24
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ Бейнелеу пәнінің мұғалімі Жандосова Ардақ Серікқызы Сабақтың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу». Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту. Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Көрнекілігі: Плакаттар , суреттер, слайд. Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам. Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс. Түрі: плэнер. Типі: Меңгерген білімдерін дамыту. Пәнаралық байланыс: музыка,география. Сабақтың өту барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. II.Үйге берілген тапсырманы тексеру. III.Жаңа сабаққа көңіл аудару. IV.Тапсырманы орындау. V.Сабақты бекіту. VI.Үйге тапсырма. Сабақтың барысы:

Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№ 3 орта мектебі» ММ

Бейнелеу пәнінің мұғалімі

Жандосова Ардақ Серікқызы

Сабақтың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру.

Көрнекілігі: Плакаттар , суреттер, слайд.

Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам.

Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс.

Түрі: плэнер.

Типі: Меңгерген білімдерін дамыту.

Пәнаралық байланыс: музыка,география.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

III.Жаңа сабаққа көңіл аудару.

IV.Тапсырманы орындау.

V.Сабақты бекіту.

VI.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеу , сабаққа даярлау.

II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты карточка арқылы қайталау.

III. Жаңа сабақпен танысу: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».

Page 2: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы-деп бүгін табиғат суретін саламыз.

Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.

Затқа қарап сурет салу.

Елестету арқылы сурет салу.

Еске сақтап сурет салу.

Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.

Бүгін, біздер осылардың ішінен елестету арқылы сурет салуға тоқталамыз.

Елестету арқылы сурет салу дегеніміз суретші өиялы, құбылысты нақты бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге табиғат көріністерін бейнелеу, ертегі кейіпкерлерің кітаптан оқып, түсінгені бойынша бейнелеу, ән, күй, терме, өлең шумақтарын тыңдау арқылы композициялық суреттер салу жатады.

Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлұ жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.

Пейзаж дегеніміз не?

Пейзаж –франсуз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

XVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. ӘсіресеXVII ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы». С. Герасимовтың «Жаз өтті», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы болл», т.б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.

Табиғат көрінісі бейнелеген суретші шығармаларын көрсету.

Ә. Қастеев «Менің Отаным» 1959ж.

Ә.Қастеев «Биік таудағы мұз айдыны» 1955ж.

Пейзаж-табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлеріи:

1. Ауыл пейзажы.2. Саябақ пейзажы.3. Қала пейзажы.4. Теңіз пейзажы.5. Сәулет пейзажы.6. Индустриялық пейзаж.

Page 3: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Ауыл пейзажы (Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.

Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған. Бірде табиғи пішіндер, сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.

Қала пейзажында(О. Нұржұмаевтың « Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.

Сәулет пейзажы( А. Остроумова –Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық –сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.

Индустриялық пейзаж (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» Картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды. Бөгеттер мен электр бекеттерін,теміржол тараптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Оқушыларды топқа бөлу.

I топ Жомарт күзII Алтын күзIII Күрен күз

IV.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.

Ф. Шопеннің «Күз вальсі» тындалады.

Проблемалық сұрақ : осы музыкада табиғаттың қандай мезгілі суреттелген?Осы дыбыстардан қандай табиғат құбылысын байқауға болады? Композицияның әсерлі құралдарын ескере отырып, осы құбылыстарды қалай бейнелеуге болады?

Бұл музыкада қандай қозғалыс бар?

I топқа аспандағы құстарды. II топқа су бетіндегі құстарды. IIIтопқа жердегі күзгі жапырақтарды бейнелеу тапсырылады.

Тақтаға кезекпен орындалған жұмыстарын іліп, қорғайды және жұмыстарына тақырып ойлап табады. Әр топқа сұрақтар қойылады.

Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Әр топтың басшысы өз оқушыларына баға қояды.

V. Қорытынды: Жасалған жұмыстарына көрме жасап бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру:Табиғат бейнесің еске сақтап салу.

Page 4: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеудің құпиялары – перспектива. Перспектива ережелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып сурет салуға баулу.

Дамытушылығы: Білімдерін кеңейту,дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын д амыту; Тәрбиелігі: Әсемдікке,сұлулыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақТипі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, үйрету.

Көрнекілігі: перспективалық көрініс суреттері, слайд т.б.Пән аралық байланыс: математика.Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару.

