39
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы №1 мектеп - гимназиясы Тақырыбы: «Ғажайып алма» Секция: биология Орындаушы: Насипкали Айдана, 3 «Ә» сынып оқушысы Жетекшісі: Байсакалова Майя Аркаровна бастауыш сынып мұғалімі 3

45minutkz.files.wordpress.com › 2015 › 04 › d0b0d…  · Web view1855 жылы Жетісу аймағына Ресейден қоныс аударғандар ағыммен

  • Upload
    others

  • View
    3

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіАқмола облысыБурабай ауданыЩучинск қаласы

№1 мектеп - гимназиясы

Тақырыбы: «Ғажайып алма»

Секция: биология

Орындаушы: Насипкали Айдана, 3 «Ә» сынып оқушысы

Жетекшісі: Байсакалова Майя Аркаровна бастауыш сынып мұғалімі

Көкшетау, 2013

3

Мазмұны

Аннотация ----------------------------------------------------------3

І.Кіріспе-----------------------------------------------------------------4ІІ.Зерттеу бөлімі

2.1. Алматы! Апорттың тарихи отаны ------------------------5

2.2. Алма түрлері---------------------------------------------- 6-14

2.3. Алманы көбейту жолдары---------------------------------14

2.4. Зиян кестер мен аурулар-----------------------------------15

2.5. Алманың құндылығы-----------------------------------15-19

2.6.Селекционермен сұхбат------------------------------------20

2.7. Медицинада алманың алатын орны.---------------21-27

ІІІ. Қорытындысы--------------------------------------------------28

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі---------------------------- 29

4

Аннотация

Зерттеудің мақсаты :

1. Жергілікті жерімізде кездесетін алма түрлері, биологиялық құрамымен танысып зерттеу.

2. Алманың денсаулыққа пайдасы мен зиянын насихаттау.

3. Алманы емдік дәрі және бет терісіне арналған шипалы май ретінде пайдалануға болатындығына көз жеткізу.

Міндеттер:

- Алма түрлерімен танысып, алманы телу және бақылау;- Селекционермен сұхбат жүргізу;- Алма құндылығын білу;- Алма адам ағзасына пайдалы екендігін дәлелдеу;

Болжам: Зерттеудің ғылыми болжамын «Денсаулық – зор байлық»демекші экология жағынан таза еш бір қоспасыз дайындаған дәрі-дәрімекті қолданыста пайдалану. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді.Зерттеудің әдіс – тәсілдері: Зерттеу материалы: теориялық әдістер, болжам мен қорытынды, салыстыру, іздену, әңгімелеу, сұхбат.

Қорытынды: Алманың пайдасы адамның денсаулығына, бет терісіне және адамның ішкі ағзасына өте зор әсер ететінін түсіне отырып, бет әжімінің азаюына, нәрлендіруіне, ылғалдандыратына өзімнің алманың жұмсағынан жасалған масканы ұсынып отырмын. Бұл тәжірибеге менің апам қатысыты. 1 ай ішінде жаққан маскасы балғындық пен жастықты сақтап, ылғалдандырып, жұмсартып, әжімнің түсуіне жол бермеді.

Зерттей отырып алманың медецинада алатын орны ерекше екенін біле отырып «Артық болмас білгенің» жинағын жасадым.

Сөзімді қорытындылай отырып болашақта Бурабай ауданыңда алма бақтарын көбейтуге, еліміздің экологялық экономикалық және адамның денсаулығын сақтауға ат салысқым келеді.

5

І. Кіріспе

Алма

Ғылыми топтастыр ы уы Дүниесі: PlantaeБөлімі: MagnoliophytaТабы: MagnoliopsidaСабы: RosalesТұқымдасы: RosaceaeКіші тұқымдасы:

Maloideae

Тегі: MalusТүрі: M. domestica

Екі-есімді атауы

Malusdomestica

Сіздерге ұсынып отырған, өте кең, тараған баршаның сүйікті жемісі – «Ғажайып алма». Біздің өмірімізге бұл дәмді де, әсем жемістің пайдасы қаншама орасан зор. Мен сіздерге алманың ғажайып екенін дәлелдегім келіп отыр.

Алма (лат.malus) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы.

6

ІІ.Зерттеу бөлімі 2.1. Алматы. Апорттың тарихи отаны

(Сурет №1) Алматыдағы алма апортының ескерткіші

АПОРТ ЕСКЕРКІШІ

Апорт, Александр апорты, вернендік апорт, алматы апорты, қанды қызыл апорт, көбіне оны жай апорт деп атады. Бұл құжаттарда алманың жаңа түрі сол кездегі Түркияның Осман империясының Порта қаласынан Польша патшалығына әкелінген. Осыдан аты да порттан, апорттан деп аталған. Өзінің жемісінің үлкендігі және дәмінің сапалығына қарай, алманың бұл түрі патшалыққа тез тараған. Алайда 1964 жылғы “Румын помологиясында” 12 ғасырда оны Польшада ғана емес, сондай-ақ Украинада білгендері жөнінде жазылған. Белгілі украиндық помолог Л.П.Смиринеко апорттың пайда болған отаны Украина деп сендіреді.

