23
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЕЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ «Информатика» кафедрасы Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 5В011100-Информатика мамандығы (3-курс) үшін

ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

  • Upload
    others

  • View
    6

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЕЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Информатика» кафедрасы

Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В011100-Информатика мамандығы (3-курс) үшін

Шымкент, 2015 ж.

Page 2: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

5В011100-«Информатика» мамандығының студенттері үшін іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқау. – Шымкент: ОҚМПИ, 2015 - 16 б.

Авторлар: п.ғ.к., аға оқытушы Адылбекова Эльвира Тулепбергеновна

Іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы әдістемелік нұсқау ҚРМЖББС 5.03.005-2009 ж., СТ ОҚМПИ 7.08-2010 негізінде жасалған.

Әдістемелік нұсқауда іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен өткізілуі, жеке тапсырмалар мен есеп беру тәртібі көрсетілген.

«Информатика» кафедрасының мәжілісінде (№1 хаттама, «27» тамыз 2015 ж.) және «Физика-математика» факультетінің кеңес мәжілісінде (№1 хаттама, «27» тамыз 2015 ж.) талқыланып, мақұлданған.

2

Page 3: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

КіріспеКәсiптiк бiлiм беру кадрларды даярлау және кәсiптiк бiлiм

беру жүйесiнiң базалық деңгейi болады әрi бiлiктi кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсiптiк қызметтің барлық негiзгi түрлерi бойынша қызмет көрсету еңбегінiң мамандарын даярлауға бағытталады. Осыған байланысты ЖОО-да 5В011100-информатика мамандығы бойынша оқитын студенттерге педагогикалық іс-тәжірибеден өту олардың оқу жоспарына енгізілген. Кадрларды кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе маңызды рөл атқарады.

Іс-тәжірибенің негізгі мазмұнын студенттің практикалық оқу-тәрбие іс-әрекеттері құрайды. Іс-тәжірибе кезінде мұғалімдерге, мектептің ұжымына университет тарапынан шығармашылық сипатындағы көмек көрсетіледі. Бұл іс-тәжірибе ең алдымен оқу мақсаттары мен кәсіби даярлықтың міндеттерін көздейді. Іс-тәжірибе әр курста студент-практиканттарға әртүрлі міндеттер қояды, құрылым мен мазмұн жағынан да әр курста әртүрлі болады.

Бұл іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізуге байланысты әдістемелік нұсқаулар 5В011100-информатика мамандығында оқитын студенттерге арналған және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының талаптарына сай әзірленген.

Іс-тәжірибені жүргізу орны Іс-тәжірибе студенттің болашақ мамандығы қажет ететін, қазіргі заманға сай техникалық базамен жабдықталған жалпы орта мектептерде, лицейлерде немесе мектеп-гимназияларда өтіледі. Ол мекемелермен алдын-ала іс-тәжірибе басталар уақыттан бұрын институт және мектеп тарапынан 2 жақты келісім-шарт түзіледі.

Іс-тәжірибе өтілетін жерде студентке жұмыс бағдарламасына сәйкес тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін жеке орын бөлінеді.

Іс-тәжірибе барысында студент мектептің барлық талаптары мен ережелеріне бағынып, техника қауіпсіздігі ережесін орындауы қажет.

Іс-тәжірибе мерзімі оқу жоспарына және жылдық оқу кестесіне сәйкес өтіледі.

1 ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІІс-тәжірибенің мақсаты:Студенттің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін тереңдету

және бекіту, алған білімдерін іс-жүзінде, оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын бақылауда және талдауда біліктіліктермен, іскерліктермен қаруландыру; студенттерді психология және педагогика ілімдеріне сүйене отырып - жас және жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету: оқушылардың танымдық іс-әрекетін

3

Page 4: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

белсендіретін әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып математика сабақтарын өткізуге студенттерді дайындау.

Педагогикалық іс-тәжірибе мамандыққа баулитын пәндерді оқыту кезінде алынған білімдерді бекіту мақсатында жүргізіледі. Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – студенттің болашақ мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыру, информатика бойынша білімдері мен біліктіліктерін шыңдау, оқушылармен, педагогикалық ұжыммен жұмыс жасауға үйрену, техникалық құралдарды информатиканы оқытуға қолдануға үйрену.