II Өткен сабаққа шолу жасау,қайталау. -Композиция дегеніміз не? -Көкжиек сызығы дегеніміз не? Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ.Сабақтың мақсатын қою. –Балалар , бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі –перспектива заңдылығымен танысамыз.ІV.Жаңа білім беру. Оқулықпен жұмыс.Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса , ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески.

Біз бүгін перспективаның орындалу тәсілдері туралы ережемен танысамыз. Егер суреттегі заттар бір-бірінен әр түрлі қашықтықта орналасып, қағаз бетінде кеңістік пен тереңдік пайда болса, онда ол перспективалық бейнелеу деп аталады.

Перспективалық бейнелеудің өз ережелері бар. Олармен танысу үшін слайдқа назар аударайық.

Алманың суретін қараймыз, балалар, екі алма бірдей ме?- деп сұраймын. (балалардың жауабы)Иә, үлкендігі, яғни өлшемі бірдей екі алманы аламыз.

Page 5: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

а) сурет б )сурет

Оны жаңағы жоғарыда айтқан ереже бойынша орналастыру керекпіз. Қалай саламыз? – деп сұраймын. (жеке – жеке балалар жауап береді).сонымен бұдан біз не байқадық. Яғни бізге жақын орналасқан алма алыстағыдан ірілеу болып көрінеді. Демек, жақындағы затты алыстағы заттан үлкендеу етіп бейнелеу қажет. Бұл сызықтық перспективаның бірінші ережесі деп аталады.

Ал екінші ережені түсіндіру үшін слайдтан поездың рельсі, көше шамдары, қала көріністері суреттерінен байқауға болады. Бұл суретте параллель сызықтар деген ұғым бар. параллеь сызықтар – бұл негізінде бір-біріне қарама – қарсы орналасқан ешқашан қиылыспайтын сызықтар.

Бөлме ішінің суретін талқылау. Бөлме ішінің түпкі қабырғасына сүйеніп жоғары қарасақ, қабырға мен төбенің қиылысқан бұрышындағы сызықтар қарма-қарсы қабырғаға қарай алыстаған сайын тарыла бастайды. Оны мына суреттен анық байқауға болады. Слайдтағы бөлме ішінің суреттерін көрсету.Ал енді мына ағаштың суретіне қарайықшы. Биіктігі өте биік ағаштың қасына барып, жоғары қарасақ, ағаштың ұзындығы қысқарғандай болып, ал екі параллель сызықтардың да екінші ереже бойынша бір нүктеде түйіскенін көруге болады.V. Машықтық жұмыс. (практикалық бөлім)- Балалар, ендеше бүгінгі салатын суретіміз бөлменің іші болмақ, - деп слайд арқылы бөлменің ішінің салыну кезеңдерін көрсету.Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып, сурет салуға машықтандыру. Тақтаға және слайдпен салу тәсілдерін көрсетіп отыру.VI. Жаңа сабақты бекіту.«Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға перспективалық бейнелеу талап етіледі.VIІ. Қорытынды.

VІІI. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма. Бояп үлгермей қалған балалар, суретін аяқтау және қабырға тұсқағаздарына перспектива ережесі бойынша өрнектер салып бояп әшекейлеп кеСабақтың тақырыбы: Біз суретші баламыз

Сабақтың мақсаты: бейнелеу өнері сабағынан не үйренгендерінді көпшілікке көрсету. Көпшілік ортада өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.

Page 6: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Көрнекілігі: Сұрақ-жауап, сөзжұмбақ , презентация.

Техникалық құралы: интерактивті тақта.

- Құметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Біз суретші баламыз» атты сайысымызды бастаймыз.

Көктемдегі сәуір айы кең даламыз,

Өнер менен мереке деп жар саламыз

Көктемнің шуақ шашқан мерекесін

Сурет салып, ән салып қарсы аламыз,-

дей отырып, «Қарындаш» тобы мен «Бояулар» тобын бүгінгі сайысымызға қатысқалы отыр. Олар 6-шы сынып оқушылар.

Сайысты әділ бағалайтын қазылар алқасын сайлау.

Ойыншыларымызды бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырайық . Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру

2. Дайын суретті бояу

3. Сурет құрастыру

4. Сөзжұмбақ

5. Сұрақтар

Әр сайыс кезеңнің ұпайы 10 ұпайдан беріледі

I. кезең Таныстыру бөлімі.

Кезі келді өзін-өзі таныстырар,

Өнер десе өртеніп, жанып тұрар.

Сусындап сол өнерден қанып шығар

Сегіз қырлы, бір сырлы құрбы достар,-

деп, кезек-кезек әр топ өздерін таныстырады.

