52
Сонымен, қазақы қолөнердің көсегесін көгертеміз деген дүлей мақсатты алға қойған «Сарайшықтан-Астанаға!» атты этно-мәдени экспедициясының да соңғы шарасының бірі ретіндегі «Таралғы» да өте шықты. Мақсаты - экспедиция барысында анықталған ісмерлер мен шеберлердің өнерін дамытуға, жалпы, қазақы қолөнердің қайтадан жандануына атсалысу үшін жергілікті атқамінерлер мен іс басындағы азаматтарды жұмылдыру еді. Өзгеге өкпе арту өмір мен өнердегі ең оңай шаруалардың бірі екендігін ұғынамыз, десек те, далиған дақпырттың айналасында шауып жүретін кейбіреулер нақты іске келгенде шаңын да көрсетпей кететін әдеті қазіргі күні қолөнерді қайтадан дамытуға шынайы қолбайлау болып отыр. Ұлт ұстынын ұқтыратын ұғымтал шаруалардың бастысы дастархан басындағы көк езу әңгімеден әрі аса алмайды. Неге? Бұрын дамытуға өзгелер кедергі келтірді, егемен ел атанғанда кім кедергі? Найлыған немқұрайдылығымыз ғана! Шынайы өнерімізді шыңға көтеретін шақта, шартарапқа шаппай, Алаш деген бір шаңырақтың астында туып- өскендігімізді білдіріп, аталар арманын асқақтатайық! Шалғайдағы қолөнер шеберлері мен ісмерлердің өнерін дамытуға баршамыз болып атсалысайық. Бүгінгінің қызметін ертеңгіге аманаттап жүре беретін кезең өтіп кетті, ендігі немқұрайдылығымыз өнерімізді жардан жығып, құзға құлатады. Бұл бізге керек пе?!

Ақ Желкен Журнал 6

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Ақ Желкен Журнал 6

Citation preview

Page 1: Ақ Желкен Журнал 6

Сонымен, қазақы қолөнердің көсегесін көгертеміз

д е г е н д ү л е й м а қ с а т т ы а л ғ а қ о й ғ а н

«Сарайшықтан-Астанаға!» атты этно-мәдени

экспедициясының да соңғы шарасының бірі

ретіндегі «Таралғы» да өте шықты. Мақсаты -

экспедиция барысында анықталған ісмерлер мен

шеберлердің өнерін дамытуға, жалпы, қазақы

қолөнердің қайтадан жандануына атсалысу үшін

жергілікті атқамінерлер мен іс басындағы

азаматтарды жұмылдыру еді. Өзгеге өкпе арту

өмір мен өнердегі ең оңай шаруалардың бірі

екендіг ін ұғынамыз, десек те, далиған

дақпырттың айналасында шауып жүретін

кейбіреулер нақты іске келгенде шаңын да

көрсетпей кететін әдеті қазіргі күні қолөнерді

қайтадан дамытуға шынайы қолбайлау болып

отыр. Ұлт ұстынын ұқтыратын ұғымтал

шаруалардың бастысы дастархан басындағы көк

езу әңгімеден әрі аса алмайды. Неге? Бұрын

дамытуға өзгелер кедергі келтірді, егемен ел

а т а н ғ а н д а к і м к е д е р г і ? Н а й л ы ғ а н

немқұрайдылығымыз ғана! Шынайы өнерімізді

шыңға көтеретін шақта, шартарапқа шаппай,

Алаш деген бір шаңырақтың астында туып-

өскендігімізді білдіріп, аталар арманын

асқақтатайық! Шалғайдағы қолөнер шеберлері

мен ісмерлердің өнерін дамытуға баршамыз болып

атсалысайық. Бүгінгінің қызметін ертеңгіге

аманаттап жүре беретін кезең өтіп кетті, ендігі

немқұрайдылығымыз өнерімізді жардан жығып,

құзға құлатады. Бұл бізге керек пе?!

Page 2: Ақ Желкен Журнал 6

4

АЛАҢДА ТАРТЫЛҒАН АДЫРНА

РАШИД ҚҰЛБАТЫРОВ: «ҚАЗАҚТЫ САРАЙШЫҚ

АРҚЫЛЫ ТАНЫТАР ЕМ!»

«ПАҢDANҒА» ТАҢДАН!

ТАРАЛҒЫ

Ата заңға байланысты «Жерұйық»мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ата Заңды ата-жұртпенардақтау» атты Исатай-Махамбеталаңында шара ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылдың 28 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Атырау қаласында

Конституция күніне орай қала көріністері жанры бойынша республикалық

симпозиум өткізілген еді.

Жылдың басты қорытындысы- «Сарайшықтан-Астанаға!» атты этно-мәдени

эскпедициясының соңы немен аяқталғанын жұртшылыққа жариялау бүгінгі күн тәртібіндегі

басты тақырып. Экспедиция не үшін ұйымдастырылды, оның басты нәтижесі

қандай деген әркімнің көкейінде жүрген сауалға мейлінше түсінікті етіп

жауап беріп көрелікші.

«АқЖелкен» шығармашылық орталығы ашылғалы бері аймақтық өнер иелеріннасихаттаудан, жалпы алғанда өнерге жанашырболудан тартынған емес. Өнерді бұқарағатанытуды мақсат еткен шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Жерұйық»мәдениет орталығы» қоғамдық қоры Портрет жанрындағы «ПаңDan» көрмесін ұйымдастырды.

16

38

42

Page 3: Ақ Желкен Журнал 6

Сұлулыққа сыршылдықтың

тағамын сырғасын ...

Марта Баймұқашева, дизайнер:

Page 4: Ақ Желкен Журнал 6

АЛАҢДА ТАРТЫЛҒАН АДЫРНА

4

Page 5: Ақ Желкен Журнал 6

Атырау қалалық әкімдігі аяғынан тік

тұрып, киіз үйлерін құрып, салтанатты шараның

сән ін келт ірд і . Мұнда б ір ерекшел і г і

театрландырылған көріністер қойылып,

бабамыздан балаға мирас болып келетін

алтыбақан құрылды. Жастарымыз алтыбақан

теуіп, өткен күндерге шегініс жасаған болса,

қарттарымыз қауқылдасып мәз болды.

Ал, Құрманғазы ауданынан келген киіз үй

тігушілер көпшілікке домбыраның жасалуын,

аталған аспаптың шығу тарихын таныстырып,

сондай-ақ, қолөнер бұйымдарының жасалуынан

хабардар етті. Сондай-ақ, Исатай ауданынан

келген шығармашылық топ, қайыстан түйін түйіп,

қамшы өрудің қыр-сырына қанықтырған болса,

индерліктер ер-тұрманның жасалуын, ат-

әбзелдерінің басқа бұйымдарының қалай

жасалу керектігін түсіндірді. Ал, махамбеттіктер

киіз үй алдында әжелердің киіз басуынан көрініс

көрсетіп, өткен ғасырды елестете білді.

Қызылқоға ауданы алаша тоқудың үлгісін

көрсеткен болса, Мақат ауданы көрік қыздырып,

сом темірді иіп, ұсталардың бейнесін сомдады.

Ал, Жылыой ауданы киіз үйдің жабдықтарын

тамашалатып, жалпы, киіз үйдің құрылу үлгісін

көрсетті, көпшілікке. Сонымен қатар, «Нарын»

ф о л ь к л о р л ы қ ұ л т - а с п а п т а р о р к е с т р і

Құрманғазы қарттың күйлерін бебеулетіп,

алаңға жиылған ағайынның қошеметіне бөленді.

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық

қорының экспедиция барысында жүріп өткен

жолдары бейнефильм арқылы көрермендердің

жүрегіне жол тартқан болса, экспедиция

барысындағы сәтті түсірілген суреттер көрмесі

ұйымдастырылды.

5

Page 6: Ақ Желкен Журнал 6

Орталыққа жиналған адамдар барлығына қызыға қарап, тамсана таңдай қақты.

«Өнерім өз еліме арналады, өнеріме жасаймын жарнаманы» деп ақындарымыздың

бірі жырлағандай, өзіндік өнерлерін өзгелерге паш етушілерде табылды, бұл алаңнан. Атап

айтар болсақ. Құрманғазылық Надя Саматқызы өзі басқан түскиіз бен тоқыған алашасын

алаңға жайып сап, тамашалаушылардың қызығушылығын арттырды. Киіздің басылуы мен

алашаның тоқылу технологиясын түсіндіріп, сайып келгенде ерінбей еңбектенуді қажет

ететіндігін айтып өтті. Махамбет ауданына қарасты Бақсай селолық округінің тұрғыны, сол

өңірге танымал ісмер былайша айтқанда он саусағынан өнер тамған Қарлығаш Жұмалиева

алаша тоқып, түскиіз басып, ши тоқып, кілем, кілемше тоқудың әдіс-амалын айтып берді.

Мақат ауданы Доссор кентінің тұрғыны Майра Қожамбетова әжесі Майжаннан қалған

асыл бұйымдарының шығу тарихын айтып, зергерлік бұйымдарын көпшілікке таныстырды.

