310

 · ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз-5 Д-90 Кітап Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бө

  • Upload
    others

  • View
    48

  • Download
    1

Embed Size (px)

Citation preview

ӘОЖ 821.512.122

КБЖ 84 Қаз-5

Д-90

Кітап Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің қолдауымен

жарық көрді.

Жоба жетекшісі - Қанат Жанділдаұлы ТӨЛЕШ.

Ақыннык мұраларын жинап, баспаға ұсынған -

Жайна Шынболатқызы ДІЛДЕБАЕВА.

Ділдебаев Ш.

Д-90 Шындык,:Өлеңдер. Арнаулар/Шынболат Ділдебаев. Алматы:

«Мерей» баспасы, 2017. 312- бет.

ISBN 978-601-7478-57-5

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Сәтбаев, Ақтөбе

қалаларының және Қызылорда облысы Шиелi ауданыньң Құрметті азаматы,

ақын, жыршы, термеші Шынболат Ділдебаевтың жаңа жыр жинағына бұған

дейін жарык көрген «Кенші сыры», «Жылжиды жырлар», «Тасжарған гүл»

кітаптарындағы өлеңдері, толғау-термелері, айтыстары және бұрын

жарияланбаған өлеңдері, әндері eніп отыр. Кітап «Сөйле, тілім, алаңдама,

тартынба!» және «Өлмес өлең болып қалдың халқыңда!» атты eкi бөлімнен

тұрады.

Автордың әдеби мұрасы оқырмандарына елдің Тәуелсіздігін қадірлеуге,

Отанды, туған жерді сүюге үндейді. Кеншілердің өмipi, отбасыньң бipлiгі,

мөлдір махаббат, таза табиғат-ақын жырларының негізгі арқауы болып

табылады.

ЭОЖ 821.512.122

КБЖ 84 Каз-5

ISBN 978-601-7478-57-5 © Ділдебаев Ш.2017

© «Мерей» баспасы, 2017

Алғы сөз

Шындығыңа шырай берген - ШЫНБОЛАТ

Қолдарыңыздағы «Шындық» жыр жинағы ұлтымыздың мақтанышына

айналған арналы ақын, жыршы, термеші Шынболат Ділдебаевтың

таңдамалы кітабы. Жинақ «Сөйле тілім, алаңдама, тартынба!» және «Өлмес

өлең болып қалдың халқыңда!» деген eкi бөлімнен тұрады. Алғашқы

бөлімінде сонау 1964 жылы қағазға түскен тұңғыш өлең шумақтарынан күні

кешегі толысып кемелденген кезеңнің айшығы басылған адуынды жырлары

алдыңыздан шығады. Екінші бөлімде ақын өмірден өткеннен кейінгі

замандас сөз зергерлері мен шәкірттерінің бүкпесіз ақтарылған арнаулары

мен жоқтаулары сап түзепті. Шынболат десек Шындық, Шындық десек,

Шынболат көз алдымызға келетін болғалы қашан! Оның аты табиғи түрде

ақындардың мөpiнe айналып, өршіл өлең мен ұрымтал сөздің найзағайы

секілді қазақ аспанында от қамшыдай жарқылдап тұр. Көрнекті қоғам

қайраткері, танымал ақын Кәкімбек Салықов «Халқым кезінде мені «кенші

ақын» деп атап кетті. Құдайға шүкір, кенші ақын-інілерім де баршылық.

Соның көш басында Шынболат Ділдебаев тұр. Шынболат қазақ атамыз

сүйетін шын ақын, заманның әр ағзасына пікip қозғайтын қарақылды

қақжарғыш шыншыл ақын» деп өз бағасын 6epiп кеткен еді. Шынболат

Ділдебаев өзi туралы жыр толғауларының бірінде!

- Жырлап тұрған бұл жырды,

Десеңіздер кім болад?

Бұл кәдімгі кенші ақын,

Сырда туып, Қырда өскен,

Жезқазғандық Шынболат - деп еркін дауысымен даламызға естірте үн

қатқаны белгілі.

Жалындаған жастық шағында жеті қат жер астында кен қазып, тас

бұрғылады. Әр таңы сынға толы тіршілікте жасқануды білмейтін

Шынболаттың мінезі отты өлеңдерінен де көрінді. Құл - Қожахмет Яссауи

бабамыздың «қылуеті» секілді терең жер асты сірескен жартастар мен

кұмқиыршықтарына алмас ұшты болатты тipeп, гүрілдеген мотор

дауысының қасында ойына келген жыр жолдарын

5

Шынболат Ділдебаев

Шынболат Ділдебаевжадына сақтаған cәттepi оны айрықша күйге бөледі.

Кеште электрдің жарығында сыртылдатып қағазга түcipce, кейбіреулері

жазылмай, сызылмай - ақ санада сақталып, кeзi келген ортада ән болып

шырқалып, терме болып төгілетін. Тереңде кен қазу мен жарықта өлең

жазудың азабы да, атқарар міндеті де 6ip секілді. Мінезі қайсар, қайраты

қаптал, cөзі мірдің оғындай, ақ алмастың жүзіндей Шынболаттың өмipi

аңыз бен ақиқаттың арасында өтіп жататын.

Жезқазған өңірінде қызмет етіп жүргенімде ағамызбен 6ipгe жүрдік.

Кекшетау, Қызылжар, Ақтөбе бағытында үзеңгі жолдас болу нәciп

болды. Сапарлас болдық, дәмдес болдық, пікірлес, үндес болдық.

Арқаның даласында қатар жүріп ақындық өнердің, сал - серілердің арғы

6epгi тарихынан сөз қозғайтын едік. Болмыс - бітімі бөлек, сөйлесе

мүдірмейтін шешен, домбыра алса көмейіне бұлбұл ұя салған,

құйқылжыта арындайтын әншi, eкпінi мен ырғағы шымдай байланған

тepмешілігі күллі әлемді ұмыттырып ұйығына батырушы еді.. Кемейінен

шыққан жентек-жентек сөз тасқыны алпыс eкi тамырыңды қуалап,

арқанды шымырлататын, Оның өз бояуымен қалыптасқан толғауы тоқсан

әуені қазақ даласын шарлап кететін. Ырғағында жағымды жылылык,

мейірлі сезім, асқақ рух қатар жататын, кезі келгенде құйғытып,

екпіндейтін, қажет болғанда қадап-қадап тұрып қаныңды қайнататын,

жарығы жүрекке жетіп, шымыр-шымыр бойға сіңетін...

Бiз Біржан сал, Ақан сepi, Мәди, Үкілі Ыбырай, арынды Әсеттердің

замандасы болғанымыз жоқ. Өмipi ғажайып сұлу өткен ақын-жырау, сал-

серілерді көзімізбен көргеніміз жоқ. Алайда, тамыры тартылмаған аға

буынның, бізге жеткен жалғасын байқадық, қарқыны бәсеңдемеген

тұлпарлардың тұяғын көрдік. Меніңше, ол ықылым заманның ізін 6iзгe

жеткізген нақ осы Шынболат Ділдебаев. Өйткені, 6ip басында ақындық,

әншілік, күйшілік, айтқыштық, батылдық қатар табыла беретін берен

батырлар осындай-ақ болар!.. Ғасырлардың қатпарынан қаннан қанға

өтіп, рухымыздан жаңылмай орын тауып отырған киелі өнер 6iзгe

Шынболат болып шымырлады, Шынболат боп шырқалды. Мінеки,

ағамызбен қатар жүрген шақтар туралы ойласам, жүрекке осындай

сағынышқа толы күй келеді, қимастық сезімдер көңілді тербейді.

6

ШынболатДілдебаевөзіне дейінгі барша ақын - жыраулар мен сал-

серілерді жақсы біліп өсті. Ол осы қатардан өзін де тапты, eciмін сол тізімге

нық орнықтырды. Оның өлеңдерінен Ұлытау одан әpi асқақтай бой көтеріп,

Жезқазған жазирасы сағымданып жатты. Жырларын оқи бастасаң осынау

ғажайып өлкенің әр түйір тасы мен әр тал шөбi сөйлеп тұрғандай болады.

Оның үнi шопанның шалғай ауылынан, кеншілердің шахтасынан, жұрт

жиналған мәдениет сарайларынан екпіндей ecілiп, желдей тарап жататын.

Хакім Абай «Тыңда мені Тобықты» депбастаса, Жамбылжәкем « Тыңда

Қастек, Қаскелең! » дептолғап, аядай ауылдан күллі қазақ даласына

дауыстарын жеткізгенін білеміз. Талант деген тағдырлы жаратылыстың сөзі

де бөлек, өзi де белек болады екен ғой. Дәл сол бабалары тәрізді Шынболат

та төрт тарапқа «Төртіншіден » танылды. Біздің бұл ойымызды Шынболат

ағасына арнауында Амангелді Бұқар бауырымыз :

«Қос ананы - Сыр мен Қырды тел емген,

Жырдажазды, кендеқазды тереңнен,

«Төртіншіден» төрт тарапқа танылып,

Алтыалаштың алғысына бөленген» деп, өлең тілімен тамаша жеткізе

білген екен.

1990 жылы 13 қыркүйекте Никольск қаласына халқымыздың бipтyap ұлы,

геолог Қаныш Сәтбаевтың eciмi берілгенде «Ортаға қала болып ұлың келді»

депжарсалып, биікмінбеденШынболаттың үні естілген еді. Шынболат Көкен

Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, Манап Көкенов секілді аты белгілі

ақындармен тізe қосып, сөз жарыстырып, айтыстың төрінен де табылды.

-Арнайынтуған жерге жалынды жыр,

Жақсы мен жайсаңдарым жанымда жүр.

Қожабай, Болман, Тайжан, Шашубайдың,

Өнepi мына менің қанымда жүр,-деп толғайтыны да сондықтан

болатын. Te6iнісіп бетпе-бет келген тартыстарда, тақымдасқан додаларда

тайсалмай турасынан салып, шабыт деген жүйрікке қамшы басатын

Шынболаттың:

-Жанымнынқиянаттық eтпeci бар,

Етімненкажетболса, еткeciп ал.

ТілімбарМахамбеттің найзасындай,

Пендемін, бүйрек бауыр, өкпeci бар - деп асқақ

үн, тегеурінді екпін, қуатты жырымен әpiптeciнe арынын

аңғартып, қусыра шабуылдайтын шақтары көп еді «Етімнен

7

Шынболат Ділдебаев

ет кeciп ал» деп былқ етпейтін шыдамдылық пен қайсар мінез болат

бойынан атылып шығып, Махамбеттің найзасы болып күнге шағылысады.

Сөйте тұра, кәдiмгi қарапайым адам екенін «бүйрек, бауыр, өкпeci барын»

ескертеді. Бұл шумақтан ақын бейнесі сомдалып, айтыскерлік тапқырлығы

танылады. Құрсауды бұзып - жарып өтетін бетқаратпас қаһарлы шабуыл

өлең өрнегінен көpiніс табады.

Тәуелсіздіктің елең-алаңында екіленбей жыр толғаған Шынболаттың

шырқыраған үнi қазақ даласын кернеп кетті.

«Иманынды, дініңді,

Қайтып берсе тіліңді,

Айт деп тұрған заманда,

Шығармасаң үніңді,

Күндеп 6ipiң-6ipiңді,

Болып жатсаң жырынды,

Он миллион ел болып,

Біле алмасаң құныңды,

Көре алмасаң күніңді,

Өз обалың өзіңе!» - деп төкпелейтін жыр жолдары ақында өте көп.

Біздің тіліміз бен дінімізді жарқыратып, бабалар жолын ұстануымызға

бүгінде еш кедергі жоқ. Ендеше мәселенің тү6ipi өзімізде екенін көреген

ақын көптен бұрын болжайды. «Өз обалың өзіңе!» деп қатты ескертіп, өзегін

күйдірген өкінішін сездіреді.

«Бұл жырларым біреулерге жақпайды,

Ал біреулер шындық қой деп мақтайды.

Зұлымдығы шырылдатса жанымды,

Ұлылық кеп 6ip күн өзi ақтайды».

Ақын тағдыры бірыңғай түзу өтті деп айта алмаймыз, оның кедір-бұдыр

кедергіге кездескен кездері де аз емес. Сол себепті «Ұлылық кеп 6ip күні өзi

ақтайды» деп нық сеніммен жырына қосты. Сондай күннің болғанын, әр

қазақтың жүрегіне жеткен асыл сөз, әдемі мәнерін мойындады. Намысты

қамшылап, рухынды асқақтататын мінезді ақынды сөйлесе кеткен екінің 6ipi

толғай жөнеледі. Жолымыз түciп, бірде Қытай еліне сапарлап қайтқанымыз

бар. Сондағы қаракөз қандастарымызбен сырласып отырған сәттердің

бірінде Шынболат Ділдебаевтың аты аталды. Құлақтары елеңдеп, көздері

нұрланған бауырларымыз сүйіспеншілікке толы лебіздерін шетінен ортаға

салудан жалықпады. «Америка, Түркияға, Қытайға, Жетіскеннен

8

Шындық

шашылдық па тарыдай!» деп мұңдана зар запыран ақтаратын әйгілі

«Шындық» толғауын бімейтіндер кемде-кем екен. Шынболаттың үні

қазақтар өмip сүретін өлкенің бәрінде естіледі. Сол ырғақ, сол екпінмен жыр

толғап, айтысқа түсіп жүрген шәкірттер қаншама?!

«Сөйле, тілім, алаңдама тартынба,

Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!

Қалай ғана өмip сүрдім дей алам,

Бip ауыз сөз қалмаған соң артымда!» деп басталып, 6ip ойдан 6ip

ойды асырып, дүбірлеген тұлпар шабыспен, арқыраған тау өзеніндей

басымызда бар, бойымызға мін болып тұрған «ауруларымызды» атап

көрсетіп, өмірдің шындығын, өзіміздің шындығымызды шырылдап тұрып

нөсерлетеді. Өлеңді осылайша тасқындатып әкеліп:

-Айтатұғын атты 6үгiн ақ таңдар,

Бәрін 6ipey береді деп жатпандар.

Бip қазақты үшке бөліп бүлінбей,

Қайран елім, бірлігіңді сақтаңдар! -деген тұжырыммен нүктесін

қояды.

Қазақ халқы оның жазған жүздеген жырларының бәрін біле бермесе де,

осы 6ip «Шындық» толғауын жазбай таниды. Акынның бағын жандырып,

бақытын асырған да осы тектес шындықтың шырылы, ақиқаттың ауылы

болатын.

-Заманыңды өтсең батпас таң қылып,

Біліміңді жақсаң өшпес шам қылып.

Ұрпағына қалса айтарлық 6ip сөзің,

Сол ғой шipкін, өлмегенің мәңгілік- деп, бар өнер иесінің арман-тілегін,

мұрат-мақсатын төрт жолға сыйдырып кеткен ақынға, «Өнердің мәңгілік

көш-керуеніне Ciз де қосылдыңыз, Шынболат Дiлдeбaeв!» десек, еш

қателеспейміз.

Ғалым Жайлыбай,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріХалықаралық «Алаш»

сыйлыгының ueгepi.

9

Аяулы інім, Шынболат! Сен шын мәнінде бұл бейбастақ сойқан заманның

бүгінгі Бұхар жырауысың. Сен өзіңнің әділет аңсауыңмен, шыншылдығыңмен,

бетқаратпас қайсарлығыңмен, адамгершілік парасаттылығыңмен, жыршылық

мәнеріңмен қазақ өнерінің аспандап тұрған жұлдыздарының ең жарқырап көзге

mүcepicің! Сенің атыңды қойған адамның meгiн адам емес екені де көңілге

ризашылық ұялатады. Денің сау болып, асқақтата үніңді ecmipme бер!» Қасым ҚАЙСЕНОВ,

Қазақстанның Халық Қаһарманы.

«Адамның денесіне жара шықса дәрігерлер емдейді. Ал, қоғамдағы жараны

кімге емдетеміз? Шындықты айту оңай емес. Ол бәрімізге бірдей жаға

бермейді. Оны Махамбет, Ақтамберді, мына Шынболат сияқты шыншыл

ақындар ғана айта алады...»

Шерхан MҰPTA3A,

Қазақстанның Халық жазушысы.

«Халқым кезінде мені «Кенші ақын» деп атап кетті. Құдайға шүкip, кенші

ақын інілерім де баршылық. Соның көш басында Шынболат Ділдебаев тұр».

Кәкімбек САЛЫҚОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жезқазған, Көкшетау, Сәтбаев қалаларының

Құрметті азаматы.

«Міржақып Дулатовтың «Оян,қазақ!» жырынан кейін батыл да, ашық

айтылған ащы жыр ол - Шынболаттың «Шындық» толғауы болды. Аз ғана

уақыттың iшiндe бұл жыр алыс шетелдерге тарап кemmi».

Бүркіт ЫСҚАҚОВ,

ақын.

«Ең алғашқы ғарышқа Юрий Гагарин ұшқан күні халқымыздың ардақты

ұлы Олжас Сулейменовтің «Адамға табын, Жер енді» деген отты өлеңі бүкіл

әлемді шарлап, ақынды алгаш халыққа танытқан eді. Ал, Шынболаттың

«ШЫНДЫҚ» туралы толғауы жариялылықтың алғашқы дауылпазындай жер

бетіндегі бар қазақты дүр сілкіндірді».

Мүсілім ТОҚТАМЫСҰЛЫ,

ҚР Мемлекеттік сыйлыгыныц лауреаты,

техника ғылымыныц кандидаты.

10

11

Шынболат Ділдебаев

ЖҮРЕГІМ

Ғазиз жүрек, ұшқыр қиял

Бар әлемді кезетін.

Жақсыны да, жаманды да

Жалғыз сенсің сезетін.

Кейде нәзік гүл секілді,

Кейде болып темірдей,

Кейде қызып, кейде суып,

Барлығына төзетін.

Кейде тасып шарықтатып,

Сыйғызбайсың жер-көкке.

Сенен де асып ондай кезде,

Ентігеді қос өкпе.

Әнге бөлеп енді бірде,

Тебірентесің жанымды.

Кейде жасып, жабырқатып

Мазалайсың құр текке.

Сенсіз дүние көңілді емес,

Өмір де емес білемін.

Еркін соғып ұстап тұрсың,

Бар тipшілік тipeгін.

Өмір, өлең, бақыт үшін,

Лүпілдеген дамылсыз,

Қандай ғана асыл заттан,

Жаралғансың, жүрегім.

Жұдырықтай жүрегім бар,

Дұшпанға қара қазандай.

Жұдырықтай жүрегім бар,

Достарға кызған базардай.

Базар десең, қызығын көр,

Қазан десең, шыжығын көр,

Ашықпын барлық адамға-ай.

1964.

12

Шындық

КЕУДЕМДЕ САРЫАРҚАНЫҢ САМАЛЫ БАР

Найманның iшiндегі Ақтазы едім,

Суындай Тасбұлақтың тап-таза едім.

Атамыз кешегі өткен Ахмет ишан,

Тау болсам Гималай мен Кавказ едім.

Жайлаған Сарыарқаның қия белін,

Жайқалған Байқоңырдың кияғы едім.

Keшeгi палуан Тіней Ділдебайдың,

Артында қалған жалғыз тұяғы едім,

Арнайын туған жерге жалынды жыр,

Жақсы мен жайсаңдарым жанымда жүр.

Қожабай, Болман,Тайжан, Шашубайдың,

Өнepi мына менің қанымда жүр.

Құятын әр6ip cөзi жаныма нұр,

Халкымның қастерлеймін асылдарын.

Солардың iзін қуып ойын-тойда,

Диірменнің дөңгелеген тасындаймын.

Барымды, жоғымды да жасырмаймын,

Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.

Кеткенде күйім шалқып, әнім тасып,

Жүргендей сезінемін қасында айдың.

Жайлаған өн бойымды қазақ әні,

Айтатын алда жатыр ғажабы әлі.

«Қайткенде халкыма көп беремін» деп,

Тасиды тамырымньң таза қаны.

Кеудемде Сарыарқаның самалы бар,

Тасқындап тау қопарар талабым бар.

Жақсыға жаным жайлау, құшақ ашық,

Жаманға алынбайтын қамалым бар.

Жанымның қиянаттық eтпеci бар,

Етімнен қажет болса ет кeciп ал.

Тілім бар Махамбеттің найзасындай,

Пендемін бүйрек, бауыр, өкпeci бар.

13

Шынболат Ділдебаев

Сырым бар жасықтарға алдырмаған,

Ғашықтарды тербетіп салдым мың ән.

«Өнердің азды-көптi арқасында»,

Қадірлеп халқым тойдан қалдырмаған.

Домбырам, ceнi тағы қолға алайын.

«Eлім» деп, ертелі –кеш толғанайын.

Қасықтай өнерімді қадірлеген,

Елім бар ардақтайтын, айналайын.

14

Шындық

СҮЙЕМ

Елімді сүйем, жерімді сүйем расым,

Өзенін, тауын, көлдepiн, жылға, жырасын.

Қасиетін ұтып, кадірлеп көкке көтерем,

Атынан түспей қалдырған бабам мұрасын.

Қияға көз сап, алысқа сермеп құлашын,

Дегендей cipә, қайратымды ұрпақ сынасын.

Қажымас күшін, қасиетін, iciн ұғасың,

Бәріне тәубе, бәріне шүкір қыласың.

Тауларым асқақ, көлдерім шалқар болмаса,

Ақ ұлпа тұнып, аспанды сұр бұлт торласа.

Жайраңдап жүріп, жарқылдап күле алмаспын,

Жеріме жаһұт, еліме бақыт қонбаса.

Көтеріп көкке, бабамның, туын қолдағы,

Мен емес жабың қалатын орта жолдағы.

Аласапыран күн туғанда да әйтеуір,

Арыма дақты түсірмей өтсем болғаны.

15

Шынболат Ділдебаев

ҚАЗАҒЫМ

Қазағым айтқан сөзге тоқтаған ел,

Тәттісі қонағына сақтаған ел.

Осынау ұлан байтақ кең далаға,

Бip түрме, бip қонақ үй соқпаған ел.

Қонақтан жамбасақы алмаған ел,

Салмағын ешкімге де салмаған ел.

Кіммен дос болу жағын білмей қалып,

Бұл күнде бас бармағын шайнаған ел.

Баласы батаменен көгереді,

Тербеген 6eciгiнeн ән-өлеңі.

Өлтірсе сөзбен ғана өлтіретін,

Пушкici, пулеметi жоқ ел еді

Қазағым мал өcipген тоқ ел еді,

Бұл күнде кезек күтіп, бөгеледі.

Әйтеуір, білетінім бip-aқ, нәрсе,

Пейілі қашаннан да кең ел еді ...

...Барады кейін қалып нашар күндер,

Құдайым пейіліне берер енді

16

Шындық

ҚАЗАҚТАР МЕН ҚАЗАКТАР

Көп жайлар бүгін мені мұңайтады,

Шынболат шама келсе шын айтады.

Төле би, Бұхар жырау жоқ қой бүгін,

Шырылдап мен айтпасам кім айтады ?

Ой да бар менде жігер, қайрат та бар,

Кез келді өзімді бip қайрап қалар.

Қай күні сорым менің қайнап қалар,

Қызыл тіл oғaн дейін сайрап қалар.

Бұл күнде тойын тойлап қазақ жатыр,

Жайықта әскер жинап казак жатыр.

Халқым-ай, барлап бәрін білмейсің ғой,

Алдыңда әлі қанша азап жатыр?

Қазағым, аңқаулықты қоймайсың ба?

Сөзімнің тереңіне бойлайсың ба?

Қарабах, Балтықтағы қанды қырғын

Жайықта болмайды деп ойлайсың ба?

Kiм кепіл аласапыран жетпесіне,

Қазақтың кім қарайды өкпесіне.

Кім кепіл қара ормандай қалың нөпір,

Бip күні басып-жаншып кетпесіне?

«Жауға шап» деп тұрғам жоқ аттан салып

Дегенмен, қоймаған жөн тайраңдатып.

Төбеден қайта таяқ ойнатпасын,

Көсемін көрден алып жатқан халық.

Озбырлап Желтоқсанда қырған жоқ па?

Ит қосып, күрекпенен ұрған жоқ па?

Сүйрелеп аруларды бұрымынан,

Лақтырып тастады ғой мұздай қарға.

Біз қалай ұмытамыз сойқанды сол?

Жайықта қазақ неге жинайды қол?

Қазақтың осынысын көрген Қазақ,

Бәріне бұрынғыдан бекемдеу бол!

17

ШЫНДЫҚ

Сөйле,

Тілім,

Алаңдама, тартынба,

Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!

Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,

Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!

Заман қалай,

Адам қалай өзгерді,

Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.

Арың менен ақиқаттың алдында,

Шындықты айтып,

Шыңғыратын кез келді.

Айтса нанар сенгіш халық едік қой,

Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарын

О, ғаламат,

«Халық жауы» дедік қой!

Күні болған қазағымның сорлаған,

Қасіреттің қара бұлты торлаған.

Ешқашанда тарихымда даламның,

Кешегідей бұрыс кету болмаған!

Сеніп өскен халық едік малына,

Малын алса,

Қайтсін халық налымай?!

Америка,

Түркияға,

Қытайға,

Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?

Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,

Ағайыннан алыс кетті арамыз.

Үш миллион

Аштан өлген жарамыз,

Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?

Шұбар ала болып кетті тілдерің,

Айтатұғын келді бүгін күндерің.

18

Тілің кетсе күнің қоса кетерін,

Қайран елім, қалай ғана білмедің?

Орысшаға орыстарды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң,

Байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!

Ауруың бірте - бірте асқынған,

Қара ниет асып кеттік қасқырдан.

Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,

Ата - анасын интернатқа тапсырған.

Өкініштен өксігімді баса алмай,

Айту қиын ойлы көзге жас алмай.

Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед,

Қазір қалдық бір әйелден аса алмай.

Азаматтар қол бастайтын қаһарман,

Алкогольдің арбауына шатылған,

Бұл заманның

Қобыланды мен Қамбары,

Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.

Бабамыздың биігінен аспадық,

Құдай,

Дінді таза жауып тастадық.

Маскүнем боп ұлың түгіл қыздарың,

Ол аз болса наша шеге бастадық.

Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,

Қанша сәби өлді улы дәріден.

Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,

Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.

Қайдасыңдар,

Азаматым,

Арысым,

Қайда кетті, қасиетті намысың?

Адам түгіл шырылдаған торғай да,

Жанын пида етушіеді бала үшін?!

Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,

Жұрдай болдық 19

Қайран баба салтынан.

Қасиетті қыздарымның қылығы,

Арал болып , Балқаш болып сарқылған!

Миымызға өрмекші тор құрған ба?!

Көрсоқыр ғып Құдай таза ұрған ба?!

Қаракөздер, кімге ғашық болдыңдар,

Өз батырың,

Өз арысың тұрғанда!

Намыс қайда,

Ұят қайда,

Ар қайда?

Оның бәрі қалғаны ма шалғайда?

Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,

Шала естілеу,

Мәңгүрт болып қалмай ма?

Дұрыс болмай замананың жетегі,

Еңіреген ердің толды етегі.

Осылардың бәрін қосып ойласам,

Бас айналып,

Көз бұлдырып кетеді.

Күнім туды ағымнан бір жарылар,

Қайран елім,

Сорың енді арылар.

Шыдаушы еңдер,

Шыдаңдаршы,

Шырылдап,

Шындық жайлы айтатыным тағы бар.

Туған елдің қазынасының бәрін ап,

Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!

Полигон боп

Абай, Мұхтар жүрген жер,

Атом неге тек Семейде жарылад?!

Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,

Кімнің қандай ала - алмаған өші бар?

Елсіз –күнсіз Тундралар жатқанда,

Сары алтындай,

Сарыөзекте несі бар? 20

Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,

Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,

Кімге керек жал мен жая жегенің,

Бауырларың қылтамақ боп жатқанда!

Бауырларымыз,

Жанымыз бір кемеде,

Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!

Лермонтов пен Пушкинді атқан жандарға,

Абай деген,

Семей деген немене ?!

Қайран далам,

Өр төсіңе нұр тұнған,

Қырандайсың, қанатыңнан қырқылған.

Мал өрісің,

Аң мен құсың жоқ болды,

Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!

Кереку мен Қызылжар еді мақтаным,

Ұмыттық қой Ақмоланың аттарын.

Орысша боп адам түгіл қалаң да,

Байқайсың ба, қайда бара жатқанын?

Оқымаған биікте тұр бабамыз,

Оқыдық қой:

Неге саяз санамыз?

Асқынды ғой,

Асқынды ғой жарамыз.

Ей, бауырлар,

Қайда кетіп барамыз?

Асқар тауым,

Ақыл ойым, қорғаным,

Есіңді жый,

Ешкімге жем болмағын.

Есіл ерлер, ертеңді де ойлаңдар,

Кімге керек бес күн жақсы болғаның.

Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,

Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.

Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,

Қайран елім,

Бірлігіңді сақтаңдар!..

21

Шынболат Ділдебаев

ШАРЫҚТАУ.ДҰРЫСЫ МЕН БҰРЫСЫ

Құпия сырлар нелер бip ғажап ашылды,

Жер-Ана бүгін адамға келіп бас ұрды.

Ғаламат мына әлемді тұрған таңғалтып,

Барымды бүкпей жырлайын заман-ғасырды.

Азғана қалды ғасырға жаңа жетуге,

Ғылымның бүгін көп icкe қолы жетуде.

Ғарышқа қойып жүздеген жердің cepiгiн,

Бәpi де соның адамға кызмет етуде

Дәл мұндай күні қиялдап өткен атамыз,

Жаз етіп қысты, қыс етіп жазды жатамыз.

Шілдеде шыжып, балмұздақ жесе балалар,

Қақаған қыста алманың дәмін татамыз.

Ғарыштан өтіп, Марсқа жеттік самғатып,

Адамның мыйы адамды жүр ғой таңғалтып.

Хабарды бepiп, жұлдыздарға да жатырмыз.

Tipшілік барын Планетамызда аңғартып.

Мұхиттың бетін тілгілеп алып кемелер,

Полюске жеткен ерлерге кім бар теңелер?

Айыңа барып, асыр сап қайтқан адамдар,

Шолпанға барып қоныпты десе сене бер.

Ғылымның күшін болмайды қазір шектеуге,

Жасаған соны шыны көз ғалым - бос кеуде.

Тауыңды бұзып, тасыңды жарып, қақыратып,

Келтірмей жатыр Жер-Ана тілін «жоқ» деуге.

Бар кенді қазып, аңдарды атып, тауысты.

Лас ауадан адамның eci ауысты.

Құлағын бітеп, таскерең болған ғалымдар,

Естімей жатыр жанайқай, ащы дауысты.

Теңіз де, көл де, шөл болды суы сарқылып,

Аурулар саны жылма-жыл жатыр артылып.

Осының бәрін көзбенен көріп тұрса да,

«Мықтылар» одан тұрған жоқ әзip тартынып.

22

Шындық

Сілкініп жерім, ай менен күнім тұтылды.

Ғалымдар ecciз бес күндік баққа құтырды.

Әлемнің асыл бермесін тартып алам деп,

Жүзінен ұтып, мыңынан мықтап ұтылды.

Окушым, айтшы жанымды қайда қоя алам?

Қарама-қарсы дүниені көpіп, ой-алаң.

Жер - Ана жатыр ыңыранып, жылап,

соны ecтiп,

Малынып, терге түсімнен шошып оянам.

23

Шынболат Ділдебаев

ҰЛЫЛЫҚ ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚ

Артқа тастап, өмірдің сан белесін,

Тіршіліктің түзу ұстап, кемесін.

Жүзіп келем ашық аспан астында,

Білмейтін жұрт не десе де, о десін.

Бар өмірді елмен бipгe өткердім,

Жақсыны да, жаманды да көп көрдім.

Көзбен көрген ақиқатты айтатын,

Жағасына келіп тұрмын өткелдің.

Мен емеспін тәтті сөйлеп, жылмандар,

Жалған айтсам аяушылық қылмаңдар.

Бар шындықты айтып едім, тағы айтам,

Құлақ салсын ел басында тұрғандар.

Мынау жастар салсын жүрек, мұз кеуде,

Сен деп сөйлер, жарамайды сіз деуге.

Темекімен ыстап балғын денесін.

Бар бақытын у шараптан іздеуде.

Мақсат қылмай 6ip биікке жетуге,

Алтын уакыт бостан-босқа өтуде.

Жаның ашып, айтсаң сөздің ашығын,

Дайын тұрар жұлқыласа кетуге.

Қарапайым қазақ қызы қылыкты,

«Эротика» көpiп әбден былықты.

Өзге түгіл өз басын ап жүре алмай,

ПАРЫЗ, ҚАРЫЗ дегенді ұрпақ ұмытты.

Ойда жоқта бiз тыққандай денеме,

Мына жайды айтсам адам сене ме?

Өз баласын сатып жүрген жан көрдім,

Масқара емей, сұмдық емей немене?

Момындар жүр тиындарын есептеп,

Қулары жүр кімдерді алдап, жесек деп.

Қарақылды қақ жаратын билерің,

Kepiciнше пара алады кесектеп.

24

Шындық

Қазағыма таң боп атқан арайлы,

Кім сыйлады Мұқағали, Абайды?

Қaзip де сол өзгерген жоқ, титтей де,

Қанаттылар қалталыға қарайды.

Ұлылығың болып бүгін шерменде,

Зұлымдыққа тиіпті орын төрден кеп.

Сәбилер жүр қолын жайып көшеде,

Бұл өмipгe нан сұрауға келген бе?

Қу мен сұмдар сыбайласып, 6ipiгiп,

Зұлымдықтың отына жүр жылынып.

Жұмыссыздық, кici өлтipy, ел тонау,

Елдің iшi бара жатыр бүлініп.

Ақыл, ойлар басталғанда ластана,

Шындьқты да айта алмайсың жасқана.

Бар әлемді таңдандырған Одақты,

Бip-ақ адам быт-шыт қылды, масқара.

Нарық бізгe бола алмай тұр мұрындық,

Қараңғы бip тұйыққа кеп ұрындық,

Ұлылық кеп нұр-сәулесін шашқанша,

Істейтінін істеп тынар Зұлымдық.

Жүріп келем соның бәрін аңғарып,

Ұлылық пен Зұлымдыққа таң қалып.

Аңғалдықпен ойлайды екем жасымда,

Жақсылыққа ұмтылар деп бар халық.

Бұл жырларым біреулерге жақпайды,

Ал, біреулер шындық қой деп мақтайды.

Зұлымдығы шырылдатса жанымды,

Ұлылық кеп 6ip күні өзi ақтайды.

25

Шынболат Ділдебаев

АШЫНУ

Дауың жоқ,

Қайран бабам, шеше алмаған,

Сорың көп,

Kepi тартып, көше алмаған.

Басыңды кескен шығар әлденеше,

Тіліңді ешуақытта кесе алмаған.

Сол басың айырылмас дауда қалды,

Сол тілің топқа түсіп саудаланды.

Eлiң мен ұланғайыр кең далаңды,

Басқалар бауырымдап баулап алды.

Алдымен нуынды алды,

Суынды алды,

Данышпан түгел кетіп,

Қуың қалды.

Арақ,

Наша,

Темекі,

Ауаң түтін.

Ішпеген енді қандай уың қалды?

Жаратып бар байлықты керегіне,

Біреулер жетіп жатыр дегеніне.

Жүз сомға сатып алып мәз боласын,

Шошқаның сервилатын жегеніңе.

Амал жоқ осындайда зарланасың,

Өлмеудің қамын іздеп қарманасың.

Миллиондап мал өcipген Қазақстан,

Жеп отыр Москвадан қалған асын...

Қуланып кеткен кезде жанның бәpi,

Аузымнан кетпей қалды-ау нанның дәмі.

Ал, енді нан жарықтық қымбаттаса,

Уа, халқым, көретінің алдында әлi.

Жер-суың жетпіс жылда көгермеді,

Қайран далам ойлаңдар, не көрмеді?

Махамбет боп сөйлер ем семсер жырмен,

Бip Исатай жол бастап берер ме еді?..

26

Шындық

ҰЯТ БОЛДЫ-АУ

Маза бермей қойды ғой бip ой маған,

Жатып-тұрып,

Уа, халқым, мың ойланам.

Мына біздің кеңестік Ұлы Отанды,

Дәл осылай болар деп кім ойлаған?

Коммунист ем,

ой жоқ еді бетен менде,

Ардың туын аспанға көтергенде.

- Бізден асқан ел жок - деп мақтанып ек,

Ұят болды-ау,

Достан да, шет елден де.

Артықпыз деп жүргенде алдағы елден,

Қайтып келген қыздаймыз малға берген.

Қарасын да көре алмай қалыппыз ғой,

Кеше бізден жеңіліп қалған елден.

Орындалмай халқымның мұң арманы,

Мықтылар да сөзінде тұра алмады.

Мәңгі өлмейтін ілімін Лениннің,

Ұят болды-ау жоқ етш шығарғаны.

Байлық,

бакыт алдында мол - деп еді,

Соның үшін,

бәріне көн - деп еді.

Енді менің миыма сыймай жатыр,

Капиталист,

қайтадан бол дегені.

Жер үйлерді өзіміз баспана ғып,

Москваны көркейттік астана ғып.

Жер сілкініп жер үйлер құлағанда,

Қалып қойдық далада масқара ғып.

Осылардың таң, болып 6әpi маған,

Ел болдық-ау, береке дамыған.

Компьютер мен атомның заманында

Ұят екен,

Сабынға жарымаған.

27

Шынболат Ділдебаев

Ойламаса елінің болашағын,

Қалың елге болады арашакiм?

Әкім болып не керек, патша болып,

Таба алмаса халқына қара сабын.

Ел емеспіз ренжір болмашыға,

Өкпеміз жоқ мінбесек «Волгасына».

Бipaқ, елдің көңілі көншімейді,

Тамақ салмай толтырып дорбасына.

Жеткен жоқ па өзіме өз құрбаным,

Көбейтті ғой «шешендер» сөз қырманын.

Отыз eкi келмеске кетпеп пе еді.

Ұят болды-ау тамақты сөз қылғаным.

Заманында тарихты арамдаған,

Періште боп көсемдер жаралмаған.

Тірлігінде ардақтап, аспанға атып

Ұят екен,

өлген соң жамандаған.

Елдің қамын ойлайды жан-жақты адам,

Сом алтындай әр сөзін салмақтаған.

Асылдарын дуэльде атып тастап,

Ұят екен,

өлген сон ардақтаған.

Сездің мәнін уа, халқым, ұғыналық,

Бip шындықты байқадық бүгін анық.

Өлсе өлер халықтың қарғысынан,

Ал, ұяттан өлмей жүр «ұлы халық».

28

Шындық

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

Кел екеуміз, Tipшілік, сырласайық

Сырласқанды ешкім де қылмас айып.

Бәpiн тастап шығайық оңашаға,

Сырласайық анау 6ip қырды асайық.

Армандауға арналған ақ жүрегім,

Ак жарылмай қалайша сақ жүремін.

Қарашада өмip тұр Абай айтқан,

Кім біледі айта алмайқап жүрермін.

Жауабы жоқ сұрақтың ішіндемін,

Қалай-қалай заманды мүсіндедің.

Бетімізді қай жаққа бұрып едік,

Қайда кетіп барамыз, түсінбедім.

Арпалысып арманның жетегінде,

Борышымды білмеймін өтедім бе?

Аларымды алып ап, масқара боп ,

Берерімді бере алмай кетемін бе?

Бүгін міне байқаттың бағанды енді,

Өлмеген жан бұл күнге аман келді.

Жетпіс жылғы жиғаның желге кетіп,

Бәpiн нөлден бастайтын заман келді.

Заман келді көрмеген бағаны алып,

Ар мен намыс ақшаға тағаланып.

Инженерлер, ұстаздар, дәрігерлер,

Саудагер боп шыға келді сараланып.

Нарық бүгін шырқап тұр сайқал-әнін,

Алдым-тұман, артым-жар байқағаным.

Дөнгеленген дүние, шыр айналып,

Бай мен кедей заманын қайталадың.

Бар әңгіме айтатын тиын болды,

Тиын болса өмірде сыйың да онды.

Сәлемін де пұлдап жүр көршілерім,

Бәрінен де сонысы қиын болды.

29

Шынболат Ділдебаев

Қиын болды 6ip copap темекің де,

Алатын да қалмады-ау, беретін де.

Шығып келіп көшеге ойға батып,

Қалтыраймын қалғандай жел өтінде.

Киім қымбат, үй қымбат, тамақ қымбат,

Кешегі он сом затыныз бүгін мыңдап.

Нарық келіп заманды арық қылып,

Қыспаққа алып жоқшылық келед шындап.

Арба қымбат, ат қымбат, қамыт қымбат,

Нарык жұтып бәрін де алып тынбақ.

Қалар ма екен көмусіз әнебір шал,

Өле қалса кебін жоқ, табыт қымбат.

Елді жайлап барады қымбатшылық,

Қағаз ақша құны жоқ мыңдап шығып.

Қант пен шәйді, ет, майды айтпаганда,

Жамап кидік ала алмай қымбат шұлық.

Қымбат, қымбат, япырмай, 6әpi қымбат,

Бас ауырса 6ip iшep дәрі қымбат.

Қайыр сұрап қол жайды тағы 6ip шал,

Өлмеу үшін қайтсін-ай, жаны қымбат.

Кассадағы ақшамыз күйіп кетті,

Осыншама қорлыққа сыйып кетті.

Ең биікте жүретін самолет ед,

Ал, билеті одан да биік кетті.

Армандады қазағым армандады,

Мал еді ғой бабамнан қалған бағы.

Түтін шықпай фабрика, зауыт тоқтап,

Даласында қазақтың мал қалмады..

Балық деген басынан бүлініп тұр,

Қыл үстіне кей тағдыр ілініп тұр.

Базардағы қаптаған саудагер мен

Базда істейтін бастықтар 6ipiгiп тұр.

30

Шындық

Міне, осындайқaзipri тұрмыс деген,

Қымбатшыльқ жалғасты қылмыспенен.

Kici өлтіргіш қанқұйлы қарақшымен,

Прокурорменсоттарың 6ipre істеген.

Жауабыжоқ сұрақтың ішіндемін,

Қалай, қалай заманды мүсіндедің.

Бетіміздіқай жаққа бұрып едік,

Қайда кетіп барамыз, түсінбедім.

31

Шынболат Ділдебаев

ӨЗ ОБАЛЫҢ ӨЗІҢЕ

Иманыңды, дініңді.

Қайтып берсе тілінді,

Айт деп тұрған замаңда,

Шығармасың үніндi,

Күндеп бірің-біріңді,

Болып жатсаң жырынды,

Он миллион ел болып,

Біле алмасаң құнынды,

Көре алмасаң күніңді,

Өз обалың өзіңе!

Қорғап қара басыңды,

Тығып ішіп асыңды,

Ашық күнде айырмай,

Досың мененен қасыңды,

Өзіңе атсаң ойланбай,

Жауыңа атар тасыңды,

Көре алмасаң асылды,

Төгіп тұрып жасымды,

Айтар болсам аянбай,

Өз обалың өзіңе!

Өз халқыңмен болмасаң,

Өз. салтыңды қорласаң,

Ыстығына күйініп,

Суығына тоңбасаң,

Ойбай бізден артық-деп,

Өзгелерді қолдасаң,

Өз алдыңа ерікті,

Ел бола ғой дегенде,

Құл болам деп сорласаң,

Өз обалың өзіңе!

Танымасаң ерінді,

Біле алмасаң тегіңді,

Өзің қазып көрінді.

Тулақ қылсаң жерінді.

Қолдан берсең басқаға,

Жасыл жайлау белінді,

32

Өз қолыңмен бөгет caп,

Тақыр қылсаң көлінді,

Табалады демегін,

Өз обалың өзіңе!

Айырбастап алсам мен,

Алтынымды жезіңе,

Шыдамай сыр білдірсем,

Замананың тезіне,

Кінә тағып қинаса,

Шындықты айтқан сөзіме,

Мезгілінен ертерек,

Құм құйылса көзіме,

Өкінep деп ойлама,

Өз обалым өзіме!

33

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚАЗАҚСТАН

(толғау)

Сөз сөйлесін қомданып арқалы ақын,

Құтты болсын, уа, халқым, салтанатың,

Ел болғанда тәуелсіз Қазақстан,

Күн емес пе көмейден бал таматын?!

Бір ғажап күй бойымды тербетеді,

Үлкен намыс, үлкен сын елге тeгі.

Қара нан жеп, шекпенмен жүрсендағы,

Тәуелсіз ел болғанға не жетеді!

Осы еді ғой ғасырлап аңсағаным,

Бар әлемге мен бүгін жар саламын.

Осы күнді армандап қаншама жыл,

Қаншама peт жүректі паршаладым.

Неткен бақыт, өнім бе, түсім бе еді,

Қалай-қалай бұл заман мүсіндеді.

Лақтырудай лақтырып еді құздан,

Бір ғажап күш сақтады,түсірмеді.

Тоқыраудың бұза алмай қамалдарын,

Таусылғанда ең соңғы амалдарын.

Аждаһаның аузында тұр едің ғой,

Жем боп кетпей, халқым-ай, аман қалдың.

Өз еліңде өзгеге мазақталдың,

Өз жеріңнен жай таппай азаптандың.

Бұдан артык жалғанда бақыт бар ма?

Жоқ боп кете жаздауға аз-ақ қалдың.

Табанында Мәскеудің жатқан қазақ,

Тақсіретін тағдырдың татқан қазақ.

Тиянақты, іргелі ел болуға,

Тізе косып, бірігіп, аттан қазақ!

Құрбандық шал, ақ жарып, мақтан қазақ,

Тақияңды аспанға ат, шапан, қазақ.

Қыл үстінде өмірі тұрған кезде,

Алтын таңы арайлап атқан, қазақ.

34

Қиындықтан қазағым, қысылмағын,

Ел едің ғой аруақты, мысың басым.

Бақыт құсы басыңа келіп қонды,

Сол құсыңды қайтадан ұшырмасын!

Істің артын ақылмен тосу керек,

Бала саны келіндер, өсу керек.

Атажұртқа жете алмай жүргендерді,

Елге әкеліп, қатарға қосу керек.

Рушылдық, жершілдік болмау керек,

Нұрсұлтанды ел болып қолдау керек.

Жер бетінде бас қосып барлық қазақ,

Абылайдың арманы орнау керек.

Абылайдан Нұрсұлтан асу керек,

Шама келсе орыстан қашу керек.

Көпке топырақ әрине, шаша алмайсың

Көкіректерін дегенмен, басу керек.

«Тәуелсіздік алдық» деп тоймау керек,

Қазақ үшін күресті қоймау керек.

Түркиямен, Қытаймен дос болсақ та,

Жем боп кетпеу жағын да ойлау керек.

Аянбастан енді еңбек ету керек.

Қанат қатып, топшың да беку керек.

Мемлекет Тәуелсіз болғаннан соң,

Өз аузыңа өз қолың жету керек.

Азаматтар бұл істі ұғу керек,

Қиындықпен күресте жығу керек.

Адмирал мен маршалдар болмаса да,

Қабанбайлар біздерден шығу керек.

Жөн сөз айтып бекерге тұрғаным жоқ,

Елге айтатын ішімде сырларым көп.

Халқым үшін азаттық, ұлы істерде,

Мен кетейін алдымен құрбаның боп!

Ел емеспіз дүниеге кеше келген,

Татгық дәмін тағдырдың нешелеген

Тәуелсіздік байрағын көтердік қой,

Алғы күнді көрейік пешенеден!

35

БЕТБҰРЫС

Tac тығып қойғандай ед қолқамызға,

Айтатын заман келці, қорқамыз 6a?

Ораза, Айт пен намаз, тіл мен дінін,

Наурызың қайта келді ортамызға.

Бетбұрыс жақсылықтың басы болды,

Әрине, досы болды, қасы болды.

Жетпіс жыл берілмеген ұмыт болып,

Көптеген аруақтардың асы болды.

Халқымның қайтсем басын құраймын деп,

Тірілді Сыпатай мен Райымбек.

Жаншылып қалған басы қазағымның,

Келеді қалт-құлт етіп тұрайын деп.

Атақты асындай боп Сағынайдың,

Тойы өтті Бөгенбай мен Қабанбайдың.

Оқжетпестің басында желбіреді,

Ақ туы аруақты Абылайдың!

Ақ тілек ақындарын айта берсін,

Қазағым, бағанды біл, байтақ елсің!

Баяғы Қыз Жібектің көшіндей боп,

Заманың қайран елім, қайта келсін!

36

АТА ЗАҢ

Мадақтап Ұлы елімнің шат қадамын,

Мен бүгін барым болса ақтарамын.

Халқымның кеудесіне жаз орнатқан,

Ата Заң, өзіңді айтып мақтанамын.