Іс-тәжірибенің міндеттері:- мекеменің басқару және ұйымдастыру қызметімен және информатика

пәнінің мұғалімінің әдістемелік тәжірибесімен, сынып жетекшісінің жұмыстарымен таныстыру;

- болашақ информатик мұғалімдерді қызметке даярлау;- жалпы ақпараттық мәдениетті қалыптасыру;- студенттердің сынып жетекшілігі қызметін атқара білуге, оқушылар

ұжымымен, сонымен қатар оқушылармен жеке тәрбиелік жұмыстарын жүргізуге үйрету;

- студенттерді оқушылар денсаулығына зейінділікпен қарауға үйрету;- студенттердің педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілікпен қарауға,

педагогикалық пәндерді меңгеруге ұмтылдыру және өздерінің педагогикалық қабілеттерін білім беру міндеттерін шығармашылықпен шеше білуге дайындау.

2 ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫСтудент орындайтын іс- әрекеттер:

мекеменің басқару және ұйымдастыру қызметімен және информатика пәнінің мұғалімінің әдістемелік тәжірибесімен, сынып жетекшісінің жұмыстарымен танысу;

мектептің техникалық, программалық және мамандық бойынша методологиялық жабдықталуымен танысу;

мектептің басқа да пән мұғалімдерінің білім беру қызметімен, тәжірибесімен танысу;

институтта кафедра тарапынан берілген жеке тапсырмаларды орындау;

ішкі ережелерді, мекеме дайындаған жұмыс орнының техника қауіпсіздігі ережелерін меңгеру;

іс-тәжірибенің барысында информатика мұғалімінің сабағына және практиканттардың сабақтарына қатысып, талдау жасау;

іс-тәжірибенің соңында жетекшіге жазбаша түрде есеп дайындау және қорғау;

Студенттерді іс-тәжірибені өту мекемесінің ерекшеліктерімен таныстыру үшін іс-тәжірибе жетекшісі мекемеге саяхат ұйымдастырады. Іс-тәжірибе кезіндегі жеке студентке берілетін тапсырманы кафедра іс-тәжірибе бағдарламасына сай береді.

4

Page 5: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

Тапсырма тақырыбын таңдау барысында студенттің алдына нақты ғылыми зерттеулер жүргізудің бір бөлігімен сәйкестендірілген есептер қойылады. Тапсырманы орындау барысында студент берілген тақырыпқа сай әдебиеттер таңдауы керек.

Практикант мектептегі жұмыстарды орындау барысында іс-тәжірибе жоспарына сәйкес тәжірибе жинақтау керек. Іс-тәжірибе барысында студент күнделік жүргізу керек, оған берілген тапсырмалар бойынша негізгі мәліметтер жазылады және де іс-тәжірибе есебін дайындауға арналған материалдар ендіріледі. Іс-тәжірибе соңында студент жазбаша түрде есеп дайындайды. Есепке берілген тапсырмалар бойынша орындалған жұмыстың нәтижесі жазылады, әдістемелік материалдар жинақталып, енгізіледі. Дайындалған есеп кафедрада іс-тәжірибе есебін қабылдауға құрылған комиссия мүшелерінің алдында қорғалып, жетекшіге өткізіледі.

Іс-тәжірибе жетекшісінің орындайтын іс-әрекеттері:Еліміздің мектептеріне жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын

қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан маман қажет.

Мұғалімнің инновациялық даярлығы педагог тұлғасының мотивациялық, когнитивтік, процессуалдық компоненттерді қамтиды. Мұғалімнің инновациялық даярлығы кез келген педагогикалық іс-әрекетті жаңашылдық тұрғысынан нәтижелі шешуді көздейді. Информатик мұғалімнің инновациялық даярлығының ажырамас бөлігі техниканың дамуы, компьютердің және оның программалық жабдығының дамуына сай информатиканы оқытуда қолданылатын сабақтың техникалық сүйемелдеуін жүзеге асыра алатын, үздіксіз оқу-үйрену ізденісін жасайтындай даярлықтың да болуын талап етеді. Сондықтан педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі келесі міндеттерді атқарады:

- техникалық және технологиялық даярлықты қалыптастыру үшін педагогикалық іс-тәжірибелік жұмыстарында информатика ғылымында бұған дейін белгілі әдіснамалық тұжырымдарды басшылыққа алу;

- студенттің техникалық даярлығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарда әдіскер басшылыққа алады:

техника қауіпсіздік ережелерін білуі; инновациялық технологиялар жайлы білімінің болуы; өз іс-әрекетіне талдау, сараптама жасай алуы; өз білімін өзі жетілдіруге талпынысы.

- студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе міндеттері мен болашақ маман міндеттерінің бағдарламаға сай келуін тексеру;

- педагогикалық іс-тәжірибенің оқу жоспарына сай болуын тексеру;- педагогикалық іс-тәжірибе өткізетін мектептерді уақытылы алдын-ала анықтап, олармен келісім-шарт түзу, байланыста болу;- мектеп ұжымымен алғаш кездесуді және іс-тәжірибе соңынан қорытынды жиналысты ұйымдастырып, мектеп қызметкерлерімен, әсіресе информатика пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілерімен, мектеп директорының оқу ісі

5

Page 6: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

жөніндегі орынбасарымен (завучпен) педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы жөнінде әңгімеге өткізу;- студенттердің іс-тәжірибесінің басталуына сай институт қабырғасында ұйымдастыру конференциясын және іс-тәжірибе соңында қорытынды конференциясын ұйымдастыру;- педагогикалық іс-тәжірибеден өтетін орынға бөлінгендігі туралы деканатқа мәлімдеме дайындау;- студент-практиканттың шығармашылық жұмыс жасауына бағыт беру;- студенттерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау,

семинарлар мен кеңестер өткізу; - іс-тәжірибе жетекшісі мектеп әкімшілігі мен мекемеден бөлінген жетекшісінің іс-тәжірибе барысында өз міндеттерін жауапты орындауын қадағалау;

- студенттердің өткізген ашық сабақтарына, тәрбие сабақтарына қатысу, талдау жасау;

- топ студенттерінің тапсырған құжаттарын уақытылы тексеру;- іс-тәжірибе жұмысының аяқталуына байланысты есеп дайындау;- студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе жұмысы бойынша

құжаттарын тексеріп, қорытынды бағаларын қою;- сынақ кітапшасына студенттердің тиісті бағаларын қою.Студенттердің іс-тәжірибесінің мазмұны: информатика пәнінің

мазмұнын терең түсіну, информатиканы оқыту әдістемесін білу, әр түрлі типтегі мектептердің (жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, колледж, жекеменшік мектептер т.б.) оқу-тәрбие жұмысымен, ерекшеліктерімен танысу.

Студент оқу процесінде игерген теориялық білімдері мен информатиканы оқыту методологиясын, информатиканы оқытудың әдістемесі туралы қалыптастырған білімдерін жетілдіреді.

Студент іс-тәжірибе өтетін мектеп және сыныптағы тұтас педагогикалық үрдіс жағдайына болжам жасай білуі кажет.

Бекітілген сыныптың оқушыларының жеке тұлғасын және жалпы балалар ұжымын зерттеу. Жалпы сыныптың немесе бір оқушының психологологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру.

Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын (күнтізбелік-тақырыптық, күнделікті сабақ жоспары, тәрбие жоспары), мемлекеттік стандартқа сәйкес пәндердің оқу бағдарламаларын зерделеу.

Педагогиалық іс-тәжірибе кезеңіне жеке жұмыс жоспарларының топтамасын (күнтізбелік-такырыптык, күнделікті сабақ жоспары, тәрбие жоспары) кұрастыру.

Өткізілетін сабақтардың (ағымдағы және ашық-сынақ сабақтар), пән бойынша сыныптан тыс сабақтардың және сынып жетекшісінің жоспары бойынша тәрбие сағаттарының конспектілерін кұрастыру.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі іс-шараларда іске асыру.

6

Page 7: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

Жұмыс жоспарына сәйкес пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізу.

Оқушылардың оқу және сыныптан тыс іс-әрекетін өткізу және ұйымдастыруда жана технологияны (ұжымдық танымдық іс-әрекет, компьютерлендіру, ақыл-ойы және іскерлік ойындар, әлеуметтік-әкономикалық дебаттар, брифингтер, білім аукциондары және т.б.) қолдану қажет.

Оқу тәрбие үрдісін арттыруға арналған дидактикалық материалдарды (көрнекі құралдар, сараланып алынған топтарға және жеке шығармашылық жұмыстарына арналған тапсырмалар, зерттелетін материалды модельдеу, проблемалық жағдайлар, дидактикалық кешен және т.б.) даярлау.

Жалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік және басқа оқу-тәрбиелік жұмыстарға (мектеп ұжымы жұмыс жасайтын ғылыми бағыт, жалпы мектептік іс-шаралар, дипломалды кеңес, әдістемелік кеңес, пән бойынша әдістемелік бірлестіктер және т.б.) қатысу.

Жеке ғылыми ізденіс тақырыбында (тақырыпка сәйкес материалдарды жинақтау және жүйелеу, курс және дипломдық жұмыстарға қажетті тәжірибелік дипломалды материалдарды әзірлеу) жұмыс.

Өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын зерделеу, әр жастағы оқушылар топтарымен жұмыс жасауға кәсіби дайындығын шыңдау (сабақты, сыныптан тыс сабақтарды зерделеу, ғылыми ізденіс жұмыстары нәтижесі, дипломалды іс-тәжірибенің жалпы қорытындысы).

Іс-тәжірибе есебі бойынша кұжаттарды қорытынды конференцияға әзірлеу

3 ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 3.1 Жалпы ережелер

Іс-тәжірибе басталуына орай, факультетте студенттер мен олардың жетекшілерінің қатысуымен тағайындау конференциясы өтеді. Студент іс-тәжірибеден өту үшін кафедрадан күнделік, бағдарлама алуы керек.

Оқу-таныстыру, психолого-педагогикалық, педагогикалық, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелер әр түрлі типтегі мектептерде (жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, жекеменшік мектептер т.б.) өтеді. Диплом алды іс-тәжірибе кафедрада да, оқу-ғылыми-өндірістік кешендердің базасында да өте береді.

4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Мақсаты:Студенттің ЖОО-да алған теориялық білімдерін практикамен

байланыстырып, оны жан-жақты дамыту, сонымен бірге мұғалімге қажетті педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімдерін, біліктіліктерін және іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ақпараттық, компьютерлік және математикалық мәдениетке тәрбиелеу.

Міндеттері:- қазіргі педагогика ғылымының практикалық жетістіктерімен танысу;

7

Page 8: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

- мектепті жан-жақты зерттеу арқылы өзінің педагогикалық, психологиялық, кәсіптік білімдерін толықтыру;- жоғары оқу орнынан алған теориялық білімдерін орта мектеп қалыптастырған осы заманғы озық идеялар мен тәжірибелерді меңгеріп, оны жеке оқушы мен түгел сыныппен жұмыс істеу кезінде қолдана білуге үйрену;- информатикадан сабақ беру. Практикант-студенттің негізгі міндеттеріПедагогикалық мамандықтар бойынша оқытылатын студенттердің

педагогикалық іс-тәжірибесі төмендегі міндеттерден тұрады:- студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін іс-

тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету;- педагогика, психология, информатиканы оқыту әдістемесін

оқытудың теориялық білімдерін тереңдету және бекіту;- студенттерге өз бетінше мектепке оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау

және жүргізуді үйрету, оқушыларды тәрбиелеудің негізгі міндеттерін шешудің шығармашылық жолдарын аныктау;

- студенттерді балалар және жасөспірімдер ұжымымен жұмыс жасауға үйрету;

- педагогикалық ғылым саласында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын қалыптастыру, сонымен қатар алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеге шолу жасау және қорытындылау;

- оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру максатында әртүрлі сабақ оқыту әдістерін қолдану арқылы сабақтарды түрлендіре өтуге үйрету;

- окытудың инновациялық технологияларын қолдану;- студенттерді балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере

отырып оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету.

Педагогикалық практикадағы топ жетекшісінің міндеттері Топ жетекшісі:- оқу-тәрбие мекемесінің басшысымен (директор, оқу ісінің меңгерушісі) бірге отырып студенттерді сыныптарға бөледі, ал пән мұғалімімен бірге сабақ тақырыптарын анықтайды;- педагогика және психология кафедрасының оқытушыларымен бірлесе отырып, студенттерге практиканың барысына жеке жоспар жасауға көмектеседі және практиканттардың жеке жұмыс тақырыптарын бекітеді;- студенттердің сабақты және сыныптан тыс іс-шаралар өткізуіне жәрдемдеседі, пән бойынша сабақтарды әзірлеуге кеңестер береді, олардың жоспарлары мен конспектілерін тексереді және бекітеді, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға қатысады, оларды талқылауға және бағалауға қатысады, жеке жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды;- студенттердің практика қорытындысы бойынша есеп құжаттарын жинап, оларды зерделеп, кафедра жетекшісіне өткізеді;

8

Page 9: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

- факультеттің педагогикалық практикасы бойынша ұйымдастыру және қорытындылау конференциясына қатысады, сонымен қатар оқу-тәрбие мекемелерінің өткізетін мәжілістеріне қатысады.- педагогика және психология кафедрасының әдіскерлерімен бірге жалпы баға қойып, практика бойынша сынақ қабылдауға қатысады.

