8
№40 (4206), 31.05.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ (Соңы 4-бетте) ЕлБАСЫ ӘлИхАН БАЙМЕНовТІ қАБЫлдАдЫ иГі іс МЕМЛЕКЕТТіК хАТШЫ БАӘ ФЕДЕРАЛДЫҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСі ТөРАйЫМЫМЕН КЕЗДЕСТі СоТ оРЫНДАуШЫЛАР ҚЫЗМЕТіМЕН ТАНЫСАДЫ парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот- құқықтық реформа комитетінің мүшелері 30- 31 мамыр күндері Алматы қаласында және Алматы облысы аудандарының жергілікті жердегі жеке сот орындаушыларының қызметімен танысады. Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлауынша, 31 мамырда, яғни бүгін республикалық көлемде дөңгелек үстел өткізілмек. Басқосуда жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланатын болады. оның жұмысына парламент депутаттары, «Нұр отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысады. отырыстың модераторы: Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров. Көшпелі отырысқа Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары С.Бычкова, Б.Дүйсенбинов, С.Имашева, Б.Кесебаева, М.Магеррамов, Н.Микаелян, Қ.Мусин, М.Тінекеев, сондай-ақ, Әділет министрлігінің өкілдері қатысады. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТіК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ өҢіРЛіК хАБТЫҢ БАСҚАРуШЫ КоМИТЕТіНіҢ ТөРАҒАСЫ ӘЛИхАН БАйМЕНоВТі ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚоРДАНЫҢ БАСпАСөЗ ҚЫЗМЕТі хАБАРЛАДЫ. Кездесу барысында Ә.Байменов Мемлекет басшысын өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті. хабтың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып отырғаны, қазіргі кезде Сингапур орталығымен бірге оның мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес бола оты- рып, бұл платформаның тиімділігін айтып, хабтың іс-шараларын бірге қаржыландыруда. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды. Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық кеңесінің төрайымы Әмәл әл-Кубейсимен кездесті. «Сіздің үлкен делегациямен келуіңіз біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен әмірліктер шейхы халифа бен Заид Аль Наһанянның арасындағы мығым достық пен іскерлік біздің ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға мығым негіз қалайды», – деді кездесу барысын- да Г.Әбдіқалықова. Тараптар ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы бірлескен жобалардың табыс- ты іске асырылуы мәселелерін талқылады. олардың қатарында ел ордадағы Әбу-Даби плаза көпфункционалды кешенінің құрылысы, ТМД және Қазақстан аумағында алғаш қызметін бастаған «Әл-хилал» ислам банкі және «Фалах» бірлескен инвестициялық қоры жайындағы мәселелер бар. Г.Әбдіқалықова Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитін өткізу туралы бастамасына Әбу- Дабидің қолдау көрсететіндігіне үміт артты. Сонымен қатар, ол әмірлік тарапын елор- дада өтетін «ЭКСпо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды. Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің төрайымын алдағы барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы- мен құттықтап, екі ел арасындағы диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Қос мекеменің мұрындық болуымен балалар арасында сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау- дан байқау ұйымдастырылып, шығармашылық сайысының тақырыбы «полиция – қауі псіздік күзетінде» деп аталды. Ал, шара Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы урюпинка ауылында мүмкіндігі шектеулі жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 құрамдастырылған балалар үйінде ұйымдастырылды. іргетасы өткен ғасырдың 1932 жылы қаланған балалар үйінің тарихы да, тағдыры да шырғалаң. Бүкіл бір елдің тіршілігімен, жүріп өткен тағдырлы жолымен тамырлас мекеменің сонау жылдан бері тұрған ғимаратына қарап-ақ талай сыр мен мұңды ұғуға болар еді. Бұл балалар үйінің өзгелерден бір ерекшелігі – мұнда ақыл-есі кем бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Арнайы мекемеде өсіп келе жатқан балалардың ең кішкентайы 6-да болса, үлкені 18-ге толған. Жоғары сыныпқа баратын ересектері урюпинка ауылындағы орта мектеп- САУАБЫ Мол САЙЫС Бану РАхЫМБАйҚЫЗЫ, суреттерді түсірген Серік ЖоЛДАСпЕКоВ хАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚоРҒАу КүНі, СоНДАй-АҚ, 23 МАуСЫМ – поЛИЦИЯ КүНі ҚАРСАҢЫНДА ііМ МЕМЛЕКЕТТіК ТіЛ ЖӘНЕ АҚпАРАТ ДЕпАРТАМЕНТі МЕН «іШКі іСТЕР оРГАНДАРЫНЫҢ МЕДИА оРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НіҢ БАСТАМАСЫМЕН ИГі іС ҚоЛҒА АЛЫНҒАН ЕДі. те білім алады. Шамамен 140 балаға арналған мекемеде бүгінде 98 бала тәрбиеленіп келеді. оның ішінде 20 бүлдіршін ата-анасының жылуынсыз қалған болса, қалғандарының әке-шешелерінің көзі тірі. «Алайда, артынан іздеп келіп, баласының қамын жеп жүрген бірі жоқ, – дейді мекемені соңғы алты жылдан бері басқарып келе жатқан балалар үйінің дирек- торы Сәуле Молгаждарова. – Себебі, олардың дені маскүнем, нашақор, болмаса үй-күйсіз қаңғып, өз күнін өзі әрең көріп жүрген жан- дар. Мұндағы балалар екі категория бойынша – мүмкіндігі шектеулі және ақыл-есі кемдігіне байланысты бақылауға алынады. Мекеменің жалпы штаттық құрамы 140, оның ішінде 51-і мұғалім мен тәрбиеші». «Мектеп жасындағы балаларға тәлім беру, оң бағытқа салу олардың денсаулықтарындағы ақауды ескергенде қаншалықты ауыр екенін өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Алайда, мұндағы бүлдіршіндер бір-біріне өте бауыр- мал. Бір-бірінің жағасынан алып, төбелес шығару деген жоқ. Әр бала өз отбасында тәрбиеленеді. Мәселен, қазір бізде 10 отбасы бар. «Айгөйлек», «Жұлдыз» деген атаула- ры бар әр шаңырақта шамамен 8-10 шақты бала шоғырланған. Әр отбасының анасы бар, олар әрине, тәрбиешілері, ал әр тәрбиешінің көмекшісі тағы болады. Бір сөзбен айтқанда, бірде-бір бала бір минут та бақылаусыз қалмайды. Күндіз де, түнде де», – дейді мекеме басшысы. Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мұнда Ақмола облысы бойынша ғана арнайы бағдарламамен келеді. Балалар 10-сыныптан кейін еңбек тәрбиесі бағдарламасы бойынша білім алып, кәсіби колледждерге түседі. Сәуле Тұрарқызы бізді балалар үйінің тыныс-тіршілігімен толықтай таныстырып шықты. Әр отбасының шаңырақтарына да бас сұқтық. Қарапайым үй секілді жабдықталған бөлмелердің жиһаздары жаңа, жинақы, ең бастысы – таза. Бір байқағанымыз, балалар сабақтан тыс уақытта бос сенделіп жүрмей, әрқайсысы бір іспен шұғылданады екен.

Сақшы №40 (4206)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №40 (4206) 31.05.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №40 (4206)

№40(4206),

31.05.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

(Соңы 4-бетте)

ЕлБАСЫ ӘлИхАН БАЙМЕНовТІ қАБЫлдАдЫ

иГі іс

МЕМЛЕКЕТТіК хАТШЫ БАӘ ФЕДЕРАЛДЫҚҰЛТТЫҚ КЕҢЕСі

ТөРАйЫМЫМЕН КЕЗДЕСТі

СоТ оРЫНДАуШЫЛАР ҚЫЗМЕТіМЕН ТАНЫСАДЫ

парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері 30-31 мамыр күндері Алматы қаласында және Алматы облысы аудандарының жергілікті жердегі жеке сот орындаушыларының қызметімен танысады.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлауынша, 31 мамырда, яғни бүгін республикалық көлемде дөңгелек үстел өткізілмек. Басқосуда жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланатын болады. оның жұмысына парламент депутаттары, «Нұр отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысады.

отырыстың модераторы: Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров.

Көшпелі отырысқа Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары С.Бычкова, Б.Дүйсенбинов, С.Имашева, Б.Кесебаева, М.Магеррамов, Н.Микаелян, Қ.Мусин, М.Тінекеев, сондай-ақ, Әділет министрлігінің өкілдері қатысады.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТіК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ өҢіРЛіК хАБТЫҢ БАСҚАРуШЫ КоМИТЕТіНіҢ ТөРАҒАСЫ ӘЛИхАН БАйМЕНоВТі ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚоРДАНЫҢ БАСпАСөЗ ҚЫЗМЕТі хАБАРЛАДЫ.

Кездесу барысында Ә.Байменов Мемлекет басшысын өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті.

хабтың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып отырғаны, қазіргі кезде

Сингапур орталығымен бірге оның мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес бола оты-рып, бұл платформаның тиімділігін айтып, хабтың іс-шараларын бірге қаржыландыруда.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды.

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық кеңесінің төрайымы Әмәл әл-Кубейсимен кездесті.

«Сіздің үлкен делегациямен келуіңіз біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгей ін көрсетед і . Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен әмірліктер шейхы халифа бен Заид Аль Наһанянның арасындағы мығым достық пен іскерлік біздің ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға мығым негіз қалайды», – деді кездесу барысын-да Г.Әбдіқалықова.

Т а р а п т а р ы н т ы м а қ т а с т ы қ т ы ң т ү р л і салаларындағы бірлескен жобалардың табыс-ты іске асырылуы мәселелерін талқылады. олардың қатарында елордадағы Әбу-Даби плаза көпфункционалды кешенінің құрылысы, ТМД және Қазақстан аумағында алғаш қызметін бастаған «Әл-хилал» ислам банкі және «Фалах» бірлескен инвестициялық қоры жайындағы мәселелер бар.

Г.Әбдіқалықова Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитін өткізу туралы бастамасына Әбу-Дабидің қолдау көрсететіндігіне үміт артты. Сонымен қатар, ол әмірлік тарапын елор-дада өтетін «ЭКСпо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмес іне қатысуға шақырды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің төрайымын алдағы барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы-мен құттықтап, екі ел арасындағы диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

Қос мекеменің мұрындық болуымен балалар арасында сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау-дан байқау ұйымдастырылып, шығармашылық сайысының тақырыбы «полиция – қауіпсіздік күзетінде» деп аталды. Ал, шара Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы урюпинка ауылында мүмкіндігі шектеулі жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 құрамдастырылған балалар үйінде ұйымдастырылды.

іргетасы өткен ғасырдың 1932 жылы қаланған балалар үйінің тарихы да, тағдыры да шырғалаң. Бүкіл бір елдің тіршілігімен, жүріп өткен тағдырлы жолымен тамырлас мекеменің сонау жылдан бері тұрған ғимаратына қарап-ақ талай сыр мен мұңды ұғуға болар еді.

Б ұ л б а л а л а р ү й і н і ң ө з г е л е р д е н б і р ерекшелігі – мұнда ақыл-есі кем бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Арнайы мекемеде өсіп келе жатқан балалардың ең кішкентайы 6-да болса, үлкені 18-ге толған. Жоғары сыныпқа баратын ересектері урюпинка ауылындағы орта мектеп-

САУАБЫ Мол САЙЫСБану РАхЫМБАйҚЫЗЫ, суреттерді түсірген Серік ЖоЛДАСпЕКоВ

хАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚоРҒАу КүНі, СоНДАй-АҚ, 23 МАуСЫМ – поЛИЦИЯ КүНі ҚАРСАҢЫНДА ііМ МЕМЛЕКЕТТіК ТіЛ ЖӘНЕ АҚпАРАТ ДЕпАРТАМЕНТі МЕН «іШКі іСТЕР оРГАНДАРЫНЫҢ МЕДИА оРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НіҢ БАСТАМАСЫМЕН ИГі іС ҚоЛҒА АЛЫНҒАН ЕДі.

те білім алады. Шамамен 140 балаға арналған мекемеде бүгінде 98 бала тәрбиеленіп келеді. оның ішінде 20 бүлдіршін ата-анасының жылуынсыз қалған болса, қалғандарының әке-шешелерінің көзі тірі. «Алайда, артынан

іздеп келіп, баласының қамын жеп жүрген бірі жоқ, – дейді мекемені соңғы алты жылдан бері басқарып келе жатқан балалар үйінің дирек-торы Сәуле Молгаждарова. – Себебі, олардың дені маскүнем, нашақор, болмаса үй-күйсіз қаңғып, өз күнін өзі әрең көріп жүрген жан-дар. Мұндағы балалар екі категория бойынша – мүмкіндігі шектеулі және ақыл-есі кемдігіне байланысты бақылауға алынады. Мекеменің жалпы штаттық құрамы 140, оның ішінде 51-і мұғалім мен тәрбиеші».

«Мектеп жасындағы балаларға тәлім беру, оң бағытқа салу олардың денсаулықтарындағы ақауды ескергенде қаншалықты ауыр екенін өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Алайда, мұндағы бүлдіршіндер бір-біріне өте бауыр-мал. Бір-бірінің жағасынан алып, төбелес шығару деген жоқ. Әр бала өз отбасында тәрбиеленеді. Мәселен, қазір бізде 10 отбасы бар. «Айгөйлек», «Жұлдыз» деген атаула-ры бар әр шаңырақта шамамен 8-10 шақты бала шоғырланған. Әр отбасының анасы бар, олар әрине, тәрбиешілері, ал әр тәрбиешінің көмекшісі тағы болады. Бір сөзбен айтқанда, б ірде-бір бала б ір минут та бақылаусыз қалмайды. Күндіз де, түнде де», – дейді мекеме басшысы.

М ү м к і н д і г і ш е к т е у л і ж ә н е а т а - а н а қамқорлығынсыз қалған жет ім балалар мұнда Ақмола облысы бойынша ғана арнайы бағдарламамен келеді. Балалар 10-сыныптан кейін еңбек тәрбиесі бағдарламасы бойынша білім алып, кәсіби колледждерге түседі.

Сәуле Тұрарқызы б ізд і балалар үй ін ің тыныс-тіршілігімен толықтай таныстырып шықты. Әр отбасының шаңырақтарына да бас сұқтық. Қарапайым үй секілді жабдықталған бөлмелердің жиһаздары жаңа, жинақы, ең бастысы – таза. Бір байқағанымыз, балалар сабақтан тыс уақытта бос сенделіп жүрмей, әрқайсысы бір іспен шұғылданады екен.