Бүгінгі әнім басқа, таңым басқа,

Ұлға бақ, теңдік берген қарындасқа.

Бөлеген шат тұрмысқа қазақ елін,

Әлемде әділетгі заңым басқа.

Бүгінгі қызығым көп, тамашалар.

Кім келіп, бақытыма таласа алар?

Сенерім, сүйенерім - Ата Заңым,

Күн болса қате кеткен арашалар.

Бұралаң боп тұрғанда заман ағым,

Жабығып hәм қуанып тұрған шағым.

Халқымды қиындықтан алып шығар,

Жасай бер, жылдан жылға Ата Заңым!

37

АҚ ТАНДАР

Алтын арай нұрға бөлеп,

Келе жатыр күн шығып.

Ғасырларды артқа тастап,

Ей, адамдар,

Ояныңдар,

Не істеу керек ойлаңдар,

Мынау ғажап тіршілік,

Қалмау үшін тұншығып.

Бізге жеткен тіршілікті,

Жеткізейік ертеңге.

Қолдан келсе кереметтей,

Кетейікші көркемдеп.

Келер ұрпақ мың жылдан соң,

Қарап тұрсын қайран қап.

Қандай ғажап бабаларым,

Әлдилеген өлкем деп.

Асқар таулар,

Жасыл баулар,

Анау ғажап Тайгадан.

Нұры сөнбей тұрған кезде,

Ұшу үшін айға адам.

Сәл ертерек ояныңдар,

Сәл ертерек ойлаңдар,

Мәңгі жоқ боп кетпей тұрып,

Мынау ғажап айналаң.

Елікте де, киікте де,

Еш күнә жоқ, атпаңдар.

Аққан суды, орман-нуды,

Былғамаңдар, сақтаңдар.

Тіршілікгі сақтайтұғын,

Құрал да бар, күш те бар.

Айналайын, адамдар!

Бірақ, ұйықтап жатпандар.

Ата берсін, ақ таңдар!

Ата берсін, ақ таңдар!

38

APMAH

Арман дегең ұлы өзен,

Өз арна, өз ізі бар.

Өмірде де төрт кезең,

Көктем, жазы, күзі бар.

Көктем өтті сарқырап,

Шығарды ғашық құмардан.

Жазы да жетті жарқырап,

Кеншілік арман құралған.

Тиеген кенім жосылып,

Бастады бақыт жетегін.

Үмітке сенім қосылып,

Күлімдеп күзге жетемін.

Қазған кенім - керегім,

Сүйемін үнін, жарқылын.

Қыс келсе де сенемін,

Басылмай өтер қарқыным.

39

ҰЯЛАМ

Жердің кенін қазғанмен,

жырдың кенін қаза алмай,

Ойым кеткен пышырап,

бас дегенің қазандай.

Пұшайман боп отырам,

алтын уақыт зымырап.

Халқым сүйіп оқитын,

бір жақсы жыр жаза алмай.

Жатқа оқып жүрсем де,

көп ақынның жырларын.

Ұға алмай-ақ келемін,

тірліктің көп сырларын.

Босқа кетіп уақытым,

өз-өзімнен ұялам,

Мазақ етіп тұрғандай,

босқа кеткен жылдарым.

40

ЕКІ ЖОРҒА

Мазалама, жалған ой жүрегімді,

Әркім өмір өзінше сүре білді.

Ақ тұлпармен әлдекім ағындаса,

Мен баптадым ақтабан күреңімді .

Сүрінбесін жырдағы ақтабаным,

Күрең жорға - кеншілік баптағаным.

Екі жорға жеткізер бір қараға,

Байлық, мансап қуудан сақта, жаным.

41

ӨМІР ӨЛЕҢ

Өмір ылғи жадыраған жаз емес,

Ерлерге артар заман жүгі aз емес.

Тереңдерден тер төгумен табасың,

Бақытынды ешкім әкеп, мә, демес.

Желігімен кетіп кейде көңілдің,

Келіп тұрар асып-тасып, төгілгің.

Шідерлі аттай шыға алмайсың амал не,

Бұлжымайтын заңы солай өмірдің.

Ауызыңнан шыққан сөзді қағып ап,

Сенен жақсы жоқ, дейтіндер табылад.

Өмірімді кенші қылған тағдырға,

Қапалықпен айтам кейде лағынат.

Не көрмедім жердің асты, бұл тастан,

Ол туралы жазу керек тың дастан.

Жұмыр жердің астын, үстін түгендеп,

Бақытымды іздеп жүрмін тынбастан.

Бұл күнді де сағынармыз ертең біз.

Тым алыста қалып қойды көркем қыз.

Жердің асты қорқытпайды жанымды,

Тірідей де талай түсіп, көргенбіз.

Бақытына жетсе екен деп бір адам,

Армандаумен жыр жазудан нәр алам.

Шын сырласым, өлең, өзің болмасаң,

Күнім құрсын өзгелерге қараған.

42

КЕНШІ ЕДІМ...

Кенші едім кен қабатын бұрғылаған,

Кеудемде жыр тасқыны ұрғылаған.

Құштарлы кездерімде нәр алғанмын,

Абай мен Махамбеттей сұңғыладан.

Қызығын көрмесем де жыр тағының,

Жүлдешіл жүйрік қауым ұрпағымын.

Шығардым жер түбінен жыр мен кенді,

Еңбекпен ортақ сырым,ортақ үнім

Көзімңен өлең десе көрініп күн,

Жыр болып забойларда өріліппін.

Атқылап шыңыраудан шың, қияға,

Биіктен ғарышкердей көрініппін.

Көрінсем мен биіктен сенің арқан,

Қараймын құдіретіңе болып аң-таң.

Апарар адастырмай алғы топқа.

Өлеңім,

Тек өзіңе сенім артам.

43

ШЕГІНУ

Cәл тыныс алып,

Орманын ойдың аралап.

Тындырған іске,

Бір қарап өтсем саралап:

Maқтанap түк жоқ,

Мақтанар түк жоқ, шырағым,

Белгісіз күндер,

Жанымды жатыр жаралып.

Жаз өтті талай,

Aязы қарып қыс өтті.

Орынсыз болып

Қаншама уақыт, күш кетті.

Бір белгі қалмай,

Желге ұшып кеткен күндер-ай,

Әттең-ай, шіркін,

Бармақты қыршып тістетті...

***

Сайраңдап жүріп

Елімнің әсем бақтарын.

Бағалай білдім,

Арайлап таңның атқанын.

Бағасын білдім көк аспан,

Жарық дүниенің,

Тұңғиык түпсіз,

Астында жүріп шахтаның.

Ішінде жүріп,

Қым-қиғаш мынау тірліктің,

Құдіретін білдім мызғымас

Достық, бірліктің.

Аш жүрдім талай,

Жаяу да қалдым далада,

Білмей-ақ өттім,

Сонда да сырын ұрлықтың.

44

Өмір - қайық

Көк теңізде қалтырап,

Зымырайды,

Кей жерлерде малтып ап.

Кеше ғана ойнап жүрген бала едік,

Жасымызды қалыппыз-ау жартылап.

Тіршілікті көре-көре не түрлі,

Буын бекіп,

Қанат қатып, жетілді.

Күні ертең-ақ жүреміз бе,

Япырмай,

Қалт-құлт еткен әнебір шал секілді.

***

Ep жігіт

Елім десе жасымайды.

Берілер ол еліне басыбайлы.

Кез болса,

Екіталай ер сыналар,

Eз жігітке болады басы қайғы.

Ер жігіт

Ешқашанда тасымайды.

Eр жігіт

Көбік больш шашырайды.

Елеулі еліңе бір пайда келтір,

Бір басын ит те жүріп асырайды.

45

АҚТАДЫМ ДЕЙ АЛМАДЫМ

Ата-ананың еңбегін,

Ағалардың терлерін,

Ақтар едім ер жетсем,

Деген едім баста мен.

Ұстаздардың бергенін,

Ел-жұртымның сенгенін,

Ақтаймын деп жүргенде,

Кеппін біраз жасқа мен.

Шахталарда кен қаздым,

Қырға шығып жыр жаздым.

Айтқан сертті ақыры,

Орындаған жандаймын.

Риза ата-анам да,

Риза ұстаз, ағам да,

Әй, бірақ та бірін де

Ақтадым дей алмаймын.

46

ӨЛЕҢ - ГҮЛ

Кейде мен ең бақыт жан боламын,

Бұзғандай динамитсіз тау торабын.

Кеудемде күй күмбірлеп,

Өлең гүлдеп,

Жемісі желбіреген бау боламын.

Жадырап,

Жалын атып жанарымнан,

Сол сәтте берерім көп, аларымнан.

Жарқ еткен қар астынан бәйшешектей,

Өлең - гүл,

Шашырайды қаламымнан.

Кен де - гүл,

Кенші де - гүл,

Көңіл де - гүл.

Мұндай cәт сирек болар өмірде бұл.

Тау да - гүл,

Тау басынан құлай аққан,

Тап-таза сарқырама,

бұлақ та - гүл.

Күн өтер... бәріне де көнер көңіл,

Өлеңді серік етіп өтер ме өмір?

Тәңірім жаратты ма екен мені,

Өлеңнен гүл терсін деп өмірде бұл?!

47

СЫРЫМ MEHIҢ ТЕРЕҢДЕ

Өлең менен кеншілігім егіздей,

Буырқанып бұрқанады теңіздей.

Қатар жүріп қалыптасып келеді,

Көңілімнің желкенінен жел үзбей.

Сағыныштың шағаласы шуылдап,

Елжіреген ет-жүрегім дуылдап.

Жарылатын жанартаудай бұлқынып,

Жер астында жатады өлең туындап.

Соғыс бұлты торлап ауыл аспанын,

Тым көңілсіз болды менің жас шағым.

Солдат хатын аналарға оқудан,

Шамасы мен жыр толғауды бастадым.

Кенші сырын,

Өлең сырын мол ұғып,

Екеуінен күтіп жүрмін зор үміт.

Штрекпен келе жатып мақтанам,

Тамаша бір жыр жолына жолығып.

Көкейімде көрікті ойлар көп бүгін,

Өте берсін дәл осылай отты күн.

Сырым менің кен секілді тереңде

Жыр боп шығып, биіктейді шоқтығым.

48

ШЫҢЫРАУДА ШЫҢДАЛУМЕН КЕЛЕМІН

Тіл табысып жүрмін қазір жерменен,

Жез-дария ағылуда кен деген.

Жүрек мынау, Отан деген, ел деген,

Бақыттымын, бақыттымын мен деген.

Әсер етпес күннің суық, аптабы,

Забой деген кеншілердің мақтаны.

Ел қызыққан қызғалдақты Қырымға,

Айырбастай қояр ма екем шахтаны?

Оңай халық емеспіз-ау біз деген,

Жөнелтеміз жез-керуен жүздеген.

Қиындыққа қарсы қойып қайратты,

Бақыт жолын өр еңбектен іздеген.

Кен ағылса жүздеп, мыңдап, тонналап,

Сонда мерей, сонда шабыт, сонда бақ.

Жыр жазасың содан кейін кен жайлы,

Көкейіңде көрікті ойды толғап aп.

Мінгендей боп сонда жырдың жорғасын,

Қалай ғана жаның жайсаң болмасын.

Жырдан гөрі салмақтырақ емес пе,

Шығып жатқан мырыш пенен қорғасын?!

Ширек ғасыр қаншама кен шығардым,

Оны жалғыз өзім ғана ұғармын.

Ақ саусаксың дей алмайды мені ешкім,

Сондықтан да ең бақытты шығармын.

Шабыт алып еңбек атгы өлеңнен,

Шындалумен щыңырауда келем мен.

Оңай жерде болмайды екен шын бақыт,

Шын бақытты іздеу керек тереңнен!

49

ЖЕР АСТЫНАН РЕПОРТАЖ

Сан ғасырлар жер қойнында сақтаған,

Білімімеи мол қазына тапты адам.

Бүгінгі сөз кенші жайлы, кен жайлы

Тыңдаңыздар репортаж шахтадан!

Бұл арада болмас күндіз, түн деген,

Қыс па, жаз ба, оны да ешкім білмеген.

Гүрілдеген алып желдеткіштерден,

Жанға жайлы самал coғаp іргеден.

Оңайлықпен жер де кенін бермейді.

Тастан мықты болсаң ғана кел дейді.

Жер астында жай ойнатқан ерлерді,

Көзбен көрмей, сірә да ешкім сенбейді.

Маңдайына жеке шамы байланып,

Дулығалы батырларға айналып.

Кең лавада күлімдейді кеншілер,

Намыстары қара тасқа қайралып.

Әзілге де, қалжыңға да бай халық,

Қобыландыдай қолдарына найза алып.

Қаратасқа сүңгітеді сүңгісін,

Қауіп-қатер бәрі былай жәй қалып.

Толағай күш буырқанған, бұрсанған,

Нағыз ерлер мұздай темір құрсанған.

Тайсалмайтын небір қауіп-қатерден,

Ер Төстіктер,

Жер астында жол салған.

Сары мысты сығып алып сұр тастан,

Бұрғысымен жазып жатыр жыр-дастан.

Бір тәулікте мың тонна кен құлатып,

Бір-ақ жігіт тиеп жатыр тынбастан.

Tөгіп жатқан секілденіп бидайды,

Зіл тастарды қиналмай-ақ жинайды.

Шақыр-шұқыр,

Тасыр-тұсыр,

О, ғажап,

Мына қимыл қиялыңа сыймайды.

50

Тонналаған жарылғышты атгырып,

Таудай тасты тақиядай лақтырып.

Соның бәрін селт етпестен атқарар,

Сом білектер алған әбден жаттығып.

Қалмау үшін қатардағы жарыстан,

Арыс ұлдар жаратылған намыстан.

Жетіқабат жердің астын тербетіп,

Бір қимылы мың қимылға ауысқан.

Жұмыс бітті.

Сүртіп мөлдір терлерін,

Есепке алып қаншама кен бергенін.

Бара жатыр шаршаса да күлімдеп,

Тастан мықты,

Тау қопарған ерлерім!

Қайласына қонақтаған құт қандай,

Қарап тұрмын еңбек сырын ұққандай.

Бара жатыр артық беріп жоспарын,

Жайраң қағып,

Театрдан шыққандай.

51

ТАС ЖАРҒАН ГҮЛ

Біреулерге үрей болып көрінген,

Забой артық маған кейде төріңнен.

Шабытымның шалқары да сол жерде,

Еңбек пенен жыр жолдары өрілген.

Сол жыр бүгін гүлдеп тұрса белеңде,

Тамыры оның бес жүз метр тереңде.

Қайран қалар көрмегендер жер астын,

Тасты жарып шығып жатқан өлеңге.

Сан жыл бойы шахта астында сақтаған,

Жырларым көп өн бойымда қаптаған.

Кеншілік пен жыршылығым егіз боп,

Келтірмеді ешбір жаман ат маған.

Күндерім мол ел сенімін ақтаған,

Еңбексіз сәт, ойсыз күндер жат маған.

Оңайлықпен жерде кенін бермейді.

Жігіт керек жай оғындай атылған.

Шахта астынан кен қопарып бақ табам,

Сахнадан жырымды оқып шаттанам.

Ал, содан соң домбыра алып, эфирден,

Жырау болып, шартарапқа атганам.

52

МИНЕРАЛДАР

Кейде көлбеу, ал кейде тік жолағы,

Таңғажайып тастарда жік болады.

Сол жіктердің қуыстарын толтырып,

Минералдар көзіңді арбап тұрады.

«Халкоперит», осында тұр «Галенит»,

Жасыл түсті «Азурит» пен «Малахит».

Араласып қонған бір ел секілді,

Сырт көздерге «Перит» пенен «Борнит».

Мөп-мөлдір су таудың саф хрусталі,

Сән түзеген керемет дұрысталып.

Шебер зергер соққандай заңдылықпен,

Мұз қарындаш секілді «Кристалы».

Некен-саяқ бұл ғажап таптырады,

Таңдайыңды амалсыз қақтырады.

Шағылысып электр жарығымен,

Жер астында мың жұлдыз жақтырады.

53

ОТАН

Туған ел, тұнып тұрған күй алаңы,

Жыр болып жүрегіме ұяладың.

Адамға ең қымбатты өмір болса,

Сен үшін ойланбай-ақ қия аламын.

Өзіңнен не бар артық әсте қымбат,

Жүрек сен деп соғады атша тулап.

Оттан да ыстық Отаным, қасиетіңді,

Мен сірә, тауыса алмаспын мың күн жырлап.

Жан сырын ұрпағыңның біліп алшы,

Жанып кетсем жерінде күлім қалсын.

Жерімді қанды балақ жау алғанша,

Басымцы әлі келсе жұлын алсын.

54

OPTAFA ҚАЛА БОЛЫП ҰЛЫН, КЕЛДІ

I 990 жылғы I3 қыркүйекте Никольск қаласына

академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

Соған байланысты өткен салтанатты жиналыс

осы арнаумен ашылған еді.

Бұл өзі көптен күткен той болатын,

Той болса ағыл-тегіл жыр болатын.

Тойыңа жырдан шашу шашайын деп,

Алдыңа тағы шықты Шынболатың.

Атағы Алатаудан әрі асқандар,

Халқының хал-жайымен санасқандар.

Армысың, Қанышпенен бірге болып,

Іргесін бұл қаланың қаласқандар.

Армысың, кен қопарған батырларым,

Шахтаға бірге түскен жақындарым.

Намысын кеншілердің тасқа жанып,

Сендер деп жыр төгеді ақындарың.

Әрқашан «елім» дедім, «жерім» дедім,

«Елім» деп жыр төгуден ерінбедім.

Қуаныш құтгы болсын аға , жеңге

Бақ тілеп бетін ашқан келіндерім.

Қуантып Арқадағы байтақ елді,

Алғысын ақсақалдар айта берді.

Жарқырап ақ маңдайы алшаң басып,

Ортаңа Қаньпптарың кайта келді.

Халқымның осы еді ғой аңсағаны,

Соғады Сарыарканың таң самалы.

Әжелер ақ жарылып алғыс айтып,

Жастары «Сәтбаев» деп ән салады.

Алдымен айналайын тілің келді,

Одан соң «біссіміллә» деп дінін келді.

Әз Наурыз ұлы тойың қайта келіп,

Ал, бүгін қала болып ұлың келді.

55

Бауырлар шет елдегі жақын болды.

Бауыржан жұлдыз тағып батыр болды.

Айналдым қайта туған заманымнан,

Бетбұрыс көп жағдайда мақұл болды.

Сондықтан шүкір делік, шүкір делік,

Өкініп өткен күнге түкірмелік.

Әлде де жырым-жырым жыртығың көп,

Ел болып сол жыртықты бүтіндейік.

Уа, халқым құтты болсын салтанатын!

Күн бүгін қызыл тілден бал таматын.

Еске алып кешегі мен бүгінгіні,

Сөз сөйлер топ ішінде арқалы ақын.

Қазынамыз көрінгенге жем болмасын,

Дейміз ғой тереземіз тең болғасын.

Сәт сапар тілейікші «Сәтбаевқа»,

Даңқы оның Ұлытаудан кем болмасын.

Ілікпей саясаттың шатағына,

Намысты ер елім демей жатады ма?

Қаланы одан әрі көркейтейік,

Қаныштың кір келтірмей атағына.

Жыршыға жаңылмайтын жағын берсін.

Сарқылмас өзен суға ағын берсін.

Ал, енді кейінгі ұрпақ балаларға

Әумин, Қаныш аға бағын берсін!

56

ҚАРАҒАНДЫ

Армысың,

Қарағанды,

Асыл қалам!

Еншім бір, оны ешкімнен жасырмағам.

Өзіңнен отау тігіп шыққаныммен,

Іргеміз қасиетті ашылмаған.

Келгелі келбетіне көп қарадым,

Көп екен сағынышым басылмаған.

Вокзалдан түскен бойда самал есіп,

Қарсы алады зәулім үй, жасыл алаң.

Халықтар достығының ұйтқысы,

Елімнің берекесін қашырмаған.

Дүбірі кеншілердің естіліп тұр,

Тайбурыл тұяғындай тасырлаған.

Кенші едім,

Мен де маман кен қопарған,

Жырымнан шашуым мол шашылмаған.

Жырлауға мынау ғажап шат тұрмысты,

Мен бүгін кереметтей шабыттанам.

Беретін биігіме жаңа келдім,

Жаратып не жасайды жасында адам?

Тіл, жағым аман тұрса, мәртебеңді,

Жеткізем енді келер ғасыр саған!

57

КЕРЕКУ

O, Кереку!

Көне көзі намыстың,

Алғаш келіп,

келбетіңмен таныстым.

Қарт Ұлытау қолын бұлғап қалды ғой,

Сәлем айт деп,

Отанына ҚАНЫШТЫҢ!

Сәл ойланып,

Жанарыма түсті мұң,

Беу, уақыт-ай,

сенен асқан күшті кім?

Бір өлеңмен сездіре алар ма екенмін,

Жүрегімнің саған деген ыстығын!

Ару Майра әні қалған аяулым,

Егілдім-ау,

төгілуге таяумын.

Апарыңдар жағасына Ертістің,

Ізі қайда, тәу етейін, Жаяудың?!

Бір ұлыңдай құшағыңа сиярмын,

Қоштсарда қалай сені киярмын?

Зауыттардың боз түтіні сиякты,

Бұлттан асып бара жатыр қиял, мұң.

58

ҚАРСАҚБАЙ

Қарсақбайдан қай қала артушы еді,

Керемет күй гудогі тартушы еді.

Күндік жерден көрінген мұржасынан,

Бұлтқа ұласып түтіні шалқушы еді.

«Қарсакбай» дсп, Мәскеу де табынатын,

Сары мысын алмаса сағынатын.

Байқоңырдан, Жосалы, Жезқазғаннан,

Машиналар дамылсыз ағылатын.

Бірі келіп поездың бірі кетіп,

Жатушы еді дүниені дүрілдетіп.

Дабыл қаққан далаға Қарсақбайдың

Әні бітіп қалыпты-ау, жыры кетіп.

Жазғы баққа жайласып, көшіп алып,

Тapлан тілін талайдың кесіп алып.

Келетұғыи жан-жақтан қалың артист,

Көрерменнің жататын есін алып.

Көл жағасы саялы, сайран бағы,

Ұл мен қызын би билеп, жайраңдады.

Қазір мұнда жайылып қой мен сиыр,

Көңілімнің жайлауын ойрандады.

Қайсы бірін айтайын тізіп бүгін,

Қаратөбе, сенде өткен қызық күнім.

Саған деген сағыныш, армандардың,

Алғандай боп отырмын үзіп гүлін

Уақыт шіркін, білінбей жайлап өткен.

Қарсақпайды гүлдентіп, сайран еткен.

Болат білек, от жүрек нар қазақтар,

Көп еді ғой, япырмай, қайда кеткен?

Бәріне өзім секілді шын айыпты,

Жұбатуға сөз таппай ылайықты,

Көшелердің азайып көп қазағы,

Маңайында мазарлар молайыпты.

59

Мыс қазаны қазақтын Қарсақбайым,

Ұлың ем деп, қалайша алшақтаймын.

Қолдан келер түгім жоқ, жүрек жыртық,

Қайда барып, Қүдай-ау, жан сақтаймын.

Орындалмай, арманым, күткенім де,

Сен де мендей мүжіліп, біткенің бе?

Түбі шолақ дүние, алдамшы өмір,

Керегі жоқ екен ғой түкке мүлде.

***

Отан үшін күндіз-түні жандың да,

Бүгін сөніп, қажетсіз боп, қалдың ба?

Мұңға батып, қажыған қарт секілді,

Қарсақпайым, үнсіз тұрсың алдымда.

Бала едік қой желбіреген тұлымы,

Бір-бір үйдің үміт еткен құлыны.

Бір киноны онға бөліп, көретін

Қайда кеткен КЖД“ -ның клубы.

Қолдан жасап, ағаш коньки, шаңғыны,

Ойын еді балалардың бар мұңы.

Сағат сайын 6оз даланы боздатқан,

Гудогіңнің құлағымда қалды үні.

Көз алдымда соның бәрі тұр бүгін.

Жарты ғасыр өткен уақыт дүлділің,

Жалаң аяқ жетім-жесір болсақ та.

Біздер үшін сол екен ғой, нұрлы күн.

60

ЖЕЗҚАЗҒАН

Мартенде мысың қайнап шымырлаған, Күлімдеп түнгі оттарың жымындаған. Жезқазған, әpбip тасың маған ыстык, Арналар жүрек жарған жырым саған. Шапшытып, шашыратып жасыл жалын. Көк тастан сығып алған асыл нәрін. Кеншіер керегінше артып жатыр, Қопарып табиғаттың жасырғанын. Тұтасқан жер астының көкшіл тасы, Ашылтан әлдеқашан босағасы. Сол тасты, сары алтынға айналдырар, Жезқазған - аты әйгілі кен қоймасы. Жарқырап шахталардың жұлдыздары, Көзді тартар карьердің шың-құздары. Жасампаз жарқын елін әнге қосқан, Жезтандай Жезказғанның ұл-қыздары.

61

ЖЕР ҰЙЫҒЫ

Жезқазғанда кен қазған

Қаныш сынды данамыз.

Жезқазған деп жыр жазған

Кәкімбектей ағамыз.

Жезқазғанда жетілді,

Өзіміздің санамыз.

Жастарға аға болсақ та,

Жезқазғанға баламыз.

Жер ұйығы - Жезқазған,

Ән мен жырдың мекені.

Кеншілері кен қазған,

Күйшісі күй шертеді.

Жастары өр, серпінді

Жалындаған өрт тегі.

Сары мысты кәдімгі

Сары майдай ертеді.

Мыс бұлағын ағызып,

Құйып тұрған Жезқазған.

Ақын жырын тамызып,

Сүйіп тұрған Жезқазған.

Тұрбалары көк тіреп,

Биік тұрған Жезқазған.

Қай теңеуге болса да,

Сыйып тұрған Жезқазған!

62

Даласының

Алқызыл гүлін терген,

Сәулесі алтын,

Нұр төккен күні төрден,

Ақындары толқынды жырын өрген,

Елім менің!

Ғұламасы,

Дарасы,

Данасы нар.

Ғарышкерді қарсы алар даласы бар.

Тоқсан ұлттың тоғысқан баласы бар,

Бақытыңа кімдердің таласы бар?

Жерім менің!

Тұрбалары көрінер күліп қырдан,

Саф ауасын бір жұтсаң тынықтырған.

Ерлері бар,

еңбекпен шынықтырған.

Қойнауында байлығы тұнып тұрған,

Жезқазғаным менің!

63

БАЯҒЫ БІЗДЕР ӘН САЛҒАН ОРДА

Жезқазған, яғни, Рудник поселкесіндегі

Кеншілер Мәдениет Сарайына арналады.

Армысың, достар, өнерде басы қосылған,

Осында күйің, осында биің, осында ән.

Құшақтап тұрып, мауқымды басып алайын,

Айтыла берер сосынғы жыр мен сосынғы ән.

Бір кезде шулап, бұл үйден шықпай жүруші ек,

Төрт құбыла түгел, армансыз, мұңсыз күлуші ек.

Еңбегі сіңген артисше кіріп, бұл үйге,

Сахнаға да артисше басып, шығушы ек.

Кәнекей, еске алайық сол бір күндерді,

Кімдер бар қазір, ұмыттық екен кімдерді.

Ертерек кеткен достарым түсіп есіме,

Жабырқап жаным, ойыма мың сан мұң келді.

Осында еді-ау жайдары, жарқын күніміз,

Жазымыз өтіп, келіпті дархан күзіміз.

Баяғы біздер ән салған залда бұл күнде,

Сайрандап жатыр ұлымыз бен қызымыз.

Қызықпен өткен әр жылым, мұнда әр айым,

Қызыға күліп, мұңая тұрып қарайын.

Бетімді әжім, самайды қырау шалғанмен,

Сарайға келсем жасарып қалам, ағайын!

64

ЖЕЗҚАЗҒАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЫРЫ

(әні бар)

Жастармыз орынымыз еңбек майдан,

Шабытқа серпін тапқан сергек ойдан.

Ақ алмас бұрғы ойнатсақ забойларда,

Бұлқынған қайрат, жігер кернеп бойдан.

Қайырмасы:

Еңбек қуған,

Ер боп туған,

Жалындаған жастармыз.

Құрыш білек,

Алып жүрек,

Жазылмаған дастанбыз.

Әрқашан аға ұрпақты үлгі етеміз.

Ертеңді бүгінгіден нұрлы етеміз.

Жасартып Сарыарқаның кең даласын,

Еңбектің дабылымен тербетеміз.

Қайырмасы.

Жаңғырған Сарыарқаның жасыл белі,

Ағылған жер астынан алтын кені.

Көтеріп еңбек туын, ерлік туын,

Жезқазған, Жезқазған деп жырлайды елі.

Қайырмасы.

65

СӘТБАЕВ - ДОСТЫҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

(әні бар)

Сапырған сары алтын тастардан,

Бәрінде асқақ ән, жақсы арман.

Бақытты байтақ ел достығы,

Қаныштың қосынан басталған.

Қайырмасы:

Сары алтын Сарыарқа даласы,

Халқымның кемеңгер данасы.

Әр таңын ән-күймен қарсы алған

Сәтбаев - достықтың қаласы.

Жалынды жүректе сыр қандай,

Шын достық салтанат құрғандай.

Қаланың әр көше, әр үйі,

«Сәтбаев» деп жырлап тұрғандай.

Қайырмасы.

Ырыс боп ағылған кеніміз,

Шахтада шыңдалған еріміз.

Қарсы алар құшағын кең жайып,

Сәтбаев - жас қала келіңіз!

Қайырмасы.

66

ЖЕР СІЛКІНДІ

Сыртым бүтін, ішім жатыр іріңдеп,

Айтып келем, айтып келем біртіндеп.

Селт еттің де, былқ етпедің елім-ай,

Ал, ашудан жерім кетті дірілдеп.

Тау қозғалып, үй, қора, жай құлады.

Не болды деп, көбейді елдің сұрағы.

Тіршіліктің заңдылығы бұзылса,

Қаһарына Жер де мініп тұрады.

Оятпақ боп, ұйқылы ояу жұртымды,

Байқайсың ба жердің өзі сілкінді.

Жер қозғалса қозғалмаған, халқым-ай,

Сабырыңа қайран қалам біртүрлі.

67

ТҮРІКМЕНДЕР

Бастарынан қурашын,

Тастамайды түрікмендер.

Айтсаң сөздің расын,

Дос санайды түрікмендер.

Айтсаң егер өтірік,

Бос санайды түрікмендер.

Жалынсаң да өтініп,

Қоштамайды түрікмендер.

Қадірлемей бабаңды,

Жақтамайды түрікмендер.

Тектен-текке адамды,

Мақтамайды түрікмендер.

Кәріні де, жасты да,

Жасқамайды түрікмендер.

Жақсылықтан басқаға,

Бастамайды түрікмендер.

Мақта Мақтұмқұлысын,

Артық болар ырысың.

Сөйлесең тек дұрысын,

Дос санайды түрікмендер.

68

ҚЫРҒЫЗДЫҢ АЛАТАУЫ

Нық артып ақбоз үйдің үзік-бауын,

Той-тойлап жатқандай-ау, айтып сауын.

Бір биік адамзаттың арманындай,

Қырғыздың мен сүйемін Алатауын.

Кей кезде мен Тоқтағұл, Шыңғыс болып,

Қиялым гүл тереді бір қыз болып.

Алатау, сені көрсем қуанғаннан,

Кеткім келіп тұрады қырғыз болып.

Арынды асау суға ноқта салған,

Тоқ тарап жатыр сансыз «Тоқтағұлдан».

Жылқысы суға қоса жұлдыз ішіп,

Қойлары тау бұлтындай ақтарылған.

Қашаннан қырғыз, қазақ жанас қонып,

Өтпеді не замандар талас болып.

Алатау қырғыз халқын сан мың жылдар,

Қорғаған құдіретті Манас болып.

Бақ қонған баурайы бар бақша баулы,

Көреміз жаңа заман, жаңа отауды.

Кеткенмен тағдыр тастап қырғыздарды,

Қырғыз тастап кетпеген Алатауды.

69

МЕРКІ ШИПАЖАЙЫ

Қасиетті әулие орын Меркі еді,

Тек жақсылық жасау оның серті еді.

Күндіз-түні әсем әні сарқылмас,

Сылдыраған тау бұлағы ерке еді.

Жан-дүниеңе «радоны» ем болып,

Сүйегіңді сары майдай ерітеді.

Талайлардың табыстырған тағдырын,

Сонау қырлар небір сырды шертеді.

Меркі деген махаббаттың Меккесі,

Өзінде өткен күннің бәрі ертегі.

Адам үшін үйіп-төгіп барыңды,

Жақсылыққа жаралғансың сен тегі.

Сені көрмей өтіп кеткен өмірім,

Еске түсіп өзегімді өртеді.

Қайран қалып, қимай кетіп барамын,

Уақыт шіркін, мұнша неткен келте еді?!

70

ҚОС ҚҰЛЫН

Загира Жарасбайқызына

Ара-тұра білгісі кеп мән-жайды,

Апам менен сұраушы еді-ау мал жайлы.

«Малың бар ма?» деген кезде қиналып,

«Жоқ!» деп талай қағушы едім тандайды.

Әкем менің кеткен кісі ерте өліп,

Қалған дүние ол да кеткен өртеніп.

Шешем марқұм тыраштанып жүргенмен,

Мал жиналып өспеген еді өркені.

Содан бері өтті-кетті не заман,

Түсті басқа неше түрлі зілзалаң.

Шайға құяр сүт сұрауға көршіден,

Кесені алып кетуші еді бір балам.

Той-думанның ортасында салып ән,

Серілікпен құрушы едім мен сайран.

Мыңын алып, жүзін беріп жүргенмен,

Бұл өмірде ақын бар мa байыған?

Ақын болып арқаладым жыр жүгін,

Ағытылды-ау айтылмаған сыр бүгін.

Топырағың торқа болғыр Зағира,

Ініме деп атап еді бір құлын.

Күнім жоқ ед байиын деп ұмтылған,

Баюшы едім жүрегіммен жыр тұнған.

«Ырым болсын бізден де бір, інім» деп,

Бір құлынды атап еді Ұлтуған.

Апаларым, қыдыр дарып, бақ қонған,

Алыс-беріс осьшдай бір шақ болған.

Сол құлындар маған ыстық көрінді,

Ат жетектеп,

Түйе алсам да жат қолдан.

Жүрсем де алып елден сыйдың талайын,

- Ырым болса - дедім - онда алайын.

Міне, ғажап, қос құлыным шұрқырап,

Малға толып кетті бүгін маңайым.

71

Сол құлындар бие болды, тай болды,

Қымыз ішіп, көңіліміз жәй болды.

«Малың бар ма?» дегендерге бұл күнде,

Айтатұғын жауабым да сай болды.

Жүруші едім жүрегімнен жыр төге,

Қазір малдан көрінбейді қыр - төбе.

Құдай берген басқа байлық бір төбе,

Қос апамның қос құлыны бір төбе!

Өтіп жатыр, кетіп жатыр отты күн,

Өзің барда биік екен шоқтығым.

«Сенен басқа кімім бар» деп жүретін,

Шынашақтай қара кемпір жоқ бүгін.

Қайран апам, ақ көңілі даладай,

Мені көрсе қуанушы еді баладай.

Қалт-құлт еткен жездемізді көргенде,

Көңіл шіркін бықсып жанған шаладай.

Дәурен сүрер, ойнап күлер жөні еді,

Құдайға да болған шығар керегі.

Бір құлынды жүз құлын ғып берер ем,

Ал, апамды, апамды кім береді?

Бір Отанның бір өзі еді қорғаны,

Амал қанша, арманы оның болмады.

Қалған жерде айнымайтын өзіңнен,

Жиендерім аман болса болғаны.

Бөтен біреу жәй сұраса қайтадан,

Аузым толып малым бар деп айта алам.

Малым бар-ау,

Алтын aпaм жоқ бүгін,

Ақ жанымды ақ қаймақтай шайқаған.

72

АЙТЫЛДЫ ЖАЛҒАН ҚОСЫЛМАЙ...

(Толғау)

Көпшілік бас қосқан жер,

Өнерпазға сын болад.

Өнерсіз болса ер жігіт,

Аузың ашпай жым болад.

Кезек келсе қысылып,

Жігері жасып құм болад.

Біреуде әсем үн болса,

Біреуде шешен тіл болад.

Жырлап тұрған бұл жырды,

Десеңіздер кім болад?

Бұл кәдімгі кенші ақын,

Сырда туып, Қырда өскен

Жезқазғандық Шынболат!

Кешегі бала шақтарда,

Кешегі бала шақтарда

Қиындықты көп көрдім.

Жігіттік шаққа жеткенде,

Қызық тa думан өткердім.

Иіліп басым көрген жоқ,

Алдында мықты бектердің.

Бақытын күндеп көргем жоқ,

Арманына жеткеннің.

Сабырлы жетер мұратқа,

Қалдырмай арым ұятқа,

Ақыры міне, жеткердің.

Қырық пенен отыздың

Белінен басып өткенмін.

Жақындап қалпын жарына,

Елу дейтұғын өткелдің.

Ендігі қалған жасымды,

Сүйсінтіп кәрі, жасыңды,

Жыр жазуға ептермін.

Ұлылық пен зұлымдық,

Шегін бір көрмей шектелдім.

Шахтаның тасын қопарып,

Қаншама кенді бөктердім.

Еліммен бірге өсуші ем,

Сағынышпенен тосушы ем,

Алғашқы гүлін көктемнің.

73

Дүбірлі елдің тойында,

Терімді талай төккенмін.

Сол үшін халқым риза боп,

Алғыс пен бата көп бердің.

Салмағын біліп ер жеттім

Қайла менен кетпеннің.

Жақсы менен жайсаңның,

Жанынан бір сәт кетпедім.

Әкемдей болған қарттар бар,

Жан аямас жаттар бар,

Келмейді мүлде жек көргім.

Жанымды ұққан адамға,

Қажет болса кеп тұрар,

Етімнен кесіп ет бергім.

Қиын-қыстау кездерде,

Қайран да менің қазағым,

Барасың қайда деп келдім.

Ел үшін мына шыбын жан

Садаға деп, серт бердім.

Азғана мына жалғанда,

Халқыма сөзім қалдырмай,

Келмей жүр менің текке өлгім.

Алдарыңда Мінеки,

Шапқылап жүріп жатырмын.

Кей қазақтан қорықсам да,

Кей қазаққа батырмын.

Аман болса тіл-көмей,

Бір қазаққа татырмын.

Ойын ойнап, той тойлап,

Талай да таңды атырдым.

Шахтада жоспар берем деп,

Талай күнді батырдым.

Ұлытау мен Алатау,

Ақшатау мен Көкшетау,

Қарақалпақ, қазақта

Қызыққа жұртты жапырдым.

Кей кезде үйге түнемей,

Әлиямды «қатырдым».

Атағым мәшhүр әр жерге,

Қызық та думан бар жерге,

Жас күнімнен жақынмын.

74

Жас күніме өкпем жоқ,

Сұлуда кегім кеткен жоқ,

Арыстан болып атылдым.

Денсаулығым бар кезде,

Арақты судай сапырдым.

Елге сырымды алдырмай,

Көңілімді қалдырмай,

Бес бала тауып өсірді,

«Әлия» деген алтыным.

Алматыдан ән келсе,

Сауық-сайран, сән келсе,

Бәрін де үйге шақырдым.

Домбыра қолға алғалы,

Шырқатып әнге салғалы,

Тиын санап көргем жоқ,

Бетіне қарап бақырдың.

Ақ көңіл атым арымай,

Риза халқым барыма-ай,

Бетімен шаптым тақырдың.

Сол мінезбен өтермін,

Келмеске мен де кетермін,

Жеткенде күні ақырдың.

Қырықтан асып бұл күнде,

Елуге бара жатырмын.

Дөңгеленген дүние,

Тағы не ғажап көрсетер,

Күтейік алдан ақырын.

Астымда жеңіл «Жигули»,

Жылдамдық жүз қырық шақырым.

«Жигулимен» жүйткітіп,

Үш домалап түскенде,

Өлмей де қалған «батырмын».

Арақтың басын қайырдым,

Ақ-қарасын айырдым,

Алыс пенен жақынның.

Айтылды жалған қосылмай,

Жағдайы, міне, осындай,

Шынболат деген ақынның.

75

АЙНАЛАМ ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАП ТҰР

(Толғау)

Домбырамды қолға алып,

Тоқсан рет толғанып,

Жан-жағыма қарасам,

Айналам гүлдей жайнап тұр.

Ақыным бүгін келді деп,

Тілекті Құдай берді деп,

Сыбағамды сайлап тұр.

Ақ білектер бұлтылдап,

Ақ самаурын бұрқылдап,

Оттан түспей қайнап тұр.

Шәкең келді дегенге,

Көрмеген көп ағайын,

Атының басын байлап тұр.

Сыр менен Қырдың арасы

Желмаяның баласы,

Жүретін жол ед айлап бір.

Сендерге деген сағыныш,

Жүректегі жалыныш,

Өн бойымды жайлап тұр.

Өзіме келсем ағайын,

Баяғы Шәкең, сол Шәкең,

Бағына елдің сайрап тұр.

Сендерге деген сырымды,

Сағынышымды, жырымды,

Айтпақшы едім жайлап бір.

Ағалар аңсап келгенде,

Болма көңілім шерменде,

Қажыма жаным, қайрат қыл.

Сөйлеп қалған ұзын тіл,

Бәйге бермес қызыл тіл,

Шабайын деп жайдақ тұр.

Болар емес босатпай,

Парлап жеккен қос аттай,

Көңілдегі көп өлең,

Ауыздығын шайнап тұр.

76

Өтпейтін жаман жасықты,

Неге де керек қайрап құр.

Ондай-ондай адамдар,

Сөз түсінбес надандар,

Суыңды жүрер лайлап құр

Үй артында кісі бap,

Батпай жүрген тісі бар,

Қыларыңды жайлап қыл.

Азғана мына жалғанда,

Ақыннан сөз қалған ба?

Білетін бәрің айғақ бұл.

Тоқсан ауыз сөзімнің,

Тобықтай ғана түйіні,

Алдымда ажал тайғақ тұр.

Сол тайғаққа жеткенше,

Жұмылып көзім кеткенше,

Алдарында шарықтап,

Отырайын сайрап бір.

Домбыра қолға алайын,

Жиналып бәрің келген соң,

Біразырақ тыңдаңдар,

Шынболаттың термесін.

Біраз жерге барайын,

Желмаядай желгесін.

Өлең мен жырға келгенде,

Бұл қалада болмай тұр,

Өзіме келер теңдесім.

Тереңнен сөзді терейін,

Білгенге - маржан, ерге сын.

Сөзімнің жоқ жалғаны,

Қолменен ұстап өздерің,

Көздеріңменен көргенсің.

Тұрғанда аман тіл мен жақ,

Мына отырған ақының,

Оңды солды сермесін.

Тепкенде темір үзетін,

Жастықтың жолы бір басқа.

77

Өтпестей көрген өмірді,

Мастықтың жолы бір басқа.

Ішерге үнем болмаған,

Аштықтың жолы бір басқа.

Достықтың жолы бір бөлек,

Көз алартқан досына

Қастықтың жолы бір басқа.

Көңілі қалар құлазып,

Ауыр сөз айтпа құрдасқа.

Сеніміңді ақтамас,

Жамандармен сырласпа.

Айтқаның кетпес далаға,

Жақсының алды бір басқа.

Азамат болса ер жігіт,

Айтқанына тұрмас па?

Қол ұшын берер кездерде,

Атының басын бұрмас па.

Жәй күндері бәрі дос,

Қиындық сәтте жөн басқа.

Көп болғанмен ағайын,

Бауырдың жолы бір басқа.

Қанша жаман болса да

Баланың жолы бір басқа,

Олай айтпа, бұлай айт,

Ананың жолы бір басқа.

78

СЫР ЕЛІНЕ БАРҒАНДА

Әніңменен ауызданып бұрын мен,

Сырда туып, Қырда өскен ұлың ем.

Құшағыңды аш, қасиетті Сыр елі,

Келіп тұрмын кеуде толы жырыммен.

Бәрі де тұр көзіме оттай басылып,

Қарап қаппын ойлы көзге жас іліп.

Кел, ұланым, дегендей бір жылы леп,

Аймалайды мойыныма асылып.

Жүруші едім бір көруге асығып,

Арман еді, асқақ еді жас үміт

Саған деген сағыныштың тамшысын,

Қала алмай тұр ғазиз жүрек жасырып.

Егіліп тұр, төгіліп тұр мерейім,

Мен де пістім, бойда барды берейін.

Апар мені ортасына аңыздың,

Масақ терген күндерімді көрейін.

Қайда, кәне, кәранай мен көсігің,

Көңіл соны аңсап тұрса несі мін?

Біздер үшін.одан тәтті болмайтын,

Құм ішінен іздеуші едік кезіп ін.

Ұмытқам жоқ Сырдың сырлы әндерін,

Күләбі мен әміренің дәмдерін.

Сеніменен көрікті ғой ұл - қызың,

Ұл-қызыңмен көріктісің сен де, елім.

Бір кез мен де жалаң аяқ жетім ем,

Аңыраумен Арқаға ауып кетіп ем.

Анау жүрген қара борбай балдарды,

Ұстап алып сүйейін бе шетінен?!

Сағынышым жылдан-жылға артылып,

Көргенім жоқ қиындықтан тартынып.

Әттең, шіркін, менің қысқа ғұмырым,

Келе жатыр Сыр суындай тартылып.

Жүрегімде жүрдің жанып, сөнбедің,

Бір жұтайын лай суыңнан шөлдедім.

Бір көріну биігіңнен, туған ел,

Бала күннен бар арманым сол менің.

79

НӘНСАЙ

Жалаң аяқ жағасында жүгірген,

Нәнсайыма келіп тұрмын бүгін мен.

Елестейді көз алдыма бала кез,

Қармақ салып, тереңіне үңілген.

Бала кезім,

Балғын шағым,

Нәнсайым.

Нәнсайымды ардақ тұтам, аңсаймын.

Сағынумен,

сарылумен өтті екен,

Қанша жылым, қанша күнім, қанша айым.

Қайран, Нәнсай,

қалың жыңғыл айналаң,

Мендей сені сағынды екен қай балаң?

Маған ол кез сай емес, көк теңіз ең,

Айдынында ақ шабағы ойнаған.

Табиғатты тарылтуға тым шебер,

Нәнсайдың кеп табанына құм шөгер.

Осы сайдан қырық бесінші жылдары,

Жайын алдық деген сөзге кім сенер?

Бала күнгі менің ыстық мекенім,

Орны жатыр шешем қазған кепенің.

Қырық жылдан кейін ғана білдім ғой,

Өмір шолақ, дүние жалған екенін.

Қорамызда ит жоқ еді үретін,

Кімдер қалды оны қазір білетін?

Ақкемпір мен Ақнұр деген әжеміз,

Айқай салып, қамқор болып жүретін.

Ағаларым Қалжан менен Кәріге,

Сағынышым жетер ме айтсам бәріңе?

Қазір енді бірің бар да бірің жоқ,

Өмір толқын әкетіпті-ау әріге.

Күз түскенде басымызда бақ қандай,

Болушы едік бақыт дәмін татқандай.

Анау жерде Жадыра мен Бейбатша,

Шартақ кұрып, қауын тіліп жатқандай.

80

Ақыныңның саған ауған аңсары,

Қанбай жатыр көңілімнің кәусары.

Анау жонға қақпан құрып Ерназар,

Мынау жерден шығушы еді Дәусары.

Ал, Тасболат, Кәләміш пен Торғайлар,

Сол кездегі нағыз қара борбайлар.

Жүруші еді ұра қазып, бау басып,

Бригадир ұстап алса сор қайнар.

Күздің сол бір айсыз қара кешінде,

Қалдыгүлді ұзатқаным есімде.

Содан қайтып сол апамды көрмедім,

Кетіпті ғой келмес өмір кешінде.

Бәрін қалай айтамын деп түйіндеп,

Бір сәт, міне, қалдым үнсіз күйімде.

Бұл ауылдың бар қызығы бар еді,

Бір патефон Шілмән шалдың үйінде.

Дүниені жүрген жандай қиратып,

Беделімен бар ауылды сыйлатып.

Түлкі тымақ,Түйе үстінде Жұман шал,

Тұрушы еді қара мұртын ширатып.

Нәнсай, Нәнсай,

Қай теңеуге теңесем?

Мынау үйге түскен Айпаш жеңешем.

Көнелердің көзін көрген аяулым,

Сен болмасаң мүмкін мұнда келмес ем.

