтік материалдар (супериониктер) жасау және синтездеу бойынша коммерцияланатын эксперименталды нәтижелер алынды. Олар (0,5 – 2,2) импакт-факторы бар 5 жұмыс жариялады. Нақты материал құрамы бойынша практикалық нәтижелерге қол жеткізілді және олардың жоғары техникалық параметрлері теромоэлектрлі және магнеторезисті қолдану, фотовальтаика үшін жаңа қондырғылар мен аспаптар жасауға мүмкіндік береді. «Жаңа ұрпақтың күн элементтерін құру үшін кремний наноталшықтарын пайдалану» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Эксперименталды және теориялық физика Ғылыми зерттеу институтының ғалымдары елеулі нәтижелердің арқасында жоғары импакт-факторы бар журналдарда 5 жұмыс жариялады.«Кремний күн элементтерін фототүрлендірудің тиімділігін арттыру технологиясын әзірлеу»

тақырыбы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Зерттеу мен талдаудың Физика-химиялық әдістер орталығының ғалымдары атқарған жұмыстарда жақсы ғылыми-техникалық нәтижелерге қол жеткізді. Олар 3 жұмыс жариялады және ҚР инновациялық патентін беру туралы оң қорытынды алды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Парасат» ҰҒТХ» АҚ мен оның еншілес ұйымдары мынадай нәтижелер алды:Импульстік лазерлік тұндыру әдісімен никель мен алюминат лантан төсемінде электролитті YSZ пленканы дайындалды. Практикалық маңызы автономды энегия қондырғысының негізгі бөлігі болып табылатын және көмірсутектің қышқылмен электрохимиялық реакциясы есебінен электр энергиясын өндіру үшін арналған қатты оксидті отын элементтерін дайындау болып табылады;Металлургиялық кремнийден силицидтік қорытпаларды алудың шлакты технологиясы мен газ тәрізді моносилан бөлумен аталған қорытпаларды қайта өңдеу технологиясы әзірленді;«Кристалдық кремний – аморфты кремний» гетероқұрылым негізінде күн элементтерін алу технологиясы әзірленді. Кремний негізінде жартылай өткізгіштік құрылымды алудың осы технологиясының негізі басқаратын электродтың реттелетін әлеуетімен магнетрондық тұндыру әдісі болып табылады;Төмен температуралы наноөлшемді қатты оксидті отындық элементтердің тәжірибелі батареяларын жинау технологиясы әзірленді;Жарықдиодты чиптер үшін арзан төсемдік материалдардың тәжірибелі өндірісін құру. Осы жұмыс шеңберінде CVD, MOCVD және PLD әдісімен металл төсемдерге өтетін қабаттарды алу бойынша эксперименталды желі құрылды. Хьюстон университетімен бірлесіп төсемнен графен қабатын қауіпсіз бөлу әдісі әзірленді;Қазақстанның түрлі нүктелерінде нақты пайдалану жағдайында жоғары тиімді күн үлгілерін пайдалану тиімділігін нақты уақыт режимінде мониторингтеу үшін қуаты 3 кВт дейін фотоэлектрлі энергия қондырғыларының желісі әзірленді және құрылды;«Кристалдық кремний – аморфты кремний» гетероқұрылымды алудың технологиялық телімі құрылды, қажетті техникалық құралдар және жабдықтармен жабдықталды;Наноөлшемді қатты оксидті отындық элементтердің тәжірибелі үлгілері жасалды;Жеке элементтерді, сондай-ақ батареяларды тексеру кіретін отындық элементтерді сынау үшін

Page 40: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

40

талдау стенді әзірленді;Жарықдиодты және олардың негізінде жарық беретін аспаптарды сертификаттаудың 2 зертханасы құрылды;ФТИ базасында жартылай өткізгіш жарықдиодтары негізінде жарық беретін аспаптарды және қондырғыларды шығару бойынша тәжірибелі өндіріс құрылды;Тәжірибелі гидродинамикалық жылытқыштар жасалды;Айына өнімділігі 1 млн. жарықдиодтарын шығаратын тәжірибелі-өнеркәсіптік телім құрылды;Жарықдиодтарды корпустау бойынша технологиялық желі құрылды және оңтайландырылды, толымдаушы элементтерін пайдаланумен құрастыру цехы салынды;Түрлі мақсаттағы жарықдиодты шамдар үшін өзіндік қуаттандыру көздерін өндіру бойынша тәжірибелі-өнеркәсіптік телім құрылды. Жаңғыртылатын энергетиканың отандық және әлемдік ғылыми қауымдастықпен дамытылатын дәстүрлі бағыттарымен қоса Қазақстандық ғалымдар әлемдегі алғашқылардың бірі болып наноөлшемді қатты отындық элементтерді құру мәселесімен айналасты және 2017 жылға олардың жұмыс істейтін даналарын ұсынатын болады. Мұндай қатты отындық элементтер 10 кВт/см3 дейін электр энергиясын беретін болады. Салыстыру үшін сіріңке қорабындай көлемі бар элемент 5 орташа статистикалық үйді (жеке үйлер) электр энергиямен қамтамасыз ететін боладыEXPO-2017 Халықаралық арнайы көрмеге дайындалу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде жарылғыш заттарды анықтау құрылғысымен бақтарды жарықтандырудың құрамдастырылған шамдарын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық ғылыми кеңес «Энергетика және машина жасау» ғылымын дамыту басымдығы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған арнайы ғылыми бағыттар құрды:1.Энерготиімділігі және энергияны үнемдеу;2. Жылу және электроэнергетика, жанармай мен көмірқұрамды қалдықтарды тиімді пайдалану3. Баламалы энергетика және технология: 3.1. Жаңғыртылатын энергетика көздері, 3.2. Ядролық және сутекті энергетика, 3.3. Энергияның басқа да көздері;4. Энергетикалық сектордың қоршаған ортаға әсері5. Көлік және құрылыс машинасын жасау6. Ауылшаруашылық машинасын жасау7. Тау-металлургиялық және мұнайгаз машинасын жасау

8. Электротехникалық машина жасау.

3.5 «ЕЛІМІЗДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ» БАСЫМДЫҒЫ«Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар нәтижелерін (іске асыруды) талдау Қазақстан Республикасында астрофизикалық зерттеулердің даму перспективалары аса маңызды үш бағытпен сабақтас. 1. Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы жұмыс жоспарына кіретін алыс ғарышты атмосферадан тыс бақылау әдістерімен зерттеу бойынша қазақстандық ғылыми бағдарламаларды дайындау. Спектр диапазондарында (ультракүлгін, рентген, гамма) қол жетімсіз жердегі құралдармен бақылау кешендерін орындау және қазіргі астрофизиканың өзекті мәселелерін шешу (қараңғы энергия табиғаты, ғаламның белсенді ядролары, жұлдыздардың және жұлдыз жүйелерінің құрылу) жоспарлануда.2. Қазіргі космологияда үлкен рөл атқаратын сандық үлгілеу әдістерінің дамыту. Сандық үлгілеу нақты астрофизикалық көріністерді бақылау кезінде мүмкін емес үдерістермен эксперименттер қойылуын мүмкін етеді. Институтта Әлемнің ірі ауқымды құрылымы дамуын үлгілеу бойынша сандық экспериментті табысты жүргізуге көмегін тигізген мини-GRAPE – кластер құрылды. Жаңа космологиялық есептер жүргізу үшін арнайы бағдарламалық жасақтама дайындалуда және GPU-кластерлерде олардың жүзеге асуы үшін әдістемелер өңделуде. Бұл біздің сандық эксперименттердің көлемін біршама көбейтуге және космологиялық үлгілеудің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.3. Әлем жөнінде қазіргі ғылым дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатын ядролық астрофизика.Катализ дамуының негізгі бағыттары:- катализдік іс-әрекеттің ғылыми негіздерін алдын ала болжау,- алдын ала берілген және реттелуші қасиеттері бар катализаторларды синтездеу,- мұнайхимиясы мен мұнайөңдеудегі жаңа катализаторлар мен технологиялық үдерістер, - катализаторлар синтезінің дайындалуының ғылыми негіздерін және өнеркәсіптік технологиялар жасау,- катализдегі нанотехнология,- мұнайхимиясы мен мұнайөңдеудің катализдік үдерістері мен катализаторларды физика-химиялық зерттеу,- талғамды органикалық химия және

Page 41: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

41

фармацевтика,- экологиялық катализ.Академик Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институтында (ОКЭИ) мұнай өңдеу үдерістеріне арналған жоғары тиімді катализаторлар жасау жұмыстары жүргізілуде: гидроөңдеу, крекинг, қ-алкандар изомеризациясы, риформинг және алкилдеу. Қазақстанның минералды шикізатынан әр түрлі мақсатта катализаторлар өндірудің өнеркәсіптік технологияларын жасау, ауыр газойльды бензин немесе дизель фракциясына катализдік өңдеудің бір сатылық үдерісінің жаңа технологияларын жасау; ауыр фракциялардың крекингі; гидрокүкіртсіздендіру; гидроизомеризации және алкилдеу; гидроконденсатты катализдік өңдеудің технологияларын жасау; мұнай және ілеспе газды бензинге айналдыру, олефиндер және ароматты көмірсутектер; метанды парциалды тотықтыру үдерісінің және метанды көміртегі диоксидімен риформинглеу синтез газ ала отырып әрі қарай оттекті қосылыстармен синтездей отырып; экологиялық жоғарыоктанды отын қоспаларын синтездеу; көмірсутек шикі заттарын тотықтыра отырып мұнайхимиялық синтез үшін катализаторлар мен технологиялар жасау, оттегі-, азот-, винил- және фосфорлы қосылыстар алу мақсатында тотықтыра фосфорилирлеу; күкіртсутек, күкірт, техногенді мұнай қалдықтарын, мұнай өңдеу кәсіпорындары мен транспорттың көмірсутекті қалдықтарын өңдеу және жою технологиялар жасау.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті катализдік және мұнайхимиялық бағытта мына мәселелерді зерттейді:- қоңыр көмірлерді катализдік жағудың жаңа екі каскадалық үдерісін жасау және енгізу, химиялық және физикалық активациялау және олардан сұйық отын алу әдістерін жасау, Қазақстан көмірлерінің гуматтары негізінде жоғары тиімді катализаторлар жасау,- Қазақстанның минералды шикізаты базасында (табиғи цеолиттер және қазақстандық кен орындарының топырағы) ауыр мұнай фракцияларының және мазут крекингісінің катализаторларын жасау,- жаңа буынды металкомплексті катализаторлар қатысуымен алкендер мен оксиарендерді көміртегі оксидімен(СО және СО2) карбонилдеу,- қазақстандық бентонитті топырақ және табиғи цеолиттер негізіндегі бензинді және басқа да фракцияларды изомеризациялаудың катализаторларын жасау,- радиациалы-модифицирленген катализаторлар қатысуымен парафин қатарындағы жеңіл көмірсутектерді ароматизациялау процесінің

технологиясы мен катализаторлары,- көмірдің минералды массасынан органикалық массадан және бағалы компоненттерден синтез-газ алудың плазмалы технологияларының ғылыми негіздерін жасау. А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында топырақтың мазутталуы мәселелері зерттеледі.Қазақстан Республикасы Органикалық синтез және көмірхимиясы институтында көмірді гидрогенизациялау катализаторлары мен технологиялары жасалады, әртүрлі функционалды топты көмірсутектерді электрокатализді тотықсыздандыру зерттеледі.Ұлттық ғылыми кеңес «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылымын дамыту басымдығы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған ғылыми бағыттар құрды:1) Жаратылыстану-ғылыми бағыттардағы іргелі зерттеулер:1.1. Математика, физика, химия және биология саласындағы іргелі зерттеулер2) Табиғатты тиімді пайдалану саласындағы іргелі зерттеулер3) Көп нысанды мақсаттағы жаңа ұрпақ материалдарын құру саласындағы іргелі зерттеулер4) Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың іргелі проблемалары4.1. ғылыми және білім үдерістеріндегі заманауи ақпараттық технологиялар4.2. технологиялық үдерістерді математикалық үлгілеу;4.3 ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және автоматтандыру және жүйелерді басқару үшін жаңа машиналарды жасау.5) Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер5.1. ғылыми бәсекеге қабілетті өндірістерді (экономиканы) дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын зерттеу.5.2. қазіргі жағдайдағы мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асыру саласындағы зерттеулер.5.3. әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар мен пәнаралық зерттеулердің көкейкесті проблемалары.5.4. қоғам мен мемлекетті жаңарту жағдайында мәдениет, дәстүр, құндылықтар саласындағы зерттеулер.

Page 42: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

42

4. ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

(ғылыми мекемелердің және жоғары оқу орындарының, ғылыммен айналысатын дербес білім беру ұйымдарының ғылыми әлеуетінің, сапалық құрамы жай-күйін, отандық ғылыми кадрларды даярлау сапасын, шетелдік ғалымдарды тарту ісіне, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуына талдау)

Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі зияткерлік ресурсқа, ғылымды қажетсінетін салалар мен ақпараттық технологияларға, өндірістің барлық факторларын тиімді пайдаланып, сапалы жетілдіруге негізделетін ғылыми әлеуеттің дамуымен анықталады. Қазақстан Республикасы дамудың зор әлеуетіне, оның ішінде ғылыми әлеуетке де ие. Ғылыми әлеуеттің даму мәселесі мемлекеттік жоспарлау және ғылымды басқарудың тәжірибелік міндеттерін шешу, ғылыми зерттеулер тиімділігін және ғылым мен өндіріс байланысын арттыру арқылы шешіледі. Сондықтан бірінші кезекке ғылыми әлеуетіміздің және оны «жасаушылардың», яғни құрылымдық компоненттердің сандық бағалау мәселесі шығады. Ғылыми әлеует мыналармен сипатталады:

- ғылым кешенін қаржыландыру көлемімен, оның ішінде: мемлекеттік бюджет, бюджеттік емес қорлар, кәсіпкерлік сектор ұйымдары және шетелдік инвесторлардың қаржысы арқылы;

- ғылымның материалды-техникалық базасын дамыту деңгейімен;

- ғылым саласында еңбек ететіндер санымен, докторлар мен кандидаттар санымен;

- еліміздің инновациялық жүйе жағдайымен.

Ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану ғылыммен айналысып жүрген мамандардың оңтайлы құрылымына, біліктілікке, дайындық деңгейіне, ғылыми білім өсімін қамтамасыз ететін ғылыми мамандардың шығармашылық интеллектуалды қабілетіне байланысты болмақ.

ҒЫЛЫМ КАДРЛАРЫ. Ғылым даму локомотиві болып табылады. Сондықтан Үкіметіміздің алға қойған Елімізді дүние жүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына қосу жоспарындағы тапсырмаларын орындау көбінесе ғылымның жағдайымен тікелей байланысты. Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму сатысына қадам басуы ағымдағы экономикалық жағдайларға ғылымның да бейімделуін талап етеді. Ол тиісті кадрлық, қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді талап етпек. Дәл осы кадрмен қамтамасыз ету, оның сандық, әсіресе сапалық құрамы ғылымның дамуының басым бағыты болып отыр. 2014 жылы Қазақстанда ғылым және ғылыми-техникалық жұмыстармен 25,8 мың адам айналысқан, оның ішінде 18,9 мың адам – ізденуші мамандар, яғни жаңа білім, өнім, үрдіс, әдіс пен жүйе қалыптастырып, зерттеулер үдерістерін және оларға сәйкес жобаларды басқарумен айналысатын қызметкерлер; 3,9 мың адам – техникалық қызметкерлер, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың және оның жүзеге асу нәтижелерін алуға атсалысатын қызметкерлер. Жалпы алғанда 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҒЗТКЖ жұмыстарын іске асыруға қатысқан қызметкерлердің саны 8,8 мың адамды немесе 51,8%-ды құрады; ізденуші мамандар саны – 8,0 мың адам немесе 73,4%; техникалық қызметкерлер саны айтарлықтай өскен жоқ (4.1 кесте).

Page 43: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

43

Кесте 4.1- Қазақстан Республикасындағы ғылым саласындағы мамандардың саны және ғылыми кадрларды дайындау көрсеткішінің динамикасы

2014 жылы Қазақстанда ҒЗТКЖ айналысатын қызметкерлердің жалпы үлесі 1 миллион адамға шаққанда 1481 адамды құрады. Бұл Финляндия (7832), Исландия (6807), Швеция (5416), Жапония (5287), АҚШ (4605), Норвегия (4587), Австралия (3759), Канада (3597), Франция (3213) елдерімен салыстырғанда едәуір төмен көрсеткіш [27].Соңғы уақыттары еліміздегі ЖОО-да ҒЗТКЖ айналысатын қызметкерлер санының өсуі байқалады. Сол сияқты олардың ғылыми-техникалық қызметкерлердің жалпы санындағы үлесі де артып келеді. (4.2 кесте).

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді*ҒЗТКЖ айналысатын мамандар саны, педагогикалық қызметімен бірге ҒЗТКЖ айналысатын ғылыми-педагогика саласы мамандарын есепке алмағанда

Page 44: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

44

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің деректері бойынша зерттеуші мамандардың жалпы санынан жоғары білікті мамандардың үлесі 2014 жылы 43,2%-ды құрады. Жалпы зерттеуші мамандардың басым бөлігі әдеттегідей жаратылыстану ғылымдары және инженерлік талдау және технология сияқты ғылым салаларынан болып келеді. Жалпы мамандар саны бойынша олардың үлесі 30 және 29%. Әлеуметтік ғылымдар саласында мамандар аз (4.4-кесте).

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Кесте 4.3 – Зерттеуші мамандар қатарындағы ғылыми атағы бар жоғары білікті мамандар

Егер 2010 жылы ЖОО-да ҒЗТКЖ айналысатын жалпы қызметкерлердің үлесі 17% болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 38%-ды құрады. Негізінде бұл мемлекеттік деңгейде қолданылған шараларға байланысты болып отыр. Осылайша қазіргі таңда ЖОО-нда оларға ғылыми-зерттеу бөлімдерін құруды қосқанда ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді түрде демеу көрсетілуде.

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді*Педагогикалық қызметімен бірге ҒЗТКЖ айналысатын ғылыми-педагогика саласы мамандарын есепке алмағанда

Кесте 4.2 – Ұйымдар бойынша ҒЗТКЖ айналысатын мамандардың саны

Page 45: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

45

Ғылымның ұйымдастырушылық құрылымы. ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2014 жылы Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстармен айналысатын 392 ғылыми ұйым тіркелген. 2000-2014 жылдар аралығында олардың саны 135 бірлікке немесе бір жарым есеге артқан [28, 29] (4.5-кесте).

Көріп отырғанымыздай, 2014 жылы барлық ғылыми ұйымдардың 62,5% ҒЗИ құраса, 22,7%-н ЖОО құрайды.2014 жылы түрлі ведомстволық тәуелділік пен меншіктік формадағы 392 ғылыми ұйымдардың үлес салмағы мемлекеттік секторда – 25,8%, кәсіби жоғары білім беру секторында – 26,8%, кәсіпкерлік сектор – 38,0%, мемлекеттік сектор – 25,8%, коммерциялық емес сектор – 9,4% -дан келді. (4.6-кесте).

Кесте 4.4 – 2014 жылғы ізденуші мамандардың ғылым салалары бойынша бөлінуі

Кесте 4.5 – Түрлері бойынша ҒЗТКЖ айналысатын ұйымдар

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Кесте 4.6 – Қызмет секторлары бойынша ҒЗТКЖ айналысатын ұйымдар

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Page 46: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

46

Қазақстандағы өсіп-өну мәселесіне ғылыми кадрлар әлеуеті өсімінің төмендігі, докторлықтың аз қорғалуы, олардың басым көпшілігінің ғылымнан тыс қолданылып жүргендігі себепші болып отыр. 2013 жылы Ph.D дәрежесін алушылардың саны әрең дегенде 673 адамға жетті. Статистика комитетінің мәліметі бойынша ғылым саласында 223 немесе 33,1 % доктор жұмыс істеді, яғни жоғары білікті мамандардар даярлаудың жаңа жүйесі жүріп жатқан 6 жылда жалпы көрсеткіштің мардымсыз бөлігінің 66,9 %-ы немесе Ph.D докторларының үштен екісі ғана ғылыми зерттеулерге қатысы жоқ жұмыс саласын таңдаған. 2014 жылдың соңында Ph.D ғылыми дәрежесін алушылардың саны 1116 адамға жетті, ғылыми зерттеулермен айналысушылардың саны 335 адамды құрап, 30,0% көрсетті. Осылай болғанда да әрбір үшінші Ph.D докторы ғана өзі бастаған ғылыми зерттеуін жалғастырады. Қазақстанда Ph.D доктор диссертациясын қорғау санының артқаны байқалады. 2012-2013 жылдары ҚР БҒМ Ph.D докторларының санын 520-ға дейін, 2014 жылы 1000-ға дейін жеткізуді жоспарлаған еді (4.1 - сурет).Суреттен көріп отырғанымыздай, 2010-2014 жылдарда жоспарланған 2220 PhD докторанттардың орнына докторлық диссертациясын тек 878 адам ғана қорғаған, яғни жоспарланған көрсеткіштен екі жарым есе аз. Қорғаудың салалық құрылымы 2014 жылы техникалық ғылым мен технологиялар мамандықтары бойынша 30 мамандық жоғары көрсеткішке ие болса, бұдан әрі кемиді: гуманитарлық ғылымдар бойынша – 12, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнеске – 10, жаратылыстану ғылымдарына – 9, білім беру және ауылшаруашылық ғылымдарына – 7, қызмет көрсету – 3, медицина, құқық және мал шаруашылығына – 2.Ph.D диссертациясын қорғау бойынша мамандықтар ауқымы кеңейе түседі: 2013 жылы қорғау 75 мамандық бойынша іске асты, 2014 жылы – 85 мамандық. Гуманитарлық ғылымдар бойынша мамандықтар ауқымы кеңейді: Мәдениеттану, Дінтану, Археология, Этнология, Шетел филологиясы, Түркология, Лингвистика сияқты мамандықтар қосылды, техникалық ғылымдар бойынша 11 мамандық, оның ішінде елдің

Сурет 4.1 – Жоғары білікті кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырыс және PhD докторларының нақты саны

Республиканың экономикалық дамуы ең алдымен кен өндіру өнеркәсібі салаларымен, металлургиямен, ауыр машина жасаумен анықталғандықтан, зерттеу және талдау саласында үнемі экономика саласының, сондай-ақ өнеркәсіп орындарының ғылыми-техникалық бөлімдерінің қажеттілігіне бағытталған жеке салалық ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалық ұйымдардан тұратын кәсіпкерлік сектор тұрды. 2014 жылы аталған сектор бойынша ҒЗЖ орындалуы туралы ақпаратта қолданбалы зерттеулер және талдау жұмыстарымен айналысқан 149 ұйым ұсынылды. Отандық ғылыми кадрларды дайындаудың сапасы. Ғылыми зерттеу саласындағы, қазіргі қызметтің барлық саласында белең алып отырғанындай, постдипломды (көпдипломды) білімнің қажеттілігінде маңызды объективті негіз бар. Осыған байланысты шетелдерде өз білімдерін ғылымда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де қолданып отырған ғылым докторлары қатарының көбейгені байқалады [30]. Осындай үрдісті ескере отырып, ғылымнан бөлек басқа қызмет салаларындағы докторантура түлектері сынға алынбайды, керісінше «бір мамандық – көптеген карьералық баспалдақ» қағидасы бойынша қызмет баспалдағымен көтерілудің кең ауқымындағы кәсіби өсудің заманауи талаптарына жауап береді.

Page 47: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

47

2014 жылы мамандықтар тұрғысында техникалық ғылымдар мен технология бойынша қорғаулар басымырақ – 129 (29,1 %), әлеуметтік ғылымдар және экономика – 85 (19,18 %); гуманитарлық ғылымдар – 58 (13,0%), жаратылыстану ғылымдары – 51 (11,51 %); құқық – 33 (7,44 %) және денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – 29 (6,54 %); білім беру – 25 (5,7 %).Ауыл шарушылығы ғылымы бойынша ең аз қорғалды (15), ветеринария (9), қызмет көрсету (8) және әскери істер бойынша (1).Құрылымның және 2009-2014 жылдарда ғылыми атақ алған PhD докторлардың салалық құрылым динамикасындағы өзгерістері 4.2 - суретінде берілген. Жаратылыстану мен нақты ғылымдар саласындағы докторлар үлесінің 3,9 есеге кемігені (44,8%-дан 11,5%-ға дейін) және техникалық ғылымдар мен технология саласында бір мезетте 9,2-43,2 %-ға (4,7 есе) өскені байқалады. Қоғамдық ғылымдар саласындағы докторлардың үлес салмағы басымырақ (орташа алғанда 45,5%), бұл біліктілігі жоғары кадрларды даярлаудың дәстүрлі екі сатылы жүйесі барысында да орын алған көрсеткіш.

индустриалды-инновациялық дамуының басымдығын ескергенде 7-уі технология бойынша. Бір жағынан 2014 жылы әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары бойынша қорғаулар азайып кетті, 2013 жылы 13 болса, 2014 жылы 10. Тіпті Есеп пен бухгалтерия мамандықтары бойынша, сонымен қатар жаңа, сұранысқа ие мамандықтар ретінде белгілі – Инновациалық менеджмент және Жобаларды басқару мамандықтары тарапынан да қорғау болмаған. Ғылыми кадрлар әлеуетінің докторлық диссертация қорғаудың салалық құрылымы Классификатор мамандықтар номенклатурасына сәйкес келеді (4.7-кесте). Алайда кейбір мамандықтар бойынша қорғау үлесі мен мамандықтар үлесі Классификаторда өзара сәйкес келмейді (4.7-кесте). Осылайша құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, денсаулық сақтау мәселелері бойынша қорғау үлесі Классификаторда осы бөлім мамандықтар үлесінен 2-3 есеге артық екенін көрсетеді. 2013 жыл мен 2014 жылды салыстыру барысында түрлі ғылыми мамандықтар бойынша қорғаудың ғылым салалары бойынша Классификатордағы мамандықтармен сәйкестігі басым екені байқалады. Сонымен 2013 жылы PhD докторантурасының мамандық Классификаторы қоғамдық-гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша мамандықтар санының бркелкі екенін растады – 34 және 37 %, ал бұл салаларда қорғау сәйкестігі тиісінше 64 және 19,8 % болған еді. 2014 жылы қоғамдық-гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша қорғау үлесі 36,5 және 45,9% болса, Классификаторда сәйкестілігі – 45,3 және 40,6% болды.

Кесте 4.7 – Ғылыми қызметкерлер тобы шамасында қорғалған PhD диссертацияларының саны, 2014 жыл

Page 48: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

48

Кадрлық әлеуеттің жас ерекшелік сипаттамасы. ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2014 жылғы ғылыми зерттеулер мен зерттемелер саласында еңбек ететін қызметкерлердің жас ерекшеліктік құрылымының ең көп пайызы (25,3%) 25-34 жас аралығындағы топқа тән болса, 25-ке дейінгі жас қызметкерлердің үлес салмағы одан аздау (11,3%), ал 65-тен жоғары егде жастағылардың үлес салмағы (8,4%) (4.3- сурет).

Орташа алғанда қарастырылған кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың докторлары саны техникалық ғылымдар саласынан 2,2 есеге және жаратылыстану, нақты ғылымдар саласынан 1,4 есеге басым түседі. Қоғамдық мамандарды артығымен даярлап шығарған ғылыми кадрлардың осындай салалық құрылымының еліміздің инновациялық-техникалық даму сұранысына сай келуі екіталай.Докторанттардың басым бөлігі жалпы санның 35,4%-н құрайтын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде қорғалады – 157, 2014 жылы. Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлайтындар қатарында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, ҚазҰАУ; аймақтық – Мемлекеттік медициналық университеті (Семей қаласы) бар. PhD диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңес жүйесінің кеңеюі байқалады. 2014 жылы диссертациялық кеңестің жұмыс қорытындылары және ғылыми кадларды даярлау мәселелері (2015 жыл 9 ақпан) жөніндегі семинар-жиналыста соңғы 4 жылда диссертациялық кеңестің саны 2011 жылы 16-дан 2014 жылы 52-ге жеткендігі туралы (6 ұлттық, 10 мемлекеттік және 6 жеке меншік ЖОО) аталып өтті. 2014 жылы бітіруші PhD докторанттардың жалпы саны 611 адамды, диссертациясын қорғағандардың саны 336 докторант немесе 54,9%-ды құрап, 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда (46%) жоғары болды. Одан бөлек өткен жылдардан қорғауға 127 докторант шықты. Диссертациялық кеңестің (6) басым бөлігі 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 112 ғылыми мамандықтың 39 бойынша қорғау жасады. 2014 жылы докторларды даярлау 34 ЖОО 173 мамандық бойынша белгіленді. 2013 жылы даярлық жұмысы республиканың 28 ЖОО 125 мамандық бойынша, 2012 жылы – 91 мамандық бойынша 24 ЖОО-нда жүргізілген болатын. Мамандық даярлау бойынша басымдылық әлбетте ҚазҰУ тиесілі (37 мамандық). Ауқымды мамандандықтар тізімі бойынша (11-ден 18-ге дейін) докторанттарды даярлайтын тағы Республикалық 3 ЖОО бар – Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ. 2009.09.01 ҚР Жоғары және Жоғары білімнен кейінгі білім мамандықтар Классификаторына сәйкес, Ph.D докторантура бағдарламасындағы мамандықтары тізімінде барлығы 180 аталым бар [30].Диссертациалық кеңестің шешімі бойынша 2014 жылы 5 PhD докторлық диссертациясына қатысты жарамсыз деген шешім шығарылды. Ағылшын тілінде 17 Ph.D докторант өз жұмысын қорғап шықты, Мысыр Араб Республикасынан 3 шетелдік азамат қорғады[30].Магистрларды жекеменшік ұйымдар даярлап жатқанда докторанттарды даярлаумен көбінесе мемлекеттік оқу мекемелері айналысатынын айта кеткен жөн (4.8-кесте).

Кесте 4.8 – 2014 жылы ғылымға мамандар даярлаған мекемелер саны

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

сурет 4.2 – Ph.D докторлардың салалық құрылымы

БарлығыМемлекеттікЖеке

Page 49: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

49

Соңғы 4 жылдағы Ph.D докторлармен толығатын біліктілігі жоғары кадрлық әлеуеттің мемтіркеу динамикасында едәуір жас жұмысшылар тобының үлесі (25 жасқа дейін) болғанымен, біршама азаяды (12,3-11,3%), неғұрлым белсенді жастағы ғылыми кадрлардың үлесінің (45 жасқа дейін) керісінше көбейгендігін байқауға болады (18,3-20.1%), сонымен қатар аға буын өкілдердің де үлес салмағы өсуде (7,7-8,4%), яғни егде жасқа қарай жас ерекшеліктер өсімі бар (4.9-кесте).

Сурет 4.3 – 2014 жылы ғылыми-зерттеу және зерттемелік жұмыстармен айналысқан қызметкерлерді жасына байланысты жіктеу

55-64 жас аралығындағы зерттеушілер тобының үлес салмағының төмендеуімен (18,6-дан 16,5 %-ға дейін) қатар 65 жастан жоғары жастағы кадрлардың санының артуын қартаю факторының орын алып отырғанымен бағалауға болады. Ғылыми зерттеулер мен талдау жұмыстарымен айналысқан ғылыми қызметкерлердің жалпы саны бойынша Рh.D докторлардың үлесі небәрі 1,3% (2014 ж.), зерттеушілер арасында – 1,8 % болғандықтан, жас буынның жас ерекшеліктері көрсеткіштері айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Соңғы 4 жылда жас зерттеушілердің (35 жасқа дейінгі) саны орташа есеппен 36,7%-ды құрады; орта жастағы ғылыми қызметкерлер (35-54 жас аралығындағылар) – 38,3%-ды, ал аға буынның (55-65 жас және жоғары ) – 24,9%-ды құрады (4.10- кесте).Ғылым саласында жүргізіліп, қолға алынған шаралар өз нәтижесін берді. Ғылыми қызметкерлер мен біліктілігі жоғары ғылыми қызметкерлердің қатары артты. Ғылыми мекемелердің де саны артуда. Ғылыми бірлестіктердің тұтынушылардың, олардың зерттеулерінің нақты мәселелерін шешетін ғылыми бөлімдер сияқты жаңа формалары дамуда. Мұндай жинақылық ағымдағы біршама мәселелерді шешіп беретіні анық. Алайда одан да үлкен ғаламдық, ауқымды техникалық және ауқымды ғылыми мәселелерді шешу үшін көп жылдық тәжірибемен жасақталған ғылыми стационарлық ұжымдар әлі де қажет. Осындай жағдайда біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлау жұмысы әлсіздік танытып келеді.

Кесте 4.9 – Ғылыми-зерттеу және зерттемелік жұмыстармен айналысушы қызметкердің жас ерекшелігінің көрсеткіші

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Page 50: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

50

5. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫН ТАЛДАУ (мемлекеттік бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын, ғылымға жекеше сектордан қаржы қаражатының тартылуына талдау жасау)

Еліміздің ғылымға қатысты қаржылық саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады және ол мемлекеттің ғылыми, ғылыми-техникалық қызметке көзқарасын арқау етіп, ғылым, техника, ғылым мен техника жетістерін іске асыру саласындағы мемлекеттік билік органдары қызметінің мақсаттарын, бағыттарын, формаларын анықтайды.Ғылыми-техникалық жүйенің біртұтас құрылымдық түзілім ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамсыздандыратын ресурстық ағым ретінде Республиканың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің ғылыми-техникалық қызметке бөлетін ресурстары анықталады [149,150]. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру көлемі осы ресурстардың қарқынды түрде бөлінетіндігін айқындайды (5.1 кесте).

Жоғарыдағы мәліметтен 2014 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нен ғылымға 0,171%-ы бөлінгенін байқаймыз. Бұл көрсеткіштің соңғы жылдардағы өсу динамикасы жағымды мәнге ие. Сондай-ақ, ғылыми жұмыстарды қаржыландыру ісіне мемлекеттік бюджет есебінен бөлінетін қаржының басымдығы аңғарылады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылы 30 қарашада бекіткен 2010-2014 жылдары инновациялық даму және технологиялық жаңғыруға ықпал жасау жөніндегі бағдарламасында 2015 жылы ЖІӨ ғылымға бөлінетін қаржыны 1%-ға дейін ұлғайту көзделген болатын.Егер халықаралық деңгейде салыстырғанда, ғылымның табысты болуы үшін оның ЖІӨ-дегі үлесі 2%-ға жуық болуы керек. Қазіргі таңда ғылымға қомақты қаржы бөлу жағынан бірнеше жылдан бері АҚШ алдыңғы орында келеді. 2013 жылы АҚШ-тың ғылым саласын дамытуға бөлген қаржысы 405,3 млрд. долларға ұлғайып, ЖІӨ 2,7%-ын құрады.ҚХР Ғылым және техника министрлігі мәліметтеріне сүйенсек, Қытайда ҒЗТКЖ дамыту үшін 2006-2020 жылдар аралығын қамтитын ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдаған болатын. 2013 жылы Қытай билігі ҒЗТКЖ дамыту үшін мемлекет тарапынан 861 млрд. юань жұмсады (бұл ЖІӨ 1,83%-ын құрайды) [151]. Бүгінде Қазақстанның ҒЗТКЖ және ҒЗЖ қаржыландыру жүйесі түрлі қаржы көздерінің болуымен ерекшеленеді (5.2 кесте).

Кесте 5.1 – ҒЗТКЖ-ына жұмсалатын шығындар

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді*) 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы Жалпы ішкі өнімнің көлемі, алдын ала берілген мәліметтер бойынша.

Page 51: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

51

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Қазақстанда ғылыми зерттеулер үш бағытта жүргізіледі. Олар – іргелі және қолданбалы ғылымдар, сонымен қатар тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер.Мемлекет іргелі ғылыми зерттеулермен бірге басым бағыттар бойынша жүзеге асатын қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын да бюджет қаржысы есебінен қаржыландырады. Нәтижесінде ғылыми-зерттеу және әзерлемелерге бөлінетін қаржы көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 54,1%-дан 57,9%-ға ұлғайғанына қарамастан, мемлекет қаржысы көп мөлшерде шығындалуда. Соның салдарынан іргелі ғылымды қаржыландыру мөлшері «кесіліп» отыр (5.3 кесте).

Кесте 5.3 - Жұмыс түрлері бойынша ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындар

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Кесте 5.2 - Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатынішкі шығындар

Page 52: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

52

Елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейін айқындауда ҒЗТКЖ-ға бөлінетін шығындарды жан басына шағып есептеудің маңызы зор. Қазақстан Республикасында аталмыш көрсеткіш 2010-2014 жылдар аралығында 1,9 есе артқан (5.4 кесте).

Барлық жалпы шығындар ішкі және сыртқы шығындардан құралады. Ішкі шығындарға ғылыми-зерттеу жұмысына, әзірлемелерге жыл соңындағы есептік кезеңге дейінгі ішкі ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалған қаржы жатады. Ал сыртқы шығындарға ҒЗТКЖ іске асыруды мойнына алған мекеменің кейбір жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған кезде өзге мекеменің қызметін пайдалануына жұмсалған қаржы сыртқы шығындардың есебіне жатады. Әдетте субмердігермен келісімшарт ұйым техникалық себептерге байланысты тиісті жұмыстарды өзі жүргізе алмаған жағдайда жасалады (5.5 Кесте).