Page 2: Сақшы №40 (4206)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Ресей

Шенеуніктерге шектеулер қойды

Ирак

Венесуэла

Тайланд

Ресей Экономикалық даму министрлігі шенеуніктер мен əскери қызметшілерге шетел əзірлеушілерінің мобильдік қосымшасы арқылы жұмысқа қатысты хаттармен алмасуға тыйым салуды ұсынады. Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады.

Өркениет дамуының негізі – бейбітшілік Қазақ жерінде қолданылған қарулар тарихы

Gmail электрондық поштасы, сондай-ақ, WhatsApp, Viber, Skype жəне Telegram мессенджерлеріне шектеу енгізілуі мүмкін екені атап өтіледі.

Басылым бұл министрлік ұсынысты ел Президенті В.Путинге жібергенін жазады.

2015 жылы мемлекеттік қызметшілердің шетелдік сервистерді пайдалану мəселесіне Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушов назар аударған.

2015 жылғы қарашада Думаға шенеуніктер үшін бірқатар мессенджерге тыйым салу тура-лы заң жобасын енгізді.

Венесуэланың Трухильо штатында қарулы адамдар 11 адамды атып кетті. Бұл туралы ел прокуратурасына сілтеме жасаған Би-би-си хабарлады.

Шабуыл жасаушылар құрбандарды үйлерінен аулаға шығуға мəжбүрлеп, атып тастаған.

Қаза болғандардың барлығы ер адамдар. Олардың үшеуі 15, 16, 17 жастағы жасөспірімдер жəне 18-ден 76 жасқа дейінгі ересек адамдар.

Прокуратура құрбандардың кім екені, оларды не үшін өлтіргені жайлы ақпарат бермеген.

Наурызда Венесуэланың оңтүстік-шығысында Тумеремо қаласында кем дегенде 17 шахтердің мəйіті табылған. Қаза болғандардың туыстары кеншілерді жергілікті қылмыстық топ өлтіргенін айтып отыр.

Прокуратура деректеріне сəйкес, 2015 жылы Венесуэлада 100 мың адамға шаққанда 58 кісі өлімі тіркелген.

«ДIН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ» КОН-ФЕРЕНЦИЯСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕШЕНДI ЖҰМЫСЫНЫҢ БIР БӨЛIГI. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТIНДЕ ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА СЫРТҚЫ IСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРI ЕРЖАН АШЫҚБАЕВ АЙТТЫ.

« А л д а ғ ы к о н ф е р е н ц и я Қазақстанның халықаралық аренада жасап жатқан кешендi жұмысының бiр бөлiгi. Əлемдiк жəне дəстүрлi дiндер көшбасшыларының съезi бойынша Елбасының бастамасы, «Дiн терроризмге қарсы» конфе-ренциясы 6 мамырда Нью-Йоркте өткен «Дiн бейбiтшiлiк үшiн» жоғары деңгейдегi диалогы, БҰҰ Бас Ассамблеясының жетпiсiншi сессиясында Мемлекет басшысы ұсынған бастама, өткен айда Президенттiң Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитiнде сөйлеген сөзi – осының бəрi кешендi жұмыстың бiр бөлiгi жəне əлемдегi прогрессивтi күштердi терроризм мен экстремизмге қарсы күресу үшiн бiрiктiруге бағытталған», – дедi Ержан Ашықбаев.

Бүгін Астанада өтетін «Дін – лаңкестікке қарсы» тақырыбындағы халықаралық конференцияға бірқатар елдің Парламент мүшелері мен əлемдік конфессиялардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Атап айтқанда, конференцияға 41 елден 63 делегат келеді. «Дін экстремизм мен лаңкестікке қарсы екені белгілі. Осы ретте дінде төзімділік насихатталады. Діни жəне саяси бағыттағы

көшбасшылар осы құндылықтарды бар-ша адамдарға жеткізуі тиіс, əсіресе, жастарға дұрыс бағдар берген жөн. Негізгі күш-жігерді қақтығыстарды доғаруға жұмылдыру қажет. Өйткені, тек бейбітшілік пен келісім ғана өркениеттер дамуының негізі бола алады», – деді сенатор Георгий Ким Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мəслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, конференцияда Қазақстанның ұстанымдарына ерекше мəн беріледі. Бұл тұрғыда еліміз этникааралық, дінаралық жəне мəдениетаралық үндестіксіз тұрақты саяси, сондай-ақ, əлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес екенін насихаттауда.

«Бұл конференцияда Қазақстан осы салада жинақтаған тəжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар, осы тəжірибе негізінде елеулі конструктивті ұсыныстарды енгізуде», – деді ол.

ҚАРУДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН ПАШ ЕТЕТІН ƏЛЕМДІК ТРЕНД ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚОЛДАУ ТАПТЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ВЕДОМСТВОНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

2-5 маусым аралығында Астанада өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен əскери-техникалық мүлік көрмесі қарсаңында «120 секунд ішіндегі қарудың шығу тарихы» атты бей-неролик жасалды. Көрермендерге Түрік қағанаты кезінен бастап қазіргі күнге дейінгі Қазақстан аумағында пайдаланылған қарудың түрлері көрсетілді.

Бейнероликте садақ жəне Түрік қағанаты мен Қазақ хандығының жебелері, білте мылтығы, соққы-шақпақтас құлпы бар мылтық, капсюльді тетігі бар мылтық, ХХ ғасырдың басы мен бірінші жартысының қаруы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару, əйгілі Калашников автоматы мен оның модификациялары, ХХ ғасырдың өзге де қаруы көрсетілген. Қазіргі уақыттағы қару ретінде роликте Қазақстан Қарулы Күштері ар-найы бөлімшелерінің жарақтандыруында тұрған заманауи винтовка көрсетілген. Осылайша, 2 минут ішінде көрермен назарына еліміздің тарихының əртүрлі кезеңдерінде, яғни, Қазақ хандығының құрылғанға дейінгі кезең, Қазақ хандығы, КСРО, тəуелсіз Қазақстан құрамында қолданылған қарудың түрлері ұсынылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қолданылып жүрген қару-жарақты 2-5 маусым аралығында Астанадағы Қорғаныс министрлігі авиациялық базасында өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен əскери-техникалық мүлік көрмесінде ниет білдірген барша қауым тамашалай алатынын айта кетейік.

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ РЕТ «ҚОҚЫСПЕН КҮРЕСУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФО-НЫ ӨТТІ. ШАҺАРДЫҢ 1000 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ-ТОЙЫНА ОРАЙ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН «1000 ІЗГІЛІКТІ ІС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН БҰЛ ШАРАҒА 700-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖƏНЕ БАСҚА ДА БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАЛАР БОЛДЫ.

Шараны ұйымдастырушы – «Бауыржан» қайырымдылық қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияның басты мақсаты – алматылықтарды тазалыққа шақыру жəне экологиялық мəдениетті дəріптеу.

«Қоқыспен күресу» жобасы Қазақстанның ең ірі мегаполистерінің бірі – Алматының таулы дема-лыс аймағында тазалықты сақтауға бағытталған. Ол 2016 жылдың сəуір айынан бастап қараша айына дейін жалғасады.

«Қоқыспен күресу» жобасын жүзеге асыра оты-рып, біз адамдардың санасына қоршаған ортаны таза ұстау мəдениетін сіңіреміз», – деді шараны

Алматылықтар қоқыспен күресіп жатыр«Қоқыспен күресу» шарасына 1300 белсенді

алматылық қатысуға өтініш білдірген екен. Бірақ шараға 700-ден астам белсенді қала тұрғыны қатысты. Сонымен қатар, əрбір тіркелуші азамат «марафоншы» дəрежесіне ие болды.

Екі сағат ішінде марафоншылар Алматының тау бөктерлерінен 1478 келі қоқыс жинады. Ең нəтижелі марафоншы атағына 53-нөмірлі қатысушы Архат Үкібаев лайық деп танылды. Ол 56,5 келі қоқыс жинап үлгерген. Жеңімпаз ең басты сыйлық – Бурабай демалыс орнына екі адамдық жолдаманы ұтып алды.

«Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, ең көп қоқыс жинағаныма өте қуаныштымын», – деді ол.

Екінші үздік дəрежелі марафоншы Данил Шанин қомақты сый – тау велосипедіне ие болды. Ол 53,75 келі қоқыс жинаған. Ал Go-Pro камера-сы үшінші орын алған Дамир Қаратаев есімді марафоншыға бұйырды. Ол 52,4 келі қоқыс жинап үлгеріпті.

Ең жас марафоншы атағы 59-нөмірлі жеті жасар Əлтайыр Қатыжан есімді кішкентай алматылыққа

берілсе, ең жасы үлкен марафон-шы ретінде Гроз Бриджит есімді 59 жастағы шетелдік азаматша танылды.

Ең алғаш «Қоқыспен күресу» ак-циясы 2015 жылдың күзінде өткен болатын. Шара барысында бір мау-сым ішінде Алмаарасан мен Бутаков шатқалдарында 6 мыңнан астам де-малушы 17 тоннаға жуық қоқыс жинаған.

Ұйымдастырушылар бұл акцияны жыл сайын өткізуді көздеп отыр. Акция сəуір айы мен қараша айла-ры аралығында əр жексенбі сай-ы н А л м а а р а с а н м е н Б у т а к о в шатқалдарында өткізіледі.

Айта кетелік, мамандардың са-раптамасы бойынша, Іле-Алатау

табиғат қорғау саябағында қоқыстардың 90 пайызын қазақстандық демалушылар қалдырады. Жыл сайын ұлттық саябақтан 5000 текшеметрге жуық, ал аптасына 30 тонна қоқыс шығарылады. Жыл сайын Алматының тау-лы аймағында орта есеппен 200 мыңға тарта адам демалады.

ұйымдастыру алқасының мүшесі Бекнұр Қисықов. Өз кезе г і нде Теле -2 компаниясының

коммерциялық директоры Алексей Ноздрин: «Халықты тазалыққа үндейтін бұл шара өте маңызды. Бүгін марафонға жастар қауымының көп жиналғаны ұйымдастырушыларды өте қуантты», – деді.

БҮГІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚАРЫШТАП ДАМЫҒАН ДƏУІРІНДЕ ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ НЕСИЕ АЛУ ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢІНЕН ТАРА-ЛЫП КЕЛЕДІ. ДЕСЕК ТЕ, ОНЛАЙН-ҚАРЫЗДЫ ИНТЕРНЕТ-РОБОТТЫҢ РƏСІМДЕГЕНІН КӨРГЕН ЖАНДАР КЕМДЕ-КЕМ. ДЕГЕНМЕН, «РОБОТ ЗАЙ-МЕР» (ZAIMER.KZ) СЕРВИСІН МЫСАЛҒА КЕЛТІРЕ ОТЫРЫП, КРЕДИТТІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ БЕРЕТІН АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ БІЛІП ЖҮРІҢІЗ.

Сонымен онлайн қарыз деген не? Онлайн-қарыз – аптаның кез келген күні мен кез келген уақытта үйден шықпай-ақ қарызға алуға болатын ақша. Ол үшін жаныңызда интернет, банк картасы мен ұялы телефоныңыз болса жеткілікті. Сервис сайтында шағын ғана са-уалнаманы толтырғаннан кейін онлайн-құлтемір қарыз алушының төлем қабілетін тексеріп, шешім қабылдап, клиенттің есепшотына қажетті соманы автоматты түрде аударады.

Ж а ң а ж ү й е т о л ы қ т а й автоматтандырылған, сайтқа тіркелген сəттен ақша түскенге дейінгі барлық процесс небəрі 4 минутқа созылады. Онлайн-робот

Несиені онлайн беретін робот жасалдытəулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн үзіліссіз, демалыссыз əрі мереке күндері де жұмыс істей береді. Клиенттен өтінім қабылданғаннан кейін бағдарлама клиенттің сауалнамаға енгізген мəліметтерін өз бетінше мұқият талдап, жан-жақты тексереді. Скорингтік жүйе клиент енгізген мəліметтерді көшіріп, 1800 параметр бойынша талдау жүргізеді. Соның ішінде қарыз алушының тұрғылықты мекенжайы, отбасы құрамы, табыс деңгейі жəне тағы басқасы бар. Сондай-ақ, «Займер» клиенттің əлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жүргізілген талдауға да жүгінеді.

1 МАУСЫМ КҮНІ САҒАТ 17.00-ДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАДА «ƏДЕБИЕТ ƏЛЕМІНДЕГІ ƏЙЕЛ ЖҮРЕГІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ КІТАПХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Онда Жазушылар одағының мүшесі, жа-зушы-журналист, республикалық «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының Ғ.Мұстафин атындағы əдеби сыйлығының иегері, Сорос заманауи өнер орталығының, ЕҚЫҰ жабық бəйгелерінің жүлдегері, «Түнгі оттар», «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Сіз іздеген адам», «Ұлтын сүйген ұлылар» атты прозалық кітаптардың авторы Заря Жұманова жəне филология ғылымдарының кандидаты, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, ақын, əдебиет сыншысы, «Қиғаштың қарлығашы», «Ақбота күнд і аңсаумен», «Ардақтым», «Аллажар», «Дара», «Есенғали Раушановтың поэзиясы» атты жыр жинақтары мен монографиялардың авторы Гүлзада Ниетқалиева оқырмандарымен кездеседі.

Шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жыр сүйер қауым мен БАҚ өкілдері қатысады.

«Əдебиет əлеміндегі əйел жүрегі»

ЕЛIМIЗДЕ БҮГIНГI КҮНI 5 МИЛЛИОННАН АСТАМ БАЛА БАР. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТIНДЕ БАЛАЛАР-ДЫ ҚОРҒАУ КҮНIНЕ АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА БЕЛГIЛI БОЛДЫ.

Елiмiзде бүгiнде 18 жасқа дейiнгi 5 миллионнан астам бала бар екен. Олардың iшiнде мектепке дейiнгi жастағы балалар 2,5 миллионға жуық, ал 2,5 миллион бала – мектеп оқушылары.

«Бұл – бүкiл əлемде 1950 жылдан берi ата-лып келе жатқан ең маңызды халықаралық

Елімізде 5 миллионнан астам бала бар

Зика вирусын жұқтырдыТайландтың солтүстік-шығысында тағы

бір адам Зика вирусын жұқтырған. Кеше таиландтық Удонтхани провинциясының билігі хабарлағандай, осы елдің азаматы Тайвань əуежайында ауру белгілерімен тоқтатылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Вирустың таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Науқастың отбасы мүшелері дəрігерлер бақылауында», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мит Прасаннакарн.

Биыл Тайландта Зика вирусы үшінші рет тіркелді. Қаңтарда Удонтхани провинциясы-нан ер адам жоғары температурамен Тайвань əуежайынан тоқтатылған. Кейіннен Бангкокта тағы бір науқас анықталды.