Күмістен жасалған жүзіктер көпшіліктің көзайымына айналды десек сөзден

жаңылысқанымыз емес. Сондай-ақ, экспедиция барысында сапарлаған облыстың зиялы

қауым өкілдерінің бірі, облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының

орынбасары Абат Кенжеғалиев: - Бүгінгі таңда ұмыт бола жаздаған ұлттық өнеріміздің қайта

6

Page 7: Ақ Желкен Журнал 6

жаңғыруына жұмыстанып жүрген «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының

еңбегін бағалауға болады. Себебі, өшкенімізді қайта жағуға жұмыстанған Нұрберген

Әбдірешұлының бұл бастамасын жалпы, көпшілік қуана қабылдады. Бұған экспедиция

барысында толықтай көз жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда бұл игі іс әлі де жалғасын табуы

керек. Біздің қазақтығымызды бұқараға таныта алатын төте жолдың бірі – ұлт өнерін

асқақтату, –деді өз сөзінде.

Орынды ой, көңілге қонымды пікір. Бұдан соң, экспедиция мүшелерінің есімдері

аталып, орталық алаңның төріне шақырылды. Мұндай бастамаға аудан жұртшылығы разы

екенін жеткізді Құрманғазы ауданындағы «Мақаш» өндірістік кооперативінің төрағасы

Өмірзақ Қажымғалиев. Сөз орайы келген сәтте «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының

директоры Нұрберген Әбдірешұлы өз ойын ортаға салып, шараға атсалысқан азаматтардың

барлығына алғысын білдіре отырып, аудандардан келген қолөнер шеберлері мен мәдениет

басшыларына Алғыс хаттар табыстады. Алаңда тартылған адырнаға келген көпшілік

Н. Жантөрин атындағы филармония мен Атырау қаласы өнерпаздарының концертін

тамашалады. Асантемір Қаршығаұлы

Атырау облысы

7

Page 8: Ақ Желкен Журнал 6
Page 9: Ақ Желкен Журнал 6
Page 10: Ақ Желкен Журнал 6

КӨҢІЛДІҢ - «КӨЗЖАНАРЫ» КӨРЕРМЕНДЕ...

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығы

өнерлі жандардың өрлеуіне жоспар құрып,

көптеген көрме ұйымдастырып келеді. Осы

жүйелі жоспар аясында «Жерұйық» мәдениет

орталығы» қоғамдық қорының қызметкерлері

жұмыла жұмыс жасаған болатын. Бұл орайда

ерекше аттары аталуға тиісті жігіттер болса, олар

– Борис Грустнов, Нұрбол Мұғалім, Руслан

Жолдыбаев, Нұрболат Паңгереев еді. Өз істеріне

мығым жігіттер фото түсірудің хас шеберлері.

Мамыр айында басталған экспедицияның басы-

қасында болып, ертелі-кеш тынымсыз еңбек

еткен жігіттердің қайсысы болса да «Сен тұр, мен

атайын» дейтін сайыпқырандар.

Аты аталған азаматтардың еңбектерін

ескерусіз қалдыруды қаламаған «Ақ

Желкен» шығармашылық орталығы 28-

тамызда «КөзЖанар» атты фото көрме

ұйымдастырды. Кешкісін басталған

фотокөрмеге аттөбеліндей болса да

тамашалаушылар қатысып, өз бағаларын

берді. Ортадан шығып сөз алған қолөнерші

Нафиса Жалмұхамедова: - Жалпы,

шығармашылық орталығына алдымен

айтар алғысым шексіз. Себебі, өнерге

бейім қай адамдарды да болмасын

бағалап, барынша қолдау танытады.

10

Page 11: Ақ Желкен Журнал 6

11

Page 12: Ақ Желкен Журнал 6

Біріншіден байқап қарасақ, осының өзінде алар тәлім-тәрбие бар болса, екіншіден өнер

адамының қанаттануына жол ашып беріп отыр. Осындай мүмкіндік жасап отырған

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығының қызметкерлерінің еңбектері жана берсін, -деген

ой-тілегін ортаға салды.

Аталған көрмеге экспедияция барысында түсірілген барлығы 140 сурет қойылды.

Көрме тамашалаушылардың талғамынан шыққандығын көрермендердің көзжанарларынан

аңғардық десем, артық айтқандығым болмас. Қызығушылығы артқан жастарымыздың

көрмеге деген көңілдері толды деп есептейміз. Шара соңында фотосуретшілерге

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығының директоры Нұрберген Дәулетов алғыс хат

табыстады.

Асантемір ҚаршығаұлыАтырау облысы

12

Page 13: Ақ Желкен Журнал 6

13

Page 14: Ақ Желкен Журнал 6
Page 15: Ақ Желкен Журнал 6
Page 16: Ақ Желкен Журнал 6

РАШИД ҚҰЛБАТЫРОВ:

«ҚАЗАҚТЫ САРАЙШЫҚ АРҚЫЛЫ ТАНЫТАР ЕМ!» Үстіміздегі жылдың 28 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Атырау қаласында

Конституция күніне орай қала көріністері жанры бойынша республикалық симпозиум

өткізілген еді. Аталмыш көрмеге Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларынан

16 суретші қатысып, өңірдің бейнелеу өнерінде өшпес із қалдырды деуге әбден негіз бар.

Симпозиум барысында салынған 100-ден астам туынды Атырау қаласының бейнелеу өнері

қорына тапсырылды. Келген қонақтардың ішінде қарапайым тілмен айтсақ, осы қалайы жоқ .

Десек те, соңғы әзірде Қазақстанның бейнелеу өнерінде аты жиі ауызға ілігіп жүрген

шеберлердің ішінде Рашид Құлбатыровпен емін-еркін тілдесуге мүмкіндік туып,

туындыгердің келелі мәселелерге деген пікірін білген едік.

Сонымен, сәті түскен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз, ал, жоғарыда аталған

симпозиумға қатысқан өзге суретшілермен болған сухбаттармен газетіміздің алдағы

сандарында таныса аласыздар.

16

Page 17: Ақ Желкен Журнал 6

17

Page 18: Ақ Желкен Журнал 6

- «Қысқа сауалдың қысқа жауабы

адамның нақтылығын байқатады» дейтін

әңгіменің ақиқатқа қаншалықты жақын

екендігін көрейікші. Мақтағанды жақсы

көресіз бе?

- Жоқ. Егер өнер адамы өз ісіне

шынайы беріліп, күндіз-түні еңбектене

жүмыс жасайтын болса, шеберлігін шыңдай

түсу үшін іздене білсе, оған мақтанудың

қажеттілігі жоқ, ал онымен мақтана білу ол

бөлек әңгіме. Ізденгіш, еңбекқор өнер

иесінің деңгейі әркез білініп те, көрініп те

тұрады. Осында жан- жақтан келген өнер

адамдарының басты мақсаттары деп бір-

бірімен пікір алмасу, тәжирибе бөлісу,

өлкелердегі өнер жаңалығымен бөлісу.

Осы бағытта айтар әңгіме тіні симпозиумды

ұйымдастырған Нұрберген Дәулетов

мырзаға, жалпы, Атырау жұртына

бұрылады.

Айтар алғыс мол, ризашылығымыз шексіз.

Әрине, өзге өңірлерде де өтіп жатқан

болар, бірақ, мына симпозиумның жағдайы

тым бөлек біз үшін. Суретшілерді сағына

түскен атыраулықтар үшін де солай болар

деп есептеймін. Осындай кездесулер

арқылы тек симозиумды ұйымдастырып

отырған Атырау қаласы емес, біз қандай

ғажайыпқа кездесіп отырмыз десеңізші.

Көбіне- көп өнер сапасын көтеру туралы

әңгіме қозғалғанда, оның жолдары туралы

пікір қайшылығы жиі кездесіп тұрады.

Менің ойымша, әр аймақтағы өнер иелері

арасындағы байланысты үдету, тәжірибе

алмасуды көбейту арқылы да өнер

сапасының артуына қол жеткізуге болатын

сыңайлы.

– Деңгей туралы әңгіме қозғадыңыз, осы симпозиумға қатысты бұл бағытта не айтар едіңіз? Ешкімді бөліп-жармағаныңызбен, сіздің көңіліңізден шыққан суретшілерді атап берер ме едіңіз?

- Бұл жерде деңгей дегенде бір

суретшінің біреуден ілгері немесе біреуі

төмен дегенді айтып отырғаным жоқ.

Еңбектену, іздену арқылы көрінген

ерекшелігін өзге шеберлермен бөлісу,

осылайша өнер иелері арасындағы

ынтымақтастықты көтеру, сапаның

артуына қол жеткізу. Суретші үнемі

еңбектенуі керек, ізденісті бір сәтке болса

да дамылдатпауы тиіс, ой үстінде болған

туындыгер қажетті нәтиженің дәмін татады.

Күніне кем дегенде екі сурет салуы тиіс,

карындашпен эскизін жасап, ізденіс іргесін

бекітуі қажет деп білем. Әлгі Құдай берген

талантына ғана сеніп, айына бір рет қана

тиіп- қашып сурет салып жүрген суретші бір

күні көштен қалатыны, дамымайтыны да

белгілі. Былайша айтқанда, әр кәсіп иесі

секілді суретші де күн сайын дерлік

тынымсыз еңбектенуі керек.

18

Page 19: Ақ Желкен Журнал 6

19

Page 20: Ақ Желкен Журнал 6

Айталық, байтақ қазақ даласында осы

суретшімін деген жанға игерер тақырып та

көп, қылқалам арқылы көтерер мәселе де

жеткілікті. Көне қорымдар мен қазіргі

зәулім сарайлары бар қалалардың өзінде

айтылмаған қанша сыр жатқанын үңіліп,

зерделеген ғана біледі . Қазақтың

қарапайым ою-өрнегіндегі әсемдіктің өзі

қандай? Киіз үй жабдықтарындағы

бейнелеу өнеріне тосын сый жасар тәбәрігі

қаншама? Осының барлығын ұға білсек,

өзімізге де пайда, өзгеге үлгі болар еді деп

ойлаймын.

