8
№24 (4190), 31.03.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ БАСТЫ МАҚСАТ – АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСУ АЙМАҚ АЙШЫҒЫ V ШАҚЫРЫЛЫМ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ БАРДЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ ТЫҒЫЗ ЖƏНЕ ТАБЫС- ТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ. ҚОС ҰЙЫМНЫҢ ДА МАҚСАТЫ БІР – ОЛ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ТУЫНДАҒАН КЕЗ- ДЕ АДАМДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ, ЕРЕКШЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ САУАТТЫ ƏРЕКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ. Бұған дейін олар бірлесіп бір емес, бірнеше іс-шара өткізген болатын. Ол: балалармен оқу жəне ойын-сауық конкурстарын өткізу, ізгілік принциптерін дамытуға атсалысу, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша білім жəне тəжірибелік дайындықтарды жетілдіру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс əрекет ету тəртібіне бағытталған семинарлар жəне конфе- ренциялар өткізу. 29 наурыз күні облыстық мұрағаттың акт залында ҚР Қызыл жарты ай қоғамы филиалының қызметінің таныстырылымы болды. Іс-шараға ҚР Қызыл жарты ай қоғамының, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД- нің, облыстық мұрағаттың қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Қатысушыларға жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, отбасылық байланыстарды іздеу жəне қалпына келтіру, мемлекеттік ор- гандармен жəне үкімет құрылымдарымен ыңтымақтастық пен серіктестікті дамыту, төтенше жағдайлар кезінде халықтың жекелеген топтарына жəне зардап шеккендерге көмек көрсету, тегін донорлықты насихаттау туралы МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НА- ЗАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БЕЛЬ- ГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ БАРДЫ. БРЮС- СЕЛЬ ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ЕЛБАСЫ 22 НАУРЫЗДА БОЛҒАН ТЕРРОРЛЫҚ АКТ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАП «МАЛЬБЕК» МЕТРО СТАНСАСЫНДА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Қазақстан Президенті осы рəсім аясын- да Брюссель астаналық өңірінің Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен əңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. «Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды жəне Бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған- туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан əрі Елбасы Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Кездесу бары- сында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мəселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін жəне сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жарты- сынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген жəне стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі əлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты. Сонымен қатар, тараптар кездесу барысын- да күн тəртібіндегі халықаралық мəселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы жəне Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс- қимыл мəселелері талқыланды. Соңғы 10 жылда Еуроодақ елдерінен Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 107,4 млрд. АҚШ долларын (барлық инвестиция көлемі – 218 млрд. АҚШ доллары) құрады. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан ЕО-ның энергетикалық саладағы сенімді əрі жауапты əріптесі ретінде танылды. Қазақстан Еуропаға энергия тасымалдау көлемі бойынша ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында Ресей жəне Норвегиядан кейін үшінші орын алады. Еуропаның бірқатар елінде Қазақстаннан жеткізілетін мұнайдың үлесі жоғары. Атап айтқанда, Австрияда – 25, Румынияда – 30 пайыз. Қазақстан Германияға энергия ресур- старын тасымалдаушы елдер арасында төртінші орында. Еске сала кетсек, 29 наурызда Мемлекет бас- шысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келген болатын. айтылды. Ұйымдастырушылықтың басым бағыттары туралы бейнеролик көрсетілді. Филиалдың директоры Сəуле Оразова іс-шараға қатысушыларға жыл мезгілінің қиын кезеңінде облыс тұрғындарына көрсетілетін қолдауы ту- ралы сөз етті. Қазірде уақытта су тасу маусымы басталуда. Коммуналдық қызметтер мен ТЖ бөлімшелері жеке тұрғын-үй аулаларындағы суды жинау жұмыстарын жүргізсе, Қызыл жарты ай филиалы су басудан зардап шеккен адамдарға азық-түліктер жəне жылы киімдер беру сияқты, гуманитарлық көмектер көрсетеді, деді ол. Филиалдың еріктісі Ғафур Юсупалиев Халықаралық гуманитарлық құқықтың пайда болуы мен таралуы тарихынан сыр шертсе, дəрігер Иван Стогниева алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын меңгере білудің маңыздылығы туралы айтып, жүрек-өкпе реанимациясы кезіндегі құтқару əдісін көрсетті. Іс-шара соңында Сəуле Оразова адамдардың деңсаулығы мен өмірін сақтау – басты міндет екенін айтты. Тек бірлескен күшпен ғана төтенше жағдайлардың алдын алуда, жоюда жəне олардың салдарын оқшаулау ісінде оң нəтижеге жетуге болады деді ол. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының сыртқы қарызы 10 млрд. дол- лардан асады. Бұл туралы «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында «Самұрық- Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры Елена Бахмутова мəлім етті. «2016 жылдың басында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атаулы сыртқы қарызы 10,7 млрд. долларды құрады. Ал ресми сандарды сіздер «ҚазМұнайГаздың» шоғырландырылған қаржы есебі жария етілгенінен кейін көре аласыздар», – деді ол. Оның атап өтуінше, бүгінгі күні мұндай көлемдегі қарыз, қазіргі уақыттағы бағаны еске- рер болсақ, қолайлы болып отыр. Сонымен қатар, ол қарыз жүктемесінің деңгейі өткен жыл- мен салыстырғанда біршама төмендегенін де еске салып өтті. «Қарыз көлемі топ қызметіне қандай да бір қауіп төндірмейді. Міндеттемелерге қызмет көрсету қалыпты көлемде жүргізілуде. Бұл ком- пания үшін айтарлықтай қауіп төндірмейді. Бізде инвестициялық қызмет деңгейі жəне соған сəйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барын- ша жоғары», – деді Е.Бахмутова. ҚОРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ ҚАНША? Парламент Сенатының Төрағасы Қасым- Жомарт Тоқаев Бюро мүшелерімен кеңес өткізді, онда Парламенттің V шақырылымы кезеңіндегі Сенат қызметінің нəтижелері қорытындыланды, сондай-ақ Палата жұмысының жоспары қаралды. Кеңесте бесінші шақырылымда Сенат 127 отырыс өткізгені, онда 508 заң жобасы мен Сенаттың ерекше жəне дербес қарауына жа- татын 50-ден астам мəселе қаралғаны аталып өтілді. Шақырылым кезінде Парламент 7 кодекс, 59 дербес заң, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 205 заң, халықаралық шарттар мен келісімдерді рати- фикациялау туралы 237 заң қабылдады. Олардың ішінде 30 заң Парламент депутаттарының баста- масымен əзірленді. «Бес институттық реформа- ларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Парламент 2015 жылғы күзде 59 заң қабылдады. Шақырылым кезінде 484 депутаттық сауал жария етіліп, жоғарғы Палатаның тұрақты комитеттері 120-дан астам шара өткізді. 2016 жылғы 21 қаңтар мен 24 наурыз аралығындағы Парламенттің қызметін атқарған кезеңде Сенат 57 заңды қарап, қабылдады. Бұл уақытта заң жобаларын қараған кезде сенатор- лар 1490 түзету енгізді. Қ.Тоқаев құжаттармен жұмыс барысындағы жемісті жұмысы үшін коми- тет төрағалары мен барлық депутаттарға алғыс айтты. Заң шығару қызметінің жоспары жайын- да айта келіп, Сенат Төрағасы 25 наурызда Парламенттің VI шақырылымындағы бірінші сессияны ашарда Президент Н.Назарбаев алға қойған міндеттерді еске салды. Бірыңғай салық жəне кеден кодекстерін, «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодексті қабылдау, электр энергетикасы, бəсекелестік мəселелері туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ, бəсекелестік ортаға мемлекеттік міндеттері одан əрі беру бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтылды.

Сақшы №24 (4190)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №24 (4190) 31.03.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №24 (4190)

№24(4190),

31.03.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

БАСТЫ МАҚСАТ – АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСУАЙМАҚ АЙШЫҒЫ

V ШАҚЫРЫЛЫМ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БЕЛЬГИЯ

КОРОЛЬДІГІНЕ БАРДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ ТЫҒЫЗ ЖƏНЕ ТАБЫС-ТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ. ҚОС ҰЙЫМНЫҢ ДА МАҚСАТЫ БІР – ОЛ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ТУЫНДАҒАН КЕЗ-ДЕ АДАМДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ, ЕРЕКШЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ САУАТТЫ ƏРЕКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ.

Бұған дейін олар бірлесіп бір емес, бірнеше іс-шара өткізген болатын. Ол: балалармен оқу жəне ойын-сауық конкурстарын өткізу, ізгілік принциптерін дамытуға атсалысу, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша білім жəне тəжірибелік дайындықтарды жетілдіру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс əрекет ету тəртібіне бағытталған семинарлар жəне конфе-ренциялар өткізу.

29 наурыз күні облыстық мұрағаттың акт залында ҚР Қызыл жарты ай қоғамы филиалының қызметінің таныстырылымы болды. Іс-шараға ҚР Қызыл жарты ай қоғамының, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-нің, облыстық мұрағаттың қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Қатысушыларға жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, отбасылық байланыстарды іздеу жəне қалпына келтіру, мемлекеттік ор-гандармен жəне үкімет құрылымдарымен ыңтымақтастық пен серіктестікті дамыту, төтенше жағдайлар кезінде халықтың жекелеген топтарына жəне зардап шеккендерге көмек көрсету, тегін донорлықты насихаттау туралы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НА-ЗАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БЕЛЬ-ГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ БАРДЫ. БРЮС-СЕЛЬ ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ЕЛБАСЫ 22 НАУРЫЗДА БОЛҒАН ТЕРРОРЛЫҚ АКТ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАП «МАЛЬБЕК» МЕТРО СТАНСАСЫНДА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Қазақстан Президенті осы рəсім аясын-да Брюссель астаналық өңір ін ің Үк імет і басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен əңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

«Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды жəне Бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан əрі Елбасы Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Кездесу бары-сында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мəселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін жəне сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жарты-сынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген жəне стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға

тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі əлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты.

Сонымен қатар, тараптар кездесу барысын-да күн тəртібіндегі халықаралық мəселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы жəне Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелері талқыланды.

Соңғы 10 жылда Еуроодақ елдерінен Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 107,4 млрд. АҚШ долларын (барлық инвестиция көлемі – 218 млрд. АҚШ доллары)

құрады. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан ЕО-ның энергетикалық саладағы сенімді əрі жауапты əріптесі ретінде танылды. Қазақстан Еуропаға энергия тасымалдау көлемі бойынша ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында Ресей жəне Норвегиядан кейін үшінші орын алады.

Еуропаның бірқатар елінде Қазақстаннан жеткізілетін мұнайдың үлесі жоғары. Атап айтқанда, Австрияда – 25, Румынияда – 30 пайыз. Қазақстан Германияға энергия ресур-старын тасымалдаушы елдер арасында төртінші орында.

Еске сала кетсек, 29 наурызда Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келген болатын.

айтылды. Ұйымдастырушылықтың басым бағыттары туралы бейнеролик көрсетілді.

Филиалдың директоры Сəуле Оразова іс-шараға қатысушыларға жыл мезгілінің қиын кезеңінде облыс тұрғындарына көрсетілетін қолдауы ту-ралы сөз етті. Қазірде уақытта су тасу маусымы басталуда. Коммуналдық қызметтер мен ТЖ бөлімшелері жеке тұрғын-үй аулаларындағы суды жинау жұмыстарын жүргізсе, Қызыл жарты ай филиалы су басудан зардап шеккен адамдарға азық-түліктер жəне жылы киімдер беру сияқты, гуманитарлық көмектер көрсетеді, деді ол.

Филиалдың еріктісі Ғафур Юсупалиев Халықаралық гуманитарлық құқықтың пайда болуы мен таралуы тарихынан сыр шертсе, дəрігер Иван Стогниева алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын меңгере білудің маңыздылығы туралы айтып, жүрек-өкпе реанимациясы кезіндегі құтқару əдісін көрсетті.

Іс-шара соңында Сəуле Оразова адамдардың деңсаулығы мен өмірін сақтау – басты міндет екенін айтты. Тек бірлескен күшпен ғана төтенше жағдайлардың алдын алуда, жоюда жəне олардың салдарын оқшаулау ісінде оң нəтижеге жетуге болады деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының сыртқы қарызы 10 млрд. дол-лардан асады. Бұл туралы «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры Елена Бахмутова мəлім етті.

«2016 жылдың басында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атаулы сыртқы қарызы 10,7 млрд. долларды құрады. Ал ресми сандарды сіздер «ҚазМұнайГаздың» шоғырландырылған қаржы есеб і жария етілгенінен кейін көре аласыздар», – деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні мұндай көлемдегі қарыз, қазіргі уақыттағы бағаны еске-рер болсақ, қолайлы болып отыр. Сонымен қатар, ол қарыз жүктемесінің деңгейі өткен жыл-мен салыстырғанда біршама төмендегенін де еске салып өтті.

«Қарыз көлемі топ қызметіне қандай да бір қауіп төндірмейді. Міндеттемелерге қызмет көрсету қалыпты көлемде жүргізілуде. Бұл ком-пания үшін айтарлықтай қауіп төндірмейді. Бізде инвестициялық қызмет деңгейі жəне соған сəйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барын-ша жоғары», – деді Е.Бахмутова.

ҚОРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ ҚАНША?

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро мүшелерімен кеңес өткізді, онда Парламенттің V шақырылымы кезеңіндегі Сенат қызметінің нəтижелері қорытындыланды, сондай-ақ Палата жұмысының жоспары қаралды.

Кеңесте бесінші шақырылымда Сенат 127 отырыс өткізгені, онда 508 заң жобасы мен Сенаттың ерекше жəне дербес қарауына жа-татын 50-ден астам мəселе қаралғаны аталып өтілді. Шақырылым кезінде Парламент 7 кодекс, 59 дербес заң, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 205 заң, халықаралық шарттар мен келісімдерді рати-фикациялау туралы 237 заң қабылдады. Олардың ішінде 30 заң Парламент депутаттарының баста-масымен əзірленді. «Бес институттық реформа-ларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Парламент 2015 жылғы күзде 59 заң қабылдады. Шақырылым кезінде 484 депутаттық сауал жария етіліп, жоғарғы Палатаның тұрақты комитеттері 120-дан астам шара өткізді.

2016 жылғы 21 қаңтар мен 24 наурыз аралығындағы Парламенттің қызметін атқарған кезеңде Сенат 57 заңды қарап, қабылдады. Бұл уақытта заң жобаларын қараған кезде сенатор-лар 1490 түзету енгізді. Қ.Тоқаев құжаттармен жұмыс барысындағы жемісті жұмысы үшін коми-тет төрағалары мен барлық депутаттарға алғыс айтты.

Заң шығару қызметінің жоспары жайын-да айта келіп, Сенат Төрағасы 25 наурызда Парламенттің VI шақырылымындағы бірінші сессияны ашарда Президент Н.Назарбаев алға қойған міндеттерді еске салды. Бірыңғай салық жəне кеден кодекстерін, «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодексті қабылдау, электр энергетикасы, бəсекелестік мəселелері туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ, бəсекелестік ортаға мемлекеттік міндеттері одан əрі беру бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтылды.

Page 2: Сақшы №24 (4190)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Испания

Канада

Кипр

Мониторингтіуақытылы өткізу

Шабаданды ұрлаған кім?