Лаңкестердің жерасты жолы табылды

Ирак əскері Əл-Фаллуджа қаласының маңынан содырлардың бірнеше құпия жерасты жолын тауып алды. Олар Үкіметтің Қарулы Күштерімен соғыста жеңіле бастаған кезде осы туннельдер арқылы бой тасалаған деген дерек бар. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Ең ұзын жерасты жолы кірпіш зауытының аумағынан қазылған. Осының алдында сар-баздар Əл-Фаллуджаның батысында ТГИЛ-дің 80 мүшесін өлтірген еді. Бұл шаһарды экстре-мистер 2014 жылы басып алған. Қаланы азат ету операциясы 23 мамырда басталды. АҚШ əскері жасаған шабуылдардың арқасында біраз тұрғын қаладан шығып үлгерген. Дегенмен, Пентагонның мəлімдеуінше, қазір 50 мыңға жуық адам Əл-Фаллуджадан əлі күнге дейін кете алмай отыр.

11 адамды атып кеткен

мерекелердiң бiрi. Балаларды қорғау күнi, ең ал-дымен, балалардың құқықтарын қорғау қажеттiгiн еске салады. Елiмiзде əр баланың заманауи бiлiм алып, оларды лайықты қолдау үшiн барлық жағдай жасалған. Балалар құқықтарын қорғау туралы конвенция – 1994 жылы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған алғашқы халықаралық құжат. Елбасы Қазақстан жерiнде дүниеге келген əр баланың құқықтарын қамтамасыз ету мiндетiн қойды. Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған практикалық iс-шаралар жүйесi ең алдымен балалардың дамуы мен тəрбиесiне қажеттi жағдайлар жасауды көздейдi», – дейдi Бiлiм жəне ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комитет төрайымы Забира Оразалиева.

Page 3: Сақшы №40 (4206)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ФОРУМ

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

КЕШЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫ-РЫП, САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ МҰРАҒАТТЫҚ ІСТЕР КӨРМЕСІН ӨТКІЗДІ. КӨРМЕГЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАН-ТЫ МАРАТ ДЕМЕУОВ, ГРЕКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖƏНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ЭФТИМИОС ПАНДЗОПУЛОС, ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛ-ДАРЫ ІСТІ БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ, СОЛ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ РЕПАТРИАНТТАРДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ ТҮРМЕ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫН АЗАЙТУ. БҰЛ БАҒЫТТА ЕЛІМІЗДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР МЕН АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАНҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ДА БАРШЫЛЫҚ.

Басқосу барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, оған қатысты сот əкімшілік қадағалау белгілеген, шартты, бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарға əлеуметтік құқықтық көмек көрсету кезінде туындайтын мəселелерді шешу жолдары талқыға салынды.

Дөңгелек үстел кезінде мамандар пробация қызметі жəне сотталғандарға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағыттарын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жиында ішкі істер органдары жəне жергілікті атқарушы органдары өкілдері өз қызметтері жайлы айтып, пікірлерін ортаға салды. Əрі қарай про-бация қызметінің қызметкерлері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп, сотталғандарға қандай да жəрдем көрсете алатындары жайлы баяндады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға мұрындық болған Алға аудандық Пробация қызметінің мамандары: «Мұндай маңызы зор іс-шаралардың жиі өткізілуі, сотталғандарға сапалы əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, есепте тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасамауына ықпал ету, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру арқылы еңбек нарығына сай қызмет атқаруға жол сілтеп, жəрдем жасасақ, еңбегіміздің зая кетпегені», – деген тұжырымдарын ортаға салды.

Жаза басқандарға жол көрсету міндет

Аслан МЕҢДІБАЕВ, Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ АЛҒА АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ІІО ЖƏНЕ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде өткен «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Society needs you!» атты форумда түзеу мекемелерінен босап шыққандар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мəселесі талқыланды. Жұмыс – тек күнкөріс көзі ғана емес, сотталғандарды қайталап қылмыс жасаудан қорғаушы да. Жасыратыны жоқ, түрмеге түсетіндердің басым бөлігі жұмыссыздар мен баспанасыздар. Олардың арасында жазаларын өтеп шыққан соң да жұмыссыздық салдарынан қайталап қылмыс жасайтын-дар аз кездеспейді. Форумға қатысқан Алматы қаласы прокурорының орын-басары Б.Жүйріктаев еліміздегі түрме тұрғындарының санын азайту мен түзеу мекемелеріндегі жазалыларды жұмыспен қамтамасыз ету мəселесіне тоқтала келе:

«Сотталғандарды ақылы еңбекке тарту өз нəтижесін бере бастады. 2015 жылдың өзінде ғана Қазақстандағы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың саны 6,5 мың адамға азайды. Бүгінде еліміз бойынша түзеу мекемелерінде 37 мыңға жуық бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер жазаларын өтеуде. Еркіндікке шыққан сотталғандардың алдынан шығатын бірінші проблема – қоғамға бейімделу. Ал, жұмысқа орналаспай бұл проблеманы шешу мүмкін емес, – деді Б.Жүйріктаев. – Өкінішке орай, сотталғандарды жұмысқа орналастыру бүгінгі таңда шешілуі қиын мəселе болып отыр. Пробация қызметі қазір сотталғандарға тікелей əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетумен айналысады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға медициналық көмек көрсетуді, тіркеуге алуды, құжаттарын реттеуді ұйымдастырумен шұғылданатын пробация қызметкерлері ең алдымен жұмыспен қамту мақсатында еңбек биржаларымен жұмыс істейді. Сонымен қатар, түзеу мекемелерінде кəсіпорындар ашу – сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етудің тиімді көзі болып табылады. Түрмелерде кəсіпорын ашуға ниетті кəсіпкерлер аз. Əрине сотталғандармен жұмыс істеудің өзіндік қиындығы да болатыны анық. Кəсіп ашамын дегендерге берілетін жеңілдіктер де бар. Атап айтқанда оларға жұмыс істейтін ғимараттар мен қоймалар тегін беріледі».

Түзеу мекемелерінде кəсіпорындар ашуды жеделдету туралы өз ұсыныстарын айтқан Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне жетекшілік ету жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Н. Ибрагимова пробация қызметінің есебінде тұрғандарға құқықтық жəне əлеуметтік көмек көрсетуде туын-дап отырған бірқатар қиындықтарға байланысты тиісті заңнамаларға өзгеріс енгізу қажеттілігі жайлы ұсыныстарын да жеткізді. Ең бірінші кезекте сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жергілікті атқару органдарының өкілдері белсене атсалысуы керек. Олар сотталғандарды жұмысқа алуы тиіс шағын жəне орта бизнеспен айналысатын кəсіпорындардың тізімін жасауы керек. Сондай-ақ, пробация есебінде тұрғандарды жұмысқа алу жайлы насихат жүргізуге еріктілерді де тарту қажет. Жазасын өтеп шыққан сотталғандар қоғамға бейімделіп кеткенше əлеуметтік органдар ақшалай немесе азық-түлік түрінде жəрдемақы беру мəселесін қарастырса олардың қайталап қылмыс жасау фактілері азаяр еді. Сондай-ақ, сотталғандарды жұмысқа алу квотасын бөлу жұмысы да маңызды. Бұрындары квота көрсеткіші 3 пайыз болса, қазір бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін өскенімен, əдетте сотталғандарға жұмыс берушілер алып шахарда күн көруге жетпейтін ең төменгі жалақы төленетін жұмыстарды ұсынады.

Үстіміздегі жылдың төрт айындағы есеп бойынша Алматы қаласы бойынша про-бация қызметінің есебінде 2351 сотталған тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 296 адамға көп екен.

Алматы қаласы ҚАЖД сотталғандарды еңбекке орналастыру бөлімінің маманы Ғ.Оспанов Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жатқандарды еңбекке тартудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Тəрбие бөлімінің аға маманы М.Тəтімова сотталғандарды тəрбиелеу бөлімінің жұмысы жайлы ақпарат берді. Бүгінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 2 түзеу мекемесі мен 2 тергеу изоляторы болса, онда 469 сотталған мен 1074 күдікті ұстауда отыр. Бас бостандығынан айырылған адаммен бірінші күннен бастап жұмыс істейтін тəрбие саласының мамандары үкіметтік емес ұйымдармен, арнайы қорлармен жəне діни орындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты жазаға босатылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда едəуір кеміген. «Оның себебі соттар қазір жазаның ең жеңіл түрлерін көздейтін баптарды жиі қолдана бастады. Сонымен қатар, түрме тұрғындарының санын азайтуға бағытталған айыппұл түріндегі жазаларды қолдану да артып келеді», – деді М.Тəтімова.

Форум жұмысына қатысқан «Жеті ағаш» қоғамдық қорының төрағасы Ə.Жұмабаева мен «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының төрағасы М.Гурина, «Адам құқығын қорғау жəне заңдылықты сақтау» халықаралық бюросының заңгері А.Смирнова форум барысында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы, əділет полковнигі М.Тұяқбаевпен сотталғандардың құқығын қорғау, оларды қоғамға бейімдеу жайлы пікір алысты.

«СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ»шарасының шарапаты мол

КЕЗДЕСУ

ҚҰРМЕТ пен ПАРЫЗНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ІІМ-ДЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН, АТАП АЙТҚАНДА, ҚАТАРҒА ЖАҢА ҚОСЫЛҒАН ЖАС МА-МАНДАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТƏРБИЕЛЕУ, ЖЕКЕ ҚҰРАМ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТƏУЕЛСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

өкілі болсам да қазақ елін, қазақ тілін жанымдай сүйемін. Көп адамдар маған «корей қызына ұқсайсыз» деп жатады. Қазақша мүдірмей сөйлегендігімнен болар, біраз жұрт мені қазақ деп қабылдайды. Мен негізі қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылорда облысының ту-масымын. Қиындыққа толы жылдары ата-бабаларымызға қамқорлықпен қарап, мейірімі мен көмегін аямаған

қазақ елін қастер тұтамын. Еліміздің мемлекеттік рəміздеріне де құрметпен қараймын», – деді.

Кездесу барысында Ирина Тен мен Қазақстанда қызмет атқаратын ағылшын мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасының рəміздері туралы қазақ тілінде əңгімелеп қана қоймай, əн орындап, домбырада күй тартты.

Мемлекеттік рəміздерді құрметтеу мен азаматтық қоғам қағидаттарын қалыптастыруды мақсат тұтқан шарада еліміздің құндылықтары, принциптері, басымдықтары мен тарихи өмірі тура-лы баяндалды. Кездесуге жиналған жеке құрамға еліміздің мемлекеттік рəміздерінің бекітілу тарихы мен мемлекеттік тілдің мəртебесі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Ал, кездесуге мемлекеттік тілді на-сихаттап, ана тіліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Ирина Тен, сондай-ақ, «Haileybury Astana» ағылшын мектебінің оқушылары – Шэрон НГ, Камилла Стайс пен Тараз Стайс арнайы шақырылды.

Шара кезінде ойын ортаға салған тележүргізуші Ирина Тен: «Өзге ұлттың

МҰРАҒАТТЫҚ ІСТЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ІІМ көрмесіне келушілердің на-зарына қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты б ірқатар қылмыстық іс ұсынылды. Бұл істердің дені қуғынға ұшырап, өздері қатаң жазаға тартылса да кейіннен тыныш заман туған шақта ақталған азамат-тар туралы. Көрме төрінде солардың тізімін бастап шоқтығы биік қазақ зия-лылары – Сəкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ілияс Жансүгіров сынды қайраткерлердің қылмыстық істері тұр. Мұнда келгендер сонау нəубет жылдары «тар жол, тайғақ кешуде» толтырылған құжаттарды, сол заманның тілсіз куəгерлерін өз көздерімен көрді. Сондықтан да көрменің басты мақсаты – қуғын-сүргін құрбандарын қастерлей оты-рып, жас ұрпақ санасында тарих құнарын байыта түсу болып табы-лады.

Көрменің ашылуында сөз алған Ұлттық мұрағат директоры Марат Əбсеметов шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп, оны ұйымдастыруға мұрындық болып отырған Ішк і істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статисти-ка жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне зор алғысын білдірді. Ал өз кезегінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция гене-рал-лейтенанты Марат Ғанұлы: «Ішкі істер органдары 2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік құрылымдарынан сот бойынша ақталған, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істерді, Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен КСРО аза-маттары туралы Германиядан келген трофейлік іріктелген материалдар-ды қабылдап алған болатын. Осы материалдарды сараптап, соның негізінде министрлік сайты ішінен

«Мемориал» сервисі іске қосылды, енді сол жұмыстарды жалғастырып бүг ін г і көрмен і ұйымдастырып отырмыз. Ақталған азаматтар не олардың өк ілдері , олар қайтыс болған жағдайда, олардың туыста-ры процессуалдық емес сипаттағы қысқартылған қылмыстық іс матери-алдарымен танысуға құқылы, сондай-ақ, істегі қолжазбалар, фотосурет-тер мен басқа да жеке құжаттарды алуға құқылы. Хабарласқан жағдайда оларға ІІМ-нің мұрағаты белгілеген заңнама тəртібімен анықтамалар, құжаттың көшірмелері мен үзінділер беріледі», – деп атап өтті.

2016 жылдың 4 айы ішінде ІІМ-ге азаматтардан, зерттеушілерден, қ о ғ а м д ы қ м е к е м е л е р д е н , мұражайлардан жəне мемлекеттік органдардан 388 өтініш келіп түскен. Оның іш інде , 259-ы Қазақстан бойынша, 129-ы ТМД елдерінен түскен. «Мемориал» сервис ін ің базасына Кеңес үк імет і кез інде конттреволюциялық, мемлекеттік қылмыстары үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, сотталған, кейін сот ор-

гандарымен ақталған адамдардың қ ы л м ы с т ы қ і с т е р і н е қ а т ы с т ы ақпараттар енгізілген. Бүгінгі күні сервис базасына республика бой-ынша қуғын-сүргінге ұшыраған 109 мыңнан астам адам туралы мəлімет енгізілген. Оның 555-і арнайы өтініш бойынша сервиске орналастырып отыр.

Ұлттық мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, жалпы бізд ің респу-бликамызда 103 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңы ату жазасына кесілген. Олардың дені белгілі қайраткерлеріміз бар қазақ зиялылары. Одан бөлек, елімізге осы жылдары сан мыңдаған ұлт өкілдері депортацияланған. Соның ішінде, 800 мың неміс, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтары (чешен, ингуш, балқар, лезгин жəне т.б.), 102 мың поляк, 43 мың грек, қырым татар-лары, 19 мың корей отбасысы жер ауып келген. Көрмеде олар тура-лы да бірқатар құжат қамтылған. Депортациялан ған понтиялық г р е к т е р д і ң , л и т в а л ы қ т а р д ы ң , латыштардың, ирандықтардың, қытайлықтардың жеке құжаттары, француз, испан, жапон, австрия, в ен гр ə с к ери т ұ т қындарының құжаттары, ақтар қозғалысының басшылары мен қатысушыларының мұрағаттық құжаттары, сонымен

қатар, қуғын-сүргінге ұшыраған хри-стиан митрополиттері, епископтары жəне дін қызметшілерінің тергеу құжаттары аса қызығушылық туды-рары сөзсіз.