Кесте 5.4 - ҒЗТКЖ-ға бөлінетін шығындарды халықтың жан басына шаққандағы үлесі (қазіргі бағалар бойынша)

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Сурет 5.1 – Ішкі шығындардың құрылымы

Әлемдік іс-тәжірибеге көз салған адам ғылымды қаржыландыруда жеке сектордың үлесі жоғары екенін байқайды. Сондықтан Қазақстан жағдайында мемлекеттің отандық кәсіпкерлерді өндіріске инновациялық жобаларды енгізуге ынталандырғаны абзал. Бұның өз кезегінде ғылымды қаржыландырудағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың өсуіне септігін тигізері сөзсіз. Түсудің маңызы зор. 2012 жылы қазақстандық кәсіпорындардың ғылымды дамытуға жұмсаған инвестициясы 5%-ға ұлғайды. Соңғы уақытта инновациялық жетістіктерге қол жеткізуге жол ашатын тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің ролі артқандығы шығын құрылымынан аңғарылады (5.1 сурет).Осы ретте ғылымға бағытталған қаржылық шығындардың көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Бірақ отандық ғылым үшін маңызды бағыт ретінде дәстүрлі қолданбалы ғылыми-зерттеулер болып тұр. Сонымен қатар, соңғы жылдары іргелі ғылымдарды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі біршама қысқарды.Мемлекеттің жыл сайын ғылымды дамытуға бөлетін қаржысының көлемі ұлғайғанымен, бұл бағытта Қазақстан дамыған елдердің көрсеткішіне қол жеткізе алмай келеді.

Тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер

Қолданбалы зерттеулер

Іргелі зерттеулер

Page 53: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

53

2012 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда түрлі себептерге байланысты өзге мекемелер орындай алмағандықтан сыртқы шығындардың көлемі айтарлықтай қысқарғанын байқауға болады. Бұл өз кезегінде жұмыстың сапалы орындалуын төмендетуі мүмкін (5.2 сурет).

Кесте 5.5 - ҒЗТКЖ жұмсалатын шығындарды бөлу

Сурет 5.2 – Жалпы шығындардың құрылым

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Қазақстандағы тұтастай алғанда да, ғылыми ұйым типі бойынша да ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындар жыл өткен сайын артып келе жатқанын 5.6 кестеден байқауға болады.

Кесте 5.6 - ЖОО мен ҒЗИ ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындарының көрсеткіштері

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Сыртқы шығындар

ҒЗТКЖ-ның ішкішығындары

Page 54: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

54

Жоғарыдағы мәліметтерден ҒЗТКЖ жүзеге асыратын ғылыми мекемелердің негізгі шығындарының құны өсіп келеді (5.7 кесте) [153-156]. Дегенмен ғылыми-техникалық қызметті кәсіби тұрғыдан жүзеге асыратын ғылыми мекемелерде негізгі жабдықтардың тозу коэффициенті 2013 жылы 77,6%-ды құрады. Ал негізгі құрылғыларды жаңарту коэффициенті 11,8%-ды құраса, негізігі құрылымдарды жою коэффициенті 1,4%-ды құраған.Қазақстан Республикасындағы ғылымның жағдайына сараптама жасау негізінде 2014 жылы Астана мен Алматы қаласында және Маңғыстау облысында ҒЗТКЖ-ына біршама көп мөлшерде шығындар

Кесте 5.7 - Ғылыми-техникалық қызметтің негізгі қаражатының орташа жылдық құны

Таблица составлена по данным Государственной статистики

Сопоставимые данные имеются только за 2013 и 2014 годы

Ауылшаруашылығы мен гуманитарлық ғылымдарға бөлінетін шығындар үлесі біршама артқанын айта кеткен жөн. Шығындар құрылымы жаратылыстану және инженерлік ғылымдарға жұмсалатын шығындардың жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл негізінен материалдық базаны нығайту жұмыстарымен тікелей байланысты (5.3 сурет).

Сурет 5.3 – Ғылым салалары бойынша ішкі шығындар құрылымы

2014 жылы ішкі шығындар 14,8%-ға ұлғайды. Ішкі шығынның артуы тек бір ғана бап шығындарының артуына – жалақыға жұмсалатын шығындардың өсуіне алып келді. Ал қалған шығындар қысқарды.Жалақыға жұмсалатын шығындардың 44%-дан 58%-ға дейін артқанын байқауға болады. Ал материалдық база мен ғылымның негізгі қаражатын дамытуға байланысты шығындар 2014 жылы барлығы 8,1%-ға артқан.Жоғары оқу орындары секторында материалдық базаны нығайтуға ең төменгі мөлшерде шығын жұмсалады. 2011 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен №407-IV «Ғылым туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағында жоғары оқу орындарының негізгі қызметі білім беру ісімен қатар ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық, зияткерлік құқықтық меншікті қалыптастыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды іске асыру болып табылатындығы анықталған [34]. Сонымен қоса осы секторда ҒЗТКЖ-мен айналысатын қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалатын шығындардың үлесі көп.2013 жылмен салыстырғанда, мемлекеттік және кәсіпкерлік секторларда шығынның барлық түрлері бойынша шығын үлесі өскен, ал жоғары білім секторының үлесі керісінше қысқарған.2014 жылы ғылымның бірқатар саласы бойынша шығындар төмендеген. Олар – медицина мен әлеуметтік ғылымдар. Ал қалған салаларды шығындар ұлғайған. Әлеуметтік ғылымдар қалыптасқан дәстүр бойынша ең аз қаржыландырылатын сала болып отыр. Себебі бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаржылық шығыннан гөрі, зияткерлік шығындар көбірек қажет етіледі.

Гуманитарлық ғылымдар

Әлеуметтік ғылымдар

Ауылшаруашылық ғылымдары

Медициналық ғылымдар

Инженерлік әзірлемелер

Жаратылыстану ғылымдары

Кесте мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Page 55: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

55

Кесте 5.8 – Шығын түрлері бойынша өнімдік, үдерістік инновацияларға жұмсалатын шығындар

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

Саралау мәліметтері бойынша көптеген өнімдік, үдерістік, ұйымдастырушылық, маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындар Алматы (11,3%), Астана (11,0%) қалаларында және Қостанай (10,5%), Қарағанды (8,2%) облыстарында орналасқан (5.9 кесте). Жалпы алғанда, ғылыми-техникалық қызметтің қаржылық көрсеткіштеріне жасалған саралау жұмысы ғылымның Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің бір саласы ретінде дамып келе жатқандығын көрсетеді. Алайда бұл бағыттағы даму қарқыны тиісті деңгейде емес.

Кесте 5.9 – Кәсіпорындардың/ұйымдардың меншікті формасы бойынша өнімдік, үдерістік инновацияларға жұмсалатын шығындар

Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

жұмсалғандығы анықталды.Қазіргі таңда Қазақстанда еліміздің индустриалды-инновациялық даму жолында ғылымның үлесін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.2014 жылы еліміздегі 24068 кәсіпорнының инновациялық қызметіне сараптама жүргізілгенде статистикалық мәліметтер 1940 кәсіпорынның инновациялық бағытта қызмет ететіндігін көрсеткен. Зерделенген кәсіпорындардың жалпы үлес салмағы 8,1%-ды құраса, олардың инновациялық бағытта өнімді жұмыс істеуі 5,4%-ды құрайтындығы анықталған.Ірі кәсіпорындар инновациялық үдеріске мейлінше белсенді түрде арласады. Инновацияның барлық түрлері бойынша ірі кәсіпорындардың белсенді әрекеті 25,5%-ға жетіп отыр.2013 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімдердің көлемі 2014 жылы 0,4%-ға ұлғайып, 580386,0 млн. теңгені құрап, оның 525924,9 млн. теңгесіне өнім сатылған. Ал экспортталған инновациялық өнімдердің жалпы құны 177435,6 млн. теңгені құрайды.Осы аралықта өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалатын шығындар өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артып, 434602,6 млн. теңгені құраған (2013 жылы – 431993,8 млн. теңге) байқаймыз [157]. Сонымен қатар 2014 жылы жекелеген кәсіпорындардың инновациялық өнім мен үдерістерге жұмсаған жеке меншік қаражаты 256071,9 млн. теңгені құрайды, бұл инновациялық қызметті іске асыруға жұмсалатын жалпы шығынның 58,9%-ы (5.8 кесте).

Page 56: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

56

6. ҒЫЛЫМ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ

(шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен ғылыми техникалық келісімдерді іске асыру нәтижесінде алынған қазақстандық ғылымның жаңалықтары мен жетістіктері)

6.1 ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ Қалыптастырылған ұзақ мерзімді технологиялық және экономикалық дамудың динамикасына қатысты, тиісінше тұрақты өсу мен бүгінгі күні басым бесінші (қазіргі) технологиялық тәртіпке ХХІ ғасырдың екінші он жылдығында қол жеткізіледі [40]. Осы уақытқа соңғы онжылдықтың ішінде туындайтын жаңа, технологиялық тәртіптің жалпы кескіндері қалыптасты. Оның негізгі технологиялары: биотехнологиялар, нанотехнологиялар, материалдық технологиялар және ақпараттық технологиялар. Әрі, олардың арасындағы шекара шартты түрде бола түседі. Бұл тізімде нанотехнологиялардың рөлі айырықша жоғары және ол өсе түседі, себебі дәл солармен информатикадағы, молекулярлық биологиядағы, гендік инженерия мен медицинадағы негізгі жаңа мүмкіндіктерді байланыстырылады. Анықталған негізгі трендтер (биотехнологиялар, нанотехнологиялар, материалдық технологиялар мен ақпараттық технологиялар) экономиканың әр түрлі салаларында дамитын өзара байланысқан технологиялар шоғырын, әдіс-тәсілдерін білдіретін пәнаралық салалар болып табылады. Биотехнологияның технологиялық пакетіне кең ауқымда ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану мәселелері кіреді. Мысалы, жануарлардың өнімділігін көтеру жолымен өзгертуге байланысты технологиялар, геномды түрлендіру нәтижесінде оларға қалаулы қасиет беру және өмір сүру мерзімін ұзарту кең қоғамдық, этикалық және өнегелі мағынаға ие. Қоғамда қазіргі кезеңнің өзінде клондау технологиясына, тірі жандардың санасын басқару және басқа ұқсас мәселелерге қатысты пікірталастар жалғасын табуда.Геномды басқару саласында «жабық» зерттеулерге балама ретінде биоинженерлік шешімдерге қарай бет бұру ықтималдылығы қызығушылы тудырып отыр. Жаңа организмдердің (регенерация, жаттығуға бейімділік, қоршаған ортаға бейімделу, рефлекс механизмдері, т.с.с) қасиеттеріне ие құрастырымдық материалдар мен техникалық жүйелердің жаңа буыны осындай зерттеулердің нәтижесі болуы мүмкін.

Ақпараттық технологиялардың дамуы да айқын пән аралық сипатқа ие болуда. Адам қызметінің барлық салаларында туындайтын ақпараттардың көлемінің өсуі оны жинау, сақтау және пайдаланудың қарапайым, әрі қолжетімді әдістерін талап етеді. Табиғатты пайдалану технологиясы ақпараттық технологиялар тәрізді технологиялық дамудың барлық сценарилерінің жалпы элементі болып табылады. Олардың дамуы бірқатар күйзелісті жағдайлардың салдары болып табылады, соның ішінде қалалардың кеңеюі, табиғи ресурстардың таусылуы, қалдық көлемінің артуы және адамның қызметі және табиғаттың арасындағы қатынастың жаңа парадигмасының қалыптасуын білдіреді.Ғылым мен өндірістің барлық салаларындағы инновациялар бірқатар негізгі үрдістердің өзгеруінің жылдамдықтарына себепші болды. Жаһандану және желілік коммуникациялар жағдайында инновацияларды жаппай тираждау іске асырылуда.Әрі инновациялық белсенділіктің негізгі бағыты ақпараттық, қаржы, инженерлік-конструкторлық, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету салалары болып табылады. Бүкіл әлемде жүргізілетін форсайтты зерттеулерде сарапшылар ғылыми-технологиялық дамудың келесі негізгі үрдістерін бөліп көрсетті:

− технологиялардың жуықтасуын күшейту;

− өндірістік саланың орташа технологиялық секторына қазіргі жоғары технологиялардың араласуын күшейту;

− ғылыми зерттеулердің көп пәнділік мағынасының өсуі;

− икемді желі құрылымдарын ынталандыратын бизнес түрлерін ұйымдастыруға және басқаруға жаңа технологиялардың ықпалын күшейті.Технологиялардың жуықтасу үдерістерінің дамуы байқалады. Жапон сарапшыларының картерлеуді қолдана отырып 1999-2001жж. жүргізген библиометриялық талдау нәтижелерінің әлемдік ғылыми басылымдары бірқатар ғылыми бағыттардың арасындағы тығыз байланыстың (жуықтасуын) дамуын көрсетті. Оның ішінде бірнеше ғылыми бағыттардың өзара әрекеті көрсетілген:биоғылым – қоршаған орта, биоғылым – когнитивті ғылым – әлеуметтік ғылым,

Page 57: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

57

биоғылым – химиялық синтез - наноматериалдар – компьютерлік ғылым.Жаңа бағыт NBIC-жуықтасу туады (N — нано; B — био; I — инфо; C — когно). Бұл нано-, био-, когнитивті және ақпараттық технологиялардың өзара бірлесу үдерісі. Ғылымның пән аралық сипатын ескере отырып, осы уақытта нанотехнологиялар, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар мен когнитивті ғылымды білімнің бірыңғай ғылыми-технологиялық саласына біріктіру мәселесі талқыланып жатыр. Сарапшылар аса үлкен болжалдарын жаңа салалық кешендердің қалыптасуының негізі болып табылатын нанотехнологиялардың дамуымен байланыстырады. Осыған байланысты кластердің бірнеше түрлері айырықшаланады: нанотехнология + АКТ; нанобиотехнология + АКТ; когнитивті ғылым + АКТ; нанотехнология + материалтану + АКТ. Нанотехнологияның дамуы бірқатар пәндердің бірлесуіне негізделген: химия, физика, биология, механика, материалтану, электроника және с.с нанотехнологияларды қысқа мерзімді келешекте қолдану алдымен дәстүрлі салаларға ықпал етеді, ал ұзақ мерзімді келешекте аса «өтпелі» жетістіктер жаңа секторлар мен нарықтардың пайда болуына түрткі болады. Өндірістік салалар мен сектор аралық байланыстардың өзгеруі болады. Технологиялардың жуықтасуы өзара бағытталған сипатқа ие. Осылайша, нано- және биотехнологиялардағы ілгерілеу өлшеу құралының нақтылығы мен сезімталдылығын үнемі көтеруге, мәліметтерді өңдеудің ақпараттық жүйелерінің күштілігі мен осы уақытта нано технологиялар саласындағы инновацияларға сүйеніп тұрған ақпараттық технологиялардың ілгерілеуіне байланысты. Биотехнологиялардың дамуына тек компьютерлік технологиялар ғана әсер етпейді, сонымен қатар мысалы ДНҚ-компьютерлерде кері үдеріс байқалады.Биотехнология мен биомедицина саласындағы қазіргі, аса келешекті зерттеулер мен жасалымдарда нанодеңгейге шықты, олардың ішінде гендік инженерия саласындағы жұмыстар (ДНҚ молекуласы еніне қарай 3 нанометрден тұрады), биоүйлесімді протездеу (жасанды молекулалар), нанобөлшектердің көмегімен ауру жасушаларға дәрілерді бүтіндей жеткізу және тағы басқалары. Жинақталған ақпараттың жалпы көлемі мынандай, ең алдымен – жүйелік биология, оның мақсаты – әртүрлі әдістермен алынған жетістіктерді біріктіру ғана емес, сонымен қатар

бар білімді біріктіріп, оларды жаңа сапалы деңгейге ауыстыру. Фармакогенетика (ауру, ген, протеин және фармацевтикалық құралдар арасындағы байланыстарды зерттеу) тәрізді биоинформатика мен генетикадағы жаңа жасалымдар дәрілерді және оның генетикалық бейімделуіне байланысты ықпал ету құралдарын іріктеу тәрізді медицинаға адамды емдеу құралын, сонымен қатар бағытталған әсерде дәрі құрылымын жасауды береді. Бұндай жасалымдарда компьютерлік технологиялар таптырмас құрал болып табылады. наномедицина адамның денсаулығы мен сырқат туралы дәстүрлі көзқарасты өзгертуі мүмкін, ақыр аяғында ауруды емдемей оны болжауға, оның алдын алуға негізделген медицинаға әкелуі мүмкін. Адамзаттың қартаюы, аурулардың, өмір сүру стиліне байланысты ауру салдарынан өлімнің көбеюі, нашарлап бара жатқан қоршаған ортаның әсері тәрізді қазіргі әлемнің жаһандық мәселелері, сапалы және белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің қажеттілігі биомедициналық зерттеулерге белсенді назардың себебі болып табылады. Қазіргі медициналық ғылымға тән сипат, оның «биологиялануы», молекулярлық және жасушалық биология әдістеріне негізделген тәсілдерді кеңінен қолдану. Молекулярлық медицинаның жетістіктері болжалдық және алдын алу қағидаттарына негізделген персоналандырылған болашақ медицина базисін қалыптастырады, ол ағзаның әлеуетті және бейімдік мүмкіндіктерін ашуға және тұрғындардың белсенді өмірінің мерзімін өсіруге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары биомедицинада дамып жатқан негізгі бағыттарға фармацевтикалық өндіріс, парамедицина (БАД, қоректендіру және т.б.) биотехнологиялар, диагностикалық жүйелер, жасушалық терапия, регенеративті медицина және нейрокомпьютерлік технологиялар кіреді. Биомедицина саласында инновациялар көбінесе ғылымның әр түрлі салаларының ұштасуында пайда болады (биология, компьютерлік технологиялар, машинақұрылысы және материалтану), ол кенеттен ғылыми жасалымдар мен технологиялардың тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Соңғы 30 жылда бірнеше технологиялық серпілістер болды: 1960-1970 ж медициналық химия мен фармакалогиядағы парадигма, оның салдары антибиотик пен химиялық дәрілік құралдардың шығуы, 1980 жылдары биохимия, жасушалық биология және гендік

Page 58: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

58

инженерияның жетістіктері қайта әрекет ететін ДНҚ қалыптастыратын, генетикалық жағынан түрлендірілген ағзалардың және терапевттік биопрепараттардың бірқатар сериясын жасаған, 2000 жылдардағы геномика – қазіргі уақытта жекелендірілген медицинаға немесе төрт «П» (болжалды, алдын-алатын, жеке, партисипативті) медицинасына әкелді.

ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ҮШ САЛАДА ШОҒЫРЛАНҒАН: 1. Адамның денсаулығына арналған медициналық биотехнология, генетикалық әдістер мен медициналық технологиялар

2. Адамның денсаулығына арналған зерттеулерді трансляциялауа) биологиялық мәліметтер мен үдерісстердің біріктірілуі

б) миды және оған байланысты ауруларды зерттеу, адамның дамуы мен қартаюв) инфекциялық ауруларды зерттеу

г) негізгі ауруларды зерттеу: онкология, кардиоваскулярлық аурулар, сусамыр, май басу, сирек аурулар, басқа созылмалы аурулар

3. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру

а) дәрілік препараттарды қолданудың жақсысын енгізе отырып, клиникалық нәтижелерді тәжірибеге трансляциялау

б) денсаулық сақтау жүйесінің сапасы, тиімділігі және ынтымақтастығы

в) денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алуды күшейту.

Жақын арадағы және орташа шұғыл перспективада NBIC-технологияның қосымша мағынасы ең алдымен нано- және биомедицинамен байланысты болады. Азиялық-Тынық мұхиттық Экономикалық Бірлестіктің технологиялық болжау орталығы (АТЭБ) үш жылда іріктемелі наносенсор мен дәрілік наноқаптамалардың алғашқы практикалық жасалымдарын болжайды, ал медициналық диагностиканың жаңа жүйелері мен жеке мүшелерді қалпына келтіру үшін адамның жасушаларына әсер ету әдістері жақын арадағы перспективада тұр.Еуропалық сарапшылардың ойынша, конвергенттік технологиялардың (нано-био-инфо-когно) толық кешенінің толығымен

қалыптасуы және оның траекториясының негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың өзгеруін 2020 жылға дейін күтуге болмайды. Болашақта конвергентті технологияларды тәжірибелік тұрғыда тұтыну келесі ерекшеліктермен сипатталады: толық өткізгіштілік (жаңа технологиялар көрінбейтін техникалық инфрақұрылым қалыптастырады); шексіз ақпаратті қол жеткізілім (кез келген үдерістер және құрам жайлы ақпарат алу мүмкіншілігі); адамның санасы мен денесін құрастыру (электрлік имплантаттар мен физикалық модификаторлар адамның мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді); жекелендіру (нанобиотехнология саласындағы зерттеулер нақты геномның ерекшеліктерін ескере отырып, дәрі шығаруға мүмкіндік береді, ол кері әсердің болмауына мүмкіндік береді).Конвергенттік технологиялар саласындағы негізгі зерттеулер стратегиялық сипатқа ие. Ұзақ мерзімді перспективада елдің инновациялық, экономикалық және қорғану потенциалын белгілі деңгейде анықтайтын дәл осы нәтижелер айтарлықтай өзгерген жоғары технологиялардың негіздеріне салынады.Әлемде жүргізілген форсайтты зерттеулердің талдауы көрсеткендей, алдыдағы 10-15 жылда ғалымдардың күші негізінен жасалған технологияларды жетілдіруге бағытталады. Білімдерді жинақтау және жүйелеу жалғасады, бұл бағыт принципиалды жаңа жасалымдарға қарағанда басым болады. Генетикалық жағынан өзгертілген ағзаларды жасау және ауыл шаруашылығында өнімділікті көбейту сияқты технологиялық жетістіктер аштық қаупіне қарсы кепіл бола алады және кедей елдерде өмірдің басты аспектілерін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді. Алайда «байлар» мен «кедейлер» арасындағы айырмашылық өсе түседі, тек қана «кедей» елдер жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін саясатты жүргізе бастамаса, ал бұл мемлекеттің білікті басқарылуын, жалпы білім алу мен нарықтық реформаларды білдіреді. Әлемдік ғылыми-техникалық ақпараттық желілерге және R&D кіретін ақылды стратегиялар құру қажет. АҚШ және Еуропа сияқты жоғары технологиялар көшбасшылары өз дамуында өткізген фазаларды қалдырып, дамудың бір сатысынан екіншісіне «секіру» стратегиясын қолдану қажет. Дамушы елдер даму үшін әрі қарай алға қарай секіруді жылдамдату мақсатында салыстырмалы түрде арзан технологияларды қолдана алады.2020 жылы білімнің қарқынды дамитын

Page 59: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

59

саласы биологиялық ғылымдар болады. АҚШ ағзаларды гентикалық түрлендіру саласында өздерінің көшбасшылығын ұстап қалады және оны нығайта түседі, ол аграрлық технологиялардың дамуына жаңа серпін береді және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырады. Бұл зерттеулердің нәтижелерін Қытай, Индия және Латын Америка елдері пайдаланады. Керсінше еуропа тұрғындарының көбісі генетикалық түрлендірілген өнімдерге сенімсіздігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Еуропада клондау технологиясы мен тірі ағзаларды қайта құру, мүшелерді «өсіру» және оларды медицинада қолдану технологиялары жаңа деңгейге көтеріледі. Бұндай зерттеулер жүргізуге заңнамалық тиымның және діни көзқарастың болмауы алдағы 15 жылда бірінші болып адамдарды клондауға мүмкіндік береді.Геронтологиялық зерттеулер белгілі жетістіктерге ие болады. Жақын арадағы онжылдықта дамыған елдерде өмір сүрудің орташа ұзақтығы дамушы елдерге қарағанда тез өсе түседі және ХХІ ғасырдың бірінші тоқсанының аяғына қарай ЕС бен АҚШ 87-88 жас аралығын құрайды (ал белсенді өмірдің орташа ұзақтығы – 74-75 жас). Дамыған елдерде жаппай көшу уақыт өте келе әлеуметтік және мәдени ұқсастыққа қауіп болып қабылдана түседі, коммерциялық берудің алдына жасы үлкен адамдарға (қазіргі кезде зейнеткерлерге) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өндірістің көп саласын автоматтандыруға және механиазциялауға мүмкіндік беретін технологиялық жасалымдар құрылады. Жоғары технологияларда келесі күтілетін төңкеріс - NBIC конвергенция – жаһандық үдерістің жаңадан қатысушы-елдерінің алдында жаңа перспективалар ашуы мүмкін.Ақпараттық технологиялардың көмегімен наносенсорлық технологиялармен қамтылған «ақылды» материалдарды қолдану адамдардың денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін, іскерлік тәжірибе мен әрекет ету моделіне ықпал ететін көптеген құралдарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл материалдар бізді қоршаған орта туралы жаңа білімдермен қамтамасыз етеді, қауіпсіздікті жақсартады және жеке тұлға саласын қысқартады. Технологиялық үрдістер өндірістің жылдамдатылған әдістері және қазіргі жабдықпен үйлесімі, сонымен қатар энергияны, суды алдыңғы қатарлы әдістермен алу, қазіргі көлік технологиялары Қытай мен Индияға олардың «бірінші әлемге» қосылу ниетін жүзеге асыруға көмектеседі. Екі елде іргелі зерттеулерге үлкен қаражаттарды салады

және бірқатар негізгі салаларда жетекші орын алып отыр.

2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӘЛЕМДІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ДЫҢ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕРІ: • түгелдей өткізгіш жаһандық инфокоммуникациялық желілерді қалыптастыру;

• алдын ала белгіленген қасиеттері бар материалдарды кеңінен енгізу, өз кезегінде композициялық;

• нанотехнология нарығы қалыптастырудың бастамасы, микроэлектроникадан ақпараттық технологиялардың жаңа «ядросы» нано- және оптоэлектроникаға өту;

• дәстүрлі аграрлық секторды ғана өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар биоинформатиканың және аурулардың алдын алудың, диагностиканың, емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің дамуының негізі болатын, биотехнологияны кеңінен қолданудың бастамасы;

• технологиялармен баламалы энергетикаға (сутек энергетикасы, жел, күн, судың жоғарылауы және басқа қалпына келетін көздерді қолдану) экономикалық тиімді параметрлерге қол жеткізу;

• жылу энергетикасының, бірінші кезекте көмірдің экологиялық параметрлерін жақсарту;

• табиғатты қорғау қызметіндегі әдіс, құралдарын түбегейлі өзгерту, ол Жерге техногендік әсерді азайтады. Жақын арадағы 15 жылда технологиялық дамудың ерекшелігі технологиялық жаңалықпен қамтамасыз ететін технологияның дамуы немесе осығанға дейін қол жеткізілмеген мүмкіндіктерге ие, ғылыми-техникалық жаңалықтарды озатын, негізгі түрде жаңа материал, өнім шығару, сонымен қатар әр түрлі пәндердің ұштасуынан қалыптасқан технологиялар жасау. Мұнда бұл технологияларды әр түрлі салаларда қолданғанда, сапалы жаңа нәтижелердің пайда болуы болжалады, оған қоса оларды қолданудың дәстүрлі салалары (өндіріс, көлік, қорғаныс және қауіпсіздік), сонымен қатар жаңа – денсаулық сақтау мен білім, мемлекеттік басқару мен үй шаруашылығы.

НЕГІЗГІ КОНВЕРГЕНТТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: • нанобиотехнология – наноматериал

Page 60: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

60

өндірісінің түйісінде, келешекте наноқұралдар мен биологиялық объектілердегі технологиялар. Бұл базада денсаулық сақтау саласы аясында қағидатты жаңа технологияларды құру перспективада тұр («нүктелік» диагностика және зақымдалған мүшелерге дәрілерді жеткізу);

• биоинформатика – биологиялық объектілерде бар қағидаттар негізінде компьютерлер мен ақпаратты өңдеу желілерін жасау. Ақпараттық технологиялар перспективада индустрия дамуындағы локомотив болып қалады. Коммуникацияның жаңа технологияларын құруда үлкен жетістіктер күтілуде. Дыбыс және бейне таратудың цифрлік технологияларына иіс, сезім және мүмкін адамның эмоциолналдық жағдайын беру де қосылады. Интернет технологиялар сапасы жағына қарағанда, саны жағынан көбейеді; жеке компьютерлер, ұялы телефондар, дыбыс пен бейнелерді қосу құралдары, сонымен қатар кеңістікте тұспалдауға арналған құралдар қолдануға өте ыңғайлы және әлемнің кез келген нүктесінде қолданылатын бірыңғай жүйеде іске асырылады. Ақпаратты тарату және сақтау ХХ ғасырдың аяғындағыдай жылдам түсе бастайды.IDC аналитикалық компаниясының болжамы бойынша технологиялық платформаның өзгеруі 2020 жылға зор көлемге жетеді. АКТ дамуы «бұлттық», ұялы және әлеуметтік технологиялармен, сонымен қатар, үлкен көлемде мәліметтерді өңдеу технологияларымен шартталады, барлық қосымшалар дерлік «бұлтта» жасалып, сонда жұмыс істейді. Көптеген салалық дата-центрлерді орталықтандыра, серверлер мен жұмыс станцияларын виртуалдандыру және ИТ-аутсорсингт мүмкіндіктерін қолдана отырып, көптеген елдердің үкіметі өздерінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін «бұлтқа» миграциялау бойынша стратегиялық бағдарламаларын жасай бастады. Осының барлығы «электрондық үкімет» жобасын дамытуға және оны қолдануға кететін ағымдағы бюджеттік шығындарды, көптеген мемлекеттік және салалық ақпараттық жүйелерді қаржыландыруға кететін шығындарды күрт түсіруге мүмкіндік береді. Еуропалық комиссия өзінің жаңа бұлттық есептеулер қолдану стратегиясын басып шығарды, ол Еуропа экономикасына жыл сайын шамамен 160миллиард еуро нәтиже беруге және жаңа екі миллионнан астам жұмыс орындарын құруға қабілетті делінеді.

Қытайды жақын арада «цифрлік» инновация және ұялы технологиялар саласында үлкен жаңалық күтіп тұр, ел «бұлтты» есептеулер бойынша төңкеріс жасауға дайын, яғни АҚШ-пен қоса индустрияның көшбасшысының бірі болуға дайын.Бұлттық есептеулер саласында мемлекеттік бастамалар арасында АҚШ үкіметінің стратегиясы – айтарлықтай көлемді және кеудемсоқ. Бұлттық есептеулер бойынша айтарлықтай қарқынды әрекеттер Обама әкімшілігімен 2010 жылдың аяғында, 2011 жылдың басында қолға алына бастады. Бұл бастамалар мен әрекеттердің мақсаты – мемлекеттік ИТ-шығындардың тиімділігі мен ашықтығын көтеру. 2020 жылға ИКТ саласы қаржыландыру $5 триллионнан асады, ол — бүгінге қарағанда $1.7 триллионға көп. Өсудің 70% Үшінші платформа деп аталатын технологиялармен қамтамасыз етіледі. «Үшінші платформа» терминімен, IDC саланы айтарлықтай өзгертетін трендтер мен технологиялардың келесі түрлерін атайды:

• бұлттық сервистер,

• мобильділік,

• әлеуметтік желілер

• көп ақпараттар/аналитика

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЛЕШЕКТЕ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:− Ұялы технологиялар− Инфрақұрылымдық технологиялар

− Әлеуметтік желілер

− «Ақылды» орта мен экономикаға бағыттарлған технологиялар

− АКТ – ғы Smart R&D

− АКТ басқа салалармен жуықтасуы

Осылайша, өзектілігі жалпы әлемдік күшті қолдану үрдіссымен және әр түрлі секторларда бұлтты және ұялы технологиялардың дамуымен анықталады: мемлекеттік, квази-емлекеттік, бизнесте.Сонымен қатар, энергияны үнемдеу технологиясы айтарлықтай дамиды. Батыс тұрғындарының, біріншіден американдықтардың қалыптасқан өмір

Page 61: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

61

салты ауқымды энергия шығынынан бас тартуға мүмкіндік бермейді, ал экономикалық саясаттың қағидалары дамушы елдерде өндірілетін биожанармайды кеңінен қолдануға кедергі келтіреді. Осы шектеулермен байланған постиндустриалдық мемлекеттер энерго- және экономиканың материалдық сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік беретін технологияларды шығаруға барынша күш салады. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерді күтуге болады; 2020 жылға қарай Еуропа елдерінде, Солтүстік Америкада және Жапонияда ІЖӨ орташа материал сыйымдылығы 2000 жылға қарағанда екі және одан да көп есеге төмендейді. Қайта қалпына келтірілетін көздерден энергия өндірісі бұл аймақтарда 3 және одан да көп есе өседі. Екінші жағынан жоғарыда көрсетілгендей энергияның бақа баламалы көздері жақын жылдар аралығында коммерциялық таралуға жетпейді. Маңыздырақ пайдалы қазбалар басқа нәрсемен ауыстырылмайды. Және осығанға дейін ойлағандай дамыған елдердің экономикасы үшін өнімге деген бағаның өсуі қауіп тудырмайды. 1973-1975 жылдары америкалық экономикада қолданылған энергиялық қорлардың соммалық құны ІЖӨ 16% құрады, бүгін ол 8-8,5% аспайды. Еуропалық елдерде бұл көрсеткіш шамамен екі есе төмен. Сондықтан дамыған елдер шикізат құнының өсуіне дайын, олардың экономикасы үшін қауіпсіз, сонымен қатар, жаңа технологиялық шешімдерді іздеуге ынталандырады және жаңа технологияларға салым жасауды пайдалы етеді. Еуропа немесе АҚШ тәрізді экологиялық стандарттар қатаң емес перифериялық елдерде көмір негізіндегі сұйық жанармай кеңінен қолданыста, ол бүгінгі күні өндірістің соңғы сатысында тұр. «Энергияны тұтынудың» дәстүрлі себетінде табиғи газдың үлесі өсе түседі, мүмкін сланцтік газ және сланцтік мұнай, ол сұйық мотор жанармайы ретінде мұнай мен мұнай өнімдерін ығыстырады. Жалпы алғанда, мұнай мен газдың энергетикалық байланыстағы үйлесімділігі шамалы ғана түседі: 7-10 пайыздық тармаққа – яғни, алдыңғы екі онжылдықтағы соммаға шамалас болады. Мұнай мен газдың зерттелген қоры 2020 жылға бүгінгі күнге шамала ғана жетпейтін деңгейге жетеді (10-15%). Бүгін шикізат бағаларының 15 жылдан кейінгі бағасы туралы айту мүмкін емес, алайда мамандар еуропалық мемлекеттер мен АҚШ 6-8%, ал индустриалдық шикізат 3-6%. Экономика

қарқынын ескере отырып, 2020 жылға шикізаттың бағасы бүгінге қарағанда 2,5-3 есе болады (бұл оларды өсу үстіндегі инфляциясыз есептегенде).Технологиялық трендтердің сараптамасы көрсеткендей әлемдік энергетика өзгерістерге ұшырауы мүмкін, энергетикалық нарықтардың шегі көрініс алуда және энергетикалық нарықтар шегіне жетеді, онда индустриалдық энергетика постиндустриалдыққа өтеді. Индустриалдық энергетика алыс жолдарға тасымалданатын қазбалы жанармайларды жағуға және энергетикалық ағындармен әлсіз басқарғанда энергияның үлкен көлемдерін пайдалануға негізделген («күштік энергетика»). Постиндустриалдық энергетика энергияның қалпына келтірілетін көздеріне, энергияны орталықтандыруға, энергияның салыстырмалы түрде көп емес ағындарын тиімді қолдануға (ақылды энергетика) негізделген (сонымен қатар, атомдық энергетикаға да негізделуі мүмкін). Энергетикалық дағдарыстың басты бағыттары - энергияны үнемдеу технологиясын жаппай тарату, энергетиканы техносфераға интеграциялау, ВИЭ тарату, «ақылды желілерді» және «энерготиімді үй» мен «энерготиімді қала» құру.Салааралық өзараәрекет пен біріктірілген білімдердің кешені энергетиканың қоршаған ортамен тікелей байланысы ретінде негізгі тренді, энергетикалық нарықтың ішкі элементтерін білуге, экономикалық секторлардың тікелей әсері, соның ішінде автоматтандыру мен энергетикаға АКТ анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, электрмобильдер мен e-mobility тұжырымын енгізумен шартталған, энергетикалық және автокөліктік нарықтарды тығыз интеграциялау екінші тренд болып табылады, бұл тұжырым қуат көздерін, сақтау жүйелерін, энергияны тарату және бөлу, зараядтау құралдарын жасауға ықпал етті, сонымен қатар, «ақылды үй» тұжырымына «мобильділік» технологиясын интеграциялау жолдары. Жаңа энергетикалық технологиялар сумен қамту жүйесінде пайда болды. Олар суды тазалаумен, технологиялық үдерістерді басқарумен, автоматтандырумен және жаңа қадағалау-өлшеу техникасын құрумен байланысты.Әртүрлі салаларда өзара байланысты технологиялардың тізбегіне жүздеген құрамдастар кіреді, олар қайта жаңартылатын энергия көзінің нарығы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Әлі де еуропалық компанияларға тартымдырақ сегмент - - ол жел энергетикасы. Күн энергетикасы

Page 62: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

62

әлі де перспективалы, бірақ Қытай бұл нарықтан жаймен еуропалық ойыншыларды шеттетуде. Бағаның құрылуы мен энергетика нарығындағы перспективалы өсіп жатқан бағалардың тізбегіне химиялық және шикізат өндірісінің компаниялары жаңа технологиялық шешімдерді енгізіп, толық қадағалауды қолдарына алған.Интеллектуалдық технологиялар болашақта энергетика мен қоршаған ортаның секторының дамуында негізгі рөл атқарады, болашақта оның тиімділігінің өсуіне ықпал етеді. Интеллектуалдық желілер, ғимараттар, үйлер, қалалар ме сумен қамту жүйелері осы нарықтың ұзақ мерзімді дамуына қосымша стимул болады.Кіші энергетика, қайта қалпына келтірілетін көздерден энергетиканың өндірісі оны тұтынудың тікелей жанындағы жерлер қазір және болашақта негізгі трендтердің бірі болады. Бұл кіші электрстанциялардың технологияларды жеткізушілеріне жаңа мүмкіндіктерді ашады, ал энергетикалық компаниялар мен коммуналдық қызметтерден жаңа стратегиялар мен бизнес модельдерді қажет етеді. Бұл нарықта негізгі үрдістер – әсіресе дамушы елдерде – бұл таралған электрэнергиясының өндірісінің өсуі, қалыптасып жатқан сегметке жаңа заңнама құру, сонымен қатар, таратылған электр энергия өндірісін бар энергиямен қамту жүйесіне интеграциялау.

ӘЛЕМДЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРДЫ АНЫҚТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ:Алу бөлігінде энергетика секторында даму стратегиясы (генерация) келесіге бағытталған:

а) ВИЭ есебінен энергияны артығымен алу;

б) Жоғары тиімді smart-генерациялайтын объектілер;

в) Тиімділігі жоғары және локальды smart-генерациялайтын объектілер.Тарату бөлігінде энергетика секторының даму стратегиясы келесіге бағытталған:

а) Тиімділігі жоғары (энерго- және қор жинақтаушы) энергияны тарату және беруге негізделген технологиялар мен жабдықтар;

б) Тиімділігі жоғары smart-таратушы (таратқыш) энергетикалық объектілер – таратушы (магистральды) электр тарату желілерінен 1

немесе 2 сымды жүйелі қайта қалпына келетін жүйелермен бірге тұрақты тоққа ауысуы

в) тиімділігі жоғары, smart-өткізгіш, кәбілдік және өткізбейтін электрлік техника мен технологиялар.Энергияны қайта құру бөлігінде энергетика секторын дамыту стратегиясы (бір түрден екінші түрге) бағытталған: а) тиімділігі жоғары және сенімділігі жоғары электр энергиясын күштік жартылай өткізгіш электроника мен интеллектуалдық басқару құралдары негізінде (электр энергиясының басқарылатын қайта құрғыштары: ауыспалы тоқты тұрақты тоққа; ауыспалы тоқты ауыспалыға; тұрақты тоқты тұрақтыға; басқалары).Энергияны сақтау бөлігінде энергетика секторын дамыту стратегиясы бағытталған: а) тиімділігі жоғары және сенімділігі жоғары smart-жүйелерін жоғары электр (және энергияның басқа түрлері) энергиясын ұзақ сақтауға бағытталған.Қолдану бөлігінде энергетика секторын дамыту стратегиясы бағытталған: а) smart-жүйелер мен электр (және энергияның басқа түрлері) энергиясын жоғары тиімді және жоғары сенімді қолдану.Әлемнің көптеген елдері қазбалы энергияны пайдалануды абсолютті түрде қысқартуды мақсат етеді, ол негізінен қазбалы көміртек жанармай негізінде алынады. Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты (көмірсутек шикізатының арзан қорларының таусылуы және бұл қорларды бір қалыпты емес тарату), сонымен қатар, климатқа көміртек жанармайын жағу салдарымен байланысты.

MCKINSEY GLOBAL INSTITUTE ANALYSIS ЖҮРГІЗІЛГЕН ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІНЕ СӘЙКЕС, КЕЛЕСІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН КЕЗЕҢДЕ ОЗЫҚ БОЛАДЫ:1) Ұялы ғаламторҰялы байланыс пен ғаламтор коммуникациясы құралдарының қолжетімділігін арттыру және айтарлықтай оның құнының төмендеуі.

2) Білімге негізделген қызмет көрсету салаларын автоматтандыруҚұрастырылмаған командалар және пікірлермен қоса интеллектуалдық жұмыстарды бағдарламаларға орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету.

3) Заттар ғаламторы

Page 63: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

63

Арзан тетіктер мен мәліметтерді жинау құралдарының желісі, мониторинг жүргізу, шешім қабылдау, және шешімдерді оңтайландыру.

4) Бұлттық технологияларЖелі немесе ғаламтор бойынша қызмет ретінде көрсетілетін бағдарламалық қамтамасыз ету қорлары мен компьютерлік техниканы қолдану.

5) Роботтехникасының басым технологияларыТапсырмаларды орындау және адамдарды алмастыруды толық автоматтандыру мақсатында робототехниканың интеллектуалдық және сезімталдылық құрылымын көтеру

6) Өзі басқарылатын немесе жартылай өзі басқарылатын машиналарӨздігінен немесе адамның аз ғана араласуымен жұмыс істейтін машиналар.

7) Геномиканың жаңа буыныГендерді тез, әрі арзан секвенерлеу технологиясы, үлкен мәліметсіз алдыңғы аналитика технологиялары мен ДНҚ синтетикалық биология.

8) Энергияны сақтау технологиясыҚайта қолдану үшін батарея технологиясын қоса, энергияны сақтау құралдары мен жүйелері.

9) 3D баспаЦифрлік модельдер негізінде баспаның қабаттық әдісі арқылы өнімді алудың аддитивті өндірістік технологиясы.

10) Жаңа материалдарСипаттамасы (мысалы, күш, салмақ, өткізгіштік сияқты) немесе қызметі жағынан асатын материалдар.

11) Мұнай және газды алудың немесе өңдеудің алдыңғы технологиялары.Мұнай мен газдың әрең жететін өндірістерінің тиімділігін арттыратын барлау және қайта құру технологиялары.

12) Қайта құрылатын энергияҚайта құрылатын энергиядан , экологияға кері әсерді азайтатын энергияны алу. *Көзі:McKinseyGlobalInstituteanalysis

ҚАУІПТІ ТАБИҒИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ АЯСЫНДА әлемдегі ғылыми зерттеулер, қадағалаудың

нақтылығы жоғары әдістерді, Жерді қашықтықтан зондтаудың автоматты өлшеу құралдарын қолдана отырып қауіпті табиғи құбылыстардың қалыптасу механизімдерін терең тексеру арқылы дамиды. Халықаралық арнайы ғылыми орталықтар құрылады, онда мамандар, жабдықтар мен құралдар шоғырланады. Швейцария мен Давоста көшкінде зерттеу бойынша Федералды институт қызмет етеді. Бұл жерде табиғи жағдайда көшкіндердің қарқынды параметрлерін құру бойынша халықаралық жоба орындалған. NXD2000 көшкіндерінің қозғалысын болжамдау, су тасқыны мен RAMMS көшкіндерін есептеулер бойынша компьютерлік бағдарламалар жасалған. Австрия және Инсбуркта су тасқындарын зерттеу бойынша институт жұмыс істейді. Франциядағы Греноблде су тасқыны, көшкіндер мен жар көшкіндерін зерттейтін CEMAGREF институты құрылды. 1967 жылы Австрияда Клагенфурт қаласында дүлей апаттардың (су тасқыны, жар көшкіні, төбе опырылымы, көшкіндерді) және INTERPRAEVENT табиғи-техногендік зілзаланың зардабының алдын алу бойынша халықаралық қауымдастық құрылды. Қауымдастықтың мақсаты - табиғи зілзалалар туралы мәлімет жинау және оны талдау, қорғау шараларын ұйымдастыру, конференция ұйымдастыру, ғылыми нәтижелерді баспаға шығару, ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізу. 1976 жылдан бастап АҚШ геофизикалық мәліметтердің Ұлттық орталығы жұмыс істейді, ол табиғи қауіптер жайлы мәліметтерді (The National Geophysical Data Center) ғылыми және тәжірибелік мақсатта қолдану үшін жинайды. Ол Natural Hazards Review журналын шығарады. Боулдер қаласында Колорадо университетінде табиғи қауіптерді зерттеу бойынша Орталық (Natural Hazards Center) бар, оның мақсаты қоғамды табиғи қауіптерге бейімдеу. 1980 жылы Брюсселде апаттарды зерттеу Орталығы құрылды (Center for Research on the Epidemiology of Disasters – CRED), оның мақсаты табиғи қауіптерді адами қоғамға әсер етуі аясында мәліметтер мен тәжірибені біріктіріп, жалпыландырып, осындай әрекеттердің зардаптарын жеңілдету. Қызметтің бағыттарының бірі табиғи апаттар бойынша барлығына қолжетімді мәліметтер базасын құру. Брюсселде «Natural Hazards and Earth System Sciences» Жер туралы ғылымның Еуропалық одағы атты (European Geosciences Union) журналы шығады.Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдеріндегі

Page 64: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

64

дәстүрлі түрде катализ бойынша қазіргі лабораториялармен жоғары деңгейде қамтылған тек университеттер ғана емес, Mobil, Haldor Topse, Total, BASF және басқа ірі компанияларды да қамтып отыр. Негізінен әлемде катализдің шамалы бөлінуі байқалады. Мысалы, фотокатализ бойынша зерттеулер Жапония мен Оңтүстік Кореяда мықты, биомассаны биожанармайға катализдік өңдей бойынша – бразилияның жетістіктері зор. (EFCAT) Еуропалық қауымдастыққа біріктірілген катализ бойынша қауымдастық, Солтүстік Американың (North American Catalysis Society) және Азиалық-Тынық мұқиты (АРСАТ). 4 жыл сайын катализ бойынша бүкіл әлемдік конгресс өтеді (барлығы 15 International Congress on Catalysis), 2 жыл сайын – Катализ бойынша Еуропалық конгресс ( барлығы 10 Europacat), 3 жыл сайын APCAT (барлығы 5), 3 жыл сайын NACS (всего 22). Бұдан басқа цеолит бойынша, жіңішке органикалық химияда катализ бойынша, нанокатализатор бойынша, реакторлар және басқалары бойынша арнайы конференциялар өтеді. Бұл шаралар катализ саласында халықаралық серіктестік, тәжірибе алмасу, белгілі бағыттар бойынша халықаралық зерттеу топтарын құруға себін тигізеді.

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРІ ЕСЕПТЕУ МАТЕМАТИКАСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҮЛГІЛЕУДІҢ КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАДЫ:• табиғи құбылыстарды математикалық үлгілеу (атмосферадағы қоспалардың ауысуын математикалық үлгілеу, торнадоны үлгілеу, экологиялық үдерістер мен басқаларын математикалық үлгілеу);

• есептік гидродинамика, аэродинамикалық үдерістерді үлгілеу (гидродинамикалық үдерістерді үлгілеу, қанның адам ағзасындағы қозғалысы, физикалық объектілердің айналып ағуы бойынша мәселелер, әртүрлі техникалық және табиғи объектілерде жылу массаларын тасымалдауды үлгілеу мәселелері, аэрокосмостық өндірістің мақсаттарын орындау);

• химиялық және биологиялық үдерістерді математикалық үлгілеу;

• экономикалық үдерістерді үлгілеу;

• фрактальды үдерістерді математикалық үлгілеу (қарапйым шектемелі теңеу және жеке туындылардағы, локальды, локальды емес шеткі тапсырмалардағы теңеулер, бөлшек есептеулер, фрактал теориялары,

жады құралдарымен локальды емес үлгілеу, оңтайландырылған басқару, интеллектуалды жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелері).АҚШ математиқалық үлгілеу бойынша мамандары негізінен әлеуметтік үдерістерді, мұнай мен газды тасымалдау үдерістерін математикалық үлгілеумен, жану теориясы мен есептеу әдістерімен экологиялық жүйелерді бағалаумен айналысады. Жапония мен Қытай көбінесе нанотехнологияның, жоғары өнімді жүйелердің дамуына, аппараттық-құрылымдық үлгілеу, ұқсата үлгілеуге басты назар аударады, ол көрсетілген мемлекеттердің экономикалық бағыты мен өндірісінің ерекшелігімен анықталған.Табиғи құбылыстарды математикалық үлгілеу бағыты бойынша негізгі нәтижелер келесі шетелдік ғылыми мектептермен ұсынылған:

• ПринстонУниверситеті (Princeton University, Department of Civil & Environmental Engineer-ing), профессор Scherer G. W. басшылығымен

• University of Warwick (School of Engineering,-Coventry, United Kingdom) Wang Jihong, Luo X.a, Yang, L.b, Shpanin, L.M. тәрізді және т.б. ғалымдардың қатысуымен.

• Каталония Университеті (Department of Electri-cal Engineering, Technical University of Catalonia (UPC), Испания;

• Рио-де-ЖанейроУниверситеті (University of Rio de Janeiro, Бразилия);

• Новосібір мемлекеттік университеті, онда математикалық үлгілеу әдісімен профессор Ковен В.М. қатысуымен табиғи үдерістердің математикалық үлгілеуі зерттеледі.

• М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, онда экологиялық, механикалық үдерістерді үлгілеудегі бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

6.2 ШЕТЕЛДІК ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Шетелдік ғалымдар қатысқан ғылыми-техникалық бағдарламалар Ф.0642 Түркінің тарихи-мәдени құндылықтарын қазіргі қоғамда тұрақты дамудың ресурсы ретінде пайдалану және Ф.0643 Түркі әлемі ғаламдасу кезеңінде: саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени үрдістер (бас ұйым: «Түркі

Page 65: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

65

академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы) атты гуманитарлық бейіндегі іргелі зерттеу бағдарламалары аясында жекелеген тапсырмаларды орындауға АҚШ, Германия, Голландия, Франция, Венгрия, Польша, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Өзбекстан сынды алыс және жақын шетелдегі түркология орталықтарының қызметкерлері тартылды.

- Биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша О.0566 «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына туберкулезге қарсы вакцина дайындау» (2011-2014 жж.);

-О.0600 «Ірі қараларда кездесетін бруцеллезді: эпизоотологиялық жағдайына мониторинг жасау, ауруды диагностикасы мен профилактиксы бойынша зерттемелер әзірлеу» (2012-2014 жж.) атты ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру барысында (Бас ұйым: «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты» РМК) Ресей Федерациясының федералды-мемлекеттік бюджетіне қарасты «Тұмауды ғылыми-зерттеу институтымен» бірлескен жұмыстар орындалды (Санкт-Петербург қаласы).Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар аясында Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Қорған және өзге қиырда орнааласқан ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатылған.С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (О.0556 Қазақстандағы жасы келген адамдардың өмірін ұзартып, олардың қартаюға қарсы тұратын модельін (бағдарлама) әзірлеу») Buckinstitute (АҚШ) ұйымымен бірлесіп эпигенетика, тірек жасушаларды саралау және жасушалардың жасару үрдісі бойынша зерттеу жұмыстар жүргізуде. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы (О.0596 Әлеуеметтік мәні зор аурулардың деңгейін төмендету, жарақат және оның залалын төмендету және адам органдарын сақтауды жетілдіру және хирургия саласында адам органдарын ауыстырудың емдік-диагностикалық технологиясын қалыптастыру бойынша) Нагасаки Ұлттық медицина орталығымен (Жапония) ынтымақтастық аясын кеңейтіп, жедел тиреодология және науқасты хирургиялық емдеу, қалқанша без ауруымен күресіп келеді.Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының ғылыми кадрларын біліктілігін көтеру мақсатында О.0599 Туберкулез ауруына сапалы диагноз қоюдың әзірлемесін дайындау және

туберкулездің резистендік түрлерін емдеу бағдарламасы бойынша Гарвард медицина мектебі, Нидерландияның KNCV Tuber-culosis Foundation корольдік туберкулезге қарсы күрес қауымдастығының және Руш-Гердес С. (Германия) зертханасының білікті профессорларын тартып, біліктіліктерін көтергенін атап айтуға болады. О.0567 «Университеттік ғылымды мақсатты дамыту оны инновациялық нәтижелерге бағыттау атты зерттеу бағдарламасын орындауға еліміздің 6 жоғары оқу орны қатысты. Бұл ЖОО-лардың алыс-жақын шетелдегі ғылыми-зерттеу институттарымен (АҚШ, Германия, Израиль, Ресей, Беларусь Республикасы) байланысы жолға қойылған, солардың арасында өндірістік бағыттағы Гомель қаласындағы (Беларусь) астық жинау және мал азығын дайындау техникасы кәсіпорны мен Ростовтағы Дон мемлекеттік техникалық университетімен тығыз әріптестік қарым-қатынасын атап айтуға болады.О.0652 «Қазақстан Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында экологиялық таза қуат көзін өндіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында (Бас ұйым: «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ) АҚШ-тың Хьюстон Университеті жанындағы Келешектің материалдарын дайындау орталығымен бірлесіп, төменгі температураға төзімді нано-өлшемді қаттыоксидті отын түрлерін жоғары тығыздықтағы қуат көзін алу жұмыстары жүзеге асырылды. О.0568 «Ұзақ жасаудың ғылыми негізі және инновациялық геронтоинжиниринг технологияларын әзірлеу» ҒТБ аясында зерттеу жұмыстарын орындауға (Бас ұйым: «Өмір туралы ғылым орталығы» жеке меншік ұйымы, «Назарбаев Университеті») әлемнің маңдайалды Columbia University, New York, USA; National Institute of Aging, Baltimore, USA; National Cancer Center, Tokyo, Japan ғылыми орталықтарының ғалымдары тартылды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРІККЕН ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРҚазақстандық және шетелдік ғалымдардың тізе қосып, ғылыми мақала жазып, оның маңызды ғылыми журналға жариялау ісі Қазақстан ғалымдарының халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы басты жұмыстарының бірі болып саналады.Қазіргі таңда Қазақстан ғалымдары маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, әлемдік ғылыми қоғамдастықтың назарын өзіне аударып отыр. Бұған 2005-2014 жылдары

Page 66: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

66

қазақстандық 12 жарияланымның 1% өте жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болғаны айқын дәлел бола алады. Thomson Reuters компаниясының Essential Science Indicators сараптама құралы бойынша жоғары сілтемелі деп әлемде сол жылы, сол салада 1% жоғары көрсеткішке ие болған жарияланымдарға енетін мақалалар есептелінеді. Жоғары сілтемелік көрсеткішке (highly cited papers) ие болған жарияланымдар бірнеше елдердің ғалымдарының бірлесіп ғылыми мақала жазуынан кейін туындап жатады. Осы бір жайттан жыл өткен сайын дүниежүзіндегі ғылыми ынтымақтастықтың аясы кеңейіп, жаңа жүйе қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады.Соңғы 10 жылда қазақстандық ғалымдардың шетелдік әріптестерімен бірлесіп дайындаған мақаланың 1%-дық жоғары сілтемеге ие болғаны Қазақстан ғылымының заман талабына сай дамып келе жатқандығын айқындайды. Еліміздегі ғылыми мекемелердің қабырғасында жазылған ғылыми мақалалардың көпшілігі физика, химия, медицина, аграрлық ғылым және жануартану салаларын қамтыған.

ФИЗИКА. Дүниежүзінің жетекші ғылыми журналдарына жарияланған жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық мақалалардың тең жартысы физика және астрономия мен астрофизика саласына келеді. Соның ішінде физика бойынша дайындалған жеті ғылыми мақаланың төртеуін Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Р. Мырзақұлов отандық және шетелдік әріптестерімен дайындаған. 2005-2014 жылдары Thomson Reuters ғылыми ақпараттық ресурсында ғылыми мақала жариялауда Рәтбай Мырзақұлов көш бастап келеді. Осы кезең аралығында жарияланған 109 мақаласының 95-сіне өзге ғалымдар ғылыми еңбектерін жазуда сілтеме жасап отырған. Ал «Accelerating uni-verse from F(T) gravity», «Nearly Starobinsky infla-tion from modified gravity», «Attractor solutions in f(T) cosmology» және «Reconstruction of f (T) gravity: Rip cosmology, finite-time future singu-larities, and thermodynamics» сынды еңбектері әлем бойынша жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болып, «ғылымның інжу-маржаны» саналды. Оның жұмысында зерттеу қорытындысының құрылымы және Бүкіләлемдік гравитациялық жүйенің қозғалысының үдеу динамикасы, сондай-ақ, космологиялық қара энергияның түрленуі мен гравитацияның скалярлық және фермиондық кеңістіктегі жинақталу теориясы

жайында жан-жақты жазылған. Бүкіләлемдік кеңістіктің қозғалысының үдеуін f(T) гравитация моделі арқылы қарастыруға болады деп көрсетілген. Осы ретте майталман ғалымның мақалалары жоғары рейтингтік көрсеткішке ие «European Physical Journal C» және «Phys-ical Review D» ғылыми журналдарында жарияланғанын айта кетуіміз керек. Бұл басылымдары физика саласында Q1 квартилдік көрсеткішке ие журналдары болып саналады. Квартиль басылымның импакт-факторлық көрсеткішін айқындап, ғылыми ортадағы салмағын арттыра түсетін көрсеткіш. Саралау барысында әрбір ғылыми журнал бір мен төрттік шкала бойынша өз бағасына ие болады: Q1 ең жоғарғы шек болса, Q4 ең төменгі шек болып белгіленген. «Accelerating universe from F(T) gravity» мақаласында Ғаламның жеделдеуін f(T) гравитация моделдерін зерделеу негізінде сипаттауға болатындығы көрсетілген. f(T) гравитация моделдері үшін жеделдену үстіндегі Ғалам ғарышнамасын рекострукциялау әдістері дайындалған. Кейбір f(T) айқын мысалдары ФРУ негізінде реконструкцияланған. «NearlyStarobinskyinflationfrommodified-gravity» атты мақалада жалпы қатыстылық теориясындағы қабысу тұстары скалярын (төмен энергиялы) түзетуден болған инфляция қарастырылады. Эйнштейн теориясы аясында инфляцияның скалярлы әлеуетінің классы зерттеледі. Мұндағы - жалпы параметрді білдіреді. Сондай-ақ Йордан шарттарымен шектес тиісті әрекеттер анықталады. Соңғы ғарышнамалық мәліметерге сәйкес инфляцияны қайта туындадатын және скалярлы қабысуды едәуір түзететін (олар Планк салмағынан айтарлықтай ауыр масштабтағы масса жағдайында ғана туындайды) потенциалдарға қажет жағдайлар айқындалды. Йорданның шектес жағдайында ғарышнамалық тұрақтылық инфляция кезінде модельдік өзгеріссіз қалыпта болуы немесе нолге тең келуі мүмкін. Сонымен бірге жалпы қатыстылық теориясына қатысты полиномиалды түзетулер жан-жақты сараланған. Осы модельдер дәл шешім тапқан жағдайда туындайтын де-Ситтер мекеншағы (кеңістік-уақыт) үшін Йордан шектес жағдайы аясындағы толқулар теңдігін пайданану қажет. Осы орайда Риччи скаляры инфляциялық түзету барысында азаяды да, осының негізінде модель бақыланатын Жаһанға сәйкестенеді. Мақала Physical Review D (ИФ - 4.864) журналында 2014 жылы ұсынылып, оған 13 рет сілтеме жасалды.

Page 67: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

67

«Attractor solutions in f(T) cosmology» мақаласында күңгірт f(T) атаулы энергия моделінің гравитация негізіндегі бұралумен өзара әрекеттестігінің ғарышнамалық салдары қарастырылады. Күңгірт энергияның күңгірт материямен және сәулелену компоненттерімен өзара әрекеттесесуін болжау арқылы мүшелердің түрлі формадағы өзара әрекеттестігі кезіндегі осы модельдің тұрақтылығы зерделенеді. Күңгірт энергияның үш түрі сараланған: тұрақты ғарышнамалық, квинтэссенция және фантомдық энергия. Осы ретте өзге компоненттермен әрекеттесетін күңгірт энергияның әр моделі үшін бірқатар аттракторлық шешімдер жасалды. Бұл модель сәйкестік мәселесін өзара әрекеттестікке түсетін күңгірт энергияның сценарийі арқылы сәтті түсіндіреді.«Reconstructionoff(T) gravity: Ripcosmology, finite-timefuturesingularities, andthermodynam-ics» атты мақалада f(T) гравитацияда уақыт жағынан шектеулі келешек сингулярлығы пайда болатындығы айқындалады. Мұндағы Т бұралу скаляры болса, уақыт жағынан шектеулі келешек сингулярлығын жүзеге асырумен f(T) гравитация моделі қайта түзіледі. Сонымен бірге, сынды дәрежелік типтегі түзету мүшесі ( ) f(T) гравитацияда уақыт жағынан шектеулі келешек сингулярлығын болдырмауы мүмкін екендігі анық көрсетіледі. Алғашқы Жаһандағы инфляцияны жүзеге асырумен f(T) моделі сараланған: ΛCDM модель, LittleRip ғарышнама және Pseudo-Rip ғарышнама. LittleRip және Pseudo-Rip ғарышнамалар үшін сабақтас құрылымдардың ыдырауы сұйықтық тәрізді күңгірт энергиялы гравитациядағыдай жүзеге асатыны көрсетілген. f(T) гравитацияда орын алуы ықтимал жұлдыздардың жаппай күйреуі (коллапс) кезіндегі материяның уақытына тәуелді тұрақсыздық талқыланған. Сонымен қоса, f(T) гравитацияның термодинамикасы зерттелген. Термодинамиканың екінші заңы көкжиек ішіндегі температурасы көрінетін көкжиектегі температураға сәйкес келетін Жаһан үшін уақыт жағынан шектеулі келешек сингулярлықтарын қанағаттандыра алатыны айқындалған. 1% жоғары сілтемеге ие болған мақалалардың арасында «Dark energy cosmology: the equiva-lent description via different theoretical models and cosmography tests» еңбек астрономия және астрофизика бағыты бойынша Q2 квартильге жататын «Astrophysics and Space Science» журналында жарияланған. Мақалада әлемнің кеңею тарихын сипаттау үшін қажет шынайы модел ретіндегі түрленген гравитацияны

зерттеуге арналған. Бұл мақала Жапония, Италия, Испания және Ресей ғалымдарының қатысуымен дайындалған. Қазақстан тарапынан аталған мақаланы дайындауға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шақырылған, елімізден шыққан профессор, физик-теоретик Сергей Одинцов қатысқанын айта кетуіміз керек.Қазақстанда жер жағдайында заттың бөлшегін үдету мәселесі жан-жақты зерттелуде. Бұл жұмыстармен Физика-техника институтының ғалымдары айналысады. Аталған мекемеде қазіргі таңда 300 миллионға жуық өзара әрекеттестік қордаланған. DESY неміс ғылыми орталығындағы HERA электрон-протонды коллайдерді жабдықтау мен пайдалануға миллиондаған доллар жұмсалғанын айта кету керек. Ғылыми-зерттеу жұмысында қол жеткізген нәтижелеріне қатысты әлемнің ғалымдары өздерінің байламдарын беделді ғылыми журналдарда жариялауда. Бұл мәселеге қатысты қазақстандық ғалымдар да өз байламдарын жасаған болатын. Э. Боос, Б. Жәутіков, Н. Покровский, Ә. Барақбаев сынды ғалымдарымыз «Journal of High Energy Physics» ғылыми журналында «Combined measurement and QCD analysis of the inclusive e(+/-)p scat-tering cross sections at HERA» деп аталатын мақаласын жариялады. Бұл мақаланың жазылуына әлемнің 20 еліндегі 111 ғылыми мекемеде жұмыс істейтін ғалымдар қатысқанын айта кетуіміз керек. Осындай маңызды ғылыми жұмыстарға отандық ғалымдардың да үлес қосуы еліміздің абыройын асқақтатады.Бұдан басқа, әлемнің 34 елінің ғалымдары жазған ғылыми мақаланы дайындауға Қазақстан тарапынан Б. Шектібаев, Ә. Садуақасова және Ә. Садықов белсене қатысқанын айта кетуіміз керек. Атын атаған ғалымдарымыз қазір ҚР Ұлттық ядролық орталыққа (Курчатов) қарасты Атом энергиясы институтында бериллидің сәулененуі мәселесін терең зерттеу үстінде. Олардың бұл тақырыптаға «Overview of the JET results with the ITER-like wall» деп аталатын мақаласында жаңа конструкциялық материалдың термиялық, нейтрондық әрекетке және термоядролық синтез кезінде плазмалық жарылыстарға төзетінін талдап жазған мақаласы әлемдік ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын туғызған. Бұл мақала «Nuclear Fusion» (квартилі ядролық физика санаты бойынша Q1 тең) ғылыми журналында жарық көрді.

ХИМИЯ. Қазіргі кезеңде химия саласында ірі стационарлар мен осыған ұқсас

Page 68: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

68

ірі техникаларға дәстүрлі емес қуат көздері арқылы үзіліссіз қуат беретін энергоаккумуляторды ойлап табу күн тәртібінде тұр. Жолаушылар тасымалдау саласына арналған экологиялық таза көлік түріне (электрлі және гибридті электрлі автомобильдер) қажетті қуат көзін берудің маңызы зор. Бұл ретте Назарбаев Университеттің ғалымдары Ж. Бакенов пен Ә. Ермұхамбетованың канадалық ғалымдармен бірлесіп, катодтың жаңа композиттік түрін ойлап табуы көпшіліктің назарын аударған. Олар ғызыми-зерттеу жұмыстарына байланысты дайындағы «Ternary sulfur/ polyac-rylonitrile/ Mg0.6Ni0.4O composite cathodes for high performance lithium/sulfur batteries» деп аталатын мақаласы «Journal of Materials Chem-istry A» (Q4) ғылыми журналында жарық көріп, ғалымдық ғылыми кеңістікте жоғары сілтемеге ие болған. Химия саласы бойынша дүниежүзі ғалымдарының қызығушылығын оятқан тағы бір мақала «Fluorescent Chemosensor for De-tection and Quantitation of Carbon Dioxide Gas» деп аталады. Бұл ғылыми еңбектің Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары И. Иргибаева мен Д. Биримжанова Қытай мен АҚШ-тың ізденушілерімен тізе қосып дайындағанын айта кетуіміз керек. Мақала авторлары зондтық үрдіс барысында көмір қышқыл газын (CO2) алып, оны газға араластыратын қосынды флуоресцентті хемосенсормен әрекеттестіріп, климатқа тигізетін әсерін байқаған. Бұл мақала «Journal of the American Chemical Society» журналына жарияланған (химия бойынша квартилі Q1).

МЕДИЦИНА. Онкологиялық аурулар – дүниежүзінде адам өлімін арттыратын негізгі себептердің бірі. Қытай, Үндістан және Ресейдегі онкологиялық аурулармен күрес туралы «Challengesto effective cancer con-trolin China, India, and Russia» деп аталатын мақала «Lancet Oncology» ғылыми журналына (онкология категориясында квартилі Q1) жарияланған. Осы маңызды ғылыми еңбекті дайындаған – Астана мен Алматы қаласындағы онкологиялық орталықтардың ғалымдары Д. Әділбай мен Д. Қайдарова. Сондай-ақ, мақаланың дүниежүзіндегі 51 ғылыми мекемемен ынтымақтастықта дайындалғанын айта кеткен жөн.

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР. Жаһандық мәндегі мәселелерді шешу үшін ең озық топ-технологиялар қолданылатыны мәлім.

Солардың бірі – жоғары сапалы бидай түрін дайындау. Осы бағытта жарық көрген «A high-density genetic map of hexaploid wheat (Triticum aestivum L.) from the cross Chinese Spring X SQ1 and its use to compare QTLs for grain yield across a range of environments» деп аталатын ғылыми мақалада әлем ғалымдары бидайдың генетикалық қырын, морфологиялық және биохимиялық өнімділігін жан-жақты зерттеген. Жануартану. Қазіргі дамыған ғылымда синтез бен ғылыми тәртіптің қатар жүруі маңызды. Бұл жағдай ғалымдардың жұмыс істеуін жеңілдетіп, белгілі бір деңгейде жетістікке жетуіне себепкер болмақ. Сол себепті, қазіргі таңда еліміздегі зертханаларда дамыған елдердің ғалымдарының жұмыс істеп жатқанын байқауға болады. Назарбаев Университеттің шақыруымен Charles P. Gilman есімді ғалымның ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жатқанына біраз уақыт болды. Ол ғылыми ортада аса танымал бола бастаған трансляциялық неврология мен әрекетті зерделеудегі Daniorerio модельдік организмін зерттеумен айналысады. Ғылыми еңбектің қорытындысы бойынша «Zebrafish» (Жануартану саласындағы категория квартилі Q1) журналына «Towards a Comprehensive Cat-alog of Zebrafish Behavior 1.0 and Beyond» деген мақала жарық көрді. Мақалада жүйке жүйесі бойынша маңызды ақпараттар алынып, жүйке жүйесінің физиологиялық биомаркері мен мидың патологиялық қызметі терең зерттелген. Осылайша жоғары сілтемеге ие болған ғылыми мақалаларды саралау арқылы ұлттық ғылымның әлемдік ғылыми білім аясында тиімді бағытта дамып келе жатқандығы туралы объективтік көрсеткіштер анықталды. Қазіргі таңда мемлекет ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты айналысуына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға барынша қолдау көрсетуде. Осыған орай, отандық ғылымнан әлемдік ғылыми қауымдастықта жоғары бағаланаатын жаңа жетістіктерді күтуге болады деп есептейміз.

Page 69: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

69

7. ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

(технологияларды коммерциялау тетіктері және ғылыми және(немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері, ғылымның, өнеркәсіптің және бизнес-қауымдастықтың ықпалдасуы арқылы, ел экономикасын дамытуына ғылым үлесін бағалау және жалпы ішкі өнім өсуіне ғылыми және(немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері әсер ету арқылы)

Ұлттық инновациялық жүйенің дамуын талдау үшін, бірінші кезекте, ғылыми қызмет нәтижелілігінің бар көрсеткіштерін талдау қажет. Зияткерлік жекеменшіктің бүкіләлемдік ұйымының патенттік белсендігі бойынша елдердің рейтингіне сәйкес Қазақстан 105 ел арасында 1 732 патентімен 44-нші орында орналасқан (7.1-сурет), бұл Қазақстанның ғылыми әулеті идеяларды тудырудан оның практикалық іске асыруына дейін үдерістің әлсіз буындарынан және бизнеспен қатынас жоқтығынан зерттеулер нәтижелеріне сұранысты қамтамасыз ете алмайтынын көрсетеді.

Global Competitiveness report 2014-2015 есебі бойынша, Қазақстан ғылыми-зерттеу белсенділігінің деңгейі бойынша нөлдік емес импакт-факторымен журналдардағы мақалаларының 87,4 көрсеткішімен 91 орнында орналысады. ҒЗТКЖ-ға шығындар көрсеткіштері бойынша Қазақстан ІЖӨ-нен 0,23% ҒЗТКЖ-ға шығындар үлесімен 69 орынға ие. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша (2010-2014 жылдарға) зияткерлік меншікті пайдалануға құқықтарды сатудан Қазақстанның кірістері өте төмен болып табылады және $266 600 құрайды (1-кесте), бұл төмен ғылыми-зерттеу белсенділігіне және өткізілетін зерттеулердің төмен сапасына көрсетеді. Мысалы Сингапур сияқты елдің зияткерлік меншікті пайдалануға құқықтарды сатудан алатын қаражат сомасы бірнеше мың есе рет Қазақстан кірістерінен асып түседі.

Сурет 7.1- Әр түрлі елдердегі ҒЗТКЖ нәтижелілігінің көрсеткіштері

Кесте 7.1 - Әр түрлі елдерде зияткерлік меншік құқықтарын сату

WIPOhttp://www.wipo.int/portal/en/index.html World economic forum http://www.weforum.org/reports/global-competitiveness-report-2014-2015

$3 150 783 316

Сингапур

$665 790 000Зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланғаны үшін түсімдерден елдің кірістері

Зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланғаны үшін шығындар

$ 22 230 219 802 $8 021 370 000

Қазақстан

$266 600

$147 894 954

Ресей Федерациясы

Page 70: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

70

Қазақстанның стратегиялық серіктестерін – Ресей Федерациясын және Қытайды технологиялық дайындық деңгейі бойынша салыстырғанда, РФ да, Қытай да 4.2 рейтингімен 144 ел ішінде 61-нші орындағы Қазақстанды едәуір озып кеткенін атап өту қажет, яғни, экономика жұмыс тиімділігін және тиісінше Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін күн сайынғы қызметте және өндірістік үдерістегі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бар технологияларға бейімделетін жылдамдығы тиісінші 59 және 5 орындарында орналасқан стратегиялық серіктестіктерінен артында қалды (7.2-сурет). Бұдан басқа, елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші инновациялық белсенділіктің индексі болып табылады, оған сәйкес Қазақстан 3.1. рейтингімен 85 орында орналасады (7.3-кесте).

Сурет 7.2 - Инновацияға технологиялық дайындық деңгейі бойынша елдерді талдау

Кесте 7.2 - Әртүрлі елдердің инновациялық белсенділігін талдау

Page 71: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

71

Дүниежүзілік банк, KnowledgeAssessmentMethod (білімдерді бағалау әдісін) пайдалана отырып, ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру бойынша елдердің рейтингінде 5.04 көрсеткішімен Қазақстанды 146 елдің арасында 73-нші орынға қойды. Ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру негізінде 12 тірек жатыр, олардың біреулері технологиялық дайындық пен инновациялық белсенділік болып табылады. WorldEconomicforum шығаратын GlobalCompetitivenessreport (GCR) есебінің ресми деректері бойынша, Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық индексі (GCI) бойынша 2014-2015 жылдары 4.4 рейтингімен 144 елден 50-нші орында.