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ƏБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ПРЕЗИ-ДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Мектеп оқушылары 5 күндік оқу

аптасына көшедіМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙ-ЫНША, ОСЫ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП ЕЛІМІЗДІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНІҢ 1-СЫНЫПТАРЫ 5 КҮНДІК ОҚУ АПТАСЫНА КӨШЕДІ. БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 1 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ОҚИТЫН БОЛАДЫ. БҰЛ ТУРА-ЛЫ ҚР БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

Демек, мектептердің 1-сынып оқушылары 2017 жылдан емес, осы жылдан бастап 5 күндік оқу жылына көшеді.

Келесі қадамға сəйкес, 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді. 2018 жылдан бас-тап барлық басқа сынып оқушылары жаңа оқу барысына көшеді.

5 күндік б іл ім беруге көшу біл ім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты. Жаңа білім беру бағдарламалары, бұған дейін хабарланғандай, Назарбаев Зияткерлік мектебі бағдарламасына, үздік əлемдік тəжірибеге сəйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді.

«Министрлік қазіргі таңда барлық мектептің 5 күндік оқуға көшуін тездету амалдарын қарастыруда. Алайда, бұл мəселені шешу үшін тездетілген кесте негізіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша толық есеп жүргізу керек. Сонымен қатар, үш ауысыммен оқитын мектептер мəселесін де жете қарастыру қажет. Білім беру процесінің сапасына да, көлеміне де зиян келмеу үшін жазғы демалыс мерзімі шамамен 2 аптаға кейінге жылжытыла-ды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева 5 күндік оқу аптасын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ «КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАР» АТТЫ ҰЛТТЫҚ ФОРУМ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ ДАНИЯР АҚЫШЕВ МƏЛІМ ЕТТІ.

«2016 жылы Қазақстандағы инфляция бəсеңдеу сипатына ие болады. Нəтижесінде жылдық ин-фляция 8 пайыздан аспайды. Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет айқындаған дəлізге оралады», – деді ол.

Айта кетерлігі, Ұлттық банк мəліметтеріне сəйкес, теңге бағамын түзету 2015 жылы инфляциялық процестердің сол жылдың екінші жартысында басымдықпен артуына əкелген. Қорытындысында өткен жылғы жылдық инфляция деңгейі 13,6 пай-ызды құраса, осы жылдың ақпан айының соңында 15,2 пайызға дейін артты.

«2016 жылғы Ұлтық банктің негізгі күш-жігері ин-фляцияны 6-8 пайыз дəлізде ұстауға бағытталады», – деді Д.Ақышев.

Сондай-ақ, ол 2016 жылдың 1 сəуірінен еліміздің Ұлттық банкі өзінің ресми сайтында ақша нарығында жүргізілген операциялар туралы мəліметтерді күн сайын жариялап отыратынын айтты.

«Ұлттық банк ақша-несие саясатын табысты жүзеге асыру аясында жүргізілетін операциялар мен ақша-несие саясатының транспаренттілігін

арттыруға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыруды жоспарлауда. 1 сəуірден Ұлттық банк ва-люта нарығындағы интервенция көлемін ай сайын жариялап отыратын болады», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Д.Ақышевтің сөзіне қарағанда, мұндай ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында жария етіледі. Бұдан бөлек, 1 сəуірден бастап банк ақша нарығында жүргізілген операциялар туралы мəліметтерді күн сайын жариялап отыруды қолға алады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың наурыз айында еліміздің қаржы нарығында теңге өтімділігінің басымдылығы тіркелгені хабарланды.

«Бұл жағдайда басым өтімділікті алу ақша нарығы теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталды», – деді Д.Ақышев.

Осы ретте бас банкир Ұлттық банк 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені 17 пайыз деңгейінде белгілегенін жəне +/- 2 пайыз бола-тын пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дəлізімен тұрақты қолжеткізу операцияларын қайта жандандырғанын еске салды. Өтімділікті беру жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 19 пайызды жəне өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15 пайызды құрайтындығын атап өтті.

Жылдық инфляция 8 пайыздан аспайды

Белгия

Қаза тапқандар саны дұрыс көрсетілмеген

Бельгия билігі Брюссельде болған жарылыстан қаза тапқандар саны дұрыс көрсетілмегенін мəлімдеді. Олардың дерегі бойынша, өткен аптада хабарланғандай, ажал құшқандардың саны 35 емес, 32 адам.

Испанияның Ядролық қауіпсіздік бойын-ша кеңесі ішінде радиактивті материалдар бар шабаданның жоғалғанын жариялады. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Мəселе цезий-137 мен америций-241 тура-лы болып отыр. Олар радиацияның аздаған мөлшерін шығарса да, кеңес белгілі бір жағдайда бұл заттар адамдар үшін қауіпті болатынын ескертіп отыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, радиактивті заттар инженерлік-құрылыс компаниясының иелігіндегі жердің тығыздығы мен сулылығын өлшейтін арнайы құралдарда қолданылған.

Бұл құралдар компанияның өз көлігімен тасымалдаған сарғылт түсті шағын щабаданда сақталды. Алайда, енді бұл шабадан із-түзсіз жоғалып кетті. Оны ұрлап əкетуі де мүмкін, алайда, компаниядағылар бұған толық сенімді емес.

Көлік министрі қайтыс болды

29 наурыз күні Киелі Лаврентий шығанағында болған əуе апатында Канаданың бұрынғы көлік министрі Жан Лапьер қаза тапты. Бұл туралы CBC News-қа сілтемемен Lenta.ru хабарлайды.

Нақтыланған мəліметтер бойынша, ұшақтың құлауы салдарынан жеті адам, соның ішінде Лапьердің зайыбы жəне отбасының басқа мүшелері опат болды.

Сент-Юберден ұшқан əуе кемесі түске қарай Авр Окс Мэзон аралындағы аэродромға жақындаған кезде құлады. Сол кезде тұман болып, жаңбыр құйып тұрған. Əуе кемесі əуежайға бірнеше шақырым қалғанда құлаған.

Ел билігінің мəліметтерінше, Mitsubishi MU-2B-60 ұшағы АҚШ-тың жеке меншігінде болып, сонда тіркелген.

Ұшақты басып алған адам қамалды

EgyptAir əуе компаниясының А320 ұшағын басып алған адамды Ларнаки əуежайында арнайы жасақ қамауға алды. Бұл туралы Кипрдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, опера-ция алдында ұшақтағы кепілге алынғандардың барлығы босатылған. Арнайы таратылған бей-нежазбада ұшақтың жанында арнайы қарулы жасақтың 20 қызметкері жəне бронетранспор-тер тұрғаны көрсетілді.

Сондай-ақ, ұшақтың айналасында ыңғайлы орындарға снайперлер жайғасып, кепілге алғандарды босатуға əзірленіп отырған.

Сейсенбі таңертең Александриядан Каирге бет алған MS181 рейсі əуеге көтерілісімен кепілге алынған. Кейін Кипрдің Ларнаки əуежайына қонуға мəжбүр болды.

БИЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖƏНЕ ИНСТИТУТТЫҚ ОРТА ЖАҒДАЙЫНДА ӨМІР СҮРУДЕ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОМ-МУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА МƏЛІМ ЕТТІ.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан 59 заң мен 400-ден астам заңнамалық актінің қабылдануымен қалыптасқан жаңа құқықтық жəне институттық орта жағдайында өмір сүруде. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеудің үш сатылы жүйесіне көшу жүзеге асырылды, командалық ауыс-түйіс доғарылды, нəтижеге сəйкес жалақымен қамтамасыз ететін əкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бағалау əдісі енгізілді», – деді Д.Назарбаева.

Ұлт Жоспарын іске асыру жұмыстары жүріп жатыр

сыныптар үшін бастауыш мектептің 24 оқу бағдарламасы, негізгі мектеп жəне жоғары сы-ныптар мектебінің 84 оқу бағдарламасы əзірленді. 22 əдістемелік құрал мен жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері үшін 31 ұсыным дайын-далды. Бүгінгі таңда елдің 117 білім беру ұйымы үштілді білім беруді іске асырды», – деді Е.Досаев.

Сонымен қатар, ол индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы кадрларын да-ярлау үшін 11 базалық жоғары оқу орыны 78 шетел университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасқанын атап өтті.

«2017 жылдан бастап тегін кəсіби-техникалық білім беруге көшу аясында Дүниежүзілік банктің «Техникалық жəне кəсіби білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша 6 колледж 425 млн. теңге сомаға грант алды», – деді министр.

Сот ісін ашық өткізу мақсатында сот залдарын-да сот процестерін бейне жəне таспаға жазуға

О т ы р ы с б а р ы с ы н д а « Ө ң і р л е р д і д а -мыту 2020 жылға дейінгі бағдарламасын», «Агробизнес-2020» Қазақстан Республикасында агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаны» іске асырудың заңдылығын сақтау мен тиімділігі мəселелері қаралды.

Мемлекеттік хатшы қаралатын бағдарламалар халықтың тыныс-т іршіл іг і үшін қолайлы жағдайлар жасауға, əлеуметтік мəселелерді ше-шуге, ауыз сумен қамтамасыз етуге, қазақстандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жəне ауыл шаруашылығын қаржылық сауықтыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасына орай орталықта да, сондай-ақ, жергілікті жерлерде де бағдарламаның ережелерін дер кезінде əрі тиімді орындау маңызды.

Атап айтқанда, жиында Бас прокурор Асхат Дауылбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады.

Бағдарламаларды іске асыру кезінде сы-байлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін комиссия тарапынан Ұлттық экономика жəне Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті атқарушы органдарға тиісті талдау жүргізу ұсынылды.

Г.Əбдіқалықова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сəйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті уақытылы өткізудің қажеттігін қадап айтты. Бұл, өз кезегінде, заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, отырыс қорытындысы бой-ынша комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары қазақстандықтар Ұлт Жоспарын жүзеге асы-рудан туындайтын мүмкіншіліктерді білуі тиіс екенін айтты. «Ұлт жоспарының табысты жүзеге асырылуы Қазақстанға дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, экономикалық өсім үшін лайықты жағдай жасауға жəне барша қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Ұлт жоспары келешекте қазақстандықтардың өмір сапасын бүгінгі ЭЫДҰ елдерінде орын алып отырған жоғары өмір деңгейі мен стандарттарына сəйкестендіруге бағытталған», – деді вице-премьер.

Дариға Назарбаева бұдан əрі қазіргі кезеңде Ұлт Жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланғанын атап өтті. «Жаңа жылдан бері елімізде «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бой-ынша арнайы Ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кетті. Содан бері бірталай жұмыс атқарылды. Бес жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, отандық, халықаралық сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысы Елбасының ұдайы бақылауында.

Ұлт Жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нəтижелері бар. Қазіргі кезеңде Ұлт Жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланды», – деді ол.

Сондай-ақ, брифингте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қазақстандықтардың заңдастырған қаржысы 380 млрд. теңгеден асқанын атап өтті. «Заңдастыру бойынша 2016 жылғы 18 наурыздағы жағдайға сəйкес, 1 220,8 млрд. теңге сомасына 81,7 мың өтініш түсіп, 997,4 млрд. теңге заңдастырылды. Оның ішінде 384,9 млрд. теңгесі ақша, ал 612,5 млрд. теңге сомасына 76,7 мың нысан мен бағалы қағаздар заңдастырылып отыр», – деді министр.

Бұған қоса Ұлттық экономика министрі елімізде 120-ға жуық мектепте үш тілді білім беру жүзеге асырылып жатқанын мəлімдеді. «2016 жылғы 1 қыркүйектен 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында елдің барлық мектептерінде 1-ші

мүмкіндік беретін жаңа жүйемен жабдықтау жұмысы жалғасуда. Қазір осындай жүйемен 1 050 зал неме-се барлық залдың 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Президент Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев мəлім етті.

«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағыты бой-ынша реформаларды іске асыру туралы баяндауға рұқсат етіңіздер. Жыл басынан сот органдары бес са-тылы жүйеден үш сатылы жүйеге көшті. Сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетумен қоса, бұл істерді сотта қарау мерзімдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сот бақылауын күшейту жəне азаматтардың құқықтарын қосымша қорғау мақсатында сотқа төрт тергеу қызметіне санкция беру уəкілеттіліктері берілді.

Бұл – қарап тексеру, тінту, алу жəне жеке басын тінту. Жыл басынан бері бұлар бойынша сотқа 4 715 материал түскен», – деді М.Бекетаев.

Брифингте осы жылдың ІІ тоқсанында минис-трлер, ІІІ тоқсанында ұлттық университеттердің ректорлары халық алдында есеп беретіні белгілі болды. Бұл туралы Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары, осы комиссияның мүшесі Асқар Бейсенбаев мəлім етті. «Ұлт Жоспарының 5-бағыты, яғни, халыққа есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі реформалар аясын-да маңызды шаралар қабылданды. Біріншіден, мемлекеттік жоспарлауда оңтайландыру іске асы-рылды. Түрлі деңгейдегі сегіз бағдарлама жолға қойылып, бес салалық бағдарлама үкіметтік негізде қайта бекітілді. Екіншіден, барлық министрлік пен əкімдіктерде жаңа заңнамалық негізде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылуда», – деп хабарлады ол.

Үш інш іден , мемлекетт і к ор гандардың қызметін бағалайтын жаңа жүйе жұмыс істей бастады. Мемлекеттік органдар, əкімдер, ұлттық университеттердің басшылары жыл сайын халық алдында есеп беру тəжірибесі енгізілді. Бірінші тоқсанда барлық əкімдер есеп берді. 2016 жылдың екінші тоқсанында министрлер, үшінші тоқсанында ұлттық университеттердің ректорлары есеп беретін болады.

Бұлай болуына басты себеп мынау: екі елде азаматтығы бар үш азамат екі рет қайтыс болғандардың қатарына енгізілген. Ал жарақат алғандардың саны бұрынғы қалпы – 250 адам шамасында қалып отыр.

Айта кетейік, оқиға Брюссельде 22 наурыз күні таңертең болған еді. Оны үш жанкешті жүзеге асырған. Алғашқы екі жарылғыш əуежайда іске қосылған. Ал үшіншісі қала орталығында, метро стансасында жарылған. Бельгия билігі бұған «лаңкестік» деген баға берген еді.

Қастандық шабуылын «ИМ» өз мойнына алған.

Page 3: Сақшы №24 (4190)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ТАНЫСТЫРЫЛЫМҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

БРОНЕЖИЛЕТТЕРДІҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ОРЫН АЛҒАН АТЫС-ШАБЫС КЕЗІНДЕ АУЫР ЖАРАҚАТ АЛУЫН БОЛДЫРМАУМЕН ҚАТАР ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУДА АТҚАРАР РӨЛІ ЖОҒАРЫ. СОЛ СЕБЕПТЕН ДЕ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРАЛЫНЫҢ САПАСЫНА КӨП КӨҢІЛ БӨЛІП ОТЫР.

ОСЫ СЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАН-ТЫ МАРАТ ДЕМЕУОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ІІМ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. КҮН ТƏРТІБІНДЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ТƏРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР, СОНДАЙ-АҚ, КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒЫМДАҒЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ.