Педагогика кафедрасының әдіскерлерінің міндеттері Педагогика кафедрасының әдіскері:- студенттердің педагогикалық практикасына әдістемелік жетекшілік

жасайды, оларға тұтас педагогикалық үрдістің көкейтесті мәселелері бойынша кеңестер береді;

- практиканттардың оқушымен өткізетін тәрбие жұмыстарын сынып жетекшісімен бірлесе отырып жоспарлайды, оларға кеңес бере отырып тапсырманың орындалуын қадағалайды;

- практиканттардың сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларына қатысады, оларды өткізуге жәрдемдеседі. Топ жетекшісімен бірлесе отырып, олардың өткізген жұмыстарын бағалайды;

- студенттердің оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарына көмектеседі, сыныптың педагогикалық үрдістің болжауға жәрдемдеседі;

- оқушылардың отбасыларымен жасалынатын жеке жұмыс түрлеріне бағыт бағдар береді;

- ғылыми ізденіс жұмыстары бойынша студенттерге кеңестер береді;- сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің жаңа технологияны

қолдануына кеңестер береді;- педагогикалық практиканың ұйымдастыру және қорытындылау

конференциясына қатысады, сонымен қатар мамандық бойынша кафедралардың өткізетін педагогикалық практика мәселелеріне арналған мәжілістеріне қатысады.

Мектеп басшысының немесе оның оқу жұмыстары бойынша орынбасарының міндеттері

Мектеп директоры:- педагогикалық практиканың қалыпты өткізілуіне жағдай жасайды,

қызметкерлермен және оқушылармен практика мәселелері бойынша сұхбат өткізеді;

- студенттерді оқу-тәрбие мекемесінің жұмыстарымен, мектеп құжаттарымен, мұғалімдер құрамымен, мектептің оқу-өндірістік базасымен (кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханалармен және т.б.), оқу-өндірістік және тәрбие жұмыстарының мақсатымен, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс- тәжірибемен таныстырады, студенттерге педагогикалық кеңес отырыстарына қатысуға мүмкіндік жасайды, пән бойынша комиссия отырыстарына қарастырады;

9

Page 10: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

- практиканың жетекшілермен бірлесе отырып студенттерді сыныптарға бөледі;

- өз таңдауы бойынша студент-практиканттардың сабақтарына, тәрбиелік және т.б. іс-шараларына және оларды талқылауға қатысады, педагогикалық практиканы жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтады;

- оқу-тәрбие мекемесінде педагогикалық практика нәтижесі бойынша педагогикалық кеңес өткізеді, мүмкіндігінше университетттегі ұйымдастыру және қорытындылау конференциясына қатысады.

Пән мұғалімінің міндеттеріМұғалім:

- өзіне бекітілген студенттерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады, ашық сабақтар және сыныптан тыс жұмыстарын өткізіп, оны талқылауды ұйымдастырады;

- практика бойынша топ жетекшісімен бірлесе отырып сабақ және сыныптан тыс сабақтарының тақырыптарын студенттерге бөледі;

- студенттердің сабаққа дайындығын және жоспар конспектілерін бекітеді;- студенттердің әртүрлі сабақтарды өткізуіне жәрдем береді;- студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге, оқушылар дәптерін тексеруге,

көрнекіліктер жасауға, кино және диафильмдерді көрсетуге, лабораториялық жұмыстарды өткізуге тапсырмалар береді;

- педагогикалық практика қорытындысы бойынша оқу-тәрбие мекемесі басшысы өткізген мәжіліске, мүмкін болған жағдайда университтеттегі ұйымдастыру және қорытындылау конференциясына қатысады.

Сынып жетекшісінің міндеттеріСынып жетекшісі:

- студенттерді жалпы сыныппен, өзінің жұмысының негізігі міндеттерімен танстырады;

- педагогика әдіскерімен және топ жетекшісімен бірлесе отырып, тәрбие жұмыстарын құрастыруға жәрдемдеседі және оны бекітеді, орындалуын қадағалайды, кеңестер береді;

- психология әдіскерімен бірлесе отырып оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді, психологиялық-педагогикалық мінездемені құрастыруға көмектеседі;

- студенттердің тәрбиелік іс-шараларына қатысады, оларды талқылайды және бағалайды;

- студенттердің сыныптың ағымдағы тәрбиелік жұмыстарына қатысуына ықпал етеді;

10

Page 11: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

- студенттерге мінездеме береді, олардың тәрбие жұмыстарын бағалайды;- педагогикалық практика қорытындысы бойынша оқу-тәрбие мекмесінің

басшысы өткізген мәжіліске, мүмкін болған жағдайда институттағы ұйымдастыру және қорытындылау конференциясына қатысады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ҮЛГІСІ

Педагогикалық іс-тәжірибеде студенттер психолого-педагогикалық іс-тәжірибедегідей тапсырмаларды орындайды. Психолого-педагогикалық іс-тәжірибедегідей сабақтардың психологиялық-педагогикалық талдауын жасайды.