Ө з к е з е г і н д е Г р е к и я н ы ң Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшіс і Эфтимиос Пандзопулос: «Депортация жылдары Кеңес елдері келген переселендерге азаматтық беруден бас тартты. Тек Қазақстан ғана оларды қамқорлығына алып, азаматтық беріп, құтқарып қалды. Сол себепті де сонау Афина түбегінен келген гректердің сіздің елге де-ген алғысы шексіз. Осы саясаттың салқыны – осы көрмеден азаматтығы жоқ тұлғалар туралы, тұрғылықты тұру орыны туралы құжаттарды көру ге болады» , – деп ыстық ықыласын білдірді.

Ұ с ы н ы л ғ а н б і р е г е й м ұ р а ғ а т құжаттарынан сталиндік зұлмат сая-саты тəлкекке ұшыратқан адам тағдырының жантүршігерлік оқиғалар ауқымын көруге болды. Көрмені осы Ұлттық мұрағаттың бір бөлімі етіп сақтап қалу жоспарлануда.

Page 4: Сақшы №40 (4206)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ

ЕРТЕҢ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Сауабы мол сайысБалалар үйінде оншақты үйірме

жұмыс істейді. Дəл осы еңбек сы-ныптарында балалар алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастырып, шеберліктерін шыңдайды. Сондай-ақ, бұл ұйымда ұлдарға арналған ағаш ұста сыныптары, ал қыздарға тігу шеберханалары жабдықталған. Ұстаздарының жетекшілігімен балалар шығармашылықпен жəне спортпен белсенді түрде айналысады. Жай ғана айналысып қоймай, бар ынта-сымен жетістікке жетіп жүргеніне де куə болдық. Балалар үйінің дирек-торы өнерімен топ жарып жүрген тəрбиеленушілерін де мақтанышпен атап өтті. Таяуда осындай өнерлі тəрбиеленушілердің бірі – 4-сынып оқушысы Мария Файфер əн додасында республикалық байқаудан 1-орынды

...Құмкент ауылының учаскелік полиция инспекторы, по-лиция капитаны Мұхамедияр Əбдіқайымов елді мекендерді жиі аралайды, тұрғындардың тұрмысымен танысады. Ауыл ақсақалдарымен əңгімелеседі. Бұл оның күнделікті жұмыс ырғағына айналған. Содан да учаскелік инспекторды жергілікті тұрғындар түгел таниды. Ол көше бойлап келе жатса ықыласпен амандасады. Тəртіп сақшысының тиянақты тірліктеріне тұрғындар қашанда тəнті.

Бірде инспектор аулада мұңайып отырған балақайды байқап қалды. Ол неге мұңаяды? Сөйтсе, балақай іштен кем-тар болып туылыпты. Жүре алмайды. Бірақ, санасы сергек, оқуға деген талпынысы басым. Бала аулаға кірген полицейге

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ ПО-ЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ АМАНТАЙ ƏУБƏКІРОВТІҢ СЫЙЛЫҒЫНА ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТКІЗДІ.

ИМАН жəне ИНСПЕКТОР

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

АДАМНЫҢ БОЙЫНА ИМАНДЫЛЫҚ ТУАБІТТІ ҰЯЛАЙДЫ. ЕСЕЙЕ КЕЛЕ ОЛ МЕЙЛІ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ ИЕСІ БОЛ-СЫН, СОЛ ИМАНДЫ ӨМІРІНЕ СЕРІК ЕТЕДІ. ƏДЕТТЕ, ҮСТІНЕ ФОРМА, БАСЫНА ҚОҚЫРАЙТЫП ШƏПКЕ КИГЕН АДАМДАРҒА «ОЛАР ЗАҢНЫҢ АДАМЫ ҒОЙ» ДЕП БАСҚАША ҚАРАЙТЫН ƏДЕТ ƏЛІ ҚАЛМАЙ КЕЛЕДІ. АЛ, ОЛАРДЫҢ АРА-СЫНДА ЖЕТІМ КӨРСЕ ЖҰБАТЫП, ҚАЖЫҒАН ҚАРТ КӨРСЕ ҚОЛТЫҒЫНАН ДЕМЕП ЖҮРЕТІН ЖАНДАР ЖЕТКІЛІКТІ. ТЕК СОЛАРДЫ ЖҮРЕК КӨЗІМЕН КӨРЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК.

таңдана қарады.– Балақай, атың кім?– Мұратəлі.– Кімге өкпелеп отырсың?– Ешкімге.– Ендеше, неге мұңаясың? Əлде сені біреу ренжітті ме?– Жоқ, – деді Мұратəлі төмен қарап.Осы кезде аулаға Мұратəлінің əжесі шығып қалды. Ол

Мұхамедиярды танушы еді.– Немерем ғой, жасы жетіден асты. Жүре алмайтындықтан

мектепке бере алмадық, – дед і əжес і Есенкүл .Инспектор Мұратəлімен сөйлесе келе оның оқығысы келетінін білді. Былай шыға «баланы немен қуантсам екен?» деп ойлап бара жатты.

Мұратəлі Тұрғанбековке арнайы мұғалім бекітіліпті. Ол үйге келіп тұрады екен. Дегенмен, бірінші сынып оқушысына керек құрал-жабдықтары жоқ Мұратəліні оқыту да оңайға соқпапты.

Шымкентке қызмет бабымен бір келгенінде Мұхамедияр балаға арнап парта сатып алды. Бірақ, бір ғана партамен ойдағыдай білім алуға бола ма? Мұсылмандықта «қайыр қылсаң бүтін қыл» деген бар. М.Əбдіқайымов Шымкентке тағы тартып кетті. Бұл жолы ол Мұратəліге арнап компьютер, оқулықтар, дəптер, қалам алды.

Үйінде сыныптағыдай болмаса да соған жақындау жағдай жасалына қалғанына қарап қуанған Мұратəлі:

– Мен енді оқушымын. Барлық сабақты жақсы оқимын, – деп қолын шапақтап шаттанды.

Мұны көрген апасы мен əжесі көздеріне жас алды.Дүниеде баланың қуанышы мен күлкісінен асқан бақыт

бар ма?Созақ аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция

полковнигі Жүсіпхан Əлімбеков учаскелік полиция инспек-торы Мұхамедияр Əбдіқайымовтың жұмысына тиянақты қарайтынын, бақылауындағы учаскеде қылмыстың алдын алуда үнемі қырағылық танытып отыратынын мақтанышпен айтып берді.

Учаскел ік полиция инспекторы өз ін үлкен б ір қайырымдылық жасадым деп санамайды.

– Мұратəліні көргенде жүрегім шаншып кетті. Менің орнымда болғанда мұны əркім-ақ жасайтын еді, – дейді Мұхамедиярдың өзі.

«Жүрегінде иманы бар адам» дейді халық үнемі айнала-сына қамқорлық жасап, жан шуағын шашып жүретін адам-дарды бағалағанда.

Айналамызда осындай мейірімді адамдар көп болса ғой, шіркін.

Мерекелік жүлде

Спорттық шара балалардың қол күресі, кір тасын көтеру жəне шахмат-пен айналысуына мүмкіндік беретін «Асар» аула клубының қабырғасында бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келеді. «Шапшаңдыққа, тиянақтылық пен жігерлілікке баулитын мұндай ша-

(Соңы. Басы 1-бетте) санаулы күндерден кейін Мемлекеттік рəміздер күнін атап өтпекпіз. Бұл айту-лы мерекелердің ел тарихы мен даму даңғылында алар орны ерекше. Осыған орай ІІМ-нің бастамасымен балалар арасында шығармашылық байқау өткізіп, балалар күні қарсаңында ма-рапаттауды ойға алған едік.

Б а й қ а у ғ а қ а т ы с қ а н əрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз жүлдеге лайық. Б ір і өз іне тəн өзгешелігімен ерекшеленсе, енді бірі жасалу күрделілігімен таңғалдырды. Сол себепті бүгінгі сайыста жеңілген жан жоқ. Барлықтарыңызға байқауға белсенді қатысып, бармақтай болса да дарындарыңызды байқатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз», – деді сайыс жеңімпаздарына жүлделерін та-быс еткен Медиа орталық бастығы. Ал, байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Күзеттегі Степа ағай»

жеңіп алып, «Жұлдыз-ай» сайысына жолдама ұтып алған екен.

Балалар үйіндегі спорт зал, кітапхана, акт залынан бөлек, тігін, ағаш ше-берханаларында бүлдіршіндердің өз қолынан шыққан дүниелерге, салған суреттеріне қарап отырып ешқайсысын ақылы кем, мүмкіндігі шектеулі деу-ге аузың бармайды. Өзге балалар секілді арманы асқақ, қиялы ұшқыр тəрбиеленушілердің байқауға деп салған суреттері мен жасаған қолөнер бұйымдары да еріксіз таңғалдырады.

Қоғам тыныштығы күзетінде тұрған полиция қызметкерінің бейнесін бірі жол сақшысы ретінде көрсетсе, енді бірі балалардың қамқоршысы, үшіншісі бір ғана қала емес, бүкіл əлемнің тыныштық символындай суреттеген.

Байқауға ұсынылған əр туындыны мұқият қарап, авторларының ойы мен пікіріне құлақ асқан «Ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС бас директоры Бимаханбет Асанов пен ІІМ Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаменті өкілдері үздіктерін таңдап алып, бағалы сыйлықтармен марапаттады. «Биыл ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылы Қазақстан полициясының құрылғанына да 24 жыл толады. Ал,

қолөнер туындысын жасап шығарған 5-отбасының бүлдіршіндері жеңіп алса, 2-орынға еліміздің көк Туын қолдан тоқып, əдемі картина жасап шығарған 7-отбасының шеберлері тұрақтады. Ал, 5-сынып оқушысы Армен Тебеньков «Көшедегі тəртіп» деп аталатын бояуы қанық, ойы анық суретімен 3-орынды қанжығасына байлады.

Балалар үйінің түлектері де тартынып қалмады. Барын ұсынып, өнерлерін ортаға салып, əн мен билерін та-машалатты. Шағын ғана акт залын санаулы минутта салтанатқа айналды-рып жіберген тұлымшағы желбіреген үшеу: «Арманым бар асқақтаған: əкем болса жанымда мейірімді, анам болса қасымда аялаған» деп əндеткенде ер ікс із көзге жас үй ір ілед і . Өз қолдарымен тіккен қазақтың ұлттық бүрмелі көйлегімен мың бұрала би-леген қыздардың тағдырдың ауыр сынына мойынұсынбаған талпынысы да тəнтті етті.

Қандай мекемеде, қай ортада болма-сын бала көңілі пəк, таза болып қалары сөзсіз. Алаңсыз балалық шағында «ертеңім қалай болар екен?» деген сұрақтың ауыртпалығын сезініп өскен балаларды бұл жерде біріктіретін бір ғана ұғым барын сезіндік. Ол – отбасы.

ралар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеп, саламатты өмір салтын ұстануға бағыттайды», – деді шараны алғысөзімен ашқан Амантай Акрамұлы.

Жеңімпаз атағына қаланың 9 мектеб інен келген 50-ге жуық қатысушы 12-жасқа дейінгі жəне 12

жастан асқандар санаты бойынша сынға түсті. Швейцариялық жүйе бойынша өткен сайыс 3 турдан тұрды. Күрделі əрі шиеленіскен күресте шах-мат турнирінің жеңімпазын анықтау қазылар алқасына да оңайға түспеді. 12 жастан жоғары санаты бойын-ша 1-орынды №28 мектеп оқушысы Арыстан Ильясов жеңіп алса, екінші орынға №62 мектеп оқушысы Бақтияр Досмағанбетов тұрақтады. Ал, үшінші орын №22 мектеп оқушысы Виталий Савостьяновқа бұйырды.

12 жасқа дейінгі санат бойынша орындар №70 жəне №54 орта мектеп оқушыларының арасында сарапқа салынды. Бірінші орынды №54 мектеп-лицейінің оқушысы Нөгербек Қазыбек қанжығасына байласа, екінші орынды №70 мектеп-лицейінің оқушысы Аңсат Алдияр қанағат тұтты. Үшінші орынды №70 мектеп-лицейінің оқушысы Аңсат Əбілмансұр иеленді.

Сонымен қатар, «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» аталымын №4 мек-теп оқушысы Нұрайым Сардар жеңіп алса, «Ең кішкентай қатысушы» ата-лымына №73 мектеп оқушысы Дарын Исмағұлов лайық деп танылды.

Сайыс қорытындылары бойынша бағалы сыйлықтар мен медальдар-ды турнирдің қадірлі қонағы болған шахматтан əлем чемпионы Дармен Сəдуақасов пен полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіров табыс етті.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жеке құрам арасында тəрбие жұмысын жандандыру мақсатында өткен сурет салу байқауы Усолка шағын ауданындағы үйдің ауласында ұйымдастырылды. Сурет салу өнерлерін таныту мүмкіндігіне ие болған азаматтық қорғау органда-ры қызметкерлерінің балалары алдымен шеберлік сыныбынан өтті. Ал, шараны ұйымдастырушылар балалардың шығармашылықтарына шабыт қосып, дем беру үшін қолдарынан келгенін жасап бақты. Олар бүлдіршіндерге етене таныс мульт-фильм мен кинолардағы əуендері қосып, сайысты тамашалауға келгендерге ар-найы палатқа құрды.

Тақырыптың ауқымдылығына қарамастан балалар асфальт бетіне бейбітшілік пен бірліктің, ел бірлігі мен татулығының көрінісін балалық қиялмен салып шықты. Бірі көк аспандағы күннің көзі жарқыратса, енді бірі биікте қалықтап жүрген қыранды бейнелеген. Тағы бірі ел егемендігінің басты символы – Бəйтеректі жайқайлтса, үшіншілері аяулы ата-аналарының бейнесін көрсеткен.

Қазылар алқасы бірауыздан балаларға деген махаббат жеңіске жетті деп, сайысқа қатысқан əр бүлдіршінге Павлодар облысы ТЖД-нің бастығы Ə.Длимовтың грамотасы мен бағалы сыйлығын тарту етті.