1855 жылы Жетісу аймағына Ресейден қоныс аударғандар ағыммен көптеп келді. 1865 жылы Воронеж губерниясы, Осторогож уездінің бұрынғы шаруасы Егор Редько Верный қаласына, өзімен бірге апорттың көшеттерін ала келеді. Ол бұл жерлерге толық бір жылда жеткен, ал көшеттерді күбіге (ағаш ыдысқа) сақтап әкелген. Келгеннен кейін ол көшеттерді Кіші Алматы өзенінің жағасындағы Іле Алатауының тау етегіне отырғызады, ал бірнеше бұтақтарын жай жерлерге егеді. Ал, оның нәтижесі таң қаларлық болды, өзінің отаны Воронеж губерниясында көзге еленбеген апорт бұл жерде континенталдық ауа райынан өзгеріп шыға келді. Жеміс әрі дәмді, әдемі, әрқайсының салмағы 200-250 грамм салмақпен ұзақ уақытқа дейін сақталды.

Апорттың таралуына себебін тигізген, бағбаншы, тұқым өсіруші Никита Трофимович Моисеев болған, ол атақты вернен апортын, алматының апорты атағына шығарды. Бірақ, әр нәрсенің соңы болады демекші, КСРО ыдырау салдарынан барлық ең жақсы алма бақтары кесіліп тасталды.

2.2. Алма түрлері7

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алма сы , Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі.

Сиверес алмасы – (сурет №2)

Недзвецкий алмасы – (сурет №3)

Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптарын еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық,

8

күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Кесте №1–де алма сорттарының қысқаша сипаттамасы

(кесте №1)

Қазақстанда аудандастырылған алма сорттарының қысқаша сипаттамасы.

Жаздық алма сорттары: Белый налив. Орыс алмасының ескіден келе жатқан сорты. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Ағашының биіктігі орташа, дөңгелене түзілген кроны тығыз. Суыққа төзімді, жас бұтақшаларының түсі ашық қоңыр. Отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда жеміс сала бастайды. Өнімді мол және жыл сайын береді, әрбір ағаштан орта есеппен 100-165кг алма алынады.

9

Алма сорттарының қысқаша сипаттамасы

Жаздық алма сорттары:

Белый налив ПеструшкаСуйслеппер

Мелба

Күздік сорттары:Ранет Бурхарда

Ранет Казахстанский

Слава победителямМилтон

Күздік - қыстық сорттар: Заря Алатау

Румянка Алма-АтинскаяСалтанатЗаилийское

Грушовка верненскаяРанет ландсбергский

РашидаЗимнее плесецкого Киргизкое зимнееГолден делишес

Ранет СимиренкоДжонатан

Размарин белыйДелишес

Пармен зимний золотойАргус

Уральское наливноеЛюбимец.

ГорноалтайскоеМальт Багаевский

Жемісінің ірілігі орташа (60-70г), түсі жасылдау, ақшыл сары. Алмасының жұмсағы ақ, сулы, жемісінің дәмі қышқылдау, тәтті, өте піскен кезде кермектеніп, дәмі шұғыл нашарлайды. Өнімі көп уақыт сақтауға шыдамайды және тасуға да онша жарамайды.

Пеструшка- жергілікті сорт. Алматы, Қызылорда, Семей, Талдықорған облыстарында аудандастырылған. Ағаштары өте биік өседі, жас ағашының кроны деңгелектеніп келеді, өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді. Суыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды, әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180кг өнім береді.

Жемісінің ірілігі орташа (100-110г), қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке-жеке орналасқан теңбілдер бар, сырты тегіс. Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, сулы, жемісі тасымалдауға шыдамды.

Суйслеппер - Балтық жағалауына тән сорт. Алматы, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Семей облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының крондары өте өскелең, үлкен, терісі пирамидалы. Кейде дөңгелек болып келетін, кроны өте тығыз. Суыққа аса төзімді. Бұтақшалары қызыл қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-9 жылда өнім береді, жемісті жыл сайын салмайды. Әрбір жеміс ағашы орта есеппен 80-120кг өнім береді.

Жемісінің ірілігі орташа (60-70г), жұмсағы ақ, ұсақ түйірлі, өте шырынды, қышқылтым тәтті, қабығы тегіс, жылтыр, түсі ақ, қызыл және қызғылт жолақтары, жайылма қызғылт теңбілдері бар. Жемісі көп уақыт сақтауға шыдамайды.

Мелба - Канадалық сорт. Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, крондары ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады.

Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі-орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100кг. Жемісінің ірілігі орташа (130г), түсі көкшіл сары, жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

Күздік сорттары: Ранет Бурхарда - Никитский ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік шығыс облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының өскелеңдігі орташа, крондары қою, жас

10

шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тәрізденіп кетеді, суыққа төзімді.

Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі-орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 140-160кг . Жемісінің ірілігі орташа (100г), домалақтау, түсі-сары, тасымалдауға қолайлы, жұмсағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тәтті.

Ранет Казахстанский – Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында ранет Бурхардта сортын суйслеппер сортымен будандастыру жолымен шығарылған. Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында аудандастырылған.