II. кезең Дайын суретті бояу.

Екі топқа сурет беріледі, сол суретті тез арада бояу керек. «Қарындаш» тобы қарындашпен, «Бояулар» тобы бояғышпен бояйды.

III. Кезең Суретті құрастыру.

Қиылған суреттер беріледі, сол суретті тез арада құрастыру және сол туралы әнгімелеу.

IV. Кезең Сөзжұмбақ шешу.

Екі топ сөзжұмбақтар шешеді.

Бірінші «Қарындаш» тобына беріледі.

Page 7: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

г р а ф и к ак ө г е р ш і н

к ү зб ү р к і т

п е й з а жм ү с і н

1. Бейнелеу өнерінің бір түрі.

2. Достықты, бейбітшілікті білдіретін құс.

3. Жыл мезгілі.

4. Жыртқыш құс.

5. Табиғатты бейнелеу жанры.

6.Көркемөнердің бір түрі.

«Бояулар» тобы:

м ү с і нм ә с і

с ә у л е т ө н е р іі с м е Р

ш е б е Р

1. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма.

2. Ұлттық аяқ киім.

3. Құрлыстар, ғимараттар салу өнері.

4.Киім тоқып тігетін адам.

5. Ағаштан саз аспаптарын тағы басқа бұйымдар жасайтын адам.

V. кезең Сұрақтар.

1. Графика деген не?

Қалам, тушьпен бейнелейтін өнер.

2. Пейзаж дегеніміз не?

Табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма.

Page 8: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

3. Натюрморт дегеніміз не?

Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарма.

4. Портрет деген не?

Адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма

5. Живопись деген не?

Жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма

6. Көкжиек дегеніміз не?

Аспан мен жердің қиылысқан сызығы.

Қортынды:

Аяқталды осы мен,

Суретшілер сайысы.

Саусақтары майысып,

Әділ сурет боялды.

Әділқазы алқасы,

Еңбекке баға бер енді.

Әділ қазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша топты анықтап жеңімпаз топты атау.

Сабақтың тақырыбы: "Бейнелеу жан-жағымызда"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: танысу, және ол қуанышты, жарқын болып және сол мезетте оқыту.

Дамытушылық мақсаты: басқа сабақтарда бала жан дүниесінін әлемін ашу

Тәрбиелік мақсаты: Өнермен айналысу балалар арасындағы өзара сенімділікке шақырады, және соған жету

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Page 9: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Бейнелеу Шеберімен бірінші таныстық басталады. оларға бұдан былай суретшілер нені бейнелейтінін түсінуге сурет салуға, жабыстыруға көмектесіп, үйрету.

Оқушылармен әңгімені былай жүргізуге болады: мысалы: "Бейнелеу өнері сабағында сендер нені оқитын боласындар? Әрине, сурет салуды! Ал біз нені саламыз — бұл бейнелеу. Біз айналамыздағы нәрсенін бәрін бейнелей аламыз. Ал біздің суреттерімізден басқа, нені бейнелеулер деп атауға болады?" Балалар еске түсіреді: ескерткіштер, кітаптардағы иллюстрациялар, жарнама, орамадағы, маталар мен түсқағаздағы, ыдыстардағы суреттер және т. б. Тандауға оқулықтағы мысалдар көмекке келеді (8-9- бет). Айналамыздағы бейнелеулер ете кеп екен!

"Сенлердің әрқайсыларын нені салғыларын келеді?" — деп сыныптан сұраймын.

Ең алғашқы сабақта балалардың бұрынғы жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Оқулықтың ішінде балалар жұмыстарының әр түрлі материалдары мен сюжеттері кездеседі (6—7-бет). Көп балалар суреттер қандай мағына беретінін, олардың әрқайсысынан кәп нәрсені түсініп, керуте болатынын бірінші рет көреді. Олардың бірлескен әңгімелерін мұқият тыңдап, ұнағандарын талқылауға мүмкіндік беріледі. Әрине, көптеген бірінші сыныптағылар сурет салуды білмейді, бірақ олар сол үшін мектепке келді, міндетті түрде үйренеді. Балалар парақтағы әрбір жұмысқа, орындаудың батылдығы мен ашықтығына, алуан түрлілігіне назар аударады.

Осындай қалыппен балаларда жұмыстың қандай болуы керектігі жайында бірінші түсініктерін қалыптастырып, мазмұнын түсінуге үйретіп, қабылдаудың алғашқы дағдыларын дамыту. Балалар күткен нәтижелері мен бағалаудың жалпы мөлшерін алады.

