100

№9 журнал 2013 г-на сайт

  • Upload
    suppprt

  • View
    756

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: №9 журнал 2013 г-на сайт
Page 2: №9 журнал 2013 г-на сайт
Page 3: №9 журнал 2013 г-на сайт

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

№9 (3) СӘУІР 2013 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Ерсайын ИхсановАкадемик, Атырау облыстық маслихатының депутаты

Махмуд Нәлібаев«Марсель Петролеум» ЖШС-нің басшысы, «Алтын жүрек» және Халықаралық Сократ сыйлығының иегері

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Абдолов Аманкелді АманиязұлыАтырау облыстық жеке сот орындаушылар алқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Рая ЖорабайқызыҚР Кәсіподағының төрайымы

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Дария ҚожамжароваЖамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Жолдасбек НүсіповҚР Еңбек сіңірген салықшы

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Оразалы Телеуов«Промхиммонтаж» АҚ-ның бас директоры,Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Ібайдулла ТілепҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Ғани ТашқараевШымкент қалалық Мәслихатының депутаты

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Бөріхан БеркімбаевАтырау облыстық Мәслихатының депутаты, Құрметті теміржолшы

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

3

БАС РЕДАКТОР

ШЕФ-РЕДАКТОР

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР БОТАГӨЗ ТАЖИМОВАӘСЕМ БІРМАҚОВАДИАНА АЛИЯКБАРОВАЗЫЛИХА САЛИХАЙСҰЛУ САҒЫНТАЕВА

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФаудармашы

ВИЗАЖИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

БОТАГӨЗ СЕМБАЙҚЫЗЫ

ӘСЕМ САҒИҚЫЗЫ

РАЙХАН КЕНЖИБАЕВАРАУШАН МҰҚАЛИСЕЗІМ ЖҮСІПҚЫЗЫМӨЛДІР ҚҰРМАНЛӘЙЛӘ НЫҒМАТУЛЛИНА

ГҮЛЖАЙНА ДӨНЕНҚЫЗЫ

ДЖОН ЛАУЖанар 8 (701) 947 83 53Әбіш8 (7172) 48 20 23

МАРИНА НЕКЛЮДОВА8 (701) 750 89 88

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

Page 4: №9 журнал 2013 г-на сайт

20

18

14

36

39

«Балалар үйі мен интернаттар санын азайту қажет...»

Саясатты саялап, отбасының қазығы саналған асыл жандар

Сыршыл ақын

Тұрмыс оңалмай - жұмыс жақсармайды

«Болашақтың жеңісі - бүгінгі күннің жемісі»

42

46

50

Іскерлік пен парасаттылықтың бейнесіндегі асыл жан

Атырау өнерінің биік шынары

Әлемге танымал Швейцария

МАЗМҰНЫ

8 Алып кәсіп иесі

24 «Спорттағы тәрбиемнің өмірде бергені көп болды»

32 Ойы үндес, арманы үйлес нәзік жан

28

48

52

«Болашаққа қолтаңба белгілеу - әркімнің арманы»

Ұлттық ойындар

Бурабай - тамсандырған тылсым табиғат

14

20

Page 5: №9 журнал 2013 г-на сайт

54

58

Жүйке жүйесінің жәбірі - ғаламдық сырқатӘйел психологиясы немесе оның жан

саулығы мен жан сұлулығы

92

96

8076

84

88

Қызуқанды қайнау - нарықтық бәсекелестік

«Ауылшаруашылығына берілетін несиенің механизімін жетілдіру қажет»Қазақстан - «ЕХРО-2017» жобасының

ұлттық үйлестірушісі

Әлем мойындаған ұлы тұлға

«Белсенді ұстаным және білікті басшы»

«Жемқорлыққа қарсы әрекет» заңының жобасын жауаптылықпен талқылайық

90Музыка бәйтерегі

70

6662

73Тұғыры қалыптасқан құрылыс

«Жеке сот орындаушылар Еуропаның үлгісімен жұмыс жасауы керек»

«Орталықтың тиімділігі - мамандардың бір жерде шоғырлануында»

Сан алуан бастамалардың ұйытқысы

24

32

Page 6: №9 журнал 2013 г-на сайт

6

Қадірменді оқырман қауым!

Араға уақыт салып міне, сіздермен тағы да қауышып отырмыз. Уақыт жүйрік қой. Кеше ғана журналымыздың көктем шуағымен арайлас

болған журналымызды ұсынған едік. Міне, енді сол бір жайма шуақ көктемнің күнінде тағы да жаңа нөмірін сіздерге тарту етіп отырмыз! Қаһарына мінген қыс мезгілі өтіп, күлімдеген көктем мерекесі «сәуір болмай, тәуір болмайдыны» еске салып тұрғандай. Әйтсе де, жер-әлемнің жаңаруымен бірге, біздің де санамыз жаңа арнаға бет бұрып барады. Көктемнің шуақты күндері - әр адам үшін ерекше, бір керемет, сыры бітпес тылсым уақыт. Барша жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, ертеңгі күнге деген сенімділікті ұлғайтады екен. Соған қарап, қазақ жерінің сайын даласы мен әр төбесі киелі көрінетінін болжай беруге болатын сияқты.

Санамызға тың серпіліс берер осынау көктемде сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған журналымыздың бұл санында халық игілігіне еңбек етіп келе жатқан бірқатар тұлғалармен танысып, әр түрлі тақырыпта жазылған ойлы мақалалар мен құнды пікірлерді таба аласыз.

Ендеше, табиғат ана оянып, жер шарын көкке бөлейтін ерке көктем баршаңызға шаттық пен бақыт әкелсін!

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Бас редактор бағаны

Page 7: №9 журнал 2013 г-на сайт

7

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы Ақылдастар алқасының Төрағасы

Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлы

Құрметті оқырман! Сіздерді көптен күткен, жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш еткен

тамаша көктем мерекесімен құттықтаймын! Көктем – жылы күндердің, жаз шырайының, сондай-ақ өмірдегі жаңа белестерге деген бетбұрыстың, өмір атты шексіз керуеннің жаңа бір парағының ашылуы, өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы іспеттес. Осынау жарқын мереке біздің барлық үміттеріміз және армандарымызбен тығыз байланыста болғаны жақсылықтың нышаны болса керек. Наурыз келісімен-ақ, бейне бір дүние дүр сілкініп, тіршілік атаулыны ұйқысынан оятқандай, табиғат құлпырып сала береді. Қайтқан құстар оралып, жансыз жатқан ағаштар мен жәндіктерге қайта жан бітіп, қасиетті қара жердің беті бусанып, Самарқанның көк тасы ериді. Бұл – мезгілдердің ішіндегі ең бір керемет, шат-шадыман шақтың бірі. Бұл мезгіл жаңа ойлар мен тың бастамаларды қолға алатын уақыт.

Қадірменді оқырман қауым, көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын! Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілеймін.

Page 8: №9 журнал 2013 г-на сайт

8

МахмудНәлібаев

Page 9: №9 журнал 2013 г-на сайт

9

АЛЫП КӘСІП ИЕСІ Қарға тамырды қазақтың мүддесі үшін боз ала таңнан кеш батқанға дейін

тірлік жасай алатын ерлері барда халқының еш нәрседен мұқалмасы керек. Еліне лайықты азамат атану олар үшін де бір мәртебе ғой сол себептен. Іскерлік қабілеті мен кәсіпкерлік рухының арқасында әсіресе адамзат баласының өміріне айтар-лықтай үлес қосу басты жауапкершіліктеріне айналғалы қашан. Швейцария елінің ірі кәсіпкері кезінде «Егер менде мың идея болып, олардың тек біреуі ғана жемісті болса, ол менің сәттілігім» деген екен. Ал, күріштің Отаны саналатын Қызылорда өңірінің тумасы қанша идеясы болса да, оны жүзеге асыру үшін тыным таппайтын адам. Аптыға жүріп іс бастағаннан гөрі, шапшаңдықты қалайтын оның бүгінгі таңда қоғамда алар орны ерекше. Жеке кәсіпкерліктің мемлекеттен гөрі тиімдірек жұмыс жасайтынын дер кезінде ұғынып, дамуы жолында барынша жанын салып бағады. Қазақтың қара алтыны мұнайдың қарқын алуына және газ саласында ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды шараларды атқарып жүруі де сондықтан. Ол «Алтын жүрек» және Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, «Парыз-2010» байқауының жеңімпазы сондай-ақ, «Құрмет» орденімен марапатталған. Бұл «Марсель Петролеум» ЖШС-нің басшысы Махмуд Ыбырайханұлы Нәлібаев болатын.

Іс-сапар барысында біз Махмуд Ыбырайханұлымен жолығып, сұхбат құрған едік. Енді соны назарларыңызға ұсынамыз.

Махмут Ыбырайханұлы, сіз алып кәсіптің иесісіз. Еңбек жолыңда жетістікке жету оңайлықпен келе бермейтіні белгілі. Кәсіпкерліктің кірпішін қалауға не түрткі болды?

Нарықтық экономика басталысымен әр адамның ойында кәсіпкерлікпен айналысу мақсаты тұрды. Әркім шама-шарқынша жеке кәсіпкерлікті оңтайландырудың әдісіне көше бастады. Сол кездері «Шапағат» атты жеке шаруашылық ашып, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікпен айналысуға себімді тигізген жайым бар. Бос уақытта отбасымды бақша егуге де араластырдым. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып едім, жұмыс жасауым қиынға соғып, қайтадан кәсіпкерлігіме келдім. Содан несие беру ісімен шұғылдана бастадым. Елдің экономикасына өз идеямнан шыққан 4-5 жобам қазір жұмыс жасап жатыр.

Өмірлік жолыңызда тіреу бола білген ата-анаңыз және

бауырларыңыз жайлы айта кетсеңіз.

Әке-шешем сонау сұрапыл замандарда өмір сүрген жандар. Әкем өз әкесінен жастайынан жетім қалып, інісімен екеуі шаруашылыққа ерте араласты. Нәлібай атам кезінде оңтүстік өңірде сауда басқармасының басшы қызметін атқарған. Кешегі асыра сілтеудің кезіндегі қуғынға ұшыраған мамандардың орнын жоқтатпай, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған. Кейін Ұлы Отан соғысына қатысып, содан қайтып оралған жоқ. Анамның есімі – Қалыкүл, ал әкемнің аты – Ыбырайхан Нәлібаев. Өз әкесінің жолдасы, кезінде сауда базасын басқарған Бақберген Нұрмақұл деген кісімен етене араласып өседі. Кейін әкем сол кісінің қызына яғни, біздің анамызға үйленеді. Менің әке-шешемнің отау тігіп, шаңырақ көтеруіне бұл кісі тікелей себепші болған. Ойлап отырсам, сол заманда өмір сүрген адамдардың қамқорлығы мен мәрттігі

ата-бабамыздан қалған асыл қасиеттерді меңгеруі деп білемін.

Әкеміздің шаңырағынан төрт ұл, төрт қыз тәрбиеленіп өстік. Әке орнына әке болып жүрген әкемнің бауырының аты-жөні – Мәделхан Нәлібаев «су мұрабы» атанған жан. Яғни, жастайынан су шаруашылығымен айналысты. Жасы сексеннен асқан, әлі де қоғамдық істерге белсене араласып жүреді. Ол кісінің ұстамында сусыз өмір жоқ деген қалыптасқан қағида бар. Он бес жылдай бұрын өз демеушілігімен және басқа да азаматтардың көмегімен Сыр елінде су мұражайын ашты. Сыр елі, жыр елі атанған өңірдің тарихына өз үлесін қосқан азаматтардың бірі.

Қара шаңырақтағы кіші інім де кәсіппен айналысады. Дін жолына түскен баласы бар әрі қажылық оқуын оқып келді. Қазір «Хақ салауат» деген қорды басқарып отыр. Былтыр ата қонысымыз Сырдария өңірінде мешіт салдырдық. Мешіттің ашылу салтанатына Лондон

Page 10: №9 журнал 2013 г-на сайт

10

олимпиадасының жүлдегерлері Серік Сәпиев пен Илья Илинді арнайы шақырып, ескерткіш ретінде тал ектіріп алдық. Тек осы іспен ғана шектеліп қалмай елдің еңсесін көтеру үшін, іргетасы 1985 жылы қаланған «Тағзым» алаңын жергілікті әкімнің қолдауымен қалыпқа келтіріп, жаңалау жұмыстарын жүргіздік. Келушілер алдымен тағзым етсін деген ниетте қазіргі заман талабына сай, «Мәңгілік алау» орнаттық. «Марсель-Сарыағаш» суы халыққа тегін таратылып, елді-мекендерге акция ұйымдастырылды. Әлеуметтік көмекке зәру жандарға сый-сыяпат таратылып, Шиелідегі техникалық лицейге жаңадан шыққан автобус көлігі сыйланды. Ел көзімен көргісі келіп, үнін естуді сағынып жүрген өнер

жұлдыздарын шақыртып, концерт бергіздірдік. Есесіне халық бір марқайып қалды.

Білуімізше, сіз әкеден мол ғибрат алған жандардың бірісіз. Ол кісінің білімділігі мен қарапайымдылығы кезінде біраз адамдарды таң қалдырған екен. Әкеңіздің ерекше қасиеттерін қалай еске алар едіңіз?

Әкем қызметін қаржы агенттігінен бастаған. Ауылдық кеңестерге қатысып, шаруашылықты және кәсіптік-техникалық училищелерді басқарған. Жаңаша бастамаларды көтеріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан азамат. Ресей Федерациясына қарасты Чуваш елінің жастарын қазақ балаларымен бірге араласып,

оқысын деген ниетімен елімізге көшіріп алды. Кәсіптік-техникалық училищені басқарып тұрғанда, сол жастарды көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстыратын. Оқу орнында білім беріп қана қоймай, қаншама талантты балаларды тәрбиеледі. Ыбырай Жақаевтың бастаған күрішін техникамен жұмыс істеуге үйретіп, озат әрі белсенді мамандарды дайындап шығарды. Осылайша әкем училищенің абыройы үшін қызмет атқарған жандардың бірі. Бала да болсам, әкемнің жасаған сол жақсылықтары көз алдымда әлі күнге дейін елестейді де тұрады. Күріштің ең үздік рекордын жүзеге асыруға атсалысқан адам. Сөйтіп жүргенде, мемлекет әкемнің жасап жатқан істерін ескерген болуы керек, Қызылорда облыстық

Page 11: №9 журнал 2013 г-на сайт

11

атқару комитетіндегі шаруашылық бөлімінің басқару қызметін ұсынды. Бұл жерде әкем жиырма жылдай қызмет етті. Облысқа келген қонақтарды жылы қарсы алып, шырайлы жүзімен шығарып салу міндеті сол кісінің мойнында тұрды. Өңірдің өсіп өркендеуіне лайықты қызмет жасаған адам деп толығымен айта аламын. Себебі, бір облысты басқармаса да, солардың деңгейіндегі сыйлы азаматтардың қатарында саналды. Ең алдымен халықтың мұң-мұқтажын ескеріп отыратын. Мәселен, түнгі сағат төртте хабарласып, көмек сұрағандарға шаршап жүрсе де апыл-ғұпыл киініп, үйден шыға жөнелетін. Бала кезімнен әкемнің сондай ғибрат алар істерін көріп өскен маған әсері тиді деп ойлаймын. «Жақсы әке балаға жүз жыл азық» демекші, қайда барсақ та үлкен ақсақалдар маған сыйлы көзқарас танытып, төрге шығарып жатады. Әкемнің жақсы адам екенін естеріне алып жатады. Әкеміз бен анамыз 54 жылдай бірге өмір сүрді. Ол кісі «Махмуджан үлкею мен үлкендікті алып жүру үлкен қасиет» деп үнемі айтып отыратын. Осы сөз көкейімде тұрады да қояды. Әрі әркез әкемді жиі еске алып отырамын.

Сіз басшылық етіп отырған «Марсель Петролеум» ЖШС-і аймақтардың инфроқұрылымының әлеуметтік даму бағытында жұмыс атқарып келеді. Компанияңыздың ізгілікті істерімен және жер-жерлердегі филиалдары жайында айта кетсеңіз.

«Марсель Петролеум» компаниясы мұнай-газ саласында нарыққа он бес жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның негізінде бірнеше жобалар жүзеге асырылып, жаңадан ашылған компанияларымыз Ақтөбе, Қостанай және Шымкент өңірлерінде жұмыс жасап жатыр. Қостанайдағы кәсіпкерлік саласындағы мекеме мен

Ақтөбедегі «Қобыланды» атты мұнай-газ барлау компаниялары елдің сұранысына орай қызмет етуде. Ал, «Марсель-Сарыағаш» компаниясы тұтынушыларға минералды суын ұсынуда. Бұдан басқа компанияның құрамында «Саутс Ойл» ЖШС, «Мирас хан» ЖШС, «Амир Лтд» және технология саласы бойынша «Мұнай-спецтехнология» ЖШС Қазақстан төңірегінде жұмыс жасауда. Аталмыш компаниялар халықтың әлеуметтік-тұрмыс деңгейлерін жақсарту мақсатында бірқатар игі істерді атқарып келеді. Жалпы компанияның құрамында 2000-ға жуық адам еңбек етеді.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қоғамдық қордың құрылуына айтарлықтай атсалысып, сіздің бүгінгі күні сол қорды басқарып отырған жайыңыз бар. Жалпы қорды құруды қалай қолға алып едіңіздер?

Қазіргі заманғы қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын азаматтарымыз жеткілікті. Болашақ жастарымыз соларды ескерсін, өнеге тұтсын және патриоттық бағытта тәрбиеленсін деген ниетпен осы қайырымдылық қорының атына лайық Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ағамызды таңдағанымыз рас. Бұл кісінің жасаған істерін ел біледі, ол өз алдына бөлек әңгіме. Тікелей ол кісінің алдынан өтіп, 2 жылдай бұрын құрған болатынбыз. Осы жылдар аралығында қордың бөлімшелері ашылды. Бүгінде қоғамдық қор мемлекетіміздің еңбегі сіңген азаматтарын ескеріп, үлгере алмаған жағдайларын қолға алу. Яғни, Отанымыздың марқасқа әрі аңызға айналған азаматтары жайында жазылатын туындыларына, орнатылатын ескерткіштеріне қаржылық көмек беріледі. Қазақ палуаны Қажымұқан Мұнайтпасовқа арнап, ескерткіш тұрғыздық. Біздің жастарымыз осы кісіге ұқсап, еліктесе екен деймін.

Енді сол ескерткішті Астанадағы Арена стадионының алдына қою үшін, жер алуға рұқсат сұрап жатырмыз. Бұйыртса, бұл мәселе шешімін табады деген ойдамын. Сосын «Ұлт мақтанышы» деген атпен фотоальбом жасалынып шығарылмақ. Асқар таудай ағамыз тоқсан бір жасқа келгелі отыр. Бұл жөнінде де біраз шаруалар қолға алынуда. Қорды құрудағы мақсатымыз - әлеуметтік мәселелер төңірегінде жұмыс жасау болып отыр.

Сократ сыйлығын иелену дүниежүзілік ұйғарым бойынша кім-кімге болса да бұйыра бермейтіні рас. Сол сәтте сіз қандай күйде болдыңыз?

Сократ сыйлығын иеленерде төбем көкке жеткендей әсер алдым. Қазақ елінің абыройын асқақтату мақсатында, экономика және бизнес, сондай-ақ, мұнай-газ барлау саласындағы жұмыстарымды ескеріп, осы сыйлыққа ұсынылыппын. Шын мәнісінде, халықаралық деңгейдегі бұндай сыйлықтарды иелену келешекте инвесторлар тартуға үлкен септігін тигізеді. Бұл болашақ материалдық резерв және ресурс болып табылады. Осы сыйлықты иеленгеннен кейін, жаңаша ізденіс пайда болып, бірнеше жобалар іске асырылды. Алғашқы жоба бойынша құрылған мекемеде 500-ден аса адам жұмыс жасап, одан түскен қаржы әлеуметтік салаға аударылып және мұнай-газ барлау жұмыстарын жасау үшін инвестиция құйылды. Өз идеям бойынша жаңадан ашылған әрбір жоба халыққа қызмет жасап келеді.

Қазақ қоғамында сізді толғандыратын жәйт бар ма?

Қазақ елі – бір өзі алып кеме сияқты. Неге десеңіз, көп ұлты шоғырланған Отаны да, тағдыры да бір мемлекет. Елбасының сындарлы саясатының арқасында осындай күй кешіп отырған ұлы халық. Ұлттық қасиет пен тілді

Page 12: №9 журнал 2013 г-на сайт

12

сүю қанымызға әу баста-ақ сіңді. Ал, ана тілімізге құрмет әлі де жетпей жатыр. Өз тіліңде ойлап, өз тіліңде сөйлесең рухың көтеріледі, мәртебең жоғарылайды. Тәлім-тәрбие алу және рух отбасынан басталады. Ана тілінде сөйлеуді намыс көріп, өзге ұлттың тіліне жармасып кететіндерді түсінбеймін. Балаларының өзге тілде шүлдірлеп кетуіне көп жағдайларда ата-анасы кінәлі. Әрине, бұл өте ауыр әңгіме. Ауруын жасырғанның дер кезінде көз жұматынын жақсы білеміз. Өзге тілді бір кісідей білетіндердің қатарындамын. Бірақ, отбасыммен ана тілінде сөйлесуді қадағалап отырамын. Себебі, қазақ болып туылу мақтаныш.

Ел арасына шетелден келген діни басбұзарлар іріткі салып, солардың лаңкестігінен дәстүрлі дініміз бұрмаланып барады. Өсіп келе жатқан жастарымызды тура жолдан тайдырып, ой-пікірлерін теріс бағытта тәрбиелеп жатыр. Ең алдымен осы лаңкестермен күресе білуіміз керек, яғни, сыртқы идеологияға қарсы тұру қамын қарастырған жөн.

Өмірдің ағы мен қарасы үнемі қатар жүретінін

ескерсек, оның сынағына төзу шыдамдылықты қажет етеді. Еңбек жолыңызда кездескен кедергілер барысында сізге күш беретін нәрсе не еді?

Жоқтан бар жасап, кәсіппен айналысатын азаматтардың бірімін. Біреудің мүддесі үшін шашбауын көтеріп я болмаса, мемлекеттің меншігіне еш уақытта қол сұққан емеспін. Бүгінгі жеткен табысым өз еңбегімнің арқасында дамыды. Алғаш кәсібім бау-бақша егуден басталып, уақыт өте өсті, өркендеді. Ниеті таза емес адамдардың қолына түсіп, тақырға түскен кездеріміз де болды. Машинамызға жанар-жағар май құю үшін ақшамыз 5 литрге ғана жетіп, от алмай тұрды. Сол сәтте машинадан түсіп, артынан итеріп жүрген шақты да басымыздан өткердік. Өлместің күйін кешіп жүргенімізде табысымыздың 90 % жаңадан жобалар ашуға жұмсалды. Сондай кездері менің отбасым және жан жарым Анардың қашанда түсіністікпен қарап, көнгендеріне рахметімді айтамын. Міне осының бәріне маған күш беретін қайсарлығым мен жігерлігім болатын. Алға қарай сілкініс жасап, болашаққа бетбұрысты тізгіндеу үшін

біреуден озып кетпей, ешкімнен қалыс қалмай лайықты өмір сүру ұстанымымен келемін.

Кейбір деректерге көз

жүгіртіп отырсақ, сіздің ақылы толысқан, рухани жан-дүниесі бай кісі екендігіңіз туралы жазылған екен. Бұл да болса текті жерден шыққан азамат екендігіңізді байқатады. Қоғамымыздағы жан-дүниесі кіршең жандарға үлгі боларлықтай қандай ой тастар едіңіз?

Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің қалыптасуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Ұлттық тәрбие іс жүзінде қалыптасып, ұлттық болмыстың рөлін атқарар болса, жақсы қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табады. Ұлттық мінез бен ұлттық әдеп деген бар. Кісіні тегіне тербеп, ерекшелігіне қарай бағалайтын болсақ, онда қоғам өзінің әлсіздігін көрсетіп алар еді. Әдептілік кісіні тек әдептілікке үйретіп қана қоймай, ұлттық әдепті бойына сіңіруімен байланыстыра алады. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік ете жүріп,

Page 13: №9 журнал 2013 г-на сайт

13

өзі өмір сүріп отырған қоғам мен ұлттың мүдесіне өзіндік ақыл-парасатымен көрінуге тырысады. Қоғамдық ортамен осылайша қарым-қатынас орнатып, ең алдымен ұлттық тәрбиенің жетегіне қарай өз-өзін тәрбиелеп шығарады.

Бизнесте жүрген азаматтың арманы қандай екен? Соны білсек дейміз.

Еліміздің еңсесі биікке көтеріліп, отыз мемлекеттің қатарына қосылу күніне тезірек жетсе екен деймін. Қазақстанның бір азаматы ретінде діттеген мақсатыма жетіп, осы күнге дейін жүзеге асырған жобаларым ілгері аяқ баса берсе деймін. Оңтүстік өңірдегі зауыттан шығатын «Марсель-Сарыағаш» минералды суы қасиетті болып есептелгенімен, шипалы екендігін халыққа түсіндіре алмай жатырмыз. Су 976 метр тереңдіктен қазылып шығарылады. Себебі, халық өздері үйренген минералды суларынан ішіп жатыр. Бір арманым – осы су жайында халықты кеңінен ақпараттандырып, сатылымға шығу пайдасын реттеу. Ауыз су мәселесінен зардабын тартып

келе жатқан аймақтарға тарату. Бұл алдағы жоспарларымның бірі болып отыр.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Сондай-ақ, біздің журналымызға айтар тілегіңіз қандай?

Ғасырлар бойы халқымыз армандаған Тәуелсіздікке жету арманымыз еді. Ақыр соңында қол жеткіздік. Бірде Оңтүстік Африкадағы чемпионатта Бразиялық жігіттер Көк туымызға қарап, бізден сұрады: «Бұл қай елдің жалауы?». «Қазақстанның Көк туы» деп жауап берсек, олар: «Сіздердің елдеріңіздің атынан футболистер шыққан жоқ қой. Неге жалауларыңызды желбіретіп отырсыздар?» деді. Біздің жауабымыз мынадай болды: «Қараңғыда шабандоз аттарды дайындағандай, әлемдік чемпион футболистерімізді біз де тәрбиелеп жатырмыз. Біздің Қазақстан сіздердің елдеріңіз сияқты талай рет чемпион атанатын болады». Осы сөзіміз расқа шығып, шетелге тәжірибе алмастыру үшін әрі оқуға жіберілген қазақ балалары сенімімізді ақтаса деген ойдамыз. Сайып келгенде, осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. Өз

Тәуелсіздігіміз үшін күресе білсек, қазақ елінің тұтастай беріктігі сақталып қала бермек.

Сіздердің журналдарыңызға келсек, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» деген атынан айналайын! Ата-бабамыздың армандап жүрген сөзін журналдың атына қоюдың өзі мәртебе. Атына қарап-ақ, журналды төрге шығаруға болады. Елімізде жаңаша көзқарас қалыптастырып, іске асырып жатқандарыңа қуаныштымын. Журналды жүз пайыз қазақ тілінде шығарып, тегін тарату да оңай шаруа емес. Халыққа Тәуелсіздікті және Тәуелсіздік жолында еңбек етіп жатқан жандарды насихаттау жолындағы бағыттарыңызды қолдаймын. Осы кәсіптеріңізді қолдауға біз де атсалысып қалармыз деген ниеттемін. Ел игілігіне арнаған жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Биік-биік белестерден көріне беріңіздер!

Әсерлі әңгімеңізге және тілегіңізге рахмет! Алла ісіңізге береке берсін!

СұхбаттасқанӘсем Сағиқызы

Page 14: №9 журнал 2013 г-на сайт

14

СЫРШЫЛ АҚЫН

Сыр сандықты ашып қара,Ашып қара, сырласымСым пернені басып қараБасып қара, жырласын! – деген өлең шумақтары есіңізде болар, бәлкім. Жиырмасыншы ғасырда қазақ

поэзиясына тосыннан келген жаңалық жаршысының өзіндік ойы ғой бұл. Ішкі сырын жан-түйсігімен сезінетін жақынына барынша ақтарып, сүйенішін іздеген кісінің жан-айқайы. Ақынның жүрегінен шыққан осы бір өлең шумақтарын оқығаннан кейін адам баласы өзін қайнар бұлақтың ортасында отырғандай сезінеді екен. Көңіліне кірбің түсірген түйткілдердің кесірінен еміне шипа берер адам – досы екенін сезінген ол үш әріптен тұратын, дос деген киелі ұғымды арқалап жүрген сырласына іштегі тебіренісін жеткізгенше асығады. Қаймана қазақтың мекеніне айналған Сарыарқа деген жерде аспанмен тілдесуге шақ қалған таудың сымбаттылығына қарап-ақ, іште жатқан сырын ақтаруын ақын өз өлеңінде қиыла сұрап әлек. Сол таудың шыңында тіп-тік сұңғақ бір биіктің бар екенін меңзейді... Сол биік сұңқар әрине ақынның өзі екенін тапжылмай аңғаруға болады. Бұл халқымыздың біртуар перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің өлеңі. Қайнар бұлақты, жалындаған жігерлі, өршіл де сырлы, сұлу да сымбатты Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін салғандардың бірі. Қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған, елі үшін еңіреген ер 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген.

Сәкен Сейфуллиннің шығармаларындағы ұлттың мәдени-рухани мен сыншылдық ойының құнарлылығы күңіренген даланы дүбірлеткенмен бірдей. Сол үшін де біз оны қазақ халқының маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың қатарына қосамыз. Тоталитарлық тәртіптің алдауына түскен еліне идеялық дем беруші ұлтжанды азамат еді ғой. Саяси сорақылықты басынан кешіртіп, империялық озбырлық көрсетіп отырған халқының армандарын жүзеге асырғысы келді. Қаншама боздақтардың өмірлерінің қасіретке толғанын көзімен көрген ақын іштегі мұңын былайша шығарады:

Page 15: №9 журнал 2013 г-на сайт

15

Дүниеге жайып құшақты,Күштерім құлаш сермеген.Шаттанған тасып өлеңді,Айтпауға ерік бермеген.Кейде толып көкіреккеКектер толып кернеген.Жігер қайнап зұлматқа,Дүниеден шындық көрмеген.Көз жасын көріп сорлының,Екпінді қызу өлендіКөкірегім жылап еңірегенАйтпауға ерік бермеген.

Ақынның шығармаларындағы өмір шындығының бейнеленуі деп осыны айт. Таптық көзқарастың салқынын сезінген айбынды ақын осылайша тебіренеді. Жанына өшпестей сызат түсірілген аяулы халқының көкейіндегісін тап басып айтып, өзі де тар жол тайғақ кешуді басынан өткереді. Бірақ, сол жайттар ақынның сағын еш сындырған емес. Керісінше, халқына қалай қызмет ету керектігін түсініп, өлмейтіндей артына мұра қалдыруды түсіндірген. Елі үшін атқарар әлі де талай асулардан өтіп, толағай табыстар әкелуде Сәкеннің адами келбеті, сырт-бейнесі, сұлу да көркем көркі ел жадында сақталды. Оның «Аққудың айрылуы», «Көкшетау», «Ақсақ киік» поэмалары мен «Тау ішінде», «Тергеген болсаң айтайын», «Сыр сандық», «Ақша қар», «Күздігүні далада», «Жаздыгүні далада» және т.б. өлеңдері мен өміршең туындылары қазақ поэзиясының дамуына қосылған құнды дүниелер. Демек тарихи тұлғалардың тағдырын парақтағанда елінің қамы үшін еңбек сіңіріп, жілігі татитын мұра қалдыра алғаны халқымен бірге мәңгі жасап қалатыны анық көрінеді. Ақынның бейнесін ашатын сурет-фотоларына қарап отырып, тамсанбай қоймайсың. Көрсең көзің тоймайтын көркі бар ақынның сұлу келбеті бейнеленген фото суреттер оның жанды бейнесін аша түскендей. Қазақ халқының келбетті ер адамдарды көргенде сері

Page 16: №9 журнал 2013 г-на сайт

16

деуі де сондықтан. Сол серіліктің арқасында Сәкен ақынның сұлу жанынан талай дүниелер дүниеге келді. Қараңғы қапастың дәмін татып, өмір соқпақтарын басынан кешірген ақын ұлы ұстаз да бола білді. Сол себептен ақындық өнердің құдіреттілігі жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы өршіл де сыршыл биік ұстанымы оны өмір майданына және өмір жағалауына үйретті. Ақын талантының күштілігі сол оқиғаның өзі көз алдымызда өтіп жатқандай, өзімізді соның жанды куәгерлеріндей сезіндіріп, сыршыл суреттей алуында болып отыр.

Кейінгі ұрпаққа үлгі болу үшін сыңар жақ, қисық пікірден ада болып, қиыннан қиыстырып, нақышына келтіріп, сөзінің жерге қалмауы ақынның арманы еді. Алаштың арысы тек сол ұлағатты сөздерден халқының нәтиже шығарғанын, надандықтан арылғанын қалағаны және бар. Солақай саясаттың көрсоқырлық ұшқыны өсіп келе жатқан жастарға тимегенін аңсады. Саналыға айтылған сөздің алтынмен пара-пар, ал санасызға ұқтыру салқын желмен бірдей екенін ұқтырды. Өлшеуі жоқ мұхиттан өтіп, аспандағы қызыл түсті жұлдыздарды жерге шоғырландырып, жаңа тұрмысқа бет бұруды аңсады. Қазақ халқының жүрегінде ақ боз аттай жүйтки жөнелген арыстай азаматтың арманы бүгін орындалды десек болады. Себебі, қазіргі қазақтың қоғамдағы алар орны бөлек, оқыған әрі сауатты, сондай-ақ, Тәуелсіздікке қол жеткізген ұлы халық.

Ақынның өлімі Ақынның өлімі жайлы деректер әр түрлі. Оның ақ көйлегін қанға боятып, мұртын жұлып алып, қинап

өлтірілгені жайлы бір деректерде келтірілсе, кей жазбаларда қазақ зиялыларын жазықсыз айыптап, қуғын-сүргінге ұшыратқан репрессияда Сәкен Сейфулиннің тірі қалғаны айтылады. Демек ақынның өліміне байланысты қауесеттің таратылуы әбден мүмкін. Мәселен, «Қарағанды көмір» шахтасында еңбек еткен Иван Мудров дейтін кісі 1940 жылы Сәкен Сейфуллинмен танысқаны жайында баяндаған. Арада біраз уақыт өтісімен ақынның мәйіті көпірдің астынан табылған. Бұл Сәкен Сейфуллиннің атылды деген дақпыртынан кейін тура екі-үш жылдың өткені.

Зылиха Салих

Page 17: №9 журнал 2013 г-на сайт

17

Page 18: №9 журнал 2013 г-на сайт

18

САЯСАТТЫ САЯЛАП, ОТБАСЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ САНАЛҒАН АСЫЛ ЖАНДАР

Әу бастан-ақ, санамызға «әйел үйдің – қазығы, еркек – үйдің азығы» деген пікір сіңісіп кеткен. Ерлер түздің адамы, отбасын асырауға міндетті. Ер азаматтарымыз ел мен жерді қорғап, сыртта жүрген. Ал, әйел – ақ жаулықты ана, ибалы қыз, инабатты келін, қылықты қарындас. Дей тұра, баршаңызға аян, соңғы жылдары гендрлік саясатты жүзеге асыруға біршама көңіл бөліне бастады. Байқаған боларсыздар, бүгінде билікке әйел заты білек сыбанып кірісуде. Гендрлік саясат бойынша еліміз 134 мемлекеттің ішінде 41-ші орында түрғаны соның айқын дәлелі. Қазіргі таңда билік тұтқасын ұстаған нәзік жандылардың үлес салмағы 30 пайызға жете қойған жоқ. Алайда, сол нәтижеге қол жеткізу жолындағы жұмыстар қарқынды дамуда. Қазақ елінің басынан түнерген бұлт кетпей, түрлі қиыншылықтарды бастан өткерген замандарда аналарымыздың ел ертеңі үшін ерлермен қатар ауыр жұмыстарды атқаруына тура келді. Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста да отбасын асырауда ер мен әйел бірдей қызмет атқарды. Міне, сондықтан да еліміздің дамуына тамшыдай болса да өз үлесін қосып жүрген қазақ әйелдерінің еңбегіне тоқталуды жөн көрдік.