Тағы нелер түседі деп есіме,

Қарай берем, қарай берем тесіле.

Балғын шағым бір сәт қайтып келер ме?

Бауырым басып, аунайыншы төсіңе.

Қайта айналып қарай берем үңіле,

Қызыл шашақ жыңғылыңның гүліне.

Тағы да бір келермін-ay, келермін,

Ұмытар ма ақын сені тіріде.

Қош бол, қош бол,

алтын ұям,Нәнсайым,

Әлі қанша армандаймын, аңсаймын.

Мен білмеймін бұл өмірде қалды екен,

Қанша жылым, қанша күнім, қанша айым?!

81

«ТӨРТІНШІМ»

Қайран менің «Төртіншім-ай»,

Төрт қалаға бергісіз,

Екеуміздің тағдырымыз

Не болары белгісіз.

Көшелерің шаң мен тозаң

Болса да адам көргісіз?

Саған деген махаббатым,

Адам айтса сенгісіз.

Сен де менің жастық шағым,

Жиырма бесім

Көркімсің.

Сағынышым, ән мен жырым,

Алаулаған өртімсің.

Махаббатым, шапағатым,

Той-думаным,базарым,

Алтын ұям, сайран мекен,

Қайран менің «Төртіншім».

«Төртіншіде» мекенжайым,

Оған ылғи кеп тұрам,

Барлығын да бауырымсың,

Қамдарыңды жеп тұрам.

Алматыдан ән салғанда,

Теледидар арқылы,

«Төртіншінің» тұрғындары

Көрді ме екен деп тұрам.

Қайран менің «Төртіншім-ай»,

Бір кездері өрт едің,

Жалын едім алаулаған,

Мен де ол кезде ерке едім.

Азғана бір алдамшы өмір

Зулап өтіп барады,

Сенің-дағы, менің-дағы

Көрініп тұр ертеңім.

Астың байлық, үңгіп қазып,

Алдық барлық өнімін.

Енді сені көшіреді,

Аз қалды дейді өмірің.

82

Тас қамалдай,

Тастан қалап,

Соққан үйлер кешегі,

Құлап жатыр, соны көріп,

Құлазиды көңілім.

Теміржол мен трубалармен,

Төрт жағыңды қоршаған,

Айналайын, «Төртіншім-ай»,

Не істей алам мен саған?

Ақпай қалған көз жасыңды,

Кім көреді, шіркін-ай,

Арманымыз мол еді ғой,

Мол еді ғой аңсаған.

Жер жарылып,

Жерге айналып,

Құлап жатыр жел жағың.

Соны көріп жүрегіме

Қадалғандай қанжарың.

Түн ұйқымды төртке бөліп,

Дөңбекшумен шығамын,

Бір күн түнде құлай ма деп,

Жел жағы емес, ел жағың.

Парижіңе дес бермейтін,

Қайран менің ауылым,

Осы жерден тауып едім,

Достарымның тәуірін.

Осы жерде қош айтыстық

Нелер жақсы-жайсаңмен,

Езіліп-ақ кеткен сонда,

Менің титтей бауырым.

Ақсақалды абзал жандар

Көп еді ғой бұрында,

Қайда кеткен қайран жандар,

Бірі қалмай ырымға.

Мәңгілікке көзін жұмып,

Ұрпағына бақ тілеп,

Желеп-жебеп жатыр бәрі

«Төртіншімнің» қырында.

83

қымбат маған,

Аймаханов, Алтынсарин көшесі,

Алшаң басып сенде жүрді-ау

Шынболаттың шешесі.

Қайсы бірін айта берем,

Еске түссе сол күндер,

Бес баламмен толмай тұрар,

Бір шешемнің есесі.

«Төртіншіден» үй соғу ед,

Бір кезде елдің арманы.

Осы екен ғой қарап тұрсам,

Дүниенің жалғаны.

Сақалы жоқ,

Мақамы көп,

Домбыра алып толғаған.

Мен болыппын енді міне,

Шалдарыңның қалғаны.

84

ТӨРТІНШІМ

(әні бар)

Жүрсем де қай шетінде байтақ елдің,

Келеді өзің жайлы айта бергім.

Аралап кең даласын қазағымның,

«Төртіншім», мен өзіңе қайта келдім.

Қайырмасы:

«Төртіншім», айналайын,

Алтын бағым,

жарқын таңым.

Сен менің арман қуған,

Жастық шағым.

Бұл күнде маңдайдағы барым да сен,

Сен менің анам, ағам, жарым да әсем.

Мәскеуге, Парижіңе табынбас ем,

Соларды мен өзіндей сағынбас ем."

Қайырмасы.

Көшеңде асыр салып жарқылдадым,

Сен үшін оттан, судан тартынбадым.

Япырмай, жер қозғалса қозғалмаған,

Қасиет бap-ay сенің халқыңда мың.

Қайырмасы.

«Tөpтіншім», желбіретіп түндігіңді,

Жасай бер, жарасымды тірлігіңді.

Сағынып мен өзіңді қайта келдім,

Байланған ағыта алмай кіндігімді.

Қайырмасы:

«Төртіншім», айналайын,

Алтын бағым,

жарқын таңым.

Сен менің қайта келмес,

Жастық шағым.

85

ОҢАШАДА

Ашық еді-ау,

Бұлтсыз мөлдір аспаным.

Жырланбаған көп қой қызық дастаным.

Қызу еңбек,

Дүбірлі той ішінде

Уа, дариға-ай, өтті-ау менің жас шағым.

Келмес жерге жастық шағым кеткен бе?

Ғашық едім,

Қырмызы гүл көктемге,

Көңіл жас-ау, көз алмаймын

Уа, шіркін,

Сұлу қыздар сылаң қағып өткенде.

Әнімді айтып,

Күйімді елім шертеді.

Сағыныштың дерті мені өртеді.

Қайсыбірін, қайсібірін айтайын,

Өмір емес, өткен күнім ертегі.

Еске түсіп,

Сөз қозғадым әріден,

Бақытты ғой әркім сүйген жарымен.

Кәне, шыққан сонда менің мүйізім,

Артық екен ақ бәйбішем бәрінен.

Артта қалып өмірдің сан наз әні,

Ескі қалып,

Таңдап кидік тазаны.

Қазір енді оттан түспей жатады

Айналайын біздің үйдің қазаны.

Жалғыз қалсам, бойды басып нала-мұң,

Қонақ келсе, көл-көсір боп қаламын,

Бір жапырақ дарқандығым бар болса,

Қасиеті ол ұшан-теңіз даламның.

Қырық деген шығып тұрмын белеске,

Заман мынау айдарымнан жел ескен.

86

Мен үшін де,

Сол жігіттер үшін де,

Алар кезім,

Берер кезім емес пе?!

Жан сезімім тау суындай тұнық-ты,

Сағынуды, сірә, мендей кім ұқты?

Тұла бойым тұнып тұрған сағыныш,

Айбергенов Төлегеннен жұғыпты!

Ал, өмірге ғашық болсам жыр құшып,

Көз алдымда тұрар Баубек Бұлқышев!

Қажығанда қайрат бepiп жаныма,

Шахтыларға жүр менімен бір түсіп.

Қалып қоймай орта жолда тоқталып,

Артық бір іс атқарамын оқталып,

Аппақ қарға ағып түскен

Жас қазақ,

Сенің үшін қыршын кеткен, Тоқтаров!

Сендерді ойлап тыншымайды от денем,

Ақын үшін артық уақыт жоқ дер ем.

Сенбілікте артық ағаш егем де,

Әлия үшін, Мәншүк үшін деп келем.

Ой маржанын іздеп сонау тереңнен,

Оңашада сырласамын өлеңмен.

Қара өлеңнің ақ сарайын тұрғызып,

Туған елге сыйласам деп келем мен.

Сөйтіп жүріп,

Бір күн мен де өтермін,

Барлығыңмен қоштасатын жетер күн.

Жатармын-ау ақ шымылдық артында,

Жоқтағанын ести алмай мені елдің

Бұл өмірден келмесе де жөнелгім,

Табиғаттың заңы қатты, көнермін.

Жанып-жанып,

Майы біткен шырақтай,

Бәріңді де қимай-қимай сөнермін.

87

Сөнермін де,

Енді қайтып жанбаспын,

Домбыра ұстап тойларыңа бармаспын.

Қызықтырмас содан кейін нe сұлу,

Қорқыта алмас небір пері, албастың.

Сөз де қысқа айтатұғын ендігі,

Coдaн кейін барар жерім белгілі.

Жаңбыр жауып,

Мен қыдырған қырқада,

Қызғалдақтап көктей берер қыр гүлі.

88

ТЫНЫМСЫЗШАҚ

(толғау)

Ал, десеңдер ағайын,

домбырамды қағайын.

Кетуші едім желігіп,

Қолпаштап қойса маңайым.

«Болмасаң да ұқсап бақ»,

Деген ғой ақын Абайым.

Қаз орнына қарғашың,

Бір кәдеңе жарайын.

Айтысқа түсіп ақын боп,

Жүлденің алдым талайын.

«Тамашадан» тамсанттым,

Елімнің заңғар сарайын.

Кеудем толы жыр-терме,

Жаңғақтай біраз шағайын.

Көңілдерге ой салып,

Өлеңнің отын жағайын.

Ғажайып мынау өмірге,

Міндетті ме адам келуге?

Келуін келіп қалған соң,

Міндетті екен өлуге.

Міндетті екен тағы да,

Бойдағы барды беруге.

Ұзақ өмір сүрем деп,

Болмайды екен сенуге.

Балақты жаста түріппіз,

Далақтап өмір сүріппіз.

Үлкендер айтса жылы сөз,

Мәз болып соған күліппіз.

Бap бақыт баста екен ғой,

Онда біз нені біліппіз?

Менсінбей бәрін жүруші ек,

Қай жақта қалдың, қырық қыз?

«Сөйтіп жүріп өмірден,

Болғанды да көргенбіз.

Болып,толып болған соң.

Солғанды да көргенбіз.

89

Өскенді де көргенбіз,

Бөскенді де кергенбіз.

Өсіп,бөсіп болған соң,

Өшкенді де көргенбіз.

Асқанды да көргенбіз,

Тасқанды да көргенбіз.

Асып-тасып болған соң,

Сасқанды да көргенбіз».

Мың тіріліп, мың өліп,

Жалғандығын дүниенің

Айтып-айтып кетуге,

Мына ғажап өмірге,

Ақын болып келгенбіз.

Ел сенімін ақтадым,

Бетімше жүріп лақпадым.

Аз ғана мына жалғанда,

Пендені беттен қақпадым.

Бақытын күндеп басқаның,

Біреуді тілдеп шатпадым,

Бар бақытым алда деп,

Жасымда тыным таппадым.

Бір өнер болып баққаным,

Қыруар жырды жаттадым.

Қайда барсам қадірлеп,

Басымнан асты мақтаным.

Қалың қазақ ішінде,

Айтылып жатты жатқа әнім.

Тындырдым деп бір істі,

Сонда да тыным таппадым.

Арнадан терең аттадым,

Сезімді пұлдап сатпадым.

Шаңын жұтып отыз жыл,

Астында жүрдім шахтаның.

Үндемес жерде дым демей,

Тұнып та көрдім ақпадым,

Сабырмен күттім әр таңды,

Бірақ та тыным таппадым.

Еңбекте жанып жаққаным,

Береке болды тапқаным.

90

Той-думанды қыздырып,

Суындай Сырдың қаптадым.

Асаба болып аңқылдап,

Ақшаны басып, қаттадым.

Шашып та жүрдім шашудай,

Әйтеуір тыным таппадым.

Қырымда жанды баптадым,

Денемді күнге қақтадым.

Жүйрікті мініп жүйткітіп,

Құс төсек болды жатқаным.

Қазы-қарта, жал-жая,

Бал шарап болды татқаным,

Кәне, шыққан мүйізім,

Сонда да тыным таппадым.

Нұрлы өмір менің мақтаным,

Сыр етіп мәңгі сақтадым.

Шығарда жаны бір басқа,

Қай жақта қалдың аппағым?

Есімнен шықпай жүр бүгін,

Бақытты менің шақтарым,

Әдемі күндер-ән күндер,

Әлемнен іздеп таппадым.

Аралап жастық бақтарын,

Кәрілік болды тапқаным.

Ай мен Күнім тұтылып,

Біле алмай қалай батқанын.

Сөйтіп бір жүрген күндері,

Қара жер ашып қақпағын,

Көрерсіңдер Шәкеңнің,

Көсіліп тыным тапқанын.

91

НАҒАШЫМА

Түп нағашым атақты,

Қара Қыпшақ Дәуітбай,

Атағы кеткен аспанға,

Мұржасы биік зауыттай.

Мықтылығын сұрасаң,

Батырлар киер сауыттай.

Құлманның қызы Зейнепке,

Атамның көңілі ауыпты-ай.

Жақсыбай, Зейнеп қосылып,

Ділдебайды тауыпты.

Ділдебай палуан атанып,

Күресте болған қауіпті.

Өз нағашым Юлаев

Башқұрттық батыр Салават,

Пугачевпен жолдас боп,

Патшаға қарсы шауыпты.

Солардың қалған тұяғы,

Шынболат ақын атанып,

Талайдың аузын жауыпты.

Бac қоса қалсам жақсымен,

Құрамын сайран-сауықты.

92

СОЛ БІР КҮНДЕР ЕСІМДЕ

Есімде жоқ дүниеге келгенім,

Ес білгенде Нәнсай деген жерде едім.

Аяулы анам жыр ғып айтып жүретін,

Екі жаста әкем қалай өлгенін.

Жан ашитын болмай ешбір панасы,

Көкірегінде тірліктің көп жарасы.

Қайнысына қосылыпты бір жақын,

Қарт анасы, соңында екі баласы.

Біз бала едік, еш нәрсемен жоқ ісі,

Алты ай тұрып анамменен сол кісі.

Үшінші ұлға екіқабат кезінде,

Басталыпты Ұлы Отан соғысы.

Талайларды жалмағанда жау арсыз,

Әлгі әкеміз кеткен хатсыз, хабарсыз.

Дәл сол жылы бір ұл тапты шешеміз,

Үшеу болдық қалған жетім, панасыз.

Ұл туды деп, қуанбадық, қараңыз,

Қуанбадық көбейді деп арамыз.

Тоқсан бесте қарт нағашы анамыз,

Төрт жетіммен жалғыз қалды анамыз.

Тұрған кезде бар тірліктен түңіліп,

Үй өртеніп, ойран болды жығылып.

Жалын жалмап барлық жиған-тергенді,

Енді болды жығылғанға жұдырық.

Өрт ішінде қарт әжеміз қалыпты,

Кіндігінен жоғары жақ жаныпты.

Сорлы кемпір енді өлді ғой дегенде,

Бір ер жігіт өрттен суырып алыпты.

Мен сол өртте шомылдым да түледім,

Шырылдады соғып, сәби жүрегім.

Қарт әжемнің салдыратып сүйегін,

Дәрігерге әкеткенін білемін

93

Бауырына салған мені жасынан,

Шықпаушы едім әжемнің еш қасынан.

Сол қартымыз азап шегіп өлгенде,

Қайғырмадық, нанар ма адам осыған.

Құдіретіне Тәңірім тәубе қылдым-ай,

Молда кісі еді аузында «бір Құдай».

Ақырет жоқ, кебін таппай ақыры,

Шапанына орап көмдік сұмдық-ай.

Таянышы болмай жиған малдың да,

Рахатын көрмей сүйген жардың да,

Қасіреттен қияли боп кетудің,

Анам байғұс аз-ақ қалды алдында.

Төрт жасымнан тағдыр қайғы жегізген,

Ал, Тасболат жаңа асыпты сегізден.

Өртте туған Өртембай деп, ат қойып,

Жас сәбиін анам алғаш емізген.

Қол-аяғын сол Өртембай матаған,

Қайран анам жарылардай қаладан.

Шерлі жүрек шерменде боп жүргенде,

Қырық бірдің қысы кенді қақаған.

Барар жер жоқ, басар тау жоқ ұғындық,

Аш, жалаңаш бар тірліктен түңілдік.

Сыз еденге сабан төсеп қалың ғып,

Қодар шалдың кепесіне тығылдық.

Ділдебайдың қалған екі баласын,

Жеткізсем де жарар деді анашым.

Ұл-қызы жоқ ағайынның біріне,

Қиып берді емшектегі баласын.

Сол Өртембай «Серікбай» боп атанды,

Қарт әжеміз кебінсіз жер жастанды.

Қос жетімді жеткізем деп, ал содан,

Анашымның арпалысы басталды.

Отын тасып, аяқ, қолы домбығып,

Темір пешке от жағатын мол қылып.

Қыстыгүні дән суырып қырманнан,

Диірмен тартып, нан жабатын оңды ғып.

94

Аяз қатты шыға алмаймыз далаға,

Жаз шықпастай көрінетін балаға.

«Бүгін бізге не әкелер екен» деп,

Жаутаң қағып, қараушы едік анаға

Сол бір қыстың түні ұзақ, таң атпайтын,

Тек анамыз ұйыктамайтын, жатпайтын.

Түніменен диірмен тартып, нан илеп,

Келі түйіп, күріш, тары ақтайтын.

Күндіз күлкі, түнде ұйқы болмайтын,

Ағайын жоқ мүсіркейтін, қолдайтын.

Темір пештің соңғы шоғы сөнгенде,

Кепе ішінде қара түнек орнайтын.

Отын жоқта пеш те ертерек сөнетін,

Белді буып, бәріне анам көнетін

Нан жоқ күні біздер ұйықтап қалсын деп,

Қиял-ғажап ертегі айтып беретін.

Қиындыққа қарсы туған қасқадай,

Алақаны көн болса да таспадай.

Жүруші еді Құдайдың ақ жолында,

Ораза ұстап, намазын да тастамай.

Болсадағы бізге мықты тас қорған,

Байқаушы едік көз жанарын жас толған.

Ет дегенің миымызға кірмейтін,

Шопақ қатқан көже-балдай ас болған.

Балалықты солай қарсы алғанбыз,

Ажалға да сан бетпе-бет барғанбыз.

Сол күндерді есіме алсам о, ғажап.

Қайран қалам, қалай тірі қалғанбыз.

Қысы, жазы қиындықпен белдесіп,

Ана ашынса жоқ екен ғой жеңбесі.

Қырық жыл қырғын,

он жыл аштық болса да,

Ажал жетпей өлмейді екен пендесі.

95

ТОЙ ҮСТІНДЕГІ ОЙ

Күн өтті

Апа, сені сағынамын,

Ойға алып,

Өлең жазып аңырадым.

Жатты үнсіз сенің молаң қыр басында,

Жатқанда тойға ұласып шаңырағың.

Құр кетпей сен төккен тер текке, міне,

Шүкір ғып мүндай тойға жеткеніме,

Тасболат,

Апа, сені есіме алып,

Отырдым ой жіберіп өткеніме.

Сен едің биік шынар белестегі,

Жанымыз шығарда бір емес пе еді?

Біреулер маған бақыт тілеп жатса,

Көзіме сен жүрген жол елестеді.

Көп екен өткен күннің өкінері,

Шыңдаған жоқшылықтың оты мені.

Әсері бәлкім соның шығар бүгін,

Жыр толған жігіт болдым көкірегі.

Тірлікте сен көрмеген азап бар ма?

Шыдаған соған сендей ғажап бар ма?

Деп келіп сүргін тірлік заманына,

Келін боп түсіп едің қазақтарға.

Сұм тағдыр содан қүрық салған екен,

Мен жалғыз он баладан қалған екем.

Белгісі шыдамдықтың сен боп қалдың,

Ал, өмір өте шықты, жалған екен.

Алдымен құдай қосқан жарыңды алды,

Өрт шығып,

Анан менен барыңды алды.

Үш бірдей жас баламен айдалада,

Кеудеңде шықпаған тек жаның қалды.

96

Жас болып,

Жан күйіттеп керілмедің,

Азаптың қандайынан жерінбедің.

Арпалыс,

Ақ боранда дән суырып.

Бір күлше нан табуға ерінбедің.

Беліңді содан қашан жазып едің?

Бетпаққа Сырдан канал қазып едің.

Сол кезде құлайтұғын шаңырақтың,

Бекітіп мықтап қаққан қазығы едің.

Арқаңа тау артса да талмас едің,

Сынбаған майысса да алмас едің.

Бәрін де өзім көрдім,

Ұмытқам жоқ,

Өзге айтса кім біледі нанбас пе едім.

Неткен күш,

Неткен қайрат,

Неткен сенім,

Қайысты-ау,

Сынбаса да шөкпей белің.

Жыр болып көкірегімде құйылып тұр,

Үй салып, кесек құйып, төккен терің.

Жоқшылық күннен күнге жайды етегін,

Біз білдік ағайынның майда екенін.

Тойдағы мынау жүрген көп ағайын,

Білмедім сол күндері қайда екенін?

Тірлікте көріп жүрмін талай ана,

Оларға салыстырам қалай ғана?

Бастарын бала түгіл баға алмай жүр,

Қараумен ертелі-кеш шарайнаға.

Бір батып,

Дарияға бір шыққанда,

Тірліктің қыры кетіп, қырсыққанда.

Қиналдым,

Қажыдым деп айтпадың-ау,

Тас басып, қар суына тұншыққанда.

97

Біздерге арайлап таң атқан кезде,

Бал дәмін енді ғана татқан кезде.

Балам-ай,

Қиналдым-ау, демедің ғой,

Hәp жүрмей өңешіңнен жатқан кезде.

Дауылдың бегі қайтып ыққан кезде,

Тауыңа енді ғана шыққан кезде,

Қарамай аллы-артыңа кете бардың,

Жаныңды жалғыз ұлың ұққан кезде.

Ешқашан бас пайдасын ойламаған,

Тып-тыныщ жатырмысың, қайран анам.

Шаршаған кездерімде,

Суретіңе,

Бір қарап шабытымды қайрап алам.

Бозторғай жұмыртқалап қой үстіне,

Той қызған,

Мен отырмын ой үстінде.

Бір аунап жаттың ба, апа, сенің үшін,

Немерең тост көтерді той үстінде.

Кеудемде өмір барда, тірі етермін,

Ісі өлмес аналардың бірі етермін.

Ендігі қолдан келер осы ғана

Ұрпаққа өміріңді жыр етермін.

Білмеймін,

Дұғалыққа жарай ма өлең?

Жыр төгіп, өзің жаққа қарай берем.

Өзіңмен қоштаспаймын,

Өзің жайлы,

Өлеңнің мұнарасын қалай берем.

98

АНАМНЫҢ СУРЕТІНЕ

Төрімде, апа, тұрасың ылғи мұңайып,

Жүруші ем, ессіз алдыңда жасап мың айып.

Арманың едім алдыңғы топтан адаспай,

Азамат болдым атына сенің лайық.

Бір күнде босқа өткізбей алтын уақытты,

Қартайған шақта жырымнан таптым бақытты.

Жолсапар шегіп, таңдайын елдің қақтырып,

Үстінде жолдың таңдарым талай атыпты.

Жат жерде жүрсем, Ертіс пен Сырды жағалап,

Бейтаныс жандар алдымнан шықты ағалап.

«Елім»деп, салған балаңның отты жырына,

Бастарын иіп, батасын берді бағалап.

Малым жоқ өрген, итім жоқ үрген қорадан,

Байлығым – жырым бойыма сыймай бораған.

Барымды тапқан дорбама салып, арқалап,

Сағынып шаршап, өзіңе, апа, оралам.

Оралып келсем тұрасың тағы мұнайып,

Барына риза, жоғына сабыр қылайық.

Қажымас сенің қайратыңды еске ап қаһарман,

Қалғандай болам, қайтадан тағы тыңайып.

Мұң шағар жан жоқ , құлазып көңіл босады,

Сөнбесе деп ем, бабамның жаққан ошағы.

Өзіңе тартып иілмей мен де бағармын,

Білмеймін алдан тағдырым нені тосады.

Масқара болдым мас ұлдармен алысып,

Жүрекке кейде қоямын ащы дәрі ішіп.

Күн кешіп жүрмін, тынымсыз мен де өзіндей,

Тауқымег тірлік иықтан басып, жанышып.

Қуғанмен қанша жеткізбей кетті ақ арман,

Баяғы қара шаштарым бүгін ағарған.

Суретін тізіп, ұл-қыздың, немерелердің,

Мәз болам соған, жастығымды еске aп жаңарған.

99

Ғайшаң да өсті, өзіңнен ешбір аумаған,

Шөберелерің көктемгі гүлдей қаулаған.

Ұрпағыммен қымбат қой мына жары күн,

Әзірге шүкір жаңылғаным жоқ тәубәден.

Азғана шыда, өзіңе барар жетер күн,

Басыма түскен заманның жүгін көтердім.

Басамнан қалған ошақтың жалғыз eгесi ем,

Сөндірмей отын өлгенше жағып өтермін.

100

Шындық

ШАҢЫРАҒЫ БАБАМНЫҢ

(Әлияға)

Мен он ceгіз ол кезде,

сен он алты жаста едің,

Өзге қыздар 6ipтөбе,

сен мен үшін басқа едің.

Жалын едім лаулаған,

сен кездестің бағыма,

Өмірлік жар мен болам,

кұшағыңды аш» дедім.

Мен білмеймін ол кезде,

сенде қандай ой болды,

Мен жарылсам ағымнан,

ceнің сөзің «қой» болды.

Таң атпаймын десе де,

күн қоймайды деген ғой.

қойшы әйтеуір сонымен,

көп ұзамай той болды.

Жар-жар айтып шақыру

билет жасап жатпадык,

Оркестрлер дүрсілдеп,

шампан дәмін татпадық.

Шәкен деген жеңгемнің,

шәлісін сап басыңа,

Ақ ниетті анамның

босағасын аттадық.

«Жас қой шіркіндер,

не болар» деп қорқа ма,

Аналарымыз жылайтын,

бізге көңілі орта ма?

Шашу шашып жеңгелер,

жастар жағы ән салып,

У-шу болып жататын,

қос кемпірді ап ортаға.

Әдепсіз боп біреумен

салғыласып жатпадың,

Кемістігін өмірдің,

жария қылмай сактадың.

101

Шынболат Ділдебаев

Ыстық-суық, бар-жоқты

бірге-көріп өзіммен,

келін деген атыңды,

абыроймен ақтадың.

Ұл да әкелдің әдепті

қыз да әкелдің көрікті,

Дәл осындай бақытты,

әкем көрмей өліпті.

Жалғыз қылдай жалғасқан,

жеті атадан жалғыз ем,

Бес өрімтал аз жылда,

бауырыңнан өріпті.

Сендегі зор махаббат,

дұшпанымды бүктірді,

Ауызына құм құйып,

шуда жіппен тіктірді.

Шүкір, тоба құдайға,

бергеніңді көпсінбе,

Касиетті бабамның,

шаңырағы тік тұрды.

102

Шындық

ӘЛИЯНЫҢ COҢF Ы МОНОЛОГ І

Жоқ еді інім, ағам да

Шерлі жүрек жетім-ді

Амал қанша маған да,

Кезек келген секілді

Қайғылы бip уақиға.

Болатынын сезгем-ді

Бұл пәниден бақиға,

Аттанатын кез келді

Білмейтінің көп еді

Басы жұмыр пендесің.

Мен бар да арман жок еді

Kipep, шалым, енді еciң.

Kөкірегің тола мұң,

Келмес менсіз сәнің де.

Саған» қиын боларын,

Білем, білем, бәрін де.

Ойыңа алған күніңде,

Ішіңнен бір тынарсың,

Байқалмаған тipімде,

Кадірімді ұгарсың.

Балаларға бол адал,

Төмендетпей басыңды.

Оңашада жылап ал,

Көрсетпе елге жасыңды.

Білмейді деп сен жүрдің,

Ecіл-дертің дала боп.

Бәрін біліп мен жүрдім

Балаларға ана боп.

Тимей бізге еш пайдаң,

Қызық қуып сен жүрдің.

Бес баланы балаумен

Бақытыма мен жүрдім.

Hecінe айтам құр өкпе,

Жанымызға бататын.

103

Шынболат Ділдебаев

Жұдырықтай жүрекке,

Бәрі сыйып жататын.

Салып үйге сан ылаң,

Армансыз-ақ есірдің.

көрге әкетіп не қылам,

бәрін-бәрін кешірдім.

Арым таза алдыңда,

Саған адал жар едім.

Жер ортада калдың ба?

Дүние неткен тар едің.

Бетіне бір келмеген,

Риза бол. жарыңа.

Атаң, анаң көрмеген,

Ұл-қызыңның барына.

Сырласатын жайсаңым,

Cepiгiм еді талай жыл.

Қабағына Ғайшанын,

Көз астымен қарай жүр.

Жарып шыққан қолқамды,

Кенжесі еді баламның.

Құтты орнына Шолпанды,

Қондыра алмай барамын.

Шолпантайым, жұлдызым.

Мейірімді болыңдар.

бір-біріңе ұл-қызым,

Бақыт болып қоныңдар.

Ұлдарым-ау, жүріңдер,

Ардың туын құлатпай.

Бакытты өмір сүріңдер,

келіндерді жылатпай.

Жақсылыққа үлгеріп,

Жамандықтан қашыңдаap.

Мен көрмегенді көpiп,

Сан қырлардан асыңдар.

104

Шындық

Бар қызығын алда деп,

өмip мені алдапты.

Бүгін жығып жарға әкеп,

Бармағымды шайнатты.

Жабырқаған көңілім,

Шарасы 6ip толмады.

Елу төрт жыл өміpiм,

Бiр күнгідей болмады.

У дай ащы болсаң да,

Қимай кетiп барамын.

Кіп-кішкентай болсам да,

Сыймай кетiп барамын.

қош бол, жарық дүние,

Жалғандығың осы да.

Тізгініңе кім ие.

Берген сыйың осы ма?

Елім, жұртым мақтаған,

Қош бол, маған дос адам.

Он алтымда аттаған,

Қош бол, алтын босағам.

Ары таза әппақ қой,

Арманда өткен анашым.

Қасына алып жатпақ қой,

Мендей мұңлық баласын.

Алдымызда бар бақыт,

Деген сөзге сенбеңдер.

Әппак бейіт орнатып,

«Tөpтіншіге» жерлеңдер.

Жәрдем берсін бip Құдай,

Нәр жүрмеді күн ұзын.

Бip жұтар ма ед, шіркін-ай,

Ұлтуғанның қымызын.

105

Шынболат Ділдебаев

Енді болмас жәрдемі,

Қаз майымен сылама.

Бітіп соңғы әл, демі,

Өтті деңдер бip ана.

Көзiм алды бұлдырап,

Қараңғы бір түрге енді

Түсініксіз бұлдырап,

Tiл де міне, күрмелді..

106

Шындық

ЖАЛҒЫЗ ЕДІҢ

Жалғыз едің мынау жалпақ жалғанда.

Әкем де сен, көкем де сен деп келдің.

Елу төртте өттің, шipкiн, арманда.

Айықпайтын ауыр дертке дөп келдің.

Жалғыз едің әкеден де, шешеден,

Бес балаңмен көгердің де көктедің.

Өзіңменен ашылып еді пешенем,

Саған айтар ешбір назым жоқ менің.

Сен боларсың ендігі бар әңгіме,

Арнауы боп жүрерсің сан жырымда.

Мұнара боп тұрып қалдың мәңгіге.

Қайран менің «Төртіншімнің» қырында.

107

Шынболат Ділдебаев

CEHCI3 КҮНДЕР

Күн өткен сайын,

жүрегім менің езіліп,

Тыпырши берем,

жоқтығың сенің сезіліп.

Көл едім кеше,

айналдым шөлге аққусыз.

Жатқандай қазір

жанымнан әнім безініп.

Сарқылап бүгін

суалды көңіл боз інген,

Қызыққа толы

Өтіпті өмipөзіңмен.

Ұғынып кейін

түсіндім тым кеш, амал не?

Eгіліп жүрек,

бауырым балкып езілген.

Асығып жүрмін

өзіңе барып жеткенше,

Kеткенi жақсы еді,

өзімді алып бүйткенше.

Жүріппін білмей

тағдырдың қара сойылы,

Тандырып естен,

маңдайдан салып өткенше.

Тағдырдың қара

сойылы естен тандырды,

Шошайтып жалғыз

көш пенен кештен қалдырды.

Сағыныш оты

жанымды шарпып жандырды,

Бір емi болмай

ой толы басым қаңғырды.

108

Шындық

СӨНБЕСЕ ЕКЕН

Түн жарым, көңіл жетімді

Ой қажап жатыр не түрлi.

Төрт бөлмелі кең үйім,

Салқындап кеткен секілді

Кімдерге керек көп мақтан.

Мен ояумын, ел жатқан.

Қонағы кайда бұл үйдің.

Ағыл да тегіл кеп жатқан.

Арманым асыл ipi еді

Жақындап бәpi жүр еді

Ұстатпай кетті, амал не?

Сынған соң coңғы тірегі.

Еңіре мейлі, күл мейлі

Аяудыөлім білмейді.

Шабытымның шанасы.

Сырғымайды жүрмейді

Жамандығымды жасырған,

Анам бар еді асылдан.

Жақсылығымды асырған.

Ағам да кетті қасымнан,

Кім қалды білepжасымнан ?

Дүние неткен тар eді,

Жазықсыз жарқын жан еді

Cypeтi тұр да, өзi жок,

Шүйкедей енем бар еді.

Барлығын үйдің, жоқтығын.

Аштығын, яки тоқтығын.

білдіртпей бәрін жүретін,

Аяулы жарым жоқ бүгін.

Бар өмip түгел өткендей,

Мәреге бәpi жеткендей.

Бұл үйдің барлық жылуы,

Солармен бірге кеткендей.

109

Шынболат Ділдебаев

Мазаламашы eндi өлең,

Сен де өлесің, мен де өлем.

Тұңғиық ойым тірелді

Қолқама келіп көлденең.

Жаз ғұмыр өтіп, қыс қарып,

Аязы келді сұстанып.

Алтыным бар сияқты еді

Кеткен бе бәрi мыстанып?

Бояуы қанық не түрлі

Өмipде күңгірт секілді.

Алмасым бар еді тас кескен,

Жұқарып жүзі кетілді

Айналып жатыр өмірде,

Шоқтарым қара көмipгe.

Ақ күміс жырым ұқсайды.

Тотыққан жасық тeмipгe.

Ағайындар бар ептеген,

Көрермін бәрін көппенен.

Ұл-қызым үміт сәулесі,

Сөнбесе екен деп келем...

110

Шындық

ТАБА АЛМАДЫМ...

Бip адамдай сүйреген өрге мені

Екi жылға айналды көрмегелi.

Шаршадым-ау, сағынып, аңсадым-ау,

Қайда кеттің қалдырып, шөлге мeнi.

Жақсылығы болар деп бip хабардың.

Сырға бардым сені іздеп, Қырға бардым.

Қарап тұрдым сыртыңнан өзің бе деп,

Саған ұқсап баратқан тұлғалардың.

Қиял мынау қияға ала қашқан.

Алматыдан іздедім, Сарыағаштан.

Бipге жүрген жерлердің бәрін кездім.

Азабына жолдың да қарамастан.

Қайдан іздеп білмедім табарымды.

Қайтқан кұс та айтпады хабарыңды.

Енді қайда біле алмай барарымды.

Жасқа талай толтырдым жанарымды.

Еш жерінен таба алмай байтақ елдің.

Сағынышты келеді айта бергім.

Үйде күтіп жолымды калды ма деп.

«Төртіншіге» асығып қайта келдім.

Суын іштім сенi іздеп талай жердің,

Сар далаға салынған сарай көрдім.

«Tөртіншінің» қырында ақ күмбез тұр.

Өзің бе деп сол жаққа қарай бердім.

111

Шынболат Ділдебаев

ЖАЛЫҚТЫМ

Бұрынғыдай денсаулық та жоқ менде.

Дем алдырмай зіл тас жатыр өкпемде.

Асау көңіл бұлқынады бой бермей,

Бір тасынып, бip басылып от кеуде.

Болайын-ақ деген едім болмады,

Аяқтан ап тау мен тасы қорғаны.

Өмірімнің өтiп кеткен ececi,

Толтырайын деген едім, толмады.

Қу тірліктің тындыруға шартын мың,

Бір адамдай арпалыстым, талпындым.

Қиын істің қисыны да келмеді,

Айналған соң бесіндегі жарқын күн.

Жырауы боп қарапайым халықтың.

Ат, шапанын, машинасын алыппын.

Бәрі бекер, бәрі бекер екен ғой.

Ойлаудан да, тойлаудан да жалықтым.

112

Шындық

ӨТЕТІН ШЫҒАР...

Жатырмын жалғыз, оңаша үйде қанша күн.

Толассыз ойлар толғанып, талып, шаршадым.

Мен үшін қызықтың бәрі біткендей,

Құлазып көңіл, күндерімді өткен аңсадым.

Алыста қалып, сонау бip ғажап, отты күн,

Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ бүгін.

Шағылып тауым, сарқылып көлім калған ба?

Teреңім тұнық, бар еді биік шоқтығым.

Шоқтығы биік жан едім пәни жалғанда,

Каймағы кетіп, қаспағы ғaнa қалған ба?

Қамшыны басар кез келді, Шәке, әйтпесе.

Қалғаны соның өтетін шығар арманда.

Өтетін шығар, қазандай ішті қайнатып,

Ұзаққа шықпай тұсаулы аттай байлатып.

Ой жеткен жерге, бой жетпей қор боп қайтейін.

Өтетін шығар тұнығын ойдың лайлатып.

Амал жоқ басқа бәріне соның көнесің,

Дем біткен күні жалп етіп, шамдай сөнесің.

Толғана тұрып, сырыңды толғат, жыр тусын

Кетерде Шәкең түк жазбай кетті демесін.

113

Шынболат Ділдебаев

ӨМІРДІҢ БАСЫ САЙРАН...

Жүргенде бұл өмірді бұйым көрмей,

Сұм жалған өтіпті ғой құйын желдей.

Қызықпен таңым атып, күн батушы еді,

Ал, бүгін отыр неге күйім келмей.

Аралап ел мен елді ән салатын,

Шарапты шалкып ішіп, тамсанатын.

Күн өтіп, есеп берер кез жетіпті,

Дүниеге қанша бepiп, қанша алатын.

Құрметін көрдім шарлап сан халыктың,

Қараушы ем бар тірлікке таңғалып тым.

Ал, бүгін бәpi жалған, бәpi өтірік,

Абайдай «hәм жабықтым, hәм жалықтым».

Жанымды жасық ойлар жайлап алған,

Шабытым-шабақ балық майдаланған.

Көпіртіп-көк теңізде алас ұрған,

Кешегі қайран күндер қайда қалған.

Жағаға шығып қалған жайындаймын,

Кімдерге керек менің уайым-қайғым.

Арманның ең үлкені қалған жерде,

Ұрпаққа не сыбаға дайындаймын.

Білсем де түбінде бip өтерімді

Өркөңіл өрге қанша көтерілді.

Жалған-ай, ж

абырқаттың аяғында,

У етіп кешегі бал, шекерімді.

Алдыма бал менен жал, жая қойған,

Отырмын айыға алмай баяғы ойдан.

Айтқаны бұрынғының осы екен ғой,

«Өмірдің басы сайран, аяғы ойран».

114

Шындық

ҒАЙШАҒА

Жан емес байлық іздеп, бақыт қуған,

Бар еді анам менің артық туған.

Сен едің оның тұңғыш немересі,

Айнымай сол анама тартып туған.

Туғаннан уызына жарығандай,

Алдында ақ арманның бары қандай.

Осынау өмірдегі өршілдігің,

Анамның ақ сүтінен дарығандай.

Ұл десе айдарымнан жел еспейді,

Ұлдарым қыздарыма теңеспейді.

Ғайша «апай» әр ісіңді көрген сайын,

Көзіме асыл анам елестейді.

Кажымас кайрат-жігер күшіңмен де,

Жапырып жайпап тастар iciңмeнде.

Анамнан айнымайсын, айналайын,

Дәмді етіп демде тамақ пісіргенде.

Өзіңсің бес баламның дара белі,

Бәрінің болды мәлім барар жepi.

Тірлікте Әлияның cepiгi едің,

Индираң саған тартса жарар еді.

Төрт қызын-төрт босағаң төрің аман,

Жетерлік бip басыңа ақыл-санаң.

Өмірің түстік болса, кештік мал жый,

Дейтін еді тірісінде асыл анам.

Өсіп-өн, ата-анаңнан бата қонып,

Бәрінің қамқоршысы апа болып.

Білемін айтпасаң да жүргеніңді,

Ішіңнен көп нәрсеге қапа болып.

Арбады, жеткізбеді мол арманым,

Білемін енді бәpi жоғалғанын.

Жыр жазып, елге жағып, үйге жақпай.

Мүмкін мен тәyip әке бола алмадым.

115

Шынболат Ділдебаев

Білемін, жүгің ауыр, алда бәрі,

Бұл өмір құбылмалы алдамалы.

Бірде алдын, берде сыртын бір көрсетіп

Ұрпақтан ұрпақтарға жалғанады.

Аңсаумен, армандаумен таң самалын,

Шыдашы, шыдай тұршы, Ғайша-жаным,

Сабыр түбі сары алтын» деген бар ғой,

Болады, болады әлі аңсағаның.

116

ОН АЛТЫ ЖАС

(Шолпанайға)

Кенже қызым, Шолпаным, Шолпанайым.

Он алтыға толықсып толған айым.

Қазағымның сен де біpазаматы,

Жырға қосып өзіңді толғанайын.

Мінгізіп ап арманның қанатына,

Қарайлатпай минут пен сағатына.

Он алты жыл зымырап өте шығып,

Сен қосылдың азамат санатына.

Қоштас бүгін бал даурен балалықпен,

Белдес енді білім мен даналықпен.

Шықтың бүгін үстіне үлкен жолдың,

Ата күткен аңсаумен, ана күткен.

Өмip қатал кешірмес қателікті,

Бәрін соның көтерер желке мықты.

Көбейт енді ақыл мен парасатты.

Азайт, балам, бұрынғы еркелікті

Сен үйдегі бесінші азаматым,

Ешқашанда кірлетпе қазақ атын.

Tәуелсіз ел қазақтың паспортына,

Шолпанай деп ең алғаш жазады атын.

117

БАЛАЛАРЫМА

Бес саусақтың саласындай,

өciп келед бес балам,

Жатсам- тұрсам мен солардың

Келешегін еске алам.

Дендерің сау,

Киім бүтін,

ішер асқа тоқсыңдар,

әлі ешкімге

Еш жақсылық

жасай алған жоқсыңдар.

Қазір шіркін,

Мүмкіндік көп

Окыңдар да өсіңдер,

Сендер үшін тыныш өмір,

Ашық аспан, жасыл бел.

Бірің әнші, бірің кенші,

Ғалым болып кетіңдер,

Мен ансаған армандардың

Биігіне жетіңдер.

Ғалым болмай қалсаңдар да,

Қарапайым адам боп,

Тек айтарым жүріңдерші,

Айналаңа адал боп.

Атаң емес, анаң емес,

Отаным деп өтіңдер.

Қауып төнсе Отаныңа,

Оққа айналып кетіңдер.

118

ЖАСЫМА, КӨҢІЛ!

Жасымағын, көңілім жасымағын.

Жасу деген болмай ма басыңа мін?

Тамырыңда тұрғанда тасып ағын,

Жарасады бойыңа асыл әнің.

Сарқырасын сабырын сарқылмасын.

Жасаурамай жанарың жарқылдасын.

Уакытша бip өтпeлi заман шығар,

Аман жүрсін иілмей алтын басың.

Уайым түбі тұңғиық бойламаған,

Түсе берме көңілсіз ойға жаман.

Оңайлықпен мүжіліп, мұқалмас деп,

Шынболат деп атыңды қойған анаң.

***

Не жетеді қарттықты сезінгенге,

Көп нәрсенi түсіндің өзің де енді.

Бәрін тастап алаулы албырттықтың,

Ұлылықты бастайтын кезің келді

Кезің келді бәрінде түсінетін,

Peтің жоқ орынсыз ісінетін.

Жастағыдай жылпылдап, желік қумай.

Барлық iстi ақылмен пісіретін.

Сабаңа түс, арындап асып-таспа,

Бip қарап қой ағарған сақал, шашқа.

Жасымағын, ешқашан жасымағын,

Ақылым жоқ айтатын одан басқа.

119

ҚAHAFAT

Көргенде бар бұл күнді көрмеген де,

Келгеннен соң кетерміз сен де, мен де.

Әкем менің өтіпті қырық үшінде,

Атам тіпті отызға келмегенде.

Азды-көпті ризамын көргеніме,

Алпыс көктем, алпыс жаз бергеніңе.

Алпыс түгіл алтыға аяқ баспай,

Кеткен жандар қаншама жөргегінде.

Аяқ жеткен жеріме барғандаймын,

Бойым жеткен биікті алғандаймын.

Әл жетпесті несіне армандаймын,

Ештеңеңе енді өміpалданбаймын.

Жасымда өткен қателік байқалмай мың,

Еске түссе қайықтай қайқандаймын.

Қырық жаста алмаған асуымды,

«Алпысымда алам» деп, айта алмаймын.

Бәрін түгел демеймін бүтіндеймін,

Байлық, мансап қуғам жоқ, түкірмеймін

Жалқы туған бабадан жалғыз едім,

Ұрпақтарым барына шүкір деймін!

Қанағатпен қараймын тағдырыма,

Ащы, тұщы, тәттісі барлығына.

Өткеніме өкпе айтып не қылайын,

Дақ түспесе екен тек шалдығыма.

120

KӨЗІНЕ ГҮЛСАРАНЫҢ

Көзіне Гүлсараның

Көз алмай ұзак қарадым.

Аққуынан айырылған.

арманым бар еді, Аралым.

Алдымнан шықты аңсаған,

Ай нұрлы ару маралым.

Жәйімді жайып салып ем.

Жанымды ұктың. жарадың.

Аралға қарай алқынды

Өн бойымдағы бар ағын.

Тағатым түгел сарқылды.

Таба алмай емін жараның.

Сағыныштан сарқылып.

Айналып шөлге барамын.

Құм басып қалған, су кетіп,

Кемедей болдым, қарағым.

Қызықпай жүрген қызылға,

Қыраны едім даланың.

Торына түсіп шырмалдым.

Гүлсара менен Аралдың.

121

ГҮЛСАРА

(әні бар)

Жаралған түпсіз терең ой-арманнан,

Сәбидей махаббаты оянбаған.

Аралап Арал маңын жүргенімде.

Армандай бip қыз көрдім боянбаған.

Қайырмасы:

Арайланған ақ таңым.

Шаттық жырым, мақтаным.

Көрген адам марқайған,

Атырау мен Алтайдан.

өзіңдей жан таппадым.

Ескендей лебізінен таң самалы,

Қадірлеп қайда барса қарсы алады.

Қарттары «Гүлсара» деп тамсанады

Жастары «Гүлсара»деп ән салады.

Қайырмасы.

-Ағарып айым туып, атты күнім,

Ғашықтың татқан білер тәтті мұңын.

Бітпейтін Шаhризада қиялындай

Бұл күнде болдың менің мың бip түнім.

Қайырмасы.

Өзекті өзге сұлу арбамады,

«Арал» деп ақын жүрек толғанады.

Қалқаның құлағына жетсе екен деп,

Сағынып Сарыарқадан салған әні.

122

CEHIKӨPCEM

Ceнi көрсем ақ жүзді ақ маралым,

Жырдың селін кеудемнен ақтарамын.

Саған арнап жыр жазып, ұйқас құрап,

Отырудың өзінен бақ табамын.

Сені көрсем мыңды айдап байып қалам,

Өмірімді өзіңе лайықтағам.

Ceнi көрсем айығып бар дертімнен,

Секілдімін көрмесем айыпты адам.

Сені көрсем шаттанам, шабыттанам.

Айыбым тек уақыттан қалып барам.

Бақытты күн мен үшін өзің жайлы,

Жыр жазған күн қолыма алып қалам.

123

Б1Р ТАМШЫ ЖАС

Бір сен деп шабыт шалқып, барады ерге,

Мен жайлы жаман ойға бара көрме.

Әкім боп, ақын болып, қателестік,

Періштем сол жайды еске ала көрме.

Қозғасам өзіңе аян таныс сырды,

Қиялым кетті шарлап, алыс қырды.

Көзіңнен ыршып шыққан бip тамшы жас,

Өзіңмен мәңгілікке табыстырды.

Япырмай, неге ертерек байқамағам?

Жандайсың тұнығыңды шайқамаған.

Kөзіңнен мөлт еткенде мөлдір тамшы,

Көріндің басқа адам боп, қайта маған.

Әттең-ай, бip қателік өтті-ay дедім,

Түбіме асығыстық жетті-ау менің.