ЖЕКЕ ҚҰРАМ ТƏРТІБІ СӨЗ БОЛДЫ

КОНФЕРЕНЦИЯ

БЕЛГІЛІ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

О ғ а н қ а т ы с у ү ш і н о б л ы с қ а Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық атқару жəне Əкімшілік кодекстерді əзірлеуші авторлары келді. Сондай-ақ, іс-шараға Томск мемлекеттік университеті Заң институтының ди-ректоры, РФ Құрметті заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор Владимир Уткин де қатысты.

ҚР заңнамасын əзірлеушілер – еліміздің танымал ғылыми қайраткерлері Марат Қоғамов, Исидор Борчашвили, Айдархан Сқақов, Марат Бəшімов, Қуаныш Балтабаев, Саттар Рахметов жəне Қазақстанның басқа да ғалымдары. Сапар барысында құрметті қонақтар ІІМ-нің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР ІІМ Қарағанды Академиясы ҒЗИ-ның өкілдерімен, облыстың құқық қорғау органдарының басшылары-мен, полицейлерімен, прокурорлар-мен, басқа да күш құрылымдардың қызметкерлерімен кездесті.

«Бүгін бізге бас қоса отырып, өзекті мəселелерді анықтап жəне шешу жол-дарын табуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Дəл осы əдіс қолданыстағы заңнама нормаларын жүзеге асы-рып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді деген

2015 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖАҢА ЗАҢНАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ. ОСЫҒАН ОРАЙ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІП, ПРОБЛЕМАЛЫ СҰРАҚТАРДЫ БІРІЗДІЛЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.

Полиция қауіпсіздігінің кепілі

Ресей мемлекеті Қазақстанның бро-нежилеттермен қамтамасыз ететін сенімді серіктесі. Бір айта кететіні, бұған дейін Ресейден бронежилеттер делдалдар арқылы жеткізіліп отырған, ал бұдан былай елімізде өндіруші за-уытпен тікелей байланыс орнатуға рұқсат беріліп отыр.

Кеше министрлікте Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция ге-нерал-майоры Берік Бейсенқұловтың қатысуымен ресейлік «Щелковская шелкоткацкая фабрика» ЖАҚ зауы-ты бронежилеттерінің таныстырылы-мы өтті. Бұл таныстыру тұсаукесеріне Ішкі істер министрлігі қызметтерінің басшылықтары мен мүдделі орган қызметкерлері қатысты. Көрші мемле-кет ұсынып отырған өнімнің сапалық көрсеткіштері таныстырылды. Құқық қорғау органы қызметкерлеріне ар-налып жасалған бронежилеттердің қорғау деңгейіне қатысты бірнеше түрі ұсынылды. Ұсынып отырған өнімдерін таныстыру үшін «Щелковская шелкот-кацкая фабрика» ЖАҚ зауытының бас директоры Владимир Прозоровпен бірге оның орынбасарлары да келген екен.

Делдалдарсыз келісімшарт жасасудың өзіндік тиімділігі бар, ортаға адам са-лып бағасын екі есе артық төлегеннен гөрі тікелей байланыс орнатқаннан екі жақтың да ұтары көп», – деді Владиир Прозоров бізге берген сұхбатында. Бұл бронежилеттердің ерекшелігі: керамикалық брондалған панельдердің сапасы жоғары, қорғау деңгейіне байланысты олардың түр-түрі бар, жеңіл əрі сенімді, сертификатталған өнім. Тауардың таныстырылымын жүргізген бас директордың өндіріс бойынша орынбасары Сергей Щербина бронежилеттердің атқаратын функция-ларын бүге-шігесіне дейін көрсетіп, əрб ір ін ің ерекшел іктер іне баса тоқталды. Ол сондай-ақ, бронежилеттің көмегімен аман қалған əскери қызметші туралы бір мысал келтіріп өтті.

«Осыдан бір жарым жыл бұрын біз дайындайтын бронежилетті ки-ген полковник Серік Султангабиев кеудесімен гранатты жауып, аман қалған болатын. Оны бронежи-лет құтқарып қалды», – дейді ол. Бронежилеттің əрқайсысы жеке-жеке таныстырылып, қандай жағдайда

Бір інші қаралған мəселе кеңес құрамына жаңа мүшелер алу тура-лы болды. Ұсынылған ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Қуат Оспановтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Келесі кезекте баяндама жасаған кеңестің жаңа мүшесі өзі басшылық ететін департаменттің жұмысымен, кейбір статистикалық мəліметтермен таныстырып өтті . «Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік саласындағы негізгі жұмыс бағыттарының бірі жемқорлыққа қарсы кешенді күрес, ішкі істер органдарының жеке құрамы арасындағы тəртіп пен заң бұзушылықтардың алдын алу ша-ралары. Біздің тарапымыздан полиция қызметкерлері жасаған немесе дайында-лып жатқан қылмыстарды, соның ішінде жемқорлыққа қатысты істерді анықтау мақсатында кең ауқымда агентуралық-жедел жұмыстар жүргізілуде. Соның нəтижес інде жалпы қылмыстық қарекетердің 70%-дан астамы жəне əрбір үшінші жемқорлық қылмыс ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметі арқылы анықталып отыр. Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді объективті, жан-жақты жəне толық тергелуіне жағдай жасауда. Барлық дерлік істер бойынша сотқа жолдануы қамтамасыз етілуде», – дейді Қуат Қалиұлы.

Департамент бастығының айтуынша, алдын алу шараларының бірі – істі болған қызметкерлердің көшпелі сотын

ұйымдастыру. Қылмысы дəлелденген қызметкерді бұрын қызмет еткен жеріне апарып, жеке құрамның ара-сында ашық сот отырыстарын жүргізу – өзге қызметкерлерге психологиялық тұрғыда өте қатты əсер беретіндіктен үлгі етерлік мəнге ие. 2015 жылы осын-дай 98 сот отырысы өткізілген болса, оның 63-і жемқорлық дерегіне қатысты. Жалпы, осы тұрғыда өзіндік қауіпсіздік қызметінің жұмысы кешенді түрде жандандырылып келеді. Ішкі істер министрінің шешімімен қылмыстық-атқару жүйесі мен төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрам бойынша ин-спекциясы жəне өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері департаменттің тікелей бағыныстылығына берілген.

« Б ұ р ы н т ө т е н ш е ж а ғ д а й л а р қызметінде өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі жоқ болатын. Б ізд ің құрылымға қосылғаннан кейін бұл қызметті жаңадан ашуды қолға алдық. Жалпы 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиямен қатар, ішк і істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы 2016-2017 жылдарға арналған Ведомстволық бағдарлама жемісті жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама ІІМ-не қарасты əрбір қызметтің өзіне тəн ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған», – дейді департамент бастығы.

Қуат Қалиұлы жемқорлық, тəртіп пен заңдылықты бұзу деректерін анықтау, алдын алу жəне жолын

кесу мақсатында өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері тұрақты негізде жедел-алдын алу жəне рейдтік шаралар өткізіп тұратынын айтады. Тексерулер тəулік мезгіліне қарамастан тосыннан ұйымдастырылып тұрады. Тексеру кезінде ішкі істер органдарының барлық бөлімшелері мен ғимараттары, кез кел-ген кабинеттері қаралады. 2015 жылы осындай 3000-нан астам рейд жүргізген. Рейд кезінде азаматтардың полиция қызметкерлерінің əрекеттеріне жасаған шағымдары мен арыздарының уақтылы жəне сапалы түрде қаралуына тиісті қадағалау жасалады. Есепке алу-тіркеу тəртібі де қатайтылған. Осы мақсатта өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері азаматтардың тіркелмеген арыздарын анықтау үшін барлық бөлімшелердің полиция инспекторлары мен жедел қызметкерлерінің сейфтеріне, шкафта-рына, қызметтік портфельдеріне дейін тексеру жүргізеді.

Баяндамадан соң Қоғамдық кеңес мүшелері департамент бастығына сұрақтар қойып, соның нəтижесінде кеңес жұмысына бірқатар ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, отырыста заңды жəне жеке тұлғалардың арыздарын қарау тəртібі туралы да сөз болды. Сонымен бірге, министрлік қызметін полиция қызметкерлерінің жұмысының а ш ы қ т ы ғ ы н , қ ы з м е т к е р л е р д і ң қызметтік этиканы сақтау тұрғысынан жетілдіре түсу туралы ұсыныстар ай-тылды.

Қоғамдық кеңестің құрамы 17 адамнан тұрады, оның 12-сі азаматтық қоғамның өкілдері: бизнес, денсаулық сақтау, кəсіподақ, БАҚ өкілдері, халықаралық ұлттық қорғау ұйымдарының мүшелері. Айына екі рет Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ , Қоғамдық кеңеске ведомстволық сайт немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы да жүгінуге болады. ІІМ-нің орталық ғимаратында жүгінулер үшін жеке пош-та жəшігі орнатылған, олар Қоғамдық кеңестің қарауына тікелей берілетін болады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ,сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

сенімдемін», – деп атап кетті СҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəлов ғылыми-тəжірибелік конференцияға қатысушыларды таныс-тыру кезінде. СҚО əкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев іс-шара қонақтарына облыс əкімі Ерік Сұлтановтың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын та-быстады.

Конференцияға қатысушылар қылмыстық саясатты ізг ілендіру жағдайында оны жетілдіру мəселелерін, сонымен бірге, жаңа қылмыстық заңнаманы жүзеге асыру проблема-ларын талқылады. Қазақ мемлекеттік з а ң у н и в е р с и т е т і Қ ы л м ы с т ы қ -процестік зерттеу жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ғылыми-зерттеу институтының директоры, ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы, құқық қорғау органдарындағы кадр сая-саты жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік комиссия мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов жоспарларымен бөлісіп, Қылмыстық-процестік кодекстің түсініктерімен жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар, ол полицейлердің еш қысылмай өзекті мəселелерді көтеріп, сұрақтарын батыл қоюларын сұрады. Солтүстікқазақстандық тəртіп сақшылары əкімшілік, қылмыстық заңнамаға байла-

нысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

І с - ш а р а с о ң ы н д а І ш к і і с т е р департаменті облыстың сараптау мекемелерімен меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ІІД басшылығының бастамасымен өңірде геномдық сарап-тамалар жүргізуге арналған мекеме ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Осы құқық қорғау органдарының ғылыми-тəжірибелік конференция-сы аясында қылмыстық заңнаманы ə з і рлеуш ілер облыста ғы ауыл -ды жерлердегі полицияның жеке құрамымен кездест і . Сондай-ақ, еліміздің атақты ғылым қайраткерлері ІІД жергілікті полиция қызметінің ин-спекторларымен де кездесті.

Тайынша ауданында Уəлиханов, Ақжар, Аққайың жəне Тайынша аудандық ішкі істер бөлімдерінің жеке құрамы бас қосты. Сондай-ақ, қылмыстық заңнаманы əзірлеушілермен кездесуге аудан əкімі Ержан Иманслям, прокуратура мен басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Кездесуді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Оразалин ашты. Ғалымдар Қуаныш Балтабаев, Исидор Борчашвили, Динара Шайкенова ауылдық жердегі тəртіп сақшыларына қылмыстық заңнама саясатының өзгерістері жəне жаңа заңнаманың қалайша жүзеге асырылатындығы жай-ында толыққанды айтып берді.

Тəртіп сақшылары бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, өздерін қызықтырған сауалдарына тұщымды жауаптар ала алды. Əс іресе, тайыншалық тергеушілерді ҚР ҚК 187-бабының («Ұсақ-түйек жымқыру») қолданылу т ə р т і б і қ ы з ы қ т ы р д ы . И с и д о р Борчашвили полицейлерге қызметтегі ынтасы үшін алғысын білдіріп, əрбір мəселені кешенді əрі жүйелі түрде қарастыру қажеттігін айта кетті.

Осы сынды кездесулер Новоишим мен Явленка ауылдарында да өтті. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өткен кездесуге Айыртау, Тимирязев, Шал ақын аудандарының полиция қызметкерлері қатысты. Ал Есіл ау-данында өткен конференцияға Жамбыл, Мамлют, Қызылжар мен Мағжан Жұмабаев аудандық ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері ар-найы келген. Марат Қоғамов, Саттар Рахметов, Айдархан Сқақов пен басқа да ғалымдар барлық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жұмыстары жайлы толық айтып өтті.

«Өткен жылдың басынан бері елімізде қылмыстық жəне əкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа моделі енгізілді. Ғылыми-тəжірибелік конференция СҚО ІІД бастығының бастамасымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл іс-шаралар алғаш рет жаңа форматта, яғни аудан орталықтарына шығу арқылы өткізіліп жатыр», – деп атап кетті СҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин Ғ.Мүсірепов ауданында өткен кездесуде.

Ғ ы л ы м и - т ə ж і р и б е л і к конференцияның соңына таман ғалымдар өңіріміздегі ір і саптық бөлініс – жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берд і . Бұл бөлімшенің қызметкерлері жыл басы-нан бері облыс жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтаған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық тəртіпті сақтауда туын-дайтын мəселелер бойынша да са-уалдарын қойды. ІІД Жергілікті по-лиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев өткізілген семинардың нəтижесі жергілікті по-лиция қызметінің жұмысын жетілдіруге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

«Мəскеу облысының Шелково қаласында орналасқан зауыты-мыз бронежилеттерді шығарумен қатар парашют жасауға арналған маталар дайындайды. Ал броне-жилеттер – біздің негізгі өніміміз. Бронежилеттердің кез келген жəне түрлі жиынтықтағы нұсқаларын дайындаймыз. Бронежилеттердің қорғау деңгейі БР1-ден БР6-ге дейін барады. Осы бронежилеттерімізді бүгінге дейін делдалдар арқылы Өзбекстан, Қазақстан, Белоруссияға жеткізіп келдік. Бүгін осы қорғаныс кеудешесін таныстыру тұсаукесерін жасап отырмыз . Бұдан кей ін , Қазақстанмен делдалдарсыз тікелей кел і с імшартқа отырып , ө зара қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз.

қолдануға арналғаны да түсіндірілді. Мысалы, «Ворон-12» тактикалық бронежилеті ҚАЖД жеке құрамына ы ң ғ а й л а с т ы р ы л ғ а н . Ө й т к е н і , түрлі режимдегі колониялардағы к и к і л ж і ң д е р к е з і н д е п о л и ц и я қызметкеріне қарсы əрекет жасалған жағдайда кедергі келтіретін артық қалташалары жоқ. Қазақстан Ресейдің осы өн ім ін ек і - үш жылдан бер і тұтынып келеді. Ал бронежилеттің жеңіл əрі қорғау деңгейі жоғары болған сайын бағасы да арта бер-мек. Таныстыру рəсімінің соңында бұл бронежилеттерді тест-сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ,сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Page 4: Сақшы №24 (4190)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД-ДЕ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ ҚАБЫРҒАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ ЖҮРІП, ӨЗ ТАҒДЫРЛАРЫН ТОҒЫСТЫРҒАН БІРНЕШЕ ОТБАСЫ БАР. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ВЯЧЕСЛАВ ФЕДОРОВИЧ КИМНІҢ ОТБАСЫ.