Сабақтың күнделікті жоспарын жасауға ұсыныс (үлгі)Сабақ жоспарын құруда сабақтың тиімділігі мен сапасына ерекше көңіл

аударылады. Сабақты талдау шамамен мына үлгі бойынша жазылады:

VII сыныптағы информатика сабағының жоспарыОқу пәні ____________________Сынып _____________________Өтілетін күні _________________Сабақтың тақырыбы: Функцияның графигіСабақтың мақсаты:а) жалпы білімділік мақсаты – ** ұғымын енгізу, талдау танысу;б) дамытушылық мақсаты – ** талдай білуді қалыптастыру;в) тәрбиелік мақсаты – оқушылардың бақылаушылық қасиетін

қалыптастыру.Сабақтың жабдығы: ** тақырыбына берілген жаңа материалды

түсіндіруге арналған слайдтар, т.б..Сабақтың өткізілу жоспары:1.Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.2. Үй тапсырмасын тексеру – 5 мин.3. Жаңа материалды өтуге дайындық – 7 мин.4. Жаңа материалды түсіндіру – 10 мин.5. Жаңа материалды бекіту – 8 мин.6. Оқушылардың өзіндік жұмысы – 8 мин.7. Үй тапсырмасын беру, сабақты қорытындылау – 5 мин.Пән мұғалімі ___________________Сабақтың мақсатына қатысты әдістемелікұсыныстар:Білімділік бөліміне – оқушыларға арнайы тақырыпқа сай білім беру, яғни

алдын дайындалған кеспе қағаздары, схемалар, сұрақ - жауап арқылы санасына қалыптастырып, үйрету жатады, «үйрету», «меңгерту», «ұғындыру» сөздері қолданылады.

11

Page 12: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

Дамытушылық – оқушының ақыл – ойын, шығармашылық қасиетіндамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуға бағыттайды, «біліктілікті дамыту», «қалыптастыру» көмекші сөздерімен жазылады.

Тәрбиелік – сабақта оқушылардың тақырыпқа сай түсінік – сауатын, оқушыларды сүйіспеншілікке, азаматтыққа, биік адамгершілікке, жоғары санатқа баулу, этикалық, эстетикалық дамуын жалпы халықтық құндылықтар арқылы қалыптастыру, «тәрбиелеу», «қалыптастыру» сөздері арқылы жақылады.

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІСабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 2.Дамытушылық: 3.Тәрбиелік:Сабақтың түрі: интерактивті, кіріктірілген сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есеп шығару.Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу;б) оқушыларды түгелдеу;в) назарларын сабаққа аудару.II Үй тапсымасын сұрау:

III Жаңа сабақ IV Сабақты қорытындылау

Слайдтағы графиктерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру. Бағалау 2 мин

V Үйге тапсырма

Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны Іс-тәжірибенің мазмұнын маман дайындаушы кафедра мамандықтың

мемлекеттік стандартына сәйкес, іс-тәжірибе өтетін орынның мүмкіндіктері ескеріліп дайындалады.

Болашақ информатик мұғалімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін информатикалық, информатиканы оқытудың әдістемесінен білім беру өзекті мәселе. Студенттен төмендегідей білімдері, біліктіліктері мен дағдыларының болуы талап етіледі:

1) Студенттен теориялық даярлық талап етіледі;2) Студенттен информатиканың есептерін шығара алу, алгоритмін құра

алу біліктіліктері талап етіледі;3) Информатикада қолданылатын программалау тілдерінде күрделі

программаларды құра білу біліктіліктері талап етіледі;4) Кәсіби пәндер бойынша курстарды зерделеу талабы қойылады;

12

Page 13: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

5) Студенттерден педагогика пәнінің талаптары мен мазмұнын жетік білу талап етіледі;

6) Студенттерден жас ерекшеліктер психологиясынан білімдері болуы талап етіледі;

7) Жоғары технологиялар мен техникалық құрылғыларды қолдана алу іскерліктері;

8) Мектеп информатика курсының есептерін шығару практикасы мен дағдыларының болуы талап етіледі.

9) Қоғамдық – гуманитарлық бағдарлы мектептерде (сыныптарда) информатиканы оқыту мәселелері бойынша түсініктер болуы;

10) Жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептерде (сыныптарда) информатиканы оқыту мәселелері бойынша түсініктері болуы талап етіледі.