- Яғни, бүгінгі бейнелеу өнеріне

ұлттық нақыштың берері әлі де мол

демекшісіз ғой...

- Әрине! Алысқа шаппай осы өңірді

алайықшы. Зергерлерінің аты алысқа

шыққан, ісмерлері ірілерді мойындатқан,

ұсталары ұлықтардан да мықты болған

аймақтың болашаққа өнер жөнінен әлі

айтары мол деп есептеймін. Осы Атырауда

70-80 –ге жуық суретші бар деп естимін.

Өзіңіз еслестетіп көріңізші барлығы бірігіп

ортақ тақырыпқа қатысты бір мәселені

көтерсе. Айлапат күш емес пе?! Әрине,

қиялдағыны әсерілеп айтамын деп артық

кетіп отырған шығармын, бірақ, ұлттың

өнері біріксе көтерілетінін ғана мысалмен

келтіргендегім деп есептеңіз.

- Жақсы, жалпыдан жалқыға

көшейікші. Сіз ұлт мәселесі туралы әңгімені

айтып отырсыз. Ал, өзіңіз қазақты таныту

үшін не істер едіңіз? Айталық, Рашид

Құлбатыровқа бір шығармасы арқылы

қазақты таныту керек деген тапсырма түсті

делік, қай тақырыпты қолға алар едіңіз?!

- Дәл осындай тапсырма түссе,

ойланбастан Сарайшық арқылы танытар

едім қазақты. Бейнелеу өнері арқылы

қазақты осыдан артық танытатын

мүмкіндік жок десем, артық кетер едім,

алайда, армани қиялды жеткізу үшін

жарқыратып шығаруға бірден- бір жол осы

Сарайшықтың тарихын, аңызын бейнелеу

арқылы жеткізуге болар еді. Алғашқы рет

Сарайшық пен алтын қайық аңызын

Молдаш Бердімұратовтан естігенде,

керемет шабыттандым. Бірнеше шығармам

осы Сарайшық аңызына арналып

жазылды. Анау Сүйімбике, Шекеркөл

аңызының өзі қандай тамаша?! Ел билеген

тарихи тұлғасы бар бұндай аңыздары бар

халық әлемде некен саяқ деп есептеймін.

Әлі толығымен зерттеліп болмаған

Сарайшық бізге дейін болған, біздің

замандастарымызға да, бізден кейін

келетін өнер адамдары әлі талай дем

берері хақ. Мен әлемге қазақты Сарайшық

тақырыбы арқылы танытар едім!

20

Page 21: Ақ Желкен Журнал 6

21

Page 22: Ақ Желкен Журнал 6

- Танытамын дегеннен шығады, осы суретші

атаулымен тілдесе қалсаң, «біз суретшілер... біздің

арамызда... суретшілер бөлек ойлайды» деп

даңдайсыйтандай әңгіме қаузап қоя береді. «Ау,

мықты болсаң әлем мойындаған бір суретіңді

көрсетші» десең, күмілжіп тағы қалады. Сіз не айтар

едіңіз?

- Өзім туралы айтайыншы. Мен әлемді

мойындату үшін емес, қазақты таныту үшін еңбек етіп

келемін. Қазақтың өмірі мен өнегесін, көркем өнерін

еңбекпен, ізденімпаздықпен ғана таныта аламыз.

Енді сауалыңыздың ауанына келер болсам, бұл

жерде суретшілердің әр нәрсенің астарынан

сұлулықты іздейтұғын, көркемдіпен, әсемдікке

әуестігін айтатын шығар. Әйтпесе, суретшіден асқан

кішіпейіл, қарапайым өнер иесін көргенім жоқ. Көзбен

көргенді сол күйі жеткізе салмай, өзіндік ой өрнегімен

айтарыңды жеткізе білудің ерекшелігін айтқан шығар.

Енді аз- кем мақтанпаздығы болар (күледі- Қ.К),

бірақ, бұл барша қазаққа тән қасиет, ал суретшілер

болса, халқынан ажырап көрмеген, сонысымен

мықты танылған өнер иелері ғой. Ендің рас, кейде

кейбір суретшілердің жүріс- тұрысында, тіпті киім

киісінде тұтас бір ағымды немесе заманын білдіріп

жүретін тұлғалар болады. Мысалы, біздің Әдекеңді

(Әділқайыр Жантасовты - Қ. К.) алайықшы. Сонау

өткен ғасырдың 70-інші жылдары мықты дамыған

бейнелеу өнерінің өкілдерін, сол заманның өзін

көргендей боламын Әдекеңнің бейнесі арқылы. Бұл

адам ауытқуды, жеңіл-желпі сәнге ауысып кетуді

білмейтін, өнер өлкесіндегі өрен тұрақтылықты

сездіріп жүретін кейінгіге ықтасын, алдағыға арқа

бола білген дария кеуделі азамат!

- Шығармашылығыңыз ауыл тақырыбына молынан арналғанын көріп, қай жердің тумасы екендігіңізді сұрамау қиындау болып отыр. Осы тығырықтан шығарсаңыз...

- Ұзақ жылдардан бері

Алматыда тұрып жатқаныммен,

негізі дұрыс байқадыңыз ауыл

баласымын. Жем, Сағыз бойының

ж і г і т і м і н , А қ т ө б е о б л ы с ы ,

Байғанин ауданының перзентімін.

Ақындар Бәкір Тәжібаев пен Сағи

Жиенбаевтің, Сақтаған Бәйішев

секілді ғұлама тұлғалардың

ж е р л е с і м і н . С о л е л і м н е н

қ а н а т т а н ы п ш ы қ қ а н м е н

б и і к т е с е м т е к а у ы л ы м м е н

биіктеймін, өрлесем еліммен бірге

өрлеймін деп армандаймын!

- А р м а н ы ң ы з ғ а қ о л

жеткізіңіз! Әңгімеңізге рахмет!

Қаршыға Көшеков

22

Page 23: Ақ Желкен Журнал 6

23

Page 24: Ақ Желкен Журнал 6

ФИРМАЛЫҚ

СУВЕНИРЛЕР

Page 25: Ақ Желкен Журнал 6
Page 26: Ақ Желкен Журнал 6

Эльвира ЖҰМАЖАНОВА: «ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР БІЗГЕ ДОСЫНДАЙ СЕНЕДІ!»

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығындағы өнері мен өміріндегі үйлес ім ід іл ік салтанат құрған жандардың бірі- тапсырыс қабылдау б ө л і м і н і ң ж е т е к ш і с і Э л ь в и р а Жұмажанқызы! Заңғайыр заманда зады мен затын жоғалтып алған қоғамның жетегінде кетпей, зайырлы тірліктің тінін жарқырата білген Э л ь в и р а Ж ұ м а ж а н қ ы з ы м е н оқырмандарымызды жақынырақ таныстырғанымыз артық болмас.Қазақ өлеңіндегі сезім патшалығының б е к з а д а с ы а т а н ғ а н Ж ұ м а т а й Жақыпбеков «Ажары мен ақылы сай келген арулар, армандардың асыл тасы ән арнар» деп еді кезінде. Расында да, осы ақынымыздың сөзі Эльвира Жұмажанқызына дәл айтылғанындай көрінеді де тұрады көпті көрмесе де, көргенінен көпті түйе білген бізге. Әйтпесе, Эльвира Жұмажанқызының өз ісіне деген ұ с т а н ғ а н қ а ғ и д а л а р ы н о қ ы п қарағанда, басқалай ой түю мүмкін емес. Оқып көресіздер ме: -Кәсіби шеберлік дегеніміз: ә) Құдай берген сымбат; а) өз кәсібіңді табу; б) Ақылды адамдармен жұмыс жасау. Менің ойымша, Құдай мені сымбатқа зәру еткен жоқ. Өз кәсібімді таптым деген ойдамын. Сіздің де ақылды адам екендігіңізге шүбә келтірмеймін!-деп жазыпты Эльвира Жұмажанқызы. Парқы мен пайымы қатар шапқан ойдың жемісі бұл. Ал, күнделікті қызметіндегі әңгімесін тыңдасаңыз тіптен таң қаласыз.

26

Page 27: Ақ Желкен Журнал 6

Мысалы:

-Ақ желкен шығармашылық орталығына күніне тапсырыс беруге 50 шақты адам келеді. Біреуі

қала тұрғыны болса, біреулері аудандандардан келіп жатады.Әрқайсысының қалауын тауып,

берген тапсырыстарын орындап жатамыз. Көптен бері тапсырыс беріп жүрген тұрақты

тапсырыс берушілеріміз бар, олар бізге таныс достарымыз секілді болып кетті. Әр күн жаңа

таныс, жаңа дос тауып жатамыз. Менеджердің ең басты міндеті - бұл адам танып білу, біз

психолог та, дос та, ақылшы да болуымыз қажет.Біздің басты мақсатымыз - әр күнді жақсы

көңіл-күймен бастау, өйткені, тапсырыс берушулер біздің назарымыздан көңілді әсер

алатындай болуы керек. Сапалы жұмыс та, мықты іскерлік байланыс та осының бастау

бұлағында тұрады емес пе?!- дейді тапсырысты қабылдау бөлімінің жетекшісі. Лажсыз

келісесің, ең алдыменен өзгеге ілтипатпен қызмет көрсетпесең, өзіңе тиісті ірілікті де күту

қажет емес! Шынайы досына ғана адам сеніп, шаруа тапсыра алады. Артылған сенімнің

үдесінен шығу да сол адал жанның ақылына байланысты. Сондықтан болар, Эльвира

Жұмажанқызының «Бізге тапсырыс берушілеріміз досындай сенеді!»-дейтіні. Яқи, «Ақ

Желкен» шығармашылық орталығындағы қызметкерлердің баршасы дерлік достың

аманатына қиянат жасамайтындай қызмет атқарады!