САЙЫС

Менің Отаным – Қазақстан

Елена ШЕВЕЛЕВА, Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДА АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛУДАН ӨТКЕН САЙЫС ОСЫЛАЙ АТАЛАДЫ. БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЙЫСҚА 7-13 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР ҚАТЫСТЫ.

ЖАЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ БАР СƏН-САЛТАНАТЫМЕН АТАЛЫП ӨТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АСТАНАЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНДАРЫ ЕРЕКШЕ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Елордалық №16 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай асфальтта сурет салу бойынша жарыс ұйымдастырылып, бұл шараға Астана қаласы ТЖД-нің Əйелдер кеңесі, департамент қызметкерлері мен олардың отбасылары қатысты.

Əйелдер кеңесінің төрағасы Альфира Баширова балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан мейірімге толы мерекемен құттықтап, сайысқа қатысуға ниет білдірген балғындарға түрлі-түсті бор таратып, байқауды ашық деп жариялады. Санаулы минуттардан кейін асфальт бетінде түрлі-түсті суреттер салына бастады. Балалардың біразы

өздерінің отбасы мүшелерін көрсетсе, кейбірі елорда мен еліміздің егемендік символдарын бейнеледі.

Сайысқа 5-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысты. Əр баланың салған суретін ерекше деп бағалаған қазылар алқасы жас мөлшерлері бойынша жеңімпаздарды анықтады. Мысалы, 6 жасар Аида табиғатты, үйді, құстар мен ағаштарды бейнелей келе, анасына деген махаббатты жеткізсе, 7 жасар Зарина бас қаламыздың негізгі символдарын бейнелегенін баяндады.

Шара соңында департаменттің Əйелдер кеңесінің мүшесі А.Баширова белсенді қатысушыларға алғысын білдіріп, балаларға зор денсаулық тілеп, еліміздің нағыз патриоттары өсіп келе жатқанына сенім білдірді. Байқауға қатысқан барлық балаларға естеліктер мен тəтті сыйлықтар табыс етілді.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Базарлығы бай байқау

Page 5: Сақшы №40 (4206)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

ТАРИХ. ТҰЛҒА. ТАҒЗЫМ

БҮГІН – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

ЕРДЕЛІ ҰЛ, ЫМИЯН ЗАҢ, ҰЛМАТ ЗАМАНЗ

ТАРИХТАҒЫ АСА БІР ХАЛҚЫМЫЗҒА ЖАЙСЫЗ ДА, РАХЫМСЫЗ КЕЗЕҢ – ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ОТЫЗЫНШЫ ЖЫЛДАРЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ 37-ЖЫЛДАРДАҒЫ СТАЛИНДІК РЕПРЕССИЯНЫҢ САЛМАҒЫ МЕН САЛДАРЫ ОРАСАН.

Осы бір зұлмат заманның сұмдығын кино, газет-журналдардан ғана емес, тікелей ҰҚК (КГБ)-нің архивтеріндегі қылмыстық істерді оқып-білу арқылы танысқан едім. Небір жантүршігерлік, адам нанғысыз құжаттар үлгісін көрдім.

Заңдылықтың, тергеудің не екенінен аздаған хабары бар мен, ондағы адам тағдырын оп-оңай шеше берген құжаттарды көріп бас шайқаудан басқа лаж таппаған едім.

Ойпырм-ау, Жапонияның қайда екенін, жапондардың кім екенін, бар-жоғын білмейтін ауыл қазақтарына Ж а п о н и я н ы ң ш п и о н ы с ы ң д е п айып тағып, мойындатып, оп-оңай тағдырына балта шаба салған сұмдықтарды оқыдым.

Бір ғана, қылмыстық іспен, шағын қазақы аудан Ақтоғайдан (ол кезде Қоңырат ауданы болу керек) 65 адам халық жауы болып сотталып, он адамы бірден атылып, қалғандары дозақтың небір түрлерін көруге ұзақ жылдарға кете барған. Содан елге аман-есен келгені, мен білсем, үшеу ғана болатын.

Осы жазықсыздан жазаланғандардың біреуі – менің туған нағашы атам – Əменнің Құтжаны еді. Тоқырауын

өзенінің бойындағы сол кезгі «Үш Өзек» колхозының басқарма төрағасы болып тұрғанда, жаламен айдалып кетеді. Сондағы бар кінəсі: елге сый-лы, беделі бар, ақынжанды, айна-ласына қамқор, еті тірі болғандығы. Бірер ерекшелігі жүйрік, жорға мініп, жалпы жылқының жайын бір адамдай білгендігі екен.

Айдалардың алдында , аудан орталығына НКВД-ға шақырылғаннан-ақ, одан үйге енді қайтып келмесін сезген Құтжекең, ауданға жүрерінде, əдеттегідей жорға атын мінбей, жаңа құлындаған ала биені ерттейді де, үйдегілерге құлынын алып қалыңдар дейді.

Екі күннен кейін, шұрқыраған биенің дауысын естіп, үйдегілер сыртқа шықса, ала бие ер-тұрманымен, жүгенсіз, құлын қамалған қораның алдында тыпырлап тұр екен. Үйдегілер биені тыныштандырып, құлынына қосып, ер тоқымын сыпырса, оған қоса дорба байланғанын көреді. Ашса, дор-бадан жаңа туған ұлына деп алып беріп жіберген жас баланың киім-кешегі, ойыншықтар, т.б. үй жабдықтары шығады. Төрт баласының кенжесі –

Ғазиздің (Ақтоғай өңірінде танымал адам дəрігері болған) қырқынан жаңа шыққан кезі екен.

Аудан басында бала-шағасына керегін алып, дорбаға салып, ер тоқымға байлап, НКВД-ға жеткен соң жануардың жүгенін сыпырып (ора-лып, бірдеңеге ілініп қалмасын десе керек) биені ауылға қарай «Шу!» деп айдап жібереді. Сонда мал жайын жақсы білетін Құтжекең биенің жас құлынына қайтсе де жететінін, өзінің қайтпайтынын елге сездірген екен.

Жарықтық, сол кеткеннен оралмай, 1943 жылы Волго-Вятск қаласында (атақты Беломорканал құрылысында) орыс басбұзарларының қолынан қаза болыпты. Осыны, айдаудан аман қайтқан, үшеудің бірі – кейінде «Дала академигі» атанған, атақты шопан, 98 жыл жасаған Көпбаев Зікірия марқұмнан естіген едік.

Ақтоғайдағы ағайындарды «Жапон шпиондарына» айналдырудың ал-дында Голощекиннің «Кіші октябрь» мақсатты науқанының басталуы тұр. Сол 1937 жылы қазақтың қаймаққа шығар асылдарын жаппай қудалау мен жазықсыз жазалау басталған еді.

Арқаның асыл ұлы, ұлтжанды азама-ты, мемлекет жəне қоғам қайраткері, сырбаз ақын Сəкен Сейфуллинді т ұ қ ы р т у ж о л ы н д а Қ а р а ғ а н д ы

облысының сол кездегі басшыла-ры Асылбеков, Гатаулинді қамтып, қитұрқы ойлы осы схема бойынша аудан деңгейіне түскен. Түрлі азаптау мен қинау арқылы кейбіреулеріне кінəларын мойындатқан. Сол бір жа-санды қылмыстық іспен 65 адам, кілең ауданның бетке ұстар азаматтары, жартысына жуығы менің нағашы атам сияқты колхоз басқармалары болатын (ол кезде колхоздар, кейінгі ірілендіру кезеңіне жетпеген шағын шағы). Мен көріп, оқыған қылмыстық істен бөлек басқа да істер бойынша осы Ақтоғай ауданынан жалпы саны 235 адам жазықсыз жазаға тартылған екен, мұрағаттар мəліметі бойынша.

Ө з і м қ о л ы м а а л ы п , о қ ы ғ а н қылмыстық іс материалдарымен таны-са отырып, тергеуге алынғандардың кейбірінің азаптауға шыдай алмай, өз і көріп-б ілмеген Жапонияның қалай агенті болғанын мойындап, облыстың басшыларының бірін «мені азғырып көндірді, «вербовать» етті», – деп көрсетуге мəжбүр болғаны анық байқалды.

Айта кететіні, мен атап отырған қылмыстық іспен, нақаққа жазаланған 65 адам, біркелкі емес, арасында ау-дан көлемінде басшылықта болған бірер азамат аса сауатты, қос тілді тең меңгергендері, қайта-қайта кеңес

өкіметіне берілгендігін, кінəсі жоқ екенін айтып, аппеляцияға хат жазғандары да болды. Ал көбіне еті тірілігі арқасында белгілі бір дəрежедегі қызметке басшы болып көтеріле бастаған қарапайым жандар еді.

Тағы бір жайт, 8 томнан тұратын қылмыстық іст ің бірінші жарты-сында сол кезгі НКВД-ның бастығы негізгі айыптаушы, жауапқа тарту-шы, тергеуші болып басты рөлде жүрген. Істің екінші жартысында оның аты мүлдем кездеспеді. Кейін белгілі болғандай, іс бітпей жатып, оның өзі де көрсетумен жауапқа тарты-латын болып, кабинетінде табельді қаруымен өзін-өзі өлімге қиған екен. Оған таңдануға да болмас өйткені, сол НКВД-ның одақтық басшылары Ягода мен Ежов та өзі қазған орларына өздері түскен жоқ па еді.

Сұрқия заман, сұм тағдыр бəрін теңестіріп жіберді.

3 1 м а м ы р – С а я с и қ у ғ ы н -сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында тарихтың қаралы күндерін ұмытпауымыз керек. Нақақтан құрбан болғандардың аруақтары баршамызды қолдап, қорғап жүргей.

Көпболсын БЕКМАҒАНБЕТ,отставкадағы

полиция полковнигі,ІІМ-нің Құрметті ардагері

Əкесі қуғынға түскен соң көп ұзамай «халық жауының» баласы деген атпен ұлы Марат та саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталғанға дейін қаншама жыл талай қиындықты басынан кешіпті. Өзін жиі аңдуға алған ХІІК (НКВД) жандайшаптары-нан аман қалу үшін ағайындарын сағалап, мал арасына, шөп арасы-на тығылып, туыс-туманы жағалап кеткенін өмірінің соңына дейін айтып отырушы еді. Үкімет ол кезеңдерде «халық жауының» балаларын ар-найы интернатқа жинаған екен. Бір күні, «аңдыған жау алмай қоймайды» демекші, жандайшап шабарман-дар үстінен түскенде, Мараттың анасы Сара оларға айырмен қарсы тұрып, баласын бермей қалған екен. Сол кездегі арпалыста апасы Шəкен бетінен жарақат алыпты. Сол жарақаты үлкен тыртыққа айналып, өмірінде де, көңілінде де өшпес дақ болып қалып қойған.

Қапияда асқар таудай əкесінен айырылған жетім бала көңілі əкесін өле-өлгенше іздеп өтіпті. Былтыр дүние салған ол із-түзсіз кеткен əкесі жайында қандай да бір ақпарат табу үшін жер-көкті шарлап іздеп, ештеңе таба алмай, тауы шағылған екен. Күдерін үзбеген Марат əке іздеуді жалғастыра беруді балаларына тапсы-рып, тапқан жағдайда, өзі армандап кеткендей, басына белгі орнатып, құран бағыштап тұруды аманаттап кеткен.

Сол əке аманаты биыл орындалды. Атасы Базен туралы немересі Азамат мамыр айында тың деректердің көзін тапты. Оның тұтқында болғандығы туралы іс қағаздары бар екендігі ту-ралы ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығы Арнайы мемлекетт і к мұрағатынан хабар келеді. Бір көңіл толқытарлығы, атасының тағдыры жайлы мəлімет 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында табылып отыр. Əкесінің өмір бойы қол жеткізе алмаған аманатын орындаған теміржолшы жігіт көзімен көрмесе де, қанымен, жанымен жақсы көретін асыл атасы жайлы құжаттармен оның өзімен

ƏКЕ АМАНАТЫӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ 30-50-ЖЫЛДАРЫ КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРИЗМ ЖАСАҒАН ЖАППАЙ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ МЕН БОЛМЫСЫНА БАЛТА ШАПҚАН, ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ БІР АУЫР ДА ҚАРАЛЫ КЕЗЕҢ БОЛДЫ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ҚЫНАДАЙ ҚЫРҒАН СОЛ БІР НƏУБЕТ ЖЫЛДАРЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ОҚЫҒАН, БІЛІМДІ, КӨЗІ АШЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҒАНА ЕМЕС, ҚАРАПАЙЫМ ШАРУА, МОМЫН АДАМДАРДЫҢ ДА ТАҒДЫРЫ ТƏЛКЕККЕ ТҮСТІ. ОСЫ АЛАСАПЫРАН ДҮРМЕКТЕ ТЕМІРЖОЛШЫ, АСТАНА ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРІ АЗАМАТ МАРАТҰЛЫ БАЗЕНОВТІҢ АТАСЫ БАЗЕН МАХМЕТОВТІҢ ДЕ РЕПРЕССИЯ ТЫРНАҒЫНА ІЛІГІП, СОДАН ЕШБІР ДЕРЕКСІЗ КЕТКЕН ЕДІ.

жүздескендей сезімде, қолдары дірілдей отырып танысыпты.

«Біз бұған дейін атамызды Махметов Базен деп іздеп келдік. Ал құжаттарда ол Базин деп жазылған екен. Əкемнің аманатының орындалғанына көзіме жас ала отырып қуандым. Əкемнің ата-мыз туралы сөз болғанда сағыныштан көзіне жас алып отыратыны есіме түсті. Бұл сағынышты көз жасының ішінде, əкем көзі тірі болғанда, бала-ша қуанар еді деген аңсау да бар. Ал Шəкен апамның қазір көзі тірі. Жасы сексеннен асты. Сол кісі құжаттар қолына тигенде, құшақтап тұрып жоқтау айтып жылағаны көз алдым-да», – дейді Азамат Маратұлы.

Теміржолшыға берілген мұрағаттық анықтамада Шығыс Қазақстан облысы Ертіс ауданында 1905 жылы дүниеге келген Махметов Базинді айыптау туралы мұрағаттық қылмыстық іс ІІМ Арнайы мемлекеттік мұрағатында жатқандығы туралы жазылған. Сол кездегі Сталин ауданы Бестөбе кен орнында кеншілік кеңестің хатшысы, кəсіподақ мүшесі болған оның молда,

байдың баласы, білімі орта екендігі, отбасылық жағдайы, яғни, əйелі Сара, 8 жасар қызы Шəкен, 2 жастағы ұлы Марат жайлы, тұтқынға алынған кез-де жеке үйінің болғандығы туралы анкеталық жазбалар бар. Сондай-ақ, онда Базин Махметовке халық арасын-да контрреволюциялық ұлтшылдық бағытта үгіт жүргізіп, кен орнынан орыстарды қуып шығуға қазақтарды үгіттеді, мал табындарын жоюға шақырып, малды қасақана шығынға ұшыратты деп кінə артылғаны жа-зылыпты. Оны 1937 жылы 7 сəуірде Сталин аудандық ХІІК тұтқынға алады.