Кейбір балалар сурет салғанды жақсы көреді, кейбіреулері қиналады (көбіне үлкендердің негізсіз араласуынан), дегенмен қандай да болсын тәжірибе бар, тек оны жандандыру керек. Бұдан басқа, бірінші сабақта әдетте ұйымдастырылу міндеттері болатындықтан, балалар өздеріне таныс материалдар: фломастер немесе түрлі түсті қарындаштармен сурет сала береді.

Оқулықта екі тапсырма берілген, оларды біріктіруге болады: өз шеберліктерін көрсеткісі келетін балалар болады, өзіндік шығармашылық жұмыста әжептәуір тәжірибесі бар балалар бар, абдырап қалған балалар болады. Тәжірибесі жоқ балаларға үлкен күннін суретін салуды ұсынамын. ("Сен бұны сала аласын!"), ол содан кейін, күннің суреті барлығында әр түрлі шықты және бұл жақсы екенін көрсетемін. Параққа мән беру керек: парактағы кішкентай күн мен парақтың барлык жерін алып тұрған үлкен көңілді күн суреті. Ең бастысы күннің әртүрлі түспен боялғанына назар аудару керек: қызыл немесе қызғылт-сары, сары немесе бақыт құсы сияқты алуан түрлі от-жалын түстер. Көпшілігінде күн сәулесі әр түрлі салынғаны тіптен тамаша.

Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау ережесі" емес, мазмұны бойынша балалар жұмысын талқылау болғаны дұрыс деп санаймын.

Page 10: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Бірте-бірте сурет дегеніміз — өз пікірін айту, сол арқылы өз түсінігін, өмірге деген қарым-қатынасын жеткізу екенін балаларды үйреткен жөн. Бұл тақырып I сыныпта ең негізгі болады.

Практикалық жұмыс. Бірінші тапсырма диагностикалық бағытта, оқушылардың мектепалды дайындык мінез-құлқы мен денгейін көтеруге көмектесу.

1. Окушыларға өздеріне ұнайтын нәрсені салуды ұсыну (сыныппен танысу түрі сияқты).

2. Екінші нұсқа: парактың бетін алатын үлкен көңілді күн суретін салуды ұсыну.

Сабақ соңында барлық балалар суреттерін тақтаға немесе қабырғаға іліп, "күннің көңілді хорын" ұйымдастыру.

Материалдар: қолайлы немесе оқушыға үйреншікті қағаз немесе кез келген материал.

Көрермен қатары: сюжеті, жанры, көркемдік материал бойынша бастауыш мектеп дәрежесіндегі балалар жұмысы.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: әр түрлі бейнелеулер қайда ұшырасатынын ойлау және табу (үйде. көшеде, мерекелерде); ата-аналарымен бірге оқулықтан балалар суреттерін қарау, көңілді күннің жаңа түрін, басқасын ойлап салу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау

Сабақтың тақырыбы: "Бейнелеу Шебері көре білуге үйретеді"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: көздің аналитикалык және байқағыштық мүмкіндіктерін дамыту

Дамытушылық мақсаты: әлемді поэтикалык тұрғыдан көруді қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: Оқушы сезімтал және ойлайтын адам болып өсу үшін, әдемілікті көре білу шеберлігін дамыту

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

Page 11: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Бір затқа қарау, көре білу шеберлігі емес. Көре білуді де үйрену керек: әдеттегі ерекшелікті көру, қызықты және ғажайыпты байғай білу, таң қала білу. Суретшілерде болатын көре білуді үйретуді Бейнелеу Шебері оқытады. Бұл әрбір адам үшін маңызды және қарапайым емес шеберлік. Біздің көре білуіміз, сурет сала білу шеберлігімізге байланысты.

Қоршаған ортаны көру өте қызықты! Сынып болып серуенге шығар мүмкіндік болса тіптен жақсы, кабинетте табиғаттын небір мәнерлі суреттері мен слайдтарын көруге болады (аяқ астында жатқан күзгі жапырақтар өрнегі, ағаштар түбірінен көруге болатын жұмбақ суреттер, бұтақтар мен тырбиған ағаштар, жануарлар мен ертегіге ұқсастық).