Жалпы, қарапайым тірліктегі Эльвираның Жұмажанқызының ашық-жарқын мінезі де

айналаға әсемдік сыйлап, шартарапқа шуақ шашып жүреді. Лайым, осы көңілінен

ажырамасын дейміз дағы, тамаша табыстарының тартуы таңсәрідей таң қалдыра береріне

де үмітімізді үкілейміз!

Қаршыға Көшеков,

журналист

27

Page 28: Ақ Желкен Журнал 6

ТАБЫСТЫ ЕЛДІҢ ТАРТУЫ

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығының

арт-галереясында ел экономикасының алтын

арайлы шуағын төктіре білген мұнай-газ саласы

қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған

көркемсурет көрмесі өтті. Ел еңсесін еңсерген

елеулі саланың майталмандарына арналған

көрменің көрермен үшін ой тастар пайымы, көрік

берер көркі бар деп білеміз. Нарықтың нар жүгін

көтерген мұнайшылардың ел парығына пайым

қосқан үлестерінің бірі ретінде аталмыш көрмені

атауға болады.

Бұл көрмеге Исім Арыстанов, Отарбай

Кендір, Гүлшат Иманғалиева, Жанәбіл Рахметов,

Лаура Тілекбай және т.б. жергілікті көркемсурет

шеберлерінің 70-ке тарта туындылары қойылды.

О с ы м е н е к і н ш і ж ы л қ а т а р ы н а н

ұйымдастырылып отырған көрмеге жиналған

көрермен де көп болды. Алғашқы болып сөз

сөйлеген «Ақ Желкен» шығармашылық

орталығының директорының орынбасары Азамат

Қанатов жалпы көрменің мән-мақсаты туралы сөз

ете келе, көрермендерге көрікті көрмені

тамашалауды ұсынды.

28

Page 29: Ақ Желкен Журнал 6

29

Page 30: Ақ Желкен Журнал 6
Page 31: Ақ Желкен Журнал 6
Page 32: Ақ Желкен Журнал 6

ҚҰРМАНҒАЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮЙ МЕКТЕБІ

Халқымыздың күй өнерінің жарық жұлдызы, елімізді екі шекті аспабымен ендіктер мен бойлықтардың бәріне танытқан дәулескер орындаушы – Құрманғазы жайлы арғы-бергіде аз жазылған жоқ. Осыдан ғасыр жарым уақыт бұрын әскери журналист Н.Савичевтен бастап, кешегі-бүгінгі жазушы-журналистер, ғалымдар, өнер иелері толғаудай-ақ толғады. Бірақ олар қалай толғады, қай қырын көрсетті, мәселе сонда. Оның басты себебі, кешегі қырқыншы жылдардың басына дейін Құрманғазы туған өңір Батыс Қазақстан облысы аймағында болды да, құжаттарда солай жазылып кетті. Әрине, бұл арада тақырыпқа өзі дендеп көрмеген, болмаса ғылымнан хабары жоқ адамға бәрі байжұма екені де белгілі. Осыдан кейін олар кеңес дәуірінің үрдісімен Жәңгірді жауыз, Исатайды итаршы бүлікшіл, Махамбетті ақкөз, Бөкейді билік құмар біреу деп сырттай тон пішіп, менбілемдікке баруы мүмкін. Шындығында бұл үлкен қателік немесе түйесі жоғалмағанның бәрі ақылды дегендей, сырттай тон пішу, дұрысы қарабайырлық. Құрманғазының күйшілік қыры біршама зерттеледі де өмірбаяндық жолы әлі біріге түскен жоқ. Соның салдарынан ол бір әдебиеттерде Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған деп есептелсе, енді бірінде Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында дүниеге келген деп жазылады. Бәрі академик Ахмет Жұбанов пен тарихшы ғалым Исатай Кенжалиевтің нұсқалары. Шындығында ол Құрманғазы ауданының Жиделі құмында туылған. Әлі күнге Сағырбай қыстауының, сондай-ақ 8-9 жасынан Шаңбала, Өтешқали байлардың қозысын бақса, олардың қыстау орындары әлі бар. Кейін артынан қудалау көбейіп, түрме түбіне көбірек қонақтаған соң қоныс өзгертіп Жаңақаланың 16 ауылына қарасты Көктерек деген жерінде біраз тұрады да, соңынан аз ғана уақыт Шортанбайда, одан Астараханның Сахмасына көшіп келеді. Өйткені онда Құрманғазының Жиделісінен қоныс аударып, балық кәсіпшілігіне араласып кеткен ауылдастары және тұрмыстағы ең жақын бір қарындасы да өмір сүріп жатқан. Күйшінің мұндай шешімге баруына ол Астрахан түрмесінен қашып шығып, жиені Мақаш әкімнен басына бостандық алуға көмек сұрай барғанда, Сіз енді Жиделіні ұмытыңыз, өйткені Ордада әлі күнге жабылмаған ісіңіз жатыр. Сондықтан ол жаққа аяқ бассаңыз тағы да ұстап, қамайды. Қалған өміріңізге қолайлы жер Астраханның теңіз бетіндегі мың аралдың бірі, туыс, ауылдастарыңыздың арасы – Сахма болып табылады. Керек болса, мен уақытша кеңестің басшысы генерал-губернатор Лазаревскийден «Құрманғазы енді ешкімге де зияндық істемейді, өзім кепіл боламын» деген (А.Жұбанов, «Құрманғазы», А. 1278.122-б) анықтама алып берейін» деген ұсынысы еді. Осыған сай күйші аталған ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарының орта шенінде көшіп келіп, жиырма жылдай өмір сүреді. Алғашында бір жерге үш күн отырып, қонысын аудара беретін күйші кейін кәдімгідей тұрақтап, жаңа жерде біраз жыл ғұмыр кешеді.

32

Page 33: Ақ Желкен Журнал 6

Міне, осы жайларды нақтылап, (болашақта) жүйелеу, нүктесін қою керек. Ә й т п е с е , ә л і к ү н г е Қ ұ р м а н ғ а з ы н ы а т ы р а у л ы қ т а р б і з д е , а л батысқазақстандықтар болса өздерінде туған деп есептейді. Бірақ, Жаңақалада жүрген қызылқұрттардың ел құрып, су құрып, Астраханның әр жағы, теңіз қолтығына тығылып несі бар еді, одан суы, нуы бар Көктерегі мен Фокейінде жүре бермей ме? Қазыны өзінен бұрын Астрахан бойында балықшылық қызметке орналастырып, өзі ту анау Манаштың Есенқұлынан қыз алып, түтін түтетіп қайтеді? Көрдіңіз бе, осының бәрі әлі нақтылап зерттеуді, жүйелеп қағазға түсіруді қажет етеді. Өйткені бұл тарих, ғылым. Тағы бір айтар жай, Құрманғазының күйімен қоса ол шығарған әндерді де зерделеген дұрыс. Сонымен қатар, ол Шөкен сынды Адайдың қызымен айтысып, өз басына қатысты көп жайларды өлең жолдарымен жеткізген оның ақындығы да бар. Одан басқа өлеңдері қаншама? Ел ішінде күйшіні көріпкелдігі, аздаған тәуптігі де бар емші еді дейді. Ол қалай, нақтылап, зерделей түссе, қалған уақытта күйшіні асқан тәуіп, емші еді дей қоймаспыз, бірақ не нәрсені де тереңдеп зерттеп, біле түскеннің артықтығы жоқ қой. Сондай-ақ оның арқанын құлатып, белдескенін жығатын мергендігі мен палуандығы, жауды көрсе делебесі қозып, төбесінде бұлт үйірілген батырлығы барлығы жайлы да әңгімелер көп. Ол да нақты ізденісті, жүйелеп хатқа түсіруді қажет етеді. Өйткені жеке тұлғаның болмысы осындай қырларымен толысып, өрнектеледі ғой. Енді күйшінің шығармашылық қырына үңілейік. Бұл турасында кезінде өнертану ғылымының майын ішкен Александр Затаевич, Ахмет Жұбанов, Петр Аравин бастаған талай ғалым зерттеді, айтты. Сөйтіп, оның бізге жеткен 76 күйінің кім арқылы, қалай, қанша нұсқада жеткендігі, орындалу еркешелігі туралы жіп қалдыра жазды, айтты. Сондықтан өткенді қайталап, жаңғыртып жатудың қажеті жоқ. Бірақ осы тұста да қаперге салар жайлар бар. Ол Құрманғазы шәкірттерінің кейбірі кезінде өздері шығарған күйлерді, көбіне алғашқы туындыларын өзімдікі деп айтуға қаймығып, тіпті ыңғайсызданып, «Бұл Құрекеңдікі еді» деп айтып жібергенге ұқсайды. Кейбірі білместікпен де Құрманғазыға теленіп кеткен. Ондайлар біреу-екеу емес, әлденешеу болса керек. Солардың ішінде Ерғали Есжановтың біраз күйі бар сияқты. Оны күй табиғатын дөп басып, жақсы танитын ғалымдар да, орындаушылар да айтады. Тағы бір қатерге алатын нәрсе – Құрекеңнің күрескерлік шоқтығын биіктетеміз, халықаралық деңгейге жеткіземіз деген жалған дақпыртпен оны революция көсемі В.И.Ленин отырып қайтқан Үркіт жағы, Сібір ормандарының сыңсыған самырсымдары арасында отырып қайтты деп «Сарыарқа», «Алатау»