Ағалар қателігі ару қыздың,

Жүрегін жарақаттап кeттi-ay дедім.

Сол сәтте үлкен салмақ салдың маған,

Орнына түсті бірден ақыл санам

Бip тамшы көз жасыңның өтеуіне.

Өзімді мәңгі бақи қидым саған.

Қайтсемде қадіріңе жетермін-ау,

Дайын тұр, құтты қоныс, мекен мынау.

Аққуым қолыма кеп, қонар болсаң,

Көзіңнен жас шығармай өтермін-ау!!!

124

ҚИЫН ЕКЕН

Қиын екен, япырмай, қиын екен,

Қиялыммен қияға жиі кетем.

Caғынумен сарғайып өтсін деген,

Маған жазған тағдырдың сыйы ма екен.

Армандаймын, аңсаймын, киялданам,

Мынау ғажап өмірге сия алмаған.

Жер ортадан ауғанда мен шығармын,

Сағынышын жырлауға ұялмаған.

Сыйлағанмен бұл өмір дарын маған.

Алыс қапты жылдарым жалындаған.

Көңілдегі көп арман сейілгенмен.

Сағыныштың тұманы қалыңдаған.

Уақыт берсе азғана тағдыр маған,

Дегізбес ем құр кеуде салдырлаған.

Ғашықтық па шалдығып. шаршатпаса.

Махаббат па есінен тандырмаған.

Қиын екен, дегенмен, қиын екен,

Қиялыммен қияға жиі кетем.

Сағынышың өмірдің биігі екен.

Биіктікті өлгенше сүйіп өтем.

125

БУЫНДЫРЫП БАРАДЫ УАҚЫТ MEHI

Зор сағыныш бойымды басып бүгін,

Тұманданып кеткендей ашық күнім.

Төзейін-ақ десем де амал қанша,

Бара жатыр шыдатпай ғашықтығым.

Қылығыңды қалайша ұмытайын,

Keтіп жатыр амал не мың ұпайым.

Көңіліңнің мұңы мен мұзы болса,

Қызуымен жүректің жылытайын.

Калатындай қазылмай бақыт кені,

Тұрып cенi сағынам, жатып ceнi.

өткен сайын бip күн ім қыл бұғаудай,

Буындырып барады уақыт менi.

Неге жаным, сен соны түсінбейсің,

Бұл жалғанда жанашыр кісімдейсің.

Өмipбақи қимылды асқақтатпай,

Неге төмен бip мезгіл түсірмейсің.

Зор сағыныш бойымды басып бүгін,

Тұманданып кеткендей ашық күнім.

Төзейін-ақ десем де, амал қанша,

Бара жатыр шыдатпай ғашықтығым.

126

КӨЗ ІЛМЕДІМ

Бүгін тағы сағынып көз ілмедім,

Жоқ қиялға беріліп, безілдедім.

Мұндай жайды мен бұрын сезінбедім.

Мен не деген япырмай, төзімді едім.

Осы бip ой бойымды жайлап алған,

Мықтылығым құдай-ау, қайда қалған.

Ауыздықпен алысқан асау жанды,

Бұрымымен бip сұлу байлап алған.

Мендегі үміт, бақыт та, қуаныш та,

«Барсакелмес» секілді тым алыста.

Телеграф сымымен зорға ecтілген,

Бip жылы сөз айналды жұбанышқа.

Ұйқым, күлкім, шаттығым, жұбанышым.

Бақытым да өзіңсің, қуанышым.

Жүздескенде жанарым жалын атып,

Қоштасарда тұрады жылап ішім.

Көрсем көңіл аумайды раушаннан.

Бар бұлбұлы әлемнің жыр-ән салған.

Көре алмасам жанымды қырау шалған.

Сайтан күдік кеудемде ылаң салған.

Бар тамаша көзіңнің жанарында,

Лебізің бар cәyipдің самалындай.

Сен болмасаң жел тынып, бұлақ ақпай,

Гүлі солып қалардай даланың да.

Алаңдаумен жүрмін-ау күнде, түнде,

Көңіл шіркін құлазып шөлдегенде.

Көктем келер жадырап өлмегенге,

Көнбегенде қайтемін, көнбегенде.

127

БӘРІ ДЕ ӨЗГЕРЕДІ

Өзгереді бәрі де өзгереді

Жазылады ақынның өзге өлеңі.

Өзгергенді асықпа көз көреді

Аңсағаның алдыңнан кез келеді

Өтіп жатыр асықпай өмip деген.

Кейде жүрем арманның көгінде мен.

Өзің жайлы жырымның қанар қабы,

Білесің бе ауызы сөгілмеген.

Жүрегім бар eгіліп, елім деген,

Ұятым бар, арым бар төгілмеген.

Бұған дейін айтып ем мұң-зарымды,

Жазайыншы бүгін бip көңілді өлең.

Шаттанамыз біз әлі шаттанамыз,

Өмipiмiз болады жатқан аңыз.

Айтылмаған сырларды ақтарамыз,

Болашақтан баянды бақ табамыз.

Төмендемес арманы биік кici,

Өзің болып өмірдің ұйытқысы.

Қайда барсаң қадірлеп қарсы алатын,

Бiз боламыз халықтың сүйіктісі.

Сен жүресің көңілдің гүлі болып.

Мен жүремін жүректің жыры болып.

Алақанға салады, әлдилейді

Қыры болып, Жетісу, Сыры болып.

Әне, солай шаңнан 6ip сілкінеміз,

Бipгe билеп, бip жырлап, бip күлеміз.

Бізге деген халықтың ықыласынан,

Басқа түгіл болады күлкің егіз.

Шын бақыттың бал дәмін тата аласың,

Үлкеннен де, кішіден бата аласың.

Алдымызда осындай бip заман тұр,

Сол заманға сен ғaнa апарасың.

128

Апаратын сен ғана білесің бе?

Күлесің де қоясың, күлесің де.

Айтқан сөзін айнымай жүр есімде,

Мен дайынмын сол үшін күресуге.

Ақ боз атын арманның тағалаңыз,

Атырауды, Алтайды аралаңыз.

Біргe жүріп, бақытты таба аламыз,

Біздер жайлы ұрпаққа қалар аңыз.

Әне, солай бәpi де өзгереді

Өзгереді, сол кезді көз көреді.

Барсакелмес шын бақыт алыста ғой,

Мен білемін бip күн iкез келеді.

129

YMIT KӨKTEMI

Биыл көктем маған сый көп береді,

Жарылқайды, жасаған жеткереді.

Жапырағын жая алмай жабырқаған,

Жайқалады көңілдің көк тepeгi.

Куанышы, қызығы көп болады,

Айдынына аққуым кеп қонады.

Катып калған төpiме қызу келіп,

Ағылады ақынның көп қонағы.

Көңілімнің көп емес көкceгeні,

Көксегені, көpiктiм, тек сен еді

Көктеменің от лебі өпсе мені,

Мұзым epiп, су болып кетсем еді,

Жетсем еді, сол күнге жетсем еді.

Көктем келсе көңілім көкке жеткен,

Самалына не жетер беттен өпкен.

Сағындырмай қоймады табындырмай,

Мына өмірдің ызғары еттен өткен.

130

ТОЙ ШАТТЫҒЫ

(әні бар)

Күн дидарлы елімқандай тамаша,

Думан тойға қуанып жүр балаша.

Ауылымыз ән мен жырдың мекені,

Ал жастары ән шырқайды жаңаша

Қайырмасы:

Шықсын дабыл әй деген

Кенге құлаш жайды өлең.

Қосыл әнге, құрбылар,

Құр қалмаңдар бәйгеден.

Жас жұбайға адал бақыт тілейiк,

Құдалардың көңiл-күйiн білейік.

Дөңгеленген дүниеде көлбеңдеп,

Шын сыйласып, бал дәуренді сүрейік.

Қайырмасы:

Дүмбірлеген той қандай,

Келініміз ой, қандай.

Қозы менен Баянды,

Бүгін қосып қойғандай!

Артымызда айтарлықтай ән қалсын,

Жүйріктерден шұбатылған шаң қалсын.

Ағыл-тегіл ақтарылған бұл тойға,

Адам түгіл айдың өзі таң қалсын!

Қайырмасы:

Ақ жаңбырдай жауылған,

Ғажайып жыр, дауылды ән.

Ақ отауды көтерген,

Айналайық ауылдан!

131

Тұңғыш жырым арналып ед бip қызға,

Содан бepi көкірегімді жыр қызған.

Соңғы жырым ол да қызға арналар,

Шырт ұйқыда төсегімнен тұрғызған.

Қырма сақал қырық жастан асыппын,

Қыз дегенде жыр маржанын шашыппын.

Не десең де epiктepiң, оқушым,

Мен көрмеген бip қызға әлі ғашықпын!

ЗАҢДЫЛЫҚ

Өзіңнен көрген сан қылық,

Есімде қалды мәңгілік.

Жарқ eттіңде жоқ болдың,

Жүректі оттай жандырып.

Шөлімді алмай қандырып,

Адасып қалдым санды ұрып,

Сөз жетпейтін бейнеңді

Жүреді жүрек ән қылып.

Айналамды таң қылып,

Кетпесем болмас қаңғырып.

Сұлулар үшін қашанда,

Сергелдең болу заңдылық.

132

Алғаш рет жан сырыңды ұға алмай,

Таңғажайып,

Тұрдым жан деп бұл қандай.

Қоштасарда бетіңдегі шұңқырдан.

Аласұрып жүрек қалды шыға алмай.

Сол бip шұңқыр алдандырып жанымды.

Алып қалды жолдан бұрып барымды.

Шығар ма екен алдан күліп әлі де,

Барған кезде шырқап осы әнімді

Бір-ақ нәрсе,

Ендігі бар білерім,

бір-ақ нәрсе,

Бұл тағдырдан тілерім.

Tүciп қалмай әлдекімге күлгенде,

Сол шұңқырда жүрсе болды жүрегім.

Құдірет

Сен жоқта сөзім дауылдайды,

Бұлбұлды бақша бауындай,

Көктемгі ак жауындай,

Төгіліп-ақ кетемін.

Көргенде бірақ, өзінді,

Болсам да мықты,төзімді,

Ұмытып өз-өзімді,

Егіліп-ақ кетемін.

Сағынып ән-жырыңды,

Дидарыңды,нұрыңды,

Аңсап кетем өзінді,

Ақтармақ боп сырымды.

Келсем де мықтап сайланып,

Көргенде тілім байланып,

Шаршап қалам амал не,

Мықтылығым жай қалып.....

133

ӘНШІ

Сиқырлы,сырлы сазымен,

Ән тербетіп,жыр айтып,

Ертен де кеште шырқаулан

Бір талмайтын құмартып.

Сырнайдай сыңғыр әуені,

Күміс көмей,жезтандай.

Әншіні көріп ән тыңдау,

Бар қызықтан мың артық.

Асқақ жыр әсем әуені,

Көмекейден төгілген.

Қызғалдақ ерні ашылса,

Маржан тісі көрінген.

Келбеті көркем көз тартар,

Алтын айдай ажары.

Ән салып тұр ару қыз,

Сахнаның төрінен.

Бар тыңдаушы құмартып,

Әншіге ауған аңсары.

Көнілдің шөлін қандырар,

Мөп-мөлдір ән-жыр кәусары.

Домбыранын бетіне,

Өрнегін сала би билеп.

Қонырау үнге қосылып,

Самал ескен саусағы

134

ТЕЛЕФОН

Шырылдап тұрған телефон емес жүрегім

Тұтқасы емес, тұрғаның ұстап білегім.

Сырғанды сүйіп,

Сыбырлап тұрған үнімен,

Сезсеңші, жаным,

Мендегі сырдың сүреңін.

Дыбысыңды естіп,

Айта алмай сөздің дұрысын.

Байланып тілім,

Тарылып сол сәт тынысым.

Сүйемін деп те, күйемін деп те айта алмай,

Бейшара болған ғашықтың күні құрысын.

Шырылдап тағы қолына алса өкпесін,

Тыңдашы өзің

Өзгелер алып сөкпесін.

Көбелек көңіл айналып жүріп отыңды,

Аяшы,жаным,өртіңе күйіп кетпесін.

. * * *

Ақын бар ма сұлуға қызықпаған,

Бір сыр бар-ау өзінде біз ұқпаған.

Көзің түссе көңілдің мұзы жібіп,

Шарап ішкен адамдай қызып қалам.

Бір қарасаң жігітті ұзатпаған,

Ұзатпаған,

Жүрегін тұзақтаған.

Сенімін қасиетті махаббаттың,

Қашанда сертке берік қыз ақтаған

135

Сағыныштың шағаласы шуылдап,

Елжіреген ет-жүрегім дуылдап,

Жарылатын жанартаудай бұлқынып,

Өн бойымда жаңа сезім туындап,

Саған деген сағынышым өрт болып,

Өзегімде емес мүлде суынбақ.

Бір арманды жалғастырып бір арман,

Бірін тапсаң,бірі шығып тұр алдан.

Есін алған еңіреген ерлердің,

Сұлулық-ау,сағынуды шығарған.

Мен сағынбай өмір сүре алмаспын,

Тұла бойым сағыныштан құралған.

Көл-көсір мынау өмірде,

Көрінбей жүр ед көзге ешкім.

Сергелдең болған көңілге,

Сезімтал жан боп кездестің.

Өзіңдей болып өзекті,

Өртей алмай өзге ешкім.

Сергелдең болған көңілге,

Сезімтал жан боп кездестің

Сендегі ғажап сұлулық

Қызықтырған талайды.

Жүрегімдегі жылуды ұқ,

Жаным тек соны қалайды.

Басыма бақыт ұялап,

Тағдырға айттым мың алғыс.

Жаныңды жаным саялап,

Өзіңмен бірге қиял құс.

Жүр деме мені сағынбай,

Арада айлар өткенмен.

Күндерді санап жаңылмай,

Үміт қып жүрмін көктемнен.

136

Ұмытайын десем де ұмыта алмай,

Сүйреп мені келеді үміт алға.

Мені өзіңе ғашық қып жыр жаздырған.

Айналайын тұлғаңнап өрім талдай.

Күнделікті іс імд і жаңылдырып,

Көз алдымда тұрады сағым тұнып.

Солқылдаған жiгiтті табындырып,

Өлтіретін болдың-ау, сағындырып.

Сен деген де ақ ниет, таза жаным,

Бір тіл қатпай жанымды тазаладың.

Үмiт отын жақтың да үн жоқ, түн жоқ.

өзіңді де өзгені мазаладың.

Тіршіліктің,

Tipлiктiң бәpi қалып,

өзің жаққа барады ағын алып.

Балапандай сары ауыз жүрегімді,

Барайыншы алдыңа тағы да алып.

Сен екeнciң тірлікте бағым анық,

Көзіңен нұр кеудемде жағылды анық.

Сағынышым сәл болсын басылар ма,

Көрейінші алдыңа тағы барып.

137

Сандуғаш,

Сағындым ғой сырлы әніңді,

Ерекше жанға жайлы ырғағыңды.

Күтумен өткен ғұмыр осы шығар,

Әйтеуір, алып жүрмін құр жанымды.

Қай күні көрінер деп қарайладым,

Кетпеді құлағымнан арайлы әнің.

Сен болсан домбыраңды cеpiк қылып,

Елімнің кезіп жүрсін бар аймағын.

Жүргенде үзбей жырлап ғашық әнін.

Көріп пе ең дарияның тасығанын.

Секілді менің көңілім сол бip дария.

Сен тұрған сол дарияға асығамын.

Бір көру арманым боп аңсағаным,

Жүректі жүз мәртебе паршаладым.

Болдырып бар тірліктен жүрдім рас.

Ал, сені сағынудан шаршамадым.

Барады сағынышым тереңдеумен,

Көңілім тыншымайды елеңдеумен.

Бip минут сағынышсыз тұра алмайтын,

Әрқашан аман болсын өлең-кеудем.

Айналып өміріміз жыр-дастанға,

Не жетсін асу асып, қыр басқанға.

Бip күні жарқ eтiп бip көрінерсің,

Шығарып домбырадан күйді аспанға.

138

TУFAH КҮН

Сен келіпсің дүниеге,

Жаздың алғаш күніңде.

Сондықтан да жалын бар,

Мінезің мен үніңде.

Жаймашуақ жаз көрем,

Ашық-жарқын түріңнен.

Жанға жайлы жан дүниені,

Жақсы әніңнен байқағам.

Ғажап бұлбұл кеудеңдегі,

Керемет бір айтады ән.

Аласапыран , астаң-кестең,

Жан толқынын шайқаған.

Сол әнді сал үзілтіп бір,

Сол әнді сал қайтадан.

Шырқа бүгін,

Шыққан күннің,

Шұғыласына малынып.

Айналаңда алаулаған,

Арман үміт, бал үміт,

Жүрегінде пәк сезімі,

Тұрғандай-ақ жарылып,

Саған ғашық іңкәр жүрек,

Махаббаттың барын ұқ.

Жақсылықтар серік болып,

Кездеспесін алда мұң,

Кездесейік бақыт құшып,

Биігінде арманның.

Туған күнгі саған тілек:

Тойға толы болып өтсін,

Бес күн өмір жалғаның.

Шөлің қана тата білші,

Махаббаттың бал дәмін.

139

Қас сұлу,

Саған бір сөзім өтпей жабықтым,

Жырымды айтып,

Сырымды жазып сарықтым.

Шын болат едім,

Сынасқан жерде шарт сынар,

Алдыңда сенің

Қаңылтыр болып қалыппын.

* * *

Қайдасың, қайда, аяулым?

Сен жақтан жел еспеді.

Көңілім тым қаяулы,

Елесің көзден өшпеді.

Өзгені көзге ілмесем,

Өзіңді жақсы көргенім.

Сұлуды сүйе білмесем,

Ендеше, менің өлгенім.

Көздер-ай, көздер тұңғиық,

Тереңге талай батырдың.

Көкейге мың сан мұң құйып,

Малтығын соғып жатырмын.

Мен сені жаным түсінем,

сене де берме өсекке.

Жүз сұлу көрсең ішінен,

Өзіңді биік есепте.

140

Шыдам бітті,

Сары балдай сақтаған,

Нар тәуекел мен өзіңе аттанам.

Жігіт ем ғой,

Отқа салса күймейтін,

Зіл тас байлап,

Суға салса батпаған.

Сөзім мынау,

Жай оғындай шатынаған.

Ынтығады бойда қуат қаптаған.

Пәк жүректің ақ сенімін ақтайтын,

Өзім болмай,

Өзге дүние жат маған.

ТАБИҒАТ

Мыңын беріп жатады, жүзіңді алып,

Өзің кетсең арман не ізің қалып.

Көксегенге жетем деп жүргеніңде,

Қысын беріп жатады, күзіңді алып.

Қыс бәрін де алмақ боп бағындырып,

Қысып-қысып алады табындырып.

Арманыңды берердей алға сүйреп,

Көктем келе жатады сағындырып.

141

АЛҒАШҚЫ ҚАР

Таң атты,

Кешегі күн қайда қалған,

Айдала аппақ ұлпа майдаланған.

Жер бетін бір-ақ түнде жаба салған,

Япырай, мұнша қарды қайдан алған.

Ғажап қой,

Бұрын қалай байқамағам,

Тіл жетіп бұған теңеу айта ма адам?

Қараңдар,

Қала да аппақ,

Дала да аппақ,

Бір-ақ сөз аппақ-аппақ қайталанған.

Тірлік жоқ байқайсың ба жатқан ояу,

Тым-тырыс соқпай қалған жел де баяу,

Айлы аспан,

Ақ көңілмен,

Ақ жарылып,

Табиғат таппай қалған басқа бояу.

142

ЖАҢА ЖЫЛҒА - ЖАҢА ЖЫР

Жаңа жылда,

Елім, саған не берем?!

Жүрегімді сыйға тартсам не дер ең?!

Туған ел деп жырлап тұрса жүрегім,

Мендегі зор махаббатқа сенер ең.

Шаттықтың нұр бесігіне бөленген,

Ұлы отанда еркін өскен өрен ем.

Ізгі істерге үлгерем-ақ деген ем,

Уақыт шіркін, неткен жүйрік шебер ең...

Жаңа жылда,

Елім, саған не берем?

Бақыт болсам,

Шуағымды төгер ем.

Шырша болсам көкірегіңді көгеріп,

Әр ошаққа бірлік болып енер ем.

Сөзім өткір болған кезде жебеден,

Ән-жырымды Отаным деп төгер ем.

Жаңа жылда жаңа жырлар жазамын,

Бейбіт нұрға бөленсін деп бар әлем

143

КЕЛ,ЖАҢА ЖЫЛ!

Күтеміз, кел, Жаңа жыл, ақ тілекпен!

Ақша қар, адал ниет, ақ жүрекпен.

Шыға бер, алаңдамай төріме аттап,

Еліме тәуелсіздік, бақ тілеп кел.

Ақ тілек Аяз Ата айта бергін,

Келіп тұр дидарыңды қайта көргім.

Алдымен денсаулық бер, ал содан соң,

Құлатпа бейбітшілік бәйтерегін.

Жатқанда бақыт құшып байтақ дала,

Алқынбай ақын сырын айта ала ма?

Жеңісін Тәуелсіздік жалғастырып,

Қайғысын Желтоқсанның қайталама.

Келген соң өнбойыңда тасып жігер,

Қабыңды сыйлық толы ашып жібер.

Ырыс пен берекені молдан қарпып,

Диқанның даласына шашып жібер.

Жадыратып, жаңа жыл, серпілт бойды,

Қыздырдық құрметіңе думан-тойды.

Аспанын Қазақстан бұлт шалмасын,

Жыл боп қал, тарихтағы абыройлы.

144

ЖАҢА ЖЫЛҒА ТІЛЕК

(әзіл-шыны аралас)

Кеше кенші, бүгін жыршы атандым,

Жас та жылжып, біраз жерге тақалды.

Жаңа жылда жай қолыңды, достарым,

Ақ жарылып мен берейін батамды.

Барлығыңның бастарыңда бақ болсын!

Уайым-қайғы білмейтін бір шақ болсын.

Қазағымның жоғалтқаны көп еді,

Қалған жерде ұрпағымыз сақ болсын!

Біз тілейік күн шуағын төксін деп,

Әрбір адам дәурен сүріп, өтсін деп.

Аналардың қуанышты күлкіден,

Езулері құлағына жетсін деп.

Ән салайық, бәрің бері келіңдер.

Жаңа жылда жаңа бақыт көріңдер.

Жеңгелердің жарқ-жұрқ етіп жанары,

Егіз ұлдан таба берсін келіндер.

Қайда барсаң күлімдеген дос тұрсын,

Ажырасқан армандарды қостырсын.

Милиция жұмыс таппай сандалып,

Айықтырғыш бөлмелері бос тұрсын.

Бұл Жаңа жыл бізді осылай тойлатсын,

Ден сау болып, құлын-тайдай ойнатсын.

Дәрігерлер ауру таппай емдейтін,

Егін егіп, қырға шығып, қой бақсын.

Ер жігітке жүз өнер де aз өнер,

Өнерлінің жүрегіне наз енер.

Бозбала боп, атқа мініп аталар,

Қыз күніне қайта келсін әжелер.

Кәне достар, жарқылдаңдар, жаныңдар,

Бәрін бірден ғашық болып, қалыңдар.

Осы айтқандар орындалсьн деп тілеп,

Аққайнардан бір-бір тосты алыңдар!

145

КӨКТЕМ

Қиялдың қиясында сағым құшқан,

Ақ сезім,

Ақ арманын алып ұшқан.

жыр гүлі, қыр гүлі боп гүлдейтіндей,

Жүрегім жарылып жүр сағыныштан.

Қырмызы кілемге орап қырат, қырды,

Сүңгі мұз күнгей жақта жылап тұрды.

Өзімді қоярға жер таппай жүрмін,

Бергенше бір ғажайып шумақ жырды.

Қыз көктем, ару көктем, сүлу көктем.

Күн иіп көк аспаннан жылу төккен.

Құс біткен кездесу той жасап жатыр,

Сағынып көріспеген бұрын көптен.

КЕЛДІ КӨКТЕМ

Қыста кетіп, тағы бір келді көктем,

Нұрын төгіп жылуын берді көктен.

Басқаларға баянды бақыт сыйлап,

Армандауды тек қана мендік еткен.

Бар қызығым көктемнен басталатын,

Ақын деген бар еді асқақ атым.

Дүрілдеген кеншінің бұрғысындай,

Қайда кеткен талабым тас жаратын.

Өшкен жанып, өлгенім тірілгендей,

Іс тындыра алмадым ірілердей.

Шыға алмадым осы бір шырғалаңнан,

Бірі келсе, қолымнан бірі келмей.

Жастық өтер дегенге сенбейтұғын,

Кетіп жатыр жылдарым келмейтұғын.

Біз қартайсақ, мәңгі жас өмір мынау,

Қызартады қызылын бермейтұғын

146

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАУ

Армысың, ақ жаулықты аналарым,

Армысың, ақ сақалды бабаларым.

Ақ тілек мына тойға айта келген,

Армысың, абзал жанды ағаларым.

Тойымыз тойға ұлассын, замандастар,

Інілер, қарындастар, балаларым!

Қысқанда замананың нарықтары,

Ауылдың қапған малы арықтады.

Бұл күнде қазағымның көп жерінде,

Сөніп тұр көптен жанбай жарықтары.

Ал, менің болат білек кеншілерім,

Бойына жоқшылықты дарытады.

Ақиық азаматтар арқасында,

Халқымыз той тойлаудан жалықпады.

Жасаған жақсылықты тау қопарып,

Кеңпейіл кенші деген алыптары.

Күн мен түн теңескенде Наурыз келіп,

Әніміз аспанға өрлеп, қалықтады.

Жерімнің ен байлығын емген елім,

Бәлендей шүкір делік тарықпады.

Жырыммен тойларыңа шашу шашып,

Мен тұрмын бойда барды сарыққалы.

Наурызың құтты болсын, жиылған ел,

Армысың, Сәтбаевтың халықтары!

Уа, халқым келе жатыр аңсағаның,

Болады әлі-ақ ұмыт шаршағаның.

Қазақтың кажымайтын қайратына,

Қашаннан қайран қалып, тамсанамын.

Болашақ бақыт үшін еңбек етіп,

Жүріңдер үлкен-кіші баршаларың.

Бұл күнде ел сенікі, жер сенікі,

Байыңдар, осы емес пе еді аңсағаның?

«Бозторғай жұмыртқалап қой үстіне»,

Көп болсын, ел сүйсініп тамсанарың.

Қашаннан жыршың едім, той бастаған

Бүгін де ақ тілекпен ән саламын.

147

МАМЫР АЙЫ

Туған елдің желек киді талы да,

Ерекше асқақ шабыт құйып жаныңа.

Аңсап күткен мәңгі жастық көктемі,

Келді мамыр гүл-жібекке малына.

Табиғаттың бар әуені жымдасып,

Жырлап кетті әлемге осы күнді ашық.

Қала, дала, сай мен сала ән салып,

Сырлы әуенге қосылғандай мың ғашық.

Желпінді жер, мұз құрсаудан босанып,

Қызыл шоқтай қызғалдақ қыр жасанып.

Қалыңдықтай жел тербеген желігін,

Ақ қайыңдар құлпырды әсем жасарып.

Жасыл жайлау қырға шығып қалыпты ел,

Тіл жетпейді тек көзіңмен барып көр.

Бүкіл әлем жырлап тұрған әуенге,

Қосылайын домбырамды алып бер.

148

МАҚТАНЫМСЫҢ АҚТӨБЕ!

Тама ЕСЕТ батырдың 125 жылдық тойына

Араладым асықпай,

Ақтөбенің даласын.

Жалғап жатыр бұл өлке,

Атырау, Арқа арасын.

Бұл даланың бойынан,

Не керекті табасың.

Қара Қобда, Сары Қобда,

Ұлы Қобда сағасын.

Ойыл, Ырғыз, Електің,

Бал суына қанасың.

Тау-тау астық қырманда,

Көргенде естен танасың.

Шалқар шалқып Шығыстан,

Үлкен ләззат аласың.

Мыңғырған мал өрісте,

Mиллион ба, мың ба екен,

Біле алмадым шамасын.

Ел байлығы осындай,

Қанша ақын болсам да,

Бере алмадым бағасын.

Ел осылай боп тұрса,

Жоқшылықтың ұзамай,

Батырамыз қарасын.

Есет батыр күмбезі,

Күндік жерден көрінсе,

ТәжіМахал далама,

Келген бе деп қаласың.

Есет батыр әруағы,

Бір көтеріп тастады-ау,

Қазағымның баласын.

Моңғолдан кеп бауырлар,

Өз елінде мәз-мәйрам,

Тауып жатыр жарасым.

Әлемде жоқ хромың,

Жер астында балқыған.

Хромтаудың бұл күнде,

Жер жарылар даңқынан.

Даласында дариядай,

Алтын дәні шалқыған.

149

Ес тандырар жусаны,

Жұпар исі аңқыған.

Аспанында әуелеп,

Әсем әні қалқыған.

Ақындардың атынан,

Айтар болсам шындығын,

«Айналайын» деп жатыр,

Ақтөбенің халқынан.

Пай-пай, шіркін, Ақтөбе,

Ай-хай, шіркін, Ақтөбе!

Әлиядай ардақты,

Исатайдай салмақты,

Батыры бар Ақтөбе.

Әбубәкір Кердері,

Нұрпейістей дарынды,

Ақыны бар Ақтөбе.

Батысында Атырау,

Шығысында Жезқазған,

Жақыны бар Ақтөбе.

Құдайберген, Ахмет,

Жұбановтай білімді,

Ұлдары бар Ақтөбе.

Ақтарыдан Шығанақ

Әлемге атын асырған,

Жылдары бар Ақтөбе.

Бестамақтың бойына,

Ақындарды жиып ап,

Ән жасаған Ақтөбе.

Есет сынды батырға,

Аппақ күмбез орнатып,

Сән жасаған Ақтөбе.

Ойға алған істерін,

Мықты болсын, Ақтөбе.

Жасап жатқан тойларын,

Құтты болсын, Ақтөбе!

150

ТӨЛЕ БИ МАЗАРЫ БАСЫНДА

Кешір, ата, кейіме кешіктің деп,

Дауысымды неге кеш есіттің деп.

Тоқыраудың тартқанда қасіретін,

Таба алмадық кіретін тесік іздеп.

Кешір, ата, кейіме кешіктің деп.

Заманымды білемін тарылтты кім,

Қайта кенді басыңа халық бүгін.

Сабырменен осы бір таңды күтіп,

Жатырмысың тып-тыныш, жарықтығым.

Әулиесі даламның, байтақ елдің,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Аруақ өлмейді деген сөз рас болып,

Арасына халқыңның қайта келдің...

Сыйынармыз өзіңе сыйынсақ та,

Қиылармыз өзің деп қиылсақ та.

Ұрпағыңбыз күнәға батьш кешен,

Жебеуші де өзің бол қиын шақта.

БӘДӘУИДІҢ МОНОЛОГЫ

Жер бетінде қалмаған соң мәңгілік,

Неге керек жоқты-барды ән қылып?

Асатаяқ қолыңа алып, ел кезіп,

Өткенің жөн жер-жаhанды қаңғырып.

Мезгіл сайын тұрмаған соң жаңғырып,

Өтер уақыт,

отырарсың санды ұрып.

Пирамидаң үйген сонау тау қылып,

Мезгіл жетсе жібермей ме шаң қылып.

Заманыңды өтсең батпас таң қылып,

Біліміңді жақсаң өшпес шам қылып.

Ұрпағыңа қалса айтарлық бір сөзің.

Сол ғой шіркін, өлмегенің мәңгілік.

151

АҒАЛАР

Жақсы мен жайсаң

бас қоса қалған кеңесте,

Есіркеп бізді,

азамат бопты-ау демес пе.

Ізгілік жолын ізіне салып аңғартқан,

Апдыңғы толқын,

арыстар тобы емес пе?!

Забойлас,

сырлас,

қаншама ғажап таң атты.

Еңбегін бұлдап,

қай аға оны санапты.

Сүйеп те демеп, қияға көңіл самғатқан,

Ағаларым ғой бекіткен әлсіз қанатты.

Ағаларым-ау, әлі де сыйлап алға ұстар,

Айта алмай жүрген жүректе қанша алғыс бар.

Көкірегімде шыға алмай шулап жатқандай,

Жер бетіндегі жиналып алып бар құстар.

Сіздердей, шіркін, ұрпаққа үлгі бола aлcaқ,

Жүрегі түскір жүреді ылғи соны аңсап.

Үлкендерден үлгі ала жүріп үйрендік,

Інілер үшін суыққа шыдап тоңа алсақ.

152

ӘНІНЕ СӘКЕН АҒА ҰЙЫҢЫЗДАР

(Сәкен Сейфуллиннің

100 жылдық тойына келгендерге

арнау)

Жүйелі сөз шығады шабытты ерден,

Жүйріктер талай тойда шауып көрген.

Сәкеннің аруағы деп білемін,

Сіздерді Жезқазғанға алып келген.

Сезініп жүректердің жылылығын,

Төгілсін ақындардың жыры бүгін.

Аяулы Алатаудың ұл-қызына,

Тілеймін Ұлытаудың ұлылығын.

Тігілген сіздерге арнап үйіміз бар,

Ақ тілек, сүт махаббат сыйымыз бар.

Жайнаған қыз-бозбала, сән-салтанат,

Асқақ ән бой балқытар күйіміз бар.

«Тау іші», «Ақсақ киік» біздің жақта,

Әніне Сәкен аға ұйыңыздар.

Сарыарқа саф ауасы дертке дауа,

Кеудеге сыйғанынша құйыңыздар,

Асықпай Алматыға, бауырларым,

Біздерге бір жетіні қиыңыздар.

Мінсең де қай көлікке қақыңыз бар,

Дәм-тұзын тойға арнаған татыңыздар.

Сәкеннің Ұлы тойы осал болмас,

Қызыққа шомылыңдар, батыңыздар.

Қонағын қашан қазақ құр жіберген,

Сый құрмет, жібек шапан, атымыз бар.

Асығып Алматыға не бар дейсің,

Қыс түсіп, қар жауғанша жатыңыздар.

Көтерген Ұлы тойдың бар салмағын,

Жерінде Жаңаарқаның алшаңдағын.

Құрметпен қарсы аламыз, хош келдіңдер,

Төрге шық, жақсы менен жайсаңдарым!

153

УКРАИНДЫҚ БАУЫРЛАРЫМ КЕЛГЕНДЕ

Толқынды Днепрдің жағасынан,

Келгенде Сарыарқаға жарасып ән.

Қарсы алып, құшақ жайып, дәм ұсындық,

Кеншілер Сәтбаевтың қаласынан.

Қосылсын бандураға домбырамыз,

Шырағын ұлы достық жандырамыз.

Алыстан құтты қонақ келген күнді,

Ұмытпай мәңгі есте қалдырамыз.

Қосайық ҚАЗАҚтарды ҚАЗАҚтарға,

Күн бүгін дос көңілін таза ақтарған.

Құбылған күз күніндей бұл заманда,

Достықтан асқан артық ғажап бар ма?

Жүректің жүрекке кеп тіл қатқаны,

Мақсат бір асқақ әуен шырқатқаны.

Кеншілер құшақ жайып, қарсы алып тұр,

Төрге шық, ұлы Тарас ұрпақтары!

154

САҒЫНБАЙ ҚАЛАЙ ЖҮРСІҢДЕР

Шоқтығы биік қамалым,

Ақындар, маған пірсіңдер

Сарыарқаның самалын,

Сағынбай қалай жүрсіңдер

Сендерді күтіп сағынып,

Алаңдап жүрмін келер деп.

Қасымнан бір күн табылып,

Жақсы жыр оқып берер деп.

Арқа елі қайта жасарған,

Күтуде ақын ұлдарын.

Естуге құмар қашаннан,

Қадырдің ойлы жырларын.

Үні жетпей құлаққа,

Мұхтар кетті қырғызға.

Олжас та жүр жырақта,

Кеудесінде жыр қызған.

Қоймаса байлап астана,

Фариза жалғыз қалмасын.

Марфуға қызды тастама,

Ағызған жырдың арнасын.

Алпыстан асып Тұманбай,

Көрінбей кетті ел жақтан.

Бұрқырат тойда мынадай,

Махаббат жырын жел жақтан.

Жырларыңа жан ғашық,

Жүрейін гүлмен қарсы алып.

Tөрiмe келіп жайғасып,

Жатыңдар жаздай ән салып.

155

ҚОШ КЕЛДІҢ, ҰЛЫТАУДЫҢ БАУРАЙЫНА!

(Президент Н.Назарбаев кеншілермен кездескенде)

Қош келдің, Жезқазғанның қаласына,

Сағынған Сарыарқаның даласына.

Өзіңмен бірге келсін бақыт құсы,

Металлург, кеншілердің арасына.

Ел болдық егеменді өзің бастап.

Тапталмай өзгелердің таласына.

Аузыңнан шыққан әрбір асыл сөзің,

Еліңнің ем боп жатыр жарасына.

Басынып бара жатқан бәзбіреулер,

Түскендей болып қалды сабасына.

Қаптаған Арқадағы қалың елің,

Ешкімнің қалдырмайды табасына.

Алғыс пен ақ батаны ел береді,

Горновой Теміртаудың баласына.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Жалғаған бабалардың аманатын.

Арманы өзіңізбен бір болатын,

Сіз десе ағыл тегіл жыр болатын.

Халықтың ақ тілегін жеткізуге,

Алдыңнан шықты тағы Шынболатың.

Қысқанмен қабырғадан нарық бүгін,

Білдірмей жатыр елің арықтығын.

Нұрекең бір жақсылық жеткізер деп,

Асыға күтіп отыр халық бүгін.

Нан, тұзын тосып елдің жақсылары,

Қыздары шығып отыр алып гүлін.

Жеріне Жезқазғанның Сіз келгенде,

Күн көзі күндегіден жарық бүгін.

Даланың төсіндегі кенін тапқан,

Қазақта дара туған Қаныш тұғын.

Қазақтың азаттығын сезіп рухы,

Бір аунап жатқан шығар жарықтығым.

Айтатын ел атынан аманатым,

Күні бол көгінен нұр ала алатын.

Қазақтың маңдайдағы бір ұлы едің,

Қараңғы қиынынан жол табатын.

Артыңда қара ормандай халқың бар,

Бел буып қайда болсын бара алатын.

156

Мың өліп, мың тірілген ел едік қой,

Тағдырдың татқан талай ғаламатын.

Арманың Абылайдай биік болсын,

Тарихта таңдандырып қалар атың,

Теміртау қүрышына қайнап піскен,

Тілейміз Нұрсұлтанның саламатын.

Қош келдің,Ұлытаудың бауырына,

Атадан артық туған азаматым!

Алдыңнан Арқа желі аңқылдасын,

Төрлеңіз, жанарыңыз жарқылдасын.

Бұл заман сізге де сын, бізге де сын,

Тәуелсіз ел болам деп талпынғасын.

Ұрпағын қазағымның сақтау үшін.

Күш-қайрат бойыңдағы сарқылмасын.

Жолында Сіз ұстаған саясаттың,

Біліңіз біздің елдің тартынбасын.

Сіз барда ай да орнында, күн де орнында,

Ел үшін аман болсын алтын басың.

157

ЖЫРАУЫҢ ТАҒЫ СӨЙЛЕСІН

(Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА ақжолтай тілек)

Қашаннан Сізді қарсы алар,

Жырауың едім ақ таңдай.

Нұреке, бүгін байқасам,

Басымызда бақ қандай.

Айымыз туып оңынан,

Нұрланып таңым атқандай.

Тауларым бүгін биіктеп,

Дария шалқып аққандай.

Егінім пісіп Арқада,

Омырауға алқа таққандай.

Төбеміз көкке бір тиді,

Өзіңіз бас боп, Нұреке,

Астана шамын жаққанда-ай!

Жер-Анамыз бусанып,

Тоқтар менен Талғатты

Толғатып қайта тапқандай.

Осының бәрін ойласам,

Бақытымыз батпандай,

Тұрайын қалай шаттанбай,

Сөйлейін қалай мақтанбай,

Қуаныш сыймай қойныма,

Қанатын қағып ғарыштан,

Қыраным келе жатқандай.

Өзіңіздей ұрпақты

Армандап өтті Абылай.

Шаң жуытпай жүріңіз,

Абылайдың тағына-ай.

Әлемге бүгін таныттың,

Қазақтың бағын тарыдай.

Түсініп қалды қалың ел,

Замананың бүгінгі,

Қарасы мен ағын-ай.

Еңбеккерлер ес жиып,

Жалқаулар жүр жарымай.

Ел атынан айтарым,

Көзіңнің қырын салыңыз,

Әл қуаты сарқылған,

Кемпір менен шалыңа-ай.

Атағың жетіп әріге,

Жасай бер, жаса, әлі де

Қазағымның бағына-ай! 158

АЙНАЛДЫМ, МҰСТАФАЖАН, ЖҮРЕГІҢНЕН!

Бұл арнау l990 жылғы 10 қазанда

Мұстафа Өзтүрікті

Жезқазған жерінде қарсы алу

салтанатында орындалған.

Жаралған біздің қазақ төзім үшін,

Қобыланды. Қажымұханның өзімісің?

Хабарсыз кеткен кешегі көкелердің

Қарғам-ау, қайта оралған көзімісің.

Естідік өнеріңнің ғажап бәрі,

Намысты жүр екенсің таза атқарып.

Әлемдік аренаға шыққан кезде,

Бұлқынды-ау, өн бойында қазақ қаны.

Төрге шық, шақырады Атамекен.

Әр таңы сағынышпен атады екен.

«Батыста бауырларың жүр» деген сөз,

Аяздай қабырғаға батады екен.

Қазағым шығыстағы шыққан күнмен

Батысқа сәлем жолдап жатады екен.

Алғашқы қарылғашы өзің болдың,

Қалғаны тағы да дәм татады екен.

Табысу осындайдан басталады,

Күндер бар алдымызда асқаралы.

Өзіңдей өр ұланын көрген кезде,

Көзінен қазағымның жас тамады.

Әлемнің бар бақытын тіледім мен,

Кетесін қайрат күшің білегіңнен.

Елім -деп еңіреген ер екенсің.

Айналдым, Мұстафажан, жүрегіңнен!

159

АРМЫСЫҢ, АСТАНАНЫҢ ПЫРАҚТАРЫ

(1997 жылы Жезқазған облысының

Алматы қаласындағы

онкүндігін ашу салтанатындагы арнау )

Армысың, астананың пырақтары,

Жарқырап, жанған жұлдыз шырақтары.

Армысың, Алатаудың қарлы шыңы,

Сылдырлап, мың бұралған бұлақтары.

Алма бет Алматының арулары,

Майысып көлге біткен құрақтары.

Өнері Жезқазғанның келіпті деп

Қалыпсың қалың елім құлақтанып.

Арқаның ақын сері, әншілері,

Көрмекші алдарыңда сыр ақтарып.

Ақ тілек, ыстық сәлем қабылдаңдар.

Жерінен Жезқазғанның жырақтағы.

Тәуелсіз ел болғанға мақтанамын

Жүректен ән-жырымды ақтарамын.

Еліммен барды, жоқты бірге бөліп,

Сіздердің ортаңыздан бақ табамын.

Тәуелсіз Қазақстан жырын жырлап.

Салтанат сапарына аттанамын.

Ал қазір Жезқазғандық өнерпаздар

Ағынан ақтарсын бір сақтағанын.

160

ҚОҢЫРАУЛЫ КӨМЕЙ

(Ғарифолла Құрманғалиевқа)

Іркіліп, еш уақытта тартынбаған,

Белгілі көп шалдардың салты маған.

Қаншама сал-сері боп жүрседағы,

Ғареке, өзіңіздей жан тумаған.

Жетпіс жас жетсе дағы алқымдаған,

Қоңыраулы көмейіңіз шаң тұрмаған.

Жүйріксіз Құлагердей құлашы кең,

Болдырып әлі күнге алқынбаған.

Жаныңыз - таң самалы анқылдаған,

Жырыңыз -тау бұлағы сарқылмаған.

Өнерден оза шауып жүлде алғанда,

Адамың қалмады, аға, таң қалмаған.

Жанарың жай оғындай жарқылдаған.

Екі шек,

Егіз аққу қанқылдаған.

Кетпей жүр құлағымнан

Пah, Ғареке,

Даусыңыз тау бүркіттей саңқылдаған.

161

ЖҮРЕК ТОЛЫ ЖЫР

(Мұқағалиға)

Жиын-тойды сен келед деп тоспадым,

Жырың бірақ, алғы сөзі тостардың.

Сен қоштасып бәрімізбен кетсең де,

Ұмыта алмай жүр-ау сені достарың.

Өкінбедің бопмадым деп бай адам

Жан тынысын іздемедің саядан

Жүрек толы жыр сыйлаған тағдыр-ай

Бір он жылды сенен несін аяған?

Биыл көктем тіпті ғажап көрікті,

Өлмеген жан бұл күнді де көріпті.

Қарасазда балалар жүр асыр сап,

Алақайлап аспанға атып бөрікті.

Жырларыңды айтып елің шертеді

Сағыныштың дерті мені өртеді.

Жүрегіңді жарып шыққан жырлардың

Бір шумағы бір күн айтар ертегі.

Өмір-Дастан,

Өмір-Өзен арнасын,

Қырқыншы көктемде өзің салғансың

Айта алмай-ақ жүрміз қазір, амал не,

Өзіңіздей асқақ жырдың жалғасын

162

МЕНІМЕНЕН БІРГЕСІҢ

(Қадыр Мырзалиевке)

Забойларда кенші болып жүргесін,

Алматыда айтыңдаршы кім білсін?

Мені Қадыр, білмей-ақ қой сен, бірақ,

Меніменен әрқашанда біргесің.

Ақиқаттың әдемі айтып төресін,

Жырларыңмен жанға тыным бересің.

Ойың әділ, жырың ақыл, парасат,

Ақылыңмен алға сүйреп келесің.

Әрбір жырың терең ойлы, нанымды,

Ойшылдықтан таптың осы дарынды.

Жеті қабат жер астында жүрсем де,

Қардай аппақ ұқтым сенің жаныңды.

Жамандарға ренжіген кездерде,

Сенің ғажап жырларыңа сөз бергем.

Екі шумақ өлеңіңді оқып боп,

Ашуымды басушы едім «ездерге».

Қадыр, мені білмей-ақ қой, кім едім?

Ал, мен бірақ, сені жақсы білемін.

Ұйықтағанда бас жағымда-кітабың,

Құтты сенің жүрегіндей жүрегім.

163

«APMAH» ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?

(Әшірбек Құнанбаевқа)

«Өнердің даңқын асыр» деп,

«Сүйсінсін дос пен қасың» деп.

Шақырды бір күн өзіне,

«Исполкомнан» Әшірбек.

«Асудан біз де асайық,

Жақсының көңілін ашайық,

Жаманның көңілін басайық,

Никольский ішінен,

Сен болып Шәке, мен болып,

Бір ансамбль ашайық.

Бap тілегің сол болса,

Кеңейтіп берем үйіңді.

«Жигули» беріп астыңа,

Жақсартамын күйіңді.

Ол үшін сен де аямай,

Жұмсайсың талант, миынды.

Өзімдағы білемін,

Ансамбль жасау қиын-ды.

Сен табасың жиынды,

Мен табамын тиынды,

Артистер киер киімді.

Сөйтіп бір жұмыс жасайық,

Юбилей жылда биылғы».

Дегенін естіп басшының,

Көңілге сәуле құйьлды.

Бұл сөзді естіп Шынболат,

Аруағына сыйынды.

Белді буып жөнелді,

Қандай тағдыр бұйырды?.

Шахтадан босап Шынболат

Автобус мініп қағынды.

Әнші, күйші, биші іздеп

Ойға-қырға шабылды.

Біреулерге жағынды,

Біреулерге жалынды.

Еңбегі кетпей далаға,

Қырық-елу жас табылды.

164

Ансамбльге «Арман» деп,

Ат қойып айдар тағылды.

Алматыдан атақты,

Райбаев келген соң,

Әшекең қостап берген соң,

Ансамбль шықпай неғылды?.

Аз-ақ жылда «Арманның»,

Атағы елге жайылды.

1977.

165

СӘЛЕМ АЛ, AFA !

(Кәкімбек Салықовқа)

Елуге толып,

Сенімін елдің ақтаған,

Жырсүйер қауым сүйсіне Сізді жаттаған,

Кенші деген халықтан аға, сәлем ал,

Арнайы сәлем «Покро» деген шахтадан.

Сәлем aл, аға, білетін Сізді халықтан,

Жастарынан да ақынның сырын жаңа ұққан.

