33
Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық Семиглавый Мар орта жалпы білім беретін мектебі Достық -2014

Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

  • Upload
    -

  • View
    218

  • Download
    14

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Семиглавый Мар орта жалпы білім беретін мектебі

Достық -2014

Page 2: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Мақсаты:

Ақпараттық құзыреттілігі: Экстремизм, терроризм, радикализм

терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы

лаңкестікке қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы

ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

Коммуникативтік құзыреттілігі: Оқушыларды БАҚ құралдары

мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: Келер ұрпақ жас өренді өмір

қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге

тәрбиелеу.

Page 3: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Тәрбие шарасының түрі: танымдық шара

Тәрбие шарасының әдісі: Сұрақ – жауап, ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру, тренинг

Тәрбие шарасының көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар, слайд суреттері – плакаттар.

Page 4: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Ассоциация

Діни экстремизм

Page 5: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Ислам араб сөзі, аллаға бойын ұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік.

Page 6: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

«Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр.

Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі.

Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс».

Page 7: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Дүниетаным жүйесі мен өмір салты ретіндегі діннің рөлі

7

Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым-

қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып

табылады.

Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып,

азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Page 8: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық
Page 9: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Діни әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдардың таратылуын бақылау

Арнайы стационарлық орындардың орналасу тәртібі жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан заңды түрде бекітілген.

Республика бойынша 212 кітап дүкені ресми түрде қызмет атқаруда.

Рұқсат етілмеген жерлерде діни әдебиеттерді таратқан тұлғаларға әкімшілік шара қолданылады

9

Page 10: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

- «Дін және әйел»; - «Таблиғи жамағат – теріс пиғылды

діни ағым»; - «Жастар және дін»; - «Жастар экстремизмге қарсы»;- «Ислам терроризмге қарсы»; - «Тәкфіршілік – діни

экстремизмнің ең қауіпті түрлерінің бірі»;

- «ҚР-дағы діни сенім бостандығы»; - «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»;- «ТМД елдеріндегі діннің рөлі».

2013 ж. аумақтарда 3 халықаралық және 5 республикалық форумдар мен конференциялар өтті:

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары

10

Аумақтарда ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу;

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны дайындауға белсене атсалысу;

Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарын мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдауды қамтамасыз ету;

Пенитенциарлық жүйедегі мекемелерде теріс пиғылды діни ағымдардың әрекетіне қарсы тұру және олардың алдын алу бойынша ІІМ ҚАЖК-мен бірге арнайы жұмыстарды атқару;

Күштік органдар қызметкерлерінің дін мәселелері жөніндегі біліктілігін арттыру

Page 11: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Территориясы151 300 км2

Халық саны 608 300 адам

Page 12: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Діни конфессиялар Ислам – VII ғасырдың басында пайда болған әлемдік монотеистік дін. Қазақ жеріне ислам осыдан 12 ғасырдан астам уақыт бұрын келген. Православие – христиан конфессияларының бірі. Елімізде православиелік Қазақстан Православ шіркеуі, Армян апостолдық шіркеуі және көне әдет-ғұрыптық қауымдар қызмет атқарады. 2011 жылдың басында 304 православ діни бірлестігі болған.

Католиктік – христиандық конфессиялардың бiрi. Діни ілімі Библияға және Қасиеттi жазбаға негiзделеді. Негiзгі қағидалары Католик шiркеуiнiң катехизисында баяндалған. Лютерандық – христиан дініндегі протестанттық ағымдардың бiрi. Лютерандық XVI ғасырда Германияда реформация қозғалысының нәтижесінде пайда болды.

Page 13: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Баптизм – XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестанттық бағыттардың бірі. Өз діни ілімі бойынша баптизм жалпыхристиандық және жалпыпротестанттық Үшбірлік пен Иса Мәсіхтің құдайға тән табиғаты, сондай-ақ жалпыпротестанттық құтқарылу туралы қағидаларды ұстанады.

Методизм XVIII ғасырда Англияда пайда болды. Методизм діни ілімі классикалық протестантизм қағидаларын ұстанып, Библияны мойындайды. Сонымен қатар діни ұйғарымдарды әдістемелік тұрғыдан сақтауды талап етеді.