Ағаштары орташа өседі, крондары қомақты, дөңгелек, тығыздығы орташа. Суыққа өте төзімді. Жемісті 5-6 жылда салады. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 100-120кг. Жемісі ірі (140-160г), түсі сары, сәл қызғылт реңді. Жұмсағы тығыз, аздап түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті, жемісі көп уақыт сақталады.

Слава победителям - Млеевский бақ тәжірибе станциясында папировка сортын мекинтош сортымен будандастыру жолымен шығарылған. Қазақстан Талдықорған облысында аудандастырылған.

Ағаштары өте биік, крондары кең пирамидалы, суыққа төзімді. Жемісті 4-6 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 100кг. Жемісінің ірілігі орташа (120г), көкшіл сары, шырынды, аздап түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті.

Милтон - Американдық сорт. Қазақстанда Алматы Жамбыл , Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

Ағаштары өскелең, крондары қомақтық, дөңгелек, өте қою. Суыққа төзімді, бұтақшалары қызғылт қоңыр түсті.

Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда салады. Өнімді мол, жыл сайын береді, өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 110-240кг.

Жемісінің ірілігі орташа (140г), српақша, түсі бүтіндей дерлік қызыл қоңыр. Жұмсағы аппақ нәзік шырынды ұсақ түйірпекті қышқыл тым тәтті қош иісті.

Күздік - қыстық сорттар: Заря Алатау. Сорт Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында ранет орлеанский сортының екпе көшеттерінен

11

шығарылған. Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының крондары кең пирамидалды, онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа. Ағашы өскеннен кейін 5-6 жылда жеміс бере бастайды, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен бір ағаштан 50-100кг.

Жемісінің ірілігі орташа (130г), дөңгелек конус формалы сарғылт жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы тығыз, хош иісті қышқыл тым тәтті, шырынды.

Румянка Алма - Атинская. Сорт Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында зеленка вуда сортының екпе көшеттерінен шығарылған Алматы, Талдықорған Жамбыл Оңтүстік Қазақстан, Семей облыстарында аудандастырылған. Ағаштары өскелең, крондары сопақ, дөңгелек, қою, суыққа өте төзімді.

Жемісті 4-5 жылда салады. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 60-80 кг. Алмасы ірі (190г), домалақ, ашық жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы сулы, хош иісіті, қышқылтым тәтті.

Салтанат. Сорт қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында ренет Бурхардта сортының екпе көшеттерінен шығарылған.

Ағаштары өскелең, крондары сопақша, суыққа төзімді. Жемісті 6-7 жылда салады, орта есеппен әрбір ағаш 40-60кг өнім береді. Алмасы ірі (170г), тайпақтау, жасылдау сары. Жұмсағының тығыздығы орташа, ұсақ түйіртпекті, қышқылтым тәтті, шырынды.

Заилийское. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында белгісіз екпе сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында аудандастырылған.

Ағаштары аласа, крондары жинақы, суыққа шыдамды. Жемісті ерте 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190кг өнім алынады. Алмасының үлкендігі орташа және ортадан жоғары (110-180г), сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күңгірт сызықтары бар. Жұмсағы жасылдау, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті.

Грушовка верненская. Жергілікті қазақстандық сорт. Жамбыл, Қызылорда облыстарында аудандастырылған.Ағаштары орташа өседі, крондары шеңберлі, өте қою. Суыққа төзімділігі нашар. Жемісті отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда салады, өнімді жыл сайын бермейді.

12

Өнімділігі – әрбір жеміс ағашынан 40-50кг, ірілігі орташа (80г), домалақ, тегіс, түсі бүтіндей дерлік қызыл қоңыр, қабығының астында айқын білініп тұратын сарғылт қызыл нүктелері болады.

Жұмсағы ақ, қызғылт, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті.

Ранет ландсбергский. Батыс Европалық сорт. Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Қызылордо облыстарында аудастырылған.

Ағаштарының өскелеңдігі орташа , крондары кең дөңгелек, шар тәрізді, суыққа төзімділігі нашар. Жемісті отырғызылғанннан кейін 6-7 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді, әрбір ағашынан орта есеппен 118-350кг жеміс алынады.

Алмасы ірі (250г), түсі жасылдау сары, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы сары түсті, тығыз, нәзік, қышқылтым тәтті.

Рашида. Сорт Қырғыз ботаникалық бағында шығарылған, апорт Александр мен джонатан сортының буданы. Алматы облысының бақшаруашылықтарында кең өріс алып отырған сорт.

Ағаштарының өскелеңдігі орташа, крондары аумақты. Суыққа төзімді. Жемісті 5-6 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 120-130кг жеміс алынады. Алмасы ірі (175г), дөңгелек, көкшіл сары түсті, қызыл қоңыр реңді.

Жұмсағы ақ, немесе сәл жасылдау, орташа түйіртпекті, қышқылтым, тәтті, шырынды.

Зимнее плесецкого. Сорт Украинаның жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Бабушкина және джонатан сорттарының буданы. Алматы облысында аудандастырылған.

Ағаштарының өскелеңдігі орташа, кронадары кең, теріс, пирамидалды, қоюлығы орташа. Суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда салады, жыл сайын мол өнім береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 217-350кг өнім алынады. Жемісі ірі (175г), беті тегіс, түсі ашық сары.

