8
Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: “Қазақ биінің орындалу техникасы” Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық нақышын айқындайтын би өрнектерін үйрету. Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік: Би өнерінің сырларын ұғынуға, сұлулыққа, әдепті болуға тәрбиелеу. Өтілетін орны: «Би» кабинеті. Сабақтың әдісі: Қазақ биінің қол элементтерімен жұмыс жасау. Пайдаланылған әдебиеттер: «Сымбат» Ш.Жиенқұлова «Өнер шуағы» Т. Бақтыбаев «Би өнерінің әліппесі» Қ.Жақыпова. Сабақ барысы: Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу. Жаңа сабақ: I.Қазақ биі туралы түсінік беру; II.Орындалу техникасымен таныстыру; III. Қазақ биін үйрену сабағы рухани өмірдің үлгісі. I.Қазақ биі туралы түсінік беру;

45minutkz.files.wordpress.com · Web viewII. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын

  • Upload
    others

  • View
    18

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewII. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: “Қазақ биінің орындалу техникасы”

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық нақышын айқындайтын би өрнектерін үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Би өнерінің сырларын ұғынуға, сұлулыққа, әдепті болуға тәрбиелеу.

Өтілетін орны: «Би» кабинеті.

Сабақтың әдісі: Қазақ биінің қол элементтерімен жұмыс жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Сымбат» Ш.Жиенқұлова «Өнер шуағы» Т. Бақтыбаев «Би өнерінің әліппесі» Қ.Жақыпова.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу.

Жаңа сабақ:

I.Қазақ биі туралы түсінік беру;

II.Орындалу техникасымен таныстыру;

III. Қазақ биін үйрену сабағы рухани өмірдің үлгісі.

I.Қазақ биі туралы түсінік беру;

Би - ежелден келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлінбес, алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше рөль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс-әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Би өнері адамды тәрбиелеу жұмысында маңызы зор. Қазіргі заманда балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарында би ұжымдары ашылуда. Осы ұжымдардың шығармашылығының арқасында

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewII. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын

халық билері жаңа белеске көтеріліп, жас ұрпақтар этикалық тәрбие алып, рухани байлығы көтерілді. Би тек қана әсемдік үшін ғана емес сонымен қатар, бұлшық еттерінің қаңқа сүйектерінің жетіліп дамуына көп әсерін тигізеді, денеге икемдік сымбат береді.

Әр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әр түрлі болып келеді. Қазақ биі негізінен қол, бас, мойын, көз, иық секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарымен биленеді. Ал оны біз қиюын тауып, үйлестіре білсек, қазақтың ұлттық биінің өз ерекшелігі танылады. Қазақ биінің алғашқы болып іргетасын қалаған – Шара Жиенқұлова. Ол – туған халқының мол мәдени мұрасын болашаққа ұсынып кеткен ұлы ұстаз. Ұлы ұстаз Ш. Жиенқұлова күнделікті тіршіліктегі қимыл – қозғалыстарды би қимылдарына айналдырған.

Осы қимылдарды қазіргі таңға дейін қолданып келеміз. Қазақ биі – халықтың тұрмыс-салтының айнасы. “Сырға”, “Толқын”, “Тұмарша”, “Айна”, “Білезік”, “Буын” осы қол элементтері қыздың нәзіктігін бейнелейді. Қазақ биінің қимылы мен әуені де, өте әсем, ырғағы жігерлі, мазмұны бай болып келеді.

II.Орындалу техникасымен таныстыру; Қазақ биі үстінде қолды қалай ұстаудың негізгі алты түрі (қалыптары) бар.

I. “Сәлем” деп аталады. Екі қолын алға созып, саусақ бастарын жоғары қаратады, алақаны ашық, шынтағы сәл бүгулі ұсталады.

II. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын төмен қаратып, саусақтарын бос ұстайды.

III. “Қос мүйіз” деп аталады. Екі қолын басынан асыра көтеріп, ортаңғы саусағын бас киіміне тигізеді, екі шынтағын бүгеді.

IV. “Сәукеле” деп аталады. Сәукеле- қыздар үшін, ат үстінде- ерлер үшін. Оң қолын жоғары асыра басына көтеріп, сол қолын шынтақтан бүгіп көкірек тұсына иеді. Қолдың алақаны ашық болады. Ерлер қолдың алақанын жұмып, ат үстінде тізгін ұстағанды бейнелейді.

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewII. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын

V. “Сыңар мүйіз” деп аталады. Оң қолын жоғары көтеріп, сол қолын солға созады. Алақаны ашық болады.

VI. “Белбеу” деп аталады (ерлер үшін). Екі қолын шынтақтан бүгіп, белдіктен ұстайды.

Аяқтың қазақ биі үстінде байқалатын алты түрі бар. Жүру әдістері. I. Табан жүріс. Екі аяқтың көмегімен еденді алма- кезек нық басып жүру.

II. Өкше жүріс. Екі аяқтың өкшесімен кезек басып жүру. Екі аяқтың ұшымен кезек басып жүру.

III. Қос табан. Оң аяқпен алға екі табан басу, сол аяқ оң аяқтың артынан ілеседі. Дәл осыны керсінше қайталайды.

IV. Тоқылдақ. Екі аяқтың табанымен еденді кезек- кезек тебеді. Сырғанақ тоқылдақ оң аяқпен еденді бір теуіп алға сырғанайды да, сол аяқпен қайталайды.

V. Секіртпе. Екі аяқпен алма- кезек секіреді. Қос аяқпен бір мезгілде секіреді, бір аяқпен секіреді.

VI. Айналма. Бір аяқтың ұшымен айналады. Айналма шеңбер жасайды. Ұршықтай шыр айналады.

Би элементтерін әуенмен орындау.

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewII. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын
Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewII. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын

III. Қазақ биін үйрену сабағы рухани өмірдің үлгісі.

Қазақ биін үйрену сабағы рухани өмірдің үлгісі. Би өнерін- әсем қимылдарды көркемдік бинелеу құралдары етіп ала отырып, осы өнер арқылы тұтас бір халықтың өмірімен мәдениетін би тілімен суреттеп береді. Өмірде би өнерінің орны ерекше.

Қазақ биі және оны үйретудің әдіс – тәсілдерінің негізгі бағыты мен мақсаты- би өнерінің әдебиетпен музыкамен, бейнелеу және қолданбалы өнер түрлерімен тығыз байланыста дамып келе жатқанын түсіндіру; ең қарапайым би үлгісінен ғасырдан – ғасырға жетіліп даму үстінде болған хореография өнерінің бүгінгі таңдағы жағдайын оқушыларға жеткізу.