33

Page 34: Ақ Желкен Журнал 6

Жоқ, бұл жалған, Құрман күйші Мақсот Жолжанов айтқандай Жем өзенінің Желтауға бағыт алған тұсындағы ала-құла қырларды жергілікті халық Алатау десе, Төремұрат пен Нарымбайды нағашылап жүріп, сол Алатауды көрді, Қыз Данайдың қырғынымен әлектеніп әлгі Алатаудан арқа асты, оны жергілікті халық Сарыарқа деуші еді. Сол Сарыарқада желдей есіп, құстай ұшты, көңіл көкжиегін кеңейтті. Айбары асқақтап, айдарынан жел есті. Соның жемісі «Сарыарқа» күйі еді. Зерттеушілердің айтуынша Құрманғазының артында қуғыншы көп болғанмен, ол мейлі Орда, Орал, Красный Яр, Астрахан түрмелерінің қай-қайсысында да бірлі-екіден отырғанмен бәрінде жазасын аяғына дейін өтемеген, түгелдейінде қашып шыққан. Оған өзінің ғажайып өнерпаздығы, адамды тура қараса қаймықтырып, ықтыратын өткір көзі, қарулы қол күші, жоғарыда айтқан батырлығы да себепші болса керек. Тегінде Құрекең Ахмет Жұбанов, Петр Аравин дөп басып айтқанын түрмеге де көп түспеген, бірақ ұдайы қашып шығуына орай артына түскен құғыншыдан қудаланып баспаған жері жоқ. Мүмкін содан болар ол Астраханның Сахмасына 53 жасында келсе де, әрине бұл жер ортасына жетіп, есейген тұсы ғой, сонда да ол алғашында бір жерде үш күннен артық отырмай жиі орын ауыстырушы еді дейді кейін сол жылдарды көзімен көрген қария. Бұл әуелден із жасырып, көшіп-қонып үйренген Құрекеңнің қашанғы әдеті болса керек. Олай болса, ұлы күйшінің «Сарыарқа», «Алатау» күйлерінің шығу себептерін анықтау арқылы оның Үркіт жерінде, Алатауда болғанында нақтылауға, қай жерде, қандай түрмелерде өз жазасын өтегенін де нақтылауға болар еді. Енді біраз сөз Құрманғазының күйшілік дәстүр, күйшілік мектебі жайлы. Алдымен айтарымыз қазақтың күй өнері негізінен екі мектепке – төкпе және шертпе деп бөлінеді. Олардың бастау алар тұсын осыдан үш мың жыл бұрынғы тастағы домбыра бедерімен дәлелдеп жүрсек, одан кейін Қорқыт, Кербұқа заманы, Асан қайғы өмір сүрген дәуірлерге алып келеміз. Шертпе күйдің өзі Сайдалы Тоқа, Ақлима, Тәттімбеттерде өткен Арқа мектебі, Сүгір мен Ықыластарда қалыптастырған Қаратау, түстіктегі Жетісу шертпелері, Алтай бойы, Қытай, Моңғол қазақтарының қағыстары, үш шекті домбыра әуездері дегендей сан түрлі мектепке бөлінсе, төкпе күйдің өзі Арал, Шалқар, Шапқа тау мен Борсық құмдарының күй өнері шеберліктеріктерін жиыстырған Қазанғап мектебі, қазақы шеберлік пен қара қалпақ, түркімен қағыстарын тоқайластырған Маңғыстау саздары, оның ішінде Желтаудың Абылы, одан сабақ алған Тайсойғанның Тазбаласы Есбай мектебін қосыңыз. Өте екпінді, дауылдатып, буырқана орындалатын Нарын құмы қағыстары бұл нағыз Құрманғазының өз қолтаңбасы. Бірақ бұл мектептің өзі де бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Мысалы, адуынды төкпе қағысқа Құрманғазының өзі, Динаға келгенмен, Динаның өзі бір шығарманы өлеңдегі шумақ сияқты түрлі бөліктерге бөліп, айтар ойын әр шумаққа бөліп жеткізу шеберлігімен ерекшеленеді. Оны қазақтың күй өнерінде тек Рысбай Ғабдиев қана қайталай алды. Басқа ешкім, тіпті Дина күйінің табиғатын тани алады деген Рүстембек Омаров, Ғилман Әлжапповтардың өзі Динадай қайталай алмаған. Тегінде Дина күй өнерінің құпиясын өте шебер меңгерген ғажайып орындаушы болған. Сол шеберлердің көбі өзімен бірге құпиясын ашпастан кетті.

34

Page 35: Ақ Желкен Журнал 6

Ал Құрекең шығармаларында аса жүрдек екпін, шамадан тыс шабыт асқақ рух бар. Жанға жайлы лирикалық сипаттағы Дәулеткерей мектебі төкпе күй табиғатын терең кеңейте түсумен бірге тақырыптық аясын кеңейтті. Мәселен, «Жеңгем сүю», «Қаражан ханым», әйел тақырыбы, «Топан», «Охота», аңшылық, «Көроғлы», «Ысқырма», «Керілме», «Көңіл күй сәті». Үнінде қазақтың халықтық әуенін қоса қалмақ, орыс, түркімен музыка әуендерінің әуездері байқалатын Сейтек мектебін өнертанушылар ерекше жоғары бағалайды. «Жетім бала», «Шернияз» сияқты теріс бұраумен орындалатын Ақтөбе бойының Ахметов мектебін қалай ұмытарсың. Бірақ әңгімені бірыңғай төкпе күйге ауыстырып, оларды өз ішінен әлгіндей мектептерге даралап бөлсек те, мейлі әр күйшінің өзгелерге ұқсамайтын жеке-дара стилі, қолтаңбалары болса да бәрінің бастау алар қайнар көзі – біз айтып отырған төкпе күй мектебі. Төкпе күйдің әу бастан басқа мектеп сияқты өзіне тән орындалу заңдылығы болған. Соның ең бастысы – оң қолдың ішекті шерту шеңбері домбыра шанағындағы қақпақ шеңберінен шықпау. Дәлел ме? Шамамен ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары болса керек. Дәулеткерей ауылында ерекше той болып, сонда біраз күйші шеберлік сынасады. Бірақ күйшілер қатары анау айтқан көп емес, тек Дәулеткерейдің өз таңдауы бойынша шақырылып, шеберлікті саралау да өз құзырына тиеді. Сол сайыста Құрманғазыға үй иесінің арнаулы жүлдесі тапсырылып, бас бәйге өнерде жаңа ғана көріне бастаған Баламайсаң күйшіге тапсырылады. Бұл шешім өнерді тани аламын-ау деген талайларды таңдандырып, ренішке қалдырады. Тіпті біреулер «Шығарма орындаудың шын шеберлік үлгісін танытқан Құрманғазыға неге бас бәйге берілмейді, арнаулы жүлде дегенді кім ойлап тапқан, үй ішінен үй тіккен не бәле?» десе төкпе күйлерінің төресі атанған Дәулеткерей «Құрманғазының қандай ма бір қағыстарына қарсылығым жоқ, бірақ оның оң қолының өрнегі қазақы қағыстар дәстүріне қайшы, оны өнерді шын түсінетіндер қабылдамайды» деп анық қарсылық білдірген көрінеді. Шындығында бұл шешімнің сол кезгі көзқарасымен қарағанда жаны бар еді. Өйткені Құрманғазыға дейін күй орындаушылардың қай-қайсысы да оң қолды домбыра қақпағы шеңберінен асырып орындап көрген жоқ.