Көру мен сурет салуды үйрену үшін, заттарды өзара салыстырып, пішінін көру керек. Әрбір заттың өз пішіні бар. Мысалы, жапырак. Олар домалақ, үшбұрышқа да ұқсас болады (14—15-бет). Жапырақтардың пішінін салыстырамыз, бағдарлай қарап, жаңалық ашамыз: әрбір жапырақ діңгегі, бұтақтары бар кішкентай ағаштарға ұқсайды. Ағаштарда әртүрлі пішінде болады екен.

Практикалық жұмыс. Ағаштар әр түрлі пішіндегі жапыраққа ұқсас, ертегідегі күзгі орманды бейнелеу.

Материалдар: тапсырма бірнеше амалмен орындалады: түрлі түсті қарындаш пен фломастермен сурет салу; түсті қағаздардан аппликация үзінділері, жапырақтардың қағаздағы гуашьпен салынған таңбалары.

Сынып болып немесе бірнеше адам жұмыс істегенде, тапсырманы аппликация әдісімен ұжым болып орындауға болады. Бұл жағдайда әрбір бала әртүрлі пішінде екі-үш "ағашты" жасайды, содан сон орманға ұқсастырып, ортақ түрлі түсті қағазға жапсырады. Ортақ жұмыс болып шығу үшін мұғалім жабыстырудың орналасу ырғағына көңіл бөлу керек, ағаштар бұл жағдайда бір-бірін жауып қалады. Егер күшті оқушылар бұл панноны жалғастырып салып, орманға аңдар мен құстарды орналастырса, тіпті жақсы болар еді. Бұндай жұмыс балалар мен ата-аналардың мактанышы мен қуанышын туғызып, өте әдемі болып шығар еді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: пішіндері әр түрлі жапырақтарды жинау, оларды өзара салыстырып, ерекшелігін түсіндіру.

Page 12: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Ескерту. Сұрақ тууы мүмкін: балаларға неге ертегідей, қиял-ғажайып бейнелеулерді, ағаштарды салу ұсынылады, жапырақтың әр түрлі пішіндерін салу неге ұсынылмайды? Бұл тек қана ойын сәті емес. Жапырақты өзіне ұқсас етіп салуға тырыса отырып (үлгі бойынша), көптеген жағдайда бала сәтсіздікке тап келеді. Біздің міндетіміз баланы толықтай көруге, қорытынды пішінде көруге үйрету.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау

Сабақтың тақырыбы: "Дақпен де бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Көркемдік іс-әрекеттің үш түрінін алғашқы түсініктерінің негізін меңгеру: жазыктықта және көлемде бейнелеу

Дамытушылық мақсаты: жазыктықтағы құрылыстар мен көркемдік құрастырулар, көлемде және кеңістікте; әртүрлі көркемдік материалдарды пайдалана отырып, безендіру

Тәрбиелік мақсаты: және сәнді кәркемдік іс-әрекеттер.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Барлық балалар жануарларды жақсы көреді және оларды салғанды ұнатады, бірақ көбіне қалай жасайтынын білмейді. Бейнелеу Шеберімен бірге әр түрлі жануарларды қарайық (слайдтарда, фотосуреттер; оқулықтың 16— 17-бет). Барлық аңдардың денесі, басы, төрт аяғы болады. Жылқының аяқтары ұзын және жіңішке, жылдам шабады, иттерде - қысқа, ал жыланда мүлдем жоқ. Тақса аласа және ұзын, ұзын тұмсықты, ал піл өте үлкен және төртбұрышты, аяқтары баған сияқты. Аюдың құлақтары дөңгелек, кішкентай, көздері кішкентай, мойны тіптен көрінбейді, табандары дөнгелек, әрі жұмсақ және домалақ, ал биік керіктің мойны мен аяқтары ұзын. Барлық аңдардың құлағы, құйрығы, аяғы, мұрты бар тек әр түрлі.

Page 13: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Салыстыру көруді үйретеді!

Басында Бейнелеу Шебері "Дақ туралы ертегі" айтып береді (оқулық 18-б), ең бірінші қарапайым дақ болып, содан соң кішкентай аңға айналады.

Дақ - бейнелеудің ең басты құралдарының бірі. Дақ тегісте бейнелеудің кез келгенінің негізгісіне жатады (Ал сызық кейде көрінбейтін дақты айналдырып шығады немесе дақтың жасалуынын құралы болып табылады). Мәнерлі дақ заттың көлеңкесіне ұксайды, оған біраз детальдар қосса, зат "тіріледі".