В.Ф.Ким Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Янгиюль қаласында дүниеге келгенімен, сəби кезінде ата-анасы қызмет бабымен Қазақстанға қоныс аударып, ең алғаш мектеп табалдырығын Ақтөбе қаласындағы № 2 о р т а м е к т е п т е а т т а ғ а н . Қаршадайынан зерек , ақылды , тəртіпті болып өскен бозбала əскери қызмет саласында қызмет етуді өзіне мақсат етіп қояды. ҚР ІІМ Шымкент қаласындағы Заң колледжінде білім алған соң, алғашқы қызмет жолын Батыс Қазақстан Көліктегі Ішкі істер басқармасында криминалдық по-лиция қызметінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндег і бөлім ін ің кіші инспектор-кинологы лауазы-мынан бастайды. 2003 жылы Өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданып, лейтенант шенін ің қос жұлдызын иығына таққан жас жігіт бүгінгі күнге дейін əртүрлі ла-

ҰЛТ ЖОСПАРЫ

Дағдарысқа қарсы ауқымды шара

ОТБАСЫ

ОТ МАЙДАНЫНДА ШЫНЫҚҚАН

уазымдарда қызмет атқарып, майор шеніндегі жігіт ағасы жасына жетіп отыр. Отбасылы. Өмірлік серікті де өзінің қызметтестерінің ортасынан тапқан.

Нұргүл Нұрболатқызы Шаяхметова – Ақтөбе облысы, Алға қаласының аруы. Туған жерінің төл перзенті сол

қаланың №3 орта мектебін тəмамдап, өз білім жолын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде ж а л ғ а с т ы р а д ы . У н и в е р с и т е т т е «Құқық жəне экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алады. 2005 жылы Ақтөбе облысының Өртке қарсы қызмет органдарына қызметке

қабылданады. Барлық «қызықтар» мен «қылықтар» осы кезден бастау алады...

Кəр і с ұлтының кең иықты, өр тұлғалы, келбетті жігіті өртке қарсы қызмет органдарында екі жылды артқа тастап, өз қызметіне əбден төселіп, ұжымына да үйренісіп алған. Ендігі ойы – өзінің жеке өміріне ден қойып, жанына жалау болатын жақсы жар тауып, өнегелі отбасын құру. Тəні «кəріс» болса да, жаны «қазақ» болып кеткен, жүрегі де «қазақ» деп соғатын жас жігіт жан жылуын «қазақ қызынан» іздейді. Дəл сол уақытта мекемеге жаңадан өрімдей жас қыз жұмысқа қабылданғанын қарасаңшы! Есімі – Нұргүл. Өзінің кескін-келбеті кəр іст ің қыздарына ұқсайтынын көргенде, не дегенмен əр адамның қанына тартатыны заңдылық емес пе, Вячеславтың қызығушылығы тіпті де артып кетеді. Қызметтен қолы сəл қалт етсе болды, Нұргүлдің өмірін, өскен ортасын, тəрбиесін, жалпы ол туралы көбірек б ілуге тырысады. Өзімен жақынырақ та-нысып, қызметтен тыс уақытта сыр-

ласуды қалайды. Табиғатынан «тау қозғалса, қозғалмайтын» салмақты жігіт сезімін жеткізе алмай, сегіз ай сергелдеңге түседі. Сонымен не керек, салмақты серінің сұлу қызға сөз салатын сəті түсіп, екі жастың ортасында махаббат сезімінің оты тұтанады. Араға үш жылдай уақыт салып, 2009 жылы бозбала мен бой-жеткен қол ұстасып, болашаққа бірге қадам басады.

Бүгінде Вячеслав пен Нұргүлдің отбасында 4 жастағы Сəбина есімді бүлд іршін өс іп келед і . Екеу і де отбасының мəселелері мен қызмет барысын қатар алып келе жатқан жандардың қатарында. Ұрпағына өнегелі тəрбие беріп келеді, ата-анала-рын қадірлейді, қызметтеріне құрметпен қарайды. Егемен елдің ертеңі, Тəуелсіз Қазақстанның болашағы жолында ел сенімін ақтауға, адал қызмет етуге əрқашан дайын.

Анар КҮНДОЛОВА,Ақтөбе облысының ТЖД

«ӨС жəне АҚЖҚ» МММемлекеттік тіл жəне ақпарат

тобының инспекторы

СƏУІР АЙЫНАН БАСТАП ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ЕНГІЗІЛМЕКШІ. КӨКТЕМ МЕЗГІЛІНІҢ ЕКІНШІ АЙЫНАН БАСТАП ОСЫҒАН ДЕЙІН ҚАРАДАЙ УАҚЫТЫҢЫЗ БЕН ЖҮЙКЕҢІЗДІ ЖҰҚАРТЫП КЕЛГЕН ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР МЕН ЖҮРГІЗУШІ КУƏЛІГІН АЛУ РƏСІМІ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ.

ҚР Ішкі істер министрінің орынба-сары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаевтың мəлімдеуінше, бұдан былай жүргізуші куəлігін алу үшін автомектептердегі дайындық курста-рынан өтудің қажеттілігі жоқ, сондай-ақ, жүргізу куəлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін оны бір жылдың ішінде емтихан тапсырмай ай-ырбастау мүмкіндігін беру пысықталуда. Яғни, бұдан былай 10 жыл сай-ын жаңартылып тұратын жүргізуші куəлігінің айырбастау уақытын өткізіп алсаңыз, бір жыл бойында куəлік алар кездегі емтиханды тапсыру міндетті емес . Бұдан бөлек , мəслихатта қаралып жатқан «Жол қозғалысы туралы» Заңы бойынша көлікт ің техникалық төлқұжатын қалпына келтіру рəсімі де оңтайландырылып отыр. БАҚ өкілдерімен кездескен Ерлан Заманбекұлы мен Ішкі істер министрлігі қызметтерінің басшылары журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, осы жаңашылдықтар жəне ішкі істер органы қызметін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан қарымды істер жөнінде жан-жақты тарқатып ай-тып берді.

«Мəселен, осыған дейін көлік иесі автокөліктің техникалық төлқұжатын ж о ғ а л т қ а н ж а ғ д а й д а к ө л і г і н Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тексе-руден өткізуге, мемлекеттік тіркеу нөмірін қайта тексертуге мəжбүр еді. Осы толассыз жұмыстардан кейін ғана техникалық төлқұжат берілетін. Енді бұл тəртіп оңайлатылады, бұдан былай азаматтар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып арыз қалдыру арқылы көліктің техникалық төлқұжатын бір сағаттың ішінде ала алады», – деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, көлік жүргізу құқығын, оның ішінде мотоцикл мен автокөліктерді басқару куəлігін алу үшін автомектеп-терде оқу міндеттемесі алынып тастала-тын болады. Яғни, кез келген адам көлік жүргізу куəлігін алу үшін өз бетімен дай-ындалып, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сынақ тапсырып, жүргізуші куəлігін ала алады.

«Мысалы, жол қозғалысы ережесін ав-томектептерде оқымай-ақ, интернеттегі дайын материалдарды қолдана оты-рып өз бетіңізбен үйреніп алуыңызға болады. Интернетте жол қозғалысы ережесіне қатысты жеткілікті матери-алдар мен тестілер баршылық, артық қаражат шығындаудың жəне үш ай көлемінде автомектептердегі курс-тардан өтудің де қажеті жоқ. Егер практикалық тəжірибелеріңіз бұрыннан бар болса, теориялық емтихан тапсыра аласыз. Мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тəжірибелік сынақтан өтесіз. Онда осыған арналған көліктер бар. Сынақтарды мүлтіксіз тапсырсаңыз, арнайы курста оқымай-ақ куəлік ала аласыз. Бұл жүйе сəуір айында іске

қосылады», – деді журналистердің сұрағына жауап берген ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полков-ник Игорь Лепеха.

Тағы бір айта кететіні, жаңа жүйе негізінде жеке құжаттардың берілу уақыты да əлдеқайда қысқартылып отыр. Сонымен, ағымдағы жылдың 1 сəуірінен бастап құжаттарды шығаратын өндірістік орталықтары бар Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжаттарды (жеке куəлік пен төлқұжат) беру мерзімі жеделдетілді, олар 2 жұмыс күнінің ішінде даярланады, ал облыс орталықтары үшін бұл 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылды. Бұған дейін, құжатты жылдамдатылған түрде дайындау 4 күннің ішінде жүргізілген еді, енді тапсырыс түсірген жағдайда құжаттардың дайындалуы екі-ақ күн уақыт алатын болады. Ал басқа қала тұрғындары үшін əзірге ескі тəртіппен əзірленеді, бірақ жыл соңына дейін барлық республика аумағын қамту жос-парда бар. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызметтер жеделдетілген түрде жүргізіледі, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куəлігін жəне мемлекеттік тіркеу нөмірін беру жүргізілетін бұл орталықтарда айыппұл төлеуге де бо-лады.

«Айыппұл төлеу үшін жүргізушілерге жол-патрульдік полициясына барып, құқық қорғаушылармен кездесудің қажеттілігі жоқ. Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орталықтарының кез кел-ген бөлімшесі қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта біз өзіміздің бақылау жүйемізді ХҚКО базасымен біріктірудеміз», – деді полиция генерал-майоры. Оның сөзіне қарағанда, бұл жүйе қағазбастылықты азайтып, жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Сонымен қатар, айыппұл төлеуге кететін уақытты да едəуір азай-та алады. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Ерлан Тургумбаев көптің көкейінде жүрген əкімшілік айыппұл төңірегінде туындаған даулы сұраққа қатысты пікірін білдірді. Ол «Жол қозғалысы туралы» Заңының былтыр ғана қабылданғанын алға тарта отырып, айыппұлдардың көлемін төмендету жос-парланып отырмағанын мəлімдеді.

Сондай-ақ, журналистер тарапынан қойылған полиция қызметкерлерінің жұмысына тікелей қатысты сұрақтарға жауап берген Игорь Лепеха, қызмет бабында жүгенсіз жүргізушілерді құрықтау үшін қулық тəсілді пайда-лып, тіпті жасырынбақ ойнап, таса-да тұрып тап беретін полицейлерге қатысты түсініктеме беріп өтті. «Заңда полиция қызметкерінің техникалық құрылғыларды қолдану арқылы түрлі айла əрекеттерге баруға тыйым салған тарау жоқ. Алайда, ішкі тəртіпке бай-ланысты жүгенсіз жүргізушілерді ұстау үшін тасаға жасырынып, не болмаса, басқа да айлаларды қолдануларына тыйым салған едік. Мұндай дерек-тер анықталса полиция қызметкеріне қатысты əрекет қолданылады. Өйткені, ағаштың, дуалдың артына тығылып тұрып бақылау сияқты əрекеттеріне жол бермейміз», – деді өз сөзінде. Тіпті бүгінде осындай əрекеттері үшін жа-засын алған полицейлер де жоқ емес екен. Айтар болсақ, Алматы облысында жүргізілген тексерістің қорытындысында қулығын жүзеге асырған бірқатар полиция қызметкерлері қызметінен босатылған. Олардың қатарында ба-тальон командирлері де бар көрінеді.

Полиция қызметкерінің мұндай теріс қылықтарының куəсі болған азамат-тар кез келген уақытта тəулік бойы жұмыс істейтін ІІМ-нің бірыңғай сенім телефонына (1402) шағымдана ала-ды. Бағынышты қызметкерлердің заң бұзушылықтары үшін басшы құрамнан жауап алынатын болады. Барлық сыни жарияланымдар бойынша тексерулер жүргізіледі.

Сол сияқты мемлекеттік қызметкерге қатысты жаңадан енгізіліп отырған тəртіпке сəйкес 1 сəуірден бастап Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне жұмыста планшет пен смартфон пайдалануға тыйым салынғаны да сөз болды. «Ішкі істер министрлігіне келетін болсақ, министрдің тапсырмасымен біз 1 сəуірден бастап, қызметкерлерге жұмысқа планшет пен смартфон əкелуге тыйым саламыз. Қазір басшылықтан бас-тап, барлық қызметкерлер интернетке қосылмайтын қарапайым телефон са-тып алдық», – дейді комитет төрағасы. Ол бұл тəртіп ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді деп отыр.

Ішкі істер органындағы осы жəне өзге де өзгерістерге жете тоқталып өткен Ішкі істер министрінің орын-басары полиция қызметінің халық алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстар ту-ралы баяндап, қоғамнын құқық қорғау органы қызметкеріне деген сенімін арт-тыруда БАҚ өкілдерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.

« М е м л е к е т б а с ш ы с ы б е с институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі Ұлт Жоспарында маңызды міндеттерді белгіледі жəне олар еліміздің дамуындағы жаңа кезең болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қызметке, оның ішінде ішкі істер ор-гандарына ерекше маңыз беріліп отыр. Сондықтан ең алдымен, ІІМ жүйесінің жоғары кəсіби деңгейін қамтамасыз ету жəне полицияның қоғам алдында ашық болуы үшін мүмкіндігінше барлық шара-лар қабылдануда. Дей тұрғанмен, БАҚ өкілдерінің көмегінсіз мұндай нəтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Ішкі істер органы жұмысын жүйелі түрде наси-хаттап жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді министрдің орын-басары. Халықтың сеніміне кіріп, жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жүйелі жұмыстардың нəтижесі де жоқ емес.

«Бүгінде ведомствоның веб-сайтында «Министрдің блогы» жұмыс істейді, сондай-ақ, өңірлік ІІД басшыларының да блогтары бар. Пайдаланушылар күн сайын біздің сайтымызда, əлеуметтік желілердегі парақшаларымызға көбіне жол қозғалысына қатысты өрескел ереже бұзушылықтарды айғақтайтын фото-бейне түсірілімдерін орналасты-рады. Сондай-ақ, халықпен байланыс жасау үшін Фейсбук əлеуметтік желісінде Əкімшілік полиция комитетінің ресми парақшасы ашылғанын айта кету ке-рек. Онда жол қауіпсіздігі, мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы ақпараттар, айыппұлды төлеу тəсілдері, кеңестер орналастырылады. Пайдаланушылар өз пікірлерін қалдырып, сұрақтарын қоя алады, ол бойынша жедел түрде жауап беріледі. Екі айдың ішінде парақшаға 300 сұрақ келіп түсті», – дейді Ерлан Тургумбаев. Баспасөз мəслихатында жаңадан құрылған Жергілікті полиция қызметінің жұмысы жөнінде де айтылды.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ

ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ЕНГІЗІЛМЕК

ТҮЛЕК-2016

Арнайы бастапқы оқыту курсы аяқталған соң тыңдаушылар «Арнайы даярлық», «Криминалистика», «Атыс даярлығы», «Заң даярлығы» пəндерінен емтихан тапсырып, білімдерін қорытындылады. Арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларына сертификат тапсыруға арналған шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынды институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Д.Дəулетияров ашып, түлектерді оқу курсын аяқтауымен құттықтай отырып, үлгерімі өте жақсы жəне институттың мəдени, спорттық іс-шараларына белсенді қатысқан тыңдаушыларды институт бастығының алғыс хатымен, грамота-сымен марапаттады. Жиын барысында біліктілікті арттыру факультетінің бастығы, полиция полковнигі А.Байсұлтанов жəне 4-взвод кураторы, полиция майоры А.Сəлімов ыстық лебіздерін білдірді. Бұл шараға болашақ полицейлер ерекше дайындалып, өз өнерлерін көрсетті, соңында тыңдаушылар атынан Г.Албидакова сөз алып, институт басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамға, біліктілікті арттыру факультеті мен курс басшылығына деген ризашылықтарын білдірді.