Балжан БөлтіріковаЖамбыл облысы, Қордай ауданында 1921 жылы дүниеге келген. Алматы мұғалімдер институтын тәмәмдаған

соң, Алматы облысы, Бөрілтөбе ауданы, Лепсі орта мектебінде оқу меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. Қазақ тарихында әйелдер арасынан шыққан тұңғыш Сыртқы істер министрі және БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына қатысқан бірінші қазақ қызы болып саналады. Б. Бөлтірікованың кезінде білім беруді дамыту ісіне, елдің сыртқы саясатын нығайтуға қосқан үлесі зор. Өмірінің соңғы жылдарына дейін қоғамдық істерден қол үзбей, ұлты үшін аянбай еңбек еткен жан. Былтыр ақпарат беттерінде есімі жиі кездесетін Балжан Бөлтірікова апайымыздың туғанына 90 жыл толды.

Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова1948 жылы19 сәуірде Ақмола облысы, Ерейментау ауданында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық

институтын тәмәмдаған соң, мемлекеттік қызметте ел мүддесіне арнап ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда қоғам және мемлекет қайраткері, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі және Ақмола облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарып жүр. Сондай-ақ, С. Жақияқызы бір қыздың анасы және сол қызынан бір немере тәрбиелеп отырған асыл әже.

Айткүл Байазықызы СамақоваАлматы қаласында 1949 жылы 2 ақпанда туылған. 1967 жылы Алматы политехникалық техникумын, ал 1973

жылы Жамбыл технологиялық институтын бітірген. ҚР Парламент Сенат төрағасының орынбасары, Қоршаған ортаны қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметтерінде аянбай еңбек етті. Қазіргі таңда А. Самақова саяси ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университетінің Құрметті профессоры, табиғат және адамның экологиялық қауіпсіздігі Халықаралық академиясының академигі, (Санкт-Петербор қаласы 2005 жыл) Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. Бүгінде бір ұлынан екі немере сүйіп отырған бақытты әже.

Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова 1950 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1972 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік

университетін бітірген. 1980 жылдан бастап экономика ғылымдарының кандидаты, ал 1991 жылы докторы болды. Еңбек жолын 1994 жылдан - ҚР Президентінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісінен бастаған Гүлжан Қарағұсова ел экономикасына бір кісідей ат салысып, еліміздің гүлденіп көркеюіне үлес қосуда. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы қызметтерін атқарып келеді. Екі ұл мен бір қызды тәрбиелеуде.

Page 19: №9 журнал 2013 г-на сайт

19

Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы1952 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы, Шу өңірінде дүниеге келген. 1973 Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық институтын үздік бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысының көркею жұмыстарына үлес қосып, көп жылдар бойы еліміздің оңтүстік өңірінде қызмет атқарды. Ал, 1998-2006 жылдар аралығында Астана қаласы, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, кейіннен 2006-2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарды. Бүгінгі күні Оразкүл Асанғазы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқаруда. Төрт қыз бен бір ұлдың анасы.

Надежда Михайлқызы Петухова1953 жылы 24 қыркүйекте Украина мемлекеті Луганск облысының, Попасная қаласында туылған. Целинаград

мемлекеттік институты педиатр-дәрігер мамандығы бойынша дәріс алған. Оқу орнын ойдағыдай тәмәмдап, ұзақ жылдары елімізде медецина саласы бойынша еңбек еткен жан. Осы еңбектің арқасында, 1994 жыл мен 2012 жылғы қантар айы аралығында – «Астана қаласының №1 қалалық балалар емханасы» МҚКК-нің бас дәрігері, ал 2012 жылдың қаңтар айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік–мәдени даму комитетінің мүшесі. Бір қыз тәрбиелеп өсірген ана және аяулы әже.

Зағипа Балиева1958 жылы 3 қазанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1981 жылы

Қазақстан С. Киров атындағы мемлекеттік университетінде заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған. Қажырлы еңбектің арқасында, мемлекеттік қызметтің сан қилы баспалдағынан өтіп, 2005-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды. Қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Зағипа Яхияқызының қызметтегі жетістігін былай қойғанда, отбасындағы жетістіктері де адам қызығарлықтай. Алты баланы тәрбиелеп, өсірген ардақты ана.

Салидат Зекенқызы Қайырбекова1961 жылғы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина

институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, осы саланың дамуы мен гүлденуіне ат салысуда. Жұмыспен қоса медицина саласында білім алуда ұтымды ұштастыра білген, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызметте аянбай еңбек етіп, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлға. ҚР Президентінің Жарлығымен 2010 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, Салидат Зекенқызы Медицина ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Алғаш М.В.Ломоносов

атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқып, кейіннен С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алуды жалғастырады. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты болып білім алады. Оқуын аяқтаған соң, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті болады. Кейінгі еңбек жолын «Хабар» телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті, ал 2001 жылдан бастап директор кеңесінің төрайымы болып қызметін жалғастырады. 2003-2006 жж. «Асар» партиясының төрайымы болып, 2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы болады. 2012 жылғы Парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаттығына сайланады. Бүгінгі күні әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы, сондай-ақ тарих ғылымдарының кандидаты және саясаттану ғылымдарының докторы. Отбасында үш баланы тәрбиелеп өсірген аяулы ана.

Гүлшара Әбдіхалықова1965 жылы 15 мамырда туылған. «Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын»

экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітірген соң, 1987 жылы Халықты қорғау басқармасында аға инспектор болып қызмет атқарады. Гүлшара Әбдіхалықова тынымсыз еңбектің нәтижесінде 2009 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалады. Қазір ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы қызметін атқаруда.

ӘзірлегенАйсұлу Сағынтаева

Page 20: №9 журнал 2013 г-на сайт

20

«БАЛАЛАР ҮЙІ МЕН ИНТЕРНАТТАР САНЫН АЗАЙТУ ҚАЖЕТ...»

Бүгінгі таңда елімізде тынымсыз тіршілікке толы заман ағысымен қатар тастандылардың, жетімдердің саны көбейіп жатыр. «Тастанды» деген жан түршіктіретін сөзді кейінгі жылдары көп еститін болдық. Әрқайсысы әртүрлі жерде, қоқыста да, қорада да орын алып жатады. Осылайша аналық мейірімінен әуел баста-ақ шеттетілген сәби қоғамға өкпелеумен өмір сүре бастайды. Демек қылмысқа, нашақорлыққа баруға әлдеқайда бейім деген сөз. Ал уақыт тез өтеді емес пе?! Тек бірнеше он жылдан соң ғана соны аңғарып жатамыз да, өз-өзімізге сұрақ

Әкең жақсы кісі еді, Жел жағыңа пана еді. Анаң жақсы кісі еді,

Жетімдерге ана еді... (Мақал)

қоя келе, өкінеміз, түсінеміз, мойындаймыз. Алайда тым кеш... Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларды азаматтардың отбасыларына берудің әр түрлі нысандары бар. Осындай нысандардың ішінен тұру жағдайлары отбасылыққа неғұрлым жақын халықаралық және ұлттық бала асырап алуды, қамқоршылық пен қорғаншылықты, патронаттық отбасыларын, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін, балалар ауылдарын бөліп атауға болады. Дегенмен, балалар үйінің санын азайтқан жөн. Бұл туралы бізбен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Алтын дәрігер», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерінің және «Құрмет» орденінің иегері Петухова Надежда Михайлқызы өз ойымен бөліскен еді.

Надежда Михайлқызы, алдымен өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз. Еңбек жолыңыз қайдан басталды?

Мен 1977 жылы Целиноград медициналыық институтын тәмамдап, еңбек жолымды қалалық балалар ауруханасынан бастадым. Ол жерде төрт жыл жұмыс істеп, облыстық денсаулық

сақтау бөліміне ауыстырылдым. 1994 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау бөлімінде қызмет етіп, меңгерушінің орынбасары қызметіне дейін көтерілдім. Дегенмен, өзімнің дәрігерлік қызметімді тастамай, емханада кезекшілік күндерін алып, жалғастырып жүрдім. Содан 1994 жылы №1 қалалық балалар

ауруханасының Бас дәрігері етіп тағайындады. Ол жерде Парламент мәжілісінің депутаттығына сайланғанға дейін жұмыс істеп келдім. Оған дейін үш рет қалалық мәслихат депутаты болдым. Қоғамдық жұмыспен бұрыннан айналысып келемін. Дәрігер мамандығын жан жүрегіммен таңдаған едім. Адамдарды емдеп,

Page 21: №9 журнал 2013 г-на сайт

21

оларға қашанда қолдау көрсету - менің тікелей міндетім.

Бүгінгі таңда қоғамда белең алып жатқан түйткілді мәселенің бірі тастанды бала-лардың көбеюі, әйелдердің қылмысқа баруы, дәрігер ретінде, депутат ретінде, ана ретінде Сіздің ойыңызша, осы көкейкесті, ертеңді күттірмейтін сұрақ шешілу үшін жасалынып жатқан іс-шаралар дұрыс па? Мұны азайтудың жолын қалай тапсақ болады?

Иә. Бұл аса маңызды, кезек күттірмейтін қоғамдық проблема. Бұған барлығымыз куә болып отырмыз және шешу үшін бірігіп ат салысуымыз қажет. Мәселен, 2012 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 0-18 жас аралығындағы балалар саны 5 102 842 құрайды, оның ішінде жеткілікті қамтылған отбасында 5 047 880 бала, ата-анасының қамқорлығынан айырылған 35 432 бала, аз қамтылған отбасылардан 19 530 бала тіркелген. Балалардың жетімдер үйіне түсуінің бірнеше себептері бар. Бірі отбасының ауыр қаржылық жағдайынан, бірі ата-анасының алкагольдік, наркологиялық тәуелділікте болуы себебінен, ата-анасының, қамқоршыларының денсаулығына байланысты немесе ата-анасының баладан денсаулығына байланысты өз еркімен туа сала бас тартуынан, ата-анасының қайтыс болып, қамқоршыларының бас тартуынан және ата-аналарының жаза өтеу орындарда болу себептерінен орын алады. Міне осы себептердің барлығы баланың рухани қалыптасуына кедергі келтіреді. Өкінішке орай, біз мұны әзір тежей алмай отырмыз. Мәселен, анасы бас тартқан бала 3 айға дейін ауруханада болады. Күнделікті жұмыстан шаршап жүрген медбикелер ол баламен сөйлеспеуі

де мүмкін. Ал күні бойы төбеге қарап, көз жыпылықтатып жатқан сәбидің теріс қалыптасуы содан басталады. Ғылым бойынша, бала миының негізгі даму үлесі 3 жасқа дейін 70-80 пайызға дамып үлгереді. Бастапқы үш жыл бала үшін адам болып қалыптасудың ең маңызды тұсы. Тәрбие осы уақыттан басталуы тиіс. Ал сәби анасының бойына біткен күннен бастап, оның қалаулы бала емес екенін біліп туады. Бірқатар дамыған елдерде жетім балалар үйі, интернаттар аз. Тастанды балаға куә болып жатқан жағдайда оны бірден асырап алуға тырысып жатады. Айтқым келгені, біздің қоғамға да осыны ұғындыра алсақ. Мысалы, соғыс уақытында жетім балалар саны күрт көбейіп кетті. Алайда, жігері жасымаған әйелдер өз балаларымен қоса өзгенің де перзентін бауырына басты ғой. Қазақта «Жетімі мен жесірін жылатпаған...» деген бір сөз бар ғой. Осы жерде қазақ халқының аса мейірімділігін, бауырмалдығын айта кеткен жөн. Ал қазір заман басқа, адамдардың жағдайы жақсы. Көбіне тастанды балалар анасының ойланып жасамаған әрекеттерінің салдарынан дүниеге келіп жатады. Анасы оп-онды сәбиден бас тартып жатқанын дәрігерлік тәжірибемде көрдім. Екі-үш жерде жұмыс істеп, мемлекеттің көмегін алып, ұрпақ өсіруден гөрі біздің қоғам бейкүнә нәрестеден бас тарта салғанды жөн көріп отыр. Ал әрбір балаға мемлекеттен өте үлкен қаражат жұмсалады. Ол қаражат сол жетімге жетіп жатыр ма, әлде тек қағаздағы әдемі ұйқас есептер ме тағы күман тудыратын мәселе. Міне, мәселенің басы осында жатыр. Тастандыны тастай салады екен деп, қыз-келіншектеріміз сәбилерін қоқысқа лақтырып, дәретханаларда туып жатады. Менің ойымша тіпті мұның өзінде

де мәдениет болуы қажет қой. Бұл бүтіндей бір елдің бейнесі емес пе?! Ал біз мемлекеттің мүддесін тек бір адамның көңіл қызығы үшін жіберген қателігінен түсіре бергеніміз жөн емес. Сондықтан, жетім балалалар үйлерінің саны азайтылып, балаларды патронаттық тәрбиеге берген дұрыс. Әйтпесе, асырап алушылардың санын көбейту керек. Отбасында берілген тәрбиені ешқандай орын ауыстыра алмайды. Патронаттық тәрбие берушілерге және асырап алушыларға сол баланы алғаны үшін мемлекеттен әжептеуір қаржылай көмек жасалынып отырса, жобаны іске асыруға болады деп ойлаймын. Тағы бір айта кететіні, бүгінде ажырасу да көп. Арада балалар қалып жатады. Оған қоса ер адамның «алимент» төлеуді дұрыс жүзеге асырмаулары, қашқақтап кетуі байқалып отыр. Осы жерде біздің заңымыздың әлсіз тұстары байқалып қалады. Менің ойымша егер қандай да бір адамның алименттік өтеуі болса, сол қаржы балаға төленбейінше әкесінің барлық қадамдарын кілтке қою керек. Мысалы, несие, жылжымайтын мүлік алатын болса, шетелге шығар алдында тағы басқа барлық әрекеттер тек төлем үздіксіз болып тұрған жағдайда ғана жасалынуы қажет. Міне, сонда біз көп нәрсенің алдын ала аламыз деп ойлаймын. Себебі бала біздің болашағымыз.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасына деген көзқарасыңыз қандай?

Біз бұл бағдарламаның орындалуының орта тұсына келдік. Дегенмен, аталған жоба өте сәтті жұмыс істеп жатыр. Мәселен, ел бойынша медициналық орындардың 70-80 пайызы еуропалық сапасы мықты құрылғылармен қамтылып үлгерді.

Page 22: №9 журнал 2013 г-на сайт

22

Ал Астана жүз пайызға дейін жасақталды. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру он бес есеге дейін өсті. Дәрігерлеріміздің шетелде біліктіліктерін арттырып, дамыған елдердің тәжірибесімен алмасып, шеберлік сыныптарына қатысу мүмкіндіктері бар. Алда әлі талай сапалы жобалар жасаймыз деп бағамдап отырмыз.

Медициналық ЖОО білім беруіне деген ойыңыз қандай? Студент жастарға не айтар едіңіз?

Алдымен адам дәрігер болуды жүрегімен қалауы тиіс. Кез келген адам дәрігер бола алмайды. Мысалы бәріміз бірдей ұлы ақын, мықты суретші, биші бола алмайтынымыз сияқты. Сондықтан, медицинаға аяқ басқан жастардың арасында оқу орнына қабылдауды қатаң өткізген дұрыс. Себебі, бұл адам біреудің өміріне жауапты болады. Жастардың көбі бітіре сала, басқа мамандыққа ауысып жатады. Ал мұның бәрі не үшін?! Сондықтан бастапқы

таңдау, бастапқы тексеріс үздіксіз және жемқорлықсыз өтуі қажет. Сонымен қатар, дәрігерлердің мәдениеті басты мәселелердің бірі. Науқастармен сөйлесе білу, өзара тиянақтылық болғаны шарт. Дәрігерлікті таңдаса, күні-түні ұйқыны да, жеке бас мәселесін де екінші орынға қоюға тура келеді. Жастар осыған дайын болса екен деймін.

Парламент мәжілісінің депутаты ретінде қандай жұмыстарды атқарып келесіз?

Бұл қызмет менің медицина саласындағы күрделі сұрақтарды шешуіме де жол ашты десем артық айтпаспын. Себебі, шеңбері кең қызметте халықпен тікелей жұмыс атқарып, өз басымнан өткен соң саланың барлық проблемалы тұстарын көріп отырамын. Мәселен, әдемі жазылған заңдардың көбі орындала бермейді немесе бөлшектеп қана жүзеге асырылады. Өз басымнан өткен соң мен медицинадағы, ауруханалардағы жұмыс істеу

жүйесін жақсы білемін және жақсы түсінемін. Сондықтан, барлық кездері өз ұсыныстарым сол қызметті нақты атқарып жүрген адамдарға тиімді жағынан болуын қалап жүремін. Менің ойымша, министрліктер заң шығарарда алдымен дәрігер, мұғалім және мемлекеттік емес ұйымдармен ақылдаса келе жасауы тиіс. Себебі, осы заңдарды дәл сол кісілер ұстануға тиісті ғой. Кез келген маман өз саласында ненің артық кемдігін жақсы бағамдай алады. Ал бізде бүгінде бұл ескеріле бермейді. Мұғалімдерде де, дәрігерде де қағазбастылық көп. Демек уақыт шектелінеді. Сондықтан мен осы жөнінде біраз ұсыныстар жасап жүрмін. Мұның бәрі қарастырылу үстінде. Нәтижесін береді деп ойлаймын.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 23: №9 журнал 2013 г-на сайт

23

Әйел бақыты - өмірді жалғастыру

Page 24: №9 журнал 2013 г-на сайт

24

Болат Теміров

Page 25: №9 журнал 2013 г-на сайт

25

Болат Бисенұлы, әңгімеміздің басын өзіңізден бастасақ. Бокс спортына қалай келдіңіз?

Менің боксқа әуестігім мектепте оқып жүрген кезде басталған. Ең алғашқы ұстазым – Ерболат Бисекенов. Сол кісінің қамқорлығы арқасында спортқа келдім және өзімнің биігімді бағындырдым. Жалпы бұл салада талай-талай тар жол тайғақ кешулер де болды, әрине. Жетістігім бағаланғаннан кейін, Қазақстанның Әуесқой бокс федерациясының вице-президенті мен бас хатшысы қызметтерін кезінде атқаруды маған сеніп тапсырған еді.

Алғашқы жеңісіңіз есіңізде ме? Спорт шеберлігіне қашан қол жеткізген едіңіз?

Бір жолы бапкерім жаттығуда менің соққыларымды байқап қалып, шақырып алды да ертеңгі жарысқа қатысасың деді. Кейін қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңіске жетіп жүрдім. Спорт мені өмірге тәрбиеледі. 1987 жылы

Қазақстан чемпионы атанып, өзім армандаған «Спорт шебері» деген атаққа ақыры қол жеткіздім. Осы жарыста маған сол кезде «Ең үздік техникасы үшін» деген жүлдені атақты спортшы, Серік Қонақбаевтың өзі тапсырған болатын.

Кейде саяси көзқарасқа байланысты сізді спорттық жарыстардан шеттеткен кездер болды ма?

Тәуелсіздіктің қадірін сол кезде түсіндім деп айтар едім. Себебі, өзге ел қандай болса да бәрібір өз ұландарын алға сүйрейді екен. Мәселен бокстан 1990 жылы Еркін әуесқой ойындары («Игры доброй воли») және 1992 жылы Барселона Олимпиадасына жолдама алып, біздер боксшы Б.Жұмадилов екеумізді ойынға өткізбей қойып, ауылға қайтарып жіберді. Мұндай саясат спортта болып тұрады. Қазір де бар. Сол кезде менің жаныма батқаны Қазақстанан шыққан мықтылар, Ресейдің спортшыларын басып озып кете ме деген оймен бізді алыстатқаны болды. Ал бүгінгі

таңда жағдай мүлдем басқа. Біздің еліміз әлемдік әжептеуір беделге ие. Сондықтан Қазақстаннан келген спортшыларды ешкімнің шеттетуіне жол жоқ.

Сіздің ойыңызша, әлем назарын спорт саласы бойынша Қазақстанға көңіл аударуы үшін біз не істеуіміз керек?

2011 жылы өткен қысқы Азиада олимпиадалық ойындарының ерекше ықыласпен өрілуі, шебер ұйымдастырылуы кім-кімді де таңғалдырмай қоймады. Әр елдің саңлақ спортшылары бас қосты, тәжірибе алмасты. Әрқайсысы өз елінің абыройын қорғап бақты. Әсіресе, Қазақстан спортшылары көшбасшы елге айналып, мерейіміз үстем болды. 29 елдің ішінен оқ бойы озық тұрдық. Жалпы саны 72 медальді қанжығамызға байладық. Бұл – аз жетістік емес. Өте жақсы көрсеткіш. Кезінде Азияданы өткізген кезде, біздің еліміз әлемді аузына қаратып еді. Себебі, Азия көлемінде ғана өткен жарыс болса да, әлемдік деңгейде болған дайындық ешкімнің көңілін

«Ерлік білектен емес, жүректен»Халық мақалы

«СПОРТТАҒЫ ТӘРБИЕМНІҢ ӨМІРДЕ БЕРГЕНІ КӨП БОЛДЫ»

Кәсібімен де, талантымен де ауыз толтыра айтқыздыра алатын ел ағалары мен ұлт ұрандарының жұлдыздары оңынан жарқырып, мемлекет болашағын қалыптастыруда үлкен істер атқарып келеді. Бүгінде сол батыр ұлдардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, кезінде КСРО олимпиадалық құрама тобының белді мүшесі, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы мен екі дүркін чемпионы, КСРО Кубогының екі мәрте иегері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы болған, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Болат Теміров бү-гінгі сұхбатымыздың бас кейіпкері. Болат Бисенұлы ҚР Президентінің, Спорт жә-не Мәдениет министрлігінің Алғыс хаттарымен, «ҚР Тәуелсіздігіне - 20 жыл» және «Қазақстан Қарулы күштеріне - 20 жыл» алқаларымен марапатталған. Қазіргі таңда Болат мырза «AMF Group» АҚ Бас директорының кеңесшісі болып қызмет атқарады.

Page 26: №9 журнал 2013 г-на сайт

26

бей-жай қалдырған жоқ. Барлық жағынан алып қарағанда Қазақстан ұтылмады. Осы ретте әлемнің бағасын алу үшін ең маңыздысы ұйымдастырушылықтың маңызы зор болу керек. Мәселен, елімізде «АИВА» турнирі өтті. Бұл әлем деңгейіндегі үлкен жарыс. Осыны өткізетін ел қашан да барлық жағынан 100 пайыздық көрсеткішпен дайын болуы шарт. «АІВА» чемпионаты Қазақстанда өтерде, оны презентациялау жұмыстарымен айналысқан едім. Спортшыларды әуежайдан бастап, қалай күтіп алатынымыз, қандай қонақ үйлерге орналастыру қажеттілігі арнайы дайындатылған видео слайдта көрсетілді. Сол кезде көзбен көрген ақпаратты қауым дұрыс қабылдап, осы елге баруға қызығушылық білдіреді. Қарап отырсақ, елге сыртқы жарнама сапалы түрде жасалыну қажет. Үкіметтің шешімімен біздің республикамызда 2 жылда бір рет Президент кубогына турнир өтетін. Лицензиялық турнир өткізу үшін біздің тарапымыздан АИВА-

ға өтініш жасалды. Лицензиялық турнирді өткізетін елдерді таңдап алу үшін конкурс Бейжіңде өтті. Біз байқауға жақсы дайындалдық. Барлық құжаттарымызды тап-тұйнақтай етіп дайындап барып, оны ағылшын тілінде түсіндіріп бердік. Лицензиялық турнирді ұтып алу үшін әрбір мемлекет өздерінің АИВА-ға төлей алатын қаржы көлемін көрсету керек болатын. Қазақстан бокс федерациясының сол кездегі президенті Ұзақбай Қарабалиннің көмегінің арқасында бұл талаптан да сүрінбей өттік. Сөйтіп, тұңғыш рет Олимпиадалық лицензиялық турнирді Астанаға ұтып алдық. Ол турнирде біздің бес боксшымыз лицензия ұтып алғанын өздеріңіз жақсы білесіздер.

Болат аға, жалпы сіздің тағы да бір сіңірген еңбегіңіз ол – лицензиялық турнир және АИВА төрешілерінің семинарын Астанаға әкеліп өткізуіңіз – қазақ боксының дамуы үшін жасалған баға жетпес қадам

десек әбден болады. Бүгінгі күндері сіз бастап кеткен сара жолмен төрешілеріміз әлем және Азия чемпионаттарында қазылық етіп жүр.

Жасыратын несі бар?! Бұрын Қазақстанда халықаралық дәрежедегі төрешілердің саны аз болатын. Соның кесірінен көптеген ірі-ірі жарыстарда өз үлесімізден қағылып қалып жүретінбіз. Сол себептен де, бізге АИВА деңгейдегі төрешілердің санын арттыру керек болды. Бұл мәселені де қарастыратын байқаудан сүрінбей өттік. Екі рет АИВА деңгейінде төрешілердің семинарын өткіздік, сөйтіп халықаралық дәрежедегі төрешілеріміздің санын арттырып алдық. Ол жағына келетін болсақ, Қазақстан бокстан әлемге танымал емес пе?! Егер төрешілеріміз АИВА-ның құрамында болмаса, халықаралық турнирлерге төреші бола алмайтын еді. Ел ішіндегі жарыстардан әрі аса алмайтын еді. Екі рет семинар өткізліп, АИВА-дан 2 адам, Азия әуесқой бокс федерациясынан (ФАБА) 20 адам, төрешілерінің жалпы санын жиырма екіге жетті.

Осы чемпионатты өткізу барысында қандай да бір келеңсіздіктер болды ма?

Өкінішке орай болды. Себебі, чемпионат өткізілейін деп жатты. Ал мен барлық БАҚ-на ресми хат жазып, оның ішінде «Қазақстан», «Хабар» телеарналарын түсірілім жасауға шақырдым. Алайда, бұл телеарналар ақылы қызмет көрсететіндерін жеткізіп, бізді ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Сол кезде мен «Астана» телеарнасымен келісіп, чемпионатты басынан аяғына дейін түсіретін болып келістік. Өйткені кез келген жарысты халыққа басынан бастап көрсететін болса, адамдарда қызығушылық оянып, келушілер көбейеді. Сонда жоғарыда айтқан арналар жартылай финалдан бастап түсірмекші болды. Бірақ, мен келісімімді бермеген едім.

Page 27: №9 журнал 2013 г-на сайт

27

Жібермеуіміз де мүмкін еді. Себебі, әлемдік федерацияның өзіндік талап ережелері бар. Мен сол бойынша жұмыс істедім. Ал қазіргі таңда бокстан өтетін маңызды бәсекенің барлығы халық назарына үздіксіз ұсынылып жүр.

Спортты жетік жандандыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Бәрі мектептен басталады. Мектепішілік жарыстар үнемі және үздіксіз өтіп тұруы керек. Мәселен, бала хоккейден, баскетболдан дарынды болса, ол боксты да басқа спорт түрін де алып кете береді. Себебі, таланты бар адам барлық жағынан дарынды деп есептелінеді ғой. Бұл ретте білім департаменті дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің қолына жоспарды ұстатып, бірлесе жұмыс істеуі керек. Өзара мектеп аралық жарыстар өткізіліп тұрады. Бірақ ол тек бір немесе екі спорт түрінен ғана өтеді. Ал жарыстарды спорттың барлық түрінен өткізетін болса, үлкен нәтиже шығады деп ойлаймын. Айта кететін жәйт, бүгінгі таңда спорттық секциялар, курстар барлығы ақылы және қымбат. Мұндайды кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейтіні сөзсіз. Алайда, бұл мәселенің де шешімін табуға болады. Қалай десеңіз?! Әрбір үйдің аулаларына ПИК-термен бірігіп, ашық алаңдар көптеп салынса, сосын сол жерде жарыстар, ойындар ұйымдастырылса, таланты бар жасөспірімдер көзге түсіп, өз бағытын дұрыс тауып кетер еді. Сонда балалардың нашақорлық, бұзақылық сияқты әуестерге қолдары тимей, назар да аудармайтын болады. Бұл қоғамға пайдасы тиетін үрдіс.

Болат аға, өзіңіз білесіз бүгінде бокстан алысты көздеп тұрсақ та, футболдан әлсіз екеніміз рас. Әлемдік дейгейдегі жарыстарға қатысып, еліміздің абыройын таныта түсеміз десек, футболдың да маңызы үлкен

ғой. Сіз кәсіби спортшы ретінде де, еліне жанашыр азамат ретінде де Қазақстан футболын жандандыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Өкінішке орай бүгінде қазақ футболына қаражат көп бөлінгенімен, көңіл дұрыс бөлінбей отыр. Мәселен, мемлекет ақша бөледі. Бірақ ол қаншалықты тиімді жұмсалынып отыр?! Осы ретте бізге керегі Бразилия, Испания елдерінің тәжірибесі, шеберлік сыныптары қажет. Бұл спорттың дамып кетуі үшін біріншіден, командалық ойынға 1-2 ғана емес 3-4 мықты халықаралық дәрежедегі футболистерді алдыру керек. Сонда басқалары соларға қарап, намысқа тырысып ойнайтын болады. Екіншіден, командаға кіретін ойыншыларды бапкер өзі таңдап, өзі жасақтауы тиіс. Ал бізде олай емес. Бапкердің таңдау жасау мүмкіндігі болмайды.

Футболды дамытуды өңірлерден, облыстардан бастау керек. Талабы мықты футболшыларымызды жақсы шетелдік командалардың құрамына кіргізіп, сол жерде дайындық өткізіп, ойнату керек. Сосын өз командамыз ойынға шыққан кезде, сол үйренгендерін іске асыратын болады. Жалпы, футболдың айналасында әлі көп жұмыс жасалынуы қажет. Әрине, бұл үшін қаншама жылдар кетеді. Дегенмен, барлық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті болу біздің елдік мақсатымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.

Спортта алған тәрбиеңіз өмірде неге үйретті?

Тез шешім қабылдауды, жылдам әрекет етуді үйретті. Өмірде де спорттағы сияқты өзіндік ережелері бар дегендей. Қашанда деңгейімді төмендетпеуге тырысамын. Әр адаммен өз дейгейінде еркін қарым-қатынас жасай аламын. Бұл сөзсіз мені тек боксшы ғана емес, қарапайым адам болып қалыптасуыма әсерін берді деп ойлаймын. Жалпы өмірде әр

нәрсенің өлшемін білген дұрыс.

Атырау қалалық мәслихатының депутаты ретінде қандай іс-шаралар атқарып келесіз? Нәтижесі қаншалықты бар?

Атырау қалалық мәслихатының депутаты ретінде де, ел азаматы ретінде де туған қаламызды көркейтуге, мұқтаж адамдарға әлеуметтік жәрдем көлемін арттыруға, экологиялық тазалықты сақтау мәселелеріне де айрықша көңіл бөліп келеміз. Сонымен қатар, қала бюджетін қадағалап, егер де ақша артылып жатса, керекті нысандарды жаңартуға, жаңа нысандарды бой көтертуге қаражат бөлінуіне әрекет жасаймыз. Бұл – әрбіріміздің міндетіміз деп санаймын. Спорт саласында халықаралық жарыстарға шығуына жәрдемдесіп, жарыстан жеңімпаз атанып, жүлделі орынмен оралуы, бүкіл қоғамдық орындар мен жеке кәсіпкерлерді осы іске жұмылдыруға шамалы болса да өз септігімізді тигізіп жүрмін деп ойлаймын.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Ата-бабаның бізге берген мұрасы, аманаты деп білемін. Тәуелсіздік әр елдің өзіне-өзі билік жасауы. Өз алдына шешім қабылдап, әрекет ету осы дербестіктің белгісі. Ал Тәуелсіздігіміздің абыройын қашанда қорғап, беделін асқақтатып жүру кез келген азаматтың тікелей міндеті деп білемін. Сондықтан Тәуелсіздіктің ұғымы терең, бойлай берсең айта беруге болады. Бастысы осы құндылығымызды қолдан кетіріп алмасақ болғаны.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 28: №9 журнал 2013 г-на сайт

28

ӘділЖұбанов

Page 29: №9 журнал 2013 г-на сайт

29

«БОЛАШАҚҚА ҚОЛТАҢБА БЕЛГІЛЕУ – ӘРКІМНІҢ АРМАНЫ»

Жылдар бойы жинақталған тәжірибесінің арқасында біліктілігін танытып келе жатқан біздің бұл сұхбаттағы кейіпкеріміз Атырау облысының озат кәсіпкері танылып, осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болып қайтқан еді. Іскерлігінен бөлек, ел алдында абыройлы істерді атқарып жүрген Жұбанов Әділ Орынбасарұлы бүгінгі таңда Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Әрқашан өз еңбек жолында қажымай-талмай әрекет етіп, небір ауыртпалықты еңсере білген азамат өз болмысына сай жігерлілік пен қайраттылықты ұялата алатындардың бірі. Жетістікке жетудегі басты ұстанымы - алдына мақсат қоя алуында болса, еңбек жолындағы табыстылығының үлкен дәлелі Франция астанасы Парижде INSAM бизнес және басқару Жоғары институтының тағайындауымен «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталуы десек қателеспесіміз анық.

Халық қалаулысының бүгінгі таңда ел ішінде атқарып жүрген жұмыстары төңірегінде біздің редакциямызбен болған салиқалы сұхбат барысын оқыр-мандарымызға ұсынамыз.

Әділ Орынбасарұлы, қысқаша өз өмірбаяныңызға тоқталып өтсеңіз.

Мен 1972 жылы 12 желтоқ-санда Сарытоғай ауылында дүниеге келдім. Атырау педаго-гикалық институтында, кейіннен Қайнар университетінде құқық-танушы, Атырау мұнай және газ институтында инженер-құрылысшы мамандығында оқыдым. Еңбек жолым «Атма» әуежайындағы қызметімнен басталды. Сондай-ақ, өз еңбек жолымда «Ирбис-Мұнай» ЖШС-де қызмет атқарып, 1999-2000 жылдар аралығында «Жұбанов Ә.О» жеке кәсіп орнының негізін қаладым. Кейіннен «АтырауҚұрылысМонтажСервис» ЖШС-де еңбек еттім, 2002 жылдан күні бүгінге дейін «БатысАльянсҚұрылыс» ЖШС-нің бас директорымын және Атырау облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарып жүрмін.

Сөзіңіз аузыңызда. Әңгіменің төркінін осы депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда Атырау облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Иә, жақында ғана халықтың сенімінен шығып, облыстық мәслихат депутаты болып сайландым. Қызылқоға ауылының тұрғындарының артқан өсиетіне мен үлкен жауапкершілікпен қараймын. Бүгінгі таңда Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыра отырып, тұрғын-дардың әлеуметтік мәселелерінің тиісті құзырлы орындар арқылы шешілуіне ат салысып жүрмін. Әрине, өзекті мәселелер баршылық, жоқ деп айтудан аулақпын. Соның бірі, сапасыз жолдар мәселесі болып отыр. Оның дәлелі Қызылқоға елді-мекенінен қала орталығына авто көлікпен жету мүмкіншілігі жоқ. Мемлекет тарапынан жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді, алайда мөлшері аз, шамамен 2 млрд. теңге, яғни шығынын өтеуге келгенде жетпей қалуы мүмкін. Осыған байланысты облыс әкімінің алдына депутаттық ұсыныс хат түсірдім. Болашақ

жоспарым - осы мәселені оңтайлы өзгеріске қол жеткізу. Тағы бір тілге тиек етіліп отырған жағдай: 30 мыңға жуық тұрғылықты халқы бар ауданда екінші деңгейлі банк филиалының жоқтығы. Соның салдарынан, бүкіл ауыл тұрғындарына, оның ішінде кәсіпкерлерге де банк арқылы есеп айырысу мүмкіншілігі қиындық туғызып тұр. XXI ғасыр үшін бұл көрініс көрген көзбен, естіген құлаққа өте тұрпайы екені анық. Алайда, оны біз өз тарапымыздан назарға алып отырмыз. Арнайы ұсыныстарымыз арқылы келешекте нәтиже боларына сенеміз. Әлеумет болған соң, келеңсіздіктер де орын алып жатады. Соның бірі Сағыз бекетінде туындаған жағдай. Дәлірек айтсақ, Сағыз тек бекет ғана емес, сондай-ақ ауыл және бүгінгі таңда екі аймаққа бөлінуде. Екіге бөліну салдарынан әлеуметтік маңызы бар нысандар бір жақта, тұрғындар екінші жақта қалып отырғандықтан халық үшін бірқатар келеңсіздіктер кезігуде. Ал күні кеше қала әкімінің есеп беруінде осыған байланысты тұрғындар тарапынан сұрақтар

Page 30: №9 журнал 2013 г-на сайт

30

қойылды, оның барлығы назарға алынып, келесі сессияда оңды шешім шығару міндеттелмек. Артынша комиссия отырысында көтерілді, ұсыныстар айтылды. Осы орайда елді-мекенге қатынасудың қиыншылығын ескеріп, темір өткел салу жоспарланып отыр. Қазір осы мәселеге байланысты қаржылық жоспар құрылуда.