35

Page 36: Ақ Желкен Журнал 6

Яғни бұл Құрманғазының төкпе күйге әкелген өзіндік жаңалығы. Соның арқасында ендігі шығармалар Кіші жүз адамдарының психологиясы немесе табиғи жан-дүниесі сынды аса адуын, қызу қандылықпен екпінді орындалатын болды. Бұрынғы Кер Бұқаның немесе сол бір бағзы заманнан келе жатқан орындалысы жебедей артылған «Ақсақ құландары» енді «Сарырқа» болып арқырап, жаңа екпінмен құздан құлап, «Адай» болып аспандады, көбік атып жар соқты. «Серпер» болып тұрпаты өзге, табиғаты тың күй төгілді. Жоғарыда айттық, төкпе күй мектебінің тоқсан түрлі стилі бар. Бірақ бәрінің де отаны – Қазақстанның батыс өңірі. Соның ішінде ерекше сипат алып, ала-бөле өскен өңірі – біз тұрып жатқан Атырау бойы қос өзен аралығы, Нарын топырағы. Бір қарағанда өнердегі Құрманғазы нағыз бақытты адам. Өйткені оның артында қыруар шәкірті қалды. Оншақты жас үлкендігі бар Дәулеткерейді төкпе күй мектебінің өкілі десек те, ол жанға жайлы көңіл күй әсерлерін дүниеге әкеліп, күй өнерінде аты қалды. Ал одан кейінгі Баламайсаң, Түркеш, Соқыр Есжан, Дина, Ерғали, Мәмен, Сейтек, Меңетай, Шора, Көкбала, тағы-тағы күйшілер Құрманғазының қасына еріп, құдіретті өнердің мың сан құпияларын үйренді, музыкалық мұрасын меңгеріп, біздің заманымызға жеткізді. Бұл шамамен ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың алғашқы ширегі, негізінен отызыншы жылдарға дейінгі кезең еді. Бұл шамада Нарын бойында төкпе күй өнері аса қатты дамыды. Әр үйде домбыра болып, онда ойнаушылар қатары күн санап көбейді. Бірақ тарлан Ұлы Отан соғысында қаза тапқан да, елуінші жылдардың екінші жартысында Әзидолла Есқалиев қазақ домбырасына алғаш рет алтыннан алқа тақты. «Балқаймағымен» балдай тәтті күйшілік ғұмыр өткізді, біраз шәкірт тәрбиеледі. Дауылды күйлерін екпіндеткен Охаб пен Қали, Науша мен Махамбет, «Терісқақпайы» мен «Төремұратты» құйындатқан Рысбай, домбырада классикалық шығармаларды орындаудың шебері атанған Бақыт Қарабалина, американдықтар сынды әлемнің талай жәудір көзін саусағының ұшына тамсандырған сан қырлы шебер Қаршыға Ахмедияровтардың орны ерекше емес пе? Айгүл Үлкенбаеваны қайда қоярсыз. Өз ортамызда жүрген Дәулеткерей мектебінің ірі өкілі Ғатау Ибішев пен Тазбала тұрпатындағы шебер күйші, он саусағынан сұлу әуен, табиғи шеберлік төгіліп тұратын Құттыгерей Дүйсеевтерді қайда қоярсыз. Айгүл Батырқайырованың өзі неге тұрады. Сайып келгенде бұлардың әрқайсысы бір мектеп, оның бастауында Қазақстанда туып, Ресейде жамбасы жерге тиіп, барша әлемде аты қалған қасиетті күйшіміз Құрманғазы тұр. Атың асқақтап, абырой, айбарың өсе берсін ұлы бабам!

Өтепберген Әлімгереев,Өнертанушы

Атырау облысы

36

Page 37: Ақ Желкен Журнал 6
Page 38: Ақ Желкен Журнал 6

«ПАҢDANҒА» ТАҢДАН!

«АқЖелкен» шығармашылық орталығы ашылғалы бері аймақтық өнер иелерін насихаттаудан, жалпы алғанда өнерге жанашыр болудан тартынған емес. Өнерді бұқараға танытуды мақсат еткен шығармашылық о р т а л ы ғ ы ж а н ы н а н қ ұ р ы л ғ а н «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры Портрет жанрындағы «ПаңDan» көрмесін ұйымдастырды. Аталған көрмеге Алматы, Орал, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларынан халықаралық, республика көлемінде танымал бейнелеу өнері шеберлері қатысты. Әлемнің мықтыларын салған суретшілердің туындысын тамашалауға жиналғандардың қатары бұрынғыларға қарағанда көп болды. Себебі, оның ішінде Алматыдан Рашид Құлбатыров, Максим Ведерников, Табылды Мұқат, Оралдан Қуандық Мәдір, Мэлс Отаров, Ғ а р и ф о л л а Қ а п а қ о в , Б е к ж а н Жұмабаев, Қанат Оразов, Хайдар Шаблиев, Ақтаудан Айтбай Құлбай, Бақытжан Құлбаев, Болат Бакибаев, Нұрханым Әлекешова, Талғат Мамаев, Жұлдызай Ұзақбаева, Тынышбек Балтабаев, Ақтөбеден Махсут Жаханов, И р и н а К у р м а н а л и н а , Н а т а л ь я Скуратович, Вячеслав Щукин, Айдар Еспаев, Есет Исмаилов, Лилия Беликова, Ильсияр Казакова, Марат Габдрахманов, Татьяна Дундыч, Бахытгуль Аймагамбетова және ж е р г і л і к т і с у р е т ш і л е р д е н И с і м Арыстанов, Қамбарбек Аманов, Отарбай Кендір, Әділқайыр Жантасов, Л а у р а Т і л е к б а й , М а н а р б е к Даулетияров, Эльмира Жұмабаева, Елуғали Даукенов, Талғат Қисметов және т.б. көркемсурет шеберлерінің барлығы 119 туындысы қойылды.

38

Page 39: Ақ Желкен Журнал 6

Алдағы уақытта, осы көрмеге байланысты ең үздік деп танылған жұмыстар «ПаңDаn» каталогына енеді. Рendant – деп көлемі, к о м п о з и ц и я с ы м е н ж ү й е с і бойынша өзара байланысы бар, бірақ түрлі кенептерде салынған қосарлы портреттерді атайды. Қиялдағы және бүг інде ел аузындағы айтулы тұлғалармен ұқсастығы мен үйлесімдіг ін көксеген қияли ойдан паңdan атауы пайда болды. Яқи, өң мен түстегі шын тұлғалардың ұлт алдына шығып, ел мүддесі мен мақсаты үшін айқынды ақылын ортаға тастайтын тұс келгенін меңзеп отырғанымыз. Өнерге жанашыр ағайын паңданыңыз, көрмені тамашалап таңданыңыз, 15 қазанға дейін есігі ашық.

Әсел КенжетайАтырау облысы

39

Page 40: Ақ Желкен Журнал 6

Анар Абжанова:

«ШАРШАМАЙМЫН. ӨНЕР ҚАНАТТАНДЫРАДЫ!!»

Т а я у д а А т ы р а у облысындағы «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында қ а у ы р с ы н ы қ ы л қ а л а м ы м е н қ а з а қ т ы т а н ы т ы п ж ү р г е н а л м а т ы л ы қ с у р е т ш і А н а р Абжанованың «Сезім мен бояулар әлемі» атты жеке көрмесінің тұсаукесері ашылған еді. Әлемнің түкпір-түкпірінде болған, шет елдің 9 м е м л е к е т і н і ң а й т у л ы мұражайларындағы көрмелер мен сайыстарға түсіп, топ жарған. Мүйізі қарағайдай талай шебердің уысына түсе бермейтін жүлделерді қ а н ж ы ғ а с ы н а б а й л а ғ а н қарындасымыз еліміздің мұнайлы астанасының күніне орай көрме сыйлап, Атырауға келген сапары кезінде тілдесуге мүмкіндік туған еді. Бүгін оқырмандар назарына шағын сұхбатымыздың негізгі тінін б е р е о т ы р ы п , ж е р г і л і к т і көрермендер мен мамандар пікіріне құлақ түрелікші.

-Анар, суреттеріңнің барлығы дерлік табиғат тақырыбына ойысқан екен. Неліктен? -Жауабы да дайын ғой деп ойлаймын сауалыңыздың. Өнер шынайы болған сайын өмірдің ақиқатына көз жеткізуге болады деп ойлаймын. Ал, Табиғат-Анадан артық өмірдің шынайылығын кім келтіріп береді деп ойлайсыз. -Яғни, ақиқатқа өнер арқылы жетемін есептейсіз бе? -Иә! -Жалпы неше жасыңнан бастап бейнелеу өнеріне бет бұра бастадың? -Сәби кезімнен бастап сурет сала бастадым, нақты қай жасымнан деп кесіп айтуға қиналып отырмын. Өйткені, есімді білген кезден бері қолымда қылқаламым болғаны шындық.

40

Page 41: Ақ Желкен Журнал 6

-Өзің кімді мықты деп есептейсің бейнелеу әлемінде? -Енді біреуді мықты десем, қалғандары әлсіз болып шығады ғой. Олай демеймін, алайда, өз жүрегіме Клод Монэ, Левитан сынды суретшілер жақын деп есептеймін. Туындыларындағы көзқарасын өзімнің жүрегімде тұнған ойлар ма деп қаламын кейде. Бірақ, өнердегі өз айтарым бар және өзгелерден ерекше үнмен естілер дауысым, қолтаңбам мен әуенім қалыптасты деп есептесем, бұл әрине, менің ұстазым, атақты Алексей Уткиннің еңбегі екенін әсте естен шығармаймын. -Қазір көптеген суретшілер акрильмен салуға көшіп кетті. Сен де солардың қатарынан екенсің? Неге? -Сәби кезімде суретті көп салатын едім. Майлы бояумен салғаным соншалық, ауырып қалдым. Бір ай ауруханада жаттым. Енді сурет салмасам көңілім көншімейтін болды, ал, майлы бояудың денсаулыққа зияны бар екен. Сосын амалсыздан акрильмен салуға көштім. Былайша айтқанда, өнер мен өмірдің үйлесімі тоқайласатын жол таптым деуге болады. -Мұхиттің арғы жағындағы АҚШ –та да, Мысыр мен Түркияда да, Чили мен Иранда да, Жапонияда да болдың. Яқи Шығыс пен Батысты шарлап шықтың. Ал, қазір Батыс өнері демігіп қалды, Шығыстан қуат алуда деген сынды әңгімелер жиі айтылатынды шығарды. Сен қалай ойлайсың? -Жалпы, мен Шығыс пен Батысты бір-біріне қарсы қоюға қарсымын. Бірімен біте қайнасы жатқан әлемнің Шығысы да, Батысы да, географиялық жағынан бөлек жатқанымен, өнері өзіне тән тірлікпен өрілген шығар, бірақ, бір-бірінен сабақ ала, тоқайласқан жағдайда ғана өсті, өркендеді. Бірі алға қарыштап дамыған сәтте, екіншісі дамылдады, бірі өркендегенде, екіншісі одан дәріс ала, үйрене отырып тыныстады. Әрқайсысы жеке дара қайталанбас таңғажайып болғанымен, бірін бірі толықтырып тұратын, қырық құбылмалы кесте! Сондықтан, қайсысының өнердегі өркениетті жолының өсер таңы мен өндіріп көрсетер тұсы әрқалай атуына қарауымыз керек деп білем. -Сен қатысқан сайыстар мен конкурстардың саны мол екен, алған жүлделеріңнің тізбегі бірнеше параққа зорға сыяды. Шаршатпай ма сайыстар? -Жоқ. Әр сайысқа қатысқанда сынға түсу арқылы шыңдала түсем. Бұны бір деп білсеңіз, екіншіден, әлемді шарлаған сайын, өзімді де, елімді де таныта түсемін, әр жеңісіммен мойындатамын. Ал, өнерім қанаттандырады! Сондықтан шаршамаймын!