Базен Махметовті тергеу хаттамасында оның əкесі екеуінің 1929 жылға дейін 2000 бас отары, жер телімі жəне жекеменшік екі мешіті болғандығы, сол себепті ку-лак ретінде қудаланып, сотталғандығы, өз ауданынан тыс Гурьевке (қазіргі Атырау облысы) жер аударылғандығы, ол жақта айдаудан қашып кеткендігі, ал 1931 жылы қарындасының тұрмысқа шыққанына қалыңмал алғаны үшін екінші рет сотталғандығы, алайда, жазасын өтеу мерзімінен бұрын қашып кеткендігі,

1936 жылы совхоз малын тонағаны үшін үшінші рет сотталғандығы көрсетілген. Тергеу сұрақтары мен жауаптардың хаттамасында Базен Махметов жоғарыдағыдай өзіне артылған кінəнің бəрінің жалған екендігін қайта-қайта айтып, мойындамайтыны жазылған. Алайда, басты мақсаты елдің сүттің бетіне шыққан қаймақтарынан қалайда құтылу болғандықтан соқыр əрі озбыр саясат Базен ата секілді көзі ашық қазақ азаматтарының шын сөзіне пысқырып та қарамады. Қанды қырғын 1937 жылдың қыркүйегінде отыз екі жастағы Базен Махметов «ең жоғарғы жазаға» кесіліп, атылған екен. Бар мал-мүлкі тəркіленген. Ал артында қалған жары мен балалары сол бір саяси қуғын-сүргін зардабын өмір бойына өздерімен бірге арқалап кетті.

Атасы туралы ақпаратты, соның ішінде ату жазасына кесіліп, атылып кеткенін Ішкі істер министрлігінің мұрағатынан тапқан құжаттан біліп, жүректерін түйреп өткендей əсер алған немерелері енді оның жатқан жері мен мүмкін болса суреттерін і здест іруде . Б ір хабар бойын-ша Қарағандыдағы конц-лагерьде (КАРЛАГ) атылған болуы мүмкін. Оны білу үшін Азамат Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) хат жазған. Содан жауап күтіп отыр.

«Жоғымды іздесіп, отбасылық та-рихымды түгендеуге көмегін аямаған Бас прокуратура мұрағатының қызметкері Динара Алыбаеваға, Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы Арнайы мемлекеттік мұрағатының аға инспек-торы Роза Əлжановаға алғысымды

білдіргім келеді. Министрліктің сай-тында ақпан айында «Мемориал» с ерви с і ашыл ғандығы т уралы ақпаратты оқығанда оған хабарласқан алғашқылардың бірі мен болдым. Мамыр айының он екісі күні менің сұрауыма жауап келгенде төбем көкке екі-ақ елі жетпей қалды. Əке ама-натына қол жеткізуге нəсіп еткен Жаратқанға шүкіршілік етіп, оған қатысы бар жандарға алғыс айтумен болдым. Атамды 1960 жылы Ақмола облыстық соты ақтаған екен. Ол да болса, менің атамның нақақ құрбан болғанын, жала жабылып, атылып кеткенін меңземей ме. Ендеше, тари-хи əділеттілік орнады деген осы емес пе?», – дейді Азамат Базенов.

Естеріңізде болса, биыл ақпан ай-ында Ішкі істер министрлігі сайтында «Мемориал» сервисі іске қосылған бо-латын. Ішкі істер органдары 2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік құрылымдарынан сот бойынша ақталған, репрессияға ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істерді, Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен КСРО аза-маттары туралы Германиядан келген трофейлік іріктелген материалдарды қабылдап алған еді. Осы жинақталған материалдар бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың өмір тарихын қалпына келтіре отырып, олар туралы туған-туыстарына кеңінен мағлұмат беру «Мемориал» сервисі негізінде қарастырылған.

Нұрлан СƏРСЕНҒАЛИҰЛЫ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Астана қаласы

P.S. Бет қатталып жатқанда атасын іздеген Азаматтан қуанышты хабар келді. Атасы Базеннің суретін тапқан екен. Жəдігер сурет алыс ағайындардың отбасылық мұрағатынан табылған. Оны немересі көп адамның ішінен өз алдына бөлек су-рет етіп шығарып, өңдеп алыпты. Осынша уақыт жоғалып кеткен суреттің дəл осы уақытта табылғанын жақсылыққа жорыдық. Тарих алдындағы парызымыз ретінде ата мен немере суретін қоса жариялап отырмыз.

Page 6: Сақшы №40 (4206)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

ТƏЛІМГЕР. ТƏЖІРИБЕ. ТАЛАПҚАЙ МАМАНДЫҚ ТА БОЛМАСЫН ЖАСТАРҒА ТƏЛІМГЕР ТƏЖІРИБЕСІ ҚАЖЕТ. ТƏЛІМГЕР ШƏКІРТІНЕ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЯ БІЛГЕНДЕ ҒАНА ОДАН МЫҚТЫ МАМАН ШЫҒАДЫ. МІНЕ, СОНДЫҚТАН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ МЕН ТƏРБИЕЛЕУДІҢ ДЕРБЕС ЖОСПАРЫН ƏЗІРЛЕП, ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНУШЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫ-РУ КЕРЕКТІГІН ҮНЕМІ НАЗАРДА ҰСТАП КЕЛЕДІ. АЙМАҚТАРДА ӨТКЕН ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ТƏЛІМГЕРЛЕР СЛЕТІ ОСЫНЫҢ БІР АЙҒАҒЫ.

ІІМ ҮКІМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІ КҮЗЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ПОЛИЦИЯ ПОЛКІ

Ішкі істер органдарының қызметін оңтайлы ұйымдастыру жəне жас мамандарды қызметке бейімдеуде тəлімгерлердің рөлі ерекше. ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде тəлімгерлер мен жас қызметкерлердің слеті өтті. 6 маусымда Петропавл қаласында өтетін тəлімгерлер мен жас қызметкерлер республикалық слетіне Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінен баратын топ-ты іріктеу кезеңіне 4 батальонның қызметкерлері қатысты.

АСТАНА ҚАЛАСЫ

Астана қалалық Ішкі істер департаментінде өткен жас қызметкерлер мен тəлімгерлер слетіне ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, милиция полковнигі Александр Князев, Астана қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының аға офицері Айгүл Сəменқұлова, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің бас маманы Асқар Рахматуллин жəне жас полиция қызметкерлері қатысты.

С а л т а н а т т ы ш а р а д а е л о р д а л ы қ І ш к і і с т е р департамент і бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев сақшылар қатарын толықтырған жас полицейлерді қызметке адал болып, тандалған мамандыққа ықыласпен қарауға үндеді. «Заманауи қоғам ырғағы азаматтардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған

талаптарды тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Сол себепт і əрб ір қызметкер қоғам алдындағы жауапкершіл ікт і терең сез іну і ти іс», – деп сөз ін түйіндеді.

С а н а л ы ғ ұ м ы р ы н қ ұ қ ы қ қ о р ғ а у с а л а с ы м е н байланыстырған ішкі істер органдарының ардагерлері жылдар бойы жинақтаған тəжірибелерін жас буынмен бөлісті. Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Александр Князевтің баяндамасы жас мамандардың кəсіби қызметіне дұрыс жол сілтеуге негізделді.

Оған қоса слетте жемқорлық əрекеттерге жол бермеу жəне қызметтің қиындығы мен талабына төтеп беруде тəртіп пен төзімділікті қалыптастыру, жас қызметкерлердің бейімделуінің психологиялық аспектілері жайында кəсіби мамандар өз баяндамаларында айтып кетті.

Слеттің ресми бөлімінен соң жас сақшылар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мұражайын ара-лады.

Мəдина ДҮЙСЕМБАЕВАБАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ашылған «Достық үйінде» Батыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының жас маман мен олардың тəлімгерлерінің облыстық слеті өтті.

Облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Утеулин құттықтау сөзімен ашқан шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, ІІД бөлініс басшылары, тəлімгерлер мен жас қызметкерлер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

Өңірлік ІІО жəне ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Адаев, облыстық ІІД қала жəне аудандық бөлініс басшылары жас қызметкерлерді тəрбиелеуде тəлімгерлердің ерекше рөлі жөнінде түрлі баяндамалар оқып, тəжірибелерімен бөлісті.

Шара кезінде еңбек тəжірибесі мол, кəс іби шеберліг і шындалған қызметкерлер, атап айтар болсақ, Орал қалалық ІІБ кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторы, полиция майоры Ақжарқын Жандауова, облыстық ІІД Ақжайық аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Батыр Өтешқалиев секілді полиция қызметкерлері ІІД басшылығы тарапынан марапатталды. Сондай-ақ, қиын кезеңде қарапайым азаматтарға қол ұшын беріп, көмекке келіп, ерлігімен көзге түсіп «Қазіргі заман қаһарманы» атағына ие болған Сырым аудандық ІІБ учаскелік полиция ин-спекторы Едірес Зейнуллин, Орал қалалық ІІБ Жергілікті полиция бөлімінің қызметкері Мұхит Абулхаиров жəне ІІД Тергеу басқармасының жүргізуші-полицейі Ғабит Нұғманов секілді тəртіп сақшыларын жас мамандарға үлгі етті. Кейін қылмыс ашу кезінде жіті қимыл мен қырағылықтары, адам құтқару жолындағы көзсіз ерліктері баяндалған деректі фильм көрсетілді.

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне облыстық слетке қатысушылардың Үндеуі оқылып, ішкі істер органдарының əрбір қызметкерін тəртіп пен заңдылықты қалтқысыз сақтаудың өнегесін көрсетуге, жоғары адамгершіліктің үлгісі болуға шақырды.

Шараның екінші кезеңі түскі астан кейін жас мамандар мен тəлімгерлердің Батыс Қазақстан облыстық ІІД құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жəне ар-найы дайындық базасының аумағында орналасқан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жəне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған Батыс Қазақстан облысы қызметкерлерінің құрметіне арналған мемориалдық кешенін тамашалау, гүл шоқтарын қою рəсімімен жалғасты. Қаз-қатар тізілген жас мамандар мемориалдық кешен алдында сап түзеп, ерлікпен қаза тапқан қызметкерлер алдында тағзым етті.

Слет соңы тəлімгерлер мен жас мамандар қаламыздағы Қазақ драма театрының əртістері дайындаған «Жəннат» қойылымын тамашалап, естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

«Тəрбие тал бесіктен басталады» деген ұлағатты сөзді атам қазақ ерте заманнан бастап ұрпағына өсиет етіп қалдырған. Сөз қадірін білетін өнегелі əрі салиқалы адам бұл сөзді алтынға сатпасы анық. Ішкі істер органдарының қатарына қосылып, қызметке қабылданған сəттен бастап, яғни, полицияның табалдырығын аттаған уақыттан бастап оларды тəрбиелеу ісіне де баса назар аударған абзал. Жас мамандармен жүктелген міндетті абыроймен атқару, азаматтармен ілтипатты қарым-қатынас жасау, өзінің жұмысын сый-лау, елін, Отанын қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін, тыныштығын сақтау жəне полицияның атына кір келтірмеу бойынша түсіндірме жұмысын жиі өткізу қажет.

Асылай ҒҰБАШЕВА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Қызылордада ұйымдастырылған ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тəлімгерлері жəне ата-аналарына арналған слетке ішкі істер органына жақында қабылданған 80 жас қызметкер, олардың тəлімгерлері жəне жас қызметкерлердің ата-аналары қатысты. Сондай-ақ, шараға облысымыздағы барлық аудандық Ішкі істер бөлімдері, қалалық ІІБ қызметкерлері атсалысты.

Дəстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараның мақсаты – ішкі істер орган-дарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерін, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнегеге тəрбиелеу.

Шара кезінде слетке қатысушыларға облыстық ІІД-нің арнайы техникала-ры таныстырылып, оларды қолдану тəсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің ұрыс кезіндегі əдіс-тəсілдері көрсетілді.

Одан соң жас қызметкерлердің арасында кір тасын көтеруден жəне қол күресінен сайыс өтіп, сайыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Слет одан əрі концерттік бағдарламаға ұласып, бағдарлама барысында қызметінде ерекше көзге түскен жас қызметкерлер, олардың ата-анала-ры мен тəлімгерлері сөз сөйлеп, департамент басшылығына алғыстарын жеткізді.

Мерекелік шара соңында слетке қатысушыларға департаменттің Жедел жоспарлау орталығының жұмысы, мұражай таныстырылып, қызмет бабында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен іс-шара қорытындыланды.

С л е т ж ұ м ы с ы н а Ү к і м е т т і к мекемелерді күзету жөніндегі поли-ция полкі командирінің орынбасар-лары, полиция майоры Бердах Артықов, полиция полковнигі Марат Беріков жəне «Нұр Отан» партия-сы Алматы аудандық филиалының а қ п а р а т т ы қ н а с и х а т т а у , с а я -си кенесінің мүшесі, заңгер Жамаладен Ибрагимов қатысты. Шараның ашылуын-да сөз сөйлеген Жамаладен Ибрагимұлы Жолдау жүктеген міндеттерге жеке-же-ке тоқталды.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көп жауапкершілік жүктелетіндіктен кəсібиліг і мен біліктіліг іне баса назар аудары-лып отыр. Бұл туралы Елбасы өз Жолдауында да айтқан болатын. Жыл сайынғы Жолдауда əрбір органның алдына нақты тапсырмалар жүктеледі. Ал Мемлекет басшысының Жолдауымен танысу Қазақстан Республикасының əрбір азаматының борышы», – деді Жамаладен Ибрагимов. Жолдаудағы негізгі басымдықтарды орындау үшін бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары арнайы құжаты дайындалды. Жолдаудың екінші бағыты – заң үстемдігін қамтамасыз ету деп аталады. «Осы Жолдау жүктеген міндеттерді атқару мақсатында жаңа мəжіліс 400-ден артық нормативтік құқықтық акті қабылдады. Бұл заңдар 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Сонымен бірге, жыл басында Ішкі істер министрлігінің құрамдық бөлігі ретінде жергілікті билік органына қосымша бағынатын жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның мақсаты – құқық қорғау қызметкерлерін халыққа біршама жақын ете түсу», – деген заңгер маман ішкі істер органы қызметкерлерінің қауырт жұмысы тиісті бағаланбай жүргенін де сөз етті. Айтуынша,

əрдайым алдыңғы шептен табылып, кез келген қиындыққа қасқайып қарсы тұратын полиция қызметкерлерінің еселі еңбегін адамдардың барлығы бірдей бағалай бермейді. Қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда по-лиция қызметкерінің көмегіне жүгінетін тұрғындардың ішінде алғыс айтудың орнына былапыт сөздер айтатындары да жоқ емес.