Атырау өңірінде әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту жүйесінде қандай кемшіліктерге жол беріліп жатыр?

Елбасымыз айтқандай кемшіліктерге жол бермей, тапшылықтарды қысқарту жоспарларымыздың түйінді негізі. Өңірде балабақша тапшылығы, ауыз су, жұмыссыздық сынды кемшіл тұстар байқалады. Өз міндетіміз аясында халық мүддесі үшін әрқайсысының шешімі ізделіп, жұмыс тізгіні қолға алынуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту кенже қалып отыр. Қарапайым мысал келтірер болсақ, Қызылқоға ауыл шаруашылығына өте қолайлы жер, алайда кәсіпкерлікпен айналысу біршама қиындықтар туғызады. Дәлірек айтсақ, кәсіпкер өзінің өндірген тауарын тұтынушыға жеткізуде жолдың нашарлығы бүйірден тепсе,

ал қаражат аударуда жоғарыда айтқанымыздай, екінші деңгейлі банк филиалы болмай отыр. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, барлық дүние бір-бірімен тығыз байланысты. Менің ойымша, егер біз ең басты жол мәселесін шешсек, уақыт өте Қызылқоға елді-мекені де кәсіпкерлердің шоғырланған ортасына айналарына сенімім мол.

Елбасы өзінің соңғы Жолдауында «Бірде бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс» деген болатын. Сіз Президентіміздің осы сөзіне қатысты қандай пікірдесіз?

Елбасымыздың соңғы Жолдауындағы стартегиялық жоспарын қолдаймын. Мемлекет бюджетіндегі ақша халқымыздың маңдай терімен тапқан қазынасы. Оны оңды-солды шашуды көпшіліктің артқан аманатына жасалған қиянатқа теңеймін. Яғни, бюджеттің әр тиынының қайтарымы болуы тиіс. Біз ол ақшаны жарату мәселесін емес, көбейтуін бірінші орынға қоюымыз керек деп есептеймін. Сол себепті мемлекеттен жұмсалған қаражаттың әрбір тиынына дейін ең алдымен өзімізге есеп беруіміз керек.

Жаңа экономикалық

бағытты дамытуда іскерлік мәдениет қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

Біз қазір транзиттік нарықтық қоғамда өмір сүріп келеміз. Мұндай қоғамдық-экономикалық өзгеріс, соның ішінде іскерлікті дамыту - жаһандық бәсекелестік жағдайындағы үдемелі инновациялық даму кезеңіне сәйкес келіп отыр. Өз сипатына қарай, қоғамымыздың барлық салалары бойынша жаңару жолына түсуді, инновациялық серпіліс, адам ресурсын арттыруды, әлемдік интелектуалдық деңгейге ұмтылуды талап етеді. Ең бастысы кәсіпкерлікті дамыту арқасында халықаралық аренада еліміздің беделін арттыратынымызды жадыдан шығармауымыз керек. Президентіміз «қажет болса сырттан білікті мамандар шақырайық, не болмаса шет елдермен тәжірибе алмасу мақсатында мамандарымызды сонда оқытайық» деген сөзінің жаны бар екені анық. Бұл идеяны қолдаймын. Себебі, кезінде Сингапур, Малайзия мемлекеттерінде Жапониядан зейнетке шыққан білікті мамандарды шақырып, солардың жинақтаған тәжірбиесін қолдана отырып, біршама жетістіктерге қол жеткізгендеріне бүгінде бәріміз куәміз. Қазіргі таңда «шығыс

Page 31: №9 журнал 2013 г-на сайт

31

жолбарысы» атауына ие болған бұл мемлекеттер кәсіпкерліктің дамуына көп назар аударып келеді. Бізде сол мемлекеттерден үлгі алуымыз қажет деп есептеймін.

Сіз басқарып отырған «Батыс Альянс Құрылыс» ЖШС нендей жұмыстарды атқаруда? Жұмыскерлеріңіздің әлеуметтік жағынан қалай қарайласудасыз?

«Батыс Альянс Құрылыс» ЖШС-і аты айтып тұрғандай, құрылыспен айналысатын компания болып табылады. Аталмыш салаға бағытталған кішігірім өндірістеріміз бар. Қазіргі басты жоспарымыздың бірі - Атырау өңірінде жаңа зауыт салу. Нысанаға алынып отырған өндіріс орнында италияндық технология бойынша, темір-бетон өнімдері дайындалатын болады. Алла жазса бұл зауыт жақында іске қосылып, тамыз айында алғашқы өнімі алынбақ. Бізде бүгінгі таңда 400-ге жуық адам қызмет атқарады. Жұмысшыларымыздың әлеуметтік жағдайларын үнемі ескеріп келеміз. Мысалы, айлық жалақы мен сыйақыдан бөлек, жылына кем дегенде бір жұмысшыға

компанияның атынан үй салынып беріледі. Алдыңғы жылы екі инженерімізге серіктестіктің қаржыландыруымен үй салынды.

Болашақтағы арманыңызды жүзеге асыру үшін не істер едіңіз?

Дүние есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы, дүниетанымы, көзқарасы, арманы болады. Сол арманға жету жолында кездесетін қиыншылықтарға мойымай, табандылық көрсеткен жан ғана биік белестерді бағындыра алады деп ойлаймын. Мына бес күндік жалғанда өмірден сабақ алып, артыңда келер ұрпаққа өнеге боларлық із қалдыру арқылы болашақ қабырғасына ескерткіш боларлық кірпіш қалап, өз қолтаңбаңды белгілеу әркімнің арманы болар сірә?! «Армансыз адам алысқа бармас» дейді дана халқымыз. Менің де көздеген мұратым, жетем деген мақсатым бар, ол менің халқымның алдында өз міндетімді абыроймен атқару. Оның жолында өмірдің қиын сәттеріне төтеп бере алатындай шыдамдылық, сабырлылық және

үлкен еңбек қажет екені анық. Еңбек еткен адам ғана табысқа жетеді.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Халқымызға сан ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздік - егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін ерекше ұғым. Бұл біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі сөз. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Ата-бабаларымыздың алдында Тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Ендеше әрқашан да әрқайсымыз еліміздің гүлденіп, көркеюіне үлес қосудан жалықпайық.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ләйлә Нығматуллина

Page 32: №9 журнал 2013 г-на сайт

32

ОЙЫ ҮНДЕС, АРМАНЫ ҮЙЛЕС НӘЗІК ЖАН Жүзінен ана мейірімі төгіліп, көре-

генділігімен көргенді қызықтыра алатын қасиеті бар, байлық пен мансапқа қызыға қоймайтын, киелі өңірдің тумасы қоғамдық дәрежеге әлдеқашан қол жеткізгендердің бірі. Бойында қайсарлыққа тән күш-қайраты қосақталып келіп, мойнына жүктелген міндеттерді аянбай, қажымай атқарып жүргеннің өзі әйел табиғатының сабырлығын аңғартқандай. Оқтай қадалған көздері қиындық атаулыны жеңіп, зілдей батпан ауыр жүкті де сүйрей алатын сыңай танытты.

Еңбек жолын мектептегі оқытушы-лықтан бастаған Шеркешбаева Бағыт Кеңесқызы 1964 жылы Атырау облысы, Мақат ауданында дүниеге келіп, өзінің армандаған ҚазМУ-нің механика-мате-матика факультетін тәмамдаған. Нәзік жан иесі 20 жылдың үстінде Атырау мұнай-газ институтында лауазымды қызмет-терді атқара отырып, «Дифференциалды теңдеулер және математикалық физика» мамандығы бойынша кандидаттық дис-сертациясын ойдағыдай қорғап шығады да физика-математика ғылымдарының кандидаты атанады. Қазіргі уақытта Атырау политехникалық колледжі

директоры, «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі және Атырау қалалық мәслихатының депутаты қызметтерін атқарып жүр. Екі бала тәрбиелеуде.

Біз арнайы іс-сапар барысында Шеркешбаева Бағыт Кеңесқызымен жолығып, сұхбат құрған едік. Енді соны назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Бағыт Кеңесқызы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Атырау қалалық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Шұғылданатын мәселелерім негізінен әлеуметтік салаға қатысты. Тарата айтсақ, аз қамтылған отбасыларына, көп балалы аналарға, мүгедек жандарға жан-жақты қолдау көрсету. Сондай-ақ, ана мен бала денсаулығы, балабақшалар, кәсіптік-техникалық оқу орындарының базасын нығайту, білім берудің сапасын арттыру

және қолжетімділігін кеңейту, өңірге қажетті мамандар дайындау және жас мамандардың жұмысқа орналасуына ықпал ету де назардан тыс қалмайды. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер – табиғатымызды келер болашаққа таза күйінде жеткізу, ол үшін жергілікті жерде экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосу болып табылады.

Өңірдің әлеуметтік тұрмыс деңгейін дамыту жүйесінде қандай да бір кемшіліктер орын алып отыр деп айта аласыз ба?

Кемшіліктер дегеннен көрі әлі де толық шешімін таба қоймаған мәселелер деген дұрысырақ

шығар. Әрине, ондай тұстар бар. Болу заңды да. Бірақ, біртіндеп мүмкіндігіне қарай шеешілуде. Ең көп айтылатын балабақша, тұрғын үйге байланысты түйіндер қашанда өзекті мәселелер қатарында тұрады. Соңғы жағымды жаңалық: Атырауда көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – студенттердің жолақы мәселесі еді. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Атыраулық жастар форумында студенттердің биылдан бастап қоғамдық көліктерде 50%-дық жеңілдікпен жүретіндігі туралы өткен жылдың аяғында облыс әкімі мәлімдеме жасаған болатын. Жыл басында осы мәселе оң шешімін

Page 33: №9 журнал 2013 г-на сайт

33

тапты. Студент жастардың қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруі үшін қала бюджетінен арнайы қаржы бөлінді. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, әр студент айына 1300 теңге алатын болды. Есептей беріңіз, облыстағы 20 мыңға жуық студентке бір жылға 250 млн. теңге қаржы керек екен. Бұған студенттер ғана емес, ата-аналар мен оқытушылар да разы. Бұл жайттар жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе атқарылған игі істер және менің айтқым келгені қалалық мәслихат депутаты ретінде аз да болса қосқан үлесімізді көрсету. Бұдан басқа, жоғарыда аталған қамқорлыққа зәру әлеуметтік топтарға ұдайы көңіл бөлуді қажет ететін буындар бар. Мысалы, Қарттар үйі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, кемтар жандар, тағдыр тәлкегіне ұшырағандар... Бұларға қанша қолдау, қанша көмек көрсетілсе де артық етпес еді. Бұл арада көмек тек материалдық тұрғыда ғана шектеліп қалмақ емес. Оларға жүрек жылуын, адами ізгілікті, шынайы жанашырлықты көрсетуді естен шығармауға тиіспіз. Оларға қайырымдылық шаралары, демеушілік көмектер көрсетіліп тұрады.

Сіз бір сөзіңізде аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мұнай-газ, химия өнеркәсібі, электроэнергетика, ІТ, қаржы салаларында білілктілігі жоғары мамандарды оқыту қажеттігін айтыпсыз. Осыған қатысты сіздің тарапыңыздан қандай жұмыстар атқарылуда?

Қай кезде болмасын мамандарға жоғары талаптар қойылған. Барлық істі мамандар шешеді деген ұрандар болғандығын тарихтан білеміз. Қоғам дамыған сайын мамандарға қойылар талаптың да күшейе түсуін дұрыс қабылдауымыз керек деп ойлаймын. Еңбек нарығындағы жылдам өзгерістер, кәсіби қызметті жетілдіру жұмыс

берушілермен тығыз байланыста болуды және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды қажет етеді. Осылардың ішінде жоғарыда аталып өткен салалардың ел экономикасында алатын орны бөлек. Ал біздің өңірде тіпті айрықша. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалар бойынша Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешенінің дара көрсетілуі, оған өте қомақты қаржының бөлінуі, ең бастысы жанар-жағар май түрлерімен Қазақстанды қамтамасыз ету міндетінің қойылуы көп нәрсені аңғартады. Сондай-ақ, Атырау газ және химия кешені бойынша пропилен мен полиэтиленнің орасан көп мөлшерде шығарылуы – елімізде бұған дейін болмаған, серпінді өнім шығару болмақ, әрине, бұл алып жобалар көңілімізге қуаныш ұялатып, болашаққа деген сенімімізді арттыра түспек. Бірақ мұның екінші жағы – аса үлкен жауапкершілікті, заманауи білімді, күрделі техниканы жетік меңгеруді талап етеді. Маман мәселесі алдымыздан тағы шығып тұр. Бірінші кезекте жергілікті мамандар осындай қатал да абыройлы сынға дайын болуы керек-ақ. Бұған бәріміз жауаптымыз.

Атырау политехникалық

колледжінің басты миссиялары қандай? Яғни, оқыту жүйесіндегі жаңаша бастамалар легі қалай жүргізілуде?

Кәсіби білім беру жүйесін үзіліссіз жаңартып отыру және аймақтың әлеуметтік-экономикасының өзгеруіне бейімделген мамандарды оқытып даярлап шығару – басты мақсат болып табылады. Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беретін бірегей мемлекеттік оқу

орны – Атырау политехникалық колледжі 83 жыл тарихында ел экономикасы үшін мұнай және газ саласына қажетті 40 мыңнан астам мамандар дайындап шығарды. Президентіміздің 2012 жылы жарық көрген «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы жас мамандарды даярлауда және жұмысқа орналастыруда дуалдық оқыту жүйесін енгізіп, дамытуға тың мүмкіндіктер беруімен қатар жаңа міндеттер де жүктеді. Білім беру жүйесін жаңғырту үшін колледж ұжымы өзінің кәсіби және маңызды іске қатысын толық сезініп, қазіргі білім саласындағы жаңалықтарды айқындап, алдына жаңа мақсаттар қойып, болашақтағы жұмыс стратегиясын даярлады. Колледждің білім беру қызметі 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында қойылған мақсат-міндеттерді орындауға бағытталған. Колледж нарықтық экономика талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды 13 мамандық бойынша жүргізеді. Осы оқу жылында оқу үрдісіне 3 мамандық бойынша дуалдық оқыту жүйесінің кейбір элементтерін енгіздік. Оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Колледж «Техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау» Еуропалық Одақ және Сингапур жобаларындағы пилоттық оқу орны болып саналады. Тәжірибе алмасу мақсатында АҚШ, Германия, Түркия, Сингапур елдерінің оқу орындарында 10 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері тағылымдамадан өтті.

Түлектер біліктіліктерін арттыру үшін модульдік бағдарламалар әзірленуде. Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды мәселелердің бірі- оқу үрдісінде модульдік оқыту бағдарламасын пайдалану. Бір нақты мамандық

Page 34: №9 журнал 2013 г-на сайт

34

үшін өндіріс орындарынан қандай маман қандай функцияларды орындай алуы қажет екенін анықтап біледі.

Мамандықтардың кәсіптік стандарттары дайындалуда. Жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен колледж түлектерінің кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде колледж – өндіріске бейімделген, кәсіптік шеберлігі шыңдалған, білімі жоғары деңгейдегі маман-түлектерді дайындауы қажет.

Педагогика қызметінде рухани сабақтастық әсіресе, рухани тәрбие бірінші кезекте тұруы тиіс. Ұрпақ тәрбиесі сізді қалай алаңдатады?

Қоғамда рухани жақ қалыс қалмауы тиіс. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Екеуін бірін бірі толықтырып отырады. Тәрбиесіз берілген білімнің адамзатты апатқа апаратыны туралы дана бабамыз Әл-Фараби айтып кеткені ойға бірден оралады. Ұрпақ тәрбиесі маңызды фактор. Сондықтан ол бәрімізді алаңдатады. Себебі, бейнелеп айтқанда жас өрім тал шыбықты қалай бағып күтіп өсірсек, ол солай қалыптасады. Әрине, оның түзу, сымбатты, әдемі, сау болып өскенін қалар едік. Жас ұрпақ тәрбиесі де осылай. Біз өзімізге лайықты ізбасарлар дайындауымыз керек. Болашақ – жас ұрпақтікі. Елбасымыз «... Ел байлығы деген не, ол – Білім, ол – жаңа технология, ол – бәрінен бұрын отаншылдық сезім» деген болатын.

Ұлттық білім беру жүйесінде кездескен кемшіліктермен қалай күресу керек деп ойлайсыз?

Білім беру жүйесі үнемі қозғалыстағы ұдайы жаңарту мен жетілдіруді қажет етеді. Бұл орайда ізденістер, тәжірибелер, жаңалықтар, үйренулер көп жүргізіледі. Осылардың ішінде сәттісі, сәтсізі, өміршеңі, тағы

басқалары кездеспек. Жалпы заңдылық дұрысын алу, ipiктей білу, қажетсізін шығарып тастау екені түсінікті. Шет елдерден үйреніп жатырмыз. Уақытылы зерттеп, зерделеп, оң шешім қабылдап отыру керек деп есептеймін. Оны әсіресе жүзеге асырудың тиімді, оңтайлы жолдарын анықтай білуіміз керек. Кемшіліктер болады, мәселе, содан дұрыс қорытынды шығара білуде.

Елбасы өзінің соңғы Жолдауында «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді» деген болатын. Сіздің осы мәселеге қатысты жеке пікіріңіз бар шығар.

Жоғарыда кәсіптік-техникалық мамандықтарға қатысты айтылып өткен жайттарды қайталағым келмейді. Еңбекпен қамту деген мәселеге тоқтала кетейік. Қоғамымыздағы өзекті мәселенің бipi - жұмыссыздық. Бұл түйінді мәселеге қарсы тұрақты түрде кең де жүйелі жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде жаңадан жұмыс орындары ашылып, халықты жұмыспен қамтудың оңтайлы әдістері жүзеге асуда. Біздің заманымыз - жоғары технология заманы. Қоғамның даму деңгейін заманауи техниканың даму дәрежесімен де бағалайтынымыз, өлшейтініміз бар. Бұл біздің өңірге де тән. Ceбeбi, біздің өлке мұнай, газ өнеркәсібі дамыған аймақ. Олай болса, алдыңғы қатарлы техникасыз, оның тілін жетік білетін білікті мамандарсыз елестету қиын.

Отбасыңыз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз. Сіздің ұғымыңызда әйел бақытына ие болу үшін не істеген дұрыс?

Отбасымызда жеті баланың

кенже қызы болдым. Әкем - мұнай өндіру мекемесінде оператор, анам - наубайханада жұмысшы болған. Қарапайым жұмысшылар отбасында тәрбиелендім. Мектепте математикадан сабақ берген Мұқашев Әлен ағай сабаққа деген талапты жоғары қоятын. Соның арқасында математикаға деген қызығушылығым оянды. Сол кicire ұқсағымыз келетін.

Eкі ұлым бар, екеуі де студент. Отбасында өзімді қос ұлымның амандығын, биікке самғауын ұдайы тілейтін ана деп білемін. «Сапарлап, шарлап, қыдырып жүрсең де әлемде, «Мама» деген қос ұлымның жүрекжарды сөздерінен өзге бақыттың керегі жоқ әйелге» деген сөзді естудің өзі бір ғанибет!

Өзім қаншалықты жұмыс басты болсам да ұлдарымның дәлдік ғылымға жақын болуына, жақсы көруіне әсерім болған сияқты, неге десеңіз мектеп қабырғасында олар бірнеше халықаралық олимпиада жүлдегерлері болған. Екеуі Манчестер университетінің студенттері, үлкені – президентіміздің «Болашақ» бағдарламасымен мұнайшы мамандығын тәмамдап қалса, кішісі химиялық технология инженері мамандығын игеруде.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Қалай түсіндірсем екен?! Тәуелсіздік өте кең әpi терең ұғым. Қасиетті, киелі сөз. Баға жетпес құндылық. Тұжырымдай айтсам – жарқын бақытты болашақ. Жолдау мәтінінде осы Болашақ «Қазақ тілі», «Қазақ мемлекеті», «Мәңгілік ел» ұғымдарымен айшықталыпты. Мен үшін Тәуелсіздік – Мәңгілік Қазақ Елі!

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанӘсем Сағидолла

Page 35: №9 журнал 2013 г-на сайт

35

Page 36: №9 журнал 2013 г-на сайт

36

ТҰРМЫС ОҢАЛМАЙ – ЖҰМЫС ЖАҚСАРМАЙДЫ

Сүйінішбек Құрманбайұлы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Атырау облыстық

мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Депутат қашанда халық қызметшісі, дәлдеп айтсақ,

халықтың мұң-мұқтажы мен тілегін билікке жеткізіп, ортақ келісімге келу арқылы мәслихатта қарап нәтижесін тұрғындарға хабарлау, жүзеге асыру оның

Қазақстанның басты экономикасы – мұнай мен газ тек өз елімізде ғана емес, күллі әлемде қозғаушы күшке айналып отыр. Дүние жүзінің ең бір алпауыт елдері, мейлі Азиядағы Қытай, Батыс Еуропа, мұхиттың арғы бетіндегі Америка, бәрі-бәрі Қазақстандағы күкіртті шикізат қорына назар аударып, игеруге үлес қосуда. Міне, осы сала, яғни мұнай-газды игеруге, қырық жылға жуық үлес қосқан Атырау өңіріне белгілі барлаушы, мұнайшы Сүйінішбек Құрманбайұлы Абуғалиев. Ол бұл күнде осы салаға қарасты мекеме – «Адай Петролеум Компани» ЖШС-ін басқарады. Сонымен қатар, Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Оқырмандарымызға Сүйінішбек Құрманбайұлымен болған сұхбатты ұсынамыз.

Page 37: №9 журнал 2013 г-на сайт

37

міндетінде. Осы тұрғыдан келгенде мен облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірге қатысты қандай да бір мәселелердің дұрыс шешілуіне мүдделімін. Соған сай қай-қайсысынан да қалыс қалғым келмейді. Облыста үстіміздегі жылы жүзеге асатын үдемелі – индустриалдық инновациялық дамуға негізделген жобаларға бақылау жасау үшін «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының қаулысымен облыстық мәслихаттың депутаттарына тапсырмалар бекітіліп берілді.

Соның ішінде мынадай жұмыстарға бақылау жасау маған жүктелді, атап айтқанда, Индердегі құрылыстың құрғақ қоспалар шығаратын зауыты, полиэтиллендік құбыр дайындау және химиялық реагенттер әзірлеу, сондай-ақ насостық бұйымдарды өңдеу, прокат зауыттарының дер кезінде салынып, іске қосылуы. Сайып келгенде бұлардың қай-қайсысы да өңір үшін аса маңызды. Өйткені ең әуелі, халықтың зәру қажеттерін өтесе, екіншіден отандық, соның ішінде жергілікті өндіріс дамиды. Соған сай олар дер кезінде іске қосылуы керек-ақ.

Бұл арада айта кететін нәрсе, кейде тұрғындар өнімнің сапалық жағына назар аудармай, қайткенде де арзан болса екен деп ойлайды. Әйтсе де, «арзанның тұзы татымайды» деген бар емес пе? Ендеше сараң екі есе жеңіледі. Өйткені, арзан және сапасыз бұйымның ғұмыры қысқа. Ал қымбат бұйымның төзімділігі жоғары. Біз депутат ретінде алыстан арбаламайтын жергілікті жаңа өндіріс орнының сапалы да арзан өнім шығаратындай дәрежеге жетуіне назар аударамыз.

Халықпен тығыз араласып, мұң-мұқтажын тыңдаудың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

Депутат ретінде көп

уақытымды халықпен кездесуге арнаймын. Онда өзім, болмаса жалпы депутаттар корпусының атқарып жатқан жұмыстары, яғни халық үшін істелініп жатқан игіліктерді жеткізуге тырысамын. Сайлаушыларымның тілек, аманаттарын тыңдап, оны кезекті сессияда мәселе ретінде ортаға саламын.

Халықпен кездесу – өмірді тану, сайлаушыларыңның бүгінгі тынысын білу. Өйткені депутаттыққа ұсынған халық. Ендеше олардың уақыт талабына сай сұранысын өтеу – депутаттық борыш. Біздерде көптеген олқылық – жоғары эшелон мен бұқара арасында шынайы байланыс жоқ.

Міне, осыдан келеді де, бұрынғы Кеңес кезеңінде айтылатындай таптық айырмашылық дегендей бөлінушілік пайда болады. Бұл мемлекеттің ірге тасына сызат түсіреді. Сондықтан билік пен бұқараны бөлуге еш негіз жоқ.

Сіз Экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесісіз. Осы төңіректе атқарар қандай жұмыстар бар? Толығырақ айтып өтсеңіз.

Сайып келгенде бұл тақырып әлемнің қай нүктесінде де өткір тұрғаны белгілі. Оның ішінде жасыл желегі аз, жері тұзды, шөлейт, оның үстіне жылдың көп мезгілінде жел тұрып тұратын әрі аңызақ Атырау өңірінде табиғат қорғау ісіне аса қырағылық керек-ақ. Мұнай-газ өңдеу зауыттары, кен алаңдары қоршаған ортаға әсері мол зиянды қалдықтар шығарса, оны залалсыздандырудың жолдары қандай, нендей шаралар алынуда, ол қанағаттандыра ма, жоқ па? Міне, біздер осы мәселеге назар аударудамыз. Бұл ретте біздің негізге алатынымыз – Республиканың экологиялық

кодекстері. Біз соны алға ұстай отырып жұмыс істейміз. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қашаған кен орны – Қазақстанда теңіз қайраңынан игерілетін тұңғыш кеніш. Әлемдік маңызға ие ғажайып жоба осы жылы іске қосылады деп жоспарланған. Соған сәйкес құрылған 2012 жылдың желтоқсан айында «Солтүстік-Каспий мұнай төгілуіне қарекет ету экологиялық базасы» іске қосылды. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл маңызды жоба, Қашағаннан басқа да кен орындарында мұнай мен газдың авариялық төгілуін болдырмау және жою үшін құрылған.

Агросектор бойынша айтар болсам, шыны керек қашан да адамдарды табиғи тамақ, киім-кешек, төсенішпен қамтитын игілік көзі ауыл. Керек десеңіз, барлық құрылыс материалдары қалада дайындалғанымен оның шикізаты ауылда әзірленеді. Бірақ ауылдан мал кеткелі даладан сән кетті. Енді соған қайтадан назар аударып жатқан жайымыз бар. Ауыл үшін мемлекеттен бөлінген қаражаттың рет-ретімен орынды жұмсалуына көңіл бөлеміз. Олай деуге себеп біреулердің өнім өндіруге мүмкіндігі бар, бірақ қажетті техника, басқа да құрал-жабдықтары жоқ. Осыларды реттеу, жүйелеу керек-ақ. Ол үшін облыстық мәслихаттың депутаты ретінде араласып, шын мәнінде тұралаған ауылдың жанашыры болған дұрыс. Өйткені ауылда шешілмеген түйін әлі көп. Әлгі айтқан көгілдір отын, таза ауыз су, көп жерлерде мәдениет үйлері жоқ, барының өзі жөндеу көрмеген. Соларға біз көмек қолымызды созбағанда кім созады?!

2012 жылы ауыл шаруашылығы саласына бөлінген қаржы: 3 миллиардқа жуық теңгеден астам. Ішкі өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығы

Page 38: №9 журнал 2013 г-на сайт

38

саласының үлесі: 0,8 %, облыста асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық саны: 20-ны құрап отыр.

Қазір біздің қоғамымызда қаржылық мәселесі төңірегінде дау-дамайлар туындап жатыр. Әсіресе, жемқорлықпен күресу амалдарын қалай қарастырған жөн деп ойлайсыз?

Менің бұл сұраққа жауап беруім қиын. Өйткені қашаннан бері қаржы жүрген жерде жемқорлық деген сөз егіз сияқты. Онымен күнбе-күн кездесіп жатырмыз. Сондықтан бұл мәселеге алдымен тәртіп керек. Содан соң әр адамның ар тазалығы қажет. Арсыз адамның қолы әр уақытта лас болады.

Мемлекетімізде өзекті мәселелер жетіп артылады. Мәселен, жұмыссыздықты жою мен баспанаға қол жеткізуде кездесіп отырған қиыншылықтар төңірегінде не айта аласыз?

Қазір тұрғындар арасында ең ауыр тиіп отырғаны үй мәселесі, содан соң балалар бақшасының жоқтығы, жұмыссыздық. Міне, бүгінгі таңдағы ең түйінді мәселелер осылар. Облыс бойынша аумақты қиын түйіндер жоқ деп ойламын.

Жұмыссыздықты жою мәселесінде республикамыздың қай-қай өңірінде де қиын тұстары бар. Мәселен, Атырау бұрындары негізінен аграрлық жүйеде дамыған өңір еді. Жаңа қоғам орнап, әлемнің негізгі сұранысы мұнай-газ өнімдеріне бағытталған заманда облыстың өндірістік қуаты осы салаға ауысты да, бұрынғы ауыл шаруашылығы, оның мал өсіру, көкөніс-бақша, басқа да салалары қалыс қалды, аса қуатты балық өнеркәсібі тек жекенің ісіне айналды. Оларды қайта мамандандыру, өзге салаға икемдеу де қиын. Өйткені бұл

салаға керекті адамдар шындалған маман, мол тәжірибесі бар болсада да, олардың жасы келіп қалған. Алайда бұл мамандыққа өсіп келе жатқан жастардың құлқы жоқ.

Үйсіздік мәселесі де негізінен екі буынға келіп тіреледі. Оның бірі - белсенді еңбек қабілетін жойған топ және еңбек жолын енді бастаған, қаражат қоры жоқ, өз мамандығына әлі де болса белсенді кірісіп кетпеген жастар. Бірақ өңірде оның бәрі үкіметтік, мемлекетік заң шеңберінде жүзеге асуда. Оған депутат ретінде мүмкіндігінше өз ықпалымыз бар екені сөзсіз.

Өңірде ауыз су мәселесі қалай шешілуде? Тығырықтан шығудың жолы қарастырылған ба?

Бұл күнде облыстың ауылдық елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 54 пайызды құрайды. Дәл қазірде өңірде «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 21 млрд. теңгені құрайтын 73 нысанның құрылысы жүзеге асуда. Үстіміздегі жылы соның 52-сінің құрылысын аяқтап, іске қосу жоспарлануда. Сонда аймақта аталған мәселенің түйіні шешіледі деп күтілуде.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі аясында тұрмыстық мәселелер туындап жатыр. Қалай ойлайсыз, экономиканың құлдырауына әкеп тірейтін күш неден болмақ?

Бұған елдің бір қоғамнан екінші қоғамға өтуі және оған экономикалық та, саяси жағынан да еш дайындықсыз келіп, арандап қалуы себеп болған сияқты. Бірақ Қазақстан өзге көрші елдерге қарағанда сәл қиналғанымыз болмаса, мол шикізат, адам ресурстарымыздың арқасында сәтті өттік деп ойлаймын. Бірақ қолда бар шикізатты берекесіз шашпай, оны өз ішімізден көбірек

өңдеп, дайын өнім шығарғанды ойлағанымыз дұрыс. Өйткені, қашан да өз өнімің қадірлі және сапалы, экономиканы тұрақтандыруға үлкен сеп болары белгілі.

Елді-мекендердегі әлеуметтік мәселелердің уақытылы шешілуі қалай қадағалынып отыр?

Қашан да бір нәрсе істесең де ол қадағаланып, уақытында берілмесе, алдымен ол іс сапасыз болады және мәнін жояды. Бұл жағынан депутаттық корпустың жұмысы жоспарлы және білікті, сауатты жүруі керек. Сонда ғана өңірдің әлеуметтік мәселелері уақытылы шешіліп отырады. Біз күнделікті жұмыста бұл реттілікке ерекше көңіл бөліп отырамыз.

Тірліктегі пенденің басты тірегі не болуы керек деп ойлайсыз?

Алдымен әр адам мақсатты жұмыс істеуі керек. Мақсат – өміріңді, әр ісіңді жоспарлы тәртіппен жүргізуге негіз құрайды. Сонда ғана өз - өзіңе, істеген жүмысыңның нәтижесіне сенімді боласың.

«Тәуелсіздік» сіз үшін қандай ұғым?

Ол бойыңдағы қабілет пен мүмкіндікке шектеу қоймай, бар болмысыңды елің, халқың үшін жарқырата көрсету деген сөз. Тәуелділік тежейді, ноқталайды, ілгері басқан аяқты кері тартады, осыдан келіп, басқа емес, әуелі өзіңе деген сенімсіздік пайда болады. Бұл елдіктің азуына, күмәнді болашаққа әкеліп соғатыны белгілі. Ал Тәуелсіздіктің орны бөлек, баға жетпес құндылық.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 39: №9 журнал 2013 г-на сайт

39

«БОЛАШАҚТЫҢ ЖЕҢІСІ - БҮГІНГІ КҮННІҢ ЖЕМІСІ»

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз мүддесінен биік қойған, ұлтының тұтастығын, жері мен елінің гүлденуіне тамшыдай болса да үлес қосуды мақсат еткен азаматтарымыз қашанда баршылық. Сондай азаматтардың бірі - Атырау өңірінің тумасы Артығалиев Мұса Дәуітұлы. Көп жылдар бойы ел игілігіне еңбек етіп, әлеуметтің тұрмыс-деңгейін жақсарту аясында аянбай еңбек етіп келеді.

«Ел үмітін ер ақтар, ер есімін ел сақтар» дегендей, редакциямыз елі мен жерінің үмітін артып жүрген, бүгіндері «Атыраугазинвест» ЖШС-нің директо-ры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Артығалиев Мұса Дәуітұлымен кездесіп, сұхбаттасқан еді. Салмақты ойдың аясында болған әңгіме барысын оқырмандарымызға ұсынамыз.

Мұса Дәуітұлы, өзіңіз жайлы мәлімет бере кетсеңіз. Қысқаша өмірбаяныңыз қандай?

Мен 1956 жылы 14 тамызда осы облыстағы Жылыой ауданының Құлсары кентінде дүние есігін аштым. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп өстім. Әкем Артығалив Дәуіт Ыбырайұлы

партия комитетінің хатшысы және кәсіподақтың төрағасы қызметін атқарған адам, кейіннен аудандық газетті басқарды. Өкінішке орай, қазір өмірде жоқ. Ал анам Марденова Ақзер 84 жасқа келіп отыр. Ұлағатты ұстаз, бүгінде ардақты ана, аяулы әже. Ата-ананың рөлі мен үшін қымбат.

Барлық жеткен жетістіктерім бірінші Алланың қолдауымен болса, кейінгі орында осы кісілердің демегенінің арқасында деп білемін.

1980 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер мамандығы бойынша

Page 40: №9 журнал 2013 г-на сайт

40

бітірдім. Еңбек жолымды 1973 жылы Құлсары автотранспорт мекемесінен бастадым. Институттан соң Гурьев нан өнімдері комбинатында элеватор бастығы болып жұмыс жасадым. Кейіннен комсомол жұмыстарында, қалалық партия комитетінің аппаратында қызмет атқардым. 1987-1992 жылдары нан өнімдері комбинатында бас инженер, артынша директор міндетін атқардым. Еліміз Тәуелсіздігін алған жылдардан кейін «Құрылтай», «АтырауАвтоСервис» ЖШС-де қызмет еттім. Бүгінгі күні «Атыраугазинвест» ЖШС-ның бас директорымын. Сонымен қатар, Атырау облыстық мәслихат депутаты қызметін атқарудамын.