Алғашқы қарлығаштарАқбота МЫШТАЕВА, Ақтөбе қаласы

ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРЫП ШЫҒАРДЫ. ƏР ОБЛЫСТАН КЕЛГЕН 162 ТЫҢДАУШЫ БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАП, ЕКІ АЙЛЫҚ МЕРЗІМДЕ АРНАЙЫ БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КУРСЫНАН ӨТТІ.

Бəрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мəселе – тыңдаушылардың білімді сапа-лы түрде игеруі. Елбасымыз Н.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деп, еліміздің болашағы үшін сауатты ұрпақты тəрбиелеуді басты назарға қойып отыр. Ұлтымыздың тірегіне ай-налар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар ауда-руымен айқындалып отыр. «Мəңгілік Ел» идеясы аясында біздің ілгері өркендеп, дамыған 30 елдің қауымдастығына нық қадам басуымызға ІІМ ведомстволық оқу орындарында білім алған тыңдаушылардың да қосатын үлесі зор – дей келе, түлектер өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындайды деген үмітпен шығарып салды.

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫН ҰСТАНА ОТЫРЫП, БІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ЖƏНЕ АЛДЫН АЛУ, АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ТОЛЫҚҚАНДЫ ІСКЕ АСЫРЫП КЕЛЕМІЗ.

Бұл бағыттағы негізгі қадам 2015 жылдың 23 қарашасындағы ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңының қабылдануы бол-ды. Оның «базалық» нормалары «Құқық қорғау қызметі туралы» заңмен қарастырылған ерекшеліктеріне орай ішкі істер органдары қызметкерлеріне де қатысты. Осы нормативтік-құқықтық актіге сəйкес, мансаптық өсу тəжірибе мен кəсіби дайындыққа сай болмақ.

Сонымен қоса, мұнда мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі жəне қызметтен тыс бос уақыттағы əрекеттеріне талаптар да қарастырылған. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Мемлекеттік қызметшілердің əдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдеп қағидалары) бекітілген. Ол мемлекеттік органдарға азаматтардың сенімдерін нығайтуға, мемлекеттік қызметте жоғарғы мəдениет қарым-қатынасын құруға жəне əдіпсіздіктің алдын алуға бағытталған.

Əрине, сыбайлас жемқорлық өзекті мəселе болып қалып отыр. Осыған байла-нысты 2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекет ету туралы» заңы қабылданған болатын. Заңның талаптарына сəйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат құқық бұзушылықтың бұл түріндегі субъектіге емес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəртіпті қалыптастыруға бағытталған.

Барлық жаңа нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік қызметшілермен, соның ішінде өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен де зерделенді.

Ердəулет ШОҢҒАРАЕВ,Жамбыл облысы Байзақ ауданының ТЖБ

Page 5: Сақшы №24 (4190)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

ФОРУМ

ТАЯУДА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА АУМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҚ КОММУ-НИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАҒДАЙЫ ЖƏНЕ 2016 ЖЫЛЫ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУДІҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ МƏСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛҒАН БРИФИНГ ӨТТІ.

Онда, алғашқы болып сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев БАҚ өкілдерінің назарын облыс халқының қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етудің, аумақты табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың маңыздылығына аударды. Ол өрттер санының артуының дені ада-ми факторлармен байланысты екенін атап көрсетті.

О д а н к е й і н с ө з а л ғ а н Ө р т қауіпсіздігі саласындағы бақылау жəне профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Денис Шуваев облыстағы өрт жағдайын сипаттайтын мына сандарды келтірді: «2016 жылдың өткен кезеңі ішінде 165 өрт оқиғасы тіркелген болатын. Өрттерден болған материалдық зардаптар 14 028 850 теңгені құрады, өрт барысында 6 адам жарақаттанып, 7 адам көз жұмды. Өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 4,4 %-ға, адам өлімі 2,3 %-ға өссе, материалдық шығындар 32%-ға жəне жарақаттанғандар 33,3%-ға азай-ды». Ол өрттердің басым бөлігі электр құрылғыларды монтаждау жəне пайда-лану техникасының ережелерін бұзу, жылыту пештерін орнату жəне пайда-лану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, халықтың үй жылыту ба-рысында пешке от жағуда жіберетін қателіктері себептерінен болғанын айтады.

Форумға облыс əкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық мəслихат хат-шысы Наурызбай Байқадамов, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Облыс əк ім і форум аясында ұйымдастырылған сотталғандардың қолымен жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады. Көрмеге ЗК-169/5 мекемесінде жұмысқа орналастырылған жазасын өтеушілердің қолынан шыққан бұйымдар қойылды.

Көрмеге «Еңбек-Қызылорда» РМК филиалы əткеншек, құмкесек (песко-блок) шығаратын аппарат сияқты темір бұйымдарын, арнайы жұмыс киімдері мен төсек-жабдықтарын жəне кірпіш өнімдерін қойса, жеке кəсіпкерлер де өздері шығарған өнімдерді көпшілік назарына ұсынды. Мəселен, «Джаров» ЖК заман талаптарына сай терезе тор-лары мен темір есіктерді, «Маханова» ЖК, «Оразбаев» ЖК, «БекАйгрупп» ЖК сандық, кеме, шахмат, нарды

ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ (АЕК) СОМАСЫ АРТҚАН САЙЫН ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛДЫҢ МӨЛШЕРІ ДЕ ӨСІП КЕЛЕДІ. ƏКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛЫП, АЙЫППҰЛ САЛЫНАТЫНДАРДЫҢ КӨБІСІ ДЕРЛІК КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН АЗАМАТ-ТАР. СОНЫМЕН ҚАТАР, ҰСАҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАТЫН БҰЗЫП, ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ТЕМЕКІ ШЕГІП, ЛАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАР ДА АЙЫППҰЛ АРҚЫЛЫ ТЕЗГЕ САЛЫНУДА.

Бірақ, олардың көбі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарына сəйкес салынған айыппұлды 7 тəулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен өтеуге болатындығын қаперге ала бермейді. Бір жылдан астам уақыт қолданыста болған жаңа Əкімшілік кодекстің 811-бабы 1-бөлігінде «Əкімшілік құқық бұзушылық болып табылған жəне оны жасаған тұлға анықталған кезде, лауазымды адам тұлғаға əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тап-сырады» делінген. Осыған орай сіз жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен хаттама көшірмесі мен түбіртекті беруін талап етуге құқылысыз. Егер полиция қызметкері өзіңізге қатысты толтырылған əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама көшірмесі мен түбіртекті бермеген жағдайда, ол заң бұзушылық болып табылады. Мұндай кезде сіз ұялы телефоныңыз арқылы 102 нөміріне немесе облыстық Ішкі істер департаментінің 87768980102 нөмірлі WhatsApp желісіне хабар беруіңізге толық құқығыңыз бар.

Жаңа Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сəйкес, 50 пайыздық жеңілдік барлық əкімшілік құқық бұзушылықтарға жүрмейтіндігін де ескер-ген жөн. Осы кодекстің 810-бабында лауазымды тұлға салынған айыппұл мөлшерімен келісіп, өз кінəсін мойындаған жағдайларда ғана жүзеге асырылады деп көрсетілген. Егер сіз хаттамамен келіспей, наразылық білдірсеңіз, алайда сіз жасаған құқық бұзушылық дəлелденсе сіз 50 пайыз жеңілдіктен қағыласыз. Сондай-ақ, егер кəмелеттік жасқа толмаған адам құқық бұзса, істерін салық қызметі органдары қарайтын əкімшілік құқық бұзушылықтарға да жеңілдік қарастырылмаған. Оған қоса құқық бұзушылықты автоматты түрде тіркейтін, көшелерде орналасқан сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары жазып тіркеген құқық бұзушылықтарға да жеңілдік жасалмайды.

Егер сіз 7 тəулік ішінде айыппұлды төлемесеңіз, 50 пайыздық жеңілдіктің күші жойылып, толық төлеуге міндетті боласыз. Егер айыппұлды 1 ай ішінде өтемесеңіз, айыппұл жұмыс орныңызға немесе сотқа жолданады. Айыппұл салу туралы қаулыны сот немесе уəкілетті орган тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мəжбүрлеп ұстап қалу үшін сіз жұмыс істейтін, не сыйақы, зейнетақы, шəкіртақы (стипендия) алатын ұйымның əкімшілігіне жібереді. Егер жауапқа тартылған тұлға жұмыссыз болса немесе əлдеқалай оның жалақысынан немесе өзге кірістерінен өндіру мүмкін болмаған жағдайда заңнамада көрсетілген тəртіп бойынша мəжбүрлеп өндірту мақсатында іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Жеке сот орындаушы сізден айыппұлмен қоса өз қызметі үшін тағы айыппұл сомасының 25 пайызы көлемінде ақы өндіреді.

Осылайша, сіз дер кезінде өз айыппұлыңызды өтемей, қосымша шығынға да ұшырауыңыз əбден мүмкін. Сондықтан оның 7 тəулік ішінде жартысын төлеп, өз қаржыңызды үнемдегеніңіз абзал. Осыған орай, елу пайыздық жеңілдік жайлы жəне салынған айыппұл бойынша басқа да ақпарат алу үшін қала орталығындағы «Жібек жолы» көшесі бойында орналасқан Жергілікті полиция қызметінің ғимаратының Əкімшілік практика бөліміне келіп сұрауларыңызға болатындығын хабарлаймыз.

Алтынбек АХМЕТОВ,Қызылорда облыстық ІІД

Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі

ҚАЙТА БЕЙІМДЕУДІҢ ТƏЖІРИБЕЛЕРІ2016 ЖЫЛҒЫ 25 НАУРЫЗДА ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ-ДЫҢ СТУДЕНТТЕР САРАЙЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА МЕН ОБ-ЛЫС БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БІРЛЕСУІМЕН ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫНА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ФОРУМ БОЛЫП ӨТТІ. ОНДА «ҚАЙТА ƏЛЕУМЕТТЕНДІРУ: СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ», «ТҮРМЕДЕГІЛЕРДІҢ САНЫН АЗАЙТУДЫҢ 10 ІС-ШАРАСЫ», «СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2017» СИЯҚТЫ МƏСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ.

жəне т.б. ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Ал, «Жұмабаев» ЖК болса балабақшалар мен қаланың демалыс орындарын безендіріп, көрік беретін мүсіндерін көрмеге қойды. «Ас-кА» ЖШС-і мекеме тігін цехы-нан шыққан жоғары сапалы арнайы жұмыс киімдерін ұсынды. «Ержас 2013» ЖШС қатпаркесек (газоблок) цехының өнімдері көпшілік назарын аудартты.

Көрмені аралап, жазасын өтеушілер жасаған бұйымдарға тəнті болған об-

лыс əкімі көрменің ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, «Еңбек-Қызылорда» РМК филиалының тігін өнімдеріне облыс көлемінен тапсырыстар алуға ықпал жасайтынын жеткізді.

Ж и ы н д ы о б л ы с п р о к у р о р ы Сапарбек Нұрпейісов жүргізіп отырды. Жиында алғашқы сөз кезегін алған облыс əкімі Қырымбек Көшербаев еліміздегі қылмыстық атқару жүйесін

реформалауға сəйкес атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын, бұл мақсатта Қызылорда облысы да өз үлесін қосып жатқандығын айтты.

«Қызылорда облысы əкімдігі жа-нында осы мəселелермен айналыса-тын консультативтік-кеңесші орган жұмыс істейді. Аталған орган биылғы жылы да жоспарға сəйкес жұмыс атқаратын болады. Қазіргі таңда қолға алынған жұмыстар өз нəтижесін беру-де. Бүгінгі күні еліміз түрмедегілердің саны жөнінен əлем елдері арасын-

да 57-орында. 1997 жылы Қазақстан АҚШ пен Ресейді ғана алдыға салып, үштікті қорытындылап тұрған болатын. Қоғамда құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру үшін жасалатын барлық жағдай мемле-кет дамуына өз септігін тигізері анық», – деді облыс əкімі.

Облыс прокурорының айтуынша, қоғамда сотталған азаматтардың санын рақымшылық жасаумен азайту мүмкін емес.

«Елімізде 20 жылдың көлемінде 8 мəрте рақымшылық жасалғанмен, одан көрсеткіш төмендеген жоқ. Керісінше, заң бұзушылардың рақымшылыққа сүйенуі, теріс көзқарас қалыптастырған сияқты. Қазіргі таңда реформаны жүзеге асыру аясында 3 колония жа-былды. Нəтижесінде, мемлекеттің 12 млрд. теңгесі үнемделді. Сондықтан да сотталғандарды пробация қызметінің есеб іне алып, олардың қоғамға бейімделуіне, жұмыс табуына жағдай жасауға тиіспіз», – деді Сапарбек Нұрпейісов.

Пробациялық қызметті əлемнің көптеген елдері жүзеге асыруда. Сотталған азаматты бостандыққа дайындау, оның еңбек ету қабілетіне с а й ж ұ м ы с қ а о р н а л а с т ы р у , дəрігерлік көмек көрсету секілді қолдау жұмыстары оның қоғамға бей імделу і не көп ықпал е тед і . Нəтижесінде, оның қайта қылмыс

жасау ықтималдығы төмендейді . Бұл орайда, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Франция секілді өзге де Еуропа елдерінің тəжірибелерін біздің елде қолдануға болады.

Атқарылған жұмыстарға назар аудар-са, облыста 2015 жылы пробациялық бақылау белгіленген сотталғандарға көрсетілген əлеуметтік-құқықтық көмектер 2014 жылмен салыстырғанда едəуір өскен. Айталық, 522 жазасын өтеушіге медициналық көмек көрсетілсе, 30-ның білім алуына жағдай жасалған. Ал жұмысқа орналастырылғаны – 345 адам.

С о н д а й - а қ , ж и ы н д а о б л ы с прокурорының орынбасары Қайрат Бөрібаев, облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйес і департамент ін і ң б а с ш ы с ы Ғ а н и б е к О т а р б а е в , Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік б а ғ д а р л а м а л а р б а с қ а р м а с ы басшысының орынбасары Алтын Есқараева, облыстық кəсіпкерлік

жəне туризм басқармасының бас-шысы Мирас Төлебаев, «Еңбек-Қызылорда» РМК-н ің облыстағы филиалы өкілі Ермахан Төребеков, Қ ы з ы л о р д а о б л ы с ы б о й ы н ш а Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Теңізбаев баяндама жасады.

Реформаның түрмедегілердің санын азайту мақсатында қолға алынған шараларының бірі – өтелмеген жаза бөлігін айыппұлға ауыстыру. Сондай-ақ, оларды шартты түрде мерзімінен босату немесе жеңіл жазаға ауысты-руды қолдану. Бұл бағыттар бойын-ша да облыста біршама жұмыстар іске асырылған. Мəселен, 14 жазасын өтеуші өтелмеген жаза бөлігі үшін 6 246 568 теңге көлемінде айыппұл төлеп, жазадан босатылған. Форум соңында аталған мəселелер бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ҚАПЕРГЕ САЛАЙЫҚ...