-Әңгімеңізге рахмет! Жеңісті күндерің жүйесін үзбесін!Жазып алған Қаршыға КӨШЕКОВ,

Атырау облысы

41

Page 42: Ақ Желкен Журнал 6

ТАРАЛҒЫ

Жылдың басты қорытындысы - «Сарайшықтан-Астанаға!» атты этно-мәдени

эскпедициясының соңы немен аяқталғанын жұртшылыққа жариялау бүгінгі күн тәртібіндегі

басты тақырып. Экспедиция не үшін ұйымдастырылды, оның басты нәтижесі қандай деген

әркімнің көкейінде жүрген сауалға мейлінше түсінікті етіп жауап беріп көрелікші.

Әрине, үстіміздегі жылдың 11 мамырында Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет

алаңынан Құрманғазы ауданына алғашқы сапарын бастаған «Сарайшықтан-Астанаға!»

атты этно- мәдени экспедициясының сапары барысы, алғашқы қорытындылары

туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан жұртшылық

нақтылы хабардар деп ойлаймыз.

42

Page 43: Ақ Желкен Журнал 6

Бұл бағытта Махамбет ауданы Сарайшық

ауылында өткен баспасөз конференциясында да,

кейін, 24 тамыз күні Қазақстан Республикасының

Конституциясы күніне орай Исатай- Махамбет

алаңында өткізілген «Ата Заңды Ата жұртпен

ардақтау» атты шарасында да экспедиция

қ о р ы т ы н д ы л а р ы т у р а л ы м ә л і м д е л і н і п ,

көрсетілгендіктен, облыс жұртшылығы экспедиция

қорытындыларынан хабардар деп ойлаймын.

Сондықтан, бүге- шүгесіне тоқталудың жөні жоқ

шығар, нақтылы түйіні туралы әңгіме айтып кетсем

жеткілікті болар. «Сарайшықтан-Астанаға!» атты

э т н о - м ә д е н и э к с п е д и ц и я с ы н ы ң м а қ с а т ы

жалаулатып, алаулатып, ел аралап шығу емес,

облыс көлеміндегі ісмерлікпен, жалпы қазақы

қолөнерді жасаумен айналысатын шеберлерді

анықтау, осы өнерді жандандырудың жолдарын

қарастыру, ауылдың әлеуметтік ахуалының

жақсаруына жәрдемдесу. Міне, басты мақсат осы

еді. Сапар аяқталды. Ісмерлер мен шеберлер

табылды, өнер өлмешінің күйін кешіп жатқанымен,

әлі де көзі нақтылы бар екендігі анықталды. Бұдан

бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

хабарланды, дегенменен, экспедицияның ресми

қорытындысын тағы бір рет жариялап жібергеннің

артықтығы болмас.

Сонымен:

7 аудан және облыс орталығына іргелес

жатқан елді мекендерден 25-ке тарта түс киіз, 50-ге

тарта алаша, 8 дойыр, 2 сегіз өрім қамшы,

2 шыбыртқы әкелінді. Шамамен 100 жылдық тарихы

бар бір домбыра алынып, 260 жылдық тарихы бар

домбыра бейнетаспаға түсірілді.

43

Page 44: Ақ Желкен Журнал 6

Сондай-ақ, ұсталардың қолынан соғылған

қасқыр, түлкі қапқандарымен, жергілікті

зергерлер соққан 4 күміс білезік, 5 құдағай-

құда жүзік, 2 күмістен соғылған доға,

1 жезден соғылған үзеңгі, 19- ғасырдың аяқ

шенінде жасалынған екі ағаш табақ,

қ а й ы с т а н ж а с а л ы н ғ а н 3 т у ф л и

экспедицияның көрмесіне уақытша

тапсырылды.

Экспедиция барысында 67 ісмер,

2 зергер, 5 ұста, 12 өрімші, 34 домбыра

жасайтын ағаш шебері анықталды.

Экспедиция барысында 6, 8, және

12 қанаттысы бар барлығы 5 киіз үй

табылды.

Аз ба, көп пе, бұған енді біздің

іскерлік қабілетіміз жауап беруге тиіс

секілді. Өйткені, іс басындағы азаматтар,

кәсіпкерлер, көкірегі ояу намысты ұлдар

осы қолда бар шеберлер арқылы қазақы

өнердің қайтадан жандануына атсалысуы

керек деп ойлаймыз. Қазір қимылдап

қалмасақ, кейін кешігіп қалатынымыз

кәдік, өкінеріміз хақ! Себебі, біз анықтаған

шеберлердің көпшілігі егде тартқан,

зейнеткерлік жастан асқан қариялар.

Осылардың қай-қайсысы да үйретуге,

ақыл- кеңесін беруге даяр, бұған ниет

білдіріп, көне қоятын жастарды табу қиын.

Өйткені, жасаған қолөнер бұйымдарының

бірлі- жарымдысы болмаса, көпшілігі

шарбақ сыртына шығып та көрмегесін,

тасада қалуда.

Яғни, тұтынушысы табылып қалатын облыс

орталығы сынды үлкен нарыққа жол таба

алмауда. Сондықтан, қолөнермен

айналысу нақтылы ақша әкелмегесін,

тиімсіздеу көрінеді жастарға. Енді осы

жерде нақтылы ұсынысымыз қолдау тауып

жатса, ауыл өнері өркениетке жол бастап

кетері анық. Алдыменен, қазақы қолөнер

бұйымдарының тауарлық, әсемдік сипаты

орын алуы керек. Екіншіден, нақтылы

тұтынушысы бар нарыққа шығуы тиіс.

Біріншіден, «Жерұйық» мәдениет

о р т а л ы ғ ы » қ о ғ а м д ы қ қ о р ы н ы ң

сарапшылары қазақы қолөнердің тауарлық

сипатын келтіру мақсатында жиынтық

жасақтады. Жиынтыққа шеберлер жасаған

киіз, алаша, текемет, тұскиіз, керме,

домбыра, кілем және қамшы кіреді.

Бұлардың қайсысының да жеке дара қабы,

этикеткасы мен сертификаты бар. Соңғы

екеуі қазақ, орыс және ағылшын тілінде

жазылған. Қазіргі таңда осы жиынтықты

насихаттау, жарнамалау жұмыстары

жүргізілуде. Қолөнер бұйымдарын жеке-

дара сатып алушылар да анықталып отыр.

Яғни, жүйелі жұмыстар жүргізілсе, бұл

бағытта жемісті еңбек етуге болатыны

нақтыланып келеді. Ендігі мәселе, осы

бұйымдарды жасау үшін ауыл шеберлерін

жұмылдыру, соларға осы ақпаратты

нақтылы жеткізу.

44

Page 45: Ақ Желкен Журнал 6

45

Page 46: Ақ Желкен Журнал 6

Сондықтан, әр ауылдағы шеберге түсінікті болуы үшін қолөнер бұйымдарының сатып

алу бағасын келтіріп кетелік:

1. Кілем. Көлемі: 1, 70 м. х 2 м. Бағасы: 30 000 теңге.

2. Текемет. Көлемі: 1,5 м. х 2 м. Бағасы: 20000-25000 теңге.

3. Терме-алаша. Көлемі: 1.5 м. х 2 м. Бағасы: 30000 теңге.

4. Киіз (тұскиіз). Көлемі: 1,5 м. х 2м. Бағасы: 15000-20 000 теңге.

5. Киіз. Көлемі: 80 см. х 2 м. Бағасы: 3000 теңге.

6. Қойдың немесе ешкінің иленген терісі. Бағасы: 3000 теңге.

7. Домбыра: Бағасы: 5000-10000 теңге.

8. Қоржын-тең, керме: 15 000-20000 теңге.

Ескертпе: бұл бұйымдардың бағасы арнайы комиссиямен қабылданып алынған соң,

шеберге нақтылы хабарланып, сатып алынады.