Бүгінгі таңда Атырау облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Атырау өңірі - мұнай саласынан заман талабына сай жоғары қарқында дамып келе жатқан орталық болып табылатыны белгілі. Халық қалаулысы ретінде өңірімізді өркендете түсу жолында өз күш-жігерімді аямай жұмсап келемін. Қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табу аясында қабылданған бағдарламалар бағытымен де біршама жұмыстар қолға алынуда. Бағдарламалардағы басым бағыттарға тоқталсақ: зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға, білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету болып отыр. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құру қолға алынып келеді. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, кадр мәселесін шешу барысында ықпал жасау назарға алынуда. Табиғи газды тікелей әрбір үйдегі әр пәтерге жеткізе отырып, биылғы жылы Атырау қаласы мен облыстың

елді-мекендерін газдандыру жұмысы аяқталып отыр. Қалада коммуналдық тұрғын-үй салу жұмыстары жүзеге асырылуда. «Жайық өзені жайылмасының ескі арналарын, көлдерін және басқа да су айдындарының суын молайту және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасын қаржыландыру жұмыстарына бастамашы болу біздің мақсатымыз.

«Халықтық IPO» бағдарламасына сіздің көзқарасыңыз қандай?

Өз басым осы бағдарламаны қолдаймын. Себебі, «Халықтық IPO-ның» негізгі мақсаты – елдегі ірі кәсіпорындардың акцияларын иеленуге халыққа мүмкіндік жасау. Осы арқылы қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту. Бұл нарыққа «ҚазТрансОйлдың» акциялары орналастырылатын кез де алыс емес. Бұл біздің мұнайлы өңір үшін біршама тиімділіктерді арттырады. «Нұр Отан» ХДП бұл бағдарламаны насихаттау жұмыстары аясында халық алдында тренингтер мен семинарлар өткізіп келді. Өз тарапымыздан бағдарламаны халыққа түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп, сол мақсатта әр түрлі іс-шаралар жүзеге асты.

Өңірде әлеуметтік тұрмыс деңгейін дамыту жүйесінде қандай да бір кемшіліктер орын алып отыр ма?

Менің ойымша кез-келген ортада кемшіл тұстар кездеседі. Оны түзетуге ықпал жасау біздің міндетіміз деп есептеймін. Ең біріншіден шешімін тапқан газ мәселесіне тоқталғым келеді. Қаншама жылдар бойы қаламызда газдың болмауы халықты қатты әбігерге салған еді. Ал қазіргі таңда, қала тұрмақ барлық аудан, ауылдар, соның ішіне шалғай жатқан Қызылқоға ауданының өзі де газбен қамтамасыз етілген. Осы оңды өзгеріске халықтың ризашылығын сол ауданға барған

іс-сапар барысында байқадым. Кездесуге келген тұрғындар сөзінің «бісмілләсі» шешімін тапқан газ мәселесіне айтылған алғыстарымен басталды. Әрине, тұрғындардың бұл қуанышын жақсы түсінемін. Себебі, қазіргі таңда қымбат көмірді жеткізуі айтарлықтай қалтаның қалындығына байланысты болғандықтан газбен қамтамасыз етудің тиімділігі айдан анық.

Халық үшін өзекті ауыз су мәселесі қолға алынып, жұмыстар нәтижесін беруде. Осыған орай «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша бүгінде өңіріміздің барлық елді мекендері ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, көше бойларына түгелдей дерлік тасжол төселіп, күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әрине уақыт өткен сайын заман да өзгереді. Сол заманның талабына сай тұрғындардың да талаптары өзгереді. Яғни, қай уақытта болмасын халық тарапынан шешімін таппай жатқан мәселелер туындап жатады. Ал біз өз кезегімізде, халықтың талаптары мен сұраныстарын барынша орындауды тырысып бағудамыз.

Облыста ұлттық мәдени құндылықтармен қамтамасыз ету қажеттілігі қалай ескерілуде?

Әрине, мәдени шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Соның бір легі Наурыз мейрамында кеңінен орын алады. Оның басты құндылығы - ұлттық мерекемізді жаңғыртып, болашақ жас ұрпақтарға мән-мағынасын түсіндіруге барынша тырысуымызда. Осы мейрамдағы мәдени шаралар ұлттық мәдениетіміздің құндылығын бағалайды. Бір айта кететіні, Наурыз мейрамының еліміздің батыс өңірінде тойлануы ерекше екені көпшілікке белгілі.

Қазақ халқы қашанда қонақжай халық болған. Қазақ ұлты - даланың коңыр желіндей аңқылдаған ақ көңіл, ұлы жердің кемеңгер ұлы. Біздің мақтан

Page 41: №9 журнал 2013 г-на сайт

41

тұтар тіліміз, дініміз, Отанымыз бар. Тіл-ұлт діңгегі! Отан - Ел Анасы! «Ата-бабадан аманат боп қалған қазақ жерінің өсуі мен өнуі халқымыздың татулығы мен бірлігінде», -деп Елбасымыз айтқандай, ата-бабамыз туып-өскен, топырағында кіндігі кесілген кең жазиралы қазақ жерінің барлығы қасиетті, әрі шежіреге толы емес пе?! Міне, сол шежірені бұзбай, болашақ ұрпақтарға жеткізу, біздің мойнымызға жүктелген қиянатқа бергісіз аманатқа балаймын.

Жергілікті жерде мемлекеттік басқару аясында ең алдымен нені ескергені жөн деп ойлайсыз?

Ең әуелі әкімдердің есеп беруі олар үшін жауапкершіліктің жоғары болуын міндеттейтіні белгілі. Осы тұста қалың бұқара тарапынан көкейіндегі сауалды тікелей әкімге қойып, тиесілі жауап алуға да мүмкіндік туады. Міне, осы жүйені ескеріп осы үрдістен айнымаған жөн болады деген үміттемін. Себебі, мейлі сен әкім бол не болмаса хакім бол, бірақ үнемі саған баға беріп, адал болсаң әрқашанда тірегін болатын - халық. Сондықтан да, халықпен санасып жұмыс атқарғанды қолдаймын.

Өзіңіз басқарып отырған «Атыраугазинвест» ЖШС

жайлы кеңінен айтып өтсеңіз. «Атыраугазинвест» ЖШС-і

1997 жылы құрылған болатын. Алғаш құрылтайшысы Мирослав Кубик есімді Чехия азаматы болатын. Өкінішке орай, серіктестік жұмысын бастағаннан соң, араға үш-төрт жыл салып, ол кісі әуе апатынан көз жұмды. Мекеме тарихында М. Кубиктің еңбегін ескермеуге болмайды. Себебі, бастапқыда өңірді газдандыру мәселесін қолға алғанымызда, мемлекет тарапынан қаражат бөлінбеді. Содан Мирослав Кубик қаражат мәселесін өзіне жүктеген еді. «Атыраугазинвест» қалаға газ әкелген компания болып табылады. Авангард, Лесхоз мөлтек аудандарына ең алғаш газ құбырын тартқан осы мекеме еді.

Болашақта нені жоспарлап отырсыз?

Өткенсіз болашақ жоқ. Болашақты бағамдамас бұрын, өткенге де есеп бергенді құптаймын. Жылдар өтеді, бір ұрпақтың орнын келесі ұрпақ басады, ал барлық оқиғалар мен іс-әрекеттеріміз өмір атты мұрағатта сақталады. Аллаға шүкір, халық тарапынан түсіп жатқан ұсыныстарды осы уақытқа дейін орындап келеміз. Өткеніміз бүгінге және келешекке қызмет етуі тиіс. Сондай-ақ, болашақтың жеңісі, бүгінгі күннің жемісі екенін

де ескерген жөн. Сондықтан жасап жатқан әр қадамыма есеп беріп, ұлт мүддесін асқақтатып, талмай ерең еңбек етуді мақсат тұтамын.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Қазақстан – жас мемлекет болғанымен, көнеден тамыр тартқан бай тарихы бар. Мен кеңес заманының да, Тәуелсіз елдің де өміріне куә болдым. Кейде бұл екі кезеңді салыстырып қоямын. Сараптай келе, Тәуелсіз ұрпақтың қандай бақытты екенін жүректің түйсігімен түсінемін. Біз дербес өз мемлекетімізде өмір сүріп, еңбек етіп келеміз. Еңбек еркіндігі бар. Мен үшін «Тәуелсіздік» ұғымы - сана мен рухани тұрғыда еркін болу. Тәуелсіздігіміз үлкен мақтанышымыз. Аллаға мың да бір шүкір, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз арман еткен Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Көк аспанда туымыз желбіреп, міне өз алдына дербес ел болғанымызға 22 жылдың жүзі болды. Ендігі мақсат - Елбасымыздың сарабдал саясатына жан-жақты қолдау көрсетіп, одан әрі еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосу.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айсұлу Сағынтаева

Page 42: №9 журнал 2013 г-на сайт

42

МайраСмайлова

Page 43: №9 журнал 2013 г-на сайт

43

ІСКЕРЛІК ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ БЕЙНЕСІНДЕГІ АСЫЛ ЖАН

Мынау әлемдегі жақсылық атаулының бастауы - әйел екені сөзсіз. Әйел-ана қашан да отбасының берекесі, ынтымақ пен ырыстың ұйтқысы. Адал қасиет, ақ тілек, ізгілік, мейірім мен сұлулық – бәрі де нәзік жандылардың болмысымен астасып жатады. Заманына қарай адамы. Бұл күндері билікте де, бизнесте де қазақ әйел-дерінің қарасы көбейіп келеді. Ал билік басындағы олардың бейнесі қандай?! Жалпы әйел билігі дегенді қалай түсінуге болады?! Осы орайда, билік басындағы әйелдің бүгінгі бейнесін ашу мақсатында Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Нұрбанк» АҚ Атырау филиалының директоры Смайлова Майра Тулекқызымен сұхбаттасқан едік. Енді соны назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Майра Тулекқызы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Атырау қалалық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Қалалық мәслихат депутаты міндетімен қатар банк саласында қызмет еткендіктен, өңірде қаржы саласының, әсіресе кәсіпкерліктің дамығанын қалаймын. Осы орайда бұл төңіректегі жұмыстарға баса назар аударып келеміз. Жалпы, кәсіпкерлікпен айналысу ел экономикасына өз үлесін енгізе отырып, әлем елдері қатарында бәсекелестігімізді арттыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда өңірімізде шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс істеуде. Егер де біз оларға көмек көрсетсек және үлкеюіне үлесімізді қоссақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Соның негізінде халықты жұмыспен қамту кең етек алатыны анық. Осы бағыттағы жүйелі жоспарлармен атқарылған істер өз нәтижесін береді деген мақсатпен, бұл тараптан жұмыстар қолға алынуда.

Өңірдің әлеуметтік тұрмыс деңгейін дамыту жүйесінде

қандай да бір кемшіліктер орын алып отыр деп айта аласыз ба?

Атырау өңірінде қазіргі таңда 500 000-нан астам халық тұрады. Облысымыз республикада өңірлік өнім көлемі бойынша алғашқы орындардың бірінде және жан басына шаққанда өнім көрсеткіші бойынша бірінші орынды тұрақты иеленіп келе жатыр. Айта кетерлік жәйт, ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Атырау облысы ең жоғарғы жалақы алатын аймақ болып табылады. Осы көрсеткіштер халықтың әлеуметтік жағдайынан хабардар ететіні белгілі. Өңірімізде халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету, энергетикалық, инженерлік, көліктік, газбен қамту, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қолға алынып келеді. Жұмыс болғасын кемшіліксіз болмайды. Алайда, жоғарыда атап айтқан жұмыстар тоқтатылмай, жалғасын таба берсе өңірдің әлеуметтік деңгейі жоғарылай түседі деп есептеймін.

Жастарға жанашырлық сіз

үшін қаншалықты маңызды?Бүгiнгi қоғамда мені

мазалайтын мәселе – жастарымыздың келешегi. Өйткенi, Тәуелсiздiк алғаннан бергi жылдарда жастарды тәрбиелеу барысында бiраз кемшiлiктердi жiберiп алдық. Соңғы 20 жылда туылған ұрпақ сәл өзгешелеу өсiп жатыр. Соның iшiнде, көпшiлiгi өз елi мен жерiнiң тарихын бiлмейдi. Ал өз тарихын бiлмейтiн жастар елiнiң қадiр-қасиетiн сезiнбеуi мүмкiн. Сол себепті де жастарды тәрбиелеу барысында бүгiнгi ұлттық мемлекеттiк идеологияны күшейту керек деп ойлаймын. «Ел боламын десең-бесiгiңдi түзе» деген қазақта сөз бар. Жастар саясатты дұрыс меңгермесе, сыртқы әсерден жастардың психологиясын уландыру, оларды өздерiне тарту аса қиын емес. Осы негізде балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарының жұмысын бақылауға алып, мамандардың сауаттылығын бақылауымыз қажет.

Сыртта бiздiң дұшпандарымыз жоқ емес. Көптеген алпауыт мемлекеттер елiмiздiң жер байлығына қызығады. Болашақта сол байлыққа иелiк ету мақсатында қолдан қаншама жасанды секталар дайындалып

Page 44: №9 журнал 2013 г-на сайт

44

келеді. Экономикамыздың әлеуетiн көтеремiз деп әлек болып жүргенде, елiмiзде демократияны дамытуды бастадық. Демократияны желеулетiп, түрлi ағымдағы дiни ұйымдар көбейдi. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Осындай терiс пиғылды діни ұйымдардың қызметтеріне тоқтам салып, жастарымызды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөле отырып, бойларына елге деген сүйiспеншiлiктi, отансүйгіштік сезiмдi қалыптастыруымыз керек. Кез-келген елдің дамуы мен гүлденуі үшін өте маңызды – ол білім. Сондықтан жастарымыздың жоғары сапалы білім алуына барлық жағдай жасауымыз қажет деген ойдамын.

Сіз «Нұр банк» АҚ Атырау қалалық филиалының директорысыз. Мекемеде қазір қандай жаңалықтар болып жатыр?

«Нұрбанк» Акционерлік қоғамы 1992 жылы 3 тамызда Атырау қаласында құрылған. 2003 жылы Бас банк Алматы қаласына

көшірілді. Қысқа мерзімнің ішінде «Нұрбанк» АҚ аймақтық банктен республикалық деңгейге көтеріліп, бүгінгі күні бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда тұр және тұтынушыларына қызметтердің барлық түрлерін ұсынады. Сондай-ақ, филиалдары республикамыздың барлық ірі аймақтарында орналасқан. Қазіргі таңда ең қуанышты жаналықтардың бірі халықаралық рейтинг агенттігі Standard & Poor’s Нұрбанктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін «В-/С»-дан «В/В»-ға дейін және ұлттық межелік бойынша «kzBB-»-дан «kzBB+»-ға дейін көтерді. Яғни, бұл дегеніміз – «тұрақты» екенін білдіреді. Банк қызметкерлердің біліктілігін арттыруды үнемі назарда ұстайды. Филиал қызметкерлері Бас банкпен ұйымдастырылатын шараларға, семинар, тренингтерге қатыстырылады, дистанциондық тестілер өткізіліп тұрады. Біз үшін оның басты мақсаты білікті мамандардың кәсіби шеберлігін ұстану.

Елбасы өзінің соңғы Жолдауында «Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет» деген болатын. Сіздің осы мәселеге қатысты пікіріңіз қандай?

Қайтарылымы күмәнді несиелер қазіргі таңда дағдарыстан шыққан банктердің негізгі мәселелерінің біріне айналды. Экономиканың қалпына келе бастауына, банктердің несие беру үрдістерінің жаңаруына орай проблемалы несиелер бір жүйеге келе бастауы тиіс еді. Бірақ ондай ағым байқалмайды. Оның басты себебін банктер ғана емес, бизнесмендерден де іздеу керек. Индустриялық-инновациялық үрдіс жүруде дегеннің өзінде, ірі компаниялар ондай шаруаларға

Page 45: №9 журнал 2013 г-на сайт

45

көбіне өз қаржыларын пайдаланып, банктерден көп несие алуды қоя бастаған. Оның үстіне ондай бағдарламаларға мемлекет есебінен қаржы бөлініп жатыр. Тағы бір себеп, төлем қабілеті жоғары компаниялардың банктерден бұрын алған қарыз-дары да жеткілікті. Сонымен, банк секторының алдында тұрған ең маңызды мәселе - жұмыс істемейтін несиелер портфелін жақсарту. Сонда ғана банктер нақты секторды несиелеуге бет бұра алады деп ойлаймын. Коммерциялық банктердің дұрыс жұмысын атқаруы - олардың өзінің және сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлі активтер бойынша дұрыс орналастырылуына байланысты, яғни қолдағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.

Отбасыңыз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз. Әйел бақыты дегенді қалай түсінесіз?

«Ағаш бұтағымен, адам ұрпағымен көгерер» деген халық мақалы бар. Менің балаларым қазір ересек. Үлкен ұлым – шетелде білім алып, қазір үлкен компанияда қызмет

етеді, кіші ұлым мен қызым – Елордамыздың жоғарғы оқу орындарының студенттері. Ана ретінде әр қайсысына мейірімім ерекше. Алыс жүрсе сағынамын, уайымдаймын, олар үшін қуанамын. Кішкентай болған кездерінде аналық жылулығым мен қамқорлығымды қажет етілсе, қазір ержеткен соң олармен жақсы досы, жолдасы ретінде сырласамын. Менің қызмет бабыма байланысты жиі көріспесек те, күнделікті сөйлесіп тұрамыз. Барлығымыздың бастарымыз қосылып, жиналып қалған уақыттары отбасымызбен бірге демалғанды жақсы көреміз. Әйел бақыты деген терең ұғым, ол – ана ретінде балаларының бақытты көз жанарларын көру. Бұл тек менің түсінігімде емес, көптеген әйел затының ойларымен ұштасады деп есептеймін.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Егемендік – еліміздің ежелден аңсаған арманы.

Қазақтың дархан даласында ата-бабаларымыз туды, өмір сүрді, ұрпақ тәрбиеледі. Қазақстан - бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, шекарасы белгіленген, өз Тәуелсіздігі бар

жігерлі мемлекет. Егемендік алғанымыздан бері өткен аз уақыттың ішінде еліміз дамыған алпауыт мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемге әйгілі болды. Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Қазіргі уақытта еліміздің жалауы өзге елдерде желбіреп, рухымызды асқақтатып, әнұранымыз шырқалған кезде әрбір қазақ-стандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды деп ойлаймын. «Тәуелсіздік» деген ұғым қазақ халқы үшін қымбат, әрі киелі ұғым болып қала берсін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Мөлдір Құрман

Page 46: №9 журнал 2013 г-на сайт

46

АТЫРАУ ӨНЕРІНІҢ БИІК ШЫНАРЫ

Жайдарбек Зайдуллаұлы, сіз басшылық етіп отырған өнер музейінің жиырма жылдан аса тарихы бар екен. Осы жылдар аралығында қандай бастамалар көтерілді? Сондай-ақ, пленэр-көрме өткізудегі мақсат неде еді?

Қазақстандағы 362 музейдің көбісі тарихи-өлкетану музейлер боп саналады. Дәл осындай өнер музейі Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Өскемен мен осы Атырау өңірінде орналасқан. Бұл музей 1992 жылы халықтың сұранысына орай ашылыпты. Былтыр музейіміздің 20 жылдығы атап өтіліп, мерейтой халықтың есінде қалсын деген ниетте пленэрлық кеш ұйымдастырылды. Пленэрлық кеш дегеніміз – республиканың түкпір-түкпірінен келген танымал қылқалам шеберлерінің бас қосуы. Соған орай, 25 суретші бір апта бойы Атыраудың келбетін қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, мұражай

қорына ерекше 64 туындыларын сыйға тартты. Пленэрлық көрме дегеніміз осы. Астанадан арнайы келген «Әлем мойындаған Қазақстан» атты Елбасының саясатын насихаттайтын фотокөрме де Президентіміздің халықаралық дәрежедегі және мәдениет аясындағы, сондай-ақ, Қазақстанның спорт саласындағы жетістіктерін бейнелейтін біршама туындылары музейіміздің сәнін келтіріп тұр.

Өнер музейінің негізгі мақсаты – халыққа рухани тәрбие бере отырып, үздіксіз қызмет көрсету. Бұған қоса, жас ұрпақты тәрбиелеу міндеті жүктелген. Музейдің жанындағы бейнелеу қызметінде аптасына үш рет мектеп жасындағы балаларды оқытамыз. Студияға алты жастан бастап, он бес жасқа дейінгі балалар алынады. Тағы да бір айта кететін жайт – көшпелі көрменің ұйымдастырылуы. Суретшілеріміздің қолдарынан

шыққан әр түрлі тақырыптағы туындылар шалғай жерлерде орналасқан ауыл тұрғындарына әдейілеп апарып көрсетіледі. Осыған байланысты үш топ жұмыс жасауда. Халықаралық деңгейдегі көрме жиі ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, Мексика елінің бір атақты суретшісі музейімізде өз көрмесін өткізді. 1999 жылы музейге осы ғимарат беріліп, ашылу салтанатына қатысқан Елбасы өзінің қолтаңбасын былайша қалдырды: «Атыраудағы тұңғыш музей, ел өнерінің биік бейнесі. Халықты рухани тәрбиелеуге зор үлес қосады деп сенемін».

Әңгіме барысында жастарға рухани тәрбие беру бағытына көңіл бөлетіндігіңізді айтып қалдыңыз. Жастар саясатына қаншалықты назар аударасыз? Осы тұрғыда жеке пікіріңізді білсек.

Шынын айту керек, жастар

Әр мемлекеттің ұлттық сана сезімін оятатын тарихи мұралары өз алдына ерекше. Сол рухани құндылықтарды сақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекемелер елімізде некен саяқ. Атырау облысындағы өнер мұра-жайы халқымыздың рухани құнды-лықтарын ғылыми тұрғыда таны-тып, насихаттаумен келеді. Осы негізде өскелең ұрпаққа тәлім-тәр-бие беруде маңызды рөл атқарып және тарихи сананың қалыпта-суына ықпал етпек.

Осыған орай Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры, Атырау

қалалық мәслихатының депутаты Зайдуллин Жайдарбек Зайдуллаұлымен сұхбат жүргізген едік.

Page 47: №9 журнал 2013 г-на сайт

47

мәселесіне соңғы уақытта ғана мән беріліп келе жатыр. Былтыр 2012 жылдың аяғына қарай облыстық әкімдікте жастардың басын біріктіретін құрылым жасақталды. Олардың тәрбиелік мәні бар шараларға қатысып, белсене араласып жүргендері күннен-күнге жанданып келеді. Аға буын өкілі ретінде мен қатты қуанамын.

Атырау қалалық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Өткен жылдың қаңтар айында Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып сайландым. Сайлаушыларыммен кездесуде талқыға салынған мәселелерді тиісті жерлерде айтып жүремін. Солардың бірқатары шешімдерін тауып жатыр және біразының жауабы күтілуде. Жалпы мен мәдени-рухани тәрбиеге қатысты мәселелерді есепке аламын. Мәселен 1200 орындық концерт залының құрылысы жүргізілуде. Келер жылы аяқталып, қолданысқа берілсе, қала мәдениетін көтеретін бірден-бір орынға айналады деген үміттеміз.

Әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесіне деген көзқарасыңыз қандай? Осылардың ара-жігін ашып берсеңіз.

Қай кезде де қоғамда әлеуметтік әділеттіліктің өмір сүргені абзал. Ал әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі жетілдіруді әрі жаңартып отыруды қажет етеді. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына қамқорлықтың кеңейтілгені дұрыс. Мәселен, халықпен кездесу аясында байқағаным көбіне баспана алғылары келетіндерін жасырмайды. Ауылдан келіп, қаладан үй сатып алуға өтініштерін білдіреді. Ойлап қараңыз, қалада тұрақты мекен-жайы жоқ адамға қалай үй беруге болады? Бұны заң көтермейді ғой.

Олар заңды түсіне бермегендіктен осындай қадамдарға барады және объективті түрде ақпарат жетпей қала береді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға бөлінген жеңілдіктері жайында мәлімет толықтай жеткізілсе екен деймін. Себебі, ауылдық жерлерде баяғы Кеңес Үкіметінен қалып қойған «масылдық психология» әлі бар. Яғни, мен осы елдің азаматымын, мемлекет мені асырайды деген түсінік қалыптан шықпаған. Осы бір мәселе кейбір ауыл тұрғындарының саналарына жетпей жатқан сияқты. Қоғамдық формация өзгергеннен кейін, санаға да өзгеріс енгені жөн. Барлық жағдайда да әділеттілік болса, өмір сүру қиын соға қоймас деп ойлаймын.

Кей жағдайларда шенеуніктердің аздап кедергі келтіретін жайлары баршылық. Мәселен, ауылдың бір азаматы кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекеттен үш миллион теңге несие алады. Ал әкім басшылығы оның тек жартысын ғана берген. Сол әділетсіздіктің құрбаны болған жігіт қалаға келіп, шағым айтуға мәжбүр болды. Жасыратыны жоқ, бір адамдар арқылы араласып, осы мәселені шешіп бердім. Біраз адамдармен ренжісуге де тура келді. Міне, әлгінде айтқандай әлеуметтік әділеттілік пен қамтамасыз ету қажеттілігі осындайда көрініс табады.

Түсінікті. Елбасы өзінің соңғы Жолдауында «Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек» деген еді. Осы мәселе сізді қалай алаңдатады?

Бұл әлгінде айтып өткен әлеумметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ғой. Ең бастысы – адал еңбек етіп, табыс табудың жолын қарастырған дұрыс. Масылдықтан арылу керек. Еңбек етудің арқасында адам кедейшіліктен құтыла алады. Елбасының саясаты мен жасап

берген тәртібін қай уақытта да қолдау керек. Отыз елдің қатарына енуді көздесек, Қазақстан кедейшіліктен арылады деп сенемін.

Қазақстандағы өнер мәдениетінің даму деңгейі шарықтау шегіне жете алды деп айта аласыз ба?

Еліміздің өнер мәдениеті шарықтау шегіне жетті деп айту қиын. Бұл субъективті фактор демек, мәдениет саласын жетелеп жүретін басшылыққа байланысты. Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақы мәселесі дұрыс шешілмеген. Біздің музейдегі кейбір қызметкерлердің жалақысы 20 - 30 000 теңгеден аспайды. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейіне орай, еңбекақыны жоғарылататыны жайында қазір мәселе көтерілуде. Қазақстандағы өнер мәдениетінің дамуына әлі де алға қарай аяқ басуы керек және жаңаша көзқарас қалыптасқан жөн.

Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз.

Мен Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында 1950 жылы жаз айында дүниеге келгенмін. Әкем өмір бойы байланыс бөлімшесінде жұмыс жасаған. Анам – үй шаруасындағы әйел. Зайыбым ертеректе сауда саласында еңбек еткен, қазір зейнеткерлік демалыста. Бес ұл, екі қызымыз бар.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Елбасы соңғы Жолдауында «Қазақ елі» атанамыз деп нақты айтты. Осы жағдайға бұйыртса, біртіндеп жылжып келеміз. «Тәуелсіздік» ұғымы нағыз қазақ елі атануымызға себін тигізбек.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 48: №9 журнал 2013 г-на сайт

48

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРҚазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан аяқ

баяндап беретін ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан әдет-ғұрып ойындары бар. Еліміздің ұлттық ойындары көпшілік жағдайда үлкен тойларда, мерекелерде, думандарда қолданылатын болған. Осы ұлттық ойындардың негізгілері «Наурыз» мерекесіне тікелей қатыстылығы бар.

Ұлыстың ұлы күні ойналатын ойын-сауықты «наурызнама» деп атаған. Ол күндері наурыз деген бір жазғытұрым мейрам саналып, халық наурызнама өткізбек болып, той думан жасайды екен. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылып, халық ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше той. Сол мереке барысында ойналатын ойындардың бірнеше түрлеріне біздің редакция тоқталуды жөн көрді.

Айгөлек – қазақ халқының ұлттық ойындарының ішіндегі ең көп тараған ойын түрі. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, салқын самалды күзде ашық алаңда, жас қыздар мен жігіттер ойнаған. Кешке жиналғандар өзара тең болып екі топқа бөлініп, арасы бір бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойына тізіледі. Екі топ бір-біріне кезекпен екі жақтан адам шақырады. Бұл адам қарсы топтың қолын бұзып өтуі керек. Егер қолын бұзып өтсе, сол топтан өзімен қоса бір адам ала кетеді, егер бұза алмаса өзі сол топта қалады. Қай топта адам саны көп болса, сол топ жеңді деп есептелген.

Аударыспақ – тойларда ойналатын ойындардың бір түрі. Қазақ халқында ертеден келе жатыр. Ойын ережесі бойынша екі атты арасы 40-50 адымдай екі көмбеде тұрып ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін бір-біріне қарама-қарсы шаба жөнеледі. Екі аттының бірі аударылып түссе, сол адам жеңілді деген сөз.

Ақшамшық (сақина салу) – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те атайды. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігіт немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындаға сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр»,-деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәтте сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрта алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшамшық деп те жазылып жүр.

Асық ойыны – қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бір түрі. Халық арасында асық ойындарының көптеген түрлері дамыған. Бұл ойынды тек асығы бар жас ер балалар ғана ойнаған. Асық ойнаушылардың саны

Page 49: №9 журнал 2013 г-на сайт

49

4-8 ге дейін барады. Бұл ойынның мақсаты – асық ұтып алу. Ойын ережесі: көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң, бір бала ойыншылардың кім-кімнен кейін ойнау керек екенін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі – бірінші, тәйке түскеннің иесі – екінші, бүк түскендікі – үшінші, шік түскендікі –төртінші болады.

Тоғызқұмалақ – терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір қанбайтын, халық даналығынан шыққан ойындардың бірі. Қазақ халқының ертеден келе жатқан есеп ойыны ретінде саналады. Өйткені бұл ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысынан құралған. Бұл күндері тоғызқұмалақ ойыны арнаулы тақтада ойналады. Бұл тақтаның ойып жасалған он сегіз ұя – шұңқыры бар. Әрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір-бір қазаны болады. Отаулар тоғыз тоғыздан қарама-қарсы түске боялып қойылады. Мысалы, қызыл мен көк, ақ пен қара. Отаулардағы құмалақтардың барлығы да тоғыз-тоғыздан болады, яғни тақ сандар. Ойын осы тақ сандармен басталады. Ойыншы солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүреді. Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азияда кеңінен тараған. Қазақ пен қырғыз мемлекеттерінде республикалық, халықаралық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі уақытты бұл ойын жақсы дамып келеді.

Күміс ілу – ептілікті, атқа жақсы отыруға керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалындақ орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпестен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

Бәйге және аламан бәйге – қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тараған түрі. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі – жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортынын классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз. Әсіресе, аламан бәйгенің спортшының тактикалық шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, бәйге барысында атынын күшін тиімді пайдаланса ғана, жеңіске ие болады.

Әзірлеген Ләйлә Нығматуллина

Page 50: №9 журнал 2013 г-на сайт

50

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ШВЕЙЦАРИЯ Швейцария – өте ерекше мемлекет. Аталмыш

мемлекеттің өзгешелігі дүние жүзі елдеріне кеңінен аян. Альпі тауларының тынық ауасы мен кербез келбеті, ғажайып бейнесі мен сұлу сазды толқындары тербеліп, кісіні тамсандырады. Сарқырамаларының өзі адам жанына тылсым әсерімен жайлылық сыйлайтындай. Мынау қарбалас өмірде бір сәтке болса да тау тыныштығымен тереңнен тыныс алып, айналаға тамсанудың өзі адам жанына қуат береді.

Қазіргі таңда Швейцарияға шет мемлекеттерден туристер жиі келеді. Мәселен, жылына 12,5 млн-дай турист демалады екен. Соның есебінде, мейманханалық іс, сонымен бірге арнаулы мейрамханалық құрал-жабдықтар шығару жоғары дамыған. Тау шаңғысымен танымал болған шипажайлары және басқа қысқы спорт түрлері шет елден келген қонақтардың қызығушылықтарын

тудыруда. Оларға тау велосипедімен серуендеуге және парапланмен ұшуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, альпинизм саласында да өз-өзінді байқап көруге барлық жағдай жасалған. Швейцарияда көк шалғындар мен жүзімдер алқабын көруге болады. Бүгінгі таңға дейін сақталып келе жатқан ортағасырлық қалалары көне тарихпен үйлескен келбеттен көрініс береді. Елде 600-ге жуық музей бар. Өнер мұражайларының қатарында Базель, Берн, Женева, Цюрих және т.б. кеңінен танымал. Ежелгі замандағы сипатқа тән Невшатель, Тун, Моржедегі Вифлен ортағасырлық қорғандары зор тарихи құндылық екені рас. Жалпы, Швейцарияның тереңдегі тарихына үңілсек, X-XI ғасырларда мемлекет «Қасиетті Рим империясының» құрамында болды. Ал 1291 жылы өз Тәуелсіздігін жариялады. Қазірде Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады. Швейцария қаласы Женева халық аузында әлемнің астанасы атанып кеткен. Өте үлкен және әдемі бұл қаланың тарихы да тереңнен тағылым алады. Б.з.д I ғасырда Юлий Цезарь Женеваны «цивитас», яғни аумақтың басты қаласы деп атаған екен. Қаладағы ортағасырлық шағын үйшіктер, мөлдір сулы субұрқақтар өзге қалалардан өзіндік ерекшелігін ежіктеп тұрады.

Швецария Қазақстанның Батыс Еуропадағы ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның Еуропадағы елдермен жүргізілетін сауда айналысының 11%-на жуығы тиесілі. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін швейцариялық капиталдың қатысуымен 108 компания тіркелген. Мемлекет туризм арқылы және өз аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентрат-тар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық “Юнилеверден” кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі. Әлем елдерінде таңдай қақтырар классикалық ірімшіктің отаны да осы елде, яғни, Фрибур кантонындағы Грюйерде. Бұл жерге келіп қайтқан халық сүйікті ірімшіктерінің қалай дайындалатынына куәгер болып қайтады.

Швейцария сағаты әлемге танымал.

Page 51: №9 журнал 2013 г-на сайт

Швейцариялық сағаттар әлемдік брендке ие. Өнімнің 95%-ы экспортталады. Дүниежүзі бойынша үлкен сұранысқа ие.

Швейцария банктерінде дүние жүзіндегі ең ірі дамыған елдердің барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Швейцария банк жүйесінде бір ерекшелік қалыптасқан: банктік құпия туралы швейцариялық ережелер банктерге азаматтардың шоттары туралы кез-келген болмашы мәліметтерді басқа тұлғаларға (мейлі Швейцария азаматы болсын, мейлі шет елдік болсын) жария етуге тиым салады. Банктік құпияларды қорғаудың бұл режимі әлемдегі ең қатал ережелердің бірі болып табылады, оның өзінің тарихи дәстүрлері бар. Сонымен қоса, банктік салымдарды қорғау Швейцария заңнамасымен регламенттелген. Елдің ұлттық экономикасында банк саласы маңызды орын алады.

Швейцарияға сапар шегіп барғысы келген туристер үшін әртүрлі экскурциялық турлар ұсынылады. Мысалы жеті күндік турмен Цюрих – Люцерн – Берн - Грюйер – Монтре – Шильон қамалы – Лозанна – Женева қалаларын аралап қайту бір адам үшін 990 еуроға шығады. Бұл турға Райндфаль сарқырамасын, Мұздықтар бақшасын аралау, аталған қалаларға экскурсия жүргізу енеді. Осындай-ақ, түрлі экскурсиялық сапарларға әртүрлі таңдау жасауға болады. Мысалға

Юнгфрау, Гштаад, Энгельберг, Санкт-Мориц, Церматт, Вербье тау шаңғысы курорттарын аралап қайтуға болады. Бад-Рагац, Скуоль, Лейкербад және Женева өзеніндегі емдеу-сауықтыру орталықтары өзіне көп туристерді еліктіреді. Жалпы бұл турларға туристер 1 260 еуро қаржы жұмсайды екен.

Швейцария мемлекетіне анықтама: Мемлекеттік құрылымы: Федеративтік Парламенттік Республика.Астанасы: Берн. Географиялық орны: орталық Еуропада орналасқан мемлекет.

Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі.

Жер көлемі: 41,284 км².Халқы: соңғы деректер бойынша халқы 7,3 миллион адам.Мемлекеттік тілі: неміс, франзуз, италиян және ретороман тілдері. Ақшасы: Швейцария франкіРесми діні: дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы

протестанттар.Табиғаты: таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі

таулары аумағында орналасқан. Елдің оңтүстігінде орналасқан Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Жан-жануарларына келер болсақ, құр мен ақ қояндар кең тараған. Таулы жерлерге тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Елдің шығысында тауешкі мен түлкі мекендейді. Швейцария - теңiзге шығусыз ел. Он ірі көлі бар. Жерінің аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі: солтүстігінде Юра таулары, орталығында Швейцария үстірті, оңтүстік Швейцарияның 61% жерін алатын Альпі таулары.