Ұлытаудай қариясынан да сәлем ал,

Арқада туған,

Жезқазған сынды алыптан.

Кеудеме мынау сағыныш оты сия алмай,

Жырменен толғап хат жаздым аға, ұялмай.

Құттықтап дос-жар газетке жазып жатса да,

Тұрғаным рас,

Қарттыққа Сізді қия алмай.

Елуде Сізге арналып айтар ән осы,

Жақындай берсін алпыстың асқар қарасы.

Уақытқа зымыран жібермей жүрген есесін,

Сіздей-ақ болсын

Қазақтың әрбір баласы.

Білмейтін Сізді елімде бір жан жоқ бүгін,

Мұңайма, аға,

Алыстан кетсе отты күн.

-Не қалар едің?

Деп егер менен сұраса,

Қалар ем шіркін,

Дәл Сіздей қазақ көптігін.

Арқалап ауыр жүрсіз ғой, аға, жыр жүгін.

Әр жанның қазір қалтасында жүр «Нұрлы күн».

«Парасат сыры»,

«Жұлдызды жырлар» бізбенен,

«Шын жүректен» шахтаға түсіп жүр бүгін,

Жаралы киік,

Сіз көрген Жезді бойында,

Қызылішікті қыз болып жүрген ойында.

166

Дертім де бірге,

Сертім де бірге сендермен.

Егіліп кетем,

Қазақтың әрбір тойында.

Аса бер әлі өмірдің талай асуын,

Қыруар жұмыс баса алмас жырдың тасуын.

Бабалар біздің ғасырлар бойы аңсаған,

Заман ғой осы,

Жырға қосатын ғасырын.

Жасай бер, аға

Соңыңнан біз де ерейік!

Тереңнен тартып,

Маржанын сөздің терейік.

Өмірдің өзі бітпейтін майдан екен ғой,

Бейнеті менен зейнетін бірге көрейік.

Өзіңіз көрген есен сау кеңді қырыңыз,

Жылт етіп кейде көрініп жатады жырымыз.

Алғашқы рет өлеңмен жатқан хат жолдап,

Жезқазғандағы

Жезтаңдай сол бір ініңіз.

167

СЫРЛАСУ

(Садық Асатовқа)

Өмір деген, Сәке, қызық, ғажайып

Ғажабы сол достар жатыр азайып.

Тірілердің борышы ғой барынша

Қолдан келсе атын әнмен жазайық.

Қандай ғана жігіт еді Балғабай!

Ажал мерген атады екен талғамай.

Арамызда жарқ-жұрқ етіп жүруші ед,

Бey, дүние, ол да өтті жалған-ай.

Ажал мерген қателессе болмас пе ед?

Уақытынан гүлде ерте солмас ед.

Ортамызда болмас па еді отырса,

Мына төрде жайраң қағып Жолдасбек.

Сіз келіпсіз дүниеге бірінде,

Жаймашуақ майдың алғаш күнінде.

Сондыктан ба бір жылылық бар Сізде

Сол шуақты сезініп жүр інің де.

Мамыржай мұндай күні кім туар?

Eлдiң қамын ойлайтұғын ұл туар.

Еңбек, бақыт, бейбітшілік көктемі

Ынтымақтың, Сәке, сізде кілті бар.

Мен айтар ем мұндай күні кім туар?

Бас кетсе де кесілмейтін тіл туар,

Көктем көңіл, ақынжанды аяулы

Елдің жүгін көтеретін піл туар.

Көктем келсе ызғар қашып түрлері,

Жердің жүзі бар табиғат тірілер.

Май айында майда-шүйде тумайды,

Туады екен туа қалса ірілер.

Москвадан жанып келіп шырағың,

Халықтардың достығы боп ұраның.

Қуанғаннан аяғыма қарамай,

Төсегімнен атып-атып тұрамын.

168

Бүгін халық мұнше неге бекінді?

Қолдарына жалау ұстап не түрлі.

Парадқа емес, жуғызуға орденді

Сіздің үйге бара жатқан секілді.

Не айтсам да бүгін болмас apтық-ты,

Сағынышымда apa балы бар тіпті.

Ақ жайлауда аға үйінен ішермін,

Caқта Роза, Сәкең тойы сарқьггын.

Өмір бірақ, Сәке, ылғи жаз емес,

Ерлерге артар заман жүгі аз емес.

Сол туралы 6ipep ayыз жазайын,

Кейде менің көңілім де мәз емес.

Ауызыңнан шыққан сөзді қағып ап,

«Сәке, Сәке» дейтіндер көп табылад.

Ал, мен сізді кенші қылған тағдырға,

Кейде отырып айтып қоям лағынет.

Бақытты да тауып жүрміз бұл тастан,

Шеккен зиян жазылмайтын мың дастан.

Жезқазғанның астын-үстін реттеп,

Жәйремді енді жөндеп жатсыз тынбастан.

Мен білемін сізде барын асыл ой,

Көргеніміз жер астының тасы ғой.

Айтшы, Сәке, сіз екеуміз жүрер жер,

Жер асты емес, ақын-жыршы қасы ғой.

Бұл сөзіме айта алмассыз қарсы дау,

Жиілеп тұр жүректерде тарсылдау.

Тісімізді қайрауменен қайтейік,

Бір күн жарым өміріміз таусылды-ау

Кейде таппай айналамнан тіреуді,

Жыр тыңдайтын іздестірем біреуді.

«Жыры кұрсын, ойбай жоспар, план» деп

Біледі тек бірін-бірі іреуді.

Бұл турапы жазармын-ау бір сықақ

Ақсақ адам болады екен тырысқақ

Аяғымды асып қойып жатсам да,

Ауруымды ауыртпады дұрыстап.

169

Сәке, менің бұл базынам жәй тегі.

Өлең мұның дейтін шығар қай теңі?

Абайды да тыңдамапты кезінде,

Мен байғұсты айтшы ендеше, қайтеді?

Еркелесем барлығыңа бара алам.

Өлеңіңді оқимын да нәр алам.

Жәйремнен де алыс кетсең, Сәкем-ай,

Өзіңіздей аға қайдан таба алам?

Жырға құмар жүрегіңнен айналдым.

Сіз түскенде емханаға қайғы алдым.

Жетіп барып жырмен емдеп қайтар ем,

Аяқ сынып кроватьқа байландым.

Қиындықты қиып түсіп жеңе бер!

Көптің бірі енбес жерге ене бер.

Қиындықпен сіздер алған асудан,

Қиыстырып дастан жазам, сене бер.

1981.

170

БІЗДІҢ ЯША

(Яхия Асатовқа )

Үсгінде бастон костюм аппақ жаға,

Бір жігіт вокзалдан кеп түсгі жаңа.

Бұл жігіт кеше кенші кен қопарған,

Оқу іздеп келіпті астанаға.

Аққұба, жайдары жүз, өжет мінез

Мұндай жігіт тым сирек ұшырар кез.

«Түсі игіден түңілме» деген рас,

Мейлінше өте орынды айтылған сөз.

Кең жауырын, денесі ықшам біткен берік,

Оқу, білім жолына кеткен еріп.

Бap ойы автоматик болып шығу

Оқуға институтта көптен жерік.

Қарасаң көз тояды тұлғасына,

Өнерден де бұл жігіт кұр қалсын ба?

Суретші, артист, боксер, шахматисг

Мұнша өнер қалай сыйған бір басына?!

Тапсырып емтиханды ауылында,

Оқу үшін «очныйда» келді мұнда.

Уа, жігіт, келді кезін сыналатын,

Оқы, оқы және оқы енді тыңда.

Бұл жігіт өзіміздің Яша Асатов,

Өзі де бұл өмірді жүр жасартып.

Түскен соң оқуына арман еткен,

Тізгінін тұлпарының тұр босатып.

Өткізді емтиханды кілең «беспен»,

Енді білім теңізін болды кешпек.

Жатқанда ой үстінде кешке жақын,

Көзіне өткен өмір кетті елестеп.

Бітіріп он жылдықты алған қағаз,

Әлде оқуға қарт ана болды ма араз?

Көп жағдай шындығында себеп болып,

Ауылда қалып қойған біздің сабаз.

171

Жас тілек оқысам деп арайлады,

Сонда да қарт анаға қарайлады.

«Қысқа жіп күрмеуге келмес» деген

Оқуға бірақ, әттең бара алмады.

Өмірдің жас та болса зардабы өтті.

Бұрқырап көздің алды түтіндетті.

«Бақ болса түбінде бір оқырмын» деп

Жұмысқа шахта астына түсіп кеттi.

Әуелде ауыр бұрғы меңгере алмай,

Жастармен жарысуға таласа алмай.

Өр көңіл оған бармай кіріссе де

Артта қалған кезі болды талай-талай.

Еңбекпен өтті арада біраз күндер,

Ой ойлап көз ілмеген болды түндер.

Жер кені бертін келе көптен құлап,

Ақыры рудаға толды бункер.

Жезқазғанның мол кені таусыла ма?

Оқпан саны көбейді забойларда.

Суырылып қыза-қыза алға шықты,

Кейде орындап тастайды екі норма.

Бұл келсе қарсы алады кең шыңырау,

Жер асты қабат-қабат тарау-тарау.

Түбінде бір тараудың бұл Яшамыз,

Мол кенді болды алатын салып бұрау.

Ақ көңіл, кәрі-жасқа жүрді жаға.

Бірін іні, қылады бірін аға.

Дүркіретіп қайта-қайта қол соғады.

Досымен шықса әндетіп сахнаға.

Боларын жақсы жігіт қыздар көрді.

Қандай сұлу сүймсйді мұңдай ерді.

Бағалап еткен адал еңбегі үшін,

«Казсовпроф» грамот, сыйлық берді

Көшпелі өмір емес пе көп салалы.

Тұрмыс та бірте-бірте жақсарады.

Ағасы былтыр келген оқуынан,

Қазір ол бір шахтаны басқарады.

172

Жан емес ешбір жанға зәрін төккен.

Бәрі рас сөзім емес, өсек еткен.

Шахтаның тереңінде осылайша,

Бұл жігіттің екі жыл өмірі өткен.

Қашанда қажып талмай, білім қуды.

Оқымаққа енді ол белін буды.

Студенттік өмірге, тәтті шаққа.

Аттанатын мінеки күн де туды.

Алматы әсем қала армандаған,

Бес жылдай біліп алып, болды маман.

Өткенін оймен шолып айтып едім,

Бүгінін біледі оның барлық адам.

Студент күндер, жететін оған баға жоқ,

Сағыныш болып көкірегінде жанады от.

Жезқазғанында қыздырып еңбек майданын,

Баяғы жігіт қалыпты көпке аға боп.

Яшамыз біздің азамат бопты ардақты,

Сезімі де зор, қызыметі де салмақты.

Бойдағы жігер, қайрат пен қуат, білімін

Қадірлі халқы еліне ғана арнапты.

Жиында оған қалмайды қазір сөз бермей,

Сену де қиын қолменен ұстап, көз көрмей

Бетінде әжім самайды қырау шалғанмен

Ақжарқын мінез қалыпты мүлде өзгермей.

Ақжарқын мінез өзгермей мүлде қалыпты,

Отырар кейде еске алып, өткен тарихты.

Бүл тарих бізге оңай да досым, соққан жоқ

Ал, өмір бізді мықтап-ақ қолға алыпты.

Өткізіп жүрмін өзіңмен өмір көктемін,

Өзіңмен солып, өзіңмен бірге көктедім.

Сен туған күнмен жаңа жыл бірге келгенде,

Жырым мен сырым айтатын саған көп менің.

Біреуге нарсың, енді біреуге пілдейсің.

Кездесе қалсаң әзілсіз және жүрмейсің

Алыса қалсаң мықтыларменен алысып,

Әлсізді досым әрқашан сүйеп жүргейсің.

173

Кейінге тастап қырықтың қырқа белесін,

Балалық шақтан бipгe өciп, 6ipгeкелесің.

Tiліп өт, жаным, ұрып өт мықтап өтесің

Түп-түзу ұста өмірдің тiлсіз кемесін.

Достарың мынау отырған саған бақ тілеп.

Күндемес ешкім кеудеңмен тұрсаң көк тipеп.

Сентуған күні жер шары түгел мейрамдап,

Ақшақар. шырша тұрғандай айтып ақ тілек.

174

ҚОС БАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

(Халық қалаулысы,

Алакөлдік Гүлжария Ыбыраеваға)

«Жарқыраған нұрлы аспанның жұлдызы,

Kөздi тартар Жоңғар таудың шың-құзы.

Сәлем бердім, Сарыарқаның төрінен,

Армысыңдар, Алакөлдің ұл-қызы!

Бeттен тамған сағынышты қандарың,

Соны көру менің-дағы арманым.

«Шындығымды» шырылдаған естіп ең,

Естіңіздер енді тағы қалғанын».

Дедім-дағы, бастап кеттім жырымды,

Жырға қоса төктім 6ipaз сырымды.

Сәлден соң-ақ көрерменнің күдігі,

Күн шыққандай жадырап бip түрілді.

Тау етeгi,

Салқын самал,

Қос басы.

Қызылшашы,

Жыршы кетті достасып.

Күн қақтаған қыз-келіншек дидары,

Жыршыға ауды жанарынан от шашып.

Танып қалған теледидар арқылы,

Шабыт 6epiп қаракөздер жарқылы.

Тындаушы мен айтушысы сай келіп,

Қаптады-ай бip кара өлеңнің қарқыны.

Бұхар жырау,

Балқы Базар осында.

Бас қосқандай қызылшашы қосында.

Жетіқабат жер астында жүргенмен,

Осында екен жанкүйерім, досым да.

Алдан шығып армандаған ақ үміт,

Қалған екен халқым жырды сағынып.

Нөсерлете қол соққанда көрермен,

Сылқ-сылқ күліп, Тентек жатты ағылып.

175

Көз алдымда қант қызылша алқабы,

Жырлай-жырлай құмарым бip тарқады.

Еңбекпенен атады скен, байқадым,

Әнге ұласып Алакөлдің әр таңы.

Жалын ата жырланды да жыр бүгін,

Есте қалды маған осы нұрлы күн.

Риза болған қараторы келіншек,

Құрметпенен құшақтатгы қыр гүлін.

«Күнің болды-ау, аға 6үгiп ерлеген,

Бұндай жырды жастар бұрын көрмеген.

Рок, джазбен 6ітіп қалған құлақты,

Бip тазалап бердіңіз-ау термемен!»

Eлi -жұрты ардақтаған қандай жан,

Алғаш рет көріп тұрмын шалғайдан.

Ел ceнімін ақтап жүрген асылдың,

Қолын сүйiп, иіскедім маңдайдан.

Артық айтып әсерлейтін жер емес,

Шын тұлпарға жабыны ешкім теңемес.

Байқағаным қант қызылша бейнеті,

Тау қопарған кеншілерден кем емес.

Барлығыңның бақытың бар, құтың бар,

Қадірлендер, жерді құрмет тұтыңдар.

Шеттеріңнен еңбек epi атанып,

Лотерейден 6ip-бip «Волга» ұтындар!

Деп әзілмен аттанып ем бақ тілеп,

Жыр жолына олар да айтгы ақ тілек.

Содан беpi шай ішкенде байқаймын,

Қанттың дәмі бұрынғыдан тәттірек!

176

ЖЫРЛАҢДАР, АҚЫНДАР!

(Шашубай Қошқарбайұлының

туғанына 125 жыл

толуына арналған айтысқа арнау)

Күн бүгін кең сарайға жыр толатын,

Құшаққа қызыл-жасыл гүл толатын.

Әруағын Шашекеңнің құрметтеуге,

Келіпті Алматыдан 6ip топ ақын.

Бұл тойда жыр бастау да мақтан шығар,

Жарқын таң жадырап бip атқан шыгар.

Ел-жұрты Шашекеңді тойлағанда,

Бір аунап Шашекең де жатқан шығар.

Жырландар қаралы кім, жаралы кім?

Жырландар қазағымның даналығын.

Жырландар Балқаш жайлы, Семей жайлы

Неліктен сонша бүгін дала мұңлы?

Жырлаңдар, суы қашқан Аралыңды,

Жырлаңдар жоқ боп кеткен маралыңды.

Ақындар сөзбен елді емдемесе,

Жазады жүректегі жараны кім?

Мінеки, жыр сайысы жақын қалды,

Kөpciн ел әнмен таңды атырғанды.

Қол соғып қарсы алыңдар, ардақты елім

Шақырам сахнаға ақындарды.

177

ТӨГІҢДЕР, ЖЫР МАРЖАНЫН МӨЛДІРЕТІП

(Жезқазғанда кенші ақындар айтысын ашқанда)

Жезқазған ,облысы жepi, кені,

Керілген кер маралдай кеpiм еді,

Сарыарқа асты байлық, үсті бақыт,

Бақ дарып, қыдыр қонған жерім еді.

Мұхиттың ар жағынан ағылшындар,

Tiміскілеп байлықты келіп еді.

Мал баққан қағазымды алдап-сулап,

Шахтада ит шанаға жегіп еді.

Көп нәрсе ала алмады-ау солар бipaқ,

Өйткені өгіз, түйе көлігі еді.

Торғайдан Аманкелді атой салып,

Бәрі де қашып-пысып өліп еді.

Eлiме Октябрдің атып таңы,

Жезқазған гүлдеп өciп-өніп еді.

Байлыққа барлау жасап бағалаған,

Баһадүр Сәтбаевтай epiм еді.

Сұм соғыс басталғанда батыс жақтан,

Қара бұлт қазаққа да төніп eдi,

Қорғаныс комитеті сол кездерде.

Жезқазған жездеріне сеніп еді.

Бір емес, екеу емес, он алты рет

Қызыл ту ауыспалы 6epiп еді.

Keншінің ерен еңбек арқасында,

Халқымыз сұм фашисті жеңіп еді!

Бұл күнде Қapaкеңгір, Сарыкеңгір,

Қыздардын бұрымындай өріледі.

Сапырып сары қымыз отыр елім,

Құлынға толып құтты желілері.

Ұлытау баурайынан жыр боратқан,

Иманжан, Болман, Тайжан cepілері.

Қарсакбай қара шаңырақ тұрбалары,

Қарасаң күндік жерден көрінеді.

Тәуелсіз егеменді ел атандық,

Жырлайық қазағымның жоғын eндi.

Әpi ақын, әpi кенші болғаннан соң,

Жырменен төгiледі терім енді.

Тәуелсіз ел болғанда Қазақстан,

Кеншілер тау тұрғызар таза мыстан.

178

Keншінің мәртебесін көтеруге,

Ақындар келіп отыр әp6ip тұстан.

Ақын мен кеншілерім 6ipгe болса,

Біздерге қарсы келер қандай дұшпан?

Айналдым ай дидарлы беттеріңнен,

Айналдым ақын жанды ниеттеріңнен.

Қаймағы ақындардың жинапыпсың,

Бәрің де дүлдүлсіңдер шеттеріңнен.

Елімнің ет жүрегін елжіретіп,

Төгіңдер жыр маржанын мөлдіретіп.

Тәуелсіз ел болғанда жыр бастаңдар,

Ақ туын әділеттің желбіретіп.

Ақынға жаңылмайтын жағын берсін,

Шабытқа ағындаған ағын бepciн.

Айтатын бар ақынға ақ тілегім,

Тайжан мен Шашубайдың бағын бepciн!

179

ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІН АРАЛАУ

Жасаған мына өнерді жандар қандай,

Көп нәрсе көрген адам аңғарғандай.

Ғаламат халқымыздың қол өнеpi.

Тамсантып таңдай қағып, таң қалғандай.

Па, шіpкiн бабамыздың iзi қандай!

Майысып кесте тіккен қызы қандай.

Айшықты ашық бояу, қошқар мүйіз,

Ғажайып шеберлікпен сызылғандай.

Жететін ғасырлардан ғасырларға

Қараңдар бұдан артық асыл бар ма?

Өнсрді мұра болған бабамыздан,

Бұл күнде мұны жасар жасың бар ма?

Kөpiңдep, көше бойлап жағалаңдар

Өнердің ақ боз атын тағаландар.

Хас дарын, асқақ шебер бұл өнерді

Кәнеки, қайтадан бip 6aғалаңдар.

180

КӨДЕЙ КӨКЕМ

(жоқтау)

Шабыты шалқып жатқанда бақыт ipгeмдe,

Бip күннен бip күн көpiкті болып жүргенде.

Жетпіс жыл бойы жаңылмай соққан жүректі,

Ажал кеп шіркін алды да кетті бip демде.

Тұр еді алда ғажайып күндер тәтті үміт,

Төгілмей қалды жанарға мынау жас тұнып.

Айта алмай қалдым айтатын cөздi aғaйын,

Койғандай бipey қолқаға мықтап тас тығып.

Алыстап қалды орнына келмей жақсы арман,

Гаражың қалды қажымай қырық жыл басқарған.

Жезқазған мынау әлемге аты әйгілі,

Жосалыдан беpi ciз салған жолдан басталған.

Сұрапыл жылдар аяққа киіп керзі етік.

Майданнан қайттың ордендер тағып ер жетіп.

Гүлденді содан Қарсакпай жepi қарқындап,

Орнына кeлдi көп icтер жатқан кер кетіп.

Биік еді ғой ұстасақ бетке беделің,

Дүниеден өттің өмірдің бұзбай бедерiн.

Kөңілгe қайғы көзден жас төгiп қаралы,

Білмей тұр халқын ажалға мынау не дсрін.

Қоштасып тұpған Қарсакпай мынау қарашы,

Жүректің сыздап жазылмай қалды жарасы.

Өзіңмен жүрген, өзіңмен күлген жандардың,

Есінде мәңгі Мамақов болып қаласың.

Қазаңа мынау жиналып халқын егілген,

Ұл-кызың анау көзінен жасы төгілген.

Бақыл бол, аға, риза ғой саған туған ел,

Көдей боп келіп «Көке» боп өттің өмірден.

181

МАХАББАТТЫҢ ЖАРШЫСЫ

(Жақсыкелді Сейіловтіңрухына)

«Жезкиік» деп ән салған, ecтiгeн ел тамсанған.

Қайда барса қадірлеп, хан көтеріп қарсы алған.

"Жол бepiңдep Анаға" деп әлемге жар салған,

Жанартаудай жарылмай, жанбай өтті қанша арман.

Солғандай боп гүліміз, тұтылғандай күніміз,

Бірге еді ғой жырымыз, 6ipгe еді ғой сырымыз.

Нұрғисадан бата алған, сазгерлікте ipiмiз,

Ескерткішке айналды Жақсыкелді ініміз.

Әсем әнің жатталар, жүректерде сақталар,

Сарыарқаның сазгері, cepiгiм ең мақтанар.

Ғалымдардан хат қалар, ұстаздардан зат қалар,

Өзіңді өлмес өнерің болашаққа ап барар.

Бip өлім бар өмірде 6ipaқ, сирек-жақсы өлім,

Ұмыта алмай жұр бүгін, артындағы жақсы елің.

Тақта орнатып сағына, келдік тағы жаныңа,

Жаралған бip жан едің, туған елдің бағына.

Жарық мынау әлемге, зар боп өткен досым-ай,

Тас қаранғы көрге де, кірдің білем шошымай.

Жақсыкелді секілді қиындыққа жасымай,

Қайдасыңдар ағайын, өмip деген осылай.

Сазгер ұлын қазақтың, ардақтаумен өтіндер,

Болашақтың жастары, армандарға жетіңдер.

Махаббаттың жаршысы - бейнесіне Жәкеңнің,

Өткен-кеткен ғашықтар, бip иіп өтіндер.

182

ЕГІНДІБҰЛАҚҚА САПАР

(Жан жолдасым Нариманның қайынжұртына барғанда)

Тұлпарымыз - «Жигули».

Жүйткіп, зырлап келеміз.

Желмаясындай Асанның,

Құрғақпен жүзген кемеміз.

Егіндібұлақ сапарын,

Өлеңмен айтып береміз.

Keм-кeтiгi бар болса,

Бұныңыз қалай демеңіз.

Машина жайлы астағы

Кей жерлерде жүйткітіп,

Кей жерлерде желеміз.

Сарыарқаның ауасы,

Kөтеріліп бойымыз,

Жеңіл тартқан денеміз.

Болса да алда жол алыс

Қайтсек те оны жеңеміз,

Шоферіміз бұйра бас

Қу қараға сенеміз.

Тындай бер халқым әлі де,

Лиля қыздан бензин ап.

Қызылжардың үйілген,

Құмына келіп енеміз.

Әбекем* - басшы, мен - қосшы,

Нариман - Шолпан сыңары

Алып шыққан 6eтiмiз.

Шолпанның нағашылары

Лүпілдеп соққан жүректің,

Белгісіз қашан тынары.

Келтен жерім Балқан тау

Көз тартар жердің құнары.

Әдет-ғұрып,салт-дәстүр.

Көп екен 6iзгe ұнары.

Коньяк пен қымыз құйылып.

Тарқады көңіл мұнары,

Қызмет қылған қыз-жігіт

Көп екен қызық қылары.

Жасап жатқан бәpiн де

Шолпанның нағашылары.

183

Құлынның етi асылды,

Kүмістен шашу шашылды.

Құдағилар асылдан.

Таудың биік шынары.

Келіп жатыр бәpi де

Жасы-дағы, кәpi дс

Сары қымыз сапырып,

Көңілдің қанды құмары.

Көңілі көркем халықтың,

Жоқ екен мінеп, сынары.

Қызыққа жұртты жапырды,

Арқанға тартып құданы.

«Қыз-қырқынын көрмедім,

Қай жақта екен бұлары?»

Деп елендеп ішімнен,

Осы жағын еске алса,

Екен деп тілеп отырдым,

Шолпанның нағашылары.

Келген жepiм Қаратау

Қоршап тұрған Балқаны.

Келіп тұр ақын бабына,

Шырқайын дсп тұр тағы да.

Таусылмаса талқаны.

Қанын судай тасытып,

Сойып та тастап марқаны,

Әбекенді тартатын,

Табылмай қалды арқаны.

Әзіл -қалжың осында,

Екен ғой елдің дарханы.

Ән-күйменен ашылды,

Балқан таудың әр таңы.

Айналайын, Әбекем

Екі «сухой» босатты,

Ойнап отырып картаны.

Ән мен күйге содан соң.

Жараулы аттай жортады.

Егіндібұлаққа, еліне

Апарған едік осылай

Аяулы Шолпан қалқаны.

184

ДӘРМЕНСІ3ДІК

Бip үрлесең жанармын.

Бip үрлесең сөнермін.

Айтканыңа нанармын,

Акылыңа көнермін.

Бір мәреге жетермін,

Не жете алмай өтермін.

Не салсаң да көтердім,

Бәрін айтар келер күн.

Асау тірлік арыстан,

Арландармен алыстым.

Елден жырақ алыстан.

Тарландармен таныстым.

Айтқан сөзде тұрармын,

Қасында боп бар icтің.

Кұлар болсам кұлармын,

Биігінен намыстың.

Не десе де тағдырдың,

Үкіміне мақұлмын.

Болсам да өзі «алғырдың»

Амалсыздан «аһ»ұрдым.

Бар байлығым - өлеңім,

Teciк қалта ақынмын.

Күнін кешіп келемін,

Дәрмені жоқ пақырдың.

185

ТАЛАС

Мүмкін менің ақыл-санам көнерген,

Кезім бе әлде шабыт шалқып, жөнелген.

Kөn ішінде «Арманым жоқ деп қалдым,

Keзiм бе екен 6ip шаттыққа кенелген.

Бip жас жігіт атып тұрып орнынан,

Күтпеген ем сөз шығар деп зор мұнан.

-Мүмкін емес армансыз жан болуы,

-Деді:- болса нағыз сол ғой сорлы жан.

Бұл өмірде армансыз жан болмайды.

Қалай ciзге түсіндірем ол жайлы.

Армансыз жан бар деген сөз, ағасы,

Мына мeнiң миыма әсте қонбайды.

Тәуелсіз боп жатқан ғажап елімде,

Арманшыл-ау. мына жастар тегінде.

- Иә, қарағым, мына сенің жасыңда

Мың арманым болған шығар менің де.

Армандауды жөргегімде бастағам,

Содан 6epi менен арман аспаған.

Амал қанша, Ақ тұлпары арманның,

Талай peт мені жолға тастаған.

Арман еді тойып iшiep тамағың,

Арман болтан мсктептегі сабағың.

Армандағам 6ip жылы сөз айтатын,

Агайынның мейірімді қабағын.

Ендi бірде, арман болды асыл жар,

Ол да болды, бала-шаға, досым бар.

Жас кезімде жүз арманға жетем деп,

Мың майданға түсіп көрген басым бар.

Сонда мeнiң арманымды кім білді,

Жігіт болдым өнерлі де өтімді.

Сол адамдар шапан жауып, ардақтап,

Сол адамдар астыма ат міндірді.

Мадақ ecтiп, сарсаң болды құлағым,

Куанбаймын, келіп тұрар жылағым.

186

Көзге мақтап, сырттан даттап жүргендер.

Бұл өмірде аз емес-ау, шырағым.

Tүciнe алмай өмip сырын басында,

Армандадым көп жасауды жасымда.

Лермонтов пен Шоқан қанша жасады.

Мен кім едім дәл солардың қасында.

Армандаумен бұдан артық болмаспын,

Талап. Еңбек, Қанағатпен жолдаспын.

Сен арманда, мен армандап болғанмын,

Бұл сөзіме неге сонша жармастың.

Армансызбын саулығына денімнің

Армансызды сөз кылганың сенің мін.

Армансызбын десем бүгін, шырағым,

Қанағаты шығар мендік өмірдің.

Арманым жок!

«Жоқ» деп айқай саламын,

Арманына жеткен жетім баламын.

Бұл өмірде барлығына қанағат,

Таласпа, інім,армансыз боп қаламын.

-Мінe, ағатай осы жердей тоқтаңыз,

Бәріміз де сол армансыз топтанбыз.

Халқыңыздың шын ақыны болсаңыз,

Мына менің әңгімеме or тамыз.

Рас, ағай, 6ipaз жерге барыпсыз,

Жеке бастың бақыты бұл парықсыз.

Көптің қамын ойлайтұғын кезіңде,

Кешіріңіз,тоқгапсыз да қалыпсыз.

Баспанасыз, 6ip үзім нан аңсаған,

Жер бетінде жүр жалаңаш қанша адам.

Қалың елiң тұрған кезде тұйықта,

Сәл шегініп, назарынды сал соған.

Домалақ жер тұрған кезде «атом» боп,

Еш армансыз отыруға хақың жоқ.

Ең алдымен сізді ойлату керек қой,

Туганыңыз рас болса ақын боп.

187

Дабыл кағып жатқан мына ақ таңда,

Жеке бастың бақытына мақтанба.

Ақылды адам бола алмайды армансыз,

Жарты дүние жанталасып жатқанда.

Солай,аға, ала көрме көңілге,

Жол берейік арман деген cенімге.

Ұлылық пен Зұлымдық бар заманда

Армансыз жан болмау керек тегінде

Содан жігіт кетті ағынан жарылып,

Мөлдір таза тау суындай ағылып.

Кесек-кесек сол жігіттің сөзінен,

Неше түрлі арман жатты табылып.

Міне,азамат талдай білген өмірді,

Көмейінен көрікті ойлар төгілді

"Елді ойлайтын көп болса" деп жігіттер,

Аландаумен кеңейтуші ем көңілді

Тежей алмай лықсып келген сөзімді,

Есіме алдым арман қуған кезімді

Тірлік барда таусылған ба ақ арман

Армансызбын десемдағы өзімді.

188

САҒЫНЫП ЖҮРМІН, CEHI, AFA!

(Әбдіраман Бөпеевкежолдаған хаттар)

Әз аға, аманбысыз, Әбдіраман!

Көкейге өлен келіп алдым қалам.

Өкшелеп ізіңізді біз келеміз,

Айыр ақ-қараны бар ғой санам.

Азамат болды деген осы емес пе?

Оқуға түсті әне үлкен балаң.

Cepiк боп, колғанат боп келе жатыр,

Keтiптi кішкентайлар басып кадам.

Біреудің жақсылығын жоқ етеді

Іші тар осы күні кейбір надан.

Дұшпанның көре алмаған іші күйсін,

Санаймын сізді бейне туған ағам.

Көргем жоқ Жезқазғаннан Сіздей шалды

Ақ көнiл,сөзге шебер, алғыр маман.

Жастармен отырасыз ойнап,күліп,

Жетпіс жас таянса да алқымдаған.

Шаш аппақ болғанменен,жүрек жас-ау

Бал шарап, сұлу көрсе тартынбаған.

Жүйріксіз Кұлагердей құлашы кен,

Шапқанда Ұзакты күн алқынбаған.

Бағалап еңбегінді партиямыз,

Орденмен кеудеңізді алтындаған.

Kiciгe дархан дала пейілініз,

Сарыарқа самалындай аңкылдаған.

Шөлдеген көздерінді iнілерің,

Төріңнен сусын ішіп салқындаған.

Күлзада-Құдай берген жеңешеміз.

Күніне жүз барсаң да сарқылмаған.

Мұнтаздай үй ішіп тазалығы,

Ешуақытта кыл жуытып, шаң тұрмаған.

Еш адам көрген емес ищщаласып,

Риза ар уақытта халқың саған,

189

Мақтанып өзінізбен мен жүремін.

Біледі інінді де қала-далаң.

Жоқтатпай жиын-тойда орныңызды,

Беташар. тойбастарды өзім алам.

Төккенде Сізден алған термелерді

Қызығып қыз-келіншек жаудыраған.

Еліктеп өзіңізге домбыра алсам,

Он саусақ күй төгеді домбырадан.

Кұлақтың кұрышын бip қандырайын,

Тартып бер «Адай» күйін келсе шамаң.

Бізге жолбасшы боп жүре берші,

Аман бол алдымызда асыл ағам.

1965.

190

Еркелеп күнде енетін

Үйінізді caғындым.

«Қызыл қайыи», «Мұнлы қыз»,

Күйлерінді сағындым.

Ойнақ, салған он саусак,

Пернелерді сағындым.

Жебемен сөзді шындайтын,

Термелерді сағындым.

Қызықпенен атырған,

Түндерімді сағындым.

Өзіңменен біpre өткен.

Күндерімді сағындым.

Сағынып жүрмін , Әбеке!

Әліде талай сағынам.

Сағынған сәтте бip күні,

Касыңыздан табылам.

Жайдары жарқын женешем,

Жарылсын сол күн ағынан.

Кіндік кесіп, кip жуған,

Туған елде бip болып.

Сыр суындай ағылам.

«Аксак киік», «Саранжаб»,

Күйлеріне табынам.

Айналайын, Әбеке!

Құдай берген өнерді

Көрсетпей сол күн не қылам?

Бойжеткен қыздар бар болса,

Жақсы сөз айтып жағынам.

Жай айтқан сөзге көнбесе,

Бура болып күркіреп.

Күндік жерден шабынам.

Домбыра тартып, ән айтып,

Үш күн үш түн кағынам.

Күн бүрын айтып кояйын.

Асыл туған Күлзада

Жеңгеме ғана бағынам.

Бұрыннан қалған мақал бар,

«Жерімес құлан қағынан»

Бұл хатты окып,Әбеке!

Тартып жібер жүз грамм,

Қызыл емес «ағынан».

191

Пернеде саусақтардың өші қалып.

Күиініз Сыр суымен косыла ағып,

Әбекем, отырсың ба екі ішекпен,

Талайдың тарлан тілін кесіп алып.

1971.

***

Әбекеңнің менің хаттарымның

6ipінe қайтарған жауабы

Қарағым, қалқам менің Шынболатым

Әрқашан өзімменен бip болатын.

Ішінде топ кісінің отырғанда

Жарқ етіп колғa тиді жазған хатың.

Адамдар отыр eді манайымда.

Айтарлык бip ic болды ағайынға.

Дәріптеп атынды айтып, таныстырдым

Білетін, білмейтіннің талайына.

Өзім де «Дайрабайды» тартып кеттім,

Ондайда бip көрінбей калайын ба?

«Саранжаб», «Ақсақ киік» коса кеттім,

Өнерді саусақтағы аяйын ба?

Таң калды күиді тыңдап тұрған халық,

Өзімді бір көрсеттім сол жерде анық.

Атақты Құрекемнің «Адай» күиі

Жөнелді Сыр суымен қосыла ағып

1971.

192

І3ДЕЙМІН CEHI, ЖАН AFA!

(Әбдіраман Бөneевтің рухымен сырласу)

Әбеке,

тағы қара жср болып, мұңайдым,

Сізді іздеп, шаршап төсекке келіп кұлаймын.

Қара аспан түссе көтеретұғын нар едің,

Kiм қалды, шіркін,

шындықты кімнен сұраймын.

Білесің бе, аға,

қазандай iшім қайнайды,

Миымды тұнық. мың толқын ойлар лайлайды.

Тойымның оты үрлесем шалқып жанбайды,

Отырмын ұстап,

мың қайғы қонған маңдайды.

Келсем де қанша,

бетімнен eш6ip қақпаған,

Жүйрігім едің,

суырыла шапқан ақтабан.

Таба алмай үйден,

отырып үнciз мұңайдым.

Ғайып боп, бүгін

кеткенсің қайда, жақсы ағам.

Tepмені төгiп,

Тартушы ең күйді қан қызып,

мен жоқта бip күн,

кетіпciң ғажап әнді үзіп.

Болмашыға да баладай

мәз боп күлуші ек,

Армандаушы едік,

тұрғандай алда бар қызық.

Күткенмен қанша,

болмады сол бip қызықтар,

Дүниені мына,

бүлдіріп 6iттi бұзықтар.

Сыр болып тұнып,

жыр болып айтып тұрғандай.

Маңдайымдағы тереңдей түскен сызықтар.

193

Қай жақта жүрсем

аузымнан түспес мақтаным,

Көрдік қой бipге,

өмірдің суық, аптабын.

Кімдерден сұрап.

кімдерден даулап аламын,

Бар өмipiмдi астына кеткен шахтаның.

Таба алмай емін,

сыздаған ауыр жараның,

Тұңғиық. түпсіз

тереңге батып барамын.

Тірліктің мынау көрдік қой талай тозағын,

Пейіштін іздеп,

тозды ғой таппай табаным.

Таппаймын, аға,

білемін, бәpiн білемін,

Жалғанға мына ыза боп тұрып күлемін.

Ішімнен жылап,

өтірік күліп сыртымнан,

Өтірік мас боп,

өтірік дәурен сүремін.

Бiлeciң бе, аға,

бәpi де, 6әpi өтipiк,

Ұлығың анау,

өтipiк сөйлеп, көnipiп.

Патшаға сенген еске алсам сол 6ip күндерд,

Өкipiп тұрып,

жылағым келеді өкiнiп.

Өтірік көп қой, жалғыз-ақ шындық жалғанда,

Батырың да өткен,

ақының да өткен арманда.

Бәрінің жалған, бәрінің бекер екенін,

Tүсіндім кештеу,

басымды қырау шалғанда.

Өтірік көп қой.

жалғанда жалғыз шындық бар.

Айта алмай кеткен мың Сәбит пенен мың Мұхтар.

194

Жанартау болып,

жарылды шыңдық кеудемнен,

Патшалар бар ма?

патша бар жерде құлдық бар.

Екінші шындық,

өткен күн қайтып келмейді.

Көз жұмсаң болды,

апарып көрге жерлейді.

Кеттіңіз Ciз де,

кетеміз 6iз де бұл шындық,

Ұлылық пен Зұлымдық 6ipaқ, өлмейді.

Өлмейді және төгілте тартқан күйлерің.

Тап-таза аппақ жүрекпен елге сыйлы едің.

Елге айтып жүрер әзіл мен қалжың, отты өлең,

Өлмейді мәңгі,

Сол болды менің түйгенім.

Epтic пен Сырда,

жүрсем де мейлі Қырымда,

Сөз етiп жүрмін,

сөз еткен едім бұрында.

Қарысып жағым,

байланып тілім қалғанша,

Арқауы болып жүресің Аға, жырыма.

195

ДОСТЫҚ

Шын достыққа не бар екен тең келген?

Kөpiнep ол артығырақ өңге елден.

Қолдағы асын iшпей жерге қоятын,

Арманы 6ip абзал досты мен көргем.

Өмір зымырап өтіп жатыр дөңгелеп.

Досым десе жүрегімді жыр бөлеп.

Айналамда қоршаған мың адам бар,

Ал, шынында достың орны бip бөлек.

Шіркін достық,

пәк сезімнің қорғаны,

Дос жоқ болса өміріңнің солғаны.

Қандай жақсы қылмыс жасап келсең де,

Шыныңды айтар бip досыңның болғаны.

196

ЖYPEPMIH ЖҮРЕГ1МЕ САҚТАП ҚАНА

(Әбдіманаптыңрухына)

Сейле тілім, сөйле десең шешіліп.

Заман еді-ау жүретұғын көсіліп.

Кеме келіп кұрғақ жерге қайырлап.

Жүре алмай тұр осы күні еciлiп.

Кейде түciп өткен күндер есіме.

Суретіңе карай берем тесіле.

Тonыpaғың торқа болсын, бауырым.

Ерте кеттің өмip жалған көшінен.

Сапар шектің қайта кepi оралмас.

Бұлбұл қайтып бақшасына қона алмас.

Қандай жігіт ән салса да алдымда,

Әбдіманап, енді өзіңдей бола алмас.

Бipiн таға. 6ipiн жиен демеуші ек,

Еpeгiciп қатты сөзге келмеуші ек,

Кеше ғана өзің келіп кеткенде,

Бүгін ертең өлеміз-ау демеуші ек.

Өмip - өлім мәңгi бақи алысқан,

Ажал келсе кеткен талай арыстан.

Әбдіманап, жатсын ба ecтіп даусымды

Нағашың тұр іздеп келіп алыстан.

Мәңгілік мекен eтiп Қызылқұмды,

Топырақ жатыр жауып нұр жүзіңді.

Жігіттiң жайраң қаққан төpeci едің.

Соншама келте eткенi-ай өмipiңді.

Өзің жоқсын, апам отыр аңырап.

Жым-жырт, міне, тамың да тұр каңырап.

Kөpiнep-ay, кеп қалар-ау дейді апам

Әрине бұл бос қиял ғой сандырақ.

Көп жылады қарындасың Аманай,

Өмір деген алады екен қарамай.

Көке деген көкipегi жаралы,

Ендi кімге қаратады заман-ай.

197

Зар жылап отыр жарың Мүкәрам да,

Жылаумен кектің зары мұкала ма?

Көксу мен Қызылқұмнан, Шардарадан

Суырылып шығып едің жеке дара.

Айта алмай көкіректегі қайғы-зарың,

Артында отыр жоқтап асыл жарың.

Көзінің тipiciнде ой-хой дүние-ай,

Өмірдің татқызды деп шекер, балын.

Жылама, ana. туған, туыс, ағайын.

Сағынармыз, сарғаярмыз күн сайын.

Келмес сапар шеккеннен соң амал не,

Қай мекеннен қайдан iздеп табайын?

Оразың да, Есенің де ер жетер

Жылама, апа, жасыңды тый құр бекер.

Жезқазғанда аман болса нағашың,

Аруағыңды енге қосып тербетер.

Жоқ еді алдында аға, артында iнi

Жоқ еді өз басыңның eшбip міні.

Зарлап қалды, міне, 6ip үйлi жан

Не болар енді олардың көрген күні

Ұмытпан өзіңді де, күлкінді де,

Жоқ етті тағдыр қимай бip күнді де.

Жүрекен ah дегенде жалын атып,

Көзге жас тұрып қалды іркілді де.

Уа, дүние-ай, берген сыйың осы ма eді?

Қос көзден ақты жасым жосыла енді.

Жүрермін жүрегіме сақтап қана,

Риза бол, Әбдіманап, досыңа енді

1964.

198

МҮКӘРАМҒА

(Сүйген жарынан 20 жасында жесір қалып,бір ошақтың отын

сөндірмей,жарға деген адал махаббатты сақтай білген,

ағайынға, Қыр мен Сырға сыйлы болған абзал жан Мүкәрам

Әбділдәқызына арнаймын)

Ақындардың жазылмаған жыры едің сен,Мүкәрам,

Жақсылардың айтылмаған сыры едің сен,Мүкәрам.

Әншілердін шырқалмаған әні едің сен,Мүкәрам,

Өзің жүрген ортамыздың сәні едің сен,Мүкәрам!

Күйшілердің тартылмаған күиі едің сен,Мүкәрам,

Бишілердің биленбеген биі едің сен,Мүкәрәм.

Суретшінің салынбаған сәулеті сен,Мүкәрәм

Сәнді сарай құт мекеннің дәулеті сен,Мүкәрам!

Ойлап тұрсам бұл жалғанда,Мүкәрам,не көрмедің,

Жарың өлді,балан өлді,жаның басқа өлмедің.

Әкен өлді,анаң өлді,сен өшпедің,сөнбедің,

Қайратынды жиып бойға,қия,шыңға өрледің.

Таттың дәмін бұл жалғаннын бақытын да, сорын да,

Қайда барып,не көрмедің бір Ораздың соныңда.

Жүрдің тулап ақ сазандай жесірліктің торында,

Апамызға білдірмедің Әбдіманап жоғын да.

Ораазәлім жалғыздықтан жігер күші солар деп,

Талғатынды әлдиледің,Есенәлі болар деп.

Алмасты әкеп аяладың, аямадын күшіңді,

Тірі жүрсек бақыт құсы,бір айналып қонар деп.

"Жақын" деген ағайынның білместігін көріп ең,

Бауырындай дұрыс кылып Әлияны көміп ең.

Апамды да әлдиледің көрі жақын төрінен

Қалай ғана осал адам дей аламын сені мен?!

Ортасында жүрдің жырып мұз боп қатқан көп істің,

Бұл жалғанның уы болса,көбірегін сен іштің.

Ағайынның қуанышын,қайғысын тең бөлістің,

Осал адам дей алмайды,ешқашанда сені ешкім!

199

Қамын ойлап Қыр мен Сырдың, ағайынның, баршаның,

Арал бардың, Арка бардың. деген жоқсың шаршадым.

Бір Ораздың ер жетуін, армандадың, аңсадың,

Жұдырықтай жүрегіңе сыйып жатты қанша мұң.

Сөйтіп жүріп жылдар өтiп, зымырады ай-күндер,

Қалың тасыр ішкенге мәз, қайдан білсін кайғынды ел.

Қыр мен Сырға аңыз болған, ақ жүректі абзал жан,

Сендей адам туа бермес, көкiperi айдын көл

Біз білеміз самай шаштың калай ағарғанын да,

Әбдіманап түс секілді кетті айналып сағымға.

Ол көрмеген қызықты көр ұлдарыңның барында,

"Мүкәрам" деп төбесіне көтерген ол отыр міне, жаныңда.

Қадірменді қонағысын Арқаның да, Сырдың да,

Арқауысың бүгін жырлар ең әдемі жырдың да.

Сен ардақты ана болдың, елсыйлайды ұлыңды,

Шықтың шыңға бақытыңның бәрін құрбан қылдын да.

Шүкір тоба,таптың бүгін еңбегіңнің жемісін,

Қиындықты жеңіп шыққан бұл заманның ерісің,

Қайда барсаң қарсы алады ұланбайтақ өрісің,

Бас иеміз Алдыңда біз, тост аламыз сол үшін,

200

ОРА3ӘЛІГЕ

(Шиелі ауданътда тұpaтынжиенім Оразәлі Байділдаевқа)

Балам, әкең көрмегенді,

Құдай қолдап сен көрдің.

Көкпар тipлік «көк cepкecін»,

Додадан ап өңгердің.

Жетімдерді жетектеді,

Жeткiзyдi жөн көрдің.

Cенің абзал ақ жанынды,

Елің көрді, мен көрдім.

Тірлік атты тасқайрақта,

Шарболаттай ысылып.

Азаматтың бipi болдың,

Ойы терең, ici нық.

Тек айтарым аз жeңicкe,

Кете көрме iciніп.

Kiсілік ол -кішілік,

Екенін жүр түсініп.

Сүрінбесін ұзақ жолда,

Талап атты тарланың.

Қыруар ic, қыруар «қыс»

Күтіп тұрар алда мың.

Жақсылыққа жақын жүріп,

Жамандыққа бармағын.

Tүciніп өт бұл өмірдің,

Бәpi алдамшы жалғанын.

201

АРМЫСЫҢ, МАҚТАРАЛЫМ!

Өзбекстан халық ағарту үздігі

Бөртебай Қарабаевқа

Армысың, ақ алтынды Мақтаралым,

Жырымды ақ мақтадай ақтарамын.

Тарқасын сағынышым құшағынды аш,

Тірлікте тек сендермен бақ табамын.