БРИФИНГ

Елу пайыздық жеңілдік

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР СӨЗ БОЛДЫ

Сонымен қатар, басқарма бастығы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-де тұрғын-үй секторында өрттердің алдын алу бойынша өткізілетін жұмыстарды, оның ішіне кіретін халықпен жиналы-стар, үй аулаларын аралау, жадынама-ларды тарату жəне т.б. жайын да тілге тиек етті.

Сондай - ақ , облыстың өрт тен қорғанысын нығайту үшін өрт сөндіру бекеттерін құру мəселесін сөз етті. «Ол 30275 адамды қамтып, 61 елді мекенді өрттен қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Денис Валентинович.

Ал, ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Асхат Бəкішев журналистердің на-зарын қардағы су қоры мен қар жамылғысының биіктігі орта көпжылдық көрсеткіштерден асып тұрғанына, жасалынған облыс аумағындағы су тасқын жағдайының болжамына ау-дарды. Ол Солтүстік Қазақстан об-лысы өзендеріндегі көктемгі қардың еруі жəне су тасуына байланысты алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы айтты. «Жақын жəне

бекітілген аумақтардан, көшелердегі қарды сыртқа шығару, жеке үй аула-ларын жəне мекемелердің аймақтарын тазарту жұмыстары жүргізіледі. 2016 жылдың басынан облыста 560 мың тек-ше метр қар шығарылды», – деді Асхат Қабікенұлы.

Сонымен б і р г е , д епар тамент бөлімшесінің бастығы облыстағы су тасқыны кезеңіндегі ТЖ алдын алуға көңіл аударды. «Алдағы тасқынға облыстағы су тасқыны кезеңін ің төтенше жағдайларын жою үшін облы-ста инженерлік, жол жəне арнайы – 331 техника, көшіру үшін – 145 техника, 51 жүзу құралдары, 278 су сору техникасы дайындалды. Жолдар мен бөгеттерді су бұзып кетеді-ау деген жерлерді бекітіп-бөгеп, тасқынды саябырсытуға арналған құрылыс заттары жəне қап сияқты өзге де материалдар алынып қойылды. Елді мекендерді су басуға жол бермеуге арналған техника қорлары құрылды. Осы бағыттағы жұмыстар тиянақты жалғасуда», – деді сөз соңында Асхат Бəкішев.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖДМемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы

Page 6: Сақшы №24 (4190)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

БҮГІНГІ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ

ШАРА

Қазір жұртшылықты сан соқтырып жүргендердің бірі – алаяқтық. Бұл да еліміздегі экономикалық дағдарысқа байланысты өршіп тұрған қылмыстың жаңа түрі. Алаяқтық бұрын да болған. Бірақ, дəл бүгінгідей шектен шыққан жоқ. Мəселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ақшаны қарызға алу бойынша 1512 қылмыстық іс тіркелген. Несие ресімдеу бойынша 985, жұмысқа тұрғызу уəдесімен 636, жер учаскелерін беру бойынша 224 қылмыстық іс қаралған. ҚР ІІМ-нен алынған дерек бойынша Алматы мен Астанадан кейін алаяқтық жөнінен Оңтүст ік Қазақстан облысы тұр. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласы алда екен. Қазір «арзан пайызбен несие əперемін» деушілердің жолына жығылатындар жетк іл ікт і . Соның іш інде ек інші деңгейлі банк қызметкерлерін ің қатысуымен орын алатын қылмыстар көбейіп кеткен. Алаяқтық топ еш жерде жұмыс істемейтін, несие та-лаптарына жауап бере алмайтын адамдарды торына оңай іліктіреді. Өздерінің сенімдеріне кіргізу үшін олар бұқаралық ақпарат құралдарын да пайдаланады. Жарнамалық сипаттағы басылымдарға «жеңілдетілген несие береміз» деген хабарландырулар жа-риялайды.

Жуырда шымкенттік полицейлер жергілікті бес бірдей тұрғынды тақырға отырғызған бір алаяқты тұтқындады. Ол «Ислам банкінен 1-5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген не-сие алып беремін» деп клиенттерінен 500, 700 мың теңге көлемінде пара талап еткен. Мұны несиенің 10 пай-ызы деп түсіндірген. Алданғанын білген тұрғындар дер кезінде полиция қызметкерлеріне арызданған. Егер по-лицейлер оны дер кезінде құрықтамаса тағы қанша адамды зар еңірететінін кім біліпті?

Несиеге қатысты тағы бір дерек. Бұлар үшінші жақтағы адамдардың атына несие ресімдеп отырған. Олар тіпті өздерінің аттарында несие бар екенін де білмейді. Бір алаяқ осын-

МӘСЕЛЕ

РИЭЛТОР жəне АЛАЯЌТАРСабырбек ОЛЖАБАЙ

ЗАМАН АҒЫМЫНА ОРАЙ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ ДЕ ЖАҢАРЫП ОТЫ-РАТЫНЫ БЕЛГІЛІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ РИЭЛТОР ҚЫЗМЕТІ. БҰЛ КƏСІП ТƏУЕЛСІЗДІКТЕН СОҢ ПАЙДА БОЛДЫ. ƏЗІРГЕ ОСЫ КƏСІП ИЕЛЕРІН ОҚЫТАТЫН БІРДЕ-БІР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНЫ ЖОҚ. ОЛАР ЖЫЛЖЫМАЙ-ТЫН МҮЛІК АГЕНТТІГІМЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ЯҒНИ, ҮЙЛЕРДІ САТУ, ПƏТЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ СИЯҚТЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРАДЫ.

дай жолмен біреудің атынан 6,5 мил-лион теңге ресімдеп, оны өз табы-сына жаратқан. Ақтөбелік бір алаяқ Шымкенттег і банктердің б ір інен несиелік бағдарламаға кіріп, үшінші жақтағы адамдардың атына 93 несиені ресімдеген. Ол ақшаны алып, Ақтөбеге тайып тұрған. Шымкенттік ізшілер оның соңынан қуып барып тұтқындады.

Таяуда шымкенттік полицейлер халықтық тұтыну тауарларын несиеге ресімдеген алаяқтық қылмыстың ісін əшкереледі. Ол жап-жас келіншек болып шықты. Бұл əйел қиналып жүрген жандарды аңдыған. Болашақ құрбандарының атына құжаттар дай-ындап, банк арқылы олардың аты-на тоңазытқыш, басқа да тауарлар алған. Оларды базар бағасынан төмен сомаға сатып жіберген. Ал, сыртынан құжат дайындаған адамдарға сатудан түскен қаржының болмашы бөлігін беріп келген. Арада біраз уақыт өткенде алданған азаматтардың ұялы теле-фондарына кредиттік қарызы бар екені жөнінде хабарландыру түскен.

Риэлтор атын жамылып алаяқтықпен айналысып жүргендер де жетерлік. Қазір Қазақстанның бірқатар қаласында «қара риэлторлар» пайда болып, халықты алдап, баспанасын тартып алумен айналысатын кəнігі топқа ай-налды. Олар пəтер үшін кісі өлтіруден тайынбауда.

Кезінде риэлтор болып жұмыс істеген М.Салықов деген азамат ағынан жа-рылды.

– Негізінен риэлторлардың ішінде алаяқтар көп. Бірен-саран адалдары да кездеседі. Олардың көбі дөрекі. Кəсібінің қыр-сырын жетік білмейді. Бұларға бастығы телефон нөмірлері мен клиенттердің ақпараттық базасын береді де «енді жұмысыңа кірісе бер» дейді. Егер талапкер екі-үш күнде жұмысын алып кете алмаса оған бұл ортада орын жоқ. Қаланың қалтарыстарын, пəтердің жағдайын дұрыс білмеген күйі жаңа риэлтор жұмысын бастайды. Əрине, қателіктерге ұрынады. Ең əуелі клиент-термен жөндеп сөйлесе де алмайды. Баспасөз беттерінде жарияланған, көше

бойларына ілінген хабарландыруларды жинап, көрсетілген нөмірлерге теле-фон шалып, екі жақтан да пайда тауып қалуға тырысады. Бұл жұмысқа кез кел-ген адам шыдай бермейді. Агенттікке күн сайын бір адам келсе, он адам кетіп жатады, – дейді ол.

Жалпы, бұл салаға мемлекеттік бақылау жоқ. Сондықтан олар кейде ойларына келгенін істейді. Қарапайым жандар оларды қайсысының алаяқ, қайсысының нағыз маман екенін білмей дал болады. Мұндай қызметте лицензия-сы бар, кəсіби компаниялар ғана қалуы керек. Бізде риэлторлардың жұмысын реттеп отыратын заң жоқ. Солай болған соң іс былығып жатады. Мəселен, əр ау-данда, əр қалада қанша риэлтор болуы тиіс? Бұл заңмен реттелуі керек қой!

Былтыр елімізде риэлторлық қызмет көрсететін 2 мыңнан астам компания болған. Соның тек 15-інде ғана ресми сертификат бар екен. Аттестациядан өткен маман 200-ден аспаған.

Қ а з а қ с т а н р и э л т о р л а р ы қауымдастығының мүшесі Лариса Степаненко сертификат алу үшін ком-пания қызметкерлерінің саны үшеуден кем болмау керектігін айтады. Олардың 50 пайызы аттестациядан өтуі тиіс. Мамандардың кəсіби санаты 2, 3 жəне одан да жоғары болса, компания лицен-зия алуға құқылы.

Аттестациядан өту үшін маманның «Жылжымайтын мүлік туралы» заңды жақсы білуі керек. Сондай-ақ, сөзге

шешен болуы шарт. Клиенттер оған өздері келетін болсын. Ол арадағы делдал ғана емес, бүкіл келісімді ұйымдастырады. Құжаттарды ресімдеп, жетпеген құжаттарды толтырып, кемшілігі болса түзетуі керек. Десек те, мұндай мамандар сирек. Сондықтан олардың қызметіне жүгінер болсаңыз, аттестациядан өткен-өтпегенін сұрауға тиіссіз. Осы іспен қанша уақыттан бері айналысатынын сұрауды да ұмытпаңыз.

Бейберекеттілік пен дауды бақылау мəселесі 2013 жылы көтерілгенімен, тиісті заң əлі шықпаған. Клиент пен маклер арасындағы қарым-қатынасты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекс қана реттей алады. Оның өзі жеткіліксіз.

Риэлтор қызметін реттейтін заң Ресейде бар. Оларда бұл қызмет қатаң қадағаланады. Бізде ше? Егер сіз хабарландыру берсеңіз, нақты ұсыныспен бір ғана адам хабарласады. Қалғандарының бəрі делдалдар. Сіздің хабарландыруыңызды риэлтор көрсе, өз нөмірімен қайта жариялайды. Сосын соның атына хабарласушылар көбейеді. Үйді сату, пəтерді жалға беру енді соның құзіретінде. Өйткені, олар барлық жерді жаулап алған. Олар газет, интернет, ха-барландыру тақталары, подъездер тіпті, автобустарды да билеп-төстейді екен.

Риэлтор қызметі үшін өте қомақты қаржы таба алады. Айталық, біреудің үй і н 150 мың доллар ға с а т у ғ а көмектессе, сатушыдан да, сатып алу-

шыдан да пайызын өзінде қалдырады. Сонда ол бір күнде 3000 доллар қаржы таба алады екен. Егер ол пəтерді 120 мыңға жалға берсе, екі жақ та риэлторға 10 мың теңгеден береді. Мұны естіген немесе біреуден ақыл-кеңес алғандар бірден риэлтор болғысы келеді. Десек те ол бəрінің қолынан келе бермейді.

Үйін, пəтерін риэлтор көмегінсіз-ақ сатқысы келетіндер де көп. Қазір əр үйде интернет бар. Арнайы сайт-тар көп. Бірақ, бірқатар адамдар солардың көмегіне жүгінеді. Үйлердің бағасы аспандап кетуіне де риэлтор кінəлі. Оның үстіне үйдің құжаттарын риэлторлардың қолына тапсыра салу қауіпті.

Бүгінде пəтерді кім жалға алады? Əрине, бай-бағландар емес. Көпшілігі үйге қолы жетпей жүргендер. Студенттер де солардың қатарында. Жоғары оқу орындарын бітіріп, 50-60 мың теңгемен күнін көріп жүргендер қалай баспа-налы бола алады? Экономикалық қатынастардың қиындықтары да осын-да болса керек. «Қолжетімді баспана» енді қалай қолжетімді бола алсын?

Осы жəйттерді електен өткізе келе заңгерлер, мамандар риэлторлардың қызмет і н з аңмен реттеу керек деседі . Ал, алғандарды азаптан құтқаруға жүгінетін полицейлер ғана. Сондықтан алаяқтарды ауыздықтап, риэлторлардың жұмыстарын қатаң бақылап отыру керек-ақ.

ЖАЛҒАН АҚПАР

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 25 НАУРЫЗЫ КҮНІ САҒАТ 17.31-ДЕ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕЗЕКШІ БӨЛІМІНЕ 23 ЖАСТАҒЫ АСТАНА ТҰРҒЫНЫ БЕТПЕРДЕ КИГЕН ҮШ БЕЛГІСІЗ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНЕ КҮШ КӨРСЕТІП, 4 200 АҚШ ДОЛЛАРЫН ТОНАП АЛЫП КЕТКЕНДІГІ ЖӨНІНДЕ ХАБАРЛАҒАН.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, аталмыш факті ҚР ҚК 191-бабы 3-тармағы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді.

Есіл аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерік Егізбаевтың айтуынша, Д. деген азамат өткен жылдың мамыр айында ашқан депозиттік шоттағы 4 мың АҚШ долларынан астам соманы жұмсап қойғандығын ата-анасына айтуға қорыққандықтан, қарақшылық шабуылды имитациялаған. Сол мақсатпен Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының «102» пультіне өзін тонап кеткендігі жөнінде хабарлаған.

Аталған азамат берген жалған хабар дерегі сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне алынып, ҚР ҚК 419-бабы («Қылмыс жасалғандығы жөнінде жалған хабар беру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ол өз кінəсін толық мойындады. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Өтірік түбі – өкініш

колл

аж А

қсая

ЖҮР

КЕН

ОВА

НІК

І

ҚАДАҒАЛАУСЫЗ ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЛМЫСҚА ҰРЫНАДЫ

Мəселен , биылғы 28 - 30 нау -рыз аралығында еліміз бойынша «Қадағалаусыз жасөспірім» атты кешенді жедел алдын алу іс-шарасы өтті . Шараның негізг і мақсаты – жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың алдын алу, ескерту, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жəне тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болу фактілерін анықтау, сондай-ақ, жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адам-дарды анықтау, балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушы-лар пойыздарының əйнегін сындыру деректерінің алдын алу.

Осыған орай, Ақтөбе стансасы Ішкі істер желілік басқармасының қызмет көрсету аумағында да іс-шара ұйымдастырылды.

К ə м е л е т к е т о л м а ғ а н д а р д ы ң арасындағы құқық бұзушылықтардың а л д ы н а л у ж ə н е к ə м е л е т к е толмағандардың түнгі уақытта (сағат 23-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы, ата-анасымен не-месе заңды өкілдерімен еріп жүрмеген кəмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы əкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы тура-лы түсіндірілді.

Екі күн ішінде Ақтөбе стансасы ІІЖБ-ға барлығы 3 жасөспірім жеткізілді, олардың ішінен түнгі уақыттарда ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 2 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ƏҚтК 442-бабынын 2-бөлігі бойынша ескерту беріліп, əкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, мұндай шара Қостанай стансасы ІІЖБ-ның қызмет көрсету аумағында да өткізілді.