Әзірлеген

Айсұлу Сағынтаева

51

Page 52: №9 журнал 2013 г-на сайт

52

БУРАБАЙ – ТАМСАНДЫРҒАН ТЫЛСЫМ ТАБИҒАТ

Бурабайды халық боямасы қалың көркем көп сөзбен суреттесе де, табиғатына деген тамсанған әсерін жет-кізе алмаған. Себебі ол тұнып тұрған сыр, баға жетпес сұлулық.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2000 жылы ұйымдастырылған. Бурабай сілемдерінде Бурабай, Шортанды, Қатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т.б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер. Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Сондай-ақ, саябақтың флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Саябақтың фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ, орман сусары, т.б. мекендейді. Саябақ аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т.б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т.б. кездеседі. Саябақ ландшафтысының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан. Ол мүсіндердің әрқайсысына тоқталып өтсек:

Жұмбақтас – Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Орыс тілді авторлар Жұмбақтасты «Сфинкс» деп атап кеткен.

Оқжетпес. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,Бастары көкке бойлап, бұлттан асқан.Бір шың бар етегінде тіп-тік найзаАдамзат жасағандай құйған тастан, - деп кезінде Сәкен Сейфуллин жырлап өткен еді. Оқжетпес Бурабайдың

ең көрікті жері. Бұл бірегей жартас Көгілдір шығанақ (Әулиекөл көлінің солтүстік-батысында) жағасында орналасқан. Атақты ақын, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлиханов Оқжетпес туралы 15 аңыз жинаған. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес Көкшетау қыратының ең биік жері. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл, құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір. «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені ең таңдаулы емдеу сауықтыру мекемелерінің бірі. Ол халықаралық стандартқа сай жаңа құралдармен жабдықталған жайлы әрі ыңғайлы орын.

Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстігінде орналасқан тау. Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.

Page 53: №9 журнал 2013 г-на сайт

53

Әулие Қасен тасы. Айнакөл көліне апаратын қысқа жол «Қарағай» шипажайының жанынан өтеді. Орманға барар жол бойында қысқа сақалды, ұзын шашты адамның басын еске түсіретін керемет тас орныққан. Бұл - әулие Қасен.

Бурабай – демалатын, қайықпен, катамаранмен жүретін сүйікті орын. Егер көлдің айналасынан өтсеңіз (ол 12 км) Громовой көлінің бастауында иілген ағаштар атауын айтып тұрғандай «билеп тұрған» шоқ қайың табиғат ескерткішін көруге болады. Көлдің шығыс жағасы құмды жаға, шомылуға, демалуға арналған жайлы орын. Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Бурабайдың шипажайларында тыныс жолдары органдарын және ішек-қарын трактасын, жүрек-қан тамыр жүйесін, жүру-қозғалу аппараттарын емдейді. Бұнда дала шөптерінің және қылқан жапырақты орманның хош иісі сіңген таза ауамен тыныстайсыз.

Бурабай поселкесімен жалғас басталып кететін Бурабай және Оқжетпес шипажайларына жақындағаннан-ақ әркім ерекше әсерге бөленеді. Олар Жұмбақтас пен Оқжетпеске, Үш діңгек пен Көкше, Ақбураға жетпей тұрып-ақ осы екі шипажайды ту сыртынан қалқалап тұрған Бөлектау мен Теміртауға айрықша таң қалады. Көкшенің қыр арқасы, Ақбураның өркештері Теміртау шыңынан өзгеше сәнмен, ғажап сурет болып көрінеді.

«Махаббат үңгірі». Абылай хан алаңына апаратын жолдың нақ жанында, үлкен тау жотасының үстінде. Жан-жағын қарағайлар қоршаған. Тау етегінен жоғары өрлеген адамдар тастар арасымен жүріп отырып, оның үстіне шықса, оң жағындағы үңгірге тап болады. Үңгір өте үлкен емес, шағын ғана. Басында суретке түсіретіндер де, үңгірдің тарихын баяндап берушілер келушілерді қарсы алады.

Абылай хан жазығы. Көкшенің баурайында үнемі күн сәулесіне шомылып тұратын кең жасыл дала бар. Ол Абылай хан жазығы (биіктігі теңіз деңгейінен 335 метр жоғары). Аңыз бойынша, халық ақ киізге көтеріп, Хан Абылай осы жерде таққа отырған. Ханның шатыры болған бұл жазықта 2004 жылы биік обелиск орнатылды. Оның басында алтын күн мен бүркіт. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сәкен Сейфуллин осы жерде атақты «Көкшетау» поэмасын жазған.

Бурабайға демалуға келіп қайтушы халық өте көп. Осы тұрғыда кететін қаржы жөнінен мәлімет беріп кетсек: жазғы үйлердің бағасы бір күнге 5000-нан басталады. Ал қонақ үйлерге орналасу орта есеппен 7000 теңге көлемінде, оның ішіне тамақтану да енетіні анық. Жағажайларда демалу адам басына күніне 500 теңгеден. Сондай-ақ, әр-түрлі бағдарламалармен саяхат түрлері бар. Жалпы алғанда Бурабайға барып демалып қайтуда адам басына орта есеппен күніне 20 000 теңге көлемінде қаражат кетеді екен.

Ия, көркем табиғатымен талайды тамсандырған кербез Көкшетаудың аясында, Бурабайдың баурайында тынығып қайтқан халық тек тәнін емес жан дүниесін де тынықтырып қайтары сөзсіз. Сәкен Сейфулиннің «Көкшетау», Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларында жырланған сұлу табиғат көрген адамға ерекше шабыт сыйлап, таңдай қақтырып тамсандырып келеді.

Әзірлеген Айсұлу Сағынтаева

Page 54: №9 журнал 2013 г-на сайт

54

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘБІРІ – ҒАЛАМДЫҚ СЫРҚАТ

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) деректеріне сенсек, бүгіндері әлемде 450 миллионнан астам адам жүйке дертіне ұшыраған. Әр жыл сайын 1 мил-лионнан астам адам өз-өзіне қол салса, 10-20 миллион адам өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайтын көрінеді. 1990 жылы жүйке дертіне шалдыққандар барлық аурулардың 10 пайызына тең болса, 2000 жылы 12,3 пайызға жеткен. Мамандардың пайымда-уынша, 2020 жылы 15 пайызға арта түсуі де әбден мүмкін. ДСҰ әлемнің көптеген елдері осы дертке қатысты түйткілмен айналыспайтынын, мемлекеттердің 41 пайызында психикалық ауруды емдеу, алдын алу атүсті қаралатындығын, ал елдердің 25 пайызында арнайы заңның жоқтығын алға тартады. Иә, жүйке жүйесінің әлсіреуі, мидың шаршауы бүгінгі күні әрқайсымыздан байқалатын құбылыс. Заманның жылдам дамуымен қатар, адамдардың ойлау, уайымдау, әре-кет ету қабілеттері еңбек ету, өмір сүру деңгейіне қарай белгіленіп отыр. Бұл әлем бойынша дертке айналып отырған мәселе.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»Халық мақалынан

Жүйке – жүйке талшықтары-нан құралған тіндер шоғырлары. Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық, қозғалтқыш, соматикалық, симпатикалық қасиеттері болады. Жүйке дәнекер тінді қабықпен қапталған. Адам мен омыртқалылар (бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) миынан 12 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері 31 жұп. Әрбір жұбы дененің белгілі бір жеріндегі жүйке эффекторлары мен рецепторларына әсер етеді. Бұлар 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқа, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкесі болып бөлінеді. Бір-біріне жақын орналасқан жүйкелердің талшықтары ұштасып, араласып, тор тәрізді түтік түзеді. Талшықтарының санына қарағанда ең көп талшықтысы – көру жүйкесі. Адамда оның саны – бір миллионнан асады.

Нейронның жүйке импульстарын өткізетін өсіндісі аксонды – жүйке талшықтары деп атайды. Оның ұзындығы кейде 1 м-ден артық болады. Ені 0,5 – 30 мм (омыртқасыз жануарларда 1 мм-дей). Нейрондар мен нейроглиядан тұратын тінді – жүйке тіні деп атайды. Жүйке тінінің құрылысы да, атқаратын қызметі де әр түрлі. Бұл дерттің арты психикалық сырқатқа апарып соғады. Адам күнделікті күйбең тіршіліктің өзін арашалай алмай, денсаулық мәселесі сыртта қала береді. Күні бойы компьютердің алдында отырған адам бірінші кезекте жүйке дертіне шалдығып жатады. Оның ішінде мойын, желке, жұлын бұлшық еттерінің қабынып, тартылып ауырсынуы байқалады. Ойлап қарасақ, дүние жүзі асығыс еңбек ету үстінде. Қандай елді алсаң да жаңа технологиясыз елестету мүмкін емес. Тек азды-

көпті тайпалық аумақтарды санамағанда. Мемлекеттерді бір-бірімен өзара келіспеушіліктері, жаһандық табиғи өзгерістер, әлемдік дағдарыс міне осының бәрі жер планетасындағы әрбір адамның жүйкесін жұқарта алатын нақты себептер мен салдар болып табылады. Бүгінде адамдардың санасында басқаша ойлар қалыптасып үлгерген. Ол – уақыт және ақша. Бұл құндылықтар ешқашан адамға молынан жеткен емес. Сондықтан, кез келгеніміз қол-аяғымызды сындырып, басымыз жарылмағанша дәрігерге баруды әсте ойламаймыз. Өйткені, санамызда берілген жұмысты тезірек аяқтап, қалың креслоны тоздырып, жаһандық мәселелерді ортаға салып, пікір алысқанды ұнатамыз. Тіпті алып Америка мен кішкентай Гвинея аралдарының бүгінгі проблемасы осы жүйке жүйесінің бұзылуы. Бұл проблема

Page 55: №9 журнал 2013 г-на сайт

55

Page 56: №9 журнал 2013 г-на сайт

56

Қазақстанды да айналып өтпеді. Әсіресе, халқының көптігімен, этникалық саналуандығымен ерекшеленетін Оңтүстік Қазақстан облысында бүгіндері ресми түрде 32230 жан психикалық науқас ретінде есепте тұрады. Бұл елдегі әрбір оныншы жүйкесі жұқарған науқастың немесе 10 пайызының оңтүстікте тұратынын көрсетсе керек. Оның ішінде аймақтарға бөліп қарайтын болсақ, Шымкент қаласында – 10796, Түркістанда – 2637, Сайрамда – 2880 науқас тіркеліпті. Бұл статистикалық деректер еліміздің басқа да өңірлерінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан, мұның алдын алу үшін бастапқы жұмыс тәрбиеден басталуы дұрыс шығар?! Мектеп оқушыларын, студенттерді болашақта қызмет ету үрдісіне барынша дайындап, әзірлеу керек.

Сонымен қатар жүйке жүйесінің бұзылуы өзіндік психикалық бұзылу есебінен ғана көбеймейді, ол негізінде экологиялық фактор мен психологиялық титықтауға жататын “психосоматикалық аурулар” деп аталатын жағдаяттар есебінен де көбейіп келеді. Қоғамдық-экономикалық формацияның өтпелі кезеңінде бұл факторлар саны еселеніп келеді (көші-қон, кәсібінің өзгеруі және т.б.). Өзіндік психикалық аурулармен қатар психикалық белсенді заттарды қолданушылар саны да өсе түсуде, мұның өзі олардың ұрпағында із қалдыратыны сөзсіз ғой. Сондықтан депрессияға шалдыққандардың саны күннен күнге жоғарылауда. Ең алдымен, қоғамдағы өзгерістер, әсіресе әлеуметтік саланың нашарлауы жүйкесі жұқа адамдарға қатты әсер етеді. Жұмыссыздық, халық тұрмысының төмендеуі, жетіспеушілік, тағы басқа себептер осыған әкеліп соғады. Депрессия жас талғамайтын құбылыс. Ең

өкініштісі, жастар арасында нашақорлар, токсикомандар көбейіп жатыр. Ал нашақорлық – жүйке ауруының ең ауыр түрі болып есептеледі. Жүйке жұқару қазір қоғамдық проблемаға айналғалы қашан?! Олардың арасында өз-өздеріне қол жұмсап, өмірімен қоштасып жатқандары да көп. Ауыр күйзеліске ұшырап өзін өлімге байлағандарды есепке алмағанда, жүйкесі жұқарудың салдарынан түрлі дерттерге шалдығып өмірден озғандардың саны, рактан, қантты несеп ауруы мен жүрек ауруларына шалдығып өлушілердің санымен бірдей екендігі дәлелденген. Жүйке дертіне шалдыққандардың жүрек ауруына шалдығу қаупі сау адамдарға қарағанда екі есе жоғары болатыны медицинадан белгілі. Жүйке жүйесі аурулары адам ғұмырын қысқартып, тез қартайтады. Жалпы, жүйке ауруларының пайда болуы психологиялық фактордан және психологиялық емес фактордан деп екі үлкен топқа бөлінеді. Жүйке ауруларының көмескі түріне шалдығушылардың қатарына мінез-құлқы ақ жарқын, есесін елге жібермейтін, іштен тынғыш, намысшыл адамдар жиі шалдығады. Олар қашанда ішкі күйзелісін басқалар алдында ашпайды, жабыққан көңіл күйін үнемі жасырып жүреді. Мұндай адамдар ауырып жүрсе де жұмысы мен қалыпты тұрмысын жалғастыра береді. Бірақ бұл қаншалықты ұзаққа созылса, соншалықты зиян әкелетінін ойлай бермейді. Жүйке жүйесінің сыр беруі әйелдерде етеккірдің тоқтауы яғни «климакс» кезінде көп байқалады. Әсіресе етеккір келер алдында көп әйелдерде көңіл күйдің бұзылуы жиі қайталанады. Бұдан тыс әйелдер босанғаннан кейін нәрестесі 1-6 айға толған кезде жүйке жүйесі тез сыр беруі мүмкін. Бұл босану гормонының

өзгеруінің нәтижесі. Жүктіліктен сақтандыру дәрілерінің де жүйке жүйесіне кері әсері көп. Денсаулығы сыр бергенімен депрессияда жүргендер уақытында мән бермей, ауруды асқындырып алатын жағдайлар да жиілеп кетті. Бұл мәселенің екінші қауіпті жағы да бар. Ол адамдардың өз-өзіне қол салушылығы. Өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау факторлары болып табылады. Бұл ретте адамның өз-өзіне деген сенімділігі жоғалып, ол тығырыққа тіреледі. Сондықтан да, психикалық денсаулық – ұлтымыздың әлеуметтік және экономикалық әлеуетін құрастыратын ең бір маңызды ұғым. “Психикалық ауру” – адамның күндегі іс-әрекет қабілетін бұзатын, көптеген анықтамалық күйлерді көрсететін жиынтық термин болып табылады. Міне осы жерде психолог мамандардың өз қызметіне ерекше мән беріп, барынша жұмыс істеуге тырысқандары жөн шығар?! Бүгінде денсаулығы сыр берген адамдардың 25 пайызы депрессияға ұшырадым екен деп ойламайды. Ел, ұлт салауатты адамдардан құралса қандай жақсы. Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыз?! Әрине, ол үшін ең негізгі басымдықты қоғам саулығы ісіне бұра түсу қажет. Мемлекетіміз де бұл жолда аянып қалып жатқан жоқ. Тек айтарымыз, бұқара халық адасып, дәрігерге қаралудан кеш қалып коймаса екен. Себебі өтіп кеткен аурудың жазылуы да, емге бой беруі де қиынның қиыны. Сондықтан ауруды асқындырмай, күнделікті күйбең тірліктен бір сәтке қол үзіп, дәрігерге қаралған дұрыс. Себебі, осынау жіберіп алған бір сәтіміз, бүкіл ғұмырымызға тең болуы мүмкін...

Ботагөз Айтжантегі

Page 57: №9 журнал 2013 г-на сайт

57

Page 58: №9 журнал 2013 г-на сайт

58

ӘЙЕЛ ПСИХОЛОГИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАН САУЛЫҒЫ МЕН ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ

Қазақ халқының болашағы отбасы берекесіне айналған жаны ізгі аналарымыздың алтын уысында сақталып келеді десек артық айтқандай болмаспыз. Себебі, қазақ әйелі – бар тілегі мен арман-мұратын отбасының игілігі мен қуанышына арнап келеді. Бойындағы асыл қасиетімен ұлтының ұйтқысы бола біліп, қазақ деген киелі ұрпақтың анасы атанғалы қашан. Жанының сұлулығы маңыздырақ екендігін ішкі түйсігімен ұғына білген қазақ әйелінің ақылдылығы кезінде білікті басшылар мен аузы дуалы шешендерді де сүйсіндірген. Заманының заңғар жазушысы Ғабит Мүсіреповтің: «Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі» деуі осындай жағдайда айтылса керек. Иә, сұлулық демекші, біз бүгін әйел қауымының жанының сұлулығымен қатар, жан саулығы жайында әңгіме шерткелі отырмыз.

Алдымен жан сұлулығынан бастайық. Себебі, жаны сұлудың жанының саулығы болуына сай келсе, керісінше жаны сау адамдардың саулығы ішкі жан-дүниесінің мұнтаздай сұлу келуімен пара-пар. Бұл жерде жан саулығы деген ұғымды «денсаулығы мықты, күшті» деген сөздермен шатастырып алмайық. Біздің айтқалы отырғанымыз жаны сау – демек, ол адамның көкірегі сау, ойы таза, жүйкесі шаршамаған

жандар жайында болмақ. Содан барып, жанының сұлулығы әйел психологиясының қалыптасуына әсерін тигізіп, барлық сұлулық атаулының өлшенбес тұрақты мекеніне айналмақ. Сұлулық иесі атанған барша әйелдер қауымы үшін жанның сұлулығына назар аудару – оның бойындағы рухани қасиетін мойындай отырып, қалыптасқан ішкі сұлулығына тамсандыра алуында. Бір қарағанда адамгершілігі мен

мейірбандылығы, түйсігіне сәйкес келетін ішкі келбеті, рухани көріктілігі біте қайнасып жатса нағыз сұлулық сол. Рухани сұлулықпен бірге өмір сүретін әдептілік пен әділдік, адалдық пен шыншылдық, сүйіспеншілік пен ізгілік сезімдері сонда ғана талғамы биік әрі инабатты жандарды қоғамда тәрбиелеп шығара алады. Бұл тамаша қасиеттер әйел баласын шынайы сұлулыққа итермелесе

Page 59: №9 журнал 2013 г-на сайт

59

керек. Әйел затының ішкі әлемі осылайша дүниедегі жігерсіздік пен жалқаулық атаулыны жеңіп шығып, асқақ биікке ие болып, тайсалмай күн кешуге жақсы серпін береді. Иманды жолды таңдауға себі тиеді.

Жан дүниесі жадыраған жанның жаратылыс күштеріне шыдас беруі сирек кездесетін құбылыс. Әйтпесе, тынысыңды тарылтар мына дүниеде жаныңның сау болғанына не жетсін шіркін! Сол бір асыл табиғат әртүрлі сұрқия өмірді басынан кешуді де әйел баласының маңдайына жазыпты. Төңірегіндегілеріне шапағатын сыйлай білген әйелдер қауымының жүздерінен бір кездері мұң-қайғыны көру жанға қатты батады, әрине. Сәулелі шуағын шашқан жанның рухани болмысы бір сәт былғанады деп кім ойлайды сондайда?

Мәселен, нәзік жандылардың қылмысқа баруы жайында айтайық. Жалпы қылмыс жасау - әйел табиғатына жат құбылыс болып есептелінеді. Кейбір дерек көздеріне сенсек, жыл сайын орта есеппен алғанда қылмыс жасағандардың саны 36-37 мың адамға жетсе, солардың 4-5 мыңы әйел санатындағылар екен. 500-ден астам әйел қылмысты мас болу жағдайында, 13-15 әйел есірткі заттарды пайдалану барысында жасаған. Соңғы екі-үш жылдың қорытындысы бойынша қылмыс жасаған әйелдердің 49 пайызы орта білімді, 23 пайызы жоғары білімі барлар, 3282-сі жұмыс істемейтіндер, 152-сі оқушылар мен студенттер, 239-ы мемлекеттік қызметкерлер, 1102-сі басқа қызмет түрімен айналысатындар болған. Әйел адамның теңдігі демократиялық қоғамның айрықша белгісі ретінде саналар болса, онда әйел өз тарапынан істеген әрекеттері үшін де заң алдында жауап беретіні айдан-анық. Нәзік жандылардың аса ауыр қылмыстарды көбіне-көп кикілжің үстінде жиірек жасайтыны тағы

анықталынып отыр. Тіпті күші жетпей іс әбден насырға шаба бастаса, суық қаруға жүгінетіндері бар. Кей жағдайларда шектен тыс ашуға бой алдырып, өз әрекетіне есеп бере алмағандығынан қылмысқа жиі бой алдырады. Дәл сондай кездері өз баласын өзі тұншықтырып немесе буындырып өлтіре салатын жағдайлары осыған байланысты болып отыр. Әйелдердің кісі өлтіруге қатысты қылмыстары жыл сайын әр түрлі дәрежеде қайталанып келе жатыр. Тіпті қарақшылық шабуылдарға да қатысатындығы жөнінде деректерде көрсетілген. Әйелдердің қылмыстық топта қарақшылық шабуылға бас ұрып, шама-шарқына қарай тұтқиылдан соғу жайттары жиі кездесіп жатады. Сайып келгенде, нәзік жандылардың көптеген қылмыстарға бой алдыруы қоғамдық қатынастардан, елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдардың салда-рынан туындайды. Мұндай психологиялық қиыншылықтар адамзат баласының нәзік өкілдері – әйелдерге алдыңғы кезекте соққы болып тиеді екен. Тұрмыс тауқыметтеріне төтеп бере алмай, қылмысқа еріксіз килігуіне басы ашық осындай мәселер себеп болуда. Бір айта кетер жайт, әйелдер қылмысына жаза белгіленер сәт келгенде олардың әлеуметтік тұлғасы жан-жақты қарастырылуы керек сияқты.

Осылайша әйел адамның қылмыстық істерге жиі бет алуы қазіргі қоғамдық дерттердің біріне айналып отыр. Сұлулықтың иесі болып жүргендердің сондай аянышты күйзеліске төзіп, түбі таяз теңізді кешіп жүргеніне жаныңның сыздап қоя беретіні тағы бар. Шын мәнісінде, олардың бұзақы жолдарға түсуі тағдыр теперішін көріп, жүйкесі жұқарғандығынан болуы әбден мүмкін. Зиянды істерге итермелеп, зардабын тартқызуға ерлер қауымының да әсері жоқ

емес, баршылық. Махаббат пен қызғаныштың, жек көрушіліктің кесірінен талай нәзік жандылар темір қапаста қамалып ол отыр. Некесіз жүкті болу, өз сәбиін өзі тұншықтыру бұдан да басқа толып жатқан себептерге әйел затының психикалық ауытқушылыққа душар еткізуде. Отбасы мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ, материалдық жағдайы төмен қыз-келіншектердің тұрмыстық қысымға төтеп бере алмауынан қылмыстық жағдайлар қоғамда көп кезігуде. Қоғам өмірінен тыс қарауға келмейтін әйелдердің бұндай психикалық көзқарасы яғни, жан саулығы әлеуметтік жағынан қолдау көрсетуді осындайда өте қажет ететіні сөзсіз. Барлық жағдайда туындайтын қиыншылықтарға лезде қарсы тұрып, жақындарының тағдыры үшін өз-өзін тежей тұрса, әйел бақытынан ажырамас еді-ау. Міндетті түрде рухани қобалжудан бас тартып, шынайы өмірге белсене араласып кете барады.

Ал белсенді өмір деп нені айтамыз? Сенің бүгінгі күннің таңын атырып, отбасыңның қамын күйттеп, өмірдің ыстық-суығын бір кісідей алып жүргенің, аналық, апалық және сүйікті жар қызметін атқаруың. Шынтуайтына келгенде, рухани жан-дүниеңнің інжу-маржандары арқылы өзін табу бақытына ие болғаның. Жер жүзіндегі бар байлыққа кенеліп, рахаттанып әрі шаттанып өмір сүруің. Жарасымды жанұя бақытын басынан кешіруің. Сонда барып ішкі түйсік өзінен-өзі сайрап қоя береді. Болмысы ғажап көңіліңдегі ескі суреттердің өшіріліп, анықталатын ақиқаттың уақытында жетуі. Ең әсем әрі таза жан сұлулығы сол кезде көзге қылаң бере, нағыз әйелге тән қасиеттілік қағидасында жан саулығы мен жан сұлулығы өзара ұштасып қала бермек. Жүрегі жайлылықты сезінген әйел заты да бір сәт өзін ретке келтіріп, адамға ауадай қажет ортақ әлемнің

Page 60: №9 журнал 2013 г-на сайт

60

ұйытқысына айналады. «Әйелдің асылы түсінен білінеді» деп халық даналығында бекерден-бекер айтылмаған шығар.

Аспан әлеміндей шексіз махаббатының арқасында әлем тарихында әйелдің қоғамдағы рөлі артып, ел мақтанышы мен көркіне айналып отыр. Себебі, жаны сұлу адамның сымбаттылығы

өз алдына жан саулығымен ерекшеленетін қазақ әйелінің болмысы әлемдегі ең сұлулардың қатарына қосылды. Рухани жаны таза бола жүріп, жарқын бейнесі көз алдыңызда тұр. Қым-қиғаш өмірдің барлық ісіне араласып, қоғамдық ортада үлкен мәртебеге ие болуы соның көрінісі. Яғни, жаны пәк адамның рухы

қашанда биікке көтеріледі. Біздің түсінігімізде, нәзік жандылардың сұлулығы туралы сөз қозғалғанда олардың заман талпынысына қарай өзгермелі сипатта күй кешкенімен, табиғилығы өзгермей сол қалпында сақталса бек жақсы. Сонда барып адамзат баласы сұлулықты бағалау мен түйсінуді рухани көріктілікте үйлесім

табатындығын сезеді. Сыртқы сұлулығы рең беріп тұрмаса да, ұлтымыздың үлгісін көрсете алатын, қазақи сұлулық шынайы жарасымдылыққа бет бұрғанда ғана қазақ атты дана халықтың қасиетін паш етері сөзсіз. Әйтпесе дана халқымыз әйелсіз үйді сусыз диірменге теңемес еді ғой. Өмірдің қайшылықтарымен әлбетте бетпе-бет күресе алатын нәзік

жандылардың жан саулығының мәні де бұл жерде маңызды. Себебі, адам ағзасында тіршілік ететін барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқаратынын ескерсек, әйел адам барлық жағдайда ақылымен алдыға шыға алады. Биік мақсаттарға қол жеткізуге асық. Тіпті кей жағдайларда жан ауруына ұшырағанда ішетін дәрі-дәрмектер мен дәрумендердің өзі

психологиялық фактордан аса алмауы мүмкін. Сондай кезде әйел адамның жанының сұлулығының қызметі ширақ және көңіл-күйі сергек болғаны дұрыс. Әрине, алдыңғы кезекте жан сұлулығын жөнге салатын жан саулылығы мәңгі өмір сүріп қала бермек.

Әсем Сағиқызы

Мақаламыз тұщымды шықсын деген ниетепен отбасының берекесі саналатын әйел баласының бақытқа қол жеткізуде өмірдің қарапайым ережелерін ұстай жүріп, мынадай бағыттарды ескерсе екен дейміз:1) Нәзік жандыларға ауадай қажет нәрсе ол – ақыл. Ақылы бар

әйел ашуға бой алдырмайды және қатыгездікке бармайды. Ақылды әйел – құдай қосқан жарына сүйеніш болып, ұлы мен қызына үлгілі ана бола алады. Өмірдің кездескен қиыншылықтарына ақылы арқылы көңілін еш уақытта түсірмейді. Жүрегіндегі мейірімі мен көзіндегі нұры тек қана ақылмен санасуға итермелейді. 2) Ақылы бар әйелдің ендігі кезектегі міндеті - кешірімді болуы.

Әр нәрсеге күйініп, қызбалыққа салынбай, кешірім жасап жүргені абзал. Кешіре білген әйел жарының айыбын бетіне баспайды, сүйе білгендіктен бақытқа бөленіп жүреді. 3) Келесі міндет – түсіне білуі. Өзгенің жан-дүниесін түсіне білген

әйел, әр нәрсені алыстан сезіп, ерекше пайыммен өмірлік көзқарасын қалыптастыра алады. Ерінің жанында түсіністігінің арқасында мәңгі ғұмыр кеше алады. 4) Ендігісі – сабырлы болуында. Сабырлы нәзік жандылар өмірде

салиқалы шешімге қол жеткізе алады және ұзақтан ойлайды. Себебі, әйел баласы үшін үй ішінің берекелі болуы оның сабырлылығына байланысты. 5) Осы аталғандардан басқа нәзік жандыларға тағы бір қажет

нәрсе – күле алуында. Ерік-жігеріне сенім артқысы келген әйел айналасындағыларға қарап, күле сөйлесе өзіне қажетті жақсы қасиеттерді игере алады. Күле білген әйел еріне де, балаларына да жұмсақ мінез таныта алады.

Page 61: №9 журнал 2013 г-на сайт

61

Page 62: №9 журнал 2013 г-на сайт

62

САН АЛУАН БАСТАМАЛАРДЫҢ ҰЙТҚЫСЫҚоғамды ертеңгі күні қуанышқа

бөлейтін, келешек жолында ізгі-лікті істер жасауға ұмтылатын озық ойлы ұрпақтар жөн біліп, даналықтың жаршысы ата-нып жүрсе, құба-құб. Артында қалған ұрпағының болашағына көз жеткізген елінің де еш жалтақтамастан күмәнсіз күй кеше беруі осындайда байқалса керек. Бұлай дейтін себебіміз, білім беру мен тәрбие үрдісінде жаңаша үлгі қалыптастырып үлгерген оқу ордалары мемлекетімізде бар-шылық. Әсіресе, білімді өздігінен алу жүйесіне ерекше назар аударып, сапалы стандарттарға сай жұмыс жасау - олар үшін үлкен жауапкершілік. Бүгінде өзінің жетістіктері мен өнегелі табыстарының нәтижесінде сапа-

лы білім беру үшін қоғамға жиырма жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияны ерекше атауға болады.

Осыған орай біздің редакция Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның негізін салушы директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент - мүшесі Даумов Нұрлыбек Ғилажұлымен сұхбат жүргізген еді.

Нұрлыбек Ғилажұлы, сіз Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияны жиырма жылдан астам уақыт басқарып келесіз. Осы жылдар арасында ұлттық гимназияда қандай өзгерістер болды? Жаңаша бастамалар легі қалай жүргізілуде?

Өмір талабына сай гимназияда ақпараттық технологияны пайдалануда электрондық оқулықтар мен ғаламтор желісін меңгеру үшін елеулі жұмыстарға қол жетікізілді. «On-line» бағытында гимназия мұғалімдері тарих,

физика, биология, химия, ағылшын тілі, география пәндері бойынша сабақ өткізеді. Барлық сынып кабинеттері ғаламтор жүйесіне қосылғандықтан мәліметтерді сабақтарда еркін қолдану үрдісі қалыптасқан және оқушылар интернет олимпиадаларға жиі қатысып тұрады. Біздің оқу орнынан ұшқан түлектер тек облыста ғана емес, республиканың ЖОО-ы мен ірі өндіріс саласында еңбек етіп жатыр. Жыл өткен сайын ұстаздардың сапалық құрамы жақсарып, шығармашылық деңгейлері жоғарылап келеді.

Гимназияда 1 ғылым докторы, 3 кандидат-доцент, жоғары санатты 19 мұғалім, бірінші санатты 8 ұстаз дәріс берсе, олардың екеуісі «Ы.Алтынсарин» атындағы, бесеуі «ҚР Білім беру ісінің үздігі», ал үшеуі «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», сондай-ақ, біреуі «Үздік педагог» төсбелгілерінің иегерлері.

Гимназияның оқу жоспарының өзіндік ерекшілігі бар және үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыты- гуманитарлық, екінші бағыты - физика-математикалық, үшінші бағыты - химия-

Page 63: №9 журнал 2013 г-на сайт

63

биологиялық. Аталмыш бағыттар бойынша алдымен білім стандарттарына сәйкес, базалық білім беру ісі қолға алынады. Одан әрі осы бағыттардың негізінде құрылған пәндер бойынша арнаулы курстар жүргізіледі. Атап айтқанда гуманитарлық бағытта: тарих пен қазақ тілі, физика-математика бойынша: физика және математика, ал химия-биология бағытында: химия және биология пәндері негізінде жүргізілетін арнайы курстарға 2-4 сағат уақыт берілген. Арнаулы курстардың басты мақсаты - балаларға аталған ғылым салалары бойынша терең де тиянақты білім беріп, олардың осы пәндер жүйесінде олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатынасуына және болашақта осы саладағы мамандықтарды таңдауына негіз қалау болып отыр. Бұл үш бағыттың бір-бірінен айырмашылығы осы арнаулы курстардың өткізілуіне тікелей қатысты. Ал ұлттық бағытта тәлім-тәрбие беру мақсатында этнопедагогика, халықтық педагогика пәндері енгізілген.

Ұстаздардың жаңа педагогикалық технологиялар мен психологиялық

тәжірибелерді негізге ала отырып, білім алушылармен жұмыс жасау бағыты қандай деңгейде?

Мұғалімдер ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларда іс-тәжірибелерін ортаға салып, пікір алмасады. Мысалы: «Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі» атты әдістемелік семинарда ақпараттық технологияны қолдана отырып, өткізген сабақтарын ортаға салды. Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша 11 мұғалім дәріс алып, өз тәжірибелеріне енгізуде. Пән мұғалімдері оқушының мүмкіндік қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында деңгейлеп оқыту технологияларын, интерактивті және пікір-сайыс әдісін, дөңгелек үстел, іскерлік, рөлдік ойындарды пайдалану арқылы модульдік оқыту технологиясын тиімді пайдалана алады. Оқытудың үш негізі: өлшемді оқыту, дамыта оқыту және сатылай кешенді оқыту технологиялары тиімді пайдаланылуда. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін

жетілдіріп қана қоймай, білікті шығармашыл, белсенді оқушылар тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Шәкірттердің шығарма-шылық қабілетін дамыту жүйесі қалай жүзеге асырылып жатыр?

Білім берудің сапасын арттыру мен шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамыту ең алдымен мұғалімге, оның білімі мен іскерлігіне және ізденістік шеберлігіне байланысты. Сондықтан да біздің тәжірибемізде мұғалімнің шеберлігін, білімін шыңдап отыру міндеті бірінші орынға қойылған. Мұғалімдер кемінде 3 жыл сайын білімдерін жетілдіру курстарына қатыса алады және жаңа форматтағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. Екіншіден, шығармашылық және ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша әртүрлі деңгейдегі сайыстар мен байқауларға қатыстырылады. Үшіншіден, әр мұғалім өзі оқытатын пәндер бойынша әдістемелер, жинақтар (тесттер), бағдарламалар (арнайы курстық бағдарламалар) әзірлейді. Төртіншіден, тәжірибе алмасу жұмыстарын белсенді жүргізу нәтижесінде панорамалық сабақтар мен интерактивті

Page 64: №9 журнал 2013 г-на сайт

64

сабақтар беру ұйымдастырылады. Мұғалімдердің 80-90%-ы әртүрлі облыстық, республикалық сайыстар мен байқауларға қатынасып жүлдегер атанғандары да бар. Одан әрі оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу ісі қолға алынады. Биылғы оқу жылының өзінде 6 оқушы республикалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегері болды.

Гимназияда «Мирас» атты ғылыми қоғам жұмыс жасайды екен. Бұл ғылыми қоғамның бағыт-бағдары қандай?

Оқушылардың «Мирас» атты ғылыми қоғамы жұмыс жасайтыны рас. Оның негізін салып және құрған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Сейталиев болды. Бұл кісінің салып кеткен сара жолы қазіргі кезде жалғасын табуда. Ғылыми қоғам екі бағытта жұмыс жасайды: 1) Гуманитарлық бағытында: тіл білімі, әдебиет, тарих, өлкетану, этно-мәдениеттану секциялары; 2) Жаратылыстану бағытында: математика, физика, информатика, химия, биология, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, жер және космос, экономика секциялары.