46

Page 47: Ақ Желкен Журнал 6

47

Page 48: Ақ Желкен Журнал 6

Бұл жерде шегелеп тұрып айта кетер жайт, «Жерұйық» мәдениет орталығы»

қоғамдық қоры бұл бұйымдарды сатып алмайды, сатылуын ғана ұйымдастырады. Яғни,

елдегі меценаттарға, дәулетімді болашағым үшін жұмсаймын дегендерге, көкірегінде ұлттық

сана –сезім пернелері анық естілетін есті азаматтарға жиынтық ұсынылады. Жалпы,

жиынтық қаладағы пәтерінің ең болмағанда бір бөлмесін қазақиландырамын деген арлы

азаматарға өте ыңғайлы. Дегенменен, бұйымдарды жеке дара сатып алуына болады. Бұған

қол жеткізу үшін әр жиынтықтағы жеке дара бұйымдарға да сертификат пен этикетка қосып,

оларға әр шебердің аты- жөні мен мекен жайы жазылды. Яғни, әр шебердің өзіне тікелей

шығу мүмкіндігі де бар. Міне, экспедицияның басты мақсаттарының бірі де осы. Шеберлерді

анықтау, олардың өнерін насихаттап, даму жолдарын қарастыру еді. Бұл талап биігінен

экспедиция мүшелері абыроймен шыға білді деп есептейміз. Сондықтан, әр қазаққа

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры қазақы қолөнер бұйымдарының

таралғысын ұсынуда. Құр қалмаңыздар, өнер өзіңізге ғана арқа сүйейді, нар қазақтың текті

ұрпағы!

Нұрберген Дәулетов,

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының төрағасы

48

Page 49: Ақ Желкен Журнал 6

«АҚ ЖЕЛКЕННІҢ» САЙТЫ АШЫЛДЫ

Таяу арада «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының сайты ашылды. Жаңа заман ағымына сай ілісе жұмыс жасау бүгінгі күннің басты талабы екендігі баршаға түсінікті. Енді біздің тапсырыс берушілеріміз де, ұлт өнерінің шынайы жанашырлары да akzhelken. kz деген электронды мекен жай бойынша «Ақ Желкеннің» сайтына кіре алады. «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы сайтының өзге электронды ақпарат берушілерден айырмашылығы - ұлттық құндылыққа жататын, халықтың һәм қазақтың төл өнерін насихаттауында. Оның ішінде еліміздің Батыс аймағындағы жадау кейіпке, жұпыны тірлікке көшкен қазақы қолөнердің бүгінгі тіршілігі, жоспардағы атқарылар тың бастамалары мен жобалары, жүзеге асқан шаруалары туралы мейілінше мол мағлұматтар беріліп отыр.Бірден айта кетуіміз керек, сайттың басым бөлігінде «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорына және содан қанат қағып ұшқан соны бастамаларға орын берілген. Оның ішінде аймақтық «Алтын қайық» газетінің өз бөлігі бар. Газеттің «аймақ», «өңір», «руханият» сынды айдарлары да бар. Басылымның электронды нұсқасында тың пікірлер, өнер мен мәдениетке қатысты тарихи – танымдық мақалалар тоғытылған. Әрине, кез келген электронды басылымның үлгісіндей мұнда да оқырман өз ұсыныс-пікірін қалдыра алады. Былайша айтқанда, аймақтық басылымның таралым аумағы бірден кеңейе түсіп, редакция мүшелері және оқырмандар арасында тікелей байланыс орнады деуге әбден негіз бар. Өнерлі өлкенің өрендері үшін аймақтық «Алтын қайық» басылымының ашылуы бір қуаныш сыйласа, сайттың ашылуы да дәл сондай тосын тарту екендігі сөзсіз. Сайттың бір бөлігі «Ақ Желкен» жастар клубына да беріліп отыр. Мұнда облыс көлеміндегі жастар қозғалыстарының, саяси белсенді жастардың тыныс-тіршілігінен толыққанды мағлұматтар орналастырылған. Оқырмандардың жіті назар аударуын талап ететін тағы бір бөлігі - «Ар-Клуб» Пэн клубына қатысты. Жасыратыны жоқ, соңғы әзірде руханият мәселесінде пікір айтар, мәселе көтеріп, талқылайтын аудиторияның жоқтығы көптеген келелі проблемалардың назардан тыс қалуына соқтыруда. Біздің ойымызша, пэн клубтың сайттағы бөлігі осы олқылықтың орнын толықтай толтырмағанымен, қазақы қанды азаматтардың ашық пікір айтар алаңына айналады деп үміттенеміз. Орынды бет бұрған бағыттардың бірі деп «Ақ Желкен» неке сарайына берілгенін атауға болады. Бүгінде «Ақ Желкен» неке сарайына келіп, бақытты отау иесі атанып жүрген жастардың жұбы 200-ге жуықтады. Осында қазақы неке қиюдың жаңа заманға сай қалыптасып келе жатқан соны бастамалары да орын алып отыр. Айталық, некені мұсылман ғұрпымен қию, бейне және фотокамераға түсіру, ақ көгершін ұшыру, сазды сәлемдемелермен қатар, некесі қиылған жастарға домбыра ұсыну да өзіндік бір үйлесім тапқан шараларға айналды.

49

Page 50: Ақ Желкен Журнал 6

50

Page 51: Ақ Желкен Журнал 6

«Ақ Желкен» сайтында қазақ суретшілері туралы да мағлұмат алуға мүмкіндік мол. Әсіресе, бейнелеу өнері өкілдеріне тапсырылатын «Алтын қайық» номинациясы бойынша әлем мойындаған Қазақстанның қылқалам шеберлері мен еліміздің Батыс аймағының бейнелеу өнерінің өкілдері және солардың туындылары сайтта анық орын тепкен. Бір айта кетер ерекшелік, жыл сайын осы номинацияның өкілдері 16 адамға көбейіп тұрады. Тиісінше солардың жұмыстары да сайттың арт-галереясындағы бөлімінде молаяды. Бастапқы орынға Арт-галереяның шығуы содан екендігі түсінікті болар деп есептейміз. Осы бөлікте Арт-галереяда жалпы өткізіліп жатқан барлық көрмелердің өту барысы, оның мұрағаты орналастырылған. Бір ерекшелігі, сайтта тек қана «Алтын қайық» номинациясының мұрағаты сақталады, өзге көрмелердің тек өткен барысы жөнінде ақпарат түседі. Арт – галерея бөлігінде таяу арада өткізілетін шаралардың да күнтізбесі берілген.

Сайтта қазақ қолөнерін жетілдіруге арналған ел ішінде, шет елдерде дайындалған үздік деген бейнероликтер мұрағаты да қалыптасады. Бұл бөлімде қазақтың өмірі мен өнеріне қатысты «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы және «Қазақстан-Атырау» облыстық теледидарының, өзге де республикалық телеарналардың мамандарымен біріге түсірген бейнефильмдер мен бағдарламалардың қоры сақтаулы. Осы жерде қазақы қанды оқырмандарымыздың ұлт руханиятына қатысты бейне роликтері болса, жіберулеріне ұсыныс тастағанды да орынды деп есептейміз. Бас біріккенде ғана орынды жерде төрге озады ғой. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?! Сайттың қызықты деп таныла бастаған бөліктерінің бірі фото галерея. Фотоға түсіру өнерімен айналысатын, бүгінгіні тарих таспасына таспалап жүрген фотолардың қоры жасақталады. Сонымен қатар, еліміздің, Атырау қаласының фотошежіресі де жасақталу үстінде. Қазірдің өзінде көне фотолардың біраз қоры қолымызда бар, оқырмандардан да тағы түсіп жатса, құба –құп, қабыл аламыз. Қазақ қолөнерін қолдаудың бір парасы оның нарықтағы бәсекелестігін арттыру болып табылатынын ұқсақ, сөз жоқ, келмеске кете жаздаған, тұрмыстық қолданудан қалып бара жатқан қазақы бұйымдардың сувенирлік нұсқасы бүгінгі таңдағы сұранысты тудыратын жәдігерлер. Әрине, осы тұрғыда қазақ қолөнерінің сувенирлік нұсқаға, яки кәдесый ретіндегі естелік сыйлықтарға да назар аударғанымыз абзал. Бұл ретте сайттың сувенирлік бөлігі оқырмандарымызға өз қызметін қуана-қуана ұсынады.Сонымен қатар, орталықта өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жарнамасы да лайықты көрініс беріп отыр. Айталық, сыртқы жарнама, багет шеберханасы, джокерлік құрылымдар, пластикалық терезелер, баспа өнімдері, жалюздердің жарнамасы тапсырыс берушілерге толыққанды мағлұмат береді. Әрине, сайт келушілерімен, яки оқырман-көрерменімен көрікті болуға тиіс. Ендеше, баршамыз болып пікір алмасайық, ой бөлісейік, ниет білдірейік!

51

Page 52: Ақ Желкен Журнал 6

н е к е с а р а й ы

«Ақ Желкен» неке сарайы – қаламыздың көркіне көрік қосып

тұрған сәулетті ғимарат «АқЖелкен» шығармашылық

орталығында орналасқан, бағзы дәстүрлердің баянын келтіріп,

берекелі заманның бояуымен неке қию рәсімін ұлттық дәстүрлер

негізінде салтанатты түрде өткізетін неке сарайы.

«АқЖелкен» неке сарайында көрсетілетін қызмет түрлері:

Салтанатты неке қию рәсімі

Ұлттық киімдегі ВИП қыздар қызметі

Мұсылманша неке қию рәсімі

Жүргізуші қызметі

Бишілер қызметі

Театрландырылған қол ұстату, табалдырық аттату рәсімі

Жанды дауыстағы музыканттар қызметі

Ұлт-аспаптар ансамблінің музыкалық сүйемелдеуі

Видеотүсірілім

Фототүсірілім

15х21 көлеміндегі 20 дана фотосурет

Аққайнар, сусын, тәттілер

Көгершін ұшыру