Жұмсағы ақ сары, тығыз, нәзік, майлы, ұсақ түйіртпекті, шырынды.

Киргизкое зимнее. Сорт қырғыз ботаникалық бағында шығарылған. Апорт сорты мен кинг девид сортының буданы. Талдықорған облысында аудандастырылған.

13

Ағаштар өскелең, крондары орташа , жинақы, суыққа төзімді. Өнімді ағаш отырғызғаннан кейін 6-7 жылда салады. Жемісті жыл сайын береді, бір ағаштан орта есеппен 30-40кг алма жиналады. Алмасы ірі (160г), дөңгелек, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті.

Голден делишес – Американдық сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, талдықорған облыстарында аудандастырылған.

Ағаштарының өскелеңдігі орташа, крондары сопақша, онша тығыз емес, суыққа төзімділігі орташа.

Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, әрбір ағаштан орта есеппен 40-150кг өнім алынады.

Алмасының ірілігі орташа (110-140г), сопақша келген, дұрыс формалы, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ, түйіртпекті, дәмі тәтті.

Ранет Симиренко – Украиндық сорт. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Ағаштары өскелең, крондары дөңгелек немесе тайпақтау келеді. Суыққа онша төзімді емес. Жемісті ерте 4-5 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 300-400кг алма жиналады.

Алмасының ірілігі орташа (140г), бір жағы шошақтау келген домалақ, ашық жасыл, қабағының астынан толып жатқан ақшыл нүктелері көрініп тұрады. Жұмсағы сарғылт жасыл, тығыз, сулы, қышқылтым тәтті, қош иісті, шырынды.

Джонатан – Американдық сорт. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылған.

Ағаштары өскелең, крондары кең, дөңгелек, өте қою, суыққа төзімді. Жемісті ерте 4-5 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 70-80кг жеміс алынады.

Алмасының ірілігі орташа (135г), бір жағы шошақтау келген дөңгелек, ақшыл сары түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы ақшыл сарғыш, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті.

Размарин белый – Итальяндық сорт. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Ағаштары өте өскелең, крондары биік пирамидалды, қоюлығы орташа, аумақты, суыққа шыдамдылығы нашар. Өнімді кеш береді. (9-12 жылда), жемісті жыл сайын

14

бермейді, орта есеппен әрбір ағаштан 100-140кг алма алынады. Алмасының ірілігі орташа және ұсақ (50-70г), пішіні жұмыртқа тәрізді немесе сүйір, түсі ақшыл сарғыш, қызғылт дақтары болады.

Жұмсағы ақ, тығыз, шырынды, ұсақ, түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті.

Делишес – Американдық сорт. Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, крондары сопақ, қоюлығы орташа суыққа төзімді.

Жемісті 6-7 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағаштан орта есеппен 40-70кг орта өнім алынады.

Алмасы ірі (130-170г), пішіні сопақша, конус формалы, түрі сарғылт, кең сызытар секілді қоңыр қызыл бояу жапқан. Жұмсағы өте тығыз, шырынды, дәмді, тәтті.

Пармен зимний золотой – Англиялық сорт. Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, крондары кең пирамидалды, немесе шар тәрізді, қоюлығы орташа, суыққа шыдамдылығы нашар. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім бермейді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-150кг алма алынады. Алмасының ірілігі орташа (80г), тегіс, түсі сап-сары, кейде қызғылт сарылау, күнге қараған жағында шымқай қызыл түсті толып жатқан жолақтары болады.

Жұмсағы ақшыл, тығыз, ұсақ, түйіртпекті, шырынды, дәмді, қош иісті.

Аргус. Сорт Өзбек жеміс және жүзім шаруашылығы институтында белгісіз сорттың дәнінен шығарылған. Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.

Ағаштарының өскелеңдігі орташа, крондары дөңгелек, аумақты қоюлығы орташа. Жемісті ерте – 4-5 жылда салып, жыл сайын өнім береді. Орта есеппен әрбір ағаштан 40-90кг өнім алынады. Алмасының ірілігі орташа (140г), пішіні жапырылған, беті тегіс, түсі сарғыш жасыл.

Жұмсағы тығыз түйіртпекті, шырындылығы орташа, дәмі тәтті қышқылтым.

Уральское наливное. Челябинск жеміс-көкөніс тәжірибе станциясы өсіріп шығарған. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында аудандастырылған.

15

Ағаштарының өскелеңдігі орташа, кронадары кең пирамидалды, қою, бұтақшалары иіліп тұрады. Суыққа шыдамды. Жемісті 2-3 жылда береді, түсімі жоғары, өнімді жылда салады.

Алмасының ірілігі орташа (30-50г), пішіні домалақ, сұрғылт сары. Жұмсағы ақ, шырынды, ұсақ түйіртпекті, тығыз, дәмі қышқылтым тәтті. Жемісі алғашқы аязға дейін жиналмастан ағашында тұра береді.

Любимец. Минусинск ауданында Сибирская ягодная алмасы мен Анис алый сортының буданы. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында аудандастырылған. Ағашының өскелеңдігі орташа, крондары тығыз шар тәрізді, суыққа шыдамдылығы орташа. Жемісті 3-4 жылда береді, өнімі мол.