11) Интернет желісінен қажетті ақпараттарды алу және тиімдісін қолдану біліктіліктерінің болуы;

Осы айтылғандарды ескере отырып, іс-тәжірибеге қатысты орындалатын жұмыс түрлері мен қарастырылатын жеке тапсырмалардың тақырыптары беріледі.№ Тақырыбы Студенттің меңгеруі мен танысуы Мерзімі

Орындалатын іс-әрекеттер1 Мектеппен танысу Мектеп тарихымен және мектеп

ұжымымен танысуДүйсенбі

2 Мектептің оқу – тәрбие жұмысымен танысу

Оқу бағдарламасымен, мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық сабақ жоспарымен;

Сейсенбі

Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жоспарымен;

Сәрсенбі

Оқушылардың жеке іс-қағаздарымен, күнделік, журнал, олармен жұмыс істеу әдістерімен танысу.

Бейсенбі

3 Мамандық бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу (сынып журналына, оқушылардың дәптерлеріне, ондағы бақылау жұмыстарына талдау жасау)

Пән бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау, Оқушылардың білім, біліктілік және дағдысымен танысу

Жұма

Педагогикалық іс-тәжірибе жүргізілген мерзім аралығында өткізілетін сабақтың тақырыптық-күнтізбелік талдауын жасау.

Сенбі

ІІ апта орындалатын іс-әрекеттерПән бойынша сабақтың коспектісі немесе толық жоспары, факультативтік сабақтың, үйірменің және сыныптан тыс сабақтардың жоспарларымен танысу.

Дүйсенбі

13

Page 14: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

Дидактикалық материалдар, көрнекі құралдарды әзірлеу.

4 Сынып жетекшісінің жоспарына сай оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізу

Пән бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүйесін өткізу, оның психологиялық-педагогикалық талдауы, мұғаліммен практиканттардың сабағына және оның талдауына қатысу

Сейсенбі

5 Әдістемелік жұмыстар Мектептің әдістемелік кабинеті үшін материалдар әзірлеу

Сәрсенбі

Педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды көрмесі үшін материалдар әзірлеу

6 Аталған арнаулы курстардың мазмұны әр алуан бола отырып, ИОӘ-нің лекцияларынан, практикалық сабақтары мен лабораториялық сабақтарынан, педагогикалық іс-тәжірибе кезінде алған әдістемелік, білік-дағдыларын одан әрі тереңдетіп ғылыми - әдістемелік жұмыстарына шығармашылық сипат беруі керек.

Информатиканың атқаратын міндеттері мен оны оқытуда қолданылатын әдістеріне сәйкес тақырыптық және күнтізбелік сабақ жоспарын жасай білуіСабақ өткізудің әдістері мен формаларын меңгеруі

Бейсенбі

Бақылау, өзіндік және жеке шығарашылық жұмыстар, қажетті оқу материалдарын таңдай білу

Жұма

Информатикадан практикалық сабақтар өткізіп, есептер шығара білуі керек және бағдарламалар жасауды меңгеру

Сенбі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАР

Педагогикалық іс-тәжірибе барысында студент жеке тапсырмаларды орындайды. Тапсырманы әрбір студентке топ жетекшісі береді. Жеке тапсырманы орындаудағы мақсат:- университеттегі оқыған теориялық білімін бекіту;- компьютерлік желі мен ақпараттық технологияны пайдалану;- арнайы және әдебиеттерді пайдалана отырып, лекция материалдарын,

лабораториялық сабақтарды бекіту.

СТУДЕНТ ПРАКТИКАНТТЫҢ ПРАКТИКАДАН КЕЙІНГІ ӨТКІЗЕТІН ЕСЕПТІК ҚҰЖАТТАРЫ:

1. Педагогикалық іс-тәжірибе күнделігі

14

Page 15: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

2. Практика кезінде өткен информатика сабақтарының сабақ жоспарлары.

3. Информатиканың және сынып жұмысының тақырыптық-күнтізбелік жоспар көшірмелері.

4. Тәрбие сағаттарының сабақ доспарлары5. Информатикадан сыныптан тыс жұмыс жоспары.6. Басқа практиканттың сабағына қатысу нәтижесі ретінде сабаққа

талдау.7. Мектепке қатысты материалдар. 8. Практиканттың есебі.

4 ІС-ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІН ТОЛТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Күнделік—студенттің іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуы

жөнінде есеп беретін негізгі құжаттарының бірі. Күнделікті толтыру ережелері: студент іс-тәжірибе барысында бағдарламаға сәйкес күнделікті

анық етіп жазып отырады; Практикант күнделікті толтырып болған соң күнде жектекшіге

тексертіп отыруы керек. Студент іс-тәжірибе соңында мінездеме жазу үшін жетекшіге

өткізуі керек. Түгел толтырылған күнделік студенттің есебіне қосылады.