7.3-суретте ғылымды көп қажетсінетін экономиканы дамытуға себепші болатын негізгі кезеңдер анық көрсетілген, мұнда бағытталған және тәртіп аралық іргелі зерттеулер қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін база болып қызмет жасауға тиіс, олар, өз кезегінде, Қазақстанның инновациялық белсенділігін және технологиялық дайындығын көтеру үшін негіз береді.Top-down және Bottom-up әдістемелері ғылымды көп қажетсінетін экономиканы дамытуға келешегі бар зерттеулер бағыттарын анықтауға және елді дамыту үшін “hot points” өзекті бағыттарын анықтауға көмектеседі. Ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру үдерісінің әлем тәжірибесі Ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құрудың айқын мысал ретінде ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру индексі (КАМ) бойынша қазір 2-нші орынға ие Финляндияны қарастыруға болады. Осындай экономиканы құруға бағытты ел 70-нші жылдардың аяғында алды, сонда ол экономикалық дағдарысқа қарамастан, ғылыми-зерттеу саласына ІЖӨ 1,5% сала беруді жалғастырды. Финляндия мен Кеңес Одағының дезинтеграциясы нәтижесінде, оған Финляндия 30% ағаш өңдейтін өнімді экспорттаған, ел құлдырап жатқан, жұмыссыздық деңгейі 15 % өсті. Ауыр экономикалық жағдайға қарамастан, Финляндия Үкіметі ҒЗТКЖ қолдауды жалғастырды, ұзақ мерзімді келешекте осы стратегия өз тиімділігін дәлелдеді. Үкімет ұлттық инновациялық жүйенің менеджментіне жүйелі әдістемені ұйымдастырды, сондай-ақ адам капиталының дамуына белсенді қаражат салып отырды (біліктілікті көтеру және білім беру). Бүгінгі күнге Финляндия Экономикалық Жәрдемдесу мен Даму Ұйымының бағалауынша ең жақсы білім ұсынады (7.4-сурет).

http://wwwr.worldbank.org/kam Cоставляющие элементы GCI1. институциональная среда, 2. инфраструктура, 3.Макроэкономическая среда, 4.здоровье и начальное

образование, 5. высшее и профессиональное образование, 6. эффективность и гибкость товарных рынков, 7. эффективность рынка труда, 8. развитие финансового рынка, 9. технологическая готовность, 10. размер рынка, 11. развитость бизнеса, 12. инновации.

Сурет 7.3 - Инновацияға бағытталған ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдері

Page 72: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

72

Финляндия не істеді? Шынында, өнеркәсіптік ақша бөлудің макроэкономикалық әдістемесінен экономикалық өсуге негіз құру үшін қажетті жағдайларды жасай отырып, шағын экономикалық әдістемеге қайта бағытталуымен жаңа индустриалдық саясатты құрды. Белсенді инновациялық саясат қосымша шаралар қатарын қолдануға әкеп соқтырды, оның ішінде технологиялар бойынша жоғары тиімді агенттік құруға. Соңғы онжылдықтың басында дағдарыстық жағдайдағы компаниялар қайта ұйымдастырылды және қайта құрылды. Қайта құрылымданған компаниялардың біреуі ел ортасында Нокиа өзенінде орналасқан болатын. Компания кәбілдік өнім, теледидарлар шығарумен және қағаз бұйымдарын өңдірумен айналысатын. Осы компанияның қызметі телефон өнімін, атап айтқанда дамыған радио технологиялардың артықшылықтарын пайдалана отырып, ұтқыр телефондар өндіруінде негізделетіні шешілген болатын. ҒЗТКЖ дамыған жүйесі университеттер, қоғамдық зертханалар мен кірме құзыреттер өсуін қамтамасыз етті. Үдеріс тұрақты халықаралық маркетингтік компания мен ұйым өзінің өсуімен сүйемелденген. Бірнеше жылдан кейін Нокиа ұялы телефондар өндірісінде әлем үздігі болып шықты және 2003 жылы Нокиа компанияның өнім экспортының көлемі елдің ЖІӨ 3,7% құрап, Финляндияның экспортталатын тауарларының жалпы көлемінен 20% құрады. Әр түрлі мемлекеттік органдар – олардың арасында Ғылымдар мен технологиялар бойынша кеңес, Стратегиялық дамыту бойынша комитет (Committee for the Future – келешекке әсер ететін факторларды талдайды, әлеуетті зерттеулерді және техникалық дамытудың ықтимал нәтижелерін қарастырады. Комитет өз бетімен өз жұмысын және әдістерін ұйымдастырады, толығымен сыртқы ықпал етуден тәуелсіз) және Зерттеулердің және дамытудың Фин ұлттық қоры (SITRA) – департаменттер бойынша көлденең де, Үкіметтен бастап жергілікті атқарушыларға дейін тігінен де, бизнес пен сауда өкілдерін тартумен индустриалдық саясатты үйлестірді. Осы агенттіктер стратегия дамуын және саясат бағалауын шетелдік сарапшылар көмегімен үйлестірді.

ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУИнновациялық технологияларды коммерциалау – инновациялық өнімді немесе технологияны нарыққа шығарудың негізгі тетігі, яғни ғылыми идеяны нарық өніміне қайта құрудың қиын көпкезеңді үдерісі. Әлем тәжірибесі, экономикалық өсімнің жоғары қарқындарын технологияларды коммерциялаудың тиімді жүйесін құрған елдер ғана жететінін көрсетті. Қазақстанда инновацияларды дамыту үшін жаңа қарқын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ)

Кесте 7.4 - Финляндия тәжірибесі

Page 73: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

73

іске асыру басталуымен берілді. Осы кезеңде ұлттық инновациялық жүйенің бекімді институционалдық негіз құрылды, инновациялар мен жаңа технологиялар әзірлеуін және енгізуін ынталандыратын қажетті заңнама базасы («Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Ғылым туралы» ҚР Заңдары) құрылды, дамыту институттары сапалы түрде қайта құрастырылған. Инновациялық қызметті қолдаудың құралдары енгізіліп, сынақтан өткізілген (инновациялық гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері, салалық конструкторлық бюролар, ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банктің гранттық қаржыландыруы және т.б.).ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банкпен ұсынылған гранттық қаржыландыру шеңберінде 6 компанияның 10 жобасы бірінші сатулар деңгейіне шықты. Іс жүзінде, нарыққа Қазақстанда өндірілген өнімдер ұсынылған. Мәселең, Ядролық физика институтының ғылыми қызметкерлерінің тобымен құрылған «ҚазТрек Технолоджи» ЖШС суды тазарту үшін мембраналық сүзгілердің аз сериялық өндірісін ұйымдастырды және мүдделі коммерциялық компанияны серіктестікке тартты.

«GENERAL GENETICS» ЖШС (Биотехнологиялардың ұлттық орталығы) әзірленген тест-жүйелердің негізінде жүрек-қан тамырларының ауруларымен пациенттер үшін варфарин мен плавикс сияқты емдеу дәрі-дәрмектердің оңтайлы жеке мөлшерлемесін анықтау бойынша қызметтерді Ұлттық кардиологиялық орталыққа көрсетті.

«AIMLAB» ЖШС (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық-химиялық талдау әдістерінің орталығы) бір жылда 200 тонна көлемімен техникалық көміртектің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін іске қосты. Осы компанияда дайын өнімді жеткізуге коммерциялық келісімшарт бар және өндірісті ауқымдау үшін ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастырады.

«UNILINE GROUP» ЖШС (Информатика және басқару мәселелерінің институты) қазақ тілін жинақтау және тану жүйесін дамыту бойынша жобаны әзірледі және мәтінді тілге қайта құру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің сатылымын жіберді.

«АСПАНТАУ» ЖШС бетон қасиеттерін жақсарту үшін отандық супер пластификаторларды әзірлеп шығарды және коммерциялық негізде бірнеше компанияларға ұсынды. Зертханада шығарылған заттың химиялық формуласы нәтижесінде, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс шарттарында бетонға қосынды ретінде нақты өнімге іске асырылды және қазір шетелдік өндірушілердің ұқсас өнімін отандық нарықта ауыстыру үшін өндірісті ауқымдау туралы сөз қозғалды.

«АНТИГЕН» ғылыми-өндірістік кәсіпорны қымыз пен шұбат үшін стартерлердің аз сериялық өндірісін іске қосуда, кейінгіде оларды сүт өндірушілеріне сатады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ИДМ) соңғы 5 жыл ішінде (2010-2014 ж.) 4 000 инновациялық әзірлемелер мен жобаларды сәйкестендіре алды, олардың ішінен шамамен 600-ін іске асыруда тәжірибелік көмек 13 млрд теңге жалпы сомаға көрсетілді.Мәселең, инновациялық гранттар бойынша 1 400 аса сұраным өңделді, олардың ішінде 2010 жылдан бастап осы кезеңде 248 инновациялық жоба бойынша шамамен 9,8 млрд. теңге жалпы сомаға грант ұсынылды. 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша мониторингілеу барысында грант алушыларымен ұсынылған ақпаратына сай – 1 132 жұмыс орны ашылған, оның ішінде 441 тұрақты және 691 уақытша жұмыс орны. Грант алушылары 930,3 млн теңге салық төледі, 33,3, млрд. теңгеге өнім шығарды. 2013 жылы грантар ұсыну нәтижелері бойынша инновациялық гранттарға бөлінген мемлекеттік қаражаттың 1 теңгеге 3,40 теңге жекеменшік инвестициялар тартылды. Грант алушыларының ақпараты бойынша инновациялық гранттарды іске асыру кезеңінде 83 инновациялық патент алынды, 4 тауар белгісі тіркелді және 28 сұраным күзет құжаттарын алуға берілді. Инновациялық инфрақұрылым белсенді дамуды жалғастырды. Қазақстанда 4 салалық конструкторлық бюро (көлік және ауылшаруашылық машинақұрылысы, тау-металлды және мұнайгаз жабдық) әрекет етеді, олар отандық кәсіпорындарға жаңа және жетілдірілген өнім өндірісін ұйымдастыруда қолдау көрсетеді. 2015 жылдың басына төрт ОКБ құру сәтінен бастап кәспорындар мүддесінде 72 жиынтық және техникалық құжаттамасының 560 кешені әзірленді. Кәсіпорындар тапсырылған техникалық құжаттаманы пайдаланумен әзірленген 168 өнімнің тәжірибелік үлгісін сынақтан өткізді, 139 өнім атауы сертификаттады. Жоғарыда аталған конструкторлық бюро қатысуымен игерілген өнімді отандық кәсіпорындармен сату көлемі 6,2 млрд. теңгеге жетті.Оңтүстік Корея, Франция, Норвегия, АҚШ және Қытаймен бірге технологиялар трасфертінің 5

Page 74: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

74

5

4

3

2

1

2003

2004

2005

2006

2007

9

8

7

6

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2,1 2,3

3,4

4,84 ,8

4,04 ,0

5,2

7,17,6

8,0 8,1

2.5

2

1.5

1

0.5

2003

2004

2005

2006

2007

4

3.5

3

2008

2009

2010

2011

2012

2013

0,20,28 0,42

0,99

1,46

2,25

1,82,1

2,6

3,5

3,07

Жалпы, ҮИИДМБ іске асыру сәтінен бастап елде инновациялар дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң қарқыны байқалады. Мәселең, 2014 жылдың қорытындылары бойынша өткізілген реформалардың нәтижесінде инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсімі байқалады 8,1% дейін немесе 2009 жылғы деңгейіне қарай 2 есе рет. Инновациялық өнімнің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда (82,6 млн. теңге) 7 есе ерет ұлғайды және 2014 жылда 580,386 млн. теңге құрады. Дүниежүзілік банктің ресми статистикасына сәйкес 2013 жылда барлық әлем көлемінен Қазақстанның жоғары технологиялық өнімінің экспорт үлесі 0,15% құрады, сонда 2009 жылы осы көрсеткіш 0,09% тең болды.

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың бөлігі, %

Жоғары технологиялық өнімдердің экспорт көлемі, млрд. долл.

Дереккөз: ҚР статистика комитеті

Дереккөз: Дүниежүзілік банк, www.worldbank.org

халықаралық орталығы құрылып, қызмет етеді, мұнда кез келген кәсіпорын технологияларды, серіктестерді іздеу бойынша қызметтерді және жобаларды іске асырғанда басқа қолдауды алуға мүмкін. ҒЗИ және ЖОО базасында коммерциялаудың 21 кеңсесі құрылды, олар 95,6 млн теңге жалпы сомаға әзіремелер тұжырымдамаларының 122 негіздемені әзірледі, оның ішінен 55 жоба кейінгі технологиялар коммерциялауына таңдалды. «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА бірінші кезегінің аумағында «Алатау» технопаркі» ЖШС еншілес ұйымы әрекет етеді. Бүгінгі таңда «ИТП»АЭА қатысушыларының жалпы саны 158 компанияларды құрайды. «ИТП» АЭА барлық қатысушыларының жобаларының жалпы құны 46,5 млрд. теңгеден асады. «ИТП» АЭА қатысушыларының жалпы санынан 68% өз қызметін ІТ индустрия саласында, 14% жоғары технологиялық өнім және телекоммуникациялық құрылғыларды өндіру саласында жүзеге асырады, 10% зерттеу және білім беру қызметімен айналысады, қалған 8% басқа қызмет түрлерін жүзеге асырады. ИДМ «Технологиялық дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ бірге 2014 жылы форсайттық зерттеулер шеңберінде, отандық ғалымдардың әлеуетін пайдалануын есепке алумен, ең жақын 5 жылға бизнестің технологиялық міндеттерін анықтауды жүргізді. Осы жұмыс ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, салалық бизнес-қауымдастықтардың, ғылыми шеңберлер өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізілді, бұл 170 аса технологиялық міндеттерді анықтауға көмектесті, олардың шешіміне инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары жіберіледі.

Page 75: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

75

Дүниежүзілік Экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (ДЭФ БЖИ) халықаралық рейтингіне сәйкес Қазақстан бүгін әлемнің бәсекеге қабілетті 144 ел арасында 50-нші орынға ие болып, орнын елеулі бекітті.

Ел Аргентина, Бразилия, Хорватия, Малайзия, Ресей Федерациясы, Түркия және басқа сондай елдерімен бірге «басқару тиімділігі» мен «инновациялармен» қозғалатын мемлекеттер арасында орналасты.2010 жылға қарай «Инновациялар» факторы бойынша Қазақстан орындарының 16 пунктке (85 орын) жақсаруы байқалады, сондай-ақ «Технологиялық дайындық» факторы бойынша 21 пунктке (61 орын).

НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР КЕСІМІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫ

Жалпы, ДЭФ БЖИ технологиялық және инновациялық дамуының факторларын талдау салыстырмалы қысқа уақыт аралығында көрсеткіштердің көбінде түге тұрақты оң беталыстар байқалатынын көрсетті.

2014

2013

2012

2011

2010

2009

2008

2007

2006

2005

100%

80%

60%

40%

20%

51 56 61 66 67 72 72 51 50 50

Page 76: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

76

ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ҚОСАЛҚЫ ФАКТОРЛАР КЕСІМІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫ

« НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫВ настоящее время благодаря активному внедрению передового международного

Қазіргі кезде озат халықаралық тәжірибені енгізу және Елбасының тұрақты қолдауы арқасында «Назарбаев университеті» АҚ білім беру мен ғылым жүйесінің озаты болды. Ғылым дамуына елеулі үлесті университеттің ғылыми орталықтары енгізеді. «Nazarbayev University Research and Inno-vation System» жекеменшік мекемесі (бұдан әрі- NURIS) NURIS құрамына Энергетикалық зерттеулер орталығы (ЭЗО) және Тәртіпаралық құрал орталығы (ТҚО) кіреді, олар қәзіргі кезде

әртүрлі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайтын NURIS-тің екі бас ғылыми орталығы болып табылады. 2014 жылы NURIS-те гранттық және бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру шеңберінде 61 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары және Дүниежүзілік банктің коммерциялау жобасы жүргізілді. Олардың арасында жаңа биопрепараттар әзірлеу және регенерациялық медицина; туберкулезді анықтау үшін биосенсорларды, инфекциялық агенттер мен рак биологиясы, ақуыздардың экспрессиясы; сондай-ақ остео-артикуляциялық аурудың модельдері мен механизмдері бойынша зерттеулер нәтижелерін атап өту қажет. 2014 жылы халықаралық рецензиялатын

Page 77: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

77

журналдарда, халықаралық конференциялардың жинақтамаларында

– 40 ғылыми мақала, оның ішінде We-bofKnowledge, ScienceDirectжәнеSpringer индекстелетін журналдарында 15 жариялым шықты. Өнертабысқа 3 патент алынды, 6-уы берілді. Ғылыми жобаларды іске асыруда NURIS 22 шетелдік және 7 қазақстандық ғылыми және білім беретін мекемелермен ынтамақтасады, оның ішінде Пердью Университеті, АҚШ; ПитсбургУниверситеті, АҚШ; Техас Университеті, АҚШ; Айова штатының университеті, АҚШ; Арканзасштатының университеті, АҚШ; Нью-Йоркштатының университеті, АҚШ; Квинсленд университеті, Австралия; Ғылымдар және технологиялар институты, Австрия; Нагойи Технологиялар институты, Жапония; Витватерсранд университеті, ОАР; Токионың Технологиялық институты, Жапония; Измир Технологиялық институты, Түркия; Лондонның Университеттік колледжі, Ұлыбритания; Бұзылмайтын бағалау зерттеулерінің орталығы, Австрия; Лоуренс атындағы Берклидегі ұлттық зертхана, АҚШ; Техас ауылшаруашылық және инженерлік университет, АҚШ; Сэнфорд-Бернам Биомедициналық зерттеу институты, АҚШ; Мичиганштатының университеті, АҚШ; Инженерия, есептеуіш техника және суреттерді өңдеу зертханасы, Франция; Пулков астрономиялық обсерватория РҒА СБ, Ресей; С.Л. Соболев атындағы математика институты, РҒА СБ, Ресей; Жылуфизика институты,РҒА СБ, Новосібір, Ресей және басқалар.«Өмір туралы ғылымдар орталығы» жекеменшік мекемесі «Өмір туралы ғылымдар орталығы» ЖМ (бұдан әрі – ӨҒО) Денсаулық сақтаудың ықпалдасқан академиялық жүйесінің Университеттің құрама бөлігі болып табылады, оған ӨҒО басқа, Ұлттық медициналық холдинг клиникаларын және Университеттің медициналық мектебін кіреді. ӨҒО құрылымы трансляциялық медицинаны, ұзақ өмірді және жалпы денсаулықты ұйымдастыру және дамыту департаментінен, геномдық және дербестендірілген медицинаны ұйымдастыру және дамыту департаментінен, регенративтік медицина және жасанды органдар департаментінен, биоинженерия, жасушалы технологиялар мен жасушалы терапия департаментінен тұрады.

2014 жылы ӨҒО-да 38 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, нәтижелері бойынша 213 ғылыми мақала жарияланды, олардың ішінде 56 мақала халықаралық журналдарда және ТМД басылымдарында, 13 мақала импакт-факторы бар журналдарда, 157 тезис халықаралық, республикалық конференцияларда және ТМД конференцияларының рецензияланған жинақтарында жарияланды. 6 әдістемелік құжаттамалар және монография басылып шықты. 1 патент, өнертабыстарға 2 оң шешім, автор құқықтарын тіркеу туралы 3 куәлік, 3 автор куәлігі алынды.2014 жыл бойынша салада сұранысқа ие және практикалық денсаулық сақтауда ендіруге дайын анағұрлым маңызды және үздік ғылыми-зерттеу қызметтерінің нәтижелері:

• Адам микробиомасы және ұзақ өмір зертханасының ұжымы әзірлеген «НӘР» азықтанудың отандық симбиотикалық өнімі«НӘР» симбиотикалық биопрепаратының жоғары пробиотикалық тиімділігі клиникаалды және клиникалық зерттеулерде дәлелденді.«НӘР» симбиотикалық био-өнімінің тәжірибелі топтамасы «Астана – Өнім» сүт комбинатымен өндірілген. «НӘР» «Қазақ тағамтану академиясы» ААҚ-да сынақтан өтті. Пробиотикалық консорциум Ұлттық өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекциясында депозитке салынды.Әлдендіру және тыныштандыру әсері бар фармобиотикалық препарат - құрғақ функционалды өнімдер желісі әзірленді.

• «БАҺРА» - қазақстандық будандастыру жүзімінің полифенолдарының бірегей концентраты. Компоненттік құрамы зерттелді, цитопротекторлы және антиоксидантты әсері дәлелденді, геропротекторлы әлеуеті анықталды. Қазақстандық будандастырудың Cabernet sau-vignon сортты жүзімнің полифенолдарының концентраты негізінде биологиялық белсенді қоспаларын өндіру үшін технологиялық регламент әзірленді.

• Туберкулез бойынша Ұлттық ақпараттық жүйе (ТҰАЖ) әзірленді.

• Туберкулез жағдайларын болжаудың электрондық үлгісі әзірленді және осы үлгіні ендіру 2014-2020 жылдарға арналған

Page 78: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

78

Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес бойынша кешенді жоспарда қарастырылды.

• 2007-2013 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының халқын туберкулезге (демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, эпидемиологиялық және экологиялық) шалдығуын анықтайтын факторлардың интерактивті геоақпараттық базасы жасалды.

• 35% зертханалық жануарлардағы сынық кезінде сүйек тіндерін регенерациялау деңгейін арттыруға мүмкіндік берген мезенхималді бағаналық жасуша және түпкі остеофилді полимер негізінде остеопорозды емдеу саласы үшін сүйек тінін регенерациялауға ынталандырудың жаңа әдісі әзірленді.

• Зертханалық жануарлардың жасушаларының өмір сүрі ұзақтығын 9 % көбейтетін ресвератрол негізінде құрылымдық өзгертілген жаңа кіші молекулалар алынды.

• Қазақстандық индивидумдардың толық геномдарының және толық экзомдарының бірізділігі анықталды, олардың биоақпараттық талдамасы жасалды. Түрлі жағдайға генетикалық бейімділігінің ерекшелігі анықталды. Қазақстандық индивидумдарға тән бірегей генетикалық маркерлері айқындалды.

• Жүрек соғысы бұзылған 200 пациентке аяқасты болатын жүрек өлімі дамуының маркерлеріне генетикалық скринингі жүргізілді.

• Жүрек ырғағының бұзылушылықтары бар аурулардың hRYR2 генінде жаңа мутациялар анықталды. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды емдеуде дербестендірілген әдістеме қолданылған.Алғаш рет Қазақстанда орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларының шеңберінде келесі нәтижелер алынды:

• Туберкулез даму қаупінің генетикалық факторлары зерттелді, адамның полиморфизді ген бойынша өкпесінде алғаш рет туберкулез табылған зерттеуге қатысушылардағы туберкулездің дамуымен ассоциативті байланысты көрсеткен анағұрлым маңызды гендер мен

полиморфизмдер табылды.

• M.tuberculosis екі толық геномдардың толық бірізділігі анықталды, нәтижелері AZBA00000000, AZAZ00000000 (M.tuberculosis ID - MTB489 и MTB476) нөмірлі көпшілікке қолжетімді халықаралық GenBank NCBI деректер базасына қабылданды.

• Қазақ ұлтты тұлғаларда, өңеш ісігімен науқастарда 10 толықтранскриптом, 10 толықэкзом және 5 толық геном РҒК секвенирлеу жүргізілген және өңеш ісігінің дамуына қатысатын гендер зерделенген.

• Қазақстан Республикасында GCP – ICH стандарты бойынша халықаралық клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жағдайлар жасалды. Цитафат – бауыр патологиясын емдеу үшін жаңа бірегей отандық препаратты клиникалық зерттеудің II фазасы жүргізілуде.

• Іріңдеп-қабынған ауруларды емдеу үшін эритроцитарлы фармакоциттер негізінде антибиотиктерді мақсатты жеткізудің орфанды технологиясы әзірленді және клиникалық практикаға ендірілді.

• Нәресте өлімін азайту үшін инновациялық технологияны қолданумен жатыр ішіндегі ұрық дамуының кешігуін антенатальді емдеу бағдарламасы әзірленді.

• Жүктілікті ұзартуға және жетілмеген балалардың өмір сүру көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін өсімпаздық денсаулық саласында әдіс әзірленді.ӨҒО көптеген жетекші әлемдік ғылыми-зерттеу институттармен ұзақ мерзімді серіктес қатынастарды орнатты: Брайтон университеті, Ұлыбритания; Оксфорд университеті, Ұлыбритания; Мартин Лютер университеті, Германия; Кюри институты, Франция және Грацк. Медицина университеті, Австрия; Regenera Research Group, Италия; Вавилов атындағы Мәскеу жалпы генетика институты, Ресей; ГданьМедицина университеті, Польша; Ф.М. Достоевский атындағы Омбымемлекеттік университеті, Ресей; Сеул ұлттық университеті, Оңтүстік Корея; Ісіктің ұлттық орталығы, Жапония; Хиросима университеті, Жапония; Пекин геномика институты, ҚХР; Киото университеті, Жапония; RIKEN, Yokohama, Жапония; Нагасаки Университеті, Жапония; Mac-

Page 79: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

79

rogen Inc, Бірлестігі, Жапония; Питтсбург университеті, АҚШ, Дюк университеті, АҚШ; Колумбия университеті, АҚШ; Ұлттық денсаулық институты, АҚШ; Карнеги-Меллон университеті, АҚШ; Миссури университеті, АҚШ; Биомедициналық информатика орталығы, Гарвард медициналық мектебі, АҚШ; сондай-ақ AstraZeneca, Sanofi, Hoff-mann-La Roche, AbbVie компанияларымен және т.б.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде Қазақстан елдің бәскеге қабілеттілігін, технологиялық жаңартылуы және әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру, қазақстандық ғылымның халықаралық беделін көтеру үшін ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құруға бағыт алды. Ұзақ мерзімді келешекте басым міндет ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру және әлем деңгейінде оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін кезеңге Инновациялық дамыту тұжырымдамасы, екінші бесжылдыққа (2015-2019 жылдарға) Индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы сияқты стратегиялық құжаттарда белгіленген артықшылықтарды іске асыру жоспарланады. Мәселен, келесі бесжылдыққа Индустриализация бағдарламасының негізгі мақсаты түрлендіруді ынталандыру және өңдейтін өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін көтеру болып табылады. Осы үдеріс, сөзсіз, жаңа технологиялар енгізумен және жоғары инновациялық белсенділікпен үзіліссіз байланысты. Бағдарламаға сәйкес инновациялық саясат роботтехника, нанотехнологиялар, гендік инженерия және тағы сондайлар сияқты «жаңа экономика» секторларын – келешек секторларын дамыту үшін орын дайындаумен бірге ауылшаруашылық, ГМК, мұнайгаз және басқалар сияқты базалық салалардың технологиялық қалып қалуын қысқарту сияқты екі негізгі міндеттер шешуіне бағытталады. Осы салаларды дамытудың ядросы ұлттық зияткерлік-инновациялық кластерлер: «Астана бизнес кампусы» ғылыми паркімен Назарбаев университеті және Инновациялық

технологиялар паркі болады. Инновацияларды дамыту саласындағы жетекші міндеттер басым секторларына өзекті технологиялардың трансферті, экономикада инновацияларға сұранымды жасау және технологиялық құзыреттіліктерді қалыптастыру болады. Сонымен бірге, білім беру, кәсіби оқыту және қазақстандық кадрлардың технологилық құзыреттіліктерін өсіру жүйесінің құрылымдық реформалары жүргізіледі, олар адамның үзіліссіз оқуын ынталандыратын және қоғамның инновациялық мәдениетін қалыптастыратын ортаны жасауға көмектеседі. Сонымен, жоғарыда аталған және басқа шараларды іске асыру бойынша екінші бесжылдықтың Бағдарламаның нәтижелері ретінде бизнестің инновациялық белсенділігін 20% дейін, ЖІӨ инновациялық өнім үлесін 2,5% дейін, ЖІӨ-нен зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі шығындардың үлесі 2% дейін ұлғайту сияқты негізгі көрсеткіштеріне жету болады.

Page 80: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

80

8. САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

(ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті басқару бойынша)

8.1 САЛАЛЫҚ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Соңғы жылдары медицина ғылым ұйымдарының патенттік бенсенділігі едәуір өсті. Табысталатын қорғау құжаттарының көлемі 3 еседен артық өсті,, соның ішінде зияткерлік жекеменшік туралы куәліктер 5,9 есе, инновациялық патенттер 2,3 есеге дейін артты (8.1 кесте).

ҚР-да патенттелетін әзірлемелердің негізгі көлемі «Диагностика және хирургия» (38,89%), «Терапиялық, стоматологиялық немесе гигиеналық мақсаттарға арналған дәрілер мен дәрі-дәрмектер» (36,07%) салаларына тиесілі. Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін енгізу бойынша медицина ғылымымен айналысатын ұйымдар соңғы үш жылда 3200-ге жуық акт алған. Осы орайда актілердің 66%-ы өзге ұйымдарда енгізілуге қатысты. Бұл ғылыми зерттеу нәтижелерінің практикалық денсаулық сақтау жүйесіне диссеминациясын аңғартады (8.2 кесте).

Диагностика, емдеу мен медициналық сауықтырудың жаңа тәсілдерін қамтитын ғылыми әзірлемелер медициналық технологияларды бағалау процедурасынан өткізіліп (МТБ), соның нәтижелері негізінде өкілетті орган (ҚР ДСӘДМ) олардың ары қарай қолданылуын, диагностика мен емдеу хаттамасына енгізілуін және кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қаржыландырылуын мақұлдап, шешім қабылдайды. Соңғы үш жылда медицина ғылымымен айналысатын ұйымдарда жаңа медициналық технологияларды ҚР аумағында қолдануға 240 тапсырыс беріліп, олардың 75-і мақұлданған болатын (8.3 кесте)

Кесте 8.1 – Алынған қорғау құжаттарының саны

Кесте 8.2 – Алынған енгізу актілерінің саны

Page 81: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

81

Кесте 8.3 – МТБ-ға берілген тапсырыстар мен қолданылуы мақұлданған технологиялар саны

Соңғы үш жылда Денсаулық сақтау саласындағы ҒЗЖ нәтижелерін коммерциализациялау көрсеткіштері айтарлықтай өскені байқалады. 600 875,8 мың теңге сомасында жалпы саны 129 технология коммерциализацияланды. Осы орайда коммерциализацияланған технологиялардың 66,6%-ы (86) отандық зерттеулердің әзірлемелері болып табылады (8.4 кесте).

Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық сипаттағы ғылыми жетістіктер мен өндіріске (тәжірибеге) енгізілген ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін талдау арқылы негізгі көрсеткіштердің өскендігі айқындалды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ В области информационных и коммуникационных технологий Центром исследоввания воличестве 5000 т/год. Начата поставка углеродистого восстановителя в RWsili-cium Gmbh.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында «ҰАТ» АҚ зерттеу лабораториялар орталығында ауқымды деректер мен технологиялар бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:-data.gov.kz ашық деректер порталының түптұлғасы құрылды;-«Денсаулық картасы» ашық деректері негізінде қосымша деректерінің түптұлғасы әзірленді;«Үлкен деректерді» талдау бойынша сценарий түптұлғасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу үшін техникалық есеп алаңы іске қосылды: «электрондық үкімет» порталын пайдаланушы - мемлекеттік қызмет және оның адалдығын алушы бейінін талдау бойынша зерттеу;- «мемлекеттік бұлт» жобасы шеңберінде эксперименттік-тестілеу алаңы құрылды және МО инфрақұрылымдарын оңтайландыру үшін түрлі

тұғырнамаларға тест жүргізілді;- трафиктерді оңтайландыру үшін деректерді беру желісіне сынақ жүргізілді.Халықаралық Ақапарттық Технологиялар Университетінің жанында «Usability» зертханасы құрылған болатын. Зертхана:Oculus Rift (виртуалды шынайылық көзілдірігі), Leap Motion (виртуалды ортада өзара байланысу үшін саусақтар трекері) пайдаланумен астрономияның виртуалды класы;Kinect 2 (терең тану камерасы) пайдаланумен виртуалды киім өлшеу бөлмесі. Бұл өнім пайдаланушыларға түрлі киімдерді физикалық қатысусыз киіп көруге мүмкіндік береді.Метрология саласында өлшеу құралдарының жаңа типтері әзірленді –жылуөткізгіштік шаралары, калибрлеу кезінде кванттық эталондарды пайдаланумен өлшеу құралдарының белгісіздігін есептеу әдістемесі, отандық өндірістердің рубидий генераторларының өндірісін ұйымдастыру бойынша техникалық талаптар мен ұсынымдар. Қолдану салалары: энергетика, энергия сақтау, телекоммуникация, әуе және ғарыш салалары.Зерттеу нәтижелері бойынша квант эталондарын пайдалана отырып, өлшеу құралдарын калибрлеу барысындағы белгісіздіктерді есептеу әдістемесі

Кесте 8.4 – ҒЗЖ нәтижелерін коммерциализациялау көрсеткіштері

Page 82: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

82

жасалды. Осы саладағы ғылыми зерттеулер электр кедергісінің мемлекеттік эталонын біріншілік деңгейіне жеткізуге, сондай-ақ оны калибрлеудегі материалдар мен уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Қазір калибрлеу бойынша жұмыстар республикамызда да жүзеге асырылады.Химиялық өнім қауіпсіздігін стандарттау және реттеу саласында REACH регламентінің талаптарына сәйкес отандық химиялық кәсіпорындарды еуропалық бақылау жүйесіне көшіру жөніндегі мәселелерді зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Химиялық қауіпсіздікті реттеу саласындағы стандартизацияны жетілдіру мен химиялық затты «Химиялық заттарды тіркеу, сынау, сараптау және нарыққа шығарылымын шектеу (REACH)» Еуропалық одағының Тәртіптемесіне сәйкестігі бойынша тіркеуге дайындау бойынша ұсыныстар әзірленді.Зерттеу нәтижелері өнім қауіпсіздігін арттыру, өмір сапасын жақсарту, азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау және REACH тіркеу процедураларын өткізудегі уақыт факторын қысқарту, өнімді Еуропалық нарыққа шығару үшін «Каустик» АҚ, «Иртыш - Стандарт» ЖШС, «Казбытхим» ЖШС, «LTD Мұнайхим Компания» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорындарында қолданысқа енгізілді.«Денсаулық сақтау ұйымдарының менеджмент жүйесіндегі басқармалық бақылау мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары респбликаның басқармалық бақылау жүйесіндегі оңтайлы құрылымның аса өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Ол GMP жүйесін ұтымды қолданысқа енгізу мен халықаралық деңгейде әлем қауымдастығымен мойындалуы үшін, фармацевтикалық өнім өндірушілердің жүктемесін азайту мақсатында басқармалық бақылаудың жаңа әдістерін біріздендіру, теңдестіру және негіздеу үшін қажет. Сонымен қатар менеджмент жүйесін енгізу, дәрілік заттардың жаңа түрлерін дайындау бойынша практикалық жұмыста айтарлықтай септігін тигізері анық. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірістік даму жағдайы зерделенді. Кедендік одақтағы фармацевтикалық нарықтың негізгі даму перспективалары айқындалды.Нәтижесінде менеджмент жүйесін формалды емес жағдайда енгізу, нормативтік базаны, ішкі-сыртқа басқармалық бақылау түрлері мен үдерістерін жетілдіру мәселелерін шешу бойынша халықаралық нормативтерге теңдес ұсыныстар әзірленді.Көрсетілген механизмдер мен басқармалық

бақылау құрылымы жетілдірілген жағдайда ғана отандық кәсіпорындар мен олардың тауарларының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады. Бұл нормалар «Инфекцияларға қарсы препараттар ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-на, «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-на, Қазақстан-Ресей медицина университетінде енгізілуде.Автожол саласында жаңа материалдарды пайдалана отырып, 50-ден астам сынақ учаскелерін салынған. Олар ұдайы мониторингіленеді; республика аумағындағы климаттық жағдай зерттеліп, асфальтбетон төсемдерінің эксплуатациялық температурасын аудандастыру бойынша әзірлеме жасалды. Түрлі полимерлі қоспалардың битум мен асфальтбетон қасиеттеріне әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Полимерлі-битумдық тұтқыр материалды дайындауда битумға қосылатын, сондай-ақ полимерлі асфальтбетон қосындысын дайындау барысында асфальтбетон зауытының араластырғыш құрылғысына салынатын полимерлі қоспалардың бірқатар түрлері зерттелді:- стирол-бутадиен-стирол негізіндегі полимерлер (СБС) – Кrаtоn (США), TPS (Жапония), Саlрrеnе (Испания), Вutonal (Германия);- Elvaloy® RET (США);- Bit-Amid (Италия), Sasobit (Германия);- PRPlast, PRFlex (Франция), Вископласт (Германия), Superplast (Италия);- резина үгіндісі негізіндегі модификаторлар – КМА (Ресей), Унирем (Ресей), Tec-Road (Австрия), SASCR (Қазақстан).Зерттеу нәтижелері полимерлен қолданылған асфальтбетондардың мықтылығы, жарылуға қарсы төзімділігі, сораптардың басылуына орнықтылығы туралы қорытындылар жасалды.Ғарыш қызметі, көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерНано- және микрожолсеріктер мен жұлдыздардың, күн мен магниттік датчиктердің қозғалысы мен навигациясын басқару жүйесінің үлгілері, жер маңындағы ғарыштық кеңістікті мониторингілеудің ғылыми аппараты, ғарыш аппараты мен оның ішкіжүйелерінің жұмысының математикалық және имитациялық модельдері, тиісті бағдарламалық-математикалық қамсыздандыру мен жобалық құжаттар дайындалуда. Ғарыш техникасының отандық үлгілерін жасақтау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалып, елеулі нәтижелер алынды:- жолсеріктік навигацияға арналған дифференциалды стансаларды (ДС) әзірлеу