Алмасының ірілігі орташа (25-45г), жалпақтау, дөңгелек, сарғыш, сары, қызғылт дақтары болады. Жұмсағы ақшыл сары, тығыз, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті.

Горноалтайское. Алтай бақ шаруашылығы тәжірибе станцисында шығарылған. Рашетка пурпуровая мен пекин шафранный сорттарының буданы. Қазақстанның Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

Ағаштарының өскелеңдігі орташа, крондары кең, қою, суыққа төзімді. Жемісті 3-4 жылда береді. Алмасының ірілігі орташа (25-40г), пішіні жұмырлау жалпақ, бояуы қою қошқыл.

Жұмсағы ақшыл сары, шырынды, ұсақ түйіртпекті, дімі қышқылтым тәтті.

Мальт Багаевский - Саратов облысының жергілікті сорты. Қазақстанда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

Ағаштары өскелең, крондары аумақты, суыққа төзімді. Жеміс ағашы 5-6 жылда өнім береді. Алмасының ірілігі орташа (80-120г), жалпақтау, дөңгелек, ақшыл сары. Жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті.

2.3 Алманы көбейту жолдары

Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі.

2.4 Алманың зиян кестері мен аурулары, кесте №2

16

Алманың зиянкестері: Алма аурулары:

алма жегішалма күйесіалма биті

шие бізтұмсығыгүл жегіш

алма қотырыақ ұнтақ

жеміс шірігіт.б.

(Кесте №2)

2.5. Алманың құндылығы

Алма құрамындағы құнарлылық оның сортына байланысты. Көп адамдар көк алманың құнары аз, ал қызыл алмада көп деп айтып жатады. Бұл жансақ пікір. Алма түсінің еш қатысы жоқ. Кейде, оның құнарлылығы көлеміне де байланысты болып келеді. Ең дұрысы - жаңа піскен алма. Сондықтан, көлікке отырыңыз да, ата-әжеңіздің бақшасына барыңыз! «Алма піс, аузыма түс» деп айтсаңыз, ағзаңыздың сізге айтар алғысында шек болмасына кепілдік береміз. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді.

Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар бар. (Кесте№3)

Алмада А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендер бар. (Кесте №4)

17

83-88% су

7,5-16% қант

0,2-0,8% қышқыл

9,5-18,5%құрғақ қалдық

0,28-1,0%илік

заттар

А – дәрумені көздің көруін жақсартады, терінің жазылуына, жаңаруына көмектеседі, бауырды қорғайды.

В 1 – дәрумені көмірсулар айналымын, судың тепе-теңдігін реттейді.

В 2 – дәрумені ағзаның өсуіне, заттардың алмасуына көмектеседі.

В6-дәрумені жүйке қызметін реттейді, жүрек етінің жиырылуын күшейтеді.

В12 – дәрумені бауыр мен жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, қанның ұйытушы жүйесін жақсартады.

С - дәрумені қанның ұйығыштығын, ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

РР -дәрумені қан тамырларын күшейтеді, бауырдың қызметін жақсартады және жүрек бұлшық етіне жағымды әсер етеді.

С витаминінің мөлшері алманың сортына, сақталу мерзіміне байланысты болып келеді. С витаминінің мөлшері басқа сорттармен салыстырғанда үш есеге көп болып келеді. Жаңадан жұлынған алманың құрамында С витамині көптеп кездеседі.

Шырынынан шарап, сусын дайындалады. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. (Сурет №4)

18

Дәрумендер

АВ1

В2

В6

С

РР

Алма жемісін аспаздық әзірлемелерге де пайдаланады

Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Солардың бірнеше түрлерімен таныс болыңыздар.

Алма мусы

Алманың әсіресе қышқыл сорттарын тазалап жуып, шанышқымен түйреп тесіп, табаға салады да, 15—20 минутқа духовкаға қояды. Піскен ыстық алманы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант сиропын құйыл, жұмыртқаның ақ уызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған лимон шырынын(1/2 шай қасық) қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г алмаға 2 / 3 стақан құмшекер мен 3 жұмыртқанын ақуызы керек.

Алма пудингісі

Алманы тазалап, тураңыз. Үлкен кастрөлге алманы даршынмен, мейізбен, лимон қабығымен және лимон шырынымен бірге шамамен 10 минут қайнатыңыз. Мұқият араластырып отыру керек. Оттан алып, қант алмастырғышты салады;

Пісіруге арналған пішінді ыдысты майлаңыз да қуырылған нанды абайлап салыңыз. Содан кейін алма қоспасын және сыртына тағы да нан салыңыз;

19

Ыстық пешке 30 минут қойыңыз. Пудинг дайын.Бір сыбағада 3 грамм май, 2 грамм ақуыз, 29 грамм көмірсу бар. Энергетикалық құндылығы – 148 ккал. Бұл тағамдар әсіресе сусамырға шалдыққан адамдар үшін пайдалы.

Алма бәліші

Оған 200г маргарин, 1 жұмыртқа, ½ стақан қант, ұн, 4-5 орташа алма, қант ұнтағы керек.