Меннониттер алғашқы протестант-тық ағымдардың бірі болып табылады. Атауы осы ілімнің негізін қалаушы Менно Симонсқа байланысты қойылған.

Елуіншілер XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған. Елуіншілердің діни ілімінің ерекшелігі Қасиетті Рухтың елуіншілер күнінде жерге түскендігі және соның нәтижесінде Апостолдар мен Иса Мәсіхтің басқа да шәкірттерінің Қасиетті Рух күшіне ие болғандығы туралы жеке тармақтың бекітілуі болып табылады.

Page 14: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Пресвитериандық протестанттық ағымдардың бірі болып табылады. Пресвитериандық кальвинизмнің және кең ұғыммен алғанда реформаттық шіркеу тармақтарының бірі ретінде қарастырылады. Пресвитериандық доктрина Құдайдың жоғарғы күшіне сенуге және құдайдан құт-береке келуі үшін тек сенім ғана керек екеніне негізделеді.

«Ехоба куәгерлері» XIX ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болды. Діни ілімінің негізгі ережелері осы ілімнің негізін салушы Чарльз Расселдің «Қасиетті Кітап зерттеулері» атты жеті томдық еңбегінде жазылған.

Жетінші күн адвентистері – АҚШ-та 1843 жылы пайда болған протестанттық ағым. Адвентистік діни ілімінің негізін бұрынғы баптист Уильям Миллер қалаған. Адвентистер сенім мен өмір сүрудің жалғыз ережесі ретінде Библияға сүйенеді, Иса Мәсіхтің екінші рет тіріліп келетін күнінің жақын қалғанына сенеді және сенбіні демалыс күні ретінде ұстанады.

Жаңа апостолдар шіркеуі 1832 жылы Англияда пайда болды, ол католиктік пен лютерандықтан кейінгі Германияның негізгі шіркеулерінің бірі болып табылады. Жаңа апостолдар шіркеуі апостолдардың ерекше рөлін тани отырып, Библияны өздерінің негізгі оқулығы деп санайды.

Page 15: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Иудаизм – бұл еврей халқының ұлттық діні. Иудаизм ілімінің негізінде иудейлер өмірінің барлық салаларын реттейтін қатаң монотеизм жатыр.

Буддизм – ежелгі әлемдік дін. Б.д.д. VI-V ғғ. Үндістанда пайда болды. Басқа діндерден ерекшелігі буддизмде Құдайдың әлемнің жаратушысы және оның билеушісі екендігі туралы идея жоқ. Буддизм ілімінің мәні әрбір адамды азаптан арылу жолына түсуге шақыру болып табылады.

«Кришна Санасы Қоғамы» 1966 жылы Нью-Йорк қаласында Бенгаль монахы Бхактиведанта Свами Прабхупада негізін салған неоиндуистік діни бірлестік. Кришнаиттер Кришнаға құдайдың құдіретті бейнесі ретінде табынады.

Бахаи қауымы XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Оның негізін «Бахаулла» есімімен танылған парсылық Мирза Хусейн Али қалаған. Бахаи ілімі әлемдік және дәстүрлі діндердің жекелеген қағидаларын негізге ала отырып синтезделген ілім болып табылады.

Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің (мормондар) негізін 1830 жылы АҚШ-та Джозеф Смит қалады. «Мормон» термині 1830 жылы қасиетті жазба ретінде жарияланған, мормондар Библиямен қатар қолданатын «Мормон кітабынан» шыққан.

Page 16: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Батыс Қазақстан облысындағы діни бірлестіктер

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2012 жылғы 25 қазанға дейін 9 конфессияны құрайтын 71 діни бірлестік пен

филиалдар қайта тіркеуден өтті.

№ Конфессиялар 01.01.2011ж . 25.10.2012 ж.

1 Ислам 45 43

2 Православие 17 17

3 Елуіншілер шіркеулері 6 34 Інжілдік христиан-баптистер 3 35 Католиктік 1 16 Ехоба куәгерлері 1 17 Пресвитериандық шіркеулер 1 18 Жетінші күн адвентистері 1 19 Новоапостольская церковь 1 -

10 Бахаи 1 -

11 Буддизм 1 1

  ЖАЛПЫ 78 71

Page 17: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Экстремизм• Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі

деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

1 - жүргізуші Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?Аяжан: Қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.