28 наурыз күні сағат 01.30 шамасын-да «Қадағалаусыз жасөспірім» кешенді жедел алдын алу іс-шарасын өткізу шеңберінде кəмелетке толмағандар

ҮЛКЕНДЕРДІҢ ҚАДАҒАЛАУЫНАН ТЫС ҚАЛҒАН КЕЙБІР ЖАСӨСПІРІМДЕР ТҮРЛІ БҰЗАҚЫЛЫҚТАРҒА, ЖАМАН ƏДЕТТЕРГЕ, ТІПТІ, ҚЫЛМЫСҚА ДА БАРЫП ЖАТАДЫ. АЛ МҰНДАЙ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАРАПЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ТҮРЛІ КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ СЕПТІГІ ТИЕТІНІ БАР.

сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрмеуі) 1 фактісін анықтады.

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ əкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржолға жақын орналасқан оқу

істері жөніндегі тобының қызметкерлері – полиция лейтенанты Қ.Тұрмышов пен полиция лейтенанты Ж.Дүйсенбаев Қостанай-Главный стансасындағы теміржол паркінде жұмыс жүргізу бары-сында жүргінші өтпесінің жанынан 1991 жылы туған М. есімді азаматы ұстады. Ол полиция қызметкерлерін көрген бой-да қағаз түйіншегінен сұр-жасыл түсті өсімдік затын қар үстіне шашып тастады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

« Қ а д а ғ а л а у с ы з ж а с ө с п і р і м » р е с п у б л и к а л ы қ ж е д е л -профилактикалық іс -шарасының бірінші күні ҚР ƏҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша – 4 ата-ана əкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2 кəмелетке толмаған Қостанай облысының КТБО орналастырылды.

«Қадағалаусыз жасөспірім» жедел алдын алу шарасын өтк ізуде Қарағанды-Сұрыптау стансасы Ішкі істер желілік басқармасы да қалыс қалған жоқ. Басқарманың қызмет к ө р с е т у а у м а ғ ы н д а ұйымдастырылған іс-шара ға Қара ғ анды -Сұ рып та у с т ан с а с ы ІІЖБ-ның жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Сондай-ақ, оған жергілікті атқарушы органдардың, п р о к у р а т у р а , б і л і м беру, денсаулық сақтау, теміржол мекемелерінің жəне «Нұр Отан» партия-сы өкілдері тартылды.

Көл ік полицейлер і ж е д е л - а л д ы н а л у шарасының алғашқы күнінде ҚР ҚƏҚтК 442-бабы бойынша (кəмелетке толмағандардың кешкі

орындары мен оқу-тəрбие кешендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Павлодар стансасы ІІЖБ өткізген іс-шараның 2-күнінде сағат 23-00-ден таңғы сағат 06-00-ға

дейінгі мезгілде жүрген кəмелетке толмаған 2 жасөспірім анықталды. Олар Павлодар қаласының кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, ал заңды өкілі ҚР ƏҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бой-ынша əкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, шара барысын-да Павлодар -Алматы-Павлодар қатынасындағы №31/32 жолаушы пой-ызында Павлодар ст. ІІЖБ ƏПБ ЮПТ қызметкерлері, Павлодар көлік про-куратурасы, теміржол жұмыскерлері, «Жас Отан» ЖҚ өкілдері жолаушылар пойыздарында шыны сындыру, жаза-тайым оқиға фактілеріне жол бермеу мақсатында жолаушылармен, Павлодар қаласының 1-3-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл кездесуде көлік ны-сандарында жүріп-тұру ережелері, со-нымен бірге, кəмелетке толмағандардың заңды өкілдері жауапкершілікке тарты-латыны түсіндірілді.

Ғани АТЫМТАЙ

Page 7: Сақшы №24 (4190)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ОТАНЫНА АДАЛ

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

СПАРТАКИАДА

МАЙ АУДАНДЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС ОЛАР ҚАТЫСҚАН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ӨТУІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында жақында Май аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Нығметолла Қаббасовтың бастамасымен 2001-2002 жылы туған ер балалар арасында еркін күрестен облыстық спар-такиада өткізілді.

Күреске Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Май, Павлодар, Ақтоғай, Ертіс, Қашыр аудандарынан барлығы 150 ер бала қатысты.

«Ел ертеңі сіздерсіздер. Сондықтан сіздердің əрқайсысыңыз біз үшін қымбатсыздар. Біз сендердің мықты, əрі шыныққан болып өскендеріңді, сала-матты өмір салтын сақтағандарыңды қалаймыз», – деген Н. Қаббасов оларға жеңіс тіледі.

Тартысты бəсекеде облыстық спартакиаданың жүлдегерлері болып Изат Каузханов (22 келі, Көктөбе ауылы), Мейрамбек Мерғалин (24 келі, Көктөбе ауылы), Қайрат Шаримбеков (26 келі, Кентүбек ауылы), Мəди Майдан (29 келі , Көктөбе ауылы), Ернар Кұмариденов (32 келі, Тереңкөл), Мəди Бекеш (35 келі, Луганск ауылы), Ерхулан Алтай (38 келі, Аксу қ.), Арман Закиров (42 келі, Кентүбек ауылы), Исламбек Мергалин (46 келі, Көктөбе ауылы), Ерасыл Кабатаев (50 келі, Көктөбе ауылы), Исламхан Абдазов (54 келі, Луганск ау-ылы), Оңғар Турархан (58 келі, Көктөбе ауылы), Мейрамбек Айтказинов (63 келі, Павлодар қаласы), Исламбек Ильясов (69 келі, Тереңкөл ауылы) таны-лып, өз салмақ дəрежелері бойынша бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар грамота жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Екінші, үшінші орын алып, «Үздік техникасы үшін», «Үздік əдіс-тəсілі үшін» аталымдары бойынша марапатталған қатысушылар да грамота жəне сыйлықтарға, кубокқа ие болды.

Павлодар облысы Май аудандық ІІБ

Аудандық І ІБ-н ің ардагерлер і б а с т а ғ а н б а с т а м а н ы О ң т ү с т і к Қ а з а қ с т а н о б л ы с ы І І О - ы н ы ң Ардагерлер кеңесі қостап, о дүниелік болған əріптестерінің естелігіне ар-налып спорттық жарыстар өткізілді. Одан соң «Жасұзақ» мейрамхана-сында дастарқан жайылды. Күн сенбi екендiг iне қарамастан, Шардара қаласының Орталық с тадионы-на алыс-жақыннан келген полиция ардагерлерi көп жиналды. Көптен күткен спорттық жарыстың жалауы көтерiліп, аудандық балалар жəне жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң дирек-торы Абай Сəкиев спорттық iс-шараның барысымен қысқаша таныстырып өтті. Шардара аудандық ішкi iстер бөлiмi ардагерлерiнiң ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тəуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орайластырылып өткiзгелi отырған шарада алғашқы сөз аудандық Ішкi iстер бөлiмi полиция ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы Асанхан Ибадуллаевқа берілдi . Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң тарихына жан-жақты тоқталып өткен А.Ибадуллаев өздерiнiң ел тыныштығын қорғау жөнiндегi қызметтiк парызын орындау кезiнде қапыда қаза тапқан полиция қызметкерлерiнiң аттарын атап, еске алу рəсімін жасады.

1967 жылы Шардара аудандық IIБ қатардағы полиция қызметкерi Қалдыбек Елмұратов iшк i i с тер

ШАРДАРА АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ШАРАПАТЫ«ӨТКЕНIН ЕСКЕРГЕН – ӨСКЕНДIКТIҢ БЕЛГIСI, ӨТКЕНIН ҰМЫТҚАН – ӨШКЕНДIКТIҢ БЕЛГIСI» ДЕП ҚАЙСЫБIР ТƏМСIЛДЕ АЙТЫЛҒАНДАЙ, ШАРДАРА ӨҢIРIНДЕ ШАРАПАТЫ МОЛ, КӨРГЕН АДАМ АЙТА ЖҮРЕРЛIКТЕЙ ИГIЛIКТI IС-ШАРА ӨТТI.

бөлiмiне қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлерден бөлiмдi қорғау үстiнде қазаға ұшыраса, полицияның учаскелiк инспекторы Есiмхан Қисабеков пен қылмысты iздестiру бөлiмiнiң жедел уəкiлi Ақдəулет Сандыбаев, поли-ция старшинасы Асқар Жəрдембаев қандықол қылмыскерлердi құрықтау кезiнде ерен ерлiктiң үлгiсiн көрсетiп, өмiрлерiмен қош айтысты.

«Ерлiк – елге мұра, ұрпаққа – ұран!» деп жатамыз ғой. Сол рас-ақ. Қазiр қаламыздағы көрiктi көшелердiң бiрi Қалдыбек Елмұратовтың есiмiмен аталып, өзі «Еңбектегi ерлiгi үшiн» медалiмен марапатталса, Қазақстан ауылындағы б iр көшеге Ес iмхан Қисабековт iң ес iм i бер iлген. Ал Ақдəулет Сандыбаев Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен II дəрежелi «Айбын» орденiмен мара-патталды. Жалпы, бүгiнге дейiн АIIБ-iнде қызмет iстеп, зейнет демалысына шыққан ардагерлердiң 56-сы бақилыққа аттаныпты.

Волейбол ойыны басталардан бұрын Шымкент қаласынан арнайы келген ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері, ОҚО IIО Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Сержан Тұрсынбеков сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға жеңiс тұғырынан көрiне берулерiне деген тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Уақытты үнемдеу мақсатымен во-лейбол ойынында бақ сынауға келген 11 команда екiге бөлiнiп, тамаша ойын көрсеттi. Футбол ойынына да осынша команда қатысып, кезiнде шым төселген аяқдоп алаңының шаңын шығарды.

«Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» демекшi, волейбол ойынында бiрiншi орынды Орталық стадион, екiншi орын-ды аудандық Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң, үшiншi орынды Сырдария елдi мекенiнiң командалары қанжығаларына байлап, ас-жиынды ұйымдастырушылар əзiрлеген бағалы сыйлықтармен марапатталып, бiрiншi орынды иемденген Орталық стадион ко-мандасы ауыспалы кубокты жеңiп алды.

Шағын футбол жарысында аудандық футбол мектебiнiң командасы бiрiншi, Алатау батыр ауылының командасы екiншi, аудандық Ішкi iстер бөлiмiнiң командасы үшiншi орындық тұғырдан көрiнді.

Ас-жиын үстiнде сөз сөйлеген ОҚО IIО Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Сержан Оразұлы қайтыс болған по-лиция қызметкерлері мен ардагерлерді еске алып, ізгі ниеттерін білдіріп, ОҚО ІІО Ардагерлер кеңесі атынан Шардара аудандық ІІБ бастауыш ардагерлер ұйымына 200 мың теңгені материалдық көмек ретінде табыс етті.

Сөз кезегін алған Оңтүстік Қазақстан облысы ІІО Ардагерлер кеңесінің Президиум мүшесі, отставкадағы по-лиция полковнигі Е.Тоқсеитов бүгінгі игі іс-шара өткізіп отырған Шардара АІІБ-нің барлық ардагерлерінің атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, келешекте облыстағы барлық аудан-дарда осындай ауқымды жұмыстар жүргізудің қажеттілігін айтты.

О б л ы с т ы қ I I Д К а д р ж ұ м ы с ы басқармасы бастығының орынбаса-ры, полиция полковнигі А.Əмзеев, аудан əкiмiнiң орынбасары Б.Əлiпов, аудандық Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Т.Ағманов жəне 1988-1992 жылдары аудандық Ішкi iстер бөлiмiн басқарған, қазiргi таңда Қ.Ясауи атындағы Қазақ-түрiк университетiнiң профессоры, заң ғылымдарының докторы Б.Нақыпов сөз сөйлеп, өмiрден озған полиция ардагерлерi жөнiнде есте сақталған естелiктерiн айтты. Сондай-ақ, бiр топ полиция ардагерлерi, қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлерiнiң жұбайлары мен ұл-қыздары да марқұм болғандар жөнiнде естелiктер айтып, осы игiлiктi iс-шараны ұйымдастырған шардаралық полиция ардагерлерiне деген алғыс сезiмдерiн бiлдiрдi.

Зақан ТЛЕГЕНОВ,Оңтүстік Қазақстан облысы ІІО

Ардагерлер кеңесітөрағасының орынбасары

НАУРЫЗДЫҢ 24-25 АРАЛЫҒЫНДА ІІМ ТЖ КОМИТЕТІНДЕ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2016 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ» БАЙҚАУ-КОНКУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТКЕН БОЛАТЫН. АСТА-НА ҚАЛАСЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ №8 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМДЕРІНІҢ АРАСЫНАН ТОП ЖА-РЫП, ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.

Алғашқы ведомство ішіндегі кезеңде өрт депосы ғимаратының іші, өрт техни-касы, байланыс құралдары, өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық жабдықталуы бағаланған еді. Талаптарға сай немесе сай еместігі фото жəне бейне материалдар-мен расталды. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Астана қаласы Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары №8 ӨСБ қаламыздағы басқа бөлімдердің ішінде үздік танылды. Ал, бөлім бастығы, азаматтық қорғау капитаны Қайыргелді Ибраевқа «Үздік өрт сөндіру бөлімі» VII республикалық байқау-конкурсында астаналық гарнизонның намысын қорғау міндеті жүктелді.

Конкурстың екінші кезеңі нормативтік-құқықтық актілерді білу бойынша тестілеуден, қатысушылар əзірлеген рефераттарды қарастырудан, фото-

альбомдарды, бейне материалдарды, бірінші кезең бойынша бағалау ведомос-тын көруден тұрды.

Бұдан бөлек, жоғарыда келтірілген талаптарға қоса, қатысушылардың денешынықтыру дайындығын тек-серу мақсатында биылғы жылы үміткерлер өрт-құтқару спорты бойын-ша келесідей нормативтерді тапсыр-ды: оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілу, 100 метрлік кедергісі бар жолды жүгіру мен қысымды ауа аппаратын тексе-ру. Сынақтар астаналық Өрт сөндіру қызмет ін ің «Құтқарушы» спорт кешенінде қабылданды.

«Үздік өрт сөндіру бөлімі» VII республикалық байқау-конкурсының екінші қорытынды кезеңінің нəтижесі бойынша жүлделі ІІ орынға Астана қаласы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ-нің №8 ӨСБ 1274 ұпай жинап, қол жеткізді. Өрт сөндіру бөлімі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Құрмет грамота-сымен марапатталды.

Астана қаласы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ

ВОЛЕЙБОЛ

Құқық қорғаушылар волейбол алаңында

НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН «САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАЙЫҚ!» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫСТАҒЫ КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОМАНДАЛАРЫ АРА-СЫНДА «ДИНАМО» ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ ҚОҒАМЫНЫҢ СПОРТ ЗАЛЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ. СПОРТТЫҚ ДОДАҒА 11 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ.

Аталмыш жарыстың өзге жарыстардан басты ерекшелігі – алаңда команда мүшелерімен қатар департамент, əскери бөлім басшылары да ойын өрнегін көрсетті. Құқық қорғаушылардың арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат еткен бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті.