Дайындалуы: Ыдысқа тең мөлшерде қант, ұн, ерітілген маргаринді салып жақсылап араластырады. Кейін оған ұн қосып илейді. Бірақ ұн жұп-жұмсақ болуы керек. Дайын болған қамырды полиэтилен дорбаға салып, мұздатқышқа 40 минут қоя тұрады. Сосын салып пісіретін қалыпқа маргарин немесе сұйық май жағып, кейін оған қамырды шет-шетіне жеткізе жаймалап салады. 180 с температурада қызған қысқа толқынды пешке салып, қызарғанша 30 минут пісіреді. Ал алмалы бәлішті төмендегідей етіп пісіреді.

Алма қосылған құймақ

Алманы пісіріп, өзегінен тазартыңыз, сүртіп, дәмді құймаққа арналған ашытқы қамырымен араластырыңыз, тұз бен май қосыңыз. Жұмыртқаға қант қосып шайқап, оны да ашытқы қамырымен араластырыңыз. Қамыр көтерілгеннен кейін құймақты пісіре беріңіз.

Қамырға орап пісірген алма

Иленген қамырды (қалыңдығы 1—2 ем) төрт бұрыштап, алма орауға болатындай шамамен кеседі. Алманы тазалап жуып, ортасындағы өзегін алып, өзектің орнына құмшекер себеді де, жаңағы жайылған қамырға орап, үстіне құмшекер сеуіп, суланған қаңылтыр табаға салады. Әр алманың үстіне бес жұлдызшалап қамыр салып, оның бетіне жұмыртқа уызын жағып әсемдеуге болады. Қаңылтыр табаны ыстық духовкаға қойып, 10—15 минут өткеннен кейін, отын басып, тағы 8—10 минут ұстау қажет. Тағам дайын болған кезде оны қалақпен немесе ұшы доғал келген пышақпен табадан алып, бетіне қант себу керек. Бұл — ыстық немесе салқын күйінде де жеуге болатын тағам.

Жібітілген алма

20

Жібітуге қышқыл дәмі бар, орташа және ұсақ алмалардың күздік және қыстық сорттары (Антоновка, Анис, Литовский пепин, Осеннее полосатое) пайдаланылады. Ашық түсті алмалар мен оның жаздық сорттары, жібітуге жарамсыз. Алманы жинап алған соң 15 күннен кейін жібітсе, оның сапасы онан сайын арта түседі. Жібітерден бұрын алманы ірі-ұсағына қарай іріктеп, зақымдалған алмалар бөлек алынуға тиіс. Алманың сортын бөлектеп қатар-қатар етіп қойып, әрқайсысы 30—50 кг-дық бөшкелерге салады (қыш ыдысқа салып та жібітуге болады). Бөшкені алма салмастан бұрын ыстық сумен жуу керек. Содан кейін оған алманы қатарлап салып, оның ең астыңғы қабатына және жан-жағына, бетіне, ыстық суға жуылған қара бидайдың немесе бидайдың сабанын төсейді. Сонда жібітілген алма әдемі сарғыш түске еніп, дәмі жақсарады. Алманы бөшкеге саларда арнайы қоспалар (бір бөшкеге: 150 г эстрагон, 250 г шие жапырағы немесе қара қарақат жапырағы) салуға болады.

Алма толтырылған бөшкенің қақпағын жақсылап жауып, арнайы қалдырылған саңылау арқылы тұздық құяды. Саңылауды тығынмен онша тығыздамай жауып, 150 С температурада 5—6 күн ұстап, көбіктенген кезде саңылаудан көбігін алып, жаңа тұздық құяды (өйткені алма көп ылғал қажет етеді) да, саңылауды тығыздап жабады. Сөйтіп алманы мұз үстінде немесе жертөледе 20 С мен 50 С аралығында сақтайды. Жалпы алма сақталатын жердің температурасы 120 С-тан аспауы тиіс. Жібітілген алма 30—40 күннен кейін жеуге келеді. Оны көкөніс салатын, «провансаль» капустасын жасау үшін, сондай-ақ гарнир ретінде пайдалануға болады. 10 л тұздық дайындау ға: 9,5 л су, 250 г құмшекер (қанттың орнына 2 есе бал немесе сірне салуға болады), 150 г тұз, 150 г қара бидай ұнын пайдаланады.

Жаңғақ қосқан алмаЖұмыртқаға құмшекер қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып,

оған өсімдік майын, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ, лимонның қабығын немесе оның үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып және ұн себілген шойын табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қойылуға тиіс. 2 стакан ұнға:

2 жұмыртқа1 1/4 стакан құмшекер1 стакан өсімдік майы, 1/2 стакан жаңғақ1 шай қасық үгітілген дәмдеуіш қабық, 1/2 лимон қажет.2.6.Селекционермен сұхбат (Сурет №5)

21

Телу жұмыстары ( биыл 260 көшет отырғызды) (Сурет №6)

2.7. Медецинада алманың алатын орны.

22

Жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмадан кем жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм Антонов алмасын жеуі абзал.

Бүйрекке тас жиналса

Егер бүйрегіңіз тас жинауға бейім болса, үй жағдайында дайындалатын дәмді дәрінің жасалу жолын үйреніп алыңыз. 5-6 үлкен алманың қабығын аршып, кептіреді. Әбден құрғап кепкен кезде ұнтақтап үгітеді. 1 стақан қайнаған суға 2 шәй қасық ұнтақ салып, 20 минут тұндырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға болады.