Ән-күймен өмірлерің болсын күлкі,

Болмасын бұл пәниде көңіл күпті.

Тірліктің бар бақыты сыйластықга,

Бір күнi өте шығар өмip -түлкі.

Жырласам ақ жүрекпен ақтарыла,

Мақтарал тұрады ғой мақтануға.

Көп нәрсе ғибрат алар мен байқадым,

Бір жеті Мырзашөлде жатқанымда.

Домбырам бүгін ғажап бip күй тартты,

Құдайым берген екен сый-сияпатты.

Мен cipә мың күн жырлап тауыса алмаспын,

Сіздерге деген үлкен ілтипатты.

Мен көрдім жомарт, cеpi-сал деген не,

Тасиды сендер десе қан денемде.

Арқада сендер жайлы сөз қозғасам,

Сенбейді сіздердей жан бар дегенге.

Бүгін қуанышым тіптен басқа,

Әйтeyip тіл тимесін, тілім тасқа.

Өнерді дәл сіздердей құрметтеген,

Келгенше жан көргем жоқ осы жасқа.

Әңгіме бергенде емес, алғанда емес,

Алғаннан ешкім байып қалған да емес.

Жанынды жайландырып жүреді екен,

Жақсымен жақсы бip кеш құрған кеңес.

Бөртеке. айта алам ба мен бағанды,

Теңепсіз талай төмен кембағалды.

Жақсының жаттығы жоқ» деген мақал.

Тапқандай болып жүрмін мен де ағамды.

202

Жігіттің Мырзашөлде марқасы деп,

Тау болса соның биік жартасы деп.

Ауданда атқа мiнген азаматтар,

Отыр ғой Бөртекеңнің арқасы деп.

Мен емес осылай деп ел айтады,

Ауылдың игi жақсы, 6eгi айтады.

Таланты тауға өрлеген iнiлepiн,

«Бөртекең аман болсын» деп айтады.

Жүріңдер құралайға құрық салып,

Тасысын ел ырысы бұрық-сарық.

Дүбірлі дәл осындай тойларыңнан,

Жүpмeйiн Жезказғанда ұмыт қалып.

203

MEHIҢ ТУFAH ІНІМДЕЙ

(Руслан Борисович Юнге арнаймын)

Көкейінде көрікті ойлар гүлдеген,

Tyca тусын осындай бір ұл деген.

Қастерлеген қазағымның дәстүрін,

Бір жігіт бар Руслан Юн деген.

Түрі де сол қазағымның түріндей,

Сан сынақтан өткен талай сүрінбей.

Ұлты кәріс, жаны жайсаң, ақ пейіл,

Болып кеткен менің туған інімдей.

Заманға сай іскер жігіт білікті,

Менің ақын жүрегімді жылытты.

«Қал қалай?» деп қазақшалап тұрғаны,

Сипап қойып қою қара мұртты.

Бақыт тауып Жезқазғанның кенінен,

Айналады дархан қазақ елінен.

«Елағасы, ақыны» деп ардақтап,

Туыс болып кетті мүлде менімен.

Ел ырысы қалмасын деп сарқылып,

Tac жаратын талабымен талпынып.

Қашан көрсем дамыл таппай жүргені,

Сарыарқаның асты-үстінде шарқ ұрып.

Шымкент, Тараз нарықтың боп құрбаны

Тоқтап қалды зауыттары тұлғалы.

Юн секілді інілердін арқасы,

Жезқазғанның шамы сөнбей тұрғаны.

204

ЖҰМБАҚ

Бір тұлпар жүр оңтүстікті аралап,

Барын салып, бойда күшін саралап.

Ақсұңқар жүр оның жүрек төрінде,

Тас тұяғын шын болатпен тағалап.

Бір Тұлпар жүр жетемін деп алқынған,

Ақ көбігі саулап ағып алқымнан.

Сары тұлпар жүр жеткізем деп егесін,

Қуатына қарамастан сарқылған.

Бір Тұлпар жүр Сары Тұлпарды баптаған,

Бір басында мың сан арман қаптаған.

Бір Тұлпарды Ақсұңқар жүр айналып,

Бар шабытын сарқып беріп сақтаған.

Ақсұңқардың сырын жыр ғып ақтарар,

Бір Тұлпарың Ақсұңқармен бақ табар.

Сары Тұлпар жүр бір-ақ адым ол үшін,

Үшарал мен Жамбыл, Шымкент, Мақтарал.

Мен білетін жүр әлемде бір Тұлпар,

Саңқылдайды жүрегінде Ақсұңқар.

Жеткізбейді арман-қиял сағымдай,

Жетсе екен деп сол тілекке мен де іңкәр.

Сары Тұлпар жүр ауыздықпен алысқан,

Бір Тұлпармен Ақсұңқар кеп табысқан.

Осылардың қасында бар бір Аққу,

Сырларына, жырларына қанысқан.

Тұлпар, Сұңқар, Аққулардың жүрегін,

Түсінетін пенделердің бірі едім.

Сүрінбеңдер, жетер жерге жеткенше,

Бір Алладан мен де соны тіледім.

Осылайша жыр құрасам несі мін?

Тұлпар, Сұңқар, Аққуды айтып көсілдім.

Қиналмаңдар ей, ағайын, бұл не деп?

Жұмбағымның өзім айтам шешуін.

205

Ақсұнқар бұл шабыты еді Серіктің,

Аққу - айша лағындай еліктің.

Сары Тұлпар сары «Москвич» зырлаған,

Қажымайтын қайраттысы көліктің.

Алаулаған көкірегінде көрікті ой,

Бір Тұлпарым Сейітғаппаров Серік қой.

Оңтүстікке бара қалсаң жол түсіп,

Тұлпар, сұңқар, бір Аққу бар біліп қой!

206

ТАРЛАНЫМ

(Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа)

Асан Қайғы атаң қазақ

Бұл жерлерді мекендеп

Армандаған, елім дейтін

Бір ұл туса екен деп.

Ұстау үшін сол бабаңның

Қасиетті құрығын.

Қазағымның маңдайына

Берген сендей бір ұлын

Қиындыққа мойымадың,

Күйін кeшіп қарғаның,

Қыран болып Ұлытаудан

Өр Алтайға самғадың.

Тасқа салса таймайтын,

Борат тұяқ Тарланым,

Eлін сүйген бабалардың,

Ісін алға жалғадың.

Кейбір хандар басын қорғап,

Ел ісіне бармаған,

Ақындардың басын кескен,

Тілін кece алмаған.

Махамбеттен бір кем емес,

Мына сенің талғамың,

Елің үшін аман жүрсін,

Алтын басың, Тарланым.

Тік көтеріп тұру үшін,

Замананың салмағын,

Сендей жігіт керек екен,

Керек екен, Тарланым.

Көркейте бер, Кенді Алтайды,

Гүлдей берсін жан-жағың,

Аман болсын азаматтар,

Қасыңдағы қорғаның.

207

Мықтыларда жау көп болар,

Көре алмайтын білемін,

Жанын адал ондайларға,

Селк етпесін жүрегін.

Елін сүйген ерін таныр,

Ақындардың бірі едім,

Алыс жүріп бір Алладан,

Мен де соны тіледім.

Толып жатыр ұлы істерің,

Түсінемін алда мың,

Алтын басың аман жүрсе,

Алла берер қалғанын.

Жолың ауыр, ісің қиын,

Орта жолда қалмағын,

Орындауға Бұхар жырау,

Абылайдың арманын,

Адымда алға, тек алға бас,

Болат тұяқ, Тарланым!

208

АР-НАМЫСЫН ЖІГЕРГЕ ЖАНЫП АЛЫП

(Қажымұрат Нағмановтың 50 жасқа толуына)

Tacтaca да астынан тағын алып,

Өр намысын жігерге жанып алып.

Махамбеттің қылышы секілденіп,

Жарқ-жарқ етіп келеді Нағманов.

Бір көргеннен адамын танып алып,

Түсінетін халқының зарын анық.

Қараңғыда жол бастар бір ұлы сен,

Жүрегіңді жалау ғып жағып алып.

Табынсақ тек шындыққа табыналық,

Ел таныды ісіңді мағыналық.

Көре алмаған көп тасыр көзі шықсын,

Айтары осы ақиқат! Соның үшін,

Тастаса да ақынның жағын алып.

Алыс жүріп өзіңді сағыналық,

Ақын келді Арқадан барын алып.

Шын достарға айтатын шындық сөзім,

Қажет кезде қасыңнан табылалық.

Елу келді арнасын .жарып ағып,

Алпысыңа жөнелді жарып алып.

Өскеменде, Семейде, Жезқазғанда,

Дәл өзіндей әкімге жарымадық.

Жарымадық ...

Сен кеткенде Жезқазған налыды анық.

Жетім бала секілді жетілерміз,

Жанымызды жалынға жанып алып.

Қас-қабағын достардың бағып алып,

Ай нұрындай алға ұстап арын анық

Ортамызда жүр бүгін жарқ-жұрқ етіп,

Мен білетін Қажымұрат Нағманов

209

АҚЫН БОЛДЫҢ...

(Жүрсін Ерманға)

Жақсы десе жан сала құлшынатын,

Жанға жақсы естілер Жүрсін атың.

Ақын болдың жүлделі топқа түсіп,

Түтін тартса тұп-тұнық жыр шығатын.

Достарыңмен сағынып көріскенде,

Қабағыңнан күлімдеп күн шығатын.

Жүрегім бөлек менің сен дегенде,

Жауқазындай жарылар бүршік атып,

Бірақ, сенен бір ғана тілегім бар,

Таба қылма дұшпанға шымшылатып.

210

БІР ІНІМ БАР

(Мұса Тілеуовке)

Бұл өмір ғой пендеге болған сынақ,

Біреу күліп, біреуі жүрген жылап.

Жаны құштар өнерге бір інім бар,

Жүретұғын қасымнан кетпей жырақ

Тал бойына сұлулар сұқтанатын,

Ісің түссе жан сала құтқаратын.

Қой да бағып, тірлікте ой да бағып,

Бұл тірліктің мән-жәйін ұққан ақын.

Қажет кезде табылар жанымыздан,

Жыр туралы сөз болса жаны қызған.

Араласып көп іске жүретұғын,

Сөзі тәтті шекер мен балыңыздан.

Өнері бар жететін бір басына,

Мен кепілмін жамандық қылмасына.

Бірде жүрсе іні боп кішірейіп,

Бірде айналып кетеді құрдасыма.

Бір інім бар осындай Мұса деген,

Кейде кернеп кеудесін қысады өлең.

Жан төрінде жатқандай Абай сөзі,

Болмасаң да жақсыға ұқса деген.

Жаны көктем тұратын бүршік атып,

Шахталарда жүреді шың құлатып.

Басып-басып қыздарды суретке,

Жыр жазады содан соң бұрқыратып.

Ерінбеген ақынға өлең өнер,

Шабытыңа шабыт қос, кенеле бер.

Жүрегіңнен жырларын жалын атып,

Ықыласына халықтың бөлене бер!

211

ЕЛУГЕ КЕЛДІҢ

Республикаға еңбегі сіңген дәрігер,

Қайырлы Құрмановқа

Шахтаның тілін білетін инженер деген ipi ғой

Солардың бірі Нұрекең елуге толған күні ғой.

Торқалы тойдың үстінде ақ тілекпен ақтарған,

Жүректен шықкан бұл деген ақынның асқақ жыры ғой

Елуге келдің Нұрекем, көңілде қайғы жоқ бүгін,

Биіктей берсін, әрқашан шығатын алда шоқтығың.

Елуге келіп ел-жұртын таңқалдырып бір билейтін,

Нақ өзіндей Нұреке-ау, қазақтын «шaлы» жоқ бүгін,

Ақ тары еккен атақты Шығанақтың елінен,

Кенші болып Арқаға бір кездері келіп ең

Жігерді жанып намысқа қиындықтарды жеңіп ең,

Биігінде тұрсың ал енді абыройлардың бүгін сен.

Инженер деген атына кеңесін дәйім дақ салмай,

Жүреміз қалай біз сенің атыңды айтып мақтанбай,

Алпысқа бұрып атбасын, елуді тастап барасың,

Ақыл айтасың ақырын ізіңнен ерген жастарға-ай.

Зор денсаулық, мол бақыт тілейді саған достарың,

Бұлтсыз мөлдір әрқашан ашық болса екен аспаның.

Шахтаның аты шахта ғой, денсаулығына мығым бол,

Кіршіксіз таза жаныңды «силикоз» жайлап жатпасын.

Аса бер алда көрінген өмірдің. небір асуын,

Өндіре бергің ел үшін жерімнің байлық асылын

Әмина менен екеуін, жазылмастан жұптарың

Жасаңыздар жалғанның тағы бір жарты ғасырын!

212

КӨКШЕНІ АҢСАУ

(Республикаға еңбегңі сіңген дәрігер,

Қайырлы Құрмановқа)

«Қалдырып кетемін» деп елге нені,

Қияға қиял құсым өрмеледі.

Достар-ай, өздеріңді, көздеріңді,

Бір жылға айналыпты-ау көрмегелі.

Қайырлы, қайырымды, қайран досым,

Көкшеге отау тігіп жайған қосын.

Азамат атқа мінген толып жатыр,

Бірақ та бір өзіндей қайдан болсын?

Қиялым Көкшетауға кетті бүгін,

Көңілге сағыныштың ектің гүлін.

Пейішін бұл жалғанның ашып маған,

Көрсеттің тегіңіздің тектілігін.

Көңілі Көкшетаудың маған ауған,

Ақ шығар ақпандағы жауған қардан.

Сан қызық ұмытылар бұл жалғанда,

Сапарым ұмытылмас саған барған.

Сапарым саған барған ұмытылмас,

Болдық қой бір ай бірге, дәмдес, сырлас.

Ұлытау, Көкшетау боп араласып,

Екеуміз болып кеттік бір қол, бір бас.

Мен қазір елу сегіз жасымдамын,

Адамның көрдім талай асыл жанын.

Алыста хабарласпай жүрсемдағы,

Қиялмен қайран достар, қасыңдамын.

Бурабай, неткен ғажап көркем едің,

Бауырында мен алаңсыз еркеледім,

Бал қымыз, аппақ қайың, саумал көлдер,

Өр Көкше өзегімді өртеп едің.

Пай, пай, пай естен кетпес сол бір күндер,

Оқжетпес, Жұмбақтас пен мөлдір көлдер.

Қадірлеп, құрмет тұтып басын шайқап,

Жыр тыңдап, таң атқанша жөн білгендер.

213

Сайрандап серігіммен шығып белге,

Жүрегің жомарттықтың ұғып келгем.

Ризаның самап ескен саумал көлден,

Сапырып қымыз құйған жігіттерге.

Қиялдың қиясына жете алмаймын,

Ойыммен Шортандыдан кете алмаймын.

Томпайып тойған қозы секілденіп,

Қай жерде отыр Балкеш, Өтелбайым.

Көсілтіп Көкен ақын домбырасын,

Көкейге қиял құсын қондырасың.

Отырдық ортасында ұлы тойдың,

Шашқанда жетпіске кеп мол мұрасын.

Жақсының жақсылығын біле білген,

Айналдым Қызыр, Ілияс жүрегінен.

Сендердей інілердің арқасында,

Бай болып, асып-тасып жүремін мен.

Еліне қызмет қылған бүгіп белін,

Ақтаған ақынның да үміттерін.

Қалайша ақын жаны ұмытады,

«Көкшетаусельстрой» жігіттерін.

Сөнетін лапылдап бір жанып барып,

Қазағым қашаннан да алып халық.

Есімде aт мінгізіп, шапан жапқан,

Зеренді, Сырымбет пен Арықбалық

Жалғайық армандарды армандарға,

Тағы да аты аталмай қалғандарға.

Есімін көбісінің ұмытыппын,

Мың сәлем бізбен дәмдес болғандарға.

214

АДАМДАР КӨРДІМ АҚШАЛЫ

(Әбуләйіс ініме)

Адамдар көрдім ақшасы,

Үйіліп жатқан сабан боп.

Ішіне кіріп байқасаң,

Олардан өткен сараң жоқ.

Сырты жылтыр кейбіреу,

Іші толған арам боқ.

Қалтырап жиған дүние мал,

Басына іс түскенде,

Қалып та жатыр қараң боп.

Қолдағы барын көркейткен,

Өзіңдей жомарт адам жоқ.

Министрі етіп қаржының,

Ойланбастан қояр ем,

Әттең, оған шамам жоқ.

Билік деген бұл шіркін,

Біреуде бар да маған жоқ.

Артымда іні сүйенер,

Алдымда тұрған ағам жоқ.

Халқымның халі қиындап,

Жүремін ылғи алаң боп.

Маңдайына қазақтың,

Жаралғаң жансың бағаң жоқ.

Кімдерге опа береді,

Алдамшы жалған дүние боқ.

Сөнбесін дәйім кеудеңде,

Елім деген алауды от.

Қалың қазақ ішінде,

Желбірей берші жалау боп

Көксеген күнге қол жетіп.

Кездесерміз тағы да,

Көсіле шырқар заман боп.

215

МӘРТӨК АУДАНЫНА - 60 ЖЫЛ

(Ерғали Әжібаевқа)

Ойламайтын бас қамын,

Жалындаған жастарым,

Сағындырып, аңсатып,

Мәртөкте жүр достарым.

Алтын дәнді қырларын,

Ай-жұлдызды аспаның,

Өмір деген ойласам,

Өте шығар қас қағым.

Көрейікші ауданның,

Алпыстан да асқанын,

Сендер болдың бұл күнде,

Жырланбаған дастаным,

Арқаға кеп аңсаумен,

Осылай жыр бастадым!

ҰЛЫЛЫҚТЫ ЖЫРЛАШЫ

(Алмас Алматовқа)

Жүйріктердің жалғасы,

Алматтың жырау Алмасы,

«Дарынның» aлдың сыйлығын,

Атағыңның алғашы.

Сен домбыра алғанда,

Кеңиді жырдың арнасы.

Ұлылықты жырлауға,

Қажымашы, талмашы.

Жыршылық өнер тым ауыр,

Сүрініп жолда қалмашы.

Сөз маржаны тереңде,

Асылын жинап, таңдашы.

Сыр сүлейі атанып,

Қияға інім, самғашы.

216

МӘНШҮККЕ

Алғашқы ақша қардай Мәншүк едің,

Жақсы әнмен жан дүниемді аршып едің.

Тәуекел тұнығыңа тұншығайын,

Көзіңнің тереңіне салшы дедім.

Есімде жанарға жас іркілгені,

Сол сәтте армандадым шіркін нені.

Көздерін қарағанның қарықтырып,

Қалқам-ай, қайда жүрсің бұл күндері.

Жарқылдап қос жанарың күлімдеген,

Жанды жеп қос анарың дірілдеген.

Түн болса төсегімде төрт бүктеліп,

Түсімнен шықпай қойды құлын денең.

Табынтқан өнеріне әншім едің,

Үміттің үзілмеген талшығы едің.

Сол ғажап әніңмен де, сәніңмен де,

Есімде мәңгі осылай қалшы менің.

МҰХИТТЫҢ ӨЗІ

(Жақсылық Сәрсенғалиевке)

Ағызып әсем ән менен жырдың қаймағын.

Ғажап үніңмен даламды шексіз шарладың

Отыз жыл бойы эфирден түспей жарқылдап,

Қазағың үшін қажымай-талмай сайрадың

Саусағың анау өрнегін салған пернеге,

Тіл деген мынау төгіліп тұрған термеге.

Жаныңды жайсаң қақ жарып, салып cypeткe,

Қойса ғой шіркін іліп бір деймін көрмеге.

Оралдан ұшқан дауылпаз әнші, ақиық.

Тыңдаймыз талмай тәніміз балқып, жан ұйып

«Мұхиттың өзі, Ғарекең көзі» дейтін жұрт,

Жасай бер досым, Жақсылық Сәрсенғалиев!

217

АРУЫМ ӘРІ ЖЫРАУЫМ

(Қаламқас Орашеваға)

Жырларың сенің кезіп жүр елдің аймағын,

Жинадың бойға терме мен жырдың қаймағын.

Өзі де сұлу, әні де әсем аруға,

Бір ауыз сөзді шын жүрегіммен арнадым.

Саусағың тисе жан бітіп кетер пернеге,

Сен айтқан сайын құлпыра түсед терме де.

Жақсылықпенен екеуің қатар шыққанда,

Сахна деген айналып кетед көрмеге.

Жақсылық жырау төгетін жырын-жан жарың.

Өзіндейсіңдер Естай ақын мен Қорланның.

Қосылмай олар кеткенмен, сендер біргесің,

Жүрекпен жүрек тауып тұр қандай жарасым.

Үйлеріңнің төрінен ылғи бақ көрем,

Арылмайтұғын қонақ үстіне тап келем.

Жандары ғажап, әндері ғажап ғашықтар,

Босағаларыңнан кетпесін дәйім бақ деген.

Достарым, кәні, айқайға тағы салыңдар!

Жырымда қазір лапылдап тұрған жалын бар.

Қазақтың аппақ аруы әрі жырауы

Қаламқас үшін көтеріп бір тост алыңдар!

1983.

218

БІР КЕЛІНШЕК

Мен білетін бар еді бір келіншек,

Тұнып тұрған тал бойы жыр келіншек.

Балаға ұқсап мәз болып қалатын-ды,

Анда-санда көзіне бір көрінсек.

Жыр дегенде жүрегі тоқталатын,

Көзінде бір жайнаған шоқ болатын.

Сондықтан да өнерге ғашық жандар,

Ол бар жерге жиірек топталатын.

Аққудай боп арада жүруші еді,

Сен жымисаң, ол мәз боп күлуші еді.

Бір ғажабы қаншама түрлесең де,

Жаман жырдың дәмін тез білуші еді.

Ақша қардай жаны да аппақ еді,

Оған теңеу еш ақын таппап еді.

Әдемі еді әдепті ісімен де,

Өзі жүрген ортаның мақтаны еді.

Жібергенде ән-жырды төпелетіп,

Бір сәт төбең қалатын көкке жетіп.

Аяулы еді аққанат періштедей,

Жарар еді алмасақ өкпелетіп.

219

ӘНІҢНЕН ЖАН СЫРЫҢДЫ АҢҒАРАМЫН

(Өнердегі әріптесім Зоя Иманбаеваға арнаймын)

Белгісіз орындалды қанша арманы,

Белгісіз қанша беріп, қанша алғаны

Белгілі біз білетін бір шындық бар,

Көп болды Зоя қызың ән салғалы.

Ән салса әуелетіп құлақ түріп,

Тыңдайтын жел басылып, бұлақ тұнып.

Жырлайтын сахнадан сыр білдірмей,

Ішінен ағыл-тегіл жылап тұрып.

Биікті, алыстарды аңсап жүрді,

Кеншіні, малшыны да тамсандырды.

Білмедім қайғыдан ба, шаттықтан ба,

Әйтеуір, өмірбақи ән сап жүрді.

Анасы әнші қызын мақтан қылды,

Ерте-кеш сан сапарға аттандырды.

Талайға Зоя жүрді күлкі сыйлап,

Ал өмір өзін сирек шаттандырды.

Бүгінгі бұлбұл құсы паң даланың,

Әніңнен жан сырыңды аңғарамын.

Өнерін өміріне өрнек еткен,

Зоя-қыз, қайратыңа таң қаламын!

220

ҮЛКЕНДІК

(Шабал Бейсенбекқызы 60-қа толғанда)

Әрі азамат, әрі ұстаз табанды,

Бұл өлкеде кім білмейді Шабалды?

«Шабал-жанған шамшырағы қаланың»,

Осылай деп елің берген бағаңды.

Өзің едің берекесі құттың да,

Өзің едің елге сыйлы мықтым да,

Апай шығар деп жүруші ем, қайтейін

Ақырында құрдас болып шықтың ба?

Үлкен едің ақылменен, ісіңмен,

Құрдас қой деп үлкендіктен түсірмен.

Сенің үлкен боларыңды нансаңыз,

Мен осыдан қырық жыл бұрын түсінген.

Айтар сөзді таба алмай тұр ақының,

Бүгін тойда жарасатын жақыным.

Сол кезде де мен білемін o, Шәке!

Осындай еді парасатың, ақылың.

Ал, мен болсам үлкендікке өте алмай,

Шабал шыққан биіктікке жете алмай,

Жасым алпыс, шашым аппақ болғанмен,

Жігіттіктен жүрген жанмын кете алмай.

Сен үлкен ең, сезімменен, сөзіңмен

Бір ұлылық ту сыртыңнан сезілген.

Үлкендерден бата алғандай болушы ем,

Бір жылы сөз ести қалсам өзіңнен.

Ақ сазандай ақ қыз едің ырғалған,

Көмейінен төгілетін жыр-маржан.

«Ақ бидай» деп ән салғанда сызылтып,

Мұзекең кеп тұзағыңа шырмалған.

Содан жылдар өтіп жатты білінбей,

Тал бойына еш жамандық ілінбей.

Ақ қыз едің «Ақ бидай» деп ән салған,

Ақ әже боп алпыс келді білінбей.

221

Ақ әже боп кеше жүрген көркем қыз,

Бүгін аппақ кемедегі желкенбіз.

Күн төбеден ауғаннан соң кеш болар,

Бұл күнді де сағынармыз ертең біз.

Мақтаны боп мына тұрған еліңнің,

Ақтап жүрер ата-ананың сенімін,

Бүгін тойда ақын айтар ақ тілек:

Сендей болсын үйдегі бар келінің.

Алпыс жаста ақыл толып, ой байып,

Кімдер кетті, кімдер қалды ойлайық.

Осы отырған барлығымыз аман боп,

Сексенді де, тоқсанды да тойлайық.

222

СЫЙЛАУШЫ ЕДІҢ АҒАҢДАЙ

(Досым Арын Жұлдызғалиевке)

Көз алдымда қиын заман қайдағы.

Балалық шақ бұзылмаған қаймағы.

Асық ойнап, шүберек доп қуған жер

Есіңде ме, Қаратөбе аймағы?!

Бала едік-ау желбіреген тұлымы.

Біз емес пе ек бір-бір үйдің құлыны.

Бір киноны онға бөліп көретін,

Есіңде ме КЖД-ның клубы?

Көз алдымда соның бәрі тұр бүгін.

Жарты ғасыр өткен уақыт дүлдүлің.

Жалаңаяқ жетім-жесір болсақ та.

Біздер үшін сол еді ғой нұрлы күн.

Бертін келе нелер қызық істедік.

Өнерден де құр емес біз күшті едік.

«Тарапунка», «Штепсен» боп екеуміз

Көп жыл бойы сахнадан түспедік.

Тірі жанға болмай содан қастығың,

Жер астында өтті қалған жастығың.

Соған кетті жастық жалын, күш жігер,

Скрепермен үйіп кеннің тасқынын.

Бар қызықты Мағрипамен өткіздің,

Бала санын біраз жерге жеткіздің.

Бірге өткізген мына пәни жалғанда,

Арын, саған еш өкпеміз жоқ бүгін.

Енді міне шаш пен самай ағарды.

Арттырдың-ау көп жандардан бағаңды.

Бір жас кіші екенімді еске алмай,

Сыйлаушы едің сыйлағандай ағаңды.

Шын сыйласу басталды енді өмірде.

Кір болмасын туысқандық көңілде.

Шын достардан кімің бар деп сұраса.

Сен тұрасың ең бірінші нөмірде.

223

Көп достарды бүгін тойда тоспадың.

Қожа қайда, Совет қайда Досжанов.

Сұлтанбек жоқ, Хабарлас жоқ, Төлеш жоқ

Жіберейік солар үшін тосты алып.

Шүкір, сенің сөнбей келед ошағың.

Қоса ағарсын Мағрипа қосағың.

Еш уақытта тоқтамасын осы ағын,

Жүзге келген тойынды да тосамын.

1986

224

УСАТАЙ КЕЛІН АЛҒАНДА

Өлең тауып беретін алсақ та ойдан.

Кім боламыз сылтаурап қалсақ тойдан?!

Бәтжан жеңгем, келінің күтты болсын

Ән сап отыр қайының Қарсақбайдан.

Көлге келген жылқыдай жусатайын,

Сорпа ішкендей бойыңды бусатайын.

Қарсақпайда қалған шал өзің ғана,

Құтгы болсын тойыңыз,Усатайым!

Сан жыл бойы бұл үйді мекен еткен,

Соқпай кетпес дос-жаран кешен-кеткен.

Келген жері келіннің құтты мекен,

Бұл мекеннен аяулы көкем де өткен.

Алғашқы өнім айтатын келін деймін,

Келін десе жырлауға ерінбеймін.

Әнім де көп, айтатын сөзім де көп,

Қазағымның керілген жеріндеймін.

Екінші әнім айтатын күйеу бала,

Ақ келінге ендігі сүйеу бала.

Көп қыздар жоқ бұрынғы, бойдақтық жоқ

Айтар әнін сенің де біреу ғана.

Құдалар деп айтайын ендігі әнді,

Құдағаймен бұл тойын болар сәнді.

Құдашаның сиқырлы күлкісіне,

Құрбан қылып шалайық шыбын жанды.

Арылдаймын, мен бүгін дарылдаймын.

Неге ғана достар-ау, жарылмаймын.

Қуанышын інімнің тойлап келіп,

Неге өнердің төрінен табылмайын?!

225

ҚҰЛАТПАҢДАР ШАҢЫРАҒЫН АҒАНЫҢ

(Ағайым Жұбаназар Итаяқов рухына)

Жүрген жан ем ағайын Қырда желіп,

Ән де беріп, еліме жыр да беріп.

О,Жұмеке, дауысымды жатсын ба естіп,

Ән сап отыр Шынболат Сырға келіп .

Жат боп өскен жан едім алыс тұрып,

Жақын қандай, жат қандай салыстырып,

Жұман аға, көзіңнің тірісінде

Балалармен кеттіңіз таныстырып.

Қимай қарап арттағы он жұлдызыңа,

«Хош» дедің бе, немере, ұл-қызыңа.

Жасын беріп Жұманның Шоштан саған,

Бағын берсін Айнаштың Қырмызыға.

Мен даланың көп көрдім шың,қиясын,

Үн жоқ, түн жоқ Шәбден-ау, тымпиясың.

Ақ батасын ағамыз беріп кеткен,

Аман болсын әрқашан Құңқияшың.

Арқа тұтар арқада ағаң болсын,

Ақ, қараны айырар санаң болсын.

Ақ жүрек, ақ ниетпен тілейтінім

Фатима мен Шадихан аман болсын.

Жолың нәзік не дейін қыздар, саған,

Күйеу баллар көңілді қалдырмаған.

«Ақынжанды Арқада ағам бар» деп,

Жүрсеңіздер жетеді сол да маған.

Ағам да өзің, Айеке, жеңгем де өзің,

Таяғына ағамның көнген де өзің.

Қырық жыл өмір өтіпті осы танда,

Әлі есімде келін боп келген кезін.

Нар көтермес салмақты сар бәйбіше,

Алары да берері бар бәйбіше.

Арманың жоқ ай жүзді алтын жеңгем,

Сыр елінде тең келер қай бәйбіше?!

226

Он отау боп, он жерге тұрақтаңдар .

Қалған жерде Айпашты жылатпаңдар.

Мен сендерден сұраймын жылап тұрып,

Шаңырағын Жұманның құлатпандар.

227

АЙНАГҮЛГЕ

Қыршын кетіп жан қосағың, тарланың,

Тағдыр мықтап салды саған салмағын.

Бұл өмір тек мықтыларды талғайды,

Осал болып орта жолда қалмағын.

Азамат боп әлі-ақ шыға келеді,

Ербұланың, Ерұланың, Ерланың.

Өмір тұрар бәрін алдан күттіріп,

Оған керек шыдамдылық, мықтылық.

Төрт өмір мен төрт тағдырдың салмағын,

Көтеруге тура келер тік тұрып.

Білімің мен ақылыңды қайрат қып,

Қасіреттің жібер өзін ықтырып.

Бұл сөзіме сенбе мейлі, сен мейлі,

Нағыз бақыт оңайлықпен келмейді.

Қайрат, жігер, күшің болса бойында,

Бәрін бір кез уақыт өзі жөндейді.

Іштен шалып кетемін деп ойлама,

Ондайыңа қатаң тағдыр көнбейді.

228

БАЯҒЫӘН

Сендерсіз қалатыңдай,

Сарғайып таң атылмай.

Қай жаққа асықтыңдар,

Қасымда қала тұрмай.

Қайырмасы:

Қыздырып қанымызды,

Жайнатып жанымызды,

Аялап жарымызды,

Келтіріп сәнімізді,

Шырқайық 6ac қосқанда,

Баяғы әнімізді.

Жан достар, жарқылдаған,

Сыр бар ма айтылмаған.

Өмірде сендер барда,

Сағыныш сарқылмаған.

Қайырмасы.

Арман бір асқақтаған,

Сендерсіз ac батпаған.

Салмағын сағыныштың,

Кеттіңдер тастап маған.

229

ЕГІЗ ШУМАҚТАР

Ханда қырық кісінің ақылы болған,

Сол ақыл халықтың нақылы болған.

Нақылсыз сөйлеген күнәкәр жанды,

Дарға асуға хан хақылы болған.

Жақсы сөздер елге даңғыл жол болған,

Даңғыл жолда дәулеттілер мол болған.

Бұл далада данышпан мен дананың,

Көп туылған себебі де сол болған.

***

Кім екені көрініп тұр көзінен,

Сұм екені сезіліп тұр сөзінен.

Ізеттілік күтпе олардан ешқашан,

Көлеңкесі ауыспайды өзінен.

Айтқаныңмен сөзің кетер далаға,

Абзалы сен ондайларға жолама.

Кім болса да жақсы сөздің қадірін,

Түсінгеннің жанынан жан садаға.

***

Алпыс жасқа келгенде сол ағамыз,

Жүрегіңе шоқ салыпты қара қыз.

Ажырасты қыздай алған жарынан,

Тағдырдың бұл қызығына қараңыз.

Жары қалды жанарына жас толып,

Ол жүріпті қуанғаннан мас болып.

Ағамыздың бұл ісіне ел күліп,

Ұл-қызы жүр ұялғаннан пәс болып.

230

Сіз болайық біз болайық,

Жабылып жүріп қыз болайық.

Жүрімі бар жүз жасайды,

Оның несін қызғанайық.

Жақсы көрсек жүз барайық,

Осы емес пе бізге лайық

Тоқетері бұл жалғанның,

Имандысы біз болайық.

***

Қаймақ қатқан үнді шәй,

Көп жәйді еске салады.

Taпa шәй ішкен кездерім,

Жалбыз іздеп безгенім,

Ұмыт болып барады.

Ұмыт болып барады,

Кәртішкенің заманы.

Жүрдек уақыт зымырап,

Жазады ескі жараны.

Қаймақ қатқан «үнді шәй»,

Көп жәйді еске салады.

***

Шындықты айтар тайсалмай,

Ақындар бар бал таңдай.

Ал сен болсаң жүргенің,

Екі жүзді сайқалдай.

Жаныма келіп байқалмай,

Бетіме тура айта алмай.

Жымиып сәлем бересің,

Көрініп жүрген сайтандай.

231

Жағымпазды көрсем. мен,

Жанын кеткім келеді.

Жанып жатқан ертеңге,

Салып кеткім келеді.

Шын жақсыны даусынан,

Танып алғым келеді.

Оны оттың аузынан,

Алып қалғым келеді.

232

ЖАЛҚЫ ОЙЛАР

Әрбір түлкі өз құйрығын мақтайды,

Парақорға парасыз іс жақпайды

Кісі өлтіріп келсеңдағы ол шіркін,

Пара берсең қараны да ақтайды.

***

Жалқаулық біреуге қол создырады,

Жатуға құштар болсаң тоздырады.

Дүниенің бар бақыты еңбекпенен,

Еңбекке құштарды өмір оздырады.

***

Қалай-қалай болып кетті заман деп,

Қайғы зарын айтып жүрген адам көп.

Өзге дүние өртке жанып кетсе де,

Өзі аман болса болды оған тек.

***

Адамның ең басты байлығы,

Сөзі мен ісінің сайлығы.

Алдынан жарқырап ай-күні,

Алдымен сол алар бәйгені

***

Байқоңырда Егізтөбе, Қарашың,

Бара қалсам көп ойды еске саласың.

Соғыс кезі, қайғы-қасірет мол жылдар,

Жатыр тырнап ескі жүрек жарасын.

***

«Ржанойдың» қара наны жарықтық,

Суы шығып тұрушы еді қысқанда.

Кезек күтіп, шыдамыңды сарып қып,

Қарғыс айтып тұрушы едік дұшпанға.

***

Зорман етін қазір ешкім жемейді,

Сары аязда аулап жүрген адам жоқ.

Жол бойында семіз зорман көбейді,

Бір кездерде соғым едің, бағаң жоқ

233

***

Бойды басып, қаралы түн, зарлы үн,

Заман еді адам жаны тұншығар.

«Қара қағаз» деген сөздің не екенін,

Қазір жастар біле бермейтін шығар.

***

От қасынан шықпаушы едік күн ұзақ,

Ойын-күлкі сонда бізге жат па еді?

Сол жьшдардың таңы атпайтын, түн ұзақ,

Қары да көп, аязы да қатты еді.

***

Соғыс бітті жердің бетін тегістеп,

Қырық бестің көктемінде жетті елге.

Көз жасымен жаздық бір күн «ЖЕҢІС» деп,

Газеттерден жасап алған дәптерге.

***

Елең қылмай өткен зымыран уақытты,

Қарашыңның тіл қайтпайды жартасы.

Бүгін тыныш өмір сүрсек бақытты,

Қыршын кеткен ағалардың арқасы.

234

БІРҚАҚПАЙЛАР

Жұлғызып ем тісімді,

Түніменен қақсаған.

Кейін барып түсіндім,

Cay тісім жоқ, мәссаған!

***

Келіспесе сөздері,

Аяқ баспайды өздері.

Таксистің де, таксидің

Көгеріп тұр көздері.

***

Бip момынды көшеде,

Бұзықтар сабап кетіпті.

Бәрі қашып кеткенде,

Милиционер де жетіпті.

***

Aтa-aнaмeн келіспей,

Қыздар қызық жасады.

Тұтқыннан қашқан немістей,

Өз үйінен қашады.

***

Ең соңғы рет қағысып,

«Қою үшін» алысып,

«Тойдым, қойдым» деп еді,

Бүгін жүр ғой тағы ішіп.

***

Бip ішкенде дым болмайт,

Екі ішкенде мін болмайт.

Қанағат қыл, қарағым,

Үш ішкенде құн болмайт.

235

Өз баласын далаға,

Тастамайды жылан да.

Безді туған баладан,

Безбүйректер сылаңдап.

***

Адыңызға сан бардым,

Уәдеңізге таң қалдым.

Жүз барсам да шаруамның,

Бітпейтінін аңғардым.

***

Кенші болып отыз жыл,

Курортқа бір бармапты.

Бастығының жылма-жыл,

Көрмегені қалмапты.

236

АЛПЫСЫНШЫ КӨКТЕМІМ

Ақын жанын аспандатқан текті елім,

Азды-көпті барым осы сөкпегін.

Алпыс рет қар жамылған қыс көріп,

Алпыс рет жадырадым, көктедім.

Тарихымның шым-шытырақ беттерін,

Ұмыттырып қиын-қыстау өткелін.

Қылыштайын әлі жүзі қайтпаған,

Жақсы келдің, алпысыншы көктемім.

Еңбегімнің үміт төккен жемісін,

Алпысым-ау, жақсы көрдім сені шын.

Қалықтаттың туған елдің төрінде,

Одан артық бақыт бар ма мен үшін.

Дей алмаймын бүл пәниде өгеймін,

Жетім көрсем қолтығынан демеймін.

Жалғыздықтың дәмін татып өcіп ем,

Немереммен өсіп, өніп, көбейдім.

Өткеніме, тірлігіме өкпем жоқ,

Жастық шағым өте шықты көктем боп.

Елге келген зілзаланың салмағы,

Ақын жүрек маған соқпай кеткен жоқ.

237

АЙТЫСТАР

Шынболат Ділдебаевтың

Шымкенттік ақын

Көпбай Омаровпен айтысы

Көпбай:

Құйылшы көкейімнен жырым шалқып,

Бойдағы қуатыңды түгел сарқып.

Қиялы қонақтаған өлең болса,

Көрейін осы бүгін алға тартып.

Өңірі оңтүстіктің нұрға шомған,

Ырысты, дәулетті өлке бақыт қонған.

Жасартып жасампаздық ұл-қызымды,

Келеміз жаңалықты жасап қолдан.

Жеріме күн ұялап, ай қалықтап,

Түнімде күндізгідей жарық болған.

Ақ мақта ақтарылған алабымда,

Ерекше нұрға шомған дала мұнда.

Төрт түлік, астық пен мал - ырыс, құтым,

Табысқа 6epiк негіз қалануда.

Ісімде қайта құру басты бағыт,

Қашаннан өршілдік бар талабымда.

Бәрі де нұрға шомған айналамның,

Hәp беріп, елсізді де жайлағанмын.

Таспадай тақыр жердің жонын тіліп,

Арынын асау судың байлап алдым.

238

Бермесін табиғаттың тартып алып,

Оны да игілікке пайдаландым.

Еңбегін ерлерімнің жырға қосып,

Ішінде ақын болып сайрағанмын.

Жіберген саңлағы eдім қалап елдің.

Үсінде тұрған жанмын талап өрдің.

Күн құшқан Оңтүстіктің өңірінен,

Сәлемді астанаға ала келдім.

Армысың, ақын інім, Шынболатым,

Кездеспеу, сәлемдеспеу мін болатын.

Жайым бар нұр бейнеңді танып қалған,

Дегеннен ойым аулақ кім боласың.

Сенің де көрінеді ісің мығым,

Жақсы іске болса өкінбе сөзің шығын.

Мен-дағы ел ардағын құрмет тұтам,

Қаныш пен Жезкентіңіз тұтас ұғым.

Бір миллион төрт жүз мындай халқымның,

Мойыныма келіп тұрмын атып жүгін.

Айтысқа келгенім жоқ атақ үшін,

Атымды елден ерек атау үшін.

Келгенмін айтыс деген мүсінтасты,

Өрнектеп тіл жеткенше қашау үшін.

Шынболат, кезегіңді aп, сөйлей бергін,

Салмақтан ағаң артқан босау үшін.

Шынболат:

Басыңыз Алатаудың асқарындай,

Бөркіңіз Қаратаудың татарындай.

Армысың сырнайлатқан, Көпбай ағам,

Көңілі Оңтүстіктің аспанындай.

Айтыстың ұлы дүбір мәресінде,

Кездестік Алатаудың белесінде.

Сырнаймен шығушы еді Тайжан атам,

Бәрі де бүгінгідей ел есінде.

Ұрпағы сол Тайжанның бармысың деп,

Өзің біл, маңдайымнан өбесің 6е?

Бірденнен бөрігімді сөз қылдың деп,

Жоқ, әлде ініңізді сөгесің бе?

Үлкенмен, кішімен де айтыстыңыз,

Бір кешке әзіліме көңесің де?!

Қаққанда қайда болсын қадалатын,

Айтыстың айналдық қой шегесіне.

239

Көпеке, көпті көрген ағасың ғой,

Өзің айт осы айтыстың төресін де.

Айтайын мен бір сөзді ойымдағы,

Шығарып бар шерімді бойымдағы.

Созылған төрт-бес жылға бұл айтыста,

Қай ақын жеңілгенін мойындады.

Шын ақын сөзден өрмек өретін-ді,

Жүйелі сөзге тоқтап көнетін-ді.

Жеңілсе бұл заманның ақындары,

Шығарды қазылардан көретінді

Мадақтап қаламыз, даламызды,

Ашайық өзіміз-ақ арамызды.

Бағамды бүгін дұрыс бермеді деп,

Жаппайық қазыларға жаламызды.

Біреуміз жеңілейік сөзге тоқтап,

Жібермес соның үшін бізді cоттап.

Көрермен екеумізге өкпелемес,

Жүрген соң бір қазақтың жоғын жоқтап.

Сыйлаймын екібастан қарттығыңды,

Ал, аға, нар ініңе арт жүгіңді.

Жеңілсем, жеңілдім деп мойындайын,

Көрсетіп мынау eлre мәрттігімді.

Алғашқы бір әзілім мынау еді,

Жолығып ел алдында cұpay еді.

Бас салып кемшілікті айта бермей,

Күлдіріп отырайық мынау елді.

Жиырма мен отыз жасың балдай болад,

Қырықта ел ағасы маңдай болад.

Елуде жағдайымыз жаман емес,

Көпеке, алпыс деген қандай болад?

Көпбай:

Сезіммен суырайын сөз алмасын,

Кезеніп, кезекпенен сөз алғасын.

Жылғадай жылжып аққан мен емеспін,

Әп-сәтге сарқып алар өз арнасын.

Өнердің қара бұлтын нөсерлетсем,

Білемін, інішегім, төзе алмассың.

240

Білемін, жас баласың қәдіріңді,

Айтайын жоқ екенін жазығыңды.

Әйтеуір босатып бір алып жүрме,

Жаңағы мықтап қаққан қазығыңды.

Боламыз үлкен болып несіне үлгі,

Өлең ғып жүрген жоқпын кәсібімді.

Өкпелеп қаласың ба деп айтып ең,

Үлкеннің болад бәрі кешірімді.

Ал, енді алпыс жайлы сұрағаның,

Бұл сөзбен, інішегім, ұнамадың.

Алпысқа кешікпей -ақ келесің ғой,

Дайын тұр бір белгісі сыбағаның.

Мен едім бұл алпысты алқымдаған,

Қалыңнан ел жиылған тартынбаған.

Қынаптан қылыштай-ақ сөз суырсам,

Қанжардай маңдайдағы жарқылдаған.

Өлеңді ойдан алып, ойлап айтам,

Және мен еш уақытга таусылмағам.

Өресі шын өнердің келіспейді,

Найзадай сүйірленіп шаншылмаған.

Алпыс деген шырағым сондай болад,

Бәйгеден күнде келген арғымақтай,

Атыма әлі күнге қамшы ұрмағам

Ш ы н б o л а т :

Алпысқа шаң жуытпай мақтадыңыз,

Шегініп аттың басын тартпадыңыз.

Алпыс деген сұмдықтың басы ғой деп,

Бас шұлғап отырушы ед қарттарымыз.

Бәйгеден күнде келсе арғымағың,

Мықты екен әлі де, аға, сақпаныңыз.

Тағы да сізге қояр сауалым бар,

Беретін бұған қандай жауабын бар.

Ініге ағасынан нұсқа болсын.

Өзіңдей болсам деген талабым бар.

Ақсақал, атағыңыз әрі асады,

Қазекем сақалымен санасады.

Өзіңіз байқап жүрсіз, қapттap түгіл,

Бұл сақал жастарға да жарасады.

Клубта, ойын-сауық, би кешінде,

Сұлулар сақалдыға таласады.

241

Халқына әрбір сөзі мақал болған,

Жамбыл мен Сүйінбайда сақал болған.

Неліктен бұл заманның шалдарының,

Иегі әжелермен қатар болған?

Көпбай:

Шынболат тосын қойған бұл сұрағың,

Білесің Көпбайды да шымшығаның.

«Жаратпас сақалды құл» деген сөз бар,

Қазақтың қалдың ба, інім, ұмытып әнін.

Менің бұл сақалдыға шын өкпем жоқ,

Өкінбен болмаған соң өзімде көп.

Қарттардың сақалдысы толып жатыр,

Қалсаңыз сақал көп қой шын зәру боп.

Сөзімді түсінердей жұртым мына,

Ұқсайсың, інішегім, сырғытпаға.

Сақалға құмap болған қыздар жоқ қой,

Қыздар құмар келеді мұрттыға

Ш ы н б o л а т :

Жалтарып дәл жауаптан ептедіңіз,

Сауалдың төркініне жетпедіңіз.

Күз келіп, өтсе-дағы көктеміңіз,

Келеді-ау сақал қырып ептегіңіз.

Түгінен түк қалдырмай күнде қырып,

Орнына әтір майын сепкеніңіз.

Керегі өнерге де сол емес пе,

Сақалсыз жігіт болып өткеніңіз.

Ініңіз әзіл сөзден әрі аспайды,

Ағамен артық әзіл жараспайды.

Көпеке, көңіліне ала көрме,

Бұл інің өз жолынан адаспайды.

Ал, енді шынымды айтсам, тамашасың,

Халқына сақалсыз-ақ жарасасың.

Ел байқап, шабысыңды отыр, аға,

Алпыс түгіл, жетпістен әрі асасың.

Сөз етсем Оңтүстіктің әр төбесің,

Ырыс-бақ әр төбеден нәр төгесің.

Апайтөс Оңтүстіктің ақындары,

Көтерген көп айтыстың мәртебесін.