Page 83: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

83

бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды;- ДС 50 дана сынақтық партиясы дайындалып, Қазақстан аумағында іске қосылды. Олар Қазақстан Республикасы жолсеріктік навигациясының жоғары дәлдіктегі жүйесі құрамында жұмыс істейді;- ААШШ (Автожолдардағы апаттарда шұғыл шақыру) жүйесі үшін борттық мобильді терминалдар мен диспетчерлік орталықтардың 10 сынақтық үлгісі жасалды. Оладың пилоттық нұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ситуациялық орталығында сынақтан өткізілуде;- «ПФ Взлет-Казахстан» ЖШС жылу жүйесіне арналған 1000-нан астам дерек жинау мен өткізу модемі шығарылып, енгізілді;- «Точприбор» ЖШС тапсырысы бойынша психодиагностикалық кешеннің 52 жиынтығы дайындалды; - егістіктердегі зиянкестердің популяциясы туралы деректерді жинаудың автоматтандырылған жүйесінің 5 жиынтығы сынақтық пайдаланудан өтіп жатыр;- тапсырыс берушілерге 2 дербес суперкомпьютер жасалып, жеткізілді.Барлығы ғарыштық аппараттардың жиынтығына кіретін 5 эксперименталды сынақтық үлгі және 14 арнайы аппараттық-бағдарламалық құрал (АПҚ) әзірленді. Олар ел экономикасының түрлі салаларында ғарыш жүйесінің өнімдері мен қызметіне техникалық тұрғыда қол жеткізу үшін пайдаланылады. АПҚ болжамды тұтынушылары мемлекеттік (соның ішінде Қарулы күштер) және коммерциялық құрылымдар болып табылады.Ауылшаруашылығы министрлігінің тапсырысымен егістік алқаптарының аудандары мен дәнді дақылдары жағдайы анықталып, егіннің перспективалық күтімі бағаланады, ауылшаруашылығы қолданысындағы жерлердің инвентаризациясы мен мониторингі жүзеге асырылады.Өрт пен селді ғарыштық мониторингілеу технологиялары Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында енгізілді.Болжамды мұнай құйылуы апаттарының алдын алу және салдарын жою үшін Солтүстік-шығыс Каспийдегі акваторий мен жағалау аумағын ғарыштық мониторингілеудің ұдайы жұмыс істейтін жүйесі жасалуда. Мұнай төгілуін автоматты ғарыштық мониторингілеудің технологиялық циклі жасалды. Ол радиолокациялық мониторинг, нысандарды

тану, картография, модельдеу жұмыстарын қамтиды.Қазақстан Республикасы минералды шикізаттарын кешенді өңдеуТау-металлургия саласының индустриалды-инновациялық дамуын ғылыми-техникалық қамсыздандыруды жүзеге асыру аясында соңғы жылдары нақты міндеттер шешімін тауып, салихалы нәтижелерге қол жеткізілді:Осылайша, тау-кен ісінде:- тау-кен өнімдерінің тұрақты жағдайын қамтамасыз ететін, массивтің келуі мен пайдалану шығындарды 21%-ға қысқартатын және кен орындарын ұзақ мерзімде әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тәсілдер мен құралдар әзірлемесі жасалды;- өнімді қабаттардың күрделі жерлерінде орналасқан тау жыныстарын су ағынынсыз жерастылық ұңғылық сілтісіздендірудің жаңа геотехнологиясы алынды. Ол блоктарды өңдеу мерзімін 25-30%-ға қыстартып, «бататын ерітінділерде» металлдар мен реагенттердің жойылуын 30-35%-ға азайтып, қымбат реагенттерге жұмсалатын шығындарды азайтып, өндірілетін пайдалы қазбалардың минералды-шикізаттық базасын кеңейтуге жол ашады;- тау машинасы – электромагнитті балғаның үлгісі жасалды. Көпфункционалды агрегат жұмыс құралына байланысты әртүрлі мақсаттарда қолданылады: тау-кен өндірісінде – тау жыныстары мен шағын кесектерді бұзу, техногенді үйінділерді үгіту және т.б. үшін; құрылыс индустриясында – тоңазыған топырақты өңдеу, қаланған бетондарды бұзу, баған тұрғызу үшін; машина жасауда – қалыптау мен сығымдау үшін; металлургияда – пеш күлдері мен фетеровкаларын шығару үшін қолданылады.- карьер жүк тасымалдарын автоматты түрде жоспарлау мен басқару ішкі жүйесінің бағдарламалық қамсыздандырылуы жасалды. Ол тау-транспорттық техникасы жұмысының тиімділігін 10-15%-ға арттыруға, тасымалға жұмсалатын пайдалану шығындарды 15-20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.Ұсынылған әзірлемелердің жүзеге асуы минералды шикізат көздерін сақтауға, кеңейтуге, машиналар импортының көлемін қысқартуға, машина жасау саласын дамытуға, транспорт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.Қара металлургия саласында технологиялар мен технологиялық регламенттер дайындалды, өндірістік өнеркәсіптерді жобалауға арналған мәліметтерді анықтау үшін ірілендірілген тәжірибелік-конструкторлық сынақтар жүргізілді:- солтүстік мұнайгаз тасымалы мақсатында құбылдарға арналған беріктігі Х80 классына

Page 84: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

84

жататын болат сыналды. «Арсенол Миттал Теміртау» АҚ оттегі-конвертерлік цехында жүргізілген өндірістік сынақ барысында АРI Spec 5L бойынша Х80 беріктігі жоғары санатқа жататын құбыр болаты алынды. Ол РФ техникалық шарттары бойынша 09Г2ФБ маркалы болаттың аналогы болып табылады. ҚӨО 1–де (ЛЦП) ары қарай жетілдірілетін жалпы салмағы 288 тоннаны құрайтын 16 құйынды құбырлық әзірлемеге жіберілді;- ферроникель, хромникельді шойын сыналды. Зауыт жағдайында теңдестірілген жағдайда РПЗ-0,3 МВА пешінде Батамш тобы кен орындарының кондициясыз тотықтандырылған никель рудаларынан шойындағы никельді реттеу үшін шихтаның рудалы бөлігіне 25%-5а дейін хромитті құйындылар қосу арқылы хромникельді шойын алынды. Құрамында никель 3-6 % мөлшерінде, хром 30% дейінгі хромникельді шойын болаттың қоспалы және арнауы түрлерін, соның ішінде тот баспайтын болатты балқытуға жарамды;- ферро- және кешенді балқымалардың стандартты және жаңа түрлері сыналды. Тәжірибелік-өндірістік сынақтар барысында Стандартты маргенецті ферроқорытпаны балқытуға жарамсыз Батыс Қамыс кен орнының жоғары кремнийлі марганец рудары мен жоғары күлді көмірді пайдалану негізінде алюмосиликомарганец алынды. 39-41% кремний, 7,4-8 % алюминий, 28-30 % марганец, және қалғаны темір құрамды қорытпа алынды;- Үшқатын ІІІ және Жомарт кен орындарының рударалын өңдеуден қалған шламдардан алынған кондициялы марганец концентраттар сыналды. Үшқатын және Жомарт кеніштерінің шлам қалдықтарына жүргізілген сынақтарда МСЛ-2 ленталы магниттік сепараторын пайдалану арқылы марганецтік концентрат түрінде алынуы жүзеге асырылды – 88,4%. Жатып қалған шламдардан марганец концентратын алу мақсатында өндірісті жобалаудың Технологиялық регламенті әзірленді (ТМО);- темірмарганецті рудалар сыналды. Тәжірибелік-эксперименталды учаске жағдайында 0,2 МВА руда-термикалық пешінде марганецті ферроқорытпаның стандартты маркалары балқытылды. Осы орайда жиналған кесектелген магниттік марганецті концентрат пайдаланылды. Марганец шикізатын алдын ала дайындау технологиясы марганецпен байытылған рудалардың өндірістік өнімдерінен 70-75%-ға дейін мөлшерінде марганец алуға, яғни шикізаттың тек байытылу және электрлі балқытуға дайындалу сатысында марганецті 50-50%-дан 75-80 %-ға дейін өндіруге мүмкіндік береді;

- қоңыртемірлі рудалар мен концентраттар өңделуі сыналды. Аят кен орнының рудасын өңдеудің технологиялық сұлбасы жасалды. Осы ретте құрамында 57% темір, небары 0,29% фосфор бар фосфорсыздандырылған темір концентраты алынады. Жартылай өндірістік сынақтарды жүргізуге арналған пилоттық құрылғы құрылысының жобалық құжаттамалары әзірленді. Арал маңындағы Көкбұлақ кен орнының рудаларын 52% темір, 0,1%ифосфор құрамды темір концентратын алу арқылы өңдеудің технологиялық сұлбасы жасалды. Лисаков кен орнының рудаларын өңдеудің технологиялық параметрлері белгіленді. Осы орайда құрамында 63%итемір, 0,25% фосфоры бар нақты өнім алу қарастырылған.- болат балқыту өндірісінің техногенді қалдықтарынан темір рециклингасын алу. Болат пен шойын балқымасында қолданылатын темірқұрамды қалдықтарды өндірудің технологиялық тура сұлбасы жасалды. Болат балқыту үшін мателл сынықтары құрамында пешке салудың режімдік параметрлері, құрамы, брикеттеу тәсілі, брикет өлшемдері анықталды. «Кастинг» ЖШС ӨФ жағдайында 5 сп. маркалы болат балқытылды. Темірдің брикеттерден болатқа өту деңгейі 48%-ды құрады. Темірқұрамды қалдықтарды кесектендіру бойынша өндірістік қуаттылығы жылына 100 тоннаны құрайтын өндірістік бөлімшені жобалау бойынша технологиялық тапсырма берілді.«Қазақстандық» қорытпасы» жобасын коммерциализациялау бойынша жұмыс жалғасуда. Модификатор-элементтер (кальций, барий, т.б.) мен қосу элементтерді (ванадий, титан, т.б.) қосылған темір, кремний, алюминий (ферросиликоалюминий) қорытпасы өз қасиеттері негізінде бір мерзімде болатты тотықтандырады, қосады әрі түрлендіреді. Сол арқылы әр тоннаға жұмсалатын шығын 10%-ға дейін үнемделеді.«Қазақстандық» қорытпасы үшін 15 елдің патенті, соның ішінде ЕО, Алжир, Мексика, ОАР, ҚХР, Гонконг, Австралия, Жапония және т.б. патенттері алынды. Қорытпа «KSPSteel» (Қазақстан) ЖШС-те, LigasGeraisEletrometalurgiaL-td.-да (Бразилия) өндіріледі. Қарағанды кешенді қорытпалар зауытының 1-кезектегі құрылысы жүзеге асырылуда; Қырғызстан Республикасы Таш-Кумыр қ. жылына 14000 т. қорытпа өндіретін 1-кезекті ферроқорытпа зауытының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылу потенциалын барынша толық пайдалану мақсатында бөлінетін газдық толық жанып кетуі жағдайында жарамды кокс шығарылымын арттыру бойынша құрамында қалдықты ұшпалы

Page 85: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

85

элементтері бар (3,0%) әлсіз жымдасатын не жымдаспайтын көмірлерден көміртекті қалпына келтіруші (арнайы кокс) алу тәсілі жасалды. Аталған технология Шығыс Қазақстан облысы Телаттургия орталығының тәжірибелік-өндірістік учаскесі жағдайында сыналды. Орталық ғылыми-техникалық әзірлемелерді сынау, өңдеу және коммерциализациялау, сондай-ақ тау-кен металлургиясы саласы өндірістерінде қолданылатын технологияларды оңтайландыру мақсатында арнайы құрылған. Осы технология бойынша Қарағанды қаласында өндірістік өнеркәсіп құрылды. Шығарылатын өнім RWsilicium Gmbh-да (Германия) сынақтан өткізілді. Германиялық мамандардың қорытындысы бойынша сыналған көміртекті қалпына келтіруші пештік тұрақты жұмысы жағдайында өндірілетін кремний сапасын айтарлықтай арттырады. Жылына 5000 т. дәстүрлі коксты қолданылымын алмастыра алатын өнімнің пайдаланылуындағы жағымды перспективаны айқындайды. RWsilicium Gmbh компаниясы тапсырысымен көмертекті қалпына келтіруші өндіріле бастады.Шұбаркөл көмірінен төменфосфорлы спецкокстың сынақтық үлгісі алынды. Ол электротермикалық өндірістердегі қалпына келтірушіге қойылатын талаптарға толық жауап береді. Сынақтық арнаулы кокстың реакциялық қабілеті жағынан доменді кокстық жаңғақтан 7-10 есеге, электрлі кедергі шамасы жағынан 5-10 есеге артық болуы электр пештерінің өндірістік қуаттылығын арттырып, ферроқорытпаларды балқыту барысында электр энергиясының шығынын азайтады. Тау-кен металлургиясы кешенін дамыту бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысында күріш кебегін өңдеудегі кремний көміртекті өнімді шикізат ретінде пайдалану арқылы ферросицилий шығаратын ферроқорытқа зауытын ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. Түсті металлургия саласында шикізат көздерін кеңейту негізінде таза металлдарды (алтын, мыс, ценк, қалайы) және металл тұздарын шығаруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Өндірісті ұйымдастыруға арналған бастапқы мәліметтер мен технологиялар әзірленді:- түрлі кен орындарының күшәнқұрамды рудаларынан алтын өндіру. Сынақтық құрылғыда Бестөбе кенішінің рудасын өңдеу бойынша сынақ жүргізіліп, 85% алтын алынды;- Секисов ЗИФ флотациялық және цианидтік қоймаларындағы жатып қалған қалдықтардан концентратты алтын алу. Осы орайда 65% мөлшерді бағалы металл алынды;

- баланстан тыс, қиын байтылатын, төмен сұрыпты мыс рудаларынан мыс өндіру (Жезқазған кен орнындағы Кресто учаскесі мысалында аралас рудаларды байыту схемасы жасалды);- техногенді қорғасынқұрамды шикізаттан қорғасын химиялық қоспаларын алу. Қорғасынның тауарлық нитраты мен мыс өндірісінің қорғасын тозаңынан қорғасынның үшнегізді сульфатын өндіруді жобалаудың технологиялық регламенті жасалды («Қазцинк» ЖШС);- түсті металлдардың кондициясыз және ұжымдық кнцентраттарын өңдеу. Степногорск тау-химиялық комбинаты жағдайында ұжымдық концентраттарды өңдеу технологиясы мен регламенті дайындалды. Аталған технология 95% мөлшерінде мыстан мыс катодын; Доре Au – 92%, Ag – 75% алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұтаң рудалардан никель, кобальт және қалайы алу технологиялары әзірленді.- Үлкен Қаратау қара тақтатастарын өңдеу барысында сирек және сирекжерлік металлдарды өндіру. Құрымсақ кенішінің қара тақтатастарын кешенді өңдеу технологиясын тәжірибелік-өндірістік сынау барысында 86,2% ванадий, 85,8% уран, 77,4% молибден, ΣРЗМ - 60,0% алуға қол жекізілді. Құрымсақ кенішінің рудаларын өңдеуден сирекжерлік элементтерді алуға технологиялық регламент жасалды.Біріншілік қорғасынды алу үшін шикізат базасы сапасының нашарлауы, оны өндіру барысында экологиялық және экономикалық талаптардың күшеюі шетелде қолға алынып үлгерген КИВЦЭТ үдерісін жаңғырту қажеттілігін алға тартады. Қорғасын құюдағы дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда КИВЦЭТ жаңарған технологиясының (бұдан былай КИВЦЭТ-М технологиясы) артықшылығы өңделетін шикізат сапасының кең диапазонында (20-70% қорғасын құрамды шихтада жұмыс істейді. Бұл оның әдепкі құрамынан – 45-70% екі есе кең). КИВЦЭТ-М модернизацияланған технологиясына арналған жаңа технологиялық шешімдер әлемнің 14 елінде патенттелген. Олардың қатарында Қазақстан, Австралия, Финляндия, Канада, ЕО елдері, Қытай, Бразилия, Мексика, Үндістан, Чили және т.б.2012-2014 жылдары Jiangxi Copper Corpo-ration и Zhuzhou Smelter Group Co. (ҚХР) ірі металлургиялық компанияларымен арада жасалған лицензиялық келісім аясында Por-tovesme S.r.l. (Италия) КИВЦЭТ құрылғысын модернизациялау жүзеге асырылды. Жылына 100 және 200 мың тонна қорғасын өндіру қуаттылығына ие КИВЦЭТ құрылғыларының

Page 86: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

86

құрылысы аяқталып, олар өндірістік пайдалануға берілді.Осылайша, қазіргі уақытта жалпы өндірістік қуаттылығы жылына 420 мың тонна қорғасынды құрайтын 4 КИВЦЭТ құрылғы (Канадада, Италияда, 2-ҚХР-да) жұмыс істеп тұр. Соның негізінде әлемдегі біріншілік қорғасынның әрбір оныншы тоннасын КИВЦЭТ-М жаңғыртылған технологиясы бойынша өндіруге мүмкіндік туады.Алтынқұрамды рудаларды өңдеудің бірегей гидрометаллургиялық технологиялары елімізде, ТМД елдерінде (Қырғызстан, Өзбекстан) және алыс шет елдерде (ҚХР) жоғары экономикалық тиімділікпен енгізілді. Қазақстанда соңғы жылдары цианидті пульпылардан сорбциялық әдіспен алтын алу технологиясы бойынша жаңа кәсіпорындар салынып, іске қосылды – жылына 1 млн т. шикізат өңдейтін Ақбақай алтын алу зауыты, Пустынное кенішіндегі жылына 2 млн. тонна руда өндіретін алтын фабрикасы; «Бестөбе» руднигінде («ГМК «Қазақалтын» АҚ) жатып қалған қалдықтардан алтынды сілтілендіру учаскесі іске қосылды. Алтынды үймелеп сілтілендіретін (Жалтырбұлақ, Қазақстан; Каматор, Қырғызстан және т.б.); агитациялық сілтілендіретін (Талдыбұлақ, Левобережный және Құранжайлау, Қырғызстан; Комаровское и Тасқара, Қазақстан); қиын байтылатын рудаларды байыту өнімдерін гидрометаллургиялық өңдеу негізінде өндіретін (Бақыршық, Қазақстан) жаңа кәсіпорындардың технологиялық регламенттері жасалды.Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін алтынның әрбір үшінші тоннасы минералды шикізатты кешенді өңдеу бойынша инновациялық технология негізінде алынады.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі2012 – 2014 жылдары отандық ғылыми ұйымдар базасында қару-жарақ саласында 18 іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізілді. Қолданбалы зерттеулердің қорытындылары бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы жаңарту бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге тактикалық-техникалық тапсырма жобалары дайындалды.Сонымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындарында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге тактика-техникалық тапсырмалар негізінде мынадай жұмыстар жүргізілді:«ПАМЗ» АҚ ЗУ-23-2 зениттік қондырғысының тәжірибелік үлгісін әзірледі. Қазіргі уақытта ЗУ-23-2 зениттік қондырғысына тәжірибелік сынақтар өткізілуде.«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Камаз» ААҚ және «Мотовилихинские заводы» ААҚ бірлесіп,

«Град» БМ-21 РДОЖ реактивті дүркін оқ ату жүйесінің тәжірибелік үлгісі әзірленіп жатыр; «Семей инжиниринг» АҚ Т-72 жаңартылған танкісінің тәжірибелік үлгісін әзірледі. Т-72 жаңартылған танкі көпшілікке үшінші «KA-DEX – 2014» Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің барысында ұсынылды; «Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ П-240ТМ жылжымалы басқару пункттерінің кешенді аппараттық байланысының 3 бірл. жаңартты;«Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ Р-414 радиорелелік станцияның 4 бірл. жаңартты. Қазіргі уақытта үлгілерге әскери сынақ жүргізіліп жатыр.2014 ж. ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің (ҰҚУ) инфрақұрылымы бекітілді. ҰҚУ құрамында Ғылыми-зерттеу институты құрылды. ҰҚУ ҒЗИ құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру үшін 10 зертхананы қамтитын ғылыми-эксперименталды база жасақталуда.Келешекте халықаралық масштабтағы өзекті, перспективалы, дамыған қорғаныс және әскери технологияларының мәліметтер базасын құру жоспарланған. Бұл Қазақстанның әскери-ғылыми мамандарының сала бойынша әлемдік озық тәжірибелермен танысуына ғылыми және әскери-өндірістік кешендердің дамуындағы трендтерді анықтауға мүмкіндік береді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІҚазақстанның аграрлық ғылымының 2014 жылғы жетістіктеріне талдау Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі 2012-2014жж. арналған агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасының әкімшісі болып табылады.2012-2014 жж. аралығында бағдарламаны қаржыландыру – 11436,408 млн. теңгені құрады, оның ішінде: 2012ж. -3326,643млн. теңге, 2013ж. -3315,387 млн. теңге, 2014ж. -4794,378 млн. теңге.Ғылыми-техникалық бағдарлама 50 қосалқы атқарушы ұйыммен бірлестіктеіске асырылды, оның ішінде 23 ғылыми-зерттеу институттары және олардың 26 филиалы, 14 тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтары, еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО: ҚазҰАУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, Көкшетау аграрлық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз МУ, Ғарыштық зерттеулер мен технологиялардың

Page 87: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

87

ұлттық орталығы (ҒЗТҰО), Ғарыш Сапары және т.б.«2012-2014жж. арналған АӨК саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» 212 бюджеттік бағдарламасын іске асырумен айланысқан ғылыми қызметкерлердің саны 2072-ден астам адамды құрады, олардың 1 315 ғылыми қызметкерлер, оның ішінде 185 ғылым докторлары, 472 ғылым кандидаттары және Ph.D философия докторлары, сонымен қатар, 30 жасқа дейінгі жас шамасындағы жас мамандар ғылыми қызметкерлердің жалпы санының 35% құрайды. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласы бойынша Австралия, Франция, ЖБЖХО халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары қатыстырылды. Бағдарламаны жүзеге асыруда Қазақстанның барлық аймақтарынан фермерлік және шаруа қожалықтары тікелей қатыстырылды. Агроөнеркәсіптік кешені саласы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер аграрлық ғылымның 5 басым бағыты шеңберінде жүзеге асырылды, оларды орындаудың қорытындысы бойынша келесі нәтижелер алынды:Агротехнология саласында дәнді, дәнді-бұршақты, мал жемі дақылдары, жарма, бақша көкөністерінің және картоптың, зәйтүн, қант қызылшасының, жеміс-жидек дақылдары және жүзімнің, жем-шөп дақылдарының 110 сұрыбы мен гибридтері жасалып, мемлекеттік сұрып сынағына жіберілді. 3 жылдық сынақтан өткізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне ауылшаруашылық дақылдарының жаңа қазақстандық 50 сұрыбы енгізілді. Жаздық бидайдың 10 сұрыбына 8000 зерттелген маркерлерді геномдық тарату жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық-құндылықты белгілерімен (құрғақшылыққа, тұзға төзімді, өнімділігі, сапасы) байланыстырылған 200 SNP маркері бойынша ДНҚ ақпараты алынды. Дәнінің фенологиялық көрсеткіштері және сапасы бойынша бидайдың 21 дигаплоидті линиясы өсірілді және талдауға алынды. Дауылға және сабағының тотықтануына қарсы тұра алатын 8 гені бойынша бидайдың 157 түріне гендік жинақтау жұмыстары жүргізілді. Картоптың түйнектеріне термотерапия және 18 сұрыбы бойынша 180 түйнектің апикальды меристемасын өсіру жұмыстары жүргізілді. Арпа тұқымының 7 хромосомасында ғана шектелген қосымша 14 полиморфты микросателлитті ДНҚ-маркерлерін қолдану арқылы 96 сұрыбынан арпаның топтамасы зерттелді. Өсімдікті қорғау және карантині саласында

жергілікті саңырауқұлақтар штаммасы және бактерия штаммасы негізінде биопрепараттардың 2 препаративтік түрі жасалынды.Таралуы мен көбеюіне мониторинг жүргізу үшін ГАЖ-де марокколық шегірткенің құрамы, құрылымы жасалынды және деректер қоры құрылды. Жылыжайдың негізгі зиянкестеріне (аққанат, өсімдік биті және өрмекші кене) қарсы биоагенттер әдістемелік тұрғыда негізделіп, енгізілді. Биоагенттердің (алтынкөз, трихограмма, бракон) өндірістік тиімділіктері көрсетілді. Кедендік одақ елдерінің аймақтарында кездеспейтін және өте аз таралған, ауышаруашылығы және орман дақылдарына зиянын тигізетін карантиндік зиянды ағзалардың пайда болуының және таралуының алдын алу үшін, Қазақстан Республикасының аймағы үшін карантиндік статустағы зиянкестердің 28 түріне, нематодтың 4 түріне, аурудың 22 түріне және арамшөптің 10 түріне ғылыми негіздеме берілді.Егін шаруашылығында ГАЖ-технологияларын, егін шаруашылығының қор үнемдейтін технологиясын (топырақты өңдеудің минималды және нөлдік технологиялары бойынша тұқымы ауыспалы егіс айналымы, бірқатар дақылдарды жоталы-бораздалап себу, соя мен жүгеріге арналған жабынды пленканы қолдану арқылы себелеп суару, картоп және көкөніс дақылдарын және т.б. себелеп және спринклерлік суару жүйесі); топырақ құнарлығын арттырудың және эрозиядан қорғау, оның ішінде ауыспалы егіс және т.с.с. топырақ диагностикасы негізінде минералды және органикалық тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу әдістері мен амалдарын қолданудың негізінде нақты және органикалық егін шаруашылығы элементтерінің әдістемелік негіздерін анықтау бойынша жүргізілген зерттеулер аяқталды. Суарудың 3 түрі (себелеп суару, спринклерлік және топырақ астынан жіберу), көкөніс дақылдарының 8 түрін суғаруда суды, электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз ететіндігі айқындалды, тау етегіндегі қоңыр-қызғылт топырақтың сулы-физикалық қасиетін жақсартатыны байқалды. Жеміс шаруашылығында көшеттерді органоминералды тыңайтқыштарды, өсіру регуляторларын қолдану және топырақ құнарлылығын сақтау арқылы аналықта ағаш бұтақтары мен саптарында өсіру технологиясы әзірленді. Қарқынды шикізат және органикалық бау-бақшаға арналған жинақы крондарымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленетін сүйекті дақылдардың сұрыбы іріктелді. Қазақстанның Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс арнайы мамандандырылған 748 бау-бақша

Page 88: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

88

шаруашылығы бойынша деректер қоры құрылды. Апорт алма сұрыбын заманауи техникалық және биологиялық инновация бойынша өсіру технологиясы әзірленді. «Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында ауылшарушылық жануарларын, құстарды, балықтарды және араларды өсіру, азықтандыру және шаруашылықта ұстау технологиясын жетілдіру, өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру» бағыты бойынша. Ауылшаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің айтарлықтай өсуі жаңа селекциялық жетістіктердің туындауымен расталады. 2014 жылы ұзақ жүргізілген селекциялық-тұқымды жұмыстың нәтижесінде 5 селекциялық жетістіктерді әзірлеу жұмыстары аяқталды, селекциялық жетістіктерге 31 өтінім берілді, 53 инновациялық патенттер және 5 ұлттық патенттер алынды.Жалпы мал шаруашылығы саласын ғылыми қамсыздандыру өнімнің саны мен өндірісі бойынша мал мен құстың барлық түрлері бойынша мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштеріне, сонымен қатар, 2014 ж. тұқымды мал басының өсіміне оң әсерін тигізді: мүйізді ірі қара мал 9% (510,6 мың бас), қой 2,1 млн. бас (2013 ж. деңгейінде), жылқы 8,6% (115 мың. бастан 125,8 мың басқа дейін), түйелер 17,6% (17 мыңнан 20 мың басқа дейін). Сондай-ақ, ауылшаруашылығы кәсіпорындарында өнімді көрсеткіштер бойынша да оң өзгерістер айқындалды. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің болжамды мәліметтері бойынша сүт сауу 2014 жылы 1 сиырға ауылшаруашылығы кәсіпорындарында 4,3 мың. кг (2013 ж. 3,9 мың. кг) құрады.Құйрықты қой шаруашылығында: қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының ақбастау зауыттық түрі (1756 қой басы) және қарқынды тез өсуімен ерекшеленетін ордабасы қой тұқымының бадамдық ішкі табиғи зауыттық түрі (3210 қой басы) құрылды. Көрсетілген селекциялық жетістіктер шаруашылыққа енгізілді (Қазығұрт ауданы, «Ақбастау» ш/қ – 5826 қой басы, Ордабасы ауданы, «Сералы» ш/қ – 5258 қой басы).Сүт шаруашылығы саласында сүт бағытындағы мал табындарының селекциялық жетістіктерін пайдаланумен республиканың түрлі аймақтарында: қоңыр типі бойынша 25 мыңнан астам мал басы; қызғылт-тарғыл – 12 мың және қара-шұбар мал басы бойынша 8 мыңнан астам мал басы қамтылған. ҒЗЖ зерттеулерінің нәтижелері Республиканың 9 облысының 106 шаруашылығына жалпы санмен алғанда ет бағытындағы ірі қара малдың өнімділігі 100, қой

- 500,0, астам, ешкінің 4,62 мыңнан астам басы енгізілді. Ет бағытындағы мал шаруашылығы саласында Қазақстанның 5 облысында арнайы ет бағытындағы мал өсіретін 52 шаруашылық ғылыми қамсыздандырумен қамтылды. 26 мыңнан астам ет бағытындағы мал басы сұрыпталды, оның ішінде отандық 22,4 мың, импортталған 3,6 мың мал басы. Зерттеулерде саны 20 мыңнан асатын 4 тұқымды мал зауытында және 14 тұқымды мал шаруашылығында отандық ет бағытындағы мал тұқымы табындары қамтылды, 12 мың мал басы сұрыпталды, оның ішінде 7,8 мың сиыр, 2,2 мың аналық мал басының санымен герефорд, абердин-ангустық, шаролез, обрак және симментальдік импорттық сиыр малы тұқымдарының 8 тұқымдық табындарына баға берілді. Импорттық тұқымды шетелден алып келінген малдардың өнімділігі және бейімделу қасиеттері зерттелінді. Мал дәрігерлігі саласында аусыл ауруының пайда болу қаупі жоғары аймақтар бойынша аусыл ауруына қарсы шаралар жүргізу жоспары әзірленді. Қазақстан Республикасының қаупі жоғары аймақтарында аусыл ауруының пайда болуы және таралуы қауіптеріне баға беру белгілерінің тізімдемесі бекітілді. Зерттеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасында аусыл ауруымен күресудің Ұлттық стратегиясы әзірленді. Қазақстан Республикасының аусыл ауруынан еркін аймақ деген ресми мәртебесін алуы үшін аусыл ауруынан еркін аймақ Халықаралық эпизоотикалық бюросына (МЭБ) құжаттама әзірленіп және Халықаралық эпизоотикалық бюросына (МЭБ) жіберілді. Бұл еліміздің мал шараушылығы өнімдерін ЕО және ДСҰ экспортқа шығаруға мүмкіндік береді, және сәйкесінше, қазақстандық ауыл шаруашылығын өндірушілеріне әлемдік нарыққа жол ашады. 19.12.2014 ж. мәлімет бойынша ет және ет өнімдерінің 11 908,33 т. экспортқа шығарды.РВЗ және ВҰРО орындалған серологиялық мониторинг нәтижесінің, ветеринарлық есептерінің статистикалық мәліметтерінің, сондай-ақ жеке зерттеу жүргізудің негізінде құтыру, блютанг ауруларын және Шмалленберг ауруын қоздырғыш циркуляциясының болуына, аурудың пайда болу қаупі жоғары ауыл шаруашылығындағы мал жайылатын аймақтарға эпизоотологиялық мониторинг жүргізілді, бағаланды және аймақтары аудандастырылды. Аурулардың пайда болу қаупі бар аймақтары тұрғысында құтыру ауруымен күресу, блютанг және Шмалленберг ауруларының алдын алу

Page 89: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

89

бойынша эпизоотологияға қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленді. 7 диагностикум әзірленді, оның ішінде «Серологиялық сынақтан өткізу үшін жылқының ринопневмониясы вирусының антигені», «Тікелей емес гемагглютинация реакциясында (ТГАР) жануарларға бруцеллез және инфекциялы эпидидимит жұқтырылғанын анықтау арналған эритроцитарлы антигенді R - диагностикумы», «Агглютинация реакциясы (АР) және Комплементтің ұзақ байланысының реакциясында (КҰБР) жануарларға бруцеллез және инфекциялы эпидидимит жұқтырылғанын анықтау арналған бруцелл формасының – S- және R антигені», «ПРАтаза қанды, жаңа сауылған сүтті, қан және сүт сарысуын зерттеуге арналған бруцеллез антигені», «Полимеразді-тізбектік реакциясы (ПТР) әдісімен жануарлар туберклезы диагностикасына арналған сынақ-жүйесі», «M. Bovis-ке антителді Иммунохроматографиялық талдауда (ИХТ) анықтауға арналған сынақ-жүйесі», ««Полимеразді-тізбектік реакциясы (ПТР) әдісімен сальмонеллді анықтауға арналған сынақ-жүйесі», 7 вакцина («Жылқының сақаулығына, пастереллез және сальмонеллезге қарсы біріктірілген вакцина», «Жануардың некробактериоз және тұяқтың іріңдеуіне қарсы біріктірілген вакцина», «Ньюкасл ауруына және тауықтың инфекциялы бурсальді ауруына қарсы тірі біріктірілген вакцина», «Ауылшаруашылығындағы жануарлардың құтыруына қарсы вакцина», «Ньюкасл ауруына және құс тұмауына қарсы біріктірілген өлі вакцина», «Бруцеллез диагностикасына және профилактикасына арналған аллерген-вакцинасы», «Жылқының трихофитиясы мен микроспориясына қарсы өлі бивалентті вакцинасы»), 4 емдік препарат, яғни ауылшаруашылығындағы жануарлардың бруцеллезіне қарсы, қойлардың аралас гельминтоздарына қарсы, жануарлар маститіне қарсы препараттар және ірі қара малдың көбею қызметін және ағзаның жалпы резистенттігін арттыру үшін плацент экстрактынан алынған тіндік препарат, сонымен қатар 2 дезоқұрал. Әзірленді: жануарларға арналған азықтар мен жем-шөптерде генетикалық модифицияланған идентификациясы әдісі; ет өнімдерінің шикізаттық құрамының түрлік идентификациясының әдісі. «Ауылшаруашылығы шикізатын бастапқы және тереңінен қайта өңдеу және оны сақтау техникасын және технологиясын жетілдіру» бағыты бойыншаҰйыған сүттегі бактериялардың 20 өнеркәсіптік дақылдарынан алынған, нан пісіру және құрама

жемдерге қосылатын азықтық қоспаларға арналған пробиотикалық әсеріне қарсы биопрепараттар және қара бидай ашытқысын жасау үшін микроағзалардың егжей-тегжейлі молекулярлы-генетикалық және биохимиялық сипаттамалары берілген, сөрелік дақылдардың арнайы мамандандырылған топтамасы жасалынды. 17 технология әзірленді, оның ішінде: дәнді қайта өңдейтін өндірістердің құрамында пентосы бар қалдықтарынан ксилоза алу бойынша, резистентті крахмал алумен нативті дәнді крахмалды модифициялау бойынша, майсыз фосфатидтерден тағамдық лецитин алу, майлы өнімдерді пайдалана отырып, нан пісіру және кондитерлік өнімдер өндірісінің 2 технологиясы, қант алмастырғыш, дәруменді-минералды кешендер, ет өнімдерін өндіруге арналған тағамдық ингредиенттерді қолданудың 4 технологиясы, полифенол концентратын алу мақсатында жүзімді тереңінен қайта өңдеу технологиясы, фосфатидтерді максималды түрде бөліп шығару арқылы соя және күнбағыс майының ферментті гидратациясының технологиясы, өнеркәсіп жағдайларында жартылай қатты шикізатты өндірудің 2 технологиясы, көкөніс (ас қызылшасы және сәбіз) сығындысынан құрамында пектин бар экстракт алу, араласқан өсімдік дақылдарын сүрлеуге арналған ашытқы технологиясы, ет өңдейтін қуаттылығы аз кәсіпорындардың ағынды суларды тазалау технологиясы. Жылқы етінен алынған ет өнімдерін, жем-шөптік қоспалар, бидай ұрығынан алынатын майлар, дәнді кептіруді автоматтандыру бойынша, жартылай қатты шикізаттар, екінші ет қалдықтарынан құрамында метионині бар концентрат, полифенол концентраттарын, көкөніс сығындыларынан пектинді экстракт өндіру бойынша 12 стандартты ұйымдар құрылды.Дәнді бастапқы өңдеу және сақтау бойынша технологиялық үдерістер мен жабдықтарды автоматтандырудың заманауи құралдарының каталогы әзірленді. Май, ет, жеміс-көкөніс өнімдерінің дұрыстығын бағалау және жасандылығын айқындау бойынша 3 әдістемелік көрсеткіштер; жоғары сапалы бал жүгеріден жасалған шәрбатын алу үдерісін оңтайландыру бойынша ұсынымдар; нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін дайындаудың 4 нұсқаулығы; ксилозадан ксилита алу тәсілі; климат камерасының экспериментальді үлгісіне конструкторлық құжат; өнеркәсіп жағдайларында жартылай қатты шикізатты өндірудің 2 рецепті; нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін

Page 90: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

90

дайындаудың 4 рецептурасы әзірленді. Микробиологиялық мониторинг негізінде қайта бөлінген 15 штамм арқылы қолдағы бар топтаманы толықтыру жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жүргізілді және топтамалардың электронды тізімі ресімделді және 15 штамм сақтауға берілді, 15 штамм генотиптендірілді. «Ауылшаруашылығы қызметі үдерісіндегі табиғи ресурстарды өндіру және сақтауды қамтамасыз ету» бағыты бойынша2014 ж.: 15 технология, 24 ұсыным, 5 нұсқаулық, 2 басшылық, 3 экспериментальді үлгі, 1 технологиялық регламент, 1 әдістеме, 1 болжам, 1 АТУ кешені, 4 электронды карта әзірленді, инновациялық патентке 10 өтінім берілді. Өнертабысқа 1 патент және ҚР 4 инновациялық патент алынды. Мелиорация бойынша ирригационды жүйелерді модернизациялау кезінде су ресурстарын ұтымды басқару және пайдалану, Қазақстанның негізгі орманды алқаптарында ормандылықты және орманның тұрақтылығын арттыру үшін технологияларды жетілдіру мәселелері, топырақ құнарлығын сақтау және тиімді жетілдіру технологиялары және оның параметрлерінің бағалау критерийлері бойынша 7 ұсыным (технология) әзірленді. 5 облыс бойынша су құрылымдарының (1707 дана) техникалық жағдайлары бойынша тексерулер жүргізілді. Тексерудің нәтижесі облыстық сандық картасына және жер асты сулары мен т.б. су бөгеттерін қайта орнына келтіру және пайдалануға беру бойынша ұсынымдар және тұтынушының нұсқаулығы жасалған ақпараттық-кеңестік жүйесінің деректер қорына енгізілді. Орман шаруашылығы саласында елді мекендерді орман өртінен қорғау бойынша шаралар, орман алқаптарын өрт шалуына қарсы құрылғының сұлбасы әзірленіп, ұсынылды. Арал теңізінің кепкен түбінің топырақ картасының заманауи электрондық нұсқасы және оны 150 мың га. аумақты қолдануға (сексеуіл және жайылымдар ұйымдастыру) мүмкін болатын картаның нұсқасы жасалынды. Органикалық көміртекті тарату бойынша ақпараттық деректер қоры және оның ормандарда жылдық сақталуы құрылды (мысалы, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Алматы облыстарында). Кенді Алтайдың қоңыр-қарағайлы ормандарында болатын шабудың негізгі пайдалану жүйесін бағалау бойынша тұжырымдама берілді. Қарағай көшеттеріне селекциялық және генетикалық тұрғысынан баға беру бойынша ұсынымдар әзірленді. Солтүстік Қазақстанда

интродуценттер топтамасын қайта қалпына келтіру, сақтау және ұлғайту бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстар әзірленді. Агрохимия және топырақ зерттеу саласында Арал маңындағы трансформацияланған топырақты қалпына келтіру және Павлодар облысы және өзгелері жағдайларында жер шаруашылығын биологизациялау негізі бойынша, дала дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар, мелиоранттар және биогумусты қолдану бойынша, олардың биоөнімділігін арттыру бойынша 13 ұсынымдар даярланды. Сынамалы жер телімдерін суландыру және геоботаникалық мелиоративті гидрологиялық сипаттамасын беретін жайылымдардың экологиялық-мелиоративті жағдайының картографиялық материалы әзірленді. ПА-2-1, С-1-1 кіші көлемді препараттар-адаптогендерді қолдануға бағытталған жолмен құнарсыз жерге егілген дақылдардың өнімділігін арттырудың ұтымды аграрлық амал-тәсілдері белгіленді. «Топырақты нөлдік өңдеу тәсілі» инновациялық патентіне оң шешімдер қабылданды. «Ауылшаруашылық өндірісінің тиімді факторларын және ауылдық аймақтарды дамытуға зерттеу жүргізу» бағыты бойынша: келесі негізгі амалдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін 14 ұсыныс пен ұсынымдар әзірленді: Экспорттық әлеуеттің жай-күйіне баға беру кезінде, ішкі нарықта республикада өндірілетін көптеген өнімдерге әлеуетті сұраныстың жеткізіліксіз (бидай, күріш, ұн, көкөністен басқа) екендігі байқалды. Экспортқа шығару үшін түрлі өнімдерді өсіріп, өндіру шаралары қарастырылды, олардың БЭК елдерінің нарығына енуін дамыту мүмкіндіктері есептелінді. Күріш-жармаларды жеткізу 2 есеге, сиыр етін жеткізу - 0,3-тен 100 мың. т. дейін, көкөністер - 9,3-тен 250 мың. т. дейін және жеміс-жидектер - 70 тоннадан 20 мың т. дейін өсетін болады. Әр азық-түлік нарығы үшін оның экспорттық әлеуетін алға ілгерілету және дамыту амал-тәсілдері анықталып карастырылған. Интеграцияланған және интеграцияланбаған құрылымдар қызметінде жер телімі-мүліктік қатынастардың жетілдірілмеген механизмдеріне баға берілді: қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды, несиелеу, лизингтік қызметтерді пайдалануда жеке дербестіктің болмауы, интеграцияланған құрылымдардың негізгі ұйымдарына толықтай тәуелді болу; ішкі шаруашылық құрылымдарында қатал түрде басқару қызметтерін орталықтандыру, жер үлестерінің және мүліктік пай иегерлерінің құқығына шек қою, жер телімі үлесінің айналымын

Page 91: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

91

ішкі шаруашылық есепке алмау. Ет және сүт өнімдерінің нарығын дамыту үшін, келешекте сүттің жалпы өнімін 87% дейін жеткізетін отбасылық фермаларды дамытудың қажет екендігі экономикалық тұрғыдан негізделген. Өндіріс инфрақұрылымын және оны іске асыру механизмдерін дамытуға мүмкіндік жасайтын, сиыр малының 24, 50, 100 және 200 басына минисүт-тауарлық ферманың үлгісі әзірленді. Ауылдық аймақтарды бұдан әрі де дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу бойынша орта және ірі кәсіпорындары дамуы қажет болып табылатын, ауылдық елді мекенді пункттері негізінде агроқалашықтарды құру бойынша ұсынымдар әзірленді. Келешектегі агроқалашықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін трансформациялау бағыттары анықталды. Аграрлық ғылымның ғылыми нәтижелерін енгізуАуыл шаруашылығында ғылыми жетістіктерді ендіріп отыру өндірістің тиімділігін, аграрлық нарықта ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Өндіріске енгізілген озық технологиялардың нәтижелілігінің нақты мысалы болып озық тәжірибені зерттеуде де таратуда да бірдей жүргізіп келе жатқан егін шаруашылығында ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу болып табылады. 2014 жылы АӨК-те ресурс үнемдейтін технологиялардың аумағы 12,9 млн. га. ұлғайды. Мысалға, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (бұдан әрі - А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ) селекциясы «Ақмола 2» бидайының сұрыбын ендіру аумағы 1 664 мың.га. дейін жеткізілді. Бұдан экономикалық тиімділік 1 га 3 000 теңгені немесе 5 млрд.теңгені құрайды. Нәтижесінде Ақмола облысы бойынша отандық ғалымдардың бидай селекциясының сұрыптарының үлесі 74%, ал А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ селекциясының «Ақмола 2» және «Астана» жаздық бидай сұрыптарын ендіру аумағы 2,1 млн.га дейін жетті. Зияткерлік меншік институтында тіркелген ауылшаруашылық дақылдарының (астық, жем-шөптік, майлы) отандық сұрыптарын тарату бойынша фермерлермен 20 астам лицензиялық келісімдер жасалынды. Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ЖШС 3000 га астам аумақта «Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында жем-шөптік дақылдарды егудің инновациялық энергия-ылғал үнемдейтін агротехнологиялар мен қорғаудың интеграцияланған жүйелері» жобасы бойынша шаралар қарастырылды. Шаруашылықта өте

жоғары, болмаса әлемдік жетістік деңгейіндегі егін өнімі алынды. Сонымен, соя 52 ц/га астам өнімді құрады, салыстыру үшін Қазақстан Республикасы бойынша - 19,7 ц/га; сүрлеуде жүгері өнімі 1200 ц/га, (576 ц/га); суармалы күздік бидай өнімі – 84,56 ц/га; суармалы күздік тритикал өнімі – 116 ц/г құрады, бұл Қазақстан Республикасы бойынша егін өнімімен салыстырғанда 1,56 - 3,08 есе көп. Туберкулинге тез берілетін ірі қара мал және түйе туберкулезінің дифференциальды диагностикасына арналған иммунохромотографиялық әдісі енгізілді. Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтағы жануарларға бруцеллез диагностикасы және профилактикасы бойынша эпизоотикаға қарсы шаралардың ғылыми негізделген бағдарламалары әзірленіп, енгізілді. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында Шығыс Қазақстан облысындағы «ШҚ Зайтенов Е.» ЖШС жартылай қатты шикізаттарды өндіру технологиясы енгізілген; Шығыс Қазақстан облысындағы «Сагинкумаров М.» ЖК етті қайта өңдеу кәсіпорнында – ұлттық ет өнімдерін өндіру арналған технологиясы және жабдықтар, Ақмола облысындағы «КазГер» ЖШС – астықты полиэтиленді сақтау орындарында сақтау технологиясы; Шығыс-Қазақстан облысындағы «МПК-Технология» ЖШС – етті қайта өңдейтін кәсіпорындарында ағын суларды тазалау технологиясы. Мелиорация саласында Қызылордалық су торабында судың ағуын басқару, бақылау және есепке алу бойынша автомандантырудың техникалық құрамы және жүйесінің кестесі; минералды су асты суларын ұңғыманың колоннасына кері осматикалық әдісімен тұщыту бойынша технологиялық жабдықтар (№ 23118 ҚР патенті) –Жамбыл облысындағы «А. Сағынтаев атындағы» ЖШС (енгізу тиімділігі: 80 мм диаметрлі металлді құбырын 50 м үнемдеу) су бөгетінде; төмен қысымды себелеп суару технологиясы – Жамбыл облысында (ш/қ «Нөсер», ш/қ «Самғау» жалпы аумағы 80 га); мақта және күріш егіс айналымындағы суармалы жерді мелиоративті режіммен басқару технологиясы – Сырдария су қойнауында енгізілген, оның ішінде:- Оңтүстік Қазақстан облысында аумағы 2,5 мың га тұзды топырақты тұщыту технологиясы (ПК «Кетебай» -1083 га, ПК «Али» - 300 га, ш/қ «Нұралы-Жол» - 537 га, ш/қ «Бағдат» - 500 га, ш/қ «Валишев» - 80 га) енгізілген – бұл бірлігіне тұздың массасын 15-25% дейін су шығынын төмендетуге ықпал етті, алғашқы суғаруға дейін тамыр жататын қабаттың жоғары ылғалдылығын (73-82% НВ-тен) қамтамасыз етті;

Page 92: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

92

- Старый Икан а. 150 га аумағында сортаң жерлерді құнарлануын арттыру технологиясы;- Қызылорда күріш жүйесінің2,5 мың га аумағына субирригациясына жер асты суы (Шиелі ауданы -1600 га, Жаңақорған ауданы -900 га);- Оңтүстік Қазақстан облысында (ш/қ «Қанат»-50 га, «Кетебай» ЖШС -150га) 200 га аумағын суаруға коллекторлы-дренажды суды қолдану технологиясы, бұл суармалы судың шығынын 30-35% дейін төмендетті;- Қызылорда массивінің 400 га аумағында аз минералды жер асты суларын қолданумен күріш егіс айналымындағы дақылдарды суару технологиясы (Шиелі ауданы– 250 га, Жаңақорған ауданы – 150 га).«Ақылбай» ЖШС-неалқаптың 75 га аумағына аролесомелиоративті қорғау құрылғысына байланысты топырақтың қалыңдығына ылғалды толтыру бойынша ұсынымдар әзірленіп, тапсырылды; органикалық егін шаруашылығының элементтері Павлодар облысының 300 мың га аумағына енгізілді; күздік бидайды айдауда ресурс үнемдейтін тарақты технологиясы – Жамбыл облысының шаруашылығында (43,8 ц/га егін өнімі алынды).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІҒылыми зерттеулер Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мынадай ғылыми орталықтарында жүргізілді:«Масғұт Айқынбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» РМҚК (бұдан әрі - ҚКЗИҒО);«Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» РМҚК (бұдан әрі – ГжЭҒО);«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК (бұдан әрі - СЭСжМҒПО).СЭСжМҒПО-да 2014 жылы зерттеулер Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жүргізілді:1) «Арал маңы халқының денсаулық жай-күйін басқарудағы кешендік тәсілдер»(бас ұйым – ЕГжКСҒО, Қарағанды қ.); 2) «ҚР ауылдық аумақтарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы кешендік бағдарламаны әзірлеу»(бас ұйым – ГжЭҒО, Алматы қ.); 3) «Вирустық инфекциялардың (ҚКГҚ, БНҚ) алдын алу шараларын әзірлеу» (бас ұйым – ИМВ, Алматы қ.). Ғылыми өлшемдік көрсеткіштер ретінде жарияланымдар, соның ішінде әртүрлі деңгейлер бойынша деректер 8.5 кестеде келтіріледі.

Гигиена, санитария және эпидемиология саласында 2014 жылы келесі жетістіктерге қол жеткізілді:

1) аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып селолық елді мекендер тұрғындарының денсаулығын қорғаудың аймақтық бағдарламасы, санитариялық-

эпидемиологиялық жағдайға сай, аумақтардағы тәуекелділік факторларына барынша азайту және аймақтағы денсаулық сақтаудың басым бағыттағы мәселелерін шешу жолдары әзірленіп ғылыми тұрғыда негіздеме жасалды,

2) Алматы, Ақмола және Атырау облыстары балаларының денсаулығын жақсартудың

Кесте 8.5 – жарияланымдар туралы деректер

Page 93: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

93

профилактикалық шаралар жүйесі әзірленді;

3) 2 және 3 жастағы балаларды А гепатитіне қарсы вакцинациялау тактикасы және «контактіде» болғандарды анықтаудың Қазақстан жағдайына байланысты нәтижелі жақтары әзірленді және оны республиканың барлық облыстарында қолдануға кеңес беріледі.

4) аймақтардағы денсаулық сақтау паспортын әзірлеуге арналған материалдар жиналды. Алынған зерттеулер қорытындылары аймақтың әлеуметтік саласын дамыту бағдарламасын әзірлеуде әкімдіктерде қолданылуы мүмкін.Эпидемиология саласында келесі жетістіктерге қол жеткізілді:

1) PACS жүйесін қолдана отырып АҚЖ (оба, туляремия, күйдіргі, бруцеллез) қоздырғыштарының 90 штаммдары коллекциясының республикалық электрондық каталогі әзірленді;

2) генетикалық әдіспен вакцина ретінде қолдануға болатын күйдіргі микробының штаммы анықталды,

3) күйдіргі қоздырғыштарының индикациясы мен идентификациясы әдісі жетілдірілді.

4) бруцеллез ауруының динамикасына қысқа және орта мерзімдегі болжамын жасауға арналып кеңістіктік-уақыттық болжам моделі және тәуекелділік факторын бағалау формасы әзірленді

5) «Қазақстан Республикасындағы тырысқақ ауруы: кеңістіктік және уақыттық сипаттама» анықтамалық- атлас әзірленді:

6) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне тіркелу үшін «ПТР әдісімен оба микробының caf1генін анықтаға арналған реагенттер тобы» нормативтік құжаты әзірленді;

7) «Эктопаразиттерді пестицидтердің аз көлемдегі мөлшерімен (АКМ) құмды өлкенің індерінде аэрозоляциялау арқылы жою бойынша әдістемелік нұсқаулығы» бекітіліп бағыныстағы мекемелерге жолданды. Алынған қорытындылар нәтижесі өз кезегінде инфекцияларға эпидемиологиялық мониторинг жүргізу нәтижелілігін арттыруға және республика халқының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз әсерін

тигізеді. 2012-2014 жылдары эпидемиология саласында жүргізілген ғылыми-техникалық қызмет қорытындылары (ҒТҚҚ) бойынша ҒТАҰО-де РНГД14 0509 ден РНТД14 0509 дейінгі тіркелу номерімен 19 өтінім тіркелді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІҚазақстан Республикасы Заң шығарушы институтының (әрі қарай Институт) ғылыми қызметі мемлекеттік құқықтық саясаттың негізгі бағыттарымен ұштасады.«Конституциялық және әкімшілік құқық салаларында ұлттық құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ғылыми мәселелері» атты жобаның зерттеулері нәтижесінде есептік кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:

1. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заң жобасының тұжырымдамасы жасалды. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметі қасындағы заңнамалық жобалар қызметі бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында қолдау тапты.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдар жобасы жасалды және енгізілді. Қазіргі кезеңде аталған Заңдар Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде талқылануда және қарастырылуда.

3. Қазақстан Республикасының 5 шілде 2014 жылғы № 235-V ЗРК жаңа редакциясындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі жасалды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Концепциясын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Аталған Концепцияны іске асыру барысында Институттың тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 101-V «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы қабылданды.«Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар туралы заңнамасының даму үрдістері мен жетілу жолдары» атты жобаның зерттеулері

Page 94: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

94

нәтижесінде есептік кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:

1. Қазақстан Республикасының қазіргі заңды тұлғалар туралы заңнамасына қатысты материалдар мен әдебиеттерге талдау жасалынды, аталған тақырыптағы шетелдік тәжірибе қарастырылды.

2. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне қарастырылуға берілген «Баға қызметі туралы» (жаңа редакция) Қазақстан Республикасының Заң жобасы жасалды.

3. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне қарастырылуға берілген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелерге қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы жасалды.

4. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі қарастыруы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясына берілген берілген «Арбитраж туралы» және «Қазақстан Республикасының арбитраж мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы жасалды. «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығын қорғау (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері)» атты жобаның зерттеулері нәтижесінде есептік кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:

1. Қазақстан Республикасының қазіргі балалар құқығын қорғау мәселесіне қатысты заңнамасына ғылыми-құқықтық талдау жүргізілді.

2. Парламент Мәжілісінде қарастырылған және талқыланған жаңа ҚК, ҚҚК және УИ жобалары барысында заң шығарушы орган есепке алған ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.

3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған № 226-V ЗРК Қылмыстық кодексіне баптық сараптама дайындалды (проф. Борчашвили И.Ш.).«Қазақстан Республикасының қатысуымен заманауи интеграциялық бірлестіктердің құқықтық аспектілері» атты іргелі ғылыми-қолданбалы зерттеу аясында 2014 жылы

бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

1. Халықаралық КО, БЭК, ЕЭО жобаларына нақты ұсыныстар бойынша бірыңғай талдау мен бақылау жүргізілді;

2. Мемлекеттік және халықаралық ұйымдар арасындағы құпия ақпаратты айырбастау\табыстау мәселелерін реттейтін, нормаларды құрайтын 17 салалық заңнамалық акттерге түгіндеу жүргізілді;

3. Кедендік Одақ пен ЕЭО тың шартты құқықтық базасын құрайтын 53 халықаралық келісімшарттарға түгіндеу жүргізілді;

4. Халықаралық келісімшарттар, заңдар мен заңға қосымша акт жобаларын ғылыми, құқықтық сараптамадан өткізу бойынша Әдістемелік ұсынымдар жобасы дайындалды. ЕурАзЭО құрамындағы мемлекет-мүшелер аталмыш жобаны негізге алып отыр және қазіргі уақытта бұл жобаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Әдістемелік ұсынымдар жобасының келесі талқылауы ЕурАзОСтың Әділет Министрлігі Кеңесінің кезекті отырысында жүргізіледі деп жоспарланып отыр;

5. Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктері шеңберінде, нақты ұсыныстары берілген, халықаралық келісімшарттар жобаларының 37-і қарастырылған;

6. Халықаралық келісімшарттар жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптамалар жүргізілді (10 қорытынды);

7. КО пен ЕАОСтың келісім-құқықтық базасын дайындау бойынша 8 жұмыс тобының жұмысына қатысу (барлығы - 36 отырыс).Институттың ғылыми зерттеулер нәтижелері заң жобалары мен заң шығару жұмыстары кезінде қолданылады. Есепті кезең науқанында 78 заң жобалары мен 93 заң жобалары тұжырымдамаларын дайындау бойынша жан-жақты талқыланған, ғылыми-негізделген ұсыныстар мен ескертулер берілді. Ғылыми жұмыс нәтижелері нақтыланды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІШЖҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК қызметін талдауАтом энергетикасы саласының «ҚР-дағы Атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық

Page 95: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

95

бағдарламасы аясында келесі негізгі нәтижелер шығарылды.Зерттеу жүргізуге мынадай зертханалық қондырғылар мен жабдықтар құрастырылған:

- Кориумның суынуы мен реактор түбінің моделінде жасанды қуат бөлінуін көрсетуге арналған Лава-Б қондырғысын орнатуға қажетті зертханалық жабдық;

- сутегі изотоптарының сұйық металлды литий жиынтық материалдармен алмасу жылдамдығын зерттеуге арналған зертханалық жабдық;

- минералды шикізаттардың реакторлы сәулелендіруін зерттеуге арналған зертханалық жабдық;

- сәулеленген берилийден берилий хлоридін алатын дәлорнатпа жабдық;

- сұйық металлды литий жиынтықты үлгілерден тритийдің шығуы мен бөлінуін зерттеуге арналған зертханалық жабдық;

- экологиялық зерттеулерге арналған тәжірибелік уақыт өткізгіш масс-шоғырметрлі (спектрметрлі) зертханалық жабдық;

- мессбауэрлі атом қосындысы 57 Fe бар наноөлшемді металды материалдардың синтезіне қажетті «А-Қондырғы» ионды-плазмалық шаңдатқышы;

- шығармалы жұмысы басқарылатын нанокристалды жоғары өткізгіш ультрадисперсті орталарды пайдалану технологияларын жүзеге асыруға арналған тәжірибелік кешен; Ядролық медицинада пайдаланылатын радиоизотоптар құрастырылып, шығарылды:

- «ДТПА-99mТс, реагент»радиофармацевтикалық дәрілік препараттары мен екпе ерітіндісіне қажетті «Натрия о-йодгиппурат131I» клиникалық тәжірибе жүргізілді;

- к 99mТс реагент жиынтықтарына клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізілген: «МДФ-99mТс, реагенті» мен «Фитат- 99mТс,, реагенті». Бұл әдістер патенттелген. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша 4 инновациялық патент пен 1 ҚР-ның 1 петентіне қол жеткізілді.

Термоядерлы энергетика саласында «Қазақстан термоядролық энергетикасының материал жүргізгіш Токамак реакторын жасау мен пайдалануға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру аясында келесі негізгі қорытынды нәтижелер алынды:

- жылу эрозиясы әсерінің теориялық және тәжірибелік мәліметтері мен сыртында импульсті қуат бөлінуі жағдайындағы дивертор қорғанысы материалының құрылымдық және физикалық-механикалық өзгерісі;

- сәулеленген және сәулеленбеген нейтрондар мен альфа бөлшекті тот баспайтын болаттағы төмен температуралы деформацияның қаттылық, фазалық және құрылымдық өзгерістерге әсері туралы ақпарат;

- жасанды стендтің плазмашоғырлы қондырғысына электронды-плазмалы және электронды шоғырлы импульсты кернеу беру жағдайында вольфрамның беріктігі туралы алдын-ала ақпарат (конструкторлы ТЯР материалы).

- КТМ аймағындағы диверторлы және плазмалық сымның кешенді визуализациялық жүйесін эксперименталды жөндеу мен тексеру нәтижесі;- вакумдық камерадағы КТМ-ге айналмалы тоқтың әсерін есепке алғандағы полоидалды байламдағы тоқ динамикасының теңдік шарттарын бағалаудың эксперименталды ақпараты;

- КТМ-нің физикалық диагностика ақпаратына визуалды және графикалық талдауға арналған және КТМ-нің ақпараттық-өлшемдік жүйесіндегі эксперименталды ақпараттарды графикалық талдау жүйесінің интеграциясы үшін жасалған бағдарламалық модуль.

- Вакуумды токамак камерасында орнатылған литийлі КТМ дивертор макетінің жұмыс өлшемдеріне әсер етуін анықтаудағы кешенді зерттеудің нәтижелері.

- газодинамикалық көз шүмегінен шығардағы жоғары дыбысты газ ағынының параметрлерін анықтау нәтижелері мен газ қысымының радиустық және молекулярлық шоғыр ағымының ұзындығы бойынша таралуының эксперименталды мәліметтері;

- компьютерлік бағдарламаның сандық

Page 96: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

96

алгоритмі мен блок-сұлбасы түріне айналған өзгермелідегі токамақ плазмасының 1,5-өлшемдік транспорттық теңдеулерін сандық шешу процедурасы әзірленді.Келесі құрылғы, орнатқыш, жүйелер жасалды:

- КТМ плазмасын кешенді көру жүйесі;

- КТМ литийлі дивертор макетінің ішкі бөлшегінің жасанды моделі;Жасалып, пайдалануа берілді:- Вакуумдық камерадағы КТМ-ге айналмалы тоқтың әсерін есепке алғандағы полоидалды байламдағы тоқ динамикасының теңдік шарттарын бағалаудың эксперименталды ақпарат әдістемесі;

- КТМ-нің физикалық диагностика ақпаратына визуалды ақпаратына арналған бағдарламалық модуль;

-Реакторлы сәулелену жағдайында сутегі изотопы мен литийдің капиллярлы-борпақ құрылысты үлгісімен арақатынас үдерісін суреттейтін озық модель;

- 150 кэВ-қа дейінгі бомбалаушы иондардың энергетикалық диапазонындағы материалдың бетін ыдырату коэффициентын есептеудің феноменологиялық моделі;

- электрондық-плазмалық және электрондық шоғырлардың конструкциялық материал үлгілерімен өзара әрекеттестігін имитациялық стендтегі плазмалық шоғыр құрылғысының көмегімен зерттеу әдістемесі.ШЖҚ «Ядролық физика институты» РМК қызметін талдауЯдролық реакциялардың қимасы бойынша және перспективалы ядролық реакторлардың конструкциялық материалдар элементтерінің құрамына кіретін 30 МэВ энергиялы ядролардағы индуцирленген жедел протондарының бөліну сынықтарының шығарылымы бойынша жаңа деректер алынды.Белсенділігі 18 ГБк болатын 99mТс гель-генераторларының және белсенділігі 140 ГБкнатрий йодид,131Iбалк-ерітіндісінің он бір партиясы дайындалып медициналық ұйымдарға берілді. 37 ГБкбалк-ерітінді57Со және 7,91 ГБкбалк-ерітінді109Cd қабылданды. Тапсырыс берушіге белсенділігі 0,56 ГБк радионуклиннің 204Tl жабық көзі дайындалып берілді. Белсенділіктері 133 ГБк және 141 ГБк болатын изотопты сәулені иондаушы 124Sb екі жабық көз дайындалды.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірге мынадай жұмыстар атқарылды:

- Клиникаға дейінгі зерттеу РФП«153Sm-ЭДТМФ, терапияға арналған ерітінді» және «Натрия иодид 131I, терапияға арналған ерітінді»;

- 99mТс: «99mТс-фитат», «99mТс-МДФ» арналған реагенттер жиынтықтарын клиникалық зерттеу.

- РФП«99mТс-ДТПА» және «Натрия о-йодгиппурат131I, егуге арналған ерітінді» арналған тіркеу құжаттамасы дайындалды.Нитридтер, карбидтер мен германидтер, жоғары өткізгіштігі бар фольга, жеңіл металл негізінде жабынғы алу үшін ультрадисперсті ортаны пайдалану жасалып, олардың құрылымы, физикалық қасиеттері зерттелді.Жоғары энергиялардың ауыр иондарының ғарыштық техникалық конструкциялық материалдарымен өзара әсерлестігін модельдеу әдістемесі жасалды.Тазалаудың қосымша әдістерін пайдалана отырып, ядролық тректік мембраналарды қолдану негізінде ВВР-К реакторының сұйық радиоактивті қалдықтарын өңдеудің кешенді технологиясы әзірленді. ДЦ-60 жеделдеткішінде өндірілетін ядролық трек мембраналары негізінде ВВР-К атомдық реакторының сұйық радиоактивті қалдықтарын тазалауға пайдаланылатын құрылғы үлгісі жасалды.2014 жылы РМК ЯФИ ғалымдары138 мақала жариялады: 1) алыс шетел басылымдарында 23 мақала 2) халықаралық конференция еңбектерінде 75 мақала 3) ТМД елдерінің басылымдарында 22 мақала 4) Қазақстан басылымдарында 18 мақала; 4 патент алынды, ядролық физика мамандығы бойынша 3 PhD докторы дайындалды, 3 курста 2 PhD доктаранты, 3 докторант 2-курста және 2 доктарант 1-курста оқуын жалғастыруда.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 2014 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ-нда «Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігін ғылыми-техникалық жобалау жүйесі бойынша зерттеулер жүргізу және әзірлемелер жасау» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталып, нәтижелері қолданысқа

Page 97: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

97

енгізілдіӨрт қатері, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен географиялық ерекшеліктері, т.б. көрсеткіштерді ескере отырып, өртке қарсы қызмет бөлімшелерін тиімді орналастыруды сандық бағалауға мүмкіндік беретін математикалық модель әзірленіп, оны жүзеге асыру алгоритмі дайындалды.

8.2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОО-ЛАРЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің перспективалы инновациялық жобалары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан ғылымын дамытудың барлық бес басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ құрылымында 8 жаратылыстану ғылыми бағытта ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық және нанотехнология бойынша ұжымдық пайдаланудағы инженерлік зертханалар, социогуманитарлық бейіндегі 30 ғылыми орталық қызмет етеді.ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 2014 жылы – 4 300,1 млн.тг., бюджеттен тыс қаражат – 1 722,3 млн.тг. құрады.2014 жылы 6 272 ғылыми жұмыс, оның ішінде жоғары рейтингті журналда – 341 жарияланды, 58 инновациялық патент, өнертабысқа 6 патент, пайдалы модельге 1 патент, 1 еуразиялық патент, 1 патент РСТ жүйесі бойынша, 2 Қырғызстан патенті, 23 зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқықты тіркеу туралы куәлік.Төменде өндіріске ендіруге перспективалы жобалар келтірілген:

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ: «Сонғы плазмалық қондырғыларды қолдана отырып монодисперсті нано- және микроұнтақтардың синтезделу технологиясы». Жоба авторы: – ф.-м.ғ.к. Досболаев М.К. Жобаның орындалу деңгейі: монодисперсті ұнтақтар алудың аналогы әлемде жоқ өте жаңа технологиясы ұсынылған. Ойлап табылған технология электрод материалын электро-доғалық тозаңдану және жоғары жиілікті раздаядты плазмадан алынған реакция өнімін сеперациялау әдісіне негізделген. Жоба кезеңінде. Өзінің мүдделілік айқындалатын фирмаларда енгізу ары қарай мүмкіндік бар.

2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Жоғары эффективті өсімдік майын сутектендіруді өндіріске енгізу және жетілдіру. Катализаторды тәжірибелі өнеркәсіптік ұйымдастыру». Жоба авторы: х.ғ.д., проф. Ауезов А.Б. Жобаның орындалу деңгейі: жоба бойынша зерттеулер аяқталу кезеңінде. Нәтижелер келесі: Айрықша белгілеріне байланысты жаңа объект маңызды сипатқа ие. Нанокластерлі палладий жоғары 2-10 нм бөлшекте шашыраңқы затты көрсетеді. Таратушы ақпарат нанокластерлі болғандықтан катализатордың ұйқастығы нанокластерлі палладийдің барлық объектілеріне таратылады. Сутектендіру тиімді түрде жүргізіліп, транс-изомерлердің пайда болуын азайтады, йодты өнімнің сапасы артады. Мүдделі кәсіпорындарға қолданысқа енгізу мүмкіндігі бар.

3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Биотехникалық кешен «Вермикультураның» жасалуы». Жоба авторы: б.ғ.д., проф. Богусбаев К. К. Жобаның орындалу деңгейі: биорезенанс БиУ-2 құрылғысының көмегімен жоғарысапалы биогумус пен ауылшаруашылық өндірісінен шығатын қалдықты алудың тиімділігі жоғары технологиясы әзірленуде. Жобаны жүзеге асыру барысында өнімділігі 3000 т. биотехнологиялық кешен салу жоспарланған.

4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Жүнді тазартудан жүн майын алу, ланолин және тереңнен жасап шығару». Жоба авторы: х.ғ.д., проф. Конысбаев С.Р. Жобаның орындалу деңгейі: техникалық шайыру нәтижесінде фармокопейды ланолин алу, жүнді тазарту әдісі арқылы сандық жағынан жүн майын алу технологиясы жасалды; тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғы құрылды. Қондырғы Тараз фабрикасында тәжірибеден өтті.

5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Разработка гибридной радиационно-плазменной и кавитационно-гидрогенизационной технологии обработки низкосортных энергетических углей». Жоба авторы: х.ғ.д., профессор Кайырбеков Ж.К. Жобаның орындалу деңгейі: көмірді өңдеудің гибридті технологиясы – көмірден сұйық отындарды алудың әлемдік тәжірибеде қолданылатын екі технологиясы – тура сұйылту және газдандыру жасалуда. Жобаның тиімділігі: Көмірді газдандыруда плазмалық технологияларды қолдану қажетті өнімділікті сақтауда газификаторлардың габариттерін төмендетуге, алынатын энергетикалық газдың сапасын жақсартуға,

Page 98: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

98

бастапқы көмірдің газдану дәрежесін арттыруға және газдандыру үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Көмірді плазмалы-булы газдандыруда үдерістің меншікті энергошығымы 1,5-2,5 кВт ч/кг көмір. Гибридті технология көмірді тура каталитикалық сұйылту және көмірді газификациялау технологияларын жоғары көрсеткіште алдын ала ағынды электрондармен сәулелендіру арқылы жеке, бірге қолдануға мүмкіндік береді.

6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Химия-технологиялық үдерістерге арналған көміртек құрамды наноқұрылымданған материалдардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау» (жоба жетекшісі – М.К. Наурызбаев. Қаржыландыру сомасы – 1 500 000 $).Жобаның іске асырылу жай-күйі: 2014 жылғы 23 қазанда Шығыс Қазақстан облысының (Өскемен қаласынан 60 шақырым жерде) «Әуезов» кентіндегі «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС «Бақыршық» және «Большевик» кенорындарының түйіспе кенінен және үйіндісінен тұратын, өнімділігі жылына 2000 тонна болатын көміртек-минералды шунгит жыныстарды қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірістік телім ашылып, іске қосылды.Жобаның тиімділігі: Жобаға кен орындарының үйінділерінен шунгит алуға мүмкіндік беретін нанотехнология негіз болады. Шығарылатын өнім (белсендерілген көмір, шунгит негізіндегі көміртек-минералды сорбент және т.б.) халық шаруашылығында суды, түрлі-түсті металлургия қалдықтарын тазартуға, арнаулы резеңкелер, техникалық резеңкелер алуға, дөңгелек өндірісінде пайдалануға болады; сондай-ақ шунгит сорбенттері алтын, күміс және басқа да бағалы металдар алуға қажет. Сондықтан жоба экология және импорт алмастыру мәселелерін де шешуге септігін тигізеді және қазірдің өзінде дайын өнімге тапсырыс берушілер пайда болды. Зауыттың ашылуы 10 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, толық қуатпен жұмыс істей бастағанда, тағы да 20 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жоба жылына 2000 тонна көлемінде дайын өнім шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс сатысында (болашақта оны 50 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда).

7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Табиғи кератин құрамды шикізатты (жүнді) көбіктүзгіштерге қайта өңдеу технологиясын әзірлеу».Жобаның іске асырылу жай-күйі: Қазіргі кезде көбіктүзгіштер алудың мұндай технологиялары әзірленген және сан алуан

кератинді шикізатты – ет өнеркәсібінің қалдықтарын (мүйіз, тұяқ, тотыққан қан, тауық қауырсыны, балық қабыршағы) қайта өңдеуге негізделеді. Алынған көбіктүзгіштер, негізінен, құрылыс материалдарын дайындауда қолданыс табуда. Мұндай көбіктүзгіштерді өрт сөндіруде қолдануға олардың ұзақ сақтауға төзімсіздігінен шектеу қойылған.ҚР ТЖМ «Арнаулы өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу орталығы» РМК-да алынған көбіктүзгіш үлгісінің ҚР СТ 1609-2006 «Өрт сөндіруге арналған көбіктүзгіштер» стандартына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізілді.Жобаның тиімділігі: Республикамызда кератин құрамды шикізаттың (қылшықты жүн) және басқа да құрауышардың (химиялық реактивтердің) кең мөлшерде қолжетімді болуы, көбіктүзгішті жүннен синтездеудің оңайлығы жаңа көбіктүзгіштердің салыстырмалы түрде (шетелдік көбіктүзгіштермен салыстырғанда) жаңа құнының төмен болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге кератинді көбіктүзгіш табиғи шикізат ретінде экологиялық жағынан қауіпсіз өнім болып табылады. Мұның бәрі, Республикамыздағы көбіктүзгіштерге деген қажеттілікті қоса алғанда, осы зерттеудің болашағы зор екендігін айғақтайды.Жоба бойынша зерттеулер орындалғанымен, оларды өндіріске енгізу үшін қосымша қаржыландыру талап етіледі.

8) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Қазандықтарды мазутсыз жағуға, ЖЭС-терде шаң-көмірлі алауды тұтандырып жіберуге және жануын тұрақтандыруға арналған плазмалық-отын жүйесі».Жобаның іске асырылу жай-күйі: Алматы ТЭЦ-2БКЗ-420 қазандығында плазмалық-отын жүйесіне (ПОЖ) жүргізілген сынақтар күлділігі 40% және жану жылулығы 3800-4000 ккал/кг Екібастұз жоғары күлді көмірінің мазутсыз тұтану мүмкіндігін растады. Мұнда суық оттықта алау температурасы 1050-1070°С жетті, бұл ауаны 1,5 0/мин дейінгі жылдамдықпен жылытуға мүмкіндік берді. Аталған соңғы параметрді оттықты мазутпен тұтату жылдамдығымен салыстыруға болады.Жобаның тиімділігі: Қазіргі кезде тозаң-көмірлік қазандықтарды мазутсыз жағудың плазмалық технологиясына Астаналық ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2, Ақсу ГРЭС, HighIndustrialLubri-cants&Liquids (HILL) Corporation компаниясы (Алматы), «Корпорация «Ордабасы» АҚ (ORDB) (Алматы), Қазақстандағы Өскемен ТЭЦ және Семей ТЭЦ, Ресейдегі Гусиноозерская ГРЭС

Page 99: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

99

және Красноярская ТЭЦ-2 қызығушылық танытты.Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіҚ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қазақстан ғылымын дамытудың төрт басым бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді: елдің зияткерлік әлеуеті, мәшине жасау және энергетика, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу. 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ құрылымында 10 ғылыми-білім беру институты, ақпараттық технологиялар бойынша ұжымдық пайдалану инженерлік зертханасы, технопарк, ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталығы жұмыс істеді.2014 жылы ҒЗТКЖ жалпы қаржыландыру көлемі – 2247,8 млн. тг. құрады, соның ішінде 147,5 млн. тг. – бюджеттен тыс қаражат.2014 ж. шетелдік журналдарда 240 ғылыми жұмыс жарияланды, соның ішінде рейтингі жоғары журналдарда – 72, алынған патенттер мен алдын ала патенттер саны – 89.Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Қабаттардың мұнай бөлуін арттыруға арналған полимерлі суландыру технологиясы». Жоба авторы: Құдайбергенов С.Е.- хим.ғыл. д., профессор, ҚарКСР және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жобаның орындалу деңгейі: Қабаттардың мұнай бөлуін арттыруға арналған полимерлі суландыру технологиясы жасалды. ҚР инновациялық патенті алынды: «Қабаттардағы мұнай бөлуін арттыру тәсілі» Құмкөл кен орнында тәжірибелік-өндірістік сынақтар өткізілді, «Востокневтегаз-2050» Ғылыми-техникалық орталығы ЖШС-мен лицензиялық келісім жасалды. Жобаның тиімділігі: 1тонна мұнай алу үшін жұмсалатын полимерлі реагент шығыны қазіргі қолданыстағы гелеполимерлі суландыру технологиясымен салыстырғанда 10-15 есеге дейн аз, 1 тонна құрғақ реагентті қабатқа сіңдіру мұнай дебитін 2000 тоннаға арттыруға мүмкіндік береді, қосымша өндірілген мұнай есебінен пайда мөлшері 500 000 АҚШ долларын құрайды (1 баррель мұнайға 50АҚШ доллары бағасымен санағанда).

2) ИННОВАЦИЛЫҚ ЖОБА: «Энергия жинақтайтын заттардың көмегімен қабаттардан мұнай бөлінуін арттыру». Жоба авторлары: Бойко Г.И. – хим. ғыл. д., профессор, Сармурзина Р.Г. - хим. ғыл. д., профессор.

Жобаның орындалу деңгейі: ұңғылар дебитін арттыру және күрделі сумұнай эмульсияларын сусыздандыру үшін қабаттарға термохимиялық әсер ету технологиясы мен жаңа химиялық реагенттер әзірленді. Еуразиялық патент және ҚР инновациялық патентімен қорғалған: № 29035, № 29036. Қарсақ МГӨБ «Доссормұнайгаз» АҚ «Эмбамунайгаз», ұңғыларында № 228, 254 тәжірибелік-өндірістік сынақтар өткізілді. Жобаның тиімділігі: жасалған Rau-85 химиялық реагентінің құны сілтілі металлдар мен қазір қолданылатын көптеген гидроәсерлі құрамдардың, жағар-қышқылдандыру қоспаларының құнынан әлдеқайда төмен.

3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Қолданыстағы штангілі ұңғылық сорғыш құрылғылардың жоғарғы жетегін ұзақ жүрісті құрылғылар ретінде жаңғырту». Жоба авторы: Мырзахметов Б.А. – т.ғ.к., доцент. Жобаның орындалу деңгейі: тербелме станоктың іске қосылған макеті жасалды, ҚР инновациялық патенті № 26175, ҚР патенті алынды, Еуразиялық патентті алуға тапсырыс берілді, «Волковгеология» АҚ, «Қаз МұнайГаз» АҚ қызығушылық танытып отыр. Жобаның тиімділігі: сорғыштың толу коэффициенті және ПӘК 20-25 %-ға арттырылды, тербелме станоктардың жаңартылуы штангінің жүріс ұзындығын 2 есе және одан жоғары аттырып, эксплуатациялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Халыққа жаппай және индивидуалды психологиялық, әлеуметтік зерттеулер жүргізудің бірінші еуразиялық порталы». Жоба авторлары: Ахметов Д.Ш., Иманов Т.С., Иванова Н.В., Глебова Н.В., Төлебаева З.У. Жобаның орындалу деңгейі: «Ақсұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешенінің бағдарламалық қамсыздардырылуы дайындалды, патент пен авторлық куәлік алынды, өндірістік түптұлға жасау жоспарланған, бұл бастама отандық тәжірибеде тұңғыш рет қолға алынбақ. Жобаның тиімділігі: шетелдік аналогтарының құны айтарлықтай жоғары; әзірленген технологиялардың мәліметтері негізінде құрылған Портал көпшілік қауымның тұлғаның қабілет-дағдыларының даму деңгейін зерттеуге, сондай-ақ оқушылардың тиісті дағды-машықтарының даму деңгейін бақылауға, ықтимал проблемалардың (оқу үдерісіне, тұлғааралық әрекеттестікке бейімделу, тұлғалық дамудың беталысына түзету жасау, кәсіптік бағдар мәселелері және т.б.) алдын алу мақсатында түрлі «қатер топтарын»

Page 100: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

100

анықтауға және тұлға дамуының бағыты мен басым аймақтарын, болашақ қызметкерлердің болжамды кәсіптік бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелерді қашықтықтан пайдалануы есебінен айрықша әлеуметтік мультипликативті эффектке ие болады.

5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Конструкциялық болат өндірісінің Тараз-үдерісі». Жоба авторы: Тлеуғабылов С.М.–т.ғ.д., профессор. Жобаның орындалу деңгейі: аралық бөлініссіз «Руда-болат» үздіксіз қалпына келтіру балқытпасы негізінде сапалы конструкциялық болат алуға арналған технология мен құрылғы әзірленді. Ол импортталатын конструкциялық болатты алмастырады; тәжірибелік-өндірістік кешен құрылғысы үшін жұмыс алаңы дайындалды; 4 патент алынды, «Шымкент инновация» - ОҚО Индустриалды аумағы, Санкт-Петербург құю зауыты; «Урал » ҒӨБ – Нижний Тагил қ. Қызығушылық танытты. Жобаның тиімділігі: балқытылатын болаттың өзіндік құны бірнеше есе төмен, ал қолданыстағы технологиядан сапасы жоғары. Жаңа технология газдардың атмосфераға шашырауын 4 есе қысқарта отырып, металл балқытуды толыққанды тікелей қалпына келтіруге мүмкіндік береді; жобаның жүзеге асуы еңбек өнімділігін екі есеге арттырады және 200-1000 бірлік мөлшерінде жұмыс орындарын ашады. Бұл 500-2500 т/тәулік шамасындағы тәуліктік өндіріске байланысты.

6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын кешенді өңдеу». Жоба авторы: Тургумбаева Х.Х. – техника ғылымының докторы, профессор. Жобаның орындалу деңгейі: Техногенді қалдықтардан гипстік тұтқыр материалдар алу технологиясы жасалған, фосфор өндірісінің қалдықтарын құрылыс материалдарын алу арқылы іске асыру үшін диірмен тәжірибелі-өнеркәсіп жабдығы дайындалды.өндірістік сынақтар өткізілді, ҚР инновациялық патенті алынды, Болжамды тұтынушы: «Қазфосфат» ЖШС, Тараз қ. Жобаның тиімділігі: жылдар бойы жиналған қалдықтарды жою экономиқалық тиімді, сонымен қатар, фосфогипсті шикізат ретінде қолдану арқылы пайда табуға болады. Жаңа өндіріс салу арқылы қосымша жұмыс орындарын құру, сонымен қатар, Жамбыл облысының инфрақұрылымын түскен салық арқылы жақсатруға болады.

7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Күн ғарыштық электростансасы». Жоба авторлары: Сүйменбаев Б.Т. – техн.ғыл.д., профессор,

Сысоев В.К.- техн.ғыл.д., Пичхадзе К.М. –техн.ғыл.д.(С.А. Лавочкин ат. Аэроғарыштық компания ҒӨБ, Ресей). Жобаның орындалу деңгейі: электр энергиясының жаңа типтегі баламалы көзінің – күн электростансасының макеті әзірленді, әзірлемені «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне ұсыну жоспарланған; жоба әлемдегі жетекші Аэроғарыштық компания С.А.Лавочкин ат. ҒӨБ-пен бірлестікте жүзеге асырылады, жобаның 60%-ы орындалған. Жобаның тиімділігі: жерүстілік жартылай табиғи эксперименттерді пайдалану негізінде жоба аясындағы эксперименталды жұмыстардың орындалу мерзімі 2 есеге қысқарады, жоба Жапония, Германия, АҚШ аналогтарынан едәуір ерекшеленеді, ірі құрылғыларды геостационарлы орбитаға жеткізуде және оларды құруға жаңаша принцип қолданылады, лазерлік шоғырдың турбулентті атмосфераға өтуін зерттеудің жаңа бағыты назарға алынған.

8) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Күн батареясының энергиясың түрлендіретін инвертор және оны энергожүйеге қосу». Жоба авторы: Исембергенов Н.Т. - техника ғылымдарының докторы, профессор. Жобаның орындалу деңгейі: Бірфазалы инвертордың тәжірибелік үлгісі жасалды. 4 патент алынды, соның ішінде 1 Еуразиялық патент бар. «ЭКСПО - 2017» көрмесіне ұсыну жоспарланған. Жоба әлемдегі жетекші аэроғарыштық компания – С.А.Лавочкин ат. ҒӨБ-мен бірлестікте жүзеге асырылады. Жобаның 60%-ы орындалған. Жобаның тиімділігі: жерүстілік жартылай табиғи эксперименттерді пайдалану арқылы эксперименталдық жұмыстарды орындау мерзімін 2 есеге жылдамдатуға болады. Жобаның Жапония, Германия, АҚШ аналогтарынан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Үлкен құрылғыларды геостационарлық орбитаға жеткізу, құру принципі жаңаша сипатқа ие, турбулентті атмосферада лазерлік шоғырды өткізу бойынша зерттеудің жаңа бағыты бар.

9) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Шағын деривациялық гидроэлектростанция». Жоба авторы: Қасымбеков Ж.Қ., техн.ғ.д., профессор. Жобаның орындалу деңгейі: шағын ГЭС технологиялық схемасы жетілдірілді. Ол қолданыстағы стансалардан аса ірі тұндырғының шағын ГЭС гидротурбинасына тазартылған судың тұрақты берілуін қамтамасыз ететін гидроциклондық құмелеуішпен ауыстырылуымен ерекшеленеді. Өнімнің су тазартқыш құрылғылардың

Page 101: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

101

тәжірибелік үлгілері № 25130 KZ, (2011 ж.) инновациялық патентімен расталды, Қапшағай ГЭС-інде сынақтан өткізілді, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне ұсыну жоспарланған. Жобаның тиімділігі: гидроциклондық құм елеуішті қолдану су тазарту желілерінің құрылысына кететін шығындардың үлесін 30%-дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді және еленген құм тұнбаларын шаюды қажет етпейді.

10) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Көміртекті нанотүтік қолданумен энергияны түрлендіру және тасымалдау үшін жаңа наноқұрылымды материалдарды және құрылғыларды құру». Жоба авторы: Смағұлов Д.У. – техника ғылымдарының докторы, профессор. Жобаның орындалу деңгейі: ҚазҰТУ-да көміртекті нанотүтікшелерді синтездеу бойынша зертхана құрылды. Оргникалық және полимерлік материалдар негізінде күндік элементтер алынды. Күн ұяшықтарының электрофизикалық қасиеттері зерттелуде. PCT Patent Pend-ing, Solarno Serial Number 61333327 патенті алынды (2010 ж.), «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсыну жоспарланған. Жобаның тиімділігі: 1 Вт өндірілген электрэнергия кремнийлік технология пайдалануымен жасалған энергиядан 4–5 есе арзан болады; жаңа органикалық ұяшықтар коммерциялық тұрғыда тиімді: салмағы жеңіл, жұмсақ, қол жетімді отандық шикізат пайдаланылады.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық техникалық университетінің перспективалы инновациялық жобаларыЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан ғылымы дамуының бес басымдығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді: елдің зияткерлік әлеуеті, мәшине жасау және энергетика, өмір туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ құрылымында 16 ғылыми институт пен орталық, ұжымдық қолданыстағы инженерлік зертхана, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы 16 институт пен орталық жұмыс жасайды.2014 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландырылуының жалпы көлемі – 1 млрд. 434 млн. 794 мың 200 теңгені құраса, оның ішінде 105 млн. 770 мың 800 теңге – бюджеттен тыс қаражат. 2014 ж. шетелдік журналдарда 926 ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде жоғары рейтингті журналдарда – 359 (Scopus дерекқорында – 217, Thomson Reuters дерекқорында – 142), сонымен қатар алынған

патенттер мен алдын ала патенттер – 4 ҚР патенті және 29 инновациялық патент.Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала нысандары мен ТКШ жылумен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған дәстүрлі емес және жаңаратын энергия көздерін (ДеЖЭК) пайдалана отырып, энергия үнемдейтін жылу сорғыш технологияның жаңа буынын қолдану». Жоба авторлары: Алимгазин А.Ш.,т.ғ.д., профессор (Қазақстан), академик Петин Ю.М. (Ресей). Жобаның орындалу деңгейі: ДеЖЭК-ді пайдалана отырып, Қазақстан мен Ресейдің қатаң климаттық жағдайларында (-50°С-ге дейін) жұмыс істеуге барынша лайықтандырылған технологиялар мен жаңа заманғы ЖС түрлі схемалары жасалды. Қазақстан Республикасында Астана қаласындағы нысандардың бірінде жылу беру маусымында сынақтық жобасы іске қосылды.

2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Көмірсутекті жанармайды жағуға арналған құйын жанарғысы». Жоба авторы: Баубек А.А. Жобаның іске асырылу жай-күйі: Әуеотындық қоспалар жану камерасында турбулент ағысының қысымымен жүзеге асырылады. Осы арқылы химиялық реакциялардың және жанатын өнімдердің температурасының жылдамдылығы артады.Жобаның мақсаты: инновациялық жанарғыны өндіріске енгізу. Жобаның жаңалығы: әуеотындық қоспа қысымға қарсы жану камерасына тангенсиалды түрде беріледі. Жобаның тиімділігі (соның ішінде экономикалылық тиімділік): жанарғы мазутты және сулы-мазутты деңгейлес майшыттан жасалған сұйық жанармайды жағады. Тиімділігі: жанарғы жалынының температурасы 1900˚С жоғары, бұл шырақты жанарғы температурасынан 22% жоғары, бұған қоса атмосфераға толық жанбаған қалдықтар бөлінбейді (СН, СО).Жылу қарқынын реттеп отырудың көлемі 40-тан 100 %-ға дейін; жанарғыдан шығатын температура – 1850 С, бұл жану өнімдерінің теориялық температурасына (2000 С) жуықтайды; жанарғы сұйық, газ тәрізді және сулы-мазутты майшыттың, өңделген мотор майларының жануын жүзеге асырады; жанбай қалған өнім қалдықтары (көмірсулардың тотыққан заттары, көмірсулар) атмосфераға бөлінбейді.

3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Төмен сұрыпты

Page 102: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

102

және қоңыр көмірден сұйық синтетикалық отынды өндірудің экологиялық таза технологиясын әзірлеумен қатар ілеспе электрқуатын және қосымша мақсатты тауар өнімін алу, тәжірибелік өнеркәсіп құру». Жоба авторы: Кутербеков К.А. Жобаның іске асырылу жай-күйі: көмірді газификация жолымен технологиялық қайта өңдеу үдерісі электрэнергиясын және синтетикалық сұйық отын алу мақсатымен мына кезеңдерді іске асырады – отын дайындау, газ генераторлары, газды тазарту, бу алмасу (көмірқышқыл булы), көмірқышқыл газының сіңуі және Фишер- Тропш әдісі бойынша синтетикалық сұйық отынды синтездеу. Жобаның тиімділігі(оның ішінде экономикалық):Негізгі мақсатты өнім ретінде бензин фракцияларын алу үшін физикалық бензин фракцияларын қайта өңдеуге пайдаланыпжәне су конденсатын бөлуде асатиімді құрылғы. Мақсатты өнімнің жоғары меншікті шығуы – бензинді және дизельді фракциялар.

4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Нормативті-техникалық құжаттамаларды отандық өсімдік шикізатынан, гепатопротекторлы белсенділікке ие табиғи дәрілік препаратөңдеу» Жоба авторы: Рахмадиева С.В. Жүзеге асырудың жай-күйі:«Химфарм» АО және «Аромат» ТОО-на (Шымкент қ.)зауыттық және лабороториялық тексеру негізінде Суттиген фитопрепаратын өндіруге өндірістік технологиялық жасау уақыты құрылды Зауыт шарттарымен өңделген технологияларды пайдаланып «Капсуладағы Суттиген» препаратының дәрілік формасы 1000 капсуласы гепатопротекторлық және қабынуға қарсы дәрі ретінде сынауға «Химфарм» АҚ-ндажасалды. Жобаның тиімділігі (оның ішінде экономикалық):«Суттиген» дәрілік формасының капсулада жасалу технологиясы қалдықсыз ресурс үнемдеу технологиясын пайдалан отырып іске асады –көмірқышқыл экстракциясымен сұйытылған, түпкілікті өнімнің шығуын 15-20 %-ға ұлғайтуы, жоғары экономикалық тиімділігімен ерекшеленуі сапасы мен бағасы бойынша препараттың бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз етеді (қаптамасы 240 тенгеден).

5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Адамтамыр-дала цистанхэсі қазақстандық өнімінің шығуы». Автор проекта: Сарсенбаев К.Н. Жүзеге асырудың жай-күйі:Цистанхэ – жергілікті флора өсімдігінің белсенді қосындысының физиологиялық негізінде өнімнің жаңа түрін жасау жобаның жаңашылдығына қатысты. Оның құрамында цистанхэден бөлек 14

шөп бар. С.F.T. сергітетін дәрінің құрамында 15 шөптің түрі бар. Қаптамада 240 дәрі бар, жалпы салмағы 600 грамм. Пайыздық арақатынаста жалпы қоспа құрамының 3 % ғана цистанхэ болып келеді. Жобаның тиімділігі (оның ішінде экономикалық):Этанол мөлшері бойынша біздің тұнбамыз 70%, жапон бальзамының қауттылығы 40 % болғанынан ерекшеленеді. Крем, сусабын құрамы бойынша физиологиялық белсенді фенилэтаноидтық гликозидтер 10 есе жоғары болады.Қазақ-Британ техникалық университетіҚБТУ Қазақстан ғылымы дамуының бес басымдығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді: елдің зияткерлік әлеуеті, мәшине жасау және энергетика, өмір туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу. ҚБТУ құрылымында Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрхимия институты, Ә.Б.Бектұров атындағы Химия институты, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты, сондай-ақ нанотехнологиялар зертханасы, «Болашақты материалдар мен технологиялар» сынақ зертханасы, Байқау зертханасы, Коллоидтік және мұнай кәсіпшіліктік химияның ғылыми-зерттеу зертханасы (бұдан әрі – ҒЗЗ), мұнай-газ мәшине жасау және құбыр жүргізу көлігінің ғылыми-зерттеу орталығы, «Мұнай-газ саласындағы технологиялық үдерістерді математикалық модельдеу» ҒЗЗ, «Бағдарламалық жасақтама және суперкомпьютерлік технологиялар» ҒЗЗ жұмыс істейді. 2014 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 900 млн. тг. құрады, оның ішінде 150 млн. тг. – бюджеттен тыс.2014 ж. шетел журналдарында 349 ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде 74 – жоғары рейтингті журналдарда. Алынған патенттер мен алдын ала патенттер саны – 6.Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «KBTUMetallum» ЖШС темір негізді өздігінен флюстелелетін ұнтақты қалытқылы материалдың тәжірибелік өндірісін құрумен айналысады. Жобаның орындалу деңгейі: Мөлшері 1500 кг. ПГ-Ж40 қалытқылы ұнтақ жартылай өнеркәсіптік топтамасының өндірісі “ҚБТУ” АҚ жанындағы өндірістік зертханада жүргізілуде. Одан басқа, уақытша тегін жабдықтар мен құрылғылар пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта қалыпты, қауіпсіз жұмыс және қалытқылы балқымаға қажет қосымшаларды дайындау шараларын

Page 103: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

103

қалыптастыру үшін, техникалық талаптарға сай қауіпсіздік шараларын есепке ала отырып жабдықтарды монтаждау және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жүзеге асу орны: «Казтемиртранс» АҚ жөндеу кәсіпорны, «ҚамқорМенеджмент» ЖШС, «Пассажирский перевозки» АҚ, «Богатырь Транс» ЖШС, «Ремплазма» ЖШС.

2) «KBTUSPECIALISMOBILE» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ100 м3 ден 1000 м3 көлемге дейін түсті және қара мұнай өнімдері ыдыстарындағы шөгінділерді тазарту технологияларын жасауға бағытталған. Жобаның орындалу деңгейі: Технологияны өткізу екі жолмен жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Бірінші – ұсынылған қондырғы көмегімен тазарту, жинау, мұнай өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану бойынша кешенді қызметтер атқаратын технологиялық компанияны жасау. Екінші – қондырғыны сату. Ыдыс көлемдері үлкен, жылына екі рет тазартуды қажет ететін жекеше компаниялар осы технологияны алуға қызығушылық тудырып отыр.

3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Темір жолдардың жылжымалы құрамының жауапты тораптары мен бөлшектерін оңалтуға арналған жаңа қорытпа әзірлеу».Жобаның іске асырылу жай-күйі: Тәжірибелік өндіріс жасалды. Технологияны жөндеу кәсіпорындарына тәжірибеге енгізілді («АВЗ» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Қамкор Менеджмент» ЖШС, «РЕМПЛАЗМА» ЖШС, «Богатырь ТРАНС» ЖШС кәсіпорындарында материалды сынақтан өткізу актілері бар).Жобаның тиімділігі (соның ішінде экономикалық тиімділік): Энергия шығынын 120 кВт/сағат орнына 30 кВт/сағатқа азайту; 1000 м2 орнына өндірістік алаңының 200 м2 қажеттілігі; өзіндік құнды 40-60%-ға азайту (никельді темірмен ауыстыру нәтижесінде). Темір негізіндегі 1 кг балқыту ұнтағының құны – 45 $, қолданыстағы никель негізінегі 1 кг ұнтақтың құны – 60 $.

4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Өнеркәсіптік тұрғын суды әлсіздисперсті механикалық қоспалардан тазарту технологиясы»Жобаның іске асырылу жай-күйі: Өнеркәсіптік тұрғын суды тазарту үдерісінің технологиялық сұлбасы жасалды. Өнеркәсіптік тұрғын суды тазарту үдерістерінің технологиялық регламенті әзірленді. Зертханалық сынақтарды ірілендіру табысты жүргізілді. Жобаның тиімділігі (соның ішінде экономикалық тиімділік): Белгілі әдістермен

салыстырғанда, тұрғын суды тазарту технологиясы суды тазарту дәрежесін 3-11%-ға арттыруға, реагенттер шығынын 5-8 есе азайтуға және тазарту процесін 1,5-3 есе тездетуге мүмкіндік береді.

5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Экономиканың негізгі салалары үшін плазмалық және иондық-сәулелік технологиялар негізінде наноматериалдар мен қорыпталар әзірлеу және жасау».Жобаның іске асырылу жай-күйі: Қазіргі кезде тәжірибелік үлгіні даярлау бойынша технологиялық желі 82%-ға дайын. Бұл технология «Онлайн ЭКСПО-2017» республикалық конкурсына қатысып, ең үздік жобалар арасында бірінші орынды жеңіп алды.Жобаның тиімділігі (соның ішінде экономикалық тиімділік): екіжақты күн батареялары 32 % ПӘК ие, 1 Вт өзіндік құны 0,8 $, 1 м2 қуаты – 165 Вт, 50 жыл бойы жұмыс істейді.

6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Ұялы көпқұрауышты роботтехникалық жүйелерді интеллектуалды дербес басқару технологияларын әзірлеу». Жобаның іске асырылу жай-күйі: Өнеркәсіптік прототипі жасалды, сынақтан өткізу актілері бар. Жобаның тиімділігі (соның ішінде экономикалық тиімділік): Роботтарды дербес басқару технологияларынтау-кен кәсіпорындарында, уран өндіру және қайта өңдеу секторында пайдалануға болады. Энергия шығыны өте аз. Дербес роботтардың фукнционалдық сипаттамаларын жақсартуға арналған бағдарламалық қамтаманы пайдалану шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде функционалдыматериалдардың онша қымбат емес құрауыштарымен және бөлшектерімен жұмыс істеуге септігін тигізеді.

7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «CUDA және Open-CL құрылысын пайдалану арқылы мұнай-газ кен орындарын геолого-гидродинамикалық модельдеуге арналған жаңа параллельді бағдарлама кешенін жасау». Жобаның іске асырылу жай-күйі: Аяқталу кезеңі. Коммерциялық бағдарламалық өнім дайындалды. Жобаның тиімділігі (соның ішінде экономикалық тиімділік): Ұңғымалар дебитінің артуын сапалы болжау; ұңғымалардың кенжар алдындағы аймағын қышқылдық өңдеу технологиясын жете модельдеу. Аталмыш бағдарламалық өнімнің құны соған барабар өнімдерден (аналогтардан, мысалы, STIMPT және т.б.) 2-3 есе арзан болып келеді. Әртүрлі

Page 104: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

104

нұсқаларды есепке алғанда тез әрекет етуі 15-20 % құрайды. Д.В. Сокольский атындағы организалық катализ және электрохимия институтының перспективалы инновациялық жобалары

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Мұнайгаз саласында пайдаланылатын техникалық күкірт, жаңа катализаторлар мен химиялық реагенттерден флотореагенттерді алу технологиясын жасап, өндіріске енгізу». Жобаның орындалу деңгейі: электрөткізгіш күкіртқұрамды композиционды электрод жасаудың әлемде теңдесі жоқ, ғылыми жаңа тәсіл әзірлемесі жасалып, енгізілуге ұсынылды. Жасалған тәсілдердің жаңашылдық сипаты Қазақстан Республикасының бірқатар алғы патенттерімен және инновациялық патенттерімен қорғалған. Кесекті күкірт-графит электродтары пайдаланылатын іріленген зертханалық құрылғылар жасалып, оларда ұсынылған технология бойынша сульфид пен полисульфидтің электрохимиялық синтезі бойынша сынақ жүргізілді.

2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай жылыту пештері мен автокөлік құралдарындағы улы газ шығарылымдарын бейтараптандырушылар». Жобаның орындалу деңгейі: мұнай мен суды жылытатын 8 пеште оң нәтижелер алынып, солардың негізінде келешекте мұнайды катализаторлармен жылыту пештерін жабдықтау жоспарланды. Газдардың тазартылу дәрежесі: СО көміртегі оксиді бойынша 90-100%, көмірсутек СНх бойынша 80-100%, азот оксиді NOх бойынша 80-100%. Жоба 2014 жылы енгізілді.А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының перспективалы инновациялық жобалары

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Мұнай химия өндірістік кәсірорындарын айналмалы сумен қамсыздандыру». Жобаның орындалу деңгейі: ионалмастырғыш полимерлер алудың перспективалы әдістері жасалып, солардың негізінде айналмалы сумен қамсыздандыру мақсатында мұнай химия өндірісінің өнеркәсіптік ағынсуларын тазартуға мүмкіндік беретін экологиялық таза сорбционды және мембраналы технологиялар әзірленді.

2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Гумат құрамды композициондық материалдар негізінде энергия жинақтаушы қоспаларды пайдалана отырып, мазуттанған топырақты іске

асыру». Жобаның орындалу деңгейі: келесі нәтижелерге қол жеткізілді: «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ аумағындағы ГУ-57 полигонында 50,0 мың тонна мазуттанған топырақты іске асыру бойынша өндірістік сынақтар жүргізілді. Мазутталған топырақты өңдеу бойынша қуаттылығы 20т/сағ. 2 кешен құрастырылып, пайдалануға берілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде қауіптілігі жағынан 3-классқа жататын улы қалдық – мазуттанған топырақ қауіпсіз тауар өніміне – 4-класс қауіптілігіне көшірілді. Техникалық құжаттар (технологиялық регламент, жұмыс жобасы, жүзеге асырылған экологиялық мониторинг (ҚОӘБ – қоршаған ортаға әсерін бақылау) жасалып, бекітілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3500 дана әртүрлі формадағы тротуар тақтасы жасалды.М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетіМ.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан ғылымы дамуының бес басымдығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді: елдің зияткерлік әлеуеті, мәшине жасау және энергетика, өмір туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу. 2014 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 477.33 млн. тг. құрады, оның ішінде 13.035 млн. тг. – бюджеттен тыс.2014 ж. шетел журналдарында 343 ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде 113 – жоғары рейтингті журналдарда. Алынған патенттер мен алдын ала патенттер саны – 40.Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:Инновациялық жоба: «Фосфорлық және домналық қож негізіндегі сілтілі цементтен бетон өндіру технологиясын әзірлеу». Жобаның іске асырылу жай-күйі: зерттеу нәтижелері негізінде сілтілі цементтер мен бетондар құрамы және өндіру технологиясы әзірленді; техногендік қалдықтарды пайдаға асыруға мүмкіндік беретін нормативті-техникалық құжаттар дайындалды. Фосфорлық және домналық қож үйінділерінен сілтілі цементтер мен бетондардың тәжірибелі-өнеркәсіптік партиясын шығару. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің перспективалы инновациялық жобаларыҚарМТУ Қазақстан ғылымының даму басымдықтары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді: елдің зияткерлік әлеуеті, энергетика және машина жасау, өмір туралы ғылым, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат

Page 105: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

105

пен өнімді қайта өңдеу.2014 жылы ҒЗТКЖ қаржыландырудың жалпы көлемі – 1254,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде бюджеттен тыс – 833,8 млн.теңге.2014 жылы журналдарда 380 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде Thomson Reuters және Scopus халықаралық базасына енгізілген рейтингісі жоғары журналдарда жарық көргені – 40, сол сияқты 40 ҚР инновациялық патенті және 5 РФ патенті алынды.

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Қазақстанның кен өндіру кәсіпорындары үшін теориялық және қолданбалы геомеханика мәселелерінің кең спектрін шешуге арналған біріктірілген ақпараттық жүйе әзірлеу”. Жобаның орындалу деңгейі: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД Күзембаев атындағы шахтаның берген кен-геологиялық деректерінің негізінде деректер базасы әзірленді, әр түрлі беріктік критерийлерін қолданумен массив ҚҚС-ын есептеу модулі және кен жыныстарының ұзақ мерзімдігі арқылы қазбалар төзімділігін бағалау модулі есептелді. Әзірленген бұл бағдарлама “Жәйрем КБК” АҚ-да және “АрселорМиттал Теміртау” АҚ КД-де сыналды. «МШРКИ» ИПСЗ-ның зертханалық жағдайында жүйенің программалық қамтамасыз етуіне сынау жүргізілді. Әзірленген “GIS Mechanic” АЖ “АрселорМиттал Теміртау” АҚ КД және “Жәйрем КБК” АҚ кәсіпорындарына енгізілді.

2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Жылумен қамтитын мегаполис кешендерінің қызмет етуін оңтайландырудың иерархиялық ақпараттық-басқару технологияларын зерттеу және әзірлеу”. Жобаның орындалу деңгейі: Енгізу дәрежесі қазіргі таңда Астаны қ., Қарағанды қ., Шахтинск қ., Семей қ. Жылумен қамту кешендеріне енгізілген ТГИД-05, GID2005kz ақпараттық-графикалық жүйелерінің көмегімен жылу желілерінің жылу гидравликалық режімдерін есептеуге негізделеді. Жылумен қамтитын мегаполис кешендеріндегі сорапты станциялардың сорапты агрегаттарының жиіліктік-басқарылатын электр жетегінің стенд-имитатор ТКМ программалық аналогын құру бағытын жаңғырту үшін жасалды және дайындалды. ШЖҚЖ АГЖ мен SCADA жүйесі арқылы ЖМК бақарушы органдарын жедел бақылау, мониторинг және басқару жүйесі әзірленді. ЖМЖ өндірістік қызметтер білімін эвристикалық оқыту мен бақылау жүйесі әзірленді. ТГИД-05 ақпараттық-графикалық жүйесін “Астана-Теплотранзит” АҚ-на(Астана қ.), “ТеплокоммунЭнерго” МКК-на (Семей қ.) енгізу

акті. ҒЗЖ-ын “Караганда Энергоцентр” ЖШС-не енгізу акті, 2014ж.

3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Галлуазитті нанотүтіктерді қолдану арқылы металдардың коррозиялық төзімділігін арттыру”. Жобаның орындалу деңгейі: «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС-мен өзара қарым-қатынас орнату тиімділігі: галлуазитты қолдану арқылы коррозияға қарсы затпен жағылған гидросорап тетіктерінің металл бөліктері агрессияшыл ортаға (суға, күкірт қышқылы мен тұзды қышқылдарға және т.с.с.) анағұрлым тиімді қарсы тұра алады. Коррозияға қарсы жабынның құрамы және оны металл бұйымдарға жағу тәсілі әзірленді. Сынау жұмыстары жүргізілді және коррозияға қарсы жабынды жабын жасау мен оны шойын балқытқышты суытқан кезде қолданылатын «Колесо рабочее» гидросорабының тетігіне жағу технологиясы енгізілді. Гидросораптың жұмыс қабілеттілігі 2 есеге артты. 04.01.2014 жылғы галлуазитті нанотүтіктерді қолдану арқылы металл беттерді жабуға арналған қоспаны жасау технологиясын енгізу акті, «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС.

4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Даярлау қазбаларын анкерлік бекіту парамтерлерін есептеуге арналған ақпараттық технологияларды жасау бойынша ғылыми-техникалық базис әзірлеу”. Жобаның орындалу деңгейі: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД-мен өзара қарым-қатынас жасау тиімділігі: кен жыныстарының әлсіреу аймағындағы алу қазбаларын сенімді күтіп ұстау қамтамасыз етілді.17.12..2013 жылғы “Қарағанды бассейні шахталарында анкерлі бекітпені есептеу мен қолдану жөніндегі нұсқаулыққа” қосымша енгізу акті: «АМТ» АҚ КД шахталарына арналған “Анкер_S500” автоматтандырылған компьютерлік бағдарламасы. Конструкторлық құжаттама әзірленді, бекіту құралдарының үлгілері мен өнеркісіптік партиялары жасалды.

5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Ресурс сақтау технологияларын ескерумен механикаландырылған бекітпелердің жобалық және циклдық беріктігін бағалауға арналған өндірістік үдерістерді автоматтандырылған жобалау жүйелерінің математикалық модельдері”. Жобаның орындалу деңгейі: Базаларды іздеу мен базалар жиынтығын құруды модельдеу әдістемесі әзірленді. Модельдеу нәтижелері тестіленді және олардың сенімділігі бағаланды.

Page 106: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

106

Механикаландырылған бекітпелердің гидро тіреулерінің жұмыс ресурсын арттыру және олардың металл сыйымдылығын қысқарту бойынша шаралар ұсынылды. 27.08.2014 жылғы “Қарағанды машина жасау консорциумы” ЖШС жағдайында тестілеу нәтижелерінің акті. 12.09.2014 жылғы және 19.09.2014 жылғы “Болат” ЖШС мен “Қарағанды машина жасау консорциумы” ЖШС жағдайында тау-кен шахталық жабдықтың конструктивтік және технологиялық параметрлерін негізді таңдау жөніндегі ұсыныстарды енгізу актілері.

6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Детерминдендірілген хаос негізінде тараған желілердегі ақпаратты қорғау жүйелерін әзірлеу”. Жобаның орындалу деңгейі: ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесін сүйемелдеу үдерісінің моделі әзірленді. Криптожүйелердің негізгі типтеріне зерттеу жүргізілді; криптожүйелерді құру талаптары мен критерийлері жасалды; жаңа криптогрaфиялық әдіс ұсынылды; мәтіндік және графикалық ақпаратты түрлендірудің криптогрaфиялық aлгоритмдері мен цифрлық модельдері әзірленді. Жоба аясында әзірленген «Бейберекет бейнелеуді қолдану арқылы мәтіндік және графикалық ақпаратты шифрлау мен қалыпқа келтіру жүйесі» атты қолданбалы программалар пакеті «Сириус» ПКФ (Қарағанды қ.) ұйымының корпоративтік желісіндегі ақпаратты кешенді қорғау жұйесінің құрамында қолданылады. 10.10.2014 жылғы № 120814 енгізу акті.

7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Құрамында күкірт және фосфор бар жаңа реагенттерді қолдану арқылы сульфидті мыс рудаларын флотациялау тиімділігін арттыру”. Жобаның орындалу деңгейі: Құрамында күкірт және фосфор бар реагенттердің мыс минералдарының бетіне тигізетін әсерін негіздеу. Мыс рудасын ашық циклда флотациялау. SS пен РS реагенттерін қолдану арқылы сульфидті мыс рудасын тұйық циклда флотациялау. 2014 жылдың қазанында Балқаш байыту фабрикасында жүргізілген ірі зертханалық тәжірибелер.

8) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: “Металды техногенді шикізаттан алу технологияларын және техникалық құралдар кешенін әзірелу”. Жобаның орындалу деңгейі: металды техногенді шикізаттан бөліп алу бойынша МП-4 планетарлық әрекеттегі жартылай өнеркәсіптік диірмен дайындалған техникалық құжаттама әзірленді. Экологиялық таза технологияда руда

шикізатынан алынған қождан кемінде 95% металл бөлінеді. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және “АМТ” АҚ КД материалдары бойынша зертханалық зерттеу деңгейі. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің перспективалы инновациялық жобалары Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ Қазақстан ғылымының даму басымдықтары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді: елдің зияткерлік әлеуеті, энергетика және машина жасау, өмір туралы ғылым, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу.Университеттің ғылыми инфрақұрылымында 7 ғылыми-зерттеу институты, 6 ғылыми орталық және 14 ғылыми зертхана, олардың қатарында инженерлік бейіндегі «Зерттеудің физика-химиялық әдістері» республикалық зертханасы жұмыс істейді. 2014 жылы қаржыландырудың жалпы көлемі – 335,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде бюджеттен тыс – 25,8 млн.теңге.2014 жылы шетелдік журналдарда 370 ғылыми еңбек жарияланды, олардың қатарында рейтингісі жоғары журналдарда жарық көргені – 92 (Thomson Reuters – 37, Scopus -12, РАҒО-43). Есептік жылы ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетіне ҚР инновациялық патентін алу үшін 10 өтінім ұсынылды. Қазіргі кезде 4 патент және ҚР инновациялық патентін беру туралы 3 қорытынды бар. Төменде өндіріске енгізілетін перспективалық жобалар көрсетіліп отыр:

1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Орталық Қазақстан кәсіпорындарындағы қожхимия өндірісінің қалдықтарынан – таскөмір шайырларынан жол битумын алудың технологиялық желілерін енгізу». Іске асыру жағдайы: Қуаттылығы тәулігіне 10 тонна болатын тәжірибелік-өндірістік телім құрылысы аяқталды. Ұсынылатын өнімнің әр тоннасының өзіндік құны орта есеппен алғанда 50-60 мың теңге. Жобаның тиімділігі: Бұл технологияны пайдалану нәтижесінде түпкі өнімдерді шығару артып, бұрын қордаланып қалған үйінділерді кәдеге асыру көлемі ұлғаяды да, ол қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге және экономикалық тиімділіктің артуына ықпал етеді.

2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Кәсіпорындарда ақаба суларды тазартатын және жұмсартатын автоматтандырылған тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы». Іске асыру жағдайы: жоба енгізу сатысында тұр. Әр түрлі кәсіпорындардың

Page 107: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

107

суларында технологиялық сұлбаның жұмысына зертханалық сынақ жүргізілді: Майқұдық құс фабрикасының суы, автомашиналарды жуғаннан кейінгі су, шахтылық ақаба су, «АрселорМиттал» тұндырғысынан кейінгі су және т.б. Жобаның тиімділігі: Қондырғының жасалуы қарапайым, тапшы материалдар қажет емес. Ұсынылып отырған тазарту сұлбасының әмбебаптығы құрамында көп мөлшерде жүзінділер бар суды да, сол сияқты құрамында мұнай және май өнімдерінің эмульсиясы бар суды да тазартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарда тұщы суды үнемдеуді қамтамасыз ететін бұл тазарту қондырғысын жасау оны қолжетімді етеді, қосымша жұмыс орындары ашылады, шағын кәсіпорындарға өндірістік мұқтаждықтары үшін суды тазарту мүмкіндігін береді. Жобаға қазақстандық тараптың қатысы шамамен 60%-ды құрайды.

3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Қазақстанның құрылыс индустриясына арналған жаңа «өздігінен нивелирленетін құйма едендер» өндірісі».Іске асыру жағдайы: Жоба енгізу сатысында тұр. Қабаттың қалыңдығы 1- 60 мм аралығында (жоғары сапа көрсеткіші), езіндінің жайылуы және төзімділігі жақсы, негізге жабысуы және сығуға беріктігі жоғары, шығын көлемі аз, беріктік қалпына тез келеді. Құны төмен. Қазақстанда мұндай техникалық деректері бар өнімдер шығарылмайды. Жобаның тиімділігі: Бір ай ішінде сатылған 300 тонна дайын өнімнен түсетін таза пайда 3680000 теңгені құрайды. Бір маусым аралығындағы қажеттілік орташа алғанда 4000 тонна. Жобаға 100 % қазақстандық тарап қатысады. Өнімнің 25 кг-ы 1200 теңге тұрады.

4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Дәннің ылғалдығын анықтау және зиян газдарды анықтау үшін құралдар даярлау». Іске асыру жағдайы: Жоба енгізу сатысында тұр. Техникалық шешімдер бөлігіне ҚР патенттері бар. Қазіргі таңда ҚР ұлттық ведомствосына нанокеуек қыш синтезіне және астық ылғалдылығын өлшейтін аспапқа патент алу үшін 2 өтінім беру жоспарланып отыр. Жобаның тиімділігі: Жұмыс орындары ашылады, отандық шикізат пайдаланылады, техникалық және метрологиялық қызмет көрсету мүмкіндігі. Аспаптың бір данасының құны бәсекелестерден төмен.

5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: «Конвейерлік өлшеу кешенінің жаңа түрін жасау және шағын топтап өндіру». Іске асыру жағдайы: Жоба енгізу сатысында. Заманауи жүйелі және құрылымдық

талдау әдістерінің, ақпараттық құрылғылар мен жүйелер теориясының негізінде өлшеу дәлдігі жоғары және қызмет көрсету ауқымы кең сусымалы материалдарды өлшеуге арналған конвейерлік өлшеу құрылғысы және автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйесі жасалады. Жобаның тиімділігі: Жұмыс орындары ашылады, бір данасының құны бәсекелестерден төмен. Әзірленетін жүйеде температураны сандық жартылай өткізгіш сезгілер қолданылады, олар мөлшерлеуді және байланыс желілерін көп мөлшерде қажет етпейді, демек, кабельдер де керек емес. Сезгілерден берілетін сандық белгі байланыс желісі бойынша берілгенде бұрмаланбайды, сондықтан кедергіден қорғалу және өндірімділік, кешеннің өлшеу дәлдігі артады. «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» Акционерлік қоғамы»«Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» Акционерлік қоғамы (әрі қарай-«Фитохимия» холдингі) химиялық, фармакологиялық, биологиялық және фармацевтикалық бейіндегі 12 ғылыми-зерттеу бөлімшесін қамтитын жетекші ғылыми-зерттеу кешені болып табылады. «Фитохимия» холдингісінде қолданбалы әзірлемелерді қоса алғанда, іргелі зерттеулерден бастап, ғылымды қажетсінетін технологияларды өндіріске енгізуге дейін өтпелі ғылыми-техникалық зерттеу принципі жүзеге асырылады. «Фитохимия» ХҒӨХ –і Қазақстан ғылымының даму басымдықтары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді: «Өмір туралы ғылым», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу».ҒЗТКЖ қаржыландырудың жэалпы көлемі 2014 жылы – 733.806 млн.тг. құрады, оның ішінде бюджеттен тыс –13.035 млн.тг.2014 жылы шетелдік журналдарда 60 ғылыми еңбек және 8 республикалық басылымдарда жарияланды, 2 монография жарық көрді, сол сияқты 5 ҚР патенті алынды. Инновациялық жоба: «Дәрі-дәрмектік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологияларын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» 2011-2014 жылдар (О.0570). Іске асыру жағдайы: Фармацевтика нарығына бірегей дәрі-дәрмектерді шығару бойынша маркетингілік зерттеулер жүргізілді. «Атеролид» гиполипидемиялық препаратының субстанциясын, камфора, пиностробин алудың тәжірибелік-өнеркәсіптік регламентін және ортадан тепкіш үлестіру хроматографиясын

Page 108: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

108

қолдану арқылы бозғылт жусанның СО2 – сығындысын қайта өңдеудің кешенді әдісі әзірленді. Филатованың жусан шикізатын, Сиверстің дәріханалық түймедақ пен жусанды кешенді қайта өңдеу регламенттері, «Салсоколлин» қабықшалы таблеткалар», «Атеролид» қабықшалы таблеткалар» препараттарын, көмірқышқылды сығындылар негізінде жақпамайлар шығару, «Эферол, спрей», «КМ-Сеннофит» сана сығындысы қосылған суппозиторийлерін және терек сығындысы қосылған «КМ-Бальзамикалық» препараттарын шығару регламенттері әзірленді және оңтайландырылды. «Тагансорбент» дәрілік препаратын тәжірибе үшін шығаруда монтмориллониттік шикізатты кешенді қайта өңдеудің технологиялық режімі оңтайландырылды. «Эферол, спрей» препаратына туберкулезге қарсы белсенділікке, жедел және кумулятивтік уыттылыққа, аллергияны қоздыру әсеріне қатысты клиникаға дейін зерттеу жүргізілді. «Арглабин, капсулалар» бірегей дәрілік препаратына иммундық модулятор ретінде клиникалық сынақтар жасалды. Адам медуллобластомасы клоногенді жасушаларының «Арглабин» ісікке қарсы препаратына сезімталдығы алғаш рет зерттелді. Уақытша талдамалық нормативтік құжаттар, валидациялар мен қолданыстағы заттардың мөлшерін анықтау әдістемесі, жаңа дәрі-дәрмек түрлеріне сапа спецификасы әзірленді. Жобаның тиімділігі (оның ішінде экономикалық): «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-інің базасында субстанциялар мен фитопрепараттардың дәрілік түрлерін шығаруға 5 зертханалық және 6 тәжірибелік-өнеркәсіптік регламенттер әзірленіп, бекітілді және енгізілді. Астана медициналық университеті (АМУ)-2014)2014 жылы белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілген АМУ ғылыми бағыттары ағзаның жұмыс істеуі тарапынан қандай да бір бұзылушылықтардың алдын алу және алдын ала анықтау (профилактика, реабилитация), сонымен қатар қоршаған ортадағы шұғыл жағдайлар туралы (экология, радиациядан қорғаныс) хабардар ету әдістері бойынша әзірленімдер болып табылады.

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: Иондаушы сәулеленудің шағын мөлшерінің ықпалына ұшыраған адамдардағы радиациялық генез қабынуын алдын ала жорамалдаған кезде invitro антигенінің қатысуы арқылы ынталандырылған лейкергия әсерінің

спецификалылығын анықтау тәсілі. Іске асыру жағдайы: тестіден өткізілген. № 28484 инновациялық патенті алынды, тіркелген күні 26.06.2012ж. Жобаның тиімділігі: қабыну дамуының қаупін және иондаушы сәулеленуге ұшыраған адамдарды бастапқы кезеңдерде диагностикалаудың жаңа тәсілі. Қабыну дамуын және сол арқылы еңбекке жарамды тұрғындардың мүгедектігін алдын ала ескертуге мүмкіндік береді.

2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: Жоғары мектептердегі оқытушылардың ойлау қабілетіне кәсіби күйзелістің ықпалыІске асыру жағдайы: № 389 авторлық жөніндегі куәлік алынды, тіркелген күні 20.03.2014. Жобаның тиімділігі: ЖОО қызметкерлерінде психо-эмоциялық бұзылушылықтар дамуының алдын алуға мүмкіндік беретін кәсіби қызметтегі күйзелістің даму қаупін бағалау тәсілі.

3. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: Нефроптоз кезіндегі кинезиемдеуІске асыру жағдайы: № 1084 авторлық жөніндегі куәлік алынды, тіркелген күні 24.12.2014. Жобаның тиімділігі:Нефроптоз коррекциясының отасыз әдісі. 4.Инновациялық жоба: портативті кешенді және ақпараттық деректер қорын пайдаланумен жұмыс орындары мен қоршаған ортаны радиациялық бақылаудың ақпаратын беру әдісіІске асыру жағдайы: № 1462 авторлық туралы куәлік алынды, тіркеу датасы 22.07.2015. Жобаның тиімділігі: сапалы байланыс болмаған кезде шұғыл жағдайда сол жағдай туралы жедел объективті талдау үшін дала жағдайында ақпарат жинау жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Page 109: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

109

9. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

(ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту бойынша)

Қазақстан–2050 Стратегиясының басты міндеті – 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін ғылымды қажет ететін экономика құру және экономиканың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің ғылыми әлеуеті мен ұлттық инновациялық жүйені дамыту тұрақты экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Дамыған елдерде, экономикалық белсенді халық санының ішіндегі зерттеушілердің үлесі 1%-ды құрайды, ал Қазақстанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 0,3%-ды құрады.2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығын 66,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 47,9 млрд. теңге – мемлекеттік бюджеттен. 2013 жылмен салыстырғанда, қаржыландыру 7,6%-ға артқан, ал 2010 жылмен салыстырғанда – 2 еседен аса.392 ғылыми ұйымдар жұмыс істейді, онда 25,7 мың қызметкер еңбек етуде. Жастардың ғылымға ағылып келуі артты. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38 %-ға (1,4 есеге), 45 жасқа дейінгі ғалымдар – 56%-ға артты.2015 жылдан бастап мөлшері 6 есеге артып, 18 млн теңгені құраған ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық, сондай-ақ Министрліктің 6 атаулы сыйлығы, 50 жас ғалымдар мен 25 аса көрнекті ғалымдарға белгіленген мемлекеттік ғылыми стипендиялар ғалымдардың сапалы ғылыми өнімділігін айтарлықтай ынталандырып отыр. Барлық ғалымдар үшін әлемдік ақпараттық ресурстарға ұдайы қолжетімділік қамтамасыз етілген – аса ірі шетелдік компаниялармен және Thomson Reuters, Springer, Elsevier баспаларымен лицензиялар мен келісімдерге қол қойылған. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық рейтингтік басылымдарда жарияланымдылық белсенділігі айтарлықтай арта түсуде. 2014 жылы импакт-факторы жоғары халықаралық журналдарда 2 784 ғылыми мақалалар жарияланып, 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге (894) артты.2014 жылы гранттық қаржыландыру бойынша 1527 жоба және бағдарламалық мақсатты қаржыландыру бойынша 45 ғылыми-техникалық бағдарлама аяқталды. 1527 ғылыми жобаның 927-сі іргелі зерттеулерге,

600-і – қолданбалы зерттеулерге арналды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, 1405 қорғау құжаттары (патенттер мен предпатенттер) алынды, 118 жобаның нәтижелері нақты өндіріске енгізілді. «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында Дүниежүзілік банкпен бірлесе 65 ғылыми жоба іске асырылуда, Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркінің базасында интеллектуалдық кластерлер құрылуда. Солай бола тұрса да, ғылым мен білімнің арасындағы алшақтық сақталып отыр, соның салдарынан ғылыми нәтижелер білім саласында жинақталмауда. Ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы өте төмен деңгейде қалып отыр. Ғылыми кәсіпкерлік нашар дамыған. Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін бизнес қабылдамай отыр және кәсіпорындар өндірістік үдерісте өте аз қолданады. Ғалымдардың өздерінің ғылыми нәтижелерін ықтимал сату нарығы жөніндегі ақпараттық хабардарлығы төмен. Іргелі білімнен оларды тәжірибеде іске асыруға өтуді қамтамасыз етуге қабілетсіздік қоғамдық және экономикалық жағынан алғанда, ғылыми еңбек нәтижелерінің құндылығын айтарлықтай төмендетеді. 45 жасқа дейінгі ғылыми дәрежесі бар кадрлар саны барған сайын азайып барады. Ғылыми дәрежесі бар жас ғылыми кадрлардың уәждемелік және аттестациялық жүйесі нашар дамыған. Тәуелсіз сарапшылық қауымдастықтар ретінде іске тартуға болатын ғылыми қызметкерлердің, инженерлер мен ғалымдардың кәсіби қоғамдары дамымаған. Ғылыми-техникалық қаржыландырудың мемлекеттік басымдықтары көп жағдайда индустрияның қатысуынсыз қалыптасады. Ғылыми зерттеулердің іске асырылуының мониторингтік жүйесі жоқ. Қазақстан үшін халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелерінің бірі – халықаралық ғылыми жобаларды әкімшілдендіру мен бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай оператордың болмауы. Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының мұқтаждықтарын шешуге қабілетті ҒЗТКЖ-ның озық деңгейіне қол жеткізу мақсатында, алдағы уақытта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық

Page 110: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

110

қызметті ұйымдастыру ісін жетілдіру қажет. Бұл үшін келесі бағыттағы жұмыстарды жүргізу керек:

1) ғылым мен технологиялық даму саласындағы стратегиялық жоспарлауды жүйелендіру, нәтижелері еліміздің ғылыми-технологиялық саясатындағы салмақталған шешімдерді қабылдауға нақты негіз болуы тиіс жүйелік және форсайттық зерттеулерді жүргізу, ғылым бойынша ұлттық баяндамаларды дайындау;

2) салалық мемлекеттік органдармен ғылыми ұйымдарға ғылыми зерттеулер мен технологияларға, соның ішінде гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында сұраныс (ғылыми-тәжірибелік міндеттер) қалыптастыру жөніндегі үйлестіруші рөлін жүктей отырып, солар арқылы ғылымның өндіріспен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Мысалы, МИИДБ қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жасау мен жүзеге асырудың және ҚР ИДМ мен БҒМ құзыретіне нақты бөліп беру жолымен оларды коммерцияландырудың тәжірибелік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) шешім қабылдау және мүдделерді қорғау кезінде біліксіздікті болдырмауға мүмкіндік беретін ұлттық ғылыми кеңестердің қалыптасу және жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, ҰҒК мүшелерінің қабылданған шешім үшін жауапкершілігін арттыру қажет;

4) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға сараптама жасау жүйесін жетілдіру;

5) жүргізілетін ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін бағалау мен іске асырылу барысының мониторинг жүйесін және жаңа саясатын әзірлеу;

6) Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы мен ғылым саласындағы өкілетті органның (немесе салалық өкілетті органдардың) басқа да салалық академиялар мен кәсіби ғылыми қауымдастықтармен арадағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің жаңа тәсілдерін дамыту;

7) ғылыми дәрежесі бар ғылыми кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдау, «докторPhD –

қауымдастырылған профессор – профессор» тізбегі бойынша ғылыми кадрлардың уәждемелік және аттестациялық ықпалды жүйесін жөнге келтіру;

8) Мемлекет басшысының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалануды ынталандыруға, жеке кәсіпкерлік нысандардың ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және енгізбелік жұмыстарды қаржыландыру үлесін арттыруға бағытталған ҚР «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңын қабылдау туралы тапсырмасы дер кезінде тапсырылған болып табылады;

9) Зияткерлік-инновациялық кластерлер: Назарбаев Университеті «Астана бизнес кампус» ғылыми паркі және Инновациялық технологиялар паркімен Ұлттық инновациялық жүйені дамытудың өзегі және ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптасырудың негізіне айналады. Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампусында» халықаралық деңгейдегі ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылатын болады. «Астана бизнес кампусты» құрудағы мақсат – инновацияны тудыру (генерациялау) және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылымды қажет ететін шағын және орта бизнесті, еншілес қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, қаржыгерлер мен студенттерді бір жерге шоғырландыру болып табылады;

10) мемлекет саясатын жоспарлау шараларын аппробациялау және алғашқы кездегі қоғамның өзекті мәселелерінің диагностикасы ретінде әлеуметтік-қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырыстың тиімді тетігін пысықтау;

11) 100 нақты қадам «Баршаға ортақ заманауи мемлекет» Ұлт жоспары шеңберінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру бойынша пәнаралық зерттеу бағдарламасын әзірлеу;

12) ғылымды материалдық-техникалық дамыту жөніндегі шараларды қабылдау, яғни 10 базалық ЖОО-ны дамытумен қатар, ұжымдық пайдаланудағы, салалық ҒЗИ-дің, ғылыми парктердің, технопарктердің және басқа

Page 111: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

111

да инновациялық бөлімшелердің 20 ұлттық және инженерлік зертханаларының ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға көңіл бөлу қажет;

13) ғылыми институттар мен орталықтарды Қазақстан ғылымының жаңа міндеттеріне, ғылымның даму қарқыны мен оның әлемдегі тәжірибелік қосымшасына сәйкес, сондай-ақ пәнаралық және мультитәртіптік сипаттағы қолданбалы зерттеулерді ескере отырып, мақсатты түрде жаңғырту;

14) АТК – әлемдік тәжірибені қолдана отырып, отандық ғылым инфрақұрылымын дамытуға айрықша көңіл бөлу, атап айтқанда, мамандандырылған платформаларды қолдана отырып салалық зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық ғылыми ұйымдар мен ғалымдар қосылған суперкомпьютерлер желісін құру. Сондай-ақ тұрақты негізде зерттеушілерді суперкомпьютерлермен жұмыс істеуге және ең жаңа үлгідегі ИТ-аспаптарды пайдалануға үйрету қажет;

15) нанотехнологияларды, биотехнологияларды, ақпараттық технологияларды және когнитивтік ғылымдарды дамыту жөніндегі ықпалды шараларды қабылдау. Әлемде технологиялар конвергенциясы үдерістерінің дамуы жиі байқалуда, жаңа NBIC-конвергенция бағыты туындауда (N — нано; B — био; I — инфо; C — когно). Бұл нано-, био-, когнитивтік және ақпараттық технологиялардың өзара интеграциялық үдерісі;

16) қазақстандық ғылымның іс жүзінде, соның ішінде Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім негізінде шетелдік мемлекеттермен жасалған халықаралық серіктестік ғылыми-техникалық бағдарлама негізінде ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің әлемдік деңгейге шығуын қамтамасыз ету. Қазақстанда ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін табысты шетелдік ғалымдарды, соның ішінде отандастарымызды тарту механизмдерін дамыту;

17) EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатыстыру үшін зерттеулер мен экспонаттардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету.Қабылданған жүйелік шараларды іске асыру үшін ғылымды қаржыландыру құрылымында

едәуір өзгерістер күтіліп отыр. Егер 2014жылы ТКЗ-ге жұмсалған ішкі шығындар жалпы көлемінің 19,1%-ын құраса, бұл ретте іргелі зерттеулерге – 23%, қолданбалы – 57,9% болса, онда болжамдық талдау көрсеткендей, 2030 жылға қарай ТКЗ шығындарын 30,8%-ға (іргелі – 25,4%, қолданбалы – 43,8%), ал ұзақмерзімді болашақта, 2050 жылы – 50%-ға жеткізуге болады. Ғылымды қаржыландырудың жалпы көлемі 2050 жылы ІЖӨ-нің 3%-ын құрайды, бұл ретте бюджеттен тыс қаражаттың үлесі (бизнестің үлесі) 60% және одан да жоғары өсуі тиіс.

Page 112: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

112

10. ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы: Қазақстанжолы – 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ. Астана, 17 қаңтар 2014 ж.

2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары: ҚР Президентінің 1.02.2010 ж. № 922 Жарлығы.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқын Жолдауы: НұрлыЖол – болашаққа бастар жол. Астана,11 қараша 2014 ж.

4. Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы. Астана, 25 мамыр 2015 ж.

5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 7.12.2010ж. №1118 Жарлығы.

6. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 2015ж.

7. Л.М. Гохберг, Г.С. Сагиева. Ресей ғылымы: библиометрикалық индикаторлар // Форсайт. 2007. №1(1). 44-53 б.

8. М.Н. Коцемир. Ресей және әлем ғылымының халықаралық жарияланымдардағы аралық әсер динамикасы. // Форсайт. 2012. Т. 6. № 1. 38-59 б.

9. Тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету: Д.А.Қонаев атындағы ТКІИ еңбектер жинағы, -Алматы, 2012.- Т. 82. – 184 б.

10. Тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету: Д.А.Қонаев атындағыТКІИ еңбектер жинағы, Алматы, 2013. - Т. 84. – 228 б.

11. Тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету: Д.А.Қонаев атындағы ТКІИ еңбектер жинағы, - Алматы, 2014. т.86. – 348 б.

12. «ШҒЗТКМИтүсмет» еңбектер жинағы: «Тау-кен металлургия өндірісі тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми зерттемелер» - Өскемен, 2013. – 173 Ж.

13. А.И. Ананин, Е.Н. Ковтун.Дон тау-кен байыту комбинатының Первомайск кен орнындағы қалау жұмыстарының ресурсты үнемдеу технологиясы // ҚР тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бағдарламасына ШҒЗТКМИтүсметтің үлесі: «ШҒЗТКМИтүсмет» еңбектер жинағы– Өскемен, 2014. – 13-16 б.

14. Түсупбаев Н.К., Сулаквелидзе Н.В., Ержанова Ж.А., Арабаев Р.А., Билялова С.М., Мұқанова А.А., Әкімбаева Н.О. Алтынды кен орындарын флотациялау кезінде тиімді жинауды қолдану // ҚазҰЖҒА хабаршысы. - 2013. - №3 -34-37 б.

15. 15.03.2012 ж. 25568 ҚР инновациялық патенті. Алтын-мышякты шикізатты қайта өңдеу әдісі / Қожахметов С.М., Бектұрғанов Н.С., Квятковский С.А.

16. Храпунов В.Н., Требухов С.А., Марки И.А., Төлеутай Ф.Х., Требухов А.А. Вакуумдық әдіспен күкіртқышқылы өндірісіндегі шламнан селенді алу // Минералды шикізатты кешенді пайдалану.- 2014. - №4.

17. Загородняя А.Н., Абишева З.С., Шарипова А.С., Садықанова С.Э., Сапуков И.А., Аманжолова Л.У. Рений мен осмийді алу үшін айнымалы аммиакты технологиялық ерітінділерін дайындау // Химиялық технология. - 2014. - № 1. - 34-42 б.

18. Загородняя А.Н., Абишева З.С., Шарипова А.С., Садықанова С. Э. Мыс шихтасын қайта өңдеуде металлургиялық газдардан шаюдан қалған қышқыл ағын сулардан аммоний перренатын алу // Минералды шикізатты кешенді пайдалану. - 2014. - № 2. - 57–63 б.

19. Бочевская Е.Г., Абишева З.С., Загородняя А.Н., Айтқалиев Т.Н., Жұмабеков Ж.Ж., Саргелова Э.А. Түрлі реагенттерді қолдану арқылы мыс өндірісіндегі ағын сулардан осмий мен ренийді тұндыру // Минералды шикізатты кешенді пайдалану. - 2014. - № 1. - С.15–20.

20. Бочевская Е.Г., Загородняя А.Н., Абишева З.С., Айтқалиев Т.Н., Жұмабеков Ж.Ж. Мыс өндірісіндегі ағын сулардан осмийді сорбциялық жолмен алу // Минералды шикізатты кешенді пайдалану. - 2014. - № 2. - 44–50 б.

21. Бектұрғанов Н.С., Мылтықбаева Л.А., Абдулвалиев Р.А., Тастанов Е.А. Қазақстанда жаңа глинозем өндірісін құру / Минералды шикізатты кешенді пайдалану2014. № 2. 12-14 б.

Page 113: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

113

22. Е.А. Тастанов, Р.А. Абдулвалиев, С.В. Гладышев, К.О. Бейсембекова, Л.А. Мылтықбаева. Қазақстандағы глинозем өндірісінің шикізатын базасын кеңейту//ҚазҰЖҒА хабаршысы. - 2014. - № 4.

23. Қазақстан Республикасы минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының еңбектері // А.А.Жарменовтың, А.Ж.Терликбаеваның, С.В.Ефремованың редакторлығымен - Алматы, 2013. – 656 б.

24. Zharmenov A.A., Ushakov N.N., Shumskiy V.A. Application of KIVCET process in industrial produc-tion / Proceedings of the 18th International Con-ference on Non-Ferrous Minerals & Metals - 2014. - Nagpur, India, July 11-12, 2014. - P. Int 7/1-7/10.

25. Mekhtiev, A.D.; Tolymbekov, M.J.; Kim, A.V.; et al. Silicon production using long flaming coal and improvement of its quality indicators // Metalurgija. – Volume 53. – Issue 4. – P. 56.

26. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар Секторы, маркетингтік шолу, «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, 2014

27. 1http://www.tcs.com/SiteCollectionDocuments/White-Papers/3rd-Platform-Enabling-Digital-Trans-formation.pdf.».

28. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2014ж.

29. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 2015ж.

30. 2014 жылғы диссертациялық кеңес жұмысының нәтижесі: мәселелер және перспективалар //http://edu.gov.kz

31. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2014ж.

32. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 2015ж.

33. http://www.rdmag.com/articles/2012/12/asia-drives-growth-2013-global-r-d12

34. 70. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы 2011 жыл 18 ақпан N 407-IV

35. Қазақстан Республикасының негізгі қорлары // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2013ж.

36. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2011ж.

37. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2012ж.

38. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2013ж.

39. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы 2013ж. // Стат. бюлл. - Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2013 ж.

40. «Ғылым мен технологиялар саласындағы жүйелік талдау және болжау» жобасы «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Астана. - 2014.

Page 114: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

114

11.ГЛОССАРИЙ

АККРЕЦИЯ – процесс падения вещества на космическое тело из окружающего пространства.

АККРЕЦИЯ – қоршаған кеңестіктен дүниелік нәрсеге зат түсу үдерісі.

АМНИОИНФУЗИЯ–амниоцентез арқылы УДЗ бақылауымен амнион қуысына дәрі-дәрмекті енгізу.

АНТИГРАВИТАЦИЯ - гравитациялық итерумен гравитациялық тартылысты толық өшіргенше дейін немесе түге арттырғанша дейін қарсы әрекет .

ГБЯ – галактиканың белсенді ядролары.

ДЕКРЕКТЕР БАНКІ – бір немесе бірнеше деректер қорларынан және оларда ақпаратты сақтау, өңдеу және іздеу жүйесінен тұратын автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі (ГОСТ 7.73-96).

БАРОТРОПТЫҚ–тек бір параметрден сұйықтықтағы тығыздықтықтың таратылуы тәуелділігі.

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СІЛТЕМЕ – құжатты сәйкестендіруге және іздеуге қажетті айтылған, қарастырылатын немесе аталған құжат туралы библиографиялық мәліметтер жиынтығы.

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАУ – құжатты біркелкі сәйкестендіретін және құжат авторының аты-жөнін, оның атауын, шығыс деректерден және кейбір басқа мәліметтерден (көлем, тіл және т.б.) міндетті түрде тұратын библиографиялық мәліметтер жиынтығы

БИБЛИОМЕТРИЯ – ғылыми құжаттар ағынын зерделеудің сандық әдістер кешені.

БРАНА – орналасқан кеңестіктің бір қалыптылығы небәрі азырақ гипотетикалық көп шамалы физикалық нысан.

ГАЛАКТИКА – жұлдыздар және жұлдыздар шоғырынан, жұлдыздар арасындағы газ бен шан және қара заттан тұратын гравитациялық байланысты жүйе.

ГРАНТ – ғылыми, зерттеу және олардың

өзектілігіне қарай өзге жұмыстар жүргізу үшін арнайы қордан берілетін ақшалай жәрдемақы, стипендия.

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ (географиялық ақпараттық жүйе, ГАЖ) – кеңістіктік (географиялық) деректерді және қажетті нысандар туралы онымен байланысты ақпаратты жинау, сақтау, талдау және графикалық көру жүйесі.

ГЕОМОРФОЛО́ ГИЯ – географикалық таратудың бедері, сыртқы бейнесі, шыққан тегі, даму тарихы, заманауи қарқыны және заңнамалары туралы ғылым.

ТҮРЛЕНДІРУ – экономикалық тәуекелдерді төмендету мақсатында салымдардың әр түрлі нысандары арасында капиталды бөліп салу.

ДЖЕТ –газағыны.

ЖУРНАЛДЫҢ ИМПАКТ-ФАКТОРЫ – екі өткен жылда осы журналда жарияланған мақалаларға, осы кезеңде журналда жарияланған мақалар санына қарай, ағымдағы жылы журналмен алынған сілтемелердің жалпы көлемінің қатынасы.

ЦИТАТА БЕРУ ИНДЕКСІ– осы жариялымдардың мақала жанындағы тізімдерде көрсетілген және осы сілтемелердің сандық көрсеткіштерін ұсынатын ғылыми жариялымдардың реферативтік деректер қоры.

ЦИТАТА КЕЛТІРУ ИНДЕКСІ – басқа ғалымдар мен мамандардың ғылыми жариялымдарында белгілі уақыт аралығында осы автордың немесе ұжымның еңбегіне сілтемелер саны. Қандай да бір ғалымның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегінің маңыздылық шамасы.

ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ – шикізатты бағытталудан бас тартуға көмектесетін экономика салаларын түрлендіру арқылы тұрақты дамуға жету, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға ауысу үшін жағдайды жасау.

ИННОВАТИКА – ғылыми жетістіктерді инновацияларға қайта құру үдерістерімен басқару ғылымы.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – идеяларды

Page 115: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А 2015

115

жаңа немесе нарықта енгізілген жетілдірілген өнімге ауыстырумен байланысты қызмет түрі.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ – инновациялық жобаларды іске асыру және инновациялық әлеуетті дамытудың жиынтық үдерісі.

ИННОВАЦИЯ – жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер түрінде практикалық іске асыруды алған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызмет нәтижесі.

МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ – мемлекеттің ақпараттық ресурстарының сақталуы және ақпараттық ортадағы қоғамның және жеке тұлғаның заңды құқықтарының қорғалу жағдайы .

АҚПАРАТТЫҚ ІЗДЕУ – алдын ала берілген ақпарат белгілерімен белгіленген ақпартты табу, іріктеу және беру үдерісі.

АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР – дұрыс ақпаратты тиімді алу үшін ұйымдастырылған деректер жиынтығы (МЕМСТ 7.0 – 99).

ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ - 1) зияткерлік машиналарды, әсіресе, зияткерлік компьютерлік бағдарламаларды жасау технологиясы және ғылым; 2) адамның ерекше құқы деп дәстүрлі есептелетін зияткерлік жүйелердің шығармашылық функцияларын орындау қасиеті.

КОНВЕРГЕНЦИЯ- (лат. convergo — бір нүктеде қосылу, жақындау) — қосылған тараптарда ұқсас белгілер пайда болуын білдіретін жанасу үдерісі.

КЛАСТЕР (жұлдызды кластер) - гравитация күшімен бір бірімен байланысты жұлдыздар тобы. Жаһандық кластер - бірнеше галактикадан тұратын суперқұрылым.

КОЛЛАПСГРАВИТАЦИЯЛЫҚ - салмақты денені гравитациялық қысу үдерісі.

МЕЗОСФЕРАЛЫҚ БҰЛТТАР – мезосферада Жер үстінен 80-85 км биіктігінде пайда болатын және қарайған кезде көрінетін түнгі жарық беретін бұлттар.

НАНОКОМПОЗИТТЕР – толықтырғыш

ретінде нанобөлшектері бар заттар, немесе жұқа қабыршағымен нанобөлшектер. Нанокомпозиттердің көбінде материалы күйіктас пен металдар негізінде жасалғанына қарамастан полимерлік матрицасы бар.

НАНОҚҰРЫЛЫМДАНДЫРЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР ДЕП «бір өлшемде ең болмаса біреуінде нанометрлік өлшемі бар физикалық немесе химиялық көрінетін құрамдастары бар» материалды есептейді. Белгілі өлшеммен функционалдық байланыстары бар нанобөлшектер жиынтығы (кластерлер, квант нүктелері) наноқұрылымды құрайды.

НАУКОМЕТРИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – сандық түрде ғылым қызметінің әр түрлі аспектілерін ұсынатын жарияланған материалдардан (әсіресе, мерзімділік әдебиеттен, және қолданбалы зерттеулер жағдайында – патенттерден) алынған деректерге негізделетін сандық көрсеткіштер.

НАУКОМЕТРИЯ – ғылыми ақпарат құрылымын, массивтер динамикасын және ағындарын статистикалық зерттеумен айналысатын ғылымтану саласы.

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР – ғылыми-техникалық ақпарат, патенттер, лицензиялар, стандарттау, метрология мен сапаны бақылау, ғылыми-техникалық кеңес беру, енгізу саласындағы қызмет, сондай-ақ ғылыми білімдерді алуға, таратуға және қолдануға көмектесетін оның басқа түрлері.

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ӘУЛЕТ – ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін қоғам, мемлекет иеленетін ғылымды, мүмкіндіктерді және ресурстарды дамыту деңгейінің кешенді сипаттамасы.

АЛҒАШҚЫ НУКЛЕОСИНТЕЗ – Үлкен Жарылыстың стандартты моделінде литийден ауыр емес элементтерді құру.

ТӘЖІРИБЕЛІК-құрылымдық жұмыстар – өнімді жасағанда немесе жаңартқанда орындайтын жұмыстар кешені, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы тәжірибелік үлгілерге әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді және пайдалы модельдерді әзірлеу және сынау.

Page 116: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

116

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А2015

РЕКРЕАЦИЯ – қалыпты көңіл күйін және шаршаған, бірақ дені сау адамның жұмысқа қабілеттігін қайта қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын сауықтыру іс-шараларының кешені.

РЕОЛОГИЯ (грекия. ρέος, «ағын» және-логия) – заттың өзгеруі мен ағылуын зерттейтін физика тарауы.

РЕСВЕРАТРОЛ – бактериялар немесе саңырақұлақтар сияқты паразиттерге қарсы қорғау реакциясы ретінде кейбір өсімдіктермен өндірілетін табиғи фитоалексин.

СУПЕРСАЛМАҚТЫ ҚАРА САҢЫЛАУ – галактиканың ең ортасында орналасқан және миллиондар кейбір кезде миллиард Күн салмағынан тұратын нысан.

ТЕРАЭЛЕКТРОНВОЛЬТ – электронвольт.Фазалық ауысу (фазалық айналу) –сыртқы шарттар өзгерген кезде бір жылудинамикалық фазаның екінші фазасына заттың ауысуы .

ЭКЗОПЛАНЕТА–Күн жүйесі шегінен тыс жұлдыз маңында айналатын күннен тыс планета.

Page 117: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА
Page 118: ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА … g. Natsionalnyy doklad...ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 2015 7 2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА

Ғ Ы Л Ы М Т У РА Л Ы Ұ Л Т Т Ы Қ Б А Я Н Д А М А

2015