Сонда бүйрекке жиналған құм шайылып, тас ұсақ бөліктерге ыдырап кетеді. Бүйрек тасының алдын алу үшін алма қабығын суға салып та ішуге болады.

Ұйықтай алмай жүрсеңіз

Кешке қарай көзіңіз ілінбей қиналып жүрсеңіз, төмендегідей кеңесімізге құлақ түріңіз. Алманы қабығынан тазартып, ыдысқа салғаннан соң үстіне қайнаған су құяды. Кейін қақпағын жауып бұқтырады. Тұнбаны ұйықтар алдында ішіп, алмасын жесеңіз-жақсы ұйықтайтын боласыз.

Буынға алма ем

Буын ауруларына кәдімгі алманың ем екенін білесіз бе? Егер тізе буыныңыз сырқырап ауырса, алманы үккіштен өткізіп, бірнеше қабатталған мақта матасының үстіне салып, оны ауырған жерге тартыңыз. Оның сыртынан дәкемен (бинт) орап, соңынан жүн орамалмен байлап тастаңыз. Мұндай компресті жарты жылға дейін күнделікті жасап отырсаңыз, буын ауруларынан құлан-таза айығасыз. Алманың пайдасы көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алманың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі.

Жөтелдің алдын алу

Үшін ұсақтап туралған құрғақ алманы қайнаған сумен араластырып, 5 минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.

23

Зат алмасуды жақсарту үшін

Төрт-бес алманы ұсақтап турап, бір литр су құйып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу керек.

Асқазан ауруына

Таңертеңгі ас орнына екі алмадан жасалған пюре жеу пайдалы. Мұнан кейін түскі тамаққа дейін ештеңе жемеу керек. Емделу уақыты – екі апта.

Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Тыныс жолдары үшін алманың пайдасы

Ғалымдардың айтуынша, жүктілік кезінде алманы күнделікті жеген әйелдердің балалары астма сияқты тыныс жолдар ауруларына азырақ шалдығады екен. Алма сондай-ақ ересек адамдардағы тыныс жолдары ауруларының алдын алады.

Алма ағзаға баяу сіңеді

Сол себепті алманы мұқият шайнап, баяу жеген дұрыс. Бір алманы жеп тойған кездеріңіз болды ма? Бұл оның жеңіл жеміс екеніне емес, тек баяу меңгерілетініне байланысты. Алмадағы тәтті заттар қанға сіңгенде, құрамындағы инсулин мен қанттың шамасы өзгеріп, тойымдылық сезімі пайда болады. Сондықтан қарын қатты ашқан кездері алма жеп, шамалы уақыт басқа ештеңе жемей жүре тұрыңыз, біраздан кейін аштық сезімі кетеді.

Алма холестериннің шамасын азайтады

Құрамындағы екі зат пектин (клетчатка түрі) мен полифенол (мықты антиоксидант) арқасында алма қандағы холестерин шамасын азайтып, оның қышқылдануын тоқтатады. Айта кетсек, бұл мақсатта алманың өзі емес, қабығы әлдеқайда пайдалы.

Алма қатерлі ісіктен сақтайды

24

Зерттеулер бұл жемістің кейбір компонеттері қатерлі ісікке әкелетін жасушалардың пайда болуынан сақтайтынын дәлелдеді. Бұл үшін де алманы қабығымен бірге жеген жөн.

Алма ми жұмысын жақсартады

Алманың құрамындағы пектиннің мөлшері аз болуы оны төмен гликимиялық жеміс етеді. Бұл алманы күнделікті жеген адамның қанындағы глюкоза мөлшері баяу көтерілетінін айтады. Яғни, алма қант диабетімен ауыратын науқастарға да пайдалануға болатын тағамдардың бірі екенін білдіреді.

Шағын кеңестер

Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. Алманың құрамында (әсіресе, жаңадан жұлынған) А,В,С тобының витаминдері көптеп кездеседі.

Алма организмде зәр қышқылы мен құмырсқа қышқылының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан алма ревматизм, подагра, атеросклероз және басқа ауруларды емдеуге өте пайдалы. Алманың құрамында витаминдер мен басқа да заттар көздің көруін, тері, тырнақ, шаштың өсуіне жақсартып, нерв жүйесінің ауруларын алдын алуға әсер етеді.

Алманы пайдалану артериялық қысымның төмендеуі мен қан тамыр жүйесінің аурулары кезде жаксы әсер етеді. Олар сондай-ақ лимфа жүйесіне де пайдалы. Алманың құрамындағы заттар организмнің темірді жақсы сіңіруіне әсер етеді.

Алманың құрамындағы пайдалы заттардың барлығын пайдалану үшін оны шикідей, қабығымен қоса жеген дұрыс. Алманың қабығы С витамині мен пектинге өте бай.

Алма жеу жүйке жасушалары арасында импульс өткізуші ацетилхолин атты химиялық заттың көптеп пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ алма есте сақтау қасиетін әлдеқайда жақсартып, тіпті Альцгеймер ауруынан сақтай алады екен. Кесте №5-те алмада:

(Кесте№5)

25

Ккал: 47

Ақуыз, г: 0.4

Майлылығы, г: 0.4

Көмірсу, г: 9.8 бар.