Спорттық бəсекенің қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ІІ құрама командасы иеленіп, жарыс жеңімпаздары атанды. ІІ орынды Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД қанжығасына байласа, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің І құрама командасы жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Сондай-ақ, жарыс шеңберінде үздік ойыншы, үздік қорғаушы, үздік тосқауыл қоюшы, үздік шабуылшы аталымдары бойынша үздіктер анықталды. «Үздік ойыншы» номинациясына Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінен Нұрхан Сейтасанов лайық деп танылса, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД-нің ойыншысы Қуаныш Рахат, «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінен Əбдібек Əбілпейізов, «Үздік тосқауыл қоюшы» аталымы бойынша №2019 əскери бөлімі командасының ойыншысы Нұрғали Алибеков марапатталды. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Спорттық каникул

Спорттық іс-шараға астаналық ТЖ департаментінің құрамасы да қатысқан еді. Турнирдің қорытындысы бойынша ТЖД құрамасы жалпы командалық ІІ орынға ие болды. №11 ӨСБ қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Саят Бердіғожаев турнирдің «үздік тосқауылшысы» болып танылды.

Наурыздың 26-27 күндері департаменттің құрамасы ҚазКСР құрметті ұстазы А.В.Яськовтың құрметіне орайластырылған облыстық турнирге қатысты. Спорттық додаға Ақмола облысының құрамалары қатысты. Жарыстар қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД құрамасы жалпы командалық І орынға ие болды. Турнирдің «Үздік байланыстырушысы» болып астаналық Өрт сөндіру қызметінің №5 МӨСБ қызметкері Архат Елеусізов танылды.

Ал наурыздың 26-сы күні «Алау» спорт кешенінде Спартакиада шеңберінде үстел теннисінен жарыстар өткен болатын. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Спартакиадада мемлекеттік мекемелердің 32 құрамасы бақ сынаған еді. Астаналық құтқарушылар бұл жарыстарда да жалпы командалық І орынға табан тіреді. Ал ІІ жəне ІІІ орындарға Ішкі істер департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамалары ие болды.

ТЖД құрамасының келесі қызметкерлерін ерекше атай кеткен жөн. Олар: №14 ӨСБ инспекторы, азаматтық қорғау подполковнигі Игорь Палевич, əскери жəне қызметтік дайындық бөлімшесінің аға нұсқаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сүйіндік Сарбасов, кіші инспектор, азаматтық қорғау кіші сержанты Айнагүл Жаппасова. Жарыстардың үш түрі бойынша жасалған қорытындыларға сəйкес астаналық ТЖ департаменті І орынға шықты.

Наурыздың 28-і күні аппараттық жиналыс барысында ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б.Дұзақбаев жарыстарға қатысқан спортшыларға сыйлықтар табыс етіп, жеңістерімен құттықтады.

Астана қаласы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ

Астаналық төтеншеліктер мықты

«АСТАНА» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ 14776 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ, ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ О.БИЖАНОВТЫҢ КУБОГЫНА АРНАЛЫП ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.

Page 8: Сақшы №24 (4190)

СӨЗ СОҢЫ№24 (4190), бейсенбі, 31.03.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 15120Тапсырыс: №2381

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

БАЛАМЕН ЖҰМЫС1 СӘУІР – КҮЛКІ КҮНІ

«ЖАЙДАРМАН» ПОЛИЦЕЙ Ашық есік күніЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫ САРЫКЕМЕР АУЫЛЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СТАДИОНЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ. МАҚСАТ – АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ МƏНІНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ НАЗАРЫН АУДАРУ, СОНДАЙ-АҚ, ХАЛЫҚТЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ІС-ҚИМЫЛҒА ƏЗІРЛІГІН АРТТЫРУ.

Өткізілген іс-шара мектеп оқушыларына үлкен қызығушылық тудырды жəне жағымды əсер қалдырды. Сонымен қатар, олардың назарына өрт сөндірушілердің арнайы киім-кешек пен жабдықтары, өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланатын өрт сөндіру техникалары көрсетілді. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері шəкірттерді арнайы өрт сөндіру автокөлігімен таныстырып, оларға өртке əкеп соқтыратын себептер туралы жəне өртке жол бермеу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керектігі жайлы айтып берді. Сонымен қатар, өрттерді сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды қалай пайдалану керектігін көрсетті.

Ердаулет ШОҢҒАРАЕВ,Жамбыл облысы Байзақ ауданы ТЖБ

ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ОЛИМПИАДАЛАРЫН ЖƏНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» КЛУБЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТЫП-ҮЙРЕТУ, ЖАС БАЛАЛАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ƏРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ БАУЛУ, КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛҒАН.

Өз кезегінде бұл құтқарушылар мамандығын насихаттау, ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті қызметтерінің мəртебесін арттыру болып табылады.

Жұмыс осы бағытта оқу жылына бекітілген бірлескен оқу-тəжірибелік сабақтар өткізу жоспарына сəйкес жүргізіледі. Клуб мүшелеріне өрт қауіпсіздігінің, саптық жəне өрттен құтқару дайындығының негіздері оқытылады, өрттен құтқару спорты бойынша нормативтерді орындау үйретіледі.

Қолайлы ауа райы адам бойына қуат беріп, сергітетінін ескере отырып, көктемнің алғашқы айының соңғы күндерінде клубтың жас мүшелерімен сабақтар ашық аспан астында – таза ауада өткізілді.

Оқытушылар өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию тəртібін көрсетіп, өрт сөндіруші-құтқарушының жарақтану ерекшеліктері туралы баяндады, балалар, сондай-ақ, өрт сөндіру жарақтарымен жəне техникалық жаңалықтармен танысты.

Сабақты осы тұрғыда өткізу балалардың да, оқытушылардың да оң бағасын алды. Бəлкім, болашақта осы балақайлардың бірі дəл осы құтқарушы мамандығын өміріне серік етер деп үміттенеміз.

Əлібек АБСАТОВ,Жамбыл облысы ТЖД

КӨП БАЛАЛЫ ЖƏНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНАН, СОНЫМЕН ҚАТАР, АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ СУДА ЖҮЗУГЕ ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Акцияны республикалық жедел құтқару жасағы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе өткізді. Шара «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» іс-шарасы барысында ұйымдастырылды.

28 наурыз күні Алматы қаласы Орталық жүзу бассейнінде Алматы қаласы №1 Балалар үйінің тəрбиеленушілерімен алғашқы оқу сабағы өткізілді. Оқу сабақтарын білікті маман – құтқарушылар Р.Кунаев, Л.Вербицкий жəне Д.Левченко өткізді.

ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы

Жас құтқарушылармен жұмыс

Суда жүзуге үйретуде

МАУСЫМ ҚАУПІ

ҚАЗІРГІ ТАҢДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ УАҚЫТЫ. ӨЗЕНДЕРДЕГІ МҰЗ ЖҰҚА БОЛЫП, КҮННІҢ КӨЗІМЕН ЕРИДІ, АҒЫСТЫҢ КӨМЕГІМЕН ҮШКІРЛЕНЕДІ. ОНЫҢ ҮСТІМЕН ЖҮРУ ӨТЕ ҚАУІПТІ.

Жүргізілген ТЖ талдауы көрсеткендей, соңғы бес жылда біздің ауданымыз-да мұз жарылып, суға кету бойынша жағдайлар тіркелмеген. Бірақ балалар қауіпсіздік ережесіне мəн бере қоймай, жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін қайғылы аяқталуы мүмкін.

Көктем мезгілінің кіруімен су айдындарында адам өліміне жол бермеу мақсатында ТЖБ ата-аналар мен мұғалімдерге балаларды, əсіресе, сең жүру уақытында мұз айдынына қараусыз жібермеуді ескертеді. Су тасқыны кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, олардың мұзда ойнауына тыйым салуға шақырады. Жарылған мұз, салқын су, қатты ағыс адам өміріне қауіп төндіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Ақжар ауданының ТЖБ

КӨКТЕМГІ МҰЗДАН АБАЙЛА!

Күлкі күні қарсаңында

Əкесінен таяқ жеген бала жүгіріп келіп шешесіне шағымданыпты. «Апа, біреу сіздің балаңызды ұрса, не істер едіңіз?» десе, шешесі: «Мен оның баласын ұрар едім» деген екен.

Құмырсқа мен піл үйленіп, көп өтпей піл дүние салыпты. Пілді жерлеп жатқан құмырсқа еңіреп жылап жүр дейді: «Жаным-ау, сен өлгенше мен өлсем болмас па еді?! Неге сонша ерте кеттің!? Ендігі қалған өмірімде ештеңе де істемеймін. Тек сені көмумен ғана өтемін!»

Екі тасбақа тоғайда табысып, махаббаттың бал шырынын татып, келесі жылдың дəл осы күні бəлен сағатта кездесетін болып серттесіпті. Бір жылдан кейін серттескен уақытқа еркек тасбақа екі сағат кешігіп келіпті. Сөйтсе, əлгі жерде ұрғашы тасбақа шалқасынан түсіп жатыр дейді. Еркек тасбақа кешігу себебін айтып кешірім сұрай бергенде, ұрғашы тасбақа: «Ақымақ, былтыр кеткен-де қолымнан тартып тұрғыза салсаң болмай ма!? Содан бері əлі жатырмын» деген екен.

Бекзат ЖАЛҒАСБАЕВА, Ақтөбе қаласы

ПОЛИЦИЯ КІШІ СЕРЖАНТЫ МАРАТ АЙМҰХАНОВТЫ ЖҰРТШЫЛЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ƏЗІЛКЕШІ РЕТІНДЕ ЖАҚСЫ ТАНИДЫ. 2009-2014 ЖЫЛДАРЫ АРНАУЛЫ ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫП ЖҮРГЕН АҚТӨБЕНІҢ КӨҢІЛДІ, ТАПҚЫР ЖІГІТТЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН «ЭКСПРЕСС» КОМАН-ДАСЫ ҚҰРАМЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП, ҚАЗАҚЫ ҚАЛЖЫҢМЕН КӨРЕРМЕННІҢ ЖҮРЕГІН ЖАУЛАҒАН МАРАТТЫ АҚТӨБЕЛІКТЕР ҚАЗІР КӨШЕДЕ ПОЛИЦИЯ КИІМІМЕН КӨРІП ЖҮР.

Сахнада қыз-келіншектердің обра-зын сомдаудың шебері – сырбаз жігіт бүгінде қала тыныштығын күзететін сақшы-сарбаз.

Қаз ірг і таңда Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты тұрғылықты жері мен құжаты жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнын-да қызмет ететін жас полицей Марат Аймұханов полиция қатарын күні кеше ғана толықтырғанына қарамастан, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында жас мамандардың əрбір қадамына назар аударатын Ішкі істер департаменті басшылығы тарапынан марапаттауларға да ие болып үлгеріпті.

– Полицияға қалай келдің? – де-ген біздің сұрағымызға жайдары жігіт: – Шынымды айтсам, менің ата-анам құқық қорғау саласына келгенімді қатты қалады. Менің «Жайдарманда» жүргенім жұмыс емес, қызығушылық болатын. Əрине, оның да жастарға берер тəрбиелік мəні зор. Мəселен, саламатты өмір сал-тын қалыптастыруға, азамат ретінде тəрбиелеуге, жастарды белсенділікке баулуға, қоғамдық шараларға араласуға көп септігін тигізеді. Алайда, ол тұрақты кəсіп болмағандықтан «Экспресс» көңілді тапқырлар командасының құрамындағы жігіттер қазір əр жерде еңбек етіп жүр. Оның ішінде теле-радио саласында, өнерде жүргендері де жетерлік. Сонымен қатар, полиция сапындағылар да аз емес», – дейді.

2015 жылы ішкі істер органдарына қызметке тұрған кезде темірдей тəртіпті

ту еткен əр іптестер інен өзінің бұрынғы «квэнчик» екенін жасырып ұстағаны Мараттың əлі есінде. Бір жағы ыңғайсызданып та жүрген. Бірақ, 1 сəуір күні орын алған бір оқиға Мараттың бұрынғы кəсібін əшкере еткен еді.

«Менің алғаш полицияға к е л і п , а т а ғ ы м д ы а л ы п , т əл ім герлерд ің қасында к ө ш е д е п а т р у л ь д і к кезекшілікте жүрген кезім. Во к зал маңында тыйым салынған жерге автокөлігін қойып жатқан жігітті көрдік. Ол кезде су жаңа полицей формасын енді киіп жүрген

едім. Жақындап келіп өзімді таныс-тырып, көлігін алу қажеттігін айтып жатсам, əлгі жігіт аңтарылып қарап қалыпты. Сөйтсем, ол өзімнің мектепте бірге оқыған сыныптасым болып шықты. Ол мені бірден танып, таңғалғаны ғой. Өзіңіз ойлаңызшы, қалжыңы жарасқан құрдастар. Күлкі күні. Біз бала кезден бір-бірімізді алдап жүретінбіз. Содан ол 20 минут бойы менің полицей екеніме сенбей, əдейі ұйымдастырған əзіл деп ойлады. Сыныптасым əзілдеп мені жұлқылап қояды, ауызы да жабылар емес. Тəлімгерім аң-таң. Осы жер-де сыныптасына қанша ымдағаныма қарамастан, ол менің жайдарманшы екенімді айтып салды» – деп əлі күнге

дейін күліп еске алады. Осыдан кейін басшылық кіші сержант Аймұхановтың тапқырлығын корпоративті мақсатқа пайдалана бастаған.

« Б і р к ү н і м е н і І ш к і і с т е р басқармасына шұғыл шақыртып жатқаны туралы хабар алдым . Бөлім басшысы, полиция майоры Н.Ізбасаров маған республикалық деңгейде өтетін «Парасатты поли-цей» байқауына қатысатынымды айтқанында, бірден келісімімді бердім» – дейді М.Аймұханов.

Р е с п у б л и к а н ы ң п о л и ц е й л е р і а р а с ы н д а ғ ы е ң б е д е л і м ы қ т ы «Парасатты полицей» байқауында А қ т ө б е о б л ы с т ы қ І ш к і і с т е р департаменті командасының құрамында үздік өнер көрсетіп, сахнаның сəні болған жас полицей М.Аймұхановтың командасы 20 бəсекелестің ішінен су-ырылып шығып, жүлдел 2-орынға ие болған. Жылына бір рет мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру мақсатында өткізілетін осы өнер байқауында жас жігіт Ішкі істер министрінің дипломымен марапатталған.

Айтпақшы, осы байқауға қатысқанда полиция қатарына келгеніне бас-аяғы

5 ай ғана өткен жаңа полицейді емес, 5 жыл бойы «Жайдарманда» ойнаған əзілкешті таныған өзге өңірлердің сақшылары байқау басталмас бұрын «Ақтөбе полицейді емес, дайын əзілкешті əкеліпті. Байқау шартына сəйкес оған тек полицейлер қатысуы тиіс» деп алғашқыда наразылықтарын білдірген екен. Бірақ, оның сақшы екеніне көз жеткізгеннен кейін, оны жеңісімен құттықтап, арқасынан қағыпты.

Ел тыныштығын күзете жүр іп , мерекелік концерттерде сақшылардың сахнасында əзілден шашу шашудан жалықпайтын кіші сержант Аймұханов өзінің мамандығын мақтан тұтатын белсенді де жауапты маман.