Оқушылар ЖОО-ы ғалымдарымен зерттеуші-экспериментальдық сипаттағы жұмыстарды институт базаларындағы зертханаларда бірігіп жасайды. Ғылыми қоғам құрылғаннан бері жылма-жыл облыстық, республикалық ғылыми жоба жарыстарынан тек қана біздің гимназияның оқушылары үнемі жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Биыл 19 оқушы облыстық, 6 оқушы Республикалық ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары атанды.

Елбасы өзінің соңғы

Жолдауында: «Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз осы мәселеге дәл осы күйінде

қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын. Сіздің осы мәселеге жеке пікіріңіз қандай? Гимназиядағы тәрбие ісіне өзгерістер енгізіліп тұра ма?

«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді», - дейді дана халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Сол сияқты, облыстық ұлттық гимназия тәлім-тәрбиенің ордасы, саналы білім берумен қатар сан алуан саналы бастамалардың ұйтқысына айналған. Біздің оқу ордамыз халықтық педагогика және этнопедагогика негізінде «Білім мен тәрбие егіз» деген қағиданы қатар ұстай отырып, «Өнерліге өріс кең» бағдарламасына сай жұмыс жасайды.

Республикалық басылымдарда сіздің бірнеше танымдық мақалаларыңыз жарық көрді. Сондай-ақ, көптеген кітаптардың авторысыз. Айтыңызшы, сіз үшін тек кітап жазу ғана мақсат болды ма? Жоқ, әлде басқалай себептері бар ма?

Педагогика саласында жарық көрген еңбектерім - ұстаздық қызметімде жүргізген іс-тәжірибелерімнің негізінде жазылған. Егеменді еліміздің білім саласына аз да болса өз үлесімді қоссам деген ниеттен туындаған еңбектер ғой. Бәлкім, біреулер атағын шығару үшін кітап жазуды алдына мақсат етіп қойды деп ойлаулары мүмкін. Саны бар, сапасы жоқ арзанқол дүниелермен халықты алдай алмайтынымды мен жақсы білемін. Бұл еңбектерімде өмірлік тәжірибем мен ұстанған қағидаларыма сүйене отырып, білім сапасын жоғарылату бағытындағы жаңа технологиялар мен мектеп басқару ісіндегі жаңашылдық бастамаларымды тиімді ұштастыру қажеттілігімен

бөлісуді мақсат еттім.

Өмірдегі басты арманыңызды не деп білесіз?

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Арман адамды биік шыңдарға жетелейді. Армандарымның ішіндегі ең бастысы – балаға саналы да, тәрбиелі білім бере отырып, ХХІ ғасырдың білікті де білімді маманын даярлап шығару. «Бұлақ көрсең, көзін аш» қағидасын ұстана отырып, шәкірттерімнің білікті маман, жеке тұлға болып өсуіне септігімді тигізу.

Өзіңіз және отбасыңыз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз.

Мен 1958 жылдың 3 қыркүйегінде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Котяев ауылында жұмысшылар отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам өмірден өткен өте қарапайым жандар болатын. Жұбайым – Даумова Тамара, Атырау қаласындағы №30 мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Жанұяда төрт баламыз бар, екі ұл және екі қыз.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсап жеткен арманы, үміті мен сенімі, егемендік пен дербестіктің самал желі, азаттықтың алтын шуағы. Мен үшін «Тәуелсіздік», «Ұлт» дейтін қос ұғым қашан да егіз. Олай дейтін себебім, еліміз қай кезде де ұлтымыздың болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуге, оларға ұлттық нәр – ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бай әдеби-мәдени, рухани тәлімінен өнеге алуға ұмтылдырып келеді. Ал, еліміздің Тәуелсіздік алуы бұған кең жол ашты.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 65: №9 журнал 2013 г-на сайт
Page 66: №9 журнал 2013 г-на сайт

6666

«ОРТАЛЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ - МАМАНДАРДЫҢ БІР ЖЕРДЕ

ШОҒЫРЛАНУЫНДА»Жүрек аурулары, әр

түрлі аурулардың асқы-нуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда бо-латын аурулар. Жүрек ауру-ларының жиі кездесетін түрлері: қан қысымының көтерілуі (гипертония), жүрек демікпесі, миокард инфарктысы, туа (врож-денный) және жүре (ревма-тизм) біткен жүрек ақауы, жүрек ырғағының бұзылуы т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасында-ғы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметі-нің бұзылуы. Туа пайда бол-

ған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуі-нен, ал жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.

Бүгінде бұл дерт біздің елімізде де өзекті медициналық және қоғамдық мәселеге айналып отыр. Дегенмен, өңірлерде осы саланың ілгері дамуы байқалып келеді. Осыған орай редакциямыз «Алматы облыстық кардиология орталығының» Бас дәрігері, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Сұлтанбеков Рахымберді Түрегелдіұлымен сұхбаттасып қайтқан еді.

Рахымберді Түрегелдіұлы, алдымен өзіңіз жайлы айта кетсеңіз? Қай өңірде туып-өстіңіз?

Мен Оңтүстік Қазақстан

облысында дүниеге келдім. Сол өңірде мектепте 8-ші сыныпты бітірген соң, әкеммен ақылдаса қандай мамандықты таңдау қажеттігін бірлесе отырып

шештік. Әкем ҰОС ардагері, қазір ортамызда жүр. Сол кісінің нұсқауымен дәрігер боламын деп шештім. Себебі, дәрігер – қашан да, соғыста да, бейбіт заманда да

Page 67: №9 журнал 2013 г-на сайт

67

адамның өміріне араша түсетін адам. 1965 жылы мен Ленгір қаласындағы медициналық училищеге түстім. Оқудың басы қиын болды. Ол кезде біз оңтүстік өңірде орыс тіліне шорқақ болатынбыз. Оқу орнында орыс, латын және неміс тілдерін оқып, алып кету ауылдан келген қазақтың қара домалақ басы үшін оңай емес еді. Бірақ маңыздысы - табандылықты жоғалтпау болды. Барлық емтихандарды тек бестікке тапсырып жүрдім. Алайда, алғашқы курстарда алған үштік бағаларым менің қызыл диплом алуыма кедергі келтірді. Алғашқы еңбек жолымды 1969 жылы өз ауылымда фельдшерлік пункттің меңгерушісі қызметінен бастадым, 1970-1972 жылдары Кеңес үкіметінің әскер қатарында борышымды өтедім. Сосын, 1973 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1979 жылы «емдеу» мамандығы бойынша бітіріп шығып, сол жылы Алматы облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-интерн болдым. Баспана мәселе шамалы қиындау болғандықтан отбасыммен Шымкент қаласына барып, жедел жәрдем станциясына дәрігер болып орналастым. Бұл менің дәрігерлік тәжірибемдегі үлкен мектеп болды деп айта аламын. Себебі сол екі жарым жылдың ішінде мен өзім үшін өте көп нәрсені меңгердім. Содан еңбегімді байқап, мені қалалық аурухананың кардиология бөліміне дәрігер етіп тағайындады. 1985-1987 жылдар аралығында Талдықорған қалалық аурухананың кардиология бөлімінде дәрігер-кардиолог қызметін атқардым. 1991-1993 жылдары қалалық кардиология орталығы ашылған еді, сол жерде бас дәрігер болып қызмет істедім, кейін орталық әртүрлі себептермен 1993 жылы жабылып қалды. Содан арманым облыстық кардиология орталығын ашу болатын. Қазақ ғылыми

зерртеу институтының сол кездегі директоры А.Ж.Рысмендиев және көптеген жаны ашыр кісілердің арқасында 1999 жылы Талдықорған қаласында облыстық кардиология орталығы ашылды. Содан бері жемісті жұмыс істеп келе жатырмыз деп ойлаймын. Дәрігер болу бақыт деп білемін.

Жүрек қан тамырлары ауруларына қандай сипаттама бересіз?

ХХ ғасырдың екінші жартысынан жүрек – қан тамырлары ауруларының букіл әлемде кең тарауы ХХІ ғасырдада жалғасын табуда.

ДДСҰ мәліметтеріне сай (2005ж.) жыл сайын 16 млн астам адам жүрек қан тамыр ауруларынан көз жұмады, олардын жартысынан астамын жүрек инфарктысы және миға қан құйылу аурлары құрайды. Қазақстан Республикасында да жүрек қан тамыр ауруларына шалдығу мен одан өлім-жітім ұдайы өсуі жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 ақпан 2007 жылғы № 102 «Қазақстан Республикасында 2007-2009ж. аралығында Кардиология және кардиохирургиялық көмекті дамыту Бағдарламасы» туралы Қаулысы қан айналымы жүйесінің ауруларын төмендетуге бағытталған алғашқы құжат болды деп айтуға болады. Халыққа кардиологиялық көмек көрсету – дегеніміз жүрек –қан тамыр ауруларына шалдыққындарға жүйелі мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының тұрғындарына кардиологиялық көмекті жетілдіру және ұйымдастыру басты жауапты мәселе болып табылады.

Бұл жүрек қан тамырлары ауруларының кең таралуымен (әсіресе жүректің ишемиялық аурулары, артериалды

гипертензия) және осы санаттағы халықты емдеу және алдын алу шараларын жүргізуді жақсартумен байланысты.

Кардиологиялық көмектің тұжырымдамасы Қазақстан әлеуметтік саясатының басты мақсатынан жалғасады:

Халықтың өмір деңгейі мен сапасын дәйекті түрде көтеру;

Әлеуметтік қызметтің негізгі түрлерінің қол жемтімділігін қаматамасыз ету, әсіресе сапалы медициналық көмек;

Қазіргі таңда кардиологиялық көмектің жетекші принциптері:

Жүрек – қан тамыр ауруларына шалдыққан науқастарды жүргізудің сабақтас болуы; (Преемственность ведения больных с сердечно-сосудистой патологией)

Кардиологиялық көмектің ұдайы дамуы;

Аурудың алдын алу шаралары;Дәлелдеу медицинасы

тұрғысынан кардиологияда қолданылатын анықтау және емдеуде қолданылатын әдістердің ғылыми негізділігі;

Кардиологиялық науқастарды анықтау және емдеуде жоғары технологиялық әдістерді қолдану.

Орталықтың жұмысына тоқтала кетсеңіз.

Бұл орталықтың бар тиімділігі мамандардың және заманауи медициналық құрал-жабдықтардың бір жерде шоғырлануында жатыр. Біз жас дәрігерлерімізді оқытып, үйретіп, тәрбиелеп жатырмыз. Нәтижесі де анық көрініп отыр. Осы өңірге жұмысымыз жөнінде есеп беріп, көрсетіп отырамыз. Жаңалықтар енгізіліп жатыр. 2007 жылы Астанаға барып үлкен жиынға қатыстық, сол кезде Елбасымыздың тапсырмасымен біздің мемлекетіміз әлем бойынша елу дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі керек болды. Бұл үшін елдегі медицинаның да мықты болуы шарт. Себебі, жүрек

Page 68: №9 журнал 2013 г-на сайт

68

қан-тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішінің аз болғаны мемлекеттегі медицинаның дамығандығының белігісі. 2007-2009 жылдары қабылданған кардиологияны дамыту бағдарламасы біз үшін өте маңызды қадам болды. Осы себептен 2008 жылы құны 430 млн. теңгеден астам тұратын кардиология және кардиохирургия медициналық құрылғылар әкелінді. Осы кезде басты мақсат бұрынды соңды Алматы облысында болмаған кардиохирургия операцияларын бастап және жасауды ұлғайта беру болды. Жоғарыда қабылданған бағдарламаға сәйкес, тек медициналық құрылғылар әкелініп қана қоймай, біздің дәрігерлеріміз бен медбикелеріміз шетелге оқуға жіберілді. 2009 жылы алғашқы рет коронароангиография зерттеулері жасалынып, тұңғыш рет стент қойыла бастады, 2010 жылы осы отаны ұлғайтып, кеудені жарып, ашық жүрекке операциялар басталынды (аортокаронарное шунтирование), ал 2011-2012 жылдары тағы да тәжірибе жинақталып, жүректің туа пайда болған және ревматизм дерттеріне ота жасадық. 2012 жылы ашық жүрекке операцияның жалпы саны 117 ота жасалынды. Атқарылған жұмыстардың арқасында біздің облысымыз жүрек қантамырлары дертінен болатын өлім санын екі есеге дейін төмендетті.

Жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығудың салдары неде? Жалпы бұл дерт жас талғай ма?

Жүрек-қан тамырлары дерті әлеуметтік маңызды түберкүлез, онкологиялық аурулардың қатарына кіріп отыр. Жүрек ауруына шалдығудың себептері ғылымға айқын. Әрине, алдымен жасы 40-50-ден асқандар арасында көп кездеседі. Екіншіден қимыл-қозғалыстың аздығынан, дене

тәрбиесімен шұғылданбаудан пайда болады. Үшіншіден дұрыс тамақтанбау салдарынан, салмақтың өсуі. Төртіншісі, темекі шегу және алкоголь өнімдерін көп пайдаланудан келеді. Бесінші мәселе күйгелектік, жүйке жүйесінің әлсіреуі. Салауатты өмір салтын ұстанған адамның бұл дертке шалдығу қаупі аз.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасына деген сіздің көзқарасыңыз қандай?

Бұл бағдарламаның үлкен жетістігі, аурудың алдын алу шараларын күшейту, ауруды ерте анықтап, ушығуына жол бермеу, әр азаматтың өз денсаулығына, дәрігермен және сол адамның жұмыс берушісімен бірдей жауапкершілігі. Мәселенің басы қоғамның және әркімнің өз денсаулығына деген жауапкершілігінде жатыр. Бұл бағдарлама 2007 жылғы қабылданаған Үкімет қаулысының жалғасы болып табылады. Тағы да айта кететін жайт, жүрекке жасалынатын операциялардың барлығы өте қымбат және өтемі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бізде халыққа осыншалық дерттің қауіптілігін түсіндіру және аурудың алдын-алу, насихаттау жұмыстары дұрыс жүргізілу керек. Сонымен бірге, дәрігерлеріміздің мәдениеті және біліктілігі жоғары болғанын назарымыздан тыс шығармаймыз, кардиохирургия операцияларына бөлінген қаржылардың ауыл азаматтарына дейін жеткізілуін, дұрыс пайдаланылуын қадағалау қажет.

Мәселен, жүрекке қойылатын бір түтікшенің құны 35 мыңнан - 350 мың теңгеге дейін болады. Ал бұндай түтікшенің бірнешеуі қойылуы мүмкін және байқасаңыз бұл қомақты қаржыны құрайды.

Талдықорған қалалық

мәслихатының депутаты ретінде қандай жұмыстар атқарып жүрсіз?

Мен болашақта қала тұрғындарының лайықты өмір сүруге қажетті сапалы біліммен, жоғары деңгейлі медициналдық қызмет көрсетумен, жалақысы жоғары жұмыспен қамтылуын мақсат етемін. Осы мақсаттармен алға ұмтыла отырып, қала халқына алдағы бес жылда жетуге арналған тиянақты қадамдық бағдарламамды ұсынып отырмын. Халықтың табысының өсуі әрбір азаматтың өзіне, ертеңгі күніне және бала-шағасының болашағына деген сенімділік ұялатады. Қаламызда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша, 13 жоба табысты іске асырылуда. Сонымен қатар, халықтың денсаулығын, саламатты өмір салтын ұстануына баса назар аударылып жатыр. Мен мұндай қарқынмен тек бір қала ғана емес, бүкіл еліміз әлі талай жетістіктерге қол жеткізетініне сенемін.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Қай халық болмасын Тәуелсіз елде өмір сүргісі келетіні сөзсіз. Тәуелсіздік - ата бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Осы Тәуелсіздіктің арқасында, аз ғана 20 жылдың арасында жалпы медицина және оның ішінде кардиология саласы бұрында соңды болмаған табыстарға жетіп отыр. Сондықтан мен үшін Тәуелсіздік - менің елімнің өркендеуі, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміт деп түсінемін.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 69: №9 журнал 2013 г-на сайт

Өз денсаулығыңызды күтіңіз!

Page 70: №9 журнал 2013 г-на сайт

70

«ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ЕУРОПАНЫҢ ҮЛГІСІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫ КЕРЕК»

Мемлекетімізде сот актілерін орындау ісінің талапқа сай жүзеге асырылмай жатқаны жайында пікірлер жиі айты-лады. Әділ сот төрелігі қызметінде арнайы заңнамамен бекітілген жеке сот орындаушыларының міндеті қоғамымызда орын алғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәсе-лелері бойынша журналымызда Орал қаласы жеке сот орындаушысының қызметін ат-қарушы Бейсенғалиев Бекнұр Ермекұлымен сұхбат жүргізген болатынбыз. Енді соны назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Бекнұр Ермекұлы, алдымен өзіңіздің жасап жатқан жұмыстарыңыз жайында айтудан бастасаңыз. Жеке сот орындаушыларының қазіргі таңда қоғамдағы рөлі қандай?

Әр мемлекеттің Ата заңы қай уақытта да азаматтарына ортақ. Заң алдында әрбір адамның тең құқықты екенін ескерсек, сот орындарына шағымдана алады. Соттың шешімін алу бір бөлек, оны орындау өз алдына бөтен әңгіме. Біздің мекеме сот орындаушы қызметін 2011 жылдан бастап атқарып келеді. Ақтауда төрт және Жаңаөзенде бір көмекшіміз бар. Солармен бірлесе және Заң талаптарына сүйене отырып, соттың шешімі орындалады. Алдыңғы кезекте азаматтардың құқықтарының қорғалуына мән беріледі. Бұл міндетті іске асыру сол сот орындаушыларға жүктелініп отыр. Қазақстан Республикасының атқарушылық саласында қолданылатын заңдар сот актілерін тікелей орындауға құзіретті жеке сот орындаушылардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалай алады. Ең біріншіден, жек сот орындаушыларының қолданатын әрекеті мен сот актісі үнемі жетілдіріп отыруы керек. Екіншіден, істің

орындалуы әділ шешіммен жүзеге асуы үшін өте маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, басты кезекте жауапкершілік пен тиянақтылық міндеті де тұрады. Жеке сот орындаушыларын енгізу арқылы мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысы жеңілдетіліп келеді. Сол кезде ғана сот шешімдерін толық орындауға мүмкіндік болады деп ойлаймын.

Өзіңізге мәлім, сотқа санын соғып, тауы шағылған және шындықты іздеген жандар келеді. Соттың шешімі шыққанымен, орындалу жағдайы қиындық туғызуы неліктен? Сондай кездері әділ шешім қабылдауда нені алдымен ескересіз?

Дұрыс айтасыз. Қазақстан азаматтары үшін соттың шешіміне түсіністікпен қарамау деген нәрсе болмауы тиіс. Демек, соттың міндеті жұмыстың ойдағыдай атқарылуын қажет етеді және Заң бойынша жүзеге асырылады. Әділ шешім қабылдап, үкім шығаруда халықтың сенімін ақтау мақсаты да көзделеді. Алайда, кей адамдар орынсыз өкпелерін білдіріп, істі дұрыс қарамағандығын айтып, сот қызметкерлеріне реніш те білдіріп жатады. Менің айтайын дегенім соттың міндеті - тек жазалаумен

шектелмейді, әділ шешім шығарып, аяғын шалыс басып адасқандарға қол ұшын береді, қоғамды белгілі бір тәртіпке бағындырады. Сот беделін көтеруі тиіс атқарушылық қызметінің дәл қазіргі жағдайдағы өзгерістер мен жаңалықтардың болуы заңды да. Тарихқа көз жүгіртсек, жеке сот орындаушыларының қызметі Франция елінде жүзеге асырылған екен. Ал біздің мемлекетіміз Балтық елдеріндегі заңдарын қарастырып және сол елдің біраз білікті мамандарын шақыртқан болатын. Бірлесе Заң жобасы да жазылып шықты. Мұндай тәжірибенің біздің елімізге енгеніне көп бола қойған жоқ. Жеке сот орындаушылар құрылымдары әлемнің 65 елінде қолданылады. Еуропада жеке сот орындаушылар институты өз тиімділігін көрсетуде.

Сіздің бір әріптесіңіз «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау үшін қоғамды ақпараттандыру керек» деген болатын. Осы мәселеге қатысты қандай ой айтар едіңіз?

Жемқорлықтың алдын-алуға болады. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің әсері бар. Әке-шешесі баласының қандай азамат болып өсу керектігін қадағалап, берілер

Page 71: №9 журнал 2013 г-на сайт

71

ақпарат балабақшадан және мектептен бастау алса, бар жағдай басқаша болар еді. Сонымен қатар, жоғары білім саласында да кеңінен насихатталғаны дұрыс. Қоғам өзінің тәрбиесі арқылы осылайша алдыға шыға алады. Қоғамды тәрбиеге шақыру үшін мықты талап және темірдей тәртіптің арқасында сыбайлас жемқорлық мәселесіне тұсау қоя аламыз. Осы жерде айта кететін жәйт, мемлекетімізде сот орындаушылары жетіспейді екен. Жеке сот орындаушысы әлі де қоғамда дами түссе, осындай олқылықтардың орны толар еді. Мемлекеттің де жеке сот орындаушылары арқылы біраз мүмкіндіктерге қол жеткізе алады және мүддесі қорғалады. Мәселен, жылына шамамен үш жүзден аса құжаттармен жұмыс жасауға тура келеді. Жемқорлық пен сыбайластықтың тыйылуына бірден-бір күш беретін – жеке сот орындаушылардың қызметі десем қателеспеспін.

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы Заңда көрсетілген

мәселелер қоғамымызда қаншалықты шешімін табуда? Сол мәселеге сіз қаншалықты үлес қосып жүрсіз?

Сыбайлас жемқорлық адамның тұрмысының төмен деңгейі мен мүмкіншілігінің жетіспеушілігінен туындайды. Соны жою үшін ең алдымен әлеуметтік жағдай дұрыс жолда қарастырылуы керек. Себебі, мәселенің бәрі соған тіреліп тұр. Жемқорлықтан сонда ғана біртіндеп ажырай бастаймыз. БАҚ өкілдері парақорлыққа бармаудың жолдарын түсіндіруі қажет. Менің ойымша, Заң күшіне еніп, қатаң талаптар қойылған сайын сыбайлас жемқорлыққа жол жабылып жатыр деп ойлаймын. Басқа мамандармен салыстырғанда жауапкершілігі мен жүктемесі ауырлау, қиындығы молдау саланың бірі болып табылады. Сот шешімдерін орындайтын сот орындаушыларының жұмысы өте ұқыптылықты қажет етеді десек қателеспеспіз. Себебі, сот шешімдерін орындау көп уақытты және тер төгуді қатаң талап етеді. Сот орындаушылары келгенде борышкерлердің сот

отырысында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығы, тіпті көршілерінің ондай жан туралы білмейтіндігі сияқты жайлар кездесіп жатады. Міне, осыған байланысты сот орындаушысына мекен-жайы дұрыс көрсетілмеген адамды іздеп табу сияқты тауқыметті жұмыспен айналысуға тура келеді. Әсіресе алимент төлеуден қашатындарды табу оңайға соқпайды.

Сіз заң саласында қызмет атқарып келесіз. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзылушылардың арасын жіктеп бере аласыз ба?

Бұл өте қиын сұрақ. Сыбайлас жемқорлық тәрізді қалтарысы мол қылмысты ашу оңайға түсе бермейді. Дер кезінде көтерілетін мәселені шешуде жұмысты ілгері жылжытуды жетелей түссек, құқық бұзушылардың саны азаяды деген ойдамын. Кезінде ұлы ойшыл Аристотель айтқан екен: «Әлемді заң билейді» деп, демек заңның күші жойылмаса тәртіп қай уақытта да сақталады. Сол тәртіпке бағынбаған адамдар

Page 72: №9 журнал 2013 г-на сайт

72

жазасын алулары керек.

Мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қызметінің тиімділігін немен түсіндірер едіңіз?

Көбіне заңды және жеке тұлғаларды әлеуметтік мәселелер алаңдатады. Бір жылдан аса жұмыс жасап жатырмыз ғой. Халықтың ризашылығын алып жататын кездеріміз де баршылық. Бүгінгі таңда қиын жағдайға тап болған көптеген жеке және заңды тұлғалар жетіп артылады. Біз соларға қатысты соттың шешімдерін орындаймыз. Жеке сот орындаушыларының арқасында біріншіден, мемлекетіміз бәсекелестікті арттыра алады, екіншіден, сотқа жүгінген адам мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысының қайсысын таңдау керектігін өзі біледі. Жеке сот орындаушы қызметіндегі басты айырмашылық – сот өндіруден түскен қаржының 10 пайызы мемлекетке емес, сот орындаушының пайдасына түседі.

Қазіргі таңда қоғамымызда сот саласы мен билікте қызу пікірталас тудырып отырған мемлекеттік сот орындаушыларға балама ретінде ұсынылып отырған жеке сот орындаушыларының қызметі болып тұр. Республиканың көлемінде кеңінен талқыланып, өз кезегінде сот актілерінің орындалуына тың серпін беруі ықтимал. Себебі, Тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі факторы - нарықтық экономика және оған серпін беретін бәсекелестік. Мемлекеттік сот орындаушыларына бәсекелес ретінде енгізіліп отырған жеке сот орындаушыларының жұмысы өз жемісін береді деген сенімдемін. Тек мемлекеттік сот орындаушыларынан нақты айырмашылықтарын жеке сот орындаушылыққа рұқсат алу тәртібі мен талаптарын ажыратып алу керек. Мемлекеттің мүддесін қорғайтын және ерекше әлеуметтік маңызы бар істер

қабылдар кезде сот шешімдерін орындау қажеттілігі ескерілуі керек. Мәселен, мүлікті тәркілеу, мемлекет пайдасына ақша өндіру, сот шешімдерін мәжбүрлеп орындату құқығы мемлекеттік сот орындаушыларына ғана тиесілі болады. Ал жеке сот орындаушыларының құзырына өндіріп алушының келісімімен, жеке тұлғалар мен меншік нысаны бойынша істерді атқару көзделеді. Өндіріп алушыда осылайша таңдау құқығы пайда болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қалай тыйым салуға болады деп ойлайсыз?

Ол үшін халықпен бірігіп жұмыс жасалынуы керек. Сот шешімдерінің орындалмауы сот жүйесінің ғана емес, жалпы мемлекеттің өзекті мәселелеріне айналып отыр. Сот шешімі шық-қанымен, оның орындалып жүзеге аспайынша азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтары қорғалады деп айтуға болмайды.

Алдағы жоспарыңыз қандай?

Жеке сот орындаушыларының міндеті – халыққа әлеуметтік жағынан қызмет көрсету болып табылады. Елбасы айтқан еді: «Жеке сот орындаушылар Еуропаның үлгісімен жұмыс жасауы керек». Болашақта сол

мақсатымызға жетсек деген жоспарымыз бар.

Өзіңіз және отбасыңыз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз.

Мен 1975 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келгенмін. Отбасымда жұбайым екеуміз үш бала тәрбиелеп отырмыз. Жетпіс төрт жастағы әкем өз қолымда тұрады және Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» болып саналады. Анам дәріханада қызмет атқарған, жеңгелерім әзілдеп ол кісіні «генерал» деп атайтын. Жалпы заң саласында тоқсаныншы жылдардан бастап қызмет етіп келемін. 2004-2006 жылдары «Ақтау Порт Экспорт» ЖШС-нің коммерциялық директоры, ал 2006-2011 жылдары «Қарызгерлермен жұмыс жасайтын бюроның» директоры қызметтерін атқардым. Қазір 2011 жылдан бастап жеке сот орындаушы қызметінде жүрмін.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Еліміздің бағындырар асуы биік болғай!

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанСезім Жүсіпқызы

Page 73: №9 журнал 2013 г-на сайт

73

ТҰҒЫРЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ҚҰРЫЛЫСОл 35 жылдан бері құрылыс

саласында еңбек етіп келеді. Осы саланың тамырына қан жүгіртіп, қыр сырын жіті тани алу арқасын-да өзі басқарған мекеменің ат-қарған жұмыстары бүгінгі таңда халық игілігіне жарауда. Жур-налымыздың келесі кейіпкері – Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «1-Жөндеу-Құрылыс басқармасы» ЖШС-нің басшысы Қоңырбаев Ғазизхан Нұрғыйсаұлы. Халық қалаулысы 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың жарлы-ғына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталып, ал 2011 жылы «Құрметті жолшы»

атағын иеленді. Құрылыс саласында ел алдындағы іргелі істерді атқаруға атсалысып келе жатқан азаматтың алдағы күндерге де қойған межелі жоспарлары баршылық. Редакциямыз Ғазизхан Нұрғыйсаұлының депутаттық жұмыстары және құрылыс саласындағы атқарған істері және жоспарларымен танысу мақсатында болған сұхбатты оқырмандарымызға ұсынып отыр.

Ғазизхан Нұрғыйсаұлы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Алдыңғы кезекте мені халықтың әлеуметтік жағдайы алаңдатады. Осы тұрғыдан қандай да бір шешілмей келе жатқан мәселелер көтерілуде. Соның ішінде: ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, газ құбырын тарту болып отыр. Өткен жылдары Жетіген ауылында кәріз құбырын тартуды жоспарға қойған едік. Ол төңіректе қазіргі таңда біршама жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, болашақта Құйған ауылында су қысымды мұнара және Еңбек ауылында су құбырын салу жоспары іске асырылып, өз мәресіне жетеді

деген сенімдеміз. Осының ішінде Жаңа-Дәуір ауылында су құбырын жөндеуден өткізу және Жетіген, Қараой ауылдарына газ құбырын өткізу мәселесі де тұр. Тілендиев ауылында су жабдықтарды салу және қайта жаңарту, Қосөзен ауылында жаңа көшелерді сумен жабдықтау, жарық беру жұмыстары сайлауалды бағдарламамда қамтылды, қазіргі таңда басты назардағы істердің қатарында. Түйткілді мәселенің бірі - Жетіген ауылында мәдениет үйін салу қаржы жағына байланысты шешілмей келе жатыр. Жетіген және Тілендиев ауылдарында жаңа мектеп, Қосөзен ауылында жаңа балабақша салу - халық қалаулысы ретінде көтерген мәселелерімнің бірі. Болашақта барлық жоспардағы және қолға алынған жұмыстар оңды нәтижемен аяқталады деген сенімдемін.

Халық қалаулысы ретінде ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайларына сіз қалай қарайласудасыз?

Біз үнемі халықпен кездесіп, шешімін күткен мәселелермен атсалысамыз. Мен сайланған Жетіген сайлау округіне: Жетіген, Қарой, Байсерке, Ынтымақ, Жаңа-Дәуір ауылдары еніп отыр. Аудан ішінде және осы сайланған округімнің көлемінде халық тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жұмыстар атқарылды. Облыс және республикалық маңызы бар жолдардың жөнделуіне және қайтадан қалпына келтіруіне көп еңбек еттік. Халықтың әлеуметтік жағдайын үнемі назарға алып, қойылған әрбір сауал елеп-ескеріліп келеді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, жағдайлары нашар отбасылар және жетім балаларға қайырымдылық көмек

Page 74: №9 журнал 2013 г-на сайт

74

көрсетудемін. Жаңа жұмыс орындарын ашу депутаттық бағдарламамда қамтылды, қазірде соның төңірегіндегі жұмыстар жоспарда тұр.

Өңір үшін даму межесінен артта қалып келе жатқан қандай сала? Осы тұста айта кетсеңіз, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына көңіліңіз толады ма?

Облысымызда индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында көптеген нысандар салынып, өз мәресіне жетуде. Заман талабына байланысты ол үнемі дами түсу керек деп есептеймін. Ол арқылы біз табыс көзін ұлғайтамыз, мүмкіншілікті кеңейтеміз. Индустриалды даму арқылы халықтың экономикалық жағдайы ілгерілей түседі. Көптеген нысандар салыну үстінде, салынып та бітті, әлі де салынуы керек.

Айта кететін жайт, облыста туризмді көтеру мәселесі алдынғы қатарлардың бірінде тұр. Өңір табиғаты өте көрікті. Туризмді дамытуға мүмкіншілік жоғары. Осы тұрғыда болашақта ашылатын барлық транзиттік мүмкіндіктердің туризмге де көмегі тиеді деп есептеймін. Сонымен қатар, табиғатымыздың басқа да ерекшеліктерін көрсете алып, соның ішінде тау бөктерлерінің кереметін танытып, туризм саласында ірі көлемде жобалар құрсақ, оңды өзгерістердің бірі болар еді. Менің ойымша, қазіргі таңда ішкі туризмге аз көңіл бөлініп келеді, болашақта көптеген жұмыстар жүргізілу керек. Осы тарапта болашақта берері мол көп жұмыс қолға алынса екен деймін.

Елбасымыз «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Ұлттық

экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» деген болатын. Сіз осы мәселеге қатысты қандай ой түйдіңіз?

Елбасымыз айтып өткендей отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағытта үлкен орын алады, яғни қозғаушы күш болып отыр. Бұл тұста кәсіпкерлікті тежеп тұрған жайттар да бар. Алайда, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру қарастырылған. Халықтың инициативасын қолдап отыру керек деп есептеймін. Биылғы Жолдау аясында Елбасымыз Үкіметке де, Парламентке де арнайы тапсырмалар берді. Ол тапсырмалардың барлығы кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынын алып кетуімізге негізделіп отырғаны белгілі. Алдағы он бес жылда шағын және орта бизнес екі есеге өсуге тиістігін атап өткен Елбасымыздың бастама жасап отырған барлық жоспарлары отандық кәсіпкерлікті нығайта түсуде үлкен нәтижелі жұмыстарды межелеп отырғаны да анық.

Бюджет, қаржы және тарифтік саясат жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесісіз. Осы салаға қатысты өзіңізге жүктелген міндеттемелерді қалай атқарып жатырсыз?

Ел ішіндегі шешілмей келе жатқан мәселелер төңірегінде депутаттық сауал жібереміз. Тұрақты комиссияның отырысында сұрақтың қалай шешіліп жатқанын бақылаймыз. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын да осы бюджеттік комиссияда бақылап келеміз. Жаңа жолдардың салынуы, жаңа нысандардың бой көтеруі,

өндірістік саланың жаңаша қарқын алуының барлығы жүктелген міндеттемелердің нәтижелі орындалып келе жатуының белгісі деп санаймын.

Құрылған жылдан бастап сіз басшылық етіп отырған «1-Жөндеу-Құрылыс басқармасы» ЖШС бүгінде нендей жұмыстарды атқаруда?

«1-Жөндеу-Құрылыс басқармасы» ЖШС 1999 жылы құрылды. Автокөлік жолдарын жөндеу және күту жұмыстарымен 2000 жылдан бастап айналысады. Бүгінгі таңда, аталмыш ұжым – құрылыс жол жөндеу саласында өзіндік мол тәжірибе жинақтап, еңбекке қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен, жұмыс күшімен толық қамтамасыз етілген. Мекемеде 250 адам жұмыс істейді. Олар үнемі арнайы мамандандыру тәжірибесінен өтіп тұрады. Ұжым мемлекеттік «Жол картасы», «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасы аясында да ел игілігіне жараған біршама тыңғылықты жұмыстар атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында көптеген игі істерді халық мүмкіндігіне жаратты.

«1-Жөндеу-Құрылыс басқармасы» ЖШС соңғы жылдары республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда «Алматы-Өскемен», «Алматы-Көкпек-Қорғас», «Алматы-Бішкек» және «Алматы-Өскемен» жолындағы Сарқан қаласының айналма жолын (реконструкция) жанғырту жобасына қатысуда. Алматы облысы, Кербұлақ ауданының, Жоламан ауылына баратын жолда орналасқан және Еңбекшіқазақ ауданында «Үлкен Алматы каналы» жолында Талғар өзені арқылы өтетін көпірлерді күрделі жөндеуден өткізді. Сонымен қатар, қазіргі

Page 75: №9 журнал 2013 г-на сайт

75

таңда «Сарқан қаласын айналма» жолында Сарқан өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өміріңіз бен қызметіңіз және отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз.

Мен 1955 жылы 23 ақпанда осы өңірдің Амангелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келдім. Отбасында жеті бала болдық. «Мәскеу Теміржол» институтында инженер құрылысшы мамандығы бойынша білім алдым. 1977-1982 жылдар аралығында Жаркент қаласында «нөмірі 60-шы Жол-Көпірқұрылыс басқармасында» шебер, прораб және техникалық өндіріс бөлімінің бастығы болып қызмет атқардым. Еңбек жолым осы мекемеде басталды. Жол құрылыс саласында қазіргі күнге дейін 35 жыл еңбек етіп келемін. 1984-1985 жылдары «Өскемен Жол-құрылыс Институтының» Алматы қаласындағы филиалында оқытушы болдым. Қапшағай

қаласында, «№ 42-ші Жол-Жөндеу басқармасында» бас инженер қызметінде, кейіннен Алматы Жол Басқармасының «1-ші Жол жөндеу Құрылыс Басқармасына» басшы болып ауыстым. 1999 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін «1-Жөндеу-Құрылыс басқармасы» ЖШС төрағасымын. 1995 жылдан бері халық алдында депутаттық міндет атқарып келемін.