Бұл жерде біз тағы да баланы толықтай көруге, яғни қорытындылай көруге үйретеміз. Бұл көркемдік дамытудың маңызды міндеті, сонымен бірге баланың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Оқулықтың 20-21 -беттерінде балалар кітаптарына иллюстрациялар — танымал суретшілер жасаған әр түрлі жануарлардың тамаша бейнелері берілген. Бұл бояу дағы мәнерлі бейнелеуге айналатынына дәлел.

Практикалық жұмыс. Қағазға бір түсте дақ салу, содан кейін оның неге ұқсайтынын көру, оған аяқтар, құлақ, құйрық, мұрт салу.

Көп балаларда шындыққа жанаспайтын, фантастикалық, ертегідегідей аң шығады, бұнда тұрған түк те жоқ. Егер сурет бойынша ертегілік кейіпкерге сипаттама берсе тіптен жақсы.

Бұл тақырып бойынша практикалық жұмысты әр түрлі нұскада орындауға болады. Мысалы, балалар қағазға бір түсте дақ салып, көршісімен ауыстырып, бір-бірінін жұмыстарын аяқтайды.

Келесі нұсқа: мұғалім қағазға түрлі түсті қағаздан қиып жапсырып, балаларға фломастер немесе түрлі түсті қарындаш көмегімен жалғастырып салуды ұсынады (оқулық, 20-6.).

Материалдар: гуашь немесе акварель, қылқалам. Қара түс міндетті емес, жануарлар әр түрлі түсте болады.

Тапсырма бірте-бірте бояумен және қылқаламмен жұмыс дағдысын дамытады (бір қылқалам, бір қалбыр бояу).

Көрермендік қатар: жануарлар фотосуреттері немесе слайдтар, суретшілер, балалар кітаптарының иллюстраторлары шығармашылықтағы аңдар бейнесі, Т.Маврина, Е. Чарушин, Ю. Васнецова Е. Қожабаев, А. Иманғалиева және т. б. жұмыстары.

Қосымша сабақ бейнелеу ойын-ертегі "Сия тамшысына айналуға" арналуы мүмкін — "сия тамшысы" техникасына, сонымен бірге көлеңкесі театр (көлеңке — бұл бейнелеулерге айналған жанданған дақ).

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Page 14: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Үйге тапсырма: кез келген даққа қарау (ағаш жиһазының жеңіл-желпі, мрамор өрнегі және басқа тастар), қабырғаның үгіліп түскендегі кез келген бедері нені еске түсіретінін көру.

Сыныпта өз тапқандары жайында әңгімелесу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Көлеммен де бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнердің мына түрлері бойынша алғашқы көркемдік жұмыс дағдысына әдеттену: кескіндеме, графика,сәулет,дизайн,алғашқы мүсін сәндік- қолданбалы өнер

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту, табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті

Тәрбиелік мақсаты: Мүмкіндігіне қарай көркемдік материалдардың мәнерлілігін меңгеру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Көлем дегеніміз не? Көлем кеңістікте орын алады, оны жан-жағынан қарауға болады. Мынау ұсақ тас - бұл көлем. Егер Бейнелеу Шебері жан-жағынан қараса, оның неге ұқсағанын бірден ойлайды. Бейнелеу Шебері "Не неменеге ұқсас" ойынын ойнағанды жақсы көреді. Ең басты көркемдік шебердік: — поэтикалық теңеу таба білу (метафора негізі) екен.

Page 15: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Балалар аңдар мен орман ғажайыптарына ұқсайтын тырбиған ағаш пен бұтақтарды, тамаша бұлттарды көргендерін ықыласпен еске алады. Әлдекімде таң қаларлықтай тастар жинағы бар және т. б. Осы жерде қиял мен байқампаздықты дамытамыз.

Бейнелеу Шебері (оқулық, 25-6.) тағы бірде әр түсті ұсақ тастардын неге айналғысы келетіне көмектескені туралы ертегісін әңгімелейді.

Мұғалім (Бейнелеу Шебері) сыныпта пластилинмен жасап көрсетеді: жануардың мойнын немесе құйрығын жасайды.

Бірақ жұмыс жекелеген детальдардың бірігуінен емес, бүтін кесектен басталады. Балалар образды тұтас көлемде көру, пішінін дамытып және айқындап үйренуі керек.

Ұсақ тас туралы ертегі сабақтың кездейсоқ сәні емес, жұмыстың дұрыс жүруін оқыту.

Ұсақтастар ертегісінде оларға жата беру жалықтырса, құстар сияқты ұшып та кетеді, бірақ балаларға үнемі тірі ұсақ тастар, мысалы тасбақа немесе қояндар болып көрінеді. Олар қуанып, аңдармен одан әрі ұзақ ойнайды. Бейнелеу сюжетінін өзгеруі қосымша сабақта пайдаланылуы мүмкін.