Содан соң, тəлімгерлер мен жас қызметкерлерд ің баяндамала -ры тыңдалды. Тəлімгерлер жас қызметкерлермен жүргізіп жатқан ж ұ м ы с т а р ы н ы ң н ə т и ж е с і м е н тəлімгерлікке қатысты өздерінің ұсыныстарын айтты. Алғашқы бо-лып атқарылған істер жөнінде есеп берген тəлімгер Шынар Иманбаева: «Күнделікті қызметін атқару барысында аса маңызды нысандар қылмыстық қол сұғушылықты болдырмауда, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің сауатты əрі ұстамды болғаны жөн. ҮМКжПП 1-батальонының тəлімгерлері

өз қызметтерін толық атқаруда. Өз тəжірибемнен мысал келтіріп өтсем, қызмет барысында бірнеше жас қызметкерге тəлімгерлік еттім. Сонымен қатар, қазіргі уақытта маған бекітілген жас қызметкер, полиция лейтенанты Ұлан Алмағанбетовпен тəлімгерлік қызмет атқарудамын. Ол жас қызметкерге ішкі істер органда-рында қорғалатын мемлекеттік маңызы бар нысандарды бақылауда басты міндеттерді меңгеруге көмектесудемін», – деді. Тəлімгердің қарауына алынған жас қызметкер Ұлан Алмағанбетов осы уақыт аралығында үйреніп білгенін ай-тып, қызметке бейімделуде тəлімгердің көмегі зор екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, полктің 2-батальоны Руслан Сеитовтің тəлімгері Əмірбек Құрмановтың баяндамасы көптің көңілінен шықты. Ол ішкі істер орга-нында қызмет еткен жылдары талай жас қызметкерге тəлімгерлік етіп кел-ген, оның тəлімін алған қызметкерлер бүгінде қызметтің биігінен көрініп жүр. Сондай-ақ, слет барысында полктің аға психологі Ақзада Түкебаева жас қызметкердің қызметке бейімделуі тақырыбында дəріс оқыды. Айтуынша, азаматтардың құқық қорғау орга-ны қызметкеріне деген негативті көзқарасы, қатынасы оның физикалық жəне психикалық жағдайына əсер ет-пей қоймайды. Сондықтан кез келген жағдайда күйзеліске түспес үшін олар өз өмірлеріне иелік етуді үйренулері тиіс. «Қызметкерлердің көбісінің бір мезгіл демалуға мұршалары келмей жатады. Ал дұрыс демала білу – маңызды. Тəлімгерлерге айтарым, жас қызметкерлермен жұмыс істеу кезінде жеке басына тіл тигізуден аулақ болу керек. Өйткені, көп жағдайда қызметкер жұмыстағы көңіл-күймен үйлеріне қайтады да, іште булыққан ашуды жақындарына шығарады», – дейді психолог маман.

Слет соңында қатысушылар мен басшы құрам ҚР Қарулы Күштерінің əскери-тарихи музейіне саяхат жасап, тарихи жəдігерлермен танысты.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттер автордікі

Page 7: Сақшы №40 (4206)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

МЕРЕЙТОЙ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Петропавл қаласындағы Қуыршақ театрында Солтүстік Қазақстан об-лысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жас қызметкерлері мен тəлімгерлердің слеті сəн-салтанатпен атап өтілді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

І І М М е м л е к е т т і к к ү з е т қ ы з м е т і б а с қ а р м а с ы н ы ң 2014 жылғы 28 қаңтардағы « Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Ішкі істер органдарындағы по-лиция құрылымдары туралы» №44 бұйрығында «Тəлімгер күнделігін» жүргізудің ережесі егжей-тегжейлі нақтыланды.

Ережеге сəйкес тəлімгерлер кеңесінде атқарылған жұмыс туралы тоқсан сайын есеп беру, қамқорлыққа алы-нушыны қызметке бейімдеу жəне қалыптастыру, оның тəртібі мен жүріс-тұрысын қадағалауға алу көзделген. Тəл імгер өз қамқорлығындағы қ ы з м е т к е р д і ң т а ң д а п а л ғ а н мамандығын меңгеруге көмек көрсетіп, функционалдық міндеттерін түсіндіруі ти іс . Сондай-ақ, өз мысалымен қызметтік міндеттер мен тапсырмалар-ды сапалы орындаудың практикалық тəсілдері мен əдістерін көрсетуі керек.

Жуырда Оңтү с т і к Қа зақ с т ан облыстық Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы жоғарыдағы бұйрық пен ІІМ-нің 2016 жылғы 30 сəуірдегі №460 бұйрығын басшылыққа ала отырып, ІІМ-нің идеологиялық жəне тəрбие жұмысын жетілдіру бойынша 2016 жылға арналған жоспары негізінде күзет полициясы қызметкерлерін патриоттық рухта тəрбиелеу, олар-ды қызметтік міндеттерін орындауда таңдаған мамандығын меңгеруге көмек көрсету , тəл імгерлерд ің жас қызметкерлермен жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, жастарды кəсіби мамандығына ын-таландыру, қызметт ік бей імдеу мақсатында облыстық слет өтті.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД

«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 27 қаңтардағы №1 қаулысымен құрылған «Қорған-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС сол жылғы 2 наурызда мемлекеттік тіркеуден өткен. Жалғыз құрылтайшысы «Қазатомөнеркəсіптің» өзі болғандықтан серіктестік тек ұлттық атом компаниясына қарасты кəсіпорындардың нысандарын, мүліктерін жəне қызметкерлерін қорғау бойынша күзет қызметін көрсетеді.

Алғаш құрылғанда күзет компаниясының орталық аппаратында 14 адам ғана болып, аймақтарда 5 күзет жасағы жұмыс істеді. Өткен он жыл ішінде жалпы қызметкерлер саны 1100-ден асып, «Қазатомөнеркəсіп» жұмыс жүргізетін өңірлерде орналасқан 4 филиалдағы 5 күзет жасағының жұмысы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді. «Қорған-Қазатомөнеркəсіп» бастапқыда тек күзет қызметін көрсетумен шектелген болса, 2010 жыл-дан бастап қауіпті жүктерді, жарылғыш материалдарды алып жүру бағытындағы қызметін ұсына бастады.

Ел байлығы – кеніш орындарына қорған болар қызметкерлерге жүктелер жауапкершілік жоғары екені анық. Жұмысқа қабылдауда болашақ күзетшілерге жоғары талап қойылып, бірнеше дүркін іріктеуден өтеді. Күзет те қызмет көрсету түріне жататындықтан, мамандарды іріктеудің өз ерекшелігі бар. Жергілікті тұрғындарға, əскери қызметте болғандарға жəне құқық қорғау органдарының ардагерлеріне басымдық беріледі. Əуелі үміткерлермен сұхбат жүргізіліп, ҚР «Күзет қызметі туралы» заңына сəйкес тиісті құжаттар жиналады. Сотты болғандар, мемлекеттік, əскери қызметтен, құқық қорғау жəне əділет органдарынан «қуылғандар» жұмысқа қабылданбайды. Əрине, ішімдікке, нашақорлыққа бейімі бар немесе денсаулығында кінəраты бар адамдарға да орын жоқ. Сондай-ақ, үміткерлерді іріктеуде жергілікті учаскелік инспектордың пікірі де ескеріледі.

Қызметкерлеріміз түрлі климаттық қиыншылықтар, ауа райының жайсыздығы жəне айдаладағы жалғыздық жағдайында да өз борыштарын мүлтіксіз атқарып келеді. Өз кезегінде басшылық та оларды ынталандыру-ды, үздіктерді марапаттауды ұмытқан емес.

«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ құрылтайшы ретінде серіктестікті назардан тыс қалдырған емес. Міне, 10 жылдық мерекеге байланысты да серіктестік ұжымын құттықтап, «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы А.Жұмағалиевтің қолы қойылған 5 құрмет грамотасын, 6 алғыс хатын қызметкерлерге салтанатты жиналыста төраға атынан «Қазатомөнеркəсіп» ҰАҚ» АҚ Мемлекеттік құпияны қорғау жəне қауіпсіздік департаментінің директоры Ж.Өмірбеков мырза табыс етті.

Қазақстанның ядролық қоғамы ассоциациясының президент і В.Школьниктің «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек қайраткері» төс белгісімен 5 қызметкер, Құрмет грамотасымен 5 қызметкер, Күзет қоғамы ассоциациясы өз тарапынан 10 қызметкерді Құрмет грамота-сымен марапаттады.

«Қорған-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС-ның құрылымдық бөлімдері мен фили-алдар қызметкерлері 10 жылдық мерекеге орай төмендегіше марапатталды:

«Үзд ік қарауыл бастығы» аталымы бойынша «Шиелі -Қорған-Қазатомөнеркəсіп» филиалының 1 қарауыл басшысы, «Таукент Қ-Қ» филиалынан 3 қарауыл бастығы, «Степной Қ-Қ» филиалынан 2 қарауыл бастығы, Алматы бөлімінен 3 қарауыл бастығы, «Үздік күзетші» аталы-мы бойынша «Шиелі Қ-Қ» филиалының 7 күзетшісі, «Таукент Қ-Қ» фи-лиалынан 16 күзетші, «Степной Қ-Қ» филиалынан 18 күзетші, Алматы бөлімшесінен 6-күзетші, «Жедел əрекет тобының үздігі» атылымы бойынша «Шиелі Қ-Қ» филиалының 1 қызметкері, «Таукент Қ-Қ» филиалынан 2 қызметкер, «Степной Қ-Қ» филиалынан 3 қызметкер, Астана филиалы-нан 1 ЖƏТ күзетшісі; «Үздік жүргізуші» аталымы бойынша 17 жүргізуші, «Құрылымдық бөлімнің үздік күзет ардагері» 13 ардагер, сондай-ақ, «Қорған-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасымен жалпы филиалдар мен құрылымдық бөлімдер, орталық басқару аппараты-нан 77 кызметкер марапатталды.

Серіктестіктің 10 жылдық мерекесіне орай тапсырылған осындай сый-сияпат бүкіл қызметкерлер қауымын бұдан да үлкен жетістіктерге, бұдан да биік белестерді бағындыруға жетелейтіні анық.

Қазбек ӨСКЕНБАЕВ,«Қорған-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС Ақпарат сақтау,

персоналмен жұмыс жасау жəне əлеуметтік тұрақтылық қызметінің бастығы

Оңтүстік Қазақстан облысы МКҚБ қызметкерлері слетті таңғы сағат 08:00-де алаңда ту көтеріп, сапта жүріп əн орындаудан бастады. Слетті МКҚБ бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Жармаханбет Смайлов ашты. Басқарма кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Ерлан Оразалиев, аға инспектор, полиция капитаны Нұрбол Сабаев тəлімгерлік жəне жас қызметкерлерді жұмыс жағдайына бейімдеу бары-сында психологиялық көмек туралы баяндамалар жасады. №2 поли-ция батальонының аға сержанты Руслан Жұмашев жас маман Ұлан Тастанбековпен жүргізген тəлімгерлік жұмыстарын айтып берді. Мұнан соң тəлімгерлер өз тəжірибелерін ортаға салды.

М К Қ Б А р д а г е р л е р к е ң е с і н і ң төрағасы Жарылқап Ахметов, Ауған

со ғысының арда гер і , полиция полковнигі Тойшыбай Хажыматов өз тəжірибелерімен бөлісті.

Тəлімгерлік жұмыстарын жоғары д е ң г е й д е ж ү р г і з г е н б і р т о п қызметкерге МКҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Піртаев сый-сияпаттар тапсырды.

Бұдан соң слетке қатысушылар Халық Қаһарманы Ғ.Байтасов пен «Ерл і г і үшін» медал ін ің иегер і Н.Шойынбаевтың бұрыштарына гүл шоқтарын қойып, олардың ерлік істерін еске алды.

Шымкент қаласы Абай саябағына орналасқан «Даңқ» мемориалына ба-рып, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сол жерден шығып Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД ерлік мұражайын тамашалады.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

Мақсат – жас қызметкерлердің кəсіби қалыптасуында жəне азаматтық қорғау органдарының имиджін арт-тыру, қызметкерлердің кəсібилігін көтеру, отансүйгіштік пен таңдаған мамандық үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырудағы тəлімгерліктің рөлін

арттыру. Ағымдағы жылдың басынан бастап өрт сөндіру қызметтерінің гар-низоны 59 жас қызметкермен толықты. Жаңа ғана ЖОО бітірген немесе əскердегі қызметін тəмамдаған жас жігіттер Отанына ант беріп, өз халқына адал еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жас қызметкерлер мен олардың тəлімгерлері слетін салтанатты түрде СҚО Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, а з ама т тық қор ғ а у полковни г і Біржан Кəрімов ашты. Бірінші бас-шы өз сөзінде ІІМ ТЖК азаматтық қорғау қызметтер ін ің жаңадан қабылданған қызметкерлерінің үздік қасиеттерін қалыптастыруда, жас өрт сөндірушілерге кəсіби шеберлікті табы-стау ісінде тəлімгерліктің рөлін жоғары

бағалады. Ол күнделікті қызметте өз Отанына қызмет етуге ықыласы жоғары жəне аса маңызды өзіндік тəртіпті қажет ететін, ұжымда жас қызметкерлердің бейімделу процесін жылдамдатуға бағытталған жұмыстар атқарылатынын айтты. Б іржан

Телманұлы азаматтық қорғау органда-рына келген жас ұрпақ гарнизонның кəсіби салтын жалғастыруға жəне қызметтегі сынаққа абыроймен төзуге тұрарлық екендігіне сенім білдірді.

І с - ш а р а ғ а ж ү з д е н а с а а д а м қатысты, олардың арасында тек жас қызметкерлер мен басшылық қана емес, сонымен қатар жас ұрпақ үшін ұстаз болатын құрметті еңбек ардагерлері де болды. Өрт сөндіру қызметтерінің бір де бір іс-шарасы ардагерлер ұйымдары мүшелерінің қатысуынсыз өтпейді. 30 жылдан артық тəжірибесі бар, ұзақ уақыт бойы облыстың суда құтқару қызметіне басшылық еткен Олег Шагимарданов нағыз құтқарушы жақсы қасиеттерге ие болуы керек деп есептейді. Ал өртке қарсы қызметтің тағы бір ардагері Нұртас Шайкин «Төтенше жағдайдан

құтқарылған адамның жылыұшырай қараған көзінен басқа еш марапат жоқ» деп санайды.