242

Жезқазған Оңтүстіктен қашық болған,

Берекең құтты болсын асып толған.

Шыққанда Тәушен апай сахнаға,

Қазақтың барлық шалы ғашық болған.

Шіркін-ай, Сарыағаштың суы қандай!

Ауруға ем, дертке дауа, шекер, балдай.

Қазақтың барлық қызы болса деймін,

Әрі ақын, әрі батыр Әселхаңдай.

Қыз десе, қыздай болып сызыламыз,

Лаулаймыз, жалындаймыз, қызығамыз.

Ал, енді құда болып бара қалсақ,

Сабындай сақар салған бұзыламыз.

Мақтаған қыздарымыз айға балап,

Бағасын естігенде жайға қалад.

Он ұлы бар ата-ана, қайран қалам,

Он мыңнан, жүз мың сомды қайдан алад?

Байлығым деп білуші ем кең даланы,

Салт-дәстүр Оңтүстікте жер жарады.

Қошқардай үш ұлым бар, Оңтүстікпен

Көпеке, құда болсам нем қалады?

Той жасау ұлан-асыр жиын дейді,

Заң емес, қалтаңызға сиын дейді.

Келін алу қиын ғой екібастан,

Қыз ұзату одан да қиын дейді.

Жауабын осы сөздің, Көпбай ағам,

Қалайша ел алдында түйіндейді?

Көпбай

Сақалсыз дедің әуел жарасасың,

Бар бала көрінесің парасатың

Көңіліне ұнап қалсам, інішегім,

Heң бар еді сонда маған қарасатын?

Біздегі жақсылықты өттің мақтап,

Бір сырды жүр екенсің ішке сақтап.

Әйтсе де үлкендігім білінді ғой,

Ағаңның отырсың ғой тұзын ақтап.

Қалмаған жан екенсің әр талаптан,

Ағаң жоқ не айтсаң да шаршап жатқан.

243

Қыз алу, қыз саудасы, інішегім,

Келді деп естиміз ғой Арқа жақтан.

Ш ы н б o л а т :

Бұл жерде жалған айттың, ақын ағам,

Басың бар біраз дүние бақылаған.

Арқаға саудагерлік жүрмейді ғой,

Бұл сөзді қалай айттың сахнадан.

Біледі ақылды ақын өлмес жерін,

Бәйгені ешкім оңай бермес тегін.

Арқалап помидарын өткізе алмай,

Не ғып жүр Жезқазғанда жерлестерің?

Оңтүстік, осы жерің елге жұмбақ,

Тұрғам жоқ саудагерше сөзді пұлдап.

Көпеке, қазақпыз ғой, айтыңызшы,

Неліктен көкөнісің еттен қымбат?

К ө п б а й:

Құйып ал, Шынболатжан, құлағына,

Береді ағаң жауап сұрағыңа.

Салсаң да кай қияға таза шығам,

Өнердің кездестің ғой бұлағына.

Сен емес, сенен басқа ақындардың

Көп түскен ақын Көпбай сынағына.

Айып па көрші ауылдың көгін алсаң,

Бұлай деп айтпас едің тегін алсаң.

Жел ескен Сарыарқаны мен білемін,

Мен саған қой дедім бе егіп алсаң?

Ақталмай сенен күткен үміттерім,

Осы ғой, Шынболатжан, шығыт жерің

Саған барса артығы барып жатыр,

Істеген ала жаздай бүгіп белін.

Үкімет те бұл жағына рұқсат берді,

Артықтау болмайды ма үгіттерің?

Тісіңнің суын сорып отырғанда,

Айып па тандайыңды жібіткенім.

Ш ы н б o л а т :

Тағы да қиып түспей қайқандадың,

Сөзіме әділ жауап қайтармадың.

Көршілес өз-ағадан үйрендік деп,

Шындықты ел білетін айта алмадың

244

Ақыны ең диқан елдің, бағбан елдің,

Бақытты маңдай термен жиған елдің,

Қапайша зиянды ағаш, жемісі у,

Тамырын тереңдетіп алған едің?

Бұтағын шапқанымен дер кезінде,

Діңгегі сүйел боп тұр ел көзінде.

Балтаны тереңдете тамырға шап,

Бар пәле тамырда ғой, сезбедің бе?

Бейбіт күн, бейбіт өмір, бейбіт заман,

Жеттік қой бұл күнге де есен-аман.

Нанбас ем күні кеше сіздің елде,

Біреуде миллион сом бар десе маған.

Қалтаға қызыл билет салып алып,

Жүріпті қылмыс жасап нешеме адам.

Жасады жаңа заман батыл қадам,

Жемқорға атар таңын атырмаған.

Жемқорлар миллион сом ұсынғанда,

Ерлерден айналайын сатылмаған.

Құлқынға құл болмаған ерлер үшін,

Халқым-ау, қол соғайық сатырлаған.

Бұл тұңғыш бетбұрыстың жемістері,

Көрінер әлі талай жеңістері.

Мың шүкір, бар екен ғой, бар екен ғой,

Халықтың адал туған ер іскері.

Біржола қалмай тұрып бедел кетіп,

Шаруаны түзеу керек жеделдетіп,

Жаңағы зиянды ағаш тамырына,

Балтаны қаттырақ шап тереңдетіп.

Тоқырау заманынан зардап шегіп,

Отырмыз бұл кезеңге әрең жетіп.

Сізде де миллион сом бар емес пе,

Барады айтқан сайын зәрең кетіп?

К ө п б а й:

Сөзіңнен байқалады айбатгылық,

Ойынды нық арнайсың қайрат қылып.

Ағаңды әр арнаға бір саласын,

Дәлелсіз құрғақ сөзбен айғақ қылып.

Шынболат, түсінемін тұспалыңды,

Қай жаққа қанат қағып ұшқаныңды.

245

Ал, еңді жауабымды тыңдай бергін,

Көрші бір осы жерде ұстамымды.

Бұл жерде тұспалдадың пара алғанды,

Пара алу біраз жepre таралған-ды.

Бұл өзі елге келген індеттей ғой,

Кезінде мәселе боп қаралған-ды.

Біртіндеп кесел болған Отандағы,

Сүйреткен паровоздай отарбаны.

Тоқырау кезінде бір осылардың,

Белбеуі белгілі ғой босағаны.

Бірімізді-біріміз ілмелемей,

Екеулеп кірісейік одандағы

Тарылтпа, Шынболатжан, шеңберіңді,

Жюрисіз-ақ бағалаймын еңбегіңді.

Ал, енді кешірмеймін, інішегім,

Өлеңмен айтып тұрған кем жеріңді.

Мақтаулы Жезкентіңіз өнімдері

Неліктен отыз пайыз кем берілді?

Жыл сайын қайталанады осы жағдай

Кемісті ойлаймысың теңгеруді.

Егерде келер болсаң ынтымаққа,

Не қылам одан әрі шымшылап та.

Шынболат, ақын болсаң қиыс шаппай,

Дәлдеп бір жауап берші бұл сұраққа?

Ш ы н б o л а т:

Көпекең бір кемдікті көрген шығар,

Бәрі де осы сіздің елден шығар.

Бастығым Оңтүстіктен келіп еді,

Үйреніп өздеріңнен келген шығар.

Партиям бетбұрысты бастады ғой,

Кемдіктің бетін ашты, саспады ғой.

Кеудесі көк тіреген Давыдовты

Көтеріп креслодан тастады ғой

К ө п б а й:

Шынболат, шығып алып жел жағыма.

Аудардың бар кінәні мен жағына.

Бізден барған Давыдов басқа барды.

Орайды жан болам деп ел бағына.

246

Сол сенген Давыдовың босап қалды,

Оныңа Иванченков қосақталды.

Жұмысты қожыратып жіберген соң,

Оларға соңғы шара осы-ақ қалды.

Ш ы н б o л а т:

Кездесіп отырған соң жыр айдында

Ақындар бірін-бірі сынайды да.

Айтайын тағы бір наз, құлағың сал,

Білмеймін ұнамай ма, ұнайды ма?

Жалғаған ақындардың мол мұрасын,

Көкенов берді ұлына домбырасын.

Жастарға жалын атқан кезек беріп,

Қай жерге сырнайынды қондырасың?

Көпеке, болған кезің ел ағасы,

Төс қағып іні болам, кел ағасы.

Мақтаның Сарыарқаға жеткізейін,

Батаңды сырнайыңмен бер, ағасы!

Інісі ағасынан басым келсе,

Домалап өрге қарай тасым келсе.

Ұрпаққа мен де сыйлап кетер едім,

Сізге ұқсап сол алпысқа жасым келсе.

К ө п б а й:

Шынболат, сырнай болса қалағанын,

Оңынды зор міндетке санамадым.

Сұрасаң мен беремін, қимады емес,

Қашықтан қалмасыншы араларым.

Ал, енді, інішегім, айта берсей

Ағаңа қояр қандай шара барын?

Ш ы н б o л а т:

Ағаны бұдан әрі қинамадым,

Менің де сырнай емес жинағаным.

Әншейін жомарттығын байқайын деп,

Тамырын басу еді сыйлы ағаның.

Қырандай әлі мықты тұғырдасың,

Өзіңе өмір серік бұл құрдасың

Өнердің базарына тіккен туын,

Ағатай өле-өлгенше жығылмасын!

247

Уа. халқым, қошеметшім, ақындарым,

Мінеки, той төбеге жақындадым.

Жарысып Көпекеңдей жүйрікпенен,

Құрышын жаздым 6ipaз тақымдардың

Сөзімнің мәнді-мәнді жерлеріне,

Қол соғып, құрмет етіп мақұлдадың.

Көпеке, кездескенше аман-сау бол,

Жанкүйер, айналайын жақындарым!

Көпбай:

Белгілі жеңемін деп жасанғаның,

Мауықты құрғақ сөзбен баса алмадың.

Қазылар бір белгіні беріп отыр,

Уақыт өлшемінен аса алмадым.

Шынболат, өнеріңіз өрге өрлесін.

Айтыт көрінбеді нашар жағың.

Әр жерде ағалардан бата алсаң,

Биіктен-биіктерге асар бағың.

Әрқашан орындалсын мақсаттарың,

Мені де қуантады жақсы аттарың.

Алпыста шал болдың деп отырсың ғой,

Ағаңды бұдан әрі қақсатпағың.

Егерде өнер болса таңдағаның,

Биіктеп мұнандағы асқақгағын.

Өзің бауыр, Шынболат, өнерін дос,

Өнерге сен де, інім, келмедің бос.

Уақытты соза беріп не қыламыз,

Еттік қой көрерменнің көңілін қош.

Арқада Шынболаттай інім бар деп,

Ағалық ақниетпен айтамын қош!

1987 жыл.

248

Ақтөбе облысының aқыны

Өтепберген Әбдіразақовпен айтысы

Ө т е п б е р г е н:

Әуелі сәлем берейін

Асқар Алатауымен,

«Ассалаумағаләйкүм» деп,

Мына отырған қауымға.

Құлпырады бәйшешек,

Жазғытұрғы жауында.

Сайрайыншы жалықпай,

Қызыл тілім сауында.

Әділқазы алқасы,

Сендерсіңдер жақыным.

Арқа сүйіп аңқылдап,

Алдыңа шықты ақының.

Атқа шапса баласы,

Анасы қысар тақымын.

Теледидар алдында,

Зейін қойып, тыңдап тұр,

Жанкүйер менің жақыным.

Ботасын көрген інгендей,

Отырсың халқым еміреніп.

Сөзім сәтгі шықсын деп,

Мен отырмын тебіреніп.

Алқа топты көргенде,

Үдейтін еді шабысым.

Жүз он жеті жасаған,

Ақтөбесі атақты,

Қорғаймын бүгін намысын.

Әбдіразақ баласы,

Өтепберген есімі,

Қойған да жөн танысып.

Тыныстап біраз алайын,

Естірсің, халқым, тағысын.

Ш ы н б о л а т:

Бір сертім сөзден өрмек өрем деген,

Сұнқармын мынау жыршы әлемде мен.

Алдымен қолын алып аға ақынның,

Халқыма басымды иіп сәлем берем.

249

Бірге едім әрқашанда халықпенен,

Халқым ғой акын тұтып дәріптеген.

Бүгін біp Ақтөбемен айтыс бар деп,

Ардақтап Алматыға алып келген.

Өтекe, жасың үлкен aға екенсің.

Байқаймын талай топты шауып көрген.

«Танымас күш атасын» деген бар ғой.

Қалсаңыз тізе бүгіп жазықты емен.

Кей кезде ағаға да қаратпайды,

Кеп қалса ала құйып шабыт деген.

Дарынның дарығаны рас болса,

Мен бүгін қапталдасып шауып көрем.

Жасырын жатты өлксм асылдарын.

Сабырмен күтіп сәтті ғасыр таңын.

Далағa дабыл болып жетгі сонда,

Айбынды Аврорадан атылған үн...

Көркейді содан өмір гүл-гүл жайнап,

Бақыттың бақшасында бұлбұл сайрап.

Бұл күнгі Жезқазғанның мыс шahapы,

Ең кенже облыс болды отay сайлап.

Шіркін-ай, уақыт болса жырлар едім,

Тарихты содан бергі аптап айлап.

Жетістін желкесіне шыкқан күні.

Жаңарды қайта туып алтын аймақ.

Кешегі өзің барып көрген жерлер,

Дәлелі бұл сөзімнің болар айғақ...

Ал, аға. кезің келді мықталатын.

Қиқу caп, бауыр жазып жұпталатын.

Нар бура, атан түйе болмасам да,

Жолында емес зіp жүк қалатын.

Қадалып әр сөзіңе алдыңда отыр,

Жетіқат жер астынан шыққан ақын.

Өтеке, туған күнің құтты болсын,

Алпыста ақын болып, шыққан атың.

Бір қызым өзіңізге гүл ұсынса,

Қол соғып мына залдан құптар халқым.

Ө т е п б е р г е н:

Құрметпен гүл ұсындың атымызға,

Ризамыз әкелген гүл-затыңызға.

Әдеппен ел алдында сыйлағаның,

Жазылып қалар біздің жадымызда...

250

Ер таңдаған сұлуға,

Бұрандаған бой керек,

Топқа түскен ақынға,

Терең сырлы ой керек,

Өзің барып көрдің ғой

Ақтөбенің сөйлейін,

Табыстарын өрмелеп.

Нұрпейіс ақын өткен-ді,

Дастан, жыр жазып термелеп,

Сексен жасын атады

Композитор Жұбанов

Өмірі өткен күйменен,

Қошеметпен, сыйменен,

Халық отыр қуанып.

Батыр қызым Әлия

Әлемге аты әйгілі,

Сақи болсаң берерсің,

Ағаңа бүгін бәйгені.

Ақтөбеде бас қосқан

Жеті жүз мың халық бар,

Әрбір ұлттың баласы.

Жиырма жеті батыр бар,

Елімнің алып даласы.

Мердігерлік әдіспен

Тапқан бәрі жарасым.

Ферросплав хромын,

Ақтөбеден аласың.

Шаршы топты жырла деп

Елімнің берген сенімі,

Арқаланып барамын.

Ортаға сал барыңды,

Ағаңның тынсын көңілі.

Еліңнің сенген сен де бір,

Едің ғой мықты керімі.

Кезегіңді алып сөйлей бер,

Алайын басып терімді.

Ш ы н б о л а т:

Ғажап болды-ау нөсерлете төккенің,

Бәрекелді, жер - суымды сөкпедің.

Болатын ел бірін-бірі батыр дейді,

Дұрыс болды бір көтеріп өткенің.

251

Ей, Өтеке, жасың үлкен сыйласым,

Қасымдағы қадыр білер қимасым.

Ақтөбе емес, Құрманғазы бабаңыз,

«Сарыарқа» деп тартыпты ғой күй басын,

Елім менің Сарыарқа деп аталад,

Айтпай оны ақын қалай жата алад?

Сарыарқаның дүбірі деп біле бер,

Мына залдан естілсе бір шапалақ.

Тарихты оқып көрдіңіз ғой жасыңда,

Таңбасы тұр бар қазақтың тасында.

Ұлағатгы ел болып ек бас қосып,

Қасиетті Ұлытаудың басында.

Ақтөбенің топырағынан нәр алған,

Әлияның әлемге аты таралған.

Мерген қыздың жауға атқан әр оғы,

Жезқазғанның жездерінен жаралған.

Қашаннан да қыран тектес қыр елі,

Ғарышкерлер бізден ұшып түледі.

Ақтөбені білсе білер жер шары,

Байқоңырды Галактика біледі.

Бізге түсіп таңның алғаш шапағы,

Содан кейін Ақтөбеде атады.

Сізден гөрі қонақжайлы болған соң,

Космонавтар бізге қонып жатады.

Менің ойым, міне, осындай тереңде,

Оңайлықпен сізге бәйге берем бе?

Ал, ағатай, әрмен қарай термеде,

Кезек күтіп қалдыңыз ғой өлеңде

Ө т е п б е р г е н:

Екі - үш күн сайрандатып жасыл белін,

Сараптап көзбен көрдік асыл кенін.

Жел сөзбен сырттан айтсақ өсек болар,

Айтайын ел алдында артық-кемін.

Бастығың бастап келген Қайырбекжан,

Армансыз аралатты Арқа жерін.

Күніне екі сағат ұйқы 6epin,

Жаратқан бәйге атындай алды-ау терін.

Көңілім жігіттерге дән риза,

252

Айтайын енді ептеп сынның кебін.

«Горсовет» әлі күнге бейқам отыр,

Құдайым caқтайды-ay деп артып сенім.

Су нaшap, үйі құлап жатқаннан соң,

Көңілі кеншілердің елім-телім.

Ш ы н б о л а т:

Мен емес өзіңіздей безектеген,

Жырлайын сабыр сақтап кезекпенен.

Байқаймын оқыған соң олқылықты,

Біздегі шығып жатқан газеттерден.

Басшылар теледидар көріп отыр,

Байыптап сөз төркінін сезед деген.

Сарапқа салынған соң амалы жоқ,

Сыныңды қабылдадым ізетпенен.

Ал, менде Ақтөбеге аяңдайын,

Өзіңіз бастаған соң аянбайын.

Кешегі көзім көрген кемшілікті,

Алдында Алматының баяндайын.

Сонау бір Ақтөбенің бөктеріне,

Болыпты жүз жыл қоныс тепкеніне.

Тал егіп көгерте алмай айналаңды,

Отырсың әлі желдің өкпегінде.

Заводтың көтерілген шаң-тозаңын,

Не дейсің қалаға әкеп төккеніне?

«Химзавод», ет комбинат қалдықтарын,

Електің өзеніне төккені не?

Табиғат қорғайтұғын қоғамдарың,

Айыптап бұл ісіңді сөкпеді ме?

Су тасып «Ждановқа» жете алмадың,

Салмапсың жөнді көпір өткеліне.

Бір монша бір ғасырда сала алмапсың,

Халқың бұл ісіңе өкпелі де.

Еліңде ішкіліксіз той болмайды,

Шарапсыз ас жүрмей ме ішектеріңе?

Үкіметтің шығып жатқан қаулылары,

Япырмай, Ақтөбеге жетпеді ме?

Шалқардың шаруасы шамалы екен,

Түбіне құм көшкіні еккен ағаш,

Ұқсап тұр шөл даланың көкпегіне.

Сапалы бұйым саны екі есе аз,

Еліңде өнертапқыш жетпеді ме?

Шығанақ тарысының тұқымы жоқ,

253

Артынан диқан бабам кеткені ме?

Сыналған «Правдада» ет комбинат,

Шіркеу боп жүрген жоқ па беттеріне?

Өтеке, кемшілікті бастаймын деп,

Сөзімнің жолықтың-ау өктеміне.

Айтыста сізді ұятқа қалдырмасын,

Сәлем де еліндегі шефтеріңе!

Ініңіз айтысуға алқынбайды,

Мәреге жеткен сайын жарқылдайды.

Деген бар «сын түзелмей мін түзелмес»,

Себепсіз ешбір нәрсе айтылмайды.

Бәрі де жеке бастың шаруасы емес,

Сарапқа салдым істі халқым жайлы.

Жалғаймын десең, аға, енді өзің біл,

Шешінген інің судан тартынбайды.

Ө т е п б е р г е н:

Шынболат, сын сөзіңе қойдым құлақ,

Әрине, шын болған соң барады ұнап.

Ішінде pac тa 6ap, қосқанын бар,

Әйтеуір, түп нұсқасы дұрыс, бірақ...

Ш ы н б о л а т:

Жүрегімнің әмірін

Орындауға серт бердім.

Аспаным ашық болсын деп

Түн ұйқымды төрт бөлдім.

Ұраным шұғыл бетбұрыс,

Орындайын деп келдім.

Бір мықтымен кездесіп,

Айтыссам деп жүр едім,

Ей, Өгеке, дөп келдің.

Аға деп жолды қияр ем,

Тұрып алдың алдында,

Айтыс деген өткелдің.

Енді, міне, бой қызып,

Үдетіп бара жатырмын.

Шахта астында үйреткен,

Бір үйір жыным бар еді,

Келмей тұр әзір шақырғым.

Шақырсам oлар жетеді,

Өтеке, ойла ақырын!

Қой бағып емес, oй бағып, 254

Той жарып жүрген ақынмын.

Жасың үлкен ағасын,

Бітімге міне, шақырдым.

Қоймасаң, аға, өзің біл,

Қойсаңыз мен де мақұлмын.

Ө т е п б е р г e н:

Айналайын, Шынболат,

Естіп жүрмін атыңды

Топтан озған ақын деп.

Шаршы топта айтысып,

Бермейді ешбір тақым деп.

Табаны жазық тарлан боз,

Топтан торай шалдырмас.

Шырылдап жүрген бозторғай,

Көделерді паналап,

Баласын жауға алдырмас.

Қашаған болмай екі дос

Бір-бірін жауға қалдырмас.

Теледидар алдында,

Талай сынды айттық қой,

Естіген әкім, басшылар

Ұятқа бізді қалдырмас.

1986.

255

Я, алла құрметіңе достым Рахман!

Өткен күннің көп екен өкінері

Сагыныштың шыңдаған оты мені

Бәлкім соның әсері шығар бүгін

Жігіт болдым күй толған көкірегі

Өмірден ерте өтетініңді не жүз жасап алжып кететініңді

білмегенмен кейін, осы бір өмірге деген үлкен үміт адам

баласын алға сүйреп, күнделікті күйбежің тірлікпен қолың

босамай-ақ өмірің зымырап өте жатады. Кейінгі ұрпағыңа айтар

сыр, жырлайтын жыр мол-ақ болғанымен соны жазып,

қайткенде кейінге бір белгі қалдырамын деп жүргенде аяқ

астынан кездесетін ажал талайларды дегеніне жеткізбей

желкесін қиып жібергенін мен өмірден де, тарихтан да көптеп

кездестірдім. Кейде осы ой санама кіріп, мазалағанда түн

баласына көз ілмей таң атырған, талай күндеріммен мен

түндерім ақыры мені осы бір азын-аулақ жасымда көрген ащы-

тұщы өмірімді жазуға мәжбүр етті.

Шынболат Ділдебаев

257

ӨЛМЕС ӨЛЕҢ БОЛЫП

ҚАЛДЫҢ ХАЛҚЫҢДА!

Апбаз ҚАРАЖІГІТОВ

ӨНЕРДІҢ ТАУЫ| ҚҰЛАДЫ

Тау құлады, өнердің тауы кетті.

Шолпан еді жайнатқан шалқар көкті.

Ажал деген аждаһа рахымсыз,

Алаулаған жүректі жарып өтті.

Қайран далам қимайтын, сүйіктім-ай,

Жаратылған жан едің сүйіп Кұдай!

Әні де едің халқыңның, жыры да едің,

Қалғаным 6a, қоштаспай жылай-жылай.

Жаным едің аңсаған сағат сайын,

Оң-солымды жайнатқан күн мен айын,

Қалай сынды, апыр-ай, қалай сынды,

Ұлытауда дара өскен сүмбіл қайың?!

Күйзелді, күйзеілді ғой жан дегенің,

Өзің болып қанды ма, әлде демің?!

Бір Құдайдан тілерім жұмақ саған,

Басқа тілек жаным-ау, бар мa менің?!

Бақұл бол, сүйікті дос, қимас бауыр,

Тағдырға кез болдық-ау, сұмдық ауыр.

Қош-қош деп жанымызбен күйінеміз,

Ер едің ерекше бір сүрген дәуір.

Гүл бақта сайраған сен бұлбұл едің,

Әр үйде сөнбей жанған жұлдыз едің.

Жаным-ау, мұнша асығыс қайда кеттің,

Айтсаңшы, кімге асығып, кімді іздедің?!

258

Нұрәсила БӘРМЕНБАЕВА

ТӨГІЛТІП ТЕРМЕ ТӨГЕТІН

Жарқын жүзді жайсаңымыз кетіп қалып өмірден,

Қабырға құлап, сияқтанды ірге сөгілген.

Жыр менен терме, бұлағы теріс аққанға,

Жан ашырларының жанарынан жасы төгілген.

Өмірге мына кім келіп, кімдер кетпеген?

Аяусыз ажал адамдарды алып көптеген.

Шынболатымыз шырқап төгілткен жырларын,

Жан еді жайсаң жетпіске жасы жетпеген.

Төгілтіп терме, төңірегіне жырды төгетін,

Адамға да ажал жасайды-ау сойқан бөгетін.

Артында халқы қиналып жатыр қия алмай,

Тіріліп келсе берердей кесіп төл етін.

Руым-Тіней, боламын-дейтін нағашың,

Нағашы болып тигізбей сөздің оғашын,

Өрбіте бермей, өлеңіңнен маған бөл десем,

-Қара жаяу емессің, менде жоқ - дейтін - аласың.

Осындай сәтте қайғыра бермейік өлікке,

Жүрміз ғой талай есітіп және көріп те,

Жақсыкелді мен Шынболаттың ырза аруағы,

Іздеушілері бар, баршылық екен өнікте.

Аттары аталмай кететін жандар пақыр-ау,

Шырын жырларын кім тыңдамады батыр-ау?

Қазақтың елі қадыр тұтатын адамын,

Қия алмай ғана қоштасып міне, жатыр-ау.

Қош болғың, енді менің де абзал нағашым,

Көп қауым халық жатқан бір жерге барасың.

Алдың жарық, артында елің сау болса,

Имандылық деген жолдасты өзің табасың.

259

Махамбетқали ТҰРСАНҰЛЫ

ЖІГІТТІҢ АРТЫҚ TУҒАН АРЫСТАНЫ

Ассалаумағалайкум, көп жамағат,

Барсыз ба есен-аман, cay-caламат?

Құрметпен барлығына сәлем бердім,

Асылын ардақтаған естеріне ап.

Байда өткен,батыр да өткен, патша да өткен,

Қара жер талайларды жатыр жалмап.

Шынболат бір жыл туған құрдасым ед,

Айтайын бірер сөзді соған арнап.

Шынболат шындық сөздің ерені eді,

Өлең сөздің тұңғиық тереңі еді.

Сұм ажал арамыздан алып кетті,

Әлде де халқымызға керек еді.

Сау болып ортамызда жүргенінде,

Алпыстың алтауына келер еді.

Қайтеміз қалғандары аман болсын,

Ағаш та бұтағынаң көгереді.

Өлеңнің жүзден озған тұлпары еді,

Жел сөздің желден жүйрік сұңқары еді.

Шыңғырып шындықты айтып, бетке басып,

Не айтыс, не жиында шырқап еді.

Әрі ақын, әрі палуан тұлғасына

Көрген риза, көрмегендер іңкәр еді.

Жігіттің артық туған арыстаны,

Шынболат заманының сұлтаны еді.

Шындықтың сырын ашқан дарын еді,

От ауыз, орақ тілді жалын еді.

Осындай ұлы өнердің арқасында

Халқы да Шынболатын танып еді.

Сырда туып, Қырда өскен аяулысын,

Еске алып жатыр бүгін халқы да енді.

Топырағы торқа боп арысымның,

Мәңгілік жаннат болғай жатқан жері!

260

Яхия АСАТОВ

ТАС ЖАРҒАН

«Тас жарған гүл»

кітабы жарық көргенде

Көз жазып қалып, досың да сенің кешті мұң,

Табылса жоғың, қазаққа деген жақсы ырым.

Зарығып жүрген, сағынып жүрген шағымда,

Үніңді сенің «Tac жарған гүл» - ден естідім!

Тас жарып гүлің шығыпты жердің бетіне,

Құшағым толып, шипа да болды-ау дертіме.

Еске алып тұрмын тереңнен шыққан жыр - гүлден,

Жетелеп арман балалық шақтың шетіне.

Балғын шақ шіркін оралғандай болды қайтадан,

Бap мұңды досым жасырмай саған айта алам.

Арқалап алып сағыныш пенен арманды,

Қайтер ед анау гүл теріп қайтсам қырқадан.

Аманбыз түгел, ұл-қызың және өзім де,

Ет-жүрек шіркін, болады екен төзімді.

Жиналып келіп Сарайда біздер отырмыз,

Рухың жүр ғой ілесіп бірге сөзіңе.

261

ҰҚСАСТЫҚ БАР

Бір-бірінен айнымас қатар қойсам,

Екеуі де бұйра бас, үлкен бойшаң.

Маңдайлары ұқсайды, қабақтары,

Екеуі де геолог қарап тұрсам.

Кен зерттесе балғамен Қаныш ағам,

Жыр зерттеуден Шынболат шаршамаған.

Екеуі де халқының «ең кішкентайы»,

Салыстырсам ұқсайды неге маған?

Үндестік бар, істері, түрлерінде,

Кенді тапты Геродот сүрлемінде.

Жыр жырлады еске алып өткендерді,

Ол тірілтті жыраулар дүрлерін де.

Кейде осындай ойларға кеп қаламын,

Шынболат, Қанекемді еске аламын.

Кенші алаңда қасқайған Қанекемді,

Менің досым Шынболат па деп қаламын!

Алдымда бой көтерген Ұлы Ғалым,

Үндестік жарасып тұр ұлылардың.

Ұқсастық болады екен бұл өмірде,

Шырмалып алдарында тұрып алдым.

262

CEH KETKEH СОҢ ШӘКЕМ-АУ...

Әділ сөздің алғыры мен білгірі,

Терме-жырдың шаң жұқпайтын дүлдүлі,

Қайран досым, сағындық-ау, сағындық,

Өткен сайын табиғаттың әр күні.

Айтар сөзден ешқашан тартынбаған,

Алмас қылыш секілді жарқылдаған.

Ел сенімін ақтадың, арманын да

Жырлаушысы халқының - Алтын адам.

Сен кеткен соң Шәкем-ау, бәрі өзгеше,

Қара сабын табылды текше-текше.

Қаптап кетті қалаңда дүңгіршіктер,

Түсініксіз атаулар көше-көше.

Дұрысыңды тексіздер тыңдамайды,

Тыңдамайды, ешкімді сыйламайды.

Көз қырында салмайды нашарларға,

Сөйлесіп те ауызын былғамайды.

Жағымпаздар көбейді, жылпостармен,

Жалаң аяк келіп еді құр қостармен.

Қарынбайдай қампиған қалталылар,

Қол беруге қашады құрдастармен.

Мыстың нарқы өссе де төрт-бес есе,

Жәй қазаққа тигені төрт-бес кесе.

Соны айтуға тілімнің дәрмені жоқ,

Әкетті екен сұм ажал сені неге?

263

Оразәлі БАЙДІЛДА

ШЫНБОЛАТТЫҢ ШЫНДЫҒЫ...

Ақиқаттың аспанынан Күн қарап,

Мұнарасын ұлтымыздың мұң қалап.

Қазақ үшін қызыл тілін қылыш қып,

Шындықты айтып шырылдаған Шынболат!

Мен білемін, жәдігөйсіп күлген кім...

Арын арлап, адал өмір сүрген кім?

Үш миллион аштан өлген бабамның,

Жоғын жоқтап, ізін іздеп жүрген кім...

Ерден ғана ұлтын сүйер ұл туар,

Ойлы ақынның көздеріне мұң тұнар..

Америка, Түркия мен Қытайға,

Құлын даусың жетті білем шырқырап.

Сен қаласың алып, асқақ қалпыңда,

Екі сөйлеу жоғы да аян салтында.

Айта аласың «адал өмір сүрдім» деп,

Шырқыраған шындық қалды артында!

Қасіретің ғасырлармен көнерген,

Сен жыраусың жорғалатып жөнелген.

«Бір келіннен аса алмаған ауылдың»,

Ақсақалын қамшыладың өлеңмен!

«Халық жауы» деп атылып, өшкенмін»,

Деп жырладың, көкейінде көшкен мұң.

Шалқұйрығым, Шынболатым, келер ең,

Тірі болса сеңгіріне сексеннің!

Арсыздықпен арпалыстың, таластың.

Ақиқатты айтқан сендей жоқ ешкім.

Шындығын тұр наркескендей жарқылдап,

Аспанында өзің сүйген Алаштың!

264

Сағындық ТҰРДАЛИЕВ

БАСЫНДА ҚАБІРІҢНІҢ...

Қалжыңдасып тұрушы ең шын-ақ күліп,

Қалдым ғой сөнгеніңді бір-ақ біліп.

Қоштастым, ақын, әнші қайран досым,

Басында қабіріңнің жылап тұрып.

Жеткенде суық хабар ызғары ескен,

Жүрегім болып кетті астан-кестен.

Көлдетіп көз жасымды бұлай бердім,

Қалғандай есеңгіреп, танып естен.

Көзіме елестетіп дидарыңды,

Дұға қып оқи бердім жырларыңды.

Артыңа тастап кеткен өсиетін,

Тұрғандай баян етіп сырларыңды.

Жігіттің марқасқасы дүлдүлі едің,

Сайраған жыр бағының бұлбұлы едің.

Айрылған сыңарынан жезкиіктей,

Жапанда жалғызсырап жүрмін бүгін.

265

Батырбек МБІРЗАБЕКОВ

СЕМСЕРДЕЙ ЕДІҢ

Кете алмай көпке қосылып,

Айта алмай тұрмын тосылып.

Шын-ағаң өтті дегенге,

Тулап жүрек шошынып.

Берілген жан ең сезімге,

Семсердей еді-ау сөзің де.

Шындықтың оты лапылдап,

Жалындап өтті көзіңде.

Өмірдің жалған екенін,

Ұқтырдың жырдың не екенін.

Тербетсін енді әлдилеп,

«Төртіншің» мәңгі мекенін.

Қош, аға, басқа не дейін,

Булықты жасқа көмейім.

Осыған ғана сенейін,

Қош, аға, басқа не дейін?!

266

Ибраһим БЕКМАХАНҰЛЫ

РУХЫҢ МӘҢГІ ӨЛМЕЙДІ

Қош бол, аға,

Менің қайсар шынарым,

Өмірдегі өлеңдегі сыңарым.

Жай түскендей жүрегім қақ айрылды,

Нені естідің, неге естідің құлағым?!

Дүниенің осы екен-ау жалғаны,

Қимасыңды сұм ажалдың алғаны.

Қайран елім, айрылдың-ау тағы бір

Марғасқаңнан мынау аппақ таңдағы.

Шынболатты сүймейтін ел, қазақ жоқ,

Шындық үнін жеткізуде азап көп.

Отты сезім, оқты сөзің қосылып,

Бұхардайын кететінсің ғажап боп!

Ғажабыңа, ғазалыңа түсінді ел,

Ұзын аққан дариядай күшің сел.

Махамбет боп найза ұстауға даяр ең,

Қазағыңның болашағы үшін сен.

Қош бол, аға!

Тұлпарлардың тұяғы,

Нар тұлғаңа не айтса да сияды.

Жай оғындай жарқыл қағып жүр едің,

Өзіңді кім қара жерге қияды?

Өр рухыңа тағзым етіп, табындық,

Жүрерсің-ау, өзіңді сан сағынтып.

Қош бол, аға!

Қош бол деуге қимаймыз,

Жазмышқа бірақ, үнсіз бағындық.

Рухың мәңгі өлмейтіні ол анық,

Қайғы жұтып, қамығуда ел , халық,

Келер ғасыр, келер жаңа ұрпақтар,

Шынболатты алатұғын шын танып.

267

Қош бол,аға!

Ағып өткен пырағым,

Құлағымда, жүрегімде жыр -әнің.

Жатқан жерің жайлы болсын, жан аға!

Тәңірден тек осы ғана сұрарым.

268

АҢЫЗ ЖӘНЕ ШЫНДЫҚ

«Бір інім бар Юн деген...»

Шынболат.

Ақ, қара деп адамдарды ұлтын түстеп, бөлмеген

Қайда жүрсе дос көңілмен, сағынышқа шөлдеген.

Құшағына бар әлемді, жұмыр жерді сыйдырған,

Бір адам жүр ортамызда мәңгі тірі, өлмеген.

Ол - Шынболат дүлділім ғой, ол - Шынболат бұлбұлым,

Зұлымдыққа зұлмат айтып, қиянатқа көнбеген!

Сыр-ананың толқынындай буырқанып сыр кешкен,

Бққар жырау, Базардайын көкірегінен жыр көшкен.

Алты Алашқа аңыз болып тарап кеткен есімі,

Ұлытаудан бата алып, барлық таумен тілдескен.

Ол - Шынболат жырауым ғой, ол - Шынболат ақыным,

Сонау Қорқыт сазыменен жан жүрегі үндескен!

Жай отындай жарқылдаған, суарылған семсерім,

Шыңға біткен шынардайын биік өскен еңселім.

Қазағымның намысына үрлеп жаққан жыр шоғын,

Сол қазақтың өзі болған, көзі болған Өр сенім.

Ол - Шынболат жүйрігім ғой, ол - Шынболат жанпозым,

Келешекке айтар аңыз, таусылмайтын ертегім!

Сырда туып, Қырда өскен, дала әнін тыңдаған,

Қайсар, өжет қыраным-ай, қиындыққа сынбаған.

Кен маржанын сапырғандай жер астынан жыр қашап,

Ақындықтың ауыр жолын еңбекпенен шыңдаған.

Ол - Шынболат сал-серім ғой, ол - Шынболат термешім,

Шапқан сайын төске өрлейтін тұлпарым бір тынбаған!

Шындық үнін шырқыратып, бар әлемге жар салған,

Ақан сері, Біржан салдай асқақтата ән салған.

Домбырасын толғай тартып жол тартқанда алысқа,

Әуезіне өзбек, қырғыз, орысың да тамсанған.

Ол - Шынболат тарланым ғой, ол - Шынболат марғасқам,

Қай кезде де жұрты оны патшадайын қарсы алған!

269

Шындық үшін айқасты кім, Абай сынды мыңменен,

Сырласа да білді талай мұң тілімен мұңыменен.

Өз қазағы түсінбеді, оның сырлы жүрегін,

Содан кейін өлең жазды: «Бір інім бар ЮH деген».

Ол - Шынболат айбыным ғой, ол-Шынболат айбарым,

Талай - талай жолдас болған ел сүйетін ұлменен!

Осы ақ сарай «Қазақмыстың» аңыз болып тараған,

Аңыз емес, өсекке де елдің ауызы қараған.

Сол аңыздың ақиқатқа айналғанын біз көрдік,

Ал, өсектің не болғанын біліп жатыр әр адам.

Ол - Шынболат шындығы ғой, аруағы жебеген,

Сол шындықты тұр көтеріп Русландай нар адам!

Жаса, жаса, Кеншілердің ақ сарайы аңсаған,

Шынболатың тұр ғой әне, сахнада ән салған.

Шындық үні көкке самғап барады ғой шынымен,

Осы күнге жетіп бүгін қуануда барша адам.

Ол -Шынболат дауысы ғой қырандайын көк тілген,

Өзі тіріліп келгендей бір таңырқаймын, тамсанам!

270

AFAHЫ АҢСАУ НЕМЕСЕ САҒЫНЫШ

Сағыныш жайлы сыр айтып,

Сағыныш жайлы жыр айтып.

Сағыныш болып Өзің де,

Сағымға сіңіп кеттің бе?!

Сұм ажал келмес бұл айтып,

Кеттің-ау бізді мұнайтып,

Сағынбау сені, жан аға,

Сағынбау мүлде мүмкін бе?!

Сағынды сені тауларын,

Сағынды әсем бауларың,

Сағынды сені гүлдері,

Сарыарқадай жеріңнің!

Сағынып жатыр бар ғалам,

Сағыныш болып сен қалдың

Жүрегінде еліңнің!

Сағынды сені бар аймақ,

Сағынды сені арай бак,

Сыр-Анаң да сағынды,

Жолыңды жосып, қарайлап!

Сағынды сені Аралың,

Сағынды ерке маралың,

Сағынды сені Сарыағаш

Соңғы рет барған дәм айдап!

Енді кім үлгі, жол нұсқап,

Маңдайдан иіскеп, кім қыспақ?

Жүруші ең, аға, біздерге

Көрініп асқақ, тым биік!

Шахта астынан кен қазған

Маржандай нұрлы жыр жазған,

Түсіне алмай келдік-ау,

Сырларыңды тұңғиық!

Шындықтың үнін-шырайлы,

Кім оны қазір құрайды?

Шынболатын енді іздер,

Шындықтың өзі сағынып!

Сергелдең көңіл сенбейді,

Ер Шынкең тірі, өлмейді,

Деп рухына енді біз

Өтейік мәңгі табынып!

271

Сағыныш жайлы сыр айтып,

Сағыныш жайлы жыр айтып,

Сағыныш болып Өзің де,

Сағымға сіңіп кеттің бе?!

Сұм ажал келмес бұл айтып,

Кеттің-ау бізді мұнайтып,

Сағынбау сені, жан аға,

Сағынбау мүлде мүмкін бе?!

272

ЖАНЫМНЫҢ ЖАПЫРАҒЫ

САРҒАЙЫП ЖҮР... |

Дос та жоқ,

Аға да жоқ іздегенде,

Мұңаям мен осынау күз келгенде.

Жанымның жапырағы сарғайып жүр,

Ағалардың қасында біз немене?!

Көңілді қара бұлттай жабырқатып,

Көндірді дегеніне Тәңір - Уақыт.

Дүниеден Жақан өтті...

Түс көргендей -

Біз қалдық жоқтау әнін аңыратып.

Жүретін жүрген жерін жалындатып,

Шындықтың үнін көкте дабылдатып.

Дүниеден Шынкең өтті...

Түс көргендей -

Бiз қалдық қайғы әнін қалыңдатып.

Сары күз...

Салды әнін сағыныштың,

Дегеніне біз көндік жазымыштың.

Жақсыкелді, Шынболат ұлдарының,

Қызғанбайды деп білем, бағын ешкім.

Олар - елдің елдігін жырлағандар,

Олар - елдің ерлігін шыңдағандар.

Ой - санасы сілкінбей тұра алмас,

Шынболаттың «Шындығын» тыңдағандар!

Олар - жердің кеңдігін жырлағандар,

Олар - жаны нәзік тым сырлы аралдар.

Жүрегі бір шым етпей тұра ала ма?

Жақсыкелді ән сазын тыңдағандар!

Елі, жұрты бұларды мақтан етер.

Мақтан етер... жүректе сақтап өтер.

Алты Алашқа әйгілі қос перзентін

Мінгізген жоқ Ұлытау атқа бекер.

273

Мақтанарға болса ұлың,

Мақтан елім,

Қуанамын той жасап жатсаң бүгін.

Ұлы дала - ұлы анам тұр бусанып,

Қайсар ұлы Жақаңды тапқан бүгін!

Жақан бүгін жетпеген елу, міне,

Жетті... жетті... шашуы себілуде.

Шапаны да, аты да дайын оның,

Абырой, құрметке де көмілуде.

Бірақ, бірақ...

сағыныш меңдеп жатыр,

Орның сенің толмайды кем деп жатыр.

Сар далаға сағым боп сіңіп кеткен,

Жезкиігім, ұяңа кел деп жатыр..

Кел деп жатыр,

Әніңе шөлдеп жатыр.

Дос та жоқ,

аға да жоқ іздегенде.

Мұңаям мен осынау күз келгенде.

Жанымның жапырағы сарғайып жүр,

Ағалардың қасында біз немене?!

274

Мәуия БЕКМАҒАМБЕТОВА

АРҚАНЫH АСЫЛ АРДАҒЫ

Кенші қауым, қайғырасың сен бүгін

Сөнді міне өнерде бір жұлдызың.

Найзағайдай тіліп өтті даланы

Өлді деген суық хабар, суық үн.

Жарқылдап өткен бұл ғұмыр,

Ақыны өлсе - ел тұлдыр.

Шындығын айтып шырқырап,

Мұңын мұңдар қандай ұл?

Өнерін өрге өрлеткен,

Арқаның асыл ардағы,

Құлашын кеңге серметкен.

Мерейтойың кешегі,

Еліңнің мәңгі есінде,

Шабытпен айтқан жырларың,

Сағынтып кірер түсіне.

Өнерді сүйген жүрекпен,

Халқыма түгел бас иген.

«Байқоңырдың» қорына,

Жырымен жылу ол берген.

Мәдениет, өнердің

күйі кеткен кезінде.

“Шаңырағы өнердің

жабылмасын дегенде.

Ұрпағының, елінің

ертеңін ойлап егіле,

Жасырмады жан сырын

ақтарыла төгіле.

«Даламен» бастап ән-жырын,

Даладай дархан көңілмен,

Сағыныш болып сырласам,

Сағымды сары даламмен.

Сағына сол күні қауыштың,

Ақиық ақын Сәкеңмен.

Қоштасу жыры болғандай

Туған елің далаңмен.

275

Ақ иығы өнердің

Сыр да туып, Қырда өскен

Кенші қала өнерін

Ту етіп биік көтерген.

Аманат етіп айтқандай

Әр сөзің, аға, есімде:

Жағынбаушы едім бастыққа

Жақын тартам өзіңді,

Әкім боп келген бүгінде.

Баттал інім байқасам,

Қадірлейтін өнерді

Жан екенсің тегінде.

"Байқоңырдың" алғашқы

Директоры мен едім

Күйсіз күйін көргенде,

Жүрегім жылап жүдедім.

Қарындасым Мәуия,

Сен де ақынсың тегінде,

Шаңырағын өнердің

Құлатпа қалқам, бүгінде.

«Байқоңырдан» шығарсын

Қоштасып елім түбінде.

- Деген едің сонда аға,

Қалып қойды көңілде.

Сезіп жүрдің бе екен сен,

Қалғанын аз күн өмірде.

Қоштастың, аға, тым ерте

Берерінді бере алмай,

Тындырар ісім көп деп ең,

Желпіне сөйлеп шалқып-ай,

Өлді деуге қимаймыз,

Артында өлмес сөз қалды.

Мұражай, мектеп ашардай

Ұрпағына із қалды.

Қоштасуға келіп тұр,

Қалың елің қия алмай.

Көмкердік Сізді соңғы рет,

Даланың жұпар гүлімен,

Жұмақтан болып орының,

Пейіштің гүлін терші сен!

276

Mұca ТІЛЕУОВ

САҒЫНДЫРЫП СӘЛ ҒАНА...

Беу ағайын, ылайым, кінә қойма,

Қалмады тағат, тыным тұлабойда.

Күні бойы күткенім бекер болды,

Шыныменен Шәкем жоқ мына тойда.

Босқа мәз боп тұр екем қарасынға,

Мына топтың Шәкем жоқ арасында.

Қанша үңіліп қарасам көрінбейді,

Жанарымның жас тұнды шарасына.

Жұбатуға жан едім сенбейтұғын,

Шәкем қайда, жамағат, көрмей тұрмын.

Құбакөңіл күй кешіп күпті жүрек,

Тыпыршиды кеудеге бермей тыным.

Кешіккені Шәкемнің айдан анық,

Қайран қалып отырмын, қайран қалып.

Сағындырып сәл ғана бәрімізді,

Саханаға шығардай жайраң қағып.

Жайраң қағып қашанғы қалпыңменен,

Жырда, Шәке, сал-сері салтыңменен.

Әнің мұра жұртыңа, сәнің мұра,

Мәңгі бірге жүреді халқыңменен.

277

OT ЕДІҢ ҒОЙ...

Жүрегін жарып ұшып жыр самалы,

Шынболат ғашық болған Гүлсараға.

Думаны екеуінің мың бір түндей,

Жаңғырып әлі күнге жүр санада.

Жан еді өлең-жырдан от түлеткен,

Жұлдыздай ағып өтті көк түнектен.

Лап еткен өзінің өрт сезіміне,

Тұтанып өзі өртеніп кетті ме екен?!

Жалыны найзағайдай жарқылдаған,

От eді, от едің ғой алтын ағам.

Жырларың жүрегінде ұрпағыңның,

Барында елің аман, халқың аман.