Практикалық сабақ. "Кесек пластилин неге айналады" тақырыбына жабыстыру.

Материалдар: пластилин, стектер, қатты қағаз, шүберек.

Көрермендік қатар: мәнерлі пішіндегі табиғат көлемі слайдтары (оқулык, 24 -25-бет.), С. Конёнков, С. Эрьзя ағаш туындылары, мүсін туындылары.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: көлемді заттар (мысалы, картөп және басқа жемістер, ормандағы немесе парктегі ағаш, т. б.) неменеге ұқсайтынын ойлау.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Сызықпен бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Дамытушылық мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: адам өмірінің қоғамдық маңызы, олардың әлеуметтік рөлі

Сабақтың түрі: аралас

Page 16: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

ІІ. Өткенді қайталау.

Өткен сабақтарда "дақ", "көлем" түсініктері енгізілді. Бұл сабақта екі үғыммен танысамыз: "сызық" және "жазықтық". Біз сурет салғанда жазықтықта саламыз.

Кіріспе әңгіме.

Сызықтармен барлық нәрселерді бейнелеуге болады. Бұл түсінікті, себебі оның өзіндік суреттерінің көпшілігі сызықпен салынады. Бұл сабақта сызықтың мәнерлі сипаты туралы сөз болмайды, оның әр түрлі болатынына (жіңішке және жуан, қарапайым және ағымды) — бұл 2-сынып тақырыбы. Бұл жерде біз сызықтың баяндау қасиетіне назар аударамыз — сызықтық суреттер жайында бәрін айтуға болады. Бұл тапсырманың сипатын бөліп көрсетеді: қара фломастер немесе қарындашпен айтқын келген нәрсені айту. Жұмыс сюжеті қарапайым болу керек. Бірінші сыныптардың көпшілігі адамдарды бейнелеуден қорықпайды: олар үшін сурет белгілі бір мағынасында белгі, дұрысын айтқанда бірлескен белгі. Балалар өз суреттерінде өзі жанұясы, серуендері жайында, үйіндегі таңертеңгілік немесе кешкілік уақыттары туралы айтсын.

Өткен сабақтар сияқты, бұл сабақта табиғатқа назар аудару жайында басталады: балалар табиғатта сызықтарды еске алатынын көруі керек (оқулық, 26-бет).

Сабақта балаларға ойын ұсыну: әрбір оқушы параққа қолын алмастан шытырман сызық салады - қандай да бір бейнелеу пайда болу үшін ол сонан кейін оны аяғына дейін салады. Сурет салып бітіру үшін суретін көршісімен алмастыруға болады. Мұндай тапсырмалар балаларға сурет салуға батылдық беріп, сызықтарды еркін пайдалануды үйретеді.

Тапсырманы орындау нұсқаларына С. Маршак, К. Баянбаев, М. Әлімбаев, Н. Жанаев, Е. Елубаев, А. Барго, Д. Карис өлеңдері, басқа да көңілді, жылдам және теңтектік сюжетке құрылған өлендер негіз бола алады.

Практикалық жумыс. "Өзің туралы айт" тақырыбына сурет салу (немесе өлең сюжетіне).

Материалдар: қарындаш немесе фломастер, қағаз.

Page 17: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Көрермендік қатар: суретші сызықтық суреттері (әсіресе балалар кітаптары иллюстрациясы), табиғаттағы сызықтық сарындағы фотосуреттер, балалардың әр түрлі сызықтық суреттері.

Сызықтық бейнелеу тақырыбына қағаз жолындағы көлемді бейнелеу тапсырмасы да байланысты бола алады. Бұл тапсырманы қосымша сабаққа (түсініктемеден кейін) немесе ойын-жұмыс ретін өзіндік жұмысқа беруге болады. Балаларға қағаз жолақтары таратылады, бұраудың бірінші машықтары көрсетіліп, қағаз жолағынан қандай да бір аң, құс немесе балықты жасау ұсынылады (тапсырма қағаздан мәнерлі мүмкіндігін игеру).