Отбасымда төрт балам мен екі немерем бар. Балаларыма қояр басты талабым – білім жинау. Білімді адам өмірде көп дүниені салмақты саралай алады деп есептеймін.

Сіз үшін мақсатқа жетудің маңыздылығы неде?

Мақсатқа жету үшін білім және талпыныс керек. Өмірде бір жетістікке жету үшін мақсат болу тиіс деген ойдамын. Оған жеткенше шаршамай, шалдықпай жұмыс істейтін болсақ, нәтижесіне жетесіз. Талапты адамның

талпынысы далада қалмасы анық қой.

Тәуелсіздік сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Мен шет мемлекетте оқығандықтан, жат жерде жүріп туған елдің қадірін жете түсінген адам ретінде Тәуелсіздік ұғымын жақсы сезінемін. Бөтен елде өзге халықтардың бізге қалай қарайтынын, ара қатынасын көрдік. Біз өз мемлекетімізбен, өз Тәуелсіздігімізбен мақтанамыз. Еліміздің егемендік алуы тұғырымызды биіктетті, еңсемізді көтерді. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын деген тілектемін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айсұлу Сағынтаева

Page 76: №9 журнал 2013 г-на сайт

76

ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА

Түп тамыры ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, ана тілін, салт-дәстүрін, қабырғалы ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның азаттыққа ұмтылған асқақ рухының, еркіндік сүйетін қайсар ерік-жігерінің арқасы.

Еуразия төріндегі ұланғайыр аймақты мекендеп келе жатқан халқымыздың ұлы дала төсіне ат тұяғымен жазып қалдырған барша тарихы – Тәуелсіздік, Еркіндік, ұлт ретінде сақталып қалу жолындағы жанкешті күрестерге толы шежірелі тарих.

Екі ғасыр бойы өзін екі құрлыққа мойындатқан ұлы мемлекет – Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін де Моңғол шапқыншылығы, Жоңғар жаугершілігі, апайтөс империялардың қыспағы, патшалық Ресейдің езгісі, тоталитарлық жүйенің тепкісі – тәуелсіздік пен азаттық аңсаған қаһарман халқымыздың үздіксіз күрес пен толассыз тартысқа толы қастерлі тарихындағы бүгінгі ұрпақ ешқашан ұмытпауы тиіс бабалар қанымен жазылған қасиетті кезеңдер.

Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі көтерілген биігінде тұрып, осы күнді сан ғасырлар армандаған бабаларымыздың биік мұраттары

алдында, азаттық үшін күресте құрбан болған ер жүрек батырларымыздың мәңгі өшпес рухы алдында, жан алысып, жан берісе күресе жүріп ұлан даланы табыстап кеткен аталарымыздың әз аманаты алдында басымызды иіп, тағзым етеміз.

Тәуелсіздік жолында қисапсыз қан, есепсіз тер, өлшеусіз жас та төгілді, бірақ ар төгілмеді, «арым – жанымның садағасы» - деген ұлы қағидатты ту етіп көтерген талай боздақтар тәуелсіздік құрбаны болды. Аталарымыз еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылары мен кеңестік жүйенің тепкісіне қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтеріліске шыққан екен.

Ар мен намыс отын жағып, ерлік пен қайсарлық үлгісін көрсетіп, өз тағдырын өзі иемденуге деген толассыз күрестің нәтижесінде ел тәуелсіздігіне қол жеткіздік.

Сөйтіп қазақ халқы өзінің ұлы мұраты – тәуелсіз мемлекетін қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Өзінің мемлекеттік рәміздері: Ел таңбасы, Туы мен Әнұраны, ел бастаған Президенті бар, барша әлем мойындаған тәуелсіздігі бар, егемен Қазақстан елі дүниеге келді.

Ұлы Еуразия кіндігі – Сарыарқаның төріне әсем Астанамыздың шаңырағын көтердік.

Көтерген шаңырағымыз құтты болып, азғана уақыт ішінде Астана – Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы, рухани өрлеуіміздің, экономикалық дамуымыздың қозғаушы күшіне айналды. Өз әлеуетімен әлем жұртшылығына танымал бола бастаған Астана, түркі тілдес мемлекеттер саммитінде Түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы болып жарияланды.

Бүгінгі Қазақстан – ата-баба аманаты – ұлан далада әлем жұртшылығы сүйсінген Елордасы бар, бірлігі берекеге, ынтымағы ырысқа айналған, тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған, экономикасы әлеуетті, болашағы жарқын жаңа мемлекет. Тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанат көк туын биікке көтеру – әрбір қазақстандыққа тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Ал «Бақыт бағалай білгеннің басында ғана тұрады», - дейді дана халқымыз.

Халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы жанкешті күрестерге толы шерлі шежіресінде елін ерлікке, рухани бірлік пен ұлт болып ұюға шақырған, қаһарман батыр, парасатты билік иелері – жеке тұлғаларды сирек те болса тарих тудырып отырды.

«Патшасын халқының пейіліне қарай берем», - деп қасиетті Құран хадисінде айтылғандай, ақ тілеулі халқымыздың пейіліне тәуелсіздігіміздің ірге тасын қалау үшін тағдыр – тарих кемел жаратылған, дарабоз тұлға Нұрсұлтан Әбішұлын сыйлады. Дана халқымыз тарихтың ең алмағайып, шешуші кезеңінде өз тағдырын кімге сеніп тапсыруды дәл таба білді.

Тәуелсіздіктің жолына түскен алғашқы жылдардың сын сағаттарында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нар жүгін көтеретін қажырлы, дана саясаткер басшы ретінде елімізді сеніммен алға бастады.

«Ұл туса – ұлық болса екен» деп тілейтін қазағымның тілегі қабыл болып, елі сүйген, елін сүйген Елбасы дербес, егеменді Қазақстан мемлекетінің берік негізін қалап, жасампаз даму жолына салды.

Тарих үшін қас-қағым

Page 77: №9 журнал 2013 г-на сайт

77

сәтке тең, 21 жыл ішінде салмағы ғасырға жүк болатын ауқымды істер атқарылып, бодан ғасырлар қойнауында кеткен есемізді түгендеп, еңсемізді тіктеп, бәсекеге қабілетті, болашағы кемел мемлекетке айнала бастадық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - еліміз өз тәуелсіздігін алып, дербес даму айдынына бет алған алғашқы сәтінен бастап халыққа берген антын қалтқысыз орындап келе жатқан заманымыздың ұлы тұлғасы. Тұңғыш Президентіміз тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалап, негізін салды, Туын көтеріп, оны дүниежүзілік қоғамдастыққа танытып,

мойындатты, әлемдік дәрежеде сыйлатты. Ел ішіндегі мемлекеттік саясатты қолдаушы да жүзеге асуына белсене атсалысып келе жатқан бірден-бір қоғамдық ұйым ретінде «Нұр Отан» партиясының қоғамның ықпалды күшіне айналуы да тікелей партия жетекшісінің саяси қызметінің нәтижесі. Еліміз кешенді реформалардан, түбегейлі өзгерістерден өтті.Адамның, қоғамның санасы өзгерді. Өмірге жаңа ұрпақ келді. Тәуелсіздікті құрметтеу, қастерлеу, қорғау – әрбір азаматтың борышы, парызы екенін қоғам түсінді. Тәуелсіздік, оның қауіпсіздігі – санамызда ұлттық идея болып

қалыптасты.Тәуелсіздік жылдары ішінде

көптеген өміршең бастамалар дүниеге келді. Бұған нақты мысал ретінде мұнайдан түсетін табыс жинақталған Ұлттық қордың құрылуын және жаһандық қаржы дағдарысына қатысты 2007 жылы дағдарысқа қарсы бағдарламаның қабылдануын айтуға болады. Осының нәтижесінде елімізде әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты, жаңа жұмыс орындары ашылды, қоғамда тұрақтылық қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік салаларға баса назар аударғандығы барлық қазақстандықтардың көңілінен шығып отыр.

Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы елді ең қиын қайшылықтар мен тұйықтан шығарды. Жақсылық пен жасампаздықты мақсат етті. Ертеңіміздің бүгіннен жақсы болатынына сенім ұялатты. Бүгінгі Қазақстанның келбеті, жаңа дәуірі – жарқыраған Астанасы, асқақтаған Алматысы, қайта түлеген облыс орталықтары, сайрап жатқан жолдары, өскен өркені – мұның барлығы Тәуелсіздік жемісі, Елбасының еңбегі.

«Береке басы - бірлік», - деп дана халқымыз айтқандай, еліміз, халқымыздың бірлігі арқасында тарихи қысқа мерзім ішінде қаз басу, қалыптасу кезеңін артта қалдырып, бүкіл жер шарын шарпыған екі бірдей ауыр дағдарысқа төтеп беріп, соңғысынан да шыңдала шығып, дамудың даңғыл жолына қадам басып отыр. Өткен кезеңнің әр жылының тарихымыз үшін бергені мол болумен келді.

Мысалы, 2010 жылы Қазақстан аса ірі саяси форум - ЕЫҚҰ-ға басшылық жасап, оның саммитін Астана қаласында өткізді. Елдігімізді, өркениет көшіндегі тұғырлы орнымызды бүкіл әлем мойындады. Біз үшін өткен кезеңнің үлкен жеңісі

Page 78: №9 журнал 2013 г-на сайт

78

елімізде демократиялық құндылықтар толықтай салтанат құрып, баршамыздың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының маңына бірігіп, тығыз топтаса түскендігіміз, оның тек жалпы ұлттық қана емес бүкіл әлем танып, мойындаған басшы дәрежесіне көтерілуі. Екінші бір жеңісіміз - біз дүние жүзі алдында кез келген жауапты міндеттерді орындай аларлық, бірлігі жарасқан қабілет иесі халық екенімізді дәлелдедік.

Бүгін біз еліміздің ұланғайыр жетістігі мен табысында Маңғыстау облысының да қомақты үлесі болғандығын ризашылық сезіммен атаймыз. Республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлемінде бір ғана Маңғыстаудың бестен бірге жақын үлесі болуы шынында мақтанышпен айтуға болатын көрсеткіш. Біздер республика облыстарының ішінде алғашқылардың бірі болып өндірісті, экономиканың бір сыпыра салаларын жаңғыртып, көп істі жаңаша бастауды қолға алып та үлгі - өнеге бола алдық. Тек соңғы бір жыл ішінде ғана ірге көтерген елді мекендер, ең

алдымен өндірістік қажеттерден туындағанын естен шығармалық. Ал өндірістің өрлеуі дегеніміз - елдің әл ауқатының, әлеуметтік жағдайының жақсаруының бірден бір кепілі!

Нұрсұлтан Әбішұлының еліміз тәуелсіздігін енді ғана алып, әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтарға ұрынып жатқан кезеңінің өзінде «Болашақ» бағдарламасын қабылдатқаны өте көреген шешім болды. Соның арқасында мыңдаған қазақстандық жас әлемнің ең үздік университеттерінен білім алып келіп, осы күндері Отанымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуде...

Астанадағы «Назарбаев Университеті» қатардағы университет емес, ол –жоғары оқу орындарының инновациялық жаңа үлгісін жарақтайтын, бұрын болып көрмеген ұлттық жоба. Соның арқасында бүгінгі күні қазақстандық дарынды жастар, ешқандай алыс жерге бармай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес болатын тамаша білім алуға еліміздің өзінде-ақ қол жеткізді. «Назарбаев Университеті» таяу

болашақта Гарвард, Сорбонна немесе Оксфорд университеттері секілді еліміздің брендіне айналатынына сөз жоқ.

Тарих біздің ұрпаққа бабалар арманы – ел тәуелсіздігінің салтанат құрғанын көруге жазып, Тәуелсіздік бастауында тұру құрметін беріп қана қоймай, туған Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның берік ірге тасын қалау жауапкершілігін де жүктеді. Елбасының сөзімен айтқанда: «Қазақстан тәуелсіздігінің формуласы – бұл тең мәнді екі ұғымның – Азаттық пен Жауаптылықтың қосындысы».

Аталарымыз сан ғасырлар күресе жүріп, тәңірден тілеген ұлы мұраты, бақыт құсы – тәуелсіздікті қолдан ұшырып алмау, бәсекеге қабілетті өркениетті мемлекет болу, кемел келешекке нық қадам басып, жасампаз даму жолына түсу – ата-бабалар рухы алдындағы баршамыздың қасиетті борышымыз. Сондықтан көкірегі ояу әрбір азамат кемеңгер көшбасшымыз, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне

Page 79: №9 журнал 2013 г-на сайт

79

топтасып, Маңғыстаулық ақын Сабыр Адайдың өлеңіндегідей, «Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың», «Әр қазақ - менің жалғызым», - деп қастерлеп, «Мен тәуелсіз елімді көркейтуге қандай үлес қостым?!», - деп намыс қайрап, отансүйгіштік, патриоттық асыл құндылықтармен өмір сүруі қажет.

Елімізді дамыту ісіне маңғыстаулықтар әрдайым лайықты үлесін қосып Елімізге, Елбасына тірек болып келеді. Оған – өңірдің қол жеткізген жетістіктері айқын дәлел. Біз бұдан да биік мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға кәміл сенемін, себебі біз бәріміз де Ұлт Көшбасшымыздың басшылығымен ортақ Отанымыздың игілігі жолында еңбек етудеміз!

«Ер тілегі – елімен, ұл тілегі - ұлтымен», - дегендей Елбасымыз әрқашан елімен бірге, ал елі өзі қалаған кемеңгер Президентінің жанында. Барша қазақстандықтар сияқты, маңғыстаулықтар да Ел Президентінің кезектен тыс сайлауын асқан ұйымшылдықпен өткізіп, саяси кемелдігін тағы да көрсетіп, нұрлы болашақтың берік іргесін әлем мойындаған дана саясаткер Н.Ә.Назарбаевпен бірге қалайтынын іс жүзінде дәлелдеп берді!

Түрік халқының ұлы көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүріктің: «Жерін бүтін деп халқын көбейтіп, мемлекетін көркейткен – міне, нағыз жеңімпаз сол. Ал халық қашанда жеңімпазды таңдайды» деген өсиет сөзі өткен жылғы Қазақстан Президенінің сайлауында еліміздің

барлық түкпірлерінде айқын көрініс берді. Кезінде қазақтың санын миллионға жеткізіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалатқан Қасымның хандығы – бүгінде аңыз. Өз кезегінде, бабаның байтақ жерін бүтіндеп, шекарасын бекіткен, адамын 1,5 миллионға арттырып, алыс-жақын жақтаған, береке-бірлігін сақтаған, саламатты мемлекет құрған Назарбаев заманы арман да, аңыз да емес – айшықты ақиқат. Осынау кемел кезеңнің заңды да заңғар ұранына, тәуелсіздіктің тұмарына айналған Астана да әлем алдында қуатты елдің жұлдызын жарқыратып тұрғандай. «Жүрексіз ер, жұлынсыз бел, астанасыз ел болмас». Жүрек тәнге қан берсе, астана елге жан береді. Қазір азат елінің астанасымен мақтанбайтын қазақ бар ма?! Мұндай жүрегім, жұлдызым деп елжірейтін астана қашан болып еді? Иә, бас қала болғанымен, шынайы астана болмады. Тігілген үй болғанмен, ол үйде шалқайып қонақ күтетін күй болмады.

Бүгінде Астананың ақ босағасынан небір алпауыт мемлекеттердің басшылары еңкейіп кіріп, марқайып шығып жүр. Ол да болса, қызығушы пейілдеске де, қызғанушы тілеулеске де қазақты дербес ел ретінде танытып отыр. Тәуелсіздіктің, Елбасының ең маңызды жетістігі де, жемісі де осы!

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Ллойд Джордж: «Ғасырлар данышпанды сирек береді. ХХ ғасырда ұлы тұлға түрік ұлтынан

шықты. Мұстафа Кемалдың данышпанддығын мойындамасқа қолдан келер не бар?» деп кезінде түрік ұлтын әлемге танытқан тұлғаны мойындаса, Маргарет Тэтчер: «Қазақстанның бүгінгі жеңістерін сараласам, қашанда таң қаламын. Назарбаевтың данышпандығы да – осы жеңіске толы жемісті жолды жай ғана кезекті кезеңге балауында. Сөз жоқ, Қазақстанның баянды болашаққа деген үміті тек Назарбаевтың есімімен байланысты», деген пікірі Ұлтымыздың ұлы тұлғасына берілген әлемдік биік баға.

Бұл Отанын қалтқысыз сүйген, суығына шыдап, ыстығына күйген түркі дүниесінің қос тарланына әлемнің берген бағасы ғана емес, олардың маңдайына Алла-тағала берген тағдыр жазмышы.

Өткен жылы Президент сайлауы кезінде ел жұртшылығының бірауыздан Н.Ә.Назарбаевқа дауыс беруі бүкіл саналы ғұмырын ел тағдырымен еншілеген Елбасына деген әз халқының ыстық ықыласы, биік бағасы. Дәл қазір елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін, мақсат-мұратқа жетелейтін бір-ақ тұлға бар. Ол – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сембіғали ЗӘКЕНОВШ.Есенов атындағы Каспий

Мемлекеттік университетінің профессоры, техника

ғылымдарының докторы

Page 80: №9 журнал 2013 г-на сайт

80

Мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында соңғы бірнеше жылда индустриялық саланың өрісі кеңейіп келеді. Әр өңірде жаңа өндірістер ашылып, бірқатар кәсіпорындар инновациялық технологиямен өнімдерін шығара бастады. Үдемелі индустриялық жоба аясында дамудың жаңа бетбұрысына жол ашқан кәсіпорындардың бірі - Талдықорғандағы «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор зауытын осы орайда айтпасқа болмас. Биыл аккумулятор шығаратын зауыттың екінші кезеңі іске қосылып, нәтижесінде өнім көлемі артты. Бұған қарап, зауыт өнімінің алдағы уақытта сауда айналымындағы шетелдік батареяларды ығыстыратынына тек сенімділік арттыру ғана қалады. Өйткені, мекемеде қайнаған қызу жұмыстың арқасында ізденіс пен кәсіби шеберлікке басымдылық танытуда.

Экономиканың басым саласында еңбек етіп келе жатқан «Қайнар АКБ» ЖШС 2011 жылы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанып, іргелі кәсіпорындардың қатарынан тағы бір мәрте көрінді. Жоспарланған игілікті істер атқаруға бел буып кіріскен аталмыш зауыт бүгіндері мемлекеттік қолдауға ие болған алғашқы компаниялардың қатарында. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Экспорт – 2020» бағдарламаларының қатысушысы болып табылады.

Осыған орай іс-сапар барысында зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігін оқырмандармен жете таныстыру мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлын әңгімеге тартқан едік.

ҚЫЗУҚАНДЫ ҚАЙНАУ – НАРЫҚТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК

Қуаныш Мәдиұлы, алдымен өзіңіз басқарып отырған «Қайнар-АКБ» ЖШС-нің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала кетсеңіз. Дайын өнімді экспортқа шығару тәртібі қалай жүзеге асуда?

Қаламыздағы «Қайнар» аккумулятор зауыты Орталық Азия мен ТМД-ғы ең ірі электротехникалық өндірістік

компаниялардың бірі саналады. Ең сапалы технологияларды меңгерген мекеме болып табылады. Компаниямыз мемлекеттің арнайы бағдарламасымен жұмыс жасап келеді. Соңғы үш жылдың ішінде өнім өндіруді үш есеге көбейттік. Қазақстан әлем бойынша қорғасыны жақсы дамыған елдердің қатарында екенін

Page 81: №9 журнал 2013 г-на сайт

81

ескерсек, соның он пайызын ғана аккумулятор түрінде шығарамыз. Өндірілетін өнім қорғасын түрінде шығарылмай, аккуммулятор есебінде жүзеге асуда. Өздеріңіз білесіздер, ішкі нарықты дамыту қашанда мемлекетімізге тиімді. Егер қорғасын құю ісі азаяр болса, онда аккумуляторды тоқсан пайыз шетелге сатуға тура келеді. Мәселен, шағын кәсіпкерлікпен мемлекеттен несие алып айналыса беруге болады. Ал, жоғары технологиялы өнімдерді игеру өте күрделі іс. Одан да ең қиыны – сол өнімді сатып, пайдасын көруде болып тұр. Аккумулятор өнімінің 70 %-ы экспортқа шығарылады. Соған қарай еліміздің тарихи қойнау жері қайнаған екі нарықтың ортасында тұр. Оның бірі – Ресей мемлекеті болса, екіншісі – Қытай елімен байланыс орнатылған. Аталмыш елдердің нарығын игеру – зауыт дамуының негізгі мақсаттарына айналып отыр. Әсіресе, Қытай нарығына шығу кәсіпорнының экспорт көлемін жылына орта есеппен екі миллион дана аккумуляторға, ал өндірістік қуатын жылына үш миллион батареяға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жылдық өнімнің 70 пайызы алыс-жақын шетелге шығарылуы талап пен тәртібі бізге осындай жауапкершіліктің салмағын артып отыр. Алдағы уақыта жұмыс күші де еселеніп, жұмыс орындары көбейтілуде.

Сонымен қатар, Беларусь және Балтық елдеріне де өнімдеріміз өткізіледі. Бұл ретте Кедендік Одақтың пайдасы тиіп отыр. Сол себептен күн өткен сайын алдыға қойылған мақсатымыз да артып келеді. Қазіргі жеткен жетістіктеріміз жаман емес, бірақ одан да биік белестерге жетсек деген жоспарымыз бар. Мекеме 1975 жылдан бері жұмыс жасайды. Кеңес Үкіметінің тұсындағы Одақ бойынша сегіз

мекеменің біреуісі осы біздің зауыт болып есептелінген. Зауытта 700 адам еңбек етеді. Бұрындары осы жеті жүз адамның жасап шығарған өнімін 3,500 адам жасайтын. Қазір екінші кезеңді модернизациялау бағыты бойынша қорғасынды балқытып, пластина етіп шығаратын бірнеше автоматтандарылған құрылғы орнатылып, жұмыс жасау оңтайландырылды. Соның арқасында шамамен 50 адамның жұмысын 7-8 адам атқаруда.

Нарық заңдылығына сәйкес, өнімнің сапасына назар аудару ең бірінші кезекте тұратыны айдан-анық. Зауыттан шығарылатын өнімнің нарықтық сұранысқа сай бейімделуі қандай деңгейде?

Нарықтың басты екі ғана критерийі бар: бірінші – бағасы, екінші – сапасы. Аккумулятор өнімін шығаратын дүние жүзіндегі зауыттармен нарықтық бәсекелестікке қарсы тұра білу - біздің алға қойған міндеттеріміздің бірі болып отыр. Сапаға көңіл бөлу қай уақытта да қажет екені рас. Осы зауыттың басшылары аккумулятордың қалай шығу керектігін өз көздерімен көру үшін, шет мемлекеттердің біразын аралап шықты. Сол елдерден көргендері бойынша зауыттың жұмысшыларымен ақылдаса отырып, сапалы өнім шығару көзделді. Нәтижесінде, шетел жабдықтары сатып алынғаннан кейін аккумулятордың сапалы шығуына септігі тигізіліп, «Алтын сапа» сыйлығын иелендік. Сонымен қатар, халықаралық көрмелерге қатысып, жүлдегер де атандық.

Бұдан 5-6 жыл бұрын кәсіпорын жылына бірнеше мың ғана аккумулятор шығарып келген болатын. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама

Page 82: №9 журнал 2013 г-на сайт

82

қабылданғалы бері, зауытымыз тек дамудың бірнеше кезеңдерін басынан өткерді. Мәселен, алғашқы модернизация 2007 жылы қолға алынған болса, ал 2011 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының негізінде мемлекеттен қаржы бөлініп, соның нәтижесінде биыл 2-кезеңді іске қостық. Зауытта заманауи талапқа сай қондырғылар қойылып, нәтижесінде өнім көлемі де артып жатыр. Былтырғы дерек бойынша 1 млн аккумулятор шығарылса, ал биыл 3 млн-ға жеткізу жоспарда тұр. Бүгінде Қазақстандағы автокөліктердің 40%-ы біздің зауыттың аккумуляторын пайдаланып келеді.

Аккумоляторлық батарея шығару ісі ел экономикасының тұрақты дамуына айтарлықтай әсерін тигізуде. Зауыт өнімдерінің қолдану барысы жайында не айтасыз?

Қазақстанда шығарылатын барлық қорғасынның аккумулятор түрінде шыққанын қалар едім. Себебі, аккумулятор дайындалғанға дейін қорғасын күйінде шығара беруге болатын еді. Бірақ, дамудың жаңа сатысына көтерілу – мемлекетіміз үшін мәртебе. Өндірістік аккумулятор өнімін дамытуда жергілікті мекемелермен сол себептен тікелей жұмыс жиі жасалынып тұрады. Мәселен, жолдың бойында жанып тұратын бағдаршамның аккумуляторы жасалынды. Бұл өнім қазір Қырғызстан және Өзбекстан еліне экспортқа кетіп жатыр. Ал, екінші сатыда телекоммуникация жүйесіне қажетті өндірістік аккумулятор дайындығы жүргізілуде.

«Қайнар-АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторын шығарумен айналысатын Қазақстандағы байырғы өндіріс орындарының бірі болып

саналғандықтан, компанияның өнімдері энергетика, металлургия, мұнай өндіру, машина құрастыру және ауыл шаруашылығы кешендерінде жоғары тұтыну көрсеткіштерге ие. Зауытта шығарылатын аккумулятордың бір артықшылығын айта кетсек, қорғасыннан құйылатын оң және теріс қуат жинақтағыш телімшелердің керу әдісімен жасалатындығында. Жаңа технологияның бар құпиясы да осында. Аккумулятордың жұмыс істеуі және сақталу мерзімі мейлінше ұзартылған. Ұзақ мерзімге тұрып қалғанның өзінде күшін жоя қоймайды. Қатты суықтарда «отырып қалу» деген болмайды әрі мерзімі біткенше қуат күші толық сақталады. Қатты шайқалыстарға төтеп бере алатын электр өрісі кең аккумулятор болып табылады. Сондай-ақ, аккумулятордың «индустриалды-стационарлы» түрі шығарылады. Темір жол мен телекоммуникация саласында, энергетика мен мұнай өндірісінде қолданылатын қуаты күшті батареяларды ауруханада, әуежайда, азық-түлік сақталатын қоймалар мен дүкендерде, қорға-ныс қызметтерінде де кеңінен пайдалануға болады. Сапалы өнім арқылы өз ісімізді алдыға тарту ғана емес, келешекте әлемдік нарықтың биік шыңына жетуді көздеп отырмыз.

Артқа көз тастасақ, зауыттың бұрынғы межелеген жоспары мен қазіргі жұмыс жасау деңгейін қалай салыстырар едіңіз?

Кәсіпорын алғашқы аккумулятор «СТ-75 ЭМ» батареясын өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап шығарған болатын. Зауытымыз содан бері батареялардың көпте-ген сериялық шығарылымын тұтынушыларымызға ұсынып

Page 83: №9 журнал 2013 г-на сайт

83

келеді. Компанияда 1998 жылы аккумуляторлық және қорғасындық сынықтарды электрлі-термикалық пеште қайта өңдеу желісімен қорғасынды-сурьямды қорытпа алынатын. Ал, 2000 жылдары қуаты 6 мың тонна қорғасынға жететін қайта балқыту корпусының екінші кезеңі іске қосылып, екі бірдей гидро-электрстанса табыс көзіне айналды. Айта кететін бір жайт, мұндағы «ВАRS» аккумуляторының пайдалану мерзімінің ұзақтығымен өлшенеді. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында зауыт аймақтық индустрияландыру картасымен аккумулятордың ең соңғы, тұтынушы талабына толық жауап беретін жаңа түрлерін шығаруды әлі күнге дейін жалғастырып келеді. Мекеме «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сай, «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несиелік қолдауға ие болды. Бүгінгі күні зауыттың кәсіби тәжірибелі мамандары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қалыпты саудаға шығару үшін жұмыс жасап жатыр. «КамАЗ», «УралАЗ», «МАЗ» және «БелАЗ» тәрізді ауыр жүк автокөліктерін құрастыру желілеріне арналған аккумулятор-ларды шығарады. Зауыт өнімдерін сыртқа жөнелту және өркендету нәтижесінде кәсіпорын сапалық көрсеткішті нақтылай түспек. Осылайша кәсіпорын шығарған батареялардың көпшілігі экспортқа бейімделгендігімен ерекшеленеді әрі, оның көлемін арттыру мен таратылуы мәселесін ұтымды ойластыруына байланысты.

Түсінікті. Келесі сұрақ, сіздің азаматтық ой-пікіріңізге қатысты болғалы тұр. Көкейіңізде жүрген сауалдың

жауабын таба алмай жүретін кездеріңіз көп пе?

Жоқ емес, бар. Бизнесті алға бастыру үшін мемлекетіміз барлық жағдайды қарастырып берді. Бірде Елбасымен кездескенде мынадай сөз болды: «Бизнеспен айналысқан дұрыс, құптаймын. Такси қызметін ашу, не болмаса дәмхана, мейрамхана тұрғызу меніңше бизнеске жатпайды. Ер-азаматтар қазақ атыңа сай жұмыспен неге айналыспайды екен?». Бұл сөзге келісемін, құптаймын. Бәлкім, сол дәмханалар мен мейрамханалардың керектігі дұрыс болғанымен, нақты кәсіпкерлікпен айналысудың жөні бір басқа.

Демек, сіздің ойыңызша мемлекетіміздің шағын және орта бизнесі кенжелеп дамып келеді ғой.

Дәл солай демей-ақ қояйын, бізде жалқаулық басым. Соны баса айтқым келеді. «Аузыма түс, алма пістіні» қоятын кез келді. Тек айтқан беттен танбау керек. Қалада аяқ бассаң, дәмхана, мейрамхана және жастарды «ләйлубайлыққа апаратын» түнгі клубтары тағы бар. Ол да керек шығар... Дамудың басқалай жолын, ойдағыдай түрін қарастырған дұрыс деп ойлаймын. Шындық осы.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

«Тәуелсіздік» ұғымының ерекшелігі – халықтың қамын ойлауға мүмкіншілік туды. Еліміздің Көк байрағы желбіреп, мәртебесі биікке көтерілуде. Тәуелсіздіктің ғұмыры ұзақ болсын деймін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Зылиха Салих

Page 84: №9 журнал 2013 г-на сайт

84

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА БЕРІЛЕТІН НЕСИЕНІҢ МЕХАНИЗІМІН

ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ»Еліміздің агроөнеркәсіптік кешені 20

жылдың ішінде дағдарыс кезеңдерін еңсере отырып, нарық қатынастарына әбден бейімделді. Бұл саладағы өнім өндіру жыл сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1991 жылғы 77,8 млн теңгеден 2010 жылы 1,4 трлн теңгеге өсті. 20 жыл-дың ішінде 11,5 трлн теңгенің өнімі өндіріл-ді. ЖІӨ-дегі сала үлесі ұлғайып, 9,6 пайызға жетті. Осы орайда әр аймақтың ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесін атап айтуға тұрарлық. Осы жетістіктерге аса маңызды үлес қосқан азаматтың бірі, «Ернар» ШҚ-ның басшысы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жапарқұл Тасқын Тұрғанғазыұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Тасқын Тұрғанғазыұлы, алдымен өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат бере кетсеңіз. Қай өңірде туып-өстіңіз?

Мен 1957 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келдім. Мектепті бітіргеннен кейін 1975 жылы Көксу ауыл шаруашылық техникумына түсіп, оны 1978 жылы агроном мамандығын алып бітіріп шықтым. 1979 жылы Панфилов ауданындағы «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозында бөлімше агрономы болып еңбек жолын бастадым. 1984-1990 жылдары Алматы ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетінде оқып, ғалым – агроном мамандығын алдым. Оқуымды аяқтаған соң, 1991 жылы, Еңбек қызыл ту орденді «Октябрьдің 40 жылдығы»

колхозында бөлімше бастығы, кейін колхоз төрағасының орынбасары қызметтерін атқардым. 1996 жылы уақыт талабына қарай «Ернар» жеке шаруа қожалығын құрып, осы күнге дейін шаруашылықты басқарып келемін.

«Ернар» ШҚ қашан құрылған еді? Кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгере алдым деп ойлайсыз ба?

Шаруашылық 1996 жылы құрылды. 2005 жылы «Элиталы тұқым шаруашылығы» мәртебесін алған еді. Республикамызда элиталы тұқымды дамыту мақсатында, Молдова ғылыми институтымен, Қазақстанның жерді игеру ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Жыл сайын 700-800 тонна жүгері тұқымдары

Республикамыздың солтүстік облыстарына жіберіліп тұрады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, агроном мамандығының оқуын оқыдым. Оқуды бітіре сала Еңбек қызыл ту орденді «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарына агроном болып жұмысқа қабылдандым. Осы ұжымшар төрағасы Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н.Н. Головацкийдің тәлім тәрбиесін алып, іс жүргізу тәжірибесін көңілге тоқып өстік. Аудандағы көптеген тәжірибелі мамандармен бірге қызметтес болдым. Жылдар бойы жинаған іс - тәжірибем қазіргі кезде жұмысты ұйымдастырып жолға қоюда көп септігін тигізуде. Бүгінгі нарық барлық адамдардың өмірге, жұмысқа деген көзқарасын көп өзгертті. Қазіргі нарық кезеңінде кәсіпкерлікті жақсы меңгермей,

Page 85: №9 журнал 2013 г-на сайт

85

шаруашылықты алға шығара алмайсың.

Бүгінде елімізде шағын және орта бизнеске өте үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Осы ретте Сіздің алып-қосар ойыңыз бар ма?

Биыл Алматы облысында 264, 8 млрд теңгенің өнімін өндіру көзделген. Облыс бойынша 1 млн 177 мың тонна көлемінде рекордтық астық жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда, картоп, көкөніс, жеміс пен жидек егістері алқабын тамшылата суару 1,9 есеге өсті. Сондай-ақ биыл 17 мың тонна жеміс пен көкөніс сақтайтын заманауи қойма салынды. 106 жеміс-көкөніс қоймасының сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрады. Бүгінгі күні облыста көлемі 36 гектар аумақтағы 473 жылыжай бар. 19 гектар аумақта 112 жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Оның жалпы көлемі 70 гектарға жеткізіледі. Мұның барлығы орындалып жатқан

жұмыстардың негізгі дені. Қазіргі кезде шағын және орта

бизнесті дамытуға Үкіметіміз көп көмек көрсетіп жатыр. Бірақ та жұмыс бастау көп қаржыны талап етеді. Ауылдық жерлерде жұмыс бастау үшін несие алу өте қиынға соғады. Банк тарапынан сұратқан көптеген құжаттар дайындау керек. Ең бастысы талапқа сай келмейді деп, ауылдық жердегі үй, техникаларды кепілдікке алмайды. Осыдан кейін ауылды жұмыспен қамту, экономикасын көтеру сияқты мәселелер ақсаңдай береді. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін дамыту үшін беретін несиелердің беру механизмдерін жетілдіру қажет. Бұл мәселе қанша айтылып жүрсе де осы күнге дейін шешімін таппай келеді. Осының орнын толтырып, барлығына бірдей ыңғайлы тұстары жасалса екен деймін.

Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай жұмыстар атқардыңыз?

Қандай мәселелерді көтеріп жүрсіз?

Облыстық депутаттыққа сайланар алдында көп ойландым. Көптеген жерлерде әлеуметтік нысандардың жетіспеуі, ауылшаруашылық өнімдерін шығарып, оларды өңдеу, жұмыссыздық, қылмыс жасаушылардың жасарып бара жатқаны мені ғана емес бүгінгі күні барлық халықты алаңдатып отыр. Осы мәселелерді көтеріп, қолымнан келгенінше күшім мен ақыл жігерімді салып, шешуде өз күшімді сынап көрейін дедім. Депутат болып сайланғалы бір жылдан асты. Осы уақыт аралығында біраз мәселелер шешілді. Жаркент қаласында Жаңа құрылыс ықшам ауданының, Жаскент ауылының көшелеріне тас жолдар төселінді, ауылшаруашылық өнімдерін еккені үшін жерге берілетін субсидия көлемі көбейтілді, облыстық астық қорын жасауға бөлінетін қаржы т.б. мәселелерді шешуде өз үлесімді

Page 86: №9 журнал 2013 г-на сайт

86

қостым. Облыстық маслихат жанынан құрылған тұрақты ауылшаруашылық комиссиясының мүшесімін. Комиссия отырысында облыс көлеміндегі көптеген ауылшаруашылық және экологияға қатысты өзекті мәселелерді шешіп келеміз.