Page 18: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.1 - жүргізуші: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай? Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр.

Page 19: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Автор орындығы

1. Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?

2. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?

3. . Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Page 20: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық
Page 21: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Көзіңді аш араб болма,қазақ бол!

Page 22: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

“Шахидтер” құпиясы• Қанша қазақ қызы түрлі теріс пиғылды

ағымдарға алданып жүр.Әйелдің жанының нәзіктігін, дінді бар болмысымен қабылдайтынын біліп,оны пайдаланатындар бар.Шет елдерде жүріп, телефонмен қыздарға уағыз айтып, сырттай әйелдікке алып,мақсаттарын жүзеге асырады.Қыздар Сирия,Палестина т.б.елдердегі экстремистік мақсатта кеткендерді дін жолында “жихад жасап жүр”,”идеал-діндар” адамдар деп түсінеді, себебі олардың санасына солай сіңіреді.Өзін-өзі жарып,лаңкестік жасағандардың көбі әйелдер.Олар 17-35 аралығындағы , өмірде қиындық көрген, қорғансыз қыздар.

• .Лаңкестік ұйымдар осындай қаралы жандарды өзінің өмірін қиюға итермелейді.Жақында Ресейдің Волгоград қаласында автобуста Наида Асиялова өзін-өзі жарып жіберді. Нәтижесінде,6 адам құрбан болып, 55 жарақаттанды.Біздің елімізде жоғарыдағыдай деректер жоқ,бірақ қыз-келіншектердің діни ілімсіз, дайындықсыз паранжа кию тенденциялары байқалуда.Ата дәстүрімізбен сабақтасып кеткен Исламның қазаққа жаттығы жоқ, болмайды да! Алайда табиғатынан ер адамды өзінен бір саты жоғары санап,тірек көретін аруларымызды азаматтардың өздері түзу жолдан адастырмаса дейміз.

Page 23: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Ата-ана• «Алла тағаланың ризалығы ата-ананың ризалығында, сондай-ақ ашуы ата-

ананың ашуында”- деп риуаят етілгенған. Демек, Ата-ананың ризалығынсыз Алла тағаланың ризалығына жетіп болмайды. Міне Ислам діні адамды қашан да адамгершілікке, ата-ананы сыйлап құрметтеуге тәрбиелейтіндігін осыдан-ақ білуге болады. Бұрындары кейбіреулер өздерінің тасбауыр, қатігез мінездерінен немесе ішкілікке салынғандықтарының салдарынан өз әке-шешелерін жәбірлеп қорлайтындарын, тіпті кейбіреулер қарттар үйіне апарып тастайтындарын да есітіп жататынбыз. Ал, Ислам дінін ұстанғандықтың салдарынан ата-анасына қарсы шығып дау-дамайға салынғандарды есітпеген етік. Бірақ, өкінішке орай, соңғы он жылдықта сондай, ата-анасына қарсы шығып дау-дамайға салынатындар жайлы әңгімелер бірте-бірте құлаққа шалына бастады, содан ол індеттің алдын алу қажеттігі жайлы да әңгімелер айтыла бастады. Алдымен айтар болсақ, мұндай індет біздің халқымыздың арасында жоқ болатын, олар соңғы жиырма жылда шеттен келді, мұның қазір ешкімге құпиясы жоқ. Ендігі міндет, сол шеттен жат діни идеологияларға қарсы нақты түрде тойтарыс беру, жоғарыдағы хадис сол мақсатта келтірілді. Өйткені Осыларды үйрену, сөйтіп басқаларға да үйрету жастарымызды түрлі экстремисттік топтардың ықпалына түсіп қалудан сақтайтын септік болары күмәнсіз.

Page 24: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық
Page 25: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық
Page 26: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Ақтөбедегі лаңкестік 2012

2012 жылы 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Молдағұлова көшесіндегі үйде жарылыс болды. Нәтижесінде 1991 жылғы тұрғын қайтыс болды.Жарылыс террорлық әрекет деп бағалануда.

Page 27: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Атыраудағы лаңкестік: 2005

Атырауда қыркүйек айында жойылған экстремистік топ, сонымен қатар 31 қазандағы жарылыстар мен қылмыскер сыбайластарының тұтқындалуы аймақта анықталған алғашқы лаңкестер емес.