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: балалар кітаптарынан бейнелеудің негізгі құралы дак болып табылатын суреттер мен сызықтық суреттер табу. Оларды қарап, суретші аты-жөнін білу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау

Сабақтың тақырыбы: "Түрлі-түсті бояулар"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өнердің әр түрінің бейнелі тілінің алғашқы ерекшеліктерін түсіну;

Дамытушылық мақсаты: Өнер шығармаларын талдауды үйрену, өнердің әр түрінің, соның ішінде атақты суретшілердің накты шығармаларының білімін меңгеру,

Тәрбиелік мақсаты: көркемдік терминдер мен түсініктерді белсенді пайдалануды үйрену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме

Page 18: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Бұл сабақта гуашь бояуларымен танысу.

Көп балалар мектепке дейін гуашьпен таныс, ал бірқатары — акварельдің нашар сапасымен таныс. Енді сабақта балаларды гуашьпен жұмыс істеуге үйрету керек: өз жұмыс үстелін дұрыс ұйымдастыру (бояу және су қалбыры қай жақта түру керек, қалбырда қанша су болу керек, бояу қалай ашылады, қақпағын қайда қою керек); қандай қылқалам керек және олар қайда жататынын түсіндіру керек, оларды суда қалай жуу керек, оларға бояуды қалай таңдап, бояумен қалай былғанбау керек және шүберек не үшін керек екендігі.

Осындай барлық техникалық және ұйымдастырушылық дағдыларды аяқтап бітіру қажет, кейбір қиыншылықтар негізгі сабақ тақырыбынан ауытқымас үшін. Бояулармен жұмыс эмоциялық боялған өз тұрғысынан мереке болғаны дұрыс. Кез келген үлкен тәжірибелі суретші үшін жаңа бояу қобалжу туғызады, бұл қасиет балаларға да тән.

Әрбір бояу әлденені еске түсіреді (иістер сияқты). Балалар әрқашанда ондай әңгімеге ықыласпен қатысады — ол өмірлік тәжірибеге сәйкес келеді, сонымен бірге онда жаналық сәті бар. Міне, сары бояу — бұл әрине күн, көктемгі бақбақгүл, күзгі жапырақтар түсімен жарқырайды. Ал көк бояу түнгі аспанды еске түсіреді, тұңғиық терең суды — одан бір құпиялық байқалады. Қызғылт-сары — күзгі бақыт-құсы! Жасыл бояу — шөп, жазғы жасыл ағаштар және т. б. Балаларда бұл жағдай ең қарапайым және күтпеген әсер қалдыруы мүмкін. Әрбір түс бізге қандай да бір түйсінуді, еске алуды, міндетті түрде әлденеге ұқсас, әр адамдарда дәл келеді деген түйін қорытындыланады. Әрбір түс біз үшін поэтикалық дыбыс.

Балалар қашанда жаңа бояуларды пайдаланып, олармен танысқысы келеді. Сабақтағы тапсырма — бұл бояуларды сынау. Егер әдемі түрлі түсті кілемше шықса, тіпті жақсы. Көп балаларға сезгіш эстетикалық сезімі бұл бояуларды сынау әдемі, ритмикалық түрде аяқталған парақ шығады. Жақсы нәтижені міндетті түрде байқау және мақұлдап, барлығына көрсету керек. Балалар барлық бояуларды байқап көрсін, олардың қалай "дыбыс шығаратынын" көрсін, өз қалаулары мен тәжірибелері бойынша араластырып көрсін. Алайда бояулар қоспасы туралы арнайы сұрақ бұл сабақта койылмайды.

Сабақ сонында балаларға бояуларды жауып және өз жұмыс орындарын тәртіпке келтіруді үйрету керек.

Практикалық жұмыс. Бояуларды байқау, сабақта бояулармен жұмыс дағдысын жетілдіру.

Тапсырманың І нұсқасы: бояулы кілемше салу (оқулық 30-б.).

Тапсырманың II нұсқасы: әрбір бояу нені еске түсіретінін салу. Бұл түрлі түсті суреттерді мұғалім қиып алып, үлкен қағазға жапсырып, одан жалпы бір жұмыс жасай алады (оқулық ЗІ-б.).

Материалдар: гуашь. ақ қағаз, қылқалам.

Қосымша сабаққа балаларға гуашьпен кемпірқосақты бейнелеуді ұсынуға болады. Сабақтың міндеті — жұмыс орындағы дағдыларды бекіту және бояуларды пайдалану.

Page 19: Web viewІv.Жаңа білім беру. ... - деп слайд арқылы бөлменің ... Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау

Сабақтың көрермендік қатары — кемпірқосақ жайында балаларға арналған өлеңдер және осы өлеңдерге иллюстрациялар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: нені бейнелеу және нені бейнелемеу керектігін ойлау.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.