Жас қызметкер Арслан Жетпісовтің бұл қызметте жұмыс істегеніне бір-ақ жыл болды, алайда, біраз нəтиже көрсеткен. Жас маман əскерде қалай қызмет етіп, қызметін өрт сөндіру бөлімінде жалғастырғанын жымия еске түсіріп, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы қауіпті болғанымен, өте игілікті деп санайды. Арслан өзінің кəсіби таңдауына өкінбей, қайта өз өмірін бұл іске арнауға дайын.

С л е т т і ң қ о р ы т ы н д ы с ы н д а баяндаушылардың бəрі жас өрт сөндірушілерге қызметте сəттілік жəне кəсіби өсуін тіледі. Сонымен қатар, осы мамандық жайында бейнеролик көрсетілді. Слеттің жас қатысушылары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында əрқайсысы облысымыздың өртке қарсы қызметтер ін ің та-рихымен танысты. Жас мамандар-ды патриоттық рухта тəрбиелеуде қызметтік міндеттерін орындауда қаза болған қызметкерлерді еске алу маңызды. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан мұражайда «Алматылық батыр-лар» мен «Чернобльдың батыр өрт сөндірушілері», сонымен қатар таяуда ғана олардың қатарына қосылған, қызмет т і к борышын орындау -да қаза болған аға сержан Алтынбек Абдрахмановқа арналған естелік бұрыш бар. Жеке фотосуреттер мен газеттегі мақалалар, соңғы қызметтік киімі мен балқыған дулыға, ұқыпты жинақталған жəдігерлер – жауынгерлік тапсырма-сынан оралмаған, екі баласы бар 27 жастағы əке туралы сыр шертеді.

№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Данияр Əлімкин жас қызметкерлерге əріптестерінің қайғылы қаза болу тарихын айтып, өз баяндамасын өрт күзетінің қалыптасу тарихымен толықтырды. Экскурсияның келесі кезеңінде шақырылғандар Абылайхан мұражайында болса, ал слет соңында жас қызметкерлердің спорттық коман-далары арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.

Валерия СҰЛТАНОВА

«Қорған- Қазатомөнеркəсіп»: 10 жылдық белес

«ҚАЗАТОМӨНЕРКƏСІП» КЕНІШТЕРІНЕ ҚОРҒАН БОЛСЫН, ОТАНДЫҚ УРАН ӨНЕРКƏСІБІНІҢ БАР ИГІЛІГІН КӨЗ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАСЫН ДЕГЕН МАҚСАТПЕН ҚҰРЫЛҒАН «ҚОРҒАН-ҚАЗАТОМӨНЕРКƏСІП» ЖШС ЖУЫРДА 10 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАП, БІР БЕЛЕСТІ АРТҚА ТАСТАДЫ. МЕРЕЙТОЙДЫҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ ЖƏНЕ ОЛ ЖОҚ-БАРДЫ ТҮГЕНДЕУГЕ, АЛДАҒЫ МЕЖЕНІ АЙҚЫНДАУҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.

Б а т ы с Қ а з а қ с т а н о б л ы -сы бойынша ҚАЖД қарасты мекемелердегі жас мамандар слеті өтті. Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мəселенің бірі – бəсекеге қабілетті , еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын-дай кəсіби мамандар дайын-дау. Бүгінгі күні еліміздің ішкі істер органдарының жоғары оқу орындарының алдында əлемдік өркениетке ұмтылып, білімді, білікті, антына адал, саналы азаматтар тəрбиелеу міндеті тұр.

О б л ы с б о й ы н ш а Қ А Ж Д қарасты РУ-170/1, РУ-170/2, РУ 170/3 мекемелері мен пробация қызмет ін ің жас мамандары мен олардың тəлімгерлері арасында слет шеңберінде өзара сайыс өтті.Сайысқа Батыс Қазақстан облы-

сы бойынша ҚАЖД ардагерлері төрелік етт і . Сайыс 5 кезеңнен тұрды: қызметтегі ҚР заңнамалары, ло гикалық жəне ел ім і з д і ң т а -рихы туралы сұрақтарға жауап беру ; жас мамандар өздер ін ің тəлімгері, тəлімгерлер өздерінің жас мамандары туралы анкеталық сұрақтарға жауап беру; тапсырма есептерге жылдам жауап беру; қызмет барысындағы ситуациялық с ұ р а қ т а р ғ а ж а у а п б е р у м е н қызметтік жағдайлардағы əрекеті

т у р а л ы ; с о н д а й - а қ , с п о р т т ы қ сайыстар.

Жарыс соңында 6 үміткер ара-сынан өздер ін ің б і л імдер імен , кəсібиліктерімен жəне ширақтығымен Орал қалалық пробация қызметінің жас маманы – ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 2015 жылғы түлегі, əділет лейтенанты Е.Щукина мен оның тəлімгері, əділет капитаны К.Жұмашев сайыстың жеңімпаздары атанды.

Лəйлə АХМЕТҚАЛИЕВА

Page 8: Сақшы №40 (4206)

сөз соңы№40 (4206), сейсенбі, 31.05.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13298Тапсырыс: №2700

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Акция ЖАдыңыздА Жүрсін!

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА:Судағы қауіпсіздік

ережелерін сақтаңыздар!АЛМАТЫ оБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САйЫН ЖАЗҒЫ ШоМЫЛу МАуСЫМЫНДА, АЛМАТЫ оБЛЫСЫНЫҢ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРу ЖАСАҒЫНЫҢ БЕКЕТТЕРі ЖоҚ ЖЕРЛЕРДЕ АДАМ өМіРіНЕ ҚАуіп ТөНДіРЕТіН ЖАҒДАйЛАР ЖИі оРЫН АЛАДЫ.

өткен 2015 жылдың жазғы маусымның статистикалық көрсеткіші бойынша құтқарушылар күзеті жоқ айдындарда 79 адам қаза болса, оның 16-сы бала.

Құтқарушылар күзеті жоқ су айдындарында демалу, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылу, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеу және оларды ұстанбау, ішімдік ішіп шомылу, жүзе білмеу, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуы – міне, судағы төтенше жағдайлардың басты себептері осылар.

Жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшелері орналасқан су қоймаларында және басқа да профилактикалық аудандарда суда зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсетіп келеді. өткен жылы жасақ құтқарушылары 236 адамды ажалдан аман алып қалған.

Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуы немесе оны білмеуі болып табылады.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар:- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындар-

да, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде ғана шомылыңыздар;- шомыла білмесеңіздер терең суға кірмеңіздер;- шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;- жүзе білмесеңіздер, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;- суға көп шомылмаңыздар, тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, сауықтыру лагерьлерінің, туристік

фирмалардың және демалыс орындарының басшылары!Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз

қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады. оларды жағадан жел не-месе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар! Сонда ғана жазғы демалыс жайлы өтеді.

Естеріңізде болсын! Егер де Сізге қауіпті жағдай төнсе, көмек қажет болса «112» құтқару қызметінің телефон нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Алматы облысы ТЖд Жедел-құтқару жасағы

А к ц и я н ы ң а ш ы л у с а л т а н а -тына қатысқан «Динамо» ДСҚ Батыс Қазақстан облыстық фи-лиалы бастығының бірінші орын-басары Александр Алябьев, ііД Ес іртк і бизнес іне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, по-лиция майоры Асхат Рамазанов жастардың мәселесіне назар аудара сөйледі. Жасөспірім жастар мен жеткіншектердің есірткі тұтынудың қаупіне алғашқы болып ілінетінін е с к е р г е н ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р туризмнің жастардың жаман әдеттен аулақ болуына және спортпен шұғылдануына мейлінше септіг і тиетініне сеніп отыр.

Бұл акцияға өскемен қаласының арнаулы-орта оқу орындарының студенттерінен жасақталған 8 құрама команда қатысты, атап айтқанда,

АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД ЕСіЛ АуДАНЫНЫҢ ТөТЕНШЕ ЖАҒДАйЛАР БАСҚАРМАСЫ №54 «НҰР-Ай» БАЛАБАҚШАСЫМЕН БіРЛЕСЕ «ӘРҚАШАН АБАй БоЛСАҢ, ҚАуіпТЕН АуЛАҚ БоЛАСЫҢ» АТТЫ іС-ШАРА САйЫСЫН ҰйЫМДАСТЫРДЫ.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – балаларды өрт қаупі туындаған және төтенше жағдай кезіндегі өз іс-қимылдарымен таныстыру және олардың білімдерін арт-тыру. іс-шара аясында жаңа өмірге қадам басып, мектеп қабырғасына баратын бүлдіршіндерден құралған үш топ арасында сайыс өткізілді. Сайыс барысында балалар азаматтық қорғау тақырыбындағы өздерінің жан-жақты білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, балалардың өрт сөндіру көлігі жайлы ойларын арттыру мақсатында оларға өрт сөндіру көлігі мен өрт сөндіргіш техникалық құралдары таныстырылды.

Астана қаласы ТЖд баспасөз қызметі

ТУРИЗМ НАШАқоРлЫққА ТөТЕп БЕРЕдІКүНі КЕШЕ өСКЕМЕНДЕГі «КоМСоМоЛ» АРАЛЫНДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН оБЛЫСТЫҚ ііД ЕСіРТКі БИЗНЕСіНЕ ҚАРСЫ КүРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰйЫТҚЫ БоЛуЫМЕН ЖЫЛ САйЫНҒЫ «ТуРИЗМ – НАШАҚоРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» АКЦИЯСЫ өТКіЗіЛДі. оСЫМЕН ТөРТіНШі ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН өТКіЗіЛіп КЕЛЕ ЖАТҚАН АКЦИЯНЫҢ КөЗДЕГЕНі – ЖАСТАР АРАСЫНДА САЛАМАТТЫ өМіР САЛТЫН НАСИхАТТАу, СпоРТпЕН ШҰҒЫЛДАНуҒА ДЕГЕН ЫНТАЛАРЫН АРТТЫРу, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРуҒА ДЕН ҚоюҒА ЫҚпАЛ ЕТу.

Құтқарушылар аудандық мектептердің 10-сынып оқушыларын шақырды. Балаларға арналған танымдық бағдарлама дайын-далды. Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капи-таны Әлима Идалиева оқушыларға өрттің шығу салдары, өрт кезіндегі іс-қимыл, сондай-ақ, қолда бар өрт-техникалық құрал-жабдықтар туралы әңгімелеп берді.

Келушілер өрт сөндіру көлігіне қанша су сыятындығын және ол су қоры қанша уақытқа жететінін қызыға сұрады. Сондай-ақ, өрт сөндіру көлігіне кіріп, суретке түсті. Балалар өрт сөндірушінің нысанды киімінің ерекшеліктері туралы сұрап-білді және құтқарушылар оны қалай жылдам киюді көрсетті. оқушылар өрт сөндіру нысанды киімін киіп көру мүмкіндігіне ие болды, олардың таңданысында шек болмады.

Әрі қарай жасөспірімдер өрт сөндіру бөлімінің қызметтік бөлмелеріне экскур-сия жасады. оқу кабинеттеріне тоқтап, балаларға өрттерді мысалдарға ала, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес нұсқау берілді. «өрт кезінде не істеу керек?» деген сұраққа, олар: «101 немесе 112 өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалу» ке-рек деп ойланбастан жауап қайтарды. Қызметкерлердің арнайы сабақ пен жур-нал жүргізілетінін білгенде оқушылар таңғалды. үлкен қызығушылықпен жатын және асхана бөлмелерімен танысты.

Ашық ес ік күні соңында оқушылар қызықты кездесу үшін құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта тағы келетіндерін және осы мамандық туралы ата-аналары мен достарына айтып беруге уәде берді.

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, ағайынды Абдуллиндер а тында ғы өнер университе т і , «Квансон» , «КАСу» колледж і , Экономика және қаржы, Құрылыс,

политехникалық, Медициналық колледждер ін і ң командалары . Қатысушылар аспалы және жарыспа-лы өткел, тышқан қақпаны, палатка орнату, рафтинг, жәбір көргендерге көмек көрсету сияқты қиындықтардан тұратын 9 кезеңнен сүрінбеулері ти іс ед і . осындай тым күрдел і сайыстық сынақтар қатысушылардың қабілеттерін шыңдауға, моральдық ерік-жігерлерін ұштаумен қатар топтасып жұмыс істеуге бейімдеуге бағытталған.

осы орайда айта кету керек, құрама командаларға қолдау көрсетіп кел-ген жанкүйерлердің арасында ән-биден байқау ұйымдастырылды, ұпайлар олардың жанкүйерлік еткен командаларының қоржындарына түсті. Тартысты байқаудың нәтижелері бой-ынша жүлделі 1-орынды ағайынды А б д у л л и н д е р а т ы н д а ғ ы ө н е р университеті құрамасы қанжығаласа, 2-орынды Гуманитарлық колледждің командасы еншіледі. Ал 3-орын-ды Қазақстан-Америкалық еркін университетінің командасы місе тұтты. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылар кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шығыс қазақстан облыстық ІІд баспасөз қызметі

Ашық есік күні

оқУШЫлАР қҰТқАРУШЫ МАМАНдЫҒЫНА қЫЗЫқТЫхАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚоРҒАу КүНі ҚАРСАҢЫНДА ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ КӘСіБИ БАҒДАР АЛуЫ, өРТ СөНДіРуШі ЖӘНЕ ҚҰТҚАРуШЫ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БЕДЕЛіН КөТЕРу МЕН оҢ ИМИДЖіН ҚАЛЫпТАСТЫРу, ііМ ТЖК ҚАТАРЫН ЖАҢА КАДРЛАРМЕН ТоЛЫҚТЫРЫЛуЫН НАСИхАТТАу МАҚСАТЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН оБЛЫСЫ ТөТЕНШЕ ЖАҒДАйЛАР ДЕпАРТАМЕНТіНіҢ БөРЛі АуДАНЫНЫҢ ТөТЕНШЕ ЖАҒДАйЛАР БөЛіМі МЕН өРТ СөНДіРу ҚЫЗМЕТіМЕН БіРЛЕСКЕН АШЫҚ ЕСіК КүНі өТТі.

Қ.ЖҰМАҒАЛИЕВ, Батыс Қазақстан облысы

сАйыс

Балалар отпен ойнамауға уәде берді

Құрастырған Ескендір ТасболаТовОйлан, тап!

... ағаш

Мерейлі туған күн

Жарыс тәртібі Бірді-...

Оралдың бұрынғы

атыАяқ

таңбасы

Дала өсімдігі

Түркия курорты Жігіт Жеміс

Жағдай

Қазақ киносы ... жүзігі

Жасанды шаш ... Есмахан Арттыр

Шкаф түрі Бағзы Форма, қалып