Жастар мәселесіне келер

болсақ, Сізді не алаңдатады? Жастарға не айтар едіңіз?

Бүгінгі таңда жастар мәселесі өте күрделі мәселелердің бірі. Біздің мемлекет жастарға барлық жағдай жасап отыр деп айта аламын. «Болашақ», «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оқытып, жұмысқа орналастырып, баспанамен қамтамасыз етуде. Соған қарамастан жастар арасында жұмыссыздық көп. Осы жұмыссыздықтың

салдарынан қылмыс көбейіп барады. Көп жағдайда біз жастарға жұмыс жоқ дейміз, бірақ қазір ауылшаруашылығына қажетті мамандар жетіспейді, атап айтсақ малшы, газбен, электрмен пісіруші, тас қалаушы, ветеринарлар, агрономдар тағы көптеген мамандар өндірісте өз орнын таба алмай жүр. Кәсіптік техникалық лицейлер дайындаған мамандар ауылшаруашылығында жұмыс жасағылары келмейді. Менің өз шаруашылығыма білікті механизаторлар керек, ал ондай маман жоқтың қасы. Жастардың жұмыссыздығы жұмыс пен жалақының сай келмеуінен бе деген ойға қаламын. Жалпы жас адам қашан да еңбектенуден талмау керек. Тек сол кезде өзінің діттеген мақсатына жете алады.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

«Тәуелсіздік» дегенде кешегі қан қақсатқан желтоқсан көз алдыма келеді. Біз неден өттік? Неге жеттік? деген сұрақтар ойға оралады. Бостандықтың қадірін бодандықта жүргенде түсінесің дегендей, біз Тәуелсіздігімізді өмір бойы аңсап келген халықпыз. Қазақ халқының маңдайы біткен дербестіктің бергенін де, берерін де сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Мен ел Тәуелсіздігін қазақ халқының өмір сүруі деп түсінемін.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мөлдір Құрман

Page 87: №9 журнал 2013 г-на сайт

87

Page 88: №9 журнал 2013 г-на сайт

88

ҚАЗАҚСТАН – «EXPO-2017» ЖОБАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Иә, бақытымызға орай, мемлекетіміз енді төрт жылдан кейін осы жобаға жетекшілік етпек. Еске сала кететін болсақ, еліміз «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге үміткерлер қатарында жарысқа түсіп, жеңіске қол жеткізді. Бұл тарихи жеңіс Қазақстан мемлекеті үшін аса зор маңызға ие болды. Себебі, артқа көз жіберсек, Орталық Азияда және ТМД елдерінде бұрын-соңды

өткізілмеген бұндай шара ел тарихында ұмтылылмас сәттердің бірі болып қала бермек. Межелі мақсаттарды орындау барысында ендігі кезекте алдағы жылдары «жасыл экономика» мен «жасыл энергетиканы» дамыту міндеттері жүктелмек.

Жұмыр басты пенде үшін қауіпке айналып бара жатқан энергетикалық сұранысқа қанағаттандыру мәселесі бүгінгі күннің басты тақырыптарының біріне айналып отыр. Өйткені,

электр қуатын өндіруде көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаның ластануына әкеп соқтыруда. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, қазіргі қолданылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын әлемдегі энергия қуатының үлесі әлі де аз. Әлем бойынша ондай энергияны өндіру тек мемлекеттік субсидиялар есебінен ғана жүзеге асырылады екен. Қаржы өз алдына, Қазақстанға оны игеріп алып кету үшін де тәжірибе қажет-ақ. Жаңа технологияны қалыптастыру әрі дамыған елдердегідей кеңінен жүзеге асқаны жөн. Тіпті, балама энергетика көздері арқылы электр энергиясын өндіруде әлемдегі көшбасшы елдер қатарында саналатын АҚШ-та электр қуатының 24,7 пайызы шығарылғанымен, алайда инвестиция салу көлемі бойынша Қытай мемлекетінен аса алмай отырғаны жасырын емес. Ал, Қытай мемлекеті энергия қуатын өндіруде төртінші орынды қанағат тұтты. Қазақстанның балама энергия көздерін пайдалануына гидроэнергия, жел және күн энергиясы кіреді. Шынтуайтына келсек, қазақстандық жел энергиясының қуаты өте мықты елдердің қатарында саналады. Мәселен, Жоңғар қақпасындағы және Алматы қаласындағы Шелек ауданындағы жел энергиясы көздері ерекше аталынып отыр. Сонымен бірге, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарындағы жел энергиясының қуаты балама энергиясына өз әсерін тигізбек.

Қазақстанда балама энергия көздерін дамыту мақсатында оннан астам жобаларды қолға алу жұмыстары басталып та кетті. Олар негізінен шағын жобалар болғанымен, «жасыл энергия» бағдарламасын дамытуда ерекше орын алып, Алматы

Page 89: №9 журнал 2013 г-на сайт

89

облысындағы Сарыбұлақ ауылын электр қуатымен қамтамасыз етіп тұрған шағын станса нысанаға алынды. Аталмыш станса балама қуат көзімен жұмыс жасайтын болғандықтан, жылдан астам уақыттан бері елді-мекенді электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етіп келеді. Тағы бір жағымды жаңалық – мемлекетіміздің 45 өңірінде жел электр стансасының құрылыс жобасы дайындалуда. Осыған байланысты жел күшінің қуаты орасан зор деген сегіз алаң

таңдалынып, жел агрегаттарын салу ісі қолға алынды. Олардың ішінде, Жамбыл облысының Қордай кенті, Оңтүстік Қазақстан облысының Жүзімдік кенті, Астана, Форт-Шевченко, Атырау, Ерейментау, Арқалық және Қарқаралы қалалары бар.

«Жасыл энергетика» бағытының маңыздылығы сол – энергетикалық өндірістің тиімділігіне әлемдік көзқарас пайда болады. Осындайда, әлгінде шулап жүрген жаһандық ғалымдарымыздың ғаламдық

жылыну үрдісі пікірлеріне қарсы тұру нысанасы көзделеді деп сенейік. Ауаға таралатын көмірқышқыл газын азайтуға ең бірінші боп, сол себептен біздің еліміз ой тастады. Сондықтан да болашақтың энергиясын қалыптастыру жолында Қазақстан өзінің әрі ұтқыр саясатымен әрі ұтымды ойларымен жер жаһанды бір сілкіндірді. Бұл, әрине Елбасының көздеген саясаты.

Эльмира Үсенқызы

Page 90: №9 журнал 2013 г-на сайт

90

МУЗЫКА БӘЙТЕРЕГІ«Ән – халық үні, оның шындығы,

оның ойы мен сезімі»Жамбыл Жабаев

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы гимні авторларының бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысының Бөрлітөбе ауданын-дағы Қарашыған ауылы. Орта мектеп бітірген соң, Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-ші слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. Москва консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936). Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944). Москва консерваториясын

(Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951), КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942), Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948), Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).

Қазақ көрерменіне «Біржан - Сара» сынды операсын сыйлаған, ұлттық нәрі құнарлы туындының аса дарынды сазгері дархан даламызды жүректен шыққан әуенге мәңгілікке бөлеп кеткендей. Әңгіме қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композиторымыз, КСРО-ның Халық әртісі Мұқан Төлебаев жайында өрбісін. Тумысынан талантты Мұқан ағамызды кәсіби музыка өнерінің тұңғыш негізін салушы ретінде білеміз. Киелі Жетісу жерінде дүниеге келген, өнерлілердің өлкесінен

шығып, күллі қазақ халқына не бары жарты ғасырға да жетпейтін өмір керуенін жүріп өткен біртуар сазгер ұрпаққа мол мұра қалдыра білді. Мұқан Төлебаев жүзден астам музыкалық шығармалардың авторы. М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен,

өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. Композитор опералық, контаталық-ораториялық, ән-романстық шығармаларға ерекше мән берген еді. Сонымен қатар ХХ ғасырдағы музыка мәдениетінің ең көрнекті және сәтті табыстарының бірі «Біржан - Сара» операсы талғамы

Page 91: №9 журнал 2013 г-на сайт

91

терең көрермен тарапынан мол ілтипатқа ие болып келеді. Қазақ операсының классикалық туындысына айналған сазгердің бұл шығармасы әлі күнге қойылымнан түспей келеді. Мұқан Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырған бірден-бір сазгер. Оның «Кестелі орамал», «Тос мені, тос», «Ақмарал» т.б. сынды әндері халық жадында, тыңдаушылардың жүрегінде сақталып қалды. Мұқан Төлебаев Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранының музыкасын жазған сазгерлердің қатарында.

Бүгінгі таңда композитор өзіне лайық барлық атақ-құрметке ие. Ел аузынан әуені түспейтін әндердің авторы қашанда жүрегімізде. Мәселен, 2013 жылды ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы «Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялады. Осыған байланысты композитордың бірнеше шығармалары, оның ішінде «Біржан-Сара» операсы Түркияның бінеше қалаларында қойылатын болады. Бұл туралы шешім былтыр Уфада өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің басқосуында қабылданған. Тума таланттың құрметіне Түркияның бірнеше қаласында мәдени шаралар жоспарланып отыр. Солардың ең ірісі – қазақтың біртуар азаматының «Біржан-Сара» операсы. Қойылымға түріктің танымал дирижері жетекшілік етеді. Операны ТҮРКСОЙ ұйымы Түркияның театр репертуарларының қатарына енгізіп қойды. Бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжанның белгілі әншілері қатысады, деп күтілуде. Композитордың 100

жылдығына орай еліміздің барлық аумақтарында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.

«Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті – оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі» деп Борис Владимирович Асафьев айтқандай қазақ музыкасынан даланың кеңдігі, самалдың ән-сазы байқалады. Дәл осы сипат Мұқан Төлебаевтің музыкалық

шығармаларынан кездеседі. Әнің тыңдай жөнелсең, көз алдына сол дала тебіренісі, жүректен шыққан сезім, шіркін жан нұры, бір бөлек мінез сипатталып, елестей кетеді. Бұл нағыз ана сүтімен дарыған тума талант. Бұл Мұқан Төлебаевтің мәңгі өшпес тебіренісі...

Ботагөз Сембайқызы

Page 92: №9 журнал 2013 г-на сайт

Серік Донбаев

Page 93: №9 журнал 2013 г-на сайт

93

«БЕЛСЕНДІ ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ БІЛІКТІ БАСШЫ»

Осыдан аттай үш-төрт жыл бұрын Қарасай ауданына қарасты «Қасен-тоған» су арнасы жаңартылған болатын. Сол арық арқылы егістік алқаптары мен бау-бақшаларын суаратынына ауыл кәсіпкерлері мен қарапайым тұрғындары бір марқайып қалған еді. Бір емес бес елді-мекенді күні бүгінге дейін сумен қамтамасыз етіп отырған осындай игі істің бастамасын «Дәулет-Серпін 603» құрылыс мекемесі жүзеге асырып, ел қуанышына бөленді. Бірінші категориялы лицензиясы бар мекеменің директоры Донбаев Серік Дәлібайұлы бірнеше жылдардан бері басқарып келеді. Ол біршама игілікті істерді атқаруда жауапкершілікпен қарау міндетін қарамағындағы жұмысшыларына үнемі жүктеп отырады. Мұғалімдер отбасында дүниеге келген Серік Дәлібайұлы өз компаниясын басқаруда мындай жайттарды әркез есте ұстайды: жауапкершілік, табандылық және мақсатқа бейімділік. Осы қасиеттері арқылы бүгіндері білдей бір мекемені алға сүйреп, ілгері жылжытуды ғана көздейді.

Ол 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» және 2005 жылы «Қазақстан Конститу-циясына 10 жыл» төсбелгілерімен, сонымен қатар, Алматы қалалық Спорт Федерациясының дипломдарымен және төсбелгілерімен марапатталған. Арнайы Елбасымыздың алғыс хатын да алған.

Біз іс-сапар барысында «Нұр Отан» ХДП-ң Қарасай ауданы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Дәулет Серпін 603» ЖШС-нің директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Донбаев Серік Дәлібайұлымен кездесіп, сұхбат жүргізген болатынбыз.

Серік Дәлібайұлы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді талқыға салып жүрсіз?

Бірнеше рет Алматы Қарасай аудандық мәслихатының депутаты қызметінде жүрдім. Ал былтырдан бері «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты болып келемін. Халықты алаңдататын әлеуметтік сұрақтар бойынша жұмыс жасау басты міндеттерімнің бірі болып табылады. Мәселен, бюджет саласының қызметкерлерінің жалақыларын өсіру мәселелерімен шұғылданып келемін. Әрі де осы мәселені бір жүйеге келтіру үшін тынымсыз жұмыс жасамақпын. Құрылыс саласында жұмыс жасайтын болғандықтан балабақшалар мен мектептер, ауруханалар, несиеге берілетін

үйлерді салу жүйесін ретке келтіруде үлесімді қостым. Жастар саясатына араласып, соғыс ардагерлеріне, мүгедек жандар мен әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларына, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындарға үнемі қолдау беріп жүремін. Былтырғы жылғы мәліметті келтіре кетейін, мәслихатқа сексеннен аса түскен өтініш пен арыз-шағым қабылданып, белгіленген мерзімде жауап қайтарылды. Ал менің қарамағымдағы Қарасай ауданынан отыздан аса өтініш түсіп, оларға үш миллионнан аса қаржы аударылды. Соның ішінде жастармен бірге жүргізілетін жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Қарасай ауданы бойынша «Нұр Отан» ХДП Қарасай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде аудан әкімдерімен,

депутаттарымен, аудандағы мемлекеттік органдардың басшыларымен бірігіп, жұмыс жасап келемін. Депутат ретінде қоғамдық-саяси шараларға және қайырымдылық акцияларына да қатысып тұрамын.

Тағы бір ерекше назар ауда-ратыным – ауылдың дамуына ат салысу. Әсіресе, ауыз сумен қамтамасыз етіп, топтық су құбырлары мен көлік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналыстым. Сондай-ақ, электр қуатымен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелерін шештім. Ауыл спортын дамыту мақсатында спорт нысандары мен сауықтыру орталықтарының ашылуына көп мән беремін. 2011 жылы Қарасай ауданында стадион салдық. Аталмыш стадионды саларда жетпеген қаржыны кейін өз қалтамнан төлеуге тура келді. Осы стадионда футболдық

Page 94: №9 журнал 2013 г-на сайт

94

жарыстар жиі өткізіліп, аудандық жастар және ересектер командасы болып, екіге бөлініп ойнайды. Қарасай ауданындағы футбол командасының біршама жетістікке жеткенін көріп, ауылдың спорты біршама көтеріліп келеді деген ойдамын. Он чемпионаттың осы футбол командаларынан шыққанын мақтанышпен айтып жеткізе аламын. Жыл сайын республикалық және облыстық деңгейдегі чемпионаттарға қатысып келеді. Сондай-ақ, жылдың аяқталуына да орай футболдық жарыстар қайта-дан ұйымдастырылып, жүлделі орындарға медальдар мен сыйлықтар табыс етіледі. Ауыл-дың спортын одан әрі дамыта түсу үшін 400 балаға доп сыйладым. Еліміздің болашағы балаларымыз қазақ спортын дамытсын деген мақсат қой.

Облыстық мәслихат сессия-ларында қандай мәселелерге жіті назар аударылады?

Алматы облыстық мәслихатының барлық сессия отырыстарында көптеген мәселелер қаралады. Мәселен, бюджетке бөлінген қаражаттарды неғұрылым өлшемді етіп, қалыптастыруға депутаттардың ықпалы маңызды екендігіне баса мән беріледі. Міндеттелген жоспар бойынша маслихаттың рөлін арттыру үшін халық қалаулыларының депутаттық

өкілеттілігінде жауапкершілікке аса мән беріледі. Ал депутаттар өз өкілеттігін іске асырудың маңыздылығын қарастыруда өз округіне сайланған жұмыс орнының ішкі тәртіптерін қадағалап отырады. Сөйтіп олар сайлаушыларының толғантып жүрген мәселелерін уақытымен жүйелі түрде шешіп береді.

Елбасының соңғы Жолдауына қатысты депутаттық сараптамаңыз қандай?

2030 бағдарламасын аяқтап, енді 2050 стратегиялық жоспарға енеміз деп отырмыз. Бұйыртса ол мақсатымызға да жетеміз. Елбасының саясаты мығым, бірақ командасы белсенділік танытуға құштар емес екендіктерін кейде байқатып қояды. Сол себептен, кадр саясатына басты назар аударылып, әсіресе оқу бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы дұрыс жолға бағытталса деймін. Әрі оларға үй беру мәселесінің тиімді тұстарын қарастыруымыз керек. Маған колледж, институт және университет бітірген жас мамандар жұмысқа орналасу өтініштерімен жиі келіп жатады. Екі-үш жылдан бері бір оқу орнымен келісім-шартқа отырдым. Жұмыс іздеп келген және өндірістік тәжірибеден өткісі келетін жастарды сол мекемемен бірлесе отырып шешемін.

Қоғамдағы жастардың белсенділігіне көңіліңіз тола ма? Оларға шектен тыс тыйым салатындарға қандай ой тастар едіңіз?

Көңілім толады, ойлары ширақ. Бізге қарағанда олар басқа заманда өмір сүріп жатыр. Маған жастардың ұнайтын қасиеттері бұрынғыдай ішімдікке және темекі түтініне әуестігі азайған. Осы мәселені жастар саясатының қолданысына қарай енгізу керек сияқты. Демек тәрбиенің отбасынан басталғандығын осыдан-ақ байқай берейік. Сәл жұмысты қиынсынып жалқаулыққа бой алдыратындарға білімнің қажеттілігін оқу орнында жақсылап түсіндіріп жіберсек, олардан да еліміздің белсенді азаматтары өсіп шығады. Кеңес Үкіметі тұсында құрғақ Заң деген болған. Мысалы, ішімдікті сату белгіленген уақыт бойынша ғана сатылды. Бірақ, бұл дұрыс саясат емес еді. Себебі, адам қанша жерден тыйым салған нәрсеге керісінше бой алдырып тұрады. Менің ойымша шектен тыс тыйым салу жақсылыққа апара бермейді. Сатылым нарығына ащы судың шыққанында тұрған ештеңе жоқ. Осы арқылы мемлекетіміздің дамығандығын көрсете аламыз. Сол бір ащы бәлені ішіп, жастарымыз шіли бұзылып кетіп жатқан жоқ қой.

Өзіңіз басқарып отырған «Дәулет Серпін 603» ЖШС-нің бүгінгі таңдағы тыныс тіршілігіне тоқтала кетсеңіз. Мекемеде қандай өзгерістер болып жатыр?

Біздің мемлекетіміз қаншама қиыншылықты бастан өткерсе де, дамудың тұрақты жолын таңдады. Қалалар мен ауылдар күн өткен сайын жаңарып, сыртқы келбеті қазіргі әлемдік стандарттарға сай келуде. Мәселен, қай қаланы алып қарасақ та құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай көптеген құрылыс мекемелері өз қызметтерін ұсынуда. Біздің

Page 95: №9 журнал 2013 г-на сайт

95

«Дәулет Серпін 603» құрылыс мекемесі де солардың қатарында, сондай-ақ, әркез жөндеу-құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдарының өндірісі болып табылады. Мекемені нық басқарудың арқасында ұжымның барлық мүшелері ортақ бір бағыттағы мақсатта жұмыс жасай отырып, нәтижесінде нақты жетістіктерге жетіп, дамудың жаңа серпінін алып келді. 2003 және 2012 жылдар аралығында оннан аса ең ірі нысандар салынып, тапсырылымға жіберілді. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданына су құбырын тарту үшін жеті жыл тынбай еңбек еттік. Құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша: «Жаңа Турген магистралды су құбырына», «Қаракемер ауылындағы мешітке», «Мектеп ғимараты спорт залына», «Бес қабатты және тоғыз қабатты тұрғын-үйлерге», «Қаскелең қаласындағы жаңа көпірге», «Қаскелең қаласындағы стадионға» және тағы да басқа бірқатар нысандарға құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Мекеме бірнеше жылдар арасында еңбек етіп келе жатқанымен, аздаған уақыттың ішінде жүктелген міндеттемелерді ең жоғарғы көрсеткіште орындай алатынын, сонымен қатар өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде көрсетіп келеді. Бұл жағдайда компаниямызға түскен тапсырыстар легінен байқауға болады. Мекемеде құрылысты-дәнекерлеу жұмыстары қолға алынып, инженер-техник

мамандары мен құрылыс бригадалары өз істерін тиянақты атқаруда. Құрылысқа қажетті машиналар мен механикалық құрылғылар қажетінше берілген. Онда білікті инженерлер мен техника мамандары жұмыс жасайды. «Дәулет Серпін 603» құрылыс мекемесі 1968 жылы құрылды. Мекемеге биыл 45 жыл толып отыр. Онда 130-дан аса адам жұмыс жасайды.

Болашаққа нені жоспарлап

отырсыз?Биыл құрылыс жұмыстарын

жүргізу бойынша біраз нысандарды алсам деймін. Облысты дамытуда агроөнеркәсіп салаларына көңіл бөлінсе, себебі көрсетілетін көмектер уақытылы берілмей қалып жатады. Нақты осы салада жұмыс істеп жатқан адамдарға жіті назар аударылғанын қалар едім және осы бағытта жұмыс жасауды қолға алып жүрмекпін.

Қарапайым болуыңыздың сыры неде?

Ата-анамнан алған тәрбиемнің әсерінен болар. Әкем балалар үйінде тәрбиеленген. Ол кісіге сабақ берген мұғалімдер мені көргенде әкемнің өте зерек әрі алғыр болғанын үнемі айтып жүреді. Анам да ақылды жандардың бірі. Лауазымды дәрежеге жетуіме анамның тәрбиесі тікелей әсер етті. Көзін көрген адамдар мені анама қатты ұқсатады және «Сенің ақылдылығың анаңа ұқсайды»

дейді.

Өзіңіз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз.

Мен 1959 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданында дүниеге келгенмін. 1976 жылы Жамбыл атындағы орта мектептік білімімді бітірісімен, Алматы қалалық құрылыс техникумына оқуға түстім. Әскери борышымды өтеп келгеннен кейін, Алматы қалалық құрылыс техникумын бітіріп, «КазАвтоТрансстрой» трестіне бөлім маманы болып тағайындалдым. Сосын Алматы қалалық сәулет және құрылыс институтына оқуға түсіп, инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша білім алып шықтым. 1991 жылдан бастап «Дәулет-Серпін 603» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келемін. Екі баланың әкесімін.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

«Тәуелсіздік» ұғымының тарихын тереңнен қозғар болсақ, Елбасының саясатын дұрыс қолданысқа енгізіп, қазақ елінің қаншалықты ұзаққа шабатынын байқай беруге болады. Біз ең алдымен осы Тәуелсіздігіміздің нәтижелерін көрсетуіміз қажет, ал халық оны сезінулері тиіс. Оған біздің әлеуетіміз бен мүмкіндігіміз жетеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанӘсем Сағиқызы

Page 96: №9 журнал 2013 г-на сайт

96

“ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ” ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫН ЖАУАПТЫЛЫҚПЕН ТАЛҚЫЛАЙЫҚ

Сыбайлас жемқорлық (латын тілінен corrumpere — «бұзықтылыққа жетелеу») түсінігі - әдетте лауазымды тұлғаның өзінің өкіметтік құзыретін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын заң және мораль нормаларына қарама-қайшы келетін өзінің жеке мүддесі үшін пайдалануды білдіретін термин.

Сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәліметтер ежелгі грек мұраларында да бар. Ұлы грек философтары Платон мен Аристотель өз еңбектерінде өкіметтің қызметтерін теріс пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және діни өміріне тигізер зияны жөнінде жазған. Мысалы, Аристотель «Саясат» шығармасында сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа әкелмеген жағдайда да, оны түп тамырымен өзгертуге әкеп соқтыратын фактор деп көрсетті.

Міне, сыбайлас жемқорлық, жең ұшынан жалғасушылық, парақорлықпен күрес қанша уақыттардан бері жалғасып, қоғамның басты проблемаларының біріне айналғанын көріп отырмыз.

Қазіргі өркениетті де құқықтық мемлекет орнатуды

мақсат етіп отырған мемлекетіміз Қазақстан Республикасы үшін сыбайлас жемқорлықпен күрестің қандай күрделі де жауапты міндет екенін және ол тек құқық қорғау органдары ғана емес, азаматтық қоғамның барлық институттарының араласуын талап ететінін білеміз.

Осы бағытта Халықтық Демократиялық Партия «Нұр Отан» үстіміздегі жылы қазан айында қоғамымыздың конструктивтік күштерімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Меморандумына қол қою туралы бастама көтеріп, соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жалпыхалықтық қозғалыс құрылғанының куәсі болдық.

Парламентте көшбасшы партия «Нұр Отан» әрқашан да осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды күшейтіп, жетілдіруде жаңашыл ұсыныстар мен тың пікірлердің бастамашысы болып келеді.

Соның куәсі бүгінгі күні жалпыхалықтық талқылауға түсіп отырған «Жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңның жобасы.

Өз кезінде ТМД елдерінің алғашқысы болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды 1998 жылы қабылдаған мемлекетіміз сол уақыттан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды жетілдіріп келеді.

Қазіргі талқыланып отырған Заң жобасымен танысу оның қазіргі күшінде тұрған заңды қамти отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көптеген жаңа механизмдері мен ақпараттық мүмкіндіктерін қарастыратынын көрсетіп отыр.

Заң жобасы жемқорлықпен құқық бұзушылық субьектілерінің шеңберін кеңейтіп, субьектілер қатарына жеке секторды

(корпоративтік жемқорлық ұғымын) да енгізген.

Жемқорлыққа қарсы күрестің нақты шараларымен қатар (мемлекеттік қызметті атқарумен сиыспайтын қызметтер, жақын туыстардың бірге жұмыс істеуіне жол бермеу, шешімдер қабылдау, бақылау, қадағалау қызметі кезіндегі шектеулер т.б.) қатар, оған қарсы күрестің өзге де шараларын қарастырады. Бұрынғы Заңда болмаған – жемқорлық қаупін (антикоррупционный риск) талдау, жемқорлық құқық бұзушылықтарының мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мен қоғамды ақпараттандыру сияқты тың іс-қимылдарды көздейді.

Сонымен қатар, осы Заң Жобасы қоғамдық қызметтің негізгі басым бағыттарындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттердің стандарттарын енгізуді қарастырады. Мемлекеттік қызметтегі, өзін-өзі басқару саласындағы жемқорлыққа қарсы стандарттар, сайлау құқығын жүзеге асыру мен партиялар қызметі саласындағы стандарттар, заң шығару саласындағы, сот, құқық қорғау органдары қызметі саласындағы, бюджеттік процесс, банкілік қызмет, несиелеу, мемлекетік мүлікті жекешелендіру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, лицензиялау мен сертификаттау қызметі саласындағы жемқорлыққа қарсы күрестің стандарттары нақтылы кодификацияланған.

Бұл Заң Жобасы осы жекелеген қызметтер саласында жемқорлыққа қалай тиым салып тосқауыл қоюға болатынын нақтылы ашып көрсеткен.

Бұрын Елбасымыздың 2009 жылғы сәуірдегі Жарлығымен реттеліп келген мүдделер қайшылығы, жемқорлық фактісі

Page 97: №9 журнал 2013 г-на сайт

97

туралы хабарлаған немесе онымен күресте бірлесіп іс-қимыл жасаған тұлғаларға мемлекеттің қорғауында болу кепілдігін беру, мемлекеттік қызметшілердің өздерін жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға итермелеген тұлғаларды уәкілетті органға хабарлауы сияқты нормалар осы Заң Жобасында жинақталып көрініс тапқан.

Заңның көптеген нормалары, әсіресе, жемқорлыққа қарсы әрекеттердің стандарттарын кепілдіктер, шектеулер және тиым салулар деп нақты механизмдерге бөліп қою осы Заңның халықаралық құқықтық актілерге сәйкес келетінін көрсетеді.

Соның ішінде, жеке дара шешім қабылдау мүмкіндігіне шектеу қою, мемлекет қаржысынан несиелер беру кезінде ең жоғарғы шектеулерді енгізу сияқты тетіктер осы салалардағы жемқорлыққа, жөнсіздіктерге тосқауыл қоятыны сөзсіз.

Бұрын 20 баптан тұрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қазір біз қарастырып отырған Заң Жобасында 66 баптан көрініс тапқан.

Жемқорлыққа қарсы бағытталған әрекеттер аясының қаншалықты кеңейіп отырғанын осы Заң көлемінің ұлғаюы мен механизмдерінің нақтылануынан көруге болады.

Заң Жобасының қоғамдық

қатынастардың талабынан туындап отырған келесі өзгерістері де қуантады.

Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың классификациялануы – яғни, олардың түрлерінің жіктелуі, соның ішінде, азаматтық-құқықтық деликт ұғымының енгізілуі – осы саладағы құқық бұзушылық шеңберін кеңейте түседі.

Құқық бұзушылық істерін қарау мерзімдері де нақтыландырыла түскен – яғни, олар анықталғаннан бастап 3 ай ішінде, бірақ, жасаған күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей, ал қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған жағдайда, 1 жылдан кешіктірмей кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту көзделген.

Сонымен қатар, Жобаның заман талабына сай қабылданғалы отырған өзгерісі деп айтуға боларлық тұсы – ол мемлекеттік қызметшілердің декларацияларында өздерінің тек кірісі туралы ғана емес, жылдық кірісінен асып кететін шығыстары туралы мәліметтерді де көрсетуге міндеттелуі.

Ал, нормативтік-құқықтық актілер мен олардың жобаларын жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сараптамадан өткізу мүмкіндігі біздің мемлекеттегі азаматтық қоғамның ролінің артып, халық билігінің қаншалықты қуатты күшке айналып отырғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, Заң Жобасын талқылау барысында заңгер ретінде туындаған кейбір пікірлерімді ортаға салуды жөн санаймын.

Жобада «заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда» деген кейбір екіұшты сілтемелер кездесіп қалады. Соларды мүмкіндігінше азайтқан жөн. Заң Жобасы оның өзінде көзделген заң шығару процесіндегі жемқорлыққа қарсы стандарттарға толық жауап беруі керек.

Жобаның 19 бабында

мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті лауазым иелері және оларға теңестірілген тұлғалар олардың жақын туыстары мен жұбайының (зайыбының) тікелей қарамағындағы лауазымдарда заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда қызмет атқара алмайтыны туралы көрсетілген. Осы орайда, «заңдарда көзделген реттерді қоспағанда» деген сілтеме сөздер кейіннен заң нормасын түрлі бағытта талқылауға жол береді.

Сол сияқты, осы бапқа жақын туыстары мен бірге жұбайының жақын-туыстары да енгізілуі керек деген пікір білдіремін. Себебі, жұбайының жақын туыстары сол қызметкердің де жақын туыстары болып табылатыны еш дәлелдеуді қажет етпейді және олардың бір-бірінің қарамағында жұмыс істеуі жемқорлыққа жағдай туғызатын мән-жай болып табылады.

Сондай-ақ, Заң жобасының 53 бабының 1 бөлімі 2 тармағындағы «өз қызмет бабын жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыру бағытындағы шешімдер қабылдау кезінде пайдалану» туралы нормаларына бұрынғы Заңда болған, қазір алынып тасталған «жекжаттары» деген сөзді қосу керек. Яғни, мемлекеттік қызметшінің өз қызмет бабын жекжаттарының мүддесін қанағаттандыруға пайдалануы да сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық деп бағалануы тиіс.

Бұдан басқа, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды бұзу салдарынан

Page 98: №9 журнал 2013 г-на сайт

98

бюджетке қанша миллион, миллиардтаған зияндар келтіріліп жатырғанын көріп отырмыз. Сондықтан, мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру барысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарттарын бекітуге детальды түрде қарамасқа болмайды. Осы орайда, Жобаның 42 бабындағы мемлекеттік сатып алу қызметін жүзеге асыруда – бір көзден сатып алуға тиым салуды енгізу керек деп есептеймін.

Сонымен қатар, осы 42-ші баптың тиым салу стандарттарын белгілейтін нормаларына – сот шешімі бойынша мемлекеттің немесе өзге де тұлғалардың алдында берешегі бар, Борышкерлер Реестріне енгізілген тұлғалар мемлекеттік сатып алу процесіне қатыстырылмауы тиіс» деген тиым салуды енгізуді ұсынамын. Бұл бүгінгі күннің талабынан туындап отырған жағдай. Өйткені, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процесіне тек салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғалар ғана қатыстырылмайды, ал, сот шешімдері бойынша

бірнеше миллиондаған берешектері бар борышкерлердің қатысуына тиым салынбаған. Бұл, біздің пікірімізше, мемлекеттік сатып алу процесіне бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына қауіп туғызатын жағдай деп бағалануға жатады.

Сондай-ақ, Заң Жобасының қаржылық бақылау шараларын қарастыратын 25 бабының 14 тармағындағы «осы бапта көзделген қаржылық бақылау шаралары жеке меншікке тұрғын үй және тұрғын үй салу үшін құрылыс материалдарын сатып алумен байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Тұрғын үй мен оларды салуға арналған құрылыс материалдарын сатып алу кезіндегі қаржылық бақылау Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес реттеледі» деп көрсетілген талабын мүлдем алып тастау керек деп санаймын.

Кірістері мен шығыстары туралы декларацияларды тапсыру кезіндегі ең үлкен кірісті де, шығысты да осы тұрғын үйлер құрайтыны бәрімізге белгілі. Ендеше, оларды өз табыстары туралы мәліметтерде көрсетпеу,

оларды басқа заңдармен реттеу деген сілтемелік нормалар – жемқорлыққа тікелей жағдай туғызатын мән-жай болады деп есептеймін.

Құрметті әріптестер, қалай болғанда да, «Жемқорлыққа қарсы әрекет» туралы Заңның Жобасын жан-жақты жауапкершілікпен талқылап, оның ішінде жемқорлыққа жағдай туғызатын, теріс пиғылды мемлекет өкілдерінің құқық бұзушылық жасауына мүмкіндік беретін бір де бір саңылау қалдырмай қабылдау – біздің заң шығарушы органға бүгінгі күні мемлекетімізбен және азаматтық қоғаммен қойылып отырған үлкен талап. Осы талап үдесінен шыға білейік.

Заңның мемлекетіміздің болашағына қауіп тудырушы қатерге тосқауыл қоя алатын тегеурінді қару болып қабылдануына өз үлесімізді қосайық.

Аманкелді АБДОЛОВАтырау облыстық

мәслихатының депутаты,Облыс бойынша жеке сот

орындаушыларыныңөңірлік алқасының төрағасы

Page 99: №9 журнал 2013 г-на сайт

99

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қапланбек ауданының қайнар бұлақтарынан алынатын минералды «Марсель Су Сарыағаш» суы 43-47° С- та 970 метр тереңдіктен тартылып, германдық жаңа технологиялық өндірістік құрылғысында дайындалады.

«Сарыағаш» суы емдік сауықтыру қасиет-теріне ие. Оның құрамына: сульфат, хлорид, гидро-карбонат, кальций, натрий кіреді. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі және Кардиологиялық ғылыми-

зерттеу Институттары тарапынан ас қорыту орындары мен несеп-жыныс жүйесі ауруларына, зат ауысымының бұзылуы кеселдерін алдын алу үшін созылмалы және кәсіби уланулар жағдайында күнделікті пайдалану керектігі дәлелденді.

Минералды су қазірде ГФР-ның сәйкестік сертификатына ие. Алдағы уақытта Еуропа, БАЭ, Үндістан нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда республика көлемінде кеңінен сатылу үстінде.

Біздің байланыс телефондарымыз: 8(727) 291 92 29, www.marselsu.com

Page 100: №9 журнал 2013 г-на сайт

100

Болат ТеміровДепутат