Студенттің есебі күнделіксіз жарамсыз деп табылады. Дайын болған есепке іс-тәжірибе жетекшісі пікір жазып, («қанағат-

сыз», «қанағаттанарлақ», «жақсы», «өте жақсы») бағалайды.

5 ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІПедагогикалық практика барысында студенттердің іс-әрекетін есепке

алуды топ басшысы (староста), топ жетекшісі, әдіскер және тағы басқа жоғары оқу орны немесе мектеп қызметкері жүргізеді. Әр мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын есепке алу үшін журнал арналады, онда мектептің оқу, жұмыс тәртібі студент–практиканттардың сабаққа қатысуы,оқу және тәрбие жұмыстарының бағалары, жоғарғы оқу орнықызметкерлерінің (әдіскерлердің) педагогикалық практиканы тексеруі және олардың өткізіліп жатқан педагогикалық практика барысы жөніндегі пікірлер мен ұсыныс ескертпелері жазылады.

Есеп—студенттің іс-тәжірибедегі жұмысын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады. Студент есепті іс-тәжірибе барысында дайындау керек. Әрбір студент жеке есеп дайындайды.

Есеп іс-тәжірибе бағдарламасының орындалғанын көрсете отырып жазылады.

Есеп А4 форматта, MS Word редакторында, Times New Roman 14 шрифтінде, бір интервалмен жазылуы керек. Сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, төменгі және жоғарғы жағынан 20 мм кем болмауы керек.

15

Page 16: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

Текстегі абзац 7,5 мм отступпен басталуы немесе текстің бесінші таңбасынан кейін жазылуы керек.

Есеп сыртқы беттен (титульный лист), мазмұнынан, кіріспеден, бөлімдерден , қорытындыдан және лардан тұрады.

1. Сыртқы беті. Сыртқы бетте ( А қара) іс-тәжірибе атауы, өткізу орны, студенттің аты-жөні, жетекшінің аты-жөні жазылады.2. Кіріспе.3. Іс-тәжірибе мазмұны:

Іс-тәжірибе мақсаты мен өткізу уақыты. Іс-тәжірибе барысында жасалынған жұмыстардың тізбесі.

4. Студенттің ғылыми зерттеу жұмыстары.Студент жетекші берген жеке тапсырмаларды орындайды.

5. Қорытынды: Сіз қандай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қатыстыңыз? Педагогикалық практика жоспарының орындалуы: жоспардан

ауытқулар болды ма, болса себебеін көрсетіңіз. Жоспардан тыс орындалған іс-шаралар.

Сыныптың педагогикалық үрдісі қалай зерттелінді? Өткізілген сабақтар саны. Олардың қайсысын өткізуде қиындықтар

туындады, себебі неде. Жоғары дәрежеде өткізілген сабақтар (артықшылығы).

Сабақтың қалай дәстүрлі емес әдістері мен формалары қолданылды? Сабақтарда оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың жеке,

топтық және ұжымдық формалары қолданды ма? Педпрактика барысында қандай тәрбие міндеттері шешілді? Балалар

ұжымында қандай тәрбие жұмыстарының формаларын қолдану тиімдірек болды? Орта деңгейде өткізілген тәрбие жұмыстары (себептері). неде?

Мұғалімнің топтағы әксперимент, ғылыми ізденіс жұмыстарына қатыстыңыз ба? Егер қатысқан болсаңыз нәтижесі қандай? Сіз өзіңіз қандай бағыттағы зерттеу жұмысын жүргіздіңіз?

Практика бойынша жалпы қорытынды. Сіздің болашақ мамандығыңызды меңгерудегі оның маңызы. Практиканы жақсарту жөнінде өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңыз.

6. лар (тек психолого-педагогикалық, педагогикалық іс-тәжірибе үшін): Студенттің қатысқан сабақтарына өзіндік қысқаша талдаулары. Күнтізбелік –тақырыптық жоспар. Сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізілетін тәрбие

жұмыстарының жоспары. Өткізілген сыныптан тыс іс-шаралардың жазба бөлігі (ашық-тәрбие

сағатының разработкасы). Психология пәні бойынша тапсырмалар

16

Page 17: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЈНЕ …okmpi.kz/sites/default/files/u36/adistnuskau... · Web viewЖалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік

Педагогикалық практика нәтижесі бойынша мектепте өткізілген педагогикалық кеңестің хаттамасынан көшірме.

Ашық немесе сынақ сабақтарының дидактикалық материалдары (көрнекіліктері)

17