Жергілікті БАҚ Атыраудағы алғашқы лаңкес 2005 жылы қалалық әкімдіктің ғимаратын жармақшы болған Шымкент қаласының тумасы Андрей Миронов болғандығын еске салады. Атырауға келгенге дейін ол өз жерінде ислам дінін қабылдап, есімін өзгерткен. Атырауда ол қалалық әкімдікке электр маманы болып жұмысқа орналасты. Кейін анықталғандай, бұл істердің жалғыз-ақ мақсаты - ғимаратты жару болған. Қиратулар көп болып, өрт аумағы алаңын ұлғайту үшін оған әкімдік ғимаратының орналасуын зерттеуге тура келді.

Жолы болмай қалған лаңкес әкімдікті жаруға дайындық үстінде қамауға алынды. Құқық қорғау органдары хабарлағандай, соттан кейін тұтқындалған азаматтан жарылыс құралдарының элементтері, әкімдік бөлмелерінің орналасу сызбасы, көптеген кабинет кілттерінің көшірмелері табылды.

Page 28: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Тараздағы лаңкестік:2012

Таразда тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жанкештінің жантүршігерлік әрекеті елдің есін алды. Тек бірер сағаттан кейін лаңкестік әрекет екені анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Жамбыл облыстық ҰҚК екі қызметкері діни экстремизм бойынша күдік тудырған 1977 жылы туған Мақсат Қариев деген азаматты сыртай аңдып жүріпті. Тура осы кезде лаңкес кенеттен шабуылдап, екі офицерді өлтірген.

Сол сәттен кейін-ақ оқиға желісі тез өрбіді. Күндізгі сағат 11-лер шамасында қаскөй көшеде бір тұрғынның «Мазда» көлігін тартып алады. Абырой болғанда оның жүргізушісі аман. Араға жарты сағат салып, қару сататын дүкенге келген. Сол жерде күзетшіні атып тасап, дүкенде болған тағы бір клиентті ауыр жаралайды. Қажетті қару-жарағын алып, артына түскен екі полицейді де атып өлтірген соң үйіне қарай тартқан. Ол жерден алдын ала дайындап қойған гранатометін алып, ҰҚК-нің облыстық департаментіне қайта оралған. Құзырлы органның ғимаратын оқтың астына алады. Құдай сақтап, бұл жерде зардап шеккендер жоқ.

Бірақ лаңкес тағы ізін суытып үлгерді. Тағы да артына түскен 2 атты полиция қызметкерін жаралап. Тек түскі сағат 3-тер шамасында жол полициясының жеке батальоны қызметкерлері оны қолға түсірді. Сол кезде жанкешті Мақсат Қариев өз-өзін жарып жіберіп, қасында тұрған полиция капитаны Байтасов та көз жұмған. Және тағы бір сержант жараланды. Жалпы, атыстан, жарылыстан жанкештіні қоспағанда, 7 адам қаза тапқан. 5-уі құқық қорғау органының қызметкерлері, 2-уі кездейсоқ тұрғындар. Тағы 3 полиция қызметкері ауруханада жатыр. Тараз қаласындағы оқиғадан кейін тұрғындар біраз үрейленіп қалды. Оның үстіне «әр жерде жарылғыш зат қойылған» деген әңгіме облыс орталығында көбейіп кеткен.

Page 29: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Екі түрлі күнделік

• Әсер еткен оқиға • Оқиғаға қатысты пікір

Page 30: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Бес жолдық өлең

1. Кім? Не? Діни экстремизм2. Қандай? екі сөз.3. Не істейді? үш сөз.4. Төрт сөзден тұратын бір сөйлем.5. Синоним.

Page 31: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық
Page 32: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

Тренинг: “ЖОҚ” деп айт

• Ойынды 2 оқушыдан ойнаймыз. Бірінші оқушы сектаға кіруді ұсынады, екіншісі жоқ деп айтады. Қарсылық өте нақты, батыл болуы керек. 5 минуттан уақыт беріледі. Қарсылықтың түрлері:

• «Рахмет. Бұл мен үшін өте қауіпті»• «Жоқ, ата-анаммен және мұғалімдермен

конфликт жасағым келмейді»

Page 33: Ақиқаттың ақ жолынан адаспайық

• Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.