АҚЫН МҰРАЖАЙЫНДА

Іңкәр көңіл ырық бермей төзімге,

Босап тұрмын бой алдырып сезімге.

Мен мұндалап әр дүние, әр бұйым,

Оттай қарып басылады көзіме.

Мына бір зат, мына қалам, мына хат,

Шәкен үстап, Шәкең тұтқан мұрағат.

Мұның бәрі тірі тарих, қазына,

Қасиегі ұрпақтарға ұлағат.

Азат елдің айғақ қосқан көшіне,

Бәрі мұның теңдесі жоқ несібе.

Сырлы ғалам сырын шертіп жағалай,

Ақын жайлы түсіреді есіме.

Шартарапқа шырқыратып шындығын,

Жырын жалғап, талай дарын жүр бүгін.

Суретінен Шәкем қоштап тұрғандай,

Менің-дағы топтан озса дүлдүлім...,

Жыр әлемін жарқыратып жұлдызым1

278

ШӨЛІРКЕП ЛЕБІЗІҢЕ, ЖЫРЛАРЫҢА

Шығарған төбемізге, төрімізге,

Сен едің салымыз да, серіміз де.

Беу, Шәке, бауырым-ай, бақұлмысың,

Шөліркеп, шөлдеп келдім лебізіңе.

Шөліркеп лебізіңе, жырларына,

Сан келдім «Төртінші» жақ қырға мына.

Тербеткен төңіректі қоңыр үнің,

Ілескен ескен желдің ырғағына.

Көк желек құлақ түріп шүбә қалмай,

Көк пен жер сән салтанат құрағандай.

Шалғынға аунай кеттім арсалаңдап,

Өзіңнің құшағыңа құлағандай.

Көңілді қай-қайдағы тұсап қайғы,

Сырғанап қашқан елес ұстатпайды.

Қайдасың қайран Шәке, қайран Шәке,

Қара жер қанша құшсам міз бақпайды.

Көре алмай көптен бері дидарыңды,

Жанымды шарасыздың қинар күні.

Сұп - суық құлпытасқа қойып кеттім,

Бөктерден өзіңе арнап жиған гүлді.

279

Жақсылық OMAPOB

ШЫНБОЛАТТАЙ БОЛМАҒАНМЕН...

«Шындық» қоғамдық бірлестігі

құрылғанда

Ақындар да, бас қосқан әншілер де,

Ұйым келді өмірге кенші елінде.

Ізбасар болуға олар талпынады,

Кешегі Шынболаттар, Шәмшілерге.

Арман, мақсат, мұраты бір адамдар,

«Шындықтың» құрамынан табылыңдар.

Өнердің оты маздап қаламызда,

Орындалсын ойдағы бар армандар.

Шынында да қуанышты күн бүгін,

Көрсін халқым, өнерпаздар бірлігін.

«Шындық» аты міндеттеп-ақ тұрғандай,

Шынболаттың жалғау үшін шындығын.

Елдің сөзін айта білер ақындар,

Көңілімнің ақ тілегін қабыл ал: -

«Шынболаттай болмағанмен, бірақ тa

Шынболаттай болуға ұқсап бағындар».

280

ШЫНДЫҚ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН

Ақиқатпен тайталасып бетпе-бет,

Шындық туын желбіреткен Шынкең ед.

Қазағымның мұңы,зары, наласын,

Толғауымен жеткізді ғой керемет.

Өкінішті-ақ, өмірі қысқа болғаны,

Ауыр тиді сұм ажалдың салмағы.

Ізбасарлар «Шындық» атты топ құрып,

Шынболаттың шындық жолын таңдады.

Шынболатым -елдің ақын, жырауы,

Қашан болсын ел көңілінде тұрады.

Шындығымның шыңға біткен шынарын,

Tac жарған гүл десе-дағы болады.

Шарболаты секілденіп шындықтың,

Шыққан аға, әр сөзіңді үлгі еттім.

Арамызда болмағанмен сезесің,

Рухыңмен елдің ерен құрметін.

281

Бұқар АМАНГЕЛДІ

«ТӨРТІНШІДЕН» ТӨРТ ТАРАПҚА

ТАНЫЛЫП...

Өлең, шіркін, өсекші елге жаяр...

Абай

Қос ананы - Сыр мен Қырды тел емген,

Жыр да жазды, кен де қазды тереңнен.

«Төртіншіден» төрт тарапқа танылып,

Алты алаштың алғысына бөленген.

Теңіз бастан былғанғанда, тұндырып,

Жоғын жоқтап, күйін кешті мұңдының.

Жырын төкті қырандайын қомданып,

Рухына қайрап алып «Шындығын».

Қу ілгенде құзғын менен құладын,

Арда жырдың ерттеп мінген пырағын.

Жыраулардың жалғап көшін көрікті,

Жақты сөнген елдің үміт - шырағын.

Жігеріне жанып шалқар шабытын,

Жүрек жұлған маздақ жырын ағытып,

Ұлықтарға Махамбет боп сөйлердей

Жарқылдаған жасындайын шағы-тын...

Ақын ақты жұлдыздайын. Тұл арман.

Жыр іздеймін дертке дауа мұнардан.

Шөліркесе Шынболатын іздейді ел,

Жырға сусап, шықпай қалса құмардан.

«Жылжиды жыл». Өмір алға көшеді.

Бәрі өтеді. «Уақыт - емші» деседі.

Ал ақыннан қалған мұра мәңгіге -

«Өлең, шіркін, елге жаяр өсегі»,

Ұлы Абайдың ұлағаты кешегі.

282

Ғазиз ЕШТАНАЕВ

CEHI ІЗДЕЙДІ, СЕНІ АҢСАЙДЫ ЕНДІ ЕЛІҢ

Сені іздейді, сені аңсайды енді елің,

Өзегінен өксік шықты перненің.

Тұтам ғұмыр қасиетін ұқтырдың,

Жүрегіңе жұмыр басты пенденің.

Деп жатырсың «дәурен өтті, күн бітті».

Шағың қайда шалқайта ашар түндікті.

Шамырқансақ «Шынкең бар ғой» деуші едік,

Енді өзіндей кім айтады шындықты?

Естіп құлақ ақын өлді дегенді,

Көрдік, аға, тыным тапқан денеңді.

Ай көрмесек жыл күткендей болушы ек,

Құшағына ап кім қысады мені енді.

Өмір сүрдің күйін көшпей кенейдің,

Өр тұлғаңды асқар шыңға теңеймін.

Жыр аңсаған асау Жайық сені іздеп:

Жырау балам қайда десе не деймін?!

Сені іздейді, сені аңсайды, енді елің,

Көсілгенде сөзің кесек кемел - ді.

Қарт Алатау қайсар ұлын іздесе,

Қалай айтам «Шынболат жоқ» дегенді?!

Ерлігіңді, өрлігіңді ел білед,

Жатыр жырың жүректерде мөлдіреп.

Дүбіріңді дүйім халық естіген,

Қалай айтам «ақын аға өдді» деп?!

Ем барма екен жанға түскен жараға,

Қимас сезім бебеулейді санада.

Мәңгіліктің мекеніне аттандың,

Жатқан жерің жайлы болсын жан аға!

283

Аманжол ОМАРОВ

ЕСІМІҢДІ АҚ САРАЙЫҢ СОМДАДЫ

Ер, Шәкем, артық еді бақталайың,

Атыңды жырға қосып мақтайын.

Халқыңмен қауыштырып мәңгілікке,

Сомдап тұр өр бейнеңді ақ сарайын.

Мыс қазып өз қолыңмен құйдың алтын,

Жырладың ел дәстүрін, жердщ даңқын.

Сақталар саф алтындай санамызда,

Жырларың жанның мейірін қандыратын.

Жан едің күн нұрынан жаралғандай,

Жырыңнан шындық шыңға таралғандай.

Есімің бақ capaймен қауышқанда,

Сезіндік өзің қайта оралғандай.

Тербесем сұлу жырмен бесігіңді,

Жабылмас ақ сарайдың есігі енді.

Тер төгіп өзің терген алтыныңмен,

Жазармыз жүректерге есімінді.

Ойым - бай, тілім - қысқа, айтарым - аз,

Өзіңсіз қалар ма екен ортайып саз.

Аға рухы, қабылда. ақ көңілменен,

Ұлы деп тағы сізге айтамын наз.

Өнерде сәуле шашқан қос жанарым,

Алынбас, асу бермес қос қамалым.

Шынболат, Жақсыкелді егіз есім,

Қос жұлдызы айырылмас қос қаланың.

Жан едіңіз жақынға сезімі ізгі,

Еске алушы еді дем берген көзіңізді.

Әлі де тізгін беріп тартасыз ба,

Өнердегі бір туған егізіңді.

Өнерде қатарына тартып едің,

Сазына аққу әуен балқып едің.

Өзіңіз іздеу салып таппасаңыз,

Хабарсыз кетті қайран Жақсыкелдің

Өнер өшпей жасайды сан ғасырлар,

Жол салған өзіңіздей сан асылдар.

Сендерді ел іздейді мәңгі бақи,

Өнерде үзеңгілес жанашырлар.

284

Мұқаш СЕЙІТҚАЗИНОВ

КӨЗІМНІҢ АНЫҚ ЖЕТКЕНІ

Өмір мен Өлім алмасты,

Көңілді көктем қар басты,

Нұрғисаны алған сұм ажал,

Жағаңа сенің жармасты.

Түсінбей қалдым, бұл қалай?

Бопдың ба өмір мынадай.

Қаралы хабар естідің

Құлағың бар ма, ей, Мұқаш

Сен неғып тұрсың құламай?!

Жыр сүйер мынау қауымның

Жоқтауын айтып жыламай.

...Қайтейін құрғыр құлақты,

Сарқылған көрдім бұлақты,

Батыраш ажал балтасы,

Құлагер жырды құлатты.

Шынымен жоқсың, Шын ағам

Жұртыңды көрдім жылаған.

Қаралы халық көп болды,

«Шынболатым» деп шұбаған.

Сұлулар көрдім сыртынан,

Көздерін жасқа бұлаған.

Мінгенің торы төбел-ді,

Қайғырған көрдім көп елді.

Әкімдер жайып қолдарын,

Ақындар төкті өлеңді.

Соңғы рет құрмет саған бұл,

Соңғы рет саған сол белгі.

...Көзімнің анық жеткені -

Шынболат бізге жоқ енді

285

Өміржан КӨПБОСЫНОВ

ШЫҒАРҒАН ШЫНДЫҚ ШЫРАЙЫН

(Шынболат Ділдебаевтың туғанына

70 жыл толу мерекесіне арнау)

«Алла» деп сөзді бастадым,

Ашық бол, арай аспаным.

Сәттерде белес қасқағым,

Өтіп барады жас шағым.

Өткір өлең алдаспан,

Қарақыл жарып тастадым.

Алдымен сәлем берейін,

«Ассалаумағалейкум» деп,

Ата-ана үлкен жастарым.

Қара ормандай халқымның,

Қалқаны болған Шын ағам.

Сырдағы сүлейлерімнің,

Сұңқары болған Шын ағам. .

Сарыарқа сері, салдардың,

Сұлтаны болған Шын ағам.

Алатау биік асқардың,

Арқары болған Шын ағам.

Теңіздей терең толғаудың,

Гayhapы болған Шын ағам.

Жебедей жүйрік жыраудың,

Жауһары болған Шын ағам.

Қасым ағамыз айтқандай,

Бейбастақ сойқан заманның

Бұхары болған Шын ағам! ,

Сандуғаш әнге салайын,

Қарлығаш қанат қағайың,

Ақындар жырмен келтірер,

Абатты елдің арайын.

Ұстазым деп Шынкеңңің,

Ізіне жүрген қараймың.

Мұрагер болған мұражай,

Ақ зәулім мына сарайың.

286

Осында тәлім ап жүрген,

Жастардың көрдім талайын.

Өнеріңізді киелі,

Жалғауға мен де жараймын.

Оңғарса жолды Құдайым,

Шындарға небір шығайын.

Шынболат ағам секілді,

Шығарып шындық шырайын.

Халқымның шықсам көңілінен,

Алладан осы сұрарым.

287

Ғалил ЖӘНІБЕКОВ

ШЫНДЫҚ ШЫҢЫ

(Ш.Ділдебаевтың 70 жылдық тойына)

Әне, солай бәрі де өзгереді,

Өзгереді, сол кезді көз көреді.

Барса-келмес шын бақыт алыста екен,

Мен білемін, бір күні кез келеді.

III. Ділдебаев

Жылдар жылжып кенші сырлы келетін,

Шегіну жоқ арманға асу сенетін.

Қос жорғаның қос тізгіні қолында,

Шындық шыңын алда тұрған көретін.

Ақ боз атын арманының тағалап,

Атырау мен Алтай түгел аралап.

Өзі жайлы ұрпаққа аңыз қалдырды,

Жер астынан репортаж сабалап.

Тағдырдың бар талаптыға берері.

Нәнсай ұлын елі сүйген өледі.

Өйткені, ол Темірқазық санаған

Өлең гүлі тасжарған сол төбені.

Көп еді әлі елге оның берері,

Сансыз өнер сахнаның шебері.

Амал қанша, ажал құрық салғанда,

Қатты батгы «Шынкең өтті» дегені.

Жоқ, өлген Шынкең әлі тірі жүр,

Жұрт аузында жатталған көп жыры жүр.

Қазақта ақын, терме-жыршы сүлейі,

Түркіменде, қырғыздарда үні жүр.

Алау шашып жалындауда мол ошақ,

Ұшқын алған мұражайдан сол ошақ.

Жалғастырып жалын жырың келеді,

Артында көп ізбасары болашақ.

288

Бағыт-бағдар болған сонау басты арман,

Нәнсайдағы сол бір күннен басталған.

70 жылдық тойдың беташарын

Кәусар бұлақ теңізге асты бастаудан.

НЕТКЕН УАҚЫТ

Неткен уақыт, зулаған қызығардай,

Байкамаппыз жүргенде біз ұрандай.

Айлар, күндер, жылдарың жылжып өтіп,

Он тоғыз жыл өтіпті зымырандай.

Өтіпті он тоғыз жыл көрмегелі,

Қуаныш, қызықтарды бөлмегелі,

Үшеуің - Гүлсара мен ақ«Жигули»,

Шаңдатып кең далада желмегелі.

Өнердің өлкесінде асқар едің,

Төбеңе қызығушы ед жастар сенің.

Жайраңдап жарқын күлкі, бұйра шашпен,

Тамада талай тойды бастап едің.

Төменнен өрге шықтың өнеріңмен,

Жыр оқып, айтыс, терме өлеңіңмен.

Қазақтың кең даласын араладың,

Шынболат Қыр мен Сырың тел емізген.

Шындықтың Шынболаты шынары едің.

Өмірге өле-өлгенше құмар едің.

Бұл күнде тірі жүрсең жырыңды айтып,

Сексеннің сеңгіріне шығар едің.

Белгілі жүз жасарың, мың жасарың,

Еліңді салып кеттің ізге сарын.

Ізіңді жалғап жатыр жалынды жас,

Жайқалған жас теректер ізбасарың.

289

Үміткүл ТРАЙЫСОВА

АҚЫН САРАЙЫ АШЫЛҒАНДА

Ағайын армысыңдар, армысыңдар!

Қадірмен кеншілерім, бармысыңдар.

Сапырған сары мысты саңлақтарым,

Сендерге сақтап жүрген алғысым бар.

Көріндің небір асу биіктерден,

Ерлердің елім деген нарқың сынар.

Шәкемнің мен кешегі шәкірті едім,

Әу, десе көмейінен ән ұшырар.

Алдыңа өздеріңнің шығып тұрмын,

Сағынсаң сал-серінің салтын сұрар.

Жақсылар жаны бірге халықпенен,

Жағадан жағаласып нарықпенен.

Кеншілер тағдырыңды табыстырдың,

Әйгілі «Қазақмыстай» алыппенен.

Ақтаған үмітіңді, сеніміңді,

Қалайша «Қазақмысты» дәріптемен.

Айналдым мыс алыбы - «Қазақмыстан»

Қалама алтын Сарай салып берген.

Жайраңдап жарық таңым aтca ылайым,

Көңілге құт санаймын, бақ санаймын.

Кеншілер, қуанышын Құтты болсын,

Ағайын, құтты болсын Ақ Сарайың!

Нұр тамып келбетінен күн шуақтап,

Қосылып күлімдесін аспанда айым.

Ән орда - Алтын Сарай күйі шалқып,

Осылай думандатып жатсын дәйім.

Қызық та, қуаныш тa бip көппенен,

Жан едім жүрегіме жыр көктеген.

Кешегі сері Шәкең сенім еткен,

Рухы қорғап-қолдап жүр деп білем.

«Қазақмыс» салып берген думан Сарай,

Толтырсын төңіректі дүрмекпенен.

Қуаныш құтты болсын, ал кәнеки,

Қиылсын ленталары құрметпенен.

290

ШЬІНАРЫ ЕДІҢ ШЫНДЫҚТЫҢ

Белгілі қайран аға, даңқын маған,

Қырандай ұшқыр едің саңқылдаған.

Терме, жырдың тартынбас жүйрігі едің,

Арқалы ақын, аяулы аңқылдаған.

Төгіліп биігінен ұлы сарын,

Мұңайып тұнжырады-ау, Ұлытауың.

Арқаны дүбірлеткен дүлдүл едің,

Дейтұғын туған елің: міне, дарын.

Қаза ғой айтыңдаршы ойламаған.

Қайғырып түнеріп тұр қайран далам.

Өнердегі дарын ең қайталанбас,

Ортасында халқының жайраңдаған.

Қабақ түйіп қатулы қарт өңірін,

Шындық іздеп өтіпті-ау, бар өмірің.

Аға, соңғы мәңгілік сапарына,

Дәмін татып аттандың Байқоңырдың.

Қазағымның ұлысың, сен, ірісің

Терме, жырдың өшпейтін бір пірісің.

Шындығымның шынары, асыл аға

Сен тірісің, мәңгілік сен тірісің.

291

Дәуренбек БҰЛАНБАЕВ

СЕЗЕСІҢ БE, ҚACIPETТІ ШУАҚ KYH...

O, кең дала, көз жетпестей керілген,

Ұлың өтті, саған шексіз берілген.

Шыңырауын жарып шыққан шындықтың,

Алмас қанжар сабы жырдан өрілген.

Сезесің бе, қасіретті шуақ күн,

Шықпас енді бұрынғыдай қуатты үн.

Қазағының қасиетін жырлаған,

Қасіретін жыр-бұлақпен жуатын.

Қазағының жұлдызы еді қаламгер,

Тыншыға алмай күйзелуде тамам ел.

Естисің бе, өксисің бе қайғыдан,

Есіп өткен қырқа жақтан самал жел.

Ерен биік өнердегі асуын,

Шын болатсың, мүмкін емес жасуың.

Ақын аға, есте мәңгі сақталар,

Жыр теңізде өткел бермей тасуың.

Мінген еді өлең жырдан «ақтаңгер»

Жұмаққа да жырын төгіп аттанды ер.

Қош, мәңгілік өтем сені ән қылып,

Ақын аға, жайлы болсын жатқан жер.

292

ШАҒАЛА-ЖЫР

Қыранымай, гүл болған қонар бағы,

Ұраным-ай, жыр болған мол арманы.

Адал асы арам боп, аққулы елдің,

Шағаласы шындықтың оралмады.

Ақ киелі арманды жалғар алға,

Аққулы айдын түбінде ар қалар ма?...

Шағаласыз, шерменде мынау өлке,

Құтты мекен болып тұр қарғаларға.

Өткелдерім, айдыным - сұрқы қашқан,

Жеткен жерім - қайғының бұлты басқан.

Сұлу жырдың жеңгесі қасқыр-уақыт

Ұлу - жылдың пердесін жыртып ашқан.

Ағып түскен ақ жұлдыз таңға жақын,

Алау гүл боп арқада жанға ақын.

Ақиқатты айтпаса арланатын,

Тұлпар - тұяқ қайдасың, тарлан - ақын?!

Сорға жығып сәуегей сайтаныңды,

Құранды ерге, қыран ұл қайта мінді.

...Қайта алмасым ақиқат қара жолдан,

Айта алам ба, ағажан, айтарымды?!...

293

ШЫНДЫҚ CEHI САҒЫНАДЫ, ШЫНБОЛАТ...

Марқұм Шәкеңнің ( Шынболат Ділдебаевтың)

рухына тағзым.

Автор.

Өзгерген жок, өзің көрген қала да,

Көз көрген көп, кәрі, жас та, бала да,

...Тым шағылған болса керек, тауы оның,

Шын сағынған күш бар сені далада.

«Tыңда бәрін, ол менімен егіз» деп,

«Шыңдағаным, табамын мен сені іздеп»,

Дейді-дағы, дауыл болып толқытар.

-Үй тұрағы болар оның теңіз дсп...

Caғым қашқан сор даланы аралап,

Сағыныштан жан-жүрегін жаралап,

Егіледі, ерке желмен қосылып,

«Жебір еді» деп уақытты қаралап.

(Күз кеткелі таусылған ба бар шамаң”),

Іздеп сені таппаған-ау... шаршаған.

Сына-қайғы қағылған ба, көңіліне

Ұнамайды сенен басқа барша адам.

294

Дәулетбай ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ

ЖЫР-БӘЙГЕДЕ

Жабылар жарты жолда сынға құмар,

Топ жармай құла тайды кім бағалар?

Өзің ғой өлең-жырдың бәйгесінде,

Алдымда арқан бойы тұрған ағам.

Осынау дүбірімен күй ақтарған,

Бәйгеден озып келу сияқты арман.

Туған ел үміт үзбей қарап отыр,

Тұлпардан қалған біздей тұяқтардан.

Арғымақ бауыр жаза сілтесінде,

Жабылар жата берсін күркесінде.

Кеудені самал желге ашып тастап,

Жұлдыздай ағайықшы қыр төсінде.

Тұяқтан құйғын - перін шаңды ойнатып,

Бұл жолы дарындардың самғайды аты,

Мәреге бұрын жетіп боз жусанда,

Шаттықтан аунап жату қандай бақыт?!

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екендігін тағы танып.

Бәйгеде аттың басын тартпас болар,

Тізгінді ағыталық, ағыталық.

295

Абдолла ДА СТАНОВ

АЙНАЛЫП БАРАСЫҢ-АУ, САҒЫНЫШҚА

Жұртым-ау, бүгінгі күн - қаралы күн,

Дүниеден көшті бірі дала ұлының.

Жыраудың жыры бүгін - зарлы жоқтау,

Ақынның жазатыны - азалы жыр.

Үзіліп түскенінше заманы ақыр,

Айтарын айтып-айтып өтеді ақын.

Термесін төгілдірген сахнада,

Тып-тыныш болып қана Шәкең жатыр.

Құлады өнердің бір бәйтерегі,

Жылады естігенде байтақ елі.

«Ажалды мерген» дейді, дегенменен,

Бұл жолы қателессе қайтер еді?!

Бұл жолы қайтер еді жаңылысса,

Келді де алып кетті қапылыста,

Көзіміздің алдында, қайран Шәкең,

Айналып барасың-ау, сағынышқа.

Бізден, аға, кеттің бе бөлектеніп,

Соққан жерден жатарсың дерек беріп.

...Ажал, шіркін, әкеткен шығар бәлкім,

Жұмаққа да бір жырау керек болып.

296

ТАУ ЕДІҢ...

Шынболат Ділдебаев атындағы

Кеншілер Мәдениет Сарайы

бой көтергенде жазылған.

Жүргенде жадында елдің от-өлеңің,

Жұртыңа байқалмайды жоқ екенін.

Мәңгілік ақ күмбезде жатқан, Аға,

Мәңгілік ақ сарай боп көтерілдің.

Өлімді өнер-өмір жеңгендей-ақ,

Жолаушым қайта айналып келгендей-ақ,

Шәкеңнің Сарайына келіп тұрмыз,

Шәкеңнің шаңырағына енгендей-ақ.

Жатқанда құшаққа алып дала сені,

Қалада Шынболат деп ән еседі.

Той-думан болған жерде домбыра ұстап,

Ортада өзің жүрсең тамаша еді.

Ортада өзің жүрсең болмас па еді,

Шәкем-ау, орның сірә толмас тегі.

Термені тоқсан толғау төгіндірсең,

«О, пәлі» десіп халқын қалмас па еді?!

Жоқ, бәлкім, ортамызда жүр ме екенсің,

Айтқан ән, төккен терме, жыр ма екенсің?.

Тербеліп Сырдарияның толқыны боп,

Қырқада көзді арбаған гүл ме екенсің?!

Биік ең, одан сайын биіктедің,

Атыңды ардақ тұтты сүйікті елің.

Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы,

Алдында сен тұрасың жүйріктердің.

Сағынсақ жүрегіміз егіледі,

Тұлғаңыз тау секілді көрінеді.

...Шалқалап шығып кеткен «Байқоңырдың»,

Қайталап келіп қондың төріне енді.

297

ЕЛДІГІҢДІ, ЕЛІМ, ТАНЫТТЫҢ

Толгау

Бұл толғауды Шынболат Ділдебаетың

есімі берілген Кеншілер сарайының

ашылу салтанатында

оның шәкірті, термеші, жыршы

Мұханбет Қожахметов орындады.

Әлеумет, сөзге құлақ түр,

Әлеумет, сөзге құлақ түр.

Жағасында өскен құрақпын,

Шынболаттартай бұлақтың.

Өмір-ай кейде кісіні,

Жыламас жерде жылаттың,

Тұяғы таймас тұлпарды,

Құламас жерде құлаттың.

«Шынболатымыз қайда?» деп

Сағынған елге сұраттың,

Салмағын сезіп сұрақтың,

Жауабын таппай шыдаттың,

Қайғының қары көшкен соң,

Туары анық шуақтың.

Қызғалдақтары гүл ашар,

Шыңкеңдер жүрген қыраттың.

Деп жүрген кезде сағынып,

Іздегеніміз табылып.

Ақ жарылқап күн туды

Атына Сарай салынып.

Ақ жүрегіндей өзінің,

Ақ нұрға тұрған малынып.

Сарайды көрдім, нұрландым,

Қайғының бұлтын қуғанмын.

Бүгінгі күнін, ағайын,

Шынболат қайта туған күн!

Сүйінші, халқым, сүйінші,

Тірілді мәңгі ұлдарың!

Айтысқа түсіп, доданың

Дүлдүлі болған -Шынболат,

Толғау, терме, ән-жырдың,

Бұлбұлы болған - Шынболат.

298

Сұлулар таққан сырғаның,

Сыңғыры болған - Шынболат.

Күмістей аппақ бұлақтың,

Сылдыры болған Шынболат.

«Шындық» деп соққан қоңыраудың,

Күмбірі болған Шынболат.

Бәрін айт та бірін айт,

Қазақ деген халықтың

Мақтанышына айналған,

Шын ұлы болған - Шынболат.

Осындай асыл ағаның,

Жұлдызы биік жанып тұр,

Есімі мәңгі қалып тұр.

Жүрегінде халықтың

Еңбегіне лайық,

Құрметін алып тұр.

Еріңнің атын шығарып,

Елдігіңді елім, танытгың!

Шынболаттың сарайы

Ән-жырға толсын маңайы,

Өнерге орда болсын деп

Үмітпен халық қарайды.

Шапағатындай Шәкеңнің

Сәулесі көпке тарайды.

Осындай сарай салдыру,

Арманы еді ердің, талайғы.

Алғысын елдің айтамын,

Азаматтарға арайлы.

Шашу шашып әжелер,

Тұсауын кесіп ендеше, |

Apaлa халқым, Сарайды!

299

САҒЫНЫШ

(Шынболат Ділдебаевтың рухына

Дәулет Омашев шығарған ән)

Дарыны бөлек дара тұлға едің,

Думанда дүбір салатын едің.

Дәуірдің ащы шындығын айтқан,

Даусыңды, аға, сағынды елің!

Қайырмасы:

Шындықтың шынары дедім,!

Шын өнер тұмары ма едің.

Шоқ жұлдыз арасындағы,

Шамшырақ-шырағым менің.

Сағыныш жайлы жиі айтқан едің,

Сағынуды дәйім ұнатқан едің.

Сағынып жүр-ау өзіңді енді,

Сағымды дала, сары белдерің.

Қайырмасы:

Кетіп ең күзде, мұнайтып бізді,

Көз жасы жуды шырай, жүзімді.

Көктеммен бірге құстар келгенде,

Керуен-көшінен іздеймін Сізді!

Қайырмасы.

300

ХАЛҚЫНДА СӨЗІ ҚАЛҒАН

Теңіздей асып-тасқан кемерінен,

Өлмейтін өмір сүрген өнерімен.

Халқында сөзі қалған Шынболатты,

«Жоқ» дегенге қалайша сенейін мен.

Ерте кетті деп pac өкінеміз,

өкінеміз құдай -ау несіне біз?!

Сарайының жанынан өткен кезде,

Күнбе-күн рухымен кезігеміз.

Кеткен жан ұқтым қайта келмейді екен,

дегенмен, жақсы адамдар өлмейді екен.

Мұражайдың есігін ашқан сайын,

Қолын алып тұрғандай бір күйге енем.

Сағынышы басылмай даласына,

Кетіп еді, жұлдыздар арасына,

содан ба екен, қолына ап домбырасын,

Қабырғадан қарап тұр қаласына.

Шынболатын сағынып жүрген елдің,

«Ол жоқ» десе, жөн көрем сенбегенін.

...Биіктігін байқатып бәрімізден,

Бәрімізге қарап жүр төрден бүгін.

301

Нұрлан ЖҰМАБАЕВ

AFA ӘРУАҒЫНА

Ниетімде, көңілімде құлаған,

Үлгі тұтаp менде де бар бір адам.

Жарқ етті де жыр көгінде жұлдызы,

Ағып түсті Шынболаттай бір ағам.

Заманыннан асып туған алыпсың,

Ел жұртынның мәңгі есінде қалыпсың.

Тек мен емес ардақ тұтат өзіңді,

Қазақ деген қарапайым халық шын.

Шындық үні тұншыққанда даламда,

Саңқылдаған үнің кетті ғаламға.

Сол үшінде әруағына бас ием,

Айтайыншы, үлгере алмай қалам ба?.

Жылдар жылжып, көрінгенмен алып тым,

Ұланы едің қазақ деген халықтың.

Аға әуенін жалғастырар ұрпаққа,

Сынығындай болсам деймін алыптың.

Өмір мәні неде екен деп үңілем,

Үндес болғым келеді аға үнімен,

Бір қатын мен күйкі тірлік жеп қойған,

Ағаларды салыстырып түңілем.

Болды ма екен шешсем деген дауыңда aз,

Болды ма екен шындық кешпес жауыңда аз.

Махамбет боп туғанынды қайтейін,

Исатай жоқ жалғыз еттің дауылпаз.

Түсіндік пе ақын жанын жаралы,

Деп ойланам еске алсам ағаны.

Қай ұрпақтың төбесіне қонам деп,

Әруағың кезіп жүр-ау даланы! !!

302

Марғұлан БРАЛИНОВ

ДОМБЫРА

Иесіз тұрған домбыра.

Көнеден қалған бұл мұра,

Ғасырды жырда, домбыра

Күмбірле, тағы шын жыла!

Сағындың бa, киеңді

Көргенде маған күй енді.

Шынболат асыл ағадай,

Сағындың ба иеңді?

Көптен бері шаң басып,

Қалыпты сені мұң басып.

Дүбірлі думан тойларың,

Кетіпті сонау қыр асып.

Қол тимеген пернелер,

Текке тұрып көнерер

Атадан қалған асылым,

Ұрпақпенен өңделер,

Мұражайы жайнаған,

Ішінде өмір қайнаған.

Ізбасарлары Шәкемнің,

Бұлбұл құстай сайраған.

Иесіз-тұрған домбыра,

Көнеден қалған бұл мұрa.

Сағынып асыл ағаны,

Күмбірле, тағы шын жыла!

303

Әбулайс Молақов

ЕҢСЕЛІ БИІК АСЫЛЫМ

Еңселі биік, асылы едің халқыңның.

Шуағы мол, сәулесіндей алтынның.

Қараңғыда халқын ертіп жол тапқан,

Алашыма жасын болдың жарқын күн.

Дара болдың дара жұлдыз Шоқандай.

Дана болдың Абайдайын Отанға-ай.

Шындық айттың ханға жырау Бұхардай,

Бауыржандай, Баубек, Иса, Мұқандай.

Ашық маңдай, бұйра шашты, қою қас,

Ащы дауыс, шешен тілді, ойлы жас,

Ән, домбыра, терме жыр мен ақындық,

Терең едің анау-мыңау бойламас.

Талай тойдың қыздырушы ең көрігін,

Бастың талай желөкпенің желігін.

Жастық шаққа жалындаған өкпең жоқ.

Солай өтті өшірілмес өмірің.

Жете алмадың Пайғамбардың жасына,

Бермеді Алла одан артық басыңа.

Халқың төкті көздің жасын көл қылып,

«Ақтангерім, кеттің бe?» деп асыға.

Аман болсаң 80 жасқа келер ең.

Тойда төрден саған орын берер ем.

Амал қанша өткен күнді еске алып,

Сағынышты жыр жазамын демеп ем.

Сағынуда бүгін сені елің де.

Сағынышым басылмай жүр менің де.

Талай тойдың асабасы болар ең.

Бетін ашып, ақыл айтып келінге.

Өггі Шәкең тым ертерек өмірден.

Жары Әлияға жетті Қайсар, Жігермен.

Қалғанына ғұмыр берсін бір Алла.

Жатсам , тұрсам соны ғана тілер ем.

304

Ғайша ІІІЫНБОЛАТҚЫЗЫ

ӘКЕМЕ

Жатсың ба Әлияның қасында сен,

Қадірлі «Төртіншіңнің» басында сен?!

Жазбады-ау жүре тұру тағдыр саған,

Немере-шөбереңнің қасында кең.

Ертерек асқар тауым, құладың-ау,

Мезгілсіз жай түскендей сұладың-ау!

Әкешім, бір өзінді ойлауменен,

Көздің жасьш көл қылып бұладым-ау!!!

Тіріңде «әке» деп те айта алмаппын,

Жаныма батушы еді ой салмақ мың.

Бауырында өскеннен соң Гүлжауһардың,

Ешкімнен қорқып әсте тайсалмаппын.

Немерелер өсіп жатыр өзің көрген,

Ілесіп шөберелер соңына ерген.

Тірі болсаң, әкежан, қуанар ең,

Қызықтап қылықтарын жазып өлең.

Сенбейміз жан әкешім, кеткеніңе,

Құдайдың құрығы ұзын жеткеніне.

Орының сенің толмай тұр-ау бүгін

Зәру боп жұртың жүр-ау көктеміне.

Көнеміз тағдырдың бұл жазғанына,

О жаққа керек жақсы талғамына.

Артында ұрпағың бар, шүкіршілік,

Жалғастырар әулетіңді амaныңдa. “

Гүл алып келіп тұрмын қастарыңа,

Табынып apyақтаp бастарыңа.

Дұға етгім "жарық болсын алдарың" деп,

Жебей жүр артта қалған жастарынды.

305

Қайсар ДІЛДЕБАЕВ

ӘКЕ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

Бұзып-жарып, келер деп «тас қамалды»,

Балалар күтіп, көзін жасқа малды

Басқа салған тағдырға жүр бағына,

Қалмаған соң, шіркін-ай басқа амалы.

Кеткелі бізді тастап, бес жыл болды,

Қараймыз кеп қалар деп оңды-солды.

Қызғалдақтар сен жүрген қырқадағы,

Білмеймін биыл неге ерте солды.

Кетпейді кұлактардан өлеңдерін,

Көркейгенін еліңнің көрер ме едің?!

Өнерде тек өзіңе ұқсаймыз деп,

Ізбасар келеді өсіп өрендерің.

Құлпырды күннен күнге ақ сарайын,

Дәл өзіңдей ішінде мұражайың.

Сені аңсаған сағыныш басылған жоқ,

Сағындырып барады күндер сайын.

Кемпір-шал «Төртіншіде» малын баққан,

«Көш» дегенде жанардан жастары аққан.

Көп қабатты үйлерде амалсыздан,

Әйтеуір, ілекерлеп жанын баққан,

Ал, қалғаны беткейден «тыным тапқан».

«Төртіншім» деп жырладың мекен-жайым,

Туған жерді мұңаям көрген сайын.

Япыр-ау, жүрегіңіз қалай сезген,

«ЧКМ»-ның боларын осындайын.

Көрсең ғой быт-шыт болған бүгін жайын.

306

Жайна ДІЛДЕБАЕВА

САҒЫНЫШ

Кетті әкем бұл өмірден қас-қағымда,

Мені осылай ертерек тастадың ба?

Әке жайлы сыр шертіп отырмын мен,

Қалықтаймын ақындық аспанында.

Сағыныштан сені іздеймін, әкешім,

Мәпелеген әрқашанда бөпесін.

Құшағыңа қатты қысып деуші едің,

Мына мені еркелетіп «көкешім».

Сабырлықпен қиындықты жеңдірем.

Жоқтығыңды сездірмеймін енді мен.

Жұғым болды ақындығың маған да

Ақылыңды айтушы едің сен кілең.

Әке, сенсің асқар тауым өмірде,

Туылғаннан қызығамын өмірге.

Бірге болсақ қандай жақсы болар ед,

Салмасыншы тағдыр кірбің көңілге.

307

МАЗМҰНЫ

Ғалым Жайлыбай

Шындығына шырай берген -ШЫНБОЛАТ .................................. 5

ӨЛМЕС ӨЛЕҢ БОЛЫП ҚАЛДЫҢ ХАЛҚЫҢДА!

Апбаз ҚАРАЖІГІТОВ

Жүрегім .................................................................................................l2

Кеудемде Сарыарқаның самалы бар ..................................................l3

Cүйем ....................................................................................................15

Қазағым ................................................................................................16

Қaзақтаp мен қазақтар .........................................................................17

Шындық ...............................................................................................18

Шарықтау дұрысы мен бұрысы .........................................................22

Ұлылық пен зұлымдық ........................................................................24

Ашыну ...................................................................................................26

Ұят болды-ау ........................................................................................27

Қымбатшылық ......................................................................................29

Өз обалың өзіңе ......................................................................................32

Тәуелсіз ел - Қазақстан .........................................................................34

Бекбұрыс .................................................................................................36

Ата заң .....................................................................................................37

Ақ таңдар ...............................................................................................38

Арман ..................................................................................................... 39

Ұялам ..................................................................................................... 40

Екі жорға ................................................................................................ 41

Өмір -өлең............................................................................................. 42

Кенші едім ...............................................................................................43

Шегіну .................................................................................................... 44

«Сайраңдап жүріп» ............................................................................... 44

«Өмір қайык» ....................................................................................... 45

«Ер жігіт» ................................................................................................45

Ақтадым дей алмадым ...........................................................................46

Өлең -гүл ............................................................................................... 47

Сырым менің кен секілді теренде ........................................................ 48

Шыңырауда шыңдалумен келемін ....................................................... 49

Жер астынан репортаж ......................................................................... 50

Тас жарған гүл ........................................................................................ 52

Минералдар .............................................................................................53

Отан .........................................................................................................54

Ортаға қала болып ұлың келді .............................................................55

Қарағанды ...............................................................................................57

Кереку .....................................................................................................58

Қарсақбай .............................................................................................. 59

«Отан үшін» ............................................................................................60

Жезқазған ................................................................................................61

Жер ұйығы ............................................................................................. 62

«Даласының» ......................................................................................... 63

Баяғы біздер ән салған орда .................................................................. 64

Жезказған жастарының жыры .............................................................. 65

Сәтбаев досгықтың каласы ................ . ................................................66

Жер сілкінді ..... . .....................................................................................67

Түрікмендер ..... . ......................................................................................67

Қырғыздың алатауы . ................................................................................69

Меркі шипажайы. ..................................................................................70

Қос құлын . ......... .................................................................................. 71

Айтылды жалған қосылмай ............................................................73

Айналам гүлдей жайнап тұр.....................................................................76

Сыр еліне барғанда ...................................................................................79

Нәнсай ....... ................................................................................... .......... 80

«Төртіншім» ..............................................................................................82

Төртіншім ...................................................................................................85

Оңашада.....................................................................................................86

Тынымсыз шақ .........................................................................................89.

Нағашыма ..................................................................................................92

Сол бір күндер есімце ..............................................................................93

Той үстіндегі ой .......................................................................................96.

Анамның суретіне .................................. .................................................99

Шаңырағы бабамның ............... ..........................................................101.

Әлияның соңғы монологі ............. ........................................................103

Жалғыз едің ...................................... .....................................................107

Сенсіз күндер ..........................................................................................108

Сөнбесе екен ...................... ..................................................................109

Таба алмадым, таппадым ...................................................................... 111

Жалықтым ........................... ...................................................................112

Өтетін шығар ................................. .......................................................113

Өмірдің басы сайран ............. ....... .................................................. 114

Ғайшаға............. ..... . . .........................................................................115

Он алты жас ............. ..... . . ..................................................................117.

Балаларыма...... ......... ............. ..... . .......................................................118.

«Не жетеді қарттықты сезінгенге». ... ..................................................119.

Қанағат ..... ............. ..... . . .......................................................................119

Көзіне Гүлсараның ................................................................................. 121

Г үлсара ............................................................................ ...................... 122

Сені көрсем .......................................................................... ............ ......123

Бір тамшы жас ......................................................................... ..............124

Қиын екен ............................. ....... ..........................................................125

Буындырып барады уақыт мені ........... ................................................126

Көз ілмедім .......................... ..................................................................127

Бәрі де өзгереді ........... ............................................................................128

Үміт көктемі ............................ ..............................................................130

Тoй шаттығы ..................... . ...... . ..... ....................................................131

«Тұңғыш жырым» ...... ............................................................ .............132

Заңдылық ............................ ...................................................................132

«Алғаш рет» .............................................................................. ............133

Құдірет .................... ............................................................................... 133

Әнші. .. ................. ............................................................................ ...... 133

Телефон .................... . ............................................................................ 135

«Ақын бар ма сұлуға қызықпаған» .......................................................135.

«Сағыныштың шағаласы шуылдап». ... ..............................................136

«Көл-көсір мынау өмірде». ..... . .............. ............................................136

«Ұмытайын десем де ұмытаймын» ....... ..............................................137

«Сандуғаш» .................. ...........................................................................138

Туған күн ........................................................................................ .......139

«Қас сұлу» ........................................................................................ ......140

«Қайдасың, қайда, аяулым?» ........... .....................................................140

«Шыдам бітті».. .............................................................................. 141

Табиғат................. ............................................................................ ......141

Алғашқы қар .........................................................................142

Жаңа жылға - жаңа жыр................. ........................................................143

Кел, жаңа жыл!................. ......................................................................144

Жаңа жылға тілек ................. .................................................................145

Көктем ............................................................................................... 146

Келді көктем................................................... ..... ..... ..................... 147

Наурыз мерекесіне арнау ................................................... ..... .....147

Мамыр айы................................................... ..... ..... ........................149

Мақтанымсың, Ақтөбе!...... ... ..... ........................................................151

Төле би мазары басында...................... ...................................................151

Бәдәуидің монологы.......................... ....................................................152.

Ағалар ................................. .................................................... 152

Әніне Сәкен аға ұйыңыздар........... ....................................................... 153

Украиндық бауырларым келгенде....... ..................................................154

Сағынбай қалай жүрсіңдер................ ....................................................155

Қош келдің, Ұлытаудың баурайына! ......................................... ..... ....156

Жырауың тағы сөйлесін ................................................... ..... ..... .....158

Айналдым,Мұстафажан, жүрегіңнен!.......................................... ..... ...159

Армысың, Астананың пырақтары................. .......................................160

Қоңыраулы көмейіңіз шаң тұрмаған............................. ........................161

Жүрек толы жыр....... ........................... ...................................................162

Меніменен біргесің ................... ................................................... ..... ...163

«Арман» қалай ашылды?...... .................. ...............................................164

Сәлем ал, аға! .. ....... ...... .................... ................................................... 166

Сырласу ...... . .......... ..................................................................... .....168.

Біздің Яша ..... ..... ...... ...... ........................... .........................................171

Қос басындағы кездесу ......................... .................................................175

Жырлаңдар, ақындар! ........................ ...................................................177

Төгіңдер, жыр маржанын мөлдіретіп. .............................................. 178

Қолөнер көрмесін аралау...... .......................... .......................................180

Көдей көкем ............. .... ....... ........................... ......................................181

Жаралған бір жан туған елдің бағына.......................... .........................182

Егіндібұлаққа сапар ................................. ............................................183

Дәрменсіздік ..... . ......... ........................... .............................................185

Талас ...... ..................... ........................... ...............................................186

Сағынып жүрмін, сені, аға! ................. .................................................189.

«Еркелеп күнде енетін» ..... ........ .. ................. .....................................191.

Қарағым, қалқам менің, Шынболатым..................................................192

Іздеймін сені, жан аға! .. ...... ................ ................................................193

Достық................... .... ........... .................. ...............................................196

Жүрермін жүрегіме сақтап қана..... ................. .....................................197

Мүкәрамға ........................... ..................................................................199

Оразәліге ........................... ..................................................................201

Армысың, Мақтаралым! ........................... ............................................202

Менің туған інімдей ........................... ...................................................204

Жұмбақ... ........................... ......................................................................204

Тарланым ........................ ......................................................................205.

Ар-намысын жігерге жанып алып ....................... ..............................209

Ақын болдың... ......................... .............................................................210

Бір інім бар........................... ................................................................... 211

Елуге келшң ......................... .................................................................212

Көкшені аңсау.......................... ................................................................213

Адамдар көрдім ақшалы .................... ....................................................215

Мәртөк ауданына 60 жыл ............. ........................................................ 216

Ұлылықты жырлашы ........................... .................................................216.

Мәншүкке ....................................... ........................................................217

Мұхиттың өзі .................................. ........................................................217

Аруым әрі жырауым .................... ..........................................................218

Бір келіншек ................................... .........................................................219

Әніңнен жан сырынды аңғарамын ........................................................220

Үлкендік ..................................... ...........................................................221

Сыйлаушы едің ағаңдай ........... .............................................................223

Усатай келін алғанда ................. ............................................................ 225

Құлатпаңдар шаңырағын ағаның .... ......................................................226

Айнагүлге ....... ......................... ............................................................ 228

Баяғы ән ...................................... ............................................................ 229

Егіз шумақтар ............................ ............................................................230

Жалқы шумақтар .................... ............................................................ 233

Бірқақпайлар ....... ...... . ............. ............................................................235

Алпысыншы көктемім ..................... ......................................................237

Айтыстар ..... . ............................ ............................................................ 238

ӨЛМЕС ӨЛЕҢ БОЛЫП ҚАЛДЫҢ ХАЛҚЫҢДА!

АПБАЗ ҚАРАЖІГІТОВ ......................................................................... 258

НҰРӘСИЛА БӘРМЕНБАЕВА ............................................................. 259

МАХАМБЕТҚАЛИ ТҰРСАНҰЛЫ .......................................................260 ЯХИЯ

ACATОB ..................................................................................... 261

ОРАЗӘЛІ БАЙДІЛДА ....................................................................... 264

САҒЫНДЫҚ ТҰРДАЛИЕВ......................................................... 265

БАТЫРБЕК МЫРЗАБЕКОВ...................................................................266

ИБРАҺИМ БЕКМАХАНҰЛЫ ...............................................................267

МӘУИЯ БЕКМАҒАМБЕТОВА............................................................275

MҰCA ТІЛЕУOB ...................................................................................277

ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАРОВ ........................................................................280.

БҰҚАР АМАНГЕЛДІ ........ ................................................................... 282

ҒАЗИЗ ЕШТАНАЕВ ............................................................................. 283

АМАНЖОЛ ОМАРОВ .........................................................................284.

МҰҚАШ СЕЙІТҚАЗИНОВ .................................................................285.

ӨМІРЖАН КӨПБОСЫНОВ .................................................................286

ҒАЛИЛ ЖӘНІБЕКОВ ............................................................................288

ҮМІТКҮЛ ТРАЙЫСОВА ....................... .............................................290

ДӘУРЕНБЕК БҰЛАНБАЕВ .................................................................292

ДӘУЛЕТБАЙ ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ .......................................................295

АБДОЛЛА ДАСТAHOB ........................................................................296

HҰPJIAH ЖҰМАБAEB ........................................................................302

МАРҒҰЛАН БРАЛИНОВ.......................................................................303

ӘБУЛАЙС МУЛАКОВ ............................................................... .........304

ҒАЙШАШЫНБОЛАТҚЫЗЫ...............................................................305

ҚАЙСАР ДІЛДЕБАЕВ ...........................................................................306

ЖАЙНА ДІЛДЕБАЕВА ........................................................................307