Алманың теріге пайдасы зор. Ол бет терісін нәрлендіреді, ылғалдандырып, жұмсартады. Құрамындағы С дәруменінің арқасында алма адам ағзасына өте пайдалы элементтерді береді. Алма қабығының құрамына енген эфир майы да денсаулыққа таптырмас емдік май.

(Сурет №7)

Алма мен қаймақтан жасалған бет терісіне арналған маска.

Алманы қабығынан тазартып, оны үккіштен өткізіп. Кейіннен бір ас қасық қаймақпен араластырамыз. Дайын болған қоспаны 15 минутқа бетке жағып қоямыз. Уақыт аяқталған соң жылы су мен бетті жуамыз.

Алма мен балдан жасалған шаш терісіне арналған ылғандандырылған маска.

Алманы ұсақ үккіштен өткізіп, оны бір шай қасық бал және сүттің бетіндегі қаймағы мен жұмыртқаның сарысымен араластырамыз. Дайын

26

болған қоспаны шашымызға жағып, полиэтиленді қағазымен орап қоямыз. 40 минуттан кейін су сабынмен жуамыз.

Сұлы және алма қосындысынан жасалған қолға арналған кремі.

Алманы ұсақ үккіштен өткізіп, бір ас қасық бал және бір ас қасық сұлы қытырлағын қосып араластырамыз. Дайын болған қоспаны қолға жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуамыз.

Майлы бетке арналған маска

Сәбіз бен алма маскасы

Оны жасау үшін бір түйір сәбіз бен орташа көлемдей алма керек. Оларды үккіштен өткізіп араластырады. Кейін оны айнаның алдында отырып, бетке әдемілеп жағады. Жарты сағаттан соң масканы жуып тастайды. Мұндай маска бетті жұмсартып, нәрлендіре түседі.

Біле-білсек, алманы арықтау үшін жейтіндер де бар. Себебі, денеңіздің сымбатын сақтауда атқаратын рөлі ерекше. Аздырып қана қоймай, сол қалыпты ұстап тұратынын айта өтейік. Анығырақ айтсақ, тамақтанар алдын — небәрі 15 минут бұрын бір дана алма жеген жағдайда, әрине, Сіз 190 килокалорийден міндетті түрде арылатын боласыз!

Бұл арықтағысы келетін аруларға күтпеген, тамаша тарту!

(Сурет №8)

Ғалымдар алманың дәнінде биологиялық активті заттар мен витаминдер көп мөлшерде болатынын дәлелдеген. Бірақ, оған қоса, алма дәнінде өте улы қышқылдар да болады. Егер күніне 3-4 алма дәнін

27

пайдаланатын болсақ, онда қышқылдың концентрациясы организмге зиянды болмайды. Бірақ, оның мөлшерін одан арттыруға болмайды.

Алма пайдалы ма, зиян ба?

«Алма, алма» дейсің,

Алма әкелсем, жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме.

Тым қарапайым сұрақ. Сіздердің бір ауыздан алманың пайдалы екендігін айтатындықтарыңызға сенімдіміз. Алайда, диетолог мамандар алманың зиянды тұстарының бар екендігін естен шығармауға кеңес береді.

Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, цинк, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.

Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай жаман қырын байқамағаныңызды айтарсыз. Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиянын тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі язваны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.

Алманы қалай таңдаймын?

28

Өкінішке орай, көпшілігіміздің бақшамызда алма ағаштары өсіп тұрған жоқ. Сондықтан сатып алуымызға тура келеді. Алманы таңдауда ең алдымен тазалығына көңіл бөліңіз, ешқандай сұйықтықпен бүркеулі болмауы керек. Екінші, алманың хош иісі болсын, олай болмағанда алманың дәмі де жақсы болмайды. Сондай-ақ, алманың өсірілген жеріне назар аударыңыз. Өз ауданыңызда өсірілген, жергілікті алмаларды сатып алсаңыз өкінбейсіз.

29

ІІІ. Қорытындысы. :

Алманың пайдасы адамның денсаулығына, бет терісіне және адамның ішкі ағзасына өте зор әсер ететінін түсіне отырып, бет әжімінің азаюына, нәрлендіруіне, ылғалдандыратына өзімнің алманың жұмсағынан жасалған масканы ұсынып отырмын. Бұл тәжірибеге менің апам қатысыты. 1 ай ішінде жаққан маскасы балғындық пен жастықты сақтап, ылғалдандырып, жұмсартып, әжімнің түсуіне жол бермеді.

Зерттей отырып алманың медецинада алатын орны ерекше екенін біле отырып «Артық болмас білгенің» жинағын жасадым.

Сөзімді қорытындылай отырып болашақта Бурабай ауданыңда алма бақтарын көбейтуге, еліміздің экологялық экономикалық және адамның денсаулығын сақтауға ат салысқым келеді.

30

ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Жеміс және жидек шаруашылығы (К.Аяпов)

2. Садоводства северного Казахстана (А.А Гудзенко)

3. Красная книга Казахской ССР. Часть 2. Растения. – Алма-Ата: «Наука», 1981.

4. Жизнь растении, в 6 томах. – М.: «Просвещение», 1974-1982.

5. Ғаламтор

31